Өлең мен өмір
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Ертай Ашықбаев
«Дәстүр» баспасы Алматы 2015 жыл ӨӨӨӨӨлең мен өмір Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір УДК 821.512.122.0 ББК 83.3 (5 Қаз) А 97 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді» А 97 Ашықбаев Е. Өлең мен өмір: Әдеби мақалалар. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015. 240 б. ISBN 978-601-7505-02-8 Өмірдің қилы сәттерін ғұмырлы өлеңдермен өрнектеудің азабын ақындар арқалайды. Әр ақын — әдебиеттің бір тіні екенін есепке алсақ, бір отауға жиналған әр тін жұртымызға ортақ түгел сөздің тұтас кілемін тоқиды. Қазіргі кемелденген қазақ поэзиясы — соның бір мысалы. Белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың әдеби мақалалары топтастырылған бұл кітап — әдебиетімізге олжа салған әр буын ақындарының әрқилы қолтаңбаларының ерекшеліктері һәм бүгінгі қазақ поэзиясы туралы жаңаша толғамдар, байыпты байламдар. УДК 821.512.122 ББК 84 (5қаз) ISBN 978-601-7505-02-8 © Ашықбаев Е., 2015. © «Дәстүр», 2015. © «Каратау КБ» ЖШС, 2015.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ЕСЕНҚҰЛДЫҢ ШЫНДЫҒЫ ...Пендеміз мәңгі жүрген септеп үміт, Ештеме құлазисың жоқ көрініп. Өресі тар, өзі кең бұл қоғамда Адасқан ұқсап бөтен тырналарға Алармыз байқатпай бір көшке кіріп. Егілген үнсіз дүние... Сыз. Нөсер. Күз, Емексіп бұл дүниеден біз де өтерміз, Бірде жақсы, ал бірде жек көріліп. Есенқұл. Жек көру, әрине, талдауды аса қажет ете қоймайтын, ішкі сезімді білдіретін, баршаға мәлім жалпақ ұғым. Бұл психологиялық күй (жек көру) мына қым-қуыт тірлікте көп билікке қолымыз жетпей жүрген біз түгілі, көп билікке қолы жеткен қазақтың ұлы Абайын да айналып өтпеген. Қайқайсымыз да тілге тиек етпесек тұра алмайтын бір әңгіме бар ғой. Абайдың сол сөзін жатқа да айта аласыз: «Осы мен өзім — қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе?..». Жауабыңыз да әзір: әрине, жақсы көрді. Қазақты біз де жақсы көреміз. Ал Қазақстанды ше? Қазақстанды да, дау жоқ, жақсы көреміз. Тек біз (ақындар) қалай жақсы көреміз? Негізінен әлі сол Абайдан асқанымыз шамалы: ұрсамыз, сөгеміз, ақыл айтамыз... Ал егер ұрыспайтын, сөкпейтін, ақыл айтпайтын екі ақын болса, біреуі Есенқұл еді. Есенқұлдың осы бізге қаратып айтқан «Еліңді жамандама» деген өлеңі де бар. Осы арада тақырыбымызға қатысты бір қыстырма
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір әңгіме айта кетелік. Мысалы, Ресей туралы өлеңдер өте көп. Әйтсе де бірден тіліңе орала салатын жолдар мен шумақтар санаулы. Айталық, Лермонтов: «Прощай, немытая Россия». Немесе Тютчев: «Умом Россию не понять, Аршином общим не измерить: У ней особенная стать — В Россию можно только верить». Бір қызығы, осы екі дүние де әлі күнге дейін ауыздан түспей келеді. Мысалы, орыстардың арасында «Прощай, немытая Россия» дегенді Лермонтов жазбағандығы, бұл дегеніңіз ақынға сырттан зорлап телінген, төл туындыларының ішіне әдейі енгізіліп жіберілген идеологиялық диверсия екендігі туралы жеңіске жетуі неғайбыл дау бар. Ал Ахмет Байтұрсыновтың «Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған» деген өлеңін және қоса талдасақ, тым әріге кетіп қаламыз. Сондықтан тоқтай тұралық. Ал Тютчевтің өлеңі туралы әңгіме басқаша. Әрісін айтпағанда, беріде, Ресей президенті В.Путин Кремльде сол кезгі Франция президенті Н.Саркозиді қабылдаған шақта Тютчевті сәл өзгертіп, «В Россию нужно верить» деген ғой. Ал біздің Есенқұлдың өз елін сүюі тым өзгеше еді. Себебі ол Лермонтов секілді Қапқазға айдалған жоқ. Тютчев секілді Еуропа елдеріндегі неше қауым ақсүйектердің ортасында ыздиып жүрген жоқ. Қазақ ақыны Есенқұл Жақыпбек (әуелгіде Жақыпбеков) әуелі коммунистік Қазақстанның нанын жеп, суын ішті, сосын тәуелсіз Қазақстанда ғұмыр кешті. Телевизиялық бағдарламаның атауына демеулік шылау қосып қайталасақ, бұл тірлік «Айтуға ғана оңай». Әйтпесе бір өміріңді екі түрлі қоғамдық құрылысқа қақ бөліп бере салу қайдан оңай болсын. Бірақ бермегенде және қайда барасың? Жә, Есенқұлға оралайық. Мысалы, ол сондай да сондай Қазақстанға арнаған бір өлеңінде былай дейді: ...Сенен талай қайтса дағы меселім, Кештім бәрін, өсе берші, өс, елім! Бұл — сүю. Осы арада еске түсіп отырған бір жай бар.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Ертеректе «Қазақ әдебиеті» газетінде Есенғалидың топтама жырлары жарияланып, ең басына бірінің астына бірі екі эпиграф берілді. Біріншісі — «Азаулының Стамбұлдан несі кем?! Доспамбет». Дау жоқ. Екіншісі — «...Астананы сүйем мен! Аманхан». Бұл енді сенімсіздеу. Жо-жоқ, Аманханның Астананы сүйетіндігіне күмән келтірмейміз, бірақ Астанаға арналатын өлеңін ол бұлай жазбаса керек. Ал өлең мен мақаланың міндетін түсінбейтіндер осылай жазатыны және рас. Солар үшін Аманхан күйіп кетіп отыр ғой. Ал Есенқұл сүйгенін, күйгенін айтпайды. Бұлданбайды. Міндетсінбейді. Кіжінбейді. Абайша түсіндірсек, «Шыдайды риза боп жар ісіне, қорлық пен мазағына табынса да». Өйткені, Қазақстан — өз елі. 1948 жылы Қасым Аманжоловтың қаламынан (жүрегінен) шыққан, лириканың сирек жауһарларының бірі болып қалған «Советтік менің өз елім» өлеңі де, әрі-беріден соң, саяси көлгірлік емес, өз елінің арқасында жетілген жетім баланың жан сыры еді ғой: «...Өмірден үміт жоқ өзге, Даланың тердім тезегін. Әкем боп таптың сол кезде, Советтік менің өз елім...» Тағы да Есенқұл: ...Өсе берші, өсе берші, өс, елім! Дәл өзімдей маңдай соры бес елім. Бұл — мойындау. Негізгі ұсынылатын тұжырым: Қазақстан қандай болса, мен де сондаймын. Ал біз бірқатар (бәлкім, бірқатардан да көптеу) өлеңдерімізде Қазақстанның кемшіліктерін дөп басамыз да, өзімізді одан сырт ұстаймыз. Кемшілік біздің әрқайсымыздың жеке басымыздың емес, басқа біреудің, яғни Қазақстан дейтін мемлекеттің немесе «ақындарды түсінбейтін» сол республиканың жер қайысқан тұрғындарының міні болып шығады. Өйткені, лирика, негізінен, бірінші жақтың ғана сезімін ұсынады: мен және олар (басқалар). Бұл, бір жағынан, тиімді принцип. Қазақстанның қаптаған проблемаларын мойныңа алудың, «е-е, бұл да түк бітірмеген можантопай біреу екен» дейтіндей сөз естудің не қажеті бар? Шамаң келсе, түк бітірмесең де, түйіп тастап, желе сөйлеп отырғанға не жетсін?! Жуырда ақын інім Бауыржан Бабажанұлы екеуміз өзін Көкбөрімен шендестірген
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір жергілікті дәрежедегі ақынның ешқандай да Көкбөріге ұқсамайтынын сөз еттік. Сосын, қайтадан тәубемізге келіп, «Кім білсін, бәлкім, сыртынан болмағанмен, ішінен Көкбөрі шығар» деген шешімге тоқтадық. Ал Есенқұл өйтпейді. Ішінен де, сыртынан да көкбөріленбейді. «Дәл өзімдей маңдай соры бес елім» деп өзінің Қазақстаннан еш ерекшелігі жоқ екенін «жүрегінің түбіне кір жасырмай» (Мұқағали) айтады. Одан әрі қарай кетейік. ...Өз-өзімнен қалжырап, Өз-өзімнен балбырап, Өмір кештім арасында жоқ, бардың. Аш өзегім қан жылап, Кімді күндеп, кімді тілдеп боқтармын, Ортасына кіре алмасам көкпардың. Ел алдында келмейді ешбір ақталғым. Тағдырыңды өрге тартсам деп едім, Кешір, кешір, кеңпейілді мені Елім, Жәй ғана бір тағдырласың боп қалдым. Бұл — опыну. Есенқұл әуелгіде әртүрлі зымиян саясаттардың құрығын үзіп кете алмай, көппен бірге бұның да (ақынның да) алпыс жыл ғұмырын әрлі-берлі тартқылап, отқа да, суға да салған, әрине, амалсыздан сөйтуге мәжбүр болған еліне кешірім берсе, мына өлеңінде сол елін жоғарыға шығара алмағаны үшін өзі кешірім сұрайды. Тағдыр, былай қарағанда, көбіне-көп әдеби шығармаға ғана лайық сөз секілді. Бірақ... Есіңізде жүрген шығар, елімізге тәуелсіздік келе бастаған шақта газеттерде «Тіл тағдыры — ел тағдыры» деген айдар жиі көрініп жүрді. Қазір бәсеңсіді. Өйткені сол кезгі зор қауіптің беті қайтты. Ал өткен жылдан бері Қазақстанда «Елімнің тағдыры — менің тағдырым» деп аталатын республикалық форум өткізіліп жүр. Яғни ақынсың ба, ақын емессің бе, бәрібір, еліңмен тағдырлассың. Міне, ел тағдырын, сол елдің тұрғындарының тағдырын алға тартқан сондай сезім-форумда кәдуілгі сөзден басқа құралжарағы жоқ ақын ретінде Есенқұл тағы да адал сөйлей салады, тіпті де өзгеше өзеуремейді: «Жәй ғана бір тағдырласың боп қалдым».
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Есенқұл жырларының негізгі өзегі — осы, адалдық, шыншылдық. Адал болмаса, шыншыл болмаса, ол өзінің «Тазқара құстың тағдыры» атты кітабына жазған кіріспесінде «Күнделікті тіршілікте мінезсіз, ешкімнен асып бара жатқан ерекшелігі жоқ, тәуелсіз жалтақ, жасанды сөйлеп жіберуден де ұялмайтын жанбақының бірімін» дей ме?! Және, бір ғажабы, Есенқұл бұл сөзді өзіне арнағанымен, монологтың арғы жағында «ерекшелігі жоқ, жалтақ, жасанды сөйлей салатын, жанбақы» талай жазармандардың сұлбасы көрініп тұрады. Әлде ақын осы жолдарды соларды ескеріп, осы шындықты әйтеуір түбі біреу айтуы керек болғандықтан, өз мойнына ала салды ма екен? Олай ойлайтынымыздың тағы бір себебі, Есенқұлдың біз жоғарыда келтірген, келтірмеген өлеңдеріндегі бірінші жақтан сөйлейтін автордың өмірлік драмалары неге бәріміздің басымыздан алынған мысалдар сияқты? Қалай айтқанда да, мысалы, әдебиетке өткен ғасырдың сексенінші жылдары келгендердің бүгінге дейінгі тіршілігі, ең алдымен, осы Есенқұлдың өлеңдерінде қаттаулы тұр. «Алматыдағы жыр кеші» дейтін өлең соның алғашқыларының бір дерегі еді. Ескерте кетейік, ол кезде ондай кештерге жас ақын дәрежесіндегілер өлең оқуға емес, тыңдауға баратын. Тыңдай білу де өнердің бір төресі екенін сол шақта бойға сіңіргеніміз рас. Сонымен не болды дейсіз ғой?! ...Бір өлеңнен ескенімен жыр лебі, Бір өлеңнен көңіл қайта кірледі. Сақа ақындар сақалдарын саудалап, Сарыауыздар санатқа да кірмеді. Сосын жастар көңілдерін от қарып, Жиналды бір оңаша үйге топталып. Бірін-бірі мақтап жатты, шынында, Мықты ақындар дәл осындай жоқ-ты анық... Иә, сондай заман еді. Кішілер үлкендердің орнына отырып алуға тырыспайтын. Ағалардың сөзіне, қисық болса да, түзету жасалмайтын. Мықты өлең мақталатын. Нашар
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір өлең, мейлі, датталмаса да, әйтеуір мақталмайтын. Соның өзінде де сол 1982 жылы Асқар Сүлейменовтің «Ақынның аздығын, өлеңшінің көптігін ертеде, ертеректе, баларақ кезінде жазған бір мақаласында Мұхаң, Мұхтар Әуезов жеріне жеткізіп айтқан. Одан бері, неғыпты, ақын көбейді, әрине. Бірақ, қарап жатса өлеңші бола ма. Ол, күн ұзарды деп қысқара қоятын түн емес. Ол — енесімен қатар отырып ап сыбағаға таласатын көргені кем келіндей» деп ренжігені бар. Айтпақшы, осы Асқар ағамыздың «Парасат» журналында жарияланған Есенқұлдың топтамасына арнаған құйттай алғысөзі бар. «Ұзақ сөзге — уақыт кем. Мен ұққанда текті тиек — аршадан. Бұл арша жігіт. Бұл жігіт, жұрттың айтуында, «көк көз» екен. Көрмедім. Көре алмадым. Бірақ өлең жолдарына бойлағанда, қайта оқып, қайта парақтаптарақтағанда көкөзегін зайыр тануға ықырар болдым. Осы жігіттің ұрып шығарына, жұлып шығарына кәміл сенімдімін», — депті. Тілге соншама ұқыпты, сөйлем құрылысына соншама мұқият қарайтын Асекең ағамыздың Есенқұлдың өлеңдеріне осынша құлап түскені ойға қалдырады. Расына келгенде, Есенқұл жырларының бұған дейінгі жазылған дүниелерден тақырыптық та, формалық та аса өзгешелігі жоқ. Айталық, өзінің алдындағы Жұматайдың өлеңдеріндегі тірі ою-өрнек, қанық бояу Есенқұлда жоқ. Есенқұлда өзімен тұстас Тыныштықбектің жырларындағы тыңнан тап болған тіркестер мен алабөтен тосын сарындар да жоқ. Мысалы, ол: Мөлтілдеген мен осы, Сезім едім, Өгей тартып барамын өзіме-өзім, Өзімді-өзім естелік сезінемін. Көлбең қағып көшеге шыға қалсам, Өтіп кеткен өмірге кезігемін, — деп жаза салады. Жаза салғаны бар болсын, жайбарақат көңіліңді кенеттен астанкестең етеді. Бұл қалай болғаны? Кеше ғана Алматыдағы жыр кешінен шығып, «көңілімізді от қарып, топталып» жүргендер осы біз емес пе едік? Мынау қайдан пайда болған
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ жасамыс күйректік? Мейлі, рас-ақ шығар, бірақ сыпайылап айтса да түсінер едік қой. Есенқұл оған апшымайды. «Мен қайтейін, осындай боп қалдық қой» деп ақсия күліп тұрады. Сірә, Асекең— Асқар Сүлейменов «қайта оқып, қайта парақтап-тарақтағанда» Есенқұлдың осы адалдығын анық аңғарған шығар-ақ. Өмірді айтасың-ау, осы күні өлеңдегі адалдыққа да зәру болып қалдық қой. Осы тұста жолшыбай айта кеткен мақұл, Есенқұл өз өлеңдеріне әшекейлі ұйқастар іздеп те әуреге түскен емес. Шумақтарды «басып қалған, кетіп қалған» немесе «қарашасын, барататын» деп олпы-солпы киіндіре салады. Әйтпесе ертеректегі ағалары тәрізді «едіні» «ед» деп, «тұрадыны» «тұрад» деп шолтита салу да ақынға түк емес. Бірақ, басқамыздың өлеңдерімізге енсе, өгізге ер салғандай болып ерсіленіп тұратын сол ақаулықтар, Есенқұл өлеңдеріне келгенде, апыр-ай, жымдасып-ақ кетеді. «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» дегеннің бір сипаты осы ма екен әлде? Аббревиатуралар қазақшаланбай тұрған шақта «Қарызым бар қайтармаған қоғамға, Арызым бар айта алмаған ООН-ға...» дей салған да осы Есенқұл еді. Жалпы, стиль жағынан келгенде, Есенқұлдың өлеңдері өзіне дейінгі еш ақындардың төлдеріне ұқсап туған емес. Әлде жас басынан сол кезде кенеттен кең өріс алып кеткен сахналық айтысқа түсіп («ақындар айтысында менің атым жеңумен емес, жеңілумен шықты» дейтіні де бар ғой), жауап шумақтарды шапшаң және нақты құрастыруға дағдыланып кеткендіктен бе, ол қағазға түсіре бастаған жыр жолдарының бірін сызып, бірін жөндеп, әлдеқанша әуреге түспей, бірден топырлатып төге салатындай болып елестейтін. Мысал келтірейік: «Шырқыратып шындықты айтсам бір жайсыз, Қатар бірге жүргендерден ыңғайсыз, Ойнап бірге күлгендерден ыңғайсыз. Өмілдірік, құйысқанды тең ұстап, Барған сайын бар шындықтан алыстап, Өмір сүре білгендерден ыңғайсыз...». Бұны бір деп қойсақ, екіншіден, Есенқұл бір шанаға бірнеше ат жегетін байшыкештер секілді бір өлеңге бірнеше ой-пікірді қатар жекпейді. Тақырып немен қарайса, сонымен ағарады. Мынау «Ғұмырнама» дейтін
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір өлеңнің толық нұсқасы: Өлең жазам... Бар ісім осы ғана. Өлең бердім досыма, қасыма да. Туған-туыс ішінде еркелетті Мұқағали, Төлеген, Қасым аға. Арғы атамды сұрасаң — Абай, Жамбыл. Өр Махамбет — өз ағам, Абайлап жүр. Жолдас болдым бөрінің бөрісімен, Сырлас болдым серінің серісімен, Аруақтандым солардың перісімен. ...Заман келді жалғасқан жең ұшымен, Енді қалған ғұмырда не бітірем? Сорлы басым бұл күнде соны ойлап жүр. Бір құдайдан басқаға зауқым да жоқ, Айналдырсаң, молдалар, мені айналдыр. Кимесем де ақ сәлде сәнмен бүгіп, Қоймасам да ақ сақал бәлдендіріп, Киімімді киейін кең, мол қылып. Аспанға ұшып жүрдік қой албырттанып, Енді біраз көрейін жермен жүріп. Енді қалған ғұмырда шолжаң баспай, Бақырайған көздері балбал тастай, Дүниені сыртынан көрген қызық. Жалт етіп өте шығатын бүкіл ғұмырнаманың негізгі мазмұны — осы, шапшаң да шалт, қысқа да нұсқа. Автордың өзінен басқа ешкімнің куә болуын қажет етпейтін, қосымша пікір сұрамайтын бір ғана уәж. Ақындықтың санаға қаншалықты салмақ түсіретіні, өлең жазу дегеннің қандай ауыр дерт екені, қара қалам ұстап ақ қағазға төну нендей жанкештілікті талап ететіні туралы небір сұңқылдаған монологтардан жаныңыз шошынған кезде, Есенқұлдың осы өлеңін оқып, қалың қайғыдан лезде айығып кетуге болатын сияқты.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Сөзімізді жалғайық. Сонымен, «бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір, бірталай өмірімізді өткіздік» (Абай). Әрине, біраз өртендік, күйдік, реттіретсіз ғашық болдық. Ақыры ойладық: әйеліңнен артық кімің бар еді? Жайлап алып жаны жылы пеш түбін, Шүңкілдесіп отырамыз кешқұрым. Демеу болар ағайын көп десек те, Сенен басқа жоқ екен-ау ешкімім. ...Маздап жатыр, қозғап қойшы пеш түбін, Менен басқа сенің де жоқ ешкімің, Мен бар кезде сенің де жоқ еш мұңың. «Біздің күйеу әйгілі ақын екен» деп, Айқым біткен шулап жүр деп естідім. Түбі менің түсініксіз байлығым Тұқымындай көбейеді ешкінің... ХІХ ғасыр ақынының өлеңдерінен мұндай шумақтарды кездестіре алмайсыз. Әрі кетсе, «Сыртқа шықсам — батырмын, үйге келсем — қатынмын. Қатын ауру, бала жас, тары түйіп жатырмын» деп дүрс еткізе салады. Ал бірақ, тап сол шақта тап сол қатынынан жақын ешкімі жоқ болып тұрғанын еш мойындағысы келмейді. Есенқұл мойындайды, онымен қоймай, үстіне әтір сепкен небір сақа ақындарға да мойындатады. Себебі, «алғаным ару болмаса, алдыма алып сүймен-ді»-нің (Шалкиіз) заманы өтіп кеткелі қашан. Осылай сараптай берсек, Есенқұл өлеңдері арқылы біз өзімізбен-өзіміз (ана тұста, мына маңайда, асфальт көшеде, жасыл соқпақта, жападан-жалғыз, екеуара, шаттанысыпкүлісіп, мұңдасып-мұңайысып) әлсін-әлсін кезіге берер едік. Өйткені, Есенқұлдың өлеңдері сондай: «Өткен-кеткен», «Сан жылдан соң», «Ғұмырнама», «Жазмыш», «Біреуді іздеу», «Елегізу», «Жан дауылы», «Сол жазда», «Сол баяғы...», «Өтеді күндер осылай»... Әрине, бұларға «Алдай-ау» немесе «Өзіңді аңсап» тәрізді талай әндер мөлдірей қосылады. Бәрімізге белгілі, жалт етіп өте шыққан жас дәуренді сағыну, сағынып қана қоймай, оны, реті келсе, шаң тигізбей
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір асыра мадақтау, сөйтіп, жастықтың орнына келген мына тоқтасты тірлікті місе тұтпай, астамшылыққа ұрыну, әсіресе, ақындарға тән. «Әсіресе» дейтініміз, бұл ғадет, әрине, сөз өнерінен аулақ жүргендерге де бірыңғай жат емес. Осы ахуалды Есенқұл бір өлеңінде былай суреттейді: ...Жас едік бір күлгені мың қаралық, Біз де осы қуаң тарттық гүлдеп алып. Өмірден қай қорытынды шығарсаң да, Бәрі де тіреледі мұңға барып... Рас қой. Себебі, «ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда», ал ойлы адамыңыздың бірі — жақсы өлең жаза алатын ақын. Тағы бір өлеңінде осы өтпелі өксікті Есенқұл тағы былай түйіндейді: ...Кеудемді бір кернеген жел бар еді, Қасымда содыр-сойқан ел бар еді. Серпілейін десем де серілермен Таба алсамшы оларды емге қане. Арасында албырттардың жүре тұрмай, Дүние, сені қуып нем бар еді... Міне, осы шумақтан кейін ақын жырларының адалдыққа, шыншылдыққа (бұл ретте шыншылдық дегенді қоғамның кемшіліктерін тап басып айтумен шектеуді жөн көрмейтінімізді ескерткіміз келеді), иә, сондай түпқазыққа негізделген қасиеттеріне нәр беретін тағы бір қыры шыға келеді. Есенқұл нендей гәптерді қозғаса да, қандай оқиғаларды (оның әр өлеңінің әржағында әйтеуір бір оқиға жатқан сияқты ынтықтырып отыратыны мәлім) баян етсе де, әрнәрсеге ұрынбай, бізге (әрқайсымызға) өз сезімімізді өзіміздің сөзімізбен ғана (тек өңдеп, қалт ойлантып тастарлық деңгейге шығарып) жеткізіп береді екен ғой. Тағы оқып көрейік: ...Көкектей күндер өтіп сұңқылдаған, Әйтеуір, жеттік біздер бұл күнге аман. Шымырлап жас тамады екі көзден Шықтай боп шөп басында жылтылдаған... Бұл шумақты, мысалы, қазір көз алдымызда қадірі түсіп бара жатқан халық әндерін сүйіп тыңдағандар (әлі де
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ тыңдайтындар) тым жылы қабылдаса керек. Өйтпегенде қалай, бұл жолдардың астарында «Сусамыр — елдің жайлауы, өмірдің бар ма байлауы» мен «Өтіп дәурен бара жатыр, сіз бен бізге білінбей-ау» жасырынып жатқан жоқ па?! Есенқұл тіпті «Қазақ — нағыз қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» (Қадыр) екенін бізден артық біле тұра, қазақпен туыстасып кеткен басқа аспаптардың да сүйкімді әуенін құлағыңа әкеледі: ...Сыбырлап айтатұғын әлденені, Сыртында ауылымның көл бар еді. Қаздай бір қаңқылдаған қара гармонь Сені аңсап айлы түнде зарлар еді. Отырған гармонь тартып балалармен, О, қайран, қыз бен алма, Арман еді... Бір байқалатын нәрсе, бір кездері «Қалада жүр ақынның ірі-ұсағы...» деп басталатын өлең жазып, «Есігінің көздігінен сығалап, Қарайтұғын қаладағы қазақтай...» деп шымшығаны болмаса, Есенқұл ауылда тұратын ақын екенін астын сызып айтуға құмартқан да жоқ. Бірақ ауылда тұратынын көпшілік өлеңдерінде сездіріп ала беретін. Мысалы, «Жаңбырлы күн» деген өлеңіндегі «Бүгін де жаңбыр, қаңғыр да күңгір шатырым, Қаңғысам ба екен қақпамнан шығып ақырын» деген жолдар қаланың көп қабатты үйлеріне үйлеспейтіні, тек Есенқұлдың жеке дара тұрған өз үйіндегі өзі жапқан (жапқызған) шатырға, қадасын өзі қаққан қақпаға ғана қатысты екені байқалып тұрады. Әрине, бұл ауылда қақпа біреу ғана емес, басқа да қақпалар бар: «Қақпаға әрбір сүрініп...», «Аса алмадым қоңыр қақпа, ауладан...». Немесе «Күпәйкемнің жағасын көтеріп ап, Шыққым келіп көшеге тұрғаным-ай» әйтпесе «Кеше жалғыз келе жатсам көшеде...» деген жолдарды оқысаңыз, күпәйкені былай қойғанда, көшенің өзі сансыз көліктер ерсілі-қарсылы ызғыған алаулыжалаулы көше емес, әйтеуір жаныңды түсінер таныс біреу кезігіп қалар деген үміттің маршрутына лайық ауылдық жүдеулеу көше екенін іштей сезесіз. Ең ақырында, «Көшеңізде шалшық көп» деп келмейді, Жалтыраған машиналар шеткі
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір үйге» деген анықтама арқылы бұл ақынның адресі де белгілі болып қалады. Немесе «Бір әйелге» деген өлеңдегі мына қайырымның қала ақынының тіршілігіне қандай қатысы бар екендігін пайымдап көріңіз: «Алжапқыш киген келіндер қалмай қасыңнан, Тойларда сені көремін қазан асылған...». Ал «Моншадан шыққан моншақ қыз» ше? Қай заманда қайысқан жұрты бар қаланың қай қызы қай моншадан шығып тұрғанын аңғарып едіңіз?.. Қалада тұратын ақын кез келген уақытта «Шарбағы сіздің үйдің көрінбей тұр...» деп осы шақпен сөйлей ала ма? Мұндай мысалдарды Есенқұлдың өлеңдерінен көптеп теріп алуға болады. Әңгіме онда емес. Бірен-саран болмаса, ауыл туралы қазіргі көптеген өлеңдер көркем-сурет факультетінің тәжірибесіздеу студенті дипломдық жұмысына арнап салған тап-тұйнақтай полотноларды елестеді: ауыл — анау, бірақ бірдеңесі жетіспей тұрады. Ал Есенқұлдың өлеңдерінде көктем кәдімгідей бусанады, жер жібиді, гүлдің исі бұрқырап кетеді, шыбынсыз жаз мәужіретеді, жаңбырдан соң көлкіген су жерге сіңеді, күзгі жел бүрсең қақтырады, қар саусылдайды және осының әрқайсысының ішінде өзің жүрген секілді болып көрінесің. Ақынымыздың «Менің жаным — жасыл орман, қалың ну, Адасқандар жапырағын жамылған» дейтіні де содан шығар. Тағы бір ерекшелік, Есенқұлдың тосын тақырыптар іздеп әуреленбейтіні өлеңдерінен анық аңғарылып тұрады. Ол көзіне түскен, көңіліне әсер еткен суреттерді сол бойда сіміріп алады да, дереу поэзиялық өрнек-өрмекке түсіре қояды. «Көне сүрлеу барады ағып суша алға...» деп басталатын өлеңінде көптен соқпай кеткен Бірлік ауылына бара жатқандағы сәтін көркем бейнелесе, «Жүрдек пойыз жүйткіді дүдік-дүдік...» деп жүйтки жөнелетін шумақтарында қара мазарлардың тұсынан өткенде қандай ойларға қамалғанын алқына айтады. «Қабырғасын қалың қурай жасырған» иесіз үй, «қыздары көйлектерін шешпей-ақ шомылатын» Самсы ауылындағы көл, «жас келіннің төсегіндей былқылдаған» Көкөзек, «газ бен шаңнан, кір мұнардан шаңытқан» Суықтөбе, «қаз-үйрегі қаңқылдап ұшып
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ жатқан» Қарой, «су, бұлағы сусып аққан» Салқынсаз, олармен жүздесіп болсаңыз, сары терезе, қоңыр есік, тал шарбақ, қу ағаш, қураған бақ, шет мүйіс, терең сай, қараңғы жол, тақыр қыр, жас тоғай, жылы оттар, әйтеуір, небір көзкөрген, ыстық, бірақ басқаша боялған, үйреншікті тілімен айтқанда, «таныс та бейтаныс» көркем көштер көз алдыңыздан тізіліп өтіп жатады. Мұндай суреттердің неге ыстық болатынын ұзақ уақыт бойы Маңғыстаудың мұнайын кешкен Темірхан, Жездінің аудандық газетінде әдеби қызметкер болған Жүрсін, Жаңарқада жылқы баққан Ғалым Жайлыбай, Түркістанда мәдениет бөлімінің отымен кіріп, күлімен шыққан Қасымхан, Өскеменнің Құйған ауылдық мектебінде мұғалім болған Жанат Әскербекқызы тәрізді үлкенді-кішілі ағаларымыз бен замандастарымыз жүдә тереңірек түсіндіріп берсе керек. Бұл да, әрине, бір бөлек әңгіме. Ал Есенқұл туралы сөзімізді жалғастырсақ, өзінің осындай өлеңдерін оның алдын ала жоспарланған, оқырманды өзіне тартып алуға тиіс міндеттер атқаратын ерекше бөлімдерге жүйелеп алып жазбағаны да қапысыз сезіледі-ақ. Мысалы, әр кездердегі жыр жинақтарындағы «Өмірім менің өлеңім», «Махаббат, жастық әлемім», «Өмірден бір түңіліп, бір ұмтылып..», «Махаббат, мархабат», «Ешкімді сүймей, сағынбай...», «Пенде-ғұмыр» деген атаулардың айтары түптеп келгенде бір-ақ тақырып екенінен ақын әуелі нені жазуды емес, қалай жазуды мақсұт тұтқанын байқауыңызға болады. Тіпті, үңіле қарасаңыз, «Біз екеуміз» әйтпесе «Жеріңе табын» тәрізді жинақтарындағы өлеңдер ешқандай жеке-жеке бөлімдерге де топтастырылмаған, тұтас, бір шаңырақтың астына жинала қалған етжақын туыстар. Сол себептен де Есенқұл «Көрініп тұрар шын бейнем, Оқырман, осы өлеңім. Гүл терген қыздай күнгейден, Аларсың теріп керегін» деп қалауыңызды өз еркіңізге салады. Міне, қан-сөлсіз қасаң қағидалардан қашып, өлеңмен еркін сырласып, айталық, езу тартқыза отырып, кенет мұңайтатын; әйтпесе өрті бар өлеңдердің салдарынан
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір абайсызда өзекті тырнап кеткен өкінішіңді лезде уанышпен әлдилейтін; поэзияның әлеміш бояулар жағып алған сыртқы сұлулығын емес, ішке түсер мағынасын артық көретіндіктен солай істейтін Есенқұл елу жастан асқан соң бірден алпысқа әзірленді: «Елуден астық...», «Жасым бүгін елуден де кетті асып...», «Елу бес астық...», «Алпысқа қарай асықтың неге, ғұмырым...», «Арман көп қой жас алпысқа кіргенде...», «Қалдың, міне, біраз жасты алқымдап...», «Менің де жасым жас емес...», «Тұрса да жас ұлғайып, күрең күз кеп...», «Егде тарттық...», «Алпыс жас тұр-ау, аттасаң болды бір белге...», «Жеттік, міне, алпысқа...»... Әрине, мұнда тұрған еш сорақылық та жоқ. 1886 жылы «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» пен «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арманды» жазғанда Абайдың жасы 41-де еді ғой. Дегенмен газеттерден Есенқұлдың осындай және басқа да осыларға ұқсас жолдары көзіме шалына берген соң Ақтөбеде отырып тілдей хат жаздым. Әрине, өлеңмен. Өткен жылдың қыс айы болуы керек. Кезінде факспен не электрондық поштамен өзіне салып жіберуге ақылым жеткенімен, газет бетінен бір-ақ көргенін мақұл көріп, тартынып қалып ем. Қате бопты. Себебі осы өлеңі бар топтамамды жарияламақшы газеттің беті босамай қойды әйтеуір. Ұнаса да, ұнамаса да, Есенқұлдың өзі оқығаны жөн-ақ еді. Ал өлеңім мынау. Ғұмыр Ғұмыр Ғұмыр Ғұмыр Ғұмыр ...Алпысқа қарай асықтың неге, ғұмырым?.. Есенқұл Жақыпбек. Бізді де түсінетін жұрт бар ма? Кеттік алпысқа қарай. Әне, сіңіп барады бұлттарға Бізбен талай тартысқан арай. Көкжал Есенқұл ең, талай қан тістеген, Сұрапыл ең.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Жөн екен ғой әуелде ант ішпеген, Мен де, шіркін, ұмсынып тұратын ем. Енді қасқыр да тоқ, қой да аман, Үндемейді терек-көше, қайың-қала. Тек біз бе ештеңеге тоймаған?.. Уайымдама. Мың алғыс жүрегімізге ұзақ жыл сүйреген, Рахмет мүжілген тырнағымызға. Мынау — кемеміз күйреген, Анау жап-жас кемпір — баяғы жырдағы қыз ба? Анау — сауал-жол ма, сұрақ-із бе? Мынау — біз гүл үзуге барған маң ба? ...Беу, сонда да өкініш бар ма мына бізде? Мына бізде, беу, сонда да арман бар ма?.. Біреуге арнап өлең жазу да әйтеуір өзіңді (ең алдымен, әрине, сол біреуді) алдай салуға негізделген бір зиянсыз тірлік қой. Әйтпесе осы Есенқұлдың өзі бір ретте кейін сыршыл әнге айналып кеткен «Өнер адамы» деген өлеңінде «...Жалпы мақтап жаны қалмай жатса да, Ешкім бізді шын түсінген жоқ бірақ» демеп пе еді?! Ал одан әріде Мұқағалидың «Мәңгілікке өзіммен ала кеткен, Менің нәзік жанымды кім түсінер» дегенін қайда қоясыз?! Соны жақсы білетін Есенқұл өз өлеңдерінің басым бөлігінде өзі арқылы бізге, өзімізді-өзімізге түсіндіріп беруге қызмет етті. Ал оны кім қалай түсінді, бұл — мүлде басқа әңгіме.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ӨТЕЖАН КЕШКЕН ӨРТТІҢ БОЯУЫ ...Поэма ма? Баллада ма? Я бір жұмбақ жанр ма? Я немесе ашымаған, шала иленген қамыр ма? Не десең де... Жартасымды жарып шығып жатыр ән — Көптен бергі тереңдегі сыймай жүрген запыран... Өтежан НҰРҒАЛИЕВ, 1984 жыл. Біздің қазақ жұртының бастан кешкен оқиғалары өте көп. Әрідегі замандарды қоя тұрып, айталық, соңғы 100 жылдықтағы жалғыздығымызды ғана еске алсақ, соншама мол деректерге қоса, сол деректерге куә болған соншама көп қазақтарды қиналмай санап шығар едік. Мысалы, 20-30-шы жылдар: Шұға, Күләш, Бұқабай, Раушан коммунист, Түйебай, Айранбай, Арыстанбайдың Мұқышы, Азамат Азаматыч, Желдібай Жындыбаев... өте көп... Иә, бұл проза. Бұл — Бейімбет Майлиннің кейіпкерлері. Әбжілі бар, әпендісі бар, қалай болғанда да, барлығы да өзіміздің қазір жер үстінде жоқ аталарымыз бен әжелеріміз еді. Дәл сондай немесе соған ұқсас кейіпкерлер кейін де әлсін-әлсін туып жатты. Туғызушылар: Дулат, Тынымбай, Мархабат, Сұлтанәлі... Иә, бұл да проза. Ал поэзияда ше? Жоқ еді. Дәлірек айтқанда, 1978 жылға дейін жоқ еді. 1978 жылы «Жазушы» баспасынан «Соғыстың соңғы жазы» кітабының бірінші жинағы шықты да, 1984 жылға дейінгі
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ аралықта Қазақстанда адал, қу, аңқау, зәлім, еңбекқор, жалқау, батыр, қорқақ, сып-сыпайы немесе арсы-гүрсі кейіпкерлердің жаңа (бұрынғыларға мүлдем ұқсамайтын) тобы пайда болды: Шынтемір, Сағындық, Қалқа, Көшер, Тәжібай, Степан, Көмекбай, Шоң кемпір, Балғатша, Қалмағамбет, Кемелбай, Изел... Ерінбей қайталап айтайық, қазақ әдебиетінде бұған дейін де, бұдан кейін де кейіпкерлері тұтастай есте сақталып қалатын бұндай поэзиялық кітап болған жоқ. Рас, шамамен, сексенінші жылдардың соңына дейінгі алуан-алуан жыр жинақтарынан соғыс, бейбітшілік, тыныштық туралы жазылмаған шумақтарды табу қиын еді. Мысалы, зеңбіректің ұңғысына ұя салған көгершін туралы көріністі әр ақынның әртүрлі етіп жазуы еш айып саналмайтын. Өйткені бұл әркім көруге (немесе біреуден естуге) хұқылы жалпылама факті еді. Қазір соғыс туралы жаппай өлең жазу доғарылды. Бұл қоғамдағы түрлі өзгерістерге қоса, бәлкім, кейінгі ұл-қыздар «соғыс көрген әкелерден жаралып, соғыс көрген аналарды ембегендіктен» де (Жарасқан) шығар. Осы тұста айта кетелік, Ұлықбек Есдәулет «Жұлдыз» журналына Жарасқанның бір жыр жинағының атына сәйкестендірілген «Соғыстан соң туғандар» деген айдар енгізіп, осының аясына 40-шы жылдардың екінші жартысы мен 50-ші жылдар шамасында туғандардың (қазіргі күні шығармашылықтары туралы белгілі бір дәрежеде тиянақты пікірлер айтуға болатындардың) жырларының таңдаулыларын ұсындырып жүр. Ал одан бұрын, 1981 жылы қазақ прозасына алпысыншы жылдары қосылған лектің (25 қаламгердің) повестері жинақталып, «Беласқан» деген атпен үш томдық кітап етіп шығарылып, тез тарап кеткенін көргеніміз бар. Алғашқы томдағы алғысөзде «Жалын» баспасы бұл дәстүрді алдағы уақытта да жалғастыра бермек» деген уәде болғанымен, кейін, төрт-бес жылдан соң дүние мың құбылып, баспаның да, басқаның да көп армандары орындалмай қалғаны белгілі. Дегенмен, айтпағымыз негізінен бұл емес, «Беласқанға» енген
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір прозашылар соғыс кезіндегі тылдың тірлігін сәби көзбен көрсе, «Жұлдыздың» поэзиялық арнаулы айдарына кіргендер тыл мен соғыстың көзін көргендерден туғандар еді. Және, ең бір ғажабы, «Беласқанның» авторлары да, Ұлықбектің өлең жазатын құрбы-құрдастары да, тіпті Өтежанның өз замандастары да «Соғыстың соңғы жазы» қазақ әдебиетіндегі мүлдем тосын құбылыс екендігін бірауыздан (кей жағдайлардағыдай әйтеуір көңіл үшін немесе пәленше болғаны үшін емес; шын жүректен, риясыз) мойындады. Неге? Терме, толғау, нақыл сөз, шешендік өнер тәрізді жанрлармен қанаттанып келген қазақ өлеңіне ұлы Абай Құнанбаевтың бірыңғай реалистік суреттер қосқан, 1888 жылы жазылған «Күз» және «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңдерін тағы да оқып көріңізші: түсі суық сұр бұлт, дымқыл тұман, құржаң қаққан кемпір-шал, жыртық үйді жамаған жас қатындар, кәрі қойды ептеп сойған байдың үйі, сол байдың ұлын көзінен жасы ағып жүріп ойнатқан жалшы баласы, аяншақтау кедей сорлы... осының бәрі өлеңге бір бүйірден қосылған, жыраулық-жыршылық дәстүрден көген үзіп шыққан зор жаңалық емес пе еді. Содан тура 90 жыл өткенде әрісі романтикаға, берісі сұлу шумақтарға, мінсіз ұйқастарға, нәзік ырғақтарға буыны балқыған оқырманды Өтежан Нұрғалиев қазақтың соғыстарда шыңдалған кәдімгі қара сөзімен қайтадан жолықтырып, және бір селт еткізген еді. Соғыста қаза тапқаны туралы қара қағаз келіп, жаназасына көк бұзау сойылған Жексеннің тіпті де марқұм болмай, кенеттен тірі оралған сәтін естігендегі көңіл-күйдің бір құбылысы мынадай: ...Жексен дей ме? Өлген Жексен марқұм ба? Келді дей ме аман-есен қалпында? Өзі келген өзексізге өлім жоқ — Еркек бала қалмап еді артында... Ақын, қайталап оқып көріңізші, «ұл» немесе қазіргі көркем шығармаларға жарасымды «тұяқ» әйтпесе «шаңырақ
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ иесі» деген тәрізді әсем теңеулерді қолданбайды, ертеректегі ауылдың бүгін де қолданыстан біржола шыға қоймаған қатқыл сөзімен «еркек бала қалмап еді артында» дей салады. Немесе мына жолдарды алайық: ...Құйттай жүйке түтілгенде жанжалмен, Шешу керек кей түйінді қанжармен... Айту керек Көмекбайды көрдім деп, Мың қой баққан жалғыз көйлек-дамбалмен... Қазір көйлек пен дамбал қосып айтылмайтыны белгілі, оның орнын, әсіресе, құдалықтардың атрибуты болып кеткен костюм-шалбар басты, тіпті көйлек-көншек деген қос сөз де күнделікті тілімізде көп пайдаланылмайды. Ал ол кезде... Сафуан Шаймерденовтің «Мезгіл» повесіне көз жүгіртейік: «...Түйіншекті жазсам, жаңа тігілген көйлек пен дамбал екен. Жаңа нәрсені көрмегеніме қанша болды десеңші, қуанғанымнан жүрегім дүрсілдеді. Тез киіп алдым да, шайға отырдым. Пеште дүрілдеп от жанып жатыр. Бибігүл менің ескі көйлек-дамбалымды домалақтап алды да, отқа ұрды. - Бар қырсық осымен кетсін! Мен отқа қарап отырмын. Ол шай құйып беріп отыр. Екеуімізде де үн жоқ. Пеш ішінде торсылдап, борсылдап менің құрым болып кеткен көйлек-дамбалым жанып жатыр...». Міне, прозаға ғана лайықты секілді көрінетін деректі затты Өтежан поэзияда қалайша ғана ойда жатталып қалатындай етіп тиімді пайдалана қойғанын аңғармасқа амал жоқ. Ал мына бір жолдардан қазіргі селолық әкімдердің де анда-санда мазасын алып тұратын бір қауіптің (мазмұны, талабы өзгере түскен қауіптің) шеті қылтияды: ...Әлі есімде, басқарма айтты: «Ерегес, Я бір шатақ қылатын жер бұл емес... Облыстан келгендердің алдында Жарылғастар жасамасын төбелес...». Бұл тұлпарға ғана лайқат Байшұбар деген есім-атауды иеленген әрі семіз, әрі кәрі, ең бастысы, әрі жорға өгізді сойып, соңы сотқа ұласқан ұлан-асыр тойды бастар алдындағы
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір әңгіме. Бір ескеретін нәрсе, «Соғыстың соңғы жазынан» Өтежанның бұған дейінгі лирикасына тән нәзік өрнекті суреттерді табу қиын. Ақын біріне-бірі байланған тағдырларды өзек еткен балладаларында жұлдызы сүттей ұйыған қою түндерге ғашық болмайды, алаураған таңға таң қалмайды, сәулетайы үшін күннің жалқынын жұтпайды, сүттей шам жанған көшеде жүрмейді, лаулаған қызыл орамалдай көктемін іздемейді... Ақын «Соғыстың соңғы жазында» махаббат лирикасынының өзін өзге тілімен сөйлетеді: ...Мен де жігіт болғаным ба, шынымен, Осы қызды ойлап шықтым түнімен. Көзім түсіп кеткен сайын көзіне Қорадағы баспақ құсап сүрінем... Бұл — пойызға мінген жасөспірімнің жирен сары қызды көргеннен кейінгі көңіл-күйінің бір сәті. Тіпті бұл жылдардағы арманның да, бақыттың да, байлықтың да сипаты бөлек: «Ол кездегі қиялшылдың ермегі — Кере қарыс қарындашты армандау»; «Бақыт деген — менің тұңғыш шалбарым, Он үш жаста күлген маған ақсиып»; «Сол баладан «бақыт не?» деп сұрасаң, «Есекке артқан екі қапшық ұн» дейді»; «Қандай бақыт мәңгі-бақи тоқтаса, Қан соғыстың қиян-кескі атысы!»; «Бір қарындаш — сойып берген қойындай, кітап берсе — қыз ұзатқан тойындай», «Отын керек уілдеген боранда, Шекер керек жемесең де, жалайтын»... Осы арада сәл іркілейік. Өтежан балладаларының жалпы мазмұны немесе жеке оқиғалары, түпкі идеясы әйтпесе шежірелік салмағы әр оқырманға жеткілікті таныс болғандықтан, бұл жайларды біз тағы да қайталап еске салуды жөн көрмедік. Бізге қалам ұстатқан жай мынау: Өтежан оқырманды ынтықтырып отыратын қандай тәсілдерді қалай пайдаланды? Айталық, кейіпкердің бейнесін әсерлі сомдау үшін тарихта болған немесе әдебиет арқылы әбден танымал образға айналған басқа бір кейіпкерді шендестіре пайдалану әдісі бұрыннан бар. Әрине, бұл ретте сол екеуінің әлдебір әрекетінде немесе сыртқы дене-тұрпатында әлденендей
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ұқсастық болуы шарт. Өтежанның балладалары, міне, осы қағиданың ережелерін қанып ішіп алған тәрізді. «Талай жерде әзірейілдей тергеген», «жеті әкені құртып барып тоқтайтын», бүгінде «ши аяқ» шал болған, дертке шалдыққан Шынтемір бригадирді жетпісінші жылдардың соңында қайта көргелі тұрған ақынның тіліне мынандай жолдар іліге кетеді: ...Кеше ғана Абылайдай Шынтемір Ордаларды отап жүрген ойрандап... Шіркін, айбынды да айдынды сурет емес пе?! Бригадирдің қаһарын көз алдыңа әкелу үшін хан Абылай мен ойрандалған ордадан артық нендей қосымша теңеу керек. Бұны түсінікті делік, бірақ Өтежан батырлыққа тіпті де қатысы болмаған, қару ұстамақ түгілі атқа мініп шапқаны неғайбыл әлдекімді жақынырақ таныстыру үшін атақты батырларды да құрбандыққа шала салады: ...Дырау жігіт Қобыланды, Манастай Болған екен суармаған ағаштай... Бұл — ешқандай да ерлік жасамаған, бар-жоғы «айналасы салтанатқа малынған», «жолағы бар костюмінің өзіне көркем қыздар әулиедей табынған», әттең, сол тірлікпен біржола қоштасқан, «азуы жоқ, тырнағы жоқ арыстанға», «тісі сынған пілге» айналған бұрынғы салқам мырзаның бүгінгі кейпі. Басқаша баяндалса, аса есте қалмауы да мүмкін, бірақ қасына Қобыланды мен Манасты қосқан соң, болымсыз бейне қанық бояуға малынып айқын көрінеді. Ақын бір мезет орыс тарихының бізге етене ұғынықты беттерін парақтай кетеді. Шөпшілерге сойылып берілуге тиіс жынды өгіз мүйізін шанши өкіріп, жыртық үйлерді сүзіп, жұрттың үрейін алған шақта тәуекелге бел буған, бірді-екілі медальдары сылдырлаған Тәжібай басқарманың жеңін түрініп, қолына ақ балтаны алған сәті («Жынды өгіз бен Тәжібай») ақынның бала көңіліне былай тоқылып қалыпты: ...Пугачев боп тұрды сонда Тәжібай — Айбалта ұстап босағадан көрінген... «Активтерін балапандай шұбыртып жүретін» осы
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір басқарманың тағы бір суретін ақын былай безендіреді: ...Биыл көктем өзі аздап арыған, Шығанақтық жасаймын деп тарыдан... КСРО кезінде оқып-тоқығандарға жан аямас еңбектің үздіктері ретінде насихатталып, өздері атындағы бастамаларға негіз болған шахтер Алексей Стаханов, тракторшы Паша Ангелиналар өте таныс. Ал Ғабиден Мұстафин романының кейіпкеріне айналған, тары өнімін жинаудан дүниежүзілік рекорд жасап, бұл рекорды кейін еш қайталанбаған Шығанақ Берсиев қазақтарға тіпті етене жақын. Соғыс кезінде, басқа жақты кім білген, Ақтөбе облысында Шығанақ рекорды өрісті бастамаға айналып, барлық аудандарда қаптаған тарышылар звенолары құрылды. Әрине, мол тары өнімін жинау талап етілді, бірақ рекордқа жету, «шығанақтық жасау» оңай ма?! Жоғарыдағы жолдар соның бір жаңғырығы. Ал «еңбек күні минимумы» дегенде осалдау соғатын Әлібеков Шоқат ше: ...Жайлап жүріп, Шоқат егін баулайды, Жайлап жүріп, Шоқат қоян аулайды. Қара мұртын сылап-сылап жіберсе, Кітаптағы Чапаевтан аумайды... Қазақ ақындарының ішіндегі ең білімдарлардың бірі, жер-жиһан әдебиетін шағып оқыған Өтежан, әрине, ежелгі шет жұрт мұраларының қай кейіпкерін де балладаларының ішіне мұрнын тескен тайлақтай жетектеп әкеліп қосып жібере алар еді (кейінгі «Афина мектебі» кітабын еске алыңыз), бірақ оған бармайды. Кей тұстарда ретімен ғана пайдаланады. Бірер мысал келтірейік. Қалқа — махаббаттың аққуы, Қалқа — заңды некедегі қосағы болғанымен «жиырма бес жылдық әскерлік оқуға алынған», «Горькийдегі генералдың қызына айтпай жүріп үйленіп алған» Жарасты күтумен өмірін өткізген мұңды ару. Сол Қалқаның сол тағдырын ақын балладасының бір тұсында былай айшықтайды: ...Махаббаты — мұзға кеткен жылудай, Махаббаты — жылжымаған ұлудай.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Одиссейді он жеті жыл күтумен Кемпір болған Пенелопа сұлудай. Қазақ (әрине, басқа ұлттар да) жоқшылық жалмаңдап тұрған замандарда, сиырдың сүтін былай қойғанда, ешкінің, түйенің сүтін (қазіргідей ем үшін емес, талғажау ету үшін) таңдайға басқан ғой. «Қара нардың желінінен жарылып, Таңдайыма төгіледі сүт аппақ» дейтін Өтежан тағы бір тұста бұл жағдайды былайша нақтылап анықтай кетеді: ...Қасқыр емген Рәміл мен Рымдай, Үшінші ана болды маған қара нар... Көшер класком болатын жылы мектепке жаңадан келген мұғаліммен ақын былай таныстырады: ...Бүгін ғана келген ағай алыстан, Бүгін ғана мектебімен танысқан. Жағал сүрік кепкесіне қараймыз Марсиандай келіп түскен ғарыштан... Өтежанның кейіпкерлері осылар ғана ма? Жоқ, олар көп. Мынау басқарманың келіншегі: «Жылтыраған нәрсе көрсе халықта, Қатты ұқсайды жем жемеген балыққа». Тағы бір басқарманың келіншегі: «Келіншегі екі-үш құрсақ көтерген, Тәтті қатын қайнатқандай шекерден». Ал бозбала ше: «Сиыр сауған қатындардың миларын, Айналдырып алатындай басы бар». Жаман деуге де келмейтін, жақсы деуге де келмейтін жеңіл ұрының күнделікті халі: «Төбесіне қона берді көп шайтан, Төбесінен ұша берді періште». Майданнан келген Кемелбай, әрине, желпінбей сөйлей алмаса керек: «Фашистерге талай жерде ит қостым, (Қолдан келсе, қоныштан бас, сүйт, достым)». Үйдегі іске асар жалғыз мүлікті басқарманың баласына байғазыға беруге әкеткен шешесіне балаң лирикалық кейіпкердің (әкесі соғыстан оралмаған баланың) мықтап өкпелеуі де орынды: «Кіші кемпір қарап жүрмей жайына, (Кегі бар ма келмей қалған байына), Патефонды көтеріп ап жөнелді, «Степанның байғазы деп тайына»... Патефон демекші, заманы басқа болған соң, әуелі мал, атақ жинауды емес, мысалы, әлдебір ерлікті, ессіз-түссіз ғашықтықты пір тұтып өскен әрідегі ұрпақтың жата-жастана
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір оқып есейгені батырлар жыры еді. Бір қызығы, сол батырлар жырындағы «Әлқисса, ол кезде Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып...» немесе «Әлқисса, Бадамша сақау осыны айтып...» деп келетін жолдарға ерекше іркілуші ек. Онсыз да көркемдігі асып-төгілген жырларға осы «әлқисса» деген бір ауыз сөз өзгеше өң қосып тұратындай сезілуші еді. Осы күні Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін тыңдағанда сол балалық шақтың сол батырлар жыры есіңізге түспей ме? Өтежанның да дәл сондай болып қайталанып отыратын өз «әлқиссалары» бар: «Содан кейін... өтті талай күн зырлап, Күймелердей қоңыраулары шылдырлап...» немесе «Содан бері өтті қанша жыл зырлап, Қанша сағат қоңыраулары шылдырлап...» әйтпесе «Қатындардың шашпауындай сылдырлап, Өтіп жатты, өтіп жатты күн зырлап...» , т.б. Тап осындай қайталаулар балладалардағы оқиғалардың түпкі мәнін аша түсу үшін өмірге қатысты да келтіріліп отырады: «Өмір деген — тіленшінің теңгесі, Өмір деген — жақсы қыздың жеңгесі...»; «Біз өмірден әл сұрадық — әлсіреп, Біз өмірден бал сұрадық — қамшы жеп...»; «Жетімдігін жасырады бұл өмір, Жесірлігін жасырады бұл өмір...»; «Өмір — ғажап. Ғажаптығын сал оның, Өмір — мазақ. Мазақтығын сал оның...». Әрине, бұл үлестен негізгі тақырып болып отырған «соғыс» дейтін суық сөздің де тыс қалуы мүмкін еместігі белгілі: «Соғыс біздің өмір жасты өксітті, Соғыс біздің маңдай терді тепшітті...», «Соғыс біздің анамызды жесір ғып, Соғыс біздің шанамызды жоқ қылған...». Мұндай қайталауларға немесе оралымдарға әдебиетші ғалымдар баяғыда-ақ атау тауып берген шығар-ақ, сол себепті теория жағына жүгірмей-ақ қоялық, біздің айтпағымыз — басқа. Бірер ғана өлең емес, бірнеше ғана баллада емес; тура төрт кітапқа жалғасқан тұтас дүние ұсынуға тәуекелі жеткен автордың, әрқалай оқиғалар әртүрлі тәсілдермен баяндалып отырған шақта, басты тақырыпқа негіз болған өткен күндер, өмір мен соғыс туралы байламдарды әлсінәлсін осылай еске салып отыруы баяғы батырлар жырында кездескенде ішіңді бүлк еткізетін «әлқиссалар» секілді әсер беріп, сезіміңді кенет дір еткізеді екен.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Қазақта әу баста баллада жанры болмаған соң, қай жанрға да лайық қазақтар сол балладаларға кейіпкер де бола алмады. Біздің шәкірттік заманымызда мектеп оқулығына енгізілгендіктен, оның үстіне апайымыз жаттатқан соң ба, «Әлі есімде, мектепке алғаш барғаным, Сумка асынып, дәптер, қалам алғаным. Бір бұрышында сол сумкамның жатқаны, Кеней сақа, кендір баулы қармағым. Әлі есімде, отырғаным партаға, Үңіле кеп, қарағаным картаға. Жайдары, ашық, мұғалима жас қыздың, «Түзу отыр» деп, қаққаны арқаға…» деп алып, әрі қарай да тамсанта өріле беретін «Мұғалима» деп аталатын баллада есімізде мықтап сақталып қалды. Бірақ ол кезде сонау орта ғасырларда Еуропада пайда болған бұл жанрды қазақ әдебиетіне Саттар әкеліп, оны осы «Мұғалиманың» авторы Қайнекей Жармағамбетов ерекше дамытқанын, одан беріде, мысалы, Жұмекен, Мұхтар Шаханов немесе Кеңшіліктер бұған зор үлес қосатынын, әрине, білгеніміз жоқ. Дегенмен осы ХХІ ғасырда баллада туралы түсінік беретін бірер анықтамалықтарда кейде Қайнекейдің есімі түсіп қалып, Өтежан тіпті аталмай қалатыны бара-бара түзелетін кемшілік қой деп ойлаймыз. Себебі ғұмырын негізінен қазақ әдебиеті теориясын зерттеуге арнаған Зейнолла Қабдоловтың төрт рет өңделіп, төрт басылымы шыққан, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Сөз өнері» атты кітапоқулығында (1992, «Қазақ университеті») балладаға қатысты қазақ қаламгерінің ішінен тек Қайнекейдің ғана есімі аталуы тегін емес. Қазір біздің әр қиырға бір барып жүрген туындыларымыздың ішінде балладалардың жоғалып кеткені (немесе жоғалып кеткендей болып көрінетін тым аздығы) бұл жанрдың қажеті жоқтығынан емес, бәлкім, Өтежаннан да әрі асыратын бір биік шың қай маңда тұрғанын таба алмағандықтың да салдары болса керек. Тіпті Өтежанның өзі де балладалар жазуға сенімді жоспармен емес, кездейсоқ, жолүсті соққанға ұқсайды. Біз әңгімеміздің басында келтірген, ақын «Соғыстың соңғы жазының» үшінші кітабында таңбалаған «...Поэма ма? Баллада ма? Я бір
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір жұмбақ жанр ма? Я немесе ашымаған, шала иленген қамыр ма?..» дейтін, яғни әлдебір күдіктерден хабар беретін жолдар немесе «Соғыс туралы сөз» деп аталатын сол поэмасындағы «Мен — Ақынмын, бар ниетім — бір кәдеге жарауым, Сол болар ма табандыға тәлтірексіз қарауым? Ұл өсірген ағаштардың тамырынан тарауым — жалғыз талдан ну өсірген жауынгерлік жалауым! Сол жалауым сол орманда желпілдей ме, Есенбай, Іште жатқан шер-шеменнен болмайды екен босанбай...» деп келетін сыр ашулар ақын әуелі әдеби жанрдың түрін емес, әуелі қайткенде көзі көрген қасіреттерді айтып кетуді мақсұт еткенін анық аңғартады. Сол мақсұттың жемісі, қазір жабыла айтып жүргеніміздей, қағазға 1978-1984 жылдар аралығында топырлап түсе қалған осы балладалар болды. Өтежан балладаларының кейбір атаулары кәдімгідейақ көз тартып тұрады: «Қалқа туралы аңыз», «Көмекбай туралы аңыз», «Түйе туралы аңыз», «Бекболдың әкесі туралы аңыз»... Қаншама жеткілікті оқып-тоқығанымызбен, ертегімен ержеткен елдің жұрнағы емеспіз бе, аңыз десе, елең ете түсеміз. Әлдебіреулер туралы әңгімелердің шындықтан гөрі аңызға ұқсап тұратын тұстарына ынтықтау боламыз. Сондай әлпештеулердің салдарынан аңыз кейіпкеріне айнала жаздаған Бауыржан Момышұлын Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» деген роман жазып, әзер аршып алған жоқ па?! Ғалымдар аңыздың әсіре қияли фантастикалық проза шатыс хикая екендігін де, тарихи деректерге сүйенетін шындық аралас қасиеттері бар ұзақ жырлар екендігін де әлденеше рет талдады. Оған бас ауыртпайық. Дегенмен Бұқар бабамыз жырлайтын әрідегі Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай емес, не берідегі Исатай мен Махамбет емес; әрі кетсе «мың қой баққан» қойшы Көмекбай, күйеуін сарыла күткен Қалқа, жетімді сүтін беріп асыраған түйе, «талай-талай ағалардың есіне етік киген жақсы күндерін түсіріп жүрген» Бекболдың әкесі аңыз бола қоя ма?! Бұлар «дабысы жалпақ елге кетпеген» (Пушкин), даңқ-атақтары кішкентай Жарқамыс
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ауылынан әрі аспаған қарапайым пенделер емес пе?! Бірақ, әлгі балладаларды оқып болған соң, олай дей қою қиын. Расында да осы поэзиялық туындыларда бүгіннің өзінде тереңге сүңгітетін, енді пәленбай ондаған жылдардан соңғы оқырманды сондай да сондай күндер болғанына ұйыта таң қалдырып отыратын ерекше детальдар, сол детальдарды жүрекке құятын беймәлім баяндау тәсілдері бар. Ақын, міне, осылайша бір белгілі жанрдың ішіне кіріп кететін әлдебір белгісіз жанрлық қисындарды ескеріп, балладаларына «жыр», «хикая», «ән», тіпті «өлең» деген тәрізді анықтамаларды да ретімен қосады: «Екі метр қара мата туралы жыр», «Қаракесек Қалмағамбет туралы жыр», «Шоқат Әлібеков туралы жыр», «Кемелбайдың досы — Балабидің көзі туралы жыр», «Бір махаббаттың хикаясы», «Әнештің бірінші хикаясы», «Алыста қалған жырақтың әні», «Шалбар әні», «Түйенің тулауы туралы өлең»... Балладаларын тек кейіпкерлерінің атымен атау («Балғатша», «Сақтаған шал», «Берікбай») немесе оқиғаның әуеніне орай аз-мұз түсінік сөздер қоса кету де («Мұхамбеттің үлкен қызы — Дәнекер», «Сағындықтың жалғыз ұлы — Әбілхайыр», «Гүлайша тұрмысқа шыққан жыл», «Мыңбай гүлдегенде», «Шынтемірге сәлем бер») Өтежанның төрт кітабына тән жекеменшік тәсілдер. Жалпы Өтежан өмірдегі сияқты өлеңдегі де жаттандылықты, бірсарындылықты ұнатпай өткені мәлім. Мысалы, біз, КазГУ-дің журналистика факультетінің бастапқы курстарындағы елу шақты студент, бірде шағын аудиторияға Өтежанды кездесуге шақырғанбыз. Ағамыз сол кездесуге басқаны емес, әлі кітабы шықпаған, былайғы жұрт түгілі, өлең жазып жүрген біз де білмейтін, жаңылмасам, Семейден Алматыдағы «Жігер» фестиваліне қатысуға келіп жүрген Әбубәкір Қайранды (ол кезде Қайранов) ертіп келіп, ол туралы ғажайып мақтау сөздер айтты, Әбубәкірге қасқыр туралы өлеңін оқытып, «өлең осындай болуы керек» деген мағынада пікір білдірді. Кейін «Жалын» баспасында қызмет істеп жүрген кезінде «Бастау» сериясымен осы інісінің алғашқы жұқа жинағын шығарып бергені де бар. Шынында
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір да кейін Әбубәкір қолтаңбасы ешкімге ұқсамайтын өзгеше өрен ақын болып қалыптасты, бірақ, әлі күнге дейін оның шығармашылығы көпшілікке жетерліктей жан-жақты талдана қоймаған сияқты. Бұл — біздің салғырттығымыз, ең алдымен, бірге жүрген ақын құрбы-құрдастарының кемшілігі. Мысалы, Өтежанның алғашқы жыр жинағы («Менің махаббатым», 1962) шыққан кезде «...Ал әзірге күдіктенбей-ақ айта беруге болатын бір шындық бар. Ол: Нұрғалиев — ақын және таза ұлттық поэзияның өкілі деген мойындау» деп қатесіз, дәлелді сүйінші сұраған Қадыр Мырзалиев бертінде осы «Соғыстың соңғы жазы» туралы «Қазақ әдебиетіне» қандай көлемді, әсерлі талдау мақала жазғанын ұмыта қойғанымыз жоқ. Мұқағалидың «...Өтежанның бүкіл табиғаты — жүрген жүріс, мінез-құлық, қимыл-қарекет — бүкіл болмысы тек поэзия үшін жаралған. Ақын қандай болады десе, ақын мынадай болады деп, Өтежанды көрсетуге тұрарлық. Біреулерге қиынның қиыны, ауырдың ауыры соғып жүрген жыр өнері Өтежанға мүлде жеңіл сияқты. Оның жазу тәсілі, алған тақырыбын қиналмай, еркін жырлауы, бірінен кейін бірі толқындап лықсып төгіліп жататын оның өлең шумақтары осы ойымыздың дәлелі. Өтежан — ешқандай да қоспақоқысы жоқ табиғи талант» дегенін және қайда қоясыз. Ал бүгінгі өзара замандастардың жағдайына келсек, ақын ініміз Бауыржан Бабажанұлының өз тұрғыластары туралы жазған дәмді эсселері мен құрдастарының мерейтойлары қарсаңында болса да, уақыт тауып, тілектестікпен байыпты қалам тербеп жүрген құралыптас ақынымыз Бауыржан Жақыптан өзге шайырлар аса көзге түспей келеді. Осы ретте Әбубәкірдің 2008 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Мен ғашықпын ғаламға» деп аталатын кітабына Есенбай Дүйсенбайұлы жазған аңдатпадағы (аннотациядағы) «Кейінгі он-он бес жылда қазақ өлеңі көркемдік бейнелеудің жаңа көкжиектеріне көтеріліп, жан мен жүрек, ой мен сезім үйлесімінің үлкен биіктерін игерді десек, осы тұрғыда талмай ізденіп, талайлы табысқа жеткен тамаша талант иесі Әбубәкір Қайран екеніне оның мына «Мен ғашықпын ғаламға» жинағындағы жырлар куә. Мұнда терең тебіреніс, телегей
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ толғаныстан тумаған бір де бір туынды жоқ: шайыр өзі жайлы, уақыт жайлы, қазіргі өзгеше заман халі жайлы шалқыған шабытпен, шалқар оймен шынайы жырлайды» деген жолдарды оқығанда әртүрлі ойға қалады екенсің. Дегенмен бұл әңгімеміз, әрине, кимелеп кезексіз кіріп кеткен ойлардың бір сорабы ғана. Енді тағы да кері оралайық. Айталық, оқырманымыз «Тә-ә-к, Жарқамыстың жарандары солай екен, ал сол кезде Өтежанның өзі қандай бопты» деуі де мүмкін-ау. Әр сөзі шындықпен суарылған ақын мұны да жасырмай, әр тұстарда өзі туралы қысқаша мәліметтер беріп отырады: «Жаяу жүріп жарысамын атпенен, Баласымын бір кембағал кемпірдің»; «Мен — аурушаң, қорқақ қана баламын, Мен класком болар ма екем, апырай?»; «Ақ жапалақ үкі көзді баламын, Аспандағы туларға көз саламын»; «Шынын айтсам, үргедекпін, қорқақпын, Әңгіме айтқан үлкендерге ортақпын»; «Жеті жаста талай айдап әкелгем, Баласы жоқ сол бір үйдің бұзауын»; «Бір колхозға атым кеткен жүйрікпін, Қоянбайдың Қасқасындай құйғыттым»; «Өзімде жоқ қылық бітіп, кей-кейде, «Аздап қаны бұзық бала» атандым»... Осы тұста Жарасқан Әбдірашевтің бір эпиграммасына тоқталмасқа болмайтын сияқты. Эпиграмманың түпкі атасы жеке адамды мінеп-сынайтын сықақ өлеңдер болғанымен, Жарасқанның бұл саладағы дүниелері ондай ащы өрістен аулақ қонып, тапқыр әзіл тұрғысынан жазылып, жағымды юмормен әдіптелетіндіктен көңілге жылы әсер ететіні бар. Оның Өтежанға арнаған эпиграммасы да осындай езу тарттырар шуақты ықыласқа негізделген: Дей алмаймыз: ойларың бұрыс-ағат, болды соғыс біздерге ірі сабақ! Сау адам жоқ, әйтсе де, кітабыңда: бірі — соқыр, бірі — ақсақ, бірі — шолақ... Шалбарының көрмеген қыры түсіп, бірі — надан,
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір бірі — қу, бірі — пысық... Барғанның да соғысқа, бармағанның: бірі — сақау, бірі — «қырт», бірі — пұшық... Ауыр алма осынау сөзімді, аға, көңіліңді серпілтсін сезім жаңа. Ауылыңда болыпты бір сау адам, оның өзі, әрине, — Өзің ғана... Өзінің эпиграммаларында Ғафу ағаның (Қайырбеков) тұтас тірлік-болмысын ұшқыр мысалға алу арқылы немесе Тұмағаңның (Молдағалиев) бүкіл творчествосын толықтай елестету арқылы езуге күлкі үйірткен Жарасқанның Өтежанның бір шығармасын ғана тілге тиек етуі «Соғыстың соңғы жазы» қандай ерекше дүние екенін тағы бір дәлелдеп тұр емес пе?! Сонымен, «Күркіреп күндей, Өтті ғой соғыс» деп Қасым жырлағандай, соғыс та тынды. Бірақ титімдей жүрекке батқан ауыр сыз, хабарсыз кеткен әкеден үзілген күдер, бастан кешкен неше түрлі қиянаттар қаршадай баланың жараланып біткен жанын біржола жадырата алмаған тәрізді. Жеңісті әкелген жылдың өзін Өтежан зор пафоспен, көтеріңкі леппен, шалқар шаттықпен жырлай алмайды, хабарлы, байсалды лебіздермен ғана баян етеді: «Төрт жыл өтіп бір күннен соң бір күн кеп, Соғыс тынды зеңбірегі зіркілдеп»; «Көз талдырған қырық бестің жазында, Солдат біткен келіп жатыр тамтұмдап»; «Қырық бестің жанып-сөнген оттары, Жоқтамаған құрбандарын жоқтады»; «Төрт жыл бойы сұлу нәрсе көрмеген, Кез еді ол кемеліне келмеген»; «Қырық бестен әрең шыққан денсаулық, Секілді боп бит терісі биялай», «Бір аяғын кесті соғыс Бақыттың, Бес жыл бойы қара сәуле атып Түн»... Осылай жалғаса береді. «Соныменен айтып-айтпай не керек, Кеттім бір күн Алматыға жебелеп» деп Өтежанның өзі жырлағандай,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ сонымен осы мақаламызды аяқтай келдік. Дегенмен мына жайды тіркемесек және болмайтындай көрінді. Әдетте таланттың бағаланбайтынын көп айтамыз да, бағаланғандарына келгенде аса шуламаймыз. Балалық шағы өртке шарпылса да мойымай, өршелене өскен, өшпеген, бірақ шүлен үлестіруде үнемі сырт қала беретін, қандай сыйлыққа да лайық Өтежанды ел марапаты, кейін ақын кеудесінен тастамай (!) тағып жүрген «Құрмет» орденіне ұсынғандар да, бұл ұсынысты қабыл алғандар да бір ізгі іс жасағанын ұмытып кете беретініміз де жөн емес-ау. Мұны ерекшелеп айтып отырған себебіміз, ақын осы орденді алған бойда ерекше қуанып, арнайы өлең жазып, «Қазақ әдебиеті» газетіне бастырды, кейін, әлгіде айтқанымыздай, орденін кеудесінен тастамай (оны 70 жылдығын тойлауға туған жері — Байғанин ауданына келгенде қасында жүргенімізде де көрдік) тағып жүрді. Айтарын жасырмай айтуға дағдыланған ақын марапатын да жасырған жоқ. Өзінің де «Бұл жағдайды айт десең де айтамын, Ол ниеттен қайт десең де айтамын. Әсіресе айтпа деген жерлерде, Тіріледі өліп жатқан сайтаным» дейтіні бар еді ғой. Тірісінде іні-дос болған, қасында көп жүрген рухани ағасы Қасым Аманжолов өмірден өткен соң екі томдығына, кейін Мәскеуден орыс тілінде шыққан бір томдығына алғысөз жазған, солайша Қасым шығармашылығын зерттеушілердің біріне айналған Тәкен Әлімқұлов бертіндегі естелігінде «Мен Қасымның тірі кезінде ол туралы бір де бір мақала жазбағаныма өкінемін. Мың дегенмен, тіршіліктегі қанибетке не жетсін!» деп сыр ашып еді. Өтежанға тіршілікте қанибет көрсете алмағандарымыз қаншама...
