TELEGEI

Home

Қарасай, Қази. Қашаған Күржіманұлы нұсқасы

Қашаған Күржіманұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қарасай, Қази. Қашаған Күржіманұлы нұсқасы

Қашаған Күржіманұлына халық басындағы жағдай мен елдегі ауыртпалық жақсы таныс болды. Өлеңдерінде қанағатсыз байлар мен би-болыстарды сынап отырды. Ол адам баласының бойындағы екіжүзділік пен сараңдығын сынап, әжуалайды.

«БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН

БАТЫРЛЫҚ ЭПОС

ҚАРАСАЙ, ҚАЗИ

(Қашаған Күржіманұлы нұсқасы) Өткен заманда Ноғайлы дәуірінде Құрманбай деген бай болған екен. Өмірінің бойында ол кісіде ұл да, қыз да болмапты. Күндердің күнінде әйелі жүкті болып, ұл бала туыпты. Баланың қуанышына үлкен той жасайды. Тойға Қазақ, Ноғайлы халқын түгел шақырады. Тойға тігілген үй мен келген адамның саны көп болады. Адам көп болғандықтан, көптің ішінде тентек пен теліден қауіптеніп, тойды басқару үшін Қырымның қырық батырын іздестіреді. Сұрастырғанда, олар әлі тойға келмеген екен. Орақ батырдың өлгеніне бір жыл толып, оның қарасына Орақ батырдың Қабан құлақ қара атын сойып, олар сонда жатыр екен. Екінші рет шақыртқанда, олар тойға келеді. Тойдың басқару міндетін батырларға тапсырады. Қызық той бірнеше күнге созылады. Бір күні түс қайта құбыла жақтан жұлдыздай бұрқыраған шаң көрінеді. Ол бір атты кісі екен. Ол Қазақ, Ноғай халқын түгелдей басқаратын Қондыкер деген патшаның шабарманы болады. Шабарман осы көпшілікке патшадан хат әкелген екен. Хатты беріп, өзі кейін шауып кетеді. Хатты азар дегенде шала сауатты бір шалға оқытып көрсе, он екі баулы Қазақ, Ноғайды басқаратын Қондыкер ханның хаты болады. Ханның хат жазу себебі мынадай екен: Мұсылманның Қондыкер деген ханына Қалмақтың Күзбан деген ханы: «Бүкіл еліңмен, соғыс жасамай, бағын, болмаса, қызыңды қатын, үйіңді отын, етіп шауып аламын, ұрысатын болсаң, қапы қалма!» – деп хабар салған екен. Содан Қондыкердің қалмаққа бағынғысы келмей, Қырымның қырық батырына (бұның ішінде атақтыларына) мына төмендегі мазмұнда жазылған хат екен (және «Жауды қаласынан шығармай, барып, жойың», – деген екен):

Әуелі, дұғай сәлем айт!
Мекен еткен Еділ сағасын,
Аузы түкті кәпірдің
Бітірмеген жарасын,

Аузы түкті кәпірдің
Еңіреткен қатын-баласын,
Ат үстіне мінгесін,
Қазақ пенен қалмақтың

Ашқан екен арасын, 10. Қысас болған қалмақтың

Талай жыртқан жағасын,
Көк Еділ мен Самардың
Кестірмеген ағашын,
Дұшпанға намыс бермеген,

Дұшпанның көңлін көрмеген,
Мылтық пенен зеңбірек
Оғы тисе де, өлмеген,
Мұсылмандардың бәрін “ес” деген,

Ерлердің бәрін “дос” деген, 20. Кәпірдің бәрін “өш” деген,

Жазыммен тиген жалын от
Терісіне қажау салып, теспеген,
Қызыл шұбар ту алған,
Алмасын қанға суарған,

Дұшпанын көрсе, қуанған,
Елдің ішін толтырған
Қалмақтың қызы мен жуаннан,
Мұнартып жатқан дария,

Қатуланып, арыса, 30. Қара жер болды суалған,

Сүйініштің ұлы батыр Қазтуған,
Сізге арнаған хат екен,
Ежелден қапа болмаған.
Және дұғай сәлем айт!

Астына мінген Ақтабан,
Ақтабаннан басқа жақпаған,
Дұшпанға қарсы шапқанда,
Ерлердің бәрі мақтаған,

Қорамсақ толы көп оғын 40. Алтынменен қаптаған,

Он жасына келгесін,
Төсекке түзу жатпаған,
Бір өзінің дәл басын
Мың кісіге шақтаған,

Аламанын қырмен өргізсін,
Әскерін қырмен жүргізсін,
Менің жазған бұл хатым,
Іркілмесін, барғасын,

Қалмақтың қара қошқыл қанына 50. Суарсын, келіп, алмасын,

Көгістің ұлы ер Тама –
Бұ да келсін, жаудан қалмасын.
Және дұғай сәлем айт!
Мүниям байтақ шәрінен,

Дию, кәпір – бәрімен
Жалғыз өзі жау болған,
Қырылған әскер сүйегі
Асқаралы тау болған,

Бұлағай салып, бу етсе, 60. Бұдан да аман-сау болған,

Барпардың қара тасын атып, сындырған,
Халықтың көңлін тындырған,
Ханның да көңлін тындырған,
Ханның қызы – Ақжүніс

Ат саурына мінгізген,
Шағаннан қалмақ сайлаған,
Қалмақты қойдай айдаған,
Балқашқа малды кіргіздің,

Ноғайға дәурен сүргіздің, 70. Алты мыңдай келген қалмақтың

Бәрін қоймай, бір жойдың,
Не қыларыңды өзің біл,
Мөр басылды қағазға,
Қарсының ұлы ер Тарғын,

Атыңды жазып, қол қойдым.
Және дұғай сәлем айт!
Анасы өткен ақ Меңді,
Ол бойына біткенде,

Толғатып тұрған қырық күн, 80. Қайғы жеп еді күн мен түн,

Қорамсақ толған көп оқты
Ор аузына төккен ер,
Мұсылмандардың қамы үшін
Қиындық, жапа шеккен ер,

Атқан оғын сұрасаң,
Алты қырдан әрмен зулатқан,
Астына мінген тұлпарды
Шабуылмен қунатқан,

Байласын белге алмасын, 90. Арып – ашып талмасын,

Атақты ердің баласы –
Нәріктің ұлы ер Шора –
Бұ да келсін, жаудан қалмасын.
Және дұғай сәлем айт!

Аламанды бастап, меңгерген,
Ерлердің бәрін тең көрген,
Дұшпанның бәрін кем көрген,
Көк сүңгісін алға өңгерген,

Талай жерден жол көрген, 100. Садағын сала байлаған,

Астана жұртын айналған,
Қылжуырдай қисайған,
Қалмақты қырса, тыншайған,
Ар алған талай қамалдан,

Мұсылманның батпай жатқан жауынан
Оза шауып, талай жол алған,
«Аттанды», – деп есітіп,
Қорыққаннан, ерлерім,

Кетпей тұр аузым тобамнан, 110. Кетпей тұр қолым жағамнан,

Сәлем хат осы жеткен соң,
«Аламанды бастап келер», – деп,
Дәмелі болып мен тұрмын
Қарт Нәрік сынды ағамнан.

Және дұғай сәлем айт!
Қалмақтың алған елдерін,
Елін жаман бүлдіріп,
Тартып алған жерлерін,

Тартып алып, меңгерген 120. Дария, шалқар көлдерін,

Біздің елге қарай бағыттап,
Менің келді жансызым.
«Аттанды», – деп айтып тұр, –
Есіктегі күң менен,

Құл болмаса қойдағы,
Қалмақтардан бұл күнде
Бізге қарай бағыттап,
Аттанды, – деп айтып тұр, –

Қыбырлап жатқан аймағы». 130. Мына сөзді естіп,

Есіме түсті қайдағы.
Бұ да келсін, батырым –
Қыдырбайдың ұлы ер Қобылан
Туа бастан ер болған.

Ерлігінің белгісі –
Қолына талай ел қонған,
Оза шауып, олжа алған,
Жасанған жауға қол салған,

Айдарлысын құл еткен, 140. Тұлымдысын күң еткен,

Алдына айдап мал салған,
«Қайратың қандай хансың»? – деп, –
Иә, бір қыбырлаған жансың», – деп,
Сәтемір хан мен Сәтті хан –

Екі бірдей ақ сұлтан,
Екеуіне де хабар, жар салған.
Алмасын шапса, кеседі,
Жау көрсе, көңлі өседі .

Қайратын көзім көрген жоқ, 150. Қыдырбайдың ұлы Ер Қобылан,

Атын айтып әркімдер,
Мұны да «Қобылан, Қобылан» деседі .
Және дұғай сәлем айт!
Алтын сарай ішіне

Ерлердің бәрін жидырған,
Садақтың оғын құйдырған,
Мылтық пенен зеңбірек,
Мұның да оғын жидырған.

Атасы өткен Бүркіт хан, 160. Билеген елі бес мың сан.

Қаумасынан кетпеген
Бас көтерген мұсылман.
Дұшпанға қарсы шыққанда,
Оқ дәрісін арттырған,

Арбаға пұттап тарттырған.
Жөнелер кезде той етіп,
Ат бәйгісін шаптырған.
Бір параға нар беріп,

Бір параға ат беріп, 170. Бір параға сарпай жаптырған.

