Өмірдің сегіз сәті
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Доқтырхан Тұрлыбек
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз) Т 86 © Доқтырхан Тұрлыбек, 2014 © «Ан Арыс» баспасы, 2014 Тұрлыбек Д. Т 86 Өмірдің сегіз сәті. Хикаяттар, әңгімелер, әзіл-сықақтар /Доқтырхан Тұрлыбек.
– Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2014. – 288 б. ІSBN 978-601-7337-73-5 Танымал тележурналист, саңлақ сатирик, көркемдікті қаламына тиек еткен жазушы Доқтырхан Тұрлыбектің жанды дүниелері, жаңа хикаяттары мен повестері, әзіл-сықақтары «Өмірдің сегіз сәті» болып кестеленеді. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ «ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАРЫҚ КӨРДІ ІSBN 978-601-7337-73-5 УДК 821.512.122 ББК 84 (5 қаз) Хикаяттар мен әңгімелер бірінші бөлім
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Ш аш қойып, кәдімгідей бозбала болып қалған кезімде теледидардан бір көркемсуретті фильм көрдім. Ұмытпасам, «Қырғызфильм» студиясының туындысы болатын. Бұл фильмді бастанаяқ тәптіштеп айтып басыңды ауыртып қайтейін. Менің пайымдауымша оқиға XVII ғасырдың аяғында өткен болу керек. Бір-бірін шын сүйетін батыр жігіт пен жас ару қара ниетті адамдардың жауыздығынан қосыла алмай мерт болады. Фильмнің соңында Дүйсен мен Ақмөр о дүниеде кездеседі. Жан-жақты ақ тұман тұмшалап алған. Бір-бірін іздеп таба алмай жүрген адамдар. Солардың арасында үстеріне ақ жамылғы жамылып алған Дүйсен мен Ақмөр де жүр. Олар бір-бірімен бетпе-бет кездесіп қалады. Бірақ, танымай екеуі екі жаққа өте береді. – Ақмөр! – Дүйсен! Күңіренген дауыс, мұң болып тұнған сағыныш... Бүгінде жасым қырыққа таянып, мына жалған өмірдің жақсы мен жаманын, қуанышы мен өкінішін көрген жігіт ағасымын. Соңғы кездері осы фильмді есіме жиі алып, жүрегім сыздап қоя береді. О дүние емес, осы жарық дүниенің өзінде шын бақытын, махаббатын таба алмай адасып жүрген бейбақтар қаншама десеңізші! Ал, кейде алтынның қолда барда қадірі жоқ демекші дүниедегі ең бір аяулы жанымызды бағалай білмей өкініштен мұз шай нап, запыран құсамыз. Бірақ, кеш, тым кеш... (Пойызда жолыққан жолаушының әңгімесінен)
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ БІРІНШІ КЕЗДЕСУ Бүгін «Қайраттың» кезекті ойыны болғандықтан Орталық стадионға бармақ болып, Абай даңғылымен ағылып жатқан автобустың біріне отырдым. Салонда жолаушылар онша көп емес екен, көзім алдыңғы жақта тұрған орта бойлы, әдемі пісте мұрнының астында меңі бар сұлу қызға еріксіз түсті. Өзі еліктің лағындай сүйкімді екен. Жер бетінде әдемі қыз-келіншек көп қой, бірақ мына баланың болмысы ерекше, қара торы жүзінде ерекше бір жылылық бар. Бір сиқырлы сезім билеп-матап, бейтаныс бойжеткенге қарағыштай бердім. Қайран, осындайда бірге қызмет атқаратын Серік деген досым болса қысылмай-қымтырылмай мына қызды шыр көбелек айналдырып, танысып, кездесуге де шақырып үлгерер еді. Ал, менің мұндайда тілім байланып, мақау болып қаламын. Бұл жолы нар тәуекел деп бекініп: – Қарындас, бұл автобуста абонемент тесе ме, жоқ әлде билет ала ма? – дедім бәрін біліп тұрсам да жорта білмеген болып. Бойжеткен мені басқа қаладан келген біреу ғой деп ойлаған болу керек: – Аға, бұл 128-ші маршрутты автобус қой, билет аласыз, – деп сыпайы ғана жөн айтты. – Рахмет! Мен жүргізушіге барып билет алдым. Мұндайда уақыт та зуылдап кетеді емес пе? Әне-міне дегенше мен түсетін аялдамаға да жетіп қалдық. Шиқ етіп автобустың есігі ашыла берді. Өзімен-өзі болып монтиып тұрған бейтаныс қарындасқа қимастық сезіммен соңғы рет қарап, көліктен түсіп қалдым. Көңілім бір түрлі құлазып сала берді, баға жетпес асылымды жоғалтып алғандай бей-жай кешіп, Орталық стадионға қарай көңілсіз бет алдым. ЕКІНШІ КЕЗДЕСУ Арада жарты жылдай уақыт өте шықты. Сол баяғы егіншілік ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК қызметкер болып жұмыс атқарып жатырмын. «Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» демекші, бір бөлім де еңбек ететін әріптестеріммен тез тіл табысып кеттім. Әсіресе, Молдабек және Нұрлан деген жігіттер маған бір табан жақын жүреді. Екеуі де аузын ашса көмекейі көрініп тұратын ақкөңіл жігіттер. – Дәркен, – деді бірде Нұрлан жұмыс күні аяқта ларда, – бүгін кешке ептеп көңіл көтерсек қайтеді? Менің қатқанский бір таныс келіншектерім бар, солар қонаққа шақырып жатыр. Ептеп көңіл көтергенді кім жек көрсін. Мен көп ойланбастан келісе кеттім. Алматының бір шетіндегі көшеде тұратын үш құрбы құда-құдағиларын күтетін дей-ақ жақсы дайындалыпты. Молдабек пен Нұрлан отырыстың нағыз гүлі екен, әзіл-қалжыңымыз жара сып, басқосуымыз қыза түсті. Байқап отырмын, аяқ-қолы балғадай әдеміше келген қараторы келіншек алғашқы сәттен бастап-ақ мені «қамқорлыққа» ала бастады. Мені көптен білетін жандай көп ұзамай-ақ «Сізден», «Сенге» көшті. Ашық-жарқын мінезімен мені шыр көбелек үйіріп алып барады. Шағын топ сол кеште өте көңілді отырдық. Ән шырқалып, небір күйлер шертілді, орын-орынымен айтылып жатқан әзіл мен қалжыңға да шек жоқ. Мұн дай жақсы отырыста кім арақ-шараптан тартына қойсын. Жайшылықта ішімдік десе ат-тонын ала қашатын мен бейбақ та біраз сілтесем керек... Ертесіне көзімді ашсам, қараторы келіншектің қой нында жатырмын. Бұдан кейін де Дариғамен бір-екі кез десіп, киноға бардым. Қыстың бір күні ол үйіне қонаққа шақырды. – Дәркен, жалғыздан-жалғыз болып состиып отырға нымыз жарамас, жақсы білетін бір жолдасыңды ерте кел. Менің үріп ауызға салатындай бір әдемі көршім бар, – деді ол қоштасарда. – Міндетті түрде келіңдер, – біз күтеміз. Уәделі сенбі күні Сәкен деген досымыз екеуміз Дариға ның пәтерінің қоңырауын бастық. Есікті әдемі қыз ашты. Бірден таныдым – баяғы 128-ші маршрутты автобуста
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ көрген қыз. Таңқалғаннан аузым ашылып қалса керек, не кірерімді, не кірмесімді білмей состиып тұрып қалдым. – Жоғары шығыңыздар, – деді бейтаныс бойжет- кен – есіктің алдында тұрып қалдыңыздар ғой. – Сәлеметсіз бе? – дедім жерден жеті қоян тапқан дай әлденеге қуанып. – Мен Сізді танимын. Есіңізде ме, екеуміз автобустың ішінде кездескенбіз. – Солай ма еді, аға. Бәрі де мүмкін. Есімде жоқ, сіз қалай ұмытпағансыз. –Ол әнтек жымиды. Күлгенде тіпті ажарланып, әдемі болып кетеді екен. Сол кеште екі оттың ішінде отырғандай хал кеш тім. Дариға жаны қалмай асты-үстіме түсіп-ақ отыр. Ал, менің есіл-дертім оның әдемі көршісінде. Жұрттың көзін ала бере ұрланып қарай беремін. Өмір деген қызық қой. Кейде өмірде білмейтін, танымайтын бейтаныс жанмен ойламаған жерде кездесіп, ол сол сәттен бастап, бір аяулы жаныңа айналады. Жаңа ғана танысқан Рысбала алғаш қы көргенде-ақ жүрегіме шоқ тастап кеткен еді. Оның маздап жанып жүргеніне көп болды. Бұл тағдырдың көп тәлкегінің бірі болар, мен үшін бұрыннан қымбат жанмен осындай жағдайда кездесіп отырмын. Ойпырай-ә, дәл осылай болар деп кім ойлаған, Дариға екеуі екі бөлмелі пәтерде бірге тұратын болып шықты. Құдайы көршілер бір мекемеде қызмет атқарады екен. Сәкенге де Рысбала бірден ұнады. Дәл қарсы алдымда әнтек жымиып отырған бойжеткенді қараптан-қарап отырып, өзім ертіп келген досымнан қызғана бастадым. Түн ауа Дариға төсек сала бастады. Тыпыршып жата алмадым. Темекі шегемін деп сылтаулатып, ас үйге шықтым. Рысбала өзімен-өзі үрпиіп столдың бір шетінде отыр. Екі көзі ісіп кеткен, жылаған сияқты. – Рысбала, саған не болды? – дедім шашынан сипап. – Жәй, әшейін, – деді ол күрсініп, – досыңыз біртүрлі дөрекі жан екен. Мен оны батылсыздау құшақтап, ернінен сүйдім... Ол мені итермеді... Екеуміздің де жүрегіміз дүрсілдеп соғып тұрды.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ҮШІНШІ КЕЗДЕСУ Көп ұзамай-ақ 8 наурыз мейрамы келіп қалды. Жұмыс орнынан шығысымен бір букет гүл мен шампан алып, Қалқаманға тарттым. Өткен жолғы қонақтықтан кейін бірінші рет келе жатырмын, жүрегім әлденеге мазасызданып, атша тулайды. Сол кездесуден кейін Дариға бірнеше рет жұмысқа телефон соққан. Мен сан түрлі сылтау айтып, кездесуден қашқақтай бердім. Шынымды айтсам, бүгін екі қолымды өкпеме алып, Рысбала үшін келе жатырмын. Қос көрші үйде болып шықты. Мейрамдарымен құт тықтап келгеніме олар кәдімгідей қуанып қалысты, әсі ресе Дариға мәз-мейрәм. Мен гүлді Рысбалаға ұсындым. Дариғаның жүзі көз алдымда жүдеп сала берді, бірақ, сыр бермей, шай қоймақ болып, ас үйге шығып кетті. – Дәркен, мұныңыз қалай? Гүлді көршіме бермедіңіз бе? – деді Рысбала, – ыңғайсыз ғой. – Рысбала, – дедім тұншыға сыбырлай үн қатып, – қалай түсінсең, солай түсін, мен сен үшін келдім. Ол үндемей қалды. Жүрегім сезеді, Рысбала да қыл пылдап тұрған өткір ұстараның жүзінде тұрғандай жағдайда жүр. Оны шын жүректен жақсы көретінімді ол сезбейді емес, сезеді. Бірге тұрып жатқан құрбысының да көңіліне қарап, жаны бір сәтке тыныш таппайды. – Рысбала, ертең жұмысқа қашан барасың? – дедім сәл орнай қалған тыныштықты бұзып. – Сағат он бірде. – Көршің ше? – Ол таң атпай жатып жұмысына кетіп қалады. – Олай болса мен келемін... Шай ішкен құрлы болған жоқпын. Қос құрбыммен асығыс қоштасып, қайтып кеттім. Дариға мені состиып шығарып салды. Таңертең сағат тоғыз болмай жатып, таныс пәтердің қоңырауын сабырсыздана бастым. Есікті әлі ұйқылы-ояу Рысбала ашты. Жан жарын ұзақ жылдар бойы көрмеген жауынгерше ішкөйлекшең тұрған әдемі келіншекті бас салдым. Дүние шыр көбелек айналып жүре берді...
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ТӨРТІНШІ КЕЗДЕСУ Бүгін Рысбалаға телефон қоңыраулаттым. – Рыстай, сені сағындым, кездесейікші, – дедім үздіге сөйлеп, – көршің жоқ па? – Жоқ, әпкесінің үйіне кеткен, – деді Рысбала. Оның қысылып жатқанына қарайтын мен жоқ, жүре гім алып-ұшып барады. – Сағат екіде үйде бол, келемін. – Мақұл. Жақсылы-жаманды өмір көрген жігіт ағасы болсам да соңғы кездері бозбалаша желкілдеп кеткен жайым бар. Іштен сеземін, көп нәрсені бүлдіріп жүрмін. Бөлек тұрып жатыр деген атым болмаса, Шымкенттегі әйеліммен әлі заңды түрде ажырасқан жоқпын. Рысбаламен бір пәтер де тұрып жатқан Дариғаның жағдайы болса анау. Бірақ, ештеңе ойлағым келмейді. Бар есіл-дертім – Рысбалада. Оған шын құлағаныма, шын сүйетініме бір құдайдың өзі куә. Осы бақытымды, осы қызығымды артық көре көрме деп Алла тағалаға күнде жалынып-жалбарынамын. Асығыс такси ұстап, Қалқаманға тарттым. Рысбала мені тағатсыздана күтіп отыр екен. Екеумізде де үн жоқ. Есімді жисам біреу тарсылдатып есік қағып тұр екен. Ол шалқасынан ашылып, баса-көктеп Дариға кіріп келді, бет әлпеті өрт сөндіргендей. – Ой, жүзі қаралар! Қарашы, бұлардың не істеп жатқанын! Бәсе, жүрегім бірдеңені сезіп еді. Опасыздар! Шеттеріңнен өлтірейін бе осы! – деп ол бізге жаралы жолбарысша атылды. – Дариға! Қой, ұят болады: Мен саған бәрін түсін діремін. Сәл сабыр сақташы, – деп ақ жамылғыны жа мылған күйі бөлменің бір бұрышына тығылдым. Рысбала ның да есі шығып кеткен. – Қара мұның ұяла қалуын! Мауқы басылмаған ит төбет! Сен де үндемей жүріп, қу қаншық болып шықтың. Оңбағандар! Ол долдана жылаған күйі бөлмеден шығып кетті. Рысбала екеуміз асығыс киініп, тысқа қарай зыта жө нелдік.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК БЕСІНШІ КЕЗДЕСУ Мені ойламаған жерден үлкен бастығымыз шақырды. – Інішек, – деді ол қысқа амандықтан соң тікелей шақырған шаруасына көшіп, – Таразда бізге мекеме нің бөлімшесі ашылды, ал, мамандар болса өте зәру, сондықтан сені үш-төрт айға жолсапарға жіберуді жөн санап отырмыз. Оған дейін пәтердің де бір мәселесі бо лып қалар. Ұйғарым сондай болған соң мен қайда барамын, ықылас онша болмаса да жолға жинала бастадым. Бұл хабарды естігенде Рысбала біртүрлі үрпиіп қалды. Қазір өзінің жағдайы да онша болмай жүр, Дариға екеуі қырғиқабақ. Мекеменің есептегі пәтері болған соң оны бөле салу да оңай шаруа емес. Өткен жолғы оқиғадан соң Рысбаланың үйіне мүлдем бармай кеттім. Екеуміз қашып-пысып, әр жерде кездесіп жүрміз. Менің де әйеліммен ажырасуым тым ұзаққа созылып кетті. Оның үстіне ойламаған жерден тап бола кеткен жол сапары да көңілге қаяу болып тұр. Рысбала мені Алматының екінші теміржол бекетінен шығарып салды. Осы темір жол бекетінен талай-талай сапарға шығып жүрсем де, бірінші рет біртүрлі қимас тық сезіммен қарадым. Сол күні аспанды қара бауыр бұлт тұмшалап, күздің жаңбыры сіркіреп тұрды. Пойыз орнынан қозғала бергенде Рысбала ауыр күрсінді. – Тезірек кел, – деді ол артымнан қол бұлғап, – мен сені күтемін! Таразға келісімен тиісті шаруама бел шешіп кірісіп кеттім. Осы сапарымда бұрынғы әйеліммен заңды түрде ажырасу жөнінде түбегейлі шешім қабылдаған болатынмын. Бірақ, ойлағаным жүзеге бірден аспайтын болды. Ол басқа қалаға қоныс аударып кетіпті. Күндер сағызша созылып, бір ай өте шықты. Рысбаламен күнара телефон арқылы хабарласып тұрамын. Амандық болса енді екі-үш күннен соң Алматыға барып қайтпақ ойым бар. Ертең жол жүрейін деп отырғанда Мәдібек деген
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ескі танысым үйіне қонаққа шақырды. Ұмытпасам, әйелі нің туған күні болатын. Шақырылған қонақтар көп болды, көбісін тани бермеймін. Үлкен ас желініп біткен соң, аузы-аузына жұқпай тақылдап қалған асаба жігіт үзіліс жариялап, екі иықты жұлып жейтін би басталды. Жеке басым мұндай би тұрмақ, кәдімгі вальсті жарытып билей алмаймын, көңілді топтан шеттей бердім. Үлкен бөлме нің бір бұрышында өзіммен-өзім тұрғанмын. Кенет, біреу иығымнан түрткендей болды. Жалт қарадым, бет-аузын аямай бояған бойжеткен маған күлімсіреп қарап тұр екен. – Жетім бала құсап, бір бұрышта жападан-жалғыз тұрғаныңыз қалай, жүріңіз билейік, – деді ол ескі та нысындай еркін сөйлеп. – Айыпқа бұйырмаңыз, мен мұндай биді білмейтін едім, – дедім ыңғайсызданып. – Оның білмейтін ештеңесі жоқ, екі қолыңызды арыбері сермеп, секіре беріңіз. Әлгі қыз ай-шай жоқ мені көңілді топқа жетелей жөнелді... Туған күн кеші түн ауа тарады. Мәдібек екеу міз далаға шықтық. Солтүстіктен екілене соққан жел дене тоңазытады. Құрдасым кәдімгідей қызу, менің де ішімде ептеп от бар. – Әй, маубасым-ай! Қыз-келіншек көрсең, тұра қашатының-ай, осы сенің! Өзімізге қарамайды, әйт песе, ұпайымызды жібермеген болар едік, – деді ол арқамнан қағып, – Соқыр емеспін ғой, анау Мария саған өлердей ғашық болып қалды. Айтпақшы, ол сұлу сенің жатақханаңның жанында тұрады, шығарып сал, өкінбейсің, құшағыңа өзі құлайын деп тұрған қыздан айырылып қалма, ашық ауызым... ха, ха... Бүгінгі отырыстан көңілді шыққан қонақтар қоштаса бастады. Кәдімгідей былқылдап қалған Мария мені бірден қолтықтап алды. – Аға, енді қашып кете алмайсыз, мені шығарып саласыз. Қорықпаңыз қасқыр емеспіз, жеп қоймаймыз. Мария мен тұратын жатақхананың жанындағы көп пәтерлі үйде жеке өзі тұратын болып шықты...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Үйге кіріп, шай ішіп кетіңіз, – деді Мария пәтерінің алдына келгенімізде. – Рахмет, Мария! Кеш болып қалды, жатақханаға қайтайын, – дедім ыңғайсызданып. – Шақырғанға келмесеңіз – шақырғанға зар боласыз, – деді Мария күліп. – Жігіт адамның қыз құсап сызыл ғаны жараспайды. Жүріңіз, дәмнен үлкен емессіз ғой. Мені құртатын көңіл жықпастық, бұл жолы да сол әдетіме салып, жетектегі бұзау құсап, Марияның соңы нан ере бердім. Бір бөлмелі пәтер құстың ұясындай жайлы екен. Үй иесі лезде шай қамдап жіберіп, шетелдік қымбат коньяктің тығынын ашты. Сол күні Марияның пәте рінде түнеп қалдым... Ертесіне бір тығыз жұмыс шығып қалып, Алматы сапары кейінге қалды. Жұмысбасты болып жүргенімде тағы екі ай өтті. Бір күні Мария менен екіқабат болып қалғанын айтты... АЛТЫНШЫ КЕЗДЕСУ Бүгін жұмысыма Марияның жездесі келді. Есіктен кіріп, бірден төрге шықты. Байқаймын, өзі де мығым, сөзі де мығым, жұпыны келген кабинетіме менсінбей қарады. – Сыбырлағанды құдай да естиді деген. Бәрін де ес тіп жатырмыз, – деді ол сыздана сөйлеп – Ақыл айтатын бала емессің, қолмен істегенді мойынмен көтеру керек, жігіт. Жолда жатқан балдызым жоқ. Марияны ренжіт сең түбі жақсы болмайды, біздің құрығымыз ұзын, аспан ға ұшып, жердің түбіне түсіп кетсең де тауып аламыз. Солай, болашақ бажа, ойлан! Қиқаңды қой! –Марияның жездесі сес көрсетіп, есікті тарс жауып шығып кетті. Не істерімді білмей басым қатып отырғанда Алматы дан Рысбала телефон соқты. – Дәркен, бірдеңе болып қалды ма? Біртүрлі селқоссың ғой, дауысың да қарлығып шығып тұр, – дейді ол шыр-шыр етіп.