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ІЗДЕЛЕТІН ІЗТАЙ ...Кейбір дауыс ізгі хорда жоқ қазір, Кейбір атау сөздік қорда жоқ қазір... Ізтай МӘМБЕТОВ. Расын айтсақ, қандай да айтулы шайырдың бүкіл туындысы тұтасымен тамсантуы мүмкін емес, бірақ аты-жөні аталса, бірден тілге тиек бола кетерлік бірнеше (одан да көп) ерекше өлеңдері болады. Сондай өлеңдердің бірі — «Мен туыппын ақпандатқан боранда...». Ілгеріде өмір сүрген ақындар Ақтөбені ең әуелі ақпандатқан боранмен елестеткені рас. Әрине, боранға, айталық, Қарағанды да, Ақмола да, Өскемен де, Петропавл мен Павлодар да... зәру бола қойған жоқ шығар. Тіпті Ізтайдың өзі де кезінде «Қызылжар қысы» деп аталатын өлеңінде «...Қымтана берем несіне, Көрмеп пе ем аяз, ақ қарды? Қызылжар салды есіме, Ақтөбе қысын ақпанды» деп жазған ғой. Осы шумақты одан әрі індетсек, өмірден ерте өткен әрі сыршыл шайыр, әрі айтулы айтыскер Ерік Асқаровтың «...Көргің келсе қар бұрқаған боранды, Жаннан безген жиһанкезге еліктеп, шыр айналмай, мың айналмай ғаламды, Мына біздің Қызылжарға келіп кет» деп басталатын әсем өлеңі де бар. Өз басыма қатысы болса да, осы тұста тағы да амалсыз мысал келтіре кетейін, сол аңқылдаған дос Еріктің 1997 жылдың 24 ақпанында Көкшетауда отырып жазған, Тыныштықбек, Серік Ақсұңқарұлы, Светқали, Бақытжан Абызов, Жанат, Шәмшия тәрізді замандастары мен Нарынқолдағы Еркін ағасына арнаған «Ауылдағы ақындарға хат» деп аталатын өлеңінде
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ («Жүрекжарды». Жыр жинағы. 88-бет. «Фолиант» баспасы, 2009) «...Түлкі заман айласын асырғасын, Ашынып көп айтушы ең ғасырға сын. Көкшеге кел, Ертайы Ашықбайдың, Ақтөбенің бораны ашылғасын» деуінің астарында Ізағамның осы ақпандатқан бораны жатыр ма деп ойлаймын. Қалай болғанда да, Ақтөбе өңірі айтылса, Ізтай Мәмбетовтің осы «Мен туыппын ақпандатқан боранда...» деп басталатын өлеңі алдымен тілге ілігетін замандар болған. Ал, шынын айтқанда, Ізағаңның бұл өлеңі толықтай табиғат лирикасы да емес, бәлкім, табиғат көрінісі аралас махаббат лирикасы еді. Қазір Ізағаңның кітаптары көзге аса көп түсе бермейтіндіктен, аса ұзақ та емес бұл өлеңді толық ұсынғанымыз жөн секілді, тағы да оқып көріңіз: Мен туыппын ақпандатқан боранда Кім біледі, бәлкім, әлде содан ба?! Алақұйын мінезім бар ашулы, Қапелімде басылам ба, болам ба?! Өстім еркін ақ боранмен алысып, Балалығым беттеріне қар ысып. Асау тайды алғаш ұстап мінгенде-ақ, Асау желмен кете бардым алысып. Сол бетіммен өміріңе еніп ем, Тыныштығың бұзылды бір менімен. Күшті еді ғой мендегі зор махаббат, Қуат алдың өзің соның лебінен. Сүйе алмадың кей ашуды кешіре, Қоштас күліп, қамығасың несіне. Бұрқ-сарқ еткен ақ боранды күн болса, Алғайсың тек сонда мені есіңе. Ізағаңмен замандас болған әрідегі қаламгерлерді қоя тұрғанда, талай дәмді өлеңдерді жаттап өскен кейінгі буынның да осы өлеңге бір кідіріп өтетін сәттері бар. Мысалы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бір өлеңіне Ізтайдың осы туындысының алғашқы жолын («Мен
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір туыппын ақпандатқан боранда») эпиграф етіп алып, әрі қарай өлеңін осындағы алғашқы жолдың ізімен өрбіткен екен: «...Мен туыппын жол үстінде, арбада, — Сүйінші! — деп жазбапты ешкім жарнама...» немесе «...Мен туыппын жол үстінде, арбада, Май қарсаңы, сәуір ай, жер қара...». Расына келсек, Әбу Сәрсенбаевтың соғыс кезіндегі ақша бұлты («Ақша бұлт») немесе Сырбай Мәуленовтің берідегі ақ түні («Ақ түн») тәрізді Ізтайдың да ақпандатқан бораны ортақ пайдалануға сирек берілетін қымбат меншік секілді болып қалыптасып кетті. Қазақтың ұлы жазушысының тіліне Ізтай Мәмбетов осындай өлеңдер жаза бастаған шақта іліккен болатын. Мұхтар Әуезовтің КазГУ-де өткен әдеби жиында айтылған, кейін «Жыл келгендей жаңалық сеземіз...» деген атаумен таңбаланып қалған сөзінің бір тұсында былай делінген еді: «...Бізден арғы кездегі ақындарды қоя тұрып, бізден бергі атақты ақындар мен жас ақындардың бірқатарының шығармаларын алғанда, бұл арада жақсы-жақсы айырмыс бар, әрине, сонымен бірге олқылық та, кемшілік те бар. Сөз нақтылы болу үшін мен өзім кімдердің шығармасын оқыдым, соларды атап өткім келеді. Сол оқығандарыма сүйене отырып, лирика туралы айтатын қорытындым да бар. Мәселен, I. Мәмбетовтен «Жас қанат» жинағының ішінен тәуір деген өлеңдерім: «Жайыққа», «Өгей шешеме» сияқты өлендерін атап өтер едім...». Кейін әдеби басқосулардың бірінде үйге өгей шеше кірген сәт «...Жабырқап сонда саған кілт қарадым, Жабылған болар жайсыз бұлт қабағым» деп баяндаумен басталып, «...Сен-дағы өз анамсың, өгей емес, Келеді кеш болса да еркелегім» деп аяқталатын «Өгей шеше» өлеңі туралы Сәбит Мұқанов та ерекше жылы лебіз білдіріп, бұл өлеңді осыған дейін өгей шеше туралы қазақ әдебиетінде қалыптасып келген жазғыруға толы біржақты баяндаулардың сеңін бұзған айрықша жылы туынды ретінде бағалапты. Ал жас дәуреннің шешек атқан гүлі тәрізді «Қара көз» ше? Шәмші Қалдаяқов музыкасын жазған, содан бергі
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ қыруар уақыт сынынан мүдірмей өткен бұл әннің екі ерекшелігі бар. Біріншіден, жай ғана «қара көздер» емес, «қалалық (әрине, алматылық) қара көздер». Екіншіден, авторлар бұл әнде әуелі өздерін салмақтылау ұстап, «көп қарайсың көрген сайын қадалып» деп бар «пәлені» қыздардың мойнына қиып салғысы келеді. Дегенмен іле-шала бұл райларынан қайтып, «жаутаңдаттыау ізіне» деп құпия сезімнің алдындағы әлсіздіктерін мойындайды, сосын барып «қарай берші қадалып» деп қиыла өтінеді. Тыңдап отырып, сонау заманның қыздары түгілі, жігіттерінің өзі қандай инабатты болғанын ойлап ішіңіз ашиды. Оңашада отырып тағы бір ыңылдап айтып көріңізші, есіңізге қандай оқиғалар түсер екен? Айтпақшы, Ізтайдың сөзіне жазылған осы «Қара көз» және «Жүрек сыры» әндері алғаш рет 1957 жылдың соңғы күні, жаңа жылдық концертте орындалғаны, содан бастап Шәмшінің композиторлық атағы шыға бастағаны туралы деректерді әрі жазушы, әрі композитор Илья Жақанов, жазушы Оразбек Бодықов ағаларымыздың мақаласұхбаттарынан тауып алуға болады. Зерделі оқырманның жадында «Білмедім» деп аталатын өлең де жатталып қалғаны даусыз. Алғашқы шумағын келтірсек, жігіттің мұңын баяндаған бұл туындыны да, әрине, тап басасыз, тағы да өткен-кеткен әлденелерді ойлап отырасыз: Жаныңа жас шағымда-ақ жақын бардым, Бірақ та бақыт бол деп шақырмадым. Ер жеттім, сені іздедім, таба алмадым, Қайтейін қапы қалдым, қапы қалдым... Тарихтан оқытқан бір кездегі «солшылдықтың балалық ауруы» тәрізді қазір сол заман махаббатының «балалық ауруы» ретінде қабылданатын ес-түзсіз ғашық болудың дертінен, әрине, қашанда ақын байғұс құтыла алған кезі бар ма?! Оның үстіне Қасым Аманжоловтың сол тұстағы «Ғашық едім, қайтейін, Оны білер жан қайда? Арманда боп өтейін,
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Армансыздан не пайда?» деп сыр ашатын көптеген шырайлы өлеңдеріне сусындап өскен жас қауым өкілі Ізтай өзін неге «құрбандыққа» шалмасын: Сүймейді ол қыз білемін мен, Білгеніммен нетемін? Бірақ оны сүйемін мен, Сүйіп мәңгі өтемін! Сезбейді ол, сездірмеспін, Сезімімді қаяулы. Сүйе берем, сүйіп өстім Тас жүрегін аяулы!.. Осыдан артық не істей алады ғазиз бас?! Қол жетпеген арман да — осы, арқалап өтер азап та — осы. Қыздың бұны тіпті де сүймейтініне әбден көзі жеткен қайран бозбала енді оның (бойжеткеннің) өзін емес, тас жүрегін сүюге қайыл болып отыр ғой. Тап қазіргі поэзиялық таразыға салғанда, бәлкім, бұл өлең әсіре романтика болып көрінуі мүмкін, тіпті сол кезде де, мейлі, үздік туындылардың тізіміне ілінбеген шығар, бірақ асқан аруды емес, оның жүрегін, жүрек болғанда да тас жүрегін сүю бәрібір жас ақынның өзіне тән өрнек екенін ұмытпауымыз керек. Осы тұста кезінде көзіміз шалып қалған бір пікірге жүгіне кеткелі отырмыз. «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған Қасым Аманжолов туралы «Ұлттың ұлы ақыны» деп аталатын мақаласында (2011 жыл 7 қыркүйек) ақын Ғалым Жайлыбайдың: «...Осы күнгі сүйікті ақындарымызға айналған Ғафу Қайырбеков, Ізтай Мәмбетов, Аманжол Шамкенов, Тұманбай Молдағалиев, Еркеш Ибраһим, Тілеген Шопашев, тағы басқалар ең әуелі Қасымға шәкірт болып бастағандарын жасырмаса керек», — деп дөп басып айтқаны бар. Бұған жазушы Жұмабай Шаштайұлының еш қатесі жоқ мына сөзін қосалық: «...Қазақ халқы өлеңдегі Қасым дәуірінде жиырма жылдай өмір сүрді». Жұмағаңның осы байламына мына шындықты және тіркеп өткен мақұл тәрізді. Қазіргі жас буынға Ізтай түгілі, оның ұстазы болған, өлеңі өртке тиген дауылдай сол
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Қасымның да жырларын рецепт ретінде ұсына алмаймыз. Себебі «Алматыға келген жас ақындардың арада жарты жыл өтер-өтпесте не Ізтай, не Сағи, не Тұманбай, не Өтежан, не Еркеш сынды сол кезде ауызға көп ілініп жүрген ақындардың біріне еліктеп кететін» (Әбіш Кекілбаев) заманы өткенін мойындауға тиіспіз. Біз Ізтайды және оның замандастарын сөз еткенде, жыр-қазынаның сол кездегі деңгейімен бағалауға тырысатынымызды еске саламыз, оларды ұмытпауымыз қажеттігін ишаралаймыз. Әрі-беріден соң біздің (халқымыздың саны аздығымен есептесек) әр саққа жүгіртетіндей, бір-бірімен таластыратындай, көпсінетіндей әдеби мектептеріміз де мол емес. Ізтайды үнемі аяулы ағасы ретінде еске алып өткен (оны біздің облыстық «Ақтөбе» газетінің өтінішімен жазған естелігінде де айтып берген) Тұмағаңның алғашқы тұнық лирикаларын немесе кезінде сол Ізтайдың өлеңдерін жатқа оқыған Төлеген Айбергеновтің «Сағыныш» жыр циклын ғайыптан пайда болған ғажайыпқа кезіккендей жүрегіміз жарыла қуана қабылдағанымыз да сондықтан. Мұндай жауһар туындылар, бірақ, қоянның көжегіндей әлсін-әлсін шұбырып туа бермейді ғой. Ал кейінгі, жетпісінші-сексенінші жылдарғы, одан бергі немесе қазіргі ақындар жөніндегі (мысалы, Тыныштықбек мектебінің шәкірттері туралы) әңгіме, әрине, бұл мақаламыздың еншісіне жатпайды. Енді Ізтай туралы сөзімізге қайта оралсақ, өрнекті шумақтар мен жолдар ақынның жоғарыда келтірілгендей тек махаббат, ғашықтық туралы өлеңдеріне ғана тән екен деп ойлап қалмаңыз. Айталық, Алматыдағы Алатаудың іргесін тұман басып тұрған шақты суреттеген ақын мынадай жолдарды қағазға түсіреді: ...Жымдасты жер-көк тұтасып, Жып-жылы сүттей буы аңқып... Әуел баста ауылда өскен, сол себепті үйдің төрт түлік малын жағалап ержеткен ұрпақ, әсіресе, күз, қыс айларында сиыр сауып жатқан шешесінің қасына жақындағанда сүттің буы аңқып тұратын сәтті, әрине, ұмытқан жоқ. Бұл тұста ақын «сүттің жұпар иісі» деп әспеттеп жазуына да болар
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір еді, бірақ онда шындықтан алыстап кетеді. Сиыр сауылып жатқанда шелектегі сүттің өзі көрінбей, оның ақшыл буы ғана бұрқырап тұратыны қандай рас болса, жаңа ғана сауылған сүттің жып-жылы болатынын, мысалы, аңғал сәбиге ең алдымен осы бу аңғартатыны және ежелден аян. Демек ақынның тау етегіне шөккен ерте көктемгі (қоңыр күзгі) жеңіл тұманды буы аңқыған жылы сүтке теңеуі күнделікті тіршіліктен аңғарымпаздықпен тауып алған олжасы. Енді мына екі жолға назар салайық: ...Тұнып та қалды дірілсіз Қорғасын ауа салқыны... Әрине, асығыс-үсігіс көз жүгіртіп өте шықсаңыз, бұл екі жолдың дәмін ала алмай қалуыңыз да мүмкін. Ал асықпасаңыз, сәл ойлануға мәжбүр боласыз. Әншейінде «күн салқындап кеткен екен» деп сәл түршігеміз де, әрі қарай басқа ойларға еріп кете береміз ғой. Ал сол салқындықтың түпкі айыпкері, байыптап қарасақ, жай ауа емес, қорғасын ауа екенін, оның үстіне сол қорғасын ауаның салқыны дірілсіз тұнып қалатынын осы жолдар арқылы қайтадан сезініміз. Ретсіз жалт-жұлт етпей-ақ, жетістігін құпиялап ұстайтын шеберлік дегеніңіз — осы. Осындай ақынды жас буынның жаппай біле бермейтін себептеріне келсек, өлең, бір жағынан, әр әдеби кезеңнің өз заманында бір жарқ ете қалатын ұшқыр жанры болғандықтан, екінші жағынан, шын мәнінде жақсы ақындар қазақ поэзиясына Ізағаңнан соң да лек-легімен толассыз келіп жатқандықтан (әлі де келе беретіндіктен), осы Ізағаң немесе Ізағаңмен замандас талай ақындар, жоғарыда айтқанымыздай, жиі насихатталмайды да, кейін ысырылып қала береді, бірақ антологиялық өлеңдері бәрібір есте сақталып жүреді, кезегі келгенде қайтадан ортаға түседі. Міне, сондай талантты ортада жүрген, өзі де талантты Ізтайдың үнемі ізденуден, қалың шоғырдың ортасында шаңға көміліп қалмауға тырысудан басқа амалы да жоқ еді. Ақынның «Мәмбетовтер» деп аталатын, ұжымдық монолог деуге де болатындай өлеңі осындай бұлқыныстың бір мысалы тәрізді. «Талайлардың фамилиясы — Мәмбетов, Жүр өмірде
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ жайраң қағып, әндетіп, Біреулері көк орманды көбейтіп, Келе жатыр кең даланы сәнді етіп» деп басталатын осы өлеңде тарышы, күрішші, құрылысшы, орманшы, сәби, ересек, сахнагер, ақын... Мәмбетовтер тізімделіп келеді де, соңғы шумақта ыстық ықыласқа толы тілектестік тұжырым жасалады: «...Мәмбетовтер ырза қылып өр елін, Еселейді еңбегі мен өнерін... Мың Мәмбетов мәртебесін мадақтап, Бір Мәмбетов жаза берер өлеңін». Міне, осындай жолдарға қарап, Абайдың «Моласындай бақсының, Жалғыз қалдым тап шыным» деген тәрізді пессимизмге иек артқан көңіл-күй лирикаларына қайта оралулар немесе ежелгі римдік Горацийдің «Ескерткішінен» бастау алатын мақамдарға асыра еліктеп, «менің асқақ атымды өлген соң қай көшеге берер екен», «менің зәулім ескерткішім қай жерде жарқырап тұрар екен» деген сияқты арзан монологтармен жиі зәреқұтты алу бізде одан кейінірек басталғаны аңғарылып-ақ тұрады. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғафу Қайырбеков 1989 жылы былай еске алғаны бар: «...Біз Ізтай екеуміз қазақ әдебиетіне егіз қозыдай томпаңдасып бірге кіріп едік. Бұл — 1950 жыл болатын... Біз жастығымызды, махаббатымызды жырлай кірдік, бірыңғай шағын лирикалық өлеңдер жаздық, алдыңғы ағалардың өлеңінен біз махаббатшылдығымызбен ерекшеленетін едік. Өйткені оған дейінгі поэзияда мұндай жеке бастық сезімі дегенді, әсіресе, интимдік лириканы жазу салты болмайтын. Оған белгілі кезеңнің ықпал еткені жұртқа мәлім. Небір тамаша ақындар тек ағымдағы саясат, ел тұрмысындағы күнделікті оқиғаларға үн қату секілді тақырыптармен шектелуге мәжбүр болды. Әрине, табиғат лирикасы, достық, туысқандық жайындағы өлеңдер болатын, ал күйдім-сүйдімге үлкендер бара берген жоқ. Сондықтан ол кездегі жастарға біздің өлеңдеріміз сағынған жаңбырдай әсер еткені рас. Осы күнгі ірі ақындар — Тұманбай, Сағи, ертерек кетіп қалған Әнуарбек, Шәміл, Ғаббастар сол біздің шағын лирикаларымызды жатқа білуші еді. Одан кейінгі буындарға да әсеріміз аз болған жоқ. Ол жағдай бұл ақындардың өздері де сан рет айтып,
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір мойындаған нәрселері». Ғафаң осылайша еске алатын, 1929 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданының Табантал деген жерінде дүниеге келген, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің соңғы курсында оқып жүрген кезінде еңбек жолын «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері болып бастаған, кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, Қазақ КСР Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағының поэзия секциясында, аракідік Ақтөбе облыстық газетінде қызмет істеген, 1974 жылы дүниеден озған Ізтай Мәмбетовтің жарық көрген кітаптары Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері туралы анықтамалықта былай тізімге алынған: «Тұңғыш», «Бақытты балалық», «Сыр», «Табантал», «Жол ұзақ», «Сал Сары», «Өсиет», «Жалын», «Тарланбоз», «Жылы жел», Ғафу Қайырбеков алғысөзін жазған, 1974 жылы шыққан «Таңдамалысы», 1983 жылы «Жазушы» баспасы шығарған «Ақпан» атты таңдамалысы. Бұған өткен жылы «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС шығарған өлеңдері мен поэмаларының бір томдығын қосамыз. Осы тұста ерекшелеп айта кеткіміз келеді, Ізтай қуатты эпик ақын болып еді. Оның қаламынан «Жыр-Жәмила», «Пушкин мен Әміржан», «Пугачев нөкері», «Тұңғыш Тоқай», «Сал Сары», «Көктемір», «Достық туралы аңыз», «Тілші» тәрізді поэмалар туған болатын. Бұл туындылар да, әрине, бөлек әңгіменің еншісі. Енді бір тоқтала кетпегіміз, ақын туралы әлгі өмірбаяндық анықтамалықта «Лермонтов, Пушкин, Байрон, Блок, Брюсов, Петефи, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған» деп жазылады. Осыған бір дерек қоса кетелік.1953 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі «Жазушы) баспасынан А.С.Пушкин өлеңдері мен поэмаларының екі томдығы шықты. Осындағы аудармаларға сол кезде Тәкен Әлімқұлов терең талдау жасаған екен. Мақалада мынадай пікір бар: «...Пушкин мұрасын аударуда біздің ақындарымыз көп ілгеріледі, аса абыройлы еңбектер жасады деп тануымыз
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ керек. Бұл жайды, тіпті, жас аудармашылардың (ол кезде Ізтай 24 жаста еді, Қазақ мемлекеттік университетін сол жылы бітірген — Е.А.) тәжірибелерінен де бағдарлауға болады. Я пережил свои желанья, Я разлюбил свои мечты; Остались мне одни страданья, Плоды сердечной пустоты. Под бурями судьбы жестокой Увял цветущий мой венец — Живу печальный, одинокой, И жду: придет ли мой конец? Так, поздним хладом пораженный, Как бури слышен зимний свист, Один — на ветке обнаженной Трепещет запоздалый лист!.. Көңілі қамыққыш, албырт ақынның романтикалық сарында жазған, элегияға көбірек ұқсайтын осы өлеңін Ізтай Мәмбетов бұлжытпай аударады. Және өлеңнің ішкі сырын ұғынып, барлық нәрін толық жеткізе біледі. Тілекті түгел тауыстым, Арманнан бездім, түңілдім; Азаппен үнсіз табыстым — Сыйымен қуыс көңілдің. Дауылы қатал тағдырдың Жас гүлін жанның семдірді. Қайғыда қалған жалғызбын, Зарығам күтіп өлімді. Таянса қыстың бораны, Үскірік шалған жапырақ, Осылай жалғыз тұрады Қу бұтақта қалтырап.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Аудармадан І.Мәмбетовтің Абай тәжірибесіне көбірек бой ұратындығы сайрап тұр. Өз жанынан шығарғандай мейлінше жатық. «Остались мне одни страданьяны» ол кейбір аудармашыларша «қалды маған тек азаптар» деп алмайды, әрине. «Азаппен үнсіз табыстым» деп алады! Осындағы сырт қарағанда аударушы өз жанынан қосқан секілді болып көрінетін «табыстым» деген сөз, шынында да, Пушкин подтекстінде жатқан жоқ па? Және сезімді қаншалықты қозғап тұр десеңізші! Сол сияқты «Плоды сердечной пустотыны» аударушы «сыйымен қуыс көңілдің!» деп алады Орынды-ақ. «Қуыс көңілдің немесе қуыс жүректің жемісі» десе қазақша сөз болмай шығар еді. Логикадан жұрдай болар еді. Қуыс жерде жеміс болмақ емес. Орысша, айталық, «плоды небрежности» деген сөзді «немқұрайдылықтың жемісі» деп аударып жүргеніміз жоқ, «немқұрайдылықтың салдары» деп аударып жүрміз. І.Мәмбетов бар ықыласын сөздің мағынасына, рухына салады екен. Бұл — аударушы үшін ең қажетті шарт. Сол шартты ұдайы алға ұстаудың нәтижесінде Ізтай аудармасындағы некен-саяқ ұйқас әлсіздіктері орнын жоқтатпай тұр. «Түңілдім — көңілдің; бораны — тұрады» дегендер онша мықты ұйқас емес. Бірақ мағына салмағына орай осы ұйқастар контексте тіпті де әлсіз болып көрінбейді...». Бұл үзіндіні ұзақтау күйінде ұсынып отырғанымыздың басты себебі, талғамшыл Тәкен Әлімқұловтың «Жемісті жолда. А.С.Пушкиннің поэтикалық шығармаларының қазақ тіліндегі аудармалары жөнінде» деп аталатын бұл көлемді мақаласында сол кезде қазақ әдебиетінде есімдері әбден белгілі болған кейбір қаламгерлердің аудармалары тіпті ащы сыналатын қайырымдар бар. Міне, осыдан-ақ жас Ізтайдың әдебиетке қандай дайындықпен келгенін анық аңғаруға болады. Бірақ мына жайды және айтпай кетуге болмайды. Мысалы, ол кезгі жас Қайырбеков, жас Мәмбетов, жас Шүкіров пен бүгінгі жас Елегезек, жас Қарағызұлы, жас Тасқараұлының арасында қаншама уақыт алшақтығы
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ жатқанын былай қойғанда, қазақ поэзиясы сол уақыттан бері қаншалықты дамығанын да ұмытпауымыз керек. Сол себепті біз өмірден өткен (немесе келген) қандай қадірлі ақынға баға бергенде де асыра мақтауға ұрынбауды, шекті мөлшерден ретсіз асып түспеуді қаперде ұстағанымыз жөн. Дегенмен, орыстар, айталық, тіпті сонау ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ғұмыр кешкен, жалпы қауым қазір аса құлап түспейтін нешеме ақындарының кітаптарын арнаулы алғысөздермен, дәйекті түсініктемелермен ұдайы шығарып тұратынын (әрине, оларды бүгінгі қаламгерлерге бірден-бір озық үлгі ретінде ұсынуды мақсат тұтпайтынын) ескерсек, біз де өткен ғасырда ғұмыр кешкен ақындарымыздың дүниелерін әдеби мұра ретінде (бәлкім, іріктеп) жоспарлы түрде шығарып отырсақ, ұтыла қояр ма екенбіз? «...Құлдырап кері кетті қоғамымыз, Болды ғой аяқасты Отанымыз» деген секілді мақалашатыс қоймалжыңдарды насихаттағаннан гөрі бұл әлдеқайда пайдалы шаруа болар еді. Дегенмен, қалай болғанда да, мойындалатын бір жайт сол, әдебиетке, әсіресе, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары келген ақындар (әрине, прозаиктер де) сол кезде (соғыстан соңғы ауыр жылдардың зардаптарынан арыла бастаған соң) білім жинатуға көбірек ден қойылғаны себепті сауаттылығы қаулап өсе бастаған қалың оқырманды әдеби талғамға, көркем өлеңді (әрине, көркем прозаны да) сұрыптап, таңдап оқуға өте-мөте тереңдете үйретіп кетті. Біз оларға, ең алдымен, сол үшін бас июіміз керек. Қазақ өлеңіне қатысты әрқилы көптеген сәтті, сәтсіз эксперименттер жасағандар да сол буын еді. «Абстракционизм», «формализм», «космополитизм», «идеясыздық», «түршілдік», «түсініксіздік», «қара бояуға құмартушылық», тіпті «ұлтшылдық» дейтін де алуан түсті шапандарды киген солар еді. Дегенмен түбі қайырлы болды. Біз де әңгімемізді оптимистік нотамен аяқтайық, сондай қуатты лектің бір өкілі Ізтай Мәмбетов енді бүгін неге ізделмесін, ізделеді. Бұдан бес-алты жыл шамасы бұрын Ақтөбенің тап іргесіндегі Алға аудандық балалар кітапханасына Табанталда туған Ізтайдың есімі берілуі,
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір болашақ оқырмандар кітап әлеміне бойлауды сол ордадан үйреніп шығатыны соның бір мысалы емес пе?! Бұны еске салып отырған себебіміз, бір есептен, Аян Нысаналин ағамыздың «...Аруақтарды жиі-жиі еске алып, біреудің әжетін шығарып, бар-жоқты түгендеп отыру — сауаптың сауабы. Ғұмырда жоқшы болу қандай ғанибет. Одан артық абырой бар ма? Қайнарға қайта-қайта қайырылып отыру — азаматтық парыз. Әйтпесе өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанбайды. Шолпан Иманбаева, Зияш Қалауова, Ізтай Мәмбетов, Қосжан Мүсірепов, Төлеужан Исмаилов және басқалар неге ізделмейді?» деген жанашыр сауалына («Кімді кім іздеп жатыр?!», «Айқын» газеті, 09.08.12) жасқаншақтау жұбату жауабымыздың да бір нұсқасы болмақ.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ҒАЛАМҒА ҒАШЫҚ ӘБУБӘКІР ...Көзімнен менің Күн мен Жер Төгіліп кетпей аз-ақ тұр! Әбубәкір Қайран. Жазған (дұрысын айтқанда, жазатын) өлеңі әдебиеттегі қалыптасқан теорияға сай болуына үнемі бас ауыртпайтын, шіркін ұйқастар қалай жымдасып тұруы керектігін және жиі ойламайтын, оны аз десеңіз, сол өлеңнің «концовкасында» не айтылғаны жөн болатынын алдын ала тіпті де ескермейтін талантты ақындар болады. Ескертіп қояйық, әңгіме мұндай талаптар бар екендігін онсыз да білмейтін жандайшап өлеңшілер туралы емес, талантты ақындар туралы айтылып отыр. Мысалы, Есенқұлдың шығармашылығы шамамен осы жүйеге жататынын бұдан бұрынғы бір мақаламызда сөз еткенбіз. Әбубәкір Қайранды да осы маңайдан кездестіреміз. Рас, Есенқұлдың лебіздері нәзіктеу, қорғансыздау, ымырашылдау еді, ал Әбубәкірдің жолдары — алуан ойлар кимелеп келіп жатқанда жөнсіз сыпайысынып тұруға тағаты жетпейтін тарпаң, мінезді, өр. Бұларға тағы кімдерді қосуға болатынын кейін талқылай жатармыз. Енді бірден негізгі тақырыбымызға кірісіп кетейік. Әбубәкір былай деп жазады: Таудан төмен түсіп келе жатырмын, Тас құлатып, талай гүлді жапырдым. Табанымда даты қалды сан гүлдің, Жанарымда жасы қалды жаңбырдың. Таудан төмен түсіп, сайға құладым, Құладым да, жылғадайын жыладым.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Мен құлатқан тастар суға қарықты, Мен сұлатқан гүлдер солып қалыпты. Көнбейді ғой ендігі айтқан сылтауға, Енді қайтып шыға алмаспын бұл тауға. Енді гүлдер имейді ғой бастарын, Енді көзге ілмейді ғой тастарым! Мінез дегеніңіз — осы. Өлеңде пенде байғұстың барша кемшілігі бар: өзгемен санаспайтын өзімшілдік, асқар тауға да айбат шегетін әсіре асқақтық, бұрыс басса да бұрылуды қажетсінбейтін бірбеткейлік, ең соңында, әрине, сондайсондай қылықтарына іштей болса да оңаша өкінетін, онда да өзін-өзі жұбатуға, реті келсе, біржола ақталуға да тырысатын бір сәттік қана әлсіз ақылдылық. Дегенмен, сол әлсіз ақылдылықтың ендігі пайдасыздығын сезген лирикалық кейіпкеріміз өлеңіне «...Көнбейді ғой ендігі айтқан сылтауға» деп және бір лебіз қосады. Мұнысы, қостаушылар табыла қалса, жазықсыз жапа шеккен, сол себепті енді бастарын имейтін гүлдерге, енді көзге ілмейтін тастарға өкпе айтуға да бейімделгісі келетін ыңғайды байқатады. Ақын егер тақырыпты осындай психологиялық арнаға салмай, экологиялық проблемаға айналдырып, және оны табиғат алдындағы жауапкершілік туралы жолдармен түйіндеп жіберсе, өлең өтіріктің шапанын киіп шыға келер еді, бірнеше ретті былай қойғанда, екінші рет қайталап оқуға да ынталандырмас еді. Өлеңдегі мінез дегеніңіз — осы. Әбубәкірдің табиғатты сөз етіп отырып бірінші планға адамды шығарып жіберетін өлеңі бұл ғана емес. «Шұрайлы тіл, шырайлы сөз, тәтті жыр» иесі болып алған ақындардың табиғатты қаузаған жырлары шамамен қалай өрілетінін Әбубәкір бір өлеңінде әуелі былай суреттейді: «...Гүл, жапырақ, тал, қайыңның иісі, Басып қалды поэзия мүйісін», «...Гүлді жырлау, қызды жырлау тым жақсы, Даланы да жырлап болдық қымбатты», «...Жырланбаған өзен, көлшік жоқ бүгін, Туған жердің бір көтердік шоқтығын»... Осыған ілестіре: «...Бұл, әрине, тақырыптар ең ірі, Алға асады, жалғасады өмірі», — дей келіп, Әбубәкір негізгі айтпағына тоқтайды:
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ...Тек көңілді тереңірек бөлейік, Жапырақта тұрған құртты көрейік. Қалам ұшын батырайық соған біз — Жапырақты жасартқандай болармыз... Мәселе қайда жатыр? Рас, жапырақтағы құртты көру құлаққа сіңісті тіркес шығар. Ал «жапырақты жасартқандай болуға» шақыру бұл өлеңнің дерті тіпті де құрт пен жапырақ туралы еместігін таныта қояды. Айтпақшы, күні бұрын айтып отырайық, Әбубәкірдің өлеңдерін амалсыздықтан ғана болмаса, негізінен үзіп-жұлып беру қиын. Себебі ол тасқындаған ойларын бірер жолға сыйғызуға дағдыланбаған, көбінесе кенеттен келе қалған өткінші нөсер секілді айналасын қарық қылып төгіп-төгіп тастауға ыңғайланып тұрады. Әуелден солай жазып үйренген: «Сорлы шыңдай солпиып тұра бермей, Айтыпайтып салғанға не жетеді?!». Мысалы, сонау бір жас дәуреннің қызығына малынып, өмір дегеннің не екенін ұғына алмай әрнәрсеге ұрынып жүрген шақтарымызда өзімізбенақ құралыптас Әбубәкірдің айтып-айтып салған мына ұзақтау өлеңін аяқ астынан ұзақтау талмағанымыз бар. Бұл өлең бізге, бір жағынан, өлең деп аталатын өнер ордасына қадам басқан кезеңіміздегі алғашқы сезімдерімізді бейнелеуімен де қымбат: Түсінермін өмірді, Түсінбеспін, Түсірмеспін — Көрмесе ісімді ешкім. Ішінде өстім жалаңаш жартастардың, Сондықтан да... Келмейтін бүтіндеткім — Жыртығым бар... От жанса да жасыра алмас түтінді ешкім. Мен, бәлкім, өмірді түсінбеспін. Мен туыппын, Сонан соң туыпты арман. Ер жетіппін от іздеп суық қардан.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Суып қалған кезімде, Шуақ төгіп, Арманым қол бұлғайды жуық маңнан, Біреулердің арманы теңге болып, Құтыла алмай жатқанда уыстардан. Ұғынғым кеп өмірді, Ұғынғым кеп — Жырын жыр деп, Нұрын нұр, түнін күн деп, Сәби болып қарап ем жан-жағыма — Бір сұлудың бір сұлу түрін күндеп, Бір ақынның бір ақын жырын күндеп, Тұр екен бір-біріне «сүрінгін!» деп. Көрдім бәрін, Көрмеуім керек еді. Тұрдым бір сәт Помпей боп бүлінгім кеп. Бүлінбедім мен бірақ, Бүлінбедім. Бір бүлінсем жиналмас үгінді едім. Құмнан тұрған құмыра қирап түссе, Қиын болар дедім де... Күбірледім. Ал енді осы өлеңді қалайша қысқартып оқуға болады? Тұтас дүние ғой. Бір шумағын аттап өте салсаң, келесі шумақтың дәмінің жартысын сезінбей қалғандай боласың. Біршама жырларының осындай өзгешелігі бар екендігін басқа бір өлеңінде Әбубәкірдің өзі де мойындайды: «...Сыймайсың шағын көлемге, Сыймайсың шағын өлеңге! Сыймаймын мен де көлемге, Ыстық от ойнап төбемде!». Әрі-беріден соң өлеңнің соры ұзақ болуында да емес, өлеңнің соры әрі мағынасыз ұзақ, әрі іш пыстырарлық тартымсыз болуында жатса керек. Ал біз мысалға алған өлеңдегі әр шумақта әрқилы көріністер жалт етіп қалып отырады: «Ішінде өстім жалаңаш жартастардың»; «Келмейді бүтіндеткім — жыртығым бар»; «Ер жетіппін от іздеп суық қардан»; «Бір
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ бүлінсем жиналмас үгінді едім»... Бұл — әңгімеміздің бірінші қыры. Екіншіден, сол кездегі жас ақын әуелі не деп еді: « Түсінермін өмірді, түсінбеспін...». Түсінді ме? Тап басып айту қиын. Әйтеуір арада сан жылдар өткен соң былай деп жазғанын оқыдық: Өмір деген немене ол? Ол — мына Мен, Ол — мына Мен күн кешкен мол күнәмен. Ол — мына Мен адамның мәңгі мұңын Жеткізе алмас күйге сап домбырамен... Көрдіңіз бе, баяғыда «арманы қол бұлғайтын», «жанжағына сәби болып қарайтын», «көрмеуге тиіс нәрсені көргенде Помпей боп бүлінгісі келетін» адал да алыпұшпа бозбала кейіпкер, міне, енді «мол күнә арқалаған», бәлкім, сол себепті «адамның мәңгі мұңын домбырамен күйге салып та жеткізе алмайтын» қатардағы пендеге айналыпты. Тағы бір өлеңінде Әбубәкір өзінің ғана емес, өзгенің де басында бар осы ахуалды былайша тура сипаттайды: ...Деуші едім-ау: тауды бұзам, мұз жарам. Қайтсем екен жүрегімді сыздаған! Атқылаймын мылтығымды аспанға, Соққылаймын темірімді қызбаған... Кейінгіні кім білген, ал қазіргі адамзатқа бұйырған өмірдің заңдылығы осындай: соншама асығыс, тым келте, өте қатал. Жұматайдың ішінде талай найзағайдың өрті жатқанымен сыртынан биязы болып көрінетін өлеңдерін біздің соншама елжіреп оқитындығымыздың себебі осы болса керек. Ал Әбубәкірдің қаламынан шыққан дүниелер олай тербетпейді, бірден ұйқыңды ашып жібереді. Мысалы: «...Ей, қиялым, Сабылстан, Шаршама сабылыстан, Қаға бер қанатыңды алып ұшқан» немесе «...Құмарым бар қанбаған, Құмарым бар, Күнім, Түнім, Жолдарым, ұзарыңдар» әйтпесе «...Белгісіздік. Бұл менің кереметім, Кереметім — өмірмен ерегесім»... Мұндай өрекпулер, әрине, үнемі өзін-өзі ақтамайтыны да белгілі. Бірақ қайтесің, Әбубәкірдің қалам сілтесі солай. Солай бола тұрса да мұндай құр өрекпулердің табаны бәрібір тайғақтығын білетін ақын бір-жар қадам айнала
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір бере айбындана атой салудан кілт жалт бұрылады: Шеруқұмар, Шері жоқ от күй едім, От күйіме бұл күні көп күйемін. Көк ши едің сен дағы көлбеңдеген, Ақ ши бопсың, көзіме дөп тиерім. Тірішілік ең тіреген көкке иегін, Ақ ши бопсың, қайтейін, көк ши едің... Көрдіңіз бе, сарын сол баяғы, бірақ сөзді жұптау мазмұны басқа арнаға түскен. Шеруқұмар көңілдің де, от күйдің де, көк шидің де дәурені мына баста мәңгілік тұрмайтыны әлдебір опынышпен баяндалып отыр ғой. Дегенмен, әңгіменің басын ашып алайық, ауыздықпен алысар ащы асаулық, ереуіл атты еншілер ерекше екпін әрідегі «бұлұт болған айды ашқан, мұнар болған күнді ашқан» шалдарымызды айтпағанда, мысалы, күні кеше қасымызда жүрген Фариза апайымызға да тән еді ғой. Апайдың кітаптары «Мазасыз шақ» немесе «Асау толқын» деп аталуы әйтпесе сол жүйрік қаламнан «...Қара түндерде отты ұшқын болып шашылам, немесе құм боп басылам! Әйтеуір, бей-жай жүрмеймін мына ғасырда, дүлей теңіздей тасыған» деген жолдар өрілуі немесе «...Кеудемді қысқан менмендіктердің талқандап құрсау-бекіністерін, өртеңдер мені, өкініштерім!» деп келетін сөз-найзағайлар жарқылдауы осы Әбубәкірлер өлеңге әуестене бастаған бергі кезеңдердің куәсі еді. Бірақ, бұл Әбубәкірдің біз мойындауға тиіс басты ерекшелігі — әрідегі де, берідегі де, елдегі де, шеттегі де үздік үлгілердің көшірмесі болуға тіпті де талпынбағаны. Ол — өлеңдегі өзінің жеке жетістіктерімен қаншалықты Әбубәкір болса, өзінің дербес кемшіліктерімен де соншалықты Әбубәкір. Мысалы, Әбубәкірдің өлеңдерін өзімен қатарлас өскен, буырқаныпбұрсанып жазатын Серік Ақсұңқарұлының жырларымен жаңылыстырып алу мүмкін емес. Екеуі де тасып-төгіліп жырлауға бейім болғанымен, негізінен қаузайтын тақырыптары да басқа, дастарханға қоятын сыйтағамдарының дәмдері де бөлек. Осылайша, міне, замандастарды айтып қалған екенбіз, енді солар бастан
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ кешкен заманды да шолып өткен мақұл тәрізді. Не жасыратыны бар, өткен ғасырдың сексенінші жылдары әдебиетке енген жас ақындар үлкен ағаларды көп жағалаған жоқ, сол себепті олардан қалай өмір сүру керектігін сұраудың мүмкіндігін таппады, ал кіші ағалар кеңсеге шақырып әуре етпеді, галстуксыз отырыстарда емін-еркін сырласқанды тәуір көрді. Сол себепті Алматыдағы «Шахта», «Ботбульвар», «Салют», әрине, «Қаламгер» тәрізді шудабыры көптеу мекен-жайлардың беделдері үстемдеу болды. Әлденеше заман өткен соң Есенбай ағамыздың: «...Бірге шырқап мәрттіктің біз бір әнін, Жақсылардың жырлаушы ек ізгі жанын... Қайда Мәди Қайыңбай қатар тартқан, Жүздескенде «Салюттің» жүз грамын?!» деуінде еш өтірік жоқ еді. Мұны өзіміз де бек мойындадық. Әбілахат, Тоқаш, Тәкен, Жұматайларды айта келе Байбота: «...Соңына ерген жоқпын мен қарғалардың, талай жақсы ағаммен барға бардым. «Ішіп кете жаздап сен қайттың...» дейді кей құрдасым. Ал оған арланарар кім?!», — деп жазса, сол Байбота «баулыған» Шаһизада: «Жылдарым-ай... Шарап ішіп шайқалған, Ақкөңілге айқұшағын айқарған; Ащы судан ісіпкеуіп алқымы, Алты қырдан алпыс құлан қайтарған», — деп куәлік етеді. Қулықсыз, ақжүрек сол шақтар өлеңдерде біржола таңбаланбай кетсе де обал болмайтын ба еді?! Оқырмандар осыларға үндес фактілерді қаламгер ғалым Бауыржан Омарұлының, ақын Бауыржан Бабажанұлының эсселерінен де оқығаны белгілі. Алдын-ала иландырып алуға бағытталған мұндай кіріспе жазып отырғанымыздың себебі Әбубәкірдің «Мас» деген өлеңін мысалға келтіру еді: Дүние — бір от, Дүние — жүрек, Дүние — тайғақ, Дүние — тірек. Мас келеді бәрін тіреп, Қабағына таулар түнеп. Ай ай емес, Жай бір табақ.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Жер жер емес, Құр сырғанақ. Ағаш біткен аң секілді, Жұлдыз біткен шам секілді. Анау тұста қарауытқан Бір құпия бар секілді. Үй үй емес, Ойран-ботқа, Жар жар емес, Ол бір шошқа! Бала деген бар секілді, Басы үрлеген шар секілді. Мынау терең жар секілді, Ал секірді... Ал секірді... Әбубәкірдің бұл өлеңі, әрине, Омар Хайямның шарап туралы бой балқытарлық сыпайы рубаяттарына тіпті ұқсамайды. Бұл өлең небір шарасыздықтардан қамыққан Сергей Есениннің «Москва кабацкая» циклымен де сусындас емес. Мектепті енді ғана бітіріп жатқан Өтежанның өз басынан өткен жеке оқиғаға негізделген «Концерт» атты балладасының да (...Ертеңіне, шымбайыма батырып, РайОНО алды мені шақырып, «Амансыз ба, о, мас жолдас» дегені, Өмір бойы таусылмайтын тақырып) бұл өлеңнен соқпағы басқа. Бұл өлең — еш артық сөз қосылмаған бір сәттік ащы сурет. Бәлкім, тұрпайылық жармасқан натурализм деуге де болатын шығар. Оқиға тәптіштеліп көрсетіледі, бірақ сол оқиғаға негіз болған себеп те, салдар да түсіндірілмейді. Тіпті «Ал секірді... Ал секірді...» деген соңғы жол болмаса, ештеңе ұқпайтындайсың. Бүкіл өлеңнің ұстыны — «Ал секірді... Ал секірді» деген осы соңғы жол. Осы жолды оқығанда кенеттен ойыңды ойран-ботқа ететін қорқынышты сауал жалт етеді — қайда секірді, неге секірді, кім секірді?.. Дегенмен, қалай талдасақ та, мастың аты бәрібір мас. Осы себептен де Әбубәкір кейінгі балаларды: «...Ішу де майдан, о, жастар, Ол жерде соғыс, тозақ бар. Оралды
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ содан молақтар, оралды содан шолақтар. Соғыстан қайтқан солдаттар — Отырған біздер — қонақтар. Ішіңдер жастар, біз үшін, Ішпеңдер! Ішпе! Құрысын!» деп шошытады. Қазіргі жастар, әрине, кезінде одақтас он бес елге билік құрып отырған Мәскеуден де әсіре сақ болған біздің тәртіпті республикамызда сексенінші жылдары мұндай өлеңдер жарияланбайтынын ептеп білетін де шығар. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысының баяндамасында жас жазушы Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» повесі шопандардың өмірін сұрықсыз етіп (солай екені рас та еді ғой) көрсеткені үшін сыналғаны, «Пионер» журналында жарияланған Жарасқан Әбдірашевтің «Көше тәртібі» атты өлеңінде «...Бәрінен бұрын жолды алар, Беделді көлік ол да бар: Қағып та кете жаздады, Қайқиған қара «Волгалар» деген жолдар болғаны үшін комсомолдардың республикалық Орталық Комитеті шала бүлінгені де естен шығып кеткен жоқ. (Бұл ретте олардың ағалары елуінші жылдардың соңында сол партияның сол Орталық Комитетінің хатшысы Н.Жанділдиннің ақкөз баяндамасына «жем» болғанын еске түсіріңіз). Міне, сол себепті Әбубәкір мен оның замандастарына тақырып таңдау мен әртүрлі формаларға қол созу мәселелеріне келгенде екі шоқып, бір қарауға тура келгені рас. Дегенмен, бір қызығы, осындай шектеулер жас ақындарды әуел бастан «қиыннан қиыстырар ер данасы» болуға тәрбиеледі. Іште қайнап жатқан ащы ойларды саяси цензурашылар байқамай қалатындай етіп астыртын жеткізу үшін бұл буынның қаншалықты тер төккенін қайтадан таразылап көруіңізге де болады. Осы Әбубәкірдің ауыздан түспей келе жатқан «Қасқыр» деп аталатын өлеңі соның бір даусыз мысалы емес пе: «...Қасқыр болып ұлып тұрып адамға — осы жырды, осы сырды сыйладым». Ал Есенғалидың қара бауыр қасқалдақ жайындағы өлеңі ше?! Иә, ол күндер өтті, кетті. Көкіректен шықпай қалған қаншама тақырыптардың обалын сол қоғамның мойнына жазып қойдық. Енді ше?! Өзімізде еш кінә болмап па екен?! Бұл да санаңды түрткілей беретін сауалдардың бірі. Әдетте
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ақындар не нәрсеге қолы жетпегенін, қолы жетпеуіне қандай кедергілер болғанын, жас дәуреннің өкініштерін, махаббат сапарындағы сәтсіздіктерін... кәдімгідей шынайы жазып келеді де, өзі ғана білетін (өзгелер байқамайды деп ойлайтын) одан да ірі жекеменшік кемшіліктерін сыртқа шығарудан ұялады. Әбубәкір өйтпейді. Бір өлеңінде «...Ал менің жасыратын ештеңем жоқ, Ал менің ештеңем жоқ ұғынбайтын» деп алады да, басқа бір өлеңінде жұрт ұялғандықтан айтқысы келмейтін жағдаятты алдыңа жайып салады: Алла атымен ақиқатқа бас ұрам, Сөйте тұрып, сәл күнәмді жасырам. Өкпе-назды маған деген тәрк етіп, Өтіріктің өте шығам қасынан. Өте шығам… Өзімді-өзім сендірем, Көңілімді күлкіме әкеп телдірем. Мүттәйімдей мүләйімсіп, монтиып, Дәме күтем періштенің ернінен... Несін айтасың, өзіңе еш қатысы жоқ болғаны мақұл-ақ шумақтар, бірақ, өкінішке қарай, өзіңе де, өзгеге де қатысы бар екендігі көрініп-ақ тұр. Асқар Сүлейменовтің «Шындық — көп, ақиқат — жалқы» дегенін ескерсек, мына өлеңдегі Алланың атымен сол жалқы ақиқатқа бас ұру мен сөйте тұра сәл кінәні жасыру пендешіліктің ең көп тараған, лауазым, бедел, талант таңдамайтын ең «қолжетімді» түрі екенін мойындамасқа амал кем. Жалғастыра айта кетелік, Әбубәкір бір жыр жинағын «Мен ғашықпын ғаламға» деп атағаны бар. Былай қарасаңыз, жауыр болған атау тәрізді. Ғаламға кім ғашық емес?! Бірақ кітаптың ішіне сүңгісеңіз, осы атаудың тек Әбубәкірге (әрине, тағы бірнеше ақындарға) ғана лайық екенін аңғарар едіңіз. Әбубәкір ғаламды (космология тілімен сөйлесек, кеңістік пен уақыт бойынша алғанда шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүниені) шынымен-ақ сүйеді, күйеді, ал сүймей қалатын кездері болса, кінәні ғашығынан (ғаламнан) немесе еш жазығы жоқ ағалары мен інілерінен, көршілерінен, АҚШ-тан, Батыстан
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ емес, негізінен, өзінің бойынан іздейді. Жоғарыдағы шумақтар немесе «...Ұпай жинаймын, Ұялып тұрып ұжданым» деген тәрізді жолдар соның бір мысалы ғана. Дегенмен, Әбубәкір, сонымен қатар, «адам баласын заман өсіретінін, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват» (Абай) екенін де ұмытпайды: «Жер бетімен келеді — У ішкендер келеді. Ін түбінен ін қазып, Су ішкендер келеді. Құрым етік, құрбақа, тамыр жеген келеді. Қарындасын қаңғытып, қамыр жеген келеді... Жер бетімен келеді — қансыраған келеді. Қансыраған жүректі Жаншып арам келеді... Жанарлары жасқанып, жасық туған келеді. Маңғазданып, мастанып, пасық туған келеді. Жер бетімен келеді — ыбыр-жыбыр келеді, Күңіреніп Күн-Тәңір бетін баса береді...». Іркіле кетейік. Үзінділері беріліп отырған, көкіректі удай ашытатын осы «Нелер таяп келеді» деген өлеңдегі көзге ұрып тұратын формалық ерекшелік — мысалға алынған детальдардың үнемі қозғалыста болуы. Ал, түптеп үңілсеңіз, бұл ерекшелік ақын туындыларының қай-қайсысына да жат емес: «Ағын», «Түнгі дауыл», «Жанартау», «Елес», «Өртегін...», «Мезі етеді», «Әсер»... Тіпті атау берілмеген қаншама өлеңдердің бастапқы жолдары лирикалық кейіпкердің қимылсыз тірліктен қашатынын аңғартып тұрады: «...Тауға барып қайтсам ба, Тауға барып»; «...Жүген тимей жайлауда жүр өлеңім»; «...От ұрынды көзіме, От ұрынды»; «...Жүрегімнің ішінде — Жүгендеулі, ерттеулі арабы айғыр»; «...Жаңа ғана жан берісіп, жан алған»; «...Құмарым бар қанбаған, Құмарым бар»... Одан әрі барсақ, бұл ақынның көзіне іліккен табиғат төлдері де еш мүлгіп тұрмайды: «...Аунақшып тұр ауа мен жел»; «...Сыңсып-сыңсып, Талдан бүршік Шығады ыршып, Шығады үркіп», «...Ей, жұлдыздар, жұлдыздар, жымыңдарсың»; «...Аспан жақта ұшқандай бу айналып»; «..Сыңсиды жел бір әнді сызылдырып»... Бірақ мынаны да ескерейік, бұл өлеңдердегі мәселенің мәнісі — тек жұлқыну, жұлқу емес, басқа: шексіз ынтызарлық, өле сүю, өртене күю. Кіршіксіз ақ көйлек киіп, қылғына галстук таққан жұнттай мінсіз, тәртіпті жырлардан ауық-ауық шаршап
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір кеткен шақта төтен нөсердей төкпелі, ақ борандай алай-дүлей Әбубәкірді оқуға аңсарымыз ауатыны, бәлкім, сондықтан шығар. Осы тұста бір өлеңге асықпай тоқтай кетелік. «Кім ғаріп» — түн туралы өлең. Айталық, Мағжанның «...Түнеріп жүр түннен туған перілер, Тәңірісін табанына таптаған» деген тәрізді өлеңдерін оқымай өскен біздің түн туралы біршама қалыптасып қалған өз түсініктеріміз бар, түнді әлдилейтін әсем әндеріміз бар: «Түнгі самал егін басын тербейді, Алыста қыр қарауытып көлбейді...» (Қ.Шаңғытбаев) немесе «Жұлдыздар жерге жақындап, Байланып қалған секілді...» (Т.Молдағалиев). Негізінен түнге құрметпен қараймыз. Ал құрық-жүгенді мойындағысы келмейтін Әбубәкірдің ондай түндермен сызыла сырласып тұруға тағаты жетпейді, тиісе жөнеледі, әрине, сыбағасын да алады: Жалқаяқ түн, Жалақ түн, Талқаяқ түн, Талақ түн, Тымырсық түн, Тыныш түн — көгінде жоқ бір ұшқын. Бұл неткен түн — түн емес, Не өлі емес, Тірі емес. Иті қайда үрегеш, Қызы қайда күлегеш? «Ей, түн ғаріп, түн ғаріп, сенен өткен кім ғаріп? Өтпейсің бе мұңданып, кетпейсің бе жынданып?..». Жанға мойнын бұрмаған Жауап берді түн маған:
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ «Саңылауы жоқ мен ғаріп, Саңырауы көп жер ғаріп. Сол кереңнің біреуі Мына отырған сен ғаріп!..». Әй, жалақ түн, талақ түн, Жүрегімді қанаттың. Көріп отырсыз, мына түн Қуан аға мен Тұмағаңның түндерінен тым басқа түн. Тербетер самалы жоқ, жерге жақындап қалған жұлдыздары жоқ, тіпті үрер иті де жоқ марғау түн. Жылаңқы лепті лирик мұндайда мұң-зарын бұдан да асыра мәпелеп, өксіп-өксіп алар еді. Әбубәкір ондай күй кешпейді, шарасыз күйзелмейді, шарт сынады, өйткені, ол — жорықшыл жырдың иесі, жүрегін қанатып ала беретін себебі де сол. Тағы бір гәп, ол жүректегі әлгі қанды қалай сүрткенінен (немесе сүртпегінен) және хабардар етпейді, дереу әлдебір бабасына ұқсап әлдебір жаққа кетіп бара жатады («Сақ етер тиді саныма, Сақсырым толды қаныма...». Доспамбет), әрине, жолшыбай жолдасына дем бере кетеді: «Мұңданасың неге, дос? Мелшиме сен, Өмір сені сүймейді, сен сүймесең...». Енді мақаламызды ықшамдайық. Әбубәкірдің өлеңдерін қаншама рет қайталап оқыған сайын ойға орала беретін бірер түйіндер бар. Біріншісі, мысалы, мақаламыздың бас жағында айтылғандай, мәдениетті поэзияның қалыпты тәртіпталабына көне бермейтін ала-құлалықтар. Айталық, ақын өлеңдерінде ұйқастар мен тармақтар бір туындының ішінде бірнеше рет әрқалай құбыла салуы мүмкін, сондай-ақ бунақбуындар да жүйелі тұрақтылықты сақтай бермейтіні бар. Бұл, бірақ, жөнсіз ауа жайылушылық емес, автордың ішкі деміне бағынбасқа амалы кем формалық ізденістердің ізі болғандықтан, кешіріммен қарауға (тіпті құптауға) боладыақ («Жүрегімнің ішінде...»; «Түнгі дауыл»; «Уай, мына қыс...»; «Абайдың ақырғы назасы»; «Ар мен зар»; «Қазақ деген арыстан»; т.б.). Екіншіден, шабыт тұлпары жүйтки жөнелген шақта ақын
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір тым асығып, сөйлемдер мен сөздерді салдыр-салақ пайдалана салады, оның кейбір ұшқындарын жоғарыда мысалға алынған кей шумақтардан да байқадыңыз: «көзіме дөп тиерім», «өтіріктің өте шығам қасынан»(?), «телдірем»... Бұлар, әрине, кемшіліктер. Айта кетелік, «Жабайы аттай жатағандау болғасын» деген жол мін ретінде көрсетілгесін, кейін Жұматай бұны «Жабағыдай жатағандау болғасын» деп өзгерткені есімізде қалыпты. Үшіншіден (ең бастысы да — осы), Әбубәкірдің өлеңдері — жаңадан сатып алынған сыртқы киімнің қымбат матасы емес, ішкі дерттің от-лебі. Артық айттың десеңіз, сөз — өзіміздікі, қайтып аламыз, бірақ Әбубәкірдің көптеген өлеңдері Мағжанды еске түсіреді. «От», «Пайғамбар», «Күншығыс», «Айға», «Жұмбақ», «Сүйемін» (Мағжан), тізбелей беріп қайтеміз, бұлар — қағазға түскен шумақтар ғана емес, жүрек пен тамырға сыймай қойған, сөйтіп сыртқа атқылап шыққан құса еді ғой. Әсілі қоғамдық құрылымдар мен мемлекеттердің бастарына күн туған шақта жаңа мінезді сөз иелері пайда болатын сияқты. Әріден бір мысал алайық: «...Қайран менің Еділім, Мен салмадым, сен салдың, Хайырлы болсын сіздерге Менен қалған мынау Еділ жұрт!..» (Қазтуған жырау). Феодализ мен социализм арбасқан шақтың, ақ пен қызылға бөлінген тұстың бүкіл заңды қайшылықтарының жыршысы көп болғанымен (әріде де, беріде де), қарағай жұрт, қара орманның қасіретін оқырманды егілдіре баяндап бергендердің көшбасшысы Мағжан еді. Мағжан өлеңдерінің Еуропа, орыс поэзиясынан нәр алған тұстарын таратып айтуды, әрине, бұл жерде мақсат етпейміз. Сол сияқты кемелденген социализм мен тұмса тәуелсіздік орын ауыстырғаннан кейінгі кезеңнің суреттерін әркімге де таныс ыссылы-суықты деректермен әрқилы баяндағандар көп болғанымен, содан бергі аласапыран көңілкүйлердің боямасыз болмыстарын бет шарпитын жалынмен, жан балқитын жылумен жырлағандар (елең еткізе қоятын қаптаған тарихи, саяси, әлеуметтік, тұрмыстық ұрымтал фактілерге ұрынбай-ақ), шынымен-ақ «шер толқытқасын ғана шыққан сөздің» иелері, өкінішке қарай, аз, сол аздың бірі —
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Әбубәкір Қайран. Әбубәкірдің өзімізге ұнайтын (ұнамайтын) өлеңдерінің барлығын бұл мақалада толық қамти алмадық. Ал соңғы жылдары ұсынған дастандары мен балладаларын тіпті сөз етпедік. Жалпы қандай да жақсы поэзияны ешкім қайта оралмайтындай етіп түгел тәптіштеп жазған біреу бар ма екен, сірә...
