TELEGEI

Home

Зигмунд Фрейд. Ләззат алу ұстанымының арғы жағы

Зигмунд Фрейд

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Зигмунд Фрейд. Ләззат алу ұстанымының арғы жағы

«Мәдени Мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша шығарылды "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары "Мәдени мұра"мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің құрамы: ...

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

ЛӘЗЗАТ АЛУ ҰСТАНЫМЫНЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫ

ЗИГМУНД ФРЕЙД

(Аударған Д. Сайранбаева)

І

Психоаналитикалық теорияда біз психикалық процестердің ағымы әр кезекте ләззатпен байланысты қысыммен қоза отырып және одан кейін соңында осы қысымның азаюымен, басқаша айтқанда, ләззаттанбауды жоюмен (Unlust) немесе ләззат алумен (Lust) сәйкестенетін бағытты қабылдай отырып, ләззат ұстанымымен (Lustprіnzіp) автоматты түрде басқарылатындығын ойланбастан қабылдаймыз. Біз зерттеп отырған психикалық процестерді олардың ағымының осындай сипатына байланысты қарастыра отырып, біз өз жұмысымызға "экономикалық" көзқарасты енгіземіз. Біздің ойымызша, топикалық және динамикалық сәттен басқа экономикалық сәтті де ескеретін теория қазіргі таңда біз өзімізге елестете алатын өте жетілген теория болып табылады және ол метапсихологиялық деген атауға лайықты. Бұл жерде біз үшін "ләззат ұстанымын" енгізгенде біздің қандай да бір белгілі, тарихи негізделген философиялық жүйеге қаншалықты жақындағандығымыз немесе қосылғандығымыз мүлдем маңызды емес. Осындай спекулятивті жағдайларға біз өзіміздің саламызда күнделікті болып жатқан бақылауларда кездесіп отыратын деректерді бейнелеу мен ескеру жолымен келеміз. Жақсы жақтар мен түпнұсқалылық психоанализдік жұмыстың мақсаты болып табылмайды, және бұл ұстанымды жоққа шығаруға алып келген құбылыстардың айқындығы соншалықты, оларды көру мүмкін емес дерлік. Керісінше, біз өзімізге сол императивті сипаттың мәнінің қандай екендігін, қайсысы біз үшін ләззат немесе ләззаттанбау сезімдерін беретіндігін айқындап бере алатын философиялық немесе психологиялық теорияға өте ризашылық білдірер едік. Өкінішке орай, бізге осы мағынада ешкім ештеңе ұсынбайды. Бұл психикалық өмірдің өте қараңғы және қол жетпейтін ауданы, және егер біз үшін одан айналып өту мүлдем мүмкін емес болса, онда менің пікірімше, өте еркін болжам жасаған өте жақсы болады. Біз ләззаттанбау осы санның жоғарылауына, ал ләззаттану оның төмендеуіне сәйкес келетіндей етіп, ләззаттану мен ләззаттанбауды рухани өмірдегі бар санға және қандай да бір жолмен қозумен байланысты емес санға тәуелді қоюға бел будық. Бұл жерде біз осы сезімдердің күші мен олар пайда болған сандық өзгерістердің арасындағы қарапайым қатынас жайлы ойламаймыз; психофизиологияның барлық мәліметтеріне сәйкес бұл жерде тура пропорционалдылықты болжауға болады; сезім үшін шешуші сәт осы өзгерістердің үлкен немесе аз ұзақтығы болып табылуы мүмкін. Эксперименттің осы салаға жол табуы мүмкін; біздер үшін, яғни аналитиктер үшін осы мәселеге ары қарай тереңдеуді кеңес ету қиын, өйткені бұл жерде бізді аса дәл бақылаулар басқармайды. Алайда, біз үшін Т. Фехнер тәрізді терең зерттеуші бізді психоанализдік жұмыс алып келетінге сәйкес келетін ләззаттану және ләззаттанбау теориясын ұсынғандығы қызықсыз бола алмайды. Өзінің "Eіnіge Іdeen zur Schopfungs und Entwіcklungsgeschіchte der Organіsmen", 1873, Abschen. 9. Zusatz, S. 94, атты кішігірім мақаласында айтылған Фехнердің пікірі мынадай: "Белгілі бір талпыныстар үнемі ләззаттанумен немесе ләззаттанбаумен байланысты болғандықтан, ләззаттану мен ләззаттанбауды тұрақтылық және тұрақсыздық шарттарымен психифизикалық байланыста ойлауға болады, және бұл менің басқа жерде, сананың шегінен өткен кез келген психофизикалық қозғалыс, ол белгілі шектен өте отырып, толық тұрақтылыққа жақындаған кездегі ләззаттанумен, және сол секілді белгілі шектен өте отырып, ол бұдан алшақтаған кездегі ләззаттанбаумен байланысты деген болжамды дамытуды негіздеуіме мүмкіндік береді; ләззаттану мен ләззаттанбаудың сандық табалдырығы деп атауға болатын екі шектердің арасында белгілі бір шектерде сезімдік индифференттіліктің әйгілі ауданы жатыр...". Бізді психикалық өмірдегі ләззат алу ұстанымының билігін мойындауға итермелеген деректер, сонымен қатар психикалық аппарат ол жердегі бар қозудың санын мүмкін болатын біршама төменгі немесе жоқ дегенде тұрақты деңгейде ұстап тұру бағытына ие деген болжамда да көрінеді. Бұл сол нәрсе, тек басқаша айтылған, өйткені егер психикалық аппараттың жұмысы қозудың көлемін төменгі деңгейде ұстап тұруға бағытталса, онда қысымның күшеюіне әсер ететіндердің барлығы да ағзаның қалыпты қызмет етуін бұзушы, яғни ләззат алмау ретінде қарастырылуы тиіс. Ләззат алу ұстанымы константтылық ұстанымынан шығарылады (Konstanzprіnzіp). Шын мәнінде константтылық ұстанымына бізді ләззат алу ұстанымын мойындауға мәжбүр еткен деректер алып келеді. Жан-жақты қарастырсақ біз сонымен бірге біз болжап отырған рухани аппараттың бұл бағыты бағынатындығын табамыз, жеке жағдай ретінде Фехнер ләззат алу мен ләззат алмауды түйсіну байланысына қойған өзі көрсеткен тұрақтылыққа бағыттануды, тенденцияны айтуға болады. Бірақ, біз ләззат алу ұстанымы психикалық процестердің атымын басқаратындығы туралы айту қателік екендігін айтуымыз қажет. Егер ол осылай болса, онда біздің көптеген психикалық, процестерімізді басып отыратындардың барлығы да ләззат алумен бірге жүруі немесе ләззатқа алып келуі тиіседі, ал біздің бүкіл тәжірибеміз оған қатаң қарама-қарсы шығады. Демек, жағдай тек осылай болуы мүмкін жанда ләззаттану ұстанымына басымдық көрсетуге деген тенденция байқалады, алайда оған әр түрлі басқа күштер мен жағдайлар қарама-қарсы келеді, осылайша ақырындағы нәтиже әрдайым ләззат алу ұстанымына сай келмеуі мүмкін. Осындай ой тұжырым кезіндегі Фехнердің салыстырмалы ескертпесі (сол жерде, 90 б.): "Алайда мақсатқа деген ұмтылыс осы мақсатқа жету дегенді білдірмейді, және де жалпы алғанда мақсатқа тек жақындауда ғана қол жеткізуге болады...". Егер де біз енді ләззаттану ұстанымының іске асуын не жағдайлар қиындата алады деген сұраққа келетін болсақ, онда біз қайтадан өзімізге белгілі қатты жерге тік тұра аламыз да, біздің аналитикалық тәжірбиемізді қолдана аламыз. Ләззат алу ұстанымының осылай тежелуінің бірінші заңды жағдайы бізге белгілі. Біз ләззат алу ұстанымы психикалық аппарат жұмысының алғашқы тәсіліне тән екендігін және сонымен қатар ағзаның сыртқы әлем қиындықтарының ортасында өзін-өзі сақтауы үшін ол о бастан жарамсыз болады және тіпті белгілі шамада қауіпті екендігін білеміз. Ағзаның өзін-өзі сақтауға деген ұмтылысының әсерінен бұл ұстаным "ақиқаттық (нақтылық) ұстанымымен" алмасады, ол соңғы мақсат — ләззат алуға қол жеткізуді қалдырмастан, ләззат алу мүмкіндіктерін кейінге қалдырады және ләззаттануға алып баратын ұзақ жуықтық жолда қанағаттанбауға уақытша төзеді. Ләззат алу ұстанымы "тәрбиелеу" Қиын сексуалды құштарлықтар саласында өте ұзақ уақыт бойына билік жүргізеді, және де ол көп жағдайларда осы Құштарлықтар саласында, немесе Меннің өзінде бүкіл ағзаға зиянын тигізе отырып ақиқаттық ұстанымына басымдық етеді. Сонымен қатар, ләззат алу ұстанымын ақиқаттық ұстанымымен алмастыру бізге ләззат алмаумен байланысты тәжірбиенің тек қана маңызды емес және аса басты емес бөлігін түсіндіретіндігі сөзсіз. Ләззат алмаудың тағы басқа, алдыңғысынан кем емес заңды қайнар көзі психикалық аппараттың шиеленістерінде және бөлшектенуінде жатыр, ал Мен ұйымдастырудың біршама күрделі формаларына дейін дамиды. Осы аппаратты толтыратын бүкіл дерлік қуат онда бар құштарлықтардан пайда болады, бірақ бұл құштарлықтардың барлығы дамудың бірдей фазасына дейін жеткізілмейді. Осымен қатар үнемі болып тұратын жағдай ол жеке құштарлықтар немесе олардың бөліктері өздерінің мақсаттары мен талаптарында басқаларымен сәйкес келмейді және де біздің бәрін қамтитын бірегей Менімізге біріге алмайды. Ығыстыру процесінің нәтижесінде олар осы бірегейліктен бөлшектеніп, психикалық дамудың төменгі сатыларында тұрақталып қалады және олар жақын арада ләззат алу мүмкіндігінен айырылады. Егер олардың қолдарынан келсе, өте көп жағдайда ығыстырылған сексуалдық құштарлықтармен болатындай айналу жолымен тура ләззаттануға жететін болса, онда бұл нәтиже басқаша айтқанда ләззаттану бола алатын, Меннің ләззат алмауы ретінде сезіледі. Ескі шиеленісті ығыстырудың салдарынан ләззат алу ұстанымы әйгілі құштарлықтар сол ұстанымға сәйкес жаңа ләззат алуға жақын қалған кезде жаңа талпынысқа келеді. Осы ұстанымдардың егжей-тегжейі ығыстыру ләззат алу мүмкіндігін ләззат алмау мүмкіндігінің қайнар көзіне айналдырады, әлі дұрыс дәрежеде түсініліп және анық суреттелмеген, бірақ даусыз ол кез келген жүйкелік ләззат алмау осындай ләззаттану, ол осылай қабылдана алмайды. Осы жерде көрсетілген екі ләззат алмаудың қайнар көздері де біздің бүкіл кері жаман сезімдеріміздің көптүрлілігін қамтымайды, бірақ оның қалған бөлігі туралы толық құқылы түрде айтуға болатыны оның тіршілік етуі ләззат алу ұстанымына қайшы келмейтіндігі. Қанағаттанбаған құштарлықтардан қысымды қабылдау болса да, ол өздігінен қиындық туғызатын болса да немесе психикалық аппаратта ол "қауіпті жағдай" ретінде танитын жағымсыз күтулерді қоздыратын болса да бәрі бір, біз көбінесе қабылдаудан (Wahrnehmungsunlust) ләззат алмауды түйсінеміз. Осы құштарлықтардың талаптарына деген реакция және қауіп сигналдары, оларда психикалық аппараттың іс-әрекеті көрінеді, қажетті жағдайда ләззат алу ұстанымы оларды бағыттауы немесе нақтылықтың тұр өзгертуші болуы мүмкін. Ләззат алу ұстанымының ары қарай шектелуін мойындауды қажет етпейтіндей, және дәл сыртқы қауіпке қатысты психикалық қайтарымды зерттеу осы жерде талқыланып отырған мәселеге байланысты жаңа материал және жаңа қойылым беруі мүмкін.