Байтақ малды сойдырған,
Астана жұртын тойдырған,
Аламанның сыртына
Күзетші, сақшы қойдырған.

Қара көңіл жаманды
Сағатқа қоймай, жойдырған.
Шариғаттан басқаны
Құлағына алмаған.

Өз көзімен көрмесе, 180. Айтқан сөзге нанбаған.

Руза мен бес намаз
Біреуін қаза салмаған.
Уәде, қаулы етіссін,
Уәделерін бекітсін,

Сәлем хат осы жеткен соң,
Бүркіттің ұлы ер Әділ –
Бұ да қалмай жаудан, жетіссін.
Және дұғай сәлем айт!

Күндік жерден оқ атқан, 190. Атқан оғын алты қырдан асырып,

Ерте тұрып, кеш жатқан,
Күндіз жүріп, түн қатқан,
Қабағына қарыс сүйемге
Жақын мұз қатқан,

Айдаһармен, аюмен
Қойындаса келіп бір жатқан.
Айдаһардың ішкен су
Қордасынан келіп дәм татқан.

Астында мінген тұлпары – 200. Қабан құлақ қараша ат

Дұшпанға қарсы шапқанда
Қаршыға құстай парлаған.
Айдаһардың жүрегіне
Қолдарын салып барлаған,

Дулығалы бастарды көп кескен,
Дұшпанды көрсе, өштескен,
«Менің жебедей жауһар қияғым –
Өлді, – деп тұр ғой, – Орағым».

Орағымнан қалған қарағым – 210. Айналайын Қарасай,

Аламаннан қалқам, қалмай, кел,
Қабыл болсын талабың!

Осы хатты оқығасын, атағы шыққан батырлар баруға даярланып, қару-жарақтарын, әскерлерін дайындай бастады. Қарасайдың мінуге аты, тағынуға қару – құралы болмайды. Қарасайдың ат алуға және пұлы да болмайды. Қарасай: «Бұл патша менің атымды, тумай жатып, қайдан білді екен? Бүйтіп, жұрт қатарынан қалғанша, өлгенім артық қой», – деп, жұрттан жасырынып қашып, екі ауылдың ортасындағы бір апанға келіп, жылап жатады. Қарасай жылап жата тұрсын. Ендігі сөзді Қарасайдың шешесінен естіңіз. Орақ батыр тірісінде Алауса – Масал деген қалмақтың қаласын шауып, көп әскермен келе жатып, бір ауылдың деніне келгенде, ол ауылдан бір қыз сияқты ақсақ әйел адам дәретке отырған екен. Дәретін болып, жүре бергенде, дәрет еткен жерінен аспанға қарай қара түтін көтеріледі. Сонда батыр: «Апыр – ай, мынау тегін түтін емес!» – деп, атын бауырға салып жіберіп келсе, жаңағы қыздың дәреті жерді күйдіріп, түтіні аспанға шығып жатыр екен. Соны көреді де, батыр әскерін сол араға түсіреді. Өзі қасына Қосай деген батырды ертіп, ауылға түсіп, сұрастырып қараса, ауыл Шәлгез деген батырдың ауылы екен. Қыздың оң қолы жазылмайтын бүкір екен, бір көзі соқыр екен. «Батырдың қызы бар», – дегенді естіп, байдың ұлы – мырза, бидің ұлы – шора, әнші-домбырашылар айттыруға келіп, көреді екен. Көрсе, әлгідей жеті мүшесінің үшеуі жарымжан болғасын, алмай кететін көрінеді. Ауыл иесі дана, қатыны өлген қырқар, тоқал құмар шалдар: «Бала көтерсе, болады», – деп айттырса, оған қыз бармайды екен. Сөйтіп жүргенде, қыздың жасы қырықтың біреуіне келген екен. Сонда Орақ батыр сол ауылда отырып қызбен бетпе-бет сөйлесіп, оны әйелдікке сұраған. Сұраса, әкесі. «Берем», – деген, қыз да: «Осы кісіге барам», – деген. Орақ батырдың ол уақыттағы ойы: «Осы әйелден бала туса, өзімнің аруағымды ұстайтын бала туар», – деп ойлап алған екен. Бұл кісіден үш бала туады.»Олар – Қарасай, Қибат, Қази. Шешесі, үлкен баласы – Қарасай “апанда жылап жатыр», деген соң, өзі баласына келген екен. Сондағы айтқаны:

“Пәруардігер Жасаған,
Өзектің жолын өртеттің,
Жүректі қайғы, дерт еттің.
Қарасайдай қарағым,

Ішкі сырыңды айтпастай
Мұнша неге серт еттің?
Атаға тартпас жаман боқ,

220. Сенің жау жаулаумен ісің жоқ,

Саған тисейші жалғыз оқ.
Қарғаған қарғыс жетті ме,
Біреудің сөзі өтті ме?
Иә, болмаса, шырағым,

«Жасы кіші бала», – деп,
Біреу зорлық етті ме?
Не қылайын, Жасаған?
Бұл күндері болғанда,

Ақ сұңқар құстың баласы 230. Құладын болып кетті ме?

Сенің атаң сұлу таңдаған,
Асылын жұрттың аңдаған.
Сонда менің аяғым ақсақ,
Көзім көр еді-ау,

Мені айттырып, соңымнан қалмаған.
«Асыл бала болар, – деп, –
Ажалым жетіп, мен өлсем,
Аруағым сонда қалар», – деп,

Сөйтіп алған мен едім. 240. Бір жеріңнен дәмем бар,

Сен бойыма біткенде,
Айдаһардың мен жедім
Жауырыны мен төс етін.
Және алдырып бір жедім

Көзі менен ернін,
Бұдан да жерік қанбаған.
Қанбағасын, қарағым,
Аюдың жедім қол етін,

Жолбарыстың жедім сан етін. 250. Пілдің жедім сан етін.

Атаға тартпас жаман боқ,
Төсекте жатып жылаумен
Өлер болдың ба, сен жетім?
Отын алып, от жақсаң,

Таяқ алып, мал бақсаң,
Өз – өзіңе пышақ сал,
Қазаңнан бұрын өле қал,
Көре көрме тіпті ел бетін.

Мен өз-өзімнен еліктім, 260. Сен бойыма біткенде

Жеті айдаһар жыланның,
Тірідей қосып, басын бір шайнап,
Сонда қандырған
Бейбақ едім-ау жерікті”.

Сонда Қарасай апаннан шығып, шешесіне сөйлейді:
«Келіп тұрған қарт ана,
Ақылың асқан сен дана.
Айтпасам, нені білесіз?

Мен бүгін тойға барғанда,
Қатар – қатар ат келді.

270. Ат үстінде бір азамат –

Хабаршы бір адамзат келді.
Ұзындығы – үш құлаш,
Көлденеңі – бір құлаш,
Бойға таза сақтаулы,

Алтын сырмен қаптаулы,
Алақандай мөр басқан,
Оқыған адам адасқан,
Бір қызыл печатты хат келді.

Оқытып, тыңдап қарасақ, 280. Қондыкердей Ноғайлы

Патшаның жазған хаты екен.
«Еліме қалмақ келді, – деп, –
Аңсырап жүрген ерлердің
Тілеуін Алла берді, – деп, –

Күзбан деген – күшті жау,
Мұны келіп көрсін, – деп, –
Тәңірім берсе тілекті,
Қозы жауырын қол оқпен

Сыбағасын берсін», – деп, 290. Ерлердің бәріне де сәлем жазыпты,

«Аруақты батыр баласы –
Қарасай да қалмай келсін, – деп, –
Атаға тартпас бұл болса,
Мал бағу үшін туған құл болса,

Үйінде жатып өлсін», – деп.
Мен сорлының атымды
Қағазға патша іліпті.
Патша қайдан біліпті?

Көрмесін патша жорықты, 300. Патша қайдан білді екен

Мендей жетім ғаріпті?
Барайын десем бұл жауға,
Атсыз қайда барамын?
Егерде атсыз жөнелсем,

Маңдайымды күн тесіп,
Табанымды жер тесіп,
Бір майданда қалармын.
Атамнан қалған тұлпарым –

Қабан құлақ қара ат жоқ, 310. Атасы кәпір дұшпанға

Жаяу бармақ санат жоқ,
Ұшайын десем, қанат жоқ.
Өзім барып, алмадым
Қалмақтың соққан қаланы.

Етіме қажау салдырып,
Түсірмедім жараны.
Мен қалмаққа бармасам,
Атаның орнын алмасам,

Жұрт келемеж етеді. 320. Жұрттың еткен күлкі сөз

Сүйегіме жетеді.
Мұндай қорлық көргенше,
Жасымнан өлсем, не етеді?
Тәңірім, тілек бермедің,

Көздің жасын көрмедің.
Астымда атым бар болса,
Айналайын қарт ана,
Жауға бармайтын

Жаман туған сенен мен бе едім?