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір НАРМАХАННЫҢ НАҚЫШТАРЫ ...Тағдыр мені о баста Табиғатқа теліген. Нармахан Бегалыұлы. Лирика әдебиеттің оқырманға ең жақын жанрының бірі екендігін әуелде Абай айтып кеткенге ұқсайды: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең». Дегенмен бұл жанрдың, әрідегі ауыз әдебиетін былай қойғанда, беріде пайда болған философиялық лирика, саяси-әлеуметтік лирика тәрізді біршама түрлері бар екендігі және мәлім. Бұлардың ішінде, әрине, алғашқы белгілері фольклорлық поэзияда көрініс тапқан, кейін ұлы Абай жылдың төрт мезгіліне арнаған классикалық өлеңдері арқылы қазақ әдебиетінен ешкім ығыстыра алмайтын мығым орын тауып берген табиғат лирикасының орны бөлек. Бұл орынның бөлек болатын тағы бір себебі, бұрынғы кезде қолына қалам алған жас талапкерлер, кеңестік мемлекетте тақырып аясы тым бейбіт (тар) болғандықтан, алғашқы туындыларына көбінесе махаббат пен достықты, сосын көктем мен күзді, жаз бен қысты өзек ететін. Өйткені мектеп оқулықтарындағы Абайдың, Ыбырайдың («Таулардан бұлақ ағар сарқыраған...») немесе Ілияс Жансүгіровтің өлеңдері солай қарай тура жол сілтеп тұрушы еді. Сол дәстүрді тамаша жалғастырып, табиғат лирикасына талай жауһар дүниелер қосқан ақындардың ұзақ тізімін келтіруді, әттең, мақаламыздың мүмкіндігі көтермейді. Біздің бұл жолғы нысанамыз — бір ғана ақын, Нармахан
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Бегалыұлы. Студент шағымызда қолымызға түскен, «Жалын» баспасы шығарған, бірін екіншісі толықтырып тұрған екі жұқа жинақты («Жиде жұпар шашқанда», 1978; «Жотадағы жол», 1981) қайта-қайта парақтап-тарақтап, әбден тоздырыппыз. Бірақ, ғажабы сол, бұлардағы өлеңдер тозбапты, тозбайтын да түрі бар, қай уақытта оқысақ та сол баяғыдағыдай өзгеше әсер алып отырамыз. Неге? Сол заманда, мысалы, Сағи мен Тұманбай ағаларымыздың ақша бұлттары мен мейірімді шуақтарына, көп гүлдері мен көк белдеріне сүйсініп жүретін дәуірде, бізге мына екі жинақтағы табиғат суреттері тым тосын көрінді. Әрине, бұл да кәдімгі қазақ даласының таныс көріністері екені даусыз, бірақ жырлануы өзгеше: әнеу бір ағаштар орманға барудан бас тартып, тек сіздің үйдің қасында ғана өсетін секілді, мына бір жұпар ауа айналаға тұтас таралмай, тек сенің маңайыңды торлап тұратын сияқты. Қысқасы, табиғат жалпыға тегіс таныс ағыл-тегіл бояулармен емес, оңаша отырған бейкүнә жан иесіне жақын әлдебір әртүсті нәзік сәулелермен әдіптелетін тәрізді. Екі жинақтың әсері осылай болған соң, кейін «Шаттық күйі» (1974) мен «Ботагөз бұлақты» (1993) да қолға түсірдік. Ал әр ақынның әр жинағы бұлай ізделе бермейтіні, әрине, басқа әңгіменің еншісі. Біздің әңгімеміздің еншісі — Нармахан Бегалыұлының жеке қолтаңбасы. Бұл қолтаңба ақынның, мысалы, алғашқы жинағындағы бір шумақтан ғана тұратын үшінші өлеңінен басталыпты делік: Жырға бөлеп біздің байтақ даланы, Қызыл суда көктем ағып барады. Күн жылы ғой... Бұлт еріп Жерге тырс-тырс тамады. Алғашқы жол әдебиет пәнін тәп-тәуір меңгерген мектеп оқушысы да құрастыра алатындай қаншалықты жайдақ болса, қалған үш жол сол бала қайталап оқитындай соншалықты айшықты. Қыспен қоштастыратын қызыл суды талай көргенімізбен, сол қызыл судың ішінде көктем кетіп бара жататынын байқамайды екенбіз, күн жылыған шақта
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір бұлттың да еритінін және аңғармаппыз. Ал 1972 жылғы наурыз осылай болғанда 2002 жылғы наурыз қандай болған екен: ...Тойнақылау қозықұйрық — сүтмаңдай, Шыпшығандай сүт маңдайдан шық қандай?! Дүрлігулі думан дәме бұлақтар Құштарлықтың қытығынан шыққандай... Салыстырыңызшы, мына наурыз көркем бе әлде анау наурыз әдемі ме? Біз айта алмадық, сіз айтыңыз. Дегенмен бір гәпке аялдалық. Әуелде өзіне ғана тән ерекше қолтаңбасы арқылы жарқ еткенімен, кейін оқырманын сол ерекше қолтаңбамен (қайталана беретін сарытіс сарынмен) жалықтырып та алған ақындарды да, соның ішінде ортақол ақындарды ғана емес, талантты ақындарды да жақсы білесіз. Ал, екі аралықты отыз жыл уақыт бөліп жатса да, өзегіңе кіріп кете беретін өлең жазудан қашпайтын мынандай нармахандық қолтаңба әркімге бұйырмайды-ақ. Бозбала дәурені әлдеқашан өтіп кеткен, енді қайтпегін өзі де білмейтін іңкәр көңілдің өксік аралас ахуалын табиғат суреттеріне орап ұсынатын мына өлең ше: Гүлдейін деп алма тұр, Саған алғаш сенгендегімдей. Қаратауда қар жатыр, Шенқұмардың шерменделігіндей. Қаратауда қар жатыр, Қарттың құрсауси қарағанындай. Гүлдейін деп алма тұр, Сенен шуақ қалағанымдай. Сусыл қағып көктем жүр, Нәп-нәзік би мәнеріндей. Тағдырымды көптен бір Сенің еркің билегеніндей. Жер сақтапты шалғынын Жап-жасыл мақпал ағындай.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Уақыт артса да бар жүгін Саған сағыныш сақтағанымдай. Ескі бұта өткенін Ойлап тұр, сені ойлағанымдай. Жастықтың қалай кеткенін Түсіндіре алмағанымдай. Гүлдейін деп алма тұр, Қаратауда қар жатыр... Көктем, шуақ, шалғын, гүл, алма, несін айтасың, елжіреп-ақ тұр, тек анау бір көне қар мен ескі бұта әлденелерді есіңе түсіреді, жүректі шым-шым еткізеді. Солай бола тұра соңғы екі жол қайтадан уатуға тырысады: «...Гүлдейін деп алма тұр, Қаратауда қар жатыр». Бір көңіліңді екі бөлікке кескілеп, одан соң әлдебір алданышпен қайта жамауға ұмтылатын мұндай өлеңдер, расын айтсақ, көз-қармағымызға сирек ілінеді. Бұл өлеңнің мақсаты да (мақсатсыз өлеңдер де болады) біреу-ақ — амалсыздан жұбату (немесе өп-өтірік жұбану): «Гүлдейін деп алма тұр». Өлеңнің негізгі ұстыны да осы жол, яғни, гүлдейін деп тұрған алма. Алманы Доспамбет жырау да тілге тиек еткенін ұмытқан жоқсыз: «...Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді». Тіпті жоқ болғандықтан алма ағашының гүлдегенін көрмей өсетін өңірдің тұрғындары да қыздарының есімін неге Алма деп қоятынын түсіндіру және оңай емес. Жалпы Нармахан біз (сіз) көрмеген, сол себепті сөзге қоспаған (сөзге қосуға реті де келмеген) өлкелердегі көріністердің өзін ғылыми дәрісті қызықты етіп оқитын білімпаз профессордай тартымды баяндап береді: «...Мақталық — кіл аппақ көбелек, Балқыған ұйқысы еш қанбай» немесе «...Таң атқанша, қалар-ау өріктерге Кіл жаңа түсініктер түйінделіп» әйтпесе «...Көк пойыздағы жолаушылардай көп жұлдыз, Арыстың ерке толқындарына тиелген»... Мақталық, өрік, Арыс, әрине, біздің (сіздің) ауылдың бұйырмысы емес. Сол себепті бұлай жаза алмауға
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір толық хақымыз бар. Ал біздің (сіздің) ауылдың меншігінде бар дүниелерімізге осы Нармаханша көз тастап көрдік пе екен: «...Қураған пішеннің иісі Жедел жаз мұңындай»; «...Алыста маялар қараңдайды Шырағын жақпаған үйлердей», «...Марғау мая мөлиіп, Шөмиеді шөмеле»... Осы пішен, осы мая, осы шөмеле, шіркін-ай, бізден де қалған жоқ па еді?! Неге осылай жазбадық?! Басқаның емес, жалғыз ғана шөптің өзінен көп тармақ таратуға болады екен ғой: «Шікірейіп жатыр шытыршөп, Шіркей тірлікке шыр бітіп»; «...Саршатамыз — шөпке қонған жез үміт»; «...Қарайтын сәлсәл сығалай, Ақтаспа шөптің ұнауы-ай!»; «...Түйешөп — торының төбеліндей»... Әрине, бұл ретте «шөп те өлең, шөңге де өлеңді» (Абай) қисындаудың еш жөні жоқтығы көрініп-ақ тұр. Осыдан соң табиғат туралы жазылған өлеңдердің табиғи бояуларының қаншалықты қанықтығы туралы ойға қалмауға болмайды екен. Ал оған қоса қайран табиғат поэзияда ғана емес, прозада да (көркем әңгімеде, хикаятта, романда) қандай роль атқаратынын да жолшыбай айта кеткен мақұл тәрізді. Бұлай саралай бастасақ, Нармахан ғұмыр кешіп жатқан оңтүстіктің табиғаты өз топырағынан шыққан қаламгерлерге еш кінә таға алмайтын-ақ шығар. Ақын Тоқаш (Бердияров), прозашы Тәкен (Әлімқұлов) тәрізді айтөбел ағаларымызды айтпағанда, қазір осы Нармаханның қасында жүрген Мархабат Байғұттың өзі әлдебір кейіпкердің ішкі дүниесін қалайша ішек-қарнындағы қылтанаққа шейін мөлдірете шебер суреттесе, сол пенде өмір сүріп жатқан өңірдің талшөптерін солайша мұқият зергерлікпен іңкәрлана бейнелеп береді. Мархабаттың, айталық, өсімдіктерді тікелей әспеттейтін «Киікоты» мен «Таскекіре» тәрізді әңгімелерін айтпағанда, басқа туындыларында да долана мен жалбыз, қарасора мен қызыл тікен, қара тал мен ақ терек... сырт қалмайды және олар шығарманың бөлекше дәмін сездіріп тұрады. Сол оңтүстіктің біршама байлығы — Отырар, Шардара аудандарына, ептеп Арысқа кіретін кәдімгі Қызылқұм немесе
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Жамбыл облысымен бөлісілетін Мойынқұм құмды алқабы яки шөл. Осы шөлді жырлаған талай ақындар бар, бірақ Нармахан таныстыратын шөл есте қалып қоятын эпитеттерге толып-ақ тұр: жүдеубас жусан, желбұйда жыңғыл, тіс тырнақтаған сексеуіл, сынықсыған самал, қысыр қыдырысты жел, қисықтабан құйын, қаңсыған аспан, отсыз өрт, тақұлтұқыл тамшылар, жүдемелі жапан, демігулі дөңес, тасмешел тау, арса-арса ағын, оны аз десеңіз, күйрек кемсең, жалғансыз жалыныш, қанағатсыз үміт, үдемелі үрей, тұйық тұңғиық, жұбанышқа ұмсынған уайым... Міне, осылардан соң Нармахан ақынның «Мен — шөлмін шөлдеген» дейтін поэзиялық-деректі анықтамасына қол қойып, мөр басуға болады-ақ. Мұқағалидың барлығымызға таныс, музыкасы да келісті (Н.Тілендиев) «Саржайлауы» тыңдарманды жұпар дәмге қаншалықты қандырып отырса (Жазира, жасыл кілем өрнектеген, Туған жерге, дариға, жер жетпеген...), Нармаханның шөл туралы топтамасы әлдебір тасмұздай сусынды соншалықты діңкелете аңсаттырып отырады. Міне, осыдан келіп қай өңірдің қандай табиғаты қай ақынға қаншалықты риза болмақтығы туралы бір бүйір сауалдар көлденеңдеп өте шығады. Әрине, ақындардың бәрі бірдей табиғатты жырлауға міндетті емес. Тіпті міндеттелген күнде де бұл тапсырманы үздік бағаға орындайтындар көп табыла қоймас. Сол себепті де тек дала шөптерімен ғана емдейтін тәуіптердің аз болатыны сияқты, өсімдіктер әлемінің тілін білетін ақындар да мол кездесе бермейді. Өсімдіктер тілін, әрине, алуан климатты, сан бедерлі ұланбайтақ мемлекеттің тұрғындары — көшпелі тұрмыстың қыр-сырын жетік меңгерген қазақтар еш сырт жұрттан кем білмейтіні анық: «Жалғыз арша», «Топ шеңгел», «Шилі өзен», «Ақ қурай», «Бүлдірген»... Рас, әуелгіде бұлар қыздарға қосымша көрік беретін сүрме, опа, далап секілді екінші санаттағы рольдердің міндеттерін атқарды: «Шилі өзен қамысы-ай, Бізді ойлай жүр таныс-ай» немесе «Бүлдірген, Қандай жақсы құрбылармен бір жүрген»... Бертін келе, ХХ ғасыр кірген шақта қоршаған орта шын сырласқа айнала бастады. Мысалы, «Қайғылы қайың! Қалың уайым Басқан
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір сені, Жазды ойлап...» (Мағжан) әйтпесе «Айтшы, қайың, Айналайын, Еркетайым қайда екен...» (Бернияз). Мұқағалидың «Жапырақ-жүрек, жас қайыңының», басқа да белгілі (белгісіз) қайыңдардың поэзияға тасқындай енуінің бастапқы негіздері осындай кезеңдерде жатқанын ескеру немесе бұның себептері мен салдарларын шетел (әрине, орыс) әдебиетімен салыстыра зерттеу, сөз жоқ, өз алдына бөлек әңгіме, кезекте тұрған әңгіме. Ал Нармаханға оралсақ, ол, шүкір, біздің көпшілігіміз тәрізді қайыңмен шектеліп қалмайды: «...Табанын тоңға тіреген Тікбақай терек тоңып тұр» немесе «...Иілсе де иланбай, Шілмиеді шіліктер» әйтпесе «...Сойдақ сүйек сияқтанып сексеуіл Көкке қарай құйын шүйке созады» болмаса «...Жұбатты жұмбақ жұбаныш Жалаңаштанған жыңғылды», сол сияқты: «...Қарағайлар бір-бірін Қосарлана қостайды», «...Іркілместен ілгерілеп іңірің, Созады жел самырсынның сіңірін», «...Арша керіс-кейіссіз Қыдырады тау жақпен»... Байқап отырсыз, бұл жолдарға ақын өзін кірістірмейді, бірінші жақпен сөйлемейді, ішкі сезімдерін қосарламайды, ылғи үшінші жақпен үн қатады, сырттай ғана бақылайды. Содан ба екен, икемі барлардың тек осы егіз жолдарға ғана қарап-ақ әлдебір пейзаждық полотнолардың нобайларын қағазға түсіре қоюына болатын сияқты. Жалқы атауларды (яғни әрбір нақты ағашты) осылай бедерлі бейнелейтін ақын жалпы атауларға келгенде де еш шідерленбейді. Бір ғана шумақтан тұратын мына өлеңді оқиықшы: Шілдеде шаңқан күні ыстық Үлбіреп көкте уыс бұлт, Ентігіп отыр талдарда Кенезесі кепкен тыныштық. Осындағы бүкіл сурет «ентігіп отыр талдарда» деген бір жол арқылы ғана анық айшықталып отырған жоқ па?! Әйтпесе шілденің шаңқан ыстық күні мен үлбіреген бір уыс бұлт немесе кенезесі кепкен тыныштық тілге талай рет оралған тіркестер ғой.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Жаз туралы әңгіме қозғалып қалғасын, жалғастырып айта кетелік, көктем мен күзге қарағанда, орта есепке жүгінсек, жаз айлары туралы өлеңдер аздау. Ал жаздың «жазықты» болатын себебі біреу-ақ: бұл мезгіл көктем тәрізді аса шаттандырмайды, күз сияқты көбірек күрсінтпейді. Жаз жайында жыр іздегенде «Жаздыгүні шілде болғанда...» (Абай) тілімізге алдымен іліге беретіні сондықтан. Ал Нармаханның жинақтарындағы жаз кәдімгі жанды көріністерімен көз тартады. Мынау таң алдындағы сурет: «Шәйі шұғыла таралып, Ару Айдан әр тайды. Қара шашы ағарып, Қараңғылық қартайды» немесе «...Ояңдағы көлеңке Оянайын деп жатыр». Бақшалықтағы түскі шақ ше: «...Тыныштық тоя тырсиып Тұр сыйып зорға қауынға». Түн: «...Жалбыз жұпар масаңсытқан бұлақтар Жұлдыз көріп жатқан шығар түсінде». Көл жағасын барлаңыз: «...Қонақтап отыр қамысқа Үпелек-үкі үлпілдеп». Көкке көз салыңыз: «...Шаң шатырланып тұрды аспан». Құм кешіп көріңіз: «...Өз ізің өз өкшеңе сорғалайды». Жаз туралы сөзімізді осымен тұйықтай тұралық та, сәл шегінелік. Мысалы, көктемді гүлсіз, жапырақсыз, шалғынсыз, тіпті жылы жақтан қайтқан құстарсыз суреттеуге бола ма? Нармаханға айтқызсаңыз, әбден болады: «...Мұз жылы жымияды» немесе «...Көңілі босап қардың да шатырдағы, Төмен қарай сырғиды сусып бірден» әйтпесе «...Көкжиек белуардан су кешіп тұр» болмаса «Кешке дейін әлденіп алайын» деп, Үйсіз шапақ ұйықтады көлшіктерде», сондай-ақ: «...Иіс сабындай бұлттар да көпіреді». 1976 жылы кездескен аруға айтылған «комплимент»: «...Көктем масаңсып жатқандай Сіздің жалаңаш иықта». Енді күзгі шаққа іркілейік. Беу, дүние-ай, сыршыл Нармаханда пенденің көңілін құлазытуға тым бейім осы мезгілдің қаншама қамкөңіл суреттері бар. Басқа өлеңдерге обал жасамау үшін үш жинақтан үш-ақ шумақ алайық. Ыдырап құстардың ұйымы, Үркердей топ торғай үркеді. Күй кешіп бұйығы, Жағажай бозғылт дым бүркеді...
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Бұл — «Жиде жұпар шашқанда» жинағынан алынған жолдар. Енді «Жотадағы жолға» назар салайық: ...Бұлт тұтаса түтіндейді, Жиегінде жезі қалмай. Көлшік сөзін бітірмейді, Сыпсың-сыпсың сөзуардай... Ақынның бұлардан кейінгі «Ботагөз бұлақ» жинағында да аз сөзге көп сурет сыйып кетеді: Ызғарда ықсыз ыздиып, Қоңторғай тартты теректер. Шыланған шықтан мұз жиып, Жапырылып жатыр желектер... Міне, осындай шырайлы поэзиялық шумақтардан соң біздің ақынымыздың бірде қату, бірде тату қытымыр қыстың мінезіне де лайық теңеулер таба алатындығына күмәндана алмайтын шығармыз. Жарайды, бұдан да үш шумақтың дәмін татайық: «...Қаңтардың күміс құрамы Сымдарды селкеу жібермей, Жайлы орын таба алмай жүр әлі Бұрқасын үркек үрейдей» немесе «...Созып сылбыр сыбысты, Сырын айтып жатты бақ. Дәйектейді әр дыбысты Салқын ауа сақ құлақ» әйтпесе «...Жүріс-тұрыс жылыстап, Ән зым-зия ағындай, Сазарады шығыс жақ Қаязыған қамырдай»... Құрметті оқырман, қаншама жырлардың дара немесе егіз жолдарын, әрі кеткенде, жеке шумақтарын ғана мысалға алып отырғанымыз үшін кінәлай көрмеңіз. Егер солардың барлығын тұтас өлең (өлеңдер) күйінде ұсына беретін болсақ, бұл жазбамыз мақала емес, Нармахан Бегалыұлының түсініктемесі қоса берілген «Таңдамалы өлеңдер» кітабына ұқсап кетер еді. Бұл — бір. Екіншіден, өз өлеңдерінде философиялық түйіндемелер мен әлеуметтік сарындардан гөрі қазақы яғни ұлттық өрнекке, соның ішінде тілге алабөтен ықылас танытатын тамаша лирик (тіпті де эпик емес) Қуандық Шаңғытбаевтың Нармахан өлеңдерін оқып болғаннан кейін жазған мынадай сөзі бар: «...Құрт ішкендей құмардан да шықтым». Бір мақаласында Есенғали осы Қуан ағамыздың қазақ тіліне қосқан тың сөздерін тізбелеп бергені де есімізде қалыпты. Талғампаз
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ағаның сол қасиеті жұққан інілерінің бірі де бірегейі осы Нармахан болса керек. Қаламгерлер өз сөздерін өздері танып қалып жатса, кешірім өтініп қайтып береміз, дегенмен, кітаптарды аз оқитындығымыздан ба екен, мына сөздермен тұңғыш рет кездескенімізді жасырғымыз келмейді: мейрамкөз, тазагер, меңзелдес, сәулеңке, көзсұрақ, сылқымсоқ, мұқылыс, гүлнәзік, кеуім, бейсәрі, әсемсал, қиракезік, тұқырылған, дүмбілденген, зеккісіз, дәмегей, демеугөй, күмілжім, бейтойымдық, жермешел, күйзеу, жылтыңшыл, желпең, аңырт, күйіркелесу (шүйіркелесу емес), желқабыз (желқобыз емес), бәз-бәйекшіл, еңіз-теңіз, ызыңқиың, ежіл-ғұжыл, зәу-сайтан, бода-бода, ымдас-жымдас, алқып-шалқып, алғай-шалғай, жәп-жайын... «Бірте-бірте» деген қос сөз әлдебір көріністі бейнелеу үшін жетімсіз болып қалған шақта «Безенді бірте-біртелей» деп созып әкету немесе «Күрсін демің ерініңде мұздайды» деген жол арқылы «күрсін дем» дейтін жаңа тіркес жасау да (қолдасаңыз да, қолдамасаңыз да) осы Нармаханның ізденгіштігінің бір белгісін байқатады. Осыншама сөздердің қаншасы жалпы сөздік қорымызды жатырқамай, кейін етене сіңісіп кетерін кім білсін, әйтеуір, дәмсіз газеттік-ақпараттық лексикаға жаппай көшуге бет алған қауіпті шағымызда мұндай тілжандылығы үшін Нармаханға анда-санда болса да иіліп сәлем беріп қоюға тиіспіз. Нармаханның ешкім ортақтаса алмайтын жеке ерекшелігін, міне, осы арадан іздегеніміз жөн секілді. Ол табиғат туралы сөзді көпшілігіміз тәрізді өзінің пенделік көңілкүйінің құбылысына қарата бейімдемейді. Расында да, жаныңыз жаураса, көңіліңізді бұлт басқан аспанға теңеудің, ал шаттана қалсаңыз, жүрегіңізді көктемнің жасыл жапырағына ұқсатып желпілдетудің не қиындығы бар, жаңалығы қане?! Ал Нармахан табиғаттың авторлық құқына қол сұғуға құмар емес, оның өлеңдерінде табиғат ақынға емес, ақын табиғатқа қызмет етеді. Мысалы, күзді бақылайық: «...Ортайған от шарап шілдені Салқын жел сіміріп салғандай» немесе «...Сескенбестен секіреді Жаңбыр сидаң сирағымен». Ғафу аға Қайырбеков осындай жолдарға
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір мықтап сүйсінген: «...Ол (Нармаханды айтады) желдің дірілін, шөптің сыбырын, шегірткенің өлеңін, ауаның ыстығын сезгіш, көргіш, жырлағыш. Алыстағы сыбызғының даусын естігендей боласың. Оның өлеңдерін мен сағынып жүремін». Міне, осыдан соң орыс табиғатына зор еңбек сіңірген, сол еңбегі ешуақытта айтылмай қалмайтын Афанасий Фетті қазақ тіліне, басқа ешқайсымыз емес, тап осы Нармаханның аударуы ұлттық әдебиетіміздегі ең оң шаруалардың бірі болғандығын мойындамасқа амалымыз жоқ. Бірден дәлел келтірейік. Афанасий Фет бір өлеңін былай бастайды: Спи — еще зарею Холодно и рано; Звезды за горою Блещут средь тумана... Бұл, әрине, заманында Мағжан еліктеген (мысалы, «Біраз Фетше») Афанасий Феттің, айталық, алғашқы бестікке енетін ең үздік шумақтарының бірі емес. Бірақ осы шумақтың қазақша нұсқасы біздің бүгінгі аудармамыздың үздік үлгілерінің бірі екендігін елемей қою және мүмкін емес. Оқиық: Әлі салқын, әрі ертерек, Ұйықта шапақ көрпесінде; Біраз жұлдыз жүр еркелеп, Тұманды тау желкесінде... Қайырыла назар аударыңызшы, шапақ көрпесі мен тұманды таудың желкесі қандай жанды суреттер болса, «холодно и рано» деген жолды ақынның «әлі салқын, әрі ертерек» деп аударуы сондай айшықты. Ал «звезды» деген жалпылама атаудың «біраз жұлдыз» болып тәржімалануы немесе «блещут» деген етістіктің «жүр еркелеп» болып қисындалуы шумақты тіпті құлпыртып жіберген-ақ. Ал мына шумақ ше: Теплым ветром потянуло, Смолк далекий гул. Поле тусклое уснуло, Гуртовщик уснул. Аудармашы Нармаханның тілге ықияттылығы сондай,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Фетте жарасымды қайталанып тұрған «уснуло, уснул» деген сөздерді қазақша да солайша қайталап беретін болса, әлдене жетіспей тұрғандай болып көрінетінін алдын ала аңғарып, басқаша соқпаққа салады: Жәп-жайын жылы жел есті, Алыс сарын тұйықталды. Көз ілді дала көмескі, Малшыға ұйқы ұйып қалды. Тамсана оқитын аудармалар осындай болады екен. Тіпті осы арада жаңадан «жәп-жайын» деген сүйкімді тың қос сөз пайда бола кетеді. Қызық-ау, Нармахан біздің көзіміз жас кезден үйреніп қалған «Бегалиев» деген фамилиясын «Бегалыұлы» деп оп-оңай аудара салғанындай орыс Фетті де қазақшаға еш қиналмай «қотара» қойған секілді. Оның Феттен аударған 35 өлеңі (яғни орысша, қазақша мәтіндер қатар берілген «Лирика» кітабы) — кәнігі аңшының қанжығасына сирек байланатын тосын олжа. Нармахан ақынның Константин Симонов атындағы халықаралық сыйлыққа ие болуының осындай заңды астарлары бар. Енді сәл шегінейік. Мақаламызды осы жерге дейін оқып келе жатқан оқырман «сонда Нармахан табиғаттан басқа тақырыптарды қозғамаған ба» деп ойлауы да мүмкін-ау. Неге қозғамасын, қозғады, тіпті топтамалар жазды, поэма («Жарықшақ») ұсынды. Мысалы, «Жиде жұпар шашқанда» жинағында Ұлы Отан соғысына арналған топтама бар: «Мырзай шешей», «Мұса Жәлел», «Мүгедек монологы», «Жесір сөзі»... Осы топтамаға қатысты бір фактіні кірістіре кетелік. Нармаханның жиі араласқан ағаларының бірі — Сырбай Мәуленов. Кітабы көп Сырағаңның інісіне арнаған қолтаңбалары былай болып келеді: «Өлеңі толған образ, ойлы, суреткер ақын інім Нармаханға» немесе «Қазақ өлеңінің домбырасы — Нармаханға, домбыра сағасына тағылған пернеге!». Сол Сырағаңның «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңін білмейтін сауатты оқырман жоқ шығар. Ал Нармахан «Соғыстан қайтпаған солдаттар» деген өлең жазды: Төсеніп көк мұз бен ақ қарды, Сыналып сұмдықтың бәріне,
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Тылдан келетін хаттарды Олар аңсайды әлі де. Ажалдың қанатын көтеріп, Қыңсылап, қан қақсап зәрлі оқтар, Тұрғанда зеңбірек жөтеліп, Майданнан қайтпайды ол солдаттар. Күтумен шаштары ағарды Соғыстың ең соңғы шешімін. Қуатқан жоқпыз біз оларды Хабарлап немере есімін. Аттанды белгісіз, хабарсыз, Жанжалсыз етуге жер үстін. Өтті ғой оларсыз Парады жаралы жеңістің. Жеткен жоқ оларға Информбюродан соңғы ақпар. Ұрандап барады әлі алға Соғыстан қайтпаған солдаттар! Жоғарыда келтірілген қолтаңбаларын осы өлең жарық көргеннен кейінгі кезеңде жазғанын ескерсек, інісінің бұл тапқыр үндестігіне Сырағаң риза болған болуы да керек. Нармаханның қаламынан сондай-ақ тарих тылсымына бойлайтын «Отырар оты сөнбейді», сапар-саяхаттан туған «Рязань — риза көңіл», көкберен әлемді көркемдеген «Теңізді тереңдік тербейді» тәрізді топтамалар мен қабырғалы елдің, қалың бұқараның әлеуметтік сырларына сүңгіген көптеген өлеңдер төгілгенін де айта кеткеніміз мақұл. Сондай шақтарда нәзік үнді Нармаханның қатулана қалатын жайлары да кезігеді: «Таусылған шабытқа Ұқсап адам жатты суық табытта. Тауы сынған сол кісі Секілденді тіршіліктің мұздап қалған күлкісі». Ал Отырарға «...Қоңырайып қалдым қолатта, Ұясына енді ұзап Ай. Сен жоқсың... Барсың бірақ та, Ыдырамаған ызадай» деп тіл қатады.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Дегенмен, Нармахан талантының ең сәулелі тақырыбы — табиғат. Ол тіпті елдер мен мемлекеттердің өзін Алла сыйлаған осынау тылсым табиғатқа бас игізіп қояды: Аязға Алатауда сірескен Наурыз тұр төменде әл бермей. Бүршіктер болашақ үшін күрескен Бостандық сүйгіш елдердей. Жібітіп тоңды қыстайғы Түседі мезгіл көк терге. Жайсаң жапырақтар ұқсайды Тәуелсіз мемлекеттерге. Рас, соншама есі кете ізденетін, небір інжу-маржанды тапқыш ақын кейде абайсыз арзан тақпаққа жол беріп алады: «...Аңдаусыз тұма тас-тұнық, Алғаусыз аспан, жас бұлт. Есімде ұяң ишарат, Ибалы жастық — жақсылық». Сондайақ ақынымыз қайта қараса «Білесің асқақтауды, кішіруді» деген сияқты жолдарды да мөлдіретіп түзете қояр еді. Олай дейтініміз, Нармахан көне заманның адал бақсылары тәрізді шапағатшыл сиқырлы әуезбен арбаудың да тамаша шебері. Мысалы, «Желеуі желдің жебейді Жерімнің жирен тозаңын» деген тәрізді сымбатты жолдардың біразын мақаламызды ерінбей қайыра бір шолып шықсаңыз, адаспай табасыз. Бірақ, бұл ерекшелік те, әрине, қосақ арасындағы сөздің емес, жеке әңгіменің жүгі. Ал созылып бара жатқан мақаламыздың негізгі тақырыбын тұйықтасақ, қазіргі қазақ поэзиясында табиғатты өз бояуымен жырлау тұрғысынан келгенде Нармаханмен таласа алатындар некен-саяқ, бәлкім, жоқ. Әрине, М.Әуезов айрықша тамсанған «Жетісу суреттерінің» «Жер түгі» бөлімінде ағаштар мен өсімдіктердің 80-нен астам түрін бейнелеген Ілияс Жансүгіровті әйтпесе өлеңдері гүлшөптермен тыныстайтын Жұматай Жақыпбаевты еш ұмытпаймыз, басқа қаламгерлерді де ескереміз. Сонда да сегіз ұлдан Ертөстіктің бір бөлек болатыны секілді табиғатты әспеттеуде Нармаханның да жөні бір бөлек екендігіне дау
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір айту қиын. Егер қиыннан қиыстырар жарнамашыларға жиендік жасасақ, қазір біз сағынып көрісетін «экологический чистый» дүниелеріңіздің талайы (әрине, көркемдік, сапалық тұрғыда да), ең алдымен, осы Нарағаңның қоржынында жатыр. Бұл құр қолпаш емес, расында да, әуелі есепсіз ептілікке еліктіріп, енді өзекке тебе бастаған өркениет пен ахуалы күдікке көбірек сүйрейтін ахлақтық (моральдық) нормаларға ренішті лептегі мағыналы, мағынасыз жырлар тасқыны алға түсіп тұрған мына заманда Нармахан Бегалыұлының тұнық үні мен тымық самалы, жүйкеңді тыныштандыратынын былай қойғанда, жаратылыстық негізіңді еске салып, жүрегіңді жібітеді, мейіріміңді оятады, Ф.Достоевскийдің «Нақұрыс» романындағы осы күнге дейін әрқилы талданып келе жатқан әлгі қағиданы қайталатады: «Красота спасает мир». ...Кеше ғана, газет тілімен айтқанда, табиғат аясына шықтық. Жапырақты, жапырақсыз ағаш, талдар мен гүл, шөптер сәлемімізді де алмады. «Танымасты сыйламас» дегеніңіз осы. Расында да, олар жік-жапар болатындай біз кімбіз?! Біз Нармахан Бегалыұлы емеспіз ғой. Өкпелемедік, тек әлденеге өкіндік...
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ТАБЫЛДЫҢ ӘНІ ...Үтірмен Сені бітірдім, Бітірмей, жырым, нүктемен. Бергі жағында үтірдің Өлең-өмір тұр бітпеген. Табылды ДОСЫМОВ. Әлбетте өлең қуған жастың ақындар қатарына қосылуы ұзынсонар тізімге ілігуден басталады. Ал бұл тізімге негізінен жеке жыр жинағы әлі шыға қоймаған немесе «Жас қанат», «Жас дәурен» деген тәрізді топтамаларға енген әйтпесе мардымсыз көлемдегі бірді-екілі биттің терісіндей жұқа кітапшалары жарияланғанына кәдімгідей риза боп жүргендердің есімдері таңбаланады. Мәселе онда ғана емес. Мәселе әуелі бұл тізімді кім жасағанына келіп тіреледі. Қателескен жоқ па? Дөп басты ма? Фактімен сөйлейік. 1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі Иранбек Оразбаевқа (қазіргі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Иран Ғайыпқа) берген сұхбатында әйгілі Әбіш Кекілбаев «...Қай-қайсысының да сөз саптауынан орашолақтық, аяқ тастасынан солқылдақтық таба алмайсыз» деп 13 жас ақынның аты-жөнін айтып өтіпті. Осылардың ішінде кейін, басқа сыйлықтарды былай қойғанда, даусыз талантының арқасында Мемлекеттік сыйлық алған бір ақын бар, ұсынылып, даусыз лайық бола тұра сол Мемлекеттік сыйлықты ала алмаған екі ақын бар. Әрі-беріден соң әңгіме сол бар болғыр сыйлықта да емес, әңгіме басқада — қазір осы шоғыр туралы қазақ әдебиетінің бар-жоғын түгендеп жүргендер жаңылыспай тиянақты пікір
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір айта алады. Біз бір ғана тізімге әлдеқалай тоқталып өттік, әйтпесе одан бергі кезде де Жазушылар одағының пленумдарында, әдеби жыл қорытындыларында Сейфолла, Исраил, Несіпбек, Ұлықбек, Ғалым... жасаған баяндамаларда талай тізімдер ұсынылды. Одан соң да талайлар талай тізімдерді оқыды. Бір тәуірі, жас қаламгерлерді, қалай болғанда да, осы тізімдер әйтеуір аз да болса, мерейлендірді, қанаттандырды. Дегенмен, айтпағымыз бұл да емес. Осындай тізімдерге Табылды Досымовтың фамилиясы ілікпейтін. Себебін ойлап табу да аса қиын емес сияқты. Біздіңше былай. Табыл (курстасым болмаған соң ба, оның шын аты Табылды екенін күні кешеге дейін білмеппін де, дегенмен басқалар секілді мен де Табыл дей берейін) өз тұстастарымен қатарласа жинақ шығарған жоқ. Бәлкім, өлеңдері аздық етті, ал көп өлең жазуға тәбеті шаппады немесе сол кездері кітап жариялауды мақсат та еткен жоқ. КазГУ-дің (қазіргі әл-Фараби атындағы университеттің) тарихында, әрідегісін кім білсін, біз көрген беріде қатарқұрбысын әнімен һәм өлеңімен қатар тербеген ерекше екі талант болып еді. Біріншісі — Бауыржан Үсенов. Рас, Бауыржан — өлең мен ән ғана емес, өлең мен ән және... домбыра еді. Бертінде жазылған «Кешкі бөлме. Бауыржан Үсеновтің әні» дейтін өлеңімде сол студенттік бозбала шақтың бір суретін көз алдыма елестеткем. Дәметпесек те боз биенің сорпасынан, Қара шайды қымызға ішелік теліп. Себебі, ХІХ ғасырдың ортасынан Отыр, міне, Бауыржан Үсенов келіп. Терезеден үңіледі оймақ-аспан, Хабарымыз мол — Біржан кім, Ақан кім? Тыңдайды, түбі қартаятынын ойламастан,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Ай-хай, иелері болашақ мұрт пен сақалдың. Әзірге армансызбыз жастауларымыз, Көбірек тамсанады ағаларымыз. (Қыздар, неге жоқ шашбауларыңыз, Қайтер екен кейін біздің балаларымыз?) Беу, аққулар айдын бетінде жүзіп керілді, Біз қыран болып қызыл түлкіге түселік пе? (Қыздар, сыйласаңдаршы жүзіктеріңді, Сері Бауыржан Үсеновке). Ол — өкіл еді ежелгі елшіліктегі, Табысқысы келді гүлдері құлпыра беретін бақпен. ХХ ғасырдың кемшіліктері Түзелмеді, әттең. Сосын бөленіп тағдырдың торқасына, Әуеніне қаншама құс еріп, ...Кетіп қалды ХІХ ғасырдың ортасына, Қайтадан Бауыржан Үсенов. Ал Табыл туралы бұлай жаза алмайсыз. Себебі, қалың жұрттың көңіліне берік орныққан пайым бойынша, ол — өлең мен ән және... гитара. Ол өзінің ән-өлеңдерін гитарамен орындайтындықтан, бізге сырттан келген анықтама бойынша, бард. «Википедия» былай дейді: «Бард (от кельт. *bardos) — певец или поэт; как правило, одиночный исполнитель песен собственного сочинения. Бард — поэт и певец в Средние века. Бард — представитель авторской песни; в более широком смысле — автор-исполнитель». Әрине, өзі мәтінін жазып, өзі музыкасын шығарып, өзі орындайтын «автор-исполнительдер» бұл қазақта жеткілікті, бірақ Табыл Досымовтың жөні тым басқа еді ғой. 2013 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан (демеушілік
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір жасаған осы «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммедке көп рахмет) «Із тастап аққан бір жұлдыз...» атты кітапты құрастырғандар (Жұмабай Құлиев, Серік Жанболат, Қаншайым Байдәулетова, Тәуірбек Жұмабергенұлы) Табылдың туындыларын мынадай бөлімдерге жіктепті: Лирикалық әндер. Бардтық әндер. Өлеңдер жинағы. Осыларды қарасаңыз, расында да Табыл тек қана бард емес екенін аңғарасыз. Дегенмен Табылдың даңқын жайған бард үлгісіндегі өнері екені және рас. Бір ерекшелігі, әсіресе, жетпісінші жылдардан бастап, әсіресе, сол кезде пайда болған «Дос-Мұқасанға» еліктейтін ансамбльдер сахнаны жаппай жаулап алғаннан бастап гитара тәрізді еуропалық нұсқадағы шекті, шексіз аспаптарға біртүрлі қауіппен (әрине, домбырамен теңестіруден шошынғандықтан) немесе сол қауіпке жетелейтін аз-мұз күдікпен қарайтындардың өзі, ес тоқтатқандарды былай қойғанда, егде тартқандардың өзі, Табылдың гитарасын жатсынған жоқ. Түбі осындай бір ерекше дарқан таланттың келетінін сезгендей, сол сезім алдамағандай бір күй-көңіл пайда болды. Расына келгенде, жаңылыспасақ, Шоқанның досы, орыс зерттеушісі Г.Потанинге үнемі «ән салып тұрғандай болып көрінетін қазақ даласының» жұрты басқа ұлттардың ән-күй аспаптарына тіпті де бойкот жариялап көрген емес. Құлақпен тыңдап, ішпен түсінетін музыканы былай қойғанда, бөгде тілді де жатырқамай, «Қарағым айналайын, черный көзім, Никогда не забуду айтқан сөзің» деп құрыққа сырық жалғап жіберетіндер де осы қазақтар емес пе еді?! Ал, сырнай-гармонь ше? Сыр сүлейлерінің жалғасы Нартай Бекежанұлының «...Сырнайын ақын Нартай қолына алсын, Жаңғыртып аспан астын әнге салсын» дегенін қайда қоясыз, гармоньмен ән әуелеткен Майра Уәлиқызы мен Шашубайды қалай ескермейсіз?! Айталық, «Менің атым Майра, Түрлен, әнім, сайра. Әкку-рәрә, рира-рәрә, Рира-рәкім, рира-рәрә» деген қайырманың әр жағынан гармонь үні естіліп тұрғандай ғой. Міне, осы фактілерді саралай келгенде, бұл дүниеге
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Табылдың да келмейтін жөні жоқ екен-ау. Жігіттер, артық айтсам, кінә тақпа, Батайық күліп-ойнап рахатқа. Өмірден кәрі де өтер, бәрі бекер, Берілген тірлік бізге прокатқа, — деген тәрізді шумақтар гитараға қосылуға, оның ішінде бардтық әуенге өзінен-өзі сұранып тұрған сияқты ғой. Ал «Асан қайғыны аңсау» ше? Табыл ұланғайыр қазақ даласын (қазақ даласын ғана ма?) тұтас шарлап өткен Асан ата Атырау өңіріндегі Дендерге де түйе шалдырып өткенінен бастайтын бұл бардтық әнін сол бабаның еш хабарсыз ізімқайым жоғалған себептерін болжалдаумен әдіптейді: Асан қайғы атам неге кешікті, кезікпеді ме гүл-мекен?! Ел айтушы еді бекерден-бекер кешікпейді деп бұл көкем. Атоммен жемдеп корабльдерін күрлеген біздің ғасырға, Желден де жүйрік желмаясы жете алмай қалып жүр ме екен?!. Осы туындының екі өзгеше тұсы бар. Біріншіден, көне аңызға өзек болған Асан қайғы бабамыздың Жерұйық іздеп жүріп, қай өңірге барғанда не айтқаны баяндалғанмен, оның сол сапардан қашан, қалай оралғаны, расында да, айтылмайды екен. Екіншіден, Асан қайғы, түйе, дала атаулары әлбетте домбыраға әйтпесе қобызға, тіпті симфониялық оркестерге арналған шығармаларға енгізілсе, мұны қалыптасқан заңдылық ретінде қабылдайтынымыз анық. Ал бұл оқиғаны әншінің үлкен сахнада бардтық әуенмен айтып тұрғаны, сол әуенде желмаяға атом мен корабль терминдерінің қосақталуы кәдімгідей бөлекше әсер береді екен. Біздіңше, осы шығарма домбырамен орындалса, әлгі тұшынуымыздың дәмі тіл үйірмей қалатын секілді. Өз өлеңдерін бардтық әуендерге осылайша бейімдейтін Табылдың көкірек-көзі басқалардың да осы ыңғайға жығылуға бейім өлеңдерін тез таниды. Қазіргі замандас ақынымыз, ол кезде жас қаламгер Светқали Нұржановтың сәйгүлік туралы
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір өлеңі әуелде «Жалын» журналында жарияланғанын, оған қазақ әдебиетінің тарланбозы Әбділдә Тәжібаевтың шын жүректен жылы лебіз айтқанын ұмыта қойғанымыз жоқ. Сол кезгі (тіпті қазіргі де) қабылдауымыз бойынша әнге қосуға тіпті де мүмкін еместей көрінетін осы өлеңді Табыл бірден тап басыпты: Кездерде кейде қара бұлт айды бүктеген, Үйіме үнсіз түнеріп, қайғырып келем. Талықсып жатып содан соң, кетемін ұйықтап, Ұйықтап кетсем, түсімде сәйгүлік көрем... Сондай-ақ бардтық әнге лайықты мәтіндер іздеген шақта Табылдың назарына өмірден тым ерте өткен, есімі енді ғана қайтадан жиі айтыла бастаған Марат Отарәлиевтің «Елге сәлем» атты наз бен мұң қатар арбасқан өлеңі немесе Жарасқан Әбдірашевтің 1971 жылы жарық көрген «Найзағайлы жаз» жыр жинағында жарияланған, бозбалалық дәуреннің бір естелігіндей болып қалған, «...Оралған шығарсың мұңды боп, Баянды махаббат портына» деген жолдармен аяқталатын өлеңі ілігуі — талғампаздықтың үйреніп алатын үлгісіндей-ақ. «Ақынды ақын оятпаса, болмайды...» (Мұқағали). Табыл оята да білді, ояна да білді. Оның Ақан серіге арнаған, алматылық студенттік тіршіліктің бір сәтін бейнелейтін, тағы да қайталап айтайық, бардтық үлгіге салмаса, домбыраға жүгінсе, бояуы көз тартпайтындай көрінетін тағы бір әнін тыңдаған-ақ шығарсыз. Жастық атты, Жастық атты, Жастық атты жүргенде дүрбелеңмен, Аруларға ғашық боп қызғанарлық. «Таң асырып торыны» мінбегенмен, Қылаңдарға таксилеп біз де бардық, —деген жолдармен басталатын, одан әрі «Сіздікіндей көк бұйра болмағанмен, Көсіп-көсіп шақшадан біз де атқанбыз» немесе «Екеуара бір шапан» жамылмай-ақ, Бір қолшатыр астында сырласқанбыз» әйтпесе «Енді қашан, ағажан, келесің?» — деп, Әлгі арудың жәудіреп қалғаны шын» деп жалғасатын
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ән-өлеңі сауықты түнді сарғайған таңға жалғастырумен тәмамдалады: Шақшамды алып, Шақшамды алып, Шақшамды алып тағы бір көсіп, күліп, Жыр құрадым баяғы ақындардай. Таң алдында трамвай тосып тұрып, Қиналғаным болмаса атым болмай. Осы әнді тыңдап (оқып) отырып, Ақан сері де ғашықтықтың шырғалаңдары туралы талай (бізге жеткен, жетпеген) әндерін қазіргі студенттермен шамалас бозбала шағында төгіп-төгіп тастаған шығар-ақ деген ойға ұмтыласыңақ. (Рас, біздің кітаптардан көріп жүргеніміз Ақан серінің берідегі, тоқтасқан шақтағы суретттері ғой). Сұхбаттарының бірінде Табыл «...Анау Кеңшіліктің, Жұматайдың, Бауыржан Үсеновтің қасында еріп жүрген кезімде біраз шығармалар жазыппын» депті («Айқын» газеті, 8 желтоқсан 2005 жыл, Қаншайым Байдәулет). Әрине, одан соң да талай туындылар дүниеге келді ғой. Сондай шығармалардың бірі — «Бауыржан өлгенде» (кітапта «Бауыржан дос» деген атау беріліпті). Сол өлеңнің қайырмасы мынау: ...Достар, сонда қабірімен келмеңдер, Тірілерді танымайды өлгендер! Достар, сонда көз тікпеңдер табытқа, Мен сендерді күтем ылғи тамұқта! Достар, сонда қабіріме келмеңдер! Тірілерді танымайды өлгендер! Өлмеңдер! Ерлеңдер! Басқасын айтпағанда, осы бір шумақта сөз танитын кісінің жүрегін дір еткізер, сосын ойландырар біраз түйткілдер бар. «Өлгендер қайтып келмейтіні» (Б.Соқпақбаев) тәрізді өлгендердің тірілерді танымайтыны да, әрине, рас, бірақ осыны осыншама суық, «достан да, дұшпаннан да көңілі қалғандай» (Абай) қамырықты күйде айтқаны несі?! Ал «Мен сендерді күтем ылғи тамұқта» дегенде нені мегзеді екен?
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Осы арада тоқтала кеткен мақұл. Табыл, жоғарыда айтқанымыздай, өзі мәтін жазып, оның әнін өзі шығарып, оны гитарамен өзі орындайтындардың алғашқысы емес, бірақ қазақтан шыққан тұңғыш бард екені еш дау туғызбайды. Оның шығармалары — құлақ үйренген, әлдебір ескі саздардың шапанын жамылған жаттанды ыңыл-әуен емес, тосын музыка, ынтықтырар ырғақ; оған қоса — бірде көңілден кетпейтін өрнекті суреттермен нақышталған, бірде селт еткізерлік оқыс сыр-ойларға құрылған, сол себепті әлдебір шумағы түсіп қалса, орны ойсырап тұратын тұтас дүние. Көпшілік есіне түсіруіне болады, әсіресе, өткен ғасырдың сексенінші жылдарының соңы мен тоқсаныншы жылдарының басында тәуелсіздік туралы, бұған дейін қандай қиянаттар көргеніміз, қандай тәлкектерді бастан кешкеніміз туралы домбырамен айтылатын саяси, тұрмыстық, әдеби, мәдени толғаулар, термелер көбейіп кетті, кемітіп қайтеміз, оның тыңдармандары да жеткілікті болды, қазір солардың есте қалғандары көп пе? Ал Табылдың бергіні айтпағанда, сонау студенттік дәуренінде дүниеге келген ән-өлеңдері де әлі сол күйі су жаңа ақ көйлектей жұтынып тұр. Музыка білгірі болмаған соң бір мәселені, әрине, қазбалап айта алмаймыз. «Мата даңқымен бөз өтетінін» ескерсек, оған «ұялмаған әнші болатынын» қоссақ, тіпті «өлі арыстаннан тірі тышқан артық емес» екенін дәлелдей алмайтынымызды мойындасақ, Табылдың, әсіресе, бардтық әндеріне аса сақтықпен қараудың, оны орындаушылардың (орындағысы келетіндердің) шама-шарқын, өре-деңгейін таразылап отырудың жөн-жосығы қалай болатыны турасында кеңес беруден қиналамыз-ақ. Ал Табылдың талғампаздығымен тайталасу оңай емес. Мысалы, лирикалық әндерге мәтін таңдағанда оның Жарасқанның жоғарыда айтқан «Найзағайлы жаз» кітабына енген тағы бір туындысына — «Жолықтым саған, оңымнан самал ескен-ді...» деп басталатын өлеңіне қалауы түсуі әйтпесе Шәкизада Әбдікәрімовтің бозбала шағында жазған «Күнікей қыз ба ең Күн астындағы...» деп басталатын өлеңіне назар аударуы тегін емес еді. Өйткені осы қос ақынның
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ жұлқынып жүрген, бұлқынып жүрген замандастары жылы қабыл алған бұл өлеңдерде ғашықтық сезім сондай бір мөлдір, өмірлік те, өлеңдік те әлдебір есеп-қисаптық мүдделерден аулақ шынайы леппен жырланады. Әйтпесе Табылдың заманында да КазГУ-дің журналистика немесе филология факультеттерінде қай кездегідей де жас ақындар аз емес еді және Табыл сол қатар-құрбыларының әдемі өлеңдеріне де бірнеше әндер шығарғаны белгілі. Бұдан шығатын қорытынды, Табыл өзінің жекеменшік әуендерін де аялап ұстап, оларды жұртшылық сүйсіне қоштайтындай тәуір жасау-жиһаздармен ұзатуды көздеген екен. Одан әрі талдасақ, Табыл өзі ықыласы түскен әлгі мәтіндерге ортақол сазгерлік көзбен емес, сауатты композиторлық көкірекпен үңілгені байқалады. Өйткені, әуенсаз — жартылай фабрикат, ал жүрегіңді шымырлататын әсерлі әуен-сазыңыз жүйелі мағынамен үйлесіп тұрса, ол — толыққанды туынды. Осы ретте көкте тыраулап бара жатқан тырналардың ба, әйтпесе қарашада айдынына қырау қона бастаған өзен-көлдермен қоштасқан қаздардың ба, әйтеуір жүрегіңді елжірете сыңсыған құстардың үнін құлағыңа әкелетін «Құстар қайтып барады» (Нұрғиса Тілендиев) әніне Тұмағаңның — Тұманбай Молдағалиевтің емес, жеңіл-желпі желдірме жолдар құрай салатын кездейсоқ бір өлеңшінің мәтіні жапсырылса, бұл әннің сөздерін тап қазіргідей тебірене ыңылдап айтар ма ма едік?! Немесе «Атамекенге» (Ескендір Хасанғалиев) тапқыр да жинақы Қадыр Мырзалиевтің сөзінен тіпті басқаша, ретсіз тыпырлаған, тепсінген мәтін тап болса, сахнаның сәні келер ме еді?! Екі әнге ғана тоқталып отырғанымыз болмаса, мұндай әңгімені, әрине, басқа да, соның ішінде қазіргі де, бірқатар композиторларға қатысты сүйсіне айтуға болар еді. Дегенмен бұл жайт өз алдына бөлек мәселе және қоғамдық пікірдің сынына жиі ілігіп жүрген мәселе. Ал тақырыбымызға оралсақ, Табыл әуенді зырылдақ сазгерлерше емес, талғампаз ақындарша іріктейтінін мойындамасқа болмайды. Бір қызығы, Владимир Высоцкий кезінде Андрей Вознесенскийдің «Песня акына» деп аталатын өлеңіне әуен
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір жазып, гитарамен шырқаған ғой. А.Вознесенскийдің таңдамалы шығармаларының томдықтарына еніп жүрген бұл өлеңнің мәтінін толық келтіре кетейік: Ни славы, и ни коровы, ни тяжкой короны земной — пошли мне, Господь, второго, — чтоб вытянул петь со мной! Прошу не любви ворованной, не милостей на денек — пошли мне, Господь, второго, — чтоб не был так одинок. Чтоб было с кем пасоваться, аукаться через степь, для сердца, не для оваций, на два голоса спеть! Чтоб кто-нибудь меня понял, не часто, ну, хоть разок, из раненых губ моих поднял царапнутый пулей рожок. И пусть мой напарник певчий, забыв, что мы сила вдвоем, меня, побледнев от соперничества, прирежет за общим столом. Прости ему. Пусть до гроба одиночеством окружен. Пошли ему, Бог, второго — такого, как я и как он. Рас, бұл ретте А.Вознесенский біз әр қырынан келіп талдайтын атауды «Акын — поэт-импровизатор, а также исполнитель своих и народных произведений эпического и лирического характера у тюркоязычных народов Ср. Азии» деген сияқты анықтамалықтардан сүзіп алған шығар деп
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ойлайтынымыз анық. Екіншіден, бұл өлең аса таңдай қағарлықтай інжу-маржан да емес екені белгілі. Бірақ, бізді өзіне жақын тартқан себеп — осы өлеңнің жалпы мазмұны және оған В.Высоцкийдің назары түсуі. В.Высоцкий сахнада жүріп айтқан, кейін зерттеушілер фонограммадан қағазға түсірген сөздерінің бірінде былай депті: «...Я занимаюсь авторской песней — сам пишу тексты, мелодии, сам исполняю. Это неумирающее искусство, оно началась очень давно, много-много веков назад. У нас — среди акынов, а у них — среди всяких Гомеров. У нас тоже с гуслями ходили и пели песни» («О песнях, о себе»). Демек В.Высоцкий А.Вознесенскийдің бұл өлеңін бекерге таңдап алмаған екен. Дегенмен бізге керегі бұдан да басқа, үшінші қосымша себеп — Табылдың мәтін, тақырып таңдаудағы осыған ұқсас өзіне тән ерекшелігі. Жоғарыдағы өлеңге қайта оралсақ, дүниеге ақындық көңілмен емес, күнделікті шаруасын алаңсыз атқарып жүрген жазықсыз пенденің көзімен қарасақ, айталық, Вознесенскийдің де, Высоцкийдің де сол заманда жалғанды жападан жалғыз кезіп жүрген ештеңесі жоқ еді ғой, талай айтулы ақындардың ортасында шалқыды-ақ. Бірақ, оларға да бәрібір әлдекім жетіспейтіндей көрінеді де тұрады екен. Мысалы, Табыл есімі ескерусіз қалып бара жатқан талант Марат Отарәлиевке ән арнайды: «...Қыршын жасыңның қайтармақ болып есесін, Кеудемде менің құпия ғұмыр кешесің. Екеуміз кейде кеземіз, аға, кешкілік, Гурьевтің шалшық көшесін». Одан әрі: «...Қызынып алып өлең оқисың тік тұрып, Мен үнсіз қалам қос жанарыма шық тұнып. Сонан соң, сосын... кетесің көзден ғайып боп, Жалғанның жалған екенін маған ұқтырып». Табылдың «Егер Владимир Высоцкий шарап туралы қазақша ән айтқан болса...» дейтін өлеңі де шарап ішкен (ішетін) қазақ ақынын таба алмай қалғандықтың емес, өзгеше өнер жолындағы өзімен рухтас әлдекімдерді іздегендіктің салдары болса керек. Осы ретте тілге оралып отыр, Булат Окуджаваның Пушкинді еске түсіріп, «...Былое нельзя воротить, и печалиться не о чем, У каждой эпохи свои подрастают леса...
