TELEGEI

Home

Абылайдың ақ туы. 2-том

Ұзақбай Доспанбетов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Абылайдың ақ туы. 2-том

Жазушы Ұзақбай Доспанбетовтың бұл «Абылайдың ақ туы» атты жаңа тарихи романының алғашқы кітабында осыдан үш ғасыр бұрынғы, ел аузында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен сақталған қазақ-қалмақ қақтығыстары суреттеледі. Мұндағы оқиғалар негізінде Іле, Сырдария сияқты ұлы өзендердің жағалауларында, Қаратау бойында өтеді.

ОНЫНШЫ ТАРАУ

Бұл Ескелді үшін бас жарып, көз шығарарлықтай тосын жәйт еді. Осы 1729-жылдың маусым айының соңында Ұлы жүз шеріктері Шу өзенінің күнгейдегі еңүлкен саласы Қорағатының бойына бекінген. Оның ішіндегі жалайыр елі де солай. Бүкіл қазақ әскерінің бас сардары Әбілхайыр барша күш ру-ру бойынша жіктеліп, әрбір бөліктің, жасақтың қолбасылары анықталсын деп бұйырған. Осыған орай қосымша қарбаластар туып, он екі ата жалайырдан неше жүздік, мыңдық құралады, әрі оларға бас-көздікке кімдер лайық, бұдан арғы қозғалыс реті қалай қалыптаспақ, Шу өзенінен қашан, қалай өтеміз деген сияқты сауалдар қыспаққа алып, Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық батыр Дербісәліұлы, Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлы –үшеуінің анау-мынауға мойын бұруға мұршасы жоқ еді. Дәл қазір жалайыр елі, әрі оған біржола сіңіскен қоңсыластар өзі де көп салалы Қорағатының екі тармағы – Аспара мен Ойрандының жағалауларында. Бұл маң Ескелдіге әжептеуір ұнаған да. Қырғыз Алатауынан құлдилай аққан, әрі биылғыдай ылғалды жылы көгі көптіктен бұл Аспара мен Ойранды әлгі қоян жылғы шұбырындыда көз ұшында бұлдырай өшкен Қаратал өзенін, ол бастау алатын Жоңғар Алатауын еске саларлықтай. Алты алаштың барша қолыүш қиырдан қара көрсетіп, Қаратау асып, осы Шу өңірін бетке ала жылжығанда жалайыр елінің ғана пошымы алабөтен шалынатын. Енді қалай? Орта жүз бен Кіші жүз сарбаздары, әрі Ұлы жүз сарбаздарының басымы арттағы қалың елден қолүзіп, қаружарақтарын күнге ойнатып, жау іздеген түрін қоса жалақтатып, шеру тартса, жалайыр елі тайлы-таяғына дейін қалмай, азын-аулақ мал-мүлкін қоса бөктеріп, аумағымен тік көтерілген. Тіпті бұлардікі ата жаумен шешуші айқасқа нартәуекел дескендік емес, алыстағы атамекенге тезірек жетпекші бейбіт көшке көбірек ұқсаған. Себебі, Ескелдінің бәйбішесі Ақжәмилә, әлгі Құлжа дейтін алып-ұшпаның зайыбы Дарабоз, әрі осылардың қолтығына дым бүркуші басқалар, көнекөз қариялар ел басшыларының қолқасына қол сала қиылып, Қабылан атаның өздеріне қарасты балаларын толайымен қозғауға көндірген. Олардың басты уәжі – әне, Ташкент маңында қара қалмақ құмырсқаша құжынып, оқта-текте от қаруын дүрсілдетіп,үрейімізді ұшыруда, егер біздің ер-азаматтардың іске татыры жауды Шу-Іле алабынан іздеп, Қаратау асса мыналар бізді екі сөзге келтірмей бас салады. Ескелді, Балпық «жалайыр қолы жаппай Қаратау асып, сендерді таза тақырламайды, жарым-жартылай осында қалады» десе де жұрт наразылығы басылмады, қайта қу шөпке от тигендей одан әрі қаулады. Ақыры бұл наразылықтан да құлақ асуға лайық қауіп-қатер ұшқыны шашырап, жалайыр көсемдері Ұлы жүз шеріктерін басқарушы Жолбарыс хан мен Төле бидің келісімімен көпшіліктің райына жығылған. Әрі олардың да көңіл түкпірлерінде «қазақ біткен көтерілді, Торғай даласындағыдай жаудың тағы бір мәрте азуын қақсақ атамекен – Жетісуға қарай даңғыл жол ашылмай ма» деген де бір әлсізүміттің оты жылтырады.

Енді, міне, бұлар Қорағатының санап тауысқысыз көп салаларын қуалай шашыраған Ұлы жүз жасақтарының қоршауында Аспара мен Ойрандының суын ішуде. Уақыт сәске түстің кезі еді. Ескелді мен Қабан жырау шың-шың еткен дыбысы алыстан жететін ұста дүкені орналасқан аңғарды бетке ала қозғалған. Соңдарында жиырма шақты қосшы жігіттер үзеңгі-құйысқандары сартылдап, әрі аттарының пысқырғаны құлақ жара өкшелей ентелеуде. Өзара әңгімелері үзілмеген би мен жыраудың кейбір сөздері оларға да жетеді. – Биекем, осы сіздің Құлжан батыр жөніндегі дәйегіңізге күмәнім бар, – деп Қабан жырау салалы саусақтарымен алдыңғы өңірін жапқан қап-қара сақалын бір сипап, Ескелдіге көздерін үшкілдендіре қарады. Жыраудың жүзінде соңғы кездері біраз өзгеріс бардай, айлап-апталап ел кезетін, әрі қонған жерлерінде ұзақ таңға кеңірдегіне шамадан тыс күш түсіретін дағдысы бет сүйегінде қырым ет қалдырмай жалаңаштап-ақ тастапты. Қапсағай денесі де солай, әбден қоңынан айрылып, жұқа сұр шапаны сояу ағашқа жабылған жабудай тік салбырап қалған. – Неге, жырау аға? – деп Ескелді оның көмекейіндегісін іштей долбарласа да әдейілеп мойын бұра сұрады. – Ең әуелде Құлжан батыр сақайған адам, өзінен мүшел жас, тіпті бір жарым, не екі мүшел жас кіші қолбасылардың айғайына бірде көнсе де, бірде көнбей ме деп шошимын. Мінезі де ұрт, әрі денсаулығында да бір кәкір бар ма, қайдам. Сол Құлжанның мыңбасылыққа өзінің де иегі қышымайды, бірақ солай екен деп тым тұқырайтпай жүзбасы, елубасы деген сияқты аздаған мәртебені қисаң дегенім ғой. Әжептеуір батыр атақты арқаланған жер ортадағы адамды қанжоса қасаптың ішіне бірден өз қолыңмен тастап жібергеніңүлкеннің жасын сыйлағандыққа кереғар-ау, сірә. – Жырау аға, көңіл түкпіріңіздегіні таныдым, ол жайды өзім де сан мәрте суға шайқап сүзгемін, – деп Ескелді жас балаша жүзін алақ-жұлақ еткізе күлкіге кенелген адамның түрін көрсетті. Шынында күлетін пиғылы жоқ, тек аға тұрғыласқа көрсетер құрметтің бір қыры іспеттендіріп бетәлпетін жылы шыраймен майша жылтыратқандағысы еді. – Сіз айтасыз Құлжан батырдың денсаулығында кәкір бар ма деп. Ол қайдан келген кәкір, сол жағына ой жүгірттіңіз бе, мен де білмес едім, тек Құлжан батыр онысын ашып-айырып, талай рет зар қақсады. Жаумен шайқас тілеген ішкі тегеурін шер-шеменге айналды, менің қара дертім сол, сол шер-шеменді тарқатар, қара дерттен айрылар күн қашан туады деп, құлағымыздың құртын жеп жүр емес пе? Егер ол сақа батыр қанды қасапқа кіріп, аман шықса сол қара дерттен құлантаза айығып кетер, сол жағын анық болжағандаймын. – Ол уәжіңе де ден қойдым, ондай күйдің маған да жаттығы жоқ. Тек сонда да менің бір тілегіме құлақ асшы. Оның немере ағасы Малтабар батырды мыңбасылыққа мойынсұндырдың ғой. Құлжан батырды тап соның құзырына, мына кісі сіздің оң қолыңыз деп ұсыншы. Оны оң қолы қыла ма, жоқ, оттың ортасына сала ма, сол туысы өзі шешсін. Егер Құлжан оттың ортасын қаласа ол жағын өз ағасынан қайтсе де сұрап алады.

– Мынауыңыз көңілге қонады, – деп Ескелді келіскен раймен жүзін сұлқ түсірді. Бұдан әріде бұлар жалайыр ішіне біраздан сіңіскен арғын Жантоқа мен матай Барлыбай батырды ауыздарына іліктірді. – Өз туыстарымыз, алты арыс ортажүздіктер қоңсы қонып отыр, енді олардан бөле-жарылуымыз қисынға келмейді дегесін рұқсатымды бердім, – деп, Ескелді бұл жайды да тез тиянақтады. Сарқырама өзен жағалауындағы жылжымалы ұста дүкендері аталатын қара қожалағы мол ашық-шашық алаңқайдағы адамдардың сұлбалары шалынып, дабыр-дұбырлары қоса жеткенде Қабан жырау тағы да би назарын өзіне аударды: – Ана Кәшке дегенің уыздай жас, көргені аз. Жарайды, жаратылысы бөлек десең мыңбасылықты атқарып көрсін, ал оның өзінен де бозөкпе әнебіреу орақтының бесіктен белі шықпаған немесін сол Кәшкенің оң қолы атап, әулие тұтқаның қалай? – Апырау, сіз білмейді екенсіз ғой, – деп Ескелді жұлып алғандай тез жауап қайырды. – Ол орақтының балауса батыры Төкені Кәшке өзі сұрады. Әлгі Ташкент, одан Сырдарияның арғы бетіне жалғасқан сапарда осы Төкенің көп қасиетін аңғардым, кішідей кішік,үлкендей байсалды, қимылға да, шешім табуға да ұшқыр деп, тілдің майын тамызып қиыла өтінді. Сосын қайтейін, қалауың білсін дедім. Бұлардың беттегені Аспара өзенінің жағалауы. Жоғарысында +үлкен ойыс жасап ағатын су мына тұста кең жайылып, адам мен малдың қажетіне молынан жарайтын пішінде. Жылжымалы ұста дүкені дейтін де тап осы аралықта. Тек мұндағы тірлік ұста дүкенінен гөрі өрт шалған ойпаңдағы сау қалған дүниесін қалай әкетем деп, жан ұшырған қара-құралардың қарбаласына көбірек ұқсайды. Ұстасы қайсысы, көрік басушысы мен балғашысы қайсысы, қылыш, найза соқтырушы сарбаздары қайсысы жан баласы ажыратып бере алмас. Бәрі бір-бірімен араласып, нақтылы істен гөрі ерсілі-қарсылы жүрістері басым, бұған дейінгі қам-қарекеттерінен еш нәтиже шықпай дағдарысқа ұшыраған өңкей бір шуылдақтар дерсің. Ескелді би мен Қабан жырау секілді ел басшыларының келісіне селт еткен де ешқайсысы жоқ, әрқайсысы өз батпағына батып, «атаң өлді» десең де мойын бұрмастай. – Әй, көп суарма, көп суарылған қылыштың жүзі тез кетіледі! – деп, бет-аузы қара қожалақ, сосын да сығырайған көздері, сақал-мұрты әрең ажыратылатын талтаяқ біреу әлдекімге білгішсіне айғайлайды. – Немене, қатыныңа білезік соқтырып жатыр ма едің? Жаудың мойнын қиюға жараса болды емес пе? Қарашы мұның кербездігін! – деген дауыс екінші жақтан құлақ жарады. – Көрік басушыны тілдеме! Оның жазығы жоқ! Онан да ана көміріңе қарасаңшы! Тым мардымсыз! Анау тұтасып өскен талды аяйсыңдар ма, жақсаңдаршы әкеп! Көмірің молшылық болса, оның шоғы да керемет, қиямет-қайымда алла-тағалам өзі салдырған пештегі шоқтан бір былай емес, қара теміріңді қыздың қызыл шашбауындай етіп береді. Соған ақылы жетпеген, зәузатыңды... Қыздың шашбауына қол тигізіп көріп пе ең өзің?

– Ай, жарықтығым, сен маған ақиып, аларманыма ұқсама! Жебенің ұшының құймасы бөлек болатынын мен де білемін! Мына қалған-құтқан ұсақ темірлерді де қоса іске жарату үшін бұлардан да түйін түйіп жатырмын, білемісің? Төрт қырлап егесем нағыз сауыт бұзардың өзі емес пе? Тақияңа тар келмес! Осындай өктем дауыстар әр шеттен бір көкті тітіркентіп, төс пен балғаның шықылын есіттірмей де жіберетіндей. Үсті-бастары күйелеш, кәртамыстау ұсталар осылай адуын мінез көрсетіп, өз шәкірттерін, кейбір сарбаздарды нықырта күйгелектенетіні көбірек байқалады. Ия, қазір әккі ұсталардың ғана ісіне қарап отыратын заман емес. Бұл жұмысқа қолының күші барлар көптеп тартылған. Мына қара-құраның құмырсқаша құжынауы, бас-аяғы жоқ абыр-сабыр соған да байланысты еді. Әр-әр жерден жарқ-жұрқ қып-қызыл ұшқындар шашырап, жұмыстың ең бір қызу нүктелері қайда екенін де нұсқайтындай. Би мен жырау тіптен бастырмалатып келгенде ғана бұлармен әр-әр тұстан әйнекше шытынаған кездердің сәулесі шағылысты. Бары сол ғана. Танымады ма, жоқ қазаққа аса сүйексіңісті емес мына жұмыс бәрін есеңгіретіп жіберген бе, бас көтеріп, мына ел басшыларымен арқа-жарқа бола қоярлықтай ешқайсысы көрінбеді. Сосын Ескелдінің өзі айғайлады: – Әй, жандарым, мына Арқа жақтан атақты Дархан ұста шәкірттері келді деп еді, олар қайсыларың? Сонда ғана көп ішінен тапалтақ біреу табаны тайғанақтағандай шайқала басып, жарым-жартылай күйелеш бетін «мені танып алшы» дегендей кесе көлденең тоса бері жылжыды. Оны көріп, тағы бес-алтау өз топтарынан бөлініп, би мен жырауды таңырқаған көздерімен нысанаға ала олар да бері ілбіді. Амандық-саулықтан соң Ескелді сұрағын қайталады? Жаңағы алғашқы тапалтақ езуін кере күлгенде аузының қызыл еті көрініп, күйелеш бетінде күннің сәулесі ойнады. – «Ауылдағы қыздың аузы сасық» қой. Ондай тілімен бидай қуырған сусылдақтар өзімізде де аяқ алып жүргізбейді. «Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала» деген. Тентіреген арғынның сол бір сандуғаштарын мұнда әкеп сайратқанша өз ішіміздегі қолының ебі барларға неге сұрау салмағансыздар? Ол арғындарың келді, тісі шыққан балаға тамақты шайнап бергендей ақылдымсынып, аруағын асырғансып кетті. Олардың шайнап бергенінен бізге шайнам ақыл қосылса бұйырмасын. – Ау, мына сөзіңізге жол болсын! Өзіміздегі қолының ебі барларға, ұсталарға сұрау салмай жатырмыз ба? Көзден қақас қалғанын көрсеңіз жетектеп әкеп, қосынға неге қоспайсыз? – деп Ескелді шамданды. – Біразын әкеп қостым ғой, олар осында. Енді Қабан жырау шарт кетті: – Тұрғыласым, байқаймын, жас жағынан менімен шендессің. Сен екеуміздің ақыл тоқтатар уақытымыз әлдеқашан туған. Қазір арғын да, жалайыр да жоқ, бәріміз бір атаның баласымыз, ала қойды бөле қырыққанды доғарыңдар деп қанша қақсадық осы! Бұл төңіректе әзіл-қалжыңға да орын жоқ. Тентіреген арғындар дейсің? Сөзге абай болу деген қайда? Ол келгендер

Дархан ұстаның қара темірге жан бітірген шәкірттері. Ал Дархан ұста дегенің кім? Ол атағы жер жарған Қанжығалы Бөгенбай батыр Ақша баласының Сарыарқаны, Қаратау бойын, Мұғалжар тауын кезіп жүріп тапқан ең ірі олжасы, сом алтыны. Сен оған мұрын шүйірме! Дархан ұста міне, екі жыл бойы анау Арқадағы Ұлытау атты қасиетті мекенде қазақ жігіттеріне темір қаздырып, оның жасығынан асылын айырып, екеуін бірдей кәдеге жаратуда. Жасығынан сауыт тоқыса, асылынан қылыш пен найзаның ұшын соқтыруда. Бұл ұсталық өнер біз білмейтін ескі замандарда аталарымыздың төл тумасы сияқтыүйреншікті кәсібі болғанға да ұқсайды. Сол арғы аталарымыздан қалған пештерді амалын тауып, қайта қалыптап, тас пен темірді қурайша маздатып жағып, болатын ажыратып, оны бөлек қорытуда. Сауыт бұзарың содан шығуда. Міне, соған амалы жетті Дархан ұстаның. Ал Қанжығалы Бөгенбай оны неге әулием етпесін? Сендер сөйте алсаңдар қайда жүрсіңдер? Қабан жыраудың бұл сөздерін алғашқы тапалтақтан кейін жеткен бесалтау да тыңдауда еді. Сірә, олар да осы тапалтақтың пікіріне қосылатын сияқты, тек бұл енді не жауап қайырар екен десіп, бәрі соның бет пошымын көз қырларына алды. Тапалтақ та аса жасықтан емес екен, бұл алғашқыда ел басшыларын шапқа түрткенде өзінің ішкі қауқарын есепке алса керек. – Біз де қарап жатқамыз жоқ, осыдан бір апта бұрын Балпық батыр өзі бас болып келіп, жасаған дүниелерімізді сарбаздарына біздің көз алдымызда сынатты. Жаман атаған жоқ, жақсы атады. Сіздер де бізге еріп, өз көздеріңізбен көрсеңіздер игі еді. – Ескелді мен Қабан жырау аттарынан аунап түскенше тапалтақ ұста сөзін жалғастырыпүлгерді. – Қазір Қанжығалы Бөгенбайдың сөзі сөз екенін білеміз. Үш жүздің бас сардары Әбілхайыр оны өзінің оң қолы еткенін естідік. «Соқыр көргенінен жазбайды» деген. Олар да өздерінің көргенін ғана мансұқтайды ғой. Сөйтіп, жақсы лебіз атаулының бәрі соққан желмен бірге бір жаққа қарай ауа толқып кетпесе екен дегенім ғой. Біреуге үйіп-төгіп, екінші біреуді жалаңаштап тастау да сіздер сияқты ел көсемдеріне жарасымды қылық емес-ау. Би мен жырау бұл жолы оның желдірмесін жауапсыз қалдырды. Аттарының тізгінін қосшыларына тастап, қара қожалақтардың ішін жаяу аралаған екеу алғашқыда көп нәрсеге көздеріүйрене алмай, ара-тұра сүрінеқабына, көрмеген жердің ой-шұқырына кезіккендей күй кешті. Байқайды, мұнда ұсталар мен қару соқтырушы сарбаздар шынында аралас-құралас екен. Ұстаның соққанын қанағат тұтпай, алдаспан, не қанжардың жүзі, найзаның ұшы сияқтыларды одан әрмен жетілдіріп, мықшыңдап жатқандар да бар. Әсіресе, жебенің ұшын жасаушылар жағы көп екен. Түймедей нәрсені саусақтарының ұшында ойнатып, қырлап, қорамсаларын сонымен толтырмаққа жанталасқандардың бас-аяғы жоқ. Олардың біразы шөптесін саздауытқа көсіле жайғасып, шұқшиып, әлдекімдер аяғын басып кетсе де бас көтеріп қарар еместей. Мұндайлық би мен жырауүшін алабөтен құбылыс, себебі, бұлардың төбелері шалынса-ақ баршасы жамыраса орындарынан тұрады, қошемет сөздер айтады, не мұңын шағады. Ал мыналар керісінше, кім көрінгенге мұң шағып, көздің жасын бұлағанша жауда кеткен кегіңді білектің күші, найзаның ұшымен қайтар дескендей жапатармағай ырғақты

тірлікке көшкен. Бұл көріністен Ескелдінің кеудесін жылы ағын кернеді. Жаңа өзінің тапалтақ ұстаға шытынай мінез көрсеткеніне енді аз-маз өкінді де. Ия, «басқа түссе баспақшыл» деген. Екі талай күнде көптің жігерін оятсаң кәсіптің алуан түріне шырақ жаққан хас өнерпаздарүйір-үйірімен табылады-ау. Тапалтақ ұстаның тілін тікенек етіп, бұларға қадайтын да жөні бар, мыналардың бәрі сол Дархан ұстаның шәкірттері келіп-кеткесін ғана дүр сілкініп, қолдарына балға мен көрік ұстағандар емес шығар, біле білсең бұлардың дені сонау Қаратаудың күнгейі, Бадам өзенінің бойында-ақ Балпық батырдың басшылығымен ұйымдастырылған шаруа. Одан беріде мына жылжыған көшпен бірге бұл өнер ошағы да оннан-мұнда қоныс ауыстырып келеді. Ескелді мен Қабан жырау кең жайылған, опыр-топыры мол қара қожалақтар патшалығын аралай жүріп, көп нәрсені өз көздерімен алғаш рет көрді. Әр жерде үлкен шойын қазандарда су қайнатылуда еді, би мен жырау онда ас пісіріліп жатыр ма деп те ойлаған, бақса басқа екен. – Міне, қараңыздаршы, – деп тапалтақ ұста сол қазандардың біреуін нұсқағанда бұл екеуі бар ынталарымен солай құлады. – Бұл қазанда оқ-дәріге қосылатын ақ сор алыну үшін топырақ қайнатылуда. Ол топырақты табудың да өзіндік әуселесі бастан асады. Мен ол жағын өзімнің әкемненүйреніп едім. Қазақтың атамекені толған ескі қыстаулардың, қорғандардың, тіпті қалмаққорғандардың орны емес пе? Солардан ескі қи немесе топырақ жинаймыз. Оның да кез-келгенін емес, отқа салсаң сатыр-сұтыр етіп, тасырлап жанатынын ғана. Соны қазанда ұзақ қайнатамыз. Соңынан қи қайнатсақ қидың, топырақ қайнатсақ топырақтың қалдығы қазанның түбінде шөгіп қалады да, сап-сары суы бетінде іркіледі. Міне, сол сары суды жұқа киіз арқылы сүзіп аламыз да басқа таза қазанда қайнатамыз. Одан тағы басқа қазанға толтыра құйып, бетін жиі тоқылған шимен мұқияттап жабамыз. Ол шидің бірнеше жерінен төртбұрыштап тесік жасаймыз. Міне, сол шиге ақ сор өзі жабысып қалады. Қалған суды өстіп, жеті рет қайнатып, жеті рет ақ сорын сорып аламыз. Бұл да оңай шаруа емес, ағайындар. Сосын сол ақ сорды шойын қазанға салып, күні бойы отырып таспен үгітеміз. Ақ ұнтақты сөйтіп аламыз. Бұдан кейін тапалтақ ұста талдан көмір жасап, Ташкент, Бұхара, Самарқан сияқты қалалардан келген күкіртке сол көмір мен ақ сорды қосып, араластыратындарын да тәптіштей баяндады. Өйтетіні ол мына ел басшыларының оқ-дәрі жасау жөніндегі біліктерінің шамалы екендігін қырағы көзбен байқаған еді. – Бұл оқ-дәрі қосындысын алуға Балпық батырдан гөрі әлгі Тәттібай мерген деген көп бас-көздік етуде. Көп жігіттерін көмекшілікке беріп, осыданүш-төрт күн бұрын ғана біраз оқ-дәрі әкетіп, жұмырына жұқ барғандай болғасын ғана аздап саябырсыды. Сіздер науқанның соңғы жағында ғана келіп тұрсыздар, – деп тапалтақ ұста сөзін одан әрі жалғастырды.

Жалайыр қолы мыңдыққа, жүздікке бөлінгенде Тәттібай өзі тіміскіленіп жүріп, алабөтен мергендер шоғырын құрған. «Қалаған адамын алсын, қолын қақпаңдар» деп, Балпық батыр әр ру басыларына өзі бұйрық таратып, Тәттібай мергеннің ісіне жасыл көше ашқан. Мерген несімен мерген, бүркіттің көзіндей өткір көзімен ғана емес, қолындағы өзіне сай қаруымен мерген. Әсіресе, күлдірмамай мылтығын Тәттібай ең бір қасиетті дүние деп санайды. Оған қоса садақ пен сұр жебелердің алысқа атылатын түрлерін. Тапалтақ ұстаның баянынан Ескелді мен Қабан жырау мынаны да ұқты. Алыстан атуүшін жебеге темір, не қайыңның безін ұштап бекіту аз. Бұл мақсатқа кәдімгі шақпақ тас та жарай береді екен. Тек қалай болса солай емес, оған құдайдың өзі берген бітіміне қайшы келмей табиғи бағытта өңдеп, қырлап, ұштап бекітсең ғана жаудың кеудесін тесуге жарайды. Соғыстың, қандай да бір нақтылы шайқастың қалай өрбитінін, қаншаға созылатынын кім болжапты? Егер науқан ұзаққа шапса қорамсадағы қорың таусылатын күн де туады, міне, сондайда әрбір сарбаз өзі жамбастаған жердің қойны-қонышынан шақпақ тастарды тауып, одан жебенің ұшын өз қолымен жасаса несі айып? Тек олүшін мына ұсталардан аз ғана дәріс тыңдаса жеткілікті. Би мен жырау әлі де аралай жүріп, сынық таға,үзеңгі сияқтыларды да жебенің ұшына айналдырып жатқандарды көрді. «Апырау, шайқас үстінде темір үзеңгінің өз орны бар ғой, ол жауды серіпкенде табан тірейтінің емес пе» дегенге «бәрібір ол темір оққа жете алмайды, алүзеңгілікке өгіз терісінен жасалған екі-үш қабат жалпақ қайыс та жарайды» деп жауап қайырысты. Ең соңында ғана Ескелді мен Қабан жыраудың бұл тапалтақ ұстаның өз басы жөнінде ақпар алуға аңсарлары ауды: – Атым Келеу, осы жалайырдың Бәйшегір атасынанмын. Әкем емес, әкемнің әкесі жоғалған мал іздеп, жапан түзде табан тоздырып жүріп, құрулы ұстаға кездесіпті. Ошақ, төс, балғаның неше түрі, қышқаш, көрік – бәрі дапдайын дейді. Тіпті ошақтағы қоламтаға дейін аса суымаған, көрікті басып жібергенде оттың тілі сумаң етіпті. Бұрын мұндайды кәсіп етпегенүлкен әкем сол жерде кенет тұлабойынан әлдеқандай тербелісті сезсе керек. Екі білегіндегі қан жүгірісі де бір түрлі дейді. Сонымен қойшы, сол жердеүлкен әкеме ұсталық өнер дарыпты. Бұл да бақсының жыны сияқты ғой, қонатын адамына ғана қонады. Содан ол өнер менің әкеме ауысып, одан соң міне мені де жатсынбады. Би мен жырау мұны естігенде әжептәуір уақыт тілдері байланды. Мұны байқаған Келеу ұста бұл әңгімесіне тағы бір тұздық қосты. – Үлкен әкемнің ұсталық өнерінің қаншалықты екеніне бір мысал. Егер ол түз жортып жүріп, бала-шағалы, жоқ-жітіктеу бірүйге кездесіп, оның сынық қазанын көрсе ұста дүкенін керексінбей-ақ жанынан тастамайтын істік темірмен сол сынықты бойлай сызып өтеді екен. Сонда қазанның сынығы өзінен-өзі бітіп кетеді екен. Тыңдасаңыздар, өз әкемнің ұсталығынан бір мысалды қоса қыстырайын. Әкемнің азын-аулақ жылқысын әлді-ауқаттылау біреудің итаршылары қуып кетіпті. Әкем артынан барса оныңүйінде бір ұста сынық қазанды жамап жатыр екен. Әкем жақындағанда оның қолы қалтырап,

балғасы түсіп кете беріпті. Сосын әкем сынық қазанды жұлып алып, табанда жөндеп беріпті. Мұны үй иелері де көріп отырса керек. Әкемнің тегін адам емес екенін сезіп, барымталаған жылқыны сөзге келмей қайтарыпты. Би мен жырау бұл Бәйшегір Келеу ұстаның әлгіндегі Дархан ұста шәкірттері хақындағы ғайбат сөздерін енді ғана түсіністікпен қабылдағандай. Ал қайыстан қорғасын өзекті қамшы өрген, басқа да ер-әбзелдер құрастырушы ісмерлер бұл қара қожалақтардан небәрі таяқ тастамдай ғана екінші алаңқайда. Олардың мыналарға тым жақын орналасуының да өз есебі бар. Себебі, олар осы ұсталардан қалған әртүрлі қалдықтарды көптеп пайдаланады екен, әрі қару-жарақ, ер-тұрманға тапсырыс берген сарбаздардың, қолбасылардың бұлардың бәрін бір ортадан табуына да ыңғайлы. Ескелділер енді сол өрімші, ерші, етікшілерге қарай өтуүшін мыналардың арасынан аяқтарын тезірек басып, екі аралықтағы ашық алаңқайға шыққан сәтте Қабан жырау сәл ырғатыла бөгелді: – Шіркін, «ел іші алтын кеніш» қой. – Рас айтасыз, жырау аға! Қазақты анаусың-мынаусың, ала қойды бөле қырқасың деп жазғырғанда аузымыз аузымызға жұқпайды. Айып етпеңіз, жырау аға, іштегі күйіктің тепкіні сияқты мақамым ғой. Ал мен ойлаймын, пәленің бәрі қалың қазақта емес, солардың былай басын біріктіріп, іштегі алтын кенішін ырысқа айналдыруда мына біздердің, бізден де өресі биік ел басшыларының, серкелердің оралымсыздығы, бойкүйездігі сияқтыларда ма деймін. – Бұған бір-бірін етектен тартатын қаскөйлік, іштарлық атаулыларды қос. – Ия, ия, қостым оны да! – Ескелді осылай бас шұлғыды да аға әріптеске бұрыла қарап еді, оның қырым етсіз бет сүйегі бұрынғысынан да шодырайып кеткендей көрінді. Еріндері де жымқырулы сияқты. Себебі, алдыңғы өңірін жапқан қап-қара сақалы ортан белінен сына алға қарай иіліңкірепті. Ескелдінің Қабан жыраудан бойы биік еді. Кескен теректей денесін одан әрмен тік ұстап бұл енді өз ойымен кеткенге ұқсады. Бірақ мұндай ойлар осы шұбырынды заманында бұларды осымен нешінші мәрте шырмады десеңші. Қайта айналып соға беретін ескі аурудай әбден запыс еткен ішкі мехнат. Бұлар осылайүнсіз жиырма-отыз қадам жасаса өзіндік әлек-шәлегі арттағылардан кем емес екінші бір қауым – ершілер, өрімшілер әулетіне де соқтығысар еді. Бірақ олай болмады, теміршілер күйелеш еткен алаңқайдан әріде қалған қосшылардың біреуі жаяу-жалпылап, сүріне-қабына жетті. Мұның жаяулайтыны бұл осы ұсталар орналасқан алаңқайды қақ жарып өтсе керек. – Би аға! Жырау аға! Алтын Жәкемнен, Жолбарыс ханнан кісілер келді. Сіздермен оңаша дидарласпақшы. Бұлар енді теміршілерді айнала өтіп, солай қарай жан ұшырды. Тек қанша асыққанмен жаяу жүруге аса кәсіпқой емес қазақтардың дағдысымен аяқтарын серпе тастай алмай әлтек-тәлтек басып, жүріс өнімділігіне жете

алмады. Тас па, түбір ме, жер қыртысының әрбір бұдыры тап осы екеуінің аяқтарын әдейілеп аңдып тұрып, қағып өтетіндей би мен жырау осы екі ортада қиралаңдап, бірнеше рет құлап та түсе жаздады. Төле бидің жібергені Тұрсынбай, Құттыбай деген батырлар еді. Дулаттың төрт атасының төрт бәйтерегі – Өтеген, Қойгелді, Сәмен, Рысбек сынды марғасқалардан соң ұлы бидің ең үлкен арқа тұтары осылар еді. Міне, осындай құлжаның асығындай екеуді мынадай күнде атшабарлыққа мойынсұндыруына қарап, ұлы би, Жолбарыс хан жолдаған сәлемнің оңайоспақтан емес екенін түйсіністі. Бұлар ең алдымен қазақ әскерінің бас сардары Әбілхайырдың төңірегіндегі кейбір жаңалықтарды жеткізді. Біріншісі мынау: жалпы қазақ күші осылай жылжығанда Үлкен орда атанған ұлы хан Болаттың ордасы да осылай қарайғы бағдармен қозғалған. Ал Кіші орда атанған Әбілхайырдың ордасы әмсе онымен жаптас жүретін. Әлдеқалай төтенше жағдайлардың төбесі қылтиғанда ұлы хан мен бас сардардың тез табысып, ортақ шешімге келуінің қажеттігі оларды осындай жұптастыққа итермелеген. Міне, қазір сол Үлкен орда мен Кіші орда ендігі бетте Хантауды бетке алмақшы, шұғыл хабар жеткізбек күнде баршасы оларды сол жақтан іздесін дегендік еді. Екінші әкелген жаңалықтары – Болат хан шұбырынды заманға дейінгі тұғырына қайта мінгендей өз төңірегіне исі қазақтың ең басты би-шешендері мен көсемдерін қайта топтастырыпты. Мысалы, бұған дейін Ұлы жүз қолына басшылық жасайды деген Жолбарыс хан мен Төле би сол Болат ханның қасына алыныпты. Орта жүздегі Қаз дауысты Қазыбек пен Кіші жүздегі Ақсуат билер де солай. Шу өңіріне үлкен әскер шоғырын ерте келген Орта жүздің ханы Сәмеке қолбасылықты басқаға тапсырып, Болат ханның ордасына сонау Қаратаудың теріскей бетіндегі жолда-ақ сіңісіпүлгеріпті. Бұл Сәмеке хан да Тәуке ханның баласы, Болат ханға шешелері бөлек болғанмен әке жағынан туған іні. Әншейінде бір-біріменүнемі қырғиқабақ бұл ағайынды екеуді ойда жоқта ауыз жаластырған ел қамы атты ортақ мүдде дескендер де көптеп табылыпты. Болат ханның қасына алған тағы бір адамы Орта жүз биі Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы. Бұл өзі қатардағы көп қазақ билерінің бірі емес, қара қылды қақ жарған әділ, майталман шешен, батырлығы, қолбасылығы қоса бар, қысылғанда ақыл тапқыш жүйріктігі де сан аңызға арқау болған бөлек бітімді жан еді. Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы болат найза, Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда Ер жігіттің ерлігі осындайда! – деп бидің замандасы Тәтіқара ақын бұдан көп жылдар кейін Қытаймен екі арадағы қақтығыс кезінде оны өлеңге де қосқан. Жалғыз бұл емес, Шақшақ Жәнібектің Орта жүздегі арғын, қыпшақ, уақ, керей, атығайқарауыл сияқты елдерде де шырғасы мықты еді. Ұлы хан Болат оны өз ордасына алдырғанда осындай қасиеттерін ескергені күмәнсіз. Болат ханныңүлкен ұлы бұл күнде жасы отызға таяған, сергек ойлы Әбілмәмбет те

осы топқа қосылды. Бұлардың сыртында да ұлы ханға кеңесші, не оның қабағын баққан, әр қиырдан келіп, ұлы хан мен бас сардардың сүзгісінен өткен, немесе осындағы серкелердің ұсынысы арқылы мақұлданған тонжағалары әрқилы, алуан пішінді адамдар бар еді. Тұрсынбай мен Құттыбай әкелген үшінші жаңалық: О баста бүкіл қазақ қолының бас сардары Әбілхайыр атанса оның оң қолы ретінде Қанжығалы Бөгенбай батыр Ақша ұлы іріктелген.Міне, енді ұлы хан Болаттың төңірегіндегідей құбылыс мұнда да орын алыпты. Бөгенбайдың қатары, яғни Әбілхайырдан кейінгі бүкілүш жүздің жасағынаүкімі жүретін екінші саптағы қолбасылар қатары да толықтырылыпты. Олардың ішінде Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлы, Ұлы жүзден Шапырашты Наурызбай батыр, ошақты Саңырық батыр, албан Хангелді батыр, Шапырашты Сатай батыр, Кіші жүзден қарт Есет батыр бар екен. Бұл жерде Шапырашты Сатай батыр қарамағындаүлкен күш барын ескертіп, алғашқыда ондай мәртебеден тартыншақтапты да. Бас сардардың қасында ақылгөйсігеннен гөрі сол өз қарамағымдағы әскермен бірге шайқасқа кіргенім әлдеқайда оңды іс емес пе деп өзеурепті. Алайда, Әбілхайыр мен Қанжығалы Бөгенбай бастаған ақылдастар тобы өз шешімдерін өзгертуге жоқтығын білдіргесін ғана ол жөнге көніп, өз әскерін немересі, жас сұрперен Бөлек батырға тапсырыпты. Бұл жердегі ең қызығы сол – әлгі атышулы Батыр сұлтан да осы топқа кірді. Ия, ия, тап сол, әлгі Есім ханның бесінші ұрпағы саналатын Батыр сұлтан, әз Тәукенің заңды мұрагері Қайып ханның баласы Батыр сұлтан. Ия, былтыр ғана Әбілхайыр ханның, сондай-ақ өзбек бектері Ешмұхамед би мен Жұмағали аталық сияқтылардың көмегімен Хиуа ханының тағына қонжиған, алайда ашықауызданып, жоңғар-ойраттар жөніндегі солқылдақ саясатын көйкитемін деп, аталмыш өзбек бектерінің кәріне ұшырап, ақыры өз еркімен Ақ-Шейх сарайынан қашып шыққан Батыр сұлтан. Ол кезде Әбілхайырдың да өзіне күйеу бала есепті бұл Батыр сұлтанға өкпесі қара қазандай еді, алайда одан бергі бір жылдай уақыттың ішінде оған өркөкірек хан қалай жұмсарыпүлгерді, әрі мұны өз маңындағы кеңесші қолбасылар тобына қосқанда нені көздеді, бұл жағы әрине, жұмбақ. Ақылды да, айлакер Әбілхайыр әлдебір сәтсіздік жағдайында құрбандыққа шалуға ыңғайлы, өзіүшін илеуі жұмсақ адам керек деп түйді ме екен? Ия, Әбілхайырдың кейінгі ұрпақүшін ашылмай қалған көп сырының бірі осы еді. Хош, сонымен Батыр сұлтан Қайып хан баласы да Әбілхайырдың жеке құзырында. Бұған жалғас Орта жүз қолының бас тізгінін ұстаушы Қаракерей Қабанбай батыр, Кіші жүз қолының иесі Тайлақ батыр екендігі туралы бұрыннан бар сыбыс та осы жолы толық расталды. Бұл жерде тек Ұлы жүз қолына қатысты мәселенің басы ашық қалып еді. Тұрсынбай мен Құттыбай ол жөнінде де жұртты көп ділгірткен жоқ, Ұлы жүз қолының бас сардарлығына әйгілі Саурық батыр Қайдауыл ұлының тағайындалғанын да таңқ еткізісті. Бұл шешім Жолбарыс хан мен Төле бидің ұлы хан Болаттың құзырына әкетілуіне орай ғана тумаған. Ең алдымен бұл кексе батырдың Торғай даласындағы, Бұланты, Бөленті өзендерінің жағалауларындағы шайқастардың от-жалынынан шыққандығы оның өстіп күрт мәртебесінің

өсуіне ықпал етсе керек. Сірә, Әбілхайырдың бір қасиеті қай батырды да қырық жыл бұрынғы ерліктеріүшін емес, ең соңғы, әлі ыстық-суығы басылмаған іс-әрекеттеріне қарап бағалауға көп көңіл бөледі екен. Ал дулаттың екі батыры әкелгендердің ең соңғысы жаңалық емес, орындалуы қатаң талап етілетін нақтылы бұйрық.Ұлы жүз қолының жаңа сардары Саурық батырдың аузымен айтылған, әрі осы маңда әлі де ара-тұра қара көрсетіп жүрген Жолбарыс хан мен Төле бидің бас шұлғуы жағдайында жарияланған бұйрық. Бұл бойынша жалайыр қолы алдағыүш тәуліктің ішінде Шу өзенінен теріскейге өтіп, Кіндіктас тауының Шу жақтағы сілемдерінің біріне сарбаздар мен мініс аттары шөліркемейтіндей, ашырқамайтындай халде бекініпүлгеруі шарт. Қалмақтармен бірден соғысқа барудың қажеті шамалы, мүмкіндігінше олардан жалтара тұрған жөн, жау өзі кеп қақтығысқан күнде ғана «алла» деп ұрандап, шайқасуға болады. Бұның бәрі тек жалайыр қолбасыларының мұқият ойластыруы, жер жағдайын қатаң ескеруі нәтижесінде ғана жүзеге асуы тиіс. Бұл Саурықтың өзінің ойлап тапқаны емес,үш жүздің бүкіл әскерінің бас қолбасысы Әбілхайыр ханның жарлықтарын орындау мақсатынан туындайтын шара. Мұндай шаралар әрқилы дәрежеде Ұлы жүздің басқа да буындарынан құрылған жасақтарға да қатысты болса керек. Мұны естігенде Ескелді «Ия, ұлы сүргін басталды» деп, іштей ауыр тыныс алды. Ол сол жерде Тұрсынбай мен Құттыбайдың көз алдында соңына ерген қосшы жігіттерді бірден, екіден бірнеше бөлікке бөлді де саусақпен санап отырып, бірнеше тарапқа ұшырды. Ойрандының өрінде әскер жаттығуын өткізіп жатқан Балпыққа, Малтабарға, Кәшкеге, Тәттібай мергенге, Жайнаққа, Қосайға, басқа да батырлар мен ел, ру басыларына бүгін кештен қалмай осы Ескелдіүй тіккен орыннан табылсын деп, бұл да өз тарапынан хабар таратты. Сөйтті де өзі де сол бала-шағасы қалған пұшпаққа қарай жөнеп берді. Тұрсынбай мен Құттыбай бұл күні қайтқан жоқ, сірә, жалайыр елінің жай-күйін, алғашқы қамын өз көздеріңмен көре келіңдер деген жоғары мәртебелілердің тапсырмаларын қоса арқалай келсе керек. Сол күні кеште түстіктен теріскейге қарай құлап ағатын Аспараның күншығыс жақ жағалауы құмырсқаша құжынады. Ескелді жалайыр мен бұларға сіңіскен қоңсыластар ішіндегі рубасылар мен батырларды шақырса сол шақыруды естіген жақын маңдағы киіз туырлықты қазақтар тайлытаяғымен олардан бұрын лақ етті. Мұнда жігіт-желеңдерден гөрі кимешек киген, жаулық тартқан әйелдер, кемпір-сампырлар мен сақалдары шошаңдаған шалдар жағы басым ба деп те ойлайсың. Тіпті шырқырай жылаған емшектегі балалардың да даусы оннан-мұннан шығып, құлақ тұндырады. Кемпірлер мен кексе қатындар түбі түскен шелектей қаңғырлап, бір-бірін жазғыра айғайласады. Бет жыртыса дуылдасып, аспанды қақыратып жерге түсірердей пәрменмен бірден бірге өршіп бара жатқандай да әсер етеді. Ал бұларға Ескелді шақыртқан адамдар қосылғанда айнала тіптен теңіздей толқыды. Енді қайтсін, себебі батырлар мен рубасылардың ешқайсысы жалғыз-жарымдап келген жоқ. Мысалы, бір Балпақтың өзі жүз қаралы адаммен жетті. Бұлар және жай адамдар емес-тұғын. Мысалы, Балпықтың өзі

бүкіл жалайыр қолының Ескелдіден кейінгі екінші қолбасысы саналса ал мыналар сол елдің әр буынынан шыққан кіші қолбасылар. Мыңбасы, жүзбасы, елубасы деген сияқтылар. Әрі біразының кеңесші, атқосшы дегендері және бар. Балпықтың оларды түгел ертуінде де өзгелерүшін пәлендей құпия емес бір есеп бар. Мана Ескелді жіберген хабаршыдан Тұрсынбай мен Құттыбай әкелген сәлем-сауқаттардың бәрін миына сіңірген жас сардар ендігі жайдың бәрін мына әр атадан шыққан кіші қолбасылар өз құлақтарымен естісін дегендегісі еді. Себебі, ендігі жайлар да оңай-оспақтан болмауға тиіс. Ұлы жүз қолына Қайдауыл баласы Саурық батырдың тағайындалуының өзінен-ақ көп мәселе тонын айналдырып кигендей көрінген. Әрі бұған дейінгі Әбілхайырдың өз атынан жолданған бұйрық та әлі жүзеге асырылып болған жоқ. Себебі, жалайыр ішінде құрылған мыңдықтар мен жүздіктердің кейбіреулерінің қолбасыларын анықтауға қазаққа тән кейбір ырың-жырыңдар кезмайыс келген. Міне, Балпық бүгін Ескелді, Қабан жырау, басқа да елбасыларының төрт көзі түгелде сол мәселені түбегейлі ойластырып, соңғы тоқтамын айтпақ. Сосын да мына жүз қаралының ере жүргені абзал ғой. Басқалар да солай. Жалайырдың үлкен руларының бірі қалпенің екі-үш би-шешені, әрі күшік Жолбарыс би, Малтабар батыр, Кәшке, Тәттібай мерген, басқалар да өздеріндегі шешілуі қиын түйіндердің мәнін баршасының ой елегінен бір өткізіп алып, белгілі бір байламға аяқ тіреуүшін керек адамдарын атқосшыларымен қоса қотарып әкелген. Мұның сыртында Балпық, Кәшке сияқты жастары бар, күшік Жолбарыс би, Тәттібай мерген сияқты кекселері бар, әйтеуір солар құралпылас жалайырдың естиярлары өз бастарына орнаған алай-түлей дауылмен де айқаса бастаған. Ол дауыл әрине, Үлкен орда, Кіші орда атты екі ұяда орын алған соңғы жаңалықтарға байланысты. Жақсы, Болат хат айналасы біршама сенім ұялатады, себебі, оның негізі сонау Ордабасыда қаланып, шымы бекітілген, ал Әбілхайыр айналасы әр жақтың бас білмес асауларынан құралған, мынадай алай-түлей заманда тастүйін шымыр шыға ала ма? Жоқ, әрқайсысы бір-бір құдай, ақ езу болысып, қалың әскерді серкесі жоқ қойға ұқсата ма? Жоқ, Әбілхайыр жауынгер алшын елінің сайыпқыраны, әрі өзі құрышша шыныққан тегеурінді басшы деуші еді, оларды бір арнада тоғыстырып, баршасының бедел-абырой, ұйымдастырушылық қабілет, соғыс өнеріне жетіктік, тапқырлық, өрісті ақыл-ой сияқты қасиеттерін сарқа пайдалануға күш-қуаты жетер, бәлкім. Ия, жетсе жетер, әрі сонау Ордабасыда әрбір ел көсемі, сан тараптан жиылған ең белгілі сақа қолбасылар алдағы шайқасүстінде өздерінің және өздері ертіп келер барша сарбаздардың бас сардар Әбілхайырға сөзсіз бағынатыны хақында алла атымен ант берді емес пе? Үлкен орда, Кіші орда иелеріне байланысты осындай үміт, күдікпен сабақтаса Балпық батырдың көкірегіне Ұлы жүз қолының бас қолбасысына орай да әртүрлі қиял, сезім ұялаған. Енді қайтсін, жасыратыны жоқ, Саурық батырдың есімі мұның жанына бір түрлі жылы тиген. Сонау Торғай даласындағы соғыста оны алғаш көргенмен қарт қолбасының түр-түсі

ертеден таныс жанның қияпатындай-ақ мұның іш қуысына бірден орныққан. Әрі сол соғысүстіндегі бұларға жасаған қамқорлығы, мысалы, аз ғана адаммен жау қоршауында қалған Жайнақ батырды тез арнайы жасақ жұмсап, құтқаруы Балпықтың тұлабойындағы сол ылтипатын одан әрі маздатқан. Міне, енді сол Саурық бұларға тікелей басшылық жасамақшы. «Бұл бүкіл қазаққа ортақ бас сардар Әбілхайырдың мен таныған ең алғашқы дұрыс шешімі, әрдайым осындайлыққа жазсын» деп түйді Балпық. Өзінің Саурықпен туыстық іліктестігін де ұмытқан жоқ. Андас атадан тараған төрт ағайынды Таймөңке, Қайдауыл, Қанқожа, Лепес болса Балпық Қанқожаның немересі, ал Саурық оның туған бауыры Қайдауылдың бел баласы. Тек Саурықтың шешесі басқа, Кіші жүз елінің қызы. Бұл кексе батырдың көп замандар бойы Жетісудің жерінен жырақтап кетуіне де сол жағы себеп болғанын Балпық білетін. Енді бәрі қалпына келгендей. Мұның немере ағасы Саурық батыр сол Жетісуға қарай бағытталған ұлы шайқаста бүкіл Ұлы жүз қолын басқарады, ал Балпық Ескелді бимен жұптасаҰлы жүздің ноқта ағасы жалайыр қолына қолбасылық жасайды. Ия, «Саурық жайын әкем Дербісәлі естісе орнынан дүр сілкініп тұрар-ау, тіпті біржола сауығып, анау-мынау қайғы-уайымнан да арылар ма екен» деп те қанаттанды. Саурық батырдың әрі Ескелді би бәйбішесі Ақжәмилаға немере аға екенін де бұл көңлінің бір түкпіріне түйіп қойды. Сол күні кештете Ескелді қосының маңындаүлкен жиын басталды. Би баршасын қатты асықтырды. Сосын да Балпықты толғандырған мыңбасы, жүзбасы, елубасы сияқты, әрі басқалардың да осы тектес мәселелері ақайтоқайсыз тез шешімін тапты. Бұл қарқында бүкіл жалайыр еліндегі батыр атағы барлардың ешқайсысы шетқақпайлыққа ұшырамады. Даңқтысы бар, дақпырттысы бар, бәрін де кәдеге асыру көзделді. Әрі еркек кіндікті түгелімен дерлік атқа қондырылды, тек бала-шағалы, әрі көп ағайындылардың ішінен біреуі ғана сол бала-шағаға бас-көздікке қалдырылды да өзгелері «әупірімдеп», қаружарағын асынып, ат жалына жармасты. Мұндайүлгіні Ескелді, Балпық, Қабан үшеуі әдеттегідей ең алдымен өз отбасыларынан бастаған. Мысалы, бес ағайынды Ескелдінің үлкен інісі Естайдан басқа үш інісі – Досай мен Қосы, тіпті әлі толық әжетке жарады деу қиын Бектұрған да қосынға қосылды. Би сондай-ақ өз туысы Шора балаларының да шеткерілуіне жол бермеді. Әрине, Шораның бел балалары – Қожан, Тәңірберді, Құдайберген, Әлімбай төртеуі де алпысты алқымдаған, бұрын қару ұстап көрмеген, тек шаруа баққандықтары және бар, есесіне, бала-шаға, кемпір-шал, аздаған малмүлікке бас-көздікке толық жарайды. Сосын да бұл төртеуіне сол міндет жүктелді де бұлардан тараған бала, немерелердің он алты, он жетіден асқандарының бәрі сарбаздар қатарын толықтырды. Әсіресе, тұқымдарының көптігіне орай Көпсары атанған Қожан балалары өзінше бір шоғыр. Ал Шора балаларының бәрін жинақтаса жер қайысқан қол шығары анық. Бұлар осылай да Тәңірбердінің осы шұбырынды жылдарында алабөтен шалынған екі баласы – Қаскелең мен Күртібай елубасы, жүзбасы сияқты жұмыстарға іріктелді. Кешегі су жұқпас барымташылар бүгінде ел басына күн туған

шақта оның алдыңғы шебінен табылды. Әрине, мұнда Ескелді бидің ықпалы жоқ емес. Балпықтың да төңірегі солай, көп балалы ағасы Кешубай ғана бүкіл Дербісәлі әулетінің иелігіне белгіленді де басқа екі ағасы Білдебай, Меңдебай әжетке жараған балаларымен бірге, әрі інісі Салпық түгелімен сақадай сайланды. Қабан жырау да сөйтті. Ағасы Аю бала-шағаның қасына отырғызылып, төрт інісі – Серкебай, Еркебай, Текебай, Көсембай қосын ішінде. Тіпті бұлардың Қабан жыраудан кейінгі батыр пішіндісі Көсембай жүзбасы аталды. Мұндай тәртіп шұбырынды заманы басталғалы бері бірнеше мәрте қолданылғасын да оны тап мына күнде жүзеге асыру қиынға соқпады. Ал қолбасылыққа жоқ, есесіне өзге шаруаға жүйрік Тұрлымбет Бекен баласы, Есенбай Қожаназар баласы, әрі Есенбайдыңүш інісі – Есенғабыл, Есқара, Досқара Ескелді бидің атқосшылығына жегілді. Осы тақілеттес шаралар тиянақталғасын тоқтаусыз екінші міндетке, яғни бүкіл жалайыр жасақтаған күштіүш тәуліктің о жақ бұ жағында Шудан әрі өткізу, әрі Кіндіктас тауының бергі шашыранды сілемдеріне орналастыру ісінің жай-жапсарына көшісті. Ескелдінің күні бойы іштей құрастырған бағдар, байламдары бар екен, сонысын ортаға тастағанда бәрі бас изесіп, құптай жөнелісті. Тек бірен-саран ұсақ-түйек түзетулер ғана енгізілді. Бұл шаруаның да нобайы дөңгелектеніп, жинақыланды-ау деген кезде кешкілік күн сәулесі қызара бөрттірген ию-қию көптің ортасынан бір шу шықты. Ол шудың қақ ортасында Ескелді бидің бәйбішесі Ақжәмилә, Дарабоз сияқты әйелдер және көптеген ақсақал, қарасақалдар. Олардың у-шуының мәні Ескелдінің құлағына бірден сарт етті. Олар «Шудың арғы бетіне тек әскер ғана емес, мына қалың ел, бала-шаға, кемпір-шал, мал-мүлік түгел өткізілсін» деп даурығысты. Міне, Ескелді үшін бас жарып, көз шығаратындай тосын жәйт осы еді. «Өзім өз болғалы қарапайым халықтан мұндай мінез туындарын ойлап па едім» деп, би кейін де талай заман ауыр тебіреніске түсіп жүрді. Мына кеште жұртты саябырсыту үшін Ескелді өзінің табиғи шешендігіне басып біраз толғауларды төкті. Бұл толғауларды түгел тыңдапүлгеруүшін көкжиекке иегін сүйеген күн де сол орнында қатып, шегенделіп қалғандай. Тыңдаған көпшілік те жым-жырт тынысты. Көпшілікті солай ұйытқанмен Ескелді кесікті сөзді айтуды Қабан жырауға тапсырды. Бидің қасында қас-қабағы, сақал-мұрты салбырап, бұл да тікесінен тік тұрған жырау бұған өзі де әзір екен. – Көктегі құдай менің қарын бөлем емес, не жазу жазып, не сызу сызды онысын менің құлағыма сыбырлап отыратын кішіпейілділігі жоқ. Жұрт мені көріпкел әулие санайды, ал тап қазір мен қарға адымнан арғыға көз жеткізе алмайтын көрсоқырмын. Сосын да қалың елді, бала-шағаны, мал-мүлікті қарулы шеріктермен бірге Шудан әрі өткізу дегенді әумесердің тантымасына балаймын. Торғай даласында жеңіске жетсек қайтеді екен, бір жеңіс көп жеңісті қойдай қоздатады деген алла-тағаламның қағидасы бар ма? Жаман айтпай жақсы жоқ, анау-мынау күнде қайтпекпіз? Жау атының тұяғына

тапталар қызыл қарын, жас баланың обалы кімге? Жо-жоқ, ағайындар, елді қозғамаймыз, олар осы бетте қалады. – Балпықжан, сен айтшы, – деп Ескелді сол Қабанмен қатарлас томсырайған жас батырға мойын бұрды. – Жырау аға менің көмекейімдегіні жұлып әкеткендей ғой, менің алыпқосарым жоқ, – деп ол тым қысқа қайырды. Бұл өзі шынында тез басталып, тез аяқталған шу еді. Тек оның әсері жалайырдыңүш басшысының да көкейінен көпке дейін кетпеді. «Апырай, туған жерге деген сағыныш бұларға қалмақтың қара найзасы, от қаруы дегендердің не екенін де ұмыттырып жіберген бе, бүгін жеңіс те, ертеңіне жеңіліс боларын, ол болмаса осынша жыл босқынның күнін неге кешеміз, соны таразылауға да ақыл-естері дәрменсіздік етеді, жоқ-жоқ, туған жерге деген сағыныш бұлардың ақыл-есін алып жейтін ауруға айналғаны ақиқат. О, тәңірім, өзің сақта, алдыңды жау, артыңды су басты деген осы, ұстараның жүзіндей қатерлі сызықты енді аттағалы тұрмыз» деген мағнадағы толғамдарды бұл үшеуі уақыт кеңде бір-бірінеүнемі айтып жүрді.

* * * Тағы бір үш күндікте бүкіл жалайыр қолы Шу өзенінің теріскей жағалауына өтіп те бітті. Кіндіктас тауынан бастау алатын кішкентай ңгірлі өзенін бойлай тарасты да әр атадан құралған жауынгер топтар сәл шашыраса сол маңдағы бұлақты, құйқалы өңірлерді сағалай бұлың-бұлыңды қуалады. Кіндіктастың теріскей сілемдері деген осындағы аса биік емес, бұйрат-бұйрат қырқалар. Ағаш жоқ, жалаңаш қырқалар, бір-бірімен қойындасып, бірін екіншісі жалғастырып жатқан төбешіктер. Ең биік дегенінің қыр арқасына жаяулап, бір алқыныспен-ақ көтерілесің. Қойнау-қойнауларында раң, басы аппақ боз шөп тұтаса өскен. Ал қойнау-қойнаудан биікке қарай сәл өрлесең жусан, изен, қарабарақ дегендерің аттың тобығын қағады. Биыл жауынды жылдың көктемінде тұтаса өскен екен, тек қазіргі маусым айының соңғы күндеріндегі шіліңгір ыстық бәрін тез жеп, түсін өзгертіп бара жатқаны байқалады. Осы шұбырынды заманның алтыншы жылына дейін бұл жалайыр сарбаздары қанша жерді басты. Соның бәрінде де бұлар ең алдымен табиғат жағдайына көбірек алаңдап, мал мен адамға қолайлылығы қандай деген сауалға жауап іздеуге дағдыланған. Ал мына жерде сәл басқаша... Енді қалай? Бұлар мұнда мал тойымын көздеп келген жоқ қой, әне аттың пысқырғаны жететін қашықтықта зұлым жау жасырынуда. Қалмақ қолбасшысы Сары-Манжының бас-аяғы жоқ мол әскерінің бір шеті осы Кіндіктасқа бекінгенін бұлар да естіген. Алғашқыда «апырау, бұл Әбілхайыр ханның, Саурық батырдың не ойлағаны бар, ең алдымен жалайырларды жауға бір талатып алайын дегеннен сау ма» десіп, соңынан Ұлы жүздің өзге бөліктерінің де Шудан өтіп жатқанын естігесін көңілдері орнына түскендей. Тағы бірер күнде о баста Қорағатының батыс жақ жағалауымен, атақты Мойынқұмды жиектей Шуға жеткен Орта жүз, Кіші жүз қолдары бұлардан бұрын өтіп, Хантау айналасына бекініпүлгергені туралы да хабар келді.

Ескелді, Балпық, Қабан жырауүшеуі де әскердің басы-қасында. Кедірбұдырлы өлкенің сай-саласын қуалай тараған жүздік, мыңдықтарды шетпұшпақтай ары-бері кескілеген жүргіншілер көбейді. Қалмақтардың тынысы жететіндей қашықтықта ғана жатқасын жалайыр басшылары жау тыңшылары емес пе деп күдіктеніп, кей жүргіншілерді жолдан тоқтатып, сұраққа алды. Жоқ, тыңшылар емес, Шуды сәл жоғарырақтан кешіп өткен өзге қазақ жасақтарының басшыларына Хантау жақтан қатынаған ертөлелер, хабаршылар. Ия, бүкіл қазақ қолы Шудың теріскей бетінде. Бұл судың кейде өзіндік қызық мінездері бар. Ол кей жылдары жылдың тап осы мезгілінде, маусымның соңы, шілденің басы дейтін уақытта бұрқан-талқан тасып кеп береді. Ондайда ары-бері өткел бермек түгіл қараған жанның жүрегін шошытып, жағадағыны әлдебір көрінбес қолдарымен өзіне қарай жұлып әкетердей зәреңді ұшырады. Егер тап биыл сол мінезіне басса мына қазақ шіркіннің барша күші әлде не күйге ұшырайды? Қабан жырау айтқандай құдай ертеңгі хикметтерді ешкімнің құлағына сыбырламайды, алдағының бәрі тылсым жұмбақ, жазатайым жаудың мәртебесі асып, ал Шу өзені аталмыш мінезіне басса қазақтардың көрген күні не болмақ? Жоқ, әлде не өмір, не өлім дескен күн туды ма? Тәрізі солай. Бұрын-соңды болмаған ұйымшылдықпен бүкіл қазақтың осылай қарай түйдектеле жөңкілуі соған меңзейді. Уақыт күн еңкейіп, ұясына кіруге таяған кез. Намазшам, намаздыгер арасы. Ескелді, Балпық, Қабан жырау Үңгірлі өзенінің жағалауында көп сарбаздардың ортасында отқа қақталған арқар етін жеп отырған. Үйреніскен жау санағасын ба, ол жақын-ау деп сақтық ойлайтын да ешқайсысы жоқ, осы өңірдің аңы мен құсын атып түсірген бойда күннің қай мезгілі екеніне қарамастан кепкен бұталарды жиып әкеп, түтінін будақтатып от жағу салтқа кірген. Жігіттердің арасында әртүрлі қаңқу әңгіме осындайда сол отпен бірге қаулайды. Ара-тұра өзара қағытпа сөздер, жеңіл әзіл-қалжың да араласады. Аңның, не құстың еті іштеріне барып, ар жақтарына ел қона бастаған шақта бұлардың осы от жағысын көздерімен көріп отыруы мүмкін қалмақтар жайы да тілге оралады. Бүгін солай болды да. Арқардың майлы етінен еріндері жылтырап, аздап өң кіре бастаған жігіттердің біреуі өзге бір жігітке шаңқ етті: – Әй, сен кешегі оқиғаңды мына би-ағаңа, Бапекеме, жырау ағаға айтып берсеңші! Неменесін оныңды оқшантайыңа тығып отырсың? Екінші жігіт өз тұрғыласының бұл шаңқылына аса риза емес екен: – Ішіңе жел тұрмайтын бейшара екенсің-ау! Сендейлерге сауыт кигізіп, қару асындырғанша қалмақтарға ұқсап, қатынның көйлегін кигізген дұрысау. Қалмақтар тілі ұзындарға қатынның көйлегін кигізіп, масқаралайды екен. – Ой, суайтым-ай, қалмақтар тілі ұзындарды емес, жаудан қашқанды қатынның көйлегін кигізіп масқаралайды. Бұрмалама! Ал менің жаудан қашқанымды қашан көрдің? Мен жаудан қашқан күні не істесең соны істе, бәріне көндім. Ал сен кешегіңді айтып бер, ел басшыларының біле жүргені абзал.

Мына соңғының сөзін құптай Ескелді би екінші жігітке ажырая қарады. Ол өзі әлдекімнен қатты қорыққандай көздері ойнап тұрған, шот маңдай, кемиектеу жігіт екен. Ескелді назарынан өзінің шешілмесіне жол жоқ екенін сезіп, сөзге оңтайланды. Сөйтсе бұл кеше аң, құс атамын деп, жалғызжарымдап, Үңгірлі өзенінің бойымен тым алысқа ұзап кетіпті. Сонда Теректі аталатын, осы Үңгірліге көлденеңдеу жатқан екінші бір кішкентай өзеннің жағалауында бір топ қарулы қалмаққа ұшырасып қап, олар ары қарай, бұл бері қарай қашыпты. Осыны өз сырластарына айтқанмен, ел басшыларына келгенде тартыншақтап, олар жауға із салып қайттың деп, өзімді жазғырар деп, бір тәуліктен астам уақыт ішке бүгіп келіпті. Үш басшы бұған пәлендей шамданған жоқ, осындай халде екі жақ адамдарының бір-бірімен кездейсоқ бетпе-бет ұшырасуы басқа жақта да орын алғанын біледі екен. – Біз қазір қалмақтармен бір төбенің екі жағында бұқпантайлаған ойын балалары сияқтымыз. Атты қазақ пен атты қалмақ бір-бірін қалай көрмей тұрады? – деп, Қабан жырау тіптен жаймалады. Жырау аузын жиып таүлгермеді, кенет батыста Хантау, Жамбылтау бағытындағы көкжиекке иек сүйеген күннің алқызыл сәулесіне малына осылай қарай жосылған бір топ аттыны түрегеп тұрған сарбаздардың бірі көріп қалды. – Мыналар кімдер? – деген оның оқыс сауалы бәрін дүрк көтерді. Бәрінің де жүздерін күннің шоқтай жалыны шарпып, батыс жаққа үңілісті. Көздерін алақандарымен көлегейлей қос жанарларына қанша күш түсіргенмен де ешқайсысы да олардың кім екенін ажырата алмады. Ақыры олар жетті. Төменде басқа жалайыр шеріктерінің басшыларынан Ескелді, Балпықтың қайда екенін сұрай-сұрай жеткен Сіргелі адамдары екен. Олардың бас батыры Қара Тілеуке жібергендер. Түздіктер дағдысымен жамыраса ұзақ амандасып, хал-жай сұрасқан соң олар бір жайсыздау хабар айтты. Бұлардан Шуға қарай еңістеу біткен кеңістіктің батыс бөлігінде осы Сіргелі қолы орналасқан. Міне, соларға таяу бір ойпаңда әлгі қалмақтармен ымыраласуды жағы талмай насихаттайтын Қарабек деген бар емес пе еді, міне, сол Қарабектің адамдарын, әлдекімдер қылыштап, қанжоса етіп, турап кетіпті. Тек айқасып жатқан өліктердің ішінде Қарабектің өзі жоқ екен. Сіргелі Қара Тілеуке алғашында сасқалақтап, өз қоластындағы сарбаздардыңүлкен-кішісіне хабар салып, «апырау, бұларды кім жайратты, әрі мынадай шақта оларды бұлай етудің не қажеті бар еді» деген сауалды қоса таратады. Сол сарбаздардың ішіндегі құлағы ұзындау біреуі өткен жолы осы Қарабек адамдары мына бізбен жаптас жалайыр елінің батыры Балпық Дербісәліұлының аулында болғанда жас батыр олардың жоталарынан таспа тілуді бұйырғанын, тек Дербісәлі, күшік Жолбарыс би сияқты жасыүлкендер араласып қана ондай жойдасыздыққа тоқтау салғанын баяндап, мүмкін бұл сол жалайыр адамдарының ісі шығар деген күдігін қоса қыстырады. Сіргелі Қара Тілеуке сосын да көп толғатпай жоғарыдағы сауалмен мына топты осылай шұғыл аттандырыпты. Сіргелі Қара Тілеукенің сасқалақтайтын бір себебі, Қарабек Төле бидің жақын туысы, тіпті өлгендердің ішінде Қарабектің өзі жоқ дегенмен де бұл пәлендей мақтанарлық іс емес, қайта

жаман атақ жапсырып кетердің өзі. «Кім өлтірді, мұндайлықтың қажеті қанша еді» деген сауал оны біржола билеп алғандай да еді. Сосын да Ескелді мен Балпықтан бір тіл алуға асығыпты. Алғашқыда Ескелді де ойынан жаңылып, кешкілік алагеуім шақтың шудасымен көздері қоса арпалысып, Сіргелі адамдарын жеке-жеке тізбеден өткізді. Бұл Сіргелі Қара Тілеукемен аса жақсы таныс емес. Төле би атасының ордасында бірер мәрте ғана көрген. Осындағы Есенбай сияқты, оның да беті қазанның түп күйесіндей қап-қара, онсыз да болымсыздау сақал-мұрты әрең шалынатын отыз, отыз бестер шамасындағы әлуетті жігіт. Тек сыртынан ол туралы көп естіген. Осы биылғы ерте көктемде өзүйінде екі-үш күн қонақтаған Сіргелі, Ошақты адамдары Ошақты батыры Саңырық қана емес, осы Сіргелі батыры Қара Тілеуке жөнінде де біраз сырға қандырған. Оның Қара Тілеуке аталатыны әлгі албан батыры Хангелдініңүлкен ұлы, бұл күнде есімі төңіректегі елдің құлағына жиі шалынатын, жер ортаға келгенмен кейде ұйқы-тұйқы мінезді, кейде жынын алдырған бақсыдай солықтап, жұмбақ күйге түсетін екінші Тілеуке батырмен шатастырмау мақсатында туған сыңайлы. Ескелді сәл бөгеліп, Балпыққа бұрылғанда жас батыр бидің жүзіндегі күдікті танып, бірден басын арашалады: – Әлгі біз жылқы жылы Торғайдан оралғанда ол сарнауық біздің ауылда «мынау біздің қазақтың жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар ақылгөй даналары деп, мынау қалмақ қонтайшысы Сыбан Рабтанның табақтас нөкерлері» деп, қай-қайдағы бір тістері сары қайрақтай немелерді әулием етіп, шалжиып жатыр екен. Сарнағанда бірі бірінен асады. Сөздері қандай десеңші, тура сай сүйегіңді сырқыратады. Бетің бар, жүзің бар демей қалмақтарды «бізге құдайдың ырысын арқалап жеткендер» деуге дейін барды. Одан арғысына қалай шыдайын, жоталарынан таспа тілуге бұйырғаным рас еді. Тек одан кейін ол иттеріңізді көрсем көзім шықсын. Оның солай екеніне Ескелдінің де күмәні жоқ: – Осы Балпық батыр сияқты оларға зығырданы қайнаған басқа біреулер шауып тастаған ғой, шамасы. «Қалмаққа бас иіңдер» дегеннің табанда басын алатындар бұл қазақта аз дейсіңдер ме? – Бұлардың көзін жойсақ қазақ пен қалмақ арасындағы соғыс тезірек басталарынан дәмеленіп, тағатсызданған біреулердің ісі емес пе? – деп Балпық қайта күмбірледі. – Қарабектің қасындағылардың біразы шынында қонтайшының жұмсауындағылар болса мына қасап қалмақты шапқа түрткендік қой. – Ал мен сәл тереңірекүңгідім, – деп Қабан жырау сөзге кірісті. Іңір қараңғылығы сәт сайын қоюлап, жыраудың мол сақалды, ірі пішінді сұлбасы сол қараңғылықпен араласып, көзден өшіп бара жатқандай әсер қалдырғасын да осындағылар – жалайырлар да, сіргелілер де, басқалар да жұмбақтың шешуі сол сұлбамен бірге жоғалып кетердей секемденіп, тегіс солай қарай жұтына қарасты. – Бұл жердегі бір гәп, шабылғандардың ішінде Қарабектің өз басы неге жоқ? Басқаларды турап жатқанда бұл қашыпүлгерді-ау дейтіндей Қарабек шалт қимылды жанға мүлдем келмейді. Мен Балпық

шырағымның шаптүрткі деген сөзіне мықтап көңіл қоямын. Түп қазық осында жатыр-ау. Тек ол кімнің шаптүрткісі? Мен бұл өмірімде опасыздар мен арандатқыштардың талайын көрдім, ол ғана емес, жел аударған қаңбақтай жүйткіп жүріп, сан елден ондай аттылардың қылығына, қулықсұмдығына, былық-шылығына сан рет құлағымның құрышын да қандырдым. Сонда байқағаным ондай аттылардың түлкі бұлаңы, айла-шарғысы егіз қозыларды еске салады. Сосын да бір жайды анық шамалағандаймын. Тіпті көз алдымда құлағы қалқиған шайтанға ұқсап, секектеп, билеп тұрғандай. Асыра сөйлесем, аллам кешірсін, діттеп білдірейін, тап мынау Қарабектің өз басының ісі! Қасымдағы қалмақ нояндарын қырып салсам бұл қылығым қайтсе де қонтайшының шамына тиюге жарайды, сосын ол осындағы қолбасысы Сары-Манжыға еселеп күш, көмек береді. Сосын қалмақтар қазақтарды қайтсе де еңсереді, міне, сондай қаралы күнде Қарабек қазақтағы жалғыз әулием, пайғамбарым атанып шыға келеді. Міне, Қарабектің іш қуысындағы мақсат-мұраттың күлімсі исі қалай мүңкиді? Опасыздар мен арандатқыштар ата жаудан да жаман, ата жаудан да қатерлі дегенді бізден де көреген, ойы ұтқыр бұрынғы аталарымыз қақсап айтып кеткенін мен жақсы білемін. Қаласаңдар, ол туралы ұзақ хиссам бар, соны жырлап берейін. «Ақыр түн туды, асығатын не бар, бәрібір біз қайта жеткенше Қара Тілеуке батыр ұйқыға жатады» деп ұйғарысқан сіргелілер бөгеліп қалды. Жалайыр жігіттері отқа қақтаған арқар етінен дәм тата, Қабан жыраудың хиссасын тыңдасты. Тек түн ортасы ауа ғана орындарынан тұрды. «Жеті қарақшыны таныған жеті түнде адаспайды» деген ғой. Өздеріне аса мәлім емес, осы өлкенің тас түнек айсыз қараңғылығында да сіргелі жігіттері өз бағыттарын дұрыс белгілеп, бөкен желіске басып, түн қойнауына сіңіп жоғалды.

* * * Осыдан тағы екі күн өткенде бас сардар Әбілхайыр мен Ұлы жүз қолының бас қолбасысы Саурықтан ертөлелер келді. «Бүкіл жалайырдың ең басты адамдары тез Хантаудағы Кіші ордаға жетсін» деген бұйрық әкелді олар. Алғашқыда Ескелді, Балпық, Қабан –үшеуі бір-бірін көздерімен атып, әледенеден күдіктенген рай танытты. Үшеуінің де жүздерінде «мына шақырыс әлгі қанды қасапқа ұшыраған Қарабек адамдарына байланысты емес пе» деген сұрақ-жазу тұр еді. Сосын Ескелді ол ертөлелерден «бас сардарлар тек жалайыр көсемдерін ғана керексінді ме, жоқ, әлде Ұлы жүздің сіргелі, ошақты, шапырашты сияқты өзге тармақтарының да бас иелеріне осындай шақырулар жолдады ма?» деп қадала сұрады. Ертөлелер өздерінің ол жөнінде хабарсыздығын, жолай Ұлы жүздің ешбір тармағына соқпай тура осында жеткендерін ғана баяндады. Бірауық Ескелдінің көз алдында Сіргелі Қара Тілеуке батырдың қазанның түп күйесіндей бет-жүзі әлдебір жамандық белгісіндей көлбеңдеді. «Таста» деп, кенет ол өзіне-өзі тыйым сала жамандық атаулыдан бойын да, ойын да ала қашты. «Барамыз ба, жоқ па» дейтін екі ұдайылықтың заманы емес, бұл үшеуі қастарына кімдерді ертетінін тез шешіп, бие сауамына жетпейтін уақыттың

ішінде Хантауға қарай суыт жүріп кетті. Күшік Жолбарыс би Жылқайдарұлын, Тұрлымбет Бекенұлын, Есенбайды, сондай-ақ әлдеқалай күнде керек болар деп, он екі ата жалайырдың әр тармағынан сөз ұғарлық бір-бір кексе сарбазды қоса ертті. Ал мыңбасы, жүзбасы сияқты қолбасылардың ешқайсысын қозғамады. Не деп болады бұл күнде? Ал бүкіл жалайыр қолының бас иелігіне уақытша Малтабар батыр мен Тәттібай мергенді қалдырды. Үңгірлі өзенінің жағалауынан Хантауға дейінгі аралықты жол білетін түз қазақтары жақсы жүріспен жарым күннен сәл астам уақытта-ақ өткереді. Ал Ескелділер өйте алмады, себебі, ара-тұра тура жолдан жаңылысып, әрі жолыққан адамдардан жөн сұрауға да көңіл бөлгендіктен біраз уақыттан ұтылды. Тек жөн сұраған адамдары пәлендей көңіл толарлықтай емес еді, көбісі «алып кел, барып келмен» жан ұшырған ертөлелер, хабаршылар немесеүйірінен адасқан саяқ жылқыдай шұрқырап, өзіңнен ананы-мынаны сұрағыштап, тақақтаған, жалғыз-жарымдаған сарбаздар. Бүкіл әскер Шудан бері өтіп шыққанда жекелеген қолбасылардың ірілі-ұсақты қателіктері орын алып, енді сол қателіктерді түзету барысында осындай жалғыз-жарымдаған сарбаздардың басына да, атының аяғына да күш түсіп, олар жер-ананың ойлы-қырлы төсінде айқыш-ұйқыш із салуда. Жолай ұшырасқан бірнеше жанкештінің түр-түстерінен, сөз саптауларынан Ескелді адамдары осы жағын да саралады. Кейбір сулы, бұлақты, тасасы мол қалтарыстарда Ұлы жүздің кейбір руларының, оның ішінде әлгі Қара Тілеуке батыр басқарған сіргелінің де қолы жатқанын бұлар шет-пұшпағынан байқады, алайда, олай ат басын бұру тіптен көп уақытты ысырап ету деген сөз. Әрі олар бізден артық не білер дейсің деген ой да тежеу салды. Жалайыр адамдары Хантаудың төбесі көз ұшында көрінгенде ғана бір жас сұрперенмен кездесті. Бұл Ұлы жүздің бір бұтағы суаннан шыққан Бөлек батыр Бөргелтайұлы еді. Суанның Тоғарыс атасынан осы Бөлек шықса, Байтүгей атасынан тараған ұрпақ арасында Сатай деген және бар. Көбіне Суанның Сатай, Бөлек батырлары деп, екеуін қосақтап айтады. Әрі жоғарыда аталған, аталы-немерелі шапырашты Сатай, Бөлек батырлармен шатастырмасүшін Суанның Сатай, Бөлегі деп,үлкен ру атауын қоса қыстырады. Міне, Ескелді тобына жолыққан осы Суанның батыры Бөлек Бөргелтайұлы. Жасы небәрі жиырма екіде ғана, тек сақалы тарамдалып, жанжаққа шашырай бітіп, оған екі қабағының ортасындағы бұраң-бұраң сызық қосылғасын ба түрі сәл ескілеу көрінеді екен. Есесіне жұмыр иығы сауыт астынан-ақ бұлт-бұлт етіп, асқан қайрат, ерен қимыл иесі екенін білдіреді. Мұның аты-жөнін естігенде Қабан жырау сәл жеңілтектік жасап, жамырап қоя берді: – Пәле, ағайындар, бұл баланың жай-жапсарын менен сұраңдар! Міне, сонда ғана Бөлек батыр күлімсіреп, тарам-тарам сақал мен қос қабақтың ортасындағы жоғарыдан төмен шаншылған сызықтың қыспағындағы жас өңі атой берді. Бөлектің қасында өзі құралпылас, қаружарақты, сауыт асынған оншақты сарбаз бар. Бөлектің өзі де, қосшылары да

Қабанды танып, бәрі де дем арасында арқа-жарқа болысып, шат-шадыман түрмен жырауға қарасты. – Шешең Айбике, ағаң Киікбай аман-есен бе? – деп Қабекең ең алдымен сол жағына бір барлау жасады. Бөлектің оң жауабынан соң жырау мүлдем шешілді. – Бұл баланың шыр етіп дүниеге келісінің өзі аңыз, ес біліп, ат жалын тартып мінісінің өзі аңыз. Пұшпағынан бір суыртпақтатсаң тау суындай өзі сарқырай жөнеледі. Онда мені тамағыма тас тығып тоқтата алмайсыңдар. Әрине, Ескелді асығыс еді, сонда да жырау ағасына кеңшілік жасады. Себебі, осы Хантау жақтан ентелете оралған батыр пішінді, сөзі де айқын жас сұрперенді дұрыстап сөйлетіп, аз-мұз ақпар алғысы келді. Олүшін оның да астына көпшік тастаған жөн-ау. Сол оймен ол Қабанға қарады. Қабан бидің ол ниетін дәл таныды. Өйтпесе, бұл жалайыр басшылары көзі қарақтылар, әулиелер атала ма? Қабан жырау суандар арасында болғанда естігендерін көп созбұйдаламай қысқаша ақпарға көбірек бой ұрды. Сондағы жеткізгені мынау: Бөлектің әкесі Бөргелтай мен шешесі Айбике некелескен соң тоғыз ай, тоғыз күн өткенде Киікбай атты ұл дүниеге келіпті. Тек содан кейін Айбике қайтып бала көтермейді. Бірнеше әулиенің басына түнейді, тәуіпке қаралады, бәрібір нәтиже жоқ. Тек алғашқы ұл Киікбай он алтыға толып, өз алдына отау тіккенде ғана солүйдегі жас келінмен уәделескендей сонымен бірге Айбикенің де ішіне де нәресте бітеді. Бірақ не керек, сол екі ортада Бөргелтай кенеттен науқастанып, о дүниеге аттанады. Оның топырағы суымастан-ақ оның іні туыстары айдай сұлу Айбикені әмеңгерлік жолмен алуға жанталасады. Сонда Айбике: – Мен Бөргелтайдан екіқабат қалдым. Құрсағымдағы кішкентай жан иесі жарық дүниені көрмей ешкімнің босағасын аттамаймын, – дейді. Сонымен Айбике келіні екеуі бір күнде босанады. Келіннен туғанды Үмбетей, ал өзінен туғанды «бұл Бөргелтайдың соңғы ұрпағы, жөні бөлек, сосын да Бөлек атансын» деп, екі баланың да ныспысын Айбике өзі қойыпты. Әрі Үмбетей мен Бөлек бірге тәрбиеленіпті. Бұдан кейінгі аңыздар Бөлектің тез ержетуіне байланысты екен. Аузында ана сүті кеппестен-ақ бұл жүйрік атпен тоқтыбалақ атты құсты орнынан көтеріліп ұшқанша жетіп ұстайтыны, шалма тастап, небір қашағандарды қолға иліктіретіні, асауүйрететіні, аударыспақ, күрес, садақпен жамбы ату, найзаласу, қылыштасу сияқты ойындарүстінде де алдына жан салмайтыны төңірегінде де талайы өрбіпті. Тіпті бұл баланыңүйленуі де қызық. Қасына өзі құралпылас жігіт-желеңдерді ертіп, ел-елді көп кезетін Бөлек бірде Орта жүз найман еліндегі Болсынай деген қызбен танысып, бірбірін қатты ұнатады, қыздың әкесі аса ауқатты адам екен, алғашында Бөлектің түрін көріп, қызының қалауын құптағанмен, соңынан оның әкесі жоқтығын біліп тез айниды. Осы мезетте бұл байдың жылқысына көрші елдің барымташылары тиіп, ақсақ тай қалдырмай қуып әкетеді. Бай әке тұралап жатып қалады. Осы жағдайды ақылды Болсынай өзінің ғашығы

Бөлекке жеткізеді. Бөлек жігіттерін тез атқа қондырып, барымташылардың соңынан түседі. Барымташылар қалың жылқыны айдап, орта жолда арттарынан ешқандай қара көрінбегесін «бізді қуатын ешкім жоқ» деп бір-екеуді күзетке қояды да ұйқыға қисаяды. Бөлек жігіттері сол шақта жетіп, сан жағынан өздерінен әлдеқайда басым барымташыларды соққыға жығып, жылқыны кері айдайды. Міне, сосын ғана Болсынайдың әкесі осы Бөлекті «балам» деп, баурына қысып, оған қызын ұлан-асыр той жасап, мол жасау-жабдықпен ұзатады. Қабан жырау мұның бәрін тез сыдыртып, әрі әсерлі етіп баяндады. Ал Бөлек мынадай төкпе жыраудың өзі хақында осылай шаранасынан аса сақылдағанынан аса қатты толқу сәтін бастан кешірді. Сосын да ол Ескелдінің сұрақтарына тап-тұйнақтай етіп, өз білігі шеңберінде жауап қайырды. Ескелді мен Балпықты ең алдымен қызықтырғаны ендігі қалған жол сорабы, Үлкен орда мен Кіші орданың орналасу жағдайы, тап қазір Әбілхайырдың төңірегіндегі адамдар, ұлы хан Болат, Төле, Қазыбек, Ақсуат сынды билер және олармен бас сардар Әбілхайырдың өзара қатынас сыңайы, сондай-ақ Саурық батырдың олармен байланысындағы нышандар сияқтылар еді. Себебі, қазақ көсемдерінің бүйтіп бас қосуы күнде болып жатқан жоқ, кім білсін, күтпеген ырың-жырың баршасының көңіл ауанын бұрып әкетті ме, әлде? Ескелді, Балпық, Қабан –үшеуі көктен түсе қалғандай болмай сондай аттылардан, не көз тоқтатарлық басқа жайлардан алдын-ала құлақтанып, іштей дайындықпен баруды қалаған. Бөлек батыр олар қойған сұраулардың ең алғашқысы әлгі жол сорабы жөнінде ерүстінен көтеріле Хантау жақты нұсқай біраз зорлана сөйледі. Ал қалған сауалдарын топтап, оларға деген жауабын да түйдектеп бір-ақ лақ еткізді. – Ой, ағалар, сіздер өз бастарыңыз ғана жас үлкендігінен бізге аға емессіздер, Ұлы жүздің ноқта ағасы – жалайыр елінің басшылары болғандықтан даүлкен аға, аса сыйлы адамсыздар. Сіздерден білгенімізді несіне жасырайық. Біз онда көп болғанымыз жоқ, бір ғана түнеп, сіздерден, жалайыр қосындарынан әріректе шапырашты мен ыстылардың екі ортасындағы өз қосындарымызға асығып барамыз. Біздің байқағанымыз онда Үлкен орда, Кіші орда деген жоқ, бәрінің бір орында шоқтайүйіріліп тұрғанын ғана көрдік. Оларға жақындап бару да қиын, айнала күзет, мың қаралы әскер толқып, лықсып тұр. Бас сардармен, немесе басқа біреумен жүздесемін десеңіздер сіздерді арнайы адамдар ертіп апаруы шарт. Онда да бәрілеріңізді емес, осы ел танитынүшеуіңіз ғана жүздесе аларсыздар. Артықауыс адамдардың ешқайсысын оларға жуытпайды. «Сауысқаннан да сақтық керек» деген сөз Әбілхайырдың осы қиырда ең қадап айтқаны болса керек. Біз оларға бір мәрте ғана жақындай алдық, сонда өзіміз түстеп танитынүлкен адамдардың бәрін бір орыннан көрдік. Болат хан да, жаңағы сіз атағанүш ұлы би де, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Шапырашты Сатай батыр, албан Хангелді, басқа да қабақтарынан қар жауған, бізге жүзі таныс емес ығай-сығайлардың бәрі Әбілхайырды ортаға алып, аттарын ойнақтатып, бұрқ-сарқ етіп, лықсып-толқып тұр. Ішіндегі түсі де, киімі де алабөтен біреуі көзімді тартқасын күзетші-сарбаздан «анау кім»

деп сұрап едім ол ожар мінезді неме екен, «немене қызына құда түсейін деп пе ең» деп, өзімді бүктеулі қамшымен маңдайдан ұра жаздады. Оңашада жолықса қайраңнан алған шабақтай етер едім, мынадай шақта, өзіміз әулие тұтқан адамдар күзетіндегі адам болғасын қайтейін, ашуымды амалсыз ақылға жеңдірдім. Сіздер Хантаудың етегіне жеткесін, оның Сұңқар атты биігін бетке алыңыздар, мүлдем адаспайсыздар. Суан батыры Бөлек Бөргелтайұлының бұларға арнаған бар баяны осы. Ескелді тобы Хантаудың етегіне кешкі апақ-сапақта ғана ілінді. Одан әрі Сұңқар биігіне қарай тырмысқанда Бөлек баянының бар шындығы көз алдарында көсілді. Сұңқар биігіне таяған сайын ерсілі-қарсылы жортқандардың қарасы молайды. Көз тез байланып барады, ешкім ешкімді тани алмайды, тек шығыс көкжиекте жарықтық Алатаудың сұлбасы көлденеңдеп, соның бір шоқтығында айқасқан екі-үш гүл талшықтары іспетті, қарсы бетте батқан күннің шұғыласы ілініп қапты. Соны көргенде жалайыр адамдарының тұлабойлары бір-бір дүр сілкінді. Ескелдінің есіне, әлгі «Шудың арғы бетіне әскермен бірге өтеміз» деп жұлқынған өз бәйбішесі Ақжәмилә түсті. «Мүмкін, бейшаралар анау шұғыланы біз де тезірек көрейік деп асыққан шығар», деген ойды сабақтатты. Адамның ой-қиялы не деген елгезек, ұшқыр, кейде не деген шектен тыс ұшқары. – Ассалаумағалайкум, жалайыр атамның балалары жетіпті ғой! – деп, тағы бір дүркін жүрісте қарсы жолыққан біреулер бұларға айғайлай сәлем берді. Бірақ өздерінің кім екенін жариялап жатпады, жосылтып өте шықты да қараңғылыққа сүңги жоғалды. Ия, осылай өңкей бір мұрындарынан су кеткендердің қара ағаштан шабылған қададай бұлдыр кескіндері қадам басқан сайын жиіледі. Жатаған тақыр тау жоталарын қиялай, бөктерлей бұлар екі бие сауымындай уақыт жүрді. Бұлар осы жеткен жерлерінде тыныстап, Әбілхайыр ордасын таң ата іздесе де жөн еді, тек Қабан жыраудың тағатсыздығы бұларды одан әрі желіктірді: – Біз ең ғұрмаса Кіші Орда қонған тұс мынау-ау дейтіндей жерде тоқтайық, кім білсін, заман бұлдыр, Әбілхайыр бізді неге шақырды, ол да беймағлұм, бәлкім бас сардар осы түнде бізбен дидарласар, – деп Қабан жырау өз жорамалын екі-үш қайталады. Ақыры бұлар тірелді. Алдарынан шыққан бір топ сарбаздар аттарын кесе көлденеңдетіп, жөн сұрады. Ескелді өздерін таныстырды. Сосын, сарбаздардың екі-үшеуі ары құйғыта жөнелді де сүт пісірімдей уақыттан соң кері оралды. – Сіздерге бұдан әрі жүруге жол жоқ, таңертең бас сардар адамдары өздері шақыртады, – деген жауап әкелді. Сарбаздар әрі Ескелді тобының адасып кетпеуіүшін бұлардың қастарында біреуді қалдырды да өздері қайта көзден өшті. Енді амал жоқ, түнемелікке ыңғайлы жер іздесті. Олүшін көп жортудың қажеті жоқ еді, аттың тобығын қағатын шөптесіні бар, құйқалылау көрінген бір тұс таңдалды. Бұл ескі ай сөніп, жаңа айдың алғашқы жаңасы да көріне қоймаған өліара шақ еді. Айнала көзге түртсе көргісіз тастай қараңғылық. Міне,

жалайыр адамдары дүниенің бір ғажайыбын осы қараңғы түнде көрді. Алғашқыда бұлар көп ештемеге мән бермей әрқайсысы өз аттарының ертоқымын сыпырып, ауыздықтарын алып, малқұмар қазақ дағдысымен олардың қыр арқаларын алақандарымен қаққылап, тағы сондай күйбеңсүйбеңмен айналысты. Кейбір жылқылар ауыздары босасымен жердегі шөпшалаңға бас қойса көбісі құлақтарын қайшылап, әлденеден сезіктенгендей тұмсықтарын көтере қақшияды. Көздерінің ойнақшығаны осы жеті қараңғы түнде де өз иелеріне шалынды. Ешқайсысы да осы мал-екеш малдағы мазасыздықты да аса елемей, мынау бейтаныс өлкенің түнгі бейнесі әлдеқандай көрінгесін тапқан мінездері ғой дегенге сайды. Малға солай да ал жалайыр адамдарыүшін аса олай емес, әкем-ау, қалмақ шабуылынан кейінгі шұбырындыда бұлар жолай осы Хантауда екі қыстап, сосын ғана Қаратауға қарай жөңкілмеп пе еді? Бірақ ол кетістерінен соң даүш жыл өтіпті-ау. Кіндік қаны тамып, ес біліп, ер жеткен жерлері емес, ол екі қыста бұл Хантаудың барлық қыр-сырын біліп теүлгерген жоқ қой бұлар, ал білгендерінің біразы одан кейінгі босқында ұмытылды да емес пе? Сонда да мына қос аяқты пенделердің бұл өлке хақында білігі қыл құйрықты жануарларға қарағанда әлдеқайда тәуір ғой. Жер ананың бұл төмпешігіне түнделетіп жеткендерүшін әзірге бірденбір жарық көзі аспандағы жұлдыздар еді. Ең алдымен бәрі солай қарай алақтады. Әне Кіші Аю шоқжұлдызы. Оның ішіндегі бәрінен де жарық жанатын Темірқазық бұларға ескі таныстай жылы ұшырай қарайды. Жер өзгерді, ел өзгерді, атамекен қоныстар алыста қалды, тек аспан шырақтары ғана бұлар қалай ауса солай ауып, төбелерінен әрдайым төніп тұрады. Неткен тұрақтылық десеңші. Ал Темірқазықтың тіптен жөні бөлек, басқа аспан денелері онда-мұнда орын ауыстырса бұл шын мәнінде қаққан қазықтай бір орыннан тапжылмайды. Ал Кіші Аю шоқжұлдызы арқандаулы аттай тек Темірқазықты айнала қозғалады. Бұлардың сыртын ала қазақтардың тілімен айтқанда бағымдағы малды торуылдаған ұрыларға ұқсап, Жетіқарақшы айналады. Түздіктер өздеріне керекті бағыт-бағдарды, әрі түннің қай уағы екенін осы Жетіқарақшының жеткен межесіне қарап мөлшерлейді. Қазақта не көп, осы жұлдыздарға байланысты аңыздар көп. Осы Жетіқарақшының өзін түн ұйқтамас барымташыларға ұқсатып, ол туралы небір сұлу сазды хиссаларды қиыстырады. Жетіқарақшы өзге бір Қырыққарақшының жұмсауындағылар да, міне енді олар сол аспан әлемінде шырақ боп жылтыраған басқа бір екі батырдың Ақбозат, Көкбозат аталатын тұлпарларын қолға түсірмекші. Қырыққарақшы Жетіқарақшының осыншама уақыт нәтиже шығара алмағаны үшін ызалы екен де, сосын да Жетіқарақшы аталмыш екі тұлпарды қолға түсіріп, өз қожайындарының көңілін табу мақсатында асқан ептілікпен, сақтықпен қозғалады. Самсаған шырақтардың бірін батырға, екіншісін сұлу қызға, басқаларын мерген, сәйгүлік ат, ұры-қары сияқтыларға балап, олардың орналасу, қозғалу тәртібіне орай қиял-ғажайып ертегілердің санап тауысқысыз нұсқаларын жасайды. Мына қазақтар да олардың талайын шемішкеше шағады, «кім көп біледіге» басып, бір-бірімен жарысқа түсуге де

әзір. Міне, қазір де аттарының шылбырларын қолдан шығармай жанторсықтарының тығынын алып, құрт езген сусыннан ішіп, тоғайған соңақ бұларүшін бүгінгі шаруа тәмамдала кетті. Енді аспандағы жұлдыздарды санамай, олар туралы өз біліктерін ортаға салмай не бітірсін? «Жау» дейсің бе, ол туралы қаңқу, міне, алты жылдан асты құлақтарын жауыр етті емес пе? Оған бас қатырып, тіл мен жақты ауыртып, өздерін өздері тауысып, қажайтындай бұлардың не жыны бар? Олар жөнінде бас шағуға, әне, өздерімен бірге ошарылған бүкіл жалайырдыңүш бірдей көсемі бар емес пе, шақса солар шақсын, «әйт-шүу» десе атып тұруға бұлар кез келген сәтте әзір. Ал әзірше балауса жігіттер көкіректегі тәтті арманға қанат бітіріп, шарықтатады. Соның ләззатынан да сусындайды. Кенет аспандағы жұлдыздардың жарығы әлсіреді. Сөйтсе жан-жақта алаулап от жағыла бастапты. Аса биік емес, жатаған тау – Хантаудың әпсәтте тұлабойын от алып кеткендей. Жота-жоталарды қуалай алау оттар әр тұста әртүрлі жиілікте маздай жөнелді. Тура аспандағы шоқжұлдыздармен бәсекеге түспектей етек-жеңі тым алысқа ұласып барады. Қызыл тілі сумаңдап, бірден күш ала алмай, тек бара-бара көкке атылған кейбір алаулардың қатарға қосылысын да мыналар аңдып тұрған. «Апырау, қарсы бетте жау бұқпантайлаған заманда түнделетіп от жағу ақылға сыйымсыз іс емес пе» деген ой бәрін де көкіректен ұрып, есеңгіретіп әкетті. «Құдайым-ау, жаратқан ием-ау, бұл ненің белгісі?» Жалайыр адамдары алғашқыда бірбіріне тіл қатуға жүрексініп, барған сайын жиілеп, шебі ұлғайған оттарға көз алмай қадалысты. Осындай шақта бүгінгі жүрісте аузынан мардымды сөз шықпаған Тұрлымбеттің: – Бәрекелде, былай қараңдар! – деген қозының маңырағанындай даусы бәрін селк еткізді. Кейбір жібі бостардың жүректері ыршып жерге түскендей. Тұрлымбеттің нұсқағаны шығыс бет. Бәрі солай жалт бұрылғанда бұлардыңүлкені бар, кішісі бар, қай-қасысының да ес біліп, етек жапқалы көрмеген бір құқайы жалғанның жартысын ала кесе-көлденеңдеп, керіліп жатыр еді. Бұдан төрт-бес жыл бұрын осы Хантауда екі қыстаған жалайырлар мұның биіктерінен шығыс алапты назарға алсаң сәл теріскейлеу Айтаудың өнебойы, атақты Жусандаланың шет пұшпақтары, сәл түстіктеу, ол да жатаған тау – Кіндіктастың жыбыр-жыбыр төбешік сілемдері тегіс көрінетінін білуші еді. Міне, енді қараса солардың бәрі қазір отқа ораныпты. Үлкенді-кішілі алаулар әрі-берлі жосылған іздер сияқтанып, мына аса мол, кедір-бұдырлы жер бедерінде әр алуан өрнек салатындай. Аспандағы жұлдыздармен бәсекеге түсті дегеннің нағыз көкесі осы. Оның қасында мына Хантаудағы алаулар саусақпен санарлықтай ғана аса болымсыз дүние. Міне, жалайыр адамдарының бүгінгі түнде көрген ғажайыбы осы еді. Бірден ой жеткізе алмаған Ескелділер осында әлгі Әбілхайыр күзетіндегілер қалдырған біреуді өз адамдарының арасынан көздерімен тінтіп жүріп әрең тапты:

– Әй, бауырым, мынаның мән-мағнасы қалай? Немене, қазақ пен қалмақ бірігіп, жер-дүниені өртеп жібермекке уағдаласқан ба? – От жағуды әуелде қалмақтар бастады. Олардан біз де қалыспайық деп, біздің бас сардар да осындайлыққа ұйғарды. Біздің от жағысымыз бүгін бірінші күн. – Қалмақтар өздерінің көптігін көрсеткісі келген ғой, – деп Балпық құлаққа әрең естілетіндей тым ақырын сөйледі. – Әп бәрекелде, тая соқпай дәл тигіздің, – деп Қабан жырау керісінше түбі түскен шелектей қаңғыр етті. – Ата жау бізді отпен арбап, отпенүптеп,үрейімізді ұшырмақ. Әбілхайыр соны танып, еруліге қарулы дегені ғой. Дұрыс-ақ. – Бұл Сары-Манжының текке қан төгісіп қайтесіңдер, қазақ пен қалмақ күш сынасып көрмеп пе еді, біз арыстан, сен тышқан, неғыласыңдар, онан да ың-жыңсыз, артық қимылсыз, еңбектеп келіп, біздің қолтығымызға кіріңдер деген ишарасы. Солай екеніне ант ішуге бармын! – Ескелді екі тұрғыластың жорамалдарын осылай тиянақтады. Бұдан әріде Жолбарыс би, Есенбай, Тұрлымбет, сондай-ақ он екі ата жалайырдың әр тармағынан ерген кексе сарбаздардың кейбіреулері алғашқыүшеудің көкейлерінен ұшқанды одан әрі жіліктеп, талдап, құптай жөнелісті. Бәрінің де түнгі ауаны жарған сергекүндерінде өз күшіне сенімділік, демек, бүкіл қазақ әскерінің бұл жолғы тайталаста есе берместігін көзбен көріп, қолмен ұстағандай сезінгендік бар. Бәрібір Ескелді, Балпық, Қабанүшеуінің елден ерек жаратылыстарына орай іштеріндегі қыл пернелері бөлекүнмен ызыңдап, сол жігіттердің араарасында қорқыныш атты бір пәле де гүлден гүлге қонған бал арасындай оларды шаққылай бастағанын ұқты. Тек мына Хантаудың бұлардың көздеріне шалынған жота-жоталарындағы бірден-бірге күш алған қалың алау сол қорқынышты сейілтудің таптырмас амалындай. «Ия, Кіші жүз – алшын елінің баласы, кіші туысқанның түлегі Әбілхайыр баћадүр, сені алты алашқа ортақ ұлы хан Болат, қабырғалы билер – Төле, Қаздауысты Қазыбек, Ақсуат, басқа да көкірегінен ұста көрігіндей леп ескен майталмандар бүкіл қазақ әскерінің бас сардарлығына текке көтермеген екен». Осылай толғаған жалайыр басшылары осы төңіректе шалқи жанған оттардың қызуы өздеріне де жеткендей бірауық бойлары жылынды. Сосын да ұйқыға көтеріңкі көңіл күймен бас қойысты.

* * * Ертеңгі бас сардар Әбілхайырмен кездесу де бұларүшін өмір бойы ұмытылмас оқиғалар санатына енді. Кіші орда Хантаудың Сұңқар атты ең биік шоқысына таяу, терең екі жыраның ортасындағы жусанды сораң жамылғылы жотада екен. Уақыт биенің бас сауымы болған шақ. Әбілхайыр ордадан қозыкөштей төменіректе, аппақ арғымақүстінде, ығы-жығы көп аттылардың қан ортасында онда-мұнда сынапша сырғиды. Басындағы темір дулығасына шаншылған, қодас құйрығынан жасалған шашағы да бұлғаңдап, бас сардардың қайда екенін көз көрім жердегілердің бәріне жариялайды. Қосшыларын тастап, тіпті Жолбарыс би, Тұрлымбет, Есенбай сияқтыларды

да қалдырып, бас сардар күзетіндегілердің соңынанүшеулеп қана ерген Ескелді, Балпық, Қабан жырау ең алдымен Әбілхайырдың тұрпатына мықтап-ақүңілісті. Енді қайтсін, Ескелді, Балпық түгіл ел-елді көп кезетін Қабан жыраудың өзі бұл алшын батырымен бұрын ұшыраспаған. Ал былтырғы Ордабасыдағы жиынға тап сол кезде ту сырттарынан жоңғаройраттар тықақтап тиісе бергесін бұл жалайыр басшылары қатыса алмаған. Екінші саптағы бес-алты ақсақал, қарасақалдарды аздаған жігіт-желеңмен ғана жіберіп алған. Ал бүгінгі қазақ біткеннің ішіндегі ең атышулы пенде осы Әбілхайыр емес пе? Даңқ пен дақпырт бір басына іркітше төгіліп, онсыз да сан тарапқа дабысы кеткен адам мынадай алмағайып күнде биік тұғырға қонақтағанда алғаш жүздескендердің ықыласын неге оятпасын? Мұның сыртында Әбілхайырдың тағы бір қызықтыратыны – ол туралы қауесеттердің тым алақұлалығы, бір-біріне кереғарлығы. Бірін екіншісі жоққа шығаратын өзара сыйымсыздығы. Ұзынқұлақ бір ретінде оны әуелете марапаттаса, екіншісінде ақ аруламастан қара жердің қуысына сүңгітеді. Міне, енді солардың қайсысы рас, қайсысы жалған, сол жағын өз көздерімен көріп екшеп алмақтай жалайыр басшылары оған алыстан-ақ көз еттерін ауырта қадалды. Жалайырдыңүш көсемі де атүстінде. Тек Әбілхайыр маңына жақындаған сайын жүріс ауырлап, өзің бұзып-жарып ашпасаң ешкім ешкімге жол бермейтінге ұқсады. Бірақ оған да бұлардың еркі жоқ, бас сардардың арнайы адамдары жетекке алғандай ертіп апара жатыр. Ескелділердің бар бітірген шаруасы сол Әбілхайырға көз алмай қарау ғана. Әне, Әбілхайыр бүктеулі қамшысын әуеде бұлғаңдатып, әрі шығыс жақты нұсқай қасындағыларға бірдеме айтып жатыр. Ескелді бастағанүшеу де сол шығыс бетке жалт бұрылды. Әне Айтау тауының сұлбасы, Жусандаланың шетпұшпағы, Кіндіктас сілемдері күн астында күлімдей жайбарақаттанады. Түндегі қалың алау от сол түн қараңғылымен бірге жоғалып, өздері туралы ешқандай белгі қалдырмапты. Енді байқастаса ол алау оттар да, оларды маздатқан қалың жау да жоқ, бәрі бұлардың түстерінде көрген құбыжықтары секілді. Тек бас сардар Әбілхайырдың бүктеулі қамшысын әлсін-әлсін әуеде бұлғаңдатуы ғана ол жақта жау барын бұлардың естеріне салатындай. Ескелділердің жүрістері тіпті өнбеді. Ары-бері жыртылып-айрылған, кейбіреулері мыналардың өздеріне ұқсап ортадағы Әбілхайыр маңына қайтсем жақындаймын деп, бөгесінді бұзып өтуге қауқарсыздығына күйзелген, ешкімнің сөзін тыңдауға жоқ, өңкей бір жүйкесі жұқа аттылар басқаларды қайтсін. Көкке шаншылған найзалардың жиілігі соншалық, осы қу таяқтарға тарлық еткен мынау аядай жерге осыншама аттылар қалай сыйып тұр деп таңғалуға да болады. Өңкей бір бүйірінен жараған, шоқ кекілді, тәует бас, құлан жал, қаншыр мойын сәйгүліктердің неше алуаны иелеріне ұқсап, өздерінің де жүйкесі жұқалық ететінін білдіре құлақтарын көкке біздей қадап, ожар мінез танытады. Тіпті ол біздей қадаған құлақтарын анау ормандай қалың найзалармен бәсекеге түсірмектей өркөкіріктік те байқатады. Тек мұндағы адам бастары ғана ту сырттан қарасаң кейде

біршама бейбіт рең береді, әрі бір-біріне қатты ұқсаған, себебі, мұндағылардың бәрі дерлік анау Әбілхайыр сияқты темір дулыға киген. Дулығалардың екі жағы мен артқы етегіне ілінген торлар қыстыгүнгі тымақ тәрізденіп, мойын мен иық атаулыны жауып тұр. Сосын да олар бірбіріне қатты ұқсамай қайтсін. Тек дулыға төбесіндегі шашақ қана бірбірінікінен алабөтен. Жалпы, «дулыға» деген сөздің өзі «ту ілгә», яғни «ту ілетін» деген көне түркі тілінен жеткен мирас. Себебі, әрбір жауынгер өз дулығасының төбесіне әртүрлі малдың, аңның құйрығын шаншып, жеке басының туы, белгісі ретінде айшықтайды. Мұның шайқасүстіндеүлкен мәні бар. Сосын да қазір бұлардың арасынан таныс адам жүздерін табу Ескелділерүшін тіптен қиынның қиыны еді. Кенет бұларды ерткен бас сардар күзетіндегілердің біреуі ақырып жіберді. Ақырғаны соншалық қара жердің өзі қақ айырылардай көрінді.Оған қоса өзге тілде сөйлегендей бірнеше қатқыл сөздерді боратты. Тап қасындағы Ескелді бастағанүшеу оның не айтқанын түсінбеді, құлақтары шыңылдады ма, жоқ,мынаның ақырғанынан құлақтары бітелді ме, әлде, бұл шынында бөтен тілде сөйледі ме, кәне айырып көр. Бірақ ол жағын қазбалар бұлар жоқ, қайтсек ортаға тезірек жетеміз деп, аттарын шаужайлай, әрі қос бүйірден аяқтарымен қаққылай түседі. – Ия,үш жүздің басы қосылуы оңай-оспаққа келмейді, – деп екі көзінің айналасын қара тер басқан Қабан жырау күңгір етті. Әй, бір уақытта бұлар ит тұмсығы батпас қалыңды сыналай біраз ары өтті-ау.Одан арғыда көпшілік дегенің мүлдем селдіреп сала берді.Ендігіде Әбілхайыр қасына тезірек жетсем десең атыңды бірер тебініп қал, ол лып етіп апара қояды. Байқаса, оған да жол жоқ екен, әлгі бұларды ерткен күзетші басқа бір жайды аңдап, енді өзі бөгесін жасап, кідіртті. Оның неге өйткенін Ескелділер де байқады. Теріскей жақтағы қоршауды бұзып өтіп, аттары жарамды екеу Әбілхайырға тез жақындады. Бас сардар да, қасындағылар да оларға барынша мойын бұра қарады.Екеудің алдыңғысы оған қамшы тастамдай жақындады да тізгін тарта саңқылдай сөйледі: – Ассалаумағалайкөм! Мәртебеңізден айналдым, бас сардар! Біз Орта жүз қолын басқарушы Қаракерей Қабанбай батыр жұмсаған адамдар едік. Жаңа ғана күзетші жауынгер тап қастарынан ақырғанда мынаүшеудің құлақтары бітеліп қалғандай түгіне түсінбеп еді, ал таяқ тастамдай қашықтықтағы ананың сөздерін ап-айқын естіді. – Қаракерей Қабанбай батырдың сізге жолдаған сәлемі мынау:Кеше кіші бесін шамасында сонау Іле дариясы жақтағы кеңістіктен, қалмақ қолына ту сырттан, қомдарына жүк тиелген жүз қаралы түйе келіп қосылды. Түйе болғанда өңкей бір жарамды нар түйелер. Қарауылшы салт аттылардың көптігіне қарап, жүктері де мынау соғысқа аса қажетті дүние ме деп түйін түйдік. Әзірге біздің бір қурайды паналаған жансыздарымыз оларының анық не нәрсе екенін ажырата алмады. Бірақ ондайлықтанүмітімізүзілген жоқ. Әзірге осы ақпарды бас сардарға жеткізе тұрайық деп, мәртебеңізден айналдым, сізге бізді жұмсады.

– Апырау, мынау әлгі матай Барлыбай батырдың екі інісі Жартыбай мен Шоңай ғой, – деп Ескелді жерден жеті қоян тапқандай дабырлады. – Ия тап солай! – Ия, солар. Барлыбай батырдың екі інісі! – Өз ағайындарымыз ірге түйістіргелі келе жатыр, енді саяқ жүргеніміз жараспас, соларға қосылуды қаласақ сөкпессіздер деп, рұқсат сұрап кетіп еді, өзүйірлерін тапқан екен бейшаралар. Ескелді осыны айтты да кенет өзінің де, серіктерінің де ауыздарына қақпақ қойып, Әбілхайырға қайта қадалысты. Әбілхайыр еріндерін жыбырлатқансып, мойнын кері қарай бұрды да қасындағы етжеңді жүзді, ақ аралас сүйрік сақалды, дулығалы қартаң адамға қарады.Ол да еріндерін жыбырлатып, Әбілхайыр мен Қабанбай батыр адамдарына кезек-кезек көздерін жүгіртті. Сірә, оның да миына ауыр күш түскені бірден білінеді. – Әкем-ау, мынау Қанжығалы Бөгенбай батыр ғой, – деп Ескелді сәлпәл жеңілтектік жасағандай қайта тынышсызданды. Есіне бірден сонау заманғы Қарақорым соғысы, өзінің он бес жасында жау қанына найза майлағаны түсті. Ия, келіншектің бетін кім ашса сол ыстық деген. Арғынның осы Бөгенбай батырыүш жүз қолына басшылық жасаған сол соғыста өзінің өмір мен өлім додасында бақ сынағаны бұл жалғанда есінен кетер ме? Одан кейінгінің біразы ұмытылды, ал сол алғашқысы оқтын-оқтын қайта айналып соға береді. Осы аралықта қиялы жүйрік Ескелді осындай тәжірибелі сақа батырды оң жағына алған Әбілхайырға тағы бір мәрте іші жылыды.Ескелді өз ойымен болған шақта Балпық та екі-үшеудің түсін таныпүлгерді. Олар Торғай даласындағы соғыста бірге болған ошақты Саңырық батыр, алшын Есет батыр, жалайыр Саурық батырлар еді.Ал Қабан жырау бұл топтың арғы сыртындағы шапырашты Наурызбай мен албан Хангелді батырларды көз қырына іліктірді.Өңкей темір дулыға киген, шақырайған күн астында жүздері мына тұстан әрең шалынатын адамдарды түстеп тани қою да қиын. Сонда да жырау бұлардың қасындағы өзге де сауыт-сайманы, қару-жарағы, мінген аты мен ер-тұрманы келісті, бөлек бітімді марғасқаларды қайтсем ажыратамын деп, қабағын кіржите олардан көздерін аудармады. Себебі, Әбілхайырдың маңына осы қарсаңда исі қазаққа белгілілерден кімдердің топтасқанын алдын-ала естіген ғой. Соның қызығына түсемін деп, Әбілхайырдың Орта жүз қолының бас сардары Қабанбай батыр адамдарына не жауап қайырар екен деген ынтадан да айырылып қалды.Бұл бір ұйқтап оянғандай қайта қалпына келгенше Әбілхайыр Бөгенбаймен ақылдасып таүлгеріпті. Енді болмағанда оның жауабынан бұл қақас қалғандай да екен.Әбілхайыр: – Сардарға сәлем айт! Жансыздардың, алғыншылардың құйрығына жер иіскетпесін! Қапылыққа, марғаулыққа жер тар. Жаңағыны жансыздар жел боп, құз боп бара ма, өзі білсін, әйтеуір анықтап берсін! Өлсін, тірілсін, анықтасын! Қосалқы бір өтініш-бізбен екі арадағы қатынасқа аттың майын аямасын. Оқыс бір ұйғарым қара көрсетуде, бәлкім теріскейдегі Кіші жүз қолын оң қанатқа, ал Ұлы жүз қолын сол қанатқа ауыстырармыз. Сондай күнде, олар екі ортадағы сендерді, ортажүздіктерді, алты арыс елдің

сарбаздарын бірі ары, бірі бері кесіп өткенде анау-мынау түсінбестік, тыржың мінез шаужайламасын! Ескелді қайта дабырлады: – Әкем-ау, мына бас сардар не дейді? Ұлы жүз бен Кіші жүз шеріктері орын алмастырмақ па? Ол қай періштенің сыбыры? Осындай сауал Балпықтың да басына сарт ұрса керек, ол да биді бір бажайлап алды да анау бас сардар төңірегінен өзіне көз таныс Саурық батырды іздеп тапты. Дулығасының төбе шашағы көкке шаншылған оның сырт болмысы Әбілхайырдың әлі толық пісіпүлгермеген жаңағы шешімін іштей құптайтынынан сыр бергендей. Жартыбай мен Шоңай кетісімен Ескелділер бізге жол ашылатын шығар деп еді, әлі де олай болмады.Енді осыларша сыртқы қоршауды сыналай әрең өткен тағы екі-үшеу «біздер Кіші жүз қолының бас сардары Тайлақ батырдың ертөлелері едік» деп, ақай-тоқайсыз жамыраса Әбілхайырға жақындады.. Тек бұлардың жеткізбегі құпия екен, аттарын бас сардар маңындағыларға емінте сыбырлай сөйледі. Әбілхайыр бұл жолы да Бөгенбайға жалтақтап, екеуара тез ұғынысты да Тайлақ адамдарына да жауапты тез қайырды. Әбілхайыр да сыбырлай сөйлеген. Тек жұқа еріндерінің қимылына, көздерінің шатынауына қарап, бұл жолғы жауабының тіптен қатқылдау екенін ажыратуға боларлықтай. Осы аралықта Ескелдінің жүйрік ойы кезекті бір жәйтті байыптады. Қаракерей Қабанбай мен Тайлақ батырлар бас сардар Әбілхайырға өз ертөлелерін жұмсап әуре, ал Саурық оның тап қасында, демек, Орта жүз бен Кіші жүз қолдары алысырақта шашырап жатыр. Бұл байқауын қасындағы екі серігіне де жеткізіпүлгерді. Бізге енді ешқандай бөгесін жоқ деп аттарын қатты тебінген бұлар қамшы тастамдай қашықтықты бір-ақ қусырып еді, кенет тосын бір соққы қақ маңдайларынан тигендей тағы да кейін серпілді. Ендігі тосқауылды жалайыр адамдарына жолбасшы күзетші жауынгердің өзі де күтпеген екен. Атының басын кілт кері бұра, бүктеулі қамшысын көкке бұлғаңдатып, өзінің осы бөгелісті күтпеген аңдаусыздығын жуып-шаймақтай Ескелділерді артқа қарай дөрекілікпен шегіндірмекке күш салып, одыраңдай сөйледі: – Кейін! Кейін! Ығыса тұрайық әрі! Ойбай! Тез кейін! Ескелді оның дөрекілігіне шамдана құс қанатты қабағын көкке серпе айнала самсаған дулығалыларды тінткілей қайта көз жүгіртті. Тап осындай күй Балпық пен Қабан жырауда да бар еді. Тек бұлар алғашқы қас қағымда өздеріне кезекті бөгесін тағы да сол бағыттан келер-ау деп, шығыс бет, еңіс жақтағыларға бар назарды аударып жіберіпті. Бұл да қателік екен. Үлкен бір нөпір Хантаудың бұлар тұрған жотасынан сәл биіктеу батыс беткейінен лап қойыпты. Бұлар алғашқы екі ертөлелер тобы сияқты бірлі-жарым емес, мына бас сардар Әбілхайыр шоғырының өзімен шендес, тіпті оларды басыпжаншып кетердей айбыны басым, сән-салтанат жағынан да әлдеқайдаүстем, ажары бөлек нөпір еді. Ескелділер қас пен көздің арасында оларды ажыратуға тауаны жетпей тек күзетші жауынгердің мыналардың оңайлықпен

тіл алмасын сезіп, өз дәрменсіздігіне қоса зығырданы қайнай шала бүлінуінен ғана мән-жайды ұқты. – Ағатайлар! Аттарыңыздың бастарын кері бұрыңыздар! Ағатайлар! Ағатайлар! Хан иемнің өзі келеді! Хан ием! Ұлы хан ием! Ұлы билер! «Кеме келсе қайық судан шығады» емес пе!? Ағатайлар! Ескелді тобы күзетші жауынгердің шала бүлінісіне енді ғана түсінгендікпен қарады. Амал жоқ, аттарының бастарын кері бұрысты. Сонда да көп алыстап кетпей соңғы қарбаласқа дейінгі межеге жетті де табан тіресті. Ендігі бар назар ұлы хан Болат пен оның төңірегіндегілерге ауды. Төле мен Қаз дауысты Қазыбек билер де бірден шалынды. Әсіресе, Қазыбек би жас батыр Балпық пен Қабан жыраудың көздеріне жылы ұшырады. Он екі жасында арғынның осы биіне еріп, қазақ пен қалмақтың арасын ұтқыр уәжімен бітістіріп қайтқан осы Балпық емес пе еді? Бірақ одан бері заманның неше дауылы соғып өтті? Қабан жырау да ертеректе онымен екі-үш мәрте табақтас болған. Бұлүшеудің ішіндегі сөйлеуігі жырау аузын тыйып та тұра алмады: – Қаз дауысты Қазыбек биге қараңдаршы. Ерүстінде қаққан қазықтай шаншылып отыр. Бәз-баяғы қалпы. Қырым ет бітпеген. Бұл кісінің арғынның арық биі атануы тегін емес. Ал Ескелді бәрінен бұрын Төле биге көбірек шұқшиды. Туыстық желі іш өзегін солай қарай жұлқып әкеткен. Ажарында бүгінгі күн сәулесінің айғыз-айғыз ізі жоқ па деп ең алдымен сол жағынан қауіптене қос жанарын күштей бағыттады. Тек бұлар да шетінен дулыға кигендер еді. Тіпті ұлы хан Болаттың өзі де солай. Дулығаның маңдай қазықшасы қабағын екіге бөліп, әрі біршама жасыра шаншылғасын ба, тіпті шығыс беттен шақырайған күн сәулесі тура түскенмен де олардан екі таяқ тастамдай қашықтықтағы Ескелді нағашы атасының тырсиған жүзінен басы артық жазу-сызуларды көре алмады. Ақ қылаң аралас қаба сақалы да сол бұрынғы қалпынан аумағандай. Сосын ғана бұл назарын Болат ханға бұрды. Бұл мезетте Балпық пен Қабан жырау да көздеріне ыстық көрінетін тұлғаларды адақтап болып енді біржола ұлы ханға қарай ойысыпты. Бұлүшеуі де ұлы ханды соңғы рет осыданүш жылдай бұрын осы Хантаудан сонау түстіктегі Қаратауға қарай жөңкілген жолда көрмеп пе еді? Сондағы ұлы ханның сырт пішіні, бұлармен екі арадағы сөз қақтығысы әлі ұмытылмаған. Болат ханның бет ажарындағы ең айшықты белгісі ұясынан ұшып түскелі тұрғандай қос жанары еді. Мына тұстан сол қос жанары жалайыр адамдарына сәл бұғыңқы тартқандай. Тек еңсесі ерен биік көрінді. Шынында, еңсесі биік пе, жоқ, әлде қасындағы ақылды бастар хан айбары көпшілікке неғұрлым айқынырақ танылсын деп, оның қасында өздері төменшіктегесін бе, қалай да ұлы хан Болат тап қазіргі келісінде баршасынан да шоқтықты еді. Ұлы ханға сәл көз тойдырып барып, Ескелді бастағанүшеу енді оның тобында болуға тиіс, өздері түстерін танымайтын әлгі алшынның Ақсуат биі, Орта жүздің Сәмеке ханы, шақшақ Жәнібек батыр Қошқарұлы дегендер қайсысы деп, енді соларды ойша ажыратып алмаққа әуреленгендей. Бірақ оған уақыт тығыз еді. Мынадай аласапыранүстінде жаңа ғана келген ұлы хан

түгіл бас сардар Әбілхайыр маңындағы ығай-сығайларды түгел біліпүлгерген жоқ қой. Кенет Ескелді би екі шоғыр тоғысқан иірім ортасынан әлгі Сабалақ атты баланы ажыратты. Ал Қабан өзінің әріптесі Бұқар жырауды байқады. Екеуі де дабырлап өз байқауларын ортаға салып жатыр. – Апырай, Сабалақтың бойы қалай өсіп кеткен? Тіпті анау иықты батырларыңнан бір былай емес қой, – деді Ескелді. Ал Қабанның Бұқар жайындағы күбірін бұл естімеді де. Себебі, әлденеден Ескелдіге Сабалақтың төбесіне ақ құс қонып отырғандай көрінді. Кірпіктерін қағып-қағып қайта қарап еді, жаңағы ақ құс енді ұзынша бірдемеге айналып, нобайын өзгертіпті. Тек кіршіксіз ақтығы ғана сол қалпында. Апырау, мынау не? Әлде Сабалақ ақ қалпақ киген бе? Жоқ, жоқ, басқалардай оның да басында төбесі шошақ дулыға. Тіпті әлдебір малдың, не аңның құйрығынан жасалған шашағына дейін көкке шаншыла бұлғаң-бұлғаң етеді. Енді Ескелді осы бағдарға қадалақадала көздерім талып, соның салдарынан туған алдамшы құбылыс па деп те күдіктеніп, жүзін төмен сала қос шырағына сәл демалыс берді. Сосын басын қайта көтеріп еді, жаңағы ақ неме енді бұрынғысынан да ұзарып, Сабалақтың дәл төбесіне қадалған екінші шашаққа ұқсады. Бұл байқағанын қасындағы екі серігімен бөліспек еді әлденеден тіл-жағы қоса қарысты. Ендігі бір сәтте Сабалақ көп аттының ортасында өзі көрінбей кетті. Тек жаңағы ақтың бір шөкімі ғана әуеде қалықтап жас бозбаланың қалай қарай сырғығанынан белгі беретіндей.

* * * Ұлы хан мен бас сардардың атүстіндегі мәслихаты ұзаққа созылды. Сосын олар Хантаудан төмен қарай сар желіске салып, жер шалуға кетті. Одан олар түс ауа оралды. Тек кіші бесіннің шамасында ғана Әбілхайыр жалайыр басшыларымен кездесуге уақыт тапты. Бұл кезде бәрі аттарынан түскен. Енді жаяулар қара-құрасына мына Хантаудың шығыс беткейі тарлық еткендей әсер қалдырды. Ескелді қасындағы екі серігімен Әбілхайырға қарай адымдай басқанда бұларды бас сардар ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақтың сорпа бетіне шығарлары көз қырына алып еді. Аяқтарын жерге нық қойып, мынау өздеріне қарсы келгенүшеуді сынақтан өткізбектей қабақтарының астымен баққан ығай мен сығайлар селт етпей іркіліскен. Ескелдінің ең алдымен көзін тартқан Әбілхайыр еді. Қалайда, бұл осының шақыртуымен келді емес пе? Бас сардармен жанарын алғаш түйістіргенде оның есіне нағашы атасы Төле бидің «түлкі тұмсық жан екен» деген сөзі түсіп, бірден оның көзінен төменгі бет өңірін нысанаға алды. Нағашы атасы дәл сыпаттаған екен. Сосын ғана оның ұлы хан Болатқа қарай жанары тайқыды. Сол сәтте ғана: – Ассалаумағалайкөм, халқымыздың игі жақсылары! Сіздерге басымызды иіп сәлем бердік! – деп Ескелді екі қолын төсіне басып, тағзым етті. Осыны Балпық пен Қабан жырау да қайталады. Сол аралықта ғана Ескелді тез көзін жүгіртіп, Төле, Қазыбек, Ақсуат билерді, өзіне көзтаныс Жолбарыс ханды, Саурық батырды, көзтаныс емес басқаларды бір шолып

өтті. Хал-жай сұрасып, жамырасып жататын заман емес, Әбілхайыр бірден шаруаға көшті. – Жалайыр қолы шамамен қанша адамды құрайды? –Даусы ауаны кесіп өткендей құлақ жара естілді. – Шамамен бес мың адам тап қазір сақадай сай тұр, – деп Ескелді де оның өзінше айқын дауыспен жауап қайырды. – Ұлы жүздің ноқта ағасы жалайыр атамның балаларыүшін бұл олқылық емес пе? Төгіліп-шашылып жатқан, саяқ кеткен ағайындарыңыз жоқ па? – Әбілхайырдың осы қағытпасыүстінде ғана Ескелді оның түсін таныды. Дулыға маңдайшасынан тік төмен шаншылған қазықшаның екі жағындағы сұрғылт көздер тым сұсты екен. Өңменіңнен өтіп, өзіңді іштен бұрап әкеткісі келетін жойдасыз қайрат әзірге сабыр сақтап жасырулы жатқаны зерделі жанға бірден айшықталады. Түлкі тұмсықты, қысқа қырқылған сақал-мұртты бет әлпеті алғашқыда жұқалтаң көрінгенмен сол жоғарыдағы көздердің мұқият бақылауымен мұнда да серіппелі темірдей күш-қуат көмулі екен. Дулығасы және онысының екі жағы мен артқы етегіне ілінген тор, ұсақ темір шығыршықтарды бір-бірінен өткізіп, кәдімгі қазақша тоқылған қысқа жеңді сауыты – бәрі де қарапайым. Тап кіндік тұста «тағдыр» деп аталатын ойық тесік те «жазмыштан озмыш жоқ» дейтін ең бір момын қазақтың не құқайға да мойынсұнғыш көнбістігін жариялап тұр. Тек өрімі аяғының басында ирелеңдеген қамшысының елік сирағынан жасалған сабына тана түймедей бірнеше алтын бастырылыпты. Дулыға маңдайшасының астындағы аса сұсты сұрғылт көздер мен осы тана түймедей алтындары болмаса Әбілхайырдың сырт пішіні оны қарабайыр көп сарбаздың ішінен мүлдем бөліп алғысыздай етеді. – Төгіліп-шашылған, саяқ кеткен ағайындарымыз жоқ емес, бас сардар! Осыдан алты жыл бұрын сонау Жоңғар Алатауының қуысынан қара қалмақ бірінші кезекте қасқа маңдайдан бізді ұрды. Өңешінен оқ атқан от қарулы ата жауға жалғыз жалайыр қалай төтеп бере алсын. Біз тарыдай шашылып, сонау Сыр бойынан бір-ақ шықтық. Жолай қалай жөңкілгенімізді мәртебесінен айналдым Болат хан, күллі қазақ төбесіне моншақ етіп көтерген, мына тұрған ұлы хан өз көзімен көрген де еді. Сөйткен біздің ел тас түйін боп қайтып бас құрай алсын?! – «Көппен көрген ұлы той» деген. Ол жөнінде қиқуласып қайтеміз? Алыстан орағытпай жақыннан жер шалсақ қайтеді? Мынау Сыр өзенінің төменгі ағысы жақтағы жалайыр-балғалылар елі сіздерден көмек сұрағанда тілдің майын тамызады екен, ал сіздер де оның өтінішінүкідей ұшып орындапсыздар. Сөйткен ағайындарыңыз мынадай бүкіл қазақ көтерілгенде сіздердің қастарыңыздан табылмағаны несі? Жаны қысылғанда сіздерді қолындағы шаппа шоттай пайдаланып, ал сіздер атой салып шақырғанда Жарықбас Есентүгелдің пысқырмауы қалай? Осы да ағайыншылықтың белгісі болып па? – Әбілхайыр осылай суырылғанда Ескелді өз құлағына өзі сенбегендей, «апырау, осыны айтушы бас сардар ма, жоқ басқа ма» деп, кірпігін қаққылай оған қайта қадалғанда соның тап өзі екенін көрді. Тек бұл жолы көздері бұрынғы сұсын жоғалтып, жадырай жұмсақ райға қарай

ойысыпты. Осылай алдаусыратып барып, қайта тарпа бассалмақ бүркеншікті ызғарлы ниеті де пәлендей тоғыз қабат торқаның астындағы дүние емес. Әбілхайыр осы сөздерінің соңында көздерін оң жаққа қарай жұлқып әкетті де Төле биді қоса бір түйреп өтті. Міне, сонда ғана Ескелді бұл бас сардардың осыданүш жыл бұрынғы жазда Сырдың сонау төменгі ағысы жақта алшын, қарақалпақтар және сондағы Жарықбас Есентүгел бастаған жалайырбалғалылар арасындағы қақтығысты, оған мына Төле би мен Ескелдінің қалай араласқанын бүге-шігесіне дейін білетінін, қазірде соны тілге тиек етіп, мұны көзге шұқымақ екенін табанда сезді. Ол жағын жалғыз бұл емес, өзімен бетпе-бет келген, күллі қазақтың ең биік лауазымды марғасқалары да түгел түйсініп, мынау көз алдарында сырғауылдай сорайған жалайыр биі осы қысталаңнан қалай шығар екен деп, демдерін іштеріне тарта сілтідей тынысты. Енді Ескелді бүкіл қайратын бойына жиды. Сөйту керек екенін Балпық пен Қабан жырау да Ескелдіге құлаққағыс еткендей тамақтарын кенеп, сыралғы достардың өздеріне ғана мәлім дыбыспен белгі берді. Бұл Ескелдінің жігеріне жігер қосты. Әрі мынадай аттың жалы, түйенің қомында мынадайүлкен адамдарды өзінің кішкентай жауабына ділгір етіп, сарғайтып қою да абырой емес. Бұл тез шешілді: – Бұлбұл құс несімен бұлбұл? Күміс күй төккен көмекейімен бұлбұл. Ондай көмекейі болмаса бұлбұл атанып несі бар? Бөле-жарылмаса, бір-бірін балтырдан тістемесе қазақ қазақ атана ма? Осы ошақтыңүш бұтындай алаш қауымының өткеніне, кейінгісіне ой жүгіртейікші, нені көреміз, сыртта жау барын көріп-біле тұрып, өзара шайнасудан көз ашпаған өз ағайындарымызды көреміз. Үш жүздің баласына ортақ дертті жалайырдың бетіне салық қылуыңыздың мәнін, сардар ием, өз басым ашып-айыруға дәрменсізбін. Сондай дерт меңдемесе, міне алты жыл болды, ата жау ұлымызды құл, қызымызды күң етуде, қалған-құтқанымызды атамекенімізден қуды, сол жауға бірігіп қарсы тұрмай бұл қазақ ай қарап жүр ме? – деп салды. Исі қазақтың ұлы хан, кіші хандары, төбе билері, небір су төгілмес жорға шешендері, батыр мен бағландары, басы жерде де көңлі көкте ханзада мен бекзадалары сықасқан мынау Хантау жотасындағы аядай тұсқа кенет ашық аспаннан найзағай атылды ма дерсің. Ескелдінің шалт қайырған жауабы тура сондай әсер қалдырды. Жалайыр биінің сөзінің астары емес, ең алдымен құлақтың түбін кескілеп, сүйек-сүйекті қуалағандай саңқылдаған даусы, айту мәнері бәрін бүріп әкетті. Сонда ғана бұған бұрынғыдан әлдеқайда бажайлай қарасып, бет ажарындағы, тұлабойындағы бөлек жаратылысты нышандарды небір сұңғыла, өткір көздер іздеп таба бастады. Ия, сөйтіп, бәрінің алғаш рет бұған көздері сүрінді. Күйкентайдың қос қанатындай қабақтың астындағы отты жанар оның ішкі қуатын қоса жариялап, мыналардың қай-қайсысымен де сайысқа түсуге әзір екенін паш етті. Сөйтіп, бәрінің назар, ықыласына бұғалық түсіп, тіл-жақтары қарысқан сәтте Ескелді қайта сөйледі: – Жарықбас Есентүгелдің қылығын кесекөлденең тарттыңыз, сардар ием! Олүшін айыптымыз! Мені бәз біреулер бүкіл жалайыр елінің көсемі атайды. Егер сіздер де солай шешсеңіздер мен де өз айыбымды мойныммен

көтеруге әзірмін. Демек мен де айыптымын! Тек мен Жарықбас Есентүгелді бұйрық пен уағыз жөнінде сыбағасыз қалдырғам жоқ. Тек оның, ол басқарған жалайыр-балғалы елінің жарасы менің бұйрық пен уағызымнан әлдеқайда ауыр шықты. Сіздер Хиуа, Самарқан, Бұқара, Исфаћан сияқты өркениетті қалаларға бір табан жақынсыздар ғой, сардар ием, сіздің құзырыңыздағы алшындар мен қарақалпақтардың исфаћани қылыштары жалайырбалғалылардың қолдарындағы бірен-саран жасық темір мен қайың шоқпардан әлдеқайда басым шықты. Олардың жан жарасы мен тән жарасы осы себепті де тым ауырлап кетті. Ия, әркімнің өз жарасы өзіне ауыр. Әрі олардың, сардар ием, сіздің өз басыңызға да өкпесі қара қазандай екен. Жарықбас Есентүгелді бұл жолы сіздің құзырыңызға келтіре алмауымның бір себебі сол! Осы тұста Әбілхайыр Ескелдіні әлі де көзінің астымен бағып, мұртынан күлгенге ұқсады. Бірден тілге келмеді. Еш қозғалыссыз. Қызыл, сары өрнекті кең балақ шалбардың астынан басы көрінген саптама етігіне ирелеңдей жабысқан елік сапты қамшысының өрімі де қыбырсыз. Айнала қауым, оның ішінде ұлы хан Болат пен Төле, Қазыбек, Ақсуат сыңды жаңа ғана Ескелді ошақтыңүш бұты атаған-қазақтыңүш тармағының көсем-билері бар баршасы бас сардардың осы бөгелісін жаман ырымға балағандай қыбылжи бастады, шамасы. Әбілхайыр оны сезбеді емес, сезді. Тек «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей мынау Ұлы жүздің бір тармағы ғана есепті жалайыр биінің мұны қақ бастан ұрғандай сөздеріне тез ұтымды жауап тауып, өз абыройына қылау түскендей халден сытылып, бөгде бір биікке барып қонақтауды ойластырып еді. – «Дау төрт бұрышты, қамшы екі ұшты» деген. Болған жайды әрқайсымыз әр саққа жүгіртсек бәрібір ұшығына жете алмаймыз. Қалың нуда адасқан жабайы қабандай текке ырсылдап қаламыз. Ондайлық тап қазір қай жоғымыздың орнын толтырмақ? Егер Жарықбас Есентүгел маған деген өкпесін сылтау етіп, мынадай шақта көрпе астында жатып алса ол туысқаныңыз ақылды-ақ адам екен. Жарайды, ол сол ақылымен бола тұрсын, – деп Әбілхайыр жалайыр басшыларын осында шақыртқандағы шаруасына көшті: – Мынау алдағы науқан қалай өрбиді, оны жаратқан иемнің бір өзінен басқа ешкім болжап білмек емес. Жаудың мейманасы асса бізді Шуға қарай тықсырады. Ол жөнінде ойластырғанымыз өзінше бөлек. Ал құдай оңдап, қазақтардың мәртебесі асса жау Іле дариясына қарай ығыспақ. Іле дариясына жетсе бұл атаңа нәлет ит қалмақ жеті жерден кессең де бір бөлігінде жаны қалатын жылан емес пе? Оны сол жақсы атты күнде Іле дариясына жеткізбей кері қайыру керек. Міне, сол міндетті орындау жалайыр жасақтарына жүктелмек. Сізүш күн ішінде жаңа өзіңіз атаған бес мыңныңүш жарым мыңының солай қарай дүрк қозғалып кетуін қамтамасыз етіңіз. Хантаудың етегі арқылы айналып, Жусандаланыңүстімен, одан арыдағы Тауқұмның, Мойынқұмның шөліне ұрынбай Іле дариясына жетіп бекіну шарт. Әбілхайырдың көтеріле ұшып барып қонақтаған биігі осы бұйрық еді. Ел ішінің ырың-жырыңына құлақ асарға мұршам жоқ деп қыр

көрсеткендегідей бір мінезі ме дерсің. Тіпті бір жайдан Ескелдінің де оңайоспаққа алдырмасын сезіп, ойда жоқта жұмсара кетуімен де қарайлас шықты. Бәрібір жаңағы бұйрық астары жалайыр биіне күтпеген құқай еді. – Апырай, Ұлы жүз –үйсінді аға баласы атайды, ал жалайырлар сол аға баласы ұрпақтарының ішіндегі ноқта ағасы саналушы еді. Біз бүйтіп бөлежарылсақ мынау алдағы науқанға қосарүлесіміз айтып ауыз жарымастай шықпай ма? Олқы соққанның көкесі сонда болмай ма? Ондайлық басқаға жарасса да ноқта ағасыныңүрім-бұтағыүшін ұят нәрсе ғой. Мол кеудеге тар киім кигізіп қинағандай ғой. Сол кезде Төле би мол денесімен қорбаң етіп Ескелдіге қарай бір қадам жасады. – Жаным, бұл бұйрықтың мәні бар. Сендердің Іле бойындағы жер жағдайын жақсы білетіндерің ескерілді емес пе? Анау соңыңдағы Қабан жыраудың қасындағы Балпық батыр ма? Әлгі өздерің айтқандай қалмақтардың жалпақ түпті қайыққа тиеулі зеңбіректерін суға батырған осы Балпық емес пе? Сондай ерлікті осы жолы да қайталау шарт. Бұл жолы қалмақты жеңсек қайтып бас көтерместей етіп жеңейік! Көп ішінен тағы бір ұзын бойлы кексе адам бері бөлінді де ол да Төленің қасында тұрып сөз тастады. Бұл Саурық батыр еді: – Егер жаңа бас сардар айтқандай, анау-мынау жаманшылық күнде, ия, егер жаудың мейманасы асса сіздер оны ту сырттан ұруға дайын тұруларыңызүшін де қолайлы ғой. Сіздер жалғыз-жарымдамайсыздар, Ұлы жүздің өзге тармақтарынан да біраз қосынды қосып беремін. Әрі Іленің бергі бетінде шоқалақ құмдардың арасында қалмақ алғаш шапқалы бері сол маңнан табан аудармай жасырынып жүрген ыстының Белағаш атты батыры бар дейді. Егер соныүйірге қоссаңыздар нұрүстіне нұр. Сонда ғана Ескелді бұл Әбілхайыр, Төле би, Саурық батырүшеуінің ақылдасып тапқан шешімі екенін түйсінді. Ендігі жерде тіл мен жаққа ерік беру орынсыз. Қасындағы екі серігін бір барлап алды да Әбілхайырға қайта қадалды: – Сөзіңізге құлдық, сардар ием! Тар жерде тақасып, бүйректен сирақ шығарар біз емес. Бас сардар мен басқа да жоғары мәртебелілер зерлеп құрастырған бұйрық нобайы осы десеңіздер біз бас шұлғымай қайтейік? Әркім өз ойлаған жағына езулемей тастүйін бірігіп, жауды тарс ұратын кез енді туды емес пе? Мұндай бас қосу қазақтың еншісіне әмсе тие бере ме? Беттескен екі топтың тілдесуі осымен аяқталды. Өйтпеске лаж да жоқ еді. Әбілхайыр шоғырының ту сыртынан басқа бір дабыр-дұбыр білінді. Бөгде бір келушілердің екпіні екені байқалды. Бас сардар және оның қасындағы самсаған дулығалылар енді солай қарай ауа толқыды. Ескелді, Балпық, Қабан жырау –үшеуі мұнда тағы сүт пісірімдей ғана аялдап, өздеріне көзтаныс Жолбарыс хан, Бөгенбай батыр, Хангелді батыр, Жәнбекей, Бұқар жырау, Сабалақ, тағы басқалармен қысқа-қысқа ғана амандасыпүлгерді. Одан өзгеге уақыт тар, келген жолдарымен тез кері қайтты. Бір қызығы бұларға отызшақты нөкерімен Саурық батыр ілесті. Жалайыр басшылары өз қарамағындағы әскердің басым бөлігін Іле бойына

аттандыруға тиіс болса Саурық батырдың алдында бүкіл Ұлы жүз қолын шоқтай иіріп, сол қанатқа, яғни қазір Тайлақ батыр бастаған Кіші жүз қолы тұрған, Хантаудың теріскей шығыс жақ сыртына ауыстыру міндеті тұр еді. Осы жолда бұлар, әсіресе, Ескелді, Қабан жырау, Есенбай, Тұрлымбет, тағы басқалар бұл кексе батырмен жақсылап танысты. Алпысты енді-енді алқымдамақ, бет өңірі, тұлабойы ұзынша біткен бұл сақа батыр бәріне де қатты ұнап, бір-бірімен тез бауыр басысқанға ұқсады. Жолай Саурық батыр Кіндіктастан Шуға қарай ағатын, кейде оған жетпей жоғалатын Теректі өзенінің бойында қалды. Бұл әлгі Сіргелі Қара Тілеуке бастаған қол орналасқан тұсқа таяу еді. Осы аралықтан өз ертөлелерін жұмсап, барша ұлы жүз қолының Теректі өзенінің бойында жиналуын талап етті. Ілеге қарай шеру тартпақшы жалайыр қолын да осы жерде өз көзінен өткізіп салмақшы. Әрі манағы уәдесіне орай,үйсіннің өзге тармақтарынан аздаған қосындарды іріктеп, осы тұста оларға қосып бермекші. Ескелді бастаған топ өздеріне қарасты шеріктердің ортасына келе-ақ іске кірісті. Бұдан ақай-тоқайсызүш жарым мыңды бөліп алу да оңай шаруа емес. – Жарықбас Есентүгелдің қылығыүшін алшын ханы Әбілхайырдың бізге көрсеткен қыры ғой! Балғалыларға болысқанымызүшін ғой бұл бізді бүйтіп бөле-жарғаны! – деп шу шығарғандар да табылды. Жолай Ескелділер Саурық батырдан жалғыз жалайыр емес, дулаттардың да Өтеген, Қалы батырлар бастаған бір бөлігі түстік бетте, Шу бойында қалатынын естіген. Ескелділер соны бұларға қарсы уәж ғып жеткізді. Мұның бәрі шайқасты ұйымдастырудың жау ойламайтын тың тәсілдерін табу мақсатында көзделіп отыр десті. – Ендеше, алшынның еркетотайы Әбілхайырдың бүкіл Ұлы жүз –үйсін баласына көрсеткен қыры ғой, – дегендер тағы атойлады. Ескелді, Балпық, Қабан жырау –үшеуі осыларды ауыздықтауға көп күш жұмсады. Ілеге аттанатын шеріктің қолбасысы Балпық деп бірден ұйғарылған. Ал кіші қолбасылар қатарына Кәшке, Жайнақ, дулат Қосай, Шора балалары Қаскелең мен Күртібай, Қабан жыраудың інісі Көсембай, орақтының балауса батыры Төке сияқты өңкей жастар іріктелді. Ал Ескелдінің өзі бас болып, Тәттібай мерген, немере ағайынды Малтабар, Құлжан батырлар, өзге де кекселер осында қалдырылды. Қолының шипасы бар біраз сынықшылар, әрі әлгі жалайыр-бәйшегірден шыққан тапалтақ ұста Келеудің өзі мен шәкірттері тегіс Шудың осы бетіне өткізіліп еді. Олардың да жастау жігіт-желеңдері атқа өңгеруге болатын асай-мұсайларын алып, Балпық шерігіне ілесті. Кекселері Ескелді тобында қалды. Балпық шерігі тап жүрер қарсаңда Шудың түстік бетінен, әлгі Құлжа дейтіннің зайыбы Дарабоз, Ескелдінің өз бәйбішесі Ақжәмилә бастаған әйелдер атынан құрт, ірімшік сияқты сүттен, қымыздан, шұбаттан, жабайы ағаштар мен өсімдіктер жемістерінен қатырылып, кептіріліп жасалған, жорық жағдайында пайдалануға ыңғайлы дәмнің неше түрлісі жеткізілді.

Мұны баршасы жақсы ырымға балады. Ол дәмнің бәрі де Балпық жауынгерлерінің қоржындарынаүлестірілді. Сөйтіп, Балпық бастаған қол Хантаудың бергі еңісі арқылы Ілеге қарай өтуүшін жүріп кетті. Кейін ұзынқұлақ арқылы жеткендей Саурық батыр да жолай өз уәдесінде тұрыпты. Әрі Хантаудың теріскей-шығысында Төле бидіңүлкен баласы Жәнбекей бұларға екі жүз сауын биені жылқышыларымен қоса қосып беріпті. ОН БІРІНШІ ТАРАУ

Осыдан тағы екі апта өткенде қазақ пен қалмақтың арасындаүлкен шайқас басталды. Көптеген шетелдік ғұламалардың байыптауынша нақтылы бір шайқастың басталу сәті көп жағдайда қолбасылар еркімен белгіленбейді, бақшадағы жемістей соған деген әзірліктің, түздегі сарбаздар қауымының ішкі көңіл-күйінің пісіп-жетілуі айқындайды. Қай қолбасылар сол пісіпжетілу мерзімін дәл аңғарса кем дегенде науқанның алғашқы кезеңі солардың пайдасына шешілмек. Мына жолы да солай болғандай, тек мұндағы бір ерекшелік не қазақ, не қалмақтың ғана емес, екі жақтың да қолбасылары ол мерзімді дәл анықтапты. Сосын да ешқайсысының қапысы жоқ, ат тұяғымен қара жердің құйқасын оя дүрілдеп, бір-біріне бетпе-бет келгенде сөзсіз жеңіске деген сенімділік екі тараптан да бу боп бұрқырады. Дәл осының қарсаңында қазақ жансыздары қалмақтан бір тіл әкелді. Ол Сары-Манжының бұйрығымен осы көктем мен жазда Қордай асуы, Жетіжол жотасы, Күрті өзені мен оның бірнеше салалары бойына күштеп қоныстандырылған қалмақ пен бодан қазақ аралас қауымдардың енді кенеттен кері қуылып жатқанын жеткізді. Мұны естігенде Әбілхайыр бармағын шайнап: – Қап, құдай-ай, біз кешіккен екенбіз ғой, – деп зарлыүн шығарды. Бас сардардың бұл наласы барша өзге қолбасыларды қақ бастан қамшымен ұрғандай әсер етті. Тек Әбілхайыр тез бойын жиды да сұсты көздерін ондамұнда тіміскілетіп барып, қайта қайраттанды. – Жақсы, мұның да оң нышаны бар. Сары-Манжы өзінің бізді қалай боршалайтынын малшы қандастары мен сондағы бодан қазақтардың көріп тұруын қалап еді, енді ол пиғылынан айныған екен. Демек, бұл оның да тұлабойына қорқыныш ұялады деген сөз. Жаудың ең бір босаң сәті деген осы болады. Енді аялдасақ алла-тағаламның бізден теріс бұрылары анық. Ия, алла, жаратушы ием, өзің жебей гөр! Сонымен бүкіл қазақ күші алға қарай лап қойды. Кіндіктас тауын кесіп ағатын Шоқпар өзенінің кедір-бұдырлы теріскей жағалауында қазақ пен қалмақтың тулары желкілдеп, екі жақтан да дабыл қағылып, бір-бірінен қозыкөштей жерде тоқтасты. Сосын бұл алысырақ көрінді ме одан да сәл жақындай түсті. Бұл аттарының баран, қылаң түсті екені ажыратылатындай қашықтық еді. Шілденің нағыз ортасы, аспан ашық, шыжыған жаз нағыз өз күшіне еніп, өз тарапынан тырс еткен дыбыс берместен мелшиіп қапты. Уақыт сәске түстің кезі. Биыл бұл өңірде де жауын көп жауған, сосын да осындай ылғалды жылдары тұтасып шығатын, басы тарыға ұқсайтын боз шөп – раң

ойлы-қырлы кеңістікті өзінше әрлеп тұр. Онымен қойындаса, биіктігі тізеден келетін көде де ойдым-ойдым болып ағарып, күн сәулесімен жылтылдай құбылады. Бұл шілденің ортасы көденің дәурені өткен шақ, себебі, маусым айының өнебойында мүлдем аппақ гүлдері жайқалып тұрады да шілде туа онысы ұшып жоғала бастайды. Оның орнына қой малының жүніне жабысып, одан әрі кейде етіне де даритын тікені пайда болады. Кей жерде қазақтар оны садақ-көде деп те атайды. Малға жұғымдылығы бола тұра осындайлығы қойды жүдетіп, қазақтардың ренішін де тудыратын. Шоқпар өзенінің екі жағында бұл раң мен көдеден кейінгі ең көп өсетіндер – жусан, изен, қарабарақ. Жабайы ағаштардың ешқайсысы мұнда тамыр салмағын, айнала жалаңаш. Ойлы-қырлы жер бұдыры болмаса бой тасалайтын дәнеме жоқ. Сосын да діні басқа да, тұрмыс-тіршілігі бір-біріне қатты ұқсаған екі халықтың өзара шындап күш сынасатын шағында осындай жер төсінің қабақ шытпай керіліп жатуы «кәне, қай-қайсыңа да бұра тартарым жоқ, не көрсеңдер де өздеріңдегі ақыл-айла, қуат шамасынан көріңдер» дегендей бейтараптылық белгісіне ұқсайды. Қазақтар «үш тоғыс» аталатын соғыс түріне әзірленген. Қазақы соғыстардың ішіндегі Жетісу еліүшін ең танымалы,үйреншіктісі осы еді. Оның мәнісі сол,үш жүздің қолыүш топқа бөлінді де қақ ортасында Қаракерей Қабанбай батыр бастаған Орта жүз жасақтары тұрды. Қандай күнде де жауды бірінші болып, қасқа маңдайдан ұру осыларға жүктелген. Ал Хантауға арқаны беріп, шығысқа қарағанда сол қанатта Саурық батыр Қайдауыл баласы басқарған Ұлы жүз, оң қанатта Тайлақ батыр басқарған Кіші жүз шеріктері орналасты. Ол екі қанаттағылар соғыс барысында бас сардар Әбілхайыр мен оның оң қолы Қанжығалы Бөгенбай батырдың ортақ шешімі негізінде іске қосылады. Ол екі қанаттағылар шайқасүстінде жауды екі қапталдан соға ма, жоқ, жаудың да осындай тың күштері ұрысқа кірісерде оларды жолдан тоса ма, әлде ту сырттан айналып кеп атойлай ма, тіпті алғашқы қақтығысқа қатыспай мүлдем қаңтарулы тұра ма – бәрі де шайқас барысында шешілетін мәселе. Қалай да қазақ қолбасылары ол екі қанаттағыларды пайдаланудың бірнеше нұсқасын жасаған. Ал неге «үш тоғыс» аталатын соғыс түрі таңдалды? Сірә, бас сардар Әбілхайыр осы жолы жер жағдайын жақсырақ білетін жетісулық қолбасылардың ыңғайына жығылса керек. Міне, қазір Әбілхайыр аппақ арғымақ атын ойнақшытып, Орта жүз қолының алдында тұр. Ұлы хан Болат бастаған барлық ханзадалар мен сұлтандар, ұлы билер, Әбілхайыр өз маңына топтастырған батырлар, сондайақ екі қанаттағы күштердің бас қолбасылары мен кіші қолбасылары, басқа да жақсы мен жайсаңдар түгелімен осында. Себебі, Әбілхайырдың топшылауынша шайқас бір күнде аяқталмайды, демек ертеңгі күнге де азық керек, сосын да алғашқы күнгі жау екпінін баршасы өз көзімен көрсін, бұл алдағы күндерде ой қорытуға қажетті алғышарт, алтын қор. Бірдің ақылы бір де, көптің ақылы көп қой. Ескелді би, Қабан жырау, күшік Жолбарыс би, Тәттібай мерген, Малтабар, Құлжан, тағы басқа Балпық шеруіне ілеспеген жалайырдың кексе батырларының да бір қауымы осында еді.

Қарсы беттегі қалмақ сарбаздарының алдыңғы легінің ажары әлдебір мейрам, салтанат құрметіне шыққандай бір түрлі сәнді көрінді. Дабылдыүстіүстіне қағып, көк аспанды қақыратып жерге түсірердей өңештерін керіп айғайласып та қояды. Әлденеше түсті тулар, көкке шаншылған найзалар, аттарының күнге шағылыса жарқыраған маңдайлары, төбесінде шошағы жоқ, таз кепешке ұқсаған темір дулығалы бастар – бәрі де айқын көрініп, нағыз «келсең кел» дегеннің сыпатын береді. Ия, бұл соғысқа ол жақтың да жақсы дайындықпен кіріскелі тұрғаны айқын. Кенет қалмақ қолының алдынан кесекөлденең ақбоз атты, жатаған денелі біреу оқтай зуылдап өтті. Оның соңынан қару-жарақ, сауыт-саймандарынан жарқыл көбірек шалынатын, аттары да жарамды тағы бір оншақты адам ілесе құйғытты. Бір шеті мен ол шеті қозыкөштей бар, қатарласа самсаған қалың әскер бірдеме десіп, ұрандасып кеп берді. Сол кезде әлгі ақбоз атты неме соңындағы нөкерлерімен бірге кері қарай шапты. Сонда ғана Әбілхайыр маңындағы біреу: – Мынау Сары-Манжы! Сары-Манжы! – деп айғайлап кеп берді. – Тап соның өзі! Ерүстінде тасбақаша отыратынын өз құлағыммен естіп едім, – деп екінші біреу қостады. Үшінші сөзді Әбілхайырдың өзі айтты. – Өз жауынгерлеріне рух бергендегісі ғой найсаптың! – Бұл алпыс екі айлалы зұлым жаудың бір айласы болмасын! Төбемізден доп түсірмесін! Хан ием! Мырзалар! Кәне, шашырай тұрайық! – Мұны айтқан Бөгенбай батыр еді. Жалпы бұл соғыста қазақтардың ең жаман қауіптенетіні жау тарапынан атылуы мүмкін от қару-зеңбірек еді. Мына шайқасқа әзірлікүстінде сондай зілзала төбелерінен төнгенде неғұрлым аз шығын беру жағы кәперге алынған. Оның бір амалы – әскерді зеңбірек оғы жетпейтін қашықтықта, әрі неғұрлым шашыраңқы ұстау. Ия, шайқас сәті күзгі қуаң даладағы тарыдай пісіп-жетілді. Енді кешеуілдесең оның өзі шашылып, құлап түсуі мүмкін. Жаумен екі аралық жан-жағынан саймен көмкерілген, қалың шөптесінді, ені мен ұзындығы шамаласүлкен жотаның тегістеуүстірті еді. Емін-еркін айқасуға да, сайға қарай домаланатын бастарға да – бәріне де жағдай бар. Бәрі дайын ғой, бөгелетін не бар? Бірінші болып қазақтар жекпе-жекке шақырды. Бұл қалмақтар сапында біраз шу тудырды. Ол не шу екенін қазақтар ашыпайырғанша жау шебінен елу шақты салт атты бөлініп шықты да әскердің алдында ойын көрсеткендей аттарын ерсілі-қарсылы жосылтып, айбалта мен алдаспандарын күнге шағылыстырып, жүріп алды. Міне, осы кезде ақбоз атты Сары-Манжы оншақты нөкерімен қалың шептен тағы да суырылды да қазақтардың да құлағына жететіндей қатаң дауыспен бұйрыққа ұқсас сөздер айтты. Сол кезде әлгі елу шақты салт атты шепке қайта кіріп, жым-жылас жоғалды да, ортада біреуі ғана қалды. Ол біреу найзасын көкке көтеріп, қазақтарға қоқанлоққы жасағандай ұрт қимылдарға барып кенет бері қарай шоқыта жөнелді. Тап екі орта осы-ау деген межеге жетті де атын

кесекөлденеңдете аспанға шапшытты. Әрі өзінің қазақтарға қарап ырсия күлгені де анық шалынды. – Әне, қалмақтар алғашқы жекпе-жекке әзірлеген адамын да бөлді! – Мұны айтқан Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы еді. Өз тұрғыластарын асықтырғанға ұқсап, дулыға астынан әрең көрінген көздерін Әбілхайыр мен Болат ханға кезек-кезек қадады. Сол кезде Әбілхайыр аппақ арғымағының басын әрең тежеп, жабайы құсша саңқ етті: – Жәмиғат! Ұлы хан ием! Менің ұйғарымым былай! Бірінші жекпежекке бізден Қанжығалы Бөгенбай батыр барады! – Мұны естігенде тағатсызданып, ары-бері жыртылып-айрылған батырлардың біразы өз сыбағаларынан құр қалғандай бас сардарға ажырая қарасты. Бірақ бәрінікінен де Төле бидің мінезі басым екен. Ол да басы қатты атының ауыздығына әрең ие болып, көп ортасында шырқүйіріле саңқылдады: – Сардар ием, бұл бұйрығыңызға аздаған кінәратым бар! Үйсіннің жерінде бірінші болып,үйсіннің қаны төгілгені абзал! Ия,үйсіннің жерінде біріншіүйсін өлсін! Мен бірінші кезектің Шапырашты Сатай батырдың немересі Бөлек батырға берілуін құп көремін! Төле бидің осы ұсынысы желіктірді ме, шеткерілеу ойқастағандардың арасынан тағы біреулер айғайлады: – Суан батыры Бөлек Бөргелтай баласы бірінші шықсын! – Арғын Олжабай батыр біріншілікке лайық! – Көк жарлы Көкжал Барақ бірінші шықсын! Бұл айғай-шу бас сардар Әбілхайырға ұнамағандай. Ұлы хан Болатқа бір көз тастады да басын ердің алдыңғы қасына қарай ие беріп қайта көтеріп алды. Аппақ арғымақтың ауыздығын да керіңкірей тартып, жан-жағын зілдене шолды да соңғы тұжырымды айтты: – Қанжығалы Бөгенбай жасамыс адам, бірақ аллам жаратқан бөлек күш-қуаты бар! Ең айқынырағы сол Қанжығалы Бөгенбай исі қазаққа танымал, әбден құлақсіңісті жан! Егер Бөген ағаның мерейіүстем шықса бүкіл қазақ жауынгерлеріне тасқын судай жігер құйылатынына өз басымды куәлікке тартамын! Ал жазатайым, жаман айтпай жақсы жоқ, жаудың аруағы асып, Бөген батыр аттан құласа соның өзі де бүкіл қазақ қолының намысын қоздыруға жарап жатыр. Қазақтардан бірінші болып, Арғын атаның Қанжығалы Бөгенбай батыры шығады! Басқа сөз атаулы пышақ кескендей тыйылды. Араларынан Бөгенбайдың қалай атқып кеткенін жұрт көрмей де қалғандай. Бәрі бас сардардың кесімін бастарында қорытқанша кексе сайыскер ортадағы сәнмен ойқастаған қалмақ батырына жетіп те қалыпты. Астындағы жамбыгер атының түюлі құйрығы мен артқы сауырының күнге шағылысқаны бәрінің де көздерін тартып, көңіл түкпірлерінде біржола жатталып қалды. Атының жалына құлаңқырай еңкейе отырғасын ба темір сауытты жоталығы мен шашақты дулығасы аса менмұндаламайды! Ия, қазақ тарихындағы қара емендей қайыспас берік, шалт қимылды, бұған қоса көл-дария ақылдылығы, жүрек жұтқандығы қоса бар, бөлек жаратылысты, бөлек пішінді аса айбарлы батырлардың бірі осы Бөгенбай.

Өзімен замандас жыршылардың аузына көбірек ілінетіні де осы қасиеттерінен. Алайда, бұл осы қалпында көктен түсе қалған жан емес, батырлық, егізек қайрат пен ақыл мұның жеті ата, жеті түптен бергі несібесі. Өз әкесі Ақша әйгілі әз Тәукенің әкесі Жәңгір ханның тұсындаүлкен сардар, әрі жекпе-жек шайқастың майталманы атанған. Алайда, ол әке Бөгенбайдың оңы мен солын танымаған шағында өлді де жас жігіт талай қыспақтарды бастан өткерді. Тіпті қалмақтың әр кезеңдегі тиіп-қашпа соғыстары, қазақ ішінің ырың-жырыңы, береке-бірліксіздігі сияқты құбылыстар оның жанына жара салып, өмірден баз кешкен күндері де бар. Сондай бір күндерде Бөгенбайдың осындай болмысымен-ақ тақымы кеппес ұрыға айналғаны да шындық. Алайда, ондай атты өмір де мұның тақиясына тар келді. Ел қамы, ел тәуелсіздігі, қызыл қарын жас баланың болашағы, ата-бабалар аманаты атты ұғымдар жапан түзде қарақшылар ортасында қаннен-қаперсіз ұйқтап жатқан Бөгенбайды ақ сақалды, ақ киімді шал бейнесінде келіп, ұзын ақ таяқпен түртіп оятты. Басын жерден жұлып алған Бөгенбай шалды шала-пұла ғана көріпүлгерді, алайда, оның ескертпесі қолмен қойған дүниедей апайқындықпен мұның санасына орнықты. Ойы ұшқыр жас батыр бұл құбылыстың мәнін тереңінен ұқты. Құдай мен аруақ өздері аян беріп, бұған бағдар сілтеді, туған жердің төсін нұсқады. Онда кім тайраңдап қожалық етуде, кім екі бүктеліп, құл мен күңнің күйін кешуде? Кім жел қуған қаңбақтай аударылып-төңкеріліп, әркімнің босағасына соқтығуда? Тәңір берген осыншама қасиетің бола тұра соның бәріне қалай төзесің? Бұл сұрақтардың мәнін айыруға, әрі оны ендігі өмірінің темір өзегіне айналдыруға Бөгенбай қас-қағымдай ғана уақыт жұмсады. Міне, одан бері де көп заман өтті. Бөгенбай бүкіл қазақтың қолына иелік ететін бас қолбасы атанған кездер де, соғыстар да өтті. Басқалардан бөле-жарылып, жалғыз шауып жау алмақ талпыныстардың да талайы бұл кезде көзден бұл-бұл ұшқан. Енді міне жаңа кезең туды. Бүкіл қазақтың санасына алла-тағалам өзі қарлығаштың қанатымен су сепкендей жаңа серпін берді. Қазақ қайта бірікті. Бұл күнде жасы елу бес, елу алтылардағы Қанжығалы Бөгенбай батыр Ақша ұлы Кіші жүз – алшын елінен сайланған бас сардар Әбілхайырдың оң қолы. Енді байқаса ол да аздық етіпті. Мынадай не өлім, не өмір дейтін шешуші қақтығыс алдында алғашқы жекпе-жекке осының мойынсұнуы да жазмыштағы жазу екен. Бөгенбай ортаға жетіп, алдын-ала қойқаңдап жүрген қалмақ батырын бір айналып өтіп, енді екеуі бір-біріне қарсы шауып, найзаларымен сарт-сұрт ұрысқанда құлақ жарардай дыбыс естілді. Бұл, әсіресе, жалайыр биі Ескелдіге алабөтен әсер еткендей. – Қап, әттең, мына кісіні жекпе-жекке шығарып қойып қарап тұрғанымыз басымызға лайық емес-ау! Қара жердің жарығы көрінсе түсіп кетердей халде тұрмын, Қабеке! – деп, бұл қасындағы Қабан жырауға бұрылды. – Сабыр ет! Бұл атағы жер жарған жасамыс батырдың бірінші бой көрсетуі зор мәністі шаруаға айналып тұр емес пе? Жаңа Әбілхайыр қалай тақылдады, байыптамадың ба?

Одан арғыға бұлардың мұршалары болмады. Ортадағы екеудің шайқасы күрт шиеленісті. Бөгенбаймен қарсыласушы қалмақтың Аңырық атты батыры еді. Бұл да уыздай жас емес, шамамен қырықтарға иек сүйеген, жекпе-жектің талайын өткерген, әр жеңісі сайын қонтайшыдан олжаға кенеліп, бұл күнде жер, мал мен жан, құл-құтан жөнінде едәуір байлық жиыпүлгерген. Қанағатты қырсық, тойымсыздықты қуыршақ құдай мен Будда әулием дарытқан қасиет деп ұғатын ол міне, тағы бір мәрте бақ сынасуүстінде. Бөгенбайдың астындағы жамбыгер аты құлағын жымитып, жауға қарай ара-тұра өз еркімен шабатындай. Иесінің батыл әрекетке тәуекел етпей, тым сақ қимылдайтынына шамданғандай қыр арқасын шайқай қозғалақтап, Бөгенбайды қоса сілкілей оған серпін бергенге ұқсайды. Сондай мінезге бірауық қалмақ батырының астындағы сүйекті текежәуміті де басты ма дерсің. Бұл да құлағын жымитыңқырап, енді екі жануар өзара шайнасуға бел буғандай. Секіріп, аспанға шапшып, бір-біріне тарпа бассалатындай бұларда шама қайда, қыр арқаларына қос тартпамен тартылып жапсырылған ерүстіндегі алпамсадай екеудің салмағы ондайлыққа жібере ме? Тек тіс салысып қана қос аяқты пенделер сияқты бұлар да өзара бақ сынасып, мынау шақырайған күн астындағы кеңістікті бөліске салуға аңсарлары ауғанын байқатады. Апырау, мынау түгін тартсаң майы шығатын құйқалы өңір адамдарға керек болғанда бұларға неге керек емес? Оның көздің жасындай мөлдіреп ағатын тұнық суынан мейірі қанғанша ішіп, балғын көк шөбіне ең алдымен ауыз салатын осылар емес пе? Сөйте тұрып, солүшін жан алысып, жан берісетін қос аяқты пенделердің қылығы бұларүшін негеүлгі болмасқа? Міне, қазір де қазақ пен қалмақ батырларының жекпе-жек шайқасын мұқият бақылап, олар мінген қыл құйрықты жануарлардың қимыл-қозғалысына қоса назар салған адамның сондай бір қиялға қоса шомары да сөзсіздей. Осы маңда Шоқпар атты кішкентай су ағады, сосын да бұл төңірекке сол өзеннің аты телінген. Биылғы ылғалы мол жылы оның осы жотасында аттың шашасын, тобығын түгел жаба, тіпті кей жерлерінде тізесіне дейін жете бітік шыққан шөп мына екі аттың аяғының астында аяусыз тапталып жанышталды. Бөгенбай да, Аңырық та ең алғаш найзаларын қойқаңдатып шыққан ғой, әзірге қару алмастыру ойларында жоқ, тек жекпе-жек шайқас тым ұзаққа созылып барады. Әуел баста-ақ қалмақтар жақтан «уә-уә» дескен дауыстар естіліп, әрі дабыл ұрылған. Енді оған жуан, жіңішкесі аралас әрқилы сыбызғыүні қосылып, тіпті сан алуан етті. Бара-бара қалмақтардың көмекейінен шыққан дауыс күшейіп, әрі дабыл қағушылар да одан әрі өршеленгесін бе сыбызғыүні өшіп кетіп, ауық-ауық әр тұстан талып естілетін шегіртке шырылын еске салады. Бөгенбайға жігер бермекке қазақтар жағынан да айғайлаушылар көп. Әрі бас сардар Әбілхайыр өзімен ала жүретін дауылпаз атты кебежедейүлкен аспаптың екі-үшеуі бар еді, солар да аямай соғылды. Айғай-шу, ұран тастау, дабыл мен дауылпаз ұру сияқтылардан екі жақ та кенде емес. Тек дулыға төбесін күн қыздырып, самайларынан тер аққан жауынгерлер

шыдамсыздығы ортадағы шайқасушы екеу жұмсаған күш-қажырдан артық тегеурінді жұтып бара жатқандай. Ескелді тағы шыдамсызданды: – Қап, құдай-ай, мұны білгенде Әбілхайырдың, Болат ханның, ұлы билердің, мына Қанжығалы Бөгенбай батырдың, Саурықтың аяқтарына жығылсам да «жалайыр Ұлы жүздің ғана емес,үш жүздің де ноқта ағасы, сонау ертедегі Әбілхайыр хан заманында салынған сара жол бар, тойда ғана емес, барлық басқа науқандарүстінде де біріншілік жалайырға тиесілі» екенін зарлап айтып, мынау алғашқы жекпе-жекті өзіме сұрап алатын едім ғой! Қапы қалдым, қайтейін! Қабан жырау тағы да сабырға шақырды: – Жалайыр сияқтыүлкен елдің биі деген атағыңыз бар, сізге мұндайлыққа шығу жараспайды. – Жоқ, Есекем дұрыс айтады, егер ол кісінің би атағы бар деп, кері кетсеңіздер, біздің батырлықтан басқа түгіміз жоқ. Жол жалайырдікі деп ұйғарылса Құлжан екеуміздің біріміз шығатын едік қой, – деп Малтабар батыр сөзге килікті. Ағасының сөзін құптаған пішін Құлжанда да бар. Әуел баста жекпе-жекке әр рудан лайықты батырлар іріктеліп жатқанын бұлар естіген де еді, тек бас сардар, әрі Саурық батыр төңірегіндегілер жалайырдың басым күші, әрі оның ішіндегі жастаулары Іле жағалауына аттандырылғасын бұларға тиіспей-ақ қоялық, өзге рулардан да бұл іске лайықтылар табылар деп шешкен. Бұл шешімді Ескелдінің өзі де құп көргендей еді. Тек мына жер ортаға келген Қанжығалы Бөгенбай батырдың бұлай ортада ойқастап, ұзақ майдандасуы мұның ішкі дүниесін кенет туталақай етті. Іргелі ел басшысы, жастай би атанған аса ұстамды жан, сәулелі ақыл иесі бола тұра кенет мына аға батырдың, анау жасыүлкендердің ішіндегі тап өз басыүшін Төле биден кейінгі қасиетті адамның мына қалпы мұны тұлабойымен күрт өзгертіп жібергендей. Кеуде мен аяқ-қолдағы сұрапыл қайратқа қайыру бере алмай, соның жетегінде кетіп, бастағы басқа ой-ұғымдар, жаңағы Қабан жыраудың ескертпесі сияқтылар тасқа тиіп бытшыты шыққан әйнектей жан-жаққа шашырай ұшып жоғалды. Бұл тек шайқас тілеген ішкі тегеурінмен оңаша қалды. Қазақ пен қалмақтың қақ ортасында Бөгенбай батыр Аңырықпен күш сынасса Ескелді өзіндегі ішкі тегеурінмен жекпе-жек шайқас жағдайында қалды. Бұл да оңай-оспақтан емес еді. Жалайыр биі осы қарқында бір нәрсені ғана ескермеді. Ортадағы екеудің тайталасын жалғыз осы ғана көріп тұрған жоқ қой. Бөгенбайдың басшылығымен балауса шағында алғаш рет найзасын жау қанына суарған Ескелді ғана емес, мына шайқастан барша қазақ жауынгерлері жаман қозданды. Баршасының аяқ-қолдарын күш-қуат кернеді. Шайқас тілеген көңіл-күй бәрін де алып ұшардай шектен тыс тақатсыздандырды. Демек, Ескелді басындағы хал баршасына орнады. Қазақ жері, қазақ күші, қазақ намысы сияқты сезім, түйсіктер, соған байланысты пайымдаулар бәрінің санасында желді күнгі өрттей қаулап, ыстығына орады. Мынадай орасанүлкен қақтығыс қарсаңында бұл пақырларға ең керегі де осы еді. Міне, сондықтан да тап осы жолыүш жүздің баласына аты әйгілі егде батыр, Арғын

атадағы Қанжығалы Бөгенбай Ақша баласының алғашқы жекпе-жекке таңдалуы сол кездің болмыс-бітімі, ақыл-ой кеңістігі тұрғысынан алғанда бас сардар Әбілхайыр тарапынан қабылданған нағыз даналық шешім еді. Бөгенбай мен Аңырық өз қарсыластарын тікелей шаншып ала алмасын білгесін біршама айлаға көшті, шамасы. Екі киізүй орнындай жерде айнала орағытып, бір-бірін енді найзамен емес көздерімен атып бақты. Жамбыгер мен текежәуміт бедеу жекпе-жек шайқасүстіндегі хас батырлар мінген сәйгүліктерден гөрі лай айдаған көнбіс жануарларға көбірек ұқсап, иелерінің еркіне бағына құлақтарын салбыратыңқырай момын жүріспен жүрді де қойды. Қазақ пен қалмақ сайыскерлері осылай өзара аңыс аңдыды. Болат сүңгінің ұшымен түйреп түсірер саңлаулы жері қайсы, ол қашан болады, қай тұстан жылт етеді, міне, соны асқан қырағылықпен қадағаласып, кірпік қағыспай безерісті. Тек ондай саңлаулы жер «міне, мен мұндамын» деп, елестей жылт етеді де тез көзден өшіп жоғалады. Артынан қайта көрініп, қайта қарасын батырады. Әккі найзагерлердің өздері де ондай тездікті одан да асқан тездікпен пайдаланыпүлгере алмасы анық. Сөйтіп, бұлар біраз уақытты сарп етті. Осы әредікте бұлардың қаншама күш-жігері, әрі осылардың әрбір қозғалысын қалт жібермей бақылаған екі жақтағы қыруар әскердің қаншама шыдамы рәсуа етілді десеңші. Міне, осы жағын ортадағы екеудің біреуі Бөгенбай ең алғаш кәперге алды. Ол жамбыгердің басын тікелей қалмаққа қарай бұрды да найзасын оның төбесінен асыра лақтырмақтай аппақ болат сүңгіні күн сәулесіне шағылыстыра көкте ойнатып барып, төмен сілтеді. Осы болат сүңгінің күнге шағылысқанын көргенде Ескелді мына қасындағы Қабан жырау әмсе аузынан тастамайтын, әлгі Ұлытауда атам заманғы пештерді қайта қалпына келтіріп, темірдің жасығынан асылын айыратын арғын Дархан ұстаны да еске алыпүлгерді. Бөгенбайдың жаңағы оғаш қимылына Аңырық та сақадай сай екен, оның найзасын көз ілеспес шапшаңдықпен қағып жіберді. Сонда қатты дыбыстың шыққаны соншалық аспан мен жер астын айғай-шуға толтыра ұрандасқан екі жақтың да жанкештілері қазақ батырының найзасы шарт сынды ма деп ойлап еді. Жоқ, шарт сынбапты. Екі сайыскердің астындағы аттар төс қағыстыра, әрі шайнасып қалып, тез кері серпіліскенде Бөгенбай найзасын қайта көкте ойнатқан. Осы сәтте оған Аңырық жай отындай атылды. Бөгенбай бұл жолы қалмақ батырының жаңа ғана өзіне қарсы жасаған айласын қайталады. Найзасын ортан белден қатты ұрды. Оның да найзасы сынбады. Осылай енді кімнің найзасының сабы беріктік танытады деп, өзара бөгде бір тайталасты тауып алысқанға ұқсады. Осы тайталас та тым ұзаққа созылғандай, жанкүйерлердің одан әрмен тақаттарын тауысты. Ия, мұндайда әрбір қас қағымның өзі жылдай ұзақ көрінетіні пешенеден белгілі. Тағы бір мезетте екі найза қайта сатыр-сұтыр етіп, додаға түсті. Аттардың төс қағыстыруы, маңдай түйістіруі жиіледі. Құлақтарын жымитып, олардың тіс салысуы енді анық байқалатын шаққа жетті. Тек жұрт назары одан гөрі көкте айқасқан қос найзаның жарқ-жұрқ шағылысына көбірек ауды. Болат сүңгілер бір-біріне қатты тигенде жел ұшырған алтын

түйіршіктеріндей от та шашырады. Оған күн сәулесінің жарқылы қосылып, әсем бір сурет құралады. Айнала жұрттың өңеш жыртылғанша айғайлауы екі найзаның сарт-сұртын есіттірмей жібергенде осы сурет қана ортадағы хикметтің қандай шырқау биікке көтерілгенінен хабар беретіндей. Бұл да бас-аяғы жоқ ұзақ көрініске айналды. Әредікте Бөгенбай мен Аңырық не өмір, не өлім дескен ата жаулар емес, бір-бірінің төбесінде әңгіртаяқ ойнатпақ ауыл арасының басбұзар тентектеріне де ұқсап кетеді. Сол жағын өздері де сезді білем, айнала тамашалаушыларға арнап, тың өнер ойлап таппақтай бір-бірінен күрт ажырап, алыстап кетті. Тағы да шырқ айналып,үлкен шеңбер бойымен біраз жүріс жасасты. Кенет аттарын кілт бұрысты бір-біріне оқтай атылды. Бұл жекпе-жектің өзі ең әуелгіде осындай оқтай атылудан басталған. Енді соны қайталап, бастапқы қимыл-әрекет түрлерін қайта сынақтан өткізуді жөн санағандай. Ия, Бөгенбай да, Аңырық та әккі сайыскерлер. Мұндайлықта қателікке орын жоқтығын ет пен терілері арқылы талай түйсініп, әбден саналарына сіңірген. Бір-бірінің тұсынан найза соғыстырып өтті де аттарын еркіне қоя бере алыстап барып, кері қайырылысқанда, тер аққан бетке жел соқтыра бір-біріне қарай қайта зуылдады. Міне, осындай сәттерде қазақ батырының да, қалмақ батырының да көз жанарларына түскен күш олардың қол-аяқтары жұмсаған тегеуріннен екі-үш мәрте зор шықты десе де өтірік емес. Қол-аяқтағы тегеурін деген не тәйірі, ол қашан да даяр тұрған ырзығың ғой. Ал мұндайда қос шыраққа түскен зіл, сол арқылы санада оянатын сезгірлік дегенің асқан даярлық, қырағылық, шапшаңдық атаулының қосындысы арқылы ғана елестей жылт етіп, ғайыпқа айналатын, көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын орны бөлек дүниелік. Оны сондай бір жылт еткен шағында ғана қағып әкетіп, одан да өткен жылдамдықпен кәдеге асыруың шарт. Одан өзгесі соғыс жағдайының ішкі заңдылығымен сыйыспайды. Осы аралықта Ескелді одан әрі мазасызданып, ұлы хан, бас сардар төңірегіндегілерге қарай алақтап, солардың көңіл-күй жағдайынан бір сыр ұшығын ұстағысы келді. Кенет ол маңнан мұның көзіне бірінші оттай басылған Сабалақ еді. Оның басында да дулыға, бір қолында ұзын шашақты найза, екінші қолында дөңгелек темір қалқан, астында түгі жылтыраған ұзын сары бесті ат. Кәдуілгі майданға сұранған жас жауынгердің барлық нышанын бір басына жиып-теріп алғаны алыстан адағайлайды. Қимыл-қозғалысы да шалт. Ескелді мойын бұрған шақта ол сары бестісін көп аттылардың арасымен жылыстата жетіп, бас сардар Әбілхайыр мен оның қасындағы Шақшақ Жәнібек Қошқарұлына қалқанды қолын сермей әлденені дәлелдей сөйледі. Әбілхайырдың қасында Шақшақ Жәнібектің тұратыны күні бұрынғы ұйғарым бойынша Бөгенбай жазатайым саптан шықса бас сардардың оң қолы атты лауазымды осы Жәнібек иеленуі тиіс. Бұлардың кескін-кейіптері Сабалақтың бұлайша өзеуреуі бірінші рет емес екенін тайға таңба басқандай айқындайды. Енді Сабалақ оларды тастап, жуан құрсақты қара айғыр мінген, кеудесінің ені мен ұзындығы бірдей дерлік, аса алып денелі Қаракерей Қабанбай мен оның қасындағы Саурық, Тайлақ батырларды айналшақтады. Бұлар да өтінішін қанағаттандырмағасын

одан әрі ұлы хан, ұлы билерді жағалауға көшті. Ескелдінің қырағы көзі Төле бидің Сабалаққа жаман қабақ танытқанын байқады. «Апырау, бұл Сабалақ оларға не деп қиылып жүр, ортадағы Бөгенбайды бері шақырып алып, орнына мені жібер дей ме, сықпытына қарасаң бұл кезде жасы он сегізге толған жас бағлан тап соны қалайтын сияқты, бірақ мына халден Бөгенбайды жұлып әкету мүмкін емес, ә, таптым, бұл Сабалақ екінші жекпе-жекке маған рұқсат етіңдер деп, алдын-ала соның әуселесімен аласұрып жүр» деген сөздерді Ескелді іштей күбірлеп тізіп шықты. Одан арғыға шама қайда, ортадағы екеудің текетіресі қайта назарын тартып әкетті. Жалайырдың жас биі біршама соғыстарға қатысқанмен мына дәрежедегі жекпе-жекті әлі көрмеген. Мұның көңіл-күйіне ауыр тиетіні де сондықтан, шамасы. Бұл қырқыстың басталғанына бір бие сауымындай уақыт өтті ме, жоқ, екі бие сауымындай уақыт өтті ме, тірі пенде ажыратып бере алмастай. Төбелеріндегі темір дулыға арқылы күн қызуы қысымға ала ма, жоқ, мына қырқыстың шектен тыс ауыр оқиғаға айналуы зілдей баса ма, қалайда айналадағы қыруар әскер де жермен-жексен болып бара жатты. Енді бір мезгілде Бөгенбай мен Аңырық өзара қайта найза салысты. Мұның алдында қарсыластың болат сүңгісін сондай болат сүңгімен қайтару әдісі белең алса енді сол қолдарындағы дөңгелек темір қалқандар көбірек жораға жүрді. Қарсыластың найзасына темір қалқанды тосып, екінші қолмен найзаны оның көкірегіне туралай қадайды. Бірақ оның да неше түрлі өрнек әшекейлеген дөңгелек темір жабдығы дап-дайын. Тарс-тұрс еткен дыбыстардан құлақ тұнады. Бұл да ұзаққа созылыңқырап, кенет сайыс барысында өзгеріс тудырардай оқыс оқиға болды. Бөгенбайдың найзасының сабы шарт сынбасы бар ма? Қазақтар шебінен «у-у-у» деген, қалмақтар шебінен «а-а-а» деген дауыстар аспан мен жердің арасын кернеді. Ия, бірініңүнжырғасы түскендей, екіншісінің аруағы асқандай. Тек Бөгенбай өз қандастарын ондай жағымсыз сәттің әсерінен тез айықтырды. Ол бір жанынан қошқардың басындай бар қайың шоқпарын жұлып алды. Сол мезгілде екі тараптан да көрген жанның көзін ағызып түсірердей тағы бір күтпеген жәйт жарқ етті. Қалмақ батыры Аңырық Бөгенбайдың найзасы сынып, оның орнына шоқпарын суырғанша бөгде бір шешім қабылдапүлгеріпті. Бөгенбайға көзінің астымен сүзіле бір қарады да өз найзасын ерінің алдыңғы қасына көлденең қойып, қақ бөліп сындырды. Сөйтті де онысын баршаға көрсете лақтырып, бұл да шоқпарын суырды. Ия, батырға батырша тіл қатты. Бөгенбай өз қарсыласына бедірейіп, сәл тіксініп қалғандай. Екі жақтағы жанкүйерлер ұлан-асыр айғай-шуды одан әрменүдетті. Дабыл мен дауылпаздар тіптен өршеленді. Енді Ескелдінің қасындағы Қабан жырау сабырсызданды: – Айтары жоқ, мынауың да нағыз ер екен. Бөгенбайға «сенің найзаң сынды, мен де найзамды сындырайын, сенен артық ешбір құралым болмасын, шайқас екеумізүшін де тең жағдайда өтсін» деп тұр ғой. – Тап солай, жырау аға! Нағыз батырлар қайда десем осында екен ғой! – Ескелді осыны айтты да кенет өз тобындағылардың ішіндегі Құлжан батыр есіне түсіп, соған әдейілеп бұрыла зер салды. Құлжан да би назарын дәл

түсініп, өзіндегі ішкі наразылықты айқара ашты. Мұның бет-пішінінде «шабуы жетпей кетілдік қой біз» деген жазу ап-айқын сайрап тұр еді. Ортадағы аласапыран мұның да іштегі отына еселеп май құйған екен. Бөгенбай мен Аңырық енді өзара шоқпар салысқанға дейінгі аралықта Ескелді бас сардар мен оның төңірегіндегілерге тағы бір мәрте елең етті. О құдай, о аруақ! Тап осы мезгілде әнеукүнгі бір ғажайып жалайыр биінің көзіне қайтадан қылаң етті. Үш жүзге ортақ аса жоғары лауазымдылар, есімдері алты алашқа әйгілі ығай мен сығайлар әлденеден қаздай тізіле қапты. Сірә, ортадағы түсініксіз оқиғалар бұларды өстіп жұлқып алға шығарса керек. Ескелдінің бірауық соларға көзі сүрініп еді. Кенет олардың ар жағынан көкке шапшыған бір тұлпар аттың қос құлағы, шоқ кекілі, әрі оған мінген жауынгердің дулығасы шалынды. Тұлпар ат бір емес, бірнеше мәрте аспанға шапшыды. Сөйтсе ол жаңағы Сабалақтың сары бестісі екен. Ескелді Сабалақтың өзін де шалып қалды. Сондағы ғажайыбы не дейсіз ғой?! Сары бесті аспанға шапшып, Сабалақтың өзі қоса көрінгенде оның төбесінен аппақ қанатты құс сияқты бірдеме тағы да ағараң етті. Өзінің игі жақсылардың тасасында қалғанына көндіккісі келмей әлдекімдерге белгі бергені сияқты. «Е, құдайым, оң пиғылыңа баса гөр». Ескелдінің осы мезетте іштей оқыған дұғасы осы. Енді ортада қайың шоқпарлар сарт-сұрты құлақ жарды. Найза әлгі ұшындағы болат сүңгісі демесең кәдуілгі қу таяқ. Ал мынау дегенің қайың ағаштың діңінен бұтақ бөлініп шығатын тұсындағы безін қошқар басындай етіп бөлек ойып алған тастай қатты неме ғой. Тастай ауырлығы жоқ, есесіне сондай қаттылығы бар. Әсіресе, ол темір қалқанға тарс тигенде білінеді екен. Қалқанды ғана емес, соны тосқан құрыштай қолдың өзін сүйек-саяғымен қоса езіп жібере жаздайды. Шоқпар сілтескендер ең алдымен өз қарсыласының басын, иығын нысанаға алады. Егер солардың біріне дөп тигізсе қарсыластың саудасы бітіп жатыр. Тіпті біржола бітпегенмен сілтеушінің біраз жүгі жеңілдейді. Ал осы жеңілдік оған қосымша мүмкіндікті және береді. Сол жағын айқын түсінген сайыскерлер ең алдымен сақтық, қорғаныс мәселесін бірінші кезекке қояды. Сосын да шоқпар ұстағандардың жекпе-жегі тіптен ұзаққа созылатын нышан танытты. Бірақ қалайда адам мен олар мінген жануар ет пен сүйектен жаратылғандар ғой, мұндайлықта мәңгілікке шыдас берері жоқ. Міне, Бөгенбай шоқпарын жойдасыз күшпен қатты сілтеді. Оны темір қалқанмен тосқан Аңырық ат-матымен шайқалып кетті. Енді сондай ұрысты қалмақ батыры қайталауы тиіс еді, қазақ батыры жалтарыпүлгерді. Қайта тарс-тұрс. Шоқпар қалайда ағаш қой, тек сілтеушінің мықтылығынан сол ағаш-екеш ағаштың өзінен от шығатынға ұқсады. Анық солай ма, жоқ, оларды қызықтаушылардың көздері талып, шықтанып, сол шыққа көкте шақырайған күн сәулесінің шашырандылары тиіп, от ұшқындарына ұқсай ма, әйтеуір тағаты таусылған жанкүйерлердің бір қыдыруына солай көрінді. Міне, Бөгенбай басқа-көзге қарамай шоқпардыүсті-үстіне сілтеді. Аңырық та солай. Жекпе-жектің шырқау шегіне жеткені анық. Екі алыптың тегеурініне шыдамай жамбыгер мен текежәуміт бедеу тірсектері дірілдей қара жерге тұяқтарын қадаған сайын сол қара жердің өзі қозғалып кетердей

әсер қалдырады. Әлде қозғалып та кетті ме екен? Бөгенбай қанша ұмсынғанмен оның шоқпарын Аңырық тазкепешке ұқсаған жатаған дулығасына, не темір сауытты иығына дарытпады. Әрі оған тойтарыс беріп қана қоймай қазақ батырының да басы мен иығын өз шоқпарымен жайқайды. Ара-тұра бұл екеуінен нағыз ажал соққысы пышақ қырындай ғана қашықтықтан ысылдап өтетіндей. Екеудің шоқпар сілтесі тіптен жиіледі. Осы қарқынмен жекпе-жекті тамамдайық деп өзара уәделескендей-ақ өздерін де, аттарын да аямай ал салғыласты-ау. Кенет... Ия, мұндайда бәрі кенеттен ғой. Қалмақ батыры Аңырық мінген текежәуміт қамшылар жақ жамбасымен отыра кетердей шойнаң етіп, епетейсіз қимыл жасады. Көздері жұмылып, қайшыланған қос құлағы да қамысша иіліп кетті. Тез бой түзеп алғандай көрінгенмен қайтып жүріс түзей алмай қалғаны ілезде анықталды. Себебі, Аңырық тағы бір тебінгенде текежәуміт оң жақ артқы аяғымен ақсай басты. Міне, сол шақта қазақтар шебінен ұрандаған дауыс зеңгір көктің өзін қақыратып жерге түсірердей мәреге жетті. Міне, Бөгенбайдың бағы жанды деген сөз. Жекпежекте қайсысының аты мертіксе соның өлім құшатыны ежелден мәлім. Себебі, түздіктер атүсті шайқасқа ғана кәнігі. Ат жүрісі оның қимылы да, қорғанысы да, шабуылы да. Егер ат жүрістен қалса түз жауынгері ескексіз қайықшының бейшаралығына душар болады. Оны екінші жауынгер жас баланың басындағы бөркін қаққандай-ақ оңайлықпен ұрып түсіреді. Ал ондай мүмкіндікті құр жіберетін Бөгенбай ма? Бұдан арғысы екі шептегілерге де оп-оңай шешілетінге ұқсады. Енді тек соны күтісті. Кенет... Ия, тағы да кенет! Көргенге көз сенбес тағы бір оқыс оқиға айнала көпті ақылынан алжастырардай айқындықпен тап екі ортадан ойып орын алды. Аңырық шойнаңдай басқан атын кері бұрып, Бөгенбайдан алыстай тізгін тартты. Барысша атылатын Бөгенбайға тап осы әредікте оны ашық қалған көк желкеден ұрып құлатудың түк те қиындығы жоқ. Әттең оған Бөгенбай бармады. Бұл да жамбыгердің ауыздығын кере тізгін тартып, бір орында қаққан қазықтай серейді. – Соқ! Пер жақсылап! – Ұр көк желкеден! Қуыршақ құдайымен тезірек қауышсын! – Аяма нәлетті! Қаусат! – Уә! Уә! – Апырау, мына Бөгенбайдың қолы қарысты ма? Тапжылмайды ғой! Көк соққы тиді ме? – Есеңгірегендей ғой бір түрлі! – десіп, шегіне жете алабұртқан қазақтардың айғай-шуы неше құбыла аңдыздады-ау келіп. Бөгенбай сонда да былқ етпеді. Бұл Аңырыққа қадалса Аңырық бұған қадалды. Жылға бергісіз ауыр сәтті өткеріп барып қана Аңырық екінші мәрте кері бұрылып, шойнаңдай, артқы аяғын әрең басқан атыныңүстінде өз қандастарына беттеді. Бөгенбай да соның қылығына басты. Бұл да өз қандастарына қарай жамбыгердің басын түзеді. Екі шептен де ешнәрсенің байыбына бармай өрекпіген жұрттың айқай-шуы бірін-бірі басып-жанши одан әрі өршіді.