Сонда кемпір баласының сөзіне қуанып: «Атың жоқ болса, атың табылады, Азды – көпті малыңды бер, оған түспейтін болса, қарындасың – Қибат сұлу бар, бір-жар қараның жетпесіне алса, мені де бер, қалай да ат тауып, жауға аттан, қатарыңнан қалма», – дейді. Бірақ бұл сапарға тек тұлпар жарайтын болады. Сондықтан төрт жігітке ат қаратып жіберді. Және: «Тұлпарды сендер танымассыңдар, тұлпар деген жусаған сағатта басын сауырына салып, құс құсап жусайды. Егер осындай ат табылса, арығына қарамай, саудалаңдар, – дейді. – Басқа ат саудаламай -ақ қойың», – дейді. Ат іздеген жігіттер бір жерде бір кәрі тарланның басын сауырына салып жусап тұрғанын көреді. Атты елдің ортасына қарай айдап келіп, сұраса, бұл аттың иесі Көкшенің ұлы ер Қосай деген кісі екен. Қосай сол кезде тоқсанға келіп, алжып жатыр екен. Қосайға келіп атты сұрап қараса: «Әлі жаудан ойым бар», – деп, атын бермейді. Келген жігіттер ұзақ саудаласып, атты алатын болады. Сонда Қосай Қарасайға мынадай сәлем айтады: «Менің атыма 9 құл, 9 күн, 9 сусар тон және Ноғайлыдағы сұлу қарындасы – Қибатты маған тоқалдыққа береді», – деп сәлем айтады. Қарасай осыған келісіп, атты алған екен. Келген атты таң асырып байлап қояды. Таң ата Шолпан жұлдыз белгі бере бес қаруды белге байлап, ат мінейін деп келсе, қарындасы – Қибат аттың шылбырын беліне орап алып, мыне сөзді айтады: 330. «Ардақты ағам – Қарасай,

Менен үлкен сен едің,
Сенен кіші мен едім.
Атам – Орақ өлгелі
Қайғы мен уайым жеп едім.

Атам тірі тұрғанда,
Қай қазақтан кем едім?
Жамандарға көп едім,
Жақсыларға еп едім.

Атқа тұрман саласың, 340. Жалғыз тайға саудалап,

Мені сатып, барасың.
Мен қарғасам, тай өлер,
Ит пен құсқа жем болып,
Бір жапан түзде қаласың.

Жүретін едім сағынып,
Жалғыз тайға сатқандай
Күнәлі болдым, не қылып?
Күнәсіз болсам, Қареке,

Сенің өлгенің жақсы, қағынып. 350. Мырзаға көңілімді бермеген

Сұмырай басым, қайтейін,
Бір алжыған қақбасқа
Қаламын ба бағынып?
Алманың мойным сабындай,

Менен ару бар ма еді
Мүниям жатқан Табыңда-ай?
Ашпаған екен бағымды-ай!
Бір жаратқан Аллаға

Мендей жетім не қылды-ай?! 360. Маңдайым күндей балқыған,

Ажарым нұрдай шалқыған,
Қастарым қама құндыздай,
Көздерім Шолпан жұлдыздай.
Қасиетіме қарасам,

Атқа таққан андыздай.
Жылатып шалға берер ме
Мендей сұлу жалғызды - ай?
Шал аузына қор қылма

Жауқазындай етімді, 370. Күн көрмеген бетімді.

Менің ағам сен болсаң,
Жаман көрдім ниетіңді.
Көп өтініш етемін,
Тілімді алсаң, ағажан,

Жылатпа мендей жетімді.

Сонда Қарасай қарындасынан жеңіліп, тумаластық еске түсіп: «Қарағым, сені жылатып кеткенше, жаяу кетейін», – деп, аттан секіріп түсіп, бес қаруы белінде, жаяу жүгіріп кетеді. Ел тоқтатуға қорқады. Шешесі мүгедек, үлкен кісі ғой, қоштасып, үйде қалған екен, соған халық хабар берді. «Бір себеп болып, балаң жаяу кетті, ол жауға да, ауылға да жете алмайды, далада қалады», – деп хабарлайды. Сонда кемпір тұра жүгіргенде, ұйықтап жатқан баласы – Қазидың басына сүрініп жылады.

Сонда Қазидың басын ұстап отырып айтқаны:
«Басыңды көтер бермен, Қазижан,
Атады бізге, не қып, таң?
Жаңа келіп отырмын,

Аузымнан кетіп қара қан. 380. Жаяу кетті жалғызым,

Болмады айла етерге.
Алған атын бермеді.
Айтсам, сөзім өтер ме,
Соңынан қуып жетерге?

Есіктің алды қос терек,
Біреуі бар да, бірі жоқ.
Бір желіде – қос тұлпар,
Біреуі бар да, бірі жоқ.

Бір ұяда отырған 390. Бір лашын, бір сұңқар,

Біреуі бар да, бірі жоқ.
Бір айдаһар, бір жылан,
Оның да біреуі бар да, бірі жоқ.
Ойлап-ойлап, қарасам,

Айым жатыр, күнім жоқ.
Көкірегім толған шер,
Енді болдым қара жер.
Жаңағы кеткен қарғама

Бабай түкті шашты Әзиз, 400. Сыртынан қолдап, көмек бер».

Сонда ұйқыдан оянып, Қази ағасын сұрап, кетіп қалғанын естіп, тұра жүгіріп келе жатып айтқаны:

Мына сөзді естіп,
Ұйқыдан Қази тұрады.
«Қарекем қайда кеткен?», – деп
Анасынан сұрады.

Сұрады да, жылады,
Жылады да, жүгірді.
Жүгіре-жүгіре келеді,
Бұ да жаннан түңілді.

Сөйтіп жүріп, сөйлейді: 410. «Қолымнан кетті көмегім,

Белімнен кеттің демеуім,
Алланың берген медеуім.
Жалаң аяқ, жалаң бас
Жүгіре-жүгіре келемін.

Әлдеқашан көремін?
Көре алмай қалсам осыдан,
Қайғы менен қан жұтып ,
Қайғырып мен де өлемін.

Ішіп-жеуге нәрім жоқ, 420. Бір Жаратқан Алладан

Болмаса менің қорегім.
Айрылып қалдым мен жалғыз,
Алла қылды, амал жоқ.
Енді байқап қарасам,

Қарасай – ағам маған жоқ.
Еңіреп қалған Қази саған жоқ.
Айбары едің елімнің,
Елімде сендей адам жоқ.

430. Халқымның кетті қаласы, Сонда ұйқыдан оянып, Қази ағасын сұрап, кетіп қалғанын естіп, тұра жүгіріп келе жатып айтқаны:

Мына сөзді естіп,
Ұйқыдан Қази тұрады.
«Қарекем қайда кеткен?» – деп,
Анасынан сұрады.

Сұрады да, жылады,
Жылады да, жүгірді.
Жүгіре-жүгіре келеді,
Бұ да жаннан түңілді.

Сөйтіп жүріп сөйлейді: 440. “Қолымнан кеттің, демеуім,

Алланың берген медеуім.
Жалаң аяқ, жалаң бас
Жүгіре-жүгіре келемін.
Әлдеқашан көремін?

Көре алмай қалсам осыдан,
Қайғыменен қан жұтып,
Қайғырып, мен де өлемін.
Ішіп-жеуге нәрім жоқ,

Бір Жаратқан Алладан 450. Болмаса менің қорегім.

Айрылып қалдым мен жалғыз,
Алла қылды, амал жоқ.
Енді байқап қарасам,
Қарасай ағам маған жоқ.

Еңіреп қалған қарт ана,
Қарасай мен Қази саған жоқ.
Айбары едің елімнің,

460. Елімде сендей адам жоқ.

Халқымның кетті қаласы,
Айдаһардың кетті баласы.
Бастыратұғын болмады
Табандарымның жарасы.

Жасаған Жаббар Құдай-ай,
Бұл күндері болғанда,
Аңдып жүрген дұшпанның
Қанатын болды табасы».

Қази жылап келе жатқанда алдыңғы кеткен Қарасай шаршап-шалдығып, енді жүруге әлі келмей, табаны тесіліп, маңдайы кесіліп, бар киімін шешініп, екі аяғын көсіліп, майдан далада, тау шатқалды салада есі кетіп еңіреп, аузын ашып отыр екен. Үстіне Қази келіп, екеуі жарлылықты, жоқтықты айтып отыра береді. Сонда қарындасы – Қибат ауылда отырып, әр түрлі ойға кетеді. Қосайдың Тарланын алып келген күні түс көріп, бұл кеткенде, Қарасайдың жауды жеңе алмайтынын біледі. Қази да жаңа түс көріп жатқанда, шешесі оятып жіберген екен. Қибат ойлап-ойлап: “Атты апарып берейін, көнсе, екеуін, көнбесе біреуін алып қайтайын”, – деп Тарланға мініп, арттарынан қуып жетіп, Қарасайға сөйлеуге қорқып, Қазиға айтқаны екен:

– Кел, Қазижан, елге қайтайық,

470. Ағамен қош-қош айтайық.

Қареке, кетіп барасың,
Көрерміз бе енді біз жарық?
Біздер шулап жылаймыз
Құс ұшпастың құба шөлінде.

Орақ, Мамай хан болған
Он сан Ноғай елінде.
Жолдасыңды жауға тастасаң,
Халыққа қайта көрінбе.

480. Ұйқыда жатып түс көріп,

Бір ғаламат іс көріп,
Ат бермей қалдым сынарға.
Атам – Орақ, Мамайдың
Сүйегі тұтам асылды-ай.