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір А все-таки жаль, что нельзя с Александром Сергеичем, Поужинать в «Яр» заскочить хоть на четверть часа» дейтін бардтық әні біздің ауық-ауық Абаймен немесе Мұқағалимен мұңдасатынымыз сияқты әлдебір наз-аңсау ғой. Дегенмен Табыл өнерінің тамыры әуелі, әрине, ұлтымызға тым әріде сіңген жыраулық-жыршылық дәстүрден нәр алатынын алдымен айтуға тиіспіз. Оған қоса В.Высоцкий шет жағасын айтып кеткен басқа деректерді де қысқаша баяндай кеткеннің зияны жоқ. Мысалы, біздің заманымызға дейінгі VІІ-VІ ғасырларда Ежелгі Грекияда ғұмыр кешкен, грек эпостарын қалыптастыруға зор еңбек сіңірген аэдтерді немесе Францияда ХІ-ХІІІ ғасырларда өз өлеңдерін өздері музыкалық аспапта орындап ел кезген трубадурларды әйтпесе Қапқаз өңірінде өз ұлттық аспаптарымен жыр төккен, өркен жаю кезеңі шамамен ІV-V ғасырлардан бастау алатын ашуғтарды еске түсіруге болады. Дегенмен, мұның бәрі бұрын талай зерттелген (әлі де зерттеліп жатқан) жеке объектілердің нысанасы. Біздің тақырыбымыз Табылдың бардтық өнеріне қатысты болғандықтан бері жылжиық. Себебі Табыл, жоғарыда сөз арасында айта кеткеніміздей, Владимир Высоцкийді бекер ауызға алып отырған жоқ. Табылдың сырттай тәлім алған мектебі, негізінен, осы лек. Телевизия мен радио қатаң цензураның бақылауында болған шақта, мысалы, біздің ұрпақ Владимир Высоцкийдің көптеген әндерімен негізінен үнтаспалар (магнитофон) арқылы қауышты. Себебі оның достық, ғашықтық, спорт тәрізді қауіпсіз тақырыптарға бағышталған туындылары спектакльдер, кинофильмдер мен санаулы мөлшердегі күйтабақтар арқылы таралғаны болмаса, одан әлдеқайда көп мол мұрасына даңғыл жол ашылған жоқ. Тыңдарманды, әлбетте, көпшілікке тегіс жетпеген, тек үнтаспаларға ғана әртүрлі сапамен жазылған сол бұғаудағы әндер қызықтыратын. Өйткені онда өзіміз күнделікті көріп жүрген, бірақ компартиялық нұсқау бойынша, дауыстап айтуға болмайтын, жеке басқа, қоғамға қатысты әлеуметтік әлдебір дерттерді қозғайтын ащы сарындар бар еді және Хрущевтің
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ «жылымығынан» соң пайда болған орыстың танымал бардтарының шығармаларында осы сарын малды маңдайға ұрғандай олақ, қарабайыр тіркестермен емес, жетілген поэзиялық көркемдікпен әдіптелген жолдар арқылы баян етілетін. Міне, сол ағысқа қосыла кетерлік, жұртшылықты тұтас үйіріп аларлық мұндай дара талант ол кезде қазақ топырағында болмай шықты, одан кейін де ұзақ уақыт бойы табыла қоймады. Сөйтіп жүргенде... Біздің Табыл Досымовты жамырай қуана қарсы алғандығымыздың негізгі себебі — осы. Әрине, әскери міндетін алаңсыз атқарған, студенттік дәуреннің шат-шадыман шуағына бөленген жас жігіттің бірден терең тақырыптарға сүңгіп кетуі мүмкін де емес еді. Сол себепті Табылдың алғашқы қадамдары «Табиғат беріп қойған күз хабарын, Мен сені күзден дағы қызғанамын. Әйтсе де сезбейсің-ау өзіңді ойлап, Бұлқынып жүрегімнің, Бұлқынып жүрегімнің, Бұлқынып жүрегімнің сыздағанын» («Солдат сағынышы») немесе «Ақ дидарың-ай сенің, ақ дидарың-ай, Сезесің бе кеудемде от-күй барын-ай, еркем-ай, Жүрегімді неге көп қинадың-ай, Ақ дидарың-ай» («Астананың аруы») деген тәрізді ойнақы ән-өлеңдермен басталуы заңдылық болатын. Дегенмен, соның өзінде де ол, мысалы, Жанат Әскербекқызының «Қара гүл» атты өлеңіне ән шығаруы арқылы дүниенің бірыңғай сәулелі сәттерден тұрмайтынын еске салып қоюды ұмытпады. Ал бері келе... Осы тұста адам баласы ешуақытта қоғамнан тыс бола алмайтыны туралы классикалық тұжырымға тағы да ден қоюға тура келеді. Табылдың өнері гүлденген шақ қоғамдық құрылыстың біреуі құлап, екінші қоғамдық құрылыс әлі аяқтанып болмаған кезеңге тап келді. Бұл, сирек туар даналар болмаса, көпшілік алда не болатынын болжай да алмаған өліара кезең еді. Бұрынғы экономикалық жүйелер қирады, әртүрлі партиялар туып жатты, мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің рольдері алмасты, ең бастысы, ниет пен пиғыл өзгерді. Сондай түсініксіз кезеңге бәрімізбен бірге ірі денесімен, бірақ нәзік жүрегімен Табыл да қойып кетті.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Астын сызып айта кетелік, қазақ поэзиясындағы өзгеше леп, қарабайыр тілмен айтқанда, жаңаша сөз саптау, міне, осы кезден басталды. Ал бұл кезге дейінгі сараптамашылар, яғни қолжазбадан кітаптың жарық көруіне дейінгі аралықтағы әдеби, саяси сүзгішілер, басқасын айтпағанда, тіпті жеке басыңа қатысты пессимизмнің өзін жаратпайтын. Енді мына жаңа заманда нені қалай жырлау керектігі толықтай ақынның өз билігіне көшті. Табылдың көптеген тұздықты ән-өлеңдері, міне, осы кезде дүниеге келді. Қазіргі Атырау қаласы Гурьев атанып тұрған кезде ол «Тұңғыш балықшылар — Гурьевтердің әкесі Гурий Назарьев ақсақалдың рухына ашық хат» жазды. Бұл әннің астарында таза патриоттық сезім жатқаны мәлім. Ал «Әулет диалогында» лирикалық кейіпкер басқа арнаға түсіп, ән-өлеңіне төрт ұрпақтың — ата мен әкенің, өзі мен ұлының арасындағы заманға қатысты жауабы табылмайтын сауалды пікір қайшылықтарын өзек етеді. Яғни бір топырақта екі дәуірде ғұмыр кешкен екі әулеттің қысқаша сипаттамалары деуге боларлық осы екі туынды тарихтың екі мезеті туралы нақты деректер беріп, оған қоса, бұған дейін кім болғанымыз һәм алда кім болмағымыз жөніндегі екі түрлі ойды қатар өрбітеді. Бұны, әрине, ақын саналы түрде құрастырған параллелизмге телудің жөні жоқ. Соншама жылдамдықпен өрбіген сол кезеңдегі ауыс-түйістер осындай одағай үндестіктерді су тегін «сыйлай» салатын. Бұл ғана емес, мысалы, «Желтоқсандағы жыр-әнін» автор «Мен — қазақпын, Жүре алмайтын, аттанбаса, күлмесе, Мен — қазақпын, Ішкен асын тастай салар жыр десе» деп асқақ үнмен бастаса, кейінгі «Қазақ едім дегенше...» деген өлеңінде «Қазақ едім дегенше, бөлтірік ем десеңші, Талай дарын дүниеге келтіріп ем десеңші. Мың жылда бір туатын Мұқағали секілді, Алыбымды «абайсыз» өлтіріп ем десеңші» деп мұңға батады. Бұл шумақтар одан әрі «Қазақ едім дегенше, бастық едім десеңші...» немесе «Қазақ едім дегенше, дінсіз едім десеңші, Қазақ едім дегенше, құнсыз едім десеңші...» болып жалғасып, тынысыңды тым ащы түтінмен барлықтыра түседі. «Өкпелемеші», «Биіктік»,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ «Достарға» тәрізді жарқын, жадыраңқы ән-өлеңдер құйылған ақынның көкірегінен енді «Өмірзая», «Замани зар», «Жалғыздық», «Табылдың әні» секілді қамырықты туындылар туады. Дегенмен, бұл шығармаларды, басқа да көптеген өлеңдерді толық талдау, әрине, бір мақаланың көлеміне сыймайды. Тек бір анық нәрсе сол, өткенін бүгінгімен салыстыру, сөйтіп оқшау ой қорыту Табылға ғана емес, сол тұстағы көптеген ақындарға тән қолтаңба еді. Жарасқанның «Құлпытас» кітабы немесе Есенбай Дүйсенбайұлының «Сызу» поэмасы әйтпесе Тыныштықбектің бір ғана «Қара өлең, саған айтам...» туындысы осының нақты мысалдары емес пе?! Сөзімізді тиянақтайық. Белгілі мәдениеттанушы, ақын, әдебиетші Әуезхан Қодардың Табыл туралы жазған мақаласындағы мына жолдар қайта-қайта көзіме түсе берді: «...Мен алғаш рет оның гитарамен айтқан әндерін тыңдағанда, ғажап күйде қалдым. Өйткені оның гитарасының нақышы бөлек еді. Қазақтың сарынына да, орыстың екпініне де ұқсамайтын. Оның нақышында қазақ даласына қайдан келгені белгісіз еуропалық интеллектуализм бар еді. Жас кезінде әндері ойнақы, көңілді болатын. Кейін қалың қайғыға сүңгіген, тіпті қайтып кері жүзе алмайтындай халге енгендей ауыр боп кетіпті»... Ал неге бұлай болды? Бұның себебін әрқалай болжамдауға болар, бірақ ешкім енді тап басып айта алмайтын сияқты. Мақаламыздың басында жас ақындар тізімдері туралы аз-кем пікір айтқан едік қой. Алдағы бір замандарда «қазақтан шыққан бардтар» дейтін тізім де пайда болмас деймісің. Міне, сол тізімнің басында Табыл Досымов тұратындығына ешкім күдік келтіре қоймас-ақ.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір САҒИДЫҢ СЫРЫ ...Мен әлі сені сәбидей күтем, Жаңа күн, Мен әлі саған сәбидей сенем, Дүние! Сағи Жиенбаев. Өлеңдерге, тіпті жап-жақсы өлеңдерге де кәдімгідей ескертпелер айтылатын және орынды айтылған һәм жазылған мұндай жанашыр пікірлер ақындар тарапынан еш ашу-кексіз қабыл алынатын замандар да болған. Жаңылыспасақ, жас қаламгер жігіт Жарасқан Әбдірашев бір мақаласында сол кезде қалың қазаққа толық танымал бола бастаған Сағи Жиенбаевтың өлеңдерінде «ақ» деген сөздің мөлшерден көбірек пайдаланылатынын жанамалай мінегені бар. Сағаңың жинақтары жеткілікті шығатыны мәлім. Үңіле қалдық. Рас-ақ: ақ нұр, ақ сәуле, ақ самал, ақ таң, ақ бұлақ, ақ жауын, ақ сағым, ақ ұлпа... Одан соң талай су ақты, талай құм көшті. Бірақ, мысалы, Сағаңның әр жаңа жинағын қолыма алған сайын Жарасқан жазған сол ескертпе менің санамда қайтадан жарқ ете қалатын болды. Сол кезгі әдеби сынның беделі үстем болды ма, әлде сыншылар мен сынға араласқан ақынжазушылар нені айтқысы келіп отыратынын түсінікті етіп жазатын ба еді, әйтеуір, сол дәуірде қай шығармаға қандай мақтаулар айтылып, қай туындының қай кемшіліктері мысалға алынғанын қазір де сыздықтатып қайталап айтып беруге болатын сияқты. Бұл, әрине, басқа әңгіменің еншісі. Сағаңа келейік. «Ақ» деген сөз, таласа алмайсыз, қазақтың аяулы ұғымы. Басқасын былай қойғанда, біздің жұртымыздың әндерінің өзі «Ақ кербез», «Ақ ерке», «Ақ дариға», «Ақ айша»
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ немесе «Аққұм», «Ақбақай»... болып келмей ме?! Рас, «Көк айдай» мен «Боз жорға» да бар, бірақ бұлар өте аз. Бұл — бір. Екіншіден, «ақ» деген сөзді пайдаланған Сағаң ғана ма екен? Ақ самалға кеудесін тосып, ақша бұлтты қалай қызықтағанын жазбаған ақын бар ма, сірә?! Ендеше олар құтылып, алабөтен Сағаңның тұтылатыны қалай? Енді, міне, біраз ғұмыр кешіп, ақылымыз кіріңкіреп, пендешіліктен аулағырақ отырып ойлансақ, көп ақынның ішінен «именно» Сағаңды таңдап алған Жарасқанның еш кінәсі жоқ екен. «Кінәлі» Сағаңның өзі екен. Тура әйтпесе ауыспалы мағынадағы «ақ» деген тіркесі бар сөздерді Сағаң өзінің өлеңдеріндегі буын санын ретке келтіріп отыру үшін немесе жаз туралы жазса, әйтеуір ақ самалдың қапталдаса жүргенін дұрыс көргендіктен, қыс туралы толғаса, міндетті түрде ақ ұлпаны кіргізу қажеттігін ойлағандықтан қоспайды екен. Басқалар жауыр тіркес ретінде пайдалана салатын, сондықтан ыстық ықыласыңа ие бола алмай қалатын осы ақ түс Сағаң өлеңдерінде ондай қосымша емес, негізгі рольдерді атқарады. Сөйтіп Сағаңның өлеңдері онсыз да ақ түсті одан әрі ерекше сәулелендіріп жібереді екен. Ақынның «ақ» деген сөзді тым көп пайдаланатын сияқты болып көрінетіндігі де сондықтан екен. Мысалы, туған даласын сағынған ақын «...Бір өзіңе жету үшін тезірек, Ұштым еріп аспандағы ақ бұлтқа» дейді. Әйтпесе: «...Бетке жұққан даланың ақ тозаңы Ақ жаңбырлар жумаса, жуылмайтын». Тағы да: «...Ақ қайың құсап жондағы Ақ әжем отыр алдымда». Сондай-ақ: «...Есер жел жұлқылады етегімнен, Ақ дауыл ала қашты телпегімді», «...Денесін сүйеп ақ қарға, Күн келе жатыр қабақтан». Міне, осындай жайларды сараптай келе, көңіліңізде бұрыннан да қалыптасып қалған бір түйінге тағы да ат басын адаспай тірейсіз: Сағи — кір шалмаған (дұрысы, кір шалмауға тиіс) таза дүниенің жыршысы. Бірақ Сағаң бастан кешкен дүниені кір шалмаған деудің тіпті де жөні жоқ екені мәлім. 1934 жылы туған ол «елуінші жылдардың аяғы, алпысыншы жылдардың басында әдебиетке келген, «жетімдер әулеті» атанған буынның»
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір (Қалихан Ысқақұлы) бір өкілі еді. Оның үстіне жай жетім емес, 1937 жылы «халық жауы» боп ұсталып кеткен Жиенбайдың баласы еді. Бұл фактіні де Сағаң ұзақ жылдар бойы ашық жариялай алмады, өлеңіне өзек ете алмады. Баржоғы ишарамен ғана жеткізді: Көңілімнің күні болып жүр Анам, Көз алдымда сол жүргесін жұбанам, — Әйтпесе мен ес білгелі жоқ әлі Біздің үйде бір адам. Ел де көрді. Мен де көрдім соққыны, Бала кездің өтті алаңдап көп күні. Біздің үйде тұрады ылғи білініп, Бір адамның жоқтығы. Жүргендей ол осы маңда — жақында, Кейде маған беретіндей ақыл да... Біздің үйде шауып жүрген бөбектің Бәрі соның атында. Есімде жоқ — қандай еді түрі оның, Бірақ бәрін сезетіндей жүрегім. Соны күтіп біздің үйдің төрінде Бос тұр әлі бір орын. Бір үміт бар ұялаған кеудеме, Айтам оны жұлдызға да, желге де. Әлі күнге өзі келіп қалардай Отырмаймын төрге де... Осы ретте Сағаңның «Хат» деп аталатын өлеңіне тоқтала кеткен мақұл. Соғыс кезеңі. Шәкірт баланың шағын мақсаты бар: «...Хат жазу — барлық арманым, Майданда жүрген ағама». Арман орындалады, әріп таниды, хат жазады: «...Жатса да қарным шұрқырап, «Жақсы, — деп қойдым, — күйіміз!». Одан әрі: «...Шөп тасып жүрмін...» дегенді, Жібердім хатқа қыстырып». Бір хат, екі хат, үш хат, төрт хат... «Көкешімді ертіп келер деп, Өлеңмен жаздым
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ талайын». Әттең, еш жауап жоқ. Бір күні сол хаттар тұтасымен кері оралады. ...Оралды бір күн... Даланың Сіңіріп жалын, аптабын, Сабылып майдан алабын, Сарғайып кеткен хаттарым. Сарғайып кеткен зар-мұңнан Секілді менің сыңарым. Бауырыма қысып алдым да, Құшақтап барып құладым... Соншама ыстық сағыныштың қалай суыққа ұрынатынын, соншама ынтызар жүректің қайтіп өкситінін осы жолдар анық аңғартып тұр-ақ. Бұл — бірінші гәп. Екіншіден, осы өлеңнің тасасында сол баланың тұрақ-мекені, бар-жоғы белгісіз әкесіне хат та жаза алмайтын пұшайман тағдыры және жатқан жоқ па?! Ақынның «Ерте көрдім, ерте көрдім барлығын...», «Жолда», «Асықтық сауық, тойларға...», «Сенбеймін» деген тәрізді төл өмірбаяндық деректер негізінде жазылған ғажайып өлеңдерін басқа буынның, яғни кейінгі лектің өкілдері жазып шығуы, тіпті жазып шыққан күнде де тап сондай естен кетпестей толыққанды көркем дәрежеге жеткізуі мүмкін емес. Осы тұста сол буын өкілдерінің қаламына заңды түрде көп іліккен соғыс тақырыбына сәл тоқталып өтейік. Әрине, Өтежан бейнелеген «Соғыстың соңғы жазы» — тұтас панорама. «Ой орманы» жинағы арқылы Қадыр «Моншада мен арқаларды көп ыстым, Моншада мен сан тағдырмен тоғыстым. Монша деген — мүгедектер музейі, Сол музейде документі соғыстың» деп келетін шумақ-құжаттарды ұсынды. Тұмағаңның өлеңдері арқылы соғыс жылдарындағы жетімдіктің зардабы ғұмыр бойы әлсін-әлсін еске түсе беретінін мықтап түсіндік. Ал Сағаң жырларының бір ерекшелігі, ол өз қатар-
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір құрбыларымен бірге көрген сол зәрлі-зарлы күндердің шежірелік шумақтарының соңына, негізінен, әлсіз де болса әйтеуір бір сәулелі шуақ қосуға міндетті секілді болып тұратын. Мысалы, бозала таңнан қырман басына барған, арба жегіп, шөп тартқан, жаңбыр мен терге жуынған қатыгез балалық шағын жырлай отырып, «...Ұмыттық шалқып ойнауды, Бір үйдің бір-бір көзі боп, Тездету үшін тойларды, Ержету үшін тезірек» деп нұрлы үмітке иек артады. Әйтпесе жапан түзде өгіз арбамен жалғыз ілбіп келе жатқан кезгі жабырқау сәтін баяндайтын өлеңіне «...Сонау алыс көкжиекке қараймын, Маңдайымды күн жолына қаратып» деген оптимистік жолдар қосады. Ал мына өлеңі ше: ...Ерте көрдім мен әкемнің жоқтығын, Ес білгелі соны іздеумен өтті күн. Тағдыр мені тұрғызды да, «бас» деді — Табаныма төсеп қойып отты құм. Бастым — құм ба, шоғы ма әлде көріктің, Мен қып-қызыл отқа бір-ақ жолықтым. Жата кеттім жөргегіме оранып, Жерді басып жүруге де қорықтым... Осы жолдарға таянған шақта, бұдан әрі де осылай көз жүгірте беретін болсаң, өзіңді сол қасіреттің жазылмаған жарасын сипалап отыра беретіндей сезінетінің хақ. Бірақ, Сағаңның өмірлік кредосы олай емес қой, әлгі суық шумақтар сол күйі біржола ызғар шашып қала бермейді, жібиді. Әлгідей жан тітірентерлік суреттерді тізбелей келе ақын бергі күндердің берекетті шүкіршілігіне ойысады. «Осынау жанның бәріне ортақ өмірдің» қызығын көргісі келеді, жар сүйеді, шаңырақ көтереді, балапан ұшырады. Сосын құбылмалы дүниенің қадірлі сәттеріне жолығады: ...Бірте-бірте көңілімде күн қызып, Ұйықтап кеткен гүлдерді жүр тұрғызып. Күнде ертемен оянамын асығып, Мені күтіп қалды ма деп бір қызық. Осылайша ақын жылуы жоқ жылдардың көкіректі удай
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ашытар көріністерін жазып отырып та, көп реттерде, әйтеуір бір жұбаныш боларлық бір жарқын ілік іздеп табуға тырысады. Қалың оқырман кезінде сүйсініп оқыған, сөйтіп қазақ әдебиетінің қымбат қазыналарының санын молайтқан «Оң аяқ», «Күткен күн», «Медаль», «Әйелдер», «Тұлып», «Сүт туралы баллада», «Сыртта боран ұлып тұр» деген тәрізді туындыларында да ақынның соғыс туралы жыр-баяндарына аз-мұз болса да күлкі сыңғыры, баршаға жетпесе де түбегейлі жоқ болып кетпеген қуаныш қиындысы, қанық бояулы болмаса да бір сәттік шаттық салтанаты сыналап кіргізіліп отырады. Осы тұста сәл кідіріп, ақынның ілгеріде жазған өлеңдері кейінгі туындыларымен, тақырып жағынан болмаса да, таным-тілек тұрғысынан туыстас болатындығына бір мысал келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз. Жоғарыда Сағаң «Жата кеттім жөргегіме оранып, Жерді басып жүруге де қорықтым» дейді ғой. Есейгенде ше? Әлгі қорқыныш санасына мықтап сіңіп қалған ақын сол сәтке қайта оралады. Бірақ басқаша оралады. Өйткені бұл енді еміс-еміс ес кіріп келе жатқан қорғансыз сәби емес, жауапкершілігі мол азамат. Мамыражай көктемнің жылуына бусанған ақын шын сырын ақтарады: ...Көктемдей нәзік сезіммен Кеудені күйлер тербейді. Қара бір жердің өзін де Қаттырақ басқың келмейді! Талай заман аралас-құралас болғандар білетін шығар, Сағаңның өлеңдегі ғана емес, өмірдегі де мінезі — осы. Кейін қазақтың көрнекті ақынына айналған осы жас талант туралы 1960 жылы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Сағи Жиенбаевтың бірқатар өлеңдерін сүйсініп оқыдым» деген екен («Жыл келгендей жаңалық сеземіз...»). Бұл лебізді әрідегі жолашар сөзге баласақ, бертінде Мұқағали Мақатаев қағазға түсірген мына жолдар кемеліне келген қалам иесінің шынайы шығармашылығына берілген толық анықтама болып қалды: «...Мыңғырған мың жылқының арасында жалғыз
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір жирен құлынның ғана мойнында әдемі, құйттай жез қоңырауы бар еді. Оның сыңғыры сұмдық тұнық-тұғын. Жылқылар жайылғанда да, жусағанда да, күндіз де, түнде де, сол жез қоңыраудың үні бірде о жерден, бірде бұ жерден дыбыс беріп қояр еді, бір түрлі рахат, бір түрлі сүйкімді естілетін. Жылқы жусап жатса, анда-санда бір ғана сыңғыр етіп, «тыныштық, қорықпа!» дегендей, ал қайсыбір мазасыз түнде жылқы үрке қалса, жез қоңырау толасссыз шырылдап беретін. Көзге түртсе белгісіз түнекте табыннан адасып қалсақ, әлдеқалай алыстан үздігіп естілген жез қоңыраудың үнін бағытқа алып, үйір-үйір жылқымызды жинап алатын едік. Жез қоңыраудың қасиеті солай еді. Сағидың поэзиясы — мен үшін сол жез қоңырау. Бірде-бір артық сөзі жоқ, бірде-бір тәртіпсіз буыны жоқ, артық өлшем, жетпей жығылу дегендерді іздесе таптырмайтын Сағи поэзиясы сол жез қоңырауды елестетеді. Қандай да затты, қандай да қимыл-құбылысты алмасын, Сағи оған сағилық әр, өң, сағилық мінез бермей қолынан шығармайды. Міне, мен өз басым, оның өлеңдеріндегі кейде бір ой, тақырып, образ қайталауы сияқты кінәларын кешіремін. Оқи отырып, тіпті ол кемшіліктерін байқағым да келмейді. Себебі, сиқыр, оллаһи, сиқыр! Нағыз лириктің құдіреті осынысында болса керек». Енді Сағидың өлеңдері неліктен, Мұқағали таң қалатындай, «бірде-бір тәртіпсіз буыны жоқ, артық өлшемі» жоқ болып келетіні туралы ойланайық. Сағаң, расында да, тәртіпті сүйетін ақын. Ол кісінің ойынша, әрине, қасірет тағдырдың жазуы шығар-ақ, бірақ оның орнын бәрібір қуаныш басуы керек, жасөспірім тезірек ержетіп, тезірек той иесі болуы тиіс, әр таң бір қызық әкелуге міндетті. Рас, олай жасайтын құдірет ақынның қолында жоқ, бірақ біздің ақынымыз соған тілектес, ол өзі көрмеген қызықты өзгелердің көргенін қалап тұрады. Мынау дүниеде ол түзегісі келмейтін құбылыс жоқ. Тіпті шырайлы көктемнің де қай өлкеде де бір уақытта бірдей жағдайда шырайлы көктем болып тұрғанын жөн көреді. Мына өлеңді оқып көрелікші: Жылы жел есіп тау жақтан, Бұлттардың өңі бусанып,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Қабағын қалың қар жапқан Жартастың жүзі жұмсарып, Өзендер ойға жөңкіліп, Толқынын тартып ұзаққа, Аспанды күйге толтырып, Құс келіп жатыр бұ жаққа... «Бұ жағыңыз», әрине, Алматы немесе Алматының маңайы, бәлкім, тұтас Жетісу. Сондай бір құс қиқулап, айнала күйге толған шақтың рахатына балқып отыра берсе де ешкім мазасын алмайтын Сағаң аяқ астынан баяғыда табанына отты құмын басқан туған даласын сағынып кетеді: ...Жетті ме көктем Жемге де, Кетті ме қыстың ызғары. Жарқырап күміс теңгедей Жарылды ма екен мұздары. Қарлы жел ерте-кеш борап, Қасарып тұрған жоқ па екен. Жайсыздау еді бесқонақ, Бесқонақ қалай өтті екен... Былай қарасаңыз, мұздың жарылуы немесе бесқонақтың әбігерге салуы аса уайымға салатындай тосын оқиға емес, әр жыл сайын қайталанатын-ақ көріністер. Тіпті басқа ақындар мұны қаперге де алмайды, қайта көктемнің шат-шадыман суреттерін тамсана жырлайды. Ал Сағаң мамыражай мезеттің қызықтарына жылы өңірде жүріп, ең алдымен өзі куә болғанына біртүрлі қымсынады. Өлеңін әлдебір лирикалық опынышпен аяқтайды: ...Ұрынбай қарлы мұздаққа, Жел тұрды ма екен оңынан. Көктемнің өзі біз жаққа Келетін ылғи соңынан... Көрдіңіз бе, «баратын ылғи соңынан» демейді, өзі тап қазір сол Жемде тұрғандай-ақ, кешігіп жетер көктемді тап қазір өзі қарсы алатындай-ақ «келетін ылғи соңынан» дейді. Міне, жер бетіндегі көп өзгерістің әр тінді жүйесін ылғи әсем
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір бір арнаға тоғыстырғысы келіп тұратын ақын қайдан ғана «тәртіпсіз буынға, артық өлшемге» оңай жол берсін. Тіліміздің ұшына келген және бір сөзді айта кетелік, осы ретте тағы бір тамаша ақын Төлеген Айбергеновтің «Мен мынау ыстық жүрегімменен қара тасты да сағынам, Қаланып қалса тәртіппен!» дейтін жүрекжарды лебізіне һәм сенбеске амалың қалмайды екен. Дегенмен тәртіптіліктің жалпы жұрт тегіс жақтыра бермейтін тағы бір қыры бар. Мысалы, сол заманда Жұмекеннің қилы-қилы шарпылыстарға толы, қоңыр бояуға көбірек үйірсектейтін жыр-толғаулары немесе Мұқағалидың шымбайға батып-батып кететін шындықшыл, тізгінді тартып ұстауға құлқы жоқ қуатты өлеңдері ерекше көзге түсті. Бұл ақындарға кейінгі буын ғана емес, сол екі талантпен қатарлас жүріп жыр қашағандар да кей-кейде байқаусыз еліктеп кететін еді. Ал осы екі ақын секілді өзінен басқа ешкімге еліктемегендердің бірі Сағаң болатын. Себебі Сағаң, жоғарыда айтқанымыздай, әлде де айтатынымыздай, тек сұлу дүниені ғана көруге ынтызар еді. Мінезін бажайласаң, өлеңі көрініп тұратын, өлеңін оқысаң, мінезі елестейтін сирек туындыгерлердің бірі Сағаң еді. Көзі тірісінде Сағаңа өлеңінің тым тәртіптілігі жөнінде пікір айтылды ма, жоқ па, білмеймін, мысалы, Жұматайға айтылғаны рас. «Жұматай Жақыпбаев өзінің тұрғыластары ғаламат ерліктер жасап, ғылымитехникалық революция, тіпті, бүгінгі Бетбұрыс заманның тұтқасын ұстап отырғанда, қыз қуып, қымыз ішіп, көкпар тартып дегендей, жағасы жайлауда жүргенді ұнатыңқырайды» деп шенедік. Әрине, сол кезде КСРО деп аталатын ұлан-байтақ елдің билігін ұстауға Горбачев келіп, жариялылық деген сылтаумен үлкенді-кішіні түгел еліртіп жіберген шақта, мойындаумыз керек, бұл сынымыз орынды да сияқты еді. Дегенмен Жұматай бәрібір ғылымитехникалық революцияға атсалыспады, жүйрік мініп, тазы ерткен Жұматай күйінде қалды. Сағаң туралы да осыны айтар едік. Иә, Сағаң адамдары арбасуды, арпалысуды білмейтін әлемге (ондай әлем, әрине, болса) лайық кандидаттардың
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ бірі еді. Сағаңның сәулелі сәуіріне, мамыражай маусымына, шырайлы шілдесіне, тамылжыған тамызына ғашық болып өскенімізді несін жасырайық. Ақынның сондай көктемдерінің бірі мынау: Кездесіп жатыр жаңадан Тоғайда құстар шұрқырап. Шығады гүлден, ауадан Көктемнің исі бұрқырап. Даланың көкшіл мұнары Жайыла қонып қыратқа, Шалғындар белі бұралып, Шалқайып жатыр шуақта. Өзіне тартып жақынын, Торғай да бүгін жұптасып, Бусанып жатыр ақырын Тастардың үстін мүк басып. Қараймын — әлгі еміреніп, Торғайлар ұшқан аспанға, Қараймын мынау жердегі Бусанып жатқан тастарға. Қалыпты бүгін талдарға Көгілдір моншақ ілініп... Ақ самал ескен аңғардан Келеді көктем жүгіріп. Еңкейіп, күннің нұрындай Қарадым гүлге ашылған... Тағы бір көктем бұрылмай, Зу ете түсті қасымнан...
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Өткен ғасырда, «тамақ тоқ, көйлек көк» кезде осындай көктемді расымен-ақ көргендігімізден бе, әлде таза табиғаттан тыс әлдебір философиялық қосымша детальдар енгізілмегендіктен бе, мысалы, ақын кітабын қолымызға ұстаған бойда кездейсоқ ала салған осы өлең жүрегімізді біртүрлі шым еткізіп, алыстағы әлдебір елестерді қайтадан оятып жіберді. Жалпы осындай көктемдері бар даланы жырлаудың үздік үлгілерін ұсынғандардың бірі Сағаң еді. Рас, қазақты өндірісті қалалар онша бауырға баса қоймаған, айталық, Қалихан Ысқақұлы: «...Бауман, Рахманинов, Софья Ковалевская, Бруно, Комсомол, тағы не... құдай-ау, әйтеуір Тастақтың көшелері де бөтен жұрттың еншісінде, тұрғындарының үштен бірі біз сияқты аборигендер: Сансызбай, Әнуарбек, Ізтай, Сәкен, Сағи, Тұманбай, Қадыр, Нәсір, Ахан, Тельман, Оспанхан, Ілия, Шәміл, Бекмырза, Жахан (Смақов), Қабдыкәрім, Қосжан, Өмірбек (Бәйділдаев), Бек (Совхозбек), Әбіқұл, ішінде мен де бар, мен білмейтін мұнан жүз есе көп, қойшы, әйтеуір, қазақтың қалам ұстаған зиялы деген жұртының 99,9 проценті қайын енесіндей қақпас мәтүшкелердің қапсырмасын паналап отырған шақта» деп куәлік еткен, осы тірлік одан кейін де ұзақ уақытқа жалғасқан кезеңде негізгі тақырыптардың бірі дала болмайтын жөні де жоқ еді-ау. Дегенмен ертерек шаһар тұрғызып, өркениетті отырықшылыққа ертерек көшкен орыстар әдебиетінде қала мен деревня әдебиетінің аражігі ажыратылып болған кезде, біз әлі тұнық қайнардан дәм татып жүргенбіз. Өткен ғасырдың 60-80 жылдарындағы дала-ауыл образы соншама көркем сомдалып, сол тәтті әсерді әлі талмап жүрсек, сол заманды ешуақытта ұмытпайтын (әлбетте, сағынатын) болсақ, бұл, әрине, ішінде осы Сағаң да бар, қиырдағы даласын адал сүйген сол кезгі қаламгер буынның ересен ерлігі шығар-ақ. ...Көктем зулап өтіп жатыр төбемнен, Көкшіл булар көшіп жатыр белеңнен... Белді буып, бір жұлдызды бетке алып, Бір сиқырлы жолға түсіп келем мен...
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Бір замандарда осы өлеңді ерекше бір жылы сезіммен қабылдадық. Көктем солай болуға тиіс еді. Ал қазір ше? Қазір де солай-ақ шығар. Бірақ қазір көкшіл булар мен сиқырлы жолдарды тап сол кездегідей сүйетіндер көп пе? Аса көп емес сияқты. Сонда да тым қатайып кеткен жүректеріміз осы жолдарды қайталап оқығанда қайтадан әлденеге атқақтай жөнелетіні несі екен?.. Жалпы Сағаңның өлеңдерінде көктем басым пайызға ие екенін көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Суық қаһарын төкпейтін, бұлтты қабағын түймейтін, ылғи жадырапжайнайтын, кіршіксіз, гүл-шешегі құлпырған дүние — Сағаңның басыбайлы стихиясы. Ақынның кітаптары «Дала гүлі», «Таң алдында», «Ақ самал», «Бозторғай», «Ақ толқын», «Қайырлы таң», «Іңкәр дүние», «Жарық жұлдыздар»... болып келетіні де сондықтан шығар. Егер таза табиғатты қайтадан сүйгіңіз келсе, шаһардағы түксиген көп қабатты үйдің балконы күн сайын ұсынатын жауыр көріністерден шаршасаңыз, Сағаңның өлеңдерін тағы бір оқып шыққаныңыз жөн. Мына суреттерге үңілейік: «...Бір шөкім бұлтқа тіреліп, Сәулелер жерге тұр саулап» немесе «...Балапан бұлттар жүр жүзіп, Балбырап тұрған ауада» әйтпесе «Бөлініп қалған үйірінен, Қарайды жуас ақша бұлт»... Байқадыңыз ба, қай өлеңде де қамтылған деталь — бұлт және қандай бұлттар десеңші: сәулелерін саулатқан мейірімді бұлттар, балбыраған ауада жүзіп жүрген балапан бұлттар, үйірінен адасып қалған аңқау бұлттар... Осыларды (мысалға алынбаған басқа да бұлттар туралы) оқып отырып, Сағаңа бұлттардың да тек жөндем-тәуірлері кездесетініне қайран қаласың. Ал ақынның қаламына іліккен дала суреттері тек осылар ғана ма? Жоқ. Егер Сағаңның өлеңдерін одан әрі саралай берсеңіз, көктегі Күн, Ай, жұлдыз, жердегі гүлшалғын, өзен-көл, қыр-қырат, ауадағы жел-самал, бу-тұман, ән-әуен туралы бірқыдыру парақтарды толтыратын жекежеке тізімдер жасап шығуға болар еді. Және бұл тізімдер, мысалы, институтты шала бітірген биологтар мен
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір географтардың өздері тап басып тани алмай жүрген небір сиқырлы құбылыстарға толы қандай бағалы парақтарға айналар еді. Дегенмен Сағаңның мөлдір сезім жыршысы екенін былай қойғанда, табиғаттың да бірыңғай сұлу шақтарына сүйсінуді мұрат тұтып өткен себебі неде екенін біз бәрібір түсіндіріп бере алмаймыз. Әйтпесе, мақаламыздың бас жағында айтып өткендей, Сағаң «халық жауының» баласы ретінде көрген түртпектері мен түңілулерінен соң талай нәрсені жек көріп, талай жұртқа кектеніп өсуі тиіс еді ғой. Оған ақынның «Жыл сайын — қырда гүл жүзіп, жайнаған кезде дүние, Кеудемді желге сүйгізіп, Келемін туған үйіме» деп басталатын өлеңіндегі оқиға да желеу бола алар еді. Елге келген ұл анасына бетінен сүйгізіп, шай үстінде оның сан алуан сауалдарына (саулығың қалай, достарың аман ба, жолдастарыңның отбасында қанша бөбек дүниеге келді, көрші үйдегі кемпір есен-сау ма) риза етерліктей жауаптар қайтарып отырады. ...Айтамын бәрін қалдырмай, Жаққасын бұл жыр құлаққа. Ақыры — жауған жаңбырдай Таусылады әбден сұрақ та. Қызарып ыстық шайменен, Қадалып үнсіз отқа кеп, Қарайды бір кез жәйменен: «Әкеңнен хабар жоқ па?..» деп. Таппаймын сөз де бұған түк, Тимейді оңай бұл маған. Көзімнің алды мұнартып, Кінәлі жандай қиналам. Соққандай суық жел бетке, Арылмай сол бір кінәдан. Мен де оны мынау жер-көктен
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Отыз жыл бойы сұрағам. Сұрағам — жасыл белдерден Бесіктен шығып ұшқаннан, Көгеріп жатқан көлдер мен Көктемде қайтқан құстардан. Жердегі орман-тоғайдың Талайын шарлап, таптағам. Бұл жәйлі, бірақ, олардың Біреуі бір тіл қатпаған... Анамның жүзі бұзылып, Жарқылдап жүрген әлгіде, Тап осы жерде үзіліп, Тоқтайды барлық әңгіме... Жанымды менің шымшылап, Жауар бұлт құсап бүгін де, Жауапсыз қалған бір сұрақ Жатады көңіл түбінде... Әрине, оңашада да бұл сұрақ талай мазалағаны дау туғызбас. Сағаңның «Жас кеттім, Жарқамысым, жалғыз кеттім» немесе «...Өмірге келгенім жоқ күйеу болып, Ол маған тегешімен төс бермеді» деп басталатын өлеңдер жазбауы мүмкін еместігі де осы еді ғой. Бірақ солай бола тұра ақын өзін жайсаңдар мен жақсылардың санатына қосқан, басқа ешкім де емес, тек өзі екенін тәптіштеп айтып, эгоизмге ұрынбайды. Қайта, мысалы, «...Жүргесін ел-жұрт елпектеп, Өстік қой ерке-бұлалау» деп ізеттілік көрсетеді немесе «...Жайлы жер іздеп кетті деп, Жазғыра көрме, қарттарым» деп ақсақалдарға иіледі әйтпесе «...Мен жығылып қала ма деп абайсыз, Туған далам келе жатты бірге ұшып» деп мерейлене марқаяды. Тағы да дарабоз Мұқағалиша қисындасақ, өлеңдегі сағилық әр, өң өмірдегі сағилық мінезбен ылғи осылайша ұштасып жатады.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Көрнекті ақынымыз Есенбай Дүйсенбайұлының төмендегі жолдармен аяқталатын өлеңі бар еді: «...Сайрайды бозторғайлар да, Сағидай жырлау қайда деп». Расында да, бозторғай үні естілсе, дала қайтіп жадырайтын болса, бозторғай үнді Сағаңның өлеңдері оқылса, көкіректер де солай нұрлана бермек.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ҒАЛЫМНЫҢ САЛБУРЫНЫ ...Тарайтындай шанағымнан мұң ғана, Қарайтындай сұрқай далам ұрлана. Жорамалы жол үстінде жоғалмай, Көкалалы жылқы айдаған бұл бала. Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ. Ғалым Жайлыбайдың, ұмыта қоймаған шығар, бір ақын туралы жазған мақаласында «Салбурыннан іздің сонысын іздеген аңшы сияқты» деген жолдар бар еді. Біздің білуімізше, бұдан көп ертерек кезеңдер бұрын аңшылар топтасып, адам аяғы әрең жететін қиянға аттанып, иен далада ұзақ уақыт бойы аң аулауды салбурын атаған көрінеді. Салбурынның, зерттеп көрсеңіз, бұдан басқа да қазіргі бұйығы тірлік иелері тамсанар қызықтары көп. Ол бөлек әңгіме. Ал Ғалым Жайлыбайдың тіліне салбурынның оралуы бір жаңаша теңеу ойлап тапқысы келгеннен кейінгі әрекет емес, оның сол салбурынның салтанаты асқан аймақтарды сан шарлағандығының куәсі. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының екінші жартысында туғандардың ішінде жылқы баққан азғана қаламгерлердің бірі осы біздің Ғалым. Әңгімемізді осыдан басталық. Өлең, әлбетте, ортақ өнер болғандықтан, әр ақынның меншігіне лайықтап берілер жеке сөздер жоқ. Сұлуы мен көріксізі бар, инабаттысы мен одағайлауы бар, жанашыры мен жылмаңы бар, әйтеуір, көңіл-сарайыңда сайрандап жүрген кез-келген сөз бен сөйлемді ал да, өлең құрастыра бер. Мысалы, Тұмағаңа біреудің аяғын басып кетуден
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір өлердей сақтанатын, жібектей сызылған кішіпейіл тіркестер үйір болатын. Ал Қадыр ағаның қасында ешкімге есесін жібермейтін тап-тұйнақтай сөздер жүруші еді. Сағи ағамыз болса, кезінде ақ жаңбыр, ақ бұлттар, ақ самал, аппақ дүние тәрізді анықтамаларды көп қолдана беретіндігі үшін жас сыншыдан ескерту естіген. Ал солардың Ғалым інісі ше? Әлгінде айтқанымыздай, әуелде жылқы баққан Ғалым үнемі тыпырлап тұратын тұяқтың үнін, аттың жалын жатқызбайтын екпінді желдің уілін, қыстың көзі қырауда кірпік мен мұрттан сынып түсіп жатқан мұздың күтірін, құйрықжалдың суылын естіп тұратын тәрізді. Өйткені айналадағы дүниенің барлығын да ол сол шақтағы суреттермен салыстырып көруге дағдыланған. Әрине, өлең жазғанда тап солай жасауды алдына мақсат етіп қоймайтын да шығар, бірақ сиялы қалам еріксіз солай қарай сүйрейді: «Ұзады жылдар, ұзады, Құлдыраңдаған құлындай...», «Қырдан асып жүгірген Құлагер-күн...», «Кербестідейін көңілдер болады кейде құсалы...», «Көкалалы көп жылқым Көз алдымнан көлбедің...», «Ауыздықпен алысқан арғымағым...», «Сар желісті құлаға ер салмадым...»... Бұл ретте бір кезде Алматыдан Маңғыстаудағы мұнайшылардың арасына кетіп қалған Темірхан ақынның қаламынан (әсіресе, «Сапар алдында», «Мәртебе» жинақтарында) ғылыми-техникалық прогресс тақырыбымен әдіптелген қаншама жақсы өлеңдер туғанын немесе Жарқамыс пен Қарауылкелдінің арасында талай шаң кешкен Есенбайдың жырларына бозала таң мен бозторғай көп енгенін қайтадан ескермеске болмайды. Сол қаламдастары секілді Ғалым да өзі жетік білетін жайларды жазғанда қаламын қате сілтемейді. Осы тақырыбымызды одан әрі жалғастырсақ, жылқы дегеніңіз қазаққа қанат, сүйеніш қана емес, мұң, уайым болған кездері де жеткілікті. КСРО-ны басқарған әпербақан Хрущевтің қыл құйрықты жануардың басына қандай зобалаң тудырғанын аға ұрпақ жақсы біледі. «Маленков берген байталды, Хрущев келіп қайта алды» дейтін «классикалық» өлең сол кезде пайда болған. Бұл, әрине, бөтен әңгіменің
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ еншісі. Ал біздің тоқталып өтпегіміз, осы тақырыптың басқаша жалғасы бар екендігі, және соны Ғалымның көкірегі қалай түйсінгендігі туралы гәп. Айталық, «Жетім құлын» — Ғалымның газетке жарияланған бойда назарға ерекше іліккен жырларының бірі. «Протоннан» енесі өлген құлын мен өзіне-өзі қол жұмсап өлген күйеудің жесірі — бір тіннің екі жасушасы: ...Жетім құлын қаңғиды әр аулада, Жесір әйел жылайды түніменен. Тағдырлары ұқсас болғанымен, әрине, адамзат баласының артықтығы — мейірім төге білетіндігі: ...Жесір әйел сипаса маңдайынан, Жетім құлын көзінен жас ағады. Бір өлеңге осы суреттер де аз трагедия емес. Бірақ... Жалпы базары тарқаған тұлпар мен енесіз қалған құлын біздің қазақ ақындарының қаламына ілікпей қалмайтын тақырып екендігіне дау жоқ. Дәл осы тұста Жиенбаев Сағи ағаның «Атқа мінгіз баланы, атқа мінгіз...» деп басталатын бір өлеңі еске түсіп отыр. Баланың ес біліп, етек жапқанының белгісі ретінде атқа (ашамайға) мінгізу рәсіміне әкелінген жылқы бір кезде «сар даланың самалын жалғыз жұтып, аспан-жердің арасын аңыратқан», енді, міне, қой торыға айналған баяғы арғымақ екен. Жібек мінезді Сағаң өлеңді «Сәл иілсек, иыққа секіруге, Дап-дайын-ақ тұрсың-ау, қайран өмір» деп түйіндейді. Ал жылқы сертіне қанық Ғалым одан бөлек мына шындықты уақытша бүркемелуді және жөн көрмейді: ...Жетім құлын жетіліп кетер болса, Сойып алмақ соғымға арғы жылы. Демек, әзірге жесір әйел жұбауратқан жетім құлынның түптің түбінде көрер күні күн емес — қайда барса да Қорқыттың көрі. Мынау мың құбылған дүниеде ғапыл пенденің алдынан да талай осындай шарасыздықтар шыға келетіндігі бұл өлеңнің түпкі астарында жатқан қосымша желінің шылбыры. Өлеңнің, жоғарыда айтқанымыздай, назарға ерекше іліккен себебі де осы. Ал жарық жалғанда өлең тіліне қатарласа қонақтайтын
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір мұндай ұқсас тірліктер тіпті көп. Мысалы, мынау «Жаңғырық» дейтін өлең. Әрине, бұл ретте, сөз жоқ, Абайдың «...Жартасқа бардым, Күнде айқай салдым, Одан да шықты жаңғырық» деген жолы есіңізге түсе кетеді. Ғалым да сол жолды негізге алады. Өзінің де (осы заман ақынының да) жан-жағы жаңғырыққа толып тұрғанын айтады. Рас нәрсе. Бірақ Ғалым онымен тыныш таппайды: ...Сізден соң өмір-өлеңге Біз қайдан келдік қаңғырып? — деп Абайға сауал тастайды. Ащы сауал, бірақ күн тәртібіне осылай қойылуға тиіс сауал, тіпті, шындығына келгенде, талай қойылып та жүрген сауал. Ал бұдан соңғы жолдарда бұл сұрақтың астары қалай ашылатынын мазмұндап шықсақ, көп сөзге ұрынып қаламыз, сондықтан тізгінді тартамыз. Дегенмен, негізгі айтпағымызды ұмытпаймыз: бұл өлеңнің және бір ерекшелігі — Абайға және бір сауал арналатындығы және оған Абай енді жауап бермейтіндігі: ...Жартасқа бардың сен неге, Жаңғырық есту үшін бе? Ғалым осы арқылы бізді (ақындарды) Абайдан соң неге өлең жазатынымыз туралы күдік-орманға кіргізіп кетумен бірге, әлгідей жартастардың қазір қай жерде тұрғаны жөніндегі пікірлерге, осы күнгі жаңғырықтар туралы мына жұрттың не ойлайтыны хақындағы болжамдарға қоса қамап кетеді. Ғалым шығармашылығы — табиғат пен адамның, заман мен қоғамның, жалқы мен жалпының ара-қатынастарына оқырманды өзгеше үңілдіретін осындай жырлардың берекелі қоймасы. Мына екі жолды оқиық: ...Қара шанақтың зарын құстырып, Өз қобызымды өзім тыңдадым. Бұл жерде қобыздың үні жоғарыда сөз болған жаңғырықтың туысқаны деуге келетін сияқты. Себебі «...одан да шыққан жаңғырықты» дауыс иесінен басқа ешкім естіген де жоқ қой. Айналаны ну тіршілік, нөпір халық қоршап тұрса,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ жаңғырық пайда болар ма еді. Ал мына өлеңде жалғыз жортқан пенде қара шанақтың зарын өзі тыңдап, өз арманмұңын өзі тербетеді. Демек, мейлі, өркениет соншама өркендеген заманда да адам шіркін бәрібір бір жалғыздықтан құтыла алмайды екен. А, бәлкім, жарқылдағы көп жабайы мұңсыздықтан, сол себепті бойыңды билеуге әзір тұратын әлденендей кемшіліктерден арылу үшін сол жалғыздық кейкейде керек те шығар. Және тағы да сол себептен болуға керек, ақынға айтқызсаңыз: «...Асын да Сағынайдың сағынбайды ел». Апыр-ау, «жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілемде» (Қадыр) болып жатуға тиіс салтанаты асқан сауықтан, ас та төк дастарқаннан бас тартудың жөні қалай болар екен? «Абылайдың асында шаппағанда...» деп желпініп кететін жұрттың мұнысы несі? Бұл, сірә, анау ХІХ ғасырдың емес, мынау ХХІ ғасырдың суреті болса керек. Әрісі кешегі «қырғиқабақ соғыстан» құтылған сияқты көрінгенімен қауіптілігі тым үдеп кеткен қазіргі халықаралық жағдайды жетік білетін, берісі ахлақтық (моральдық), ұлттық, тіпті экологиялық мәселелерді күн сайын талқылап отырған сауатты халықтың мағынасыз ырду-дырдуға құлқы да соқпай қалды ма екен? Әлде «Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін» деп тағы бір Құлагердің тағы бір иесі зарлауы мүмкін екенін ескеретіндер көп пе екен? Не болғанда да, елдің енді Сағынайдың асын да сағынбайтыны ойландырады-ақ. Осындай да осындай гәптерден кейін ақынның (немесе оқырманның, әйтеуір қазақтың) мынадай ренішті лебізіне дау айту да қиын: ...Өмір кештім, мен де бір өмір кештім, Көрпесіндей сусыған көңілдестің. Ал мына екі жол әрқайсымыз бастан кешкен сондай алуан бояулы өмірдің бір жалт еткен бір қимас суреті ғана: ...Біздің бастан бір дәурен жалт береді Үйіріндей үріккен қысырақтың... Қай дәурен екені ашып айтылмайды. Ашып айту міндет те емес секілді. Себебі әркімнің қаншама жылдар өткен соң
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ғана сағындыратын, сарғайтатын бір дәурені болады. Ол, бәлкім, мұңсыз балалық шақ, мүмкін, уайымсыз бозбала дәурен, тіпті бертінде кешкен, бірақ бертінде деуге қимайтын әйтеуір бір сағым-жылдар шығар... Қайткенде де өтті, кетті. Жай кеткен жоқ-ау, бас-аяғын аса қиналмай қайтадан қосып алатын момын қойдың отарындай емес, қайыру бермейтін қырсық қысырақтың үйіріндей болып жоғалды ғой. Қысырақ бағудың қиындығын жылқышылар бек түсіндіріп береді, қазақ «Қыз баққанша қысырақ бақ» дегенді жетіскеннен айтпаған, дәлелдің салмағын күшейту үшін айтқан. Бозбала дәуренінде кейде бұлтты, кейде бұлтсыз аспанның астында бірде жайдары самалмен демалып, бірде жындысүрей үскірікпен жағаласқан Ғалымның тіліне басқа емес, қысырақтың үйірі ілігетін себебі — осы. Осыған ілестіре еске түсірсек, қазақ қаламгерлерінің және бір соқпай өтпейтін тақырыбы — жусан. Тым әріге барсаңыз, алдыңыздан А.Н.Майковтың орыс тілді шежірелерден сүзіп алып, 1874 жылы Ұлы Даланың жусаны туралы жазған «Емшан» өлеңі шығады. Бірақ біздің Ғалым жусанға кезіге алмастай жат аймақта жүрген жоқ, сол себепті жусан оның қол жеткізе алмастай бұлдыр сағынышы емес, әу баста күн сайын дерлік, қазір оқта-текте болса да кездесіп жүрген сырласы, мұңдасы. Сол сырластығын, сол мұңдастығын ақын былайша бейнелейді: ...Жалғыз түп жалқы жусанның Тамырына түнеп тағдырым... Егер түп-тұқияны ауылда жатқан, ал сол ауылдың түтіні көзіне көрініп тұрған ақынның аяқ астынан жусан иісін жылаймандана сағына салуы қандай жалғандық (бәлкім, еріншектік) болса, оның есесіне сол жусанның тамырына тағдырды түнету соншалықты шындық. Үнемі әлденеге көңілі алаң болып, үнемі әлденеге шөліркеп жүретін ақынның тағдыры анау шөл-шөлейтті далада өсетін жусанның тамырынан сая іздеуі — заңды құбылыс, мінсіз байқампаздық. Тамыр туралы тағы бір қайырымға қарайлай өтейік: ...Қарағайлар қара ағашқа сүйенді,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Тамырларын торғыл шуақ тілгілеп... Әрине, қара ағаштың төзімділігіне, сүрегі ауырлығына, шірімейтіндігіне дау жоқ, дегенмен, мәңгі жасылданып тұратын қарағай да осал емес еді ғой. Бірақ мына заманда мүлде сүйенішсіз гүлдей беру мүмкін де емес шығар, оның үстіне кім-кімге сүйенбей жатыр дейсің. Дегенмен, біздің назарымызды аударған ол жай емес, басқа жай — тамырларды тілгілеген шуақ, торғыл шуақ. Демек, Жердің үсті ғана емес, асты да, топырақпен демалған қараңғы қатпарлар да, айналып келгенде, Алла түсірген Күн нұрынан, нәзік шуақтан нәр алатынын ұмытпауымыз керек екен. Бұны жеткізу үшін ақынға, әлбетте, биологтық та, геологтық та терең білім емес, әлгі шуақпен туыстас өте сезімтал ішкі түйсік жеткілікті екен. Расына келгенде, ақын деген халықтың әлдебір ерекше айшықтарды әдебиет теориясында қалыптасқан ғылыми ұғымдар мен терминдерге әдейі бейімдеп емес, сол әлгі түйсік арқылы кездейсоқ пайдаланатын сәттері бар. Мысал келтірейік: Торғынын тосып Тобылым, Толқыны толқып аққанда, Тобылғы түсті торы күн Толықсып барып батқанда... Торықтым... сосын төгілдім, Тосын бір күйін тосты ағын. Толғанып аққан Тобылдың Толқынын сүйді тоспа құм... Бұл өлең өзен туралы ғана емес, сол өзеннің толқыны туралы болғандықтан ақынның қаламын бір-бірін лек-легімен құшып-сүйіп жататын майда иірімдердің суреті осындай әуезді жолдарға жетелесе керек. Біркелкі қайталанатын үндес дыбыстар, шынында да, бір жағынан, су жағалап өскендерге Тобылдың тоспа құмға бас тіреген толқындарын айқын елестетсе, екінші жағынан, өзеннің самал сипаған айдынын әлдеқалай жалғыз келіп көргендердің әлдебір толқынысты бастан кешетінін еріксіз еске түсіреді. Ал мына
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір жолдар ше: ...Қозы көш жерден көрінген Қоңыр қаздардың тізбегін Қоғасы біткен көлімнен Қобыздай сарнап іздедім.... Өлеңнің бунақтық өлшемі бүгінгі болғанымен, сарыны бағзы заман жырауларын еске салып тұрған жоқ па?! Әрине, жыраулар дәуірінде болған қозы көш жер мен қоңыр қаз, қоғасы біткен көл мен қобыз қазір де бар, дегенмен, қоғалы көлдер, қом сулар қоныс болған сол заман мен қоғасы біткен көлдер қоңыр қаздарға қоныс бола алмайтын мына кезеңнің аралығындағы өзгешелік тым басқа. Ғалым тәрізді ақындардың осылайша «Қоңыр» деген өлең жазып, екі басқа дәуренді бір байтаққа сыйғыза алмайтыны да сондықтан. Осы тұста ерекшелеп айта кеткен мақұл, Ғалымның өлеңді ажарландыратын көркемдік бояуларға, мысалы, аллитерация, ассонанс, әсерлеу (әсірелеу емес) тәрізді тәсілдерге іш тартуға бейім өлеңдері табиғи музыкалық аспаптар төгетін қоңыр әуендерге қосыла үн қатып тұрады. Мысалы, әр сөзі бір ғана әріптен басталатын мына жолдар сол сөзіміздің дәлелі: ...Керім кездің кезікті кереметі, Кермедегі керілген кер бестідей, немесе, ...Боз көде боздар беткейде — Бетеге басқан балағын. Әйтпесе бастапқы, соңғы сөздері қатар ұйқасқан мына жолдарға үңілейікші: ...Мұң қалады төсінде қыр-алаптың, Жылғалары жанымның, жылап ақтың, болмаса, ...Мұқым қайғы... Таяз бақыт. Күз. Қала. Сықырлайды аяз-уақыт сыздана. Оны азсынсаңыз, мына шумақты оқыңыз: Тұлпарларым, дүлдүлім, арғымағым! Мәңгі бағым... Таңдарды таңға ұрамын. Шалдығамын көмбеден көре алмасам, Зар қыламын айта алмай Ардың әнін.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Бұлар — сирек тоқылатын (дұрысында, төгілетін) кестелер. Олай дейтініміз, сөзді тап осы Ғалым тәрізді әрлі әуезбен әдіптейтін, әлдебір әдемі әндерді еске түсіріп отыратын қалам иелері саусақпен санарлық-ақ. Соның ішінде Ғалымның өлеңдерінде осы қасиет ерекше басымдыққа ие, талай шумақтардың талай жолдары бір-бірімен сыңғырлай сырласып тұрады. Осындай ерекшелік, сірә, бұрыннан да «Тамшылар» (Өтеген Күмісбаев), «Бар ма маған ғашық адам бір жерде» (Тұманбай Молдағалиев) тәрізді әсем әндерімен танымал композитор Ахмедияр Есмұхановтың да көңіліне қанатын кең жая қона кеткен болуы керек. Ол Ғалымның бір өлеңіне қатты қызықты, қызықты дегеніңіз не, сол мәтінді өзгелерді де қызықтыратын тың әуенмен әдіптеді. Сөйтіп қазақ даласына кенеттен «МузАРТ»-тың орындауындағы «Есіл ағады» әні кең тарап жүре берді. Біздің қазақтың ежелгі де, оны қойғанда, кешегі КСРО кезеңіндегі де бір ерекшелігі, шырқалған әннің музыкасы мен сөзінің ым-жымы бір болушы еді ғой. Тіпті ұйқасы жоқ деуге болатындай «Нақ-нақ» немесе «Ағаш аяқ» әндерінің өзі де әлдебір ішкі ырғақтық үндестіктермен үйіріп алатынын жақсы білесіз. Бұған қосымша тағы бір әңгімеге ерік берсек, телеэкранға шығатын әншілердің репертуарлары мен радиодан берілетін әндердің мәтіндері көркемдік (саяси емес) «цензураны» белден баса аттап өте алмайтын шақта талай қазақ баласы талай-талай әндердің ең болмағанда бірінші шумағы мен «әбизәтілні» түрде қайырмасын білетін. Мәтіндердің тым түсініксіздігі, дәлірек айтқанда, өте мағынасыздығы салдарынан жаңа әндердің сөздері жатталмайтыны, кішігірім басқосуларда үлкен де, кіші де сол баяғы ескі әндерді шырқап жататыны, өкінішке қарай, қазіргі заманның бір «үрдісі». Міне, осындай шақта сазы сұлу, сөзі сырлы «Есіл ағады» әні жұртшылықты ерекше елең еткізді: Есіл ағады, Есіл ағады, Ақбұйра толқын жарды ұрып. Есіл аққанда есіп ағады, Жағада жартас жаңғырып.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Есіл ағады, Есіл ағады, Мағжанның жүйрік жырындай. Мені де бір қыз есіне алады, Тарқатып өрген бұрымдай... Осылайша біресе жағаны аймалап, біресе тарқатылған бұрымды көзге елестетін мәтін сүйкімді қайырмаға ұласады: Сырбазым сыңғыр, сыңғыр етеді, Сұлулар таққан сырғадай. Түрілген сонау түннің етегі — Ұйқымды қайтсін ұрламай? Одан әрі ән-өлеңнің екінші бөлігі әлгі тәтті әсерді одан әрі жалғастыра түседі: Есіл ағады, көсіле ағады, Есіле ағады ерке өзен. Көңілге мәңгі көшіп алады, Аққудай арлы сол кезең. Естінің толқын есін алады, Аймалап Ай, Күн — жарық құт. Есіл ағады, Есіл ағады, Есіл ағады, жарықтық... Ән аяқталғанда төңірегіңде әлдебір әуеннің сыңғыры әлі де қалықтап жүргендей сезіледі екен, әлдебір нәзік шумақтар айналаңды әлі де кезіп жүргендей болады екен. Тап осындай кезде Фариза Оңғарсынованың мына лебізі қайтадан есіңе оралатындай: «Кейбіреулер қазақ жырын қаншама қырық құбылтқанымен, Құран тектес қасиетті қара өлең Қасымнан, Мұқағалидан қалған шекпенін жамылып, ұрпақтарының алдынан шығады. Қазақтың қазақы болмысы бұзылмай тұрған шақтағы қыр сұлуларының шын күмістен құйылған, сыңғыр еткен сайын жанарыңды жаулап жарқ ететін шашбау-түймелеріндей Ғалымның да өзгеше өрілген өлеңдері сол қатарда тұруы хақ». Есілдің ерке ағысын негіз ете сөйлесек, ақынның мұншама алуан түрлі көркемдік нұсқаларды мол пайдалануы оның алуан тақырыптарды қамтуымен ғана емес, алуан аймақтағы әр түсті суды кешуімен де, әр түрлі топырақты басуымен де байланысты болса керек. Мысалы,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ «Қызылағаш, Қызылағаш...» өлеңінде тосқауылсыз аққан тажал топанның тауқыметі Ілияс жырлаған Матайдағы қобызшы Молықбай шалдың зарлы күйін еске түсірсе, «Алғадағы аққулар» табиғат тақсыретінің осы заманда пайда болған қамырықты көрінісін бейнелей сұңқылдайды, ал «Жасыбай көлі» сая іздеген сайғаққа бағзы замандағы сайранды күндерін сағынтады. Жинақта мұндай өлеңдер баршылық: «Баянтаудан қайтқанда», «Шайтанкөлге барғанда», «Ерейменді көргенде», «Қызыл іңір. Қызылжар», «Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл», «Баянаула. Түнгі тілек», «Шыңғыстауға сапар», «Ұлытауға бардың ба?»... Осы өлеңдерді оқығанда қайран қазақ даласының кешегі мен бүгінгісі әр кезеңдерде түсірілген фильмдердің түрлі-түсті Һәм ақ-қара ленталарындай кезек-кезек алмасып, жанжағыңды қаумалап дүбірлей шауып келе жатады. Рас, қазақтың ұланғайыр көркем кеңістігі табиғат лирикасының небір шұрайлы шумақтарына айналған керемет кездер болған. Бірақ ол қай заман еді, ол қай жердің үсті еді, қай аспанның асты еді?! Ал бүгінгі Ғалымның еншісіне мүлде басқа суреттер бұйырды: «...Айымен қосып бұл күнде Айдынды жұтып қойған жер»; «...Сексеуілсіз қайран дала — Ақсақалсыз қазақтардай»; «...Булығып ұшқан бұлттарыай көктің, Буынсыз жерге ұрынып»... Осы әңгімені одан әрі жалғасақ, жоғарыда Ғалымның әуелі даламен еркін сырласып өскенін ескерткенбіз. Сол себептен де оның қаламына сол даланың тірлігі көбірек ілінуі заңдылық. Өлеңдердің атауларынан-ақ құм суырып, жел үрлеген қайран қоныстар көз алдыңа келе қояды, ал авторлық баяндаулар әлгі суреттерді тиянақтай анықтап көрсете бастайды. «Күзеудегі қараша үй» — жүректің жүдеу күркесі, «Ескі қорым» — дүниенің жалғандығын қайталап тұрар ескі ән, «Сынық арба» — қайран қара шалдардың қажырлы төзімі, «Бұлақ басындағы бұлдырық» — бұлаң еткен бұлдыр өмір, «Қос қараған» — сұп-суық сырдың сұлбасы, «Қараша ауыл» — жабыққан жанның жазылмас жарасы... Міне, осыларды ескергенде Ғалымның поэмалары да
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір бітпейтін дала дастанының бір парағына айналуы заңдылық болып көрінеді. Қазақ жұртында Жаяу Мұса мен «Ақ сисаны» білмейтін сауатты жан жоқ шығар-ақ. Әлдебір себептермен кейіннен табылып жатқан ескілікті ақындар мен көне жырлар (оның ішінде, айталық, ХVІІ немесе ХІХ ғасырдікі делінетін, бірақ лексикасы, неге екені белгісіз, ХХІ ғасырмен де үндес бола салатын туындылар) туралы әңгіме басқа, ал Жаяу Мұса, Ғазиз, Құлтума, Қанапия, Жарылғапберділер көңілдерге әу бастан берік орныққан есімдер емес пе еді?! Осылардың арасынан поэма кейіпкерлігіне Жаяу Мұсаның ілігуінің де себебі белгілі, ол — жаяу жүріп аттыдан кек алған ақындардың айбынды символы. Автордың мына түйіндемесі шығарманың толық мазмұнын қысқаша бейнелеп береді: ...Бұл дүние — әлімсақтан қазақ үшін — Атты менен Жаяудың аламаны. Сондай-ақ: ...Ақ сиса» — жаяулықтың жармасқаны Аттының шаужайына жан дәрменде. Былайша барлығы да түсінікті сияқты, бұл оқиғаның анау заманнан мынау заманға көнбіс тірліктің тас-топырағына көміліп қалмай аман-есен жеткенінің өзі — ымырасыз ызакектің өтеуі, бәлкім, қиянаттың жеңілуі, мүмкін, зорлықтың тізе бүгуі. Дегенмен мына сөзді қайда қоясыз: ...Айдап алар малы жоқ өрісінде, Көп ішінде бір жалғыз... Мұса ма екен? Бұл жолдардағы мал мен өріс, біздіңше, тілге тиек болып отырған факті ғана. Одан да зор кілтипан «Көп ішінде бір жалғыз... Мұса ма екен?» деген, сырттай қарағанда, тіл ұшымен айтыла салған тәрізді болып көрінетін бір ауыз лебізде жатқан жоқ па?! Айналаңызға қараңызшы, «көп ішінде бір жалғыз...» қазір жоқ па? Осылай үңілгенде (жоғарыда келтірілген «бұл дүниенің қай кезде де атты мен жаяудың аламаны» болатыны тәрізді бірқатар қосымша наланаздарды қосқанда) Жаяу Мұса образы оқтын-оқтын жалқыдан жалпыға айналып кетіп отырады. Ақынның негізгі
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ мақсаты да осы болса керек және сол мақсат өте сәтті орындалған. Бұл шеберлікті, әрине, поэманың өн-бойынан, мәселен, заман туралы толғаныстардан да жиі тауып алуға болады. Өйткені поэмада, айталық, Шорманның Мұстапасы мен Жаяу Мұсаның арасындағы кектесулер сол заманғы қазақ байтағының барша трагедиясының бір ғана суреті екені, ал өзара өштескен Шорманның Мұстапасын да, Жаяу Мұсаны да қоса жалмап тастайтын басқа бір зор алапаттың дауылы басқа жақтан соғып тұрғаны қосымша баян етіледі. Осындай астарларды абайлап ашу тәсілдерін тапқан ақын әрі-беріден соң «бай мен кедей» (берідегі «ақ пен қызыл») мәселесінің ара-жігін оңай ажыратып алуға бейімделіп тұратын арзан қадамдарға баспайды. Кінәліні оқырманның өзі бірге іздеседі. Поэманың құндылығы да — осы. Және сол себепті автордың тіліне мынадай тілек ілігеді: ...Қасиетім — қалың ел — тұтас орман, Өткеніңді өрт шалған құса сордан. Сен аман бол, «Ақ сиса» — Жаяу ақын — Арқадағы бір құтым — Мұса, Шорман... Жалпы түйін: қазақтың әр аяулысы — қазақтың әр қасіретінің бір естелігі. Ал «Киікқашқан» поэмасы — экологиялық зар. Киік зары. Бұл бірақ заманында Сәкен Сейфуллин жырлаған, жануарға бағышталған ашкөздіктің зардабы туралы емес, өркениет дейтін жаңа дәуіріңіздің протондар мен гептильдер арқылы бүріккен улы сәулелерінің қасіреті жөніндегі дастан: ...Боз дала бота болып боздағасын, Бозторғай бүріседі бір ән салмай. Ең сұмдығы сол, адамзат түптің түбінде киік түгілі өзінеөзі қорған болып қала алар ма екен? Сондықтан да: Киікқашқан — дастан емес, Киікқашқан — сұрақ белгі... ???