Ия, бұл жолы Бөгенбай өз тарапынан батырға батырша тіл қатып еді. Жаңа ғана мұның найзасы сынғанда қалмақ батыры «өзімүшін тиімді жағдайды пайдаланып, арзан жеңіске жеткім жоқ» деп, ол да найзасын ердің алдыңғы қасына қойып, қақ бөліп лақтырмап па еді? Ол ұмытылатын мәрттік пе? Неге бұл қарсыласының аты мертіккенде өз жағдайының басымдығын кәдеге жаратып, оны көк желкеден қондыруы керек? Жоқ, ол Бөгенбайдай бір туар кесек тұлғаға абырой әпермейді. Ондай оңай нәпақаға Бөгенбайды ары жібермеді. Бұл қазақ батыры мол бітімді, еңгезердей адам, ақ қылшық аралас сүйрік сақалы мен тырсиған бет-жүзінде де қайрат атаулы тұнып тұр. Ал Аңырық керісінше жіңішкелеу сұңғақ денелі неме екен. Оның солай екенін Бөгенбай осы ең соңғы қарасында ғана байқап, «апырай, қушықтай денеге осыншама күш-қуат қалай сыйып тұр» деп, таңырқағаны және бар. Әрі бұған арзан жеңісті қаламас еңсесі биік, ерні салпылығын қос. Нағыз ердің ері, егеудің сынығы. Бұған жалғас «сен екеумізді бітіспес жау еткен қай құдай» деген ой да басқа ұрғандай. Ия, құдайдың осы бір күнінде, Шоқпардың көгалды төсінде бұлайша айқасқан Бөгенбай мен Аңырық бір-бірін осылай таныды, әрі өздерін өзгелерге де тың қырынан танытты. Осыншама жойдасыз ауыр тайталаста найза сынды, ат мертікті, басқа да қаруларының күйі кетті, тек өз бастарының бір тал түгі де қисаймаған қалпында. Бөгенбайды Әбілхайыр өзі аттан түсіп, жаяулай қарсы алды. Бөгенбай да ерүстінен төңкеріле құлап, жерге сирек тиетін қос аяғын әрең басып, оған қарай шайқатыла қозғалды. Екеуі құшақтасқанда ұлы хан, ұлы билер, бас сардар төңірегіндегілер ғана емес, алғашқы қоян-қолтық соғысқа деп, Қаракерей Қабанбай батыр әзірлеген мың қаралы шеріктің бас-аяғы тегіс өңештерін кере жер-дүниені бастарына көтерді. Ара-тұра, әсіресе, мына алдағыүлкендер арасынан түсінбестік рай да қазан-ошақ сылдырына ұқсап, кәңгір-күңгір етті. Ал Әбілхайыр ондай аттыға қыңатын емес, ол Бөгенбайды жаумен итжығыс түскендей емес, қабырғасын күйретіп, айқын жеңіспен оралғандай-ақ марапаттауға пейіл берді. Ия, Бөгенбайдың мына жекпе-жегі сөз жоқ бүкіл қазақ қолының отына май құйды. Орта жүз сардары Қаракерей Қабанбай бірінші кезекке деген алғашқы мыңдықтың ғана емес, сол арқылы одан әрідегі талай мыңдықтың кеудедегі жалынын оятатынүлгілі іске айналды. Енді қашып құтылмас алдағыүлкен қырғынның оң нәтижесіүшін сонау Ордабасыда алла атымен ант берген Әбілхайырға ең керегі осы! Тап осы тақілеттес оқиға қарсы шепте де орын алды. Сары-Манжының да Аңырықты жаяулай қарсы алғанын өткір көзді түз қазақтары көріп тұрды. Өз дұшпанының тісін бірінші сындыруды олардың да мықтап мақсат тұтқаны ешқандай боямасыз, ап-анық. Тек оларда жай марапаттау емес, саусақтарын көкке шошаңдатып, сөз алмасып, әлденені қызу талқыға салу жағы басым. Оның сырын да қазақтар тап басып ажыратты. Сірә, олар қазақтың мына жекпе-жекке шыққан батыры қатардағы көп сайыскердің бірі емес, өткен жылдардағы, Жоңғарияның бұрынғы қонтайшысы Сыбан Рабтанның заманындағы соғыстардан мәлім, сол соғыстардағы бас сардар,

тарлан қолбасшы Бөгенбай екенін бір-бірінің көздерін шұқи ежіктесуде. Бөгенбайды танудың оларға түк те қиындығы жоқ, себебі, Сары-Манжының төңірегінде тап қазір әртүрлі дәрежедегі қолбасылар, зайсандар, сұмдықтың суын ұрттаған кеңесшілер ғана емес, дәруіш, қайыршы, сопы кейпіне еніп, қазақ ішін жылдар бойы аралаған қақсал жансыздардың жиырма-отызы сықасуда. «Біз ойлағанды қазақтар да ойлаған» деп, олар бір ауыздан жамырасты. «Бөгенбай сынды әккі жырындының бірінші шығуы қазақтардың да алғашқы абыройды қағып әкетуге барынша дәмеленгенін дәлелдейді». – Бірақ олар өз мақсаттарына жете алған жоқ! – деп, Сары-Манжы ол шуылдақтарға бірден тойтарыс берді. Әбілхайырдан сәл басқаша түсініктегі қалмақ нояндары осылай масаттанып, Аңырықтың бүкіл қазақтың сайыпқыраны Бөгенбаймен тең түскеніне әзірге тәуба десіп, тез екінші кезектің әуселесіне көшті. Сары-Манжы етпеттеп арқасын тосқан қызметшіоққағардың арқасына аяғын салып, ақбозына тез мінді де мана жекпе-жек басталарда ортада ойқастаған елу қаралыны қайта сүзекіден өткізді. Бас қолбасының тасбақаны еске саларлық болмысына, сорайған басына ауыр күш түскенін пайымдаған оншақты кіші қолбасы, зайсан, кеңесші атаулылар оның төңірегінде сәйгүліктерін орағыта шырқүйіріліп, әрқайсысы таңдайлары тақылдап, өз қалауларын атады. Ия, қалыптасқан жағдайда екінші жекпе-жекке елу қаралының қайсысы лайық, соны білдірісті. Оның бәрін Сары-Манжы ой елегінен өткізіп, өз ішкі сарайындағы қыл пернелерді қоса басып, соныңүніне де құлақ тосты. Ақыры ол Ботхишар атты батырды атады. Ботхишар атын ойнақшытып, найзасын шошаңдатып, екі ортада бой көрсеткенде қазақтар шебінде әлі де гу-гу басылмап еді. Мұнда екінші кезекте кім бөлінеді, сол шешіле қоймаған. Әркім әр батырдың ныспысын жаңғыртып, айналаны азан-қазан етті. – Олжабай батыр! – Шапырашты Наурызбай батыр! – Сіргелі Қара Тілеукенің жолы деп ойлаймын! – Қарасай батырдың ұрпағы Жәпек батыр тап қазір тау суындай тасқындап тұр! Қайтсе де бір мықтының қабырғасын қаусатады! – Қаракесек Қарабек батыр шықсын! – Тарақты Тоғай батыр! – Ана Қоқ батыр сіздер іріктегендердің ішінде жоқ, өзі сұранып тұр! Нағыз қара күштің иесі сол! Соған рұқсат берілсе екен! – Анау Сабалақтың да жұлқынуы жаман ғой! Осылай көп батырлардың есімдері әуеде қалықтады. Ал Әбілхайыр әзірге жақ ашпай баршасын көзінің астымен бағып, аппақ арғымақ аттың жалын тізгіннен бос оң қолымен сыйпалай берді. Бұл кесікті сөзін бірден айтпай мынадай улыған-шулығанға өріс беруінің де өз себебі бар. Алғашқы жекпе-жектер қалай аяқталады, ол жағын алдын-ала болжау мүмкін емес, сосын да қай батырдан соң қай батырға кезек беріледі, ол осы алғашқы жекпе-жектердің нәтижелеріне орай шешіліп отырмақ, бұл ретте бас сардар

Әбілхайыр өзгелердің де ақыл-кеңесіне арқа сүйейді. Міне, осындай ұйғарым баршасына алдын-ала жеткізілген де. Сосын да әркім өз таңдауларын айқайлатпай қайтсін? Тек Әбілхайыр бәрінен де әрірекүңілген екен: – Мана әу дегендеүлкен атаның ұлы биі Алтын Жәкем кімді атады? Бірақ ол жолы Төле ағаның еркінен сәл өзгешелеу шешім қабылдадым! Әр соғыстың өз бет-бейнесі,үлкен-кіші дейтіндей өз аумағы бар, мен сол бетбейнесі мен аумағын саралай, мөлшерлей келе құлағыма ескі аруақтар сыбырлағандай бөлек ыңғайға жығылдым! Қанжығалы Бөгенбай батырдың бірінші кезекке қойылуы сол ыңғайға сай еді. Аллаға шүкір, ол шешіміміз теріс емес екен! Ал ендігіде ұлы атаның,үйсін атаның ұраны – Алтын Жәкемнің қалауын жерде қалдырарым жоқ! Екінші кезекте Шапырашты Сатай батырдың немересі Бөлек батырға ақ жол тілейік! Бас сардар сөзін тауысты ма, жоқ па, шабдар жорға мінген Бөлек те ортаға қарай бірден атылды. Қалмақ батыры Ботхишар екеуінің шайқасы ақай-тоқайсыз сарт-сұрт оқыс басталды да көз ілеспес шапшаңдықпен шиеленіс шегіне жетті. Бөгенбайдай шау тартқан емес, небәрі жиырма жастағы, әрі көктен ұрған жасындай шалт қимылды Бөлек өз қарсыласын ес жиғызбай қас пен көздің арасында жусатып салуды көздегендей. Тек Ботхишар да іздегенге сұрағанның өзі екен. Қазақ батыры Бөлек найзасын жерге қадап қойып, өзіне шоқпар ала ұмтылғанда бұл да соның істегенін қайталапүлгерді. Ия, бұлар алғашқыда шоқпармен салысты. Бөлектің басында жиегі ою-өрнекке толы, маңдайшасына гаућар тас орнатылған дөңгелек мыс дулыға. Гаућар тас әлсін-әлсін күн көзіне шағылысып, көз қарықтырар аппақ сәуле шашады. Дулығасының төбесі де өзгелердікінен алабөтендеу, төңкерілген кеседей жапсырылған екінші бөлігі қоса бар. Сол екінші бөліктіңүстіне темір түтікше қадалған. Темір түтікшеден қоқиқаз қанат, құйрығының төрт-бес тал қауырсыны желп-желп етеді. Мойнында тор көзді сауытүстінен кигізілген, әдеттегі киімдердің жағалығына ұқсаған оққағар жалбағайы1 бар. Күнге күйген жұқа өңіндегі тебіндеген сақал-мұрты әрең көрінгенмен екі бетінің ұшындағы ымырасыздық белгісі соқырға таяқ ұстатқандай айқын. Әрбір қозғалысы сайын өзге нышандарынан гөрі сол ымырасыздық белгісі мен мұндалап, батырдың ішкі тегеурінін паш еткендей. Бөлектің көз ілеспес ерек қимылмен қабат атүсті соғыста да, әртүрлі ойындарда да дес берместік, қатар шапқан аттардың бірінен екіншісіне ауысып мінерлік, не олардың бауырынан өтерлік, қуғыншыны теріс қарап-ақ садақ тартып, не найза сілтеп құлатарлық өнерлері бар еді. Астындағы шабдар жорғасы да иесінің ыңғайын тануға дағдыланған қамшы салдырмас жануар. Міне, қазір де Бөлек осы малының көмегімен аталмыш өнерлерінің қайсысы оң жамбасына келсе соны қапысыз пайдаланудың қамында. Шоқпар сілтескен алғашқы беттесуде оның орайы қара көрсетпеді. Тек қара күшке ғана жасыл көше ашылды. Өзара одан ұтыс таппаған соң Ботхишар Бөлекті найза сілтесуге шақырды. Енді найзалардың болат сүңгілері көкте ойнап шақ-шұқ етті. Бір мезет Ботхишардың найзасы ұшып түсті. Ол дереу қылышын суырды. Бөлек те қылышқа қарсы қылышпен барды. Ботхишар

қылыш ұстаудың асқан шебері еді. Ол сәл басымдық ала бастағанда ерүстіндегі Бөлек жым-жылас жоғалды. Әрі шабдар жорға да иесінің кезекті айласын дәл түсінгендей Ботхишардың ту сыртынан ойқастап шыға келді. Сол мезет ат бауырынан көтеріле берген Бөлек Ботхишарды дәл тізеден ұрды. Қалмақ батырының бір сәт есі ауып қыбырсыз қалды. Ондайды құр жіберетін Бөлек пе, ерүстіне түзеліп отырыпүлгерген ол болат семсерді бар пәрменімен қайта сілтеді. Ботхишар ат жалын құша құлады. Сөйтіп, осы қақтығыстың беташарында қалмақтың қанын бірінші шашқан Шапырашты Сатай батырдың немересі Бөлек еді. Кейбір аңыздарда алғашқы жекпе-жекке Бөгенбай емес, Бөлек шығыпты делінетіні содан, шамасы. Бұл Бөлек қазақ тарихындаүлкен із қалдырған саңлақтардың бірі. Осыдан жиырма жылдай кейін, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманының соңына таман сонау Алакөл маңындағы тағы бір шайқаста осы Бөлек батыр ерлікпен қаза тапқанда сол кездің бір ақыны: Дүние қарап тұрсам дөп-дөңгелек Тауарих шын болмаса неге керек? Жүз жылға Жетісуды алып берген Дүниеден өтіп кетті-ау қайран Бөлек, – деген өлең де шығарған еді. Бас сардар Әбілхайырүшінші кезекке сайлаған адамын ай-шайға қаратпай тез шығарды. Қалмақтар Ботхишар өлімінен соң ес жиыпүлгермей оған сес көрсетудің де пайдасы жоқ емес. Үшіншілікке бөлінген Олжабай батыр ортада ойқастағанда қалмақтар Ботхишардың өлігін өз шебіне жеткізіп те болған жоқ. Алайда қу да тақыс Сары-Манжы қазақтардың бұл асығыстығын дәл бағалап, өз сайыскерлеріне қарай саусақ шошайтты. Олардың арасынан Жаданба атты батыр қара жал, торы атын аспанға шапшыта шырқүйірілді де Олжабайға қарай зуылдады-ау келіп. Жеткен бойда Олжабайды бір айналып өтіп, жаңа ғана қазақ батыры Бөлек Ботхишарды қандай тездікпен құлатса бұл да соның пәрменін қайталамақтай дереу найзасын көтеріп, атының басын соған қарай қайта түзеді. Олжабайдың мінгені өзіне біраздан сыралғы сүйекті қарагер ат еді. Бұл да иесінің ішкі ойын айтқызбай танитын есті жануар. Бірінші қарқында қазақ батыры Жаданбамен найза айқастырған жоқ. Оның алғашқы шүйілуінен жалтарып кетті. Орта бойлы, жауырынды, төртбақ жаратылған Олжабай ерүстінде әлдебір шомбал қараға ұқсайды. Дулығасының маңдайды қақ бөлген тік қазықшасы бар. Сол қазықшаның екі жағынан Жаданбаға қадалған көздер оның әлдебір айла ойластырғанын байқатқандай. Енді екі сайыскер астарындағы жануарларының аяғымен лай айдағандайүлкен шеңбер бойымен айнала берді. Найза емес, көз сайысы басталды. Жаданба бет сүйегі шодырайған арық өңді екен. Қос жанары қорғасын оқтай өңменіңнен өтетін аса қайратты. Демек көз сайысы қалмақ батырына пайда әперетін кезең. Сосын да бұл оны бұзбай ұзаққа созбақ. Тек қазақ батырының күрт шабуылы бұрқ еткенде ғана денесінің басқа мүшелеріне «әйт-шүу» демек. Кенет найза сайысы басталды. Шақ-шақ қаржасқан болат сүңгілер кейде әуеде қақтығысқан әлдебір жабайы құстарға ұқсап кетеді. Ағаш

саптары да бір-біріне сарт-сұрт тиіп, сол болат сүңгілерге жетерлік дыбыс таратады. Ал болат сүңгілер темір қалқанға барып ұрынса таудан тас құлағандай дүңк етеді. Осы қақтығыстағы ең жағымсыз дыбыс та осы сияқты. Жаданба енді қатты асығатын сияқты. Жаңағы Ботхишардың сәтсіздігінен соңүнжырғасы түскен қалмақ шеріктерінің тез рухын көтеру қажеттігін Сары-Манжы бұған ұқтырыпүлгергені анық. Тіпті ол жағын Жаданбаның өзінің де пайымдай аларлық шамасы бар. Найзасын ойната жүріп, бұл көздерімен Олжабайдың көздерін де атады. Сөйтіп, оның назарын бұра тартып әкетіп, тап жанды жерден найзаның қос қырлыүшкір ұшын қорс еткізбек. Тек Олжабай жасы небәрі он сегізде болғанмен мұндай тайталастың біршамасын бастан өткеріпүлгерген. Бұл өзі арғынның Сүйіндік тайпасындағы атақты Айдабол бидің немересі еді. Айдабол көп әйел алған, оның әрқайсысынан туған ұлдарының өзі бірнеше ауылды құрапүлгерген жан-жақты адам. Байлық жөнінде де кенделігі жоқ. Сосын да ма Олжабайдың әке-шешесінің қосылуының өзіүлкен бір аңызға арқау болған. Әуел баста Айдабол биүйсіндегі Қаратай батырдың қасиетін танып, оның кішкентай қызы Есенбикені бәйбішесінен туған кенжесі Кенжеқозыға атастырады. Тек Кенжеқозы жастай өліп, Есенбике әкесініңүйінде оң жақта отырып қалады. Айдабол би Есенбикенің ес тандырар көркі бар қыз екенін көріп, оны кіші тоқалынан туған ұлы Тайкелтірге әпермекке ниеттенеді. Мұны естігенде Айдаболдың бәйбішеден туғанүлкен ұлы Жанқозы ертоқымын баурына алып тулайды. Ол замандарда бәйбішеден туғандар бір төбе, тоқалдан туғандар бір төбе, өзара таласып, тақасып, қырғиқабақ жүретіндері және бар. Жанқозы «жол біздікі, Есенбикені өзіммен шешесі бір Малқозының баласы Толыбайға әперемін» деп, әке рұқсатынсыз Қаратай батырдың аулына қол жиып келеді. Бұған Қаратай батыр шарт ашуланады: «Немене, шапқалы келдің бе, шабыссаң тұрысатын жеріңді айт, әйтпесе, әскеріңді қайтар, құда ретінде жол-жоралғымен кел» дейді. Жанқозы бұған көнеді. Сөйтіп, Есенбике Толыбайға ұзатылады. Ал сәл кейінірек басталған соғыс бұлардың да ортасын ту-талақай етеді. Қалмақ шабуылының алғашқы кезеңінде-ақ Айдаболдың бірнеше баласы, немересі тұтқындалып, Жоңғария байтақысына қарай қол-аяқтары кісендеулі кетеді. Ал Толыбай алғашқы қақтығыста-ақ ауыр жараланып, кешікпей көз жұмады. Енді не істемек керек? Есенбике амал жоқ, ол кезде небәрі он екі жасар Олжабайды өз әкесіүйсін Қаратай батырға береді. Бұл Қаратай Олжабайды әлі бұғанасы қатпаса да соғыс өнеріне баулиды. Анау-мынау ұсақ соғыстарға да қатыстырады. Тіпті бірде Олжабай Қаратай батырдың туын ұстап, қарсы беттегі қалмақ тушысын атып құлатады. Қаратай жаужүрек батыр ғана емес, сөзге ұтқыр, шешен де шежіре кісі еді. Ол Олжабайды қару ұстауға ғана емес, қазақ-қалмақ арасындағы кикілжіңдердің неше заманғы тарихына да қандырады. Әрі нағашы атасы әр кез Олжабайдың ықыласын барынша оятып:

– Шүршіттер мен сібір жұртынан көп тәлім алған қалмақтардан есе қайтарамын десең құр қызуқандылық, лепірме сөз, кеуде қағатын мінез жолдастыққа жарамайды, ең абзалы күш-қуат, айла, шапшаңдық, сақтық, сабырлы ақыл, бас біріктіру, – дегендіүнемі құлағына құяды. Сол кәрі тарланның уағызы, әрі мына шұбырындының алғашқы пәрменінде-ақ атасы Айдаболдан туған біраз аға туыстарының тұтқындалуы, ең бастысы өз әкесі Толыбайдың оққа ұшуы Олжабайдың көкірегінде қалмаққа деген өшпенділікті қара қан етіп қатырған. Сосын да бұл мына шайқасқа бір күн ғана дайындалып кіре салған жасқа жатпайды. Сосын да бұл Жаданбаның өзін көзбен атқандағы мақсатын дәл түсініп, найза, қалқан, қарагер аттың тізгіні –үшеуін ептілікпен қозғап, әрі қарсыластың осал жері қай тұстан жылт етер екен деп, асқан қырағылықпен қоса бақты. Міне, бір мезет найза сайысы керемет шапшаңдықпен өрбіді. Тіпті найза ғана емес аттардың алдыңғы сауырлары да қақтығысты. Иелерінің бірбіріне қас дұшпан екенін сезген қарагер мен торыат құлақтарын жымитып, тістерін жалаңаштап, бір-бірін шайнап тастауға екіленгендей. Тек оған қыр арқаларында ор қояндай орғыған иелері мұрша берер емес. Найзаны бар қуатын жұмсай сілтегенде олардың салмағы екі-үш есе артып, бұлар аяқтарын шайқақтай басып, әрең төтеп береді. Тағы бір қарқында көкте шағылысқан болат сүңгілер от шашып, жекпежек өзінің шырқау биігіне көтерілгенде қалай екені белгісіз Жаданба аттың артқы сауыры арқылы сыпырылып, жерге ұшып түсті. Құлаған жоқ, қалай лақтырсаң да жерге төрт аяғымен түсетін мысық сияқтанып бұл да екі аяғымен дік етті. Міне, Олжабайүшін ең қолайлы кезең енді туды. Аттылы жаяуды оп-оңай-ақ сылқитады. Бірақ алғашқы жекпе-жекте Қанжығалы Бөгенбай мен Аңырық қалдырғанүрдіс, сара жол бар емес пе, соны ескеріп, Олжабай тізгін тартты. Бірақ қалмақ батыры қазақ батырынан ондай рахымшылықты күтпесе керек, тұрған орнынан ерүстіндегі қарсыласына қарай найзасын жойдасыз күшпен лақтырды. Кейде жақыннан гөрі өстіп алыстан жолдаған найза дегенің қалқан-малқаныңды тесіп өтіп, кеудеге кірш етеді. Алайда, Олжабайдың нағашы атасы Қаратай атақты Дархан ұстаға арнайы соқтырған қалқанды Жаданбаның осылай алыстан сілтеген найзасы да тесіп өтпеді. Қалқанын тоса қойыпүлгерген Олжабай жау найзасының сабын ердің алдыңғы қасына қойып қақ бөліп тастады да оған қарсы әлі де шаппай тізгінін тартып, мелшиіп тұра берді. Мәселенің байыбына сонда ғана барған Жаданба торысына қайта мініп, шоқпарын көтерді. Міне, осы шоқпар сайысында көп ұзамай Олжабайдың бағы жанды. Ол шоқпарын қарсыласының құлақ-шекесіне дөп тигізіп, бас сүйегін күл-парша етті. Естүссіз ерүстінен ауған оның торысын тізгінінен іліп алып, бұл өз қандастарына қарай бүлк-бүлк желгенде қазақтар тарапынан көтерілген айғай-шудан жер-ана кіндігінен тайып кете жаздады. Уілдеген, аңыраған дауыстар қалмақ жақта да бұдан кем емес еді. Ия, осы майдан даласында екінші мәрте қалмақ қанының төгілуі қазақтар шебін тіптен қанаттандырды. Әрі олар жай қалмақтар емес, құлжа асығындай ең таңдаулы батырлары ғой. Әттең, тап осы әредікте Орта жүз

қолының бас сардары Қаракерей Қабанбай батыр алғашқы пәрменге әзірлеген мыңдық соғысқа кірер ме еді? Өйткен күнде мұншама рухы көтерілген қазақтар бірінші кезекте қайтсе де басымдық танытар еді. Бірақ олай болмады. Бұл соғыс қарсаңында қазақ қолбасылары жекпе-жекке жиырма алты батырды әзірлеген еді, ал қалмақтар жағында ондайлар бұдан да көп көрінді. Тек бұдан кейінгіде қалмақтардың аруағы күрт аспандады. Келесі жекпе-жектерде қазақтыңүш бірдей батыры өлім құшты. Олар Қоңқай және есімдері ел есінде қалмаған тағы екеу. Бұларды құлатқандар Шарыш, Долаңқара, Сахиян дегендер. Бұлүшеуі де әлдеқандай жағдайда керек деп, Сары-Манжының соңғы сағаттарға сары майдай сақтап отырғаны еді. Тек Ботхишар мен Жаданбаның қабат жер жастануы Сары-Манжыны ол ыңғайдан бас тартуға мәжбүр етті. Таразының қалмақтар жақ басын күрт ауырлату қажеттігі туды. Шарыш, Долаңқара, Сахиян –үшеуі бас қолбасының олүмітін толық ақтады. Бұл соңғы жекпе-жектердің бір алабөтендігі Шарыштың сайысы еді. Ол өз қарсыласын ешқандай күш жұмсамастан-ақ көз ілеспес шапшаңдықпен ұрып жықты да кете барды. Қазақ пен қалмақтың осы беташар текетіресіндегі ең тез аяқталғаны да осытұғын. Қалдан-Сереннің күйеу баласы, айтулы қолбасы, жақында ғана Қытаймен екі арадағы әскер қосындарынан осында алдырылған Шарышүшін бұл сөз жоқ айтып жеткізгісіз абырой. Жауын күйретіп, өз қандастарының шебіне жеткендегі бұған көрсетілген құрмет, әрі осы көрініс қазақтарға да толық шалынсын деп, мұның өзінің де ары-бері қойқаңдап жүріп алуы ол жөнінде титтей де күмән қалдырмады. Қазақтарүшін қиын кезең енді туды. Әбілхайыр бірауық ұлы хан Болат төңірегіндегілерге алақтап, ендігі сәтсіздіктерге ортақтастырмақтай дулығалы басын соларға қарай бұрғыштады. Болат хан, Төле, Қазыбек, Ақсуат сынды билердің де халі аса мәз емес. Манағы жекпе-жектен енді ғана қалпына келіпүлгерген Қанжығалы Бөгенбай, алшын Есет, шақшақ Жәнібек, ошақты Саңырық, албан Хангелді бас сардарды өзімен-өзін қалдырып, әлдебір құпия мәселемен оңашада тәжікелесуге көшкендей. Әрине, бұлардікі ендігіде кім шығады дегеннің төңірегіндегі күйбең, бас шағу ғой, тек сырт ажарлары базардағы саудаласқан бесеуге қатты ұқсап кетті. Ия, бұлардың да шеке тамырларына күш түсті. Бес қасқа ақылға ақыл қосып, бас сардарға ұсыныс жасаудың қам-қарекетіне біржола бой алдырған. Осындай хал Қаракерей Қабанбай, Саурық, Тайлақ батырларды да ауыз жаластырып жібергендей. Оларды айналшақтай ойқастаған Болат ханның баласы Әбілмәмбеттің де төбесі оқтын-оқтын шалынады. Ал әлгі Сәмеке хан, Барақ сұлтан, Батыр сұлтан сияқтылар өзінше бір шоғыр. Бәрінің араларынан бір құйын жүгіріп өтіп, күллі қазақтың хан-сұлтандарын, ханзада-бекзадаларын, қолбасыларын ұйқы-тұйқы етіп кеткендей. Осының бәрін тапжылмай баққан Ескелді қайта зар иледі: – Қап, құдайым-ай, мынадай абдырасуды көріп, бір орында шегенделгенше анау ортада өлгенім әлдеқайда жеңіл еді ғой. Би деген атақ аяқ-қолға кісен екен ғой. Бырт-быртүзіп, сындырсамшы оны!

Қабан жырау бұл жолы оған басу айтпай назарды басқаға аударды: – Апырай, мына Сабалақты неге бәрі бірдей шетқақпайлай береді? Қарашы, бір топтан екінші топқа өтіп, өлердей жалбарынып жүр. – Жыраудың тап осы таңқалысынан жалайыр биінің санасына бөгде бір ойдың сәулесі құйылғандай. Оның не ой екенін жыраумен бөлісіп теүлгермеді, Қаракерей Қабанбай батырдың орнынан қозғалып беруі мұның көздерін жұлқи тартты. Бұл Орта жүз сардары Әбілхайырға ат тұмсығын түйістіре жақындап, Көкжарлы Көкжал Барақ дегенді атаған. Алпауыт Қабанбайдың бүкіл денесі қанша салмақ тартса сөздері де сондай зіл қара тас. Әбілхайырға керегі де осы. Тап осы аралықта хан-сұлтандар, би-бағландар төңірегіндегі жекпе-жекке деп, ана батырды, мына батырды айқайлатып, олардың ныспыларын көкте жаңғыртушылар қатары күрт селдіреген. Себебі, осының алдындағы жау найзасының жеміне айналғанүш боздақты әуелетеміз деп, аузы күйгендер бар емес пе? Солардың кебін киюден баршасы қатты сақтанысты. Ия, жеңіс сенің әу дегеніңе келе қоятын дүние емес, олүнемі төбесін көрсете бермейді. Өзің әспеттеп өткізген батырың ортада аузынан қан атқақтап жатса оның обалын кімге итере салмақсың? Демек, мұндайлыққа нақтылы бір батырды нұсқау өз мойнына зор жауапкершілік алу деген сөз. Міне, осы жолы ондай жауапкершілікті Орта жүз қолының бас сардары, алты алашқа аты әйгілі Қаракерей Қабанбай батыр алды. Бұл Көкжал Барақ ең әуелде қара темірді илейтіндей ересен күштің иесі еді. Үлкен әкесі найманның көкжарлы елінде аты мәшћүр палуан Өтей деген кісі екен. Бараққа солүлкен әкесінің құдіреті дарыған десіп, әрі желкесінен төмен бүкіл қыр омыртқасында кәдуілгі жал іспеттес көкшулан түк өскесін Көкжал Барақ атаған. Ол ғана емес, қазақта Барақ ныспылылардың көптігінен ру атын қоса қосақтап, Көкжарлы Көкжал Барақ деп,үш есімді қабат сыйлаған. Өз әкесі Шүрек ерте өліп, оның інісі Шонаның қолында тәрбиеленген Барақ ерекше бітімімен бала кезінде-ақ танылып, ағажеңгесінің ерекше қамқорлығына бөленеді. Бұған арнап қару-жарақ, сауыт соқтыру, мініс аттарын әзірлеу күні бұрын-ақ қолға алыныпты. Міне, қазір осы Көкжарлы Көкжал Бараққа қарсы қалмақтар тарапынан Шоян деген батыр екілене атылды. Бұл сылыңғыр қара шапшаң қимылымен Барақты бірден елең еткізді. Егер найза, алдаспан сияқты қарулармен тайталасса қалмақтың басымдық көрсетерін пайымдаған Барақ оны шоқпар сайысына шақырды. Өйтпеске қазақ батырының амалы да жоқ еді, бұған дейінгі қатарынан келгенүш бірдей қасірет қазақ жасақтарын бұқтырып тастаған. Сосын да анау-мынау тәуекелді қоя тұрып, өзіүшін ең сенімді қару түрін қалаған. Қалмақ батыры да шоқпар сайысына келісе кетті. Барақтың қолында сабы жеңді білектей, қошқарбас нән қайың шоқпары бар. Анаумынаудың қолына ауырлық ететін бұл неме Барақ ұстағанда әуеде допша ойнайтын. Міне, осы шоқпарға Барақтың жойқын күші қосылып, жекпежекті аса ұзаққа созбай Шоянды еңсеріп-ақ тастады. Шоян ерүстінен біржола омақаса құлағанда қазақтардың қайта желке жүні желкілдеді. Осылай жекпе-жек жалғаса берді. Күн тас төбеден әлдеқашан ауған. Қазақтардан Сіргелі Қара Тілеуке, атақты Қарасай батырдың ұрпағы Жәпек,

тарақты Тоғай, атығай Ағындық, тағы біраз батырлар бой көрсетіп, жеңіске жетті. Әрі жеңілгендер де бар, солардың бірі дулаттың төрт атасының бірі Ботбай жасағының қолбасысы Сәмен еді. Мұны құлатқан әлгі Долаңқара. Осы бүгіндікте екі мәрте ортада ат ойнатып, екеуінде де абырой әкеткен бұл Долаңқара, әрине, қалмақ жауынгерлерінің айбарына айналған. Ал Сәмен жеңілгенмен де өлген жоқ, тек оң қолы сынып, әзірге саптан шықты. Сөйтіп, жеңіс саны жағынан қазақтар едәуір басымдық иеленіп, бүгінгі күннің әуселесі де аяқталды.

* * * Қызықтың көкесі ертеңіне болды. Тағы да сол сәске түс қарсаңында екі жақ та Шоқпардың дәл сол жотасында керней тартып, дабыл мен дауылпазды қоса ұрғылап, бір-біріне бетпе-бет келді. Орталарында кешегідей кеңістік, қазақ пен қалмақ аттарының тұяқтары аямай ойғыштаған шөптесін жазық. Бүгін де аспан шайдай ашық. Күн шақырайып, ауада лүп еткен қозғалыс білінбейді. Ал шындығында бұл өзі желіүзілмейтін өлкелердің санатына жатады. Осы Шоқпардан өрірек, әрі бұдан биіктеу Бел деген деүстіртті тұс бар. Ал осы Белді басып, кішкентай жатаған тауларды түстік беттен жиектей одан әрі жылжысаң атақты Қордай асуына тірелесің. Міне, осы Қордайдан соғатын жел аталмыш жатаған таулардың етегін қуалай Белге жетеді де әртүрлі ауа қозғалыстарын тағы құрайды. Бұған және бір себеп, Шу өзенінің бойындағы ыстық осыүстірт Белдегі салқын ауамен арпалысып, қосымша ағын тудырады, шамасы. Бұл ағын қазір басталып, қазір аяқталатын да құбылыс емес. Екі тараптың ыстығы мен суығы қоян-қолтық араласып, Қордайдан жеткен ауа қозғалысын одан әрі дамытады. Бұл маңды мекендейтін қазақтар Шу өзенінің бойы мен Белүстіртін ерекше бөліп атайды. Себебі, Шу бойы ыстық та масалы келеді, ал Бел керісінше салқын да масасыз. Есесіне мұнда ауа қозғалысыүздіксіз білінеді де тұрады. Ол Шоқпарға жетіп тіптен күшейеді. Сосын да ол ауа қозғалысын Шоқпардың желі, немесе Қордайдың желі деп атайды. Осы жақтың тілінде «Қордайдың желі жазда жауыннан кейін сол жауынды жоқтап соғады, ал қыста қардан кейін сол қарды жоқтап соғады» деген де сөз бар. Міне, сөйткен желді, желкенді өлке қазір тамағына тас тығылғандай тым-тырыс, сірә, діні басқа екі түздіктер елінің тайталасына ол да қызыға қарап тынышталды ма дерсің. Бүгінгі жекпе-жектің бір ерекшелігі сол – мұнда бірден қалмақтар жағы өрледі. Алғашқы алты сайыстың екеуі ғана қазақтардың пайдасына шешілді. Екінші ерекшелігі – қалмақтар жақта жекпе-жекке әзірленген батырлар саны қазақтардікінен екі еседей артық, яғни елуге тарта болғанмен кешегі күні жеңіске жеткендерінің біразы ортада қайта қойқаңдады. Солардың бірі Долаңқара еді. Қазақтың екі батырын сұлатқаны жұмырына жұқ болмағандай дүлей күш иесі, әрі қимылы да серіппелі темірдей бұл неме тың ат мініп шықты. Қалмақтар онсыз да басымдық алған жағдайда өтпекші бұл жетінші кезектегі айқас тағы да солардың пайдасына шешілсе сөз жоқ қазақтар тіптен тұраламақ. Осы жағын Сары-Манжы дәл есептеген. Оған қарсы кім барады

деген сауал мұсылман дініндегілердің ортасында тағы да борасын соқтырды. Ақыры Бөлек Бөргелтайұлы, яғни суанның Бөлегі аталды. Осы екі күндік жекпе-жекте қазақтардың туы қисайған бір мезетінде оны түзеп жіберген осы Бөлек. Найза мен алдаспаннан от шығара арпалысқанда бірін-бірі ала алмаған екеу шоқпар сайысына көшкенде Бөлек өз қарсыласының сазайын тартқызды-ақ. Долаңқараның сол иығынан, оң тізесінен, қабырға тұсынан ауыр-ауыр соққылар тиіп, соңынан ерүстінен ауды. Кейбір шежірешілердің баянындағыдай Долаңқара бұл жекпе-жекте өлмеген, тек ауыр жараланып, науқанның ендігі бөлігінен тысқары қалды. Сары-Манжыдағы бірүрдіс – осылай өз батыры омақасқанда келесі кезекке жұмсайтынын табанда атайтын. Сірә, мұсылмандар өз батырының мәртебесіне масаттанып, масайрапүлгермесін деп, әрі өздерінің бұл сәтсіздіктен пәлендей сағы сына қоймағанын танытпақ ниетпен сөйтетін сияқты. Міне, қарсыласын жайратқан Бөлек Бөргелтайұлы өз шебіне жетіпүлгермей ортаға қарай қалмақ батырларының тағы біреуі зымырады. Жоқ, біреуі емес, бірегейі. Тап осы жолы Сары-Манжының көздегені ойлаған жерден шықты. Қазақтардың Бөлекті қошеметтеген айғай-ұраны пышақ кескендей сап тыйылды да бәрінің назарын қан майданның қақ ортасында ойда жоқта өсіп шыға келгендей көрінген қалмақтың келесі батыры тартып әкетті. Ия, қазақтардың өз қаћарманына көрсеткен құрметі табанда басқа әуенге, іштерін желге толтырған уілге айналды. Бұл ойқастаған батыр Шарыш еді. Қазақтың ескі әдебиетінде түр-тұлғасы ең көп суреттелген де осы. Зор дене, түсі суық шойын қара, Байқасаң жүз кісілік бардай шама. Білектей белге ораған айдары бар Ұқсайды дулығасы мұнараға. Күші мен әдіс-қайла тең келгендей Мың пұттық қара тасты өңгергендей Асып тұр мың сан қолдан кесер басы, Тұтқасы болса жерді иіргендей. Бұл да астына тың ат мініпті. Бүгінгісі түгі күн көзіне жылтыраған сүйекті қара қасқа. Әрі Шарыш өзінің осы жолы да жеңіске жететініне толық сенімді болса керек, қара қасқаның ер-тұрманын қонтайшының күйеу баласынша-ақ безендіріпті. Ерінің алдыңғы қасы парсы шахының тәжіндей әшекейленген, қайма жиектеп, маржан қондырған өмілдірік төстігі де одан кем емес. Екеуі де күнге шағылысса көз қытықтайды. Жүген мен құйысқанға да асыл тастар мен сом алтыннан құйылған тана түймелер аямай-ақ бастырылыпты. Былғары тысты, шегрен таспамен кестеленген, күміс жалатқан шеттікті тоқым тебінгілерінің өзінде де шебер қолдардың іздері сайрап жатыр. Ия, бәрі келісті-ақ. Қайратына сәулеті, сәулетіне дәулеті сай. Егер басындағы дулығасы, кеудесіндегі сауыты және бес қаруы демесең бұл Шарыш той-томалаққа асыққан сауықшыл бозбалаға да ұқсап кетерлік. Қазақ қолбасыларының ортасында осымен нешінші мәрте құйын жүгіріп өтті екен. Тек осы жолғысы әлдеқайда пәрменді. Баршасының бастары әңкі-тәңкі. Жаңа ғана суан батыры Бөлек Бөргелтайұлы әкелген

абырой қас пен көздің арасында бу боп ұшып жоғаларын сезгендей дегбірсіздік қай-қайсысын да алқымнан алды. Бас сардар Әбілхайыр кешегіден көп өзгерген жанға ұқсайды. Сырт болмысы бұрынғысынша, тек ақ боз арғымақтың ауыздығына тыным жоқ, бас сардар олай-бұлай тартқылап, сұлу да сүйекті жануарды көп ортасында шырқүйіреді. Тек ақ боз арғымақ қана емес, Әбілхайырдың аузына телмірген ханқара, би-шешен, тоны сұлу ығай-сығайлардың сәйгүліктері де тыным таппай ары-бері жосылуда. Ендігіде кім шығадыны айтушылардың қатарында Болат сынды хан, сұлтан атағы бар, биік лауазымды төре тұқымдары – Батыр, Барақ Тұрсынхан ұлы, Сәмеке, Жолбарыс, Әбілмәмбет, ұлы билер – Төле, Қазыбек, Ақсуат, шоқтықты батырлар – Бөгенбай, Жәнібек, Саңырық, Есет, Хангелді, Қабанбай, Тайлақ, Саурық сияқтылар ғана бар. Ал басқа пысықайлар сол бәйтеректердің басы қалай қисаярын аңдып, екі елі ауыздарына төрт елі қақпақ қойған. Тек әлгі жекпе-жекке сұранған Сабалақ қана бәз-баяғы жұлқынған қалпында. Тіпті кейбіреулердің жас бозбаланың ол қалпына көздері деүйрене бастағандай. Осының бәрін өткір жанарымен бағып, ешбір қысыр, есірік ойларсыз жағдайды дәл бағалаған жалайыр биі Ескелді шарт кетті: – Осы шыдағаным да жетер! – деп қасындағы Қабан жыраумен ақылдаспастан атына қамшы басты. Бұлардың аттары да бірі қозғалса екіншісі қоса сынапша сырғитынүйреншікті жануарлар емес пе? Бидің соңына ілескен жырау бұл өз басы жекпе-жекке сұранбақшы деген ойға бір соқтықты да оның келесі сатыр-сұтырынан мәселенің мүлдем басқаша екенін байыптады. – Мен нағашы атама ешқашан қосымша мәртебе әпер деп, қиылған емеспін. Ал қазір ондай тәкаппарлықты қақ бастан ұрмақпын! Мына балаүшін екі бүктеліп жалбарынбасқа амалым жоқ! Асыл кием, жан жолдасым, ақ бурам солай нұсқады! Бұл жалайыр тобындағыларға жаңағы суан батыры Бөлектің жеңісінің орны өзгеше еді. Әнеукүні ғана Хантауға барар жолда осыны ұшыратып, Қабан жыраудың ол туралы ел арасына тараған аңыздарды төкпелетуі, Бөлектің өзінің бұларға кішілікпен жөн сілтеуі – бәрі-бәрі естеріне оралған. Міне, енді кенет көктен ұрған жасындай ортада атышулы Шарыштың жарқ етуі сол әсердің бәрін жуып-шайып жібергендей. Бұл жолы да ел көсемдеріне жақындау оңайшылықтағы дүние емес еді. Тек Ескелді баса-көктей аршындады. Қазір әрбір қас-қағымның өзі жылға бергісіз. Кенет жалайыр биі ойламаған жерден өзіне одақтас тапты. Ол Болат ханның баласы Әбілмәмбет еді. Оның әлгі Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлы дегенге жартастағы бүркіттей шаңқылдағанын тұстарынан өтіп бара жатып естіді. – Ойпырай, Сабалақ екі күннің жүзі болды, шынжырлы төбеттей аласұрып, өзі ұмтылуда. Өлсе өз обалы өзіне, бұл науқанда кімнің қаны төгілмес дейсіз? Бас сардарға айтсаңызшы батырып, екеулеріңіз бір қиырдан келген жандарсыз ғой! Жалпақ бетті, тәмпіш мұрынды Барақ сұлтан әлдебір қиялмен өз көздеріне өздері көлеңке түсіргендей Әбілмәмбетке жауап қайырмай

еріндерін жымқырып, тіл-жағын байлап тастағандай көрінді. Ернін жымқырғанда қысқалау қырқылған сақалы дулығасының екі жанында салпылдаған темір торға жасырынып, бет-аузының түгі мүлдем мардымсыз сияқтанды. Есесіне ашық бет өңірі тіптен жалпиып кетті. Құлағы қайшыланған атының тізгінін мықтап тартып, Әбілмәмбетке бедірейді де қойды. Ел басына, не өзіне екі талай күн туғанда сақтық атаулыға өте мұқият жан екенін Ескелді бір қарағанда-ақ шамалады. Қайта мына Әбілмәмбет сұлтан, Болат ханның бел баласы, мұрагері әлдеқайда жеңілтектеу сияқты. Отыздар шамасындағы жігіт дегенмен сыптай денесі, қап-қара сақал-мұртты арық бет өңірі, дегбірсіздігі анау өзінен көп жас кіші Сабалақты еске түсірерліктей. Тек көздерінің томпақша қос жанары ғана мұны әкесіне әжептеуір ұқсатады. Мұндай байқампаздық Ескелдінің көп уақытын алған жоқ, ол бірден Әбілмәмбетке байырғы танысындай жабыса кетті: – Кәне, сұлтан ием, сіздің осы өтінішіңізбен менің нағашы атам – Төле биге барайық. Бір өткізсе бас сардарға сөзін сол өткізеді! Кәне, тез, қозғалайық! Әбілмәмбет бірден келісті. Ол Ескелдіні өз төңірегіндегі ақылшы, атқосшылары арқылы бұрыннан-ақ танитын. Атышулы Барақ сұлтаннан түк шықпағасын мына жалайыр биіне іші жылып сала берген. Бұған дейін ол өз әкесін де мазалап сөзін өткізе алмаған. Біраздан бері бұл мұрагер сұлтан Сабалаққа едәуір пейіл беріп жүруші еді. Әкесінің жайшылықта бұған айтқан бір уағызы бар: «Құдай оңдағанда түбінде хан көтерілем десең тонның ішкі бауындай өзіңе ең сенімді дос-жарандарды осы бастан көз ұшыңа іліктіре бер». Сол әке уағызымен мұның көзіне ілеккендердің бірі осы Сабалақ. Тек қазір оның жоқшысына айналып, безек қағуы сол ниетінің жүзеге асуы емес, көңілшек те сергек ойлы Әбілмәмбет егер Сабалақ осы пәрменде өз дегеніне жете қоймаса ақыл-есі майып боларын түсініп, тұлабойы түршіккен. Сосын да ұлы би Төленің жиен немересі, жалайыр сияқтыүлкен ел көсемі Ескелдінің өзіне одақтастыққа сұрануы мүлдем қанаттандырды. Екеуі ежелден ішек-қарындары аралас егізектердей Төле биге ат басын қатарласа тірегенде ерүстінде ауыр оймен томырылғандай ол бұларға бір түрлі ажырая, шошына қараған түр көрсетті. Уақыт тар,үлкен кісінің қабағын тамашалап тұрар заман жоқ, Әбілмәмбет сұлтан мен Ескелді би жарыса ақтарылды: – Алатаудай Алтын Жәкем, анау Сабалаққа мына Шарышқа қарсы жекпе-жекке баруға рұқсат әперіңіз! Өтінуші өзі, анау-мынау күнде обалы да өзіне болмақ! – Сабалақ аса ақымақ бала емес, өз шамасын өзі болжап тұрғандай. Егер тағы беті қайтса ақыл-есіне зақым келе ме деген де күдігіміз бар. Қараптан қарап, зақымданғанша жаудың бір екпініне қарсы тұруға жарап зақымдансын да! Бас сардарға айтыңыз сөйдеп! Нағашы ата! Қазыбек би, Ақсуат би, Сәмеке хан, Болат хан бұлардан алыс емес еді. Мына екеудің қарсақша шақылдағанын олар да естіді. Енді Төле, Қазыбек, Ақсуат, Сәмеке – төртеуі Болатқа жалт қарасты. Ұлы хан кенет осы төртеудің ығына жығылды. Енді бесеулеп, бұлар бас сардарға ат басын тіресті:

– Бас сардар! Тап осы жолғы кезек мына жас бозбала Сабалаққа бұйырсыншы! – Көптің ұйғарымы солай! Бізді де соған нұсқап жалбарынушылар бар! – Құлақ асшы бізге, бас сардар! Әбілхайыр бұлардың сөзіне бірден құлап түскендей шырай танытпады: – Ол жас жігіт кешелі бері менің де назарымда. Тек осы науқанға орай ол Сабалақ дегеніңіз жекпе-жек сайысқа арнайы дайындалмапты. Мына Шарыш алпауытқа жағымпаздық жасап, тегін жемтік тастағандай боламыз ғой! – Жоқ, бас сардар! Бұл алланың бұйрығы сияқты! – деп, осы сәтте Сабалаққа тағы бір көз тастапүлгерген Болат хан қайта күжілдеді. – Ия, хан ием төтесінен тартты, бұл алланың бұйрығы тәрізді! – деді Төле. – Аллам бұйрығы! – Аллам бұйрығы! – деп басқалар да жамырасты. Жүйрік көңілді, терең саясатшы Әбілхайыр осы аралықта бөгде бір қойнауға ой жүгіртіпүлгерді. «Мына Шарышқа қазақ батырлары арасынан теңбе-теңді қас пен көздің арасында табу қиын, алғашқы кезектегідей бұл қай-қайсысын да оңай еңсереді, ақыр солай, онан да арнайы дайындығы жоқ Сабалаққа тояттансын, ал басқа батырларды қалмақтың өзге нояндарына сақтайын. Бедел-абырой жеке сайыс емес, жеңіс саны арқылы өлшенгелі тұр. Ал Сабалақтың обалына мыналар ортақтасқалы тұр ғой, анау-мынау күнде иманы жолдас болары анық». Әбілхайыр бүктеулі қамшысымен Сабалақты нұсқап, «шық ортаға» деген белгі берді. Оћ, сондағы көріністі көрген де арманда, көрмеген де арманда. Жұрттың бәрі Сабалақ бірден ортаға қарай бет қояр деп ойлаған. Жоқ, ол өйтпеді. Кешелі бері онсыз да екі езуі жыртылуға жақын сары бестінің ауыздығын кере тартып, оны аспанға шапшытты. Міне, сол кезде жас бозбаланың көмекейінен: – Абылай! Абылай! Абылай! – депүш мәрте қайталана аталған адам есімі көк пен жердің арасын найзағайша тілгіледі. Мұның мәнісін ешкім ұққан жоқ, тіпті ұғатын да халде емес еді. Тап осы кезде Сабалаққа тым таяу тұрған Әбілмәмбет атүстінен қалпақша ұша жаздады. Ескелді де солай. Бұл екеуі Сабалаққа тап соңғы қас қағымда әлдебір белгі арқылы жігер беріпүлгерерміз деп дәмеленген. Бәрі керісінше шықты. Жалпы, Абылай деген қазақтың құлағына таныс есім. Арғы-бергі шежірелерде көп қайталанады. Әрі осы тұрған Болат ханның әкесі әз Тәуке өзінен бұрынғы Салқам Жәңгірден туса ол Жәңгірдің Уәлибақы атты тағы бір баласы болған. Ол кезінде туған бауыры Тәукенің бағы артқанына, ал өзіне хандық дәреже тимегеніне өкпелеп, әке-шеше, туған-туыс бәрін тәрік етіп, Үргеніш жаққа кетіп қалған. Одан Абылай атты бір бала туып, әкесі Уәлибақының атын сол шығарған десетін. Ол Абылай керемет соғысқұмар, әрі жекпе-жек шайқастың асқан шебері екен. Мұның қолынан төрт тараптың талай түкті жүрек мықтылары қан құсыпты. Сонысына орай жұрт оны «Қанішер Абылай» атаған. Ал одан туған Көркем Уәлі деген кісі тұқымсыз

өтіпті. Атақты Салқам Жәңгірдің тұқымы бола тұра аталы, балалы, немерелі – бұлүшеудің ешқайсысына да хандық бұйырмаған. Әрі тұқымсыз болғандықтан қазақ атаулы Салқам Жәңгірден тараған ол тармақты ұмыта да бастаған. Сосын да Сабалақтың «Абылай» есімінүш мәрте көкте жаңғыртуының мәнісін ешқайсысы түсінбеген, тек жас бозбаланың айғайлаған даусы ғана бәрін жапырып өткендей. Бұл жай айғай емес, әлдеқандай өктем дауыспен ғажайып ұран тастағандай әсер етті. Бастары әңкі-тәңкі, әрі қазақ батырларының соңғы сәтсіздіктері іштерінүрейге толтырған ығай мен сығайлар бәрібір ештеменің байыбына бармады. Тіпті оған уақыт та жоқ-ау. Бір сәт қазақ жағы сары бестінің күнге жарқ еткен артқы сауырын көріп қалды. Бірауық одан арғы сурет көздерін тұмандандырып жібергендей. Тек сары бестінің сәулеленіп, жылт-жылт еткен артқы сауыры ғана бұларүшін жарық шашқысы келгендей, қайта-қайта шалына береді. Сірә, бәрін әлдененің мысы басты. Бұл Сабалаққа Төле бидің еңүлкен ұлы Жәнбекей де қатты іш тартушы еді. Мына сары бестіні өзінің көп жылқысының ішінен таңдап берген де сол. Неше мәрте жау шапқанмен жұтамаған бұл Жәнбекей өз есіміне батыр, бағлан, би сияқты қосақ жалғамаса да төрт түліктің басын көбейту, жорға, тұлпар, жалпы мініс ат баптау жөніндегі біліктілігі әрдайым ел аузында. Сабалақ әлгі атышулы керторысынан айрылған соң да кейбір көңілшектерге ұқсап, жер бауырламағанмен іш дүниесінде бір дауыл жүгіргенін оның етінен ет кессең де мізбақпас жүзіне қарап дәл бағалаған Жәнбекей мың сан жылқының ішінен оған лайық ат іздеген. Ел ішіндегі қаршыға көзді сұңғыла сыншыларды да көгендеп әкеп, осы жұмысқа жеккен. Сөйтіп барып қана аталмыш жануарға көз тоқтатқан. Сары бесті Сабалақтың да көңілінен шыққан. Тек бұл әлгі керторы сияқты аламан бәйгеге салатын тұлпар емес, төрт аяғымен жер тіренсе арқасымен тау көтеріп аларлықтай мініске берік жылқы еді. Сабалаққа сол қасиетімен жаққан. Міне, қазір сол сары бесті қан майданның ортасында. Қазақ хан-сұлтандары мен қолбасыларының артқы жағынан мойын созған Жәнбекей қазір ортаға әлдебір «Абылай» деген біреудің есімін «әулием» етіп, жұлдыздай аққан Сабалақтан гөрі сол өзі сыйлаған сом тұяқтының аяқ басысына көбірек алаңдайтындай. Сары бесті сүрініп-қабынып жатса Жәнбекейдің мал асылын танығыштығы дүйім елдің аузында әжуаға айналмай ма? Ия, қандай күнде де түз адамын, оның таным, түйсігін төрт түліктің шандозы – жылқыдан бөліп қарау орынсыз. Сабалақ пен Шарыштың жекпе-жегі алғашқыда найза сайысынан басталған. Соның өзінде де, оларды «тамашалаушыларды», әсіресе, қазақ жағын болат сүңгілердің сарт-сұртынан гөрі Шарыштың бет-әлпеті көбірек тартты. Себебі, мына Сабалақтың қасында тау сияқтанып көрінген қалмақ батырының қап-қара бет өңірі май жаққандай жылтырап, сәуле шашады. Ия, қара нәрсенің сәуле шашқаны шынында бір түрлі сияқты. Шарыш Сабалақты пәлендей қарсылас санамай, оған қару жұмсағаннан гөрі көбірек ит әуреге түсіріп, тордағы торғайдай өз-өзінен қанаты талып құлауын керексінетін сияқты. Тек бірер мәрте Сабалақ өзіне қарақұсша шүйілгесін ғана жүйкесі жұқалық еткендей найзасын қаттырақ сілтеді. Сабалақ оны асқан ептілікпен

кері қақты. Тіпті Шарыш найзасының болат ұшы майрылғандай да секілденді. Шынында олай емес еді. Өстіп, найза сайысы жалғаса берді. Сабалақтың дүркін-дүркін шабуылдыүдетуі Шарыштың бұл қырғиға деген көзқарасын өзгертті. Жекпежек бұдан әріге ұласса мына неме абыройымды опырып әкетер деген сезік ішіне ұрлана кірген Шарыш «ойынның» басын тез қайыруға ниеттенді. Қара қасқаның тізгінін жуан білекті сол қолымен оңай игеріп, әлденеше рет шырқүйірді. Сондай қимылдардың бір қалтарысты сәттерінде екі-үш рет Сабалақты дәл өндіршектен көздеді. Бірақ бәрінде де болат сүңгінің беті қайтарылды. «О Будда әулием, найзасы мен көзі бірдей жарқылдаған мына кәззап неткен ұшқыр еді, қазақ жұртындағы жекпе-жек сайыс шеберлерінің маңдай алдысы осы шығар-ау. Сірә, мұны бұл соғысқа мұсылман еліндегі хас майталман дайындаған-ау. Көп соғысып, тәжірибе жинақтаған деуге келмейді, жастау». Осындай түйін Шарышта ғана емес, бұларды көз алмай баққан қалмақ жағындағы көпшіліктің басында да пісіп-жетілді. Ал қазақтар тарапындағы жағдай сәл басқаша. Сабалақтың төбесіндегі манағы ақ құс сияқтанған нәрсе жалайыр биі Ескелдінің көзіне тағы шалынды. Бұл не, шынында солай ма, жоқ, алдамшы құбылыс па? Соны тезірек анықтауүшін Ескелді тап қасындағы Әбілмәмбетті шынтағынан түртпектеді: – Сұлтан ием, анау Сабалақтың төбесіндегі ағараңдаған не нәрсе? Зердеңіз жетсе ашып-айырып беріңізші. Мен сияқты қара қазақтың ақыл ауқымына сияр дүние еместей. Әбілмәмбет Ескелдіге жауап қайырудың орнына әкесіне ұқсаған томпақша көздері біржола ағып түсердей алайып, ондай жауапты мұның өзінен талап еткендей сұраулы жүзі айшықталды. Арық бет өңіріндегі қапқара сақал-мұртының жыбырлауы «тіл-жағың қарысты ма, негеүндемейсің» деп, жалпы төре тұқымына лайық өктемдікті танытқандай. Кенет Ескелдінің байқауындағы бұл сыпаты күрт өзгерді. Енді ортадағы Шарыш пен Сабалақтың шайқасынан сұлтанның да тұлабойы тарамысша тартылып, әрі бұған жалайыр биі қойған сұрақ мәні қосылғасын шарадай басы шақшадай болған адамның түрі бар. Бұл Ескелдіге ләм-мим деместен өзінен арқан бойындай ғана жерде ерүстінде омырылған Төле биге қарай ат басын бұрды: – Алтын Жәкем, ғафу етіңіз, мына Сабалақ сіздің құзырыңызда бой түзеген жігіт. «Аттың сыры иесіне мәлім» дейді ғой. Анау төбесіндегі ағараңдаған не сиқырдың белгісі? Соны айыруға ынтығып, іші өртенген жалғыз мен емес екем! Төле би бұл жолы да өзіне қатарласа ат басын тіреген Әбілмәмбет пен Ескелдіге қабат көз жүгіртті де: – Ол ту! Ақ ту! Сабалақтың ақ туы! Құдай өзі оның төбесіне шаншып берген! Бұл баланың тегін жаратылмағанын мен осыдан тоғыз жыл бұрын айтқанмын! Ұлы би осылай тақ-тұқ етті де көздерін ортадағы текетіреске қарай қайта бұрып әкетті. Әбілмәмбеттің сұрағын да, Төленің оған қайырған жауабын да ұлы бимен қатарлас мелшиген Қаз дауысты Қазыбек, Ақсуат

билер де естіген. Олар да осы жайында өзара күбір-күбір етісіп, ол күбірге өздерінен арғы Жолбарыс хан, Сәмеке хан, Барақ сұлтан, Батыр сұлтан, Шақшақ Жәнібек, алшын батыры Есетті ортақтастырды. Ол күбір одан әрі сырғып, Қанжығалы Бөгенбай мен бас сардар Әбілхайырға да жетті. Кенет Шарыштың найзасы шынында майырылды. Ол онысын Сабалаққа көрсете сыртқа лақтырып, қынабынан сала құлаш қылышын суырды. Қылышы да керемет екен. Бұл да ұлы Жоңғария мемлекетінің қонтайшысы Қалдан-Серіннің күйеу баласы, әрі күллі қалмақ қауымының бас батырларының санатындағы Шарышқа қарасты дүниемін дегендей күн көзіне шағылыса, сайқымазақтана күлді. Мұны көріп Сабалақ та құрықтай ұзын найзасын енді керексіз заттай шетке лақтырды. Кешелі бері батырлар салған жол бар емес пе? Оны бұзар Сабалақта шама кәне? Егер бұл оны бұзып, қару басымдығын пайдаланса, тіпті жеңген күнде де көкірегін отқа қақтағандай ауыр азапты бастан кешірмей ме? Азабы бір, масқарасы екі. Әрі ол жай масқара емес, жусаң кетпейтін, қалған ғұмырыңның өне бойында өзіңмен бірге болатын, ақ тәніңе жағылған қара күйе. Ит те, шошқа да сені көрсе табалап күлетін әдет табады. Бұл атты ілімді Сабалақ осы бозбала шағында емес, бұдан көп бұрын, бұғанасы қатпаған дейтін кезеңде-ақ санасына бұрандалы темірдей-ақ сіңірген. Сөйтіп бұл да тез қаруын алмастырды. Найзасын тастап, оның орнына өзінің ежелгі жан жолдасы – алдаспанын суырды. Бұдан арғы оқиға көз ілеспес шапшаңдықпен дамыды. Қазақ жағы да, қалмақ жағы да ортадағы тайталасты көріп тұрып, оның қалай бет алғанын ақыл-ойы арқылы байыптап, түсіну қабілетінен айрылып қалғандай. Маңдайдағы қос шырақ пен бастағы жұдырықтай ми арасындағы байланыс шортүзілгендей баршасы бұрын-соңды кезікпеген бір жұмбақ күйге ұшырады. Апырау, бұлар соншама неден есеңгіреді? Соңғы екі күнде мұндай жекпе-жектің талай көкесін көрді емес пе? Сөйте тұра мына жолғысынан бәрінің сең соққандай тұралағаны несі? Ия, адамның ойша әбден пісірген болжамы іс жүзінде мүлдем кереғар шықса, әрі ол жай кереғарлық емес, тіпті дұрыс болжамданған күнде де естен тандырардай таңқаларлық, таңғажайып күйде орындалса алпыс екі жүйесі онсыз да садақ адырнасындай керілген жазғандарды тіптен әрі-сәрі етпей қайтсін? Жә, бұл суреттің бояу, нақыштарын түгендеп, мықшыңдамай-ақ қоялық, өзімізден бұрын өткен белгісіз автордың аруағына тәу етіп, оның «Абылай хан» атты дастанынан тағы да екі шумақты көлденең тарталық: Ұмтылды сары бестімен шоқтай болып, Атылған сары мойнақ оқтай болып, Желкеден өткір қылыш сарт еткенде Шарыштың басы түсті доптай болып. Шарыштың басы түсті әуел жерге Көз жетпей сене алмай тұр көрген пенде Мұқыл терек секілді дене қалды Дулыға жерге түсіп жарқ еткенде.

Бұл жолдардан қазақ тарихына оқыс бетбұрыс ретінде кіргенүзік оқиға көз қарықтырардай шалынады. Мұндайлық әлемдік тарихта да қадау-қадау баршылық. Жекелеген батырлардың, көсемдердің, мәмлегер шешендердің қас пен көздің арасындағы ерлігі, тапқырлығы, сөз қисыны пәленің басын қайырып, асауға тұсау боп түскені сан хиссаға арқау етілген ғой. Сабалақтың мына қылыш сілтесі де сондай оқиғалар санатында. Бірақ оның солай екеніне әзірге ешкім көз жеткізген жоқ, көрген жайды бастарында қорытуға да шамалары келмей тек айғай-ұранға ғана дем беріп, шуылдассын кәне. Ия, «қуанған мен қорыққан бірдей» деген. Бұл мақалдың дұрыстығын тап қазір қазақ пен қалмақ шептеріндегі халді қабат бақылаған қай кейуана да жандүниесімен толық түсінер еді. Міне, тап осы екі ортада аспаған да, саспаған да бір-ақ пенде бар. Ол Сабалақ. Ол жерге домалай ыршыған Шарыштың дулығалы басын ерүстінен еңкейе іліп әкетті де, бұл кезде арқасы босапүлгерген қара қасқаны қоса жетектеп, өз тілеулестеріне қарай бүлк-бүлк желді. О тоба-ай! Тап осы мезетте Сабалақтың бет-жүзінеүңілген жанның екінші бір ғажайыптыңүстінен шыққандай балтыры дірілдері анық. Сабалақтың сырт кескінінде қазір ғана жан алып, жан беріскен ауыр айқасқа кіріп шыққандығынан бір түйір тозаңдай да белгі жоқ, текүлкендердің жұмсауымен майдан орнында қалған әлдекімнің басы мен атын әкеле жатқан бозбала жігіттің жайбарақаттығы ғана бар. Сабалақ өз шебіне жеткенде тағы бір ғажайып жұрттың көзіне оттай басылды. Шіркін, ғажайыпқа толы сағаттар-ай, кейде ондаған, жүздеген жылдар бойы мыңқ етпейтін тарихтың тегершігін әлдекім әлуетті қолдарыменүсті-үстіне бұрағандай сәт сайын тосын жайлар жотасы көріне берді. Ендігі тосын жай сол – бас сардар Әбілхайыр Сабалақты аттан түсіп қарсы алды. Тура кешегі алғашқы жекпе-жекке шыққан Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр Ақшаұлына көрсеткен құрметін қайталады. Жаңа ғана мұны, қалмақтың ең жойқын батыры Шарышты уақытша болса да тояттандыру мақсатында оның алдына тастаған жемтігі санаған Сабалақты ендіүлкен басын кішірейтіп, бұлайша қарсы алып тұр. Бөгенбай жөніндегісі дұрыс, ол қарт адам, әрі өзінің оң қолы, әрі ең алғашқы, әрі шамадан тыс ұзаққа созылған жекпе-жекте қалмақтың бас батыры – Аңырыққа төтеп берді. Қазақ қолыүшін бұл алғашқы жекпе-жектің мәні зор. Сосын да Бөгенбай жөніндегі ондай құрмет басы артық дүние емес. Ал Сабалаққа алабөтен өйткені несі? Себебі, бұған дейін де жеңіске жеткен қазақ батырлары болды ғой. Мысалы, шапырашты Бөлек, арғын Олжабай, Көкжарлы Көкжал Барақ, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарасай батырдың ұрпағы Жәпек, тарақты Тоғай, атығай Ағындық, суан Бөлек Бөргелтайұлы, тағы басқалар. Бас сардар осылардың біреуіне бүйткен жоқ еді, тек Сабалақ дегенде сынып түсті. Бәрекелде, ғажайып мұнымен де шектелмепті. Жалғыз Әбілхайыр емес, Сабалақты ұлы хан Болаттың өзі, Төле бастағанүш ұлы би, Сәмеке хан, алшын Есет батыр, Саңырық, Хангелді, тағы басқалары да жаяулай қарсы алды. Ал ендеше... Бәрі де оны кезек-кезегімен көкіректеріне басқанда

ошақтағы оттай ыстықты сезінді. Осының өзі-ақ бұдан кейінгі көп қаңқу сөздің өзегіне айналды. Әбілмәмбет сұлтан мен Ескелді де аттарынан түскен, тек бұлар Сабалаққа жуарақпанда жақындай алмады. Тек олүлкендерден босап шығып, Әбілхайыр төңірегіндегілер келесі жекпе-жектің әуселесіне көшкенде ғана жас сайыскерді құшақтарына алды. Әрі өздерінің Сабалаққа бұл құқықты қалай әпергенін де жарыса баяндасты. Шарыштың бұлайша масқаралықпен опат болуы қалмақтарға қазақтар ойлағаннан да әрмен ауыр тиген екен. Бұған дейінгі Долаңқараның жеңілісі біраз буындарын босатса Шарыштың мына күйі біржолата күйреткендей олар қайтып еңсе көтере алмады. Бұдан кейінгі жекпе-жектерде қазақ сайыскерлері қалмақтарды шетінен баудай түсірді. Солардың ішінде Шапырашты Наурызбай батыр Құтпанбетұлы да бар. Оның «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманы басталған жылғы Іле Алатауы баурайындағы ерліктері жұрт санасынан өше бастаған. Міне, осы жолы қалмақтың Шамалхан, Қаскелең атты екі мықтысын кезек тырайтып, өз есімін қайта жаңғыртты. Міне, осы соңғы қарқындаүш-төрт қазақ батырының жеңіл жарақаттанғаны демесең ешқайсысы аттан құламады, бәрі дерлік қанжығаға қанды басты байлады. Бұл қазақ шебіндегілердің буын аспанға атқақтатты. Ал қалмақтар біржола қара жамылғандай. Кіші бесін шамасында СарыМанжы қазақтарға белгі беріп, жекпе-жектің осымен тамамдалатынын жариялады. Сөйтіп, қазақ пен қалмақ бірі батысқа, бірі шығысқа бет алып, бір-бірлерінен ұзай берді. Ия, бұл ендігіде қалың әскердің іске қосыларының нышаны еді.

ОН ЕКІНШІ ТАРАУ

Ертеңіне Орта жүз қолының бас сардары Қаракерей Қабанбай батыр әзірлеген алғашқы мыңдық «аллалап» ұрысқа кірді. Қалмақтар да оған о бастан жасанған. Екі жақ әскерлерінің алғаш түйіскен жері – Шоқпардың кешегі, бұрнағы күндері жекпе-жек сайыс өткен атышулы жотасы. Қазақтар өз тарапынан тарыдай шашырай андыздап, тек жаумен қауышарда ғана ұясына кіруге асыққан құмырсқадай құжынай бірігіп, кең жотаның төсін жылан қабығындай алашұбарландырып жіберді. Шашырай андыздайтыны сол – қазақтар бәз-баяғы қалмақтардың от қару-зеңбірек дегенін Қорқыттың көріндей көріп, сақтанғандағысы еді. Жаумен тіпті қоян-қолтық араласарда

қазақ мыңдығының бірер бөлігі екі қапталдағы терең сайлардан да өре көтерілгені байқалды. Діні басқа екі түз елінің бүйтіп маңдай шекістіргені бір бұл емес, сосын да өзара соғысты ұйымдастырудың жазылмаған заң, ережелері ерте замандаақ қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысқан. Бүгін де сол заң, ереже екі тарапта да басшылыққа алынған. Мысалы, қалмақтар да бастапқыда тек шамамен мың қаралы жауынгерін іске қосты. Одан асырып жіберсе сан басымдығын пайдаланып жеңіске жетудің сәті келе қояды деп алдануға жол жоқ, керісінше, өзіне-өзі қол байлау жасап, әрі көбірек шығын беріп, оралымсыздыққа ұшырауы ықтимал. Сосын да мыңға қарсы мыңды қою өзін-өзі ақтаған әдіс. Ал Саурық батыр Қайдауыл баласы бастаған Ұлы жүз шеріктері осы Шоқпардан теріскейдегі Айтаудың бергі сілемдеріне орныққан. Жалайыр қолы да сонда. Ал алшын Тайлақ батыр бастаған Кіші жүз әскерлері әнеукүні ғана осыүйсіндер суын ішкен, түстік беттегі Үңгірлі, Теректі, басқа да іріліұсақты өзендердің бойларында . Әрі көптеген бұлақтардың басынаүймелеуде. Бірақ бәрібір бәрінің ынта-ықыласы Шоқпар жақта. Бас сардар Әбілхайыр байырғы дағдысынша Саурыққа да, Тайлаққа да өз шеріктері қатыспаған шайқастарды мүмкіндігінше сырттан бақылауға кеңес берген. Сосын да мына алғашқы тоғысудың бет-ажарын Саурық қана емес, Ұлы жүздің әр руынан белгіленген қолбасылар – Сіргелі Қара Тілеуке, Қойгелді, Ескелді би, Шапырашты Наурызбай, Бөлек Бөргелтайұлы, Сатай немересі Бөлек, тағы басқалар да өз көздерімен көрді. Өз көздері жетпеген тұстарға кіші қолбасыларды, шолғыншыларды жұмсап, ақпар алып тұруға жандарын салмақшы. Айнала будақ-будақ түтін. Себебі, әр-әр тұстаүлкен тай қазандар орнатылып, аздаған ет аралас бидай көже, тары көже, атала көже сияқтылар қайнатылуда еді. Осындай ошақтар Ұлы жүз, Кіші Жүз қолының да айналасында әр түрлі қашықтықтардан белгі береді. Бұл әрі жылжымаы ошақтар аталады, егер қиян-кескі ұрыс ой мен қырды қуалап жырақтаса әр қазанға бекітілген қарулы сарбаздар да оны атүстінен төрт құлағынан көтеріп солай әкетеді. Жерошақ қазып та әуреленудің қажеті жоқ. Ташкент, Самарқан, Бұхара сияқты қалаларда құйылған бұл қазандардың төрт аяғы және бар, тегістеу жер тап та қоя сал. Осы қазан-ошақпен бірге көшіп жүретін сынықшылар, ұсталар, өрімшілер шоғыры өзінше бір қауым елдей. Кешегі екі күндік жекпе-жекте бұларға едәуір жұмыс табылған, ал бүгінгісін тәңірім өзі біледі. Алғашқы қоян-қолтық арпалыстың бет-ажары қуаңшылық жылғы қурайлы, бұталы өлкедегі өртті еске саларлықтай. Әсіресе, содан шығатын дыбыстың өзі тарс-тұрс жанған түз жамылғысының айдаћардың қызыл еті көрінген аузына жұтылып бара жатқандағы қалпын еске саларлықтай. Ия, мұнда кешегідей екі адам өзара көзбен ұғысып, қару сәйкестендіру сияқтыүрдіс мүлдем адырам қалған, кім қандай қаруын бірінші кезекте алға тосады, оның өз еркінде, тек қап-қара бұйра толқынның ортасында адасқандай халде қарманып, бас қорғауыңа, әрі жауға қарсы айбар шегуіңе

қайсысы оңтайлы, оны сол заматтағы өз түйсігің анықтасын. Олүшін сені жазғырып, не арқадан қағатын ешкім жоқ. Тек мына аласапыраннан аман шық, сенің аман шығуыңның өзі жаудың бір тісін қаққанмен парапар. Ал оған қоса, құдай оңдап, қуыршақ құдайға құлшылық етушілердің бірерін, не одан да көбін атүстінен аударсаң о дүниедегі жұмақ төрінен өзіңе бір орынды осы бастан сайлағаның. Саған құдай риза, адам риза,үрім-бұтағың риза. Кешегі екі күндік жекпе-жекті қоса бақылаған, әрі оның біраз шаруасына араласқан ұлы хан – Болат, Жолбарыс хан, Сәмеке хан, Барақ Тұрсынұлы мен Батыр сынды сұлтандар, ұлы билер, басқа да ханзадалар мен төре тұқымдары – бәрі осында. Тек бүгін олар Әбілхайыр шоғырымен мінбелеспей олардан «әу» деген дауыс әрең жетерлік қашықтықта өздерінше бір қара-құраны құрап, бөлек тұр. Әбілхайырүйіріндегілердің көңіл құстарының шарықтап ұшуына еркіндік берейік, әйтпесе, жауға бір, бізге бір алақтап, іш қазынасын толық кәдеге асыра алмайды ғой, өйтіп қолдарына қаққы, ақыл-зердесіне тұсау салғанша аулақ тұрғанымыз абзал дескендей. Алда-жалда алтын, күміске бергісіз ойлар қонақтаса оларын табанда бас сардарға жеткізіп тұрмақ. Кейде бұл алқалы топқа оң мен сол қанаттағы алшын,үйсін шеріктерінен қатынағандар қосылады, олар өз қолбасыларынан не сұрақ, не өтініш әкеледі, олармен ұлы хан шоғырындағылар өздері тілдесіп, жауап береді, кейбірін ғана Әбілхайырға қарай өткізеді. Сөйтіп, биік лауазымдылар бір жайдан қосалқы міндет те атқарғандай. Қазақ пен қалмақтың мына тайталасы бүкіл ұзына бойымен алақандағы жазудай көрініп тұрды деу де қиын. Бас-аяғын айырғысызүлкен түйдек болып бір бұрқ етті де Шоқпардың әуелгі жотасынан бірте-бірте ары сырғыды. Ол қалмақтардың кері шегінгені емес, қазақтарды торға түсіру мақсатында тарамдалып, жан-жаққа бытырай сіңіп, көзден жоғалғанына ұқсады. Енді бір мезетте манағы алғаш беттескенүстіртте жан баласы қалмай атыс-шабыс атаулы сай-сайды қуалап кетті. Оның кей шашырандыларын ұлтарақтай жерүшін бет жыртысқан ата жаулар емес, қансонарда аң ізіне түскен саятшылар ма дерсің. Сосын да Шоқпардың сай-саласы олардың жұмырына жұқ болмағандай молынан сіңіріп, біржола жұтып әкеткендей. Әбілхайыр өзін қаумалаған батырлардан бөліне бұлардан таяқ тастамдай қашықтықта тұнжыраған Қаракерей Қабанбайға аппақ арғымағының басын туралай жақындады да көз жанарының уытын төге самбырлады: – Сардар аға! Мен мұндай қанды қасаптың сан көкесін өткерген бейбақпын! Маған таңсық ештемесі жоқ. Тек мынадай жота-жотасы мен ойдым-ойдымы айла мен амалдың неше атасына орын табатын пұшпақта бұлүйреншікті жаумен ойын ойнап көрмеппін. Біз деген суымыз басқа, сары дала, сары жазықтың сайғағымыз ғой. Бір түрлі арқамды кеңге сала алмай, басымдағы шашыранды ойларды былай қорадағы қойдай иіріп, еркіме көндіре алмай тосаңсыған жайым бар. Алыстан ат арытып жеткен өзге қолбасылардың да сондай бір тығырыққа қамалғанын шамалаймын, жүрекке

ұялар ешқайсысында ұтырлы ұсыныс жоқ. Барлық сөз сізде, бүгіндікте сіздің ұйғарымыңыздан ши шығарар ешкім табыла қоймас! Алпамсадай Қабанбай Әбілхайыр тастаған көпшікті бір түрлі көңліне ауыр алғанға ұқсады. Бұл не, бас сардардың жауапкершіліктен қашқалақтағаны ма, әлдеқандай күнде бар пәлені осының басынаүйіп-төгіп, сүттен ақ, судан таза шығудың амалы ма? Тәрізі солай-ау. Осындай күдік кеудесін кеулегенмен Орта жүз қолының сардары шарт кетуден аулақ. Иә, әлдеқандай күнде күнәні бұл алшын еркетотайымен бөліскен күнде де өз басына жеңілдік орнауы екіталай. Әрі бұл кексе қолбасы осы науқанға бір күн ғана әзірленген жоқ қой. Жаудың мейманасы аса ма, жоқ қабырғасы қаусай ма, ол жағы да бір құдайдың ісі дегенмен бұл да қол қусырып қарап отырған жан емес. Шоқпар сияқты мекеннің бет-бедерін бұл біраз күннен бері көзінен өткізіп, көп жағдайды кәперге алған. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауының теріскей бөліктері сияқты аймақтарда құлама құздар мен тұңғиық шыңырауларда қара қалмақтармен талай кескілескен Қабанбайүшін Шоқпардың мына кедір-бұдыры бұйым болып па? Шайқастың басталғанына жарты бие сауымындай уақыт өтті. Қазақ пен қалмақ арасындағы жазылмаған заңның келесі бір тармағы бойынша тағы осындай уақыттан соң соғысушы түмендер екі айрылып, бір-бірінен ажырауы шарт. Сөйтіп, өздерінен кейінгі жұтынған екінші мыңдықтарға орын босатуы керек. Бірақ мына алғашқы беттесу барысында екі жақтың да шеріктері олүрдісті тәрік еткендей тым алыстап, тіпті көзден де өшіп кетті. Соған абыржыған, әрі бас сардардың жаңағы сөздері жанына құйынша тиген Қабанбай батыр екіұдайылыққа ұрынғандай жеңілтек адамша жанжағындағы қалың аттыларға алақтай берді. Қандай шешім қабылдауы керек, әрі бас сардарға қалай жауап қайырған жөн, екеуін қабат ойлап, көздерімен Бөгенбай Қожеке баласы деген батырды тауып алды. Ымдап қасына шақырды. Ол жеткенше бұл Әбілхайырға өз көмекейіне кептелгенді жеткізіп теүлгерді: – Сөзіңізге құлдық, сардар ием! Мен өзім сияқты сардар, қолбасылар түгілі анау додаға түсуші әрбір сарбаздың басын да артық уағызбен тұмшаламаймын. Басына да, қолына да еркіндік беремін. Өйтпесек жау аламыз ба? Сондайлықты сіздің де мұқият ескергеніңізге дән ризамын! Қабанбайдың жауабына Әбілхайырдың да пәлендей көңлі көншімеді. «Бұл не, найман батырының мені әжуа еткені ме» деген де күдікке ат басын тіреді. Ия, Қаракерей Қабанбай тап қазір аң алатын бүркіттей ең бір жақсы бабында. Ауыр денесі әрең қозғалатындай көрінгенмен басында әр түрлі қиялдар жүйткіп, соның ең бір сәулелісін қармап түсердей шабытты күйде. Енді қалай? Жаумен жекпе-жек сайыстарын есептесең, оның саны жағынан бұл қазақ атаулыда мұнымен шендесер ешкім жоқ. Сөйте тұра бұл бұған дейінгі екі күндік жекпе-жекке қатыспады. Бұл бір жайдан бас сардар Әбілхайыр тарапынан туған байлам. Себебі қалың әскерді жауға қарсы салғанда бірінші кезек Орта жүз қолына бұйырсын деп о баста келісілген. Сосын да ол қолдың сардары Қаракерей Қабанбай батырдың бұл шаққа тың сақталуы қажет екендігі пәлендей көп ақылды қажет ететін шешім емес қой.

Бірақ Қабекең осы мерзімді жай жан бағумен өткерген жоқ, өзінің өткендегі тәжірибелерін електен өткізіп, мына бүгінгі жағдайдың неше алуан қырын ашудың қарбаласына бағыттаған. Ол жаңағы Бөгенбай Қожеке баласы дегенді өзінің орнына қалдырды да отызшақты оқ қағар-нөкерлерін ертіп, майдан даласына қарай саржеліске салды. Жарты бие сауымындай уақытта қайта оралды. Кенет мұның ту сыртынан аталмыш жотада қазақ пен қалмақ әскерлерінің өзара қырқысқанүлкен бір түйдегі көріне кетті. Қабанбай оларды қазақ бас сардарының, хан-сұлтандарының, би-шешендерінің көздеріне толық шалынатын осы кеңістікке әдейілеп жұлқып шығарғандай әсер етті. Орта жүз сардары өз адамдарына таянғанда оның маңдайға баса киген дулығасы мен қос самайдан төмен желкілдеген темір торының астынан жарым-жартылай, шалалау көрінетін қап-қара суық бет ұштарының қабарып кеткені байқалды. Бұған қоса қос жанарының түйіле ұшқындауы да сол суреттің бояуы қанық бір бөлігіндей. Бұл шамадан тыс етжеңді батырдың аз жүрістен дамыққаны емес, әлдебір кездейсоқ жайлардың қарсы алдынан шығып, қақ маңдайдан ұруының өкініш, күйзелісі екені айшықталады. Қабанбай өз шебіне жете бере дауылпаз қақтырды. Қалмақ қолбасыларының да күткені сол ма, айқас алаңының арғы қиырларындағы солар тарапынан да кернейлердің көкірек сыздатқандай жіңішкеүні талып естілді. Бұл шайқасты тоқтатуға берілген белгі еді. Белгі берілді, бірақ сап тыйылған шайқас жоқ, қазақ, қалмақ жанкештілерінің бір-бірінен ажырауына да тағы бір жарты бие сауымындай уақыт жұмсалды. Енді жауынгерлердің бері оралысы да қызық, Шоқпардың ойлы-қырлы кеңістіктерінің әр пұшпағынан ондап, жиырмалап шығып, атүстінде бастары бұлғаң-бұлғаң етіп, тап бір өз қолбасыларының алдына бас иіп, кешірім сұрамақтай тым жүні жығылыңқы, сүлесоқ көрінді. Бұлардың соңынан әр-әр тұстан мойындарына қыл арқан салулы, жаяу жетекке алынған тұтқындарды дедектетіп әкеле жатқан жеті-сегіз салт атты және көрінді. Бұл кері оралған шеру онымен де таусылмады, ең ақырында өліктер мен жаралыларды алдарына өңгергендердің қара-құрасы даүлкен бір тізбек құрап, баршаның назарын өзіне тартты. Қабанбай тұтқындарға да, жаралылар мен өліктер қамына да алаңдап уақыт оздырмады, тез екінші мыңдықты туларын желкілдетіп алға өткізіп жіберді. Сол-ақ екен, қарсы беттен қалмақтар мыңдығы да кедір-бұдыр көкжиекті бүркемелеп әкетті. Бұл кешегі, бұрнағы күнгі жекпе-жектерді де еске салғандай. Кезекті жекпе-жекке бір шептің батыры ойқастап шығып, екінші шептегілердің сайыскері балалы қатынша ошарылып жатса бұл, әрине, абырой емес. Мына мыңдықтар да соны ескеріп, өз дұшпандарына қара көрсетуге асыққандай. Бұл жолы қазақтар мыңдығын Тарақты Байғозы батыр бастап әкетті. Бұл атақты әз Тәуке бас батырларының бірі Наймантайдың баласы еді. Сол әке баулуында қаршадайынан соғыс өнеріне бойсұнған бұл қазіргі жиырма төрт жасында-ақ сақа қолбасылардың қатарында. Қазақ пен қалмақ шеріктері бір-бірімен енді қайтып ажырамастай қоян-қолтық араласты-ау деген кезде

бұл шайқасқа Қаракерей Қабанбай батырдың өзі де кірді. Орнына тағы да әлгі Бөгенбай Қожеке баласы дегенді қалдырды. Бұл шайқастардың біріне өз басының да кіруі қажеттігін Орта жүз сардары о бастан-ақ мөлшерлеген. Тек аңысын аңдып, ау-жайын танып болмай бірден екінші түйдекке қойып кетуінің бөлек себебі бар. Қабанбай бұл жолы да алғашқы екі мыңдықтың алыс-жұлысы қайталанып, шайқастың пәлендей нәтижесіз аяқталу қаупі қылаң бергенін қырағы қолбасының көзімен бірден шалды. Ондайлық тым ұзаққа созылса шығын көбейіп, қалың әскер шатқаятап, әрі ұнжырғасы түсуі әбден ықтимал. Сосын да соғыс барысында қазақтар пайдасына қарай жасалатын бетбұрысты кезеңнің тезірек тууы мәселенің көкесі, міне, соған асығу керек. Иә, көп дүние көңіл-күйге байланысты, әрбір сарбаздың кеудесін жеңіске деген сенімділік кернесе қуатына қуат, жігеріне жігер қосылды дей бер. Ал жеңіс дегенің сол екеуінің қосындысынан түзілетін ырзық. Ал сенімділікті қайдан тауып бересің? Олүшін көп бас қатырудың қажеті шамалы, бұған дейінгі екі күндік жекпе-жек қасықтап болса да сол сенімділік атаулыдан біраз дәм татқызды, тек пәлендей тоғайған ешқайсысы жоқ, аш қарынға жұбаныш боларлық қана бірдеме іштеріне барды. Енді осындай шақта содан ауыздарын толтыра бірер асатсаң, мейірлерін қандыра бірер жұтқызсаң әрбір жауынгердің жаңа серпінмен ойнақтап шыға келері даусыз. Ондайда оның тегеуірініне кім төтеп берер? Ия, жаудың алғашқы бетте-ақ күрек тісін сындыр, азуын қақ, сенімділік сондайда иығыңа қонақтайды, іш-баурыңа дендеп енеді. Қаракерей Қабанбай батыр отыз шақты оққағардың қақ ортасында майданға кіргенде сол мақсатты көздеді. Орта жүз сардары жаудың бүгінгі қарқынын әрі өз терісі арқылы түйсінуді де керексінді. Қалай да бұл алғашқы айқас қой, оның ащысы мен тәттісін осы бірінші күнде татыпүлгерудің мәні зор. Тарақты Байғозы батыр бастаған, әрі Қаракерей Қабанбайдың өзі кірген бұл екінші жолғы арпалыста қазақтар сәл басымдыққа қол жеткізгенмен жауды біржола еңсерудің аулы алыс еді. Тек қалмақтар сәл кейін ысырылды. Түстен кейінгіүшінші кезектегі мыңдықтар айқасы Шоқпардың сол қалмақтар шебіндегі екінші жотасында өтті. Келесі күнгіүш шайқастыңүшеуі де осы жота айналасынан ұзамады. Оның сай-саласын қуалап, өліктер мен жаралыларды шашып-төгіп, арқандаулы аттай осы жота басында әлсін-әлсін табысып тұрды. Тек бұл екінші күннің басқа бір жаңалығы сол – қалмақтар осы ортада ғана емес, екі қанаттағы Ұлы жүз бен Кіші жүз жасақтарына қарсы да аз-кем тиіп-қашпа соғыстар ұйымдастырыпты. Бұл туралы бас сардар Әбілхайырға бірнеше мәрте ақпар жетті. Қалмақтар шағындап-шағындап келеді екен де, қазақ жасақтарының шет-пұшпақтарынан бір тістеп, тез қашып жоғалады екен. Оң қанаттағы Тайлақ та, сол қанаттағы Саурық та бас сардар Әбілхайырдың нұсқауымен олардың соңынан ұзақ қуудан тартыншақтапты. Себебі, бұл қалмақтардың сүйексіңді дағдысы екенін баршасы білетін. Қалмақтар ең бір жарамды аттылардан арнайы жасақ құрып, қазақтардың тың күштеріне қарсы осындай тиіп-қашпа соғыстар арқылы бірнеше мақсатты көздейді. Мысалы, сол тың

күштерді жүйкелету, олардың шамасын анықтау, соңдарынан тепектетіп, қақпанға түсіру, екі арадағы жер жағдайын тағы бір көзден өткізу... Бірақ қазақтар ата жаудың ондай арандатушылығына аса елітпеді. Олардың алды-арттарына қарамай бытырай қашқанын көрген бойда-ақ аттарының тізгінін тартып, кейін қайтысты.

* * * Бұл екі күнгі шайқас қортындысы ең алдымен Сары-Манжыны шамадан тыс ширықтырған. Кеш батып, түн қараңғылығы төнген шақта оның шатырының сыртында алаулап жанған оттың айналасында шағын жиын өткізілді. Қалмақтардың Жетісу, Қаратау бойы аталатын өлкелеріндегі бұл бас қолбасысы бұған дейінгі екі күндік жекпе-жекте қазақтардың иық көрсеткенін әлі ұмытпаған. Ал мына екі күндік қалың әскер қақтығысуларыүстінде соның есесі қайтпағаны мұны тіптен шектен шығарды. Өзінен кейінгі қолбасылардың төбесінде біраз әңгіртаяқ ойнатты. Бірақ одан ешқайсысының қылшығы қисаятын емес, бас қолбасының ендігі ыңғайы қай бағдарда дамиды деп, бет-жүздерінде түнгі алаудың сәулесі ойнап, бедірейе қарасты. Сөйтсе оның ойға алғаны – ендігі кезекте қазақтарға қарсы от қарузеңбірек қолдану екен. Бұған дейінгі ол жөніндегі біраз сәтсіздіктерді СарыМанжы әлсін-әлсін еске алып, бәрін өз қандастарының сужүректігіне, айласыздығына тіреді: – Бізден от қарудың өңешін көрсе-ақ қазақтар тым-тырақай шашырай қашады. От қарудан доп атсақ біз олардың мықтағандаүш-төртеуін-ақ құлатамыз. Ал екінші мәрте доп шығарғанша қазақтар жиылып кеп, от қарудың басындағыларды қылыштап кетеді. Бұл не қылған марғаулық?! – деп Сары-Манжы аяғымен жер тепкілей айналасындағылардың басына қар жаудыра сөйледі. Онсыз да қызыл жүзі мынау алаудың қасында тұтанып, одан әрмен өртеніп бара жатқандай. Бұл Шоқпар төскейлеріндегі соғыста әзірге зеңбірекке кезек берілген жоқ. Сары-Манжының тілге тиек еткені бұдан бұрынғы әрқилы соғыстарда төбе көрсеткен сәтсіздіктер еді. Соларды шегелеп, миларына қайта сіңіріп жатқандығысы. Сол сәтсіздіктердің осы соғыста қайта орын алмауына алдын-ала қам жасауға шақырғандағысы. – Сіз біздің жібі бос тартылған тұсымызды тап басып тауып айттыңыз, жоғары мәртебелім! – деп, араларындағы бір швед әскери маманы сөзге килікті. Бұл Аренар-Ренат емес, соның тобындағы екінші бір швед тұтқын еді. Аренар-Ренаттың өзі Алтай тауларындағы кіші Черен-Дондуктің құзырына жіберілгесін осы Сары-Манжыға да сол тақілеттес бір адамды бөлу қажеттігі туындаған. Оны таңдап, табуға да Ренаттың ақылы пайдаланылған. Сондағы іріктелгені осы швед еді. – Ендігі міндет сол жібі бос тұсты нығайту болуға тиіс қой. – Оның қандай амалы бар, кәне, ортаға жайшы! – деп, Сары-Манжы тағы да аяғымен жер тебінді. Швед маманының аузынан сөз шыққанша бұл дегбірсіз қолбасы тұрған орнында шырқүйіріліп, өзімен-өзі күбірлегендей

басқа ауанға көшіп кетті. Швед маманы оның саябырсуын күтіп барып, қайта тілге келді: – Қазақтармен соғысүстінде кері шегінген болып, олардың қалың шоғырын зеңбірек добы жететін жерге келтіру керек! – Паћ, шіркін мұның ақылдымсынуын! – деп, Сары-Манжы жабайы құсша саңқ етіп, тағы да теріс айналды. Бас қолбасының бұл кекесінін басқалар дамытып әкетті. – Әй, жалбыр шаш пайғамбар! Қазақтар сенің ондай айлаңды атам заманда-ақ біліп алған! – Өтірік шегініс пе, шын шегініс пе, олар табанда сезеді! – Бүгін күні бойы олардың екі қанаттағы шептеріне бірнеше рет тиісіп байқадық, міз бақпайды! – Өтірік шегініс жасаймыз деп жүріп, онымыз шын шегініске айналып кетпесін! Масқараның көкесін сонда көреміз? – Әй, жалбыр шаш, өтірік шегініс жасағыш болсаң анау қазақтардың сол қанатындағыүлкен шеріктің қан ортасында әлгі Наурызбай батыр дегеннің бөлек қосындары бар екен. Соны маған бір оңаша шығарып берші! Мен оны сенің зеңбірегіңсіз-ақ парша-парша етейін! – Е, бәсе! Сөйтші! Ондайлыққа мен де дайынмын! Бұл сөйлеген соңғы екеу Шапырашты Наурызбай батырмен кезектесе жекпе-жекке шығып тыраң асқан әлгі Қаскелең, Шамалхан атты батырлар еді. Жекпе-жекте құлағанмен тәндері жарақатсыз бұл екеуі енді онымен қайта бақ сынасып, жандарындағы жарақатты жазудың амалын іздестіруде. Енді ол ниеттерін оңтайлы сәтте бас қолбасыға неге құлаққағыс етпеске? Бірақ швед маманының беті қайта қоймапты: – Жоғары мәртебелім, сіз ертең алғашқы мыңдықтың емес, одан кейінгі екінші мыңдықтың, әрі екі зеңбіректің бас иелігін маған беріңіз. Тап осы ұсынысымды іс жүзіне өзім асырайын, –деп салды. Осы шақта бәрін бір түйдек жел желпіп өтті. Ортадағыүлкен алау бір жағына қисайып, жалынынан түтіні көп, бықсыққа айналды. Желге қарсы тұрғандардың көздерін түтін ашытып, әп-сәтте берекелерін кетірді. Байқаса бұл бір түйдек емес, көп түйдек жел екен. Оған арқасын тосқандардың өздері де аяқ астынан бұзылған ауа райымен арпалысқандай жаңағы ортада орын алған сөз алмасулардың мән-мағынасынан жаңылып қалғандай. Тек ешқайсысына селт етпеген, ойы да бұзылмаған Сары-Манжы екен. Оның аласа бойы оттың жалыны әлсіреген мезетте қап-қара томарға ұқсап, швед маманына бұрылған күйі қақиып қапты! Сөзері де мірдің оғындай дөп тиіп жатты: – Жақсы! Мен құп көрдім! Ертеңгі екінші мыңдықтың да, оған қоса екі зеңбіректің де бас иесі сенсің! Ия, Сары-Манжы қалайда тезірек жеңіске жетудің көп амалын қарастырған шақта швед маманының жұлқынысы бұл қарманар бір талға айналды. Бұл кезде жел одан әрі күшейіп еді. Сары-Манжы оны әлі де байқамай швед маманын өзінің дереу қостауы бір түрлі жанына жеңілдік әпергендей сезінді.

Бұлардың орналасқаны сылдырап аққан кішкентай суы бар сай табаны. Бұдан әріректе, шамамен әудем жерде екінші алау жанып жатқан. Одан әрі де, шамамен сондай қашықтықта басқа да алаулар түн көрпесін сөгіп, қыпқызыл бояу шашуда. Бәрінің де айналасында қараң-құраң адам сұлбалары санап тауысқысыз. Кенет сол өріректегі екінші алау жақтан жаман шу шықты. Алғашында әртүрлі ойлармен басы шырмалған Сары-Манжы оған назар аударғысы келмеп еді, байқаса еркіңе жібере қоймас, ажары бөлек шуға айналып барады. Тіпті шу да емес, қас пен көздің арасында жау шапқандағыдай нағыз апалаң-топалаңға ұласты. Бұған желдің одан әрмен ышқына соғуы қосылып, ес таптырмайтын бір арсы-гүрсілік туды. СарыМанжы бәрібір сабыр сақтады. Анау-мынау ұсақ-түйек кикілжіңдерге бас қолбасының араласуы жөн емес, бұл белгі бермей-ақүйреншікті тәртіп бойынша екінші саптағы қолбасылардың бірі отызшақты жауынгерімен атқа қонды. Бұлар сарт-сұрт етіп онда жеткенше ол оттың басындағылар да тегіс атқа мініп, өздерінен де әріректегі екінші оттың басындағыларға лап қойды. Енді ол екі оттың айналасындағылар арасында нағыз қырғын майдан басталды. Мына Сары-Манжының қасынан кеткен, соңынан барғанүшінші топ ол екі шоғырдың арасына түсе алмады. Екі шоғыр әбден сілесі қатқанша шабысып, екі жақтан да көп адамдар құлап, тек мына соңғы барған топтың айғай-ұранынан кейін ғана сәл дамылдасып, естерін жиюға кірісті. Енді мына соңғы барған топтың қолбасысы оларды сұраққа алды: – Әй, өз-өздеріңмен шабысқандарың қай сасқандарың? Бұл қай шайтанның түрткісі? Қазақтармен шабысу жұмырларыңа жұқ болмай жатыр ма? Не бүйі тиіп сендерді шала бүліндірді. Бұл қолбасының сұрағына әбден дамығып, өкпесі өшкендердің ешқайсысы жарытып жауап қайырар емес. Сосын бұл олардың әрқайсысын жеке-жеке тергеді. Бұл бүліктің мәнісін солардың біреуі ашты. Сөйтсе пәленің шығу төркіні былай екен: мына Сары-Манжы қолын жылытқан оттың басындағылармен көршілес одан бергі екінші оттың айналасындағыларға еңгезердей белгісіз біреу жақындайды да бұлардың әңгімесін едәуір уақытүнсіз тыңдайды. Мыналар оны кәперге де алмай әр түрлі жайдың басын шалып, ақ езу, көк езу болысады. Әрине, әңгіменің темір өзегі қазақ пен қалмақ арасындағы бүгінгі соғыс жайы. Кенет осылардың ішіндегі түр-тұлғасы, сауыт-сайманы бөлектеу, лауазымы жоғары біреуі отырған орнында жайқала сөйлеп, бүгінгі шайқастың өзгелер байқамаған тосын қырларын ашқансиды. Міне, сол кезде әлгі бұлардың әңгімесінүнсіз тыңдаған еңгезердей бейтаныс оған ту сыртынан жақындап барып, таза қалмақ мақамымен: – Сен, нақұрыс, не былшылдап отырсың?! – деп салады. Әрі оны көк желкеден ұрып, отқа етпетінен құлатады. Сонда оның қасындағылар дүрк көтеріледі. Бейтаныс та шапшаң екен, бұлар қаруларын суырып ұмтылғанша ол жақын тұрған атына ырғып мініп, одан арғыүшінші от айналасындағылардың ортасына қойып кетеді. Мыналардың оларға лап қойып, екі топтың арасында қырғын басталуы содан екен. Енді ол бейтаныс нақтылы кім, соны анықтауға келгенде бәрінің тамақтарына тас тығылды.

Тіптіүшінші от айналасындағылар да өздеріне кеп бас сауғалаған кім, оны ашып-айырып бере алмады. «Мүмкін ана өліктердің арасында кеткен шығар» десті де қойды. Сырттан жау келді дейтін емес, оның таза қалмақ мақамымен сөйлегеніне мына екінші от басындағылардың өздері куә. Бұл хабар Сары-Манжыға жеткенде ол бірден: – Бұл келіп, біздің ішімізді дүрліктіріп кеткен қазақ батыры Қаракерей Қабанбайдың тап өз басы! – деп салды. Оны қасындағы кексе нөкерлері, ақылшылары құптай жамырасты: – Мәртебеңнен айналдым бас қолбасы, сіз нағыз кемеңгер адамсыз. Біз ырғатылып-жырғатылып болғанша сіз кемеңгерлігіңізге басып, дәлүстінен шықтыңыз! Бұл нағыз Қаракерей Қабанбай батырдың өз басының қылығы! Мен оны осыдан он жылдай бұрын сонау Зайсан көлінің маңында, әлгі орыстарға сол көлдің жағалауында, Ертіс бойында қала салуға рұқсат берген кездерінен білем. Ол кезде бүгінгі ұлы мәртебелі қонтайшымыз ҚалданСерен сол Ертіс бойындағы әскерлердің бас қолбасысы еді ғой. Ұлы мәртебелім орыстардың онысына қарсылық көрсетті, тек соңынан мәмлеге келісті. Мен сонда-ақ байқағанмын, Қабанбай дәл қалмақтың өзінше сөйлейді. Мақамынан бір қылшық таппайсың! – деп, осындағы бір кәрі зайсан сайрауық құсша құйқылжыды. Мұны басқалар даүстемеледі. Тіпті біреуі Қалдан-Сереннің сондағы наразылығының ажарын келтіре тәптіштеді: – Сонда ұлы мәртебеңнен айналдым Қалдан-Серен алғашқыда «орыстардың Ертіс бойлап қала салуы қыл арқан аш тамақтан түсті деген сөз» дегені әлі күнге жадымнан шығар емес. Тағы бір кексе жауынгер: – Бүйтіп түнделетіп ұрынуды Қабанбай бұрын да қолданған, тек соңғы ретінде жолы кесіліп еді, сірә, қалмақтар оны ұмытты деп қайта бастағандағысы ғой, – деп пысықтады. – Өзінің анау-мынау ат көтере алмас алпауыт денесі бар, сөйте тұра найзағайдай ұшқырлығын қайтерсің, сендер оны өлдіге санайсыңдар, мен білсем ол бізді өзді-өзімізбен қырқыстырып әлем-тапырағымызды шығарды да өзінің бір түгі қисаймай кетті. Әйтпесе, ертең күн жарықта анау өліктерді сараптайықшы, бар болса мен бірден табамын. Сықпытын танимын нәлеттің! Тек ол табылмайды, себебі, ол онда жоқ! – деп, тағы бір кәртамысы өз пайғамбарлығын көлденең тартты. Сары-Манжы манағы өз орнына қайта оралды. Енді аяқ астынан бұзылған ауа райы шалқи жанған оттың емес, бұлар бұған дейін межелеген кесікті ойлардың түте-түтесін шығарғандай баршасын құлазытып әкетті. Жаңағы жоғарыда болған бүлік түк емес, көресілерің әлі алда дегендей жұлқи соққан жел тіптен өршеленіп, күрт суытып, жауын әкелетінге ұқсады. Бұзылған ауа райынан қорқатын не бар, ол осыларға ғана емес, қазақтарға да келген кер, демек,таразының екі жақ басы әлі өз орындарында. Бәрі Мұхамедүмбеттері мен қуыршақ құдайүмбеттерінің күш-қуат, ақылайласына сол баяғы тірелген қалпында. Сәлден соң түн түнегінен бұларға тағы да көп атты адамдар келіп қосылды. Енді Сары-Манжы айналасындағылардың етек-жеңі жиюға

келместей кеңейді. Оның бас-аяғына шығып мөлшерлеп те жатқан ешкім жоқ. Аспан асты кең, қазақ пен қалмақ арасындағы «талас алма» мынау ойлы-қырлы даланың нешеуің келіп жантайсаң да жарым құшағын толтыра алмайсың. Кейде ол қолдан сусып бара жатқан құмды да еске салатындай. Өзіңдікі ме, жоқ, өзгенікі ме деген сондай бір делдал күйде оның бетінде қыбырлаған қандастарыңның аяқ басысына, жантайысына, құлақ түрісіне таршылық жасап не жының бар? Оған таршылық жасаймын деп, өзгенің тайраңдауын көріп, көндігіп отыратын халге жетіп, Будда әулием «қызғанғаның қызыл итке бұйырды» деп, сақ-сақ күлсе қайтесің? Сондай бір күдік пен сарыуайым қосындысы езгілеп, кеуделерін зіл көтерем еткендей. Онсыз да айсыз қараңғылықта аспанды бұлт торлап, көкте жұлдыз бен жердегі от қабат сөніп, түн түнегі өзінің жойдасыз ауырлығымен иықтарына мінген ғой. Мына соңғы келгендер бұлардан алысырақта от жаққандар ортасындағыүлкен-кіші қолбасылар еді, олар мына Сары-Манжы маңындағы дүрлігісуді енді ғана естіп, дүрк көтеріліп жеткендер. Олардың көпшілігі әлгі екі күндік жекпе-жекке де, соңғы екі күндік шайқасқа да қатысқандар. Араларында Аңырық, Долаңқара сияқты атышулы батырлар да бар. Жолай, мыналармен көршілес, жоғарырақтағы екі оттың басындағылардан мәнжайға қанып жеткесін бе, оларүнсіз келіп ошарылды. Тек араларындағы тілінің безі бар кейбір ескілері ғана қарғаша қарқылдап, өздері тақілеттес қарабайырларды тілге тартып, мәселенің байыбына одан әріүңгіді. Ал Аңырық пен Долаңқара іспеттілердің ауыздарынан леп шығар емес, тек мына жасыүлкендердің дабырласуына мұқият құлақ тосып, соны ғана місе тұтуда. Сірә, соңғы төрт күннің әпселеңі бұлардың да жүректерін шайлықтарып тастағандай. Қалайда, бәрінің көзі Сары-Манжы жақта ғой, ол ара-тұра әлсіз қызылы жылтылдаған отқа әлі де телмірген күйде. Түн қараңғылығында қап-қара томарға айналған болмысы сол қараңғылықта еріп, онымен біржола араласып, өшіп бара жатқандай әсер қалдырады. Ол мына қалмақ жауынгерлерінің арасында қорқыныш,үрей атты пәлені қоса қоздатқандай. Әлдебір пысықтар ортадағы шоқтарды қағыстыртып отты қайта лаулатудың қамында, тек бара-бара тіптен ышқына соққан жел оған мүмкіндік берер емес. Әттең, анау қолбасының кеудесіндегі отты маздататын жел табылар ма еді? Әлгі кәртамыстар арасындағы әңгіме одан әрмен кеу-кеуледі. Кенет олардың біреуі осы соңғы екі күндік шайқасты ұйымдастыруда жіберілген қателіктерді жайқап өтті. Міне, сол сәтте жалбыр шашты швед маманы тілге келді: – Мен білсем қателік шайқасүстінде емес, оған дейін жіберілді. Әлгі екі күндік жекпе-жек атүсті сайыстың түкке керегі жоқ еді! Міне, сол кезде ғана Аңырық гүж етті. Мына қараңғылықта оның Аңырық екені даусынан танылған. – Жекпе-жекке қазақтар шақырды ғой! Немене, олардың шақыруын қабыл алмай қорқақтың кебін киюіміз керек пе еді?

– Жаудың ишарасына көне беру де батырлық емес. Қайта біз оларды өз еркімізге иліктіруіміз керек еді, – деп, түн қойнауынан сұлбасы әрең шалынатын швед маманы да қасарысты. Қатты жел одан әрмен дудыратқан жалбыр шашы бет-аузын, көздерін сабалап жаба бергесін екі қолы сонысымен арпалысып, басқалардан гөрі мұның қимылы көбірек шалынды. Сосын да санасы да сергегірек сияқты. – Сен жекпе-жек сайысты неге қателікке балайсың? – деген Долаңқараның даусы да түн жарды. Қазақ батыры Бөлек Бөргелтайұлы дегенмен жекпе-жек сайыста жарақаттанып құлаған бұл Долаңқара бүгін ғана атқа бұт артуға жараған. Жарасы жазылмаса да Аңырыққа еріп түн жортып жүр. – Қателік дейтінім сол екі күнде қыруар әскер күн астында шыжғырылып, адам да, мал да қаңтарылып, көп күш-қуат текке рәсуә етілді. – Паћ, шіркін! Осы жалбыршаш-ақ білгішсіп, миымызды шірітіп болды. Егер біз жекпе-жектен жалтарсақ қазақ қолбасылары ...әне, қалмақтар бізден жасқанды деп, өз сарбаздарының отына май құйып, құтыртпай ма? Құтырған ит пен сау ит таласса қайсысы жеңеді!Әрине, құтырған ит жеңеді. Себебі, ол өлер жерін аңдамайды ғой. – Бұл сөйлеген Қаскелең батыр еді. – Мұндай тұжырымға менің дауым бар! – деп, швед маманы да берілмеген түр көрсетті. – Әй, жалбыршаш! – деген Шамалханның ащы даусы құлақ тітіркентті. – Сен екі күндік сайысүстінде қалмақ жауынгерлері текке қаңтарылып, көп күш-жігер рәсуә етілді дейсің. Ал тап сол аралықта қазақтардың күш-жігері қақпағы жабулы қазандағы судай тұнығы бұзылмай тұрып па? – Мәселе онда емес. Әрине, қазақтардікі де әулекілік, олар да көп күшжігерді төгіп-шашты. Бірақ біз, мына жоғары мәртебелі қолбасының арқасында қазақтармен салыстырғанда әлдеқайда жақсы дайындықта едік. Біз сол артықшылығымыздан көз жазғандаймыз. Әрі бізде зеңбірек бар ғой. Әу баста жекпе-жекке алданып, сахнадағы өнерпаздарша ойын көрсеткенше сол зеңбіректерді іске қосудың амалын қарастыруымыз керек еді. Егер сөйтсек бүгін бас қолбасының құрметіне тост көтеріп отырар ма едік, кім білсін? Міне, осы кеште Шу-Іле алабының бір нүктесінде сол кездегі өркениет шеңберінде арнайы білімі бар еуропалық пен азиялық түздіктер ұғымтүсініктері бір-бірімен қайқы қара қалаштардай от шығара осылай қайшыласты. Оны сергектікпен көңіл түкпіріне түйген Сары-Манжы ғана. Ол бұлардың керілдесуіне еркіндік беріп, томаға-тұйық тұрды да айыздары қанды-ау деген кезде баршасының назарын өзіне аударып шарт етті: – Саған! – деді швед маманына шұқшиып. – Саған ертең екінші кезектегі мыңдық пен екі зеңбіректің бас иелігін берем деп едім ғой. Онымыз ұзын арқан, кең тұсау! Ол жағын өзің де ескерттің! Мен бір жайды кәперге алдым! Жаңа қазақ батыры Қабанбай ортамызда ойран салып кетті. Олар енді қайтсе де қалмақтардың мына алдыңғы буынында сәл-пәл берекесіздік орнады, енді қайтсе де сол әлсіз тұстан дәлдеп соққы берсек көп артықшылықты иемденеміз деп дәмеленеді. Және де соған дайындалады. Ал

біз ерегескенде тап осы жолы қалай да өздерін қарсы беттен тосып, маңдайларын тасқа тигендей етсек! Сонда қазақтардың біржола сағы сынар еді. Сен екінші кезектегі мыңдық емес, бірінші кезектегі мыңдыққа иелік етіп, таң ата атойлап шығасың. Әрі екі зеңбірек аласың, қажет десеңүшінші зеңбірек те сенүшін даяр тұрады. Айла-амалыңды қазірден ойластыра бер! Швед маманы мұны тосын олжадай қабылдады. Көп қолбасылар оған бірауық қызғанышпен алақ-жұлақ етіскендей. Бұдан кейін көп сөз өрбімеді. Соңғы келгендердің бәрі түн түнегіне сіңіп жоғалысты да мына оттың басында әуелгі топ қана қалды. Енді біраздан соң мұндағылар да шашырай тарап, Сары-Манжы, швед маманы, тағы жеті-сегіз қолбасы, зайсандар мүлдем оңашаланды. Міне, таңертеңгі алғашқы шайқастың жөн-жосығы осы ортада белгіленді. Тек адамның ойлағаны бола бере ме, құдайдың өзі белгілеген жөнжосық және бар емес пе? Сол кештегі топалаң жел текке ойнақтамапты, түн ортасы ауа бере жаңбыр жауды. Алғашқы қарқында-ақ дәу-дәу тамшыларымен жер-дүниені аямай ұрғылай бастады да, уақыт өте келе тіптен күшейді. Айнала әп-сәтте селге айналды.Қалмақ ортасында бұлүлкен қарбалас тудырды. Жорық шатырлары бәріне бірдей жетпейтін еді. Көбісі дағдылы әдет бойынша ат бауырында жүресінен отырып ықтады. Қазақ жағы да солай.

* * * Жаңбыр сол жауғаннан мол жауды. Бозарып таң атқанда кейбір көзі қырағылар ойпаң-ойпаңда бір түнде пайда болған көлшіктерді көрді. Қазақтар бұл ауа райы құбылысына пәлендей ренжіген жоқ, қайта ой қорытуға уақыт керексініп, құдай бұлардың сол пиғылына орай аспанның жарығын ашып жібергенге ұқсатты. Себебі, тап бүгіндікте қазақ пен қалмақ арасында шайқас тууы екіталай. Жаңбыр басылған күнде де шайқасқа тәуекел дессе Шоқпардың мына кедір-бұдырында аттардың аяқтары тайғанақтап, көп шығын содан келуі де мүмкін. Оның не қажеті бар? Әскердің күш-қуатын текке рәсуә еткеннің көкесі сонда болады. Ал жаңбыр басылатын емес, тіпті одан әрмен төкпеледі. Бара-бара желдетіп жауып, адамды да, малды да қиғаштай ұрып екіленді. Енді аттың бауыры да ықтасынға жарамады. Қалың әскер жабулы аттарын желдеткен жаңбырға көлденең қойып, бір жақ жанын екі бүктеле тұрып паналады. Сарбаздардың көбісі мұндайлыққа дайын да емес еді, себебі жаумен беттесуді көбірек ойлап, жылы киім, сулық, алаша жамылғы сияқтыларды алыста қалдырып, мына қысылтаяңда оларға жете алмай қалған. Қазақтардың білуінше желдеткен жаңбырдың соңы тез қайырылады. Мына жолы да солай болар деп, шыдамдылықпен күтісті-ақ. Тек Шоқпардың жаңбырының да жаратылысы бөлек пе, тиісті сыбағасын одан әрі еселеп тартты. Айнала ойпаңдар көл емес, жойқын дарияға айналып бара жатқандай. Қыр жоталардан төмен құлдилаған су кей тұстарда аттың шашасын, тобығын түгелімен жауып әкетті. Енді-енді олардың өздерін де ағызардай мінез

көрсетті. Айнала күңгірт, таң әлдеқашан атқанмен күннің қай мезгілі екенін жан баласы ажыратып бере алмастай. Жел одан сайын құтырынып, жаңбырдың ұрғылауын адам төзгісізге жеткізді. Бірақ ол мұның соңғы қарқыны екен, ақыры сол жел осындағы тірлік иелеріне қол ұшын жалғағандай. Жаңбыр тамшылары кенет селдірей бастады да, аспан мен жер арасындағы кеңшілік біршама зорайып сала берді. Бірақ бәрібір жуарақпанда көкжиек ашыла қоймады. Зілдей боп басқан бірдеме төбелерінде тұрып алғандай. Тек шамамен күн сәске түске тырмысқан мезгіл-ау дегенде жаңбыр біржола басылды да жел де момақан күйге түсті. Жұрт ат бауырларынан бастарын көтерді. Енді бір мезгілде еңсені езе төбеден төнген қап-қара бұлттар да сұйыла жоғалып, олардың орнында жыртылған алашаға ұқсас шашырандылары қалды. Ол шашырандылардың әр тұсынан күн көзі де жылт-жылт етуге дәмеленіп, айналаны нағыз күндізгі жарыққа бөледі. Қырат-қыраттардың араарасын қуалап, құшақ-құшақ сәуле де жүгіріп өткендей. Тек дағдылы желдің ғана демігі басылмай айнала көріністің бір қалыпқа түсуіне жол берер еес. Әлгі Шоқпардың желі жауыннан кейін сол жауынды жоқтап соғады деген сөздің мынау екі тараптағы қалың әскерлердің көз алдында расқа шыққаны осы бірінші рет еді. Шоқпардың биіктерінен аспан алшиып, тым кең көрінеді. Әсіресе, мынадай жаңбырдан кейінгі көк жүзі әлі толық ашыла қоймаған шақта солай ма екен? Ақ, көк, қара бұлттар әр тұста бір қойындасып, әрқайсысы өзінше бір патшалық құрып жатқандай ию-қию тірлік бейнесін танытады. Кейде ол тірлік бейнесін өзгертіп, өзге бір жырдың әуеніне басқандай түте-түтеленіп мүлдем басқа қырымен құбылады. Аспанның бір тұсында қорғасын түстес, енді бір шетінде қап-қара шудаша шұбатылған, енді бір қиырында ақ кілегейленген бұлттар иір-иір өрнектер салып, қараған жанның қос шырағын ғана емес, қиялын да әр саққа алып ұшады. Кейде бұлттардың ара-арасынан күн көзі жарқ етіп, жаңбыр жуып тазартқан көк жасыл қырат, ойпаңдарды қас қағымда жасандырып жібереді. Тек сондай шақтарда күн сәулесі адам төбесінен шаншылып түссе оның бет, мойын, қолдың ұшы сияқты денесінің ашық жерлерін тызылдатып ала жөнеледі. Ия, «бұлттан шыққан күн ащы, жаман қатынның тілі ащы» деп, қазақтар тегін айтпаса керек. Үзіліп-үзіліп соққан жел мен ол айдаған бұлттар күннің өйтіп ұзақ ашылып-шашылып тұруына мұрша бермейді. Оны тез бүркеп әкетеді де, жер бетіндегі қара көлеңкелілікті қайта орнатады. Енді бұлтты аспан төмендегі Шоқпардың кедір-бұдырлы қыртысына өз қожалығын біржола орнатпақтай зікір салғанға ұқсап, аздап күркіреп тұрып алады. Тек аспанның басқа бір шеті ашылып кетіп, ақ кілегей бұлттар көкжиекке сіңіп бара жатады. Тіпті мына төбедегі ұзын қара бұлттың өзінде де пәлендей тұрақтылық жоқ, әне бір бүйірінен балықтың қанаты сияқтанып, ақ мамық бірдемелер сойдиып тұр. Ышқынып-ышқынып соққан желге, немесе, бір көрініп, бір жасырынған күнге байланысты ма, әйтеуір ауа тез салқындап, тез ыситын сияқты. Онда да аспандағы бұлттар сияқты тұрақтылық жоқ, өте айнымалы.

Әне, ұзын қара бұлттың бір бүйірінен балықтың қанатына ұқсап сойдиған ақ мамық бөліктер енді өздері басқа бір жерден атқақтаған буға ұқсап, күш алуда. Ұзын қара бұлт енді ішінен жел шыққанүрген қарындай тез сыны бұзылып, басқалармен араласып сіңісіп барады. Ия, алшиып көрінген бүгінгі бұлтты аспан суретіне қарасаң одан көп қызықты айырасың. Бірақ бәрібір мұндағы ең ғажабы әлгі желдің соғысы еді. Шоқпардың желі, Қордайдың желі деп, жергілікті ел тілінде екі түрде аталатын осы ауа қозғалысы қай қиырдан келгендерүшін де алабөтен әсер етеді. Ең басты алабөтендігі сол – бір басталса қайтып етек-жеңін жиып, саябырсу жоқтай бір сарын, бір әуенмен ырғағын бұзбай тұрып алады. Екіүш күн, не одан да көп, қасақана әлдекім көрікті басып, қозғалысқа салғандай желп-желп етіп, толас таппайды. Қордай дегені осы Шоқпар да құрамына кіретін Кіндіктас тауының жоғарғы күншығыс жағында Жетіжол жотасымен екі арадағы асу. Осы Қордай асуы аңғарында солтүстіктен жылжыған суық ауа қысымының салдарынан туатын жел өстіп, өз болмыс-бітімін өз жолында кездескен адам мен малға толық танытып болмай тыныштыққа мойынсұнбайды. Ал Қордай деген кім? Ол осыдан бір жарым ғасырдай бұрын осы қалмақтардың арғы аталарымен соғысқан қазақ батыры екен. Әрі бір жағынан қазіргі Ұлы жүз дулат батырларының ең шоқтықтысы, сондағы жаныс елінің қолбасысы Өтегеннің шешесі Нұрбаланыңүлкен әкесі. Демек, Өтеген батыр сол Қордай батырдың жиен шөбересі. Ал Қордай батыр қалмақтармен қалай соғысты, нақтылы қандай ерліктер көрсетті, ол жағын көне көз қариялар жілікше шағуға жоқ, тек бір қадап айтатындары – ол Қордай батыр жылан жұтып, іштегі жарасын жазыпты. Кейде мынау басыаяғы жоқ жел сол мәңгілік ұйқыдағы аруақты батырдың ауыр тыныс алғандағы лебі ме деген де сезікке тірелесің. Жел ағынының өтінде тұрып, ол сезіктен тез арыласың да бұл өзінен бұрынғы жауынды жоқтады-ау деген алғашқы уәжге қайта ат басын тірейсің. Біресе ұйтқып, біресе бәсеңдеп, бірқалыпты қарқынмен ұзақ өзгермей соғатын жел кейде шынында әлдекімді іздеп аласұрған, шарқұрған жанның уілін құлағыңа әкелетіндей. Әлде осы желге шынында жан бітіп, жаңа ғана осы Шоқпардың жон арқасын аямай соққылаған қалың жаңбыр, серіктесім, қайда ғана жоғалдың деп, көкірегі қарс айырыла нали ма екен? Кейде бұл ауа ағыны өте жайлы тиетін самалға да айналады. Жаны жаралы, тәні жаралы жауынгерлер ол самалға ашық кеуделерін тосып, сол жан мен тән жарасына дауа таппаққа да аңсарлары ауады. Ия, табиғат-ана қай қырымен қараса да қос аяқты пендеге өгейлік етер ме? Түс мезгілі дегенде аспан шайдай ашылып, күн дегенің бар қуатымен шашыла жарқырады. Айналаны тез ыстық басты. Тек аталмыш жел ғана сол бәз-баяғы қалпында. «Күн шыққанға аса жайқалып, жетіспеңдер, мен сендерге әлі де көрсетемін» дегендей күшейе екіленді. Раң, боз көде, тас жоңышқа, шытыр дегендерің жуылып ашылғасын қайта жасарып, жапырақтары мен тікенек ұштарында күн сәулесін молырақ ұялатып, жерге бас ұра қалбаңдайды. Жел қанша қаққылағанмен қағажу көретін емес, ойынныңүстіне ойын тілеп, арсалаңдаған есірік мінезді балаға ұқсайды.

Мұндай ауа райы жағдайында мұндағы бусанған кеңістіктің түрі де қызық екен. Желдің ығына жығыла жайылған ақ бу кей тұста боп-боз жұқа матаға келіңкірейді. Қайта жасарған көктің реңкін де жасырыңқырайды. Өстіп, жерді дегдітіп, ертеңгі қазақ пен қалмақтың тіс салысу мерзіміне дейін Шоқпардың төстіктерін дап-дайын етейік деп, күн мен жел уағдаласқандайақ мұндағы ылғал атаулыны тез ұшырып әкетіп жатты. Бұл жағын екі тараптағы өзара аңдысқан дұшпандар да қырағы көздерімен айқын байқасты. Ия, ертеңгі майдан орны құдай қаласа дап-дайын тұрмақ.

* * * Ауа райы солай да ал қазақ қолбасыларының ортасындағы қарбалас та одан кем емес еді. Әбілхайыр жаңбырдың сәл беті қайтты-ау дегеннен-ақ атқа қонды да қайтып табаны жерге тимеді. Бұл ең әуеле, айналасындағы аз ғана шоғырмен ұлы хан Болат төңірегіндегілерге жолықты да олармен аз-кем дидарласты. Әңгіме негізінде әскер қосындарын аралау туралы еді. Сосын Болат ханның қасында кімдер қалатынын, өзіне кімдердің еретінін тез шешті де өзүлесіндегілермен бөліне бермекші еді, анадайдан Ұлы жүз қолының сардары Саурық батырдың атының шоқтығы желкілдеп, жақындай берді. Үсті-басы малмандай су Саурық тым қатқылдау сөйледі: – Мәртебеңнен айналдым бас сардар,үйсін қосындары анау теріскейде, әрі-сәрі күйде. Мен мұнда жата-жамбастағанша солардың тірлігіне бас-көз болайын! Сіздің жарлықты сонда күтсем, ең абзалы ма деймін! Бұл сөзін тауысқанша Кіші жүз қолының сардары Тайлақ батыр да жетіп, Саурықпен қатарласа дабырлады: – Ұлы атаның баласы жөн сөйлейді. Мен де күнгейдегі өзімнің сарбаздарыма, Жанарыстың жанкештілеріне жетсем бе деп едім. Шежіреқұмар қазақтар өз тегін түп атадан таратқанда бірінші Нұх пайғамбарды ауызға алады да одан бергі Ысқақты, одан бергі Әннас сахабаны атайды. Міне, сол Әннас сахабаның кейінгі бір ұрпағы – Бірінші Әбілхайырдан Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс атты ұлдар туып,үшеуіүш жүз атаныпты-мыс. Міне, сосын да қазақтар өздерін бөле-жарып сөйлеуді керексінгенде Ұлы жүзді – Ақарыс, Орта жүзді – Бекарыс, Кіші жүзді – Жанарыс деп айшықтайды. Тайлақ батырдың өзімнің жанарыстарым деуі де содан. Ал шындығында қазақтыүш жүз атап,үш тарапқа бөлген Шыңғыс хан тұқымдары, төрелер екенін бұлардың көбісі білмейтін, ал білгендері олай деп әсте тіс жармайтын. Қазақ біткенді жоғарыдағыдай бір атадан нақтылай, атын атап, түсін түстей таратсақ ауызбіршілік нығаяды деп дәмелене ме, әйтеуір ерте заманның шежірешілері, ақсақалдары төре тұқымдарының «бөліп ал да билей бер» дейтін өзара ішкі уағыз, ұйғарымынан туған бөлексалақтықтың төркінін жасырып ұстайтын. Сөйтіп оны ұмыттырып та жіберген. Әбілхайыр Ұлы жүз, Кіші жүз сардарларының алдын-ала бір-бірімен уағдаласып кеп тұрғанын сезді де басына көп күш түсірместен табанда рұқсат берді. Саурық батыр бірден өзіне қарасты батырларды ертті де аттарының тайғанақтай басқанына қарамастан теріскейді бетке алды.

Жалайыр биі Ескелді тобы да соның құрамында. Тайлақ батыр да алыс биіктен қарағанда қара қоңызға ұқсайтын жүзшақты аттылардың ортасында түстікке құлдилай көзден өшті. Әбілхайыр бұлардікі дұрыс ақыл болды дегендей екі топты да көзімен ұзатып салды. Болат хан айналасындаүш ұлы би – Төле, Қазыбек, Ақсуат, әрі Сәмеке хан, Жолбарыс хан, Батыр және Барақ сұлтандар, біраз кексе шешендер, әрі қолбасылар мен күзет есебіндегі сарбаздар тобы қалды. Ал Әбілхайырдың өзі Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Есет, Хангелді, Саңырық, Шапырашты Сатай, Шапырашты Наурызбай, әрі кешегі, бұрнағы күнгі соғыстарға тікелей басшылық жасаған Қабанбай, Тарақты Байғозы, Бөгенбай Қожекеұлы сияқты батырларды өз қасына іріктеді. Шындығында Шапырашты Наурызбай да Саурық тобының ішінде кетуі керек еді, тек Әбілхайыр оның әзірге осы маңда аялдауын қалады. Міне, сол кездегі қазақ қауымындағы ең жоғары мәртебелі, ең жоғары өкілетті осы екі топ әр қойнауда жаңбырдан бас сауғалап, шашыраған сарбаздар шоғырларын араламақшы еді. Бірінші қозғалған Әбілхайыр тобы. Айналасы қырықшақты адам, әр тұстаүйме-жүйме ошарылған сауы, жаралысы қайсысы екені айырғысыз, жаңбырға бөккен сарбаздарды түртінектеп, адақтау да мұндай жоғары мәртебелілерге аса жарасымды емес сияқты. Бірақ амал қайсы? Бұлардың негізгі көздегендері – соңғы екі күндік арпалыстың қара қазанында қайнап піскендер. Әбілхайыр солардың әрбір шоғырмақ, жиынтықтарына арнайы ат басын бұрып, іштеріндегі сөзуараларын әңгімеге тартты. Шайқас барысында жер жағдайы атүсті соғысқа қалай әсер етті, ата жау тарапынан тосын не байқалды, біздің етімізүйренбеген жаңа қарулары бар ма, қандай тың әдістер қолданды, әрі бұл екі күндікте қалмақтар от қару-зеңбіректерін неге қолданбады, бұл турасында олардың кейбір тұзы жеңіл ашықауыздары шыбын жанға араша сұрап сыр шашпады ма деген сияқты сауалдармен қаумалады. Әбілхайырға ең зәруі осы сауалдардың ең соңғысына қатысты жауап еді. Соңғы екі күн әлетінде қолға түскен тұтқындар да баршылық қой, олар жанын қыстасаң іштегілерін түгел сарқады, тек осы зеңбірек мәселесіне тірелгенде жауап атаулыдан ат-тондарын ала қашады. Бар айтқандары «білмейміз, білмейміз!». Ал мойындарына, не сан еттеріне қыл бұрау салып, одан әрмен азаптасаң тілдерін жұтып өлуге бар. Әрине, қазақтар ондайлыққа бармайды, себебі, бұлардан да біраз адамдар қолды болды ғой. Өкінішке орай, қазақ сарбаздары да от қару жөнінде тілдерін жұтқан қалмақ тұтқындардан өнер асырмады. Әбілхайырдың бүгінгі бір реніші осыдан басталды. Енді бір мезгілде сонау түстіктегі Шу өзенінің бойынан Өтеген мен жасөсіпірім Қалы батырлар жетті. Ия, бұл дулат сайыпқырандары өз жасақтарымен сол Шу бойында қалдырылған. Жалғыз бұлар емес, албан Хангелдінің немересі Райымбек батыр да солай. Ол да өз әскерімен осы дулаттармен қапталдаса сонда шөккен. Мына алдағы соғыс қалай өрбиді, кім білсін, әлдеқалай күнде іске қосылар тың күш ретінде майдан даласынан аулағырақта орналастырылған. Дулығасы, қос иығы жаңбыр суынан майша жылтыраған Өтеген батыр бірден ақтарылды:

– Сардар ием, мынау төрт күннің әуселесіне біз әрең шыдадық. Сіздер жаумен айқасып шер тарқатсаңыздар біз ішіміз шер-шеменге толып, өз күйігімізден өзіміз өртеніп бара жатқандаймыз. Қалың әскер де біздің аузымызға қарағыштап, талап жейтін шаққа жақындады. Бірер хабар алып та тұрдық, бірақ оның бәрі құмға тамған тамшыдай жартымды дүние емес. Ақыры, сол әскерді тыншытуүшін, әрі мән-жайды өз көзімізбен көріп, көңілімізді көншітуүшін мына жас қолбасы Қалы екеуміз бері тартып отырдық. Бізбен қатарласа алағызған Райымбек батыр да мұнымызды құп көрді. Дулат батырларының бұл алып-ұшпалылығына Әбілхайыр да, басқалар да түсіністікпен қарады: – Әп бәрекелді! Бүгін осында болып, жағдайға көз тойдырыңыздар! – деді. – Мына жаңбыр біздің ғана емес, жаудың да аяғына тұсау ғой, әне, олардың алғашқы қарқынын ет-сүйегімен түйсінгендер. Сендер де дидарласыңдар! – деп Қанжығалы Бөгенбай да атүстінен күрк-күрк етіп сөйледі. Қарт батырдың тамағына да күш түскен бе, даусы қарлығыңқы шықты. Оны Өтеген, Қалы, әрі олардың атқосшылары айқынырақ байқады. Ал Хангелді батыр ат-матымен алға ұмсыныңқырай, бірақ аузын ашпай Өтеген мен Қалыға, олардың атқосшыларына алабөтен сүзіле қарады. Самайға, мойынға құлай біткен сақалы дулығасының екі жақ темір торының астында біржола жасырынғасын да шырайы ашықтау, сосын да жасаңдау көрінетін бұл кексе батыр сәл сыр алдырғанға ұқсады. Емеурін білдіріп, ештеме демесе де өз немересінің хал-жағдайы жайында бір ақпар алмаққа емінгені тайға таңба басқандай айқын. Айнала жұрт бұл албан батырының жасын да, абырой-айдынын да сыйлайтындықтан ол жағын тіл ұшына іліктірмеді. Жә, ондай іліп-қақпайға бір жайдан мұрша да жоқ-ау. Әбілхайырдың осы екі күндік шайқастан шықққандарды аралауы түс ауғанша созылды. Қалайда бұлар көп жайға қанды. Сарбаздар арасында жаралылар бұлар ойлағаннан да көп екен. Әбілхайыр тобының соңынан әрбір шоғырға бұрылып ем-дом жасаушы тәуіптердің, сынықшы-оташылардың да жұмыстары қауырт. Қолбасылар екі-үш жерде олардың да әрекетін бақылады. Таулардың шөптесінді, бұталы дымқыл теріскей беттерінде өсетін хош иісті бап деген өсімдіктің тамыр қабығы мен жапырақты сабақтары ең көп пайдаланылатын дәрі-дәрмек санатында екен. Ерте көктемде қазып алынған осы баптың тамыр қабығын кептіріп, талқандап, жара аузына сеуіп таңса қан да тоқтайды, әрі жараның аузы да тез бітеді деседі. Әрі денесінің ыстығы көтерілгендерге де бірден бір дауа. Ал денесінің ыстығы шамадан тыс шарықтап, анау-мынауға дес бермей ауру сандырақтай бастаса қайнаған суға бір мысқалдай кептірілген аю өтін қосып ішкізеді. Талма, сіреспе сияқтылар кезінде де солай. Бұлардан кейінгі көбірек қолданылатын дәрілер қатарында ақ жалбыз, ашудас дегендер бар. Әбілхайыр соңындағы сұңғылалардың тағы бір байқағаны тәуіптер, сынықшы-оташылар көмегін қажетсінгендердің арасында жау сілтеген қарудан зардап шеккендер өз алдына, күн өту, тістің қақсауы, іш бұзылу, мұрыннан қан ағу сияқты кеселге

ұшырағандар да едәуір екен. Әсіресе, күн өткендер екінің бірі десе де болғандай. Тек түз адамдары жаны сірілігімен ғана оның бәрін көтереді. Бұл да Әбілхайыр ерткен ханзада-сұлтандар, кексе қолбасылар ортасында әжептәуір қобалжу тудырды. Осы тұста алшынның Есет батыры бір айқара ашылды. Бұл өзі соңғы төрт-бес жылда басынан әртүрлі хикметтер өткен, бұрынғылары тіптен ұланасыр нағыз аққаптал көненің көзі. Кәріліктің желкелегеніне қарамастан, осыданүш жыл бұрынғы Торғай даласындағы, Бұланты, Бөленті өзендерінің жағалауларындағы соғыстарға да қатысып, онымен қоймай сол жазда сонау Жайық өзеніндегі Еділ қалмақтарымен қырқысқан Әбілхайыр әскерлеріне жетіпүлгеріп, онда да додаға түскен. Тек онда мына Әбілхайыр мен осындағы Сәмеке хан, Барақ сұлтан Тұрсын хан ұлы иелігіндегі қазақ жасақтары сондағы торғауыт тайшылары-ағайынды Лобжы-Назар, ДоржыНазар дегендерден күйрей жеңілгесін қазақтар масқара бітімге мойынсұнды емес пе? Масқаралығы сол – құрамында осы атышулы Есет батыр бар, алпыс адамнан тұратын аманат қалдырып құтылысты. Есет онда жылдан астам уақыт болды. Бұл кәрі құлжа сол уақыттың ішінде көп тосын жайларға қанығып, көкірек көзі одан әрмен ашылғандай екен. Қазіргі айтқан сөздері де соны дәлелдейді. – Атаңа нәлет торғауыттар сары түкті кәпірлердің қанатының астында текке қарап жатпапты. Бұл торғауыттар мен өз басым анық байқадым, мына шығыстағы туыстарына, біздің ата жауымыз – қара қалмақтарға мүлдем ұқсамайды. Қара қалмақтар етті сасытып жесе, аналарың шойын қазанға кәдімгідей қайнатып, тіпті оны қой, ащы бұрыш салып, шөл-шалам салып қоса пісіріп, дәмін келтіріп жейді. Бір кәртөшке дегені бар екен. Сорпаға тастап, етпен қоса бүлкілдетсе біз сияқты азу тісі аршылғандарүшін таптырмайтын ас па дедім ғой. Тұманың тұнығындай мөлдір, ішкен адам өзінен-өзі жынданатын есірткі суын қойшы, ондайдан ана қара қалмақтар да кенде емес. Тек басқасына келгенде торғауыттарың мойны озық тұлпардай. Жарайды, мен мұның бәрін неге өздеріңе шайнап беріп отыр дейсіңдер. Мен мына мәртебеңнен айналдым бас сардарымыз Әбілхайырға, Сәмеке ханға, мына Барақ сұлтанға, басқаларға біраз жыр қалдым, мұның бәрі анау жау найзасының ұшына ілігіп, қансыраған өз сарбаздарымыздың күйін көріп, еске түскен әңгіме ғой, ал, сол торғауыттар мына жараны жазуда да көп әдісті меңгеріпті. Әрине, өздері паналаған сары орыстардан жұқтырған пәлесі ғой. Мына біздің қазақ тәуіптері әне өздерің көрдіңдер, бап пен анар қабығын кептіріп, арқаланып жүр, одан қалса Алтай усойқысы мен арпа бедиянның қабығы мен тұқымын әулием етіп, уыстан уысқа салуда. Аюдың өті, ала қоңыз деп, және даурығысады. Ал торғауыттар қайтеді, олардағы дәрінің көбісі ақ ұнтақ пен қызыл, жасыл, не мөп-мөлдір сұйық бірдемелер. Ақ ұнтағы қағазға ораулы, ал сұйығы шыны құтыларға құйылған. Әрқайсысының өз орындары бар. Әншейінде он сөз айтсаң біреуін ұқпас ақпақұлақ көрінетін кеуек бас торғауыттарың соларымен сырқатты емдеудің құпиясына кәнігіпті. Бір рет өз көзім де шалды, тіл мен жағы икемге келмей бозарып, ақырет сапарға жөнелмекші бір сорлысына қып-қызыл сұйық

дәрісін жұтқызып еді, әлгің айтып ауыз жиғанша тынышталып, әрі маңдайынан тер бұрқ етіп, беті бері қарамасы бар ма? Сонда-ақ, о тоба-ай деп, жағамды ұстап, сол торғауыттардың қасында өзімді құрт-құмырсқаға айналып бара жатқандай сезіндім. Ия, несін жасырайын. Тап солай! – Есет аға! Ақыр бастадыңыз, соңына дейін жеткізсеңізші! Сонда әлгі ақ ұнтақ пен сиқыры бар сұйықты науқастарға торғауыттардың өздері бере ме, жоқ, әлгі сары түктілерден де еріп жүргендер бар ма? – деп Хангелді енді ғана сөзге келді. – Сары түктілерден де бар! – деп салды Есет. – Солай шығар! – деп, жаңағы албан батырының сұрағы өз көкейін де тескенін жасырмай Шақшақ Жәнібек те күрсініп салды. Шақшақ Жәнібекпен бірге басқалар да бас изесті – Сары түктілердің, Сібір жұртының қанатының асты түбінде қандай боларын болжарым жоқ, қалайда олардың өнері артық қой! – деп, осындай бір алуан сөзді Есеттің өзі тиянақтады. Дәл осы түйінді ауызша қостаған ешкім жоқ. Тек Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, шапырашты батырлары қарт Сатай мен жас Наурызбай, ошақты Саңырық сияқтылардың мойындарына су құйылғандай тұрды. Ал бас сардар Әбілхайыр олардың осы сыңайларын бүркіттің көзіндей өткір көздерімен қыл-қыбырына дейін қалдырмай мұқият қадағалады. Түбінде іргелі ел – Ресей бодандығына біздің де мойынсұнғанымыз жөн-ау деген ой әзірге ешқайсысының көкірегіне қонақтаған жоқ, тек сондай бірүлкен қортындының ірге тасы осындай аттың жалы, түйенің қомы дейтін шақта да қалана бастағаны анық еді. Түстен кейін жел тіптен күшейе екіленді. Онсыз да тез дегдіген Шоқпардың ой мен қыры көктегі күн сәулесімен қоса құлпырып, бұл өлкеде қатты жаңбырдың болып өткенін әп-сәтте ұмыттырып та жібергендей. Қай қиямен жортсаң да аттардың аяғы тайғанақтайтын емес. Әбілхайыр соңындағылардың сенделісі күн батыс беттегі Хантау, Жамбылтау сияқтыларға құлап жасырынар шаққа таяу аяқталды. Осы мезгілде олар ұлы хан Болат адамдарымен тоқайласты. Ендігіде ешқайсысы артық сөз қумастан ертеңгі бесінші күнгі шайқас жөніндегі талқыға көшті. Кім нақтылы не байқады, қандай ой қорытты, қандай ұсыныстар іштерін тесті, бас-аяғын жинақтап ортаға тастауға баршасына мұрсат берілді. Ақыры баршасы бір түйінге келгенсіді. Енді еш кідіріссіз теріскейдегі ұлы жүз қолының сардары Саурыққа Шапырашты Наурызбайдың өзін бас етіп,үш-төрт адам жөнелтті. Түстіктегі Кіші жүз қолы Тайлаққа да солай, әрі Өтеген мен Қалы батырлар да Шу өзендерінің бойындағы өз қосындарына осы тойғандарымен жөнеп берді. Бұдан кейінгі пәрменде кешкі намаз оқылып, барша қазақ қолына тыныш ұйқы тіленді. Ал ертеңгі күннің әуселесінде сәттілік қазаққа бұйырсыншы деген жалбарыныс алмас темірден тартылған сымдай көкіректерін осқылады. Тағы бір оқиға – осы кеште қазақ пен қалмақ арасында тұтқындар алмасылды.

* * * Шапырашты Наурызбай Ұлы жүз қолының сардары Саурықты түн ортасына таман тапты. Сардардың қасында өзіне қарасты барлық мыңдықтардың қолбасылары бар екен. Әзірше ешқайсысы ұйқыны ойламаған, тек мыналарды күткен сыңайлы. Түн тастай қараңғы, манағы жаңбырдан кейін от тұтату қайда, жер бедері түз адамарының көздеріне де әрең-әрең шалынып, мыңқ етпей жатыр. Осындағы сай-салаларды қуалай орналасқан қалың әскер тегіс ұйқыда. Кәнігі қолбасы Саурық мұндай түнде қалмақтардың мазаламасын сезіп, баршасына еркін тыныстауға бұйырған. Қарауылға әр тұсқа небәрі төрт-бес адамдық шағын топтар қойылған. Наурызбай ұлы хан Болат пен бас сардар Әбілхайырдың нұсқау, сәлемдемелерін түнгі ауаны күңгір-күңгір еткізіп, қысқарта жеткізді. Баршасыүнсіз тыңдады. Бұлүнсіздікті алғаш бұзған Ескелді еді. – Апырау, мұның мәнісі не? «Айтпаса сөздің атасы өледі» деген. Бұл науқанның басталғанына нешінші күн өтті? Екі күн батырларымыз жекпежекте сайысты. Біздің жалайырдың ең бір жас бағландары сонау Іле бойына аттандырылғасын бізді ол сайысқа қатыстырмады. Ал одан соң екі күнде Қаракерей Қабанбай батыр бастаған Орта жүз қолы жаумен бақ сынасты. Ал кешегі бесінші күнді құдайдың жаңбыры алды. Ал енді ертең тәңірім жазса алтыншы күннің таңы атпақшы. Енді сол алтыншы күнде де бізді қаңтарып тастап, тағы да Орта жүз қолына «әйт-шүу» деліне ме? Майданға кіріп өлгеннен гөрі өстіп, күтіп-күтіп сарғайған жаман шықпасын! Бізге қарасты қалың әскердің ұнжырғасы түсіп бара ма, әуелде, ағайындар, мен содан қорқамын. Сол жағын да ойлайтын ақылды бастар бар сияқты еді, енді бұл қалай? Жалғыз біз емес, анау кіші атаның балалары да сөйтіп, тоңторыстанып жатқан шығар. – Жалайыр биінің бүйтіп кенеттен шала бүлінуі баршасына оқыс тиді. Ал Ескелдінің өз басына Әбілхайырға деген сенімсіздікке ұқсас ескі ауру, ескі дағдының жұрнағындай бірдеңе сарт етті. Әлі де ақтарылғысы келгенмен өзін-өзі күшпен тежеді. – Ошарылып жатқан біздің де артымызда неше мыңдық, неше жүздік бар. Бізге қайт дейсіз? Өз басың жекпе-жекке шығып шер тарқаттың демесеңіз, мен де сол өзіме қарасты әскердің көңіл-күйін ойлап ес таппай жүрген пақырмын. Бізден деүлкен қолбасылар әзірше осылай ұйғарды,үлкен атаның баласы! – деп, Наурызбай сәл қияңқы жауап қайырғансыды. – Біз өз тарапымыздан әзірге ши шығармайық, ұлы хан, ұлы билер, ана бас сардар бір шешімге тоқайласқан ғой, шамасы, – деп, Саурық жаймалай қорытты. Орта жүз қолыныңүшінші күнгі соғысы туралы алғашқы хабар бұларға түс ауа жетті. Мұны естігенде Саурық бастаған ығай мен сығай шалқаларынан түсе жаздады. Енді қалай? Қабанбай батыр биенің бас сауымы болмаған шақта-ақ керней тартып, жыпырлай көрінген қалмақтарға қарсы алғашқы мыңдығын қосқанда олар от қару-зеңбіректерінен оқ атыпты. Бір емес, бірнеше дүркін. Көптен көксегендерің осы еді ғой дегендей тап қасқа маңдайдан ұрыпты. Әрине, қазақтар мұндай құқайды әуел баста-ақ ескерген ғой, тек жазатайым тап осы таңертеңгілікте естен шығарып алғандай.

Қазақтардың бұл аңғарусыздығына қалмақ әскерінің ішіндегі швед маманының айлакерлігі қосылып, алғашқы пәрменде Орта жүз қолы ауыр соққы жепті. Қазақтар бұл жолы даүлкен алапты алып шашырай шапқан, тек бұрынғысына қарағанда сәл-пәл жиілік байқатыпты. Сонда швед маманының сілтеуімен алғашқы зеңбірек добы олардың бір шетіне тасталады. Қатты жарылыстан шошынған қазақтар ортаға қарай серпіледі. Араға қас-қағымдай ғана уақыт салып, қазақтардың екінші шетінен де зеңбірек добы жарылады. Олар бері қарай, алғашқыларға қарама-қарсы бағытта серпіле қашады. Міне, осы аралықта қазақтар мыңдығының ортасында бір-бірімен қақтығысқанүйме-жүйме бірнеше шоғырлар пайда болады. Осындай ахуалға сақадай сай тұрған төртінші, бесінші зеңбіректер өңештерінен атқылаған от құсықтарын солүйме-жүймелердің дәл төбелерінен түсіріпті. Міне, бұл жайды көргенде Қаракерей Қабанбай басынан бақ тайған адамның халінде тұрса керек. Апырау, бұл осыүшінші күнгі шайқасқа асқан дайындықпен кіріспеп пе еді?Бұрнағы күні кеште жаңбыр басталар қарсаңда бұл өзінің Қабанбайлығына басып, түнделетіп, жалғыз өзі қалмақтардың от жаққан жеріне барып, байырғы әдісімен оларды өзара қырқыстырып қайтпап па еді? Және жай қайтқан жоқ, анау-мынау жайға қаныға да қайтпап па еді? Одан бергіде ұлы хан, ұлы билер, бас сардар, басқа да ақ сақалдысы, қара сақалдысы аралас қолбасылар, ханзада-сұлтандар, сартісті ақылгөйлер – бәрі алғашқы шайқастарға қатынасқандарды аралап жүріп, бірлесе бас шақпап па еді? Сөйтіп табылған шешім еді ғой бүгінгісі. Соның өзінен осыншама сорақы қателік қалай сойдиып шыға келді? Мұндай қателікке, жаңсақтыққа қай сайтан, қай әзәзілдің азғыруымен ұрынды? Қабанбайды мұндай күйден Әбілхайырдың өзі құтқарады. Ол қасындағыүлкен шоғырмен кексе сардарға желе жортып жетіп: – Сардар ием, мыңдықты майдан даласынан тез кері қайтарып әкетудің қамын жасаңыз! Қалмақтар бұл жолы жеңсік бермейді! Жасымайық, құдай әлі де біздің жағымызда! – деп, жабайы бүркітше шаңқ-шаңқ етеді. Қабанбай бас сардардың бұйрығын орындайды. Екінші мыңдық бөлінеді. Осы тұста Әбілхайыр бір ой ойласа керек, бұл соғыс өзінің алдағы бүкіл өмірлік мұратының ірге тасы екенін мұқият жадында тұтқан ол екінші мыңдық жаумен қоян-қолтық айқасыпүлгерді-ау деген кезде айналасындағы таңдаулы отызшақты оққағарының ортасында өзі де шайқасқа кірмекші екен. Тек бұл әредікте тағы да оқыс оқиға орын алыпты. Мына екінші мыңдық жаңа ғана алғашқы мыңдықтың жау зеңбіректері атқылаған оттың астында қалып, жаман қырғынға ұшырағанына куәгер ғой, сосын да мұндағылардың бойындаүрей бары соқырға таяқ ұстатқандай айқын. Міне, Әбілхайыр соғысқа өз басы тікелей кіріп, Орта жүз сарбаздарының бойларындағы солүрейдіүрлеп жоғалтпақшы еді. Алайда, бас сардар оғанүлгермейді, ойда жоқта бұрқ еткен оқыс оқиға оны ол райынан қайтуға мәжбүр етеді. Екінші мыңдықтың қолбасысы арғын Олжабай батыр Қабанбайдан соңғы нұсқауларды күтіп, сарбаздарын енді қозғай бергенде ашық күнде төбелерінен жай түскендей бір құбылыс күллісінің назарын бұрып әкетеді. Жоқ, бұл қалмақтар атқан зеңбірек добы емес, оқыс естілген

адамның даусы. Адам болғанда осы қазақ мыңдығының ішіндегі өз адамының даусы. Ия, бұл Сабалақ еді. Әнеукүнгі жекпе-жекке шыққандағы қылығын бұл қайта қайталапты. Ол жолы бұл Жоңғария қонтайшысы Қалдан-Сереннің күйеу баласы, қалмақтың бас батыры Шарыштың мойнын қиса енді сол қаћарын анау жауар бұлттай түнерген жаудың түменіне қарсы жұмсамаққа тағы да «Абылайлап» ұран салады. Қазақ сарбаздарының ең бір шоқтай иірілген қалың ортасында сары бестісін аспанға секіртіп, «Абылай!», «Абылай!», «Абылай!» деп, осы есімдіүш рет жаңғыртқанда шайдай ашық аспан әйнекше шытынап жерге түсердей көрінеді. Әнеукүнгі жекпежекүстіндегі оқиғаны мына мыңдықтағылардың ешқайсысы құлақтарымен естігені бомаса көздерімен көрмеген де. Сосын да оларға жас сұрпереннің қылығы сеңгір көктен атылған жай оғындай әсер етеді. Міне, сол екпінмен бұл мыңдық жауға қарсы лап қойғанда мыңбасы Олжабай шетте қалып, оны шын мәнінде бастап әкеткен Сабалақ болып шығыпты. Бұл қазақ әскерлерінің басы-қасында өзге қолбасылармен бірге ту ұстаушылар деген бар. Бұл ту ұстаушылар өз сарбаздарына жігер берумен қатар қолбасылар тобының қай тұста тұрғанын қоса шамалатады. Алғашқы екі күндік шайқаста ол туды Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Сатай, албан Хангелді сияқты кекселер кезек-кезек ұстаған, ал бүгін ол ту ошақты Саңырықта. Торғай даласында сол иығын оқ қиған бұл Саңырық биік ұшында көк байрағы желкілдеген жуан ұзын ағашты сау оң қолының саусақтарымен қатты қысып, майдан даласынан көз алмай бедірейген күйде еді. Енді қараса бұл көк байрақ түсін өзгертіп, кексе батырдың қолында қу ағашты ғана қалдырып, өзі ағараңдап анау жас батыр Сабалақта кеткендей әсер етеді. Сабы жоқ, тек күн сәулесіне шомылған ақ құстың қанаты секілденіп, Сабалақ киген дулығаның шошақ төбесінен бір жарым кездей ғана биіктікте айналадағылардың тегіс көзін тартып, жарқжұрқ етіп кетіп барады. Мұны көргенде жуан ағашты езіп жіберердей бүрген Саңырықтың оң қолының қан тамырлары бүлк-бүлк соғып, сыздап жарылып кетудің аз-ақ алдында тұрады. Бір сәттік ессіздікпен көк байрақ орнында ма дегендей өзі тік шаншылтқан ағаштың жоғарыдағы ұшына да алақтайды. Бұл жолы да қалмақтар зеңбіректен оқ атыпты. Бірақ тым шашырай жосылған қазақ сарбаздарының әр тұста төрт-бесеуін құлатқаны демесең пәлендей зиян шектірмепті. Тіпті екі-үш доп жыра, шұқанақ сияқтыларға түсіп, өзінен-өзі залалсызданыпты. Мұны байқаған, әрі қан орталарында ақ ту көтерген жіптіктей жас батыр Сабалақ бар қазақтардың жойқын жосылысын танып, қалмақтардың көкіректерін шым еткізген қорқыныш билесе керек. Зеңбіректерден енді қайыр жоқтығын сезген Сары-Манжы, швед маманы және басқалар дереу кезектегі өз мыңдықтарын іске қосады. Ересен қарқын алыпүлгерген қазақтар енді оңайлыққа көне ме, әрі оларға Сабалақтың төбесіндегі ақ ту жебеуші құдайдың қолындағы қасиетті бұйымға ұқсайды. Бұл олардың жігерін еселеп арттырады. Ал қалмақтарды, керісінше,үрей жеңеді. Ежелден мәлім бір нәрсе сол, қолма-қол шайқастың алғашқы пәрменінде қалмақтардың жүрегін бір шайлықтырыпүлгерсең, жақсылап бір тісін сындырсаң бітті, олар тез дәрменсіздікке ұшырайды. Тез

кейін серпіліп бас сауғалауға дайын тұрады. Қалмақ әскерлерінің бір әлсіз жері осы. Осы әлсіздікті жою жолында Аренар-Ренаттың ақыл-кеңесімен бүкіл қалмақ қолбасылары соңғы жылдары біраз жұмыс істеген. Ол жұмыстары нәтижесіз емес те сияқты еді. Алайда, тап мына екінші мыңдықтардың бетпе-бетіүстінде сол нәтиже бу боп ұшқандай қалмақ жасақтарының табан астында тоз-тозы шығады. Бұл қалмақ мыңдығының қолбасысы әлгі атышулы Аңырық еді. Қазақтың ең атақты батыры Қанжығалы Бөгенбаймен жекпе-жек айқаста тепе-тең түскен ол еңғұрмаса сол дәрежемнен төмендемейін дегендей өз сарбаздарын қорқытып,үркітіп, алтын-күмістен мол олжа уәде етіп, әрі тікелей ұрысқа кіріп, өз басының ерлігін көлденең тарта, екілене әйт-шүулегенмен істің басы бері қайрылмайды. Қалмақтар биенің жарты сауымындай уақытқа да шыдамайды, құлағаны құлап, тірілері аттарының басын кері бұрып, қанды қасаптың ортасынан сытылуға жан салысады. Бұларда бірінікі екіншісіне жақсыүлгі. Көз ілеспес шапшаңдықпен алғашқының жан сауғаламақ әрекеті басқаларына тарайды. Сөйтіп олар тым-тырақай қашады. Жолдағы өздерінің қолбасыларын да қоса басып-жаншып кете жаздайды. Осы 1729-жылдың көктемінде бас қолбасы Сары-Манжы Жоңғария қонтайшысы Қалдан-Серенге хат жолдап, өзінде небәрі алты зеңбірек барын, оның екеуін Ташкент маңында қалдырғанын, сосын да Іле-Шу алабында қазақтарға қарсы төбесі көрініп тұрған текетіресте пайдалануүшін қосымша зеңбірек сұрағаны белгілі. Алайда, қонтайшы мұның Ташкент маңында екі зеңбірек қалдырғанын теріс көріп, ол жөнінде көмек жоқтығын хабарлаған. Сосын да Сары-Манжы өз маңындағыларменүсті-үстіне кеңес құрып, Ташкенттегі екі от қаруды осында алдырамыз ба, қайтеміз деп, дағдарысқан. Бірақ ол да оңай іс емес. Екі ортада жол аяғы қашық, қымбат дүние қолды болуы да ғажап емес, ең қорқыныштысы бір шетте ұрыс жүргіземіз деп, екінші шетті жалаңаштап тастаса нағыз қатердің содан туындауы ықтимал. Сосын да Сары-Манжы ондағыны қозғамаған. Ал Қалдан-Серен кезінде жоғарыдағыдай жауап қайырғанмен кейінірек бұл Іле-Шу алабынан басқа да ақпараттар жетіп, түрткі жасады ма, жазға салым арнайы керуен дайындатып, басқа да мол қару-жарақ, оқ-дәрі, азық-түлікпен қоса бір зеңбірек жөнелткен. Осы шайқастың қарсаңында, қазақ қолы әлі Хантауда тұрғанда Қаракерей Қабанбай батырдың жұмсауымен матай Барлыбай батырдың екі інісі – Жартыбай мен Шоңай бас қолбасы Әбілхайырға қалмақ шебіне ту сырттан, Іле дариясы жақтан жүз қаралы түйе керуені келіп қосылғанын хабарлады емес пе? Міне, сол керуен өзгесімен бірге сол зеңбіректі де әкелген. Сөйтіп, осы соғыста қалмақтар қазақтарға қарсы барлығы бес зеңбірек пайдаланды. Әрине, бұл оңай-оспақ дүние емес. Сөйтіп, жаңағы Аңырық батыр бастаған қалмақ мыңдығы кері қашқанда қазақ мыңдығы оларды өкшелей қуады. Бұл оқиғаның тез өрістегені соншалық қалмақтар осы бес зеңбіректі түйелерге тиеп, әрең әкетіпүлгереді. Егер бір зеңбірек қолға түссе Сары-Манжы оның төңірегіндегі қалмағы, шведі аралас баршасына өлім жазасын кесер еді.

Қаракерей Қабанбай батыр бастаған Орта жүз қолыныңүшінші күнгі соғысының осы алғашқы пәрмені жөнінде Ұлы жүз әскерлерінің сардарына хабар жеткізгендер бұған қоса Әбілхайыр атынан арнайы жарлық та әкеліп еді. Қалмақтардың бүгіндікте тез кері шегінуіне орай Ұлы жүз қолы сол бағдарда, түстік бетке ойыспай, тура шығысқа тез жылжысын деген еді бас сардар. Осындай нұсқау түстіктегі Кіші жүз қолының сардары Тайлақ батырға да жөнелтілген екен. Бұл жарлық Ақарыс балаларына құйын соққандай әсер етті. Ұлы жүзүйсіннің барлық қолбасылары осы сәтте Саурық маңында еді. Олар өз шеріктеріне қарай тез тарасты да кіші бесіннің шамасында Айтаудың сілемдерін көлденең кесе өрге қарай борт-борт желісті. Шоқпардан шығысқа қарай өрлегенде Алайғыр атты, ол да кедір-бұдырлы, бірақ ағашы жоқ жалаңаш мекен бар. Қаракерей Қабанбай батыр қарсысындағы қалмақтар шегінгеннен шегіне отырып, сол Алайғырға бір-ақ жетіп еді. Қалмақ жансыздары Ұлы жүз шеріктерінің мына қозғалысын байқап, өз бастықтарына қазақтардың бұл бөлігі шегінген қалмақ қолын алдан орап соқтықпақшы, шамасы, дегендей ақпар мен болжамды қосақабат табыстаған. Мұны Сары-Манжы төңірегіндегілер қатерге балады. Сосын да сол заматта, өздерінің оң қанатындағы, яғни теріскейдегі бірнеше тың мыңдықтарды соларға қарсы бұлар да ұшырды. Екі аралық аса жақын деуге де келмейді. Әрі мынадай ойы мен қыры, өрі мен ылдиы алмакезек ауысқан кең алапта пәлендей жүріс өнімділігін қамтамасыз ету де оңай емес. Тек ол заманның адамы мен малының сүйегінің беріктігі ғана оны мүмкін етті. Сөйтіп, сол кеште ақарыстықтар өздері көптен аңсаған шайқасқа екі мыңдықты қатыстырыпүлгерді. Олардың алғашқысы Наурызбай батыр бастаған шапыраштылар жасағы да, екіншісі Қара Тілеуке қарамағындағы сіргелілер еді. Тіпті бұл сіргелілер ата жау жанкештілерімен шабысып болғанша түн туып, оларды қараңғылық қана екі айырды. Бұлардың мыңдығы өз қолбасыларының маңына қарай кейін серпілгенде шайқасқа айыздары қанбай қалғандай ауыздарынан жалын ата тыныстағандары, өкінішке ұқсас сөз алмасулары құлақ жаратындай еді. Саурық та Әбілхайырдың әдісін қолданды. Түн демей, қараңғы демейүйсіннің барлық тармақтарына бекітілген қолбасыларды ертіп, осы алғашқы екі шайқастан шыққан шапырашты, сіргелі сарбаздарын аралады. Өлгендер қанша, жаралылар қанша, сол жағын қоса анықтай жүріп, олардың арасындағы тіл мен жақтары темір қайшыдай қарш-қарш еткендерді түгел сөйлетті. Итжығыс түскенге ұқсас бұл екі арпалыста қалмақтар аса алабөтен ештеме танытпапты. Сірә, алыстан желе жортып жетіп, бірден қан майданға кірісудің ауырлығы білінсе керек. Қазақтар да солай. Саурық осы түнде бүгінгі кешкітұрымғы оқиғалар жөнінде Әбілхайырды хабардар етуүшінүш-төрт жігіт-желеңді солай аттандырды да ұйқыға қисайды. Саурық батырдың өзге қолбасылардан бір өзгешелігі осы ұйқы мәселесіне көбірек ден қоятын. Қалың әскердің, қолбасылардың түнгі тыныштығын қамтамасыз ету көп жағдайды жеңілдетеді деген сияқты баршаға аян ақиқатты әрдайым өз әріптестеріне ескертіп отыратын да

дағдысы бар. Өзіне ұстаз есепті алшын батыры Есеттің сонау Еділ бойындағы торғауыттардан, одан әрідегі орыстардан жұқтырған бірүрдісі бұлүшін бұлжымас ережеге айналған. Әрине, ұйқының пайдалы екенін өзге қолбасылар да білмейді емес, тек олар өз қарамағындағы күштерді жер ыңғайына қарай ары-бері қозғаймыз, әрі ертеңгі күннің әуселесін осы түнде кесіп-пішіп тастаймыз деп, қызыл кеңірдектесіп, кейде таң атырып алатын. Тек Саурықтың ұйқы жөніндегі бүгінгі талпынысы нәтижесіз аяқталды. Шолпан жұлдызы туар-тумаста оны өз оққағарлары оятты. Әлгі Әбілхайырға жөнелткенүш-төртеу сол түнде кері оралып, бас сардардың жаңа жарлығын әкеп тұр екен. Саурық дереу оларды қасына жақындатып мұқият құлақ тосты. Сөйтсе бас сардардың жаңа шешімі бойынша Ұлы жүз қолыүшін нағыз ұлы қан майдан осы атар таңмен бірге тумақшы екен. Қалмақтардың негізгі бөлігіменүш күн табан тірескен Орта жүз қолы сәл шетке ығыстырылады да жаудың дәл қасқа маңдайына қарсы Ұлы жүз қолы шоғырланады. Ал қалмақтар Шоқпардан әрідегі Алайғырға бекінген екен, ендігі майдан соған таяу орын алмақшы. Ұлы жүз қолы соған даярланып, осы атар таңмен бірге бас көтеріп, солай жылжуы шарт. Әртүрлі кездейсоқ жағдайлардың кезігуі мүмкін екенін де естен шығармаған жөн. Қалмақтардың бес зеңбірегі түгел сақадай сай тұр. Мұны естігенде Саурықтан ұйқы дегенің біржола қашты. Өзінен басқа қолбасылар тегіс өз шеріктерінің басы-қасында қаннен-қаперіз пырылдауда, таң жақын, оларды тез шақыртып, өз маңында топтастыруы керек қой. Тек Саурық тағы да ескілікті дағдысына басып, олардың ұйқысын қимады. Қараңғылық әлі сейілген жоқ, бәрібір қозғалып кетуге едәуір уақыт бар, шайқасқа кіру ретін әзірше өз басымда пысықтай тұрайын деп ойлады. Бір мезгілде таң белдеуленіп атып келе жатты. Тап осы шақта бүкіл әскерді дүрк көтеремін деп ойлаған Саурық жеме-жемге келгенде ол ниетінен де айныды. Жалпы мұндай жағдайда әскерді жылжытудың өз ережесі бар. Әсіресе, жер бедері ойқы-шойқы, әрі беймәлімдеу өлкеде, бұған қоса жау дегенің иекке пышағын кезеп тұрғанда ол ережеден ауытқу жас баланың отпен ойнағанымен бірдей. Мысалы, мұндай қозғалыста ең алда жүретін әскерді кезуілші дейді. Бұл көбіне аттары жүйрік, жеңіл қаруланған, қаша соғысуға ыңғайы мол жас балауса сарбаздардан тұрады. Алда жау көрінсе онымен тиіп-қашпа соғысқа ғана барып, мөлшерін, тұрпатын аңыстап, тамырын басып, тез кейін серпілуі қажет. Кей жердің қазақтары оны шолғыншы әскер деп те айшықтайды. Ал осы кезуілші-шолғыншы топтан кейінгіні тосқауыл атайды. Бұл әскердің негізгі бөлігі. Әрине, әскердің жалпы құрамына орай бұл тосқауылдың өзі бірнеше бөліктен құралады. Мысалы, бүгінгі Саурық бастаған Ұлы жүз қолы ру-ру бойынша жіктеліп, әрқайсысының өз қолбасысы бар, бөлек-бөлек шоғырланған. Бірақ бәрі бірүйірге жататындықтан бір-бірінен алыс емес,үлкен бір өңірді алашұбарлаған шоқ-шоқ тоғайлар сияқтанып, биік төбеден бір қарағанда-ақ бас-аяғы түгел шалынатындай кеңістікке сыйып тұр. Ал осы шоғырлар өз кезегінде тағыүш топқа бөлінеді, біріншісі орда, қалған екеуі оң қанат және сол қанат. Егер алдағы кезуілшілер жаумен ұшырасып кері қашса ол жауды

қарсы алып, негізгі соққыны ұйымдастыратын осылар. Мұндай жағдайдағы соғыстың да өз атауы бар. Оны толғама дейді. Қолбасы өз қабілеті жеткенше кезуілшілердің ақпар, болжамын пайдаланып, жауды неғұрлым осал жерден, қыл кеңірдектен ұрудың айла-шарғысын жасайды. Ал тосқауылдан кейінгі, ең соңғыүшіншісі салықшы. Бұлар негізінде шаруашылықпен айналысады, әрі саны жағынан да едәуір. Мысалы, шамамен, әрбір бес сарбазға бір салықшыдан келеді. Олардың негізгі міндеттері мініс аттарға иелік ету, ас-суды қамдау, олжа жию. Әрі сынықшытәуіп, ұста, өрімші дегендерің де осылардың сапында. Салықшы аталатындардың да жұмысы шашетектен. Ежелгі қазақүрдісі бойынша әрбір жауынгер мұндай ұлы науқанға өзімен бірге бір түйе, бес ат, бес қой алып шығуы парыз. Ал дәулеттілеріүш түйе, он ат, он қойдан әкеледі, кейде одан да асырады. Тек осы жолғы науқан қарсаңында ғана барлық жауынгерлер өйте алған жоқ, себебі, шұбырынды заманның алты жылында көбісі таза тақырланып қалды емес пе! Олардың орнын жекелеген дәулеттілер толықтырды. Мысалы, ұлы би Төленіңүлкен ұлы Жәнбекей сияқтылардың бұл шайқасқа қосқанүлесі өлшеусіз еді. Міне, Саурық батыр таң сыз бере аспандағы өлеусіреп, сөне бастаған Шолпан, басқа да жұлдыздарға көздерін тіктей қадап, өзіндегі аталмыш тәртіп бойынша құралған әскердің бас-аяғын ойша шолып, бірінші қайсысын көтеру керек екендігін ойластырды. Ондағысы мына алғашқы жасақ Алайғырға біраз жылжығанша екінші кезектегінің сәл-пәл болса да ұйқысы жалғаса берсін дегендік. Екінші кезектегі біраз жер ұтқаншаүшіншінің ұйқы жөніндегіүлесі одан да молырақ болмақ. Кейінгілері де солай. Ақыры, Саурық өз әскерін осы тәртіп бойынша қозғады. Алдағы кезуілшіден кейін бірінші болып, шапырашты қолы көтерілді. Оның қолбасысы әлгі Сатай батырдың немересі Бөлек батыр еді. Жекпе-жекте Қанжығалы Бөгенбайдан кейін екінші шығып, қалмақтың атақты қанқұйлысы Ботхишарды жер құштырып, осы науқанда туған жерді ата дұшпанның қанымен бірінші майлаған осы емес пе? Әрі ұлы би Төле де мұның есімін айрықша атап, Бөгенбай емес, бірінші жекпе-жекке осының шығуын қалаған.Бас сардар Әбілхайырдың есебі сәл басқаша болғанмен де сол біріншілік бір жайдан осы Бөлек батырдыңүлесінде қалғандай. Мұның ерткені кешегі Наурызбай басқарған емес, шапыраштының басқа мыңдығы. Жазатайым тілінің безі бар біреулер неге шапыраштыларүнемі алға түсе береді десе оған Саурықтың қайтарар жауабы да әзір. «Наурызбай бүкіл Ұлы жүз батырларының ішіндегі ең әйгілісі, ал Бөлек кешегі жекпе-жекте қалмақтың қанын бірінші төкті, сосын де оның бүгінгі аласапыранға бірінші қатысуын жақсы ырымға балаймын» деген бағдарда шап етпек. Бөлектен кейін Ескелді бастаған жалайыр мыңдығы сайлануы тиіс. Жалайырдан соң осындағы ең көп әскер шоғырын құрған дулаттар тұр. Мұндағы Ұлы жүз қолы он мыңды құраса соныңүш мыңы дулаттыңүш атасынікі – сиқымдар, шымырлар, ботбайлар, ал қолбасылары осы ретпен атағанда – Рысбек, Қойгелді, Сәмен. Бұл соңғысы жекпе-жекте қалмақтың

Долаңқарасымен айқасып, оң қолы сынғанмен осы төрт күндікте сынықшылардың ем-домынан соң қайта атқа қонған. Ботбайларға шын мәнінде нақтылы басшылық жасайтын басқа қолбасы тағайындалғанымен де осы Сәменнің атақ-абыройы ауадай қажет, сосын да ол өз руластарының басы-қасында. Ал Ұлы жүзге қарасты он мыңдықтың сыртында осы дулаттың төртінші атасы – жаныс сарбаздары Өтеген батардың қабағына қараған күйі әлі де сонау Шу жағасында. Тек жаныстар ғана емес, Шымырдың Шынқожа тармағынан шыққан жас батыр Қалы да Өтегенмен қатарлас дулаттың өзге аталарынан қалған біршама әскердің басын құрап, сонда ұстап отыр. Ия, олар бұлардан алысырақта, сосын да Саурық батырдың бірауық кәперінен де шыққандай. Ал мыналардың қозғалысында осы Саурық батырдың шешіміне орай дулаттың аталмышүш атасынан кейінгі орындарға ошақты, қаңлы, шанышқылы, ысты, албан, суан қосындары сап түзеуге тиіс.

* * * Алайғырға шапырашты Бөлек қолы дер уағында жетті де қалмақтардың алғашқы мыңдығымен жан алыса, жан берісе шайқасты-ақ, бірақ жеңіске жетпеді. Қалмақтар бұрынырақ келіп бекінгесін бе бұраң-бұраңы мол жер бедерін жақсы пайдаланды. Әрі тағы да зеңбірек қолданды. Сөйтіп, Ескелді басқарған жалайыр мыңдығының да іске қосылатын сәті туды. Тек бұларға Бөлек мыңдығының жеңілісі алақандағы жазудай айқын шалынды емес пе? Мынадай кедір-бұдырда бірде тасүркіткен торғайлардай бытырай шауып, енді бірде қыспаққа қысылуға мәжбүр шапырашты сарбаздарының сондай бір тар қуыстарда тап төбелерінен от қарудың добы құлап,үйме-жүйме ғып орып түсіргенін көргенде бұлардың көкірегіне қорқыныш неге ұяламасын? Оларға туған күн бізге де туады деп неге қауіптенбесін? Сосын да жалайыр жасағының басындағы хал белгілі еді. Бұл жағын бас сардар Әбілхайыр да пайымдады білем, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Есет, Хангелді, Сатай, тіптіүш күндік науқаннан титықтаған өз шеріктерінде қалуға тиіс Қаракерей Қабанбайға дейін ертіп, жалайыр қолбасыларының қасына жетті. Кейін мәлім болғанындай орта жүздіктер әуел баста мөлшерленгендейүйсін шеріктері босатқан теріскейге шығарылмапты, Шоқпардан сәл бері ғана жылжып, жауға ендігі кезекте бетпе-бет барған ұлы жүздіктердің соңын ала орналасыпты. Ал теріскей бет неге жаңалашталды. Ол жағына мұндағылардың ешқайсысы әзірге ой жеткізген жоқ. Бұл осы шайқастың жетінші күнінде түс ауа орын алған оқиғалар еді. Жалайыр қолы найзаларын көкке шаншып, қалың өскен ормандай тұтасқан күйде. Мұнда ту ұстаушы Қабан жырау Асанұлы. Саурық әуелден осында. Бас сардар Әбілхайыр айналасы қырықшақты адаммен аппақ арғымағын ойнақшыта жақындағанда Саурық пен Ескелді аттарын тебініп сәл алға шықты. О ғажап! Ескелді, мұның қоластындағы жалайыр сарбаздары алғаш сынға түсер осы алмағайып шақта да әнеукүнгі Хантаудағыдай тағы да алшын еркетотайының түр-тұлғасы жалайыр биінің назарын толайымен жұтып әкетті. Басқа ермегі жоқтай бұл осы жолы да Әбілхайырдың бет-

жүзіндегі қыл-қыбырды түгендеуге кірісті. Дулығасына шаншулы қодас құйрығынан жасалған шашағы жел шайқаған қамыс басындай бұлғаңдап, бас сардардың тұлабойындағы мазасыздықты айғақтайды. Түлкі тұмсықты, тек соңғы бірер аптада сақал-мұрты сәл ұзарыңқыраған ол сұрғылт көздерін бірден Ескелдіге қадап, «ендігі мыңдықтың қолбасысы сенбісің» дегендей бірден у мен зәрін шашып-шашып жібергендей әсер етті. Оның мінезіне басқалар да басқандай анау еңүлкені Қанжығалы Бөгенбай болып, сол заманның ең бір сорпа бетіне шығарлары жиылып кеп, осыны тергеуге алмақтай шұқшиысты. Тіпті бас сардар мінген аппақ арғымақ та соларға лайық мінез тауып, олардан еш қалысқысы жоқ, тіпті асып түспектей көздерін ойнақшытып, Ескелдіге бір, оның астындағы кең айылды арда күреңге бір осқырая қарайды. Әттең, ауыздықты қатты тартқан арқасындағы иесі еркіне жіберер емес, әйтпесе, жалпақ күрек тістерімен екеуін бірдей қыршып, шайнап тастамақтай одыраңдайды. Әбілхайыр оның тізгінін бірер кейін тартып, тыныштыққа шақырғансып, ал өзінің тіл мен жағы қарысқандай сұрғылт көздерін әлі де Ескелдіге бағыттауда. Жалайыр биінің онымен жұмысы жоқ, жас баланың кәперсіздігіне басып, осы алшын батырына байланысты әртүрлі алып-қашпа сөз, дақпырт атаулыны ойша қуалап кетпесі бар ма? Ол аздай әлгі жалайыр-балғалылар көсемі Жарықбас Есентүгел дегенді де еске алыпүлгерді. Бұл Әбілхайырдың мысы басқандығы емес, исі қазақ бас біріктіргенде осының ойда жоқта бағы жанып, күллі алаш әскерінің бас қолбасысы сайлануына орай ел наразылығы желді күнгі теңіздей толқып, Ескелдіге бір емес бірнеше мәрте соққандықтан мұның ішінде сығымдалып, қатталған сезімнің мінез көрсетуі еді. Басқаларының қосарласқаны және бар. Кенет Ескелді өзін ауыр күнәүстінде тап басып ұстағандай дүр сілкінді де бас сардарға мүлдем басқа пиғылмен зер салды. Құс қанатындай керілген қос қабағы болмашы ғана қимыл жасағанмен соның өзі де Әбілхайырдың сұрғылт көздеріне шалынып, оған өз кезегінде «апырау мыңдықты басқаратын адамның түрі осы ма» дегізгендей. Ия, қалай да Әбілхайыр мен мынау Ескелді бір-біріне дегенде көңілдеріне діт сақтаған жандар ғой, кейде солары әзәзіл сияқтанып, тап осындай қысылтаяң, аттың жалы, түйенің қомында да іштерін тырнап, тамақтарын жыбыршытып кеп береді. Әй, пендешілік-ай! Осындай едәуір түсініксіз іркілістен соң Әбілхайыр тілге келді: – Мана өз көздеріңізбен көріп, көкірекке түйдіңіздер ғой. Атаңа нәлет ит қалмақтың бар құдіреті от қаруда! Ал біз болсақ сол от қаруға өзіміз барып жем боламыз! Қыспаққа қыстырылдың-ақ сол тұсты олар көздеп атады! Олардың шеріктерімен қоян-қолтық шабысқа кіріскенше шашырай шабу жағын ұмытпайық! Көбіне олар кері қашқансып, қазақтардың ұмаржұмарланып, өздерінің соңына түскен шағын аңдиды. Шапыраштылар сол жағын жете аңғармай қалды! Бір құлаған жарға екінші рет құламайық! Бұдан соң Саурық батыр баршасын ерте жүріп, қалың жасақтың алдын ары-бері кесіп, бас сардардың осы сөздерін қайталай ежіктеп жеткізді. Қанжығалы Бөгенбай мен Шақшақ Жәнібек те баршасына жігер берерлік бірер сөз тастады. Сосын Ескелдінің даусы құлақ жарды.

– Кәне, болат қанат сұңқарларым, құдайдың бізге тартқан ұлы шағы, міне, енді туды! Ескелдінің осы сөздерін күтіп тұрғандай Қабан жырау қолындағы туды күшік Жолбарыс биге табыстады да жанынан табадай қара тасын суырып, онысын оң қолының тырнақтарымен қаққылап, бір жырды бастап кетті. Бұл ерлікке, туған жер, туған елүшін басымыз құрбан дескен жанқиярлыққа шақырған жыр еді. Ол нақтылы қандай сөздермен әдіптелген, ол жағы ешкімнің жадында тұрақтамады, тек алпыс екі тамырда қан солқылдатқан әсері ғана сақталды. Қабан жырау толастаған сәтте Ескелді қайта сөйледі. Ескелдіден соң Қаракерей Қабанбай да жуан даусымен біраз сөз тастады. Ол негізінде Орта жүз қолы шайқасқан күндерде жіберілген кейбір қателіктерді, пайдаланудың реті келмеген мүмкіндіктерді еске салды. Соның бірі – егер мынау бұлың-бұлың, қойнау-қойнаулар ыңғай берген сәтте бой тасалап барып, от қару-зеңбіректер орналасқан тұстағы қалмақтарды қырып салса әттең, нағыз ерліктің көкесі сол дегендік еді. Бұған жалғастыра найман батыры «от қару тек алыстан ғана тажал, ал жақындасаң ол жансыз қара шойын ғана, ондайда айналасындағы қара-құралардың қолындағы қылыш, найза ғана қауіпті, ал от қарудың өзінен еш залал жоқ» дегенді құлақтарына құйды. Ол кездегі түз қазақтарыүшін бұл анықтаманың мәні өте зор еді. Қаракерей Қабанбай уағызы таусылмай-ақ бұл шақта тұлабойы шамадан тыс сірескен Құлжан өз ағасы, мыңбасы Малтабарға жақындап: – Бір оңтайы келгенде сол от қару дейтін жеті басты жалмауыздың тұрған орнын маған нұсқап жіберші! – деп, күбір етті. Малтабар оның өтінішін жақтырмаған түр көрсетті. Себебі, Қабанбай уағызын барынша ықылас қойып тыңдағандардың бірі осы Малтабар еді. Әбілхайыр, басқа да сырт елдік қолбасыларүшін мұндағы мыңбасы Ескелді сияқтанып көрінгенмен шын мәнінде ол орында Малтабар еді. Тек жалайыр сарбаздарының басымы Іле жағалауына жөнелтілгесін мұндағы небәрі мыңжарымдай сарбазға Ескелдінің өзі тікелей иелік ететіндей шалынатын. Бұл шақта қалың шерік илеуінен аздаған қозғалыс та шаң берді. Кәрі жауынгерлер мойындарынан тұмарларын алып, «аллам, тәңірім, жаббар ием, құдай» деп, жаратушысының аттарын түгел тізіп, жалбарына табынып жатты. Баршасының оң жақ қарларына ақ шүберек байланған, әрі қалқандарында да сондай белгі бар сарбаздар алдағы бие сауымындай уақытта өз жебеушілерінің, қорғаушыларының қастарында болуын қалайды. Бұл ақ шүберектер ауыр арпалысүстінде көздеріне қан толып, жау мен өз адамдарын шатастырып алмасүшін керек қой. Кейбір жаны нәзіктер өздерінің жебеушілері де осы белгілеріне қарап табатындай оларын мұқияттап қайта байлап жатыр. Бұл аздап қорқыныштың да еңсергендігінің белгісі еді. Ондайда саусақ ұштары тыныш тұрмай өздеріне өздері жұмыс тауып алады ғой. Енді бір сәтте қарсы төбеден керней тартқан қалмақ мыңдығы да мен мұндалады. Екі орта қозыкөштей жер, әрі сайлау. Қалмақтың бұл жолы шайқас орнын дұрыс таңдағаны бірден айшықталды.

– Мына сай олардың от қаруыүшін адастырмас, дәл нысананы тауып беруге жаратылғандай! – деді Әбілхайыр. – Тап басып айттың, сардар ием! – деп, оны Қанжығалы Бөгенбай қостады. – Менің ойым әскерді дереу қозғап, шашырай шабысқа салуды бұйыру керек! – деді Шақшақ Жәнібек. – Ал ондайда қалмақтар бері қозғалмай сол төбенің басында күтсе қайтеміз? – деді Малтабар. – Онда тіпті жақсы, ондай күнде жалайыр сарбаздары бұл төбені айнала қоршауға алып көтерілсін! Төбемізден тас домалатар дейітндей биік құз емес қой! Ондайда от қарудың өңешін қайда бұрарын білмей сасқалақтайды! Бізге керегі де осы емес пе? – Бұл сөзді де айтқан Қабанбай еді. Шапырашты Сатай найман тұрғыласының жүзін бір шолып алды да: – Солай-ақ! Тек біз ойлағанды олар да ойлап, шашырай шапқандарды мұрнынан тізіп әкетердей басқа бір қитұрқыны көлденең тартпасын! Біз оларды қоршауға аламыз дегенше олар әрі сырғып кетіп, бұларды оппаға түсірмесін! Мына төбенің арғы бетіне шолғыншы жіберіпүлгермедік қой. Қосымша күштері және бар шығар, – деді. Бұл сақа қолбасылардың бәрінің де сөздерінің жаны бар еді. Бұдан арғы даурығысуға уақыт та тапшы. Бас сардар Әбілхайыр: – Ал ұлы атаның баласы Ескелді! Ендігі шешімді өзің тап! – деді. Жаңағы айтылған жорамалдардың бәрін Ескелді мен Малтабар бастарында тез қорытты да екеуі кезектесе қалың сарбазға бұйрық берді. Әрі бұл жақта да керней тартылып,дауылпаз ұрылды. Сол кезде Қанжығалы Бөгенбай өз тобынан бөліне Ескелді мен Малтабарға жақындады да: – Байқаңыздар! Олар өздерін қоршауға бере қоймас! Сатай батырдың күмәнінде дәйек жоқ емес! – деді. Ескелді өзіне ұстаз есепті кексе батырдың ескертуін қалай жерге тастасын, Малтабар бастаған мыңдық алға жылжып кеткенде осыдан екі қозыкөштей жерде кейін қалған, жалпы саны мыңға толмайтын екінші қосынның мына алғашқы мыңдық босатқан орынға келіп тұруы туралы өз шешімін арнайы адамдар арқылы жөнелтті. Әрдайым Ескелдінің қасынан табылуға тиіс әлгі Тұрлымбет Бекенұлы, ағайынды Есенбай, Есенғабыл атты Қожаназар балалары да бұл жолы сол екінші қосымша қосынмен қалған. Жалайыр биі жаңағы бұйрықты жөнелтісімен отызшақты оққағарларының ортасында Малтабар мыңдығының соңынан өзі де саржеліске салды. Бір шетте, бұлардан оқшауырақ Тәттібай мергеннің шоғыры тұрған. Ескелді әзірге оған тимеуді жөн көрді. Шынында да жалайыр қолы сай табанына түскенше биіктегі қалмақтар бері қозғалмады. Сосын да жаңағы Ескелді мен Малтабар нұсқаулары құлақтарында қалған жүзбасылар әрқайсысы өз жүздігіне айқайлай бағыт берісіп, бұрынғысынан да бытырай, төбені айнала қоршауға алардай шабысты. Сай табаны таусылып, болат тұяқтар төбенің етегін қырши бастаған шақта нағыз қолма-қол шайқас төбе басында болатынға ұқсады. Әбілхайыр маңындағы қолбасылар шоғырына солай танылды. Бұл кезде сай

табанына жетіпүлгерген Ескелді өз оққағарларының бірін арттағы Тәттібай мергенге жұмсап, оның бері төмен түсуін, сәл жақындауын өтінді. Мыңдық алда кетті, енді оларға еш ақыл айтып жеткізе алмайсың. Бәрін әрбір сарбаз өз қимыл-әрекетінен,пешенесіндегі жазудан көреді. Түз соғыстарының бір ерекшелігі сол. Қалмақтардың не ойлағаны қазақтар төбенің ортан беліне жақындағанда ғана белгілі болды. Олар сол кезде ғана бері қарай лап қойды. Бұл жолы қиядағы соғысты өздеріүшін тиімді санаған сыңайлы. Төбедегі мен етектегі бір-біріне қарсы шапса төбедегінің екпіні әлдеқайда басым шығады ғой. Сол екпінді ата жау өз пайдасына жаратпақшы. Міне, қалмақтар да төбенің жан-жағына қарай қара құрттай жосыла құлдилады. Шындығында екпіндері бет қаратпастай жойқын екен. Бұл кезде сай табанының орта шеніндегі Ескелдіге солай көрінді. Ол артта өзіне жақындап қалған Тәттібай бастаған мергендер тобына бір алақтады да «қап, оларды бекер қозғадым-ау» дегендей ойға қалды. Бұл сол ойды ойлап, жоғарыға қайта сығырайғанда қазақ пен қалмақ шеріктері бір-бірімен сартсұрт ұрыса да бастаған. Лап еткен ағын су тоспаға жолыққандай жалданып, түйдек-түйдек болып көтеріле бастағанға ұқсады. Кенет ол түйдек-түйдектің ені ұлғайып, ағын су өз-өзінен бұрқан-талқан қайнаған қазанға ұқсап кетті. Құлжан батыр осы шайқастың бел ортасында. Жасы келіңкіреген кексе жауынгер өз қарсыластары жоғарыдан құлдилаған осы мезетте өзіне таныс ескі бір әдісті қолданды. Бірінші соқтықпақшы қалмақтың найзасын жайқап, тұсынан өткізіп жіберді де оның соңындағы екіншінің тап көкірегінен өз найзасын қадады. Алғашқының тасасындамын деп ойлаған екінші қалмақ мұны күтпесе керек, құлақ жаратын ащы айғайымен ат сауырында кетті. Сірә, қазақ пен қалмақ тілі бір, ділі бір ұқсас халық дегенмен қатты қорыққанда, қуанғанда көмекейлерінен андыздайтын дыбыс әр алуан еді. Мұны екі жағы да оңай ажырататын. Жаңағы Құлжан құлатқан қалмақтың даусы біраз қазаққа дес бергендей. Ал қалмақтарға керісінше. Бірауық қалмақтар түйдегі тым зорайып кетіп, қазақтар ортасын бұзыпжарып өтті де. Енді сарт-сұрт қылыш пен найза сайысы сәл бәсеңдеп, оның орнын бір-бірін кеудемен қаққан, жамбаспен ұрысқан, тістерімен шайнасқан қыл құйрықтылардың тайталасыүстемдік алғандай. Төбені белдеулей ұзыннан-ұзақ созылған майданның кей тұсында қалмақтар төменде қалып оларға қазақтар жоғарыдан төнгендей жағдай қалыптасты. Жоғарыдан шапсақ оңай болар деп шамалаған, соған ыңғайланған қалмақтар енді төменнен жоғарыға қарай шабу мәжбүрлігіне ұшырап, осы арпалысүстінде тәсіл өзгертіп, жанталасты. Бұл уақытта қасына келіпүлгерген Тәттібайға Ескелді: – Ағасы,бізден сәл қателік кеткен, сірә! Мынау төбенің арғы бетінде жасырулы тағы бір қосын жатпасын! Ал біздің қосалқы жасағымыз алысырақта қалды. Мергендеріңізді тезүш топқа бөліп, анау төбенің басын қарақшыдай бақсын деп тапсырыңыз. Егер ол жақтан қара-құра көрінсе ешкімнің сөзін күтпей оқ жаудырсын! – деді. Абыз пішіндес бет бейнесі дулыға астында жарым-жартылай жасырулы, әрі киген сауттан да денесі

қушықтанып көрінетін кәрі мерген оның сөзіне бас изеді де бөліне берді. Ескелді сол сәтте тағы бір оққағарды бас сардар Әбілхайыр маңында қалған Қабан жырауға ұшырды. Оған жөнелткен нұсқауы – жырау туды күшік Жолбарыс биге тапсырып, өзі әлгі мыңға толмайтын екінші қосынды бері тағы да жылжытсын, бірақ тым жақындап келмесін, қарсы беттегі, төбе басындағы қалмақтарға көрінетіндей тұсқа әкеп, сақадай сай тұрсын дегендік еді. Шайқас жалғаса берді. Қай халық та бейқұтшылық күнде сырт көзге қораш тірлікті, қарабайыр көрінгенмен сын сағаттарда ішіңде жасырулы жойқын қуат-жігердің бұрқ көтерілетіні бар. Қой аузынан шөп алмайтын, момын, әлжуаз қазақты мынау атыс-шабыста мүлдем танып болмастай. Апырау, менің екі жаным жоқ қой, жалғыз жаным ата жаудың найзасының ұшында кетсе мынау жарық дүние менүшін мәңгілік қара түнекке айналады ғой деген қауіп миларына кіріп-шықпастай. Ет пен сүйектен емес, тас пен темірден жаратылғандай жаудың айбалтасына, найзасына, алдаспанына, шоқпарына қарсы барып, өзіндегі қарумен айбат шеккенде шынында қоржынында тағы бір қосалқы жаны шүберекке түюлі жатқандай әсер етеді. Әншейінде он салса бір баспайды дейтін қазақ жігіттерінің мына кескілесудегі ұшқырлығын көрген көздің ұясынан ұшып түсерлігі даусыз ақиқаттай. Ал Құлжан батыр сияқты осындай науқанды құдайдан көптен бері тілеп, ішқұсталыққа ұрынған жандардың қимылы бөлек хикаяттың арқауы. Бұл Құлжан осы жалайыр мыңдығының ішіндегі жүзбасылардың бірі. Бірақ мынадай шақ-шұқтың ортасында өз жүздігіне олай деп, бұлай деп бағыт сілтеу мүмкін емес, сосын да оларға басшылық етудің бірден-бір амалы өз басының көзсіз ерлігі екенін түйсініп, бар тәсіл мен қайратты соған бағыттаған. Қазір Құлжанның түрін өзге түгіл, өзінің немере ағасы Малтабар батыр да танымас еді. Арқасы садақтай иіліп, бұрынғы күдірейген желкесі астындағы атының жалымен араласып кеткендей тым төмен бұғыңқы. Бетжүзі ара-тұра ғана көрінетіндей. Онда да қолындағы қылышпен кейде бірге көтеріліп, тез қайта жасырынады. Бет-әлпеті адам аттының кескініне мүлдем ұқсамайды. Қазақ әйелдері қазанға тары қуырғанда ұзын жуан ағаштың басына қолақпандай қылып шүберек байлап, сонымен араластыратын. Міне, Құлжанның бет-жүзі тап қазір сол ағашқа байланған түйдек шүберекті еске салады. Онда көз, құлақ, мұрын дегендерден жұрнақ та жоқ. Бәрін қара тер басып, бір түсті бояумен бояп, баттастырып тастағандай. Мұндай шайқасүстінде ерлік те, қорқақтық та жұқпалы ауру секілді. Әгәрки, бір жауынгер дауылды теңізүстінде аспанға атқан ақ маржан судай бой көрсетіп, дұшпан ортасында ойран салса оның осы ерендігі маңындағы өз қандастарына көшеді. Оларды да осындай ерлік сезім буырқандырып, қанын қыздырып, қолындағы қаруын екі есе шапшаңдықпен, екі есе ұтымды әдіспен пайдалануға еліктіреді. Жай еліктіру емес, тұлабойында ақылға бағынбайтын жойқын желік басталады. Өлер жерін аңдамайды дейтін емес, қайта ерлік атаулы тірі, төрт мүшесі сау адамның ғана пешенесіне жазылған ырзық екенін ескеріп, жау найзасының ұшын өзіне дарытпай соның араарасында оның өзін ұрып түсірудің амал-айласын жасайды. Ол да ойша

саралап, жоспарлап жататын дүние емес, көз ілеспес қимылүстінде адамның ақылдан тыс, одан жүз есе, мың есе жылдамдықпен жұмыс істейтін өзге бір түйсігінің қоздыруы, бағыт сілтеуі арқасында жүзеге асады. Ал ондай түйсікті адам қайдан алады, әрине, бір күндік емес, көп күндік жаттығу, пейіл беру нәтижесінде иеленеді. Міне, Құлжан батыр сондай бір көп уақытқа созылған іштей дайындықтың жемісін қап-қап етіп жинауүстінде еді. «Жебеушің, қорғаушың қасыңда, қорықпа» деп, әлдекім құлағына сыбырлап тұрғандай бұл нағыз жан аямастықтың өзіне басқандай. Сол қолында қалқан, оң қолында алдаспан, кейде онысын қайың шоқпармен, не найзамен алмастырады, екіүзеңгіні аяқтарымен кере ерүстінде түрегеліңкірей жанжағындағы жауды жайпағанда бір қолыүшеуге, не төртеуге айналып кетті ме дерсің. Тіпті кейбір қалмақтың мұның найзасының ұшына өзі ізденіп келіп ілігетінге ұқсайтынын қайтерсің. Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен ғана емес, осы Құлжан батыр сияқты қарапайым жандардың да ішінде бұйығы жататын аруағы болады. Ол Ескелдінің ақ бурасы сияқтанып, әмсе көзге көріне бермейді, осындай аласапыран, ұлы шақтарда ғана оянып, өз иесінің демеушісіне айналады. Шаршаса қуат, адасса бағыт береді. Әне, бір қалмақ жатаған темір тазкепешінің астынан көздері найзағайдай атылып кеп, Құлжан батырға найза салды, бұл оған темір қалқанын тоса қойды, сол сәтте екінші қолындағы қылышы басқа бір қалмақтың мойнын қиды. Ең ғажабы – бұл екі әрекет ілгері-кейіндісі жоқ бір сәтте орындалды. Сонда Құлжанның екі көзі екі жақта болып, екі әрекеттің қосақабат орындалуын бақылаған ғой, шамасы. Құлжанның қолындағы ұзындығы салақұлаштай бар ауыр қылыш. Мұны Балпық батыр Самарқан қаласынан әкелген таспа темірлердің бірінен бәйшегір Келеу ұста бұған әдейілеп соғып берген. Ауырлығына орай Құлжан онысын алдаспан деп те атайтын. Міне, сол алдаспан атына лайық ұлы іске жаратылуда. Ол замандардағы адамдардың, олардың ішінде жаратылысы бөлектердің қарулылығы сондай осындай алдаспандармен темір қиятын. Тор көзді сауыттардың парша-паршасын шығару да пәлендей қиын жұмыс санатында емес. Ертегі, аңыздарда айтылатын әлгі бір батыр екінші батырды төбесінен қылышпен шапқанда астындағы ерінің алдыңғы қасына жеткізе кеудесін қақ бөліпті дейтін жойдасыздық жай ғана әсірелеу, қиял жемісі емес, шындық екенін Құлжан осы бүгін көрсетті. Үсті-басы темір бір қалмақ жауынгерін сөйтіп қақ бөлгенде оның еңүлкен нәтижесі жау жасағын бір адамға кеміткендігі емес, осы қайратын біраз қазақ сарбаздарының көріп қалуы еді. Міне, енді олардың да тұлабойларына тасқын судай жігер құйылды. Олардың да іштерінде бұйығы жатқан аруақтары оянды. Бұл Құлжан батырүшін екі жеп биге шыққанмен парапар. Апырау, бұл қатардағы сарбаз емес, жүзбасы ғой, өз жүздігіндегілерге осылай қайыру бермесе қалай қайыру бермек. Әрі, Құлжан батыр қазақ пен қалмақ арасындағы соғыстың бұл додамен бітпейтінін де жақсы біледі. Жаңағыдай ерлік, демек, келер күнге де азық қой. Құлжан батырдың бұл жанқиярлығы Ескелді мен оның маңындағылардың да көзіне түсті. Ал осы мыңдыққа тікелей басшылық

етуші, оның немере ағасы Малтабар өз інісінің бұл қасаптан тірі шығатынына мүлдем сенбеді, сосын да осы бастан оған иман тіледі. Құлжан батырдың бұл кезде екі әйелі, бес-алты баласы бар-тұғын, «қайтейін, менің балаларыммен бірге шөптің тамырын жесе де өлмес, құдай пешенелеріне жазған ғұмырлары болса әкесіз-ақ аяқтанып кетер» деген ой мұның да миынан зуылдап өтті. Малтабар төбені айнала ұзыннан-ұзаққа созылған, қара шұбар айдаћардай аласұрған шайқасты жағалай кезіп, Құлжан батыр арпалысқан тұстан тез алыстап кетті. Құлжан батыр туралы жаңағыдай ойласа да оны шайқастың осы бөлігіндегі өз сүйенішіндей көріп, басқа босаңдау буындарды іздеуге көшті. Әрі бір көзі Ескелді би жақта еді. Одан ешқандай ишара байқалмағасын бұл тіптен алысыраққа шапты. Міне, мына бір бұралаңда өзара кескілескен қазақ пен қалмақ додасында қуыршақ құдайдыңүкімі жүріп тұрғанға ұқсады. Малтабар мен оның оққағарлары қазақ сарбаздарына жігер беру мақсатында: – Аруақ! Аруақ! – Бақтияр атам! – Қабылан атам! – Оқшы ата! Қолда! Қолда! Орақ батыр! Орақ! Табақ! Қолдаңдар! – деп айғайласты. Бұлардың айғайының шынында әсері болды ма жағдай тепетеңдікке қарай ойыстады. Енді қазақтар қолындағы қылыш, найзалар көбірек күнге шағылысып, қалмақтардың тазкепешке ұқсаған темір дулығалары дөңгелек қалқандардың тасасынан көбірек шалынды. Қылыш, найзалары шабуылдан гөрі қорғаныс құралдарына айналып бара жатқандай. Малтабардың тағы бір іліктіргені қазақтардікіне қарағанда қалмақтардың аттары жарамдырақ секілді. «Ия, оларды жау шапқан жоқ, жау бізді шапты, сосын да біздің жанымызбен бірге малымыз да жұтады, олардың малы жұтаған жоқ, сосын да олар мінген қылқұйрықтылардың белдері мен жіліншіктері мықтырақ болмай қайтсін» деген тұжырымды да бір өткеріп салды. Бұл қазақтар арасындағы ескілікті қаңқу, тек Малтабар шайқастың мына буынында соның ақиқатына өз көздерімен қанықты. Өстіп бұл жағалай жүріп, шайқастыңүш-төрт буынында өз сарбаздарына дем берді. Енді бірінде өзі де шайқасқа кіруге оңтайланып еді, Ескелдіден бір сарбаз келді. Оның айтқаны мынау: – Биаға сізге жағдайға қарасын, егер жағдайы келсе бері біз жаққа жетсін, егер оған мұршам жоқ десе келмей-ақ қойсын, деді. Тек сізді бір хабардар етпегі өзінің де шайқасқа кіргелі тұрғаны. Соны мұқият ескерт деп маған қадап тапсырды. Мұны естігенде Малтабар шайқасқа кірмек ойынан тез айныды, Ескелді жіберген сарбазбен бірге оққағарларын ертіп, ызғытып берді. Ескелдінің қасында Қабан жырау соның орнын баспаққа томағасыз бүркіттей сай тұр екен. Тіпті шаруашылық жұмыстардағы Тұрлымбет Бекенұлы, Есенбай, Есенғабыл Қожаназар балалары сияқтылардың да біразы осында. Оларды Қабан жыраудың өз еркімен ерткені білініп тұр. Ал Ескелді бері бөлініңкірей Малтабар тобын жіті бақылай тосып алды. Бүкіл жалайыр қолының сардары есепті Ескелді мен мыңбасы Малтабар арасында сөз көп

өрбіген жоқ, тек ұзыннан-ұзақ шұбатылған қанды қасаптың ең бір қоюлау тұсы қайсысы екенін бірге анықтасты. Ақыры, соны көздерімен белгілесті де Ескелді солай қарай саржеліске салды. Сөйтіп, айналасындағы отызшақты оққағарларының ортасында бұл атышулы қазақ биінің өз басы шайқасқа кірді. Мана осы шайқас басталмас бұрын бас сардар Әбілхайыр, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Сатай сынды саңлақтардың ауыздарынан қандай ескертпелер шықты, Ескелді олардың бірін де ұмытқан жоқ, қайта Малтабармен, Қабан жыраумен бірер мәрте осы ұрыс барысында талқыға салып таүлгерді. Енді қараса бұл кескілесу нақтылы бір ұғымға, немесе екі-үш ауыз сыпаттамаға сыймайтындай мүлдем бөлек ауан алып бара жатты. Осындайдың да болуы мүмкін екенін байыптап, Әбілхайыр «ал ұлы атаның баласы, ендігі шешімді өзің тап» деді емес пе? Ия, мұның ендігі, тапқан бір шешімі сол – өз басының ұрысқа кіруі еді. Ескелді кей-кейде өзімен-өзі оңаша қалғанда ешқандай мақтангөйліксіз барды бар, жоқты жоқ дейтін турашылдықпен өз басы туралы іштей толғай келіп, «маған құдай көп қасиет, артықшылық дарытқан, тек солардың ішіндегі ең басымы би, шешен атандырған қасиеттер емес, ең басымы қолбасылық, тіпті одан да зорырағы осындай ұлы шайқастардың бел ортасында ата жаудың жанкештілерімен найза айқастыру, жекпе-жектерге шығу, амал жоқ, мына заман түлкі бұлыңына орай алғашқы қасиет, өнерімді қара қазақ шөліркей қарсы алғасын солай қарай көбірек ауытқып, бой алдырдым ғой» дейтін. Кейде сондай толғауларүстінде кеудесін өкініш те қысатын. Ана Құлжан батырдың басындағы халге дәлме-дәл ұшырамаса да бірер адым жақындап баратын. Бірақ Ескелдінің жаратылысында өзі сирегірек мойындайтынүшінші бір қасиеті болушы еді. Ол мұны кейде оқтау жұтқанға ұқсататын ішіндегі таза темірден құйылғандай табиғаты бөлек, берік өзек еді. Бұл өзек ақыл, жігер, қайрат сындыүш қасиеттің қосындысынан құралған, анау-мынауға иілмейтін, исең сынбайтын, Исфаћан мен Самарқанның хас шеберлері құрамын ажыратып бере алмастай шынайы асыл дүниенің мысалындай. Қарабайыр халықтың би, көсем, ел басшысы ретінде оны көбірек керексініп, қалың ортасына мұны жас кезінде-ақ жұлып әкетуі, әрине, соның айғағы. Бірақ өмір дегеннің мынадай ақтабан шұбырынды заманында әлдеқайда күрделі соғатыны әбден заңды ғой. Міне, бұл енді қолына қару алып, қара қожалақ қалың жаудың қан ортасына, найза мен алдаспанның, шоқпар мен істік темірдің от шығарған додасына ет, сүйекті кеудесін өз еркімен сүйрей жөнелді. Қас қағым уақыт өткен жоқ, бұл қылышын әуеде ойнатты. Айнала адамның ақыл мен көзі жігін ажыратпас өлім мен өмір арпалысы, жау қайда дейтін емес, баса-көктеп, жаншып кетуге жанталасқан әне қалың нөпір, қанша қара қожалақ дегенмен кейбірінің шатыраштанған көздері, кейбірінің қалың терден дөңгелек шойынға ұқсаған бет-әлпеті, тіпті кейбірінің таңқы танау, кесік құлақтарына дейін мұның өткір көздерінің алдында кезектесіп есеп беріп жатқандай жалтылдай өтеді. Ескелді соның өзінде де әлуетті қолдарын қанша көтеріп, сілтегісі келгенмен қиып түсер

жау мойнын таппайды. Көбіне ауаны кескілеп, ен далада жалғыз өзі ойран салған ессіз адамның арсы-гүрсілігіне ұқсас қимылдарға баратындай. Әне, жау сұлбасы бұған қарай оқтай атылды, оның өзінен гөрі, әрине, сілтеген қылышы ұшқыр, сақадай сай Ескелді оған қарсы сондай ұшқырлықпен қылышын тосып еді, көлденеңнен киліккен басқа біреу жау қылышын қағып тастады. Шашыраған қып-қызыл ұшқындар осы аласапыранның ортасындағы әлдекімнің омырауына таққан алқасына ұқсаған әсер қалдырды. Міне, сонда ғана бір түйсік Ескелдінің санасына жетті. Бұл қанша қарманғанмен жемтік іліктіре алмайтын себебі, айналасындағы отызшақты оққағар жауға қарсы шайқасқаннан гөрі осы би аты бар жалайыр қолбасысын содан қорғау жолында жан салуда екен. Мұның бәрі алдын-ала келісілген, шын мәнінде солай болуға тиіс нәрселер ғой, тек ол жағын мына шақта ет қызуымен Ескелді жадынан шығарып алыпты. Сайып келгенде Ескелдінің бүйтіп қанды қасаптың ортасына өз оққағарларымен лап қоюы бүкіл шайқастың өнебойында арпалысқан қазақ жауынгерлерінің күшіне қосымша күш ретінде қосылу емес, оларға жігер беру мақсатын көздегендік еді ғой. Мәселенің қызығына енді қараңыз, сол түпқазық мақсатты біле, еске түсіре отырып, Ескелді оның шырғасын бұзып, қалайда өз басы Жоңғария қонтайшысының жанкештілерімен қоян-қолтық араласуға құлшынды. Жоқ, сенің мақсатың басқада ғой деген түйсік садақ оғындай тап құлағының түбінен ызыңдап ұшқанмен оны кәперге алуды ойлмады Міне, бұл енді жаумен қоян-қолтық арпалысқан жан емес, оған жетуүшін басқа бір қоршауды бұзып-жарып өтуі шарт бейтарап халде екенін түйсіне, күшіне күш, жігеріне жігер қоса астындағы атын борбайлатып, алға ұмсынды. Ескелді мінген кең айылды арда күрең де иесінің мақсатын дәл танып, болат тұяқтарымен жер құйқасын қырши ойып, алға әупірімдейді-ақ, тек кесе көлденеңнен киліккен көп аттардың салқы төс, омырау, күпшек сан сияқтылары тұтасып өскен ормандай мұны бір орыннан тапжылтпайды. Ескелді бар жағдайды толық түсінгені өз алдына, енді қалайда осы қоршауды бұзып өтудің бөгде бір айласын ойластырды, өйтпесе бұл өзінің қалың шайқасқа кіргендегі түп ниетіне жете алмайтынын анық мөлшерледі. Осындай қырқысүстінде өз оққағарларының қатары сиректеу көрінген бір тұсын байқады да солай қарай қатты ақырып жіберді: – Ай! Мына жақты еңсеріп барады ғой! Кәне, соларға болысыңдар! Сол кезде оққағарлардың онсыз да сирек қатары шартүзілді де олар Ескелді нұсқаған екінші жаққа қылыш, шоқпарларын сілтей ығыса берді. Міне, сол шақта Ескелді өзі тілеген Жоңғария қонтайшысының жанкештілерімен бетпе-бет қалды. «Ал, Ескелді көктен сұрағаның жерден келді». Бұл жалайыр биінің осындай шақта да өзіне өзі айтыпүлгерген сөздері. Сонымен қабат, жалайыр биінің бойында бөлек қан ойнады. Құдай берген көп қасиеттерінің ішіндегі әлгі ата жаумен найзаның ұшы, білектің күші арқылы бақ сынасуға деген икемділік кенет қанатын жазып жіберген ақ шулан бүркіттей мұны алып ұшты. Өлер жерін аңдамады деген осындай-ақ болар. Осыдан жеті күн бұрын, бұған ұстаз есепті, әрі қазақ пен қалмаққа бірдей танымал Қанжығалы Бөгенбайдың алғашқы жекпе-жекке шыққандағы

тым ұзаққа созылған айқасы мұның отына біраз май құймап па еді. Енді сол от біржола лапылдап, өзінің шырқау шегіне жеткендей. Ескелдіге қарсы бес-алты қылыш пен найза қабат сілтенді десе де болғандай. Бұл арда күреңнің тізгінін тісіне іліктірді де екі қолға бірдей өріс берді. Қара темірден ойып құрастырылған дөңгелек те қалың қалқан мұның сол қолында қорғаныс құралы емес, нағыз қарудың өзіне айналғандай. Себебі, бұған тиген бірнеше қылыш пен найзаның жүзі майырылғанға ұқсады. Ол жағын Ескелді өз көзімен көрген жоқ, тек сол қалқанға тиген соққылардың зілінен білек тамырларына түскен күштен пайымдады. Енді бір мезет жау жанкештілері мынау қалқанның қылыш пен найзаға жол бермесін сезіп, қалқанды және оны ұстаған қолды күрзі, қайың шоқпар сияқты ауыр дүниеліктермен күйретіп түсірмекке жан салысқаны сезілді. Ескелдінің оң қолы ауық-ауық қару ауыстырып, өзі он бес жасынан бері меңгеріпүлгерген айла-тәсілдердің біразын кезек-кезегімен қайта сыннан өткізді. Жау қанының күнге желкілдеген қызыл ала шүберектей шұбатылғанын өз көзімен тамашалады. «Апырау, қалмақтың қаны да қазақтың қанынан айырғысыз екен-ау» деген сияқты өмірінде түк көрмеген жас баланың таңырқауындай бір түйсік көкірегін инедей шаншыды. Әне, бұл сілтеген алдаспан мойын тамырлары күдірейген арсақай, тазкепешке ұқсаған жатаған дулығалы бір қалмаққа құлақ-шекеден тиіп, қақ айырды. Аспанға шашыраған қан түйіршіктерінің күнге шағылысқанын Ескелді көріпүлгерді. Бірер тамшы өз бетіне де тиіп, тырс еткізді, арда күреңнің жалына да шашырап, қызыл жолақ із қалдырды. Ескелді өз төбесінен төнген жарқ-жұрқ ажал бейнесінің тарамтарамдарын көзбен шала тұра өзгесі жөнінде де асқан байқампаздық танытты. Бұған бір жайдан өзінің осы майданнан аман шығарына сенімділік те септік еткендей. Мана осы додаға кірер қарсаңда қашан да жолбасшы есепті киесі – ақ бурасы ағараңдап, осылай қарай зу етіп, сіңіп жоғалғанын бұл ұмытқан жоқ. Ия, жойдасыз күш, бөлек жаратылыс иесі осындай кескілесуүстінде жау қанын шашып қана қоймай өз басын да қорғауға қабілетінің жететініне күмәні жоқ. Бірақ бұл күмәнсіздік жайбарақаттыққа ұштасқан сезім емес, керісінше найзағайша атылған ұшқыр қимылдыүстемелеттірген ішкі ағым, жіті назар , қырағылық сияқтылар еді. Ескелді осылай ешбір оққағарсыз қалың жаудың ортасында жалғыз аласұрды. Ұрыс барысын сырттан бақылаған Малтабар мұны көрген бетте сол маңға ойқастай жетіп, оққағарларға айғай салып, бұйрық берді. Кейбір оққағарлардың аттарын атап, көзге шұқығандай саңқылдады. Ұзыннан-ұзақ созылған айқастың басқа бір буынында әлі де аттан құламай жаумен салғыласып жатқан өзінің немере інісі Құлжан батырға да бүйтіп бүйрегі бұрған жоқ еді. Малтабар кеңірдегі жыртылғанша аттандап: – Биді қоршаңдар! Биді қорғаңдар! Би оңаша, жеке дара қалды! – дегенді бірнеше мәрте қайталай жеткізді. Әрине, оққағарлар осы шайқастағы қолбасы Малтабардың бұйрығын бірден-ақ естіді. Тек олай бара қоятын даңғыл жол кәне? Бірақ бәрібір олар солай қарай жылжи соғысуға пейіл берді. Ескелді жай адам емес, атақты би, бүкіл жалайыр мен оған қоңсылас

елдің көсемі, бөлек қасиеті бар жан, осы жағын жақсы сіңірген оққағарлар өздерінің сол Ескелдіден бүйтіп жырақтап кеткенін өз бастарыүшінүлкен күнә санап, жазатайым өздері өлім құшып жатса оны сол епетейсіздігіүшін құдайдың жіберген зауалы деп қабылдауға дайын. Сосын да олар бірте-бірте сол бағытта жылжып, сүт пісірімдей уақытта оны қайта қоршауға алыпүлгерді. Тек Малтабардың айғайы Алайғыр атты мекендегі осы төбенің бергі құлама еңісінде қаз-қатар тұрып, шайқасты бақылаған қалмақ қолбасыларының да құлағына жетті, әрі оның айғайынан соң қазақ сарбаздарының ішінде орын алған белгілі бір бағыты бар ағын олардың да көздеріне шалынды. Демек мұның бәрі тегін емес екенін олар да өз саналары арқылы анық түйді. Сосын да Сары-Манжы төңірегіндегі екі-үш кіші қолбасы ұзыннан-ұзақ шұбатылған шайқастың екі-үш буынындағыларды осылай қарай ойысуға шақырды. Бұл да көзді ашып-жұмғанша орындала қоятын бұйрық емес, бірте-бірте, кейде артығырақ шығынмен жүзеге асатын жәйт. Солай болды да. Тағы бір сүт пісірім уақытта Ескелді арпалысқан тұсүлкен түйдекке айналды. Манағы ұзыннан-ұзақ шұбатылған қырқыс бірнеше жеріненүзіліп, адам баласы ажыратып болмас нағызүлкен дауылды теңізге ұласты. Енді қайтсін, қалмақ жауынгерлері өз қолбасыларының нұсқауымен Ескелді төңірегін қоршауға алды. Егер олар осы тұста айқын жеңіске жетсе өзгесінің жарасы жеңіл боларын дәл байқаған. Неше соғыстың көрігіңде шыңдалған қалмақ нояндарының ішіндегі ақылды бастар бұл жолы нағыз әккілік танытты. Қалмақ қолбасылары көргенді қазақ қолбасылары көрмей ме? Малтабардың қасына Қабан жырау шауып келді: – Малтабар! Ескелді би қалың доданың ортасында қалды ғой! – деп дарылдады. – Енді қайтемін? Өзім де көріп тұрмын! – деп, қолбасы Малтабар зар илей жауап қайырды. Бұл солай сөйлесе де басын шағып, тосын айла-амал іздестіріп тұр екен. Онысын дереу тапты да. Өз қасындағы жиырма шақты оққағарды екі топқа бөліп, мына ортадағылардан ажыраған екі қанаттағыларға қарай дереу ұшырды. Олар жеткен бойда өңештерін керіп, енді жасыратын ештеме жоқ, анау ортадағы майданның ішінде Ескелді бидің қалғанын, дереу солай қарай барып, биді аман алып шығу керектігін жеткізді. Шаң-шұң еткен қару дыбыстары мен аћылаған-ућілеген адам дыбыстары айналаны азан-қазан етіп, бұл оққағарлардың сөздері қазақ жауынгерлерінің құлақтарына бірден жеткен жоқ. Тек Малтабар оққағарлары зеңгір көкті шатынатып түсірердей айғайласып,үсті-үстіне Ескелді би есімін жаңғырта бергесін ғана сана-сезімдері оянған жас балаларша сол оққағарлардың сөздеріне біршама ынта қоя бастады. Енді бұлар да сол ортаға қарай жылжи соғысты. Тіпті кейбірі қаша соғысқанға да ұқсады. Бір ғажабы, сөйте тұра Ескелді би есімі құлағына тигендер жаумен салғыласуда біршамаүстемдік алғанға да ұқсады. Сөйтіп, екі қанағаттағылардың жарым-жартысы жылжи-жылжи ортадағыүлкен додаға қосылды. Бұл енді нағыз алапат майданға айналды. Малтабар бұл майданды айнала шауып, Ескелді бидің ортада қалғанынүсті-

үстіне өзі де жариялап, қарт бурадай қылшылдады. Қалмақ жауынгерлері де тас керең емес, осы қанды қасаптың ішінде қайтсе де қазақтың ең бір дөкей нояны, бегі, батыры қалғанын олар да жақсы ұғынысты. Қазақ жауынгерлерінің жүйке тамырына бұл жағдайдың өте жайсыз тиетінін қалмақтың ең бір миғұлаларына дейін дұрыс пайымдады. Егер бұлардың бірі қазақтардың сол бір ерекше қадірменді ноянын, бегін, батырын өз қолымен шауып түсірсе бір басына жетерлік абырой-атақ пен құл-құтан аспаннан жауған ақша қардай табанда төбесінен сауылдар еді. Мына кескілестің қалмақтар пайдасына қарай бетбұрыс жасайтыны өз алдына. Малтабар батыр қатты сасқалақтады. Қасындағы Қабан жырау, Есенбай, Есенғабыл, Тұрлымбетке қарағыштап, ақыл сұрағанға ұқсас бір оқыс назармен олардың бет-әлпеттерін осып түсті. Қабан жырау да дегбірсіздікке ұшырап, ана қарсы беттегі төбенің басына жаутаңдай берді. Ол мына доданың сыртынан қалмақтар қосымша күшті жауып жібере ме деп қауіптенген. Ол күдігін Малтабарға да жеткізді: – Апырай, абай болайық! Біз қоршадық, олар бізді сыртымыздан тағы қоршауға алып жүрмесін! Сібір жұрты мен шүршіттің өнерін қабат меңгерген бұл атаңа нағілеттерге не деп болады?! – Ондай күнге сақадай сай тұрыңыз деп, Тәттібай мергенге тапсырып едім! – Жоқ, Малтабар, жалғыз Тәттібаймен іс бітпес. Көп болса оның мергендері қас пен көздің арасында жүзшақтысын сұлатар. Ал анау төбенің тасасында шынжырлы төбеттей қаншасының дайын тұрғанын қайдан білесің? Қабан жыраудың күдігі Малтабардың көңліне қонды. Ол бір сарбазды Тәттібайға осындай қауіп жағдайын қайта ескертуге ұшырды. Екінші сарбазды әлгі мыңға толмайтын, басы-қасында күшік Жолбарыс би қалған екінші қосынға жөнелтті. Оларға жолдаған сәлемі де сол баяғысы. Үшінші сарбазды Әбілхайыр мен Саурыққа жөнелтіп, оған солүлкен сардарларға өздерінің тағы бір қоршауға алыну қаупі барын ескертуді, әрі Ескелді бидің шайқастың қан ортасында екенін, аман-сау ма, ол жөнінде өздерінің хабарсыздығын жеткізуді тапсырды. Бұл бір жайдан дұрыс шешім еді, анаумынау жағдайда Әбілхайыр мен Саурықтың өз тараптарынан тиісті әрекет ұйымдастыруыүшін де ойтүрткіге жарайды ғой. Мұның бәрі солай, тек Малтабар Ескелді би жөнінде тіптен қатты қапаланды. Бұл қайтсе де би аттан құлады деп шамалады. Ал шындығында Ескелді аттан құлаған жоқ еді. Манағы оққағарларының бес-алтауы саптан шыққанмен саулары бидің айналасында қайта шеңбер жасапүлгерді. Нағыз ерліктің көкесін көрсеткен осылар. Биді қорғауды құдай ісіне балаған олар шетінен қаћарман шығып, іште бұйығы жатқан қайрат пен жігерді сарқа жұмсады. Мұның өзгелерге де себі тиді. Олардың да қайрат пен жігері еселеп артты. Ажал атты пәлекет бұлардың түрін көріп, өзіүркіп қашқандай. Жазатайым ерүстінен ауғандар атыныңүзеңгісіне қайта жармасып, әрі қолдарынан қаруларын шығармауға жан салды. Бірауық

төбеден төнген жау найзасы, не айбалтасы сабалақтап ұшып жүрген жабайы құстың қанатындай тым бейкүнә дүниелікке де ұқсады. Ал, ұрысүстінде екі жақтың да жауынгерлері нені байқап, нені таңсық етпеді дейсің. Мысалы, шақ-шұқ еткен қылыштардың дыбысы өмірінде сан соғысты бастан өткерген сартістілердің құлағына да бұл жолы тосын естілгендей. Ол темір мен темірдің қаржасқаны емес, әлдебір ажары бөлек екі дүниеліктің тоғысқаны, өнер жарыстырғаны секілді оқшау бір құбылысты миға қондырады. Бұл жерде «өнер» деген басы артық сөзге жатпайды. Себебі, қазақтардың қолындағы қылыштың темірі жер бетінің қай қиырында құйылды екен, әрі ол қай шебердің қолымен соғылды екен? Бір қиырдан ғана әкелініп, бір шебердің ғана қолымен әспеттелді деуге келмейді. Бұл тұрғыдан алғанда дұшпандардың қолдарындағы алмас семсерлер де мүлдем табиғаты бөлек, екінші бір қиырлардағы жансызға жан бітірген буынсыз саусақтардың туындылары. Демек, олар да әрқилы өнерпаздың кеудесіндегі ерекше оттың маздап жануы арқасында дүниеге келгендер. Бұл өнер емей немене? Тек бұл жердегі гәп басқада. Адамның өзі жасаған, адам болғанда солардың ішіндегі құдай ерекше ықыласпен жаратқандарының қолынан туған ғажайып бұйымдар сол адам заттының игілігіне қызмет етудің орнына бір-бірінің мойнын қиып, қара жерді бір-бірінің қанымен суаруға бағытталыпты. Жай бағытталып қоймай, бір-бірінің төбелерінде жасындай ойнап, жарқылдап, асыр салуда. Осындай шақ-шұқта садақ оғының ызыңдап ұшқаны да керемет екен. Шындығында ол естілмей кетуі керек қой, жоқ, керісінше көп әуенді, әртүрлі музыкалық аспаптыңүн тоғыстыруыүстінде басқалардан бөле-жарыла сызылатын сыбызғыша белгі береді. Мысалы, ердің алдыңғы қасына сарт етіп қадалған сұр жебе бал арасындай ызыңдап тұрып алғанда төбесінен төнген айбалтаны кері жасқаған сарбаз сол ызыңға құлақ тосыпүлгереді. Міне, қолма-қол айқастың осындай қырларын сондай айқасқа кіріп шыққандар ғана білсе керек-ті. Шайқастың кейбір тұсында қазақ пен қалмақ жанкештілері бір-бірін шұқып жеп жатқан алба-жұлба жабайы құстарға да ұқсап кетеді. Аттан құлағандар бір қолыүзеңгіде, екінші қолымен айбалта, не найзасын сермеп бас қорғайды, не қарсыласының қолын, не аяғын жаралап, саптан шығаруға күш салады. Өзі жаралы болғанменүзеңгіден айрылмай, оны сүйеніш етіп, қасық қаны қалғанша тырбанып бағуға бет алғандар да біршама. Ал аттан да, оныңүзеңгісінен де айрылғандар жаяу шайқасқа көшеді. Тек қазақ та, қалмақ та жаяу шайқасқа аса көндікті емес, әрі жан-жағындағы аттылардың қақпақылы бұларға пәлендей кең өріс бере қоймайды. Сосын да өзара қаруларын ойдағыдай сермей алмай оларынан тез айрылып тынады. Міне, сол шақта олар бір-біріне қол салысып, тіс салысып шайқасады, алысып, жұлысады. Тұлым, сақал сияқтылар қолға ілініп, әрі бір-бірін шайнап жеуге талпыныс жасайды. Айғай-ұйғай өз алдына, осындай күресүстінде бір-бірінің алған тынысының өзі құлақ жарардай естіледі. Ал енді осындай жағдайда айғай-ұйғайдың, аћылаған-үћілеген дауыстардың әуселесін мөлшерлеп көр.