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Рыстай, босқа мазаланып қайтесің? – дедім мен өтірік сылтау айтып, – бәрі жақсы, тек жұмыс ауырлау болып, шаршап жүргенім ғой. – Дәркен, мен бастығымның қабылдау бөлмесі нен рұқсатсыз телефон соғып отырмын. Бүгін «Алатау» пойызымен Таразға жүремін. Алтыншы вагон, күтіп ал, – деп телефон тұтқасын қоя берді. Жығылған үсті не жұдырық демекші, Рысбаланың бұл келісі маған оңайға тиейін деп тұрған жоқ. Өзім жатқан жатақха наға апаруға болмайды, кез келген уақытта Марияның жетіп келуі мүмкін. Шатақтың көкесін сонда көресің. Не істерімді білмей басым қатып отырғанымда, қаланың бір шетіндегі санаторийде бас дәрігер болып қызмет атқа ратын танысымның телефон қоңыраулатпасы бар ма? Жағдайымды айтып, жата кеп жабыстым. Сабаз сөзге келген жоқ, жағдайымды бірден шешіп берді. Таң ата келетін пойыздан Рысбаланы күтіп алып, санаторий ге тартып кеттік. Санаторийде төрт күн бірге болдық. Анда-санда Рысбалаға көзімнің астымен ұрланып қар ап қоямын. Менің мұнда не бүлдіріп жүргенімді ол қай дан білсін. Алдағы күндердің не болатындығын ойласам өзімнен-өзім шошып кетемін. Бесінші күні Рысбаланы Алматыға шығарып салдым. Ол бірдеңені сезгендей маған жаутаңдап қарай береді. – Дәркен, саған не болып жүр? – деді ол менің құшағыма тығыла түсіп, – Түнде ұйықтап жатқанда жиі-жиі шошынып оянасың. Байқаймын, соңғы кезде ішімдікті де көп ішетін болыпсың. Абайлашы, бірдеңеге ұрынып қалып жүрмеші! Аман-есен келші Алматыға! Мен не деймін, балшыққа әбден батып жүрген адаммын, көңілім алай-дүлей, шындықты айтуға тағы қорқамын. Жұмыстағы қиындықтар туралы міңгірлеп бірдеңе айтқан болдым. Осы кезде пойыз да орны нан жайлап жылжи бастады. Вагонның кіре берісінде состиып Рысбала тұр, перронда состиып мен қала бердім. Жылдамдығын күшейте түскен пойыз қимас аяулымды ала қашып, шығысқа қарай бет алды.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ЖЕТІНШІ КЕЗДЕСУ Тыпырлауға шамам келмей қалды, еріксіз Мария ға үйленуге тура келді. Бірақ, бұл қалада қалмайтыным ды кесіп айттым. Ит екеш ит те өлігін көрсетпейді демей ме? Алматыға келіп, үлкен бастығыма болған жағдайды жасырмай айтып, мамандар бара бермейтін түкпірдегі бір қалаға сұрандым. Ол мені түсініп, ауыр күрсінді. – Бауырым, – деді ол менімен қоштасарда, – бүгін нен бастап еңбек демалысыңды ал, сен келгенше бәрін реттеп қоярмын. Тек, өзіңе мықты бол, қолмен істегенің ді мойныңмен көтере біл! Уақыт емші, бәрін емдейді! Тек бір нәрседен сақ бол! Тентек суға құмар болма! Онымен жаныңның жарасын жаза алмайсың. Ойламаған жерден жетіп келгеніме, Рысбала жас балаша қуанды. Бірақ, өрт сөндіргендей менің түрімді көріп, қуанышы су құйған жалындай басылып қалды. – Рысбала, отыр, сенімен сөйлесетін бір әңгіме бар, – дегенімде тұрған орнында селк етіп шошып кетті. – Рысбала, – дедім оның жүрегін ауыртқым келмей, – сен мені кешір, әйеліммен ажыраспайтын болдым, оның аяғы ауыр. Кешір мені... Рысбала тұрған орнына сылқ етіп отыра кетті. Оның жүзіне қарауға дәтім шыдамады, жылыстап есіктен шыға бердім... СЕГІЗІНШІ НЕМЕСЕ СОҢҒЫ КЕЗДЕСУ Күндер зулап, арада бір жыл өте шықты. Бір түкпірдегі кішкентай қалада тұрып жатырмыз. Дүниеге кішкентай нәресте келген. Қызым сүйкімді, мені керемет жақсы көреді. Көбінесе көңілімді сонымен алдаймын. Әйтпесе, Мария екеуміз мүлдем жат жанбыз. Бір-біріміздің бағымызды байлап жүргенімізді екеуміз де іштей жақсы білеміз. Ал, Рысбала көзден кетсе де, көңілден бір
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ кетпей қойды. Бақыт құсымның алақаныма енді қайтып қонбайтындығын жақсы білемін, осыны ойласам жаным жабырқап, жүрегім жетімсіреп қоя береді. Түсімде ылғи Рысбаланы көремін, екеуміз көктемгі далада гүл теріп жүреміз. Бір күні жұмыс орнына келіп, өз көзіме өзім сенбедім. Қабылдау бөлмесінде Рысбала отыр. Тұрған орнымда қаққан қазықтай қалшиып тұрып қалдым. Ол да екі көзі боталап, орнынан тұра берді. Хатшы қыз бізге аңтарыла қарап қалыпты. Тез есімді жиып, қалбалақтаған күйі Рысбаланы кабинетке шақырдым. Мен көрмеген бір жылдың ішінде ол сәл жүдеу тартып, аялы көздерінің астына қара көлеңке түсіпті. Орнай қалған үнсіздікті Рысбала бұзды: – Дәркен, мен бәрін де білемін. Бірақ, араларыңа от жағуға келген жоқпын. Тек, құдай үшін өтінемін, өтірік айтпашы! Сенің бетіңді бұдан былай көрмеймін деп өзіме талай ант беріп едім. Қандай құдіретті күш екенін білмеймін, сонау жердің түбінен сені бір көру үшін өзім келіп отырмын. Қорықпа, бүгінгі кешкі пойызбен қайтып кетемін. Қолың бос болса шығарып сал, енді бұдан соң екеуміз кездеспейміз. Біреуден естігенше, өзіңнің білгенің дұрыс, тұрмысқа шықпақ ойым бар. Мына еркекті қатын асыраған қиын заманда бақа басты біреу болса да арқа сүйемесе болмайды екен. Жақсы-ақ адам, бірақ, жүрекке әмір жүрмейді, оны өмір бойы сүйе алмай өтермін. Сенің жөнің бөлек еді, қолым жетпеді. Бір жүректі бір жүрекке зарықтырып қойған жалған-ай! Рысбала ауыр күрсінді. Баяғы Тараз қаласындағы сияқты түн ортасында Рысбаланы шығарып салдым. – Қош бол, Дәркен! – деді Рысбала вагонға көтеріліп, – Қош бол! – Қош бол, Рысбала, қош бол, қайда жүрсең де аман бол, жаным,қош... Пойыз орнынан қозғала берді. Ол бірте-бірте жылдамдығын арттырып, дүниедегі ең қымбат жанымды біржолата алып қашып бара жатты...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Жападан жалғыз перронда состиып ұзақ тұрдым. Кенет біреу жеңімнен тартқандай болды, теміржол беке тінде күні-түні жүретін бір аяғы жоқ бейшара жан екен. – Бір жартылық ішуге қалайсың? – деді ол ыржиып. – Қарсы емеспін. – Олай болса, 150 теңге бере қой. Мен сұраған пұлын бердім. Теміржол бекетінің бір бұрышындағы сынық орындықта сынық стаканмен арақ ішіп отырып, Рысбаланы есіме алдым. Қос жанары жаутаңдап, қоштасқан сәті көз алдымнан кетер емес. Ауыр күрсіндім. – Оу, жерлес қатты тұнжырап кетті ғой, неге сонша қатты күрсіндің? – деді бөтелкелес серігім арақ құйып жатып. – Махаббат туралы ойлап отырмын. – Е, түсінікті болды. Махаббат деген қиын, басымнан кешкенмін ондай жағдайды. Надя мені тастап кеткен, оны керемет жақсы көруші едім. Ех, Надя, Надя, не істедің сен... Енді ойла не, ойлама не, кететін бақыт кетті, ол қайтып оралмайды. Кел, тағы бір тартып жібер, қайғыңды ұмытасың. Ұсынған арақты сіміріп салдым. Үйге түннің ортасында оралдым. Шешінбестен ауыз ғы бөлмедегі диванға қисая кеттім. Түсімде Рысбаланы көрдім. Екеуміз тұман басқан Алматының көшесінде бетпе-бет кездесіппіз. Мен жылап жіберуге шақ қалып, оның ақ білегінен шап беріп ұстап алдым. – Рыстай, амансың ба? Күнім-ау, қайдан жүрсің? Сені де көретін күн бар екен-ау! Бірақ ол мені танымады. Бұл кісіні қайдан көрдім дегендей таңқала қарап, жанымнан өте шықты. – Рысбала! Бұл менмін – Дәркенмін. Тоқтай тұршы! Шынымен мені танымадың ба? Өз даусымнан шошып ояндым. Таң бозарып атып келеді екен. Басым сынып барады, кезерген еріндерімді жалай бердім...
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ЖАҺАНДАҒЫ ЖОЛАУШЫ А т бір баспаймын деген жерін үш рет басады» деген рас болып шықты. Дархан жанына жалғыз ұлы Дәуітті ертіп, алыс тағы Германияның Кельн қаласына үшінші рет сапар шегіп келе жатыр. Осыдан төрт жыл бұрын тай-құлындай шапқылап жүрген баласы ойламаған жерден науқасқа ұшырап, Дархан мен жұбайы Нәзтайдың есі шығып кетті. Екеуі зыр жүгіріп жүріп, Алматыдағы ең мықты профессорларға көрсетті, көп адамның шамасы келе бермейтін ауруханаларға да жатқызып көрді. Бірақ, еш ем қонбай, Дәуіт көз алдарында гүлдей солып бара жатты. Әйелі екеуі не істерін білмей, дал болып жүргенде, құдай сәтін салып, Германиядан бір топ білікті дәрігерлер тәуелсіздігін жаңадан алып жатқан Қазақстанға тәжірибе алмасуға келіп, таныс профессор жолдасы арқылы ұлын соларға көрсетті. Егде тартқан неміс профессоры күннен-күнге сөніпсеміп бара жатқан Дәуітті мұқият қарап, басын шай қап, жанындағы қазақ әріптесіне неміс тілінде өз пікірін айтып жатты. Неміс тілінен бейхабар Дархан Кельн деген сөзден басқасын мүлдем ұққан жоқ. – Дархан, – деді таныс профессор – неміс дәрі гері барлық анализдерді мұқият тексеріп, Дәуіттің дер тін анықтап отыр. Саған бұрын да айтқанмын, ұлың ақ қан ауруына шалдыққан. Бұл дертті медицина тілімен ликимия деп атайды. Науқас біршама асқынып кетіпті, бізде мұндай ауруды емдеуге қазір жағдай да, мүмкін дік те жоқ. Тезірек Германияға апарып, ем қолданбаса болмайды. Жанымда отырған неміс дәрігері де солай деп отыр. Мына қиын заманда шетелде ем алу оңай шаруа емес, оған қыруар қаржы қажет, ал, қаржыны Денсаулық сақ тау министрлігі квота арқылы бөледі. Ол болса қазір қас
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК қалдақтың қанындай. Мен қолдан келер көмегімді аямай мын. Бірақ, маған сеніп қалма, тас түскен жеріне ауыр, зыр жүгіруіңе тура келеді. Президент әкімшілігіндегі аға ңа бар, осындайда қол ұшын бермегенде қашан береді ол. Емханадан шыққан Дархан Денсаулық министрлігіне жүгірді. Екі-үш кабинетке кіріп еді, ақша жоқ деп, қол қусырып шығарып салды. Жалғыз ұлы үшін отқа да, суға да түсуге даяр Дархан онша жақтыра бермейтін, бүгінде ысқырығы жер жарып тұрған шенеунік туысқаны на баруға мәжбүр болды. Президент әкімшілігіне кіру – нағыз қияметтің өзі екендігін кім білген. Үш күн әрібері сандалып жүріп, әрең дегенде қабылдауға ілікті-ау әйтеуір. – Әшейінде жанымнан танымайтын адам құсап өте шығасың. Жайша келдің бе? – деді көкесі сызданып. – Ылғи жеті қайнаса сорпасы қосылмайтын біреулермен жүресің, жасың елуге келсе де басыңда түйірдей ақыл жоқ, айта бер шаруаңды, менің уақытым тапшы, жарты сағаттан соң бастыққа кіруім керек. – Аға, өкпеңіз орынды, ары кетсе үш атадан қосылатын жақын туысқаным екеніңіз де рас. Құдай дың берген мінезі, адам баласына онша жұғымым жоқ, басқа біреу болса, сіздің жаныңыздан жылт-жылт етіп шықпай қойған болар еді, мен ондайға бара алмаймын. Сыртыңыздан сыйлаймын, не болса соны айтып, сізді босқа мазалағым келмейді. Бұл жолы ашпаған есігім, кірмеген тесігім қалмаған соң, сізге келуге мәжбүр бо лып отырмын. Оның өзінде өзім емес, жалғыз ұлым үшін келдім, – деді Дарханның дауысы жалынышты шығып. – Ұлыңа не болды? Бірдеңені бүлдірді ме? Бүгінгі жастар тыныш жүре алмайды, біреуге соқтықпаса іштері ауырады олардың. – Жоқ, қорықпаңыз, балам ештеңе де бүлдірген жоқ. Ол – қатты науқас. – Ә, солай ма еді. Менен қандай көмек керек? – Баламды емдету үшін Германияға апаруым керек болып тұр. Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігінен
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ квота алу керек. Олар болса, қаржы жоқ деп ауыздарын қу шөппен сүртіп отыр. Мүмкін болса, қол ұшын беріңіз, – деп Дархан барлық жағдайды қысқаша түсіндіріп өтті. Шенеунік ағасы қол сағатына, сонан соң алдында еңсесі түсіп отырған туысқанына қарады. – Сен былай жаса, – деді ол жүре сөйлеп, – ертең министрдің бірінші орынбасарына бар, шаруаңды шешіп береді. Ал, жақсы, қош бол, мен асығыспын. – Рахмет, жақсылығыңыз Құдайдан қайтсын! Әлдеқандай жағдай болады деп үлкен кабинетке қорқа-қорқа кірген жігіт ағасы қуанып шықты. Тоқпағы күшті болса, киіз қазық та жерге кіреді деген осы. Иә, қай заманда да, күшті күштілігін көрсеткен. Бұл жолы да солай болды, барлық мәселе бір телефон қоңырауы мен шешілді. Осылайша Құдай сәтін салып, Дархан жал ғыз ұлын Германияға бір емес, екі рет емдетіп қайтты. Бүгін баласы екеуі алыстағы Кельнге үшінші рет сапарға шықты. Алматыдан көтерілген ұшақ Кельн қаласының әуежайына таң ата келіп қонды. Қыркүйек айы енді басталса да, күн кәдімгідей салқын, жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Әкелі-балалы жандар ұшаққа тапсырған қол жүктерін алған соң, такси ұстап, үлкен қаланың ортасындағы Халықаралық ауруханаға бет алды. Бір шеті мен екінші шеті атшаптырым жерді алып жат қан емдеу орны Дарханға жақсы таныс. Екі жылдың ішінде ептеп неміс тілін үйреніп қалған журналистке ұлын орналастыру онша қиынға соға қойған жоқ. Дархан ұсынған құжаттарды қабылдап алған дәрі гер әйел жолдамаға, сонан соң әкелі-балалы жандарға кезек-кезек көз тастап, бөлім меңгерушісіне кіріп кетті. Көп ұзамай-ақ ұлын екі жыл қатарынан емдеген таныс профессор шықты. – Аман-есен жеттіңіздер ме? – деді орыс тілін жақсы білетін неміс дәрігері. – Дархан мырза, сіз әкелген құжаттан бір қате кетіпті. Ұлыңыз мұнда 25 тәулік ем алуы керек. Ал, берілген квотада 13 күн деп көрсеті ліпті. Онсыз да ұзақ ұшып, шаршап келдіңіздер. Бала
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ңызды орналастыра берейін, сіз де қонақ үйіне жайға сыңыз. Ертең Қазақстанмен хабарласып, болған жайды түсіндіріп айтыңыз. Қосымша 12 күнге квота берсін. Онсыз ем толық аяқталмай қалады. – Жақсы, жақсы, – деді іші қылп ете қалған Дархан сыр бермей. Көңілі күпті жолаушы ұлын орналастырған соң, өзі аурухананың маңайындағы таныс қонақ үйге жайғасты. Жеңіл душ қабылдап, креслоға отырып, қол сағатына көз тастады. – Мұнда сағат күндізгі бес, – деді ол іштей күбірлеп. – Ал, Алматыда түннің қақ ортасы. Денсаулық министр лігімен ертең хабарласармын. Шешініп, ұйықтамақ болды, бірақ ұйқысы келер емес. Дархан сырт қараған адамға сабырлы көрінгенімен, өте уайымшыл, күйгелек адам. «Қырсыққанда қымыран іриді» демекші, аяқ асты квотадан бір шикілік шығып тұр. Әрине, ертең жалынып-жалбарынып, Денсаулық министрлігіне телефон соғады. Мәселе дұрыс шешілсе жақсы, ал, квота жоқ десе, жағдай не болмақ? Мейлі, ол жағдай ойдағыдай шешілді дейік, үйден алып шыққан қаржысы қайтар билетке, 13 күндік қонақ үйге және ішер тамағына әрең жетеді. Қалған 12 тәулікте қайда тұрады, қалай күн көрмек? Дардай бас директор деген аты болмаса, бүгінде телестудия босқа қаңырап тұр. Өзінің де, бүкіл ұжымның да жалақы алмағандарына бір жылдан асып барады. Алматыда көзі жаутаңдап қалған жұбайына ақша сал деуге дәті қайтіп барады. Өйткені, бар жиғантергенін осы сапарға деп сыпырып алып кеткен болатын. Жанын жегідей жеген осы жайларды ойлап, Дархан көпке дейін дөңбекшіп ұйықтай алмады. Абырой болғанда, жайшылықта орнында отыра бермейтін министрдің бірінші орынбасары қызметінде болып шықты. Басқа құрылықтан телефон соғып тұрған отандасының сөзін мұқият тыңдаған министрдің бірінші орынбасары: «Сізді түсініп тұрмын, абыржымаңыз, бұл, әрине, өте қиын мәселе, дегенмен, оны дұрыс шешуге барымды саламын» деп, үлкен жанашырлық танытқанда Дархан іштей қуанып, кәдімгідей қанаттанып қалды.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Телефон орталығынан шыққан Дархан ауруханаға қарай құстай ұшты. «Ең бастысы – квота мәселесі дұрыс шешілді, он екі тәулік деген не тәйірі, зу етіп өте шығады. Азар болса вокзалда түнермін», – деп өз-өзімен күбірлей сөйлескен Дархан қадамын жылдамдата түсті. Министрдің бірінші орынбасары үлкен азаматтық танытып, квота мәселесі дұрыс шешілгенде, Дарханның арқасынан бір ауыр жүк түскендей болып, тұла бойы жеңілдеп сала берді. Әне-міне дегенше, он үш тәулік те зуылдап өте шық қан. Дархан екі аптаға жуық тұрған қонақ үйден заттарын алып, көшеге бет алды. Бөтен қала, бөтен ел. Алматы дан ұшарда асығып-аптығып жүріп, қолшатырын да ұмытып кетіпті. Ерегіскендей үш тәулік бойы жаңбыр үздіксіз жауып тұр. Әкесі марқұм: «Үйден қырық қадам шықсаң – мүсәпірсің» деп айтушы еді. Дархан осы сөздің астарын дәл қазір ұққандай. Кеше баласы екеуіне қайтар жолға билет алып қойған, былғары әмиянындағы ақша ны санап көріп еді, болмашы тиын-тебен қалыпты. Күн дегі әдеті бойынша ұлының жағдайын білген соң, бара тын жері, асатын тауы жоқ жаһандағы жолаушы амал дың жоқтығынан үлкен шаһардың теміржол бекетіне ба ратын автобусқа отырды. Құдай бәле-жаласынан сақтаса, қаққан шегедей болып, қақиып отырса да сонда түнеп шықпақ. Алматының вокзалындағы сияқты мұнда адам көп болмайды екен. Ерсілі-қарсылы ағылып жатқан пойыз дар бір тыным таппайды, оларға асығыс мініп, жанжаққа аттанып жатқан жолаушылар да көзді-ашып жұмғанша жоқ болады. Күні бойы зыр жүгірген Дархан вокзал ішіндегі орындықтың біріне жайғасқанда өзінің қатты шаршағанын сезді. Маужырап, ұйқысы келіп, көзі жұмыла берді. Кенет, біреу бүйірінен түрткендей болып, көзін ашса, екі неміс полицейі өзіне төне қарап тұрғанын аңғарды. Олар қатқылдау сөйлеп, Дарханды орнынан тұрғызды. Алматыдан келген қазақтың не місшесі қай бір оңып тұр дейсің, шала-шарпы түсінгені:
