TELEGEI

Home

Крылов

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Крылов

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

(1768-1844)

Орыс халқының мысал жазғыш атақты ақыны Иван Андреевич Крылов 1768 жылы туған. Әкесі офицер еді, бірақ кейін кедей болып, жоқшылықпен өледі. Топты жас баланың ортасында қатыны қалады. Болашақ ақын сол жоқшылықтың салдарынан он жасында сот кеңесіне қағаз көшіруші боп қызметке түседі. Крылов ақындық жолына ерте кіріскен. Бірақ жас кезінде ең алғаш рет дұрыстап көрінуі "Аруақтардың поштасы" деген журналға жазған хаттарынан басталады. Ол хаттары озбыр алпауыттардың мінездерін мысал еткен хаттар еді. Осы мысал шенеу жолында көрнекті жемістер беретін бет көрсетіп еді. Бірақ 1793 жылы бұны өкімет қырына алып, тұтқын етіп, артынан айдап та жібереді. Содан соң Крылов мысқыл сөздерді жазуды доғарады. Бұл, негізінде, ақсүйектердің әкімшілік құрған тобына, іштей қарсы адам еді. Жалғыз-ақ, өкіметтің жазалауы бұл ақынның бетін өзгертіп жібереді. 1805 жылы әдебиет жұмысына қайта кеп қосылғанда, Крылов жуасыған, бойсұнған және мырзаларға қошеметші, табақтас адам боп қайтады. Енді бұрынғы мысқыл (сатираның) орнына мысалдар (баснялар) жазуға айналады. Өз айтуынша, "шындықты бүркеп айту қолайлырақ" көрінеді. Мысал жазушы есебінде Крылов, орыс әдебиетіндегі классиктердің алдыңғы қатарынан орын алған ақын. Пушкин, Грибоедовпен қатар Крылов әдебиетті өмір шындығына жақындатты. Өлең тілін халық тілімен жалғастырды. Крыловтың күшті жағы мысалында: жалқаулық, жағымпаздық, екіжүзділік, мақтаншақтық, топастық, парақорлық, зорлықшылық, өтірікшілік сияқтанған мінездерді көрсетуіңде. Осылардай мін мен айыптарды шенеуге жақсы. Ал, өмірдің мағынасы, бостандық мәселесі, ғылыми мәселе деген сияқты үлкен пікірлі, кеңірек жайларға келгенде ол әлсіздік қылады. Жоғарыда айтылған құнсыз, нәрсіз мінездерді көп мысалдарымен әдемі күлкі етіп берген Крылов жаңа, соңғы жайларға келгенде теріс бағытпен кетеді. Ғылым, техникаға сенбеу, дінді қорғау, бостандыққа қарсы сөйлеу сияқты теріс шығармалары да болған. Бұнда ақынның таптық салт-санасы тар көлемді болғандығы көрінеді. Ақсүйектер ықпалынан шыға алмағандығы танылады. Сонымен, Крылов кейінгі тарихқа кіргенде мысалдарымен кіреді. Ол мысалдары — халыққа ұғымды, әсерлі және көпшіліктің сүйген мысалдары боп кетеді. Мысалдардың көп сөздерін халық мақал, мәтел есепті қолданып кетеді. Крылов 76 жасында өлген. Бертін келгенде, ақынның көзі тірісінде-ақ, халық оның мысалдарын жақсы біліп, жақсы көргендіктен, өзін "Крылов ата" атандырған. Крыловты қазақ халқы да көптен біледі. Оның мысалдарын қазақ тіліне жақсылап аударып, көпке мәлім еткен қазатың үлкен ақыны Абай. Крылов мысалдарынан "Қарға", "Шегіртке" деген өлеңдеріне қарап, жалпы мысал (орысша басня) деген өлеңдердің қандай ерекшелігі, мазмұны бар екенін байқауға болады. Шегіртке мен құмырсқа кездеседі. Шегіртке алдыңғы күннің қамын ойламайтын, селсоқ, салақ, желікпаз. Ал құмырсқа күн бұрын көрегендік етіп, алдын, болашағын қамтамасыз ететін еңбекшіл, ұқыпты. Мұндай мінездер, әсіресе, адамда көп болады. "Ала жаздай он салсаң, селкілде де билей бер" деген сөзді құмырсқа шегірткеге айтса, Крылов соларды мысал қылып, шегіртке сияқты еңбексіз салақ даңғойға ақыл айтады. Қарға да сол сияқты, адам мен адам арасындағы мінез, тартыстардың бір алуанын көрсетеді. Мақтаншақ, есерсоқ болма, шаманды біл. Шамаңнан тыс мақтан қор етеді. Жарға соғады. Масқара боласың. Сондай болмау керек деген өсиет айтады бұл мысал. Міне, Крыловтың қазірде бар дүниеге мәлім болған мысалдарының бәрінде де осындай: хайуандар, андар, құстар, балықтар сияқты жанды заттар немесе жансыз заттар жайындағы әңгімелер болады. Бірақ, өрбір сондай әңгімесінің астарында, негізінде адам жайын мысал қып айтқан, түпкі мазмұн, мақсат жатады. Сондықтан мысал деп аталады.

І. ШЕГІРТКЕ

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып толастап,
Қызықпен жүріп жазды алған.

Жазды күнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан,
Ойын қайда? Ән қайда?

Оныменен тұрмайды,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Саламда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды
Аяғына бас ұра.

- Қарағым, жылыт, орын бер,

Жаз шыққанша асыра!

- Оның, жаным, сөз емес,

Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?

- Мен өзіндей шаруашыл,

Жұмсақ илеу, үйлі ме?
Көгалды қуып ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?

- Қайтсын қолы тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер,
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!

ІІ. ҚАРҒА

Қой жайылып жазды күн
Шыққан екен қияға.
Аспаннан бүркіт құйқылжып,
Сорғалап келіп араға,

Бір қозы іліп ап кетті,
Құздағы қиыр ұяға.
Екпіні күшті ер күшін,
Еңбек қылды жем үшін,

Ұядағы балаға.
Көрді де мұны бір қарға
Желікті бір іс бастарға.
Қозыны да тамақ деп,

Кім ап шықсын тастарға?
Ең семізін алайын,
Қызық қылып асарға!
Деді дағы аралап,

Жабысты келіп қошқарға.
Қалшылдап, дірілдеп,
Тырнағын салады.
Қанатын қайқайтып,

Ап кетпек болады.
Бүркіттей емес екені
Кешікпей-ақ білінді,
Жабағыға тырнағы

Шықпастай болып ілінді.
Жалпылдап, салпылдап,
Қойшыларға көрінді.
Әдісін білмес шіркінді

Құдай әбден қарғады,
Қойшылар көріп күлісіп,
Ұстап алды қарғаны.
Құрысын да шіркіннің

Семіз қойды алғаны.
Ұшпасын деп қимаған
Қанат-құйрық қалмады.
Бір жіпті алып бек байлап,

Аяғына жалғады.
Балаларға ойын боп,
Қор боп сүйтіп қалғаны.
Азат басың болсын құл,

Қолдан келмес іске ұмтыл!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