Келген жері бар ма еді,
Барса, жауын қашырмай?!
Сол атаның орнын алдырма,
Етіңе қажау салдырма.

Буыршын мен бесті атан, 490. Құладын құсқа да шалдырма!

Айналайын Қазижан,
Еділ қайда, ел қайда?
Болып тұр ма, қарағым,
Сенің де көкірегіңе жел пайда?

Қайсыбірің мінерсің
Айналдырған бір тайға?!
Ойлап-ойлап қарашы,
Орынсыз қалып, шұнайма!

Сонда Қазидың айтқаны:

– Апырмау, қалай сөйлейсің?

500. Мен артыма, апа, қараман,

Семірген атам жарадан.
Көкемді жалғыз жіберіп,
Мұнда не қып қаламын?!
Ауырып өлсе бір жерде,

Сүйегі қалмай ма далада?!
Атадан жетім қалдырды
Құдіреті күшті Жасаған.
Жер тебіренткен Орақты

Сұм қара жер асаған. 510. Көкемді жалғыз жіберіп,

Мені қара баса ма?!
Мұнда қалып, мен енді
Не бұйымға асамын?!
Шыққанмын жаяу елімнен,

Қоштасқанмын шығарда
Асу асқар беліммен,
Мамыр үйрек, қаз бен қу,
Шағалалы шалқар көліммен.

Мен, саулық баста тұрғанда 520. Қорқа алмаспын қалмақ ерінен.

Ажал нәубет келген күн
Қай пенде қашып құтылған
Алланың қазған көрінен?!
Апеке-ау, қалай сөйлейсің?

Мен де – бір белгілі туған перімін.
Мен көкемнен тіпті қала алман!
Мен бойына біткенде
Жеріген Анам арамнан.

Көкемді жалғыз жіберіп, 530. Мен кең қонысқа қарай

Тіпті бара алман.
Және мен құладын құсқа көз салып,
Қанжығама қаранғам.
Не қылып шыдап тұрармын,

Жіберіп тұлпар қарамнан?!
Ноғайлының ерлері
Түсімде торға оралған.
Торға қалды оралып.

Келер жылы болғанда, 540. Екі құс барды соңынан,

Шалқұйрықтарын таранып.
Торға қарай құстар түйілді,
Қанаттарын қомдап, шүйілді.
«Неге жаздым торды?» – деп,

Тордың иесі күйінді.
Осы сапар қайт, аға,
Сұраймын сізден бұйымды.
Тыңдамасаң айтқанды,

Шығарарсың жаудан шиіңді.
Сонда Қарасайдың берген жауабы:

550. – Азып тұрған кілең боқ шіркін,

Мұндай сөзді сөйлемей,
Апаңменен елге қайт.
Қазижан мен Қибатым,
Жер тепкілеп ырғиды

Байлаулы тұрған Ғиратым.
Алла берсе тілекті,
Шығарармын жаудың биратын.
Қазам жетсе, өлермін.

Қазасыз болсам, келермін, 560. Бітпеген болса ажал ширатым.

Және айтамын сіздерге:
Ажал жетсе, өлермін.
Атам – Орақ, ер Мамай
Бүлдірмеген жаудың нелерін?!

Бөрі тиген қойдайын
Ортасынан бөлермін.
Мен – бір қайнаған қара бұлтпын,
Желге қарап өрлеген.

Жаудан қорқып тұрар ма, 570. Асыл болса ер деген?!

Атам – Орақ, ер Мамай
Қасарған жауға: «Кел!» – деген.
Мен – бір жез бұйдалы нар тайлақ,
Сүйретіп жез бұйдасын,

Желге қарай өрлеген.
Және мен – жез шынжырлы құнан піл,
Сүйкенермін барып қалаға,
Тәңірім берсе тілекті

Сонда біздей жетім балаға! 580. Сен апакеңмен елге қайт,

Алды-артыңа қарамай.
Мұнша жерге келгенсін,
Кеткенімді халық білген соң,
Енді елге қайта жүгіріп,

Мен бір доп ойнауға шыққан бала ма?
Айналайын інім-ай,
Қызғалдақтай қызыл гүлім-ай,
Енді ауылға мен қайтсам,

Ұят болмай ма мұным-ай?! 590. Алып келермін Қосайдың

Тоғыз сусар қара тоны мен
Тоғыз күң мен тоғыз құлын-ай.
Ұйтқыған жүрек басылмас,
Бір тайпа елге ұрынбай.

Сендер айтқан түстерді
Мен де көргем бұрында-ай.
Бірақ атам – Орақ, ер Мамай
Талай түскен тіркеуге,

Мұнан да келген аман-сау, 600. Мұрындығы жырылмай.

Сен апаңмен елге қайт,
Мен кетейін енді бұрылмай.

Осы сөзді айтып, Қибат пен Қазиді елге қайтарып, өзі көк Тарланмен тартып кеткен екен. Көк Тарлан әрі арық, әрі кәрі, әрі бапталмаған. Соған қарамай, әуелгі екпінімен шаңды шаңға ілестірмей, Қибат пен Қазидың көзінен ғайып болады. Әрі-бері шапқаннан кейін тұлпардың екпіні қайтып, тек желе шоқырақтап отырады. Содан батыр тұлпардан күдерін үзеді. Тұлпар екпінімен елден он екі күндік жерге ұзап кеткен екен. Қарасай: “Бұл мені енді елге де, жауға да апармайтын болды, мені далаға қалдыратын болған екен”, – деп қылышты суырып алып, бір жерді белгілеп алып, «Соған дейін шапсаң, шабасың, басыңды өзім-ақ алайын», – деп, тебініп жіберіп, шаба жөнеледі. Осылай шауып келе жатқанда бірте-бірте тұлпардың шабысы үдей бастайды. Қарасай байқап қараса, екі құлақтың түбі, сауыры терлей бастаған екен. Сөйтіп шауып келе жатып, тұлпар үш рет үш қаптай ішіндегі тезегін тастап, ішін тазартады. Батыр мойнын бұрып, аттың сауырына қараса, сауырдан ақ көбік жаңа шығын келе жатыр екен. Ақ көбікті көрді де, батыр тақымын қысып, тұлпардың басын қоя береді. Сонда тұлпар бүктеледі, жазылады, шапқанда, артында ошақтай ізін қалдырады. Шаңды-шаңға қосқандай, ұшқан құстың алдын тосқандай, құйрық-жалы аспанға көтеріліп, шуылдай береді. Тұлпар шауып, жерде келе жатыр ма, ұшып, көкте шауып келе жатыр ма, – бұл батырға белгісіз болады. Сонда батыр аттың шабысынан қауіп етіп, тұлпардың басын тартайын десе, әл бермейді. «Апырай, бұл қалай болды? Алдымнан асқар тау шығып, соғар ма екен немесе дария болып, соған салып кетер ме екен?» – деп, аттың шабысынан сескенеді. Сөйтіп келе жатқанда алдынан бір төбе кездесіп, соның өріне қарай шауып, үстіне шыққанда, басына әлі келіп, атты тоқтатып, секіріп түсіп, жетелеп жүріп қараса, баяғы өзінің жас күніне қайта түскендей екен. Бұрынғы жамандықтың біреуі жоқ, шекесінен қарайды, аяғын кербез басады, баяғы тердің бірі жоқ, шауып келе жатқанда кеуіп кеткен екен. Міне, көк Тарланның ащы тері кетіп, тұлпар қалпына түсіп, батырдың тұлпарға риза болған жері екен. Батыр шаршап тұрып алдына көз салса, көп қара көрінген екен. Бірақ Қарасай оның жау екенін немесе ел екенін, немесе алдыңғы кеткен қол екенін біле алмайды. Батыр сонда өзінен-өзі қапа болады. «Не де болса, бара көрейін», – деп, атқа мініп, тұлпарды қараға қарай қоя беріп келе жатып айтқаны екен:

Ал, көзіме көріндің,
Көтергейсің, Алла, белімді.
«Көп екен», – деп, мен тайсам,
Бергенің жақсы өлімді.

«Бұл жорықтан қалма! – деп,
Қалсаң, перзент болма!» – деп,
Түн ұйқыда жатқанда

610. Атам Орақ келіп көрінді.

Қалмақтың келдім жеріне,
Көрінген қара еліне.
Жау көрінді көзіме.
Тебіренер ме екен сөзіме?

Атам Орақ, қайдасың?
Медет бергейсің өзіме!
Атаға тартқан ұл болса,
Көптен көмек сұрар ма,

Келген соң жауға кезіне?! 620. Кел, тәуекел қылайын!

Әулие мен Әнбие,
Жар бола гөр жұбайым!
Мерт қылмағай дұшпанға,
Жаратқан Жаббар Құдайым.

Бабаларым, Шашты Әзиз,
Ер қайратын сынайын.
Тәуекел еттім қыларға.
Батырлар жауға құмар ма?

Көкіректің шерлері, 630. Соғыссам жаумен, шығар ма?!

Мен – бидайық, қырғимын,
Шабытым келсе, шүйілемін
Қалмақ шіркін – қаз, торғай,
Құстарды келдім қуарға.