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Бұл айтқанымызды сыншы Амангелді Кеңшілікұлының: «Киікқашқан» — азып-тозған дүниенің символдық бейнесі ғана емес, қазақы рухтың бүгінгі көрінісі. Бұл күні кеше ғана «Адамға табын, Жер, енді» деп астамсыған адамға жіберген Құдайдың зауалы», — деген қатал пікірімен түйіндей тұруға болатын шығар. Иә, мұны зауал делік. Ал өткен ғасырдың отызыншы жылдарының аяғында ерекше қарқын алған, елуінші жылдардың екінші жартысына дейін зардабы біржола үзілмей жалғасып келген саяси қуғын-сүргін қасіретінің өтеуін кімнен сұрар екенбіз? Тіпті әлдекімдерден сұраған күнде де жарамыз жазыла ма? Әрине, жоқ. Осы тақырыпқа жазылған сан алуан шығармалардың қатарына «Қара орамал» поэмасы қосылды. Бұл — нақты деректер мен құжаттарға сүйенген поэзиялық реквием. ҚарЛаг-тың (Қарағанды еңбекпен түзеу лагерьлерінің) территориясында әлі күнге дейін атқан таңмен, батқан күнмен, соққан желмен зарлай сырласатын өткен күннің қайғыға тұншыққан көріністері туралы бұл туындының салмағы қандай да асқақ еңсені езіп жібереді. Поэмадағы әр тараудан зәрлі зұлматтың әр парағы сығалайды. «Мамочкино» моласы» — шарасыз бақытсыздықтың шырылы, шарана шағынан балалығын ұрлатқан, қызығын тонатқан, арнаулы комбинаттағы тірліктің ауыртпалығын көтере алмай опат болған, мүрдеге айналған жазықсыз балалардың жан азасы. «Қызжылаған» — «Алжир» лагерінде («Акмолинский лагерь жен изменников Родины») азап шеккен аналардың ерні тілім-тілім еңіреулі тірлігі. Тіпті көлемді шығарманың қай тарауына үңілсеңіз де («ҚарЛаг» қақпасы», «Ахметжан Сармантайұлының «58-статья» күйі», «Гармоншы. 1937 жыл», «КарЛагтың» қара кітабы», «Тас пен ас», т.б.) қара жамылған елестерден құтылуыңыз мүмкін емес. Поэма сол себептен де сұлбасы үнемі желбіреп тұратын түйінмен аяқталады: «...Қарағанды лагері — қара орамал Жиырмасыншы ғасырдың басындағы». Міне, үш поэмада әр кезгі үш оқиға қамтылғанмен де, ортақ әуен біреу — қазақ даласы және қазақ жұрты. Жоғарыда өлеңдердегі қайран қоныстарымыздың бүгінгі
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ суреттерін тілге тиек ете отырып, көлемді туындылар туралы әңгімеге көшер кезде, «Ғалымның поэмалары да бітпейтін дала дастанының бір парағына айналуы заңдылық болып көрінеді» деген себебіміз, міне, осы еді. ...Әңгімеміздің басында Ғалымның салбурын туралы айтқан бір лебізін келтіргенбіз. Ақындық та сол салбурынның бір түрі. Ақындар да (әрине, шын ақындар) көнеден келе жатқан неше алуан таныс тақырыптарға жамыраса қайтадан қол созып, әрқайсысы әрқалай жырлаған шабытты шақ аңшылардың әлгі топтасып қиян кезген салбурынын елестетеді. Сол топтағы қанжығасы майлылардың бірі Ғалым Жайлыбай болып қала бермек.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ТҰТАС ТҰМАҒАҢ Өмір маған кейде бір бел сияқты, Гүлдерін тергім келеді. Өмір маған кейде бір шөл сияқты, Сусын бергім келеді. Тұманбай. Қазақ поэзиясының жаңаша киінуі Абай өлеңдерінен басталғаны мәлім. Сол кезде даламызды аралай бастаған орыстың озық туындылары, орыс тілі арқылы келген шетел шығармалары бұған дейін небір жауһар дүниелермен көңіл тербеп, көз арбап келген қазақ өлеңін енді сол күйі тыныш қалдыруы мүмкін емес-ті. Бұл ретте сол сәттен бастап жан-жақты қаруланып, еркін көсілген көсегелі мазмұн мен көркемдік сапаны қоя тұралық. Мәселенің екінші тарапынан сыр тартсақ, мысалы, өлең құрылысы мен өлең өлшеміне қатысты мүлдем жаңа формалар пайда болды. Олардың атасы, айталық, «Сегіз аяқ» пен «Сен мені не етесің» (Абай) болғанда, балалары «Советстан» немесе «Альбатрос» (Сәкен Сейфуллин) еді, немерелеріне Төлеужан Исмаиловтың өлеңдерін жатқызсақ, білікті шөберелерін Тыныштықбек өсіріп келе жатқаны мәлім. Рас, біз бұл азғана сөзімізде бұндай жаңалыққа ат қосқан барша өлеңдер мен барлық ақындарды түгел қамтуды мақсат етпедік. Дегенмен, осындай толқын-толқын ізденістерге қарамастан, негізінен ақындарымыз қазақ өлеңінің дилы қонысы мен дәстүрлі өрісінен жаппай жөңкіле көшіп кеткен жоқ. Сол көшпегендердің көрнекілерінің бірі Тұманбай
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Молдағалиев еді. «...Дүние кең ғой, Көйлек боп көңіл оңбаса. Ғашық-ақ ем ғой, Қосылғанымыз болмаса» немесе «...Құлағанда көлге күн, Үстіндегі көйлегін Сығып жатты қыздар да. Қорықпаңдар жаңбырдан, Жолығыңдар әр қырдан, Тоңбайсыңдар біз барда» әйтпесе «...Пысқырды аттар, Лаулады оттар, Меймандар келіп қалған ба? Түндегі отты, Пысқырған атты Мен жақсы көрем жалғанда» деген тәрізді бұрыннан бар, бірақ жиі қолданыла бермейтін таныс өлшемдерге оқта-текте қол созғаны болмаса, Тұмағаң ғұмыр бойы әрқайсымызға етене жақын алты, жеті, сегіз әйтпесе он бір буынды өміршең өрнектерден жаңылған жоқ. Неге олай? Бұл дұрыс па, бұрыс па? Бұл жағы, әрине, даулы мәселе, әр талғам өзінше талмауға тиіс сауал. Сөйтсе де Тұмағаңның бөлекше бедермен жазылған сондай тағы бір өлеңін оқып көрелік: Көрмегендеймін бір ғасыр, Бір күн сені көрмесем. Шөлдегендеймін бір ғасыр, Бір күн сусын бермесең. Аяулым, менен бұрын өлме сен. Ашылған кезде бұлтты аспан, Аспанды жерге төсесем, Екі-екіден жұптасқан Өмірдің қандай көші әсем. Аяулым, менен ұзақ жаса сен. Өлшенбес бақыт жылдармен, Алтын күн кімнен озбаған. Талай жыл бірге тұрғанмен, Бірге өлуді жазбаған. Аяулым, осы бақыт аз маған... Осы тұстан бастап поэзияның формасынан аулақтап, мазмұнына ауысайық. Әсеттің әнін есіңізге түсіріңіз: «...Сәйфіл-Мәлік, Жамалдай, Бейнетіңе көнсем-ай, Қозы Көрпеш, Баяндай, Бір молада өлсем-ай!». Ал Тұмағаң аяулы кейіпкерін бейнетке де қимайды, бірге өлуді де
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір көксемейді, қолынан келгенше өзінен соң да ұзағырақ сақтап қалғысы келеді: «Аяулым, менен бұрын өлме сен» немесе «Аяулым, менен ұзақ жаса сен». Мұндай өлең арналған қыздың (келіншектің) қандай арманы бар, шіркін?! Қадірлі ақынымыздың біз білетін бір ерекшелігі осындай өлеңдерге ілесіп атой береді. Тұмағаңның ең әуелі махаббат жыршысы ретінде аталатыны бар. Рас. Мұны ақынның өзі де мойындайды: «...Махаббаттың ақыны деп мені жұрт, Тәніме саулық, жаныма бақыт тілеген» немесе «...Жылжижылжи жылдардың өткені де Өкінтеді жыршысын махаббаттың». Бұл ретте мына екі пікірді келтіре кетейік. Әбділда Тәжібаев былай депті: «...Жастар біздің махаббатымыздың ақыны деп Тұманбайды көбірек қастерледі. Ол расында да махаббат өлеңін өзгемізден көбірек жазған ақын». Бұған Әбіш Кекілбаевтың лебізін қосайық: «...Оны, әдетте, махаббат жыршысы деседі. Десе дегендей. Оның барлық кітаптарының да негізгі мазмұны — махаббат... Оның жырларында махаббат — адам өмірінің айрықша жоғары құндылығы, саф алтын қасиеті, күллі тіршіліктің негізгі мән-мағынасы ретінде сан салалы толғаныс тапты. Ол жырлар әркімнің өз жан сырындай, өз жүрек діріліндей сезілді. Олардың жаппай әнге айналып, жалпының аузында жүруі де сол себептен-ді». Ал бұл ұзақ сапардың қалай басталғаны әлі де көзі тірі неше сан оқырманға және мәлім. Сонау 1957 жылы ерекше жарқ ете қалған «Студент дәптері» атты алғашқы жинақтағы жалғыз шумақ мына өлең талай жүректерде ұмытылмастай болып жатталып қалып еді: Ай да бүгін аласарып, төбемізден төнеді, Сәулешімді ұлықсатсыз қайта-қайта көреді. Көлегейлеп жабар едім албыраған жар жүзін, Бірақ, менің өзімнің де көре бергім келеді. Бейкүнә шарасыздық пен бейдауа ынтызарлықтың қол ұстасуынан пайда болған осы өлеңді әлі де қайта-қайта оқи бергің келетіні бар. Ал Тұмағаңның, жоғарыда Әбіш ағамыз куәлік еткендей, дереу әсем әндерге айналып кеткен мына өлеңдері ше: «Бар ма маған ғашық адам бір жерде, Ойлана
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ма мен туралы түндерде...» немесе «Кездесеміз, жүздесеміз біз дәйім, Кәдімгі жас жігіт пенен қыздайын...» әйтпесе «Түннің қай уақ болғанын да кім білген, Сөніп жатты жұлдыз біткен бір-бірден...». Иә, бұлар әуелі әр түрлі жыр жинақтарында жарық көрген көрікті өлеңдер еді. Сенбесеңіз, ақынның таңдамалы томдықтарында үнемі жарияланып жүрген осы өлеңдер мен ән кітаптарындағы мәтіндерді ерінбей салыстырып көріңіз. Композиторларды Тұмағаңның махаббат туралы өлеңдері қызықтыруы тегін еместігі, әрине, қосымша әңгіменің еншісі. Негізгі әңгімемізге келсек, Тұмағаңды біз ұмытпауға тиісті болатындығымыздың бір себебі — осы; оның көптеген өлеңдері — біздің адал махаббатпен айшықталған жастығымыздың көркем шежіресі. Сондай міндетті абыроймен атқарған ақын бертінде сол еңбегінің жемісі дәйім толып-толықсып тұратынын бек сеніммен айтты: ...Тұрған кезде басымда бақ талабым, От іздедім, өмірден от қарадым. Әйтеуір мен өлгеннен кейін-дағы Әйел халқы тұтынар зат боламын. Мың қуанып, күніге мың жүдеймін, Өмірімді өзгеге үлгілеймін. Қызғалдақ боп тұрамын қыр үстінде, Қыздар үзіп алсын деп үлбіреймін. Рухына бұйырып киелі алаң, Мүмкін, жолда өсетін шие болам. Шие ерінді қыздарға бұйырамын, Көлеңкеммен шаршаса сүйеп алам... Бір қызығы, бұл өлеңді Тұмағаң ең жақын сыйластарына арнаған, солайша айдарлаған: «ӘЙЕЛ ДОСТАР. «Жалын» баспасында бірге қызмет істеген жолдастарға». Бұл өлеңді тұтас оқып шыққан соң ұққанымыз, жалпы Тұмағаңның әйел дейтін халыққа қатысты туындыларынан түйсінетініміз біреу — онсыз да шуаққа малынған жаратылысқа үнемі қосымша шуақ төгіп тұруға ынтықтық. Кейде тым көбіректеу болып
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір көрінетін (расы да солай-ау) әлдебір шексіз өкініштерді, аңсауларды, сағынуларды (әрідегі «Неге ояттың, неге ояндым тым ерте, Қызық еді түсімдегі көргенім»; «Сол ақ тамшы еріп жерге түсіпті, Басқа үй саған өз есігін ашқанда»; «Мені сүйер біреу бар деп алданам, Сол алданыш шын бақытым сияқты»; берідегі «Мен жырлаған қыздардың Ақ кірді ғой шашына»; «Қыздарға қарап сөйлеген Сағынам жарқын кезімді»; «Қайдан табам сол жалынды, Қайдан табам сол отты»), міне, осыларды қайта парақтау арқылы Тұмағаң бір кітабының атауын неліктен «Махаббат оты сөнбейді» деп қойғанын толық ұғынамыз. Сол сияқты ақын отыздан асқан, қырық жасқа бас бұрған шақта әзірлеген алғашқы таңдамалы өлеңдер жинағын «Хош, көктем» деп атағаны да бек түсінікті. Міне, осындай мәңгілік махаббат ақынның барлық кітаптарында үзілмей жалғаса берген бір тін болса, екінші тін — одан бұрынғы дәурен, базарға бара алмаған балалық шақ. Бұл — Тұмағаңның тұстастары түгел бастан кешкен, кейін ақын-жазушылар қатарын нығайтқандардың қаламдарына жиі іліккен тақырып. «Етік» сондай өлеңдердің бірі: Арбасы балалықтың алға жүрді, Жау көздеп атты менің арманымды. Аш жүрдім, суық үйде ұйықтадым мен, Білмеймін қалай тірі қалғанымды. Анамның көңілі маған бөлінеді, Мен үшін қабырғасы сөгіледі. Екеуміз кидік соны кезектесіп, Бір етік біздің үйде болып еді. Әңгіме, өлең десе, ұйып қалам, Айтады соның бәрін сүйікті анам. Қалады пеш жанында жалғыз өзі, Мектепке етігін мен киіп барам. Қай қазақ есіркесін жетім ұлды, Маған тек талайлардың беті күлді.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Тапжылмай түстен кейін мен отырам, Кеткен соң апам киіп етігімді... Сол етік кейін маған сыймай қалып, Жыладым, жүзім жасқа шимайланып. — Етігін әкең келсе, киесің, — деп, Анашым кете берді үйді айналып. Ұнымыз жетті жазға үнемдеумен, Жәрдемді бақыт көрдік біреу берген. Балалық бастан өтіп кетіпті ғой, «Етігін, әкем келсе, кием» деумен. Тап осы оқиғаны негізге ала отырып бертінде ақын Серік Ақсұңқарұлы 14 шумақ туынды жазып («Көзімді ілсем... Түс көрем... Қар үстінде Тұманбайлар жүреді жалаң аяқ!»), оны «Тұманбай туралы баллада» деп атады. Әрине, Тұмағаңның бұдан да көркем өлеңдері бар. Әйтсе де ертеректе жазылған бұл туындыға Серікке қосыла арнайы тоқталып отырған себебіміз, «Етік» — шынайы, бірақ өзек өртейтін, оның үстіне жалпыға бірдей таныс ащы фактілердің бірі, өткен ғасырдың отызыншы жылдары туғандардың сезімдерін алай-түлей ететін жыр-баян. Бұл ретте, сөз жоқ, Мұқағалидың «1941 жыл. Ақпан», «Отыз бесінші көктемім» тәрізді өлеңдерін немесе «Дариға-жүрек» поэмасын, Сағидың «Оң аяқ», «Тұлып» «Сүт туралы баллада» секілді біраз шығармаларын әйтпесе Қадырдың, әсіресе, «Ой орманы» жыр жинағының бесінші бөлімін («Айдаһар болып майдан жұтып жатты Ата мен немеренің аралығын») ерекшелеп айту қажет. Ал Өтежан жетпісінші жылдардың өресінде ұсынған «Соғыстың соңғы жазы» — қаһарлы жылдар қасіретінің әбден зерделенген, толыққанды көріністерінің соңғы иіндісі еді. Енді Тұмағаңа қайта оралсақ, мұндай өмірбаяндық деректерге әр кітаптарда қайта айналып соғып отыратын сыз көңілді өлеңдер оқырманды ешуақытта бей-жай қалдырмайды: «Әкем әлі тірі жүрген сияқты», «Ей, бала күн, несіне кездесесің», «Ес білгелі мен өмірге ғашық ем», «Киіз етік киіп жүрдім, тоңбадым», «Менің туған күнімде қар
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір жауыпты»... Сондай бір өлеңнің («Жетім бала») қысқартылған нұсқасын оқып көрелікші: ...Көкірегімнен алыс ұшты қандай құс, (Бар болсаң сен, бала күндей талмай ұш). Қой мен қозы жамырасқан шақтарды Сағынамын әлі күнге мен байғұс. Қарын тойды, қалды артта сол таршылық, Машинамен жүр бүгінде малшы жұрт. Түсімде де қозы бағып жүремін, Қайыңды ат қып, тобылғыны қамшы ғып. О, балалық, бұлт ішімен жүгірген, Айналдым мен алба-жұлба түріңнен. Көк сағымға кірген сайын ақын ой, Көп сағынам бір өзіңді бүгін мен. Құс та жетім, мерт болған соң сыңары, Қайыңның да бұтақтары сынады. Жаңбырда қап жаураған сол баланы, Қазақ үй боп жылытқым кеп тұрады! Байқамаппыз, балалықтан кетіп ек, Өмірдің сан сынағынан өтіп ек. Сәл марқайып, сәл шалқиын десем-ақ, Жетім бала жаутаңдайды жетіп кеп! Бұл ретте, әрине, Жарасқан Әбірашевтің сондай бір тапқырлықпен жазылып, тез тарап кеткен (бәлкім, Тұмағаңды ептеп өкпелетіп те алған) мына белгілі эпиграммасында шындық та жоқ емес еді: Жиырмасында «Жетіммін!» деп жылаған, «жыладың» деп талай сыншы сынаған... Отызда да «Жетіммін!» деп жылаған, ол кезде де талай сыншы сынаған... Қырықта да «Жетіммін!» деп жылаған, «қойсаңшы» деп талай сыншы сынаған... Ақ «Волгамен» аңыратып жүрсе де,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ «Жетілдім!» деп айтпай қойды-ау Тұмағаң. Алайда, қалай десеңіз де, осы буын сол қырықыншы жылдардағы тыл өмірінің поэзиялық шежіресін кейін ешкім тап сондай етіп қайталай алмастай ақиқат тілмен, кейін ешкім тап сондағыдай тірі бояулармен әспеттей алмастай адал айшықтармен сомдап кетті. Расына келгенде де, қазақ жұртының өміріндегі сан алуан тарихи кезеңдердің көркем әдебиетпен, соның ішінде поэзиямен ерекше қоян-қолтық араласқан, құжаттан көшірілгендей мейлінше жетік баян етілген тұсы сол Ұлы Отан соғысы жылдары еді. Сондай адал құжаттардың біреуінің иесі біздің Тұмағаң болды. Енді қайтадан жаймашуақ күйге көшіп, заманында Тұмағаңды өзгелерден гөрі ерте танытқан тағы бір себеп болғанын айтуға көшкеніміз жөн секілді. ХХ ғасыр ертіп әкелген жаңалықтардың бірі — ән мәтінінің авторлығы. Бұл кезде Біржан салдар мен Ақан серілердің жұрнақтары азая бастады да, оның есесіне нотадан бастап үйретілетін музыкалық білім ордалары пайда болып, өнер аспанына талантты композиторлар шарықтап ұшып шығып жатты. «Бірлән», «Ләйлім шырақ», «Алтын қыз», «Айжан қыз», «Орынтай», «Әпіш» (Біржан сал), «Балқадиша», «Ақтоқты», «Мақпал», «Жамал қыз», «Ұрқия» (Ақан сері) тәрізді аруларды тракторшы, су тасушы қыздар алмастырып қана қоймай, социалистік (капиталистік емес) елдің мұратына лайық сыпайы да нәзік махаббат әндері қанат қағуға тиіс болды. Сиқырлы әуендерге сұлу мәтіндер таңдалды. Сөйтіп енді ақындар композиторлармен бірге марқайып отыратын болды. Біздің буын, мәселен, Қазақ радиосының «Ұшқын» программасындағы (ол кезде бағдарлама деген термин жоқ) «...Кел, билейік, кетпе менің қасымнан, Қызғалдағым, таң нұрымен ашылған. Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды, Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған» деген әнді күн аралата тыңдап өсті, Алматыға, Алматының жаңбырына ғашық болып ержетті. Мұны Есенғали «Бақыт құшағында» деп аталатын тамаша өлеңінде өте көркем сипаттады: «...Жауатын жиі жаңбыры, Алматы не ол? Қала ма? Билей ме онда барлығы? Бәрі де жұмбақ
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір балаға. Кімдікі мынау бөлек ән, Самалы басқа, сазы өңге? — Үкіметтікі, — деді анам, — Ұқсайды, — деді әжем де». Кейін КазГУ-ге, КазПИ-ге, жігіттер жағы, әсіресе, зоотехникалық-малдәрігерлік институтқа оқуға түсуге келгенде ең алдымен әлсін-әлсін төгіп-төгіп өтетін сол ақ жаңбырға рахаттана малшынды. Кейін шөлді аймаққа әйтпесе қыркүйектің орта шенінен басталатын қар аралас қара жаңбыры мол солтүстік өңірге тап болғандар Алматының баяғы жұмсақ жедел жаңбырын талай еске түсірген шығарақ. Шәмші Қалдаяқов бұған тағы бір әнді ілестірді — «Әнім сен едің». Оған Әсет Бейсеуов қосылды — «Шақырады көктем». Ал Тұманбай інісінің 1964 жылы шыққан «Алатау қызы» жинағындағы «Құстар әні» өлеңіне («Құстар қайтып барады» деген атпен тарап кеткен) тамаша саз ойлап тапқан Нұрғиса Тілендиев ше?.. Жарайды, бұның бәрін әрідегі шежіреге теңелік. Беріде ше?.. «...Менің де жастық өмірім Көшеде кетіп барады». Бұл — «Алматы түні». Баяғы жаңа жауып басылған жаңбыр секілді албырт сезім, әбден байқадыңыз, өзгерген: аз-мұз мұң бар, сәл-пәл қимастық бар... Дегенмен заңдылығында дау жоқ. Ал заңды болатын себебі, алғашқы мәтіннің авторы — жас Тұманбай, соңғы мәтіннің иесі — маңдай шашы сұйылған Тұмағаң. Әрине, ақынның ән-мәтіндері бұлармен түгесіліп қалған ештеңесі жоқ: «Куә бол», «Сағындым ғой», «Құстар қайтып келе жатыр» (Н.Тілендиев), «Қаздар қайтқанда» (Т.Базарбаев), «Дос туралы жыр» (С.Бәйтереков), «Ғашықтар әні» (М.Құсайынов), т.б. Осы тұста бір жайды жалғастыра айта кетелік. Әлі күнге дейін айтылмай қалмайтын «Қайдасыңдар, достарым» (Қабдыкәрім Ыдырысов, Әбілахат Еспаев) атты ән бар. «Бірге толып, бірге өткізген жалындаған жас шақты» еске түсіретін бұл ән әлбетте қиыр шетте жүрген қимастарыңды елжірете сағынтады. Ал қасыңдағы қазіргі досың ше?.. Бұл ретте Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Сейдолла Бәйтерековтің «Дос туралы жыры» ертеректе шыққан әлгі Әбілахат әнінің заңды жалғасындай көрінетіні бар. Тамаша тың әуенге Тұмағаң ағаштың қос бұтағы немесе қатар жанған
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ екі шам секілді, бірге жүріп жол тауып, бірге жүріп адасатын дос туралы қандай мағыналы әрі тілектес сезімге толы, лезде көкіректе жатталып қалатын мейірімді мәтін жазып бере қойған. Өздерінің әсем әуендеріне сөз іздеген композиторлардың бірден Тұмағаңды тауып алатын себебі осы шығар. Өйткені екінің бірі өзінің әсерлі музыкасына өзі тартымды мәтін жаза қоятын қазақтан шыққан тұңғыш бард Табыл Досымов емес қой. Осы жерде Табылдың бір әніне тоқтала кетелік. Ауылдарда теледидар жоқ, радионың беделі жүріп тұрған заманда бұдырсыз жазық далада туыпөскен біздер «Алатау қызы» (Әшірхан Телғозиев) дейтін әнді тамсана тыңдайтынбыз. Есіңізге түсті ме: «Ұлы өзендер басын таудан алады, Тау баласы тауға қарап өседі» немесе «Тау баласы бұлтты кешіп жүреді. Адаспайды қалың тұман ішінен». Меніңше, «Биіктік» деп аталатын әнін жазғанда Табылдың көкірегінде осы «Алатау қызы» сайрап тұрған секілді: «Қыр баласы тауға қарап өспейді, Қыр баласы қол созады аспанға». Жарасымды жалғастық дегеніңіз, бәлкім, осы. Ел таныған, қадірлеген осындай мол өлеңдерге байланысты әуелгіде бұл мақалаға «Танымал Тұмағаң» деген атау қойылғаны жөн секілді көрінді. Екі сөз ұйқасыпақ тұр және шындық. Бірақ бұлайша айдарлау сырт көзге Алатаудай зор ағамызды кішірейтіп тастайтын сияқты болып көрінуі де мүмкін еді. «Кім танымал емес?!» дейтініңіз анық. Тоқтаңыз. Қазаққа Тұмағаңдай толық танымал болған ақыныңыз көп пе? Тіпті әлдебір себептермен танымал болған күнде де ол ақыныңызды екінің бірі өлең туралы әңгімеге кірістіріп отыра ма? Бұл, әрине, қазақтың ең ірі ақыны Тұманбай деген сөз емес. Бірақ күллі жұртшылыққа Мұқағали мен Төлеген немесе тап осы Тұманбай, Қадыр, Фариза... секілді ұлттық танымалдыққа жету, артық айтсақ, кешірім өтінеміз, енді бұйырмайтын секілді. Бұл ретте мәселе поэзияның сапасына да толықтай тіреліп тұрған ештеңесі жоқ. Мәселе басқада. Көп себеп пен сан салдардың бір түйіні, мысалы, Тұмағаңдар дәуіріндегі өлеңқұмар оқырмандар қазір жоқ және қайтадан пайда болуы да
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір неғайбыл. Ал неге жоқ болатындығын, болуы да неғайбылдығын осы күнгі өркениеттің тіл жеткісіз дамуымен сипаттау қажет. Тек бұл Тұмағаңның да, қазіргі жас қалам иелерінің де кінәсі емес екендігін ұмытпаған жөн. Өйткені әр ғасырдың тұтыну объектісі әрқалай болады ғой. Бұның күні кешеге дейін қазақтың қасынан ұзамай келген («Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең». Абай) поэзияға да тікелей қатысы бар. Поэзияның тұтыну объектісі ретіндегі ролі қазір, мойындасақ та, мойындамасақ та, бәсеңдеп барады. Ал «Тұтас Тұмағаң» деген атауға тоқталған себебіміз неде? Бұл ретте ақынның досы Қадыр Мырзалиевтің осыдан қырық жыл шамасы бұрын айтқан пікіріне жүгінгенімізді жасырмаймыз: «...Өмірден өлеңді, өлеңнен өзін бөлек қоятын ақын Тұманбай емес. Онда бәрі тұтас, бәрі табиғи». Расында да, сонау «Студент дәптерінен» бастап, кешегі, жаңылыспасақ, 14 томдыққа дейінгі аралықтағы Тұмағаңның жырлары — аз дегенде бір қазақтың, көп дегенде өткен ғасырдың отызыншы жылдары ауылда туып-өсіп, қалада қалыптасқан қыруар мол қазақтың тұтас өмірі, әр кезгі қуанышы мен өкініші, сағынышы мен шүкіршілігі. Тұмағаңның назарынан 76 жылдық ғұмырының бірде-бір сәті тыс қалған кезі жоқ екен. Тіпті шетел сапарларынан туған өлеңдерінде де ақын ауылын еске түсірмей қалмайды. Мысалы, жас кезінде Италияға барған сапарында жазған «Рим қаласындағы ат» дейтін өлеңінде «Мынаны қара, Қарсыбай, Қарашы, қара мына атты. Ауылдан келіп, қалаға Үйренген бикеш сияқты» деп жазса, беріде Тынық мұхит үстінде бара жатып «Мені күтіп жүрген шығар қалқан құлақ бір бала» деп өткенін есіне түсіреді. Мұндай өлеңдерді, айталық, «Швеция дәптерінен» де кездестіресіз. Әйтеуір Тұмағаң Венецияға барса да, Казатком ауылын ұмытып кете алмайды, Тынық мұхитының үстімен жүзіп бара жатса да, Алматинка өзенін екінші сортқа жатқызбайды. Бірақ бұл жайт ақынның сапарнамалары өңкей өзі өскен топырақты әспеттеуден құралған деуге де негіз бермейді. Егер Италияның астанасы тәуліктің екінші бөлігінде қандай тірлік кешетінін білгіңіз
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ келсе, «Түнгі Римді» тамсана оқыңыз, ал «Теңіз жайлы жыр» — Жапонияға барар жолды қысқартатын әсерлі әуен. Тұмағаңның жоғарыда Қадыр сөзінде ескертілген табиғилығының, міне, осындай өзектері бар. Бұны одан әрі түсініктілеу етіп тарқата айтар болсақ, Тұмағаң өз көзімен көріп, өз қолымен ұстамаған дүниелерді жазуға тіпті де аса құлшыныс білдірмегені белгілі. Басқалар, айталық, көне, жаңа тарих, әлемдік саясат, капитализммен күрес, экологиялық проблемалар, ел өміріндегі ірі оқиғалар, т.б. туралы қалам тербеп (бұны, әрине, айыптамаймыз, көп реттерде ықыласпен қабылдаймыз), түрлі соны соқпаққа түсіп жатқанда, Тұмағаң өйтіп табан тоздырмай-ақ, өлеңге қажетті фактілерді өз айналасынан тауып ала қоятын. Рас, осынысы үшін, яғни, көпке таныс күйкі тірліктің маңайын көп шиырлағандығы үшін ақынның сынға да іліккен тұстары болғанын жасырудың және қажеті жоқ. Бірақ бұл да Тұмағаңның өзгеріп отыруды қажетсінбейтін өз болмысы еді. Айталық, ақынның өз отбасы мүшелерін, қаламдастарын былай қойғанда, аға-апалары мен жезде-інілеріне, құрбықұрдастары мен әр кезгі дос-жолдастарына, көршілері мен дәмдес, сапарлас, саяхаттас болған таныстарына, т.б. арнаған қаншама өлеңдері бар. Ақын көңілге (демек, өзіне) арнаған бір өлеңінде «...Шөл кездессе, шөлдеп жүріп суды тап, Жер жомарт қой, жерге шаншы бір бұтақ. Нұр боп, жыр боп жасамасақ жақсылық, Мына дүние сенсіз, менсіз тұр жұтап» десе, оған «...Жүрерсің-ау бір құлдилап, бір өрлеп, Ойлана жүр жан-жағыңды түгендеп» деген жолдарды қосса, бұл, сөз жоқ, ең алдымен Тұмағаңа ғана тән лебіз. Ең болмаса нұр боп, жыр боп жақсылық жасау, жан-жағын түгендеп жүру осы ақынға міндет секілді болып көрінетін. Және, ең тәуірі, ақынның сондай өлеңдерінен үй-ішінің, достуыстың, жолдас-жораның жылы демі сезіліп, дәйім тілектес бауырмал әбеқоңыр леп есіп тұратынын қайтерсіз?! Өзгелерді еркелетумен бірге өзін де еркелетудің қажеттігін жасырмай айтқан, оны қоя тұрғанда, өзін-өзі риясыз еркелете алған ақынымыз да Тұмағаң еді: «...Жастық шақ, тұтқындашы Тұмашыңды»; «...Мыналар неге маған
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір қарамайды, Тұмашпын, мен кәдімгі Тұманбаймын»; «...Ақындардың шабытында шалқыған Жүзіп келе жатыр бүгін Тұманың», «...Ақын Тұман жанының тапты күйін»... Осы тұста кезінде (1972 ж.) Мұқағали Мақатаевтың қаламынан үзіліп түскен мына лебізді келтіре кетелік: «...Тұманбайдың лирикалық кейіпкерлерінің жүрегі — қылау түсе қоймаған сәбидің мінезіндей. Несін де болса жасырмай жайып салады, қалтарыс-бұлтарысы жоқ. ...Тұманбай айтпақшы, өз жүрегінің ауруын сезбеген адам (ақын) өзгенің жүрегіне жол тауып, жолдас бола алмайды. Тұманбайдың ақындығының өзі — оның сезгіштігінде. Қуана да, күйіне де білетіндігінде, өзін-өзі сарыла зерттегіштігінде». Дәл осыған ұқсас пікірді дәл сол кезде (1972 ж.) сыншы Зейнолла Серікқалиев та айтқан екен. Ол ақын Қадыр Мырзалиев туралы жазған «Дала дастаны» атты көлемді мақаласында салыстырмалылық әдісті сәтті пайдаланып, өте ұғынықты түсінік бере кетеді: «Қазақ поэзиясының әрілібергі үздік талант-дарындарын былай қойғанда, кейінгі орта буын, жас ұрпақтың ішінен жеке кемшіліктерін бір сәт ұмытып, бүкіл жырларын дерлік құрметтейтін менің санаулы сүйікті ақындарымның бірі — Тұманбай мен Қадыр. Құдіретім жетсе Тұманбайдың төгілген сезімі мен Қадырдың ойлы, парасатты поэзиясын таспадай өріп бір-ақ туынды жасаған болар едім. Бірақ олардың біреу болмай, екеу болғаны қандай жақсы. Табиғаты әралуан ақындардың көп болғаны қандай жақсы». Енді ақынның келесі бір қырына назар аударалық. Бірқатар кітаптарының аты «Таудан түскен сәуле», «Жаз да өтіп барады», «Сарыала күз келгенде», «Сағындырған көктемдер», «Шыңдағы гүлдер», «Қар жауып тұр» болып келетін Тұмағаңның қаламына жиі іліккен тақырыптардың бірі табиғат екенін дәлелдеудің қажеті жоқ та шығар. Рас, ақын жыр жинақтарына мұндай атау бергенде көктем, жаз, күз, қыс тәрізді жыл маусымдарын өзінің жалғасып келе жатқан ғұмырлық-биологиялық белестерімен де салыстыру тұрғысында пайдаланғанын да есте ұстауымыз керек: «Хош, көктем», «Шақырады жаз мені». Дегенмен, осы фактінің өзі ақын қоршаған дүние құбылыстарынан өзін ешуақытта бөліп
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ әкете алмайтындығын, табиғат пен өзінің біртұтас организм екенін сезіну қалпынан аулақтамайтынын көрсетеді. Әрине, әлгі өте таныс кинофильмдегі ән мәтінінің бастапқы жолын қайталасақ: «У природы нет плохой погоды». Дегенмен, бір кездегі албырт армандарын егде тартқан шағында да еркелете жырға қосып өткен, ыстық сезім мен ынтық жүректің иесі болған Тұмағаңның бәрібір көктемді айрықша жақсы көретіні аңғарылып қала беруші еді. Қыс туралы мына өлеңнің үзіндісін оқып көрейікші: ...Жауған қар қайыстырды уақ талды, Ілініп бақ басына шуақ қалды. Ызғар да қардан шыққан қарымайды, Бейне бір аймалайтын сияқтанды. Үлгерген гүлін жарып бақтар қай күн, Іздеген көктемімді тапқандаймын. Қар емес, ақ мақтаның үстіменен Аяңдап жүріп бара жатқандаймын... Бұған қоса, «түнімен жауған қар, мойынға құйылған ақ құмшекер, өнерлі қыс салып тастаған суреттер» бәрібір Тұмағаңа көктемді елестете береді. Ақын Жанат Әскербекқызы «Өлең өлкесі» деп аталатын қазақ табиғат лирикасының антологиясын («Жазушы» баспасы, 2009) құрастырғанда Тұмағаңның он өлеңін таңдап алған екен. Сол өлеңдер «О, биыл, көктем қашан шығар екен...», «Тағы келді бір көктем...», «Көктем» тәрізді болып түзіледі. Әрине, Жанат бұл топтамаға ақын ағасының жылдың басқа мезгілдері туралы өлеңдерін де енгізген. Бірақ Тұмағаң бәрібір баяғы көктеміне қарай ұмтыла береді: Қыста да жақсы бұл дала, Қыста да онда шуақ бар. Айтады мұңды ән бір ғана, Ақ шапан киген уақ тал. Қыста да жақсы бұл дала, Көрінеді айқын алыстар.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Айтады мұңды ән бір ғана Ақ жаулық салған қамыстар. Қыста жақсы бұл дала, Күлкі бар онда, ойын бар. Айтады мұңды ән бір ғана Ақ көйлек киген қайыңдар. Алдымнан шықты жүгіріп, Осынау туған мекенім. Айтады бәрі бірігіп Көктемім жақын екенін! Осындай шақтарда шабыт-көңілге әлденендей дау айту да қиын, бұлай жазу — ақынның мақсатты мазмұны. Төлеген Айбергеновтің өлеңі есіңізге түсіп отырған шығар: «...Аппақ қардан омбылап, Көктем іздеп келем мен». Осы тұста тоқталып өтпеске болмайтын тағы бір жай бар. Табиғат туралы өлеңдерінде Тұмағаң сөзбен сұлу суреттер салуға, айшықты пейзаждық көріністер ұсынуға, әдебиет теориясындағы түрлі терминдерді қамтитын бейнелі бояуларды пайдалануға аса құлшынбайды немесе бұған сирек қол созады, яғни әрідегі Ілияс, берідегі Тоқаш, өзіне ілескен Жұматай, Нармахандар тәрізді алуан түрлі көркемдеуіш компоненттерді мол қолданбайды. Бұл да Тұмағаңның өзіндік болмасын тануға жетелейді: ол дүниені бөлшектеп емес, тұтас көруге бейілденіп тұрады, әр нәзік сәулені бір мейірлі шуаққа қосады, әр үлбірек жапырақтың бір берекелі бұтаққа жиналғанын қалайды, әр құстың жеке әуенін бір ортақ хорға шақырады: «...Жайылымнан бәрі дәйім бір қайтып, Жалғыздарды көптігімен мұңайтып. Сол тырналар бара жатқан сияқты Тірлік жайлы, бірлік жайлы жыр айтып». Қазақта осындай Тұмағаң біреу еді. Ұлы Мұхтар Әуезовтен 1960 жылы «Т. Молдағалиевтің өлеңдерінің ішінен: «Алматы таңы», «Көктем», «Асыл ұстазға», «Немере сыры», «Хат» деген өлеңдері — ұнатып оқыған шығармаларым» деген жолашар лебіз естіген («Жыл келгендей жаңалық сеземіз») жас Тұманбай, кейінгі Тұмағаң
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ — қазақ поэзиясындағы тұтас бір дәуірдің кемел көрінісі еді. Мәз өмірін, жаз өмірін қысқартып, жылы жаққа қайтып бара жатқан құстар, Алматының жаңа жауып басылған ақ жаңбыры, түнгі аспаннан кетпей тұрып алатын екі жұлдыз, махаббатқа куә болған Ай мен Алатау, қанатына көктемді ілестірген қаздар Тұмағаңның тілімен сөйлейтін. Көзімізді жұмсақ та көретін сүйгендеріміз, іздегенде қасымыздан табылатын достарымыз, ғашық оты көздерінде жанатын жас жұбайлар, кешке салатын әндер әуелі Тұмағаңды іздейтін. Сол Тұмағаңның алғаусыз адал сезімдер мен кінәратсыз ақ пейілге, нәзік сүйіспеншілік пен періште махаббатқа, мөлдір сағыныштар мен ақ ниет қимастыққа толы жырлары жаһанданудың жүлік арбасына мінген мына жұртқа өткен дәуірдің қайта оралмас құндылықтарын әлі талай ескертер-ақ. Тек Тұмағаң насихаттаған тұтастығымызды жоғалтып алмасақ болғаны да.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ТОСЫН ТОҚАШ ...Қай дөңесті, қай көшені баспады Керзі етігі солдаттың. Алғы шепте, Мыңғырған оқтың ішінен О, өмір, саған жол таптым. Тоқаш Бердияров («Өмірбаян орнына»). Өтежан Нұрғалиевтің «Мақатаев көшесіндегі ой» деген өлеңінде «...Өмір деген тәтті ғой, Тағдыр деген қатты ғой. Кешегі өткен ер Тоқаш — Басы жерге тигенше, Автоматын... атты ғой» деген жолдар бар еді. Қалай қарастырсаңыз да, осы жолдарда бір шындықтың сұлбасы жатыр. Ал Тыныштықбектің өлеңдерінен алған әсері туралы мақаласын бастаған шақта Әбіш Кекілбаев өз тұсындағы бірқатар белгілі ақындарды айта келіп, «...біресе есіктен қыз алдына келген ұялшақ жігіттей сыптия киініп, сыпайы кіріп, сыздиып тұрып, сыздана сөйлейтін Тоқаш Бердияров... көз алдыма келгендей болды» дейтіні және бар. Өлеңдері өз алдына ғой, әсіресе, біз қарастырғалы отырған үш поэмасында («Оқ және гүл», «Ескі паровоз», «Жорық жолдар») Тоқаштың сол «сыптия киінген» жолдары кең қолтықтыққа салынбай, «сыпайы кіріп, сыздиып тұрып» үн қатады. «Ескі паровоз» поэмасының «Анама хат» тарауының бір үзіндісіне үңіліп көрейікші: ...Сұрасаң амандық, Мен қызыл әскермін, Фашисті атамыз күн ұзын.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Бәтеңкем кең еді... сабанмен толтырдым. Ал шинель етегі тым ұзын. Жан Ана! Әскери тәртіпке Үйреніп кеткенмін. Салмағы шамалас Мылтық пен кетпеннің! «Көкелерің кездессе сәлем де», Деп маған айтып ең. Далалық пошта көп, Оларды табамын қайтып мен?!. Үш шумақта кенеттен қантөгіс майдан кешкен бозбаланың төбесін айналып жүрген біршама жекелеген шыншыл суреттер жатқан жоқ па?! Бәтеңке мен шинельдің пішім-мөлшері амандық күткен анаға тәптіштей айтылуы қаншалықты перзенттік ыстық сыр ашу болса, көкелерді тауып бере алмайтын далалық поштаның көптігі соншалықты шарасыз халді тағы бір анық пайымдатады. Және, ең бастысы, ұзынды-қысқалы әр жол әр жаққа елеңдемей, әрқайсысы өзіне ғана тиесілі жүкті тек жеке өзі көтеріп тұр. Әрине, қазақ поэзиясына тән сазды әуенге үйреніп қалған құлаққа еркін есілмей, қысқаша шалт қайырылатын жолдар өзгеше естілетіні рас. Бірақ, бұл дегеніңіз, өлең құрылысынан мақрұмдық емес, ақынның оқырманды кідірте ұстап, әр жолды назар аудара оқуын талап етуінен туған тағы бір ізденісінің ізі екендігі белгілі. Себебі бұл поэма жазылған кезде біздің әдебиетімізде, басқасын былай қойғанда, шет жұрттан келген форманың — ақ өлеңнің де бар болғандығын және ескерген жөн. Сол себепті бұлайша жазу мін ретінде қарастырылуы мүмкін емес еді. Өзінің осы майдандық поэмаларында, неге екенін кім білсін, Тоқаш Бердияров негізінен өзі таңдап алған осы форманы мықтап ұстанды. Сөз тамыршысы Тәкен Әлімқұлов «Жұмбақ жан» еңбегінде: «Өлеңнің тосын түрлерін тұрақтатарлық ізденістер Абайдың бүгінгі ұрпақтарынан азды-көпті бой көрсетіп жүр... Сырбай Мәуленов, Мұқағали Мақатаев, Тоқаш Бердияровтың кейбір
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір форма жаңалығы туған поэзиямыздың табиғатына жат емес», — дегенде, осындай жайттарды мегзесе керек. Бұған мына жайды қоса кетелік. Темірхан Медетбектің көне үлгілерден нәр алған «Көк түріктер сарыны», қалай десеңіз де, өлеңтұқым түрлері мол себілген біздің төл топырағымызды қайтадан құнарландырды. Бірақ мұны баршамыз жаппай сол күйі қайталай бастасақ, сәтсіздікке тұмсық тіреуіміз мүмкін, өйткені қымбат кілт әзірге тек Темірханның ғана қолында тұр. Сондай-ақ ХV-ХVІІ ғасырлардағы ежелгі жыраулар ізімен жазылған (әлі де жазылып һәм жарияланып жатқан) көптеген өлеңдер мен монологтар осы дәстүрді кезекті рет қайта жаңғыртқан, өзінше жаңғыртқан Есенғалидың бәріміз сүйсіне қабылдаған дара мақамынан («Бұл — менің аспаным емес...», «Ананың айдаһары бар...», «Қарға бойлы Қазтуған», «Арғымақ ару аттар жалында...», т.б.) аса алмай қалды, демек бұл сырлы сандықтың құлпы да кілт таңдайды екен. Тоқаң поэмаларындағы форма да осындай ғұмырлы ізденістердің әріректегі бір берекелі бекеті. Бұл — бір. Екіншіден, он жеті жасында майданға түскен Тоқаш, соғыс тақсіретін өлеңдер арқылы баяндаудың шеңбері тар болатынын ойлады ма екен, әу бастан поэмаларға қол созыпты. «Мен өмір сүремін» поэмасы — екінші жыр жинағының сүбелі бөлігі. Осы поэмасы жарияланып, сол арқылы әйгілі Мұхтар Әуезовтің жылы ілтипатына іліккенде Тоқаң әскери өмірден (1942-1949) қол үзгеніне бес-алты жыл болған жас майдангер еді. «Мәлік Ғабдуллинге жауап хат» деген мақаласында М.Әуезов: «...Және, Мәлік, сіз жеке жолдарын сынағанмен, әңгіме желісін де қабылдамағыныңызбен, мен өзім тың табыс деп, жас Тоқаштың жаңа поэмасы «Мен өмір сүремінді» атар едім. Ол поэманың сіз сынаған кейбір ақындық теңеуінің жайына кейін тоқтаймыз» депті. Және мақаласының орта тұсында өзі айтқан осы жайға қайта оралып, «...Образ, іздену жөнінде батылдық керек. Жолдас Мәлік, бұл жөнде сіздің Тоқаш Бердияров поэмасына жалпы берген бағаңыз мен үшін түгелімен даулы. Сіздің сыныңыз бұл жөнінде әділ емес. Әсіресе оның «темір ми» деген теңеуінен үркуіңіз және де
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ жол емес. Достоевский прозаның өзінде «Карамазовтың арының маңдайы жез еді» дейді. Ардың маңдайы боп, оның жез болғанын неше атадан көріп ек? Образ жөніндегі және түр тұсындағы ізденулерге соққанда, тегі біздің сыншылар, әсіресе, әдебиет сабағын жүргізетін оқытушыларымыз үйреншіктіден басқаны жатырқағыш мінезді аз қолдану керек. Орыс әдебиеті сыны көлемінде ондайды «академизм» деп атайды». Бұл ретте біздің арада пәленбай жылдар өткен соң Мәлік батырдың талғамына төрелік айтқалы отырған ештеңеміз жоқ. Бізге қажеттісі — Тоқаш поэмаларының бастауы болып табылатын осы «Мен өмір сүремін» туындысының 1955 жылы жарық көргенін ескерте кету. Одан соң ақын қаламынан «Оқ және гүл» немесе «Ескі паровоз» әйтпесе «Жорық жолдар» тәрізді поэмалар және өрілді. Осының қай-қайсысының да тіні — сол сұм соғыс. Тоқаңның осы поэмалары, егер мазмұнына қарай іріктеп көретін болсаңыз, өзінен тәлім алған Өтежанның «Соғыстың соңғы жазы» деген атпен бедерленген балладалары тәрізді өте үндес, бір-бірімен туыстас дүниелер. Және мәселе бұлардың тек қана тақырыптас болғандығына да тіреліп тұрған жоқ, авторлық баяндаулар бір сүрлеуге түсіп алған бір ізден ауытқымайды, бір поэмадағы суреттер үнемі екінші поэмада жалғасып отырады. Мысалы, «Оқ және гүлге» назар аударайықшы. Жоғарыда келтірілген «Ескі паровоздың» үзіндісінде кездескен ботинка мен шинель бұл жолы алғашқы жолдардан бастап-ақ тағы да алдыңыздан шығады: Аяғымда қырық екінші номерлі Қолпылдайды қызыл ботинка... Лапылдаған қырық екінші отты жыл, — Өтті бір... Оқ — қыңыр... Отты жыл кіреді түсіме; Қытықтайды мойнымды Шинельдің кірпі — жағасы. Қатқан қара нан батады тісіме...