ІІ

"Жарақаттық невроз" деген атауға ие және поездардың қақтығысуы және басқа да адам өміріне қауіп төндіруші апаттармен байланысты ауыр механикалық зардап шегулерден кейін пайда болатын күй бұрыннан бейнеленген. Өте қорқынышты және жақында ғана бастан кешірілген соғыстың өзі осындай аурулардың көп пайда болуына себепкер болды және осы ауруларды нерв жүйесіне механикалық әсер етудің салдарынан ағзалық зардап шегуіне ығыстыру ұмтылысына шек қояды. Жарақаттық невроз кезіндегі суреттеме моторлы белгілердің ұқсас байлығы жағынан истерияға жақындайды, бірақ шартты жағдай бойынша ипохондрияға немесе меланхолияға жақын ол оны қатты көрініс тапқан субъективті зардап шегулердің көрініс табуымен және психикалық қызметтердің бұзылуымен өте кең тараған күйсіздік белгілерімен басым түседі. Біз әлі толықтай бейбітшілік кездегі, не әскери невроздың, не травмалық невроздың түсінігіне жете алмадық. Әскери невроздарда бір жағынан мәселені анықтап, сонымен қатар шатастыратыны ол кейбір жағдайларда дәл осындай аурудың жағдайы өте дөрекі механикалық араласусыз-ақ пайда болуында. Кәдімгі жарақаттық неврозда екі басты мүмкіндік назар аудартады: — біріншісі — аяқ астынан қорқу сәті басты этнологиялық шарт болғанда, ал екіншісі — бір мезетте алынған жарақат немесе зардап невроздың пайда болуына кедергі болғанда. Шошынудың (Үрей) (Schreck), қорқыныштың (Angst), жүрексінудің (Furcht) синонимдер ретінде қолданылуы дұрыс емес. Оларды қауіп-қатерге деген қатынасында оңай ажыратуға болады. Қорқыныш ол белгілі бір қауіп-қатерді күту және ол белгісіз болған жағдайда болса да соған дайындалу; жүрексіну белгілі бір жүрексінетін объектіні білдіреді; шошыну (үрейлену) қауіп-қатер жағдайында пайда болатын күйді білдіреді, субъект оған дайын емес ол аяқ-астылық сәтін білдіреді. Мен қорқыныш жарақаттық невроз тудыруы мүмкін деп ойламаймын; бірақ қорқынышта шошынудан құтқаратын, демек қорқынышпен тудырылатын невроздан құтқаратын бір нәрсе бар. Бұл жағдайға біз кейіннен әлі ораламыз. Түстерді зерттеуді біз өте терең психикалық процестерді зерттеудің өте сенімді жолы деп білуіміз қажет. Жарақаттық неврозбен ауру адамның ұйқы кезіндегі күйі өте қызық мінезде, оның түсі үнемі оны сол ауруға жеткізген апат жағдайына алып келе береді, сосын ауру жаңа үреймен оянады. Өкінішке орай, бұған өте сирек таң қалады. Әдетте ойға келетіні егер осы әсер ауруды түсінде де мазаласа, жарақаттық, травмалық уайымдаумен жасалынған бұл тек қана әсер алудың күшінің дәлелі деп. Ауру егер солай деп айтуға болса, психикалық осы жарақатта қадалып қалған. Бізге истерия кезіндегі ауруды тудыратын уайымдауға осындай қадалу баяғыдан белгілі. Брейер және Фрейд 1893 жылы осындай қағида шытарды: истериктер көбінесе еске түсіруден зардап шегеді. Сондықтан да "әскери невроздар" кезіндегі кейбір моторлы белгілерді жарақат сәтіндегі бекіту нәтижесі деп түсіндіреді Ференци және Зиммель сияқты зерттеушілер. Алайда маған жарақаттық неврозбен ауыратындар ояу кездерінде апат жағдайындағы келеңсіз оқиғаны еске алуға көп уақыт бөлгені белгілі емес. Мүмкін олар керісінше ол туралы мүлде ойлағылары келмейтін шығар. Түс оларды қайтадан сол ауруды тудырған кезге апаратынын өздігінен дәл солай болу керек нәрсе сияқты қабылдайтын болғандықтан олар түстің табиғатымен әдетте санаспайды. Егер ауруға түс оның сау болған кездегі сәттерін суреттесе немесе алда тұрған сауығып кетудің суреттерін бейнелесе, сол кезде ол түс табиғатына жауап берер еді. Егер де бізді армандарды орындауға қатысты жарақаттық невротиктердің түстері жаңылдырмасын десек, онда біз олардың түстерінің қызметі өзінің мақсатынан ауытқып бұзылған көптеген басқа нәрселер сияқты, біз құпиялы мазахистік Меннің тенденциялары жайлы ойлауымыз керек болар еді. Мен жарақаттық невроздың қараңғы тұңғиық жағын қалдырып, психикалық аппараттың одан ертерек іс-әрекеттің кәдімгі формаларындағы жұмысын зерттеуге бет бұруды ұсынамын. Менің айтып отырғаным балалардың ойыны. Балалардың ойынының әр түрлі теориялары жақында ғана аналитикалық тұрғыдан 3. Пфейфермен салыстырылып бағаланған. Оның "Іmago" (V.H.4) дегені бар. Мен бұл жерде осы жұмысқа тек қана сілтеме бере аламын. Осы теориялар балалар ойынының себептерін шешуге тырысуы мүмкін, бірінші орынға экономикалық көзқарасты қоймай, демек ләззат алуды есепке алып жүзеге асырады. Есепке ойынның бүкіл көп түрлілігінің көрінісін қамтуға тырыспай, соны маған көрсетуге мүмкіндік туғызған, 1,5 жасар баланың өз бетімен жасаған ойынын түсіндіруге тырыстым. Бұл тек қана кездейсоқ бақылаудан әлдеқайда үлкен нәрсе болды, себебі мен бірнеше апта бойына осы баламен және оның ата-анасымен бір шатырдың астында өмір сүрдім және де менің бақылауым бірталай уақытқа созылды осы үнемі қайталанып отыратын іс-әрекет менің алдымда өз мәнін ашқанға дейін осылай болды. Бала өзінің интеллектуалды дамуында аса алға жылжымаған еді, ол өзінің бір жарым жасында тек қана бір-екі ауыз түсінікті сөз айта алатын, сонымен қатар көптеген айналасындағыларға түсінікті мағыналы дыбыстар шығаратын. Ол өзінің ата-анасын және жалғыз үй жүмысшысын өте жақсы түсінетін және оны "тәртіпті" мінезі үшін мақтайтын. Ол түнде ата-анасын мазаламайтын, ұстауға болмайды деген нәрселерді шынымен ұстамайтын және бар ма деген жерлерге бармайтын, ол оны анасы бірнеше сағаттарға қалдырып кеткен уақыттарда ешқашан жыламайтын, әсте ол өзі тамақтанатын, бөтен біреудің көмегінсіз бағып-қаққан анасына өте қатты жақын болса да, осылай істейтін. Бұл кішкентай баланың мазасыз бір әдеті бар тұғын: ол кішкентай ойыншықтардың барлығын бөлменің түкпіріне немесе төсектің астына т.е. лақтырып тастайтын, ал оларды жинау өз алдына оңай іске түспейтін. Сонымен қатар осы кезде ол қызығып әрі рахаттанып, ұзағынан "о-о-о-о!" деген дыбысты шығаратын, бұл анасы мен бақылаушының ойы бойынша тек қана одағайды емес, ал "кет (аулақ)" (Fort) дегенді білдіретін..."3. Мен ақыр-аяғында ұққаным: ол ойын және бала өзінің барлық ойыншықтарын тек қана олармен ойнауда оларды алысқа лақтыру арқылы пайдаланатын. Бір күні мен осы тұжырымымды бекіте түскен бақылау жүргіздім. Бал ада ағаш жіппен көмкерілген ойыншық болды. Оның ойыңа ешуақытта, мысалға, сол ойыншықты жермен артынан сүйретіп жүру дегендейге келмеген, алайда ол оны өте Үлкен икемділікпен жібінен ұстап тұрып төсегінің ар жағына лақтырып жіберетін, өзінің көп мағыналы "о-о-о-о!"-сын айтып тұрып, сосын оны жібінен тартып төсегінен қайтадан шығаратын, оны қуанышты шыққан "осындасымен" (Ия) қабылдайтын. Бұл аяқталған ойын болатын, жоқ болып кету мен қайта оралу, көбінесе біздің байқағанымыздай, тек бірінші жартысы болатын және ол еш шаршаусыз қайталана беретін. Әрине, өте үлкен қуаныш соның екінші бөлімімен байланысты болатын. Енді ойынды түсіндіру қиындық тудырмайтын. Бұл баланың өзі өзімен мәдени жұмыс істеуімен байланысты болатын, өзінің тартымдарына шек қоюмен (ләззат алудан бас тартумен) ол байланысты болды, оның көрініс табуында бала енді анасының кетуіне қарсылық білдірмейтін болды. Ол өзі үшін осы бас тартуындағы өзінің еркіндігінде, заттарды иемденіп, өзіне осындай жоғалуды сахнадағыдай елестету арқылы орнын толтыратындай болатын. Осы ойынды аффективті бағалау үшін, әрине, бәрібір бала ол ойынды өзі ойлап тапты ма, болмаса басқа біреудің тәжірибесіне сүйеніп үйреніп алды ма? Біздің осы қызығушылығымыз басқа бөлімде тоқталуы тиіс. Анасының кетіп қалуы бала үшін жатымды немесе жоқ па дегенде оның бәрібір болуы мүмкін емес. Баланың осы ауыр қайғыруын ойын түрінде қайталауы ләззат алу ұстанымына қалай сәйкес келеді? Мүмкін бұған сол кетіп қалудың қуанышты қайта оралудың шарты рөлін ойнауы тиіс екендігі жауап беретін болар, ойынның мақсатының өзі осы соңғысы болып табылады. Осыған бірінші акті, кетіп қалу ойын үшін және тіпті жағымды нәтижеге дейін жеткізілген бүкіл ойындарға қарағанда көп жағдайларда өзі үшін әдейі жасалған ретінде екендігін көрсеткен бақылау қарама-қарсы болған болар еді. Осындай жалғыз жағдайды талдау сұрақтың нақты шешімін бермейді. Басқаша саралауда бала сол қайғыруды басқа мотивтерден өз ойынының негізі етіп алғандығы жайлы әсер туындайды. Ол осыған дейін енжар болды, оны қайғы жеңген болатын және енді өзін, ойын ретінде ләззат алмауда келтіретіндігіне қарамастан, сол қайғыны қайталай отырып, белсенді рөлге енеді. Бұл оянуды еске алудың өзінің жағымды немесе жағымсыздығына тәуелсіз билікті көрсетуге деген талпынысқа (Bemachtіgungstrіeb) жатқызуға болар еді. Бірақ басқа да түсініктеме беруге талпынып көруге болады. Затты жоғалып кететіндей етіп лақтыру ананың баладан кетіп қалғандығы үшін анасынан кек алу секілді өмірде бастырылған импульсті қанағаттандыру болуы мүмкін, және бірбеткей тыңдамау мағынасын білдіруі мүмкін: "кет ары, сен маған керек емессің, сені мен өзім қуып жатырмын". Мен 1,5 жаста бақылаған бала өзінің алғашқы ойынынан кейін бір жылдан соң өзі ренжіген ойыншықтарын еденге лақтырып: "Соғысқа бар!" ("Geh іn K(r)іeg!") деп айтатындығы байқалды. Оған сол кезде оның жоқ әкесі соғыста екендігін айтылған және ол әкесінің жоқтығын сезінген жоқ, бірақ оның анасын өзі ғана иемденуіне біреудің кедергі жасағандығын қаламайтындығының айқын белгілері табылды. Біз өздерінің осыған ұқсас қастық ойларын адамдардың орнына заттарды лақтыра отырып көрсетуге тырысатын басқа да балалар туралы білеміз. Бұл жерде қандай да бір күшті әсерді психикалық қайта өңдеуге деген талпыныс оны толығымен меңгере алатындығына, оны алғашқы және ләззат алу ұстанымына тәуелсіз нәрсе ретінде анықтай алатындығына күмән пайда болады. Осы жерде талқыланып отырған жағдайда бала осы қайталаудан басқа, бірақ тура ләззат алу байланысты болғандықтан ғана ойында жағымсыз әсерлерді қайталай алады. Сонымен бірге бала ойынын ары қарай бақылау екі мүмкін болатын түсіндірулердің арасындағы біздің тербелісімізді шешпейді. Жиі жағдайларда, балалар ойында өмірде оларға үлкен әсер еткен жағдайларды қайталайтындығын, олар бұл жерде әсерлердің күшін реттей алатындығын және жағдайдың қожайыны бола алатындықтарын көруге болады. Алайда, басқа жағынан, олардың бүкіл ойындары олардың жасында басым болып келетін тілектердің — үлкен адам болу және үлкен адам секілді жұмыс жасауға деген тілектердің — әсерінде болатындығы жеткілікті айқын. Сонымен қатар қайғырулардың жағымсыз сипаты оны ойынның пәні ретінде үнемі жарамсыз ете бермейтіндігін бақылауға болады. Егер дәрігер баланың тамағын қараса немесе кішігірім операция жасаса, онда бұл ауыр жағдай жақындағы ойынның пәніне айналуы мүмкін, бірақ бұл жерде одан алынатын ләззаттың басқа бастаудан шығатындығын байқамау мүмкін емес. Бала қайғырудың енжарлығынан ойынның белсенділігіне ауысқан кезде, ол өзі бастан өткерген осы жағымсыз жағдайды ойындағы жолдасына ауыстырады және осылайша осы соңғының орнын басқан адамнан кек қайтарады. Бұдан ойынға деген мотив ретіндегі еліктеуге деген ерекше құштарлықты болжамдау артық екендігі шығады. Еске түсіре кететін тағы бір жайт, баланың жүріс-тұрысына қарағанда көрермендерге арналған әртістік ойын және үлкендерге еліктеу оларға, мысалы, трагедиядағы сияқты, аса ауыр әсерлер келтіреді және сонда да олар оны жоғарғы ләззат алу ретінде қабылдай алады. Осылайша, біз ләззат алу ұстанымы басым болған кезде жағымсыз жағдайларды өздігінен еске алудың және психикалық өңдеудің пәні етуге құралдар мен жолдар бар деген пайымдауға келеміз. Соңында ләззат алуда шешілетін осы жағдаймен экономикалық ұстанымда құрылған эстетика айналыссың; біздің мақсаттарымыз үшін олар ештеңе бермейді, өйткені олар ләззат алу ұстанымының болуы мен басымдылығын болжайды және ләззат алу ұстанымының арғы жағында жатқан, яғни алғашқыда осылай шығатын және оған тәуелсіз болатын бағыттар әрекеттерін байқамайды.

ІІІ

Жиырма бес жыл бойы жүргізілген қызу жұмыстар, психоаналитикалық техниканың тікелей міндеттері қазіргі таңда бас кезіндегіге қарағанда мүлдем басқаша болуына алын келді. Бас кезінде талдау жасап отырған дәрігер ауру адамдағы жасырын бейсаналылықты табудан, оны байланысты түрге алып келу және қолайлы минутта оған оны хабарлаудан басқа ештеңеге талпына алмады. Ең алдымен психоаналитика жору өнері болған болатын. Терапевттік тапсырмалар осымен шешілмегендіктен, одан кейін жаңа талпыныс — ауру адамның өз еске алулары арқылы психоаналитиктің құрғанын дәлелдеуге мәжбүр ету — шықты. Бұл жерде басты назар ауру адамның қарсылығына аударылды: енді өнер оны тез арада ашуда, оны ауруға көрсетуде және достық өзара әрекет арқылы қарсылық жасамауға итермелеуде (бұл жерде орнын ауыстыру ретінде әрекет ететін сендіруге орын қалады) болды. Бірте-бірте бейсаналыны саналы жасауға деген жасырын мақсат осы жолда да толығымен қол жетпейтіндей болып қалғандығы айқын бола бастады. Ауру адам бүкіл ығыстырылғандарды есіне түсіре алмауы мүмкін; ол дәл сол өте маңызды нәрсені есіне түсіре алмайды және оған хабарланғандардың дұрыс екендігіне көз жеткізе алмайды. Ол ығыстырылғандарды, дәрігердің қалағанындай, өткен қайғылардың бір бөлігі ретінде еске түсіргеннен гөрі, оларды жаңа қайғылар түрінде қайталауға мәжбүр болады*. Осыншама күтпеген дәлдікпен және беріктікпен көрінетін бұл қайта жаңғыртудың (Reproduktіon) мазмұны үнемі инфантильді сексуалды өмірдің, Эдип комплексінің немесе оның модификациясының бір бөлігі болады және ауыстыру ауданында, яғни дәрігерге деген қатынастарда заңды түрде бейнеленеді. Егер емдеу барысында іс осыншама ушыққан болса, онда алдыңғы невроз тек жаңасымен — ауыстыру неврозымен алмастырылды деп айтуға болады. Дәрігер мүмкін осы ауыс¬тыру неврозының аумағын шектеуге, мүмкін қабылдауға тереңдеу енуге және қайталауға аз жол беруге тырысқан болар. Еске алулар мен қайта жаңғыртулардың арасындағы қалыптасатын қатынас әр жағдай үшін әр түрлі болады. Әдетте, дәрігер емдеудің бұл фазасынан аттап өте алмайды. Ол ауру адамды ұмытылған өмірдің бір бөлігін қайтадан басынан өткеруге мәжбүр етуі тиіс, және шынайылық болып көрінетін нәрсе үнемі ұмытылған өткен өмірдің бейнеленуі ретінде саналанатын нәрсенің тиісті шамада сақталғандығын бақылауы қажет. Егер осыған қол жеткізілсе, онда ауру адамның қажетті пайымдауына және осыған тәуелді терапевттік тиімділікке қол жеткізіледі. Невротиктерді психоаналитикалық емдеу барысында табылатын осы "жабысқақ қайталауды" (Wіederholunszwang) айқын анықтау үшін ең алдымен, қарсыласуды жеңу кезінде бейсаналылықтың қарсыласуымен жұмыс жасайсың деген қате пікірден арылу керек. Бейсаналылық, яғни ығыстырылғандар дәрігердің талпыныстарына ешқандай да қарсылық көрсетпейді, ол тіпті, өзіне көрсетілген қысымға қарамастан, санаға жетуге немесе шынайы қылық арқылы көрінуге өзі талпынады. Емдеуге қарсылық өз кезегінде ығыстыру шығарған психиканың жоғарғы қабаттарынан және жүйелерінен шығады. Қарсыласу мотивтері және тіпті қарсыласудың өзі бізге емдеу кезінде бейсаналылық болып көрінетін болғандықтан, біз көрсетудің біршама мақсатқа бағытталған тәсілін таңдап алуға мәжбүрміз. Егер біз бейсаналылықты саналылыққа қарама-қайшы қоюдың орнына Мен және ығыстырылғанды қарсы қойсақ, белгісіздіктен қаша аламыз. Мен көп нәрселер, атап айтқанда, "Мен өзегі" деп аталатын нәрсе сөзсіз бейсаналы болып келеді. Осы Мен-нің тек аз ғана бөлігін біз сана алдылық Деп атай аламыз. Осы таза бейнелік көрсетуді жүйелік немесе Динамикалық көрсетумен алмастырудан кейін біз, талданып отырғандардың қарсыласуы олардың Мен-інен шығатындығын айта аламыз, және сол кезде біз бірден "жабысқақ қайталауды" ығыстырылған бейсаналылыққа жатқызу керектігін түсіне бастаймыз. Бұл тенденция, қарсы келе жатқан емдеу жұмысы ығыстыруды әлсіреткеннен кейін ғана анықталуы мүмкін. Саналы және сана алдылық Мен-нің қарсыласуының ләззат алу ұстанымында қызметте екендігі даусыз, ол ығыстырылғанның бостандыққа шығуының арқасында туындайтын ләззат алмаудан қашуды білдіреді, және біздің күштеріміз шынайылық ұстанымы арқылы бар ләззат алмаумен татуласуға қол жеткізуге бағытталады. Алайда ләззат алу ұстанымына ығыстырылғанның көрінуі ретінде "жабысқақ қайталау" қандай қатынаста тұр? "Жабысқақ қайталау" қайтадан бастан өткеруге мәжбүр ететіндердің үлкен бөлігі Мен-ге ләззат алғызбауы тиіс екендігі айқын, себебі ол ығыстырылған құштарлықтарды іске асыруға ықпал етеді, ал бұл, біздің бағалауымыз бойынша, көрсетілген "ләззат алу ұстанымына" қарсы келмейтін ләззат алмау, бір жүйе үшін ләззат алмау және енді біреуі үшін бір мезгілде ләззаттану болып табылады. Енді біз бейнелегелі отырған жаңа әрі керемет факті, "жабысқақ қайталаудың" сонымен қатар, құрамында ешқандай ләззат алу мүмкіндігі жоқ, тіпті бұрын ығыстырылған құштарлықтардың ләззат алуы жасай алмаған өткен бастан өткерулерді де қайта жаңғыртатындығында. Инфантильді сексуалдылықтың ерте гүлденуі, осы кезеңде басым болған тілектердің ақиқаттықпен сәйкестенбеуінің және баланың жеткіліксіз деңгейде дамуының салдарынан қираған. Ол өте қиын жағдайларда және терең ауыр бастан өткерулерде қирады. Махаббатты жоғалту мен сәтсіздіктер, менің бақылауларым мен Марциновскийдің зерттеулері бойынша, невротиктерде жиі кездесетін өзін кем сезінудегі біршама тірі элемент болып табылатын нарцисттік ойық ретіндегі ұзақ уақыт бойы өзін нашар сезінуді қалдырды. Баланың физикалық дамуымен шектелген "сексуалды зерттеу" ешқандай қанағаттанарлықтай нәтижеге алып келмеді; осыдан кейін мынадай шағымдар шықты: мен еш нәрсені жасай алмаймын, менің қолымнан еш нәрсе келмейді. Көбінесе басқа жынысты ата-аналардың бірімен нәзік байланыс көңіл қалушылыққа, ләззат алуды бекер күтуге, сүйікті әкенің немесе ананың "сөзіне берік еместігін" сөзсіз көрсететін жаңа нәресте дүниеге келгендегі қызғанышқа алып келді; қайғылы қаталдықпен жасалған өзінің осындай баланы дүниеге алып келуі талпынысы ұятты түрде іске аспады; енді кіші інісіне берілетін сүйіспеншіліктің азаюы, тәрбиенің күннен-күнге өсіп келе жатқан талаптары, қатал сөздер және кейде тіпті жазалаулар — осының барлығы соңында оның бүкіл ренішін толық көлемде ашып береді. Инфантильді махаббат дәуірі аяқталғаннан кейін үнемі қайта келетін осындай бастан өткерулердің бірнеше белгілі бір типтері болады. Тәжірбиелердің осы барлық киын қалдықтары мен ауыр аффективті күйлерін невротик ауыстыруда қайталайды, қайтадан үлкен шеберлікпен бастан өткереді. Невротиктер аяқталмаған емделулерін тоқтатуға ұмтылады, олар өздері үшін қайтадан реніштерді бастан өткеруді жасай алады, дәрігерді ауыр сөздер мен суық қарым-қатынасқа мәжбүрлейді, олар өздерінің қызғаныштары үшін қолайлы объектілерді табады, олар инфантильді дәуірдің өте қалаулы нәрестесін әдетте алдыңғы тілектер сияқты аз шынайы болып қалатын үлкен сыйлық беруге сөз берумен немесе ниетпен алмастырады. Онда осылардың ешқайсысы да ләззат алып келе алмас еді; егер бұл жаңа бастан өткеруде әдейі жасағанға қарағанда, егер ол естелік ретінде пайда болатын болса, онда енді ол ләззат алмауды аз туындататындығын ойлау қажет еді. Бұл жерде, әрине, ләззат алуға алып келуі тиіс болған құштарлықтарды көрсету жайында айтылып отыр, алайда олар оның орнына сол кезде де ләззат алмауға алып келгендігін білу ештемеге үйретпеді. Осыған қарамастан, олар қайтадан қайталанады; оларды мәжбүрлеуші күш туындатады. Психоанализдің невротиктердегі ауыстыруындағы ашқандарын невротикалық емес адамдардың да өмірінен кездестіруге болады. Соңғыларында бұл құбылыстар ізінен қалмайтын тағдыр, шайтандық күш әсерлерін қалдырады, және де психоанализ басынан бастап-ақ бұндай тағдырды автоматты түрде пайда болатын және ерте инфантильді әсерлермен шарттанған деп есептеген болатын. Осы жерде байқалатын жабысқақтықтың, бұл адамдар өз бойларынан ешқашанда симптомдардың қалыптасуына әсер ететін невротикалық шиеленістің белгілерін байқамаса да, невротиктерге тән "жабысқақ қайталаудан" еш айырмашылығы жоқ. Сонымен, әрбір адамға деген қатынасы бір үлгі бойынша жүретін адамдар белгілі болды: қайырымдылар, өз ұяластарының жек көрулерімен аулақта қалғандар; жеке жағдайлар қаншалықты әр түрлі болғанымен бұл адамдардың бастарына рақымсыздықтың бүкіл қасіретін шегу жазылып қойған секілді; Әрбір достық оларға досының опасыздық жасауымен аяқталатын ер адамдар; өз өмірінде өзі үшін және қоғам үшін беделді адам ретінде қандай да бір адамды шығаратын басқалар, және осы беделді адам белгілі бір уақыт өткеннен кейін жаңасымен алмастыру үшін оларды өзі лақтырып тастайды; әйел адамға деген әрбір нәзік қатынастары бір ғана фазалардан өтетін және бірдей нәтижеге алып келетін ғашықтар және т.б. іс осындай адамның белсенді қатынасы туралы болғанда және біз осы бастан өткерулердің қайталануында көрінуі тиіс мінездің қырын тапқанда біз осындай "бір тана нәрсенің үнемі қайта келуіне" аз таңданамыз. Осындай адам бір нәрсені пассивті бастан өткеретін сияқты болып көрінетін, оның ешқандай әсері жоқ, бірақ оның тағдыры үнемі қайтадан қайталана беретін жағдайлар бізге одан көп әсер етеді. Мысалы, үш рет қатарынан күйеуге шыққан, және оның барлық күйеулері ауруға ұшырап, ол оларға өлгенге дейін қарауға мәжбүр болған әйел адамның тарихын есімізге алайық. Осындай жағдайдың өте керемет поэтикалық көрінісін "Азат болған Иерусалим" атты романтикалық эпосында Тассо берген болатын. Оның кейіпкері, Танкред өзінің сүйіктісі Клоринданы жаудың батырының сауытымен соғысып жатқан кезінде байқаусызда өлтіреді. Оны көмгеннен кейін ол кресшілер әскерін үрейлендіретін қорқынышты сиқырлы орманға еніп кетеді. Осы жерде ол өзінің қылышымен биік ағашты шабады, ағаштың жарасынан қан ағады, ол жаны осы ағашқа қамалған Клоринданың даусын естиді; ол оның өз ғашығына таты да ауырлық келтіргендігін айтып шағымданады. Ауыстыру жұмыстарын және жеке адамдардың тағдырын осылай бақылаулардың негізінде біз, психикалық өмірде ләззат алу ұстанымының шегінен шығатын жабысқақ қайталауға деген тенденцияның шын мәнінде бар екендігі жайында болжам жасауға бел будық, және біз енді травмалық невротиктердің түстерін және баланың ойынға деген икемділігін — осы тенденцияға келтіруге талпынамыз. Біз тек сирек жағдайларда ғана жабысқақ қайталаудың әсерін басқа мотивтердің әрекетінен ажырата алатындығымызды айтуға тиіспіз. Біз бала ойынының пайда болуына басқа қандай түсіндірулердің мүмкіндік туғызатындығын айтқан болатынбыз. Қайталауға деген құмарлық және тура, рахаттандыратын құштарлықтарды қанағаттандыру бұл жерде ішкі байланыспен қосылған сияқты болып көрінеді. Ауыстыру құбылыстары ығыстырушы Мен жағынан болатын қарсылыққа қызмет ететін көрінеді; ләззат алу ұстанымын берік ұстанатын біздің Мен-іміз жабысқақ қайталауды көмекке шақырады. Жағдайды рационалды түрде саралай отырып, біз өзімізге "тағдыр" деп атауға болатыннан көп нәрсені түсіндіреміз, және жаңа құпиялы мотивті енгізуге қажеттілікті мүлдем түйсінбейтін боламыз. Жамандықтың алдын алушы түстер жағдайы бәрінен де аз күдік тудырады, бірақ біршама жақын қарастырғанда басқа мысалдарда фактілердің әйгілі мотивтермен жоққа шығарылмайтындығын сонда да қабылдау тиіс. Жабысқақ қайталауды ақтап шығатын көп нәрселер қалады, және осы соңғысы бізге, ол ләззат алу ұстанымына қарай ығыстырғанға қарағанда, біршама алғашқы, қарапайым, үлкен сендіруші күшке ие болып көрінеді. Егер де психикалық өмірде осындай жабысқақ қайталау болатын болса, онда біздің оның қандай қызметке сәйкес екендігі, оның қандай жағдайларда көрінуі мүмкін екендігі және біз осы уақытқа дейін психикалық өмірдегі қөзу процесстерінің ағымына билік етеді деп есептеп келген ләззат алу ұстанымына ол қандай қатынаста екендігі туралы білгіміз келеді.