Мен – көк жал бөрімін,
Сан мың көпек алдымда
Қарсы шыдап тұрар ма?!

Қарасай қараның ортасынан қақ жарып өте шығып, қылышын суырып, қайтып келсе, бұл ел де емес, жау да емес, бұрынғы кеткен Қырымның қырық батырларының әскері екен. Олар өздерінің қайсысын хан сайлауға білмей, біреуі: «Мен!» – деп, екіншісі: «Мен!» – деп, соған өз ара таласып жатыр екен. Қарасай келіп көріп: «Мыналарың дұрыс емес. «Жау көрмей, жаман бүлінеді», – деген нақыл сөз бар, жау бізге әлі алыс болу керек. Біздің атамыз – Орақ пен Мамайдың менің жас күнімде айтқан әңгімесіне қарағанда, мына жерлердің белгі-белгісі соған келеді»,– деп айтқан екен:

«Құлақ салсаң, ерлерім,
Атамнан қалған есімде,
Көріп тұрмыз бүгін бесінде.

640. Бұл бағытқа жүргенде,

Кездесер, – деп еді, – Бұлдыртау.
Ар жағында бар, – дейтін еді, – бір Құрғыртау!»
Көрінген сонау екі жол
Екі аттыға тар болар,

Қиыншылығы да үлкен бар болар.
Әскері екі бөлініп,
Бірін-бірі көргенше
Бір жетіге шейін зар болар.

Құрғырдың тауынан өткенде, 650. Қиғаш тауға жеткенде,

Біз іздеген дұшпаннан
Бейне белгі, сірә, бар болар.
Тәуекел етіп жүрелік.
Ғайып ерен, Қырық шілтен,

Алланың өзі жар болар.

Қарасайдың мына сөзін естігеннен кейін батырлар ойға қалды. «Мына Қарасай Орақ батырдың баласы еді, осыны ортамыздан хан сайлайық. Орақ батырдың аруағына тап болармыз»,– деп ойлайды. Сөйтіп, орталарынан Қарасайды хан сайлайды. Сонда бір батырдың тағы бір айтатыны болды. Ол: «Қарасайдың айтуы бойынша, мына жолдан өткенде әскер екіге бөлінетін болып тұр, сондықтан екінші әскерге хан етіп Бүркіт ханның ұлы – Әділді сайлайық»,– деді. Бұны батырлардың бәрі қуаттады. Әскерді екеуі тең бөліп алып, жүріп кетеді. Қарасайдың айтқанындай, бір жетіден кейін бірін бірі көріп, қуанысып, сол жерге түсіп, дем алысады. Қарап жатқанша, алды болжау үшін барлаушылар жібереді. Бұлар: Қарасайдың әскерінен Тама, Әділдің әскерінен Қарсының ұлы Ер Тарғын болды. Екі батыр Қиғаштың басына шығып, арғы жағына қараса, көз жетпейтін дария екен. Қарап тұрса, дарияның енсіздеу жерінің жағасынан бір қара көрінеді. Келіп қараса, тастан қалаған бір оба тас екен. Тасты қарап жүрсе, бір қақпақ таста мұсылманша ойып жазылған жазуды көреді. Жазуды оқып қараса: «Менің атым – Орақ. Мен дарияның осы енсіздеу жерінен жер асты арқылы арғы бетке өтетін жол салдым, жолдың аузы – осы оба. Егер Ноғайлы батырлары Күзбанның шаһарын іздеп келе қойса немесе ат тұяғын салып келсе, менің соларға тастап кеткен белгім. Қолдарына шамшырақ алып, аттарына мініп, арғы бетке өтсе, қалмақтың берік соққан қамалы бар. Бұл жолды салған мен қайта айналып келем бе, болмаса, ажал жетіп, өліп қалам ба? Сондықтан ескерткіш ретінде салған белгім еді. Мұсаұлы Орақ»,– деп қол қойған екен. Сонда батырлар обаны құлатып жіберіп, қарап жүрсе, ұзыны да 100. қадам, ені де 100. қадам болатын тас бар екен, екеуі күш қосып, аударса, астынан үңгір көрінеді. Аттарын белдеріне байлап, қолдарына шамшырақ алып түсіп, арғы бетке шықса, берік соққан қалмақтың қамалы көрінеді. Әбден ойларына тоқып, қайта келіп, әскерге берген жауаптары екен.

Бірінші Тама сөйлейді:

– Ал, барып келді Таманыз,

Көп жиналған ағамыз,
Адам көрмеген қиын жолы бар,
Келер ме, ерлер, бұған шамаңыз?

660. Алладан жәрдем болмаса,

Қайтер екен бала-шағаңыз?
Осындай қиын жолы бар,
Сескеніп келді Тамаңыз.
Орақтан да қалған қала екен.

Бұған қайтіп барамыз,
Бұны қайтіп аламыз?
Асты – тас та, үсті – жол,
Қараңғы жерде жолы бар.

Жүре алмайтынға 670. Ұқсайды ауыр қол.

Жолының барған төрінде
Беріктік соққан тас қала,
Айнала қазған оры бар.
Қаласының басында

Асылы гауһар болаттан
Құрулы жебе торы бар.
Енділігі – қырық аршын,
Ел жағалай қонғандай.

Сол қамалдың басына 680. Шабуыл шапсаң да болғандай.

Сырты темірмен қаптаулы
Мұнараның басында,
«Мұсылмандардан жаулар келер», – деп,
Күзетшілер тұр сақтаулы.

Қорғанның басында
Қырық мыңдай мергені тұр сақтаулы.
Бұл қалаға барған жан
Бір пәлеге анық жолығар, –

деп, Тама сөзін аяқтайды.

Сонда батырлар не қыларын білмей, бір-біріне қарасқан екен. Топ ішінде тұрған Тарғын: «Мен де сол кісінің жолдасымын ғой, мен де көрген-білгенімді айтайын»,– деп мына сөзді сөйлеген екен:

– Батыр Тама, ер аға,

690. Ойпырмау, қалай сөйлейсің?!

Мен де көрдім қалмақтың қаласын,
Жұрттың көрдім қаласын.
Аруағыңды қарасам,
Қаптаған қара борасын.

Сенен де батыр болар ма?
Жұрттың жүрегін жарасың,
Жұртқа уайым саласың.
Қазулы жатқан орлары

Ат зарпынан жол болар. 700. Беріктік соққан тас қала

Ерлерімнің зарпынан,
Ақырса, кесек, күл болар.
Қалмақтың қызы күң болар,
Солқылдаған мырзасы

Табанға түсіп, құл болар.
Ат жарағы, аламан
Біздерге қара, пұл болар.
Жұрттың зейінін құлатпа,

Жұртты босқа жылатпа, 710. Қаларсың, қайтсаң, ұятқа.

Қалаға қарсы біз барып,
Өлгендерін өлтіріп,
Қалғандарын бір қосып,
Кәлимаға тілін келтірсек,

Жетпейміз бе мұратқа?!
Сіз айтқан сөз де ып-рас:
Қаласының басында
Жаюлы тұрған торы бар,

Айнала қазған оры бар. 720. Айтпай кеттің сен жаңа,

Айдын шалқар соры бар.
Қалаға қарсы барғанда,
Қатындар қалар, ер барар.
Соған барған аламан

Қарық олжаға мол болар.

Батыр екеуі екі түрлі хабар айтқаннан кейін жұрт: «Қалаға апаратын жол болса, қаланы қалай да аламыз», – дейді. Батырлар Тама мен Тарғынның бастауымен, қолдарына шамшырақтарын алып, Орақтың жолымен қала жаққа шығады. Батырлар байқап қараса, Тама батырдың айтқанының бәрі рас болды. Бұл уақыттарда қалмақтар жауды көріп, соғыс дабылын қағып, дайын тұрған мергендер ата бастайды. Қамалға кіруге ешқандай мүмкіншілік болмайды. Сондықтан атақты батырлар аттарын жеңілдеп, қалаға штурм жасайды. Сонда қаланың ішіне бару үшін тұлпарларын әуелі сорға, сосын орға, сосын торға, сосын қалаға секірту арқылы жететін болады. Сөйтіп, қалаға бір кіріп, бір шығып жүргенде, ту алып жүрген Әділ жоқ болып шығады. Және әскер көп қырғынға ұшырайды. Сонда Қарасай қалаға тоғыз кіріп, Әділден еш дерек таба алмай (екеуі өмірлік бірін бірі жауға тастамасқа серт етіп, дос болған екен), жауға ұстатпай жүрген Әділдің Ақтабан тұлпарын алып шығады. Бұл сапарда батырлар қаланы ала алмайды. Бірақ батырлардың елге тигізген пайдасы: егер бір-екі күн кешіккенде, Күзбан хан жорыққа жүріп кетеді екен. Батырлар жорыққа дайындағандарының үстінен шығады. Сонда Күзбан: «Біз Ноғайлы елін нашар ел ғой» деп жүрсек, олардың да мынадай батырлары бар екен»,– деп, батырлардан қорқып, енді шабуға шықпай қалады. «Бұл батырлар тағы да қайтып келер», – деп, дайындығын күшейте береді. Қарасай қалған әскерімен елге қайтады. Қарасайдың еш затпен ісі болмай, өзінен-өзі қамығып, Әділдің Ақтабанын жетегіне алып, әскердің ел шетін ала отырып жүре береді. Әскерлер бірнеше күннен кейін елге жақындайды, бірақ мұны Қарасай байқамайды. Елде Әділдің шешесі төбеге шығып күнде баласын қарайды екен. Бір күні қарап тұрса, төбеден құлап келе жатқан көп әскерді, әскердің ел жақ бетінде Әділдің Ақтабанын жетелеп келе жатқан Қарасайды көріп, әскердің санының бұрынғыдан азайып қалғанын біліп, баласына бір сойқанның болғанын біледі. Сонда кемпір: «Көрініп барып сұрасам, айтпас. Не де болса, тосын сұрап, састырып, айттырайын»,– деп әскердің жолына жасырынып, Қарасай тұсына келе берген мезгілде атының тізгінін ұстап, баласын сұрағаны екен:

– Уа, шырағым, Қарасай,

Аман-есен келдің бе?
Қалмақтың жауын көрдің бе?
Менің Әділ сұлтан – жанымды

730. Жауға тастап келдің бе?