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Ал «Майдандас құрдастарыма арнаймын» деп таңбаланған «Жорық жолдар» поэмасындағы мына шумақтар осы атауларды одан әрі жалғастыра түседі: ...Бұл күнде, батыры біз болдық — Ертегі, хиссаның!.. Моншаға қашан түсіп ек?.. Ұмытылды иіс май, иіс сабын. Солдатқа — қуаныш, салтанат, Алса егер елден хат, Келсе егер хат қабат. Солдаттың үйі сол, Солдаттың мүлкі сол: — Котелок, Көк қапшық, Автомат. Солдатқа сол қайғы, далбаса, — Темекі болмаса. Қапшықта жатса егер, тым жақсы-ақ, Буханка, Шпик, Колбаса!.. Қарап көріңізші, мұнда да артық түсініктеме жоқ. Біз көрмеген майданның біз ұстамаған мүліктері мен біз татпаған дәм-тағамдары. Бірақ жәй ғана ақпараттық мәлімет тәрізді көрінетін, прозаға қара сөзбен енгізіп жіберсеңіз, сыдырта көз жүгіртіп өте шығарлықтай бұл жолдардың бұл ретте өз сиқыры бар. «Қобыланды батыр» жырындағы «...Ала тұлпар мінеді, Үстіне сауыт киеді. Алмас пенен садақты Беліне орай іледі. Арыстандай айбатты, Алып-ұшып жүреді. Үш қырлы жебе, көк найза Ордасына сүйеді. Қобылан атты батырдың Ел тілегін тіледі» деген, жүрегіңе жылдам құйыла кететін таңсық жолдар сияқты ретімен қаланған соң ба, әйтеуір, жұпыны әскери өмірдің осы бір тым тапшы әрі арзанқол жүкжасаулары ерекше елең еткізеді. Тоқаң бұл жолдарды қағазға түсірерде «Батырлар жырын» қайталап оқыды ма, жоқ па, кім білген, бірақ сол асыл қазынаны ешқашан естен шығармағаны көрініп тұр — «Бұл күнде батыры біз болдық
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ — ертегі, хиссаның!». Ілтипат пен құрметке негізделген бұл теңеудің авторы, әрине, жалғыз Тоқаң ғана емес. Белгілі орыс жазушысы әрі журналист, кеңестік кезеңде ауыздан түспеген, қазір де қадірін жоймаған «Нағыз адам туралы аңыз» туындысының авторы, екі мәрте Сталиндік сыйлықтың лауреаты Борис Полевойдың Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин туралы «Правда» газетінде жарияланған очеркі «Эпостың тууы» деп аталғаны есіңізде шығар. Тоқаңның өзгеше қызметі — әлгі теңеуді екі жолға ғана дәмді етіп сыпайы сыйғызғаны, өрекпімегені, қосыңқырап айтсақ, тіпті өздерінің батырлығын (бәлкім, эпостағы оқиғаларға қанықтығы себепті) астыртын қомсынуы. Дәл осы тұста мына жайды айта кетпесек болмайтын сияқты. Тәуелсіздік алғанымызға дейін тежеу көріп келген тарихи тақырыптағы шығармаларды, соның ішінде сол заманның оқиғаларын баян ететін дастандарды оқып отырғанда қару-жараққа байланысты архаизмдердің көптігіне көз сүрінбесе де, көңіл тоғаяды. Бірақ сол архаизмдер толы сол шумақтар Қобыланды немесе Алпамыс әйтпесе Қамбар батырлар туралы жырлардағыдай көкіректі бүлк еткізе бермейді. Оның себебі көне заманның жыршылары қаружарақ атауларын аз білгендігінен емес, сірә, «Батырлар жырының» бізге дейін әбден екшеліп жеткендігінде, яғни ауыз әдебиетін жалғастырушылардың қаптаған атаулардың ішінен тыңдаушыны жалықтырмайтын мөлшердегі ғана зат есімдерді ықшамдап пайдаланғандығында шығар. Бұлай қисындағандағы айтпағымыз, поэзия, әрине, дереккөзі болудан бас тартуға міндетті емес, бірақ, бұл — жанама жүк, негізгі салмақтың иесі — сол деректі көз алдыңнан кетпейтін суретке айналдырып пайдалана қоятын талантты тапқырлық, шабытты қырағылық. «Жорық жолдардағы» мына шумақты оқиықшы: Қалалар. Разъезд... Вагоннан жүз түсіп, жүз міндік. Саратовта қайнатқан котелок картоптың —
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Сталинградта пісетінін біз білдік... Әрине, дәлме-дәл дерек дей алмайсыз, екі шаһардың арасын бөліп тұрған уақытқа қиянат та жасалған тәрізді. Бірақ бұл ретте мәселе дәлдікте де тұрған жоқ. Зерделеп ойласаңыз, екі қала — екі әлем: Саратов — тыл, Сталинград — майдан. Дегенмен, Сталинград түсінікті, ал басқа қалалардың арасынан өзге емес, нақ Саратовтың тілге іліккен себебі неде? Себеп мынау — әскери офицерлер даярлаған отыз шақты училище мен мектеп осы Саратовта болған, соғыс жылдары Саратов қаласы 5 армия, 132 дивизия жасақталған әскери округтің орталығына айналған. Сондай-ақ Сталинградпен байланыстыратын жалғыз автокөлік жолы осы Саратовтан шығатын еді, 200-ден астам әскери эвакуациялық госпиталь Саратов облысының территориясына орналасқан болатын: — Сестра! Айғайға басады Жаралы дос қиқар. Селоның шетінде орныққан Әскери эвакогоспиталь... Біз келтіріп отырған фактілердің бәрін автор тәптіштеп түсіндірер болса, біріншіден, поэма орынсыз шұбалаңқылыққа килігер еді, екіншіден, Саратовта отқа қойылған котелок картоптың неліктен Сталинградқа барғанша пісетіні әлдебір сырлы құпиясын жоғалтатыны анық. Оқырман онсыз да осы поэзиялық фактіде әйтеуір бір бөлекше негіз барын іштей сезінеді, оны қазбалай түсіндіруді қаламайды да. Тоқаңның «Дунайда суланған шұлғауды Берлинде кептірдік» дейтін жолдары да осы жүйеге жатады, түсініктемені қажет етпейді. Яғни автордың тісі шыққан балаға асты шайнап беруді мақұл көрмеуі дұрыстыққа шығады. Ақындық аңғарымпаз шеберліктің бір мысалы — осы. Осы арада Тоқаштың майдандық поэмаларының біршама кірме сөздермен бедерленетінін еске түсіре кеткеніміз мақұл. Ол майдан шебіне қатысты шумақтарында ауызекі нақтылық пен дәлдікке басымырақ сүйенеді:
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ...Солдатқа талшық болмады — Қай бақ-бақ, қай егін?! Үнемшіл майдангер қапшығын ақтарып, Іздейді «сухой паегін». ...Тоқымдай жерді біз Жүз алып, жүз бердік. Мушканың титімдей көзінен Үлкен Жеңісті іздедік. ...Атылған оқтар Ствол ішіне қайта кірмейді, Тірілмейді өлгендер! ...Снаряд сауытын көтеріп, Алдыңғы шепте де өсті гүл. Соғыстан қорыққан жоқ, Мықты ол. Жамырап белеңнен Солдаттармен атакаға шықты ол! Үйренді ол порохтың исіне. Сухой паек, мушка, ствол, снаряд, атака, порох... Шындап келсеңіз, бұларды (бұлардан жоғарыда келтірілген буханка, шпик, колбасаларды да) қазақшалауға әбден болады. Бірақ тап осы сөздерді тап осылай пайдаланбаған күнде майдан суреттерінің күнделікті реалистік сипатын көрсетудің тоқаштық әдісі әлсіздікке душар болар еді. Себебі ақын әу бастан-ақ негізгі салмақты осы сөздерге салуды мақсұт тұтқаны аңғарылып-ақ тұрады. Қосымшалап айтар болсақ, ол соғыс туралы поэзиялық туындыларда (әсіресе, поэмаларда) солдат тіліне сіңіп кеткен әскери терминдерден немесе амалсыз қолданылуға тиіс жаргондардан ат-тонды ала қашу қажетсіз сақтық деп ұққан тәрізді. Бұл ниет және сәттілікке де жетелеген. Әлгіндей кірме сөздер мен қазаққа етене атаулар поэмаларда әрқилы мінез көрсетпей, жарасымды жұғысып, бір ғана әуенді шырқап тұр. Мұндай қадамдарға қазақ ақындарының, сирек те болса, әдейі барған басқа мысалдары да жоқ емес. Дегенмен, Тоқаң бұл поэмаларында тек әскери жарғының, солдаттық мүкәммалдардың тілімен ғана
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір сөйлемегені және анық. Ол көптеген көріністерді кез келген қазақтың ұғымына сыйымды тілмен өрнектейді: «Жүректің дүрсілін Көкшіл мұз тыңдады»; «Оққа шашалар Тыныштық»; «Күлге көмілген көмештің Түйірін де ыдыратпай жедік біз»; «Жап-жаңа сарғыш балдақтар Мүлгиді кереуетке қисайып»; «Окоптар — жердің әжімі, Біз бір жылжыған тамшы тер»; «Дөңдегі пәнер жұлдызды зиратқа Сүт болып құйылды Ай». Немесе тұтас шумақтарды алайық: ...Солдатқа сұр шинель — құс төсек, Кең дала, Әр бұта — баспана. Қарын аш... Тым артта қалыпты-ау Әскери көшпелі асхана. ...Ажалды, әманда, Өзімнен ілгері оздырман. Өлімнен көп бұрын Бұл өмір иткөйлек тоздырған! Немесе мына шумақты алып көрейікші. Базбір сәттерде қазаққа әбден сіңісті боп кеткен кейбір жалғыз ауыз сөздің, ретімен пайдаланылса, бір арқа жүктің салмағын елестетіп тұратыны бар. «Қарағым» — сондай сөз. Қазақ «Қарағымай, Қырға шығып жолыңа қарадым-ай» деп те үздіккен әйтпесе «Түскенде сен есіме, беу, қарағым, Сағынып сарғаямын санаменен» деп те қиылған. Осы сөзді Тоқаң соғысқа да кіргізіп жібереді. Әуелгіде «Әр сүйем, әр адым, Ол менің сүйікті Отаным» деп келетін ықыласын іле одан әрі былай өрбітеді: Ілгері жылжып барамын, Бойымда қару-жарағым. Әр сүйем жер, әр адым — Ол менің қаракөз қарағым... Кезінде Өтежан «Отан-әке, қай ұлыңнан артықпын, Қайтсем ғана борышымды өтеймін» деп, Отан-анаға ғана үйренген оқырманды Отан-әкемен табыстырып, оқыс сүйсіндіре бір елең еткізгені бар. Тоқаңның өлеңінде әр сүйем жердің қаракөз қарағымға теңелуі сондай бір тұтқиыл
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ізденістің ұшқыр нәтижесі ретінде көз арбап тұр. «Ол менің қаракөз қарағым». Расында да, соғыста жүрген бозбала Отанға қатысты осыдан артық теңеуді қайдан ойлап таппақ?! Осы ретте кезінде Есенғалидың қаламынан туған бір мақаланың («Жанның жұпар жаңбыры», 24.09.2009, «Жас Алаш») бір үзіндісін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: «...Жалпы, шынын айтсақ, соғысқа қатысқан ақындардың бәрі бірдей ашыла алмады. Басқасын айтпағанда, көбі соғыс тақырыбының өзін шырайын шығарып жырлаған жоқ. Бұл тұрғыдан келгенде, Қасым Аманжолов, Сырбай Мәуленов, Тоқаш Бердияров секілді үш ұстынның, үш бәйтеректің орны бөлек». Бұл мысалдарды осымен доғарып, енді мақаламыздың екінші бөлігінің міндетіне, яғни Тоқаш Бердияровтың өз объектімізге мысал етіп алып отырған поэмаларының ерекшеліктеріне қарай ауысайық. Біріншіден, Тоқаштың бұл туындылары тіпті де таза эпикалық немесе толық сюжетті поэмаларға жатпайтыны мәлім. Қыстырма әңгіме ретінде айта кетсек, сол кезеңде, дәлірек айтқанда, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының орта шенінде әрідегі орыс әдебиеті қауымы арасында да, біздегі қазақ әдебиеті өкілдері ортасында да поэмалар туралы үлкен мәселе көтеріліп, бұл жайт, мысалы, сюжетті поэмалар мен сюжетсіз поэмалардың қайсысы тартымды екендігі туралы ұзақ талқылауларға ұласып, ақыры, түр мен тақырыпта тұрған ештеңе жоқтығы, негізгі қазықбау көркемдіктің қолында болатындығы жөнінде байлам жасалғаны бар. Ал ондай кең аудиториялық әңгіменің өрбіп кететін себебі жоқ та емес еді, осы кезеңде сюжетсіз лирикалық-философиялық поэмалар көптеп жазыла бастаған болатын. Мысалы, «Адамға табын, Жер, енді» (О.Сүлейменов) немесе «Мен — қазақпын» (Ж.Молдағалиев). Рас, Тоқаш поэмаларында есімдері аталмаса да жеке адамдар (бірінші жақтан сөйлейтін лирикалық кейіпкер, ана, жауынгер, сестра, т.б.) бар. Тіпті «Жорық жолдарда» бірер есімдер де (Петро, Иванов, Шалидзе), нақты деп айтуға боларлық оқиғалар да («Марштағы рота», «Төбешікке тігілген
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ту», «Концерт», «Блиндаж ішіндегі салют», «Соңғы атылған оқ», т.б.) бар. Бірақ бұлар поэманың жалпы тұтастығы үшін қызмет еткенімен, бір шаңырақтың ортақ жабдықтары емес, жеке отаулар — бөлек-бөлек эпизодтар, біреуіне екіншісі жармаса сүйенісіп тұрған жоқ. Сол себепті де бұл эпизодтардағы оқиғалар басқа көріністермен алмастырылса да, поэмаға еш нұқсан келмейтіні анық аңғарылып-ақ тұр. Екіншіден, Тоқаш поэмалары, таразыға салып өлшесек, негізінен соғыс жөнінде емес, бейбітшілік туралы екені байқала береді. Мысалдар келтірейік. «Салқын окоп ішінде Ыстық махаббат туралы ойладым» немесе «Хат жазып отырмын жер үйде, Шамымыз — снаряд құтысы... Жер жырту керек қой, Жөндеуден шықты ма «ХТЗ»?», әйтпесе «Қайтесің оқ деген немені, Айтсайшы даланың гүлдерін! Сыбдырлай ма жапырақ, Шөпілдей ме еріндер?.. Ғажап қой айлы түндегі үн!!!» болмаса «Бораған оқтың астында, Қара нан кеміріп, Ойладық Жеңіс туралы», сондай-ақ «Жидеге асылып тұр-ау, ә, Талмаурап, Ай талып. Анашым, күт мені!.. Паровоз Жеңіспен ауылға Барады қайта алып». 1942 жылы майданға кірген Тоқаш ақынның, әрине, жан алысып, жан беріскен шайқастарды, адамдардың қаны судай аққан қолмақол ұрыстарды, жүріп өткен мыңдаған километр соқтықпалы соқпақсыз сапарында кездескен сан қилы бүліншіліктерді суреттеуге сөз таппай қалған ештеңесі жоқ шығар-ақ. Бірақ бұлайша тергілеп жазу етек-жеңі кең пішілген сабырлы прозаға қол болғанымен, шамасы келгенше рабайсыз көпсөзділіктен қашқалақтауға тиіс тиянақты поэзияға жараса бермейді. Ақын осыны жадында ұстаса керек. Яғни бұл поэмаларда сол себептен де бірінші планға соғыс емес, бейбітшілік шығарылады. Үшінші ерекшелік те осы өрістен жамырай қосылады. Әуелгіде ауылдан, әсіресе, табиғаты өте көркем оңтүстік өңірден шыққан ақынның шабыты ылғи сол ауылды айналып ұшқысы келіп тұрады. «Ескі паровоздағы» соғыс алдындағы ауыл тірлігі шамамен былай болып келеді: «Йіскей де алмадық Сәуірдің алқызыл гүлдерін. Арбаға жегілген қос өгіз Тұсады сағаттың тілдерін» немесе «Ағалар барады тым
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ сиреп, Бір қора бойжеткен қыздарды Қызық-ау, кім сүймек?!.» әйтпесе «Аяқты қажады Әкейдің етігі» болмаса «Паровоз дауысы — Бесіктегі әкесіз балдырған». Ал бейбіт ауылдың суреттерін «Оқ және гүлден» оқып көрейік: «Жұмыр дәнге Жер жерік, Қарны тырсиып. Сұп-сұлу жарық дүние Көзіме тұр сыйып!»; «Қымыздай сапырып, Ішеді құлағым жапырақ сыбдырын»; «Кірпігін қадап Әлемге Оқиды Күн газет». Ал мына жолдарды бөліп-жару тіпті қиянат болар еді: Көктем, көктем! Құйылды жерге балқып нұр. Жыртылған жер иісі, Піскен нан аңқып тұр. Осынау алқапқа Сәуір жаңбыры жұпар бүркеді. Күннің ұзын құрығынан Тайлақ-қар үркеді. Сай-сала, жылғадан Су емес, күй ақты. Алма ағаш гүлдері Шампан көбігі сияқты... Сәл іркіле айта кетсек, алма ағашының гүлдерін қазақ даласына кейін қосылған шампан көбігінен кем түспейтін басқа бір қазақы теңеумен де жеткізуге болар еді. Бірақ бұл поэма («Оқ пен гүл») жазылған шақта (1967 жыл) біздің поэзиямызға интернационалдық сөздер ғана емес, интернационалдық ұғымдар да дендей еніп келе жатқан болатын. Осы поэмасында Тоқаңның мынандай оптимистік қайырымы бар: «Мен өмірге құштармын! Өлген күнде де естігім келеді Табытыма қағылған шеге үндерін!». Бәлкім, жалпы адамзаттық үндестік тұрғысынан алғанда бұған дау жоқ та шығар, бірақ, қалай десеңіз де, осы жолдар ағаш табытқа салып жерлеуді ұстанбайтын қазақы салт-санаға ұйқаспайды-ақ. Дегенмен, біржола сыңаржақтыққа салынып, «Москваның қызыл қабырғасына Сауыт боп киілдім» немесе «Сөйлесе Шындық, Ақиқат, Құмарым менің тарқамақ! Коммунизм Отауына мен кірем Оқ салған дорбаны арқалап» деген тәрізді жолдарға кешірімсіздікпен оқшырая
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір қарауымыздың және жөні жоқ. Төртіншіден, Тоқаш, жоғарыда айтқанымыздай, бұл поэмаларында қазақ поэзиясында ең көп қолданылатын өлең өлшемдеріне тым аз аялдаған. Айталық, ылғи кезектесіп келіп отыратын төрт тармақты шумақтарды немесе бірін-бірі өкшелеген, баспалдақтанып қаланған жеті, сегіз, он бір буынды тармақтарды ілуде бір тауып аласыз. Сол себепті, әрине, ұйқастар да бір сапта тізіліп тұрмайды. Қазақ өлеңінің қанына сіңген, жұмсауға ыңғайлы егіз ұйқас немесе шалыс ұйқас әйтпесе кезекті ұйқас тәрізді түрлер де көп көзге түсе бермейді. Ақын ырғақтық-интонациялық сан алуан мүмкіншіліктерді барынша мол пайдаланып, көңіл-күй әуенін сол арқылы жеткізуге тырысқан, яғни орыс, Еуропа поэзиясындағы өрнек, ырғақ, ұйқас үлгілерінің біздің топырағымызға себілген өскіндерін одан әрі молайтуға тырысқан. Басқаша лебізбен айтқанда, бірауық әдейі штамптан (жаттандылықтан, бірсарындылықтан) қашып, өз еркімен «ереже бұзған». Бірақ соның барлығы «кетігін тауып қаланған кірпіштей» жымдасып-ақ кететінін қайтерсіз?! Рас, бұл тәсіл осы поэмаларда ғана емес, басқа поэмаларда да («Бар ондай партия» немесе «Есіктің алды көк терек»), ақынның ілгерілі-кейінді қағазға түскен бірқатар өлеңдерінде де («Көгілдір ымырт», «Оңтүстік — өз үйім», «Сырласу», «1418 күн», т.б.) жылыұшырай кездеседі. Бесіншіден бөліп айтпағымыз осы төртінші бекетімізге бірге аялдайды. Көпшілігіміз-ақ жақтырмайтын «Еліктеу» дейтін ұғым бар. Бұл сөздің, расын айтқанда, бастапқы үлгіөнеге болғанынан басқа жазығы да жоқ. Ұлы ақындар бұны жоққа да шығармаған. Мысалы, М.Лермонтов («Байронға еліктеу»), Н.Некрасов («Шиллерге еліктеу»). Тіпті А.Пушкиннің «Құранға еліктеуін» қайда қоясыз?! Ал Пушкиннен әрідегі К.Батюшковтің «Ежелгіге еліктеуі» оның шығармашылығындағы орны бөлек бір әдемі дүниеге жатқызылады. Демек, Тоқаш та тақыр жерден тау тұрғызған жоқ. Бірақ өзге өлкеден келген жалпы леп сезілгенімен, бұл ақынның өлеңдерінен әлдекімдерді ізбе-із қайталау байқалмайтыны және шындық. Себебін ақынның өзі айтып
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ кеткен: «...Біреуге еліктеп жазуды өз басым о бастан-ақ оншалықты ұнатыңқырамаймын. Қаншама күшті ақын болса да, ол бізге өлең жазып беруден аулақ. Ал жақсы шығарма ой туындатуы әбден мүмкін. Абзалы, дарынды ақынның сәтті шыққан өнегелі еңбегінен, оңтайы келсе, одан да асыра жазу дұрыс-ау деп топшылаймын. Бұл үшін, әрине, шеберлік, үлкен талант керек. Жан салып әсіре қызығу, естен айрыла еліктеу — «еліктегіш» қаламгердің ой-қиялына тұсау салып, эмоциялық дүниетанымын бәсеңдетеді. Яғни әлгі өзін «дуалаған» мықты ақынның жетегінен айналсоқтап шыға алмайды. Өз еркінен айрылып, ой-өрісі тұтқындалады. Өрмекшінің торына оралған қауқарсыз қара шыбындай ызың қағуы айдан анық». Бұл пайымды Тоқаң өзі ғана ұстанып қоймай, сірә, өзіне ерген талантты інілерінің зерделеріне де мықтап тоқыса керек. Олай деуімізге айтулы сыншы Құлбек Ергөбектің мына сөзі дәлел: «...М.Мақатаев, Т.Айбергенов, Ө.Нұрғалиев сынды тегеурінді таланттарымыз Тоқаш поэзиясынан көп үйренген. Ол тапқан өлең өрнегін іліп алып кетіп дамытып өз жолын тауып жатты олар. Ол тапқан образды шәкірттері дамыта жырлап, тамаша жемістер үзгені мәлім». Осы әңгімені одан әрі жалғастырайық. Әрідегіні таразылаған жоқпыз, ал соңғы жылдар бедерінде Тоқаш Бердияров шығармашалығы туралы екі тамаша мақала жарық көрді: «Тоқашқа айналған Торқысбек» (Құлбек Ергөбек) және «Көке» (Есенғали Раушанов). Бұл екі мақаланың салмақтылығын толық дәлелдеп шығу үшін тағы бір мақала жазуға болар еді. Оны қоя тұрып айтарымыз мынау. Тоқаш өлеңдерінің (поэмаларының емес) поэтикалық өзгеше қуатқайнары (нақтылық, шынайылық, образ, бояу, пафос, деталь, штрих, т.б.) осы мақалаларда жеткілікті жазылғандықтан, сол өлеңдерге, ақынның тіпті соғыс тақырыбындағы өлеңдеріне де тоқталуды жөн деп таппадық. Дегенмен жеткілікті жазылмаған тұстар да жоқ емес. Ақынның біз сөз еткен поэмалары мен ең таңдаулы өлеңдері барынша мол көлемде «Шынар» кітабына («Шынар», өлеңдер мен поэмалар, 6000 дана, «Жазушы» баспасы, 352 бет, 1985)
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір жинақталған еді. Бір тоқталып өтерлігі, бұл кітаптың аннотациясы (аңдатпасы) тым шолақ қайырылыпты: «Белгілі ақын Тоқаш Бердияров көптеген өлеңдер жинағы мен поэмалардың авторы. Ақынның бұл кітабына оқырман қауымға бұрыннан таныс жырлары топтастырылды». Баржоғы — осы. Бірақ бұған ренжуге де болмайтын сияқты. Өйткені осыдан үш жыл бұрын (1982 жылы) жарық көрген Мұқағали Мақатаевтың екі томдығының бірінші томы «Ақын Мұқағали Мақатаевтың «Соғады жүрек» атты екі томдық жыр кітабының бұл бірінші томына таңдаулы өлеңдері мен «Мавр», «Ильич», «Бала шақтан — Болашаққа» («Өмірдастан»), тағы басқа поэмалары енгізілді» деген бір сөйлеммен таныстырылса, осыдан екі жыл кейін (1987 жылы) жарық көрген Фариза Оңғарсынованың екі томдығының алғашқы томына арналған лебіз «Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, талантты ақын Фариза Оңғарсынованың екі томдық жинағының бірінші томына 19561976 жылдар арасында жазған өлеңдері енді» деген және бір сөйлемге сыйыпты. Қазіргі көптеген ортақол жинақтарға жазылған бәденді аңдатпаларды оқығанда баспаларымыздың сол өткен замандағы ұстамды (орынды) сыпайылықтарына жылап көріскендей болады екенсің. Міне, енді сол Тоқаш та, сол Мұқағали да, сол Фариза да жоқ. Олар туралы әрқилы әңгімелер ғана бар. Бір сұхбатында Алматы қаласының өткен шақтары туралы сыр шаша отырып жазушы Жұмабай Шаштайұлы жастау кезінде осы шаһардың беделді көшесін жол тәртібіне бағынбай қақ жарып өтіп бара жатқан Тоқаш Бердияровты көргенін, зырлаған көліктер амалсыз тоқтайтынын, ақынның сол сәттегі соншалықты сол қияс еркелігіне, сол тосын әрекетіне осы күнге дейін таңғалатынын айтқаны бар. Бажайлап қарсаңыз, өлеңде де, өмірде де тап осы Тоқаңдай тосын мінезді болғандар көп те емес екен ғой.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ЕСЕНБАЙ ӘУЕНДЕРІНІҢ ӘЛЕМІ Боз құсы болып бір белдің, Мен сені, Өмір, қорғаймын. Діріліменен гүлдердің, Шырылыменен торғайдың! Есенбай ДҮЙСЕНБАЙҰЛЫ. Ол кезде комсомол жасындағылардың Алматыдан шалғайда ғұмыр кешіп жүріп жеке жыр жинақ шығаруы тіпті де оңай-оспақ шаруа емес еді. Өзіміз анық білетін бірер фактілерге жүгінсек, Қарқаралыдағы Серік Ақсұңқарұлының 20 өлеңнен құралған «Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті» атты титімдей жинағы «Жалын» баспасынан 34 жасында жарық көрсе, Темірландағы Нармахан Бегалиев «Жазушы» баспасынан шыққан дәл сондай алғашқы «Шаттық күйі» жинағымен бұл құрметке 31 жасында іліккен. Сол себепті қазір жылтыр мұқабамен кітап шығарып жатқан астаналық емес, алматылық емес, алыс өңірлік жас қаламгерлер, ең алдымен, мына заманға, тәуелсіздік әкелген ырыс-несібеге шын ризашылықтарын айтып отыруға тиіс. Әрине, бұл жайт — әңгімеміздің әншейін ғана тұздығы. Әйтпесе сол Серігіңіз де, сол Нармаханыңыз да көштен қалып қойған ештеңесі жоқ. Көштен қалмағандардың бірі Жарқамыс пен Қарауылкелдінің арасын шаңдатып жүріп жазған өлеңдерін оқырманға 31 жасында 32 беттік 11 тиындық пышақтың қырындай «брошюра» етіп жеткізген Есенбай Дүйсенбайұлы (ол кезде Дүйсенбаев) еді. Баспаханалық ең ұсақ шрифтпен
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір — петитпен терілген жинақтың «Бозала таң мен бозторғай» деген атауы қағаз мұқабаға толығымен сыймай, «Ала таңбозторғай» болып басылғаны және рас. Бұл туралы Сағи Жиенбаевтың: «...Жетпісінші жылдардың басында Есенбайдың «Бозала таң мен бозторғай» атты жұп-жұқа кітабы жарық көрді. Кітаптың шағындығы сондай, мұқабасына аты зорға сыйған еді» деп куәлік ететіні бар. Ал, ең қызығы, осы жинақ туралы жақсы лебіздер баспасөз беттерінде аз жарияланған жоқ: Аян Нысаналин, Сәбит Баймолдин, Дәуітәлі Стамбеков, Жанболат Аупаев, Хасенхан Талғаров, Кеңесжан Шалқаров, Өмірбай Сәуірбаев, т.б. Мысалы, Аян ағамыз: «...Есенбай Дүйсенбаев өзінің «Бозала таң, бозторғайымен» әдебиетке жаңа есім қосылғанын, поэзияда периферия жоқ екенін дәлелдей келді» деп жазыпты. Тіпті кейін Есағаңның пәленбай жылдық шығармашылық өнербаянын талдағандар да осы алғашқы жинаққа бір соқпай өтпейтін болды. Оның куәсі, мысалы, мақалалардың атаулары: «Боз даланың бозторғайы» (С.Жиенбаев), «Боз жусанды даланың бозжорғасы» (Ф.Оңғарсынова), «Бозала таңның боз жаңбыры» (Р.Ниязбеков), «Бозаңдағы бозторғай» (Ғ.Жайлыбай)... Рас, Есағаң бұдан соң да талай кітаптарды дүниеге әкелді, талай тақырыптарды қозғады, талай оқырманды тамсантты. Дегенмен, сол «Бозала таң мен бозторғайдың» орны тіпті бөлек екенін ескермеуге болмайды-ақ. Айталық, Тыныштықбектің үміткерлердің үлгісіне айналып кеткен кейінгі өлеңдеріне қаншалықты сүйсінсек те, бәрібір заманында «Қазақ әдебиеті» газетінде жариялануы арқылы сөз танитын қазақтың бәрін тосын елең еткізген, кейін «Ақшам хаттары» атты алғашқы жинағына енген шырайлы топтамасын ұмыта алмаймыз. Өйткені ол, әлбетте, таныс, бірақ мүлде басқаша бедерленген әлем еді: Тыныштықбектің қой қоздаған көктемі, Тыныштықбектің сусар шілікті аптабы, Тыныштықбектің есік тырналаған бораны... Міне, Есағаңның бозала таң мен бозторғайы да тап сондай, ешкім таласа алмайтын жеке меншіктік суреттер. Оқыңыз:
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ...Өзіңсіз күндер оза ма, Отырмын тағы ой толғай: Таңымның аты — Бозала, Торғайдың аты — Бозторғай. Қалыпты басқа сөз құрып, Даланың аты — Боздала. Жігіттің аты — Бозжігіт, Баланың аты — Бозбала. Шулардан шаршап тозғанда, Жайлауға барсам өзім мен, Жорғаның аты — Бозжорға, Күйдің де аты — Бозінген. АН-2 мініп, ақыным, Аспанда бір сәт көз жұмсаң, Иіскеп отыратұғын Дәрінің аты — Бозжусан. Азамат кетсе бір асыл Боздағым деп те жатар кеп. «Бозторғай құстың ұясы Бозаңда болар» (Махамбет)... Әрине, «Түсіндірме сөздікке» үңілсеңіз, боз бояуы бар атауларды бұдан әлдеқайда мол табар едіңіз. Оның үстіне соларды (боз түстен де басқа бірқатар бояуларды) мол тауып, қағазға мелдектете түсіргендер де жоқ емес. Сондайсондай шумақтарға кезіккенде тілі дәм ажыратудан қателесіп көрмеген Қалихан Ысқақовтың бір эссесіндегі мына жолдар еске түсе беретіні бар: «...Ректордың алдындағы іс хатшысы бетінің бояуы бес қадақ ұйғыр қатыны қасының сүрмесін құлағына жеткізіп отыр екен, штукатурасы сынып кететіндей езуін ғана жыбырлатып: «іште кісі бар» деп жібермей қойды...». Ал Есағаң бояуды олайша баттастырып жақпайды, титтей жұғындыны қарапайым кенепке (яғни қағазға) сәл ғана сүйкей салады да, жылдам ұсына қояды:
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір «Бойжеткен орман, ну орман Бозала сулық бүркеніп...» немесе «Бозбала күннің гимні — Бозала таң мен бозторғай». Бірақ қол бояуға қатты батыңқырап кетсе, әлгі көркем көріністің реңі бұзыла салатынын және ұмытуға болмайды. Жоғарыда шумақтардың біріндегі «Ан-2 мініп, ақыным, Аспанда бір сәт көз жұмсаң, Иіскеп отыратұғын Дәрінің аты — Бозжусан» деген шумақтың бастапқы жолын Есағаң, неге екені белгісіз, кейінгі кітаптарында «Әрі асып бұлттан, ақыным» деп өзгертіп жүрді. Бұлттан әрі асу кешегі «Ил», «Ту», бүгінгі «Боингтерге» жарасымды-ақ, әрине, бірақ Ан2-ге де, жусанға да қол емес. Себебі мынау. «Кукурузник» деген ауызекі қосымша атауы бар Ан-2 ұшағы бағзы кезеңдерде ауыл шаруашылығына пайдаланылатын еді және мамыр-маусымда өзіміз өскен шалғайдағы ауылдардың маңайындағы егістіктерге зиянкестерді жоятын улы дәрілер сеуіп жүретін көнекөз танысымыз еді. Оған қоса жолаушылар тасуға да лайықталып, әлденеше жылдар бойы Ақтөбе-Ойыл, Ақтөбе-Ырғыз, тіпті Ақтөбе-Жарқамыс әуе маршруттарына да пайдаланылды. Асықпай ұшатындықтан және жерге жақындап қалықтайтындықтан Ан-2-нің ішінде жусан иіскеп отыру шындыққа қаншалықты сыйымды болса, жеті қат бұлттардан әрі асып кететін ірі лайнерлерге өзіңмен бірге жусан ала кіру соншалықты сенімсіздеу көрінер еді. Әйгілі «Подмосковные вечера» әнін алғашқы орындаушы ретінде ерекше есте қалған орыстың белгілі әншісі Владимир Трошин орындайтын «А мы летаем на Ан-2» деп аталатын әнде: «...Мотор над пашней весело поет, Росой искрится бархатная озимь. Нам сверху видно, что земля нас ждет, Что золотою будет нынче осень» деген жолдар бар екендігі де осы сөзіміздің дәлелі. Демек, Есағаңның өз сөзін өзіне қайтарып беруіміз керек. Жалпы бүйректі бүлк еткізе түсетін тапқыр да татымды жолдарды Есағаң аяқ астынан тауып ала қоятын. Бірақ сол бөлекше детальдарды ащы ішектей созып, ретсіз шұбатылып отыруды мақұл көрмейтін, сірә, оқырманның обалын ойлайтын болуы керек, әлгідей сол көрікті күйінде жеке қалдырып кете беретін. Міне, тап осы арада айта кетпесек,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ жіптей нәзік желісі үзіліп қаларлықтай бір гәп бар. Әсіресе Есағаң қатарлы қаламгерлерді әдебиетке ең әуелі батырлар жырлары немесе лиро-эпостық дастандар баулыды. Әріп танымай өткен әжелеріне «Қобыланды батырды» немесе «Ер Тарғынды» қыс айларының қысқа күні еңкейген шақтарда білте шамның өлеусіреген жарығымен мың сан мәрте судыратып оқып бергендер де негізінен солар еді. Жазушылық лабораториясы туралы баян еткен аға қаламгерлердің сыр-сұхбаттарынан бұл фактіні көбірек кездестіруге болады. Есағаңның тап сол шақтарда нәрленген сөздік қоры бергі заманғы жырларында да шумақталып құйылып жататыны бар. Бөлекше детальдар деп айдарлап отырғанымыз — осылар. Мысалы, аңыз бойынша италақыздың үш жұмыртқасының біреуінен тазы болып шығатын құмайды ақын «Жебедей болып азынар, Жетпейді оған сұңқарлар, Жердегі бүкіл тазылар, Желден де жүйрік тұлпарлар» деп желдірте суреттей келе, оның шабысын тура көне жырлардағыдай «Кесіртке көзді шөлдерден, Кесе таулардан тіс-түрен, Кес-кестеп шыққан көлдер мен Дариялардың үстінен...» деген жолдармен әсерлі әдіптей ала жөнеледі. Тайбурылдың шабысын есіңізге түсіріңізші: «…Арандай аузын ашады, Аяғын топ-топ басады, Бір төбенің тозаңын Бір төбеге қосады...». Ал қызғалдақты көктем Есағаңның мәлімдеуінше «Мұзарт, сеңгір тауларды асып, Мөңкіп жатқан теңіз кешіп, Ен шаһарда баулар басып, Елсіз түзбен егіздесіп; Тарғыл шыңда тас тырналап, Тарбақалы көлге жетіп, Қара орманда қасқыр қамап, Тарғақ ұшпас шөлден өтіп...» келеді екен. Мұндай шумақтар Есенбай ақында жетерлік-ақ. Оқиық: ...Сыбызғысы зарлауық қыр Сыпсыңдарды көлге күреп, Жапалақтап қар жауып тұр, Жар басында жел мөңіреп... Кәдімгі қыр, көзкөрген көл, жартыкеш жар, үйреншікті жел, шіркін, шебер лириктің қаламына ілінген шақта бұларға қалай-қалай жан бітіп кетті, ей?! Немесе мына шумаққа үңілейік:
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ...Қиқуға толып қиыр бар, Будақ та будақ бұлт өріп, Мойнын бір созған сиырлар Көкжиек-көлге сүйкеніп... Бұл жолдар пәленбай елдің пәленбай ақындарының кітаптарын оқып, өркениетті жұрттың әдебиеті қандай болуы керектігі жөнінде қайта пікір түйген соң қағазға түскен оқымысты тіркестер емес, Жарқамыстағы қамкірпіштен соғылған бәкене үйге кіре салған бетте көкіректен лып етіп ұша салған құс-бөбектер емес пе еді?! Айтпақшы, Е.Дүйсенбайұлы жетпіс жасқа толған шақта өзіміздің облыстық газетке жазған мақаламда сол Жарқамыс, сол маңдағы әйгілі Жем өзені туралы айтпай қала алмағам: «...Қазір ұлттық кітаптарды аз оқиды деп есептейтін жас буын үшін қайталап айтар болсақ, иә, Жем деген өзен бар. Ес-ағаңның ізі қалған Жарқамыс деген (ол заманда базарлы, бұл заманда да кедей емес) ауылдың түбінде үнсіз ағып жатқаны болмаса, атақты өзен. Атақты болатын бірнеше себептер бар. «Ақ ерке» деген халық әнінің (кейін біреуге теліп жібермесек, әзірге халық әні) «Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда» деген алғашқы жолындағы Жем — осы өзен. Бір деп қойыңыз. Желмаямен жер-дүниені кезген Асан қайғының «Жемде кеңес қылмадың, Жемнен де елді көшірдің» дейтіні де осы атауға қатысты. Екі делік. Мұхтар Мағауин аруақты «Аласапыранында» Бесоба батырды былай сөйлететіні бар: «...Атымды тебініп жіберіп, түйетайлы жардан шатқаяқтай түсіп, Жемнің сарғыш, лайлы суына күмп бердім. Бірден-ақ шым баттым. Суық су белімнен келді. Әйткенмен, ағыс баяу. Астымдағы жабы — қартайғанша қой соңында өткен, шабан, бірақ белді, жілікті ат еді, жануар, құлағы ғана көрініп жүзіп келеді...» Жә, осы үш фактімен тоқтайық. Халық әнінің белгісіз авторы, Асан қайғы, Мұхтар Мағауин... таңбалаған сол Жемді кейін біз де көрдік..
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Бұл Жеміңіздің суы сұмдық жұмсақ екен. Ойыл мен Бабатайға сүңгіп өскен, реті келгенде Ертіс пен Есілге шомылып шыққан менің басым Жемнің суы неге сонша жұмсақ болатынын ұқпай қойды. Аттылы-жаяулы талай қантөгіс жорықтардың қан-тері тамған өзен де өткен-кеткен көлденең көк аттыларға да сонша мейірімін төге береді екенау...». Мейірімді табиғаттың құшағында әлдиленген соң ба екен, осы аймақтан шыққан, осы аймақты әйгілеген қаламгерлер баршылық-ақ: «...Жетті ме көктем Жемге де, Кетті ме қыстың ызғары» (Сағи Жиенбаев); «...Көгілдір Жемнің бойында Жарқамыс дейтін ауыл бар» (Өтежан Нұрғалиев); «...Қараушы едік қанбай думан-дуылға, Көлден көріп Жемнің аппақ қуын да» (Сәбит Баймолдин)... Есенбайдың оқырман ерекше ұнатқан мына шумақтарының түп-төркінінде де сол Жем, сол Жарқамыс жатқанын пайымдауға әбден болады-ақ: Жетісудың көктемі Күнде нөсер, көк мекен. Біздің ауыл шөптері Шөлдеп тұрған жоқ па екен? Алматының гүлзары — Алатаулы дүр мекен. Біздің ауыл қыздары Күнге күйіп жүр ме екен?.. «Мұның несін айтады? Белгілі ғой. Әрине, шөлдеп тұр, әрине, күнге күйіп жүр... Сонда да... осында бәрі бар. Сағыныш сазы десеңіз де, көңіл-күй көрінісі десеңіз де, табиғат суреті десеңіз де, тіпті жеңіл де жылы юмор десеңіз де... бәрі бар», — деп жазды кейін «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты қос томдық қазақ поэзиясы антологиясын құрастырушы, әдебиеттанушы Сауытбек Абдрахманов. Осы лебізді одан әрі жалғар болсақ, өзінің көптеген тұстастары секілді Есенбай ақын да енді тіпті де қайтып оралмайтын күндер туралы «сағыныш сазы десеңіз де, көңілкүй көрінісі десеңіз де, жеңіл де жылы юмор десеңіз де»
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір сыя беретін көптеген өмірлі өлеңдер қалдырды. Солардың бірі — «Қыз ұзатқан үй». Толық оқып шығайықшы. Тағдыр: «Туған үйіңнен Табаныңды сыз», — депті. Қызыл-жасыл киінген Қызық кетті, қыз кетті. Алды-артына қарамай Айдын көлден зытты құс. Құлаққа ұрған танадай Тойдан кейін тып-тыныш. Бозбалалар ерте-кеш Есік бағып жүрмейді. Ең аяғы ит екеш Итке дейін үрмейді. Ақиқатқа сыймас түк Қаралы деу бұл үйді. Сонда да бір қимастық Көкіректе ұлиды. Ол бар кезде осы ара Ағытылған тиегі — Күнде думан босаға Күмбірлеген күй еді. Жұлдыз туса жыпырлап, Жұрт ұйқыға кіретін. Үй сыртында сықырлап Он сегіздер жүретін. Той тарқаған шаңырақ, Төңкеріліп тостысы... Қараң қалды қаңырап Махаббаттың постысы. Иә, заман сондай еді, басқа еді. Ал мына дәуіріміздің
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ қызығы да бөлек, қызы да өзге. Бұлай болуы заңдылық та. Өкінудің де қажеті жоқ шығар. Дегенмен, «...сонда да бір қимастық көкіректе ұлиды». Осыны одан әрі жалғайық. Қыз ұзатудың арғы-бергі жөн-жоралғылары туралы қаншама мақалалар оқыдық, қылқалам иелері қызылды-жасылды киінген қаншама қыздардың өткен замандардағы суретнобайларын ұсынды. Тамсанасың, қызығасың, бірақ тек тарихи, ұлттық дерек ретінде ғана қабылдайсың. Ал көкіректі ұлытатын мына өлеңнің жөні басқа. Соңғы кездері небір ірі шаһарлардың небір салтанатты мейрамханаларындағы қыз ұзату тойларын сыңсу көріністерін ұсынумен аяқтау дәстүрі енгізіліп келеді. Қыз кездері есіне түскен келіншектер де, кемпірлер де (тіпті кейде еркектер де) көздеріне жас іркеді. Есенбайдың «Қыз ұзатқан үй» өлеңі, қайталап оқып көрсеңіз, әріден жеткен сол сыңсулардың кейінгі кезеңнің суреттерімен толықтырылған поэзиялық полотносының бір үзік нобайы секілді елестейді. Қайталап айтайық, Есенбай талай тақырыптарды қозғады: әлеуметтік сарындармен сырласты, пәлсапалық тұжырымдарды түйіндеді, тарихи штрихтарға қол созды. Бұл бағыттағы табыстары әр кездерде әртүрлі әрлі әңгімелердің өзегіне негіз де болды, дербес дәлелдемелермен нықталды. Әйтсе де біз бұл жолы басқаға емес, әлгі түпбастауға — жалпыға мәлім жыр-дастандардан су ішкен сыралғы сыңғыр әуендерге ғана тоқталуды мақұл көрдік. Иә, әуендер, құлағыңның түбінен кетпей тұрып алатын сыңғырлаған әуендер. Сіз талай рет байқадыңыз, батырлар жырларын оқыған кезде әлдебір тұстан кейде еркеназ, кейде дүбірлі күйдің бе, әйтпесе бірде сылқым, бірде жігерлі әннің бе, әйтеуір әлдебір таныс музыканың әлсіз жаңғырығы естіліп тұратындай еді ғой. (Бұл ретте «Жар-жардың» немесе «Жайдарман», «Еркем-ай» тәрізді ойнақы халық әндерінің орны бөлек, әрине). Дегенмен, мына заманда (соның ішінде кешегі ХХ ғасырда да) өскен, өркендеген поэзияны, харіп танымайтын (мейлі, аз-мұз танитын) тыңдарманнан сауатты оқырманға айналған талғамшыл жұртты сол баяғы соқпақпен жетелей беру мүмкін емес-ті. Солай бола тұрса да бала
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір шақта көкірегіңе әлдебір сәуле түсірген әлдебір әуенсөздерден біржола құтыла алмайтының және анық. Қазір әбден мойындалған фактілерге жүгінсек, 1886 жылы «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман...», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да...» деп басталатын удай ащы, түпсіз терең ойларға сүйрейтін өлеңдер жазған Абай дәл сол жылы «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап...» пен «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақты...», сондай-ақ лекілдей соққан самалдай «...Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап, Арасында кұлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап...» деген төгілмелі туындысын, яғни, қалай болғанда да, таныс ырғақтарды еске түсіретін (мысалы, Қыз Жібектің жүрісі: «...Ақ маңдайы жарқылдап, Танадай көзі жалтылдап, Алтынды кебіс сартылдап»...) атақты «Жаз» өлеңін де жазған. (Ал Абай бұл өлеңінде бай ауылының сәнсалтанатын суреттейтіні, оның үстіне тек тамаша көріністерді ғана қызықтап, қоғамдық, таптық қайшылықтарға назар аудармайтыны бертінге дейін мін ретінде көрсетіліп келгені басқа әңгіменің еншісі). Есенбайдың өткен күндер суреттерін әйтеуір бір таныс музыканың үні алыстан еміс-еміс естіліп тұрғандай етіп жеткізетін өлеңдерін басқа қалам иелерінің туындыларымен шатастырып алу мүмкін емес. Жоғарыда еске салып өткеніміздей, біздің бозала таң мен бозторғайға қайта айналып соға беретініміз де сондықтан шығар. Оқиық: Кимесек те біз көк сауыт, Көз ілмей өтті не түндер. Жиделі сайда шөп шауып, Жорықта жүрдік жетімдер... Есіле басталатын осы шумаққа ілесе жалғаса беретін «Сыпа бір белден боратып, Сыпырса сәуле томаға...» немесе «Тапырақтатып түйені Таң атпай салдық сайларға...» әйтпесе
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ «Атса да қанша іркілмей Бозала таңдар бояп қас...» деген сияқты төкпе жолдарды және тіркесек, таңғы сәттің бір мезетін бейнелеу арқылы бүкіл ғұмырды қайта еске түсіретін мағыналы мазмұнды былай қойғанда, сол кезгі құс ұйқылы балалық шақтың драмасын ақынның еш зілсіз, еш жазғыру ниетінсіз, оның орнына желдірме әуенге лайықталғандай көркемдікпен ұсына қойғанына таңырқап та қарайтындайсың. Ал сол балалардың өздері осындай болғанда әкелері кім еді: Толықсып іңір сары майдай, Толқиды дала қиыр-белеңі. Емшегі сүттен жарылардай Емпілдеп қырда сиыр келеді. «Әукім!», «Әукім!» — таласып үн, Құйылыңдар қиыр жақтан. Мен — шаруаның баласымын, Әкем менің сиыр баққан... Бұл 1940 жылы және сол шамада туған ақынжазушылардың (әрине, басқалардың да) барлығының дерлік басынан өткен жағдайлар еді ғой. Сол себепті олар «Біздің толқын» деп аталатын өлеңнің мына жолдарын өте түсіністікпен қабылдаған-ақ шығар: Туған өңір қайырымды, Қанша шілде өтпеді — Сабы сынған айырымды Шөпке шаншып кеткелі. Ақпа жыр боп борап шығар Алқынтып тұр күй мені. Армысыңдар, орақшылар, Пішенші ауыл үйлері!.. Сөйтіп тоғыз шумақты оқып бола келе, соңғы, оныншы шумақты және бір қайтара оқыған да шығар: ...Қайран аңқау қайырлы шақ, Қалдың екен бүгінде — Сынық сапты айырға ұсап
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Қай шөмеле түбінде?! Өлеңнің көкейге қона қалатын мазмұны өз алдына ғой, ақынның сол мазмұнды тіл (ой) тұтықпайтындай, қыркүйектің сабырлы таң сәрісінде кенеттен тұла-бойыңды аймалай жөнелетін жылы лептей өзгеше сөзбен жеткізуі тіпті толқытып жібереді. Небір аллитерациялар мен қилы ассонанстар арқылы көркемделген талай өлеңдерді оқыдық. Бірақ, расын айтсақ, солардың көпшілігі-ақ зорлап қиыстырудың жемісі, яғни жаттанды машықтың кәсіби тауары болғандықтан, көз қызықтырғанмен, көңіліңді тербете алмайды. Ал Есенбайдың өлеңдеріндегі ішкі ырғақ жүдә басқа жайлаудың шалғыны. Буын мен буын бірін-бірі құшақтап тұрады, ұйқас пен ұйқас бейне бір илеуі қанған сазға отырғызылған кірпіштердей кінәратсыз жымдаса кетеді. Өзі де талғампаз ақын Жүрсін Ерманның: «...Мейір қандыратын кәусар жырға шөлдеген кезімде, яки шеберлікке таңырқағым келген кезде, мен Есенбай көкемнің кітабын іздей бастаймын» дейтіні де сондықтан шығар. Есенбайдың кітабын іздейтіндердің және бірі, сірә, жазушы Тынымбай Нұрмағанбетов болса керек. Өйткені ол Есенбай ақынның өлеңін көркем прозалық туындыға сезімтал шеберлікпен кіріктіргені сондай, тіпті қолына қалам ұстамайтын оқырманның өзі де осы тұста ақын болғысы келіп кететін тәрізді. Тек «Бұлақ» деп аталатын осы әңгімедегі Ертілеуді бір кезде Жарқамыс орта мектебінде мұғалім болған Есенбай ретінде, Қарабұлақты сол аумақтағы Үшбұлақ ретінде («...Аспаны түпсіз тұңғиық, Үшбұлақ қайда мың шилі?!») қабылдасаңыз аса қателеспейтін де сияқтысыз. Расына келгенде, Мұқағали бекер де айтпаған ғой: «...Барлық ақын баласы бір ананың». Жас мұғалім ақынның қыстың көзі қырауда ауыл сыртындағы Қарабұлаққа келген сәтін жазушы Тынымбай өзіне тән нәзік лиризммен сәл езу тарттыра суреттейді: «... — Айналайын Қарабұлақ, қасиетті Үлкен Анамыз, жатырсың ба жалғыз өзің? Жалғызсырадың ба? Мен келдім ғой. Мына Қошқарбай екеуміз өзіңе келдік, — деді Ертілеу қарға омбылай, асыға басқан күйі бұлақ көзіне жақындай
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ беріп. — Иә, Қошқарбай екеуміз келіп қалдық, қасиетті Қарабұлақ! Оның мына сөздері Қошқарбайға тым ерсі естілді. Әсіресе, «мына Қошқарбай екеуміз келіп қалдық» деген кезде, Қошқарбай ұялғанынан қып-қызыл болып кетті. «Ертілеудің мына сөздері, біреу естісе, ұят-ау, — деп ойлады ішінен.— «Кімге сөйлеп жүр? Неге сөйлеп жүр?» дейді-ау». Ертілеудің сөзіне соншалық қысылғандықтан да, Қошқарбай аяғын самарқау басып, кейін іркіліп қалды да, бұлақтың көзінен бес-алты қадам жердегі тасқа отыра кетті. Қошқарбай ол үшін ұяттан өлердей болып, жерге қарап отырғанда, Ертілеу ештеңеден асып-сасатын емес. — Қасиетті Қарабұлақ, суыңнан дәм татам, — дейді даусы қалтырап. Сонан соң бұлақ көзіне етпетінен жата кетті де, буы бұрқырап жатқан мөп-мөлдір суға бас қойды. Сәлден соң орнынан тұрып, үстінің қарын да қақпастан, анадай жерде отырған Қошқарбайға бұрылды. — Сен неғып отырсың? Қарабұлақтың суының дәмін тат! — деді. Қошқарбайды кінәлағандай әр сөзін қадап айтты. Қошқарбай амалсыз орнынан тұрып, бұлақ көзіне қарай кібіртіктеп жүре бастады. Бұлақ көзіне таяу жерге келіп отырды да, қос уысымен су ішті. Бұлақтың суы жып-жылы екен. «Бір ұрттап қоя салсам, Ертілеу реніш білдірер» деп, бірнеше рет ұрттады...». Міне, осылайша өрбитін әңгіме одан әрі Ертілеу ақынның «Жаным менің! Мына жарық дүниеде...» деп басталатын өлеңді оқуымен, өлеңді есі кете тыңдаған Қошқарбайдың «Мынау Ертілеу шын ақын екен» деп тамсануымен одан да әрі қарай қызықтыра жалғаса береді. Жазушы Тынымбай осы әңгімені жазар кезде әуелі ақын образын ойлап тапты ма, әлде әлгі өлең арқылы кейіпкер пайда болды ма, мәселе тіпті де оған тіреліп тұрған жоқ. Ең бастысы сол, сүйікті қаламгеріміз нағыз ақын мен көрікті өлең туралы бас алмай оқитын өте әсерлі әңгіме жазып шыққан. Оған қоса, материал ретінде алынған Есенбайдың өлеңін Қошқарбай кейіпкердің
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір іштей толғаныстары арқылы толық талдап та берген. Біздің қосарымыз, бұл өлең Есағаңның «Ақпейіл» деп аталатын екінші жыр жинағында жарияланған болатын. Ал тағы бір таңдаулы жазушы Қарауылбек Қазиев Есенбайдың «Сенің көзің сондай сырлы, сондай тұнық, мөпмөлдір...» дейтін жолдармен шуақ төгетін өлеңін «Біз абитуриент едік» деп аталатын повесіндегі бірінші жақтан сөйлейтін кейіпкерінің — Қаржаудың тіліне іліктіреді: «...Тұртура өз жүрегімнен шыққандай-ақ, осы шумақтарды «тақ-тақ» соғылған дөңгелек ырғағына қосылып әлденеше айтып шықтым». Міне, осы екі мысалдан кейін өлеңдері көркем (деректі емес) прозалық туындыларға толығымен еркін еніп кететін ақындар көп те еместігіне және бір ден қойғанымыз жөн секілді. Ал Есенбайдың әлдебір өлеңдері мен әлдебір шумақтарының немесе қандай да бір жолдарының есте ерекше тұтылып қалатын себебі, жоғарыда жолшыбай айта кеткеніміздей, қатарласа сап түзеген сөздер мен іргелесе қонған буындардың бір-бірін жатырқамайтын үйлесімді әуезділігінде болса керек. Оқып көрейік: Бозбауыр аспан иіп бір, Рахат жаңбыр құйып тұр. Тобықтай ғана бозторғай Тобылғыдан аласа, Тораңғыдан биік тұр. Толқын-толқын күйіне Тоқсан тарау сыйып тұр. Тылсым тартып дүние Тыңдай берді ұйып қыр... Далада өскендер тап осындай жаңбырлар болатынын ұмытқан жоқ. Торғайдың тынымсыз шырылы басылып, тобылғы да, тораңғы да, әлбетте, қыр да, қыр баласы да әлдебір сытыр-сытыр күй-әуенді ұйып тыңдап қалатын шақтың мөлдіреген суреттерін ақын сол күй-әуеннің өз дыбысымен, өз үнімен жеткізіп-ақ тұрған жоқ па?! Әңгімеміздің тоқетерін, міне, осы тұстан
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ қайырмалағанды жөн көріп отырмыз. «Бозала таң мен бозторғай» — Есенбай поэзиясын ешуақытта шөлдетпеген түптамыр. Сол бозала таңның бозымық сәулесі мен сол бозторғайдың нәзік шырылы, сол образдар мен сол айшықтар, сол қанық ұлттық бояу мен сол сиқырлы ұлттық саз ақынның кейін қатарға қосылған мол мұрасының қай-қайсысын да ренжіткен емес. Мысалы, мынау бергі кезде жазылған өлеңнің бастапқы шумағы: Жылуы қашқан, жылты кем Жылдардан шықтық өлмей біз. Қиямет кезгі Гүлтікен — Біз, Қиянаттарға көнбейміз!. Осы төкпе леп пен әр сөзді әлдилеуге әзір тұратын әсерлі әуенді тек өлеңдерден ғана емес, ақынның барлық дастандарынан да тауып аласыз. Мысалы, әрідегі «Үшбұлақ, Қызылбұлақ, бұлақ, бұлақты...» тағы да оқып шығыңыз немесе берідегі «Күлтегін тасқа» қайта көз жүгіртіңіз, бейне бір әуезбен оқуға әдейі лайықталған туындылар секілді. Бұндай ерекшеліктерді, ілгері буынды былай қойғанда, қазіргі жас толқын өкілдерінің бірі, ақын Ырысбек Дәбей де тап басыпты. Ол «Ақындардың ақыны» деп аталатын мақаласында («Қазақ әдебиеті», 2011, мамыр, №20): «...Есағаңның басқан пернесі «әуені бойды билер» тұстан адасқан жоқ. Ақын өлеңіндегі ішкі музыканың үндестігіне тәнті боласың» дейді. Өлеңнің міндеті, сірә, үнемі сары уайымға батырып, мынау қаталдау заманда онсыз да жаны жалаңаштанып жүрген пенде байғұстың жарасын тынымсыз тырналай беру де емес шығар. Бір мезет өзіңе бұйырған шағын өмірнамаңды әлдилейтін әуендерді де аңсауға хұқың бар ғой. Сондай әуез иелерінің бірі Есенбай Дүйсенбайұлы екені есіңізде жүргей.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ҚАСЫМХАННЫҢ ДӘЙЕГІ Ақындық ғұмыр — көздің жасы бұл, Аяулы сәтте таматын. Ақындық ғұмыр — сөздің басы бұл, Әдемі ән боп қалатын. Қасымхан. Кешегі күні кітап баспалары бүгінгі күні қызығуға да болатын, қызықпауға да болатын талай гәпті бастан кешті. Соның бірі — жабық рецензия. Ақ таяғы арқамда ойнай ма деп Мұқағали қауіптенетін әйгілі Әбділда Тәжібаевсың ба, әлде алма ағаштың гүлдегенін жырлап жүрген жас талапкер Шәмшия Жұбатовамысың, мейлі, екеуіңнің де авторлық статусың бірдей, әлгі жабық рецензиядан аттап өте алмайсың. Өйткені, кітап шығарудың ең әуелгі шарты — жабық рецензия жазатын қалам иесінің оң батасы. Жас қаламгер Қалихан Ысқақов қолжазбасын Жазушылар одағының хатшысы Сафуан Шаймерденовке апарған сәтін былай суреттейтіні бар: «...— Бұл жерден сен түгілі, сенен үлкен бір ағаң да балшығын арқалап құр ауыз қайтқан, — деді Сафекең, — қазір Ғабиден Мұстафин келеді, көнсе қолқалап көрейін, бағың да, сорың да сол кісіге байланысты, жарайды десе жарадың, жарамайды десе... Сафуан ағамыз мен сияқты бойы шарғыларға бұйыра бермейтін қымбаттау танауын төбеме тіреп тұрып алды: —...енді, болмайды десе болмағаны да!»... Рас, ол кезде де, қалай болғанда да, аға (апа) ақындар аса абыржымайтын да шығар, ал жинақ шығарудың алуан
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ құйтырқыларын меңгере қоймаған жас шыбықтың қалтырапқалтырап кетпеске амалы жоқ еді. Иә, сондай күндердің бір күнінде, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының соңында (әлде сексенінші жылдардың бас шамасында) бір қауым өрімталдардың (Есенғали Раушанов, Нұртас Исабаев, Әбубәкір Қайранов, Шәмшия Жұбатова, Әділғазы Қайырбеков, т.б.) семіз папкаға салынған қолжазбалары сылдыр сөзді біреудің емес, тура Жұмекен Нәжімеденовтің қолына түсіпті. Одан соңғысы белгілі ғой: «...енді, болмайды десе болмағаны да!»... Тап осы тұстан негізгі тақырыбымызға көшейік. Әлгі қолжазбаларды асықпай саралаған Жұмекен аға біз сөз еткелі отырған балауса автордың өлеңдеріне көз жүгірте отырып қағазға түсірген лебіз, қысқартып пайдалансақ, негізінен мынадай болып шығады: «...Қасымхан Бегманов. Өлеңдерінде өзіндік мінез бар. Ақын өзінше түр, өрнек іздейді. Парктің ортасы, түн іші. Орындық үстінде — бір кісі. Мұндай формалар мазмұнмен ұштасып жатады. Өлеңдер елпілдеп, екпінді оқылады. Кез келген тақырып жас ақын қаламының ұшында ойға, сезімге оранып шыға келеді. Мазалауда, қинауда шабыт бүгін, Алқымымның түймесін ағыт, гүлім. Тұлпарды әкел, жазира кең даланың Байқайыншы тағы бір жазықтығын, — сықылды, сырттай қарағанда, кез келген адам ұйқастыра алатындай болып көрінетін тәрізді шумақтың өзінен ақынның қан қызуы сезіліп тұр. Тұлпарға мінгізсе біреуді бұл өмір, Біреуді есектен жығады, — деген жолдар да еліктеусолықтаудан тумаған. Талант — құнарлы топырақ қана. Топырақ өздігінен өнім бермейді, оған дән себу, оны күтіп, баптау керек. Сонда ғана ол ырыс-берекеге айналады. Қасымхан мына жинағымен
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір топырағын танытты. Енді одан қандай өнім алу — өзіне, еңбек, талабына байланысты». Әрине, қоштау сөзге ілескен ескертпелер де бар. «Өзара үндеспей, құйылыспай тұрған қайсыбір тіркестер, сөздер тұсына белгі қойылып отырды», — дейді рецензия авторы. («Бастау» атты жас ақындар топтамасы хақында»). Қасымхан Бегманов поэзия ордасының есігін, міне, осылай ашып еді. Солай ашқанына ол ешқашан өкінбеген де тәрізді. Әділіне келгенде, Жұмекен Нәжімденов оң батасын берген алғашқы жинаққа Өтежан Нұрғалиев редактор болса, өкіну мүмкін де еместей ғой. Ондай дәуренді тек сағыну ләзім. Қасымхан да сағынып жүретіндігі дау туғызбайды. Ол кейінірек жазған бір өлеңінде: Жалған сезім, жалған достық, жалғандық... Шемен болып көкірегімде қалған дық. Жетпіс сегіз, сексендегі алаңсыз Тазалықты жүрген жай бар арман ғып, — дегенде, бәлкім, 1978-1980 жылдарға дөп келетін тап осы оқиғаны да еске алып отырған шығар-ақ. Ал тазалық (рухани тазалық) дегеніңіз — өмір бойы тот баспайтындай қасиетке ие жансыз саф алтын емес, қан жүгіріп тұрған құбылыс; «өзгелерді қайдам, өзім сондай мөлдірмін» дейтін асыра өрекпулердің сендірмейтіні де сондықтан. Құбылғыш пенде көңіл сонау бір қиянда қалған жылдарды алаңсыз балалықтың елесі немесе мұңсыз жас дәуреннің куәсі болғаны үшін ғана емес, бәлкім, сол тазалықты жоғатып алғандықтан да сағынатын шығар-ақ. Бұрынғы ірі мақсатсыз, бірақ шағын бақытқа алданып тірлік кешкен күндерді еске алған кезде жазған кейінгі тағы бір өлеңінде Қасымханның тым егілмей-төгілмей: ...Отызыңда ақындық мықты болса, Он жетіңде махаббат күшті емес пе! — деп төтелей айта салуында да осындай мойындаулардың табы жатқаны даусыз.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Қасымхан осы келтірілген үзінділердегі тәрізді басқа да көптеген өлеңдерінде, міне, осы мәңгілік олқылықтың іші мен тысын қатарластыра ақтарып отырады. Және, бір ескерерлігі, өз сыр-қазынасын ол қаймақ жағылған жылмағай қайырымдармен немесе жар астына тығылған жасанды жұмбақтаулармен әдіптеп әуре болмайды. Көзіміз көріп жүрген көріністерді сол күйі қағазға түсіре қояды. Мысалы, дүйім жұртқа дәмді сөздерімен мәлім Дулат Исабеков ақын емес; жазушы, прозаик. Бір мақаласында сол Дулат ағамыз Қасымханның «Көше ақындары» деп аталатын өлеңі көзіне ерекше іліккенін айтыпты. Лириктердің прозаиктер білмейтін құпиясы болмайтыны сірә да белгілі ғой, сол тұстарды анық білетін жазушыға осы өлеңдегі баяғы таныс суреттер ғана емес, сол суреттерді бейнелеудегі қарапайым нақтылықтар ұнап қалса керек. Көше ақындары, көше ақындары — арғымақтары даланың, Алшаңдай басып келе жататын тротуарында қаланың, — деп басталатын бұл өлең мына заман ақындары, сүйсе де, сүймесе де, өз жайлауынан қазып әкелініп, өзге топыраққа егілген көшеттей күн кешуге тиістілігін батыра айтады және бұл үрдістің емін іздеп сарсаңға түсудің қажеті жоқтығын сездіреді. Тротуарлар, сырт қарағанда ғана болмаса, шын мәнісіне келгенде, тіпті де алшаңдай басқызбайтын басқаша аумақ екенін аңғартады. Осы жайдың бітпейтін жалғасын ақын Шығыстың ұлы шайырына арнаған келесі бір өлеңінде және ескерте кетеді: ...Ұлы Хафиз, мына біздің өмірді Аялдама, бұрылыстар ұрлады. Әрине, өтірігі жоқ факті, сонымен бірге, әрине, оқуы мол, шаһар құмар халықтың өзіне өзі тауып беретін артық бір бейнеті, өз еркімен амалсыз мойынұсынатын бейнеті. Бірақ одан біржола қашып құтылудың мүмкіндігі жоқтығы және мәлім. Өйткені бүгінгі өмірдің адамзат, соның ішінде қазақтар да көндіккен жаңаша салт-тәртібі осындай. Сол себептен де ақын соңында қандай соқпақтар қалғанын білгенмен, ертең қай тұсқа қадам басатынын еш жаңылыссыз болжай да
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір алмайды. Тек, мысалы, «Жолдар» деп аталатын өлеңі арқылы: Ана жақ — арайлы көктемдер, Мына жақ — атамыз кеткен бел. Апырай, із салмай кетіпті-ау Алдымда өткендер, — деп шынымен-ақ аңырып тұрады, жан-жағына жалтаңдап қарайлай береді, оқырманды да сәл-пәл ойланып қалмасқа болмайтындай әрі-сәрі күйге түсіреді. Сол жолдар Қасымханды Ташкентке де апарған. Ал Ташкент біз үшін қандай шаһар еді? Тіпті қысқартып айтқанда, әріде Төле бидің, беріде Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары болған Темірбек Жүргеновтің, Ташкент пединститутының ректоры болған Смағұл Сәдуақасовтың, т.б. ізі қалған қайран қоныс емес пе еді? Ақынның: ...Қала жаққа қарасам, көзіме жас толасың, Қалай қиып кетермін Төле бидің моласын. Елеусіздеу жүрген бір ақыны едім даланың, Шерге толып өзегім, кері аттанып барамын. Тілім бармай қош деуге, қия алмай көп қарадым, Ташкентті ұмытпа, ойлы туған қарағым. Қош, Тасқала, қайтейін кіргізбеді кеденің, Атам салған көшеңде жүргізбеді кеденің, Біле алмадым біздерге ертеңгі ұрпақ не дерін. Қош, Ташкент, аяулым, көшімді артқа бұрармын, Тілегіңді сыртыңнан тілеушің боп тұрармын. Шайырлардан жайыңды хат арқылы сұрармын, Архивтерді ақтарып оңашада жылармын, — деп келетін жолдарын оқығанда, жаныңды тырналап жатқан жыр ма әлде тарих па, қайсысы екенін бірден ажырата да алмайтын сияқтысың. Сол сапарға себепкер болған Ислам (Әбішев) досымыз бұл өлеңнің қалайша дүниеге келгенін, әрине, бізден гөрі тереңірек білетіні даусыз. Солайша түзілген «Ташкентпен қоштасу» бертінде әбден жан-жақты талданған
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ туынды екенін айта келіп, бұл сөзімізді сол талдаудың иесі Қадыр Мырза Әлидің тұжырымымен бекіткенді жөн көріп отырмыз: «Ташкентпен қоштасу» — қатардағы көп өлеңдердің бірі емес. Бұл өзі жеке-дара дүние, поэтикалық құбылыс. Оның жанрлық тамыры тым тереңде, тіптен әріде. Өткен ғасырларда өмір сүрген көне қазақ ақындарының жырларында, қопарыла айтылатын телегей толғауларында жатыр». Не болғанда да, жолдар туралы сөз бастап кеттік қой. Тиянақтап қояйық. Кезген даласы мен көрген қаласы көп Қасымханның барша сапарын түгендей алмаспыз, дегенмен, оның ақындық жолы қалай басталғанына куәлік етушілердің бірі екеніміз рас еді. Бұл туралы белгілі ғалым-әдебиетші Бауыржан Омарұлының қағазға түсірген жазбаларындағы («КазГУ-дің қалашығы») деректерге титтей де өзгеріс енгізе алмаймыз. Сол себепті шебер жазылған сол мақаланың «Қапалы көңіл Қасымхан» деп аталатын тарауының үзінділеріне сөз берейік: «КазГУ-дің қалашығы — Көздерімнің тұңғиық қарашығы. Сезімдерім секілді мөлдірейді — Шалғында — дала шығы. (Қасымхан Бегманов). «КазГУ-дің қалашығы — көзімнің қарашығы!». Екінің бірі жатқа айтатын, халықтық тіркеске айналып кеткен осындай өлең жолдары болады. Тіпті қапелімде авторы да еске түсе қоймауы мүмкін. Бірақ әлгі оралым жадыңда мықтап жатталып, миыңда шегеленіп қалады. Бұл — бүгінгі белгілі ақын Қасымханның әйгілі өлеңінің алғашқы нұсқасы. Кейін Қасекең кемеліне келіп, ақындығы толыса түскен соң әлгі өлеңді ептеп модернизацияның тезіне салған секілді. Кейінгі жинақтарында «Көздерімнің тұңғиық қарашығы» деген тіркес пайда болды. Бірақ сексенінші жылдар жастарының зердесінде әдепкі нұсқа сақталды...» Міне, осылай басталатын тарау Қазақ политехникалық институтының студенті Қасымхан Бегмановтың сол өлеңі қалай жазылғанын тәптіштеуімен де қызықты-ақ. Сәл ұзақтау болса да оқымасқа болмайды:
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір «...Оқуға түсіп алып, өз бесігіне әлі де бой үйрете алмай, жүрегі жыр аңсап жүрген болашақ машина жасау инженері Қасымхан Бегманов КазГУ қалашығына, журфактың жатақханасына жиі келетін. Бірақ ертерек келіп еніп алмасаң, кешке қарай КазГУ-дің оқалы әскері —ОКД жатақхананың жанына мысық жорғалатпайды. «Мастанып алып атаққа, Құтыра қалса жас пері, Жібере қоймас жатаққа Құрекеңдердің әскері», — деп Ертай Ашықбаев бастаған ақындардың өлеңдетіп жүретін кезі осы тұс. Құрекең дегеніміз — қалашықтағы барлық жатақхананың Жегловы саналатын Құрманхан Нұрымбетов. Сол Құрекеңнің сайыпқыран сарбаздарының тегеурінді тосқауылынан өте алмай, журфактың ерні дірілдеген, көзі күлімдеген қыздарына жете алмай қиналған қапалы Қасымхан ақынның кеудесін әуелі ыза, сосын жыр буады. Енді ше... Қалашықтың іші сиқырлы әлем. Самаладай жарқыраған шам. Екеу-екеуден жұптасып, ен тоғайға еніп келе жатқан жастар. Алайда қызықтың бәрі армандай болған журфак пен филфактың жатақханасының ішінде қалып барады. Содан екінші курстың баласы әбден қапаланып, жанары жасқа шыланып, көкірегінен жыр төгеді. «КазГУ-дің қалашығы — Көзімнің қарашығы!» осылай туып еді...». Қасымханның солайша қапаланғаны да рас, дегенмен, екі жайды айта кеткен мақұл. Біріншіден, ақынға шабыт берген тек қыздар ғана емес, оған қосымша тағы бір көрініс: өлеңнің төртінші жолындағы бір зат есім — дала шығы. Сол кезде ағаштары тербелген, шалғыны жайқалған, етек-жеңі күзелмеген КазГУ-дің қалашығы мәдениеті асқан әлдебір ауылдың микрокөшірмесі секілді еді. Ал қазаққа біткен ақындық дегеніңіз — ауылдың сарқыты. Мұны Қасымхан кейін жазған бір өлеңінде жұтып қоярдай етіп жеткізді: ...Ақындық ғұмыр — күлкісі қыздың, Нәзік қоңырау сыңғыры. Ақындық ғұмыр — түлкісі түздің, Үзеңгі, жүген сылдыры...
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Ал, екіншіден, қыздар туралы әңгімеге келсек, Қасымханның бұл тақырыптағы жырлары сол замандағы тұстастарының (әрине, жалпы оқырманның) барлығына ортақ, жасырын ұстау тіпті де мүмкін емес сезімдерді селкеусіз баян етуімен ықылас оятады. Мысалы, ақ жүрек қарындастардың біріне ағалық сыр шашқан сәтті бейнелейтін мына шумақты тек аз-маз күрсіне оқуға болатын шығар: ...Екеумізді тербетеді баяғы үн, Бар сырымды бітіруге таядым. Ғашық болған қыздарымды айтып ем, Мені сондай аядың-ай, аядың. ...Екеумізді тербетеді баяғы үн. Ақындық жүректі әлбетте аяу керек-ақ. Өйткені оның (ақындық жүректің) тым нәзік болатыны себепті үнемі жапа шегетіні өз алдына ғой, оған қоса ол сондай иірімдердің барлығын қағазға түсіріп отыруға міндетті. Бәлкім, ресми түрде міндетті де емес шығар, Н.Некрасовша айтқанда, «Ақын болмау — өз еркің» ғой. Бірақ солай жасауға әуелден бас тіккен соң басқа амалың да жоқ. Ақынның (бұл ретте Қасымханның) бір кезде «суланған шашының иісі дертке дауа болған» қызға арнаған өлеңінде «Терезелерден буланған Елесіңді іздеп телмірем» дейтіні де, оған жалғастыра «Ағыл да тегіл жылап тұр Дүние мынау менсіз де» деп сүйене тұруға боларлық жұбаныш іздейтіні де сондықтан әбден түсінікті. Ақын осы сарындас тағы бір өлеңінде «Кімнен кейін қалмас дейсің бұл жалған» деп өзінеөзі таяныш боларлық және бір уәж айтады. Жалыны шарпыған қырмызы қыздарға бағышталған тағы бір жолдарға назар салайықшы: ...Сендерсіз қалса, мүлгиді шамсыз перрондар, Сендерсіз кетсе, мұңаяр ескі составтар. Осы жолдарда ешқандай да жалғандық жоқ. Расында да жабыққан жолаушының жанын шамсыз перрондар ғана түсінеді; айбынды, айдынды вокзалдар кекірейіп тұрар еді. Сол сияқты мұң арқалайтындар да ескі составтар. Алаулы, жалаулы вагондар бір бүйірдегі күрсіністерге көзінің қиығын салар ма екен?!
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Дегенмен, бұл тақырып бірыңғай қоңыр бұлттарды жамыла да бермейді. ...Мен бүгін әрбір үнге елеңдеймін, Күлімсіреп енердей есігімнен, — деп айшықтана шаттанатын кездер де болады. Сондай-ақ ол «қызыл гүлдей үлбіреген бір нәзік қыздың жаны Сүңгі жақтың ыстық жазының лебінен жаралғанын» әспеттейді. Осындай өлеңдерді оқи отырып, қыздарға «менсіз қайтіп шаттанып, менсіз қайтіп мұңаясыңдар» дейтіндей соншама аңқау сауалдар қою үшін де ақындық жүрек керек екендігі аңғарылып тұрады. Осы әңгімені енді бір әнмен бір қайырып қоя тұралық. Ақын әнеу бір жылдары «Эфирлерден ән болып естілмедім, Тым кеш сездім есімнің кеш кіргенін. Шынымды айтып, шырылдап, шырқырап ем, Сырларыма сенбеді ешкім менің» деп жазғанымен, теледидарға үңілген жұрт «Ол көктем оралмайды» дейтін әнді сүйсіне тыңдағалы қашан. Әннің, әсіресе: ...Гүлім, сезем, Сол бір өзен Арнасына тола алмайды. Өткен күндер, Айлы түндер Көңілдерден жоғалмайды. Бұл жалғанда ешбір ару Дәл өзіңдей бола алмайды. Құстар қайтар, Әнін айтар, Ол көктем оралмайды, — деп келетін үзіліп-үзіліп айтылатын қайырмасы әлдебір сағынышты суреттерді әуеде қайтадан көрсеткісі де келіп, көрсетпегісі де келіп желбірете ұстап тұратындай әсер қалдырады. Несін жасырайық, музыкасын жас сазгер Арман Бексұлтан жазған, «МузАрт» орындайтын сол әнді бір тыңдап, екі тыңдап, қайта-қайта тыңдап, тіпті де жалықпаған соң, өлеңге қол созғанымыз бар: Ақынды, сірә, кім аяды? Ел қайда, жұбатқыш қоғам қайда?