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК вокзалда отыруға, түнеуге болмайтын болып шықты. Ұзынтұра полицей: – Құжаттарың бар ма, қай елдің азаматысың? – деді түсін суытып. – Қазақстан, Алматы. – Пакистан! Онсыз да не істерін білмей, еңсесі түсіп отырған Дарханның сөзін дұрыс ұқпаған қос полицей оны дірдек тетіп, вокзалдың полиция учаскесінен бір-ақ шығарды. Немістер Дарханды екі сағаттай ұстап, әбден әуре леді. Кәдімгі қылмыскер сияқты әр қырынан суретке түсірді, саусақтарының таңбасын алды, компьютер арқылы тексерді. Байқайды, өзін көптен бері ұстатпай қашып жүрген ниеті бұзық біреумен шатастырып отыр, мына түрлерімен абақтыға қамап тастаулары да ғажап емес. Іші сезіп тұр, полицейлерге бәрібір. Қазақстан мен Пакистанды ажыратуға өресі жетпей жатса амал не? «Жығылған үстіне жұдырық» демекші, Дарханның түркелбеті пакистандықтан бір аумайды: көзі шүңірек, шашы бұйра, шалғы қара мұртты, құс мұрын болып келеді. – Мен пакистандық емеспін, Қазақстан! Біздің Президент – Назарбаев! – деді Дархан ойын немісше әрең жеткізіп. – Кельнде Қазақстан елшілігінің консулы бар. Соларды шақыруларыңды талап етемін. Құдайдың мұнысына да шүкір, полицейлердің біреуінің сәл де болса түйсігі бар болып шықты. – О, Қазақстан! Назарбаев! – деп жедел бір жаққа телефон соға бастады. Арада бір сағат өтпей жатып, Қазақ елшілігі консу лынан ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған екі жас жігіт құйындатып жетіп келді. – Аға, – деді өзін Саматпын деп таныстырған жігіт, – есіміңізді бүкіл Қазақстан танитын белгілі қаламгер сіз. Жағдайыңызды өте жақсы түсініп отырмын. Сізді консулға алып кетуге де болар еді, бірақ, ол өте тар, жүріптұруыңызға өте ыңғайсыз. Егер қарсы болмасаңыз, Кельн қаласының сыртында босқындар лагері бар, сізді
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ уақытша сол жерге орналастырайық. Әлі де кеш емес, қала мен лагерьдің орталығы небәрі 30 шақырым, көлік деген ағылып жатыр, ұлыңызға күнде келіп тұрасыз. – Мен келістім, босқындар лагері деген жаман аты болмаса, вокзалға қарағанда тәуір ғой. Бір жылға қоян ның терісі де шыдайды. Оншақты тәуліктің ішінде мені құдай алмас, – деді Дархан келісімін беріп, – қазір апа рып тастаймын десеңдер де қарсы емеспін. Босқындар лагері үлкен жолдың шетіне орналасып ты. Бытырлай салынған бір қабатты үйлер біраз жерді алып жатыр. Лагерьге кіре берісте неміс солдаттары консулдың екі қызметкері мен Дарханның құжаттарын тексеріп, ішке кіруге рұқсат берді. Немісше судай ағып тұрған қос дипломаттың мұнда жиі-жиі атбасын бұратындығы айтпаса да аңға рылады. Лагерь бастығының кабинетіне кірген олар көп аялдамастан тез шықты. – Дәке, – деді Самат – елге кеткенше осында орна ласатын болдыңыз. Жататын орын мен үш мезгіл та мақ тегін. Жуынып-шайынатын орын да бар. Лагерьдің бастығына жағдайыңызды түсіндіріп айттым, – сізді күнде қалаға жіберіп тұратын болды. Енді жайғаса беруіңізге болады. Біз кеттік, аға. Жұмысымыз бастан асып жатыр. Қош болыңыз! Мына қызылкөз бәледен құтылдық-ау дегендей, олар асығыс аттанды. Лагерьдің егде тартқан қызметкері Дарханды қатар-қатар орналасқан бір қабатты үйлер дің біріне алып келді. Үлкен бөлме іші кішігірім спорт залына ұқсайды. Есік жаққа жақындау тұрған бос төсек ке жайғасып жатқан Дарханға бастарына сәлде орап алған парсы, ауған тәсілдес адамдар мынау кім дегендей, оқырая-оқырая қарап қойды. Кешкі астан соң бөлмедегілердің бәрі намазға жығыл ды. Өмірінде намаз оқып көрмеген Дархан олардан оқ шау бөлініп, шоқшиып жалғыз қалған. Кешкі намазда рын оқып болып, беттерін сипаған сәлделілер жаңа кел ген жолаушыны жақтырмай, ала көздерімен қарап, бірекеуі «Кәпір» деп теріс айналып кетті. Қанша шаршаса
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК да, көршілерінен сескенген Дархан жөндеп ұйықтай ал мады. Таң ата көзі енді ілініп кетіп еді, азан айқайы оятып жіберді. Дәреттерін алған мұсылмандар жаппай таңғы намаздарын оқи бастады. Келмей жатып, көзге шыққан сүйелдей болған жалғыз қазақ жуынып-шайынып, дастарқан басына отыра беріп еді, бір сәлделі ауғандық оны иығымен итеріп жіберді. Неге екені белгісіз, әкесін өлтіргендей үлкен өшпен ділікпен қарайды. Сөйтіп, Дархан таңғы тамақсыз қалды. Енді мұнда бір түн қалса, өзінің аман қалмайтындығын іштей сезген ол заттарын тез жинастырып, қашпақ бол саң зымыра демекші, лагерьден байқаусыз шығып кетті. Электричкаға отырып, қалаға жеткен соң, ауруха надағы ұлына соғып, емдеп жатқан неміс профессорға жолықты. Бір қуаныштысы, Дәуіт құлан-таза айығып келеді. Соны көңілге медеу тұтып, ауруханадан көңілді шықты. Ол көшеге шыққанда сіркіреп жаңбыр жауып тұрған болатын. Неміс қаласы қабағын қарс жауып, жауын жылап жауып тұрса да, Дархан онша көңіл ау дара қойған жоқ. Кеш болса жақындап келеді, жападанжалғыз қалған, қайда түнері де белгісіз, жат жерлік жолаушы ол туралы да ойлағысы келмеді. Баратын бағыты белгісіз болса да, аурухананың дәл жанындағы автобус аялдамасына келді. «Бәле қайда, табан астында» демекші, жол тәртібін бұзып үлкен жылдамдықпен жүйткіген қара «Мерседес» алдында кетіп бара жатқан «Аудиды» қағып, аялдама маңы опалаң-топалаң болды да қалды. – Өй, шешеңді... Көзіне қарамай ма, мына шошқа! – Шынында, мынаның көзі соқыр ма деймін, қап, жапжаңа машинаның быт-шытын шығарды-ау. Шешеңді... Дархан жанында өзара қазақша сөйлесіп, «Ауди дың» артынан оңдырмай соққан жүргізушіні шеше сінен келістіре боқтап тұрған екі неміске жалт қарады. Өзі Оңтүстіктің қазағы болса да, кейбір жерлесте рінің шешеден басып боқтай беретіндігін онша жарата бермейтін. Бала кезінен бері талай естіген ұятсыздау боқтық сөз өмірінде бірінші рет құлағына сондай ыстық
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ естілді. Көптен кездестірмеген бауырларын көргендей, әлгі екі неміске тұра ұмтылды. – Қазақстаннан келген неміссіңдер ме? Қос неміс оған жалт қарасты. – Дәл үстінен түстің, – деді егде неміс Дарханға жы лы ұшырай қарап, – өзің қазақсың ба? – Иә, қазақпын. Анау жын қуған жүргізушіні келіс тіріп боқтағандарыңа қарағанда, Оңтүстік Қазақстан ның немістері болуларың ғажап емес, – деді Дархан күле сөйлеп. – Дәл таптың, – деді егде неміс – біздің туған жері міз Оңтүстік Қазақстан облысы. Шымкент қаласының жанындағы Сайрам деген ауданды білесің бе? – Білгенде қандай, жасырақ кезімде аудандық газетте жұмыс істегенмін, – деді Дархан таңырқап. – Сендер қай ауылда тұрдыңдар? Мен ол өңірді бес саусағымдай жақсы білемін. – Біз ұзақ жылдар Ленин колхозында тұрдық, – деді егде неміс жерлесіне жақындай түсіп. – Осында көшіп келгенімізге үш жыл болып қалды. Ел-жұрт аман ба? – Сол колхоздағы Карл деген механизаторды жақсы танушы едім. Өзі бір қолы алтын жігіт болатын. Ол туралы кезінде аудандық газетке суретін басып, үлкен мақала жазғаным әлі есімде, – деді Дархан. – Осыдан үш жыл бұрын Алматыдан Шымкентке жолсапарға келгенімде Карлды арнайы іздеп барғанмын, ол досым да Германияға көшіп кетіпті. – Мәссаған! – деді егде немістің көзі жайнап. – Карл менің туған інім. Ол да осында, Кельн қаласының ше тінде тұрамыз. Менің атым – Вольф, жанымдағы мына жас жігіт менің туған жиенім. Қарындасым мен күйеу балам басқа ат құрып қалғандай есімін Борис деп орысша қойыпты. Біз оны Борис демей, Бөрібай деп атаймыз. – Нағашымның айтқаны дұрыс, – дейді отыздар шамасындағы жас жігіт күліп. – Мені Борис десе ешкім біле бермейді, ал, Бөрібай десе ауылдың күшігіне дейін таниды.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Өзіңді көріп, алыстағы Қазақстандағы туған ауылы мызды көргендей болып қалдық қой, бауырым. Кельнге қашан келдің? Аурухананың маңайында жүргеніңе қарағанда, бір жақын адамыңды емдетуге алып келген сияқтысың, – деді Вольф жөн сұрап. – Жалғыз ұлым бар еді, ол көптен бері сырқат. Қазір анау тұрған ауруханада ем қабылдап жатыр. Алматыда тұрамыз, мұнда келгенімізге екі аптадай болып қалды. Құдай қолдап, ұлым айығып кетсе, оншақты күннен соң елге қайтамыз. – Дархан, – деді Вольф – байқаймын, сен бірдеңеге қысылып, абыржып тұрсың, еңсең түсіп, мұрның салбырап кетіпті. Мазалап жүрген жай болса, қысылмай айт, біз қазақ жерінде туып, нанын жеп, суын ішіп өскен немістерміз. Қазақтардың жақсылығын әке-шешеміз де, біз де көріп өстік. Елді-жерді, бірге өскен достарымызды қатты сағынамыз. Ауылды аңсағанда қазақша сөйлесіп, жақпаған адамдарды шешесінен боқтап алатын әдетіміз бар. Мен сенің балаң жатқан үлкен ауруханада бас дәрігердің шаруашылық жөніндегі орынбасарымын. Дархан қысыла-қымтырыла болған жайды айтып берді. – Бәсе, сенің бірдеңеге қатты қиналып тұрғаның ды бірден сезіп едім. Бауырым-ау, сен де басыңа сәлде орап алып, анау араб пен парсылар құсап тоңқаң-тоңқаң етіп, намаз оқи бермедің бе, – деді Вольф күліп. – Әй, аңқау қазағым-ай, өзбек акаларым болса қазір оларды шыр айналдырып, өрік-мейізін сатып отырған болар еді. Сөз орайы келген соң әзілдеп жатқаным ғой. Құдай басқа салмасын, тілін, салт-дәстүрін білмейтін бөтен елде, бөтен жерде кім болмаса да, аяқ астынан мүсәпір болады да қалады. Әңгіме сенің намаз оқығаның-оқымағаныңда емес, иман әр адамның жүрегінде болғаны жөн. Қазақ тың арасында өскен соң, қазақ десе жанымыз қалмай ды. Өткен жылы Алматыдан бір қазақ келді деп естіп, арнайы іздеп барып, қазақша амандассам, әлгі сабаз өзінше шіреніп, орысша жауап береді. Шынымды айтсам,
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ашуланғаным сонша, шала қазақты сабап-сабап алғым келді, теріс бұрылып жүре бердім. Қой, мына тұрысымыз не, әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер демей ме қазақ, кеттік біздің ауылға, қалға нын ертең көреміз, бір мәнісі болар, уайымдама, інім. Олар сүліктей қап-қара «Мерседеске» отырып, қала ның үлкен базарына соқты. – Дархан, етті сағынған боларсың? – деді Вольф машинадан түсіп жатып. – Қазақ пен қасқыр ет жеуден дүние жүзінде бірін- ші орын алады емес пе, – деді Дархан әзілдеп. – Біз де ет жеуден қазақтан қалыспаймыз, ол жарық тықты жемесек, ауқат ішкен құрлы болмаймыз. Бірақ, бұл немістердің еті семіз болғанымен, түк дәмі жоқ. Даланың шүйгін шөбін, исі бұрқыраған жусанын жеме ген соң, еттің дәмі қайдан болсын. Дала етінің дәміне не жетсін! Әсіресе, қазы мен қартаны, қымызды сағындық. Оларды бұл жерде тек түсіңде ғана көресің, – деді Вольф тамсанып. Вольф алдын-ала телефон қоңыраулатып қойған болу керек, екі қабатты үлкен коттедждің алдында үлкені мен кішісі бар бір топ неміс ағайын Дарханды алыстан келген туған құдаларындай құшақ жайып қарсы алды. – Ойпырым-ай, тау мен тау жалғаспайды, адам мен адам кездеседі деген осы екен-ау! Қазақстанда жүргенде сені телебізірден көрген сайын «Мына жігіт менің досым, мені газетке жазған» деп мақтанып отырушы едім. Сені елден тым шалғай жатқан Германиядан көремін деп кім ойлаған. Жас балаша арсалаңдаған Карл Дарханды біраз уақыт бойы құшағынан босатпай қойды. Карлдың жұбайы Ира да жаны қалмай қалбалақтап амандасып жатыр. – Карл, өзіміздің ауылдың немістерін түгел шақыр, мен қазанға ет сала берейін, айтпақшы, үйде арақ бар ма, жоқ болса, Бөрібайды дүкенге жібер, қайным күнде келіп жатқан жоқ. Айтпақшы, оншақты жұмыртқа ала келсін, қамыр жақсы жайылады. Ауылдағы ақ жүректі жеңгелерінен бір айнымайтын Ираға Дархан іштей сүйсіне қарап, өзін аузын ашса
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК көмекейі көрінетін ақ көңіл ағайындарының арасында отырғандай сезінді. – Ира маған қарағанда нағыз қазақ. Қазақ мектебін бітіргендіктен бе, кейбір салт-дәстүрді кез келген қазақ тан кем білмейді. Әсіресе, мейманның келуі – ол үшін нағыз мереке, барын шашып тастайды. Кеше келсем, үйде өзімен-өзі мұңайып отыр. «Сұлуым-ау, саған не болған, тым жабырқаусың ғой, кім сені ренжітіп жүрген?» деймін әзілдеп. «Қазақстанды сағындым, ауылды сағындым, кел, екеуміз қосылып қазақша ән айтайықшы» дейді келіншегім көзінің жасы мөлт-мөлт етіп. Шынымды айтсам, осында көшіп келгелі бері бірінші рет қазақты көріп тұрмыз. Елді, жерді, ауылды, тумаса да туған дай болып кеткен қаракөз ағайындарды қатты сағынып жүрміз. Телебізірден Қазақстан туралы көрсетіп жатса, жұмысымызды тастай салып, тұра жүгіреміз. Түсімде ылғи ауылды көремін. Түу, көңілім босап кетті ғой. Ел аман ба, жұрт аман ба? Соны айтшы, – деді Карл толқи сөйлеп. – Ауруын жасырған өледі емес пе, Карл, – деді Дар хан ауыр күрсініп. – Қазір елдің, әсіресе, ауылдың жағ дайы онша мәз емес. Өткен жылы баяғы өзің еңбек еткен колхозда болып қайттым. Іргетасын сен қалаған жөндеу шеберханасының қалқиған төрт қабырғасы ғана қа лыпты. Қолдағы бар 30 трактор, 40 автомашина, оншақты комбайн кімге жетсін. Жекешелендірудің көкесі осы деп біреуі моторын, енді біреуі дөңгелегін бөлшектеп ал ған жайлар көп кездеседі. Өзіңе Ленин ордені салтанат ты жағдайда тапсырылған Мәдениет үйін ауданның бір пысық жігіті небәрі 20 мың теңгеге сатып алыпты. Сен, сенбе, кезінде қыруар ақшаға салынған үлкен мекеме сен дердің ақшаларыңмен салыстырғанда небәрі 150 дойче маркаға сатылып кетіпті. Алғашқы болып, немістер көшіп еді, енді қазақтар қалаға үдіре көшуде. Дәл осындай қиын жағдай бүкіл Қазақстанды шарлап тұр. Шайтанның ғана үміті болмайды, елдің жағдайы тезірек жақсарып кетсе дұрыс болар еді. Мамандығым журналист болған соң, елді
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ жиі аралаймын. Әр сапардан жүрегім ауырып қайтады, Карл! Сен сұрама, мен айтпайын. – Дүниеде не жаман, бүтін дүниені бұзып, тас-талқа нын шығарып жатса, сол жаман, – деді Карл басын шайқап. – Шынымды айтсам, осында көшіп келгеніме қатты өкінемін. Қиын кезде ауылды тастап кеткеніміз дұрыс болмады. Ата-бабаларымның тарихи Отаны Германия болғанымен, менің туған жерім, өскен елім – Қазақстан. Әрине, мұнда жастарға оңайлау тиеді, олар тез сіңіп кетеді. Ал, мен сияқты егде немістерге қиынға соғып жүр. Өйткені, біз неміс болып туғанмен, қазақ болып кеткен немістерміз. Өмірге көзқарасымыз да, тіршілігіміз де өзгеше. Маған салса, туған ауылыма ертең-ақ көшіп кетер едім. Карл мен Дарханның әңгімесін үйге сау етіп кіріп келген бір топ неміс бұзып жіберді. – Бауырым, аман-есенсің бе, ат-көлігің аман ба? – деп алпыстан асып қалған неміс Дарханмен қазақша құшақтасып амандасты. – Алыстан алты жасар жолаушы келсе, алпыстағы шал сәлем береді демекші, сенің келгеніңді естіп үйде отыра алмадық, – дейді жанындағы кемпірі бетінен сүйіп. – Ел қалай, ауыл қалай, балам? – Рахмет, апа! Ел өз орнында. Социализмнен жабайы капитализмге өту біраз қиынға соғып жатқаны болмаса, қалғаны дұрыс. Ең бастысы, халық аман. – Шырағым, басқа білмесе де, біз жақсы білеміз. Қазақ деген халық үстінен түйе жүріп өтсе де былқ етпейтін шыдамды, мейірімді халық. Көш жүре түзеледі демекші, құдай қаласа, бәрі де жақсы болып кетеді. Біз алыста жүрсек те, қазағымызға тілектеспіз. Кейуана үлкен көкшіл көздеріне іркіліп қалған жасты көрсеткісі келмей, теріс бұрылып кетті. – Қайтсін, – дейді Карл әзілдеп, – Мария апай төркінін сағынып, көңілі босап жатыр. Ау, бәйбіше, шайыңды тезірек дайындасаңшы. Қазақтардың еттен бұрын шай ішетіндігін ұмытып кеткенсің-ау шамасы?