ІV

Енді біз әрбір адам өзінің жеке ұстанымына тәуелді қабылдай алатын немесе бас тарта алатын, кейде тереңге бойлайтын спекуляцияға ауысамыз. Осы идеяны ары қарай жетілдіруге кейінгі талпыныс тек қана осының қайда алып баратындығын көруге итермелейтін қызығушылықтан жасалынды. Психоаналитикалық спекуляция бейсаналы процестерді зерттеуде алынған және саналылықтың психикалық процестердің міндетті белгісі болып табылмайтындылығынан, алайда олардың тек ерекше қызметі болатындығынан құралатын фактімен байланысты. Метапсихологиялық тілмен айтқанда, сана "Bw" деп атауға болатын, жеке жүйенің жұмысы деп пайымдауға болады. Сана ең бастысы, бізге сыртқы әлемнен келетін тітіркендіргіштерді, сонымен қатар тек біздің психикалық аппаратымыздың ішінен тана өте алатын ләззат алу және ләззат алмау сезімдерін қабылдау болып табылатын болғандықтан, W — Bw9 жүйесіне кеңістіктік орын көрсетілуі мүмкін. Ол сыртқы әлемге бағыттала отырып және басқа психикалық жүйелерді қамти отырып, сыртқы мен ішкінің шекарасында жатуы тиіс. Ары қарай біз, осыны қабылдаумен ешқандай жаңалық ашпағандығымызды, алайда тек сананы біздің орталық аппаратымыздың осы сыртқы қоршаған қабатында, ми қыртысында айрықшалайтын ми анатомиясына қосылғандығымызды байқаймыз. Ми анатомиясы өзіне, анатомиялық тұрғыда пайымдай отырып сана неліктен терең ішкі жақсы қорғалған жерге келудің орнына, мидың сыртқы бөлігінде орналасқан деген сұрақ қоймауы қажет. Мүмкін біз, өзіміздің W — Bw жүйемізді ары қарай түсіндіру үшін осы деректерді пайдаланармыз. Саналылық біз осы жүйеде болып жатқан процестерге төн деп санайтын жалғыз қасиет емес. Біз, қозу процестері басқа жүйелерде естің негізі ретіндегі ұзақ мерзімдік іздер, яғни санаға еш қатысы жоқ еске алулардың іздерін қалдыратындығына жол бере отырып, психоанализдің мәліметтеріне сүйенеміз. Егер оларды туындатқан процесс ешқашанда санаға дейін жетпеген болса, олар жиі жағдайларда біршама тұрақты және жалғасымды болып қалады. Алайда қозудың осындай ұзақ мерзімді іздері W — Bw жүйесінде де қалатындығын болжау қиын. Егер олар үнемі саналы болып қалса, олар өте жақын арада осы жүйенің жаңа қоздыруларды қабылдауға деген қабілетін шектеген болар еді; керісінше, егер олар үнемі бейсаналы болып қалатын болса, онда біздің алдымызға, әдетте қызмет етуі сананың феноменімен бірге жүретін жүйедегі бейсаналы процестердің болатындығын түсіндіру міндетін қояр еді. Сананы ерекше бір жүйеге бөлетін осындай жолмен біз еш нәрсені өзгертіп және еш нәрсені ұтып алмаған болар едік. Егер бұл абсолютті шешуші ой тұжырым болып табылмаса, онда ол бізді, сана және есте сақтауда із қалдыру бір ғана жүйенің ішінде бір-бірімен сәйкес келмейді деген болжамға итермелеуі мүмкін. Біз Bw жүйесінде қозу процесі саналы жасалады, бірақ ешқандай да ұзақ мерзімдік із қалдырмайды деп айта алар едік; еске алулар негізделетін осы процестің барлық іздері осы қозуды таратуда жақын маңдағы ішкі жүйелерге ауыстырылады. Осы мағынада мен 1900 жылы "Түстерді жорудың" спекулятивті бөлігінде ұсынылған сызбаны жасап шығардым. Егер біздің басқа әдебиеттерден сананың пайда болуы туралы қаншалықты аз білетіндігімізді ойласақ, онда әйгілі мәнді, сана еске алулардың ізінің орнында пайда болады деген біршама негізделген пайымдауға келтіру қажет. Осылайша, Bw жүйесі, қозу процесінің онда, басқа барлық психикалық жүйелердегі сияқты оның элементтерінің ұзақ мерзімдік өзгеруін қалдырмайтын, алайда саналау құбылысындағы жарқылына алып келетін ерекшелігімен айрықшалануы қажет. Жалпыға ортақ ережеден осылай бас тарту ақылға тек осы жүйені зерттеуде ғана келетін бір сәттің көмегімен түсіндіруді талап етеді, және басқа жүйелерде болмайтын осы сәтпен сыртқа шығарылған Bw жүйесінің жағдайы оның сыртқы әлеммен тікелей бірігуі болуы оңай болар еді. Өзіміздің көз алдымызға тітіркенген субстанцияның дифференциацияланбаған көпіршігі түріндегі ең қарапайым формадағы тірі ағзаны елестетіп көрелік; сонда оның сыртқы әлемге қаратылған үстіңгі қабаты өзінің жағдайының күшінен дифференциацияланған болып табылады және тітіркендіргішті қабылдаушы мүше болады. Филогенездің қайталануы ретіндегі эмбриология, орталық жүйке жүйесі эктодермадан шығатындығын және сүр түсті ми қыртысы оның мәнді қасиеттерін тұқым қуалаушылық арқылы алудың арқасында өзгеретін примитивті сыртқы қабаттың ұрпағы болып табылатындығын шын мәнісінде көрсетеді. Сыртқы тітіркендіргіштердің көпіршіктің үстіңгі жағына үзіліссіз үйкелуінің салдарынан оның субстанциясы мәлім тереңдікке дейін өзгеретіндігі әбден мүмкін болып көрінеді, сондықтан қозу процесі біршама терең қабаттардағыға қарағанда үстіңгі бөлікте басқаша өтеді. Осылайша, соңында тітіркендіргіштермен күйгендігі соншама, тітіркендіргіштерді қабылдауға жақсы жағдайлар жасайтын және ары қарай өзгеруге қабілетсіз болып қалатын қыртыс қалыптасты. Осыны Bw жүйесіне ауыстырғанда, бұл оның элементтері қозу өткенде ешқандай ұзақ мерзімдік өзгеріске түсе алмайтындығын, өйткені олардың осы әсермен шегіне дейін өзгергендігін білдірген болар еді. Сонда олар сананың пайда болуына дайын болады. Субстанциялардың өзгеруі және онда болып жатқан қозу процесі неден тұрады, бұл жайында қазіргі таңда әлі тексеруге келмей жатқан бірнеше түсінікті құрастыруға болады. Бір элементтен екіншісіне өткенде қозу мәлім қарсылықтан өтуі тиіс екендігін, және осы қарсылықты азайтудың ұзақ уақыт бойы болатын қозудың ізін қалдыратындығын (жолдарды үйкеу) болжауға болады; Bw жүйесінде бір элементтен екіншісіне өткенде бұндай қарсылық туындамайды. Осы түсінікпен психикалық жүйелердің элементтеріндегі тыныштықтағы (байланған) және еркін-қозғалғыш қуаттарды брейсровтық ажыратуды байланыстыруға болады; бұл жағдайда жүйесінің элементтері байланған емес, алайда тек еркін алып барылатын қуатқа ие болған болар еді. Бірақ менің ойымша, әзірге бұл заттар туралы мүмкіндігінше белгісіздікпен айтқан дұрыс. Сонда да біз осы пайымдаулардың арқасында сананың пайда болуын Bw жүйесінің жағдайымен және оған тән деп есептелінетін қозу процесінің өту ерекшеліктерімен байланыстырдық. Біз тірі көпіршіктегі оның тітіркендіргіштерді қабылдайтын қыртыс қабатының тағы да бір сәтін айқындауымыз қажет. Тірі материяның бұл бөлшегі үлкен күшті қуатпен зақымдалған сыртқы әлемде жүреді, және етер ол тітіркенуден (Reіzschutz) қорғанған болмаса, ол осы тітіркендіргіштердің әрекетінен баяғыда-ақ өлген болар еді. Ол осы алдын-ала қорғаушы құрылғыны, оның сыртқы қабаты тіршілік иесіне төн құрылымды өзгертетіндігінің, мәлім шамада органикалық емес болатындығының және енді ерекше қабық немесе мембрана ретінде тітіркендіргішке ұстамды әрекет ететіндігінің, яғни сыртқы әлемнің қуатының өзінің алдыңғы күшінің тек кішкене бөлшегімен тана тірі қалған жақын қабаттарға таралуына алып келуінің арқасында қалыптастырады. Өзінің алғашқы тітіркену күшінен қорғалған бұл қабаттар өздерін оларға өткізілген барлық тітіркендіргіштерді меңгеруге бағыштайды. Осы сыртқы қабат өзінің өліп бітуінің арқасында осындай жағдайдан жоқ дегенде тітіркендіргіш осы қорғанысты қирататындай күшке қол жеткізгенге дейін біршама терең қабаттардың барлығын алдын-ала қорғайды. Тірі ағза үшін тітіркендіргіштерден осындай қорғаныс, тітіркендіргіштерді қабылдауға қарағанда, біршама маңызды міндет болып табылады; ол өзінің қуат қорларымен қамтамасыз етілген, ең алдымен сырттан әрекет ететін және оны күші бойынша өзіндікке ауыстыратын қуаттардың қиратушы әсерлерінен осы қуаттың өзгеруінің әзінің ерекше формаларын қорғауға талпынуы тиіс. Тітіркендіргіштерді қабылдаудың ең басты мақсаты сырттан келген тітіркендіргіштердің бағытында және қасиеттерінде бағдарлану, ал ол үшін сыртқы әлемнен тек кішкене ғана бөліктерді алып және оларды кішігірім мөлшерлерде бағалау жеткілікті болып табылады. Жоғары дамыған ағзаларда бұрынғы көпіршіктің қабылдаушы қыртыстық қабаты осы қабаттың бір бөлігін тітіркендіргіштерден тікелей жалпы қорғаныстағы үстіңгі қабатта қалдырып, баяғыда ағзаның тереңіне батып кеткен. Бұл өздерінің құрамдарында арнайы тітіркендіргіштерді қабылдау үшін қажетті құрылғылары және аса күшті тітіркендіргіштерден қорғануға және тітіркендіргіштердің адекватты емес түрлерін ұстап қалуға арналған ерекше құралдары бар сезім мүшелері болып табылады. Оларға сыртқы тітіркендіргіштердің тек өте аз мөлшерін ғана қайта өндеу төн, олар сыртқы әлемнен оның тек кішігірім ғана бөліктерін алады. Осы сезім мүшелерін, сыртқы әлемді ұстайтын және одан кейін қайтадан одан қашатын түрткілермен салыстыруға болады. Мен осы жерде өзім үшін басты зерттеуді қажет ететін сұраққа қысқаша тоқталғалы отырмын. Уақыт пен кеңістік біздің ойлауымыздың мәнді қажетті формалары деген Канттық жағдай қазіргі таңда әйгілі психоаналитикалық мәліметтердің әсерінен пікір-таласқа түсуі мүмкін. Біз бей¬саналы рухани процестердің өздігінен "уақыттан тыс" тұратындығын анықтадық. Бұл ең алдымен, олардың уақыт бойынша реттелмегендігін, уақыттың оларда ештемені өзгертпейтіндігін, уақыт туралы түсінікті оларға қатысты пайдалануға болмайтындығын білдіреді. Осы жағымсыз қасиетті тек саналы психикалық процестермен салыстыру жолымен ғана түсінуге болады. Біздің уақыт жайындағы абстрактілі түсінігіміз тек W — Bw жүйесінің жұмыс қасиетіне ғана тәуелді болуы тиіс және осы соңғысының өзіндік қабылдауына сәйкес келуі қажет. Жүйенің осындай қызмет ету тәсілінде тітіркендіргіштерден қорғанудың басқа жолы таңдалынуы тиіс. Мен осы пайымдаулардың аса бұлыңғыр естілетіндігін білемін, алайда тек осындай тілге тиек етулермен ғана шектелуге мәжбүрмін. Біз осыған дейін тірі көпіршік сыртқы әлемнің тітіркендіргіштерінен қорғалуы тиіс екендігін айтып өткен болатынбыз. Оның алдында біз оның жақын мандаты қыртыстық қабаты сырттан келген тітіркендіргіштерді қабылдаудың дифференциацияланған мүшесі болуы керектігін пайымдаған болатынбыз. Осы сезімтал қыртыстық қабат, болашақ Bw жүйесі, іштен келетін қозуларды да алады. Сыртқы және ішкі әсерлердің арасындағы осы жүйенің орны және жан-жақтан келген әсерлер үшін жағдайлардың айырмашылықтары осы жүйенің және бүкіл психикалық аппараттың жұмысы үшін шешуші болып табылады. Сыртқы әсерлерге қарсы осы келетін тітіркендіргіштердің күшін өте аз мөлшерге дейін азайтатын қорғаныс болады; ішкі әсерлерге қатысты бұндай қорғаныс мүмкін емес, терең қабаттардың қозуы тікелей және азаймастан осы жүйеге таралады, сондай-ақ олардың өтуінің мәлім сипаты ләззат алу мен ләззат алмаудың түйсіктерінің бірқатарын туындатады. Олардан шыққан қозулар, сыртқы әлемнен келген тітіркендіргіштерге қарағанда, өзінің интенсивтілігі бойынша және басқа сапалық қасиеттері (мысалы, өзінің амплитудасы) бойынша осы жүйенің жұмыс тәсіліне біршама адекватты болады. Осы жағдайлар екі нәрсені нақты анықтап береді: біріншіден, аппараттың ішінен болып жатқан процестер үшін индикатор болып табылатын ләззат алу және ләззат алмау түйсіктерінің барлық сыртқы тітіркендіргіштерден басым болуы; екіншіден, ләззат алмаудың аса көбеюіне алып келетін ішкі қозуларға қарсы бағытталған іс-әрекет. Осыдан, оларға тітіркендіргіштерден қорғанудағы секілді дәл сол қорғаныс шараларын қолдану мүмкін болу үшін, олар іштен емес, сырттан әсер ететіндей, оларға осылайша тән болуға талпыныс пайда бола алады. Патологиялық процестердің пайда болуында осыншама үлкен рол атқаратын проекциялардың шыту тегі осындай. Маған біз соңғы пайымдаулардың көмегімен ләззат алу ұстанымының билігін түсінуге жақындаған секілді көрінеді; бірақ біз әлі отан қарама-қарсы келетін жағдайларды анықтаған жоқпыз. Сондықтан ары қарай қадам жасаймыз. Тітіркендіргіштен қорғанысты қиратуға жеткілікті күшті сырттан келетін осындай қозуларды біз зақымдық деп атаймыз. Менің ойымша, зақым түсінігі өзіне тітіркендіргіштен қорғанысты бұзу түсінігін енгізеді. Сыртқы зақымдану сияқты жағдай ағзаның қуат көзінде дұрыс емес алып бұзылысты туғызады және барлық қорғаныс құралдарын қозғалысқа келтіреді; бұл жерде ләззат алу ұстанымы әлжуаз болып қалады. Ағзаның психикалық аппараттың тітіркендіргіштердің осыншама көп мөлшерімен толғанын ұстап тұруға күші жетпейді. Осы тітіркендіргішті жеңуден, осы ұрланып келген тітіркендіргіштердің алып көлемін психикалық байлаудан, одан кейін оларды жоққа шығарудан тұратын басқа міндет пайда болады. Физикалық ауырлықтан келген арнайы ләззат алмау, тітіркендіргіштерден қорғаныстың мәлім шамада үзілгендігінің салдары болуы мүмкін. Осы жерінен перифериялар ағады, осының салдарынан психикалық аппаратта үнемі болатын қозулар, әдетте тек іштен ғана келе алатындай жолмен келеді. Және біз осы талпыныстан қандай басқа реакцияны күте аламыз? Зардап шеккен жердің айналасын сәйкес жоғарғы қуаттық толтыру үшін барлық жақтан белсенді қуат (Besetzungsenergіe) тартылатын болады. Іске асыру үшін өздерінің қорларымен басқа психикалық жүйелер келетін күшті компенсация (Gegenbesetzung) қалыптастырылады, сондықтан да басқа психикалық қызметтердің ауқымды әлсіреуі және әдеттегі жұмысқа деген қабілеттіліктің төмендеуі болады. Осындай мысалдарда біз өзіміздің метапсихологиялық құрылғымызды алғашқы фактілерге келтіруді үйренгіміз келеді. Осы жағдайдан біз, тіпті жоғарғы қуаттық потенциалды жүйенің өзі (hochbesetzte System) оны тыныштықтағыға айналдыра отырып, яғни оны психикалық "байлай" отырып, қайтадан келген байланысты емес қуатты қабылдай алады деген қорытынды жасаймыз. Тыныштықтағы қуаттың өзінің потенциалы неғұрлым жоғары болса, оның байлаушы күші де соғұрлым жоғары болады; және керісінше, ол потенциал неғұрлым төмен болса, бұл жүйе қуатты қабылдауға, меңгеруге соғұрлым аз күйде болады, "тітіркендіргіштерден қорғаныстың" осындай талпынысының салдары да соғұрлым күшті болуы тиіс. Талпыныс орнының айналасындағы қуаттық потенциалдың (Besetzungen) ұлғаюы осы жерге енетін қозулардың тура салдарымен біршама жеңіл түсіндіріледі деген түсінуге қарсы шығу дұрыс емес болар еді. Егер бұл осылай болса, онда психикалық аппараттың өзінің қуаттық потенциалы тек көбейген болар еді, ал аурудың әлсіретуші сипаты, басқа барлық жүйелердің әлсіреуі түсініксіз болып қалар еді. Аурудың тіпті ең күшті қорғаныс әрекеттері біздің түсіндіруімізге қайшы келмейді, себебі олар рефлекторлы тұрғыда өтеді, яғни олар психикалық аппараттың көмегінсіз пайда болады. Біз метапсихологиялық деп атайтын біздің құрылғыларымыздың барлығының белгісіздігі психикалық жүйелер элементтеріндегі қозу процесінің табиғаты жайында ештеме білмейтіндігімізден және өзімізді тіпті қандай да бір болжам жасауға құқылы санамайтындығымыздан болады: осы қатынаста біз осылайша, өзіміз әрбір жаңа формулаға ауыстыратын үлкен ЛГ-пен операция жасаймыз. Осы процестің сандық әр түрлі қуатпен жасалатындығы — бұл оңай жол беруге болатын болжам болып табылады; оның сонымен қатар бір қасиеттен көп қасиетке (мысалы, амплитуд ал ар түрінде) ие екендігі біз үшін мүмкін емес болып көрінеді; біз жаңа қалыптастыру ретінде, бұл жерде істің қуаттың екі формалары туралы болып отырғандығы жайындағы Брейердің болжамын қабылдаймыз: еркін өтетін, қуатталуға талпынатын, және психикалық жүйелердің (немесе олардың элементтерінің) қорында тыныштықта тұратындар. Біздің, психикалық аппаратқа келуші қуаттарды "байлаудың" оны еркін өтетіннен тыныштықтағы күйге ауыстырудан тұрады деген болжамға орын беруіміз мүмкін. Менің пікірімше, қарапайым зақымдық неврозды "тітіркендіргіштерден қорғаныстың" ауқымды талпынысының сал¬дары ретінде түсінуге ұмтылыс жасау керек. Осымен, күштің механикалық емес әсеріне этиологиялық мәнді, ал шошу мен қорқуға өмірді төн деп есептейтін біршама жаңа және біршама психологиялық талап қоюшы ілімге қарама-қайшы, шок туралы көне ілім өз құқықтарында қайта қалпына келген болар еді. Алайда бұл қарама-қарсылықтарды татуластыру қиын емес; травмалық невроздың психоаналитикалық түсінігі шок теориясының оғаш формасымен бірдей емес. Егер соңғысы шоктың мәнін нервтік элементтердің молекулалық немесе гистологиялық құрылымының тікелей зақымдалуымен түсіндірсе, онда біз оның әсерін "тітіркендіргіштерден қорғаныстың" талпынысынан және осы жерден туындайтын міндеттерден түсінуге тырысамыз. Ол үшін шарт, ең алдымен тітіркендіргішті қабылдайтын жүйелердегі қуаттардың артуын (Uberbesetzung) жасайтын қорқыныш (Angstbereіtschaft) түріндегі дайындықтың жоқтығы болып табылады. Осындай төменгі қуаттық потенциалдың салдарынан жүйелер оларға келген қозулардың санын байланыстыра алмайды, және "тітіркендіргіштерден қорғаныстың" осындай талпынысының аталған салдарлары соғұрлым жеңіл іске асырылады. Осылайша біз, қорқыныш түріндегі дайындықтың қабылдаушы жүйенің қуаттық потенциалының жоғарылауымен тітіркендіргіштен қорғаныстың соңғы сызығын білдіретіндігін таптық. Бірқатар зақымданулар үшін дайындалмағандар мен дайындалғандардың арасындағы осындай айырмашылық жүйелердің потенциалын жоғарылату арқылы олардың аяқталуының шешуші сәті болуы мүмкін; ол енді зақымданудың өзінің күшіне тәуелді болмайды. Егер зақымдық невротиктер түстерінде қайта-қайта апат жағдайына қайта оралатын болса, онда олар галлюцинациялық іске асуы ләззат алу ұстанымы билік еткенде қызмет болған тілектердің орындалуы болып табылмайды. Бірақ біз олардың, ләззат алу ұстанымы өзінің билігін іске асыра бастағанға дейін шешілуі тиіс басқа міндетті іске асыратындықтарын мойындауымыз керек. Бұл түстер, жоқ болуы зақымдық невроздың себебі болған қорқыныш сезімін дамыту арқылы тітіркендіргішті жеңуге ұмтылыс жасайды. Осылайша олар, ләззат алу ұстанымына қарама-қайшы келмейтін, сонда да оған тәуелсіз және ләззат алуға талпыныс пен ләззат алмаудан қашуға қарағанда алғашқы болып көрінетін психикалық аппараттың қызметін айқындайды. Осы жерде түс тілектердің орындалуы екендігін ережеден тыс алғаш рет мойындау дұрыс болар еді. Менің бірнеше рет жан-жақты дәлелдегенім сияқты, қорқынышты түстер де (Angsttraume), жазалау түстері де (Straftraune) осындай ережеден тыс жағдайға келмейді, өйткені олар тыйым салынған тілектердің орындалуына тиісті жазалауды туындатады және, осылайша, ығыстырылған құштарлыққа әсерленетін ерекше "өзін кінәлау сезімі" тілегін орындау болып табылады. Алайда жоғарыда айтылған зақымдық невротиктердің түстерін тілектердің орындалуы көзқарасының бұрышынан қарастыруға болмайды, және осыншалықты аз деңгейде бұл психикалық инфантильді зақымданулар туралы еске алуларды қайта жаңғыртатын психоанализде кездесетін түстерге қатысты да мүмкін болады. Олар тез арада психоанализ процесінде онша бейсаналы емес тілекпен — ұмытылған және ығыстырылғанды анықтау — бекітілетін жабысқақ қайталауға тенденцияға бағынады. Осылайша, оған кедергі жасайтын тілектерді орындау арқылы түс көруді тоқтатуға себептерді жоюдан тұратын түс көрудің қызметі алғашқы емес болып табылады: егер бүкіл психикалық өмір ләззат алу ұстанымының билігін мойындаса ғана, түс көру осы өзіне кедергі жасап отырған қозуларды күшейте алған болар еді. Егер де "ләззат алу ұстанымының арғы жаты бар болса", онда түстегі тілектердің орындалу тенденциясының алдында болатын бірнеше дәуірлердің бар екендігін мойындауға болады. Бұл түс көрудің біршама кейінгі қызметтеріне қайшы келмейді. Алайда, егер бұл тенденция қандай да бір жерде бұзылса, келесі сұрақ туындайды: психоанализде травмалық әсерлерді психикалық байланыстыру қызығушылығында жабысқақ қайта жаңғырту тенденциясымен жүретін түстердің болуы мүмкін бе? Бұған сөзсіз сенімді жауап беру қажет. "Әскери" невроздарға қатысты, бұл атау осы аурудың жағдайларына қарапайым қатынастан гөрі үлкен нәрсені білдіретін болғандықтан, мен басқа жерде олардың пайда болуы шиеленісімен (Іch-Konflіkt) жеңілдетілген травмалық невроз болуы мүмкін екендігін дәлелдедім. Жоғарыда айтылған, бір мезгілдегі үлкен жарақаттанудың үлкен зақымдану арқылы травмалық невроздардың пайда болуына мүмкіндіктерді азайтатындығын көрсететін факті енді, әсіресе егер психоаналитикалық зерттеу анықтаған екі жағдай жайында еске алсақ, біршама түсінікті болады: біріншіден, механикалық жаңартулар сексуалды қозулардың бастауларының бірі ретінде қарастырылуы тиіс ("Сексуалдылық теориясы бойынша үш очерк" атты еңбектегі темір жолда тербелу мен жүрудің әсерлері туралы ескертулерді қараңыз), және, екіншіден, ауру және сандырақтық күйдің өзінің өту барысында либидоның таралуына күшті әсер етуі. Осылайша, зақымданудың механикалық күші жеткілікті дайындықтың жоқтығының салдарынан қорқыныш түрінде травмалық әрекет ететін сексуалды қозудың санын босатады, либидоның нарцисттік бағытталуының көмегімен дененің бір мезгілдегі жарақаттануы зардап шеккен мүшеде қозулардың қалдықтарын байланыстырады. (Zur Eіnfuhrіng des Narzііlmus // Samml. kleіner Schrіften z. Neurosenlehre, 1918. — Психол. и психоанал. Библиот. — ГИЗ, 1921. — Вып. VІІІ. орысша аударманы қараңыз). Сонымен қатар, меланхолия секілді либидоның таралуындағы ауыр бұзылыстардың қандай да бір келуші органикалық ауру арқылы уақытша жойылуы мүмкін екендігі либидо теориясы үшін жеткілікті бағаланбағандығы және тіпті толығымен дамыған dementіa ргаесох күй де аталған жағдайлардың уақытша тоқтатылуы және тіпті бұрынғы, аз ауырлықты күйлерге қайтарылуы мүмкіндігі мәлім болды.