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Қасымхан Бегманов мұңаяды, Ол көктем, шынымен, оралмай ма? Кетті ме, шынымен, оралмасқа, Жалғанбай ма үзілген ескі жіп? Көктем жоқ па одан басқа, Одан басқа жоқ па еш қызық?... Осылай басталатын өлеңіміз, бәлкім, осы мақаладан кейінгі күндердің бірінде аяқталып та қалар. Кезінде Есенқұл Жақыпбековке, Есенғали Раушановқа, Темірхан Медетбековке, Бекжан Сүлейменовке арнаған өлеңдеріміздің де осындай бір зиянсыз себеп-салдарлары болғанын айта кетелік. Ал, музыкалық шегініске келсек, Қасымханның ән мәтінін жазудағы ерекшеліктері туралы біздің айтқанымыздан гөрі жазушы, өнер зерттеушісі һәм композитор Ілия Жақанов ағамыздың «Сырлы жүрек пернесі» деген ортақ атауға топтастырылған лирикалық эсселерінен оқыған әлдеқайда мақұл болар еді. Өзімізге етене жақын естеліктермен қоныстас әңгімелерді қаузап жатқанымыз болмаса, Қасымхан тақырыпқа кенде емес. Әлгіндей лирикалық тебіреністермен баурайтын ол Қазақстандағы барлық ақындар тәрізді ащы да сөйлей біледі. Мысалы: ...Қатпарланған қайғымды көтерістің, Қара суық жалаған сағымсыз бел. Қайғының қатпарланып тұратыны қандай рас мәлімет болса, оған «қара суық» деген тұрақты тіркестің жалғануы әлгі қасіреттің бояуын одан әрі қоюландыра түсетін сондай түсінікті ишара. Ал «Сағымсыз бел» — бір кездегі уайыммұңсыз сәттердің тап мына сәтте қайтадан қол бұлғауға батылы жетпей тұрған ескі елесі. Екі жолға осылайша әр құбылысты өз жөн-жобасымен енгізу — шығарма иесінің аңғарымпаздығын байқататын бір ерекшелік. Немесе аты қойылмаған мына бір өлеңнің қайырымдарына үңіліп көрейік: ...Үкіметі тастап кеткен Алматы, Құлазиды меніменен қосылып. Қазір 100 пайыз қостағанымызбен, кезінде елорда қоныс
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ауыстырған шақта дәл осындай көңіл-күй көптеген көкіректерді (соның ішінде ақындарды да) торлап алғаны рас еді. Қазақ бұған ұқсас жағдайларға кезіккенде бұрын да өлең шығарып тастай салатын болған: «Аулың шалғай кеткенде, беу, қарағым, Нендей медет етейін жасағанға». Одан әрі оқи берейік: ...Түніменен құлазиды Алматы, Көшелері аршылмаған ақ қардан. Бұған да дау жоқ. Алматының көшелері одан кейін де талай рет қардан аршылмай қалған шақтар болғанын теледидардан көріп, күнделікті газеттерден оқығанымыз рас. Онсыз да жыламсырауға шақ тұрған жұбанышсыз жүректі қар басып жатқан тротуарлар одан әрі езгілей түспей ме?! Енді мына қайырымға келейік: ...Менің нәзік көңілімдей мұңайып, Құлазып тұр қысқы Алматы қар басқан. Дұрысына жүгінсек, мұңаю мен құлазу ұқсас ұғымдар болғанымен, екеуінің көтерер жүгі екі басқа. Мұңаю дегеніңіз өткінші жаңбыр алдында түйілген бұлттардай өтпелі өкпеназдың белгісі десек, құлазу — жарасы ұзақ уақыт жазылмай тұрып алатын психологиялық дерттенудің көрінісі. Ақын бұл ретте, әлбетте, тұрғындардың мұңайып қалғанын, ал Алматының енді қаңырап бос қалудан, иесіздікке ұшыраудан қауіптенген құлазулы қалпын көрсеткісі келетінін бажайлаймыз. Дегенмен, біздің назарымызды осы қайырымға іркілуге мәжбүр еткен жай мүлде басқа. Бұл екі жолды оқығанда нәзік, демек, ыстық көңіл абайсызда суық қарға тұншығып қалғандай әсер етеді екен. «Менің нәзік көңілім» мен «қысқы Алматы қар басқан» деген жолдардың үстіліастылы қатар келуі шуақты райды тоңдырып жібереді немесе керісінше. Ал төмендегі мына егіз жол қала мен даланың арасын жалғап тұрған кеңістіктегі қашып құтылу еш мүмкін емес шындықшыл сұлба-суретті елестетеді: ...Адамдарды әлдеқайда асыққан Алып қалып жатыр мұңлы қыраттар. Асығыс-үсігіс тіршілік соқпағының табан тірер нүктесі қайда екенін осындай тұспалмен айтатын ақын сол нүктенің
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ қасында тұрған жанның кейде қандай ой кешетінін де еске салуды ұмытпайды: ...Мен қайғысын болмысыммен сезінем Иесінің сандықтағы шекпеннің. Расына келсек, Қасымхан тоқыған кілемнің ерекше көзге түсіп тұратын негізгі бояуы бар, ол — деректілік. Бірақ құрмалас сөйлемнің өзі бірнеше түрге бөлінетіні тәрізді сол деректілік те әр тарапқа тартады. Бірі — өткен күндерді сағыну, әр нәрсенің қадірін жеткілікті ұқпайтын, мейлі, ұққан күнде де мойындамауға тырысатын желікпелі кезеңнің жетімсіреп тұратын суреттері: «Ескі мұң», «Ей, алдамшы дүние», «Неткен қайғы, неткен мұң...», «Еске түсті...», «Сағыныш», «Жалғыздық», «Кездемедегі кинолар», «Ескі суреттер», «Қараша өрік», «Соңғы суық. Сағыныш»... көп... өте көп... Мәселе өлеңдердің осындай атауларына ғана тіреліп тұрған жоқ. Сол атаулардың арғы-бергі жағынан өзіңізге мәлім, тіпті кейде басыңыздан өткен жағдаяттар жапырлап қарап тұрады: «...Өкпелеп қалған қыздай үнсіз ақты-ау Сыбырлап сыр айтатын бұлақтарым», «...Қара өлеңмен ауырған қара балаң баяғы Солатұғын қырдағы гүлдерді де аяды», «Қызғалдақ боп қырлардан көтеріл» деп, Жаңбыр болып кей кеште құйып тұрам», «...Мен кеттім кездеспейтін басқа жолмен Тобықты қаққан сенің бұрымыңдай», «...Балауыз шамдай бал ғұмыр Өте де шығар бір күнде», «Қара көзім боталап, Қу көкірек бос қапты»... Бұл — бір. Екіншіден, ел-жер кезудан аты арымаған Қасымхан қай өлкеге барса да, ең әуелі, сол өңірдің шежіресі мен тарихына қатысты тұстарға үңіледі. Айталық, Атырауға аяқ басқанда жазған толғауы — «Қаройдағы Махамбет қабірінің басындағы ойлар». Одан да әрі асқан кезде батырлары мен ақындарын жоқтаған Маңғыстау желдерімен мұңдасады. Тағы бір өлең — «Отқа оранған Отырар». Ал кейіпкерлері ше: Хан Кене, Жәнібек тархан, Нәзір Төреқұлов, Саттар Ерубаев, Қасым Аманжолов, Қаныш Сәтбаев, Асқар Сүлейменов, Кеңшілік Мырзабеков, Дәуітәлі Стамбеков... Сондай-ақ Мұстафа Шоқай жүрген жерлерді аралап, кино түсіргені, алаштың осы
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ардақтысы үшін қайтпай соттасқаны, жеңгені де баршамызға мәлім. Сөйтіп жүріп әріптестеріне шапағат шашатыны және бар. Жиырма жыл сарылып ізденіп, жеті қаланың мұрағаты мен кітапханасын ақтарып, соның нәтижесінде салмақсапасы сүйсінуге лайық болып шыққан «Ғұмар Қараш» дейтін іргелі зерттеу (монография) жазса да, сол Ғұмардың ізімен Бакуге жолы түспей, өзінің айтуынша «көкірегінен бір күлкіл кетпей қойған» талантты ғалым, белгілі зерттеуші, эссеист Мақсат Тәж-Мұратты «Мұстафа Шоқай жолымен» экспедициясына қосып алып, әуелі Грузияға соқтырып, одан әрі Әзербайжанға апарғаны, соның нәтижесінде Мақсат өзіне тікелей қажет деректерді көзімен көріп, жаңаша біраз ой түйгенін былай қойғанда, көпке ой саларлық «Тағиев» дейтін мағыналы да көрікті эссе жазғаны тілектестіктен де әлдеқайда салмақтырақ істің басын қайырғаны емес пе?! Иә, байқап отырғаныңыздай, бір бұру жолға түсіп кеткен секілдіміз. Ендеше қайтадан өлеңге оралайық, өлең туралы әңгімемізді жалғастырайық. Сонымен... Деректілік — поэзия түгілі прозада да кәдімгідей тұсау. Бірақ солай екен деп қалам ұстағандардың барлығы абстракциялық әлемге кіріп кете берсе не болмақ?! Демек, мәселе — деректерді (әрине, мөр басылған, қол қойылған құжаттық емес, өмір-ғұмырлық, сүйініш-күйініштік деректерді) тізбелеуде емес, сол деректерді лирикалық пішіммен киіндіруде. Міне, осы ретте Қасымханның балауса дүниелерін бақылаған шақта Жұмекен Нәжімеденов айтқан бір пікір ойымызға қайтадан оралып отырған жайы бар: «...Сырттай қарағанда, кез келген адам ұйқастыра алатындай болып көрінетін тәрізді шумақтың өзінен ақынның қан қызуы сезіліп тұр». Иә, Қасымханның жырларында бұған дейін түрен түспеген тың тақырып жоқ, Мысалы, махаббатты біреу аз, біреу көп жырлаған шығар, бірақ өзек — ортақ, опыныс — таныс. Сол сияқты, әсіресе, әдеби сөз еркіндігі толық қолға түскен қазіргі шақта тарихты қалай аударыстырамын десеңіз де, еркіңіз. Оның үстіне дәл бүгінгі таңда жырқұмарлық жеңген кез келген адам (өкінішке қарай ма, әлде қуанышқа орай ма, тап басып айту да қиын) әйтеуір өлең ұйқастыра алатындай әдеби сауаттылық
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ деңгейіне бас тіреп тұрған сықылдымыз. Сонда да өлең мектебінің есігін бірге ашып, қатар ержеткен біз үшін Қасымханның өзінің ғана емес, өлеңінің де орны бөлек. Ол өлеңді тоғыз ай, тоғыз күн бойы толғатпай-ақ (яғни белгілі бір тақырыптарға ыңғайлап немесе топтамалар құрастырып әйтпесе жолсапарлар әсерлерін тізбелеп әуре болмай-ақ) шабыты келген кезде жоспарсыз сезіммен төгіп-төгіп жаза салады. Егер жоспарға бағынып, туындыларын оқып отырғанымызда байқайтынымыздай, әне бір жинақтағы үш өлеңін, одан соң мына бір кітаптағы бес өлеңін, яғни тақырып жағынан туыстас жырларды бір аулаға жинап қойса, алдымыздан кенеттен біртекті ен-таңбамен айшықталған, көз сүйсінетін бір табын (отар) мал жайқалып шыға келер еді ғой. Тарихқа қатысты жыр-толғауларды да жыл-шежіренің кезеңдеріне сәйкестеп, оқиғалардың өрбуіне байланыстырып ретімен орналастыруға болар еді. Қасымхан өйтпейді, өйте алмайды. Өйткені... Мысалы, ақынның «...Аттағанда сен келіп босағадан, Жанарында анамның жас тұрады» деп аяқталатын өлеңі бар. Кімге арнаған дейсіз ғой? Ешкімге де. Атауы да солай: «Кездеспеген қызға». Қасымханның біз білетін бір мінезі — осы. Немесе «...Сезбедің сонда, елік қыз, Қасымхан болып танысқан, Қасыммен қоштасқаныңды» деп шалқитын ол, келесі бір өлеңінде әуелі «Қиын болып барады қауымға ұнау» деп алып, сосын «...Толқындардай серпілем кейін қарай, Жүрегіне жұртымның барып қалып» деп тайсақтайды. Залым қыздардың сенер-сенбесіне қарамастан Қасымхан «...Қырық жамау жүрегіммен, қалқамау, Ең соңғы рет ғашық болып тұрмын мен» дегенді де кәдімгідей шын ықыласпен жазады. Міне, осылайша әңгімеміздің қорытындысына да келіп қалыппыз. Иә, Қасымханның шығармаларын әдебиет терминдеріне сілтеме жасай отырып қылғына талдаудың қажеті жоқ. Өйткені, жоғарыдағы бір пікірімізде айтқанымыздай, өз сыр-қазынасын ол құбылмалы қайырымдармен немесе жасанды жұмбақтаулармен әдіптеп әуре болмайды. Оның өлеңдері негізінен дәйекті дәлдіктер мен нығыз басқан нақтылықтарға сүйенеді. Бұл ерекшелік
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір мәдениетті сұлулыққа бой үйрете бастаған, сондықтан да қарапайым шындықтан гөрі опа-далап мол жағылған өтірікті әлпештеуге бейімделе бастаған бізге ой салуға тиіс. Ал өткен ғасырдың сексенінші жылдары кітап шығара бастағандардың одан бері қандай сезім-ғұмыр кешкенін өлең арқылы зерттегіңіз келсе, Қасымханды оқуды ұмытпаңыз.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ СҰЛТАННЫҢ СИҚЫРЫ Микроб дейтін зымиян бар. Баланың қолына қона қоюға құмарлығында шек жоқ. Ата жауы — сабын. Ал, мықты болсаңыз, осыны өлеңге айналдыра қойыңызшы. Ойланып қаласыз, ә?! Ал Сұлтан Қалиұлы, мықты болған соң, мұны баяғыда-ақ өлеңге айналдырып қойған. Кел, үлкендер, оқиық: Бетті, қолды сабындап Жиі жуу пайдалы-ақ. Тұра алмайды дамылдап Микробтар тайғанап. Беу, үлкендер, ойланайықшы. Баяғы ферма орталығындағы жалғыз медпункттің бормен әктелген дәлізінде ілулі тұратын түсінікті, түсініксіз сурет-плакаттар көз алдыңыздан жалт етіп өте шыққан жоқ па? Неге жалт етті? Жалт еткізген қуат көзі — «Микробтар тайғанап» деген бір-ақ жол. Микробтар тайғанақтап жүрген суретті сол бір өткен замандарда «точно» көрген сияқтымыз. Бұл — сіз бен біз. Ал сіз бен біздің балаларымыз бен немерелеріміз ше? Әлгі «микробтар тайғанап» деген жолды оқыған балаларымыз бен немерелеріміз сол микробтардың қалай тайғанайтынын көру үшін ғана қол жууға жүгіре жөнелетін сияқты. Микробы жоқ қолдарға түсе бермейтін бір тапқырлық, міне, осы. Әріге кетсек, бұл микроб пен оның тума-туыстары 1913 жылы ұлт шаруасына жегіліп жүрген Ахмет Байтұрсыновты мақала жазуға мәжбүр еткен. Ахаң «Зарарлы микробтар — дененің дұшпаны, жауы» деп те, «Тән мен микроб арасындағы соғыс — күнде болатын соғыс» деп те түсіндіріп-
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ақ баққан. Одан беріге келсек, бұлар орыс Корней Чуковскийге «Мойдодыр» деген ертегі шығартқызғанын, оны «Пионер» журналының бас редакторы Фариза Оңғарсыноваға «Кірқоймас» деген атпен қазақ тіліне аудартқанын, әрине, ұмытқан жоқсыз. Бір шумақ туралы осынша ежелеп айтып отырғанымыздың себебі неде? Әсіресе, қазіргідей алаөкпе шақта күнделікті күйбеңдерден қолы босай бермейтін үлкендердің балаларға ұсынатын бағдарламалық сөздері сол баяғысынша тым шектеулі: «Тентек болма», «Сабағыңды оқы», «Апайыңнын (кейде ғана: ағайыңның) айтқанын тыңда». Бұл тіркестерге түскі ас пен кешкі дастарқанның алдында еш өзгермейтін бір сауал қосылады: «Қолыңды жудың ба?». Өз сезіміне өзі өртеніп жүретін былайғы ақындарға қарағанда мойнына жауапкершілік жүктері көптеу түсетін, жай ғана ыссылысуықты суреттеулерге қоса үгітшілік, насихатшылық (бәлкім, ұйымдастырушылық та) міндеттерді мүлтіксіз атқаруға тиіс балалар ақындары сәбилерге әлгі бағдарламалық сөздерді түсінікті шумақтармен жеткізуге тиіс. Міне, Сұлтекеңе «Микробтар» деген өлеңдер топтамасын, соның ішінде біз мысалға алған әлгі шумақты жазғызған да осы талап. Жалпы ежелгі қазақпен әуелден бірге жасасып келе жатқанмен ғылыми әйтпесе ресми атауы қазаққа кейін кірген сөздер көп. Соның бірі осы «микроб» болса, тағы біреуі, мысалы, «спорт». Ғұмыр бойы кең далада шалқып тірлік кешкен атам қазақ, сірә, күні кешеге дейін ат бәйгесі мен көкпардан басқаны адамзатқа қажеті бар спорт түрлеріне жатқызбағанға ұқсайды. Беріге дейін жеткен «Асық қуған азар, доп қуған тозар» дейтін тіркес — соның қарапайым бір мысалы. Ал спорттың қаншалықты мәртебелі іс-қимыл екені кешегі Лондон Олимпиадасында, әсіресе, әр жеңістен соң Әнұранымыз шырқалған қуанышты шақта анық миымызға жетті. Сұлтекең мұны, әрине, бұрыннан-ақ қапысыз білетін. Жазған дүниелерінің бірі, мысалы, «Спорт жұмбақтары». Ал енді жұмбақ жасырып көрейік.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Көк майсалы тор үйді, Он көкпаршы ториды. Қуған лағын кіргізбей, Он бір батыр қориды. «Бұл не екен?» дейсіз ғой қалың ойға батып. Мұндайда, мысалы, Самат Смақов пен Қайрат Әшірбеков еш іркілмей: «Көк майсаң — жасыл алаң, тор үйің — қақпа, лағың — доп, он бір батырың — он бір футболшы емес пе, соны да білмейсіңдер ме?» — деп саңқ ете түсуі мүмкін. Қазақ өлкесіндегі алғашқы футбол командасының бір мүшесі Мұхтар Әуезов болғаны туралы деректің растығы қандай ақиқат болса, футбол тақырыбына арналған тартымды жұмбақ иелерінің бірі Сұлтекең екендігі де сондай шындық. Бірақ, әрине, Қазақ елінде футбол өркендемей жатқанына құдіретті Мұхаң мен құрметті Сұлтекең кінәлі емес екені және рас. Бұл, бірақ, балалар ақындары емес, сірә, әлгі Лондонда негізінен зілтеміршілердің арқасында абырой жинап қалған спорт шенеуніктері шешуге тиіс мәселе . Бұл тіпті басқа әңгіменің еншісі болғандықтан, біз жұмбағымызға қайта оралайық. Сұлтекеңді тәуір көретін аға ақындарымыздың бірі, балалар поэзиясы үшін Мемлекеттік сыйлық алған Мұзафар Әлімбаевтың кезінде: «Поэзиямыздың тұла бойы түгелтұтастай метафораға толы түрі — жұмбақ; ал жұмбақ шығару — сөзбен әдемі сурет салу. Ақынның алғырының ғана пешенесіне бұйырар бақыт — осы жұмбақ. Бірде-бір жұмбақ жаза алмай кеткен жақсы ақындар да болған», — деп жазғаны бар. Ал біздің Сұлтекеңде жұмбақтар жеткілікті. Бірлесіп жұмбақ шешіп көрейік. Қатар-қатар тісім, Сүзген орман ішін. (Тарақ). Әдемі-ақ емес пе?! Тіс те, орман да қазақы ұғымға лайық теңеулер. Ән салады чемодан, Ішінде жүр көп адам.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Естімейді сөзіңді, Сөйлесең де сен оған. (Теледидар). Біздіңше, тап осы тұста, бәріміз айтып жүрген «көк жәшіктен» гөрі, орысшалау ныспыланса да, «чемодан» деген анықтама түсініктілеу тәрізді. Көз алдыңда тұрмаған соң, жәшіктің көлемі қандай екені белгісіз, ал чемоданның тұрқы қандай болатыны әр балаға әбден мәлім, және оның ішінде көп адам жүргені, бұл адамдардың сенің сөзіңді естімейтіні мүлде қызықты суреттерді елестетеді. Арбаң-арбаң жүрісім, Не істемейсің күн үшін?! Шыбындарға тор құрып, Отырамын болдырып. Тіл біте қалса, өрмекшінің тап осылай сөйлейтініне дау айта алмайтын тәріздісің. Іші мұздап, Құрыстап, Дірілдейді бір шкаф. Тоңызытқышты бұдан басқаша жұмбақтағандар да бар шығар, бірақ осы бейнелеудің солардан еш кемдігі жоқ та сияқты. Міне, осындай жұмбақтар, әлгіндей өлеңдер жазатын Сұлтан Қалиұлын бұл арнаға түсіріп жіберген қай сиқыр? Мысалы, Сұлтекең былай деп тұшымды сыр шертеді: «...Бірде сабақтан келе жатыр едік, ұстахананың қасына таяп қалғанымызда, Нұржамал бір иір-иір темір тауып алды да, тік жоғары көтерді. Көтерді де, бір нәрсе айтуға ыңғайланғандай, айналасын түгел қарап шықты. Біз тоқтай қалдық. Ол даусын созып: Бұл нәрсені Өсер ұста істеген, Бұл нәрсені біздің қыздар аузына сап тістеген, — деді әндетіп. Балалар ду күлді. Менің ойыма Миклухо-Маклайдан алған шегелерін тістеп көрген папуастар келді. Сондықтан ба екен, әлде өлеңнің табиғатында юмор бар ма, мен де күлдім. Өлең деген осылай болады екен ғой деген ой келді
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ маған. Ішімнен қайталай бердім, қайталай бердім. Өлең болу үшін әр жолдың соңындағы сөздердің ұйқасып тұруы керектігін ұқтым. Ал ұйқас деген әлгі өлеңдегідей алдыңғы әрпі ауысқан сөздер деп түсіндім. Сөйттім де: «шапка — папка, болды — толды, жатыр — батыр» деп бір сөздің басқы дыбыстарын ауыстырып, екінші сөз жасап, ұйқас құра бастадым...» Сол жалаңаш-жалпы «шапкалар» мен «папкалар», «болдылар» мен «толдылар» бертін келе бай, бақуатты ұйқастарға жол беріп, Сұлтекеңнің балалар қызығып оқитын өлеңдер жазуына тілектес болды. Фактімен сөйлейік. Ақынның «Гүл» деген өлеңін оқығаныңызда көңіліңіз жылынып қалады. Жылып қалатыны да рас, бірақ, бұл ретте жылынып қалатынын басыңқырап айтқан мақұл. Себебі, қазіргі қазақ баласының тіршілігі Ілияс Жансүгіров жазатын «Нәйім, нәйім бауырсақ, Ағын суға шомылсақтан» өзге, берідегі Өтебай Тұрманжанов жазатын «Түйе бақтым, түлеп бақтым, Жылқы бақтым, жырғап бақтымнан» да басқаша. Айталық, осы заманның түрлі жаңалықтарын толық қабылдап болған сәби кейіпкер қалбырға топырақ салып, үйге гүл отырғызады. Жел ысқырып, қыс келді, Жапырақтар түсті енді... Ал гүл ше? Суықта гүл қайтпек? Сөйтсе: Жаурамасын біліп гүл, Сыртқа қарап күліп тұр. Сырттағы ақша қарға әйнектен күле қараған әдемі гүлдің жанында тұрғандай әсер аласыз. Оның үстіне «біліп гүл — күліп тұр» деген үндес ұйқастар өлеңнің сәтті аяқталуына, түсінікті тіркеспен айтсақ, мол үлес қосып тұр. Жалпы Сұлтан Қалиұлы ұйқастарды тілге жеңіл, құлаққа сіңімді етіп ұқыпты пайдаланады. Мына шумақты оқып көрейік. Ұл-қызыңа ерген Немерең — біз, әже. Немереңнен өрген Шөберең — біз, әже.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Ақынның бұл арадағы тапқырлығы — «ерген, өрген» деген сөздерді рет бойынша орынды қолдана білгені. Расында да ұл-қызға ерген ұрпақ немереден соң өрісін жая түседі ғой. Ал сәби «өрген» деген сөздің мағынасын бірден түсіне қоймаса, оны ұғындыратын атасы мен әжесі, көкесі мен апасы бар. Әжеге еріп жүретін немеренің қандай болып өсері бәрімізді де толғандырады. Мәселен, баламыз тілазар болмаса дейміз. Ақынның «Тілазар емеспін» деген өлеңін оқи бастағанда да бүйірімізді осы ой түртіп жатады. Нағашы атасы қонаққа келген бала тым қуанышты. Көңілі шат. Тіпті: Атам үшін Отқа да Түсуге мен дайынмын, — деп шалқиды. Несі бар, орынды. Сол ата ымырт үйіріле үйіне қайтуға жиналады. Атына мініп алған соң қамшысы үйде қалғаны есіне түсіп, «алып келе ғой» деп, немересін жұмсайды. Әлгінде ғана «отқа да түсуге дайын» жиен үйге аяқ баспай қояды. — Тіл алмайсың сен, шырақ Жалқаумысың, мұның не? ...Тіл алам-ау, мен бірақ, қорқам үйге кіруге. Атасы үшін «отқа түсуге» даяр немере атасының қамшысы үшін қараңғы үйге кіруден қорқады. Таныс оқиға. Тіпті күні кеше өз басыңыздан өткен оқиға тәрізді. Көз батырлығынан гөрі сөз батырлығы көп сәби қылық, қулығы жоқ аңқау қылық. Сәбидің тап осы жолғы «отқа түсуге де дайынмын» деген сөзі де адал сыры, қараңғы үйге кіруден қорқып тұрғаны және ақиқат. Егер ақын сәбиді «қорықсам да атам үшін қараңғы үйге кіріп шықтым» деп сөйлетсе, бәлкім, сенбес едік. Өлең де санамыздағы ескі елесті жаңғырта қоймас еді. Сонда бұл өлеңнің құндылығы ақиқатты айтқаны ғана ма? Ол ғана емес. Осы өлеңді оқыған бала былайғы жұртқа білдіргісі келмейтін өзінің бір әлсіздігін байқай қояды. Әрине,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ қорытынды шығаруы да мүмкін. Біз жиі айта беретін тәрбие мәселесі осы арада да алдымыздан шығады. Мәселен, батырлыққа тәрбиелеу үшін «батыл бол» деп дәмсіз үгіт айта беру қажет емес. Бір мезет баланың өзіне таныс фактіні жылы юмормен жаба тоқыса да жеткілікті. Тәрбие туралы әңгімемізді жалғай түселік. Өкінішке қарай, мекемесінде еш уақытта тәрбие сағаты өткізілмейтін үлкендер осы тәрбие мәселесіне келгенде көбірек ақсап жатады. Сол себепті ересектер балаларға арнаған шығармаларды, баласын ғана емес, өзін-өзі тәрбиелеу үшін оқып тұрса да, еш артықтық етпейтін тәрізді. Неге олай екенін мына өлең түсіндіреді. Шопан атасының аулақтағы үйінде демалыста жүрген немеренің тұрақты бір тілегі бар: Шаршасам да болдырып, Күндіз сыртта көп жүрем. Көк жиекке телміріп, Қонақ келсе деп жүрем. Неге? Баланы дастарқанға қойылатын өрік, мейіз, науат қызықтыра ма? Жоқ. Бала қонақтар айтатын әңгімені ұйып тыңдайды екен. Әрине, әдемі әсер алады. Кеудесіне әлдебір күш енеді. Күші екен бұл ненің, Көңіл бекер таса ма? Көбейіпті білгенім, Өсу деген осы-ау, ә? Бұл жерде қонақтар баланың қоршаған орта, өмір-ғұмыр туралы түсінігін кеңейтушінің рөлін атқарып отыр. Демек білікті ұстаздардың «қонақтың мазасын аласыңдар» деп баланы дастарқанға жолатпауымыздың қате екендігін ескертуі орынды. Екіншіден, осы біздің өзіміз қай жерде қандай қонақпыз? Міне, әке де, бала да қатарласып отырып оқып, әркім өз керегін қиналмай теріп алуға болатын осындай өлеңдер, іздеп қарасаңыз, Сұлтекеңнен табыла береді. Мысалы, Сұлтекеңнің «Біздің ойын» деп аталатын
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір топтамасы бар. Мынау дүниенің жалғандығына әбден көзі жеткен, «күмістен жаратылған қанаты бар» үлкендердің «сәби болғысы келетіні» (Мұқағали) қандай рас болса, алаңсыз ғұмыр сүрудің қадірін біле бермейтін балалардың үлкен болғысы келетіні (ақынның өлеңіне үңілсек, ұстаз, дәрігер, суретші, шаштараз, астроном, т.б.) сондай анық. Және балалар ересектердің қолынан келетін шаруаны опоңай тындыруға болатынына соншама сенімді болады. Сол себепті де: Қиялменен Келешек Асуларға самғаймыз. Ойнап жүрміз демесек, Ағалардан аумаймыз, — деп шалқып та алады. Орынды дәлел, оралымды түйін. Ал жаңылтпаштар ше? Әдебиетті зерттеушілер бір замандарда жаңылтпаштар ойын-сауықтарда ән білмейтіндерге (ол кездерде де екінің бірі Біржан мен Ақан болмаған ғой) арнайы жаза ретінде қолданылғанын баян етеді. Рас шығар. Жаңылтпаштарды қайталап шығудың жаза болатын себебі, байғұс бозбала ән шырқап келістіре алмай бір қызарақтаса, қара сөзден қайтақайта жаңылып және күлкіге ұшырайды ғой. Мысалы, мына жаңылтпашты іркілмей қайталап шыққан балаға бәйге беруге де болар еді: Сары ала ара Балалы араға Бал ала бара ала ма? Бал ала бара алмаса, Бала бал ала бара ала ма? Жаңылтпаштармен бірге, әсіресе, 4-7 жас аралығындағы балаларға қажетті жанр, балалар ақындарының қай-қайсысы да аттап өте алмайтын фольклорлық үлгі — санамақтар. Әуелде «Бір дегенім — білеу, екі дегенім — егеумен» басталған терең тамырлы санамақтар кейін өркениет өзгерісіне қарай жаңаша сипаттар алды. Сұлтекеңнің «Неше құс?» деген санамақ өлеңі,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ айталық, арифметикадағы қосу амалымен бірге жануартану пәнінің міндеттерін де атқаратын болса, «Қанша кісі?» атты санамағы цифрлармен бірге туыстық атауларды да қоса ұғындырады, ал «Өнерлі балалар» деп аталатын санамақ он екі баланың қайсысы қай кәсіпке икемді екендігін нұсқай отырып, сол арқылы өнерлінің жолы даңғыл болатынын және ескертіп тұрғандай әсер қалдырады. Фольклор жанрларын жанамалай сөз еткенде де соқпай кетпейтін бір саламыз — ертегілер. Сұлтекеңде ертегілер де аз емес: «Ғажайып тас», «Бақ атай туралы аңыз», «Қоян неге қорқақ?», «Аңғалдардың ажалы», «Бақыт деген не?», «Сор»... Жасырарлық құпия қалып жарытпаған мына заманда балаларды ертегілермен алдау, әрине, қиын. Дегенмен үлкендердің, дәл кітаптағыдай оқиғалар мына өмірде болмайтынын біле тұрса да, дәмді романдар мен тартымды повестерді бәрібір оқитыны сияқты, балалар да сюжеті қызықты ертегілерден бас тарта алмаса керек. Оның үстіне ертегілер, сәбилердің қалауындағыдай, кейіпкерлердің ылғи бай болып, барша мұратқа жетуімен аяқталуына қоса алуан түрлі шытырман тірліктерді алға тартады ғой. Ал шытырман оқиғаларға араласуға құмартпайтын бала жоқ. Сұлтекең, міне, сондай гәптерді есте ұстай отырып, оқуға жеңіл, мәні мағыналы ертегілерді қиналмай құрастырады. Және тек жалаң оқиғаларды бірыңғай қуалап кетпей, құлақта қаларлық қосымша ой-түйіндерді де тиімді пайдаланады. Үлкенге де, кішіге Қайырымды халқымыз. Қырсық шалған кісіге Көмектесу — салтымыз, — деген тәрізді арагідік кездесетін шумақтар аңқаулық пен адалдық, ерлік пен елдік, қамқорлық пен қайырымдылық туралы ертегілерде автор ұстанған мақсатты шеберлікпен шегелей түседі. Қысқасы, бұл салада да ақынның қаламы тек олжа іліктіріп қана жорғалайды. Ақынның осындай алуан жанрды қамтыған ақжарқын туындылары туралы тағы не айтуға болады?
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ...Анау бір жылы өзінен екі сынып жоғары оқитын Нұржамалдың Өсер ұста істеген бұйым туралы шығарған екі жол өлеңі Сұлтекеңнің есінде мықтап сақталып қалыпты. Бұл жай да жаңа жолдың басталуына бір себепші болған шығар. Ал ондай басқа да көп себептер (қоршаған орта, білім, қабілет,т.б.) әлбетте аңғарымпаз жанды ілгері жетелей береді. Мұны біздің ақынымыз бала тілімен жазылған «Айналам» деген өлеңінде мойындайды да: ...Бара қалсам көлге де, Қызықтарды көрем көп. Бар әсерім кеудеме Құйылады өлең боп. ...Бұлбұлға да сайраған Сүйсінемін жыр арнап. Байқап жүрмін, Айналам Мені ақын ғып шығармақ. Қазіргі қазақ балалар әдебиеті аталарының бірі Мұзафар ағасынан бақандай жиырма жас кіші, оның есесіне соңына ерген Арасанбай Естен қаламдасынан тура он жас үлкен сиқырлы Сұлтан Қалиұлының өлеңдерін оқыған қанша бала кейін ақын болып қалыптасқанын біз білмейміз. Ал оқып, сосын ойланғандар, жаттап алғандар мен шаттанғандар, әрине, өзінің жағымсыздау кейпін танып қалып аз-мұз ұялыс тапқандар көп, өте көп екенін ойша шамалаймыз. Айталық, ақынның «Қандай болып өсемін» деген 320 беттік кітабы кезінде, мысалы, 25 мың данамен жарық көргені бар. Сондай да замандар болған. Сол себепті де тағы бір оқушы Нұржамал: Бұл өлеңді Сұлтан ақын тоқыған, Бұл өлеңді біздің қыздар сөмкеге сап оқыған, — деп жатса, таңданатын ештеңесі де жоқ. Өйткені балалар өздеріне бөлекше әсер еткен нәрсе туралы өлең шығаруға құштар келеді ғой.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ЖҰМАТАЙДЫҢ КЕНЕЖИРЕНІ Жұматай Жақыпбаевтың 2005 жылы «Раритет» баспасынан шыққан кітабы «Кенежирен» деп аталды. Оны құрастырып, алғы сөзін жазған Байбота Серікбайұлы ҚошымНоғай мен редакторлық еткен Есенбай Дүйсенбайұлы қазақ поэзиясының ХХ ғасырдағы ірі өкілінің бұл бір томдығын осындай есім-атпен жарасымды үкілеп еді. Сәл әрі жылжысақ, 1981 жылы қолымызға тиген Төлеген Айбергеновтің кітабы «Бір тойым бар» деп аталуы да осы тәріздес әсерлі тапқырлық болатын. Сондай-ақ 1983 жылы «Жазушы» баспасы ұсынған Ізтай Мәмбетовтің бір томдық жыр-мұрасын «Ақпан» деп атағанда құрастырушылар әйгілі «Мен туыппын ақпандатқан боранда» деген өлеңді негізге алғаны дау тудырмаса керек. Сол «Бір тойым бар», сол «Мен туыппын ақпандатқан боранда» секілді Жұматайдың «Шора Кенежиренді сатып жібергенде» деп аталатын өлеңі де кейінгі талай жылдарда да тап қазіргідей шуағын төгіп тұра бермек. Тағы бір рет оқып шығайық. Ке Ке Ке Ке Кенннннежире ежире ежире ежире ежиренді нді нді нді нді Шора сатып жіберге Шора сатып жіберге Шора сатып жіберге Шора сатып жіберге Шора сатып жібергенде нде нде нде нде Жирен тұлпар — іштен туа қасқа бас, Молда мінсе, дұғасынан тастамас.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Бермейтін-ақ атым еді, қайтейін, Бес моторлы самолетке баспа-бас. Таңда өзі ашып тақтай қақпа есігін, Шыбынға да тигізбейтін кесірін. Жабағыдай жатағандау болғасын, Кенежирен қойып едім есімін. Шоңайнаның мөрін жалға басып ап, Бақша кірсе, қумайтын ел тасын ап. Қорықшы да қамамай-ақ жүретін Өзін-өзі беделімен асырап. Митыңдатып мінгенім бе енді есек?! Бүйтер болсақ, бұл өмірге келмес ек. Жұбымызды неге жаздың, бауырым, Екеуміз де бәйгемізде теңдес ек. Жер бетімен жирен жұлдыз ағарда, Жұрт жаутаңдап иесіне қарар ма? Сал Қуандық сан жырлаған Сарноқай Енді мені есті жігіт санар ма? Құбыладан қайтқан атты тосарда Қуаныштан көңіл енді босар ма? Аламанға ат қосқанда жігіттер, Жиренім жоқ, қара итті енді қосам ба? Көрмегенің жұрттан қалған мал білем, Жиренім жоқ, енді менің қалды нем? Жұрт ағасын айырбастай бастаса, Шөке, сені өткізер ем алдымен. Алғашқы жолдан бастап-ақ Жұматайдың әр атауға мүмкіндігінше бояуды анық етіп жағатын ерекшелігі және бір мәрте байқалады: «Жирен тұлпар — іштен туа қасқа бас». Осы жолдың әрін келтіріп тұрған, керек десеңіз, санаға бірден сіңіп қалуын қамтамасыз ететін анықтама — «іштен туа»
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ деген тұрақты сөз тіркесі. Рас, құлынның (әрине, балапанның да) өсе келе сыртқы түгі, жүні өзгеретіні дау туғызбас. Әйтсе де жылқы (басқа түліктер де) ешуақытта аяқ астынан қасқа бас бола салмаса керек, іштен солай болып туатын шығар. Бірақ Жұматай «іштен туа» деген артық қосымша түсіндірме секілді һәм поэзияға тиесілі еместей, ауызекі сөзге ғана лайықты сияқты көрінетіндей осы тіркес арқылы осы бастапқы жолды құлпыртып-ақ жіберген. Себебі «жирен тұлпар — қасқа бас» дей салсаңыз немесе оған, мейлі, «әуелден, баяғыдан» деген сөздерді қосып қолдансаңыз да, бұл жол дәл осындай әсерлі болмас еді. Соншама бай қазақ тілін талғамсыз ысыраптамай, керек сөзіңді адаспай теріп алудың бір үлгісі — осы. «Іштен туа» — алдыңғы сөз бен кейінгі сөзді сәнді жалғап тұрған көркем ұстын. Ал «Молда мінсе, дұғасынан тастамас» — осы алғашқы жолға іле-шала қисынды түрде жалғанған, кейінге қалдыра тұру қиянат болатындай, Кенежиреннің шынында да тұлпар екендігіне сендіретін қолма-қол айғақ-дәлел. Бұл өлең жазылған шақта молда социалистік елдің атеистік тұрғыдағы көзқарасы бойынша ұнамсыз қызмет иесі болғанымен, ел арасында есім-жөнін өз ауылы түгілі көршілес жұрттар да танып, біліп жүретін әжептәуір сирек бедел иесі еді. Молданың сөзіне нағашылы-жиендігі бар әлдекімдер әйтпесе әбден құдайдан безгендер қыжырту айтқаны болмаса, мына жалған дүниеде қиямет-қайым барын есте ұстайтын көпшілік, әсіресе, діннің адамгершілік негізі туралы әңгімелерге құлақ асатындар түгелге жуық ден қойған. Жұматайдың молданы дәлелге ұсынып отырған себебі осы болса керек. Әрине, молда Кенежиренді дұғасынан тастамауы, тіпті дұғасына енгізуі екіталай шаруа, дегенмен ақынның оқырманды бұл ықыластың өтеуі басқаша емес, дәл солай болғанына сендіргісі келетіні, өлеңді оқып отырғанда өзің де сенгің келетіні қызық. Поэзияның екі жердегі екі төрт болмайтындығын да дәлелдеп шығуға қуаты жететіндігінің бір мысалы — осы. «Бермейтін-ақ атым еді, қайтейін» — зор өкініштің ащы тынысы. Ақын «сатпайтын-ақ атым еді» демейді, себебі
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір бекзат адам қымбат дүние-мүлкін (күміс шақшасын, жүйрік атын, құмай тазысын, қыран бүркітін) сатпауы мүмкін, бірақ дос, сыйластық көңілдің белгісі ретінде атымтай жомарттықпен бере салуы бек мүмкін. Жұматай бере салғысы да келмейді екен. «Қайтейін» деп күрсіне бармақ тістейтіні де, күйзелісі еселене түсетіні де содан. Бұл ретте Абайдың «...Ыза қылдың қолыма бір тигізбей» дегені мүлдем басқаша опыныс. Мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген мұғаліміміз осы «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақты...» түсіндіргенде: «Ақын «ыза қылдың қолыма бір тигізбей» дегенде кедейлердің атынан сөйлеп отыр, әйтпесе байдың баласы болған Абайдың мұндай жылқыға қолы жетпеуі мүмкін емес» дегені есте қалыпты. Оны бүгін саясат араласқан (Абайдың өлеңіне саясат қазір де араласпай жатқан ештеңесі жоқ) тұрпайы түсінікке балап, әр саққа жүгіртуге де болар еді. Бірақ әйгілі Мұхтар Әуезовтің өзі де бұл өлеңді талдағанда таптық көзқарас болуы керектігі жөніндегі талаптан шылбыр үзіп кете алмаған ғой. Ұлы жазушының былай дейтіні бар: «...Жалғыз-ақ атап айтатын бір жәй: осы атты сынап отырушы адамның кейбір салтсаналық көзқарасы турасында болу керек. Ақын осы атты еңбекші көпшіліктің күнделікті тіршілігіне қажет болған күш есебінде жырламайды. Және жорықта жан серігі ететін жауынгер көзімен де қарамайды. Өзі жүйрік, өзі берік, жуан, жуас, қолға түспес, жақсы атқа қарап отырған көз өзі де еңбекші адамның көзі. Атты, оның іс-әрекетінің үстінде көрсетпей, «белдеуде тыныш тұрса байлап көрсек» деп тек қана көлденең тұрғызып қойып, созерцание түрінде, тыныш қана тамашалап отырған ақын көзін көреміз». Дегенмен, Абайдың неліктен «Ыза қылдың қолыма бір тигізбей» дейтіні бәрібір түсініксіз. Бәлкім, ұлы ақын мұндай дүлділдің қол жетпес армандай асыл жаратылыс екенін айтқысы келген шығар. Ал Жұматай қол жеткен сондай асыл жаратылыстан жазықсыз айрылып қалғанына қалайша одан арттыра назаланбасын?! Төртінші жолда ақын Кенежиренге қайтадан тікелей оралып, «Бес моторлы самолетке баспа-бас» дейді. Келісті-
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ақ теңеу. Заманында Иса Байзақовтың да «Екпінім самолеттей заулайтұғын» дегенін ұмытқан жоқсыз. Рас, самолеттің (қазіргіше айтсақ, ұшақтың) моторы бесеу болмайтыны түсінікті. Дегенмен, біздің аймақтағы секілді сунуы аздау құрғақшылық өлкеде туып-өскен адамдарға халық әніндегі «Сен есіме түскенде, беу, қарағым, Кемесіндей дарияның бұраңдаймын» деген жолдар қандай таңсық әсер етсе, бес моторлы самолетпен қиыстырылған мына жол да кәдімгідей еліктіріп-ақ жібереді. Қайтадан оқылық: Жирен тұлпар — іштен туа қасқа бас, Молда мінсе, дұғасынан тастамас. Бермейтін-ақ атым еді, қайтейін, Бес моторлы самолетке баспа-бас. Міне, бір шумақ, төрт жолдан қаншама сөз туындап жатыр. Ал әр шумақты, әр жолды осылай талдай берсек ше? Солай етсек те әбес болмайтындай. Өйткені осы өлеңде басы артық лепес жоққа тән. «Мүлде жоқ» деп кесіп айту, әрине, тым көңілшектікке (ессіз табынушылыққа) соқтырар еді. Мысалы, «Аламанға ат қосқанда жігіттер, Жиренім жоқ, қара итті енді қосам ба?» дейтін жолдар су төгілмес жорға мініп келе жатқан мырзаның аяқ астынан іш түсірер шоқыраққа тап болғанын елестететіндей. Себебі аламанға ат орнына ит қосу дәстүрде болған емес. Ал, қобыз қосу — ерекше оқиға. Бұл ретте Мағжанның қаламынан туған «Қойлыбайдың қобызы» еске түсер еді. Бұл — бір. Екіншіден, итті аламанға қосу түгілі, өзара таластырудың өзі — ерсі ермек, өнерді емес, өлермендікті насихаттау. Үшіншіден, неге қара ит, неге қызыл ит немесе сұр ит емес, жауабы жоқ сауал. Әрі-беріден соң, қара иттің орнына жылқыға лайықталған шобыр, мәстек тәріздес синоним атаулардың бірін шебер кіріктіре салу Жұматайдың қолынан келмейтін еді дегенге кім сенер?! Рас, Жұматайдың бұл өлеңіндегі бір атауды бұдан бұрын да, тым ертеректе сынағанбыз. Тілектестік рәуіште жазылған мақалалардың біреуінің авторы ақынның «Жабайы аттай жатағандау болғасын, Кенежирен қойып едім есімін»
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір деген қайырымына тоқталып, «жабайы ат» деген сөздің шындыққа жанаспайтынын айтқан еді де, кейін бұл сөз өзгеріске ұшыраған. Әлде Жұматайдың өзі «көп айтса көнді, жұрт айтса болды» (Абай) деген қағидаға бас ие салды ма, әлде әлгі ескертуді оқыған кітап редакторы батылдық көрсетті ме, әйтеуір, кейін осы қайырым «Жабағыдай жатағандау болғасын» делініп кетті. Нағыз жүйріктің сыртқы тұрпаты сырт көзге тым қораш болып көрінетіні туралы әпсаналарға құлағымыз қанық. Дегенмен, жабағыңыз — құлын мен тайдың арасын жалғастырып тұрған түлік. Ендеше оның ірі жылқыларға қарағанда шағын, жатаған болмасқа шарасы жоқ, бұл — табиғи заңдылық. Ал жабайы аттың жөні басқа. Ірі кітаптарды былай қойғанда, 1986 жылы жарық көрген, төменгі сынып оқушыларына арналған «Ол кім? Бұл не?» деп аталатын энциклопедияда мынандай деректер бар: «Жабайы жылқылар жер бетінде тіпті аз қалды, оның өзінде де тек Азияда ғана сақталған. Ол осы жабайы жылқыны алғаш кездестіріп, әрі сипаттап жазған әйгілі саяхатшының атымен Пржевальский жылқысы деп аталады. Жабайы жылқы жатаған (!), мығым, басы үлкендеу, тікірейген тарақ жалды, мүлдем кекілсіз болып келеді». Көрдіңіз бе, жатағанның түпкі негізі қайда жатыр? Журналист Қарагөз Сімәділге берген сұхбатында ғалым Бірлікбай Есжановтың: «Керқұлан немесе түзат. Пржевальский жылқысы дегенді мүлдем ұнатпаймын... Ғылыми орта көрген, Пржевальский атып алған уақытқа дейін ол жануар сайын даланы ешқандай атаусыз кезіп жүрмеген болар?! Ол — түзат. Немесе керқұлан...» дейтінін қоссақ, қосымша кең арнаға түсіп кетеміз. Сол сияқты академик Игорь Нечаевтың: «...Ағылшын ғалымдары жылқының шежіресін жасапты. Шежіреге қазақтың жылқылары енбепті. Біз оны кіргіздік. Бұдан кейін ағылшындық пен Бүкілодақтық ресейлік жылқы шаруашылығымен айналысатын институт ғалымдары біздің жабы, адай, мұғалжар және басқа жылқымыздан қан алып тексерді. Біз де тексеріп көрдік. Тексеру кезінде ағылшындардың қатты таңғалғаны бар. Жер жүзіндегі жылқылардың ішінде қазақ жылқыларында, мұғалжарда алғаш-
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ қы жабайы жылқы тұқымының бірінші гені барын анықтаған. Басқа тұқымдарда бұл ген жоқ. Қазақ жылқысының шыдамдылығы сол — алғашқы жабайы жылқының генінің барлығы сақталған. Ол тарпаңнан қалған. Ертеде қазақтар жабайы тарпаңдарға бие қосып, тұқым алған. Сол жабайы жылқылардан қалған қазіргі қазақ жылқылары» дейтіні де (Жексен Алпартегі, «Қазақ жылқысынан артық жануар жер жүзінде жоқ») ғылым тереңіне тартатын пікір. Әрине, мұндай деректерге өзі де жылқының жайын ешкімнен кем білмеген Жұматай біршама қанық болғаны даусыз. Ал, жабайы жылқыны жабайы ат (түзат) деп атауда тұрған ешқандай сорақылық жоқ-ақ. Ақынның болашақ кітаптарында осы қате түзетіліп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Әділін айта кету керек, осы сөзді жатырқамағандардың бірі, мысалы, Есенғали. «...Кенежирен ат жабайы аттай жатағандау тұрқымен тақтай қақпаны өзі ашып (қазақтың қара өлеңінің қақпасын деп түсінеміз) кіріп келді», — деп жазды ол «Өлеңнің Кенежирені» деп аталатын мақаласында (22 желтоқсан 2005 жыл, «Әдебиет айдыны»). Міне, кейде үстірт айтыла салған бір пікірге байланысты бұзылған өрнекті қалпына келтіру үшін бірнеше еңбекке үңілуді қажет ететін осындай реттер де болады. Орайы келгенде ескерте кетелік, Жұматайдың өлеңдеріне енгізілген басқа да бірер «түзетулер» туралы айту — басқа әңгіменің еншісі. Үшінші шумаққа тоқталайық: Шоңайнаның мөрін жалға басып ап, Бақша кірсе, қумайтын ел тасын ап. Қорықшы да қамамай-ақ жүретін Өзін-өзі беделімен асырап. Бұл шумақта Жұматай мен Кенежиреннің туған, өскен өлкесінің ерекшелігі, осыған параллельді түрде келтірсек, бақша өсіруді құнт етпеген біздің ауыл-аймақтың өзгешелігі көзге түсіп тұрады. Сондай, яғни бау-бақшасыз өңірде ержеткен біздің өлеңдеріміздің беріден тартқанда, мысалы, жабайы бүлдіргенмен, әріге кеткенде базар-дүкеннен сатып алынатын алмамен өгейлене жасауланып тұратыны сондықтан. Өтежанның балладаларында («Тағы да
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Сағындық туралы», «Жылдарға сапар») негізінен әлі де жалғасып келе жатқан, әр үй жеке бақша отырғызбайтындығы себепті ұжымшардың (кеңшардың) ортақ бақшасы балалардың көзінің құртын жейтіні дәл бейнеленген: «Құнарлы еді-ау Қаратөбе бауыры, Семіз тайдай жалтырайтын сауыры. Үш баланың көз алдында бал құсап Пісіп жатты Сағындықтың қауыны». Ал мына ауылдың көрінісі («Бақша кірсе, қумайтын ел тасын ап») жеміс-жидекке бай тірлікті байқатады. Бір ғана гәп — осыны айта отырып та ақын Кенежиренге жерлестері қандай құрметпен қарайтынын сыналай құлаққа құйып кетеді. Қорық пен қорықшы туралы да осыны айтуға болады. Ертеректе Кеңшілік Мырзабековтің кейінгі ақындық жолын кінаратсыз айқындаған алғашқы өлеңдерінің біріндегі «Менің әкем мазасыз қорықшы еді», одан соңғы «Қорық болмай әне бір шалғын табан Өріске өткен көп малға өткел боп тұр... Қорық көрген құнандар көп келмейді, Құлын-тайға қайырусыз өкпем кеп тұр» дейтін жолдарын оқығанда қорық пен қорықшы туралы сәл іркіле ойланғанымыз бар. Кейін жалпы Жетісуды, оның ішінде, әсіресе, Жұматай туған Жетісу ауылындағы (курстасымыз Мұрат Талдыбаевтың да туған ауылы осы болғаны себепті) ырғын көкөніс алқаптары мен бітік шалғындарды көргенде барып бақшашы мен қорықшы туралы тереңірек пікір түйгеніміз бар. Біздің жақта осы қорықшылық кәсіппен салыстыруға келетін әбиетшік (объездчик) деген қызмет иесінің міндеті, біздің түсінігімізше, жайлауға көшіп кеткен шопандардың қыстауларындағы үйқоралардың бүтіндігін бақылаумен (әрине, анда-санда ғана) шектелетін тәрізді еді. Бір шумаққа соншама қадалып отырған себебіміз мынау. Жұматай оқырманды өз ауылының көркем пейзажымен талай мәрте тамсанта таныстырды. Кенежиренді дәріптеуді жалғастыратын осы шумақта сол жасыл әлем, қайтадан суреттелмесе де, бізге тағы да бір рет ту сыртымыздан жасырын көз салып тұрғандай сезіледі екен. Келесі шумаққа ауысайық. Кенежиренінің даусыз даралығын ғана емес, сол даусыз даралықты сол ауылдың
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ адамдары (молда, бақша өсірген жұрт, қорықшы) қалайша риясыз түсінетінін ризашылықпен баяндайтын сырбаз ақын, әрине, өзін де ұмытпайды: «Жұбымызды неге жаздың, бауырым, Екеуміз де бәйгемізде теңдес ек». Әдетте біз ұйқас құрайтындардың барлығын өлең бәйгесінде жүр деп есептейміз. Сонымыз дұрыс па? Қазақ бәйгеге жел жетпес сәйгүліктерді немесе сондай атақтан үміткерлерді ғана қоспаушы ма еді. Ал мініс аттары жемін жеп, шөбін тістеп, ауыл сыртында аман-есен жайылып жүре беруші еді ғой. Қазіргі мүшәйралар мен жыр бәйгелерінің сорақылығы — сондай талғамның адыра қалғаны. Үп-үлкен басымызбен өзімізден әлдеқайда жас, енді көктеп келе жатқан Бағашар Тұрсынбайұлынан: «Біздің конкурстар, үлкенді-кішісі болсын, әділет жолын ұстанбаған. Сондықтан да шын жүйрік озбайды. Жәркенді мүшәйралардың жеңімпазы деп көп естімейтініміз де сондықтан болар» дейтіндей сөз естуіміз ұят-ақ («Қазақ әдебиеті» газеті, 2014 жыл, №19). Кеңестік Қазақстанда пәленбай жылға созылған жалғыз конкурс — «Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық бәйгенің соңына сөз еріп көрмегені осы жұртқа түгел мәлім. Түптеп келгенде, аса кеще болмаса, қалам ұстаған жан өзгелермен салыстырғанда өзінің өнер-өрістің қай маңайында жүргенін анық аңғарады-ақ. Жұматайдың «Екеуміз де бәйгемізде теңдес ек» дейтіні содан және солай айтуға оның толық құқы да бар еді. Ал біздің біраз өлеңдеріміздегі өзімізді дәріптеуіміз, асабалардан естігеніміздей, «Алашқа аты мәлім Серік едім, Айтысқа бірінші рет келіп едім» деген сияқты болып келетіні бар. Одан кейінгі шумақтағы «Сал Қуандық сан жырлаған Сарноқай Енді мені есті жігіт санар ма?» деген күйінішсауалдың астарында да автордың өз бейнесінің негізі жатыр. Біріншіден, жай ғана Сарноқай емес, сал Қуандық сан жырлаған Сарноқай. Расында да Қуан аға Шаңғытбаевтың осы тақырыпқа жазылған әсем өлеңдері бар: «Сарноқайдағы түн», «Сарноқай-Сатылы», «Сарноқайдың жайлауына бармаққа...». Екіншіден, жақсы өлең жазып, жүйрік ат мінген жас мырзаны есті жігіт демегенде не дейміз?! Демек, айдың
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір күні аманында Кенежирендей асыл тұяқтыдан айрылып қалу сондай мінсіз беделге түскен кешірілмес дақ емес пе?! Міне, осындай да осындай жағдайлардан кейін езу тарттыратын мына соңғы шумақтың жазылмайтын да реті жоқ екен-ау: Көрмегенің жұрттан қалған мал білем, Жиренім жоқ, енді менің қалды нем? Жұрт ағасын айырбастай бастаса, Шөке, сені өткізер ем алдымен. Шын болған оқиға ма, әлде қиялдан туған қисын ба, әйтеуір, осы өлеңнен соң Шора ағамыз Кенежиренді үстеме бәс беріп қайтадан кейін сатып алғаны туралы әңгіме айтылады. Бірақ, қалай болғанда да, жұрт жапырыла оқыған өлең жазылып қойып еді. Ал біздің қаламымызға бұл өлеңнің жеке дара іліккен себебі неде? Ең әуелгі айтар жайт, «Кенежиренді Шора сатып жібергенде» өлеңі —Жұматайдың Кенежиренді қатыстырып жазған бұған дейінгі барлық туындыларының қорытындысы іспетті. Ақынның «Саратан» атты алғашқы кітабындағы «Ат жаратқанда» дейтін өлеңі «Елпең-елпең желеді, Елден бөлек жан қинап. Кенежирен дегенің — Тұлпарлыққа кандидат» деп аяқталатыны бар. Бұған әр кезеңдерде қағазға түскен «Кенежирен», «Кенежирен. Түн», «Топты жарып әлеміш жаяу қалың...», «Айдарбекте. Сауал», «Менің атым», «Ала аяқтарға құранды ер, жабу салдырып...», «Көмкеріп маусым біткенде қырқаны гүлмен...», «Ақ тастары кем емес сұлтандардың тағынан...», «Қорлық» тәрізді өлеңдерді қоссаңыз, Кенежиренді тұтас танып шығасыз және Кенежиреннің сатылып кеткеніне Жұматаймен бірге сіздің де ішіңіз удай ашиды. Рас, ақынның бұған дейінгі өлеңдеріндегі секілді бұл өлеңде де Күреңбай тәрізді сыншылардан қалған үлгі, яғни аттың сыны жоқ. Әрине, Абай мен Ілиястан соң бұл үрдісті жалғастыру оңай да емес екені белгілі. Дегенмен, осы жеті шумақ Кенежиренді жеткілікті танытады. Жоғарыдағы талдауымызға енген мысалдарға Кенежиреннің қақпаның
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ есігін өзі ашып кіретін сезімталдығын, шыбынға да кесірін тигізбейтін тәрбиелілігін қоссаңыз, мына жирен жылқыны тіпті де жат тұта алмайсыз, асырып айтсақ, осындай дүлділ «қолыңызға бір тимегеніне ыза болуыңыз» да мүмкін. Және бір ерекшелік, бұл өлеңде тосын өкініш бар, бірақ шексіз күйреуік шер жоқ. Тіпті өкініштің өзі әлдебір әзілюморға бүйрек бұра беретін секілді. Әсіресе, өлеңнің аяқталар жолдары («Жұрт ағасын айырбастай бастаса, Шөке, сені өткізер ем алдымен») түптің түбінде жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше екеніне мегзеп тұрғандай-ақ. Ал өлеңнің басты тарту күші, әрине, сол баяғы жұматайлық қолтаңба. Жоғарыда сөз болған көркемдік нақты детальдарға қоса, ешбір жүк көтермейтін саяқ сөздің енуіне рұқсат етілмейтін татаусыз талғампаздық, бір шумақты екінші шумаққа жарасымды жалғап тұратын жалпы тұтастық, «Жер бетімен жирен жұлдыз ағарда» немесе «Сал Қуандық сан жырлаған Сарноқай» деген жолдардағы тәрізді ұнасымды дыбыс қайталамалары бұл өлеңнің де шаңырағын биік ұстап тұр. Тек оқырманды ешуақытта бейтарап қалдырмайтын осындай үздік өлең жазу әркімге бұйыра бермейтіні неткен қатал заңдылық екені ғана шешілмейтін жұмбақ күйінде қала бермек.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ЖҰМЕКЕН ІШКЕН ШАЙДЫҢ ШИПАСЫ Мына дүниеде өтпелі емес ештеңе жоқтығын, әсіресе, өткен ғасырдың соңына таман жаһанданудың жүлік арбасына жамыраса мінгелі бері тіпті жиі аңғаратын болдық. Мысалы, шамамен 1965 жылы шай құйған қыз бен мына 2015 жылы шай құйған (әрине, құйып жатса) қызды салыстыру біршама қиын болатындығы тәрізді сонау жылғы қонақ пен мынау жылғы мейманға да бірдей табақ тартуға тырысу әжептәуір әңгімеге қалдыратыны рас. Сол себепті сол бір ескі заманда қыдырма қонақ болу сәттері бұйырған, оны былай қойғанда, қыз құйған шайды ішу құрметіне ие болған Жұмекендердің бақытын оқта-текте қызғанғың да келетіні бар. Сол дәуірдің шайын аңсап тіліңіз кеберсіп кететінін қайтерсіз. Бұл, әрине, ең алдымен, өлеңнің сиқыры. Иә, сиқыр. Қадыр Мырзалиев отызға тарта ақынның шығармашылықтары туралы қара сөзбен баян еткен жыр туралы кітабын «Сөз сиқыры» деп атағанын ұмытқан жоқпыз. Одан әріге жылжысақ, «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» болып (Абай) тіпті тұлғалана түсетінін және білесіз. Бірақ біз әзірге сәулелі сиқырдан аспай-ақ қоялық. Негізгі әңгімемізге қайта оралсақ, алпысыншы жылдарғы ақындар аренаға шыққан кезеңде де қыз қолынан шай ішкендер аз болды деймісіз, бірақ сол шайдың дәмін ғұмыр бойы таңдайыңа татитындай етіп суреттегендер көп болған жоқ. Мәселенің мәнісі де осында жатыр ғой. Сонымен, «ҚЫЗ ҚҰЙҒАН ШАЙ». Бұдан тәтті не бар дейсіз әлемде, Бұдан ащы не бар дейсіз әлемде...