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Қазір, қазір, міне, дайын болып қалды, сәл шыда, шыдамсыз сары шал, – деді ас үйінде шай қамымен жүрген Ира айқайлап. – Дархан, естідің бе, мына бәйбіше мені шал дейді. Ерегіскенде жас тоқал алмасам. – Қазір алсаң да қарсы емеспін, еншіңді өзім бөліп беремін. Бірақ, тоқал аламын деп тоңқаңдап қалма, шал. Ерлі-зайыптылардың жарасымды әзілі айналасын бір жадыратып тастады. Шай ішіліп, дастарқан басына буы бұрқырап ет келді. Қойдың еті үлкен екі табаққа салынып, ежелгі қазақ дәстүрі бойынша мүше-мүшесімен қойылғанда, немістердің ортасында отырған жалғыз қазақ таң қалды. – Бас қоймадың деп өкпелеме, інім, – дейді Карл. – Қорамда қойым болса, сен келген бойда бата сұрап, жайратып сойып тастар едім, мына жамбасқа разы бол. – Ира, – дейді Мария апай, – алыстағы қайның келіп, бар шеберлігіңді салыпсың, етке салған жаймаң сұлу қыздың тамағындай үлбіреп тұр. – Ира, анау қылмойындарың қайда, түгел құй, Дархан бауырымның құрметіне бір тартып жібермейміз бе. – Қазір, қазір, – деді Ира сасқалақтап. – Қара басып, ұмытып кетіппін ғой. – Сұрап ішпесек, беретін түрің жоқ қой, байқаймын, бірте-бірте нағыз неміс болып барасың, сараң болма, сұлуым, кең болсаң, кем болмайсың. – Әй қайдам, сараңдық сенен шықпаса, менен шыға қоймас. Арақтың анау-мынауы емес, тазасын әкел деп Бөрібайды дүкенге жұмсаған мен емеспін бе? Саған салса, поляктардың сасық арағын беруден тартынбайсың. Қара мұны! – Сенікі дұрыс, сұлуым. Қойдым, бәледен машайық қашыпты деген. Әдемі әзіл-қалжыңнан басталған кездесуде талайталай ақ тілек айтылып, отырыс қыза түсті. – Ира, – дейді Карл мойнын созып, – кеше ғана кел екеуміз қазақша ән айтып, елге деген сағынышы мызды басайық деп мені әбден қинап едің ғой. Қайның
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ мен қосылып, бір ән айтып берсеңші. Кезінде ауылдың көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, бүкіл ауданды дүрліктірген Мария апай да сендерден қалыса қоймас. – Несі бар, айтсақ айтамыз. Кел, қайным, басталық. Мына отырған ағайынның он екіде бір гүлі ашылмаған қыз кездерін, сұлу бойжеткендерге қырыңдаған сері жігіт кездерін естеріне түсірейік, – деп Ира «Арыс жаға сында» әнін бастады. Өзіңмен Арыстың, Бойында таныстым. Жайнаған гүлдей құрбым сен, Жағада тұрдың сен. Неміс әйелінің әжептәуір дауысы бар екен, әсем әнді ерекше сағынышпен шырқады. Делебесі қозған Дархан: Жаз еді күлкің де, Қайдасың бұл күнде, Сені іздеп арманым, Сыр бойын шарладым, – деп әннің қайырмасына қосыла кетті. Ән аяқталған да дастарқан үстінде отырған ағайын сәл үнсіз қалды. Көбісінің көзі жасаурап, сағыныштың ыстық құшағына беріліпті. Құлақ ұрғандай орнай қалған тыныштықты Мария апай бұзды. – Ира, кел, екеуміз Шәмшінің «Бақыт құшағында» атты әнін айтайық, қалғандары бізге қосылсын. Ал, кеттік. Екеуі әнді асқақтата бастап, қайырмасына келгенде дастарқан басында отырған үлкен мен кіші әсем әнге қосыла кетті. Кел билейік, кетпе менің қасымнан, Қызғалдағым таң нұрымен ашылған. Сезім шіркін ақ жаңбырға ұқсайды, Алматыда жаңа жауып, жаңа жауып басылған.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Сол кеште Карлдың қара шаңырағында қазақ әні біразға дейін қалықтап тұрды. Сағат кешкі онға таяғанда, немістер орнынан тұрып, Дарханмен қимастық сезіммен қоштаса бастады. – Балаң құлан-таза айығып кетсін! – Өзің елге аман-есен жет. Көз көргендерге бізден дұғай-дұғай сәлем! – Өзіміздің ауыл болса түннің ортасына дейін әңгіме шертіп, шерімізді тарқатар едік, ән айтар едік. Мұнда сағат оннан асқан соң, ит екеш ит те жөндеп үре алмайды. Амал жоқ, тәртіп солай. Аз уақыттың ішінде туған бауырларындай болып кеткен немістермен Дархан қимай қош айтысты. Келген қонақтарды шығарып салған Карл, Вольф және Дархан үлкен үйдің ауласында темекі шегіп, біраз әңгімедүкен құрып тұрды. – Ауылда жүргенде дәл осы уақытта қырмандағы астықты тазартып, қоймаға құйған соң, бүкіл колхоз болып, қарбыз-қауын жинауға кірісуші едік. Дөңкиіпдөңкиіп жатқан қарбыздарға қолың сәл қатты тиіп кет се, қарс айырылып жарылып кететін. Тіл үйіретін дәмі қандай десеңші! Құмда өскен бал татыған қауынның дәмі осы күнге дейін аузымнан кетпейді. Ондай тәтті қауын мен қарбызды еш жерден кездестіре алмайсың. Мына немістердің қарбызын кессең – қып-қызыл, бірақ, түк дәмі жоқ. Помидорлары да сондай, – деді Карл қолын дағы темекісін құшырлана сорып. – Дархан, біз алыста жүрсек те қазақтың салт-дәстүрін ұмыта қойған жоқпыз. Кел демек бар, кет демек жоқ. Көңіл сиса, бәріміз сиямыз, үй осы, жай осы, күнде ет асып бермесек те, аш қал майсың. Балаң жазылып шыққанша қысылмай-қым тырылмай осында бол. – Карл, – деді Вольф әңгімеге араласып, – оны өзің де жақсы білесің. Біздің ата-анамыз Қазақстанға жер аударылып, қазақ ауылына тап болғанда, Дүйсен деген атамыз кішкентай тоқалтамындағы екі бөлменің
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ бірін соларға беріп, өзі, әйелі және шиеттей бес баласы бір бөлмеде тұрып жатыпты. Жаны пейіште болғыр сол атамыздың мейірімділігін, адалдығын бүкіл ауыл аңыз етіп айтып отыратын еді. Бір биеден ала да, құла да туады емес пе? Бірде ауылдың бір тентек жігіті әкемізге «неміссің» деп орынсыз тиіссе керек. Осыны естіген Дүйсен атам әлгі ағамыздың екі аяғын бір етікке тығып, қатты ұрысыпты. – Аузым менікі деп оттай берме! Бұлар да адамның баласы, бөтен емес, өзіміздің Кеңес өкіметінің неміс тері. Ақымақ, оқыдым, шоқыдым дейсің, осыны да біл мейсің. Соғысты ашқан – Гитлер. Мықты болсаң, Гитлерге барып, соны боқта! Бұдан былай менің үйімдегі немістерге тиіссең, әкеңнің кім екендігін танытамын, ұқтың ба? Енді көзіме көрінбей, жоғал, ит неме! – деп әлгі жігіттің иттерісін басына қаптапты. Осы оқиғадан соң, алып-қашпа әңгімелер пышақ кескендей тыйылып, қазақтар мен немістер бір атаның баласындай араласып кетіпті. Дархан, жақсы адамға әрдайым бір орын табылады емес пе? Карл екеуміздің үйімізде бір ай жатсаң да ешкім сенің қолыңды қақпайды, қабақ шытпайды. Мына неміс менен құтылғанша асығып тұр деп жаман ойлап қалма. Егер қарсы болмасаң, менде бір нақты ұсыныс болып тұр. Біздің ауруханаға уақытша аула қызметкері бо луға қалай қарайсың? Қанша дегенмен, шаруашылық жағын басқарамын, Алматыға қайтқанша бір шағындау бөлме тауып беруге де мүмкіндігім бар. Жасыратыны жоқ, қаржы жағынан да біраз қысылып жүрсің, атқарған жұмысыңа біраз тиын-тебен төлер едік. Осы ұсынысым саған ыңғайлы сияқты. – Менің бұл інім бүкіл Қазақстан танитын белгілі азамат. Дүрдей үлкен бастықтың үй сыпырып жүргені ыңғайсыз болып жүрмей ме? – деді Карл ағасының сөзін жақтырмай, – одан да Дарханның үйде болғаны дұрыс. Германияға аула сыпыру үшін келген жоқ, сенің де шығармайтының жоқ осы.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Вольфтің айтып тұрғаны дұрыс, сен босқа қысылма, Карл, – деді Дархан. – Қазақ атамыз: «Есектің құй рығын жуып, мал тап» демей ме? Мен қара жұмыс десе шіренетін қазекеңнің қатарына жатпаймын. Үй тазалау, тамақ пісіру деген жұмыстар бала кезімнен жақсы таныс. Оншақты күн аула сыпырды екен деп, ешкім үстімдегі тонымды шешіп алмас. Оның үстіне әрі-бері сандалмай мын, күнде ұлымның жағдайын біліп тұрамын. Қиналып жүргенде артық ақша көптік етпейді. – Шынында да, мына сөзіңнің жаны бар. Олай болса, келістік. Енді демалайық, – деп Карл қадірлі қонағын үйіне қарай бастады. Дархан ертесіне кішігірім қаладай болатын үлкен аурухананың білдей бір аула қызметкері болып шыға келді. Жаһандағы жолаушының басты міндеті – ауру ханаға кіре берістегі дәлізді күніне бір рет жақсылап шампуньмен жуу, өзіне бекітіліп берілген аула ішін сыпырып таза ұстау, сәндік ағаштардың артық өскен бұтақтарын реттеп отыру. Сырт көзге ақсаусақ болып көрінетін бауырымыз бұл жұмыстарға онша қинала қоймады. Таңертеңнен бері күйбеңдеп жұмыс істеп жүрген Дархан бірте-бірте алыстап кеткен балалық шағын есіне алды. Әкесі мен анасы күні бойы колхоздың ауыр жұмы сында, таң атпай кетіп, қас қарая бір-ақ келетін. Бас тауыш мектептің төртінші класында оқитын қарадо малақ бала үйелмелі-сүйелмелі болып өсіп келе жатқан үш бірдей кішкентай қарындасына қарап, анасы кел генше бір тыным таппайды; отын жарады, су әкеледі, үйдің іші мен айналасын тазартып, айнадай жарқыратып қояды. Нағашы атасы әкеліп берген сары самаурынды қайта-қайта қайнатып, кешке жұмыстан шаршап-шал дығып оралатын әке-шешесін күтіп отырады. Осын дайда көктемнен бастап, қоңыр күзге дейін қызылша алқабынан шықпайтын, ауыр жұмыстан қолдары күс-күс болып кеткен анасы күні бойы шаршағанын ұмытып: «Құдайдың бере салған қара тентегі, сен болмасаң қайтер
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ едім, өркенің өссін, құлыным!» деп айналып-толға- натын. Бала кезінен қалыптасып қалған сол әдеттен жасы елуден асса да айырылғысы келмейді, ол жұмыстан үйге оралғанда төрт бөлмелі пәтер мұнтаздай болып таза тұруы керек, егер сәл нәрсе ыбырсып жатса, білекті сы банып кірісіп кететіні бар. Мұндайда құдай қосқан қосағы Алтынай бажылдайды да қалады. – Сендей шыдамсыз еркекті көрсем көзім шықсын! Тоңқаңдап еденді тазартып, ыдыс-аяқ жуып жатқаныңды біреу-міреу көрсе, ұят емес пе? Менің шаруама араласпа деп саған қашанғы айтамын. Бұдан былай ас үйге жолама! – деп айқай салады. Отағасы болса әйелінің айқайынан үндемей қашып құтылады. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» демекші, арада біраз уақыт өткен соң, ыдыс-аяққа қалай араласып кеткенін өзі де аңғармай қалады. Күйеуінің дәл осындай «пысықтығын» көріп қалса, әйелі: «Қатынның шаруасына араласпа деп саған қашанғы қақсаймын!» – деп тағы да айқайға басады. Ата-аналарының осындай зілсіз айқайларына әб ден үйреніп алған кіші қызы Динаның: «Папа, сіз өткен өміріңізде әйел болған жоқсыз ба?» деп әзілдейтіні бар. Дархан алғашқы күні кешке дейін бір тыным тап пады. Күн ұясына қонақтап, айналаны қара шымыл дық көмкергенде ғана өзіне бөлінген кішкентай бөл меге оралып, жеңіл-желпі тамақтанып, душ қабылдады да, төсекке қисайды. Сол жатқан қалпы ұйықтап кетті. Ертесіне әдеттегідей ерте оянды. Германияға келгелі бері дәл түндегідей алаңсыз ұйықтамаған еді, бойы сергек, өзін тамаша сезінді. Кеше кешкісін дайындап қойған бутербродын жеп, ыстық кофе ішіп алған соң, ерте леп өзіне бекітілген ауланы сыпырып, сәндік ағаштар дың артық өскен бұтақтарын кесе бастады. Ауруханаға кіре берістегі үлкен дәлізді шампуньмен мұқият жуып жатқанда жинақы киінген, орта жастардағы келбетті ер кісі бас изеп, жылы амандасып, дәл жанынан өте берді. Кешке таман Вольф келіп жолықты.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Нағыз стахановшының өзі екенсің ғой, сенің мына қарқыныңнан адам қорқады, – дейді ол әзілдеп. – Мынау бір азият дәл осылайша жұмыс істей берсе, біз жұмыссыз қалатын шығармыз деп кейбір аула қызметкерлері сенен кәдімгідей сескеніп жүр. Олардың шынында да қорқа тын жөні бар, кеше 8 сағаттың орнына 12 сағат жұмыс іс тепсің. Сұмдық қой! Дегенмен, уәденің аты – уәде. Мына 120 дойчемарканы қалтаңа салып қой. Адал еңбегіңмен, маңдай теріңмен таптың. Жарайсың, бауырым! Ертесіне күндегі әдеті бойынша ерте тұрып, дәлізді шампуньмен тап-таза етіп жуып жатқанда, жүзі таныс неміс бас изеп амандасып: «Гут, азият!» деп бас бар мағын көрсетті. Осылайша он екі күн сырғып өте шықты. Құдай қаласа, ертең кешке Дархан ұлымен бірге Алма тыға ұшпақ. Бүгін түс қайта ем қабылдап жатқан ұлына кіріп шыққан. Дәуіттің өзіне тән нұрлы жүзін көргенде Дархан құдайға шүкіршілік жасады. Таныс неміс профес соры ұлының анализдерін көрсетіп, өз баласы құлантаза айығып кеткендей шын көңілімен қуанып, «Гут, қазақ, гут!» деп Дәуіттің арқасынан қағып, әкелі-балалы жандармен жылы қоштасты. Дархан рахметін айтып, дәлізге шыққанда Вольф күтіп тұр еді. – Қалай, көңілің орнына түсті ме? – дейді Вольф әдеттегідей жайдары сөйлеп. – Міне, құдай сәтін салып, барлық қиындық артта қалды. Енді келін түсіруге дайын дала беруге болады. – Вольф, рахмет, аузыңа май! Бәріміз тек қуаныш та, тойда жолығайық! – деді Дархан толқып. – Өзің де жақсы білесің, қазақта: «Орамал тон болмайды, жол болады» деген сөз бар. Бас дәрігеріңе кіріп, бір ауыз рахметімді айтып, бір сувенир сыйласам деп едім. Бұған қалай қарайсың? – Айтып тұрғаның өте дұрыс. Бас дәрігеріміз өте бір инабатты, кішіпейіл адам. Бірге кіріп шығайық. Бас дәрігердің қабылдау бөлмесіндегі әдемі неміс қызы қандай шаруамен келгендерін біліп алған соң, лып етіп бастығының кабинетке кіріп кетті. Ол көп бөгел