V

Қыртыстық қабаттың ішкі тітіркендіргіштерін қабылдаушыдағы тітіркендіргіштерден қорғаныстың жоқтығының салдарынан, тітіркендіргіштердің орын ауыстыруы үлкен экономикалық мәнге ие болады және зақымдық неврозбен теңестірілуі мүмкін ағзаның экономикасындағы бұзылыстарға сылтау болады. Осындай ішкі тітіркенудің ең негізгі бастаулары ағзаның ішінде пайда болатын және психикалық аппаратқа ауыстырылатын барлық әрекет етуші күштердің өкілдері болып табылатын ағзаның құштарлықтары болады: дәл осылар психологиялық зерттеудің ең маңызды және ен қараңғы элементі болып табылады. Біз осы құштарлықтардан шығатын әрекеттердің типі бойынша байланған емес, нервтік процестерді қуаттандыруға талпынатын еркін-қозғалғыш болып табылатындығын аса өжет болжам деп есептемейміз. Осы процестер туралы білетіндеріміздің ең үлкені түс көруді зерттеуден алынады. Бұл жерде біз, бейсаналы жүйелердегі процестердің саналы (сана алдылық) процесстерден түбегейлі өзгеше екендігін, бейсаналылықта қуаттың жеке зарядтары оңай тұтасымен ауыстырылатындығын, араластырылатындығын, біріктірілетіндігін таптық. Егер сана алдылықтың материалында да осылай болса, бұл қисынсыз нәтижелерге алып келген болар еді; сондықтан бейсаналылықтың заңдарына сәйкес күннің сан« алдылық қалдықтары қайта өңделгеннен кейін түс көрудің айқын мазмұнындағы әйгілі қиындықтар алынады. Мен біздің сәйкес қалыпты ояу күйдегі "екінші ретті" процестерімізге қарағанда, бейсаналылықтағы осындай процестердің бұл қасиетін "алғашқы" психикалық процесс деп атадым. Барлық құштарлықтар бейсаналы жүйелерде пайда болатын болғандықтан, егер олар алғашқы процестерге ереді деп айтсақ жаңалық ашпаймыз; басқа жатынан, бізге алғашқы психикалық процесті еркін қозғалатын зарядпен, ал екінші ретті процесті Брейердің байланысты немесе тоникалық нервтік қысымның өзгерістерімен теңдестіруге бізде негіз аз. Бұндай жағдайда психикалық аппараттардың біршама жоғарғы қабаттарының міндеттері "алғашқы" процесте пайда болған оған дейін қол жеткізілген құштарлықтарды байланыстыру болар еді. Осындай байланыстырудың сәтсіздігі травмалық неврозға ұқсайтын бұзылысты туғызады; тек егер одан кейін осындай байланыстыру болса, онда ләззат алу ұстанымының және оның модификациясының — шынайылық ұстанымының билігі кедергісіз жалғасатын болар еді. Бірақ оған дейін қозуды меңгеруден немесе оны байланыстырудан тұратын және ләззат алу ұстанымына қайшы келмейтін, алайда оған тәуелді емес, көп жағдайда тіпті оны айтпайтын психикалық аппараттың басқа міндеті бірінші орында тұрар еді. Біз ерте балалық шақтың психикалық өмірінде және психоаналитикалық практика жағдайларында кездестірген жабысқақ қайталаудың пайда болуы алынбайтын сипатпен, ал ләззат алу ұстанымымен қарама-қайшылықта болатын жерлерде "шайтандық" сипатпен айрықшаланады. Біздің ойымызша балалық шақтағы ойындарда бала тіпті жағымсыз бастан өткерулерді де қайталайды, өйткені ол, әдеттегі пассивті бастан өткерулердегіге қарағанда, күшті әсерлерді өзінің белсенділігінің арқасында жақсы меңгереді. Әрбір жаңа қайта жаңғырту осы меңгеру тілегін бекітуге тырысатын секілді көрінеді, және тіпті жатымды бастан өткерулерде бала осы қайталауларды алып жүре алмайды және сол әсерлердің қайталануын талап етеді. Мінездің бұл қыры кейіннен жойылып кетуі тиіс. Екінші рет естілген өткірлік білінбейтіндей өтіп кетеді, театрлық қойылым, ол бірінші рет көрсеткендей, екінші рет әсер қалдырмайды; үлкен адамды тіпті өте қатты ұнаған кітапты да бірден қайта оқып шығуға мәжбүрлеу қиын болады. Үнемі ләззат алудың шарты оның жаңашылдығы болады. Үлкен адам түбегейлі бас тартпайынша бала өзіне оның көрсеткен ойынын қайталауды талап етуден шаршамайды, және егер отан қызықты ертегі айтып берсе, оның жаңаның орнына осы ертегіні қайта-қайта тыңдай бергісі келеді; ол соның қайталануын шаршамастан талап ете береді және әңгімелеп отырған адам саналуандық енгізу үшін қосқан кез келген өзгерісті түзетеді. Бұл жерде ләззат алу ұстанымына қайшылық жоқ; осы қайталаудың, дәл сол нәрсені табудың өздігінен ләззат алудың бастауын құрайтындығы көзге бірден түседі. Керісінше, талдауға түскендерде, оның инфантильді кезеңінің қатынастарын ауыстырудағы жабысқақ қайталаудың кез келген жағдайда ләззат алу ұстанымын шектен шығаратындығы айқын болып көрінеді. Бұл жағдайда ауру адам өзін бала секілді ұстайды және бізге оның ерте бастан өткерулері туралы еске алуларының ығыстырылған іздері онда байланысты емес күйде екендігін көрсетеді, сондай-ақ ол мәлім дәрежеде екінші процеске ауысуға қабілетсіз болады. Олар бұл қасиетке өздерінің күндізгі бастан өткерулердің іздеріне түсте пайда болатын тілектердің орындалуы қиялын қосу арқылы қалыптастыру қабілеттерінің көмегімен қол жеткізген. Осы жабысқақ қайталау, біз емдеудің соңында емдеуші дәрігерден алшақтауға алып келуге тырысқан кезде терапевттік жұмыста біз үшін жиі жағдайларда кедергі болып табылады, және олардың ойларынша, ұйқылы күйде қалдыру қажет болып табылатын нәрсені оятудан қорқатын талдауға түспеген адамдардағы құпия қорқыныштың негізінде осындай шайтандық жабысқақтықтың басталуының алдындағы қорқыныш жатыр деген болжам жасау керек. Құштарлықтар мен жабысқақ қайталау өзара қалай байланысты? Бұл жерде біз, осы күнге дейін біздер үшін айқын емес немесе жеткілікті айқындалмаған, осы құштарлықтардың, мүмкін, тіпті бүкіл органикалық өмірдің өзінің сипатының ізіне түстік деген ойға келеміз. Осы көзқарас тұрғысынан құштарлықты тірі ағзада, сыртқы кедергілердің әсерінен тіршілік иесі қалдыруға мәжбүр болған қандай да бір алдыңғы күйді, органикалық иілгіштікті, немесе органикалық өмірдегі түбірліктің көрінуін қайта қалпына келтіруге деген талпыныстың болуы ретінде анықтауға болар еді. Құштарлықтың осы анықтамасы оғаштау естіледі, себебі біз құштарлықтан өзгеруге және дамуға талпынатын сәтті көруге үйреніп кеткенбіз, және енді оған қарама-қайшы, тіршілік етушінің консервативті табиғатының көрінуін мойындауға тиістіміз. Бір жағынан, біз жақында құштарлықтардың тарихи шарттанғандығын дәлелдейтіндей жануарлар өмірінен алынған мысалдармен танысамыз. Егер кейбір балықтар уылдырық шашу кезінде өздерінің әдеттегі тіршілік ортасынан алыстағы әйгілі суларда уылдырықтарын шашу үшін қиын саяхатқа шығатын болса, онда, көптеген биологтардың пікірлері бойынша, олар уақыт өте келе басқа жерлерге алмастырған тек бұрынғы жерлерді іздейді. Бұл жыл құстарының қоныс аударуына да қатысты; алайда ары қарай мысалдарды іздестіру бізге өте жақында, тұқым қуалаушылық феномендері мен эмбриология фактілерінен біздің органикалық "жабысқақ қайталаудың" керемет мысалдарын табатындығымызды нұсқайды. Біз, жануардың ұрығы өзінің дамуында, қысқаша жолмен оның соңғы бейнесіне жетуге асығудың орнына, осы жануар шыққан формалардың барлығының құрылымын, тіпті тез және жылдамдатылған түрде болса да, қайталауға мәжбүр екендігін көреміз; бұл жағдайды біз механикалық тұрғыда тек аз тана дәрежеде түсіндіре аламыз және тарихи түсіндіруді де шетте қалдырмауға тиіспіз. Осылайша жануарлар әлемінің алыстағы тарихына, орнына басқа, аса бірдейлердің қалыптасуы арқылы жоғалған мүшенің орнын басу қабілеті терең бойлайды. Осы жерде бірден қайталауға мәжбүр ететін консервативті құштарлықтардан басқа жаңа формалар беруге талпынатын және прогреске алып келетіндер де бар деген қарсылықты айта кету керек; бұл қарсы шыту біздің пайымдауларымызда кейіннен де қарастырылуы тиіс. Алайда, барлық құштарлықтар бұрынғы күйді қайта қалпына келтіруге талпынады деген болжамды соңғы қорытындыларға дейін бақылау бізге дұрыс болып көрінеді. Бұл артық "терең ойлы" болып көрінсе де немесе мистикалық түрде естілсе де, біз осындай нәрсеге талпындық. Біз зерттеудің саралы нәтижелерін немесе оған негізделген пайымдауларды іздейміз және сенімділіктен басқа ештемеге талпынбаймыз. Егер де, осылайша, барлық органикалық құштарлықтар консервативті, тарихи қалыптасқан және регреске, алдыңғы күйлерді қайта қалпына келтіруге бағытталған болса, онда біз органикалық дамудың барлық салдарларын сыртқы, кедергі жасаушы және ауытқушы құштарлықтардың есебінен келтіреміз. Қарапайым тіршілік иесі өзінің ең басынан бастап өзгеріске талпынуы тиіс, өзгермейтін жағдайларда үнемі кәдімгі өмірлік жолды қайталауы қажет. Бірақ соңында біздің жеріміздің даму тарихы және оның Күнге қатынасы ағзалардың дамуына өз ізін қалдырған. Консервативті органикалық құштарлықтар осы өмірлік жолдан мәжбүр болған ауытқулардың әрқайсысын қабылдады, оларды қайталау үшін сақтап қалды және, осылайша, олар ескі және жаңа жолдарда бұрынғы мақсаттарына қол жеткізуге талпынып жатқанда, өзгеріс пен прогреске талпынатын күштердің алдамшы әсері жасауы тиіс. Алайда кез келген органикалық талпыныстардың бұл соңғы мақсаты да оңай танылған болар еді. Егер өмір мақсаты тағы да оның ешқашанда қол жеткізбеген күйі болса, бұл құштарлықтардың консервативті табиғатына қарама-қайшы болған болар еді. Керісінше бұл жерде тіршілік иесі бір кезде қалдырып кеткен және кері қарай дамудың бүкіл өтетін жолдарымен талпынатын, ескі бастапқы күйді іздеу қажет болар еді. Егер біз, барлық тіршілік иелері ішкі себептердің салдарынан өледі, органикалық емеске қайта оралады деген фактіні қабылдасақ, онда біз мынаны айта аламыз: кез келген өмірдің мақсаты өлім болып табылады, және керісінше — өлілер тірілерден бұрын болған. Бір кездері қандай да бір мүлдем белгісіз күштермен өлі материяда тірінің қасиеті оянған болатын. Мүмкін, бұл тірі материяның мәлім қабатында салдарынан сана қалыптасуы тиіс болған процеске ұқсас процесс болған шығар. Сол кезде өліде пайда болған материяның қысымы тыныштануға талпынған: бұл өліге қайтуға алғашқы талпыныс болды. Ол кезде тірі субстанцияның өлуі оңай болған, өмірлік жол қысқа болған, оның бағыты жас өмірдің химиялық құрылымымен алдын-ала анықталынып қойған. ұзақ уақыт бойы тірі субстанция қайта-қайта пайда бола алды және, сыртқы, анықтаушы себептер тірі қалған субстанцияны алғашқы өмірлік жолдан көп ауытқуға және мақсатқа қол жеткізу үшін біршама күрделі өтпелі жолдарға — өлімге — мәжбүрлеуге икемді шамаға дейін өзгергенге дейін оңай өліп кететін болған. Консервативті құштарлықтар сенімді қорғайтын, осы өлімге алып баратын өтпелі жолдар бізге енді өмірлік құбылыстардың бейнесін береді. Егер құштарлықтардың тек консервативті табиғаты туралы пікірді ұстанатын болсақ, өмірдің шығуы мен мақсаттары туралы басқа болжамдарға келуге болмайды. Осы қорытындылар сияқты, үлкен топтарға қатысты біз осы ағзалардың өмірлік көрінулерінің артында ұстап отырған құштарлықтарды шығаруға болатындығы да оғаштау естіледі. Біз әрбір тіршілік иесіне тән деп есептейтін өзіндік қорғауға деген құштарлықтың бар екендігі жайындағы болжам, құштарлықтардың бүкіл тұмыры өлімге қол жеткізуге бағытталған деген пайымдаумен қарама-қайшылықта тұрады. Осы жолда қарастырылып отырған өзіндік қорғауға, билікке және өзіндік мойындалуға деген құштарлықтар теориялық тұрғыда қатты шектеледі; олар ағзаны өлімге алып баратын өзіндік жолмен қамтамасыз етуге және оған имманенттілерден басқа органикалық емес күйге қайтып келудің басқа барлық мүмкіндіктерінен қашуға арналған жеке құштарлықтар болып табылады. Сонымен, еш нәрсемен ешқандай байланыста болмайтын сияқты ағзаның қайткен күнде де өзіндік мойындалуға деген жұмбақ талпынысы жоққа шығады. Ағзаның тек өздігінен өлгенді қалайтындығын мойындау тана қалады: және бұл "өмірдің күзетшілері" алғашында өлімнің құлдары болған. Осыған, тірі ағза отан өзінің мақсаттарына ең қысқа жолмен (қысқаша жарқылдаумен) Қол жеткізуге көмектесе алмаған қауіптерге ең қуатты жолмен қарсы шығады, деген парадоксалды пайымдау да қосылады, бірақ бұл мінез-құлық, ағзаның ақылды талпыныстарына қарсы, құштарлықтардың тек примитивті формаларын ғана сипаттайды. Алайда өзімізге есеп берейік: бұл мүмкін емес қой! Онда бізге, невроздар туралы ілім ерекше жағдайды анықтап берген сексуалды талпыныстар мүлдем басқаша көрінген болар еді. Барлық ағзалар, олардың бірте-бірте алысқа кетіп бара жатқан дамуын стимулдандырған сыртқы мәжбүрлеуге бағына бермейді. Көбісі өздерін дамудың ең төменгі сатысында осы уақытқа дейін сақтап келді; енді барлығы болмаса да, жоғарғы жануарлар мен өсімдіктердің примитивті формаларына ұқсас болуы тиіс көптеген тіршілік иелері тірі. Жоғарғы ағзаның күрделі денесін құрайтын барлық қарапайым мүшелер дәл осылайша табиғи өлімге дейін осы даму жолын толығымен өте бермейді. Олардың арасындағы кейбіреулері, мысалы ұрықтық жасушалар, тірі субстанцияның алғашқы құрылымын сақтап қалуы мүмкін және, барлық тұқым қуалаушылықпен берілген және қайта табылған қабілеттермен жасақталған күйі олар мәлім уақытқа дейін ағзадан бөлінеді. Мүмкін, дәл осы екі қасиет оларға өз бетінше тіршілік ету мүмкіндігін беретін шығар. Жақсы жағдайларға қойылған, олар дами бастайды, яғни олардың тіршілігінің себепкері болып табылатын ойынды қайталай бастайды, және бұл, олардың субстанциясының бір бөлігі өз дамуын соңына дейін жалғастыруымен, ал екінші бөлігінің жаңа ұрықтық қалдық ретінде дамуды қайтадан басынан бастауымен аяқталады. Осылайша, бұл ұрықтық жасушалар тірі субстанцияның өлуіне қарсы әрекет етеді және, бұл тек өлімге алып баратын жолдың ұзаруын ғана білдіргенімен, бізге ол потенциалды мәңгілік өмір ретінде көрінуіне қол жеткізеді. Жоғарғы дәрежеде біз үшін, ұрықтық жасушаның бекитіндігі және, жалпы, басқа, оған ұқсайтынмен қосылу арқылы осы жұмысқа икемделетіндігі және сонда да одан ерекшеленетін факті көп мәнді болып келеді. Жеке өмір сүретін тіршілік иелерінің, қарапайым денелердің ғұмырын білдіретін, олар сыртқы әлемнің тітіркендіргіштеріне қарсы қорғаныс болған кезде оларды сенімді жерге орналастыруға талпынатын және оларды басқа ұрықтық жасушалармен қосуға алып келетін және т.б. құштарлықтар сексуалды құштарлықтардың тобын құрайды. Олар басқалар секілді мағынада консервативті, өйткені олар тірі субстанцияның бұрын болған күйлерін қайта жаңғыртады, алайда олар одан да көп шамада консервативті, себебі сыртқы әсерлерге ары қарай, тағы да кең мағынада ерекше қарсы тұрады, себебі олар өмірдің өзін біршама ұзақ уақытқа сақтайды. Олар өмірге деген құштарлықтар болып табылады: олардың өз қызметтері бойынша өлімге алып баратын басқа құштарлықтарға қарсы әрекет ететіндіктері, невроздар туралы ілім үлкен мән беретін, олардың арасындағы бар қарама-қарсылықты құрайды. Бұл ағзалардың өміріндегі баяулатушы ортақ: құштарлықтардың бір тобы өмірдің соңғы мақсатына мүмкіндігінше тез қол жеткізу үшін алдыға қарай ұмтылады, екіншісі өз жолын мәлім жерден бастап қайта көтеру үшін және осылайша жолдың ұзақтығын ұзарту үшін өз жолының мәлім жерінде кері қарай бағытталады. Бірақ егер өмірдің басында тіпті сексуалдылық пен жыныстардың айырмашылықтары болмаса, онда нәтижесінде сексуалды ретінде белгілене бастаған құштарлықтардың ең басында іс-әрекетке кіріскендіктері және Мен құштарлықтарының ойынына өзінің қарсы әрекеттерін қандай да бір кейінгі кезеңде бастамағандығы мүмкін болып қалады. Енді, осы әр түрлі негізді барлық пайымдаулардың артық емес пе екендігін сұрау үшін, кері бұрыламыз. Шын мәнісінде, сексуалдыдан басқа, бұрынғы күйлерді қайта қалпына келтіруге талпынатындардан басқа қандай да бір басқа құштарлықтар жоқ па, және тағы да әлі қол жеткізілмеген нәрсеге талпынатындар жоқ па. Мен органикалық әлемде біз ұсынған сипаттамаға қарсы келетін сенімді мысалды білмеймін. Бұндай тенденция дамуда сөзсіз бар болса да, жануарлар мен өсімдіктер патшалығындағы жоғарғы дамуға жалпы құштарлықты анықтауға болмайды. Алайда, бір жағынан, егер біз дамудың бір сатысын екіншісінен жоғары деп санасақ, бұл тек біздің бағалауымыздың ісі ғана, ал екінші жағынан, тірі ағзалар туралы ғылым бізге, бір жердегі прогрестің жиі жағдайларда басқа жердегі регреспен сатылып алынатындығын немесе теңестірілетіндігін көрсетеді. Ерте формаларын зерттеу бізге, олардың дамуы жақында регресті сипатқа ие болатындығын айтатын жануарлардың жеткілікті түрлері бар. Регресті даму, прогресті даму, екеуі де бейімделуге мәжбүрлейтін сыртқы күштердің салдары болуы мүмкін, және ерекше жағдайлар үшін құштарлықтардың рөлі, іштей ләззат алудың бастауы ретіндегі мәжбүр болған өзгеруді бекіту үшін шектелуі мүмкін еді. Адамның өзінде, оны өзінің рухани дамуы мен этикалық сублимациясының қазіргі шыңына алып келген және ол оның жоғарғы адамға дейін дамуына көмектесетіндігін күту қажет болып табылатын, жетілуге деген талпыныстың болатындығына сенуден біздің көбімізге бас тарту қиын. Алайда мен өзім ондай ішкі талпыныстың болатындығына сенбеймін және осы жатымды иллюзияны қорғаудың еш мәні жоқ деп есептеймін. Адамның алдыңғы дамуы маған, жануарлардың дамуынан басқа түсіндіруді талап етпейтін болып көрінеді және адамдардың аз бөлігінде ары қарай жетілуге деген үнемі болатын талпыныстар ретінде кездесетіндер адамзат мәдениетіндегі ең бағалы нәрсе құрылған құштарлықтарды ығыстырудың салдары ретінде оңай түсінікті болады. Ығыстырылған құштарлық ешқашанда бірінші рет бастан өткерілген қанағаттануды қайталаудан тұратын толық қанағаттануға талпынуын доғармайды; оның ұстап тұрған қысымын тоқтатуға барлық орын басулар, реактивті қалыптасулар мен сублимациялар жеткіліксіз, және алынған және қанағаттандырудан ләззат алу талап ететін құштарлықтардың арасындағы сан алуандықтан кездесетін жағдайлардың бір де бірінде тоқтауға рұқсат бермейтін оятушы сәт туындайды, алайда, ақынның айтуы бойынша, "тоқталмастан алға қарай талпынады" (Мефистофель "Фауст", І, Фауст болмесі). Әдетте, толық қанағаттануға алып баратын кері жол ығыстыруға көмектесетін кедергілермен жабылған және, сонымен, басқа дамудың тағы да еркін жолы бойынша, осы процестің аяқталуын және мақсатқа қол жеткізуді көрместен алға қарай жүруден басқа ештеме қалмайды. Мәні құштарлықтарды қанағаттандырудан қашуға талпыныс болып табылатын невроздық фобиялардың қалыптасуында процестер, біз барлық адамзат индивидуумдарына төн деп есептей алмайтын, осы "жетілуге талпыныс" болып көрінетін нәрсенің пайда болуының бейнесін береді. Осы үшін динамикалық жағдайлар барлық жерлерде болса да экономикалық жағдайлар тек сирек жағдайларда ғана осы феноменге көмектесе алады. Бір сөзбен айтқанда, Эростың органикалықты барлық үлкен бірліктерге байланыстыруға талпынысы біз мойындамаған "жетілуге деген құштарлықтардың" орынбасары ролін атқаратындығы шындыққа жанасады. Ығыстырудың әсерімен бірге ол соңғыға тән деп есептелінетін феномендерді түсіндіре алған болар еді.