Соғыстың ендігі барысы қазақ қолбасыларының да, қалмақ қолбасыларының еркінен, бақылауынан шығып, одан мүлдем тысқары, қазандай қайнаған бөгде астаң-кестеңге ұқсады. Екі шептен екі жақтың қолбасылары қолдарын ербеңдетіп, өңештерін кергенмен оларды көріп, естіп жатқан ешкім жоқ, әркім өз бетінше алас-күлес қимылдап, әрі бас қорғап, әрі жау түсірудің қарбаласын бастан кешіруде. Ал қазақ қолбасысы Малтабардың басына түскен күш сәт сайын еселеп артты. Біріншіден, мұндай шайқастар бие сауымындай ғана уақытқа сзылып, сосын екі жақтан керней тартылып, соғысты тоқтатуға бұйрық берілуші еді, сөйтіп екі айрылысушы еді. Қазір ол кернейлердіңүні естілер емес. Мына ойранның басталғанына бие сауымынан да асып барады, бұл жолы жағаласушы екі жақ бір-бірін талап жеп тауыспай тоқтамаймыз деп уағдаласқандай-ақ алыс-жұлыстыүдете түсті. Екіншіден, Ескелді би қайда, егер ол кісі бір жамандыққа ұшыраса бүкіл жалайырдың қабырғасы сөгілер қасіретке айналады, әрі тап осы науқанға қолбасылық еткен Малтабарда елге қарар бет қалмайды. Үшіншіден, өзінің немере інісі Құлжаннан бұл біржола күдерүзді. Егер тірі болса манағы қарқынымен мұның көзіне мына доданың ортасынан бір шалынар еді ғой. Екі қанаттаүзіліп қалған екі топ өз беттерінше олар да әлі соғысып жатыр, бәлкім, солардың бірінде ме? Әй, қайдам, Құлжан батырдың мана алғаш ұрысқа кіргендегі қарқыны оны тірі шығатын адамға мүлдем ұқсатпайтын. Аталмыш соғыстың жалпы нобайы ортадаүлкен майдан, алыста бөлініп қалған екі кішкентай майдан деп, кесіп-пішіп сыпаттауға да келмейді. Ортақ қазаннан ажырап, бір-бірін қуып кеткен ұсақ шашырандылар да алыстан қараң-құраң етеді. Олардың кейбір тіпті шағындаулары айдалада бір-бірін қуып ойнап жүрген қыз бен жігітке де ұқсап кетеді. Малтабар ол жаққа да әлсін-әлсін алақтап, көбіне Ескелді би кірген ортадағы негізгі ойранға зер салады. Бұл кезек күттірмес бір міндет ретінде Ескелді биді додадан шығарып алуды санады. Ал басқасына мұның ықпалы жоқ, ол шындықты көктегі құдай ғана емес, бұларды алыстан көз нысанасына алғанүлкен сардарларға дейін таныды. Ал Ескелді биді егер аман болса құтқарып әкетудің амалы қайсы! Малтабардың аз-кем бас шағып тапқаны шайқастан шеткерілеу тұстарда ата жаумен алыс-жұлысүстіндегі бес-алты жауынгерге айғайлай «ортаға дендей еніп, Ескелідінің оққағарларына биді тез бері алып шықсын деген менің сөзімді жеткіз» деу еді. Малтабар сөйтті де. Байқайды, бұл әмірінің біршама әсері болғандай. Жан беріп, жан алысқан сәтте де қазақ жігіттері Ескелді би есімін қадір тұтудан жаңылмаған екен. Бәрінің бірдей ыңғайы келмесе де екі-үшеуі өз қарсыластарымен қаша соғысқанға ұқсап, шегіншектей ақыры олардан құтылып, қалыңның ішіне дендей еніп қараүздірді. Малтабардың бұл шақта тұлабойы тебіренді, тіпті көзіне жасүйірілетінге ұқсады. «Ия, дұрыстап бағыттай білсең қазақ жігіттерінің ішінде ұйқтап жатқан қаћармандықтың сан көкесі оянады» деген сияқты соңғы кезде әлденеше қайталанған тұжырым мұның кеудесіне қайта айналып соқты. Әлгі «қазақтар руаралық соғысқа ғана керемет, өзге ұлттардың басқыншыларымен бетпе-бет келгенде түкке жарамайды»

делінетін сыңарезулік мұның көз алдында тасқа тиген әйнектей быт-шыт болды. Бірақ бұның бәрі Малтабарға жұбанышқа жарамады. «Егер мына ұрыста жеңіліс тапсақ оның бар кінәсі менің мойныма артылады-ау» деген мағнадағыүзік ойлар да көкірек сүйегіне жау садағының жебесіндей сарт етіп қадалды. Жай қадалып қоймай бал арасының ызыңындайүні де құлағына шалынды, білем. Не керек, әйтеуір бұл да қарап қалған жоқ, шайқас алаңын айнала шауып: – Бақтияр атам! Аруақ! Аруақ! Орақ баба! – деп, аруақтардың ныспыларын жаңғыртып, дамылсыз айғайлады. Арт жаққа да бұрылып, ұлы хан, ұлы билер, бас сардар, басқа да күллі қазақ атаулының ығай-сығайлары ұйысқан, әрі күшік Жолбарыс би қарамағындағы шағын әскер тобы қалған қиырға, одан берідегі Тәттібай мергендері шоғырланған тұсқа ауық-ауық көз тастайды. Ұрыстың мына барысында, әрі қалмақтар тарапынан ешбір тосын әрекет байқалмаған шақта тың күштерді іске қосу нағыз ессіздік екенін Малтабар шамалады-ақ. Қалайда, алланың жазғанына көніп, бұл шайқастың осы қарқынмен ақырына жетуін қалаған түрі бар. Арт жаққа жалтақтайтыны мұның еркінен тыс қосымша ақыл-кеңес, тіпті көмек келіп қала ма деп, елегізетіні сияқты. Кенет шақ-шұқ доданың қалың ортасынан бөлек бір желпініс, құйын байқалғандай әлдене алабөтен дүрк-дүрк етті. Ол тұста айбалта, найза сияқты қарулардың жүзі мен ұшы өзгелерден биігіректе жарқылдап, бұрқ етіп көтерілген теңіз толқынынша Малтабардың көздеріне ерекше шалынды. Байқайды, ол көбікті толқын бері, осы Малтабарға қарай жылжып келе жатқанға ұқсады. Жай ұқсаған емес,шынында солай. Кенет, осы арпалыстыңүстінде бірінші рет Малтабардың іш қуысында құдай мен аруаққа деген разылық сезімі оянды. Шоқпарын көкте ойнатып, шегіне соғысқан Ескелді мұның көзіне оттай басылды. Ия, би дін аман, тіпті алғашқы беттегі қайратынан да қайтпаған, қалқан мен шоқпарды қабат қойқаңдатып, ешкімге дес бермес түрі бірден мен мұндалады. Қашан да жақсылық та, жамандық та жалғыздап емес, қосарласа жүретіні бар ғой. Осы жолы да солай. Малтабардың назарына іліккен екінші бір жақсылық – Ескелдінің өз басы бері шегіне соғысып, бас қорғағандай көрінгенмен ортада ол қалдырған доданың иірімінде басқа бағыттағы ағын байқалды. Алдамшы құбылыс па деп, қолбасы Малтабар көздерін уқалап, жалма-жан қайта қарағанда ол тіптен қолмен қойғандай айқын көрініске айналды. Қалмақтар шеттерінен кері ысырылып барады. Қазақтар олардың соңдарынан қуа соғысуға ыңғай бергендей. Осы шақта Малтабардың күндей күркіреген даусы бәрін одан әрмен дүрліктірді: – Қалмақтар қашты! Қалмақтар қашты! Алға! Алға! Қалмақтар қашты! Құдай, аруақ қол ұшын берді! Алға! Алға! Қалмақтар расында қашты ма, ол жағына әзірге толық сенімі болмаса да өтірікті шындай етпектей бұл құдай берген көмекейіне барынша күш түсіріп, жау қуған сарбаздардың соңынан өзі қоса шапқандай атүстінде қарғаша далақтады. Ия, Малтабардың көргені мұның қиялындағы құбылыс емес еді. Қалмақтар шынында жаппай қаша соғысуға көшті. Ескелдінің

шайқастың қан базарында болуы, әрі биді аман алып шығу жолындағы оққағарлардың, басқалардың өлермендігі өз нәтижесін бергендей. Бұл кезде жалғыз Малтабар емес, оның қасындағы өз оққағарлары да шайқас сыпатындағы оң нышанды бажайлап, бұлар да андыздап ұрандап кеп берді. Кейбірінің дауыстары Малтабардікінен де асып түсті: – Жау қашты! Жау қашты! – Жау қашты! – Аруақ! Аруақ! Бақтияр ата! Мұның бәрі қазақтарды желіктірсе қалмақтарды одан әріүркітті. Жау қашқанның көкесі енді айқындалды. Малтабар Ескелдіге бір рет ат басын тіреді де шайқас жаққа қайта жалт берді. Ескелдінің бір түгі де қисаймаған, тек бетіңде аздаған қан іздері бар, ол өз қаны ма, жоқ, жаудан шашыраған ба, ол жағын ашып-айыруға мұрша қайда? Малтабар өз оққағарларын ертіп, енді әжептеуір жер ұта шапты. Қалмақтар жаңа өздері түскен төбеге тура беттеген жоқ, екі жарыла ол төбені айнала қашты. Мұның да қазақтарүшін қосымша ырзығы бар еді. Себебі, бұл көрініс екі қанаттағы шашырандылардың көздеріне де шалынды. Енді ондағы қалмақтар да жаппай бас сауғалауға көшті. Бірі қашса бәрі қашатын қалмақ әскеріндегі ескіден жалғасқан бір әлсіздік бұл жолы да сыр берді. Жоңғария жеріндегі швед әскери мамандары қалмақ жауынгерлерінің осындай әлсіздіктен құтылуы шарт деп, ондағыүлкен-кіші қолбасылардың құлақтарын қанша қажағанмен әзірге ондайлыққа қол жеткізілмепті. Жау қашып, қазақтар олардың соңынан қуып кеткенмен Малтабар шоғыры өзге бір ойқы-шойқыға жолыққандай аттары сүрініп-қабынды. Тіпті жаман сүрініп-қабынды. Аттарының тірсектерін су астындағы тас соққандай мүлдем жүріс өндіруге жоқ. Бұл не? Көзі қарауытқан Малтабардың алғашқыда оның не екенін ажыратуға да шамасы жетпеді. Тек бара-бара түсінді. Ия, бұл не? Бұл ұрыс орнында айқасқан өліктер мен жаралылардыңүйме-жүймесі еді. «Е, мәселенің мына жағы да бар екен ғой» дегендей Малтабар өзге бір жай жөнінде көзі ашылғандай атының тізгінін тартып, бір сәт есеңгіреген сүлесоқтыққа ұшырады. Тек жаралылардың бәрі бірдей іске алғысыз күйде емес екен, аяқ-қолдарын ат тұяғы жаншыған халден арылғасын, біразы орындарынан көтеріліп, тәлтіректеп бері қарай ілбіді. Жалайыр қолы қалмақтарды аса көп желкелеп, соңына түскен жоқ, төбе айналып қуды да жеткен жерлерінде бекінді. Оларға көп ұзамай Ескелді, Малтабар шоғыры да кеп қосылды. Тіпті Қабан жырау, Тәттібай мерген, күшік Жолбарыс би, Тұрлымбет, Есенбай, Есенғабыл да осылардың қасында. Қуаныштан жүректері жарылғандай олар анау-мынауды ұмытып, бері далбақтай қайтсе де мына алдыңғы шептің ішінен табылуға асыққандай. Тым ұзаққа созылған шайқастан, әрі мына соңғы қалмақтарды қууүстінде қазақ жауынгерлері қаншама өкпелері күйіп, дамыққанмен де әлі де кеуделерін тік ұстауға жарап, аттарынан түспей өз қолбасыларын айналсоқтап жүріп алды. Шығын да бар. Жауды аса күйрете жеңбегенмен де мына төбенің осы шығыс бетін осылар басып алды. Мұндайда қуған мен қашқанның екпіні бет

қаратпас қатты болатынын ескерген Сары-Манжы айналасы өз жауынгерлерінің кейін серпілгенін көргенде-ақ қару-жарақ, басқа да дүниемүлкін көтеріп ары сырғып кетті.

ОНҮШІНШІ ТАРАУ

Жалайырлардан кейін Қара Тілеуке бастаған сіргелілер мыңдығы сынға түсті. Олар да жеңіске жетті. Бірақ бұлардікі пәлендей алып-жұлып әкеткенүлкен жеңіс емес, оның түр-тұрпатын Әбілхайыр дулыға маңдайшасынан төмендегі сұрғылт та сұсты көздері арқылы анық бажайлады-ақ. Түлкі тұмсықты, сәл ұзарған, жинақы сақал-мұртты бет-әлпеті де сол сұсты көздердің байқағанын қуаттап, құнжың қаққандай. Тек аузынан бу бұрқырағандай саңқылдағанда сөздерінің ажары мүлдем бөгде қиырдан атой бергенге ұқсады: – Қарға адымдасақ та алға жылжыдық. Жау сауырына жанын шыжғырта аз-кем найза бойлаттық. Қалмақтардың қайтсе де бірер тамыры қиылды. Тұлабойларынан әл кетуіне де көп қалған жоқ! Құдай қаласа ондай атты күн де көп ұзамай қарасын шалдырар! Құдай осы пәрменімізден айырмасын! Тек құдайға қалай сенсек өзімізге де солай сенейік! Табаны жаудан таймаған нағыз ғазел, негізі асыл қазақ жауынгерлерін қалмаққа қарсы жұмылдыра білейік! Жалғыз ол емес! Қалмақ деген зұлым жау, біздің қылышымызға тас шаптырып, өздері маңдайымыздан доп атып жүрмесін! Айлалы түлкі азулы арыстанға да құм қаптырады! – деп қатаң ескерту жасады. Әбілхайыр бұл сөздерді атүстінде тұрып айтқан. Өз сөздерінен өзі де қозданды ма қолындағы елік сапты қамшысын екі бүктей ауада сілкіледі. Сол қамшысының сабына бастырылған тана түймедей бірнеше алтыны күн көзінен сәулеленіп, жарқ-жұрқ етті. Бұл кезде бас сардардың айналасы бұрынғы иін тірескенүлкен-кіші қолбасылар, оққағарлардың сыртында Бұқар жырау Қалқаманұлы, Ақтамберді жырау Сарыұлы, Үмбетей жырау Тілеуұлы, Тәтіқара ақын сияқты сөз дүлдүлдерімен толыққан. Бұқар жырау о бастан осында, ал мына соңғылардың бұл дүрмекке қашан қосылғанын көп ешкім біле бермейді. Бұлардың ішіндегі еңүлкені Ақтамберді еді, шамамен елудің мол ішіндегі адам, ал Бұқар отыздың о жақ, бұ жағында десек, Үмбетей мен Тәтіқара қылшылдаған жастар. Сосын да соңғы екеуінің көбіне Ақтамберді мен Бұқардың тасасынан көздері жылтырайды. Әбілхайыр аузынан ұшқан «қалмақтар маңдайымыздан доп атпасын» деген тіркес қазақтардың түн ұйқысын бұзатын көп пәлекеттің жиынтығындай. Бас сардар шоғырына кеп қосылған ұлы хан Болат та, ұлы билер де оның ескертпесін жамырай қуаттасты.

– Әттең! Әттең дүние-ай! – деп, Әбілхайыр зығырданы қайнай қайта ақтарылды: – Біздің дымымызды құртқан, жаудың тобын көбейтіп төбе көрсеткендей анау ұйлығысқан кедір-бұдырлар ғой. Қалмақтар кері шегінген сайын сол кедір-бұдырдыңүстін басып өтеді де жер жағдайына бізден бұрын бейімделеді. Ал біз қараңғыда қарманғандаймыз. Қай тұстан соққы тиеді деп алаңдайтынымыз бар. Бас сардар сөйтіп, ата жаудың от қаруынан сескенген сыңайын қайта білдірді. Ұлы хан тобындағылар да оған барынша пейіл берді. Сіргелілерден кейін Ұлы жүздің ошақты атасына жататындардың мыңдығы сайланып еді, тек қалмақ жағыүн-түнсіздік танытты. Бұл кіші бесіннің шағы, сірә, бүгінше тыныстайық деген ишарасына ұқсайды. Жаудың ыңғайына жығыла беру де жөн емес, оның бұл ишарасын қабылдаймыз ба, жоқ па деген мәселені қазақтар тез шешті. «Жақсы, қабылдайық». Тағы бір түн өтіп, тағы бір таң атты. Бұл екі күндік жекпе-жекті қоса есептегенде жалпы осы шайқастың сегізінші күні. Күн арқан бойы көтерілгенде бас сардар Әбілхайырға тұс-тұстан хабаршылар жетті. Бұл кеше текке тынышсызданбаған екен. Қалмақтар бұл сегізінші күні бүкіл әскерін жер жүзі ашылар-ашылмастан тік көтеріпті. Әдеттегідей, қазақтарға қарсы бір мыңдықты ғана жұмсап қойып, соның қызығына көз тойдырып, уақыт оздыратынүрдісті тәрік еткендей. Сірә, бұл швед мамандары ұсыныстарыныңүстем шыққанының белгісі. Бұған дейінгі шегіністер СарыМанжыны солардың ақыл-кеңесіне құлақ асуға мәжбүр еткендей. Бірінші хабар түстіктегі Кіші жүз сардары Тайлақ батырдан еді. Таң атар-атпаста екі бірдей зеңбірек оларды ұйқыдан оятыпты. Жекпе-жек, мыңдықтар текетіресі сияқтыларға көздеріүйреніп қалған оларға бұл нағыз ақыр заманның ыстық деміндей төніпті. Тез кейін серпіле қашып, әрі әскерді шашырата ұстап, соңдарынан қуған ешкімді көрмегесін қайта ес жиып, жауға қарсы майдан ашуға бет бұрыпты. Хабаршының әкелгені осы ғана. Бұл шақта Ұлы жүз қолы ортада да, Орта жүз қолы сәл теріскейге ығысқан. Енді Қаракерей Қабандайдан да осыған ұқсас ақпарат келді. Бұларды да зеңбірек дүрсілі аяқтарынан тік тұрғызыпты. Бұлар да кейін серпіліп, ес жиғанда өздеріне екі-үш тараптан жылжыған қалмақ қосындарын көреді. Енді соларға қарсы өз күштерін іріктеуүстінде бұл да Әбілхайырға қарай өз ертөлесін ұшырыпты. Орта жүз, Кіші жүз қосындарынан жеткен бар хабар осы ғана. Тек оны осы әлетте Ұлы жүз қосындарын қасқа маңдайдан ұрған бірнеше түмен қалмақтар әрекеті толықтырды. Әбілхайыр ата жаудың бүгінгі қарбаласын енді ғана ұқты. Бүкіл қазақ жасағын екі шептен бүріп, бір шұқанақта тоғыстырсақ, сосын от қаруды солай қаратып сөйлетсек қазақтар қайтсе де өмірден баз кешеді, оларды меңдегенүрей мен қорқыныш қалмақтардың одақтасына айналады деп есептеген. Осы тұрыста Әбілхайыр тез шешім қабылдап, өз маңындағылардыүш топқа бөлді. Алғашқы топ – Төле би бастаған Ұлы жүз марғасқалары осында, Саурықтың қасында қалады, ал Шақшақ Жәнібек бастаған орта жүздік би, батырлар тез Қаракерей Қабанбай батырға жетіп, соның ақылшыларына

айналады, алүшінші топты, жанарыстықтарды өзі бастап, Кіші жүз шеріктеріне жылжиды. Ақын-жыршылар да солай. Өз қалаулары, өз шыққан тектеріне орайүш жүздің жасақтарына бөліне тарайды. Бұған қоса Әбілхайырдың бір таптап айтқаны – осы бүгіндікте алла жазса Әбілхайырдың өз басы оққағарларының ортасында шайқасқа кіреді. Мұны бүкіл қазақ жауынгерлері осы бүгіннің өзінде естуге тиіс. Ия, бұл да өз қандастарының рухын көтерудің бір амалы деп ойлаған. «Жазатайым мен саптан шықсамүш жүздің бас сардары Қанжығалы Бөгенбай батыр, одан қалса Шақшақ Жәнібек, одан қалса Қаракерей Қабанбай, ал олардан да артылса одан арғыда Саурық, Наурызбай, Өтеген, Есет, Тайлақ, Саңырық, Хангелділер бұл мансапты өздері бөлісе жатар» деп, сол кездегі әйгілі батырларды мұрындарынан тізіп бір атап тастады. Ал ұлы хан Болаттың қасында Жолбарыс, Барақ, Батыр, Сәмеке сияқты хан-сұлтандар және Қанжығалы Бөгенбай батыр қалмақшы. Ұлы жүз қолы бүгінгі оқиғаға дайын еді. Бір емес, бірнеше мыңдық әр тараптан шабуылдағанда оның бас-аяғы қайсы,оны бір орталықтан бақылау мүмкін емес сосын да Саурықүйсіннің әр атасының қолбасыларына: – Ал, сендерге қарасты қолды бір алла мен өздеріңе табыстадым! – деп сәлем жолдап жатты. – Сонда да ара-тұра ертөле жұмсап, бізді хабардар етіп тұрыңдар! Алда кесекөлденең ұзыннан-ұзақ шұбатылған майдан даласының қақ ортасында бұл жолы Ұлы жүз дулат жасақтары орналасқан. Жалайыр, ошақты, қаңлы, сіргелілер теріскейлеу де, ысты, шапырашты, албан, суан, шанышқылы, тағы басқалар түстікке қарай жайылған. Қазір олардың кезек күтіп, қаңтарылған ешқайсысы жоқ, бәріне бір-бір жау табылып, әрқайсысы өз күш-қуат дәрежесіне сай, өз қолбасыларының айт-шүуімен майдандасып жатты. Жалпы, сонау Шудан бері бет алып, Кіндіктастың осы сілемдерімен шығысқа өрлесең әрбір тұстың өз атауларымен танысасың. Мысалы, Шу, Далақайнар, Еспе, Шоқпар, Алайғыр, Құлақшын, Бел, Қордай, Отар деп сонау Іле Алатауының бергі етегіне дейін жалғаса береді. Рас, Белден кейін де Кіндіктас тауының теріскей етегін сағалап, шығысқа өрлесеңүлкен бір шатқалға кездесесің. Мұнда жаңбырлы жылы да, қуаңшылық жылы да көк дегеніңүзілмейді. Енді қалай, екі жағынан екі тау көктемде қар ерігенде де, жазда азды-көпті жаңбыр себелегенде де өздерінен артылған ылғалдың бәрін осылай тоғытып жатса алақандай кеңістіктің мейірі қанбай қайтсін. Бұған түстіктегі Кіндіктастан гөрі теріскейдегі Айтаудың жалданған қиыршық тасты жоталарынан құйылатын су көптен-көп ықпал ететін сияқты. Себебі, Айтаудың ол жоталары суды аса көп сіңірмейді, сосын да оны жақсы ұстамайды, мұнда көбіне жусан, бетеге, селеу, тобылғы сияқты тамыры ұзын, әрі берік шөптер мен бұталар ғана өседі. Тек кейбір ылғал молырақ жинақталатын аңғарларында ғана бұта аралас талдар шоқталып, түстіктің ыстық күнінде сәулелене жайқалады. Неге екені белгісіз, ат қоюға шебер қазақ тап осы шатқал мен Айтаудың тап осы алабөтен жоталарына келгенде іштарлық жасапты. Кей-кейде нақтылап атау мәжбүрлігіне ұшырағанда бұл

тұсты шатқал немесе, Айтаудың шатқалға тірелген жоталары дей салады. Сірә, кейінгі болар бір тарихи оқиға оған өз атауын берер деп, әуелден-ақ бұл мәселенің басын әдейі ашық қалдырғандай. Қазіргі қазақ пен қалмақ қақтығысы бұл аралыққа әлі жеткен жоқ. Тіпті Бел деп аталатын, осы Шу өңіріндегі ең бір шыбынсыз, масасыз салқынүстірт те әзірге қалмақтардың қолында. Тек оған дейінгі Құлақшын ғана міне, белі қайыса екі жақтың әскерлерін желкелігіне мінгізді. Ия, кешегі соғыстар Алайғырда өтсе бүгінгі соғыс Құлақшын атты мекенге ауысқан. Мұсылмандар мен қуыршақ құдайға табынушылар арасындағы ең ауыр кескілестердің бірі, міне, осы мекенде өтті. Кіндіктас тауының осы бөлігінде жер қыртысы мүлдем жалданып жатады. Тап бір дауылды күнгі буырқанған теңіз толқындары бір қалыпта қатып-сеніп қалғандай. Осы Құлақшынның өзінде дербес өз атаулары бар, бір-бірімен қойындасқан төбелер мен сайлар санап тауысқысыз. Сондай төбелердің бірі Байбике. Осы Байбикені теріскей жағынан жартылай шеңбер жасап ойып түскен сай Тереңөзек аталады. Бұл Тереңөзек атына сай бұлың-бұлың жасап, шығыс беттегі Белге дейін жетеді. Басқа төбелер мен сайлар әрине, шағындаулары. Міне, осы Байбике төбесі мен Тереңөзектің осындағы бөлігі әнеукүнгі жаңбыр суын қалай сіңірсе адамның қанын да құнарлы топырағына солай сіңіріп, әкетіп жатты. Мұндағының ең ауыр соғыс аталатыны осы Байбике мен Тереңөзек бірнеше рет қолдан-қолға өтті. Бұл, әсіресе, соғыстың осы сегізінші күнінде айқын орын алған оқиға еді. Бірде Байбике биігі мен Тереңөзек сайы қазақтардың еншісіне айналып, Мұхамедүмбеттерінің айғай-ұранынан бір құрысып, бір жазылса, келесіде қуыршақ құдайын әспеттегендердің дырдуманынан қақ айрылардай тұлабойларымен дір-дір етеді. Бұл аталмыш төбе мен сайда екі жақтан да көп адамдар құлап, раң, садақкөде, тас жоңышқа, шытыр сияқты шөптердің тамырын сормақтай тұмсықтарымен соларға көміліп жатты. Бірде алға басып, бірде кейін шегінген қазақтар қайта күш алып, жауды еңсерсе өлі балықтардай айқасқан өліктердіңүстінен өтуші еді. Қалмақтар да солай. Өзіне қарасты бүкіл күш осы аралықта орналасқанмен Ұлы жүз сардары Саурық өзін жападан-жалғыз қалғандай сезінді. Орта жүз, Кіші жүз түгіл, осыүйсін жасақтарының өзі тым шашырап, бір-бірінен қараүзіп, уыстан шығып кеткенін сезді. Теріскейдегі жалайыр, ошақты, қаңлы, сіргелілер және түстіктегі ысты, шапырашты, албан, суан, шанышқылы сияқты аталар мыңдықтарымен екі арада ертөлелер аттарын құйғындатып, хабар әкеп, нұсқау әкетіп тұрғанмен де солай. Әрі тап ортадағы, мына Байбике мен Тереңөзекте айқасушы дулат жасақтары көңілге медеу тұтарлық бірнеше дүркін ұтымды шабуылды мұның көз алдында ұйымдастырды дегенмен де Саурық байыз таппады. Сонау Шу бойында қалған, қазірде сәл бері жылжымақшы әлгі Өтеген, Қалы, Райымбек сияқты батырларға қарасты тың күштерді алдыру керек пе деген де ойға тірелді. Бірақ олүшін бас сардар Әбілхайырдың келісімі керек еді. Соғыстың тоғызыншы күні де сол сегізінші күнмен егіз қозыдай ұқсас шықты. Сол Байбике мен Тереңөзек қолдан-қолға өтумен болды. Тағы да екі

жақ көп шығынға ұшырады. Тек кешкілік қана қазақ жағы сәлүстемдік танытты. Қас қарайғанға дейін созылған атыс-шабыс қазақтар пайдасына қарай ойыса тиянақталды.

* * * Осылай осы соғыстың оныншы күні де туды. Бұл қазақ жағының мерейін сәл-пәл ғанаүстем еткен дағдылы күндердің біріне айналды. Бір жайдан мұндайүрдіске екі жақ жанкештілерінің де еттеріүйрене бастағанға ұқсас бір көнбістік мінез меңдеген. Сол оныншы күн таусыларда қазақ пен қалмақ арасында бір қызық оқиға баршасын елең еткізбесі бар ма? Дулаттың төрт тармағының бірі – шымырлар қолы күндізгі аласапыраннан соңғы тиісті қарбаласты бастан кешіруде еді. Әрине, оның негізі осы жақта бұлармен етене араласып, өз қызметтерін атқаратын әлгі салықшылар, сынықшытәуіптер әрекетіне байланысты. Жаралыларға ем-дом жасау, кешкі ас, түнгі ұйқы жағын қамдау, бүгінгі додадан шыққан мініс аттарын бөлек айдап әкетіп, жайылымға қою, әрі тынықтыру, егер қалмақ жағынан белгі берілсе тұтқындар алмасу, тағысын тағылар. Мұндай шаруалар ашу-ызасыз, айғайшусыз да өткерілмейді. Себебі, бүгінгі айқасқа қатынасқандардың араарасында жаралылар ғана емес, жақын-жаңбарларынан айрылғандар, әбден сілесі қата титықтағандар да бар емес пе? «Аш адам ұрысқақ, ауру адам тырысқақ». Ашу-ыза, айғай-шу, көбіне солар жақтан шаң береді. Кенет осылардың ең бір ат көпір ырду-дырдуы мол тұсына мұндағы ешкім танымайтын, бейсауыт біреу келді. Бажайлап қараса бұл кәдімгі қалмақ жауынгері. Үсті-басында сау тамтық жоқ, тіпті бетінің ұшы, құлақшеке сияқтыларында қып-қызыл қан іздері батар күннің қызылынан одақтастық іздегендей жалт-жұлт етеді. Мұндағы қазақтар осы, басқа да белгілеріне қарап, мұның жай емес, өздеріне қарсы тап бүгінгі ұрысқа қатынасқан қалмақ екенін айтпай ажыратысты. Апырау, бұл тап мұндай мезгілсіз уақытта өз дұшпандарының ортасына есеңгіреп, не іздеп кеп жүр? Қазақтардың мұндай күтпеген жайдан ішектерін тарта таңырқасқаны соншалық, кейбірінің көздері ұясынан шыға алайып, тіл-жақтары қарысып, мұның өңі ме, түсі ме екенін айыруға шамалары жетпеді. Тұрған орындарында тас боп қатып сілейісті. Тек бара-бара, бұл хал бірінде ғана емес, баршасында да бар екенін түйсінісіп, естерін жиысты. Әлде бұл тұтқындар алмасу мәселесін шешуүшін кеп тұр ма? Жоқ, қалмақтар ол жайында бүйтіп, жалғыз-жарымды жаяу-жалпылатып жібермейді. Алыстан керней тартып белгі береді, сөйтіп келіссөзге шақырады, тұтқындар алмастырылатын орынды көзбен белгілеседі. Ал мынаның ондаймен құрттай да шаруасы жоқтығы бет-жүзінде тайға таңба басқандай айқын жазылған. Өзі әрі жалаңбас. Жақ сүйегіндегі діріл оң құлағыныңүстіне құлаған тұлымына да жетіп, тап бір қылықты бойжеткеннің бұрымын еске түсірерліктей. Тек ол бір сәттік қана түйсік. Бәрінің назарын мықтап тартқан, әрі бір орында шегелеген оның шатыраштанған көздері еді. Сол көздерде тұнған түйдек-түйдек ашу жиынтығы мұның күндізгі шайқаста Махұамедүмбеттеріне қарсы сілтеген қаруынан да айбаттырақ секілді.

Қазақтардың оған қадалып, қатып-сеніп, ақыл-естерінен айрылуы, міне, соған байланысты еді. Шымырлар шерігінің бас қолбасысы Қойгелді Сартұлының екі інісінің бірі – Ақша да осы шоғырда-тұғын. Бүгінгі шайқастың бас-аяғын түгел өткерісіп, қанында бар жаужүректігі қозғасын ба әбден титықтап, құр сүлдері қалғандардың санатында. Тап қазір ол сауыт-сайманын да шешпестен, дулығасын ғана сыпырып, ағасы Қойгелдіге ұқсаған бет сүйегі шығыңқы, жағы суалыңқы, сақал-мұрты жартымсыздау ашаң сарғыш жүзін төңкере шеткеріректе жамбастап жатқан. Кенет әлгі қалмақтың шатыраштанған кездері сол Ақшаны тауып алды. Ақша да оны байқап, кеудесін жерден көтере жүрелей отырды. Бұл да оған екі қабағын бір нүктеде түйістіре шұқшияүңілді. – Сен, – деді қалмақ оны сұқ саусағымен нұсқап, – мана күндізгі соғыста менің аттан құлағанымды білесің. Қаруымнан да айрылғанымды көзіңмен көрдің. Сөйте тұрып, менің төбемнен неге қылыш сермейсің? Мұндай қараулықты саған қай машайығыңүйретті? Мені Будда әулием қақты, әйтпесе, сенің қылышыңнан мына жазған басым қақ айрылатын еді. Енді жұрттың бәрі ауыздарын аңқитып, Ақшаға бұрылысты. «Будда әулиеңмен қосып, жеті ата, түп-тұқияныңның көрін ұрайын, басыңды қылышпен қақ айырмаған епетейсіздігімүшін өкініш дегенің іш дүниемді әлі де оттай қарып барады»деген бағдардағы сөз топаны Ақшаның көмекейіне кептелді. Тек айнала аңырайысқан жұрттың басындағы хал мұныкінен он есе, жүз есе асып түсті. Ақшаның тіл-жағына темір құрсау салған міне, сол еді. Енді қалай, өліспей-беріспеймз дескен қазақ пен қалмақ арасындағы қырқыстан соң қалмақтың бір жанкештісі алшаң басып мұнда келеді, ол аздай ақай-тоқайсыз «сен неге сөйтесің» деп, жазғыра, айып таға дікеңдейді. Осының өзі-ақ көрген жанның көзін ағызып түсірердей тосын қылық емес пе? Не жауап, қандай әрекет керек, ол жағын Ақша бірден шеше алмады. Бар ақылы жеткені орнынан тұрып, дулығасын төбесіне қондырды. Тек қалмақтың жалаңбас екенін аңғарып, онысын қайта сыпырды. Тап осы сәтте бұлардыңүстіне қалың аттының сау етпесі бар ма? Миына ауыр зіл түскен Ақша олардың кім екеніне назар салмастан тілжағын әрең қозғап, қалмақ жанкештісінеүн қатты: – Енді маған қайт дейсің? Менде алашағың кетіп, қуып кеп тұрсың ба, нәлет? – Алашағым кетті! – деп, қалмақ шап етті. Тіпті даусы ерен, еркінси шықты. – Ол алашағыңды мен алтын-күміспен қайтарайын ба, жоқ басқа бір өтеуі бар ма? Қалмақ жанкештісі де аса бабында емес қой, алғашында екпіндетіп, бастырмалатып сөйлегенмен, енді ол арыны тез таусылғандай бөгелеңдеді. Тіпті өз түкірігіне өзі шашалғандай аузын бірден икемге келтіре алмай уақыт оздырды. Қалайда қазақтарға солай көрінді. Ал қалмақтың өз басы шынында сондай қиналысқа ұшырады ма, жоқ қазақ батыры Ақша алтын-күмісті

атаған соң бұл әуелгі әуенінен тайқып, одан гөрі олжалырақ нысан көзін тартып, алабұртты ма, әрине, ол жағы жұмбақ. Бірақ қалмақтың бұл бөгелісінің қазақтарүшін кішкентай бір мәні болды. Жаңағы сау еткен көп атты Жолбарыс хан, Төле би, Саурық батыр, Хангелді, шапырашты Сатай сияқты Ұлы жүз жасақтарының басшылары еді. Бас сардар Әбілхайыр шешімі бойынша Жолбарыс хан ұлы хан Болаттың қасында ошарылуға тиіс болғанмен шайқас кезінде осындай жүрістері көп. Олардың дүрмегінде Төле бидің ескі сыралғы досы қарт Жанкел ақын, жалайырдың Қабан жырауы, дулаттың Қойгелді, Сәмен, Рысбек сияқты батырлары, басқа да көптеген кіші қолбасылар, оққағарлар бар. Ақша батыр мен мына қалмақ арасындағы соңғы сөз алмасуларды олар да естіпүлгерген.Тек оған дейінгіге кешіккесін мәселенің байыбына бара алмай баршасы алақ-жұлақ бажырайысты. Осы бөгелісті пайдаланып, дулат-шымырдың осындағы бір кексе жөлөкпесі Төле мен Саурыққа жақындай мына қалмақтың қалай келіп, алғашқыда қалай дікеңдегенін тез күбірлей жеткізді. Енді мән-жайға бәрі қанды, одан арғысы Ақша мен қалмақ жанкештісіне байланысты. – Сендегі алтын-күміс бәрібір менікі! Онымен қызықтырып, райымнан қайтара алмайсың? – деп, қалмақ қайта күшіне мінді. Ақша анау-мынау емес, қатарынан озық батыр жігіттердің бірі. Екі ағасы Қойгелді мен Қошық сияқты көлденең көп аттыға сөзден дес бермес шешендік өнер мұнда да бар. Тек айтса адам нанғысыз осы бетпе-бетүстінде тосырқап, тосылудан іштегі сол өнері қанатын жазып шыға алмай тұр. Сонда да алқара топтың, анау ханқарасы аралас ел басшыларының көзінше жаман қалмақ жанкештісінің алдында сөзден сүрініп, сұлап жатпауүшін бар жігерін оята өз биігінен көрінуге қарманды. – Сен қонақсың. Біздің қазақ қонақжай халық. Сосын да саған кеңшілік жасаймын, шешіле сөйле. Сенің әуелгі райың қалай? Иегің неге қышып еді? – Сендердің қандай қонақжай халық екендеріңді білеміз. Өйтіп сайқымазақтанба, екіжүзді неме! Қонақжай халық болсаңдар әу баста-ақ бізге бодандыққа көніп, малы аралас, қойы қоралас ағайындарға айналмас па едіңдер. «Ә» десе «мә» деп, қабаған итше жұлқына шыға келдіңдер! – Ол жағынан аздап ұяттымыз. Қайтейік, біздің де теріміз жұқа халықпыз ғой. Тек бас жаққа барысып неғыламыз? Онан да тоқ етеріне көшсең. – Тоқ етері сол, сенен кегімді алуға келдім! Барша қауым, айнала өлі дүние кешкі апақ-сапақпен біржола сіңісіп, сілтідей тынды. Аттардың пысқырғаны, жақын маңдағы бозторғайлардың шырылына дейін өшіп кетіп, құлаққа ұрған танадай тыныштық орнады. Енді сол тыныштық тұнық суға тас түскендей кенет бұзыларманға ұқсады. – Аларыңды ал, тек оны қалай аласың, ол жағының да басын аша сөйле, жарқыным! Ақшаның «жарқыным» дегені, қазақ жұртшылығына бұл бірінші кезекте мына қалмақ жанкештісіне қарсы оқ атқандай әсер етті. Тұнық судың бетінде жыбыршыған жіңішке толқындар пайда болғандай. – Күш сынасамыз!

– Қару түрі қандай болмақ? Қалау сенен. – Қару-жарақты түгел сыпырамыз. Сен де, мен де. Сөйтіп, жаяу шайқасамыз. Басты шарт – екеумізді өлім ғана ажыратсын! – Сөзіңе құлдық! Алып-қосарым жоқ. Екеуі көз ілеспес шапшаңдықпен қаруларын сыпырды. Сөйтіп, бірбіріне шап беріскенде ғана айнала дауылды күнгі теңіздей дүрілдей жөнелді. – Мынау да бір қалмақтың қасқасы екен! – Өзіне өзі сеніп келген ғой. – Е, сенбесе бүйте ме? – Мүмкін бұл палуан шығар? Қазақтар осылай гуілдесе бастағанда-ақ бір-бірінің иықтарынан мыта ұстаған ортадағы екеу бірнеше шеңбер жасапүлгерді. Қалмақтың пәлендей палуан емес екені алғашқы пәрменде-ақ танылды. Ақша оны айтып ауыз жиғанша еңсеріп әкетті. Тек бірден бұрап салмай қалмақтың өз күшін өзі шамалауына біраз мұрсат берді. Ақыры оның темірдей саусақтары Ақшаның кеңірдегін сыйпап өтті. Жай сыйпамай жаман ауыртып өтті, шамасы. Қазақ батырының қитығына тиген осы, бұл енді қалмақты шындап жәукемдеуге кірісті. Онымен сарт-сұрт ұрысқандай қимылға барды да кенет ту сыртынан, белден қапсыра құшақтап, жерге жығып салды. Қалмақ та оңай-оспақ емес екен, Ақшаның қолында жайын балықтай тулады. Екі-үш мәрте темір шеңгелдей саусақтары Ақшаның самай, иек сияқтыларын терісімен сыпырып түсірердей қауіпті әрекеттерге барды. Бұл айқас енді созылса қалмақтың қолдан шығып кетерін сезді ме Ақша да ашынған аюдай аласұра оны шалқалата арқасымен жерге жапсырды да кеңірдегіне қол салды. Қалмақтың көкке қараған көздері ұясынан шығып бара жатты. Міне, сол шақта Төле бидің: – Тоқтат! – деген ащы айғайы құлақ жарды. Өзіне туыс, әрі исі қазақтың ұлы биі төбесінен осылай төнгенде бұл қалай жібімесін, Ақша сол заматта-ақ қалмақтың кеңірдегіне темір шеңгелдей қадалған саусақтарын жазып жіберді. – Айналайын, Ақша, осың да жетерлік! Болды! Тұр, енді! – деп, Төле қайта дауыстады. Ақша бұл жолы да оның айтқанын екі етпеді. Оған ілесе қалмақ жігіті де жатқан жерінен сілкініп түрегеле кетті. Ең алдымен Ақшаның тұлабойын бастан-аяқ бір шолып алды да анау көп аттылардың ішіндегі өзімді өлімнен құтқарған қайсысы дегендей солай бұрылды. Бірден қалай ажыратсын, қабағын кіжірейтіп, ұзақ тесілді. Тек Төле одан әрі саңқылдағанда ғана қалмақ жауынгері өзін құтқарушыны айырып, ең ғажабы – оған біртүрлі өз құтқарушысын көргендей емес, керісінше хас жәбірлеушісі көзіне оттай басылғандай тітіркенге ұқсады. – Бұл ортамызға жалғыз-жақыбайланып келген сорлы! Ит қусын, жын қусын, мейлі қуыршақ құдайы қусын, солай! Ал жалғыз-жақыбайланып келгеннің жанын алсақ ол қай жыртығымыздың жамауына жарайды? Әрі бұл неме өз қалауы бойынша өткен әділ тартысүстінде, жекпе-жекте шәйіт кетті десек анау ата жаудың есіктегі құлы, қорадағы итіне дейін күлмей ме? Күледі, күлетіні сенбейді, ал сенбесіне мынау деп ұсына қояр куәгеріміз жоқ.

Ал біздің өзіміз куәлікке жүрмейміз. Сосын да бұдан ешқандай атақ-абырой таппаймыз. Оны қой, олардың өсек-өтірікті қарша боратуына ұйтқы жасаймыз. Менің ұйғарымым былай – ең абыройлысы, егер жоғының орны толса мынаны енді осы тойғанымен қайтарыңдар! Басында биік дулығасы бар Жолбарыс хан да атының құлағын қайшылата тыпыршытып, жұрт назарын өзіне аударды: – Алтын Жәкем қашан да қара қылды қақ жарған адам ғой! Тап осы жолы да сол тұғырдан таймады! Менікі де сол сөз! Қалмақты аман-есен кері қайтарыңдар! Ақша қайтып тіс жармады, осындайда біреулер хан мен ұлы бидің бұйрығын қалтқысыз іске асыруға кірісті. – Әй, қалмақ! Өкшеңді көтер де есің барда елің тап! – Бізден арқалаған олжаң – басы бүтіндігің! – Қайқай келген жағыңа! – Күшің тасса алда да көп науқанның төбесі қылтиып тұр ғой! Қалмақтың да әуелгі қарқыны жоқ, жынынан айрылған бақсыдай көздерін анда-мұнда тіміскілетті де қару-жарағын, болмашы шоқпытын бір қолтығына қыстырып, теріс бұрылып жүре берді. Су қараңғы соқыр адамша сүрініп-қабынып кетіп барады. Ол көзден өшкенде қазақтар қайта гуілдесті: – Мынанікін не десем болады? Түсінсем бұйырмасын! – деп, Қойгелді атүстінде бүкіл денесімен селкілдей қырқ-қырқ күлді. – Мұныкі ақыл-есіне зақым келгендік қой – деп Жанкел ақын жауап қайырды. – Жанкел қария дұрыс айтады, – деп, оны Қабан жырау қостады. Ал Ақша батыр ортадағы орнында сең соққандай сол тұрғаннан ұзақ тұрды. Сөйтіп, қазақтар қалмақ жанкештісінің мына келісін оның ақыл-есіне зақым келгендігімен түсіндірді. Ондай жобаға күмән айтып тәжікелескендер шықпады. Тек осыдан кейінгі күндерде қазақ жағының да бірер сарбазы жаңағы қалмақ жанкештісінің қылығын қайталады. Олар да шайқас болған күннің кешінде, не ертеңінде қалмақтарға емін-еркін жалғыз-жарымдап барып, өздерінің кегі кеткен адамдарымен күш сынасып, аман-сау қайтты. Ия, кейінгі заман адамдары түсіне қоймас мұндай оқиғалар жалғасы алдағы күндердің еншісінде.

* * * Ақша біршама сезімнің адамы, әрі қиялшыл-тұғын. Қалмақ жалғызымен осы кеште болған алабөтен жекпе-жек есінен кетпей, түнде көпке дейін кірпігі айқаспады. Ол қалмақтың түр-түсі әлденеше қырынан көз алдында көлбеңдей берді. Бірауық «кеңірдегіне неге қол салдым» деген қапалыққа ұқсас бір тынышсыздыққа ұрынды. «Апыр-ау, сен салмасаң ол салар еді ғой» деген уәж кесекөлденеңдесе де өз қылығынан бір терістік тапқандай. Құлақшынның жұпар исі аңқыған көгалды төсіне сыймай дөңбекшіді. Ертеңіне Қойгелді батыр бастаған дулат-шымыр қолы соғысқа қатыспады. Ұлы жүздің суан, ысты, қаңлы аталатын тармақтарының

мыңдықтары көтерілді. Осыүзілісті пайдаланып, Қойгелді өзінің кіші інісі Ақшаны теріскей беттегі Орта жүз сардары Қаракерей Қабанбай батырдың құзырына жұмсады. Шындығында бұл Жолбарыс хан, Төле би, Саурық – үшеуінің тапсырмасы еді. – Әбілхайыр түстікке, Кіші жүз сардары Тайлаққа кетті. Бір түрліүнтүнсіздеу. Көңіл күпті. Алдағы қимылдарымыз бір-бірімізге кереғар шықпасын, хабар алысып отыралық – деп, сәлем жолдасты, әрі бүгіндікте өздерінен суан, ысты, қаңлы мыңдықтары көтерілетінін де қоса хабарласты. Хан, ұлы би, бас сардардың осы сәлем, хабарларын Қабанбайға жеткізуге бір сенімді адам Қойгелдіден сұралған. Қойгелді оны Ақшаға жүктеді. Кешегі шайқаста, бұған қоса кешкілік қалмақ жанкештісімен болған оқыс оқиғаүстінде жақсы сыннан өткен Ақшаға разылығы мол Қойгелді оны жұрт көзінше әлі де көтергісі келгендей. Құлақшынның теріскей қиыры да ойлы-қырлы, атты адамды адастырып әкетер ию-қию сай-салалары таусылмайды екен. Ақша көздеген бағытынан ауытқып кетпеуүшін төбе-төбені белгі етіп, бірінен екіншісіне өтіп, қалай да тіке беттеуге күш салды. Бұл да оңайдың дүниесі емес, кей төбелер асу берместей көкке шаншыла біткен. Оларды тікелей басып өтемін десең атқа да ауыр, әрі уақыттан да ұтыласың. Сосын да Ақша кей биіктерді айналып өтіп, екінші биіктің мен мұндалаған сұлбасынан көз жазбай әйтеуір бағытынан жаңылмаудың қамын жасады. Бір жайдан өткен күндерде жатаған Қаратаудың сілемдерінде көп жортқан тәжірибесі де көмектескендей. Ақша сөйтіп, Қаракерей Қабанбай батырдың ашық аспан астындағы ордасына күн ұясына еңкейген шақта жетті. Ең ғажабы бұл соғысушы елдің жасақтарының емес, ұлан-асыр тойдыңүстіне түскендей әсерде қалды. Күркілдеген домбыра, көкке әуелеген ән басқа дүниенің бәрін мұның көз алдында әп-сәтте өшіріп жіберді. Тіпті айнала қырат-қыраттарды қызыл түске бояған күннің кешкі шапағы Ақшаны «сен ішіңе қара қан қатып, еңсеңді көтеруге жоқсың, ал мыналардың көңіл-күйі қандай» деп, келемеж күлкіге басқандай. Тек келемеж емес, арсалаңдаған бала мінезді түрлері де жарқ-жұрқ етеді. Мұнда адам мен ат дегенің сеңдей соғылысып, аяқ алып жүргізбейді, Қабанбайы қайсы, басқасы қайсы, соны айырудың өзіне көзі қарақты жолбасшы керектей. Ақша қалай даүлкен қолбасылардың тапсырмасымен келген ғой, басқаға алаңдап уақыт оздырмастан Қабанбайды іздеп табуүшін астындағы атын тебіне қалыңның ішіне дендеп енуге тырмысты. Өйтпесе, қазір қараңғылық туып, мынау өзіне біршама жат өлкеде найман батырымен дидарласу мүлдем мүмкін емес іске айналар. Қабанбайды іздеген осы қалпымен-ақ бұл ортадағы ақындар, домбырашылар, қобызшылар шоғырына қарай көздерін тайдыра берді. «Апырау, Қабанбай да солардың қастарында шығар, бұл қалай да сол найман батырының ордасы ғой». Енді Ақша барлық назарын бір бағытта шүйліктіруге көшті. Қалай да жүзі арса-арса бір кәртамыстау жыршы мұның көз жанарын өзіне тарта берді. Даусы қандай шіркіннің.

Ақша жас жағынан өзі құралпылас, салт атты біреумен қатарласа беріп: – Аспандағы аққумен ән қосқандай мынауыңыз кім? – деп, сәл салғырттауүнмен тіл қатты. – Ойбай-ау, өзіңіз көктен түскенсіз бе? Неғылғаныңыз бұл? Кәдімгі Ақтамберді жырау емес пе ол? Қабанбай батырдың ежелгі серігі! – деп, ол салт атты қазан-ошақ басындағы салпы етек қатындарша қаңқ-құңқ етті. Сосын көз қиығымен Ақшаның түр-түсін бір барлап алды да қайта салдырлады. – Аққумен ән қосты дейсіз? Бұл жарықтықтың бабы келмей отыр. Әйтпесе аққуыңнан да асырып жібереді. Ақша оның жазғыруларынан қағажу көргендей емес, қайта өзінен-өзі ақтарылып тұрған ашық адамның кездескеніне дән риза: – Ал сол Қаракерей Қабанбай батырдың өз басын қайдан көруге болады? – деп, жұмсақтап бұл қайта мазалады. Сонда әлгі адам бұған ерүстінен бүкіл денесімен бұрыла ажырайды. Қос қабағының көкке керілгені соншалық көзінің айналасындағы, одан төменірек күс-күс бет терісі жыртылуға шақ қалғандай. Өзі тым арық өңді, селдір сақалды екен. Бірақ тым қайратты жігіт көрінді. Ақша оны одан әрі мазалап, уақыт оздырмайын дегендей мәселенің басын аша сөйледі: – Ағайын, мен Ұлы жүз сардарларының арнайы жұмсаған ертөлесі едім, сосын да ғафу етіңіз, сол Орта жүз сардарымен жолығуға қол ұшын жалғап жіберуіңізді өтінемін. Сонда ғана әлгінің ожырайған қабағы орнына түсті. Тек енді алғашқы шырайын басқа бір шырайдың тепкіні қуып шықты: – Ұлы жүздің ертөлесісің бе? Ұлы жүздің ертөлесі емес, атаңа нәлет ит қалмақтың жансызы шығарсың сен найсап! Кәне, жөніңді айт! – деп, бұл басқа-көзге салып қалғандай шақылдады. Ақша ернін қимылдатыпүлгермеді, кенет Ақтамберді жырау даусын тіптен биікке самғатты: Кәрі ақсайды ақылдан Ер ақсайды жақыннан! – деп бір созды да өзінің бала кезде жаумен күресетін сәттің қашан туатынын көксегені хақындағы ескілікті бір толғауын бастап кетті. Ақша міне, осы сәтті пайдалана сөйледі: – Мына пақырдың жаумен күресетін сәт қашан туады деп боздағаны несі? Толарсақтан қан кешкенімізге осымен нешінші күн? Соны көрмей жүрген көр соқыр ма? – деп салды. Мұнысы Ақтамбердіні жазғырғандық емес, өзінің қазақ екенін қасындағыға дәлелдемекке көлденең тартқандағысы. Анау да бұл жағын дәл пайымдады білем, Ақшаны тағы да көзімен бір атып, енді басқаша байпаңдады: – Бұл Ақтамберді жырау бала кезінде жетімдіктің тақсіретін көп көріпті. Оған мынау қара қалмақтың соққысы қосылып, оңай ма, кәрі шайырдың іш дүниесі тілім-тілім екен. Соның күйігімен төгілгенде анаумынауға ырық бермей кейде осылай тым ұзаққа созады. Бұл неме Ақшаның анық қазақ екеніне әлі де толық сенімді емес, сосын да оны әдейілеп сөзге тартып, ішіне ши жүгірткендегісі. Оны Ақша да дәл

ұқты. Сонда да тап осы тұста не дерін білмей тілі күрмелгенге ұқсап сәл бөгелді. Сірә, өзіне күдікпен қараған мына салт аттының қылығы қытығына да тигендей, шамасы. «Апырау, бұл әлдекімнің секемін қытыққа тигендей іс көріп, ішкі сезімге ерік беретін заман ба, ең төтесі осының ыңғайына жығылып, тезірек сеніміне ие болу ғой, сөйтіп, бұл сампылдақты аңшының итіндей өзіме серік қып алмаймын бе?» дегенге сайды ақыры. Енді оның жаңағы сөздерін жауапсыз қалдырмауүшін Ақтамбердінің жырына қайта құлақ тікті. Кеудесі сәл ашық, жалаңбас, жалтыр маңдайы сәл ағарыңқы да одан төмендгісі күрт қарайып кеткен, арық өңді шал даусын әуелетіп барып, домбырасынүстемелете қаққанда бір орында ұшып-қонған жас баланың жеңілтектігін еске салады. Айналасында қолдарына домбыра, қобыз ұстаған басқалар оның аузын бағысып, бұл мінезіне барынша кешірімпаздықпен қарағандай. Тек ара-тұра кексе жыршы көкке бойлаған даусымен бірге өзі де ұшып жоғала ма деген қауіптен ғана тұлабойлары дір-дір ететіндей. Бұл кезде Ақтамберді балалық өтіп, жігіттік шақ туғанда басынан өткерген бір хикметті еске алуға кірісіп еді. Бізді әкетті Марыға Марыдан да арыға Барсаң сәлем айта бар Ғарып болған ата-анам Сырбике мен Сарыға. Ақша жаңағы салт аттыны бұл жолы тіпті иығынан тарта мазалады: – Ағайын, мына шайырдың Марысы несі? – Бұл кісі жас кезінде түрікпендерге қолды болыпты. Содан мені малмен төлем төлеп босатып алыңдар деп, еліне сәлем жолдаған екен? Мынау сондағы айтқан сәлемі ғой. – Апырау, бұл кісі Қабанбай батырдың ежелгіүзеңгілесі болса бұлар сонау Ертіс бойының, Алтай таудың түлектері ғой. Ертіс пен Алтай қайда, түрікпен қайда? Мен түрікпендердің тұрағы жөнінде жақсы хабардар болғасын сөйлеймін. – Шайыр да бір, жел қуған қаңбақ та бір емес пе? Екеуі де аударылыптөңкеріліп жер бетін кезе бермей ме? Түрікпендерге қалай ұрынған, ол жағы маған да бұлдыр. Біздікі жай шет-пұшпақтап қана есіткендік қой, – деп, бейтаныс салт атты бұған мүлдем жылы ұшырай сөйледі. Сірә, Ақшаның қазақ екеніне енді ешқандай күмәні жоқтай. Бара-бара Ақшаны Ақтамбердінің жыры шынында ұйытты. Бірауық дулат батыры мынау заман қай заман екенін де жадынан шығарғандай. Желді күнгі қайықтай шайқатылған шайырдың құлаққа жағымды төкпесіне бой алдырып, бір ес жиған тұста басқа бір шындықтыңүстінен түскенін де бажайлады. Онысын өзіне-өзі іштей күбірге басып, ежіктеп те жатыр. «Ой, алла-ай, соғыс кезінде де көңілді шақтар болады екен-ау». Солай бір қайырып тастады да, онысын одан әрі дамытты: «Ия, соғыс кезінде де таң атады, күн батады, жел соғады, құстар сайрайды, тіпті кейбіреулер ішкі құмарлықты тояттандырудың да есебін табады. Ия, ия, солай, тек анда қалмақтармен бүгінгі кезекті өткеруші суан, ысты, қаңлы шеріктері не күйде

екен? Тоз-тозы шығып қалмады ма? Өйтсе ертеңгі күннің әуселесі біздің басымызға да зіл батпан болып құламай ма?» Осылай бастапқы сезімтүйсіктері бірін екіншісі жаншып барып, қорқыныш, күдік,үрей аулына тұмсық тірегенмен онысын Ақтамбердінің сазы табанда жуып-шайып жіберетіндей. Ақтамбердінің қасындағы қолына домбыра ұстаған, басында тақия, өрімдей жас екінші біреу де Ақшаның назарын өзіне ұялатты. Ақтамбердіге ең жақын, тіпті онымен тізе түйістіріп отырған да сол. Ақтамбердінің аузынан көз алмай, ол қозғалса бірге қозғалып, оған айнала жұрттың бәрінен де мол ынта-ықылас қоюшы да сол. Енді бірде Ақтамберді сәл түкірігіне шашалғанда, әрі деміге даусынүзгенде ол тақиялы жас неме домбырасын безеп жіберіп, өзі бір тосын сазды құйқылжытты. Бірақ мұныкі қысқа екен, бұл тыйылғанда Ақтамберді қайта күш алды. Сол кезде қаумаласқан жұрт: – Уа Үмбетей жарайсың! – Жаса! Жаса! – десті. Сөйтіп, бәрі Үмбетей ақынның Ақтамбердіні демеп жібергеніне риза болысты. – Анау Үмбетей жырау Тілеу баласы деген болады. Бұлар әуелде Әбілхайыр тобында еді, қазір қайта осында! – деп, Ақшаның мұндағы жалғыз танысы, өзі тұрғылас салт атты тағы бір білгішсініп қойды. Оның осындай бір көңілді сәтін пайдаланып, Ақша: – Апырай, сіз әлгі мен іздеген Қаракерей Қабанбай батырды нұсқап жіберіңізші! – деп, құзыр қылды: – Сен Қабанбай батырды көріп пе едің өзің? – Қабанбай батырды көруін көргем, бірақ ол мен көргенде әмсе басында дулыға, екі бетінің ұшы қабарып, көзі ұшқындап жүретін сұсты адам еді. Ал аналардың бәрі жалаңбас, ешқайсысын ұқсата алмай тұрмын. – Осыны айтты да Ақшаның өзінің көздері ұясынан шыға жаздады. Ащы даусы қоса естілді. – Апырау, анау Сабалақ қой. Ал қасындағы ол да атты кім, оны да шырамытып тұрмын. Бәрекелде, таныдым, Бұқар жырау ғой. Сабалақ біздің Төле бидің тумаса да туғандай баласы, ал Бұқар жырау ұлы бидің ордасында талай жата-жастанған. Ақша енді Ақтамберді бастаған жыршылар тобынан әрі аттысы, жаяуы аралас иін тірескен көпшіліктің арасынан Қабанбай батырдың өзін іздеді. Сонда ғана мына қасындағы салт атты бұған қол ұшын берді. – Бұл жерде саған Қаракерей Қабанбай батыр «әне» деп ешкім саусақтың ұшымен шұқып көрсете қоймайды. Не деп болады бұл заманда? Анау өзің таныған Сабалақ пен Бұқар жыраудан әрі, қалың жаяудан да әрі әлеңкедей жалаңдаған аттыларды көрдің бе? Көрсең сол. Сен мына көпшілікті айналып өтіп, соларға бар. Соларға жөніңді айт! Одан арғысын солар шешеді! Ақша мұның айтқанын екі етпей орындайтын-ақ еді, басқаға амалы да жоқ қой, тек Ақтамберді жақтан көтерілген әуез қайта матады. Мынау бұрынғысынан бөлек, пеш қызуындай ішіңе дендеп енетін өткір саз. Себебі, Ақтамберді өзінің атақты «Күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екеміз» деп басталатын, кейінгі ұрпаққа әлденеше нұсқасы жеткен ұзақ жырын

бастап еді. Сонау бір Бетпақтың шөліне қамалғанда қалмаққа қарай төте жол тауып, онымен айқасқа кіретін күндерді аңсаған бозбаланың көңіл-күйі сөз бен әуен арқылы әсем өрілген екен. Атасы басқа қалмақты жұртынан шауып бостырсам, түйедегі наршасын, әлпештеген ханшасын олжаласам деп армандайды. Сол қиялмен өппек қалмақ ханшасын сыпаттауға келгенде де Ақтамберді алдына жан салмастың өзі екен. «Бұлттан шыққан ай бетті, мұнардан шыққан күн бетті, айттырса бермес сұлуы» деп асқақтатады. Міне, сондайлық гөзелін «күнінде аламанға тегін олжа қылар ма екенбіз» деп, қышыған иегін көкке көтергенде онысы кешкі аспанның жалғыз тіреуіне айналатындай. Ия, мұның бәрі неүшін? Мұның бәрі туған жерді, атажұрт, атамекенді жау атының тұяғының тепкісінен құтқарсам ба деген арманның шашыраған ұшқындары. Ал ұшқындар қашан да көз тартады. Ал ол арманның өзі от пен ұшқын, алтын мен күміс сияқтылармен қанша зерлегеніңмен әзірге арман күйінде. Кейде ол сыртқы жылтырауықтарынан арылып, көкіректі қарс айырған қайғы мен налаға айналады. Аузынан жалын ата арынды ақын енді сол жағын бір межеге жеткізіп барып, құсын күрт кейін қайырғанда онысы қайтадан тәтті қиялға ұласады. Тек оның ажары сәл басқаша. Бұл ретте көбіне енді сол азаттық орнаған жерде көздің жауын аларлық жаућарлы, желекті тұрмыс орнатсам деп аћ ұрады. «Кеуде бір жерді жол қылсам, Шөлең бір жерді көл қылсам, Құрап жанды көп жиып, Өз алдына ел қылсам! Асқар бір тауды жайласам Желілеп бие байласам! Күнде жиын, күнде той, Қыз-бозбала ойнатсам, Тентегін түзеп байқа деп, Ішінен биді сайлатсам, Құлым бір ұлдай киінсе, Көркемін көрген сүйінсе, Атымтай жомарт секілді Атағым жұртқа білінсе! Өзім бір бөлек жайласам, Жігіттен нөкер сайласам, Ойпаң жерге он отау, Қыраң жерге қырық шатыр тігіп, Қонағымды жайғасам! Пышақтан малым кетпесе, Қазаным оттан түспесе, Ауылдан топырүзілмей, Ошақтың оты өшпесе. Май жемесе қонағым, Қан жемесе барағым,

Он кісіге жараса Бір кісіге арнап тартқан табағым!» Ақша өзінің қайда тұрғанын ұмытқандай: – Па шіркін! – деп дауыстап қалды. Қасындағы салт атты бұған елең етті. Байқаса ол алғашқыда Ақша батырды қалмақтың тыңшысы ма деп күдіктенген сиқынан өзі ұялып, енді оған біржола бауыр баспақтай тым ризашыл пиғылмен көңіл бөлген екен. Ақша ол жағын да мүлт жіберген жоқ. Көкірегінде сеңі бұзылған анау: – Әй замандас, жүр сені Қабанбай батырмен өзім беттестірейін! – деп салды. Ақшаның ішін жылы ағын кернеді. Өзіүшін жол қысқарғанын да ұқты. Ақтамбердінің сазыүзілмегенмен бұл екеуі тізгіндерін солға қарай тартып, аттысы, жаяуы аралас нөпірді айнала өтпекке ыңғайланған. Мұндағы жұрт назары да керемет екен. Мына соғыстың басталғанына осымен нешінші күн? Әрі «тойдың болғанынан боладысы қызық» қой. Оған деген даярлықтың өзі қанша ай, қанша заманды жұтты? Солардың әуселесімен көп қызықтан мақұрым, тасбұлақтың суындай сыңғыраған әдемі сөздерге құлақтары тосаңсып, сағынысқан ба, астыңдағы атыңның омырауымен қаға-маға өтсең де ешқайсысы алакөзденіп, «әй-шәй» дейтін емес. Баршасының ауыздарынан сілекейлері шұбыра тамсанысып, алыс ортадағы алақұйын жыршы жаққа қадала қатып-сенген күйде: – Ой, бәрекелде-ай! Мың жасағыр-ай! – Тусаң осылай ту! – Исі қазақта мұндай жыршы жаралып па екен өзі! – Өлең сөздің падишасы ғой мынау! – деген сияқты қошемет, көтермелеулер ғана әр тұстан бір шарт-шұрт естіледі. Ақтамбердінің маңында Бұқар Қалқаманұлы мен Үмбетей Тілеуұлы ғана емес, Ақша әлі тани қоймаған, сол замандағы Арқаның ақиығы, бірақ әзірге біршама жастау Тәтіқара ақын, басқа да аузымен құс тістеген әлденеше жыр сүлейері бар еді. Міне, сондайүйірде Ақтамберді өз әріптестерінен оза шапқандай бес қаруына бес батпан жаудың қара қаны қатқан қазақ жауынгерлерінің сондайлық ілтипатын иемденді. Осы тұста Ақшаның қасындағы жаңағы салт атты ойда жоқта табылған өзінің жаңа серігіне бөгде бір жайдың басын ашты: – Ана Бұқар жырауды таныдың ғой. Өзге жыраулар қолдарынан домбыра, қобыздарын тастамай Ақтамбердінің қасынаүйірілсе Бұқар жырау анау Сабалақпен ет пен терісі бірге жаратылғандай-ақ соның қасынан ұзамайды. Сабалақтың өзімен сөз алмасқан, тізе түйістірген қай мықтыны да баурап әкететін бір қасиеті барын Ақшаүлкен туысқаны Төле би қосын жеккендерден сан рет естіген. Бірақ тап қазір ол жағына бойлап, мынаның көзін ашуға уақыт бөлгісі жоқ. «Сабалақ осы науқанүстінде екі мәрте «Абылайлап» шауып, қазақ жасақтарына көл-көсір пайда әкелді емес пе, сонысымен-ақ Бұқар жырауды өзіне тәнті еткен шығар, жаңа ғана мені

жатсынған мына сығыр енді өзі көктен түскендей болмай сол жағын кәперге алсайшы» деп, өз ішінде көтерілген ереуілді күшпен басқансыды. «Алмасын арнап суарып Ақ сауыт соқса зергерім, Таудағы сала бұғыны Аңдып бір атса мергенім! Көкорай көктем болғанда Дауысы бар азандай, Желіні бар қазандай, Жаралы қудай ыңырантып, Жарылған мұздай күңірентіп, Қайрауықтың ащы күйіндей Қайырып боздап күйлентіп Боталаған боз інген Азан-қазан, у да шу О да бір алса мазамды-ай!» Жырдың осы тұсында Ақша батыр өзін-өзі ұстай алмай екі көзінен жас парлап кеп берді. Оны қасындағы жүзін күн жеп қойған арық өңді, селдір сақалды, жас жағынан өзі құралпылас жаңағы салт атты жігіт көз ұшына іліктіріп, осындай адамға алғашқыда күдікпен қарағаныүшін енді біржола жермен-жексен болғандай. Ақша ол жағын да қапы жібермеді. Сөйтіп, қырағы көзді екі жас бағлан бір-бірін ұятты ісүстінде ұстағандай өзара не айтысарға білмей сасқалақтады. Ақшаның жөпелдемеде аузына түскені мынау: – Сіздің ныспыңыз кім болады? «Жүздің түсін танығанша бірдің атын біл» деген. – Сіз осында матай Барлыбай батыр дегенді естуіңіз бар шығар. – Ия, естігенмін. – Сол Барлыбайдың Жартыбай, Шоңай деген екі інісі бармыз. Мен солардың Жартыбайымын. – Ия, ия, білемін! Сіздер осы қалмақ алғаш шапқанда жалайыр биі Ескелді Жылгелді баласының қоластында болып, кейін өз туыстарыңызға қайта қосылдыңыздар! Солай емес пе? – деп, Ақша бұларды сырттай танитынын дәледей сілкінді. Енді бұл екеуі тіптен жарасты. Тек жүрістері өнбей мынау шоғырды айналып өтудің өзі шамадан тыс ұзаққа созылып, бастарынаүлкен мін болып жабысатындай. Әрі жүйкелеп, қажығандыққа да келіңкірейтін бір сезім бүйірлерін түртпектей бастады, білем. Егер Ақтамберді көпке шашқан жыр маржандары адаңдатпаса олардың халі аса кісі қызығарлықтай емес еді. «Елден елді аралап, Тектіден текті саралап, Беглердің қызын айттырсам, Нұсқасын байқап шамалап. Сынға толса сияғы, Әлбеті шамның шырағы,

Мұхиттан сүзіп шығарған Қымбатты гаућар бағасы. Жүз нарға кілем жаптырып, Қазақтан сәнін арттырып, Ұзатып алсам сәнменен Көңілімді хош таптырып. Бала берсе тезінен, Пірлердің бітсе демінен, Шілтенің тиіп шылауы Артылып туса өзімнен! Осындай берген дәулетті Көтеріп тұра алар ма екеміз!» Осы тұста Ақшаның басын мүлдем бөгде ойлар шырмады. Бұл Төле би мен оның сонау Жетісу жерінен ауып келген жиен немересі, жаңа ғана мына Жартыбай екеуі еске алған Ескелді би Жылгелдіұлының арасында өрбіген бір әңгімеге куә болған еді. Бұл «Ақтабан шұбырынды» заманның түп себебін қазысқанда жалайыр биі «қазақты кесір шалды, қазақты қарғыс атты, басымыздағы бақты көтеріп тұра алмадық» деп өзеурегені, әрі сол уәждерін өз қиырларында бір астамшыл жандардың қылықтарымен дәлелдегені мұның есінде. Әрі бұл Ақшаның өзі де туыстық жағынан сол Төлеге алыс емес. Төленің төңірегіндегі шалқыған байлық, бірнеше мыңдап жусаған жылқы мен түйе, есебі жоқ қой мен ешкі, басқа да дәулет дәл сол мөлшерде болмаса да мұның әкесі Сартқа да біткен. Тіпті кейбір жылдары қылқұйрықты малының мөлшері жөнінен оның алдын орап та әкеткен. Қалай да Төленің баласы көп, ұлы би әмсе соларға таратып, әрі алыс-жақын демей, әйтеуір исі қазақтан құралған әскер шоғырларына мініс көлігінен көмек десе өз малына өзі аямай қол батыратын жомарттығынан солай ма екен? Әрине, Төленіңүлкен ұлы, алты алашқа әйгілі, енші алып бөлінгесін өз бетінше де қыруар байлық жиыпүлгерген, ақтабан шұбырынды заманда да сол байлығының мұрты ойылмаған Жәнбекей өзінше бір төбе. Онымен шендеспей-ақ қойсын. Тек сондай байдың әкесі, қазақтың ұлы биі, қазақтың ең дәулеттілерінің санатындағы Төле бимен Ақшаның әкесі Сарт жылқы саны жағынанүнемі итжығыс түсетін. Мұндағы жылқы саны ең бір жұт жылдары да бес мыңнан кемімеген. Әрине, бұл байлық көктен құлай салмаған, Сарт жеті атасынан бері дәулетіүзілмеген тұқымның бір шашырандысына жатады. Мұның арғы аталарының бірі – Шымыр Шынғожаның немересі Қырғызәлі деген кісінің жиған-тергені хақындағы аңыз күні бүгінге дейін ел аузында. Оның бір баласы Қалымбет өз қалыңдығы – қыпшақ еліндегі ол даүлкен бір байдың қызы – Тәттібикеге ұрын барған жерінде аяқ астынан науқастанып, көз жұмады. Қыпшақ байының аулындағы осындай әпселеңді пайдаланған көрші елдің ұрылары оның жылқысына тиеді. Қаралы келіншек ерлерше киініп, ұрылардың екеуін түсіріп, әрі жылқыны кері қайтарады. Ризалығында шек жоқ әке «қызым, басың бос, қалаған жігітіңе ти, ал ана атастырылған жеріңе қалың малын қайтарамын» дегенмен де ақылды Тәттібике сол бұрынғы

қайынатасының еліне барып, оның басқа баласына әйелүстіне тиеді. Одан Қаратеке, Бәйімбет атты балалар тарайды. Қаратекенің ұлы Шахан бидің кезінде бұл әулет бұрынғысынан да дәуірлейді. Ал Шахан бидің балалары Жақсылық, Балық, Таңатар, мына Ақшаның әкесі Сарт дегендерің байлықты өздерімен бірге уыстап туғандай еді. Бұлардың мыңғырған малы Қаратаудың өнебойына сыймайды. Сосын да оларүнемі мол өріс, кең жайылымды керексінді. Мысалы, бір ғана Сарт байдың өзі балаларымен бірге Ташкент қаласы мен сонау Іле дариясына таяу Шеңгелді өзеніне дейінгі екі аралықта көшіп-қонып жүрді. «Ақтабан шұбырынды» заманы басталған жылы Сарт бай Қаратаудың күнгейіндегі Шолақтау дейтінге таяу Ұзынбұлақтың бойында-тұғын. Бұлар ата жауды сол тұста қарсы алды. Онда Ақша небәрі он алты жаста. Қалмақтар келіп, бұлардың жылқысына тигенде Сартүш ұлы – Қойгелді, Қошық және кенжесі осы Ақшаға қарасты азғантай қолмен қарсы тұрды. Қалмақтың сан жағынан өздерінен басым бөлігін солға қарай тықсырып, қалың қамысқа апарып тықты. Бұл да істің ақыры емес еді. Бәріне қолбасшы Қойгелді інісі Ақшаға оқшау бұйрық берді. Ақша өз қосынын тез іске жұмылдырып, қамыс ішінде жан сауғаладық па деп, басқа жағынан қамсыз қалған қалмақтардың айналасынан от қойып, өртеп жіберді. Сол маң кейін Күйгенкөл атанды. Сарттың екіүлкен ұлы – Қойгелді мен Қошық бұрындар ел аузына ілінсе Ақшаның батыр атағы осы жолы шықты. Міне, осы алғашқы соғыстан соң Сарт бай ауыр ойда қалды. Өзінің жасы келгенін, денсаулығының нашарлағанын, балаларының өскенін, әрі қалмақтың бұл жолғы шабуылының оңай-оспақ емес екенін – бәрін жіпке тізді. Сосын бес мың жылқыныүш баласына бөліп,үшеуін айналасындағы малшы-жалшыларымен, қосындарыменүш жаққа қоныс аудартты. Ол кезде бүкіл қазақтың басы қосылуынанүміті аз Сарт әрқайсысының өз қосындарына өз еркінше басшылық жасауын қалады. Басқасынан зерделі болжампаз Қойгелді бұны аса жаратпағанмен әке қалауына көнуге бет бұрды. Сөйтіп, Қошық Шуға, Ақша Талас бойына жылжыды. Ал Қойгелді Ілеге қарай тартуы керек еді. Тек қалмақтардың бұдан кейінгі жорықтары ондай жоспардың күл-талқанын шығарып,үшеуін қайтадан бас біріктіруге мәжбүр етті. Сосын Сарт өліп, ендігі билік Қойгелдінің қолына өтті. Міне, Ақша осындай мол ырысты ұяда көз ашып, ержеткен. Қалмақ шапқанға дейін ол ырыстың қаймағы бұзылмай келген. Соны еске алып, Ақша «апырау, мына Орта жүз шайыры Ақтамбердінің көксегені әлдебір қияли дүние емес, осы соңғы бес-алты жылға дейінгіде қазақтың қолында бар ырзығы еді ғой, біз содан неғып көз жаздық, әлде жалайыр биі – Ескелді уәждерінің түзу тартылған темір өзегі бар ма?» деген сауалға тірелді. Ия, «Қылышынан қан тамған батырды, тілінен бал тамған ақын алады» деген. Найман шайыры дулат батырын осылай есеңгіретті. Түртінектеп жүріп, бұлар ақыры Қаракерей Қабанбайға да жетті. Кексе батыр Ақтамбердінің даусы жақсы естілетін қашықтықта, қалың оққағарларының ортасында киіз бөстекте жамбастап жатыр екен. Басына

дулыға емес, қоңыр түсті шүберекті тас қып байлап алыпты. Кеш қараңғылығында алпамсадай денесі тіптен зорайып, өзіне аттарынан түсе ентелей жақындаған Ақша мен Жартыбайға қою қабағының айналасына қайратын жиғандай түйіле қарады. Орта жүз сардарына жеткенше Жартыбай әлденеше тосқауылдағыларға Ақшаны таныстыра тақылдаған. Міне, енді сол тақылдауын қайта қайталады. Қабанбай батыр өзін көз нысанасына алғандаақ Ақша да суырылып, Төле би мен Саурықтың сәлемін қолмен қойғандай тақ еткізді. Қабанбай да күттіруге жоқ екен: – Үлкен ағаның балалары бұлай неге мазасызданады, ол жағын мен жақсы түсінемін. Айтылған сөз – атылған оқ. Ұшты кетті, оны кейін қайыра алмайсың. Өткен іс те солай. Мынау өзіне беймәлім өлкеде Кіші жүз сайыпқыраны – Әбілхайырдың құмдағы түлкідей құлпыруы маған алабөтен емес. Ия, жер бедері ол ойлағандай болмады, сосын да көп жайдан басын ала қашқысы келеді. Қайтеміз, Ұлы жүздің ханы Жолбарыстың, ұлы биі Төленің, сардары Саурықтың сәлеміне мен де ден қоямын, мен де құп көремін. Сөздеріне құлдық! Солай деп ыңғайымызға көнді дегейсің. Ал бүгін шайқасқа кірген суан, ысты, қаңлы жасақтары дедің бе, олардың жағдайын келесі хабаршыдан естірміз. – Орта жүз сардары осыны айтты да өздеріндегі хал-ахуал жайында аз-мұз ақпарат берді. Сөйтті де сөзінің соңын қалжың аралас бір тұспалмен аяқтады: – Төре тұқымдарынан гөрі қара қазаққа сол қара қазақтың өзі жақын емес пе? Алтын Жәкем неменесіне жалтақтайды? Осылай деп, ұлы бидің құлағына оңашада сыбырла! Құдай, аруақ алдында ант етейік, өткелде тулаған асау жылқының қылығын біз жасамақ емеспіз. Қыңыр езу, қырсық мінезді бізден күтпесін! Өлсек осында өлейік, өлмесек бір жолға болса да қара қазаққа мерей әперейік! Ойына алғанын опырып айтсын Алтын Жәкем, ол серпіні сегіз болған жан ғой, қай сөзіне де ықылас қоюға біз жараймыз! Қабанбай жауабын аяқтағанда Ақшаның жүйрік көңілі өзге жайға да ауытқыпүлгерді. Әбілхайырдың шешімі бойынша әлгі атышулы Шақшақ Жәнібек те осы Қабанбай құзырында болуға тиіс қой. Ол қайда? Оны анықтауға Ақшада мұрша бар ма? Орта жүз сардарынан кері қайтқанда Ақша бір түрлі салы суға кеткен күйде еді. Сірә,үлкен қолбасыларды қобалжытқан жай мұның да көкірегіне уайым салғандай. Өзіне ілесе бері қозғалған Жартыбайдан да тез ажырағысы жоқ, ақын-жыршылардың думанын қимағансып, тағы да жаңағы мол шоғырды айнала кері ілбіді. Кенет Ақша тағы да бір ғажайыптыңүстінен түскендей көкіректегі уайымын сілкіп тастағысы келді. Бұл кезде Ақтамберді жырын тоқтатып, оның орнын қобызшы басқан екен. Басында тақия, қап-қара сақал-мұрты бір уыстай ғана, қушықтай денесімен сәл шалқая екі тізесінің аралығына шанағы қыстырылған қобызды ысқышпен оңды-солды сүйкегенде керемет зарлыүн шығады екен. Ақтамберді ел басындағы ауыртпалықты тәтті қиялға ұластыра төкпелетсе мынауың ағаш пен қылдан құрастырылған дүниесін боз інгендей боздатуда. Жаңа ғана көкіректегі уайымын сілкіп тастағысы келген Ақшаның дәмесінің күлі көкке ұшты. Қайта уайымға уайым қосып, әлдебір тұңғиыққа басы бүтін батқандай дәрменсіздікті сезді. Ия, мынанікі шектен тыс зарлыүн

еді. Ақтамбердінің жырында аталған «Қайрауықтың ащы күйін» осы тартқандай. Адамның сай сүйегін сырқыратып, көзінде қатып қалған бір тамшы, ең соңғы тамшы жас болса соның өзін күштеп сығып алатындай ащы күй. Ақша бірауық атының басын тежей қобызшыға қараған күйі қаққан қазықтай қатты. Қасындағы Жартыбай оның жүзіне алақтап, мынау батар күннің соңғы шұғыласы төбелерін шалған көпшілікті қоса бағып мазасызданғанмен жақ ашпады. Қасындағы жаңа танысын «сірә, бұл оңайоспақтың адамы емес, Төле би мен Саурық мұнда жай қолға іліккен біреуді жұмсай салмаған» деп шешті. «Сірә, соғыс заманы, ертеңгі күні қайсымыз бар, қайсымыз жоқпыз, әйтпесе, мықтап-ақ достасып алатын жан екен, жә, кім біліпті, мүмкін екеуміздің де көрер жарығымыз әлі көп шығар» деп, алғашқыүмітін кеудесінде қайта тірілтті. Енді уақыт дегенің оқтай зуылдап, тез көз байланып бара жатты. Қобызшының күйі адам мен малды ғана емес, мынау қараңғылық патшалығына бүкіл жаратылысымен жұтылған айнала кедір-бұдырды тегіс маужыратып, ырқына көндіріп, қыспағына қысқандай. Екі кештің ортасында, не жағылған от жоқ, не ай мен жұлдыздың да жарығы жетіпүлгермеген шақта мұншалықты зарлы күйді аңыратқан қобызшының қылығы жаман ырым емес пе деп те секемденгендер табылуы ықтимал. Тек анауүлкен сардар Қабанбай тарапынан ешқандай ишара жоқтықтан ғана бәрі сол күйшінің ығына жығыла тырс еткен дыбыс берер емес. Тіпті бұл жақтағы жылқы малында да адамның сезімталдығы бар ма олардан да тықыршыған, не кісінеген белгі білінсеші, кәне.

* * * Ақша бұл сапардан түн жарымнан аса оралды. Қойгелді әлі жатпаған екен. Оған Қабанбайдың жауабын, өзінің көрген-білгенін қысқа баяндады да ертоқымын жастанып, ұйқыға қисайды. Бірақ тағы да көзі ілінбеді. Тағы да сол дөңбекшу. Қабанбай батыр, Ақтамберді жырау, аты белгісіз қобызшы, Жартыбай әрқайсысы өз бітім-болмыстарымен мұның көз алдында көлбеңдеді. Бірде Қабанбайдың сөздері құлағында күмбірлесе, енді бірде Ақтамбердінің ерен даусы, тәтті қиялы ой-сезімдерін әлдебір алыс тараптарға ала қашады, енді бірде қобызшының қолындағы қыл аспаптың боз інгендей боздағаны, Қайрауықтың ащы күйі құлағын жарады. Солардың әуселесімен бұл онсыз да жарым-жартысы өтіп кеткен түннің көп бөлігін рәсуә етті. Тек таңға жуық қана аз-мұз көз шырымын алғансыды. Оның өзінде де бұл өзіменөзі қалып, оңаша тыныс таппағандай. Әкесі Сарт түсіне кірді. Таңертең оянысымен бұл Қойгелдіге тартты. Қойгелді түнгі ұйқыдан тұрғаны білінбей, көп батырлардың қоршауында айдалада тым сергек отыр екен. Шодырайған бет сүйектері, суалыңқы жағы, кішкентай мұрты, салбыраңқы иектің астына жасырынған шоқша сақалы, солардың бәрінің басын біріктіріп ұстайтын қаћарлы көздері, ірі денесі тым сабырлы, көтеріңкі күйде. Тіпті өткендегі бейқұтшылық күндегі тірліктің нышандары түсін өзгертпей мұның ағасының тұлабойына жыпырлай қонақтаған ба дерсің.

Кеше кешкісінгі сапардан байқампаздық қабілеті, зейіні тым әуелеген Ақша тап осы жолы ағасы Қойгелдіні араға көп уақыт салып қайта көргендей оның осы сыпатынан тың қырларын молынан анықтады. Ақша ауыз ашпаса да мұның қос қабағының өзара біріге алмай түйілуінен бір жайды айтуға келгенін Қойгелді табанда аңғарды да орнынан тұрып, Ақшаны оңаша әкетті. Ақша көмекейіндегі сөздерін таудан тас домалатқандай тасырлатты: – Көкешім, құдайүшін, бойыңаүрей алма. Мен бір нәрседенүркіп, осы қазірдің өзінде қара жердің бетінде табаным тайғанақтағандай әзер тұрмын. Түнде түсімде әкемізді көрдім. Белуарынан лай суға батып, дәрменсіз күйде екен деймін. Мені ымдап, қасына шақырады. Мен барамын. Сосын әкеміз лай судан өз күшімен шығады да маған жақындап, тұлабойымнан түк қалдырмай қос алақанының қырларымен қаққылайды. Санап тұрып тоғыз рет қаққылады. Менің екі көзімнен от жарқылдағандай болады. Сосын, сәл аймалағансып, марқұм әкеміз мені оң білегімнен қыса ұстап өзімен бірге әкетеді. – Түс түлкінің боғы-дүр, одан несіне қорқасың? – деп Қойгелді қарқылдай күлігенсіді. Бірақ бәрібір күлкісінің күлкі сияғы жоқ еді. Ол жағын екеуі де байыптады. Жаңағы күлкіні шығаруүшін Қойгелді жауға қарсы күрзі сілтегеннен әрмен қайрат жұмсаған. Сонда да сыр алдырмай бұл сөздерін одан әрі жалғады. – Мені де атамыз Шахан би қасына талай шақырған. Құдайға шүкір, әлі де тірі жүрмін ғой. – Шахан би атамыз сені шақырса батырлыққа, байлыққа, беделабыройға шақырған шығар. Ал әкеміз Сарттың мына шақырысы бөлек, түсі суық шақырыс. – Батыр адам бойын уайымға алдырса жауға қарсы қалай шаппақ? – Жау әзірге ешқайда кететін көрінбейді ғой. Мен саған, көкешім, бір өтінішпен келіп тұрмын! – Айтшы, жаным, өтінішіңді! Тап осы аралықта оң жақтағы сайдан асау ат мінген бір жас бала атқып шықты. Бұл мына Қойгелдінің ұлы Қарабатыр еді. «Таң атпай бұл атүйретіп жүр ме» дегендей Ақша бұған таңырқай қараған. Қойгелді: – Мына неменің осы жануарға көңлі ауды. Тақымыңа сай емес, күні бүгінге дейінүйретілмеген бұл сары кідір малды қайтесің десем де көнері жоқ. Тіпті мұны мініп, шайқасқа да кірмек дәмесі бар, – деп майпаздады. Қарабатыр небәрі онүш жаста, бұл шамадағы жасөспірімдердің әке, не ағаларына еріп, ұрысқа қатысуы соңғы күндердеүрдіске айналғандай. Қарабатыр да сол дүрмектен қалғысыздау. Мына мінген қызыл аты асау дегенмен де жас баланың тізгін тартысына бойсұнып қапты. Қойгелді мен Ақшаның көз алдында аядай жерде екі-үш мәрте шырқүйірілді де тіптен жуасып, ағалы-інілі батырларға қарай тура беттеді. Әкесі Қойгелдінің қияпатындағы белгілерді өз бет-жүзіне тайға таңба басқандай айқын жапсырған ашық жүзді жас бала бұларға жымыңдай күліп жақындады: – Әке, ат жарап тұр? – деп, әкесі Қойгелді ғана емес, ағайым Ақша да естісін дегендей Қарабатыр құсша саңқылдай сөйледі.

– Ат жарады-ақ, өзің жарадың ба, гәп сонда ғой! – деді Қойгелді. Ақша әке мен бала арасындағы сөз алмасуды жақсы түсінді. Бұдан әріде Қойгелді мен Ақша Қарабатырға назар аудармады. – Ия, айт өтінішіңді! – деп, Қойгелді інісіне қайта қадалды. – Өтінішім мынау. Мен Шудың арғы бетінде қалған қатын-балама барып қайтсам деймін. Егер наразылық жасамасаң осы қазір, осы ет қызуымен жөнелмекпін. Не деп болады бұл күнде, жүздерін бір көріп, уаз кешсем деймін. Әрі біздіңүйдегі келініңнің де босанғанына көп уақыт өткен жоқ. Көңіл күпті. – Апыр-ау, Ақша-ау, Шудың арғы беті қайда, біз қайдамыз? Тым қашықтап кеткеміз жоқ па? Ат соқты боласың ғой. – Көкешім, астымдағым сүйегі берік мал, ары жолға бір күн, берісіне бір күн. Құдай қаласа ертең кешкілік өз құзырыңа оралармын. Қойгелді енді қаћарлы көздеріне бар мейірін жиып, інісін мүсіркей, әрі барлай қарағанға ұқсады. Шындығында бұл ауыр ойда қалып еді. Бір жағынан түсінен шошыған кіші інісі Ақшадан шынында айрыламын ба деген қауіп балық сүйегіней тамағына кептеліп, екінші жағынан бұл Құлақшын мен мына Ақшаның қатын-баласы қалған Шудың арғы бетінің арасы атты адамға шынында бір күндік жер ме деп, іштей есепке көшкен. Алайда, ол есептің түбіне жетпеді, егер Ақшадан айрылсам өзім кіммен қаламын деп,үлкен інісі Қошықты көз алдына көлбеңдетті. Сосын әлі де өздерінен екі таяқ тастамдай жерде жаңағы сары кідір қызыл атты ойнақшытқан онүш жасар баласы Қарабатырға жалт қарады. Қарабатыр ештемеден кәперсіз. Ал Қойгелді өзіндегі туысқан атаулыны түгендеуге біржола көшкендей. Рас, бұл жалғыз-жарым емес, мұның әкесі Сартпен кіндіктес Жақсылық, Балық, Таңатар сияқты ағаларынан туған балалардың өздері бірер ауылды құрайды. Олардың көбісі мына Қойгелдінің қоластындағы қосындардың ішінде, әрі туған інісі Қошық бар. Сонда да бұл Ақшаның жөні бөлек. Осыдан бес-алты жыл бұрынғы әлгі Шолақтау дегенге таяу Ұзынбұлақ бойындағы қалмақтармен алғаш қақтығыстағы көрсеткен ерлігі ел аузында сақталған. Мына науқан басталғалы да Ақша сондағы атақ-абыройына дақ түсірмеген. Осылай толғаған Қойгелді бірауық бұл інісіне өзүй ішімен көрісіп қайтуға рұқсат беру, не бермеу керектігі жөнінде емес, бұдан айрылсам айналамда кімдер қалады деген сауал төңірегіне көбірекүйірсектеді. Әкелері Сарттың өзінің кенже ұлы Ақшаның түсіне бұлайша енуі бұл кезде атақты батыр, санаулы сардар санатындағы Қойгелдінің түп-тамырына балта тигендей әсер етті. Соның соққысы ма, әйтеуір Қойгелді одан әрі созбұйдаламай Ақшаға рұқсатын берді. Ақша алды-артына қарамай батыс көкжиекке қарай саржеліске салды. Құлақшынның кедір-бұдыры әп-сәтте артта бұлдырады. Былай шыға бере ғана Ақша ақылға келді. Мұндай жүріспен ат сүмек болар, байқайын деген оймен сәл тізгін тартты. «Атүстінен ұйқы алған адаммын ғой, тіпті түнделетіп жетсем де айыбы жоқ, амандық күнде менікі тек бір көріп қайту ғой» дегенге сайды.

Расында, Ақша отау тігіп, түтін түтеткелі көп уақыт өтпеген. Мұның алғаны қоңырат еліндегі бір дәулетті адамның қызы еді. Сондай дәулетті отбасынан шыққанына қарамастан келіншегі өте жуас, күйеуіне ұзақ тіктеп қарамайтын ибалы жан-тұғын. Алғаш туған баласы Өтеболат қазірүш жасқа енді-енді толмақшы. Ал екінші ұлы Бекболат төрт айлық қана. Міне, осындай әлі қаратабан болыпүлгермеген жас сәбилердің тағдыры Ақшаны бәрінен де жаман ыршытып, мазасыздыққа душар еткен, майдан даласын тастап шығуға мәжбүрлікке ұшыратқан. Біраз жүріс бәсеңдігінен соң мұнысын тым шабандық көріп, қайта сар желіске салды. Құлақшыннан әріде батысқа қарай Алайғыр атты, ол да кедірбұдырлы кеңістік басталатын еді. Сәске түске таман соны басып өтті. Бұл да кешегі күні соғыс қызған өлке ғой, мал мен адам өлімінің көптігіне қарап, нағыз қанды шайқастар осында орын алыпты ғой деген ой қорытты. Шоқпарға жете бере ол ойынан айныды. Мал мен адам өлігі онда тіпті аяқ алып жүргізбестей екен. Задында қазақ-қалмақ қақтығыстарының әрбір кезегінен соң екі жаққа өз өліктерін жерлеуге мұрсат берілетін. Төбе басына, сәл еңістеу тұстарда терең орлар қазылып, оларға шәйіт кеткендердің сүйектері тасталып, топырақпен, таспен бүркелетін. Соның өзінде де мұншалықтысы ит-құсққа жемге айналыпты. Тап осы Шоқпарда бірүлкен кездесу болды. Бұл жерде Ақшаға сонау Шу жағасынан бері мамырлай жылжыған Өтеген, Қалы батырлар жасақтары ұшырасты. Қалайда, бір атаның, бір дулаттың балалары ғой, Өтеген де, Қалы да, мына Ақша да ерүстінен аунай түсісіп, бір-бірімен төс қағыстырып, жыласарман болып көрісті. Аздап көздеріне жасүйірілгені де шындық еді. – Аманбысың, бауырым! – деген Өтегеннің даусы бәрінен де ерен естілді. Сірә, соғыстың қан базарынан шыққандар мен ондайлыққа енді кіремізау дейтіндердің арасындағы айырмашылық мынадай күтпеген кездесулерүстінде ерекше шаң береді. Соғысқа қатысқандардың тілі күрмелсе, оған енді беттегендер таңғы құстай сайрайды, шамасы. Расында Өтеген мен Қалы мән-жайға қанғысы келіп, сұрақтарын төкпелетсе Ақша өз іштегісін әрең суыртпақтатты. Сонда да бұл өзіне туысқан батырларға қазақ пен қалмақ беттесуінің дәл қазіргі сиқын біршама ашыпүлгерді. Өтеген жалаңбастанып, шодырайған оң жақ шекесін күнге жарқырата, сәл шайқала сөйлейді. Өзінің мүйізді Өтеген атағы барын жұрт ұмытып кетпесін дегендей кейде осылай ашыла-шашыла өз сықпытын молынан тосып, жұртты сөзге тартатыны бардай. Дөңгеленген бет пішіні, қой көздері, қысқа қырқылған сақал-мұрт, құрыштай денесі сияқты өзге белгілері сол алғашқы белгісінің қасында көзден өшіп кететіндей. Қалайда, Ақша бұл Өтегенді керемет қадір тұтатын. Тек мынадай асығыстықта онымен кездескеніне аса риза емес, сонда да жүзіне ешбір реніш табын жуытпай біраз хикаятты балалатты. Дулат-жаныс батыры, әсіресе, Әбілхайыр, Төле би, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Саурық батыр сынды адамдардың арақатынасына қатысты баяндауларға мұқият құлақ тікті.

– Осы соғыс аяқталғанша олардың арасынан ши шықпасын, құдайым! – деп ол жайындағыларды Өтеген өзі қорытты. Атүсті жүріске машықтанған әрбір қазақ секілді Өтеген де қос табаны жерге тисе тайғанақтағандай орынсыз қозғалыстары көп білінеді екен. Әлде, ол тап қазіргі ішкі мазасыздықтың тепкіні ме? Өтегеннің соңғы қаупі тұсында Ақша әлденеден кеше кешкілік Қаракерей Қабанбайдыңүйсін басшыларына қайтарған жауабын ойына алды. Әлденеден Ақшаның көңіл көкжиегі одан әрі кеңігендей. Ия, тіршілікке не жетсін, көп нәрсені көресің, көп жайды ұғасың дегендей. Кездесудің соңында Өтеген: – Апырай, Ақша-ай, қазақ пен қалмақ соғысында ежелгі дәстүр бойынша бір-біріне өліктерді жерлеуге мұрсат берілуші еді ғой. Бұл жолы ондай атты тәрік етілген бе? – деді. – Жоқ, Өтеген аға, тәрік етілген жоқ. Көп өліктердің жүзі жасырылды ғой. – Жасырылса мынаусы несі? – Бәріне бірдей қол күші жетпеді, шамасы. Өтегендегі мазасыздық осы арқылы одан әріүдегендей. Ия, қазақ пен қалмақ арасындағы мына соғыс бұрынғы бір де бір соғыстарға ұқсамайды. Бет ажары, ауқымы мүлдем басқа. Әзірге ол науқанға кіріпүлгермеген жаныс батыры осындай түйін түйді. Ақша өзін Өтегеннің көп ұстамауыүшін басқа да өз білгендерін тез-тез сарқуға тырысты. Оның асығыс екенін Өтеген осыдан біліп, басқа сөзге алдандырмай «жол болсын» айтты. Бұлардан ұзап шыққанда Ақшаның буын-буынына қосымша әл кіргендей еді. Бұл сөз жоқ жаңағы Өтегенмен кездесудің әсері. Осы орайда бұл өз ағасы Қойгелдіні де еске алды. Бұл өз ағасының да елден ерек көп қасиеттерін танитын, бір көрпенің астында көз ашып ержеткесін бе олардың, ешқайсысына жете мән бермейтін. Тек жаңағы Өтеген бойындағы жарқ-жұрқ еткен кейбір белгілерге қарап, өзімен кіндіктес бауырдың сол қасиеттерін енді алтын-күміске бағаламақ райы иектеп әкетті. Өтегенмен кездескеннен кейінгі жолда Ақшаның басынан кешкен негізгі күйі бұл да емес, ең бастысы – қалмақтарға қарсы осы науқан қайтсе де қазақтардың туын шалқытады деген сенімге берік байланды. Енді кешегі Ақтамбердінің қатпарлы шындық пен тәтті қиял аралас толғаулары мен аты беймәлім қобызшы аңыратқан Қайрауықтың ащы күйі ішкі зардың тепкіні емес, ертеңгі ұлан-асыр жеңіс салтанатының хабаршысына ұқсады. Шуға тіптен жақындағанда Еспе, Далақайнар атты мекендерді басып өтуге тура келетін еді. Сол екеуінің ортасында, шамамен күн екіндіге таянғанда Ақша тағы да бір өзіне таңсық топқа ұшырасты. Бұл әлгіндегі Өтеген мен Қалы сиқты әскер қосындарын бастаған батырлар емес, оншақты жылқыға аз-мұз жүк тиеген, айналасы жиырмаға толмайтындай құлатөбе шоғыр еді. Ақша алғашқыда оларды жау түртпектеген соң артық дүниелерін тастай қашып, басқа қоныс іздегендерге ұқсатқан. Тек беталыстары шығыс жақ, қанқызыл аласапыран ортасынан не таппақ деп, жас батыр сәл дағдарды

да. Сосын да бұлардың кім екенін білуге аңсары ауып, әдейілеп ат басын бұрды. Топ басында құлағы салпиған, кәрі бурыл бие мінген, еркекше киінген, ашық жүзді арықша әйел екен. Түзде жолыққан батырдың өздеріне әдейілеп бұрылғанына ол да дән риза сияқты: – Түсіңіз жылы, атыңыз жүрісті, айдалада жолыққан қай қайын, қай бауырымыз боласыз? – деді. Әйел адамның ашық, жарқын даусына құлағы тосаңсыған Ақша бұлайша өзін жақынсырата саңқылдаған сөздерден бірденақ ішін жылы ағын кернеді, әйелдің сауалына сап-сабымен жауап қайырды. – Әкем-ау, өзіміздің ұлы би атамыздың туысқаны екенсіз ғой. Мен Өтегенді де, сіздің туған ағаңыз Қойгелдіні де көргенмін. Тіпті сіздің өз ныспыңызға да қанықпын. Бұл заманда әйел батыр атаулының ныспыларын көкіректерінде түйіп ұстайды емес пе? Біз анау Жетісу жерінен қоныс аударған жалайыр елінің адамдарымыз. Мен өз басым сол жалайыр биі Ескелдінің бәйбішесі Ақжәмилә деген жеңгең боламын, – деді әйел. Ақжәмилә осы сөздерін тауыспай онымен екінші салт атты қатарласты. Ол да әйел адам, ол да еркекше киінген, тек Ақжәмилә шорт түйілген шашын ескі шұға шүберекпен тас қып буып тастаса, мына екінші әйел темір дулыға киіпті. Анық жауға шабатын түрі жоқ, тек әлдекімдерге сес қып көрсетуүшін ғана сөйткені білінеді. Әрі екінші әйелдің тұрпаты зорырақ, нағыз жау түсірер жігіттей балғын денелі. – Өзіңіздің мына жүрісіңізді қалай түсінсек екен? Бағдарыңыз, мақсатыңыз қалай? Анау шабысудан не хабарыңыз бар? – деп, екінші әйел жуан тарғыл даусымен төтесінен сұрақ қойды. Мұндайлық дауыс оны ер адамға мүлдем ұқсаттырып жіберді. Ақша аузын ашыпүлгермеді, Ақжәмилә қасындағысын таныстыра қойды: – Бұл жалайыр-мырза елінің қызы Дарабоз деген апаң. Әйел заттыдан озып шыққасын Дарабоз атанған. Жалайыр-аңдас Кенжеке деген шалдың келіні. Күйеуі Құлжа ол да осында! – Уа, Құлжа деген мен боламын! – деп, арт жақтан ерүстінде қарғаша шоқиған біреу айғай салды. Бірақ алдағы екі әйелдің қасына келмеді. Сол кезде Ақшаның көзін Дарабоздың тұлабойы ерекше тартты. Бұл ең алдымен оныңүстіндегі киімдеріне сұқтанды. Құс таңдай, иір мүйіз өрнектері мол көк масаты камзолы, түсі белгісіздеу шалбары, ұзын қонышты етігі, елік сапты қамшысы, бәрі тұтас өріліп, төбесіне қондырылған темір дулыға соның бәріне бөлек кескін беруүшін керек болғандай. Дөңгелек жүзі, айшықты көздері, тарғыл даусы бітімді тұтас дүниенің бөліктеріндей. Ақша ең алдымен бұлардың жүрістеріне өз басы қатты таңырқағанмен ол жағынан сыр бермей өз сапарының мән-жайын ұқтырды. – Қайным, сіздікі бозбалашылыққа ұқсас сабылыс екен. Анау қанды қасаптағы қай боздақтың артында бала-шағасы қалмады? – деді Ақжәмилә. Сосын Ақша бұлардың өздерінікі не сабылыс екенін сұрады. Тағы да Ақжәмилә аққудай сұңқылдады:

– Мына Дарабоз анау жорықтағыларға арнап ас дайындаудың хас шебері. Бұл кісінің қолымен жасалған ірімшік, құрт, ыстап қақталған піскен ет, кептірілген жеміс-жидек екі-үш ай бойы дәмін жоғалтпай атүстіндегілердің талғажауына жарайды. Соларды хал-қадарымызша ана малдарға тиеп әкеле жатырмыз. Арманымыз осыларды шайқас ортасындағы жалайыр қосындарына жеткізу. Өзіңіздің жолыққаныңызға қуанышымызда шек жоқ. Айналайын қайным, ділгіртпей тез айтшы, сол жалайыр қосындары не күйде? Кімдер бар, кімдер жоқ? Біздіңүйдің отағасы тірі ме? Сонау Іле бойына кеткен Балпық батырдан хабарларыңыз бар ма? Өзіңіз, кәне, жерге түсіңіз, біздегі дәмнен ауыз тиіңіз. Ақжәмиләнің бұл сөздері Ақшаның басындағы әртүрлі құйын ойларды бір арнаға тоғытып, нақтылы бағыт-бағдарға бұрғандай. Оған әрі Ақәмилә ғана емес, оның қасындағы Дарабоз атты екінші әйелдің еркекке бергісіз түркескіні де ықпал жасады. Бұл заманның төмен етектілері осындай, ал батыр атағы бар Ақшаның түсінен шошып, елегізіп, бет албаты тартып кетуіне не жорық? Ақшаның қияпатында жеңілген адамның нышаны жарқ берді. Қияпатында ғана емес, тұлабойында да солай. Сонымен қабат жағдайға, мақсатқа сәйкес әрекет қажет-ау дегенге де ой жүгіртіп, өзінде бар, жоқ мүмкіндіктермен санасуға да пейілі ауды. Ия, күн кешкіріп барады. Ақша осы бүгіннің өзінде Шудан әрі өтуі керек. Бұлар сол Шудан бері өтіп келгендер. Апырау, ол өзеннің қай тұсында өткел барын бұл ұмытып та қалыпты ғой. Ия, ол заманның адамдарыүлкен өзендерден өз бетінше де өткел таба алады, тек олүшін асығып-аптықпайтындай жағдай керек, ал қазір екі кештің арасы, мұның ондайлыққа уақыты тар. Ертең күн ұясына құлай бере құзырыңда боламын деп, өз ағасы Қойгелдіге берген уәдесі қайда? Демек, Шудың өткелді тұсын осылардан сұрау керек. Сол өткелді тұсқа дейін тұп-тура жеткізіп салатын атқа жеңіл біреуді қосып берсе нұрүстіне нұр. Менің де бұларға бір пайдам тиюі ықтимал-ау. Әрі бұл таң азаннан бері жүрісүстінде, аздап ат шалдырғанның, жүрек жалғағанның айыбы жоқ. Бұл ғана емес, Ақшаның тап осындай сүргіншілікүстінде де аңсары ауған тосын бір нәрсе және табылды. Бұл мына жалайыр биі Ескелдінің бәйбішесі Ақжәмиләға байланасты. Бұл Ақжәмилә Ұлы жүз қолының бас сардары Саурық Қайдауыл баласының жақын қарындасы, әрі жалайырдың Жетісу өңіріндегі бас батыры Балпық Дербісәліұлының апасы дегенді Ақша талай естіген. Әрине, Ескелді мен Балпықтыңүй іштері өзара әу бастан-ақ тонның ішкі бауындай. Екі туып бір қалғаннан да жақын. Ал Саурық жөнінде олай ешкім екпіндетіп жариялауға жоқ. Керісінше, бұлардың арасында туыстыққа тән ешқандай қатынас жоқ деген сыбыс мұның құлақ түбінен талай ызыңдап өткен. Ал енді бір әредікте «неге жоқ, Саурық пен Балпық туыс болғасын да сардар өз інісін мынау қанды қасаптан аулақ, сонау Іле дариясының бойына бас сауғалатып жіберіп отыр, бұл Әбілхайырдың емес, Саурықтың шешімі» деген де сыпсың шыққан. «Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды» деп, бәз біреулер оны тіптен дуылдатқан. Ақшаның өз басы оған сенбейді, тек ол сыпсыңды да мұның естігені анық.

Міне, осындай жайлар жиылып кеп, Ақшаны ерүстінен қаңбақша ұшырғандай. Бұған деген ендігі қамқорлықтың бәрін Дарабоз өз қолына алды. Ақжәмиләдан сыр тартпақшы Ақшаның барлық назарын Дарабоз жұлқып әкетті. Ол ұсынған шалап пен ыстап қақталған еттің дәмі тілүйіргесін де солай ма? Жоқ, сондықтан ғана емес, Дарабоз сырт пішіні ғана емес, ішкі сарайымен де ер адамға ұқсайды екен. Сол ер адамға тән білгірлікпен анау соғыс жайын сұрастырды. Жай сұрас емес, дөңгелек жүзі мен айшықты көздерінде сол оттың ортасында өзім неге жоқпын деген өзек өртер өкініш табы да қара көлеңкеше ұялаған. Ақша жалайыр қосындарының соғысқа қатысуы, Ескелді бидің жалайыр қолбасысы ретінде шайқасқа кіруі, Малтабардың ұйымдастырушылық әрекеті, оның немере інісі Құлжан батырдың жаудың қалың ортасында бастан-аяқ арпалысуы, сөйтіп, бұлардың қара қалмақты бір табан кері ысыруы сияқты өз естіген, білгендерін тез баяндады. Ақжәмиләнің шошынған түрі бар: – Бәсе, мен бұл жайды түсімде көріп едім, әнеукүні айттым емес пе өздеріңе. Сол түсімнің жоруы енді табылды. Біздің отағасы кәдімгідей қара қалмақпен қолма-қол шайқасқан екен ғой. Құдайым, сақтай гөр! – деп бетін сыйпап бата қылғансыды. «Өңкей бір түсінен шошынғандардың тоқайласқан жері екен-ау мынау» деген ащы ой Ақшаны бір қағытып өтті. Бірақ көрген түстерін шұбыртып жатуға мұрша қайда? Бұл кезде қастарына келіп, соңғы әңгімелерді қоса тыңдаған Дарабоздың күйеуі Құлжа қарғаша бойымен көкке ұшып кете жаздап: – Қайран, биекем-ай, өзіңе жетер жан жоқ-ау! – деп, Ескелдіні марапаттай бастаған. – Тұра тұршы! – деп, Дарабоз оны табанда тыйды. Сосын Ақшаға қарап, оны одан әрі сұрақтың астына алды. – Сонда биекем шайқасқа кіріп, олай-бұлай боп кетсем, Балпық болса да алыста, олай-бұлай боп кетсем, артымдағы ел, қызыл қарын жас бала, қатын-қалаш, шал-шауқан басшысыз қалар-ау деп ойламаған ба? – Замандастар-ау, білмейсіздер ме, бұл соғыстағы бірүрдіс сол, әр қосынның қолбасысы соғысқа тікелей кіріп, өз жауынгерлеріне жігер береді. Найманның атышулы батыры Қаракерей Қабанбайдың да өз басы шайқасқа кірді. Арғынның Қанжығалы қарт Бөгенбайы да қалмақ ішіне алғыншы боп барып, екі-үш мәрте тіл әкелді. Саурық та сөйтпек. Тіптіүш жүздің бас қолбасысы Әбілхайыр да алдағыүлкен ұрыстардың бірінде шайқасқа кіруді ойластырып жатыр дейді. Баршасы сөйткенде Ескелді қалыс қалса ұят емес пе? – Біз алыстан қосы ауған ел едік, Ескелдіден айрылсақ біржола есімізден танамыз ғой деп қауіптенеміз, – деп Дарабоз өз күдігін әрі жалғады. – Е, немене, биекемнің жебеуші киесі – ақ бурасы бар емес пе? Ол жаудың оғын дарыта қоймас! – деп, Құлжа түбі түскен шелектей қайта қаңғыр етті. Басында қырық жылғы ескі киіз қалпақ, қас-қабағы да, уысқа

толмас сақал-мұрты да селдір Құлжаның өңі бұл жылдары тіптен қарайып, адам танығысыздай еді. Тек алып-ұшпалығы, ширақтығы сол бәз-баяғы. – Сен де сөздің алдын орап, – деп, Дарабоз күйеуіне оқты көзін қадады. Құлжа да оған тура бұрыла шұқшиды. Бір шаңырақтың астындағы билікке талас ерлі-зайыптының мінез-құлықтары шаң бергендей. Қалайда Дарабоз еңселі көрінді. Енді сөзді жалғыз өзі дамытып әкетті. Ақша мен осы зор тұлғалы әйел арасында біраз әңгіме өрбіді. Бір тұсында Ақша: – Жеңешетайлар, артық сөйлесем айыпқа бұйырмаңыздар, осыүйсін қолының бас сардары Саурық батыр мен анау Іле бойындағы Балпық, мына Ескелді бидің бәйбішесі –үшеулеріңіз жақын туыстар дейді. Сонда қандай туыссыздар? – деп сұрады. Ақжәмилә бұл сұрауды көңліне ауыр алғандай көзінің айналасына кірбең жиып: – Туыспыз ғой, – дей салды. Осы арада Құлжа суырылмақ еді, зайыбының оқты көзі тоқтатты. Ендігі мәселені Дарабоз жалғыз өзі шешті. Себебі осы Дарабоз бен Ақшаның арасындағы сөз алмасу барысында бұлардың өзара қажеттілігіне қатысты жайлардың беті ашылған. Дарабоздың бұйрығымен оның күйеуі Құлжа қасына екі-үш адам ертіп, осы кеште Ақшаға Шудың өткелді тұсын көрсетеді, әрі оның арғы жағалауға шығуын бақылайды, ал Ақша ертең кері қайтқанда осыларға жолығып, бұлардың жалайыр қосындарына жеткізбек асауқатын сол малдарға тиеулі қалпында, екі-үш жігіт-желеңді тағы ертіп, өзімен бірге әкетеді. Әрі оларды Ескелдімен беттестіруді өз мойнына алады. – Сөйтпесек болмас, қайным, – деп Дарабоз сөзін қорытты. – «Ине өткен жерден жіп өтеді» деудің бұл жерде орны жоқ. Әйел жолы жіңішке де ауыр. Қай жерде де шартүзіліп, не ары жоқ, не бері жоқтың күнін кешерміз. Сіздің сыпаттауыңызға қарағанда майдан даласы әлі қашық, екі ортада жыртылып-айрылған қалың әскер, әркімге бір көзімізді сатып, иығынан тартып жөн сұрап, барар жерімізге жете алмаспыз. Биекемнің бәйбішесі екеуміз мына ас-ауқатты оларға жеткізе алмаспыз. Жөн сілтер жандардың мынадай күнде табыла қоюы да екіталай. «Сұрай-сұрай Меке барған» дейді. Бірақ мынау Мекенің жолы болмай тұр ғой. Дарабоздың дулат батырын Шудан әрі өткізіп саласың дегені Құлжаға әбден-ақ ұнаған, тек мына соңғы сөздері қытығына тиген. Сосын да бұл селдір түкті қабағын түкситіп, өз жұбайына зілдене қарады. Қабағында «е, сендер қатын болсаңдар, біз бар емеспіз бе, біз еркекпіз ғой» деген жазу тұр еді. Дарабоз да оған бұрылып, ашық реңкінде «сабыр, сабыр, отағасы» деген сөздерді айшықтады. Жолай қарсы беттен батар күннің шұғыласы жүзін жадыратқан Құлжа Ақшаның манағы Саурық, Балпық, Ақжәмиләүшеуінің арасындағы туыстық іліктестік туралы сауалын өзі есіне салды. – Ия, сол жайында сіз де білесіз ғой, ақыр жолүсті, айтыңыз! – деп, Ақша да риза көңілмен жабыса кетті. Ақжәмилә бұларға өзініңүлкен ұлы Дөмейді де қосып берген, сірә, мына дулат батырымен етене таныстықтың оған зияны жоқ деген ойдан,

шамасы. Тек басын төмен салбыратқан, біртоға мінезді Дөмейдің өзі бұл жүріске аса құлықты еместей. Қалайда, қазақ пен қалмақтың осы қақтығысының бет-ажарын өз көзімен көріп қайтудан дәмеленсе керек, енді шешесі мен Дарабоздың жеткен жерімізде тоқтаймыз, бұдан арғыны мына дулат батырына тапсырамыз деген шешімін әлдекімнің өзінің жолын кескеніндей қабылдаған түрі бар. * * * Құлжа әлгі Саурық, Балпық, Ақжәмилә –үшеуінің арасындағы туыстық желі хақындағы әңгімеге өзі сұранғандай көрінгенмен жеме-жемге келгенде тіл-жағына тұсау салынғанға ұқсады. Ақша қайта қиылды. Құлжа аса әңгүдік емес, осы мезетте әлдене көлденеңнен киліге жанын ауыртты. Дарабоз бен Ақжәмиләнің өтінішіне орай бұлардың да осы дулат батырына күні түсіп тұр емес пе? Көлденеңнен киліккен нәрсе сол – Құлжа осы атүсті жүрісте Ақшадан тіл-жағымды аяймын деп, мұның бетін ары қаратып алармын деп қауіптенді. Бұған қоса өз зайыбының еңгезердей сұлбасы да көзіне елестеп, оның мысы басқанын тұлабойымен сезінді. Енді шегіншектеуге мұнда қауқар да жоқ еді. – Апыр-ай, мұның өзі шытырманы көп, ұзақ әңгіме, қай қырынан бастасам екен, – деп Құлжа ерүстінде отырыс түзегендей құнжыңдады. – Ең алдымен бұлар өздері қандай туыс, сол жағын ашсаңызшы, – деп Ақша өзі бағдар берді. Бұл бірінші қадамда Құлжа қиналған жоқ, жалайырандастан туған Қалқа (Қалқаман), одан Дүйсенбі, сол Дүйсенбінің төрт баласы – Қайдауыл, Қанқожа, Таймөңке, Лепес те, мына Саурық осындағы Қайдауылдың, ал Балпықтың әкесі Дербісәлі Қанқожаның бел балалары деген көпшілікке мәлім шындықты бір сапырып тастады. – Ал Ескелдінің бәйбішесі Ақжәмилә ше? – деп, Ақша кепкен қурайдай таңқ етті. Мәселенің ең ауыр жағы осы еді, Ақжәмиләнің бұларға туыстығы ел ішінде әртүрлі лақапқа айналған жағдай, Ақшаның тақақтауына қарап, Құлжа оны бұл жағдайдың шет-пұшпағын білетінге ұқсатты. Сосын да ендігі бөгелісін ағайын алдындағы айыпқа балады. Ең алдымен сол Ақжәмиләнің он екі жасар баласы Дөмейге бір шақырайды да оның атүстінде тепектеген момақан, тоңторыс қалпынан кезмайысқа ұқсас белгі таппағасын біржола шешілмекке бел байлады. – Қанша батыр болсаң да менен көп кішісің ғой, жаным, өзің қоярда қоймадың, енді тыңда, мен де олардан алыс адам емеспін. Біздің жалайырдың он екі атасының бірі Аңдас алты әйел алыпты да оның бесеуінен көп тұқым өрбіпті. Мен соның бір әйелі Тасбикеден туған Меңлібай дегеннің ұрпағымын. Ал жаңа Аңдастың Дүйсенбісінен туған ағайынды төртеуді атадым ғой, олар Андас атаның төртінші әйелі Ақбұрымнан туғандар. Міне, осы Ақбұрымнан туғандар нағашыларына тартқан ба, әйтеуір шетінен батырлар. Ал жаңағы төртеу – Қайдауыл, Қанқожа, Таймөңке, Лепес дегендердің қай-қайсысы да оңай-оспақтан емес. Қай-қайсысы да ауыр қол ерткен қолбасылар атаныпты. Сол қасиет бұларда тұқым қуалағандай. Мысалға деп мына Саурықты, Балпықты, ол Балпықтың әкесі, бұл күнде науқасы аяқ-қолына тұсау салған Дербісәліні атасам да жетпей ме? Мен

сөздің тоқ етеріне көшіп, әңгімені Қайдауылға қарай бұрайын. Өзің әлгі Ақжәмилә жайындағыға ынтықтың ғой. Ия, Ақжәмилә осы Қайдауылдың шөбересі. Бірақ қандай шөбере, соны ашып берейін, ағайын адамдардың біле жүргені ләзім ғой. Қайдауыл да, оның інісі – мына Дербісәлі-Балпыққа әке Қанқожа да көп жасаған, осы бертінде қайтыс болған аруақты жандар. Екеуін де өз басым көрдім ғой. Әсіресе, Қайдауылды жақсы танитын едім. Ия, әңгіме осы Қайдауыл туралы ғой. Содан ауытқымайын. Осыған жетті де Құлжа сәл дамыл алмаққа көшкендей. Шудың қамысты жазығы енді-енді басталды. Жол әлі ұзақ, уақыт кең. Өзен жағалауына табан тіреген соң да оның өткелді тұсын іздеп біраз сабылу керек. Алдан қопалы қамыс мол тұтасқан бір көтеріңкі тұс кездесіп, содан оң жақтағы әлденеше иірімді қара судың қыспағындағы шалғынды шөптесінге қарай теңбіл қоңыр түсті құс зуылдай ұшты. – Әне, анау бұлдырық деген болады. Өзім осы неменің аяғы жерге тигенін көрген емеспін. Әмсе ұшып жүретінге ұқсайды. Ақшаға бұлдырақ таңсық емес еді, тек Құлжа осы сөздеріне тосын мағна бергендей мұның қосымша пейілін оятты. Ия, Құлжа сөзінің астарын әр қырынан тануға болар еді. Бұл күнде аяғы жерге тиіп жатқан кім бар? – Әңгіменің ең қиыны мынадан басталады, жаным. Қайдауыл көп әйел алған екен, соның бірі Кіші жүздің қызы екен. Осындағы алшын батыры Есетті естіген де, көрген де шығарсың. Міне, сол Есет Қайдауылдың сол әйелімен туыстас жандар. Ал мына Саурық Қайдауылдың сол әйелінен туыпты. Есетті нағашым деп, көп жылдар бойы алшын еліне қарай ауытқып жүретіні де содан екен. – Апыр-ау, бұл әңгіменің не қиыны бар, Саурықтың алшын қызынан туғандығы, немене, әлдекімге сорақы көріне ме? – деп, Ақша батыр қыстырма жасады. – Қиыны ол емес, алда. – Сол қиынына жеткізбей жүйкелеттіңіз ғой, ағасы, – деп Ақша енді қалжың айтқансыды. – Енді жүйкелемейсің, міне келдім. Қайдауылдың ол алшын әйелінен туған баласы жалғыз Саурық емес, тағы бір ұл, бір қыз бар. Ол ұлдың аты Түрке. Ол Түрке мына Саурықтанүлкен. Осы Түрке мен Саурықтың ортасындағы Алтын деген қыз айдай көркімен көп елді есінен тандырған жан екен. Тіпті Орта жүздің біраз жезтаңдайлары осы Алтын қызға арнап, ән мен жыр шығарыпты деседі. Ақыры соларға келін боп түсіпті ғой. Сондағы керей Жәнібек дегенге тиіп, бір қора бала тауыпты. Оларды керей Жәнібектің емес, «Сұлу апайдың»1 балалары дейді екен. Осы тұста Ақша батыр бір мырс етті. Құлжа оның көмекейіндегісін танып, әңгімесінүзбестен әрі жалғастырды. – Қайдауыл мыңғырған бай да еді. Егер соншалықты бай болмаса көп қатын алуға шамасы қайдан жетсін? Малының көптігі сонша, малшыжалшыларының өздері ауыл-ауыл болып, қиыр-қиырда көшіп-қонып жүреді екен. Олардың бәрінің басын қосып, былайғы ел, тіпті өздері де «орда »

атайды екен. Ал Қайдауыл дегеніңді осы орданың ханы атайсың ба, жоқ жай басшысы атайсың ба, қай-қайсысы да ел аузында сыйысып жатады екен. Міне, осы ордада туып-өскен Түрке мен Саурық жас кезінде өте тату екен. Әсіресе, Саурық ағасы Түрке десе ішкен асын жерге қойса керек. Бұлардың тату күнінде айнала ел, дос пен дұшпан бұл Түрке-Саурықтың заманы ғой деседі. Міне, осы Түрке-Саурық заманы атанып тұрған күнде бұл екеуі, ия, ол кезде екеуі де жиырма мен отыздың арасындағы қылшылдаған жігіттер, әлгі біреуіне қарындас, біреуіне апа – Алтын қыз ұзатылған керей, найман еліне жау шауыпты. Сонда Түрке-Саурық құстай ұшып жетіп, жаудың қабырғасын қаусатып, сол кездегі қоңсыластар керей, найман елінің есесін қайтарыпты. Олардың солүшін Түрке-Саурыққа ризашылығында шек жоқ екен. Міне, сөйткен Түрке мен Саурық келе-келе өзара дүрдараздыққа ұшырайды. Түрке шаруаға мығым да, Саурық жаугершілік, қолбасылық қасиетімен танылған ғой. Түрке шаруақой дегенмен де ұрт мінезді екен, ана қолбасы інісін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстағысы келе ме, итім білсін ол жағын, әйтеуір, бір анығы – Саурыққа әртүрлі шаруа, ел ісі жайында «өйт-бүйт» десе анаусы «мынауыңыз теріс, аға» деп, көп тыңдамайтын көрінеді. Түрке соған шамданады. Ағайын-туған, малшыжалшы ол жөнінде ешкімге, тіпті өзара да тіс жармайды. Ана екеуінің айбарынан жасқанады. Тіпті Саурық ағасы Түркенің нақтылы қандай ақылкеңесін тыңдамады, оны да ешкім білмейді, себебі, ол жағын ашып-айырып сұрайтын да жан баласы жоқ. Бұл жайдың жұмбақ көрінетіні де содан. Қазір Түрке мен Саурық тіптен екі айрылып кетті, Саурық өзің білесің осында, ал Түрке төменде, сонау Бетпақдаладан да арыда Жетіқоңыр деген құм бар екен, сол Жетіқоңыр құмы мен Сарысу, Қаракеңгір өзендерінің екі аралығында қазақтан да, қалмақтан да жүз жасырып, көшіп-қонып жүр дегенді құлағым шалған. Енді, Ақша інім, сәл сабыр, бұл мәселенің тағы бір қиыны бар. Ақыр өзің соған ынтықтың ғой, енді екі қиынын қосақтап сөйлейін. Әлгі бұлардың әкелері, жаның жәннатта болғыр Қайдауыл, көп малды, көп әйелді адам дедім емес пе, қара жер хабар бермесін, сол Қайдауыл анау-мынау пендешілікке деүйір екен. Бірде өзіндегі жалшылардың бірінің түсі жылтыр, бедеу келіншегімен көңілдестікке де барыпты. Сөйтсе келіншек бедеу емес, пәленің басы күйеуінде екен. Ақыр ол екіқабат болып, ұл туады. Бұл туған ұлдың кімнен екенін өсек арқылы білетін бір қу тілді жігіт Қайдауылдың аулына «ой, осындағы бір пәленбай дегенніңүйінде бір ұл туды» деп, айғайлай жетеді ғой. Өзі ме, әлде Қайдауыл не дер екен деп, біреулер жұмсады ма, әйтеуір сол жігіт сөйтіпті. Мұның хабарын естіген Қайдауыл он екі қабат ақүйдің төрінде құс жастықты шынтақтап жатқан күйі, «е, ордаға тағы бір құл келді десеңші» деген екен. Сосын әлгі баланың атын Ордағұл қойыпты. Бұл Ордағұл мына Саурықтан бірер жас қана кіші. Өсе келе өздерінің аға-іні екенін білген бұлар бір-бірімен қойындасып кетеді. Алғашында бұл Ордағұл Түркенің қамқорлығында екен, тек Түрке өзінің қырыс мінезіне басып, Ордағұлды жасыта бергесін Саурық өз қамқорлығына алыпты. Қазір осы Ордағұл Ұлы жүз -үйсін қолының бас сардары Саурыққа қарасты әскерге қызмет ететін сынықшы, өрімші, ұста дегендер бар емес пе,

міне солардың басы-қасында. Ал мана өзіңмен дидарласқан әлгі біздің бас биіміз Ескелдінің бәйбішесі Ақжәмилә сол Ордағұлдың туған немересі! Ал білгің келсе... Кенет әлдене Ақшаның басына тоқпақтай тиіп есеңгіретіп әкетті. Бұл не, Құлжа әңгімесінің әсері ме, жоқ, басқа ма, ол жағын Ақшаның өзі де ажырата алмастай. Бұлар Шу жағалауына жеткенде қас қарайып кеткен. Құлжаның тіл мен жағы әлі де қарыспап еді, бірақ Ақша қайтып ол сөздердің бірін де санасына сіңірген жоқ. Құлақ түбінде ызыңдаған арадай оны өзімен өзін қалдырды да басқа ойлардың құйрығынан ұстап, өзге қиырларды шарлап кетті. Тек бір тұста ғана Құлжаның «Қайдауыл өзінің некеден тыс туған баласы Ордағұлдың немересі – Ақжәмилә сұлуды кезінде Ескелдіге өз қолымен қосыпты, құдалыққа, той-томалаққа қатысты ырым-сырымдардың бәрін өз қолымен өткеріпті» деген дерегі ғана мұның санасынан саңлау тапты. Бара-бара Ақша өз басындағы мазасыздықтың темір өзегін ұстады. Мұны «апырау, менің осы сапарымның мәні не» деген сауал меңдепті. Тап қазіргі қазақ-қалмақ қақтығысы орын алған Құлақшын мен мына Шу жағалауының арасы бұл ойлағаннан әлдеқайда алшақ екен. Құлжа қасындағы адамдар мұны өткелді тұсқа жеткізіп, қараңғылыққа қарамай қурай, қу ағаштарды тауып, екі буым етіп байлап, мұның атының екі жанына теңдеп жатқанда Ақшаның басына «осы мен Шудан әрі өтпей-ақ қойсам қайтеді» деген ой сарт ұрды. Қазақ пен қалмақтың осы соғысындағы өзі куә болған көріністер, Болат хан, Әбілхайыр хан,үш жүздіңүш ұлы биі, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Саурық батыр, Ақтамберді жырау, өз ағасы Қойгелді, тағы басқа марғасқалардың бет-бейнелері мұның көз алдында ойнап, батыр атағын малданған мына Ақшаны әлдебір елес қуған елкезбеге айналдырғандай. Майдан даласын тастап қашқан бейшараға да ұқсата ма тіпті? Оны қой, әнеукүнгі шайқас соңында, қызыл іңірде қазақтардың ортасына алшаң басып келіп, өзіне «сенен кегімді аламын» деп дікіңдеген, сосын күш басымдығы Ақшада болғасын ғана ұлы би Төленің ұйғарымымен босатылып жіберілген қалмақ жанкештісін де еске алды. «Енді сол қалмақ жанкештісінің кебін киіп, өзімнің де ақыл-есіме зақым келгеннен саумын ба» дегендей бір түсініксіз райға ұшырады. Мәселе осыған тірелгенде Ақша Құлжа адамдарына «жә, болды, текке әурешілікті тоқтатыңдар, мен Шудан әрі өтпеймін» демекші еді, жақ сүйектері қатып-семіп, икемге келмеді. Атқа қонғанда өзі емес, осы қиырға желкелеп әкелген ой енді әлдекімдердің әлуетті қолдарына айналып, мұны күшпен көтеріп салғанға ұқсады. Қараңғылықта Шудан да әрең өтіп, осы науқанның қарсаңында әскер соңынан ілбіп, осы қиырда қоныстанған аздаған дулаттардың ен ортасында өз әйелінің тіккен қосын бұл түн ортасы ауа тапты. Келіншегі күйеуін оның тысыр-тысырынан таныды. – Батыр, амансың ба? – Балалар қайда? – Қазір көресің.

Келіншегі тез шақпақ шағып, тас шамды тұтатты. Өлеусіреген шам қараңғылықты бүріп әкеткенмен де екі кішкентай баланың бет-жүздерін бірден аша қоймады. Ақша сәл кідірістен соң ғана кереге жақта теріс қарап ұйықтағанүш жасарүлкен ұлы Өтеболаттың сұлбасын көрді. Оған жер бауырлап жетіп, тынысын тыңдады да кейін серпілді. Кішкентай қос ортасындағы талбесік осындағы ең қомақты дүние екен. Ақша ондағы төрт айлық сәбиі Бекболаттың да тынысына құлақ тосып еді, ештеме естімеді. Оның тірі екендігіне келіншегінің бет-жүзіне қарап сенгендей райы бар. Ұйқыдағы баланы сүюге тыйым салатын қазақ ырымын ескеріп, ешқайсысына ерін тигізбеді. Келіншегі тез құрт езіп, сусын әзірлеп еді. Оны қылқылдата жұтқан Ақшада тағы да бір елгезектік пайда болды. Мана Шудан бері өтерде меңдеген ой бұған қайта тарпа бассалғандай. Осы күйін аңғарды ма келіншегі: – Жат, тынық, – деді. – Жоқ, мен осы қазір, қайта қозғалсам деп отырмын. Сендерді көріп кетуүшін ғана келдім. – Құдайым-ау, жеті қараңғы түнде соншама жол жүріп жетіп, өзүйің, өлең төсегіңде бел шешуге мұршаң жоқ. Үрей қуғандай бұл жүрісің не жүріс? – деп салды жұбайы. Қоңырат еліндегі дәулетті отбасынан шыққан зерделі неме мынау шала жарықта күйеуінің реңкіндегі қыл-қыбырды, бояунақышты жете ажыратпаса да сылбырлығынан мәселе төркінін аңғарып, осылай ақтарылды. Ақша сөз жарыстыруға жоқ. – Жарайды, сәл көз шырымын алсам алайын! – деп, отырған орнында бір жанына қисайды. Жас жұбайы «соғыс қалай, туған-туыстардан кімдер бар, кімдер жоқ» деген сияқты сауалдарды қойғысы келді де тез тілін тарты. «Жарайды, оларды Ақшаның тұрған сәтіне қалдырайын» деп, бәрін ішке бүкті. Ақша қанша ұйықтады, оны өзі де білмейді, әйтеуір мұны жас баланың жылаған даусы оятты. Басын көтерген жоқ, тек көзін ашып алды. Тас шамның жарығында жер төсектіңүстінде өзіне қырын отырған келіншегі бала емізуде екен. Жарық оларға Ақша жақ беттен түсіп тұр. Бірауық жылаған баланы емес, Ақша сол өз келіншегіне бажайлай көз тікті. Ол бір қырынан қарағанда тым сұлу көрінеді екен. Қас-қабағы, мұрнының ұшы, жұқа еріндерінің қиылысы әлдебір суретшінің қарындашпен әдемілеп, сызған сызуы бойынша құйылғандай көз тартады. Осыны бір толғап барып қана баласы еске түскендей Ақша басын көтерді. Енді келіншегінің иығына иегін тақай емшекке жабысқан жас сәбигеүңілді. Сәбидің көзі жұмулы. Бірақ емшекті тістелей жұтына емеді. Онысы екі тісінің арасынан шығып кетіп еді, «іңә-ә-ә» деп жылап, аузымен іздей бастады. Анасының тырсиған емшегінен сыздықтап аққан сүт жұмулы көздеріне, бетіне шашырады. Бала емшекті одан сайын жұлқына іздеп, «іңә-ә-лап» жылайды. Ақыры оны тауып тынышталғанда жас ана: – Мына кішіміз Бекболат анау тұңғышымыз Өтеболатқа қарағанда шатақтау болады-ау, шамасы. Әлден бұлқынып, мінез көрсетеді, – деді. Ақша оған жауап қатпады, басын қайта жерге қойды.

Шолпан жұлдызы туар-тумастан-ақ бұл аттанып кетті. Өтеболат, Бекболат атты екі кішкентай сәбимен қалған жас ананың кеудесін енді ғана қорқыныш кеуледі. Өзінің дұрыстап қоштаспағанына өкінді. Ақша жолай Ескелді бәйбішесі Ақжәмилә мен Дарабозға соғып, олар қосып берген, жетектерінде ас-ауқат тиеулі малдары бар жалайыр адамдарын ертіп, сонау Құлақшынға дейінгі кеңістікті қайта еңсерді. Сол келесі күннің де жарығы әбден таусылып, қараңғылық қайта қармағанда ғана Ақша өз адамдарын тапты.

* * * Сол түнде ертең таң атысымен дулаттың өзге аталарымен бірге шымыр қолының да шайқасқа кіретінін естіді. Қараңғылыққа қарамай Құлақшынның ой-қырында аттылардың жүрісі көп екен. Ақша осындағы бір жас жауынгерді тауып, мына жалайыр адамдарын Ескелді қосындарына жеткізіп салуды табыстады да өзі ұйқыға қисайды. Елегізген көңіл дамыл бермей мазалағанмен де бұл түнгі ұйқысы біршама қанық шықты. Жер жүзі ашыларашылмастан әлдебір дабыр-дұбырдан селк етіп оянды. Сөйтсе осы қалың әскердің ортасына тайқазандарын әкеп орнатқан аспазшылар екен. Тегіс жер табылса төрт аяқты қазандарды орнату оңай, қайсысында бидай көже, қайсысында тары, немесе, атала көже дайындалады, әрі қу отын жеткізу сияқты мәселелер олардың арасында аздаған іркіліс, айтыс тудыратындай. Бұлардың дабыр-дұбыры басылмай мұнда Қойгелді жетті. Дулығалы, сауыты даүстінде, бес қаруы түгел бұл Ақшаны көргенде шодырайған бет сүйектері, суалыңқы жағы, кішкентай мұрты қозғалып кеткендей әсер қалдырды. Тек қаћарлы көздері мен ірі денесі ғана тым орнықты сияқты. Атүстінде де, аттан түскенде де солай. Тізгін, шылбырды қосшыларына тастады да жүресінен отырған інісі Ақшаның қасында тізе бүкті. Ақша ағасының осы ілтипатын байқап, кешегі сапарының ең бір түйінді тұстарын сап-сабымен, әрі зерделі адам ұғарлықтай қысқа етіп, баяндап шықты. Қойгелді құлақ қойды-ақ, әсіресе, Өтеген, Қалы батырларға жолыққанына, Ескелдінің бәйбішесі мен Дарабоз атты әйелдердің өтінішін қалай орындағанына, әрі Дарабоздың күйеуі Құлжа дегеннің мына Ұлы жүз қолының бас сардары Саурық Қайдауыл баласы, жалайыр қолбасысы, қазірде Іле жағалауындағы Балпық Дербісәліұлы және Ескелдінің бәйбішесі Ақжәмиләүшеуінің арасындағы туыстық іліктестік хақындағы деректеріне ықылас білдірді. Бірақ бәрібір «осы сапарға сені жын қуды ма, шайтан қуды ма, жоқ, түсіңде әкеміз сені қасына шақырғанда шынында оның тәрізінен жаманшылықты танып, бала-шағаңмен біржола қоштасуға бардың ба» деген сауал бет-ажарында сайрап тұр еді. Бұл Қойгелдінің Ақшаға көрсетейін деген шырайы емес, ол жағын өткір көздерімен Ақшаның өзі шалды. Енді бір бие сауымындай уақыт өткенде күн жарқырай көтеріліп, мынау айнала дүние телегей теңізге ұқсады. Бұл кезде атүстіндегі Ақша өзі Шу бойына кеткен бұрнағы күні түстік қанаттағы бас сардар Әбілхайыр алшын қолының ішінде өз басы тікелей шайқасқа кіріп, жауды көз көрім жерге тықсырғанын, ал бүгін қасындағы ығай-сығайларымен бірге осы Ұлы

жүз қолы орналасқан Құлақшынға жетпекші екенін естіді. Осыданүш күн бұрын Ұлы жүз басшыларының Әбілхайыр хан мінезінен күдіктеніп, Ақшаны Орта жүз сардары Қаракерей Қабанбайға жұмсағаны, Қабанбайдың да өз кезегіндеүш жүздің бас сардары атанған алшын батырының көп мінезінен оғаштық байқайтынын айтып жауап қайыруы енді Ақшаның көз алдында бырт-сыртүзілген жіп сияқтанып шұбатылып жатты. Тіпті бірауық сол Ұлы жүз басшылары мен Орта жүз сардары, о дүниедегі өз әкесі Сартбәрі өзара уағдаласып, осы Ақшаны ары-бері сенделіске салудың амалын қарастырғанға ұқсап кетті. Осы бір мезетте Ақшаның назарын басқа жәйт және аударды. Бұл көктен түскен әлдекімнің қылығы емес, өз ағасы Қойгелдінің әрекеттері еді. Жалпы бұл Қойгелді шайқас қарсаңында, шайқасүстінде адам танымастай өзгеріп кететін. Кейде Қойгелдінің орнында екі адам жүретіндей көрінетін. Міне, қазір де мына Қойгелді мана жер жүзі ашыла қоймаған шақта Ақшаға келіп, қасында жер тізерлей шөккен Қойгелді емес, оның шайқас қарсаңында көрінетін екінші сыңары сияқты. Қойгелді жыртылып-айрылған қалың қолды әп-сәтте шырқүйірді. Астындағы аты да ойнақшып, иесінің аузынан не сөз шықса соны өз қимылымен заттық бейне ретінде көрсетпектей алас ұрды. Қойгелдінің қасында бұрнағы күнгі сары кідір қызылды мінген онүш жасар баласы Қарабатыр. Қызыл ат бұрынғыға қарағанда жуасып қалғандай, есесіне Қарбатырдың өзі оқыс мінез тапқандай алабұртып, әкесі Қойгелді мен ол сөздерін арнаған ию-қию әскерге мойнын созып, қабағын түксите қарайды. Осы сәтте ғана Ақшаның есіне Қойгелдіден кейінгі екініші ағасы Қошық түсті. «Бәтір-ау, Қошық қайда? Манадан бері оны неге ойламағанмын» деген сауалдармен өзін-өзі қажай бастады. Жуарақпанда сұрай қоюдың да орайы келмеді. – Анау алдарыңдағы төбені көрдіңдер ме! – деген Қойгелдінің айғайы құлақ жарды. – Бұл осы Құлақшынның ең биігі, шамасы. Атауы Байбике екен. Бүгінгі шайқастың біраз бөлігі, тәңірім жазса сол Байбикеде өтуі мүмкін. Енді былай оның теріскейіндегі ойысқа қараңдар. Бұл Тараңөзек аталатын ұзын сай. Бұл осы Құлақшыннан сонау Бел аталатынүстіртке дейін созылады екен. Қойгелдінің осы сөздері тұсында жауынгерлер арасынан мырс-мырс күлгендер де табылды. Апырау, бұларға осы Байбике мен Тереңөзекті білмей не қара көрінді? Осы соңғы күндердегі соғыста бұл төбе мен сай неше рет қолдан-қолға өтті. Қойгелді өз жауынгерлерінің ажарын таныды да сөзін одан әрі жалғастырды: – Ия, тісі шыққан балаға асты шайнап бергендеймін. Сонда да бұл жолғының айыбы жоқ! Осы Тереңөзекті бүгіннен бастап, қара қалмақ емес, тек қара қазақ баурына бассын, кәдесіне жаратсын деген сыңайдамын. Ал Құлақшын мен Белдің арасы шамаменүш-төрт қозыкөштей ғана жер. Міне, осы қашықтықты еңсеріп, бүгіндікте Белге табан тіресек, бізге құдай риза, осы кеңістікті бізге қоныс етіп қалдырған ата-бабалар аруағы риза! Ұлы жүз ханы Жолбарыстың да, ұлы би Төленің де, Ұлы жүз қолының бас сардары Саурықтың да қалауы солай! Мынау текетірес ұзаққа созылып барады.

Артымызда екі көзі төрт болып бізді күткен бала-шаға, қатын-қалаш, ел-жұрт бар! Алладан пәрмен тілейік! Тықсырайық жауды! Белге табан тіресек, ол бір құдай жаратқан жайлы мекен, одан арғыға сол мекеннің өзі демеп жіберер, бәлкім! Бас-аяғы көрінбейтіндей қару-жарақты аттылар ары-бері жосылып, көбісінің назары Қойгелді нұсқаған Тереңөзек бағдарына ауған. Шетпұшпақтаған біреулер ол сайды бірінші рет көргендей сол жаққа құлдилай төмендеп барып та қайтты. Шөптесінді сай әлдекімлердің көкірегіндеүміт,үрей атаулыларды қоса қабат оятқандай. Біраз шайқасқа кіріп, ысылыпүлгерген жауынгерлер Қойгелдінің осы сайға қатысты сөздерін дұрыс түсінді. Қойгелдінікі «сайға қамалатын қазақ емес, қалмақ болсын, төбеден оқ жаудырып, тас ататын қалмақ емес, біз болайық» дегендей еді. Ия, бұл өте қажетті ескерту. Алда ол мәселені шешудің сан тармақтары көзге бұлдырайды, сонда жаңылыспау лазым. Бұл өзі Қойгелдіге қарасты шымыр мыңдығы делінгенмен де қырық кемпірдің қылауынан жиылғандай алақұла әскер. Оны солай ететін жауынгерлердің тұлабойларына жапсырған сауыт-сайманы, қару-жарағы. Бірінікі екіншісіне ұқсамайды. Әсіресе, қару-жарақ жағы. Мұнда садақ, жебе толтырылған қорамса бәрінде де бар, тек олардың жасалуы әрқилы. Мысалы, қорамсадағы жебелердің өзі сан алуан, бірі қолдан қиылып, ұшына өткір темір кигізілсе, екіншісінікі тек қайыңнан қиылған, сабы да, ұшы да. Тіпті сабы тал, ұшы кепкен қайың жебелер де бар. Найза жағында да ала-құлалық жетіп-артылады. Толғамалы ақ найза, емен сапты найза, алты құлаш ақ найза деп аталатын бұл қару түрінің ұзындары басымырақ. Бірақ қысқа саптыларының да екі қырлы,үш қырлы, не төрт қырлы болат сүңгілері күнге шағылысқанда олардан қалыспайтындай адағайлайды. Ұзынының да, қысқасының сабы мен сүңгісі түйіскен жеріне аттың жалынан жасалған шашақ тағылған. Сірә, соғысүстінде ол шашақтың еш пайдасы жоқ, тек жауға сес көрсету мақсатында ойлап табылған дүние. Ал қылыш, айбалта, шоқпар, күрзі, найза сиқтылар әрқайсысы әр шебердің қиялынан туғандай мүлдем ала-құла. Мысалы, мұндағы шымыр жауынгерлеріндегі балталардың өзін ай балта, ала балта, қара балта, тарақ балта, келте шот, айыр шот, балта шот деп топтастырсаң қателеспейсің. Кейбіреуінің қолдарында шиырып, қастерлеп ұстаған, арғы аталарынан қалған қару түрлері де бөлек жаратылысымен көз тартады. Сауыт-сайман, қару-жарақ әр басқа дегенмен де бәріне ортақ тәртіп деген бар. Қойгелдінің Байбике, оның теріскей етегінен басталатын Тереңөзек сайы, алдағы Белүстірті жөніндегі ескертулерін бәрі құлақтарына құйғандай. Ұлы жүз жағынан бірнеша мыңдық сақадай сай еді. Алғашқысы болып, шымырлар соғысқа кірмек. Бір шамада бұларға Жолбарыс хан, Төле би, Саурық батыр жетті. Бұлармен Қойгелді алғаш сөз алмасыпүлгергенде-ақ Байбикенің арғы қиырынан қалмақтардың төбесі көрінді. Бірден керней даусы естілді. Сірә, қазақтар ойлағанды қалмақтар да мықтап кәперге алған. Бүгінгі шайқас орны ретінде олар да Байбикеніңүстіңгі жазығын таңдап,

қазақтарды Тереңөзектің сайына құлатпақ. Сөйтіп, күш басымдығын өздеріне әкетпек. Қойгелді бүгінге әзірлеген айла-шарғысын Ұлы жүз басшыларына кеше де мәлімдеген, енді жеме-жемге келгенде сонысын қайта пысықтай тақылдай бастап еді. Саурық оған өзге жайдан нұсқау берді: – Байқайсың ба, қалмақтар мына биікке бізден бұрын көтерілді. Ал зеңбіректерін қайда қойды, біз одан бейхабармыз. Бұл Байбикеде соңғы күндерде олар да біраз қан төкті ғой. Мен ошақты мыңдығын оқшауүйіріп отырмын. Сендер шайқасқа кірген бетте қалмақтар бой тасалағансып, ия, сол баяғы ескі мақамдарына басып, бір жаққа жырыла, жөңкіле қашуы мүмкін. Сондайда олардың от қарулары сөйлеп бермесін! Осы жағына абай бол! Егер от қару іске қосылса өл, тіріл, оның қай бағдарда екені жөнінде маған тіл жөнелт! Мен өзім де ол жағына елегізіп отырармын. Егер от қарудың қайда екені білінсе мен солай ошақты мыңдығын жаппақпын. Қалмақтар зеңбіректі қорғауға қара басын қорғаудан әрмен мән беруде. Мен мұны анық түйдім, жаным. Сөйтсек қалмақтардың күшті буынын оның әлсіз буынына айналдырамыз. Қойгелді Саурыққа, басқаларға бас шұлғып қанаүлгерді, дереу бұл да өз мыңдығын қайтаүйіріп, сол Байбике биігіне жөнеп берді. Оныңүстіңгі беті ашық соғысқа аса қолайлы емес, бірақ ол жағын қара қалмаққа қалай түсіндіріп жатарсың? Әлбетте,үйреніскен жау ғой, олардың сарт-сұрты бірден-ақ басталып кетті. Осы мыңдықтың ішінде Ақшаға қарасты жүздік те бар. Баршасымен бірге олар да қасапқа кірісті. Тап сол қарсаңда, Байбикеге тырмыса көтерілерде Ақша өз ағасы Қойгелдіге бір қарады. Қойгелді де солай. Ағалы-інілердің көздері түйіскенде екеуара ағыл-тегіл жыр төгілгендей. Балалық шақ, бозбалалық кезең, әкелері Сарт,үлкен әкелері, бұларға ата Шахан би, басқа да туыс, жақын-жақыбайлар естеріне түсіп, бетәлпеттері көз алдарынан найзағайдың жылдамдығымен зуылдап өткендей. Бұл күй бірінде ғана емес, екеуінде де бар екенін өзара және ұғынысқандай. Осының алдында ғана Ақша өзінің осы Қойгелдіден кейінгі екінші ағасы Қошық Төле бидің қасында ту ұстаушы бол қалғанын естіген, енді ол қастарында жоқ болса да соны да ойша қосақтап, осы күйдіүшеулеп кешкендей. Тек соншама ақылды бастар мұның мәнісін түсіне алмады. Тіпті бәрінен де кемеңгері Қойгелді Ақшаның күн сәулесінен бұрынғысынан да сарғайып көрінген жүзіне оқты көздерін қадап, осы жағына ақыл жеткізе алмауына шамданғанға ұқсайды. Әлде, соңғы көрісуіміз осы деп, арыздасып, бақылдасып тұр ма жазғандар? Осыданүш күн бұрын Ақша Шу өзенінің арғы жағалауындағы қатын-баласына барып қайтуға рұқсат сұрағанда «түс көріп, әкесі Сарттың өзін бір түрлі суық түспен қасына шақырғанын» айтқан ғой. Әлде ол түстің жоруы шынында Ақша секемденген жайға бұра ма? Қойгелді Ақшадан жүзін күшпен жұлқып әкетіп қасына тепектей жеткен баласы Қарабатырға шұқшиды. Қарабатыр да зерделі бала еді, осы шайқасқа қатынасуға рұқсат берген әке, әрі қолбасы Қойгелдіге жалт етті де одан көзін тайдырып, ағасы Ақшаға алақтады. Бұл да көкірегіне әлдене инеше қадалғанын сезінгенмен екіүлкенге тастүйін көрінгісі келіп:

– Көке, мен Ақша ағаның жүздігіндемін! – деді. Бұл жайды Қойгелді де, Ақша да білетін, тек оларға белгілі жайды жас бала неменесін қайталайды. Ия, Қарабатыр әке мен оның інісі тоқайласқанда екеуара көзбен арбасқан сәттен бір кәдік көріп, соны жұмсартып жіберуүшін өз тарапынан бір тіл қату қажеттігін түйсінгенде аузына оралған сөздері осы еді. Жалма-жан Қойгелді әкесі Сарттан ары аттап барып, атасы Шахан биге іштей жалбарынды. «Аруағыңнан айналайын ата, қара қазақтың қамыүшін мына батыр немереңнің жанына араша бола гөр». Мұның бәрі қас-қағымда өткерілген оқиғалар. Бірақ сол қас-қағымдық уақыт мұның бәрін қалай сыйғызды, сол жағы ғана жұмбақ. Себебі, сырттан бақылаған адамүшін Қойгелдінің де, Ақшаның да мұндайлыққа мойын бұруға мұршалары болған жоқ еді. Қазақ пен қалмақтың алдыңғы шептері бір-біріне дендей еніп, қара қазанша қайнап жатқан. Қойгелді санасын сергек ұстап, жаңа Саурық ескерткен жер жағдайын тағы бір шолып, бар қатерді теріскей беттегі Тереңөзек сайынан күтті. Ата жау қазақты солай тықсырмасын. Әлдеқалай күнге деп, мұның да бөлек шоғырландырған тың күші бар, оның да етектегі қалған саймен сәл бері жақындауын қамтамасыз етті. * * * Енді бір сүт пісірім уақытта Ақша қан майданның ортасында екі-үш жерінен жараланыпүлгерген. Мұндайда әр жүзбасы өз жүздігіне жетекшілік етудің ең ұтымды әдісі осылай қолма-қол айқас ортасында өзінің аласұра қимылдауы екенін жақсы білетін. Ақша да аса ақымақ емес, бұл соғысқа ол жақсы дайындықпен кірген. Кеудесіне кигені ұсақ темір шығыршықтарды бір-бірінен өткізіп тоқылған қысқа жеңді кәдімгі қазақы сауыт. Дулығасы да баса киілген, әрі мойынды жабатын, ол да темір шығыршықтан тоқылған далбағайы да сенімді. Бұған қоса сауыт ішінде өгіз терісінен жасалған кеудешесі, қос тізесіне байланған темір торлары және бар. Әрі қалқаны да қалың темірден қиылып, құрастырылған, оны ұстайтын қол шыдаса бұл бәріне шыдап тұр. Қалмақтар да бұл шаққа дейін тәсіл алып, машықтанған ғой. Олар ең алдымен осындай ерен ерлік көрсетушілерді құлатуды мақсат етеді. Ол мақсатқа жетсе қалғандарының тоз-тозы шығуы оңай. Сосын да шайқастың бастапқы қарқынында-ақ Ақшаға қарай талай болат сүңгілер, айбалталар, сұр жебелер бағытталды. Мұны сезген Ақша «екі өлмек жоқ, біреуінен құтылмақ жоқ, ия, тәңірім бар таянышым өзіңсің» деп,үш-төрт еселенген жігерқайратын қынаптағы қылышпен бірге суырғандай. Бұл ең алдымен айбалта, күрзі, шоқпар сияқтылардан гөрі найза мен қылышқа бейімдірек еді. Әрі қалқан ұстаудың да шебері. Оң жақтағы біреулерге қылыш, не найза жұмсап жатып, сол жақтан ысқыра зуылдаған жау жебесін көріп тұратындай-ақ оны қалқанымен қағып түсіреді. Қалмақтар Ақшаны ту сыртынан да атып көрді. Оқ дарымады, сосын да енді оны өндіршектен, аяқтан көздеп не құлатуға, не әлсіретуге талпынысты. Бұл да оңай шаруа емес. Бірауық Ақша қарша бораған оқтың астында жалғыз қалғандай күй кешті. Алғашында екі-үш жерден жараланса, енді онысы бес-

алтауға айналғандай. Енді бір мезет қара саннан темір ұшты сұр жебе қадалды. Ақшаның одан да тауаны қайтпады. Тағы бір мезетте оның көзіне Қарабатыр шалынды. Ол Ақшаның ту сыртындағы қалмақтармен майдандасуда еді. Бірауық көзі қарауытқан Ақша өз айналасындағылардың қазағы қайсы, қалмағы қайсы екенін ажыратудан қалып бара жатқандай. Майдан ортасындағы жауынгерүшін ең қауіптісі осы. Адамның қос шырағының оты да тұлабойыңдағы күш-жігерге байланысты. Соны ескерген Ақшаүсті-басындағы сыздауықша сыздаған жараларға қарамастан ішкі тегеуірінді қайтсем одан әріүрлеп маздатам деп, тарамысша тартылған денесін, екі қолын өз еркіне бағындыра одан әрі қозғай берді. «Құдай дарытқан қуат, саған ризамын» деген сияқты сөз орамдары осындай шақта да аузынан ұшты. Себебі, талай қалмақты өз қолымен атүстінен аунатқанын өз көзімен көрді ғой. Ақша содан жігер көзін таппақтай одан әрмен аруақтанған жанға ұқсады. Ал қол қимылы бәз-баяғы. Қылыш пен найзаны кезек ұстайды. Жаудың тағы бірері Ақша найзасының ұшына ілікті. Бұған қоса әлдекім мұның көк желкесінен ине шаншып жатқандай әсер етті. Жоқ, ине емес, жебенің ұшы ма, жоқ найзаның сүңгісі ме, әйтеуір қайсысы болса да қатты ауыртып әкетті. Ия, манадан сыр бермеген, темір шығыршықтан тоқылған сауыты мен оның астындағы қалың былғарыны тесіп өтетін бір қару түрін қалмақтар тапқан сыңайлы. Енді бір мезет бүкіл қалмақ біткен осы жалғыз Ақшаны қоршауға алғандай. Ақшаны түсіретін-ақ еді, тек Байбикенің төбесіндегі қыртысқыртыс Ақшаның астындағы атқа кеңшілік беріп, ал қалмақтар мінген қылқұйрықтыларды тобықтан қаққандай оның орайын келтірмеді. Ақша көп ұзамай-ақ аңғарды, көк желкеден тигеннің зардабы бір нүктені ғана сыздатып қоймай екі иыққа, одан әрі қос шынашаққа да саусақтарын жайып бара жатқанға ұқсады. Әлдекім бұның темір сауытының сыртынан тағы бір темір торды жауып, құр кеудесін ғана емес, қару, қалқан ұстаған қос қолын қоса қымтап тастамақтай жойдасыз күшпен бүріп, еңсеріп барады. Қойгелді бұл қасаптың сыртында, көп жауынгердің қоршауында осы кедір-бұдырдағы жайдың бәрін қаршығадай баққан қалыпта еді. Бұл басқарған шымыр мыңдығынан кейін, бұлардан сәл түстік бетте Ұлы жүздің екінші бір мыңдығының да шайқасқа кіргенін естіпүлгерді. Ол қай ру, қай атаның мыңдығы, соны ғана жадында тұтпады. Бар зейіні қарсы алдында жыртылып-айрылған қара қожалақтардың тістесуіне ауған. Ол өзінің туған інісі Ақша мен тұңғыш ұлы Қарабатыр арпалысқан тұсты да жіті қадағалауда. Әрине, Байбикенің мына биігінде оның бәрін бастан-аяқ көріп тұру мүмкін емес, кейде көзден тасаланып, екінші бір пұшпақтан шыға келетінін, сөйтіп, қайта жасырынатынын Қойгелді анық байқады. Бір мезгілде мұның ту сыртында дабыр-дұбыр көбейді. Сөйтсе, Ұлы жүз ханы Жолбарыс, Төле би, Саурық Қайдауыл баласы осыларға жақындап келеді екен. – Апырау, мыналар аттарының басын кейін бұрды ғой! – деп Қойгелді қасындағы жауынгерлердің бірі шаж етті.

– Ана топ кім? – Анау аппақ арғымақ мінген Әбілхайыр ғой. – Әбілхайыр келеді! Әбілхайыр келеді! – Үш жүздің бас сардары Әбілхайыр келеді! – деп, шуласты Қойгелді маңындағы жігіттер. Қойгелді арт жағына бір жалт ете Байбикенің етегімен өздеріне қарай тырмыса көтерілген Ұлы жүз басшыларының кенет арғы беттегі ұзынша төбенің қырқасынан Әбілхайыр бастағанүлкен шоғырды көріп, ат басын ірке кері бұрғанын байқады да көз жанарын олардан тез тайдырып әкетті. – Мына шайқас қазақ біткеннің арғы-бергі сардарларының көз алдында өтетін болды-ау, – деп, Қойгелді қасындағылардың бір қартаңдауы бәріне естірте сөз тастады. Бұл осы дулат-шымырдағы ескілердің бірі – Сәмбет баласы Қосы батыр еді. Алпысты алқымдап, шау тартқан туысын Қойгелді соңғы кездеүнемі қасында ұстайтын. Себебі, бұл мына Қойгелділер тумай-ақ Жоңғарияны Батыр қонтайшы билеген заманда Қаратаудың күнгейінде өткен қазақ-қалмақ қақтығыстарының біразына он бес жасынан араласып, сартап болған жан. Қару ұстауға, шайқасқа кіруге әлі де қауқары жетерлік, тек Қойгелді оның қысылғанда ақыл берерлігі бар қасиетін жоғарырақ бағалайтын. – Сірә, Әбілхайырдың мына ентелеуі әнеукүнгі біз естіген, Кіші жүз Тайлақ батырдың абыройының артуына анық айғақ, шамасы. Әйтпесе, Әбілхайыр бұлай қарай құстай ұшпас еді, – деп, Қосы батыр қайта дабырлады. – Ағасы-ау, Әбілхайыр бері қарай неге құстай ұшпасын, ол алшындардың емес, күллі қазақ әскерлерінің бас сардары емес пе? – деп, жас жауынгерлердің біреуі оны жазғырғанға ұқсады. – Сонда да болса. Қойгелді бұл сөздердің бәрін естіді. Кішкентай мұрты мен салбыраңқы иектің астындағы шоқша сақалы дір-дір етіп, бұл енді екі жаққа да жалтақтауды жиілетті. Тек көздеріндегі қаћар мен ірі денесіндегі сабырлылық қана тізгіндеп ұстап, әлдебір ойсыз қимылдан сақтандырғанға келіңкірейді. Қанша күн жегенмен де өңіндегі сарғыш рең шодырайған бет сүйектерінің кейбір қалтарыстарынан байқалып қалатындай. Әсіресе, арыбері бұрылғанда солай. Ол шайқас барысын жіті қадағалап тұрып та арт жақтағыүлкен ойыста Жолбарыс хан, Төле би, Саурық тобының кілт кері бұрылғанын, арғы аласа қырқадан Әбілхайырдың мол шоғыры көрінгенін ғана емес, екі шоғырдың бір-бірімен тоғысқанын, амандық-саулыққа уақыт оздырмай бірден Байбике биігіне көз тігіскенін, сосын бәрінің бұрынғыдан да көлемі ұлғайып, бері Байбике етегіндегі табанға құлағанын түгел көрді. Жас жауынгерлердің бірі Қосыға бұрылып: – Ақсақал, сіздің жаңағы айтқаныңыз айдай келетін болды. Бәрі бері жыбырлады ғой, – деді. Бұл сөзін Қосыға арнағанмен Қойгелді естісін дегендей самбырлады. «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» дегеннің кері. Шынында, Әбілхайыр сынды атышулы бас сардардың тайлы-таяғымен бұларға жақындауы Қойгелдіүшін айрықша мәні бар оқиғаға айналғандай.

Бұл енді екі дүркін сынға түсетінге ұқсады. Көздеріндегі қаћар оты бұрынғыдан да лапылдай жанды. Араларында Қосы бар қасындағылардың бәрін ертіп, шайқасушыларды айнала шауып: – Жаратушы ием! Аллам! Аллам! – Аруақ! Аруақ! – Бәйдібек ата! – десіп, өз жауынгерлеріне рух, жігер беруге жан ұшырды. Бірақ бұл да аса оңтайлы іс емес еді, себебі, тақтайдай тегісі жоқ, ойқыш-ұйқышы мол мына беткейде қазақ-қалмақ додасының етек-жеңі тым ұлғайып кетті. Бір пұшпағындағыларға жігер бергенмен оны естіп жатқан өзгесі жоқ. Осы тұста Қойгелдінің есіне Саурық ескертпесі оралды. Теріскей жақтағы Тереңөзек сайына жалтақтады да олай домалаған қазақ-қалмақтың ешқайсысын көрмегесін әлі де өз шоғырымен айнала шауып, құдай мен аруақтарды атап, өз жауынгерлеріне дауыстаумен болды. Бір кезде Байбике биігінің орта тұсынан екі араның ашық екенін пайдаланып, бері қарай біреу құстай ұшты. Сірә, ол Қойгелді тобын алыстан таныса керек: – Қолбасы аға, сіздің ініңіз Ақшаға өндіршектен оқ тиіп, аттан құлады. Әзірге балаңыз Қарабатыр соның қасында! – дегенді аптыға айтты. – Қай жерде? – Анау жалғыз бұтасы сорайған төбешікті көрдіңіз бе? Соның арғы ойысында. – Осыны жеткізді де қара терге шомылған атын кері бұрып, қайта шаба жөнелді. Қойгелді онсыз да мына шайқасқа өз басының да кіруіне бір түрткі тілеп тұрған. Мына хабаршы онысына тіптен май құйды: – Қосы аға! – деп, айғайлады ол кенет. Қосы батыр, өз есімін естігенде қалпақтай ұша жаздағансып, астындағы құласын екі-ақ секіртіп, мұның қасынан табылды. – Қосы аға! Сіз менің орныма мына мыңдыққа басшылық жасайсыз! Мен шайқасқа кіремін! Артық сөзге орын жоқ, Қосыға төрт жауынгерді ғана қалдырды да өзгесін түгел ертіп, Қойгелді жаңағы хабаршы жігіт нұсқаған төбені нысанаға ала сатырлата жөнелді. Бірақ бұлар тура жете алмады, шайқасушылардыңүлкен бір түйдегі кесекөлденеңдей кетті де Қойгелді амалсыз солардың ортасынан өздеріне жол ашуға кірісті. Бұл сондағы қазақ жасақшыларынаүлкен көмек еді. Алайда, бұлардың түйдегіне әлдеқайдан шегіншектей жеткен екінші түйдек қосылды. Енді бұл тұсүлкен аласапыранға айналды. Сірә, қалмақтар жағы басымдау ма, майдан ортасы жаңа Қойгелді шауып шыққан жаққа қарай ығыса бастады. Енді бір мезетте әлгі ақшулан батыр Қосы Сәмбетұлы мыңбасылыққа қалдырылған жерде бұрқ етіп мол шоғыр пайда бола кетті. Ия, бұл оларға бас сардар Әбілхайырдың қосылуы еді. Енді оның айналасындағылар, исі қазақтың дерлік ығай-сығайлары Қойгелдінің мына өз басының әрекетін шынында түгелімен өз көздері арқылы бақылауға алды. Оның Қойгелді екенін мына тіл мен жағының безі бар кексе неме – Қосы табанда баяндаған. Ол жағын Қойгелді арқасымен-ақ сезгендей.

Адамның бір құдіреті оның бұлшық еттеріне, буын-буындарына, сондай-ақ ақыл-ой, сана, түйсік, көз, құлақ сияқтыларына шамадан тыс зіл түскенде өзінде жоқ қосымша қабілет, күш-қуатты тауып алатыны бар. Көктен құдай, аруақ жібере ме, жоқ, адамның өзіне беймәлім бір қалтарысында ондай атты өз сағатын күтіп, жасырулы жата ма, қалайда ілуде-шалуда бір, аса ауыр сын сәттерінде осылай бұрқ көтерілетіні бар. Міне, Қойгелді тап сондай күйді кешуде еді. Дәл осы мезетте бас сардардың қасындағы Төле би тықыршып, Қойгелдінің кіші інісі, мұндағы ту ұстаушы Қошыққа жалтақтады: – Тәңірім-ай, менен бір жаңсақтық кетті-ау! Қойгелді мыңбасылыққа мына сартап немені қалдырыпты! Сен жоқ болғасын сөйткен ғой! Сонда да сен туды анау Құттыбайға тапсыр да Қосының қасында тұршы! Ол кәртамыс неме, кім білсін?! – деп, ызғарлана дікіңдеді. Қошық бидің айтқанын істеді. Дулығасының астындағы қабағын кіжірейте Байбике биігін бақылаған Әбілхайырдың сыртынан екі атты бері бөлінді де Төле бимен қатарласа тоқтады. Бұл Барақ сұлтан Тұрсын ұлы мен әлгі Хиуа хандығының тағына құйрық иіскетіпүлгерген, әрі бас сардар Әбілхайырға күйеу бала есепті Батыр сұлтан Қайып хан ұлы еді. Дулығаларын маңдайларына баса киген, сақал-мұрттары әбден өсіп, шоштиған бұлардың түр-түстерін бір-бірінен ажырату да қиын. Тіпті сырттанүңілген кейбіреулер оларды мінген аттарына қарап қана бөлежаратын. – Оқасы жоқ, Алтын Жәкем, талай қырғынды көріп, көзіміз қанықты ғой, сіздің мына туысыңыздың дұшпан ортасында ойран салуы бөлек! Құдай қаласа тап осы жолғы абырой қазақтікі, – деді Барақ сұлтан Тұрсынханұлы. – Тіл ұшына іліктіргенің Қойгелді ме? – деп, бұл жағын Батыр сұлтан Қайыпұлы пысықтай сұрады. – Енді кім ғой деп едің Қойгелді емегенде? – Барақ сұлтан өз тұрғыласына бір түрлі зілдене көз тастады. – Бұл жорамалыңды мен құдай сөзіндей қабылдауға әзірмін! Әне, әне, сен айтпасаң да ұлы бидің туысы, Алтын Жәкемнің бас батырларының бірі Қойгелдінің шоқтығы көрінді. Ата жаудың қалыңына кіріп, жайратуда! – деді Батыр сұлтан. Бұл Батыр сұлтанның көргені Төле биден де қақас кетпеді. Қойгелдінің қодас құйрығы шаншылған дулығасыныңүшкір төбесі көкке атылған таяқтай бірнеше мәрте белгі берді. Бұл кезде Ұлы жүздің сардары Саурық та Төле биге жақындаған. Жаңағы Барақ сұлтан мен Батыр сұлтанның арасындағы сөз алмасуды бұл да естіген. Кенет қарсы беттегі ұлан-асыр көрініс қанша еліткенмен де Төле би мен Саурықтың мүлдем бөгде жай іштерін тескендей бір-бірімен көз түйістірді. Ия, бұлардың осындай қанқұйлы аласапыран оқиғаларға еттеріүйренісе бастаған ба, бұлар мүлдем бөлек жай турасында да бір-бірімен тілсіз ұғынысты. Ол жай мынау құдайдың қос еркебұланы Барақ пен Батыр сұлтандарға байланысты. Әу дегенде Әбілхайырдыңүзеңгілес серіктерінше жеткен екеуі бстапқыда ауыздарынан леп шығармай көбіне қалыс қалумен

екшелген. Бірте-бірте ол дағдыларынан айығып, енді белсенділік аттымен майша сіңіскен. Төле би мен Саурық осы жағын көздері арқылы бір-біріне баяндасты да іштеріне түйісті. Кіші жүз еліне жиен есепті Саурық базыналық жасағандай алшын төрелерін ащы тілмен шақса да орынды, тек аттың жалы, түйенің қомында пәле іздеудің не жөні бар? Бұл әрі Саурықтың ойы онға бөлінген кез ғой. Ия, осындай науқанүстінде де Батыр мен Барақ сұлтандар мұндағы кейбіреулердің көз бен тіл ұштарына іліккен. Өткендегі хикметтері «Мың бір түн» оқиғаларына ұқсағасын ба, әйтеуір, солай. Тіпті тап қазір бұлардың бас сардар Әбілхайыр маңынан табылып, ойқастаған түрлері де біраз қырағылардың көз еттерін ауыртқан. Енді қалай? Осыдан бес күн бұрын ғана Әбілхайыр түстіктегі Кіші жүз жасақтарына аттанғанда өз маңындағылардыүш топқа бөлді емес пе? Сол бөліс бойынша Барақ пен Батыр, мына әйгілі қолбасы Қанжығалы Бөгенбай, Жолбарыс хан, Сәмеке хан сияқтылармен бірге өздерінен кейіндеу жылжыған Үлкен ордадағы ұлы хан Болаттың қасында болуға тиіс. Болат оқта– текте демесең шайқас маңына көп жуымады. Бұл бір жайдан «алдағыны кім болжапты» деп, қауіпсіздік жағын көбірек ойлаған бас сардар Әбілхайырдың қалауына орай еді. Қанжығалы Бөгенбайдікі түсінікті. Әбілхайыр солай бөлгенмен де алғашқы күнде-ақ Бөгенбайдың ұлы хан қасында байыз таппасы анықталды. Жағдайдың өзі де соған мәжбүрледі. Тіпті Әбілхайыр бүкіл қазақ қолының екінші сардары есепті адамның ұлы хан Болаттың қасында омалуын неге қалайды, оған басқалар да бар емес пе? Осының өзі де түсініксіздік. Осының мән-жайын Әбілхайырдан сұрағандар да табылды. Ал бас сардар: – Қазірүш жүздің қолыүш тарапта, бір тудың астынан басқарамыз деп, қимылына шектеу қоймайық. Бір мәрте еркіндік берейік. Қанаттарын қомдап, самғап ұшып көрсін! – деп жауап қайырды. Бәрібір тап осы ретте бас сардардың айтқаны орындалмады. Бөгенбай ұлы хан қасында бір-ақ түнеді де майдан даласына қайта келді. Ұлы жүз бен Орта жүз шеріктеріне қабат қатынап, Болат ханмен тек хабаршылар арқылы ғана тілдесті. Бұған қоса Әбілхайырдың алабөтен мінезі Саурық пен Қабанбайды ғана емес, арғын батырын да аз-кем жүйкелеткен. Бас сардардың кәлласында қандай қиял, қандай ниет жүйткіді екен? Әлде бір пендешіліктің шырмауына оралды ма? Содан сезіктенгесін де Бөгенбай қазір осында. Ал Батыр мен Барақтікі не? Олар негеүлкен орданы тәрік етіп, оттың маңына қарай өңмеңдейді? Екі еркебұланның сырт пошымдарында да сондай бір жазу бар ма, әйтеуір күрт оянған белсенділік мінез-құлықтарына жапсырылған жамаудай жалбырайды. Әлде Батыр мен Барақ атты қос сұлтан әзірге басымдық қазақта дегенмен де соғыстың ұзаққа созылуынан Әбілхайыр абыройының кетілгенін көре ме? Қарадан шыққан батырлардың аруағы асқанын танып, осы бастан олармен әкей-үкей болмаққа тондарын айналдарып киді ме? Міне, қазақ билеушілерінің арасында сондай бір саясат ойынының қылаң бергені ақиқат. Бірақ оның бәріне Саурық қалай бойласын?

Әне, Байбикенің артқы етек жағынан баран атты біреу тырмыса көтерілді. Бері жазаңға шығысымен-ақ бар пәрменімен қосаяқтата шапты. Саурық оның басқа ешкімге емес, тура өзіне келе жатқанын жүрісінен-ақ танып, өз тобындағылардан бөліне қарсы жүрді. Үш оққағар Саурықты қоршауға алғанмен де сардар оларды қолымен кері жайқай атын шоқыта жөнелді. Жаңағы шынында Саурықты іздеген жан екен. Мана Қойгелді бастаған дулат-шымыр қолы ұрысқа кіргенде сонау түстік бетте бұлармен бір мезгілде дерлік көтерілген шанышқылы мыңдығы еді. Мынау солардан жеткен хабаршы. Саурық оның ақпарына мұқият құлақ тосты да өз тарапынан қайтарар жауабын тез айтты. Хабаршы кері бұрыла атын тепектете жөнелді, ол көзден өшіп болмай сол Байбике биігінің артқы құламасынан сәл теріскейлеу беттен екінші хабаршы төбе көрсетті. Ол әлгі қалмақтар от қаруын іске қосса сол маңға қарай лап қоюға тиіс ошақты жасағының адамы екен. Саурық онымен де оңаша қауқылдасты да оны да тез кері қайтарды. Ұлы жүз сардары бері беттегенде сынапша сырғыған Әбілхайыр тобы шашырай жақындап, оны бірден қоршауға алды. Жаңағы екі хабаршынікі не жай екенін білгісі келген еді. Саурық ол жағын тез баяндады да баршасына естірте: – Шанышқылының қолы сәл алға жылжыпты! Әттең мына шымыр мыңдығы басым түссе арқамыз қозып, анау алдағы Белүстіртіне бүгін-ақ барып, табан тірер едік! – деді.

* * * Ия, Белүстіртіне жету бүгінде Ұлы жүз жасақшыларының еңүлкен арманына айналды. Шайқастың шүңейт иіріміндегі Қойгелді қазір бәрін ұмытқан, бар көздегені мына доданы бұзып-жарып, інісі Ақшаға жету. Қойгелдінің өзге туыстардан бір ерекшелігі мұнда тақуалық, ырымшылдық басым. Егер құдай мұны осы соғыста шәйіт кетуге жазса қалайда алдын-ала бір белгі беруі шартты дүниедей. Әзірге ондай жоқ, демек қорғаушы пірі қасында. Сол тақуалығынан да ма, бұл әнеукүнгі жекпе-жектер, одан кейінгі аласапырандарүстінде әлгі Сабалақ атты баланың төбесінде аппақ құс, әлде аппақ ту сияқтанып желпілдеген нәрсені қазақ жебеушісінің баламасындай көріп, оған ерекше мән бергендердің сапында. Мұның ойынша жеңіс сөз жоқ қазақ жағында, тәңірім өз пенделерін текке алдарқатпайды. Тек ол жеңіске жетуүшін мұсылман баласы ащы тер шығарғаны жөн, тегін жатқан дүние жоқ. Бұл қазір де осыған ұқсас ойларды ішінде түйдектеп, кенет Ақшаға деген туыстық сезімнің он есе, жүз есе ұлғайып кеткенін түйсінді. Әрі әнеукүнгі Ақшаның «түс көрдім, әкем Сарт қасына шақырды» дегені ойына оралып, мұның ырымшылдығының отын одан әріүрледі. Қойгелді енді екі майдандағы шайқасқа көшкендей. Бірі жауға қарсы да, екіншісі Ақшаны ойлаған ішкі әлсіздікке қарсы. Мынадай кескілесүстінде қазақтың да, қалмақтың да бет ажарын ажыратпайсың. Қап-қара тер жауып, қас-қабақ, мұрын, ауыз, сақал-мұрт атаулыны өшіріп жіберген. Тек ара-тұра сол өшкен дүниелердің қоқсығынан

найзағайша шатынаған көздерді ғана шалуың мүмкін. Шабысушы екі жақ бір-бірін көбіне дулығаларына, оң жақ қарларына байланған шүберектеріне қарап, таниды. Әсіресе, қалмақтардың тазкепеш атанған жатаған дулыға киюі қазақтарға көп жеңілдік әпергендей. Әрине, қазақтарда көбіне төбесі шошақүшкір келетін құрама дулыға, тұтас дулыға, қаттама дулыға, томағалы дулыға дейтіндермен қабат тақия тәрізденген телпек дулыға дегенің де бар. Бірақ ол некен-саяқ, тіпті барларының өздері де қалмақтардың тазкепешінен алабөтендеу. Түз қазақтарының өткір көздері оларды оңай айырады. Демек, жаңылысу аз. «Үйренген жау атыспаққа жақсы» деген қазақ мақалы осыдан туса керек-ті. Майдан алаңы тұтасқан бір шоғыр емес, Байбикенің ойқы-шойқысын алашұбарлаған, әлденеше жерден қазанша қайнап, буы бұрқыраған өтеүздіксоздақ көрініс еді. Оны бір орыннан бақылау да қиын. Сосын да Қойгелдіні алмастырған Қосы батыр, оның сыртындағы исі қазаққа мәлімүлкен сардарлар қайта-қайта орын ауыстырып, бас-аяғын көз ауқымдарына сыйғызғысы келеді. Түп мақсат тереңіректе. Шынында бұл сардарлар шоғыры, ондағы ту ұстаушы Құттыбай – бәрі әлем-тапырық ойранға белшелерінен батқан қазақ жауынгерлерінің көздеріне шалынғысы келеді. Сөйтіп, оларға жігер беруді көздейді. Оларға тап қазір басқаша ықпал етудің амалы да қалмағандай. Ия, қазақтарүшін солай. Бірақ қалмақтар ондай амалды тауыпты. Кенет Байбикенің түстік бетінен екі дүркін атылған зеңбірек добының жарылысы естілді. Әбілхайыр маңындағылар дүр сілкіне шашырай жайылып, қайта иіріле қоздана тұрысты. Аттарының құлақтарына дейін шаншыла зобалаңның көкесін күткендей еді. Оларды Саурық саябырсытты: – Бұлар қазақтардаүрей тудыруүшін жай далаға атып жатыр, – деді. – Біз түсіндік-ау, ал анау қайнаудағы жанкештілер солай түсінер ме екен? – деп, Жолбарыс хан өз күдігін білдірді. – Мұндайдың да боларын құлақтарына сан рет құйдық қой, кім білсін? – деп Саурық Ұлы жүз ханына бар кеудесімен бұрыла жауап қайырды. Жолбарыспен қатарласа шоқталған, қабақтары түйіңкі, Байбикенің молүстіртін баққан Әбілхайыр, Батыр, Барақ, Төле би, Қанжығалы Бөгенбай, Хангелді, Сатай, тағы басқаларға көздері түсіп еді, олардың да көкейлерін сондай күдік тескенін аңғарды. – Аллам артық көрмесін, тап мына Қойгелді батырдың қарқыны жақсы. Оң қабағым тартқандай ма, қалай? – деп, Қанжығалы Бөгенбай әр сөзін шегелей өз түйсігін көпке таратты. Әккі де қырағы қолбасының бұл байқампаздығы басқаларға демеу. Әттең осындай демеуді анау айқасушы әрбір жауынгерге жеткізсе ғой. Бірақ ондай олқылықты Қойгелді толтыруда. Ия, тап қазір мынау қиян-кескі арпалыс ажарын көзбен танитын кәнігі сардарлардың, хан-сұлтандардың, билердің бәрі Қойгелді мыңдығының қимылына көпүміт артты. Басқа беттегі шайқас барысы да көзге көрінбейтін қыл, жіптер арқылы осы Қойгелді мыңдығының іс-әрекетімен байланысты

екенін бұлар анық таныды. Оны Саурыққа келіп түсіп жатқан ақпарлар да айғақтайды. Кенет Қойгелді араласқан тұс таудан құлаған лай судай жыртылыпайрылып, ары сырғыды. Бұл Байбике биігінің өзге бұлың-бұлыңдарында айқасушыларға да әсер еткендей. Мана хабаршы жігіт нұсқаған, мұның інісі Ақша мен баласы Қарабатыр қалған, сонау жалғыз бұтасы сорайған төбенің арғы ойысына қарай Қойгелді осылай жол салды. Батыр атағы бұрын да шыққанмен мынау Қойгелдінің нағыз жұлдызы жанған сәт еді. Бүкіл Байбике биігіндегі алыс-жұлыс атаулы тегіс ары сырғыды.