Иә болмаса, шырағым,
Өз қолыңнан көмдің бе?
Қарасай достым сен едің,
Әуре бейбақ мен едім.

Екі көзім еңіреуде,
Қайғымен уайым жеп едім.
Сен қасында бар болсаң,
Кешегі Әділ сұлтан – қарағым

Жауда қалмас па екен?» – деп едім. 740. Сол бойыма біткенде,

Балалы пілді асырап,
Пілдің сүтін ішкен де мен едім.
Қарасай, айтшы шыныңды,
Мен алайын тынымды,

Қорқып тұрмын, қарағым,
Көрген соң сенің түріңді.
Әуре қылмай, шыныңды айт,
Қай жаққа тастап келесің

Менің Әділ сынды ұлымды?– деп айтқанда Қарасай жалт қараса, Әділдің шешесі екен. Сонда: – Балаң жауда қалған жоқ, – деп, үйіне қарай кете берген. Өзінің үйіне келгенде, алдынан шешесі шығып, мына сөзді айтқан еді: 750. – Әуре болдым сенделіп,

Талай кездім желденіп,
Жағасы жақұт кіреуке
Жыртыла жазды енденіп.
Кете жаздым, шырағым,

Көрінген жұртқа жем болып.
Айым мен күнің - екеуің
Қосылдың ба жаңа тең болып?
Алғаным кетіп, арланып,

Алғаным қолдан кеткен соң, 760. Айдаһардың екі баласы,

Іздендің талап қарманып.
Тәңірім тілек бермеді,
Көздің жасын көрмеді.
Аян беріп түсіңде

Бабаңыз жәрдем бермеді.
Қарасай, аман келдің бе,
Қалмақтың жауын көрдің бе?
Қасыңдағы әскерің

Бәрі де сау-саламат келді ме?
Мына сөзді естігеннен кейін Қарасайдың шешесіне берген жауабы:

770. – Аруақты қарт ана,

Ақылға кәміл сен дана.
Мен өзім теңімнен кем болып,
Жамандармен тең болып,
Дұшпанға қылған қайратым

Сонда қалды шен болып.
Әділімнен айрылып,
Жез қанатым қайрылып,
Жасыған жездей майрылып,

Осы күнде келемін 780. Қас масқара мен болып.

Өртенді бауыр-үйегім,
Қайғыменен күйемін.
Тоғыз қайтара ат салдым,
Сонда да көре алмадым оның сүйегін.

Қамалға қанша кірсем де,
Әділімді көрмедім.
Қайратымнан не пайда?
Соның жатқан жерінде

Мен де жатып өлмедім! 790. Енді қашан көрермін?

Бір көрмесем, өлермін.
Таңда мақшар күнінде,
Тар көшенің жүзінде,
Бір көрсем, сонда көрермін.

Сонда соқыр кемпір ойлайды: «Бұлар Әділді “өлді” деп, күдерін үзіп келген екен. Әділ менің көрген түсім бойынша өлген жоқ сияқты еді. Шешесі жылап жатырған шығар, көңілін көтерейін», – деп, бір адамға жетелетіп келсе, Әділдің шешесі абысынын көріп, мына сөзді айтқан көрінеді:

– Айналайын, ене-еке,

Мен өз теңімнен кем болып,
Пақырлармен тең болып,
Дұшпанға қалдым жем болып.
Әділімнен айрылып,

800. Жез қанатым қайрылып,

Осы күні отырмын
Қас масқара мен болып.
Жүруші едім сағынып,
Болармын адам не қылып?!

Кешегі менің жалғызым
Жатыр ма екен жерді бағынып?
Қалды ма екен жалғызым
Ақ кіреуке жамылып?

Қолдан жуып қоярға 810. Үйде де өлмеді қағынып.

Кезіп қайда барайын,
Қайдан ақыл табайын?
Маңдайсыз болған арлы қаз,
Сені қайтіп бағайын?!

Бір үйдегі бір-екі жан,
Қайткенде бабың табайын?
Әділ менен Қарасай
Жүретін еді тең болып,

Қалғаны рас-тағы айрылып. 820. Бір көрінсең көзіме,

Өкпемді алып қағайын.
Қара тамақ қамы үшін
Қай есікте жүрермін?
Дорба салып мойныма,

Қайдан тамақ тілермін?
Таяқ алып қолыма,
Неғып жаяу жүрермін?
Жетім қызды құшақтап,

Не қылып дәурен сүрермін? 830. Қарағым келіп қасқайып,

Құдай-ай, қашан күлермін?!
Енді қайтып баруға
Жүрегі де қайтты бұл елдің.
Айналайын қарағым,

Артыңда қалған ағаң жоқ,
Жалғыздықтан жаман жоқ.
Иә болмаса, Құдай-ай,
Артыңда балаң жоқ,

Көкіректе алаң жоқ, 840. Тым болмаса, қарағым,

Артыңда қалған інің жоқ,
Мен сорлыда тыным жоқ.
Халқым қалды қаласыз,
Мен сорлы қалдым баласыз.

Бишара болған сорлы қыз,
Сен де қалдың ағасыз.
Адыра қалған ақ орда,
Әділім саған кірер ме?

Арқасы құтсыз Ақтабан, 850. Әділім саған мінер ме?

Аулымның үстіне
Билер кеңес құрар ма?
Билер басы құралып,
Көңілімді сұрар ма?

Отырсам, не қып тұрармын?
Қарағым еді-ау тұрағым.
Қарағың аман келеді», – деп,
Естір ме екен құлағым?

Алладан үміт үзбейін, 860. Саламат жаны бар болса,

Бір күні келеді-дағы, шырағым.
Сонда соқыр кемпір абысынына мынадай сөзді айтқан екен:

– Жылама, байғұс, жылама,

Жылағаннан пайда жоқ,
Көзіңнің жасын босқа бұлама.
Қаза мен бейнет әуелден
Әр пендеге сыбаға.

Жалына бер, шырағым,
Жаратқан Жаббар Құдайға.
Тұлпарың кетті желіңнен,

870. Айбарың кетті еліңнен,

Қуатың кетті беліңнен.
Кімнің көзі жетіпті,
Көрген түсім шын болса,
Әділің аман еді-ау өлімнен.

Сен Әділден кетпе түңіліп,
Екі көзің көр болар,
«Жолына қараймын», – деп үңіліп.
Қауыл қарап кеткенде,

Жолға талап еткенде, 880. «Енді өлмей, не еткен?» – деп,

Мына кілең боқ жаман
Келіп тұр ғой одан түңіліп.
Жолда жатқан асқар тау,
Жоғалды белден қылыш бау,

Жаулаған талай қалмақ жау,
Тоғыз жыл жатып зынданда,
Орақ пенен Ер Мамай –
Олар да келген бір күн аман-сау.

«Қалды, – деп, – балаң», – налыма. 890. Көзі ұйқыда жатқанда,

Үңіліп едім жолына,
Ұшып барып, тап болды
Қамалдың құрған торына.
Алыстан тұрып, шақырдым,

Кешігіп қонды қолыма.
Әділ аман өлімнен,
Тағы да бір зат, сор маңдай,
Тап болмаса сенің сорыңа.

Төрт түлік қалды жиған мал, 900. Бұл сөзге айтқан құлақ сал.

Болмаса да Әділдей,
Бас-көз болар малыңа,
Қарасай мен Қазидың
Екеуінің, қалап, бірін ал.

Бұл айтқан сөзді естіп, Әділдің шешесі: “Олай болса, баламның досы еді, Қарасайдың алам-дағы”, – деп, Қарасайды алып, отыра береді. Бұған да бір жыл толады. Атақты батырлар жау жаулап тарап кетеді. Бұл күндердің ішінде Әділден ешқандай хабар болмады. Бір күні Әділдің қарындасы Ілия түс көріп, түсінен қуанып оянып, ұйықтап жатқан шешесін оятып, мына сөзді айтады. Бұл кезде шешесі де түс көріп жатыр екен:

– Түрегел, ана, түрегел!

Жаңа менің жан көкем
Қасыма менің келіп жүр,
Қолынан тағам беріп жүр,
Көтеріп, алдына алып жүр,

910. Мойныма қолын салып жүр.