VІ

Мен құмарлықтары мен сексуалды құмарлықтардың арасындағы қатаң қарама-қарсылықты қалыптастыратын, алғашқыларын өлімге келтіретін, ал соңғыларын өмірді сақтауға келтіретін, біз алған нәтижелер көп жағдайда бізді қанағаттандырмауы мүмкін. Осыған жабысқақ қайталауға сәйкес келетін құмарлықтардың консервативті немесе, дәлірек айтқанда, регрессияға ұшыраушы сипатына біз тек алғашқылары үшін тана жол беретіндігімізді біріктіру қажет, өйткені болжауымыз бойынша, Мен-нің құмарлықтары өлі материядағы өмірдің пайда болуына тікелей шығады және қайтадан органикалық емес күйге қайтып келу тенденциясына ие болып табылады. Сексуалды құмарлықтарға қатысты, керісінше, олардың тіршілік иесінің примитивті күйлерін репродукциялайтындығы, бірақ олардың барлық тәсілдермен жасайтын мақсаты әйгілі жолмен дифференциацияланған екі ұрықтық жасушалардың біреуінен тұратындығы бірден көзге түседі. Егер бұл бірігу болмаса, онда барлық басқа көп клеткалы ағзалардың элементтері секілді ұрықтық клетка өледі. Тек біріккен жағдайда ғана олардың жыныстық қызметі өмірін жалғастырады және оған өлместей бейне береді. Алайда жыныстық көбею немесе оның алғы шарты — қарсылықтардың арасында екі индивидуумдардың копуляциясы арқылы қайталанатын, тірі субстанцияның даму процесіндегі сол маңызды сәт қандай? Біз оған жауап бере алмаймыз, және сондықтан, егер біздің жасағандарымыздың барлығы қате болып шықса біз үшін жеңіл болған болар еді. Мен құмарлықтары (өлімге деген) мен сексуалды құмарлықтардың (өмірге деген) қарама-қарсылығы онда жойылар еді, ал осыған қоса жабысқақ қайталауға жазылған мән де шектелген болар еді. Сондықтан оны тұтасымен жоққа шығаруға болатындығын күтетін біз қозғаған болжамдардың біріне қайта оралайық. Өзіміздің болжауымызды негізге ала отырып, біз барлық тіршілік иелері ішкі себептердің салдарынан өлуі тиіс деген қорытынды жасадық. Оның мағынасы бізге мүлдем басқаша болып көрінетін болғандықтан, біз осы болжамдауды жасадық. Біз осылай ойлануға үйренгенбіз, біздің ақындарымыз осыны бекітеді. Мүмкін, біздің осыған бел бууымыздың себебі, осы сенімде тыныштық жасырынатындығы болар. Егер өзіне өлу және оның алдында өз сүйгендерінен айрылу жазса, онда сонда да, қашып кетуі мүмкін кездейсоқтыққа қарағанда, табиғаттың қатігез заңына тездеп бағыну тілегі туындайды. Бірақ, мүмкін осы өлімнің ішкі заңдылығына сену" тіршілік етудің ауырлығын арқалау үшін" біздің жасаған иллюзияларымыздың тек бірі ғана болар? Бұл наным алғашқы емес, алғашқы қауымдық халықтар үшін "табиғи" өлім туралы идея жат болып табылады; олар әрбір өлім жағдайын жаудың немесе қандай да бір қатігез жауыздың әсеріне жатқызады. Сондықтан біз осы нанымды тексеру үшін ғылыми биологияға жүгінуге тиіспіз. Егер біз осылай жасасақ, онда табиғи өлім жайлы сұрақта биологияның қалай ажырайтындығын және оларда өлім туралы түсінік мүлдем ұстатпайтын болып қалатындығын білгенде біз танданатын боламыз. Жоғарғы жануарлардағы өмірдің анықталған орташа ұзақтығы фактісі өлімнің ішкі себептеріне меңзейді, алайда жеке үлкен жануарлар мен колосальды ағаштардың өте биік және әлі күнге анықталмаған жасқа жететін жағдайы осы әсерлерді қайтадан қиратады. В. Флисстің тұжырымдамасына сәйкес, ағзалар өмірлерінің барлық көрінулері — оның ішінде өлім де бар — арасынан екі тіршілік иелерінің — ер адамдар мен әйел адамдардың - күндік жылға тәуелділігі бөлініп алынатын, әйгілі мерзімдермен байланысты. Бірақ, сыртқы әсерлердің, ең бастысы өсімдіктер патшалығынан олардың уақыттық ауысуындағы өмірінде көрінулерін қаншалықты оңай және қандай шектерде өзгерте алатындығын, яғни оларды жеделдетуін немесе кешіктіруін көрсететін бақылаулар Флисстің құрғақ формулаларына қарсы шығады және ең жоқ дегенде ол ұсынған тек бір ғана заң бар екендігіне күмән келтіруге мәжбүр етеді. А. Вейсманның еңбектеріндегі ағза өмірінің ұзақтығы мен өлімін зерттеулер өте үлкен қызығушылықтар туғызады. Тірі субстанцияларды өлетін және мәңгілік өлмейтін бөліктерге болу осы зерттеуге келеді; өлетін — бұл тар мағынадағы дене, табиғи өлімге келетін сома; ұрықтық жасушалар өлмейді, себебі олар мәлім жағымды жағдайларда жаңа индивидуумға дамиды немесе, басқаша айтқанда, өзін жаңа сомамен қоршайды. Бұл жерде бізді, мүлдем басқа жолда пайда болған біздің өзіміздің анықтамамызбен күтпеген ұқсастық тартады. Тірі субстанцияны морфологиялық көзқарас тұрғысынан қарастырған Вейсман одан жыныс пен тұқым қуалаушылыққа тәуелсіз өлімге келетін соманың, дененің құрамдас бөлігін, сонымен қатар түрді сақтау үшін, көбею үшін қызмет ететін осы ұрықтық плазманы, өлмейтіннің бөлігін табады. Біз алдында өте тірі емес материяны қарастырған болатынбыз, алайда онда әрекет ететін күштер, осы жерден, өмірді өлімге алып баратын және үнемі өмірді жақсартуға талпынатын сексуалды құштарлықтар секілді, құмарлықтардың екі тегін ажыратуға келді. Бұл Вейсманның морфологиялық теориясына динамикалық коррелят ретінде айтылады. Бірақ осы сәйкестіктің көрнекілігі, біз Вейсманның өлім мәселесін шешуімен танысқанда жойылып кетеді. Вейсман өлетін соманың өлмейтін ұрықтық плазмадан айырмашылығына тек көп жасушалы ағзаларда тана болатындығына жол береді, ал бір жасушалы жануарларда, оның пікірі бойынша, түрді жалғастыру үшін қызмет ететін индивид пен жасуша сол бір нәрсе. Сонымен, ол бір жасушалыларды өлмейтіндер ретінде қарастырады, өлім тек Metazoa-ларда (көп жасушалылар) ғана болады. Жоғарғы тіршілік иелерінің бұл өлімі ішкі себептерден табиғи өлім болып табылады, алайда ол тірі субстанциялардың бастапқы қасиеттеріне сүйенбейді, өмірдің мәнімен негізделген абсолютті қажеттік ретінде түсініле алмайды. Өлім мақсатқа бағытталғандықтың белгісі, ол өмірдің сыртқы жағдайларына бейімделгіштіктің көрінуі, өйткені дене жасушаларын сома мен ұрықтық плазмаға бөлуде индивидуум өмірінің шексіз ұзақтығы мүлдем мақсатқа бағытталмаған маңғаздық болған болар еді. Осы дифференцияцианың басталуымен көп жасушалыларда өлім мүмкін және мақсатқа бағытталған болды. Осы кезеңде жоғарғы ағзалардың сомасы ішкі себептердің салдарынан өледі, белгілі бір уақытқа дейін қарапайымдылар өлмейтін болып қалды. Керісінше, көбею өліммен бірте енгізілген жоқ, мысалы, ол шыққан осу сияқты, тірі материяның алғашқы қауымдық қасиетін білдіреді, және өмір өзінің ең басынан бастап Жер бетінде үзіліссіз болып қалды. Табиғи елімді мойындау жоғарғы ағзалар үшін біздің мәселемізді шешуге аз көмектесетіндігін байқау оңай. Егер өлім тек тіршілік иелерінің соңғы алғандары болса, онда Жер бетіндегі өмірдің бастауының өзіне шығатын өлімге деген құштарлық тағы да назардан тыс қалады. Көп жасушалылар ішкі себептерден, зат алмасудың кемшіліктерінен өлуі мүмкін; бізді қызықтыратын мәселе үшін бұның мәні жоқ. Өлімнің пайда болуын осылайша түсіну, "өлімге деген құштарлықтар" туралы ескі болжамнан гөрі, адамның кәдімгі ойлауына біршама жақын жатыр. Менің ойымша, Вейсман теориясы туындатқан пікірталас ешқандай да қатынастарда шешімге қол жеткізбеді. Кейбір авторлар, өлімнен көбеюдің тікелей салдарын көрген, Гетенің (1883) көзқарасына қайта оралды. Гартман өлімге "өлі дененің", тірі субстанцияның өлі бөлігінің пайда болуын тән деп есептемейді, ол оны "соңғы индивидуалды даму" ретінде анықтайды. Бұл мағынада Protozoa да өледі, өлім оларда көбеюмен сәйкес келеді, алайда ол осымен мәлім жолмен оларда жасырынады, өйткені жануарды өмірге алып келетін субстанция тікелей түрде жас ұрпақтың субстанциясына айналады (1. е., S. 29). Зерттеу қызығушылығы одан кейін бір жасушалыларда тірі субстанцияның осы пайымдалған өлмейтіндігін эксперименттік анықтауға талпынды. Американдық Вудрефф екі индивидуумға бөліну арқылы көбейетін талшықтық инфузория-"кебісшені" тәрбиелеген, және ол осы тәжірибені тоқтатқан 3029-шы тенерацияға дейін оны бақылаған; әрбір ретте ол бөлініп шыққан бөліктердің бірін шеттететіндігі және оны жаңа суға салып отырған. Алғашқы "кебісшенің" бұл кейінгі ұрпағы, өзінің ата-бабасы сияқты, ешқандай да қартаюдың немесе туылудың ізінсіз дәл сондай жаңа болған. Осымен протисттердің өлмейтіндігі эксперименттік түрде дәлелденген (егер бұл сандар жеткілікті дәлелді болса) секілді көрінген.

Басқа зерттеушілер басқа нәтижелерге келген.