* * * Ақшаның халі өте ауыр. Найзасына сүйеніп, тікесінен тік серейгенмен айналаны нашар көре бастаған. Тек құлағы сау. Найза мен қылыштың шақшұғы, қазақ пен қалмақтардың аузынан қабаттаса шығатын айғай,үзеңгілердің сарт-сұрты, ат тұяғының дүбірі – бәрі қосылып, Ақшаның екі құлағын ызыңдатып, ойып бара жатты. Басқаға шыдаса да осыған шыдауға әлсіздік ететіндей. – Аға! Мына атқа мініңіз! – Бұл Қарабатырдың даусы. Ақша бұл сөздің өзіне арналғанын сезсе де ол атты көре алмады, тіпті көрген күнде де оған жармасып мінуге шама қайда? – Қап әттеген-ай! – деген Қарабатырдың бала даусы қайта шықты. Сірә, ағасы Ақшаға ұсынған атын басқа біреу иемденді. Баланың қатты өкінгеніне қарағанда ол жау тақымында кетті. Әрі Қарабатырдың аласұрып, қылышпен бе, жоқ найзамен бе, әйтеуір жауды кейін жасқап, мына ортада қос аяғына күш түсіріп, тікесінен тік шаншылған өзін қорғауда екенін де сезді. Мұның өзі жылға созылғандай Ақшаүшін шамадан тыс ұзақ уақыт еді. Кенет тосыннан тағы бір ащы айғай құлақ жарды. Бұл Ақшаның тұлабойын серіппелі темірдей дүр сілкіндірді. Сонымен қабат ішіне бір жылы ағын барғанға да ұқсады. Бірнеше жерден сыздаған тән жарасына емшінің жұмсақ алақаны да тигендей. Бұл өз ағасы Қойгелдінің даусын таныды. Ия, Қойгелді тірі болса інісі мен баласын жау құрсауында қалдырып, жайбарақат отыратын жан емес. Бұл пәни тірліктен қолүзіп бара жатқандай шақта мұны әлдекім қол бұлғап қайта шақырып алғанға ұқсас күйді бастан кешті. Әне, Қойгелдінің даусыүсті-үстіне естілді. Ақша оның өзіне жақындай бастағанын да білді. Енді бір мезет Қойгелді мен Қарабатырдың шақ-шұқ, аћ-ућі қосарлана шықты. Қойгелді жаумен айқасып жүріп ашық алаңқайда жалғыз діңгектей қақшиған Ақшаның түрін көріп, оның халінің ауыр екенін ажыратты. Әнеукүнгі әкесі Сартқа байланысты оның түс көрдім дегенін есіне алып, бұл табанда бір жамандықты сезгендей жаумен одан әрі жұлқына араласты. Осындай алыс-жұлыста да әлденеденүлкен әкесі Шахан би ойына оралды. Өз туған әкесі Сарттан гөрі солүлкен әке, бұларға ата Шахан би әлдеқайда аруақты көрінді. Бұл кезде Қарабатыр астындағы қара терге малшынып, түсі өзгеріп кеткен манағы сары кідір қызыл атын ойқастатып, мұның ту сыртында арпалысуда екен. Сірә, ол Қойгелдіні қорғаушы оққағарлардың

санатына кірген. Енді Қойгелдінің көз алдында жау сұлбаларымен қосақабат атасы Шахан би, інісі Ақша, баласы Қарабатырүшеуінің бет-жүздері суда қалқыған жапырақтардай жүзіп жүрді. Кенет тағы бір жойқын қимылүстінде Ақшаның айналасы жалаңаштана берді. Міне, сол сәтте Қойгелді өзінің тұлабойынан тағы бір қуат көзін тауып, кейінгі ұрпақтың есінде қалған атақты сөздерін айтты: – Әй, атасы бөлек Қарабатыр, кәне аттан түс! Ақша бауырым, кәне, сен атқа мін! Қарабатыр екі сөзге келген жоқ, әлдекім өзін ерүстінен жұлып әкеткендей жерге секіріп құлады. Қойгелдінің екі-үш оққағары Ақшаның қамымен кетті. Біраз жан алып, жан берістен соң Қойгелдінің өзі де додадан шығып, жаралы Ақшаны сүйемелдеп, сары кідір қызыл атқа мінгізіп, шетке әкеткендердің жұмысын бақылады. Бұл жұмыс тиянақталған шақта әлдебір жас жауынгер: – Қолбасы аға, балаңыз Қарабатыр жау ортасында жаяу қалды! – деді. – Білемін! Білемін! – деп, Қойгелді танауы делдие жауап қайырды. Көзі жәудіреген баласын елестетіп, ащы ішімдікті өзегін қарыта жұтқандай толғата бір ыңыранды да айналасындағы топқа бұйрық айтты. – Кәне, жауға қайта кіреміз! Есі кіресілі-шығасы болғанмен құлағы сау Ақша осының бәрін естіпбіліп жатты. Тап қасынан Қойгелді тобының тасырлата жөнелгенін сезді. Мұның астына екі-үш киіз тоқым төселген. Сонда бір қырынан сұлаған оның көзіне ештеме көрінбейтін еді. Тек бәрін құлақпен естіп, ойша саралауға көшкен. Әлдебір емшілер мұның тұлабойына қол жүгірткендей. Бірақ дәл оның ендігі жерде Ақшаүшін келіп-кетері шамалы. Бұл енді бар таянышты ойына оралған жәйттерді қызықтаудан тапқандай. Кенет бір сүйкімді елес мұны жетегіне алды. Әне, бұл өзіне бір қырын беріп, тас шамның жарығында бала емізіп отырған өзінің жас келіншегін көрді. Ия, қырынан қарағанда ол тым сұлу екен. Осы жағын ол тағы байқады. Әне, емшекке жабысып, оны жұтына емген, көзі жұмулы кішкентай сәбиі Бекболат әбден ашқарақтанып қалғандай. Анасының тырсиған емшегі аузынан шығып кеткенде жұмулы көздеріне, бетіне сүт шашырайды. «Іңгәлап» жылап, жұлқына аузымен емшекті іздейді. Оны тапқанда қайта тынышталады. Іргеде ұйықтаған Өтеболатты ғана көз алдына келтіре алмайды. Бәрібір томпиып жатысын тамашалағандай саябырсығысы келеді. Осы уақыттарда «қайран жарым, кімдерге қор боларсың, қайран шырақтарым, кімдерге жем боларсыңдар» деген сауал дәл осы күйде болмаса да соған қатты ұқсастықпен көкірегіне ұялады. Кенет соған жауап ретінде сол көкіректе әлдекім қос бауыры Қойгелді мен Қошықтың, Қойгелдіден туған Қарабатырдың бет-бейнелерін әкеп қамағандай. Ия, олар тіріде бұл уайымың орынсыз дескендей. Ақша осылай бір тәуліктен аса жатты. Осы уақытта Қарабатырдың да аман-есен шыққанын, жаудың ойсырай жеңілгенін, Қойгелдінің қисапсыз абыройға кенелгенін, оған Төле бидің мол ризылықпен бата бергенін – бәрін естіді. Ия, Төле бидің:

Қойгелдім, жай қолыңды, Алла оңғартсын жолыңды. Қылышпен жол сап ағыздың Маңдайды басқан сорымды. Ата жолын қуған ұл, Алашқа әмсе пана бол! Ел-жұртыңа ұран бол! – деп басталатын атақты толғауы осы жолы туып еді. Ертеңіне түс ауа Ақша ақірет сапарға аттанды. Тәуіп Қойгелдіге: – Ініңіз Ақша тоғыз жерден жараланған екен, – деді. Алдында кесекөлденең сұлаған інісінің денесіне тесірейіп, тікесінен тік қатып-семген Қойгелді өзін әлденеден кінәлі санады. Сол кінәсі тұлабойына у боп тарағандай. Соның қысымынан күшпен құтылғысы келді ме, тіл мен жағын әрең икемге келтіріп: – Қайтейін, әнеукүні түс көрдім, түсімде марқұм әкеміз алақанының қырымен санап тұрып, денемді тоғыз рет қаққылады, сосын білегімнен қыса ұстап, өзімен бірге әкетті деп, маған зар илеп еді. Мен түс түлкінің боғы деп, жұбатып едім, қайтейін көргені түс емес шын болды, – деді. Бұл соғыста шәйіт кеткен жалғыз Ақша емес, сонда да Қойгелді оның өліміне өзін кінәлі санаған сыңайдан көпке дейін арыла алмады. Ақшаның денесін атажұрт Ақкөл мен Билікөлге апарып қоюға шама қайда, өзге құрбандықтармен бірге оған да осы өңірден топырақ бұйырды. ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Қазақ қолбасыларының «Белүстіртіне табан тіресек, шіркін», деп ауыздарының суы құруы тегін емес екен. Құлақшыннан ығысқан қалмақ әскері бұл Белді екі-ақ күн ұстап тұра алды. Қазақтар бұл жерде тың күштерді көптеп пайдаланды. Шу жағалауынан жеткен Өтеген мен Қалы батырлар осы жолы соғысқа белшелерінен батты. Тек Хангелді немересі Райымбекке қарасты мыңдықтар ғана әлі де шегеріле тұрды. Бұл Ұлы жүз сардары Саурық Қайдауыл баласының шешімімен атқарылған шаруалар. Екі қанаттағы Орта жүз бен Кіші жүз жасақтары да сол тектес қимыл-әрекеттерді жүзеге асырды. Қазақтар өз жеңістерінің баянды екеніне сенгені соншалық, Қордайдың желі әкелген, түнделетіп жауып өткен жаңбырға қарамай, Белүстіртіүшін өткен екі күндік соғыстан кейінгіүшінші күннің сәскелігіне таман Әбілхайыр тыныстайтын Кіші Орда осындағы ең бір көк шалғынды төскейге апарып тігілді. Жай тігілген жоқ, жез бұрандалы шаңырақ, уықтары жаңа ғана тазарып, ашылған аспан шырағына жарқырап, ақ киіздері көз қарықтырып, барлық сән-салтанатымен орнатылды. Сол күннің ертеңінеүш жүздің күллі қолбасылары осында шақырылды. Бұл шақырылғандардың ішінде Ескелді де бар еді. Жалайыр биінің ерткені өзінің ежелгі серіктері Қабан жырау, күшік Жолбарыс би, андас Тәттібай мерген, сиыршы Малтабар батыр, мырза Тұрлымбет, Есенбай.

Бұған қоса отызшақты атшы-оққағарлар және ілескен. Көкпеңбек төскейдегі Кіші Орданы, ақ жұмыртқадай сәнді де еңселіүйлерді, олардың айналасындағы аттысы, жаяуы аралас ию-қию көпшілікті көргенде Ескелді тобы өздерін тап бір тойға келе жатқандай сезінді. Бірінші мазасызданған Қабан жырау: – Апырау, бас сардар жаудың тап иегінің астына кеп, ойын-сауық құратындай жайғасқан ба? Мынауы жаратқанның тым тәуекелшіл пендесінің қылығы ғой. Оның сөзін Малтабар тіптен далитты: – Жырынды қолбасы Әбілхайыр қалмақтың от қаруының айналасын шыбық тисе шыңқ етеріне айналдырайық деп, құлақтың құртын жейді. Ал өз ордасын күнге шақырайтып, жаудың көз алдына тосады. Біз енді жауға бір алақтап, мына Кіші Орданы тіміскілеген жаудан қайтсек қорғаштаймыз деп, екі алақтап, қызыл танау, алашапқын болып, шатымыз айрылмай ма? Бұл әрі бір есік, бір тесіктің заманы ғой. Ондайың мұндайда туады. Осындағы жасы да, жолы даүлкендердің санатындағы Тәттібай мерген де екі тұрғыластан қалыспайын деді ме, бұл да өз күдігін көлденең тартты: – Жаман айтпай жақсы жоқ, қалмақтардың жалғыз қурайды паналап келіп ататын небір мергендері барлығын шамаладық. Мерген мерген ғой, ал әлгі от қаруын сай-саламен сүйретіп, бой жасырып жетпесін. Ондай пәленің беті аулақ! Бетін аулақ қылсын құдайым! Ондайда мына Кіші Орданың пәрше-пәршесі шықпай ма? Егер орынсыз көйітсем тіліме теріскен шықсын! Жалайыр қосындарының бұлүш бетке шығары бүйтіп абыржығанда бұған дейінгі Құлақшын атты мекендегі Байбике биігі мен Тереңөзек сайының бірнеше рет қолдан-қолға өткенін еске алысып еді. Құлақшыннан гөрі биіктеу, жасыл шалғынды төскейлері шалқайып, етек-жеңін кеңге салған, көркі көз тойдырарлық, жанға жайлы қоңыр салқын самалы да қойны-қоншыңа емініп соғатын мынадай тамаша қонысты ата жаудың опоңай бере салғанына бұлар бір түрлі секемдене қараған. Қалмақтардың бір сәтке алдартқанға ұқсаған қылығына балаған. Бұл сөйлегенүшеудің соңғы бір айда түрлері адам танымастай өзгерген. Күн мен жел, белгісіз түзде ертоқым жастанып ұйықтау, ас-судың жетімсіздігі бұларүшін таңсық емес, сөйте тұра соңғы бірнеше аптаның әпселеңі, соғыс, мазасыздық бұлардың сүйек пен терінің арасындағы мәзірлерін біржола сорып әкеткендей. Қабан жырау мен Тәттібай мергеннің онсыз да арық бет ұштары шодырайып, оған тіпті сақал-мұрттары да бүркеу бола аларлық емес халге жеткені өз алдына Малтабардың дөңгелекше жүзінде тарам-тарам сайлар сойылып түскен. Бұрынғы етжеңді денесі де қушиып,үстіндегі сауыты қу ағашқа кигізілген киімдей желп-желп етеді. Бұлүшеудің көздері де сондай, майталман жыраудың, ақшулан батырдың, сұр мергеннің көздері дейтін емес, шел басқандай сұйылған. Тек бұл сұйылудың белгілі бір бағдары, нышаны бардай. Үшеуінің де көздері бұрынғы қалыптарынан айнып,үшеуіне ортақ бір кескінге тіреліп, тоқайласқандай. Иә, бұл көздердегі өзгерістің мәні солүшеуінің де жанарларының арғы тереңінен бірер тамшы жастың тепкіні білініп, ол бері

шығуға сұранғандай жансар жылтырайды. Тек бәрібір қайратсыздық, тауы шағылғандық аттыменүш қайнаса сорпасы қосылар емес. Бұл ортада ешбір құқайдан сыны бұзылмаған, сыр бермеген Ескелді ғана сияқты. Сексеуілдің діңіндей қатқыл, әрі сол түстес ұзынша бет әлпеті, күйкентайдың қос қанатындай қабағы, отты қарасы, кескен теректей денесі неше тамұғыңнан да міз бақпай өтемін дегендей сол баяғысынша. Тура қараған жанның тұлабойына діріл жүгіртерлік қуаты да өз орнында. Сәл-пәл жақ жүніүрпигенмен қырлы мұрны, иегінің астындағы қанжардай түзу сақалы жаңа ғана қайраудан шыққандай өткірленіп, ұшталып тұр. Атүстіндегі тепектеген жүріс бидің осы сымбатын басқаларға әдейілеп аша түсетіндей.

– Апырау, орда дегенің малдың жүні мен қу ағаш емес пе? Жаудың добы тисе қисайса қисаяр, одан қазақтың жүні қисая қоймас, Әбілхайыр осыны жетесіне жеткізе ойланып істеді ме деймін. Қайта осы Кіші Орданың ақтығы қалмақтардың көздерін ойып, іштеріндегіүрейдіүрлемесін, – деп қорытты Ескелді. Бұлар алғашында өздерін тойға келе жатқандай сезінгенмен мұнда жетісімен мүлдем басқа жағдайдыңүстінен шықты. Ақбоз арғымақтыңүстіндегі Әбілхайыр жиналғандарды ырқына көндіріп, ары-бері жосылтты да бір биіктеу тұсқа көтерілді. Қасында Қанжығалы Бөгенбей ғана бар. Тіпті ұлы билер, қалған қолбасылар, атышулы Қабанбай, Саңырық, Шақшақ Жәнібек, Сатай, Хангелді, Саурық сияқтылар, бұған қоса әлгі Жолбарыс, Батыр, Барақ сияқты төре тұқымдарына дейін бас сардарды айнала қоршауға алып, оған бір адамдай телмірісті. Әрқайсысының оннанжиырмадан атшы-оққағарлары бар емес пе, оларды қосқанда тап қазір Әбілхайыр айналасындағыларды күшті бір жасаққа балауға боларлықтай. Әбілхайырдың саңқылдаған даусы мынау Белүстіртінің жаңбырдан соңғы ашық аспан, таза ауасындай айқын естілді. – Уа, сайыпқырандарым, ата жаумен осынша күн аударыспақ, төңкеріспек ойнадық, енді оның шыбын жанын алақанға қондыратын кезең туды! – Уә, бәрекелде! – Жаса! Жаса! – Жаратқан ием жар бола гөр! – Араларыңдағы сан батыр, сан қолбасыны мен құшақтап өпкім келеді. Сендер ел сүйсінер талай іс атқардыңдар! – деп Әбілхайыр қайта айғайлады. – Алайда, аллам бұйыртса ұлы науқанның ең бір кескекті шағы қызылжасылды киінген бозбаладай, қыз-келіншектердей құлпырып қарсы алдарыңнан қол бұлғайды. Сол жас бозбала, қыз-келіншектердің қайратжігеріндей, құштарлығындай екі сөйлеуге жоқ, не сен, не мен дейтін, қайтпас қайсарлықтың алпауыт белгісіндей дүрілді құлағым шалады. Ол жетпіс жеті атамыздан бері жалғасқан атамұрамыз – ата жаудың шыбын жанын алақанымызға қондырайық, тек ұшырып алмайық. Ол шыбын жан неше дүркін алақанымыздан ұшты, неше дүркін қырғи болып оралды?

Айнала қолбасылар, атқосшылар қауымы тағы да гуілдеп басылды. Әбілхайырға керегі де осы сияқты. Мұндайда қолбасылар да, қатардағы жауынгерлер де бір-біріне жігер тастайтыны бар. – Мынау менің қасымдағы Қанжығалы Бөгенбей қазақтың бас батыры да, хас батыры да өзі екен! Мен осы кісінің түр-түсіне, іс-әрекетіне қарап, қазаққа енді жеңілу жоқ екендігін түсіндім. – Әбілхайырдың мұнысы сәл жұмбақтау сөздер еді. Сосын да баршасы алға ентелеңкірей сап тыйыла құлақтарын қалқита тігісті. – Мен қысқа сөйлейін, кеше түнгі селдетіп жауған жаңбырға, тастай қараңғылыққа пішту демей осы пайғамбар жасындағы Бөгенбай батыр қалмаққа барып, қалмақ болғанда анау-мынаусы емес, әлгі Шоқпардағы жекпе-жекте осы Бөгенбай батырмен тепе-тең түскен Аңырық батырдың шатырына кіріп, тың тыңдап, оның әлгі «шейіттер» дейтіні соққанүш мылтығын оқ-дәрісімен олжалап, әрі тіл әкелді. Тіл дегенде жай тіл емес, көптеуілде тұратын, Аңырықтың, Сары-Манжының екі арасында, айналасында болған сөздерге жақсы қанық, естігенін зердесіне тоқығыш біреуді әкелді. Жекпе-жекте Бөгенбаймен тепе-тең түскенмен осы жолы Аңырық ойсырай жеңілді. Енді қалай, оның ту сыртындағы біреуді талма жерден ұрып құлатып, ең бір керек кезде Бөген аға алдымызға көлденең тастады. – Ой, мен бұл сөзге сенемін! – Бөген ағаның бүйткеніне мен де сенемін! – Бөгенбай батырдың жер танығыштығы айрықша ғой! – Жол мен жөнді сілтеп отыратын киесі бар Бөген ағаның! – Тап бастыңыз. Көзге түртсе көргісіз қараңғылықта бұл кісі атүстінен жерде жатқан инені ажыратады! Жұрттың бәрінің назары Бөгенбай батырға ауған. Оны жаңа көргендей шашақты дулығасынан бастап астындағы жамбыгерінің тұяғына дейін көздерімен сүзісті. Осы әредікте жалайыр биі Ескелді тобындағы Тұрлымбет су ішінде өрт алған жалғыз қамыстай тосын күй кешті. Өзгелердей бұл да қос шырағын сол арғын батырына тіктеп, оның тұлабойындағы барлық белгілерді көгенге тізді. Кенет бұл байқағандарының бәрі басқаның қасында адырам қалды. Әбілхайырдан жұп жазбаған Бөгенбайға көп ішінен бір адам екі мәрте қатынап, әлденені құлағына сыбырлады. Басқаларүшін оның еш келіп-кетері жоқ, ал Тұрлымбеттің ішіндегі бір қыл өзекті сол тартып қалды. – Биаға, мынау әлгі, ақтабан шұбырынды заманның қарсаңында, мен Ташкент сапарынан қайтқанда, өздеріңізге талай жыр қылмап па едім, әлгі анау Қаратаудың қырқаларында қасапшының итіндей жалақтаған тобырымен мені пенде ғып, жоталығымды қамшымен тілген кісәпірдің өзі ғой. Иә, тап соның өзі! Басында дөңгелек бөркі ғана жоқ! – деп, Ескелді екеуі ен аулақта оңаша тұрғандай қаңқылдап кеп берді. Ескелді: – Тыныш! – деп, оның аузына қақпақ қойды. Бірақ Тұрлымбет бірден тынышталмады. Ол дөңгелек бөріктіні кейін де көріп, сөзбен арыздасқан ғой, тек осы жолы ішкі кек қайта қозданғандай. Бұл оның сол Қаратау қырқасында осы Бөгенбай мен әлгі «Әйт-шүу-кәй» әнімен бірүйлі жанды

ұйытып, түйелерін айдап әкеткен өнерпаз хақындағы әңгімелерін қазқалпында есіне алды. – Дегенмен мықты пері екен, түр-түсі әлі сол қалпында! – Ескелді жақтырмаса да Тұрлымбет осылай тағы жыпылдады. Дөңгелек бөріктің орнына басына ақ шүберек байлаған, қозғалысы ширақ ол неме анау Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың сенімін бұрынғыдан да мол иеленгенін байқап, Тұрлымбет одан сайын тықыршыды. Көпе-көрнеу тұлабойын әділетсіздік оты шарпығандай. Бұдан әріде Әбілхайыр, өздерінің сол Бөгенбай әкелген «тіл» арқылы нені анықтағанын баяндады. – Қазір Сары-Манжының әбден жүйкесі жұқарған шақ екен. Анау Алатау атты таулардан әрідегі, Жетісу атты өздерің ауыздарыңның суы құрып еске алатын мекендегі Жоңғария қонтайшысы Қалдан-Серенге, бас зайсандарынаүсті-үстіне хат жолдап, Іле дариясы арқылы өздеріне көмек жібреуін сұрап жатқан көрінеді. Бірақ олардан көмек жоқ, тек бір мәрте ғана жауап келіпті. Сонда, Алатау, тіпті Алтай атты таулардың арғы құлама беттерінде жоңғардың кіші Черен-Дондук,үлкен Черен-Дондук атты қолбасылары Қытаймен шарпысып, Қалдан-Серен солардың әуселесімен кеткен көрінеді. Мына Сары-Манжыға қол ұшын берер түрлері жоқ, шамасы. Мен бұл жөнінде ұлы хан Болатқа да хабар жөнелттім. Шындығында Әбілхайыр Қытай мен Жоңғария қақтығысын бұрын да естігенмен жете мән бермепті. Тек соңғы ақпар оған ерекше құлақ түруге мәжбүр еткендей. Ал мына Шу алабындағы қазақ пен қалмақ шайқасының ең бір қызу шағында бүйтіп күллі қолбасыларды өз ордасына шақыру сияқты қауіпті іске баруы тап осы жағдайды оларға өз аузымен жеткізбек ниетінен туған. Иә, Әбілхайыр Еділ-Жайық, Арал теңізі маңының адамы, шығыстағы жер жағдайын біліңкіремейді, сөйдеп ашып айтпаса да мына жиналғандардан ақыл күткен сыңайы анық. Бірақ ол күткен ақыл саудырап түсе қоймады. Себебі, Алтай тауы деген бұл қиырдан тым алыс, тап қазір ондағы қырқыстың мұндағыларға келіп-кетері жоқтай. Бұны Әбілхайырдың табандаақ іші сезді. Сонда да бұл шақырысыүшін өкінбеді, бәрібір аталмыш ақпарат естерінде жүрер, бүгін не ертең араларынан осы мәселеде мұның көкірек қуысына сәуле түсіретіндер табылар. Бұдан әріде Әбілхайыр Бөгенбай әкелген тіл арқылы білген тағы бір ақпаратты таратты. Мынау Белүстіртінен арыда Айтау мен Кіндіктастың екі ортасындаүлкен шатқал бары бәріне аян. Сол шатқалды айналдыра, оның ыңғайлы тұстарына от қару-зеңбіректерін орнатыпты. Сары-Манжының өйтпеске амалы да жоқ, себебі, от қарудың оқ-дәрісі де таусыларман, азықтүлік, мініс ат жөнінде де тапшылық білінуде. Бұған қоса ойлап тапқаны мынау: Бүкіл қалмақ қолынүшке бөліп, олүшеудің ең бір жарамдысын осы шатқалдағы беттесуүстінде қазақтардың ту сыртына өткізіп жібермек. – Кәне, қазақтың сұрперендері, біз Белүстіртіндеміз, алдымызда аталмыш шатқал, сол жағы Айтау, оң жағы Кіндіктас, қалмақтар олүш бөліктің біреуін ту сыртымызға қай жолмен жіберуі мүмкін, жер жағдайын жақсы білетіндер сөйлеңдер!

Бұл кезекте Төле би, Саңырық, Хангелді, шапырашты Сатай мен шапырашты Жәпек батыр көбік ауызданып, қалмақтардың өтіп кетуі мүмкін төрт бағдарды атады. Ақыры сол төрт бағдардыңүшеуінің ықтималы мол десіп, оларға Саңырықты, Жәпекті және дулат Өтегеннің інісі жас балауса батыр Өтепті тосқауылға қоюға ымыраласты. Кенет Әбілхайыр айналасындағылар дүр сілкінді. Адамы ғана емес, малына дейін жерден бастарын жұлып алғандай құлақтарын қайшылатып, көздерін ойнақшытты. Батыс жақтан, бұлардан оқ атымдай қашықтықта ұлы хан Болат шоғыры сар желіспен келе жатыр еді. Сап тыйылған мыналар олардың жетуін міз бақпай күтісті. Болат жақындай бере алақанын көтеріп белгі жасады. Мұнысы ұлы ханды қарсы алу рәсімінің, бәрінің аттан түсіп, иіліп тағзым етуінің бұл жолы орны жоқ екенін жариялағаны. Болат шоғыры садақтай иіліп кеп, Әбілхайыр маңындағыларды жартылай қоршауға ала тоқтағанда әлдекімдердің көзінен жас парлады. Енді қайтсін. Мына бас сардар Әбілхайыр тыныстайтын Кіші Орданың мұнда тігілуінүлкен тәуекелге балаған бұларүшін ұлы хан Болаттың бүкіл уәзір, би-шешен, басқа да сұңғылаларымен тік көтеріліп жетуін бұрынғы тәуекелден он мәрте зорыраққа балады. Не сен, не мен дейтіннің көкесі енді төнді бастарына. Егер осы жолы қалмақтардың аруағы асса қазақтардың өзгесін қойып, бүкіл басшысынан, хан-сұлтандарынан, ояу көз, ақыл-зердесінен айырылу қаупі қара бұлтшаүйірілді. «Апырау, қазақ басшыларын на жын қуды, ненің буымен желікті бұлар, тайлы-таяғымен дұшпанның от қаруының добы жететін жерге сығылысқаны несі, алдажалданы айтып, сақтықты неге ойламайды» деген сияқты сауалдармен іштей томырылғандары бар. Қысқа ғана иек қағысып, сәлемдесуден соң Әбілхайыр жақ ашпады. Тек Қанжығалы Бөгенбай шешіліп, қазір ғанаүш жүздің бас сардары баяндаған жайларды, қабылдаған шешімдерді қысқа қайырып жеткізді. Бөгенбайдың баянын қоштап, Төле би, Хангелді, Саңырық сияқтыүш кексе сәл-пәл ырғалыс жасады. Болат ханның мол шалғайлы, асыл тасты биік ақ қалпағында, ұясынан ұшып түскелі тұрғандай көкпеңбек көздерінде, шығыңқы жақ сүйектерінде, соңғы кезде күтімі нашарлаған кішкене сақалмұртында құлағымен естігеннің бәрін құптағандық белгілері жылт-жылт етіп, сәуле шашып ойнағандай. – Жөн-ақ! – деп барылдақ даусымен ауаны бір мәрте қақ айырды да ернін жымқырды. Иә, артық сөзге орын жоқ екенін де, әрі алдағы шатқалдағы тайталас осыған дейінгі аударыспақ-төңкеріспектің соңғы нүктесі, ата жаудың соңғы тұяқ серпісі болмағын хан-сұлтан, қолбасы іштей пісіріп әкелгенін де осылай айғақтағандай.

* * * Дәл сол күні түс ауа бүкіл қазақ қолы даүш тараптан сол шатқалға қарай құлады. Қалмақ әскерлері де солай. Бұндағы бір ерекшелік – екі жақ та өздеріне дұшпан күштердің қалай қозғалғанын алақандағы жазудай көріп отырды. Тіпті сан шамасын анықтау да іштеріндегі әккілерүшін қиын емес.

Тура әлгі еуропалықтарда сол заманда-ақ кең тараған шахмат тақтасыүстіндегі ойынды еске саларлықтай. Бірі қандай жүріс жасайды, екіншісі қандай жүріспен жауап береді дегізетіндей-ақ. Бірақ бұл шатқалдағы бірінші күні бірер жүріс жасалды-ақ, бірақ шабуылға барыспады. Шабуыл екінші күні атой берді. Шатқалдың екі тұсында қазақ-қалмақ мыңдықтары күш сынасты. Өзге тұсында бірер тиіпқашпа соғыс болды да тез тыйылды. Түс ауа басқа мыңдықтар көтерілді. Бұлардың соғысы біршама жойқын. Бір бие сауымнан астам уақыт созылды, бір-бірін еңсере алмай екі айырылысты. Тек өлілер мен жаралыларды әкету көбірек уақыт жұтты. Үшінші күні солтүстік бетте, Айтау тауының осы шатқалды жиектей біткен сілемдерінің етегіндеүлкен кескілес орын алды. Оңтүстік бетте қалмақтар әскер шығармады. Қалмақтардың бұл сыңайын Әбілхайыр маңындағылар өздерінше топшылады, әлгі Саңырық, Жәпек, Өтеп сынды батырлар тосқауылға қойылғанүш бағдардан өту мүмкін еместігін өз жансыздары арқылы анықтаған Сары-Манжы осылай қазақтарды теріскей беттен бұзып-жарып, ту сыртынан тиіп, қыспаққа алып, талқандамақшы, шамасы. Себебі, осы Айтау тауының сілемдері санатындағы, жаяу адам алқынып, төбесіне әрең көтеріле алатын биіктердің етегіндегі шайқасқа қалмақтар барын салды. Шайқастың басында да, орта тұсында да бірнеше дүркін зеңбіректен оқ атылды. Бір мыңдық ыдырап, жойылуға бет алса екінші мыңдықты қосады. Қазақтардың да сөйтпеске амалы жоқ. Жансыздар арқылы қалмақтарда қанша зеңбірек барын дәл білген қазақтар мына текетіресте оның қаншасының іске қосылғанын саусақпен санап отырды. Иә, олардағы зеңбіректердің түгелге жуығының апандай ауыздары осылай қаратылыпты. Демек, Әбілхайыр ақылшыларының есебі дұрыс. Қалмақтар басқа бағдардағы күштерін әзірге қаңтарып, мына бағдарда абырой таппақ. Мұнда көбіне Қаракерей Қабанбай қоластындағы Орта жүз жасақтары көбіне-көп пайдаланылған. Бұл шақта күллі қазақ басшылары бір аяда түйіскен қалыпта. Ұлы хан Болат пен бас сардар Әбілхайыр шоғырлары бірбірінен түкірген түкірік жететіндей жерде ғана. Кейде қосылып, араласып, жігі ажырамас бір топқа де ұқсап кетеді. Осындайда «Абылайлап» шауып, жұрттың аузындағы даңғаза сөзге айналған әлгі Сабалақ атты балауса батыр әдеттегі тынышсыздығымен онда-мұнда жүйткіп жүріп, Әбілхайыр мен Қанжығалы Бөгенбай арасындағы бір пікір алмасуға куә болды. Оған Болат хан да қанықты. Сондағы әңгімелері қалмақтардың мына теріскей Айтау сілемдерінің етегіндегі шайқаста есе әкетуге жан салысы хақында еді. Иә, Сабалақ ол жайын дұрыс ұқты, тіпті ол шайқасты сырттан бақылаған адам да оны пайымдауға көп ақылды рәсуә етпес еді. Бұл шақта Сабалақ Болат ханның бел баласы Әбілмәмбетпен жақсы достасыпүлгерген. Әнеукүнгі жекпе-жектер кезінде қалмақтың бас батыры, қонтайшының күйеу баласы Шарышпен сайысуға бас сардардан рұқсат әперген жалайыр биі Ескелді мен осы Әбілмәмбет сұлтан емес пе? Сабалақ оны қалай ұмытсын? Бұған қоса есебі тағы бар. Сабалақ Ескелдіні өз

қолындағы адам санайды. Себебі, жалайыр биі бұл десе ішкен асын жерге қояды, егер Сабалақ бас берсе Ескелді мұны қазірдің өзінде туған іні санап, қасына қосып алуға әзір. Ал Әбілмәмбет қалайда ұлы ханның мұрагері, айналасында ақылшылар дегеніңүйір-үйірімен жүр. Әке дегенің анау. Бұл сұлтанның өз бетінше іс қылуға да әмсе қолы жете бермейді. Демек, онымен тонның ішкі бауындай араласуүшін біраз өткелектен өту керек. Міне, Сабалақ соған тәуекел етті. Небәрі отыз жасар, сидам денелі, сақал-мұрты қап-қара, арық өңді, хан тұқымы дейтіндей емес, анау-мынау шаруаүстінде ұстамсыздығы білінетін Әбілмәмбетті Сабалақ әуелгіде оңай баурады. Бірақ мұның сезігінше бұл аз. Ұлы ханның ерекше мұрагерімен дос пен достың, аға мен інінің ойынын табандылықпен жалғастырған абзал. Бір жайдан бұған Әбілмәмбеттің жайлы, жұмсақ мінезі де септескендей. Әлгі Айтау сілемдерінің етегіндегі шайқас алаңын Сабалақ сол Әбілмәмбет және оның төңірегіндегі шоғырды ертіп айналып өтті. Бұл қаружарақты дегенмен мынадай қан майданға кіруге аса әзір емес топ еді. Бәрібір Сабалақтыңүгітіне мойынсұнып, баршасы солай қозғалды. Сабалақтың не жоспарлағанын Әбілмәмбет сұлтанның өзі де білмейтін. Тек ол жаңсақ шешімге бармайды деген сенімділігі ғана мұны жұлқып әкетті. Міне, олар шатқалдың теріскейіндегі бергі шеткі төбеге көтерілді. Айналасы қырық шақты адам. Бұлар Әбілмәмбет сұлтан күзетіндегілер, Болат ханның әдейі ойлап істегені ме, әйтеуір қырық құрау жұрт. Іштерінде қазақтыңүш жүзінің де жігіттері бар, араларынан қазаққа сіңісті бірер қырғыздар, қарақалпақтар, хиуалықтар да табылар еді. Мына төбеден ойдағы шайқас тіптен анық көрінеді екен. Енді қалай? Шайқас қос қолдап найза лақтырсаң жететіндей-ақ қашықтықта қазанша қайнауда. Жігіттер Әбілмәмбетке қарайды, Әбілмәмбет Сабалаққа қарайды, ал Сабалақ табандағы алыс-жұлысқа тесіледі. Мына төбеде ат тұяғы шақ-шұқ еткізген қара қоңыр жарықшақ шағыл тастар дегенің қалың төселген. Сосын да тақыр. Тек ара-тұра кіп-кішкене жатаған баялыш бұтақтары дір-дір етіп көзге түседі. Мына аттылардан олар даүрейленіп, қазір болат тұяқтылар тамырымыздан қиып түсіреді-ау деп, зәре-құттары қалмағандай-ақ. Ол баялыштың тілін білетін адам табылса, «сендер небәрі қырықшақтыдан қорқасыңдар, ал анау ойда, сортаң топырақты жазықта не болып жатыр, ондағы түйеқарын, тікенді сораң сияқты күйреуік шөптердің халдері нешік, неге ойламайсыңдар» дер еді. Бірақ өйтіп тілдесуді құдай адам мен өсімдікке жазбапты. Иә, бұл шатқалдағы түк біткеннің еркесі осы түйеқарын мен тікенді сораң еді. Шар тәрізденіп, дөңгеленіп өседі де жел соқса бір-бірімен ілінісіп, ұйысып,үлкен бір шөмеле шөп аударылып-төңкеріліп келе жатқанға ұқсайды. Түнгі жолаушы олардың ондай сәтіне жолықса астындағы атыүркеді. Міне, сондай түйеқарын мен тікенді сораң сол аттардың аяқтарының астында аяусыз езіліп, жаншылуда. Бізді тастай қараңғылықта талай қорқытып едіңдер, мынау соның қарымтасы дегендей небір сәйгүліктер жіліншіктері сына жаздап, шыңғырып, аспанға секіре ойнақтайды. Қазақ пен қалмақтың бір-біріне сілтеген найза мен айбалтасынан олардың өз бастарына да сыбаға аз емес.

Сабалақ оған иіле шұқшиғанмен кейде басын көтеріп, өздеріүйрілген төбенің ұшар басындағы қорған сияқтанып біткен жартас қабырғаларына да алақтайды. Күн жеген тастар қызыл бояу шашып, жалт-жұлт етеді. Әлдекімді мазақтағаны емес, керісінше, өздеріндегі төзімділіктіүлгі есебінде ұсынғандай. Кей сәттерде Сабалақ сол табиғат-ана нышандарымен тілдесіп, ақыл күткенге де келіңкірейді. Қызыл нақышты жартастар аз сөзге көп мағына сыйғызып, сайрап та беретіндей. Енді Сабалақта бәріне қаныққан рай бар. Ол Әбілмәмбетке жалт бұрылғанда сұлтанның қап-қара сақал-мұртты арық өңі күн сәулесіне шомыла көлденең тосылды. Сұлтан басымен «не, бұйырасың» деп сұрағандай. Мынау шақырайған күн астында Сабалақтың бет-жүзі анау қызыл бояу шашқан жартастың ұшып түскен соп-сопақ сұрғылт бір бөлігіне ұқсап жансызданып кетіпті. Оған тура қарау екінің бірінің қолынан келе бермес. Мынау ұлы хан Болаттың ерекше мұрагерінің ғана тегеуріні ондайлыққа шыдас бергендей. – Сұлтан ием! – деп, Сабалақ қысқаша бір ғана тіл қатты. Әбілмәмбет ойсызданып, не мәселеде екенін өзі де сезбей бас изеп, құп көрген қимыл жасады. Сол-ақ екен, Сабалақ астымдағы сары бестім омақасады-ау деп, қауіптенбестен төмен қарай тасырлата құлады. «…Абылай! Абылай! Абылай!» деп,үш қайтара қоса айғайлағаны Әбілмәмбет маңындағы ала-құла, біразы сәнді киінген топтың құлағын жарды. Бір сәт бұл төменде ышқынған, аћылап-үћілеген, сарт-сұрт қаққыласқан, сақал-мұрт, тұлым сияқтыларға дейін жармаса шайнасқандардың төбесінен төнген қара бауыр бүркітке де ұқсап кетті. Енді ол қазандай қайнаған топырдың ішіне дендей ене бере әлгі төбесіндегі ақ қанатты құс сияқтанған белгісі қайта белгі берді. Ақ құс па, жоқ, ту, ту, ақ ту. Әбілмәмбеттің шыдамы осыған ғана жетті. – Иә, аллам, өзің жар бола гөр! – деп, екі алақанын жайып, жалбарынды да айналасындағыларға әмір қылды. Бұлар да аттарының тұяқтарын тасырлата төменге лай судай ақты. Бірен-сараны демесең көбінде сауыт, дулыға жоқ, тіпті біразы жайшылықтағы серуенүстіндегідей киінген, тек оны-мұны қарулары ғана бар, мұндай шайқасқа мүлдем даярланбаған шоғыр осылай ойда жоқта қанды қасапқа килікті. Мұнда хан мұрагеріүшін басымен жауапты бірер лауазымды кекселер де бар еді, олар: – Сұлтан ием! Кейін қайтыңыз! Сабыр етіңіз! – деп айғайласып, найзасын шеткерідегі бірер қалмаққа кезенген Әбілмәмбетті тез бері екшеп алды. Оның орнына сауытты, дулығалы оққағарларды айдап салды. Бәрібір бұл топ соғысып жарытпады. Тек айнала шауып, өңештерін керіп, даңғаза жағын молайтысты. Бұл шайқаста қазақтар жауды жаман ойсыратты. Сабалақтың есімі қайта әуеледі. Найзасының ұшы қалмақтар мінген аттардың қыл құйрығын сипамаған Әбілмәмбет сұлтан да нәпақасыз емес. Ол да жау жеңгендердің тобынан табылды. Шайқас соңында ұлы хан Болат көздеріне қаћар жиғансып, бүкіл ығай-сығайдың алдында Әбілмәмбетке ызғар шаша:

– Хан мұрагеріне мұндайлық жараспас! Бүкіл әскер бір қолдан басқарылатыны хақында уағдаласпадық па? Не қимылға барсаң да мына бас сардардың алдынан өтуің керек еді! – деп Әбілхайырды нұсқады. Сөйтсе де баласының қылығын іштей олжа санағаны бетіне тараған қызыл күрең бояудан оңай танылды. Ол ғана емес, жаңағы сөздерінің тұсында бас сардар Әбілхайырға қарай көздерін бір төңкеріп тастағанда олжалы адамның пішінін жарқ еткізді. Әбілхайырда да қырағылық жеткілікті, ақбоз арғымағы тықыршып, мұны қозғай бергенмен де ұлы ханның шығыңқы көз жанарларындағы бүркенішті разылық пішінді жазбай таныды. Дереу кеуде қуысында алай-түлей туындады. Әнеукүні Шоқпардың төсіндегі алайтүлейден бір былай емес. Сол тұрыста бас сардар тез шешім шығарды: – Хан ием өз мұрагерін жазғыратындай. Мен ол жағын аса хош көрмедім. Қайта Әбілмәмбет сұлтан барша төре тұқымдарына жол-жора көрсетті. Егер хан ием «әп, бәрекелде» десе осы бүгіннен бастап, ұлы ханның өзінен басқа барлық төре тұқымдары, Сәмеке хан, Жолбарыс хан, Барақ, Батыр сынды сұлтандар қоса, баршасы, тіпті төлеңгіттерге дейін, мейлі қол басқара ма, мейлі қатардағы сарбаздар санатына ене ме, қалайда шайқасқа кірсін. Бұл мына қара халықтың хан, төре тұқымдарына деген мейіршапағатын оятуына жақсы! Осыны айтты да Әбілхайыр бірінші кезекте қол бастап соғысқа кіруді Барақ сұлтанға тапсырды. Барақ сөйтуін сөйтті, бірақ бір қызық жағдай қоса сығылысты. Барақ жарты мыңдыққа толар-толмас қолды бастап шыққан еді. Тек соғыс барысында одан көз жазып қалды. Әлгі жарты мыңдық өзіне қарсы келген жауды алысқа қуып әкетті. Тіпті маңдайдан перер зеңбірек бары ескерілсе де солай. «Жауды қара қашырды, батыр атақ Барақта қалды» деген мақал сол күні туып, ауыздан ауызға көшті. Бұл Әбілхайырға да жетті. Кешқұрым, айналасындағы теңіздей толқыған мол аттылардың көзінше Әбілхайыр Барақ сұлтанға қарап: – «Жаман аңшының иті өзінен ақылды шығады». Мұны айтқан біздің қазекең. Тап бүгін соның кері келді-ау! – деп, сап-сары тістерін жалаңаштай күлді. «Жаман аңшымын ба, жақсы аңшымын ба, әйтеуір жауыңды қашырып бердім, менде не әкеңнің құны бар, сардар ием» деген сөздер Барақтың тіл ұшына оралды-ақ. Бірақ оның атқып ұшуына Әбілхайырдың жаңағы алабөтен ыржия күлісі тұсау салды. «Жоқ, мұндай жадағай жауаппен есеп айырыспайын, одан гөрі ұрымталы бір істің сәтінде өзі кесекөлденеңдер, соны сұр жебеше пайдаланайын» дегенге қисайды. Әбілхайырдың бүкпесіз ашық кекесіні кеудесіне мұз сүңгідей бойлаған Барақ сұлтанның тіл-жағы осылай қарысты. Жалпы, Әбілхайыр мен Барақ арасында темірге темір тигендегі ұшқындай тез жанып, тез өшетін кесепат сыңайы мұндағыларға талайдан-ақ әйгіленген. Төре тұқымдарын түгелімен соғыс отына қақтап, ұлы хан мұрагері Әбілмәмбеттің манағы ерлігін жұрт санасынан тез жоғалтуды көздеген Әбілхайыр Барақты қағытамын деп, сол мақсатына кереғар қылық жасағандай да. Хан-сұлтандардың өз іштерінде бұл заманда қандай иттің күшіктеп жатқанын былайғы қазақ қайдан білсін, бәрінүйреншікті құбылысқа

балады да қойды. Дуылдатып әкетіспеді. Ал Барақ бастаған ала-құла жартыкеш қосынның ілезде уыстан шығып, еш қолбасысыз-ақ жауды алысқа тырқыратуы қара қазақтың ет қызуының әбден шегіне жетуінің белгісі еді.

* * * Осы шатқалдағы соғыстың алтыншы күнінде қалмақтар күллі әскерін күрт кейін ысырды. Көз ауқымына сиятын кеңістікте ешбір жұрнақ қалдырмады. Қазақтар да соны істеді. Шегінген қалмақтың соңынан ілдалап болса да жылжуды қауіп санады. Себебі, Кіндіктас пен Айтаудың бұдан әрідегі бөліктері жырынды жаудың алпыс екі айласына оңтайлы қыр, жоталарын тосып тұр еді. Әрі қазақтар жаудың айналма жол тауып, ту сырттан ұруынан сақтанды. Осылай бір күн аңдысып, келесі күннің екінші жартысында қазақ әскері баяғысынша қайтаүшке бөлініп, шатқалдыүш тараптан торуылдауға көшті. Алты арыс қолы Белдің өзінде алға сәл ентелей тұрақтады даүйсіндер теріскейден Айтаудың сай-саласын қуалай өрледі. Ал кіші атаның балалары түстік Кіндіктас бойымен қозғалуға тиіс еді. Бұл қазақ қолбасыларының өздерінше бір айла-шарғы жасағандағысы. Орта жүз қолының сәл алға ентелей бекінуі жау тыңшыларында бүкіл қазақ күші сонда деген ой тудыруүшін істелген. Ал екі қанаттағыүйсін мен алшындарға еңғұрмаса бірер тәуліктен аса уақыт қалмақтардың көзіне түспей асқан сақтықпен жасырын жылжу, орналасу тапсырылған. Әрине, бүл да оңайоспақтың шаруасы емес. Ортадағы шатқал әлі де сол жылан жалағандай тап-таза. Қыбыр еткен жан иесі жоқ. Тек әуеде қалықтаған құстардың көбеюіне қарап, мұнда соғыс жүріп өткенін мөлшерлейсің. Адам мен малдың өліктері оларды тартпай қайтсін. Сірә батысырақтағы – Шоқпар, Құлақшын сияқтыларда қабырғасы ырсиғандардың исі шыға бастаған. Өлексе көбейгесін құстар да анаумынауға мұрын шүйіріп, жас етті таңдап жеуге аңсарлары ауғандай. Ескелді бастаған жалайыр қолы да сол Айтаудың бір сайында түнемелікке дайындалуда еді. Бұл, шамамен, әнеукүні Әбілмәмбет сұлтан мен Сабалақ шайқасқа кірерде көтерілген, жарықшақ, шағыл тасты төбенің сырты деуге боларлық маң. Қара көлеңкедегі жұрттың қарбаласын толығырақ шолғысы келді ме Ескелді би атын жетектеп, сәл биігірекке тырмысып оқшауланды. Ойдағы қара-құрадан бұған қарай ат жетектеген тағы біреу көтерілді. Ол Тәттібай мерген. Ескелді оған мойын бұрмастан түн түнегінің шудалары құлаған, көзге күңгірт, бұлың-бұлың сайдың өнебойын қадағалаған күйі күмбір-күмбір етті: – Әлгі салықшылар кейіндеп, әлден бүгежектеуде. Мыналарға ас-су жеткізудің жайы қиындайды-ау енді. – Көбіне шыдадық, азына шыдайтын шығармыз. Жұртқа шүлен тарататын кезең бұл емес. Біз көрмеген не құқай бар? – деп, Тәттібай мерген де бидің күмбіріне ұқсас дыбысты қайталады. Мынау беймәлім өлке, тез қоюланған қараңғылық бұларды бір қалыпқа салып сығымдағандай. Дауыстарының да ұқсас шығуы содан сияқты. Тек Ескелді бигеүлкен кісінің сөзінің мағнасы түйе қотыр секілденіп, оған кілт жүзін салды. Қас қарайып,

ымыртүйірілген шақтың шымылдығы көлегейлеп, әншейінде жез құмандай бар мергеннің жүзінде қандай рай барын бірден аңдатпады. Ал Тәттібай жас бидің бет ажарындағы «көбі кетіп, азы қалғанын қайдан білесіз» деген сауалды табанда ажыратты. Сәл бөгелістен соң Тәттібай: – Биекем, осы науқан басталғалы менің мергендерім көбіне қаңтарылумен келеді. Біраз ойдың топанын қопардым. Әгәрки, Саурық сардардың «әп-бәрекелдесін» әперсең мен өз мергендеріммен шолғыншылыққа шықсам қайтеді. Аты шолғыншылық, заты қалай құбыларын аллам өзі шешер. Ескелдінің де күткені, осы екен: – Мынау науқан ғазауат соғысынан гөрі, ұзақ сонар, қара жортуылға айналып барады. Емшек іздеген жас баладай бас сардарлардың аузына алақтап, емекситін күн қарасын батырғалы қашан? Әнеукүнгі Әбілмәмбет сұлтан мен Сабалақтың қылығы соған айғақ емей немене? Бас сардарлардыңүкімі көкейден шыға береді десек ол да жалғандық. Әбілхайырдың «әп-бәрекелдесімен» анау Барақ сұлтан одыраңдап еді, шонданайына шойын қаптағандай орта жолда шойырылып, ол жайына қалды. Қалмақты ол жолы қара қазақтың өзі қуып әкетті. Біздікі не тұрыс? Тәбетіңіз соны қаласа, күміс шапқан ер-әбзелі сай қара жорға мінгізгендей етіп, сізге «әп-бәрекелдені» тап бүгіндікте өзім арнадым. Тақияңызға тар келмесем солай! Сол-ақ екен Тәттібай мергеннің астындағы аты шағыл тастарды шақыршұқыр еткізіп, төмендегі қараңғылыққа сүңгіді. Бұдан арғыны ел аузында сақталған әңгіме былай қиыстырады. Сол түн өтіп, таңертеңгілік елең-алаңда Тәттібай Айтаудың Қушоқы аталатын бір биігінің сыртына барып бекінеді. Қасында өзінің қырықшақты мергендер тобы. Бұлардан сәл алысырақта, Құлжан батыр бастаған жүздік жайғасады. Тәттібай өз мергендерін де, Құлжанның жүздігін де ұшқан құс әрең шалатындай терең қуыстарда ұстайды. Ал шолғыншылыққа жалғыз өзі тәуекел етеді. Себебі, бұл кәрі сұңғыла ата жаудың мына жым-жыластығын алдағы көп пәленің қалқиған құлағына балайды. Қуыршақ құдайға табынушылар жымын білдірмес жылан жүріске көшіп, Мұхамедүмбеттерін тобықтан тістеп, оппаға омақастырудың соны әдісін тапқандай. Иә, айласына айла, найзасына найза. Тәттібай да әлгі «Ер Төстік» ертегісіндегі бір сауысқанның құйрық қауырсынын жұлып, екіншісіне қадағанда құс біткеннің сағы сол сауысқандар да онысын сезбепті дейтін қолы ептінің бүгінгі ұрпағы емес пе? Сол ептілігімен Қушоқының тасасынан түстіктегі Кіндіктастың ойқыш-ұйқыш қырқаларын бақылайды. Таң жарығы қараңғылықтан енді-енді арши бастаған ол кедір-бұдырларда Тәттібай мергеннің көздері белгі салатындай әзірге ештеме байқалмайды. Бұл сосын ғана жаймашуақтанып, сәл тыныс алуға ниеттенеді. Әрі Кіндіктастың бас-аяғы жоқ ұзына бойын асықпай зерлейді. Екі ортада аталмыш шатқал. Ол әлі де сол жылан жалағандай тап-тақыр. Тіпті Тәттібай мерген алғашқы райынан қайтып, өзіне-өзі: «апырау, бұл қалмақтарың осы өңірде жеңіске жетпесін есептеп шығарып, біржола табан тайдырғаннан сау ма» дейді.

«Жоқ, өйтсе, анауүлкен сардарлар ертөлелері, алғыншылары ол жағын қайтсе де анықтар еді ғой». Осындай екіұдайылық күйде сәл уақыт өткізген Тәттібайды кенет әлдене оқыс шоршытады. Кіндіктас қырқаларының бір тасасында ұршық иіріп, бір қалмақ кемпірі шоқиып отыр екен. Жападан-жалғыз. Таңғы елеңалаң. Тәттібай біразға дейін өз көргеніне өзі сенбейді. Бірақ тапжылмаған күйде ол кемпірден көз аудармайды. Басында сан қилы ойлар жағаласады. Не қарекет керек? Ол қалмақ кемпірінің көргіштігі сондай екен, екі ортадағы шатқалдан әрі, қарсы беттегі тауда шөккен тіршілік иесінің көздеріне көздері тура түседі. Тәттібайда да тап сондай көздер бар. Енді екеуінің көздері бірбірімен арбасады. Аңыз бойынша ол кемпір қалмақтардың жансызы екен, мынау шатқалда тірі тышқан білінсе өздеріне ғана мәлім ишара арқылы өз қожайындарын хабардар етуі шарт. Кемпірдің қарасынан осыны сезген Тәттібай оны қалай да алдаусыратып, бой жасырып кетуді ойлайды. Көзіне көзі тура түсуге жараған кемпір оның адам екенін қалай ажыратпайды? Қарт мерген осы жағын жақсылап кәперге алып, айла іздестіреді. Сондағы тапқаны мынау: таңертеңгілік салқынға деп киіп шыққан шапанының бір етегін құс қанатынша аспанға серпе тастап, кері қарай аунап түседі. Ал қалмақ кемпірі оның шапанының етегін шынында қарақұстың, не қартайған бүркіттің қанаты деп ойлайды. Сөйтіп, өз қожайындарына шатқалдан да, одан әрідегі Қушоқыдан да, Айтаудың басқа да сілемдерінен де қанатын серпіп, ары аунаған әйдік құстан басқа қыбырлаған ештеме көрмедім дегенді айтады. Оның солай айтарын Тәттібай мерген де топшылайды. Бұл енді ортадағы шатқалдың, Кіндіктастың өнебойын бұрынғыдан да әрмен жітілікпен сүзеді. Кенет шығыс беттен ұзыннан-ұзақ шұбатылған қалмақ әскері көрінеді. Бұл жаңағы тау басында жападан-жалғыз ұршық иірген кемпірдің мәлімдемесі бойынша жүзеге асырылған іс. Сонда бұл ұзыннан-ұзақ шұбатылған әскердің мақсаты не? Әрине, мынаүштіктің бірі: не, осындай таңғы бейқамдықты пайдаланып, Белүстіртіндегі қазақтардың ту сыртына шығу; не, қазақтарды өздеріне қарай бұрқ көтеріп, қалмақтың басқа күшінің оларды айналып өтіп, көк желкелігінен ұруына жағдай жасау; не, сол мақсаттың екеуін де қоса қабат көздеп, қайсысы оң жамбасқа келсе сол жағына қисаю. Мұны Тәттібай табанда болжайды. Ескелді бәріне рұқсат деп, «әп, бәрекелдені» өзі айтты емес пе, тартынатын ештеме жоқ. Қайтсе де сыралғы дұшпаннан қулық асырмақ керек. Тәттібай құралайды да көзге атқан өзінің қырықшақты жігітін екіге бөліп, асқан сақтықпен Қушоқының екі ойысына орналастырады. Сосын өзі таудағы маралдыңүніне басып аңырағанда әлгі екі мергендер тобы қалмақтың ұзыннан-ұзақ шұбатылған әскерін екі тұсынан кесе атқылап, турап түсіреді. Күтпеген жағдайдан, әріүшке бөлініп қалуынан сәл ес жоғалтқан қалмақтар аз-кем дағдарысқа ұшырайды. Міне, осы кезде сақадай сай тұрған Құлжан батырдың жүздігі таудан құлаған тас көшкініндей сатырсұтырмен қалмақтыңүш бөлігінің ең соңғысына лап қояды. Бұл соңғы бөліктің өзі Құлжан жүздігінен бірнеше есе артық еді, алайда, тұтқиылдан

тигеннің пәрмені басым ғой, бұл соңғы бөліктің әп-сәтте ту-талақайы шығады. Қазақтардың тілінде «Құйрық тістесу» аталатын соғыс түрі осы еді. Құлжан соққысынан соң қалмақтардың екі алдыңғы бөлігі де бірден ес жимай кейін қашады. Оларды Тәттібай мергендері тағы көздеп атып,үлгергендерінше құлатады. Сөйтіп, бұл оқиға шолғыншылыққа, жансыздар жұмсауға қазақтардан бірнеше есе әккі, серпіні сегіз қалмақ қолбасыларының өздерін сең соққан балықтай етеді. Біз бұл аңыздың қалпын бұзбай ұсындық. Бұдан кейінгіде екі жақ бір-біріне қарсы бас-аяғымен түгел көтеріле лап қойды. Осы қарқында бас сардар Әбілхайырдың да жаңа қырлары ашылды. Қайрауы жеткен пышақтай жарқырап, қайығы желге өрледі. Қазақ қолбасыларын бір елеңдеткен оқиға – Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек батырға байланысты еді. Бұл әуел баста Әбілхайыр қасында Қанжығалы Бөгенбайдан кейінгіүшінші тұлға санатында-тұғын. Бөгенбай Аңырықпен айқасқанда әлдеқалай бұл кексе батыр саптан шықса оның орнына, яғниүш жүздің бас сардары Әбілхайырдың оң қолы ретінде осы Шақшақ Жәнібек аталатыны келісілген. Кейінірек Әбілхайыр ұйғарымымен хан-сұлтандар әулеті, есімі көпке жарияүлкен қолбасылар ұлы хан Болат жәнеүш жүздің қосындарына деп, төртке бөлінгенде Жәнібек Орта жүз сардары Қаракерей Қабанбай қасынан табылған. Әлдебір шайқастарды ұйымдастыруда екеуінің пікірлері қарама-қайшы келіп, Шақшақ Жәнібек онда көп тұрақтамады. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайдының» кері. Сосын Әбілхайыр қасында мұның Бөгенбаймен тұзы жараспағанға ұқсады. Бас сардар әуелгіде бұл жағына жете мән бермепті. Тек соңғы кезеңде ғана мәселені ушықтырмай Бөгенбай мен Жәнібекті екі бөлек ұстауға тырысты. Сонда ғана бұлар қанаттарын еркін жазар депүміттенді. Бұлүміті бас сардарды алдаған жоқ. Қанжығалы Бөгенбай көбіне майдан ортасында, ал Шақшақ Жәнібектің өз қасында мәртебесін көтерді. Мына шатқалдағы біраз ойран-асырүстінде Шақшақ Жәнібекүш жүз қосындарына ортақ бірқатар ұтқыр шешімдер тапты. Бұл да Әбілхайырүлесіне тиесілі жағымды құбылыс. Себебі ол қолбасылар тарапынан ақыл-кеңес атаулының қарша борауына жол ашты. Ең оңтайлысын іріктеуде өз басы талғампаздық танытты. Жалғыз Жәнібек емес, албан Хангелді, шапырашты Сатай, ошақты Саңырық сияқты сары тіс, сақа тұлғалар да алтын-күміске бергісіз ойлар қосты. Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, алшын Тайлақ, жалайыр Саурық сындылар да өз тұғырларында тұрды. Екінші саптағы қолбасылар санатынан – Шапырашты Наурызбай, шапырашты Сатайдың немересі Бөлек, ол аттас суан Бөлек Бөргелтайұлы, дулат Өтеген мен Қойгелді, арғын Олжабай, Тарақты Байғозы, Көкжарлы Көкжал Барақ, Сіргелі Қара Тілеуке, Тарақты Тоғай, Қаракесек Қарабек, Қарасай батырдың ұрпағы Жәпек, бәсентиін Малайсары, жалайыр Ескелді, тағы басқалар сұрыпталды. Ал аталмыш шатқалдағы шайқас одан әрі жалғасуда еді.

Балпық Дербісәліұлы бастағанүш жарым мыңнан астам жалайыр қолы жұрт аузында Іле жағалауында делінгенмен бұлар дәл сол дарияның суына жетпей тоқтаған. Хантаудың етегі арқылы айналып, Жусандаланыңүстімен Тауқұмға тірелгенде жер жағдайы бұларға қосымша жүк артты. Себебі, бұл Тауқұм жалғызілік емес еді. Батысы Балқаш көлінің жағалық ойпатына, түстігі Күрті өзеніне дейін керілген аталмыш құм мен Іле дариясының екі аралығында тағы бір құм көсіліп жатыр. Оның атауы Мойынқұм. Қазақта не көп, осы аттас құм көп. Шудың түстік бетіндегі, Іленің теріскей бетіндегі дегендей. Міне, солардан бөле-жаруүшін мынаны Тауқұм-Мойынқұм деп қосақтап сөйлейді. Өйтуге негіз де бар. Себебі, бұл екеуі де осы Іле дариясының түстік бетінде шығыстан батысқа қарай қатарласа, жарыса біткен. Екеуінің аражігін тек байырғы тұрғындар ғана айырады. Онда да құм жүзгін, сексеуіл сияқты аласа бұталар мен жусан, еркек шөп, изен сияқты жер түгінің бітісіне қарап сөйте алады. Жалайыр адамдарына аталмыш қос құм біршама таныс, себебі, ана жылдары жаудан бас сауғалап, Іледен бері өткенде осы Тауқұм-Мойынқұмды кесіп, Жусандалаға, одан әрі Хантауға ілікті емес пе? Ал мына жолы сол Ілеге жетуүшін ол екеуін енді теріскейге қарай тағы кесіп өтулері керек. Өткен жолғы желаяқтың тірлігі бұл жолы қол емес, себебі, әскерді біршама тың сақтау керек. Ол екі құмды белден басып, алпыс-жетпіс шақырымдай қашықтықтағы Ілеге тіке тартса, мынадай ыстықта адам мен малды шөлге, тіпті шығынға ұшыратары сөзсіз. Жас қолбасы осындағы Жайнақ, Кәшке, орақты Төке, дулат Қосай, Шора балалары Қаскелең мен Күртібай, Қабан жыраудың інісі Көсембай сияқтыларды түгел жиып, осы жағын тілге тиек етті. Айтаудың теріскей сілемдерінен сол терістік бағытта мөлдіреп ағатын Ақсүйек, Тесік, Жыңғылды, Қопалысай, Сарыбұлақ, Ащысу, тағы басқалар сияқты тереңдігі аттың шашасынан сәл асатын, кішкентай өзендер бар. Бұлардың бәрі Жусандаладан шаршап-шалдығып өтіп, Тауқұмның жиегіне жете бере құмға сіңіп жоғалатын. Балпық бастаған жалайыр қосыны осындағы Ащысу және одан қозыкөштей қашықтықта мөлдіреген екі-үш кішкене жылғаларды қуалай орналасқан. Ал бұдан сәл шығысқа өрлеп, Қопа өзенінің, ол құятын Күртінің бойымен Ілеге құлдилаймын деу барып тұрған ессіздік. Себебі, мына науқандағы қалмақ әскерінің бас қолбасысы Сары-Манжының арттағы малдүниесі осы Қопа-Күртінің бойында. Солар арқылы ұлы дария – Ілемен жалғасып жатыр. Ал олардың көзіне түсу, не қақтығысу бас сардар Әбілхайырдың Балпық жасағын мұнда жібергендегі бүкіл мақсатының түптамырына балта шапқанмен тепе-тең. Ойласа келе олар осы Сарыбұлақ пен Ащысу, олардың екі ортасындағы кішкене жылғаларға тоқтады да төрт тарапта шолғыншылар ұстады. Бұл төрт тараптың ең бастысы, әрине, Іле дариясының Күрті өзені құяр сағасындағы жағалауы еді. Онда Іле арқылы келген түбі жалпақ қалмақ қайықтары иін тіресіп тұр деседі. Егер құдай оңдап, қалмақ әскері кейін шегінсе олар сол қайықтарға жетіп мініп, дариядан ары өтіп, бас сауғалап кетері анық. Балпық жасағына жүктелген міндет соны болдырмау. Сосын да осы бастан, сол қайықтар нақтылы қай

жерде, айналасында күзетуші шоғырдың шамасы қаншалық, жасырулы тың күштер бар ма, Іленің жоғары ағысы жақтан жүзген қосымша әскер, оқ-дәрі, от қару көріне ме, көрінсе қай мөлшерде, міне, осының бәрін бір қурайды паналай жақындап анықтау, жіпке тізу – мәселенің кезек күттірмесі. Балпық бұл жұмысқа Кәшке мен балауса батыр орақты Төкені бөлді. Бұл екеуінің осы көктемде жалайыр елі сонау түстіктегі Бадам өзенінің суын ішкен шақта Ескелді бидің тапсыруымен Ташкенттен ары Шыршық жағалауындаүн-түнсіз омалған күшік Жолбарыс бидің қарамағындағы елді, оларды көшіріп әкелемін деп, өзі қоса жоғалған осы Балпық батырдың жасағын іздеп шығып, Шыршық маңын, одан әрі өтіп, Нұратау жотасы, Қызылқұм сияқтыларды түгел кезіп, Жолбарыс бимен де, Балпықпен де қауышып, солармен бірге оралған сайыпқырандығы ескерілген еді. Ал Күрті мен оған Қопаның құяр сағасындағы Сары-Манжы ордасының айналасын аңдуға Шора балалары Қаскелең мен Күртібайды жекті. Хантау-Шоқпардағы қазақ сардарларымен екі ортадағы байланысты Қабан жыраудың інісі Көсембайға жүктеді. Мұның да ит тұмсығы батпас қалыңнан жіңішке жол табатындығы бірнеше мәрте ақиқатқа айналған. Әрине, бұл жұмыстардың бәрін Кәшке, Төке, Күртібай, Қаскелең, Көсембай өз бастары атқаруы шарт емес, қарамағындағы жігіттерден сондайлыққа ыңғайы барларды іріктеп жұмсауы, әрі олар не тындырды, соны бақылауы керек. Ең соңғысы – осы Тауқұм мен Мойынқұмның бірінде бой жасырып, қалмақтың өткен-кеткеніне қырғидай тиюді кәсіп еткен ыстының Белағаш батырымен жолығу, оны осында әкеп қосу, ол мүмкін емес те іс-әрекет жағын сәйкестендіру шаруасына Қосай батыр таңдалды. Бұл өзі сырт көзге ең оңайы көрінгенмен ысты батырының жұмбақ мінезіне орай кілтипаны көп дүние. – Сен, – деді Балпық Қосайды саусағымен нұқи сөйлеп: – Дулат туысқансың. Арғыны қаза сөйлесек ыстыға да, жалайырға да бірдей ара ағайынсың. Осы жағын мықтап қолшоқпар ет. Егер жалайырдан біреу осындай қолқа салса мыналарүстемдік етпекші деп, іштегі қоламта мінезі тұтанар. Ал сенің жөнің басқа. Сені бізге кірме деп те олар кергімейді. Біздегі Ескелді бидің өзі күллі дулаттың, дулаттың, ғана емес-ау, ғафу еткін, күллі қазақтың төбе биі Төленің немересі, ал Төленің өз басының, ондағы Өтеген мен Қойгелдінің, Рысбек, Сәмен дегендердің атақ-даңқы бұл күнде жер жарады. Демек, дулат туысқандар өзі жақсы болса қайда жүрсе де исі қазақтың елшісіне жарайды. Сен осы биіктен көрін. Ыстының Белағашымен қайтсең де тіл табыс! Міне, бұл сөз ауыздан ұшқалы да айға тарта уақыт өткен. Шілде таусылып, тамыздың тамылжыған күндері де зырқырай көзден бұлбұл ұшуда. Дулат Қосайдан өзгесінің бәрі өздеріне тапсырылғанды тап-тұйнақтай етті. Әсіресе, Кәшке мен Төке, бұлардың әйт-шүйіндегі жігіттер Ілемен екі ортаны өздеріне ғана көрінетіндей жолға айналдырған. – Батыр, Күртінің Ілеге құяр сағасында түбі жалпақ қайық дегендерің жаңадан шабылған аппақ ағаштарын күнге жарқыратып, сықап-ақ тұр.

Күзетуші шоғыры да аса мардымды емес. Ал жоғарыдан дарияның бетімен қалқи жүзіп қосылып жатқан ұлан-асыр ештемені көзге іліктіре алмадық. Судың астымен келмесеүстінде ештеме байқалмайды, – дегенді Кәшке мен Төке о баста-ақ айтқан. Сонысын олар, міне, бүгін де қайталады. Балпық оларға қабағының астымен тұнжырай қарады да сәл-пәл ойға шомғанға ұқсады: – Мына Көсембайдың сұрперендері әнеукүнгі бір қатынауында Шоқпар жақтан, қазақ қолбасыларының арасында бұл қалмақтар бізбен ғана емес, сонау Жетісудан әріде, Алтай таудың арғы бетінде қара қытайлықтармен де шарпысып жатыр деген сыбыс бар деп, жеткізіп еді. Сол шындыққа жатпасын. Ондай күнде қалмақтың мына Сары-Манжысын астаудағы балықтай тулата бермей қақ бастан қойып қалып, неге тезірек тыныштандырмайды? Әлде мұның тынысы тарылатын күні алыс па?– деп, бір ақтарылды. – Батыр, сонда да саруайым дәл бүгін бізге жолдас емес,– деп Кәшке қайта самбырлады. – Мына Көсембайдың ақ саңлақ жүйріктері көңіл ашар талай жайды әкелді емес пе? Жоқ нәрсені бардай етер олар емес. Сол ақпарлардың жарымы шындық десек те қазақтардың ата жауды Хантаудың етегінен Қордайға қарай ығыстыра түскені анық ақиқат.

* * * Бұл кіші бесіннің шағындағы әңгіме. Ашық құмүстінде жантайған Балпық мырс етіп жүзін төмен салды. Одан қамшы тастамдай жерде сұлаған Жайнақ та жас қолбасының қылығын қайталағанға ұқсады. Балпық әуел баста өз қарамағындағы еті тірі, кіші қолбасы жігіттерді төрт тарапқа бекіткенде Жайнақты өз қасында қалдырған. Не деп болады бұл заманда? Сырттағы жау анау, оның жансыздары, әрі іштегі жау деуге лайық қара құрт деген пәле бар, қайсысынан болсын Балпыққа жамандық төнсе мынау жасақ басшысыз қалмақ емес қой, сосын да Жайнақты өзінің оң қолы есепті ұстаған. Мұның сыртында ақыл қосарлығын және ескерген. Қазір Балпықтың тырсиған беттеріне бір ауыр ойдыңүзіктері қоса ілініп, екеуінің салмағынан онысыүзіліп түсердей Кәшкенің, басқалардың көздерін ауыртты. Иә, ол жақтан да, бұл жақтан да өз топшылауынша ауыз тұшымас хабарлар алып, соған қарын тойдырып, аяқ-қолдарын қыбырлатпай ұстауға мәжбүр жас қолбасы мұндайлық әрі-сәріліктен көбірек қиналады, шамасы. Бұдан гөрі ұстаның көрігіндей қызудың ортасы бұған әлдеқайда лайық-ау! Құмға жантайған Балпық, Жайнақ, олардан алысырақтағы бес-алты жасақшының көз алдарында тікесінен тік серейіп, сырғауылша бой түзеген Кәшке, Көсембай, Төке, Күртібай, Қаскелең, тағы басқалардың қап-қара бет өңірлеріне күн сәулесі тура түсіп, көмірше жылтыратады. Айнала сұлық жатқан боз ала құмды өлке. Жан баласының тісі тимегендей-ақ бәз-баяғы өрнектері қаз-қалпында. Мына адамдар тобырынан сәл аулағырақта басталатын, сирек те жатаған сексеуілді орманның бас-аяғына көз жетпей,

көкжиекті түгел көмкеріп жатыр. Ара-тұра төбесі шошайған жүзген ағаштары ғана құмды өлкенің суретіне қою рең береді. – Батыр, қымыз әкелдірсек қайтеді? – деп Жайнақ Балпыққа жарамсақтанғандай бір сөз тастады. – Қымыз ішуден басқа біздің шаруамыз да түгесілген сияқты. Жә, сонда да қоя тұршы!-деп, бұл ол мәселеге тыйым салды. Сөйдеді де басқалардан аулағырақ состиған Қосайға қарады. Балпықтың бұл қарасын Қосай да, басқалар да байқады. Балпықтың сол дулат батырына деген ішкі наразылығы осылай әлсін-әлсін жарқ етіп шалынушы еді. Ыстының жұмбақ мінезді қолбасысы Белағаштан бір тіл әкеле алмаған дәрменсіздігі Балпықтың қабырғасына батқан көп мәселенің бірі. «Жә, Қосайды қажай беріп неғылайын» деп, бұл көзін тайдырып әкетті. Себебі, қарсы алдында состиған басқалардың да көздерінде «Қосайда жазық жоқ қой, оның орнында басқаларымыз да осылай аузымызды қу шөппен сүртер едік, бар кілтипан ысты қолбасысында ғой» деген жазу тұрды. Балпықүнсіз томырылған күйі өзінің де қымызсырағанын ұқты. Әлгі Төле бидіңүлкен ұлы Жәнбекей қосып берген екі жүз сауын биенің сүті мұндағыүш жарым мың қолүшін «ас та төкке» жарамайтын. Жас қолбасы қасқалдақтың қанынан қат, әрі бағалы осы сусынды ешкімді алаламай баршасына тең бөлуді бұйырған. Соның өзінде де ол кейбір жауынгерлердің аузына екі-үш күнде бір тиетін. Сосын да Балпық және оның төңірегіндегілер қаншама кенезелері кепкенмен қымызды қылқылдатып, әмсе жұта бермейтін. Бұлар осылай күн батырды. Түнге қарай мұнда әр жерде тезек жағылады. Оның отына құс еті қақталады, ал түтіні масаға қарсы бірден бір дауа. Бұл құмды өлкенің қоңыр салқындау келетін масасыз түні қандай ғажайып. Е, көзді ашытатын түтіні болса қайтеді екен, оның көп залалы жоқ, қайта ұйқысырамай әңгіме айтушының аузына құлағыңды тоса түсуіңе жақсы. Балпық жайғасқан оттың айналасында аталмыш кіші қолбасылардың бәрі, олардың оққағарлары, ертөлелері – ұзын-ырғасы отызшақты адам түгелүймелескен. Бәрінің көздері Балпыққа, әңгіме айтушыға және ортадағы отқа қақталғанүйрек етіне кезек-кезек қадалады. Осылай от жаққандардың шоғырлары бұлардың сыртында қызыл көзденіп, бірнеше жерден шалынады. Бүгінгі әңгімеші Кәшке: – Сол Баймұрын ақсақалдан естігенім ғой. Аруағыңнан айналайын, қайтейін, иманды бол. Мұндай күйді де біле жүргенің абзал деп, маған әдейілеп жыр қып еді. Иә, сол кісінің хикаяты. Сол Баймұрын ақсақалдың жас кезінде жорықүстінде бір адамның аяқ астынан таңертеңгілік туталақайы шығады. «Ойбай, ішім жалап барады, маған тамақ беріңдер» дейді. Таңертеңгілік шақ, езілген құрттан басқа дәнеме жоқ, кеше кешкісін қақталған аң етінен дәнеме қалмаған, сүйек-саяғына дейін кеміріскен. «Сен немене жұрттан бөлек тамақсырайсың» деп басқалар оның өзін жәукемдейді. Сөйтсе ол түсінде суық су ішіпті. Ол да бір түрлі. Өңінде емес, түсінде ішкен судың әуселесі бұлай шығуға тиіс емес қой. Сонда сарбаздардың ішіндегі

қақсалдау біреуі анықтайды. Ол неме түнде аузын ашып ұйықтайды екен. Сосын сол тесік арқылы ішіне жылан кіріпті. Түсінде суық су ішетіні содан екен. Дереу әлгі қақсал неме: «Кәне, сен аттың ащы терін іш, мұның шипасы сол» дейді. Бұл жерде әлгі бұрынғының атақты батыры Қордай жылан жұтып, іштегі жарасын жазыпты деген аңызды еске алысады. Ал мынаның ішінде жарасы жоқ, жұтқан жыланы өзінше жара салуы мүмкін деседі. Ақыры, жаны қиналған әлгі немеүлкен кісінің айтқанын істейді. Бір жас жігітті жарамдырақ атқа мінгізіп, ары-бері желқұйындаттырып, терін шығартады да онысын бауыр жүнінен алақанының қырымен қырғыштай қырып, аузына құяды. Содан жарым күнге жетпей жұтқан жыланы пышақпен туралғандай жапырақталып кері шығады ғой. Лоқылдатып, түгін қалдырмай құсса керек. Қарны ашқан адамға жұрттың «Ішіңде жыланың бар ма», «Ішіңді жылан жалап бара ма» дейтіні содан екен. Ескінің қолқасы демеңіздер, мұндай жайды сіздер де біле жүрсін дегенім ғой. Не деп болады? Кәшке әңгімесін тауысып, алдындағы отқа қолын соза беріп еді, ту сыртынан әлдекімнің мырс-мырс еткен күлкісін естіді. Солай қарай бірінші болып жалт қараған да осы. Өздеріне ат жетектей жақындаған біреуді бұл бірінші көрді. Тіпті қарама-қарсы отырғандардың өздері әңгімеге елітіп, ол жаққа Кәшкеден кейін ғана көздерін көтерісті. – Сіздің әңгімеңізді мен де толық естідім,– деп, әлгі бейтаныс тіптен бастырмалап, Кәшкенің желкесіне мінердей төніп кеп қалды. Жас шамасы белгісіздеу, тек күлімсіреген жүзі баршасына бірден жылтырай шалынды. От айналасындағы оққағарлардың екі-үшеуі бірден қатар жантайған Балпық пен Жайнаққа жалт етісті. Балпық Жайнаққа бұрылды. Қолбасының осы нышанын оққағарлар да танып, сәл тынышталысты. Бүйтіп түнделетіп қазақ ортасына өзімсініп келетіндердің ішінде жау жансыздары боларын бұлар әлдеқашан ұққан. Оққағарлар да содан қауіптеніп, қолбасыға қадалғанда одан «әзірше саябыр етіңдер» деген нұсқау алысты. Балпықтың ол райын Кәшке де танып, келген кісіге қасынан орын бөлісіп, жік-жапар болғансыды. Бұл өзі ақтарылып тұрған неме екен, бас-көзге қарамай ескі хикаятты бірден тоғытты. – Мен мынау жалайыр-бәйшегір еліндегі туғандарың боламын. – деп, бастады да Айдос, Бидос деген бір аталарын марапаттай бастады. Сақалмұрты тарам-тарам өскен, екі көзі, бет сүйектері от сәулесін ойнатып, қайратты адамның нышанын көлденең тартқандай. Тек дене тұрқының шағындағы ондай пайымға көп жуытпайды. Сірә, Айдос, Бидос дегендері жаңағы Кәшке әңгімесіндегі жайларға ұқсас хикметтерді бастан кешкен жан. Балпық Жайнаққа тағы бір көз тастап белгі берді ме, Жайнақ оның сөзін бөлді: – Туысқан аға, сіз Айдос, Бидосыңызды қоя тұрыңыз. Бәйшегір атаның қай ұрпағысыз? Қосымбет, Қосай, Арықтыным дегендерді көп естиміз, солардың бір ара жігін аша кетіңізші. Жайнақтың бұл сауалында бүйірден пышақ сұққандық жоқ, жөн сұрасудың дағдылы қазақы жолы. Мынауың да ондайға бесаспап екен

тоспаға соқтыққандай іркіліп жатпады, бірден аттың басын бұра жөнелді. Бәйшегір он екі ата жалайырдың бір атасы, жалпы жалайыр Сырманақ, Шуманақ, Бірманақ депүшке бөлінсе Бәйшегір соның Сырманағынан деп бастады да оның біраз буынын жілікше шақты. Бұл заманда бүйтіп арғы текті қазбалау қазақтың жай шежіре– құмарлығынан емес, түнгі қонақ шын қазақ па, жоқ, басқа ма деген сұраудың басын ашуүшін керек. Ол жағын мына сұңғыланың да іші сезген сыңайлы, бара-бара қанатты тұлпардай жүйткіді. Ерте заманда Бәйшегірдің өз басы тірі кезінде мұнымен аталас Нардәулет деген батыр қазақ-қалмақ соғысында шәйіт кетіп, әйелі жесір, Қосай, Қосымбет атты екі баласы жетім қалады. Жай қалмайды, қалмақтардың қолына түседі. Қалмақтардың өз ішіндегі бір бүліншілік кезінде олардан сытылып, қазақ ішіне келеді. Мұнда қаңғыған жетімдер деген атқа ұшырайды. Сонда шешелері ауырып, о дүниеге бет бұрғанда балаларына «саяқ жүрулерің қиын, өз елдеріңді табыңдар, аталарың жалайыр, тарақ таңбалы ел, сондағы ең атақты адам Бәйшегір» деген өсиет айтады. Табандары тозып, жер кезген Қосай мен Қосымбет Қаратауда бірүлкен жиынныңүстінен шығып, тарақ таңбалы аттарды көреді, сөйтіп, Бәйшегірмен беттеседі. Ел-жұрт ақылдаса келе Қосайды Андас атаға береді. Қосайдың өзіне тымүйірсек өскенін көрген Андас «соңымнан ерген күшігім ғой» деп, Күшік атандырады. Кейін бұл Күшіктен мол ұрпақ тарап, он екі ата жалайырдың бір тармағына айналады! Қосымбет те солай Бәйшегірге адал қызмет етеді. Әрі арық болғасын «жаныма жай таптырушы осы арығым ғой» деп, оны Арық атандырады. Өз баласы Тыным екеуі егіз қозыдай өсіп, бұлардыңүрім-бұтағы Бәйшегір, Арықтыным деген елге айналады. Осының бәрін қолмен қойғандай етіп, жеткізген бейтаныс әуелгі әуенін қайта бастамақ еді, Күртібай: – Сонда сіздің баяныңызша Бәйшегір мен Арықтыным бір ата, ал неге кей жақтың сусылдақтары оны екі ата деп, бөле-жарады? – деді. Бейтаныс сәл бөгеліп, от сәулесінен сәл-пәл жылтыраған жүзінде күлімсірегендік пе, жоқ ызаланғандық па, қайсысы екені айырғысыз бір нышан тастап, қайта сөйледі: – Осы Арықтынымда ертеректе Ақанбай деген шешен өткен екен. Кейінірек, ол да Арықтыным, соның Жиенқұл деген бір атасынан Арыстан баласы Күні шешен деген өтіпті, жарықтық! Сол Күні шешен әлгі Ақанбайды пір тұтады екен. Оның жыры бөлек. Сол Күні шешеннен қалған бір сөз: «Ұзын ағашты кесе берсең келтек болады, бір сөзді қайтып айтса тентек болады». Бәйшегір, Арықтынымның ақиқатын аштым-ақ, ол аруақтардың құлақтарын қайта шулаттырып қайтесің, жаным? – деп, қыр көрсете тоқтады. Күртібай Балпық пен Жайнақтың бет құбылыстарына қарап, аузын буды. Балпық Жайнаққа көзін бұрып, жаңаша нұсқау берді. Енді Жайнақ бейтаныстың келесі байпаң жүрісіне өз қолымен жұмсақ сүрлеу тартты. Мұны бейтаныс та сезді. Екі көзі жыпылықтап, Балпық пен Жайнақты қоса барлады да жүзіне суық сәуле жүгіртті. Шындығында бұл бейтаныстың осы қалпындағы бір бүкпе назарды осынша қырағылардың ешқайсысы байқамады. Ол әлсін-әлсін дулат Қосайды көз ұшығымен ілуде еді. Онысын

қалай байқатсын, Қосайды нысанаға бір алады да өзгелерді адақтай жөнеледі. Қосайды алабөтен қадағалады дейтіндей бөгелісі шайтан екеш шайтанның да көзіне ілінбес. Сосын бұл әлгі Айдос, Бидос дегеннің баянын қайта бастады. – Қазақ ішінде не көп, адамды естен тандырар таңғажайыптар көп қой. Жаңағы ішіне жылан кіріп, оны аттың ащы терін ішіп шығарғаны туралы айтылғасын еске түскен дүние. Біздің жалайыр-бәйшегірдегі сол Айдос, Бидос дегеннің қылықтары сан тарау. Бұл екеуі ағайынды, әрі дүлей күштің иесі екен. Әсіресе, Айдос. Бұл Айдос бес жасар өгіздің піскен жауырын сүйегін бір саусағымен тесіп жібереді екен. Мергендігі, сайыскерлігі, шешендігі тағы бар. Ал зәрленіп, біреуге тура қадалса қай мықтының да тұлабойы қалтырайды екен. Көзінің қарасы атқан оқтан жаман деседі. Сол Айдос қартайғанда «аћ» дегенде аузынан жалын атады екен. «Не өкінішіңіз бар» дегенде «жас кезімде Тырнакөк, Көкшеке деген екі тұлпарым болды, бірде жау шауып, ел дүрліге жөңкілгенде бір сұлу қыз менің Көкшеке тұлпарымды міне қашты, жолай бір баланы өңгеріп әкетті, менің атқұмарлығымды қараңыз, жау шауып, ел дүрліккенде Көкшекені, өзін және бір баланы құтқарып әкеткеніне ризалық білдірудің орнына мен ол қызды Тырнакөкпен қуып, алдан орап, дәл көкіректен көздеп атпасым бар ма, қыз да, бала да тіл тартпай кетті, құдай есеңгіретті ме, жауға арнар оқты осыларға жұмсаппын, міне, соның өкініші әлі күнге кетер емес» дейді екен жарықтық. Енді бірде «менің ол өкінішім жалқы емес, қосағы тағы бар» деп, екіншісін және суырады екен. Онысы мынау: осы Айдос жас кезінде өзі батыр болғасын ба қасына көп жігітті ертіп жүреді екен. Бірде түз кезіп, айдаладан жалғыз ақүйді ұшыратады. Сусын ішпекке бұрылып, есігі жабулыүйге ең алдымен бір жігітті жұмсайды, ол көпке дейін шықпайды, сосын екінші жігітті жұмсайды, ол да шықпайды, сосынүшіншісін, төртіншісін, тағы басқаларын жұмсайды, бәрі де суға батқандай жоғалады. Сосын әлдебір жамандықтан сезіктенген Айдос атан түйені қақ бөлерлік алдаспанын, мылтығын қоса сайлап, өзі енеді. Қарасаүйдің төрінде бұған қарсы қадалып, тікесінен тік керемет бір сұлу қыз тұр дейді. Ал әлгі жігіттердің бәрі жерде, оттың басында сұлап жатыр, қыз алақанының қырымен Айдостың өзін де сұлатпаққа оңтайланғанда оның көзінен шошып, қолын тарта қояды. Сөйтеді де керегедегі түскиіздің тасасына бой жасырады. Айдос оны табанда атып өлтіреді. Қараса, жігіттерінің бәрі дін аман, тек қыздың соққысынан талып түскен. Айдос кейін анықтайды, ол қыз ешкімді өлтірмек емес, тек бұлардың ішінде өзіме лайығы бар ма деп, сынап іріктегені екен. Сонда Айдосты ғана өзіне тең санап, одан ешқандай жауыздық күтпей түскиіздің тасасына жасырыныпты. Міне, Айдос осы екі қыздың қанын мойныма жүктедім деп, өмір бойы күйзеліп өтіпті. Өзі елуден асқаншаүйленбепті, әрі ұл бала сүймепті, бұл да сол екі қыздың обалынан дейді екен. Айдостың қасіреті мұнымен де тамамдалмапты. Түнгі қонақ жұрттың ықыласын сезіп, оны одан әрі құйқылжытты. Кейін бұл Айдос өзінің алабөтен жаратылысының арқасында өзбек ханының бас уәзірі дәрежесіне көтеріліпті. Бұрынғы күнәларымды осында жуып-шаяйын деп, бұл пақыр мұнда құран атымен ант етіп, барынша адал қызмет атқарады. Қаріп-

қасерлерге жәрдемдесіп, біреудің ала жібін аттағандарды қатаң жазалайды.. Бұл осы өзбек ханының айналасындағы ашқарақтарға ұнамайды. Бірде Айдосты хан ордасынан аулағырақта қонақ етіп, алдына бас тартады. Сөйтсе ол есектің басы екен. Айдос сол есектің миын жеп, жарыместенеді. Ал өзбек ханы жарымес уәзірді неғылсын, табанда қасынан қуады. Екі қыздың қанын жүктеген Айдостың тақсіреті жалғыз інісі Бидосқа да көшкен бе, ол біреулермен бәстесіп, күшік жепті. Сөйтіп, одан өрбігендер «итжегеннің тұқымдары» атанып, жеті атасына дейін оңбапты. Бейтаныс осы хикаятты аяқтағанда бәрінің мойнына су құйылғандай өлі тыныштыққа бойсұнды. Тезек отының түтіні көздерін ашытса да міз бағар емес. Қайта кейбіреулері тезек түтінінің көмегімен көздерінен жас парлатпақтай қос шырақтарын әдейілеп жалаңаштап, шақырайтқанға ұқсайды. Кенет түнгі қонақ бұларды дүр сілкіндірер бір жайды ортаға салды. – Байқауымша сіздер мынау жалайыр ішіндегі Ескелді, Балпық, Қабан жырау сияқты адамдардың ықпалындағы елдерсіз, – деп бастады да бұл кезде сәл түрегеліңкіреп тұрған дулат Қосайды көзімен бір атып қойды. – Егер солай болса сонау қоян жылғы шабыншылықта сіздерден бөлініп қалған жұрт ішіндегі Шопабай деген баланы естулеріңіз бар ма? – Естуіміз бар! – деген Кәшкенің даусы түн қараңғылығындағы ақ алмастай жарқ етті. Орнынан атып тұрғанда қасындағы Қосайдан да биіктеп кетті. – Бұқпанбет деген шалдың баласы дей ме? – Иә, Бұқпанбет шалдың! Сіз оны қайдан білесіз? – Кәшкенің даусы енді сыбызғыша сызылып, жалыныш райына ұласты. Жаңа ғана, осы отырыстың басында сол Шопабайды қамқорлығына алып, қалмақтардың қоластындағы ел ішінде қалған Баймұрынды тіл ұшына іліктіргенін қоса ойлады. Басында әртүрлі қиял, жорамал жүйткіді. Кәшке аптыққанмен түнгі қонақ сабырлы еді. – Мынау Кіндіктас жақтағы ойран қарсаңында қалмақ қолбасысы Сары-Манжы сол маңға өзі әкеп қоныстандырған қазақтарды кенет кері қуды емес пе? Сонда біз бір топ жігіт аң аулап жүріп, әлгі шығысқа жөңкілген қазақтармен ұшырасып қалдық. Шопабай, астына жарамды ат мінген, уыздай жас бала, әлі кәмелетке де толмаған ба, тек көздері отша жанады, біздің өз қандастары екенімізді айырып, «аға, Ескелді-Балпыққа қарасты жалайырлар қайда» деп сұрады. Менің ол жайында анық хабарым жоқ еді. Тек топшылап қана жауап қайырдым. Сонда әлгі Шопабай жылап жіберермен болды. Мен оған: «бүйткенше, кәне, бізбен қаш» дедім. Шопабай «мен қашсам аналарға қиын болады ғой. Араларынан біреу қашса өзге қазақтарды да қалмақтар аямайды» деді. Артық сөзге уақыт жоқ, «байтал түгіл, бас қайғы», оларды желкелеген қалмақтарды көрдік те басымызды аттың жалына жабыстырып, сай-саланы қуалай зыттық. Жаңағы Айдостың өкінішіне ұқсас бір өкініш сол Шопабай деген балаға байланысты маған да жабысты. Әлі күнге отша жанған көздерін, жыларман халін көргендей боламын.

Бейтаныс әлі де асығатын емес, бұдан кейін де біраз хикаяттардың басына су құйылды. Шопабайдың қайтіп есімі аталмады, тек Кәшке сырғауылдай сорайған күйі жүзін от жарығынан ала қашып, теріс қарап, қатып-сенді. Жорықтас достары оны көзіне жас іріккенге ұқсатты. Себебі, олар Шопабай кім, осы Шопабай мен Кәшкені қалмақтар ішіне кезінде ала кеткен Баймұрын деген кім, бәрін осы Кәшке баяндары арқылы жақсы ұғынған. Мынау тастай ауыр қараңғылық, жалпылдап жанған әлсіз тезек оты, сонау алыс биікте жымыңдаған жұлдыздар, айнала өлі тыныштық кейде өзі қозғау сала ма бұлардың қиялы кейде таңғажайып оқиғалы ертегілерге қарай ауытқиды. Олардың да біразын кезек-кезегімен тамылжытып, құлақтарының құрышын қандырысты. Бұл кезде беймезгіл орталарына топ еткен қонаққа жайбарақаттана қараған Балпық пен Жайнақтың жүздері «әйт-шүу» дегенге ұқсады ма осындағы жігіттер де сәл-пәл желпінісіп, ауыздарына ерік берді. Тіпті әншейінде көп жақ ашпайтын балауса орақты Төке батырдан да бір аңыз шықты. – Менің арғы аталарымның бірі, аруақтың есімін бір жолға атамай-ақ қояйын, Қытайда Жұлдыз деген өзеннің жағалауындағы бір байдың алдыңғы екі аяғына алтын білезік салынған қара айғыры бар екен, соны алуға барыпты. Айғыр бірнеше есіктің ар жағында. Әрі сыртта екі ит, қарулы күзетшісі тағы бар. Сонда әлгі атамыз айласын асырып, алдымен екі итті, сосын күзетшініүндерін шығармай өлтіріп, кілттерді сындырып, айғырды әкетеді. – Сонда ол атаң мына қара қалмақтыңүстінен ары өтіп Қытайға барған ба? – деп сұрады Балпық. – Тап солай, батыр аға! – деді Төке. – Ол кісінің тағы бір қасиеті қалмақ ішінде сол қалмақ мақамымен сөйлеп, солардың дағдысынша жатып-тұрып өзінің қазақ екенін білдірмейді екен. Сосын әлгі атамыз түнделетіп жортып, қалмақүстінен де бері өтіп, әрі жолай бір семіз тайды қоса әкетіп, өзіміздің ел ішіне келгенде бір жерге түнемелікке тоқтапты. Ол да осындай айсыз қараңғы түн болса керек, жер жағдайын аса бажайлай алмай қу ағашты жиып кеп, от тұтатып, әлгі олжа тайдың терісін қазан қып, етін аса бастайды. Батыр адам, бойында ешқандайүрей жоқ, жалғыз болса да ештеңеден сескенетін бұл емес. Кенет қараңғылықтан бір жан иесі шығып, бұған бірте-бірте жақындай түседі. Қараса ботаның жүніндей жүні бар, өзі «аћа-ћа-ћалап» күле беретін кісікиік екен. Алғашында атамыз не істерге білмей орнынан тапжылмаса керек. Не пәлеге де дайындықпен қай қаруының қайда екенін ойша мөлшерлеп, сауысқандай сақтыққа басады. Байқаса, әлгі кісікиіктің басы адамға ұқсайды, аяғы жылқынікі, тек артқы екі аяғымен жүреді, екі алдыңғы аяғын біресе айқастырып, біресе жазып, әртүрлі қимылға барады. Атамыз дыбыс шығармайды. Әлгі кісікиік те күлкісін тыйып, оттың екінші жағына қарама-қарсы жайғасады. Атамыз амал жоқ, әлгі семіз тайдың етін одан әрі пісіре береді. Аударып-төңкереді. Әлгі кісікиік қолқабыс жасағансып, ол да ортадағы етті аударып-төңкергенсиді. Сонда байқайды, бұл не істесе, кісікиік те соны қайталайды екен. Атамыз қанша батыр болғанмен өзінен әлдеқайда

бітімі зор мынау жартылай адам, жартылай мақұлық немеден бас қорғаудың да амалын қарастырады. Қызыл шоқ біраз жиылғасын тайдың етін соған көмгенсиді. Сірне іспеттендіріп, пісіргенсиді. Сосын оның қабырға, бауыр тұсынан қазымайын алады да өзінің екі білегін, екі балтырын сылай бастайды. Кісікиік те сөйтеді. Жүндес сираққа май жұққыш қой. Кісікиік біраз майды соған ысырап етеді. Сосын атамыз көкірегін де сөйтіп майлайды. Анау да сөйтеді. Сонымен қойшы, семіз тайдың майлы тұстарын түгін қалдырмай іске жаратады. Атамыз жай көз қылып істесе, анау май атаулыны опырып, тұлабойына баттастыра жақса керек. Ендігі кезекте атамыз бір қурайдың ұшын шоққа тұтатады да екі білегіне кезек-кезек тигізген болады. Анау да сөйтемін дегенде от лап ете қалып, тұлабойы өртке оранады. «А-а-а» деген даусы қараңғылықты қақ жарып, бірүлкен сайды күңіренте қашады. Атамыз өзінің бұл ісіне жан баласының сенбейтінін сезеді де ертеңіне күн шыққасын әлгі кісікиіктің жанып кеткен денесін іздеп табады. Қараса артқы екі аяғы жез екен, соларды кесіп алып, еліне әкеп, ханға сыйға тартыпты деседі. Әншейінде аузын буған өгіздей тоң-торыс орақты Төкеден мұндайлық шыққасын өзгелер де өзүнсіздігін намыс көріп кәне желпінсін. Кейбірінікі әжептәуір-ақ әңгімелер еді. Қарапайым оққағарлардың да біразы қара жаяу емес екен. Өздерінің ертеде өткен аталарының бірін мансұқтаған, болғаны мен ойдан құрастырылғаны аралас, небір таңғажайып оқиғаларды жарыса тоғытысты. Осы екі ортада Балпық Жайнаққа бір күбір етті. – Мынау қай заман ұмыттыңдар ма? Ақай-тоқайсыз ортамызға кеп, талай шер көкіректі тоспадағы судай ағыттырған мынауың алланың жай пендесі емес! Жайнақтың миына зіл түсті. Жас қолбасы мына түнгі қонақ жөнінде абай болуға, әрі бір шешім қабылдауға шақырды. Не шара керек, ақырып жіберіп, оның жүрегін жару да ақылға сыйымсыз. Немесе, кәлимаға тілін әрең келтіріп, жөн сұраудың да реті жоқ. – Меніңше желмаяша желіп тұрған бұл пәле бұл жүрісінің сырын өзі-ақ айтады. Айтқызбай жібере қоймаспыз. Сәл сабыр. Балпықта келіскен рай бар. Жайнақ Көсембайға қарап: – Көкірегінде шалқыған теңізі бар Қабан жыраудың інісісің ғой, саған да бірдеме қонған шығар, кәне сөйле! – деді. Отқа мөлиіп, екі тізесін құшақтаған Көсембай іле дүрк етті: – Шалқыған теңізді Қабан ағаның көкірегіне құйып беріп, бізді қол қимылыүшін ғана жаратыпты ғой аллам! Түнгі жырдың жалғасуын Балпық пен Жайнақтың хош көретінін байқап, тағы біреулер тізгін босатты. Ендігі сөз ауаны мағыналы жайға қарай ауытқыды. Осы төре тұқымдары, хан-сұлтандар қара қазақты шын мәнінде ұшпаққа жеткізе ме, жоқ, өздерінің ішкі бір ой-мақсаттарыүшін сойқан салдырып жатыр ма дегенге ойысты. Бір-екеуі өздерін төре тұқымдарының әдейілеп бөле-жарғаны хақындағы әңгімені суыртпақтатты.

– Ондайдың бір тарауы менде де бар, мен жалайырдың қайшылысынан едім, – деп, Балпық оққағарларының біреуі дүрілдей жөнелді. – Біздің арғы аталарымыздың бірі атақты би болған екен. Би болғанда жай емес, би атағы арғы он екі атасынанүзілмей келіпті. Бірде сол жарықтық түс көріп, түсінде шаңырағына қонақтаған ұзын қауырсынды, ұзын құйрықты, келісті көркі бар құс ұшыпты да кетіпті. Ертесіне елін жиып, көрген түсін айтып, «менен билік кетеді екен, менен оны алыңдар» дейді. Бидің өзі солай дегесін қара қауымның амалы қанша, би етіп басқаны сайлайды. Сонда, әлгі жарықтық атамыздың жалғыз інісі бар екен. Ағасының мына қылығына іші удай ашиды. «Сен болмасаң мен болатын едім ғой. Арғы аталарымызданүзілмеген билікті көзің қиып басқаға қалай тастай салдың», – деп бұлқан-талқан ашуланады. Билікқұмарлықтан емес, ағасының ісін аталар аруағын сыйламағандыққа балап, екі туып бір қалғандығына қарамай одан біржола атқұйрығын кесісіп кетуді ойлайды. Сөйтіп, ағасы өзіне қарасты елді, інісі өзіне қарасты елді алып бөліне көшеді. Бұлар көп ұзамай қайта қауышып, бір-бірімен жылап көрісіп қосылады. Бұл қосылу да ұзаққа бармайды. Өкпелі інінің долылығы қайта қозып, тағы да бөліне көшеді. Бір-бірінен ұзай бере қайта қайтысып, тағы жылап көріседі. Сөйтіп, бірнеше рет әрі-сәрі болысса керек. Сонда бір төре тұқымдары кездесіп, бұларға ақыл айтады: «Біржола бөліне көшудің жолы мынау. Сендер түн жарымда тұрып, түйелі көштеріңді екі қиырға қаратып, қараңғылықты жамылып, сол бет қаратқан жақтарыңа көшіп кетіңдер, сона бір-біріңді таппай қаласыңдар», дейді. Бұлар сөйтеді. Сөйтіп, бұлар бір-бірінен мәңгі-бақи көз жазса керек. Сосын да біз қайшылылар аз елміз. Сонда әлгі айтамын-ау, әлгі көріңде өкіргір төре тұқымдары отқа май құймаса мүмкін қайшылылар бөле-жарылмас па еді, бітісіп кетер ме еді, кім білсін! Біреуді біреуге ұтылап салып, жігін айыру олардың ескі машығы. Қайшылы жігітінің пікірін басқалар далитты. Төре тұқымдары басбасына мансап тиюіүшін қара қазақтың көбесінен сөгіліп, тоз-тозы шығып, бет-бетіне ыдырауын көксейді, мысық тілеу олар дегенді дәлелдесті. Бұған Балпық тоқтау салды: – Мынау қай заман ұмыттыңдар ма? – деп, жаңа ғана Жайнаққа күбірлегенін баршасының құлағын жара қайталады. – «Аттың жаманы өткелде тулайды». Төре деп, қара деп, тап бүгіндікте өз ортамызда ши шығарсақ ең адымен сол қара қазақтың өзі не күй кешпек! Ондайлық анау аузынан от құсқан тажал қаруы бар ата жаудың алдына майлы шелпек тастағанмен бірдей емес пе? Балпық жігіттерінің ішіндегі жүрегінің түгі бары орақты Төке екен, сол қолбасының алдынан бір орағытты: – Батыр аға, сонда да мына Көсембай ағаның жігіттері түстіктегі ойраннан әкелген ақпарларға сенсек төре тұқымдарының тындырғаны итке тастаған сүйектей шамалы көрінеді ғой, не істесе де қара қазақтың өзі істеп жатқан сияқты. Балпық оған да шүйлікті. Мұндай топшылаулар бүгінгі соғыс жағдайындағы ахуалға кері әсерін тигізетінін сол заманның мақамдарымен

біраз ежіктеді… Балпық сөздерін тауыса бергенде түнгі қонақ орнынан тұрды. – Сіздердің орталарыңызда болу басыңа бақыт қонғандай әсер етеді екен. Бірақ, амал не, менің өз жұртым бар, солар күтіп қалған шығар. – Осыны айтты да бұл кезде отқа мөлиіп жайбарақат жайғасқан дулат батыры Қосайды дәлдеп, саусағымен нұсқай сөйледі: – Сен, шырақ, біздің жаққа өз сұрперендеріңді көп жүйткіте берме! Бәрібір ысты батыры Белағашқа қарасты күшті өздеріңе қосып ала алмайсыздар. Иә, иә, таңырқауларыңыз орынды. Мен сол Белағаш батырдың адамымын. Жаңа мына соңғы сөйлеген балауса сұрпереннің сөзінде көп мән бар. (Енді түнгі қонақ орақты Төкені көз нысанасына алды). Төре тұқымдарының аты дардай да заты болмашы. Күркіреуі күшті, жауары аздар. Сөйте тұра әлгі Әбілхайыр аттығаүш жүз қосынының тізгінін ұстатқан ұлы билерге ыстының Белағашы да наразы. Сосын да ұлы дүрмекке қосылмады. Осы тұста Балпық қайта лапылдады: – «Битке өкпелеп тоныңды отқа лақтырма» деген. Бұл ұлы дүрмек төре тұқымдарының мансап, мәртебесіүшін емес, атамекенімізден айырған қара қалмаққа қарсы ғой! Ыстының батыры ақылы тасыса сол жағын неге таразыламайды? – Мұныңызға да уәжім жеті қат жердің астында емес. Сіздер атқарар міндетке Белағаш қосыңдары да «Әп, бәркелде» дейді. Егер құдай оңдап, қалмақтар Шу алабынан бері шегінсе Белағаш бастаған ысты қолы да сіздермен қатарласа, бірақ тізе қосып емес, ол қалмақтарды қасқа маңдайдан ұруға сақадай сай. Мен шындығында осы сөзді айтуүшін ғана сіздерді іздеп тауып едім. Бізбен тізе қосуға асықпаңыздар, бұл қалмақ дегенің бір күндік жау емес. Алда бізді не күтіп тұр, оны тек бір аллам біледі. Балпық іштен тынды. Оның түрін көріп, басқалар да тіл-жақтарын қарыстырды. Түнгі қонақ қараңғылыққа сүңги жоғалғанда жалайыр адамдары солүнсіздікті көпке дейін бұзбады. Әуел баста бұл бейтаныс кім боп шықса да, егер осылай түнделетіп араларынан тайса оның ізін қуалай соңынан түсуге лайық жігіттерді Балпық қасындағы Жайнақ арқылы іріктетіп те қойған. Енді олардың ешқайсысын қозғамады. Мәселенің басы ашық, қозғап қайтсін. Тек бір таңқаларлығы бұлардың басындағы халді, тіпті сол Белағаш қосындарымен жалғастық жасау ісі кімге тапсырылды, олар бәрін өз алақандарындағы жазудай біліп отыр екен. Түнгі қонақтың сөздеріне сенбеске амал жоқ еді. Біраз ауыр тыныштықты өткергесін Көсембай тілге келді: – Әлгі жалайыр-балғалылар көсемі Жарықбас Есентүгел осы Әбілхайырдың бас қолбасы тағайындалуына назаланып, мына науқанда құйрығын сыртқа салды деп еді, мына ысты Белағашың да соның кебін киген екен ғой! Мұны Кәшке, Қаскелең, Күртібай және басқалар да қостай лепірісті. Оның бәрін Балпық өзі қортындылады:

– Осы ысты Белағашың көріпкел әулие шықпасын! Мен содан қорқамын! – деп салды. Түн түнегі бұрынғысынан да ауырлай желкелерінен басты. …Осыдан тағы екі күн өтіп,үшінші күннің сәкелігінде бұлар жамбастаған Сарыбұлақ пен Ащысу алабында ауыр ыстықтан табиғат-ана әбден маужыраған шақта түстік беттен бұларға қарай ор қояндай орғыған екі қара көрінді. Балпықтың алабөтен ішкі жаратылысы өз-өзінен жыбыр-жыбыр етті. Сосын да бұл әулиенің тұқымы, өзі де әулиеліктен құралақан емес жас қолбасы олардың мұнда жетуін күтпестен-ақ қасындағы Жайнаққа көз тастады. Жайнақ оның ішкі ойын табанда ұқты. Сол-ақ екен аталмыш екі өзеннің, басқа да жылғалардың бойындағы күллі әскерді аяқтарынан тік көтеруүшін бес-алты оққағар тас кесектенүріккен торғайлардай бытырай ұшты.

* * * Бұл күндері қалмақ күшінің бас қолбасысы Сары-Манжының көшпелі ордасы Айтау сілемдері шығысқа қарай сұйыла таусылып, Қараой жазығы басталған тұста еді. Іленің саласы Қопаны өрлей-өрлей осында жеткен. Тегінде қалмақтар бұл жолғы жеңіс қайтсе де өз қолдарында екеніне сенгені соншалық бұлар да қазақтардың кей қылықтарын айнытпай қайталаған. Егер бүйте берсе қазақ пен қалмақ қолбасыларының ордалары қазан-ошақ сылдыры естілетіндей қашықтықта бір-біріне қасқая қарап тұруы да ғажап емес. Қазақтардікі түсінікті, қалай да олар ата жауды сонау Хантаудан бері тықсырды. Ал қалмақтардікі не жорық?.. Бұдан ары шегінерге жер жоқ деп бекінгендері ме, әлде? …Уақыт кіші бесіннің кезі. Бұл кезде түрі бұрынғысынан да жан шошырлықтай өзгерген Сары-Манжы Ақүйдің сыртына төселген қалы кілемдердіңүстінде тасбақаша домаланып жатқан. Барша қолбасылар одан қамшы тастамдай аулақта өз оққағарларымен аралас-құралас, иін тіресеүйірілген. Мынау оққағарлар тап бүгіндікте қазақтардан емес өздеріне бас қолбасы Сары-Манжыдан қорғануүшін көбірек керек болғандай. Бас қолбасының түсі бұзылуы жаман, оған тура қарауүшін де қазақ найзасының болат ұшына қарайтындай жүрек керек. Енді қайтсін, тап қазір ол қалмақ қолбасыларының қай-қайсысын да «өз адамым ғой» деместен екі ауыз сөзге келтірмей тұрған орнында атып тастаудан тайынбайды. Тайынбайды емес, ондайдың біразы болды да. Сары-Манжы жатқан орнында қозғалақтап, әртүрлі қимылдар жасайды. Кейде ол әлденеге өкпелеп, іргеге басын тыққан жас балаға да ұқсайды. Жайпақ табақтарды шарап құюлы құтыларға, жеміс-жидекке толтырып, шыркөблек айналған, әдемі, бойшаң жас кәнизәктар да жақындай алар емес. Біреуінің батылдығы жетіп, өз табағын таяу қойып-ақ еді, бас қолбасы оны аяғымен теуіп жіберді. Кілемүсті тез тазартылып, басқа кәнизәктар өз табақтарымен бой түзеді. Айнала сілтідей тынған. Бәрі де Сары-Манжыға қадалған, тіл-ауыздары буулы. Бірақ бас қолбасы жүзін көрсетер емес, көзі-басын бүркемелей

маңдайымен жер сүзгілейді. Әлгі атышулы швед мамандары да осында еді. Бас қолбасының оларға дегенде өкпесі қара қазандай, «Біз от қару-зеңбіректі қазақтарға қарсы дұрыстап пайдалана алмадық! Қазақтар зеңбіректің басындағы оқшыларымыздың өздерін турап кетіп жүр!» дегенді айтып, швед мамандарының сілікпесін шығарған. Олардың да мұндайда жауабы әзіртұғын. «Зеңбіректі тиімділікпен пайдалануүшін біздің әр кездегі ұсыныстарымыз толық қабылдануы керек еді!» Тек мұндайда Сары-Манжы ғана емес, қалмақ ішіндегі оның жарамсақтары да: «Сен біздің ұлы қолбасының кемеңгерлігіне шәк келтірдің» деп, қоқиланып, қоразданып шыға келетін. Сары-Манжы бүйтіп бұртиып, тым ұзақ жата алсын ба? Ондай еркелікті көтеретін уақыт кәне? Сәлден соң басын жерден жұлып алды да өзіне ең таяу кәнизәктардың біріне қолын созды. Сұлу кәнизәк түбірінен жұлынған гүлдей бұраң етіп, бір-ақ аттап, бас қолбасының алдына табағын тосты. Егер бұл қабағын көтерсе кәнизәктің желсіз күнгі көлдей тұнжыраған тұнық көздерін көрер еді. Бірақ Сары-Манжының қабағы қазір қорғасындай ауыр, оны көтеруге күші де, зауқы да жоқтай. Жайпақ табақтағы ұзын мойын құтыны өз қолымен қыса ұстап, алтын жақтаулы кеселердің біріне толтыра шарап құйды да оны көптің көзінше қылқылдата жұта бастады. Екі-үш мәрте шашалып, шарапты әрең тауысты. Сосын ғана қарасынан ағы молдау қос шырағын маңдайына қарай сырғытып, өзіне ыстық ықыласпен телмірген кәнизәктың отша жанған бет-жүзін көрді. Сол кәнизәк болмысынан аз-кем жігер тапқанға ұқсады. Санасына саңлау да сол сәтте ашылғандай. Бұл дереу Аңырық батырды шақырды. Аңырық та қимылына көз ілеспей мына табақ ұстаған кәнизәкпен қатарласа жер тізірлей ол да қарсы қарап шөкті. Енді Сары-Манжының көзі соған қадалды. Бұл өте ауыр сәттер еді. Себебі, бас қолбасының мына шақырысынан Аңырық та, өзгелер де еш жақсылық күтпеген. Бас қолбасы қынаптан қылыш суырып, осы науқанүстіндегі екінші санаттағы қолбасылардың ішіндегі бірегейі, есімі біршама жақсы әйгіленген Аңырықтың қанын судай шашар деп ойлаған. Себебі, Сары-Манжының бүгінгі түнерісі көрген жанды тек қана сондай жаман ойларға ғана жетелейтін еді. – Сен! – деп, Сары-Манжы қылыш емес, сұқ саусағын кезеді. Осы мезетте Аңырықтың достары ғана емес, қас дұшпандары да іштерінен ауыр дем шығарды. Әрі жүйке тамырларына да жылы ағын барғандай. – Сен осы шайқастың әу басында қазақтың бас батырымен қоян-қолтық арпалысып, онымен тең түстің. Енді ондайлықты місе тұтар жайымыз жоқ. Қазақтың басын мылжалайтын бір алапат күш керек? Аңырықтың мәртебесін көтермекші екенін баршасы табанда-ақ ұққанмен Сары-Манжының сөздері біршама түсініксіздеу еді, ия, соғыстың әу басында Аңырық қазақтың Бөгенбайымен жекпе-жек шығып, абырой бөлісті, бірақ одан кейін де аталмыш қалмақ батыры өз қосынымен жеңілгені де, жеңгені де бар, талай шайқасқа кірді емес пе, демек, әу бастағы бет жыртысуды тап бұл жерде еске алудың қажеті қаншалықты? Жо-жоқ, артық ойға орын да, уақыт та тар, әне, бас қолбасының ерні қайта жыбырлады.

– Артымызда Іле дариясы, оған дейінгі жолымызды кес-кестеп, тағы қаншама шағын сулар ағып жатыр. Енді кері кетер кеңістігіміз де таусылды. Енді кері шегінсек Іленің суына ағамыз. Қазақтар бізден де, құдайдан да бір шешуші соққы тілеп отыр. Ең соңғы тілегі! Соны сен орындайсың! Олүшін қандай көмек қажет, ойлан да бәрін айт, осындағы бүкіл қалмақ қауымы – сенің есіктегі құлың, айтқаныңды орындайды! Аңырық бәрін түсінді. Бұл өзі жасы қырықтарға келген әккі жауынгер, артта ұлы Жоңғария жерінде ұлан-асыр байлығы да бар, тек өз бойына шыр бітпегендей сұңғақ денелі жіңішке жан. Есесіне ересен қайраттың адамы. Кезінде мынадай қушық денеге соншама күш-қуат қалай сыйып тұр деп, Қанжығалы қарт Бөгенбайдың таңырқауы тегін емес еді. Міне, қазір бас қолбасы алдына тізе бүккенде осыншама уақыт шешуші жеңістің дәмін татқыза алмаған көп қолбасылардың қатарынан саналса енді тізесін жазып, бойын қайта тіктегенде мынау қара жер өзінің бүкіл салмағымен осының екі иығына қона кеткендей. Ал мәртебесі дегенің анау алыстан төбесі қылтиған асқаралы Алатаумен жағаласқандай. Қас пен көздің арасындағы осы өзгеріске сыр алдырмай төтеп беруүшін де сұрапыл қайрат керек еді. Оны Аңырық өз буын-буынынан оңай тапты. – Тек бір айтарым! – деп, Сары-Манжы құрғақтағы балықтай тыпырлап, қайта дауыстады: – Сен маған тек ұлы жеңістің хабарын жолдайсың! Өйтпеген күнде көзіме тірі көрінбе! Аңырықтың кенет күш алғаны соншалық бас қолбасының мына соңғы ескертпесі құлағының түбінен ызыңдаған желдей ұшты да кетті. Ешқандай қорқыныш ұялатпады. Жеңіске деген сенімділік анау-мынау екінші санаттағы сезім-түйсік атаулыны қоса жұтып жіберіпті. Ол сенімділік қайдан келді? Ия, қалмақтардың қазақтар жөніндегі ескі бір тәккапарлығының отына май құйылғандықтан еді. Сол тұрыста Аңырық Сары-Манжының көз алдында барша қолбасыны жиып жоспар құрды. Швед мамандары да қатыстырылды. Осы төңіректің ойқыры әдбен таныс, әрі бұған дейінгі сәтті, сәтсіз жорықтар көп нәрсеге көздерін ашқандықтан ба қазақтарға қарсы шешуші шайқастың тәп-тәуір жобасы сомдалды. Аңырық Сары-Манжы сияқты тым ұрт мінезді емес, швед мамандарының барша ұсыныстары дерлік қабылданды. Бұл негізінде әлгі от қаруды пайдалануға байланысты еді. Енді тайсақтайтын ештеме жоқ, шайқас басталардан сәл бұрын зеңбірек тиелген түйелерді жіңішкелеп, құпиялап алға өткізіп жіберіп, лап беруге әзір тұрған қазақ шоғырларын төбеден ұрғылау көзделген. Сөйтіп, бір есеңгіретіп тастап, тұс-тұстағы өз түмендеріне «әйтшүу» деспек. Ендігі күнде, бірер зеңбірек қолды болады-ау деп, шошынудың өзі артық. Өйтпесең, қазақтар тағы да шашырай шауып, зеңбіректер иесіз далағаүрген төбеттердей апандай ауыздарын текке аңқитуы мүмкін. Бұл шешуші қақтығыс қарсаңында Аңырық өз кезегінде Шамалхан, Қаскелең, әрі бұрын жүзбасылықтан аспаған Церен-Доржы, Сахиян, Септен, Донық, Боралдай сияқты батырлардың мәртебесін көтерді. Бұлардың әрқайсысыүлкен-үлкен түмендердің қолбасылығына тағайындалды, ертең емес, бүрсігүні құлқынсәріден зеңбірек тиелген түйелердің соңын ала

қазақтарға қарсы майдан ашуға тиіс. Аңырық аса қырағы жан, Септен, Донық, Боралдай сияқты аузында ана сүті кеппеген жастардың есімдері аталғанда, швед мамандарының іштей «пәленбай күн жаумен жекпе-жек ұйымдастырып, ең тәжірибелі қолбасылардан текке айрылғанымыздың жемісін енді терудеміз» десіп, тыржиғанын тап басып байқады. Иә, ол солай, амал нешік, өткеннің өкінішін езіп отырар уақыт жоқ. Бұл ретте Аңырық, әсіресе, Шамалхан мен Қаскелеңге көпүміт артты. Мына соғыстағы соңғы шегіністер сол екеуінің шымбайына көбірек батары анық. Себебі, Шамалхан жай қолбасы емес, әулетті жоңғар шонжарларының қатарындағы адам. Хан атағын иемденіп, осы «ақтабан шұбырынды» заманының алғашқы қарқынында-ақ Жетісу қазақтарын қорадағы қойдай дүрліктіріп, мына Іле дариясына Қапшағай обасы дейтін тұсқа таяу құятын өзен бойында өз ордасын тіккен. Қазір мұның ондағы мал-жаны дегенің шаш етектен. Қаскелең де солай. Шамалхан ордасын тіккен өзеннің Іле Алатауынан басталатын көп салаларының бірінде оның да ордасы бар.1 Бірақ ол бір жайдан Шамалханға тәуелді адам. Тек мына соғыстағы сәтсіздіктер, оған жоғарғы қолбасылардың ызғары қосылып, екеуінің терезесін теңестіріп-ақ жіберген. Егер мына Айтау мен Кіндіктас арасындағы науқанның одан әрі кенеуі кетіп, шегініс жалғаса берсе ең алдымен осылардың ордалары күйрейді. Керісінше, жеңіске жетсе Шамалхан, Қаскелеңнің ырысына ырыс қосылмақ. Себебі, дәл соғыс қарсаңында Сары-Манжының бұйрығымен осы маңға көп бодан қазақтар қоныстандырылып, кейін олар күрт кері көшірілді емес пе? Егер жоңғарлардың айы оңынан туса бұл екеуі сол бодан қазақтардың есебінен қосымша олжаға кенелмек. Аңырық тағы да қалы кілемдердіңүстінде домаланған Сары-Манжыға кілт бұрылды: – Мәртебеңізден айналдым, бас қолбасы, бұл жерде сіздің де қол ұшын беруіңіз әбден-ақ қажет! – Міне, менің қолым, жұлып ал да кәдеңе жарат! – Жоқ, бас қолбасы, айыпқа бұйырмаңыз, дұрысырақ тыңдаңызшы! – Екі құлағым сенде! – Сары-Манжы басын көтеріп, балалы қатынша бүктеліп, екі аяғын көсіле отырды. – Анау Қараой жазығының шеткерісіндегі әскерлердің қалған-құтқаны, әсіресе, ондағы жылқы малы тегіс осында алдырылса! Жауынгердің мықты болуы астындағы атынан да ғой. Сонда біраз жылқы қарасы бар. Оларды тап осы жолы іске жаратсақ, Будда әулиемнің өзі қолдар шарапатты іс болар еді. Ал мұндағы жылқылардың көбінің кенеуі кеткен ғой. Ертеңіне Қараой жазығындағы ол қалған-құтқан әскерлер мен жылқы малының осында жеткізілуін Сары-Манжы өзі қадағалады. Айналасындағы отыз шақты оққағардан тұратын тап-тұйнақтай топпен солай қарай жарым жолға дейін жетіп тоқтады да әрісіне өзінің ең бір шырғасы мықты нөкерлерін жұмсады. – Артық-ауыс сөзге келтірмей малды да, жанды да тегіс көтеріп, дереу бері әкел! Өзім осы жерде тосамын!

Екі бие сауымынан әзер асатын уақытта ол әскердің алғашқы қарасы да көрінді. Мұнда да қау шөпке қалы кілем жайғызып домаланған Сары-Манжы дүр сілкіне түрегеліп, ерүстіне қарғып мінді. Сырмінез ақбоз аты құлағын тіктеп, осқырынып, иесі қараған жаққа бұл да кекжие бұрылды. Түз адамдарының бүркіт іспетті көздері өткір келеді ғой, алғашқыда іштей лепірген Сары-Манжының айтып ауыз жиғанша көңілі су сепкендей басылды. Себебі, мына көрінген әскер қарасының жүрісі ұнамаған. Бір түрлі әлжуаз сияқтанды. Асықпай, баппен жылжығаны шығар деп, өзін-өзі жұбатса да мал мен жанның мына ілбуінде бір кілтипан бары бара-бара мүлдем айқындалды. Табиғат берген сезгірлік оны тіптенүстемелеп, мұның бас азабына айналдырды. Ия, Сары-Манжы текке алабұртпаған екен. Кенет ол жақтан жалғыз қара бөліне бері қарай зуылдай сырғыды. Міне, қозғалыс деген осылай болуы керек қой деген әлдекімнің сөздері құлағының түбінен ызыңдап ұшқандай. Жалғыз қара мана өзі жіберген нөкерлерінің бірі екен. – Атыңнан айналайын, мәртебелі қолбасы! Жаманат айтпасқа лажым жоқ. Ондағы кеще мен доңыздар Қопаның суын менсінбей, оның бойында шөп мардымсыз деп, әскердің бәрін малмен қоса теріскейге қарай сондағы бір құдай қарғысына ұшыраған қуысқа апарыпты. Сонда бір суы ащы көл бар екен. Оны ант атқыр қазақтар Итішпестің Алакөлі1 атайды екен. Міне, сол көлдің суын міселерінен асыра сіміріп, мал біткен іші өтіп, онымен қоймай аяқ-қолдары қалтырайтын ауруға қоса ұшырапты. Әне, олардың кейбір тамтығының сіздің қатаң бұйрығыңыздан соң ғана құр сүлдері келе жатыр. Онда да оларды сіз өз көзімен көрсін деп, дүрелеп мен бері қозғадым. Нөкердің шындықты шыжғырта айтқанына Сары-Манжының еш күмәні жоқ. Кенет сондағы жылқы малының халі өз басына көшкендей мұның да ішін ит жыртқандай бір әлсіздік буын-буынына таралды. Дереу сол әлсіздіктен арылмаса тіптен іс насырға шабатындай әлдебір қол қимылын керексінді. Сондағы ойлап тапқаны жаманат хабарды әкелушіні қақ бастан ұру еді. Ол жазған тілге келместен атүстінен мұрттай ұшты. Сосын СарыМанжы шағын тобымен сол аяғын әрең басқан әскер шоғырына қарай өзі шапты. Бір түп көдеге сүрініп, өз сүйектерін өздері ауырсына қыр арқалары қайқаңдаған жылқыларды көргенде Сары-Манжы жыларман халге келді. Дегбірсіздік мұны одан әрі сүйреді. Итішпестің Алакөліне жетіп, іш ауруынан қираған адам мен малды көргенде Ұлы Жоңғарияның Жетісу жеріндегі бас қолбасысы өздеріне ту сырттан қазақтардан да жаман екінші жаудың тигенін сезді. Төбесіне тау құлағандай ауыр күй кешті. Иә, бұл Будда әулиенің бұларға біржола теріс қарағаны еді. Жалпы, Сары-Манжының Жоңғариядағы өзге нояндардай көріпкел әулие, сәуегей, дәруіш, балшы, тағы басқалардың болжамына, немесе, көрген түске құлай сенетін мінезі жоқ-тұғын. Оңай-оспақтан беті қайтпайтын, не нәрсені де қолмен түзеуге болады дейтін қас қайсардың өзі. Кешегі, бүгінгі қонтайшыларға да сол мінезімен жаққан. Міне, табан астында сол қасиеттерінің бәрінен таза тақырланды. Ендігі сәуегейлікті Сары-Манжының өзі жасады. «Біз жеңілдік» дегенді аузынан жалын атқандай сыбырлай, бірақ

тым ауыр күрсініспен айтты. Онысын тап қасындағы екі-үш қандыбалақ нөкердің құлақтары шалды. Олар да бастарына қара жамылды. «Кетер аяғым, кетпен таяғым» деген қазақ мақалы мағналас сөздер тізбегін олар да лоқылдата құсты.

* * * Ертеңіне таңертең басталған жойқын шайқас түс ауа мәресіне жеткендей. Ескелді басқарған жалайыр қолы жалпы Ұлы жүз күшінің құрамында дегенмен алабөтен кетіп, қалмақтың балауса батыры Септеннің пәрменімен теріскейге қарай шегіншектеген. Малтабар самайынан қан мен тер араласа ағып, қолға әлі де басшылық жасаудың қамында. Бұлар кері сырғып, Айтаудың сілемдерін паналап, қайта соққы беруге оңтайланған. Сол кезде Ескелді өздеріндегі жайды хабарлап, Саурыққа қарай ертөле ұшыртты. Бұл ертөлесі өзінің ең кенже інісі Бектұрған еді. Соңғы жылдары тез есейген жастардың бірі осы. Мынау науқандағы екі-үш шайқасқа да кіріпүлгерген. – Бізді біржола шегінді демесін! Ортақ майданнан қалмақтың мына бөлігін шеттетіп әкетудің де пайдасы бар сияқты! Өз тарапынан біз жөнінде қандай ұйғарымы бар, соны айтсын! – деді би. Бектұрған Саурыққа жете ала ма, ол жөнінде Ескелдінің өзінің де толық сенімі жоқ, себебі, Айтау мен Кіндіктастың екі ортасындағы мына кең шатқал бас-аяғы көз ауқымына сыймайтынүлкен арпалысқа айналды. Бұған дейінгі қақтығыстардың бір де бірінде екі жақтан осыншалық әскер қатынасқан, әрі осыншалық жазықты құмырсқаның илеуіне айналдырған ұлы қасап болмап еді. Үш жүздің бас қолбасысы Әбілхайыр да, одан кейінгі әр жүздің өз қолбасылары Саурық, Қабанбай, Тайлақ та, басқалар да өздеріне қарасты күштердің тізгінін тап бүгіндікте қолдан шығарып алды. Ендігі кезекте бәрін соғысушы әскер топтарының ет қызуы шешетіні анық. Сол ет қызуы қанша жерге апарады, бәрі соған байланысты. Бұл жағын мына ұлан-асыр, теңіздей толқыған, шет-шегі жоқ көріністі бақылаған Ескелді тобы түгіл бұл науқанмен ісі жоқ, көлденең көк аттыға дейін пайымдар еді. Тіпті бұл көрініс теңіз деуге де келмейді, қайта қара жерге жан бітіп, өзінен-өзі иіріліпжазылған соның мүше-мүшелерінің жыбыр-жыбырына ұқсайды. Жоқ, қара жер емес, етпетінен құлаған әлдебір алып тіршілік иесінің жон терісінің, жауырын, иық, бөксе сияқты бөліктерінің қыбырлағаны ма? Мол шатқалдың өне бойында бөлек-салақ орын алған алыс-жұлыс, қырқыс алақандағы сынаптай әртүрлі қалыпқа түсіп, кейде бір-бірімен қосылып, кейде ажырап,үлкендері быт-шыты шығып, тарыдай шашырап, қайта бірігіп, адам баласының жуарақпанда көзіүйрене алмас бұрқан-талқан көріністі құрайды. Айтаудың етегіне қарай ығыса көтерілген Ескелді тобына бұның бәрі айқара ашылды. Иек астындағы қалмақтың балауса батыры Септенге қарсы өз сарбаздарының қиян-кескі әрекеті кейде сол шатқалдағы ұлан-асыр буырқанған дүниенің қасында болмашыға айналатындай. Апыр-ау, басқаның ойынын қызықтаймын деп, өз кеңірдегіңе кезелген пышақты неге көрмейсің деп, әлдекім жалаңаш денелеріне суық су шашып сілкіндіретіндей.

Ал жаңағы ертөле – өз інісі Бектұрғанды Саурыққа жұмсағанда Ескелді одан нақтылы нұсқау дәметкендіктен емес, майданның екінші қиырында не жағдай, не хал бар, жалпы мынау құшаққа сыймас кеңшілікте қазандай қайнаған, маңдайдағы екі көз, бастағы жұдырықтай ми арқылы өлшеп-пішу мүмкін емес оқиға жөнінде Ұлы жүз қолбасысының, одан қалса жалпыүш жүзге ортақ сардар, би, батырлардың түйсігі қандай, міне, соны біле келуін армандаған. Жалпы, тап осы бүгіндікте бұл солай қарай Ескелді жұмсағанүшінші ертөле еді. Алғашқы екеуінің әкелген ақпарлары тым мардымсыз, әрі одан беріде де жағдай найзағайдың жылдамдығымен өзгеріп, құбылуда ғой. Міне, сосын да мына соңғы ертөлеге жалайыр биі көпүміт артты. Егер ол кешіксе керек деп, төртінші ертөлені де әзірлікте ұстады. Қалай да Ескелді өзіне қарасты күшке басшылық жасай жүріп, басқа қиырлардағыны білуге де көз бен құлағын мықтап тосты. Мұндағы шайқас та алғашқы қарқынынан қайтпаған. Бір қаға берісте Ескелдінің қасына Қабан жырау ентелете жетті. Ол Малтабардың жан шошырлық түрін нұсқап: – Мына батыр жараланды ғой, ендігісіне мені салыңыз! – дегенді дүңгірлете айтты. Ескелдінің бұл ұсынысты құп алмасқа лажы кәне. Жалайыр мыңдығына нақтылы басшылық жасау енді Қабан жыраудың иелігінде кетті. Ескелді оған әрі Құлжан батырды қосты. Ескі көз, сырмінез адамдар оңай қосақтасқандай. Бірақ бәрібір Малтабар олардың қастарында қала берді. Енді бір бие сауымына жетпейтін уақыттың ішінде Септен қолы бұрынғыдай бастырмалатпай өзі кері серпілуге ыңғай бергендей. Ескелді мұны шегініс жасап, Айтаудың кішкентай төбешіктерін қалқалай жаңаша соққы бермек өз айласын қалмақтардың болжап білгеніне ұқсатты. Енді қазақтар да бастырмалатуға баспады. Сөйтіп, қазақ пен қалмақтың ара жігі ашыла бастаған жай жарқ етті. Әлгіүшінші ертөленің тап осы мезетте Ескелдінің алдына жетіп құламасы бар ма? Ескелді енді бәрін ұмытып, өзі де атынан түсіп, қиялау тастақта жер бауырлай сұлаған Бектұрғанның қасында тізе бүкті. Сосын өз қолымен оның басын көтеріп, тілге келтіруге тырысты. Бидің бұл қылығын көрген оққағарлар бәрі аттарынан топырлай құласып, Бектұрғанды өз қолдарында әкетті. Оның жынын бір-ақ қағып, тілге келтіруүшін бұлар тіпті батылырақ қимылдады. Ескелді бидің інісі-ау деп, қаймығатын емес. Жерге түзеп отырғызып, арқасынан қағып-қағып: – Әй, сені пері соқты ма? Кәне, сөйле! – деп, әрқайсысы бір-бір ата көгершіндей зікір салды. Бектұрған темір дулығасын қолына ала сұлаған, сосын да жалаңбас. Көптен қырқылмаған шашы терден суланып, маңдайына жабысқан. Тіпті жұмулы көздерін де жарым-жартылай жапқан. Бұл кезде Ескелдіге қатты ұқсай бастаған жақ сүйегі ғанаүшкірленіп, «мен мынадаймын» дегенді көрер көзді көздеп айтатындай. Осындай халде Бектұрғанның тілге келуіне едәуір уақыт өтті. Сосын ғана ол жүресінен отырып, басын кеудесімен қоса теңселтіп, сөйлеп берді:

– Ағайындар, біз жеңдік! Біз жеңдік! Әнеукүнгі әлгі ұлы ханның мұрагері Әлілмәмбет пен әлгі Сабалақ деген бала ақ ту ұстап шығып, етектегі жауға тиіскен төбе бар емес пе? – Иә, есімізде! Есімізде! Ол төбе, әне осы жерден де шошайып көрінеді! – деп шуласты Ескелді маңындағылар. – Иә, сол төбенің етегінде! Сол төбенің етегінде! – Әй, ол төбенің етегінде не болды? Мәселенің басын ашсаңшы былай! – деп баршасы алқымнан алардай одан сайын төнді. – Сол төбенің етегінде… – деп барып, жас бозбала өз түкірігіне өзі шашалғандай тағы да қылғына басын сілкіді. – Түу, мынаның сол төбенің етегіндегісі таусылмады ғой! – Сол төбенің етегінде….! – Ия, жаным, сол төбенің етегінде не болды? Былай сабырға келіп ұқтыршы! – деп, енді Ескелдінің өзі шүйлікті. – Сонда қалмақтың бас батыры Аңырық ерүстінен ауып, өзінің қалың сарбаздарының қан ортасында жерге жүрелей отырып, көкке қарап ұлыған иттей аңырапты. Оны көріп, өзге қалмақтар да аттарының басын бос қоя беріп, Аңырықтың істегенін істеп, олар да алақандарымен беттерін жауып, аңырап жыласыпты. Бәз біреудің айтуынша Аңырықты сол отырған жерінде Қанжығалы қарт Бөгенбай найзамен шаншыпты. Тағы біреу, жоқ, Бөгенбай емес, Аңырықты шаншыған Шақшақ Жәнібек дейді. Тағы біреуі, жоқ, ешқайсысы да шаншыған жоқ, Аңырықтың аңырап жылағаны рас, бірақ ол қалың жылаулардың ортасында тірі қашыпты дейді. Анығы сол, ағатайлар, қашты! Жау қашты! Әнекей, дұрыстап қараңдар! Бектұрғанның әкелгені ұлы жаңалық еді. Бірақ әзірше оған ешкім сеніп, пәлендей бой алдырмады. – Ал, Сары-Манжы қайтіпті? – деп, біреуі оң жақ бүйірден сұңқ етті. – Оныңды итім білсін! – деп жауап қайырды Бектұрған. Жалпы бүгіндікте Аңырық есімі құлақтарында әлденеше жаңғырғанмен Сары-Манжының бүкіл билікті уақытша соған бергенін бұлар естімеген. Аңырықтың белі бүгілгенмен Сары-Манжы қалмақ туын әлі де жоғары ұстап адуындайтын шығар. Ескелдіде де сондай қауіп бар. Бұл енді басқаны қойып, өзінің маңдайына біткен қос шырағына күш салды. Бүркіттей қырағылығын барынша жұмсады. Әлгі Тәттібай мерген қайда? Нағыз өткір көз деп, соныкін айт! Бірақ Тәттібай мерген Саурықтың жұмсауымен мана таңертеңгілік өзге жақтың мергендер тобымен бірге әлгі зеңбірек артып, қазақтар ішіне дендей енген қалмақ түйелерін жусатуға әкетілген. Әзірге ол Тәттібайдан хабар жоқ. Ескелді енді бажайлады. Кіндіктас пен Айтаудың екі аралығында керілген мына шатқалдағы көрініс әп-сәтте өзгерген. Әр тұстан атойлаған қалың әскерлердің алыс-жұлыс, қырқыстарының алыстан бақылаған түрі тонын ауыстырып кигендей өзгеше сипат алыпты. Ендігісінде бірін-бірі қамалаған алыс-жұлыс жоқ, қалың-қалың шоғырларды бір қиырға қарай жел айдағандай жоталары күнге жарқырап, жаппай жосылысқа айналған. Сонда жосылып қайда барады? Бұл күнде көздерінен бұлбұл ұшқан сонау Көкше

теңіздің, ия әлгі Балқаш көлінің сұрапыл жел айдағандағы түрін Ескелдінің тамашалағаны бар еді. Бірнеше күн асып-төгіліп, шайқатылып сабасына қайта түсуші еді. Мынау көл-көсір майдан даласына қаршығадай қадалған Ескелді әлденеден соң Балқаш көлін қоса елестетті. Солайы-солай, сонда да жалайыр биінің, оның айналасындағылардың назарына іліккен мына жағдайдың әуені бұған дейінгі әуендердің ешқайсысымен сыйыспайтындай. Құдай жаратқан мынау қыспақ енді шынында теңізге ұқсады. Теректерді тамырымен жұлатындай дауыл соғып, аласұрған толқындарды енді бір бағытта қуып әкетіп бара жатқандай. Уақыт өткізіп барып, сабасына қайта түсетінге ұқсамайды. – Ия, тәңірім, мына Бектұрған інімнің әкелгені қаса шындықтың өзі болғай! – дегенді Ескелді қасындағыларға естірте күбірледі. Сол мезетте ойдан Қабан жырау жіберген ертөле жетті. – Қалмақтар шегіне бастады. Біз соңынан ентелей береміз бе, қайтеміз деген сұрау әкелді. – Соңынан қудалай беріңдер! Әлі ештеме бізге айқын емес! Тоқтау болмасын! – деп, Ескелді іштегі лепірісінің екпінімен ақырып та жіберді. Ол ертөле атының басын кері бұрып, атыла жөнеліп еді Ескелді тобы да оның соңынан сатырлата құйғытты. Тек тез тізгін тартуға мәжбүр болысты. Әлгі жалайыр қолы шайқасқан қалмақ тобы жайына қалып, бұлар одан он есеүлкен шоғарға соқтықты. Қабан жыраудың «Жау соңынан ентелейміз бе, қайтеміз» деп кісі жұмсағаны содан екен. Енді Ескелдінің өзі де ақыл таппай сасқалақтады. Бір анығы жау шынында да күншығысқа қарай ығысып барады. Тек ең ғажабы сол шегінген жаудың аттысынан жаяуы көп. Қазақтар олардың өздерін емес, астарындағы қылқұйрықтыларды көбірек нысанаға алғандай. Әлде Әбілхайыр мен оның төңірегіндегілер соны дұрыс санады ма екен? «Қашқан жауға қатын ер». Жоқ, бұл мақал өзге жау турасында дұрыс десек те қалмақ жөнінде дұрыстықпенүш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бәрі алдамшы шығуы да ықтимал. Дауыл көтеріп барып, ол басылғасын сабасына түсетін әлгі атыңнан айналайын Балқаш көлінің мінезін қайталамасын. Олай деп күдіктенбеуге шара бар ма? Қазақ қалмақты бұрын жеңіп көрмеп пе? Соның қайсысынан соң бұл ата жау қол-аяғын баурына жиып, біржола тынышталып еді? Қайта күш алып, бұрынғы құқайларын еселеп қайталамаушы ма еді? Жыланды жеті жерден турасаң да бір адамды құлатарлық уы қалады деген. Қалмақ ол жыланнан да жаман, қатерлі. Сосын да Ескелді Қабан жырау мен Құлжан батырды одан әрі бастырмалатуға көшті. Бұл жағын Малтабар да қоштады. Бірауық бұл Малтабарүсті-басын қан жапса да Ескелді мен Қабан жарау арасындағы елшіге айналып, ары-бері шапқылауды көбейтті. Себебі күрт құбылған майдан даласының ажарына қанша ежірейгенмен өз көздеріне өзі сенбеген хал мұнда да бар еді. Дәл бүгіндікте ата жау бүйтіп жон көрсетеді деп, ешкім де ойламаған. Себебі таңертеңгілік қара құрттай қаптаған олар «е, өлермен қазақ, таусылар шағың осы» дегендей жер-дүниені

көшіре бұларды іштен де істіктеп, сырттан да қыспақтап, тайлы-таяғымен көтерілмеп пе еді? Енді не болды? Жартылай жаяу жау атты қуғыншылардан да жүйрік шықты. Былай ұзай бере қалмақтарүш бағытта бөліне қашты. Бірі мына Қопаның жазығынан тіке теріскейге, Қараой кеңістігіне қарай қашты. Қалған екі бөлігі тура шығысқа, Қопа өзенінің осындағы жіңішке саласының екі жағалауымен зытты. Олардыүдере қуған қазақтар да алды-арттарына қарайтын емес еді. Осы тұста Ескелді сонау Іле жағалауындағы өзүзеңгілесі Балпық Дербісәліұлын ойлады. Мына қашқан жаудың бір бөлігі тура солай тартты. Иә, Балпық қамсыз да, қарусыз да емес, бірақ мына қашқан жаудың екпіні қатты, әрі ашынуы жаман, саны да көп, ақыр өлдік еңғұрмаса сендерді жастығымызға ала жатайық деп, оларды жаншып кетпесіне кім кепіл? Осыны ойлаған бұл өзіне қарасты күшті сол теріскейге қарай зулаған алғашқы бөліктің соңына салды. Қабан жырау мен Тұрлымбетті кейінде қалдырып, Саурыққа жетіп тілдесіп, өздері жайында оған, әрі ол жайында, жалпы қазақ басшыларының жай-күйі, ой-пиғылы жайында өзіне хабар жеткізуді табыстады.

* * * Әлгі Іленің бергі бетіндегі Тауқұм-Мойынқұмға сіңетін Сарыбұлақ, Ащысу жағалауындағы Балпық ордасына қарай ор қояндай орғыған екі қара әлдекімдердің ертөлелері, не шолғыншылары емес, қашқан жаудың ең алдыңғы шебінен екі оқ бойы озық кеткен, аттары пыраққа бергісіз алабөтен жүйріктері еді. Бұлар олай деп жорыған жоқ. Сонда да ол қос ұшпаның шалынғаны сол, сауысқаннан сақ Балпық өз қолбасыларына қиқу салып, әрі ананы-мынаны қоса ойласып, ес жиғанша сол екі қара секектеген жақтағы көкжиек өзінен-өзі қарайып көтеріліп кетті. Апырау, мына сұмдығы несі? Алғашқыда жалайыр қолбасыларына сонау Кіндіктас пен Айтаудың ортасындағы текетіресте қалмақтар қазақтарды қырып тауысып, «ә, бізді жолдан тоспақ сендерсіңдер ме» деп, енді тайлы-таяғымен осыларға лап қойғандай әсер етті. Балпық оққағарларының он шақтысы лезде әлгі екі қашқынға қарсы шауып, олардың бірін тірідей қолға түсіріп, жалма-жан сұраққа алғанда ол тілін жұтып өлді. Бірақ бәрібір біршама мәселенің басы ашылғандай. Мыналар жеңсік елдің адамдарына ұқсамайды. Балпық қай зобалаңға да дайын еді. Қолындағы он саусағындай өзіне белгілі жүздіктердің басшыларын атап, оларды екіге бөлді де бір жартысын дереу Іле жағасына қарай сусылдатты. Бұндай жағдайдың болары алдын-ала белгіленген де, пысықталған да. Тауқұм-Мойынқұм атты екі шөлді кесе-көлденең басып өтіп, Іленің суына, ондағы қалың қамыс, тал, тораңғыға жетіп, әл жинау қажеттігі бұл аттанғандардың бәріне аян. Әлгі Төле бидіңүлкен ұлы Жәнбекей сыйлаған сауын биелердің ең жарамдылары да солардың соңынан айдалды. Ал бүкіл әскердің екінші жартысы мына қара дауылға қарсы көтерілді. Мынадай жағдайда қай жүздіктің қалай қимылдайтыны бұлардың да

құлақтарына күн ілгері құйылған ғой, екіұдайылықтан, әрі-сәріліктен дағдарысқа ұшырап, жамбастары сүрленген сарбаздардың жапа-тармағай атқа қонысып, сайлануы көз ілеспес шапшаңдықпен жүзеге асты. Жаңа ғана көкжиекті көмкерген қара белдеу бұларға қарай тез сырғыған сияқты еді, қайта байқастаса сәл шабандап қалғанға ұқсады. Тіпті көкжиекке қара шүберектен әдіп салып, сонымен істі доғарғанға да ұқсады. Іле дариясына кеткендерге басшылық етуді Кәшке, орақты Төке және Шора балалары Қаскелең мен Күртібайға жүктеп, соларды қоса жөнелтті де өз айналасында Жайнақ, Көсембай, Қосай –үшеуін ұстап, астындағы қоң жиыпүлгерген жарамды ақ бөрте дөненін ойнақшытып, түстікке көз тіккен Балпыққа солай шалынды. Бірақ бұл бір сәттік қана алдамшы көрініс екен. Көкжиекті айналдыра әдіптеген қара белдеу бұларға қарай тез жақындауда еді. Тіпті бұдан та тез болар ма еді, жолдағы шоқалақ құмдар тобықтарынан қағып, жүрістерін өндіріңкіремейтін сияқты. – Мынау бізді шапқалы келе жатқан жау емес, тәрізі қашқан жау! – деді Жайнақ. – Қап, Жайнақ-ай, менің көмекейімдегі сөзді жұлып әкеттің-ау! Мен де солай жоримын! Шабатын жау бүйтіп алыстан адағайламас еді! – деді Көсембай. – Сірә, бұлардың соңында қуғыншылар бар! Тіпті жүрдек қой өздері, – деп дулат батыры Қосай алдыңғы екеудің пікірлерін тіптен толықтырды. Бұлүшеудің сөздеріне Балпықтың да алып-қосары жоқ, тек қандай айла-әрекет керек, сол жағына басымырақ көңіл бөлді. Тіпті онысын ашық білдірді де: – Қашқан жау ма, шапқан жау ма, әйтеуір жау ғой. Қазақтар емес қалмақтар ғой, оны жаңағы ор қояндай орғып, тілін жұтқан қалмақтың түрұсқыны да айтты емес пе? Жан ұшырған ертөле емес, бас сауғалаған сорлы екені қас-қабағында тайға таңба басқандай айшықталмады ма? Біз қай жағына да әзір тұрайық. Шапқан жау болса біз сәл қаша соғысқан түр көрсетейік. Қашқан жау болса да онымыздың сөкеттігі жоқ, қайта одан әрмен титықтай түссін, маңдайынан қағуымызға оңай. Мәселенің басы толық ашылғанша осылай әліптің артын бағайық. Қасындағыүшеуше, басқа да оққағарларша мұның да тырсиған беті әбден күнге күйген еді. Қарайып түйілген жүзі, әрі сәл жасаурағандай жылтыраған қысыңқы көздері осындай нық шешімге келгенін жаңағы сөздерсіз-ақ білдіретін еді. Сөйтіп, бұлар да Іле жағалауына қарай кеткен алғашқы жартының соңынан ілбігендей кері шегініске басты. Сол кері шегінісүстінде Балпық олардыңүш топқа бөлінуін және талап етті. Осылай бір бие сауымындай уақыт бұлар анау қарайған шұбырандыдан әрі тайқи берді. Қайран қазақтың жері-ай десеңші! Қанша шегінем десең де жетерлік. Бірақ ол әмсе абырой әперетін жағдаят емес қой. Бара-бара екі аралық қусырыла бастады. Балпық әскері баяулай шегінсе аналар бәйгеге жаратқан тұлпарлардың жылдамдығына басқан. Бірауық Балпық оққағарлары шуласа бастады:

– Апырау, мына қара қалмақтарың жаяу-жалпылап салып ұрып келеді ғой! – Не деп сандырақтадың? Аттары бар, көрмеймісің? – Жо-жоқ, атты-жаяуы аралас! – Әй, миларыңды құрт жеген бе? Атты мен жаяу қатар шаба алушы ма еді? Жаяулар кейіндеп қалмай ма? Мыналардың бәрінің екпініүй жығардай ғой. – Әй, кеңкелес, есі ауған неме? Баяғыда қалмақ алғаш шапқанда біздің жаяулар кейде аттыларды басып озбап па еді? Соны неғып ұмыттың? Осы соңғының сөзін естігенде Балпықтың ішіне жылылық барды. Шынында, осы шұбырындының тап алғашқы кезеңінде қалмақтар біздің басымызға орнатқан ақыр заман енді олардың өздеріне ауыспасын? «Дүние кезек» деп, аталарымыз бекер насихаттамаған шығар. Балпық енді бәрін сабырлы ақылмен шешпек. Ақ бөрте дөненнің мына құмдауыттағы жүрісі сабырлы ақылға шідер салғандай болса да Балпықтың ондайлыққа қайраты жетті. Алда кесекөлденеңдеген Тауқұм мен Мойынқұм. Одан әріде Іле дариясы. Мына көкжиекті көмкергендерді әрі ілестіріп әкете берсе жақсылыққа апара ма, жоқ па? Әй, қайдам, одан жақсылықтың төбесі қылтимайды. Іле дариясының жағалауы айран-ботқаға айналары ақиқат. Ал әлгі ысты батыры Белағаштың қолы қайда? Олар бізге қарсы ұшыраса ма? Ұшырасса да бізбен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара қоя ма? Тіпті олар не күйде, бәрі жұмбақ. Әнеукүні түнделетіп бұлар жаққан оттың басында тілдің майын тамызып, ақыры ұшты-күйлі жоғалған сұңғыласы көп ештемені аша қоймады. Ия, ең абзалы өз күшіңе сеніп, жер жағдайының ыңғайлы тұсын мөлшерлеп, мыналарды қасқа маңдайдан ұру. Қашқан жау! Шапқан жауға қарсы тұрғанда қашқан жауды дұрыстап қарсы алмау ақылға сыймас жәйт қой. Осылай толғата Балпық Дербісәлі баласы өздерінен кейінде жосылғандарды төс қағыстырып қарсы алуға Сарыбұлақ, Ащысу өзендерінің Тауқұмға жете бере сарқылатын тұсын таңдады. Бұл сөйтті де. Әрі ысты батыры Белағаштың да қолы осы маңда шығар дегенүміті баршылық. Кенетүлкен шегінісүстіндегі, әріүш топқа бөлінген қазақ әскері өздерінің соңын ала, өкпелерін қолдарына ұстап қашқан қалмақ әскеріне қарсы кілт бұрылып, сарт-сұртқа кіріскенде оқыс жағдай ашық күнгі найзағайдай селк еткізді. Тіпті ең ақылды деген бас Балпықтың өзі, қасындағы Жайнақ, Көсембай, Қосай, тағы басқа талай соғысты өткерген қақсал сарбаздардың қос балтырлары дірілдеп, тұлабойларынан әл кеткендей күй кешті. Ия, мұндағы ғажайып сол – мыналар шынында Сары-Манжы әскерлерінің жартысы жаяулап, жартысы атүстінде, аралас-құралас қашқанүлкен бір бөлігі еді. Тоз-тозы шыққан, ашкөзденген, шөл мен аштықтан, өлім қаупінен, ұзақ жүгірістен титықтап, діңкелеген қалмақтар кенет қазақтың мұздай құрсанған тың қолы тап бергенде тіптен ойсыраудың орнына нағыз тың күшті осылар тапқандай әсер қалдырды. Қашқан жау мына қазақтардың өздерін жапырып кете жаздады.

Алғашында мұны күтпеген қазақтар қылыш, найзаларын қоқаңдатып, қашқандардың төбесінде ойнақтатса, олардың от көсегендей қап-қара жалаңаш қолдары жол тауып, бұлардың кеңірдектеріне қарай созылып бара жатады. Қазақтар өз көздеріне өздері сенбей, «апырау, бұл жосылғандар қос аяқты пенде емес, мойынға оратылатын жылан ба» десіп, секемденісіп,үрейге бой алдырды. Енді қайтсін? Аттыға қарсы жаяулап тап берген қалмақтың өз кеңірдегіне тақаған тарамыс қолын білек тұсынан қылышпен қиса оны еш ауырсынбастан ол қалмағың екінші қолының саусақтарын тарбита мұның кеңірдегіне апара жатады. Айтса адам нанғысыз жәйт. Екінші қолын шапсаң да жердегі аяқтары көтеріліп кетіп, маңдайдан сарт ұратынға ұқсайды. Бұл қазақ жауынгерлерінің тұлабойында қалай қорқыныш тудырмасын? Тіпті мейлі атты, мейлі жаяу әрбір жоңғарлық жылан емес жеті басты жалмауызға айналып кеткендей. Оның жеті басын шауып тауысқанша өзіңнің не тамтығың қалады? Шынында, осыдан алпыс шақырымдай қашықтықтағы сонау Айтау мен Кіндіктастың екі ортасында жер тізерлеп, аңырап боздаған бұл қалмақтар мұндай ерлікті қайдан суырып ала қойды? Жалпы, бұл қалмақ атаулының қанжығасына байлап жүретін неше жаны бар? Осындай сұрақтар қарсы беттен ұрған бұршақтай қоса пергілегенде қолыңдағы қаруыңды көтере алмай есеңгірейді екенсің. Немесе, ол қаруың темір мен ағаштан құрастырылған дүние емес, қуыс қурай сияқтанып, бырт-сырт сынатындай. Қазақ жағыүшін мына бетпе-бет шынында бас жарып, көз шығаратын тосын оқиғаға ұласты. Көп қазақтар айбалта, шоқпар, найзаларымен-ақ жаяу да жалаңаяқ, жалаңбас қалмақтардың тарамыс қолдарының жемтігіне айналып, ерүстінен ауа құлады. Қазақтар ес жиып, күш басымдығын өз жақтарына аударып әкеткенше едәуір уақыт зырылдады. Осы екі ортада Балпық төңірегіндегілердің көз алдында буырқанған қиян-кескі алыс-жұлыс бұлар бұған дейін кешкен ешбір құқайға ұқсамады. Темір мен темірдің қаржасуы бұларүшінүйреншікті құбылыс, ал темір мен жалаңаш қолдың тайталасы, әрі жалаңаш қолдың адам түгіл атан түйенің мойнын қиярлығы бар өткірдің жүзінен батым шығуы, кешірерсіз, бұлар көрмеген құбыжық. Қытай тарихының Мин дәуіріндегі бір ғұламасы егер соғыста жеңіске жетем десең өз әскеріңнің шабына ти, ашу-ызасын тудыр депті. Олүшін алдын-ала әскеріңді жаудың аз-мұз соққысына ұшырат, анау-мынау шығынға да қарама, сонда ыза булықтырған жауынгерлерің дұшпанға қайта тиіскенде пәрменіне пәрмен қосылып, жайпап тастайды депті. Мына соғыс сол қытай ғұламасының даналығына айқын айғақтай. Қашқын қалмақтар құр қолмен осылай айқасады, егер оларға осы қарқында жарамды ат пен қылыш ұстатшы, ағыны күшті суды жолдан тосқан тоспа тәріздес Балпық жасағын бұзып-жарып кетері сөзсіздей. Айтау мен Кіндіктастың екі аралығында көзден бұл-бұл ұшқан ерлікті осында атойлатып, өткеннің өзек өртер өкінішін жуып-шайып жіберердей. Қазақтар әбден күш алғанда ғана қалмақтардың беті қайта бастады. Өздерінің ең бір дәрменсіз халде тас қабырғаға соқтыққанын енді ғана

мойындағандай бетпе-бет шарпысудан тайсақтап, айналып өтуге жанталасты. Қашқындар сан жағынан Балпық әскерінің осындағы бөлігіненүш еседен астам көп еді. Қазақтар қанша күш алды дегенмен олардың бәрін шауып тауысуы мүмкін емес. Қалмақтар енді Күрті өзеніне қарай бет қойды. Бірақ бұл оларүшін тиімді бағыт емес. Күртінің суынан жаяулап өте алмайды, өткен күнде қайда барасың, мына аттары жарамды, әрі бес қаруы сай қазақтар соңдарынан түсіп, найзаның ұшымен желкелерінен түртіп құлата береді ғой. Ең дұрысы Ілеге жету. Сонда түбі жалпақ қайық дегендерің самсап тұр. Соларға жармасып, дарияның арғы бетіне іліксең-ақ ажалдан құтылғаның Бірақ олардың ойлағанын қазақтардың да ойлағанын қайдан білсін? Балпық «аллалап», қолбасыларға жігер бере баршасын жаудың соңынан түсуге бұйырды. Бұлардан бұрын кеткен топ та бар. Мына қашқындар осы жылдамдығымен оларға ту сырттан тиісіпүлгеруі мүмкін. Себебі, Күртіге бет қойған бағыттарынан тез айнып, әуелгі әуендерімен, Іле жарықтық қайдасың деп, тағы да теріскейге бұрылысты. Егер бұрын кеткен қазақ жасағына мына қашқындар ту сырттан тиіссе жаңа ғана мыналарды естен тандыра құр қолмен ала жаздаған жанкештілігін тағы қайталары хақ. Ондайда алдағы топтың мыналардан гөрі көбірек шығынға батуы сөзсіз. Соны іштей топшылаған Балпық, Жайнақ, Көсембай, Қосай төртеуі ол топшылауларын әр жүзбасыға айғайлай жеткізісіп, өздері де аттарын тынымсыз қамшылаумен болды. Адамның жаны сірілігі осы жорықүстінде тағы байқалды. Сонау Айтау, Кіндіктас аралығында қазақтардан соққы жеп, содан бері жаяулай босып, жолай Балпық жасағымен тағы мүйіздесіп, олардан да сытылып, түн түнегінде жоғалғанша қалмақтардың қос аяғына бір сәт те тыныштық бұйырмап еді. Балпық оларды түнделетіп қудалай беруді жөн санаған жоқ. Себебі, айсыз қараңғылық өздерін оппаға жығардай қауіп ойлатты. Сөйтіп олар да дамыл алуға көшті. Не де болса бәрін таң жарығымен көріп алмақ. Таң жарығы туа кешегі жорық қайталанды. Алда қалмақ қашқындары. Одан әріде бұлардың болжамынша Кәшке, орақты Төке және Шора балалары Қаскелең мен Күртібай бастаған әскер. Балпық бар жан-тәнін мына өздері қуғындаған қалмақтардың сол Кәшке және оның қасындағылар басқарған әскерді желкеден ұруына мұрша бермеуге салды. Сол екінші күнгі сабылыс түс әлетіне тақай бере сәл өзгеше сипат алды. Қашқындар іштеріне құйын кіргендей жиырыла толқып, шамырқанып, ащы дауыстары көкті шақылдата екіленісті. Балпық: – Ә, мыналар Кәшке әскеріне соқтықты! Кәне, батылырақ қимылдайық! Мүмкін осы арада бұларды жусатып тауысармыз! – деді. Бұл арпалыс та сүт пісірімдей уақытқа созылды. Қалмақтар тағы да біраз адамынан айрылып, Ілеге қарай сытылып кетті. Мәселе сыры сонда ашылды. Қашқындарды жолдан тосып, құйын соққандай еткен Кәшке мен оныңүзеңгілестері басқарған жалайыр әскері емес, бұлар әлгі талайдан жыр қылып, бір-бірінің құлағын сарсытқан ысты батыры Белағаш қосындары еді. Олар алда кеткен Кәшке адамдарымен тілдесіп, мән-жайға қаныққасын мына

қашқындарды әдейілеп күтіп алған. Балпық олардың бірер адамымен ғана тілдесті де өзіне қарасты күшті одан әрі бастырмалатты. Белағаштың тап өз басын көрмеді, тіпті оның қайда екенін тәптіштеп сұрамады да.

* * * Кәшке, Төке және Шора балалары Қаскелең мен Күртібай басқарған жалайыр қолы Ілеге сол ертеңгі күннің кешіне таман жетті. Бұлар арттағыларға қарағанда шабандау қозғалғанмен түнделетіп көп жер ұтқан, соңғылардан ұзап кетуі содан еді. Тауқұм мен Мойынқұм таусылып, дария жағалауының қалың қамыс, тал, тораңғысына жетіп, әл жиямыз деген дәмелерінің кенет күлі көкке ұшты. Аппақ құм кешіп келіп, енді көкпеңбек орман алқабында біразы аттарының шап тартпаларын босата бастағаны сол еді, жас сарбаздардың бірінің «а, а, а» деген даусы елең еткізді. Жас сарбаздың одан өзгеге тілі келмей, бір қолымен атының басын құшақтап, екінші қолымен жаңа ғана өздері жүріп өткен аппақ құм жақты жандәрмен нұсқай берді. Иә, кеше Балпық маңында болғанда да көрген көрініс көздеріне оттай басылды. Мына тұстан қарағанда да көкжиекке әлдекім қара шүберектен әдіп салып, көмкергенге ұқсады. Тіпті Кәшке сәл әлсіздік танытып жылап жібергенге ұқсады. – Құдайым-ау, мына қалмақтарың Балпық батырдың қосындарын басып-жаншып өткен бе? Бұйым құрлы көрмегені ме? – деді. – Бұлардың қалмақтар екенін қайдан білесіз? – деп сұрады Төке. – Мыналар қалмақтар! Қалмақтар! – деп шуласты Шора балалары. Басқа оққағарлар да солардың сөздерін қостады. – Қарамаймысың? Мыналар жаяу-жалпылап, әрі жан ұшырап келеді. Кеше біз де қарасын шалып қалмадық па? Балпық жасақшылары бүйтпесе керек еді ғой! – деп, Кәшке өзінің табиғи зерделілігіне басты. Кейбіреулерінің тамағына «егер қалмақтар ту-талақай етсе қазақтарға неге жаяулай қашпасқа» деген сөздер кептелді. Бірақ ондай аттыны тістерінің арасынан шығаруға жүректері дауаламады. Бәріне де мына екі кештің ортасы қызыл ала қанға боялатыны анық еді. Тек күннің кешкі шапағы мен адам қанынан ұшқындайтын бояу екеуі тайталасып, қайсысының қызылы мына өңірдің өңін көбірек өзгертеді деген сауал көкіректеріне тігінен қадалғандай. Қалмақ қашқындарына жолай жолығып, бір бүйірден тиісуге тиіс ысты батыры Белағаш қосындарын ешқайсысы кәперге де алмады. Тіпті оған уақыт та жоқтай. Кәшке тез ес жиып, бірінші болып атына қарғып мінді де айғайға басты. – Кәне, сайланыңдар! Ілеге қарай шабайық! Ең алдымен сондағы қайық біткенді шапқылап, суға ағызайық! Балпық батырдың ең басты қадап тапсырғаны сол еді ғой. Мыналардан көресіні сосын көріп алармыз! Кәшкенің айғайы жер жарардай, тіпті осы маңдағы тораңғы мен жыңғыл біткен қоса теңселіп кеткендей. Кемерінен асып толқыған су арнасы бұлардан енді алыс емес еді. Онда да бұларды әжептеуір қалмақ қолы қарсы алды. Бірақ Кәшке мен оныңүзеңгілестері бастаған күш олардан бес-алты есе

көп. Әрі жаман ет қызуымен кеп тиіскенде оларды тез-ақ жайпады. Сосын олар бірден жағалауға байланған, аппақ ағаштары көз тарта жарқыраған түбі жалпақ қайықтардың жіптерін шаба бастады. Адамдарға қарағанда әлдеқайда момақан, бейбіт мінезді ағаш дүниеліктер бұйдаларынан босаған малдай шылп-шылп еткен судың ағынымен баяу, бірақ қайтіп қолға тимес қалпымен айдын бетінде сырғи берді. Міне, Іле жағасына жетіп, енді ажалдан құтыламыз деген қалмақ қашқындары өздеріне сарт-сұрт тиіскен қазақ қолын ғана емес, осы жағдайды қоса көрді. Айнадай жарқыраған айдынның қызыл шұғыласына малынып, маңқия жүзген қайықтар енді өздеріне сатқындық жасаған қысыңқы көз өз қандастарына ұқсады. Қалмақтардың аңыраған даусы енді қайта күш алды. Мұны күтпеген қазақ жасақшыларының ортасында сәл іркіліс туғандай. Бұлар ата жауды қарсылықсыз берілетінге ұқсатып, алғашқы екпіндерін босаңсытты. Бірақ ол бекершілік екен. Енді қара жерді қоса күңірентіп, қалмақтар Күртінің сағасына қарай кілт бұрылысты. Кәшке олардың соңынан түсуге бұйырды. Жаяу-жалпылаған қалмақтардың аттылардан жүйрік екенін бұлар да байқады. «Жаяулап қашып, бұлар бәрібір қайда барады» деген сауал да кесекөлденеңдегендей. Әрі «жат елдің жеріне ауыз салған басқыншылардың күні осылай аяқталады екен-ау» деген қортынды сөз де көкіректерін осқылайды. Апыр-ау, неге осқылайды, бұлар емес, олар ғой басып кірген, өз обалың өзіңе деп қана неге кекіреймейді? Жоқ, сонда да аяушылық па, басқасы ма, әйтеуір қара түйнектей бірдеме іш қуыстарына мықтап жабысты. Ақыры, қалмақтар кеш қараңғылығына көміле Күртінің суына лап қойысты. Аттың сауырын соғатын, тек ағысы баяулау өзеннен қаншасы аман өтті, ол жағы беймәлім, әйтеуір қазақтардың енді су кешкісі келмеді, тізгін тартысты. Кейін белгілі болғанындай Айтау мен Кіндіктас ортасынан бірнеше бөлікке бөліне қашқан қалмақтардың өзге бөліктері де түгелдей дерлік тап осыған ұқсас күй кешіпті. Қалмақтар жөңкіле, бытырай сытылғанда әккі қолбасы Әбілхайыр Ұлы жүз жасақтарын алға салып, қалғандарды сәл бөгеп қалды. «Бүкіл қазақ қолын дамықтыра бермейік, ендігісінеүйсіндер де жарайды, әрі олар жер жағдайын жақсы біледі ғой» дегенді айтты. Саурық өз айналасындағылармен жау қуғандардың соңынан тепектеп еді, бара-бара өз қосындарынан бұл да көз жазды. Ақыры, Қордай асуына келіп бекінді де, айналаға ертөлелер ұшыртты. Қашқын қалмақтардың тек әлгі Шамалхан мен Қаскелең деген екі батыры ғана өздеріне қарасты күшті әжептеуір тың сақтапты. Шамалханның оған орайы да келгендей, себебі, ол қалмақтар жаппай шегінгенде, ең кейіндеу тұрған күш еді, бірден дұрыс бағдар алды. Өзгелер сияқты бұл Қопаны, одан әрі ол құятын Күртіні бойлап теріскейге зытпай Қопаның суы аздығын пайдаланып, бірден кесіп өтті де, тіке шығысқа тартып, сол Күртінің Жиренайғыр, Қаракәстек дейтін келесі салаларын да аттылы-жаяулай кешіп, өз ордасына қарай асықты. Қаскелең, Боралдай атты батырлар да солай.

Бұл жағын Қордай биігіне кеп бекінген Саурық дәл бажайлады. Осы тұста оның назарына іліккен шапырашты жасағының қолбасысы Наурызбай Құтпанбет баласы еді. Екеуі атүстінде, жыртылып-айрылған оққағарлар, кіші қолбасылардың көз алдында дидарласты: – Менің білуімше анау Күртінің көп тарамынан әріде басқа бір көп тарамды өзендер жағалауында мына Шамалханныңүлкен ордасы бар. Мынау соған қарай жан ұшырып барады, – деді Саурық. – Дәл айтасыз, мәртебелі қолбасым! Мен де ол жағын дәл топшылаған жанмын! – деп Наурызбай іле жауап қайырды. Шапырашты батырының даусында бір түрлі жалынышты рай бар. – Сіз де сол өңірдің түлегісіз ғой, шамасы! Сол атажұртүшін қабырғасы қайысатынның бірі өзіңізсіз. – Рас, рас, тура төбесінен түстіңіз, – деп, түйе тұрпатты Наурызбай астындағы торы ала тұлпарын тіптен ойнақшытты. – Мен сол бағдардағы Ұзынағаш, Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде туып-өскенмін. Ана жылғы алғашқы қарқында, менің мыңбасы батырым Қастек Жарылғап баласы сол маңда соғысүстінде шәйіт кетті. Ол кездің жайы сізге мәлім, содан бері көзден бұл-бұл ұшқан атажұрт қой. Одан беріде де талай жаманатты естідім. Шамалхан сол біздің атажұртымызда ордасын тігіп, қуыршақ құдайына ғибадатхана орнаттырып, білгенін істеп жатыр дейтін. Онысының бәрінде қазақтарды құлдық пен күңдікте ұстайды екен. Өзі соншама аяусыз көрінеді. Қорлыққа шыдамай ашу-ыза білдірген жүздеген қазақтың ер-азаматын қойша айдап апарып, мойындарына тас байлап, Іле дариясының суына ағызыпты дейтін. Мұндайда кімнің көкірегі қарс айрылмайды? Саурық Наурызбайды көп сөйлетпеді. Шапырашты батыры одан әрі суырылса түйе тұрпатты болмысы кепкен қабықтай бырт-сырт сынатынға ұқсады. Әр дерттің өз емі бар. Мынаның емін де Саурық дәл тапты: – Сіз, шапырашты батыры Наурызбай Құтпанбет баласы, осы қарқынмен, өз жасағыңызбен сол Шамалхан, Қаскелең, Боралдай аттыүш құзғынның соңынан шабасыз! Бұл аллам бұйрығы! Қарасай атаңның аруағы қолдасын! Наурызбайдың дүр сілкінісі жаман еді. Екі қабағының ортасы түйіліп, торы ала тұлпарды қос бүйірденүзеңгілі аяғымен қаққылағанда аттылы алпауыт емес, адырнаны аңырата ұшқан сұр жебеге айналып кеткендей. Қасындағы оққағарлары кейінгі күнде оның осы қалпын өзгелерге дәл жеткізе алмай тіл мен жақтарын талай қинады. Бұл жерде бір ғана басқаша шыққан іс бар. Қалмақтың жас батыры Боралдай Наурызбайдың бағдарынан шеткеріректе еді. Ол дулат батырлары Өтеген мен Қалының соққысына ұшырады. Ал Шамалхан мен Қаскелеңді өз несібем, ешкімге бермеймін дегендей Наурызбай өзі өкшеледі. Бұл жайды жон арқаларымен сезген Шамалхан мен Қаскелең оны Күртіден кейінгі көп салалы екінші өзеннің жағалауында қуана-қуана қарсы алды. Қуанбай қайтсін. Сонау Шоқпардағы атышулы жекпе-жекте осы екеуін де ерүстінен ұшырған сол Наурызбайдың найзасының ұшы емес пе еді? Соның қарымтасын қайтсек те қайтарамыз деп, бұл Шамалхан мен Қаскелең бас

қолбасы Сары-Манжының, басқа да ноян мен бектердің, швед мамандарының алдында ауыздары неше рет ақжемденіп еді. Міне, соның реті енді келді. Бірақ бұл жолы да Наурызбайдың аруағы асты. Қазақ қолбасысының соққысынан Қаскелеңнің жансыз денесі ерүстінен жерге сылқ етті. Шамалхан да өз жасағының көз алдында осы қазақ батырын жекпежекке шақырды. Бірақ Шамалхан да аттан құлағанмен тірі кетті. Қазақ пен қалмақ қолы шарт-шұртқа кіріскенде Шамалхан бас сауғалап, иесіз қалмақтар тез жидіді. Наурызбайдың көзін қарауыттырған Шамалхан еді, ата жаудың қолбасысы ретіндегі ойраны өз алдына, осы Алатау бөктерінде орда тігіп, ғибадатхана орнаттырып, қазақ жұртына істеген қысастығы мұның көкірек етін ауыртқалы қашан? Мына жасақты Қасқарау атты кіші қолбасы мен өзінің екі інісі Құдайберген, Дүйсендерге тапсырып, Наурызбай аз ғана топпен «Қарасайлап», Шамалханның ізіне түсті. Алайда, Шамалхан да өзінен бақ құсының ұшқанын ұққан еді. Ол Наурызбай тобынан қараүзіпүлгеріп, әлгі осы өңірде тұрғызылған ғибадатханаға жетті. Осында алтыннан құйылған Будданың мүсіні болушы еді. Мұны кезінде Лхаса қаласындағы далай-лама Жоңғарияның бұрынғы қонтайшысы Сыбан Рабтанға арнайы тарту еткен. Сыбан Рабтан бір көңілі түскен шақта Шамалханның ертеректегі бір ерлігін ескеріп, оны өз қолымен бұған сыйлаған. Сірә, қазақ жерінде орнықса бұл қуыршақ құдайдың алтын мүсіні Мұхамедүмбеттерінің мысын басады депүміттенген. Міне, Шамалхан осы алтын мүсінді қойнына тығып, түнделетіп Қапшағай обасы дейтін тұста Іленің суынан қайықпен әрі өтпек қамыүстінде Наурызбайға ұшырасты. Бұл да айлаға басып, бой жасырып, Шамалханды желкеден басты да қылпып тұрған қылышының жүзімен оның қылша мойнын қиды. Ұлы жүз шеріктерінің басқа да бөліктері, Қойгелді, Рысбек, Хангелді немересі Райымбек, Хангелдіұлы Тілеуке, шапырашты Сатай батырдың немересі Бөлек, суан батыры Бөлек Бөргелтайұлы, тағы басқалар бастаған қосындар қалмақ қолбасылары Церен-Доржы, Сахиян, Донық, Септен дейтіндерді, Сары-Манжының өзін аяусыздықпен қудалады. Сонау Күртінің арғы бетінен жалайыр қолбасысы Балпық Іле бойлатып жөңкілткен қалмақтар мұндағы қандастарымен, одан соң өзгелерімен тоғысып,үрейгеүрей, аңырауға аңырау қосылғанда жарықтық Іле дариясының жүзі шыдамай айдын бетін кіреуке басты. Шымыр-шымыр еткен кішкентай толқындар да осындай күй кешіп, тереңге сүңгіп жоғалайын десеүлкендері жол бермей, бір жағынан көкте шақырайған күн бұлардың ұятты жүзін жалаңаштап қаскөйлек жасағандай. Тағы біреулерге жер бетіндегі қасқыр біткен осы өңірге шұбыра жиылып, мың сандаған немелер ауыздарын көкке қарата бір-бірімен жарыса ұлығанға ұқсады. Әттең, адам баласының басындағы еңүлкен кемістік оның ұмытшақтығы. Осы ұлудан құлақ қуысы ойылған қазақ жауынгерлері оны шырайын шығарып, кейінгі ұрпаққа дәл жеткізе алмады. Сөз баққан халықтың баласы бола тұра тап осы мәселеде дәрменсіздік етті. Сосын да тыңдаушылардың көкірегіндегі күміс қоңырау бұлар дәмеленгендей сыңғырлай қоймады. Одан кейінгілердің қоңырауы тіптен бәсең. Сосын да ол ұмытылды.

Саурық әлі де Қордай асуының ең биік тұстарының бірінде. Жетісудің пұшпағына енді ғана аяқ іліктіргенін сезініп, туған жердің лебі, атақты Қордайдың желі көкірегін аймалады. Жасы елуден асқан, көпті көрген қақсал батыр бірауық ана құшағындағы сәбиге айналғандай. Көп ұзамай мұнда Әбілхайыр, Бөгенбай, Қабанбай, Тайлақ бастаған Орта жүз, Кіші жүз жасақтары да жетіп, асудың өне бойын, күнгей етегін түгел алашұбарлай жайғасты. Ал Әбілхайыр менүш жүз сардарларының төңірегі тіптен құмырсақаның илеуіне ұқсады. Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, Ақсуат би, Жолбарыс хан, Сәмеке хан, Барақ, Батыр сұлтандар, Есет, шапырашты Сатай, Хангелді, басқа да ығай-сығайлар осы қалың әскердің алдыңғы шебімен жанаса олар да жетті. Бұлармен құйысқан тістесе Ақтамберді Сарыұлы, Үмбетей Тілеуұлы, Тәтіқара, Жанкел, Қабан Асанұлы, Бұқар Қалқаманұлы сияқты ақын-жыршылар да өздеріне шәкірт есепті жігіт-желеңдіүйме-жүйме етіп, қоса топырлады. Ал әлгі ақ тулы Сабалақ ше? Ол осы шоғырлардың бірінен екіншісіне өтіп, ақ қанатты құстай жүйткіп жүрді. Қасында ханзада Әбілмәмбет, бірауық Сабалақ оны өзіне атқосшы етіп алғандай. Тап қазір Сабалаққа басқалар түгіл бас сардар Әбілхайыр, ұлы билер – Төле, Қазыбек, Ақсуат «Сен неге бүйтесің» деп, жақ аша алмастай. Себебі, мына қара қалмақтардың алғашқы аңырауы сонау Айтаудың түстік сілеміндегі, ұшар басында қорған сияқтанып біткен жартас бар, оның айналасында қара қоңыр жарықшақ шағыл тастар қалың төселген төбешіктің түбінде, осы Сабалақ Әбілмәмбетпен бірігіп, небәрі қырық шақты адаммен майдан ортасына лап бергенде басталмап па еді? Ал оған дейінгі ерліктерін былай қоя тұр. Жекпе-жекке өзі сұранып, Жоңғарияның бас батыры, әрі қонтайшының күйеу баласы Шарыштың басын допша домалатуы, одан кейінгі ұрыстарда төбесінде ақ құс сияқтанған туын желпілдетіп қалың жауға «Абылайлап» лап қойып, қазақ жауынгерлеріне серпіліс беруі мына соңғысының қасында дәнеме еместей. Сөйткен Сабалақ ел еркесі болмай қайтсін?! Ал әлгі аталмыш төбе мен оның табанындағы кең шатқал қалмақтың бас батыры Аңырық аңыраған жер атала бастады. Кейін осы атау ол маңға біржола телініп Аңырақай делінді. Қордай асуыныңүстіңгі бір жазаңынаүйірілген осы елбасылардың, ұлы билердің, батырлардың сыртында соғыстың шатырлаған ошақтарынан жалтарып, енді ол межеге жеткенде жақсы атаққа иектері қышып, мықтылардың иықтарының тасасынан түс жылтыратып, немесе қабақтарынан қар жаудырып, дулығалы бастары мен найзаларын шошаңдатып, нағыз жау күйреткен ерлердің сықпыты мынадай дегізе, дегбірсіздене айналсоқтағандар да жетерлік. Әбілхайыр Саурықпен қысқа ғана дидарласты да оның ақпарына айызы қанбаған түр көрсетті. Ия, бұл алға кеткенүйсін шеріктерінен әлі де хабар күткісі келді. Сары-Манжы мен оның бас батырлары, «шейіт» оқымыстылары, әрі олардың от қару-зеңбіректері қолға түсті ме, осы сұрақтармен келімді-кетімді ертөлелерді өзі мазалады.

Бұған жалғас тағы бір шаруа – ұлы хан Болаттың осында келтірілуі еді. Сірә,үш жүз қолының бас сардары Әбілхайыр хан өз жеңісін сол қазақтың ұлы ханы Болаттың алдында жарияламақ екенінүлкен-кішісі тегіс ұғынысқандай. Әбілхайыр бұл мәселені қас пен көздің арасында шешті. Арнайы тапсырма алған бір топ сұрперендер шағын қосындарын ертіп, бас сардар аузын жиыпүлгермей-ақ арттағы еңіске, өздері тастап өткен майдан даласына қарай зу етіп атыла жөнелді. Сірә, бұларды Әбілхайырдың күн ілгері әзірлеп қойғанын осындағы ақылды бастар сезді-ақ. Осыдан кейін ұлы билер, бас сардар,үлкен қолбасылар айналасында бірауық тыныштық орнағандай еді. Осы әлетте жалайыр биі Ескелді Жылгелдіұлы да өз адамдарын кейінде қалдырып, Малтабар, Тәттібай, Есенбай сынды бес-алты адаммен ғана елбасылардың маңына жаяулай жақындады. Бұл әнеукүні Қопа мен Күртіні бойлай Балпық қолы орналасқан Іле жағалауына қарай зымыраған қалмақтардың соңынан көп ентелемей кейін қайтқан. Себебі, қашқындардың желаяқша жүгірісі Ескелдіні өз қарамағымдағы әскерді текке дамықтырармын деген ойға жетелеген. Әрі Балпыққа қатысты қаупі де тез сейілген. Қалайда Балпық әскері әрі тың, әрі жақсы қаруланған, ал мыналар қашқындар, сондайда ол Балпықпен абырой бөліспекке жан ұшыруы жөн емес, қайта бір-бірінің абыройын кертіп жегенге саяды. Сосын да Ескелді кері оралып, Қордай төбесіне жеткен беті еді. Елбасыларына жаяулай жақындайтыны олардың баршасы жаяу. Тек сырттан қаршығадай баққан оққағарлар ғана атүстінде. Ескелді кішілік етіп, төсін басып иіле дауыстай сәлем берді. Аналар да жамыраса жауап қайырысты. Тек Әбілхайыр ғана ерін жыбырлатпады. Ол Ескелдіні таныса да ойы басқада екенін білдіре мына қол созымдай ғана қашықтықта бой түзеген Алатаудың өнебойына сұқтанды. Бүйтуші жалғыз Әбілхайыр емес, Жетісу жеріне бұрын аяқ баспаған, сонау Еділ-Жайық, Арал ойысы, Сыр, Қаратау бойы, Сарыарқа сияқты өңірлерден келген баршаның да көздері Алатауда еді. Ұлы билер – Төле, Қазыбек, Ақсуатүшеуі киіз қалпақтарын шешіп еді, Әбілхайыр бастаған өзгелер де дулығаларын сыпырды. Енді шаштары, сақалмұрттары әбден ұйпалақтанған, маңдайлары тершіген бәрі бір-бірлеріне қатты ұқсап кетті. Ескелді де дулығасын алып, бусанған маңдайын, бетаузын қолының сыртымен сүрткіледі. Мұнда әбден-ақ дамығып жеткен. Тек қара емендей қайсар жаратылысы ғана сыр бермей ішкі, сыртқы дүниелерін қалпында сақтаған. Кенет елбасылардың ортасында бір-бірлерімен байланыссыз, бас-аяғы келте ала-құла сөз өрбіді. Бірі Қордай асуының бітімін, екіншісі Алатаудың көркін,үшіншісі қашқан қалмақтарды турап тауысамыз ба, жоқ бір дүйімі аман-сау кетер ме екен деген сауалды тіл ұшына іліктірді. Осы тұста баршасының көзін Саурық тартты. Соған жалғас сонау Күрті өзені Ілеге құятын тұста қалмақтарды сал-қайықтарға мінгізбей бергі жағалаумен тықсырған жалайыр Балпық Дербісәліұлы ауызға ілікті. Балпық есімі көп ақын-жыршылардың ішінен Қабан жыраудың шабытын қамшылады:

– Ол Балпық та, мына Саурық қолбасы да тегін жаратылмаған, немере ағайынды адамдар ғой! «Тұт бесікке түскен Дүйсенбінің» тұқымдары ғой бұлар! – деп салды. Бұған ешкім елең етпеді. Бұл ортада арғы аталарының аруағын әуелетпейтін ешқайсысы жоқ. Тек сирек бурыл шашы тершіген маңдайына жабысқан, шүңет көз, ақ сақалды арық шал Жанкел ақын ғана жасыүлкендігіне қарамастан Ұлы жүздің ноқта ағасы – жалайыр елінің жырауына кішіктік жасап, оған қалбалақтай жақындады: – Тұт бесікке түскені қалай? Ашыңқырап айтшы! Жау қашты, уақыт бар ғой! – деді. Өзі де жалаңбас, өңірін жапқан қап-қара сақалында да береке жоқ Қабан жырау осы әлетте оқшау бір жағдайды өткір көзімен аңыстады. Шынында жау қашты, ендігі не тұрыс? Қабанның аңғарғаны Әбілхайыр бастаған қолбасылар, хан-сұлтандар, жалпы төре тұқымдары, осындағы кіші қолбасылар, тіпті анау бөлек қоқырайған ұлы билерге дейін, жау қашты, енді не істейміз, неден қауіптенеміз деген сияқты сауалдармен бастары шатысып, тіл-жақтары семгендей. Сондай халде Қабан жыраудың тамағына кептелген әңгімені бәрі де керексінгендей. Тіпті Төле бидің өзі де көзі алайыңқырап, жұмыр мойнын күшпен бұрып, өзіне ежелгі серік, әрі атқосшы Жанкел ақынның мына ынтасына ризашылық білдіргендей. Өзі «түлкі тұмсықты» атайтын Әбілхайырдан көздерін әрең жұлып әкетіп,үлкен-кіші екі ақынға назары ауғанда бастағы қара бұлты сөгіліп, санасы айқындалғандай. Тап осындай күй қазықша қақиған арық би Қазыбек пен бұлардан әлдеқайда кіші, орта денелі, шашы мен сақал мұрты қап-қара Ақсуат биде де бар еді. Қабан жыраудың қасында Тұрлымбет Бекенұлы да бір аяғымен екінші аяғының балтырын қасып, тықыршығандай тұрған. Әнеукүні Ескелді өзін жыраумен қалдырғасын қайтіп одан ажырамаған. Соғысқа тікелей қатыспаған адам сол науқаннан шыққандарды қызықтамай тұра ма, Қабан жырау сөйлей бастағанда Тұрлымбет көсе иегін күнге жылтырата осындағы атышулы батырларды көз нысанасына алды. Әбілхайырдан назары бір орғып өтіп, Тайлақ, Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, Есет, Қанжығалы Бөгенбай, шапырашты Сатай, Хангелді, Саурық, тіпті балауса неме Сабалаққа дейін адақтап шықты. Сосын көзін қайта жүгіртіп, осылардың ішіндегі ең қомақтысын таңдағанда Бөгенбайға жетіп, кілт бөгелді. «Паћ, шіркін, батыр деп осыны айт». Тұрлымбет Бөгенбайдың осы науқандағы ерліктері жайлы бастан-аяқ түгел естіген. Тіпті кейбірін өз көзімен де көрді ғой. Әрі Ескелдінің осы шау тартқан арғын батыры десе ішкен асын жерге қоятыны да жадында. Тұрлымбет енді Бөгенбайды дұрыстап көріп алайыншы, қайта жолығысудың сәті түсе ме, жоқ па, кім білсін деп, оған асықпай ұзақ қарағысы келді. – Мынау он екі ата жалайырдың бірі Андастан тарайды ғой өзі, – деп Қабан жырау осындағы сырт адамдар да түсінетіндей етіп ежіктей сөйлеген. Андастың алты әйелінен туған ұрпақты жіктеп кеп, солардың төртіншісі Ақбұрым шешенің Қалқаман деген баласына тоқталды. – Қалқаман өзі жай жаратыла салған құдайдың пендесі емес, адамның дегдары екен. Ол

жайындағы әләуләй-ләйім бөлек сақтаулы қазына. Мен төтесінен тартып, жаңағы тұт бесікке келейін. Мына қасиетіңнен айналайын Жанкел қария соны өтінді емес пе? Сол Қалқаман малды-жанды бола тұра аң аулауға да керемет құштар екен. Бірде аңнан қайтарда адасып,үлкен бір орманға кездесіп, одан әрең жол тауып шықса керек. Соданүйіне келісімен түнде түс көреді ғой жарықтық. Түсінде бейтаныс біреу Қалқаманға келіп, «Кеше өзің өткен орманның теріскей-шығыс бетінде, ағашқа ілулі тұт бесік бар, соны ерте тұрып барып ал, кешіксең құр қаласың, орманның ішінде қосақтасқанүш сүрлеу кездеседі, соның оң жақтағысымен жүрсең оңай табасың» дейді. Қалқаман құлқынсәріден-ақ атқа қонып, әлгі бесікті тауып әкеледі. Ол бесіктің бір қасиеті болған екен. Көп кешікпей Қалқаманның Алтын деген қызы босанып, одан Уәйіс атты ұл туады. Осы Уәйіс алғаш рет сол тұт ағашынан жасалған бесікке бөлініпті. Сол бесіктен оған қасиет дарыпты деседі. Тек біздің арғы аталарымыз не көрмеген, біздің де көресіміз мынау, кейін бірүркіншілікте Уәйіс жаудың қолына түсіп, одан құтылып, сонау Атырау теңізінің арғы жағалауы, Қап тауының бергі етегі, сондай бір қыспақтағы мұсылман еліне тап болып, ақыл мен қайратының арқасында сол елге хан1 көтеріліпті. Бірақ амал не, Қап тауының бас жотасы дейтін биіктен бір алапат тасқын құлап, Уәйісті бала-шағасымен, айналасындағы елімен ағызып әкетіпті. Кім білсін, құдайдың ол не хикметі екенін? Сол Қалқаманның кейінгі ұрпақтарының бірінен Қалқа деген бала туады. Айта берсек сөз көп, Қалқа, Түшімбет, Төлес деген ағайындыүшеу екен. Осындағы Қалқаның Дүйсенбі деген баласы да сол тұт бесікке бөленіп, қасиет дарыпты. «Тұт бесікке түскен Дүйсенбі» деген сөз содан қалыпты. Ақыр бастағасын түгел айтайын, сөздің келтесін жаратпаймын. Қабан жыраудың осы баяныүстінде Саурық батырүнсіз де қыбырсыз, басына ауыр мұң орнағандай тұрды. Басқалар да сілтідей тынған. Тек Әбілхайыр ғана әлдебір жайсыз ойдың әлегімен жүзі алабұрта беретіндей. Ал Жанкел ақын жалайыр жырауын мұқият тыңдап қана қоймай оның айналасында құрақ ұша бастады. – Ия, жәмиғат солай, – деп Қабан қайта көсілді. – Мынаүйсін сардары Саурық сол Дүйсенбінің Қайдауыл деген баласынан туған немересі, ал жаңа өздерің құлағын шулатқан Балпық Дүйсенбінің Қанқожасынан туған шөбересі. Ал мына біздің жалайырдың биі Ескелдініңүйіндегі келініміз Ақжәмилә ше, ол да жаңағы мен атаған Саурықтың әкесі Қайдауылдың басқа баласынан туған шөбересі. Әйел заттыда Ақжәмиләдай жан жоқтай көрінеді маған. Бұлардың бәріне де сол «Тұт бесікке түскен Дүйсенбінің» аруағы дарыған. – Сол тұт бесік қазір қайда? – деп, Жанкел ақын жас балаша тынышсызданып, тағы да Қабан жыраудың алдын орады. – Оның қайда екенін шамалап қана білемін, – деді Қабан. – Дүйсенбіден де бір Алтын деген қыз туады. Тағы да шатқаяқтап, бұра тартам-ау. Бұл әңгіме шіркіннің бірін түртсең екіншісі қылтияды. Жолжөнекей онысына да соға кетейін. Бұл жалайыр-андаста атақтыүш Алтын деген қыз бар. Алғашқы екеуін атадым-ау деймін. Алүшіншісі, Саурық аға,

кешіре көр, тағы да сенің айналаңда із шиырлаттым-ау,үшіншісі мына Саурыққа туған апа, мұның ағасы Түркеге қарындас, осы Түрке мен Саурықтың ортасындағы жалғыз қыз Алтын анау Керей Жәнібек дегенге тиіп, олардан өңкей бір сайдың тасындай ұлдар туып, қазірдің өзінде рулы елге айналыпты. Алтынның көркі сондай, оны көргенде керей, наймандардың тілдері күрмеліп, атын атауға жүректері дауаламай «Сұлу апай», ал оның балаларын «Сұлу апай балалары» дейді екен. Жә, мен бірді айтып, бірге кеттім. Кенет бұлардан қамшы тастамдай қашықтықтағы Төле би жөткірінді: – Құдайым-ай, мына ата жау жерімізде ойнақтап, есімізден тандырды ғой, кешегі қойүстінде бозторғай жұмыртқалаған бейқұтшылық күнде мен сол Түрке ағаға, жасыүлкендігі өз алдына, Ұлы жүздің ноқта ағасы – жалайыр елінің бір тірегі деп, өз басымүнемі алдына барып, сәлем беруші ем. Бұл күнде ол кісіні ұмытыппын да. Жаным, Саурық, сол Түрке ақсақал қазір қайда, мына додада көрінбейді ғой! Саурық: – Сонау батыста, Сарысу, Қаракеңгір өзендерін бойлап көшіп-қонып жүрген сияқты. Мына науқанның дабысы жетсе онда омалмас, бері кеп қалар, – деп, тым бей-жай сөйледі. Жүзі де солғындау. Сосын да Ұлы жүз сардарын одан әрі ешкім мазаламады. Қабан қайта самбырлады: – Мен жаңағы екінші Алтын қызға оралайын. Жанкел қарияның өтінішін жерде қалдырмайын. Тұт бесіктің қайда екенін тыңдаңыздар. Дүйсенбінің жаңағы мен атаған Алтын деген қызы мынау найман-матайдағы қаптағайдың Сары деген баласына ұзатылыпты. Сол Алтын ұзатылғасын, бір жылдан соң төркіндеп келіп, әкесі Дүйсенбіден сол тұт бесікті қалап әкетіпті. Сол Алтынның алғашқы баласы Бөрібай1 да сол бесікке бөленіп, батырлық дарыпты. Білмейсіңдер ме, найман-матайдың бүгінгі біраз боздақтары бәйгеге де, жауға да «Бөрібайлап» шабады. Бөрібайдың өзінен туған балалар да керемет, бірінен бірі асады. Тұрлымбет бұл жайдың бәрінен хабардар. Ал Қабан жырау осы хикаяты арқылы сырт көзүшін Саурық пен Балпық атқарған істердің темір өзегін аршып жалаңаштағандай. Тұрлымбеттің назары әлі де Қанжығалы Бөгенбайда. Кенет арғын батырының қасынан өзінің ескі танысы, әлгі бұрын дөңгелек бөрік киген, қазір ала шүберек байлаған немені қайта көрмесі бар ма? Тіпті баяғыда Қаратаудың басында осы кісәпірдің сілтеген қамшысының ізі арқасында қайта жыбырлағандай. Ескелдіге жалтақ-жалтақ етті де оның Балпықты марапаттаған Қабан жырау баянынан жүзінің масайрағанын көріп, тез көз аударып әкетті. Ия, «жау қашты, ендігі не тұрыс?» Қордай асуының кедір-бұдыр төбесіндегі исі қазақтың жақсы мен жайсаңдарының санасына істік темірдей шаншылған осы сауал Тұрлымбетті басқаша қоздандырды. Баршасы жауды қуып кек алды, ал менің жауым анау, маған неге сөйтпеске деген ескі қазақы мінезі оянды. Жоқ, Тұрлымбет оны өлтірмек емес, бөркін теріс кигізгендей бір қылықпен көрге кіргенше жадынан шықпас бір масқарашылыққа ұшыратпақ. Оған өзі тамсанған, Ескелді әспеттеген атышулы Бөгенбай қалай қарайды, мұның қылығы елбасылар арасында

дүрдараздық тудырмай ма, ол жағына Тұрлымбет бас қатырмады. Көзі қарауытып, «ия, жау қашты, мұның ендігі қолға алар ісі осы» дегенге біржола бой алдырды.

* * * Сол күннің ертесіне мұнда Болат хан сәл-салтанатпен келтірілді. Сондағы ырду-дырду, бір-бірін құттықтай жамырасқан хан-сұлтандар, ұлы билер, қолбасылар, елбасылар, рубасылар аспан мен жердің арасын аћау-ћу мен еће-ћуге толтырды. Осы бірер күннің ішінде жаудың тамтықтарын сонау шығысқа қуған Ұлы жүз жасақтарынан да жағымды хабарларүсті-үстіне төгілді. Қара қалмақтардың жартысынан астамы қырылған, қалғаны қаружарақтарынан жұрдай, әрі жаяуүрей мен қорқынышты ат қып мініп құтылған сыңайлы. Тұрлымбеттің анау Бөгенбай қасындағы кісәпірден кек алуға аңсарының ауғаны соншалық осы жағдайлардың ешқайсысына байыптап мән де бермеді. Жатса да, тұрса да ойында осы бір ғана нәрсе. Көп күттірмей оның реті келгенге ұқсады. Бұл қыркүйектің басында мұндағы түн дегенің қандай тамаша. Әрі айдың толық жаңасы болғандықтан Қордайдың шоқылары сүттей жарыққа молынан малынған. Міне, Тұрлымбет өзі мойнына алған істі осындай түнде жүзеге асырмаққа сидам торы жылқыға мінді де жан баласына білдірмей өз тобынан бөлініп шықты. Ұлы хан Болаттың ордасы тігілген биік жазаңды, әрі оның айналасындағы ай жарығы жетпейтін қараңғы құлама қуыстарды бұл алдын-ала жақсылап зерлеген. Міне, қазір сол қараңғы қуыстардың біріне жетіп бекінді де онымен жоғары өрлеп, ұлы хан ордасына жақындамақ. Себебі, Қанжығалы Бөгенбай сол ұлы хан ордасындағы ырду-дырдуда. Ал мына Тұрлымбет көздеген кісәпір сол орданың сыртындағы көп қарауыл, қызметшілердің ішінде. Тап қазір Тұрлымбет ол ордаға жақындап, ол кісәпірді тапқанмен де оған не істей қояды, ол жөнінде нақтылы шешімі жоқ. Жалпы, Тұрлымбет қандай да бір іске тәуекел еткенде оның жөн-жобасын алдын-ала пысықтап жатпайтын, әңгіме сол істі қандай жағдайда атқаруға тура келеді, бәрі соған байланысты. Жағдай анықталысымен-ақ Тұрлымбеттің найзағай жылдамдығымен жұмыс істейтін миы жөн-жобаны өзі табады, сол жылдамдықпен іске де кіріседі. Бұл Қордай асуының түстік-шығыс бетіндегі сай. Толық ай түстік беттен жарқырағанмен мына құлама сайға сәл қиыстау еді, сосын да мұнда көрдей қараңғылық тұнған. Тұлымбет онымен сәл өрлегесін жерге түсті де атын жаяу жетектеді. Өзінің, не сидам торының аяқтары тасқа тисе тасыртұсыр білінеді екен, сосын бұл асықпай қозғалды. Ия, бұлүшін әзірге уақыт кең, жеңіске мастанған ұлы хан ордасындағылар арғы-бергіні судай сапырып, түн ортасы аумай ұйқыға қисаймайды. Ал қазір түн ортасы әлі бола қоймаған. Кенет сидам торы басын сілкіп жоғары көтерді. Тұрлымбет оның жүгеніне жабысып, тыпыр еткізбей әлденеге өзі де құлағын тосты. Жануар дегенің адамнан да саққұлақ қой. Сидам торы текке секемденбеген шығар деп, Тұрлымбет тырс еткен дыбыс білдірмей ұзақ бөгелді. Сосын тағы

қозғалды. Сидам торы екінші мәрте басын кекжең еткізді. Тұрлымбет тағы да тастай қатты. Бұл енді атты сондағы бір түбірге байлады да өзі оқшауланып, құлағын көкке төңкере мелшиді. Енді өрлесе басындағы дөңгелек бөркін айдың жарығы шаларлық. Оның әзірге керегі жоқтай. Сәл уақыт өткізіп барып қана жоғарыдан бір дыбысты құлағы шалды. Анық ненің дыбысы, аңғару қиын. Сонда ғана Тұрлымбет бір қурайды паналап, адам мен шайтанды қоса алдайтын өзінің Тұрлымбеттігіне басты. Бұл енді еңкейіп, сосын жер бауырлай тағы да жоғары өрмеледі. Хан ордасының айналасындағы елдің абыр-сабыры, сондағы жылқылардың пысқырғаны анық естілетін тұсқа жетті. Бұл енді жер бауырлаған күйі хан ордасынан берідегі ай сүттей жарыққа толтырған кеңістікті шолып біраз жатты. Ұлы хан ордасының, оның айналасына тігілген,үйлердің төбелері, жыртылыпайрылған көпшілік қарайып көрінеді. Анау-мынау қатты ышқынған дауыстар да естіліп қалатындай. Бірауық сонда әлдекім ән салып жатқанға да ұқсады. Кенет осы екі ортада, хан ордасынан беріде бір елес жүгіріп өткенге ұқсады. Адам ба, мал ма? Оны Тұрлымбет екеш, Тұрлымбеттің көзі айыра алмады. Сол мезетте оң жақтан жаңағы дыбыс қайталанды. Апырау, бұл не? Адамның сауысқаны Тұрлымбет пен сидам торыны елеңдетіп, не екенін аңдатпайтын бұл не сиқырлы дыбыс? Тұрлымбет көп бас қатырыпүлгермеді, хан ордасынан беріде екінші елес жүгіріп өтті. Қара мұны, мына елес дегені елес емес, бері қарай дыбыс бермей жаяу жүгірген кәдімгі адам сияқты бірдеме? Кейде ол жерге құлай кетіп, көзден өшеді. Сосын қайта түрегеліп, Тұрлымбеттің оң жағындағы сайға қарай жан ұшырды. Мәселе сыры енді ашылды. Сол сайда бұл бір ерттеулі ат қалдырған екен. Әлде ол атты басқа біреу әзірлеп ұстап тұрды ма, әйтеуір сол ат түн құсынан ба, жапалақтан ба жаманүркіп, бері қарай атқып көтерілгенде Тұрлымбет ай жарығында оның тұлабойын түгел шалды. Үстіндегі адамына дейін мұның көзіне оттай басылды. Тұрлымбет одан өзін және өзінің қылығын көргендей. Тұрлымбеттен де өткен әлдебір қуаяқ мұның ойын танып, бұл атқарар істі одан бұрын атқарыпүлгеріп, бой тасалап бара жатқандай. Солайы солай. Тап сол мезгілде хан ордасы жақтанүлкен шу шықпасы бар ма? Әрі аттылы-жаяу қара-құра ары-бері жосылып кеп бергендей. Тұрлымбет ол жаққа бір жалт еткенмен негізгі назары жаңағы оң беттегі сайдан атқып көрінген аттылыда еді. Сірә, оның аты жаманүріккен, әрі мынадай таулы жерге тұяғы көп жаттықпаған, себебі, бері жарық шалған жазаңға көтерілгенмен де аяқтарын дұрыстап баса алмай екінші бір пәлеге және соқтықты. Мұнысы бұрынғысынан да жаман. Сол-ақ екен ай жарығында қара түгі жылтыраған аттың жілігіне зақым келгені білінді, аяғын шойнаңдап басты. Ерүстіндегі де жойдасыз, оған қарамады, сорлы жануарды дырау қамшының астынаүсті-үстіне алды. Әрі әлдекім сайдан көтеріліп, мұның еркіне бағына қоймаған ақсақ неменің жүгеніне жармасып, оны сайға қарай тартқылады. Сөйтіп, екеулегесін ғана баран ат әрі сайға құлады. Міне, тап сол мезетте Тұлымбеттің өткір көздері кәдеге асты. Ол мына малдың артқы оң аяғының шашадан сәл жоғарыға дейін аппақ екенін көрді.