“Қарасайдай досым жоқ,
Көңілімде хошым жоқ”, –
Деп, өртеніп, жанып-күйіп жүр.
“Торға түсіп қалдым”, – деп,

Өзінен-өзі налып тұр.
Кемпірдің сөзі:

– Ұйықтап едім мен жатып.

Келіп жүр еді қарағым
Қасыма менің, сөз қатып.
Және жүр еді қарағым

920. Емшегімнен дәм татып,

Қойныма келіп бір жатып.
Сөйтіп жүріп, айтып еді:
“Жатырмын қалмақ жерінде,
Жеті қабат темір үй,

Темір үйдің төрінде,
Шынжыр арқандармен байлаулы.
Арқандар менің белімде.
Қарасайдай досым жоқ,

Көңілімде хошым жоқ. 930. Кәдірсіз дос мен бе едім?!

Мал ішінен жоғалған
Бір жандықтай көрмеді.
Мен қиында жатқанда
Мойнын тартар ер ме еді?

Ілия мен қарт анам
Жылатқаны оның жөн бе еді?»

Түсті көріп, Әділдің тірі екенін біледі. «Батырларды тағы аттандырып көрейік», – деп, елге сауал салады. Елдегі атақты батырлар тарап кеткен, елде тек Қарасай, Қази қалады. Атағы шамалы батырлар бұрын жүректері шайылып қалған, баруға батпайды. Сонда Қарасай, Қази тәуекел етіп, жолға аттанады. Қази Әділдің Ақтабан тұлпарын мінеді. Бұрынғы көрген жолы бойынша барып, қалаға тимей, сахарада жүріп, қалмақтың еліне күн көрсетпейді. Содан ел запы болып, Күзбанға хабар береді. Күзбан бұлардың: «Екі бала», – дегеніне сенбей: «Бұлар тек екеу болмас, бұлардың артында қолы бар болар. Мыналар соның шолғыншылары болар», – деп, – ұстап алып, қызыққа батайық», – деп, барлық есікті ашып, әскерді сырнай, кернеймін, иттерімен шығарады. Күзбанның өзі тамашалауға еріп шығады. Сонда қалмақтың Әшке деген батыры: «Балдарды өзім ұстап аламын», – деп, бірінші кезекке шығады. Сонда Әшке батырдың өзінің сөзіне қарағанда, түр-сипаты мынадай екен:

Күндік жерден әрмен ақырған,
Айбатына қарасаң,
Дүнияның жүзі қапылған.

940. Қырық қашыр екен көлігі,

Дәулер екен серігі.
Ашуланып балаларға
Батырдың келді желігі.
Келе бере сөйледі:

– Танимысың бабаңды?

Тарттырармын жазаңды.
Соны іздеп келіп жүрмісің,
Біздегі жатқан ағаңды?
Ноғайлы, Қалмақ болдым қас,

950. Менің кеудем – темір, басым – тас.

Барасың қайда, екі жас?
Жерге түседі ғой домалап
Сендердің анау келдең – бас.
Мен, мен едім, мен едім.

Мен қалмақтан шыққан ер едім.
Ноғайлының батырын
Қырып жүрген де мен едім.
Кеудем – темір, басым – тас,

Мен не қылған күнде тең едім?! 960. Сендер ат-жөндеріңді айтып білдірші,

Бүгін қайдан шыға қалған неме едің?
Сонда балалар сөйлейді:

– Ол айтқаның ып-рас,

Сенің кеудең – темір, басың – тас.
Тәңірім берсе тілекті,
Өзіңнің жерге түсер келдең бас.
Сөйлейін сөзді, жараса,

Қылармын саған тамаша.
Менің атымды сұрасаң,
Айдынды Орақ, айлы Орақ,

970. Айбалтасы қанды Орақ,

Атса, мылтық өтпеген,
Салса, найза теспеген,
Қылышпен шапса, кеспеген,
Әзір болған жарандар

Түк қасынан кетпеген.
Мен аты-жөнімді айтайын:
Қази менен Қарасай!
Мен – сол ер Орақтың баласы.

Көп айтып, алма мазамды, 980. Жеткізермін қазаңды,

Тартқызармын сазаңды.
Келбетіңе қарасам,
Жасың үлкенге ұқсайды.
Кезегіңді берейін,

Қалдырмай етші маған жазаңды!
Мына сөзді естіп,
Сонда қалмақ бұрқанды.
Буырқанып, бұрсанып,

Мұздай темір құрсанды. 990. Садағын қолға алады,

Толқып тұрған баланы
Толғай тартып қалады.
Қалмақтың атқан қол оғы
Темірге тиген кемедей

Қайтарып қайтып қалады.
Сонда Қарасай тұрып сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді?
«Мен де саржамды тартып көрейін,

Тәңірім берсе тілекті, 1000. Қозы жауырын қол оқпен

Сыбағаңды берейін!»
Садағын қолға алады,
Толықсып тұрған қалмақты
Толғай тартып қалады.

Баланың атқан қол оғы
Аспаннан түскен жасылдай
Саулап өтіп барады.
Сол жерде қалмағың құлап қалады.

Енді келіп қос батыр 1010. Ойранды жауға салады.

Сөйтіп жүріп сөйлейді:
«Әділ сұлтан хан үшін
Қылайын құрбан жанымды.
Әділімнің жолына

Садақа еттім бүкіл малымды.
Алла берсе тілекті,
Жоқ қылайын өңшең залымды.
Атам – Орақ аруағы,

Бүгін пана болыңыз, 1020. Бүгін басқа қоныңыз», –

Деп айқайлап дауыстар,
Аспанға соза береді.
Сол уақыттар болғанда,
Көк те Аллалап келеді,

Шөп те Аллалап келеді,
Тас та Аллалап келеді,
Тау да аллалап келеді,
Аспандағы ұшқан құс –

Бұ да Аллалап келеді. 1030. Бір бәленің келгенін,

Бір сойқанның болғанын
Сонда қалмақ біледі.
Алтыншы күн қырады,
Қызыл қанға бояды

Көлденең сай мен жыраны.
Жетінші күн болғанда,
Батырлар сыртқа шығып қараса,
Әлі үштің бірі болмапты.

Батырлар Хаққа жылады, 1040. Сөйтіп жүріп және сөйлейді:

«Астымда мінген тұлпарым,
Аузыңа мың кісі,
Сыпыра жалың – мың кісі.
Әр құйрығыңның талына да.

Біз – өзіміз қос жетім,
Қалмақ деген – көп кісі.
Көп кісіге жолықтырған
Мінеки Алла-Тәңірісі!» –

Деп айқайлаған дауыстар 1050. Аспанға соза береді.

Сол уақыттар болғанда,
Алладан болған пәрменмен,
Көк шекпенді, көк атты,
«Менің атым – Орақ!» – деп,

Саулап кірді қалмаққа,
Аламаны қойдай дуылдап,
Көп әскері артынан
Маңыраған қойдай шуылдап

Аламандар кетті соңынан, 1060. Аш бөрідей зуылдап,

Тартты жаудың қоңынан.
Сол мезгілдер болғанда,
Айналдырған екеуі
Шаһарды кетті аралап,

Аш бөрідей жаралап.
Қалмақ шіркін сап болды,
Байқап тұрса, шамалап.
Көк семсердің астында

Талай қалмақ құлады, 1070. Талай қалмақ жылады,

Талай қалмақ сұлады.
Қалмақ шіркін сап болды,
Батырлардың көңлі тынады.
Сол мезгілдер болғанда,

Қылыш астында бір әйел
Баса жаздап қалып жүр.
Басы мен кеудесін
Ат астына салып жүр.

Батырлар байқап қараса, 1080. Асылы нашар бір әйел

Тізгіндеріне оралып,
Шаужайдан келіп алып жүр.
Сөйтіп жүріп сөйлейді:
«Ноғайлық еді жақыным,

Азап берді мына кәпірің.
Мен де – бір Ноғайлы баласы,
Мен – бір жүрген пақырың.
Қарақтарым, мені алып кет,

Иә, өз қолдарыңнан өлтіріп, 1090. Дарияға салып кет.

Ноғайлыдан мен де бір
Қалмаққа түскен жан едім.
Ноғайлыны көрмекке
Көптен бері зар едім.

Әділің аман, сүйінші!
Жеті қабат темір үй,
Темір үйдің төрінде
Әділің аман бар еді.

Қысас болған қалмақтың 1100. Білдірмей берген дәрісі.

Сол дәрінің уыты,
Әлі келсе, азғантай,
Қарақтарым, менде бар еді.
Бұдан артық не дейін?

Әділіңді тауып берейін.
Мұсылманға жаяу ертсең,
Ат бергендей көрейін.
Өлсем, шейіт болармын,

Мұсылманның жолына 1120. Талап мен де етіп көрейін».

Арпалыс соғыс үстінде мұсылман әйелдің сөзін естіп, «Әділге көмегі тиетін дәрі», – деген соң, Қарасай қолын соза береді, қолына бірдеңе ілінеді. Соғыс бітіп, Қарасай қаланы аралап, қауіпті жерлерді қарап жүрсе, айтқандай, жеті қабат темір үйді көреді. Ішіне кіріп келсе, темір үйдің төрінде, аяқ-қолында кісен, жатқан Әділді көреді. Қарасай кісенді үзіп, екеуі көріскенде, екеуінің де көңілдері босап, көздерінен жас шығып кетеді. Сонда Әділ Қарасайға мынадай өкпе-назын айтады:

– Қияметтік досым – Қарасай,

Мұнша жаттың, неқылып?
Өлер болдым сені сағынып.
Әділ сұлтан – досыңды
Іздемей жаттың, не қылып?