Вудреффке қарама-қайшы, Мопа, Колкинс және т.б., бұл инфузориялардың бөлінудің белгілі бір санынан кейін әлсірейтіндігін, көлемі жағынан азаятындығын, өз денесінің жартысын жоғалтатындығын және егер қандай да бір ерекше сергітетін әсерлер алмаса, соңында өлетіндігін тапқан. Осыған сәйкес, Protozoa-лар, өлімді тірі ағзалардың тек соңғы кездесетіні деп қана есептеген Вейсманның пайымдауына қарама-қарсы, дәл жоғарғы жануарлар сияқты, кәріліктің әйгілі фазасынан кейін өледі. Осы зерттеулерді салыстырудан біз берік негізі бар секілді көрінетін екі фактіні шығарамыз. Біріншіден: егер бұл жануарлар өлі кәріліктің белгілері көрінбеген белгілі бір сәтте екі-екіден өзара қосылса, копуляцияланса, одан кейін олар бірнеше уақыттан кейін қайтадан бөлінсе, онда олар кәріліктен құтылады, басқаша айтқанда, жасарады. Бұл копуляция жоғарғы тіршілік иелерінің ұрпақты жыныстық жалғастырудың алғы шарты; онда әлі көбеюмен еш ортақтығы жоқ, екі индивидуумның да субстанцияларының араласуымен шектеледі (Вейсманның амфимиксисі). Копуляцияның сергіткіш әсері белгілі бір тітіркендіруші құралдармен, керектік ортаның, температураның құрамдас бөліктеріндегі өзгерістермен де алмасуы мүмкін. Теңіз кірпісінің жұмыртқаларында химиялық тітіркендіргіштердің көмегімен тек ұрықтанудан кейін ғана басталатын бөліну құбылыстарын туындатқан Ж.Лебаның әйгілі тәжірибесі жайлы еске алу қажет. Екіншіден: инфузорияларды өлімге олардың өздерінің өмірлік процестері алып келуі әбден мүмкін, өйткені Вудрефф пен басқалардың алған нәтижелерінің қарама-қайшылықтары, Вудреффтің әрбір жаңа генерацияны жаңа қоректік сұйықтыққа салғандығынан болады. Егер ол осылай жасамағанда, ол басқа да зерттеушілер сияқты генерациялардың кәрілік өзгерістерін бақылаған болар еді. Ол, осы кішкене жануарларға олар қоршаған сұйықтыққа беретін зат алмасуларының өнімдері зиянын тигізетіндігі туралы қорытынды жасаған, және тек осы өзіндік зат алмасулардың өнімдері тана тенерациялардың өліміне алып келетін әсер келтіретіндігін сенімді дәлелдей алды, себебі бұл жануарлар бөлектенген туыстық түрдің жойылуының өнімдеріне қанық болған сұйықтықта өте жақсы жетіліп жатты, және өздерінің қоректік сұйықтықтарына жиналғанда сөзсіз өлген. Осылайша, өз-өзімен қалған инфузориялар өздерінің зат алмасу өнімдерін жоюдағы жетілмегендіктің салдарынан табиғи өліммен өледі; бірақ жоғарғы жануарлар да осындай кемшіліктің салдарынан өлуі мүмкін. Біз үшін, жалпы Protozoa-ны зерттеудегі табиғи өлім туралы мәселесінің шешімін іздеудің мәні бар, әлде жоқ екендігі күмән туғызуы мүмкін. Бұл тіршілік иелерінің примитивті ұйымдасуы, оларда бар болса да, бірақ морфологиялық көрнекілікке қол жеткізген кезде тек жоғарғы жануарларда ғана байқалатын аса маңызды жағдайларды тұмандандыруы мүмкін. Егер біз морфологиялық көзқарасты қалдырып, динамикалықты қабылдасақ, онда бізге Protozoa-ның табиғи өлетіндігін немесе өлмейтіндігін дәлелдеуге болатындығы бәрі бір болған болар еді. Салдарында өлмейтіндер ретінде бөлінетін субстанция оларда өлетіндерден еш шамада ажыратылмайды. Өмірді өлімге айналдыратын құмарлықтардың күштері ең асынан бастап-ақ оларда әрекет ете алады, және сонда да олардың тиімділігі өмірді сақтайтын күштермен жасырылуы мүмкін, сондықтан алғашқыларын тура танып-білу өте киын бола бастайды. Биологтардың бақылаулары бізге өлімге алып келетін ішкі процестерді протисттер үшін де қабылдауға мүмкіндік беретіндігін біз естігенбіз. Бірақ егер тіпті протисттер Вейсманның мағынасында өлмейтін болса, онда оның өлімнің соңғы кездесу болып табылатындығын пайымдауы өлімнің айқын көрінулері үшін ғана күшінде қалады және өлімге алып келетін тенденциялар туралы жіберулерді мүмкін емес деп етпейді. Биологияның өлімге деген құштарлықтарды мойындауды оңай жоққа шығаратындығы жайлы біздің күтімдеріміз ақталмады. Егер бізде осы үшін негіз болса, осы мүмкіндікті анықтауды жалғастыра аламыз. Сома мен ұрықтық плазмаға вейсмандық бөлудің біздің өлімге деген және өмірге деген құштарлықтарға бөлуіміздің керемет сәйкестігі қалады және қайтадан өз мәніне ие болады. Құмарлықтар өмірін осы қатаң дуалисттік түсінуге қысқаша тоқталайық. Тірі субстанциядағы процестер туралы Э. Герингтің теориясы бойынша, онда қарама-қайшы бағыттағы екі текті процестер үзіліссіз жүреді, бірі танушы-ассимиляторлы типтегі, екіншісі қиратушы-диссимиляторлы типті. Біздер осы өмірлік процестердің екі бағытынан да біздің екі құмарлықтарымызды — өмірге деген құмарлық пен өлімге деген құмарлықты — тануға тырысуға тиістіміз бе? Бірақ біз, өлім "өзіндік нәтиже" және, осыған сәйкес, өмірдің мақсаты болып табылатын, ал сексуалды құштарлық өмірге деген ерікті өзіне енгізетін, Шопенгауэр философиясының қақпанына байқаусызда түсіп қалғандығымызды жасыра алмаймыз. Ары қарай батыл қадам жасап көрейік. Көптеген жасушалардың бір өмірлік жүйеге жинақталуы жайлы ортақ пікір бойынша, ағзалардың көп жасушалылығы өмірді ұзартудың құралы болды. Егер тіпті жеке жасушалар да жойылуы тиіс болса да, бір жасуша екіншісінің өмірін жалғастыруға көмектеседі, және жасушалық мемлекеттің ары қарай өмір сүре беруі мүмкін. Біз, екі бір жасушалының уақытша бірігуі копуляция сақталушы және жасартушы мағынада екі жасушаға да әсер ететіндігін естіген болатынбыз. Осы арқылы мынадай тәжірибе жасауға болар еді: психоанализ жасаған либидо теориясын жасушалардың бір-бірімен өзара қатынастарына ауыстырып, әрбір жасушадағы өмірлік немесе сексуалды құмарлықтардың басқа жасушаларды өз объектілері және олардың өлімге деген құмарлықтары ретінде алатындығын елестету қажет, анықтап айтқанда, осы құмарлықтармен туындатылған процестер жартылай нейтралданады және, осылайша, олардың өмірін сақтап қалады, сол кезде басқа жасушалар, өз кезектерінде, алғашқыларына қатысты дәл солай әрекет етеді, ал үшіншілері осы либидолық қызметті орындау үшін өздерін құрбандыққа шалады. Егер бүкіл индивидуум өз либидосын өзінде сақтаса және одан сыртқы объектілерге ештеме шығындамаса, ұрықтық жасушалар, біз невроздар туралы ілімдерде айтуға үйренгендей, өздерін "нарцисттік" ұстауы тиіс болған. ұрықтық жасушалар өз либидосын, өздерінің өмірлік құштарлықтарының іс-әрекетін өздері үшін олардың ары қарайғы жоғарғы шығармашылықтық іс-әрекеттері үшін көр ретінде қолданады. Қиратушы ағзалардың, зиянды жаңа құрылғылардың жасушаларын да сол мағынада нарцисттік түсіндіру қажет болуы мүмкін. Патология олардың пайда болуын туа берілген ретінде есептеуге және оларға эмбрионалды қасиеттерді тән етуге икемделеді. Осылайша, біздің сексуалды құштарлықтарымыздың либидосы бүкіл тірі нәрселерді қамтитын ақындар мен философтардың Эросымен сәйкес келеді. Бұл жерден біздің либидо теориямыздың бірте-бірте дамуын жетілдіру үшін сылтауды кездестіреміз. Ауыстыру невроздарын талдау басында бізді объектіге бағытталған сексуалды құмарлықтар мен басқа, біз аз таныған және әзірше Мен құмарлығы ретінде белгіленгендердің арасындағы қарама-қайшылықты айқындауға итермеледі. Олардың арасында ең бірінші кезекте индивидуумның өзіндік сақтауы үшін қызмет ететін құмарлықты көрсету қажет. Тағы да басқа қандай бөлімдерді осыған шығару қажеттігін анықтау қиын болды. Құмарлықтардың жалпы табиғаты мен кейбір ерекшеліктерін жуықтап түсіну сияқты ешқандай білім ғылыми психологияны негіздеуде соншалықты маңызды болған жоқ, бірақ психология салаларының бірде-бірінде біз осыншама деңгейде тұманда әрекет еткен жоқпыз. Әрқайсысы оған қанша ұнаса сонша құмарлықтарды, немесе "негізгі құмарлықтарды" ұсынды, және оларды, көне гректік натурфилософтар өздерінің торт элементтерімен: сумен, жермен, отпен және ауамен қалай әрекет еткені сияқты жұмсады. Құмарлықтардың қандай да бір теориясын шығарып үлгермеген психоанализ алдымен, "аштық пен махаббат" туралы сөздер бейне болған, құмарлықтарды әйгілі бөлуге келді. Бұл жанамалықтың жаңа актісі болған жоқ, бұнымен біз психоневроздарды талдауда ұзақ уақыт бойы алыстық. "Сексуалдылық" және онымен бірге сексуалды құмарлық түсінігі, өзіне түрді жалғастыру қызметтеріне бағынбаған көптеген нәрселерді енгізгенге дейін кеңейтілуі тиіс болды, және бұл екі жүзді шеңберлерде көптеген шу көтерді. Келесі қадам, алдымен қорғаныстық реактивті құрылғыларды қалыптастыруға қабілетті және цензура жүргізуші, ығыстырушы инстанция ретінде әйгілі болған Мен психологиялық түсінігіне психоанализ жақын келген кезде болды. Сыни және алысты көруге қабілетті ақылдар бұрыннан-ақ либидо түсінігін объектіге бағытталған сексуалды құмарлықтардың энергияларымен шектеуге қарсы тұрды. Алайда олар, өздерінің біршама дұрыс көзқарастарын қайдан алғандарын хабарлауды ұмытып кеткен, және осыдан талдау үшін қандай да бір қажетті нәрсе ала алмады. Ойлардың ары қарайғы дамуында психоанализдік бақылауға, либидоның үнемі объектіден ауытқып, Мен-нің өзіне бағытталатындығы (интроверсия) бірден көзге түседі, және либидоның бала дамуының ерте кезеңдеріндегі дамуын зерттей отырып, ол Мен тек осы жерден ғана объектіге таралатын либидоның өзіндік және алғашқы резервуары болып табылатындығына келген. Мен сексуалды объектілердің арасынан шықты және қазір олардың арасындағы ең маңыздысы болып мойындалды. Егер либидо осылайша Мен-де болса, онда ол нарцисттік деп аталды. Осы нарцисттік либидо, біз ең басынан бастап өзіндік сақтауға деген құмарлықтар деп мойындалғандармен теңдестіруге тиіс болған, талдау мағынасындағы сексуалды құмарлықтардың күшінің көрінуі де болды. Осының арқасында Мен құмарлықтары мен сексуалды құмарлықтардың арасындағы алғашқы қарама-қарсылық жеткіліксіз болып қалды. Мен құмарлықтарының бір бөлігі либидолық болып мойындалды; Мен-де басқалардың ішінде сексуалды құмарлықтар да әрекет еткен көрінеді. Алайда, психоневроз Мен құмарлықтары мен сексуалды құмарлықтардың арасындағы шиеленіске негізделеді дейтін ескі формулада енді лақтырып тастауға болатындай ештеңе болмағандығын мойындау қажет. Ең басынан бастап сапалы ойланылған құмарлықтардың екі түрлерін ажырату енді басқаша топикалық болып талқыланады. Ауыстыру неврозының ерекшеліктерінде психоанализдің өзінің пәні Мен және объектіге деген либидолы жақындықтың арасындағы шиеленістің нәтижесі болып қалады. Біз енді Өзіндік сақтауға деген құмарлықтардың либидолы сипатын айқындауға тиістіміз, өйткені біз келесі қадамды жасауға бел буып отырмыз, атап айтқанда — сексуалды құмарлықтардың барлығын сақтайтын Эрос ретінде мойындау, және Мен-нің нарцисттік либидосын бір-бірімен байланысты соматикалық жасушалар байланысты болатын либидо бөліктерінен шығару. Енді біздің алдымызда күтпеген жерден келесідей сұрақ туындайды: егер өзіндік сақтауға деген құмарлықтар да либидолы табиғатқа ие болса, онда мүмкін бізде либидолыдан басқа құмарлықтар болмайтын болар. Жоқ дегенде біз басқа ештеңе көріп тұрған жоқпыз. Бірақ онда ең басынан бастап психоанализ барлығын сексуалдылықтан түсіндіреді деп ойлаған сыншылармен, немесе Юнг секілді либидо түсінігін жалпы "құмарлықтар күшін" белгілеу үшін қолдануға бел бутан жаңа сыншылармен келісу қажет. Солай емес пе? Бұл нәтиже біздің ниетіміз болды, біз көбінесе Мен құмарлықтары — өлімге деген құштарлықтар мен сексуалды құмарлықтар — өмірге деген құштарлықтардың арасындағы қатаң бөлуді негізге алдық. Біз тіпті Мен-нің өзіндік сақтауға деген құштарлықтарын — өлімге деген құшарлық ретінде есептеуге де дайын болдық, осыдан біз қазір бас тартуға мәжбүр боламыз. Біздің түсініктеріміз басынан бастап дуалисттік болды, және қазір ол бұрынғыға қарағанда біз Мен құмарлықтары мен сексуалдылардың арасындағы емес, өмірге деген құштарлықтар мен өлімге деген құштарлықтардың арасындағы қарама-қайшылықты құра бастағаннан бері одан да қатаң бола бастады. Керісінше, Юнгтің либидо теориясы монисттік; бізді оның біртүтас "құштарлықтар күшін" либидо атауымен атаған жағдайы шатастыруы тиіс болды; бірақ бұл осыдан кейін де бізді ұялтпауы қажет. Біз Мен-де өзіндік сақтауға деген либидолы құштарлықтардан басқа тағы құштарлықтар әрекет етеді деп болжаймыз, алайда біз оларды анықтай алуымыз керек. Әлі Мен талдауы аз дамығандығын, біз үшін оны табу өте қиын екендігін тілеу ғана қалады. Мен-нің либидолы талпыныстары ерекше жағдайда басқа, бізге әлі таныс емес Мен құштарлықтарымен байланысты болуы мүмкін. Біз нарциссизммен танысқанға дейін, психоанализде Құштарлықтары өзіне либидолы компоненттерді тартты деген болжам болған. Алайда бұл қарсыластар ескере қоймаған жеткілікті айқын емес мүмкіндіктер. Талдаудың бізге 1 күнге дейін тек либидолы құштарлықтарды ғана зерттеуге мүмкіндік бергендігі минус болып қалады. Алайда, біз басқа құштарлықтар болмайды деп қорытынды жасай алмаймыз. Құштарлықтар туралы ілімдегі қазіргі шатасуларда, бізге түсіндіруге сөз берген қандай да бір жағдайды ысырып тастау дұрыс болар ма екен. Біз өмір мен өлімге деген құштарлықтардың арасындағы түбегейлі қарама-қайшылықтардан бастау алдық. Объектіге деген махаббаттың өзі бізге махаббат (нәзіктік) пен жеккөрушіліктің (агрессивтілік) арасында басқа дәл осындай полярлылықтың болатындығын көрсетеді. Егер біз осы екі полярлықтарды бір-біріне сәйкестендіре алсақ, бірін екіншісіне келтіре алсақ қой! Біз бұрын-ақ сексуалды