Бұлар көзден біржола жоғалғасын жоғарыда хан ордасы маңындағы ушу одан сайынүдеді. Тіпті көп аттылар орда маңынан бері бөлініп шығып, ары-бері топырлап шаба да бастады. Тұрлымбет бір сұмдықтың болғанын жазбай таныды. Ішіндегі сайтаны оянып, «басыңды қорға» деп сыбырлағандай. Бұл енді сидам торыны тез жетекке алды да төмен құлдилады. Сай табанына жете оған ырғып мініп, тастағы жоқ былқылдақ, шымдауыт тұстармен тезірек ұзап кетуге асықты. Жалайыр қолбасылары мызғыған тұсқа жетті де жан баласына ләм-лим деместен бұл да ұйқыға қисайды. Жер жүзі ашылар-ашылмастан Тұрлымбет әлдекімнің қаңқ еткен даусынан оянды. Қалың өскен шөп, қурайды төсеніш етіп сұлаған қолбасылар, оққағарлар дүрк көтерілгенде кешегі келмеске кетті деген жау қайта шапқандай әсер етті. Тіпті Тұрлымбеттің өзі солай ойлады. – Сұмдық-ай! Сұмдық-ай! – деген Ескелдінің даусы құлағын жарып, бұл тіптен қорқыныштың батпағына батты. «Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман» деген қазақ мақалы да кеудесіне инеше қадалды. – Биекем! Сабыр! Сабыр! – деген Малтабардың да даусы танылды. Таң жарығы сызаттанып, Алатаудың биіктерін қолмен салған суреттей айқындай бастапты. Бірақ мұндағы қараңғылық әлі қаз-қалпында, жұрт апыртопыр орындарынан тұрып, ер-тұрмандарын арқалап, аттарын іздеуге кіріскенде сең соққан балықтай жалғыз сілейген Тұрлымбет еді. «Не болды?» деп, сұрауға батылы жетпеді, себебі не сұмдық болса да өзін соған аз-кем қатысы бардай іші қуыстанып еді. «Мен сұрамасам да анықтала жатар, оңайоспақ нәубет көрінбейді ғой» деп, өзін-өзі тежеді. Мұнысы дұрыс-ақ екен. «Не зобалаң, не пәлекет» деп сұраушылар Тұрлымбетсіз-ақ табылды. Біреулер оған жауап берген еді. – Анық-қанығы әбден айқындалғанша дабырайтпаңдар! – деген Ескелді сөздері бәрінің тіл-жағын байлады. Бұл шақта Ескелдінің аты алдына келтіріліп еді, оған қарғып мінгенде Малтабар, Тәттібай, Жолбарыс би де соны істеп, таң қараңғылығында бойлары өсіп шыға келгендей қоқиланысты. Бұлар тағы оншақты оққағар, атшыларды ертіп, ұлы хан ордасына қарай тасыр-тұсыр етіп жөнеле берді. Олар ұзағанда ғана мұндағы кәртемістеу біреу түбі түскен шелектей қаңғырлады: – Бұл қазақ бағы ашылмаған халық қой! Бір сордан құтылсаң екіншісі қара албастыша басады! Тұрлымбет Құлжан батырдың даусын танып, енді ғана тәуекел етті: – Құлжан аға, мен біртүрлі бастығырылып ұйқтағам ба, басым мең-зең, әрі құлағым қоса шуылдап, жаңағы сөздердің бірін естісем де екіншісін естімей ештемені ұқпадым. Маған оңашалап, мән-жайды түсіндіріңізші! Мынау не нәрсе! Оңашалап жататын Құлжан ба, жаңағы қарқынмен көмекейіндегісін бірден лақ еткізді: – Ойбай, түнде, түн ортасына таман ұлы хан Болат бой жазуға сыртқа шықпай ма! Сонда қолыңа жазылмас жара біткір біреу Болатты ту сыртынан садақпен атыпты! Ұлы хан тіл тартпай кетсе керек. Ал кім атты, оны да

қаптаған оққағарлар аңдамай қалыпты. Хан ордасы ұлардай шулап жатыр екен. Төле би барлық қолбасылар, рубасылар тез жетсін дегесін жаңа Ескелді солай кетті емес пе? – Жаңа ғана сол Ескелдінің ешкімге дабырайтпаңдар деген ескертпесін бұл табанда жадынан шығарған. Соған қарап Тұрлымбет бұл мосқал батырдың ауыр күйініште екенін сезді. Өзіне де бұл жаманат шаншудай тигенмен бәрібір өзінің түнгі жорығын қыл-қыбырына дейін елестетуге көбірек күш салды.

* * * Осыдан тағы екі күн өтті. Бұл шақта Қордай тауының айналасы құмырсқаның илеуіне айналды. Шығыс, түстік, батыс сілемдерінің бойбойын қуалай алашұбарланған қалың әскер бұрынғыдан да көбейді. Әлгі Болат хан ордасы орналасқан жазаң биікті жеке дара қоршауға алған әскер өзінше бір бөлек. Баршасының хан ордасынан жететін еміс-еміс сыбыстарға құлақ түргеннен басқа шаруасы жоқ. Ешкім ештеңеге түсінбейді. Тұрлымбет те солай. Ұлы хан ордасындағы Ескелді би мұны қасына ертпеді. Қордай тауының түстік-батыс сілемдерінің біріндегі жалайыр қолына басшылық етуші мосқал батыр Құлжанның доғал мінезі мезі еткесін Тұрлымбет одан бойын аулақ салып,үш жүз қолының есебінен жасалған ішкі, сыртқы қоршаулардың екі ортасында Қордай тауының жықпыл-жықпылдарын кезіп, жүрді де қойды. Сидам торысына да маза жоқ, бірде оған қарғып мінеді де аздап жүріс өндіреді, сосын тез түседі де жаяу жетекке алады. Кейде тоқтап, көзін жұмып, көсе иегін күнге тосып, ұзақ сілейеді. Сырттан бақылған адам мұны жын соққан ба деп секемденері анық. Кейде бұл сәл саябырсыған кезде ішкі, сыртқы қоршаулардың біріне жақындап, хан ордасы жақтан жеткен сыбыстарға ден қояды. Бірде «Төле бидің түсі адам танымастай өзгеріп кетіпті» дегенді естіді. Екіншісінде «Орта жүздің ұлы биі, атақты Қаз дауысты Қазыбек би мен Кіші жүздің биі Ақсуат та солай» дегенді шалды. Осындай сыбыстардың аралығында ұлы хан Болаттың мәйіті Түркістан қаласына, сондағы Қожа-Ахмет Яссауи ғимаратының түбіне жерлеуге жөнелтілгелі жатыр дегенді естіді. Оның қалай жөнелтілгенін шет-пұшпақтап Тұрлымбет өз көзімен де көрді. Негізінде Кіші жүз әскерлерінің қоршауында, ұзыннан-ұзақ шұбатылған көш сияқтанып, мамырлай қозғалды. Бірер хан-сұлтандардың, төрелердің сол мәйітпен бірге қазақтың ежелгі астанасына барасыңдар деген ұлы билер шешімін орындаудан жалтарғаны да жетті. Әрқайсысы әртүрлі сылтау айтысыпты. Шындығында ұлы ханның мәйітін қасиетті мекенге жеткізу рәсімінен гөрі осындағы ауыс-күйісті маңыздырақ санаса керек. Ұлы хан мәйіті көзден өшкеннен кейінгі сыбыстардың ең бастысы хан тұқымдарының арасында бұрқ еткен алауыздық төңірегінде еді. Әсіресе, Өсек, Жәдік балалары бір-біріне қыр көрсете сампылдасыпты. Мұның жайын Тұрлымбет ұлы хан ордасынан қайтқан Қабан жыраудың атының жалына жабысып жүріп, сұрағыштады. Жүзі түтігіп, түкірігі сақалының ұшына жетіп түйнектелген Қабан жырау алғашында ештемеге мойны жар бермеген, Тұрлымбет, Құлжан, әрі ағайынды Есенбай, Есенғабыл, Есқара, Досқаралар,

тағы бірер кексе сарбаздар қосыла ынтыққасын сәл жадырап, беті бері қарады. – Бұл төре тұқымдары да сан тарау емес пе? Соның бір парасы деп, осы Өсек пен Жәдікті атайды. Екеуі ағалы-інілі, ал олардың әкелері кім, ол жағын сол төре тұқымдарының өздері де біліңкіремейді. Әйтеуір, Өсек пен Жәдік, әлгі сары түкті Сібір жұртының батыры Жармақтың қолынан шәйіт кеткен Көшім ханның, оның әкесі Мұртазаның замандасы дейді. Бұл да ескілердің лебізі. Қысқартып айтайын, мына соңғы науқандаүш жүз қолының бас сардары атанған Әбілхайыр хан Өсектен тарайды. Ал ұлы хан Болат пен Сәмеке ханның әкелері – жаның жәннатта болғыр Әз Тәуке, мына Қайып баласы Батыр сұлтан Жәдіктен тарайды. Бұл Өсек пен Жәдік балалары арасында ежелденүзілмеген бір бақталастық бар екен. Сол қайта ушықты. – Ушыққаны қалай? Оның мәні не? – деп Құлжан батыр сабырсызданды. – Апырау ұлы хан Болаттың дүниеден өткенін естімедіңдер ме? Соның орнына ұлы хан сайлануға дәметеді де әрқайсысы. Мынау ұлы науқандаүш жүздің қолына сардарлық етіп, жауыңды жайратып бердім, еңбек менікі, жол менікі деп, Әбілхайыр хан жұлынуда. Өсек тұқымдары нашар ата санатынан, ұлы хандық Жәдік баларынанүзілмеген, нанбасаң шежіреге қара, Шығай хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан, мына соңғымыз Болат хан, тіпті бұларға сонау Есім ханнан қосылатын Қайып хан – бәрі де Жәдік балалары, ата салтын аяққа баспақ құдайдың жөні емес, ұлы хандық Жәдік балаларының несібесі деп, бұлар езулейді. Ал ана төре тұқымдарының басқа тармағы Бөкей ханнан тарайтын Тұрсын хан баласы Барақ сұлтан да құйрығын аса сыртқа салып отырған жоқ. Өсек пен Жәдік шайнасса қай жеңгенін талап тастауыма қажет деп, азу тістері мен тырнақтарын тың сақтап отырған сыңайлы. – Еће! – десті Құлжан мен Тұрлымбет. Қабан жырау мұнда бір шаруамен келген екен, сонысын тындырды да ұлы хан ордасы жаққа қайта тартты. Ал Тұрлымбет Қордай тауының жықпыл-жықпылдарын қайта кезуге кірісті. Құлжан батыр, Есенбай, Есенғабыл, Есқара, Досқара, басқа да кекселер ауыр құсада қалды. Кейде төре шежіресі төңірегінде өз білгендерін суыртпақтатып, уақыт өткізіседі. Тұрлымбет Бекен баласы бірде Кіші жүз әскерлері ошарылған сай табанына тұмсық тіреді. «Алшындар алыстағы ағайындар ғой, түстері, мінезқұлықтары, ер-әбзелдері қалай екен» дегендей Тұрлымбет оларға ұзақ тесірейді. Сондайдың бірінде бұл солардың қалың ортасынан ақсақ ат жетектеген біреуді көрмесі бар ма? Өзінің елең еткенін білдірмей сидам торыны екі бүйірден қаққылай солай емінді. Ақсақ ат жетектегенге жақындады да, бұл да жерге түсіп, енді оны жанамалай айналшақтады. Тап мұрнының астында аяғын сылтып басқан жануарға қадалғанда қос шырағына қанша күш түсті десеңші. Қаракөк мал екен, ал артқы сол аяғы шашадан сәл жоғарыға дейін аппақ. «Мынау тап сол, еш жаңсақтығы жоқ» деген ой көкірегіне сарт ұрды. Бұл енді осы малды жетектеушіні көз қырына алды. Бет-жүзіндегі қыл-қыбырына дейін көкейіне қондырды. Тіпті едәуір

шегенделіп, мұның нақтылы кім екенін де анықтады. Бұл сығыр Әбілхайыр ханның ескілікті оққағарларының бірі екен. Ішін ит жыртқандай Тұрлымбет дереу бұл маңнан бірте-бірте жылыстап, қараүзіп шықты да ұлы хан ордасына қарай тіке өрледі. Оны қоршаған әскер бар емес пе, олар жан баласын әрі өткізбек емес. Осы екі ортада Тұрлымбет әлгі өзі көздеген, бөркін теріс кигізіп, жақсылап кегімді алсам ба деген кісәпірді кездестірді. Бұл неме Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың қасында жүріп, біраз беделабырой жинаса керек. Мына күзет әскерінен ары-бері өту бұлүшін түк емес. Тұрлымбет оны екі туып, бір қалған бауырынша құшақтай бассалды. Ол жөніндегі жаман ниеті табанда бу боп ұшты: – Ағайын, арызым бар! – деді де өткендегі оқиғаларды тіл ұшына қыстырып, өзінің кім екенін қоса жариялай, «ұлы хан ордасынаүлкен ақпар апармақпын, мені мына қоршаудан ішке өткізші» дегенді жалына-жалбарына төкпеледі. Бөгенбай қызметшісіне де керегі сол екен, мынаның бір кәдесіне жарап, ескі айыбымды жуайын дегендей мұртынан күле өтінішін орындады. Ұлы хан ордасының айналасы да ығы-жығы, атты мен жаяуларда есеп жоқ, ешкім ешкімді танымайды, бәрінің ебіл-себілі шығып, мұрындарынан су кетіп жүргендер. Бұл Ескелдіні іздеген, бірақ бидің ныспысын айғайлай сұрасаң да ешқайсысы ұқпайды. Ақыры бұл өзінің Тұрлымбеттігіне басып қана Ескелдіні тауып, «қызылбөрікшелеуге» шақыра алды. Би бұл неменің жас өңінде, көсе иегінде әлдебір іздердің сойылып түскенін көріп, мұнікі оңай-оспақ шаруа емес екенін ұққан – Жә! Немене! Балпық оралды ма?! – Жоқ, Балпық батыр әлі оралған жоқ! Менікі басқа! – Тұрлымбет осылай жауап берді де айналаны көзінің астымен сүзе шолып, биді бұрынғыдан да алысыраққа әкетті. Жүрегін басып, артық сөздерді маңайлатпай, әнеукүнгі Болат ханға қастандық жасалатын түндегі жорығын, сондағы көздеген мақсатын, ойламаған жерден әлдебіреудің тегін жүріс деуге келмейтін асығыс-үсігістігіне куәгерге айналғанын, артқы екі аяғының бірі ақ екені ай жарығында айқын шалынған аттың жіліншігі тасқа соғылғандай мұның көз алдында шойнаңдап қалғанын, енді бүгін еш жаңсақтықсыз сол атты да, оның иесін де төменде, тау етегінде Әбілхайырдың ең бір сенімді серіктерінің қан ортасында алшаң басып жүргенін көргенін бас-аяғын тиянақтап, жұмырлап жеткізді. Тұрлымбеттің мынаусы Ескелді күткеннен де жаман сұмдық еді. Бұл өтірік айтты деуге де бидің жүрегі дауаламайды. Бір өзі жүз қалмақты орға жыққан атақты Тұрлымбет емес пе, қателесуі де екіталай. Сасқанынан: – Сондағы айтпағың не? Тоқсан ауыз сөзіңнің тобықтай түйіні кәне! – деп, Тұрлымбеттің өзін кінәлі санағандай, алқымнан алардай төнді. – Айтпағым осы! Түйінін өзіңіз табыңыз! – деп, Тұрлымбет те безерді. – Сонда сен ұлы хан Болатты аттырған мынаүш жүз әскерінің бас сардары Әбілхайыр демексің бе?! – Ескелдінің даусы құлақ жарардай шығып еді. Сосын бұл өз сауалынан өзі шошып, жаңағы Тұрлымбеттің басындағы халге өзі ұшырап, жан-жағына жас балаша алақ-жұлақ етті.

Тұрлымбеттің тіл-аузы мықтап буулы еді. Ескелдіге де оның ендігі жырының керегі жоқ. Өз кеудесінде де бүгулі бір күдікті әлдекім аяусыздықпен түртіп оятқандай жақ сүйектері мұның еркіне бағынбай қаршқұрш шайнасты. Сұрғылт реңі қорғасын түстеніп, қос қабағы ұшпа құстардай қанат қаға бастады. – Қалқам! – деп, сәлден соң ғана тілге келе Тұрлымбетті селк еткізді. – Мына пәлекетің енді тісіңнің арасынан шықпасын! Қазір бір амалын тауып, нағашы атама жеткізейін! Басқасы біздің қолдан келмейді! Сен енді төмен қарай аяғыңды қия баспа! Осында бол! Тұрлымбет көп ұзамай Жолбарыс би, Малтабар батыр, Тәттібай мерген-үшеуін тауып алды. Ал Қабан жырау ұлы хан ордасының ішінде, Ескелді қасында. Кейде осыларға қатынап, орда ішінде не сөз өрбігенінен хабардар етеді. Тұрлымбет бұларға да сыр ашпады, өзінің мұнда келісіне басқа бір сылтау тапты. Бәрі аттарының ертоқымдарын сыпырып, шідерлеп, бастарын бос қоя берген. Көз жетер жерде бес-алты атшының бағымында. Өздері сол ертоқымдарын жастанып, жамбастай уақыт өткізуде. Ара-тұра қалың көпшіліктен аппақ төбелері ғана қылтиып көрінетін ұлы хан ордасы мен басқа да ақ шаңқанүйлерге ұрлана көз тастайды. Иә, онда бүгін-ертең шешілуге тиіс мәселе қазақ біткеннің ең ақылды бастарының өздері тарс жарылардай ауырлыққа соғып тұр. Әзірге нақтылы бір байламның жотасы көрінер емес. Осы екі ортада төменнен, Құлжан, Есенбайлар жауды алыс шығысқа қуған Балпықтың, басқа да батырлардың оралғанын хабарлады. Қалмақтың Қаскелең, Шамалхан, Боралдай сынды екі-үш қолбасысы болмаса, СарыМанжы бастаған өзгесі тегіс тірі құтылыпты. Түйелерге тиелген от қарузеңбіректері де өздерімен бірге кеткен. Бұл не, қалмақтың біржола тісі сынбағанының белгісі ме? Бірақ қазақтар қалмақтың біржола тісі сынды деуден жақтары сембеді.

* * * Балпықтың оралғаны туралы хабарды Қабан жырау ұлы хан ордасынан келесі бір қатынауында өзімен бірге әкетті. Бірақ көп ұзамай аласұрып, аптыққан жырау бұларға қайта соқты. – Арқа-бастарыңды тым кеңге салмай жинақы отырыңдар! – деді бұл жолы ол. – Төмендегілерге, Құлжан, Есенбайларға да сөйдеп, кісі салыңдар. Енді-енді бір шаруа шешімін таппақшы, шамасы. Анық нобайын өзім де білмеймін. Өз құлағыммен бір естігенім ұлы хан ордасының төрі бос, оң жағында жайғасқан Төле, Қазыбек, Ақсуат би көбіне сыбырлап сөйлеседі. Ал орда ішінде ине шаншар жер жоқ. Сондай сығылысқан көпшілік ортасында Кіші жүз биі баршасына естірте, Төле мен Қазыбекке қарап, «мына ұйғарымыңызды алла-тағаланың жазуы бойынша бұл заманда жұмақтың гүл жазира өлкесінде жаны рахатқа бөленуші, бір кезде өздеріңізбен тонның ішкі бауындай құп жарасқан, сөзі, мінезі – бәрі сыйысқан, менің аға туысқаным, ізашар әріптесім – Әйтеке би Бәйбек баласының да кеудесі қуанышқа тола

құптайтынына мен малыммен, жаныммен кепілдік беремін» деп салыпты. Ия, солай. Мұны маған Ескелді өзі оңашалап айтты. Ол қандай ұйғарым, әзірге беймәлім. Тек бір байқағаным әлгі Әбілхайыр ханның түгі сыртына теуіп, өңі кісі өлтіргендей қабарып кетіпті. Үлкен Орданың ішіне соңғы бірер күнде қайта бас сұқпады. Сәмеке хан да солай, ұлы хан ордасына жотасын беріп, бес-алты ығай-сығайымен құбылаға бет қойып, мелшиіп қалыпты. Ал әлгі Батыр, Барақ сұлтандар – олар да сыртта, тек екі ортада, екі жаққа кезек көз салып, «рит соқпен» жүрген жандарға ұқсайды. Тек әлгі Сабалақ деген балауса батырды айтсаңшы. Мынау қаралы жиынға көрік беруші жалғыз сол сияқты. Өзі шәйіт кеткен Болат ханның ұлы Әбілмәмбетпен тіптен жарасқан, екеуін шапсаң бөле алмайсың. Сыртта қосақтасып, тай-құнандай тебісіп жүрген жерлерінен Әбілмәмбетті ана Төле бастағанүш би шақыртып, тапжылтпай ұстап отырған көрінеді. Қабан жыраудың осы сөздерінен соң тағы екі күн өтіп,үшінші күннің таңертеңгілігінде жұрт дүрк көтерілді. «Ұлы жиын болады», «Ұлы хан сайланады» деген хабар жер жарды. Сол хабардың дүмпуімен ұлы хан ордасын екі белдеулеп қоршаған әскер бір-бірімен араласып, сіңісіп кетті. Тек әлдене жан-жаққа жұлқа тартқандай мол нөпір, орасан көпшілік ортасында бір алабөтен әбігер, көбік атқан толқын және байқалды. Сөйтсе, Әбілхайыр хан өзіне қарасты Кіші жүз әскеріне, қолбасыларына «кәне, батыс қиырға, ата-жұртқа, Арал ойысына, Жем өзеніне қарай күрт қозғалыңдар» деп, бұйрық беріпті. Одан бір бие сауымындай уақыт өтпей Сәмеке хан да өзіне қарасты күшті Қордай тауының етегінде тап-тұйнақтай жиып алып, олар да Әбілхайыр шеруінің ізімен емес, сәл теріскейге қарай қиыстау қара шұбарланып, ұзап бара жатты. Осы кетістерінде Әбілхайырдан «үш жүздің басын қосып, жауыңды бидайықтай бүрген мен едім, абырой бөліскенде өгей баланың күйін кештірдіңдер» деген сөз қалыпты. Ал Сәмекенің не дегені белгісіз, тек өзіне қарасты жөнге көне қоймаған екі-үш кіші қолбасыны, би-шешенді қамшының астына алып, бастарына қызыл жаулық байлапты. Тек жақ ашпаған, мінез көрсетпеген Барақ, Батыр сұлтандар ғана. Айналасындағы аз ғана топпен Әбілхайыр салған шұбырынды ізбен асқа тоймаған қонақтай алақ-жұлақ етіп, олар да тайды. Осы әредікте ию-қию көпшілік ішінде тағы бір өсек бұрқ етті. Төле, Қазыбек, Ақсуат билер аталған ұлы жиынды бірер бие сауымына кері шегеріп, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, шапырашты Сатай батыр, албан Хангелді, ошақты Саңырық, жалайыр Саурық, шапырашты Наурызбай, суан Бөлек Бөргелтайұлы, арғын Олжабай, Көкжарлы Көкжал Барақ, дулаттан шыққан Өтеген, Қойгелді, Рысбек, шапырашты Сатайдың немересі Бөлек, Сіргелі Қара Тілеуке, Хангелді ұлы Тілеуке, Қарасай ұрпағы Жәпек, қаракесек Қарабек, тарақты Тоғай, жалайыр Ескелді және Әбілқайыр шеруіне ілеспеген алшын Есет, сондай-ақ Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара, Бұқар, Қабан, Жанкел сияқты батырларды, би-шешендерді, ақын-жырауларды, Әбілмәмбет және басқа даүлкен-кіші төре тұқымдарын түгел жиып, қауырт кеңес өткізуге кірісті десті. Бірақ бұл

кеңес ұзаққа созылмады. Төле одан жүзі жадырап шықты. Сірә, аталмыш қолбасылар, батырлар, би-шешендер, ақын-жыршылар, төре тұқымдары Төле бастағанүш ұлы бидің ыңғайына оңай жығылса керек. Сол-ақ екен әлгі ұлы жиын да басталып кетті. Уақыт сәске түстің кезі. Күн отша жанып, Қордай тауының жықпыл-жықпылдарын, тастақты төбешіктерін, құлама ойыстарын көрер көзге аршып, айқындап, жарқыратып жіберген. Қыркүйектің мықтап күшіне енген шағы, сонда да күз уақыты дейтін емес, кешегі қантөгісті жаздың ыстығы енді бейбіт қалыпта қайта айналып соққандай баршасының қойны-қошына кіріп барады. Пысынаған жұрттан тер исі аңқиды. Төле, Қазыбек, Ақсуат –үшеуі Қордайдың ең биігі саналатын, тастары мен шымдауыты аралас, әрі айналасына аттылы-жаяулы көпшіліктің неғұрлым мол сыйысуына қолайлы төбешікке көтерілгенде бұларға төменнен ентелей, еміне көз салғандарда қисап жоқ еді. Қара-құра халық ботатайлағымен, бау-шарбағымен лап қойысқандай. Егерүш ұлы би осылардың көкейіндегіні тап басып танып, көкіректерінде күй ойнатпаса олардың өздерін басып-жаншып кетердей түстері түнеріңкі. Қалайда, «бұлт ала, жер шола» заман ғой. Үш ұлы бидің қасына қолбасы, би-батыр, төре тұқымы атаулының қақсал егделері қоса іріктелді. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, шапырашты Сатай, алшын Есет, албан Хангелді, ошақты Саңырық, Ақтамберді жырау, Жанкел ақын және есімі елге таныс емес молда-имам пішіндесүш-төрт ақсақалдар ғана бар. Араларынан жасы кішілерден Ұлы жүз ханы Жолбарыс пен Әбілмәмбет сұлтанның ғана сұлбалары шалынады. Айналасы он бес, он алты адам. Оларды арқан бойындай ғана қашықтықтан кешегі ұлы хан Болаттың жаяу төлеңгіттері қоршауға алған. Осы төлеңгіттермен иық теңестіре қақайған көптеген кіші қолбасылардың, қарулы сарбаздардың тұрысы да мына ел басшыларының сақтық мәселесін мұқият ойластырғанын байқатады. Сабалақ та сол төлеңгіттер, кіші қолбасылар қоршауындағы ұлы билер тобында болуға жұлқынса керек, бірақ оны жібермеген сыңайлы. Сонда да қағажу көргендей емес, ең биіктегілерге төменнен сұқтанған, қара құрттай қаптаған көптің маңдай алдында, ұлы билер мен олардың қасындағыларды мойнын созып, төлеңгіттерден көзін асыра қаршығадай баққан күйде. Төле би өңірінде аздаған өрнектері бар қара қыжым шапан киген. Басында шалғайы кең, күңгірт түсті матамен әдіптелген, ол да ою-өрнекті, ақ сұр киіз қалпақ. Қабақ жүнін ары-бері қозғап, қарсы алдындағы аспан мен жер аралығындағы кеңістікті бір уысқа сыйғызып алардай қайраттанғаны білінеді. Ақ қылаң қаба сақалы бұрынғыдан да күмісше жарқырап, ұлы бидің салтанатты тұрысына өз тарапынан да сән қосқандай. Төле ғана емес, қасындағы арық би Қаз дауысты Қазыбек пен Ақсуат та осылай киім жаңартыпүлгеріпті. Сірә, бұлар жақында ғана осында жеткізілген ұлы хан Болаттың дүниесіне қол сұққан. Әйтпесе, соғыс жағдайында, қалың ел артта, көп кейіндеп қалғанда мұндай бұйымдарды қайдан суырсын? Қатар өскенүш

бәйтеректей бұлар бой созып, алға көз жібергенде Қордайдың бой-бойына тырмыса жыпырлаған көпшілік толқып басылған теңіздей сәл тыншу тапты. Төле осы сәттті күткен екен. Сонда да бір көзі сонау алыста көкжиекке таман ұзаған екі-үш қара шоғырда еді. Ескі сыралғы дос Жанкел ақын ұлы бидің осы кейпін тез таныды да оған жігер бермекке ниеттенді. Әбілхайыр шеруі батыс бетте жоталанған Кіндіктасқа тіке тартпай түстікке қарай бұрылыс жасапты. Сірә, бұлар Шу өзеніне құлап, соны құлдилай қараларын батырмақ. Қасындағы көне көз ақылшылары солай кеңес берген, шамасы. Осы қиырдан алыс батысқа мол әскермен жылжудың ең ұтымды жолы осы. Ал Орта жүз ханы Сәмеке керісінше, Кіндіктастың теріскей бетіне, Қопа жазығына қарай бет алған. Олар осы жазда қазақ пен қалмақ арасында айдан аса алапат шайқас орын алған Кіндіктас пен Айтаудың екі аралығын, әлгі қалмақ батыры Аңырық пен оның бүкіл әскері жүрелей аңыраған, сөйтіп, Аңырақай атанған шатқалды, Белүстіртін, Алайғыр, Шоқпар сияқты мекендерді басып өтпек. Бұл бағдар да сусыз емес, тек Әбілхайыр таңдаған Шу жағасындай тегістігі жоқ, кедір-бұдыры мол жол. Мейлі, солай-ақ дейік, бәрібір Сәмеке үшін Әбілхайырдың соңынан сүмеңдеді деген атаққа қалғаннан гөрі осының өзі тиімді. Ал Барақ пен Батырдың аз ғана тобы Әбілхайыр ізімен ілбіген. Сонда да бұл екі сұлтан мұндағы жұртқа өзара ауыз жаласқандай көрінді. Жанкел қарияның бұл көріністен Төле биге қол ұшын бермек ниеті ғана емес, ақындық шабыты қоса оянған екен. Ол да Әбілхайыр, Сәмеке шерулеріне тесіле шұқшиып тұрды да, мынадай күнде, ұлы би Төленің өзі сөзге оқталған сәтте бүйірден қосылуым сөкет-ау деместен самбырлап берді: – Ала қойды бөле қырқу бұл қазақтың пешенесіне жазылған, маңдайына алла-тағала өз қолымен жапсырған несібесі ғой. Шапсаң кетпейтін, дүниенің төрт бұрышындағы бақсы-балгердің бәрін жисаң да дауасы табылмас ескі дерт қой. Бірақ барымен базар болайық, сол аллатағаланың өзі қолтығымыздан демеген бір сәтінде тұрмыз. Сөйткен аллатағалам біздің ертеңгі нәпақамызды да ойластырған шығар. Абырой, атақ біздіңүлесімізде! – Па, шіркін! Мен сіздің лебізіңізге тәнтімін! – деп, бұл толғаныстың неден туғанын ілезде пайымдаған Ақтамберді жырау аға әріптесін құптай ұлы билер менүлкен батырлар тасасынан күн сәулесіне шомылған жүзін жарқ еткізді. Сол сәтте Жанкел мен Ақтамберді дауыстары жеткен аралықтағы барша қауым өз айналасы мен анау ұзаған екі-үш қара шоғырды көздерімен алмакезек адақтады. Баршасы Жанкел ақынның соншама ұтқыр, дәл теңеу тапқанына таңырқасқан. Шындығында мұндағы дүйім ел мен анау мамырлағандар ала қойдың бөле қырқылған жүніндей шашау-шашау, берекесі кеткен, жекелей қайсысын алсаң да көңіл көншімес, соншама олқы дүниеліктерге ұқсады. Кейбір көкірегі жүйріктердің көздеріне жасүйірілгендей де. Сол сәтте Төле бидің даусы саңқылдай естілді. Жұрт дүр сілкіне, қамыққан екі ұдай күйден тез айыға жоғарыға қайта көз тігісті. Жығылған жүндері қайта тірілгендей. Шындығында, ол Әбілхайыр мен

Сәмеке бұл ұлы билерге неүшін өкпеледі, бұлардың қандай ұйғарымы жақпады, анау-мынау күбір-сыбыр, қауесет болмаса былайғы қарапайым жұрттың ол жайында анық білігі жоқ. Сосын да Төлеге бағытталған ынтаықылас бұл шақта шырқау шегіне жеткен. – Уа, ағайын, жәмиғат, мынау Қордай тауы қазақтың ықылым күндерден қасиетті мекені! – деп бастады сөзін ұлы би. Қордай батыр жөнінде аз-кем дерек таратты да бұл биіктің неге сол кісінің есімімен аталғынан ежіктеді. Сосын күрт тосын бағыт алып, бұл Қордай тауына ерекше сипат берген өзгеше бір жайларға көшті. – Қазақ қазақ болғалы бір ұмытылмас жағдай осы биіктің басында болған! Төле би от ауызды, орақ тілді шешендігі өз алдына, ғұлама шежіреші де еді, ақындықтан да құралақан емес. Анау екі-үш шоғыр көздің құртын жеп, жота көрсеткенмен де мұндағы нөпір деүш жүздің басын құрайды дерліктей, сосын да мұндай көпшілік көз алдымда күнде жиыла бермейді деді ме, мәселені түп-тамырдан қозғап, атам қазақтың төркіні қайда екенін жілікше шақты. Тап қазір өйтіп, түп-тамырға бойлаудың уақыты емес екенін, мына тықыршыған көптің нақтылы бір шешім, ұйғарым жөнінде естігісі келетінін іштей сезсе де сондайлыққа барды. Үш жүзді ымыраға келтірудің бұл да бір оңтайлы сәті санап, бойдағы қуат пен өнерге бапталған тұлпардай «әйт-шу» деді. Сөйтіп, екі жаққа бірдей жаутаңдаған екіұдай жұрттың мына қалпына басқаша өң берді: – Түп атамыз Адам, одан бергісі Нұқ пайғамбар, одан бергісі Қазақ өз замандарында қиян-кескіліктің ћәммасын өткеріп, мынау біздің жарық дүниенің қызығын көруімізге жар болыпты, ағайын. – Адам мен Нұқ пайғамбардың қайдан шыққанын сол заманғы құран хикаяттарына сәйкестендіріп дамытып келді де, атам Қазақ төңірегіне бүркітше шүйілді. – Атақты Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері құрған Алтын Орда, Ақ Орда аталатынүлкен-үлкен патшалықтар көп заман құлпырып, кейіндей келе, патшалықтарын өзара бөлісе алмай тоз-тозы шыққан деседі. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай кішігірім, бас-аяғын атты адам бір күнде шарлап шығатындай құртақандай патшалықтар, хандықтар жыпырлаған деседі. Ол кішігірімдер өзара және қырқысса керек. Сондай бір ит тартысты күнде, сол заманда Шыңғыс ханныңүлкен ұлы Жошыдан тараған, Шайбани деген әулетке жататын, Дәулет-Шайхы дегеннің баласы Әбілхайыр атты ханның біраз заман айналасынаүкімі жүріпті, ағайын. Ата-баба аруағы кешірсін, бұл Әбілхайыр да тынышсыздау адам екен. Тасы өрге домалаған шағында айналасындағы елдерге ол да қырғидай тиіпті. Сосын да ол заманғы қарындас ел, ағайынды көшпелі жұрт бір-бірімен ымыраға келе алмапты. Төле би тап осы тұсқа жетті де даусын кілтүзіп, сонау осы заманғы Әбілхайыр шеруіне бұрыла көз салды. Төле би ғана емес, қасындағы Қаз дауысты Қазыбек пен Ақсуат та, бұларменүйме-жүйме Бөгенбай, Қабанбай, Сатай, Есет, Хангелді, Саңырық, Саурық сынды атышулы батырлар да, Ақтамберді мен Жанкел де, Жолбарыс хан мен біршама сәнді киінгені ендіенді байқала бастаған Әбілмәмбет сұлтан да сөйтті. Бұларды көріп, қоршау жасушы бүкіл төлеңгіттер, кіші қолбасылар, олардың соңынан Қордайдың

өнебойын қара шұбар еткен барша қауым солай қарай жалт етісті. Осыдан пәленбай ғасыр бұрынғы Әбілхайыр ханның қылығын онымен аттас, бізбен замандас мына Әбілхайыр қайталады емес пе деген емеурін баршасының кеудесіне тікенекше қадалды. Міне,үйсін Төле биге керегі де осы еді. Тарихта Бірінші Әбілхайыр деген атпен қалған Дешті-Қыпшақ ханының заманын біраз күбідей пісті де сол кездегі алтыбақан алауыздық, тақ таласыүстінде жеке дара бой көрсеткен Мұстафа хан, Ибақ хан, Жәнібек, Керей, Бүрке сұлтан дегендердің ныспыларын тізді. Әрі әрқайсысына қысқаша сипаттама берді. Барша қолбасылар, жауынгерлер айдан аса титықтатқан соғыстан мұндай хикаяттарға құлақтары тосаңсып қалған ба, бір-бірлерін мінбелей сілтідей тынысты. – Міне, осылардың ішінде Жәнібек пен Керей ақылы дария, қайраты таудан құлаған көшкіндей жойдасыз жандар екен. Қуаң жерге шөп бітпейді, бұлар да жайдан-жай жаратыла салған адамдар емес. Мұндағы Жәнібек жаңа мен атаған Ақ Орданың бұрынғы әміршісі Орыс ханның шөбересі, кейін келе жығасы жығылған сол Ақ Ордаға ата ісін жалғастырып, біраз билік жасаған Барақ ханның баласы екен. Ал Керей де сол Орыс ханнан тарайды. Бұл Орыс ханның басқа немересі Болат ханнан туған шөбересі. Былайша айтқанда екеуі туыстас. Міне, сол Жәнібек пен Керей бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе қосысып, Әбілхайыр ханның құдай ісіне кереғар қылықтарына шыдамай бөліне көшіп, өз алдына отау тіккен екен. Алайда, ол заманда түтінің бөлек шыққанмен жалғыз-жарымдап күн көре алмайсың. Көршіқолаң, қоңсыластардың көмегіне зәрусің. Жәнібек пен Керей өз қарамағындағы тегі бір, тілеуі бір елмен жылжи-жылжи осы Жетісу маңындағы Есен-Бұға деген ханға келіпті. Бұл Есен-Бұға да кейінгі күнін ойлаған ба, атақты Орыс ханның ұрпақтары – Жәнібек пен Керейді құшақ жая қарсы алып, осы Шу алабынан жер сыйлапты. Сонда Жәнібек пен Керей «ућ» деп, дем алып, біз қазақ деген елміз деп жариялап, Қазақ хандығының туын көтерген екен! Сондағы ту көтерген жері қазір біз тұрған осы Қордай тауының төбесі екен! Ыңыранған, уілдеген дыбыстар біраз әуелеп барып басылды. Төле би бұдан кейін біраз толғау-тақпақтарды төгілтіп өтті де біз енді қазақтың жығылған туын қайта түзейік, жаңа ұлы ханды осы таудың қырқасында сайлауымыз жақсы ырым деп келіп, ұлы хандыққа Болат ханның баласы Әбілмәмбет сұлтанды ұсынды. Барша төлеңгіттер,үлкен-кіші қолбасылар бұл шаққа әзір екен, қаруларын төбелерінен асыра шошаңдатып, дуылдасып кеп берді. Сәл тыныштық орнағанда Қаз дауысты Қазыбек те тіл қатты. Ал Кіші жүз биі Ақсуат дағдылы әдетінше «сіздердің мына шешімдеріңізге қуанып, алшынның бұрынғы биі, жаны жәннаттағы Әйтеке Бәйбек баласы жатқан жерінде бір аунап жатқан шығар» деп, аруақтың құлағын шулатты. Мұның сөзінің «бісмілдасы» Әйтеке екенін былайғы жұрт әбден-ақ байқаған. Ұлы хан сайланған Әбілмәмбет шарт киіндірілген жас балаша құлпырып кетіп еді. Екі езуінде күлкі. Оны ақ киізге отырғызып, дүйім елдің ең биіктегілерін жеті рет айналдырып шығу рәсімі сол күні атқарылды. «Аллам жарылқасын», «Нұр жаусын», «Алаш ұлының ақ тілегі отызүш мың

пайғамбар, қырықүш мың сахабадан қолдау тапсын», «Жанымыз осы ұлы
ханның жолында шықсын» деген сияқты сөздер Қордай тауының қыртыс-
қыртыстарын сүт пісірімдей уақыт тітіркентті.

* * * Төленнің үлкен ұлы Жәнбекей әке бұйрығы бойынша көп сауын биелер мен сойыс малдарын тап осы сәтке әзірлеген екен. Әйтсе де ұлы хан сайлаудың шын салтанаты бұл шақта қара қалмақтан тазартылған Түркістанда өтеді деп жарияланды. Сол күні ұлы хан ордасының қақ төріндегі мінберге жапырайған Әбілмәмбеттің алғашқы бұйрығы әлгі Сабалақ деген жас бозбаланы алдырту еді. Бұл да қымсынатын емес екен, ине-жіптен жаңа шыққан ұлы хан мен оның оң жамбасын басқан Төле бимен екі аралыққа бір-ақ секіріп жетті де әкесінен қалған орындай қонжия кетті. Жүзі арқа-жарқа, шектен тыс көңілді Әбілмәмбет: – Әй, шырағым, бір жайдың басын ашудың реті енді келді. Сен осы алқа-қотан үлкендердің көзінше ақтарылшы! Сен осы кімсің? Тегің кім? Әкең, арғы аталарың кімдер, өзіңнің шын ныспың қалай? Анада жекпежекүстінде қалмақтың батыры және анаусы-мынаусы емес, олардың бас батыры, қонтайшының күйеу баласы Шарышпен жекпе-жекке ұмтылғанда «Абылайлап» ұрандадың. Кейінгі шайқастарда да сөйттің. Бәрінде де атақабыройға белшеңнен баттың. Бәріміз куәміз. Ал сол өзің ұрандатқан Абылайың кім! Ол қай Абылай? Осының бүкпесін ашып, мына ұлы билерге, ұлы қолбасыларға, басқаларға өз аузыңмен жеткізші! Садағаң кетейін, сөйтші! – деді. Әбілмәмбет бірауық өзінің қазақ қауымындағы ең жоғары мәртебелі лауазымды иемденгенін ұмытқандай да. Бас иесі өзгерген мына Үлкен Орданың ішінен ине шаншарға саңлау таппайсың. Жүрелей, жамбастай, малдас құра сығылысқандар бір-бірін басакөктей тура ұлы хан, ұлы билер иегінің астына дейін жетіп тоқтаған. Тіпті дастархан жаярлық ашық жер қалмаған. Жұртта көңілділік басым, сосын да бүгінгі салтанатүстіндегі мұндай әбестікке бәрі кешіріммен қарайды. Мұнда жалайыр биі Ескелді де бар. Әбілмәмбет пен Сабалақ арасында осы науқанүстінде керемет бір достық орнағанынан ең жақсы хабардар адам осы. Әбілмәмбеттің, ендігі жерде ұлы хан Әбілмәмбет Болат баласының бұл Сабалаққа деген қазіргі ықыласы соның айқын нышаны екенін бұл іштей түйді. Екі пенденің өзара ерекше жарастығы олардың бір-бірінсіз көкіректерінде олқылық туарына да байланысты. Мыналарда сондай бір құдай жаратқан, екеуін бір-бірінеүздіктіріп қойған, егізектерде ғана болатын жан мен тән бірлігі бар. Сабалақ сөйлеуге оқталғанда Төле би басын төмен салбыратты. Бір кезде Ораз атты құл әкесінің жетегінде келіп, өзінің түйесін, сосын жылқысын баққан, ұрымтал сөз бен іске әуес, шектен тыс шапшаң, қайратты бозбала тап мынадай иінді бір мезетте не жайларды қопсытар екен деді ме, еңкейгенде ашық қалған мойнына үлкен салмақ түскені шалынды. Сабалақ көп күттірген жоқ:

– Арғы аталарым Шыңғыс хан, Жошы хан. Одан бергісі мана Төле би атам атаған, осы Қордай тауының төбесіне Қазақ хандығының туын тіккен Әз-Жәнібек. Шежіре таратсам, одан бері Еңсегей бойлы Ер Есім, Салқам Жәңгір. Әбілмәмбет шаж етті: – Жаным-ау, сен де Салқам Жәңгірдің баласысың ба? – Отырған орнында ұшып-қонып, ұлы ханға лайық емес қимылдар жасады. Төле мен Қазыбек билер еріндерін жымқыра томырылды. Сабалақ сөзін жалғастырды: – Салқам Жәңгірдің екі баласы болған, бірі Уәлибақы да, екіншісі ӘзТәуке хан. Салқам Жәңгір атам жарық дүниемен хош айтысқанда сол кездегі елбасылар ұлы хандыққа ағайынды екеудің жасыүлкені Уәлибақыны емес, кішісі Тәукені қалапты. Оны осындағы жасыүлкендер біледі. Ешкімнің дауы жоқ. Сосын Уәлибақы өкпелеп, Үргеніштегі Қайып ханның қоластына барыпты. Одан Абылай атты тамаша батыр бала туыпты. Жаудың қанын сел қып ағызған міне, сол екен. Сосын да оны «Қанішер Абылай» атапты Қанішер Абылайдан Уәлі, сіздерше айтқанда Көркем Уәлі туады. Мен сол Көркем Уәлінің бел баласымын. – Осыған жеткенде Сабалақтың көздері көп ортасынан өзіне ажырая қараған Ескелдіге түсті. Сабалақтың қос шырағындағы бөлек от жалайыр биіне «әзірше тіл-жағыңызды қарыстыра тұрыңыз» деген сөздерді ұқтырды. Ескелді де көзімен оның ұсынысын құп алғанын білдірді. Иә, бір кезде осы Сабалақ Ескелдіге өзінің шыққан тегін мүлдем басқаша түсіндіргенін екеуі де еске алысқан. Сабалақ әрі жосылды. – Менің шын ныспым, әкем Көркем Уәлі азан шақыртып қойған ныспым – Әбілмансұр. Бірақ мен туғасын көп ұзамай Үргеніште топан су қаптағандай апалаң-топалаң басталады. Атам Қанішер Абылайдың қайрат-жігері өз әкем Көркем Уәліге бітпесе керек, жаңағы апалаң-топалаң жау шабысыүстінде әкем өліпті де шешем мені Ораз құл деген біреуге тапсырып, өзінде ешқандай бала болмағанға ұқсаттырып, бізді ел ішінен қашырыпты. – Жаным! Жаным! Көркем Уәліден сондай бір бала қалған, өлі-тірісі белгісіз дегенді мен өз құлағыммен естігенмін! – Ұлы хан Әбілмәмбет тағы да отырған орнында секеңдеді. – Мені аман сақтаған сол Ораз құл әкем. Ол кісі мені мына Төле би атама әкеп тапсырды. Құлдың қолында өскен балада қандай ұсқын болсын, мені Сабалақ атаған осы Төле би атам. Ал әлгі жауға «Абылайлап» шапқанымүлкен әкем – Қанішер Абылайдың аруағын шақырғаным еді. Сабалақ, енді Әбілмансұр, сөзін аяқтағанда Әбілмәмбет мінбеден құлап түсе жаздады. Есін жия бой түзеді де Әбілмансұрды қоса тұрғызып, оны тапжылтпай құшағына қысты: – Сен менің туысымсың, інімсің! Екеуміз де Жәңгірдің баласымыз! Сабалақ деген ныспыны таста! Сен Әбілмансұрсың! Әбілмансұр сұлтансың! – Мынау бір бетбұрысты заман ғой! Сондай заманда хан тұқымы екенін көлденең тартпай өз ерлігімен тас жарған бала! Бұл балағаүлкен әкесі Абылайдың есімі лайық! Әбілмансұр емес, Абылай атанса екен! – деп, Төле бидің оң жағында кеудесі қаздиған Қаз дауысты Қазыбек тіл қатты.

– Он атанға жүк боларлық құм, тастың ішінен бір мысқал алтынды адаспай табатын алты арыстың данышпаны ғой бұл кісі. Мен де осы кісінің ыңғайына жығылдым. Абылай атансын бұл бала! – деп, Төле би жайқала мақұлдады. – Әйтеке би де мұны даналық шешімге балар еді, – деп, Ақсуат би де қозғалақтады. – Абылай! Абылай сұлтан! Туысым! Інім! – деп Әбілмәмбет оны құшақтаған күйі одан әрі сілкіледі. Осы бір көрініс ұлы орданың ішіндегі ең бір қақсал, ақылды бастарға өзгеше жан бітірді. Әбілмансұрдың, ендігі жерде Абылай сұлтанның төбесінде әнекүнгі соғыс кезіндегі ақ құсы, әлде ақ туы қайта елес бергендей. Ақ құс, жоқ, құс емес, ту, Абылайдың ақ туы! Осы бір тіркес мұндағылардың бәрінің тіліне өзінен-өзі оралғандай. Жоқ, мынау құдайдың тегін пендесі емес. Бұл көріністің тағы бір бас жарып, көз шығаратыны ұлы хандыққа Әбілмәмбет емес, осы Абылай сұлтан сайланғандай бұдан кейінгі салтанат еселей асқындады. Сосын даүлкен-кіші мұның хан тұқымынан екеніне имандай сенді. Сол күні Абылай сұлтан өзін қолпаштаушылардан жырылып шығып, жалайыр биі Ескелдіні іздеп тапты. – Биаға, арызым бар! Қызылбөрікшелейікші! – Сөзіңе құлдық, айт тақсыр! – деді Ескелді. «Тақсыр» деген сөзге әдейілеп мән бергені білінді. – Бір кезде мен сізге өз шыққан тегімді басқаша баяндап едім-ау, – деді Абылай сұлтан сәл аптыға. – Иә, есімде, жаным! Тақсыр! Сен Бұхара ханы Әбілпейіздің әлдекімдердің қастандығының құрбаны болғанүлкен ұлы Сүйініштен туған немересімін дегенсің. Бұл хақында ешкімге сыр ашпа деп және өтінгенсің. Мен ол өтінішіңді әлі күнге бұлжытпай орындаудамын. Қаласаң әлі де бұлжымастығым жетеді. – Иә, сөйтіңізші, биаға! Бұл жай сіздің ғана ішіңіздегі құпия сыр ретінде сақтала берсінші. Мен ол жолы сізді алдаған жоқ едім. Мен шынында Бұхара ханы Әбілпейіздің немересімін. Бірақ өзіңізге сонда жыр қылғанымдай, теңізде адасқан жаңқадай мұннан шықтым. – Жаным, сонда мұның не сөкеттігі бар? Бұхара ханының немересі болсаң сенің тікелей өз аталарыңның ішінен де талай аруақты ұлы хандар, ұлы батырлар шықпады ма? Анада Абылайды емес, неге солардың бірін атап ұрандамадың? – Биаға, өйтсем Бұхара ханының, өзбек ханының нәсілі деп, мұндағы ел мені қабылдай ма? Құлағыма құдай сыбырлады ма, мен осы желдің өтіндегі,үрме мылтықтың аузындағы қазақ ішін қаладым. – Жаным! Тақсыр! Әбілпейіз де Жошыдан тарайды! Анау ұлы хандыққа көтерілген Әбілмәмбет сияқты сен де Жошының ұрпағысың. Бұл сенің де жолың. Анау ұлы билердің батасы өз алдына, ал мен мына Ұлы жүз елінің ноқта ағасы – жалайыр елінің ең шоқтықты биімін. Мен өз батамды беремін! Сен мынау қазақтың көз жасы, төккен қаны үшін аяушылық еткен

алла-тағаламның өз қалауымен жіберген елшісіне ұқсайсың! Солай болғай! Солай да! Мен киелі жанмын! Әне, менің кием-ақ бурам екеуміздің шүйіркелесуімізді көріп, қуанышы қойнына сыймаған жас баладай асыр салып, ойнақтап жүр. Әне, ол қара бураға кезікті. Екеуі ауыз жаласа бастады. Қара бура сенің киең! Осы киең не хикметтен де өзіңді аман әкетіп, асқар шыңға көтерсін! Әумин! Ия, өзінің қара бурасы мен жалайыр биінің ақ бурасы Абылай сұлтанның да көзіне шалынды. Өзгеден қақас, өз көзінің ғана жанарына іліккенін қоса сезіп, өзінің құдай салған жолға бастағанын қоса ұқты. Қордай тауындағы, бір заманда Әз-Жәнібек пен Керей хан Қазақ хандығының тұңғыш туын тіккен мекендегі бұл дыр-думан үш күнге созылып, төртінші күннің сәскелігінде ұлы хан ордасы Түркістанға бет түзеді. Әбілмәмбеттің бағын аспандатқанүлкендер шешімін алдын-ала естіп, желкелерінің шұқырын көрсеткен Әбілхайыр хан, Сәмеке хан, Барақ, Батыр сұлтандардың қылықтары елбасылардың көкіректерін қыжылдатқанмен оларды тіл ұшына іліктірмеді. Үш жүздің басы қосылғандағы ұлы жеңіс бұл, оған шаң қондырмау абзал. Ұлы хан шеруіне ұлы билер, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Сатай, албан Хангелді, алшын Есет, ошақты Саңырық, Жолбарыс хан және әр жүздің сардарлары Қабанбай, Тайлақ, Саурық сындылар, ақын-жыршылар, төре тұқымдары ерді де былайғы рубасылар, кіші қолбасылар қазақ даласының әр пұшпағында ошарылып, екі көздері төрт болған өз жұрт-жұрағаттарына асықты. Ескелді би Жылгелдіұлы да өзіне қарасты күшті екшеп, Шудың төменгі күнгей бетіндегі өз еліне тартты. Сөйтіп, қазақ тарихындағы бір қанқұйлы кезең аяқталды. Бұл кезең жай аяқталмай қыруар хикаят, өлең-жыр, жел құйын дақпырт атаулыны қоса боратып, көпке дейін көз аштырмады.

ОН БЕСІНШІ ТАРАУ

«Аңырақай шайқасынан» кейін де он жылдай өткен. Бұл уақытта қазақтар жеңіске мастанғаннан гөрі масқара жеңілістің у мен зәрін татқанға көбірек ұқсады. Ұшы-қиырсыз атамекен алып теңізге айналып, алаш баласы сол теңіз бетінде қираған кеменің қаңқаларындай аннан-мұннан бір қара көрсетті. Бойдан жігер, қолдан күш кеткен. Тек бар мәзірі қос аяқта ғана, онысына бірауық та тыныштық жоқ, жүре береді, көше береді, ауа береді. Талай батырлар, қолбасылар, жай сарбаздар кешегі ұлы жеңістен соң көшерін жел, қонарын сай білетін қаңбақ шөптің күйін қайта тапқанымыз қалай десіп, іштерін ит жыртқандай ауыр құсаға ұшырады. Ел ішінде «жын қаққан», «пері соққан» атты аурулар етек алды. Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық батыр Дербісәліұлы, Қабан жырау Асанұлы бастаған жалайыр елі де осы он жылда қайда көшіп, қайда қонбады. «Аңырақай шайқасы» аяқталысымен бұлар Шудың оң жағалауында әжептеуір-ақ бөгелген. Себебі, қалмақ күйреді ғой, енді Шудан ары өтіп, Іле

дариясы, Жетісу жерім қайдасың деп, тартып береміз ғой деп, туған өлкеге иектері қышыды емес пе? Шудың сол жағалауында екі қыстады, бірақ атамекен түгілі осында аяқтарының астындағы жер өртене бастағандай секектесті. Сосын бұлар Шуды өрлеп, кері қозғалып, оныңүлкен саласы Қорағатыда жан-жақтарына алақтап, біраз аяқтарын суытты. Бір кезде өздеріне аз-кем нәр татқызған осы Қорағатының оң жақтағы Аспара, Ойранды, Қарабалта, Ақсу сияқты салалары пана болар ма екен деп, солардың шүйгін шөбі мен бал татыған суларын ойласты. Бірақ қайда қозғалса да соңдарынан көлеңкедей еретін қалмақ жансыздары бұлардың ойын өң-түстеріндегі жазудан оқып біліпті. Енді сол Аспара мен Ойрандының жағалауларынан шыға келген, Қорағатының жайылма тұстарын дәл тауып кешіп өткен қалмақ жасақтары бұларға тап берді. Қорағатының жағасында едәуір соғыс болды. Қалмақтар тайып тұрғанмен де жалайыр басшылары өздеріне бұл маңның қоныс болмасын ұқты. Осындай күнде бұларға Саурық батыр Қайдауылұлы келді. Тап осы мезетте жалайыр ішінде әлгі «жын қаққан», «пері соққан», «иығына шайтан қонақтаған» сияқты аурулар бұрынғыдан да қозданды. Құлжан батыр сияқты некен-саяқтар жалғыз-жарымдап түз кезіп, айдалада қарайған жиде, қараған, тұт сияқты ағаштарды қылыштап қайтатынды шығарды. «Аңырақай шайқасында» елірме ауруынан құлан-таза айыққан егде батыр мынадай күнде сол «ескі жолдасымен» қайта табысты. Мұндай хал тек Құлжан батырдың басында емес, сосын да Ескелді би маңындағылар әлгіүйсін Балқыбек бақсы дегенді еске алысып, әбден қартайған оны іздеп тапты да. Басқа бақсы-балгерлердің де мойындарына құрық түсіп, онда-мұнда жұлқыланды. Бірақ ем қону жағы көңіл көншітпеді. Міне, Саурық батыр осы жағдайдың бәріне қанды. Ескелді, Балпық, Қабан жырау сындылардың қасында мұның да мойны салбырап, ұзақ-ұзақ ауыр түндерді өткерді. Ақыры, Қаратаудың теріскей бетіне, сондағы дулат ағайындарға жақындаңдар деп ақыл салды. – Мен өзім Арқа даласына, сол Арқамен жапсарлас батыс өлкелерде көшіп-қонған алшын Есет батырға қайта барамын!– деді Саурық. – Әр заман өз сайыпқырандарын алға тартпай ма? Дәл бүгінгі күнде, кешегі алапат соғыс тоқталып, оның орнына ұсақ-түйектері топырлағанда саясат жағын мықтап болжайтын жүйрік көкірек жандар көбірек бой көрсетеді ғой. Бұл жағына келгенде Шақшақ Жәнібек, Барақ сұлтан Тұрсынхан баласы, Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтан, сосын әлгі кешегіүш жүздің бас сардары Әбілхайыр хан алдарына жан салмастардың өздері екен. Саурық Әбілхайырды атағанда Ескелді, Балпықтар қабақтарын тыржитты. – Жә, жә, шырайларың белгілі, сол Әбілхайыр, Сәмеке сияқтылардың бөле-жарылуынан кешегі таудай жеңістің нәпақасы аузымызды жырып кетті дейсіңдер ғой. Болған іске болаттай болғаннан басқа шара жоқ. Әбілхайыр ол қылығынан еш жақсылық көрмеді, өз еліне жете бере ең алдымен жоңғар қалмақтарының соққысына ұшыраған өзі. Жұт жеті ағайынды. Жайық маңындағы Әбілхайыр ұлыстарына башқұрттар қырғидай тиюде. Әр тиген

сайын мыңдап жылқыларын әкетеді екен. Әбден зықысы шыққан алшын ханы енді орыстармен ауыз жаласуда. Бірақ ол да жолда жатқан батпан құйрық емес екен. Ұзынқұлақтың жеткізуінше Әбілхайырдың сол аузы түктілердің көмегіменүш жүздің ұлы ханы болмақ сыңайын олардың естілері мүлдем жаратпапты. Тек ұсақ-түйек көмек айналасында тістерін сақылдататын көрінеді. Сосын да Әбілхайыр бір жағынан орыстармен ауыз жаласса, екінші жағынан жаңа мен атаған Шақшақ Жәнібек, Барақ сұлтан, әрі бір-бірімен тонның ішкі бауындай Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанға қолын созуда. Қазаққа ақыл осылай жылдап, мысқалдап қана қонады ғой. Саурықтың осы келісінен соң жалайыр елі Мойынқұмды түстік бетінен жиектей Қаратауға қарай мамырлап, Талас өзенінің, оның көптеген салаларының жағалауларына шашырай орнықты. Мұнда да оннан-мұннан түртпектеу басталды. Сонда даүш қысқа шыдасты. Әлі де шыдай беретін бе еді, тек 1735-жылдың жазында Жоңғария тарапынан анау-мынау емесүлкен соғыс басталды. «Аңырақай шайқасындағыдай» бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған жағдай жоқ, бір-бірінен қиыр жайлап, шет қонған қазақтарды қалмақтардың тастүйін түмендері бықпырт тигендей қылды. Сол жаз аяқталып, күз түскенде Ұлы жүз ханы Жолбарыс өзі отырған Ташкент қаласын тастап, Қаратаудың өзі аттас Жолбарысқамал атты бір сайына келіп, әскер жиюда деген хабар жетті. Шапқан жау жалайыр елін одан әрі күйзелткен. Тіпті осы отырған орындарыңнан ешқайда қия баспай жыл сайын әр отбасынан бір-бір қарсақ, не түлкі терісін өткізесіңдер, әрі қыз бен жігіттен аманат бересіңдер деп, талап қойды. Жалайыр көсемдері амал жоқ бас изесті. Бірақ сол қарсақты, не түлкіні аулауүшін де әр отбасына жарамды мініс ат керек қой. Ондайдың бәрін дерлік қалмақтар мына соңғы шабысында сыпырып әкетті. Ал қыз-жігіттен аманат беру одан да қиын. Ескелді, Балпық, Қабан, басқа да ел иелері жұрттың наразылығын тудырып, біржола қолдан шығарып алармыз ба деп те қауіптенді. Бірақ қолдан шыққасын да бұл жұрт қайда барады, сайда саны, құмда ізі қалмай әр елге кірме атанып шашырайды ғой. Бұл одан да өткен мүсәпірлік. Міне, осы халде Жолбарыс ханның Қаратаудың бірүлкен сайында ата жауға қарсы соққы бермекке күш жиюда деген хабары бұларға әжептеуір-ақ ес жиғызды. Әне-міне дегенше сол Жолбарыс ханның ертөлесі де есік ашып, оның қолдарыңнан келгенше көмек жіберіңдер деген сәлемін табыстады. Ескелді көп томырылған жоқ. Елге баскөздікке Балпық, Қабан, күшік Жолбарыс би, Тәттібай мерген сияқтыларды қалдырды да қасына Кәшке, Көсембай, орақты Төке, Тұрлымбет және өзінің кенже інісі Бектұрғанды, оншақты атшы-қосшы жігіттерді қоса ертіп, сол ертөлеге ілесіп, Жолбарыс ханға өзі тартты. Себебі, Ұлы жүз ханымен көзбекөз өзінің тілдесуін жөн көрді. Жалайыр биінің бүйтпеске амалы да қалмаған, ақылдаса қоярлық таяуда ешкім жоқ, нағашы атасы Төле би сонау Түркістанда, Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтан алыс Арқада, Көкшетауда, демек мұндағы бір таяныш осы Жолбарыс хан сияқты көрінді. «Көсеу ұзын болса қол күймейді» деген. Әрі ұзынқұлақ осы Жолбарыс хан жөнінде де шын-өтірігі аралас сан алуан лақаптарды қарша боратқан.

Сол лақаптардың ең бастысы, әрине, Түркістандағы Төленің, Ташкенттегі Жолбарыс ханның Сібір жұртынан көмек сұрап, елшіліктер жіберуі төңірегінде еді. Мұнысы бір емес, бірнеше мәрте қайталанған сыңайлы. Әлде бір реттің өзін дала жүргіншілері өздерінше әрлеп, құйқылжытып, әлденеше нұсқаға айналдыра ма? Мысалы, өткен 1734жылдың наурызында осы Жолбарыс хан мен Ташкент ақсүйектері Нұрмұхаммед және Наурыз-Бөкей атты екі сұңғыла бастаған елшілікті орыстарға, Сібір жұртына жіберді дегенді өткен-кеткендердің бір білімдары Ескелдіге нақтылап-ақ айтқан. Ол білімдар кім еді? Ол анау-мынау емес, кешегі ұлы науқанда атақ-даңқы әуелеген Қойгелді батыр. Қасында кәртамыс Қосы мен Құттыбай батырлар. Өз туған інісі Қошық та бар. Үш ағайындының бірі Ақшаның қазасы мына екеуін егізектерге айналдырғандай. Қойгелдінің ұзын бойы біраз еңкіштенген, шодырайған бет сүйектері, ішке кіріңкі екі жағы, әрі бір-бірінен қашақ сақал-мұрт атаулысы бұл сөйлегенде оғаш қимылдап, тап бірнеше шоғыр әскердің өзара шабыспақ әрекетін еске саларлықтай. Әрине, бұл батырдікі оңай күйзеліс емес еді. – Барымызбен базар болсақ өз нәсібеміз де өзімізге жетіп-артылар едіау! Біз сол барымызға ие бола алмаған сорлылармыз. Ата жаудың от қаруы бар деген аты ғана, біз оны соңғы жолы құр қылышпен алдық емес пе? Сібір жұрты бізге несін береді? От қаруын ба? От қаруға қарсы от қаруды жұмса дей ме? Ал жұмсадық. Ал жеңдік. Бәрібір қалмақтар артынан қайта соғып, қайта кіріптар етер еді. Онан да Жолбарыс хан, анау Жәкеміз әлгі бөлежарылғандарға қайыру беруге неге күш салмайды? Орыстарға қарызданғанша алақандағы өз ырыздығымызды шашпайтөкпей, рәсуаламай игілігімізге айналдырсақ ше? Біздің бар дүниеміз сарқылып бітіп пе? Олай емес шығар. Бізді де құдай тегін жаратпаған. Орыстар қарызының өтеуіне не атарын кім біліпті? Бәрінікі мойнымызға құрық салу ғой. Алшын жақтағыларға мұқият құлақ түріңіздерші! Қойгелді Ескелдіге жай хабар жеткізбей осылай өз күдігін де сапырды. Мұнікін Қосы мен Құттыбай тіптен ұлғайтып, қараспанды төндірді. Қошық көп ашылмаса да томсырайған жүзімен мынаүшүлкенді қостайтынын білдірді. Қойгелді осы жолы өзі мен аға туысы,үш жүздің ұлы биі Төленің арасында бір сызат білінгенін де жасырмады. Ескі мінезіне басып, осы турасында көсілмек еді, жасыүлкен Қосы батыр тежеді. Ескелді толық ажыратпаса да ол да сол Сібір жұртымен арақатынасқа байланысты деп топшылады. Сосын да Қосыны шетке ығыстырып, қазбалауға бармады. Жалғыз Қойгелді емес, жалайыр еліне ат ізін салушылардың басқа да ала-құлалары қара көрсетті. Жалайырларды жер ауып келген ара ағайын санай ма, әйтеуір, солай. Ескелдінің бұлардан ұққаны – Қойгелді атаған, әлгі Ташкенттен Ресейге аттанған Нұрмұхаммед пен Наурыз-Бөкей бірінші жолғысы емес екен. Сары түктілермен ауыз жаласты деп, Әбілхайыр ханның шаңын қағушылар енді ішінара Жолбарыс ханның мына қылығына оң қабақ білдіргендей. Оң қабақ білдірсін-ақ, іш тартсын-ақ, бірақүйсіндер осыншама жік-жапар болып, алақан жайғанда, қайыр күткенде ол Сібір жұртының селт етіп, бүйрегі бұрғанын бұл оңтүстік өңірдегі қазақтар әзірге көрген жоқ.

Сөйте тұра ондайлыққа іш тартудың не себебі бар? Қазақтар орыстардан көмек сұрады екен деп, айылын жиған қалмақ жоқ, міне, қайта бассалып, желкелікке мінді. Әлде қалмақтардың бұларды орыстарға жалтақтағаны үшін жазалағаны ма? Жолбарыс ханның сонау Қаратаудың бір қойнауына тығылып, жан-жақтан күш-көмек күтуі ол Сібір жұртынан біржола беті қайтқандығы ма? Міне, әңгіме осы сұрақтарға тірелгенде әркім өз әуенін құйқылжытады. Бұл әуендерден жалайыр көсемдерінің бастары мең-зең. Міне, сосын да орайы табылғасын Ұлы жүз ханына Ескелді бидің өзі аттанып кетті.

* * * Жолбарысқамал Қаратаудың теріскейдегі Үлкен Ақтау аталатын сілемдерінің тұсындағыүлкен бір сайы екен. Батыстан шығысқа қарай жетісегіз шақырымға құлай созылған. Қамалдың бас жағында мұнымен жең ұшынан жалғасқан Кемпірөлген, Ақжар атты жыралары тағы бар. Сай табанында көп бұлақтың суымен коректенетін көздің жасындай мөп-мөлдір өзен сылдырайды. Алтын балық дегенің мұнда шоршып ойнайды. Пышақпен қиып салғандай жалпақ бет жартастары Жолбарыс қамалға өзгеше сипат береді. Ол жартастардың қалақтай-қалақтай ашық көрнекі тұстарында ескі заманнан қалған суреттер бар. Аңдардың, адамдардың әр түрлі әрекетүстіндегі кескіндерінде көне дәуірдегі аталарымыздың кейінгі ұрпақтарға жеткізбек сәлем-ұлағаты көмулі жатқандай. Бірақ оны дұрыстап аршып оқып, көкірекке түюүшін Аплатонның ақылы керектей. Ал сан заманнан қара қалмақтың атының дүбірінен ұйқысы бұзылған көшпелі қазақ ондай ақылды қайдан тапсын? Сосын да бұл жартастардағы суреттердің көрінері көп, айтары аз. Осындай жартастармен жағаласа, кезектесе сай табанындағы суды күннен көлегейлеп, шие, итмұрын, долана, алмұрт, алма, қаратал дегендерің тұтасады. Жарқыраған жаз, не күз айларында сол ағаштардың тасасында отырып, алтын балық аулаған адам бұл табиғат– ананың ғажайып мейірбандылығын сезер еді. Бірақ ондай сезімталдықпен жайқалуды да қазақтың жағдайы көтермейді, сосын да қатал жау сияқты бұл заманның қазағы да тасжүрек. Табиғат-ананың ондай тасжүректікте не шаруасы бар, суын мөлдіретіп, ағаштарын жайқалтып, құстарын сайратып, өзімен-өзі мәресәре. Осы Жолбарысқамалды еңғұрмаса бір жыл мекендеген адам оның құдай жаратқан сын-сипатын сырт қонақтарға әспеттеп тауыспас еді. Мұнда жел көбіне батыстан, таудың басынан шығысқа қарай соғады, жазда осындай жел кезінде жаңбыр дегенің аяқ астынан аспаннан шелектеп құйып, қызыл су ағады. Мұндайда адам да, мал да тұрған орнынан қозғалмауы шарт. Әйтпесе, қызыл су тобықтан қағып, шайып әкетуі ықтимал. Егер осындай жаңбыр көктемде жауса тіптен алапат, себебі, наурыз, сәуір айларында мұнда су дегенің онсыз да көп, сарылдап, дүрілдеп аққанда қос аяқты пенденің зәресі ұшады. Есесіне осының бәрі көктем таусыла, жаз шығаүлкен ырысқа айналады. Жолбарыс қамалдың күнгей бетінде шөп дегенің тұнып өседі,

жазда да, қыста да таптырмас жайылым. Киікоты, жалбыз, жусан, бетеге, тасжарған дегендердің бітік шығатыны соншалық осы бас-аяғын көзбен шоларлық қуысқа қанша малды жауып салсаң да жыл он екі ай мұрты ойылмайды. Тек теріскей бетін қыста қар жапқасын жылқы малының ғана тебініне жарайды, әсіресе, қуаңшылық жылдары солай. Сай табанындағы өзенге жол-жөнекей қосылатын мұндағы бұлақ суларының да бір сиқыры бар. Жазда қол батырсаң ыстық та, қыста сөйтсең жып-жылы көрінеді. Әркім оларды өз бетінше ем орнына да пайдаланады. Әрі бұл маңның көркі қандай? Көктемде қып-қызыл қызғалдақ хор қыздарының қиялынан туғандай өрнектер жасап, кілем болып төселеді. Жастықтың, жалын махабаттың буына оранғандай оның өнебойын көзбен қуалай бересің, қуалай бересің. Жазда бұл сай сәл түсін өзгертіп, жас бойжеткеннен гөрі толысқан келіншектің аңсарындай, бұрынғыдан да мол, қымбат жасаулы, сан алуан сәуле шашатын асыл тастары оннан-мұннан көз қытықтайтын жаућарлы ұяға айналады. Аңқыған көктің исі тіптен мұрын жарып, кеудені атады, масайытады. Қаратаудың осы тұсындағы көктің исін анда-санда жұлқынып соғатын жел де айдап әкетуге қауқарсыз. Жазда аздаған шыбыны демесең маса, сона дегенді мұндағылар біржола ұмытады. Түнде ай толғанда сайдың өнебойында күндізгідей жарық орнайды. Күнгей, теріскей беттердегі жарық бір-бірімен және шағылысып, қараңғылықты мүлдем алысқа тықсырады, шамасы. Ал айсыз қараңғылықта аспандағы жұлдыздардың жарқырап жанысы қандай, шіркін! Тіпті сол аспан шырақтары Қаратаудың осы бөлігіне ғана ерекше мейір төгіп, жақындап келіп, ай мен күнді жоқтатпаймыз дегендей жамыраса жымыңдайды. Жолбарысқамалдың жазы да ыстық, қысы да көбіне жылымық. Аспан ашықта күн тастарды қыздырып, пеш жағылғандай сай іші жылы ауаға толады. Қаратаудың өзге қырқа-қырқаларынан оқтын-оқтын келетін желге де ол жылылық былқ етпейді. Аузы қақпақпен бекітілген ыдыстың ішіндегі ыстық бу сияқтанып, томаға-тұйықтанып, ешқайда ауа жайылмайды. Тек мұндайда кешке салым күн күрт суытады. Жазда да, қыста да дағдысы осы. Осындай жазы жадыраңқы, қысы жұмсақ жылдар басым болғасын да мұндағы аң біткен керемет есіреді. Арқар, елік, борсық, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян сияқты түз тағылары қазақтардың сұр жебесіне өздері кеп ілігеді. «Е, бірен-саранымызды атқаннан біздің қылымыз да қисаймайды» дегендей одан сайын еркінсиді. Тіпті адамдарға тіптен жақыннан көрініп, әлгі ел аузында мадақталатын «қойы мен қасқыры бірге өрген заманды» еске салады. Бүркіт, қырғи, кекілік, сауысқан сынды құстары да осындағы аң біткеннің мінезін қайталағансиды. Тіпті қолы ептілер оларды қалпақпен-ақ ұрып алатындай. Ал қуаңшылық бұл Жолбарысқамалдың сирек қатынайтын қонағы. Жеті, он жылда бір соғады. Ондайда жаз тіптен ыстық. Раң деген ұсақ шөп таста жатып, сол тастың қызуынан жанып кетеді де өрт шығаратыны бар. Бұл Жолбарысқамалдың бір шәлкестігі де, екіншісі қыста соғатын ұзақ желіне байланысты. Ол жел көбіне таудан, батыстан келеді. Бір басталса тәулік бойы тоқтамайды. Бір тәулікте тоқтамаса үш күнге созылады. Үш күнге тояттамаса жеті күн бойы ышқынып, бастарына әңгіртаяқ ойнатады. Бұл, әсіресе,

адамның бойындай боп қалың қар жауғанда қиын. Боранды қар түйдектүйдегімен ұрғылағанда айналада түк көрінбей кетеді. Қолда бар мал амал жоқ қорада ұсталады. Мал түгіл адамдардың өздері түзге бір-бірінің белдеріне арқан байлап шығады. Осындай тентек мінездері үшін де Қаратаудың өзге бір де бір қуысына ұқсамайтын бұл Жолбарысқамалды ешкім қарғап-сілемейді. «Е, несі бар екен, жуастан да жуан шығады» дейтін қазақтың өзі емес пе? Міне, Ұлы жүз ханы Жолбарыс Абдоллаұлы жалайыр биімен ең алғашқы кездескен күнгі әңгімені осы қамалдың табиғатын сипаттаудан бастады. Ең алдымен оның бұл атауы қайдан шыққанын тілге тиек етті. Ерте заманда, қамысы бөренедей жуан, әрі ит тұмсығы батпастай тұтасып өскен заманда мұнда жолбарыс та жыртылып-айрылады екен. Сонда бізден гөрі батыр аталарымыз аң төресі тарғыл жүнді аңдарды осы қуысқа тығып қырған екен дейді. Бұл қуыстың атауы содан қалса керек. Бұл аңызды Ескелді жалғастырды: – Өткендегі бабаларға тағар кінәм жоқ, мәртебелі хан ием, бұл аңызды біздің де құлағымыз шалған. Сол қырылған жолбарыстардың бірі қызыл түкті екен. Алланың жазуымен сол ғана тірі қалып, кейін сол қызыл жолбарыс ћәмма қазақтың киесіне айналыпты дейді. Алты алаштың неше заманғы жау шапқыншылығынан қашып-пысып жүрсе де жан сақтағаны сол киенің көмегінен дейді. Ал қазақ неге үнемі қашып-пысып жүреді? Ол осы өзіңіз отырған қамалда ойсыз қырылған аң төресі-жолбарыстың обалынан емес пе екен? Ханның алты қанат ақүйі сай табанындағы кішкентай суға таяу жазаңда тігілген. Күн сәулесі есіктен ғана сығалап, жылт-жылт етеді. Ханға лайық емес, біршама жұпынылау киінген Жолбарыс Ескелді сөзінен соң сол есіктен сығалаған сәулеге ұзақ телмірді. Ұзақ телмірістен сопақша маңдайы, қырлы мұрны, күтімсіздеу дөңгелек сақал-мұрты ұзара түскендей жалайыр адамдарының көздерін тартты. Ескелді қасындағы Тұрлымбет, Кәшке, Көсембай, Төке, Бектұрған – бесеуі ханның бұл тұрпатынан сәл-пәл қыбылжыды да. Бұлар өз басшылары Ескелдінің хан басына осыншама ауырлық түсірген сөздерді үйіп-төккенін қолдамағандай. Бірақ Ұлы жүз ханы жалайыр биінің бұл қыстырмасына жауап берудің тың айласын тапқандай. Ол есік жаққа телмірген қалпынан тез айықты да әңгіменің алғашқы ауанына қайта жармасты. Жолбарысқамалдың табиғатын әсірелеуге елжірей берілді. Тіпті өзінің алтын балық аулағанын, борсықты таяқпен ұрып алғанын бүге-шүгесіне дейін қалдырмай тізді. Осы Ұлы жүз ханының сейіл құруға, саятшылыққа, ойын-сауыққа әуестігін бір кезде Төле би де қасы-қабағы салбырап отырып, әңгіме еткен. Енді сол есіне түсіп, Ескелді әлденеден жаны қысылғандай өңі жүдеу тартты. – Кейде осы қамалдың ұзына бойын атпен де, жаяулай да кезіп жүріп, анау жартастардағы қолмен ойылған шимай-шатпақтарға зер саламын, өйтпеске амалым жоқ, олар көзімді тартады. Сондағы адам пішіндес, төрт аяқты хайуан пішіндес әлеміштер әлдекімдерге қарсы бір түрлі жойқын қимылды керек еткендей тұрады. Адам сықпыттыларының қолында әр алуан

қару ма, әлде өзгеше бір аспап па, бірдемелер бар. Сірә, бұл суреттер осы қамалда жолбарыс қырылған заманнан көп бұрын салынса керек. Көзбен көргеніміз емес, жай топшылауымыз ғой. Сонда ойлаймын, ата-бабамыз бізге қару ұстауды о баста-ақ мирас еткен сияқты. Бүгінгі ұшып-қонған тірлігіміз соның куәсіндей. Сол қызыл түкті жолбарысты біздің ата-бабаларымыздың көз жасыүшін құдайдың өзі аман сақтап, қазақтың киесіне айналдырған-ау! Бұл әңгімеден Ескелді сәл-пәл қайта жадырады. Қазақтың киесі-қызыл жолбарыс хақында бұл өзі білетін басқа да аңыздарды ортаға салды. Одан ханның тасасында, бұған дейін жақ ашпай, жүздерін бүркемелей бұғыңқы отырған екі-үш уәзірге де шабыт бітті. Қызыл жолбарысқа байланысты біраз хикаяттарды олар да саудыратты. Уәзірлер саябырлай бере Ескелді «Аңырақай шайқасында» бірнеше ұтымды ұрыстың себепкеріне айналған әлгі Абылай сұлтанның төбесінде ақ құс сияқтанып ойнаған ақ туды еске алды. Сол ақ туды қазақтың киесі – қызыл жолбарыс аузымен тістеп әкеліп, әдейілеп, сұлтанның төбесіне қадап кеткен сияқты, біз ендігі жерде сол тудан көз жазбасақ, шіркін, деген бағытта ой тастады. Хан айналасындағы біраз шоқтықты адамдар да осы кезде ішке еніп, мұндағылардың шоғырын көбейтіп, баршасының ішіне одан әрмен жел бітті. Тіпті бұл мына Жолбарысқамалдың аңғарын қуалай соғатын анау-мынау дауылдан да бір кем емес еді. Төле би неге Түркістанда омалуда, ол неге Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Көкшетауда болуын қалады, неге қазақтың ендігі байтақысы сол Арқа даласында орнықса деп армандады, міне, осы сияқты мәселелер бұлардың аузында әлденеше мәрте сарапталды. Әбілхайыр хан, Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлы, Шақшақ Жәнібек, Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Саурық Қайдауылұлы, алшын Тайлақ, Есет батырлар, дулат Өтеген, Қойгелді, басқа да сол кезде аттары дүркіреген марғасқалардың құлақтарын аямай-ақ шуласты. Түптегенде мұның бәрі жаңағыүйсін ханының осы Жолбарысқамал жартастарындағы айшықты кескіндемелер ата-бабамыздың бізге қару ұстауды о баста мирас еткеніне мегзейді дегеніне сайды. Ия, Жолбарыс хан мықтап қарулануға, қалмақтарға өз тарапынан да соққы бермекке белді бекем буған екен. Ұлы билер Төленің, Қазыбектің, Ақсуаттың, ұлы хан Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның Арқада, Көкшетаудың сыңсыған орманы мен әсем көлдерінің аясында қоныс тебуін қалауында да көрегендік жатыр. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған дұрыс-ақ, бірақ ортақ күшті орналастырудың тиімді әдістерін де ұмытпаған жөн. Егер Ұлы жүз бен Орта жүз жасақтары бір-бірінен алшақ жатып, өзара қимылүйлестірсе ата жаудың шаты айрылуына жақсы. Бұдан әріде хан мен жалайыр биі топан сөзді көп шығын етпей тез келісімге келді. Алдағы қыс өтіп, көктем туа Ескелді өздеріндегі тәжірибелі қолбасылардың екі-үшеуін бас етіп, жақсы қаруланған бес жүз қаралы әскерді осы Жолбарысқамалға, осы ханның құзырына жөнелтеді. Қолбасылардың нақтылы кімдер болуы мүмкін дегенде өткен науқанда көзге түскен Балпық Дербісәліұлы, Қабан жырау Асанұлы, немере ағайынды Малтабар мен Құлжан батырлар аталды.

Ескелді уәдесінде тұрды-ақ. Тек сол 1735-жылдың соңында қыс ерте түсіп, әлгі хан отырған Жолбарысқамалдаүлкен әлек салыпты. Қар дегенің есепсіз көп жауып, бұған қасқырдай ұлыған желі қосылды. Әдеттегідей бір күнде, немесе,үш, не жеті күнде толастайтын ескі дағдысынан да жаңылып, апталап борандатқанда Жолбарыс ханның айналасындағы ел-жұрт, азынаулақ әскер, төлеңгіттер осы қардың астында біржола көмілетінге ұқсапты. Киізүйлерден, жаппалардан бір-бірінің белдеріне арқан байлап түзге шыққандарының топ-тобымен жоғалып кеткені де болыпты. Ал жалғызжарымдардың қасіретін атап сұрама! Қора-қопсы салу, шөп шабу ата дәстүрінде жоқ, қар шамадан тыс көп жауғандықтан ең бір тірсегі мықты, тұяғы қатты жылқылардың өздері ол қарды аршып, тебіндеуге қауқарсыз, міне, осындай алапат қыста тар қуысқа еш дайындықсыз келіп қамалғасын мал басы қалай ойсырамасын?! Жын, пері, диюлардың ойнағындай көз аштырмас боранүш-төрт айда әлденеше қайталанып, Ұлы жүз ханының төңірегіндегілерді ақсүйек қып жұтатыпты. Өткен күзде, осында алғаш орныққанда осы қуыстың табиғатын әспеттеп, жалайыр биі Ескелдінің алдында тілдің майын тамызған Жолбарыс хан енді сол қылығынан өзі қысылғандай қараңғы орданың ішінде талай күндер мен түндер жерге қарап мөлигені ешкімге құпия еместей. Бұл хан жалғыз Ескелдіге емес, Ұлы жүздің басқа да батырларына сәлем жолдап, осы алдағы туар көктемде олардың да хал-қадарларынша қарулы әскер шоғырларын жіберуін сұраған ғой. Ескелдіше басқалар да хан өтінішін құп көрген. Тек Жолбарысқамалдағы табиғат апатынан құлақтанысып, ерте көктемде ентелемейік, хан төлеңгіттері аздап ес жисын, сәуір айының соңы, мамырдың орта шені тусын, сол кезде жетсек те кештік етпейді десіп, ұзын арқан, кең тұсауға салған. Тек сәуір айының соңы туа басқа бір хабар дүңк етті. Осы сәуір айында сол Жолбарысқамалға атақты Сары-Манжының үлкен бір шерігі шабуыл жасап, басып алыпты да, Ұлы жүз ханын Ташкентке әкетіп, соның билеушісі етіп қайта қонжитыпты. Жолбарыс хан өзінің жаңа жағдайына көп бойүйретіп жатпай тұрғылықты елге ауыр алым-салық сала бастапты. Ал көшпелі қазақтар жөніндегі қалмақ саясаты сол баяғыша, қазақтар жылына әрбір отбасынан бір-бір қарсақ терісін, әрі қыз-жігіттерден аманат беруі тиіс. Бұл хабар Ескелдіні сең соққан балықтай етті. Енді қайттік? Көп ойланбастан Ташкентке, Ұлы жүздің өзге тармақтарының басшыларына жіңішкелетіп, адамдар жіберді. Олардың әкелгені алуан түрлі ақпарат. – Жоңғария қонтайшысы Қытай богдыханымен соғысты тоқтатып, бітімге келіп, енді соларға қарсы жұмсаған бүкіл әскерін бері қазақтарға қарсы айдап салыпты. – Қытай патшасының өйтіп иіні жұмсаруы жайдан-жай емес, бұрынғы патшасы өліп, таққа оның мұрагері отырған сыңайлы. Бірін-бірі ауыстырса жаңасы алғашқыда қойдан қоңыр, қозыдан жуас болатын ескі дағдылары бар ғой! – Жоқ, олай емес, Орта жүз бен Кіші жүз Сібір жұртымен, орыстармен ауыз жаласып жатыр, Жолбарыс ханның да солай кісі салғанын кезбе

дәруіштері арқылы біліп, бізді бетімізден қайтару үшін қақ тұмсықтан ұрғаны, шамасы. Мұндай пайымдаулардың иесі шапырашты қарт Сатай батыр, ошақтының бас-көзі Саңырық, Сіргелі Қара Тілеуке сияқтылар еді. «Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды». Бұған дейін де құлақтары түрік жалайыр басшылары бұл ақпарларда шындық дәні жоқ емес деп түйді. Бұл мамыр айындағы ақпарат десек маусымның басында ұзынқұлақ бұдан да нақтырақ бір пәлені жеткізді. Бұған дейін Төле би Түркістанды билесе енді ол Сары-Манжы адамдарының еркімен Ташкентке ауысып, бұлүлкен шаћарды Жолбарыс ханмен қоса билейтін жағдайға көшіпті. «Бір-бірімізден алшақ отырайық» деп,үш жүз би, батырларына уағыз айтқан осы Төле бидің өзі еді, енді бұлай Жолбарыс ханмен жұптасуын қалмақ билеушілерінің ымырасыздығына телісті. Осылай уақыт өте берді. Қарсақ соғу қазақтардың басындағы азапқа айналды. Жалайырлар ата жаудың бағымындағы елміз, анау-мынау еркелегімізді кешірер деп, сәл өрісін кеңейте Қаратаудың күнгейінде молынан көсілді. Бұл шақта әлгі Саурық батырдың ағасы Түрке де осы Ескелді, Балпық, Қабан жырау қарамағындағы елге қосылып еді, бірақ мұнда көп тұрақтамай өзіне аса мейірбанды Төле биге жақын болуүшін Қаратау асып, Ташкентке қарай көшті. Бұл бір жайдан Ескелділер үшін Ташкент төңірегіндегі оқиғаларға қанығуға жақсы еді. Себебі, мұндағы жалайырлар мен ондағы жалайырлар арасында туысқаншылап, қатынау жиіледі. Ескелді құзырындағы елдің бір естігені – Түркенің морт мінезі мұнда да шаң беріпті. Төле Ташкентті билеу жөнінде Жолбарыс ханмен қосақтасса да мұндағы егіншілік, қолөнер, сауда-саттық сияқтыларды кәсіп еткендердің жағдайы жақсармапты. Алым-салық бұрынғыдан да асқыныпты. Сірә, бұл Жоңғария басшыларының Ташкент қаласынүлкен табыс көзіне айналдырмақ ашқарақ саясатының тепкіні. Төленің мұнда келтірілуі де содан. Ол кезде қалмақтың қазақтағы шоқтықты адамдардан ең жақсы танығаны осы Төле би еді. Оның Жолбарыс ханнан гөрі ұстамдылығы, кең ойлылығы, әрі қазақтардың өзге тармақтарындағы хан-сұлтандарға, би-батырларға сөзі өтетіні таптырмас ырзық көрінген. Міне, осындай күнде Төле мен Түрке арасындағы достық тіптен нығайды. Төле қала ішінде, ал Түрке айналасындағы аз елімен, малымен қала сыртында. Өзара көрісулері жиі. Тіпті Төле ұзақ сапарға шықса, жалайыр Ұлы жүздің ноқта ағасы, бұған Түркенің жасыүлкендігін қос деп, осы Түркенің отбасына әдейілеп кеп, дәм татып аттанатын. Бұл да Түркенің есімін адағайлатты. Әрі көп жылдар өз елінен жырақ кетуінің де айыбын жуып-шайып жібергендей. Саурық сияқты батырдың туған бауыры екендігі өз алдына. Ал Саурық та Ташкентке, хан мен ұлы биге келгенде осы Түрке аулына соқпай өтпейтін. Кейде қырықшақты нөкерімен біраз уақыт жатажастанатын да. Бірде Есет пен Көкжарлы Көкжал Барақ сияқты атышулыларды ертіп келді. Мінез жарастығы ма, әйтеуір, осы жылдары Саурық Қайдауылұлы мен найман төресі Көкжарлы Көкжал Барақтың арасындаүлкен дәнекер – достық пайда болған. Көкжал Барақтың өткендегі

ұлы науқанда қалмақтың Шоян батырын жекпе-жекте омақастыруы, одан кейінгі қолбасы ретіндегі ерлігі де жұрттың жадында. Бұл кезде Барақтың үлкен әкесі Өтей палуан да заманында аты мәшћүр адам екен деген сөз де ауыздан ауызға көшкен. Міне, осы Саурық, Есет, Көкжал Барақ сындылардың Түрке аулында ошарылып, оның насихатына сусындауы Түркенің абыройынүстемелемей қайтсін. Бірде осыүш қасқа Түрке аулында қымыздың қызуымен бе Ескелді, Балпық, Қабан жырауға арнайы кісі салды: – Жалайыр бұл күндеүшке ме, төртке ме бөлініп кетті ғой. Бір қауымы сонау Іле-Қаратал аймағында, атажаудың құрамында, екіншісі, әлгі балғалылар Жарықбас Есентүгел деген басшысының құзырында, битке өкпелеп тонын отқа жаққанның кебін киіп, сонау алыста, Сырдарияның төменгі ағысында бізге жонын көрсетіп олар жатыр. Ол балғалы туысқандар қаншалықты майқан шегуде, бір құдайым білсін, әйтеуір хабарымыз аз. Сайда саны, құмда ізі жоқүшіншісі және бар дейді, оларды қайдан іздеп табамыз? Жә, оны да ертеңгі күннің еншісіне санайық. Сонда қазақтағы еңүлкен ата жалайырдың кеуде, бел омыртқа тәрізді негізгі буынына баскөздікті алла-тағалам сендерге жазыпты. Сөйткен алла-тағалам сендерге жүрім берсін, терең ақыл-ой, қажымас қайрат несібе етсін! Бір арызымыз – сендер қол жиып, жауға шауып, шашылмаңдар. Сөйтеміз, бүйтеміз деп, тұқымы тұздай құрығандардың о дүниедегі дауыстары құлағымызды тескендей бұл күнде. Ондай жамандық ендігімізді айналып өтсін! Құдайым жар болсын! Сендер өздеріңе қарасты елдің онда-мұнда көші-қонына иелік етіп, бағдарлап, желдің өтінен, жаудың бетінен тайдырып әкетіп, әрдайым аман сақтауға жандарыңды салыңдар. Жауға шабу жалайыр атынан Саурық Қайдауыл баласының міндеті дейік. Сол дұрыс, шамасы. Анау-мынауүлкен дүрмек, қиқу тұсында ғана аздап қарулы жігіт-желең сұрармыз. Әрі Жолбарыс хан да, ұлы би Төле де керек кезде әскер жөнінде көмектеспек пиғылда. Бұл Саурықтың бас ауыртар ісі, сендер қалың елге ие болыңдар! Бұл сәлемге Ескелді, Балпық, Қабан жырауүшеуі біраз дағдарса да құп көрген. Ең ақылды бастар қазақтың өзек қаласы –Ташкентте тоқайласты, бірдеменің исін сезіп айтатын шығар десті.

* * * Ол кезде Ташкент қаласы алты мыңдай ғана, қабырғалары балшықтан соғылған, шатыры қамыс, аулаға қараған бір терезесі барүйлерден тұратын. Қабырғаларының сырты балшықпен сыланған, ал іші бөлме-бөлмеден гөрі суыр қазған індей қуыс-қуысқа көбірек ұқсайды. Үйге жиған жићаздарында көздің жауын алатын ештеме жоқ. Енді қалай, төбеге жабылған қамыс желден ғана сақтайды, әрі аздаған қыстың қарына шыдайды. Ал жаңбыр жауса қабырғаларының бой-бойымен су сорғалайды. Сөйтсе де қалада келімді-кетімділер аузын аңқитып, танауын таңқитып, тамашалайтын көрікті жерлер жоқ емес. Олар ең алдымен көненің ескерткіштері – ғимараттар, медіреселер. Ерте заманғы шеберлердің қолымен жапсырылған алтын, сүйек өрнектерінен жұрнақ та жоқ, сонда да зәулім де сәулетті кенерелерінен

әлдебір құдірет иесі тіл қатқандай әсер етуші еді. Бұлардың кейбіреулерінде Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесімен де тайталасарлық қауқарымыз бар дегендей бұрыш-бұрыштардан, төбе-төбелерден жымыңжымың көздері де байқалатындай. Бұл бір бөлек те, екінші қыры тағы басқа. Бұл ғимараттарда осындай құдіретпен қатар күйзелісті күй, күңіренгенүн де бар. Медіресе деген атаулары ғана, қазіргі қалмақ қожалығы заманында бұларда мал қамалады. Тіпті бір кезде Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қонжиған ғимаратта да солай. Қазір бұл хан мен ұлы би Төле осындағы көп ұсақ мешіттердің бірін өз ордаларына айналдырған. Қаланың қақ ортасында Регистан атты үлкен базар бар. Оның айналасында тауықтың балапандарынша шүпірлеген кішкентай базарлар және табылады. Бәрі де осы Регистаннан тамыр тартып, коректенетін сияқты. Онда да, мұнда да балшықтан соғылған кішкентай дүңгіршектерде мақтамата, қолөнер бұйымдары сатылады. Ал Регистан базарының тап ортасында көздің жасындай мөлдіреген, жағалаулары түз тасымен көмкерілген, ені мен ұзындығы он сажындық хауыз бар. Түз тастары ғана емес, алуан түрлі құстары сайраған биік ағаштар да хауызға төне бастарын салбыратушы еді. Кейде хауыздағы суға қараған адам бұл пәнидегі тіршіліктен гөрі су асты патшалығының сәні мен салтанаты келісіңкіреген бе дегендей ойға тірелетін. Күндіз қапырық ыстықта сауда жүріп жатады. Бастарына шалма тартқан, түстері көмірдей базаршылар Регистанда тоғысады да, сосын қаланың өте тар сегіз көшесін бойлап, өзге ұсақ базарларды адақтап кетеді. Оларды ары-бері кескілеп, Регистанға қайта тұмсық тірейді. Кішкентай дүңгіршектердегі өздері іспеттес ақ шалмалылардың ән айтқандай сарнаған, мақта-мата бұйымдарын, қыш, ағаш ыдыстарды алуға шақырған дауыстарынан бастары дыңылдаса да бұл маңнан оңайшылықпен ұзамайды. Қалай ұзасын, бұл деген бүкіл қаланың соғып тұрған жүрегі ғой. Бұл жүрек соғысы қалыпты болса мұндағы әр пенденің шаруасы түзелетінінеүміт бар. Солүміт қоса тізгіндейді. Дүкеншілер ғана емес, қайыршылар, дәруіштер, аяқ-қолдары сүйексіз алуан өнерпаздар, сиқыршылар, шамандар, сыбызғышылар да көпшілік назарын өздеріне аудармаққа тоқсан тарау әуенге басқанда айнала тіптен азан-қазан. Басың дыңылдамақ түгілі, шеке тамырларың жарылып кетсін, оған қарап жатқан ешқайсысы жоқ. Ал ағыл-тегіл көпшіліктің баз бір бөлігінің бұл азан-қазаннан жүйкесі жұқарудың орнына қайта құлақтарының құрышы қанатындай. Себебі, өзіне керекті зат іздеушілерден гөрі осындай ию-қию қан базарды қызықтаушылар басым көрінетін. Бірде Саурықтың ағасы Түрке қалаға арнайы келіп, Жолбарыс хан мен Төленің ордасында дәм татып шыққасын осы Регистанға соқты. Атшыларды шетте қалдырды да, өзі екі-үш адаммен базарды жаяу аралады. Біраз жүргесін бұлардың шеке тамырлары домбыра ішегіндей болып, мұндағы дауыстарға қосыла ызыңдады. Қалайда, Түрке жетісулық адам, Ташкент оның күнде тамашалайтын шаћары емес, мұндағы көп кәкір-шүкірді көзінен өткізіп, қос жанарының ауырлай бастағанын ұқты. Бұл да Саурық сияқты

бойы сорайған, бет-өңірі де ұзынша, одан жарым мүшелдей жасүлкендігіне орай кәрілік аттының ақ ұлпасы жартымсыздау сақал-мұртына шашылып, осы базарда сатылатын ұнтақ-әк түстенген адам еді. Тек тұқымына дарыған жойдасыз қайраты осы жетпістен асқан шағында да бойына шақ, оны күдірейген желкесі өткен-кеткеннің бәріне сайрап-ақ айтады. Неге екені белгісіз, Түркенің базаршылардан гөрі балшық қабырғалы дүңгіршектерде өз бұйымдарын өткізе алмай қыл аспапша безілдеген, күннің ыстығы көздерінде тұнған, сілекейлері шұбырған дүкеншілерге жаны көбірек ашыды. Бір әлетте мұны ақ шалмалы, қап-қара сақал-мұрттарын күнге күйіңкі өңдерінен бөліп алу қиын екі-үш мосқал базаршы сөзге тартты. Түркенің өзі де қысыр әңгімеге кет әрі емес, ол бірден ағынан жарыла әлгі дүңгіршектердегі сатушыларға жаны ашығанын білдірді. Ақ шалмалылардың ішіндегі жасыүлкендеуі: – Қазіргісі ештеме емес. Кешке күні бойы өстіп тапқан тиын-тебендерін нояндар тартып әкеткенде қалай боздайтынын көрсеңіз, әттең! Көрмей-ақ қойыңыз, өйтсеңіз қабырғаңыз сөгіліп түсер, әуелде! Бұл жасыүлкендеудің бүйтіп таза қазақша төгілуі Түркенің жанына жаққанмен сөздерінің мағнасы керісінше түрпідей тиді. – Не, бұлардың тапқан табысын күнделікті тартып әкететіндер де бар ма?– деп сұрады. Әлгі жасы үлкен одан әрмен суырылды: – Жаратқан ием-ау, сіз білмейсіз бе, мына шаћар қалмақ қонтайшысының қолына көшті емес пе? Осындағы Жолбарыс деген қазақ ханы сол қонтайшының қолбаласына айналды емес пе? Сол Жолбарыс ханның төлеңгіттері аптасына неше дүркін бұлардың жон терілерін сыдырады. Сосын қала сыртында қонтайшы өз қолымен қонжитқан, өзінің қандас тілеулесі, сыйынатын құдайы, пайғамбары ортақ Барша хан деген обыры бар. Жолбарыс хан жиған-тергенін соған бере ме, жоқ, оны айналып өтіп, Ақүйлілердің өздеріне жөнелте ме, адам түсінбес шат-шәлекет. Міне, сол Барша ханның өз нояндары да мұнда ойран салып кетеді. Онымен де бітпейді, сонау қонтайшы ордасынан, Ақүйлілерден тікелей қатынайтын тағы бір қасқырүйірі бар. Олар «бұдан былай сендер мұсылмандықты тәрік етіп, пұтқа табынасыңдар, біздің қуыршақ құдайымызға құлшылық жасайсыңдар, мынау соның ғибадатханасын тұрғызуға жұмсалатын қаржы» деп, бұл бейшаралардың қалтасын олар да қағады. Қуыршақ құдайына ма, жоқ, өз құлқындарына ма, әйтеуір, сөйдеп әкетеді. Бұл дүкеншілердің жүрекжарды шын гөй-гөйі сөйтіп кешкі апақ-сапақта шығады. Бұл базарда сонау қазақ сахараларында не оқиғалар орын алуда, қазақ, қалмақ, Сібір жұрты, башқұрттар қалай ырғасып-жырғасуда, соған құлақ түрген, өсек-аяң аңдыған, солүшін алыс елдің жүргіншілерін баққан жандар да кездесетін. Мына Түркемен дидарласқандар тап сондайлардан еді. Олар Түркені өздері іздеген адам деп, тап басқанмен Түрке олардың айызын қандырарлық ештеме айтпады. Бұл жолы Ташкент қаласынан тез сытылып шығып кетті. Түрке осы сапардан соң Ташкент маңындағы ары-бері жүргіншілерге мұқият зер салатын әдет тапты. Әлгі Барша ханның ордасы шаћардан он

шақырымдай қашықтықтағы Шыршақ өзенінің бойында-тұғын. Шаћармен екі ортада қатынайтын оның нояндарын түстеп танитын шаққа жетті. Бірде ол қасындағы екі-үш адаммен ғана қалың ағаш арасында жасырынып, солардың ішіндегі сәнді киінген, аздап масаңдығы бар біреуін садақпен атып өлтірді. Бұл орманды маң, бой тасалап, қашып құтыламыз деген ойлары жүзеге аспады, қалмақтардың қолына түсті. Бұлүлкен дауға айналып, мәселеге Барша ханның өзі араласып, істің соңы Ташкенттегі Жолбарыс хан мен Төле биге тірелді. Өйтетіні Түрке жай пенде емес, ел ішіндегі белгілі адам , әрі Саурық сынды атышулы батырдың туған бауыры. Түркеге қандай жаза қолдану керек дегенде қазақ-қалмақ белсенділері екіұдай болысты. Түркенің өзі «мен қалмақ бегін әдейілеп атқаным жоқ, қалмақтарға өткізілетін қарсақ аулап жүргенімізде бір қарсақ тура соларға қарай қашты, соны көздеген-ақ едім, мына масаң неме қиралаң етіп, атқан оғыма өзі ілікті» деп жалтарды. Ташкент базарындағы дүкеншілердің гөй-гөйі тұлабойын осқылап, осындай қылмысқа итермелегенін, әрине, ішке бүкті. Мынадай қалмақ тепкісі асқынған шақта қазақтың қалмақ бегін өлтіруіүлкен сұмдық еді, осыны сылтауратып, Барша хан Ташкент маңында көшіп-қонғандарды шауып, талан-таражға салуы да ықтимал. Тек Түрке уәжін Төле мен Жолбарыс мықты ілгек етті, қалмақтарүшін қарсақ соғамыз деп елім-телімі шыққан қазақтарда не ес қалды дейсің? Ақыры Түркеге құн төлеттіруге тоқайласты. Ол кезде қалмақ бегінің құны жүз жылқы. Немесе бір ер баласын құлдыққа беріп те құтылуына болады. Түрке «онсыз да жаяужалпылап қан қақсаған жұрттан жүз жылқыны қалай жимақпын, балам Жалмырзаны беремін» дейді. Дәл осы күнде көп нөкерімен Саурық сау етеді. Ағасының жағдайын ұғып торығады. Іс насырға шапқан, түзеп жіберуге кеш. Амал жоқ, Барша ханға өзі кісі салады, «менің алты балам бар, шетінен балуан білекті, арыстан жүректі, солардан қалағаныңды ал, сонымен дау бітсін» дейді. Барша хан ақылшыларының ішінде Түркені де, Саурықты да жақсы білетіндер бар еді, солар «Әй, Түркенің екі-ақ ұлы бар, әрі Саурықтан гөрі қолы ашықтау, жеме-жемге келгенде көзін жәудіретіп, екі баласының бірін бөктертіп жібермес, бопсаласақ жүз жылқы берер» деседі де Жалмырзаны қалайды. Ал айтқанынан қайтатын Түрке ме, сөйтіп, Жалмырза қалмақтардың қолында кете барды. Тап осы шаруаның басы қайрылған тұста қала сыртында Түрке аулында біраз жұрт жиылды. Олардың көбісі Саурық айналасындағы адамдар. Көкжарлы Көкжал Барақ та осында. Ташкентке, хан ордасына бармақшы Шапырашты қарт Сатай, албан Хангелді, дулат Өтеген, Қойгелді, Қосы сынды батырлар да жолай осында соққан. Ұлы жүздің ноқта ағасы – жалайыр қарты Түркенің үйінен дәм татуды парыз санайтындарын сылтау етіскен. Шынында бұлар Түркенің қатты сағы сынған шағы шығар деп ойлаған. Осы отырыста Түрке оқыстан аталмыш сұрперендердің баршасына жонын бере өзіне қарасты аз ғана жалайырларға бұрылып, жойқынүн қатты. Түркенің сөзіүзілген сәттерде шіркейдің ызыңы естілетіндей меңіреу тыныштық орнап еді.

– Әй, Қабыланның балалары! Шұбар тұлпардың жалын айырып, Жалайыр атанған қасиетті бабаныңүрім-бұтақтары! Қайда барсақ та Қорқыттың көрі! Қайда аунасақ та көзіне қан толып, түгін сыртына тепкен ымырасыз жау! Біз жер ауып, мұнда келсек мұнда да майқан шегіп, шекесі қызған ешкім жоқ. Әнеукүні Ташкенттегі қан базарда көргендерім, одан кейінгі ұққан, түйгендерім ішімді у мен зәрге толтырып, ақылымнан адастырып, жаудың шабынан түрткізуге апарды. Ия, ағайын, ақылымнан адастым! Сосын сөйттім. Тағы да ақылымнан адаспасам былай түйдім. Осы біз әрқайсымыз өз жауымызбен неге шайқаспаймыз? Әнеукүні Ескелді, Балпық бастаған елге «сендер жаумен шарпысуды доғарыңдар» деп неге көкідік? Қайта көтермейміз бе? Сөйтіп, бүкіл жалайыр боп, сонау Жетісуға қарай неге жосылып бермейміз? Мұндағыларды бұларға қалдырайық та, сондағы өз жауымыздың қабырғасына көк сүңгіні неге қадамаймыз? Ортақ жау дейсіңдер! Ортақ жау деген жоқ. Бұл жау дегенің кесілген жыланның бөлшектеріндей сонау Алтай, Алатаудан бермен Қаратау, Сыр бойы тегіс шашылып жатқан бірдеме ғой. Күш біріктіріп, бірін жойсаң екіншісі кеп ту сыртымыздан ұрады. Өйткізгенше әрқайсысын әрқайсымыз бөлек-бөлек иемденейік. Осы бағдарда мынау исі қазақтың данышпаны Төле Әлібек баласы да күмбірледі ғой. Ия, Қабылан атаның үрім-бұтақтары! Мынау жолымызда көлденең сұлаған Қаратаудан арыда, әлгі өздерің қан төгіскен Шу-Іле алабынан да арыда бәріміздің көз жасымыздай мөлдіреген Қаратал өзенінің бойына ат дүбірлетіп барып, оны өзімізге қайтармай бұл жалайырдың көсегесі көгермейді! Бұл сөздер баршасының көкіректеріне қадақтай тиді. Үлкен-кішісінің тегіс тіл-жақтары байланып, кеуделерін жер тартқандай мөлиісті. Қиыр жайлап, шет қонып, ұлы науқандардан тысқары жүрген көне сұңғыланың өзінің қазағына деген ескілікті өкпе-наласы қайта тұтанып, осылайша тарс атылғандай. Ескіліктің оқиғаларын ешқайсысының еске алғысы жоқ, ұмытқылары келеді, бар күш-қайрат бүгінгінің әуселесін көтеріп алуға бағышталған. Сонда қалай, Түркенің уағызына құлап, қалмақ әр тұстан бір шапқылайды екен деп, қазақ, оның ішіндеүйсіндер қайта бөле-жарылмақ па? Әлде бұлар бөле-жарылып көрмеп пе еді? Желді күнгі қурайша сарнап жүріп, қазақтың басын қосып, жауға соққы беріп-ақ едік, оның да игілігін қолдан шығарып алдық. Әлде «қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» дегендей Түркенің өз жалайырларынаүндеуі сол шындықты, жанға батар ақиқатты исі қазақтың алдына кесе көлденең тартқаны ма? Тағдырдың сондай бір ащы кекесінін у қорғасынға айналдырып, бұлардың көкіректеріне ерітіп құйғаны ма? Солай-ау, шамасы. Оған Түркенің келесі сөздері куәлікке жүретіндей. Тек бұл жолы қарт қазымыр әлдебір мақсатпен әдейілеп із тастағандай әуелгісінде мүлдем басқа қиырдан шаңдатты: – Мынау шаћар төңірегіндегілерді «құрама» дей ме, жоқ, «құрыма» дей ме, әйтеуір, осылай атауы екі ұшты шаруа халықтың да гөй-гөйінен сайсүйегің сырқырайды. Мен өзім осы жаққа келгелі базаршы атандым. Базарға барып, неше алуан сұңғылылардың көкірегінен тұманың суындай қайнаған

мұң-зарға құлағымды тосамын. Солар айтады, бұлардың «құрама» атауы қырық құрау ел болғандықтан емес, сонау Қызыл теңізден арыдағы МеккеМедине маңынан келген бір араб дәруіші Имам Шәћір дейтіннің батасына орай туған дейді. Әлгі араб дәруіші «құдайы қонақпын» деп бас сұқса қайқайсысы да «құдайы қонақ түгілі өз балама берер бір уыс талқаным жоқ, құдайың болса, диуана, береріңді маған бер» деп сазарысады. Сонда дәруіш «дүниенің төрт бұрышын кезгенде аузын ауаға ашқан кіл кедейді көрмеп едім, құдайдың қарғысына ұшыраған ел екенсіңдер, сонда да налымаңдар, құрып кетпеңдер, құрыма,» – деп бата беріпті. Содан «құрыма» атаныпты, оны қазақтар «құрама» деп өзгертіпті. Міне, осы құрамалар, көңілдеріңе келсе де айтайын, осыдан екі-үш жыл бұрын қалмақтар Төле биді Түркістаннан мұнда Ташкентке көшіргенде, Жолбарыс хан екеуінің ортасында талас бұрқ еткенде осы құрамалар, мына жәкелеріңе болысып, Жолбарыс ханды ауыздықтап беріпті ғой. Түркенің мұнысы ескі жараның аузын ашқандық. Бұл жайға осындағы марғасқалардың бәрі қанық, тек одан беріде ешқайсысы ол жайында бір-біріне тіс жармаған. Төле би бүкіл айналасымен, құл-құтан, шағын нөкерімен Ташкентке жақындағанда билікті бөліскісі келмеген Жолбарыс хан қаланың қақпасын тарс жауып, әрі қарулы күзет әзірлейді. Ханның мұнысы Төлеге ғана емес, қалмақтарға да қыр көрсетуі, себебі, ұлы би солардың ұйғарымымен келе жатыр емес пе? Жолбарыс хан бұрынғы хан емес, «Аңырақай шайқасында» елеусіз қалуы, одан кейінгі бес-алты жылдың әуселесі, әсіресе, өзін Қаратаудың құт қойнауы – өзі аттас қамалдан қалмақтардың күштеп мұнда әкелуі, әрі осында алым-салық есебінен аузының ақ майға толуы мұның ішкі жан дүниесін өзгертіп-ақ жіберген. Көзі қарауытып, Төле бимен сан заманғы одақтастықты да ұмытқан. Енді Төле мен хан арасында соғыс қаупі туады. Төленің ең жаман қорыққаны осы, енді ол өзінің бүкіл табиғи ақыл-зердесін жұмсап, осы соғысты болдырмаудың амалын қарастырады. Ол дереу Ташкент сыртындағы өзіне танымал «құрамаларды» жиып: – Шыңғыс ханша қамал бұзу, не өрт салу бізге абырой әпермейді. Майдандасу да орынсыз. Шыршықтың бір саласы Бозсуды қалаға лап еткізейік. Ініне су жіберсең жылан да, тышқан да сыртқа шығады. Ағыны қатты тау суын бұру да өнер. Кәне, осыған қайсың барсың? – деп сұрау салады. Задында «құрамалар» ханнан гөрі осы биге іш тартатын. Оның әуел баста-ақ жер емшегін емгендерге құрметпен қарауы, жар құлағы жастыққа тимей басқаларды да соған шақыруы, алым-салықты да аспандатпай, анаумынаудың сұғанақ қолдарын қағатыны жандарына жаққан. Бидің мына келісі оған деген сондайлық ықыласқа жақсы тамызық. Сонда «құрамадан» Сексенбай деген кәрі кісі жүн басқан көкірегін жалаңаштай Төлеге тосып: – Суды ноқталауды білмесем менің қай жерім егінші? Маған су қайыру мал қайырудан оңай! – дейді. Сөйтіп, қалаға су кіргесін Жолбарыс хан тез жуасып, әрі ұлы бимен татуласып, оның мұндайлық тапқырлығына бас иеді. Араларынан қыл өтпейтін бұрынғы достық қайта күшіне мінеді. Міне, Түркенің іліп түскені

осы еді. Бұл тұста Саурық батыр сәл шыдамсыздық жасады. Бұл да соңғы жеті-сегіз жылдың ішінде қияпатына көп өзгеріс енген адам. Ұзынша бет өңіріндегі әжім қыртыстары білеулене қызарып, екі көзі шұңғылдана түскен. Қабақ жүні, уысқа толмас сақал-мұрты ағарып, сол қалың әжімнің қасында тіптен мардымсыз көрінеді. Тек отырса да, тұрса да бірқалыпты бүкірейген жотасы бәз-баяғы тұлғасының мыңқ етпес нышанындай. Ол қалың ернін дүрдите, әлденеге өкпелеген адамша ағасына тіл қатты: – Өшкен оттың қоламтасынүрлеп қайтесің? Түрке мойнын созып, ақ ұнтақ аямай шашылғандай сопақша өңін көпке жария етпектей, көздерін бірнеше адамның төбелерінен асыра Саурыққа қарады. Қабағы кекжиіңкі. Інісі бұған басу айтқан емес, қайта желігіне желік қосқандай одан әрмен сөйлеп берді. Енді олүйсін ханы мен ұлы бидің арасындағы жай сабасына түскенмен басқа бір дызылдауық түртпектеп, екеуінің тұнығын лайлайтын сияқты дегенге көшті. Ол мына Сібір жұртымен арақатынасқа байланысты екен.Екеуі де ол қатынасты қолдайды, тек екеуі қалаған амал-айла бір аралықта түйісе бермейтін сыңайлы. Саурық терісі тарлық етіп, бұл сөздерін де жақтырмай жөткірініп еді, қырыс шал одан әрі көсілді. Енді киіз қалпағы менүстіндегі қысқа жеңді алаша шапаны қоса желп-желп етіп, әлдебір құстың ұшып-қонысын еске саларлықтай. Жалпы бұл заманда көктем, жаз, күз айларында қазақтардың негізгі киімі есебінде осы алашадан тоқылған бұйымдар жүретін-ді. Түркенің аузына аңқиған өзге батырлардың даүстіндегі сол. Қысқа, ұзынша, жеңді, жеңсіз етіп тігілген шапандар. Кейбіреулерінің ғана сол шапан астынан ақ бөзден тігілген жағасыз жейделері көрінеді. Кең балақ, аяқтарының басын жапқан ұзын шалбарлары да солай алашадан тігілген. Түстері бір-біріне көп ұқсамайды. Себебі, қазақтар алашаны қынадан алынатын қызыл-жасылды бояулармен боялған жіптерден тоқитын. Тоқудың да әрқилы әдісі бар. Бірі боялған жіптерді араластыра, жарыстыра тоқып, жолақ алаша, екіншісі бой жіптерді санап, теріп тоқып, терме алаша жасайды. Екеуі де киіз сияқты төсеніш ретінде пайдаланылуға тиіс. Бүгінгідей жортуылды заманда бұл бұйымның күндіз-түні иығыңнан тастамасаң да тозбастығы ескеріліп, өстіп, басқаша кәдеге асырылушы еді. Тіпті осындай уақытта да кең, айыр балақ шалбарларға тізеден төмен ол да қына бояулы терілерден қошқар мүйіз, бұғы мүйіз өрнектер жапсырылған. Атүстінде, түйе қомында күн кешкен қазақ өзінің шешендік өнері, ән-жыры сияқты өрмек тоқып, әшекей өрнек салу кәсібін де ұмытпаған. Тоқыма далбай, шапан, шалбарлар ығысып-ақ қалған. Оны ілудешалуда әлдебір жұпынылардан ғана көресің. Онда да жыртылған жең, тізелері жалбырап, күні өткен дүниенің жырын айтар еді. Ал алаша жарықтық олай емес, қашан да бүтін, әрі кисең киім, шешсең төсеніш, жаңбырыңа, анау-мынау қарыңа да мыңқ етпейді. Батырлардың жеңіл-желпі қарулары ғана қолдарында, ал өзгесі, сауытсаймандары атшыларының қоржындарында, не қанжығаларына байлаулы. Мына Түрке сөзін тыңдаушылар алаша шапандарының ішінде құнысып, ара-

тұра бүктеулі қамшымен маңдайларына құлаған киіз қалпақтарын жоғары ысырып қояды. Бір мезет Түрке қызынғаны соншалықүшбұрыштанған киіз қалпағын сыпырып, жерге бір ұрды. Сол кезде сопақша өңі тіптен сорайып шыға келді. Төбесініңүшкірлігін көптен алынбаған, қалпақ астында умаждалап, термен жабысқан аппақ шашы да жасыра алмады. Енді Түрке тіптен көбік ауызданды: – Әй, сендер Сібір жұрты деп, орыс деп, көздеріңді сүзесіңдер, ал қалмақтар олармен құда-құдандал елдей-ақ араласады екен. Қалмақ қонтайшысы әлгі «шейіт» оқымыстылары дейтіндерді бүкіл тобырымен еліне қайтарыпты ғой. Өсіріп айтса қайдам, сондағы бас оқымыстысына өзінің салмағымен бірдей алтын сыйлапты дейді. Сайтандай сұлу қатыны бар екен, оған қалмақтыңүш қызын күтуші ғып және қосыпты. Өзгелеріне де тартутаралғыларды аямай артыпты. Ал ендеше… Бар қызығы бұл емес, енді оларүлкен керуен болып, Сібір жұртыныңүстімен өтіпті. Жолай ешкім олардың сабақты инесіне тимепті дейді. Бұл деген қалмақ пен орыстың біржола ауыз жаласқаны емей немене? «Шейіт» оқымыстылары бізден кетті деп, тобыршығы түскен қалмақ қонтайшысы және жоқ, бұлардан да зор ғұламалары артынып-тартынып қайта келеді дегенүміттері бар көрінеді. Аналар сондай бірүміт отын жағып кетсе керек. Әйтпесе, неге жібереді? Біз білетін қалмаққа жүрегі жұмсақ қонтайшы бітіп пе еді? Қонтайшының ұзын қолы Сібір жұртын көктей өтіп, өзгелердің де алқымына таянған сияқты. Сөйткен орыстан бізге не қайыр? Бұл күнде қалмақтармен сәл-пәл араласа отырғандықтан ба қазақтар ата жаудың сонау алыс ұрғасында, Іле, Кеңсай, Текес өзендерінің сағаларында не хал, не жағдайдың орын алғандығынан жақсы хабардар. Швед оқымыстысы Ренат-Аренардың сұлу әйелі Бригиттамен, отыздан астам басқа да қандастарымен өз еліне қайтарылғаны осыдан төрт-бес жылдай бұрын-ақ жеткен. Тек әмсе саяқ жүретін Түрке оны енді ғана естіп, жерден жеті қоян тапқандай болып отыр. Сірә, бұл соңғы сөзді де өз ағайындарының ойына ой қосуүшін шұбыртты. Әрі Төле бидің сойылын соғып, сөзін сөйлеушіге де айналғандай. Түрке тоқтағанда басқалар сәл жамырасып, жалайыр қартының пайымын әр пұшпақтан бір тістелеп, желге желпілдетісті. Тек мынауың қате, не дұрыс деген сияқты кескен пышақтай айқындық қарасын шалдырмады. Бұл желпуіштер екі ұлының бірін қалмаққа өткізген іші күйіктінің жарасын жеңілдетуүшін керек болғанға да ұқсаған. Шапырашты қарт Сатай батыр: – Мен де бір құс қайғылы, ішім толған өрт, басымды игере алмай ырғақтаған біреумін. Түрке қарт дертіме дерт қосты, қайтейін. Ештеменің байыбына барар емеспін! – деді. – Жалғыз сіз бе? – деп, оның сөзін Көкжал Барақ қостады. – Мен де бір қара түнектің ортасында жүргендеймін. Қарға адымнан арғыны көрерім жоқ. Сарыуайым ет-сүйегімді қоса сарғайтты. – Жүрегімді езгілеген бір белгісіздік жайлап алды емес пе? – деп, Хангелді батыр да ыңыранды. – Жүрегіңнің қалағанын ақыл қостамайды,

ақылдың қостағанын жүрек қаламайды. Не тірлік, не әрекет керек бәрі көмескі, бәрі шүбәлі. Қайсысымен белдесіп, қайсысымен достасасың? Бұлдыр елес, мұнартқан сағым. Сөйтіп, бұлар іші күйіктінің азабын жеңілдетеміз деп, өздеріндегі құсаны ақтарды. Ал Қосы батыр өзі сынды жасыүлкендерден қалыс қалғысы келмей, тек аузына шұрайлы ештеме ілікпегесін: – О жаратқан ием, бұл тұманды сейілтер күнің бар ма? – деп, бір толғата тоқтады. Өтеген мен Қойгелдіүндеген жоқ. Тек осының алдында Түрке орыс пен қалмақтың жарастығын тілге тиек еткенде Қойгелдінің мойны төмен сылқ етіп, қамшысын қолдан түсіріп алғанын байқасып еді бәрі. Енді ол қамшысын қайта көтеріп, сабын быртық саусақтарымен езіп жіберердей қысқылай бастапты. Көздерін көтеріп,үлкендердің бет-жүздеріне тесіле қарады. * * * Осы тектес оқиғалар, бас қосулар төңірегіндегі алды-салды әңгімелер Қаратау теріскейіндегі жалайырларға да жететін. Бұлар Ташкент маңының соңғы хабарларын қорытып таүлгермеді, Қойгелдіден баспаналап бір адам келді. Ескелді, Балпық, Қабан жырауүшеуімен ғана құпия тілдескен жас жігіт Қойгелдінің жалайыр басшыларынан атқа мықты отызшақты адам сұрайтынын, егер тез жиса оларды қазір-ақ ертіп әкетпегін, ал дулат батыры оларды қандай мақсатқа пайдаланбақ, ол жөнінде білігі жоқтығын, тек бір анық нәрсе амандық күнде ол отызшақтының бәрі олжалы оралатынын айтты. Жалайырдыңүш көсемі бұл сәлемге жаман оқшырайысты: – Апырау, анық не мақсатқа екенін бүкпелегені несі? Соғыс мақсатына деуге келмейді, олүшін отызшақты деген тым жұпыны. Ұсақ-түйек кикілжің атаулыдан біздің қазақ қажып бітті емес пе? Мен өз басым қалмақ бегінің жанын олжалаған Түрке ақсақалдың ұрт мінезін жақсылыққа жорығам жоқ, барсақ ірісіне барайық, екі елдің арасындағы істі тентек балалардың төбелесіне айналдырмайық, тиіп-қашпа, алып-қашпа, байдың үйінен жіп суыртпақтаған ұрлықшы кедейдің боркемік өріссіздігі алаш баласына абырой әперіп жатқан жоқ. Қойгелді батыр сонда не ойлаған? – деп, Ескелді біраз сөздің шаңын қақты. Балпық пен Қабан да би күдігін құптай томырылды. Үшеуі де дулат батырының мына қолқасынан әлдебір жамандықтың салқынын сезді. Шорт кесіп, «жоқ» десіп, ертөлені құр қол қайтаруға жүректері және дауаламады. Ол жағын да бұлар бір-біріне ұстаздың шәкіртке дәріс бергеніндей етіп, ежіктеуден жалықпады. Сөйтіп, бір шешімге келе алмай ертөленіүш күн ұстады. Ертөле де өзге ләм-мимге жоқ, сонау түптен ұстатып жіберген сөзден басқаны білмеймін деп, қарғанып-сіленді. Ақыры Қабан жырау қалың ормандай тұтасқан сақалын уыстай жүзін төмен салып күбірлей жөнелді: – Ай, биекем, батыр інім, сөзіме иіксеңдер, нар тәуекел, Қойгелді батырдың зәуімде бір назын жерде қалдырмайық. Егер жерде қалдырсақ арамыз одан сайын алшақтамай ма? Және бұл наздың иесі әлдекім дейтін емес, кешегі ұлы науқанда жаудың қабырғасын күйретіп, алты алашқа атын әйгілеген батырлардың бірі емес пе? Бұған қосарым, бұл ретте Қойгелді

жалғыз емес, оның ар жағында асқар таудай мұнартып, ұлы бидің өзі тұр емес пе? Қойгелді не істесе де Төле мен Жолбарыс ханнан жасырып істемес. Бізден жасыратыны, екі арамыз шалғай, бір құпия әрекетте сақтық жасағаны шығар. Қалай да біз құдай алдында ақпыз, Қойгелдінің түп ниетінен хабарсызбыз, тек екі елдің жарастығын ойладық. Ұлы жүздің ноқта ағасы, әншейінде би аға едің, түйе ауғанда қайда едің деп, әлдеқандай қым-қуат жағдайда көзімізді шұқыса қайтпекпіз? Сөйтіп, дулат-шымыр қолбасысы Қойгелдінің өтінішіне орай бұлар сайдың тасындай отызшақты жігітті аттандырып жіберісті. Бұл қазан айының орта шені болса қарашаның жетінші-сегізінші жұлдызында ол отызшақты жетектерінде қос-қостан тең тиелген екі-үштен жылқылары бар, шынында мол олжамен Қаратауды қайта бері асып, елге оралды. Аттар да, өздері де дамыққан, себебі, Қойгелді кері жолда барынша шапшаң жүріске басыңдар деп өтініпті. Ескелді ордасына тұмсық тіреген бұлар тіл-жақтарын әрең-әрең қимылдатып: – Би-аға, мыналарды ел-елгеүлестіріңіздерші, қалған әңгімені сосын сапырысайық, – десті. Бұлар жетектеген жылқылардағы теңдерде негізінде көшпелі жұрт үшін өте қат шұға мата бар екен. Мұның бәрі Қойгелдідей атақты батырдың тарапынан топ еткен тарту-таралғы ғой, жалайыр биі сол жағына басымырақ ден қойып, көңіліне әлдебір алаң орнағанын да елеместен «жарайды, жол азабынан, шөлден, аштықтан титықтаған түрлері анау, әзірге алқымдамайын» деді де олардың айтқанын істеді. Алыс-жақындағы жалайырлардың барлық рубасыларын шақыртып, алқа-қотан көпшіліктің көз алдында олжа дүниеліктердің бәрін бөліске салды. Сөйтіп, ел-елге таратып жіберді. Қазақ қауымы ата-жұрттан ауған, қуғын-сүргінүстінде дегенмен де көшпелі тұрмысқа көндіккен ғой, өстіп жүріп те жалайыр елі дағдылы тірліктерін жалғастыруда еді. Өстіп жүріп те ұл мен қыз өсіріп, келін түсіріп, шыр етіп, дүниеге көз ашқан сәбилердің шілдеханаларын жасап жатты. Қалмақ алғаш шапқан қоян жылы туып, түйе қомында ес білген балалар бұл күнде ат жалын тартып мінді деу де аз, көбісі түтін түтетіп теүлгерді. Олар мынау тіршілікті құдай о баста-ақ осылай жаратқандай түйсінетін-ді. Сосын да оған сүйексіңісті болып, бейімделмесіне не шара? Әр отбасында жастардың жетіліп, кәрілердің кетуі сияқты өзгерістер де рет-ретімен орын алысты. Бір алуан өзгерістер Балпық батырдың отбасында да бар. Әкесі Дербісәлі көп жылдық сүлесоқ аурудан айықпай жақында дүние салған. Шешесі Ақбалық та солай жар қосағының қырқынан соң екі-үш жұма өткізіп барып, ол да ақырет сапар жөнелді. Екеуі де өкінішсіз аттанғандай рай білдірді. Шындығында, жалпы ел басындағы хал демесең бұлар өз балалары жөнінде біршама жандары жай тапқандай халде еді. Бұлардың көп заман іштерін кемірген бір уайымы – Балпықтың баласыздығы еді ғой. Ол мәселе де жақсы шешілді. Бұл ретте, Дербісәлі әкенің ескі тұрғыласы күшік Жолбарыс бидің көп қолғабысы тиді. Ол Дербісәлінің түртпектеуімен әртүрлі айла-шарғы тауып, Балпықтың баласыздығын бетіне баса берді. Ел қамымен жүрген Балпық өз қамын ойлауға мұршасыз болса да Жолбарыстың біраз

қылықтары қытығына тиді. Ақыры Балпық өз жайына да мойын бұрып, алғашқы әйелі, дулат қызы Кәсенсарының рұқсатымен сол маңнан Сұлушаш деген қыздыүйіне түсірді. Бұл да жуарақпанда құрсақ көтермеді. Сұлушаш та Кәсенсары сияқты зерделі жан еді. Балпықтыңүшінші әйел алу қаупі төнді. Бірде таңертеңгілік қотандағы қойды өргізгенде малдың басы көкқасқа қошқар бір орында шегенделіп қалады. Осыны әлденеге жорыған Сұлушаш басындағы күндігін сыпырып, әлгі қошқардың мойнына салады да Кәсенсары бәйбішеге келеді. Екеуі ақылдасады. Ақыры «әй, сені мен менің бедеулігімізге туған қайынатамыздан әрмен түн ұйқысы бұзылған әлгі Жолбарыс би ғой, Балпық батырдың тұнығына тас тастап та жүрген сол, бала сұрап, әулие-әмбиелердің бастарына түнер едік, ол әулие-әмбиелер қайда, біз қайдамыз, осы Жолбарыс бидің өзі де тегін адам емес, оның сөзін мынау жалайырдың тұтқасын ұстаған би-ағаның өзі (Ескелдіні атағаны) екі етпейді, кәне, Балпықты көндірейік те, сол Жолбарыстан бата сұрайық» деседі. Жолбарысқа әлгі көк қасқа қошқардыүшеулей жетелеп келгендегі сөзді Кәсенсары айтыпты: – Уа, қарт қайнаға, осындағы әулиеміз өзіңізсіз. Мынау Қаратаудың теріскейінде, Бетпақтың аптабында басқа мінәжат етер жерді біз білмейміз. Мойнына күндігімізді салған мына қошқар өзі сұранғандай бір ырымға бастады. Қой пейішке барады дейді. Осы қошқардың жаны пейішке барсын. Қасиетіңнен айналдық, қайнаға, күйіміз ажарланбай,үйіміз базарланбай өткеніміз бе, құдайдан бір перзент деп, тілеу тілеп келдік. Бұған дейінгі ниетіңіз шынайы болса бата беріңіз!

Сонда Жолбарыс би бетінің ұшы дір-дір етіп, кеудесіне орнаған алайтүлей құйынды әрең тоқтатып, бар ықыласын құдай атты құдіретке арнайды. Ал мыналарға назары ауғанда аузына оралған сөздері былайша екен: – Көп берейін бе шүрегей, біреу берейін бе бірегей? – Қатық тұздығымен болушы еді? – деп, бала-шағалы отбасында өскен Балпықтың өзі тіл қатады. Сөйтіп, күшік Жолбарыс би жақ сүйектерін темір қайшыдай шиқылдатып, бата беріпті. Сол-ақ екен, айналасы алты-жеті жылдың ішінде Сұлушашүйелмелі-сүйелмелі Тіленші, Әлдеке атты екі ұлды, Парша,Торша атты екі қызды бір-ақ дүниеге әкеледі. Міне, дулат-шымыр батыры Қойгелдіден келген тарту-таралғының ішінде осы балаларға жаярлық, тағы оны-мұнысына жарамды жұқа маталарды көргенде Сұлушаштың қуаныштан жүрегі жарыла жаздайды. Осы тектес көрініс Ескелді шаңырағының астында да қылаңдады. Бидің Ақжәмиләдан туған Дөмейі өзі бала-шағалы. Ал екінші қосағы соңғы жағын жиілетіп, алты ұл менүш қыздың басын бір-ақ қайырды. Ескелді әр ұлдың ныспысын ырым етіп, әр мақсатқа теліп, өзі қойды. Кіші әйелден туған алғашқы екі ұл Арғынбай, Найман делінді. Ежелден қоңсылас елдермен мынадай күнде де жақындықты көксегендегісі. Одан кейінгі екеу таң алагеуімде, түн ортасында алыстан ат терлетіп жеткен сыйлы қонақтардың көз алдында шыр еткесін Таңатар, Түнқатар аталды. Соңғы Мырзатай, Жылқыайдар есімдерінде де жақсы тілек нышандары бар.

Осылай ене мен келін жарыса құрсақ көтергенүйдің ішінде Қаратаудың күнгейінен келген ырзыққа қуану неге болмасын? Мұның қайдан шыққан сыйлық екенінде еш жұмысы жоқ басқалар тіптен мәре-сәре. Қыс ызғарында босағадан сығалайтын күн сәулесінің болмашы жылылығындай бір жайлы көңіл-күй ағыны біразын сыйпап өтті. Енді қалай? Біраз жылдан бері қысыжазғы сабылыста алаша лыпадан басқа түгі қалмаған жұрт емес пе? Тек Ескелдінің, басқа да ел тізгінін ұстағандардың ішкендері ірің, жегендері желім. «Бұл не қылған батпан құйрық, жолүстінде жатқан құйрық?» Мәселенің сыры қараша өтіп, Қаратау теріскейінде жапалақтап қар жауған желтоқсанның орта шенінде ашылды. Себебі, оны-мұны жүргіншілер көбейіп еді. Ал әлгі осы олжаны әкелген отызшақты жігіт жөнді ештеме айта алмаған. Қандай да бір керуен тоналған сияқты. Кімдікі, қалмақтікі ме, хиуалықтардікі ме, жоқ, басқанікі ме, бұлар білмейді. Әйтеуір, Қойгелді «қандай да бір тәуекелге бардық, бізді кім жұлмаламай жатыр, мына ісімізге айғаққа жарайтын дүниеліктерді осылай Қаратау асырып жібермекпіз, сендерге бұйырған шығар, тез әкетіңдер, ал мал жарықтық бір-біріне ұқсай береді ғой, тіпті оларды алыс қыстау, жайлауларда жасырып ұстармыз, олар тегіс өзімізде қалады» депті. Міне, отызшақтының ауызша жеткізгендері осы ғана. Ал кейінгі жүргіншілер мүлдем басқаны сайрап берді. Ескелді би жағасын ұстады. Енді қайтсін, Қойгелдінің тонағаны қалмақтар да, хиуалықтар да емес, Сібір жұртының керуені екен. Жалайыр биіне қазақтардың төбесіне бөгде бір зобалаң төнетіндей көрінді. Осыдан төрт жылдай бұрын, Ескелді Қаратаудың Жолбарысқамал атты сайында әскер жимақ Ұлы жүз ханына аттанар қарсаңда осы елге сол Қойгелдінің ат ізін салғанын, сондағы сапырылған әңгімелердің бәрін еске алды. Қойгелді орыстармен, Сібір жұртымен жақындықтың керегі не деп, сонда-ақ бақсының қобызынша сарнап еді. Енді үйсін мен орыстардың екі ортасындағы дәнекердің астына оқ-дәрі қойып, күлін көкке ұшырғанын түйсінді. Әрі Ескелді Қойгелді мінезіне басқа қырынан да қарап бақты. Балпық, Қабан жырау, Тәттібай мерген, Малтабар батыр сындыларды өзүйінде жиып, онысын жариялады да: – Кешегі жеңістің қуанышы бұл күнде іштегі күйікке айналды. Сол күйікке шыдамағандар табаға қуырылған балықтай шоршиды. Малтабар ағадан ғафу өтінемін, айдаланы кезіп, жалғыз сорайған ағашты қылыштап қайтатын мінез біздің Құлжан батырда ғана емес, басқалардан да табылуда. Қойгелдінікі де сондай бір жұлқыныс. Құдайым бұл істің ақырын өзі оңалтсын. Мұнымен шектелмей Ескелді сол күні-ақ Кәшке, Қабан жыраудың інісі Көсембай, өз інісі Бектұрғанды бас етіп,үш топ жүргіншіні сол күні-ақ Қаратаудың күнгейіне қарай асырып жіберді. Бір тобы әлденені сылтауратып, Төле бимен, не оның айналасындағылармен, екіншісі Ташкент маңындағы Түркемен,үшіншісі тікелей Қойгелдімен, не сондағы қарт Қосы батырмен сөйлесіп, сыр тартып, мына оқиғаның бүге-шігесін біліп қайтуы шарт. Бұларүш бағдарда тау асқанмен қайтарда бір жолда тоқайласып, он күн шамасында кері оралды. Себебі, Қойгелдінің ісін байыптап білу үшін үлкен

марғасқаларды сағалаудың қажеті жоқ, сондағы қарапайым ел ішіндегі гу-гу әңгімеге құлақ тоссаң-ақ жеткілікті екен. Сөйтсе Қойгелдінің тонағаны жай орыс керуені емес, Ташкенттен арыда, Шыршық өзенінің бойындағы Барша хан бастаған қалмақ нояндарына қару-жарақ әкеле жатқан керуен екен. Мұны естігенде Ескелдінің дана көкірегін бөгде бір сұмдық салқыны мұздатты. Енді қайтпек керек? Жоқ, Қойгелдінің ту сыртында асқақ Алатаудай Төле би тұр. Шымыр батыры анау-мынау күнде соған, не болмаса Жолбарыс ханға арқа сүйеуді ойлаған шығар. Олар қиыннан қиыстырып, бір орайын табар. Қаратаудың теріскейіндегі жалайырларға тап бұл қиқудыңүстінде әліптің артын баққаннан басқа дәнеме жоқ. Әліптің артын бағу қайда, орыс керуені 1738 -жылы қарашаның екінші жұлдызында тоналса желтоқсанның орта шенінде Төле биден Ескелдіге кісі келді. Төле би алдағы аптада Түркістанда керуен тонаған Қойгелдіге сот болатынын хабарлап, соған жалайыр басшыларының қатынасуын өтініпті. Осыдан бес-алты күн бұрын бұларға бір қалмақ түмені тап берген. Қыс қары қалың емес, Талас өзенінің бойында екі күндік тиіп-қашпа соғыс болды. Жау аздаған жылқы әкетті. Адамдар аман. Бұндай соғыстар жиілеп-ақ тұрған заман ғой, ал мынаны ұмыттырмаған өзара сиыспаған екі қазақтың арасындағы оқиға. Екеудің бірі жас жігіт өз туыстарынан айрылып, соқа басы қаңқиып, өзіне лайық қызы бар біреудің қолына кірген екен. Міне, осы жігіт бірде бес-алты ауылдасқа қосылып, қарсақ соғуға аттанады. Қарсақтың әбден жүні жетілген шақ, осындайда ауланған бұл аңның терілерін көргенде қалмақ бекзадаларының көздері ұясынан шығатыны бар. Міне, осы аңшы топтың ішінде әлгі жігітті суқаны сүймейтін екінші біреу болушы еді. Бірде бұлар көп қарсаққа ұшырасады. Енді соларды алдан орап, мыналардың садағының оғы жететін жаққа бұру әлгі жігітке тапсырылады. Ол жігіт қапелімде олай қарай төте, әрі тегіс жолды таңдамай басқа бұралаңға түсіп кетеді де қарсақтар қараүздіріпүлгереді. Сонда әлгі мұны суқаны сүймейтін неме «Әкеңнің аузы…. күшік күйеу» дейді. Онсыз да ызалы «күшік күйеу» онымен қамшыласып кеп береді. Осы қамшыласуүстінде жау шауып, намыс қорғаған екеу де, басқалар да бас қорғауға көшеді. Дайын отырған қазақ жасақтары да көтеріліп, Талас өзенінің бойындағы жұқа қар ат тұяғының астында тапталады. Қар емес, жердің ақ топырағы шығады. Осы соғысүстінде «күшік күйеу» әлгі өзін жәбірлеушінің тап көк желкесіне қадалмақ жау найзасын қағып түсіреді. Оныүш-төрт қазақ сарбазы, әрі жәбірлеушінің өзі де көрген екен. Соғыс аяқталғасын ол неме өзі «күшік күйеу» атағанның аяғына жығылып, онымен өмірлік досқа айналады. «Қазақтың басын қосуүшін жаудың соққысы керек» деген ащы мысқыл қайта жаңғырады. Міне, осындай жау түртпектеген заманда Ескелді, не Балпыққа елді тастап шығу қайда, Түркістанға Қабан жыраудың баруын жөн көріпті. Қабан жырау бұл сапарға екі аптадан артығырақ уақыт жұтқызып оралды. Келген бетте жүрегі тамағына кептелгендей майталман шешен көп тарпаяқтады . Ескі жүрісін біраз жол бұзып барып тапты. Бұл да Ташкент маңындағы

Түркеге ұқсап, жерден жеті қоян тапқандай халде еді. Алғашқы жеткізгені екі хабар: – Түртпектеген жауға налып, біз күңіренеміз, мына Қаратаудың күнгейіндегілер де соңғы бірер айда аттың терін аямапты. Тіпті сонау Арқаға хабарлап, Қаз дауысты Қазыбек биді келтіріпті ғой, – деп, бір тоқтады. Сосын соңғы он жылда қатты өзгерген Орта жүз биінің түр-түсін біраз сипаттады. – Бәрін айт та, бірін айт, мен бұл сапарда Шақшақ Жәнібектің сілкінісіне әскере таңырқадым. Ана жолғы соғыста да от-жалын еді, мына жолғысы одан асып түсті ме деймін. Түркістандағы соттың бас жебеушісі осы Шақшақ Жәнібек екен. Төле би де, басқалар да тап осы жолы осы Жәнібектің ыңғайына көніп, іс қылыпты. Сосын да ұлы би Қазыбекті ғана емес, Түркістан кентінің қожасы Сейітханды, қырғыздың Қоқым биін, қарақалпақтың Сасық биін, басқа да шоқтығы жоғарыларды жиып, баршасының төрт көзін түгендепті. Сосынғы бұл жырауға таңдай қақтырған Қойгелді батыр екен. Төле би өзі саңқылдап, «жерімізде керуен тонау біздің қазақүшін масқара қылық» деп келіп, сол керуеннің басшысы, Пенза гарнизондық жаяу әскер полкының майоры, тәжірибелі саяхатшы, аудармашы Карл Миллер мен Қойгелдіні беттестіргендеүсті-басы сары-ала қозыдай талапкер орыстың өзі бірінші болып көзін төмен түсіріпті. Қойгелдінің кескен бөренедей тұлғасы екі иығына тау қондырғандай қалыпта екен. Шодырайған бет сүйектері тастан қашалғандай мінсіздікпен бедірейген. Жартымсыз, әрі бір-бірінен қашақ сақал-мұрты, басқа да түк атаулысы сол бет сүйектерін әдейі жалаңаштап, ондағы қайрат атаулыны айнала жұрттың дұрыстап тамашалауына жағдай жасағандай. Ал көздерін тіптен атап сұрама. Ол көздерден өзге түгіл осы сот жиынының бас шырақшылары Төле мен Жәнібектің тіл-жақтары қарысқандай. Бұл әңгіме Қабан жыраудың шаңырағының астында, қысқа лайықтап, іші-сыртын киіз, тұскиіз, алашалармен мықтап қымтаған алты қанатүйінде өткен. Мұнда Ескелді, Балпықтан басқа күшік Жолбарыс би, Тәттібай мерген, Малтабар, Құлжан батырлар, Қабанның өз ағасы Аю, әрі Қабанның бәйбішесінен туған, бұл күнде жиырма беске толып, әкесінше аузы-басын түк басқанүлкен ұлы Шынтемір бар. Бұлардан өзге белдері бүкірейген, құлақтары шала еститін, бірақ анау-мынау жаңалыққа өлердей құмар бес-алты қарт кісілер қоса сығылысқан. Жыраудың бәйбішесі мен тоқалы да осында. Олар да әңгімеге құнығып, әрқайсысы бірер немерелерін құшақтай келіпті. Мұнда да саясат бар. Жырау бала дегенде әскере көңілшек, немере көтерген әйелдеріне «сендерге не бар, бұл ер адамдарға ғана лайықты әңгіме» дегенді өлсе айтпайды. Үй сыртынан да әлсін-әлсін аттардың пысқырғаны, күбір-күбір сөздер естіледі. Іштен біздің де құлағымызға бірдеме жете ме деп дәмеленушілер, сірә, бара-бараүлкен тобырға айналған. Қойгелдінің орыс керуенін тонауы, оған Түркістанда сот ұйымдастырылуы, міне, соған қатысты жаңалықтарға бәрі де ашқарақтанған. Түркістанға Қабанмен бірге ағасы Аю да барған. Ара-тұра жырау баянына қыстырма жасайтын да сол. Ескелді мен Балпық «апырмай, ә» деген таңданыстарын

білдіреді, не жіңішкелеп, қысқаша сұрақтар қояды. Өзгелері ауыздарын суға толтырғандайүнсіз. Сот Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне таяу кең ашық далада өткен екен. – Менің жағамды ұстатқан мынау, – деп Қабан жырау қатқылдауүн шығарды. – Орыстың әскербасысы мен Қойгелді талапкер мен құныкер ретінде бір-біріне тұра қарасқанда Қойгелді құныкер емес, ана орыстың өзін айыпқа бұйырғандай сілкіне гүжілдеді. «Сіз қатын патшаңыздың сәлемшісі – елшісіз. Сөйте тұра қару-жарағыңызды асынып,үсті-басыңызды сары-ала жылтыраққа толтырып, елші емес, әскер басқармақтай сән-салтанатыңызды асыра келіпсіз. Сөйтсем, қазақтардың жүні жығылады дегеніңіз бе? Кәне, тең арыздансын десеңіз, қару-жарағыңызды, әскери киіміңізді тастап, жай киіммен шығыңыз» деді. Міне, ағайын, сендерге өтірік, маған шын, сонда әлгі қазақшаға судай орыс әскербасысы табанда Қойгелдінің айтқанын істеді. Кілт кері бұрылып, аттылы-жаяу өз адамдарының арасына сүңгіді де айтып ауыз жиғанша өз терісін өзі сыпырғандай қайта түлеп, бері шыға келмесі бар ма? Шешінуіне де, киінуіне де көз ілеспейді екен. Онысымен қоймай Қойгелдіге қарап, ыржия күлгенін қайтерсің. Одан әріде Қойгелді тіптен сілтеді: «Алтын Жәкем, ормандай көп Орта жүздің ұлы биі Қазыбек ата, Жәнібек аға, өзгеүлкендер, сіздер мені қыспаққа алғандайсыздар, ал мына орыс әскербасысының қылығын сіздер неге әшкерелемейсіздер, бұл кісінің әкеле жатқаны жай дүниеліктер емес,үйсін баласын қырып-жоятын қаружарақ еді, мен соны алдын-ала біліп, шапқыншылыққа әзірленіп едім» деп салды. Өлетін бала молаға қарай жүгіреді ғой. Орыс әскербасысы «алдын-ала қайдан, кімнен білдің, кәне, сол адамды көзін шұқып көрсет» дегенде Қойгелді тіптен масайрады. «Қортыс батыр, кәне, ортамызға шық» дегені кенеттен. Айдалада көп аттылардың ішіндегі біреу тебініп, сот алқасына таман ентеледі. Қазақша киімді сап-сары біреу. Орыс-қазағы тегіс аңыраймасы бар ма! Қойгелді аз-маз мырс-мырс етті де қара бұлтты қақ жарған найзағайдай даусымен «міне, бұл Қортыс батыр, менің туысым, дулат-шымырдың Бекболат атасының бестерегінен тарайды. Түсінің сарылығы мұның әжесі Қазан татарының қызы. Міне, сол Қазандағы нағашыларында біраз қыдырыстап, осы керуенмен бірге оралып еді» деп салды. Сонда әлгі киімін ауыстырған әскербасы мен оның көмекшісі, тағы бір қауға сақал орыс екеуі бір-біріне алақтап, ақыры түсіп кетер жердің жарығын іздеді ғой. Кейін білдім, адам нағашысына тартпай тұра ма, бұл Қортыс батырың да сау сиырдың боғы емес екен, бұл да саусағының ұшынан ақша құйылған саудагер екен, Қазаннан көп бұйым алып, Ташкент базарында сатпаққа ол да осы керуенге ілесіпті. Жалғыз Қортыс емес, мұнда алшынның еркетотайы – Әбілхайыр хан жөнелткен бірнеше түйеге тиелген тең-тең жүктер де бар десті. Сірә, орыс әскербасысы осылай қазақ пен татарлардың жүкті түйелерін қоса ертсем анау-мынау қылығыма бүркенішке жарайды деп ойлаған. Қайда оған, Қортыс батырың орыс керуеніндегі тең-тең маталардың іші толған қару-жарақ екенін Қазанда-ақ білгенмін деп, орыстардың көздерін одан сайын бақырайтты. Ал Қойгелді тіптен екіленді. «Анау Ташкентке таяу Балакемпір деген жерде сіздерді тоқтатып, қаруларыңыз болса бізге

сатыңыздар, қанша сұрасаңыз да беремін деп, қалай қиылдым, ал сіз бізде қару-жарақ жоқ» деп міз бақпадыңыз, демек, бұл қару-жарақты біздің дұшпандарымызға апарып сатпақсыз. Немене, әлгі қалмақтардың құзырындағы «шейіт» дегендердің зеңбірегінен, немесе, сондағы қонтайшы ұрғасында қол-аяқтары кісендеулі орыс тұтқындардың жасаған мылтықтарынан біздің қазақтардың көрген көресісі аз ба еді? Қазір қалмақтарүйсін баласының ішіне дендеп енгесін көп жайды енді біліп жатырмыз. Қалмақтардың қазаққа қарсы соғысы орыс ағайындардың пәлендей көкіректерін ауыртпапты. Ал қалмақ дегенде «қас жомарттың өзі екен» деп, ой, әлгі жазған Қойгелді шатырлағанда орыс түгілі Төле би, Қазыбек би, Шақшақ Жәнібек үшеуі бірдей тұмсықтарымен жер сүзді ғой. Сәл ес жиып, орысың «мұнда Әбілхайырдың да дүниесі бар еді» деп, сол Кіші жүз ханының есімін әлсін-әлсін жаңғырта берді. Шақшақ Жәнібек те соларды жақтап, «орыстардан көмек сұрасақ оларға адалдығымызды көрсетейік, Қойгелді тоналған дүниенің құнын қайтарсын, әрі айыппұл төлесін» деп қасарды. Ал Қаз дауысты Қазыбек би «орыстардың өздерінде де кінә бар, неге олар қару сатуда алалық жасайды, Қойгелді айыппұл төлемесін, тек алған дүниесінің құнын қайтарсын» деп қаңқылдады. Ақыры, Төле би, Алтын Жәкем, сол Қазыбек бидің сөзіне жығылды. Сонымен қойшы, орыс керуеніндегі тоналған дүние мүлкі екі мың жылқы десіп, Қойгелді соны төлейтін болып тарасты. Қабан жырау бұдан кейін де көп ағытылды, елбасылардың, басқа да егделердің сұрауларына жауап қайырды. Әсіресе, құлағы шала еститіндер оннан-мұннан бір жұлқып, едәуір мазалады. Ескелді мен Балпық оларға ренжіген жоқ, қайта соларды қанықтырамын деп, Қабан жырау қосалқы көп жайдың бетін ашты. Бұл тұста Аюдың да біраз қолқабысы тиді. Ескелді ернін жымқырып, Балпыққа қадалды. Балпық қысыңқы көздерін аға тұрғыластан ала қашқандай босаға жақтағы жыраудың бірекіден немере құшақтаған бәйбішесі мен тоқалына мөлиді. Себебі, ол немерелердіңүстеріне де сол Қойгелді әрекеті арқылы қолға түскен олжаматалардың қиықтары жапсырулы еді.

* * * Міне, соңғы он жыл осындай оқиғалармен өтті. 1739-жылдың жазында Ескелді, Балпық, Қабан жырау құзырындағы жалайырлар Қаратаудың теріскейімен төменірек жылжып, оның осы жақтағы еңүлкен сілемі – Үлкен Ақтау тауынан әрі аса қоныстанып еді. Қаратаудың қойнауларынан басталып, Үлкен Ақтауды тұс-тұстан қиып өтетін Бүгіл өзенінің тармақтары Шабақты, Құршабақты, Талдыбұлақтың мөп-мөлдір сулары бұлардың таңдайларына татыды. – Шіркін таудың суына не жетсін? Тура біздің әлгі Қора мен Шажаның, Көксудың кәусарынан бір былай емес. Сондағы шілденің ыстығында да мұпмұздай тұма бұлақтар ше? – Өстіп Шабақты мен Құршабақтыны мақтаймыз деп, соңы туған жерге деген сағыныштың өксігіне айналатын, сүйсінулер де

ара-тұра шаң береді. Тек мұнда жалайырларүшін аса мол кеңістік жоқ, себебі, Ұлы жүздің ысты мен сіргелі сияқты рулары молынан ірге теуіпті. Жалайыр биі Ескелді әйгілі батыр Сіргелі Қара Тілеукемен «Итауыз» аталатын қақпа секілді төбешіктің маңында кездесті. Бәрі атүстінде. Маусым айының соңы, жаз ыстығы әбден күшіне енген шақ болғанмен баршасы алаша шапан, киіз бөрік киген. Кейбіреулерінің көкіректері ашық, жалаңаш тәндері қарайып, күн көзіне жылт-жылт етеді. Аптап ыстықтан емес, қасынуға оңай болсын деп, осылай омырау түймелері ағытулы, белбеулері шешулі сияқты. Ескелді би Қара Тілеукемен көптен бері жолықпаған. Үстінде қысқа шапан. Ақ киіз қалпақтың астында түсі көмірдей қарауытып көрінген Тілеуке әрі астындағы ақ құла атының мазасыздығынан ба, бұларға бір түрлі суық шалынып еді. Шынында олай емес екен, қабақ астындағы жылтыраған көздері, қырлы мұрны, өртеңнің орнындай берекесіздеу қысқа сақал-мұрты бірте-бірте қонақ– жайлылық белгісін білдірді. Айналасында ақылшы, қосшы дейтіндей жиырма шақты адамы бар. Ескелділер де осыншалық топ еді. Тілеуке сіргелілердің ғана емес, осындағы ыстылардың да сөзін ұстап келіпті. Алғашқы жамырасқан амандық-саулық төңірегіндегі дабырласулардан кейін бәрі осы жақтағы жер, табиғат жағдайына ойысты. Бұл жақтың бір ғажайыбы мына «Итауыз» екен. Қара Тілеуке бірден соны тілге тиек етті: – Шындығында бұл жақ ыстылар мен сіргелілердің көп тармағына атамекен қоныс қой. Тек соңғы жылдары онда-мұнда жөңкіліп, кейін қайта қауышқасын ғана осы «Итауыздың» қасиетін аңғарғандаймыз. Әне, осы арадан да байқалады, бір қарағанға қақпа секілді, ал көздің шарасына күш түсіріп, зерлей назарға алсаңыздар аспанға қарап ұлыған иттің аузына ұқсайды. Мұның «Итауыз» аталатыны одан да емес, бұл өзі арғысы, бергісі бар, екі қақпадан тұрады, бұлардың арғы шығыс бетіүнемі тыныш, мамыражай, ал бергі батыс беті,үнемі борасын. Әсіресе, қыс, күз, көктем айларында көрсеңіз, тынымсызүреді де тұрады. О, құдіретіңнен айналайын, осыны қалай жараттың деп таңырқайтынымыз бар. Ал ана бір жақпар тастарға көңіл бөліңіздерші, олардың да бітім, болмыстары алабөтен. – Қара Тілеуке Ескелдіні бір барлап алды да ұсыныс жасады. – Асығатын не бар, кәне, соны шолып қайтайықшы. Енді екі шоғыр үлкен бір нөпірге айналып, солай қарай аттарының тұяқтары тасыр-тұсыр етісті. Бұл өзі ол заманда негізін жыңғыл мен сексеуіл құрайтын орманды маң еді. Оның ашық алаңқайларында сағызшөп, жусан, бетеге, жантақ, баялыш, қарабарқын сияқтылар жымдасып өскен. Қазір олардың біразы мына нөпірдің аяқтарының астында туралып түсіп жатыр. Сүт пісірімдей уақытта бұлар Қара Тілеуке нұсқаған жақпар тастарға да жетті. Бұл шынында да қызықтауға тұрарлық жаратылыс бөлігі екен. Кедірбұдырлы, қатпар-қатпар текше тастар екі жақтан қаланып, бой көтеріп барып, бір-біріне иық сүйемектей қисайған, немесе еңкейген қалыпта қатыпсенген. Ішкі қуысы мол, бұралаң-бұралаң аңғарды еске саларлықтай. Қуыстың табанымен кішкентай су мөлдіреп ағуда. Ол су бүкіл табанды

жаппаған, екі жиегімен атты адамдардың емін-еркін қозғалысына орын бар. Әрі бұл қуыс, қыспақ жалғыз емес, өзара жалғасқан есік-тесіктіүш-төртеу. Егер олардың біріне тап болсаң төбеңнен әлдекімнің таспен ұрып құлата салуы оп-оңай. Бұл маңнан алыс-алыстағы қарауылтөбелер де жақсы шалынады екен. Олар да үй орнындай үлкен тастардан қаланыпты. Ерте заманда осы өлкеде үркіншілік туғанда сол қарауылтөбелерде үш-үштен күзетшілер тұрады екен. Сіргелі Қара Тілеуке сол жағын да мәнерлеп жеткізді. Бәрібір оның сөзінің көбі өздері ат тұмсығын тіреген мына қыры шығып, текшеленген тастар төңірегінде еді. Ескелді қосынындағы сақа жігіттердің бірі: – Шіркін-ай, қалмақтарды әкеп қыратын жер екен! – деп қалды. Ескелді оның сөзіне мырс етті. Жалпы бүгіндікте биде бір көңілділік бар секілді. Бұл енді Қара Тілеукеге бұрылып: – Осыдан төрт жылдай бұрын біздің Ташкенттегі ханымыз, мынау осы тұстан қашық емес, Қаратаудың өзі аттас Жолбарысқамал дейтін сайында күш жинап жатыр дегесін, өз басым әдейілеп ат ізін салып, құзырына тауап еткем. Сонда хан сол өзі тығылған Жолбарысқамалдың шөбі мен суы, тасы мен топырағы хақында аузының суы құрып жырлап еді. Содан мен бір түрлі секем алғандаймын. Жалпы біздің қазақтың жері мен суына мадақтау сөз жақпайды. Тіл-көз тигіш пе, қайдам? Тілеуке замандас, айып етпеңіз, сіздің де сілтесіңіз соған ұқсағасын астымнан су шыққандай шоршығаным ғой. Аумалы-төкпелі күнде пәле қайдан деп бола ма? Ескелді қасында өзінен басқа ел басшылары жоқ еді, өңкей балауса жігіттер, солардың өздері «би ағамыз Тілеукенің шабына тиетін сөздер айтқан жоқ па» дегендей бір-біріне алақ-жұлақ етісті. Жолбарыс ханның сол өзі аттас қамалда күш жинаймын деп, жар салғаннан кейінгі тірлігі белгілі, күш жимақ түгілі аудағы балықтай қол-аяғын тыпырлатуға шамасы келмей қалмақ құзырынан бір-ақ шықты. Хан деген атағы болмаса сол Ташкент маңындағы қалмақ бегінің салық жинаушысының кебін киді. Сондағы егінші, малшы, дүкенші, басқа да кәсіпқойлардың жон терісін сыдыруда нағыз өлерменнің өзі. Ал ол дәріптеген Жолбарысқамал Қаратаудың өнебойындағы өзге де адам мен малға бірдей жайлы қойнаулары сияқты қалмақтардың құмырсқаша құжынаған ұясына айналды. Ескелдіге кезінде Жолбарыс ханның сол әсем табиғат аясы хақындағы баянын қалмақтар естіп қойғандай көрінген. Бірақ Сіргелі Қара Тілеукенің Ескелді қасындағы қосшы жігіттерден өресі биік екен. Онсыз да жылтыраған көздеріне күн сәулесі тура түскендей жарқылы молайып, оның шұғыласы бет-әлпетінің өзге бөліктерін де нұрландырып жібергендей. Әсіресе, қырлы мұрны мен өртеңнің орнындай қысқа сақал-мұртына өзгеше сипат біткендей. Қос қабағының ортасында да бір ойық білінді. Тілеукенің осы түрі оның жалайыр биінің мысқылынан терең мағна ажыратқанын айшықтады. – Сөзіңізге тәнтімін,үлкен ағаның баласы! Сондай бір сұмдық салқыны біздің де әлсін-әлсін кеудемізді мұздатады. Солай дей тұра мынау атамекен

туралы мылқау кісіше үндемей отыруға әмсе шамамыз жете ме? Кейде құдай берген тіл мен жақ тәртіпті бұзып, өзі сайрап берсе қайтесіз? Көкіректегі күй тіл ұшынан өзі саңлау тауып, ұшып жатса қайтесіз? Сіздікі қағытпа емес, терең астарлы, теңіз түбінің дүріліндей айқын мағналы ескертпе. Мұндайлық сіз сықылды дана ақылгөй жандардан ғана шығады. Көп сөз топан, желге ұшады да жоғалады. Онан да осындай ішке тұнған тұнбадай сақталатын азы жақсы. Алдағыны кім болжапты? Ата жаудың туы төбемізде әлі неше заман желпілдейді? Мынау жас ұрпақ, ертеңгі ел басшылары бәрін осы бастан ұға жүргенге жақсы ғой. Жандары ауырса шыдар… Тілеукенің осы толғанысынан кейбіреулердің көздеріне жасүйірілді. Ескелді оны байқамағансып, мәз-мәйрам болғансып, атүстінде селкілдей күліп еді, қосшы жігіттер оныүдетіп әкетті. Тілеукенің өзі де күлді, оның да қосшы жігіттері қостай жөнелді. Мынау қыры шыққан текше тастардың қасындағы осы күлкі бұлардың бұдан арғы жарастығын тездетті? Тілеуке: – Сіздерді бұл Шабақты, Құршабақты өзендерінің бойында ешкім жатсынбайды. Тек анау-мынау күнде бірлесіп қорғануға жарасаңыздар жеткілікті. Екі шыбықтан гөріүш шыбық берік емес пе? Сол күні сіргелілер жалайыр адамдарын арқар етімен сыйлады. Осы сыйүстінде әлдеқалай шабыншылықта ары тарт, бері тартқа ұшырамасүшін жалайыр, сіргелі, ысты руларына ортақ қолбасы белгілеу мәселесі көтерілді. Ескелді бірден бұған лайық деп, Сіргелі Қара Тілеукенің өзін атады. Тілеуке «жалайыр – Ұлы жүздің ноқта ағасы, Балпық Дербісәлі баласын лайық көремін» дегенді айтты. Ақыры сіргелі батырының жасыүлкендігі ескеріліп, Тілеукеге тоқтасты. Көп ұзамай бұларды мұндай ымыраға құдай итергендей көрінді. Жалайыр елі Шабақты, Құршабақты, Талдыбұлақ өзендерінің бойында, тіпті олардан да арырақ кетіп, бұрынғыдан да аяқты кеңге салып, молынан жайылып жайғаса бастап еді, Қаратаудың қойнау-қойнауларынан қара құрттай қаптаған қалмақ шапқыншылары жота көрсетті. Сіргелі Қара Тілеукенің ащы айғайы сонда шықты. Әлгі «Итауыз» маңынан жақсы көрінетін қарауыл төбелер бар емес пе, онда Тілеукенің бұйрығымен екіден,үштен адам қойылған. Қас қылғандай олар да орындарында жоқ. Қалмақтардың алғаш көрінгені таңертеңгілік шақ. Қаратау мен Бүгіл өзенінің тармақтары Шабақты, Құршабақты, Талдыбұлақ арасы атты адамға едәуір қашықтық. Міне, сол қазақтардың жанын сақтады. Қалмақтар найзалары қылтылдап жеткенше бұлар қиқуға қиқу қосып, елді аяқты малға өңгерді. Баршасына Шабақты өзені құятын Ақжар көлінің батыс жағына жөңкіліп, одан арыдағы Мойынқұмға ұрынбай соны жиектеп, Созақ даласына босу тапсырылды. Бұл іске жалайыр ішінде көбіне Қабан жырау, күшік Жолбарыс би, немере ағайынды Малтабар, Құлжан батырлар, Тәттібай мерген, Ескелдінің тете інісі Естай, Қабан жыраудың ағасы Аю, әрі әйел заттыдан әлгі Құлжа атты ұшқалақтың зайыбы Дарабоз, Ескелдінің өз бәйбішесі Ақжәмилә басшылық жасады. Мұндағы аталған батырлардың көбісі соңғы он жылда бұрынғыдан да егде тартқан, сосын да оларды жауға салуды Ескелді орынсыз санаған. Ал Дарабоз бен Ақжәмилә керісінше осы

жылдарда әйелдік нәзіктіктен біржола арылып, нағыз ерлер сипатын бойларына жапсырған. Ерлерше киініп, арғымақ аттардың ауыздығымен алысқанын көрген жұрт солай ойламай қайтсін. Осы қатын-қалаш, бала-шаға, шал-шауқанға да қарасты аздаған күш бар. Олар негізінде мал мен жанға күзет есебіндегілер. Қалың елге тікелей қатер төнгенде ғана осы күш қозғалысқа келеді де аталмыш кекселер, әйелдер қолбасы кебін киеді. Өзгелерден сабырсыздығы басым Құлжан батырды бұл жағдайға көндіктірген де мәселенің осы жағы. Ескелді би жалайыр қолбасысы Балпықпенүзеңгі қағыстырып тұрған. Алғашқы қиқу өзінен соңғы көп қиқуға ұлысқанда Бүгіл өзенінің саласалалары бойындағы томаға-тұйық ел дүрк көтеріліп, жел шайқаған теңіз бетінің суретін еске салды. Әрі екі жарылып, екі бағдарға бет бұрысқандары да көзге оттай басылды. Бірі бала-шаға, шал-шауқан, қатын-қалаш пен олардың айналасындағы жартымсыз мал-мүлік, шағын әскер еді, екіншісі, илеуін тастай қашқан құмырсқадай бері Ескелді, Балпық сынды ел басшыларына қарай жосылған жауынгерлердің негізгі шоғырлары. – Балпықжан, мына қалмақтардың тәрізі бір түрлі, от қаруы барға ұқсайды ғой, – деп Ескелді астындағы ақ құла дөненін ауыздықтай жау жаққа көз тікті. Бұл кезде қырық төрт жастағы жалайыр биінің сексеуіл түстес бет әлпеті сол сексеуілдің өзінен де қаттылықты білдіретін. Кәрілік реңі ерте жабысатын өзге түздіктердей емес, мұның жүзіне әжім сызықтарының орнына күш-қайрат, жігер атаулы қорғасындай ерітіліп, құйыла бергендей. Жүзіне ғана емес, ерүстінде қазықтай қақшиған тұлабойына да солай. Тізгінді қысып ұстаған саусақтарының арасында әлдебір жаудың қыл кеңірдегі езіліп бара жатқанға ұқсайды. Ал кекжиген қабағы жартасқа қонақтаған қыран құсты еске саларлықтай. Балпықтың мінгені мол бітімді, сүйекті қызқара жылқы еді. Бұлан мойын, салқы төс, салбыр тірсекті жануар. Құйрық-жалының өзі бір адамға жүк боларлықтай. Аяқ басысында сырбаздық білінеді.Қалмақы қара жүріске дес берместігі болғанмен суырылып озатын жүйріктігі шамалы. Әттең ел аман, жұрт тынышта кәнігі атқұмарлардың күндегі тіршілік, қыдырысүшін іздеп таппайтын малы. Ал мынадайүсті-үстіне жау шабуылыүдеген заманда пәлендей кәделі деуге келмейді. Бірақ жалайыр қолбасысы Балпық Дербісәлі баласы соны біле тұра соңғы жылдары өз денесінің күрт ауырлағанын сезіп, ең бір қауырт шаққа керек деп, осыны сайлатқан. Қаратау жақтан жау қарасы көрінді дегенде атын атап, түсін түстеп, осы қызқараны алдырған. Ескелдімен қатарласа қысыңқы көздерімен түстік бетке түйіле тесілгенде ашу-ызадан ба, жоқ, тез шешім таппаққа басында ой топанын қопарыстырғасын ба күлгін топырақ түстес томпақ беттері тарс жарыла жаздап, енді-ендіүзілмекші әлдебір жемісті еске салды. Бұл Ескелдіге жауап берудің орнына өзімен құйысқан тістескен Жайнаққа саусақ ұшын көтеріп белгі берді. Жайнақ енді би мен қолбасының екі ортасына сығылыса емінді. Жайнаққа берілген белгіні көрген сондағы қырықшақты оққағар да бұлардың желкелігіне мінердей топырласып, елбасыларды тырп еткізбестей қоршап алды.

– Жайнақ! Биекемнің күдігінің жаны бар. Жау бас-аяғын жинақы етіп, шоқтайүйіріліп келеді. Бізді де сондайлыққа шақырғаны. Егер біз сөйтсек төбемізден доп атпақ қой. Бұл қалмақтардың ескі әдісі. Барлық кіші қолбасыларға ертөле жұмса! Әрқайсысы өздеріне қарасты күшті бір-біріне мінгестірмесін! Тарыдай шашыла әмір тоссын! – дегенін баршасы естіді. Жайнақ шағын денесін ерүстінде оңай қозғап, оққағарларға бұрылды. Олардың маңдайға баса киген дулыға астынанүңірейген,үшбұрыштанған, жыпылықтаған, қылиланған, тағы басқаша құбылған көздері енді Жайнақты нысанаға алысты. Бұл жылдарда Жайнақ та едәуір өзгеріске ұшыраған. Дөңгелек жүзі шоқтан суырған темір табаша қарайған. Жіті көздерінде де бұрынғы айқыш-ұйқыш кескіленген отты сәуле жоқ. Иегіндегі қылтанаққылтанақ сақалы да бей-берекет. Мұндай сақал біткенше анау өзімнің немере туысым Тұрлымбет сияқты неге көсе болмадым деп, оның күтіміне немқұрайды қарайтын сияқты. Жайнақтың осы бұрылысында аузынан сөз шыққан жоқ. Иірбас темірдей кішкене қабақтары дүр сілкініп еді, отызшақты оққағардың жартысына жуығы аттарының езулерін жырта шегіншектей кері бұрылды да әрқайсысы өз бағдарын тауып құстай ұшты. Задында, бұл жауынгерлер Жайнақтың даусынан қорқатын, сосын да оның ойындағысын айтқызбай ұғуға жандарын салатын. Жаңағы Балпық үкімі бұларға Жайнақтың аузымен жетуге тиіс еді, бірақ қай қолбасыға қайсысы барады, ол бұрыннан белгілі, сосын да әрқайсысы өз міндеттерін атқармаққа тез қараларын батырды. Бұл оққағарлар кетіп үлгерісімен осы теріскей беттегі бас қолбасы Сіргелі Қара Тілеукеден ертөле келді. – Анау Қаратаудың өрінен де сіргелілер мен ыстыларға қарсы тағы бір жау шоғыры көрінді. Бәрі осы ма, басқасы тағы бар ма, әзірге беймәлім. Жалайыр күші өздеріне төнген қалмақ әскерімен бірден соғысқа арандамай сәл шегінсе дұрыс-ау. Сәл-пәл аужайын түйгеннің зияны жоқ шығар. – Арыбері орғыған атын әрең бәсеңсітіп, өзі де екі иінінен дем алған жас жігіт – ертөле Тілеукенің бұл нұсқауын әрең жеткізді. – Біз шегінсек жаудың қай мінезі бұрқ етерін қайдан білеміз, өйтсек ата жауды қызыл қарын жас баланың төбесінен топ еткізерміз! – деп, Ескелді сақтық айтты. Балпық дулығалы басын ауада бірер сілкіледі де ернін жымқыра: – Сіздікі дұрыс! Бірақ шегінгеннің де жөні бар. Тілеуке ұсынғандай жаудың аужайын түйгенге де бір мезет керек қой. Біз шегініске қатты баспайық. Анау қарайған жаудың өз жүрісіне салайық. Олардікі аса асығыстыққа ұқсамайды, осы елден қыз айттырмақтай сән-салтанатты салмақты жүріс. Осы арақашықтығымызды бұзбай кері іркілсек. Ел көшінің ұзауына да уақыт береміз. Бір аралық шешім осы тәрізді! – деп ауаны күмбірлетті. Ақыры Балпықтың ыңғайына жығылысты. Тілеукеден келген ертөле оны естіп кетті. Жайнақ жаңа ғана ұшқан құстай бытыраған оққағарлардың соңынан жігіттердің екінші легін жөнелтті. Бұлар асықпай кері шегініске басты. Қалайда бұл маң көбіне жазық, түздіктер өткір көздерімен алысты шалады. Міне, сонау түу шығыста жаңа ғана Сіргелі Қара

Тілеуке ертөлесі атаған, ысты мен сіргелілердің қалың ортасына қарай сырғыған жаудың екіншіүлкен шоғырының төбесі қылтиды. Ысты мен сіргелі түмендері де осылай шегініске басқан, сірә. Ия, «үйренген жау атыспаққа жақсы» деген. Қазақ пен қалмақ шабысарда тап осындай көріністердің орын алуы бірінші рет емес. Ертөле, сарбаз біткеннің қолбасы бұйырған айтқызбай ұғатындығы да осындайдан. Енді бір бие сауымындай уақыттан соң-ақ нағыз соғыс басталды. Алғашқыда тас-түйін жылжыған қалмақ ілезде тарыдай шашырап, қазақтардың айласына айла ойластарғанын ұқтырды. Көз көрім бір ортада алыс-жұлыс жоқ, «Итауыз» аталатын төбешіктен Қаратауға қарай беттегі екі аралық, тақтайдай тегіс кеңістік бәрі бас-аяғы жоқүлкен апыр-топырға айналды. Жалайыр көсемдері бірте-бірте шегіне қақпа секілденген «Итауыздың» бір жақ биігіне көтеріліп бақылап еді, мынау соғыс емес, арыбері аттарын жосылтып, қызық қуған, әлдебір ойын ойнаған жастардың қылығына ұқсады. Тіпті астарындағы қылқұйрықтыларының сәнді жүрістерін бір-біріне паш етіп, ерүстінде өзара құлдыраңдай күліскенге де келіңкірейді. Ия, қазақтар да, қалмақтар да түздіктер елі, жібек жалды жануарлар олардың ішсе тамағы, ұшса қанаты. Олардың арасында ондай дәстүр бар десе ешкім таңырқамас та еді. Бірақ Ескелді, Балпық айналасындағы қолбасылар мұның олай емес, анық соғыс екенін білетін, сосын да ойынүстіндегідей көңіл-күй бұларға қайда? – Апырай, Кәшке жүздігі араласқан тұс бір түрлі қоюланып барады ғой, – деді Ескелді. Би атаған Кәшке жүздігі «Итауыздан» Қаратауға қарағанда сол жақ бетте еді. – Кәшке онда жалғыз емес, орақты Төкенің де жүздігі сонда! Анаумынау күнде көмек береміз, – деді Балпық. – Жайнақ-ай, ана қалың елге жіберген ертөлең кешіккен жоқ па? – деп, Ескелді қорғасын түстес жүзін сәл қатуландыра енді Жайнаққа бұрылды. Бұл Ескелдінің де басында темір дулыға, онысы бір жағына қисайғандай қолымен түзегенсіп, басыңқырай киіп жатыр. Сірә, бидің өзінің де соғысқа делебесі қозғандай. Бұл атаған ертөле осы соғыс басталар сәтте-ақ ұшырылған, оның келетін уақыты болған жоқ, оны бидің де іші сезеді білем, сөйте тұра өз мазасыздығынан бір хабар беріп тастағаны, шамасы. Жайнақ сонда да мұқияттап жауап қайырды: – Мен ол ертөлеге жырау ағамен қайтсең де тілдес, басқа даүлкендермен сөйт, ел көшінің бас-аяғын өзің де аужайла, сөйтіп қана орал, мұндағы көргеніңді де жеткіз деп, мықтап табыстағамын. Бұл да аз шаруа емес-ау, кеп қалар. Ия, бұларға қарасты ел жалайырдың еңүлкен бөлігі, сосын да жауапкершілік күшті. Тіпті Жайнақ жөнелткен ертөле бір пәрменде оның бас-аяғын шолып қайта алмайды. Ескелді би мазасыздығы содан туындайтындай. Бірауық көздерін көтеріп, қарсы алдындағы кеңістікке қарамақ еді, одан арыда кесе көлденеңдеген Қаратау назарын жұлқып әкетті. Қап-қара боп белдеуленген, бұл қиырдан тым аласа көрінетін тау әлденеден суық тартты. Бір мезет Кәшке, орақты Төке және басқалардың жүздіктері

айқасқан сол қанат тіптен қоюланып, тас түскен теңіз бетінің иіріміне ұқсап бара жатты. Жалайыр басшылары ақылдаса келе екі қанатқа бөлініп, қазақ жауынгерлеріне жақыннан нақтырақ басшылық жасамаққа көшті. Ескелді оң қанатқа да, ал Балпық жаңағы көздерін көбірек тартқан Кәшке, Төке жасақтары жаққа кетті. Ал мына «Итауызға» Қожаназар балалары ағайынды Есенбай, Есенғабыл, Ескелді бидің інілері Естай, Досай, тағы басқалар қалдырылды. Көп ұзамай бұларға Құлжан батыр қосылды. Соңғы он жылда бұл да біраз шау тартқан, мына Қабан жыраудың қасындағы кекселермен бірге ел көшін басқарасың дегенге көнгенмен бірте-бірте көкіректегі дауылы қайта оянып, Қабан жыраудың тізесін құшақтай жалбарынып, соның рұқсатымен осылай салып ұрып жеткен беті еді. Есенбай, Есенғабылдар осындай батыр атағы бар адамның қастарына келуін бірден құп көрісті. Тек нағыз майдан ошақтары бұлардан аулағырақта от шашып жатты. Бұл күнгі соғыстың ең қызығы сол – әлгі Кәшке мен Төке жүздіктері шайқасқан тұсқа қай құдайдың айдауымен екенін кім білсін қалмақтың көп күші құйылыпты. Қалмақ қана емес, қасаптың исі тартқандай олардан арыдағы Сіргелі Қара Тілеуке қарамағындағы көп қазақ жүздіктері де осында тоғысыпты. Әнеукүні ғана осы Тілеуке жалайыр басшыларын әдейілеп ертіп барып тамашалатқан қию, бітімі алабөтен жақпар тастар бар емес пе, міне, тап соның төңірегінде аттарының жіліншіктеріне аяусыз күш түсіре топырласыпты. Бұл тұста қалайда қазақтар көптік етті ме, қалмақтарды әсіресе, түстік, батыс беттен қыспаққа алып, сығымдауға кірісті. Қалмақтар сәл-пәл шегініске салып, аталмыш жақпар тастарға қарай аттарының тұяқтарын сатырлата көткіншектеді. Бір мезет жақпар тастар бұлардың көздеріне мықтап түскенде ол тастарды суға батқанның қармаған талына айналдырғысы келді. Сірә, бұндағы қолбасылары солай нұсқаған. Ол жартастарды қалмақтар бұрын аралап көрмеген ғой, соны тасалап бас қорғаймыз, әрі қарсыластарымызға соққы береміз деп дәмеленсе керек. Енді олар өз дұшпандарына мына халде төтеп бере алмасын өз ауыздарымен жыр қылғандай сынапша кері сырғыды. Қазақтар да бастырмалауынүдетті. Бір мезет қалмақтардыңүлкен бөлігі аттарынан түсе сол жартастардың тасасына күмп берісті. Қазақтар енді ата жаудың азшылық бөлігімен шайқасты. Бұл азшылық та сол жартастарға жасырынсақ аман құтыламыз деп ойлаған, себебі, шабуылдан гөрі шегіншектеуге көбірек жан салды. Ол жартастардың ішкі қуыстарының терең де бұлың-бұлың екенін, әрі ондағылардың сырттағыларға қару жұмсай алмасын қазақтар біледі ғой, сөйтіп, мына тыстағы бөлікті жігерлене қылыштауға кірісті. Бастар домалап, қазақ жауынгерлері мінген сәйгүліктер оларды билей жаныштады. Бір мезет жартасқа тасаланғандар ғана қалды. Осы кезде мұнда Балпық та жетіп еді. – Кәне, айнала қоршап, төбелерінен тас атқылаңдар! – деп бұйырды. Бұл бұйрықты ең алдымен осында тоғысқан Сіргелі Қара Тілеукеге қарасты сарбаздар орындай бастап еді. Себебі, олар табиғат-ананың осы бөлшегінің жықпыл-жықпылын сан тамашалағандарға жатады ғой. Олар атқылаған тастарды жалайыр сарбаздары еселеп арттырды. Екеулеп, үшеулеп

лақтырылған үлкендері, әсіресе, молынан кетті. Бұл жартастардың астындағы су аққан қуыс-қуыстардың сыртқа үңірейген есік-тесіктері әлденешеу еді, олардан пәлендей көп қалмақтардың тұмсықтары көрінбеді. Сірә, қорадағы қойша қамалған олар бірін-бірі жаншып, әрі суға малшынып, ақыл-естен, бой жазып қимылдайтын мүмкіндіктен біржола айрылса керек. – Лақтырыңдар! Лақтырыңдар тасты! – деп, Балпық күндей күркіреді. – Лақтырыңдар! Лақтырыңдар! Тастарды аяйсыңдар ма? – Кәне, кәне! Лақтырыңдар! – десіп, Кәшке мен Төке де айғайласып, өздері де бұл жұмысқа құлшына кірісті. Ысты мен сіргелінің де кіші қолбасылары солай. Тастардың сатырлаған дыбыстарынан гөрі «аћылаған», «ућілеген» адам дауыстары көбірек құлақ жарды. – Атаңа нәлет ит қалмақ! Мә! Мә! – «Өлетін бала молаға жүгіреді» деген! Молаң осы екен ғой! Ал ендеше! Ал ендеше! – Мә! Мә! Мә саған! Қуыршақ құдайыңа тезірек барасың. Қуыршақ құдайың жарылқайды! – Мә! Мынау қайсыңның сыбағаң?! Айналуға жер тар қыспақта төбелерінен әйдік тастар бұршақша жауған қалмақтар жаман күңіреніске басты. Кей қазақтарға бұл алғашқыда көр азабын шеккендердің жарық дүниедегілерден көмек сұрағанына ұқсап, тұлабойларын түршіктірді. Бірте-бірте көмекейлері кеңірек ашылғандай бұл күңіренісүлкен аңырауға айналды. Тура әлгі «Аңырақай шайқасындағы» жағдай қаз-қалпында қайталанғандай. Тек ондағыдан мұндағының аумағы әлдеқайда болмашы еді. Қаратаудың осы теріскей етегінде молынан көсілген, бас-аяғы жоқ шалқар кеңістіктің өзге қиырларында соғыстың қалай өрбігенін әзірге кім білсін, тап мына тұста қазақтар қалмақтарды аямай-ақ жусатты. Әнеукүні ғана Сіргелі Қара Тілеукенің өзі бастап, жалайыр адамдарына осы жақпар тастардың жаратылысын тамашалатқанда Ескелді қатарындағы сақа жігіттердің бірінің «шіркін-ай, қалмақтарды әкеп қыратын қыспақ екен» деген сөзі құдайдың құлағына сарт етіп тигендей. Осы сөзден құдайдың өзі ескерусіз қалдырған бір дүниесін есіне түсіріп, сол сақа қосшының көкейіндегіні айнытпай іс жүзіне асырғандай. Сол күннен бастап бұл жартастар мен оның айналасы «Қалмаққырылған» атанды. Кешқұрым белгілі болғанындай соғыстың өзге бөлігінде қалмақтар күш асырыпты. Онысын-мұнысын қоса есептеп, қазақтар бұл күнгіні теңбетең соғыс атады. Мына «Итауыздағы» Құлжан батыр, Есенбай, Есенғабыл, Ескелді бидің інілері Естай, Досай, тағы басқалар «екі жағын тең өлшедік» деп өзеурегесін де солай ұйғарысқандай. Тек ертеңіне қалмақтар қайта бой көрсетті. Осы «Итауыз» маңына қарай да, бұлардан шығыс бетте жатқан ысты мен сіргелі қоныстарына қарай да екі үлкен түмен қара құрттай қаптады. Тура кешегі көрініс қайта қайталанды. Аңғал қазақ тап кешегі әдіспен қарсы шығуға ыңғайланды. Кей тұстарында қазақтар да шоғырлана бастаған. «Е, қорқатын несі бар?» дескендей. Міне, тап сол кезде қалмақтар от қару-зеңбіректерін іске қосты. Қазақтар күйрей жеңілді. Кешкілік

қалмақтар қайта іркіліп, кері шегініп, қараларын батырғанда олардың адамнан да, малдан да олжа алмағаны белгілі болды. Сырты бүтін, іші түтін қазақ қолбасылары аздап таңданысып, ұрыс даласында құлаған өз қандастарының жүзін жасыруға біраз жасақшыларды жұмылдырды. Әрі өздеріндегі жағдайды айтып, Сіргелі Қара Тілеуке, жалайыр басшылары әрқайсысы өз тараптарынан Ташкент пен Түркістанға хабаршылар жіберіп жатты. Міне, осы шабуыл жаз, күз өтіп, 1740-жылдың қаңтары қатулана келгенде тағы қайталанды. Қалмақтар қазақтарды тағы да есеңгіретті. Тек бұл жолы да дұшпан жақ ешқандай олжа әкетпеді. Бұл қысқы шабуылдың соңында осы Қаратау теріскейіндегі қазақтар қалмақ жайсаңдарының бұл сойқандығының мәнін ашатын бір «тіл» ұстап алды. Ол әдеттегідей ауыр жараланып, ұрыс даласында қалың қарға көмілген қалмақ жауынгері еді. Қазақтар оны ауылға әкеліп, ем-дом жасап, ес жиғызғанда оның айтқан сөзі: «Бар пәле сендердің Сібір жұртымен, орыстармен жақындаспақ пиғылдарыңнан. Егер одан тыйылмасаңдар мұндай соққыны көре бересіңдер». Бұл қалмағың ас-су ішіп, әбден қалпына келгесін бұл түстікте, Қаратау бойында ғана емес, анау алыс теріскейде, Ертіс өзенінің бойында да қазақтар көресісін көріп жатыр дегенді айтты. Ташкент пен Түркістанға сан хабаршы жөнелтіп ала алмаған ақпарларын қазақтар осы жаман қалмақтан естіді.

* * * Жолбарыс хан таңертеңгілік ұйқыдан оянғанда денесінің сергек екенін сезіп, «о, жаратушым, бүгінгі күн мен үшін жеңіл соғар, осы мейіршапағатың үшін мың да бір рахмет» дегенді іштей күбірледі. Бір кездегі шағын мешіттің шәкірттер демалатын бір қуысын ханымы екеуінің жатын орнына айналдырған ол ағаш төсекті сықырлата ширақ көтерілді. Тек қолдары сәл-пәл дірілдей ала шапанның жеңін әрең тауып, иығына ілді де бірден ортадағыүлкен бөлмеге қарай табалдырық аттады. Өзі сияқты екінші төсекте қызыл шұғамен тысталған көрпе-жастықтарға көміліп, ұйқыға басқан ханымға жүзін де аудармады. Табалдырық аттағандағы желкесі әлдебір дүрдараздық атаулыдан тіл мен жақсыз белгі бергендей. Төрт керегелі, төбесі күмбез тәріздес биік ортадағы кең бөлмеде екі уәзір мен күзет бастықтары, күтуші есебіндегі айналасы оншақты адам еденге төсеулі қызыл ала кілем үстінде қаздай тізіліп отырған. Ханды көргенде бәрі қунақ қаға көтеріліп, тағзым етісті. Қайта бойларын жазғанда хан өздеріне шошына қарағандай кескін білдірді. Қарулы күзет бастықтары өзара әлдебір қимылға барғандай. Кенет сыртқы аула жақтан әлдекімдердің шыңғырған дауыстары естілді. Хан жалаңбас, ол жаққа мойын да бұрмастан, тек сәл-пәл құлағын қалқитқанға ұқсап, орда ішіндегілерді көзімен тінткілей бастады. Олар қыбыжықтасып, біріншілікте тіл ұштарына қандай сөздерді іліктірерін білмей дағдарысып, бастарын шұлғи берді. Әрі ханның түр-түсінен жақсылық нышанын

іздегендей езулеріне күлкі үйіріп, елжіреген жалынышты реңдерін айқара ашуға тырысты. Жолбарыс хан тап осы биылдықта елуге толған еді, төре тұқымы үшін бұл аса үлкен жас болмаса да мұның тұла бойының сыр бере бастағаны анық. Сопақ маңдайының тамырлары күдірейіп, белдеуленген әжім сызықтарымен қойындасып жатыр. Бір кездегі қыз қабағындай керілген көзінің үсті де тыңға түрен салғаннан кейінгі көріністі еске түсірер еді. Қырлы мұрнының өзі де түбі босаған бірдемеге ұқсайды. Дөңгеленген, күтімді сақал-мұртты аямай-ақ ақ қылау дендеген. Бар қайраты көздерінде ғана қалғандай. Тап бүгінгі жайлы да ұзақ ұйқы ол қайратқа қанат бітіріп, мыналарды жайпап жіберердей ойнақшытып тұр. Осы кішкентай хан ордасындағы ең қатерлісі де сол сияқты. – Түнделетіп келген ешкімдер бар ма? – деп сұрады хан. – Бар, хан ием, өзіңіздің ініңіз, алшын елінің иесі Әбілхайыр ханның адамдары келді. Оларды сіз оянғанша дамылдасын деп, бөлек жайға орналастырдық. – Бұл сөйлеген екі уәзірдің бірі, ол да ала шапанды, басына қоқырайта киіз қалпақ киген, күдістеу қатыңқы қара кісі еді. – Ол інімнің маған кісі салып, алдаусыратқаннан басқа бітірері жоқ. Анау Арқадағы Абылай сұлтанды айтсаңшы. Өткен күзде арнайы қол жіберіп, осы Ташкент пен Сайрам маңындағы қалмақтарды едәуір жуасытуға қолқабыс жасады. Енді ата жау әзірге орыстармен неге ауыз жаласасыңдар деп, қоқиланбас бәлкім. Анау Қартаудың арғы бетіндегі жалайыр, ысты, сіргелі, ошақты, тағы басқа да ағайындарға сол арқылы қол ұшын бердік пе деп ойлаймын. Егер қалмақтардың бүйтіп былтыр осы Ташкент пен Сайрам маңында маңдайлары тас қабырғаға соғылмаса Қаратаудың арғы бетіндегілер, жалайыр, тағы басқалардың көресісі одан да зорға айналар ма еді, кім білсін. Енді, міне, қазір қалмақтар «аларыңды ал, бірақ күш көрсетіп қоқаңдама» дегенге көніп отыр. Жолбарыс осылай толғана сөйледі де бұрынғы мешіт, қазір Ұлы жүз ханының ордасы атанғанүйдің оң жақ кенересіндегі терезеге қарады. Бұл кішкентай терезе көктем туып, күн жылынғалы мүлдем ашық тұратын. Содан бүр жарған алма ағашының бұтағы көрінді. Соған қадалып, осындай ауыр ойлар мені неге қамай береді, анау бүр жарған алма ағашының бұтағындай алаңсыздық маған неге бұйырмаған деп, ащы ойларға ұрынғандай. – Осы қыста ол Қаратаудың теріскейіндегі елдерге қалмақтар қайта тиісті. Сіргелі Қара Тілеуке, Ескелді би сияқты адамдар маған «құдайым-ау, хан ием-ау,үш жүзге ортақ ұлы хан Әбілмәмбет қайда, әлгі қазақтың жебеушісіндей танылған Абылай сұлтанның ақ туы қайда, тағы да қуыршақ құдайүмбеттерінің аруағы асты ма, бұл не әпселең?»десіп, бірінен соң бірі сұрау салды. Мен өзіміздегі жайларды айтып саябырсыттым.Қол қусырып отырғамыз жоқ, тағынғы нәсіп тәңірден дедім. Міне, біздің осы халімізді қырымнан шалар қыран бүркіттей Әбілхайырдың танып-білуі керек қой. Жолбарыс хан таңертеңгілік оразасын ашпастан неге бұлай ақтарылады, бұны екі уәзірдің бірі, жаңа осы ханға ең алғаш тіл қатқан, ала шапанды, қоқырайған биік киіз қалпақты күдістеу қатыңқы қара неме дәл

ұққан. Жолбарыс өз інісі Әбілхайырдың адамдарына айтарымыз осы сарындас, арғысын өзің толықтыр деп тапсырғаны еді. Хан томырылып, Сайрам қаласын қайта ауызға іліктірді. Жөнжосықсыз жаңағы толғаныстарынүсті-үстіне пысықтағандай Сайрам атауын екі-үш мәрте жаңғыртып өтті. Бірақ мән-мағнасы бұлдырлау. Уәзірлер мен басқалар ол жағын өздерінше топшылағансиды. Бұл Сайрамда 1737-жылға дейін әлгі атышулы Тұрсынхан баласы Барақтың туған ағасы Күшік хандық құрған еді. Оны қалмақтар қуып шықты. Ал қазір ол қала Абылай сұлтанның көмегімен қалмақтардан тазартылды. Бірақ Барақтың ағасы Күшік мұнда қайта келтірілген жоқ. Осы жөнінде сонау алыстағы Барақ айналасында анаумынау қаңқу сөздер барын бұлар еститін. Әлде Жолбарыс хан соларды еске алып қобалжыды ма? Тіпті мына Әбілхайыр адамдары сол Барақ пен Күшікке байланысты қосалқы жайларды қоса әкелмесін? Кім білсін, Барақ «таз ашуын тырнадан аладының» керін келтіріп, сол Сайрам қаласыүшін өзінің ескі бақталасы Әбілхайырға да шүйлігуі мүмкін-ау. Ия, жатқан бытықы-шытықы саясат. Уәзірлер мен өзгелердің бұл топшылаулары негізсіз емес еді. Біраз үнсіздіктен соң хан: – Жәкем келді ме? – деп сұрады. – Жоқ! – деді күдістеу қатыңқы қара. – Сірә, сол Төле сіңірі шыққан кедей, ішегі ағармаған «құрама» дейтіндердің әуселесінен жуырақпанда аяғын суырып әкете алмас. Әлгі «ұзын сары қонақ» дейтіннің келген кезі емес пе? Аш өзекке талғажау қайдан табылады деп сабылатын кез. Жер емшегін емуді кәсіп еткен «құрамалар» Алтын Жәкемді ықтап, анау Қаржантаудан құлайтын Келес өзенінің сала-салаларында егістік жерлердіүлеске салып жатқан сыңайлы. Жер емшегі десе Алтын Жәкемнің өзі де шаранасын жаңа ашқан жас сәбиге ұқсайды емес пе? Ал мынау көктем дегенің ондай мінездің отына тіптен май құяды. Жалғыз Келес емес, мынау шығыс беттегі Шыршықта да солай көрінеді. Төле бидің бір аяғы онда, бір аяғы мұнда сияқты. Жалғыз ол емес, сірә, сол ұлы бидің жалайыр Түрке елінде, албан Хангелді айналасында да шаруасы шаш етектен, ара-тұра сонда барып малтығады, шамасы. Өзіңіз білесіз, әлгі Қойгелдінің орыс керуенін тонаған қылығы көп басқа зіл салып кетті емес пе? Енді анықталды, Қойгелдінің ол қылығы кезінде албан Хангелді батыр да қолтығына дым бүріккен екен. Ол шау тартқан неменің неден көзі қарайды, қайдам? Осы кезде аула жақтан жаңағы шыңғырған дауыс қайта естілді. Бұл жолы ұзаталған қыздың сыңсуындай жіңішкеленіп,үзіліп-үзіліп жетті. Жолбарыс әлі де оған назар аудармай, төрде ханның орын-тағы есептелетін арқалы сәкі болушы еді, соған барып жайғасты да маңдайын алақанына тіреді. Ия, қым-қуат, шытырман оқиғалар. Осыдан екі жыл бұрын, яғни 1738жылы әлгі дулат батыры Қойгелді тонаған керуен басшысы, орыс елшісі Карл Миллер елім-телімі шығып, осы Ташкентке келген. Онда да осы маңдағы Қонай мырза дейтіннің жігіт-желеңдері болысқасын ғана қалғанқұтқан мүліктерін аз ғана малға өңгеріп, өндіршегіүзіле жеткен. Көп адамдарын Қойгелді қарамағындағы дулат-шымырлар әкеткен. Тағы біразы

қарақшылардың түрлерінен шошып, бас сауғалап, бет-бетіне тырағайлаған. Міне, Жолбарыс хан орыс сауда керуені бастығының осы халі үстінде оған қол ұшын берді. Арнайы жасақшыларды аттандырып, әлгі Қонай мырза жігіттерінің де көмегімен дулат-шымырлар тұтқындаған орыс адамдарын қайтарды. Бұл ретте Төле бидің ықпалы да жораға жүрді. Сосын бас сауғалап, қашып жоғалған басқа керуеншілер де іздестіріліп табылды. Сәл көңілі тоғайған Карл Миллер Жолбарыс ханмен, Төле бимен, хан уәзірлерімен, Түрке, Саурық, Қосы және тап сол шақта хан ордасынан табылған қазақтың өзге де марғасқаларымен ұзақ-ұзақ дидарласқан. Міне, осылардың көзінше Жолбарыс хан орыс елшісіне Ұлы жүз қазақтары Ресей бодандығына көшуге әзір, осы тілегіміз орыс астанасына жетсе екен деп тілек айтқан. Карл Миллер қайтар жолда Түркістанда аялдап, аталмыш сотқа қатынасқанда қоржынында Ұлы жүз қазақтарының сондай тілегі де жатыр еді. Сосын да сол сотты басқарушылардың бірі – қазақтың ұлы биі Төле Әлібекұлы орыс елшісінің арызын қуаттап, өз туысы Қойгелдінің айыбын бетіне шыжғыра басты. Сосын да Карл Миллер Ұлы жүз қазақтарының басшыларына дән риза еді. Жолбарыс хан мен Төле бидің Карл Миллерге арқалатқан сәлемі орыс патшайымы Анна Ивановнаға жеткен де еді, ол бірден Орынбор комиссиясының сол кездегі бастығы Василий Никитыч Татищевке Ұлы жүз ханымен хат жазысып, оның жағдайы қандай, сенімді адам ба, мына ниеті шынайы ма, өз елінде беделді ме деген сияқты мәселелерді сарапта деп тапсырған. Біраздан бері Жолбарыс хан сол Татищевпен хат жазысқан. Міне, бірде сол хаттардың мазмұны қалмақ жансыздарының құлағына шалынып, оның ақыры мұндайлыққа соқты. Қалмақтар Ұлы жүз қазақтарын Қаратаудың теріскейінде де, түстігінде де бірнеше мәрте шабуылдады. Тек Абылай сұлтанның сонау Арқадан аттандырған көмегі ол шабуылдардың сәл-пәл жарасын жеңілдетті. Жолбарыстың пайымдауынша Қаратаудың арғы бетіндегілерге де ол көмектің шарапаты тиді. Себебі, сол арқылы ата жаудың біраз қарқыны бәсеңсіді емес пе? – Мынау шыңғырған кімдер соншама? – деп, хан енді ғана солай қарай мойын бұрды. – Кеше ғана алым-салықтан жалтарушылардың ең бастыларын осылай жан даусын шығартып, таң азанда есігімнің алдында гөй-гөйлетіп қой деп, өзіңіз бұйырмап па едіңіз? Жолбарыс хан күдістеу қатыңқы қараның бұл сөзіне бірден жауап қайырған жоқ. Ия, сөйдеп бұйырғаны есінде. Өйтпесіне амал кәне? Жоңғария бектерінің күннен-күнге арандары ашылып, «желкелеріңнен найза шаншуды доғардық, сөйте тұра Ташкенттің қан базарынан алтын, күміс теңгелердің, әшекейлі бұйымдардың түсімі неге азайды» деп жаушыларын үсті-үстіне жұмсауда. Жолбарыс тағы да маңдайын алақанына тіреп түнерді. Мыналарды қайтпек керек? Дүре соқтыра ма? Зынданға тастаттыра ма? Жоқ, сөзбен қорқытып,үркітіп қайтару сияқты шараның ең жиі қолданылатын түрін қайталай ма? Себебі, дүре соғу мен зынданға тастау аса пайдалы емес, керісінше алым-салықтан бой тасалаушылардың көбісі ондай жазаны көтере

алмай майып болып, істен шығатыны жиілеуде. Ия, не істемек керек? Бұл басын көтеріп, жаңағы биік қабырғадағы ашық терезеге тағы да көз тастады. Жаңағы бас уәзір тағы да тіл қатты: – Бірден сарқа сөйлемегенім үшін ғафу өтінемін, хан ием! Сізге өз туысыңыз Әбілхайыр адамдарынан басқа да келуші бар. – Аттың басын сәл тарта тұрыңызшы. Осы Әбілхайыр құзырына таяу, Сырдарияның сонау төменгі ағысында әлгі жалайыр-балғалылар бар емес пе? Олардың көсемі Жарықбас Есентүгел деген ғой. Әбілхайыр мен Есентүгелдің әлі күнге тұзы жараса қоймапты деп естімедік пе? Әбілхайыр әлде бір жан ашуы үстінде соларды жайпап тастап, сол қиянатын жамап-жасқау үшін кісі салып отырмасын? – Олардың ішіне кім кіріп шығапты, хан ием? – Егер сондай бір жайды қоса арқаланса көмекейлеріңде лайықты сөз түйдегі тұрсыншы. Ол жалайыр-балғалылар да біздің Ұлы жүз елінің бір бұтағы ғой. Ия, сосын тағы қандай келуші бар? – Сіздің құзырыңызға сұранушы екінші неме жалғыз-жарымдаған біреу. Осындағы Ташкент ақсүйектері мен пірадар-имамдарының хабаршысымын дейді. Сізге солардың сәлемін ауызба-ауыз жеткізбекшімін дейді. Биіктегі терезе Жолбарыс назарын қайта аударды. Мына отырыстан ол терезе арқылы сыртта бүр жарған алма ағашының бұтағы көрінбейтін еді. Соныүсті-үстіне қызықтасам деген ынтасы бардай. Бүгін 1740жылғы сәуірдің бесінші жұлдызы еді. Енді бір он күнде ол бұтақтарда көк жапырақтар пайда болмақ. Бірақ әр кезеңнің өз сүйкімділігі бар. Хан оның бүгінгі қалпына көз тойдырып алмақшыдай. Қалайда, өмір қызығына әлі де қана қоймаған жан ғой. Кенет басын сілке әлдебір ойлардан күшпен арылған түр көрсетті де кенереге арқаларын жапсырған өз адамдарының біріне сұқ саусағын тіктеді. Ташкент ақсүйектерінің адамын «кіргіз» деп айтып таүлгермеді, оң жақ кенередегі есіктен ханымның тұлабойы көрінді. Шаштары ұйпа-тұйпа, қабағы кіржиіп, қараторы арық өңінде ұйқысы қанбай оянған адамның реңкі бар. Иығына ілген қызыл жібек халаты аяғының ұшына дейін жауып тұр. – Сыртта біреулерді тірідей отқа қақтап жатыр ма? Құлындағы даусы құраққа шыққан мына сорлыларың кімдер? – деді де өзінің жуарақпанда жауап ала алмасын білгендей отағасына бұрылды. Жүзін төмен түсіре орынтаққа көміле орныққан ханды жаңа көргендей шұқшиды. Ұзақ шұқшиды. Сосын одан арыда қабырғаға арқаларын тіреп, қаздай тізілгендерді көзімен сүзді. Бөтен ешкім жоқ, бәрі Ұлы жүз ханының ескілікті, сыралғы уәзір, көмекші, күзетші, күтушілері. Олар да өз тараптарынан ханымның бойшаң, нәзік тұлғасын бас-аяғына дейін шолып, кенет көктемнің осы бір неғайбіл күнінде көкіректеріне уайым сап еткендей. Ол ненің уайымы, ол жағы өздеріне де беймәлім. Әлде бұл күнде хан ордасына айналған мынау тар мешіттен көңіл құстары ұшып шығып, бір кезде, осы ақтабан шұбырынды заманға дейінгі шақта, осы Ташкентте, сонау Жүніс ханның мазарына таяуда, айналасында шағын көлдер мөлдіреген, самырсын, пісте ағашы, қайың,

үйеңкі сияқтылар көмкерген үлкен қақпалы, кең аулалы, зәулім сарайды естеріне түсірді ме екен? Ондағы мына Ұлы жүз ханының салтанатты тірлігі қандай еді десеңші. Ханның да, ханымның да жасырақ кездері еді, ханзадалар мен ханшалар мүлдем бүлдіршін-тұғын. Бұлардың таңертеңгілік, оразаларын ашпастан сарай маңындағы көлдердің бірінде қайықпен серуендеп қайтатыны өздеріне ғана емес, қызмет көрсетуші құл-құтанға да қаншама көңілділік әкелуші еді? Енді, міне, соның бәрінен ада. Ұлы жүз ханы анау биіктегі кішкентай терезеден еміс-еміс шалынатын, бүр жарған кішкентай алма ағашының бұтағын қызықтаудан басқа ермек таппайды. «Кеңшіліктің қадірін таршылықта білерсің» деген мақалдағы ащы шындық әлсін-әлсін хан мен ханымның аш өзектеріне түсіп кетіп, ойран салатындай. Ол кездегі хан сарайы өзінің тұрпатымен ғана емес, келімді-кетімді кісілерімен де ғажайып еді ғой. Ол заманда Қазығұрт баурайын мекендейтін Төле бидің, басқа да марғасқалардың сол хан сарайына қатынауының өзі қандай салтанат әкелуші еді. Хан сарайының іші-сыртында жыртылыпайрылған, кейін көбісінің Жоңғария зайсандарының тыңшылары екені мағлұм болған дәруіштердің өздері де оның көркіне көрік қосатындай еді-ау! Қалай екені белгісіз, хан рахымын пайдаланған дәруіштер демесең, мұнда қатынайтындардың өздері де әр елдің төбелеріне моншақ етіп көтерген ханзада-сұлтандары, би-шешендері, бай-бағландары еді. Ал қазір кімдер қатынайды? Әне, аулада жан даусы шыға әлдебір сорлылар бебеу қағуда. Ханым айтқандай шынында оларды хан қызметшілері отқа қақтап жатыр ма, ащы шыңғырығы барған сайын құлақ жаруда. Өстіп зарлап-боздап, өз бетімен келетіндер де бірүзілмейді. Олардан не қайыр, не салтанат күтесің? Тіптіүш жүздің төбе биі есепті Төле Әлібек баласының өзі де бұл ордаға көрік беріп жарытпайды. Қалай жарытсын, ол ұлы би кемпірі екеуі осы залдың қарсы кенересінен шығатын есігі бар екінші қуысты мекен-жай етуде. Тек соңғы бес-алты күннің жүзі болды, «құрамалардың», орыс керуенін тонаушылардың әуселесімен олар аттанып кеткен, әзірге оралатын кейіптері байқалмайды. Әлде сол ұлы бидің жоқтығы мына кішкентай мешіт-орданы ойсыратып, құлазытып тұр ма? Міне, жер ортаға келіп, бұрынғы сұлулығынан, жастығынан ажыраған ханымның бас-аяғын шолған уәзірлер, күзет бастықтары, қызметшілер осындай ой тұңғиығына батып, әрең қайта қалқып шыққандай. Ауладағы азапталушылардың жан айқайы емес, өткен күндердің күмбір-күмбірі сөйтіп бастарын азан-қазан еткендей. Ханым жылға бергісіз ауырүнсіздікті өткеріп барып, өз қосағы Жолбарысқа қайта қадалды: – Сіз туралы бүгін жаман түс көрдім ғой. Айтуға аузым барар емес! Онсыз да аза бойым қаза! Мына ауладағы кімдер, жер өртеп қолға түссе де тыйдыршы тезірек! Бір жайлы етші! Жолбарыс оған көзін көтеріп еді, зайыбының түрі шамадан тыс суық шалынды. Әлдекім қойнына мұз сүңгі салып шошытып оятқандай.

– Жарайды, ханымның айтқанына көндік, тек алдымен әлгі Ташкент ақсүйектерінің адамын кіргізші! Мүмкін қойнында ат басындай алтыны бар шығар. Бұл келген ақ шалмалы, ақ жейде-дамбалды, түсі көмірдей қарауытқан, сақал-мұрты да содан айырғысыз, тек көздерінде болмашы сәулесі бар, орта денелі кәртамыс адам екен. Төмен иіліп, маңдайын екі-үш мәрте еденге тигізе тағзым етті де, Жолбарыстың, не басқалардың сұрауын күтпестен бірден сұңқылдай жөнелді: – Хан ием, бүгін түс ауа алланың, одан кейінгі сіздің біраз құлдарыңыз, аллаға, одан кейін сізге адал қызмет етуші күнәкарларыңыз сіздің құзырыңызға келіп, сізге құрмет көрсеткісі келеді. Аз-мұз арыз-мұңдарын құлақ қойып тыңдауыңызды алла атынан өтініш етеді. – Ол арыз-мұңдары не нәрсеге байланысты екен? Егер алым-салық арқамызға батты, жеңілдет дейтін болса ол мырзаларың аяқтарын ауыртпайақ қойсын! Егер оған көнбесе анау аулада жан даусы шыға шырқыраған пақырларды көрген шығарсың, міне, солармен орын бөлісетін болады. – Жоқ, хан ием, бүгін сізге тағзым етпекші алланың күнәкарлары аллаға, одан кейін сізге барынша адал пенделер. Барша пейіл-шапағаттары аллаға, одан кейін күн нұрындай сәуле шашушы сізге қаратылған. Қазір осы шаћарда алым-салықтан тыс екінші кесепат алқымнан алды емес пе? Діні басқа жат кісәпірлер, қалмақтың шамадан тыс қомағай атжалмандары өзгесі өзге бұдан былай алланы, Мұхамед пайғамбарды тәрік етіп, қуыршақ құдайға табынасыңдар деп, соның ақиқат белгісі ретінде, қуыршақ құдайға ғибадатханалар тұрғызылады, соған қаржылай көмек бересіңдер деп, сіздің аузыңызға қараушы шаћарлықтардың жон терілерін қабаттаса сыдыруда. Міне, осылары шымбайларына батқан сіздің күнәкарларыңыз сіздің алдыңыздан өтіп, біраз жайдың басын ашпақшы. Тоқ етеріне көшсем, шаћар мұсылмандарының көңілдері алай-түлей. Кәпірдің дініне бойсұнғылары жоқ. Осы жайында сізбен ауызба-ауыз дидарласпақшы. Жолбарыс хан ақ шалмалы елшінің көмірдей қарауытқан жүзін тура нысанаға алғанда оның мына екпінмен құдай алдында да бет бақтырмасын сезіп, көзін аударып әкетті. Бұл да көктен түсе қалған жан емес, мына елшінің саудыратқанын бұл да бес саусақтай біледі. Не істемек керек? Қап, Төле бидің жоқтығы-ай! Ханның қиялы шарықтап барып, дулат батыры Қойгелді, албан батыры, әрі ақсақалы Хангелдіні елестетті. Қаратаудың ол беті мен бұл бетіндегі бір-бірінен саяқ көшіп-қонған, жиі-жиі қалмақ соққысына ұшыраушы Ұлы жүз елдерінің жай-күйлерін, олардың бастыбасты адамдарын ойға алды. Өз туысы, жақын інісі Әбілхайыр ханның бетбейнесі де көз алдынан алмас қылышша жарқылдап өтті. Әлденеден осы інісінің құдай жомарттықпен дарытқан күш-қажыры, ақыл-айласы сан қиырға есепсіз шашылып, текке ысырап етіліп жатқандай көрінді. Сосын Төле би де, өзі де ерекше құрмет тұтатын Арқадағы Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтан екеуіне көшті. «Абылайдың ақ туы қайда?» деп өзіне-өзі сұрақ қойғандай. Оған Төле би жауап беріп тұрғандай. Себебі, Төле бидің «бізді осы тығырықтан, тағдырдың осы тауқыметінен сол Абылайдың анау Шу-Іле

алабындағы соғыста желкілдеген ақ туы алып шығатындай көрінеді де тұрады» деген сөздері сап етті. Сол «Аңырақай шайқасы», одан кейінгі тірлік, Қаратаудың өзімен аттас Жолбарысқамал сайында қалмақтарға қарсы қоқиланып күш жинауы, одан осы Ташкентке әкелініп, ата жауға кіріптар басшыға айналуы, өз қолымен алым-салықты күшейтуі, шаћарлықтарға ламашылдықты сіңірмекші қонтайшы итаршыларының тіміскі әрекеттеріне көнбістік жасауы, сонау алыс Орынбордағы орыс ұлығы, патша өкілі Татищевпен жазысқан хаттар – бәрі-бәрі қаздай тізіліп кеп, мұның жұдырықтай миын үрген қарынша кергіледі. Бұған қоса табанының астында қара жер жоқ, бір кезде өзі мына ханымымен, бала-шағасымен серуендеуді ұнататын қайық үстінде, суда тұрғандай қалтылдай да бастағандай. Кенет сол судың ағынымен кетіп, әлдебір жарқабаққа соққандай есін жиып, қаумалаған қиялдың шырмауынан құтылмаққа басын сілкілей берді. Жолбарыс ханның осы қалпын қаршығадай баққан ханымның арық қараторы өңінде күдік атаулы тіптен атойлады. Тіпті отағасының іштегі ойын түрінен оқығандай: – Төле би соншама түрікпеннің түбінде емес қой. Шаћардан таяқ тастамдай ғана жалайыр Түркенің аулында сондағы игі жақсылармен ырғасып-жырғасып жатыр деп естімедік пе? Қос-қос атты ұшыртсаңыз көзді ашып-жұмғанша барып келе қоятын жер емес пе? Алдыртсаңызшы Алтын Жәкемді егер басыңызға ауыр зіл түссе! – деп салмасы бар ма? Сосын күдістеу қатыңқы қараға жүзін аударып, тағы екіленді. – Егер ана кісі айтқандай Келес бойында, не Шыршықта «құрамаларға» арық қаздырып, егін ектіріп жатса ол жақтарға да ұшыртсаңызшы адамдарыңызды. Ұлы би өзі арық қазып жатпаған шығар. Дуалы ауыз сол кісінікі десеңіз ол дуалы ауыздың тап бүгінгі таңда бар игілігін сол жер емгендер көріп, қарық болатын уақыты жетті емес пе? Ханымның мына сілкінісі шынында бөлек еді. Тіпті ақ шалмалы сәлемші әлдебір көмек күткендей көздерін сығырайта соған тесілді. Бұл кезде сыртта шыңғырған дауыстар тіптен асқынды. Соған мына сәлемшінің құлақ құрышы қансын дегендей Жолбарыс хан қасақана қасарып, қатып-семіп, аузын ашпай жұртты қоса құрсаулады. Ақыры: – Ханымның айтқанын қабыл көрдік. Төле биге кісілер жөнелтілсін. Тек Алтын Жәкемді асықтырып-аптықтырмаңдар! Сондағы шаруаларын бір жайлы етсін де осында жетсін. Әзіргісіне өзіміз де бармыз ғой! – деді. Сосын сәлемшіге бұрылды: – Сені жұмсаған өзбек ағайындар түс ауа осы ортадан табылсын. Тыңдап көрейін. Ақ шалмалы сәлемші маңдайын жерге тигізе екі-үш мәрте тағзым етті де шегіншектей жоғалды. Ауладағы бейбақтардың әзіргеүнін өшіріп, түс ауа сол өзбек, тараншы ағайындар келгенде қайта сарнатып қоюға үкім етті.

* * * Әбілхайыр хан елшілігі жақсы киінген, беттеріне қызыл қан тепкен, түктері сыртына шығып томсырайған төрт адамнан тұратын еді. Басшысы Әбілхайырдың ең сүйікті, әрі елге-жұртқа танымал әйелі Бопайдың ағасы,

бұл да төре тұқымы – Дербісәлі сұлтан. Жиырмашақты атшы-қосшылары және бар көрінеді. Бұл төртеуді Жолбарыс таңғы асүстінде, жақсылап жайылған дастархан басында қарсы алды. Оң жағына манағы күдістеу қатыңқы қара бас уәзірі бастаған өз адамдарын отырғызды да сол жағына осы төртеуді шоқитты. Өзі көп сөйлемей, бар ықыласын соларға арнады. Әбілхайыр адамдарынан сөз ұстаушы Дербісәлі сұлтан екен. Екі беті нарттай жанып, әрі түсіңкі қабағы да өздерінікі оңай-оспақ шаруа еместігін білдіргендей. Соңғы он жылдан астам уақытта бұл да едәуір өзгеріске ұшыраған. Екі беті нарттай жанғанмен толық кеудесі жер тартқандай төменшіктей беретін сияқты. Жасы ұлғайғандықтың белгісі. Тек замана ойыны ғана кәрілік, әлсіздік атаулыны ауыздықтап, іште бүгіп тұрғандай. Бұл өз баянын атышулы Барақ Тұрсынханұлын қаралаудан бастады. Орта жүз – қоңырат елінің және найманның, бұған қоса Кіші жүздің де біраз саяқ руларының билеушісі бұл сұлтан сонау «Аңырақай шайқасынан» соң Бұхара хандығының жеріне өтіп, ал 1732-жылы бері қайта көшіп, қазірде Есіл, Тобыл өзендерінің екі аралығында, Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтандармен қатар көшіп-қонуда еді. Тек Дербісәлі сұлтан Барақ туралы осындай деректерді бір төңкерді де ары қарай ол сұлтанның кәкір-шүкір қылықтарын көгендегі қозыша түгендеді. Әбілхайырдың соған орай жүйкелейтінін де ащы ішекше созғылады. Осы тұста шыдамсыздық еткен Жолбарыс: – Азуын айға білеген Әбілхайыр неменесіне шала бүлінеді? Ел іші болғасын анау-мынау лаңкес, сойқан адамдар бой көрсетпей тұра ма? Ондайлық бізде де бар. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын орыс керуенін тонаған Қойгелді Сарт баласына екі мың жылқы айып салынды емес пе? Ал сол Қойгелді орыс керуенін тонаған жалғыз мен емеспін деп, әлі күнге жалтаруда. Үш жүзге билігі жүреді дейтін Алтын Жәкем сол өз інісіне қайыру бере алмай ит әуре! – деді. – Дәл осы жайды есіме салғаныңыз үшін сізге мың да бір рахмет, хан ием! – деп Дербісәлі жүзіндегі қызылды одан әрі атойлата ырғалды. – Біздің, кіші ата баласының ханы Әбілхайырдың сізге салмақ бір қолқасы сол әйгілі батыр Қойгелдінің қыңыр езулігіне байланысты еді. Қойгелдінің өзіңіз атаған сот шешімін тәрік етуі анау іргелі ел – орыс патшалығының қазақ жұртшылығына қырғи қабақтануына соқтырып тұр емес пе? Осының бүгешігесін сізге әдемілеп сипатта деп тапсырып еді. Дербісәлінің мұнысы Жолбарыстың өз ішіндегі жанды жараға тырнақ салғандай еді. Оны сәл ауырсына Орынбор комиссиясының бастығы Василий Никитыч Татищевпен жазысқан хаттарды, ондағы орыс ұлығының аз-мұз наразылығына ұқсас ырғақ, сарындарды еске алды. Міне, өткен жаз айларынан бері ол хаттардың өздері де тыйылды. Бұл да көкірекке қаяу салмай қайтсін. (Әрине, өткен 1739-жылдың жазында В.Н.Татищев қызметтен босап, оның орнына Василий Алексеевич Урусов дейтін әскери адамның тағайындалғанын, оның Ұлы жүз ханымен хат жазысуда әзірге сақтық мәселесін ойлап бөгелуде екенін бұл Жолбарыс білмейтін). – Орыс патшасы біздің ел ішіндегі Қойгелді сияқты бір тентектің бас асаулығына орай тонын ауыстырып кимес! – деп, Дербісәлі алғашқы

райындағы қатқылдықты сәл жұмсарта даусын созды. – Тек құдайдың осы күнінде мұқым қазақ баласы мұң шағушы да, сары түктілер кесім айтушының тұғырында ғой. Анау-мынау арыз-мұңымыз үстінде осы Қойгелді сындылардың бұзақылығын сыныққа сылтау етіп, оқтау жұтқандай қақшиып, қасармасына кім кепіл? Тіпті бара-бара шиқанының аузы жарылмасын! Жолбарыс бас шұлғығасын Кіші жүз сұлтаны одан әрі жосылды. Барақ Тұрсынхан ұлының әуселесіне қайта соқты. Жолбарыс бұл жолы сөзге қыстырылмады. Ия, Барақ Қойгелді емес. Қойгелді атышулы батыр дегенмен Барақтың одан шоқтығы жоғары. Кешегі «Аңырақай шайқасында» аз ғана күшті басқарып, оны қолдан шығарып алып, «Жауды қара қашырды, батыр атақ Барақта қалды» деген сияқты хан баласына күйе жаққандай келісімсіз мақалдың тууы да беделін опырмады. Барақтың аты Барақ. Арғы атасы сонау Жәдік, одан бергілері Бөкей хан, Күшік сұлтандар. Әкесі Тұрсын хан сол Күшіктен туады. Ата-тегі жөнінде қай хан-сұлтанмен де жаға жыртысарлық. Әрі қарауында Орта және Кіші жүздердің көп рулары бар. Айтысқа, мейлі шайқас-тартысқа түссе де жол тауып шығар саңлаулары көп. Бұған құдай молынан дарытқан сұңғылалығын, шешендігін, көрегендігін, айлакерлігін қос. Ия, бұл оңай тентек емес. Әбілхайыр сосын да оған көп бетпе-бет бара қоймайды. Ия, қазақ хан-сұлтандары Өсек, Жәдіктен тараса Әбілхайырдың нашар ата-Өсектен, өзінің хандық билікүзілмеген Жәдік тұқымы екенін де Барақ екі сөзінің бірінде алға тартады. Ұлы хан Әбілмәмбет және Абылай сұлтандармен арақатынаста бүкіл Жәдік әулетінен, яғни өзінің ғана емес, Әбілхайырға қарасты елдер атынан да сөйлеуді ұят санамайды. Ол аздай орыс патшалығымен де сөйткісі келеді. Әбілхайыр ханмен жарыса бұл да Орынборға қарай бір хаттан соң бір хатты тоғытуда. Солардың ішіндегі ең маңыздысы 1735-жылдың соңындағысы еді. Өзінің туған ағасы, ол кезде Сайрам қаласының ханы атанған Күшікпен бірігіп, Орынбор ұлықтарына бізге қарасты руларды Ресей бодандығына өткізу үшін Орта жүзге арнайы елшілік жіберілсін деп хат жазбасы бар ма? Бұл хаттың дабысы талайға жетті. Әсіресе, қазақтардың өз ішінде қаулаған өсек тудырды. Барақтың өз басын жақсы білетіндер «бұл сұлтанның сары түктілерге еметайы езіліп тұрған жоқ, Әбілхайырмен бақталастығының сыртқа тепкені» деп бағаласты. Осы тектес сараптаулар Әбілхайырдың өз айналасында да шаң берді. Ал шаңды жел ұшырмай тұра ма? Тек Барақ пен Күшік өтінішіне Орынбор ұлықтары да аса елп еткен жоқ. Қазақ ішіндегі ырың-жырыңды олар да танығандай ұзын арқан, кең тұсауға салды. Осының бәрін тізбектегенде Дербісәлі су жорғаша шайқалды. Қасындағылары кейбір толықтырулар енгізді. Ол арқылы Дербісәлі баянының тіптен ажары ашылғандай. Ал Жолбарыс «апырау, мұның бәрін неге соншама езгілейді, әлде Бараққа байланысты да бір қолқасы бар ма, Қойгелді жөніндегісі дұрыс, ал Бараққа мұның қандай қатысы бар, тіпті оны көрмегеніне он жылдан асты емес пе, әлде ол Барақтың бір кезде осы Ташкентке таяу Сайрам қаласында хан атанған ағасы Күшікке тірелетін

мәселенің бір жағы бар ма» деген сауалдар ішін тессе де жағын қарыстырып бақты. Жаңа бір әзірде осы Әбілхайыр адамдарының келгенін естіп, өзіненөзі ағытылғанда үш-төрт мәрте тілінің ұшына оралған Сайрам қаласының атауын енді аузына құдай салған сөздей көре бастады. Ал уәзірлер мен күзет бастықтары Жолбарыстың ол толғанысын ойша қалай дамытты, одан бұл, әрине, хабарсыз. Бұл бас қосуда уәзірлерден сәл төменіректе Жолбарыстың ханымы да отыр еді. Ол өз қосағының болмысына қарсы беттен телміре мынау алшын тарланбоздарының қатты жүрісі оны да сең соққандай етпес пе екендей күдік білдіреді шамасы. Жоқ, әлде түнде көрген түсін отағасына баяндауға мұрша жоқтығына назаланғаны ма? Әлде екеуінің қосындысы ма? Жолбарыс хан әлдекімді сүзердей сопақ маңдайымен алға ұмсына көздерін ойнақшыта ханымға сазарғанда осындай сұрақтар кеудесіне қоса қадалды. Қырлы мұрнын, сақал-мұртын алақанымен бір сипап өтті де мынау ханымның түрінен байқағаным рас па дегендей оған қайтаүңілді. Ханымның манағыдай емес, сәл түзелген шашы демесең кіржиген қабағы, ұйқысы қанбағандай реңкі бар арық қараторы өңі бұрынғысынан да бұзыла бастағандай. Әлде түндегі түсінен шошып, бір жаманшылықты іші сезіп отыр ма? «Жарайды, мына алшындардың жыры тиянақталсын, сосын ханыммен сәл-пәл оңаша күбірлесуге уақыт табармын» деп шешті. Сосын Дербісәлі жаққа қайта құлақ тосты. Ас үстінде аздап жүзім суы – шарап ішілді. Ол кезде қазақ ақсүйектерінің арасында осындай алыстан ат арытып жеткен сыйлы қонақтармен шарап ішу дағдыға ене бастаған. Дербісәлінің жүзі одан сайын қызарды. Шабытына шабыт қосылды. Ендігісінде тістері мен тістері бірбіріне тие сақылдағанда тастақтағы тағалы аттың жүрісін еске саларлықтай. – Ол Барақ сұлтан «Аңырақай шайқасынан» соң іле-шала Бұхара хандығының жеріне өтіп,үш жылдай сонда омалды емес пе? Онда да қарап жатпай Бұхара ханы Әбілпейіздің санасын улап, Әбілхайырға қарсы айтақтап бақты. Әбілпейіздің санасының уланғаны соншалық көзі қарайып, өзінің шын жауы қай тараптан келерінен жаңылды. Өткен күзде Нәдір шах бассалғанда аяқ-қолын тыпырлатуға шамасы келмеді. Парсы елінің боданымыз деп, Әбілпейіз жылап-сықтап, Нәдірдің аяғына жығылды. Сөйтіп, оның құлына айналып қана жаны қалды. Міне, Барақтың алдап-арбауына түскендердің көресісі. Бұл қайғылы оқиғадан Жолбарыс хан хабардар. Тек Дербісәлінің осы сөздері тұсында мырс етіп күлуден өзін әзер сақтады. Себебі, Барақ сұлтанның Бұхара ханы Әбілпейізге тигізген әсерін Дербісәлінің осыншама қампитқаны бұған ерсі көрінген. – Бұл Нәдір шах түрікменнің апшар тайпасынан тарайды, – деп Дербісәлі өз баянын одан әрі созды. – Тумысынан ашқарақ, бірін қылғытса екіншісіне бірден тәбеті ашылатын нағыз айдаћардың өзі екен. Әбілпейізді екі бүктеп астына салғасын Хиуаға тап берді. Ал Хиуаның ханы өзіңіз аттас Жолбарыс хан ғой. Оның кім екенін өзіңіз білесіз. Ол сізге де, Әбілхайырға да іні. Амалым қанша, сөздің ең ауырына келе жатырмын. Осы Жолбарысты,

өз туыстарыңызды Хиуа ханының тағына қонжитуүшін Әбілхайыр қаншама тер төкті? Одан бұрын да Хиуаны қазақ хандығына бұруүшін не істемеді? Сонау жылдары Хиуаның солқылдақ ханы Серғазы өлгесін Әбілхайырдың беделі арқасында ол орынға өздеріңізге аға Тоқтамыс сұлтанның баласы Мамай сұлтан отырды емес пе? Бірақ ол алты-ақ күн хандық құрып, аттан құлап өлді. Сосын Әбілхайыр ол таққа әз Тәукенің мұрагері Қайып ханның өзіңіз жақсы білетін баласы Батыр сұлтанды отырғызды. Бұл Батыр сұлтан Әбілхайырға да, сізге де күйеу бала есепті еді ғой. Бірақ әкеге тартып ұл туа бере ме? Бұл да сондағы ақсүйектердің көңлінен шықпай басына қатер төнгесін қашып құтылды. Бұл оқиға Әбілхайыр ханға оңай тисін бе? Ол тіпті Хиуа хандығынан біржолаүмітүзуді де көздеді. Бірақ Әбілхайырдың Хиуа өзбектері мен түрікмен-маңғыттарының алдындағы беделінде шек жоқ еді. Олар Әбілхайырмен жұп жазыспақ емес. Сосын да сондағы ең атақты Ешмұхамед би мен Жұмағали аталық дегендер осы сіздерге туыс, сіз аттас Жолбарысты Әбілхайыр хан иемнен жалбарынып сұрап алды. Бұл Жолбарыс өзіне дейінгі Серғазы, Мамай, Батыр дегендерге мүлдем ұқсамай Хиуа хандығын дөңгелетіп-ақ әкетті емес пе? Нәдір шах ел шетіне басып кіргенде өзбектер мен түрікмен-маңғыттарды тік көтеріп қарсы қойды. Қырғын шайқас өршіді, бірақ амал не, хан ием, өткен күзде, қарашаның соңында Нәдір шахүстем шығып, Жолбарыс ханды жиырма әмірші-уәзірлерімен қоса дарға асты. – Аћ! – дегенде Жолбарыстың аузынан жалын атты. Ташкент ханы мына хабарды әлі естімеген еді. Дербісәлі енді ғана саябырлап, алақанының сыртына бетін басып, көз жасын құрғатқансыды. Бұл қайғылы хабар бәрін дүр сілкіндіргенмен осындағы бір адамға ғана жайлы тигендей. Ол Жолбарыстың ханымы еді. Ол түнде көрген түсін осы хабармен байланыстырып, бір жамандықтың өз отбасынан айналып өткеніне балады. Дербісәлі баяны осы тұста сүт пісірімдей уақытқаүзілді. Жолбарыс хан, басқалар Хиуа ханы Жолбарысқа беттерін сипап, іштерінен дұға қылысты. Бұдан арғыны Дербісәлі аз сөзге көп хикаятты сиғыза қысқаша түсіндірді. Хиуа ханы Жолбарысты құртқасын Нәдір шах оның орнына өзіне құлақ кесті құл есебіндегі Әбілпейіздің немере інісі Тахирді қонжитыпты. Бұл да мансап күтіп зарыққанның өзі екен, құйрығы таққа тиісімен қандыкөзденіп, Иран мен Ирактағы парсылар арасында кең тараған шииттік рәсімдерді күшпен енгізе бастайды. Міне, биыл, осыдан жиырма күндей бұрын, наурыз айының орта шенінде өзбек ақсүйек-әміршілері бас көтеріп, Тахирді қуып шығып, Әбілхайырға елші салып, өздеріне қорған болуды өтініпті. – Ол ғана емес, – деп Дербісәлі сұлтан әңгіменің мына тұсына Жолбарыстың назарын ерекше аударды. – Сол Әбілхайырға Хиуа өзбектерінен елші келген күндерде бір орыс жүргіншісі ұсталды. Ол өзі жай жүргінші рәуішті емес еді, сосын да оны Әбілхайырдың өзі сұраққа алды. Сөйтсе оның қалтасында осындағы бір жер өлшеуші орыстың Орынбор ұлығына жазған хаты бар екен. Ал хатта не айтылған дейсіз ғой. Жер өлшеуші орыс Нәдір шахтың қолбасыларының бірімен ауызба-ауыз сөйлесіп, олардың Сырдарияның бойына жетіп, Түркістан мен Ташкентті қоса қабат

бағындырмақ пиғылын ұғыпты. Ал, ендеше! Сосын біздің Әбілхайыр хан не істесін? Әлгі орыс жүргіншісін табанда босатып қоя берді. Себебі, Орынбордағы орыс ұлықтарының да бұл жайды естігені жөн ғой. Оның соңынан өз елшісін және жөнелтті. Орыстардан әскер сұрады, Жанкент қаласының орнына таяу жерден бекініс-қала салуды және Түркістан, Ташкент айналасындағы елдерді ортақ жауға қарсы жұмылдыруға болысуды өтінді. Үлкен атаның балалары, Ұлы жүз халқы төбесіне моншақ етіп көтерген хан ием, Әбілхайырдың сізге де базынасы осындай. Нәдір шах ортақ жау! Қолынан келгенше әскер құрап, алдағы мамыр-маусымда Түркістан қаласының маңынан табылсын дейді. Хақ тағала мұндай істі хош көрері ақиқат! Бұдан әрі көп сөз өрбімеді. Жолбарыс хан әңгіме барысында әлгі жалайыр-балғалылар көсемі Жарықбас Есентүгел жайын сұрамақ еді, оны мынадай сұмдықтардан соң ұмытып та кетті. Тек қонақтарға жайлы орын дайындалсын деп бұйрық берді. Мұнысы «жауап мәселесін ойланайық» дегені еді. Шындығында бұл Төле бидің келуін күтпекші. Қонақтар сыртқа қотарылып, Жолбарыс хан өз адамдарымен оңашаланғасын аузына су толтырғандай қайта томырылды. Иығынан ауыр жүк түскендей болған қараторы өңді бойшаң ханым орнынан ширақ көтерілді де осы мешіт маңындағы қабырғалары құйма балшықтан соғылған, төбесі қамыспен жабылған, бір ғана терезесі бар шағынүйде сығылысқан өз бала-шағасына кетті.

* * * Түс ауа манағы ақ шалмалы сәлемші атаған шаћарлықтардың сөз ұстарлары келді. Өңкей сәнді киінген, жүздерінде мейір-шапағат дегендерің алтын-жаућардан әрмен сәуле төгетін ығай-сығайлар екен. Бұларды да Ұлы жүз ханы дастархан басында қарсы алды. Шаћарлық ақсүйектер ханға сыйымыз деп, түкті кілем, алтын жіппен зерлеген тақия, кемер белдік, қаптамалы шапан, қыш ыдыстар әкеліпті. Ханымға арнаған бешпет, көйлектері де бар. Бірақ өз қосағы жайында көңлі тынышталған ханым балашағасының әуселесімен кетсе керек, мұнда әзірге бас сұқпады. Мұның сыртында естен тандырарлықтай сұлу хор қыздарының суретімен әшекейленген, ер адам екі қолдап әрең көтеретінүлкен қыш құмыраға толтырылған жүзім шарабы да бар екен. Шаћар елшілігінің басшысы – көздері ойнақшып, сап-сары тістерін жалаңаштай ыржиып күле беретін, қапқара сақал-мұртты қақсал кісі бұл соңғы сыйлықты ерекше ылтипатпен ұсынды. Жолбарыс хан бұл шараптан ішуге жүрексініп, сәл-пәл тартынып еді. Елшілік басшысы көздерін одан әрмен ойнақшытып, сап-сары тістерін одан әрмен жалаңаштай қарқ-қарқ күлді де қыш құмыраны еңкейте бір кесеге толтыра шарап құйып, қылқылдата түбіне дейін жұтты. Қасындағы адамдарына да сөйтіп бір-бір кеседен ішкізді. Жолбарыс сосын ғана тәуекел етті. Елшілік басшысы отырған орнында теңселіп, көзін жұмып, әндетіп сөйлейтін, көмекейі кең нағыз сарнауықтың өзі екен. Манағы ақ шалмалы

сәлемшінің айтқандарын әлдеқайда кеңейтіп, Мұхамед пайғамбарүмбеттерінің намысы аяққа тапталып, қалмақтардың қуыршақ құдайы өздеріне тырнақ батыра бастағанын аңыратқанда қазақтың қара шанақты қобызы жолда қалатындай. Жолбарыс ханға өзбектер әкелген шараптың дәмі ұнаған. Тек бір бие сауымындай уақыттан кейін жаман ұйқысы келді. – Хан ием әбден шаршаған екен. Жарайды, біз әзірше тыныштық берейік. Осы маңда қосалқы шаруамыз бар еді, соны тындырып, бұл кісі бас көтерді-ау дегенде қайта соғайық. Себебі, біз хан иемнің жауап сөзін әлі естігеміз жоқ қой! – деп, елшілік басшысы енді көздерін емес, қабақ, маңдай терісін онда-мұнда жүйткітті. Түрінде дағдарыс, реніш нышандары қара көлеңкешеүймелеген. Жолбарыс сол ұйқыдан оянбады. Бұл ұйқы емес, Ұлы жүз ханына ажал сағатының соққаны кешкілік сам жамырағанда анықталды. Ханымның аш өзегін жарған ащы даусы Ташкент шаћарыныңүстінде жұлдыздары ендіенді жымыңдаған аспанды қақ айырды. Төле би ертеңіне түс ауа жетті де бүкіл қала тізгінін уысқа қысты. Кеше хан алдына шаћарлықтар елшісіміз деп келгендермен болған әңгімеге қатысқан уәзірлер, күзет бастықтары – бәрін аяқтарынан тік тұрғызып, әрқайсысына оннан, жиырмадан қарулы сарбаз беріп, сол келгендердің қайсысын болмасын тауып, кісендеп, алдыма әкеліңдер деп бұйырды. Тек олар қаланың іші-сыртын аласұрып кезгенмен ешқайсысын таппады. Бәрі құр қол қайтты. Осындай тағы бір ұлы қазаны ала келгендей қолайсыз жағдайға ұшыраған Дербісәлі сұлтан бастаған Әбілхайыр адамдары көздерінен сорасы аққан көп жылаулар қатарына қосылғаннан басқа амал таппады. Төле би оларды әңгімеге өзі шақырды. Дербісәлі арқасына екі пұт тұз артқандай алғашқыда зорлана сөйледі. Тек Төле бидің мұқият ден қойған ықыласын таныған соң ғана бірте-бірте аяқ-қолы жазылып, өзінің кәдуілгі жол жорғасын тапты. Әнеукүнгі Жолбарыс хан Абдоллаұлы алдындағы жырын әдемілеп, бабына келтіріп қайта уілдетті. Ия, бұл жыр Төле биді одан әрмен ширықтырды. Бұл уақытта Ұлы жүз ханы Жолбарыстың мәйітін сонау Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне апарып жерлеуүшін қажетті әзірліктің бәрі аяқталып қалған. Ұлы жүздің барлық руларының басшылары хан қазасына қатысуға сол Түркістанға шақырылған. Енді аялдайтын ештеме жоқ, ұланасыр салқар көш болып дүрк қозғалғанда көше-көшелерде Ташкент тұрғындарының көлдеткен көз жастары осы шаћарды жанамалай ағатын өзен суларынан бір былай еместей. Кейбірі күштеп келтірілген, кейбірі өз аяғымен, жай қызықүшін шыққан баршаның бет-жүздерінде Жолбарыс ханға деген аяушылық тайға таңба басқандай айқын еді. Төле би Әбілхайыр хан өтінішіне жауапты сол алаш баласының рухани астанасында,үйсін елінің сорпа бетіне шығарларының төрт көзі түгелде берерміз деп шешкен. Өйтпеске амал кәне, осыдан он жылдай бұрын ұлы хан Болаттың, былтыр Хиуадағы Жолбарыс ханның, енді міне, мына Ташкенттегі

Жолбарыстың – бәрінің кісі қолынан өлім құшуы Төле бидей қара еменнен берік адамның да қабырғасын сөкті емес пе? Көзінің алдын тұман басты емес пе? Өзімше ақыл табам деп, адаспауына кім кепілдік береді? Ташкент пен Түркістан арасы мынадайүлкен шеруүшінүш күншілік жол. Осы екі аралықта Төле Дербісәлі мен оған ергендердіүнемі қасында ұстады. Ой, бұлардың гөй-гөйіне құлағының құрышы қанды-ау! Әбілхайыр хан айналасы барлық көкжиегімен, ішкі иірімдерімен, ішек қырындысымен мұның көз алдында көлбеңдеді. Қаратаудың өне бойында, әлгі шөбі шүйгін, суы бал, аң мен құсы садақ жебесіне өзі кеп ілігетін Жолбарысқамал сияқты қуыс-қуыстарында қалмақтар орныққан. Сөйтіп, қазақтардың желкелігіне мініп, саптыаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған сипатта еді. Жолай қазақ руларының көсемдері ғана емес, сол Қаратау қойнауларындағы қалмақтардың да біршама нояндары аз-мұз нөкерлерімен осы шеруге ілесті. Себебі, Жолбарыс ханның қазасы оларүшін де өзек өртер өкініш еді.

ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ

Бүгінгі салбурынның жөні бөлек. Енді қалай, қазақтың ұлы ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан жиырмашақты ығай-сығайды желіктіріп, қоса көтерді. Олардың сыртында жүз қаралы төлеңгіттер сұлу сәйгүліктерін ары-бері ойқастатып, Сілеті өзеніненүш-төрт шақырымдай қашықтықтағы осы бір ұсақ шоқылы кеңістікті тіптен қан базарға айналдырған. Бәрі де хан мен сұлтан жүздеріндегі жаймашуақ ақжарқын реңді байқап, жас төлдерше есіреді, шамасы. Шілденің алғашқы жұлдыздарының бірі, жаз көбіне ашық, ылғалсыз болғасын да күн арқан бойы ғана көтерілген осы ертеңгілік шақта да дағдылы ми қайнатар ыстық өзінің аяқ басысынан хабардар етіп, жұрттың арқа, маңдай сияқтыларын қыздыра бастаған. Жаз жауынсыз да, көктем керісінше толассыз жаңбырға әбден тойдырғандықтан бұл өңірдің бетегесі мен селеуі бітік шыққан. Онда-мұнда топ-тобымен шоғырланған бұта, итмұрын, талдар да тұтасқан жапырақтарын күннің сәулесіне шомылдырып, ынтымағы жарасқан жанды бейнелерге ұқсайды. Әзірге аттар да тың, тізгінге оңай көніп, олай-бұлай жұлқынған олардың мінезіне көңілдері көнши ме, ерүстіндегілердің бәрінің дерлік екі езулері құлақтарында. Орынды-орынсызүзеңгілі аяқтарын қаққылап, көп көздердің алдында найзағайдай атылып, қилы өнер көрсетеді. Мұнда кім жоқ дейсің? Бапкер құсбегілер де, саңлақ саятшылар да, құралайды көзге атқан мергендер де, қашқан қасқыр, не түлкіні алдан орап қайыратын әуесқой аң қағушылар да, түз қызығы десе ішкен асын жерге қояр елгезек атшы, қосшылар да жыртылып-айрылады. Олардың неше алуаны жасы, кәрісі – бәрі аралас. Тіпті елу-алпыстан асқандарының өздері кәрілікті мазақ етіп, аттарын құйғытқанда тап бір аналарынан жаңа туғандай бал-бұл жанады. Беттеріндегі әжім талшықтары сәулеленіп, адамдағы көңіл-күй

дегенің не хикметтің де із-тозын қалдырмай жуып-шайып кетеріне қосымша айғақтай. Жуып-шаяры өз алдына, тіпті сол әжім талшықтарына бәз біреулер іздегінін жаңа тапқандай жұтына қарайтынын қайтерсің. Иә, Сілеті өзеніне таяу осы кеңістіктегі мынау қара-құра салбурыннан гөрі асқа-тойға аттанған, желігі мен масаңы кемерінен асқан шоғырға көбірек ұқсайды. Сілетінің тап осы тұсынан түу шығысқа тартсаң Қоянды тауына, одан әріректе Өлеңті, Шідерті өзендерінің жағалауларына тірелесің. Ал түу батысында Бурабайдың сыңсыған орманы, түстігінде Есіл өңірі. Бұл аралықтың бәрі мына саятшыларға атажұрттай таныс та, ыстық. Сосын да бұлар есірмей қайтсін. Тек теріскейге көп ұзап кетпе. Онда Ертістің ми батпақты, көлшікті, тоғайлы жазығына ұрынасың. Абылай сұлтан астындағы салқы төс, түйдек жалды, аққұла атының тізгінін қатты тартып еді, жануар тас қабырғаға соғылғандай төрт тағандай кілт тоқтады. Оң қолына қондырылған қылыш тұмсық, кесек қауырсынды бүркіті де мұны күтпеген екен, етпетінен түсердей иіліп барып, тек қанатын жазыпүлгергендіктен ғана қайта бой түзеді. Қатар қозғалған Әбілмәмбет хан озып барып, ол да атын тежеп, сұлтанға күрт бұрылғанда оның сілке көтерген қабағынан қосалқы бір жайларды аңғарғандай. Жалпы бұл ұлы хан өзіне іні сұлтанның оқыс мінездеріне әлдеқашан-ақ бойүйреткен. Тек мына жолғысының мәні не дегендей ғана оған көз еттерін ауырта сүзілді. Мұның да құсы бар. Бұл да Абылай қолындағы қылыш тұмсыққа ұқсап, қанатын кең жая жалп-жұлп етті. Әбілмәмбеттің қазіргі байқағаны Абылай сұлтан қабағын көтеріп, жақ сүйегінің шығыңқы ұштарын одан сайын қатуландырып, сол өздері тұрған аймақтың шығысы, батысы, түстігі біздікі, ал теріскейге, сонау Ертіс жазығына қарай неге аяқ баса алмаймыз деген сұрауға байланып алабұртқандай. Сырмінез жандар бір-бірінің іштегісін де алақандағы жазудай таниды ғой. Бұл күнде жасы жиырма тоғызда, адам ретінде әбден қалыптасқан, ақыл мен күш-қуаты толысқан, тек сол қалыптасқан мен толысқанның бәрі іште сығымдалып, ұсталар жиған оқ-дәріше тарс атылатын шақты тілегендей буырқана ма? Сол іште буырқанған күш сұлтанның көздерін, ынта-ықыласын онда-мұнда жұлқылай ма? Әбілмәмбет атақты Болат ханның баласы бола тұра көл-көсір ақылдың иесі емес. Тек мына сұлтанның әртүрлі жағдаяттарға көзқарасы, сөз саптаулары мұның ішкі зердесін темір кездікпен түртіп оятқандай болушы еді. Сөйтіп, соңғы он жылда Абылай сұлтан Әбілмәмбеттің көп нәрсеге көзін ашқан, сөйтіп, бұл да біраз деңгейге көтерілген. Тіпті өткендегі ұлы хан – әке тәрбиесіндегі жылдар да мына өзінен көп кіші сұлтанмен қосақтасқан жылдармен салыстырғанда ол жағынан ояздау. – Абылай жаным, құсың бір мінез шығарды ма, сен тоқтағанға біз де тоқтаймыз деп, аттың жалын құша жаздадық қой! – Әбілмәмбет осыны айтты да алдымен сұлтанға қадалып, сосын оның томағалы құсын көзімен тез сүйкеп өтіп, қайта өзінеүңілді. Абылайдың бүркіті оның биялай киген оң қолына қондырылған. Одан төмен ердің қамшылар жақ алдыңғы қапталындағы шеттікке бекітілген балдақ. Құсбегінің білегі соған сүйеулі.

Әдеттегідей ағаштан емес, таутекенің мүйізінен жасалғасын күнге жылтыраған сол балдақтың өзінде бір әсемдік бар. Ал сұлтанның өз басына тартқан түсі оңық сарғыш бөз орамалының екі ұшы оң жақ самайынан төмен құлаған. Үстіндегісі белін жалпақ қайыс белбеумен тас қып буған қысқа жеңді, қос өңірі жіңішке ою-өрнекті, көкшіл қыжым шапан, кең балақ, ол да аздаған ою-өрнекті былғары шалбар. Күмісүзеңгідегі саптама етікті аяғының ұшы шалбар балағының астынан әрең көрінеді. Сөйтсе де сұлтанның киімдері өзіне тар сияқты, егер бұл күші тасыған сәттерде келтек ағаштай бар ірі сүйектері мен бұлшық еттерін ойнатып берсе бәрі тігісінен сөгіліп түсердей. Қияпатындағы қайраулы пышақ іспеттес кескін, жіті назар, сауысқандай сақтық, тағы басқа белгілер сол жағын әсем қиыстырып, көрер көзге айқын жеткізетіндей. Әбілмәмбет хан осы сұлтанға көңлі ауған сайын киген киімдері ғана емес, мынау кең дүние де тарлық ететіндей пішінін танып, осыншама ірілік, жойдасыздық бұл сұлтанға қай құдайдың жомарттығымен дарығанына бойлай алмай қибыжықтайтын. Хан мен сұлтан қасында тап осы аралықта ең жақын қозғалған Олжабай батыр, Қаздауысты Қазыбек бидің баласы Бекболат, осы Бекболатпен туыстас Шобалай баласы Жәнке батыр, жалайыр Өтеген батыр еді. Бұлармен құйысқан тістескен екінші топтың ішінде Бұқар жыраудың да сұлбасы шақырайған күн астында жарқ-жұрқ етеді. Бұқар әлденені айта бастағанда Әбілмәмбет ханның Абылай сұлтанға қойған сауалын естіп, бұл да қасындағыларымен қоса атын іркіп, құлағын едірейтті. Бірақ Абылай сұлтан жұртты салғыртты да қойды. Тіпті сұрақ қоюшы ұлы хан Әбілмәмбеттің өзі екенін де пәруәйіне ілмегендей. Бұлардан шеткерірек қозғалған, сыптығыр қара жас жігіт, арғынның қаракесегінен шыққан құсбегі Құлнияз қолындағы бүркітін жалп-жұлп еткізіп, тәует бас атын хан мен сұлтанға бұра кимелей саудырады: – Сұлтан ием, сіз жаңа ғана Жалайыр Шора хақында тағы бір әңгімені тыңдамақ едіңіз ғой. Сөзіміз бөлініп кетті. Бұған Қазыбек баласы Бекболат қарсы өзеуреді: – Әй, шырағым, Жалайыр Шора құсбегі туралы жырдың өз кезегі бар. Әуелі, жырдан гөрі істі қаузайық та. Алдымен өзіңе келейік. Осындағы құс біткеннің тілін ұққан сұңғыла деп сені әуелетіміз. Сөйте тұра сенің мына хан мен сұлтанға таңдаған құстарыңның нарқы төмен ғой. Әсіресе, Абылай сұлтандікі қарын ашырарлықтай. – Пәле! – деп, Құлнияз тарс атылған мылтықша саңқ етті. – Хан иемдікі Өр Алтай тауының ақиығы. Нағыз қыран деп, осыны ардақтайды. Ал сұлтан иемдікі Ұлытау құсы. Қылыш тұмсығына қарасаңдаршы. Әңгіме тұмсықта емес аяқта десек, әне сан бұлшығы тұтам төрт елі, әрі қысқалау, шоқпар санды, бұл деген не, бұл деген әлділіктің белгісі. Жіліншігі де сіңірлі, саусақтары алшақ-алшақ. Қасқырға түссе жон арқасын екі айырып жіберуге бар. Бүркіт атаулының көп сипаты көзінде тұрады. Томағасы сыпырылған сәтте сұлтан иемнің құсына дұрыстап назар салыңдаршы. Көз жанарынан сағым аунап, түбінен миы көрінген дейтін қазақтың ескі сөзі бар емес пе? Міне, тап сондай ақ шегір қанды көздің өзі.

Құлнияздың сипаттамасы таусылғанда көп аттылар екі қапталдан садақша иіліп кеп, хан мен сұлтан шоғырын қоршауға ала бастап еді. Бәрі де сұлтан бір мағналы сөз айтады деп дәмеленгендей. Соны сезген сұлтан қалайда аузынан бір леп шығарып, баршаның сабыр суын басқысы келді: – Жоқ, хан ием, құсым ешқандай мінез шығарған жоқ, қайта бұл қазақ неге мінезсіз деп, бұл қанатты неме өзімді сөгетін сияқты. – Осыны айтты да ханға бұрыла ыржия күлді. Сұлтан жүзіндегі мұндай күлкі сирек қатынайтын қонақ. Сосын да қызық іздеген жігіттер сұлтанның жауабын соншама бір жан жадыратар әзілге балап, қарқылдай күлісті. Тіпті кейбіреулері ерүстінен ауып түсе жаздады. Бұлар тағы қозғалды. Құлнияз жай құсбегі емес, жаңа Бекболат Қазыбекұлы айтқандай осы кәсіптің білгірі, арғы-бергі саятшылар хақында іште тоқығаны көп, құйма құлақ жас. Мұндай өнер жеті атасынанүзілмей жеткенін мақтан етеді. Кейде сонысын іс жүзінде дәлелдеуге құштарлана ма, асығып-үсігіп, күйгелектеніп, сөздің асылы мен жасығын араластырып алады. Қалайда жасығынан асылы басым. Абылай сұлтан оның осы жағын танып, қасына ерткен. Ханға да, бұған да құс таңдауда Құлнияз көп әбігерленген. Хан Құлнияз нұсқаған Өр Алтай ақиығына құлаған. Ал Абылай сұлтан сәл басқаша. Құлнияз тілдің майын тамызып, әсірелеген неше алуан қанаттының ішінен осы Ұлытау құсы аталатын қылыштұмсыққа пейіл берді. Затынан гөрі аты көбірек ұнаған. Ұлытау деген не? Ол Абылай сұлтан көкірегіндегі қыл ішек тәрізді. Саусақ тигізсең ызыңдай береді. Саусақ емес, сәл самал жел ессе де әрқилы күйге басады. Осы соңғы он жылдың ішінде Абылай Бұқар жырауды, топ жарған шешендерді, өзге де көне көздерді ілестіріп, сол Сарыарқаның оңтүстік-батыс бөлігіндегі Ұлытауды, оның маңындағы ұлан-асыр кеңістікті екі мәрте кезіп қайтқан. Оның сыртында да ары-бері сапарүстінде бірнеше рет ат тұяғын тигізген. Соның бәрінде де сол өңірдегі Қараторғай, Сарыторғай, Ұлы Жыланшық, Қаракеңгір, Жезді өзендерінің жағалауларындаүшқат пен тобылғының, арша мен жусанның мұрын жаратын исіне бөгіп, осы өңірдің тарихына қатысты талай хикаяттарға ден қойған. Атасу, Қарқаралы, Беғазы, Едіге тауларындағы тас мүсіндерге тауап еткен. Бала кезінде Хантау, Қаратау сияқты атажұрт орындары іштегі қылқобызын қалай боздатса мұндағы тас мүсіндер ендігі есейген шағына сәйкес мәселенің одан да терең тұңғиығына әкеткен. Тұңғиық түбіндегі көп қыртыстарды балтамен шауып, одан әрідегісіне бойлатардай әлемнің шексіздігіне парапар бір белгісіздік дүниесі қауіп-қатерді қоса ойлатқандай. Ұлытаудағы көп дөңестерде бедірейген тас мүсіндер бағзы заманғы, бергі заманғы деп бөлініп те жатады. Шежірешілер оларды арғы түркі, бергі қыпшақ дәуіріндегісі деп, ашып-айыра жіктейді. Арғыларында көбіне төрт бұрышты тас шарбақтың күншығыс шетінде бой түзеген, бес қаруы сай көсем, қолбасы, батыр пішінінде көрінеді. Бәрінде дерлік қылыш, қанжар, жорық белбеуімен бірге құты-сауыт қоса жапсырылған. Адам мүсінді кішкене тастар-балбалдар қарсы алдарында жыпырлай ұйлығысқан. Кейбірінде бұл балбал тастар санап тауысқысыз. Бергі қыпшақ дәуіріндегісі де ішінара құты-сауытпен қоса өрілсе де бейқұтшылық күнге бір табан

жақындау, сірә. Мұнда айдарлы, ұзын мұртты, бөрте сақалды ерлермен қабат еш бұйымсыз өз түр-сипатымен қашалған, жас мөлшері әрқилы әйелдер мүсіні де көздің жауын аларлық. Төгілген бұрымдары, омырауларындағы алқалары қандай келісті десеңші. Ал кейбір нобайы ғана сақталған, олпысолпылылау, дөрекілеу мүсіндердің өзінде адамның бет әлпеті, кеуде тұсы сияқтыларында тартымдылық, биязылық ұялаған. Міне, Абылай сұлтан солардың әрқайсысына қаншамадан телмірді десеңші. Кейде кішкентай бір мүсіннің өзі сұлтанды өз қасында сүт пісірім, немесе, бие сауымындай жіпсіз матайтынын қайтерсің. Әрі, Бұқар жырау, басқа да жақ жоқ жыршы, шешендердің төкпесін қос құлағы арқылы көкірегіне құяды. Атшы-қосшылар мұндайда зеріксе Абылай сұлтанға көргені мен естігенін ой елегінен өткізуге уақыт жетпейді. Сардаладағы күн мен түн бөлшектері бірін-бірі бастырмалатып, зуылдап өтіп, қол ұшына тимей кетіп жатады.

* * * Абылай сұлтанның бір қасиеті бір мезетте бірнеше адаммен әртүрлі тақырыпта сөйлесе алады, әрі бір мезетте өз басында бірнеше мәселені пісіріп, шешімін табады. Осылайша көрген, естігендердің әсерімен қабат Ұлытау аңыздары мен осындағы бір тауға есіме телінген Едіге төңірегіндегі жыр-дастандарды көкірегінде күмбірлетеді. Соларды топтап, әттең, өткеніне қарасаң Ұлытау қазақ жұртының кіндік ортасына лайық мекен екен-ау деп, өзегін өрт шалады. Ал Едіге хақындағылар қиялын одан әрі шарықтатады. Ол қиял алпыс екі ғаламды кезіп-кезіп, ұясына қайта қонады да «апырау, осыншама іс-әрекет бір адамның өміріне қалай сыйысқан» деген сауалды бөренедей етіп, қарсы алдына серейтеді. Мынау су жұқпас жыраулар, көненің құрсауларын қолындағы ескі киімнің тігісіндей сөгетін шежірешілер не дейді? Олардың әуеніне бақсаң ежелгі маңғыт әулетінің ұрпағы, Қаратаудаңы Құмкент қаласының әміршісі, Құтлу-Қабаның баласы Едігенің көз ашып, ес білгендегі алғаш көңілге түйгені Алтын Орда аталатын Жошы ұлысынан Ақ Орданың бөліну машақаты еді. Алайда, бұл мәселені әр сұңғыла әртүрлі екшейді. Олардың баянындағы басты ерекшелік оқиға қиыстырудағы, Едігенің шыққан тегін қазбалаудағы сәйкессіздік. Едігенің кім екені мұхит түбіндегі жақұттай мың құбылады. Бірі Едігенің әкесі Құтлу-Қаба емес, Темір-Мәлік дейтін ханның ең беделді билерінің бірі – Балташық деп соғады. Ал «Қырымның қырық батырын» аңыратушылар Едігенің әкесі Тоқтамыс ордасындағы әйгілі қарт құсбегі Құтты-Қия деп, тыңдаушысын және ұйытады. Ал ертегі-аңыздардың шебері – қария кісілер таңғажайып жайларды көлденең тартады. Ескі заманда Баба Омар деген әулие өмір сүріпті. Ал оның Баба Түкті Шашты Әзіз деген баласы әулиелік жағынан өз әкесінен асып түсіпті. Бірде осы Баба Түкті Шашты Әзіз әулиелік қылып, жер-жерді кезіп жүргенде Ағұн дариясының жағасында алтын шашын тарап, ай мен күндей көз қарықтырған перінің сұлу қызын көреді. Баба Түкті Шашты Әзіз бұған аса таңырқамайды. Осылай боларын әулиелікпен алдын-ала сезсе керек. Ақыры, екеуі бірін-бірі

ұнатысып, некелеседі. Міне, Едіге осы перінің қызынан туыпты деп сендіреді. Тағы бір білгіштердің Едігенің түп-тұқиянын атақты төрт шадиярдың бірі Әбубәкірге, тіпті Мұхамед пайғамбардың өзіне апарып тірейтінін қайтерсің. Сөйте тұра, Едігенің ес білгеннен кейінгі тірлігі баршасында өзара ұқсастықпен өріледі. Алтын Ордадан Ақ Орда оңайшылықпен бөліне қойған жоқ еді. Іштей қырқыс талай түмендерді жұтты. Талай қолбасылар оқтан, не ауыр құсадан өлді. Ақ Орда өз алдына шаңырақ көтергесін де бұл қырқыс бәсеңдемеді. Міне, Едіге осы Ақ Орданы жеке-дара билеген Орыс ханнан бас сауғалап, Самарқандағы Ақсақ Темір құзырына жөнелді. Осы Орыс хан десе Абылай сұлтанның бүйрегінің бүлк ететіні және бар. Енді қалай? Атасы Төле бидің, басқалардың ырғауынша қазақ жұртының өз алдына ел атануына осы Орыс хан мен оның балалары Жәнібек, Керей хандар мұрындық болмап па еді? Бұл жайын Төле би «Аңырақай шайқасы» аяқталғанда, сонау Қордай асуында,үш жүздің басы қосылған ұлы жиында жайқалтып қалай айшықтап еді. Әсіресе, Жәнібек пен Керей арасындағы достыққа аузының суы құрып тамсанып еді ғой. Кейінгі бір отырыстарда Төле би ол екеуінің ауызбіршілігін сыпаттауға Жиренше шешеннің тілі жетпей мүдірген екен деп салды емес пе? Міне, сөйткен Жәнібек пен Керейдің әкелері Орыс ханнан Едіге қашты екен деп, екі қошқардың бірінің мүйізін алтынға, екіншісінікін қу ағашқа балайтын сыңарезулік Абылайүшін жат мінез. Әр заманның өз жықпылдары, жеке адамның, мейлі, ол мың жерден данышпан көрінсін, еркіне бағынбас себеп пен салдар дейтіндердің боларын бұл әлдеқашан-ақ ұғынған. Сосын да ол әр құбылысты жердегі кәкір-шүкірден көп биікте тұрып бақылауға дағдыланған. Орыс хан мен Едіге оқиғасына да сол биіктен қарайды. Міне, Едіге Самарқанда жүріп, ол да сол Орыс ханнан бас сауғалаған, әлгі Алтын Орданың бұрынғы билеушісі, Жошы ұрпағы Тоқтамыспен достасады. Едіге мен Тоқтамыс! Бұл екеуінің достасуы, жауығуы қазақ жыршыларының неше заманғы ұрпақтары жырлап тауыспаған, шексіз де түпсіз құбылыс. Әйгілі «Мың бір түн» оқиғаларынан бір былай емес. Самарқанда Едігенің Тоқтамыспен достасқаны соншалық – екеуі бірігіп, Орыс ханға қарсы соғыс ашып, ақыры Тоқтамыс Алтын Орданың тағына қайта қонжияды. Алайда, отта шыңдалған бұл достықтың құйрығы тым шолақ екен. Едіге тап осы тұста Тоқтамыстан сырт айналып, әлгі Орыс ханның немересі Темір Құтлық дейтінмен бірігіп, Ақсақ Темірге қайта жалт берді. Едіге тарих-намасындағы ең күрделі жағдай осы. Себебі, Ақсақ Темір Орыс ханның да, Алтын Орданы одан тартып алған Тоқтамыстың да, тіпті олардың ғана емес, осы Алтын Орда мемлекеттігінің де ымырасыз қас дұшпаны еді. Темір Құтлық әке жағынан Орыс ханға немере де шеше жағынан Едігемен немере ағайынды еді. Бұл екеуі ақыры өз дегендеріне жетті. Ақсақ Темір ұлы қолбасшы ғана емес, ұлы саясаткер де еді. Қалайда, Едіге мен Темір Құтлықты ұзын арқан, кең тұсаумен өз ықпалында ұстаймын деп, бұлардың Алтын Орда билігін иемденуіне жәрдемдесті. Тек Едіге Ақсақ

Темір ойлағаннан әлдеқайда мол мүмкіндіктің, шексіз қабілеттің адамы еді. Билік мәселесінде ол Ақсақ Темірдің тап өзінің кейбір айласын қолданды. Мысалы, Темір Құтлықты төре тұқымы ретінде Алтын Орданың ханы атандырды да, шын мәніндегі билікті өз уысына қысты. Едігенің алғаш шырқап шыңға шыққан жылдары осы. Алтын Орда ғана емес, сонау батыстағы Еділ мен Жайық арасы түгелдей дерлік Едігенің құзырына көшті. Абылай сұлтан Едіге туралы қилы-қилы хисса, аңыздарды тыңдауүстінде нақтылы бір деректерді қоса іріктейді. Мұның анықтауынша Тоқтамыс Төле-Қожаұлы Алтын Орда тағында отырғанда Ақсақ Темірменүш рет аса ірі қанды шайқасқа барып,үшеуінде де жеңіліске ұшыраған. Осының екіншісінде осы Ұлытауда Алты Шоқы деген жерде Ақсақ Темір қорым тасүйдіріп, төбесіне мынадай жазу қалдырған: «793-ші қой жылы Тұранның әмірі Темір бек екі мың қолменен Тоқтамыс ханға қарсы аттандым. Бұл жерге оба тұрғыздым Белгі болсын деп». Әрі осы маңдағы бір төбеніүңги қаздырып, пеш жасатады да оған қайың, қараағаш, терек ағаштарын мол жақтырып, мыс қорытады. Оныңүлкен бір құймасын аса қата қоймаған шағында төрт қырлап, әдемілеп, оны да сол қорым тастыңүстіне орнықтырады. Мың сан жауынгерлер жан-жақтан анталап көз тіккен аса бір салтанатты жағдайда Ақсақ Темір өзінің ең бір сүйікті мініс атын жетектеп, сол қорым тастыңүстіне шығады. Сосын әлгі аттың алдыңғы бір аяғын өз қолымен көтеріп, тұяғын әлгі мыс құймаға дік еткізіп қойдырады. Сөйтіп, ат тұяғының таңбасын қалдырады. Бұл таңба Тұран әмірінің осы өңірге басылған мөрі іспеттес еді. Абылай сұлтан осындай жазуды, мыс белгіні көзімен көріп, аталмышүш шайқастың,үш жеңілістің болғанына неге сенбесін? Бұған қоса сұлтан Ақсақ Темір, Едіге, Тоқтамыс –үштігінің өзара арбасуындағы өзгелер мән бермес қыр мен сырларға бойлайды. Ақсақ Темір осы Едіге мен Тоқтамысқа кезек-кезек болысқанда қандай сәттерді таңдаған. Әрине, Едіге мен Тоқтамыс өз кезектерінде Алтын Ордадағы биліктен шеттетіліп, сол билік басында қалғандарға қарсы оқты көздерін қадаған сәттерде қол ұшын берген. Билік басында Орыс хан, не басқа қала ма, тіпті Едіге мен Тоқтамыстың бірі отыра ма, бәрібір Тұран әмірінің бұл саясаты өзгермейді. Басқаны қой, мысалы, Едіге таққа орнығып, Тоқтамыс қуғынға ұшыраса Тоқтамысқа, ал Тоқтамыстың тасы өрге домалап, таққа қонса оның қас жауына айналатын Едігеге жәрдемдескен. Мұндайда, «мынау кешегі жауым ғой», «мынау кешегі одақтасым-ау» деген сияқты күйкі ойлар Ақсақ Темірді маңайламайтын. Сөйтіп, бұл Ақсақ Темір өз дұшпандарының ұясы – Алтын Орданы сол өз дұшпандарының қолымен күйретуге қыруар күш жұмсады. Міне, мұның ћәммасын Абылай сұлтан өз көкірек қуысының бір пұшпағына түйіп қояды. Еділ мен Жайық арасы, бүкіл Алтын Орда – күллісінің Едіге құзырына көшуі кешегі Жошы ұлысының бар аумағымен толық қалпына келуі еді. Алайда, Тоқтамыс хан мен оның балалары да оңай тентек емес. Олар ендігі көмекті түу алыс батыс елдерінен сұрады. Абылай сұлтан заманындағы шежірешілер бұған қатысты оқиғаларды қиял-ғажайып ертегілеріне

ұқсаттырады. Ал еуропалық жазба тарихтағы дерек былай: Тоқтамыс Қырымға, сосын Балтық теңізі жағалауындағы Литваның ұлы князі Витовт дегенге барып бас сауғалайды. Бұл Витовт та Тұран әмірінің саясатын ұстанып, Алтын Ордадағы ырың-жырыңды кәдеге асырып, өзіне қаратуды көксейді. Екі жақтың әскері Ворскла өзенінің жағалауында кездеседі. Витовт Алтын Орда басшыларына «соғыссыз беріліңдер» дейді. Ал Едіге «жоқ, сен маған беріл, бас и, алым-салық төле, еліңдегі барлық ақшаға Алтын Орданың таңбасын соқ» дейді. Бұл сөздер жақында ғана Батыс рыцарларын талқандап, атақ-даңққа белшесінен батқан Витовты шапқа түрткендей еді. Шайқас сол жерде басталады. Данышпан қолбасшы Едіге Витовтың литвандар мен орыстардан, ляхтар мен алмандардан құралған, мұздай құрсанған қалың әскерін жусатып салады. Жай жауынгерлер ғана емес, демдеріне нан піскен ұлы княздер мен әскербасылар қоса қанға бөгіп, Витовтың өзі әрең қашып құтылады. Бұл жеңіс талай заманның оқымыстыларына таңдай қақтырады. Орыстың әйгілі тарихшы-жазушысы Н. М. Карамзин «Ресей мемлекетінің тарихы» атты көптомдығында «Мұндай жеңіске Шыңғыс та, Батый да қол жеткізген емес» деп түйді. Бұдан соң Алтын Орда тіптен нығаяды, Едіге енді Ақсақ Темірдің өлімін пайдаланып, Сырдария бойын, Хорезмді өзіне бағындырады. Бұл Алтын Ордадағы шын мәніндегі алтын жауған заман еді. Ол кездің ақынжыршылары Едіге дәуіріндегі күндер нұрлы сәулеге, түндер арайлы шапаққа толды деп жырлады. «Ел қамын жеген Едіге» деп жар салысты. Бұл біраз жылдарға созылды. Бірақ сыртқы жарадан ішкі жара қауіптірек қой. Тоқтамыс пен оның балалары жалғастырған соғыс Едігенің қазасына әкеп соқты. Бәрібір Едігенің аты Едіге, көп істі оның ұрпақтары тындырды. Ноғай ордасы солардың қолымен құрылды. Едігеден тараған Мұса, Мамай, Орақ, Қарасай, Қази, Телағыс сияқтылардың іс-әрекеттері қыруар хисса, дастандардың өзегіне айналды. Едіге хикметтеріне Абылай осы тектес хисса, дастандар арқылы ой жеткізеді. Кейде оларда ел сүйіктісі – қаћарман мен оның дұшпандары арасындағы тайталас ақ пен қараның шарпысуына айналады. Мысалы, бұл сан мәрте ұйып тыңдаған, құлағының құрышы ешқашан қанбаған «Едіге» жырында рахымсыз хан мен әділ де, мейір-шапағатты би арасындағы ымырасыздық өзінің әуел бастағы тарихи сипатынан айрылып, өзге әуенге ұласады. Сөйтсе де Абылай бұл жырды өзге шежірешілердің ырғауымен шендестіре, ондағы-мұндағы іркіс-тіркістерді сараптай оларға өз зердесі, танымы арқылы жарық түсіреді. Шындығы қайсы, әсіреленіп, қиял дүниесіне айналғаны қайсы, соларды шекелерінен шертіп-шертіп, бөле-жарады. Әрине, Абылайдағы зерде, қабілет екінің біріне енші емес, сосын да бұл өз замандастарынан озып, сондайлыққа ауыз салады. Аса келелі істе ғана емес, анау-мынау кәкір-шүкірде де сұлтан сол өткен күндердің әсеріне бағынушы еді. Жақ сүйегі буынсыз Құлнияз алдына неше алуан қанаттыны көлденең тартқанда мына біреуінің Ұлытау құсы деген аты ұнаған. Себебі, Ұлытау деген бір сөз кеудесінде сығымдалған неше алуан тарихты қозғаған. Орыс хан, Едіге, Тоқтамыс бейнелері аспаннан

атылған найзағай оттарынша көз алдында суырылған. Сосын да осы Ұлытау құсына өзінің қалай құлағанын сезбеді де.

* * * Мынау салбурынның қызығы өзгелер үшін, ал Абылай осындағы қызықтар арқылы өз басындағы сауалдарды тасқаяқтай қағыстырады, оларға жауап іздейді. Кейбір мәселелердің пісуін жетілдіреді. Бұл әлі де Ертіс жағалауының әуселесімен кетіп еді. Шығысың Қоянды тауы, Өлеңті, Шідерті өзендері, батысың Бурабай, түстігің Есіл өңірі, кенет осының бәрін місе тұтпай, анау қалмақтар құмырысқаша құжынаған Ертіс өзенінің жағалаулары көзінен бұл-бұл ұшқанын сезгендей әлденеден желік бітіп, ойсыз қимылдарға бара жаздайды. Жаңағы атының басын қатты тартып, кілт тоқтаған қылығы соның нышаны. Кенет Бурабай мен Қоянды тауы екі өкпесін қысқан тар киім де, ал мына Сілеті өзені аяғына оратылған арқан сияқтанып, мұның бәрін күшпен сыпырып, көкке қарай жұлқына далбалақтаған құстың әрекетіне баспақ пиғылы қайта оянды. Оған бір түрлі икемі келмегесін «апыр-ау, менде Едіге мен Тоқтамыстың мінезі неге жоқ» деген дәрменсіздікке ұқсас бір сезім самал желше сүйкеп өтті. Бұл аралықта бәрінен көбірек сөйлеген Құлнияз. Ол хан мен сүлтан қолдарына қондырған бүркіттерді әспеттеп тауысқасын өзі білетін өзге қанаттылар жайында кеукілдеді. Олжабай батыр, Қаздауысты Қазыбек бидің баласы Бекболат, бұған туыс Шобалай ұлы Жәнке сияқтылар ара-тұра іліпқақпайласа да еті қызған Құлнияз толастар емес. Кейде Құлнияздың ұшыпқонба болмысына арт жақтан Бұқар жырау көзінің ағын молайтып, сүзіле қарайды. Сөзшеңнің сөзшеңді жаратпайтындығының көрінісі. Бірақ бұл қақпайламады. Осы топтың бір көрнекі адамы – Жалайыр Өтеген тіптен жақ ашпады, тек бұл да Құлниязға көптен-көп шұқшия берді. Бұл сидам да, аса ұзын бойлы еді. Ерүстінде кеудесі тік шаншылса қос аяғы ат бауырынан көп төменде салақтайды. Осындағылардың ең көнесі осы, алпыстан асқан, пайғамбар жасындағы адам. Оқығаны, діндарлығы, жићангездігі, тағы сол сияқтыларымен ел ішінде аты шыққандығы бар. Жалайырдағы Тұрлымбет Бекенұлы, Жайнақ Қайырұлы – екеуінің немере ағасы. Тұрлымбет пен Жайнақ Қожаназар-Сәбденге немере де, ал Өтеген Сәбденнің бел баласы, әрі жеті ұлының еңүлкені. Өтеген, Темірбек және Жайнақтың әкесі Қайыр – үшеуі Сәбденнің Алтынай атты бәйбішесін туушы еді. Кезінде Абылай өз қасында ұстауға жалайырдан бір адам сұратқанда Ескелді-Балпық осы жасыүлкенді таңдаған. Анау-мынау сауал, мәселе жөнінде Ескелді-Балпыққа кісі салып әуреленбей-ақ өз жанынан жауап, сөз суыруға қарымы жетеді. Сонау 1723-жылы қазаққа қалмақ шапқанда бұл Өтеген Сәбден баласы ел ішінде жоқ болатын. Ауған, парсы жерін кезіп, оқып та, тоқып та, әрі көп аласапыранды қоса өткеріп, отызыншы жылдардың орта шенінде өз елін әрең іздеп тапқан. Өз шаңырағының астына еңкейе бас сұққанда бойлары серейген балалары өз әкелерін танымай да қалған. Ал көрген-білгені Ескелді-Балпық түгілі ол да жићанкез , әрі ғұлама Қабан жыраудың өзін тамсандырған. Бірақ Өтеген Қабан жырау сияқты шабыты тасыған жан емес, бап, көңіл-күй

қосақтаса қос иығына қонса ғана желмаяша желеді. Жасым үлкен демей осы ел ішіне оралғаннан кейін де ара-тұра ойда жоқта әлеңкедей жаланған жаудың там-тұм бөліктеріне қарсы соғыстарға кіріпүлгерді. Бұл ретте Өтеген Қабан жыраудың ағасы Аюмен тағдырлас. Ел көші-қонында екеуінің тізе қосып, басшылық етуіүйреншікті көрініске айналған. Өзгелердей саятүстінде делебесі қозғанмен Өтеген тап осы кәсіптің жанкештісі емес. Тек бір өңірдің адамы болғасын да әлгі атышулы Жалайыр Шора жөнінде естігені жетерлік. Мына Құлнияз сол Шораны атаса-ақ ұзынтұра денесі ерүстінде бүгіліп-жазылғандай қозғалысқа келеді. Құлағы қалқия елеңдейді. Кейде сол Шора хақындағы әңгімеге бел шеше кірісуге аңсары ауғанмен Құлнияздың кәнігі құсбегілігін, әрі өзінің бұл ортаға аса сүйексіңісті еместігін ескеріп, тіл мен жағын қаңтарып ұстайды.

* * * Кенет хан мен сұлтан айналасындағы жігіттер шу етісті. Мұның не шу екенін бәрі де түсінді. Қалай түсінбесін, «әне, әне, елік» деген сөздер қоса естілді. Саятшылардан екі оқ атымдай жерде бір орында шыр айналған, аша мүйізді еліктің текесін бәрі шалды. Текенің басына енді ғана саңлау түскендей ол ары қарай секіріп ала жөнелді. Жүні де, аша мүйіздері де әбден жетілген нән теке. Жаз айларында бұлардың осылай жалғыз-жарымдап жүретін әдеті бар. Жігіттердің шуылыүдеп барып, өздері екі айырыла хан мен сұлтанды алға шығарды. Оларға бұйрық беретін ешкім жоқ, тек өз қимылдарымен ой салса жеткілікті. Абылай Әбілмәмбетке жалт етіп еді, оның оң қолы балдаққа қондырулы Өр Алтай ақиығының томағасына беттемеді. Соны табанда сезген сұлтан өзінің қылыштұмсығының томағасына жармасқанда Әбілмәмбет хан бұған қарай ерүстінен ауып түсердей інісінің қолын қақты. – Сәл сабыр! – дегенді тамағына тас тығылғандай зорланып әрең жеткізді. Абылайүлкеннің тілін алғансып, томағадан қолын тартты. Ұлытау қылыштұмсығы өз иесінің бір әрекетке оқталып, тез айнығанын қауырсынды денесімен сезгендей қанатын сәл жая далбалақтап, таутекенің мүйізінен жасалған балдақта қайта отырыс түзеді. Сіңірлі жіліншігі қайнаған күшқуаттан тарс жарылардай. Сөйтсе де, құс атаулының ең басты құдіреті екі көзінде ғой. Онысын ұсақ шытыралармен безелген былғары томаға қара түнекке айналдырғасын бұл дәрменсіз. Хан мен сұлтандағы осы іркілісті қапысыз аңғарған төлеңгіттер айналаны өзге әуенмен дуылдатып әкетті. Басқалардың да біразының құстары бар еді, бірақ олар да томаға сыпыруға жоқ, оның орнына аттарын тебініп, ердің алдыңғы қасын қаққылап, кеңірдектері жыртылғанша айғайлап, ой құйындатты-ау дейсің. Қашқан елікті садақпен атпай, не бүркіт салмай арқан, не шылбыр тастап, тірідей қолға түсіруге иектері қышығандай. Әрине, мұндай елік текесін бүркіттің небір мықтысы да өз бетінше ала алмайды. Тек қыр арқасына болат тұяқтарымен шаншылса елік бөгелеңдеп, аңшылардың қуып жетуіне жағдай туады. Тек бұл да қатерлі іс. Сосын да ма,

ешқайсысы құстарын ұшырмады. Елік текесі бір қалың жынысқа қойып кетіп, қашып құтылды. Мұның дабыр-дұбыры біразға созылды. Елік қуғандарға хан мен сұлтан тобы келіп қосылғанда ол бұйырмаған аңның сырт пішінін аузының суы құрып сипаттаушылар көбейді. Аңшылардың бір қасиеті шетінен сөзуар. Көрген-білгендерін асыра, әспеттей жеткізбесе көңілдері көншімейді. Бұл дабырдың қашанға созыларын кім біліпті, енді тап иектерінің астынан түлкі қашты. Бұл да өз тектесінің қарабайыры емес, терісі оттан суырған қалақ темірдей көз қарықтыратын неме екен. Мұның қасында жаңағы еліктің сынсымбаты әлдеқайда жадау-ау, шамасы. Әрі бұл жақсы ырымның да нышанындай. Айтып ауыз жиғанша көз алдарында екі түрлі аңның бой көрсетуі, шамаң жетсе ұстап ал дегендей тым жақыннан сытыла зытуы бүгінгі салбурынның нағыз қанды қасапқа айналарын айғақтағандай. Әрі мына түлкі сәт сайын құбылып, әккі құсбегілердің көздерін ағызып түсірердей арбап, желікке желік қосып, тіптен әкетіп барады. Уақыт сәскелікке жақындап, күшіне мінген аспан шырағына терісі шағылысқасын да шығар, мейлі сонда да бұлайша жойқын қызаруы мұның да әбден піскен, жетілген шағы екенін әйгілейді. Саятшылар бұл жағын қапысыз таныды. Түлкінің қашуы да керемет. Қып-қызыл қалақ темірдей денесінің бөлікбөліктері әр секірген сайын таяқ тастамдай қашықтықты бір-ақ еңсеріп, мол кеңістікті қас қағымда қусырып барады. Әрі қандай сурет салады десеңші. Бетегелі, ақ селеулі боз далаға алтын жолақ тартқандай. Түз қазақтарыүшін бұдан тамаша көрініс жоқ. Сосын да бұлардың қаны қызбай қайтсін! Қашқан түлкінің о баста ұстаған бағыты дұрыс екен. Сілеті өзенінің көктемде тасығанда су барып, жазға қарай сарқылатын шолақ салалары болушы еді. Сол көктемдегі ылғалдың қалдығын корек етіп, көктерек, әр алуан бұталар араласа өсетін шалғынды шоқ-шоқ тоғайлар сол шолақ салалардың бойында. Міне, тап сондай тоғайлардың біріне мына түлкі де жан ұшыра көз ілеспес шапшаңдықпен зуылдады. Міне, оған сүңгіп те кетті. Енді жігіттердің өз арасында бір іркіліс туғандай біразы сәл тізгін тарта, екінші бір тобы аттарын құйғытып алға шықты. Сол алға шыққандар жаңағы түлкі сүңгіп жоғалған қалыңды жағалай тебінгі қағып, тіптен жаман айғай-ұранға басты. Ердің алдыңғы қасына ұрғыланған қамшы саптары қақ бөлінердей. Немесе, сол ердің алдыңғы қасының өзі қақ айрылардай. Бұлар қағушылар еді. Қашып барып, паналы жерді қорғалаған аңды өстіп, ашық кеңістікке шығаратындарды қазақтар қағушы атайды. Мынау шынында жай түлкі емес екен, осыншама айғай-шудан былқ етпей жыныстың ішінде ұзақ жасырынды. Тек бүкіл қауым, оның ішінде хан мен сұлтан, бұларды төңіректеген әр ел, әр рудан іріктелген көрнекті адамдар-баршасы ұрандап, біраз дамықты-ау дегенде ғана әккі түлкі шоқ тоғайдың басқа жақ шетінен инеліктей суырыла ытқыды. Хан мен сұлтанға бұл жолы да өз құстарынан томаға сыпырудың қисыны келмеді. Өзгелерге рұқсат етті. Енді мұндағы мол нөпір екі жарыла, бірі хан мен сұлтан қасында иірілді де, екіншісі – түлкі соңынан оқша зуылдады. Құлнияз еті қызған тәует бас атын ауыздықтап, осында аялдаған.

– Шіркін, мынау түлкінің сойы екен! Қайсысының қанжығасы майланса да көңлі бір тоғаяр! – деп, сыптығыр денесін қозғап, өзінде кәнігі құсбегіге лайық қасиет барын тағы да сездіре сөйледі. Ысылған, ширақ қимылмен екі жаққа бірдей алақтайды. «Сендер болмасаңдар анау жосылғандардың алдына өзім түсер едім-ау» деген де сыңайын хан мен сұлтанға жіңішкелеп жеткізгендей. Бұлар түлкі соңынан кеткендерді алыстан шолып тұрды. Әбілмәмбет хан бір жайдан денесінде қырым ет жоқ мынау Құлниязға ұқсап, соның қылығын қайталайтындай. Қазірде жасы қырық бірде, бұл да Құлниязға ұқсаған сидам денелі, арық өңді, тек қап-қара сақал-мұртының ауқымы молайған, ақылы да толысқан іспетті, тек мінез-құлқы баяғысынша, әрі жұмсақ, әрі ұшқалақтау көрінеді. Әрі Абылай сұлтанның қасында есеймей, керісінше күннен-күнге жасара беретіндей. Бұл да түлкі соңынан кеткендер мен қасындағы сұлтанға алма-кезек алақ-жұлақ етеді. Ал сұлтанның өз басы мынау оқиғадан аса делебесі қозғанға ұқсамайды, анау көз ұшындағыларға бұл да сығырайғанмен көбіне қолындағы құсын тамашалайды. Шалғысы мен құйрығының қауырсындары сабаудай, жүні тораңғы жапырағы түстес талтақ бұт, қожыр аяқты Ұлытау бүркітін неше айдан бері көріп тауыспағандай. Осы құсқа назары ауған сайын сонау алыстағы неше ғасырға созылған соғыстардан шым құйқасы шымырлаған Ұлытау өлкесі көз алдында қайта көлбеңдейтіндей. Ия, шым құйқасы шымырлаған Ұлытау! Сені Бұхара ханы Әбілпейіздің Сүйініш атты баласынан туған немересі, бүгінде қазақтың екі пірінің бірі Абылай сұлтан ешқашан жадынан шығармайды. Алыста шуласқандар енді көкжиекті көлегейлеп секектейтіндей. Терісі күн көзіне алтынша шағылысқан түлкіге қайсымыз құсымызды саламыз деп, олар өзара дау-дамайға да басқандай. Кенет Абылай сұлтан ол жақтан көздерін күшпен жұлып әкетіп, ұлы ханға қатулана қарағандай: – Сіз менің қолымды бекер қақтыңыз! – деді – Абылай жаным-ау, қалай қақпайын, жаңа өзің де көрдің ғой, анау теке ана қалыңға қарай зулады емес пе? Егер мен қолыңды қақпай, сен құсынды салсаң ол құсың елікке түсіп, елік оны қалыңға өзімен бірге әкетіп, парша-паршасын шығармай ма? Осындағы білімпаздардың талайы жыр етті емес пе, ұшырған құсымыз елік текесініңүстіне қонып, олар қалың жынысқа қойып кеткенде бір сирағы соның арқасында кетті, бір сирағы бұтада қалды деп. Жаным-ау, мен содан сақтандырдым ғой. Құлнияз ұлы ханға күлімдей қарап, бұл уәжді толықтырмаққа қозданып еді, сұлтанның қан түленген жүзі беттен қақты. – Хан ием, менің көкірегімді сыздатқан жай өзге. Кешегі қаңғыбасүш дәруіштің біреуінің ғана басын шаптым, екіншісіне оқталғанда сіз қолымды қақтыңыз. Өйтпесеңіз ғой, екіншісінің де жаны жаћаннамнан орын тепкенін көріп,үшіншісі сайрап берер еді. Ал қазір не, екеуінің де көздері бақырайып, тілдерін жұтып өлуге әзір. Бұлардың діні қатты. Он дәруіш қолға түссе тоғызының қанын шашыратсаң соңғысы ғана жан қадірін білер еді. Сөйтіп қана тіл мен жағына салынған құрсауды сыпырар еді.

Салбурын қызығына есіл-дерті біржола ауған Әбілмәмбет Абылай сұлтанды түйеден түскендей сөйлегенге ұқсатты. Аспан асты, жерүсті телегей теңізше лықып-тасқан мынадай шақта бұл тап сол кешегіге өзегі өртенер деп ойламаған. Сосын да хан тағы да бір тоспаға соғылғандай қолаяғынан әл кетіңкірей жалма-жан атын тежеді. Тағы да сұлтанға сұқтанып, салбурын әсерінен тез айығып, кешегінің әуселесін көкірегінде жаңғыртуға күш салды. Ақылы алқымынан аспаған адамға бұл да оңай шаруа емес. Тек сұлтан қасында оның сояу темірдей тиер айнымалы оқыс мінезіне бойүйреткендігі ғана сүйеу. Сұлтанға, өзгелерге сыр алдырмағансып, кешелі бері аузына сан оралған уәждердің бірін тез-тез қайталады: – Абылай жаным, артық қан төккеннен не пайда таптық? Бәрін жойсақ, сосын ең соңғысы расында түк білмес көр білтенің өзі шықса қайтпекпіз? Сосын оны атасың ба, шабасың ба, өнері не? Әзірге сәл сабыр! Қалған екеуі қашанғы аузын буар дейсің, өйтсе біз де тірі жанбыз ғой. Ол жағын ұғатындай дәрежеге жеткіздік қой. Қанша діні қатты десек те шыбын жан да жерде жатқан дүние емес екенін көздерімен көрді. Хан мен сұлтанның осы сөз алмасуы тұсында бұлардың екі ортасына аттарының бастарын сұғындыра кимелеушілер көбейді. Олар Бұқар жырау, Олжабай батыр, Бекболат Қазыбекұлы, Жәнке Шобалайұлы, Өтеген Сәбденұлы, тағы басқалар. Қазір салбурынның енді-енді күш алған кезі. Хан мен сұлтан аралығына бүйтіп сұғынудың еш сөкеттігі жоқ. Салбурын қызығы хан мен қараны біржола теңестіріп те жібергендей. Тек әлгі тотыдай құйқылжыған Құлнияз сәл шетке ысырылған. Өзінің бұл жағдайына көндіккісі жоқ өлермендігі бет терісіне көмулі жатса да көрініп тұр еді. Абылай сұлтан ол дәруіштерге неге соншама қатыбас, ымырасыз? Бүгінгі әр тараптағы ахуалдар хақында нақтылы ақпарларға зәруліктен емес, әрине. Сұлтанның дәруіштерге өшпенділігі осыдан көп жылдар бұрын, Төле бидің түйесін баққан, Жолбарыс ханның ордасын алғаш төңіректеген сонау қара табан кезінде-ақ көкірегіне қара тастай қатқан. Төле бидің күйініші ол қара тасты одан әрмен қатайтқан. Ал енді сұлтан есейіп, ел тағдыры хақында ең өзекті шешімдер іздегенде ол қара тасқа анау-мынаудың соққысы тиіп жатқанда ол неге ұшқын шығармасын? Әбілмәмбетүшін салбурын қызығы әдірем қалған. Алдағы мол кеңістікті, онда көкжиекті қолмен қармардай сағыммен қойындаса зуылдаған аңшы мен қағушыларды көзінен өшіріп, оның орнына миына тікенекше қадалған ескі жайларды жіктеуге көшті. Ойы солай ауды да, қос жанары түсі оңық сарғыш бөз орамал тартқан сұлтанның қас-қабағына қадалды. Сұлтанның көтеріңкі керме қабағы, ұзын кірпіктері, шығыңқы жақ сүйектері, бастағы орамалының самайдан төмен құлаған екі ұшы, көкшіл қыжым шапаны – бәрі-бәрі, тіпті қолына қондырған құсы мен салқы төс, түйдек жалды ақ құла атына дейін күн сәулесіне емін-еркін шомылғанмен жылылық атаулы ырымға жоқ. Бәрінен де терістіктің мұзды мұхитындай ызғар еседі. Сол ызғармен бұл осы төңіректегінің баршасын құрсаулап тастағандай. Жаңағы ұлы хан уәжінен соң ешқайсысы тілге тиек етер ештеңе таппағандай еді. Үнсіздікті бұзған Бұқар жырау:

– Айтары жоқ, меніңше хан иемдікі жөн! – деп, ат жақты, қара бурыл сақалды жүзін атының қос құлағынан асыра бір атойлатты. Бұл күнде қырық жеті жасар жырау Абылайдың Сабалақ кезінде, сонау Қазығұртта, Төле би ордасында, немесе алғаш ел шабылған жылы, Қаратаудың батысында, Созақта, әлгі атышулы сүлейлер Қожаберген, Қабан қасында көрген Бұқарынан басқашалау еді. Бадана көздері төңкеріліп, «мен тек ән аңыратар, ұйқасты сөздер қуар, өзгеге жанының нәрі жоқ, жайдақ, жадағай емеспін, хан-сұлтандарға да ажарым өтер, керек жерде бедел салар зордың өзімін» деген кесімді райы бар. Сол райыүшін Абылай оны жанына жақын тартқан. Осындағы басқа жайсаңдар да ол дәруіштер хақындағы өз пікірлерін іште пісіргенмен сөзге қосақтасыпүлгермеді. Абылай қайта екіленді: – Біз аялдағанмен аспандағы ай мен күн өз домалауын доғара ма? Жұмсақ шығып уақыт оздырсақ өзгелер төс пен балғаның ортасында темір шыңдап, жаңа бір сұмдығын жасап тастайды. Ал ол сұмдығы жібек матадай біздің кеудемізге жұмсақ тимес! Кенет бәрінің тілдері байланды. Уақыт үнемдеуге осыншама мұқият сұлтан мына салбурынға қалайша ұйтқы болды деген сауал кеңірдектен алған. Әлде бұл өз қателігін енді ғана түсініп, «жә, жетті, аттың басын ордаға қарай бұрыңдар» деп, бұйрық бергелі тұр ма? Осы екі ортада Олжабай батыр: – Сол қалған екі сілікпені маған табыстаңызшы, өтін алып, аузына құяйын, –деп дүңк етті. Бұл оның шын ниеті екенін атүстіндегі шомбал қара түс-тұрпатының өзі-ақ паш еткендей. Баршасы Олжабайдың қалың түк басқан бет-ажарына, төртбақ денесіне сыналай қарағанмен құлақтары хан мен сұлтан жақта еді. Солар тараптан оқыс бір шешім қара көрсетерін сезінгендей. Бірақ сұлтан мен оған жалтақтаған ұлы хан уақытты одан әрі созды. Тек Бекболат, Жәнке, Өтеген –үшеуі жанағы Олжабай атаған қызметті өздерінің де атқармаққа әзір екендіктерін сездіре ары-бері аттарын ойқастатты. Бұлар осыдан бірер күн бұрын тұтқындалғанүш дәруіштің қайдан екенін біле алмай әуре-сарсаңда еді. Қалмақтардан ба, Сібір жұрты орыстардан ба, жоқ, әлде Хиуа, Бұхара хандықтарынан ба? «Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дегендей осында Қарасақал деген біреу бар. Мұның әуеніне бақсаң әңгіме тіптен ұзаққа кетеді. Бұл өзі жай пенде емес, шығыстағы Жоңғария ханының заңды мұрагері Шұна-Доба екен. Сонау 1725-жылы-ақ, Жоңғарияның бұрынғы ханы, әкесі Сыбан Рабтанның тірі кезінде-ақ, осында бас қолбасшы атанып, неге екені белгісіз, өзінің туған ағасы Қалдан-Серенмен сыйыспай Еділ бойындағы екінші Қалмақ хандығына қашқан Шұна-Доба екен. Еділ бойының хандығы бұл ШұнаДобаны 1732-жылы өз ауруынан өлді деп жариялаған. Алайда, Қарасақалдың айтуынша бұл өлмепті, Еділ бойындағы хандықтан қашып шығып, алдымен түрік, сосын Кубань жерінде бой тасалапты. Одан да жылыстап, Башкирия жеріне өтеді. Мұнда Аладжай-Гулу деген атақты адаммен танысудың сәті түседі. Бұл Аладжай-Гулу башқұрт ханына қаны қас екен, соған қарсы көтеріліс ұйымдастыруүшін өзіне сенімді, қабілетті одақтастар іздеп жүр екен. Бұл Қарасақалмен біраз достасқасын оны құдайдың көктен тастаған

олжасына балайды. Себебі, оның тегін пенде емес екеніне оп-оңай көз жеткізеді. Екеулеп, башқұрттар көтерілісіне басшылық жасайды. Көтеріліс сәтсіздікке ұшырағасын бас сауғалап, Қарасақал қазақ жерінен пана табады. Қазақтың игі жақсыларымен ауыз жаласады. Бұған бәрінен зор пейіл берген «алты арыстың данышпаны» атанған Қаздауысты Қазыбек еді. Барақ сұлтан Тұрсынхан баласы да осы Қарасақалдың қамқоршысына айналады. Алайда, Қарасақалдың атақ-даңқы бұлар ойлағаннан он есе, жүз есе асып түсіп еді. Бұл ең әуелде Жоңғарияның, сосын іргелі ел – Ресейдің тұнығына тас түскендей етті. Атақты Қалдан-Серен, хан тағына қонжиғанына онүш жыл өткен, Жоңғарияның тынысын кеңейтіп, буынын бекіткен Қалдан-Серен өзінің қас дұшпаны, кіші шешесі Сетержаптан туған інісі Шұна-Добаның тірі екенін, Қазақ ордасы басшыларымен тонның ішкі бауындай араласып, өзіне қарсы пышақ қайрауда екенін естігеннен-ақ ішкені ірің, жегені желім болды. Ия, Шұна-Добаның Қалдан-Серенде кешірілмес кегі бар. Оны екі жақ та ұмытпаған. Міне, қазір де осы Қарасақал жөнінде Ресей, Жоңғария, Қазақ ордасы, Башкирия, Еділ бойындағы Қалмақ хандығы сияқты артық-кемі жоқ бес елдің арасында хат алмасу, елші жүргізу жиіледі. Мұның бәріне Қаздауысты Қазыбек би ыржия күлгенмен Абылай сұлтан, әрине, Әбілмімбет хан да осқырая қарасты. Абылай сұлтан Қарсақалды мүлдем қабылдамап еді. Ол жағын Қарасақал да дәл түсінген. Мүмкін кешегі үш дәруіш сол Қарасақал атты жырындының жансыздары шығар. Әйтеуір, тіл жоқ, өлі сүйек сияқты бірдемелер. Бәрінен де бататыны олардың ажалдан қорықпастығы еді. Етінен ет кессең де қыңқ деспейді. Кеше хан мен сұлтан ордаларының сыртында қанша азапталғанмен тістерінің арасынан сыр шығармады. Ақыры, мұндай жанкештілік Абылайдың олүшеудің біреуінің басын шабуына апарып соқты. Одан да қалған екеуі сабақ алмады. * * * – Жә! Кеттік алға! – деп, сұлтан ақ құласын тебініп еді, басқалар да сөйтіп, бәрі алға қарай жосылып берді. Жаңа түлкі қуғандар тым ұзап кетіпті. Мыналар енді соларды қуып жетпек. Өздері құс салғаннан гөрі сол алдағылар не тындырды соны қызықтамақ. Бұлар сүт пісірімдей шапқылап, даланы алашұбарландырып, оларға әрең жетті. Байқаса олар манағы түлкіні алған да екен. Жас төлеңгіттердің бірінің қанжығасында терісі қызарып, салақ-салақ етеді. Әбілмәмбет пен Абылай екеуі әдейілеп жақындап, тамашалады. – Шынында түлкінің сойы екен! – десті. Сонда әлгі сақал-мұрты ендіенді тебіндеген жас жігіт хан мен сұлтанға кезек-кезек алақтап, ақыры: – Хан ием, бұл олжамды сізге байладым! – деді. Әбілмәмбет әлденеден ашу шақырып: – Немене, менің өз құсым жоқ па? Өз құсымның алғанын олжаласам да несібем ортаймайды! – деп, зірк-зірк етті. Жүйкесінің жұқалығы білінді. Сосын жас төлеңгіт жігіт Абылайға қарап еді, ол да қолындағы бүркітін жалп-жұлп еткізіп, шырай бермеді. Хан мен сұлтанның алдынан аман өтіп,

өзіне бұйырған олжасына жас жігіт енді соншама ілтипатпен иіліп, сүйсіне сүзілді. Алда кеткендердің бір тобы тағы бір түлкінің соңына түсіпті. Бұлар енді бұрынғыдан даүлкен шоғыр болып, солай шоқақтады. Бірақ екінші түлкі қашып құтылыпты. Бәрінің бастары қайта қосылғаннан кейінгі еңүлкен шаруа хан мен сұлтанның қолдарындағы Өр Алтай ақиығы мен Ұлытау қылыштұмсығына бақ сынату еді. Өр Алтай ақиығыүшін істің қолайлы сәті тез туды. Оған иесінің де айтқанға көнгіш, хан емес, жай саятшыдай ұшыпқонба мінезі, сергек қимылы ықпал еткен. Бұған Құлнияздың, басқалардың аттарын алашапқын етіп, қашқан аңды алдан қайыру, Әбілмәмбет ханның өзін олай-бұлай жүйткітіп, томаға сыпыру мерзімін дәл ескерту сияқты көмектері тиді. Сөйтіп, бұл да жақсы түлкіні қанжығасына байлады. Жас балаша шаттанып, атүстінде арқа-жарқа болуының өзі осындағы танымал азаматтар, батырлар, төлеңгіттерүшін бір алуан әңгіме еді. Енді Абылай сұлтанға кезек келгенде біраз қиналысты. Көп ұзамай алдан тағы бір түлкі қашты. Тек «томаға тартыңыз» деп айғайласқанда сұлтан қолын олай апармай, құр далақтай шауып, уақыт өткізіп алды. Сөйтіп, түлкіден көз жазысты. Абылайға Құлнияздан гөрі мана өз құсы алған түлкісін хан мен сұлтанның біріне байламақ болған жас төлеңгіт жігіт көбірек қолғабыс жасауға тырысты. Бірақ Абылай Әбілмәмбеттей емес, көнтерлілігі жоқ, икемсіздеу, кейде ең бір қысталаң шақта өз ойымен кететіні бар. Күн қызуы шекелерінен өте бастағанда бұлар шағын төбешікке көтеріліп еді. Екі оқ атымдай жерде қалың селеудің ішінен саятшыларға кесе көлденең зулаған бір сұр неме шалынды. – Қасқыр! Қасқыр! – деп шуласып кеп берді бәрі. – Сұлтан ием! – деген Құлнияздың ащы даусы қоса естілді. Абылайдың бұл жолғы да икемсіздігіне зығырданы қайнаған Құлнияз оны тілдеп тастардай қарағанмен жағын күшпен қарыстырды. Зығырданы қайнағаны соншалық басқа инабаттырақ сөз таппай қылғынды. Одан гөрі манағы төлеңгіт жігіт ақыл-есін өз иелігінде ұстайды екен: – Сұлтан ием! Алға! Алға шабайық! – деп, Абылайға жанаса өз атын аямай қамшылады. Бұл кезде манағы кесекөлденеңдей зулаған қасқыр кілт бағытын өзгертіп, ары теріскейге қарай жонын жылтыратты. Бұл ең қиыны еді. Абылайдың осы кезде ғана санасына ұшқын түскендей. Салқы төс ақ құланы сол дала көкжалының соңынан ой бар пәрменінше қосаяқтатты-ау. Басқалар да солай. Енді жер қыртысының ат тұяғымен ойылғаны соншалық арттарында аппақ шаң қалып бара жатты. Шын құсбегілер мұндайлықты аса жаратпайды. Мұндайда тек бүркіт салушы мен қағушылар ғана алға озып шығуы шарт. Бірақ мыналарды тоқтату қайда? Сұлтан құсын қалай ұшырады, ол аңға қалай түседі, сосынғысы не, соның бәрін әлдекімнің аузынан емес, өз көздерімен көріп, біліп, өздері жыр қылса ғой, міне, содан жоғары мәртебе бар дейсің бе? – Сұлтан ием, сабыр! Сабыр! Мен айтқанда ғана! – деген жаңағы төлеңгіт жігіттің даусы қатар естіліп келеді. Кенет бұл төлеңгіт жігіт әлдекім

өзінің жалаңаш денесін отта тұрған темір табаға тастағандай шаж етті: – Сұлтан ием! Томаға! Томаға сыпырыңыз! – Томаға сыпырыңыз! Қап кешіктік-ау! Ананың зытуы жаман! – деген Құлнияздың да шаж-бұжы бәрінің құлақтарында жаңғырды. Енді ғана Абылайдың Ұлытау қылыш тұмсығының бағын байлауға шамасы жоқ еді. Қылыштұмсық жарық дүниеге көзі ашылғанда өз иесі сияқтанып ой қорытып жатпады, оның бәрін томағалы қалпымен-ақ баста пісірсе керек, бірден екі құлаштай қанаттарын жайып жіберіп, ауаны «ысс» еткізіп, көтерілді. Бірақ қасқыр осы екі ортада тым ұзап кеткен. Неге екені белгісіз, қылыштұмсық қайта төмендеп, жербауырлай ұшты да қасқырға қарай тура бағыт алды. Біраз зулап барып қайта биіктеді. Едәуір кейін қалған, әлі де бәйге жарысындағыдай шабыстан танбаған көп аттылар айғай-ұрандатып, көктегі құсқа жігер қосқандай ой өңештерін кергіледі-ау! Бірақ Абылай құсының жербауырлап барып, көкке қайта шырқауын бәрі де жақсылыққа балағандай: –Ұшуы дұрыс! – Енді адаспайды! – Мынау қарқын алуы! Осылай шуласқандардың ен ортасында Құлнияз бен жаңағы төлеңгіт жігіт. Тек Құлнияз бұл жігітке осындай шабысүстінде де оқты көзін қадап қоятындай. Бір кезде көз ұшында қара ноқатқа айналған Ұлытау қылыштұмсығы төмен құлдилады. Мына атталар айғай-ұрандап, шабысты одан әріүдетті. Мидай жазық емес, шөптесіні, кедір-бұдыры көп далада аты сүрінгендер кейіндеп қалып, басқалардың соңдарынан қайта тепектеп, онсыз да мол шоғырдың бас-аяғын ұзартып жіберді. Бүркіт пен қасқырды бұлар тезақ қуып жетті. Бірақ баршасындағы мазасыздық осы қысқа уақыттың өзін жылға бергісіз еткендей. Ең алдымен жеткен Құлнияз бен жаңағы төлеңгіт жігіт. Екеуінің аттан аунап түсуіне көз іпеспеді. Абылайдың өзі де солай. Ұлытау қылыштұмсығы Сілеті жағалауының арланын шеңгелге алып, тапжылтпай ұстап тұр екен. – Қараңызшы, құсыңыз әуеле қасқырдың қыр арқасына түсіп, ол құстың жіліншігін қыршып тастамаққа тұмсығын бұра бергенде бұл екінші аяғымен қақ маңдайдан ұрған. – Құлнияз ана төлеңгіт жігіттің алдын орауүшін осылай тез сөйледі. Атын тастай жаяулай жетіп, мұқиятүңілген Абылай сол Құлнияз сөзінен соң ғана байқады. Бір аяғы аңның қыр арқасында, екінші аяғы маңдайына қадалып, бүктей ұстап, өзі қанатын жалпжұлп еткізіп тұр екен. Азу тістері ақсиған арланның көздері аспанға аунап, көмек күткендей қалыпта еді. Айнала айғай-шу, ешкім ештемені ести алар емес. Әйтеуір, дені Абылайдың бүркітін марапаттау екенін долбарласады. Бір аралықта әлгі төлеңгіт жігіт: – Сұлтан ием, сіз томағаны дер уағында сыпырдыңыз! – деп қалды. Көпшілік оған сүйсіне, ал Құлнияз бүгінгі салбурындағы абыройды қолынан жұлып әкеткендей көрінген оған тағы да оқты көзін қадады. Көкжалдан бүркітті айырып, қызылдауға қойғанда Бұқар жырау, Олжабай, Бекболат,

Өтеген, Жәнке бастаған көпшілік өздерінің бір айға, тіпті одан да ұзаққа созылуы мүмкін әңгімеге азық алғанын түйсіністі. Ұлытау қылыштұмсығы да, оның иесі де мұнымен тояттамады, енді бір бие сауымындай уақыттан соң Абылай құсы еліктің текесіне шаншылды. Құлнияздың да, әлгі төлеңгіт жігіттің де манағы Әбілмәмбет ескертпесі тәріздес сақтық сөздеріне сұлтан құлақ аспады. Көп ортасынан алға озыңқырай барып, өзі мөлшерлеген сәтте томаға сыпырды. Қыр арқасына құстың тырнағы қорс еткен еліктің текесі алаңғасарланып, бір орында шырқ айналып, уақыттан ұтылды. Қойып кетер таяуда қалың жыныс та шалынбады. Сөйтіп, бұларға жетіпүлгерген саятшылардың сұр жебесіне ілікті. Тағы да айқай-ұранды даңғазамен Арқа даласын бастарына көтерді. Ақыры бұлар тоқтасып, көлеңке тауып, шөлдерін басты. Түстен кейін Әбілмәмбет хан да, Абылай сұлтан да өз құстарын аңға салмады. Өзгелерге жол берді. Құсы бір арлан мен еліктің текесін алған сұлтанның қасында ұлы ханның табысы қарын ашырарлықтай екенін ойлаған естиярлар Әбілмәмбетті желіктіріп еді, ол былқ етпеді. Өр Алтай ақиығына екіншілей бақ сынатсам манағы абыройдың бір пұшпағы опырылар дегендей тартынды. Салбурынның ендігі додасына сөйтіп өзгелер екіленді. Хан мен сұлтанға солардың да қызығы жетерлік. Шетінен сайдың тасындай, қағілез, епті саятшылар Сілеті өзені маңындағы бұйығы далада ерсілі-қарсылы жұлдыздай ағып, түз тағыларының алаөкпесін шығарды. Құс ұстағандардың, әрі қағушылардың қанжыға майламағаны жоқ. Кейбірінің тіпті екі жандарында неше алуан қасқыр мен түлкінің бастары, құйрықтары салақтап, аттарының тірсегін соғады. Салбурыннан емес, тап бір қайын-жұрттарынан олжалы оралғандай артынып-тартынған түрлері, амал жоқ, қызығушылық тудыратын еді. Хан мен сұлтан тобында қаршыға ұстағандар да бар. Олардың да қызығы бір төбе. Жалпы түсі көк бурыл, тамағы ақшулан, құйрықтарында көлденең сұр жолақтары бар қаршығалар шабыттап ұшып, әрі бүркіт атаулыдан гөрі ары-бері тез бұрылыс жасап, зуылдап жүріп, дуадақ, кезқұйрық, қаз,үйрек сияқтылардың біразын алдарынаүйді. Сөйтіп, бұлар күн батырды. Сілеті өзенінің қалың жынысты, бірақ жадағайлау, алыс көкжиек молынан шалынатын бір тұсына тоқтасты да түнемелік қамына кірісті. Ертоқымдарын сыпырысып, сәйгүліктерін атшыларға тапсырып, бір жайланған шақта ерен құсбегілер өз олжаларын хан мен сұлтанның алдына жайды. «Қалағандарыңыз сіздердікі» десті. Бірақ хан мен сұлтан аса ашқарақ емес екен. Әбілмәмбет бір қасқырды, ал Абылай түгінің қызылы мол бір түлкіні қалады. Ал өзгелері сол саятшылардың өздеріне бұйырды. Кеш қараңғылығы қоюланып, айнала қара барқын тартқанда әр-әр тұста ошақ қазылып, от жағылды. Жігіттердің аузы әлі тыным табар емес. Хан мен сұлтанның бүркіттерін сөзбен бір сылап-сипап өтеді де өз құстарының жырын жырлауға көшеді. Сөйтіп, өздеріндегі бапкерлік білімді хан мен сұлтанның алдында ой құйқылжытады-ау. Бірақ сөйлеушілерден қимылдаушылар көп. Осы екі ортада бір ғана жадағай қос тігілді. Оның неге тігілгені белгісіз, хан мен сұлтан оған кірмеді, бүкіл айналасымен сыртқа

жантайысты. Күндізгі кеңшілікті түнгі тар қауызға алмастырғысы келмегендей. Бұл төлеңгіттерүшін де пайдалы, қызмет көрсетуге осылай ыңғайлы. Қараңғылық тұмшалаған әр-әр жерде қазылған ошақтардың аузы жалын атып, аңшы мен қағушылардың бойындағы қызбалықты одан әрмен қыздырғандай. Бұған қоса астың жағымды исі де мұрын қытықтайды. Алғашқыда баршасына қымыз таратылып еді, енді сол аш қарынға ішкен қымыз ішектерін шұрқыратып, қуырдақ пен асылған еттің исін тіптен құтыртады. Иә, құдай бұйыртса қазір алдарына қара қуырдақ келеді. Соның өзі көңілді тоғайтып, желіккенніңүстіне желігеді. Ой, аңшылардай сөзуарлар табылар ма екен? Әрі айтушысына тыңдаушысы сай келсе таудан құлаған тасқын судай ғой тура. Хан мен сұлтанның айналасында әлгі Бұқар жырау, Олжабай батыр, Қазыбекұлы Бекболат, Жалайыр Өтеген, Жәнке бастаған жиырмашақты ығай-сығай. Баршасы жүз қаралы төлеңгіттің алғашқыда шамамен жиырмаотызы бұларды қоршай шөгіп еді, бара-бара олар көбейді. Түлкі, қасқырды бітеу сою, босаған терінің ішіне қу шөп тығу, құстарын қызылдап, тыныштандыру сияқты жұмыстарды шала-пұла атқарып, мына хан мен сұлтан маңындағы әңгімеге асыққандай. Асықпай қайтсін, салбурынның басты қызығы осындай әңгімелер арқылы жалғасады. Оныңүстіне хан мен сұлтан алдында жігіттердің ең бір өнерлісі, шашасына шаң жұқпас жүйріктері тілдің майын тамызады ғой. Тіпті бұл бара-бара шын мәніндегі өнер жарысына айналады. Себебі, сен аузыңды аштың ба, өзіңе дейін сөйлегеннен асырып сөйле, ондайға өнерің жетпесе тіл мен жағыңды қаңтарып ұста. Бір шамада, айнала жұмыс қызды-ау дегенде хан мен сұлтан шоғырының ортасына әкелініп те от жағылды. Арқа түні масалы, әрі салқындау. Мынау оттың соның екеуіне де дауасы бар. Әрі өзара жүз көрісіп отыруға да жақсы. Бір кезде бірнеше саптаяқпен қара қуырдақ таратылды. Оны ұсынушы жігіттердің ырсиған жүздеріндегі күлкі табын ортадағы оттың жалыны қызартып, күндізгі құмарлықтың тарқамаған нышанындай құлпыртады. Расында мына кешкілікте көп қызықтан құр қалған осы қызметші жігіттер еді. Себебі, қоңыр аңдарды сою, қуырдақ қуыру, ет пісіру, өзге де қым-қуыт шаруа осылардың мойнында. Сосын да мұндағы ду-ду әңгімеден көбіне тысқары. Қуырдақ, не ет таратқанда бұлардың хан мен сұлтан шоғырының маңында көбірек айналшақтауға тырысатыны содан. Әрине, жүзден астам адам бір оттың басында қалайүймелесін, әрі хан мен сұлтан айналасын мүлдем ат-көпір етуге жол да берілмейді. Өзге көсемсымақтар өз оттарының басында хан мен сұлтан шоғырынан қалыспайық дегендей өздерінше ақ езу, көк езу болысады. Түймедейді түйедей етіп, көптіріп сөйлеу, ірілеу марғасқалардың астына көпшік қою да осы жақтан жиірек шаң береді. Жалғыз бұл емес, бұған кереғар көріністер де баршылық. Ашқарақ жұртқа қара қуырдақ жұғын да болмады. Сыр бермегенсіп, түнгі даланы бастарына көтере еттің келуін күтіспей ме? Қарын тоймаса тіл дегенің тіптен кезеулі пышақ қой. Кімде-кім қызды-қыздымен шарасынан асса оның

жанына тигізе қағытып, түйе қотыр сөздерді ытқытар да табылады. Сосын да көбісі ауыздарына сақ. Жазатайым бір пәрменде шабыты тасып, мақтангөйлікке басса өзіне көлденеңнен киліккенді көкіректен ұруға жарайтын уәжін көмекейге және тақап қояды. Міне, ет те келді. Қолы қолша, саны санша асылған аң мүшелері енді ыстық күйінде төлеңгіттердің епті саусақтарымен жілік-жілікке бөлініп, өз дәрежелеріне сай таратылды. Ең аталы сүйектер, әрине, хан мен сұлтандікі. Одан кейінгісі басқалардікі. Мысалы, жамбас, тоқпан жілік, кәрі жілік, ортан жілік, асықты жілік деп кезекке қойылған. Үйде арнап сойылған мал еті болмаса да мынау түзде де жігіттер олүрдістен жаңылмайды. Осы ет жеуүстінде сәл-пәл тынышталысты. Тек ара-тұра жаңа ет келгенге дейін өзіне сөз тимеген кейбіреулер аузын босатпастан-ақ ананы-мынаны бір мылжыңдап қояды. Оларды қағытушылар некен-саяқ. Шұрқыраған қарынның әуселесі бас көтертпейді. Еттен кейін саптыаяқтармен құрт, сүзбе қатылған ыстық сорпа таратылды. Арқа қазақтары мұны қарсақ жон сорпа атайды. Ол қарсақ жон сорпадан соң ғана сәл тоғайған жұрт ой, қайта елірді. Алғашқыда бүгін сынға түскен бүркіттердің хикметтері қайта сипатталып, сол хақында тың ақпарлар ортаға тасталды. Бұл манаданүнсіз омырылған Бұқар жыраудың ішін тескіледі. Жырау мен сұлтан ұлы ханды ортаға ала жайғасқан. Сонда да жырау көздерін ханнан асыра Абылайға қарап сөйлейді: – Менің ерте кезде бұл күнде жаның жәннатта болғырүлкендерден естіген бір жағдай жадымнан шықпайды. Бүркіт атаулы өлген малдың, не аңның жілігін шағып, ішіндегі майын жегенді ұнатады екен. Олүшін не істемек керек? Олүшін әлгі жілікті түу аспанға көтеріп, сол аспанға қарай шаншылған биікүшкір тастар бар емес пе, міне, сол тастардыңүстіне тастайды екен. Сонда әлгі жілік қақ бөлінеді де бүркіт оның ішіндегі мойын сорып жейді екен. – Ой, астапыралла-ай! – десті айнала жұрт. – Бір қызығы мынау. Ол бүркіттің істегенін қарға да істемек болады екен. Бірақ қарға жілікті аспанға көтеріп апарғанмен анадай аран тастардыңүстінен тастауға ақылы жетпейтін көрінеді. Жай жерге лақтыра салады. Жұмсақ жерге құлаған жілік шағыла ма, сөйтіп қарғаның жілік майына аузы жетпей дағдарады екен, – деп Бұқар әңгімесін тиянақтады. От жарығымен сұлтанның көн шарықтай жағында күлкі нышаны ұялағанға ұқсады. Бұл жігіттердің қарқ-қарқ күлкісіне ұласты. Бұдан әріде бүгінгі салбурынүстінде де кей құстардың ақылдылығы жарқ бергені тәптіштелді. Сондай құстарды баптаған құсбегілердің білімпаздығыүзіп-жұлқыланды. Осы екі ортада көбірек ауызға іліккен Құлнияз бен әлгі жас төлеңгіт жігіт еді. Бұл төлеңгіттің мана Абылайға жасаған қолқабысын көбісі көрген, оны атаусыз қалдыру әбестік қой. Міне, осылайша дуылдасуүстінде Жалайыр Шора қайта тілге оралды. Бұл Құлнияз үшін олжа еді. Бүгінгі салбурын жайындағыдан құлағы сарсыған біреудің сол Шора хақында бірдеме айтқысы келді. Хан мен сұлтан да соған ыңғай берді. Құлнияз көсіліп беріп еді, от басында сұлтаннан үш адам әріде жайғасқан

Өтеген жүйрікті жолдан тосқандай әрекет жасады. Даусын әндете соза, Құлнияздан сөз тізгінін іліп әкетті: – Ғафу ет, шырағым, осы Шораның шыққан тегін сырт ағайындардың әрқайсысы өздерінше қолдан жасап жатады. Кейде содан іштегі дүниең қыбырлағандай болады, сосын да шыдамайды екенсің. Мен сол Шора шыққан елдің адамымын ғой. Сіздерді одан әрмен адастырмасүшін бір басы ашық жайды жеткізсем деп едім. Құлнияз жаным, көлденеңнен киліккенімді айыпқа бұйырма, Шора туралы баянның бас-аяғы жоқ, саған да жетіпартылады. – Осылайша ырғап-жырғады да от басындағы сәл қолайсыздау отырысын қайта түзегендей аударылып-төңкерілді. Денесі ұзын да сидам адамға хан мен сұлтаннан да биік көрінудің өз ыңғайсыздығы барын сезген адамның әдептілігі де жарқ бергендей. – Жалайыр он екі атаға бөлінеді ғой, соның бірі Андас делінеді. Аруақтардың құлағын шулатпаққа бет бұрдым, құдай, аруақ өздері кешірсін! (Бұдан әріде Өтеген бұл Андастың ішкі тармақтарын біраз қазбалады, түн ұзақ, асығатын не бар, егде кісінің баянын бәрі ұйып тыңдады). Сол Андастан тараған бір ата Қанқожа делінеді. Бұл әлгі бүгінгі жалайыр көсемдерінің бірі Балпықтың әкесі Дербісәлі деген бар емес пе? Осы Дербісәлі сол Қанқожаның баласы, иә, Балпық сол Қанқожаға немере. Міне, осы Қанқожаның ерте өлген бір ағасы болыпты, оның Қырғыз атты әйеліненүш бала қалыпты. Қырғыз деген қасиетіңнен айналайын, керемет әйел екен, сол әйелдің арқасында әлгі үш бала бүгінде рулы елге айналды. Оларды андас-қырғыздар дейді. Міне, сіздер мансұқтаған Шора сол андасқырғыздан шыққан Уәли дегеннің баласы. Жалайырдың өз ішінде бұл данышпан құсбегіні Уәли Шора атайды. «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам Уәли Шора алады» деп, құс жылаған екен» дегенді өздеріңіз де ауыздан тастамайсыздар. Бұл құсбегі хақындағы басым сөзді Құлнияз баламның еншісіне қалдырдым, менікі жай түбін аша кету ғой, бір-екі хикаятына ғана рұқсат сұраймын. Уәли Шора жас кезінде қолға үйренбес екі сауысқанды үйретіп, соларға бұғы алдырған екен. Сауысқан деген әлсіз құс қой, бірақ Шораның үйретуімен қашқан бұғыны қақ маңдайдан қаққылап, көздерін шұқылап, жүргізбеген екен. Сөйтіп, бөгелеңдеген бұғыны аңшылар қуып жетіп, төрт аяғына арқан тастап құлатқан екен. Үлкен бір жиында Уәли Шораның мұндайлығына сенбеушілер табылыпты. Сонда көкте қалықтаған бір бүркітті көріп, Шора «әй, мынау әлгі сасқалақ сары ғой, қазір төбелеріңнен түсіремін, қане, жас жігіттер, тез атқа қонып, айғай-ұран салыңдаршы» дейді. Қымыздың қызуымен онсыз да желіккен жігіттер дүрк көтеріледі. Аттарына мінісіп, ердің алдыңғы қасын қаққылап, өңештерін кере шуылдасқанда әуедегі сасқалақ сары есінен танып, әлгі жиынның ортасына топ етеді. Сонда Уәли Шораға шәк келтірушілер жағаларын ұстап, ішектерін тартып, көз алдарында құсбегі емес құдайдың елшісі отырғандай тіл-жақтары қарысыпты. Әлгі Тінейдің Сарықұсы дегенге байланыстырып та Шораның қасиетін сан саққа жүгіртеді. Ол жағына менен гөрі Құлнияз балам жетік-ау! Өзіне көпшік қойған Өтеген шалға Құлнияздың ризалығы от жарығында-ақ айқын сәулеленді. Мұнда қызғаныш қана емес,

мақтансүйгіштік те бір басына жетерліктей. Найман Тіней жөнінде аса көсілмеді, тек оның түлкі, қасқырдан өзгеге шамасы жоқ Сарықұс дегенін Шора баптағасын оның қоңыр аңға, бұғы-маралға түскенін келтірді. «Тінейдегі қасиет ұялас екен Сарықұспен, Шорадағы қасиет ұялас екен бар құспен» дегенді тілге тиек етті. Тінейді тез қайырып, Шораның өзіне көшкенде Құлнияз тосын жүріс тапты. Бұл тілмарлау, тек жақ жоқ шешен емес, есесіне, бақайшағына дейін құсбегілікке жаратылған жас, бұл әрі оның әрдайымғы сүйікті тақырыбы, тыңдаушысы келіссе бұл жөнінде әжептәуір-ақ әңгімеге қарымы жетеді. Тек оттың ар жағынан қарайып, сұлбасы шалынған төлеңгіт жігіт іштегі қызғанышын қоздыратындай. Бірақ төлеңгіт жігіт мынау түнгі, тым мәртебелі бас қосуда көбіне тым-тырыс еді. – Мен арғының қаракесегіненмін ғой, шұбырынды заманға дейін атабабамның қонысы Қарқаралыда еді. Біздің жақта құсбегілік, салбурын дегеннің ерте күнненүзілмеген дәстүрі, амал-айласы бар. Мен ондайлыққа бала кезімнен құлақ құрышын қандырдым. Қыран дегенің асыл текті дейді екен бұрынғылар. Асылдан асылдығың, тектіден тектілігің аспаса тілсіз құстың ішіндегісін ұғып, оған өз дегеніңді жеткізе алмайсың дейді екен. Құр кеуде, қарадүрсіндік, бос далақтау, табан астында олжа табуға құмарлық құсбегілікпен сыйыспайды. Бапкер деген осы кәсіпке шексіз сүйіспеншілік, құстың да адамға тән мінездері болады, соны ұғу, сонымен санасу, көңлін табу сияқтылардан тұрады. Ділі қатты, сырын ішке бүгіп сазаратыны, немесе, ашық, аңқылдақ, жаймашуақ мінезділері де болады екен құстардың. Асырып айтса өз обалдары өздеріне, адамда қанша мінез бар, асыл текті құстарда солардың бәрі табылады дегенді де өз құлағыммен естігенмін. Өтірік десеңдер ант-су ішуге дайынмын. – Жоқ, Құлнияз жаным, неге өтірік? Шын құсбегілер өтіріктің жанға байлау болмасын біледі ғой, – деп Өтеген Құлниязды тағы да көтермелегенге ұқсады. Деміне нан пісіңкіреген Құлнияз сөздің созаңын сабақтап, тіптен бұра тартты. Шора туралысы жайына қалып, құсбегілікте жиі естілетін қолбала бүркіт, түз бүркіті, түз тебін, шүйелеу, топ қанат, сары сулы сырқат, қанды балақ сияқтыларды түзді. Мынау от басындағылар ондайдан хабары жоқ кілең саңыраулар емес, тек хан мен сұлтанныңүнсіз омырылуын, әрі Өтегендей жасыүлкеннің қолпаштауын көріп, ешқайсысы Құлниязды беттен қақпады. Құлнияз аузы ақжемденіп, Шора есімімен қайта табысқанда құлақтарын қалқитып, ынта-ықылас жағын молайтты. Сосын да ма Шора хақында Құлнияздан тәп-тәуір әңгіме туды. Арғынның қаракесегінде ертеректе осы Құлниязбен аталас бір байдың баласы құсбегілікке әуестеніпті. Сол маңдағы бір білгірден балапан құсты сатып алады да оны өзі баулиды. Басқа дүниені ұмытады. Балапан өсіп, енді күзде оны қайырып аңға салмақта ол өліп қалады. Байдың баласы құсаланып, жер бауырлап жатады. Әке-шешесі «немене, торғай табылмай ма, Балқаш көлінен арыда, Іле дариясының бойында Уәли Шора деген құсбегі бар, ол құс іздеген адамды құрқол қайырмайды, даланың құсын өзінің бағулы жылқысындай ұстайтын көрінеді. Тормен де алады, түнде ағаштың басына қонған жерінен шам жарығын түсіріп, тұзақ салады, тойынып, жүгіруге

жарамаған құстарды қуып жүріп те ұстайды, қия тастардағы ұядан да әкетеді, міне, сол кісіге бар» деген сөздерді ой тоғытады-ау! Бала келіседі. Әкесі өз жалшыларынан еті тірі, біршама батырлығы бар Күдері дегенді баласына қосып, Шораға сый ретінде бір ту биені қоса жетектетеді. Шора бұларға: «әнтек кешіктіңдер-ау, құстың бәрі қайтып кетті, жиырма күн бұрын келсеңдер ғой көңілдегі құсты алар едіңдер, бірақ адасқан құстар болады, ертең кешке біреуі ағашқа қонады, бірақ аса қыран шықпас, бабы қиындау келер, түлкіге түсуге жарар, соны алып қайтыңдар» дейді. Ертеңіне емес, сол күні кеште Шора өз қонақтарына: «қайсысың елгезектеусің, кәне, соның атын ерттесін, бір балапан қыран Балқаштыңүстімен ұшып келеді, шамасы жетпесе Балқаштың суына құлап өлер, жетсе бергі жиекке құлар. Үмітсіз шайтан, кәне, барайық, тез» дейді. Бай баласы атақты құсбегімен бірге баруға атқосшысы Күдеріні жұмсайды. Ол екеуі көлге қарай шабады. Бұлар көл жағалауына көз байлана жетеді. Қартайыңқыраған Шора «сонау тұста айдын бетінде қарайған бірдеме бар ма» деп сұрайды. Күдері батыр «бар» дейді. Шора: «бұл тұста судың тереңдігі белден аспайды, кәне шешініп солай жүзейік» дейді. Бұлар жақындаса бір құс қалқып жүр екен. Шора оны түйе жүн шекпенмен орап алады. Бірақ құс өліп қалған. Шора: «мен мұның өлетінін білгем, бәрібір керек болады» деп, құстың басы мен сирақтарын кесіп әкетеді. Ертеңіне бұлардың осылай келеді-ау деген қыранды күтуі керек еді. Шора «осы Іленің бойында жоғарырақта мен жинап жүрген құстардың бас, сирақтары бар, соны көрсетейін, маған еріңдер, қыранды сол тұста күтеміз» дейді. Бұлар бірер күн жол жүріп, дарияның ағаш, бұтасыз, жалаңаштау бір жағалауына жетеді. Бұл нағыз құм патшалығы еді. Осында атты кісіден биік, бір-бірімен иін тірескен шоқалақ құмдар бой түзепті. Өсімдік атаулыдан көсенің сақалындай селдіреп, тасбұйырған, түбіртек, ақ сексеуіл, қара сексеуіл, шеңгел сияқтылар ғана шалынады. Сол шоқалақ құмдардың басқалардан алабөтен биік біреуінің кең де жазаңдау төбесінде құстың қуарған бас сүйектері, сирақтары шашылып жатыр екен. Аткөпір болып, молынанүйілген тұстары да бар. Бас сүйектердің еңүлкені марқа қозының басына жетеғабыл. Жалаңаштанып, ірісі, ұсағы аралас айқасқан әрқайсысы күн сәулесін өзінше ұялатып, суалған, біткен өмірдің суретін береді. Бұл сапарға Шора кенже ұлын қоса ертіп шығыпты. Оған ештеме таңсық емес, ал әлгі бай баласы мен оның атқосшысы Күдері мұншама сүйектерді көргенде көздері алақандай болады. «Бұл неге керек?» деген сауал бет-жүздерінде тыңға түрен салғандай сойылып түседі. Шора оны аңғарса да жауап қайыруға асықпайды. Осында біраз тыныстайды. Әңгіме шертуге уақыт кең. Шора өз қонақтарын қыран құс және олардың түрлері хақында біраз біліммен суарады. Шора қыран атаулыны төрт топқа бөле сөйлейді. Алғашқы топтағысы назарына іліккен аңды жібермейді. Бірақ адам оны ұстап ие бола алмайды. Бұл жойдасыз күштің иесі, әрі өзі де ірі келеді. Оны қолғаүйретіп, саятқа шығуүшін құсбегінің хас сауаттысы, түлете, әрі баптай білетін, зар күйіне келтіріп, аңға салатын, әрі ондайда бап қылауын түсірмей ұстай білетін адам керек. Құс мертіксе сынықшының, ауырса емшінің

қызметін атқарар өнерлісі қажет. Әрі онда ептілік, сақтық та шектен тыс болуы шарт. Себебі, бұл бірінші топтағы құс қолдан ұшқанда адамның өзін көтеріп әкетуі ықтимал. Анау-мынау жас құлындарды ыршытып, ұршықша иіріп әкеткені жайында Шора біраз мысалдар келтіреді. Азу тісі пышақтай арлан қасқырды алатын да қыранның осы түрі. Дұрыстап, қайырып салсаң елік пен арқарды да жотадан бүріп, көз алдыңда тыпырлатып, кесекөлденең ұстап тұрады. Ал екінші топтағы бүркітке келгенде Уәли Шора тіптен ұзаққа салады. Оған байланысты ел ішінде әр алуан хикаяттар тараған екен, солардың Шора өз басы сенімді санайтын біраз нұсқаларымен таныстырады. Кешегі өздері Балқаш көлінің бетінен өлі күйінде түйе жүн шекпенге орап алған құс сол екінші топтағысы екен. Бұл қасқыр ала алмайды, іштеріндегі ең ерен бітімдісі ғана ондайға жарайды. Мұның негізгі нысанасы шүйебөрі, түлкі, қасқырдың төрт-бес айлық бөлтірігі, басқа да ұсақ-түйек аңдар. Ал мықтап бабына келтірсең мұның мінез-құлқы бірінші топтағыдан да жаман. Әбден бабы келісіп, қатты ашығып, көзі қарауытқанда не нәрсеге де шаншыла құлайды. Аю мен бұғыға, қасқырға, тіпті адамға да, адам болғанда кәдімгі өз иесіне де түседі екен. Бұлақтан су алуға барған, қызыл шәлі жамылған бір жас келіншекке түсіп, оның құлындағы даусы шыққанда бүкіл ауыл өре түрегеліпті. Енді-енді көтеріп әкетпекшіде қуғыншылар жетіп, әзер-әзер айырады. Тірі дегенің болмаса келіншектің кеудесінде құр жаны ғана қалыпты. Әңгіменің осы тұсында іштеріндегі жасыүлкені, әрі сұңғыласы Күдері: «Ақсақал, осы сіз әлгі Сарықұс дегенін бабына келтірген найман Тінейдің ажалы неден болған?» деп сұрайды. Шора мырс етіп, өзінің де осы жайға соқпақшы екенін айтады. Бірақ ол құсбегінің ажалы жөніндегіге тура тартпай оның өз басы жөнінде біраз ырғайды. Найман Тіней де бақайшағына дейін құсбегілікке жаратылған жан екен. Жалғыз Сарықұс емес, одан өзге талайының балақ бауын ағытып, томағасын сыпырып, Арқаның қырқа-қырқаларын атының тұяғымен кертіп тауысқанның өзі екен. Әлгі: Атан өлсе сойылар Атам өлсе қойылар Бұл сықылды қансонар Енді қашан табылар? – деген шын құсбегінің көкірегін жара атқылаған жалынды сөздердің иесі де осы найман Тіней дейді Шора. Оның көп қызықтарын білгірлікпен баяндайды. Кейін Сарықұсы, өзге де қанаттылары ғұмырын тауысқасын бұл мына Шора жілікше шаққан екінші топтағы қырандардың бір тектісін қолғаүйретеді. Оны хас өнерпазша бабына келтіреді. Бірде алыстағы тауларға кетіп, саят құрады. Бүркіттің бабына жетіп, қатты ашығып, көзі қарауытқан шағы екен. Тінейдің сорына орай ол тауда аң, құстан ештеме көзге ілікпейді. Хас өнерпаздың да қателесетін кезі бар ғой, бір жел шайқаған бұтаны Тіней тірі мақұлыққа ұқсатып, құсының томағасын сыпырады. Онсыз да жетесіне жете ширыққан ызалы құс иесінің қателігінен мүлдем тарс жарылса керек. Аң атаулыдан ештеме таппағасын, «осы қиырға әкелген сені ме» дегендей өз

иесінің төбесіне зуылдайды. Тіней мұны күтпесе керек, сөйтіп, өз құсының тырнағынан ажал табады. Күдерінің естігісі келгені де, шамасы, осы. Сұрауында да, түрінде де бір мысқыл барын Шора, әрине, таныған. Бірақ арзанға алданатын бұл емес, әйтпесе, данышпан құсбегі атана ма, қонақтарының әңгімеге құлықты екенін сезіп, келесісіне көшеді. Бүркіт атаулыныңүшінші топтағасын Шора нашар, әрі айнығыш атайды, ал төртіншісі шәулі бүркіт делінеді екен. Шора осы соңғысына көп көңіл бөледі. Бүл шәулі бабы келіссе қоян мен суырдыүйіп салатынның өзі. Ортақол шаруа адамға ең қолайлысы осы. Егер иесі өнерпаз шықса мұның түлкіге, шүйебөріге де жүрегі дауалайды. Бұл соңғы екі топтағыға қатысты хикаяттардың да біразы Шораның көкірегінде қаттаулы екен, соларды ақтарады. Бір құсүшін осы Шораға арнайы келген бай баласы мен Күдері батыр Шораның жай құсбегі емес, немесе, әңгімесі іш атқан, мылжың көбік ауыз емес, өз білгенін кейінгі ұрпаққа мирас етпекке жан салатыны бар киелі жан екеніне көз жеткізеді. Сонымен қойшы, бұлар екі-үш күнді сол шоқалақ құмның төбесінде өткеріп, бірде кешкілікте Шора қасындағылардан «мен кексе жанмын ғой, көзім жақсы көрмейді, анау ағаштың басында қарайған бірдеме бар ма» деп сұрайды. Бұлар бірауыздан «бар» дейді. Сосын Шора күн батып, әбден қараңғылық орнағандаүшеуін де ертіп, мысық жүріспен сол ағашқа жақындайды. Сосын баласына «біз жарық салып тұрамыз, сен ағашқа өрмеле де мына тұзақпен құсты ұста» дейді. Сондағы ең ғажабы, тұзақтың бір шеті тиюі мұң екен, ұйқыдағы құс қанат серпуге жоқ, домалаң етіп жерге құлайды. Бұл тұзақты Шораның өзі істепті. Жабысатын желімі бардай құсқа тисе-ақ оны жібермейді. Міне, Уәли Шора өзіне арнайы келген қонаққа ұсталған құспен қоса осы тұзақты да сыйлайды. Бірақ данышпан құсбегінің бұларға жасаған еңүлкен сыйы шоқалақ құмның төбесінде тапжылмай жатып, төккен әңгімелері еді. Өз елдеріне барғанда бай баласы мен оның атқосшысы Күдері Шорадан ұққандарын талай заман жырлап тауыспапты. Әрі аталмыш құстың дәл сол мерзімде, кешкілікте шоқалақ құмның қасындағы ағашқа қонақтайтынын Шора қалай болжап білген, әлде көп құстардың қураған сүйек-саяқтарында бір қасиет бар ма, тағы осы сияқты сұрақтардан бастары зеңгіп, өзгелерді де миғұла етіп, ауық-ауық есеңгірейтін халге жетіпті. * * * – Үйсін атаныңүрім-бұтағын біз аға балалары санаймыз. Сол аға балаларының ханы Жолбарыс осы көктемде кісі қолынан қаза тапты. Бұл біз көрген алғашқы құқай ма? Одан сәл бұрын, осы өткен қыстың қарсаңында Хиуадағы Жолбарыс хан, ол да кісі қолынан сөйтпеп пе еді? Сонда көзді ашып-жұмғанша, бір қыстың о жақ, бұ жағында Шыңғыс ханның екі бірдей нәсілін әлдебір обырлар қайраңдағы балықтай соқты. Ал одан да бұрын ше... иә, зырылдауық заман бір орында тұра ма, он жылдан астам уақыт өтіпті-ау, аруақ кешірсін құлағын шулатқанымүшін, Болат ханның өлімі, он жыл өтсе де сол өлімнің күйігі әлі күнге өзегімді өртейді. Әлдекім төре тұқымдарының ең бір жілігі татитындарын күйеше жалағандай. Жарайды, Болат хандікі бұрынғы, ал мына екі Жолбарыстан айрылуымыз алаштың қай баласының

жанына жай таптырмақ? Осы турасында Қаздауысты Қазыбек би мен Қаракерей Қабанбайдан сыр тартсам олар мені мұрнын тескен тайлақтай өзге жаққа бұрады. – Көлденеңнен киліккен Абылай сұлтанның сөздері манадан қыран хикаяттарына елітіп, өзге дүниені ұмытқан көпшілікке сол құс атаулының төресі самұрық алып қанаттарын «ысс» еткізіп, төбелеріне құлағандай әсер етті. Ең жайсыз күйге ұшыраған Құлнияз. Аузы ақжемденіп, осыншама балпылдағанда бар сарыққаны сұлтанүшін қара бақырға тұрғысыз көрінгені ме? Оттың арғы бетіндегі әлгі төлеңгіт жігітке көзі түсіп, оны масайрай бастағанға ұқсатты. Жалғыз Құлнияз емес, осы тектес күй өзгелерде де бар. Бәрінен де қайратты шыққан Әбілмәмбет хан. – Өзге жаққа бұра тартқаны қалай? Қайта ол екеуі мына Ұлы жүз ханы Жолбарыстың өлімін ата жау қалмақтан көріп, соған қарсы тағы бір бұлқынысқа шақырды емес пе? Қазыбектің де, Қабанбайдың да байламынша егер қалмақтар қолтықтарына дым бүрікпесе Ташкенттің ақ шалмалы сарнауықтары қазаққа бүйтіп қыр көрсетпес еді. Ұлы ханға сұлтан не жауап қайырар екен деген жұрт сілтідей тынды. Ортада жалпылдап жанған оттың түтіні бет-жүздерін қармап, көздерін ашытқандар да шыдап бағып, құлақтарын сұлтан жаққа түрді. Бұндай сөздердің өзіне арналарын Абылай алдын-ала білген де сияқты. – Сөзіңіз рас! Дәл қазіргі таңда алты арыстың білгір биі мен найманның дүлей батыры қалмаққа қарсы қарт бураша шабынуда. Сөйте тұра орыстарды шапқа түртпесе қайтер еді? – Абылай жаным, сөз тәрізің бір түрлі, түсінсем бұйырмасын, Қазыбек пен Қабанбай орыстарды қашан, қай жерде шапқа түртті? Абылайдың мырс еткені от жарығында-ақ шалынды. Көздерін төмен салып, басына тартқан бөз орамалының самайдан төмен құлаған екі ұшының сәл-пәл дірілдеуі де соған айғақтай. Әрі саптама етікті аяқтарын жиыңқырап, тез отырыс түзеуі де сұлтан кеудесін күлкі мен күдіктің қосақабат жайлағанына куәлікке жүретіндей. – Ана Қарасақал аттыны байлаудағы иттей арсылдатуы орыстарды шапқа түрткен емей немене? – Қобызым не дейді, жыным, сен не дейсің дегендей, Абылай жаным, мен әбден шатасудамын! Әкем-ау, мен теріс ұқпасам ол Қарасақал орыстарға қарсы емес, сол қара қалмаққа қарсы байлаудағы иттей арпылдап тұр емес пе? Енді Абылайдың ішін шындап күлкі кернегендей. Келтек ағаштай ірі сүйектері мен бұлшық еттері қозғалысқа келіп, қыжым шапаны мен былғары шалбарын тігістерінен сөгіп-сөгіп жіберердей сурет берді. Екі жағына пышақ жанығандай қияпаты да от жарығын өзіне көбірек тартып, жұрт назарын қосақабат байлап-матап ұстағандай. Бірауық қазақ жеріне аяқ басқанынаүштөрт-ақ айдың жүзі болған Қарасақал аттының бүкіл Орта жүз аумағын тұнығына тас түскендей еткеніне қызғанышпен де қарағандай. Бұл тұста от басында сығылысқан көпшілік хан, сұлтанға ғана емес, олармен сап түзеп, тізе тиістірген Олжабай, Бекболат, Жәнке, Өтеген, Бұқар сияқтыларға да зейін қойды. Осы көрнекі адамдар бұл ырғасуға қалай

қарайды, хан, сұлтан тіл ұшына іліктірген жайларға қатысты өз көзқарастарын, іс-әрекеттерін солардың бет пішіндеріндегі жазуға орай белгілемек сыңайлары осы түн қараңғылығында да бүркеулі еместей. Осы көрнекілердің ішіндегі сабырлысы Бекболат. Хан мен сұлтан жарыса өз әкесі Қазыбектің құлағын шулатысқанда екі иығына ауыр салмақ түскенін сезсе де былқ етпеді. Есесіне, қасындағы туысы Жәнке алақ-жұлақ етіп, Бекболаттың томсарған жүзін бір барлады да өзге ынта-ықыласын хан мен сұлтанға арнады. Задында бұл Жәнке Шобалайұлы батыр атанғанмен осы Бекболаттың ығындағы адам. Қашан да хан, сұлтан арасында қазақтыңүш ұлы биінің бірі Қаздауысты Қазыбек, не оның қарамағындағы ел төңірегінде талас туса Бекболат қалыс қалады да, Жәнке бел шешіп сөзге кіріседі. Қазір де сондайдың тықыры таянғанын сезіп, жазғы күпіден мойнын жалаңаштай созып, көздерін төңкере қарады. Абылайдыңүнсіздігі ұзаққа созылғасын Әбілмәмбет қайта желпінді: – Балаларыңды қалмаққа аманатқа бермеңдер деп, зарлайтын сол Қарасақал емес пе? Әне, Тұрсын ханның баласы Барақ сұлтанға арқа сүйеп, тіпті маған доңайбат жасауда. Бала деген адамның бауыр еті, қайтейін, қара қазақтың тыныштығыүшін сол бауыр етімді, бір баламды қалмақтарға аманатқа беріп отырмын. Ал Барақ пен Қарасақал сол қалмақтың бір бүйіріне пышақ сұқпақшы. Қарасақал орыстарды шаптан түртті дегеніңді түсінбедім, жаным! Орыс қайда, қалмақ қайда? Қазақтың ұлы ханы Әбілмәмбеттің бір баласы дәл қазір шынында Жоңғарияда аманатта еді. Сондағы қонтайшының отбасында оның өзге балаларымен бірдей қамқорлықта делінсе де әке көңілі күпті. Иә, бұл 1740жыл Орта жүз ғана емес, бүкіл қазақ тарихындағы ең бір аласапыран оқиғаларға толы жыл еді. Парсы елінің патшасы, түрікменнің апшар тайпасынан тарайтын Нәдір шах Хиуа ханы Жолбарысты жиырма әміршіуәзірлерімен қоса дарға асқаны, оған қоса Ташкенттегі Жолбарыс ханның қазасы хақындағы хабарларды өзімен бірге әкелген бұл 1740-жыл өзінің сол бастапқы ажарынан қайтпай тұр. Бір сұмдық екінші сұмдықты жетектеп, осылай тасып жатқандай. Иә, Барақ пен Қарасақал Жоңғарияға бір бүйірден тиіспекші. Әзірге сөз жүзінде болса да көкіректе ызғар тудырады. Оның әуселесін көтеріп алармыз дегенмен де қалмақ жақтан басқа бір жаманат сумаңдағандай. Кеше Абылай біреуінің басын шапқанүш дәруіш сол қалмақтардың жансыздары емей немене? Оларды қазақ жеріне аяқ басқанынаүш айдан әзер асқан Қарасақал дейтінге телу ақылға сыйымсыздау емес пе? Абылай әлі деүнсіз. Бірақ хан сұрауын жерде қалдыру әдептілікке жатпайды: – Құдайдың тап осы күндерінде біз жатсақ та, тұрсақ та нені ойлап жүрміз, хан ием? – деп, сұлтан жауаптың орнына сұрақ қойды. – Алдағы орыс ұлықтарымен кездесуді айтасың ба? – Дәл соны айтамын! – Ал айттың..?

– Күншығысқа қадалып тұрып, күнбатысқа кілт бұрылып, алғашқы бағдарымызға жота көрсеткендей жайымыз бар. Сіз өз балаңызды қалмақтарға аманатқа бергенде біз сол алғашқы бағдардан қайыр күткендей дәмеде емес пе едік. Енді бергісі жоңғар, арғысы қытай, түстігің Нәдір шаћ – бәріндегі ашкөздік, ашқарақтық бізге неге ой салмасын? Мен жасырақ кезімде түз кезіп жүріп, жұрағаты сонау Алтай тауында бір жићанкезбен дидарласып едім. Сол менің сөз ұғарлығым барын сезіп, көл-көсір баянға басты. Өзі Қытайда да, орыс ішінде де тұрыпты, тіпті жоңғар жерін де арыбері сан кескілепті. – Өзі қазақ па? – деп қалды Әбілмәмбет. –Қазақ! Қазақ болғанда қандай? Төле бидің қасында сөздің тұнығын жүзіп ішкен менің өзімді жаңылдырады. Сол менен қазақта қытайға байланысты қандай мақал бар деп сұрады. Мен «Қара қытай қаптаса ақырзаман болады» дегенді айттым. Ол сәл мүдіріп, «Ақыр заманды шақырып қайтесің, жақсы сөз жарым ырыс, мұныңды былай өзгерт, «Қара қытай қаптаса сары орыс әкеңдей болар» деп қисындыр» деді. Міне, содан бері сан жыл өтті, алтайлық жићанкездің сол мақалы көкірегімнен ойып орын алғанын енді білдім. – Абылай осыған жетті де түтін көзін ашытқандай қибыжықтады. Бірақ бұл ойүзілісі екен. Келесі сөздері басқа қиырдан жота көрсетті. – Рас, қара қалмақ Қарасақалдың атын естігелі астынан су шыққандай апалаң-топалаң. Егер ол шын мәнінде кезінде сонау Еділ бойындағы екінші Қалмақ хандығына сіңген Шұна-Доба болса ҚалданСереннің түн ұйқысы бұзылмай неғылсын. Шұна-Доба Қалдан-Сереннің бір әкеден туған, бірақ шешесі бөлек інісі. Ал Қалдан-Серен сонау қаралы қоян жылы Жоңғарияның бас сардары атанған өз інісі Шұна-Добаны Еділге қарай ығыстырғанымен қоймай оның шешесі Сетержапты және одан туғанүш бойжеткен қызды кеуделеріне қыздырылған темір бастырып, жерге тірідей көмдірмеп пе еді? Бұны көзімен көрген қалмақтың баянын тыңдағанымыз есіңізде ме, хан ием? Міне, соның күйігі Шона-Добаның көкірегінен кетті дейсіз бе? Егер бұл Қарасақал шынында сол Шұна-Доба болып шықса қалмақ қауымының қақ жарылмауына кім кепіл? Егер одан да асып, мынау басым түссе Қалдан-Сереннің сол өз өгей шешесі мен одан туғанүш сұлу қарындасына тартқан азапты өлімі бұл Қалдан-Сереннің өз басына айналып соқпасына кім кепіл? Тіпті бұл құқай ол құқайдан да қатыгез шығуы мүмкін ғой. Жалғыз Қалдан-Серен емес, оның зайсан мен бектерінің де жамбастарына мұз батқандай болуы кімге құпия? Ал орыстар бұған орай неге қыбылжиды? Бұл Қарасақал орысқа бұрыннан бодан, айрандай ұйыған башқұрт елінің де ту-талақайын шығарған. Тап өкпе тұсындағы моп-момақан ел бір күнде Ресейдің қас дұшпанына айналды. Сосын да орыстардың ол Қарасақалда кегі бар. Егер бұл Қарасақал Жоңғарияға шауып, тіптен туы желбіресе онда орыстардың тап өкпе тұсындағы жазылмас жараға айналуы қиын ба? Міне, сосын да, хан ием, Қазыбек пен Барақ сұлтанның Қарсақалды құтыртуын орыстарды шапқа түрткендікке балаймын. Бірақ осы сөзіме қарап, хан ием, басқалар мені сол қара қалмақпен ауыз жаласпаққа мойын бұрды деп, сөкпегейсіздер. Ондайдан құдайым сақтасын, қара қалмақ атамекенімізді

түп-түгел босатпайынша олармен ешқандай ымыра жоқ. Бірақ әр нәрсенің өз жөні бар. Алда, сонау батыста, Жайық өзенінің бойында орыс ұлықтарымен мәртебелі кездесу тұр. Оған баршамызды мына хан иемнің өзі бастап бармақшы. Орыс ұлықтарының өздері де осы кісінің келуін қалапты. Тайлытаяғымен анау Әмудария жағасынан, Арал теңізінен Әбілхайыр хан да шақыртылыпты. Оның да баруға келісім бергеніне жүргіншілердің сөздері куә. Құмнан қашқан түлкінің жонындай құбылатын Әбілхайырдың бұл қай қыры екені әзірге беймәлім, бірақ, бүгінгі анық шындық осы. Біз орыстармен жүздескенде бір нәрсенің анықтап бетін ашқанымыз абзал. Ол тағы да мына қара қалмаққа, жоңғар хандығына қатысты. Біз Қазақ ордасымыз, анау ең әріде айдаћардай ысқырып Қытай жатыр, екі ортамызда Жоңғария, енді байыптаңыздар, біз өз күшімізбен, не орыстарға арқа сүйеп, сол Жоңғарияны тып-типыл етсек, жақсылық па, әлде бүгінгіден он есе жамандықты жақындатып аламыз ба? Жаны сірі Жоңғария сол Қытаймен неше мәрте соғысты, неше мәрте күйреді, неше мәрте қайта бойын түзеді? Жоңғарияның көзін құртамыз деп, Қытайды өзіміздің өкпе тұсымызға келтіріп алсақ бархадар табамыз ба? Осындай сұраулар көкірекке қадалғанда әлгі алтайлық жићанкез қазақтың «Қара қытай қаптаса сары орыс әкеңдей болар» деген мақалы анамнан қалған сөздей іштегі бар дүниемді оятады. Абылай негізінде қысқа сөздің адамы, бұлай ұзаққа сілтеуі сирек. Сол сирек қара көрсететін мінезі мынау күні бойғы қызығы мол салбурыннан кейінгі түнде жалынынан түтіні мол оттың басында жаңа күшпен бұрқ еткендей. Әбілмәмбетке, басқаларға сұлтанның күндізгі құс салудағы аратұра оқыс қылықтарының, сөздерінің сыры енді ашылды. Бұл күні бойы салбурын әуселесін емес, алдағы Ресей ұлықтарымен кездесуді ойлап, мына әуенінің астарындағы жайларды басында пісіре берген, шамасы. Әбілмәмбет, тағы басқалар сұлтан тебіренісінен соң жақ қимылдатуға қайсымыздың тауанымыз жетеді деп, бір-біріне алақтасты. Оттың басы дегенмен баршасының бет-жүздері қара көлеңкелі. Қайсысы қандай күйде, ішкі сезімнің қай мөлшердегі дауылына ұшырады, айыру қиын. Тек томардай сұлбалары ғана жансызға жан біткендей етіп, мардымсыз қимыл-қозғалыс жасайды. Бірі тісін шұқылап, екіншісі маса шаққан мұрнының ұшын ысқылап, әрқайсысы әртүрлі ермек тапқандай. «Мен едәуір ырғастым ғой, сендер де бір леп шығарсаңдаршы» дегендей Әбілмәмбет өзгелерді көздерімен түртпектеп бақты. Бірақ ең алдымен өз басына зіл түскені апайқын. Жалайыр Өтеген мен Құлнияз Уәли Шора хикаясын көйітеміз деп, енді оның әдірем қалғанын сезгендей мойындарын ішке тықты. Жалайыр Өтеген, көпті көрген, тақымы кеппес жүргінші, әрі оқыған-тоқығаны мол сақа адам ғой, тілінің ұшына ұтымды сөз оралғанын сезді де мойнын созып, кеудесін тіктеді. Тек бұл ортада өзінің біршама жаңа адам екенін есіне алып, бөгелді. Үнсіздікті басқа біреудің бұзуын қалады. Байқайды, бәрі Бекболаттан қайыр күтеді. Себебі, жаңа Абылай сұлтан ең алдымен осының әкесі Қаздауысты Қазыбек биді тілмен түйреді емес пе? Ол сөздер Бекболаттың ішіне дарып, қаншалықты жарылыс жасады, кезек күттірмес

нәрсе соны анықтап білу ғой, сосын да оған кезек бергендерін білдіре бір кісідей Бекболатқа назар аударысты. Бекболаттың әкесіне ұқсаған сидам денесі қазықша шаншылып, басы төмен салбырап, ләм-мим дейтінге ұқсамады. Манадан сөзге даярланған Шобалайұлы Жәнкенің мазасыздығы білінді. Сайрайтын уақыты туған, тек әлдебір темір қазық тобықтан қағып, аяғын ғана емес, тұлабойын түгел ауыртып әкеткендей. Мұны тобықтан қаққан темір қазық – сұлтанның орыс жұртына, олардың ығай-сығайларымен кездесуге қатысты сөз ауаны еді. Жәнке өз бетінше оған ой жеткізе алмады. Әрі Қазыбектің, Қабанбайдың Қарасақал дейтінге қатысты іс-әрекеттерін Бекболат қалай бағалайды, ол да жұмбақ. Егер Бекболат осы екі жағдай жөнінде тісінің арасынан бір дыбыс шығарып, бағдар сілтесе Жәнке оларды жілікше шағып әкетуге әп-әзір. Бірақ Бекболатүндейтін емес. Жәнкеүшін осы Бекболаттың бір басында түсініксіз жайлар жетіп артылады. Бір жайдан осы Бекболаттың ұлы хан мен сұлтан тобына қосылуының өзі қызық. Осыданүш жылдай бұрын ішке дендеп енген қара қалмақтың қыспағында жүріп-ақ алты арыс елдің екі зоры – арғын мен найман арасында дау туған. Күллі найманның сөзін ұстап, Қаздауысты Қазыбекке Төбет би деген келген. Төбет би дегенмен бұл даудың сыртында найманның ең атақтылары Қаракерей Қабанбай мен төре тұқымы, ол да әйдік батыр, әйгілі Өтей палуан немересі, Шүрек баласы Көкжарлы Көкжал Барақ тұр еді. Төбет бидің сол екеуін арқа тұтқаны бірден танылған. Қазыбек те оңайда жатқан дүние емес, Төбетке тойтарыс береді. Бірақ Төбет би қоқан-лоққыға барып, Қазыбекті ықтырмаққа бет алады. Міне, осы тұста Бекболат килігеді: – Ақсақал! Найманның батыры Қабан, сұлтаны Барақ, биі Төбет боп келетіні несі? Жайдан-жай ма, жоқ аттарың заттарыңа сай ма? Қара ағаштай қалың найман, көптігіңе басып, күштегенді қашан доғарасыңдар? – Жөн, жөн, Бекболат шырақ! – дейді Төбет би – Екі аяқты, төрт аяқты, қос қанатты деп өзіміз жіктейміз, әйтпесе алпыс екі ғаламдағы тірі жан иесінің түбі бір ғой, түбі бірге болмаса әкең Қазыбек қаздың даусына салып қаңқылдар ма еді?! Батырым Қабан атанса қалмақты қамыстай шалып қырғаны, сұлтаным Барақ атанса қотанға тиген қасқырды алып ұрғаны, биі Төбет атанса еліне айбар, жауына бөгет, дұшпанның басынбағаны, ешкімнің сөзін басынан асырмағаны! Сонда Бекболат та қайтпай «дұшпан басынбаса мына көрген күніміз не» дей бергенде Қазыбек «Тоқтат!» деп айғайлайды. Сосын кеудесімен ауыр тыныс алып, «Сен, Бекболат, жеңілдің, жүйелі сөз наймандікі, жатқан жыланның құйрығын басқан өзіміз, сол айыбымызүшін қонақтардың шаруасын бітіріп, жолға сал» деп, көпе-көрнеу өз баласын жығып береді. Осы оқиғадан соң онсыз да әкесінен қонысы аулақтау Бекболат мүлдем тоңторыстанады. Ел ішінде әке мен бала араздығы хақында өсек тарайды. Сол өсекті естіген Қазыбек баласын жұрт көзінен аулақта құпия әңгімеге шақырады. «Сен екеуміздің араздығымыз хақында өсек бар, сол өсек шындыққа балана тұрсын, мал-жаныңмен Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан құзырына көш, соларға сің, жазатайым олар мен хақында ұнамсыз

бірдемені көңірсітсе ер-тоқымыңды баурыңа алып тулама, бас шұлғы да отыр, сенің осы сіңістігің ырыс әкелер» дейді. Ұлы хан мен сұлтан құзырында Бекболаттың өрісі кеңейгендей де. Әрі бұлардың ең сенімді адамдарының біріне айналды. Әрі хан мен сұлтан Бекболаттың өресінің биіктігіне тәнті еді. Хан мен сұлтан Қазыбекті жазғырса бұл іштегі туыстық желіні ызыңдатпайды, қайта оңы, терісі қайсы деп, ойлана қарайды. Анық ақылы жеткен тұстан ғана шаң береді, әйтпесеүндемейді. Қазір Бекболат қана емес, Олжабай, Бұқар жырау сияқтылар да түнеріңкі еді. Бұларды да сең соққандай еткен Абылай сұлтанның арысы орыс пен қытай, берісіүйреншікті жоңғар, одан да бергісі өзіміздің қаны бірге қандасымыз, мұңы бірге мұңдасымыз – Барақ сұлтан Тұрсынханұлы, Қаракерей Қабанбай, Қаздауысты Қазыбек, алшын ханы Әбілхайыр, ол аздай әлгі Қарасақал – бәрін топтап, қорадағы қойдай бір тоғытып, орыстармен кездесу қалай өтеді, Қытаймен екі ара жалаңаштанып қалмай ма деген сияқты сұрауларға ат басын тіреуі еді. Сірә, бұлар да мұндай сұрауларға жауап табуға дайын емес, әсіресе, онысы мен мұнысының арасында қандай байланыс бар деген сияқтының шырмауында қалған. Үнсіздікті бір бұзған Шобалайұлы Жәнке еді: – Түу, мына түтіннің ащысы-ай! Тура кеңсірігіңді жарады! – деп, мұрнын, бетін қаққылай қозғалақтады. Сұлтан пайымдауларына жалғастықты табуға сол түтін кедергі жасағандай түр көрсетуден де кет әрі емес. Шындығында Жәнке сөзге жетік адам, тек ол Бекболаттың томағатұйықтығына зығырданы қайнай сонысын осындай қимылмен тарқатпақшы. Бұқар жырау тамағын кенеді. Бәрі сол жырауға қоғадай жапырылысты. Қараңғыда оның да сұлбасы анық емес, әйтеуір қарайған бірдеме: – Мен білсем, сұлтан иемнің сөзінде түкті жүректі, балуан білекті, кеудесі сом алтындай жігіт қана бойлайтын тұңғиық бар. Сол тұңғиықтың жай-жапсарын ашуға себі тиер ме екен, қалмақтың Шұна-Добасы хақында, ол Қарасақал ма, жоқ па білмеймін, сол Шұна-Доба жайында естіген бір баянымды бас-аяғын жұмырлап жеткізейін. Ақыл таппай сансырағанда осылай ертегі, аңыз-жырға жүгіну қазақта ертеден барүрдіс. Бұқардікі сол заманда ел ішіне кең тараған аңыз. Қонтайшының Қалдан және Шона атты екі ұлы бар, соңғысы әрі батыр, әрі кемеңгер екен. Шонаның тұтқын қыздардың ішінен таңдаған Қарақыз атты сұлуын Қалдан тартып алады. Намысы қозған Шона өр Алтайдың қыраттарында он екі досымен сейілде жүріп, оларға мұңын шағады. Солардыңүгітімен Шона алыстан өз ағасының киізүйіне садақ тартады. Жебе Қалданға емес, кереге ағашқа тиеді. Қалдан жебенің Шонанікі екенін танып, қонтайшы әкесіне шағымданады. Әкесі Шонаны шақыртып, ел көзінен тасада зынданға тастаттырады. Қонтайшыға кіріп-шығуы көп бір данагөй шал мұны сезіп, жеті жыл бойы зындандағы Шонаға ас-су жеткізумен айналысады. Бірақ ел ішінде батыр да кемеңгер Шона қайда жоғалды деген күңкіл тарайды. Бұл күңкіл бұрындар қалмақтардан алым алушы, тек Шонаның ерлігі арқасында ғана онысын тыйған көршілес елдің ханына

жетеді. Шона тірі ме, жоқ па, осыны айыру бұлүшін өте маңызды еді. Хан қонтайшыға екі сауысқан жіберіп, «бұлардың біреуі сиқыршы сауысқанға айналдырған қарға, сол қайсысы екенін табасың, егер таппасаң баяғыдай алым төлейсің» дейді. Қонтайшы сасады, мұны шешер өздерінде шама жоқ, әлгі Шонаға ас-су тасушы данагөй шал Шонаға барады. Шона: «Жерге қада қағып, оған таяу талдан аспалы қалқа жасаңдар да қададан солай қарай екі сауысқанды ұшырыңдар, шын сауысқан қалқаның астымен зу етеді, ал қарғасы қалқаның төбесіне қонып қарқылдай береді» дейді. Көрші елдің ханы өз жұмбағының оңай шешілгеніне тоқтамай бір тал тобылғыны жіберіп, «осының басы мен түбі қай жағы, соны айыр» дейді. Тағы да Шона «тобылғыны суға салсаң бас жағы алдына қарап ағады» дейді. Сөйтіп, қонтайшы алым-салықтан құтылады. Бірақ ызаланған көрші елдің ханы жыл өткізіп барып, темір садақ жібереді, «осыны тартатын адам тап, әйтпесе алым-салық төлейсің» деп қайта қоқаңдайды. Мұндағылардың біреуі түгіл отызы жабылып, садақты тарта алмайды. Сонда Шонаның кеңесімен әлгі данагөй шал қонтайшының алдында сақалының ұшына көз жасын домалатып, ағыл-тегіл боздайды. «Өз батырымыз Шонаны құрттық, енді жауға кіріптармыз». «Әй, ол Шона тірі шығар, көрейікші» дейді қонтайшы. Зынданнан шығарып,үлкен аяқпен шарап ішкізіп, түйенің сүтіне шомылдырып, Шонаны қалпына келтіреді. Сөйтіп, ол темір садақты тартады. Әкесін, өз халқын жауға кіріптарлықтан құтқарған Шона соңында «жанымды осынша жыл азаптаған, әке, мен саған жоқпын» деп, ел-елді кезіп кетеді. Қалмақша сөйлемеске ант-су ішеді. Ақыры орыс жерінен шығады. Онда да тұрақтамай башқұрттарға келеді. Мұның керек кезінде қар, жаңбыр жауғызатын, ауруларды емдейтін қасиеті бар екен. Башқұрттар сосын да оны өз көсемі сайлап, орыс жұртының қыспағына қарсы көтерілісті басқартады. Шонаның орыстардың ызасын тудыратыны содан екен. Бұқар жырау бұл аңыздың кей тұстарын ұйқасты өлеңге айналдырып, адамның сай-сүйегін сырқырататындай әсем сөзбен әрлеп, зор шабытпен жеткізді. Қара қалмақ қаншама дұшпан дегенмен оның да көз тартар қылықтары барын ескерткендей. Жаңағы Абылай сұлтан толғанысына жалғастықты осылай тапқандай. Ортадағы от өшіңкіреп, түтіні молайып, төбелерінен төнген түн салмағы бұрынғыдан да ауырлады. Сұлтанның сөзі бір зіл де, жыраудікі екінші зіл. Бәрі қосылып, қос иыққа, көк желкеге батпан темірдей артылғанда қол-аяқтан әл кетіп, тырп ете алмайды екенсің. От басындағылар жырау төгілткен аңыздағы Шона батыр мен Жоңғарияның бұрынғы қонтайшысы Сыбан Рабтанның тоқалы Сетержаптан туған кіші ұлы, әйгілі қолбасы ШұнаДобаны іштей салыстырып, ұқсастық белгілерін іздесті. Бұл Шұна-Добаның бүгінгі қонтайшы, өз ағасы Қалдан-Серенде қандай кегі барын да ескерісті. Тек Қарасақалдың сол Шұна-Доба екеніне анық сенімнің жоқтығы ғана тілжақтарын қарыстырғандай. Ал сенбейін десе осы Қарасақалдың атын естігеннен-ақ анау Жоңғария басшыларының аяқтарымен шоқ басқандай ыршығаны несі? Балықшы балықшыны алыстан таниды емес пе? Қара қалмақ өз қандасын қазақтардан гөрі дәл аңғаруға тиіс қой. Қалайда мұнда

бір гәп бар. Тек Абылайүшін ғана мұның өтірік, не рас шығуының келіпкетері шамалы. Қай-қайсысының да өз халқының мүддесіүшін қажетті қырларын іздестіреді. Жалайыр Өтеген Абылайдың ойын оқығандай екен. Сұлтанның манағы толғанысынан соң іле-шала көмекейіне кептелген сөз нұсқалары Бұқар жырау баянының әсерімен сәл өңін өзгертіп, пырылдап ұшуға қайта сұранды. Өтегеннің енді ашылмасқа лажы жоқ: – Мен білсем, жаңа жырау інім баршамызды ұйытқан хиссасының беташарында сұлтан иемнің ойларында анау-мынау бойламас тұңғиық барын әділ бағалады. Жырау інімнің осы бағасын мен де жақтаймын. Бірақ әр тұңғиықтың да адам байламаса да еңғұрмаса тастаған тас жететін бір түбі, аяқпен басып, көзбен көрерлік жағалаулары болады. Біз баяғының ғұламасынша ойға шомғанмен саусақ ұшын қимылдатуға енжармыз ба, қалай? Не нәрсені де ажыратуүшін, ой ойлау аз, там-тұмнан басталатын қимыл керек. Сол жағы жетіспей тұр-ау, осы! – Сонда не, Барақ сұлтан мен Қаздауысты Қазыбектің әуеніне басып, біз де осындай шақта қара қалмаққа екінші бүйірден тиісуге қам жасайық па? – деп Әбілмәмбет хан дүрсе қоя берді. – Өзіңіз түстіктен келген жансыз. Жолбарыс атты екі бірдей ханымыз жау қолынан өлім құшты деп, Ташкенттің ақ шалмалы сарнауықтарына, немесе, парсының Нәдір шаћына қарсы соғысқа арандатпақсыз ба? – деп, манадан терісіне әрең сыйып отырған Шобалайұлы Жәнке шабаланды. Өтеген мұндай шабуылды күтпеген екен, түтіннен бас қорғағандай қараңғылықта жұрт көзіне әрең шалынатындай бір қозғалыс жасады да даусын сәл өзгертіңкірей созды: – Жаным Жәнке, бас жаққа барыспайық. Бас жаққа барыссақ айтарым – сол екі Жолбарыстың кегін қуу мына қазағымның ұлы ханы Әбілмәмбеттің, аруағыңнан айналайын кешегі қазақтыңүш жүзіне билігі жүрген ұлы хан Болаттың орнын басқан хан ием Әбілмәмбеттің айналасындағы сорпа бетіне шығарлардың пешенесіне жазылған жұмыс. Ол жағын сен тап бастың. Бірақ мен олай сілтеген жоқ едім. Там-тұмдап таяудағы шаруаны бітіруге бір қолаяқ қимылы керектігіне мегзеп едім. Бір мысал, сол Қарасақал жөнінде бал ашқанша сонымен бетпе-бет кездесудің, Қазыбекпен де, Қабанбаймен де, Барақ сұлтанмен де бір дастархан басында тоқайласып, сөз әлпетін танысақ нетті дегенім. Бір жоқты бір жоқ табады, қол-аяқ қимылы көп жайға көз ашпасына кім кепіл? – Хан ием! Сұлтан ием! – Күндіз де, мына түнде де аузын буған өгіздей томсырайған Олжабай дүр етті. – Маған «әп, бәрекелде» деңіздерші. Сол Қарасақал, қонтайшының емес, құдайдың ұлы болса да тауып, мықтап танысып, дидарласып қайтайын. Нағашы атам –үйсін Қаратайдың адам танығыштығы маған да дарыған. Қиқалақтаса атқа өңгеріп, алдарыңызға әкелейін! Олжабайдың әулекі мінезі қайтадан жарқ етті. Мана күндізгі салбурынүстіндегі әлгіүш дәруіш жөніндегі тілегін айна-қатесіз қайталады. Осындағы ең ақылдылар Олжабай мінезінен бұл жайдан гөрі әлдеқайда терең

мағналы шындықты естеріне алып, тілдерін тартты. Жалпы соңғы жылдары қалмақтармен екі арадағы жағдай басқа бір пәлекетті ушықтырып бара жатқандай. Ол осы Олжабай тектес еңсесі биік, ерні салпы батырлардың іш дүниесіндегі аласапыран. Қазақтыңүш жүзінің басы қосылған жойқын қозғалыс сонау «Аңырақай шайқасынан» соң қайта көрініс таппады. Өзараүзіп-жұлқысулар ғана шаң береді. Әрі қалмақтар қазақтардың ішіне жылдан-жылға дендеп енуде. Тек анау алыс күншығыстағы Іле дариясының жоғарғы ағысына Кеңсай, Текес сияқты тау өзендері құятын тұстағы қонтайшы байтақысын қазақ ортасына көтеріп әкеп, топ еткізе салу ғана қалғандай. Қазақтағы осы жайбарақаттық, көнбістік кейде құдайдың өз қолымен әкеп мойындарына кигізген қамытына ұқсайды. Сосын да Олжабай сияқтылар іштей торығады. Әлгі жалайырдағы Құлжан батырдың айдаладағы жалғыз ағашты қылыштап қайтатын дағдысы сәл өңін өзгертіп, басқа қиырлардағы қазақ батырларына да таралғандай. Басқаны қой, дулат батыры, әйгілі қолбасы Қойгелдінің өзі осылай тарс жарылғалы жүргендердің қатарында. Біраз қылықтары неше құбылып, ауыздан ауызға, елден елге тарауда! Бірақ мына от басындағылардың бәрі бірдей ондай ой тұңғиығына бойламады. Тіпті бұлардан аулағырақта тас қараңғылыққа көмілген әлдекімдер Олжабайдың сөзіне мырс-мырс етті. «Сен бір қазақтың Олжабайы болсаң, ол төрт-бес елдің Қарасақалы, байқа, арындама» дескендей. Бұл арғын батырының намысын одан әрі қоздырды! Тек Бұқар жырау биязыүн қатты: – Ондайда Қазыбек, Барақ, Қабанбайлармен екі арамыз тіптен алшақтамай ма? – Жарайды, мен алшақтамастай етейін. Түз кезіп жүріп, абайсызда жолыққанға ұқсатайын. Арғы жағын жағдайға қарай жалғастырайын! – Олжекеңнің сөзінің жаны бар? – деп түйді Абылай. – Ағалар! Ақылы асқан даналар! – Бұл қараңғылықтан шыққан жіңішкелеу дауыс әлгі жас төлеңгіт жігіттікі еді. – Егер Олжекең Қарасақалға аттанса мені қасына алсыншы. Мен бір сайыпқыран досымды қоса ертейін. Кәдеге асармыз. – Әй, қарағым, жайыңа отыр! – деп, кеудесіндегі күндізігі бақастықтың оты әлі өшпеген Құлнияз басу айтқансыды. Бұдан кейін жұрт қысыр әңгімеге көшті. Өздерінен шалғайдағы қандастардан ұзынқұлақ арқылы жеткен ақпарлардыүзіп-жұлқыды. Төле би, Әбілхайыр, Есет батыр, Шапырашты Сатай, жалайырдың бетке ұстары Түрке, Саурық, Ескелді, Шақшақ Жәнібек, дулаттағы Қойгелді, Өтеген сияқтылардың ныспыларын бір-бір жайқап өтісті. Қазақ ордасының бір астанасы Түркістан да ауызға ілікті. Сол тұста мынаүш жүзге ортақ ұлы хан Әбілмәмбет неге сол Түркістанда емес деген сауал осындағы хас зерделілердің кеудесіне мұз сүңгідей бойлады. Ол жайында ләм-мим десе баршасының жанды жарасын тырнайтындай көріп, ешқайсысы ол тақырыпқа аттап баспады. Ауруын жасырған өледі, әрі бұл шындық хан-қараның тегіс

жадында жүрсін дегені ме Қазыбек баласы Бекболат тәуекел етті. Әрі осы отырыстағы өзүнсіздігінің орнын толтырғаны да сияқты: – Біз қалай да бір заманауи кездесудің қарсаңындамыз-ау осы. Бұл пәрменде орыс жұртының бет-ажарын зергерше зерлейік, аужайын түйейік, сосын баршамыз ақыл қосып, ұлы ханымыз Әбілмәмбеттің атыңнан айналайын Түркістанда, қасиетті шаћарда ханға лайық алтын тақта жай табуына жол ашайық та! Қара бастың емес, қазақтың қамын ойлаған кімкімге де бұл ұғынықты. Ұқпағанға ұқтырайық! «Ұқпайтын кім? Орыс жұрты ма, жоқ, қара қалмақ па, жоқ, одан да әрідегі қытай ма, ә, олардың ешқайсысы емес, өзіміздегі алшын төресі Әбілхайыр екен ғой» деген сұрауы мен жауабы аралас сөз тіркестері баршасының көкірек қуыстарына сумаңдады. От басындағыларға түннің ең бір ауыр шағы енді туғандай. Иә, қазақтың ұлы ханының қаратабан қарашамен бірге сардалада ауа көшіп жүргені бәріне ауыр айыпша таңылғандай. Сілтідей тынған көптің қарауытқан ұсқындарын көзбен тізбелеп, Бекболат анық жанды жараға сояу тырнақты өзінің салғанын ұқты. «Ұлы хан ордасы Көкшетауда, Оқжетпестің түбінде, тұнжыраған көл, сыңсыған орманның ортасында болсын» дегенүш жүзге ортақ би Төле Әлібекұлының ұйғарымы ойға оралса да жан ауруын жеңілдетпеді. Енді Бекболат Жәнкеге бір, басқаларға бір алақтап, өз күнәсін жуып-шаймақтың амалын іздестірді. Жәнке Шобалайұлы Бекболаттың ұсынысынан шабыт тауып, Түркістанды мадақтай жөнелмек еді, Бекболат бетінен қақты. Сөйтіп, оны тыныштандырғасын қайта орнағанүнсіздік әбден күшіне енді-ау дегенде Бекболат жалайыр Өтегенге бұрылды: – Аға, ақыр түн ұзақ қой, сіз осы ауған жерінде болған дейді, сол жақтың софы ғұламаларынан дәріс алған дейді, басқа да бір жағдайларды қоса естиміз, біле жүргеніміз абзал ғой, сол жағынан бір сыр шертсеңізші, – деп, даусын жіңішкерте жаймашуақтата қолқа салды. Бірақ өзгелердегі күй Өтегенде де бар еді: – Тап қазір ондай сырға зауқым соқпай тұр. Кейін, бір арқа-басымыз кеңігенде есіме саларсың, айызыңды қандырармын! – деп жауап қайырды. Жауабында мысқыл бардай. Бұл түнгі дабыр-дабыр осымен тамамдалды. Бәрі ертоқым жастанып, ұйқыға қисайды да кеш тұрысты. Оған себеп те бар. Масалы өңірде таңғы шық түскендегі ұйқы дегенің керемет қой. Оның қызығын көрген де арманда, көрмеген де арманда. Күн найза бойы көтеріліп, Арқа даласы жас балаша жадырағанда баршасы екінші күнгі салбурынға сатыр-күтір аттанысты. Кешегі атүсті дәурен сол рет, сол бояумен айна-қайтесіз қайталанғандай еді, тек сәске түстің кезінде хан ордасында иелікке қалған бас уәзір Нияз, Шақшақ Жәнібек, Шанышқылы Бердіқожа, Уақ Сары, Тілеуке батыр, тағы басқалардан екі атшабар жетті. «Орынбордағы орыс ұлықтарынанүш адам келді, хан мен сұлтан тез ордаға оралса жарар» депті. Сөйтіп, бұлар салбурын қызығын шорт кесіп бұл шақта Есіл өзенінің оң жағалауындағы кең алқапқа орныққан ордаға қарай ат басын бұрысты.

* * * Хан ордасының ең шетіндегі жатаған киізүйдің қу далаға қараған сыртында туырлыққа арқасын тиістіре бір жас жігіт жебеніңүш қырлы темір ұштығын қайраққа жанып, өткірлеп отыр. Бұған дейін біраз ағаш та жонған сияқты. Көсілген екі аяғындағы саптама етігі, алаша шалбары ағаш жаңқаларына едәуір көмілген. Басына таңулы ескі орамалының ұштары оң самайын қаққылағанына қарап, жұмысқа жан-тәнімен берілгенін байқайсың. Белі бүкірейіп, жалаңаш қап-қара арық кеудесінің де сол кіп-кішкентай сауытбұзар ұштықүшін толайым қозғалыс жасауы жас жігіттің мұқияттылығына айғақ. Бұл осыданүш күн бұрынғы салбурынүстінде Абылай сұлтанға қолқабыс жасаған құсбегі төлеңгіт жігіт еді. Қасына Құлнияз келді: – Әй, Саржан, екі бүктеліп, мұрныңнан су кетіп, ненің ақысына мықшыңдап жатырсың? Төлеңгіт жігіт – Саржан: – Ненің ақысына дерің бар ма, Құлнияз аға! Паң дүниенің кезеңінде тұрған ел емеспіз бе? Жан тылсымға тақаған шақ десең де қателігі жоқ. Біздікі жай далбаса қылу ғой, тірліктен күдерүзбегеннің қарбаласы емес пе? Айтқызбай ұғатын жайың ғой, – деп, шешенси тақпақтады. – Әй, ай мен күннің ажарын ұғатын түрің кәнеки? Хан мен сұлтан Сібір жұртына арқа сүйесек қара қалмақты түу шығысқа қарай жел айдап әкетеді деп жатыр емес пе? Еңбегің зая кетпесін! – Әй, Құлнияз ағай-ай, қанша ақылды санасам да бір жетпей тұрған жеріңіз бар, қайтейін? Сол Сібір жұртымен қоңсылас қазақтар, «орыспен жолдас болсаң балтаң жаныңда жүрсін» дегенді кірешілер арқылы бізге неше мәрте жолдады? Дос та, қас та күшің барда сыйлайды, әлсіздігіңді таныса екі туып, бір қалғанның өзі басып-жаншып өтеді. Иә, Құлнияз аға, ұлағат сөзімүшін сөкпегейсің. Құлнияз «енеңді ұрайын» деп, іштей бір балағаттады да әңгіме ауанын кілт өзгертіп: – Ертең жалғыздап салбурынға шықпақпын, – деді. – Қанжығаң майлансын! Жасым кіші болса да бата бердім. – Осыны айтты да Саржан Құлниязға жүзін көтеріп, көзін сығырайта қарады. Құлнияздың бет терісі сүйегіне жабысқан арық күйіңкі өңі, ұзара өскен шашы, қырлы мұрны, қолға ілінбес болмашы сақал-мұрты, ойнақшыған көздері Саржанның жаңағы сипаттамасын өзінен-өзі айғақтап тұрғандай. Құлниязға шынында да әлдененің жетіспейтіндігі айдан анық. Жоқ, ол салбурынға шығуүшін керекті серік қана емес, оның аржағында, одан әлдеқайда қомақты, мол жатқан екінші дүние. Ол екінші дүние адамнан сұрап ала қоятын нәрсе деуге де келмейді. Саржан іштей Құлнияздағы сол арғы-бергі екі жетімсіздікті іштей сезсе де бұдан ары тақақтап білгішсінуді жөнсіз санады. Тек жасыүлкен жігітке құрмет көрсеткендей ибалы жүзбен тесіле қарап көз айырмады. Көзі де, іші де сезгір Саржан осы қалыпта Құлниязға жетпей тұрғанүшінші жайды де тап басып таныды. Сосын да қасақанаүндемеді. Қандай да қолқаүлкеннің өз аузынан шықсын сонда

қадірлісің, өзің сұрансаң керісінше. Ал Құлниязға керегі Саржанның сұрануы еді. Енді екеуі көздерімен текетіреске түскендей. Саржанның қаншама делебесі қозғанмен «салбурынға мені де ертсеңші» деген сөзді көмекейінде буып ұстады. Бұл биенің бас сауымы болған шақ. Күн бұлтты. Аздаған жел де бар. Кейде ол ұйтқи соғып, осы маңда жүздеп тігілген киізүйлердің ара-арасында біраз әбігер тудырып кетеді. Ортадағы ақүйлерден аулақ шеткерідегі қара қостардың уықтарын да сықырлатады. Бұл жел Құлнияздың да көптен алынбаған ұзын шашын дудырата бастады. Саржан оған өзінің де әбден тотыққан жүзін молынан тосып, бір емеурінді асықпай тосты. Бірақ Құлнияз шіркін де дініне берік. Сегіз өрме қамшысының ұшымен алаша шалбарының балағын ұрғылап, не ары жоқ, не бері жоқ, ұзақ сілейді. Сосын солүндемеген қалпы теріс бұрылды. Саржан өзінің қателеспегенін ұқты. Егер бұл тақ етіп, салбурынға сұранса Құлнияз алдын-ала қайраған шанышқы тілімен мұның бетін қайырмақшы. «Дұшпаннан түк тартса да пайда». Құлнияз сондайдың өзін олжа санайды. Тіпті қанжыға майлағаннан бір былай емес. Енді Құлнияз жоғалған жақтан етектері желпілдеп, бірін-бірі қуған, сегіз-тоғыз жасар екі кішкентай қыз көрінді. Етектері ғана емес, жас шамаларына қарамай қос-қос бұрымдары да ұп-ұзын. Тіпті оларына байланған шашбаулары тірсектерін соққылайды. Олардың соңынан алтыжеті жасар ер бала көрінді. Бұл да ана екі қыздың соңынан жүгірмекші. Бірақ мұның жүгірісі болымсыздау, әлтек-тәлтек. Саржан «әттең, мына балаға бір ойыншық, ана екі қызға әдемі шаштеңге жасап берсе» деп қиялдады. Бұл балалар да тез көзден тайды. Өз ісімен әуре Саржан бәрібір солар сіңіп кеткен қуысқа алақ-жұлақ етті. Кенет сол қуыстан әлдебір елес жүгіріп өтті. Саржан алғашқыда сәт сайын күшейген мына жел айдаған қаңбақ секілді бірдеме ме деп, ошарылды. «Жоқ, жоқ, олай емес» деп, ол өз жорамалын өзі табанда теріске шығарды. Бұл бірден-ақ ол елесті адамға ұқсатқан. Бірақ неге айқын көрінбейді, әрі неге соншама найзағайдай ұшқыр деген сауалдарға тірелді. Орнынан атқып тұрды. Қолындағы кішкене жебе ұштығын сілке жерге ұрды. Шалбарын қаққылап, ағаш жаңқаларынан арылды да адымдай басып, киізүйдің есік жағына шығып, алдындағы ұлан-асыр көрініске көз салды. Саржанның арқа тиістіріп оқ ұштағаны хан ордасы, сұлтан ордасы аталатын жүз шақты, аққарасы араласүйлердің ең шеткісі ғой. Бірін-бірі жасыра, ұзыннан-ұзақ шұбатылған киізүйлердің бір тұстан бәрін бірдей көру мүмкін де емес еді. Арқа даласы тарлық еткендей бір-біріне мінгестіріле тігілгенүйлердің жиырмашақтысын ғана көзбен шола аласың. Жас төлеңгіт жігіт – Саржан не істерді, кімге барып ой бөлісерді білмей сол қалың ақүйлерге қарай адымдай басты да кілт тоқтады. Жел тіптен күшейіп, құлақ түбін аямай қаққылады. Тіпті өзін де ұшырып кетердей. Кенет жаңағы екі қыз бен кішкентай баланы тағы көрді. Олар бір-бірін қуған күйі бірүйдің тасасынан екіншіүйдің тасасына сүңги жоғалды. Кенет әлгі елес көз алдынан тағы да белгі бергенге ұқсады. «Жоқ, ә, ешқандай елес жоқ, мына жел қуған сидаған қурай сияқты бірдеме ғой»! деп,

сондай жорамалға құламақшы еді, әлденеден дүрс-дүрс соққан жүрегі ырық бермеді. Сасқанда тапқан ақылы өзінің әлгі елгезек те сайыпқыран досын іздеу керектігі еді. Осыданүш күн бұрынғы салбурыннан соң Саржан ол досын әдейілеп іздеп тауып, егер Абылай сұлтан ныспысы да, ісі де жұмбақ Қарасақал дегенді ұстауға Олжабай батырды жұмсаса екеумізді Олжабай батырға қоспаққа уәде етті дегенді айтқан. Шындығында ондай уәде Абылай аузынан шықпаған, жай әшейін мынау қоразданып, солай көйіткен. Оған досы мырс етіп күлген. Сонысы еске түссе де Саржан оны іздеп таппаққа бел буды. Қалың киізүйлер Саржан жебе ұштығын қайраған шеткеріден алыс емес. Сәл ары жылжысаң бір-бірінен таяқ тастамдай, тіпті оқ атымдай қашықтықта орналасқан киізүйлер Арқа даласының тұтас бір өңірін алып жатқанға ұқсайды. Үй-үйді атүстінде кезіп жүргендер ұшырасыды. Жаяулар да баршылық. Бастарына түсі белгісіз күндік тартқан жас, не егде әйелдер де әр тұста күйбең-күйбең етеді. Аспан бұлттанып, әрі мынадай жел басталғаннан қауіптеніп, түңдік бауларын мықтап тартып жатқандары да бар. Саржан мұндағы дағдылы тіршілікке көп алаңдамай ары қарай аршындай басты. Байқайды, қос аяғы мұны тұпа-тура ұлы хан Әбілмәмбет жайғасқан он екі қанат ақ орданың өзіне қарай дедектетіп әкетіп барады. Мұның жаман шошынғаны содан-ақ білінеді. Жаңағы елес мұның сезгір іш дүниесін мынау желді күнгі даладан әрмен ұйқы-тұйқы етіп, әлдебір жаманшылықтың анық нышанына сайған. Бұлүлкен ауыл ұлы хан ордасы аталғанмен хан ордасы, сұлтан ордасы делініп, іштей және екіге бөлінуші еді. Тек қазіргі пәрменде Саржан сұлтан ордасы аталатын қалыңүйлердің тұсынан қиғаштау сырғыған. Бұл да жайдан жай емес, тап бұл кезеңде Абылай сұлтан Орынбордан келген орыс ұлықтарымен бірге күндіз-түні Әбілмәмбет хан қасында екенін осындағы ит пен құсқа дейін білетін. Сонда да Саржан сұлтан ордасы жаққа да көз қиығын салып өтті. Сұлтан ордасы күн ашықта алыстан-ақ көз қарықтыратын оншақты ақүйден тұратын. Сонау «Аңырақай шайқасынан» кейін-ақ Әбілмәмбет Абылайды барынша баурына тартып, екеуінің жарастығы күллі қазақтың көзінің құртына айналды емес пе? Сол қарқынмен Әбілмәмбет онымен хан билігін де бөлісіп отырды. Атығай– Қарауыл елінен алты бірдей қызды бұған әйелдікке әперді. Одан кейінгі кезеңде де Абылай тағы екі әйел алды. Олардың біреуі қалмақ қызы Топыш. Барлығы сегіз, міне, сол сегізге сегіз ақүй тігіліп, әрі Абылайдың оңаша ақ ордасы, оңаша тыныстайтын ордасы, сыйлы қонақтарға арналғаны бар – бәрі қосылып, он екі шаңырақты құрайтын. Бұлардан таяқ тастамдай қашықтықта айнала күтуші, күзетші жұрттың қара қоңырүйлері, лашықтары жыпырлайды. Саржан осы қарқынмен бұдан оқ атымдай тұстан басталатын хан ордасына тақады. Апырау, бұл қайда бармақ, әуел бастағы ойы әлгі өзінің сайыпқыран досын іздемек еді ғой, ай-шай жоқ ұлы хан ордасына қарай ентелегені несі? Жә, қалайда, осы тұстан да бір қара көрсетейін, мүмкін ақылдасатын адам табылар деген дәмесі ішін жылытты. Мұнда да бір-біріне ұқсаған еңселі бозүйлер көздің жауын алатын еді. Хан ордасы дейтін бірінің айналасында бітім-болмысы жарамдырақ ел адамдары ығы-жығы екен.

Аттары аулағырақта, өздері аяқтарының ұшымен ғана басып, бір-біріне ерін жыбырлатып қана сөйлейді. Мұны Саржан табанда аңғарып, жүріс баяулатты, тіпті тоқтады да. Сол шақта хан, сұлтан, орыс ұлықтары жайғасқан Ақорданың киіз есігі айқара ашылды да іштен әлгі Шобалайұлы Жәнке шықты. Жан-жағына алақтап, көп адамдардың ішінен әлдекімді көзімен іздей бастады. Мынау шамамен жиырма-отыз қаралы адамнан ешкімді місе тұтпағандай қарсы алдынан Саржанның тікірейген сұлбасын көргенде жүндес бет-аузы керіліп, айғайлап жібере жаздады. Кенет өз қылығынан өзі шошына бір алақанымен аузын жаба, екінші қолымен ымдап, жалмажан Саржанды өзіне шақырды. Саржанға керегі де осы ғой. Екі-ақ аттап, Жәнкенің қасына барды. – Айналайын, інішегім! Атың Саржан ба еді? Иә, әнеукүнгі салбурыннан есімде қалыпты. Аттың жалы, түйенің қомында сенен қолайлыны табу да қиын сияқты. Әнеукүнгі Құлнияз қайда, көзге көрінбейді ғой тіпті, жә, сен де жарайсың, тіпті сен Құлнияздан да епті шығарсың. Құлнияздың керегі де жоқ, – деп, Жәнке тасбұлақтың суындай сыңғырап, Саржанға жата-жабысты. Саржанның іші дуылдады. Батыр атағы бар, әрі хан мен сұлтан айналасындағы ығай-сығайлардың бірінен саналатын адамның бұлайша жалпаштануын өзінің көктен тілегенінің жерден табылғанына балады. Жаңағы өзін шошытқан елес жайын осыған баяндап, осы арқылы хан, сұлтанды хабардар етпек еді, Жәнке оған мұрша бермеді: – Саржан, жаным, тоқта! Мына ұлы хан ордасында хан мен сұлтанның орыс ұлықтарымен дидарласуда екенінен хабардарсың ғой. Ендеше, былай, әңгіме арасында хан ием орыс ұлықтарына әнеукүнгі салбурын жайында тілдің майын тамызып ырғап еді, анауыңның аузының суы құрыды. Орыс ұлықтары да аң-құс аулауға өлердей құмар екен, тек мына ел мен ел арасындағы шаруа қолбайлау. Жә, қысқартып сөйлейін, бүйтші, жаңа айтым ғой, орыс ұлықтары да аң-құс аулауға өлердей құмар екен, тек оған мұрша қайда? Мұның қолқасы не деп, Саржан тағатсыздана бастап еді, сол шақта Ақорданың киіз есігі тағы ашылып, іштен Бекболат Қазыбекұлы шықты. Оған ілескен екі-үш адамның қарасы қоса көрінді. Бекболат өзіне ілескендерден озыңқырай Жәнке мен Саржанға қарай адымдай басты. Міне, сонда ғана Жәнке өз қолқасын айқара ашуға қауқар тапты: – Жаңа айттым ғой, бүйтші, ия, орыс ұлықтары салбурынүстіндегідей отқа қақталған құс етіне жерік екен. Сен бүйтші, әнеукүнгі салбурында атып алынған қаз-үйрек бар, кешелі-бүгін де аң-құс атқандар бар, соларды тез тауып, еті жарамдылау бес-алты қауырсын құйрықтыны таңда да, тез жерошаққа, отқа қақтатшы. Тіпті өз қолыңмен қақташы. Тек дәмі тілүйіретін болсын. Тез бар, ізде, анау-мынау қиқаңдағандар жолықса, бұл хан жарлығы де, жотаңды қамшы тіледі де. Арқасының құрысқанын жазып, сыптығырлау денесін оңды-солды қозғаған Бекболат Жәнкенің соңғы сөздерін естіпүлгерген.

– Иә, жаным, солай, сөйтші, мен де осы шаруаның әуселесімен шығып ем, – деді ол да. Жәнкенің бойы Бекболаттан сәл аласа еді, тек көздері отша жанып, адамның назарын өзіне көбірек тартады. Айтулы екі батырдың бұлайша өзіне өтініш салуы Саржанды сәл-пәл жігерлендірген де еді. Тек өзіндегі өтініш те өзегін қарыды: – Ағалар, мені бұл хан ордасына бір оқыс жағдай дедектетіп әкеп еді, – дей берді. – Немене, жау қарасы көрінді ме? Олай болса, ашып айт! – деп, Жәнке бірінші кезекте шапылдады. Бекболат та ерін жыбырлатып, сол мағнада құлаққа естілер-естілместей бірдемені күбірлетті. – Құдай сақтасын! Әзірге көріне қойған жау қарасы жоқ, ағалар! – Ендеше өзге жағдайдың бәрі құйрығын қыссын! Ешқайсысы мына жағдайдың шалымына да жарамайды. Осыны тындыршы, айналайын, тездетші, сосын басыма алтыннан тауүй десең де көрерміз! – Жәнкенің бұл сөздерін Бекболат та, бұған ілесе Ақордадан шыққан екі-үшеу де қостады. Ол екі-үшеудің бірі Ұлы жүз батыры Сіргелі Қара Тілеуке еді. Жалайыр Өтеген сияқты бұл да едәуір уақыттан бері хан мен сұлтан құзырында болатын. Саржанның ішіне жел біткендей тайып тұрмасқа амалы кәне? Бұл шаруаның басы тез қайырылды. Хан жарлығы дегесін Саржан ұшыратқандардың қай-қайсысы да жандарын қоярға жер таппайүй керегелеріне керулі құс еттерінің ең бір майлы, салмақтыларын көлденең тартты. Саржан Ақорда маңына арқалана қайта оралғанша Бекболат пен Жәнке де қарап жатпапты, құс етін қақтаудың еркек, әйелі бар өзге де шеберлерін құлақтарынан тартып, көгендегі қозыша тізіп қойыпты. Саржан әкелген ырзық енді солардың қолында кетті. Бұл жай бақылаушыға айналды. Хан мен оның уәзірлері, қонақтарыүшін тамақ асылатын жерошақтар Ақордадан алыста емес, бір-бірімен иін тіресе тігілген қара қостардың аржақ тасасында еді. Түстері, қолдары көмірдей қарауытқан, алаша шалбар, алаша көйлектен басқа көрнекті ештемелері жоқ, тек алабажақ бөз орамалмен бастарын бүркеген еркек, әйелдер құрақ ұшып қимылдап, қатар-қатар қазылған бірнеше жерошақтың басын жын ойнаққа айналдырды. Бытырлап жанған бұта, қурайы аралас қу отын алғашқыда айналаны көк түтінге көміп, бара-бара түтін азайды да қып-қызыл жалын тілі аспанға шапшыды. Астауастауға толы жалаңаш қаз-үйректі ұзын сапы пышақтармен мүшелеп бөлген кей еркектердің қылығын жерошақ басындағы қатындар жаратпай анаумынау қағытпа сөздерді қарша боратады: – Атан түйені соятындай қорбаңдаған түрің ұнамайды-ау маған! Байқасаңшы! Құс деген нәзік жаратылыс. Қақтаған етіміз ботқа шықпасын. Сонша паршалама! – «Сексеніміз жабылып, серке жыққан батырмыз» деп, бұлар асыра құнжаңдап, ұятқа қалдырмасын, әуелде! – Ау, жездеке, андағың құлан жаратын пышақ қой, немене, кездік сияқты кішкене бірдемеңді атаңа атап қойып па ең? Еркектер жағы да қарызға қалмайық дегендей кекесінді сөздердің небір тұзы ащысын теріп, әйелдерге қарай ытқытады. Жаңағы «жездеке» атанған

қара күйелеш біреуі көздерін күнге шағылыстыра күлімсірей жайнаң қағып, өз «балдызсымағына» жатыпатар жауабын қайырғансиды. – Тар қазан тасқалақ, мешкей адам ашқарақ! Қатын деген өмірінде жұмырына жұқ бармайтын ашқарақ, бір асатсаң екіншісіне ындыны құритын тойымсыз емес пе? Пышақ па? Басқа ма? Қай-қайсысының да зорын ұстап, ұсынбасаң қатын шіркіннің мейірі қана ма? Сосын ғой, не нәрсенің де зорына ұрынатынымыз. – Әй, шала еркек! Мынау қатынға емес, ханға баратын ас! Ханның қонақтары – сонау Сібір жұртынан келген сарыала бау, жез топшылы зиялыларға арналған ас! Теріскен шыққыр тілің теріңді сыпыртып, басыңа қаптатпасын! Бұлар отқа қақтаған табақ-табақ құс еті орыс ұлықтарының тілінүйіріпті. Саржанның бұл сәтте абыройында шек жоқ еді. Соны пайдаланып, бұл әлдебір қосалқы шаруаны қоса сылтауратып, хан, сұлтан, орыс ұлықтары, басқа да жақсы мен жайсаңдар жайғасқан Ақордаға бас сұқты. Ақорданың ішінде ортадағы шамадан тыс кең дастархан демесең оның айналасында ине шаншарға жер жоқ екен. Тіпті Бекболат пен Жәнкенің өздері босаға жақта жер тізерлей әрең сыйысып отыр. Қымыз тасыған қызметші жігіттер босағадағылардың ара-арасынан сығылысып әрең өтеді. Саржанның да осында қаққан қазықша қақимасына амалы қалмады. Бұл мезетте төрдегі Әбілмәмбеттің оң жағында жарқырағанүш орыс ұлығына Саржан мықтап көз тікпекші еді, ханның сол жағындағы қазақтардың өз дау-дамайы назарын аударып әкетті. Ханның сол жағында бірінші Абылай, екінші бас уәзір Нияз,үшінші Шақшақ Жәнібек, төртінші Бұқар жырау, одан соң біраз ел ақсақалдары, олардан беріректе Сіргелі Қара Тілеуке, Жалайыр Өтеген батыр, Шанышқылы Бердіқожа, Уақ Сары, Олжабай, тағы басқалар. Дау негізінде Нияз бен Бұқар жырау арасында өршіген. Екі ортадағы Шақшақ Жәнібек қайсысын жақтарын білмей кезек-кезек жалтақтап, аратұра ғана сөз тастайды. Анық дәнекерлікке батылы бармайтындай. Елуді енді ғана еңсерсе де сақал-шашы аппақ қудай бас уәзір Нияз шүңет көздерін түйілдіріп, Бұқарды сол сақал-шашының ақтығымен еңсергісі келетіндей. Ал Бұқар Нияздан бір жарым мүшелдейүлкен бола тұра сақал-мұртының қарасы басым. Есесіне көздері кезеулі мылтықтан бір былай емес. Бәз біреулер Абылай сұлтан мен осы Бұқар жыраудың көздеріндегі ұқсастықты тілге тиек ететін. Бұқар қатты ашуланғанда сол көздері қорғасындай ауыр салмақ тартады. Бұқар Ниязды сол көз сайысына шақыратындай. Шақшақ Жәнібек те биік қабақ, қаба сақалды, жағы кере қарыстай тұлғалы адам, тек сол түрімен де Нияз бен Бұқар дауыныңүстінде су бетінде қалқыған жаңқа сияқты. Нияз: – Хан иемді орыстың қатын патшасының алдында тым мүләйім, мүсәпір етіп жібердік. Кімнің басы кімнің қанжығасында жүр еді сондай-ақ? Әбілмәмбет те қазақ сынды бір елдің ұлы мәртебелі ханы емес пе? Бұқар:

– Үлкеннің алдында кішірейіп ілтипат білдірсе кішінің бойы аласарып, қабырғасы қаусамайды. Сібір жұрты шырғасы берік, өнері озық, әлдеқайда зор ел. Олардың бізге емес, біздің оларға күніміз түскен заман емес пе? Еңкейгенге еңкей, шалқайғанға шалқай! Жәнібек: – Осы тұста жыраудың сөзі аңғардан соққан желдей шындықтың көрпесін түріп ашты ма, қалай? Әңгіме Әбілмәмбет ханның алдағы кездесуде орыстың қатын патшасының сенімді өкіліне тапсырылуға тиіс хат нұсқасы жайында екенін Саржан бірте-бірте түсінді. Нияз бен Бұқар толастамады. Енді араға Сіргелі Қара Тілеуке, Жалайыр Өтеген, Уақ Сары түсті. Ақыры Әбілмәмбет хатының ұзын-ырғасы дұрыс, Сібір жұрты сияқты ұлы ел патшасына осылай майдалап лебіз, білдіру жарасымды деп шешілді. Бас уәзір Нияз да жеңісті қолдан беруге жоқ, бұл енді Абылай сұлтан атынан бөлек тапсырылатын хат нұсқасын сәл қатайтайық деп қасарды. Оған да бас шұлғығандар некен-саяқ. Нияздың шамырқанған даусы біразының құлағын жарды. Ал Әбілмәмбет пен Абылай дауға араласпай бастарын төмен салуда еді. Ақыры Шақшақ Жәнібек: – Кәне, сұлтан хатының мәтіні қайта оқылсыншы! Бір сөзін де бойлауық қашағандай қолдан шығарып алмай құлақтарыңызға құйып тыңдаңыздар! – деді. Бәрі келісті. Қалақтай қытырлақ ақ қағазға жазылған хатты орыс ұлықтарымен қатарлас шоқиған, татар молдасынша басына сырмалы көк мауыты тақия киген бір жас жігіт оқыды. Жұрт сілтідей тынды: «Дәрежесі асқан, ұлы мәртебелі патшайым әмірші, бүкіл жарық дүниедегі ең даңқты патшайым! Ақиқат пен аққа жақ құдіреті күшті құдай оның игілікті-ізгі патшалық құруын қолдап, қуаттай берсін! Өзімнің осындай шын жүректен айтылған тілегіммен мен, қазақтың Орта жүзінің Абылай сұлтаны, ұлы мәртебелі патшайымның алтындаған бейнесінің алдына келіп, ұ. м. Патшайымның құдайдың рақымымен нұрланған кескінінің бейнесін көріп тұрып, ақыл-ойыммен ұ. м. и-ға бас ұрып, өзіме қарасты адамдарыммен аса дәрежелі ұ. м. патшайымның шын берілген бодандары қатарына қабылдауды өтіне сұраймын. Мұндай зор мейірімүшін менің өзім ғана емес, қарауымдағы барлық адамдарыммен ұ. м. и-ның ақиқат шын берілген құлдары болудан айнымауға тиіспіз. Жоғары мәртебелі генерал-лейтенант мырза, сізді өзімнің жарылқаушым және осындай ізгі игілікке бастаған жолбасшым ретінде достық пейіліммен құттықтаймын және менің осы тілегім мен шын ниеттен айтылған өтінішімді ұ. м. патшайымға жеткізіп, айғақтауыңызды сұраймын». Хат оқылып біткенде Абылай жүзін көтеріп, мұртынан күлді. Оған елең еткен Әбілмәмбет хан да сөйтті. Бұны көргенүшінші біреулер «әп, бәрекелде» десті. Бұдан ары ырғасып-жырғасу тез сиырқұйымшақтанды. Абылай сұлтанның өзінің мақұлдауы, хаттың орысша нұсқасының да әзірлігі қай қыңырға да тұсау. Әрі қазақтардың анық не жөнінде салғыласқанын ұқпаған сарыала бау, жез топшы орыс ұлықтарының таңырқай қатып-сенген сұлбалары да аяққа оралғы еді.

Бұдан әріде Ақорда ішінде көңілді әңгіме кепкен қурайша сытырлай жанды. Саржан Абылай сұлтан өзін танып, «жаным, жайшылық па» деп, сұрар депүміттенген. Бірақ олүміті ақталар емес. Бір кезде киіз есік молынан ашылып, сәнді киінген басқа бір төлеңгіт жігіт бас сұқты: – Хан ием, сұлтан ием, қонақтар келді! – деп хабарлады ол. – Қайдан келген қонақтар! Шақырылғандар ма? – деп, сақал-шашы аппақ құдай бас уәзір Нияз шақылдады. – Қаздауысты Қазыбек би мен Қаракерей Қабанбай батырдың адамдары екен. Шақырылмаған қонақтар ғой! Бұл сәтте босағадағылардың Бекболат пен Жәнкеден басқасы сыртқа қотарылды. Бұлардың соңын ала Саржан да сөйтпек еді, сырттан басакөктеген сәнді киінген біреулермен маңдай түйістіре жаздап, амалсыз кері шегінді. Бұларүшеу екен. Ішіндегі көк шұға шапанды, еңгезердей біреуі еңкейіп, төрдегі хан мен сұлтанға иіліп, тағзым етті де бойын жаза беріп, ешкі сақалды жалпақ секпіл бетін бірден тап қасындағы Бекболатқа бұрды. Сәл күлімсірей: – Ормандай көп Орта жүздің данышпаны, әкең Қазыбек бидің оң жағын хан ордасының босағасыүшін қиып кеткенсің бе, қалай, шырағым? – деп бір түйреп қалды. – Хан ордасының босағасы да жерде жатқан дүние емес, Шотана аға! Бірақ мен сыртқа бір шаруамен шығып, оралған бетім еді. Тіліңіздің мерезін әзірге іште сақтаңыз, құдайдың ертеңгі күні де бар ғой. Асығыстықтан абырой таппассыз. Бұл шақта жарға жығылғанның оңбай жығыларын таразыларсыз. Жауаптан мүдіретін Шотана емес, тек сол мезетте ұлы ханның сол жағындағы түр-түстері, киімүлгілері бөлек орыс ұлықтары көзін жұлқыды. Сосын ғана тілін тартты. Осы сәтте ғана Саржан сыртқа атқып шықты. Осыданүш күн бұрын мына орыс ұлықтары келген күні кеште Әбілмәмбет пен Абылайдың сонау Жайық жағалауына, сондағы Орынбор маңында орыс жандаралымен кездесуге қай шамада баруға тиіс екені анықталып еді. Сосын да хан мен сұлтан мұндай орасан зор мәртебелі сапарға өз қастарына ертпекші барша рубасыларына адамдар жөнелтуде еді. Тек Қаздауысты Қазыбек би мен Қаракерей Қабанбай батырға ғана шақыру жіберілмеген. Бұл жайды Саржан білетін. Мына қара сөзден қамшы өретін шешен, әрі айғайлағанда жер жаратын даусы бар Шотана бастағанүшеудің соған байланысты бір қап наразылықты арқалай жеткеніне Саржанның мысқалдай да күмәні жоқ.

* * * Саржанның Абылай сұлтанға өз байқағанын бір ауыз хабармен жеткізбек ниеті бұл күні жүзеге аспады. Сірә, мына соңғы келгендер хан мен сұлтанды тұнығына тас түскендей еткен. Шотананың басындағы ерен қасиет өз алдына, бұған қоса бұл Қаздауысты Қазыбек пен Қаракерей Қабанбай сияқтылардың сәлемін арқалағандар ғой. Ақорда ішінде бұл күні қандай уәждердің сайысқа түскенін Саржан сыртта жүріп-ақ топшылады. Ертеңіне

де солай. Ауа райы әлі де жақсара қоймап еді. Аспан ала бұлттан арылмай біркелкі өкпек жел соқты да тұрды. Ақорда тас бүркеніп, іштегілердің дыбысын тысқа шығармаймын дегендей аузы-мұрны бітеу жұмыртқаға айналғандай, қызметші жігіттерден өзге кіріп-шығушылар мүлдем сап тыйылған. Тек түс әлетінде хан, мен сұлтан, тағы басқалар сыртқа қотарылды. Бірақ сонда да хан, сұлтанды айналсоқтаған ығай-сығайлар оларға жуытар емес. Кейбіреулері іште жеткізе алмағанын сыртта құлақтарына құймақтай сақалды иектерін шошаңдатып, олардың алдын кескестейді Тек түс ауа орыс ұлықтарының өтінішімен тағы да құс еті қақталды. Сірә, олар қазақтардың сорпа-суынан, ірімшік-құртынан мезі болған. Қызық іздеген орыстар алтын жолақты асыл киімдеріміз былғанады-ау деместен сылқ-сылқ күлісіп, құс етін қақтауға өздері де араласты. Шеттерінен көңілді, тіпті тойүстіндегідей мәз-майрам. Ұзын сары шаштарын сілке артқа қайыра күлгенде езулері құлақтарына жетеді. Қолтоқпақтай дөңес орақ мұрын да осылардікі. Қулығын тереңге бүккендей көкпеңбек көздері шүңет тәрізденеді. Қабақтары жүндес, салбыраңқы, көздегі қулыққа ол да бір қалқа, шамасы. Сақал-мұрттары мұқият қырылған, тек біреуінің ғана едірейген жез мұртының шалғысы күлегеш езуімен жарыса құлағына асылған. Иектері жапжалтыр, тортасынан айырған сары май түстес. Жерошақ басында түтінге қақалып-шашалса да отқа батыл жақындасып, ширақ қимылдасады. Бұған қазақтар, еркегі-әйелі аралас – бәрі ежірейе қарасып, таңдай қағысады. Әбілмәмбет пен Абылай да солай. Хан ордасынан кете қоймаған Шотана тобы да орыстарға сұқтанудан танар емес. Саржан өзі бұрынан танитын осы Шотананың түтіккен жүзіне қарап, мұның хан мен сұлтан төңірегіндегі игі жақсылармен мықтап тістесуіне осы жатжұрттықтардың кесірі тигенін топшылады. Баршаның осылай алақ-жұлақ етіскен бір шағында ғана Саржанға Абылайға жақындаудың сәті түсті: – Сұлтан ием, шыққыр көзім анық көрді, осы ұлы мәртебелі хан иемнің қасиетті ордасындаүй-үйдің арасымен бір елес жүгіріп жүр. Елес емес, кәдімгі бір қуаяқ адам сұлбасы ма деп зәре-құтым жоқ. Кешелі бері сізбен бір тілдесуге зар болып, әбден зықым шыққан жайым бар! Абылай сұлтанның жайдары жүзі суық соғып өткендей тез бұзылды. Жалт қараған көздері Саржанның өңменінен өтті. Сосын ол көзін жұлып әкетіп, будақтаған түтін айналасындағы шоғырдың екінші шетінде көк шұға шапанды еңгезердей денесі кескен теректей сойдиған Шотананы нысанаға алды. Түйіліп, бір ойға шомды да Саржанға қайта бұрылды: – Біз дегенде тісі қақсағандай зар күй кешетін біреулердің жансыздары ғой! – Мені де сондай күдік кеулегесін өзіңіздің алдыңыздан өтпекке жан ұшырдым емес пе, сұлтан ием! Сұлтан бірден шешім қабылдамады. Бірақ Саржанды қасында ұстады. Орыс ұлықтарының құс етін жерошақтағы отқа қақтауы, бет-ауыздарын айғыз-айғыз етіп жеуі, басқаларды сыйлауы жалғаса берді. Кенет Абылай қасына сақал-шашы аппақ қудай бас уәзір Ниязды шақырды да сұқ саусағын

ауада сілкілеп, бір тапсырма беріп жатты. Сол-ақ екен Нияздың аяғы аяғына жұқпай көпшілікті айнала торуылдап, әлдекімдерді іздей бастады. Айналасына ілезде бірнеше төлеңгіт жігіттер топталды. Олар да Нияздың ауызша нұсқауын естіді де шашырай әлдебір қамға кірісті. Енді құс етін қақтаған орыс ұлықтарының маңында біраз көрнекі адамдар екшеліп бөлек қалды да, басқалары сынапша сырғып, Ақорданың айналасын көмкерген ақ, қарасы аралас өзгеүйлердің аржағына, шығысқа беттеді. Сұлтанның орыс ұлықтарының көздерінен тасада шұғыл бір жиын өткізбек ниеті бірден танылды. Шотана бастағанүшеу де солай ұққан. Бірақ Шотанаға бұл не жиын болса да қызығы жоқтай, сірә, мұның жүйкесіне біраз күш түскен. Себебі, ешкі сақалды жалпақ секпіл жүзі жаман түнеріңкі. Екі қолына да тыным жоқ. Еңгезердей денесіне лайық мол пішілген көк шапанының алдыңғы екі өңірін тартқылап, суықтан қымтанғандай әрекеттерін әлсін-әлсін қайталайды. Жұрт әлі де арырақ мамырлап, орыс ұлықтары мен олардың айналасындағылар (Әбілмәмбет хан да сонда) дауыс жетер жерден кейін қалды-ау дегенде Шотана Абылайға әдейілеп мойын бұрып, зәр төге сөйледі: – Қазыбек пен Қабанбай ызғарлы күнде қазақтың ықтасын етер екі тауы емес пе? Сол тауларды көрмеген адамның қылығын жасау ақылға сия ма? Сібір жұртының бетке ұстарларымен кездесуге барғанда тап қастарыңда Қазыбек пен Қабанбайдың алтын жүздері жарқыраса айбыныңа айбын қоспай ма? Сөздеріңнің салмағы артпай ма? Орыстардың шашасына шаң жұқпас талай кезбелері, ығай-сығайлары ертеректе олардың да алдарынан өткен, демек, сары түктілер ол екеуін де жақсы біледі. Қайта ол екеуінің қасында хан ием мен өзің ине-жіптен жаңа шыққансыңдар! Бір қазықтың айналасын қайта шиырлады деп сөкпе! – Шотана аға! Мына сөзіңізүшін мың да бір рахмет! Анау Ақордада орыс ұлықтарының ешкікөзденген татар тілмаштары отырғасын тұсаулы аттай бауырымды жаза алмап едім, ал енді тыңда! – деп, жүрісін баяулатты. Абылайдың басында мынау ресми кездесуге лайық кең шалғайлы, алтын жіптермен зерленген ою-өрнектері алыстан көз тартатын қазақы қалмақ,үстінде де сондай қос өңірі көздің жауын аларлықтай әшекейленген, мол пішілген кең мауыты шапан еді. Шапанының қос өңірі далақтап, іштегі сары жездей сәнді белбеумен мықтап тартылған шұға бешпеті, сол белбеуден төмен салақтаған қынапты ұзын алдаспаны әлсін-әлсін көзге ұрады. Жүзінде алабұртқан шабытты рең білінді. Мына топта Ақордадағы басқосуға қатысқаны, қатыспағаны бар – бәрі сұлтан жүзіне мұқият көз тігісті. Ұлы мәртебелі хан мен Абылай сұлтанның тап осы күнде көкейлерін тескен не екені мынау Қазыбек би мен Қабанбай батырдың елшісі алдында қолмен қойғандай тізілеріненүміттеністі. Қай-қайсысының да одан әлі де толық хабары жоқтай. Сәл бөгелеңдеген сұлтан даусы жіңішкеріп, жаны саудаға түскен адамның ышқынысындай уілдеңкіреп, бара-бара дағдылы қалпын тапты. – Шотана аға, атыңнан айналайын Қазыбек би де, Қабанбай батыр да, олардың сәлемін арқалаған сіз де, хан ием де, мына мен де – ешқайсымыз көзін жаңа ашқан бала емеспіз. Атам қазақтың талыстай керілген даласында, одан тысқарыда не әпселеңнің ойып орын алғанын суқараңғы зағип

жандарша емес, көзі ашық, көкірегі ояу ел басшыларынша көре білейік. Қалмақты жалғыз шауып ала алсақ баяғыдан ай қарап жүрдік пе? Қалмақ ата жау, сол ата жауға қайыру бермек түгілі өз ішіміздегі кейбір асаулардың бетін бері қаратуға дәрменсізбіз. Алшын ханы Әбілхайырды атаймын. Кір жуып, кіндік кескен ата-жұртымызды қара қалмақтан арылтуға күш біріктірейік десек құйрығын сыртына салатыны бар. Мұның әбестігін сол Әбілхайырға ұғындырып келер қай мықтың бар, кәне! Бұдан әріде Абылай әнеукүнгі салбурын түніндегі баянын сәл жұмырлай қайталады. Орыстармен ырғасудан туған тың ойларды да ара-тұра қосақтады. Сол Ресей мен Қытай сияқты ұлы елдер патшаларының ұстанымы, сол қас қағымдаүш-төрт мемлекетті әбігерге түсірген, жаратылысы бөлек Қарасақал, сол Қазыбек, Қабанбай, Барақ сындылардың осы Қарасақалға қатысты іс-әрекеті, сол Әбілхайыр, сол Жолбарыс атты екі бірдей ханның қайғылы қазасы, сол Нәдір шаћ... төңірегіндегі білігін аямай төкті. Тек Нәдір шаћқа келгенде тіліне қыл бұрау түскендей тұтығыңқырап, зорлана сөйледі. Орыс ұлықтарыменүш күндік сөз сайысынан дамыққаны ма, жоқ, Нәдір шаћқа деген іштегі шексіз долылығының белгісі ме, әйтеуір, майталман шешен тап осы тұста сәл-пәл тарпаяқтады. Бұл шоғырда Бекболат пен жалайыр Өтеген де бар еді. Өтеген Абылайдың бұзылған қалпын танып, қол ұшын бермекке ұмсынды. Қасындағы Бекболатқа мойын бұрып: – Шырағым, сен әнеукүнгі салбурында менің ауған жерін кезгенімді ескертіп, содан хикаят тыңдамақ едің ғой, – деді. Сөйтті де Абылайдың бет пішінін тағы бір барлап, көмекейіндегісін тез-тез ақтарды. – Сол хикаяттың кезегі туғандай. Ұзаққа шаппаймын, қысқасына бастым, «айтпаса сөздің атасы өледі». Сұлтан ием Нәдір шаћтың дүниенің төрт бұрышына тіміскіленуін қозғады ғой. Ауған хикаятының ең ащы тұздығы мынада. Мен Нәдір шаћтың ауған жұртына да ауыз салып, тіс батырғанын көзіммен көрген адаммын. Сібір жұрты, Қытай деп, бебеу қаққанда бұ жерде жоқпыз, солармен терезесі теңүшінші аждаћа сол парсы елінің патшасы болып шықпасын! Абылай бұл сырды бұған дейін неге бүккесіз дегендей көзін оқыс көтерді. Осыған жалғас басында өзге ойлардың кіреукесі сөгілгендей бетінде қызыл-ала қан тепкіні білінді. Сосын Шотанаға бұрылды: – Ағасы, менікі де сөздің қысқасы. Қазыбек би, Қабанбай да алты арыстың емес, күллі қазақтың айбары! Оған хан ием де, мен де бас шұлғимыз! Тап осы жолы бір өкпесін бізге қисын. Би де, батыр да Қарасақал аттыны қолтығының астына алды деген атаққа қалып тұр. Ал Қарасақал біз қазақтың сөзін ұстауға бара жатқан Ресей елінің жанды жарасы – башқұрттарға тырнақ батырған адам. Шынына бассам ол адам емес, ібіліс. Егер Қазыбек пен Қабанбай бізге ілессе Орынбордағы орыс ұлықтарының көздеріне ең алдымен солар түспей қайтсін. Сосын қайтсе де орыстар сол ібіліске қатысты қара сөзден қармақ тастайды. Би мен батыр ілеспеген күнде де ол қармақтың тасталары ақиқат. Біз ондайда бұл Қазыбек, Қабанбай, Барақ сияқты атышулылардың шаруасы, біз олармен әзірге бұл ретте тіл табыса

алмаудамыз деген бағдарда жалтарма жауапқа әзір тұрамыз. Сөйтіп тігісін жатқызбасақүлкен елдің майталмандары бізге есе бере ме? Олардың онсыз да тағар кінәлары баршылық. Өздеріне тиімді сәтте Әбілмәмбетті Орта жүз емес, күллі қазаққа ортақ ұлы хан атап, өзге қиырлардағы барымта, ұрлыққарлық сияқтыларды бетке салық етеді. Жер-жердегі кәкір-шүкірлердің бірін ұмытпай қыздың моншағындай етіп жіпке тізіп, қағазға түсіріп сөйлейтін орыстардан басы артық дау-дамайды сұрап алып қайтеміз? Айыпқа бұйырмасын! Шотана көп жайға көзі жеткендейүндемеді. Сұлтан тағы да алғашқы бағытпен шығыс бетке адымдады. Мұның бұған өзге де айтпақ салиқалы ойлары барын сезіп, баршасының аяқтарына жел біткендей. Қамыс-құрақты айдын көлге асыққан қаз-үйректердей қаздаңдай қозғалысады. Кенет арттан әлдекімнің төбе құйқаңды шымырлатар жаман даусы шықты. Жалт бұрылып, жетектеулі аты бар, өздеріне қарай ентелеген,үстібасы сауыс-сауыс Құлниязды көрісті. – Сұлтан ием! Сұлтан ием! – деп, жандәрмен айғайлай береді. Кілт тоқтаған жұрт Құлнияздың асай-мұсайы сай, қанжығасында бірер қасқыр, түлкінің салақтағанын байқап, іштерінен «мынау сығыр тағы да салбурыннан оралған ғой» десті. Ал ол тіптен жақындағанда басқа бір жәйт бетке қаққандай әсер етті. Көзгеүйреншікті сұлбасы, ұзара өскен шашы, қырлы мұрны, болмашы сақал-мұрты, қарлықса да табиғи нышаны басым даусы демесең мұның анық Құлнияз екенін айыру да қиын еді. Онсыз да күнге күйіңкі арық өңін қара тер басып, басқа бір адам пішінін жасағандай. Ойнақшыған қос жанары да қасы-қабағымен бірге терге малшынып, неше қабат баттасқан бірдеменің тасасында қалғандай. Бүгінгі күн салбурынға шықпақшы екенін кеше Құлнияздың өз аузынан естіген төлеңгіт жігіт – Саржанның алғашқыда ішін күлкі кернегенсіп еді, тек өз әріптесін жақыннан бақылағанда тұлабойына суық жүгірді. «Апырау, салбурынға шықса мұның құсы қайда» деген сауал да кеудесіне шаншылды. Әлде шеткіүйлердің бірінде қалдыра бері жан ұшырды ма екен? Жоқ, оған ұқсамайды. Құлнияз бос мақтан, орынсыз даңғазаға қаншамаүйірсек десең де тап мына жолғысы жалғандықтан ада. Мынау анық шошынғандық белгісі. Және де анау-мынау оңай-оспақтан да шошынбаған сияқты. Саржанның сезгір көкірегі осылай сайрады. – Сұлтан ием! Сұлтан ием! – деп, Құлнияз басын бұлғалақтата әлі де ес-түссіз айғайлай берді. – Сұлтан ием! Мен бір ғажайып жайды көрдім. Имандай шыным! Көрдім! Көрдім! – Иә, жаным, не ғажайып көрдің! Тыңдадық өзіңді. Сабаңа түссеңші былай! – Абылай осылай сабырға шақырса да Құлнияз ентігін басуға жоқ, тамағына кептелген әлденені лоқсып құспақтай қимылдар жасады. Сөйтіп, едәуір сөзден тыйылды. Соны пайдаланған көп ішіндегі біреуі: – Құлағы қалқиған шайтан көргеннен саумысың? – деп ыржалақтады. – Жалайыр Тұрлымбет атты біреу айдалада шайтан пормына еніп, қалмақтардың зәре-құтын ұшырады екен. Сол Тұрлымбет жолықпасын! – деп, екінші біреу іліп-қақпайлады. Абылай бұл соңғы екеудің сөздерін

жаратпап еді. Басқалар да солай. Енді баршасы Құлниязды ат-матымен қоршауға алысты. Құлнияз сәл есін жиды: – Менің көргенім шайтан емес, кәдімгі адам! Әлгіүш-төрт ауыл емес,үш-төрт елді дүрліктірді деп, Қарасақал дегенді әулием етесіздер ғой. Мен сол Қарасақалды көрдім! Бұл сөзге ең алдымен дүр сілкінген Шотана. Ол басқаларды киіп-жара Құлниязға жақындады. Құлнияздың айтпағын қызық көрді ме, жоқ, артық бірдемені көңірсітсе ауыздан ұрмақ па, әзірге түсініксіз. Құлнияз сөзден қайта жаңылып еді, бірақ Абылай мықтап қолға алғасын ғана ол іштегісін сарықты. Құлнияз бүгін жер жүзі ашылыр-ашылмастан салбурынға аттанып, әнеукүнгі Сілеті өзеніне жетіпті. Сосын әлденеден өзіне тың кеңістік іздегендей өзеннің арғы шығыс жағалауына өтіп, Қоянды тауына тартады. Мұнда мол олжаға жолығады. Қолына қондырған бүркіті қас пен көздің арасында бір қасқыр, бір түлкі алады. Қаз-үйректің де біразын қағып түсіреді. «Бүгінгі күннің ырзығы молға ұқсайды-ау» деп, әрі оң қабағының тартқанын сезеді. Сөйтсе бүгінгі күннің олжасы бұл ойлағаннан он есе, жүз есе көп екен. Құлнияз Қоянды тауының түстік сілемдерінің арасынан ары-бері желдей жүйткіген қырықшақты топқа жолығады. Олар Құлнияздың бүркітінің тағы бір түлкіге түскенін көріп, оған Құлнияздың өзінен бұрын жетіп, бүркітті де, олжа аңды да күшпен тартып әкетеді. «Апырау, бұлар кімдер, қалмақтар ма» деп, Құлнияз алғашқыда жата таңырқайды. Жоқ, қалмақтар емес, таңдайлары тақылдаған нағыз қазақтар. Құлнияз «еңғұрмаса құсымды қайтарыңдар» десе аналар «бастан құлақ садақа» дегенді білмейтін неткен пақырсың» деп едіреңдейді. Құлнияз «мен қазақтың ұлы ханы Әбілмәмбетің адамымын, мұндай зорлық өз бастарыңа зобалаң әкелмесін» десе, аналар тіптен құтырады. «Әбілмәмбет қазақтың ханы да, Қарасақал Жоңғария тағының мұрагері, кешегі Сыбан Рабтанның бел баласы. Ертең ол Жоңғария қонтайшысы атанбақ, біз сол Қарасақалдың адамдарымыз, әне, Қарасақалдың өзі де жүр арамызда, енді жөніңді тап» деп, көп ішінен қара сақалды біреуді нұсқайды. Тек онікі Құлнияздың байқауынша сақалдан гөрі иекке байлаулы қара шүберекке көбірек ұқсайды. Жылға бергісіз бір сәттік қысқа уақытта Құлнияздың құсбегіге лайық өткір көздері бұл қырықшақты жырындының ортасында бес-алты қалмақтың да барын көреді. Бірақ көргенін ақылға сыйдыруға қауқарсыз. Қазыбек, Қабанбай, Барақ сияқтылардың Қарасақалға әскер қосындарын, біраз түтін, мал бөліп бергенін білетін. Ал қалмақтар бұларға қалай сіңіскен, ол жағынан хабарсыз. Ақыр соңында Құлнияз астындағы атын аямай хан ордасына қарай шауып, жеткен беті осы екен. Құлнияз әңгімесін тауысқанда Абылайдың қызарған жүзі енді қансөлсіз сұрғылт реңге кезек берді. Көздері де түйіліп, тура қараған адамның өңменінен өтерліктей. Бірақ бұл бір сәттік қана көрініс еді. Сұлтанның кеудесінде ашуды ақылға жеңдірерлік екінші қайрат жасырулы жататын. Енді сол алға шықты. Көздерімен Шотананы бір түйреп өтті де Қазыбек баласы Бекболатқа шұқшиды. Одан да назарын жұлқып әкетіп, өзінен сәл аулағырақтағы төлеңгіт жігіт Саржанды нысанаға алды. Бұған ұзағырақ

тесілді. Осы аралықта сұлтан өз басында басқа бір ойды пісіріпүлгерген сыңайлы. Құлнияз хабарынан бәрінен де көп тітіркенген Бекболат. Енді қалай? Өз әкесі мен атышулы Қабанбай батырдың пір тұтқан Қарасақалы Жоңғарияға қарсы соғысатын әскер емес, кісі тонайтын қарақшы топ құрған ба? Жоңғария қонтайшысына балаларыңды аманатқа бермеңдер, сөйтсеңдер ғана бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарамыз деп, жарқұлағы жастыққа тимейтін Қарасақал енді осынша құлдыраған ба? Әншейінде Бекболаттан екі елі ажырамайтын Шобалайұлы Жәнке осы Бекболаттың еркімен Әбілмәмбет хан маңында қалып еді. Енді соның жоқтығын біле тұра бұл мына көпшілік ортасынан сол Жәнкені іздеп көзін жүгірткендей. Батырға лайық қайрат Бекболатта да бар, енді сонысын жұмсап, ішкі сезімдеріне тежеу салды да не мәселені де сұлтанның өзі шешсін деген сыңайға көшті. Абылай да Бекболаттың сол қалпын таныған. Төлеңгіт жігіт Саржаннан соң Олжабай батырға қадалды. Жай қадалыс емес, осынша жұртты ұлы хан маңынан екшеп әкеткендегі алғашқы мақсатынан енді айнып, құйындай соққан басқа бір ойлардың жетегінде кеткені жүзінен білінді. Кең шалғайлы, ою-өрнекті қазақы қалпағын сыпырды да терге шыланған қара шашты басын мына бұлтты күнгі қоңыр самалға тосып, әлі де толғата бөгелді. Кенет жүзіндегі сең бұзылғандай әлдене жыбыр-жыбыр етті. «Қазақты құртқан қызыл сөз ғой, қимыл керек, қимыл» деп, сол жыбыр-жыбыр бірден атойлай жөнелгендей. Кенет Абылай Олжабай батырды, Бекболатты, Шотананы, Саржанды, Өтегенді қасына шақырды. Неге шақырғанын айтпады. Басқаларды жұмсап, әлгі өз қолымен біреуінің басын шапқанүш дәруіштің қалған екеуін қолаяқтары кісеңдеулі күйде осында алдырды. – Бұлардың тіл-ауыздары әлі байлаулы ғой? – деп айғайлай сұрады Абылай. – Байлаулы! – деген жауап алынды. Осы тұста Абылай Саржанға тағы бір көз тікті. Оның манаүй-үйдің арасын сағалай жүгірген елес көрдім дегенін мықтап жадында тұтқан. Бәрінің жұмбағын тез шешу керек. Сонау Жайық өзенінің арғы бетінде, Орынборда орыс ұлықтарымен аса мәртебелі кездесуге баратын қарсаңда, әсіресе, солай. Иә, олүшін қол қимылы керек. Нар тәуекел! Ұлы хан жазғыра қоймас. Басына қалпағын қайта киді де қабағын кіржите көп ішінен ықшам денелі, жанында қынапты қылышы салақтаған бір жас жігітті саусағының ұшымен қасына шақырды. – Шап мынаның басын! – деп, екі дәруіштің өзіне жақындау біреуін нұсқады. – Мұндай тіл жұтқандарды масыл қылғанымыз жетеді! Абылай әлі де әкіреңдей сөйлеп еді. Бұл жолы өзі емес, басқаның қолымен екі дәруішке жаћаннамға жол сызып бермекші. Анау да екі айтқызатын жігіт емес екен, дәруіштің бергісіне екі аттап жетті де қылышын суырды. Мұндағылардың біразы әнеукүніүш дәруіштің алғашқысының басын Абылайдың алдаспанмен қақ айырғанын көзімен көргендер. Аспанға қан шашырап, қызыл-ала перде тұтылғандай сондағы көрініс қайталанар деп, көздерін алақандарымен баса беріп еді. Екі дәруіштен аш иттей ырылдаған,

аза бойыңды қаза қылар жаман дыбыс естілді. Енді бір қас қағымда ол жаман дыбыстың жарымы өшпек. Себебі, жалаң қылыш ұстаған, талай қан көрген жас жауынгердің қимылында қапы жоқтай. Жас жігіт қаруын сілтепүлгермеді, бір бүйірден әупілдектіңүніндей оқыс бірдеме селт еткізді. Солүнмен қатар тұлабойы сыптай, боз қурай түстес жұқа киімі денесіне жабысқан екінші бір жас жігіт шыға келді. Құрқол,үсті-басында қару атаулыдан денеме жоқ. Ат жақты ұзын бет өңірі сол киімі түстес. Жаңағы қылышын суырған жауынгердің мұның келісінде жұмысы жоқ, өзіне тапсырылған шаруаны тындырмақшы еді, Абылай белгі беріп тоқтатты. – Араша! Араша! – дей берді әлгі бөтен жігіт те. Сөйтті де сумаң етіп, Абылайдың тап қасында бойы серейіп тұра қалды. Мұндағы бірінші адамның кім екенін бұрыннан білетін сұңғыла екендігі де көзге ұрды. Сұлтанды жаңа көрген адам бүйтпес еді, алысырақтан бас иіп, тағзым етіп, кішілік ибамен жақындар еді, мынанікі бір түрлі баса көктегендей оғаш қылық. Оны баршасы ажыратты. Тұлабойында еш қарудың жоқтығы ғана айнала төлеңгіттерге сақтықты ұмытып, бөтен неменің сұлтанға тым жақындауына жол бергізгендей. Сөйтіп, бәрі сілтідей тынысты. – Араша! Араша, сұлтан ием! Бұлар қазақ жұртына титтей де залалы тимеген, сүттен ақ, судан таза жазықсыз жандар. Маңдайының соры бес елі пақырлар тағдыр тәлкегімен қайда адаспайды? – деп сәл-пәл қалмақ мақамын араластыра сайрап берді. – Сен бұларды қайдан танисың? Қай итке жататын немелер? Өзің кімсің? Қайдан шыға келдің? Айт шапшаң! – Абылайдың өктем даусы анық қаћарға мінгенін сездіргендей. Тіпті сұлтанның осы екпінінен-ақ мұндағыларға жаңағы төлеңгіт жігіттің жалаң қылышы ең алдымен осы сыптай бейтаныстың мойнын қиярдай көрінді. Бірақ мынау да көктегі құдай өзін қос алақанымен көлегейлеп, қорғап тұрғандай неме екен: – Мен қалмақпын! Бірақ менің әжем қазақтың қызы, сіздерге туыспын! – Сен сияқты жиеншарлардан талай көресіні көргенбіз. Енді қай көресімізді сыйға тартпақсың?! – Сіз әбден адастыңыз, сұлтан ием! Сіздердің қалмақ жиеншарларыңыз қазақтарға әрдайым зор аянышпен қарайды. Сіздерүшін уайымдап, жылағанда етегі жасқа толады. Бірақ олардың қолдарынан келер не шара бар? – Ғафу өтінемін, сұлтан ием! – деп, сол сәтте Саржан Абылайға бұрылды. Осы ойда жоқта суырылып шыққан бейтанысты басқалармен бірге кірпік қақпай баққан бұл Саржанның тіпті көз еттері ауыра бастаған. – Сұлтан ием! Мен кешеүй-үйдің арасынан бір елес жүгіргенін айтпадым ба? Сол осы пәлекеттің елесі екенін жүрегі құрғыр сезіп тұр. – Хош, жиеншарлар ахуалын бір жөнге келтірдің! Ал мыналар хақындағы жырың ортан беліненүзілді. Бұлар кімдер? Қай тағдырдың тәлкегімен тіл-ауыздары байланып, қазақтың ұлы ханының ордасында алшаң басып жүріпті? – деп, Абылай Саржанның сөздерін естімегенсіп, қол-аяғы кісендеулі екі дәруішті нұсқады. – Қысқа сөйле, иттің баласы!

– Бұлар да қалмақтар, араттар, сұлтан ием! Қалмақ жұртында зорлықзомбылыққа шыдамағандар құмырсқаша құжынады емес пе? Әсіресе, мыналар сияқты араттардың халі жан төзгісіз. Біздегі нояндар, олардың сойыл соғарлары жон терілерінүсті-үстіне сыдырғасын осында, қазақ жұртында, біздің қонтайшы Қалдан-Сереннің әкесі бір, шешесі бөлек інісі, бірақ сол қонтайшының бітіспес хас дұшпаны Шұна-Доба, ал сіздерше атасақ Қарасақал Жоңғарияға қарсы күш жиып жатыр деп естігесін, сол ШұнаДобаны, яғни Қарасақалды паналамақ пиғылмен сіздерге қарай қашып шықққандар ғой. Абылай мен Құлнияздың көздері түйісті. Құлнияз жаңа ғана Қоянды тауындағы қырықшақтының ішінде қалмақтардың да жүргенін баяндады емес пе? Әлде мына жанкештінің сөзінде шындық дәні бар ма? Абылайды әртүрлі екіұшты ойлар көбірек дендеді. Сыр алдырмасүшін дереу мына жаңа бейтаныстың да қол-аяғына кісен салып, ана екі дәруішпен бірге қамауды бұйырды. Бейтаныс «менде де ешқандай жаман ниет жоқ, бар жазығым мына екі мылқаудың сөйлер тілі болуүшін келгенмін» – деп, қиғылық салғанына да қарамады. Бұлүшеу қамалған лашықтың сыртына мықты күзет, әрі саққұлақ тыңшылар қойылды.

* * * Ертеңіне солүшеу қамалған лашықтың сыртында әлдене тарс жарылғандай еді. Адамның тұлабойын мұздатар қиқулаған дауыстар естілді. Жылап-сықтау ма, таңырқау ма, айыру қиын. Абылай сұлтан да ілезде хабарланып, өз ордасының маңындағы күзетші-төлеңгіттердің бірінің жайдақ атына қарғып мініп, шауып жетті. Мұнда анық не болғанын естігенде қара емендей қайыспас сұлтан атүстінен ауып түсе жаздады. Сұлтанның мұншалықты жібінің босаңдығын көргендердің көздері ұясынан ұшты. Бір сұмдық екінші сұмдықты жетелеп, қосақтаса жеткендей. Ел қорғаны Абылай сұлтан бүйткесін өзге қалың қазақтың күні нешік деген сауал ең бір ақылы тайыз, саңлаусыз бастардың өздеріне қара тастай тиді. Әлгіүшеу қамалған лашықтың сыртындағы күзетші, тыңшылар әкелері өлгендей еңіреп-боздап, «кессең, міне мойын, міне бас» дегендей Абылайдың алдына еңбектей жетті. Абылай сәл ес жиып, шынында олардың бастарын шаппақтай екі жанына қармана берді. Бұл қылыш, не басқа да бір қару іздегені еді. Жанында ондай аттыдан денеме жоқ. Қайдан болсын, сұлтанныңүстінде орыстың ақ бөзінен тігілген жейде, дамбал ғана. Әп-сәтте бұл маңға көп адам топырласты. Ұлы хан ордасының маңынан да аттысы, жаяуы аралас қара-құра дегенің осылай шұбады. Көп ұзамай ұлы хан Әілмәмбет, бас уәзір Нияз, олардың және сұлтанның өз маңындағы кешегі ығай-сығайлардың баршасы осы маңнан табылды. Әбілмәмбет өз құлағына өзі сенбей керең адамша қасындағы бас уәзір Ниязды сұрақтың астына алды. Ұлы хан шынында ештеме ұқпаған екен деп, Нияз аппақ қудай сақал-шашын таңғы самалға желбіретіп, басын шайқай сампылдады:

– Апырай, хан ием-ай, бұл шынында ұятты іс! Ана орыс ұлықтары бұл жайды естісе қазақтар туралы бір қап күлкіні қоса әкетері анық. Әлгі екі дәруіш бар емес пе? Кеше олардың сөйлер тілі болуға келгенмін деген тағы бір сұңқылдақ торға түспеп пе еді? Үшеуінің де аяқ-қолы кісендеулі, қара лашыққа қамалған, сыртына бір емес, бірнешеуден күзет, тыңшы қойылды емес пе, ал бүгін қарасаүшеуі де ұшты-күйлі жоғалған дейді. Ана екі дәруіштің қол-аяқтарындағы кісендер сындырылған, ал кешегі сұңқылдақтың өзіне салынған кісендер сол қалпында, құлыптары да бұзылмаған! Оны қолаяғынан қалай сыпырды? Ақыл жетер емес. Ол бір басқа. Құдайдың құдіреті, лашықтың сыртындағы сауысқандай сақ күзетші, тыңшы жігіттер бар ғой. Солардың көздеріне түспей қалай қашты? Ол да бір алланың өзіне ғана аян шешусіз жұмбақ. Бас уәзір Нияздың сөздеріне айғақ ретінде бір төлеңгіт жігіт саудыраған темірлерді ұлы ханның алдына тосты. Ұзақ тосты. Ұлы хан да оларды ұзақ аударып-төңкерістірді. Ханнан кейін Бұқар жырау, Бекболат, Шақшақ Жәнібек, Жәнке, Өтеген, Олжабай, Шотана, Сіргелі Қара Тілеуке, Шанышқылы Бердіқожа, Уақ Сары сияқтылар да хан қылығын қайталады. Бұлардан соң Құлнияз, Саржан сияқтыларға кезек тиді. Бәрі де кісендердің өздері ақаулы емес пе еді деген күдікке тірелген. Жоқ, ондай байқалмайды. Қара темірлердің бұрап сындырылғаны көрініп тұр. Кісен ақаулы болса оны сындырып не әуресі бар. Бұған қоса сындыруүшін де қанша күш керек? Қазақтардың да арасынан небір атан өгізді алып ұратындар табылады, солардың өздері саудыраған темірлерді қолдарынан өткізіп, бас шайқасты. Тіпті күштен бұрын бір-біріне айқастыра жалғанған немелерді сындыруға қолдың ыңғайы да келмейді ғой. Ал кешегі сұңқылдақтың өз қол-аяғындағы кісендерді бір төлеңгіт жігіт өзіне салып байқады. Мың жерден тыраштансаң да сыпыру мүмкін емес. Әлде анау сүйексіз, буынсыз жаралған ит пе? Тәрізі солай. Бұған қоса тілге оралған бір жәйт қашқындар кісендерді өздерімен бірге әкетпеген, көріп, қазақтардың айызы қансын дегендей жатқан жерлерінде қалдырыпты. «Бұл қалмақтың бізден өнері асқан, өнері асқан» деген сөздер осы таң мезгілінде ауыздан ауызға көшті. Бара-бара саябырласып, баршасы Абылай сұлтанның аузына қарады. Әбілмәмбет хан да солай. Осыны сезген Абылай тез шешім айтты: – Бізге мына қашқындардың соңынан пырақ мініп қусақ та жету жоқ. Сиырдың қара тілі1 деген бар. Бұлар қайтсе де сонымен қашты. Ендігі амал мынау! – деді де айнала көпке көзін жүгіртіп, Олжабай батырға кідірістеді. – Олжеке, сіз әлгі Қарасақалмен беттеспеске ниеттеніп едіңіз, соның шағы туғандай. Қасыңызға Құлниязды, тағы қырықшақты сарбаз алыңыз. Хан иемнің қасындағы ақылы дария зиялылардан да қалағаныңызды ертіңіз. Мына Шотана аға да серіктерімен барсын. Не істесеңіз де Қазыбек би мен Қабанбай батырдың қытығына тимейтіндей етіңіз. Бәрін Шотана аға көзімен көрсін. Орынсыз өсектің түтанбауына жақсы. Қарасақалға еңкеймеңіз де, шалқаймаңыз да. Кеше Құлнияздың құсын тартып әкеткендей қылық жасаса оған да сақадай сай тұрыңыз. Қысқасы, сөзіне сөз, айласына айла, қылышына

қылыш. Қайтсе де аужайын түйіңіз. Құлнияздың хабарынша онда қалмақтар да жүрген сыңайлы. Құдай сәтін тудырса, олар да көп тылсымның бет пердесін сыпырар. Қол күшінен гөрі тіл-жақты алға тосыңыз. Мына қашқанүшеу оларға қосылды ма, жоқ па, Қарасақалдағы қалмақтар бұлардан хабардар ма, олар жағдайды қалай түсіндіреді, көкірек қуыстарынүңги сөзге тартыңыз. Арғысы өзіңіздің құзырыңызда. Қалайда, бізге бір жөн-жосық керек. Осыған қазір аттансаңыз! Нағашы атаңыз –үйсін Қаратайдың аруағы қолдасын! Іште оянған жігерден, не қуаныштан ба Олжабайдың түкті бет-ажары алабұртып, жауырынды төртбақ денесі де құрысып, жазылғандай қимылдар жасады. Бұл хан маңындағылардан жалайыр Өтегенді таңдады. Шау тартқанмен төрт тарапты кезген жићанкез Өтеген ойлығы да, ойсызға да жұмбақ Қарасақал аттыны дәл тануға септесер депүміттенді. Төлеңгіт жігіт – Саржан өзі сұранып қосылды. Ол Қарасақалды көзімен көрген әлгі сайыпқыран досын да ертпекші еді, онысы бұл екі ортада тағы да қолға түспеді. Сөйтіп, Олжабай, Өтеген, Шотана, Құлнияз, Саржан бастаған қырықшақты қарулы топ тез сайланып, Сілеті өзенінен ары шығыс беттегі Қоянды тауына шеру тартты. Ал орыс офицерлеріне сол таңғы сапырылыс хақында басқа сылтау айтылды. Бұл орыстар да сол күнгі сәскелікке таман жол қамына кірісіп, ұлы бесінде олар да атқа қонысты. Батар күнмен жарысқа түсердей олар батыс қиырды бетке ала жөнеп берді. Себебі, Жайық жағалауындағы орыс-қазақ кездесуінің мерзімі жақындап еді. Жүрерлерінде Қазақ ордасының ханы мен сұлтанын, олар бастаған зиялыларды, күтуші, күзетші шоғырларды, баршасын ертіп әкететін арнайы офицердің келетінін тағы бір ескертісті. Ал Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан өздерінің де бірер күнде батыс теріскейдегі Бурабайдың сыңсыған қалың орманды жынысына қарай қозғалып, сондағы Оқжетпес атты биік тасшоқы түбіндегі ашық алаңға жайғасатанын қайталай білдірді. Оқжетпесті, ондағы әсем алаңды, түнжыраған көлдерді, қыз қылықты биші қайыңдарды бұл қиырда білмейтін жан жоқ. Орынбор комиссиясының бастығы генерал-лейтенант Василий Урусовтың адамы сол Оқжетпесті, оның айналасын нысана етсе бізді адаспай табатыны ақиқат десті. Шынында да, осыдан екі күннен соң ұлы хан ордасы Есіл өзенінің жағалауын артқа тастап, Арқаның кең даласын алашұбарлап, батыс теріскейге сырғыды. Домбыралы тауын жанай, Итемген, Мамай көлдерінің суын татып, Бурабайға асықпай жетті. Ел-елден шақыртылған жүз жиырма сегіз рубасының көпшілігі қазақтың ұлы ханының ордасын осы екі аралықта қуып жетті. Орынбордағы орыс-қазақ кездесуіне жалайырдан Түрке, Саурық Қайдауыл балалары, Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан жырау Асанұлы да шақыртылған еді. Алайда, жол қашықтығын, заманның алай-түлейлігін ескеріп, әрі ол кездесуден пәлендейүлкен жақсылыққа иектері қышымаған жалайыр басшылары оған тек Саурық батырдың баруын жөн көрісті.

* * * Қоянды тауында арғын Олжабай мен жалайыр Өтегенге Қарасақалды ұшырастыру оңайға соқпады. Бұлар сондағы тышқан жонданған, аздаған суы бар қыраттарда ит жүгіртіп, құс салғансып, бір аптадай бекінді. Ақыры әнеукүнгі Құлнияз соқтыққан Қарасақал тобы дейтіндер бұларды өздері іздеп тапты. Олжабайға керегі де осы. Алғашқыда олар Олжабай шоғырын қоршауға алмақтай шашырай шауып, айнала орағытып, соңынан қайта тоғысып, тастүйін жұдырыққа айналды. Енді бір-біріне бетпе-бет келіп сөз алмасудан басқа амал жоқ. Ұлы хан адамдарынан Олжабай, Өтеген, Шотана, Құлнияз, Саржан, тағы бес-алты оққағар бөлінді. Олжабай: – Құдайым-ау, ішіндегі Қарасақал ғана, өзгесі өзіміздің арғыннайманның жатырынан қағынған тентектері ғой. Ата жаумен беттескендей бұл не қылғанымыз? – деп күбірледі. – Не деп болады бұл күнде? Қарасақал аттының шылауындағылар ғой. Ондайлар жын-шайтаннан жолдас ертіп, әке-шешесін танымай кетеді деп естімедік пе? Әрі Қазыбек пен Қабанбайдың хан-сұлтанға өкпесі қара қазандай. Сақтықта қорлық жоқ! – Бұл Өтегеннің сөзі. Сосын Өтеген Құлнияздың түйілген қабағын көріп, оны да тыныштандыруды ойлады. Себебі, әнеукүні бүркітін тартып әкеткендігінің ызасы бұдан әлі кете қоймаған. – Сенің де әзір дымың ішіңде болсын. Дүниеқоңыздықтың жүретін жері емес бұл. Бір құстың дауымен келгендей болсақ өзімізді бұлардың алдында қорлағанымыз емес пе? Сосын хан-сұлтанға не бетімізді айтамыз? Неүшін жіберді бізді мұнда? Қарсы беттегілерден ерүстінде денесі алабөтен тікірейген, сәнді киінген, астындағы боз арғымағының да айыл-тұрманы көз тартарлық біреу бөлініп, бері жүрді. Олжабайлар ондап шықса бұл жалғыз. Екі ортада таяқ тастамдай қашықтық қалғанда ат басын іркісті. Осындай жақындықта ғана хан-сұлтан адамдары мына немеге өткір көздерін қадап бақты. Мұның ең басты белгісі сәнді киімі емес, май жаққандай жылтыраған, қайшымен ұзын төрт бұрышты етіп әдейілеп қиғандай, иектен көп төмен салбыраған қап-қара сақалы еді. Әнеукүні Құлнияздың мұны сақалдан гөрі иекке жапсырылған қара шүберекке ұқсатуы содан, сірә. Басында дулыға іспеттеліп тігілген көк шұға қалпағы,үстінде сол түстес, белін тас қып буған ұзын жібек шапаны бар. Бір қызығы белін буған жуан жүн белбеуі де қап-қара, онысы анау ұзын төрт бұрышты сақалымен алабөтен жарастық тапқандай. Тосыннан қарағанға ол белбеу емес, ұзын сақалдың белге орай салған ұшы сияқтанады. Боз арғымақтың түсі ол қара бояулыларды одан сайын айшықтап, мойылдай етеді. Олжабай мен оның серіктерінің бұл Қарасақалдың өзі екеніне еш күмәні жоқ. Оның сырт пішінін тамашалап тауысып, енді бет ажарына сұқтанысты. Селдір жүнді қабағының түсі сәл оңық. Қос шырағында суық сәуле мен өткір мысқыл алма-кезек орын ауыстыратындай. Тесіліп қарасында өңменіңнен өтетін ештеме жоқ, қайта ынта мен жұмсақтық басым. Тек бір есте қаларлығы – сол көзінің асты ауық-ауық дір-дір етеді. Әр діріл

сайын сынық тағаның ізіндей белгі сойылып түседі екен. Хан мен сұлтан адамдарына бәрінен де көп таңдай қақтырған мұның жас шамасы еді. Олжабай, Өтеген, Құлнияз сияқты құймақұлақ жандар Бұқар жырау, басқа да жақ жоқ ақын, шешендер арқылы мұның өткендегі хикметтерін жақсы білетін. Қанша елдің ойран-ботқасын шығарған десеңші. Қарақалпақтар, жоңғарлар, Еділ бойының торғауыттары, орыстар, башқұрттар, тағы басқалар осы бір боз арғымақ мінген, қара сақалды, оқтау жұтқандай тікірейген денесі бар адамның соңынан ұлардай шулап қала берді емес пе? Енді, міне, осы бір жұдырықтай ібілістің кесірінен қазақ іші де бүлінгелі тұр. Өткені мен бүгінгісінің бәрін сараптаса бұл кем дегенде елуді еңсерген адам болуға тиіс қой. Жоқ, олай емес екен. Зерлей бақыласаң бұл тым жас, отыз, не отыз бестен артықты бере алмайсың. Көзінің астындағы діріл сәл-пәл саябырлағанда бет сүйегі мен сәл істіктеу мұрнының айналасы пәлендей көпті көргеннің емес, өмір қызығына енді-енді құныққан жігіттің сыпатын бейнелейді. Әттең, анау дулыға іспеттеліп тігілген көк шұға қалпақ пен алабөтен ұзын сақал көп дүниені тұмшалаған, оларды сыпырса нағыз сұлу шырайлы бозбаланың кейпі ашылары анық. Тіпті сөздері де соны растағандай! Дағдылы аман-саулықтан соң: – Кей-кейде кең дүние де тар. Арқаның ақ селеулі жонында ат тұмсығы түйіскен қай ағайын, қай туғансыздар? – деп, таза қазақша судырады. – Біз қазақтың ұлы ханы Әбілмәмбет пен алла-тағалам артық жаратқан Абылай сұлтанның құзырындағылар едік. Сүржамбастануға әмсе шыдам жете ме? Мына Қояндыда аң мен құс жыртылып-айрылады дегесін саят құра шыққанымыз ғой! – Олжабайдың осы сөздері тұсында қара сақалды неме бұлардың арасынан Құлниязды таныды да ыржия күлді. Артындағыүлкен қол серіппелі темірдей бүгіліп-жазылған қозғалыс байқатты. Олжабай тобындағылар қос шырақтарына күш түсіре олардың киім киісі, сауытсайманы сан-алуан, қырық құрау жұрт екенін аңғарысты. Бұдан бір апта бұрын хан, сұлтан адамдары көз жазған қос дәруіш пен әлгі елес сияқтанған, боз қурай түсті сыптай «жиеншар» да осылардың арасында емес пе деп те қадалысты. Қара сақалды жігіт бұлардың ойын танығандай көп сөзді текке ысырап етпеуүшін өз қосынындағыларға екі саусағын шошайта белгі берді. Олардан екі жауынгер бері бөлінді де бірі бөркін аспанға атып, екіншісі оны садақпен атып түсірді. «Міне, біз қандаймыз» дегендей қара сақалды тағы да ыржия күлді. Бұған Олжабай қасындағылар, әрі олардан сәл арырақтағы қырықшақты жауынгер кекіріне күлісті. «Аспанға атқан бөрікті дәл көздейтіндердің көкесі бізде» деген кекесінді сөздер ауаны кескіледі. Қара сақалды тағы да жымиып, ендіүш саусағын шошайтты. Сонда басқа бірүш атты бері бөлінді де екеуі қосақтаса бөріктерін көкке лақтырып,үшіншісі ол екі бөрікті бір жебемен атып түсірді. Мұны көргенде Олжабай жақтағылардың тіл-ауыздары байланды. Енді қара сақалдының ыржиюындаүлкен сес бардай. Бұл осымен де шектелмей Олжабайлардан әлдене сұрамақтай оң қолын алға созып, арт жақтағылардың бір-екеуіне сұқтанды. Бір жауынгер атын тебіне жақындады да ерүстінен қарғып түсіп, қанжығасына байлаулы әлдебір жабдықтарды

шешті. Оның біреуі кәдімгі елік терісінен тігілген биялай екен, онысын қара сақалдының оң қолына кигізді. Екінші жабдығы да алып-жұлып бара жатқан таңсық дүние емес, құсбегілер құс қондырған оң қолын сүйейтін кәдімгі ағаш балдақ. Тек сәл-пәлі сәні бөлектеу. Балдақ таяғының екі басы да бүлдіргелі, жауынгер жігіт оның төменгісін қара сақалды мінген ердің қамшылар жақ қапталындағы шеттікке бекітті. Үстіңгісін ердің алдыңғы қасының маңдайындағы бұжыралы шығыршыққа байлады. Қара сақалды биялайлы қолын сол балдаққа сүйеді. Нағыз құсбегі, тек құсы жоқ. Екінші жігіт мұның осы қолына томағалы бүркіт әкеп қондыратындай көрініп еді, жоқ, ол мүлдем басқа әрекетке көшті. Бұл да ең алдымен ерүстінен жерге қарғып түсті. Дереу белі буулы, көкшіл қысқа да жұқа шапанынүстінен сыпырды да шаң-тозаңы кетсін дегендей ауаға біраз қаққылап, сосын онысын әлгі қара сақалдының балдаққа сүйеулі биялайлы қолына апарып жапты. Апырау, мұнысы несі? Құс қондырудың орнына шапан жапқаны несі? Олжабай тобындағылардың тіпті көз еттері ауыра бастаған. Кенет... ия кенет, қара сақалды сол қолымен оң қолына жабылған шапанды жұлып тастады. О ғаламат! О жаратқан ием, өзің сақтай гөр! Бұл тұста көргеннің көзін ағызып түсірердей көрініс оттай басылды. Шапанның астында қара сақалдының балдаққа сүйеулі биялайлы қолы ғана болуға тиіс еді ғой. Жоқ, олай емес, онда кәдімгі томағалы бүркіт қонып отыр екен. Күтпеген жағдайдан ол да шамырқанған ба қанатын жазып жіберіп, жерге ауып түсердей жалпылдап, тербеліс жасады. Сол кезде Құлнияздың ащы айғайы құлақ жарды: – Ағайындар! Мынау менің құсым! Әне, әне, қанатын жазғанда анық байқадым! Құлнияздың айғайынан қара сақалдының бетіндегі бір түгі де қисайған жоқ, асықпай қолындағы құстың томағасын сыпырып еді, ол ауаны «ысс» еткізіп, түу аспанға көтерілді. Енді екі жақтан да сақалды иектер көкке шошайды. Тіпті кейбіреулерінің жүндес жүздері біржола төңкеріліп бара жатқандай. Аспанға шарықтаған қыран шәулі жердегілерді көп салғыртпады, зуылдап екі-үш айналып өтті де төмен тік құлдилап, дәл Құлнияздың қолына кеп қонды. Құлнияз да бұған сақадай сай екен, биялайын киіпүлгеріпті. Иесін дәл таныған қыранын енді жас балаша аймалай бастады. Құлнияздың бұл сәтте құсбегі ретінде беделінде шек жоқ еді. Бірақ бәрібір бұл топтағыларды қарсы беттегілердің ғаламаты көбірек алаңдатты. Олжабай мен Өтеген бірауық Шотанаға зер салысып еді, оның ешкі сақалды жалпақ секпіл беті ұрлықүстінде ұсталғандай бір уыс болып, сүрланып кетіпті. Көк шұға шапанының қос өңірін өз қолымен қақ айырмақтай мытып ұстаған. Олжабай мен Өтегеннің жүздеріндегі сұрауды айтқызбай ұғып: – Менің бұл ібілістің атын естігенім ғана бар. Құдай ақысы, бұл бірінші көруім! – деп, тісі тісіне тимей сақылдады. Олжабай мен Өтеген оның сөзіне амал жоқ сеністі. Бұл аралықта қара сақалды ерткен шоғырда басқа бір жойқын қозғалыс байқалды. Көз ілеспес шапшаңдықпен екі бөлініп, енді бір-біріне лап қойған олар жауласушы екі жақтың қоян-қолтық айқасқан әскеріне ұқсауға тиіс еді.

Жоқ, олай емес, бір-біріне тап беріскенде-ақ әлдебір ақылға сыймас оғаш қимылдар тағы да бас жарып, көз шығаратындай әсер қалдырды. Бірер жауынгер аяқ-қолдары ербеңдеп, шапандарының етектері далбаңдап, аспанға атылды. Тура жаңағы қара сақалдының қолынан ұшқан Құлнияз бүркітінің қылығын қайталамақ жанкештілер сияқты. Бірақ өйтіп, аспандап ұшуға жоқ, көтерілген биіктерінен құлап, ерүстіне қайта қона кетеді. Қимылдарында еш жаңылыс білінбейді. Әне біреу өзіне қарсы келген екіншінің найзасынан шап беріп ұстады. Ол екінші алғашқыны найзасының ұшымен көкке көтеріп әкетті. Көкке көтерілген неме қарныма найза сұғылады-ау деп қорықпастан найзаның ұшынан екі қолдап ұстап, көк жүзінде көлденең жатып алды. Жай жатпай кәдімгідей суда қалқығандай бүкіл денесімен ақырын айнала бастады. Олжабай адамдарына бұл өңдегі емес, түстегі шым-шытырық халге ұқсады. Тіпті араларында естерінен танғандар да бар. Қара сақалдының бір-біріне қарсы келген өзге жауынгерлері де өзара осындай ойындардың көкесін көрсетіп жатты. Оның бәрін көз ауқымына сыйғызып, ақылмен, сабырмен қабылдау мүмкін де емес еді. Хан, сұлтан адамдарының ішіндегі ес жоғалтпағаны ел-елді көп кезген жићанкез жалайыр Өтеген еді: – Бұл әшейін көз байлау, сиқыр. Тым абдырап, сыр алдырмаңдар! – деп, ескерту жасады. Бірақ қасындағылар Өтегеннің сөзіне сенген ыңғай білдірмеді. Себебі, бұл сөз бен аналардың ісінің парқы аспан мен жердей еді. Тіпті іштеріндегі ысқаяқ, жаңа ғана жоғалтқан құсын қолына қондырып, «қайтқан малда береке бар» дегендей көңлі тоғайған Құлнияздың өзі қайта өзгеріп, өңі жүдеп, ұрты солғандай тұр. Ал Шотана Қазыбек пен Қабанбайдай тұлғалардың арнайы жіберген, әнеукүні ғана ұлы хан Әбілмәмбетпен, Абылай сұлтанмен, бас уәзір Ниязбен тәжікелескен адамы емес, қаймана қазақтай тым шөгіңкі. Сірә, бұл алты арыстаң биі мен найман батырының тонның ішкі бауындай жұптасы емес, мұны тек қарсыласын аямай опырар тіл мен жағына бола жіберген, әйтпесе, бұл мыналарды бүйтіп таңсық көріп, абыржымас еді ғой. Бұған бәрі таныс болуға тиіс қой. Өтегеннің жаңағы сөзінен батыр атағы бар Олжабайды ұят қысты ма, ол сәл күш жиып, қара сақалды қосынындағы ойын сәл бәсеңдеген шақта тілге келді: – Сіз, Жоңғария хандығының тағынанүміткер, кешегі ұлы қонтайшы Сыбан Рабтанның ең сұлу әйелі Сетержаптан туған заңды мұрагері ШұнаДоба батыр көп елдің өнерін меңгеріп, сол меңгерген өнерін, білігін қап-қап етіп арқалап жүреді деп талай естігеміз. Біздің қазақтың білімпаздары арқылы сіз туралы қыруар хисса-жырларға да құлағымыздың құрышы қанған. Мынау серіктеріңіз де әр елдің су жұқпас өнерпаз, сұңқарлары екенін де білеміз. Сосын да аса таңырқайтын біз емес. Мұндайлар қайда жоқ дейсіз? Тек бұларды су түбінен маржан сүзгендей қалай іріктеп әкеттіңіз? Соныңызға ғана қайранбыз! Сол кезде қара сақалды саңқ етті: – Ау, тұлғаңызға қарасам жігіттің нары екенсіз. Бірақ ақылпарасатыңызды құстың кішкенесі шымшық та қызғанбас! Сіз мені кіммен

шатастырдыңыз? – Осылай сұңқылдады да қара сақалды «кәне, танып біліп ал» дегендей Олжабайға кірпік қақпай тесілді. Олжабайдың тұлабойында сәл діріл жүгірді. Бәрібір сыр алдырмағансып: – Кіммен шатастырайын?! Сіздің Жоңғария тағының мұрагері екеніңізді атадым емес пе? – деді. – Паћ! – деп, қара сақалды тағы да құлақ жаратындай дыбыс шығарды. Енді бұрынғысынан да жылы шырайланып, көз алдында әйгілі батыр емес, ісі мен ойы шала жас бала тұрғандай мекіренді. Тек сол көзінің асты тағы да дір-дір етіп, тағалы аттың ізіндей белгі салды. Жай белгі емес, осы бір жас өңге тіс қаққан кекселіктен де бірүлес тастағанға ұқсады. – Менің қап-қара сақалыма қарап, сіздер Қарасақал атайтын ШұнаДоба деп жорыдыңыз-ау. Оу, ағайын, ол Қарасақал осылай ашықтан-ашық түз кезе ме? Сібір жұртының патшасы Қарасақалды өлтірген адамға бес жүз сом, ал басын кесіп әкелсе қосымша екі жүз елу сом сыйақы беретінін жариялады емес пе? Ондай ақшаға қызықпайтын түздіктерден кім бар? «Алтын көрсе періште жолдан таяды». Сосын да ол Қарасақал кім көрінгеннің көзіне көлбеңдемейді. Мен ол емеспін, мен оның өнерінүйренуші көп шәкірттерінің бірі ғанамын. Біз, шәкірттер, көп дұшпанның көзін адастыруүшін осылай сақалымызды ұзартып, қара бояу жағып, оның мінезқұлқына басамыз. Біраз өнерін меңгердік де. Жаңа ол жағын өздеріңіз де тамашаладыңыздар. Шұна-Добаның, сіздерше атасақ Қарасақалдың мынау шілденің шыжыған күнінде қар жаудырып, қаңтардың қақаған аязында жаңбыр әкелетіні бар. Мен ондайлыққа әзір қол жеткізгем жоқ, тек жақындап қалдым. Сенбесеңіздер бірер қар ұшқынын түсіре аламын! Олжабайға тап қазір ондайлықтың керегі жоқ. Өзгесі де жетті. Әрі мына сөздерден басындағы көп дүниенің ойран-асыры шықты. Қасындағы жићанкез Өтегенге қарап еді, оның ерүстінде тік шаншылған денесі садақша иіліпті. Тіпті ат баурынан көп төменде салақтаған қос аяғын да сәл-пәл бүккендей. Жақ жүніүрпиіп, қабағы кіржиіп, ұзынша сақал-мұртының да берекесі кетіпті. Бұл жићанкез де тап осы жолы аталмыш Қарасақалдың Шұна-Доба екеніне, қалмақ хандығының тағына мұрагер екеніне анық сеніп, қазақ ішінде жиі айтылатын «бұл қалмақтың бізден өнері асқан, өнері асқан» дегенді көкірегінде қайта жаңғыртқандай. Құлнияз бен Саржан да солай, өңтүстері қалмай бозарған күйде. Арттағы шағын қол да сең соққандай тұр. Бұдан әріде Қарасақалдың шәкірті мен Олжабай өзара кәкір-шүкір әңгімелермен алмасып, өз шоғырларын едәуір салғыртты. Бір-бірінен сыр тартып, қайсымыз қулық асырамыз дегендей ауызша сайыстың түріне көшті. Бұл бір жайдан сол заманғы далалық дипломатияның көрінісі еді. Сөз арасында енді шәкірт атанған неме Олжабай тобына тағы бір шындықтың бетін ашты. «Тап бүгінгі таңда Жоңғария тағының мұрагері Шұна-Доба Қазыбек би мен Қабанбай батырдың емес, сонау теріскей батыста, Тобыл өзенінің бойында көшіп-қонған Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлының құзырында» деді. Олжабай мен Өтеген, тіпті Құлнияз бен Саржан да Шотанаға жалт бұрылғанда оның ешкі сақалды жалпақ секпіл беті тіптен бұзылды. Енді көк шұға шапанының өңірін біржола қақ айырардай

қымқырғанда қолының сыртында, саусақтарында көк тамырлары күдірейді. Әнеукүннен бері сол Қарасақалүшін бұл шешен де батыр Шотана хан мен сұлтан, әрі солардың төңірегіндегілер тарапынан қанша қысастыққа ұшырады? Бәрі де мұны сол Қарасақал аттыны күрзі етіп ұрмап па еді? Енді қараса Шотананың өзі алдауға түскендей. Егер шынында Қарасақал Орта жүз биі мен найман батырының құзырында жоқ болса бұл неге олүшін таяқ жеуге тиіс? Әрі бұл шақта Барақ сұлтан мен Қазыбек, Қабанбайлардың қоныстары бір-бірінен тым шалғайда. Барақ сұлтан шынында да сонау Тобыл өзенінің бойында да, Қазыбек, Қабанбайлар бұдан түстік шығыстағы Нұра өзенінің өңірінде, Қарқаралы тауы жақта. Қарасақалдың анық қайда екенін Шотана да білмейтін, бірақ би мен батырдың сөз саптасына қарап, осында деп ойлайтын. Әлде мұның бәрі Қазыбек пен Қабанбайдың Қарасақалды қалайда жұрт көзінен тасада ұстау мақсатынан туған айла-тәсілі ме? Орыс ұлықтары ұсынған бес жүз сом мен екі жүз елу сомға қызығып, әрекет етуішілер екі ортада адасып жүрсін деген саясаттың сұрқы ма? Қалайда, қазақ даласы кең. Қалмақ жансыздары қанша әккі десең де олардан кем түспестігі бар Қарасақал Тобыл мен Шерубай-Нұра жағалаулары аралығында ары-бері жылыстап, бас сауғалай ма? Шотана күбірлеп, аз сөзбен өзінің осындай күдігі барын қасындағыүшеуге жеткізіпүлгерді. Қалайда бүл еңселі батыр хан-сұлтан адамдарының қасынан қарабет атанып кеткісі келмеген. Қарасақалдың шәкірті мен Олжабай текетіресі бір бие сауымына созылды. Көп жайлардың басына су құйылды. Тек бәрінің түп қазығы – Қарасақалдың, яғни Шұна-Добаның қазақ хан-сұлтанының Орынбордағы орыс ұлықтарымен кездесуге баруы басы артық шаруа, онан да Жоңғария қонтайшысының айналасындағы бектер мен зайсандар қырықпышақ болған осындай күнде күш біріктіріп, оларға бассалу, Шұна-Добаны Жоңғария ханының тағына отырғызу, қазақ пен қалмақ арасында татулық орнату, сөйтіп, Ресей мен Қытай сияқты алпауыттардан бірлесіп қорғану деп есептейтіні еді. Бұған Олжабай әнеукүнгі Абылай сұлтан уәждерін өзінше қисындырып, жауап қайырды. Ақыры, бітім қарасы көрінбегесін бұлар екі айырылды. Жолай Өтеген Олжабайға бұрылып: – Қалмақтағы қырықпышақтың анық-қанығын сұрамадық-ау, батыр! – деді. Олжабай: – Оған жауап таппай мүдіретін түрін байқамадым-ау, Өтеген аға! Арандатудың амалы емес пе? Қайдағы қырықпышақ? Қалдан-Серен дегенің бүкіл Жоңғарияны уысында ұстап, тастүйін жұдырыққа айналдырды емес пе? Көнекөз қариялар мен сұңғыла шежірешілердің ауыздарының суы құриды емес пе? Ықылым заманнан бері қара қалмақтың тап мұншалықты желке жүнінің құдірейгені болмап еді деседі бәрі. Бұл қалпымен қара қалмақ Қытайдың тісін қағуға бар деседі. Орыс ұлықтарының да тілін бірде алып, бірде алмай қыр көрсетуіне өзіміз куәміз.

Олжабай мен Өтеген шал басқарған топ, Бурабайдың сыңсыған орманына төтелей тартты. Жолай Саржанның әлгі осы Қоянды сапары қарсаңында, хан мен сұлтан ордасында бірнеше күн бойы іздеп таппаған досы жолықты. Саржан оған алабөтен дікіңдеді: – «Иттің қиы дәрі болса дарияға отырады» деген! Сені жер жұтты ма? Қайда жүрсің?! Қасында өзі сияқты тағы екі серігі бар,үсті-бастары сауыс-сауыс, мінген аттары да құлақтарына дейін терлеп, күйі кеткен аңшы жігіт жөн айтқансыды. Тап қазір Саржанның да, басқалардың да оның қайда жоғалғанында жұмысы жоқ еді, бәрі әлгі Жоңғария тағының мұрагері ШұнаДобаның шәкіртімен деп, өзін таныстырған неменің сын-сипатын, өнерін бұған ауызша жеткізуге асықты. Ендігі сөз тізгінін Саржан іліп әкетті. Бұл айдалада ұшырасқан досына Қоянды тауындағы оқиғаны ой тілдің майын тамыза әспеттеді-ау. Тіпті мұны қоса тыңдаған, сол оқиғалардың куәгерлері Олжабай, Өтеген, Құлнияз, тағы басқалардың өздерінің құлақтарының құрышы қанғандай. Көпе-көрнеу шоқтығы көтерілген Саржанның «бағын қызғанған» Құлнияздың екі көзінің ағы молайып бара жатты. Саржанның бүйтіп суырылатыны мына досы, ныспысы Жәуетай, осылай түз сапарыүстінде, сол Қарасақал қазақ жеріне алғаш қадам басқан сәтте соның қолына түсіп, алланың жазуымен ғана аман құтылған. «Жоңғария ханы мұрагерінің» қияпатын, сөз мәнерін, өнерін, мінез-құлқын тым жақыннан бақылау бақытын иемденген. Онысын талай құлаққа жыр қып құйған. Сол «құлақтардың» бірі, әрине, Саржан еді. Бұл Саржан өз баянының ортан белінен асқанда Жәуетайдың қап-қара тер басқан сопақша өңі, дөңгеленген қой көздері қатты тартылған садақ адырнасындай керіліп сала берді: – Ол Қарасақалдың шәкірті емес, сол Қарасақал атты сұмпайының тап өзі! – деген ащы айғайы қоса естілді. Жәуетайдың өзі ғана емес, қасындағы өзі тақілеттес екі серігі де атүстінен ауып түсердей ырғала-жырғала күлісті. Бұдан әріде Қарасақалды Саржанның орнына Жәуетай сипаттай жөнелді. Олжабай, Өтеген, Құлнияз, тағы басқаларға құдайдың бұл таңдағы кереметі Қарасақал емес, осы Жәуетай сықылды көрінді. Себебі, бұлардың көргенін бұлардың өздерінен артық дәлдікпен суреттей бастап еді. Айтқандарына, кәне, сенбей көр. Бір тұста жөткірініп, Өтеген сөз қыстырды: – Жаным-ай, сөзіңе сендім, бірақ біз естіген Қарасақал талай қазанда қақталған, бет-жүзі ысталған егделеу жан болуға тиіс қой. Ал мынауың, шыққыр көзім анық көрді, он екіде бір гүлі ашылмаған бозбаладан алыс кетпей тұр. Мұны естігенде Жәуетай одан әрі өзеуреді: – Ақсақал, ол сұмпайыға өңін жасарту бет сыйпағаннан оңай. Тіпті ол басқа адамның да кейпіне енеді. Бірде ол қыз ұзатпақшы бір ел ақсақалыныңүйіне қонып, баршасын әртүрлі қылықтарымен ұйытып тастап, күйеу баланың кейпіне еніп, ұзатылмақшы қыздың қойнына да жатып алыпты. Ол сөйтіп, қанша шаңырақтың әлем-тапырығын шығарған десеңші. Бірнеше елдің тұнығын шайқаған оған қалқиған бір шаңырақ деген не? Ол

тек көзінің астында тағалы аттың ізіндей белгі қалдыратын дірілді ғана жасыра алмайды. Өзгесі шыбынүркіткендей ғана. Оның сиқыршы шәкірттері жоқ, сіздердің көргендеріңіз Қарасақалдың тап өзі. Оның Жоңғарияның бұрынғы қонтайшысы Сыбан Рабтанның Сетержап деген сұлу тоқалынан туған, кейін Еділ бойындағы екінші Қалмақ хандығына қашқан ШұнаДобаменүш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ол жағын Барақ сұлтан да, Қазыбек би де, Қабанбай батыр да жақсы біледі. Тек оның сөзіне сенгенсіп, шығыстағы ата жаудың зәресін алуүшін ғана ұстап отыр. Тағы бір жолыққанда қалмақ мақамымен сөйле деңіздерші, қалмақша бір ауыз сөзге тілінің икемі келмейді. Өзге тілдің бәрінде құйқылжып тұр. Тек қалмақшаға жоқ. «Өз қандастарыма өкпелегенім соншалық қалмақша бір ауыз сөз айтпасқа ант-су ішкенмін» деп құтылады. Осыдан-ақ түбінің шикілігі сезілмей ме? Олжабай Жәуетайды бірден ұнатып, екі серігімен өз тобына қосты. Саржанның оны сайыпқыран атайтыны тегін еместей. Біраз жүрісүстінде Қарасақалға қатысты әңгімелердің басы қайырылды-ау дегенде Жәуетай тосын бір хабар айтты: – Мынау Есіл өзені сонау Атбасардан арырақта төмен бұрылып, сәл ирек жасамай ма? Сол ирек тұста Есілдің түстіктен кеп құятын Терісаққан деген саласы бар емес пе? Сол Терісаққан, Қайрақты атты сулардың түйіскен маңына таяу шығысқа қарай жылжыған қалың қол көрдік! – Қазақ қолы ма? – деп, Өтеген шошына сұрады. Олжабай сәл сабырлы. – Қазақ қолы! Қол болғанда жаңа өзіміз атаған Барақ сұлтан Тұрсынхан баласының қолы! – Нені көңірсіттің, жаным-ау? – деп, Өтеген одан әрмен осқырайды. – Анық па? – деп Олжабай да қадалды. – Бет алысы қалай? – Анық, батыр аға! Бет алысын да білдік. Біз оларды алыстан шолып бой тасалап едік. Ішіндегі аты ұшқыр біреуі аң қуып, тым шығанға шыққаны. Біз кездейсоқ кездескен болып, жолын тостық. Қуған аңы қараүздіріпүлгерді. Салы суға кеткен неме бізді көргенде сәл ес жиды. Біз жылы жүзбен қасымызға шақырдық. Сөзбен алдандырып, ішке тарттық. Сол қарсаңда ғана атып алған бір нән елігіміз бар еді, шілденің айында жақсы жетілген,үш ашалы қос мүйізі бар еліктің текесі еді. Анау жылжыған қолдың тегін еместігінен сезіктеніп, «бастан құлақ садақа» деп, сол елікті сыйладық. Сосын жөн сұрасып едік, ол анау қолдың басшысы Барақ сұлтан екенін, әлгі атышулы Қарасақал деген елкезбемен қосылып, қалмақты шабуға бара жатқандарын судыратып-ақ айтып шықты. Сосын өзінің сөйдегенін ешкімге жарияламауымызды өтінді. «Сен де бізді көрген жоқсың, андағы елікті өзің атып алған бол» дедік. Сөйтсек оған да керегі сол екен. Бұл Жәуетайдың, әрі қасындағы екі серігінің имандай шыны екенін Олжабай да, Өтеген де, басқалар да пайымдады. Түз қазақтарының ашық ауыз, әрі болмашыға алданғыш келерін бұлар білмеуші ме еді? Ендігіге бас қатырғылары жоқ, хан-сұлтан ордасына қарай асықты. Тек бір түнемелікте Олжабай, Өтеген, Шотана оңаша сырласты:

– Кейде біз қазақты жамандағанда тұқыртып жібереміз. Осы Құлнияз, Саржан, мына қосылған Жәуетай –үшеуі бос белбеу, бота тірсек қатпалар емес. Жемдеуі жарасса анау Қарасақалыңмен өнер таластырар. Қосшылардың ішінен де небір сайдың тасындай жігіттерді көзім шалады, – деп, Өтеген аспанның батыс бөлігінен жымыңдаған жұлдыздарға көз салды. Олжабай да, Шотана да шалдың райын таныды. Кешегі Қарасақалдың, бүгінгі Барақ қылығының ықпалы ма Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Орынбордағы орыс ұлықтарымен кездесуге баруына күдікпен қарағандығы. Бұл қазақ даласындаүміт пен күдіктің шарпысқан заманы. Тастай қараңғы түннен де ауыр біразүнсіздіктен соң Өтеген қайта дыбыс берді: – Бәлкім, Барақ пен Қарасақалдікі дұрыс та шығар. Бүгінгі таңда күллі қазаққа шығыстағы ата жауға қарай «әйт, шуу» дейтін ортақ басшы жетіспей тұрғандай көрінеді. Жарықтығым, бас алсаң да ішімді тескен осы ойды жасыра алмадым! – Түн түнегі одан әрмен ауырлады. Ертеңіне Шотана бұлардан бөлініп, Қарқаралы тауы мен Шерубай-Нұра өзендері бойындағы өз еліне тартты. Сол жазғы тамыздың сегізінші жұлдызында Оқжетпес түбіндегі алаңға жайғасқан хан ордасына геодезия прапорщигі Норов мол сый-сыяпатпен келді. Бұл екі түнеген соң-ақ қазақтың ұлы ханы Әбілмәмбет Болатұлы мен Абылай сұлтан Сүйінішұлы, тағы бұларға ілесуге тиіс жүз жиырма сегіз рубасы барлық қосшыларымен тік көтеріліп, батыс бетке қозғалып берді. Орынбор маңына тамыздың 24-ші жұлдызында жетті. Келген күні-ақ құлағы түрік бұлар осында Кіші жүз ханы Әбілхайырдың балалары Ералы, Нұралы сұлтандардың жүз алты рубасымен бірге Ресейге қарайтыны туралы ант бергенін естіді. Апырау, Әбілхайырдың өзі қайда? Бұл сұрақпен жағаласа Әбілхайырдың «науқаспын, алыс жолды көтере алмаймын» деген жауабы құлақтарына тиді. Тек мұнда Кіші жүз елінен, Арал маңы, Сырдария бойынан келгендер шамадан тыс көп еді. Ералы, Нұралы сұлтандармен бірге ант берген жүз алтының сыртында алшынның тағы 165 билеушісі Орынбор комиссиясының бастығы, генерал-лейтенант, князь Василий Урусовпен кездеспекке өз кезегін күтуде еді. Солардың ішіндегі Әбілхайырға қаны қас, тілінің безі бар бәз біреулер Әбілхайырдың келмеу себебін өздерінше түсіндірді. «Науқас екені жалған сөз, алмас қылыштай жарқылдаған шағы бұл, екі жеп биге шықпақшы, аржағында Хиуа атты батпан құйрық жатыр емес пе, соған тіс салмақшы» десті бір тобы. «Осы Әбілхайыр жауапкершілігіне алған орыс керуені қазақ жерінде тоналды, солүшін алшын ханының орыс ұлықтарына қарарға беті жоқ, қалай келсін» деді екінші біреулер. «Әй, жарықтығым, Әбілхайыр бір түйір абырой, атақүшін бес қап алтын, күміс беруге әзір, мұнда өзімен қабаттаса Орта жүздің емес, күллі қазақтың ұлы ханы іспетті Әбілмәмбет Болат баласы мен алтын айдарлы Абылай сұлтан Сүйінішұлы келмекші ғой, солардың қасында өзіне орыс ұлықтары кем құрмет көрсете ме деп тайсақтағаны» дедіүшінші біреулер. Осындай жорамал атаулының саны күннен-күнге ұлғайды. Әбілмәмбет пен Абылай орыс бодандығын қабылдау хақында салтанатты түрде ант беріп, 1740-жылдың жиырмасыншы қыркүйегінде елге

оралғанда алғаш естіген жаңалығы – Барақ сұлтан мен Қарасақалдың Жоңғарияға шапқандығы еді. Асаүлкен соғыс емес, сонда да ата жаудың етегінен мықтап тістегендей бір қылық. «Арты неге соғады, қара қалмақтар не қам қылады, Жайық өзенінің жағалауындағы тарихи оқиғадан соң орыстың қатын патшасы бұған қалай қарайды» деген сұрақтар анталап, Әбілмәмбет пен Абылай сәл абдырады. «Мәртебеңнен айналдым, хан ием-ау, сұлтан ием-ау! Алшынның еркетотайы Әбілхайыр хан орыс бодандығына осыдан он жыл бұрын кіріп қоймап па еді, екінші рет ант бергені несі, әлде екі ортада арақатынастарыүзіліп пе еді, әрі сіздерге ұсап, Әбілхайырдың мұндайлық салтанатқа өзі бармай балаларын жібергені не сәні» деген сұраулар да ел ішіндегі өзге марғасқалардан қарша борады. Хан мен сұлтан көбіне ауыздарын буып ұстады. Бұған көбіне, осы сапарда Орынбор комиссиясының бастығы В. Урусовтан тархан атағын сұрап алған Шақшақ Жәнібек жауап қайырды: «Алшындардың алғаш бодандыққа кірісі жай ауызша, ал мынаусы тасқа басылған қағаз жүзіндегісі, шапсаң кетпейтіні». Шынында «тархан» атағы Петербордағы патша Анна Иоановна қолымен бекітілуі тиіс, алайда, В. Урусов алқалы топтың көзінше патшаға ұсыныс жасаймын, қайтсем де бекіттіремін деп, уәде бергесін Жәнібек сол тархан атағын бірден-ақ өзіне жапсырған. Сосын да мұның беделі хан мен сұлтаннан кейінгіүшінші орынға бір-ақ ырғыды. Тек алты арыстың ақсақал, қарасақалдарының күдікке толы сұраулары таусылмады: – Сұлтан ием, орыстарға Ертіс бойымен сонау Семей қамалына дейін баратын жол беріпсіз. Баса-көктеткеніңіз қалай? Жәнібек тарханның жауабы: – Баса-көктеткен емес. Бұл орыстарды мұрнын тескен тайлақтай бұрып салу ғой. Орыстар Жетісу, Аягөзге тікелей баратын жол сұрады. Абылай сұлтан Сібір жұртына Сарыарқаны бастырмаймын деп, сондағы Иманқұс деген жерден шығып, Ертіс жағалап, Семейге жететін өзге сүрлеуді нұсқады. Бұл сұлтанның кемеңгерлігі емей немене? – Сұлтан ием, орыстың ыдыс-аяғына, темір-терсегіне қазақтың аяқты малын, жүн-жабағысын айырбастайтын жәрмеңкелік жер сұрағанда аң мен құсы жыртылып-айрылған Қызылжарды лақ еткізіпсіз. Бұл жомарттыққа әлгі өзіңізді жалаңаяқ, жалаңбас кезіңізде паналатқан Дәулеткелді бай «Қызылжар атақонысым, Абылай сұлтан жақсылыққа жамандық жасады» деп, ер-тоқымын баурына алып тулап, Жиделібайсынға көшіп кетіпті. Жәнібек тарханның жауабы: – Жеке бастың өкпе-наразы ел мен елдің өкпе-наразы қасында құйрығын қыспай ма? Ол заманда қазақтар Сырдарияның түстік бетін Жиделібайсын атайтын. Шынында, Дәулеткелді бай небәрі Қаратауға тұмсық тіреп, сұлтан ұйғарымының дұрыстығына ақыл жеткізіп еді. Кейін Ертіс бойындағы аталмыш жол «Абылай жолы», ал Қызылжардағы орыстардың қолымен тұрғызылған алғашқыүйлердің бірі «Абылайдың ақүйі» атанды.

Хан мен сұлтан Орынбор сапарынан елге оралғандағы ырду-дырду мұнымен де бәсеңсімеді. Жоңғария тарапынан, башқұрттардан, Хиуа хандығынан, қазақтардың өз қоныстары Сырдария, Арал маңынан жеткен суық хабарлар бұған жақсы тамызық еді. «Орыстардың қолтығына кірдік, олардың айбыны күшті, мысы басады десек мыналары несі» дескен қаңқу даүдеді. Әрі Орынбордан келе бастаған сый-сыяпаттарға, қымбаттық бұйымдарға даүрке қараушылар шаш етектен еді. Абылайдың атасы Әбілпейіз, Хан баласы төсенбес етке киіз. Аузы түкті жау жұрттан алым алып, Абылайға шықты ма екі мүйіз? – деген өлең жолдары да сол кезеңде туды. «Жоқ, Абылайды Орынбор сапарына киесі – қара бура өзі бастап барыпты, әрі төбесіндегі ақ құс сияқтанған ақ туының да ары-беріүнемі желбірегенін талай рубасылар, қосшылар өз көздерімен көріпті, мұның түбі анық жақсылық» дескендер де бір алуан. Шынында да, сол сапардан соң Абылай сұлтан қайда шықса да қасына ақ ту көтерген төлеңгіт жігіт ұстауды біржола әдетке айналдырды. Сөйтіп, жалғыз Жәнібек емес, Орынбордағы кездесуге қатысқан Сіргелі Қара Тілеуке, жалайыр Саурық Қайдауылұлы, өзге де сол жүз жиырма сегіз рубасының талай уақыт ауыздары ақжемденді. Себебі, басқасынан бұрын өнері озық орыс жұртының дүрсілі күшті зеңбіректері, әсем де мінсіз ұсақ қару-жарақтары, әскерлерінің көздің жауын аларлық киім киісі, сапқа тұрысы, аяқ басысы, алғашында төбе құйқаңды шымырлатып, соңынан тұлабойыңа тарайтын кернейлерініңүні, осының бәрімен қазақ хансұлтандарына құрмет көрсетеуі бұларүшін таусылмас жыр. Бірақ нағыз жырдың көкесі алда еді. Осы 1740-жылдың күзі, 1740-1741 жылдар түйісіндегі қыс, сосынғы көктем қазақ-қалмақ арақатынасындағы санап тауысқысыз оқиғаларға толды. Осы 1740-жылдың атышулы күзінде Кіші жүз ханы Әбілхайыр Жоңғарияның түстік өңірдегі әскерінің бас қолбасшысы, ноян Сары-Манжыға өзінің ең сенімді адамы Құттымбет арқылы хат жолдады. Қазақтардың ежелгі екі астанасы Түркістан мен Ташкент қалаларын ұлы мәртебелі қонтайшы менің иелігіме әперсе Жоңғарияға мәңгілік бодандыққа қол қояр едім, әрі ұлым Айшуақты аманатқа жіберер едім деді. Тек Құттымбет Әбілхайырдың ең сенімді адамы аталғанмен іс жүзінде олай емес екен, бұл Сары-Манжыдан оралысымен Сырдария өзенінің төменгі ағысында отырған Әбілхайыр хан ордасындағы орыс офицері Д. Гладышевпен құпия жағдайда кездесіп, бұл сырды ашып салды. Орыс офицерінің төбесінен жай түскендей еді. Осыдан бір айдай бұрын ғана Ресейге бодандыққа ант берген алшын ханының мұнысы несі, екіжүзділік пе, жоқ, басқа себебі бар ма? Гладышев бірден Әбілхайырға тартқан. Енді екеуара айтыс басталған. Құттымбеттің ашықауыздығынан сасқалақтаған Әбілхайыр жоқ. «Орыс әскерін жіберіңдер, Сырдария бойынан қамал тұрғызыңдар деген өтінішімнің бір де біріне патша өкіметі құлақ аспады, сосын парсы шаћының бүгінгідей қаупі жағдайында амал жоқ, қалмақтардан көмек сұрадым» деп қасарды. Бұл оқиға сол күнгі орыс пен

қазақ арасындағы бүкіл жағдайларға салқынын тигізді, әрі Ұлы жүз бен Орта жүз басшыларын қоса алаңдатты. Кейбір тарихшылар «Әбілхайырдың Жоңғарияға бодандыққа ниеті жоқ, тек осы әрекеті арқылы орыс ұлықтарына қысым жасамақшы еді» деп түсіндіреді. Бірақ орыс саясатшылары Әбілхайырдың сан тарау қызметіне шыдамдылықпен араласа берді. Сол 1740-жылдың 5-қазанында орыс патшасы Анна Иоановнаның және Хиуадағы өзіне жақтас жиырма старшынның қолдауымен Әбілхайыр Хиуа хандығының тағына қонжиды. Екі күннен соң осында келген поручик Д. Гладышев парсы кілемімен жабылған қызыл барқыт тысты көпшік төселген хан тағында басына қызыл жібек шалма ораған Әбілхайырдың отырысын, екі жанында қырықшақты уәзірдің қаздай тізілгенін аузының суы құри суреттеп жазды. Парсының Нәдір шаћы Әбілхайырды құттықтағансып, алдап қолға түсірмекші еді, тек оны дер кезінде ұққан алшын еркетотайы 11-қазанда ең сенімді адамдарының қоршауында Хиуадан қашып шықты. Сосын онда көтеріліс бұрқ етіп, соны пайдаланған Әбілхайырдың баласы Нұралы Хиуаға басып кіріп, Нәдір шаћ қойған Тахир дегенді өлтіріп, хан тағына енді осы Нұралы қонжиды. Мұнікі де ұзақ емес, әкесі Әбілхайыр Хиуа тағында алты күн отырса, Нұралынікі екі-үш айға созылып, 1741-жылдың басында бұл да қашты. Осы аралықта Әбілхайырдың екінші ұлы Ералы да қарап жатпады. Орынборға аманатқа қалдырылған ол әкесінің рұқсатынсыз Орта жүздегі Әбілмәмбетті мойындамаған керейлерге барып, сонда хан атанды. Әбілхайырдың өз әрекеттері, әрі екі ұлының бұлайша шарықтауы түптегенде алшын ханының шексіз бедел-абыройынан туындайтын. Бұл кейбір қайшылықтарды, алып-қашпа өсекті жуып-шайды да. Ал Ұлы жүз, Орта жүз қазақтары 1740-жылдың күзіненүлкен шапқыншылыққа ұшырады. Сол жылдың соңында Ресей патшасы Анна Иоановнаның өлуі орыс саясатшыларында дағдарыс тудырады деді ме Жоңғария қонтайшысы қазақ жеріне өз әскерлерінүсті-үстінеүйіп-төкті. Әрі Ресейдің Сібірдегі губернаторы П. Бутурлинге елші аттандырып, орыс саясатшыларының тамырын басып көрді, әрі қазақтардың көші-қоны, әскер саны жөніндегі деректерді суыртпақтады. Сібір губернаторы солқылдақтық жасады, әрі жақында ғана Ресей қолтығына кірген Орта жүз қазақтары жөнінде екіжүзділікке басты. Бұл қалмақтарды қазақтарға қарсы тіптен жігерлендірді. Тап осы кезеңде батыста да қазақтар Еділ бойындағы екінші Қалмақ хандығымен шайнасты. Бұл Жоңғарияға жақсылық емей немене? Бұрынғысы аздай 1741-жылғы ақпанда Септен мен Қалдан-Серенніңүлкен ұлы Лама-Доржы басқарған отыз мыңдық әскер қазақ жерінеүш бағыттан лап қойды: Есіл бойымен және Ташкент, Түркістан тараптарынан. Септен осыдан он жыл бұрынғы «Аңырақай шайқасынан» қазақтарға танымал, әрі бұл шақта әбден ысылған қолбасы еді. Қазақтардың басты тұлғаларын бес саусағындай білетін. Мұның олжасы бәрінен де зор. Наурыз айында Септен қарамағындағы бір әскер шоғыры Шідерті өзенінің бойында қазақтың атақты сұлтаны Абылайды екі жүз адамымен қолға түсіріп, бірден қол-аяқтарын кісендеп, Жоңғария байтақысына жөнелтті. Бұл ретте Септеннің есебі дәл.

«Аңырақай шайқасында» Қалдан-Сереннің күйеу баласы Шарыштың басын кескен осы Абылай емес пе? Оны Қалдан-Серен де, оныңүлкен ханымы Қарабас та ұмытпаған. Демек, Септеннің мына сыйы бұған өлшеусіз абырой, бедел әперетініне сөз бар ма? Әбілмәмбет өз айналасындағы аз елмен былтыр орысқа бодандық хақында құжатқа қол қойған Жайық, Ор өзендерінің бойына ығысты. Орта жүздің басқа бір бөлігі Тобыл өзенінен әрі өтпекке жанталасты. Септен олардың соңынанүлкен әскер аттандырды. Егер ол қазақтар Тобыл өзенінен әрі өтіпүлгерсе орыстармен тіл табысып бас сауғалайды ғой. Бұл қалмақтарүшін қай жағынан да тиімсіз. Көршілесүш елдің ол кездегі саясатының көзге бадырайған бір қыры сол – қай-қайсысы да қалған екеудің өзара ауыз жаласуынан қорқатын. Сібір губернаторы П. Бутурлиннің екіжүзділігі де сондай қорқыныштан бастау алатын. Сосын да Тобылға беттеген қазақтарды қалмақтар барын сала өкшеледі. Қар мен аяз да күшейген. Жолдан адасу қаупі туды. Сол мезетте майға сұққан қасықтай жылпылдаған бір жігіт табылды. Ол қалмақ қолбасыларына «мен қалмақпын, ертеректе шалалау кезімде қазақтардың қолына түсіп едім, Тобыл өзенінің маңайын алақандағы жазудай білемін, жол көрсетуге жараймын» деді. Қалмақ мақамымен сөйлейтіндігі сенім тудырып еді. Ол қалмақтарды Тобылға жеткізбей теріскейге бұрып,үскірік аязы адам жалмайтын, желі де жойдасыз қатты, ағаш-бұтадан дым жоқ, жылан жалағандай тақыр, қу медиен даламен алдап-сулап ұзақ сабылтты. Әскердің жарымынан астамы қырылғанда қалмақтар жолбасшының алдамшы екенін сезіп, жүруге жарамаған аттардың ертоқымын жағып, оны соның отына өртеді. Бұл былтырғы салбурында Абылай қасындағы төлеңгіт жігіт Саржанның досы Жәуетай еді1. Қарасақалды көзімен көрген, әрі оның кейбір өнерін меңгерген бұл Жәуетай орыс тарихындағы Иван Сусаниннің ерлігін қайталаған. Қалмақтар сондай сәтсіздіктерден соң да беттерінен қайтпады. Барақ сұлтан мен Қарасақалдың өткен күзде өздеріне тиіскенін сылтауратып, ауылауылды шауып, қыз-жігіттерді кісендеп әкете берді. Қарасақалды ұстап беріңдер деп,үсті-үстіне талап қойды. Осындай шабуылдар Ташкент, Түркістан тараптарында даүдеді. Тек сол 1741-жылдың ақпанында Олжабай аз күшпен қалмақтарға тап беріп, ойран-ботқасын шығарды да шығысқа қарай өрлеп, осындағы бас қолбасы Септеннің өз ұлысын талқандады. Қалмақтарға Олжабай қолы жер астынан шыға келгендей көрінді, әрі оларға құдай барын ойлатқандай. Орта жүз арғын тайпасының Сүйіңдік тармағындағы Айдабол бидің немересі,үйсін Қаратай батырдың жиені, әрі шәкірті Олжабайдың анық батыр атағы сол жолы алаулады. Тобылдағы Жәуетайдың, мұндағы Олжабайдың, түстіктегі өзге батырлардың ерлігі отыз мыңдық қалмақ әскерінің жарымын опырды. Сол 1741-жылдың маусымында соғыс тоқтады. Бірақ қазақтарға жеңілдік келмеді. Шабылған ел, қолды болған қыз бен жігіт, әкетілген мал, тұтқындалған Абылай, Барақ сұлтандар, өзге де игі жақсылар. Үш жүздің әр тарабындағы Төле би Әлібекұлы сынды кемеңгерлерге бұл Абылайдың емес, қазақтың туы жығылғандай әсер етті. Тіпті Абылайға бірде

қызығып, бірде қызғана қарайтын алшын ханы Әбілхайырдың өзі не қам қыларын білмей сасқалақтаған күй кешті. Жылдар жылжып өте берді...

ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ

1745-жылғы қыркүйектің алғашқы жұлдыздарында түстік беттен Текестің суы Іле дариясына құятын аймақта табиғат-ана маужыраған жаймашуақ қалыпта еді. Теріскей Алатаудың Қоғыл, Басқарқара биіктерінен басталып, тар да терең шатқалдармен жұлқына ағып, «үлкен ағаның» құшағына жақындай момақанситын Текес сол жылы аса мол арналы еді. Бұл жерде «үлкен ағалыққа» талас та жоқ емес. Бәз біреулер Іленің Текестен жоғары бөлігін Күнгес атап, Іле сол Текес пен Күнгестің қосылуынан жасалады дейді. Екіншісі, Күнгес жай жапсарма атау, бұл Іленің өзі, алүшіншісі, жоқ, Іленің шын бастапқы бөлігі – Текес деп те түсіндіреді. Қалайда бұл талас осы екі су қойындасқан маңдағы жер бедерінің айтып жеткізгісіз көркемдігінде еді. Осы Текестен сәл төменіректе арғы теріскейден Қаш өзені қосылғасын Іленің аңғары күрт кеңейгенмен де көркемдік бәйгесінде озуға жоқ. Текестің тұсында айнала дүние әлдеқайда кең, түстігің Кетпен, теріскейің Борқора жоталары дегендей, әрқайсысы өзінше қол бұлғап, көз қандырар жасыл жамылғысын тосады. Текестің сағасы сазды, сортаң топырақты жазаң десең де өкінішті емес. Мұндағы саз бен сортаңның өз қызық-шыжығы санап тауысқысыз. Аңы мен құсы, өзгеден алабөтендеу өсімдік дүниесі бұл өлкенің түріне түр, бояуына бояу қосып, құж-құж қайнайды. Әсіресе, сол Текесті сәл өрлеп, Жоңғария қонтайшысы ҚалданСереннің байтақысы жақтан қарағанда солай. Осыдан он сегіз жыл бұрын Жоңғарияның бұрынғы қонтайшысы Сыбан Рабтан өлгесін Қалдан-Серен ауық-ауық әрқилы ойларға шоматын. Бірде созылмалы қыстан соң жаз жайлауды аңсаған мұның ұрғасы көктеменің күнінде Іленің түстік бетіне өтті де Кетпен жотасын бетке алған. Әкесі Сыбан Рабтанның да ең сүйікті жайлауы сонда еді. 1723-жылы Қазақ ордасына шапқан жылдың жазында да ол осы Кетпен жотасының ұланғайыр көгалдарында, сондағы күміс басты шоқылардың ара-арасында көшіп-қонып жүрмеп пе еді? Жоңғария тарихында бұл елге шет жұрттан келген еңүлкен елшілік саналатын, Ресей мәмлегері капитан Иван Унковский бастаған экспедиция басшыларымен де келіссөздің ең көп бөлігі осы тауда өткен. Иә, сондайлықтардың бірінен соң бірін еске салатын жайлау ғой бұл. ҚалданСереннің оған ынтығатыны да содан. Бірақ тап сол Сыбан Рабтан өлген жылы мамырдың соңында да Кетпеннен қар кетпепті. Амал жоқ, ҚалданСерен ұрғасы Іленің сол жағалауымен жоғары өрледі де Текеске жетіп, енді сол Текесті бойлай Кетпеннің шығыс тұмсығына барып тірелді. Одан арыға жол жоқ. Кетпеннің биіктерінде қар жатыр. Бұл Нарат пен Кетпен тауларының екі аралығы. Тап осы маңда Текеске арғы Нарат тауынан басқа бір өзен келіп құяды екен. Екі судың қосылуының өзі көл-көсір дүние емес

пе? Бұған қоса осы тоқтаған жердің өзінде тамаша табиғат тіптен көздің жауын алады екен.. Мұндағы көрініс мамыр аяқталып, маусым туа жаңа қонтайшының одан әрмен қиялын самғатты. Мынау Текес, мұның суындай мөлдірлікті қайдан табасың? Төменде Іле, одан әріде алақандағы жазудай көрінетін Борқора жотасының сілемдері. Ал, осы аядай мекеннің өзінде былай шалқайсаң Кетпенге, былай шалқайсаң Нарат жотасына арқа сүйейсің. Әрі табаныңның астындағы шөбі шүйгін былқылдақ топырақ қандай? Аунап жатып заманауи мәселелерден аулақтап тыныстағың келеді. Ия, не деген жұмақ мекен десеңші. Ал марқұм әкесі күйген кірпіштен тұрақты байтақы тұрғызған Кеңсайдың сағасында мұншалықты суреттер анталап тұрған жоқ. Ең жаманы Сыбан Рабтан өлгендегі сондағы қанды қырғын. Мейлі, ол Қалдан-Сереннің өз қолымен жасалған қырғын болса да, оның уыты тұлабойынан кетер емес. Қайта өгей шешесі Сетержап пен одан туған, еш жазықсызүш сұлу қарындасының азапты өлімі бар сұмдық қалпымен түн ұйқысынан шошытып оятқан кезеңдер де болған. Міне, сондай кезеңдердің дертінен құлан-таза айыққысы келді ме, бұл Ренат-Аренар бастаған швед мамандарын шақырып, тап осы арада Жоңғария қонтайшысының жаңа байтақысын орнатуға бұйырды. Қол-аяқтары кісендеулі орыс тұтқындардан, қалмақтардан, бұхарлық егіншілерден керегінше адам бөлді. Сөйтіп, бір жылға жетержетпесте шығысүлгісімен қиылған, алтын жаућарлы шатырлары көктегі күнмен таласардай жарқырап, жаңа байтақы бой көтерді. Бұл Кеңсайдағы байтақыдан әлдеқайда кең, әрі атты адамнан биік кірпіш қоршаулары да бөлек сәнмен өрілген, салтанаты әлдеқайда басым, тіпті кейбір еуропалық нақыштарды да бойына жапсырған нағыз патша ордасы еді. Ал оның ішісыртын гүлзарлармен, жеміс ағаштарымен безендіруге бұхарлық егіншілер бар өнерлерін жұмсады. Себебі, бұл бұхарлықтарүшін нағыз май шелпекке айналды. Қалдан-Сереннің өзі мен Аренарды сүйсіндірген, айрықша әсемдік тудырған кейбір бұхарлық шеберлер былайша еңбекақысына қоса тұтқындағы қазақ қыздарының ең тәуірлерінен олжа алды. Ия, қонтайшы бұл байтақының құрылысыүшін ешнәрседен тарылмап еді. Қазақ ордасына жақындаудың орнына керісінше Қытайға қарай жылыстадық қой дегендерге Қалдан-Серен «е, несі бар, жақын жерден азу тісін қағуымызға оңтайлы» дейтін. Бұл сол заманғы Жоңғария күш-қуатының еселеп артуына айғақ сынды сөздер еді. Ол ғана емес, сол Текестің өзінде, аққу ұшып, қаз қонған иірімді тұстарда, көк майсалы жазық жағалауларда асай-мұсайы түгел екі-үш ғибадатхана тұрғызды.. Қытайдан, Үндістаннан әкелінген Будда әулиенің тас мүсіндері сол ғибадатханалардың төрінде мүлгіді. Оларға тауап етушілер тез ұлғайып, құмырсқаның илеуін елестетіп еді. Пайда іздеген әккілер мұны құр жіберсін бе осы бұрхандардың айналасы қан базарларға толды. Сауда аттының түр-түрлерімен буы бұрқырап, аспанға атқақтады. Өзгені қой, қазақтың тұтқын жігіттері мен қыздары қолдары кісенделген күйде осында пұлға, малға айырбасталып жатты. Сөйтіп, әп-сәтте шағын қалашықтар қарайып, өткен-кеткеннің мойын бұрмасына қоймас ұяларға айналды.

Бірақ одан беріде де көп заман өткен. Міне, Қалдан-Серен сол Текес өзенінің Ілеге таяу жағалауында өзі орнатқан байтақының еңүлкен сарайында, оның аса сыйлы қонақтар қабылданатын кең де биік бөлмесінде, қызыл-жасылды жібек маталармен көмкерілген биік төсекте шалқасынан жатыр. Бөлмеде иін тірескен адам, бірақ ұшқан шыбынның ызыңы білінетін тыныштық бар. Бәрінің бастары салбыраңқы, ауық-ауық еңселерін көтеріп қонтайшы жаққа мойын бұрса көздерінде түйдек-түйдек ойлар мен айқышұйқыш жазулар өздерінен-өздері сайрап береді. Бұлардың бәрінің бастарына түскен зілдің ауырлығы соншалық іштеріндегі небір ысқаяқтардың өздері көздеріндегі сол ой мен жазуды бүркеуге жоқ. Егер бір-біріне тура қараса бірінің көзіндегіні екіншісінің жазбай танитыны ақиқат. «Апырау, мынау қасымдағы зайсан, не ноян, бек, қолбасы, тайшы дегенің менің қас дұшпаным, сыр алдырсам өзіме қатер ғой» деген қорқыныш іш дүниесіне мұз сүңгідей бойлайды. Көз бен бет-әлпеттеріндегі алай-түлей суреттерді тек жерге қадалып қана жасыруға мүмкіндік бар. Бұл хал бұлардың көпшілігіүшін, міне, төртінші күнге созылған. Міне, төрт күн бойы Жоңғария қонтайшысы Қалдан-Серен қатты сырқат. Алғашқы құлаған сәтінде-ақ жаман аурудың екпінін түсінген Қалдан -Серен ернін әрең жыбырлатып, алыс-жақындағы барлық ұлыстардың тайшыларын, қолбасыларды, ел ақсақалдарын түгел шақыруға бұйрық берген. Алғашқылары бір тәуліктің о жақ, бұ жағында осыдан табылған. Ең соңғылары, мысалы, Әмір-Сана мен Дебашы сонау Тарбағатай маңындағы ұлыстарынан, міне төртінші күні ғана ат арытып, әрең жетіп отыр. ҚалданСерен өз аузымен атағандардан келмегендер де бар. Олар атақты қолбасылар Септен мен Кабут еді. Соңғы кезеңде Қазақ ордасының теріскейінен түстігіне ауыстырылған Септен Ташкент төңірегіндегі тынышсыздықты тілге тиек етіп, өзінің орнынаүшінші саптағы қолбасы Еманқұлы дегенді жіберген. Сонымен келетіндер келіп те болған. Мұны төсектің бас жағында, науқастың жастығының бір шетіне шынтағын сүйей жайғасқан Қарабас ханым оның құлағына аузын тақап, басқаларға да естілетіндей етіп, сыбырлай жеткізді. Көзін ашып-жұмған Қалдан-Серен зайыбының сөзін дұрыс ұққанын жүзіндегі жыбыр-жыбыр арқылы білдірді. Қонтайшы жатқан төсек бұл ұзынша, әрі дағарадай кең де биік сарайдың қақ ортасында көлденеңінен қойылған. Егер қонтайшы көздерін көтерсе қарсы беттегі ұзын қабырғаның жоғарысындағы терезелерден аспанның ашық бөліктерін көрер еді. Бірақ тап қазір ондай ынта-ықыласқа мұның әбден көңілі суыған. Көбіне екі жанында анталаған адамдарға, кейде олардан көздерін асырып, қақ төрдегі Будданың тас мүсініне назар аударады. Бір кездегі Талқы асуының етегіндегі, Кеңсай сағасындағы әке байтақысынан осында көшірілген дүниелердің ішіндегі әлі күнге мұрты бұзылмаған жалғыз дүние осы ғана. Малдас құрған Будда әулиенің бет-жүзінде имандылық дегенің тұнып тұр. Бұны енді ғана байқағандай Қалдан-Серен солай қарай көзін жүгірте береді. Жүзін солға қарай әдейілеп бұрып, кейде ұзақ тесіледі. Будданың күлімсірегендей жылы шырайын да танығандай. Бұл не, әулиенің келемежі ме, жоқ, мүсіркегені ме?

Қонтайшының басын сүйеуші Қарбас ханымнан кейін, бұлар да төрдегі Будданың тас мүсініне арқасын беріп, далай-лама Кабба, бас зайсандар Наугат, Габат-Гелун, биыл көктемде кісі қолынан өлген әйгілі қолбасы СарыМанжының баласы Немеху, қонтайшының күйеу баласы Сайын-Бөлек, Шодыр сияқты аты мәлім төрт-бес қолбасы жайғасқан. Бәрінің астына ұзын ағаш сәкі қойылған, ірі тұлғалы, қару-жарақты адамдардың салмағына шыдамай ағаш сәкі оқтын-оқтын сыр беріп, сықыр-сықыр етеді. Қарамақарсы бетте, төсектің екінші жағында Қалдан-Сереннің тумалары-ұлдары, қыздары, немерелерінің сұлбалары көрінеді. Ін аузындығы суырдай шоқиыпшоқиып, бұлар да қыбырсыз отыр. Сонда да осы қонтайшы тумалары мен балаларының ішінде ерекше көз тартатындары да жоқ емес, олар қонтайшының қарындасы Ботлок пен қызы Ұлан-Байыр. Ботлоктың сұлулығы да, ерке мінезі де бәз-баяғы. Бұдан туған Әмір-Сана қазір жиырмада, әрі сонау Тарбағатайда әкесі, хойт тайшысы Вечжи-Хэшоцидің1 иелігінен бөліп алған бір ұлыстың өзінше бір тайшысы. Басындағы ақ жібек орамалының ұзын ұштары омырауына жете айқастыра байланған, бетіне орыстың опа-далабын аямай жаққасын ол да сол ақ жібектің түсімен жарысқа түскендей тым бозаң, тек көздеріндегі мазасыздық сол өңді онда-мұнда түріп ашқандай Ботлок жан-жағына алақтағанда өз күйеуі Вечжи-Хэшоцидің қарсы беттегі бас зайсандар мен атышулы қолбасылар Сайын-Бөлек, Шодырдың қатарында емес, өзінің артында басын ішке бұғып мыжырайғанына намыстанғандай еді. Есесіне баласы Әмір-Сананың тұлғасы біразынан биік көрінетіндей. Бұл әкесі Вечжи-Хэшоциге ұқсамаған, оның қасында қайраулы пышақтай жалаңдап тұр. Бұл Ботлоктың осы күйеуінен туған емес, әлгі атақты бүлікшілер – Кукунордағы хошауыттар тайпасының Қытайға қарсы көтерілісін басқарған Лубсан ханның ержүрек баласы Дан-Жунмен Ботлок аз уақыт отасты емес пе, міне, сол Дан-Жуннан іште қалған бала екенін жұрттың бәрі білетін. Бірақ олай деп ешқайсысы тіс жармайды. Ертеректе бір желбуаз күң қатын бұл шындықты ішке сыйдыра алмай көп ортасында түбі түскен шелектей қаңқ еткізгенде ертесінде-ақ жалаңаш етіне қыздырылған темір басылып, біржола тыныштық тапқан. – Апай, ұлы ханым, ұлы мәртебелі қонтайшыға жасалған ем-домның еш шипасы болмаған ба, ұлы мәртебелінің сұлық жатқанына едәуір уақыт өткен сияқты ғой? – деп, Әмір-Сана Қарабас ханымға арнап тіл қатты. Бүгін ғана табалдырық аттаған Әмір-Сананың бүйтіп шешілуіне шешесі Ботлоктың онда-мұнда алақтауы түрткі жасаған. Шешесінің ұстамсыздығына осылай қайыру бермекші. Ал Ботлокүндеген жоқ, есесіне қонтайшы қыздарыныңүлкені, анау Сайын-Бөлектің әйелі Ұлан-Байыр: – Қытайдың арандай ашқан аузына, Қазақ ордасының тынышсыздығына, шешек ауруына қарсы біздің қалмақ қандай амал, қандай ем-дом ойлап тауып еді? Тіпті жер астынан шыға келгендей мына Қоқан хандығы дегенді бесігінде тұншықтырмай әп-сәтте қабаған иттей құтыртып алдық! – деп салды. Үстіне қызыл көйлек киген, жіңішке өрілген бірнеше ұзын бұрымдары қос құлағын, желкесін жапқан, дөңгелек қара торы жүзінде әдемілік те, жігер де жеткілікті отыз жеті жасар Ұлан-Байыр әрі

ақылдылығымен де дараланатын. Мына сөзді де ол тегін айтқан жоқ, шешек ауруынан төсек тартқанына төртінші күн, беті бері қараудан аулақ ҚалданСереннің мұрагерлік мәселесін шешуі керек, сосын да айналадан жау анталаған жағдайда оған бір тегеурінді адамды таңда деген бағдарда ой тастағаны. Ұлан-Байырдың райына ожырая қарасқандар да бар. Тегеурінді адамы кім? Өзге туыстардан оқшау, анау қарама-қарсы бетте бас зайсандар, әйгілі қолбасылар сияқты ресми адамдардың қатарында шоқиған өз күйеуі СайынБөлек пе? Оның қандай құқы бар еді? Әлде Ұлан–Байыр сол кексе қолбасының зайыбы ретінде өзін меңзеді ме? Ия, бұл шақта кімнің көкірегіне қандай ой кіріп-шықты, оны сексен сайтан жиылап келсе де ажыратып бере алмас. Ұлан-Байырдың Қоқан хандығын қабаған итке теңеген сөзі тұсында Қалдан-Сереннің екінші ұлы онүш жасар Сыбан-Доржы сықылықтай күлді. Қасындағы ағасы, небәрі он тоғызда дегенмен қолбасылық тәжірбиесі бар Лама-Доржы санын қатты шымшыған соң ғана күлкісін тыйды. СыбанДоржының бүйтетіні бұл осы жасында-ақ ит қуғанды, тіпті итке оқ атқанды, әйелдерді шошытқанды ермек ететін түйсіксіздеу бала еді. Ал ҚалданСереннің бұлардан кейінгіүшінші ұлы жеті жасар Сыбан-Даши әкенің ауыр халінен басқа ешнәрсені сезінер емес. Қарабас ханым Ұлан-Байырдың өзіне арналған сауалға жауап қайырғанын құп көргендей көк шәлі жамылған басын қозғаңқырап,үлкен қызына көзінің астымен ұзақ сүзілді. Сосын қайтадан Қалдан-Серенге аузын тақап, әлденені сыбырлағанға ұқсады. Кейде ауру Қалдан-Серен айнала жұртпен осы Қарабас ханым арқылы дидарласатындай. Қарабас ханым қонтайшыға аузын жақындатқан сайын оған ожар, бұғыңқы, шошыңқы, қырағы, ұры сыпатты алуан көздер қоса қадалатын. Ия, бәрі де тап осы күні Қалдан-Сереннің аузын қаршығадай бағуда. Оның аузынан қандай сөз шығады, кімді атайды, ертеңгі күні қайсысының тасы өрге домалайды, қайсысының басы төмен домалайды бәрі қонтайшының бір ауыз сөзіне байланысты. Міне, төрт күн бойы қонтайшы жастығының шетіне шынтағын сүйеп, құйрығын ағаш сәкіге желімдеген Қарабас ханым қонтайшының ақыл-ойын біржола билеп әкеткендей. Сосын да оның әрбір қозғалысы баршасының назарында. Бірақ бұл жеткіліксіз, жаңағы Әмір-Сана мен Ұлан-Байыр сияқты істің барысына ықпал етерлік сөз шығарған жөн-ау. Бірақ ол сөз ертеңгі күні өзіне қалай айналып соғады, жақсылықпен бе, жамандықпен бе, осы жағын айыруға дәрменсіздік бәрінің тіл мен жағына салынған темір құрсау. Жалпы Қарабас ханым Қалдан-Серенге алғашында төрт қыз, соңынан екі ұл тауып берген. Ал қонтайшыныңүш ұлыныңүлкені, Қазақ ордасының теріскейінде көп шабуылды басқарған Лама-Доржы қонтайшының некеден тыс туған баласы. Оның мұрагерлікке құқы жоқ, ал екінші ұл, заңды некеден туған онүш жасар Сыбан-Доржы ит қуғаннан, әйелдерді шошытқаннан, жата қалып атүркіткеннен өзге ермегі оқ жарыместеу неме. Әлде бұл оның жарыместігі емес, балалығынан ба екен? Сарай ішіндегіүнсіз томырылған далай-лама, бас зайсандар, нояндар, қолбасылар, бектер, Қалдан-Сереннің

ұл-қыздары, келіндері, күйеу балалары баршасы қонтайшы өзінің мұрагері ретінде екеуінің де ұнамсыз жақтары бола тұра Лама-Доржы мен СыбанДоржының бірін атайды деп топшылады. Лама-Доржының бір ұтатыны – ол әйгілі қолбасы, әрі осыдан төрт жылдай бұрын қазақтардың ең атақты сұлтаны, өзгені қойып, ұлы хан Әбілмәмбеттің өзін баса-көктей сөйлейтіні бар Абылайды екі жүз жауынгерімен қоса тұтқындап әкелуге қатысқан. Әрі қазіргі Жоңғарияның бүкіл қарулы күштерінде басты тұлғалардың бірі Септенмен тонның ішкі бауындай аралас-құралас. Ал Сыбан-Доржының бір ұтатыны кезінде Қалдан-Серен көпке дейін тек қыз табумен болған Қарабас ханымға егер бір ұл сыйласаң соны мұрагер етіп жариялаймын деп, Будда әулиенің атын атап, ант берген екен. Бұл да бүкіл қауымға белгілі. Сосын да Сыбан-Доржының қандай бала екенін білетін жұрт Қалдан-Сереннің құлағына аузы тақау Қарабас ханымның әрбір қозғалысына көздерін ежірейте қарайды. Қонтайшы қасындаүнсіздік тым ұзаққа созылды. Баршасының еңсесі езіліп кетті деді ме Будда әулиеге қарама-қарсы қабырғадағыүлкен есік ашылып, оншақты бойшаң да әдемі кәнизәктар кірді. Олар қолдарындағы жайпақ табақтарда мөлтілдеген шарап толы кеселерді бәріне таратты да шұбырған қаз-үйректей қайта көзден өшті. Бұл сусын бәріне жігер бергендей. Бас зайсандардың бірі-Наугат әжімді жүндес жүзіне жылы шырайүймелетіп: – Бұл уақыт шіркін қалай зымырайды? Мына Әмір-Сана туғанда атасы, сол заманғы ұлы қонтайшы Сыбан Рабтан қалай қуанып еді? Бақсам одан беріде де жиырма жылдай уақыт өтіпті-ау!–деді. Бас зайсан Наугаттың бұл сөзіне Әмір-Сананың шешесі Ботлок жайқала қарады.Тек бас зайсанның сөзін ауру қонтайшының аяқ жағына таман жайғасқан бүкір ақсақал адам іліп әкетті: – Е, Сыбан Рабтанның осы немересі туған күн баршамыздың жадымызда. Атақты жандайшап, жаның жәннатта болғыр Цуй қызың Ботлок керемет ұл тапты деп, сүйінші сұрап келді емес пе? Бірақ Сыбан Рабтан сол күні түнде жаман түс көрдім, түсімде бір сілеусіннің жаңа туған баласы әпсәтте ұлғайып, басымызға әңгір-таяқ ойнатады, бір зайсан оны қақ бастан ұрады, сосын ол сілеусіннің баласы көзден таяды да бір айдаћарды ертіп әкеп, бәрімізді жұтқызады, өзі де сол айдаћардың өңешінде кетеді деп, әпсәтте бір түрлі сарыуайымға салынды. Ботлок дүр сілкініп, оқты көзін сол шалға қадады. Ал Әмір-Сананың өзі бас зайсанның да, одан кейінгі ақсақсалдың да сөздеріне мән бермегендей қасындағы сонау Тарбағатайдан өзімен бірге келген ұлыс тайшысы Дебашыға алақ-жұлақ етті. Ботлоктың күйеуі Вечжи-Хэшоци, баласы ӘмірСана және Дебашы-тайшы атағы бар бұлүшеу ауру қонтайшының төсегіне иек сүйердей тақау жайғасқан сол Ботлоктың арт жағында, екінші сапта қатар отыр еді. Хойт тайшысы Вечжи-Хэшоци сәнді киінген, қырықтың қырқасына шықса да бозбаладай өңі бар, сақал-мұрты қап-қара, есесіне ешкімнің алдына түсіп көлбеңдемейтін, мінезі бір тоға, мына отырыста зайыбы Ботлоктың сөзі мен ісіне сәтті бағдар тілеген түрі айқын шалынатын залалсыз жан еді. Ал баласы Әмір-Сана бұған қарама-қарсы ұшпа мінезді,

қысыңқы көздерінің тереңіндегі жанары өткір, кесе-көлденеңдегеннің қайқайсысын да кесіп түсерліктей. Денесі мығым, қол-аяғы балғадай, не олжадан да құр қалуға жоқ қырағылығы кім-кімнің де назарынан тыс емес. Бұл жағынан шешесі Ботлокқа тартқандығы бар. Киім киісінде пәлендей бекзадалық жоқ, жорықүстіндегідей лыпалары ғана. Жанына байланған былғары қынды ұзын қанжары тізесініңүстінде жатыр. Дөңгелектеу жүзінде кейде күлкі жүгіреді, бірақ оның алдамшы екені білінеді.Бұл туғандаүлкен әкесі Сыбан-Рабтанның түнде түсінде сілеусін көруі тегін еместей. Қалмақтың әккі аңшылары сілеусіннің кейбір нышандарын Әмір-Сананың бойынан да табарлықтай. Ия, Әмір-Сана өте жырынды жас. Сол қалпына жапсырылған жамаудай жараспайтын бір мінезі қасындағы қаққан қазықтай қақшиған Дебашыға жиі жалтақтайтыны еді. Дебашы да осы Әмір-Сана құралпылас жігіт, одан екі жастай ғанаүлкен. Сөйте тұра Әмір-Сананы бұған тәуелді еткен қай құдай? Әлде шыққан тегі мәжбүр ете ме? Әмір-Сана мен оның әкесі ВечжиХэшоцидің арғы аталары он жетінші ғасырдың басында атақты Хо-Урлюкке ерген торғауыттарға ілесе сонау Еділ бойындағы екінші Қалмақ хандығына қоныс аударып, он сегізінші ғасырдың басына дейін сонда тұрақтаған. Сол кезде әлгі әкесі Аюке ханның ұятсыздығына өкпелеп, біраз елді қоса дүрліктіріп, шығыстағы Жоңғарияға қарайүдере көшкен Санжиб деген шықты емес пе? Міне, бүгінгі хойт тайшысы Вечжи-Хэшоцидің әкесі де сол Санжибке қосылғандардың ішінде еді. Олар мұнда келген бетте Сыбан Рабтан алғашқы уәдесінде тұрмай Санжибті тұтқындап, оның қарауындағы он бес мыңдай түтінді табанда ұлыс-ұлыстарға бөліп жіберді. Ал Санжибтің өзін кісендеп, ең жақын он адамымен Еділ бойына, әкесі Аюке ханның құзырына қайтарды. Міне, сол ұлыс-ұлыстарға бөлгенде Вечжи-Хэшоцидің әкесі Тарбағатайдан бір-ақ шықты. Бірақ ол өте қабілетті жан еді, тез арада едәуір дәулет жиды, қонтайшымен де, оның зайсандарымен де оңай тіл табысты. Кейініректе өз ұлы Вечши-Хэшоциді хойт ұлысының тайшысы атандырып, әрі Сыбан Рабтанның ең сүйікті қызы Ботлокқа қосылуына ықпал етті. Ботлоктың басқа біреуден екі қабат қалғанын біле тұра әке де, бала да ол мәселеге көзжұмбайлық жасады. Бұл күнде оның бәрі өз нәтижесін бергендей. Ал Дебашы кім? Бұл сонау атақты Батыр қонтайшының тікелей тұқымы. Кешегі Сыбан Рабтанның немере інісіүлкен Черен-Дондуктың Намджил атты кенжесінен туған бала. Бұл күндеүлкен Черен-Дондук те, оның өзі аттас қолбасы баласы-Кіші Черен-Дондук те бақилық дүниеге аттанған. Дебашының өз әкесі Намджил зайсан, не қолбасы атанбаса да байлығымен шырқаған адам. Ол тек мал, егінмен алданбай Тарбағатайдағы өз ұлысы аумағында күміс, темір сияқты кен орындарын ашты, сауда, алысберіс жағын да дүркіретті. Дебашы да бала кезден сондай кәсіптергеүйірсектеді. Әлде Әмір-Сана да соған қызығып, Дебашының қармағына ілікті ме екен? Әлде Дебашы екеуінің мінез жарастығынан ба? Әлде Дебашының осы ханзадалар түлегінің түп атасы – Батыр қонтайшының тікелей ұрпағы ретінде Жоңғария қонтайшысының тағына құқықты екендігі,

бұл күнде әкесі Намджил де өліп, Тарбағатайдағы өлшеусіз байлықты жекедара иемденетіні Дебашыны Әмір-Санаға ең құдіретті одақтасқа айналдырған ба? Әйтеуір, тап қазір екеуі бір-бірінен кессең ажырамастай. Бір мезетте қонтайшының қарындасы Ботлок жыламсырады: –Құдайым-ай, о Будда әулием, менің туған бауырымның дертіне бір шипа табылмағаны ма? Бүкіл Жоңғарияны өздеріңнің желеп-жебеулеріңмен он сегіз жыл бойы бір шыбықпенүйіріп басқарып еді ғой. Енді мына жолы да желеп-жебесеңдерші. Анау ашық тұрған терезенің көзінен өздеріңнің әмірлеріңмен бір құс ұшып кіріп, ағайыма ем салып кетсе қайтер еді? ҰланБайыр өте дұрыс айтады, мұрагерлікке шынында бір аса тегеруінді адам керек. Бірақ менің туған ағайымдай тегеурінді адамды бізге кім тауып береді? – Осыны айтты да Ботлок ақ жібек орамалының ұзын бір ұшымен жасты көзін сүрткіледі де қасындағы ұлы Әмір-Сана мен Дебашыға қарады. Оларды ұзақ адақтады. Сірә, сәнқұмар Ботлок бетіне опа-далап қана жақпай, кірпіктеріне де мойылдай қара бояуды баттастырған. Орамалының ұшымен жасын сүрткенде қара бояу мен орыстың аппақ опа-далабы араласып, екі көзінің астын айғыз-айғыз етті. Әмір-Сана мен Дебашыны сондай көздерімен адақтап еді. Сөйтсем, баршаның, тіпті ауру қонтайшының да назарын сол екеуіне мықтап аударамын дегені ме? Осыны дем арасында ұққан ҰланБайыр секілді. Қарсы бетте су жағасында жалғыз өскен сәмбі талдай қасықабағы салбыраған өз қосағы Сайын-Бөлекті бұл да бет-аузын жыбыр-жыбыр еткізіп, көзбен ұзақ адақтады, мұнымды жұрт әбден байқады-ау дегенде қасындағы екі інісі Лама-Доржы мен Сыбан-Доржыдан қолын әрі асырып барып, ең кіші інісі, жеті жасар Сыбан-Дашиді еркелететкен сыңаймен арқадан қаққылады. Бұл қалай жұрт назарынан тысқары қалсын. Мұның бәрін қонтайшы тумаларынан төменірекүшінші саптағылардың ішіндегі Еманқұлы да байқады. Қазақ жеріндегі қаћарлы қолбасылар Септен мен Кабуттың жіберген адамы. Сірә, мұны жай жібермей қосалқы бір міндетті қоса арқалатқан. Ботлок пен Ұлан-Байыр белсенділік танытқан шақта бұл да қибыжықтап, өз қасындағылардан бөлектене берді. Бұл өзі кеудесі жұпынылау, есесіне басыүлкен, жас жігітке лайық көрік атаулыдан жұрдай біреу еді. Бетіне әлдекім қара балшықты жапсыра салғандай, ондағы көз, мұрын, ауыз сияқтыларды іздеп жүріп әрең табасың. Тек даусы дүр еткенде ашық-жарқындығы жоқ қоламта мінез әлдекім емес, бір атарлығы бары білінді: – Қалмақ қауымында дос сүйінер, дұшпан күйінер небір нар жігіттер жетіп-артылады емес пе? Мына ханзада Лама-Доржы біледі, сондай нар жігіттердің арқасында Қазақ ордасын осынша жыл бүріп ұстадық емес пе? Будда әулиемнің шапағаты қонып, науқасынан тез айыққыр ұлы мәртебелі қонтайшының өзі соларға көпүміт артып келді емес пе? Ауызды қу шөппен сүрткеннің керегі қанша? «Әне, бұл Лама-Доржыны меңзеді» деп, бәрінің құлақтарының түбінде бір-бір шымшық шықылықтағандай. Демек, алыстағы атышулы қолбасылар Септен мен Кабут қонтайшыныңүлкен ұлы, әлгі Ташкент саудагерінің

қызынан туған, әрі қолбасылық тәжірибесі бар Лама-Доржыны қалайды. Осылай Қалдан-Сереннің ең жақын тумаларының ішіндегі осындай таластың төбесі жалаңаштанып қалғандай. Шетінен хан көкірек жаратылған немелер бірүлкен секіріске әзірліктерін бір-бірінен жасырмайтындай да. Хан болсын, қара болсын қалай да бір мойны озық адам іздейік деген ой ғана ешқайсысын маңайламайтындай. Әлде, Сары-Манжының баласы Немеху ғана солай түйді ме екен? Мұның мұрагерлікке ешқандай құқы жоқ, есесіне бұл СарыМанжының баласы. Ал, Сары-Манжы деген кім? Бұл қалмақ қауымындаүлкен қолбасылық тұғырдан отыз жылдан астам уақыт түспей, Қазақ ордасының бүкіл түстік бөлігін, Жетісу, Шу– Іле алабы, Қаратау бойы, Сыр өңірін уысында ұстап, ең көп тәжірибе жинақтаған адам. Міне, сондай адамның баласы неге қарадан хан шықпасқа?

* * * Бір мезетте Қалдан-Серен тілге келді. Не айтқанын ешкім ұқпаса да әйтеуір тілінің арасынан бір лебіз шығарды. Үн-түнсіз мүлгіген баршасы оқыстан жел шайқаған қурайдай тербелісті. Ұлан-Байыр әлдебір жақсылық нышанын танығандай көзін жасауратып, «Ұлы мәртебелім» депүлгерді. Жалпы, Қалдан-Сереннің бұл Ұлан-Байырмен тетелесүлкен-кіші тағы екі қызы болған. Олардың бірі осыдан он бес жылдай бұрын сонау Шу-Іле алабындағы «Аңырақай шайқасында» қазақтың атақты сұлтаны Абылаймен жекпе-жекте өлген Шарыштың қалыңдығы еді. Бірақ ол екі қыз осыдан біраз жыл бұрын шешек ауруынан көз жұмған. Шешек бұл күнде қалмақ қауымын іштен кеміріп тауысуға бет алған, оған дауа табуға ешқайсысы дәрменсіз, тіпті кей жағдайда сыртқы жаудан да қатерлі ымырасыз зобалаң еді. ҚалданСерен құлаған күннен-ақ оданүміттерініңүзілуі содан. Қонтайшыны кетер адамға санап, келер адамның әуселесімен бас қатырмай қайтсін? Қалдан-Серен түйдек-түйдек қара шашы төбесіне оралып, басы ақ жібекпен тысталған құс жастыққа көміліп, шалқасынан жатыр. Жаңа ерні жыбырлап, түсініксіз әлденені былдырлағасын көз қиығын солға қарай тастай берді. Бәз біреулер оны Қарабас ханымға назар аударғаны деп ұқты. Шынында, ол төрдегі Будда әулиенің тас мүсініне қараған. Байқайды, Будда әулиенің бет-жүзінде бір жылылық пайда болып, әлдебір ишара білдіргендей. Оның не ишара екенін науқас айна-қатесіз сезді. Енді, соны мына түйсіксіз бастарға жеткізу лазым. Өйтпесе, өзімен бірге қараңғы көрге мәңгілікке әкетері ақиқат қой. – Балаларым менің, далай-лама, зайсандар, қолбасылар! – деп, қонтайшы енді ғана құлаққа айқын жететін сөздерді шұбыртты. – Айтыңдаршы, Аренар естеріңде ме? – Есімізде, есімізде! – деп бәрі қоғадай жапырылыса шуласты. – Естеріңде болса сол Аренардың, оның жирен шашты көркем әйелі Бригиттаның, соларға ерген басқа да «шейіт» оқымыстыларының біздің ұлы Жоңғариядан аттанып кеткеніне неше жыл өтті? Қонтайшының осы бір сұрағы есепке шорқақ мына жай-саңдарға бір емес, екі соққыдай әсер етті. Бірінші соққысы – швед маманы Ренат-

Аренардың өз тобымен мына қонтайшының рұқсатымен сонау басқа құрылықтағы өз Отанына аттануы қай жылы екенін еске түсіру және одан бергі жылдарды санап шығару мынадай аттың жалы, түйенің қомында бұларға оңай шаруа емес. Екінші соққысы – ол швед мамандарының бүгінгі қылкеңірдектен алған жайға қандай қатысы бар деген сауал еді. Бұл тығырықтан баршасы бастарын шағып, әрең құтылды. Қалдан– Серен қайтаүнсіздікке басты. Менің осы сөздерімде не мән бар, кәне, ойланыңдаршы деген сыңайы. Бірақ ешқайсысының ойланғысы жоқ, бәрінің есіл-дерті бір-ақ мәселеде. Бұл жолғыүнсіздік тағы да ұзаққа созылды. Әрі жайүнсіздік емес, бәрінің аяқ-қолдарын, ақыл-естерін қыл шылбырмен шандығандай тырп еткізбес өте қаталүнсіздік. Қалмақтар не қиындық кешпеген, бұған да төтеп берді. Қалдан-Серен қайта тілге келді: – Бізде Қазақ ордасының ең дөкей сұлтаны Абылай тұтқында болды ғой. Соны босатқанымызға, әлгі қазақтың ең ұлы абызы-Төле би бастаған шоғырдың еліміздің шетіне келіп, Абылайды әкеткеніне неше жыл өтті? – Екі жыл, ұлы мәртебелім! – деп, бас далай-лама Кабба онсыз да иіңкі тақыр басымен қонтайшы жатқан төсекті соғардай шұлғып-шұлғып қалды. – Екі жыл! – Екі жылдың жүзі болды ғой, ұлы мәртебелім! – деп екі бас зайсан Наугат пен Габат-Гелун да күшігендей шоқиған сұлбаларын бір-бір қозғады. Осы мезетте Сары-Манжының баласы Немеху баршаның көзін тартты. Қонтайшы мұндай сұрауларды неге қоюда деп дағдарған қалмақ қауымыныңүркердей билеуші тобы сол атақты қолбасының баласынан бір ілгек тапқандай. Әкесінің қарамағында Қазақ ордасынынң түстігінде бірер соғысқа қатысқанмен Немеху пәлендей қолбасы емес, көбіне осы Жоңғария қонтайшысының ұрғасында саяси пікір-таластарды ана сүтімен бірге сіңірген ноян. Әкесінің ықпалымен, әрі өзінің де еті тірілігімен осы жиырмаүш жасында дербет ұлысындағы ақсүйектердің қонтайшы ұрғасындағы арқасүйеріне айналған. Қазір бұл Немехудың түсі бұзылыңқы. Әкесіне ұқсаған жалпақ шот маңдайынан төмен жүндес қас-қабағы ауырлап, басын төмен әкетіп бара жатқандай. Айнала жұртқа көзін көтеруге біраз күш жұмсайтындай. Мұның да оң самайға құлаған ұзын бұрымы бар. Мол пішілген сары жейденің сыртындағы қызыл жібек белбеуге байлаған салақұлаш қылышының былғары қынабы көз қытықтайды. Алтын, күміс, пілдің сүйегі сияқты қымбаттық әшекейдің саусағы буынсыз хас зергердің қолдарымен шебер қиыстырылғаны ап-анық. Әкесі Сары-Манжы Қазақ ордасының түстігіндегі Ташкент, Түркістан сияқты қалаларға көп тіс батырған ғой, қайтсе де сонда қолға іліккен аса қымбаттық олжа бұйымдардың бірі осы қынаптағы қылыш. Қонтайшының басын сүйеуші Қарабас ханым еті сылынған сүйекті, әжімді жүзін жасыл жібек шәлісімен жартылай көлегейлеп: – Ұлы мәртебелім, сол қазақтың әулие сұлтаны Абылай бізге пенде болып тұтқынға түскенге мүлде ұқсамаушы еді-ау. Сонау күншығыста аспан астын, жерүстін жалғыз билеймін дейтін алтын айдарлы, ақ жібекке малынған қытай патшасының өзі қонаққа келгендей біз оның алдында құрдай

жорғаламадық па? Төрімізде шалжиып, бағым-күтімі өз балаларымыздан асып түсті. Қазақтың Төле биі сол Абылайды әкетуге келгенде ол сұлтанды шығарып салуға қанша шашылдық? Сол ашық қол жомарттығымыздан не көрдік? Бүгінде соны ойласам ішім удай ашиды, қайтейін?! – деді. Ия, Қалдан-Сереннің туған күйеу баласы Шарышты жекпе-жекте өлтірген Абылай сұлтанның мұнда екі жыл тұтқында болуы, әншейінде етіңнен ет кессе шіміркенбейтін қатыгез қалмақтар оны талап жеудің орнына алақанда аялауы, бұның сыртында қазақ сұлтанының өз басы мен Қарабас ханымның арасында оқтын-оқтын бұрқ ететін сөз сайыстары, сұлтанның бұлардың көздері мен көңілдерін арбаған ерекше қасиеттері хақында осы аз уақыттың ішінде қазақ пен қалмақта қаншама аңыз туды десеңші. Тіпті олардың шындығы, өтірігі қайсы, оны сол аңыздардың бас кейіпкері осы қонтайшы мен ханымның өздері де ажыратып бере алмастай. Тіпті сонау қазақ жерінде, Шу өзенінің өрінде, Қаратаудың баурайында, Сары-Манжының әсем де еңселі шатырының астында Ресей сияқты ұлы елдің аса мәртебелі өкілі Карл Миллермен осы қазақ сұлтанын босату туралы өткен келіссөздің түйіні де бұл күнде желге ұшқан шаң-тозаңдай бірдеме. Бәрі де сол Абылайдың ерекше қасиеттерінде жатыр. Сол қазақ сұлтаны әлдебір сиқырмен өзіне өлердей ызалы қонтайшы мен ханымның екі жыл бойы көздерін арбап, еркіне бағындырып ұстапты. Сосын ол қонаққа шақырылған қытай патшасындай шалжимай қайтсін. Сол қасиетінің арқасында ол оңтайлы сәтте бұлардың қолынан сусып кетіпті. Жай кетпей мол сый-сияпатты қоса әкетіпті. Жаңағы Қарабас ханымның сөзінен баршасының көздері әлденеден Сары -Манжының баласы Немехуге ауды. Ол да соны сезгендей қабағын бұрынғысынан да тұнжыратып, басын төмен салды. Шот маңдайын, жүндес қас-қабағын мүлдем жасырып әкетейін десе сары жейделі кеудесінің оған икемі келмейтіндей. Бар бітіргені қос шырағын алдында көлденең жатқан қанжарының былғары қынындағы әшекейлерге мықтап қадады. Ұзындығы адамның шынтағындай ғана осы былғары бұйымға алтын, күміс, әрі піл сүйегі арластырылған осынша ою-өрнек көздің жауын алатындай етіп, қалай қиыстырыла жапсырылды екен деген ойға да шомғандай. Баршасының осы Немехуге аударылған назарында түсінгендік рай бар. Ұлан-Байырдың Қоқан хандығын еске алуы, Қарабас ханымның Абылай сұлтан жөніндегі күрсінісі, Немехудың басына қара жамылғандай қалпы-бәрі өзара байланысты дүние еді. Соны кәдеге жаратпақтай бас зайсанның бірі Габат-Гелун тілге келді. Бұл елуге енді ғана аяқ басқанмен жүз жасаған қариядай өңі ескі адам еді. Сақалмұрты болымсыз, арық өңінде әжім мол. Әрі оң жақ езуі жырық болғасын да аржағында азу тістері ақсия көрінетін: – Келбеті айдай сұлу Қарабас ханымның сөздері менің де көкейімнен шықты. Абылай сұлтанды салтанатпен аттандырып салдық. Ол кетерінде бүкіл Орта жүз қазақтарының атынан ұлы мәртебелі қонтайшымен өзара бітімге қол қойды. Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлын да осындай бітімге көндіргенсіді. Әлгі елден шыққан, жұрттан шыққан бүлікшіл, алаяқ Қарасақал дегенді ұстап, байлап-матап, алдарыңа жеткіземін деп, ант-су ішті.

Ал енді екі жыл өтті, не көріп отырмыз? Бітім дегені құмға жазған жазудай. Барақ сұлтан бізге тек алыстан жонын көрсетеді. Орысқа бір, бізге бір күлімсіреп қойып, әрқайсымызға бір-бір кесек шикі ет асатқандай Абылай мен Барақтікі нағыз екіжүзділік. Өтірік десеңдер әлгі ұстап беретін Қарасақалы қайда? Естіп жатырмыз, ол Қарасақал дегенің сол Орта жүздегі Қазыбек би мен Қабанбай батырдың құзырында, әрі Барақ сұлтанмен де ауыз жаласып, «мен Жоңғария қонтайшысының мұрагерімін» деп, күннен-күнге асқақтайтын көрінеді. Қарасақалдың сөзіне сондағы қазақтар ғана емес, қашқын қалмақтар да, Будда әулиемнің кешегі үмбеттері де құлай сеніп, соның айналасына құмырсқашаүймелеп жатыр дейді. Әттең, Аренар жасаған от қарудың добын дәл солардың төбесіне түсірер ме еді деп қиялдаймын. Жә, бұл бір сөз. Абылайдікі соның өзінікі болып қала берсін! Ал басқаларға не жорық? Ал бізде тұтқында жатқан сол Абылайды әкетуге келген қазақтың Төле биі бізге не құрмет көрсетті? Биыл көктемде біздің сондағы қолбасымыз Сары-Манжыны ордасына қонаққа шақырып, у беріп өлтірді. Міне, біздің жақсылығымызға орай жасаған жақсылығы. Мұны екінші бас зайсан Наугат жалғастырды: – Ұлы мәртебелі қонтайшы дереу Қоқан ханы Әбдікәрімге елші салды. Сары-Манжыны өлтіргеніүшін қалмақтар кек алады-ау деп қорқып, Әбдікәрім ханның қолтығына кірген Төле биді ұстап, кісендеп қолыма бер деп өтініш айтты. Ал Қоқан ханы Әбдікәрім қайтті? Ұлы Жоңғарияның ұлы мәртебелі қонтайшысының өтінішін орындаудың орнына елшілердің арғыбергісінен түк қоймай балағаттап , беттеріне қара күйе жағып, атқа теріс мінгізіп, әбден масқаралап қайтарды. Енді осындағы ескі қолбасылардың бірі Сайын-Бөлек екіленді: – Мен өз қосағым Ұлан-Байырдың сөздерін қостаймын. Бас зайсандар Габат-Гелун мен Наугат екеуі біздің жанды жарамызды тап басты. Қоқан хандығын бесігінде тұншықтыруға әл-дәрменіміз жете тұра тартыншақтадық. Енді міне, сол бойкүйездіктің зардабын тартып отырмыз! Қалдан-Серен мырс етті. Бәрі қоғадай жапырылып, ауру қонтайшының бет-жүзінеүңілісті. Алғашында мырс еткені алдамшы құбылыс па дескендей еді, жоқ сақал-мұртты иегінде қысқа жіп сияқты күлкі нышанына ұқсас бірдеме иректеліп жатты. Осы көріністің анық айғағындай қонтайшының аузынан тағы бір сөз туды: Әуел баста қазақ хан-сұлтандары Әбілхайыр мен Абылайдың ара қатынасы қандай еді? Бұл да баршасының күтпеген сауалы. Бәрібір жапатармағай жауап берісті. Әсіресе, Сайын-Бөлектің жаңағы қолпашынан мерейі өскен бас зайсан Наугат желпінді: – Өте нашар ғой, ұлы мәртебелім! Тіпті Әбілхайыр орыстарға бодандыққа екінші мәрте қол қойғасын да бізгеүсті-үстіне астыртын елші салмады ма? Егер Ташкент пен Түркістанды өзге қазақтардан бөліп алып, менің жеке иелігіме әперсеңіз Жоңғарияға бодандыққа мәңгілікке мойынсұнамын деп зарламады ма? Ал кейін осыны жел сыбдыры арқылы естіген Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтары, олардың басшылары, ішінде

Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан да бар, бәрі ертоқымын бауырына алып туламады ма? Қалдан-Серен көрпеүстіндегі әлсіз оң қолын көтеріңкіреп, Наугатты нұсқады. Қонтайшыға тап осы мезетте ең керек сөзді сол бас зайсан айтқандай. Қонтайшы енді жастықтағы басын шайқаңқырап күш алғандай тағы бір сауалға көшті: –Міне, Әбілхайыр өз қандастарының баршасының ашу-ызасын тудырды. Бүкіл қазаққа топырақ шашқандай қылық қой мұнысы. Солай емес пе? – Солай, солай, ұлы мәртебелім! – деп шуласты бәрі. – Ал, сөйткен Әбілхайыр біз Абылай сұлтанды пенде қып, қолымызға түсіргенде қай қырынан көрінді? Не қылықтары шаң берді? Мұны кім ашып бере алады? – Ойбай, атамаңыз! Абылай тұтқындалғанда Әбілхайыр табадағы балықтай ыршыды емес пе? Бізгеүсті-үстіне елші салды. Өзінің сөзі өтетін, басқаларға қарағанда сүйексіңісті орыстарға хат боратып, Абылайды тез босаттыруға ықпал етіңіз деп, маңдайымен жер сүзіп жалбарынды. – Мұны айтқан бас зайсан Габат-Гелуннің жырық езуінің аржағындағы азу тістері темір қайшыдай сақылдады, «Ия, солай» десіп баршасы растады мұны. Тіпті Ботлок пен Ұлан-Байыр да мақұлдай әйел затымен-ақ саясатқа құлақтарының түрік екенін айшықтапүлгерді. Бұл шамада Қалдан-Серен өзүзеңгілестеріне, ет бауыр жақындарына осы тақілеттес сауалдарға жауап іздетіп, соңын әлдебір іргелі ойға тіремек екені шалынып еді. Енді оның еріндерінің қыбыр-жыбырына бұрынғыдан бетер көз тігісті. Бірақ қонтайшы асықпайтындай. Ажал шіркіннің осы сарайдың сыртқы табалдырығынан енді-енді бері аттағалы тұрғанын сезсе де сол ажалды да бұл ұяты бар кең пейілді жанға ұқсатып, тап осы соңғы сәтте оның да аса аптықтырмай сәл сабыр етіп аялдайтынына сенген райы бардай. Өзі де енді-ендіүзілгелі жатқан пенде емес, күнделікті күйбең-сүйбеңнен соң сәл тыныстағандай соңғы жылдары ағы күрт дендеген қалың түкті жүзіне момақан тыныштықты ұялатқан. Бір кездегі қайратты бет сүйектерінің қыпқызыл ұштары күйе жаққандай қарайса да солай. Едәуірүздіктіріп барып, қонтайшы қайта тілге келді: – Жаңа Сайын-Бөлек шырағым, ат басындай алтыным менің, сен Қоқан хандығына зығырданың қайнай шамырқандың. Сол Қоқан хандығын бесігінде тұншықтыруды неге ойламадық дедің. Енді таразыға салшы, біз ойламадық па, жоқ, ондайлыққа шамамыз келмеді ме? Анығы қайсы? Егер шамамыз жетпесе оның себебі неде? Осыған тап-тұйнақтай етіп жауапты қайсысың қайырар екенсің? Енді қонтайшы бәйгеге ат қосқандай-қабағын тұнжыратып, тереңнен мөлдіреген қос шырағына күш түсіре бәрін мықтап көз қырына алды. Екі жанында қаздай тізілгендерді, олардан арғыларды тегіс көріп жатқаны апайқын. Енді бәрі қонтайшының тап өзінше қабақтарын тұнжыратып, ой тұңғиығына бойлады. Бұл жолы да оқыс көрінген сауалға жауап іздесті. Тек Әмір-Сана мен Дебашы ғана қонтайшының Сайын-Бөлекті ат басындай

алтынға балағанын жамандыққа жорып, қарсы беттегі сол Сайын-Бөлектің болмысына қарасты. Сайын-Бөлек бұл шақта зайыбы Ұлан-Байырдың ақылына сүйенген түйсіксіздеу жанға ұқсады. Әлде сол түйсіксіздіктің астарында кейін өзгелерге қан құстырарүлкен айла, амал жатыр ма? Қонтайшының соңғы сауалына жауапты өзгелер іздесін, Әмір-Сана мен Дебашы енді Сайын-Бөлекті аңдиды. Әрине, Әмір-Сана осыдан жиырма жыл бұрын өзі туған күні атасы Сыбан Рабтанның түнде түсінде сілеусін көріп, сол сілеусіннің оғаш қылықтарынан шошынғанын еске салған бүкір шалды да назардан тыс қалдырмады. Ал өзгелердің ойы науқас қонтайшы нұсқаған Қоқан хандығы жақта еді. Қоқан хандығы деген не? Бұрын қазақ-қалмақ арқатынасында ауызға алынбайтын бұл түйнектің айтып ауыз жиғанша құдіретті Жоңғарияның табанды қарсыласына айналуына не себеп? Атақты Ташкент қаласынан шығыс-оңтүстік бетте, Сырдариядан арыда Алай, Шатқал, Моғолтау, Ферғана, Түркістан жоталарымен қоршалғанүлкен аңғар бар.Мұны өзгеше емес көне парсы тілінен ауысқан атауы бар-Ферғана жотасына көбірек теліп, Ферғана аңғары атайтын. Осында Сырдарияға құятын Сох өзенінің көп саласының бірінде Ескі Қорған қамалы болушы еді. Мұның тарихы тым ежелгі заманға кетеді. Қытай-Үндістан керуен жолындағы ең ірі бекеттердің бірі болған, кейін моңғол шапқыншылығы кезінде аяусыз қиратылған. Міне, сол Ескі Қорған қамалының орнына 1732-жылы Қоқан атты қала салынып, ол 1740-жылы құрылған Қоқан хандығының астанасы аталды. Суы мол, шөбі шүйгін аңғарда орын теуіп, әрі Бұхара әміршілеріне, Иран патшасы Нәдірге арқа сүйеген бұл мұсылман иелігі бір-ақ күнде жонданып шыға келді. Билік басына қабілет пен қайрат-жігер қабат дарыған адамдардың орнығуы да бұған септесті. Діні басқа қалмақ түгілі қазақ, қырғыз, тәжік сиқты мұсылмандар қауымында «жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты» дейтіндей әсер қалдырды. Қоқан хандығының патшасы Әбдікәрім бек Мәуреннахрдағы сол кездегі Наманган, Ходжент, Әндіжан, Маргелан сияқты ірі қалаларды ілезде басып алып, Ташкентке көз алартты. Міне, осындай халде Жоңғария қонтайшысы 1742-жылы Қытай императорымен уақытша бітімге қол қойып, Септен мен Дагба сияқты әккі қолбасылар басқарған отыз мыңдық әскерді Қоқан хандығына бағыттады. Қалдан-Серен бұл жолы Нәдір шаћтың Кавказ халықтарына қарсы соғыста титықтағанын, қоқандықтарға қол ұшын бере алмасын ескерген еді. Қалмақтар Ташкентке жақындағанда күтпеген жағдайдыңүстінен шықты. Ташкенттегі Ұлы жүз ханы Жолбарыс өлтірілген соң оның орнындағы Төле биді қалмақтардың күшімен алмастырған Күсек бек ойда жоқта Қоқан хандығына қарай жарқ берді. Қалмақ қолбасыларының елшісіне «өліспей беріспейміз» деп қасарды. Қалмақтар мен қоқандықтар алғашқы шайқасты бастағанда майданүстін шылдыр-шылдыр, сыңғыр-сыңғырүн басты. Бұл қалмақтардың зәре-құтын ұшырды. Сөйтсе, қоқандықтар жарамды аттар мініп, әрі ер-әбзелдеріне қоңырау таққан екен. Әрі бұларға қазақтар да болысқан еді. Бұл жолы қалмақтардың маңдайы тасқа тиіп, кейін серпіліп, тек соңдарынан тың күш келгесін ғана Ташкентті өздеріне қайтарды.

Келесі соғыс оты Қоқан қаласының айналасында тұтанды. Мұнда өзбектер екі қатар ор қазып, алғашқысының бетін талмен, топырақпен бүркеп, өздері екінші орда жасырынып еді. Лап қойған қалмақтардың көбісі орға құлап, одан амалын тауып секіріп өткендерін екінші ордан өзбектер көздеп атып, бұл Буддаүмбеттері кері шегінгенде әлгі ор қайта алдан тосып, тағы біразы құлап, бұл жолы да аман шыққандарын екінші ордан атқып көтерілген өзбектер қылыштап, тіпті таяқпен ұрғылап, әбден есеңгіретіп, жусатып салып еді. Бұл жеңіліс қалмақтардың сабыр суын баспады. Бір ай өткізіп қайта тап берді. Тағы да қырғын соғыс. Бұл жолы да қоқандықтар ерлікпен қорғанды. Бір жылға созылған осы соғыстың ең соңында ғана ойрат-қалмақтар Сырдария бойындағы аз ғана елді мекендерді өздеріне қаратты. Есесіне екі жақтан да көп адам оққа ұшты, суыққа ұрынып өлді, ұшан-теңіз егіс алқаптары ат тұяғымен тапталып, қара топыраққа айналды, мал-мүлік шығыны тіптен қисапсыз. Сөйтіп, Септен мен Дагба бастаған қалмақ әскері сүбелі жеңіске жете алмай еліне оралды. Тап сол мезетте Жоңғарияда шешек ауруы қайта етек алып, амалсыз қол-аяқтарын ішке бүкті. Бұл 1742-жылғы оқиға еді. Арада Әбдікәрім бек Жоңғарияға бодандықты мойындағасын баласын аманатқа беріп, біраз күш жинады да, 1744-жылдың күзінде әп-сәтте Ташкентті тартып алды. Бұл ретте Төле би ықпалындағы Ұлы жүз қазақтарының көмегі тағы да орасан еді. Осы Ташкент төңірегіндегі қоқан-қалмақ қақтығыстарында қазақтың ұлы биі Төле Әлібек баласы өзінің данышпан саясатшы екенін тағы да көрсетті. Қоқан ханы Әбдікәрім бекті, ол арқа сүйеген парсының Нәдір шаһын қанша суқаны сүймесе де жәрдемдесіп, ата жау – қалмақтың қабырғасын бір-бірлеп быртбырт сындыруғаүлес қосты. Мұны Арқа даласындағы қалмақ шабуылынан әлсіреп, әзірге өздеріне өздері келе алмаған Орта жүз қазақтары, сондағы хан Әбілмәмбет, Абылай сұлтан, Қазыбек би, Қабанбай батыр, Барақ сұлтан, тағы басқалар жіті бақылап ойға түйді. Әбдікәрім бек Ташкентті алған бетте ондағы қалмақтар қойған билеуші Айбек қашып құтылды. Ал қолға түскен бірнеше қалмақтың басына қызыл шалбар кигізіп, Әбдікәрім бек солар арқылы: «Егер Жоңғария қонтайшысы менімен тағы да күш сынасқысы келсе алдағы көктемде Құмтөбе шатқалынан табылсын. Оған жүрегі дауаламаса өзінің әлсіздігінің белгісі ретінде осындай қызыл шалбарды бұтына емес, басына киіп жүрсін» деп сәлем жолдады. Сол жолы әрі Әбдікәрім бек өзінің бір көмекшісін және Төле би Әлібекұлын Ташкентке билеуші етіп тағайындады да өз хандығының астанасы Қоқанға тартты. Бұл шақта сексен бір жастағы Төле би әскербасы қызметін қоса атқаратын еді. Жағдай бұдан кейін де тыншымады. Қыс бойы екі жақ бір-біріне қарсы пышақ қайрады. Әбдікәрім бек жоңғар-ойраттарға ғана қарсы соғысып қоймай қазақтар жерінде де ашқарақтық жасады. «Осы Ташкент маңындағы бүкілүйсін рулары мені хан деп мойындасын» деген талап қойды. Бұл ретте өзінің Төле бимен жақсы арақатынасын пайдаланбақшы еді. Төле би екі ұдайы болғансып, тура жауаптан жалтарды. Сонда да Ұлы жүздің қаңлы, шанышқылы атты екі руының көп бөлігі Әбдікәрім бекті хан деп таныды. Ал

дулат, жалайыр, сіргелі, ошақты сияқты өзге елдер бұл маңнан тайыңқырап, өздерін қашақ ұстады. Бұлүшін Әбдікәрім бек Төле биге тісін басудан аулақ. Енді қалай? 1745-жылдың мамыр айында Жоңғария қонтайшысы Септен, Кабут, Еманқұлы –үшеуі бастаған отыз мыңдық әскерді Ташкентке қайта жөнелтті. Буддаүмбеттерінің аяусыздығын бұған дейінгі қырқыстарда етсүйегімен сезген Ташкент тұрғындары, өзбек, қазағы аралас мұсылмандар жан -тәнімен қорғанды. Қалмақтар, әсіресе, осыдан бір ай бұрын, Жоңғарияның бүкіл Орта Азия, Қазақ ордасы жақтағы шекарасын қорғаушы ескі қолбасы Сары-Манжыныүйіне қонаққа шақырып, у беріп өлтірген Төле биді қолға түсіруге асықты. Мұны жансыздар арқылы білген ташкенттіктер жігеріне жігер қосып, соғысты. Тіпті жаудың аруағы асқан күнде Төле бидің бой жасырып, құтылып кетуіне қажетті қосымша сақтық шараларын да ойластырды. Ташкентті бағындыра алмаған қалмақтың аталмышүш қолбасысы енді аттың басын тура Қоқан қаласының өзіне бұрды. Бұл аралықта Қоқандағы Әбдікәрім бек Нәдір шаћтан, Ташкенттегі Төле биден қосымша көмек алыпүлгерді. Ия, тарих жүгі ауыр. Қазақтар Нәдір шаћ патшалығындағы елді «қызылбастар» атап, оны да ежелгі дұшпан санатына қосатын. Себебі, ескі жазбаларда, аңыз-жырларда сол «қызылбастар» мен қазақтар арасындағы неше заманғы соғыстар жайында деректер сақталған. Енді сол «қызылбастармен» қазақтар одақтастыққа барды. Қалайда, қалмақ-ойраттар ең қатерлі жау. Міне, сол жауды екінші жаудың қолымен әлсіретсе ең ұтымдысы емей немене? Ия, сөйтіп, біріккенүш жақты күштің арқасында бұл жолы да қалмақтар ойсырай жеңілді. Қоқан қолбасылары әрі оқыс айла да тапқан. Жақын келген қалмақ әскерін жылы шыраймен қарсы алып, сендерге берілдік деп, қаланың басты қақпасын ашып тастайды. Жартысы кірді-ау дегенде қоқандықтар қақпаны тарс жауып, іштегісін іште, сырттағысын сыртта қырып салады. Тап осы қасіреттің хабары Жоңғария байтақысына жеткенде мұнда екінші жақтың да бір жаманаты табалдырық аттады. Сібір өлкесінде орыс әскерінің Жоңғарияны басып алмаққа бері қозғалғаны хақында ақпар алынды, әрі шешек ауруы да титықтатты. Міне, сол шақта Жоңғария байтақысы мен оның төңірегіндегі қалмақтардың аңыраған даусы аспанды алақандай, жерді тебінгідей етті. Бұдан он алты жыл бұрын, сонау Қазақ ордасында, Шу-Іле алабында өткен атақты «Аңырақай шайқасының» соңындағы аңыраудан кейінгі еңүлкен аңырау осы еді. Бұл шақта қазақтыңүш жүзінің аумағында Төле бидің бедел-абыройы тіптен шарықтады. Сонау Әз-Тәукеден кейін исі қазақтаүйсін биімен шендесер пенде болған жоқ деген тұжырым ауыздан ауызға көшті. Ұзынқұлақ қиырдан қиырға әкетті. Төле бидің ықпалымен дулат батырлары – жаныс Өтеген, шымыр Қойгелді, сіргелі Қара Тілеуке, жалайыр көсемдері ағайынды Түрке-Саурық, Ескелді, Балпық, Қабан жырау, шапырашты Наурызбай, суандағы Бөлек Бөргелтайұлы, ошақты Саңырық, албан батыры Тілеуке Хангелдіұлы, тағы басқалар осы ұзаққа созылған қоқан-қалмақ соғыстарына тап өз бастары қатыспаса да жақсы жарақтанған кішігірім әскер топтарынүсті-үстіне жіберіп отырды. Бұл ретте мұсылман дінін уағыздау да

мықтап қолға алынды. Сосын да қоқан-қалмақ қырқысы нағыз ғазауат соғысына айналды. Төле бидің атақ-даңқына, бәрінен де тәнті Абылай мен оның айналасы еді. – Шұрқ етпеңдер, тау суындай тасыған дүние ғой бұл, оның негізгі арнасы Ұлы жүз,үйсін елініңүстінен жүріп жатыр! – деді ол тағы бір салбурындағы түнгі қоналқының кезінде. – Алтын Жәкем аманда қазақ жерге қарамайды. Түптің түбінде сөздің тоқетерін солүйсіндер айтар. Тек мынадай түннің уағында, айналамыз ашық кеңістік, аузымызға абай болайықшы! Абылай мұнымен шектелмей өз отауларында әрнәрсені сылтауратып бірнеше дүркін дастархан жайды. Бұл шаққа дейін алыпүлгерген он екі әйелінің төрт-бесеуін қонақ қабылдау, күту, аттандырып салу, қызметші төлеңгіттердің, қыз-келіншектердің жұмысын бақылау жөніндегі іскерлігіүшін бөлек қоятын. Олар – еңүлкен әйелдерінің бірі, Атығай - Қарауылдың қызы, бәйбіше есепті Тоқта сұлу, Сағындық-Шуақбай атты қарақалпақ бегінің қызы Сайман, Қашқар бегі Кенже сарттың қызы Бабақ, Жоңғария қонтайшысы Қалдан-Сереннің туысы Хошу ноянның қызы Топыш, тұтқындар ішінен таңдалған, тегі белгісіздеу Өріс сұлу, Кіші жүз ханы Әбілхайырдың қызы Қарашаш сияқтылар еді. Міне, осылар иемденген шаңырақтарға шілдехана, баланы қырқынан шығару, бесікке бөлеу, тұсау кесер сияқты рәсімдерге орай кісілер шақырылды. Бұл шаруалардың бәрінің басы-қасында Абылайдың өзі жүрді. Мұншалықты айбарлы сұлтанның табалдырығын аттау анау-мынауға жөн емес, қонақтарды қарулы төлеңгіттер көп асықтың ішінен алтын, күміс сақаларды іріктегендей талдап, таңдап енгізді. Атшы-қосшыларын,үлкен астан дәмелі тоны жылтырларын, әр алуан бұралқыларын аулаққа әкеттіріп, бөлек сыйлаттырды. Міне, осындай қалмақ салпаңқұлақтарына кірер есік те, шығар тесік те жоқ жағдайда Абылай сұлтан жаңағы салбурындағы сөздерін қайталап, толықтыра ежіктейтін еді: –Біз қойымызды құрттап, айранымызды ұрттап, тыныш жатып күш жия берейік. Бұл екіжүзділік емес, арғы аталарымыздан бері көрген теперішіміздің есесін қайырудың сәті түсер. Асқынған жаудың бір-бірлеп қабырғасы сөгілсе құлата салуымызға оңай! Тап осы күндерде Жоңғария қонтайшысынан Әбілмәмбет ханға, Абылай, Барақ сұлтандарға, тіпті Кіші жүздегі Ералы Әбілхайыр ұлына елшіліктер келді. Көздері қанталаған немелер бүктеулі қамшыларымен жер соққылап, Қоқан хандығына қарсы соғысқа әскери көмек берілуін талап етті. Абылай екі сөзге келмей Жоңғарияға шағын әскер тобын жөнелтті. Осы әскер енді-енді қозғаларда саққұлақ Барақ сұлтан Тұлсынхан ұлынан бесалты адам жетті. Бұлар осы әскерүшін қажетті аздаған мініс аттарын және қару-жарақ әкеліпті. Мұның сыртында Абылай сұлтанмен аса құпия жағдайда бөлек келісімге келіп, осы қосынға Барақтың бір адамы және қосылды. Бұл Барақтың адамы екенін Абылайдан өзге жан баласы сезбестей етіп ұйымдастырылды. Өзгесі өзге Барақтың от басқан тайлақтай секектейтін тағы бір себебі осы қарсаңда қалмақ ішіне қатынаған бір қазақ Бараққа оқыс бір жайды

айтқан. Барақтыңүлкен ұлы Шығай және Абылай сұлтанның бір баласы екі жылдан бері Жоңғария қонтайшысының байтақысында аманатта еді. Абылайдың баласы әлі кәмелетке толмаған, әрі тәртібі түзу де, Барақтың баласы керісінше екен. Барақтың өзі жас кезінде де, кейінде де төмен етектіге көз сүзгіш, зинақорлығымен аты шыққан жан ғой. Мұның Әбілхайыр әйелдерінің ішінде ең көрнектісі Бопай ханыммен өсегі болуы және ол өсек күйінде қалмай Кіші жүз ханының құлағына жетіп, тұнығына тас түскендей етуі, жылдарға созылған өзара бақталастық, дүрдараздық атаулыны шешімі жоқ шиелі түйінге айналдыруы тегін емес-тұғын. Ал, Шығай қай жағынан да әкеге тартып туған. Әлгі қалмақ ішіне қатынаған қазақ Бараққа Шығайдың өзге емес, тура қонтайшы Қалдан-Серенніңүлкен әйелі Қарабас ханыммен ашыналығы жөнінде сыбыс естігенін алақанын көкірегіне басып жеткізген. Әрі Шығайдың ұрғада өзге аманаттағылардай емес, күтімі бөлек, ұрттап ішіп, шайқап төгіп жүргенін дәлел ретінде келтірген. Бұл хабардан Барақтың өкпесі қысылып, жаны мұрнының ұшына келген. Сенбеске тағы лажы жоқ, жасы жиырмадан асқан Шығайдың өзіне ұқсаған көрсеқызар, нәпсіқұмар мінездерін байқаған да еді. Не істемек керек? Тапқан айласы сол – Жоңғарияға Абылай сұлтан жөнелткен қосынға қосқан өз адамы арқылыүлкен ұлы Шығайға қатаң сәлем жолдады: «Қонтайшының кәрі қатыны Қарабас не сиқырмен арбаса да оған жуыма, онда аңдушылар ызыңдаған шыбыннан көп, аудағы балықтай тыпырлап өлесің». Абылай сұлтан жөнелткен қосын қалмақ ішіне барғанмен қоқандықтарға қарсы саусақ ұшын қимылдатпады. Бар бітіргені Абылайдың осында аманаттағы баласын қорғауға алды. Ал Барақ әрі-бері қиқаңдап, «біз шабылған елміз, әскери көмекке шамамыз жоқ, ал татуластырудың қамын жасалық» деп, Қоқан хандығына аттанды. Бұл Бараққа Әбдікәрім «Егер Жоңғария қонтайшысының менімен татуласпақ ниеті шынайы болса Қоқан хандығына бодандықты мойындасын, жылма-жыл алым-салық төлесін, маған әйелдікке қызын берсін, бүкіл ел-жұртымен, тайлы-таяғымен мұсылман дінін қабылдасын» деп шіренді. Мұны естігенде Қалдан-Серен терісіне сыймай булықты. Нақтылы көмегі жоқ, тек жалтарма жауапқа шебер Орта жүз қазақтары дегенде көзіне қан құйылатын шаққа жетті. Бұдан Орта жүз қазақтарының арқасы мұздады. Дереу сол 1745-жылдың шілдесінде Қаздауысты Қазыбек бидің ұлысында алты арыс елдің Әбілмәмбет хан, Абылай сұлтан бастаған күллі ығай-сығайлары тоқайласты. Үйсін мен алшындардан да тыңдармандар шақырылды. Мұхамедтіңүмбетіміз деген сөз ту болып желбіреді. Небір айыр көмей, темір жақ шешендер тістерін сақылдатып, ой сонда бір өнер жарысына түсіп, айыздарын қандырды-ау! Мұнда алыс қонақтардың ішінде жалайырдың Қабан жырауы да бар еді. Ол қолына табадай қара тасын алып, бұрыннан сүйіп айтатын «Зарқұм» хиссасын уілдетті. Осында Әзірет Әлінің кәпірлерге қарсы ерлік соғысы отырғандардың отына май құйды. Бұл жайды арғын, найман ақындары әріүдетті. Әлгі Қарасақал атты пәленің шамырқанған даусы осында шықпай қайда шықсын. «Бүкіл қазақ менің ақылыма құлақ қойса адаспайды» деп

екіленді. Сөз бен түрлі сиқыр ойындарды кезектестіріп, онсыз да желөкпе қазақтардың одан әрмен делебесін қоздырды. Сөйтіп, бұл мәжілісте «Жоңғар-ойраттарды қолдайық» деген жан баласы шықпады. Қоқан хандығы аталғанда бұлардың кеңірдектеріне қадалатын бір тікенек оның парсы патшасы Нәдір шаћпен байланысы еді. Парсыларды кезінде қазақтар соғысүстінде бастарына қызыл шүберек байлайтынүрдісіүшін «қызылбастар» атаған ғой. Қоқан хандығының «ерте заманда Қобыланды батырмен найза тірестірген қызылбастар елімен ымжымы бір» деген атағы бола тұра бәрінің сол Қоқан хандығына бүйректері бұрды. «Онысы да, мұнысы да өзіміздің мұсылмандар» десті. Әрі бұл жиында жоқ Төле Әлібекұлының да қам-қарекеті баршасыүшін бұлжымасүлгі еді. Осыдан тағы екі ай өтіп, қыркүйек туып, Қалдан-Серен өз ордасының еңүлкен сарайында көлденеңінен түсіп , әлүстінде жатқанда Жоңғария, Қазақ ордасы, Қоқан хандығы аттыүштіктің арақатынасы осындай еді. Қонтайшы осы күйімен-ақ өз өрен-жарандарын көз қырына алып, Қоқан хандығын неге бесігінде тұншықтыра алмадық, оның себебі не деп , қадала сұрақ қойды. Осындағы ең бір көзі ашық, көңілі ояулар қонтайшының түпсіз ойдың тұңғиығынан маржан ілгенін жорамалдады-ақ. Оның не маржан екеніне азкем алаңдасты да. Бірақ тап мынадай шақта оны талқыға салып, бас қатырудың қажеті қанша, қонтайшы бәрібір кетер адам ғой, келер адам оның көкейіндегісін маржан дей ме, жоқ тары деп, тас шоқыған тауықтай қытқыттай ма, кім біліп кепті? Біразы осылай ауа толқыса, басқасына қонтайшы тап осы сауалына қай-қайсысынан да өз көңіліне қонатындай татымды жауап алса тап соны «сен менің мұрагерімсің» деп, сұқ саусағымен нұсқайтындай көрінді. Сосын да ондайлар ойланып бақты-ақ, бірақ жер астынан шыға келген жеті басты жалмауыздай Қоқан хандығын алғашқы қарқында қайтсек еңсерер едік деген мәселе бұлардың өрелерінен әлдеқайда биік жатқан дүние екен. Сосын да, амал жоқ ауыздарын буды. Бірақ іштегі дәме де түртпектеп, қояр да қояр емес. Қонтайшы өз сауалына жауап күткенмен асықтыруға жоқ. Осылайша қайсысында терең зейін, алғыр ақыл, мұқалмас жігер-қайрат барын қоса саралағандай. Ақыры мұны да шектеуге тура келді. Бұл жағын қонтайшы да, өзгелер де сезді. Себебі, мұндағылардың ешқайсысына шешек ауруының соңғы сәттердегі тұяқ серпісі таңсық емес. Құлағанына төртінші күн қонтайшы іштегі дертке мықтағанда енді екі-үш тәулік қана төтеп береді. Тіпті бүгіннің өзінде татар дәмі таусылуы ғажап емес. – Көрдіңдер ме, Қоқан хандығы бесіктен белі шықпай жатып, ғажайып күш тапты! – деп салды Қалдан-Серен әлденуақытта. Осыны айтты де өзінің басын сүйеген Қарабас ханымға көзін көтеріп, ұзақүңілді. Оған айтар бөлек сыры бардай. Жоқ, олай емес екен, қонтайшы жаңағы сөзін жалғастырды. – Жә,Қоқан хандығын қоя тұрыңдаршы. Тақ таласында біздің қалмақтан жаман аласұратын қазақтарға келейік. Ия, қырық құрау қазақтар! Бірінің ту сыртынан бірі оқ атқан сыйымсыз қазақтар! Міне, солардың өздері жемежемде жан алқымға тірелгенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды.

Жаңа өздерің айттыңдар, біз Орта жүздің Абылай сұлтанын тұтқын еткенде онымен өмірі тұзы жараспаған Кіші жүздің Әбілхайыр ханы табадағы балықтай шоршыды деп. Турасына бақсаң, Әбілхайырдың ең сүйекті бақталасымның мұрты сынды деп масайрайтын жөні бар еді ғой. Жоқ, ол өйтпеді, бәрі керісінше шықты. Абылайды босатыңдар деп, бізге бір жар салса, өзімен тонның ішкі бауындай орыстарға Орта жүз сұлтанын құтқаруға ықпал етіңдер деп, тіптен жата-жастана жалбарынды. Мұның төркінінде не жатыр? Абылай Әбілхайырдың Қарашаш атты қызын алған күйеу баласы болғандықтан емес, әрине! Егер Абылайдың жұмырына жұқ болса оған біз де қыз бердік қой? Содан тапқанымыз не? Ия, Әбілхайыр мен Абылай қазақтың өзге де жайсаңдары сияқты өздерін Мұхамед пайғамбардыңүмбеттері санайды. Мұсылманшылықты ту етеді. Зәуіде бір шайнасса ақырында құран уағыздарына құлап, ауыз жаласады. Біз қазақтардың төбесінен «шейіт» оқымыстысы Аренар жасаған зеңбіректерді дүрсілдеттік. Онсыз да қырық құрау қазақтың онан әрмен тоз-тозы шығарынанүміттендік. Алғашында олүмітіміз ақталғандай да көрінді, соңында сол зеңбірек арқылы біз қазақтың керісінше басын қосып, тастүйін жұдырыққа айналдырғандай болдық. Біз зеңбірекке сендік те, Будда әулиенің құдіретін ескермедік. Міне, адасқан жеріміз қайда? Біз қазақтарды қарумен емес, Будда әулиенің құдіретіне иліктіру арқылы қолтығымызға тартуымыз керек еді. Әлемдегі ең құдіретті күш діни наным. Әне, бесіктен белі жаңа шыққан Қоқан хандығының бегі бірден түзу бағыт ұстап, түстіктегі, теріскейдегі бүкіл мұсылман қауымын өзіне қаратты. Қаратқаны емей немене, Ташкент, Түркістан төңірегі ғана емес, бүкіл Сарыарқа, Еділ мен Жайық аралығы бәрі сол Қоқан хандығымен жең ұшынан жалғасуда. Біздің жалғыз қурайды паналаған итжандыларымыз, Будда әулиемнің шапағаты тигірлер, көрген-білгендерінің бір түйірін де шашау етпей бізге жеткізуде емес пе? Біз ақылды содан іздеуіміз керек-ау. Ойлаймын, қаруды шақылдатудың заманы өтті-ау осы, әлі де кеш емес, қарумен емес, Будда әулиемнің уағыздарын әсем жырдай құйқылжытатын, дауыстары мың жылдық тоңды жібітерлік ламаларды алға салып, солардың соңдарынан тепеңдесек те жетер еді ғой. Біраз тыныстап, қонтайшы қайта тілге келді. Бірақ бұл жолғысы бұлыңғырлау, көбісін екі жақтан анталағандар түсінбеді де. Тек баршасының бір ұққан жайы – осы жазда шілдеде қазақтың ұлы билерінің бірі Қаздауысты Қазыбек ұлысындағы жиында қалмақтың да салпаңқұлақтары отырыпты. Жоғарыдағы өсиеті солардың ақпарын тыңдағаннан туған ба, жоқ көп заман іште қорытылған ойдың мәйегі ме, сол жағы ғана ашылмады. Осымен қонтайшының қос ернінің жыбыр-жыбыры тәмәмдалды. Кейбіреулерге ол өзінің мұрагерін атамай да кететінге ұқсады. Себебі, құдайдың оған берген мәулеті сарқылғандай да көрінді. Кеш батып, жұлдыз туа мына сарайлардың сыртындағы кішігірім өзге сарайдың жықпыл-жықпылында көрпе астына бұққанмен баршасы бұл түнді ұйқысыз өткізді. Бәрібір ертесіне бәрінде сергек рең бар еді. Қалдан-Серен кешегі ұлағатты сөздің ешқайсысын ауызға да алмады.

Ертесіне әлгіүлкен сарайдың ішінде кешегі отырыс қаз-қалпында қайталанды. Әркім өз орнында аты-жөні жазулы тұрғандай сол ретпен қайта жайғасты. Солүнсіздік, сол телміріс. Тек бір айырмашылығы қаз-үйректей тізілген, әдемі зиба бойлы кәнизәктар таратқан шарап бүгін көбірек ішілді. Ұйқысыз түннің адамды әрі ашқарақ, әрі таңдайын кептіріп, шөлдеуік ететіні бар ғой. Күн түске таяп, баршасын өмірден баз кешкендей бірүмітсіздік меңдеген бір бей-жай сәтте Қалдан-Серен оқыс қозғалып тілге келді. Сарай ішіндегілер қонтайшыға қарай жел шайқаған қоғадай жапырылысты. Бәрі де мұншама саққұлақ жаратылар ма? Оның өз мұрагері есебінде кімді атағанын еш қатесіз айқын естіді. Қонтайшы бір кезде Қарабас ханымға берген уәдесінде тұрды. Бұхара саудагерінің қызынан туған алғашқы ұл ЛамаДоржыны емес, осы Қарабастан, яғни заңды некеден туған екінші ұл, онүш жасар Сыбан-Доржыны атады. Бас зайсандар Наугат пен Габат-Гелун қос алақандарын бір-біріне жапсырып, Қалдан-Серенге қарап тауап қылғандай бастарын шұлғыды. Ал, Сыбан-Доржы өз есімі аталғанда сықылықтап күліп кеп жіберген. Әмір-Сана, Дебашы, Сары-Манжынның баласы Немеху, қонтайшының қарындасы мен қызы Ботлок, Ұлан-Байыр, әрі осы ҰланБайырдың күйеуі Сайын-Бөлек, Қазақ ордасының түстігіндегі бас қолбасы Септеннің атынан келген кіші қолбасы Еманқұлы сол Сыбан -Доржыға жалт қарасқанда бәрі де оның көргенсіздігін айыптағандай еді. Байқаса олай емес екен. Бәрі де Сыбан-Доржыдан көздерін аударып, Қарабас ханымға қадалғанда мүлдем басқа жәйт сайрап берді. Бәрінің көздері көмірдей қарауытып, енді-енді қызыл шоққа айналардай ұшқын шашты. Басында жасыл жібек шәлісі бар, еті сылынған сүйекті, әжімді жүзіне енді қайрат жиылған Қарабас ханым мұны байқаса да еш жамандыққа баламағандай байсалдылықпен: –Ұлы мәртебелімнің құлағына Будда әулием солай сыбырлаған ғой, біз сиқты қарабайыр пенделердің оған не шарасы бар? – дегенді айтты. «Тек мен сыбырлағам жоқ, мен сыбырлағам жоқ» деген қосымшасы арық бет жүзінде қоса жыбырлады. Кейбіреулер «сыбырласам қайтер едің» деген жазуды қоса оқыды. Қалдан-Серен қайтып тілге келмеді. Ертеңіне кешке қарай, күн батып, қас қарайғанда қонтайшы ақырғы рет тыныс алды. Бәрі де әзірге сабыр сақтады. Қалайда, бұл Жоңғария тарихындағы еңүлкен тұлғалардың бірінің өлімі еді. Бас зайсандар Наугат, Габат-Гелунның, Қарабас ханымның, есі кіресілі-шығасылы, әрі балауса жаңа қонтайшы Сыбан-Доржының, ӘмірСананың, Лама-Доржының, Ботлок пен Ұлан-Байырдың ұйғарымымен, басқа да ірілі-ұсақты зайсан, бек, тайшы, қолбасы атаулылардың қолдауымен Қалдан-Сереннің денесі отқа өртеліп, Жұлдыз өзенінің бойындағы чорос ақсүйектерінің бұрынғы аталары жерленген ескі бейітке апарып қойылды. Осы рәсімдерді атқаруүстінде бөгде бір кішкентай оқиға біршама елең еткізді. Әлгі Қалдан-Серен ауырып жатқанда оның әкесі Сыбан Рабтан өз немересі Әмір-Сана туған күні түнде түсінде сілеусін көріп шошынғанын еске салған белі бүкір ақсақал адамды әлдекім темір істікпен дәл көкіректен шаншып кетіпті. Мұны кейбір іші сезгірлер Әмір-Санадан көрді. Бірақ оған мән беріп жатпады. Өз заманында Жоңғарияны шырқау шыңға көтерген ең

құдіретті қонтайшы қазасының қасында қайдағы бір желбуаз шалдың өлімі деген не, тәйірі?! Сарайдағы бекзадалардың бірінің бұйрығымен бес-алты құл-құтан ол шалдың сүйегін ел көзінен тасаға тез сүйретіп әкетіп, ит көмгендей топырақпен бүркей салды. Қалдан-Сереннің денесін өртеп, күлін Жұлдыз өзенінің бойындағы атабаба бейітіне көму рәсімі аяқталысымен жаңа қонтайшы көп ығай-сығайдың қоршауында бірденүш бұйрықты таратты. Біріншісі, байтақы айналасындағы күзет санын бірнеше есеге ұлғайту еді. Екіншісі, Қазақ ордасының түстігіндегі, Ташкент маңындағы бүкіл жоңғар-ойрат әскерін кері шақыру еді. Үшіншісі, жаңа қонтайшының таққа қонуына байланысты салтанат, ұлан-асыр той шараларын келесі 1746– жылдың жазына қалдыру еді. Мұның сыртында кейбір құпия тапсырмалардың болғаны хақында да сыбыс тарады. Бұл ел ішінде қосымшаүрей мен күдік тудырды. Жоңғария тарихындағы ұлы кезең осылай аяқталды. Ал Қазақ ордасының түстігіндегіүйсін елі өз жеңісін тойлады. Арқадағы алты арыс ел күш жинауға тағы да біраз жыл мұрсат алғанын сезінді.

* * * Бұдан кейін деүш жылға тарта уақыт өткен 1748-жылдың ақпан айы. Сонау Хиуа хандығынан шыққан жетпіс түйелі керуен Әмудариядан өтіп, қазақтар Мәуреннаћр атайтынүлкен Қызылқұм арқылы тіке терістікке қарай кесіп өтіп, баяу жылжыған. Бұл жылғы қыс түстік өңірде де қытымырлау еді. Құмдауыт төбешіктердің ара-арасында семіздің сүбесіндей омбы қар бар. Жел қатты, кейде тіпті қаћарына мінсе құм мен қар араласа бетке ұрады. Тек Сырдария жақындаған сайын жер бедері шашақтанып, қалың құмның жыңғыл, жиде, шеңгел тұтасқан тоғайлы тұстары көлбеп, әжептеуір ықтасын жасады. Ал, Сырдария енді иектің астында дейтіндей жерге келгенде сапсары қалың қамыс шашын жайды. Мұнда қар дегенің тіптен аяқ алып жүргізбестей, есесіне түйе мен жылқының аузына ілігетін қара оты шаш етектен. Мұның сыртында атты адамның бойынан биік қамыстың басын шалып та түйе малы қаншалықты талғажау жасайды десеңші! Алыстан қарағанда шұбатылған ұзын арқанға ұқсайтын түйелі керуеннің басы-қасында жүз қаралы аттылар бар еді. Бәрі де қару-жарақты, көкке шошаңдаған найзалары не зауалға да дайын сергектікті аңғартады.Осы аттылардың басшысы есік пен төрдей сүйекті боз айғыр мінген, түлкі тымақты, жүнін ішіне қаратып тігілген қысқа тонды, көкке шаншылған найзасының ұшы таза ақ болаттан құйылғандай жылтырайтын мығым денелі мосқал адам. Бадана көзді, ақ аралас селдір сақал-мұртты, ұрты салбыраңқы бұл неме ерүстінде ықшам отырады. Ауық-ауық ұзын түйелі керуеннің басаяғына бадана көздерін төңкере қарайтыны бар. Мұнымен құйысқан тістескен, жүрістерінде әлсін-әлсін берекесіздік байқалатын, бұлардың да киімдері осы тақілеттес, найзалары көкте қылтылдаған бес-алты жас жігіт те сергек. Керуенбасы – мосқал адамның ертөлелері. Бір-біріменүзеңгі, не иық қағыстырсын, бір-бірінен сөз асырсын бәрібір керуенбасыдан көз

айырмайды. Ал өзге, керуеннің бас-аяғына шашырай қозғалған жүз қаралының көпшілігі мұздай қаруланған жас сарбаздар еді. Тек бес-алты ғана арық қара шал атүстінде жансыз діңгектей теңселіп келеді. Бет-әлпеттері иленген терідей қатпар-қатпар қариялардың екі-үшеуі қолдарының шипасы бар емшілер де, қалғандары бұлар қараүзіп шыққан Хиуа қаласы мен құдай қаласа ендіүш-төрт күнде тұмсық тіреуге тиіс Қаратау өңірі, Созақ даласымен екі араны алақандағы жазудай білетін көне елкезбелер. Бұлардың, әсіресе, мынадай қыстың көзі қырауда Әмудариядан беріде ешбір айналма сиыр соқпақтарға түсіп кетпей, Қызылқұмды төтелей ең қысқа, әрі қауіпсіз жолмен кесіп өтуде көп қолқабысы тиген. Енді Сырдария жақын. Соның мұзы сөгілмей, не түйелердің табаны таймай арғы қабаққа ілінсе шаруаның ең бір қиын-қыстауы артта қалды дей бер. Әріде көп ұзамай Қаратау сілемдері басталады. Қалмақ қосындарынан да, қазақ қарақшыларынан да бой жасыру оп-оңай. Кездескенімен найза айқастырса да пәлендей абыройсыздықтан аман боларына сенімді. Жеңіліп бара жатса түйелерді бөліп-бөліп, сай-саламен қуып әкетудің реті бар. Бәрінен де көбірек сенім артарлық бір жағдай, Қаратау қалай да қазақ іші. Бұл мамырлаған түйелі керуен кімдікі және ол кімге бара жатыр, сол екі шындықты ұқтырсаң жеткілікті жалақтаған қай ит-құсың да беттерінен қайтары анық. Бадана көзді мосқал керуенбасы Нәукетай, астындағы сүйекті боз айғыры секілді өзі де берік жаратылған жан екенін сездірмектей түйіле қарайды. Үскірік жел сол түйілген жүзін одан сайын суық ететіндей. Алайда, қандай да мықтының бір әлсіз жақтары болмайды емес. Қасындағылар көңілді әңгіме қоздатса, не өзін мадақтаса Нәукетайдың іші жылынатыны бар. Соны білетін төрт-бес ертөле мынадай қақаған қыстағы атүсті ұзақ жүрісті бұйым көрмегендей өзара жеңіл қалжың, әзілге барысып, тіпті аратұра аударыспақ ойнауға да аңсарлары ауады. Шақ-шұқ қағысқанүгеңгілер, ауыздықтарын қарш-құрш шайнаған аттардың дыбысы, кілегей түстес бұлт бүркеген аспанды қақыратардай кейбірінің қарқ-қарқ күлісі көп күндік азапты сапардың өзін ойыншыққа айналдыратындай. Кенет іштеріндегі біреуі өздері қарауылдаған керуеннің бас-аяғын шолып: – Пай-пай, мынау жетпіс түйе, бұларға жабылған қалы кілемдермен бүркеулі қымбаттық бұйымдар біз сияқты жоқ-жітіктердің нешеуіне қалыңдық түсіруге жарар еді?! – деп тамсанды. Сөз саудыратуға ілік іздеген жігіттерге керегі осы. Бұл шақта әлгі соңдарынан тепектеген бес-алты арық қара шал да жақындай жанасып қалған екен. Әрі солар да естісін деді ме, басқалар да өзеуреп кеп берді: – Түйелерді қомдағанда көзіммен көрдім, әрқайсысының арқасындағы сырлы аяқ-табақ, құмыра, алтынмен апталып, күміспен күптелген әшекей бұйымдар, сарыала өңірі күнге шағылысқан қыжым шапандар, басқалары не деген ғажайып десеңші! Меніңше осындағы бір түйенің жүгін осы бес– алтауымыз қалың мал өтеуіне жаратар едік. – Алтынмен апталған, күміспен күптелген дейсің. Таза алтын, не күміс құмайларды да байқадым ғой. Мұндағы кейбір түйенің жүгі бес-алтауымыз емес, одан да көбірегіміздің қалыңдық түсіруімізге де жетіп-артылады-ау!

Әй, тілдеріңнен ұшынбаңдар! – деп бұлармен құйысқан тістескен қариялардың біреуі сақтық аулынан атой берді. – Ой, ақсақал, біз Қоқан ханы Әбдікәрім бектің, қызылбастар патшасы Нәдірдің, не осы керуеннің бас иесі Хиуа ханының өзара ши жүгірткен қылықтарын өсектегеніміз жоқ қой. Бар жазығымыз осы бетте қанша дүниені көшіріп әкеле жатқанымызды қозғадық! – Е, қозғайтын несі бар? – деп, жаңағы қария килікті: – Бай мен бай құда болса жорға қатынайды, кедей мен кедей құда болса дорба қатынайды, ал бай мен кедей құда болса бір-біріне зорға қатынайды деген қазақтың ескі сөзін білмеуші ме едіңдер? Ал мына жолғысы байдан да он есе, жүз есе құдіреттісі ғой. Бұл жолы бір елдің ханы мен екінші елдің ханнан да өктем сұлтаны құда болмақшы. Олардың арасындағы қатынас осылай шықпаса олар хан, сұлтан атана ма? Бұл сөз ертөле жігіттердің әлденеден жүректерін шым еткізді. Тек керуенбасы Нәукетай ғана осы марапат арқылы өз астына көпшік қойылғандай еңсесі көтеріле түсті. Енді бадана көздерін онда-мұнда жүйткіте бермей сұп-сұр бұлтты аспанға көбірек тосты. Себебі,үлкен-кішісі аралас баршасының тілдің майын тамыза әспеттеген осыншама аяқты малүстіндегі дүние– мүліктің тап қазіргі бас қорғаны осы Нәукетай еді. Бұған бұл жұмысты Хиуа ханының өзі тапсырған. Егер бұл керуенді аталмыш мосқал адам Созақ даласына аман-есен жеткізсе, солүшін алатын ақы-пұлын атамайақ қой. Ия, бұл Хиуа ханының бұл кезде сонау Созақ даласында көшіпқонған атышулы қазақ сұлтаны Барақ Тұрсынхан ұлының құзырына жөнелткен дүниесі. Бұл да бір түлкінің жонындай құлпырған заман. Хиуа ханы кім дейсіңдер ғой. Атақты Есім ханның төртінші ұрпағы Қайып ханнан туған Батыр сұлтан деген бар емес пе? Сонау жиырмасыншы жылдар әлетінде аузымен мұз бүріккен Кіші жүз ханы Әбілхайырдың көмегімен бұл Батыр сұлтан Хиуа ханының тағына қонжиып, тек Жоңғария мемлекеті жөніндегі солқылдақ саясатыүшін сондағы шонжарлардың кәріне ұшырап, басына қатер төнгенде Ақ-Шейх сарайынан аз ғана көмекшілердің қоршауында түнделетіп қашып шықпап па еді? Сол оқиға Әбілхайыр мен мұныңүмітін ақтамаған, әрі өзіне күйеу бала есепті Батыр сұлтан арасында жүгіріп өткен ала мысықтың қызметін атқарған. Ия, сөйтіп олар біраз суысқан. Одан беріде де әр жылы сан тарау аласапыран оқиғаларға толы көп заман өтті. Ешбір көріпкел болжап білмес өзгерістер бірін екіншісі басакөктеп, мұндағы тұрмысқа, адам мен адамның арақатынасына ықпалын тигізді. Тағдырдың жазуын қарамаймысың, сөйткен Батырдың өз әкесі аттас Қайып және Құдайменде деген екі ұлы бар еді, сол Қайып Батырұлы тап қазір Хиуа ханы. Сол дәрежесіне орай ол қазақ даласындағы ең құдіретті сұлтандардың бірі Барақ Тұрсынханұлының қызымен некелесуді ойлаған. Бұл ретте әкесі Батыр сұлтанның да қалауы солай еді. Енді қалай? Қайып Хиуа ханы дегенмен де әлі жас, әрі бұлар қазақ хан-сұлтандары тарайтын Өсек, Жәдік атты екі ағайындының Жәдігінен. Ал Өсек ұрпақтарын бұл күнде Әбілхайыр хан Қажы баласы ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауда. Сол Әбілхайыр бұл күнде Хиуаның балауса ханы Қайып

Батырұлына дұшпандықпен қарайды.. Міне, осы халде кіші Қайып ханға бір мықты сүйеніш керек пе, жоқ па? Әрине, керек. Бұған орай Батыр сұлтан ұзақ-ұзақ ойларға шомды. Сол заманғы қазақ даласындағы сорпа бетіне шығарлардың бәрін қиялмен ары-бері тасқаяқша қағыстырды. Батыр сұлтан бүйтпей қайтсін? Осы Хиуа ханының тағына отырамын деп, өзі де ажал құрығына іліге жаздаған ғой. Ал әкесі Қайып хан ше?...Онікі тіпті жаман. Ол да Есім хан ұрпағы ретінде 1718-жылы Әз-Тәукенің заңды мұрагері деп танылып, қазақтың ұлы ханы сайланып еді, алайда, сол жылдың өзінде қазақ ақсүйектерінің қолынан мәрғау кетті. Міне, Батыр сұлтан мұны қалай ұмытсын? Баласы – кіші Қайып сол әке-үлкен Қайыптың, не өзінің кебін киіп жүрмесін деп, біраз уақыт түн ұйқысын төрт бөлді. Ақыры ойлап тапқаны Барақ сұлтан Тұрсынханұлының қызын айттыру. Әбілхайыр мен Барақ өмірі тұзы жараспаған жандар. Демек, бір сүйенішке Барақ жарайды. «Бір қызыңды менің балам Қайыпқа бер, мың жылдық құда болысайық» деп алғашқы сәлем хатты жолдаған Батыр сұлтан еді. Барақ екі сөзге келген жоқ, Хиуа ханы сияқты одақтасқа бұл да өлердей зәру екен. Міне, енді әкесінің түртпектеп, тездеттірумен Хиуаның балауса ханы кіші Қайып өз дәрежесіне лайық жетпіс түйеге ең қымбат бұйымдарды сықап тиеп, Созақ даласындағы Барақ сұлтанға жөнелтіп салды. Бұған керуенбасылыққа жарамды адамды да әке Батыр өзі таңдаған. 1728-жылы Хиуа ханының тағында отырғанда сондағы Ешмұхамед би мен Жұмағали аталық дегендерден қауіптеніп, АқШейх сарайынан түнделетіп қашып шыққанда Батырдың аз ғана көмекшілерінің бірі осы Нәукетай еді. Одан бері жиырма жыл жылыстап, егде тартса да бұл Нәукетай тұғырынан таймаған. Ең бастысы әлі күнге Батыр сұлтаннан шығарда жаны ғана басқа, әрі осы міндетті абыроймен орындаса онысыүшін алар ақы-пұлы ендігі тірішілігіне жетіп-ақ жатыр. Жаңағы Қоқан ханы Әбдікәрім бекті, қызылбастар патшасы Нәдір шаћты ауызға алған жігіттің сөзіне мұндағы қариялардың бірі разы емес екен: – Жаным, Қоқан мен парсылардың әуселесі қазір жайына қап тұр емес пе? Қалдан-Серен өлгесін қалмақтың жарымес қонтайшысы бүкіл әскерін кері шақырып алып, қазақтардың арқа-басы кеңіді ғой. Ал жау таппаса қазақтың ішкен асы бойына сіңе ме? Он кедей бір төсекке сияды, екі патша бір елге сыймас деген ескі нақылды қайда қоясың? Енді қазақтың хансұлтандары бір-бірін ала көздерімен атуда. Іштері толған бітеу жара. Ол аздай Орынбордағы орыс ұлығы да сұмдықтың суын ұрттаған неме екен. Бір сұлтанға бір сүйек, екінші сұлтанға бір сүйек, біріне еттісін, біріне құр қаңқасын тастап, өзара қызғаныштың қызыл отын маздатып отыр. Әбілхайыр дегенің сол орыстың ақ патшасына бірінші бас иген адам, сөйткен Әбілхайыр енді сол Орынбор ұлығының әбден жүйкесін жұқартып тауысуға шақ. Орынбор ұлығы да дәрменсіз. Кіші жүз еркетотайын маңдайдан қақса өз қолын өзі кескендей. Әбілхайырға сөйткенде бізге не қайыр жасап жарытпақ деп, өзге қазақтардың іргесін аулақ саларынан сақтанады. «Ауыл іші ала болса бөрі келгенде бірігер» дейді. Кеше бөрі келгенде қазақ бірікті, енді бөрі

тайғанда алалығы қайта бұрқ етті. Тәрізі жаман, сол алалықтан Орынбор ұлығы күректеп пайда таппасын.«Көбік қарда түлкі ойнар». Әбілхайырдың ойыны жаман деседі. Құдайды құлағынан ұстағандай... Керуенбасы Нәукетай ертөлелерінің бірі, жас жігіт атының тізгінін тарта осы сөздерді айтқан қарияға қабағын шыта қарады: – Ататай, сол Әбілхайырдың атағы жер жарады. Біздің Хиуа хандығы турасында қылығының қылшығына дейін хабардармыз. Ал орыс ұлығына несімен жақпайды, аша кетсеңізші, біле жүрейік те! Қасап ішісіп, бүккен құпияңыз емес шығар! – деп салды. Бұлардың орыс ұлығы дегені Орынбор өлкесінің 1742– жылдан бергі губернаторы Иван Иванович Неплюев еді.Тағдыр-талайы өте қызық, әрі орыс-қазақ тарихындағы еңүлкен тұлға, тарлан саясатшы, Бірінші Петр патшаның қазақтарды бір хандыққа біріктірмейік деген нұсқауын табандылықпен жүзеге асырушы, олүшін айла-амалдың ешқандайынан да жиренбеген, күшке де, қулыққа да шебер. Сонау 1721-34 жылдары Ресейдің Константинопольдегі елшісі қызметін атқарып, ұлы Петр мен оның ізбасарларының кәріне ұшырап қуғындалған, кейін айрықша қабілеттілігі ескеріліп, Орынборға жіберілген. Міне, осы жаңа орында Петербор, Мәскеу саяси басшылығының көңілінен шығуүшін тапжылмай он алты жыл еңбектеніп, атақ-абыройға белшесінен батқан. Орынбор өлкесінің Бірінші Петрі деп мадақталған. Өз өмірі хақында тарих ғылымыүшін аса құнды естелік кітап қалдырған. – Хиуа қаласы аллам жаратқан жұмыр жердің бір кіндігі-ау!– деп, жаңағы қария құба жондата төгілді.Көзінің айналасында әжім талшықтары жыпырлаған неме атүсті ұзақ жүріс зеріктіргеннен емес, ішке сыймаған дүниесін ащы запырандай құсуға мәжбүрліктен сөйлейтін сияқты. Соның куәсіндей суықтан қызарыңқыраған мұрнын әлсін-әлсін ауада сілкілейді.– Хиуаға кім келіп, кім кетпейді? Қайсысынан сыр тартсам да тесік қапша ақтарылады.Әбілхайыр жалғыз Орынбор ұлығын жүйкелетіп жүрмеген сияқты. Қарашы, орысқа әуелден бағынышты башқұрт жерін екі жыл тонапты. Оған тоймай бір баласын башқұрттарға хан көтертуге мәжбүрлепті.Мұның ыңғайы келмегесін башқұрт пен орыс арасында ғазауат соғысын аштыра жаздапты. Ташкент пен Түркістанды менің қарауыма әпер деп, бұрынғы қалмақ қонтайшысы Қалдан-Серенгеүсті–үстіне сәлем жолдағанын естіген де шығарсыңдар. Ал қазір орыстарға не дейді? Әбілмәмбет хан, Абылай, Барақ сұлтандарды Орынборға шақырып ап, осында тыпыр еткізбей ұстаңдар деп өтінетін көрінеді. Мұның тасасында не жатыр? Ия, Әбілхайыр, бүкіл қазақтың ұлы ханы атансам дейді. Онысын Орынбор ұлығына төтесінен де, жанамалап та жеткізетін көрінеді. Міне екеуара түсінбестіктің төркіні қайда? Бұған шамырқанған Әбілхайыр орыстардың мына біздікі сияқты оннан-мұннан жылжыған бай керуендеріне қырғидай тиеді екен. Тап осы мезетте әңгімешіл қария мен Нәукетайдың көздері түйісті. Керуенбасының қос жанары от шашқандай. Неге екені белгісіз, керуенбасының сол қарасы бұл әңгімешіл қария өмірінде бір-ақ рет көрген

Әбілхайырдың қарасына ұқсады. Шалдың тұлабойында діріл жүгірді. Әрі кеудесін суық кернеп,үстімдегі қысқа тоным сыпырылып қалған жоқ па дегендей қамшы ілген оң қолымен омырауын сипалай берді. Уақыт кешке бейім алған. Әрі бұлтты аспан қараңғылықты одан әрмен жеделдете жақындатқан. Әңгімешіл шал керуенбасы тарапынан бір қаћар күткен. Бірақ оның сөздері бір сыдырғы майдалау шықты: – Мынадай бейуақытта ойсыз сөздің керегі не? Өзіміз жолүстіндеміз. Қазақтың тар жол, тайғақ кешуде жамандықты өз атымен атамай қосалқы ат табатынүрдісін ұмыттыңыз ба? Шал амал жоқ тілін тапты.

* * * Бұл керуеншілердің ендігі арманы Сырдариядан аман өтіп шығу еді. Сол күні кешке түнемелікке жыңғыл аралас қалың қамыс ішіне тоқтады да таңертеңгісін жер жүзі ашылар-ашылмастан тік көтерілісті. Түнгі аяз Сырдың мұзын қайтсе де қатайта түсер дегенүміттен. Бұлүміт ақталды да. Қалың қамысты өзеннің бір енсіздеу, әрі тақтайдай тегіс тұсын тапты да жас жігіттер бір-бірлеп, сосын екі-үшеулеп, көк мұзды әрі-бері кескіледі. Аттарының тағалы тұяқтары шақ-шұқ тигенмен мұздың шекесі ойылмады. Түйелерді әупірімдеп, алғашында екі-үшеулеп, сосын төрт-бестеп жаяу жетекке алысып, сүт пісірімдей уақытта арғы теріскей жағалауға өткізіп әкетті. Таң жарығымен бірге бәрінің жүздерін нұр шалғандай. Әсіресе, керуенбасы Нәукетайдың жағасы жайлауға кеткен. Бадана көздерін жұмыңқырап, шырайланып, оңтүстіктің гүлзар бақтарында өсетін әлде бір жемістің шырыны таңдайына татығандай түрі бар. Сол күймен бұлар таңғы ас-су қамын да әлі ойламап еді. – Қасиетіңнен айналайын Қаратау, жотаңды көрсеттің-ау! – деп кешегі сөзуар қария таңғы құстай тағы сайрады. Бұлардың ойынша пәленің бәрі Сырдарияның сол жағында, ал оң жағалау мен анау қарайып кесекөлденеңдеген Қаратаумен екі орта бейбіт момақан өлке. Себебі, осыдан жүз шақырымдай күн шығыс беттегі Түркістан қаласынан беріде қалмақтар жоқ. Қалмақтардың дені сол Түркістан қаласының маңында, олардың өзі соңғыүш жылдың ішінде шілдің боғындай тозып, жидіп барады. Ал өзге жағы қазақтар. Керуеннің өткені Шепқорған1, аталатын, қазірде түстіктен теріскейге созылған ұзындығы жүз елу қадамдай төбе іспеттес ежелгі қала орнының тұсы еді. Бұл арғы-бергі жүргіншілерүшін жақсы белгі. Бұдан әрі сәл талпынсаң ызғарлы суықтан құтыласың. Себебі, кесекөлденеңдеген Қаратау баурайы әжептәуір ықтасын. Ал бұлар шыққан Сырдарияның түстік жағалауы, Мәуреннаћр жазығы керісінше желді, ызғарлы. Одан да жаманы жер астынан шыға келетіндей жол торушылар еді. Түсі,тегі белгісіз торушылар, Қоқаннан ба, қызылбастардан ба, Бұхара хандығынан ба, қарақалпақтар ма, жоқ, Хиуа хандығының өзінен бе? Қай-қайсысын да ұстап, етінен ет кессең тілін жұтып өледі. 1743-жылы Әбілхайыр қарақалпақтарға тиісіп, оның бір бөлігі Сырдың сол жағалауына бытырай қоныстанып еді.

Іштей қыжылы бар солардың да біраз әуселесін қазақ жүргіншілері бастан кешірген. Оларды да тап басып тану қиын. Міне, мына керуендегілер бұл жағын жақсы біледі, сонда да кешегі Нәукетай ескерткенүрдісті ойласып, ол жайында бір-біріне тіс жармайды. Ал Сырдың теріскей бетінде, Қаратаумен екі ортада айрандай ұйыған тыныштық. Шепқорғаннан біраз ұзағасын ғана бұлар ішек-қарындарының шұрқырағанын сезді. Әлі де жел бар, тек аспанның шығыс бөлігі жақсы ашылып, ақ көбік қарда күннің сәулесі ойнады. Бұл қосымша көңілділік әкелгендей. Тоқтауға қай жер ыңғайлы дегендей керуенбасы Нәукетай, иықтары салбыраңқы қариялар, ертөле жігіттер бір-біріне алақтасты. Ұзын арқандай шұбатылған түйелер легі қос аяқтыдан бұйрық болмай маң-маң басып, жылжи беретіні аян. Ақыры бір шоқ тал өскен төбешік маңы көздеріне жылы ұшырады.Ия, соған жетіп тоқтаңдар деген дауыс ауызданауызға көшті. Бірақ оған жетпей тоқтасты. Ұйтқып соққан жел әлдебір дыбысты құлақтарына әкелді. Өткір көзді түздіктер жан-жақтарына айналаүңілісті. О ғажап! Батыс теріскейден ол да шұбатылған арқанға ұқсаған бірдеме қарайып көрінді. Түз табиғатын жақсы білетін, түйсігі күшті керуеншілер мұны жұмбаққа ұқсатқан жоқ. Нәукетайдың айғайы бірден құлақ жарды. Керуеннің бас-аяғындағы баршасы жүз қаралы жауынгерлер батысқа қарай жалма-жан бөлініп шықты да көбік қарда аттарын ойнатып, тез сайланды. Жаңағы батыс теріскейде қарайған бірдеме әп-сәтте ұлғайып, әлдебір ұзын мойын жануардың жалына ұқсап, күдірейіп бара жатты. Енді Нәукетайдың ғана емес, баршасының дауыстары оннан-мұннан андыздады. Күрт күшейіп, айналаны жаман дауыс кернеді. Ақ көбік қар басқан жердің өзін қақ айырардай жаман дауыс. Аспан қоса шыңылдады. Нәукетай баршасынан ары бөлініңкірей батыс теріскейге жеке-дара қарады. Ешкімнің ақыл-кеңесінің керегі жоқ. Өзі көріп шешім қабылдауы керек еді. Бадана көздері тарс жарылардай бедірейіп, кенет одан жас аға бастады. Бұл не, шын көз жасы ма, жоқ, қысылғанда шыққан тер ме? Оны қолының сыртымен бір сүйкеді де тағы да жан дәрменімен айғайлады. – Мыналар қарақшылар! Қарақшылар! Жол торушылар! Кәне,үшке бөлініп, қарсы алыңдар! Құдай сүйген хан-сұлтанның ар-намысыүшін жан пида! Бұл қалайда көпті көрген тесік өкпе ғой. Бұған дейінгісінің бәрі ойыншық. Нағыз ауыр сын, құдайдың күрзісі басына енді төнгенін сезді. Тіпті кеудедегі шыбын жанның өзі қанатын тікірейтіп, енді-енді ұшқалы тұрғандай. Бәрібір шегінерге, айналарға жол жоқ? – Ержігіт осындайда сыналады! – Жан пида! – Жан пида! Жан пида! –деп әлгі қариялар да Нәукетайды жанамалай қоршауға алып, иектерін созысты. «Жан пида» деген сөз ол шет пен бұл шеттен де жаңғырықты.Ол жас жауынгерлердің желпінісі еді. Нәукетай осыдан жігер тауып: – Кәне! Сайланыңдар! Тайсалмаңдар! Ешқандай аяусыздық болмасын! Құдайым оңдаса қарақшылардың өздерін түсіріп, аттарын олжа қыламыз.

Бәрі өздеріңдікі, бәрі сендердікі! – деп, астындағы есік пен төрдей боз айғырын осқылап, керуеннің бас-аяғына ытқыта секіртті. Боз айғыр да иесінің оқыс мінезіне қос құлағын тікірейте шамырқанып, басынан бақ тайғалы тұрғанын бұл да сезгендей. Нәукетай осы екі ортада түлкі тымағының қос құлағын, қысқа тонының қос өңірін жел қаққылап, ондамұнда далақтап, тым көп шапқылады. Болат ұшты найзасы көкте қылтылдап,таңертеңгілік күн сәулесінен тоят тапқандай қызыл шұғыла шашады. Жас жауынгерлерге Нәукетайдың өзінен гөрі сол қызыл шұғылалы найзасының ұшы көбірек жігер беретіндей. Қарақшы топ қарлы кедір-бұдырда секектеп, ұзақ шапты. Бұл Нәукетайдың өз қоластындағы жүз қаралы жауынгерді сақадай сай етуіне әбден жарады. Тек қарақшылар жақындап, қарасы шамадан тыс ұлғайғанда бәрінің көкіректеріндегі қылқобыз өзараүн қоса күңіренді: – Әкем-ау! Мыналарың тым көп қой! – Жер қайыстырған қалың қол ғой мынау! – Біз жүз қаралы болсақ мыналарыңүш жүзден асып жығылады!? – Құдайым! Жар бола гөр! – Кәне, кәне! Бұлардан кем түссек елге не бетімізді айтамыз?! Енді бір қас-қағымда екі жақ беттесіп, бір-бірімен сарт-сұрт ұрысқа кірісті. Әлгі қариялар, қолдарында қамшыдан өзге түгі жоқ, керуенбасы Нәукетайдың айналасында еді. Ақыл-кеңесүшін бе, жоқ, құр қамшымен болса да керуенбасыны қорғамақ па, түсініксіз. Қайта Нәукетайдың өзі сол арт жақтан-ақ найзасын көкте қылтылдатып, тамағы жыртылғанша айғайға басуда: – Ноқталы басқа бір өлім, кәне! кәне! – Жаратқан ием-ау! Мыналарың қарақалпақтар ғой! – деп қариялардың бірі ормандағы көкектей сұңқылдады. – Жоқ! Алшын ханы Әбілхайырдың итаршылары! Әне, анық таныдым! Анау Дербісәлі сұлтанның құл-құтандары! – деп, екінші шал да біріншіден даусын асыра шыңғырсын кеп. – Соқ! Соқ! – Ұр бастан! Аяма! – Өсек пен Жәдік тұқымдары қайта шайнасты десеңші! Жаудан жаман қара ниет еткен, тәңірім-ай! Бұлардың Дербісәлі сұлтан дегені әлгі Әбілхайырдың екінші әйелі Бопай ханымның туған ағасы еді. Әбілхайыр мен Дербісәлі екеуі тонның ішкі бауындай, Әбілхайырдың көп қылыққа сол Дербісәлі арқылы баратыны бұл өңірдің ит пен құсына дейін аян. – Әбілхайырдың адамдарын танысаң онда менде де жаңылыс жоқ. Көп қарақалпақтың Әбілхайыр құзырына көшіп барғанын естімеп пе ең? Біздің керуенді тонауға онысын да, мұнысын да қосақтап жұмсаған ғой,– деп алғашқы шал қайта суырылды. Дауыстары ащы, өздерінен алда, екі жақтың алыс-жұлысын бақылаған Нәукетайдың құлағына жетсін деп сөйтетін сияқты.

Көп ұзамай керуеншілер тарапынан ыңыранған, ућілеген дауыстар көбейді. Аттарынан ұшып түсіп жатқандар да солар. Енді қалай? Сан жағынанүш еседей көп, әр аттары да, өздері де тың шапқыншылар әп-сәтте керуеншілерді ұйпап тастады. Енді бір сәтте Нәукетайдың өзі де екі-үш аттының қоршауында қалып, найзасы икемге келмей, ерүстінен ауа құлады. Ал әлгі қариялар бастарына шоқпар тисін, тимесін бұлар да тырапай асып, аттарының тізгінін жібере салды. Шапқыншыларға керегі де сол, босаған аттарды түре қуып, екінші қанаттағы әлі толастамаған шайқастағы өзүзеңгілестеріне көмекке ұмтылды. Енді бір сүт пісірімге жетпейтін уақытта бәрі сап тыйылды. Хиуа ханы кіші Қайып Батыр ұлының сонау Қаратаудың батыс теріскейінде, Созақ даласында көшіп-қонған Барақ сұлтанның қызын алмаққа жөнелткен қалың малы – қымбаттық бұйымдар сықай тиелген жетпіс түйелі керуеннің бас бұйдасы Әбілхайыр жырындыларының қолында кетті. Сөйтіп, олар бұрынғысынан да мол нөпір болып, бөліне берді. Хиуа ханы тарапынан мол сыйлыққа дәмеленген керуеншілер көбік қарда шоқиыпшоқиып, бірауық құрғақтағы өлі балықтарға ұқсады. Құлаққа ұрған танадай тыныштық орнайтындай да еді. Тек қансырап, қиналғандардың ыңқылсыңқылы мең-зеңдіктен тез арылтты. Ақ қар, көк мұзда бір жамбастай сұлаған Нәукетай басын көтеріп: – Нәубет! Нәубет келді! Құдайдың нәубетіне шара жоқ! Ал, жігіттер! Аяғы бүтін, соққы тимеген ат қалды ма? – деп айғайлады. Сосын, екі-үш жігіттің демеуімен орнынан көтеріліп, онда-мұнда көз жүгіртті. Бас-аяғы бес жүз қадамдай аралықта жатқаны, тұрғаны аралас жігіттердің арасынан жиырма-отыздай ғана ат сұлбасын шалды. Қариялардың бірі жылап, дауыс айта бастап еді, Нәукетай: – Боздама! – деп,үнін тез өшіртті. Керуенбасының бұдан кейінгі тындырған шаруасы қолда қалған аттардан бас-аяғы бүтін, жүруге жарамды алтауын таңдады да алғашқыүшеуінеүш жігітті мінгізіп, Хиуаға ұшырды: «Өліңдер, тіріліңдер, бірақ Хиуаға жетіңдер, жолай күшпен, қарумен тартып алсаңдар да ат ауыстырыңдар, болған жайды толық айтыңдар, ештемені жасырмаңдар, ал біздің онда-мұнда қозғалуға дәрменіміз жоқ, бізді осы маңнан тапсын!» деп тапсырма берді. Бұдан бір бие сауымындай уақыттан соң тап осындай тапсырмамен тағыүшеуді ұшырды. Бірі болмаса бірі жетер деп қарастырған сақтық шарасы еді. Әрине, бұл екіүштіктің екеуі де Хиуаға аман-есен жетіп, табыстаған ақпараты сол қаладағы жер асты сарайларындағы оқ-дәрі толтырылған бөшкелерге найзағай түскендей жарылыс жасайтынын әзірге қайдан білсін? Орта жолда шойырылып, жан жарасы мен тән жарасының азабын шеккен бұл керуеншілердің бұдан өзге де әзірге білмеген бірүлкен шындығы бар. Бұл далада жол торушы, тонаушы, қарақшы, барымташы, баукеспе сияқтылардың неше алуан ұрымтал ісәрекеттері неше заманнан шимай-шатпақ із қалдырып келеді емес пе? Солардың көбісінің сүйекке таңба салып, таңдайға қанша ащы татығанмен уақыт өте келе ұмытылып, адам зердесінен кетері бар. Тек мына қарақшылықтың ғана ешқашан ұмытылмай, өшпей қазақ тарихынан мәңгілік орын аларынан бұл керуеншілер, әрине, әзірге бейхабар еді.

* * * Сол қарақшылықтан басталған 1748-жылдың көктемі мен жазы даүлкен дарияларда сөгілген мұздай қақтығысқан оқиғаларға, даңғаза-шуға, алыпқашпа өсекке кемерінен аса толды. Ең бір сұңғыла жүйрік көкіректердің өздері байыбына бармас, жіпке тізіп тауыспас сұмдықтар бірінен-бірі өткен жаман кейіппен бой көтерді. Күн қан түстеніп батып, ай қара шудаға оранып жүзетіндей. Мамыр айының басында Төле би Әлібекұлының бір оқыс сапары осындай онсыз да жүз құбылған заманның отына одан әрмен май құйғандай әсер етті. Ташкент қаласынан аз ғана оққағармен суыт шығып, бұл кезде Қазығұрт маңында, Келес өзенінің суын татып отырған Түрке-Саурық ауылына келіп, ата дәстүрімен Ұлы жүздің ноқта ағасы-жалайырдыңүлкені Түркеніңүйіне бас сұғып, бата алып, ары аттанды. Бұған қарап бұл ұлы би тым ұзақ сапарға шықты деп, қауесет етісті. Жолай соққан ауылдарына қарап, қазақ іші оның бағыт-бағдарын анықтауға күш салды. Қабағы түндей түнерген бидің өз басы әзірге жан баласына сыр ашатын емес. Төле би Түркістанға жетіп, бұл шақта Абылай сұлтан ұйғарымымен осында орнығыпүлгерген Әбілмәмбет құзырында аялдап, ұлы ханға тағзым ету рәсімін атқарды. Сосын ұлы хан мен ұлы би сол көне шаћардағы ӘзТәуке қабірінің басына жаяу-жалпылап барып, оған құран арнады. Ақсарбас шалды. Осыған байланысты да бір алып-қашпа өсек желдей гуледі. Төле би қазақтың шын мәніндеүш жүзіне билігі жүрген ұлы ханы, атақты «Жеті Жарғының» бас иесі Әз-Тәуке Жәңгірұлының басында жайдан жай болмапты. Оған ұлы би аса ауыр күйзелісүстінде тауап етіпті. Құран мен садақадан соң қабір басында маңдайын алақанына тіреп, ұзақ мелшиіпті. Әбілмәмбет пен оның уәзірлері жасы сексеннен асқан ғұламаның тіршіліктен баз кешкендей түрін көріп, тіл мен жақтарына тұсау салып, олар да көпке дейін қатып-сеніпті. Төле би неге бүйтті? Әлде Әз-Тәуке кезіндегі «қойүстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманды көксегені ме? Қазақтар ол жылдарда бірінің айтқанына екіншісі көніп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қалай да ешбір жауды ішке дендеп енгізбеген. Қазір ше..? Қазақ-қалмақ соғысы тым ұзаққа созылды. Ата жауды енді еңсердік-ау дегенде қазақтардың өз ішінен тағы ши шыға бастады. Ханы солқылдақ, биі бұдырсыз, батыры бұралқы, елі иесіз, алды көзге түртсе көргісіз қараңғылық. Міне, ұлы биді осындай ойлар меңдеді ме? Ең соңында Төле Әз-Тәукенің қабірін құшақтап, көз жасын бұршақтатып жылапты да. Бүйтіп жүйесінің босағаны несі? «Халқымның басын қоса алмадым, ата жаудан біржола азат ете алмадым, не жер емшегін емізе алмадым, мынау сақал мен шашты текке ағартым» деп, Әз-Тәуке аруағына шағынғаны ма? Тек біраздан соң көз жасын тыйып, Әз-Тәукенің қабірін құшақтаған күйі ұйықтаған адамша едәуір уақыт қыбырсыз жатып, кенет сілкіне түрегеледі. Сол шақта қарт бидің ажарын барлағандардың тұлабойларында діріл жүгіреді. Би түсінен шошып оянғандай беті көптиіп, қабарып, өзгеріп кетіпті. Енді байқастаса мынау жылаған адамның қалпы

емес, қайта жойдасыз қайрат-жігерімен жұлқына көтерілген алпауыттың тірі жан шыдамас кескін-келбеті. Дереу Төле есін жиып, Әбілмәмбет хан ордасына қайта оралды. Ұлы хан маңындағы кейбір көзі қарақтылар, олардың ішінде бас уәзір Нияз бен Шақшақұлы Жәнібек тархан да бар, солар ұлы би қабір басында қас-қағым мызғығанда Әз-Тәуке оған аян бергенге ұқсатты. Бірақ ол жағын анықтап сұрауға батылдары бармады. Ұлы бидің өзі-ақ ішіне сыйдырып жүре алмас, ақтарып салар. Олүміттері де ақталмады.Ұлы хан ордасына қайта келісінде Төле би мүлдем басқа жайлар жөнінде сөз өрбітті. Ақыры сол күні тез жиналды да оққағарларын ертіп, қасиетті Қаратау қайдасың деп, тіке теріскейге тартты. «Е, мәселенің түп-тамыры енді анықталды» десті жұрт. «Ұлы хан Созақтағы Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлының сабыр суын баспақшы». Жұрттың олай дейтіні бұл күндерде Барақ сұлтанның Әбілхайырға қарсы қайраған қылышының шақыр-шұқыры құлақ жаратын еді. Ақпан айында Сыр бойында жып-жылмағай тоналған керуеннің хабары Хиуадағы Батыр сұлтанға жеткен соң ол дереу тілінің безі барүш-төрт сарнауықты Барақ сұлтанға қарай ұшыртқан. Бұл сарнауықтар әкелген хабардан Барақ сұлтаның жалпақ беті одан сайын далиып, тәмпіш мұрны саздақтағы өрттен қалған жалғыз түбірдей мүжіліп бара жатты. Қысқа қырқылған сақалының екі шықшыттағы тікірейген бөлігіне жан біткендей ары-бері жұлқынғанын қайтерсің. Ал көздерін атама! Барақ сұлтан Хиуадан келген Батыр сұлтан сарнауықтарының күнде көріп жүрген адамы емес қой. Онда мұндай көздер барын бұлар алдын-ала қалай болжап білсін? Алдарында адам емес, хас диюдың өзі отырғандай қос шырағы қып-қызыл жалын шашқанда Хиуа елшілерінің жүректері қысылып, тілдері байланды. Бұл жылдары сәл етженділеу тартқан кең иықты алпамсадай денесін бір ырғап қойып, қайта қадалғанда өздеріне атылмақшы жабайы аңға да ұқсады. Ия, бұл сұлтанның атағы жер жаратыны тегін емес екен. Қиюын келтірсең оның мына кейпінен-ақ көп әңгіме шығаруға болады. Хиуа елшілерінің басына ауыр сын түсті. Сөйтіп бұлар Барақ сұлтанның ішіндегі жын ойнағына әжептәуір мұрсат берді. Сол сәл саябырсыды-ау дегенде ғана елшілер бойларынан күш-қуат тауып, қайта дуылдасты. Бұлар да тегін жандар емес, қара сөзден қамшы өрген, елден шыққан, жұрттан шыққан ысқаяқтар. Барақ сұлтанның соншама қаћарлы сұсымен-ақ өздеріне ықылас қойғанын танып, «әйт, жануар, шүу» десті. Бәрі де сұлтан жанынаүлкен шоқ түскенін сезіп, сол шоқтыүрлеп маздатуға кезектесе екіленді. Тіпті өзара шешендік өнер жарысына түскендей. Бұл майталмандардың еңбегі де еш кетпегендей. Барақ сұлтан көкірегінде шоқты маздатқаны соншалық, Хиуа елшілері бірауық қара күйе мен терден бет-ауыздары айғыз-айғыз көрік басқан ұсталарға ұқсап еді.Батыр сұлтан сәлемінің бір тұсы: «Бар жазығым қазақтың ұлы ханы болуға лайық, жалына қол тигізбес арыстан жүректі, қолынан хандықүзілмеген Жәдік әулетінің алмастай жарқылдаған асыл нәсілі өзіңмен мыңжылдық құда болмаққа алла атымен ант етіп едім. Өзіңнің ескі бақталасың жолдан тосты. Қырық құрау жұрттың көз алдында құйрығымызды жалаңаштап, әдемілеп тұрып, тақыр мұзға отырғызды. Өзге

түгіл айналамыздағы құл-құтанға қарар бет жоқ. Әбілхайыр ханмен бұл пәни дүниеде бірге тыныстап жүруге енді дәрменсізбін. Хиуа қаласының ішісыртын кезіп, күні-түні жердің жарығын іздеудемін. Өзге қандай амал бар, өзің кеңес бер, кесігін айт!» Бұлар Барақ сұлтанмен айналасы қалың киіз, қалы кілемдермен тұтылған, жылы да кең алты қанат қысқыүйде тоқайласқан. Сұлтан екі қолы адына сыймай, не аузына сөз түспей орнынан тұрып кеткен. Сол Сыр бойындағы шапқыншылықтың егжей-тегжейін қазбалап сұрамады да. Жалаңбас,үстінде қыс суығына қауқарсыз желбегей жұқа шапан, желдеткен далаға шықты да көкірегін тосып, ұзақ сілейді. Өзіне ілесе сыртқа қотарылған Хиуа елшілеріне енді ләм-мим дейтін емес. Бұлардың әлі де айтарлары бар еді. Барақ сұлтанның ендігіге құлақ асқысы жоқ. Сол күннен оның айналасындағы төлеңгіт жігіттер, құл-құтандар, әйелдер, бала-шаға – баршасыүлкен әбігерге түсті Сұмдық хабар әкелген Хиуа елшілерін ала көздерімен атқаннан басқа олар не бітірсін? Хиуа елшілерін Барақ бір күн ғана ұстады да ертеңіне өзі шығарып салды. Батырға айтқан қысқаша сәлемі мынау: «Ай мен күн орнында. Жәдік ұрпағының туы әлі жығылған жоқ. Тек ендігіде Әбілхайыр тарапынан не сыбыс естісе де табанда маған жеткізіп тұрсын?» Бұдан кейінгі жұрттың білетіні Барақтың осы сәлемінен соң Батыр сұлтан Хиуаны тастап, бері Сыр бойына көшіп келді. Ал Барақ Жоңғарияда аманаттағы баласы Шығай сұлтанға «тез елге қайт» депті. Әрі Барақ пен Орынбордың еңүлкен ұлығы И.И.Неплюев арасында жасырын қатынас орнағанға ұқсайды. Бұл хабардың тасасында тағы қандай сұмдықтар жатыр? Атақты Абылай сұлтан, осы Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлы, жалайыр Өтеген, өзге де екі жүз жауынгер екі жылдай Жоңғарияда тұтқында омалды емес пе? Абылай, Өтеген, тағы өзгелердікі бір басқа, ал осы Барақ тұтқыннан босанысымен тонын ауыстырып кигенге ұқсады. Сол Жоңғарияда бір қимасы қалғандай Қалдан-Серенмен ашық та түзу қатынас орнатты. Сондағы өзінің орнын ойсыратқысы келмегендейүлкен ұлы Шығайды аманатқа берді. Басқасы тағы бар дегендей. Сөйткен Барақ Тұрсынхан ұлы енді сол қара қалмақтан теріс айналып, Сібір жұртымен ауыз жаласпақ па? Әй, қайдам, Барақ пен Әбілхайырдың аражігінің ашылуының өзі Кіші жүз еркетотайының сол Сібір жұртына емінуіне Жәдік баласының наразылық білдіруінен басталмап па еді? Енді бәрі керісінше шықпақ па? Бұған да сену қиын. Себебі, Барақтың мінез-құлқы орыстармен сыйыспастыққа көбірек меңзейді. Сенбеске тағы лаж жоқ. Түркістандағы Жәнібек тархан Қошқарұлы Орынбордағы Неплювке ақпан айында Сыр бойында тоналған керуеннің көлемін, мәнін түсіндіріп хат жазғасын Орынбор ұлығы Барақ сұлтанға жиірек хат, елші жолдайтын көрінеді. Сол әрбір хат, не елші келген сайын Барақтың өңі өзгеретін сыңайлы деген де сыбыс шықты. Бұл не, әлде Әбілхайыр қылықтарынан әбден жүйкелеген Орынбор ұлығы Барақ сұлтанға әлдебір батпан құйрықты уәде етті ме? Бұл расқа шықса ел іші одан әрмен аласапыранға айналады ғой, әрі Жоңғарияның әрі жаңа, әрі жас қонтайшысы да ер-тоқымын бауырына алып туламай ма?

Осындай сауалдар тасқыныүстінде біраз рубасылар Арқадағы Абылай сұлтан жаққа құлақ тігісті. Бірақ ол қай-қайсысына да бірдей бейтарап халде деген жауап алысты. Міне, Төле би Әлібекұлы әр қиырдағы қазақ рубасыларын осындай мең-зеңдіктен арылту мақсатында Созақтағы Барақ сұлтанға өз басы аттанды деген тұжырым анық шындыққа ұқсады. Тек ұлы би Қаратаудан ары асыпүлгермеген күндерде басқа бір күңкіл сөз ондағымұндағы елдердің ішінде қара дауылдай ұйтқыды. «Ойбай, жарандар, олай да бұлай да емес, осыдан екі жыл бұрын Төле би әлгі жалайырдағы атақты жићанкез Өтеген Сәбденұлын, дулат-жаныс Өтеген батыр Өтеғұлұлын, басқа да отыз төрт адамды анау-мынау күнде, биден ақыл, батырдан бақ тайғанда қазақтың бас сауғалап паналауына жарамды жер, яғни «Жерұйықты» іздеп табыңдар деп, жөнелтпеп пе еді, міне, «Жерұйық» түгілі олардың өздері де жоқ, сірә солардан бір жаманат хабар алғасын Төленің айнала жұрттан жүз жасырып, ел ішінен безіп шыққаны екен» деп те даурығысты. 3 Ал ендеше.... Бірақ оған қарсы дауласушылар да табылды. «Қос Өтеген мен оған ерген отыз төрт адам бұл қазақтың алғашқы шалған құрбандығы ма еді, осы соңғы жиырма бес жылғы шұбырынды заманда одан да зор шығынға шыдап едік қой, тап осы қазір ұлы бидің беті күйетін уақыт емес, қайтаүйсін қолбасылары Қоқан хандығымен тізе қосып, Жоңғария басқыншыларының зәрін қайтарды емес пе, қайтарғаны емей немене, қалмақтың жаңа қонтайшысы Сырдария, Қаратау, Жетісу өңірлеріндегі бүкіл әскерлерін кері шақырып әкетті, бұған дейін мұндайлыққа қайсысы қол жеткізіп еді, өзара шайнасқан төре тұқымдары ма, жоқ, алты арыс пен алшын ба, қайсысы, кәне аташы!» десті бәз біреулер.

* * * Соңғыүш жылда жалайыр елі қалыптасқан дағдысына орай тағы біраз жерді шиырлап қайтып еді. Қаратаудың теріскейін жерсінбеді ме, жоқ, мұнда бәрібір тыныштық орнамас деп, шайтан азғырды ма, әйтеуір Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан жырау Асанұлы-үшеуі ақылдасып, ел көшін батысқа қарай түзеді. Көктемде жас төл аяқтанысымен жылжып береді. Асықпай жылжиды. Қолдағы малдың қабағына қарайды. Жайылған мал қылтиған көктіүзіп-жұлқып, бір күнде қанша жерге жетсе сол жерде қостарын тігеді. Ертеңіне де солай. Бір жайдан бұлар сол жайылымдағы малдың еркіне бағынғандай. Осы қарқынмен бұлар Шу өзені сіңіп жоғалатын Ащыкөлдің батпағына ұрынып, оны әрең айналып өтті де Сарысуға тірелді. Осыүлкен өзен де бұларға тосқауылға жарамады. Қыс айында мұзүстімен арғы жағалауға шығып, осында бекінді, малды осында төлдетті. Тек жаз шыға Сырдарияға қарай құлады да бетті біржола төменге салды. Жалайыр елінің мұндай жүрдектігіне тағы бір себеп, қолдағы мал басының көбеюі еді. Қалайда, жылқы мен қойды шабыншылықтан, жұттан аман сақтаудың жолы осы дегендей бір әсіре қызыл елес бұларды төменге қарай қол бұлғап шақырып, желіктіре берді. Әрі бұл жылдарда Сырдың осы бөлігінің иесіздігі,әрі жайылымның молдығы елес емес, хас шындықтың өзіндей жалайыр

көсемдерінің ақылын тұмшалады. Мал, мал, мал. Осы малмен жүрек жалғайсың, сол малдың қасиеттісі жібек жалды жылқыға мініп, жаудан қорғанасың, не қашып құтыласың. Сол бетпен бұлар мамырлап, Арал теңізінің Сарышығанақ атты бөлігіне бір-ақ соқтықты. Мұнда шоғырланған ұсақ тау жынысы бар екен. Сол аздап көздерін тартып, әрі теңіз толқыны алаңдатқанмен тезүрейлерін ұшырды. Себебі, сол Арал маңындағы Қарақұмның жазғы ыстығы беттерінен ұрғанда жалайыр көсемдері – Ескелді, Балпық, Қабан жырау –үшеуі өздерін осы жер түбіне қай сайтанның дедектетіп әкелгенін ажырата алмай әлектенді. Биден ақыл, батырдан бақ тайған күн осы десті. Енді Қаратау бөктеріне қарай кері қайту мәселесі бір-ақ түнде шешілді. Қайтар жолда бұлар әлдеқайда жүрдек шықты. Енді малдың емес, адамның қабағына қарау жағы басым еді. Ендіүш көсем өздеріменүзеңгілес немере ағайынды, сиыршы-жақсымбат Малтабар мен Құлжан, мырзадан шыққан Жайнақ батыр Қайырұлы, Тұрлымбет Бекенұлы, ағайынды Есенбай, Есенғабыл, Есқара, Досқара, Қабан жыраудың ағасы мен інісі Аю, Көсембай, Ескелді бидің өз інілері Естай, Досай, Бектұрған, дулат Қосай батыр, Кәшке батыр, орақты Төке батыр, андас Тәттібай мерген, күшік Жолбарыс би, әйелден шыққан бағлан, мырзақарашапан қызы Дарабоз, оның күйеуі андас Кенжекеұлы Құлжа, Ескелдіге туыс-Шора балалары Қаскелең мен Күртібай, тағы басқа осы ширек ғасырдан астам шұбырындыда әбден сартаптанып ысылғандардың бәрін ел-елге бөліп, осы қайтар жолда баршасына жігер беру тапсырылды. Бұл Аралға қарайғы көштің әлдебір жалған ақпарларға сенуден,үш жүздің қырықпышақ алауыздығынан, төре тұқымдарының бірде олай, бірде бұлай ауытқуынан, тіпті бұлар құдайдай сенген Абылай сұлтанның өзі Әбілхайыр ханның қызынаүйленгесін сол Кіші жүз ханының шектен тыс құлқынқұмарлығына «әй, мұның қалай» деуге тартынуынан, тіпті бұл мәселеде ұлы хан Әбілмәмбетті де тыйып ұстауынан, тағы басқа жүйкеге тиер қылықтардан туған қателік екенін осы аталғандардың өздеріне мұқият түсіндірді-ақ. Қалайда бұл марғасқалардың шындықты білгені дұрыс қой. Кейін осы шындық жалайыр және олармен жұптас өзге елдердің ақын-жырауларына едәуір шабыт бітірді. Жалайыр елінің Арал ойысына барып қайтуын әрқайсысы өздерінше жырлады. Әрқайсысы әр қырынан сипаттады. Бар кінәні Ескелді, Балпық, Қабан жырауға артпай жау соққысы атты сол заманға тән зобалаңды көлденең тартты. Бұл бір жайдан аталмышүш көсемнің еркінен туғандай да еді. Себебі, олар аталмыш марғасқаларға қалың елдің жігерін мұқалтпауүшін ол қателіктің өздері тарапынан жіберілгенін жасыруға ықпал еткен еді. Сонымен жалайыр елі Сыр бойлап, қайта өрге салды. Бәйгеқұм атты мекенге жетіп, енді Сарысуға ілінеміз-ау дегенде әлгі көп жыл бұрын бөлініп, жатбауыр тартқан Жарықбас Есентүгел құзырындағы жалайыр-балғалылар хақында хабар алысты. Дала жүргіншілері олардың Торғай өңіріндегі Өлкейек өзенінің сала-салаларында көшіп-қонуда екенін жеткізді. Ескелді, Балпық, Қабан жырау-үшеуі көп сұрақтың астында қалды.

– О,жаратқан ием, жар бола гөр! Біздің білуімізше олар осы Сыр бойында еді ғой. Біз осы дарияны жағалап, Арал ойысына төмен тепектегенде жолымызда кездеспегесін оларды дарияны жоғары өрлеп кеткенге ұқсатып едік қой? Ал мынауыңыз бас жарып,көз шығаратын жаңалық қой. Сырдария қайда? Торғай қайда? –деп, Ескелді таңдана қабағын көтерді. – Рас айтасыз, би-аға! Торғай дегенің алыс теріскей, ит өлген жер! – деп, Балпық осыдан тура жиырма жыл бұрын сол қиырдағы соғысқа қатысқанын еске алды. Бидің алдында бір күнәсі ашылғандай төменшіктеп, күмілжи сөйледі. Би мен батыр сосын Қабан жырауға қадалысты. Бұл шақта алпыстың мол ішіндегі жыраудың сақал-шашы мықтап-ақ ағарған. Тіпті қос қабағы да жел ұшырып әкеп жапсырған ақ қозының екі түйір жүніне ұқсайды. Тек келісті кеудесі ғана бәз-баяғы қалпында. Ол би мен батырдың өзіне қадалысын «сіз не айтасыз» деген сұраққа балады. Айтпай қайтсін, бұл жыраудың өз ішін де кемірген жай. – Егер біз осы қарқынымызбен алды-артымызға қарамай жосыла берсек өз қолымызды өзіміз кескенге парапар ғой. Сол күні кешке қарай түннің бір уағына дейін жорық жағдайына лайықталып тігілген кішкене қоста жалайырдың осыүш көсемі ел ішінде аты белгілі біраз адамдарды қатыстырып, мәслихат құрды.. Ия, бұл алып кел, барып кел дей қоятындай иектің астындағы жер емес, жол аяғы тым қашық. Әрі жол болғанда қандай, ол заманда қауіп-қатері әскере мол жол. Қара түгіл, атағы жер жарған хан-сұлтандарға тиесілі керуендердің тоналып жатқан жолы. Тәуекелге бел бумасқа тағы жөн жоқ. Қайтпек керек? Ақыры осыдан жиырма жыл бұрынғы Торғай өңіріндегі Бұланты атты өзен, Қарасиыр атты мекендегі шайқасқа қатысқан дулат Қосай батыр сияқты оншақты адамды бөліп, оларды тағы он бес жауынгермен толықтырып, бәріне басшылыққа Қабан жыраудың інісі Көсембайды тағайындап, сол Торғай өңіріне жөнелтуге келісті. Ертеңіне бұл топ аттанар алдында оларға соңғы жолнұсқа сөзді Ескелдінің өзі айтты: – Қалайда, жалайыр-балғалы елін іздеп тауып, Жарықбас Есентүгелдің өзімен бетпе-бет тілдескін. Сыр бойынан сонау Арқаға қай тағдырдың тәлкегімен шығандап кетті? Қазіргі қам-қарекеттері не? Неденүміт, кімнен қайыр күтуде? Осы бағдарда не деседі, бәрін құлақтарыңа құйыңдар,асықпаңдар. Қазір хан-сұлтандардың өздері алты аша ала ауызданған заман. Кімге сеніп болады бұл күнде? Бөлінгенді бөрі жейді. Ең лайығы жалайыр-балғалылар сонау Қаратау теріскейіне қарай ірге аударып, бізді іздеп тапсын. Іргесі бүтін ел болсақ қана бас қорғаймыз. Олай қозғала алмаймыз десе оған не себеп, соның егжей-тегжейіне қаныңдар. Біздің тараптан қандай көмекке иектері қышиды,оны да қазбалаңдар. Бұл 1748-жылдың наурызы. Көсембай тобы Торғай сапарына бір айдай уақыт арнап, сәуірдің аяқ шенінде өз елін Сарысу бойында қуып жетті. Тәптәуір хабар әкелгенсіді. Бұлар жалайыр-балғалыларды тауып, Жарықбас Есентүгелмен, тоқсанға таяса да сөзінен жаңылмаған Жүсіп қариямен, Алғазы ақынмен

армансыз-ақ дидарласыпты. Үшеуі де Ескелді, Балпық, Қабан жырау сәлемін ұйып тыңдап, жел шайқаған қурайдай бастарын шұлғыпты. Сосын бұл шақта елуді еңсерген, бет терісі, шығыңқы жақ сүйектері, тіпті ұшы сәл түйнектелген ұзын мұрнына дейін даланың боз жусанына ұқсап ескірген, ашаң кеудесі «не көрмеген бейбақпын, жаңа заманның да әпселеңін көтеріп аламын» дегендей қақшиған Есентүгел сәл-пәл тебіреніспен ағынан жарылыпты: – Біздің бұлай Арқаға жылыстауымыз қайбір жақсылықтан дейсіздер. Сыр бойында Кіші жүз – алшын елі біресе өздері, біресе қарақалпақтарды жұмсап, тынышымызды кетірді. Ал мұнда Барақ сұлтан Тұрсынхан баласын ықтасын еткендейміз. Түптің түбінде Ұлы жүз еліне осы хан болады деген сыбыс бар ғой. Кімнен тараған сыбыс бір құдайым білсін. Құлақкесті құлша бағынған ештемеміз жоқ, тек ықтасын еткендік қана. Ал Қаратау теріскейіне көшу, сіздерге қосылу біздің де көкейіміздегі арман. Тек көлденеңнен киліккен бір жай бар. Қарақалпақтармен шарпысып жүріп білгеніміз солардың арасында мың бес жүздей түтін жалайырлар бар екен. Өздерін жалайыр-қарақалпақтармыз дейді. Бірақ бізге бүйректерінің бұратыны анық. Сондағы Жайнақ батыр Қошқарұлы деген біреуі жанынан қорықпай біз қарақалпақтармен тағы бір ілініскенде қарақалпақтарды іштен бүлдіріп, бізге қолқабыс жасады. Жалғыз Жайнақ Қошқарұлы емес, сондағы Дос, Ес, Жангел, Қылышбек деген оның батыр туыстарының да біз десе ішкен асын жерге қоятынына көз жеткіздік. Ал қарақалпақ-жалайырлардың көрген күні біздің күнімізден де қараң екен. «Кірме», «сатқындар» деп, онысы бір, мұнысы бір түртпектейтін көрінеді. Міне, сол мың бес жүз түтін жалайырқарақалпақты өз ішімізге көшіріп алу үшін ақсақал-қарасақалдан жиырма адамдық елшілік аттандырғамыз. Тілдеріңнен май тамызып, оларды шақырыңдар, ешқандай жәбір көрмейсіңдер, сабақты инеңе ешкім тимейді деп, құран сүйіп, ант-су ішіңдер деп табыстадық ол ақсақал-қарасақалдарға. Алғашқы хабаршы да жетті, жалайыр-қарақалпақтар бізді құп көріп, мына қар кетіп, жер аяғы кеңи сол елшілікпен бірге бері көшпек екенін олар да құран сүйіп, ант-су ішіп растапты. Амал жоқ, соларды күтеміз. Құдай жарылқап, олармен құшағымыз айқасса сол күні-ақ Қаратауға қарай дүрк көтерілеміз. Бұл жауапқа Көсембай, Қосай, тағы басқалардың іштері шылқымай болады. Тек «ол қарақалпақтар жалайырдың қай атасына жатады екен» деген сұрақты қыстырыпты. Оған Алғазы ақын жауап беріпті: – Мен Сыр бойындағы тағы бір шарпысудан соң аз адаммен құн даулап, қарақалпақтардың ішіне бардым емес пе? Сонда мына Есентүгел аға атағын Жайнақ батыр Қошқарұлы өзі ебін тауып, мені оңашаға әкетті. Бастарындағы қиыншылықты айтты. «Жалайырдың қай атасынансыңдар» деген сұрағыма әжептеуір қиналды. «Ерте заманда батыр атамыз өзбектің бір үлкен ханын өлтіріп, құн дауынан қорқып, қарақалпақ атаныппыз. Бір анығы түбіміз жалайыр, қай атасынанбыз қайдам» деді. Мен де оңай тентек емеспін ғой, ата-тектерін, ең еңселі би-батырларын індете қуып, тізбелеп,олардың балғалылар екенін анықтадым. Сөйтіп, өзіміздің туысымызды таптық.

Бұл уәждерге Көсембай, Қосайлардың сенбеске амалы кәне. Тек қайтарда олардың бір егде адамы Көсембайларды жолдан тосыпты: – Жарықбас Есентүгел сапырмасының өтірік-шыны аралас, – депті ол. – Жалайыр-қарақалпақтарды осында көшірмек бүркеніш қана. Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлы бұл маңға бізден көп кейін, тіпті анығын айтайын, осы биыл ғана, ақпанның соңы, наурыздың басы ма екен, сонау Созақтағы елін тастап, аз ғана ауылмен, Арқаның суығын елемей осында қауырт көшіп келді. Шындығында Есентүгел Барақты емес, Барақ Есентүгелді іздеп келгендей. Себебі дем арасында екеуінің ым-жымы бір болып шыға келді. Естіген шығарсыздар, Барақ пен Әбілхайыр ханның арасы күннен-күнге ушығуда. Ал біздің балғалының Әбілхайыр айналасымен тұлабойды қайнатқан ескі кегі бар. Оны Барақ жақсы біледі. Соны пайдаланып, Жәдіктің тақыс сұлтаны Есентүгелдіүлкен бір жаманшылыққа арандата ма деген қаупіміз бар. Қалайда, біз азшылықпыз, құдай бетін аулақ қылсын, әлдеқандай күнде екі түйе жанасса ортасында бір шыбын өледінің кері келмей ме? Осы жағын да Ескелді-Балпыққа жеткізіңіз. Ескелді, Балпық, Қабан жырау ол жағын да, бұл жағын да салмақтады. Қыс ызғары әлі қайта қоймаған, жол ауыр мынадай уақытта бұлар не істемек? Әлде тағы кісі сала ма, бірақ олар не тындырмақ? Сөйтіп, қол қысқалығын сезді. Ақыры ендігі қамды күннің жылынып, өздерінің Қаратау теріскейіне жетіп бекінетін шағына қалдырды. Сөйтіп, мұндағы жалайыр елі ары жылжыды. Межелі тұсқа тіптен жақындап еді. Бұлар қанша жүрдек дегенмен басы қатты уақыт бой бере ме? Ол жақтың да көшке лайықсыз боранды қысы, жаңбырлы күз-көктемі бар дегендей. Есептеп бақса әу баста жалайыр елі өздері өкшелерін көтеріп әкеткен Қаратау теріскейіндегі Үлкен Ақтау айналасына, Талас өзенінің жағалауына қайта табан тірегеншеүш жылдың басына су құйылыпты. Иә, Арал теңізімен екі ортадағы ары-бері жүрісүш жылды жұтыпты. Ұлы би Төле Әлібекұлы, міне, жалайыр елімен сол Үлкен Ақтау маңында тоқайласты. Жалайырлардың осылай қозғалысын өз хабаршылары арқылы дәл есептеген ұлы бидің өзі де кездесуіміз осы маңда болар деп топшылаған.

* * * Ескелді де, Балпық та, Қабан жырау да өздері көптен жүздеспеген Төле бидің мына келісі жайдан-жай емес деп бірден түйді. Мал сойылып, жақсы қонақасылық рәсім атқарылды. Жалайыр биінің он екі қанат еңүлкенүйіндегі мәслихатқа ел басшылары ғана емес, олардың ығындағы өзге марғасқалардың баршасы қатыстырылды. Бұл кезде әбден қартайған күшік Жолбарыс би денсаулығы сыр берсе де өзін мықты ұстап, керегеге арқасын сүйеген күйі Төле мен жалайырдыңүш көсемін көзімен ата қарайды. Шора балалары Қаскелең мен Күртібай, Жайнақ батыр Қайырұлы, тағы басқалардың да жүздерінде ашу-ыза бардай. Бұл атағыүш жүзге мәлім адамдардың мына тоқайласуынан қалай да бірүлкен жаңалық күткендіктің белгісі еді.

Төле би, Ескелді, Балпық, Қабан жырау он екі қанатүйдің қақ ортасында бастарын төмен салбыратып, бір-бірін маңдайларымен сүзердей ұйлығысып, өзара тым жақын орналасқан. Қалғандары Жолбарыс биге ұқсап, айнала керегеге арқаларын сүйеп, қаздай тізіліп қалшиюда. Бұл түн уақыты еді. Екі-үш жерге қойылған тас шам есігі мұқият жабылған, түндігі жартылай түрілгенмен жел атаулыны бері кіргізуге жоқ мынадай киізүйде өз-өзінен жалпылдап жанып, айнала жұртты кезек-кезек өз жарығымен шалып өтеді. Сыртта жақсы күзет қойылған. Жылқының пысқырғаны, ауық-ауық сұңқ ететін түн құсыныңүні демесең бұлардың сөзін бөлетін дәнеме жоқ. Алғашқыда Төле би Ташкент қаласы маңындағы жайды, сосын Түркістандағы ұлы хан Әбілмәмбетпен, Жәнібек тарханмен кездескенін, Әз Тәуке қабірінің басына тауап еткенін қысқа-қысқа шолды. Бұған жауап ретінде Қабан жырау өздерінің соңғыүш жылда Арал теңізі маңына қалай барып қайтқандарын баяндады. Қайсысы қандайүлкен жайды қозғаса да сөзді шымшықтың тұмсығындай етіп қысқа қайырады. Бір сөзден мың сөздік хикаятты түсінетін майталмандар екені де шалынатындай. Әрі осының бәрі алда терісі сыдырылатынүлкен мәселенің кіріспесі екенін де білдіретіндей. Бірауық Төле жүзін көтерді. Екі-үш жерден жылтыраған тас шамның жарығында да ұлы бидің әбден ағарған сақал-шашы, жағалай жұртты көзімен барлағандағы ажырайған қабағы айқын аңғарылды. Томардай омалған денесінің де сәл-пәл ырғалғаны анық. Бұл баршасын адақтап тауысып, Ескелдіге қадалғанда көздері бір қазыққа тіреліп, соған байланғандай қалт кідірді. Жалайыр биінің тікелей өзімен жауаптаспақ түрі бардай. Әрі оның өзінің жиен немересі екенін пайдаланып, омырауға алып сөйлемек пе? Қалайда, ұлы бидің бұл қарасы тегін емес. Ернін жалап, ұлы бидің аталы сөзге көшпек райы соқырға таяқ ұстатқандай айқын. Төле би аузын ашыпүлгермеді, сырттағы күзеттегілердің басшысы жас қолбасы жігіт есікті түріп, ішке секіре аттады да Ескелдіге қарап: – Би-аға, сонау Көкшетаудағы Абылай сұлтаннан адамдар келді! – деп, асыға-аптыға сөйледі. Бұл келгендер Шанышқылы Бердіқожа мен әлгі осыдан сегіз жылдай бұрын Бурабайдың Оқжетпесі түбінде ұлы хан мен сұлтанның Орынбор кездесуі қарсаңында орыс елшілерімен дайындық жұмысына кіріскенде Қарқаралыдағы Қаздауысты Қазыбек би мен Қаракерей Қабанбай батырдың наразылығын арқалай жеткен Шотана еді. Сегіз жыл дегенің ол заманүшін ұлан-асыр уақыт қой. Көп оқиғалар Шотананың көкірек сүйегінде әртүрлі таңбалар қалдырды. Ақыры Қазыбек бидің баласы Бекболатқа ұқсап, бұл Шотана да Абылай сұлтан құзырына көшкен. Міне, енді Абылай сұлтанның бір тапсырмасымен Шанышқылы Бердіқожамен қосақтасып, Ұлы жүздің ұлы биі Төлені адаспай тауып келіп отыр. Бұған Төленің бағыт-бағдары жөніндегі ел ішіндегі ұзынқұлақ мықтап септескен. Әрі Ескелді би бастаған жалайыр елінің Қаратау теріскейіне қайта оралып табан тіреуі де жұрт аузындағы көп сөздің бірі еді. Әрі бұл қиырда нағашы атасының оған соқпай өтуі мүмкін бе? Міне, Шанышқылы Бердіқожа мен Шотанаға жол сілтеген осы жайлар.

Төленің мінез-құлқы табан астында өзгерді. Абылай сұлтан адамдарымен төс қағысқанда жаңа ғана бет әлпетінде шапсаң кетпестей атойлаған қаталдық сыпырылған пердедей жоғалып, жайдары көңілділік белгілері жыпырлап кеп берді. Екі езуіне күлкі де ұялағандай. Ұлы бидің бұлайша құбылуы түсінікті. Ескелді өзінің немересі, Абылай да баласы есепті, енді бірініңүйінде екіншісінің азулы да еңселі елшілерімен бас қосуын алланың ойда жоқта көктен лақтырған ырзығына балады. Бұлардың қасында әлгі жас құсбегі Құлнияз бен Саржан да бар еді, өзге атқосшылар сыртта. Мына төртеуге берілген ас-суүстінде Төле би ең алдымен қызық әңгімеге аңсары ауғандай Шотанаға жайқала қарап, мұртынан күліп сөйледі: – Мына Шотананың даусы қара жерді қақ айырардай деп естіп едім, Арқада Әулиелі Қызылтау деген жердеүлкен биік тас түбінде бұл інішек жалғызүй отырады екен. Бір күні таңертең қараса екі өгізі жоқ дейді, ұрылар әкеткені анық, малдың жас қиы, ізі сайрап жатыр. Бұл Шотана сонда ақырып береді ғой: «Әй, ұры-қара, мен Шотанамын, екі өгізіммен қай інге тығылсаң да табамын, кәне тоқта!» дейді ғой. Сонда Шотананың ақырғаны соншалық әлгі біраз ұзап кеткен ұрыларды бұл дауыс тап желкеден ұрады ғой. Иесі қуып жетіп қалған екен деп, олар екі өгізді тастай қашыпты. Ұлы бидің көңілді райына орай баршасы мырс-мырс күлісті. – Ондай дауыс мына біздің Жайнақ Қайыр баласында да бар. Баяғыда, бұдан алыста, сонау Тарғай өңірінде, Бұланты дей ме, сондай бір өзеннің жағасындағы соғыста жау қоршауында қалғанда айғайға басып, өзіне қарай өңмеңдеген қалмақтардың жүрегін жарыпты ғой, – деп, Ескелді де сөйледі. Жалайыр биі иегімен нұсқаған іргедегі Жайнаққа Төле де, мына төрт қонақ та әдейілеп бұрыла қарады. Сол сәтте күшік Жолбарыс бидің қоңырүні қоңыраулады: – Батырларымыздың даусы жер жарады, топтанған жаудың жүрегін парша-парша етеді, ұрылардың көкжелкесіне қара тастай тиеді, ал кең дүниенің ол пұшпағынан бұл пұшпағына сабылған сірі тақым, сірі жанды біздің түріміз мынау! Сүйегіне қарысып әрең отырған ел анау! Түздің тарғыл тасындай көнерген Жолбарыс бидің қағытпасында Шотана мен Жайнақтың дауыстарынан да әрмен сүйеккке батар жаман зіл жатыр еді. – Жолбарыс сынды бет-жүзге қарамас, ашық көкірек ақсақалдың арамызда жүргені қандай ырыс! Өзгеміз бүйтіп мұң шағудан да қалдық! Аузын буған өгіз де бір, біз де бір! –деп, қарсы іргеден Құлжан батыр дүрілдеді. Қасындағы немере ағасы Малтабар Құлжанның сөзін жаратпай алғашқыда жалт бұрылып еді, соңынан өзі де мойына су құйылғандай басын төмен салды. Айнала жұрт сілтідей тынды. Тек Төле мен жалайырдыңүш көсемі сыр алдырмағансып, көңілді әңгіме жалғаса берді. Кенет ұлы би Абылайдың, Барақ сұлтанның, жалайыр Өтегеннің, басқа да екі жүз сарбазбен осыдан алты-жеті жылдай бұрын қалмақ қонтайшысында тұтқында болғанын еске алды. Әңгімені бірден Абылайдың жеке басындағы дара қасиеттерге бұрды. Қалдан-Сереннің ең сүйікті күйеу баласы, әрі бүкіл Жоңғарияға танымал батыр да қолбасы Шарышты сонау

Шу-Іле алабындағы ұлы шайқаста жекпе-жекте өз қолымен өлтіргеніүшін Абылайға деген ызасы қара қазандай қонтайшы оның етінен ет кесіп, табаға қуыратын шығар деп ойлап еді баршасы. Бірақ оқиға ауаны күрт басқа бағдар алды. Ол жылдарда Абылайдың тұтқында болуы, Әбілхайыр ханның біресе Орынборға, біресе Жоңғарияғаүсті-үстіне хат жазып, шат-шәлекейі шығуы, орыс елшісі Карл Миллердің Жоңғария шекарасына қарай арнайы сапар шегуі, құдайдың құдіретімен Абылайдың абжыланның аузынан бір тал түгі қисаймай, керісінше,үлкен абыроймен босануы өтірік-шыны араласып, қапқап аңыздарды тудырды. 1743-жылдың қыркүйегінде осы Төле би Әлібекұлы тоқсан адамдық елшілікті бастап барып, қонтайшы зайсандарымен қортынды келіссөзді өзі жүргізіп, Абылайды бүкіл серіктерімен өзі алып кеткен ғой. Ол елшіліктің ішінде мына жалайыр биі Ескелді Жылгелді баласы да бар. Демек, Абылайдың тұтқындағы халі хақындағы шындық орынсыз әсірелеу, қауесет, жел сөзбен қампимай тұрып, қоламтадан жаңа суырылған күйінде Төле бидің құлағына жеткен ғой. Өтірік айтса Ескелдідей куәгері бар: – Жә, сөз реті келгесін көмекейге бүгіп қайтеміз, Абылайды босатыңдар деп, Орынбор ұлығы Жоңғарияға хат жазып, арнайы елші салған ғой. Ол елшісінің өзі табаны бұдырлы керемет біреуі екен. Сөйте тұра сәл уақыт өткізіп, қазақ пен қалмақтың арасындағы аз-кем тыныштықтан күдіктеніп, «әй, осы бізге не жоқ, жауласуымыз жетпеді ме» деп, қазақ пен қалмақ ойда жоқта құп жарасып кетпесін, әуелде, содан сақтанайық деп, сол Орынбордың ұлығы өзінің патшасына және хат жазыпты. Енді қайтсін, екі ит таласса ортадағы сүйекүшіншіге тиеді ғой. Түркістандағы Шақшақ Жәнібек Қошқар баласының да құлағы сақ. Тарханмын, сендерге қарағанда орыстардың қасында арқа– басым кең деп сөйлейді. Сол Жәнібек осы жайды Орынбор ұлығының майға сұққан қасықтай жылпос көмекшілерінің бірінің аузынан естіпті. Пұл беріп айтқызды ма, жоқ, былайша ма, әйтеуір қалайда, Жәнібек сөзіне өз басым сенуге бармын. Осылай Төле би Абылай сұлтанның тұтқындағы тынысы жайында таза шындықты екшеп, әртүрлі қоспалардан арши сөйледі. Қонтайшы,оның ханымы Қарабас және Абылай-үшеуінің арасындағы әртүрлі сөз сайыстарын қаз-қалпында тізіп, мына біреуіне ерекше ден қойды. Қонтайшы сұрапты: – Шарыш қайда? – Жаны жәнатта! – дейді Абылай. – Біздің мұсылман дінінің уағызынша өз елінің намысын қорғап, соғыста шәйіт кеткендер жұмақтың қақ төрінен орын алмақ. Сөзге қабағы қарс түйілген Қарабас ханым кіріседі: – Бізге тұтқынға сенен бұрынырақ түскен қазақтар айтады, мұсылман уағызынша мың күнгі жұмақтан бір күнгі жарық артық дейді. Соны біле тұра Шарышты өлтіруге дәтің қалай барды? Қызымыз басына қара жамылды ғой. – Шарышпен қан майданда жолықтым, қайсысының Шарыш, қайсысының басқа екенін қайдан білейін? Екі жақтан да қару сілтеушілер, бірбірін қырып-жоюшылар көп болды, – дейді Абылай.

– Е, ендеше, сол көп боздақ, көп құрбандық қатарына сен де қосыл! – деп,қонтайшы орнынан асықпай тұрып, іргедегі күміс құрсаумен безендірілген сандықтан алтын балдақты, сала құлаш қылышын суырып, Абылайдың жалаңаш маңдайына қарай бар пәрменімен сілтейді-ақ. Тек сол сәтте Абылайдың төбесіндегі ақ құс сияқтанған бірдеме жарқ етіп, кесекөлденеңдеп, қылышты тіреп қалады. Қонтайшының қару сілтеген оң қолы иығына дейін қарысып, жансызданады. Қолы ғана емес, бүкіл денесі жансызданып, ұйып бара жатады. Мүны сезген Қарабас ханымның көздері шарасынан шығады. Енді екеуі қазақ сұлтанының жасқанбақ түгілі кірпік қақпаған түрін көріп, одан әрменүрейге бой алдырады. Ал Абылай түк болмағандай әуелгі сөзін жалғастырады: – Сіздер бүйдейсіздер, ал менің сол Шарышқа қатысты іштегі бір арманым жаман қозып, жанымды жүдетіп барады! Қонтайшы сәл абдырап, қалпына келгесін қылышын іргедегі сандыққа қайта салып, Абылай сұлтанға қарама-қарсы жайғасады да: – Шарышқа қатысты қандай арманың қозды? Тарқата сөйле, уақыт кең. Біз ұғуға жарармыз, – дейді: Абылайға керегі де осы: – Менің ішімді жегідей жеген төрт арманым бар еді, біреуі де орындалмады. Бірінші арманым, біз Әбілмәмбет ағайым екеуіміз сардалада сайғақша жосылған қазаққа басшы едік, орыстарша қала салып, отырықшы етіп, басын біріктіре алмадық, елімді жосылған күйінде қалдырдым-ау деп армандаймын. Екіншісі, қазаққа жер емшегін емізе алмадым, «алтын, күміс тас екен, арпа, бидай ас екен» дегізе алмадым, содан құсаланамын. Үшінші арманым, Шарышша қан майданда өлмей қапыда қолға түсіп өлдім-ау деп қан жылағаным. Төртіншісі, қазақ пен қалмақ тілі бір, тұрмысы бір халық, дініміз басқа болғанмен құдай біреу ғой, сол жағын қалмақтарға ұғындырып, бір жағымыз орыс, бір жағымыз қытай, солардан бірлесе қорғануға иліктіре алмадым деп армандаймын. Осының бәрін сап-сабымен түзген Төле би былай қорытты: – Абылай сөзінен соң Қалдан-Серен ауыр ойда қалыпты. Өлерінде өзін қаумалаған бала-шағасына қазақты қарумен емес, пұтқа табындырып, достыққа шақырып алуымыз керек еді деп, өсиет айтқанын естімедік пе? Абылай, Барақ сұлтандарды, жалайыр Өтегенді, өзге де екі жүз сарбазды сый-сыяпатпен шығарып салуы соның айғағы емей немене? Біз сексен адам барып, Абылайларды босатып алғасын, бері жүргенде қазақ-қалмақ аралығында қытайлардың бірүлкен әскер шоғырының қоршауында қалдық. Олар бізді Қытайға әкетпек болды, өз еліміз алыс, біз дереу қонтайшы байтақысына ертөле ұшырттық. Қалдан-Серен дереу бізгеүлкен әскер жіберіп, қытайлықтардан құтқарып, жолымызды тағы ашып берді. Бұның аты не? Бұл, әрине, жоңғарларды Абылай сұлтанның мысы басқандығы. Қазақ пен қалмақтың арасындағы соғыстың қажетсіздігіне көзін жеткізгендігі. Мен әмсе ойлаймын, Абылайдың ақ туы әрдайым тігінен тұрса қазақ адаспайды! Өткеннің жыры осымен доғарылып, бүгінгі күннің әуселесі қаузалды. Бұлар таң алагеуімденіп атқанша іштегілерін сарықты. Орыс, қытай, қазақ,

қалмақ, Қоқан, Бұхара хандықтары, қызылбастар, тіпті башқұрттар мен Еділ бойындағы екінші қалмақ жұрты бар, баршасының ішек қырындысына дейін сараптасты. Ақыры, бір шешімге келді. Таң әбден ағарып атқанда, бұл кезде елуүш жастағы Ескелді би, әрбір түз қазағына тән кәрілік белгілері мықтап ұялаған сопақша жүзін шаңыраққа қарай көтеріп, екі қолын жайып: – О құдайым! Ендігі салмақты маған артқан екенсің! Енді адастырмашы, асыл кием, ақ бурам қайдасың, басташы! Жетісуым, алтын бесігім, көз алдымда бұлдыраңдайсың ғой, екі көзімнің етін ауыртып тартқандайсың. О құдайым, оң бағдарыңды, оң жолыңды бере гөр! – деп, бата қылды. – Оң жолыңды бере гөр! – Оң жолыңды бер гөр! – десіп, Қабан жырау мен Балпық та бет сыйпады. Шанышқылы Бердіқожа мен Шотана бұл жылдарда Абылайдың ең сенімді адамдары еді. Ұзақ жүріс, ұйқысыз түн бұларүшін бұйым емес, мынау шешім бұлардың да жандарын жадыратып әкетті: – Абылай сұлтан да көп бағдарға көз жүгіртіп еді. Солардың ішінде көбірек зер салғаны осы бағдар еді, біз аман-есен жетіп айтуға жарасақ сұлтанның қанаттанары анық! Осындағылардың ең жасыүлкені күшік Жолбарыс би: – Мынау қаусаған сүйек-саяғыма сол Жетісудан топырақ бұйырса құдайға өкпе-наразым жоқ! – деп қалды. Құлжан батыр тәттіге тойған жас балаша жүзі жадырап, құлдыраңдай күлді. Кексенің жас балаша күлуі өзгеге жараспас, ал бұған әбден-ақ жарасты. Түні бойы сөзге көп араласпай томырайған Малтабардың толық дөңгелекше жүзіндегі әжім талшықтары өткірдің жүзі салған сызықтай тым жіңішке, әрі өзара жақсы қиюласқандай. Ал бұл жылдарда аппақ болған қысқа сақал-шашы сол өрнекке шебер әйелдің қолымен қондырылған ашық түсті жиектей. Бұл Малтабар өзінің немере інісі Құлжанның қылығын өмірінде бірінші рет құптағандай жұмыңқы көздерін ұшқындатып, масайрай қарады. Бұлар ғана емес, жағалай іргедегі Тұрлымбет, Жайнақ, Қосай, Көсембай, Есенбай, Есенғабыл, Күртібай, Қаскелең, Аю, Кәшке, Төке сияқтылар да жүздерін құбылтып, әрқайсысы өздерінше бір-бір жағымды ишара жасағандай. Тек Ескелді, Балпық, Қабан жырауүшеуіүнсіз сазарып, мынау көп ортасында өз бастары сынға түскендей бойларындағы қайрат-жігерді ойша безбенге салғанға ұқсады. Төле бидің: – Ұлы жүздің ноқта ағасы-жалайыр елі басына моншақ көтерген, шырақтарым, жорық басы сендерсіңдер! – деген сөзінен кейін олүшеуі тіптен мұз құрсанды. Төле би Қаратаудың күнгейіне, Шанышқылы Бердіқожа мен Шотана, оларға ілескен Саржан мен Құлнияз, өзге атшы-қосшылар Арқаға қарай сол таңда-ақ аттанып кетті. Саржан мен Құлнияз құсбегілік хақында ешкімнің ауыз ашпағанына өкінгенмен мынадай ұлы қозғалыс лебінен олар да жұбаныш тапқандай. Сол-ақ екен, Қаратаудың теріскейінде, Үлкен Ақтау айналасында, Талас өзенінің бойында, одан да әрірек жайыла жамбастаған жалайыр, олармен жұптасқан өзге де елдердіңүстінен құйын жүгіріп

өткендей болды. Баршасы тайлы-таяғымен тік көтеріліп, кереге-уықтарын сатыр-күтір еткізіп, аяқ-табақтарына дейін салдырлатып, шуласып кеп берді: – Жетісуға! – Жетісуға, Жетісуға көшеміз! – Жетісуға көшеміз! – Жетісу жерім-ай, сауықшыл елім-ай, баяғы ажарымызды қайта табар ма екенбіз. – Құдай жазса Іле дариясына жетіп, оны әрі кешіп өтеміз, Қараталдың суын татамыз! Қора мен Шажаның, Көксудың суындай мөлдірі бар ма? Хан қызының мойнындағы гаућар тас та өйтіп жарқырамас! О құдайым! Жаратқан ием, тілеуімізді бере гөр! Аяғымызға күш-қуат бер! Малымызды жүрдек қыл! Қаратаудың теріскейіндегі бұл елдің Жетісуға қарай қозғалысы сол таңда-ақ басталып кеткендей. Ескелді-Балпықтың ауызша бұйрығын арқалаған атшабарлардан гөрі ұзынқұлақ жүйрік шықты, ең шеткерідегі елдердің өздері заматта хабарланып, сол таңда-ақ өріске айдайтын малдарын шығысқа қарай беттетті. Қуаныштан жүрегі жарыла жаздап, «Жетісу жерімай, сауықшыл елім-ай» деп,кейбір жасамыс әйелдердің шырқата салған әндері бұл қиырдан әлі ұзапүлгермеген Төле би, Шанышқылы Бердіқожа, Шотана сияқтылардың көкжелкелерінен ұрғандай. Ия, сөйтіп бұл қиырдағы ел 1748-жылдың маусым айында Шу өзенін өрлей дүрк қозғалды.

* * * Ташкентте басқа бір жаңалық Төле бидің алдынан шықты. Екі жыл бұрын бұл заманда не деп болады деген әлдебір неғайбілдік, саруайым сияқтылардың тепкінінен аз уақыт ақыл тізгінін жоғалтқан шақта осы Төле би өз өкімімен жалайыр Өтеген Сәбденұлын, дулат-жаныс Өтеген Өтеғұлұлын «Жерұйықты» іздеуге жібермеп пе еді. Міне, солар оралыпты. Бұл екі жылда неше қат бұрқасын дауылдарды, заманауи төңкерістеріді өткерген ұлы би ол қос Өтегеннің бұл «Одиссеясынан» әлдеқандай олжа дәметуден әлдеқашан аулақтаған. Өкініп, бармаған да шайнаған . Сонда да сыр бермей алпыс екі ғаламның неше пұшпағына табан тигізгені белгісіз қос жићанкезді бүкіл тобымен өз туған балаларындай-ақ жылы шыраймен қуана қарсы алды. Бұл шақта Қоқан билеушісі Әбдікәрім бек тағайындаған Ташкенттің жаңа бегі мен осындағы бас әскербасы Төле Әлібекұлы екеуі қаладағы Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның мазарына таяу күйген кірпіштен қаланған ескі сарайлардың бірін өздеріне орда еткен. Міне, сол орданың алдында аттылы-жаяуы аралас, жер қайыстырған қалың қара-құраның көз алдында қос Өтеген мен оларға ерген отыз төрт адамды ұлы би Төле өзі күтіп тұр еді. Салтанатты кездесуге орай зерлі қалпақ, оқалы шапан киген Төленің жүзі нарттай жанып, жастық қуаты оянғандай. Жалайыр Өтеген мен дулат Өтегеннің тобы, әрі оларды мұқият қоршауға алған қарулы әскер арт жақтан кимелеген көптің тегеурініне шыдамай тіптен бетпе-бет келді. Бұл топтың сапары шынында оңай-оспақтан емес еді. Әуел баста бірден түстіктің

ыстығына бет қойып, Түркістан, Зерафшан жоталары дегендеді басып өтіп, едәуір уақыт Әмудария жағалауын шарлаған. Сосын Қарабел қыраты арқылы, ауған жеріндегі Банди-Түркістан қырқасында бір қыс қыстаған. Бүйтулеріне жалайыр Өтегеннің ертеректе осы елде болғандығы да көп-көрім ықпал еткен. Бірақ жалайыр жићанкезінің ол келісі мен бұл келісінің екі ортасында ауған жұрты талай қыспақ, бүліншілікті бастан кешіріп, мүлде басқа ахуалдың иірімінде еді. Ауған жерінен тура батысқа сілтеп, Үлкен тұзды шөлге ұрынған. Бұл Үлкен тұзды шөл «Жерұйық» іздегендердің басына едәуір ойран салып еді. Енді «сулы жерде ғана тіршілік бар» деп өзара білгішсінді. Одан тағы батысқа сырғып, Эльбурс тауына тақағанда қызылбас қарақшыларының шабуылына ұшырады. Олардан құдай болысып қана құтылды. Кейінгі замандарда қазақ ақындарының бірнеше ұрпағы жырлаған «Өтеген батыр» дастанында ауызға алынған Ғайып-ерен қырық шілтен, білгір көсем, батагөй шал, айдаћар, абжылан, жезтырнақ сияқтыларға қатысты қиял-ғажайып ертегілерге тән суреттемелер сол Үлкен тұзды шөл, Элбурс тауы маңындағы соқтықпаларға орай туып еді. Бұл жићанкездер одан әріде Атырау теңізінің түстік бөлігіндегі батпаққа қамалды. Жан шошытар небір құбыжықтар, хайуанаттар, жәндіктер онда да әндете, би билеп, өнер көрсетті. Қалайда бұлар жүрек жұтқандар, әрі қарулылар ғой, бұл баптақ патшалығынан да өкшелерін жалтыратып, неше түрлі атаулары бар қарақұмдарды кешіп өтіп, Әмударияға қайта ілікті-ау. Бұлардың ендігі ойлағаны бас амандығы, әрі елге жету еді. Төле биге тіптен бетпе-бет келгенде екі Өтеген бір-біріне жалтақжалтақ етті. Осыншама нөпірді салғыртпай түйінді сөзді бір-ақ айту міндеті тұр еді. Енді екеуі бір-біріне жол бергенсіген іркілістен соң жасыүлкен жалайыр Өтеген бір аттап алға шықты да, айнала елдің құлағына айқын жететіндей етіп: – Алтын Жәкем! Алатаудай жер жоқ! – деді. Бұл хабардан бетіне мұз бүркенудің орнына іздегенін жаңа тапқандай Төле би өзі бұларға қарайүш-төрт қадам жасап барып, екі Өтегенді кезеккезек бауырына қысып, құмарлана сүйді. Қалың әскер, иін тірескен жұрт ортасында төбелерінен айнала ұшқан көгәршін қанаттарының сатырсұтырына ұқсас дыбыстар күшейіп бара жатты. Баршасы темір етіктері теңгедей, темір таяқтары тебендей болып оралған бұларға «есіл ерлерім, елжұрттан осыншама уақыт қолүзіп, текке әуре-сарсаңға түсіпсіңдер-ау» деп, мүсіркей қараса тек Төле би ғана қуаныштан жүрегі жарыла жаздап, қос Өтеген мен олардың серіктерін жауды жеңіп абыроймен оралған батырлардай құрметтеп, бәріннің асты-үстіне түсе бастады. Апырау, ұлы би неге сонша қуанды? Мыналардың аман-есен оралғандығына ма? Бірақ аса олай емес сияқты. Бұл сұрақтың анық жауабы осыдан бір аптадан соң Ташкент сыртындағы биік төбеде өткенүлкен жиында белгілі болды. Бұл жиынға Қаратау күнгейіндегі, Сыр бойындағы, Ташкент маңындағы елдердің басты-басты адамдары тегіс шақырылған. – Ағайын-туған! Қарындас ел! Алты алаштың азаматтары! Мына жарты әлемнің тау мен тасына табандарын тоздырған мұзбалақтарымыз

дұрыс айтады! Алатаудай жер жоқ! Жердің құты Алатау мен Қаратау! Одан әрідегі Жетісу! Жердің құты, Жерұйық дегеніміз, міне, солар! – деп Төле би саңқылдағанда зеңгір көк әйнекше шытынап, ойдан-қырдан жиылған дүйім көптің төбесіне құлап түсердей әсер қалдырған. Бұдан әріде ұлы би өзінің Қаратаудың теріскейіне сапар шегіп, сондағы жалайыр, олармен жаптас өзге де рулардың ортасында көп-көрім бас қосу болғаны, оған Арқадағы Абылай сұлтан жіберген Шанышқылы Бердіқожа, Шотана сияқты еңселі жандардың қатынасқаны, сондағы шешім бойынша Ескелді би Жылгелдіұлы, Балпық Дербісәліұлы, Қабан жырау Асанұлы сияқтылардың құзырындағы барша елдерің тайлы-таяғымен Шу-Іле алабынан әріге, Жетісуға қарай қозғалып бергені хақында баяндады. – Қазір заман сиқы басқа! Ата жаудың азу тісі сынды! Күрек тісінің жарасы жеңіл! Ендеше біздікі не тұрыс! Кім-кімнің де арғы ата-бабаларының қонысы осы Ташкент маңында, Шыршықта, Сыр бойында, Қаратау күнгейінде болса олар қалсын! Олар осы қиырға иелік етсін! Ал өзгелер, сонау шұбырынды заманның басында ата-қонысынан ауғандар сол жалайыр еліне ұқсап, Қаратаудан әрі асып, өз туған топырағын тапсын! Шапыраштылар, шанышқылылар, сіргелілер, ыстылар, қаңлылар, ошақтылар, албан-суандар, дулаттың ботпайлары, сиқымдары, жаныстары, қайдасыңдар кәне қозғалыңдар! Алты арыстан кімдер бар, олар да, басқалар да, кәне, өкше көтеріңдер! Енді аялдасақ ата-баба аруағы кешірмейді! Мұндай сәт күнде туа бермейді! Жалайыр елінің Ташкент маңындағы аз бөлігінің басшылары Түрке, Саурық та осында еді. Бұл екеуініңүлкені Түрке: – Әнеукүні түнде түсімде ақ киімді, ақ сақалды,үлкен ақ таяқты бір келісті шал, кәне, басыңды көтер, оян деп, ұйықтап жатқан жерімнен тұрғызып еді. Осы жиынға орай екен-ау! – деп көзіне жас алды. Осы жиында қай ел қай бағдарда қозғалады. Кім-кіммен жаптасады, соған дейін тәпіштелді. Мысалы, Түрке-Саурық бастаған аз жалайыр жүріс өндіріп, Қаратау асып, Ескелді-Балпық көшіне қосылады. Басқалары да бірбірімен қақтығыспай, мал-жанның қозғалысына біршама еркіндік беріп, бағыт алады. Жау тісі сынды дегенмен де көп жылдан бері қазақ жерінде омалған қалмақтардың шашыранды күштері бар, солардан қорғануүшін дайын әскер де болуы шарт. Саурықтың жасы ұлғайғандығы ескеріліп, Қаратау теріскейі, Шу бойы сияқтыларға жетіп қоныстанатын елдерді қорғайтын әскердің бас қолбасысы Қойгелді де, Іле бойы, одан да әрі Жетісуға дейін ұзайтын елдің бас қолбасысы Шапырашты Наурызбай Құтпанбет баласы болып белгіленді. Сөйтіп, ұлы көш басталды. Соның абыр-сабыры, алғашқы қарқыныүстінде былайғы жұртқа Төле би қос Өтеген бастаған топқа осы Алатаудай жер жоқтығын айтқызуүшін ғана дүниенің төрт бұрышын кездіргенге ұқсады. Себебі, осы ұлы көшүстінде Төле бидің белсенділігі тіптенүдеді. Ұлы биге қатысты ескілікті бір аңыз ауызға алынып, ұясын қорғаған құстың сүйкімдісі қарлығаш тірлігі елестеді. Ақыры, Төлені Қарлығаш би атасты. Ұлы бидің ныспысына тіл-ауыздары бармайтын әйел

заттылар түгілі ер адамдардың өздеріне бұл атау әрі оңтайлы, әрі жарасымды көрінді. Сөйтіп, «Қарлығаш би» деген қос сөз ауыл-ауылдың,не түйелі көштің, қой, не жылқы айдаған малшылардың, шоғыр-шоғыр сарбаздардың, осындай алмағайып қозғалыста да көңіл көтеруге аңсарлары ауатын жігітжелең, қыз-келіншектердің төбелеріндегі әлдебір көзге көрінбес қанаттыдай пыр-пыр етіп ұшып жүргенге ұқсады. Төле би ғана емес, дулат-шымыр батыры Қойгелдінің де аз-кем құлағын шулатушы еді. Қойгелді қоластындағы бес-алты қолбасының Қоқан ханы Әбдікәрім бек қолбасыларымен тізе қосқан соғыс қимылдары нәтиже бергесін де ме, «Төле би келмей жүріс жоқ, Қойгелді келмей ұрыс жоқ» деген мақал да тарады.

* * * Қазаққа біткен жылқы малының аяғына тыным бар ма, сол жазғы шілденің ортан белінде жалайыр көсемдерінің бірі Қабан жырау Асанұлы бастаған жиырма шақты адам сонау Торғай өңіріндегі Ұлыжыланшық өзеніне барып тірелді. Қабанның қасында Ескелді бидің тете інісі Естай, дулат Қосай батыр, әрі жалайырдың балғалысынан шыққан Мұқыш деген шал бар. Іштеріндегі жасыүлкені осы. Өзгелері атшы-күзетші жігіттер. Жетекке алған аздаған сауын биелері бар. Бұларға Ырғыз өзеніне қарай өту керек еді. Ұлы жыланшық бойында бір жүргінші «Ырғызға жетуүшін тіке төмен тарту керек» деді. Екінші жүргінші: «Жоқ, тіке төмен түссендер жол қашықтау, әрі батпаққа ұрынасыңдар, ең абзалы теріскей батыста Қабырға өзеніне жетіп, соны, одан әріде Торғай өзенін төмен бойлау» деді. Бұл қиырға екі мәрте ат ізін салған Қосай қайсысы дұрыс екенін ажыратуға қиналыңқырап еді. Сөйтіп, бұлар осында екі күндей бөгелді. Сосын бір құсбегілер жолығып: – Ана Жыланшық түрменің шоқыларын көрідіңіздер ме, соны тап биыл қыпшақтың Өтел би дегені жаз жайлауы етіп отыр, атты адамға алыс емес, жер жағдайын нағыз білетіндер сонда! – деді. Өтел би дегенге Қабан жырау елең етті: – Қай Өтел би? Сонау бір жылы Орынбор ұлығына барып, басқалармен бірге ант қағазына бармақ басты деген Өтел би ме? Ол өзі алшын ханы Әбілхайыр құзырындағы жан сияқты еді. – Тап төбесінен түстіңіз! Қабан жырау өз адамдарын аттың басын солай бұруға оңай көндірді. Тек ұбақ-шұбақ ауыл шетіне келгенде жырау Өтел биді емес, сондағы Торқа дегенді іздеді. Торқаның өзі өлген екен. Алпысқа иек сүйеген, еңсесі биік, аса ажары да таймаған бәйбішесі қарсы алды. Бұлар екі қиырдың адамдары ғой, сөйтсе де жөн сұрау тым шолақ шықты. Тіршілігінде малды-жанды болған Торқаның бәйбішесі жырау тобын көпсінбей әжептеуір қонақ қылды. Үштөртүйге бөлді де тап Қабан күтіміне қырықтар шамасындағы, осы Қабанның өзі тұлғалас, сақал– мұрты да соған ұқсаған бір палуан денелі жігітті бекітті. Естайдың көзі өткір еді. Қабан жырау мен оған қатты ұқсаған палуан денелі күтуші жігіттің бет-ажарларындағы ұқсастық белгілерін саусақпен

санай бастады. Онысы біразға жетті. Тұспалдап, әзілкештеніп сыр тартуға жүрек қайда, сонда да ішіне сыймағасын Естай бұл жұмысқа балғалы Мұқыш шалды жекпекке оңтайланып еді, өздерінің не шаруамен, қай шетте жүргені есіне түсіп, тіл-жағын күшпен қарыстырды. Ертеңіне үй иесі – бәйбіше Қабанды оңаша алып шықты: – Байқаймын, сіз сонау итарқасы қияңнан мына өзіңізден қалған тұяқты көруге келмеген сияқтысыз. Сіз тұрпатты адамдар бұл заманда бала-шаға қамымен бүйтіп жүрмесе керек-ті. Ашығын айтыңыз, сіздікі не шаруа, қасқабағыңызда ел қамы деген жазу тұр ғой. Менің ешқашан сізге деген өкпем болған емес, егер анығына бассаңыз, бір кәдеңізге жарармыз. Қабан жырау бір шөкім аппақ жүндей қос қабағын төмен салбыратты. Кімге сеніп болады бұл күнде? Әрі бұл Өтел би ауылдары Кіші жүз ханы Әбілхайырдың ығындағы ел . Бірақ Торқаның бәйбішесі одан әрі бастырмалатты. Қыз кезінде күміс көмей әнші, әрі айтыскер ақын болған жасамыс әйел әлі де лапылдап тұр. Сөз мәнерінде, даусында, бет-жүзінде жалғандықтан жұрнақ жоқ. Ақыры Қабан жырау шешілді. Бұл жүрістерінің мәнін егжейлі-тегжейлі баяндады. Бәйбіше көп ойланған жоқ: – Жарайды, көмегім сол, мен сіздерге мына өз нәсіліңізді қосып берейін, сіздер әлі жақсы шүйіркелеспей жатырсыздар. Бұл сізден аспаса да жете туған бала. Кезінде Торқа байғұс жалғыздықты көп көргесін, маған алғашүйленгенде ішімде бала барын сезсе деүндемеп еді, бұл кімнен деп сұрамап та еді, кейін туысы бөлек бала екенін танып, өз бауыр етінен жаратылған нәрестелерден кем көрмей мәпелеп еді. Жаңағы сіз айтқан жайлардың бір қыдыруын осы Қошан да біледі. Жол сілтеуші ғана емес, ақылшыға да жарар, тек құдай атынан бір өтінішім – Қошанды сен менен туғансың деп азғырып, Жетісуға әкете көрмеңіз. Қошанның сегіз баласы бар, немере сүйіп те үлгерді, әрі Торқаның өз кіндігінен тараған бес-алты ұл мен қыз және бар, олар даүбірлі-шүбірлі дегендей. Бәрінің басшысы Қошан. Торқаның аруағын аяққа бастырып, шаңырағын шайқалтқым келмейді. Онымды құдай да қош көрмес! Ия, балауса шақта Қабан жыраумен айтыста жеңіліп, ашына болған әйелдің сөзі еді бұл. Қошан шынында Қабан жыраудың көңілінен шықты. Ырғыз өзеніне тақай бере Қошан бұларға ақыл салды: – Осы маңда Барақ сұлтанның ұлы Шығай сұлтан аз ғана жігітжелеңмен ойын-сауық құруда деп естіп едім. Бұл Шығайыңыз әрі сұлтан, әрі баукеспе, әрі шешен, әрі сері. Сол серілігінің кесірінен ғой, Жоңғарияда Қалдан-Сереннің қатынымен жақындасамын деп, жаңа қонтайшының кәріне ұшырып, әкесі Барақтың беделінің арқасында ғана аман құтылып шықты. Сол Шығай ойын-сауық құруда ма, жоқ, әлдененің аңысын аңдап уақыт өткізуде ме, кім білсін. Біздің Өтел биге қарасты ел Барақ айналасымен тұзы жраспаған ғой. Біз оларды әдейілеп іздеп емес, аңдаусызда төбелерінен түскендей болайық. Сіз алыс жердің адамысыз, еш сөкеттігі жоқ, солармен қауышсаңыз көп жайды сол Шығай сұлтанның өзінен, не айналасынан ұғасыз. Айран сұрап кеп, шелегіңді жасырма дейді ғой. Жалайыр– балғалы Жарықбас Есентүгел жұртын іздегеніңізді бірден тоқ еткізіңіз. Жоңғарияда

не тірлік қылдың деп, сөзге тартыңыз. Шығай ондайды жақсы көреді. Ең бастысы Барақ, Әбілхайыр хан және Жарықбас Есентүгел – осыүшеудің арасында не қам-қарекет бар, соған құлақ түріңіз. Одан арғыға құдайдың өзі жөн сілтер. Қошанның айтқанындай-ақ болды. Шығай сұлтан Қабан жыраудың есіміне қанық екен. Ұлы жүздің ноқта ағасы – жалайыр елінің бас көсемі деп, әрі оның да ақындығынан, серілігінен хабардар Шығай бірденүйіріп әкетті. Өз серіктеріне күй шерткізді, ән салдырды. Қабан сәл елітіп, көңілі жібігенмен Шығайдың түр-түсінен сәл тітіркенді. Жиырмадан жаңа асқан жігіттің маңдай терісінде, қасы-көзінде, қос құлағында, шықшытында жабайы аңды еске саларлық иректер бір жазылып, бір бүгіліп тұратындай. Жылтыраған көздері өзіңе тура қараса әлденше тілде сөйлейтіндей, пайғамбар жасынан асынқыраған Қабан жырау іштегі ақындық бұрқасынды күшпен басып, азу тістерін бір-біріне қашағандай мол сақалды жақ сүйегін қимылдатып: – Әкең Барақ сұлтанға қатты ұқсаған екенсің, сығыр! – деп салды. Іштей айтатын сөзін осылай сыртқа неге лақ еткізгенін жыраудың өзі де түсінбегендей. Бұдан кекесін салқынын сезсе де Шығай сыр бермегенсіп, қарқылдай күлді. Үш жүзге ортақ ұлы хан атануға лайық Барақтай әкеге ұқсаудың өзі бір басына жетерлік абырой екенін білдіре күлді. Қабан жырау өзін-өзі тежеп, қасындағы Естай, Қосай, Мұқыш шалмен қатар жайғасқан Қошанға назары ауып, бет-жүзіне жылы шырайды әрең ұялатты. Әлдебір күнәсін шайғандай ескілікті бір әуенді аңыратып та жіберді. Одан әріде Қошанды тағы бір барлады да Шығайға «Жоңғарияда аманатта болдың ғой, сол жайында сөйлесеңші» деп қолқа салды. Шығай дегенің ағып тұрған сөз екен, бөгелген жоқ. Қалдан-Серен өлгеннен бергіүш жылда онда не жағдай қалыптасқанын Қабан жырау өзгелерден де сұрастырған ғой, енді оны Шығай баянымен салыстырып, өз білігін былайша түзді. Қалдан-Серен өлген жылғы күзде Қоқан хандығы маңындағы Жоңғария әскерінің басшысы Септен ақылы кем, онүш жасар баланың қонтайшы атанғанына налып, оның ағасы Лама-Доржыға хат жазады. «Сен тәжірбиелі қолбасысың, жол сенікі, жақында байтақыға келемін, СыбанДоржыны аударып тастап, сенің таққа отыруыңа болысамын» дейді. Алайда, Септеннің бұл хаты орта жолда қонтайшы адамдарының қолына түсіп, Септен келген бетте тұтқындалып, өлтіріледі, әрі бала-шағасы жер аударылады. Бұл жағдай Жоңғарияның іргесін шайқағандай әсер етеді. Себебі, Септеннің ел алдындағы бедел-абыройы баршылық еді. Бұл Аджа хан атанған Сыбан-Доржы өз айналасындағы ескілікті зайсандарды ығыстырып, жастау адамдарды іріктейді. Оның да әуселесі аз емес. Шын мәнінде билікті бұл кезде небәрі он тоғыз жастағы Ұлан-Байыр жүргізетін. Бұл жас келіншек әуелде кіші інісі Сыбан-Доржы– Аджа ханды қолдағанмен бара-бара одан безінеді. Ақыры, он жеті адамды ұйымдастырып, жас қонтайшыға у беріп құртпаққа әрекеттенеді. Имчи атты тәуіп пенүлкен лама Баяшардың қырағылығы арқасында Сыбан-Доржы-Аджа хан аман қалады. Бұл дереу күш жиып, қастандыққа қатысушылардың бәрін кісендеп, базарда,

көпшіліктің көз алдында кескілеп өлтіртеді. Бас-аяғыүш жүз адам екен. Сөйтіп, байтақының ішін қан сасытады. Ал өз апасы Ұлан-Байырды Ақсу қаласына апарып, қамауда ұстайды. Әрі қарулы күзет жағын нығайтады. Міне, Жоңғарияның сұрқы осылай. Бұл әңгіме таусылғанда басына қан тепкендей төмен тұқырған Қабан жырау әрең қайта бой түзеп, жанындағы табадай қара тасын саусақ ұштарымен қаққылап, тағы да уілге басты. Бұл жолы «Қызыр Ғалисаламның бақытпен қос сұқбатын» жырлады. «Бақыт,қайдан келесің» атты біріншісінде бақыттың жамандықтан қашатыны, «Бақыт, қайда барасың?» атты екіншісінде бақыттың жақсылыққа, ауызбіршілікке, имандылыққа қонатыны баяндалушы еді. Қарт жыраудың құлаққа жағымды даусы бәрін ұйытып, мойындарына су құйылғандай мөлиісті. Қара қалмақтың ішіндегі ахуал, әлде қазақтың өз ішіндегі ырың-жырың, қайсысы көбірек зіл батпандай желкелеріне батты екен? Бұдан әріде тағы бірер әңгімеден соң бәрі ұйқыға қисайды. Таң алагеуімде Қошан Қабан жырауды иығынан тарттып оятты: – Әке, Шығай да, оның адамдары да жым-жылас жоғалыпты! – А, не дейсің? Қошан өз сөзін қайталады. Үй иесі түн ортасы ауа бұларға бір шақырушының келгенін айтты. Басқаларға ой салуүшін бе Қабан жырау; – Бұл жақсылыққа емес! – деп, іш сезігін бірден лақ еткізді. Сосын дулат Қосай батырға қарап: – Сендер осы қыста, наурыз айында, Көсембай екеуің жалайыр-балғалы елін қай тұста көрдіңдер? Адастырмай тура соған баста! Қазақ та бір, сынап та бір ғой! Балғалылар ол маңнан табылмас та, бірақ сұрастыруымызға жақсы. Жолшыбай жүргінші, құсбегі,аңшы, малшы сияқтылардың да көмегі тиер. Араға екі күн салып, бұлар Ырғыз өзенінің бойына жетті. Жалайырбалғалылар қыста, наурыз айында отырған жерінде із-түзін де қалдырмапты. Тап қазір қайда, жан баласы білмейді. Жырау тобы ары-бері сенделіске ұшырады. Тағыүш күн өтті. Жыраудың бет-әлпеті тіптен бұзылды. Оған қарап өзгелер де өздерін бір пәлекет күткенін аңғарысқандай. Арқаның ұланғайыр даласы аттардың табанын тоздырмай қайтсін? Адам шыдар, бірақ мал шыдамас. Осындай екіұдай халде Ырғыз маңынан түстік-батыс бетте, сонау Шалқар, Үлкен Борсық құмы деген аймақтардан сәл беріде «жалайырлар шабылыпты» деген хабар құлақтарына жетті. Сол қарсаңда Қабан жыраудың оң қабағының асты тартқылаған еді. Сосын да бұл хабардың ақиқаттығына имандай сенген. Ал серіктері мұны жыраудың «әулиелігіне» балады. «Әулие» сөзі Ескелді мен Балпықтың ныспыларына да қосақтала бастағанына едәуір уақыт өткен. – Бас қатыруға уақыт тар! Елүшін туған жандармыз! Пәруәдігер жар болсын! Кәне, тарттық солай! – деп, жырау бірден бұйырды. – Өзіміз азбыз! Бұл күйімізбен шабындының ортасына барсақ тамтығымыз қалар ма екен? – деген балғалы Мұқыш шалдың сақтық сөзін жырау пәруайға да ілмеді.

Бұл сусыз, ауырлау жол еді. Бес күн дегенде сол шабылған елді әрең тапты. Сөйтсе бұл Қабан тобы алғашқыда ойлағандай Жарықбас Есентүгел құзырындағы балғалылар емес, басқа қиырдан ауған қарақалпақ-жалайырлар екен. Барлығы мың жарымдай түтін. Сонда дулат Қосай батыр бұтаққа қонған бозторғайша шырылдады: – Жырау аға, біз қыста Көсембай екеуіміз келгенде әлгі Жарықбас Есентүгел жиырма адамдық елшілік жіберіп, өзімізге шақырдық деген қарақалпақ-жалайырлар ғой бұлар. Кәне, басты адамдары кімдер, соларды шақыртыңызшы. Араларында Жайнақ батыр Қошқарұлы деген бар ма еке?! Қара қоңыр құйқалы, жылтырап аққан кішкене бұлақ сулары бар қозыкөштей ұзынша кеңістікте жайрап жатқандардың шабылған ел екені бірден шалынады. Мың жарым түтін дегенмен тігілген киізүйлер, қостар некен-саяқ. Көп жерде шаңырақ, уық, туырлық, түңлік сияқтылардың айқасқанүйінділері жатыр. Мал жағы аз. Баспанасыз балалы әйелдер, кемпіршалдар, ілуде бір бойлары серейген жігіт-желеңдер. Бәрі жырау бастаған аттыларға алақандарымен көздерін көлегейлей қарайды. Алғашқыда бұларды да шапқыншы деп, артынан бейбіт жандар екенін танығандай. Ұзыннан-ұзақ ошарылған елді бойлай жырау тобы бұлардың халін көзбен ұқты. Қосай атаған Жайнақ батыр Қошқарұлы кенеттен өзі табыла кетті. Алғашқыда жалғыз көрінді, сосын тобы ұлғайып шыға келді. Араларында қолы сынған, аяғы ақсаған, бет-ауыздары жарақаттанған әлденешеуі бар. – Жандарым, кімдерсіңдер? Мына тұрпаттарыңды көріп, жанымыз түршікті ғой. Немене, біреуден соққы көргенсіңдер ме? Біз жалайыр елінің адамдары едік. Ескелді, Балпық атты жалайыр көсемдерінің ныспылары сендерге таныс па? Мен сол Ескелді, Балпықтыңүзеңгілесі Қабылиса Асан баласымын. Былайғы жұрт ауыз-екі тілде мені Қабан жырау атайды. Кімдерсіңдер, жандарым? Жырау бұл сөздерді тауысқанша Жайнақ Қошқарұлының айналасына тағы бір егде жандар қосылды. Алғашқыда Жайнақ сөйлеп еді.Сөйтсе жаңағы Қосайдың жорамалы рас екен. Бұлар шынында Арал теңізі маңынан бері сырғыған қарақалпақ-жалайырлар екен. – Ал сендерді кімдер шапты? – деп сұрады жырау. – Бізді шапқан сырттағы жау емес, кәдімгі Жәдік тұқымының сойқаны, атақты төре Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлы! – деп салды Жайнақ. Бұл өзі орта бойлы, бет терісі қара қайыстай қатқан, қол-аяғында ширақтық бар жас жігіт еді. Қабан жыраумен беттескенде ішкі бір қайраты тасығандай көрінді.. Мұның соңғы сөзінен жырау есінен танып, атынан ауа жаздады. Табиғи қайраты ғана ерүстінде ұстап қалды: – Барақтың сендерде не әкесінің құны бар еді? – Бізді шақыртқан жалайыр-балғалы көсемі Жарықбас Есентүгел ғой. Ол жіберген елшілік адамдары да осында. Арал маңынан бері көшкенде біз өзара ақылдасып, қауіпсіздік жағын ойлаңқырап, жолыққан жұртқа алшын ханы Әбілхайырдың өз құзырына барамыз деп жариялап едік. Өйткен сақтығымыздың арты мынаған соқты.

– Ал сендер іздеген Жарықбас Есентүгелдің өзі, не оның елі қайда? – деді Қабан жырау даусындағы дірілді әрең басып. – Бізүшін Жарықбас Есентүгелдің қайда екені де бір, қап-қара түнек те бір. Ештемесінің байыбына барар емеспіз! – деді Жайнақ. Одан әріде жырау тобы аттан түсіп, асықпай-ақ дидарласты. Жарықбас Есентүгел елшілігінің де адамдары суырылды. Тіпті ататек, шежіре қуысып, бұлардың жалайырдың балғалы тармағына жататыны анықталды. Бұл ретте Мұқыш шал көп септесті. Мұны әуел баста Жарықбас Есентүгелмен қажасуда қолқабысы тиер деп ертпеп пе еді, байқаса қарақалпақжалайырларды ішке тартудағы пайдасы сүбелілеу шықты. Бұл шежірені шемішкеше шағатынның өзі еді. Әрі жалайыр-балғалылардың түп аталарын, ондағы ерен тұлғалардың аты-жөндерін тасқаяқша қағыстырды. Мына жалайырлар мен қарақалпақ-жалайырлар сөйтіп табысты. Себебі, шежіре қуысқанда екі жақтың да білігінің түп-тамыры бір нүктеде түйісті. Жайнақ сөз арасында: – Біз азшылық едік, әрі Барақтың қарақшылары қиырдың қылаңындай бассалғанда қамсыз қалдық. Аттарымызды әкетті, дүние-мүлкімізді талады. Бар бітіргеніміз екі-үш ертөлені Ырғыздың теріскейіндегі Әбілхайыр хан ордасына, ал тағы екі-үшеуді Есентүгелге қарай ұшырдық. Міне, бір айдың жүзі боп қалды. Дыбыс та жоқ, сыбыс та жоқ. Тырп етпей жатырмыз. Қайтіп тырп етеміз, Барақ сұлтан осы арадан аяқтарыңды қия баспаңдар деп, әне бір қарақшыларына бақтырып қойды. – Қайдағы қарақшыларына? – деп, жырау елең етті. Әне! Әне! – деп, Жайнақтың серіктес, әрі туысқан батырлары Дос, Ес, Жангел, Қылышбек сияқтылар өре түрегелді. Жырау тобы енді байқады, осыдан қозыкөштей қашықтықта сұп-сұр жалаңаш төбеде екі-үш адамның серейген сұлбалары көрінеді екен. Әр тұстан басқаларының да төбелері қылтияды. – Күндіз алысырақта, ал түнде екі-үшеуін біздің айналамызға шаншып кетеді. Қит етсек олар қиқу салады екен, – десті. Бұлар осымен күн батырып, түннің бір уағына дейін қауқылдасты. Ертеңгі қам-қарекеттің әлденеше нұсқалары көлденең тартылды. Кім не ұсыныс жасаса да Жарықбас Есентүгел құзырындағы балғалы елі қайда деген сұрақ тас қабырғадай маңдайдан ұратын еді. «Апырау, олар шөп арасында жоғалатын ине емес қой» деп күйіп-піскендер де бар. Сол Жарықбас Есентүгелдің өзі жұмсаған жиырма адамдық елшілік құрамындағылардың өздері де ол жағына ой жеткізбеді. «Бізге тапсырғаны осы мың жарым түтін ағайындарды Ырғыз бойына бастап әкелу, осы өлкеде қауышпақ едік, енді Есентүгелдің өзін жер жұртты ма, қайдам, хабарымыз жоқ» деп ағынан жарылды. Бір мезетте Жайнақ: – Жырау аға, сізді көріп біздің ел сәл-пәл еңсе көтерді. Қанша шабылсақ та аздаған қауқарымыз бар, әрі сіздің жігіттер де қарап жатпас, құлқынсәріден көтеріліп, анау Барақ сұлтан қарақшыларын шабайық та өзімізге жол ашайық! – деді. Қайда жол ашпақ ол жағын нақтыламады.

– Жоқ! – деп, Қабан жырауүзілді-кесілді қарсылық жасады. –Қазақ пен қазақтың шабысуын қолдамаймын! Отқа май құймайық. Таңертең ауызбаауыз тілдесеміз. Ертеңіне Қабан жырау Барақ сүлтан қалдырған қарауыл әскерге дулат Қосай бастаған оншақтыны жөнелтті. «Мына мың жарым түтінді оты, суы молдау жерге қоныс аударуға мұрсат беріңдер» деген бағдарда өз атынан сәлем жолдады. Әсіресе, Барақ сұлтанның өз басы тап қазір қай тұста екенін анықтаңдар деді. Түптің түбінде сол Барақ сұлтанмен Қабан жырау өзі жүздеспек еді. Қосай да, ол ерткендер де қара сөзден май шайқағандар ғой, сөйтсе де қарауыл әскер басшыларын иліктіре алмапты. «Қия басуға рұқсат жоқ, біз өліспей беріспейміз. Ал Барақ сұлтанның тұрағын білмейміз, өзіміз де хабар күтіп, екі көзіміз төрт болған жайымыз бар» депті. Қосайлар қиялай салып, шырға тартқанмен міз бақпапты. Бұл хабардан Қабан жырау ауыр ойда қалды. Мына алыстан ауып ошырылған елдің түрін көргенде оларға тіптен жаны ашыды. Анық тапқан бір шешімі қалайда осылармен болу. «Қимылдаған қыр асады» деген. Бірақ не қимыл керек? Тіпті Барақтың қарауылшы әскеріне қарсы күш қолданғанда да одан соңғы анық қасқа жолыңды білу керек қой. Бұл шақтағы Қабан жыраудың бар көздегені мына мың жарым түтінді Жарықбас Есентүгелге қарасты жалайыр-балғалы еліне қосып, сосын бәрін тік көтеріп, Жетісуға қарай әкету ғой. Мүнда келісінің түп мәні де сол емес пе? Ия, сол. Енді қайтпек керек? Әліптің артын бағып, сүржамбастанатын заман емес. Бұл дереу Ырғыз өзенінің түстік бетіне, тағы бернеше бағдарда жалғызжарымдатып, кісілер жіберді. Қазірде бұл далада саяқ жүргіншілер, құсбегілер, аңшылар, ертөлелер жыртылып-айырылды. Солардың бірінен қалайда Барақ, не Жарықбас Есентүгел хақында ақпар алынар. Сосынғы әрекет сол ақпарға орай. Сонымен шілде айы таусылып, тамыздың алғашқы жұлдыздары туып еді. Бір күні кешкі апақ-сапақта қарақалпақжалайырлардың бір жігітіүйінен өрт шыққандай көздері айқышұйқыштанып, Қабан жырау мен Жайнақ батырға жете құлады: – Барақ сұлтанның қарауылшылары ұшты-күйлі жоғалыпты! Малдың қиынан өзге дым қалдырмапты! – дегенге тілін әрең келтірді. Қабан жырау тез шешім қабылдады: – Өзіміз илейтін терінің пұшпағы! Ақыры өзіміз өтетін жол ғой, құлқынсәріден аяқты малға өңгеріліп, Ырғызға соқпай, оның түстік бетімен тіке шығысқа, Байқоңыр-Сарысу алабына бағыт аламыз! Аллам жазса жер ұта бергеннің зияны жоқ. Жігіттердің бес қаруы сай болсын! Бүгін кеште баршасы хабарлансын! – деп бұйырды. – Жарықбас Есентүгел құзырындағы біздің жұртты қайтеміз? – деп, әлгі атышулы елшілік адамдары ботадай боздай бастап еді. – Олардың да әуселесін жолай көреміз! – деп қысқа қайырды. Сонымен, жалайыр көсемдерінің бірі Қабан жырау Асанұлының басшылығымен қарақалпақ-жалайырлар өздері көрмеген Жетісу өлкесін түп нысана етіп, сырғып берді. Екі күндік жүрістен соң бұларды қазақ тарихындағы ең бір сұмдық хабар қуып жетті. Қуып жетпей қайтсін, бұл

далада тамыздың осы алғашқы жұлдыздарында ары-бері сабылған жүргінші дегенің тіптен жиілеген. Бұл хабардың тұздығы мынау. Өз құзырына жылжыған қарақалпақ-жалайырларды Барақ сұлтанның шапқанын естіген Әбілхайыр терісіне сыймай долданып, аз ғана күшпен сол ежелгі дұшпаннан есе қайтармаққа аттанады. Әлдебір жауырыншы көріпкелдің «сені ажал күтіп тұр» деген ескертпесіне де қарамайды. Әбілхайырдың бұл аттанысын Батыр сұлтан өз тыңшылары арқылы байқап, дереу Барақ сұлтанға хабар береді. Барақ сұлтан бұл хабарды көптен күткен еді. Алшын ханы Әбілхайырда ескі ызасы бар Жарықбас Есентүгел жасақтаған жалайыр-балғалы қолын ертіп, Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлы Әбілхайырға қарсы жүреді. Қалайда, Есентүгел қолы асаүлкен шоғыр еді. Қолдағы қаруға іште қайнаған кек қосылып, бұл шоғырды аса қатерлі күшке айналдырған. Соны шебер пайдаланған ысқаяқ Барақ Әбілхайырды Торғай мен Өлкейек өзендерінің екі аралығында өлтіріп кетіпті. Бұл сұмдыққа жақында ғана Қабан жырау тобы шүйіркелескен Шығай сұлтан да қатысыпты. Аталмыш хабарды естігенде қарт жырау әке мен баланың түз тағысын еске саларлық тұрпаттарын елестетіп, өң мен түс аралығындай бір халді бастан кешірді. Амал жоқ, қарақалпақ-жалайыр жүрісі сәл кібіртіктеді. Мәселенің сәл ау-жайын түю керек еді. Қабан жырау тағы да Барақ сұлтан, не Жарықбас Есентүгел екеуінің біреуімен ауызба-ауыз тілдеспекке ниеттенді. Тек тағы бір дала жүргіншісі «ұзынқұлақ» арқылы өз білгенін айтты. Барақ сұлтанда ешкімге қарарға бет жоқ, бұл маңнан тез тайып тұрыпты, текүйсін Төле биді барып паналамақшы деген қауесет қалдырыпты. Жарықбас Есентүгел де солай. Өзіне қарасты ел-жұртты Сырдария жағалауындағы Тереңөзек атты мекенге қарай алдын-ала көшіріп жіберіп, өзі мұнда қарулы әскермен ғана қалған екен, енді көздеген мақсатына жеткен соң ол да сол Сырдарияға қарай табанын жалтыратыпты. Демек, мұнда Барақты да, Жарықбас Есентүгелді де таппайсыңдар. Сан түрлі ақпарлар жүрегін осқылағанмен Қабан жырау сабыр сақтады. Атүстінде тізгінді уыстап қысып, аппақ қос шөкім жүндей қабағына, мол денесіне қайрат жиып,өзін қаумалағандарға жігер бере сөйледі: – Хош, алланың жазуына пенденің шарасы жоқ. Жалайыр– балғалылар көп заманнан өз бетінше өз нәпақасын теріп жеп жүрген ел. Әзірге олар сол Тереңөзек бара тұрсын. Олардың жайын ойластыруды келер күннің әуселесіне жатқызайық. «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді» деген. Енді екі– ұдайылыққа орын жоқ. Ескелді-Балпыққа аузымызды қу шөппен сүртіп бармайық. Осы қарақалпақ-жалайырларды сабақты инесін шығын етпей Жетісуға жеткізейік. Өйтпесек, бұлардың тағы кімге жем боларын кім біліпті? Қарт жыраудың бұл сөзін осындағы Жайнақ Қошқарұлы, оның серіктес батырлары – Дос, Ес, Жангел, Қылышбек дегендер бір ауыздан мақұлдады. Ал осы көштегі әлгі жиырма адамдық елшілік өз бала-шағаларын, туматуыстарын ойлап, өз еріктерімен бөлініп, Тереңөзекке қарай ат басын бұрды. Сөйтіп, арғы ата– бабаларынан бері түстіктің, Мәуреннаћр кеңістігінің сан пұшпағында түртінектеп, небір қияметті бастан өткерген қарақалпақ-

жалайырлардың мына тамтығы Қабан жырау Асанұлының басшылығымен Жетісуға бет түзеді. Жолай Қабан жырау кісі қолынан қаза тапқан қазақ хандарын саусақтарын бүгіп,үсті-үстіне санағыштай берді. Кейде санына жетпей қиналғандай да болады. Бірақ ешкімге бұл жөнінде ләм-мим демеді.

ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

Ескелді би Жылгелді ұлы, Балпық Дербісәліұлы бастаған жалайырлар, бірқатар жаптас елдер, әрқилы сіңбелер Қаратаудың теріскей құйқасын сілекейлеп, араға жыл салып қана Шудың жоғарғы ағысына жетіп еді. Асықпай ілбіп, келер жылғы қытымыр қара күзде бір заманда өздері аяқ суытқан осы Шудың Аспара, Ойранды аттыүлкен салаларына соқтыққанда мал-жанды аман сақтап, арғы жағалауға қалай өтеміз деген сауалға көп бас қатырысты. Мал жұтаңдығының азабын көп шеккен елүшін бұл оңай-оспақ дүние емес. Небір белсенділер сақалды иектерін шошаңдатып, әртүрлі қисындарға жүгінді. Қабақтарын салбыратып, жерге қарағандары да бар. Ақыры, қыстың келуін күтіп, Шудың бетіне мұз қатқанда әупірімдеп ары өтіп шығармыз дегенге тоқтасты. Қазақ көшіүшін аязды қыс аса жайсыз мерзім, бірақ бұлар не көрмеген бейбақтар, бұл қиындықты да жеңді. Шудың теріскей жақ бетіндегі Еспе, Далақайнар атты кедір-бұдырлы кеңістіктерге жайыла шөкті. Жаздан қалған жусан, жарбиған сексеуіл, қараған сияқтылардың бұтақтары, кепкен жапырақтары мал отына жарайды, ықтасыны да баршылық. 1750-жылдың мамыр айында Қабан жырау ерткен қарақалпақ-жалайырлар да оларды осы маңда қуып жетті. Әлгі Ташкент маңындағы Түрке-Саурық құзырындағы жалайырлар тобы сәл бұрынырақ кеп қосылған. Ел мен елдің тоғысуы қазақүшін гу-гу әңгіме, таусылмас жыр. Бәрі мәре-сәре. Көп заман күдерүзіскен туған-туыс, құда-жекжаттармен қауышқандар да бар. Сондай бір шұрқырасулар тұсында Ескелді бидің бәйбішесі Ақжәмилә мінез танытты: – Көп жұрттың өшкені жанып, өлгені тіріліп жатыр. Тек менің ғана әлгі Арқаның тарланбозы атанған Жондағы Жобалай керейге тиген сіңлімнен хабар-ошар жоқ! – деп өз қосағын көзімен атты. Қазақ қанша итжанды дегенмен мұншама шабылыс,үркіншілік, бас-аяғы жоқ көш ең алдымен әйел адамдардың бет-ажарына өз нақышын салады ғой. Жасы елуден асқан Ақжәмилә да бұл шақта көп өзгерген. Шашы аппақ, арық, ашық жүзі тобылғы түстеніп, көз айналасындағы, шықшыттағы әжім іздері бадырайып көрінеді. Осындай шұбырынды заманүшін құдайға айтар наласы екі көзіне жиылып кеп, өз қосағына қарағанда «таз ашуын тырнадан алады» дегенді еске түсірерліктей. Ескелді:

– Жә, шабынба! Бұл бүкіл қазаққа төнген нәубет! Қаншасының өшкені жанып, өлгені тіріліпті? Бәрін есептеп шығардың ба? Біздің осы күнімізге де жетпегендер бар. Құдайды ойлап, онан да балаларыңа, немерелеріңе ие бол! – деді. Бұл шақта Ескелдінің осы Ақжәмиләден туғанүлкен ұлы Дөмей ғана емес, кіші әйелінен туған балалардың да біразы отау құрып, әке мен шешеге екі-үштен немере сыйлапүлгерген. Ескелді сөзінен Ақжәмилә тынышталғанмен қасындағы өзге әйелдер ерледі. Балпықтың бәйбішесі Кәсенсары, Құлжаның әйелі Дарабоз алыс-жақын туыстарын жоқсынды. Бұлар бүйткесін өзге төмен етектілер қарап жата ма? Ұзатылған қыз, әлдебір шайқастардан оралмаған боздақ, төркін жұрт, нағашы жұрт сияқтыларды іздеуге аңсары ауғандар қара көбейтті. Алғаш қалмақ шауып, бұл елдің қосы ауғанына міне, биыл жиырма жетінші жыл. Осы уақыттың ішінде, не одан сәл-пәл бұрынырақ туған балалар Жетісу деген жердің бөлек сымбатын көзімен көрмегендер, не есте сақтамағандар ғой. Ол жағын текүлкендердің ауыз-екі әңгімесінен ғана біледі. Сосын да олар сол Жетісуға қарай аса жұлқынып та тұрмаған сияқты. Онан гөрі шешелерінің, жеңгелерінің, не өз келіншектерінің, ара-тұра бұлармен әуендесетін ер адамдардың әйт-шүуіне ілесіп, жоғалтқан іні-қарындастарын, апа-сіңлілерін, нағашы-жиендерін іздеп, осы қазір-ақ сардаланы кезіп, салып ұрып кететіндей. «О тоба-ай, осыншама уақыт бір қазанда қайнаған бұл ел атаулының мен аңғармаған бір қыры осы екен-ау» деп, Ескелді іштей налыды. Бұл күйін Балпық пен Қабан жырауға баяндап еді, олар алғашында мырс-мырс күліп, соңынан өздерінің де кеуде қуыстарында жел аңырағандай жүздері қара күреңітті. Осы екі ортада әлдебір ел ішінің даулары да бой көтерді. Ескелдінің інісі Бектұрған осындағы саяқ наймандармен бір кішкентай жайылымдық жерүшін қамшы сілтесіп қалыпты. Ескелді өз інісін қатты ызғар төге саябырсытты. Бұл жерде ең маңыздысы әділет емес, мұнда жалайыр елі көпшілік, сосын да қандай да бір жаптас ел, сіңбелер, саяқ рулар өздеріне мұнда да қорғаушы барын ет-сүйегімен сезгені абзал. Бектұрған өзінің би ағасының төрелігіне риза еместігін бет-жүзімен білдірсе де бағынуға мәжбүр еді. Осыған ілесе тағы бір даугерлер Ескелді шаңырағының астына лап қойды. Бұлардікі қасіретті жай. Өткен жылы осы Шу өзенінің арғы бетіндегі көшүстінде түйе қомында шайқалған жас баланың жүкке тығулы етігі түсіп қалыпты. Оны екінші бір көштегілер көтеріп, өз баласының аяғына кигізе қойыпты. Алғашқы көштегілер етікті іздеп, осыларға келеді: «Ағайындар, сүт пісірімдей уақыт бұрын ол етіктердің орнында екенін көргеміз, бұл тұстан сіздерден басқа жан өткен жоқ, алсаңыздар қайтарыңыздаршы» деп жалбарынады. Аналар «ешқандай етікті көргеміз де, алғамыз да жоқ» деп, қасарады. Қанша ырғасып-жырғасқанмен ештеме өнбейді. Ақыры, алғашқы көштегілер әлдебір оқуы күшті молданы шақыртып, қасқырдың аяқ сіңірін отқа қақтатып, «сол етікті киген баланың екі аяғы бірдей осы қасқырдың сіңіріндей тартылып қалсын» деп, қарғыс дұға оқытады. Шынында, әлгі екінші көштегі бала сол етіктерді киіп ойнап жүргенде кенет «а» деген ащы

даусы шығып, сылқ құлайды. Әке-шешесі баланың екі аяғының бірдей тартылып қалғанын көреді. Бұл сұмдықтың алғашқы көштегілерден келгенін табанда сезген сорлы әке-шеше ботадай боздап, баланы көтеріп, етікті алып, әрі айыбын жетектеп, алғашқы көштегілерді қуып жетеді де «жаздық, жаңылдық» деп, солардың алдына жығылады. Олар да алғашқыда қасарысқанмен сорлы әке-шешенің көз жастарынан қорқып, әлгі қарғыс-дұға оқыған молданы іздестіреді. Сөйтсе ол көшерін жел, қонарын сай білетін елкезбе біреу екен. Табан астында ол да жоғалып, таптырмай кетеді. Енді екі жақ болып, басқа молда, тәуіптерді іздестіреді. Бірақ олар қанша күшенгенмен баланың тартылып қалған аяқ сіңірлері жазылмайды. Бірнеше айдың жүзі болды, әлі сол қалпында. Міне, Ескелді табалдырығын аттай құлағандар сол кемтар баланы көтерген оның әке-шешесі еді. – Биекем, сізді әулие атайды, басқа барар жер, басар тауымыз жоқ! – деп күңіреніседі. Ескелді баланың тартылып, айқасып қалған аяқтарын сыйпалап: – Айтып ауыз жарымайтын мүлікүшін осыншама ауыр қарғысты бұл қазаққа айтқызып қойған қай құдай?! – деп қоса зарланады. Соңынан: – Ей, балам аяқтарың иіңкі болғанмен өзге мүшең, ақыл-есің бәрі сау! Құдай бағыңды ашсын,үрім-бұтағың мол боп тарасын! – деп, шын пейілімен бата береді. (Кейін шынында бұл бала осы қалпымен-ақүйленіп, көп балашағалы болған еді). Осындай даулар Ескелді алдында өздеріүйіліп жатса Балпық ондайларды іздеп жүріп табатын. Бес-алты оққағарды ертіп, осы Шу теріскейінде сұлаған елді аралап, әркімнің арыз-мұңын тыңдайды. Біреулерді сөзбен ұшықтап, екіншілерін татуластырады. Жүйкесі тозғандарға жігер, шаршап-шалдыққандарға қуат береді. «Балпық Дербісәлі баласында бөлек қасиет бары рас. Бұл кім-кімді де арқадан қаққылап, маңдайдан сыйпаса, сөзбен уатса, дидарласса сол қандай қиын жағдайда жатса да қас пен көздің арасында түлеп сала береді» деген қауесет шындыққа айналып жатты. Енді бірде Балпық Далақайнардың бір сайында киізүй тіккен өз ағайындарымен ұшырасты. Бұлар Балпықтың атасы Қанқожаныңүлкен ағасы мен оның Қырғыз атты әйелінен туған балалар еді. Қырғыздан туғанүш бала Жазылбек, Шұрық, Көкдала қырғыздары болыпүш рулы елге айналса мынаүй иесі Шұрық қырғыздарынан туған Майлыбай деген шал еді. Майлыбай сәл дімкастау, соның көңілін сұраймын деп, Балпықтың сәл алдында мұнда әлгі Құлжа Кенжекеұлы мен әйелі Дарабоз да келіпті. Құлжа да Балпықпен ағайындас, ал Дарабоз жеңгесі, Балпық бәрініңүстінен түсті. Енді әңгіме қызайын дегенде Майлыбайүйіне тағы бір жас жігіт бас сұқты. Үй иесі оны жалайыр-бәйшегірдегі Мықтыбек деген жігіт деп таныстырды. Сақал-мұрты енді ғана тебіндеген, палуан денелі, отты көзді, жасыүлкендерге именбей қарайтын батылдығы қоса бар жігітті Балпық бөтенсінбей сөзін жалғастырды. Мұндағы сөз көбіне Балпық пен Дарабоздың арасында өрбіген. Дарабоз жеңгесініп, Балпыққа тиісе сөйлеген: – Әнеукүні өзің естідің, Ақжәмилә бұрқ етіп, өз отағасына шабынды. Алыстағы жамағайындарын жоқтап, іштей торыққан жалғыз Ақжәмилә емес.

Ондай бітеу жара көпшілігімізде бар, тырнақ тисе қан шығады. «Жүргенге жөргем ілінеді». Мына Шудың теріскейіне шөктік те шегенделдік, бұл не тым-тырыстық? Қар кетті, әне, мамыр туды ғой. Қоқаңдаған жау қайда? Бізден ілгерідегі Саурық батырдың әскері іштері пысып, ұзақты күн аң-құс аулағаннан басқа түк өндірмейді дейді. Бәріңе басшы әлгі Шапырашты Наурызбай батыр қайда? Негеүні естілмейді? Бәрі жым-жырт, құлаққа ұрған танадай тыныштық, осының мәнісін түсіндірші, қайным! Жетісу қайда, біз қайдамыз?! Дарабоздың да бұл қартайыңқыраған шағы, алпыс деген әйел адамүшін қуыршақ ойнайтын жас емес. Немере қыздарының қуыршақтарына көйлек тігетін жас. Әрі бұған заманның ауыртпалығын қос. Ауық-ауық қауырт басталатын шайқастарда Дарабоздың әйел басымен жайдақ атқа мініп жауға шапқанын қос. Үлкен соғыстарда Дарабоздың көп әйелдерге ұйытқы жасап, қалмақтармен алыс-жұлысүстінде қазақ жауынгерлерінің қоректенуіне қолайлы, күннің ыстығына шыдамды тағам әзірлеткенін қос. Мұндай басшылыққа Ескелді мен Балпық бәйбішелері Ақжәмилә, Кәсенсарылар да қатысатын. Сосын да бұлүш әйелдің ел басшыларына, аты әйдік қолбасыларға ірі сөйлейтініүйреншікті құбылыс. Қазірде Дарабоз солүрдісті пайдаланып, Балпықты иықпен қағардай төнді. Бұрынғы дөңгелек жүзі далиып, әр тұстан әйнекше шытынаған. Бір кездегі әдемі айшықты көздерінде әлі де қайрат тұнғанмен жасаурайтынға ұқсайды. Денесі де шамадан тыс толық. Осы жағынан Балпыққа ұқсастығы барын ескертіп, кеуде тірестіріп, күш сынаспақтай. Дарабоздың осы сауалдары тұсында бес-алты адам, сосын оншақтысы, сосын тағы оншақтысы Майлыбай табалдырығын аттап,үн-түнсіз тізе бүгісіп жайғасты. Ерін жыбырлату, бас ию, оң көкірекке алақан басу – сәлемдесу ишаралары еді. Майлыбай шаңырағының асты лық толғанда соңғылар да естісін деді ме, Дарабоз жеңгесініп, бұрынғысынан да өктемірек етіп, жаңағы сауалдарын қайталады. Балпық жұмыңқы көздерін қабағының астына жасырып, едәуір басын төмен салбыратты. Сосын сәл маңдай терісін шытынатып, Дарабозды көз қырына алып, әлденеден өз кінәсін түйсінген қалыпқа келді. Омыраулары сауыс-сауыс, өңкей алаша шапан, киіз бөрік киген, кейбіреулері жалаңбас, шеке тамырлары білеуленген, көздері алакөлеңкеүйде де жансар жылтырайтын қазақтардың өзіне қарап жұтынған түрлерін байқап, Дарабозды алға сап отырған осылар екенін сезгендей әлі де біраз салғыртып, жүзін көтерді де екі қабағының ортасына ашу жиғандай қарсы алдында самсаған бастарды жұмыңқы көздерімен тінткіледі. Әрқайсысын тілінен тартқылап, «сенің де білмегің осы ма» деп, дікіңдемектей. Бірауық «көпке топырақ шашып абырой таппассың» деп, ақылға келгенге де ұқсады. Балпықтың кигені қызыл ала жолақты кең шұға шапан. Осындағы кейбір жоқ-жітіктер батырдың сөзінен гөрі етек-жеңі мол осы шапанға қанша кез шұға ысырапталды екен деп, соған іштері күйгендей. Тамағы алқа-салқа, жуан да қысқа мойнында білінген тер іздері батырдың осы бүгінде атүсті жүрісте көп болғанын әйгілейді. Бір мезетте Балпық шешілді. Әкесі

Дербісәліден дарыған шешендік өнер қырықтың қырқасына көтерілген осы шақта тіптен күшіне мінгендей. Балпық ең алдымен Әбілхайырдың орнына хан көтерілгенүлкен ұлы Нұралының Барақты билер сотына бергенін, бірақ Төле, Ақсуат, Сырлыбай сияқтылар бастаған билер соты Барақты ақтағасын ол сұлтанның төңірегіне қайтадан көп елдің топталғанын баяндады. Бұған Нұралы хан тіптен долданып, Жоңғарияның қазіргі жас та жарымес қонтайшысы Сыбан-ДоржыАджа ханға өзінің сұлу қарындасын әйелдікке бермекке, оның өтеуіне Барақ сұлтанды жазалауға болысуын, Түркістан, Ташкент қалаларын өзіне қаратуын өтініпті. Бұл ғана емес, қонтайшыға жазған хаттарынан Орта жүзге де билігім жүрсе екен деген тілектің исі аңқиды. Демек, Нұралынікі әке кегін қуу емес, өз ықпалын кеңейтудің амалы. Бұл жағын Жоңғария қонтайшысының әккі зайсандары неге пайымдамасын? Орынбор ұлықтары егер Жоңғария қонтайшысы Әбілхайыр қызынаүйленсе бұл өзара көрші түздіктер елі жақындасып кетер деп, мүлдем екіжүзділікке басты. Бір жағынан Әбілхайыр моласынаүлкен мазар тұрғызуға ақша, адам бөлсе, екінші жағынан Бараққа астыртын елші салып жатты. Сөйтіп, әрқайсысы әр тараптан өз мүдделерін жүзеге асырмақшы. Жоңғарияға керегі Нұралының, басқа да қазақ хансұлтандарының әлгі Қарасақал атты атақты бүлікшіні ұстап беруі, ойраттық тұтқындарды қайтаруы. Ал Ресейге керегі бұл екі түздіктер елінің өзара қырқысып әлсіреуі, орыстарға тәуелділігінің артуы. Тап осы аралықта бөгде бір оқиғалар елдегі саяси жағдайлардың өңін өзгертті. 1749-жылдың жазында Қарасақал өлді. Қазақ-қалмақтың бір талас мәселесі солай шешілді. Сол жылы Төле би Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлын Ұлы жүзге хан болуға шақырып, осы өтінішін Орынбор ұлығына да жеткізді. Орынбор ұлығы бұл өтінішті қатын патшамызға хабарлаймыз деп, әрі сіздерге қарасты аймақтарда орыс керуендерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етіле ме деген сауалына жауап күткенсіп, ұзын арқан, кең тұсауға салды. Тек 1750-жылы Барақ сұлтан екі ұлымен бірге Қарнақ қаласындағы қожаүйінде қонақта отырғанда уланып өлді. Бұл Нұралы өтінішіне орай қалмақ қонтайшысының ұйымдастырған ісі деген сыбыс тарады. Әңгіме осыған жеткенде Балпық қасындағыүлкендердің бірі: – Адам қаны жібермейді ғой! – деп, қуыс қурайша таңқ етті.Дарабоз да сабадай денесін ширақ қозғап, қарияның сөзін қуаттады: – Қан төгіп жақсылық іздеме деуші еді менің қайынатам! – Менің қатыным Дарабоз рас айтады! Әкем Кенжеке ақылды адам еді ғой, жарықтық! – деп, жетпістің желкесіне мінсе де әлі күнге ұшқалақ Құлжа қопаңдады. Дарабоздың денесі шынында сабаға ұқсайтын. Ары-бері қозғалғанда әлдекім ішіндегі қымызы төгілмесін деп, еппен шайқаған сабаны еске түсіретін. Бұл әйел сол денесімен күйеуіне құлап түсердей бұрылғанда Құлжа күмілжи саябырсыды. Бұл заманда күн сайын түсетін ақпарларды жіпке тізу де қиын. Сосын да Балпық олардың қалғандарын қысқа қайырып жеткізді. Осыдан сәл бұрын Бұхара ханы Әбділмомын қаза тауып, билік маңғыттар жұртының өкілі

Мұхамед-Рахимнің қолында кетті. Биыл Қоқанның атақты басшысы Әбдікәрім бек өліп, оның арты тақ таласына ұласты. Ал Жоңғариядағы сарай төңкерісі нағыз қырғын әкелді. Әлгі жарымес қонтайшының шектен тыс қатыгездігіне төзбеген бекзадалар оны ұстап, Ақсудағы қапасқа қамап, екі көзін ойып өлтірді. Билік Қалдан-Сереннің әлгі Ташкентте қолға түскен Бұхара саудагерінің қызынан туған дейтінүлкен ұлы Лама-Доржының қолында кетті. Бірақ бұл жаңа қонтайшы да беделді қолбасы атана тұра қалмақ бекзадаларының, зайсандарының, ұлыс тайшыларының басын біріктіруге тауансыз. – Міне, осылай қарша бораған хабар-ошарлардың астында ақыл-есін жоғалтпаған қасиетіңнен айналайын Төле би атамыз-ау! – деп, Балпық жұмыңқы көздерімен көп тыңдаушыларды қайта тіміскілеуге көшті. – Ныспысын айна-қатесіз аударып-төңкермей Қарлығаш би атаңдар деп, Ескелді ағамыздың жар құлағы жастыққа тимейді. Бірдемені сезгесін сөйтеді-ау ол кісі. Бұдан әріде Балпық Дербісәліұлы алдағы Саурық батырдың да, Ескелді, Қабан жырауүшеуінің де қарап жатпағанын, егер Жетісуға қарай жылжысақ екі жолдың бірін таңдауымыз керек, міне, соның әуселесі қолбайлау екенін айтты. Ол қандай екі жол? Бірі осыдан тіке теріскейге тартып, Хантауды күншығыс беттен жиектей, Жусандала арқылы Іле дариясының Балқаш көліне құятын сағасына шығу. Бұл деген осыдан отыз жылға тарта уақыт бұрын, осы шұбырынды заман алғаш басталған шақта көше қашқан ізбен кері жүру деген сөз. Бұл бағдарды қалайтындар Іленің осы төменгі сағасында су ағысы тоқырайтынын, мал-жанды ары өткізіп алуға оңтайлы екенін тілге тиек етеді. Ал екінші жол осыдан тіке шығысқа тартып, әлгі «Аңырақай шайқасы» өткен Шоқпар, Құлақшын, Белүстірті сияқтыларды қайта кесіп өтіп, Ұзынағаш, Қапшағай бағдарын бетке алу. Бұл бағдарға қисаюшылар мұның Жетісуға қарай төте жол екенін, ал Іледен қыста, мұз қатқанда өтіп шығуға болатынын көлденең тартады. Балпық: – Бұл екі бағдардың қай-қайсысының да артық-кемі бар. Бірақ бізді онысы емес, басқасы алаңдатады ғой. Осыншама заманғы шарпысуда ата жау-қалмақты таныдық. Қазіргідей билік тізгіні өзгенің қолында кеткенде, жарымес қонтайшы емес, әйгілі қолбасы қонтайшы атанған шақта бұл Жоңғария тағы бір бұлқынып қалмас дейсің бе? Ташкент маңында күші сарқылуға шақ дегенмен де ол жақтағы сол қалмаққа қарсы мұсылман елдерінің өз іштеріндегі әпселең бастан асуда. Міне, сондайда ЛамаДоржының қылтаң жерден ұрмасына кім кепіл? Әрі Жетісудай жер шұрайын біздің иемденуіміз іштегі жынын қоздырмас па? Жаудан алған тағлымымыз бар. Сол бойынша Саурық та, біз де өз тарапымыздан аталмыш екі бағдармен жансыздар, ертөлелер жөнелтіп жатырмыз. Солар не дейді, не ақпар әкеледі, бәрі сол арқылы пайымдалмақ. Тап осындай пікірді өздері аралаған ауыл-ауылда Ескелді би, Қабан жырау, тағы басқалар да таратуда еді. Тек 1751-жылдың соңына қарай Жоңғария ішіндегі бүліншілік одан әрі асқынған еді. Лама-Доржы мүлдем табаны бұдырсыз қонтайшы болып шықты. Елдегі қиыншылық

Жоңғарияның бұрынғы тарихындағы аса ірі тұлға Батыр қонтайшының тағы бір шашырандысын сорпа бетіне шығарыпты. Ол Сыбан-Рабтанның немере інісіүлкен Черен-Дондуктың Намджил атты кенже ұлынан туған Дебашы еді. Бұл жас болғанмен іскер, бұл күнде марқұм әкесі Намджилден қалған Тарбағатайдағы ең бай ұлыстың тайшысы, сондағы күміс, темір сияқты кен орындарының иесі, әрі сауда-сатттықпен де айналысатыны бар. Міне, осы Дебашы әлгі Сыбан-Рабтанның Ботлоктан туған жиен немересі, ес білгелі ноқтаға басы сыймаған Әмір-Сана екеуі бірігіп, Лама-Доржыға қарсы ел ішінде майдан ашыпты. Ақыры, Лама-Доржының соққысына шыдамай Дебашы мен Әмір-Сана айналасы жүзшақты адаммен қашып шығып, Арқадағы Орта жүз қазақтарын, сондағы Абылай сұлтанды паналапты. ЛамаДоржының оларды тез ұстап беріңдер деген талабына Абылай ондай мәселені Орта жүзде өтетін ұлы жиын шешеді деп, екі ұдай жауап қайырыпты. Ескелді-Балпыққа жеткен бір маңызды хабар осы. Екінші хабар 1751-жылдың қара күзінде, қыс суығы еміс-еміс білінген шықта Лама-Доржы Ташкенттегі қазақтың ұлы биі Төле Әлібекұлын Жоңғарияға келіссөзге шақырғаны, Төленің ол шақыруды қабыл алғаны, алдағы 1752-жылдың көктемі туа Текес өзені бойындағы қонтайшы байтақысына сапар шегетіні туралы еді. Міне, осы екінші хабар Ескелді би Жылгелдіұлына өз құзырындағы қалың елдің ендігі жолына ұзыннан-ұзақ кілем төсегендей әсер етті. – Енді аялдасақ құдай кешірмейді. Алдағы көктем туа Хантауды жиектеп, Жусандала арқылы Іле дариясының Балқашқа құяр сағасына қарай күрт ауамыз. Мен құдайға қалай сенсем қалың қазақ Қарлығаш би атаған атама солай сенемін. Атамның нұр жүзі қалайда қалмақтардың мысын басады. Бізге қауіп жоқ, қозғаламыз! – деп жар салды. 1752-жылдың көктемі де ерте туар ма? Қар кетер-кетпесте алдын-ала қанатын қомдап отырған жұртүдере көшіп, мамыр айының соңына таман Іле дариясының арғы жағалауына түгел өтіп болды. «Жетісу жерім-ай» деген ән әр көмекейден әуелеп ұшты. Алға шолғыншылар салып, бұлар енді бір кезде өздері аялдаған Жиделі, Көкөзек, Бақанас өзендерін бойлай, Сары Есік Атыраудың ыстығына ұрынудан сақтанып, Іле дариясынан алшақтамай өрге салды. Итжон тауынан өтіп, сол жылдың күзінде Қаратал өзенінің жағалауына да ілікті-ау. Бұларды мұншама жүрдек еткен сол баяғы сырттан ұзынқұлақ арқылы жететін саяси хабарлар еді. Соның бірі Қарлығаш бидің Жоңғария байтақысында болып, осыған орай Абылай сұлтанға жазған хатына байланысты еді: «Дебашы мен Әмір-Сананы қонтайшыға ұстап бермеңдер. Себебі қазір Жоңғарияның өз ішінде ханзадалар мен бекзадалар қырықпышақтасуда. Шешек ауруы да өршіп жайпап жатыр. Аштық та етек алған. Тап қазір Жоңғариядан қазаққа қауіп жоқ», – депті Қарлығаш би. Сөйтсе де сол жылдың күзінде Абылай сұлтанның қылығына ызаланған, әрі Дебашы мен Әмір-Сананың бірін Жоңғарияның қонтайшысы етпек ниетін өз жансыздары арқылы естіген Лама-Доржы Орта жүз қазақтарына қарсы әскер жіберді. Мұны Абылай сұлтанның көмегімен Дебашы мен Әмір-Сана шеберлікпен пайдаланып, қазақтар есебінен жасақталған аз күшпен 1753-

жылдың қаңтарында айналма жолмен барып, Жоңғария байтақысын ту сырттан ұрды. Орта жүз қазақтарына әскер жіберемін деп, өз айналасын жалаңаш қалдырған Лама-Доржы өлім құшты. Дебашы қонтайшы атанды да дереу қазақ жеріндегі әскерді кері шақыртты.

* * * Міне, осындай сыртқы бұрқасын жағдайында жалайыр мен оларға жаптас өзге елдердің көсемдері Ескелді, Балпық, Қабан –үшеуі өздері қайта оралған Жетісуда ру-руға жер бөлумен шұғылдануда еді. Бұл да оңай-оспақ шаруа емес, кейде көк аспанды қақыратар даңғаза шу да орын алды. Міне, осындай даңғаза шудыңүстінде Абылай сұлтан мен Төле бидің есімдері ерекше аспандады: – Абылайдың ақ туы көгімізден күн сипатты нұр төккендей. Қарлығаш бидің аруағы баршасынан асты! – дегенді Ескелді би қай жиын, қай дауда да жұрттың құлағына құятын. Бәз біреулерге сұлтан мен ұлы би екеуі оңашаланып барып, қазақтың неше заманғы ата жауының қабырғасын қаусатқанға ұқсайтын. «Қабырғасын қаусатқаны емей немене, Абылай өзінің қамқорлығында болған, өзімен егіз қозыдай Дебашыны Жоңғарияға қонтайшы етті. Енді Абылайүшін Дебашы да бір, ауласындағы иттің күшігі де бір» дегенге дейін барысты. Сол 1753-жылдың жазы, күзі жалайыр, онымен жаптас өзге де руларға жер бөлу сияқты ұлан-асыр науқанға толды. Ең алдымен Ескелді, Балпық, Қабан жырау –үшеуі ел-елдің шөккен жерлерін кезіп, сондағы ақылды бастардың райына қанықты. Енді бірде барша рулардың сорпа бетіне шығарлары Көксу өзенінің бойындағы Ескелді шаңырағы шошайған маңға жиынға шақырылды. Мұнда бірнеше мал сойылып, қонақтарға ас берілгесін, әрине, бидің бәйбішесі Ақжәмиләға көп салмақ түсті. Ол Дарабозбен бірігіп күндік тартқан басын шайқай ширақ қималдап, ас қамдаушы әйелдердің жұмысына ашық-жарқын жүзбен басшылық етті. Көп ішінде біреу Ақжәмиләні жеңгесініп: – Жондағы Жобалай керейге кеткен сіңліңізден хабар жоқ, неменесіне айыңыз оңынан туғандай майқан шегіп жүрсіз? – деп шағып қалды. – Сынықтан өзгенің бәрі жұқпай ма, қайным! – деп, Ақжәмилә бөгеліссіз жауап қайырды. – Біздіңүйдің отағасымен осыншама заман тұрмыс құрғанда жұққан дағды ғой. Отағасы ел мәселесі дегенде өзінің екі туып бір қалғанын ұмытады. Мынадай жер бөлісі, қыс қыстау, жаз жайлау деп, жұрт жапатармағай қызыл қарын, жас баланың қамыүшін тырбанғанда мен де басқаны ұмытамын ғой. Қайтейін, әзірше қай туысқанды да елімнен артық көрмедім! Ақжәмиләға Дарабоз қосарласты. Жартылай еркекше, жартылай әйелше киінген зор денесін тіке ұстап, бұлтиған бетін көпке бұрып: – Қанша баса-көктесек те құдай әйел қып жаратқасын біз әйелдерше толғаймыз. Біздікі ел басшыларының басындағы мұзға сәуле түсіру ғой! – деп салды.

– Әйелдерден шыққан дана көкірек осы екеуі-ау, шіркін! – деп дауыстады күшік Жолбарыс би. Біраз сөз ұғарлығы барлардың көкіректерін әлдене шым еткізді. Осы жиын үстінде Саурық батыр Қайдауылұлынан хабаршы келді. Бұл шақта жалайыр мен осы Жоңғар Алатауының етегіне Балқаш көлін теріскей беттен айналып жеткен найман арасында шекара белгілеу ісі екі ел бибатырларының ұйғарымы бойынша Саурық, Көкжал Барақ және арғынбәсентиін Малайсарыға жүктеліп еді: – Біз мына Итжон тауында Малайсары, Көкжал Барақ тобымен итырғылжыңға түсіп жатырмыз! Әзірге бір анығы Қаратал мен Іле арасы түгел жалайырдікі. Әр атаның естияр азаматтарымен келісіп, жайлау-қыстауларды бөлісе беріңдер. Жалайырларға сіңбе саяқ рулар да еншісіз қалмасын! Ал Қаратал өзенінің теріскей жағалауынан қанша жер тиеді ол алдағы күнде айқындалмақ, – депті Саурық. – Естідіңдер ме! – деп, Ескелді Көксудың көк майсалы жағалауларына жантая жайғасқан көпшілікке дауыстай сөйледі. Өңкей алаша шалбар, жүн шапанды, киіз қалпақты қазақтар ойша өздеріне тиесілі жер кеңістіктерін елестеткендей болды. Кімге қандайүлес тиеді деген сауалға келгенде бәрі ішектерін тартып, бір-бірін көзбен арбағанға ұқсады. Аштан өліп, көштен қалатын жер емес, бәріне де сулы, нулы, құйқалы қоныстар керек. Қыс қыстауы, жаз жайлауы жайлысы дейтіні тағы бар. Бірақ қалағанын атап, өңмеңдеп алға шыққандар байқалмады. Мінез көрсетеміз деп, абыройсыздыққа ұшырармыз деген сақтықтан, шамасы. Ескелді жұрттың дағдарған түрін байқап: – Мен Балпықты, Қабан жырауды, Қоғылды ертіп, Қаратал бойлап қайттым. Қора мен Шажа қосылған тұс қандай ғажап! Шеңгелі үйдей, қояны қойдай, балығы тайдай! Жағасы жайдақ, оны жайлаған жетім мен жесірдің несібесі шарасынан асып тұр-ау! – деп тамсанды. Балпық: – Ес-ағаң дұрыс айтады. Бұл кісінің атағаны шынында жұмақтың төрі! Масатыдай құлпырған жасыл жон. Қары қалыңдау түседі демесең шаруаға қолайлы-ақ жер! Сонда барып, таяғыңды шаншымайсың ба, Тілеуғұл?! – деп, көпшіліктен оқшау ұйлығысқан Арықтыным-Бәйшегір адамдарына көз тікті. Балпықтың Тілеуғұл атағаны осы шұбырынды заманның соңында ғана батыр атағы шыққан отыздар шамасындағы жігіт еді. Тілеуғұлүндемеді. Мұның қасында жасыүлкендеу Құдыке деген кісі, әрі Тілеуғұлдан да кішірек әлгі отты көзді, палуан денелі Мықтыбек тұр еді. Іледен бері өтер қарсаңда Арықтаным-Бәйшегірдің игі жақсылары жиылып: «бұрынғы биіміз қартайды, бізге буыны берік жас би керек» десіп, ақырында осы Мықтыбекке тоқтасқан. Өзінің жаңа жағдайына аса бойүйрете қоймаған Мықтыбек би иықты денесін күшпен ырғап, сақал-мұрты енді-енді тебіндеген иегін сілкілей сөйледі: – Батыр аға, би-ағаның атағаныүрме мылтықтың аузы ғой. Біздің бәйшігерлер «отызүй обыр, қырықүй тобыр» дегендей ат төбеліндей аз ел. Бір күндік қырғыннан тамтығымыз қалмас деп қауіптенеміз?

Балпықтың көзі Мықтыбек бидің көзіне тура түскенмен оны елемегенсіп, тағы да Тілеуғұлға қарады: – Қауға тартып дамықпайсың! Сай-саласы бастау, суаттары астау. Табындап сиыр, келелеп түйе өсірсең тақияңа тар келмес, жалғыз басың мың болатын мекен, неден кежегең кейін тартты, Тілеуғұл? Тілеуғұл тағы даүндемеді, Мықтыбек тағы да екіленді: – Шабындыдан көз ашпаған елміз? Бәйшегірлерге керегі бала ұйықтап, байтал жусайтын жер ғой. – Ол қай жер? – деп, Балпық енді ғана Мықтыбектің өзіне қадалды. – Іленің Балқашқа құяр сағасы! – деп, Мықтыбек таңқ етті. – Ау, ол маса-сона, шыбын-шіркей, құм мен сор, батпақ емес пе? Түкті кілемдей төскейді неге қомсынасыңдар?! – деп, Балпықтың жүзі алабұртып, ашу шақырғанға ұқсады. Айтулы батырдың мысы басып, Мықтыбек би сөзден жаңылғандай еді. Қабан жырау көмекке келді. Ол шалғайы кең жүн шапанының етегін сілке тұрған орнынан екі аттап, Балпыққа жақындады да күмбірлей жөнелді: – Біз Іленің сағасынан бері жылжығанда жолай анау бәйшегір Құдыкеніңүйінде қонақасы жеп, Құдыкені ауыл-аймағымен тік көтеріп әкеткеніміз есіңде ме, Балпықжан? Есіңде болса сонда Құдыкенің де, мына Тілеуғұлдың да өздері отырған сол Балқаш бойындағы «Үш қамауды» қимай арттарынаүш бұрылып қарағандағы кескіндері жүрегімді ауыртып еді. – Апырау, ол бөлісте жоқ жер еді ғой! – деп, Ескелді таңырқады. – Онда тіпті жарасы жеңіл. Әркімнің өз қалауы! – деді жырау. – Бәйшегір құм ішінде жатса өсіп-өнгеніне қолайлы-ау! – деп, Тілеуғұл енді ғана тілге келді. Тілеуғұлдың сөзін құптап, Құдыке мен жас би Мықтыбек жарыса бастарын изесті. Тап осы мәселеде биліктің өзіне тірелгенін сезген Балпық әулие Дербісәлі баласы бата беріп, Төменгі ІлеҚаратал аралығын, Балқаш жағалауын жалайырдың Арықтыным-Бәйшегір тармағының еншісіне берді. Бұдан кейін де екі-үш рубасы Ескелді атаған Қора-Шажа қосылып, Қаратал өзені атанып ағатын тұсты «үрме мылтықтың аузы» деп, тайсақтады. Осыдан аттай отыз жыл бұрын сол аңғардан бұрқ етіп көрінген қара қалмақ қайта бассалатындай бойларынүрейге алдырды. Ақыры сол маңды Ескелді өзі шыққан жалайыр-сиыршы еліне және мырзалардың бір бөлігіне бергізді. «Не зобалаңға да арқа-жонымды өзім тосайын» дегендегісі еді. Осы тұста көп ішінен бір ерек дауыс естілді. Бәрі жалт бұрылғанда әлі оңы мен солын танымайды-ау дейтіндей жас бозбаланың сұлбасын көрісті. – Ата, сізге айтар арызым бар! – деді әлгі бозбала. – Құлағымыз сенде, қай баласың? – деді Ескелді – Атым Бөлек, әкем Тасыбай. Біз мына балғалы елінен едік! Кенет жиылған көпшілік ішінен бір күбір-күбір жүгіріп өтті. Балғалы жұрты жөнінде бұл жылдарда жалайырдың өзінде де, сыртқары аймақтарда да алып-қашпа әңгіме дегенің құлақ сарсытатын. Оның бәрі әлгі жалайырбалғалыныңүлкен бір бөлігінің көсемі Жарықбас Есентүгел дейтіннің Барақ сұлтан Тұрсынхан ұлына Әбілхайыр ханды өлтіруге болысып, соңынан

шығысқа емес, түстікке салып, Сырдария бойындағы Тереңөзек атты мекенге біржола бет қойғаны хақында еді. Ескелді де соны еске алып, жас жігіт Бөлектің сөзінен гөрі өзіне көбірекүңілген сыңай байқатты. Шынында бұл да көргеннің көзі тоятындай нұр жүзді, балғын денелі жігіт еді. – Арызыңды айт! – деді бір уақытта Ескелді. Бөлек Тасыбайұлы бидің бұл сөзінен тіптен қанаттанғандай: – Би-ата, бір әулеттің баласы едік, асыл тонның жағасы едік. Мына сол төмендегі Құлантөбеден құланның, Итжоннан аттың құлағы қылтиғандай. Нағыз жібек жалды жануардың есіретін жері екен! Елімнің ырысына айналсын, байлыққа белшеден батайық. Сол Іленің бойын етбауыр жақыныңыз балғалыға қисаңызшы! Ескелдінің жүзінде көптен байқалмаған шуақ жүгіріп, жас бозбаланың сөздерінен масаттанғандай реңі бар еді. Қабан жырау оның осы түрін барлап, мұның қайтсе де балғалының жас бағланының ығына жығыларын танып, іштегі бір запыранын бұл да шығарып үлгерді: – Биеке, егер Құлантөбе, Итжонда балғалылар тебін тепсе соларға жалғастырып сонау жер түбінен келген, әлгі мың жарым түтін қарақалпақжалайырлар бар емес пе, соларды да қоныстандырсақ қайтеді? Сақалшашымның ақтығын көлденең тартып, егер Жетісуға көшіп жетсеңдер жердің ең бір шұрайлысы сендерге бұйырады деп, зар қақсаған мен бейбақ едім, қайтейін?! Бұлар қарақалпақтар дегенмен балғалылармен түбі бір екен? Ол жағын сол балғалыдағы әлгі осы мың жарым түтінді көшіріп әкелуге менімен бірге барған шежіреші Мұқыш шал да саусақтарын сыртылдатып санап отырып, айғақтап берді. Қоңсылас қонса бір-біріне ес, әрі араласуына, өзара көмекке қолайлы! Әне, қарақалпақ-жалайырлардың бетке ұстары Жайнақ батыр Қошқар баласын да көріп тұрмын. Жаным, бері мына би-ағаңа жақындашы! Ескелді, Балпық екеуі ол Жайнақ Қошқарұлымен де көп көзінше едәуір дидарласты. Ақыры, Итжон тұсындағы Іленің бойы балғалыларға, ал олардан сәл өрірек, Алтынемел, Қату тауларының алқабындағы Күреңбел, Доланалы атты түгін тартсаң майы шығатын кеңістік қарақалпақ-жалайырларға тиді. Бұл екі қонысты Арқарлы тауы ғана бөліп тұратын еді. Өстіп, әртүрлі қисынға орай жер бөлісі жалғаса берді. Ол туралы қилықилы аңыздар да туды. Бір анығы Балпық Дербісәліұлына қарасты андастарға Итжонның теріскей жағы, Матай, Алтынемел тауларының бергі етегінен Аралтөбенің шыршалы биігіне дейінгі аралық бөлінді. Қабан жырау бастаған жалайыр-мырза елі Жоңғар Алатауының соңғы бөлігі Шолақ тауын, әрі Шаған тауынан Итжонның теріскейіне дейінгі бөлікті иеленді. Ал күшік Жолбарыс биге тигені Іленің төменгі сағасы – Қамау, Құйғаннан бергі Қаратал өзеніне дейінгі шудалы құм еді. Басқалар да сыбағасыз қалған жоқ. Мысалы, жалайырлардан жұбы жазылмаған суандар Көксу өзенінің өріненүлес алды.

Тағы бір қыс өтіп, 1754-жылдың жазы туды. Ескелді би өз отбасын Қаратал өзенінің Қарабұлақ аталатын мекенге таяу жағалауындағы сазға қондырып еді. Шілденің соңы, жаздың әбден толысқан шағы. Текелі сайынан ертелі-кеш соғатын самал бұл маңның адамын да, малын да рахатқа бөлейтін. Би аулы шамамен елу-алпысүйден тұрады. Көкпеңбек сазға шашылған ақ жұмыртқадайүйлердің бас-аяғы қозыкөштей қашықтыққа созылған. Уақыт сәске түстің кезі. Ескелді таңертеңгілік қымыздан соң біраз ұйқыға басып, денесі сәл ауырлағандай халде басын көтерген. Киізүйдің ашық есігінен көрінген жарық көзін қарықтырғандай болды. Өзінен сәл аулағырақ, әлдекімге өкпелегендей теріс қарап ұйықтаған Ақжәмилә ештеменің дыбысын сезер емес. Бірақ бидің өз құлағына алыстан бір ат дүбірі жеткендей еді. Ауыл ішінің өз тентектерінің ары-бері жүрісіне ұқсатқысы келіп еді, тек ол дүбірдің тура осылай қарай жақындауы, біртебірте тіптен айқандалуы күдік тудырды. Ескелді тез сыртқы табалдырықты ары аттады. Биүйіне қарай шапқанүш аттылы екен. Әлдебір жаман ырымға бой алдырып, бойы тоңазығандай бұл оң қолымен көздерін көлегейлеп, бажалай қарады. Қаратал өзенінің өріндегі оның салалары Қора, Шажа бойында осы Ескелдінің өз руластары жалайыр-сиыршымен қапталдасып мырзаның да бір бөлігі қоныстанбап па еді. Ол бөлік Қожаназар балалары – Есенбай, Есенғабыл, Есқара, Досқара сияқтыларға қарасты ауылдардан тұратын. Ал мынаүш атты сол Қожаназар балаларының еңүлкені Есенбайдың жіберген адамдары екен. «Биекем, Қора жайлауының арғы биіктерінің қуыс-қуысымен бізге қарай аттылы-жаяуы аралас құмырсқадай құжынаған қара-құра салып ұрып келеді. Анау-мынау да нүркетін біз емес, тек мыналардың бас-аяғының орасандығы ой салады. Не қам жасағанымыз лайық, сіздің ақылыңыз қандай» депті Есенбай. Бұл хабарды сыртқа желбегей шыққан Ақжәмилә да естіді. Үш хабаршыны аттарынан түсіріп, сусын бергізгенше Ескелді ауыр ой құшағына сүңгіді. Қалайда, мұның асыққысы жоқ. Осы Қаратал өзенінің төменгі ағысы бойында бұдан елу шақырымдай қашықтықта, Үштөбе аталатын мекенде отырған Балпық ауылына кісі жіберу керек-ау. Солай шешсе де би әлі де асықпады. Осы ауылдағы оншақты ақсақал-қарасақал жиылып еді олардан да мардымды ұсыныс шықпады. Бұл үш хабаршы кетіп ертеңіне Есенбай жіберген басқаүш хабаршы істің мән-жайын ашты. Қора жайлауының өрінен бері жаяу-жалпылаған қара-құра түгелімен өзіміздің қазақтар екен. Әлгі шұбырынды заманның басында батысқа, Сыр бойына қашқанда біраз қазақтар осында қалмақтардың қоластында қалмап па еді. Енді қазақтар Жетісуға қайта лап қойғанда өрге қашқан қалмақтар сол өз қоластындағы қазақтарды зорлықтың күшімен өздерімен бірге әкеткен еді. Жоңғарияда Дебашы қонтайшы атанғасын сонда басталған бүлікті пайдаланып бұл қазақтар бері қашып шығыпты. Іштеріндегі бәріне басшы Шопабай батыр екен десті хабаршылар. Ескелді қабағын ажырайтып:

– Әкем-ау, ол Шопабай жасы қай шамадағы батыр? Әлгі шұбырынды заманның қарсаңында мен жолықтырған Бұқпанбет шалдың баласы Шопабай емес пе? Мен көргенде ол тұрымтайдай бала еді! Әлгі төре тұқымы Баймұрын дегеннің ығында кетіп еді. Мынаүш хабаршы тап сол Шопабай екенін растады. Бұл жолы Ескелді тез шешім қабылдады. «Есенбай аға, сіз өз інілеріңіз Есенғабыл, Есқара, Досқара, тағы басқалар, бәріңіз бас болып сол жосылған қара-құраны бір кең алқапқа шоқтайүйіріп жиыңыз да осында өткен жер бөлісі жайын мұқият жариялаңыз. Қай руға қай қоныс бұйырды, сол бойынша әрқайсысы өз руластарын тапсын. Ал Шопабайдың өзі Балпық құзырына жөнелсін, жолай маған соқсын» деп сәлем айтты. Шопабай би ауылына бес күн өткізіп барып жетті. Бұл шақта қырықтың қырқасындағы Шопабай әңгімесі іш атқан неме екен. Осы отыз жылда қалмақтардың қоластында не хикметтерді бастан кешкендерін ой құйқылжытты-ау. Ескелді айналасының құлағының құрышын қандырды. Бірде көршілес қалмақ ауылына барып, жерошақ басында қалмақ қатынының қазандағы шөмішпен аш итті маңдайдан ұрып, сосын сол шөмішті қазанға қайта сұққанын көріп, ол қатынды қамшының астына алғанын, қатын жылапбоздап байына шағынғанмен бұл тазалық хақында дәйек келтіріп, жазадан құтылғанын, енді бірде жаратылысы бөлек ақ нарын қалмақтар тартып әкеткесін жыл өткізіп барып ол нардың қашып келгенін көргенде өзінің жануардың мойнын құшақтап, «біз қос аяқты адамбыз, сен төрт аяқты малсың, біз адам басымызбен сені жыл бойына іздеп бара алмадық, ал сен мал басыңмен бізді, адамдарды өзің іздеп келдің» деп, егіле жылағанын баяндап, тағы осы сықпытты жайлардың бірінен соң бірін қозғағанда Ескелді аулындағы біраз көңлі босаңдар көздеріне жас алды. Ескелді Шопабайдың жырынан гөрі өз басына көбірек ден қойды. Қайратты, мол денелі, сақалмұрты сарғыш, мойын тамырлары күдірейген, сөйлегенде жақ сүйектерінің қимылы тым шапшаң екен. Көздерінің қарасы да бір түрлі, өзі айтқан жайлардан бөлек басқа бірдемені қоса ұялатқандай онда-мұнда жүйткіп, ұшқындай жылтырап, тыңдарманды екі ұдай етеді. Ал Шопабайдың түрі осы да іш дүниесі мүлдем басқаша еді. Бала кезінде өзінүлкен қатерден құтқарған, одан кейін мына шұбырындының кесірінен біржола көз жазғандай осы қиырдағы қазақтың ең атақты биі Ескелдімен бұлайша бетпе-бет кездесуін іште қорыта алмай сөзүстінде бір оқиғаны екінші оқиғамен шатастырардай қибыжықтайды. Бұл төкпенің өзіүшінүлкен күшке түскенін жасырудың өзі бір қияметтей. Ескелдінің сексеуілдің діңіндей сонау заманғы бет-әлпетін жақсы есте сақтаған, ал қазіргісі одан да әрмен қаттылықты аңғартады. Көгілдірлеу қос шырағы кірпіктеріне көміліп, Шопабайдың жол жорғасы арқылы оның өзін де әр қырынан бақылағаны анық. Шопабай сөйтіп өзінің сын тезінен өткенін де сезді. Сүрінбеудің амалы кәне. Кенет ол қалмақ ішіндегі кәкір-шүкірден гөрі маңыздырақ тақырыпқа ойысты. Тап қазіргі Жоңғария байтақысындағы, Іленің жоғарғы ағысы, Текес өзенінің бойы,

сонау Тарбағатай тауы сияқты мекендердегі жағдайды сараптады. Біраз деректерді сүзіп барып, Ескелдінің өзіне сауал тастады: – Би-аға, қазіргі қонтайшы Дебашы Абылай сұлтанмен жақсы ауыз жаласып еді. Дебашы Абылайдың айтқанын екі етпейтін. Енді сол Дебашы мен оның кешегі одақтасы Әмір-Сана арасында тақ таласы бұрқ еткенде неге Абылай сұлтан Әмір-Сананы қолдап шыға келді? Жай қолдау емес, ӘмірСанаға талай түмен әскер беріп, Дебашыға қарсы нағыз соғыс салды ғой. Мұның мәні не, түсінсем бұйырмасын! – Қазақ пен қалмақтікі кешелі-бүгінгі ғана соғыс емес қой. Арғы атабабаларымыздан бері қан төгісуде. Бүгін жеңілсе ертеңіне қайта жалы күдірейіп шыға келеді. Бүгін достасса, ертең қайта қастасады. Қазақ ығыр болмай қайтсін. Абылай кешегі Алтын Орда заманындағы Ақсақ Темір саясатын жиі еске алушы еді. Ақсақ Темір Алтын Орданы қалай күйретті? Егер Алтын Ордада Едіге билік басына келсе оның бақталасы Тоқтамысқа болысты. Ал Тоқтамыс өрлесе Едігеге болысты. Сөйтіп Алтын Ордадағы ішкі қырқысты күшейтті. Міне, Алтын Орда сөйтіп жан тәсілім етті ғой. Абылай да Дебашы мен Әмір-Санаға кезек-кезек болысып, бізге қарсы қара қалмақ атаулы енді қайтып қару көтерместей күйресін дейтін шығар. Би жауабынан Шопабай ауыр ойда қалды. Осыданүш күн өткенде сонау теріскейдегі Молалы, Қызылағаш жақтан бері қарай қалың әскер жылжып келеді деген хабар алынды. – Апырмау, ол жақта найман ағайындар отыр емес пе? Оларды басакөктей жылжыған қайдағы әскер? – деп, Ескелді сасқалақтады. Дереу, солай қарай бірнеше ертөлені ұшыртты. Әрі Қараталдың төменгі ағысында, Үштөбе маңындағы Балпық Дербісәлі баласына да адам жөнелтті. Балпыққа кеткен жігіт тез оралды, ал Молалы, Қызылағашқа беттегендер бір аптадан астам хабар-ошарсыз. Осы екі ортада би аулына тағы бір ақпар сумаң етті. Бұл нағыз жаманаттың өзі еді. Мұны да жолдаған сол Есенбай Қожаназар баласы. Әнеукүні ішінде Шопабай бар мол қара-құра жылжыған шығыстағы Қора жайлауы жақтан тағы бір мол нөпір көрініпті. Есенбай оны да сол бері ауған қазақтарға балап, біраз күн қамсыз қалса керек. Тек ол нөпір тым жақындағанда ғана оның қарулары шақылдаған нағыз қалмақ әскері екенін аңғарыпты. Ол ғана емес, сол Қорамен қатарлас, Қаратал өзенін құрайтын екінші су – Шажаның өрінен де құжынаған қалмақ әскері керней тартып келеді екен. Бұл Шажаның бойында, ол қақ жарып ағатын Текелі сайындағы ел Ескелді бидің өз аталастары – жалайыр-сиыршының Тоқымбет, Сырымбет тармағына жататындар еді. Мына екінші хабарды жолдаған Ескелдінің өз інілері Естай, Досай, Бектұрған –үшеуі еді. Атамекенге оралып, енді ғана аяқ-қолымызды жазамыз дегенде мынадай хабардың жан-жақтан анталауы ашық күнде төбелерінен жай түскендей әсер етті. Басқа-басқа, бірінші болып, Ескелді бидің өз бәйбішесі Ақжәмилә түбі түскен шелектей қаңғырлады: – Отағасы! Әз-Тәуке заманындағыдай қойүстінде бозторғай жұмыртқалаған заман орнатамын деп, елді осылай дүрліктіріп едің, мынауың оғанүш қайнаса сорпасы қосылар еместей ғой. Үрме мылтықтың аузына

әкепүйіргесің бе ел-жұртты? Өзімізді қойшы, мына бала-шағаға, немерешөбереге обал ғой. Бүйтеріміз болса оларды несіне таптық? Би бәйбішесінің бұл сөзінен еркек-әйелі аралас өзгелер де өрекпіді. Онсыз да басы әңкі-тәңкі би олардың аузына қақпақ қоюды ойламады. Осы екі ортада Шопабайдың тұлғасы қайта шалынды: – Би-аға, текке алағызу пайдасыз. Мен қалайда сол қалмақтың ішінде отыз жыл құлдықта тұншыққан пақырмын ғой. Үйренген жау атысқанға жақсы. Рұқсат етсеңіз, мен сол Қораның бойымен жалғыздап жоғары өрлейін де бір амалын тауып, сол қалмақ әскерінің ішіне дендеп енейін. Бұл неғылған әскер, бағыты қалай, мақсаты не, қолбасы кім, соларды анықтайын да қайта бері шабайын. Жазатайым жазым болсам ұшқан құстың қанатына хат байласам да бір тіл жіберуге жарармын. Шәйіт кетсем «обал-ау» дейтіндей бала-шағам жоқ, мені қайтесіз, рұқсат етіңіз. Бұл шақта Балпық та, алысырақтағы Қабан жырау да Ескелді құзырына келіпүлгерген. Үшеуі де Шопабайға аяушылықпен, әрі сұраулы жүзбен қараған. Соны ұққан Шопабай сап-сары сақал-мұртты жақ сүйектерін күшпен қозғап: – Қалмақ ішінде алғашқы қосағымды сондағы бір ноян тартып әкетті. Екінші әйелім құрсақ көтеріпүлгермей шешек ауруынан өлді. Содан бері салт басты, сабау қамшылымын, – деді. * * * Қора, Шажаны бойлаған екі түмен қалмақ әскері бері жылжыды. Жалайыр елі қақ жарылып оларға жол бергенге ұқсады. Осыдан отыз жыл бұрынғыдай күнбатысқаүдере көшпей екі жақтағы тау-тастарды паналады. Неше жерден жау шапса да баяғы Жоңғарияның жоқтығын мұндағы ит пен құсқа дейін түйсінгендей. Ескелді, Балпық, Қабан жырауүшеуі әп-сәттеүлкен әскер құрастырғанмен бірден мына қалмаққа қарсы соғысқа арандамады. Шегіншектей сәл әліптің артын бақты. Қалмақтың екі түменіүшке бөлініп, бірі – Қора мен Шажа тоғысқан тұсқа, екіншісі– Қараталды төмен бойлай әлгі Ескелді ауылы жайғасқан Қарабұлақ маңына орнықты,үшіншісі – тым төменге сілтеді. Бұлар да сөйтіп әліптің артын баққанға ұқсайды. Осылай әрісәрі күйде бір апта өтті. Кенет Шопабай табыла кетті. Ол мына су бойындағы қалмақ әскерінің ішінде екен. Сол қарсаңда әлгі теріскей беттегі Молалы, Қызылағаштан жылжыған қалың әскердің кәдімгі Абылай сұлтанның өзі бастаған Орта жүз қолы екені анықталды. Бұл әредікте Шопабайдың шоқтығы тіптен биіктеді. – Би-аға! Батыр аға! Жырау аға! – деп жалайырдыңүш көсемін қадайқадай атады да, суырыла жөнелді. – Қаласаңыздар құран сүйіп ант етейін, көмекейдегі сөзім хас шындықтың өзі. Бұл күнде сұмдықтың суын ұрттаған қалмақ сұңғылаларынан мен де кем емеспін. Айласынан айла асырып, қалмақтың бұл жорығының мәніне бойладым. Анау Арқадан бері жылжыған Абылай әскерінің хабарын бізден бұрын естіген қонтайшы Дебашы адамның басына келмес қулықты жүзеге асырмақ екен. Олар осы Жетісу жерінде Абылайдың өз жеке басын тағы да қолға түсіріп ұрлап әкетпекші. Егер Абылайды қолға түсірсем бүкіл Арқа қазақтары Әмір-Санаға емес, маған

болысады деп ойлайтын көрінеді Дебашы. Бұл сөзімнің растығына мынадай куә тартамын. Осы көктемде Әмір-Сана Абылай сұлтанға өз інісі Банчужур мен Барчуйх деген зайсанды жіберіп, бір мың жылқы, он мың қой, жеті жүз түйе сұрапты. Ақысына бұхар кілемдерін, қару-жарақ, тұтқындағы қазақтардың және қалмақ құл-құтандарының есебінен көп адам беремін депті. Ел ағаларымен ақылдасқан Абылай осындай ауыс-күйіске шынымен-ақ барыпты. Өтірік десеңіздер Абылай сұлтан өзі келеді дейді ғой, сұрарсыздар. Құлақтарына жел сыбырлады ма, Шопабай сөзінің шындығына бұлар бірден сенді. Қалмақ әскерінің Қаратал өзенінің бойындаүшке бөлініп тоқтауы, әрі еңүлкен бөлігінің тым төмен сонау Итжон тауына қарай кеткені соған айғақтай. Ескелді: – Абылайды бұл өңірден алып өтуіне тірі тұрсам жол бермеспін! – деп, ата көгершіндей зікір салды. Екіүзеңгілесі де тастүйін қатып, би антын іштен қайталады. Осыдан тағы екі апта өткенде Қаратал өзенінің өнебойында қазаққалмақ соғысы басталды. Бірақ бұл өткендегі қазақ-қалмақ соғыстарының бір де біріне ұқсамады. Көбіне тиіп-қашпа бірдеме. Қалмақтар осылай уақыт ұтпаққа әрекеттенгендей. Кейін белгілі болғанындай шайқастың еңүлкені сонау төмендегі Итжон тауында өтіпті. Мұнда қалмақтар алыстан жеткен Абылай әскерімен беттескен еді. Мұның хабарын естігенде Ескелді айналасы Шопабай ақпарын хас шындықтың өзіне балады. Сол Итжондағы арпалыста әлгі жалайыр мен найман арасындағы шекараны белгілеуге қатынасқан Малайсары батыр оққа ұшыпты. Бұл өзі арғын-бәсентиіннен шыққан танымал қолбасы. Жалайыр-найман шекарасын белгілегенде жалайырдан Саурық, найманнан Барақ, ал ара ағайын ретінде соңғы кесімді айтуға осы Малайсары бөлінген. Қараталдың оң жағалауы кімге бұйырады деп дауласқанда Малайсары жалайырды жақтағасын Көкжал Барақтың өкпелеп кеткенін де жұрт естіген. Осыдан отыз жылға тарта уақыт бұрынғы «Аңырақай шайқасында» аса қомақты ерлік көрсеткен кексе батыр Көкжал Барақтың бұлайша күрт сынуы жайдан-жай кететін дүние емес. Тіпті Малайсарының түп атасы жалайырдан шығады екен деген өсек те тарады. Қалайда, Малайсары есіміне көлеңке түскен жоқ, батыр соңғы тыныс алған Итжон кейін Малайсары атанды. Бейіті де сонда. Осы Малайсары тауының маңына Абылай сұлтан екі мыңға тарта қолмен бірге сол кездегі Орта жүздің ең танымал батырларын ерте келген. Бір кезде Ташкенттегі Төле би ұйғарымымен Жетісу өлкесіндегі барша қазақ күшінің бас қолбасысы атанған Шапырашты Наурызбай біразүйсін қолбасыларын ертіп, өзі де сол Абылай қарамағына енген. Мұнда Наурызбайдың өз басы, Сіргелі Қара Тілеуке, Шапырашты Сатайдың немересі Бөлек батыр, Қасқарау Молдабай сияқтылар жанқиярлық әрекеттерге барды. Бір қызығы сонау күнбатыстан келген әлгі мыңжарым түтіндік қарақалпақ-жалайырлардың көсемі Жайнақ Қошқарұлының серіктес досы, әрі туысы Қылышбек ерекше көзге түсті. Тіпті ол туралы «өзінің көзге көрінбес оққағары бар екен» дескендер бар. Абылай қасындағы Бұқар жырау Қалқаманұлының қалмаққа қарсы соғыста өлшеусіз ерлік көрсеткен ерлер

ныспыларын тізген ең атақты өлеңінде осы қарақалпақ Қылышбектің де аталуы тегін емес. Бір анық тарихи шындық – сонда да бұл текетіресте қазақтар басымдыққа жетпеді. Тіпті бұлардікі жеңіліске де ұқсады. Қазақ пен қалмақ Малайсары тауының екі жағына қарай кері серпілді де аяқ-қолдарын ішке бүгіп, екі ай бойы тырп етпеді. Қаратал өріндегі екі тұстағы беттесу де солай. Тек күзде қонтайшы Дебашы қосымша күш, көмек жібергесін қалмақтар қайта қозданды. Қазақтар да қарап жатпаған, қару-жарақ, мініс аттар жөнінде өздерін өздері жақсы қамтамасыз етті. Бұл жолы қалмақтар күйрей жеңілді. Қаратал бойын күңіренте өрге, шығысқа қарай қашты. Үш бөлігі Қора мен Шажа қойындасқан тұстаүлкен күшке айналып, Ескелді-Балпық қосындарына ауыр соққыдай тиді. Қалайда, жалайырлар да шыңдалған ғой, кейін өсіп-жетілген жас қолбасылардың тапқырлығы арқасында бұлар ата жауды одан әрі ысырды. Қалмақтардың бұлай жеңілісіне тағы бір себеп, жалпы жеңісүшін емес, Абылайдың өз басын тұтқындау сияқты бөгде бір мақсатты көздегендіктен де өз күштерін шашыратып алып, талма жерден болат найзаның ұшы тиерін естен шығарған қателіктен еді. Қалмақтардың қалған әскері Текелі сайынан әрідегі бір қуысқа бекініп еді. «Жыланды жеті жерден кессең де адам шағарлық уы бар» дегендей бұлар әлі де қауіпті еді. Қалмақтар бекінген қуыстан беріде Қарағайлы атты беткей бар. Ендігі соғыс кезеңі өздеріне тигенүлес екенін сезген жалайыр көсемдері, әрі жас қолбасылар ойласып, бір тосын амал тапты. Сол Қарағайлының нуынаүлкен күшті жасырды да аз ғана шоғарды ары шығарды. Сол аз шоғыр қалмаққа тап беріп, сүт пісірімдей шайқастан соң бері ысырылғанда бұлар екі жарыла қашты. Бұған дейінгі жеңілістен жүйкелері жұқарған қалмақтар ақыл-естерінен айырылып, бар күштерін жұмсап, бұлар да өкіреңдей жарыла қуды. Міне, сол сәтте Қарағайлыға жасырылғанүлкен күш лап қойып, екі бөлектенген жауды турап тастады. Бұл ескіліктен белгілі «Аран» аталатын соғыс тәсілі еді. Аңыз бойынша жаудың көзін тұмшалаған Қарағайлы сол күннен «Шымылдық қарағай» атаныпты. Міне, тарихтан белгілі «Қаратал соғысы» деген осы еді. Қалмақтардың қазаққа тіс батыруы осымен доғарылды. Қайта қазақтардан өздері қайырым күтіп мүләйімсіді. Себебі, Жоңғарияның ішіндегі тақ таласы өзінің шырқау шегіне жетті. Әмір-Сана Қытайдан көмек сұрап, ол Аспан асты империясы жіберген әскер Жоңғарияны тып-типыл етіп жойды. Ал, ендеше... Қазақ ішінде «ханын жаулаған ел оңбас», «құдай адамды аларында алдымен оның ақылын алады, іштен бүлініп, өздеріне көз алартқан айдаћардан көмек сұрағаны несі, енді қазақ пен қытайдың екі ортасы жалаңаштанып қалды-ау» деген сөздер тарады. 1756-жылы Төле би дүние салды. Бүкіл қазақ даласы аза тұтты. Сонау Әз-Тәукеден кейінүш жүзге ықпалы жүрген бірден-бір адам осы екенін енді ғана түйсінген баршасы мойындарына тас байланғандай күй кешті. Бірақ тап осыдан әріде Абылай сұлтанның Ресей, Қытай сияқты екі алпауыт ел жөніндегі данышпандық саясаты от боп лаулады. «Төле би өз көкірегіндегі шырақты осыған тастаған ғой», «Абылайдың киесі-қара бура», «Абылайдың

төбесіндегі ақ құс», «Абылайдың ақ туы» сияқты сөз тіркестері күллі қазақтың ішін жылытатын еді. Себебі, Абылай Қытаймен соғысып та көрді, жеңіліп те көрді, тіпті оған бодандықты мойындаған да күндер туды, Ресеймен де солай, бірақ таразының екі басын тең ұстап, қазақтың бейбіт халде, мамыражай күн кешуіне жағдай жасады. Жылдар жылжып өте берді... 1771-жылы Әбілмәмбет өліп, Абылай қазақтыңүш жүзіне ортақ ұлы хан сайланды. Атауы өзгергені ғана, Абылай бұған дейін де сол дәрежеде еді. 1773-жылы Ескелді би Жылгелдіұлы Абылай ханның бас уәзірі атанды. Ал Қабан жырау Асанұлы Ұлы жүз қазақтарына сұлтан болған Абылайдың еңүлкен ұлы Әділ төренің сарай ақынына айналды. Бұл, әрине, жаңа ұлы ханның таңдауы. Көп жылдар өз құлағының түбінде әсем жыр құйқылжытқан Бұқар жыраудан мол ырыс тапқанын іс жүзінде мойындағаны еді. Бір мезет бүкіл жалайырдың тізгіні Балпық Дербісәліұлының жалғыз өзінің қолында қалды. Жалайырдыңүш көсеміүш тарапта жүрсе де бұларды Абылайдың қытай, қырғыз жөніндегі саясаты тықыршытатын еді. Бұқар жырау Қалқаманұлы да осындай наразылыққа толы жыр шумақтарын әлсін-әлсін төкпеледі. Балпық аулы Қараталдың төменгі ағысындағы Ортаөзек атты құмды,сексеуілді өлкеде еді. Сәуір айының соңы. Бұл кезде денесі ауырлап, жүріп-тұруы қиындаған Балпықүйіне Бейбіт атты жас жігіт ентелей енді. – Батыр аға! Найманның Көкжал Барағы көп әскермен Қараталдан бері өтіп, осыдан түстік жерден құбылаға қарай бет алып барады. Өз басым жүрістерін ұнатпадым. Түстері суық, мұздай қаруланған. Жантайып жатқан Балпық маңдайын алақанына тіреп, екі түйенің етіндей бар мол денесін қозғамастан сәл сұлық қалды. Сәлден соң: – Кәне, сен оларды алдан орап, кездейсоқ ұшырасқан боп, Көкжал Бараққа бетпе-бет бар да «Қыранның шалықтауы қай жақ» деген сауал қой. Көкжал Барақ ондай қолпашты жақсы көреді. Мүмкін Абылай ханның сілтеуімен шыққан шығар, әйтеуір, дұрыс ақпар әкел! Бейбіт бұл тапсырманы мүлтіксіз орындады. Көкжал Барақ «қырғызды шабуға барамыз» депті. Сол күні Балпық қырғыздарға «сендерді Барақ шабуға барады, қамсыз қалмаңдар» деп хабар жөнелтті. Сосын да қырғыздар жақсы дайындалыпүлгерген еді, әрі Көкжал Барақтың Алатау қырғыздарыүшін қасиетті Қошқар ата моласын қорлауы олардың жігеріне жігер қосқандай. Сөйтіп, Барақ жеңіліп қайтты. Қаратал жағасына жете бере жалайыр көсемі Балпықтың қырғызға хабар салғанын да естіді. Бұл оның жалайырларға деген ішкі қыжылын одан әрі қоздырды. Ал Көкжал Барақтың осы жеңілісі Абылай ханның құлағына жетіп, қазақ-қырғыз арасы одан әрмен ушықты. Жылдар өтіп жатты... Көкшетауда, Оқжетпес түбіндегі ашық алаңда жайғасқан Абылай хан ордасында алқалы кеңесүзілмеді. Бурабайдың сыңсыған орманы, тұнжыраған көлдері шоқша, киіз, қаба сақалдыларға басу болар емес, қайта отша өртеніп, көкіректеріндегі қызуға қызу қосқандай. Орыс, қытай, қырғыз, қоқан, өзбек, парсы сияқты елдер жөніндегі аса күрделі хан саясатын бірі түсінсе де бірі түсінбеді. Абылай алдында Ескелді айтқан: «Қазан-ошағы жақсы екен, осы

бізге ең қолайлысы орыс-ау» деген сөз ел жадында қалды. «Орыссыз қытайлардан бас қорғай алмаспыз» деп, Орта жүздің біраз ығай-сығайлары да тіл мен жақтарын безепті. Ал бәз біреулер «Жоңғар қайда, жоңғар қайда» десіп, өздеріүш-төрт ғасыр соғысқан Жоңғарияны жоқсына күңіреніпті. Иә, тарихтың адам басына сыймас шырғалаңдары таусылған ба? Бір анығы, әсіресе қытай, қырғыз жөніндегі саясатта тіл табыспай қазақ билеушілерінің ішінде дау-дамай өршіді. Жалайыр биі Ескелді де Абылайға өкпелеп, Бурабайдағы ұлы хан ордасын тастап кетті. Анық неүшін тастады, ол жағын тарих ашып айтпайды. Тек ол жайында бір аңыз сақталған. Өткен өмірді елестетуге өлшеусіз пайдасын тигізген аңызға да бір құрмет керек-ау. Кәне, біз сол аңызды қаз-қалпында келтірейік. Ескелді көктем айында сонау Жетісудағы Қаратал өзенінің бойынан шығып, ұлы хан Абылайға сәлем бермекке Көкшетауға аттанады. Жүрерінде бәйбішесіне «Ханға беріп жіберер сарқытың бар ма?» дейді. Бәйбішесі би қоржынына жылқының бір жаясын салады. Оның не жая екенін Ескелді көрмесе керек. Абылай жалайыр биін құшақ жая қарсы алып, өз бәйбішесіне Ескелді әкелген жаяны бір қазанға, ал өздерінің жалайыр биіне сақтаған сүрін екінші қазанға бөлек астырады. Піскен жая алдарына келгенде Абылай одан бір кесіп жейді де тамсанып отырып қалады. Ескелдіні едәуір көзімен атады. Би оны байқаса да мән бермейді. Әлден уақытта: – Би-аға, былтыр менің атақты кержорға атымның жоғалғанын естіген шығарсың?! – дейді Абылай. Ескелді: – Естідік-ау, шамасы! – дейді. – Естісең мынау сол кержорғаның жаясы ғой! Абылайдың өз малының етін дәмінен айыратын қасиеті бар екен. Ескелді ұлы хан сөзін жауапсыз қалдырады. Ертеңіне Абылай: – Кержорғаның бітімі қашан болады? – дейді. Ескелді тағы даүндеместен ханға жонын көрсетіп, аттанып кетеді. Үйіне келе бәйбішесінен: «әй, әлгі жаяны қайдан алып едің» деп сұрайды. Бәйбішесі: «Би-ағаның сыбағасы деп, Күртібай қайным әкелген» дейді. Би санын бір соғады. Шора балаларының бірі Күртібай бұл шақта қартайса да Қотанащы деген жерде жатып алып, екі-үш ұры ұстайды екен. Сол жазда ел жайлауға шығарда Абылай Жетісуға келеді де Ескелді ордасы қонған тұста Қараталдың арғы бетіне қос тігіп аялдайды. Ескелді мұны білсе де ханға сәлем беруге бармайды. Бір аптадан соң «кержорғаның бітімін берсін» деп, Абылайдың өзі кісі жібереді. Би «бітімін қайтіп алса өйтіп алсын, менің беретін бітімім жоқ» деп, қыр көрсетеді. Өстіп Қарталдың екі жағалауында дүрдараздық орнайды. Бір күні Ескелді ақ шапан, ақ қалпақ киіп, екі ырғай сабау алып, өзінің биешілеріне «мені ұлы хан жатқан жаққа өткіз» дейді. Сөйтіп, ары өткесін би екі ырғайды шаншып, шапанын іліп, өзі соның көлеңкесінде ұйықтайды. Абылай жалғыз өзі жаяулап, ақ шапанға қарай жүреді. Кенет айдалада ақ бура мен қара бураның шайнасқанын көреді. Ағы қарасын жеп барады екен. Ақ бура Ескелдінің киесі, ал қара бура Абылайдың өзінің киесі. Хан Ескелдіге ентелей жетіп, ауыр тыныс алып: – Би-аға! Ақ бураңды кейін тарт! – дейді.

Ұйқысыраған Ескелді басын жұлып алып: – Тартсаң тарт! – дейді. Абылай өкпелеп дереу көшіп кетеді. Ескелді де биешілерін шақырып, Қараталдан кері өтеді. Ұлы хан мен жалайыр биі қайтып бір-бірін көрмеген екен дейді ел аңызы. Бұл да сол заманның келбетін елестететіндей. Басы қатты уақыт тағы да өте берді... Бірде сонау теріскейдегі Ертіс бойынан Саурық батырға апасы Алтын қыз бен оның күйеуі Керей Жәнібекке әлдекімдердің қысым көрсеткені хақында хабар жетті. Ол дереу сонда аттанды. Апасы мен жездесінің жағдайын реттеп кері қайтқанда ағасы Түркеден жаманат хабар жетті. Оның қазасын өткеріп, сәл тыныстаған шақта Нарынқол жақта бір дүрбелең байқалыпты. Арқадағы Абылай ханның әмірімен Саурық жас қолбасыларға ақылшы ретінде солай жүрді. Сол Нарынқолда сауытын шешіп, от басында отырғанда әлдекім Саурық батыр Қайдауылұлының ту сыртынан оқ атты. Кім атқаны күні бүгінге дейін белгісіз, тек әртүрлі жорамал ғана. 18-ғасырда кісі қолынан қаза тапқан қазақ хан-сұлтандары сияқты ең әйгілі адамдардың қатарына енді Саурық батыр қосылды. 1781-жылы қазақ елінің іргесі әбден бекігенде сонау түстікте Арыс жағасында жорықүстінде хан Абылай өмірден озды. Осыдан екі жылдан соң ұлы ханныңүлкен ұлы Әділдің сарай ақыны Қабан жырау Асанұлы Малайсары тауының Іле жақ етегіндегі өз жамағайындарына оралып, солардың көз алдында ақтық демін алды. Ендігі кезек Ескелдіге келді. Өлер сәтінде шалқасынан жатқан Ескелді оң қолымен жер сыйпалай беріпті. Тұрлымбет Бекенұлы мен Жайнақ Қайырұлы оның қолына жармаса көтеріп алғанда би қолын жұлып алып, одан әрі жер сыйпалапты. Ал сол қолымен екінші жанындағы Балпықты табады. Балпық: – Ес-аға! Мен Балпығыңызбын ғой! – деп, бидің алақанын өзінің жүндес жағына апарып жапсырады. Ескелді оның шынында Балпық екенін тексермектей алақанымен маңдайын, төс сүйегін сыйпалай беріпті. «Оң қолыммен жер сыйпалап қалдым ғой, сол жағымда, Балпығым сен бар екенсің ғой» дегендей ишара жасайды. Мұны ұққан Тұрлымбет пен Жайнақ: – Би-ағам жырау мен Бапекеңе ешқайсымызды тең көрмегені ғой! – Бұл жалайырда енді осыүш бәйтеректей жан тумасына көзім жеткендей! – десті. Ескелді кепкен сексеуілдің діңіндей серейген қалпы онсыз да жұмулы көздеріне қабақ жүні мен кірпіктерінүймелетіп, Төле би мен Абылай ханның ныспыларын атады. Сосын тағы бір мезгілде: – Ескергенді ескеремін. Өзін ескерген мені де ескерсін, соған ес беремін! – дегенді ап-анық етіп айтты. Ел жадында қалған бұл сөздер Ескелді бидің ең соңғы лебізі еді. Ескелдіден бес жылдан соң Балпық Дербісәліұлы да дүние салды.

ЭПИЛОГ

Осымен қазақ тарихындағы бір дәуір аяқталғандай. Шындығында елдің бұғанасы бекіп, сәл-пәл ауқат жия бастады. Би мен батырлардың дәурені өтіп, отарлап қой, табындап жылқы, келелеп түйе өсірген байлардың шоқтығы көтерілді. Орыстармен сауда-саттық жақсарып, әшекейлі жићаздар, темір бұйымдар тұрмысқа енді. Той, жиын, ас сияқты бас қосулар көбейді. Кейбіреулер өздерінің ертеректе жоғалтқан жамағайындарынан осындай жерлерде хабар алатын еді. Сөйтсе де ел ішінің анау-мынау алыс-жұлыс, өзара шабыншылық, жайлау-қыстауларға талас сияқтылары оннан-мұнан қылаң берді. «Әй, бізге бірлік, ынтымақ керек, онсыз күніміз қараң, анау қара қалмақты құртқан тақ таласы емес пе, неге ұмытасыңдар» деген бағдарда әр елдің шешендері сайрағанмен құлақ асқандар тым аз-тұғын. Тіпті бұл қазақ бірте-бірте ол қалмақты ұмыта да бастағандай. Бұл шақта кешегі шұбырындыға қатысқан кексе батырлардың көбісі бақилық дүниеге аттанған. Тек найманның Көкжал Барағы ғана саздақта дара өскен кәрі емендей тұғырынан таймаған. Бірде ол жалайыр мен найманның ығай-сығайлары тоғысқанүлкен бір аста жалайыр Шопабайға тиісті: – Әй, киіктің асығындай неме, маған көзіңнің еті өскендей қарайсың ғой. Сені қалмақтың ішінде көп болған дейді, қалмақ пен шүршіттің бір атарын маған кезеп тұрсың ба? Оныңды аулақ, онан да сен мынаған көзімізді ашшы! Сен білесің, соңғы кезде Ескелді мен Балпыққа сынық қанат көбелектей көпүйірсектеген деп сені айтады. Мен болып, Саурық болып, ара ағайын ретінде Малайсары қосылып, сонау Итжонда найман мен жалайырдың шекарасын белгілегенде Қараталдың оң жағалауы турасында екпіні тау жығардай дау туды. Сонда Малайсары найманға ағайын ел арғын атаның баласы бола тұра көзімді бақырайтып қойып, мені Саурықтың алдында жығып бергені қалай? Сол Малайсарының қалай аузын алдыңдар? Ағыңнан жарылшы! Құпиясын ашшы! Әлде жұрттың өсектегеніндей Малайсарының өзінің түбі шикі ме? Қақ орталарыңдағы бір тауға соның ныспысын тели салдыңдар ғой! Шопабай шау тартқан ескілікті батырдан мұндай кекесінді күтпеген. Сәл абдыраса да айнала кілт тынып, өзін көз нысанасына алып баққан қарақұрым көптің алдында тайсалмай жауап берді: – Мен сізді кешегі ел қорғаған нартұлғалардан саяқ қалған киелі жанға балап, жұтына тамашалап едім. Сіз онымды көзімнің еті өскендігіне сайдыңыз. Сірә батырсыз да, бірақ қара қылды қақ жарар әділетке тапшы екенсіз. Малайсарының түбін қазған мен емеспін. Бұл қазақ неше заман бұта қорғалаған торғайдай ұшып-қонып жүріп, кім-кіммен араласпады? Қайдан білейін? Бір ақиқаты – сол Қараталдың оң жағалауы хақындағы таласта Малайсары, Саурық бар-үшеудің бірі өзіңіз едіңіз, енді сонда тісіңізді тасқа шауып, соның кегін менен қайырмақсыз ба? «Таз ашуын тырнадан алады», «Арыстан қартайса тышқан аулайды» деп, қазақ мұндайлықты алуан сөзбен әрлейді. Қараталдың оң жағалауы қалмаққа емес, өзіңізбен тізе қосып, сол қалмаққа қарсы соғысқан қоңсыласыңыз жалайырға бұйырды. Бір қыз ұзатыларда «бақайшықтың ішінде басбармақтай май қалды-ау» деп жылапты.

Атағы жер жарған Көкжал Барақ басыңызбен сол жаман қызша сыңсуыңызды түсінбедім, аға! Найман батыры атақ-даңққа шынында белшесінен батқан, әрі кәрілік те меңдеген, бұл шақта өзіне тура қарап сөйлейтіндер де жоқтың қасы дейтіндей жан ғой. Бұл да сәл абдырап, аузына тас тығылғандай мүдіреді. Сол сәтте Шопабай уақыт оздырмай қайратты мол денесімен теріс айналғанда атышулы батырға сес көрсеткендей болады. Жиын аяқталып, Көкжал Барақ өз еліне оралғанда ғана басына зіл түскендей еді: – Әй, біз отыз жылдан астам қара қалмақпен жан алысып, жан беріскенде сол ата жаудың күң қатындарына бие сауғызған мына сілімтік басымыздан қалай-қалай сөз асырады ей? Жалайырдың мұндайы бүйтеді, басқасы қайтпек? Кәне, Шопабайдың аулын шабамыз ба, жоқ, осы тойғанымызбен қол-аяғымызды бауырымызға бүгіп, тым-тырыс жатамыз ба? Бұл кезде кешегі шұбырындыдағы шайқастарға қатысыпүлгермеген, деміне нан піскен, өңкей бір жас перілер Көкжал Барақтың маңына көптеп топырлаған. Солар қарт батырдың қолтығына ой кеп мұз бүріксін. «Шабу керек, шабу керек, құдай сәтін салса осы қарқынмен Қараталдың оң жағалауын тартып алу керек» десті. Жас перілердің марапатына мастанған кәрі қырқылжың ақыры келісті. Бұл оқиға хақында сәл кейінірек өмір сүрген жалайыр-күшік ақыны Мәулімбай Саяқбайұлы мынадай шумақ қалдырыпты. Дүниеден Шопабай да өтпеді ме, Бояған қара жерді қызыл қанға. Қол тартып, найман Барақ жалайырға Аңыраған зор келген соң шыбын жанға Сүйегі наймандардыңүйіліпті Өлкесі Қаратал мен Сор Шығанға. Сөйтіп, жалайыр мен найман арасында қақтығыс болғаны, жалайыр қолын Шопабай және Саурықтыңүлкен ұлы Құлшығаштан туған екі немересі Қойшыман, Сеңкібай басқарғаны, найманнан біраз адамның опат болғаны, Көкжал Барақтың өз басы Қуаяқ деген тұлпар атпен қашып құтылғаны хақында басқа да деректер бар. Ата-баба аруағы кешірсін, болашақ ұрпақ санасына саңлау ойып, ойын оятпаққа біз бұл дерекке амалсыз ат басын бұрдық. Өткеннің бет пердесін ашпай одан қалай сабақ аларсың?! Осыдан тағы екі жыл өткенде Шажаның сонау алыс өрінде, тауда Төлектің төрі атты көкжасыл жайлауда отырған Шопабай аулына сол Қараталда өлгендердің құнын даулап, найманнанүш жүз адам келді. Жалайырлар оларды қарсы алып, отызүй тігіп, әрқайсысына он-оннан бөліп орналастырды. Оңашада Шопабай айналасындағы бір қызбалар: – Мына наймандар тағы да қанына қарайып келген бе? Құн төлесек шашымыз жете ме? Әлде бұларды да тураймыз ба? – десті. – Жоқ! – деп, кесіп айтты Шопабай – Ескелді, Балпық, Қабан жырау – үшеуінің ең басты өсиеті қазақ қазақтың қанын төкпесін! Біріне бірі шаппасын! Сол ұлағатты еңғұрмаса біз бұзбайық. Кәне, басқасын қарастырайық! «Адамнан амал артылмаған» дейді.

Сол күнгі түнде осы жалайыр еліне келін боп түскен бір найман қызы құн даулауға келгендердің ең басты адамдары қонғанүйге кіріп, оларды иықтарынан тартып оятты: – Аға! Ағатайлар! Тез түрегеліңіздер! Мен найман қызы едім, жалайырларға келінмін. Сіздерді жалайырлар осы түннен қалдырмай қырып салмақ. Сақадай сайлануда, енді бөгелсеңіздер, кешігесіздер. Тез қашыңыздар! Ұйқылы-ояу бастарын көтерген найман кісілері мына қыздың сөзіне бірден сенбегендей де еді. Таңғы құстай шықылықтаған тілі жатық қыз өзінің қай найманға жататынын, әке-шешесін, ата-бабаларының ныспыларын моншақша тізді. Тіпті әртүрлі жамағайындарының жайлау, қыстауларына дейін қолмен қойғандай атады. Ал енді сенбей көр! Бір қырғынды көрген бұлар шынында жаман шошыды. Дереу атып түрегелісіп жинала бастады. Түнгі жайылымға жіберілген аттары да алыста емес екен, сол түні сатыркүтір етекке қарай жосылып, қараларын батырды. ...Жалайыр мен найман арасы осымен тынышталды. Сол жаз өтіп, күзде қыстауға оралғанда Шопабай кім-кімді де таңтамаша етер бір жайдың куәсі болды. Мұның қыстауы Үштөбедегі, бір кезде Балпық әулие өзіне мекен еткен Ортаөзекте еді. Сонда Балпық балаларымен қоңсылас отыратын. Бірде күн ашықта, кіші бесіннің шағында Шопабай жалғыз-жарымдап, жаяулап күнбатысқа қарай жүрген. Кенет қалың шилі жазаңның қақ ортасында баяғыша дулығалы, қару-жарақты, астына ақбоз арғымақ мінген, ерен тұлғалы батыр адамның құбылаға қарай суыт жүргенін көрді. Шопабайдың есіне бірден Ескелді түсті. Бірақ ол емес. Апырай, мынау кім? Ақбоз арғымақты адамды кейде сағым көтеріп әкеткендей көзден бір өшіп, қайта пайда болады. Әлде бұл елес пе? Жоқ, елес емес, батар күннің шұғыласына шомылып, тіпті ап-айқын шалынды. Дулығасы, көкке шаншылған найзасы, ақ желбегей шапаны, ақбоз арғымағы бәрі өздерінің бояу-нақыштарын көлденең тосып, «біз мынадаймыз» дегендей жылтырайды. Кенет Шопабайдың екі беті дуылдап, жүрегін әлдене осқылап берді. Апырау, мынау әлде аруақ па? Қазақтың киесі – қызыл жолбарысты ерткен ертегінің еңіреген ерлері осылай ауық-ауық көзге көрініп, сардалада сабылып жүреді деуші еді. Тек бұл неге маған сырт береді? Құлағының түбінен жел ызыңдағандай әлденеше сауалдар тасқыны ұрғылады. «Тәңірім-ау, жаратушы ием-ау, менің пәлендей жазығым жоқ еді ғой». «Жоқ, бар». Осындай сұрақжауапқа ұқсас әлдекімдердің дабыр-дұбыры бірте-бірте күшейіп бара жатты. Далада жел жоқ сияқты еді, тек Шопабайдың ғана құлағының түбіне бір түйдек ауа түйіліп кеп, ойран-асыр салғандай. Кейде мұндағы сауалдар әлдекімдікі де, жауаптар Шопабайдың өз көкірегінен суырылатындай. Енді сол сауалдардың бірі осыдан екі жыл бұрынғы жалайыр-найман қақтығысын есіне салды. «Құдайым-ау, ондағы қан төгіс менің кінәмнен емес қой?» дейді Шопабай. «Жоқ, сенің кінәңнан, – дейді әлдекім .– Наймандар баса-көктеп келген күнде де сен көпті көрген көне ретінде қашып құтылсаң да биыл жаздағы Төлектің төріндегідей бір амалын табуың керек еді ғой. Ә, намыс

дейсің бе? Намыс деген атажұртыңды шауып, қызыл қарын, жас баланы, кемпір-шалды тентіретер кешегі қалмақ сияқты ата дұшпан келгенде қозса керек-ті. Ал, арғын-найман, керей-уақ, қоңырат, батыстағы алшындар, дулат, албан-суан сияқты өз қандастарың, өз қазағың жөніндегісі намыс емес, жусаң кететін, ет пен терінің арасындағыдай басқа бірдеме. Ел ішінің ырыңжырыңы, бақталастық, тақ таласы сияқтылар қара халықты неге апарып соғарын басқалардан гөрі Жоңғарияның жүрек тұсында отыз жылдай күн кешкен сен жақсырақ білуің керек еді ғой». Енді бірде бұл сөздер әлдекімдікі емес, Шопабайдың өз жүрегі солай деп, бұтаққа қонған бұлбұлша сайрағандай. Енді бір әредікте Шопабайдың көмекейі шындап ашылды: – Жаратушы ием, ғафу ет, ана қазақтың киесі – қызыл жолбарысты ерткен ақ киімді, ақ сақалды аруақты батыр неге бізге теріс қарап барады? Әлде «көресің әлі алда, қазақ» дегені ме? Апырау, бір жағымыз орыс, бір жағымыз қытай, шынында бізді енді не күтіп тұр? – дегенді айғайлай айтты. Осы сұрағына жауап алмаққа сонау құбыла бетте енді-енді көзден өше бастаған ақ киімді, ақбоз арғымақты батырдың соңынан тұра жүгірмектей ойсыз бірнеше қадам жасады, тек басына, көкірек қуысына жинақталған әлдебір салмақты көтере алмай етпетінен құлап түсті.

Романның соңы.
2003-2008 жылдар.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