Көптен бері келмедің,
Келіп, сәлем бермедің,
Тауға басқан көкірегім
Қайғы басты да, шерледің.

1130. Мен қиында жатқанда

Бас тартатын ер ме едің?
Мал ішінен жоғалған
Бір жандықтай көрмедің.
Ілия мен қарт ана

Жылатқаның жөн бе еді?
Қарасай, қайтіп жасармын,
Елге қайтіп асармын?
Қол-аяқта дәрмен жоқ,

Не қылып, аяқ басармын?! – деп жатқанда, Қази кіріп келеді. Екеуінің көзіндегі жасты көріп: «Бұларың не, жаудың көңлін өсіріп? Ер емес, қатын екенсіңдер ғой! Сонда сендердің бастарыңды өзім-ақ алайын», – деп қылышқа қол қояды. Екі батыр қорықпағанмен, сескеніп: «Еті қызып жүрген батыр неме бір жерімізді жазым қылар!» – деп, көздерінің жасын сүрте бастаған екен. Әділді сол қаланың бір тәуір үйіне кіргізіп, тамақтың тәуірін, табылған дәрілерін беріп, баяғы қалпына келтіреді. Өздері қолдарынан халыққа жағымды деген адамдарын хан сайлап, елге қайтуға дайындала бастайды. Сонда Қарасай: «Адамнан Қосайға және Құдайға берген уәдем бар еді, соны осы жерден орындаймын», – деп, Қосайға беретін тоғыз құл, тоғыз күңін, тоғыз қара сусар тонын бөлек алады. Сөйтіп, Қарасай мен Қази көңілдері тасып, елге қайтып келе жатады. Елге жақындаған соң Қарасай сүйінші сұрауға Қазиды оздырып жібереді. Олардан ұзағасын Қазиға ой келеді: «Осы біздің анамыз бізге әрнемені айта береді, сол біліп айта ма екен немесе аналығын бұлдап айта ма екен, сынап көрейін», – деп атын тоғайға тастап келіп, жабықтан сығаласа, үйде тек Қибат пен анасы бар екен. Қази кіріп келіп сөйлегені: 1140. Ассалаумағалейкүм,

Қибат пен қарт ана,
Ақылың асқан сен дана.
Айналайын Қибатжан,
Неге бардым қасына?

Болмадым қамқа басына.
Ойлап-ойлап қарасам,
Қарағым, сенің көзіңнің
Қалып келіп тұрмын жасына.

Тәңірім тілек бермеді, 1150. Көздің жасын көрмеді.

Қарекем қолда барында
Дұшпанға теңдік бермедім.
Бұл күндері болғанда
Қарекемнен айрылып,

Жез қанатым қайрылып,
Жасыған жездей майрылып,
Қарекемнен келгенім.
Дұшпандар кетті зор болып,

Біз сорлы қалдық қор болып. 1160. Шаба алмады қайта қамалға,

Келмеді тілі аманға.
Қарекемнен айрылып,
Бишара болып, Қибатжан,
Тап болып тұрмын мұндай заманға.

Мына сөзді естіп Қибат шошып кетіп, Қазиға қарай жүгіргенде, кемпірдің басы жерге түсіп кетеді. Сонда кемпір басын көтеріп, байқаса, келіп тұрған өзінің баллсы екен. Кемпір сонда Қибатқа қарап: «Сен бұлардан хабар сұрама, хабарды менен сұра», – деп сөйлей жөнеледі. Бұлардың біреуі емес, екеуінің де менімен іш бәсекелері бар», – деп хабарды өзі айта бастайды:

Іншалла теріс емес еді тілегім.
Келеді Аман, білемін.
Тәк, жайыңа қарап тұр,
Албырт туған боқ шіркін!

Баланың жарма жүрегін. 1170. Менің қарағым жауда қалған жоқ,

Көкіректе арман жоқ.
Налып жатып көргенмін.
Сенің атаң – Орақ пен Мамай да
Мұндай жауды алған жоқ.

Халыққа мұндай олжаны
Тіпті салған жоқ.
Ризамын Құдайға,
Бүгін өлсе де, арман жоқ.

Қарасай, Қази сен едің, 1180. Сендер менен туған неме едің.

Талай жерде тарықтың,
Сонда сендерге жәрдемші
Болып жүрген де мен едім.
Кешегі қалмақтың

Әшке батырын өлтіріп,
Сәтіне істі келтіріп,
Өлгендерін өлтіріп,
Қалғандарын бір қосып,

Кәлимаға тілін келтіріп, 1190. Ә, сонда жағалай таудың басында

Екі емшегім салынып,
Көзімнен аққан қанды жас
Өңірім судай малынып,
Еңіреп жүрген мен едім.

Сонда мұсылманнан әйел табылып,
Абыройларың жабылып,
Жеті қабат темір үй,
Темір үйдің ішінде

Әділ менен Қарасай 1200. Көрісіп еді сағынып.

«Өлтірейін, – деп, – сендерді!»
Қарағым маған ұрыспа.
Өзің ойлап қарашы,
Қолыңды қоймадың ба қылышқа.

Осы айтқан сөзім менің дұрыс па?

Сонда Қази шешесінің алдына құлай кеткен екен. Қибат пен Қазиды үйге қалдырып, өзі бір кісіге жетектетіп, налып жатқан Әділдің шешесіне келіп, сүйінші сұрайды:

Шешесіне Әділдің
Соқыр жетіп келеді.
Келе сөйлей береді:
«Сүйінші, байғұс, сүйінші,

1210. Көңліңнен кетсін күйінішің.

Бармысың үйде, қарымыз,
Тірілді өшкен жанымыз.
Қайта жанды жарқырап
Өшіп қалған шамыңыз.

Келіп қалды Әділ хан,
Бұл сөзге айтқан наныңыз.
Әділден кеттің түңіліп,
Екі көзің көр болды,

Жолына қараймын», – деп үңіліп. 1220. Талай қатты зарладың

Аш күзендей бүгіліп».
Мына сөзді естіп,
Қарындасы – Ілия
Жөнеле берді жүгіріп.

О да шықты анасы,
Көруге шықты қаланың
Үлкені мен бала-шағасы.
Менің айтқан бұл сөзім –

Өтірік емес, жігіттер, 1230. Шежіренің санасы.

Анасы келіп сөйлейді:
«Құшақтап сүйген құмарым,
Айдан ару шынарым,
Молдалар жазған тұмарым,

Түк болмай кетті хабарың.
Мұз басқандай сырғанап,
Тайғақ болды табаным.
Алла басқа салған күн

Болмады тіпті амалым.
Жасаған ием жар болып,
Оңғарылған екен заманым.
Не қылайын, көп айтып,

Аллаға шүкір қылайын.
Иесі келген екен ғой

1245. Біздің де мал мен қораның!»

Ел батырларына қосылып, қуанышына той жасап, ат шаптырып, думан жасайды. Тойға қос атпен Қосайды алдырады. Той аяқтала бастағанда, Қарасай халыққа сөз сөйлейді. Сөзінде Қосайдың тұлпарын тоғыз құл, тоғыз күң, тоғыз қара сусар тон, бұның үстіне қарындасы – Қибатты беретін болып алғанын, сол айтқанын қазір орындайтыны білдіреді. Молдаға Құран беріп: «Қибаттың некесін қи», – дейді. Молда Құранды оқи бергенде, Қосай орнынан тұрып, молдадан Құранды алып», – сөйлейді: «Орақ батыр қалмақтың Алауса-Марал деген қаласын жаулап келе жатып, мына балалардың шешесінен дәметіп: «Осыдан бала туса, менің аруағым соларда болады», – деп алып еді. Құманбайдың тойының үстінде келген хат маған тойдан тоғыз күн бұрын белгілі болып еді. Онда кім батырлардың аты аталғанын және Қарасайдың аты жоғын, атасына тартқан бала болса, бұл жаудан қалмайтынын, ол үшін ат іздейтінін, ат іздесе, менің атыма келетінін білдім. Сонда мен: «Сынай түсейін», – деп, аттың сатылмайтын бағасын айттым. Сонда Қарасай бұдан да қорықпай, атымды алып еді. Бұрынғы кезде «Атадан бала ширек кем туады» деген мақал бар еді, бұл бірде рас, бірде бұрыс болады екен. Кейде бала атадан пұт артық та туады екен. Мына Қарасай мен Қази атадан пұт артық туды. Себебі: атасы, Күзбанды, Орақ, жолын салып, ала алмап еді, Қарасай мен Қази мұны алды. Мен басқа әкелген заттарына ризамын, мен тек Қибатты сынау үшін айтып едім, сондықтан бұл той Әділ мен Қибаттың қосылу тойы болсын», – деп, өз қолынан молдаға некелетеді. Басқа заттарының алғанын алып, алмағанын өз қолынан жұртқа береді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