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ген жоқ, қабылдауға келіп отырған Вольф пен Дарханға ішке кірулерін өтінді. Бас дәрігердің кабинеті онша үлкен болмағанмен, өте жайлы екен. Былғары қара кресло дан көтеріліп, қол ұсынып, жылы амандасқан бас дәрі герді Дархан бірден таныды. Күнде таңертең жұмысқа ерте келіп, өзімен жылы амандасып, «Гут, азият!» деп өте шығатын неміс. Дархан тілі жеткенше немісше рахметін айтып, Қазақстанның көрікті сұлу жерлері, көркем табиғаты бейнеленіп, қазақ, ағылшын және неміс тілінде жазыл ған түрлі-түсті кітапты сыйлағанда, бас дәрігер жас ба лаша қуанып: «Сізді бір жерде көрген сияқтымын, мүм кін Халықаралық симпозиумдардың бірінде кездескен болармыз», – деді. Дархан өзінің кім екенін түсіндірмек болып еді, Вольф оның сөзін қағып алып кетіп, алдында тұрған қазақтың қайдан келгенін, кім екендігін айтып жатты. – Ғафу етіңіз, сіз екенсіз ғой, – деді бас дәрігер күле сөйлеп, – бәсе, сізді бір жерден көрген сияқты мын. Күнде таңертең көріп жүретін аула қызметкеріне мүлдем ұқсамайсыз. Шынымды айтсам, танымай қал дым. Атқарып жүрген жұмысыңызға сондай разы болып, бүгін сізді аға аула қызметкері етіп тағайындауға бұйрық дайындап отыр едім. Әрең шыдап тұрған Вольф мырс етіп күліп жіберді. Оған бас дәрігер мен Дархан да қосылды. – Қап! – дейді ішек-сілесі қатып күлген бас дәрігер. – Сізді Бас директор болған соң, амалдың жоқтығынан жіберіп тұрмын, өте өкінішті-ақ. Бізге де жақсы кадр керек, қайтеміз, енді амал жоқ. Гут, қазақ, гут! Дархан мен Дәуітті Карл, Вольф және Борис шы ғарып салды. Сол күні ауа райы кенеттен суытып кетіп, қар аралас жаңбыр жауды. Бірақ, оны елеп жатқан Дархан жоқ. Алматыдан келген жігіт ағасын неміс бауырларының ыстық ықыласы, ақ пейілдері лүпілдеп соққан жүректерінің жылуы ерекше бір жайма-шуаққа бөлеп жіберді.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК *** Арада оншақты жыл зу етіп өте шықты. Кеше кешкісін ел жақтан Дарханның бала кезінен тай-құлындай те бісіп бірге өскен құрдасы Келдібек келген болатын. Шай үстінде ауыл жаңалықтары жайлы біраз әңгіме соққан досы үлкен қаланың бір шетінде тұратын баласының үйіне жинала бастады. – Айтпақшы, – деді Келдібек қоштасып жатып. – Жақында Тараз қаласында кіші доқтырдың оқуын оқып жатқан кенже қызым Шымкент қаласының дәл іргесінде жатқан ауданның бір ауылына күйеуге шықты. Сарқырап ағып жатқан өзеннің жағасына орналасқан бұл ауыл Кеңес заманы кезінде Ленин атындағы кол хоз атанып, атағы дүркіреп тұрса керек. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған өмір құрдымға кеткен кезде Германияға көшіп кеткен бес-алты үй қайта оралыпты. Құдамыз сол неміс ағайындармен көңіл жақын болған дықтан, тойына шақырды. Шетінен аузын ашса көме кейі көрінетін аңқылдап қалған немістер екен өздері, қазақша сөйлегенде түбін түсіреді. Еркегі бар, әйелі бар құда-құдағимен бірге зыр жүгіріп жүр. Құда күткендерін көріп, таңғалғаннан бәріміздің аузымыз ашылып қалды. Құдамыздың немере інісі нағыз жарыл қазақтың өзі екен. Мен де мақтанғанда желдей есетіндердің бірімін, бірақ, құдамыздың туысымен салыстырғанда жіп есе алмай қалдым. Ол біздің ауданнан мүйіздері қарағайдайқарағайдай пәленше әкім, пәленше әртіс, ақын-жазушы, ғалым шыққан деп мақтанғанда, отырған орындығымыз теңселіп кеткендей болды. – Құда, қанша мақтансаң да, біздің ауданға жете алмайды екенсіңдер, – дедім мен де қалыспай. – Бір шеті мен екінші шеті небәрі 60 шақырымға созылып жатқан біздің кішігірім ауданнан 22 ақын-жазушы, 10 академик, 10 генерал қияға қанат қаққан, қалғандарын айтпай-ақ қояйын. Бүкіл исі қазақ танитын Дархан Дәуірұлын біздің ауылдың азаматы деп отырсың. Ол менің кішкентай
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ кезімнен тай-құлындай тебісіп өскен құрдасым, досым. Сол құрдасымның жас кезінде сендердің ауданға біраз жыл қызмет атқарғаны өтірік емес, рас. Бірақ Дархан біздің ауданның, біздің ауылдың түлегі. Айналайын, құда, бізге де мақтанатын жақсы адам керек. Қалғандарында шатағым жоқ, сендер меншіктеп алған Дархан Дәуірұлын өзімізге қайтарып берші, садағаң болайын. Сенің атың аталғанда, менің жанымда отырған ұзын тұра сары неміс отырған орнынан ұша жаздап, шыр-пыр болды да қалды. Аты кім еді, ұмытып қалыппын, жаңа ғана тілімнің ұшында тұр еді. – Карл емес пе? – деді Дархан елең етіп. – Иә, иә, дәл өзі. Әйелі де сондай жақсы адам, қазақ шаға судай ағып тұр, әнді аңыратқанда, бәріміз далада қалдық. – Жаңалықтың көкесі сенде екен ғой, құрдас, – деді Дархан шешесі ұл туғандай қуанып. – Айтпақшы, ауылға қашан жүргелі отырсың? – Құдай қаласа, ертең жол жүремін, кешкі пойызға билет алып қойғанмын. – Олай болса, билетіңді қайта тапсыр. Елге менің көлігіммен бірге барамыз. Сонау Германиядан қайта оралған досыма сәлем бермей, тым-тырыс жатқаным жарамас. Сенің айтқаның дұрыс болды, – деді Дархан аяқ асты шешім қабылдап. – Опырым-ай, ә! Неміс досыңды айтып едім, бір орныңда тыпыршып, отыра алмай кеттің ғой, құрдас, – деді Келдібек қайран қалып. – Сөзіңе қарағанда Карл деген анау-мынау неміс болмады ғой. – Иә, Карл тегін неміс емес. Ондай ақ жүректі адам дар жер бетінде өте аз. Амандық болса, ертең ол туралы жол үстінде айтып, құлағыңның құрышын қандырамын. Ертесіне Дархан мен Келдібек ертелетіп, арайлы Алматыдан шырайлы Шымкентке аттанып кетті.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ҰЛЫМДЫ ІЗДЕП ЖҮРМІН Т үсіме жарты жыл бұрын жол апатынан қай тыс болып, қыршын кеткен ұлым кіріпті. Ақ тұманды далада адасып жүр екенмін. Айнала ның бәрі әппақ, меңіреу тыныштық орнаған. Мылқау үнсіздікті жанұшыра айқайлаған менің қарлыңқы дау сым әлсін-әлсін бұзады. Кенет, біреу дәл қарсы алдым нан қараңдап, ақтұман қақ жарылып ашылды да жаныма, Арман жақындай берді. Түсі бір түрлі суық, өзі бірдеңеге қапаланып тұрған сияқты. – Көке, мұнда қайдан адасып жүрсің, – деді ол сабырлы қалпын сақтап, – жүріңіз, мен сізді үлкен жолға дейін шығарып салайын. Ұлым қолымнан ұстап, үндемеген күйі жетектеп қара жолға алып келді. Қайдан тап болғанын кім білсін, күнделікті мінетін жеңіл мәшинем сол жолдың шетінде тұр. – Көке, – деді Арман біртүрлі мұңайып, – ары қарай өзіңіз кетерсіз, маған баруға болмайды. Бұдан кейін енді кездесеміз бе, жоқ кездеспейміз бе, оны бір құдай дың өзі біледі. Көңілімде жүрген бір сөзім бар еді, соны айтайын. Кім өзінің туған әкесі мен шешесін жаманда ғанды жақсы көрсін. Бірақ, амал не, мамам екеуің ман сап пен қызметті әрдайым бірінші кезекке қойдыңдар. Одан кейінгі сыйынатын құдайларың – дүние мен ақша болды. Мансап пен қызметтің қолдың кірі екендігін, дүние мен ақшаның кәдімгі боқ екендігін осы күнге дейін түсінбей келесіңдер. Біздің үйде үш бірдей шетелдік жеңіл мәшине барлығы сендер үшін мақтаныш еді. Менің түбіме жеткен сол төрт дөңгелектің бірі емес пе? Теміртерсек, байлық деген не, солардың орнына соңымнан ерген үш бауырым болғанда ғой, шіркін! Иә, олар бол ғанда шаңырағымыз мазарға айналмай қуаныш пен шат тыққа, береке мен бақытқа бөленер еді-ау!
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Қайран-ай десеңші! Іні-қарындастарым болғанда жалғыздан-жалғыз жетімсіреп жүрер ме едім? Мамам екеуің де жер ортасына келгенде қайғыдан шөгіп қал маған болар едіңдер. Бірақ, айттым не, айтпадым не, тым кеш, көке, тым кеш. Қош, бол! Ащы шындықты айтып, бетімді шыжғырдың деп сөге көрме! Иә, енді біз кездеспейміз, мен мүмкін құ дайға керек болған шығармын. Қош бол, көке! Өкпелеме маған! – деп Арман ақтұманға кіріп жоқ болды. – Арман! Тоқташы құлынтайым, соңымнан ерген жалғызым! Әкеңді осылайша еңіретіп-жылатып кетке нің бе? Ағыл-тегіл жылаған күйі баламның соңынан тұра жүгірдім. Бірақ, ол артына бұрылған жоқ... Түсімнен шошып ояндым. Әйелім баласының өлге ніне әлі де сенбей суретіне телміре қарап отыр екен, бүгін бұрынғыдай ауық-ауық күрсінбейді де. Жүрегіме біреу біз сұғып алғандай ауырып, жаңа тәулік енді басталса да айналамның бәрі қаңырап бос қалғандай болып, бүкіл дүние жетімсіреп қоя берді. Көңілім өзінен-өзі біртүрлі алаңдап, қызметіме ықылассыз жинала бастадым. Уайым мен қайғы жанымды жегідей жеп, өтіп жатқан уақытқа да онша зер салмаған екенмін. Көктем күшіне кіріп, көшедегі өрік ағаштары гүлдеп үлгіріпті. Бұрын осы сұлу көріністерге қарап тұрып, жүрегім ерекше бір нұрға бөленуші еді, ал, бүгін бүкіл әлем сұп-сұр түске айналып кеткендей. Қызмет мәшинемнен түсіп, жұмыс атқаратын меке меге жаяу бет алдым. Таза ауада бой жазып, бүкіл тұла бойымды басып тұрған зіл ауыр ойды ысырып тастағымақ келді. Бірақ, оным бос әурешелік екен, түнде көрген түсім сол қалпында елестеп, денем түршігіп қоя берді. Өзімнен-өзім сенделіп келе жатып, әбден қурап, құлайын деп тұрған үлкен қара ағашқа көзім еріксіз түсті. Өзімді енді өсіп-өнбейтін, жапырақ жайып көгермейтін сол кәрі қара ағашқа теңеп, көңілім біржолата құлазып кетті. Бірте-бірте қорғасындай болып ауырлап бара жатқан ойымды біреудің: «Сәлеметсіз бе, Қайсар аға?» – деген
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК даусы бұзып жіберді. Тез есімді жинап алдым, дәл қарсы алдымда сымдай тартылған жап-жас жігіт тұр екен. – Амансың ба, қарағым, – дедім ұсынған қолын алып. – Кімнің баласысың? Айып ете көрме, танымай тұрмын, айналайын. – Біздің кішкентай ауылдан шыққан үлкен ғалым, академик деп әкем сізді үнемі үлкен мақтанышпен әңгіме етіп отырады. Мен Ерубайдың баласымын. Өзімнің атым – Асқар. Амандық болса биыл университетті біті рейін деп отырмын. Сізді көріп, амандасқанды жөн көр дім, уақытыңызды бөлгеніме кешірім сұраймын, – деді бейтаныс жас жігіт өзін таныстырып. – Еш оқасы жоқ, танып сәлем бергеніңе рахмет! Жасың ұзақ болсын, балам! – дедім түсімді жылытып. – Айтпақшы, қай факультетті бітіргелі отырсың? – Болашақ физик-математикпін. Ұстаздарым жоғары оқу орынын бітірген соң аспирантураға қалғаның жөн болар деп отыр, – деді жерлесім жөнін айтып. – Пәлі, онда екеуміз әріптес болып шықтық, – дедім жымиып. – Айтпақшы, әкең қандай, аман-есен бе? Ерубайды көрмегелі қай заман! Асылды да көрмегелі көп болды, денсаулығы жақсы болып кетті ме, ауырып жүр деп естіп едім? Жаңа ғана жадырап тұрған жігіттің аққұба өңі соңғы сөзді естігенде біртүрлі қуарып сала берді. – Анам осыдан екі ай бұрын қайтыс болған. Естімеген екенсіз ғой,– деді Асқар мұңайып. – Солай ма еді, шырағым! Айып ете көрме, шынын да да естімеген едім, арты қайырлы болсын! «Қайран, Асылым! Сенде бұл өмірден өтіпсің-ау жұлдызша ағып өтіп», – дедім іштей ауыр күрсініп. – Иә, апам жақсы адам еді. Сізді ел азаматы деп сыр тыңыздан мақтаныш тұтатын. Алғашқы рет кездесіп тұрса да, мені біртүрлі жақын тұтып, анасына деген жүрек түбіндегі сағынышын айтып тұрған жас жерлесіме қарап тұрып, кенет бір үлкен ұқсастық тапқандай болып, өзімнен-өзім селк ете қалдым.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Жаңа ғана тұла бойымды билеп алған аянышты ойлама ған жерден пайда болған таңдану сезімі жеңіп бара жат ты. «Ойпырым-ай! Алдымда тұрған жігітті қайдан көр дім осы?!» – дедім іштей күбірлеп. Есіме сонау студент кезімде түскен бір сурет сап етіп түсе кетті. Асқарға тағы да ұрлана көз тастадым. Құдайдың құдіреті, көше үстін де ойламаған жерден кездестірген мына жігіт сол суре тімнен айнымайды-ау, айнымайды. Жүрегім аузыма ты ғылып, есімнің шығып кеткені соншалық, мені біреу қуып бара жатқандай Асқармен асығыс қоштасып, жұмысыма қарай дедектей жөнелдім. Жұмыс кабинетіме қалай кіргенімді де білмеймін. Хатшы қызды асығыс шақы рып, бүгін ешкімді қабылдамайтынымды шегелеп тұ рып ескерттім. Жұмыс істемек болып, алдымда жатқан қағаздарды қарастырып көріп едім, оным бос әурешілік болып шықты. Көңілімнің алаңдауы күшейіп, жүрегімнің соғысы жиілеп кетті. Бір қуаныш пен бір қорқыныштың жетегінде отырып, сағым құсап, бірте-бірте бұлдырап алыстап бара жатқан жастық шағымды, жүрегіме мұң болып ұялап қалған алғашқы махаббатымды есіме алдым. Мен мектепті бітіргенде Асыл әлі бесінші класта оқитын. Әкелеріміз соғыста бірге болғандықтан жиі-жиі араласушы едік. Тұлымшағы селтиген бота көз кішкен тай қызды өзімнің туған қарындасымдай жақсы көруші едім. Асылдың да маған деген көңілі ерекше алабөтен болатын-ды. Бес жылдай Мәскеуде оқуда, үш жылдай Ленинградта аспирантурада болып, арада талай жылдар өте шықты. Кандидаттық ғылыми дәреже қорғап, Ал матыға қызметке жаңадан ауысып келіп жатқан бетім еді. Бірде орталық почтаға барып, өзіме хат-хабар қарап тұрғанмын. Ту сыртымнан біреудің тесіле қарап тұрға нын сезіп, жалт қарадым. Сол-ақ екен мөлдіреп тұрған бір әдемі бойжеткен жаныма жақындай беріп, «Қайсар аға!» деп мені құшақтай алды. Сонда ғана барып оның Асыл екенін таныдым. – Айналайын-ау, шынымен-ақ Асылмысың?! Аман сың ба, көкем? – дедім сұлу бойжеткенге сүйсіне қарап. – Түу өзің қандай сұлу болып кеткенсің.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Кішкентай қыз өспей ме, көкейіңді теспей ме? – деді Асыл әзілге басып. Сегіз жылдан соң Асыл екеуміз осылай кездесіп едік. Алғашқыда аға-қарындастай болып жүрсек те, бұл қарымқатынас бірте-бірте шынайы сезімге айналып бара жатты. Арада жарты жылдан соң екеуміз тұрмыс құрмақ болып, ата-аналарымыздың алдынан өтіп, бата алуды жөн көрдік. Сол жылы Асыл шетел тілдері институтының үшінші курсының студенті болатын. Ол сабақтан сұранып, ауыл ға бір апта ерте баратын болды, араға екі-үш күн салып, мен де елге жүрмекші едім. Ойымда ештеңе жоқ, уәделі күні жолға жинала бастадым. Теміржол бекетінде мек тепте бірге оқыған құрдасым Келдібектің кездесе кеткені. Аузын ашса көмейі көрінетін құрдасым түбі түскен шелек құсап даңғырлап, елдегі бар жаңалықты айтып жатыр. – Айтпақшы, ауылдағы тауық фермасының қарауы лы Қуандықты білесің ғой, – деді Келдібек ауылдың тағы бір жаңалығын бастап. – Сол шалдың Ерубай деген баласы бар. Сен оны танисың, бізден үш класс төмен оқыған, қазір ауылда менімен бірге шопыр болып істейді. Өзі үндемей жүріп бәле екен, осыдан үш күн бұрын Үмбетбайдың Алматыда оқитын Асыл деген қызын алып қашып кетті. – Не деп кеттің, – дедім сенер-сенбесімді білмей. – Асылды алып қашып кетті дейсің бе?... – Жаңа айттым емес пе, ол баланы бала емес бәле деп. Асылды аудан орталығына апарып тастаймын деп, үйі нен бір-ақ шығарған. Сол түні-ақ қыздың бар шаруасын бітіргенге ұқсайды, қыз байғұс жылап-жылап қалыпты. Өзі үріп ауызға салардай қатқанский қыз еді. Ештеңеден хабары жоқ ақкөңіл жолдасым бар жағдай ды айтып, әңгімесін алаңсыз соғып тұр. Біреу басымнан балғамен соғып жібергендей мең-зең хал кештім, ішім қызғаныштан өрт болып жанып барады. – Келдібек, жүр буфетке барып арақ ішейік, – дедім. – Көптен бері кездесіп тұрғанымыз осы ғой.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Қарсылық жоқ, – деді ол сойдақ-сойдақ тістерін ақситып күліп. Буфеттен шыққан соң Келдібекті пойызға дейін шығарып салып, өзім перронда қалып қойдым. – Қайсар, неғып тұрсың, тезірек вагонға мінсеңші, – деді ол қолын созып. – Мен ауылға бармайтын болдым, елге сәлем айт. Қош бол! Билетімді қақ бөліп жырттым да, шұғыл бұрылып жүре бердім. Осы кезде пойыз да орнынан қозғала берді. – Қайсар, саған не болып қалды? Әлде маған өкпелеп қалдың ба? Түсінсем бұйырмасын! Келдібек соңымнан жанұшыра айқайлады. ...Арада бір ай өткен соң ойламаған жерден Асылдың өзі мені іздеп келді. Ол маған біртүрлі состиып қарап тұрып қалды. Аз уақыттың ішінде жүдеп-жадап кет кен, тек бақырайған көздері қалыпты. Ол мені бас салып құшақтап, жылап жіберді. – Қайсар, мені кешір! Естіп жатырсың ғой, жағдай осылай болды. Құдай кішкентай ғана бақытын екеумізден аяды, қайтемін енді. Өлтірсең де алдыңа келіп тұрмын, не істесең де еркің. Мен не деймін, бәрін іштей сезіп тұрмын. Бірдеңе деп жұбатайын десем, аузыма сөз түсер емес. – Қарғаға қор болған аққуым-ай! – деп құшағыма құлап тұрған келіншекті аймалай бердім... Асыл екеуміз он тәулік бірге болдық. Екеуміз де махаббаттың бас айналдырар шарабынан тартынған жоқпыз. Екеуміз де бір-бірімізге ессіз берілдік... Он бірінші күні Асылды теміржол бекетінен шығарып салдым. – Қайсар, – деді Асыл қоштасарда, – мен оқуым ды облыс орталығына ауыстыратын болдым. Құдайдың пешенеме жазғаны осы болар, тағдырдың тәлкегіне көнбей қайда барамын. Иә, білемін, сен мені сүйесің. Бірақ, сенің теңің емеспін. Қайсар деген атың бар, досқа таба, дұшпанға күлкі болма! Мен де сені өмір бойы жақсы көріп өтемін, сенімен болған он күнім бүкіл ғұмырға