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Антоним араласқан осы параллельдік тәсіл өзі де бозбала болған, боз кешкен кез келген қазақтың маңдайынан елжірете бір сипап өтеді. Қосыңқырап айтсақ, тіпті өлең жазбайтындарды былай қойғанда, өлең оқымайтындардың өзі де осы фактінің ақиқаттығына қол қояды. Бұл ретте олар ақынның айналаны қоршаған кеңістік ретінде қазақ даласын (ауылын) емес, тұтас әлемді алып отырғанына да назар аудармайтын шығар. Себебі ен даламен еркін сырласып, ер үстінде күн кешкен атам қазақтың философиясы ешуақытта, мейлі, алты қанат болса да, ақ орданың ғана маңаймен шектеліп қалмаған, қырандарға ілесіп қияларға ғана қанат қаққан. Әрідегі жанкешті жырауларды айтпағанда, кешегі өткен Жұматай Жақыпбаевтың өзі ірі турайды ғой: «...Жетпеспін сонау арманға, Жеткенмен менде құдірет. Ақынның тілін алған ба, Ақымақ әлем бір рет?!». Дегенмен, ащының да, тәттінің де дәмін әркім әр кезде әрқалай сезінетіні және рас. Ал Жұмекеннің бастан кешкен оқиғасы қандай еді: ...Тәтілігі: сол қызға бір тік қарауға бата алмау, Ащылығы: шешесінің болатыны қаталдау. Иә, заман солай еді. Несі бар, сұлу (сұлулыққа кандидаттау) қызға (ол көбейгіріңіз оның үстіне жүдә орыс тілділеу болса), әйтеуір, қандайы кезіксе де, нұр шашып тұрған бойжеткенге тік қарап лебіз білдіруге батылдығы жетпей, бүгежектеп қалатын жүрегі нәзіктеу бозбалалар әлі де құрып кеткен жоқ, бар. Тек қаталдау шешенің орнын қазір «Ішіме сыйған қыз сыртыма да сыяды» деп тепсінетін әйелдер басып бара жатқаны көңілге қауіп ұялатады. Ал түптің түбінде қай ененің қызы қандай болып шығатынын әлгі түрлі-түрлі қыздардың саусағына неке сақинасын салған жігіттерден сұрай жатарсыз. Біз одан әрі жылжи берейік: ...Әкесін де тағдыр тағы жасапты ғой қатты ғып — Қой, қой, достым, біле білсең, мұның өзі тәттілік. Байғұс бозбаланың өзін-өзін өстіп жұбатпасқа амалы да жоқ. Өйткені ол заманда үйінде жүрген (отырған) қыз мәселесіне келгенде қаталдық пен қаттылық өршіп тұруы кәдімгі заңдылық еді. Әлдебір отырмақтарға бару қажет
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір болғанда құрбы қыздардың әуелі біріншісі екіншісінің шешесінен, сосын екіншісі біріншісінің шешесінен бірін-бірі алма-кезек сұрап алу қулығын, одан соң түксиіп жүретін әкенің қас-қабағын аңду процесін тым бертінде жойылған отбасылық диктатураның әлі де жадымыздан өшпеген жаңғырығы деуге болар. Осы күнгі махаббат, сүйіспеншілік туралы өлеңдерде қыздың не әкесі, не шешесі түгілі, тіпті жеңгесі де жүрмейтіні кейін біржола жеңіске ие болған демократияның жемісі екеніне таласа алмассыз. Және, ең қызығы, ол дәуірде қылмысқа ұрынбай-ақ аяқ астынан қылмыскер атануыңыз ғажап емес еді ғой. Оқыңыз, мынау сондай гәптің бір сәті: ...Сәл өкініп ұсынасыз тас-аяқты жазып сіз, Жай отырып қысыласыз, жазықсыздан-жазықсыз. Жұтқан шайың тамағыңда тарсылдайтын секілді, бұққан сайын — күнәң ауыр, аршылмайтын секілді. Беу, заман-ай! Былай қарасаңыз, жігіттің мұншама жапа шегетіндей айыбы да жоқ тәрізді, жазықсыздан-жазықсыз күйіп отырғандай-ақ. Бірақ шын мәнісінде олай да емес қой. Қадірменді қазақ жұрты «Ғашықтың тілі — тілсіз тіл, Көзбен көр де, ішпен біл» (Абай) дегенді білместей сауатсыз еместі. Керек десеңіз, осы дағдыны әуел бастан берік ұстанған, сезімін ретсіз жалаңаштамайтын сырбаз ұлтыңыздың бірі осы қазақ емес пе еді?! Ал көз бен көңілдің шарпысатын шақтарының бірі — осындай сәттер. Мына тұста ішінде не жатқаны сабырлы жігіттің өзіне қаншалықты мәлім болса, шөл басқаннан басқа шаруасы жоқтай өтірік жуасып отырған қонақ туралы қаталдау шеше мен қатты әкенің не ойлап отырғаны және соншалықты анық. Оны аз десеңіз: ...Әжесін де маңдайыңа жылжымас қып жазыпты-ай, ақ тартқаны болмаса бұл, әйел емес, қазық қой. «Қызға қырық үйден тыйымның» басы осы шамалас бір үйден басталатыны, соның ішінде тап осы дастарханнан басталатыны қадау-қадау осындай кейіпкерлер арқылы біртебірте баяндалып шығады. Ал дастархан ше: ...Көк дастархан мына жатқан — бейне түпсіз көк теңіз,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Көк теңізде маяк құсап төрт көз жанды — сөкпеңіз; екеуі оның — жерде отырған момын қыздың өзі де, екеуі оның — төрде отырған қонағының көзі де! Міне, сөз иесінің жұмбақ сыпайылығының астары ашыла бастады. Поэзиялық туындыларда негізінен сөзді ықшамдап қолдану талпынысы салдарынан пайда болмай қалмайтын аз-мұздаған селкеуліктерді («Көк теңізде маяк құсап төрт көз жанды — сөкпеңіз») қоя тұрғанда, «момын қыздың» да, «төрде отырған қонақтың» да құпиялары ашыла бастағандай емес пе?! Көздің маякқа, яғни жөн көрсетуші, қол бұлғаушы шамға теңелуінің өзі көп нәрсені аңғартып-ақ тұр. Бұл ретте ақынды маякпен шендесетін қазақы теңеу таппағаны үшін қыжыртудың, әрине, жөні жоқ. Көз жеткісіз ұшан-қиыр өзенкөлдері онша көп емес (бір-жар теңізі ғана бар екендігі сірә да мәлім) Қазақстан ақындарының теңізге қатысты атауларды пайдалануының ол кезде айып-шамы да жоқ еді: «...Сабылтып пароходтарды, Сұрадым барлық гаваннан» (Төлеген Айбергенов); «...Айтсаңшы, қашан таусылар Арманның пристаньдары?!» (Есенбай Дүйсенбайұлы); «...Көзімді көзіңе лақтырдым Теңізге тастаған якордай» (Жарасқан Әбдірашев). Бұларды ірке тұрып айтпағымыз, біз әңгімелеп отырған өлеңдегі басты мәселе сол — түпсіз көк теңіздің екі шетіндегі төрт маяктың жарқырап жана түскендігі. Ал одан соң ше: ...Қызға қарау қызық-ақ қой, ал аңдысу — ауыр жай, аман кетсек жарар еді біреуіміз ауырмай. Әрине, ауырады. Ең болмағанда, талай уақытқа дейін жүрек сорлы шым-шым етеді. Бұл — талайлардың басынан өткен жай. Дегенмен, дертке ем-шипа іздеуге де болатыны бар ғой. Өкінішке қарай, тап осы оқиғадан соң ақын сол емшипаны ешқашан таба алмайтыны да мәлім етіледі. Оқыңыз: ...Қыз құйған шай — одан ащы не болады, білмедім, Қыз құйған шай — одан тәтті не болады, білмедім. Ащылығы — тым ертерек әке болып қалғаным,
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Тәттілігі — айлар бойы аялайтын арманым. Міне, гәп қайда жатыр?! Әйтсе де, әлгі сөзімізді қайтып алайықшы, «айлар бойы аялайтын арман» ем-шипа емей немене?! Және ақын «ғұмыр бойы аялайтын арманым» деп өтірік еміренбейді, отбасының күнделікті тірлігі ұмытылмастай көп нәрсені ұмыттыратынын сезетіндей, тіпті жылдармен де емес, айлармен ғана шектеледі. Дегенмен, өз сөзімізге өзіміз тағы да түзету жасай отырайық, бұл өлең, қарсы болмайтын шығарсыз, расында да, ғұмыр бойы аялайтын арманға айналып кеткен сыңайлы. Көкірегінде әлдебір ыстық сәуле бар оқырман осы өлеңді оқыған сайын әлдебір арманын әлі де тағы бір рет аялайды, аялай береді де. Неге? Себебі дәл мұндай шай ішу, яғни әлдебір жатақханалық, қонақүйлік немесе пойызүстілік, т.б апылғұпыл ыссылы-суықты екеуара, үшеуара дәм татысу емес, қыздың әке-шешесімен, ата-әжесімен тізелесе отырып оқыс шай ішу, тіпті ішкен күнде де ондай шала-шарпы қонақтарға қыздың шай құйып беруі қазіргі неше миллион қазақ бозбаласының ең бақыттыларына ғана бұйырар-ақ. Демек, бұл өлеңді ұлттық характермен нәрленген этнографиялық туындылардың қатарына жатқызу ләзім. Этнография, әлбетте, тұрмыстық көрініс немесе әдеп этикасы әйтпесе қалыңдықтың «алпыншақты-салпыншақты» (Әбілфайыз Ыдырысов) қызыл-жасыл киімі ғана емес, сонымен қатар өлең, соның ішінде — осы өлең, «Қыз құйған шай». Бұл ретте, мысалы, қыз қуу үрдісін де еске түсіре кеткен артықтық етпес еді. Қуандық Шаңғытбаевтың талай әңгімеге өзек болған «Қыз қууы» да Жұмекеннің осы өлеңі тәрізді негізге алынған оқиғаны түгел тәптіштемей, емексіте шорт аяқталады емес пе: Сырбай-ау, әне, қарап бақ: Қуалай өрлеп даланы, Айтылмай жүрген махаббат Құйын боп ағып барады. Қызға қатысты ішті бүлк еткізерлік мұндай тәтті мысалдар жалпы өлеңде ғана емес, прозада да жеткілікті екені мәлім. «Уайдай» атты әңгімеде тіл тамыршысы Тәкен
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Әлімқұловтың бір кейіпкері — Алматыдан ауылға келген ғалым Жанай Сыпақов әлдеқашан көмескіленген, тіпті ұмыт болуға айналған бозбалашылық қызық дәуренін, мысалы, бір заманда өзі қатысқан, қыз-жігіттердің ортасында болатын орамал тастау ойынында Тотай қыз «Уайдай» әнін айтқан бір деталь арқылы қайта еске түсіріп, үнсіз елжірейді. «Жанайдың құлағына әлі де «Уайдай» әні келіп жатты...» деп аяқталады сезім қылын шертетін әсерлі әңгіме. Дәл сол тәрізді талай дөңнен асқан, қызы құрымағыр шай құйып беруден атының басын ала қашатын жасқа жеткен біздің де Жұмекеннің «Қыз құйған шайын» оқығанда әлдебір шайларды еске алып, ішіміз уылжитынын күнәға балаудың тіпті де қисыны жоқ. Қыз құйған шай мен қыз сыйлаған кестелі орамалдың статусы бірдей болатын басты себеп — осы. Рас, біз бұл тұста қонақ күту рәсіміне қатысты айтылатын, яғни шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшырайтыны туралы сыни көзқарасты саналы түрде қаперден шығарып тастап отырмыз. Өйткені, өлеңнің сюжеті (немесе өлеңдегі жігіттің ой әлемі) тіпті де шайдың дәмділігіне әйтпесе дәмсіздігіне қарай қисайып тұрған жоқ. Халық әніне төрелік берсек: «Асау кер ат бойында мін болар ма, Сұлу қызға тағатын сын болар ма?». Міне, осымен өлеңнің сыртқы мазмұнына, яғни ажаркелбетіне қатысты сөзімізді тиянақтап, енді сол ажаркелбетке қан жеткізіп тұрған тамырдың лүпіліне ауысайық. Бұл ретте өлеңнің бастапқы жолдары өз алдына өріліп емес, атауға (газет тілімен айтқанда, заголовкаға) ілесіп басталуының өзі бұл туындының көп түліктің арасындағы өзгеше төл екенін аңдатады. Расында да басында «ҚЫЗ ҚҰЙҒАН ШАЙ» деген атау-анықтама тұрмаса, бірінші рет көз жүгірткенде, әңгіме не туралы айтылып отырғанын тура тоғызыншы жолға шейін ұқпауыңыз да мүмкін. Ал толық түсінгеннен кейін, санаңызда лезде жатталып қалатын алғашқы жолдарға қайыра тағы бір рет үңілесіз: Бұдан тәтті не бар дейсіз әлемде, Бұдан ащы не бар дейсіз әлемде.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Антоним дейтін жарықтықтың жөнімен қолданылса, тауыс құстың (павлиннің) құйрық үсті қауырсындарындай құлпырып-ақ кететіні бар-ау. Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол» дейтін ұлағатын құлаққа сіңіріп ержеткен, оған қоса, шәкірттік кезеңіміз, әсіресе, кеңестік тәрбиенің шырқау шегіне сәйкес келгені себепті Владимир Маяковскийдің «Жақсы деген немене, Жаман деген немене?» деп аталатын өлеңін жаттап өскен бізге мына тәсіл, бір жағынан, етене туыстығымен қадірлі болса, екінші жағынан, әп дегенде әлденені жұмбақтаумен тартымды еді. Рас, Абайдың ақыл-кеңесі де, В.Маяковскийдің түсіндірмесі де негізінен тәрбие мәселесін қаузаса, бұл өлең басқа тараптың сусынын талмайды. Оған қоса, одан әрі қазбаласақ, бұл тәсіл ақынның алғашқы жыр жинағындағы өлеңдерінің біріндегі «Қызыл гүлдер «үзілдім» дер, баяула, жел, баяула, Қызыл гүлдер, қызыл гүлдер, ұйқыда ма, ояу ма?» деген жолдардың үзілмес заңды жалғасы болса, бұдан кейінгі көптеген көрікті жолдарға барар алтын көпір іспеттес еді. Мысалы, «Күй аңызы» кітабында Дина Нұрпейісова тартқан күйді ақын былайша сипаттамаушы ма еді: «...Ащылығы — шындықтай, тәттілігі — шабыттай, Жеңілдігі — көбіктей, ауырлығы — табыттай». Әрине, бұл тәсілді қолданбаған ақындар жоқ та шығар. Дегенмен, Жұмекен пайдаланатын поэзиялық контраст, бажайлап қарасаңыз, тұжырымды айшықтылығымен ерекшеленіп тұрады. Егер одан да әрі үстемелей түссек, антонимдік параллельдерді ақын жекелеген жолдарға ғана телімей, бұдан соңғы жылдары тұтас өлеңдерге тәж етіп кигізді: «Кеше мен бүгін», «Ақ пен қара», «Іш пен тыс», «Жартылай ақ, жартылай қара өлең», т.б. Бұл — бір. Екіншіден, осы өлеңде ақынның, әрине, бұған дейін де кәдімгідей мығым іргетасы қаланған, ал кейін, мысалы, «Шуақ», «Ашық аспан», «Қыран-қия», «Менің топырағым» кітаптарында біржола бекіген тағы бір ерекшелігі байқалады. «Қыз құйған шайдың» әр жолы, айталық, 15 буынмен жазылса, бір жолды тіпті 18-19 буынға да жеткізген және сол арқылы оқырманды риясыз сүйсіндірген де ақындар
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ болғанын жақсы білесіз. Әйтсе де Жұмекен осы форманың өз қолтаңбасына тән құпиясын адаспай тапты һәм сол табысын берекелі игілікке айналдырды, алтын шыққан жерді белден қазды. Рас, бұл ретте өлең сөз теоретиктері екі жолға бөлініп тұруға тиісті жеті немесе сегіз буынды қайырымдарды ақындар, мысалы, бір жолға сыйғызып, сол арқылы он бес, он алты буыны бар бір жол жасайтыны туралы ескерту айтатыны, сөйте тұра мұндай вариацияның көкіректегі көрікті ойды жеткізуге шарапаты мол екенін атап өтетінін де ұмытуға болмайды. Кезінде Тыныштықбектің өлеңдеріне қатысты Жарасқанға еліктеп эпиграмма («Ұзындық») жазғанымызда: «Өлеңіңнің жолдары Ұп-ұзын боп жатып ап... Көздеріміз сорлады Әрлі-берлі қатынап. Оқу үшін ерек бұл Ұзы-ы-н жолды өлеңді: Ұзы-ы-н төзім керек бір, Көз де керек көлемді. Біз озбаған жол қайда? Ұрпақпыз ғой жетілгіш... Оқырманың болғай да Ұзындыққа секіргіш» деуіміз жалаң сын емес, ақынның өзіне тән өзгешелігінің назар аудартатын тұстарын көрсеткеніміз еді. Үшіншіден, ұзаққа шабатын буындарды ақтап алуға болатын баршаға мәлім себептер де бар. Оқиғасыз проза жазу қаншалықты қиын болса, оқиғалы өлең жазу да соншалықты жеңіл емес. Сондай тығырықтан шығудың, алдашап құр техникаға емес, әлдебір сазды иірімдерге бағындырылған осындай да бір тәсілін Жұмекеннің дәл табуының ертеректегі бір мысалы — осы өлең. Кейін бұл үлгі Жұмекеннің төл қолтаңбасына айналғанын, еш жатырқаушылық туғызбайтын тұрақты үрдіске жалғасып кеткенін және білесіз. Таратыңқырай айтқанда, жекелей жолығысып қалатын оқиғалармен боянатын шектеулі шумақтарға сән беріп тұратын осындай шағын сыршылдықтар кейін алуан тағдырлардың қилы шарпылыстарын баян ететін көлемді толғаулардағы кең тынысты драматизмге ұласқаны мәлім. Әрине, бұл тарапта сөз қозғау арнайы тақырыптың еншісі. Сондықтан біз «ҚЫЗ ҚҰЙҒАН ШАЙДЫҢ» дәмін қайтадан тағы бір рет талмайық: Бұдан тәтті не бар дейсіз әлемде, Бұдан ащы не бар дейсіз әлемде.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Тәтілігі: сол қызға бір тік қарауға бата алмау, Ащылығы: шешесінің болатыны қаталдау. Әкесін де тағдыр тағы жасапты ғой қатты ғып — Қой, қой, достым, біле білсең, мұның өзі тәттілік. Сәл өкініп ұсынасыз тас-аяқты жазып сіз, Жай отырып қысыласыз, жазықсыздан-жазықсыз. Жұтқан шайың тамағыңда тарсылдайтын секілді, бұққан сайын — күнәң ауыр, аршылмайтын секілді. Әжесін де маңдайыңа жылжымас қып жазыпты-ай, ақ тартқаны болмаса бұл, әйел емес, қазық қой. Көк дастархан мына жатқан — бейне түпсіз көк теңіз, Көк теңізде маяк құсап төрт көз жанды — сөкпеңіз; екеуі оның — жерде отырған момын қыздың өзі де, екеуі оның — төрде отырған қонағының көзі де! Қызға қарау қызық-ақ қой, ал аңдысу — ауыр жай, аман кетсек жарар еді біреуіміз ауырмай. Қыз құйған шай — одан ащы не болады, білмедім, Қыз құйған шай — одан тәтті не болады, білмедім. Ащылығы — тым ертерек әке болып қалғаным, Тәттілігі — айлар бойы аялайтын арманым. Осындай ащы да тәтті шайды соңғы рет қашан ішіп едіңіз? Әлде тіпті ішкен жоқсыз ба?..
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ МҰҚАҒАЛИДЫҢ ШЕКПЕНІ («Қазақ әдебиеті» газетінің сауалнамасына жауап) Қазақ өлеңіне қандай еңбек сіңіріп жүргенін һәм сіңіретінін Мұқағали «Қара өлеңінде» айтқан: «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын». Неге күпі? Неге шекпен? Осы екі жолды эпиграф етіп алған Жұмекеннің өз «Қара өлеңі» былайша аяқталады: «Тапқаны ғой әркімнің, соған ұқсас сый біздің: Өлеңіме өз басым өкшелі етік кигіздім». Неге өкшелі етік? Одан беріге жүгінсек ше? Қара өлеңге Жұматай не кигізіпті? Есенғали ше? Маралтай да қарап қалмаған секілді еді... ...Бірақ мына ақпан айы туғанда Мұқағалиға жекелей соқпасқа амал кем. Жылда осы шақта Ақтөбенің мектептерінде, үлкенді-кішілі оқу орындарында Мұқағали өлеңдері дүр сілкінеді. Иә, солай. Сызылмайды, сыпайысынбайды, иіліп-бүгілмейді, есіктің көзінде мөлиіп тұрмайды, тұтқиылдан кіріп келеді де дүр сілкінеді немесе дүр сілкіндіреді: «Поэзия! Менімен егіз бе едің?..» ...Осындайда еске түседі. Журналистерге тән дәлдікпен айтқанда, 1978 жылы Алматыға, КазГУ-дің журфагына түсуге келдік. Бейтаныс қала. Жат кісілер. Үркекпіз. Бұл жақта бұрыннан жүрген Шаһизада одан сайын зәремізді ұшырды: «Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей...». Шошып қалдық. Есенинге бұлай сөйлеуге Шаһизаданың қандай құқы бар? Абырой болғанда, әлі жарияланбаған бұл өлең бұныкі емес екен, Мұқағалидікі екен.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Ал оқуға түсіп алған соң... Былтыр туғанына елу-ақ жыл толған Бауыржан Үсеновтің КазГУ-дегі ақындығына қоса әншілігін де көп еске алдық. Сол студент Бауыржан (өзі солай ұйғарды ма, әлде бір үлгіге сүйенді ме, сұрамаппыз) Мұқағалидың бірнеше өлеңдеріндегі үндес шумақтардан құралған ғажайып сазды ән шырқаушы еді. Үнтаспаға жазылып қалды ма, жоқ па, бұл жағы және белгісіз сол ұзақ әннің: ...Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін, Бүтінділмей кеткен бір ер-тұрманы. ...Қулары таудың қызыл түлкісі дер, Момындар біздің үйдің кірпіші дер. Мәңгілікке өзіммен ала кеткен Менің нәзік жанымды кім түсінер ?! — дейтін шумақтарын тап Бауыржанша тебіреніп айтқан ешкім жоқ шығар, тап сол №5 жатақхананың студенттерінше егіліп тыңдағандар һәм аз шығар. Одан соң... Қазір олай емес шығар, біздің студент шағымызда әлдебір ақындардан (ақын еместерден де) Мұқағали туралы әлдеқандай тың әңгіме естіп келіп, оны жатақханадағыларға өзің қасында болған оқиғадай етіп айтып беру зор мәртебе еді. Келіссеңіз рахмет, келіспесеңіз және еш өкпе жоқ, біздің шамалауымызша, қазақта соңына көп аңыз ерген батыр Момышұлы болғанда, ең көп аңызға арқау болған қазақ ақыны Мұқағали-ақ шығар. Өз тұстастарына қарағанда көбірек айтыла беретіндігі үшін Мұқағалиды іштей, ешкімге білдірмей жек көріп қалып жүретініміздің бір себебі де сол сияқты. Бақытымызға қарай, Әзілхан аға халықтық Баукеңді «Ақиқат пен аңыз» арқылы көп жаладан арашалап алды. Ал күнделікті тіршілігі басқа ақындардан (соның ішінде өзі тәрізді талантты ақындардан) өзгешелеу қалыптасқан, өмір сүру режимін заман талабына лайықтап құру қолынан келмеген Мұқағалидың ақиқаты мен аңызын тап солай айырып берудің төте формасы әлі табылмай жүр. Өйткені,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Мұқағали туралы естелік жазатындардың әрқайсысы деректі бұрмаламайтын, өзін әр абзацқа тықпаламайтын Әзілхан Нұршайықов емес. Амал жоқ, Мұқағали (ақын ретіндегі емес, кәдімгі өзіміздей пенде ретіндегі Мұқағали) әзірге, бәлкім, бірер буын ауысқанша, сол күйі тұра береді: «Менің нәзік жанымды кім түсінер?» Әйтсе де... Әңгіміміздің басына қайта оралсақ... Неге күпі? Неге шекпен?.. Мысалы, Мұқағали қазақтың көптен бері қағажу көріп жүрген, мәдениетті поэзия жолдан ысырып тастаған өз қара өлеңін өзіне қайтып әкеліп берді. Оқиық. Екінің бірі білетін халық әні: «Айдап салдым жылқымды тепсең жерге, Сіздей адам табылмас ексем жерге» немесе «Қарғам-ау, сен қалайсың мен дегенде, Құриды ынтызарым сен дегенде». Мұқағали: «Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!» немесе «Иек артқан теңізге мүйістейін, Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін!». Біздің халық әндеріміз қай уақытта да кейіпкеріне өзімсіне сөйлейді, кісіге (соның ішінде қызға, келіншекке, жігітке) іш тартып тұрады. Не әсіре егіліп-төгілмейді, не тым тікбақайланбайды. Сол тұста өз ошағының басында өзі өгейге айнала бастаған қазақтың Мұқағали жазған жоғарыдағыдай жолдарға бүйірі жылып сала бергені сондықтан сияқты. Тақырыбымызды талдауға тағы да бір талпыныс жасайық. Ақын (немесе өлеңші дей салайық) жыр құрағанда әлбетте өзін оқырманнан гөрі ақылды санайды. Расымен-ақ ақылды ма, жоқ па, ол — басқа әңгіме, өкініштісі, әлгінің (ақынның, өлеңшінің) мұнысын өзін әлбетте ақымақ санамайтын оқырман сезіп қояды. Мұқағалидың ақылшыуағызшы болуға уақыты болмаған секілді. Айталық: ...Бозқараған! Армысың, қасиеттім, бөзге ораған! Қайда әлгі бойжеткенің көз қадаған? Қайда жеңгем? Соңынан сөз бораған, — дей салады. Әйтпесе: ...Әже, сен бірге жүрсің меніменен, Өліге мен өзіңді телімегем.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір ...Ақ кимешек көрінсе, сені көрем, Ақ кимешек жоғалса... Нені көрем??? — деп көп ақындар таусылып болмайтын толғауға айналдыратын қауіпті бірер жолға сыйғыза қояды. Енді бір қысқа пікірімізді және айтсақ. Қазақтың қара өлеңі үшінші жақтан сөйлеп жарытпайды. Негізгі әңгімесі — мен, сен. Яғни сыртқа теппейді, бауырға тартады, сырласады, мұңдасады. «Ауыл көшіп барады Белтұрғанға» демейді, «Аулым көшіп барады Белтұрғанға» дейді. Шақырады, қызықтырады. Мұқағали да (лирикалық кейіпкерлері де) солай. Оқыңыз: ...Ақын жайлы айтады қызықты аңыз, Бірақ сен қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз! Рас-ақ, біздер — патша! Мұжық та — біз... Түзік те — біз, түнерген бұзық та — біз! Ақындарға қызықпа, Қызықпа, қыз! Немесе: ...Мен сені сүйгем, Жаныммен сүйгем, Жарық Күн! Жатсам да сүйем тұңғиығында тамұқтың... ...Осылай жалғаса береді. ...Біз де көңіліміздегілерді осылай жалғастыра берер ек. Бірақ әрідегі Дантені, берідегі Шекспирді, күні кешегі Уитменді аударған, қырық жұрттың әдебиетін қырнап оқыған Мұқағалидың қазақты (басқаның емес) өзінің қара өлеңінің таусылмаған (таусылмайтын) мүмкіндіктерімен тербетуінің сыры неде екенін зерттеу (біздің қолымыздан келмейтіні себепті) бір ірі сыншы-әдебиетшінің міндеті болса керек. Біздің бір ғана қосатынымыз, «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтару» бақыты өз тұсындағы көп талантты ақындардың арасынан Мұқағалиға ғана бұйырған сияқты. («Қазақ әдебиеті» газеті, №5 (3221), 4.02.2011).
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ МЕЙІРХАННЫҢ ЖҮРЕКТАНУ ІЛІМІ (Мерейтойлық сөз) Қазақ поэзиясының классигі Есенғали Раушанов ертеректе жазған «Әдеби жыл қорытынды баяндамасына қосымша» деген өлеңін: Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма? Біз өзіміз айналамыз тауларға. Мейірхандар қартаяды қудай боп, Есенқұлға ақсақалдық ауғанда, — деп бастаған болатын. Бірақ, әзірге Есенқұлға ақсақалдық ауа қойған жоқ. Сол себепті Мейірхан да қудай аппақ болып қартая қойған жоқ. Міне, небәрі алпыс жасқа ғана толып отыр. Мейірхан Есенғалидың әлгі өлеңінде айтылатындай: Мына шалдар кетеді ертең, дау бар ма? Біз өзіміз айналамыз тауларға, —деп кезек күтіп те әуре болған жоқ. Сол көзі тірі алматылық шалдардың қасына сол кезде емін-еркін барып, сол алматылық шалдар сүйсіне қарайтын көзі тірі тау болып тұра қалды. Шүкір, міне, әлі сол күйі тұр. Ал бұлайша тау болып тұра қалудың себебі неде? Себеп, Мейірханның өлеңдері — жалпыға бұйырмаған жалқы жетістік, тобырдың тозған тонын жамылмаған тың құбылыс.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Өздеріңіз жақсы білесіздер, өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы ұрандар сол кезеңге дейінгі құндылықтарды түгелдей өзгертті. Тоқмейілдіктің орнын торығу басты. Обал-сауап басындағы бағынан айрылды. Аңқау қазақтар алаяқ қазақтарды пір тұтуға кірісті. «Бас-басына би болған өңкей қиқымдар» қайтадан атқа мінді. Ең өкініштісі, психологиялық экология дағдарысқа ұшырады. Тап осы кезде қазаққа, қонақжай қазаққа, коллектившіл қазаққа, арманшыл қазаққа мынау сұрланып алған қатыгез әлем бұдан былай Қазақстанның, «тем более» қазақтың маңдайынан сипамайтындығын, бұдан былай бұрынғыша көппен бірге адаса бермей, жалғыз жүріп те жол табу қажет болатындығын ескертетін ақындар керек болды. Ал ондай ақын болу кемелденген социализм әдебиетінің өтімді өкілдерінің қолдарынан келмей қалғаны да рас еді. Әрине, заман туралы заңғар-заңғар әлеуметтік зарлаулар, қара аспанды қапылдыратын қасіретті толғаулар жазылды. Бірақ, бұл — біздің жұрт әлдеқашан өтіп кеткен өткелдер еді, бұл — әрісі Ақтамберді мен Шалкиізді, берісі Бұқар жырау мен Абай Құнанбаевты қайталау ғана еді. Міне, осы кезеңде Мейірхан ақынның «Жалғыз досым — жүрегім» деп аталатын кітабы шықты. Бұл кітап — Мейірханның ғана жүрегі емес, әріден қайырсақ, талай қазақ баласының жүрегі еді. Бұл кітап — әлденелерге алданған, әркімдерден түңілген, әрнәрселерден бас тартқан талай-талай жүректердің драмалық сұлба-кескіні еді. Мен осы тұста Мейірханның өлеңдерінен бірнеше үзінділер келтіре кетейін. Ой жұтады кісіні, Ойламасаң — жеңілдеу... немесе: Өліп едім — өмір өтіп кетпеді — шықпай қойды есімнен...
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ әйтпесе: Бар арманым — Тазалық, Кірлегеннің арманы... болмаса: Аңқау көңіл ақыры қара етікпен қар басты... немесе: Мен өмірден өтермін жоқ нәрсеге жұбанып... Қысқасы, бұған дейін сызылған сезімдер мен ақ қанатты армандарға бөленіп келген өлеңдерге, одан асса, ол кезде де кем-кетігі жетерлік қоғамды әшкерелеуге тырысқан ашулы жырларға әбден үйренген қалың оқырман кенеттен әр пендеге біткен жалқы жүректің бұлардан да басқа алданыштары мен мұң-уайымдары бар екендігін, енді ақындар бұрынғыша тек өзгенің ғана әуенін әлдиелей бермей, әркім ең әуелі өзінің жүрегінің қасіретін айтуы керектігін түйсіне қойды. Мейірханды өзгеше шыңға шығарған ерекшелік, міне, осы. Сөйтіп, Мейірхан жер басып жүрген жұмыр басты пендеде анатомиялық жүрек қана емес, психологиялық жүрек те бар болатынын ұқтырды. Сөйтіп, Мейірхан интеллектуалдық поэзияның саусақпен санарлықтай аз ғана көрнекті өкілдерінің біріне айналды. Ал интеллектуалдық поэзияның досы аз болатынын көкірегі зерделі оқырман да, осы кешке қатысып отырған ақын-жазушылар да жақсы біледі. Оның үстіне біздің әдебиетімізде интеллектуалдық поэзияның өзі ғана емес, сол интеллектуалдық поэзияның тамырын тап басатын сыншылар мен әдебиетшілер де тым сирек. Мейірхан поэзиясы дайын асқа тік қасық оқырманға арналмаған. Себебі, оның өлеңдерінің басындағы шәпкісі — күрделі ой, үстіне киген көйлегі — терең мазмұн, беліне таққан белбеуі — астарлы қисын, аяғындағы етігі — тұңғиық философия. Мұндай ала-құла киінген кісінің досы да, әрине, аз болатыны
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір белгілі. Ақын жинағының «Жалғыз досым — жүрегім» деп аталуы да сондықтан болса керек. Осы тұста мен ақынның жыр кітаптарын тегіс түгендей кетейін. Олар былай аталады: «Бастау», «Шырақ-ғұмыр», «Жалғыз досым — жүрегім», «Дәруішнама», «Бейуақтағы мінәжәт», және кеше ғана жарық көрген «Мен — жусанға інімін...» Осы кітаптардың осы атауларының өзін-ақ зерделі оқырман, әрине, іркіліп-іркіліп барып оқитыны анық. Мен, беташар сөзге берілген мөлшерлі уақыттан асып кетпеу мақсатында қысқа қайырып айтар болсам, қазақ әдебиетіне Мейірхан Ақдәулетұлы әкелген құбылыстың аты, бәлкім, Жүректану болса керек. Бұл — бүгінгі мерейтой иесінің бірінші қыры. Енді екінші қырына келейін. Қазақ сөз өнерін барлап қарағанда, алты алашқа белгілі ақынның алты алашқа белгілі көсемсөз иесі болған фактілер тым сирек. Оның үстіне, жоғарыда айтқанымыздай, дүние құбылып, жаңа қоғамдық құрылыс орнаған шақта өзге мақсатты көздеген газеттердегі мақалалардың сауатты иелерімен сауатты түрде пікір таластыра алатын, оған қоса, оларды міндетті түрде жеңіп шығуға лайық қисындар табатын қалам иелеріне тағы да зәру болдық. Міне, осы кезде, қазақ болып туғаны үшін ғана, қазаққа қажетті тәуелсіздікті қуана қарсы алғаны үшін ғана, қазақтың болашағына үмітпен қарағаны үшін ғана, ең сорақысы, қазақша сөйлегені үшін ғана жазықты болған қазақтардың арын арлап, сөзін жоқтауға аса терең біліммен, өте көркем әдеби тілмен кіріскен Мейірхан Ақдәулетұлының көсемсөздерін қазақтар қолдан қолға түсірмей шұқшия оқыды, басқа тілділер аудартып алып оқуды әдетке айналдырды. Рас, Мейірхан қазақты да, қазақтың астамсынған интеллигенттерін де тым еркелеткен жоқ, оның ұстанымы — «жылатып айтар достық», оның көргісі келетіні — өтірік айтпайтын ұлт. Міне, осылайша ол Қазақ елінің қайтадан қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ал қазақ баспасөзі қандай болуы керектігін өзі
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ұйымдастырып, бас редакторы болған «Алтын Орда» газеті арқылы көрсетті. Кәсіби деңгейі жоғары, жаңаша тұрпатты, оқырман ерекше ықыласпен оқыған бұл газет таңдаулы басылымдарға берілетін «Алтын жұлдыз» белгісіне, ал бас редактор баспасөз саласындағы Президент сыйлығына ие болды. Үшінші айтарым, меніңше, Мейірханның дүниежүзі әдебиетіне қатысты білімдарлығы, әрісі ежелгі әлем әдебиетін, берісі кешегі Шарль Бодлерді немесе Артюр Рембоны қалай терең талдайтыны әйтпесе арғы-бергі философиялық ағымдар мен қаптаған сонша көп философтардың еңбектерін қалай меңгергені осы салтанат барысында әлі айтылатын шығар деп ойлаймын. Ал менің сөз арасында айтарым, ол аударған Федор Тютчев, Анна Ахматова, Андрей Вознесенскийдің өлеңдері немесе шетелдік философтардың қаламынан туған «Шығыс пен Батыстың киелі өнері» (Т.Буркхардт), «Психоанализ және дзен-буддизм» (Э.Фромм), «Дзен-буддизм дәрістері» (Д.Судзуки), «Исламды ұғыну» (Ф.Шюоон) деп аталатын төрт еңбек әйтпесе Мурад Аджидің «Дешті Қыпшақ даласының жусаны» деп аталатын тарихи-эссесі, ортаазиялық К.Ашир жазған, Алматыдағы академиялық театрдың сахнасында қойылып жүрген «Қабыл — Адам Ата перзенті» драмасы, міне, осылардың барлығы қазақ аудармасындағы елеулі жетістіктер болып саналады. Осыларды саралай келгенде, Мейірхан Ақдәулетұлының философия, мәдениеттану, әдеби сын саласындағы кез келген мақаласын қалың оқырман да, білікті кәсіби мамандар да ерекше қызығушылықпен оқитыны түсінікті жай болса керек. Сөзімнің соңында мен бір ақиқатты айтайын. Қалам ұстаған адамның ақын немесе ақын еместігін негізінен аға буын емес, жас буын қаймықпай айтады. Қаймықпағанда — батырлығынан емес, аңқаулығынан, адалдығынан. Кейінгі жас балалар кімнің өлеңінен мысал келтіреді, кімнің өлеңінен, ең болмаса, бір шумақ үзіп алып оқиды, сол кісіні шын ақын деп есептей беріңіз. Сол жастардың, қажет десеңіз,
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Мемлекеттік сыйлықтың бірқатар лауреаттарын да ауызға алмайтын сол жас буынның жиі цитата келтіретін ақындарының бірі — Мейірхан Ақдәулетұлы. 2011 жыл.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ ЖАННАНЫҢ ЖАҺАНЫ (Жаңа жинақ туралы сөз) Әлбетте ақын дегендер онша көп халық емес. Себебі әр ақын (әр шын ақын) — өлең еміп туу бұйырылған әр сирек жүректің әр сирек данасы, әр жалғыз түпнұсқасы. Мұқағалидың «Өмірде ақындардың бәрі жалғыз» дейтіні содан. Қазақтың соңғы кездері өндірте жазып жүрген ақын қызы Жанна Елеусіздің: Сынды ма екен үміттен запы қылған талайғы? Бір жалғыздық мен жаққа жалтақ-жалтақ қарайды, — дейтіні де осының бір тармағы. Ал осы жалғыздықтың біздің қаламымызға жиі ілінетіні несі? Дүниеде ақындар ғана жалғыз-жалғыз ғұмыр сүре ме? Ақыннан басқа жұрттың барлығы ақар-шақар күн кешіп, болып-толып отыр ма? Сірә, олай емес-ау. Бұл ретте ақынның өзгешелігі, ол — жалғыздықты көпшілікке түсіндіруші. Әйтпесе, шындығына келгенде, «Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан». Құдай расында да жалғыз. «Тіршілік трилогиясы» жыр жинағындағы дәл осы аттас өлеңінде Жанна осыны және ескертеді: Мұраты — Мәңгі Үздік Ән, Соры да Бақ — Ғажабы. ...Алла жалғыздықтан Күнде Хат жазады. Түрлі көлемменен, түсі де, қарашы, өзге... Кейде Өлеңменен,
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Кейде Қара сөзбен. Жоқ Оның қызғанбағы. Жазуды Құт санайды! Содан ба, Бір Жазғаны Басқасына ұқсамайды... Осы өлеңді тұтастай оқып шығамыз да «сірә, Алланың Өлеңмен жазған Хаттарының бірі — мына біз, ақындар шығармыз» деген бір күпірлік ой түйіп қоямыз. Себебі өлең дегеніңіз қаймана қара сөзге қарағанда әсіре елжіректеу, тым сезімталдау, аса нәзіктеу болып келетіні рас. Осы ретте Жаннаның: ...Ақындардың Елі емес бұл Өмір, Айтпаңдаршы адам бол... деп Ақынға... — деген өтінішіне түсіністікпен қараймыз. Бірақ Ақындардың Елі болуға лайық Өмір қайда бар екенін және білмей аңырып отырамыз. Қазір көріп отырған мына Өмірге кіріп кеткен соң кәдімгі Адам (яғни, пенде) болмағанда Ақын байғұс не істемек?! Әрине, амалсыз өмір сүре бермек. Тек «Дұға», «Ақырзаман», «Бүкіләлемдік адасу», «Шеңберден шығу», «Аллегория», «Метаморфоза», «Омоним», «Трактат» деген тәрізді ат қойылып, айдар тағылған өлеңдер жазып қана жұбанып жүрмек. Білетінімізден бір мысал алсақ, «Тәкен Әлімқұлов немесе Жалғыздық жыры» деп аталатын сезімтал мақаласында қазақтың көрнекті ақыны Есенғали Раушанов «Алда-жалда Тәкең туралы сөз болса, мен оны Жалғыздық туралы жыр деп қабылдауға дағдыланғалы қашан. Түптеп келгенде көркем әдебиет дегеніміздің өзі Жалғыздықты жырлау емес пе?» деп анық жауабы берілген аңқау сауал қоятыны бар. Рас, жерге түсіп сөйлесек, Жанна туғалы жалғыз тірлік кешіп келе жатқан жоқ. Жарқамыстың мектебі, КазГУ-дің журналистика факультеті, Шалқардың аудандық газеті, осының бәрі көрудің, көнудің әрқилы баспалдақтары. Сондықтан да ақын қыз өзінің туған күні туралы жазылған өлеңінде: ...Қарашада бір Күнім бар,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Менің Күнім, Әдемі Күн!.. Мен сағынар көп Адамдар, Мен де олардың Әлемімін!.. Аман болсын Жақсы, Адалдар. Бірі Патша, бірі Дүр шын!.. Ал әнебір... пәтшағарлар олар да тірі жүрсін... — дей салады. Дұрыс. Әрі-беріден соң өлең, қаншама жерден өз көңіліңнің сыры, өз жалғыздығыңның жұбанышы болғанмен, түптеп келгенде, Патшалар мен Дүр шындарға қоса, сол пәтшағарлардың да оқуына арналған өнім ғой. Жаннаның өнімі сонда қандай өнім? Жинақтың алғашқы бетіндегі өлеңнің («Құс жолы») алғашқы жолдары осыны назарға салады: Баяғыда... шыққанбыз біздің осы Көшеге, Жылдар өтті қаншама. Күндер өтті нешеме... Жарақаттап жүретін жерге соғып... тізені Өлеңім де өзімдей бір Жапырақ Қыз еді... Осы жолдарды асықпай тағы да бір рет оқып шықсақ, Өлең мен Адамның ұқсастығына шек келтіру қиын екенін тағы да ұққандай қалыпқа түсеміз. Ұқсас тірлік. Ұқсас тағдыр. Сол баяғы тақыр жерге сүріну. Сол баяғы Құс жолына қосылу. Әрине, еш сүрлеу түспеген жайлауды кезгің келеді. Әрине, еш орманға бұйырмаған жапырақты тауып алғың келеді. Бірақ ол мүмкін бе? Сосын, амал жоқ, илігесің: ...Мені қойшы. Келдім. Ертең кетермін... өкпелетіп алсам, тіпті, кектенбе! «Бірдеңе ғып анау күнге жетермін» деп... Нұрымды бере салғам Көктемге... Әйтеуір, ең қуаныштысы, Ақын — нұр. Таусылмайтын нұр. Тегін нұр. Қай заманда да, қай қоғамда да, қай мемлекетте де тәуліктің қай мезгілінде ізделсе де (ізделмесе де) қоры таусылып көрмеген зор байлық. Бұған қатысты тағы бір мысалды тағы да Жаннаның өлеңі айтып береді: ...Менің Жаным үстіндегі жейдесін
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір жабады үнсіз жылағанға: «Тоңасың»... Сонда да... Әділдікке салсақ, Ақынның да басынан сипайтын біреулер болуы керек қой. Ол да Құдайдың құлы, адамның баласы. Оның үстіне соншама көп пенделер игере бермейтін аяулы кәсіптің (өнердің дегеніміз ғой) иесі. Осыны Жанна өзі «Я люблю Правду за ее Разность, но, она часто не желает смирится с моей уникальностью...» деп эпиграф жазған өлеңінде айтқан екен: Бұйра-бұйра бұлт көшкен бұрқасынға сыңармын. Қира-қира гүл өскен қырқасында тұрармын. Иір-иір тірлікте иілермін, шыдармын!.. үйір-үйір билікке үйрікпеген Шұбармын... екі бөлген Есілдей ағылармын, тынармын. Есте қалған Есімдей кіммен хандық құрармын?.. Шашы ұзын тағдырға шағынғанда, жылармын. Шамданғанда шарт етер, қомданғанда саңқ етер, мен де өзімдей — Біреуді сағынған да шығармын!.. Бұл өлеңге жұптастырар теңеулерді қазақ топырағынан тыс әдеби дүниелерден де табарымыз анық, бірақ, құлағымызға өзіміздің Төлегеннің «Ей, адамдар, айналайын туғандар, Жалғыз минут тыңдаңдар!..» делінетін жанкешті сарыны келгендей болады әйтпесе Мұқағалидың «Көрер едің, шаламын ба, отпын ба, Білер едің, ақынмын ба, жоқпын ба..» дейтін ширыққан шарасыздығы күмбірлейтін сияқты көрінеді. Міне, осындай-осындай мысалдарды өрбіте келгенде,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Жаннаның жыр жинағының айқын келбеті, айталық, жекеменшік мінез, басыбайлы бояу, саяқ сезім, тыпыршыған діл секілді өзгешеліктер бірінен кейін бірі бөлектеніп шыға береді. Мысалы, ақынның «Кірпігіме сүйеніп күте берем...» деген бір жолы қаншама сәулелі салмақ көтеріп тұр?! Әйтпесе тағы бір өлеңде: ...Сынамаңдар... Азабына Пейіштің шыдағам бар... — деген өтініш айтылады. Дауласуға болар еді. Жалпы Пейіште азапты өмір болуы мүмкін бе? Алайда Жаратушының пейілі мен Жаратылушының пиғылын, Бір Күндік Өмірдің мәні мен Мәңгілік Жолдың мағынасын түсіндіріп тұрар Таразыға әркім билік айтуға көшкен мына заманда ақынның бұл сыр-лебізіне тиісудің жөні жоқ екендігін түсінбеске және амалың жоқ. Жаннаның ақындық түпкілікті мақсат-мұратын да тап осы тұстан тануға болатын сияқты. Қоғамнан қоғамдастыққа ауысып, өткелден өткелекке ұрынып, шындықтан шытырманға көшіп, әрі-сәрі күндерге тап болған мына кезеңде, ештеңе бітіріп жарытпаса да, тас төбеңде шырылдап жүрер бір торғай керек. Сол торғайыңыз — өлең. Жаннаның өлеңдерінің болмысы да сондай. Бұйрық бола алмайды, бейқамдықтан сақтандырады; билік айта алмайды, бейкүнәлілікті аялайды; тақсыр бола алмайды, тақсіреттерді шимайлайды. Ащы айтып ашындырып алады да, іле-шала тұщы айтып тұшындырады. Оның «Біз» дейтін («Пырақтың әр ізінде бір ақын қалған» деген эпиграфы бар) өлеңі осы тұрғыдағы бір түйінді сыры: Қамығып түссе қара Түн айналар Жырға күндізгі Ой... Айдан да әппақ Қанаты бұл Пырақ — біздей бір Қыз ғой!.. Қабағын бермей кейде үміт, жүрегімізден жүн түтіп!.. Тіріде — Ақын... дейді жұрт Өлгеннен кейін — Пір тұтып... Жанымыз — кітап көнерген.
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Жарығы — сонау жұлдызды із! Жұбатып Елді Өлеңмен көрінбей Жерде — жүрміз Біз... Міне, ақынның сіз білгіңіз келетін бір құпиясы — осы. Мұндай құпиялар мен құпия емес толғаныстар жаңа жинақтың өн-бойына талай ерекше бояулар қосып тұр. Енді азғана сөзімізді бір өріске қайырмалайық. Қазір назарыңды ерекше аударған (назарыңды аудармағандар өз алдына ғой) жинақтар туралы жылы сөздер жаза қоюға, шын ниет болғанмен, уақыт табыла бермейтін заман. Әйтеуір, таң атса, күн бататын, іңір түссе, таң сарғая қалатын шапшаң мезгілдің бір иесісің. Бірақ, бәрібір, тәуліктен жырымшылап сұрап алған бір-жар сағатыңды оқта-текте көркем әдебиетке арнамасқа да әддің жоқ. Себебі, Жанна ақын айтқандай: Өлеңді түсінерсің — өзі жоқта... Өмірді түсінерсің — күзде ғана... Қалай болғанда да, ерте танылған, Абайдың туғанына 150 жыл толу мерекесіне орай ЮНЕСКО өткізген республикалық мүшәйраның үшінші жүлдесін екі ағасымен — арғы буындағы Тұманбай Молдағалиевпен, бергі буындағы Серік Ақсұңқарұлымен бірге алған, бұдан да бұрын, 2004 жылы «Мен сүйетін Дүние» деп аталатын кітабы жарық көрген Жанна Елеусіздің жаһанмен жантарта тілдесетін жаңа жинағы туралы ағалық ықыласымызды білдірудің реті осылай келіп отырған жайы бар. Кем айтқан тұстарымызды зердесі жүйрік оқырманның өзі толықтырып алатынына сенімдіміз. Себебі, Жанна Елеусіз — сол оқырманға да, өлеңге де әрдайым керек ақын.
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ САПАРДЫҢ ЖҮГІ (Ақтөбе облысы жас ақындарының «Ақтөбе әуендері» жыр жинағына жазылған алғысөз. Алматы, «Дәстүр», 2013 жыл) Пышақтың қырындай жинақтар көп шығатын заман еді. Есенбайдың Жарқамыс пен Қарауылкелдінің арасында көшіп-қонып жүріп жазған жырларынан құралған «Бозала таң мен бозторғай» атты 1971 жылғы 32 беттік «брошюрасы» немесе Кеңшіліктің тап сондай 32 бетке сыйып кеткен жасыл бояулы жұқа қағаз тысты 1972 жылғы «Іңкәр дүниесі» кәдімгідей елеулі оқиғаларға айналған. Олай болатын себебі... «Қазақтың бүгінгі ақындарының арасында бозторғайды ең көп және көркем жырлаған ақын — Есенбай Дүйсенбайұлы. Оның әдебиеттегі лақап аты да — Бозторғай Балықшин. Академик Рымғали Нұрғалиев, дарынды жазушы Мұхтар Мағауин ақынның «Бозала таң мен бозторғай» топтамасын өте жоғары бағалағаны бекер болмаса керек». (Есенғали Раушанов, «Жас Алаш», 12. 07.07). Ал «Іңкәр дүниеде» цензураның мәттақамдығынан ба (солай ақталдық), әлде қазақы әсірепысық сақтықтың кесірінен бе, жарты бөлігі қысқарып кеткен, кейін, КСРО билігіне Горбачев келген соң қайтадан қалпына келтірілген әйгілі «Анар» өлеңі, оған қоса лириканың бір-бір төресі саналатын «Өлара мезгіл... он алты жаста едік біз...», «Біздің ауыл аржағы көкпеңбек қыр...», «Ауа», «Таң» тәрізді нәрлі жырлар жарияланған еді. Мұхтар Шахановтың «...Менің титтей елеусіз кітабымды
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Ұлы томның қасына қойды апарып» деп жазатын кезі де өлең құрмет пен даңққа бөленіп тұрған сол заман еді ғой. Осы дүлділдермен өмірбаяндас Жұматайдың үш өлеңі 1969 жылғы «Жас керуен», бес өлеңі 1975 жылғы «Көктем тынысы» тәрізді топтама жинақтарға еніп, мектеп оқушысы дәптерінің қалыңдығындай жеке «Саратаны» өріске 1979 жылы ғана маң-маң басып шыққанын да осы жұрт жақсы білсе керек. Әне, алғашқы жинақтардың біз көрген бір парасы сондай болатын. Бөгде әңгімедей көрінетін бұл мысалдарды әдейі кірістіріп отырғанымыз да сондықтан. Ал оған дейінгі немесе одан кейінгі мысалдарды, жалықпасақ, тағы бірде тізіп берерміз. Бірақ, қалай болғанда да, осы заманғы ақындық Ақан мен Біржанның әуенмен әдіптелген шумақтары тәрізді ауа-әуе арқылы әйтпесе Абайдың Мүрсейіттер, Кәкітайлар жинаған бөлек-салақ қағаздары негізінде қалыптасудан қалғалы қашан. Қазіргі заманның қызығы да басқа, қызуы да бөлек. Мысалы, Астананың жалпы дастарқан жая салуды доғара тұрып, тек ақтөбелік (өскемендік, павлодарлық, оралдық, т.б.) бес ақынның өлеңдеріне ғана етек-жеңі мол пішілген бір жинақ еншілеп беруі бұрын біз көрмеген үрдіс. Бұл бұлақтың ақыры қай сайға барып құятынын кім білсін, бірақ, «әкемізден де артық жақсылық жасаған» кешегі кеңестік үкімет те Алматыдан аулақта өздерінше күн көріп жүрген штаттан тыс ақындарды бұлай еркелетіп көрмеген. Мұқағалидың («Мавр» поэмасын жазғанын еске алыңыз) поэзия туралы бір баяндамасындағы дерекке сүйенсек, қазір жоққа саналатын пролетариаттың қамқоры Карл Маркс «Ақындарды аялау керек!» депті. Міне, аялап отырмыз. Қазіргі күні қазақ әдебиетінде поэзияның прозадан гөрі кенеулі екені әр-әр пікірлерде айтылып қалып жүр. Неге олай? Мұның бір себебін Мұхтар Әуезовтің ертеректе жазған бір мақаласынан табуға болатын сияқты. «Мәлік Ғабдуллинге жауап хатында» ұлы жазушы былай депті: «Қаншалық көлемді, терең, ылғалды мол болса да, прозалық шығармалар мен пьесалар ешуақытта поэзияның көп тілмен,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ көп үнмен қамтыған бар өмір жайын түгендеп, бас-басына, сала-саласына бірден жетіп, қапысыз қамти алмайды. Әрине, жекелеп алған әрекетін дәуірлік сипатта поэзиядан басқаша кемерлей, тереңдей түсетін құдірет прозаның күш сипаты екені рас. Бірақ бар өмірдің барша саласына поэзия барғандай проза мен драматургия бара алмайды». Осы мақалаға сүйенсек, поэзия — «әрдайым сын айқас кезеңдерінде ең бұрын суырылатын семсер», «ең бұрын от алатын бронь бұзар снаряд», «жаза баспай, бұлтармай соғатын снайперлік оқ». Ендеше қазіргі прозашыларымыздың жазаға тартыларлықтай аса көп кінәсі жоқ екен, ақындарымыз да ылғи бір артық туған аса бөлек тұқымның ерекше көктеген дәнектері емес сияқты. Кешегі сең бұзылып, дария тасыған, нақтылап айтсақ, тәуелсіздік келген, қызыл тілге азаттық берілген заманнан соң өлеңнің алдымен көзге ілігер осындай себептері бар екен. Бірақ бұл да бергі замандағы бірінші рет болып отырған жаңалық емес. ХХ ғасырдың екінші жартысында, соған дейінгі темірқұрсау саясат сәл босаңсыған алпысыншы жылдары Тұманбай, Сағи, Өтежан, Қадыр... кәдімгі пендеге тән көңіл-күйдің кәдімгі ынтызар сезімдерін жасырмай айтуға болатынын жамырай көрсеткен еді. Ал оған дейін, мысалы, Тәкен Әлімқұлов Қасым Аманжоловтың махаббат лирикасын: «Екінші бір ескеретін жай, ақынның махаббат туралы өлеңдері көп болғандықтан, ол көрінген шырайлы қыз-келіншекке ғашық бола берген екен деген ұғым тумасын. Оның өлеңдері түгелге жуық Марфуға деген қызға және кейін қосылған зайыбы Сәпенге арналған. Әр кезде әртүрлі сүйініші, күйініші, қызғаныш, сағыныш сезімі билеген ақын бір ғашығына әлденеше өлең шығарған» деп ақтап алуға мәжбүр болған. Айталық, Қасым Аманжоловтың заманында Жақсыбек Кемал: ...Шыршалардың түбінде үміт өліп, Қайғым қалар ілініп қара ағашқа, — деп жырлай алмас еді. Неге жырлай алмайтыны түсінікті. Неге жырлап
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір отырғаны және мәлім. Шырша, бертіндегі ұрпақтың түсінігі бойынша, мезеттік қана шаттықтың (айталық, Жаңа жылдың) бейнесі; ал, сол мезеттік шаттық сол бір түнгі (бір күнгі) үкілі үмітті (кешегі сәби, бүгінгі естияр үмітті) сол қалпында қозғаусыз қалдырып, әлдебір жаққа асығыс аттана салуы бек мүмкін. Өйткені шырша — қазақтың жан аяспас досы емес, атүсті сәлем беріп өте шығатын шала танысы. Ал қара ағаш — ежелгі сырлас, ешқайда қашпайды, тіпті мұңыңды бөліседі, қайғыңды мойнына іліп алады. Жұмекенге айтқызыңыз: «Бүгін көрсем — жалаңаш сол Қара ағаш, Қара ағаштай менің жаным жалаңаш». Маралтай ше: «...Мектептің қасындағы қарағаш, Қара көзіңдей қара, рас. Құшақтап тұрып жұлдыздарды жұтып ем, Жасыңмен аралас...». Жақсыбектің «Жаз келді» деген өлеңіндегі «Суықтықтан секем алған көңілім» деген бір жол да, әрине, ақынның ғана тіліне үйірілетін орам. Қысқы суықтың бейнелену әдісі — тоңып қалу, дірдектеу, қалтырау, т.б. Ал секем алу — жыл он екі ай бойы әлдебір жіңішке қылға ілініп тұратын жараланғыш жүректің шыншыл дүрсілі. Тағы бір өлеңге назар салайық: Қара түнде ақ көңіл де күрсініп, Махаббаттан күтіп тұрды құлшылық... Жыры ұлы қыз, Ғұмырымыз мұңданып, Тілектерді тонап кетті тіршілік... Өмірді де бір сүріп, Сағағынан мың тіктеліп, мың сынып, Жазмыштың жалынында тыншыдық! Ар алдында арпалысқан сезімдер, Дар алдында дүрмекті ойдан қымсынып... ...Күтіп қаппын жас ғұмырдың бағында Қолымдағы саған деген гүл шіріп... Бұл өлең, әрине, наз-нала, әрине, өкпе-өкініш, оған қоса, баянсыздығы мойындалған, қайтадан шуаққа бөленбейтін шаттықты шақтың естелігі, тапсырылмаған (тапсырылатын реті де жоқ) жазықсыз гүлдің жартыкеш тағдыры, іштің уылжыған ащы өксігі. «Өмірді бір сүріп», «гүл шіріп» деген
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ тәрізді қатқылдау естілетін, әлбетте, өңдеуге болатын ұйқастарға кешіріммен қарасақ, жалпы алғанда, адал ықыласқа шомылып өскен, ақсия күліп жүруге бейімдеу өлең табиғатының тағы бір өскініне жолыққанымызды аңғарамыз. Ал Индира Керееваның «Қалааралық қоңырау» өлеңі Жақсыбектің осының алдында мысалға келтірілген мұңаюлы жырының қуанышқа негізделген антонимі тәрізді. Бұл туынды — диалог-өлең. Ертеректе Әбділда Тәжібаев, реті келгенде Мағжан тәріздес «жылауық символистерді» түйреп өткен, дегенмен, поэзия сынының елеулі табысы болған жасыл мұқабалы «Өмір және поэзия» атты кітабында жаңадан жаза бастаған Мұқағалидың бір өлеңіне ерекше сүйсінгенін келтіретіні бар. «Махаббат диалогы» деп аталатын бұл өлеңде ерке қыздың «құс болсам, сағым болсам, қайғы болсам... не етер едің» деген тәрізді әрқилы сауалдарына әртүрлі жауап тапқан ақын (кейіпкер), өлеңді ақыры «...Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін» деген бір-ақ сөзбен қайырады да, Әбекеңше айтқанда, «ант сияқты ауыр қабылданар өлеңді әрі мәнді, әрі жеңіл қуаныш жырына айналдырады». Ал Индираның өлеңіндегі жауап иесі — қыз. Оқиық. — Алло? Жаным, бұл мен ғой... — Біліп тұрмын... — Қалай екен жағдайы Қылықтымның? — Жаман емес... Өзің ше? — Сағындың ба? — Сенсіз, сенсең... сабағы сынық гүлмін... — Қойшы, сәулем... Жүрегім сыздап тағы, Сені ойладым... — Мені де Күз қақтады... — Кеш қоңырау шалдым ба? Ренжімеші, Кеш жүреді сағаттар біз жақтағы... — Сені қашан көремін? — Күйік түннің... Құшағында сағыныш күй ұқтырдың... Алло? Жаным? Қайдасың? Неге үнсізсің? — Мен сенің дауысыңды сүйіп тұрмын...
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір Әдемі өлең емес пе?! «Агенттің» екі жағында отырған бозбала мен бойжеткеннің мағынасыз сөздеріндей болып өрілетін үзік-үзік әңгіме ең соңғы жолда кенеттен сүйіспеншілік поэзиясына айналып сала береді. Рас, диалог-өлең Индираның да, Мұқағалидың да, тіпті Бейімбеттің де («Ыбыраймыз, Ыбыраймын») еншісі емес, бәлкім, бұл ретте, мысалы, «Жар-жарды» немесе «Бәдік өлеңдерді» еске алған да дұрыс шығар. Бірақ форма бәрібір сыртқы киім де, сезім — ішкі астар. Ақтөбе оқырмандарын әуелде «Көпшік туралы» деп аталатын тосын өлеңімен елең еткізген Индираның қарызға тұспал да, сурет те, бояу да сұрағысы келмейтін бұл кітаптағы өлеңдері жер бетіне көктемде анталай шыққан гүлдердей қоюлана тербеліп тұр. Гүлімай Әбішқызының алғашқы өлеңдері аңқау еді. Расында да пенде өлеңге әуелгіде аңқаулықпен жұғысып кетеді де, түбі бұл тірліктің аса опа бермейтінін кейін аңғарады, бірақ шегінуге кеш қалады. Сол алғашқы шақта жазылған «Жетіқарақшыға» деген өлеңде сол мөлдір сезім бар еді: Жетіқарақшы-ау, сеніп жүрсем, Көрінбей кеткенің не? Әлде сендегі шыдамның да Шегіне жеткені ме? Мойымашы, жарық-жаным, Үмітімді ақта! Соңғы рет сенгенім сен, Жебеушім жоқта. Өтінем, көрініп тұрсайшы, Түннің төрінен. Саған деп сөз бастасам, Өзіме жыршы көрінем. Сөйтіп жыршы болып кеткен Гүлімайдың қазіргі жырларына тән ерекшелік — төкпелік сарын, әрине, Жетіқарақшының көмегі үнемі демеу бола бермейтінін ұққан көңілдің қатқылдау сарыны. Мысалы, бірде: Жарасы бар, өзегі жоқ,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ Саласы бар, өзені жоқ. Таласы бар, дерегі жоқ, Жаласы бар, көмегі жоқ — Кешегім, Әр шындықтың бір пердесін шешемін, — деп түйіліп қалса, басқа бір шақта шамырқануға бет алады: Түзей қалсам еңсемді, Тап береді мына мұң. Төрт тағандап жолымда Тосып тұрар шұнағың. Төмен қарап тұқырып, Телмеңдеумен тынамын. Тірі тәнім сұлбасы Тек ілбісе, ұнадым. Түбі бір күн шешем-ау, Төзім-қылыш қынабын... Бұл ғана емес, Гүлімайдың басқа бірқатар өлеңдерінде де бір кездегі Фариза жырларынан соң қыздар поэзиясында сөніп қалғандай көрінетін асау бұлқыныс, бірақ жыраулар дәстүрінен алған нәрін қоса пайдаланатын құйылма тіркестер көп кездеседі. Гүлімайды өзгелерден оқшау көрсететін ерекшелік те — осы, сірә, сөреге сүріндірмей апарар жеке жол да осы сияқты. Арғы-бергі әдебиетті ақтарғанда түн кейіптемесіне соқпау мүмкін емес. Мысалы, Гетеден Лермонтов, Лермонтовтан Абай аударған «Қараңғы түнде тау қалғыпты» білмейтін қазақ жоқ. «Түннен туған перілер» — Мағжан түйіндеген тіркес. Одан бергіде де әр ақынның қаламына әрқалай объект ретінде іліккен түнге Жанар Нұрғали да аялдамай өте алмайтыны белгілі. Жазылмаған жыр — кептер мұң, көк бел — түндерім. Жыртылған беті дәптердің — өткен күндерім. Естелік тәтті — кешегім, есімді алатын. Қашқам қарадан неше мың,
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір кешір, қара түн! Әлбетте, түн туралы көңілді өлеңдер аз, бірақ бар, алайда көп емес. Неге? Түнгі шақ күні бойы күйбең күй кешетін адамзат нәсілінің аз-мұз тыншығатын шағы, сегіз сағат жұмыс істейтін ақындар мен жазушылар қағаз шимайлатын кез. Былай қарасаңыз, демалысты қамтамасыз еткеннен басқа түннің еш жазығы жоқ. Сірә, бір жағынан, әріден келе жатқан миф-аңыздарда қара түс ылғи жойымпаздық қуат ретінде бейнеленген соң, екінші жағынан, түнгі қараңғылықта ылғи әлденеден шошынатындығымыздан, осылай ретсіз күйе жағуға әуес болатын сияқтымыз. Солардың бодауында жүретіні себепті қаралай кінәға ұшырай беретін қара түннен кешірім сұрау бұл арада ақынның өз көңілін жұбатуының да бір көрінісі тәрізді. Жанардың өлеңдері шекесіне аты-жөнін жазбаса да қыздың қолынан шыққан дүние екені көрініп тұратын нәзік кесте, үгітіліп кетердей үргедек үн. Бұған мына өлең де куә: Тәтті мұң сыйлар уақытпен Тылсымын ұғып, беттесем... Арманым салған бақытқа ен, Бетімнен, бірақ өп десем — Өзімді өзім жоғалтып, Іздейтін күйді көп кешем... Бір жұтым мөлдір ауа боп, Ауаға сіңіп кетпесем... Заманында қыздар поэзиясы (шартты түрде осындай поэзия болған, қазір де бар деп есептейтін болсақ, әрине) бет моншағы үзіліп кетердей сонша әдепті, сыпайы болды ма екен, ілгері буындағы оқырман Фаризаның «Мен саған ғашық емес ем...», Күләштің «Көк көйлекті қыздың әні» топтамаларын ерекше сүйсіне оқыған. Ғашығын шын сүйетін, аса құрметтейтін, алайда сол ынтызарлығын ашық сездіруге батпайтын қызды (лирикалық кейіпкерді) аяп отыратынбыз. Бұны бір деп қойсақ, екіншіден, қыздар қолынан шығатын ондай топтамалар ол кезде онша көп те емес еді. Қазіргі жағдай басқа, мысалы, Ақтөбеде кейінгі жас буында таланты анық сезіліп тұрған жігіт ақындардан гөрі қыз ақындар мол,
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ поэзия мәселесінде гендерлік саясаттың Ақтөбеге тағар кінәсі жоқ. Сондай жас ақындардың бірі Гүлжайнар Қалдинаның «18» деп аталатын өлеңіндегі шумақтарға үңілейік: ...Қызыл-жасыл... қызығы жоқ төрімнің, Тербетсе де жер мен көктің арасы. Уыз дәмін ұмытпаған еріннің Бал дәмінде бар өмірдің дауасы. Көк жүзінен үндес тағдыр таптық та, Еһ, ОН СЕГІЗ!.. Ток жүргендей денемде... Мен айналдым аңсары көп ақ бұлтқа, Сенің бейнең — бір жапырақ өлеңде... Әркімнің өз он сегізін еске түсіретін осындай өлеңдер, жалпы жастық шақтың әрлі-берлі жұлқылайтын алуан халахуалын бейнелейтін туындылар Гүлжайнарда жеткілікті. Бұл заңдылық та. Фариза апамыздың 2004 жылғы 10 томдығы әуелде жоғарыда айтқанымыздай пышақтың қырындай алғашқы жинағына енген «Жігіттердің жүрегін ұрлай бергім келмейді...» деген өлеңімен басталмаушы ма еді. Сол себепті де Гүлжайнардың: Қиялыма сіз келесіз қиналсам, Мен де айналғам сіздегі бір елеске. Жер бетінде ойналмаған күйді аңсау — Екеумізге тән сағыныш емес пе? — дегеніне сенеміз және оның өлеңдері қазіргі жас буынның қазақ жырына қосып жүрген тиянақты олжаларының бірі екенін еркін айтамыз. Ал Нұрсұлтан Қожабеков пен Жанкелді Әлібаев — студенттер. Онда да тыныш ауылдан шулы шаһарға келгендеріне көп болмаған, сол себепті ілгері жақта жүрген көке-тәтелерімен етене араласып кете қоймаған, тағы да сол себепті өлеңнің ер-тұрманын қалай зерлеуді әлі толық меңгермеген, бірақ ықыластары адал бозбалалар. Екеуінің таңдаған тақырыптарынан да, ыстық сезімдерін жыр жолдарына түсіру тәсілдерінен де сол бозбала дәуреннің ынтықшыл лебі есіп тұр. Міне, осымен тілектестік алғысөзімді аяқтағалы отырмын. Жалпы қандай алғысөздің де басты мұраты —
Ертай АШЫҚБАЕВ Өлең мен Өмір тілектестік. Ал артық, кем тұстарды сауатты оқырман саралайды. Дегенмен осы тұста өз басымыздан өткен жастық шақтың бірер мысалдарына және іркілмей өте алмайтынымды аңғардым. Біздің буын да тап қазіргі жастар секілді біртіндеп жетілді. Рас, Серік (Ақсұңқарұлы), Есенғали, Тыныштықбек тәрізді замандастарымыз жинақтары шықпай-ақ белгілі ақынға айналып жүрді. Қасымхан Бегмановтың «КазГУ-дің қалашығы — Көзімнің қарашығы» деген өлеңі студенттердің аузынан түспейтін. Сол тұста лауреаттар жетпей қалғандай, әлі жыр жинағы шықпаған Шаһизада Әбдікәрімовтің Қазақстандағы екі ірі басылымның бірі — «Жұлдыздың» інісі есебіндегі «Жалын» журналының редколлегия мүшесі болғаны да бір қызық еді. Тағы бір қызығы, бұлар газет-журналдардағы (ол кезде газет-журналдар тым аз еді және жастарға төр тие бермейтін) әлдебір насихаттар арқылы емес, кездейсоқ таныла салатын. Одан да бір тәуірі, біздің буынның Тұрсынжан Шапаев (кейін Тұрсынжан Шапай) тәрізді сыншысы болды. Тұрсынжанның «Сондай бір сот болады жүрегімде...», «Көз ашқан бұлақтар», «Жақсы нышан, жас үміттер» деген тәрізді біраз мақалаларында (оқып шығуға кеңес берер ем) өз буынындағы жас ақындар қаншалықты мақталса, соншалықты дәрежеде сыналған да болатын. Тұрсынжанның мақалалары біздікіндей (қазіргі көп мақалалардағыдай) тілеулестік жалпылама лебіздермен емес, сындарлы, батыл, оқыс, сауатты талдауларымен селт (дұрысы, селк) еткізетін. Сөз арасына кіріктіріп отырған іштегі бір пікірім осы. Енді айтарымды толық қорытындыласам, сізге (бәрімізге) жол тартқан осы жеті жас ақынның қадамы қайырлы боларына мен сенімдімін. Тек азапты сапардың сан қиындықтарына шыдасын деңіз... Өлең азаймасын!
ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Әдеби мақалалар Ертай АШЫҚБАЕВ МАЗМҰНЫ Есенқұлдың шындығы ................................................... 3 Өтежан кешкен өрттің бояуы ......................................... 18 Ізделетін Ізтай ............................................................... 34 Ғаламға ғашық Әбубәкір ............................................... 47 Нармаханның нақыштары.............................................. 62 Табылдың әні................................................................. 77 Сағидың сыры................................................................ 92 Ғалымның салбурыны ................................................... 107 Тұтас Тұмағаң ............................................................... 122 Тосын Тоқаш .................................................................. 138 Есенбай әуендерінің әлемі............................................. 153 Қасымханның дәйегі...................................................... 168 Сұлтанның сиқыры ........................................................ 183 Жұматайдың Кенежирені ............................................... 193 Жұмекен ішкен шайдың шипасы ................................... 204 Мұқағалидың шекпені .................................................... 213 Мейірханның жүректану ілімі ........................................ 217 Жаннаның жаһаны ......................................................... 223 Сапардың жүгі ............................................................... 229
Ертай АШЫҚБАЕВ ӨЛЕҢ МЕН ӨМІР (Қазақ тілінде) «Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасының директоры – Қасымхан БЕГМАНОВ Редакторы: Асан Қарамырза Беттеуші-дизайнері: Сәтжан Дәрібай Басуға 06.04.2015 ж. қол қойылды Қаріп түрі «Times New Roman». Офсетті басылым. Пішімі 84х108 1\32. Шартты баспа табағы 12 Таралымы 2000+150дана. Тапсырыс № «Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143. офис 400 Тел.: +7(727)3944293, Ұялы тел.: 87772119934. Эл.пошта: dastur_09@mail.ru Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру