TELEGEI

Home

Бақа ханзада

Әдебиет порталы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бақа ханзада

Бақа ханзада

Ба¢а ханзада Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды

Баяғы өткен заманда бір өте бай патша
өмір сүріпті. Оның жар дегенде жалғыз қызы
болыпты. Ханшайым құнды әшекей бұйымдар -
ды жақсы көреді екен. Тіпті ойыншықтарына

дейін алтын мен кү міс-
тен жасалып, неше
түр лі асыл тастармен,
ін жу-маржанмен бе-

зендірілген еді.

Ең сүйікті ойыншығы кішкентай алтын
шар болатын. Патшаның сарайы да алтын-
нан құй ылған кірпіштерден қаланған. Са-
райдың ай наласында неше түрлі ағаштар

мен гүлдер өсіп тұр. Бұлбұлды бақта су
бұрқағы бар. Ханшайым ыстық күндері
сол жерде отырғанды ұнататын. Ермегі –
алтын шары. Шарды аспанға атып, қайта

қағып алып, уақытын өткізетін.

Су бұрқағына жақын жерде тоған бар еді. Бір күні ханшайым
қолындағы шарын абайсызда тоғанға түсіріп алады. Еңкейіп
алайын десе, тоғанның түбі терең екен.

– О, құдайым! Алтын шарымды қалай шығарып аламын, – деді

ханшайым жылап отырып.

Сол кезде бір дауыс:

– Ханшайым, неге жылап отырсың? – деп сұрады.

Дауыс шыққан жаққа бұрылып қараған ханшайым судан басын
шығарып, өзіне үңіліп қарап тұрған бақаны көрді.

– Ой, бақа да адамша сөйлейді екен-ау, – деді

ханшайым таңырқап. Содан соң көзінің жасын
сүртіп: – Менің алтын шарым тоғанға түсіп кетті.
Сол үшін жылап отырмын, – деп
сөзін жалғастырды.

– Мен оны тауып, тоғаннан шығарып берсем, еңбегімнің

өтеуіне не аламын? – деді бақа.

– Не қаласаң, соны аласың. Қаласаң, інжулерім мен асыл бұ-

йымдарымды ал. Мүмкін алтын тәжімді аларсың, – деп ұсыныс
жасады ханшайым.

– Маған тәждің қажеті қанша? – деп бақа қарсы болды. – Егер

сен менімен дос боламын деп уәде берсең, үйіңе түскі асқа шақыр-
саң, бөлмеңнен маған орын табылса, алтын шарыңды тауып берер
едім, – деген талап қойды.

– Жақсы, – деп келісімін берді ханшайым ойланбастан.

Ханшаның осылай деуі мұң еді, бақа тоғанға сүңгіп
кетіп, көп ұзамай су бетіне шығады. Аузында алтын
шар.

– Міне, ханшайым, шарың, – деп бақа аузындағы

шарды ханшайымның аяғының астына қарай лақ-
тырады.
Қуаныштан ханшайымның жүзі жайнап кетеді.

– Енді менің шартымды орындайтын шығарсың, –

дейді бақа.

Ал дегеніне жеткен ханшайым
шарды іліп алып, рахмет те айтпас-
тан үйіне қарай жүгіре жөнеледі.

– Тоқта! Мен қатты жүгіре ал-

маймын ғой! – деп бақа айқайлап
артта қалды.

Бірақ ханшайым оған бұрылып та қарамады. Қуаныш тан,
қиналған кезде қолын созған бақаны әп-сәтте ұмытып
кетеді.
Бұл кезде түс мезгілі болып қалған еді. Ханшайым

сарайға кіргенде, қызметшілер түскі астың қамын
жасап жатыр екен. Патша:

– Қызым, қайда жүрсің? Дастарқан

басына жүр, түстеніп алайық, – дейді
еркелете шақырып.

– Қазір, әке, қолымды жу ып ке-

лейін.

Ханшайым қолын жуып,
дас тарқан
басына
қарай

бет алады. Сол кезде оның
құлағына баспалдақпен біреу-
дің су аяғымен шалпылдата
басып көтеріліп келе жатқан

дыбысы келеді. Артынша:

– Ханшайым, есікті аш! – деген

дауыс естіледі.
Ханшайым есікті ашады. Алдын-
да жаңа ғана алтын шарын тоғаннан
алып берген көк бақа тұр. Мұндайды

күтпеген ханшайым қорқып кетіп, есік ті
жылдам жаба қояды.

Қызының есікті тез жапқанын көріп тұрған
патша ханшай ымнан:

– Ол кім келген? Тыныштық па? – деп сұрайды.

– Бәрі дұрыс, келген бір жеркенішті бақа ғой.

– Сені ұрлап кетпек болып бір дәу келіп тұр

ма десем? – дейді әкесі әзілдей сұрақ қойып. –
Ол неге келіпті?
Ханшайым әкесіне кешегі оқиғаны айтып жатқанда
тағы да есік қағылады.

Есіктің сыртында тұрған бақа:

– Ханшайым, есікті аш, мені ішке кіргізші, –

деп енді жалына бастайды. Ешбір жауап бол-
маған соң: – Қалайша сен кеше тоғанның
қасында берген уәдеңді ұмыттың? –
дейді.

– Уәде – Құдайдың сөзі. Берген

уәдені орындау керек, қызым. Ба-
қаны үйге кіргіз, – деп бұйырады
әкесі.
Ханшайым әкесімен келіспесе

де, бұйрықты орындап, есікті
ашуға кетеді.

Сонымен, бақа сарайға кіреді. Үстел басына
отырғысы келген ол ханшайымға:

– Мені көтеріп қасыңа отырғызшы, – дейді.

Қыз бақаның айтқанын әкесінің көңілі
үшін ғана орындайды. Бақа қыздың ал-
тын ыдысынан тамақ ішеді. Ал қыз болса,
бақа қолын салған тамақты ішкісі келмей

қалады.
Бір кезде бақа:

– Енді жатып демалайын.

Мені бөлмеңе апаршы, – дейді.

Бақаның бұл сөзіне қатты ашу-
ланған ханшайым:

– Бақамен бір бөлмеде қалай

ұй ықтаймын? – деп жыларман
болады.
Патша қызына:

– Басыңа қиын іс түскенде кө -

мектескен жанның тілегін қа-
шан да орындау керек, қызым, –
дейді жұ батып.
Әкесінің осы сөзінен кейін хан-

шайым тағы да басылып қалады.

– Жақсы, әке, – дейді де бақа-

ны сау сағының ұшымен көтеріп,
өз бөлмесіне қарай бет алады.

Патша айтқанын екі етпей орындаған қызының
артынан сүйсіне қарап тұрады.
Ханшайым бақаны көтерген қалпы өз бөлмесіне
кіреді. Бақаны еденге тастап:

– Жетер енді, әбден басындың ғой, түге. Осымен мен өзімнің міндетімді өтедім. Құдай қаласа, таңертең оянғанда сені көрмеспін деп үміттенемін, – деп ұрсады да, төсегіне барып жатады. Ханшайым ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде бақаны жыртқыш аңдар жұлмалап жатыр екен. Қыз шошып оянады. Өңінде де құлағына бақаның жылаған дауысы естіледі.

– Саған не болды? – деп сұрайды

одан ханшайым.

– Мен тоғанда жалғыз өмір сүре-

мін. Сондықтан өзіме дос тіледім. Дос
таптым ба деп қуанған едім. Арманым
орындалмады. Сен мені жек көретін
сияқтысың. Маған тоғанға қайту ке-

рек шығар, – деп мұңын шағады бақа.
Көрген түстің әсерінен бе, жоқ әлде
бақаға жаны ашыды ма, хан шайым
жібер ген қателіктерін түсі ніп, ың-

ғайсызданады.
Кере уеттің
шетіне
отырып:

– Досың болуға саған уәде

беремін, – дейді.
Бұл жолы ол уәдесін шын
көңілімен айтады. Тіпті жер-
кенбей, бақаны қолына алып

сүйеді.
Сол-ақ екен, дүние бір
сәт астан-кестен болған-
дай әсер береді. Ұс қын сыз

көк бақа сұлу хан задаға
айналып шыға келеді.

Мұны күтпеген хан ша-
йым аң-таң тына қала-
ды. Бақа жігітке ес-түссіз
ғашық болып, бағанағы

қылықтары үшін ұялып,
кешірім сұрайды.

Жігіт те қызға: «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деген ұсынысын айтады. Сөйтсе, қыздың бақа деп жүргені сиқырланған ханзада екен. Сиқырдың кү ші қыз бақаны сүйгенде жоғалыпты. Ертеңінде ханзада мен ханшайым патшаның батасын алып, жолға шығады. Патша өзінің ең сүйікті сәйгүліктері мен алтыннан жасалған күймесін сыйға тартады. Ханзаданың әкесі билік

құрып жат қан патшалыққа дейін шы-
ғарып салу үшін оларға өзінің әскер
басын қосып жібереді.
Сөйтіп әскер басы бақа ханза да

мен ханшайымды келесі патша-
лық қа дейін шығарып салады.
Екеуін
ханзаданың

әкесі
би лік құрып жатқан пат-
ша лыққа кіргі зіп жібе-
ріп, қош айтысып, кері

қайтады.

Ханзада мен ханшайым тура сарайға қарай бет алады.
Екеуінің келе жатқанын алыстан көрген патшалықтың
халқы оларды сырнайлатып күтіп алады. Баласының аман -
есен оралғанына, өзі ғана емес, қалыңдығын ерте келгені не

қуанған әкесі жас жұбайларға арнап отыз күн ойын, қырық
күн тойын жасайды. Патша қартайған шақ та, ханзада
елінің патшасы болып, ханшайым екеуі ұзақ әрі
бақытты ғұмыр кешеді.

Шытырман жол Шытырман жол Сиырлан ан баа а сарай а апаратын жолды көрсет.

Айырмашылығын тап
Айырмашылығын тап

Ханшайым ба аны ханзадаа айналанын көргенде андай сезімде болды? Сәйкес келетін эмоцияны белгіле. Ойлан , тап Ойлан , тап

Сәйкестендір Сәйкестендір а ә б в г Әрайсысыны көле келерін тап. Жауабы: 1-б, 2-в, 3-а, 4-г, 5-ə

Боямақ
Боямақ

А У Ү З P X A Й А У Й И Д О А П Ы Ұ O В E Ю O Ң Б А Қ А А Ф K K Щ Р O P А Ж Ч Ы Б Д Е Г A Р Б Ф Қ О A O Ө Ь Қ Ү К Т Ц A І Ш Т Т Л Ч І Ғ Б С У A Н П O Т Қ O Я Б Жасырын сөз Жасырын сөз Кестеде «ба а» сөзі неше рет айталанан? Жауабын берілген шаршыа жаз.

Тақ сан
Тақ сан
Ертегіге атысы жо
кейіпкерлерді тап.

аланы нешеу?

Жас суретші
Жас суретші
Бааны суретін салып йрен.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