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК жетеді. Мені енді көрмейсің, сен де мені іздеме! Бұл соң ғы кездесуіміз екеуміздің! Ол жылап тұрып, мені соңғы рет сүйді. Осыны күтіп тұрғандай-ақ пойыз орнынан қозғала берді. Ең соңғы вагон көзден ғайып болғанша перронда қалшиып жалғыз тұрдым. Шын бақытымнан айырылғанымды, енді онымен ешқашанда жолықпайтынымды алдын-ала біліп, бүкіл ішкі дүнием астан-кестен болып кетті. Тірі адам тіршілігін жасайды емес пе? Үш жылдан соң астанада тұратын бір үлкен шенді-шекпендінің жал ғыз қызына үйлендім. Сол-ақ екен тасым өрге қарай өр мелеп жүре берді. Отау тіккенімізге екі ай өтпей жатып, қаланың ортасындағы үш бөлмелі, барлық жасауы бар жайлы пәтерге көштік. Көп ұзамай-ақ докторлық ғылыми дәрежемді мерзімінен бұрын қорғап, білдей жас профессордың бірі атандым. Атақ-даңқ, ағыл-тегіл дүние кімнің басын айналдырмаған. Бірте-бірте маған да желік пайда болып, ыңыранып сөйлейтін болдым. Ғылымға деген дарын мен қабілетімді атаққұмарлық пен дүние қоңыздық бірте-бірте жеңіп, осы екі жаман қасиеттің құлына айналғанымды өзім де аңғармай қалдым. Қазір де өте беделді ғылыми орталықтың дүрдей бастығымын, бәрі де ашсам – алақанымда, жұмсам – жұдырығымда. Соңғы кезде ғылымға берілген біраз адал достарым теріс бұрылып кетті, ал дарынсыздар мен жағымпаздар әлі де есігіме тыныштық бермейді. Иә, қамшының қысқа сабындай өмір болса өтіп барады. Қарап отырсам елудің қырқасынан асып, ел ағасы болыппын. Бірақ, ғылым әлемінде тындырғаным шамалы екен. Сырт көзге мүйізі қарағайдай академиктің бірімін. Өңшең дарынсыз, жүрген бір бос кеуде деп басқаларды сынағанда алдына жан салмайтындардың біреуімін. Осы жылдардың ішінде өзім шұғылданып жүрген ғылым саласының дамуына не үлес қостым осы? Түкке тұрмайтын нәрселерге малданып, алтынға пара-пар уақытымды босқа өткізіп алыппын. Өткен күнге көз жүгіртсем адам баласына жасаған жақсылығым саусақпен санарлықтай екен. Адамдар
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ соңғы кезде бір-біріне қайырымсыз, мейірімсіз, тасбауыр болып бара жатыр деп айқайлайтынның біреуі өзіммін. Көп заттың тұтқасын ұстап тұрсам да, кімге қол ұшын бердім, кімге көмектестім? Басқасын айтпай-ақ қояйын, жарты күндік жердегі туған ауылыма бармағаныма, атабабаларымның басына құран оқытпағаныма он жылдан асыпты. Бар үмітім, қуанышым, өмірімнің жалғасы жалғыз ұлым еді, Алла Тағала оны да менен артық көріпті. Енді өкін, өкінбе не! Қазір даңғарадай үйде жұбайым, итім үшеуміз тұрып жатырмыз. Көптен бері мазалап, жанымды жегідей жеп жүрген ауыр ойымды кабинетке имене кірген хатшы қыз бөліп жіберді. – Қайсар Елубаевич, айыпқа бұйырмаңыз, мына хат сіздің атыңызға келіп еді, сол кезде ұлыңыз қайтыс болып, жұмыста болған жоқсыз. Соңынан мен ұмытып кетіппін, ол үшін сізден кешірім сұраймын! – деп Жам былдың суреті салынған конвертті ұсына берді. Хат Асыл дан келген екен. Асығыс ашып оқи бастадым. Маржандай тізілген таныс әріптер көзіме оттай басылды. «Амансың ба, Қайсар! – деп басталыпты хат. – Ме нің бұл сәлемдемемді алып, таң-тамаша қалуың ғажап емес. Саған хат жазу маған оңайға тиген жоқ. Мың ойла нып, мың толғанып, осы жолдарды қағаз бетіне түсіру ді жөн деп шештім. Уақыт неткен жүйрік еді! Екеуміз дің бір-бірімізді көрмегенімізге жиырма екі жыл бо лыпты. Әйтеуір, сыртыңнан әрқашанда тілектеспін! Мен бейбақтың қолынан басқа не келеді. Ал маған келетін болсаң, біреуден ілгері, біреуден кейін деген дей қоңыр өмір кешіп жатырмын. Бір өкініштісі, соңғы кезде денсаулығым сонша болыңқырамай жүр. Үш айдан бері облыс орталығындағы онкология ауруханасында жатырмын, екі апта болды тамағымнан ас өтпейді, құр су ішемін. Бәрі көңілімді жұбатып, алдағылары келеді. Ал, өзім болсам тұз-дәмімнің таусылып келе жатқанды ғын іштей сеземін. Артымда бес – ұл-қызым қалып ба
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК рады. Олардың қызығы маған, сірә бұйырмас болар. Мені қойшы, көретін қызығымды көрдім ғой, соңымнан қалып бара жатқан құлындарымды ойласам көкірегім қарс айырылады. Заман болса мынау, ауыл тіпті жүнжіп кетті. Әсіресе, Алматыда оқып жүрген Асқарымды ойла сам жанымды қоярға жер таппаймын. Қайсар! Өлім мен өмірдің арасында арпалысып жатып, ешкімге тіс жар маған құпия сырымды айтпасқа амалым қалмады. Сен оны білуге тиіссің. Асқар сенің ұлың! Құдай бәле-жаладан сақтаса, биыл оқуын бітіреді. Өзіңе тартқан, өте дарынды бала. Бір қызығы: Асқар да болашақ физика-математика маманы. Жүрегі бірдеңені сезе ме, ылғи сені сұрайды. Біздің жерлесіміз, үлкен ғалым деп сыртыңнан мақтаныш тұтады. Осындайда оңашада ешкімге көз жасымды көрсетпей сығып-сығып аламын. Жалған-ай десеңші! Бұл менің ең соңғы өтінішім болсын! Тұңғышымды өзіңе аманат етіп тапсырдым, бөтен емес, өз қаның ғой, сыртқа теппе, қамқор болғайсың! Қош, сау бол! Сәлеммен, Асыл». Хатты оқып болған соң шай қайнатым мезгіл есімді жия алмай отырдым. Жүрегім қан қақсап, қоңырауды үстінүстіне басып, хатшы қызды шақырттым. – Мәшине қайда? Тез келсін! Менің әмірлі де қатқыл даусыма хатшы қыз таңдана қарап қалыпты. Көп ұзамай асығыс төмен түстім. – Ұлттық университетке тарттық! – дедім артқы орындыққа тез отырып. – Жылдамырақ жүр! Мына кісіге бүгін не болған дегендей шопыр бала біресе маған, біресе мәшине атаулы быжынап кеткен жолға қарады. Жоғарғы оқу орнына кіре берісте таныс профессор дың бірі менімен бетпе-бет кездесіп қалды. – Қайсар Елубаевич, мұнда жайша жүрсіз бе? – деді ол менімен амандасып. – Ұлымды іздеп жүрмін... Әріптесім маған біртүрлі таңдана қарап қалыпты. Осы кезде лып етіп лифті келе қалды. Мен оның қызыл түймесін басып, асығыс жоғары көтеріле жөнелдім...
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ АҚЛАҚ К ешегі жауыннан кейін ақбөкендер мекені – ұшы-қиыры жоқ шексіз дала ұйқыдан оянған ару қыздай сергіп, құлпырып шыға келген. Айнала жасыл шалғын мен гүлге оранып, күннің шыққанына қуанған көбелектер бір-бірімен жарысып, қалықтап ұшып жүр. Өзінің туыстас ақбөкендермен бірге жайылып жүрген Ақлақ осы сұлу көріністердің бәріне қуана қарап, жас балаша секіріп-секіріп қояды. Киіктің лағы жаңбырдан кейінгі әсем далаға, мейірім шуағын төккен күнге, қалықтап ұшып жүрген көбелектерге керемет бір еркелеп қарайды. Осы бейбіт көріністерді дүрс ете қалған бір зат тың жағымсыз даусы бұзып жіберген. Сол-ақ екен, ақбөкендер үйірі шошына елең етісіп, үрпиісе қалды да, бірін-бірі итермелеген күйі беттері ауған жаққа дүркірей жоса жөнелісті. Алғашқыда не болғанын онша аңғармаған Ақлақ үйірлестеріне қосылмай таңдана қарап қалған болатын. Ақбөкендерді соншама қатты қорқытып шошытқан нәрсе – жүйіткіп келе жатқан төрт дөңгелекті зат болып шықты, өзінің үсті ашық, онда қолдарына темір тұтқа ұстаған адамдар отыр. Иә, адамдар! Ақлақ туған бауырларын көргендей қатты қуанды. Жосыла көшіп, тұяқтары күннің сәулесімен жарқ-жұрқ етіп қашып бара жатқан киіктерге: «Ау, бауырлар, қорқау қасқыр көргендей сендерге не болды соншама қорқып? Бұлар адамдар ғой, адамдар! Олар нағыз қайырымды жандар, мені ажалдың аузынан аман-есен алып қалған солар!» – деп соңдарынан айқай салғысы келді. Осының бәрі қас қағым сәтте болған еді, енді бір қараса әлгі төрт дөңгелекті зат жанына таяп қалған екен. Ақлақтың тез аңғарып қалғаны: қолдарына темір тұтқа ұстаған адамдар бір жыл бойы өмір сүрген кішкентай ауылдың тұрғындарына мүлдем ұқсамайды, түстері суық,
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК көздері қанталап кеткен, ауыздарынан будақ-будақ етіп түтін шығады. Бәрі де бір ауыздан келісіп алғандай сұқ саусақтарымен Ақлақты шұқып көрсетіп, келекекелемеж қылғандай кәдімгі қара қарға құсап қарққарқ күледі. Алғашқыда шын қуанған Ақлақтың тұла бойын бір үрей билеп, бірте-бірте алыстап бара жатқан ақбөкендерге қарай тұра кеп қашты. Бірақ, әлгі адамдар соңынан қалатын түрі жоқ. Жердің апшысын қуырып, өкшелей қуып келеді. Адам атаулыдан тек жақсылық көрген Ақлақ әлі де болса оларды жамандыққа қимағандай. Ой, жалғанай! Дүние кезек деген осы болар шамасы. Былтырғы ақпанның қақаңдаған қара суығында тағдыры қыл үстінде тұрғанда адамдардан қалқан, жылы ұя тапса, енді сол адам атаулыдан зәре-құты қалмай қорқып, жан таласа қашып келе жатқаны мынау. Қолға бір түссе жаны аман қалмайтындығын жүрек құрғыр сезіп келеді. Ақлақ шырылдаған жанын шүберекке түйіп, қашып келе жа тып, өзі өскен ауылды, сондағы мейірімді адамдарды есіне алды. Аман қалған киіктердің айтуына қарағанда, өткен доңыз жылы ақбөкен атаулыға өте ыңғайсыз, қиын жыл болса керек. Мұндай түтеген ақ боран мен қылышынан ызғар тамған сары шұнақ аязды талай жасаған ата киік тердің өздері де бұрын-сонды көрмепті. Сарыарқадағы ақбөкен біткен ата-мекендерін тастап, оңтүстікке қарай дүркірей ауып, көшуге мәжбүр болады. Сол азапты сапар үстінде киіктердің жартысына жуығы аштық пен суық тан қырылып, жол бойын өлік қаптап кеткен екен. Ақпанның бір қара суық күні кішкентай ауылдың шетінде дүниеге шыр етіп келгені Ақлақтың әлі есінде. Сондағы анасының көздері боталап, өзіне ерекше бір іңкәрлікпен қарағанын, әлі шуы түсе қоймаған денесін мейірлене жалағанын өмір бойы ұмытпайтын шығар. Тағдыр тауқыметінен әбден шаршап-қалжыраған ана сы байғұс өзегін жарып шыққан тұңғышына уыз сүтін беруге де, тіпті тұяқ серпуге де әлі келмей сол жерде жанын тапсырып, көз жұмды. Дүниеге келмей жатып
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ жетім қалған құралай кішкентай аяқтарын тәй-тәй басып, анасын жоқтап, маңырап-жылап тұрғанда, оны ауылдың балалары көріп қалып, бір жылы затқа орап, үйге әкеліп еді-ау сонда! Асыл айтып керегі не, оны бүкіл ауыл болып жақсы көретін. Бала біткен таласып, кішкентай аялы алақандарымен маңдайынан сипайтын, үлкен де, кіші де бар жылы жұмсағын аузына тосып, қатты еркелетуші еді. Ауыл адамдарының бұған «Ақлақ» деп ат қойып, мойнына тұмар таққанын ол қалай ұмытпақ. Осылай ша алаңсыз бір жыл зу етіп өте шыққан. Бірде ауыл ше тіне қозылармен бірге шығып жайылып жүргенде өзінің қандас туысқандары – ақбөкендерді көріп, аңтарыла қарап тұрып қалды. Ақлақ киіктер сияқты еркіндікті аңсады ма, жоқ әлде қаны тартты ма, өзі де білмей, со ларға ілесіп, өзін бауыр басып кеткен кішкентай ауыл дан, мейірімді адамдардан ұзай берген. Осы күнге дейін кішкентай ауылды ойласа Ақлақтың жүрегі сағынышқа толып, елжіреп қоя береді. Ақлақтың ойын тарс-тарс еткен үрейілі, әрі құлақ тұндырар дауыс бұзып жіберді. Сол-ақ екен құйрық жағы тыз етіп, етін біреу кесіп алып, тұз сепкендей ашып қоя берді. Жанталаса қашып келе жатып, артына бұры лып қарады, төрт дөңгелекті зат мінген адамдар жанына таяп қалыпты. Аспанға қарғып, ауа қармап алған Ақлақ жұлдызша ақты. Тақтайдай теп-тегіс даламен зымырап келе жатқан адамдар да жанталасып қалар емес. Әлгі тарс-тарс еткен қорқынышты үн тағы да естіліп, кенет тұла бойы ұйып кеткендей болды. Бар күшін жинап алға ұмтылғысы келді, бірақ бүкіл бойынан күш-дәрмен кетіп, аяқтары дірілдеп, Ақлақ омақаса құлады. Денесінің ауырғанына қарамастан тағы да күш-қажырын бойына жиып, есін жинағанда оған әлгі адамдар жан түршігерлік кейіппен төне қарап тұр екен. Төртбақ, бұжыр-бұжыр бетті келген біреуінің қолында жүзі қылшылдаған өткір қанжар. Ақлақ тітіркеніп бүкіл тұла бойы қалшылдап қоя берді. Ол «Адамдар-ау, не істегелі тұрсыңдар?! Менің не жазығым бар еді сендерге?! Сендердің қолдарыңнан
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК тек жақсылық пен мейірімділік келмеуші ме еді, бұла рың қалай? Шынымен-ақ мені құрбандыққа қиғандарың ба?» – деп жанұшыра айғайлағысы келді. Әлгі төртбақ, бұжыр бетті, түсі суық адамның еш нәрседен тайына тын түрі жоқ. Екі көзі қанталап, қолындағы алмас қанжа рымен Ақлақтың тамағынан шалып кеп жіберді. Ақлақ қырылдай ышқына дем алып, соңғы рет аспанға қарады. Аспан шайдай ашық екен. Әне, түк болмағандай қос көбелек бір-бірін қуып ұшып барады. Дәл құлағының түбінен шегірткенің шырылдағаны естілді... ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЫЗҒАРЛЫ КҮНІ Б екболат қызмет орнынан шығып, автобус аялдамасына келгенде әдеттегідей көлік күтіп тұрған халық көп екен. Сағат алтыдан енді ғана аса бастаса да қараңғылық бірте-бірте қоюланып ке леді. Желтоқсанның ызғарлы қара суығы онсыз да бере кесі қашып тұрған жолаушылардың екі аяғын бір етікке тығып, қысып барады. Зарыға күткен автобус та көрініп, аялдамаға тоқтай бергенде адамдар бірін-бірі баса-көк теп, лап берісті. Қалың нөпірдің дәл ортасына түскен Бек болат та ескі көліктің бір бұрышына ілікті-ау, әйтеуір. – Ойбай, аяғымды жаншып кеттіңіз! – Абайламайсың ба, қабырғамды сындыратын түрің бар ғой! – Автобус ұнамаса, такси ұста! Бұның бәрі Бекболаттың күнде естіп жүрген сөздері, еті әбден үйреніп кеткен. – Бүгінгі жастарды қойсайшы, шеттерінен ұятсыз! Біз бұларды жаудан қорғадық, олар үшін суға да, отқа да