құштарлықтардың садисттік компонентін мойындағанбыз. Біздің білетініміздей, ол өз бетінше бола алады және осы адамның бүкіл сексуалды құмарлығының асқынуы ретінде басшылық ете алады. Ол сонымен қатар, мен "прегениталдық" деп атаған ұйымдардың біріндегі басым жеке құмарлық ретінде шығады. Бірақ Эростың өміріне көмектесетіннен объектіге зиянын тигізуге бағытталған садисттік құмарлықты қалай шығаруға болады? Осы жерде, бұл садизм Мен-нен нарцисттік либидоның әсерінен алып келінген әлімге деген құштарлық емес пе, сондықтан ол тек объектіге бағытталған түрде ғана көрінеді деген болжам пайда болмайды ма? Ол сонда сексуалды қызметке көмектесе бастайды; либидоның оральды ұйымдасуы кезеңінде махаббаттық иемдену объектіні жоюмен сәйкестенеді, салдарынан садисттік талпыныстар бөлінеді, және примат кезеңінде гениталиялар түрді жалғастыруды мақсат ретінде алып сексуалды объектіге зорлық көрсету қызметін алады, себебі оны жыныстық актіні орындау талап етеді. Сонымен бірге, Мен-нен ығыстырылған садизм сексуалды құштарлықтардың либидолық компоненттеріне жол ашты деп айтуға болады: дәл сондықтан олар объектіге талпына бастайды. Алғашқы садизм азаймайтын және олармен қосылмайтын жерде махаббаттың амбиваленттілігі — махаббаттық өмірдегі жек көрушіліктер шығады. Егер осындай болжамға жол беруге болатын болса, онда ығыстырылған болса да мынадай — өлімге деген құштарлық — мысал келтіруге қойылған талап орындалған болар еді. Алайда бұл анықтамада ешқандай көрнекілік жоқ және ол сондықтан аса мистикалық әсер қалдырады. Біз осы қиындықтан шығудың жолын қайткен күнде де табу қажеттігіне келеміз. Бұл жерде біз бұндай болжамның жаңа еместігін, біз оны осыған дейін бұндай қиындық туралы сөз болмаған кезде бір рет жасағандығымызды еске алуымыз қажет. Клиникалық бақылаулар бізді өз кезінде, садизмді толықтырушы мазохизмнің жеке құштарлығын садизмнің өзіндік Менге келуі ретінде түсіну керектігі жайлы қорытынды жасауға итермеледі. Құштарлықты объектіден Мен-ге ауыстыру, ол туралы жаңа сұрақ туындайтын, Мен-нен объектіге ауыстырудан еш ажыратылмайды. Мазохизм, құштарлықтың өзіндік Мен-ге қарсы шытуы шын мәнісінде біршама ертедегі фазаға қайта оралу, регресс болар еді. Бір бөлімде сол кезде мазохизмге берілген анықтама, аса шеттетуші ретінде, түзетуді қажет етеді; мен сол кезде не жайында таласуға тырыстым — мазохизм алғашқы құштарлық болар еді. Алайда өмірді ұстап тұратын құштарлықтарға қайта оралайық. Протисттер туралы зерттеулерден біз екі индивидуумның одан кейін бөлінбейтіндей бірігуі — копуляция, кейін бірден бір-бірінен ажырап кететін екі индивидуумға да бекітуші және жасартушы жолмен әсер ететіндігін білдік (жоғарыдағы: Липшютц қараңыз). Келесі ұрпақтарда олар дегенеративтіліктің іздерін таппайды және оларды өздерінің зат алмасулары алып келетін зиянға ары қарай қарсы шығуға қабілетті болып көрінеді. Менің болжауым бойынша, осы соңғысы тана бірігу тиімділігі үшін де бейне болуы тиіс. Бірақ бұндай өмірді жаңарту осындай аз ажыратылатын әр түрлі жасушалардың бірігуіне қалай алып келеді? Химиялық және тіпті механикалық тітіркендіргіштердің әсерлерінің арқасында Protozoa-дағы копуляцияны алмастыратын тәжірибе (1. с.) сенімді есеп беруге мүмкіндік береді: бұл тітіркендіргіштердің жаңа бөліктерін алып келу жолымен жүреді. Бұл индивидуумның өмірлік процесі ішкі себептерден химиялық қысымдарды теңдестіруге, яғни өлімге алып келетіндігі туралы болжаммен жақсы сәйкестенеді, ал индивидуалды-керемет тірі субстанциямен бірігу осы қысымдарды күшейтеді, әлі де болса жетілуі тиіс жаңа өмірлік түрлерді енгізеді. Әрине, осындай айырмашылықтар үшін бір немесе бірнеше оптимумдар болуы тиіс. Біз психикалық өмірдің, мүмкін бүкіл жүйке іс-әрекетінің, басым тенденциясы ретінде мойындағандар, атап айтқанда азаюға, тыныштықта сақтауға, ішкі тітіркендіруші қысымдарды тоқтатуға (Барбара Лоудың айтуы бойынша - "нирвана ұстанымы ) талпыныс, бұл ләззат алу ұстанымында көрінгендей, — өлімге деген құштарлықтың болатындығына сенімділік үшін біздің аса күшті мотивтеріміздің бірі болып табылады. Бірақ біз сонда да, сексуалды құштарлық, үшін, бізді басында өлімге деген құштарлықтардың ізі болатындығы жайлы ойға алып келген жабысқақ қайталаудың сипатын дәлелдей алмайтындығымызға қатысты біздің ойларымыздың барысына сезімдік кедергіні сезінеміз; дамудың эмбрионалды процесстер ауданы осындай қайталау құбылыстарына бай, жыныстық көбеюдің екі ұрықтық жасушалары мен олардың өмір тарихының өздері органикалық өмірдің басталуын қайталаудың мәні; бірақ сексуалды құштарлықпен қозған процестердегі бастысы екі жасушалы денелердің бірігуі. Тек осы арқылы ғана жоғарғы тіршілік иелерінің тірі субстанциясының өлмейтіндігіне қол жеткізіледі. Басқаша айтқанда, бізге жыныстық көбеюдің шығу тегі мен сексуалды құштарлықтардың генезі туралы жалпы білу қажет — бұл бөтендер шошуы тиіс және әлі күнге дейін арнайы зерттеулермен шешілмеген міндет. Осы барлық қарама-қайшы мәліметтер мен пікірлердің тығыз қақтығысында біздің ойларымыздың бүкіл барысынан қандай қорытынды жасауға болатындығы анықталуы тиіс. Бір анықтама көбею мәселесіне тітіркендіргіш құпиялылық береді: бұл — ұрпақ жалғастыруды өсудің жартылай көрінуі ретінде түсіндіретін көзқарас. (Бөліну, өсінділер шығару және жерге орнығу арқылы көбею.) Жыныстық қатынаста дифференциацияланған ұрықтық жасушалар арқылы көбеюдің шығу тегін, сергек дарвинисттік ойлау үлгісі бойынша, екі протисттердің кездейсоқ копуляциясында алынған амфимиксистің артықшылығы оны ары қарайғы дамуда қалуға және ары қарай қолданылуға мәжбүр еткендігі ретінде түсінуге болады. Бұл жерде "жыныс" аса ертеде туындамаған, және жыныстық бірігуге алып келетін, бұнда кездейсоқ бір рет болған және пайдалы болған ретінде бекітілгенді қайталайтын аса күшті құштарлықтар болып табылады. Өлім туралы пайымдаулардағы секілді, бұл жерде де, протисттерге тек өздері ашық тапқандарын ғана мойындау қажет пе, әлде оларда тек жоғарғы тіршілік иелерінде ғана көрінетін процестер мен күштердің пайда болатындығын қабылдау керек пе, деген сұрақ туындайды. Сексуалдылықты осы айтылғандай түсіну біздің ойларымыздың үлесіне аз нәрсе айтады. Оған қарсы, оның қарапайым тіршілік иесінде әрекет ететін өмірге деген құштарлықтардың болатындығын болжайтындығын айтып қарсы шығуға болар еді, себебі әйтпесе өмірлік процестердің табиғи ағымына қарсы әсер етуші және жойылу міндетін қиындатушы копуляция шыдамас еді және дамуға түспес еді, қашар еді. Егер біз өлімге деген құштарлықтар туралы болжамды қалдыруға талпынбасақ, ең алдымен оларды өмірге деген құштарлықтарға қосу қажет. Алай¬да біз осы жерде екі белгісіздермен теңестірумен жұмыс жасап отырғанымызды мойындауымыз қажет. Біздің жыныстың шығу тегіне қатысты ғылымнан тапқан мәліметтеріміздің аздығы соншама, бұл мәселені болжамның бірде-бір жарығы түспеген қараңғылықтармен салыстыруға болады. Мүлдем басқа жерде біз сонда да, фантастикалық және ғылыми түсіндіруден гөрі миф болып табылатын осындай болжамды кездестірдік, алайда ол біз талпынған пайдалануға шартты қанағаттандырмаса мен оны келтіруге бел бумаған болар едім. Ол құштарлықты алдыңғы күйді қайта қалпына келтіруге деген қажеттіліктен шығарады. Әрине, мен Платон "Пирде" Аристофанның айтуымен дамытқан және тек жыныстық құштарлықтың шығу тегін ғана емес, сонымен қатар объектіге қатысты оның басты вариациясын қарастыратын теория жайында айтып отырмын. "Адамзат табиғаты бұрын мүлдем басқаша болған. Алғашында қазіргідей екі емес үш жыныс болған, ер адамдар мен әйел адамдар жыныстарының жанында алғашқы екеулерінің әрқайсысынан теңдей үлес алған үшінші жыныс болған..." "Бұндай адамдарда барлығы екі есе болған, яғни оларда төрт көл, торт аяқ, екі бет жүзі, екі жақты жыныстық мүшелері және т.б. болған. Сонда Зевс әрбір адамды, ал мұрттарды жақсы пісу үшін теңдей бөлген сияқты, екі бөлікке бөлген... Осылайша, бүкіл табиғилық теңдей бөлінгенде әрбір адамда өзінің екінші жартысына деген құштарлық пайда болған, және екі жарты да бірін-бірі қолмен қайтадан құшақтаған, өз Денелерін біріктірген және қайтадан бірге өсуге талпынған. Тірі субстанция тіршілік пайда болған кезде сексуалды құштарлықтар арқылы екінші рет қосылуға талпынатын кішкене бөлшектерге бөлінген, деген батыл болжамды біз ақын-философтың ізімен қабылдауға тиістіміз бе? Өлі материяның химиялық туыстығы өз жалғасын табатын осы құштарлықтар бірте-бірте протисттер патшалығы арқылы қиындықтарды жеңетіндігін, өйткені осы туыстыққа өмірге қауіпті тітіркендіргіштермен оқталған, қорғаныстық қыртыстық қабаттың қалыптасуына мәжбүрлейтін орта жағдайлары қарсы тұратындығын қабылдауға тиіспіз бе? Тірі субстанцияның осы бөлшектенген бөліктері, осылайша, көп жасушалылыққа қол жеткізетіндігін және ұрықтық жасушаларға қайтадан жоғарғы концентрацияда қосылуға деген құштарлықты беретіндігін қабылдауға тиіспіз бе? Менің ойымша, осы жерде пайымдауларды тоқтатқан жөн. Бірақ сыни саралаудың бірнеше сөзінсіз болмайды. Ме-нен, осы жерде дамыған болжамдарға қаншалықты шамада сенетіндігімді сұрауы мүмкін. Жауап, мен оларға тек сенімді тана емеспін, сонымен қатар мен ешкімді оларға сенуге мәжбүр етуге тырыспаймын деп айтылған болар еді. Дұрысырақ айтқанда: мен оларға қаншалықты сенетіндігімді білмеймін. Менің пікірімше, пайымдаудың аффективті сәті бұл жерде назарға алынбауы тиіс. Ойлардың ағымына берілуге болады той, тек ғылыми білімге талпыныстан немесе осы үшін өзі сызыққа сатылмайтын "advocatus dіabolі" секілді, ол қайда алып барса оның артынан еруге болады. Мен, осы жерде өзім жасап отырған, құштарлықтар туралы ілімдегі үшінші қадам алғашқы екеуі секілді сенімділікке ие бола алмайтындығын, атап айтқанда сексуалдылық түсінігін кеңейтіп, нарциссизмді қалыптастыра алмайтындығын жоққа шығармаймын. Бұл жаңалық, барлық осындай жағдайларда міндетті болатындарға қарағанда, қателердің кішігірім бастауларымен байланысты, бақылауларды теориялар тіріле тікелей аудару болды. Құштарлықтардың регрессиялық сипатын пайымдау, кез келген жағдайларда сонымен бірге, зерттеліп отырған материалда, атап айтқанда жабысқақ қайталау фактілерінде жатыр. Алайда мен олардың мәндерін артық бағаладым. Бұл болжамды құру, осы жерде алдын-ала болжамдалмаған бақылаудан кете отырып, таза ақыл-ойлы фактілік материалдың комбинациясының көмегімен ғана мүмкін болады. Қандай да бір теорияны құру процесінде бұл неғұрлым жиі жасалса, соңғы нәтиже соғұрлым аз сенімді болатындығы мәлім, алайда сенімсіздіктің деңгейі осымен әлі анықталған жоқ. Бұл жерде сәтті табуға болады, бірақ қателікке жол беру де ұят жағдай. Бұндай жұмыста мен интуицияға аз сенемін; мен оны бақылаған жағдайларда, ол маған интеллектінің әйгілі ұстамсыздығының салдары секілді көрінді. Алайда, өкінішке орай, іс соңғы сұрақтарға, ғылым мен өмірдің үлкен мәселелеріне қатысты болғанда тек сирек жағдайларда ғана ұстанымсыз болуға болады. Менің ойымша, бұл жерде әрқайсысы іштей терең негізделген құмарлықтарға, ол өзінің ақыл-ойында бейсаналы түрде басшылыққа алатын әсерлерге талпынады. Осындай негіздемелерде сенімсіздік үшін, өз ойлауының нәтижелеріне деген қайырымды ұстамдылықтан, басқа ештеме қалмайды. Мен тек, бұндай өзіндік сын басқа көзқарастарға қатысты ерекше шыдамдылыққа міндеттемейтіндігін ғана қосқым келеді. Егер теориялардың алғашқы қадамдарын талдау бақыланып отырғанға қарама-қайшы болса, теорияны ашпастан жоққа шығару қажет, сонда да бұл жерде орнына ұсынылып отырған теорияның дұрыстығы тек уақытша ғана құбылыс екендігін саналауға болады. Біздің өмір мен өлімге деген құштарлықтар туралы пайымдауларымызды бағалауда, мысалы, бір құштарлықты екіншісі ығыстыратындығы, немесе оның Мен-нен объектіге бағытталатындығы және т.б. сияқты, осы жерде соншама құпиялы және көрнекі емес процестерді кездестіретіндігіміз бізге аз кедергі жасайды. Бұл тек, біздің ғылыми ұғымдармен, яғни, психологияның (дұрыс айтқанда, терең психология — Tіefenpsychologіe) арнайы бейнелік тілімен операциялар жасауға мәжбүр екендігімізден ғана болады. Олай болмаса біз сәйкес процестерді мүлдем бейнелей алмаған болар едік, тіпті оларға қол жеткізе алмаған болар едік. Егер де біз психологиялық ұғымдарды физиологиялық немесе химиялық ұғымдармен алмастыра алсақ, онда біздің бейнелеуіміздің кемшіліктері жойылып кеткен болар еді. Олар да бейнелік тілге жатады, алайда олар біз бұрыннан таныс және біз үшін біршама қарапайым тілге жатады. Екінші жағынан, біздің пайымдауларымыз біздің биологиядан алынуға тиістігіміздің салдарынан жоғарғы дәрежеде ұлғаятындығын өзімізге түсіндіруге тиіспіз. Биология органикалық емес мүмкіндіктердің ақиқат патшалығы болып табылады, біз одан өте керемет жаңалықтарды күте аламыз және бірнеше ондаған жылдар өткеннен кейін ол біздің сұрақтарымызға қандай жауаптар беретіндігін болжай алмаймыз. Мүмкін, біздің барлық болжамдар ғимаратымыз қирайтын шығар. Егер бұл шын мәнісінде осындай болса, онда бізден осы тарауда жасалған жұмысты жасаудың қажеті не, және ол туралы хабарлау қажет пе деп сұрауы мүмкін. Бірақ, мен кейбір аналогтардың, салыстырулар мен тәуелділіктердің назар аударуға тұрарлық екендігін айта алмаймын.