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ түстік. Ал, олар болса орын беруге жарамайды, әй, иман жоқ бұл жастарда... Шіңкілдей шыққан жіңішке дауыс бейқам тұрған Бекболатты елең еткізді. Ол үрейлене жалт қарады, иә, қателеспеген екен, дәл соның өзі, баяғы айыптаушы прокурор, Бекболаттың құлағы шуылдап, басы шаншып ауырды. Еріксіз бүкіл әлемді дір еткізген сол атақты желтоқсанның ызғарлы күндерін көз алдына елестетті. ...Сол жылдың желтоқсаны қанша ызғарлы болса да Бекболат ерекше бақытты еді. Осыдан үш күн бұрын дүниедегі ең аяулы жаны Ажармен бас қосып, Алматы ның дәл іргесінде жатқан ауылдағы әкесінің қара шаңы рағына келін етіп түсірген болатын. Анасы қуаныштан көзіне жас алып, келіні мен баласының бетінен шөпіл детіп сүйе берді. Үлкен бақыттан есі шығып кеткен, қайтақайта сүрініп құлап кете жаздайды. – Ұзағынан сүйіндірсін, бақытты болыңдар, айна лайындар, Алла тағала сендерді тіл мен көзден сақтасын, құдай осы қуанышымды көп көрмесін! – дейді біресе күліп, біресе жылап. Күйеу жігіттің жүрегіне анасының соңғы сөзі дық ете қалған, сөйтсе ана жүрегі сезген екен ғой бір пәлені. Бекболат ертесіне той қамымен қалаға келген. Өзі қызмет атқаратын газет редакциясына кіріп шықты. Содан соң республикалық радиоға соқпақ ойы бар еді. Бейбітшілік және Абай көшелерінің қиылысында оны ерекше тосын оқиға қарсы алды. Бүкіл көлік тоқтап қалған, халық деген құмырсқаның илеуіндей. Қолдары на «Лениндік ұлттық саясат жасасын», «Әр мемлекеттің өз көсемі болсын», «Қазақты – қазақ басқару керек» деген ұрандары бар жастар «Елім-айды» күңіренте айтып, үлкен алаңға ағылып барады. Бекболат та қызық көріп, көпшілікке ілесе берген. Аумағы атшаптырым алаңға халықтың осыншама көп жиналғанын Бекболат тұңғыш рет көріп тұр. Олардың көбісі өрімдей-өрімдей қыз бен жігіттер, бәрінің де түр лері өрт сөндіргендей, тас-түйін болып алған. Республи
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ка басшылары мінбеге кезек-кезек шығып, көсіле сөйлеп жатыр. Бәрі бір ауыздан келісіп алғандай: бұларың дұрыс емес, бұзықтыққа жол бермендер, үйлеріңе қайтындар дейді. Енді біреулері қоқан-лоқы жасап, қорқыта бас тады. Қатар-қатар тұрған солдаттар мен милиционер лердің түстері суық. Айқай-шу көбейе түсті, азынаған дауысы халықты үрейлендіріп, өрт машиналары бірінен соң бірі келе бастады. Қайдан келгенін бір құдай білсін, қасқырдай иттері арсылдаған солдаттар қолдарындағы саперлік күректерімен, сойылдарымен жастарды ұрыпсоғуда, ештеңеден тайсалар емес. Ол аз болғандай өрт сөндіргіш машиналар суық су шаша бастады. Түйенің жарты етіндей өңкиген солдат қазақтың бір жап-жас қызын тепкілеп, шашынан сүйрей бастағанда Бекболаттың қаны басына шауып, тұра ұмтылды. Осы кезде көзінің оты жарқ етіп, есі ауып кеткендей болды. Есін жинаса сасық жеркепеде отыр. Беті-аузы ісіп кет кен, көзін ашайын деп еді, басына біреу ине сұғып алған дай тітіркенді. Енді байқады: жалғыз емес екен, темір тордың ішінде топыралған адамдар, бір қызығы, бәрі қазақтар. Бір қыздың жанұшыра айқайлаған жан дауысы Бекболатты селк еткізді. Ол жан-жағына бағдарлап қарай бастады: Өздері қамалған жер кепенің ұзындығы он бес метрге жуық, оның екі шеті кілең темір торлар, сол торлардың бір бетіне жігіттер, енді бір жағына қыздар отырғызылыпты. Ортада сержант шеніндегі оншақты милиционер аласұрып жүр. Ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығады. – Оңбағандар! Сендердің бәріңді де қыру керек, ату керек! Қара, бұл жаман қойларға да жан бітіпті, тіл бі тіпті, кімнің арқасында адам болғандарыңды білесіңдер ме, өңшең малғұндар! Бекболат оларға жиіркене қарады. Оның орыстар арасында жақын тұтар жолдастары көп болатын. Әкесі көрші селодағы Алексей атты шалмен өмір бойы дос болып өтті. Орыс тілінен сабақ берген Надежда Ива новна қандай әсем жан еді-ау! Ал, мына милиция форма
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ сын киген тоқмойындар бүкіл орыс халқына қара бояу жағудан тайынбайды. Иә, шаш ал десе, бас алатын, өзге тұрмақ туған анасын да аямайтындар осылар. – Бізге қарсы шыққанды көрсетеміз қазір. Бізге сот жоқ, білдіңдер ме, өңшең қойлар! Бекболат шынымен шошынайын деді. Үш мили ционер екі қызды тордан зорлап шығарып, елдің көзінше шешіндіре бастады... Қыздардың тай-құлын дай шырқыраған дауыстары жүректерді кескілеп жат ты. Торда жолбарысша аласұрған Бекболат жанын қоярға жер таппады. Кек, ашу, намыс бойын кернеп, бар екпінімен тепкенде, ескі темір тордың бір шабағы сынып түсті. Бетінің темірге жырылғанына қараған жоқ, барысша атылып, әлгі екі сұмыраймен алыса кетті... Көзіне қан толып кеткен жас жігіт намыс үшін, ар үшін жанын қиюға дайын еді. Сәбит ағасынан жасырын үйренген каратэ әдістерін өмірінде тұңғыш рет қолданып, қорқау қасқырлармен жалғыз арпалысты. Ол сол кезде қаракөз қарындастарының абыройын қорғап қалғанына шексіз бақытты еді, аянған жоқ... ...Бекболаттың ісін тергеу көпке созылмады. Арасы бір аптаның ішінде Бекболат сот залында айыптылар орнында отырды. Сот аяқталар алдында айыптаушы-прокурор сөз сұрады. Ол Бекболатқа бірден ұнамады, одан рақым күткен де жоқ. Жасы елуден асқан кісі болса да түрі жыл мыңдаған қаншықтай екен. Жіңішке дауысы шіңк-шіңк етеді. – Мен Бекболат Үйсінбаевтың ісімен мұқият таны сып шықтым. Ол жас та болса пиғылы арам, біздің қоғам ға жат адам. Оның жазған әр мақаласында ұлтшылдық тың иісі аңқып тұр. Үйсінбаев республикамыздағы мыз ғымас халықтар достығына іріткі салып, желтоқсан оқиғаларын ұйымдастырушылардың бірі болған. Тергеу кезінде қоғамдық тәртіпке шақырған бірнеше милиция қызметкерлерін өлімші етіп сабаған. Тағы да қайталап айтамын. Бекболат біздің социалистік қоғам
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ның қас жауы, халықтар жауы. Дәл осындай оңбағандар қазақ халқын бүкіл Советтер Одағына ұятқа қалдырып отыр, масқара етіп отыр. Мен айыптаушы-прокурор ретінде Бекболат Үйсін баевты 10 жыл бас бостандығынан айыруды талап етемін! Бекболат прокурордың сөзін әрі қарай тыңдаған жоқ, құлағы шыңылдап, басы айналды. Зал ішінен жақын дарын іздеді, анасы көз алдында шөгіп барады екен, осыдан бір ай бұрын ғана үйленген жары Ажар екі көзі боталап жылап отыр. Сылқ етіп отыра кетті, іші әлемжәлем, бірдеңе жасауға дәрмен жоқ, сусыз жағада қал ған балықтай бұлқынды дейсің, бұлқынды дейсің... Оның сан тарапқа шарлаған ойын «Тұрыңдар, сот келеді!» деген әмірлі дауыс бөліп жіберді. Сот мұрнына түскен көзілдірігін түзеп, қолындағы қағазды оқи бастады. Көзі қарауытып, басы айналған жігіт үкім басын естімеді. – «Бекболат Үйсінбаев жеті жыл бас бостандығы нан айырылып, қатаң режимдегі колонияға жіберілсін!» деген қатал үкімді естігенде, есі ауып кеткендей болды. Енді есін бір жиса, түсі сұсты солдат темір торлы маши наға отырғызып жатыр екен... Дүниеде жазықсыз жапа шеккеннен ауыр нәрсе бар ма! Кеш болса да келген шындық болмағанда Бекболат тың қараңғы түрмеде жеті жыл отыратыны ақиқат еді. Құдайға шүкір, ақ ниетті адамдардың арқасында араға үш жарым салып, туған ошағына, жарына оралып, бұ рынғы қызметіне де орналасты. Дегенмен, жазықсыз дан жазықсыз үш жарым жыл түрмеде отырып, көр ген қорлығын есіне алса осы күнге дейін күйініп, жаны аласұрады. Әділет іздеп, соның құрбаны болған, өмір гүлдері мезгілсіз үзілген жан достарын ойласа көкірегі қайғыдан қарс айрылады. ...Тепең-тепең еткен сары автобус «Орбита» шағын ауданына жақындап қалыпты. Жаңағы сары әлі шіңкіл деп отыр, өсекші әйел сияқты аузы-аузына жұқпайды.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Ой, бұл жастарды қойсаңшы, әсіресе біздің қа зақтар шеттерінен босбелбеу, жандарын қинағысы кел мейді, ішкендері арақ, істегендері қылмыс. Бекболат әлгінің өзінен де, сөзінен де жиіркеніп, теріс бұрылып кетті... Ол дәл үйінің жанындағы аялдамадан түсіп қалып, жаяу аяңдады. Аяқ астындағы қар қарш-қарш етеді. Екілене соққан ызғарлы жел бетті қарып түскендей... Бекболат 1986 жылдың ызғарлы да, суық желтоқсанын есіне алды. КҮТПЕГЕН КЕЗДЕСУ Ж ұмыстан шыққан бойда Абай алаңына бұрылдым. Қызмет, күнделікті күйбең тіршілік деп зыр жүгіріп, тағы да бір күздің келіп қалғанын дәл қазір аңғарғандаймын. Күн жарықтық жайма-шуағын қаншама төгейін десе де бұрынғыдай жылуы жоқ. Күні кеше ғана жасыл желекке бөленіп тұрған тал-терек атаулы сидаң тартып, сары ала жапырақтар үзіліп-үзіліп түсіп жатыр. Мен отырған ұзын ағаш орындықтың бір шетіне екі бойжеткен жайғасыпты. Алғашқыда оларға онша көңіл бөле қойған жоқпын. Бірақ әлгі екеуі қыз бастарымен темекі тарта бастағанда ішімнен жақтырмай ала көзіммен бір қарап қойғаным рас. Менің бар-жоғымды елеп жат қан олар жоқ, шетелдік темекілерін бұрқыратып, ұзақсонар әңгімеге көшті. Мен де өзіммен-өзім болып, көршілерімді ұмытуға тырыстым. Шынында да менің оларда не шаруам бар. Тартса өздерінің темекілері, құрып жатқан солардың денсаулықтары. Болмашы нәрсеге күйіп-пісіп не болды
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК маған, қазір екі әйелдің бірі темекі шегетін заман емес пе, тәйірі. Бірақ, қанша назар аудармайын десем де екі бой жеткеннің сөздері көңілімді еріксіз бөле берді. – Гүлнар, кейде менің саған күлкім келеді, қай ғасырда өмір сүріп отырғаныңды бір сәт еске алсаңшы. Қалтасының түбі көрініп тұрған жалаңаяқ қайыршы инженерің кімге дәрі соншама, – деді сұңғақ бойлы келген бойжеткен шегілген темекісінің тұқылын сұқ саусағыман шертіп. – Айман, ұнатамын оны, сүйетін сияқтымын, – деді орта бойлы, иегінің дәл астында ноқаттай меңі бар әдемі қыз. – Біреу сүйемін, махаббат десе жыным келеді, осы неге түсінбейсің, махаббат сонау Қыз Жібек пен Төле геннің заманында болса болған шығар, – деді сұңғақ бой лы сұлу бойжеткен екілене түсіп. – Қазір ол жоқ, білесің бе, жоқ, бәрі де алдамшы дүние, алдамшы сезім. Бүгінде бәрін тұрмыс, қалта, яғни ақша шешеді. Әлгі түкке тұрмайтын инженеріңді айтып, өлдім, сүйдім дейсің. Сол Маратыңның сыңғырлаған пәтері, зуылдап тұрған машинасы бар ма, айлық табысы қанша өзінің? – Пәтері де, машинасы да жоқ, бір айлығы екінші айлығына жетпей жатады, – дейді орта бойлы бойжет кен мұңайып. – Түсінемін сені, жассың, сұлусың, адам құсап өмір сүргің келеді. Қолдан келсе мына жалпақ дүниені қонышыңнан басып жүргенге не жетсін! Бұл өмір бір-ақ рет беріледі, жас кезінде ойнап-күліп қал, әйтпесе, кейін өкінесің. Қысқасы, мен сені бүгін бір шетелдік жігітпен таныстырамын. Қорықпа, қара күйедей негр емес, араб, сәл қоңыр болғаны болмаса, біздің жігіттерден әлдеқайда артық. Ой, олар шеттерінен мырза, бір тү неп шықсаң болды, шыртылдатып бақандай 500 дол лар санап береді. Ал бұл пұл сенің үш айлық табысың. Тартынба, Гүлнар, өкінбейсің.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Сұңғақ бойлы бойжеткен жанындағы құрбысын торғай арбаған жыландай арбап отыр. – Дәрігер деген атым, табақтай дипломым бол маса, бір күн жұмыс істеген емеспін. Что, я дура, мың теңгеге бір ай салпақтап жұмыс істеп. Құдайға шүкір, орталықта жасауға толы екі бөлмелі пәтерім бар, не ішемін, не киемін демеймін. Ұрысып жатқан бай жоқ, жылап жатқан бала жоқ, не істесем де еріктімін. Так что, наивный болма, айналаңа қара.... Жыланның тіліндей сумаңдаған әлгі сұрқия сөздерді әрі қарай тыңдау мүмкін емес еді. Құлағым шуылдап, жүрегім шаншып кетті. Меңдуана жеген адамдай мең-зең болып, сұңғақ бойлы қыздың бетіне бажырайып қара дым. Ойпырым-ай, мұны қайдан көрдім осы. Таныс бота көз, таныс сұлу бейне. Иә, иә сол. Қанша жылдар өтсе де онша өзгере қоймапты. Менің досым Бекеннің қызы... Мына дүние не болып барады өзі... Дәл осындай күздің бір жаймашуақ күні болатын. Жұмыс аяқталуға жақындап қалғанда біраздан бері үнсіз тұрған көк телефон шыр ете қалды. Трубканың ар жағынан биязы дауыс етілді. – Сәлемәтсыз ба, маған Думан керек еді? – Сол Думан сізді тыңдап тұр. – Құдай ұрғанда, сенің дауысыңды танымай қалдым емес пе, мен – Бекенмін. Бүгін ғана келдім. Өзіңмен хабарласып жатқаным ғой. – Бекен, келуіңмен. Қайда орналастың? Ауыл аманесен бе? – Думан, «Қазақстан» қонақ үйіндегі 256-бөлмедемін. Жаңалық деген бір қапшық, тез кел, күтемін. Сыртқы киімімді жүре кидім де асығыс төмен түстім. Жайшылықта көрінбей сағыңды сындыратын такси де зарықтырмай дәл жаныма тоқтай берді. – «Қазақстан» қонақ үйіне, – дедім жүргізушіге асы ғыс үн қатып. Жол үстінде келе жатып Бекенмен қалай танысқанымды есім алып, өзіммен өзім ыржиып күлдім. Осыдан біраз жыл бұрын ақпанның бір қақаған күнінде аяқ астынан Көкшетауға жолсапарға баратын болып
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК қалдым. Ұшаққа билет алып, жолшыбай Жазушылар үйіне соғып едім, бір танысымның кездесе кеткені. Жөнімді айтуым мұң екен, жолыңды жу деп жата кеп жабысты. Құтыла алмайтынымды біліп, екеуміз буфетке бұрылдық. 100-100 грамм коньяк ішкеніміз сол-ақ екен, бір топ көңілі жақын жігіттер сау етіп кіріп келді. Арғы жағы белгілі ғой, мен сол күні кешке шала мас күйімде Көкшетауға ұшып кеттім. Ұшақтан қалай түскенім, қонақ үйге әрең жетіп, әзер дегенде орналасқаным еміс-еміс есімде. Ертесіне ерте тұрып, жанұшыра қажетті заттарымды іздестіре бастадым. Құдайдың мұнысына да шүкір, дипло матым өзіммен бірге келіпті. Жуынып-қырынып, төменгі қатардағы мейрамханаға түсіп, әмиянымды ашсам, онда бар болғаны әбден тозығы жеткен 500 теңге қалыпты. Маңдайымнан суық тер бұрқ ете қалды, бейтаныс қала, бірінші рет келіп тұрмын, бірге оқыған, бірге жүрген бір танысым болса бұйырмасын. Жалма-жан телестудияның осындағы тілшісіне телефон соғып едім, ол екі-үш күннен соң келеді екен. Енді қайттім? Бас шытынап сынып барады, қарын болса аш, әмиян бос. Үйден қырық қадам шықсаң мүсәпірсің деген осы. Лаж жоқ, таңертеңгі асқа бір кесе қант салмаған қара шай ішуге тура келді. Байыз таппай далаға шықтым. Күн аяз, табаныңның асты қарш-қарш етеді. Жолымды жуа мын деп жүріп қолғабымды да бір жерге ұмытып тастап кетіппін. Қолым үсіп барады. Лезде мұртым ақ мұз болып қатып қалды. Осылайша салым суға кетіп, дал болып тұрғанымда дәл жанымнан мен қатарлы жігіт өте берді де, кілт тоқтап маған қарады. Мен оған қарадым. Бейтаныс жігіт маған қарап тұрып, миығынан күлді. Жылағым келіп тұрса да, мен де еріксіз жымиған болдым. – Атың кім? – деді бейтаныс жігіт түйеден түскендей. – Думан, – дедім тісім-тісіме тимей сақ-сақ етіп. – Менің атым Бекен. Дәу де болсаң Оңтүстіктің жігітісің ғой, ә? – Иә, Алматыданмын. Журналиспін. Оны қайдан білдің?