VІІ

Егер шын мәнісінде құштарлықтар бір рет бастан өткерілген күйлерді қайта қалпына келтіруге талпынатындай жалпы қасиетке ие болса, онда біз психологиялық өмірде өте көп процестердің ләззат алу ұстанымына тәуелсіз іске асатындығына таңданбауымыз қажет. Бұл қасиет әрбір жеке құштарлыққа хабарлануы тиіс және даму жолындағы әйгілі кезеңге қайтадан қол жеткізуге талпыну жағдайларына әсер етуі қажет. Бірақ, ләззат алу ұстанымы өз билігін көрсетпегендердің барлығы онымен қарама-қайшылықта тұрмауы тиіс, және жабысқақ қайталау процестерінің ләззат алу ұстанымының билік етуімен өзара қатынастарын анықтау міндеті әлі шешілген жоқ. Біз, психикалық аппараттың ең басты және көне қызметтерінің бірі, оған жеткен ішкі қозуларды "байланыстыру", оларда патшалық ететін алғашқы процесті екінші реттімен алмастыру, белсенділіктің еркін қуатын тыныштықтағы, тоникалыққа айналдыру болып табылатындығын білдік. Алайда осы айналудың кезінде ләззат алмаудың туындауы туралы әлі айтуға болмайды: ләззат алу ұстанымының әрекеті де осымен тоқтатылмайды. Айналдыру көбінесе ләззат алу ұстанымының ұпайына қарай жасалады: байланыстыру ләззат алу ұстанымының билігін енгізетін және оны қамтамасыз ететін дайындық актісі болып табылады. Қызмет пен тенденцияны бір-бірінен, біз осы уақытқа дейін жасағаннан да сирек бөлеміз. Ләззат алу ұстанымы онда психикалық аппаратты қозудан мүлдем айыруға немесе ондағы қозулардың санын тұрақты және мүмкін төмен етуге талпынатын қызметте жұмыс істеп жүрген тенденция болады. Біз осы болжанғандардың ешқайсысына сеніммен қарай алмаймыз, бірақ біз осылайша анықталған қызметтің тіршілік етушінің органикалық емес материяның тыныштық күйіне қайта оралуға деген жалпыға ортақ талпынысының бір бөлігі болып табылатындығын байқаймыз. Біз қол жеткізе алатын ләззаттардың ең үлкені — жыныстық актіден рахаттану - жоғары көтерілген қозудың бір сәттік өшуімен байланысты екендігін біздің барлығымыз білеміз. Ішкі қызметті байланыстыру бұндай жағдайда осы қозуды тыныштанумен рахаттанудағы соңғы шешілуге бағыттайтын дайындық қызметін құраған болар еді. Осыған тәуелді, ләззат алу және ләззат алмау сезімдері бірдей байланысты және байланысты емес қозу процестерінен өтуі мүмкін бе, деген сұрақ туындайды. Бұл жерде, байланысты, яғни екінші ретті, процестерге қарағанда, байланысты емес алғашқы процестердің сезімдерді екі бағытта да біршама кен интенсивті ететіндігі сөзсіз байқалады. Уақыт бойынша алғашқы процестердің де мәні біршама ертеден келеді; психикалық өмірдің басында басқа ешқайсысы кездеспейді, және біз, егер ләззат алу ұстанымы оларда болмаса, ол біршама кейінгі процестерде де көріне алмаған болар еді, деп қорытынды жасай аламыз. Сонымен, біз, ләззат алуға деген талпыныс психикалық өмірдің басында, біршама кейінгі кезеңдерге қарағанда, күштілеу көрінетіндігін, бірақ біршама шектелген түрде болатындығы жайлы аса қарапайым емес қорытындыға келеміз; бұл жерде жиі шабыттар қалыптасуы тиіс. Біршама ересектік кезеңінде ләззат алу ұстанымының билік етуі толығырақ қамтамасыз етілген, бірақ оның өзін басқа құштарлықтар сияқты, жүгендеуден аз қашатын болады. Екінші ретті процестерде, алғашқы процестердегідей, атап айтқанда, қозу процестеріндегі ләззат алу және ләззат алмауды туындататындар болуы тиіс. Осы жерде ары қарайғы зерттеумен айналысқан дұрыс болар еді. Біздің санамыз бізге іштен ләззат алу және ләззат алмау сезімдері жайлы ғана емес, сонымен қатар тағы да өздігінен жағымды және жағымсыз бола алмайтын арнайы қысым туралы да хабар беріп отырады. Бір қатар ләззат алулар - ләззат алмаулар осы қуаттың көлемінің уақыт бірлігіне өзгеруін білдірген кезде, біз осы түйсіктің көмегімен бірін екіншісінен ажырата алатын бұл байланысты немесе байланысты емес қуаттық процестер абсолютті көлемді көрсететін қысым түйсігі бола ма, әлде белсенді қуат деңгейі бола ма? Өмірге деген құштарлық" әлемді бұзушы ретінше шыға отырып, өзімен бірге шешілуі ләззат алу ретінде қабылданатын қысымдарды алып келе отырып, көбінесе біздің ішкі Қабылдауларымызбен жұмыс жасайтындығын да біз қорыта келуіміз керек. өлімге деген құштарлық болса өз жұмысын үзіліссіз атқарады. Ләззат алу ұстанымы өлімге деген құштарлыққа бағынышты болып келеді: ол сонымен бірге екі түрлі құштарлық та қауіпті ретінде бағаланатын сыртқы тітіркендіргіштерді де күзетеді, алайда өмірлік процестерді қиындатуға талпынатын іштен өсетін тітіркендіргіштерден өзгеше жолмен қорғанады. Бұл жерде қазір шешілуі мүмкін емес сансыз жаңа сұрақтар туындайды. Шыдамдылық танытып. зерттеуге арналған ары қарайғы құралдар мен мүмкіндіктерді ұту қажет болып табылады. Сондай-ақ біз бірнеше уақыт бойы жүрген жолды, егер ол ешқандай жақсылыққа алып келмейтін болса, қалдыруға дайын болу керек. Ғылымнан тойланған катехизисті алмастыруды күтетін сенгіштер ғана зерттелушіге оның көзқарастарының бірте-бірте дамуын не¬месе тіпті өзгеруін көлденеңінен қояды. Қалғанында біздің ғылыми білімдеріміздің қатынастық баяу қозғалуы бізді қанағаттандыруын ақын ("Makamen Harіrі" Рюккерт): Ұшып жетуге болмайтынға ақсап жету қажет. Жазу, ақсау мүлдем күнә емес дейді.

Түсініктемелер

1. Ләззат алу мен ләззат алмау саналы түйсіктің Менмен байланысы секілді байланыста болатындығы мәнді болып табылады. 2. "Zur Psychoanalіse der Krіegneurosen" Ференци, Абрахам, Зиммель, Э. Джонстың баяндамаларымен бірге (Іnternatіonale Psychoanalytіsche Bіblіothek, 1919 bd.l) қарастырыңыз. 3. Бұл түсіндірме кейінгі бақылаумен дәлелденген болатын. Бір күні анасы бірнеше сағатқа жоқ болғаннан кейін, ол "Беби-о-о-о" деген сөзбен қарсы алынды, бұл іс басында түсініксіз болып қалды. Артынан белгілі болғаны өзі жалғыз қалған кезде бала өзін жоғалтып алуды тапты. Ол өзінін бейнесін еденге дейін түсіп тұрған айнадан тауып алған, сосын кішкене тізе бүгіп отырғанда оның айнадағы бейнесі "құрып" кететін. 4. Бала 5,75 жасқа келген кезде анасы қайтыс болған. Енді ол шын мәнісінде "алыс" кеткенде (о-о-о), бала қайғысын көрсеткен жоқ. Бірақ соның алдында ғана балада күшті қызғанышты туғызған басқа бала дүниеге келген болатын. 5 Dіchtung und Wahrheіt // Іmago, Bd. V, H. 4; Sammlung kleіner Schrіften zur Neurosenlehre, ІV Folge. Балалық шақтан естелікті қараңыздар. 6. ur Technіk der Psychoanalyse, Errіnern, Wіederholen und Durcharbeіten // Sammlung kleіner Schrіften zur Neurosenlehre, ІV Folge, S. 441, 1918. қараңыз. 7 Marcіnowskі Dіe erotіsche. Quellen der Mіnderwertіgkeіt./ / Zeіtschrіft fur Sexualwіssenschaft.ІV 1918. 8. Осыған қатысты ескертулерді мына мақаладан қараңыз: Jung G.G. dіe Bedeutung des Vaters fur Schіksal des Eіnzelnen//Jahrbuch f. Psychoanalyse. 1, 1909 (Психоанализ и психоаналит. библиотека, вып. ІІ 1924 орысшаға аудармасын қараңыз). 9. Bw Bewubtseіn — сана жүйесі деген сөздің қысқартылуы; W — Bw — Wahrnehmung жүйесі — Bewubtseіn — қабылдау — сананы сыртқы әлемді қабылдау жүйесінен шығаратын, Фрейдтің маңызды жағдайларының біріне нұсқайтын сана. — Аударма сілтеме. 10. Й. Брейердің өзінің "Studіen uber Hysterіe", 1895 атты еңбегінің теориялық бөліміндегі қорытындыларды қараңыз. 11. Studіen uber Hysterіe von J.Breuer und S. Freud, 3 unverand. Aufl., 1917. 12. Trіebe u. Trіebschіckale// Sammlung kleіner Schrіften zur Neurosenlehre. (Психол. и психоаналит. библиотека, вып. Іll статья "Влечения и их судьба" — М., 1923 деген орыс тіліне аударманы қараңыз) қараңыз. 13. Zur Psychoanalyse der Krіegsneurosen, Eіnleіtung// Іnternatіonale Psyhoanalytіshe Bіblіothek, 1, 1919. 14. Traumdeutung, YІІ қараңыз. 15. Құштарлықтардың табиғаты туралы осындай болжамдардың бірнеше рет айтылғандығына менің күмәнім жоқ. 16. Ойдан шығармау керек төмендегі өзімен шектен шыққан көзқарастарды білдіретінін кейіннен сексуалды тартымдар қабылданған уақытта шектеулер мен өзгертулерге тап болатын. 17. Және сонда да олар, біздің "прогреске" және біршама жоғарғы дамуға ішкі тенденция үшін қолданатынымыз болып табылады. 18. Осыған байланысты, "Мен құштарлығының" психоанализдің алғашқы атауына қатысты алдыңғы атауды білдіретіндігін айтып өту керек. 19. Ш. Ференци басқа жолмен жүре отырып осы анықтамаға жеткен (Entwіcklungs — stufen des Wіrklіchkeіtssіnnes / / Іntern. Zeіtschrіft fur Psychoanalyse, Bd. 1, 1913): "Осы ой барысын кейіннен өткізгенде органикалық өмірде де билік ететін бір орында тұрып қалу тенденциясы немесе регрессия туралы идеяны ескеру қажет, ал алдыға қарай даму тенденциясы, бейімделу және т.б. тек сыртқы тітіркендіргіштерге жауап ретінде ғана өзекті болады" (S. 137). 20. Қажеттіктер. — Аударма редакциясынан. 21. Uber dіe Dauer des Lebens, 1882; Uber Leben und Tod, 1892; Das Keіmplasma, 1892. 22. Uber Leben und Tod, 2 Aufl., 1892, S. 20. 23. Dauer des Lebens, S. 38. 24. Leben und Tod, 2 Aufl., S. 67. 25. Dauer des Lebens, S. 33. 26. Uber Leben und Tod, Schluss. 27. Hartmann Max. Tod und Fortpflanzung, 1906; Lіpschutz Alex. Warum wіr sterben. Kosmos-Bucher, 1914; Dofleіn Franz. Das Problem des Todes und der Unsterblіchkeіt beі den Pflanzen und Tіeren, 1919. 28. Осы жолы да және кейін де Lіpschutz, 1. е., S. 52 қараңыз. 29. Uber dіe anscheіnende Absіchtlіchkeіt іm Schіcksale des Eіnzelnen. Grossherzog Wіlhelm Ernst-Ausgabe, Bd. ІV, S. 268. 30. Zur Eіnfuhrung des Narzіssmus // Jahrbuch der Psychoanalyse, Bd. VІ, 1914. (Орысша аударма: Психол. и психоаналит. библиотека, под ред. И.Д. Ермакова, т. VІІІ, 1924.) 31. Сексуалдылық теориясы бойынша үш очерк. 32. "Сексуалдылық теориясы бойынша үш очерк" және "Құштарлықтар және олардың ғұмырлары" (Библ., ІІІ т. цит.) деген еңбектерді қараңыз. 33. Өкінішке орай мен үшін онша түсінікті емес, мазмұн мен ойларға бай бір жұмыста Сабина Шпильрейн осы пайымдаулардың мәнді бөліктерін әсірелеген. Ол сексуалды құштарлықтардың садисттік компонентін "деструктивті" құштарлық ретінде белгілейді (Destruktіon als Ursache des Werdens, Jahrbuch fur Psychoanalyse, ІV, 1912). 34. Вейсман (Das Keіmplasma, 1892) бұл артықшылықты жоққа шығарады: "Ұрықтану еш жағдайда да өмірдің жасаруын білдірмейді, ол екі әр түрлі тұқым қуалаушылық тенденциялардың араласуын мүмкін етуге бейімделуден басқа ештемені білдірмейді". Осындай араласудың салдарын ол тіршілік иелерінің вариабельділігінің жоғарылауы деп есептейді. 35. Руд. Касснердің неміс тілінен аудармасынан. 36. Мен, жартылай оның айтуында келтіретін Платон мифінің шығу тегін келесідей түсіндірулерін жасағаным үшін профессор Г. Гомперцке (Вена) борыштымын: "Мен осы теорияның әлемнің Атманнан (өзінен, немесе Мен) шығатындығы бейнеленген "Брихадараньяки-Упанишады", 1, 4, 3 (Deussen, 60 Upanіschads des Weda6 S7 393) мәнді Упанишадтарда бар екендігі жағдайына назар аудартуға тырысамын: "Бірақ онда (Атманда, өзінде, немесе Мен-де) қуаныш болмаған, сондықтан егер ол жалғыз болса, ешкімде де қуаныш болмайды. Сол кезде ол басқаны қалаған. Ол ер адам мен әйел адам құшақтасқандағы секілді үлкен болған. Осы өзінің Мен-ін ол екі бөлікке бөлген: осыдан әйел адам мен ер адам шыққан. 37. Жын-пері сенген (аударма ред. ескертуі.) 38. Осы жерде, бұл пайымдаудың барысында әйгілі даму жасаған біздің терминологиямыз туралы бірнеше сөз қорытайық. "Сексуалды құштарлықтар" деген не екендігін, біз жынысқа деген қатынастан және ұрпақ жалғастыру қызметінен білеміз. Біз бұл атауды, психоанализдің мәліметтерімен олардың ұрпақ жалғастыруға деген міндетті қатынасын жоққа шығаруға мәжбүр болған кезде де сақтап қалдық. Нарцисттік либидоның болатындығына және оның біздегі жеке жасушаға таралатындығына сілтеме жасай отырып, сексуалды құштарлық, тірі субстанцияның бөліктерін бір-біріне алып келуге және оларды бірге ұстауға тырысатын Эросқа айналды, ал сексуалды құштарлықтардың өздері объектіге бағытталған Эростың бөліктері ретінде анықталды. Осы Эростың өмірдің ең басынан бастап әрекет ететіндігін, және органикалық өмірдің туындауымен бірге пайда болған

3. Фрейд.

По ту сторону принципа удовольствия // Психология бессознательного.

— Москва. Просвещение. 1989. С. 382-425.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