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Мұртыңнан, киген киіміңнен. Мен де Жетісу лықпын, Шелекте өскенмін. Қазір осы қаладағы бір авто базаның директорымын. Жерлесім екенсің, оның үстіне сенің телехабарыңды жиі көріп тұрамын. Қырықтың бірі қыдыр деген, бүгін ғана соғым сойып едім. Жүр, кеттік біздің үйге, қонақ бол. Тартыншақтап көріп едім, бір көргенде-ақ адамды баурап алатын, аузын ашса көмекейі көрінетін жаңа танысым: – Біз де талай жолсапарда болғанбыз, жағдайың белгілі. Көп сөйлемей үйге жүр, – деп әй-шәйге қарамай, мені дірдектетіп сүйреп ала жөнелді. Бекеннің жұбайы Рыскүл де жайдарлы жан екен, жаны қалмай күтіп жатыр. Қонақ үйге дейін Бекеннің өзі шығарып салды. Кіре берісте: – Думан, сен бірдеңеден қысылып тұрсың, шыныңды айт, ұялма, – деп бетіме тіке қарады. Қысыла-қымтырыла бар жағдайды түгел айтуға тура келді. Бекен рахаттана күліп алып: «Жігіт болған соң ондайондай бола береді. Мә, мына 10 мың теңгені қалтаңа салып қой, кейін бір қайтара жатарсың», – деп бұзыл маған пұлды маған ұсына берді. Бекен екеуміз осылай танысқан едік. Сол таныстық достыққа жалғасып кетті. Әйтеуір не керек, жанымыз да, көңіліміз де жақын, бір-бірімізді іздеп жүреміз. Бекен мені ежелгі әдеті бойынша жарқылдай күліп қарсы алды. –Ой, достым жаңалық көп. Бүгін ғана министрдің қабылдауында болып, облыстық көлік басқармасының дүрдей бастығы болып тағайындалдым. – Құтты болсын, Бекен! Сөзімді Бекен іліп алып, жалғап кетті. –Рахмет, рахмет! Соны жақсылап тұрып жуу керек. Айтпақшы, қыз-қырқынның нағыз ортасында жүр емессің бе, мені қашан бір сұлумен таныстырасың. Қызталақ-ау, біз де пендеміз ғой. Ха-ха...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Кеше ғана уыздай-уыздай екі студент қызбен танысып едім. Ендеше, соларды шақырайық. Меніңше қарсы болмайды, – дедім мен де қарап тұрмай. – Онда неге тұрсың, төменде министрліктің кезек ші «Волгасы» тұр. Мін де шап. Қалай өзі, анау еді, мынау еді деп сызылатын қыздар емес пе? Бүгін тойламағанда қашан тойлаймыз. Шалқиық бір, Думан! Жолым болып қыздар өз бөлмесінде екен. Екеуі де менің ұсынысымды қуана-қуана қарсы алды. Қонақ үй дің бөлмесіне аяқ аттай берген сұңғақ бойлы қыздың түсі бұзылып жүре берді. – Папа! Сен қашан келдің?! – Айман! Сен мұнда қайдан жүрсің?.. Бекеннің дауысы шошына шығып, маған қарады, сонан соң бәрі түсінікті болды дегендей диванға сылқ етіп отыра кетті. Түсі өрт сөндіргендей. Өте суық еді. Мен бөлмеден ытқып шығып, ашық тұрған лифтіге жанұшыра ұмтылдым... Содан кейін Бекенді көрген жоқпын. Көруге, хабарласуға менде бет жоқ еді. Арада бір жыл өткен соң Бекеннің жүрегі ұстап, қайтыс болғанын естідім. Сол оқиғаны есіме алсам бүгінге дейін аласұрып, кірерге тесік таппай қиналамын. Кім біледі, Айманмен кездейсоқ таныспағанымда мұндай болмас па еді. Әлде бұл тағдырдың тәлкегі ме екен. Ал бүгінгі кездейсоқ кез десу сол ескі жараның аузын ашып жібергендей бол ды. Әрине, Айман мені таныған жоқ. Жанында отырған құрбысын алдап-арбап отыр. Орнымнан әрең тұрдым, екі тізем дірілдеп, көздерім қарауытып кетті. Енді бір қарасам, Айман және оның құрбысы екі шетелдік жігітпен сөйлесіп, әмпей-жәмпей болып тұр екен...
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ЖАҢБЫРЛЫ КҮН К үздің бір жылауық жаңбырлы күні еді. Жұмыстан шыққан соң өзім қызмет атқара тын мекеменің дәл жанында созылып жатқан көк базарға соққанмын. Біраз көкөніс алып, ет сататын бөлімге кіргенімде бір таныс бейне жарқ ете қалды. Сиыр етін сатып тұрған әйелді бірден таныдым. Гүлзәкира да «Сен қайдан жүрсің?» дегендей таңдана қарап қалыпты. – Әпке, сәлеметсіз бе? – дедім келіншектің жанына жақындай түсіп. – Амансың ба, айналайын. Екі арада қаншама жыл дар өтсе де ол айтарлықтай өзгере қоймапты. Сәл ғана толысқаны болмаса баяғы әдемі қалпы. Екі көзі боталап, сұлу жүзі ажарлана түскендей. Гүлзәкира сатып тұрған етін жанында тұрған егделеу әйелге тастап, екеуміз халық құжынаған базардың бір бұрышына оңашалау барып тұрдық. – Содан бері тоғыз жыл өте шығыпты. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» деген осы. Есейіп, үлкен жігіт болыпсың, – дейді Гүлзәкира маған сүйсіне қарап. Өткен-кеткенді айтып, екеуміз біраз тұрып қалдық. – Ел жаққа бармағаныма біраз жылдың жүзі болып қалды. Қазір өзің көріп тұрғандай ет сатып жатқан жайым бар, әйтеуір бір тіршілік жасамаса болмайды екен, – деді ол біртүрлі мұңая сөйлеп. Әпкемнің жаңа ғана жадырап тұрған жүзі көз алдымда жүдеу тартып, сөзден тосылып қалды. – Дәркеш, айыпқа бұйырмасаң, сенен бір жайды сұрасам деп едім, – деді Гүлзәкира үзілген сөзін жалғап. – Сұраңыз, сұраңыз. – Сол жазда сен де тауда болдың емес пе? Осы күнге дейін Құрманғалидың өлімі есімнен кетпейді. Оның не себептен болғаны анықталды ма? Гүлзәкира екі көзі жәудіреп маған қарап қалыпты.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Менің жүрегім шым ете түсті. «Ойпырым-ай, Құрман ғалиды осы күнге дейін ұмыта алмай жүр екен-ау», – дедім іштей таң қалып. Шынымды айтсам, менен жауап күтіп тұрған келіншекке не деп жауап берерімді, оның құлазып, жетімсіреп тұрған жанын қалай жұбатарымды білмей біртүрлі хал кештім. – Ескі жараның аузын ашқандай болдық-ау, әпке. Құрманғалидың өлімі сол жұмбақ күйінде қалды ғой... – Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас деген осы. Ой, өтіп бара жатқан жалған-ай... Гүлзәкира ауыр күрсінді... *** ...Оныншы класқа өтіп, жазғы каникул басталып та кетті. Бекташ көкем айтқандай ауылда ит қуып босқа сандалып жүре берер ме едім, бір күні кішкентайдан бірге өскен досым Жайсан: –Дәркеш, давай, бостан-бос сандалғанша шөпші лер бригадасына барып, біраз қолқабыс жасайық, – деп керемет идея айтты. Мен ойланып қалдым. Жайсан мен қайда барсаң да қор болмайсың. Жанында жүр сең ішің пыспайды. Оқымайтын кітабы, газет-жур налы жоқ шығар оның. Бәрін ұмытпайды, жатқа соғады, білмейтіні жоқ. – Бұл сөзіңнің жөні бар екен, шөпшілерге барсақ барайық, – дедім мен келісімімді беріп. Екеуміздің пішеншілер бригадасына баруымызға бригадир Жарқынбек көкем де қарсы бола қойған жоқ. Сол күні-ақ ауылдан жиырма шақырымдай қашықтық тағы тау етегіне орналасқан шөпшілерге аттанып кеттік. Біз дәл кешкі астың үстінен түстік. Бригада сарқырап ағып жатқан тау өзенінің дәл жағасына орналасыпты. Дала қосында үш-төрт вагон түр. Жүздерін күн мен жел қақтаған механизаторлардың бәрін жақсы танимыз. Көбісі әскер қатарынан оралған жас жігіттер. Бригадир
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Жарқынбек көкемнің де қартайып тұрғаны шамалы, үш-төрт баланың әкесі болса да, жасы әлі отызға да жете қоймаған. Шөпшілер бригадасында осы топқа мүл дем ұқсамайтын екі адам барын бірден аңғардым. Оның бірі – жасы қырықтардан асқан, сақалды, түсі суық жігіт ағасы, ал, екіншісі – жасы жиырма бір-жиырма екілердегі қыз еді. Өзі қараторының әдемісі-ақ. Қос жанары боталап, талдырмаш бойы талшыбықтай болып бұралып тұр. Байқаймын, көп жігіттің көзі тамақта емес, әлгі аспазшы қызда... Жататын жерімізге орналасқан соң Жайсан екеу міз тастан-тасқа секіріп, ақ көбік болып ағып жатқан тау өзеніне бет алдық. – Жайсан, – деймін мен суға ұсақ тас лақтырып, – жаңа ғана көрген қыз бен егде кісі біздің ауылдың адамдары емес сияқты. Сен оларды танымайсың ба? – Қыз дегенің қыз емес – келіншек. Колхозға жаңадан келген бас бухгалтердің қарындасы. Өзін осыдан үш ай бұрын бір жігіт зорлап алып қашып кетіпті. Ол әлгі күйеуін сүймей, екі айдан соң кетіп қалса керек. Ұмыт пасам аты Гүлзәкира ғой деймін. Жасы үлкен демесең мынауский, ә? – дейді досым бас бармағын көрсетіп. – Иә, ничего, жігіт біткеннің бәрі шетінен ауыз дарының суы құрып, өліп-өшіп отыр ғой, әйтеуір. Ал, анау шалың кім? – Сақалы мен мұрты бар демесең, ол алып бара жатқан шал емес. Жасы қырықтан енді асқан жігіт ағасы, – деді Жайсан да қолындағы жалпақ тасты суға құла шын сермей лақтырып, – Құрманғали ағаның тарихы қызық кісі. Сен білесің бе, ол 12 жыл түрмеге отырып келген адам. – Солай де, – дедім мен – үндемегеннен үйдей бәле шығады деген осы. Сонда қалай, үлкен қылмыс жасаған ба ол? – Өткен жылы әкемнің айтып отырғанын еміс-еміс естіп қалғанмын. Құрманғали бұрын көрші ауылда тұр
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ған құсайды, өзі бізге алыс жамағайын болып келеді екен. Қызға онша икемі жоқ біреу болса керек, жасы отыз дан асқанда үйленіпті. Бір жаманы – үйленгеннің ер тесіне келіншегі өліп қалған. Сол өлімге бұл кінәлі болып саналып, он екі жыл түрмеде отырған. – Ойпырым-ай, – дедім мен кәдімгідей шошып – туған әйелін өлтіруге қалай ғана дәті барды екен оңбағанның? – Құрманғали өлтірейін деп ойламаған құсайды, – деді Жайсан, – бірақ солай болған. Әкесі қызының жүрек талмасымен ауыратынын біле тұра бар бәлені күйеу баласына үйіп-төгіпті. Іздейтін ешкімі жоқ жетім жігіт сотталып кете ба рыпты. – Е... Енді түсіндім. Біз қызықтың көкесін сол түнде-ақ көрдік. Мандолин нің шіңкілдеген дауысы Жайсан екеумізді де оятып жіберді. «Белорусь» тракторын айдайтын Ербол мен Еркін аспаз келіншек ұйықтайтын кішкентай вагонды төңіректеп жүр екен. – Гүлзәкира деймін, саған айтатын бір ауыз сөзім бар еді, – дейді қортық Ербол жалынып, – шығып кетші, нең кетеді, ә! Есікті ішінен іліп алған келіншек оның сөзін құлағына да қыстырмаса керек, есік ашылған жоқ. Енді ұзын тұра Еркін сөйлей бастады. – Гүлзәкира! Бұл менмін – Еркінмін. Саған бірдеңе айтайын деп едім. Ашшы есігіңді, бір мөнетке шығып кетші! Еркін қанша жалынса да Гүлзәкира есігін ашпай жа тып алды. Бала кезінен қызба, ұрыншақ Еркін вагонның есігін ашуланып бір тепті. – Әй, аспазшы, сен бүйтіп мұрыныңды аспанға шүйіре берме! Байдан шығып келгеніңді білмейді дейсің бе, жұрттың бәрі біледі сенің қыз емес қатын екеніңді! Айтпады деме – менің басқан ізіме әлі зар боласың. Анау түрмеден келген өзің сияқты кірме біреумен ауыз
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ жаласып қалыпсың, жүдә. Ол шалдан өлсем өлімтігім артық менің. Айқай-шудан Жарқынбай көкем де оянып кетті. – Әй, қос жүгермек! Менен бірдеңе көргілерің кел месе табандарыңды жалтыратыңдар! Осы айқайдан соң түнгі тау бөктері құлақ ұрғандай тым-тырыс бола қалды. Таңертеңгі аста Еркін Гүлзә кираға тағы да килікті. – Сұлу келіншек, ұзынды қалайсың ба, жоқ қысқаны қалайсың ба? Сен көнсең Ербол екеуміз өзара келісе жатамыз. Ха... Ха... Ағаштан жасалған үлкен столдың бір шетінде отырған Құрманғали ұшып тұрып, Еркінді отырған орнынан жұлып алды. – Бұдан былай Гүлзәкираға орынсыз килігетін бол саң – аямаймын! Азар болса қалған өмірім түрмеде өтер. Түсіндің бе? – деді сақалды суық жүзі түтігіп. Құрманғалидың қарулы қолы батып кетсе керек, Еркін кәдімгідей қиралаңдап қалды. – Қатар болған соң қалжыңдасуға да болмай ма екен? – деді бір қызарып, бір бозарып. – Әзіл ойынның басы-соңы осы болсын. Айтпады деме, аямаймын! Осы оқиғадан соң сырттай қоқиланғаны болмаса, Еркін мен Ербол жым болды. Арада бірнеше күн өте шық ты. Таңертеңнен кешке дейін шөп шауып, жинаймыз. Дала қосында күндіз көбінесе Құрманғали мен Гүлзәкира қалады. Екеуінің де жұмыстары бір бастарынан жетіп артылады. Бір үйір жанға үш мезгіл тамақ дайындау оңай емес, аспаз келіншек таңертеңнен кешке дейін соны мен әуре. Ал, Құрманғали болса шөп оратын косилка біт кеннің пышақтарын қайрайды, техниканың сынық тетік терін жөндейді. Көп сөйлей бермейтін біртоға жанның қолы бір босамайды, ісі де тындырымды. Тамыз айының бір күні колхоз орталығына Алматы дан әртістер келгені туралы хабар жетіп, бәріміз улапшулап, ауылға жинала бастадық. Құрманғали концерт ке бармайтындығын бірден кесіп айтты. Елден бұрын
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК жинала бастаған Гүлзәкира дәл жүрердің алдында айнып, ауылға бармайтын болып қалды. Шынын айтсақ, бұл шешімге бәріміз таңқалдық. Әсіресе, Еркін өзінше күйіп-пісіп жүр. – Құдай бар, менің ішім сезеді. Бұлардың екеуденекеу болып оңаша қалулары тегін емес, – дейді қайтақайта безілдеп. Бір қырдан аса бере Жарқынбек көкем машинаны кілт тоқтатты. – Еркіннің осыншама безілдеуі бекер емес. Шы нында да, Құрманғали мен Гүлзәкира неге оңаша қалды? Дәркеш, Жайсан екеуің осыны бір бақылап көріңдерші, – деп біздің қарсы болғанымызға қарамастан машинадан түсіріп кетті. Ұрлық жасағандай аяғымызды аңдып басып, дала қосына жақындай түстік. Гүлзәкира кешкі ас қамдап жүр екен. Құрманғали күндегі әдеті бойынша қарап отырмай ет кесетін үлкен пышақты қайрап отыр. Олар бізді аңғара қойған жоқ. Шеткі вагонға кіріп, үлкен тесіктен екеуін бақылай бастадық. Көбінесе сөйлеп жүрген Гүлзәкира. Құрманғали анда-санда қысқа-қысқа жауап қайтарып, келіншекті құптап қояды. – Құрманғали аға, үстіңіздегі жейдеңіз кірлеп кетіпті, шешіңіз жуып берейін, – деп Гүлзәкира шылаушын ға буы бұрқыраған ыстық су құя бастады. Құрманғали қарсы келместен жейдесін шеше бастады, төртбақ кел ген денесі шымыр екен, бұлшық еттері ойнақтап тұр. Гүлзәкира ширақ қимылдап, көйлекті тез жуып тастап, іліп қойды. Сонан соң дастарқан жайып, тамақ дайын дауға кірісті. Құрманғали өзі жататын вагонға кіріп, тез шықты. Қолында бір шыны коньяк. Қырлы екі стаканға ішімдікті жартылай құйып, біреуін Гүлзәкираға ұсынды. Өзі коньякті бірден тартып жіберіп, алдында тұрған еттен асап-асап жіберді. Келіншек те ішімдікті орта тұсына дейін алып қойды. Бірте-бірте тау түні қоюланып келеді. Құрманғали мен Гүлзәкира ұзақ шүйіркелесіп әңгімелесті, екеуінің сөзі бірде естіледі, бірде естілмейді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Құрманғали аға, кеш болып қалды, мен төсек салайын, – деп Гүлзәкира вагон ішіне кіріп кетті. Жайсан екеуміз отырған орнымызда қаққан қазық тай қалшидық та қалдық. Екеуміздің жүрегіміз тайша тулайды. Келіншек үлкен жалпақ матрасты құшақтап шығып, өзі жататын вагонның жанындағы ағаш сәкіге жая бастады. Оның үстіне аппақ ақ жайылғы төсеп, өзі шешіне бастады. Түп-түзу ақ балтырлары жұп-жұмыр екен. Іш көйлекпен тұрса да қос анары дір-дір етеді. Құр манғали орнынан асықпай тұрып, движокті өшірді. Сонан соң Гүлзәкираға бет алды... Көп ұзамай жас келіншектің «Аға, аға» деп құлындаған дауысы шықты. – Жаным, жаным! –Құрманғалидың пышылдаған үні еміс-еміс естіледі... Одан әрі қарауға Жайсан екеу міздің дәтіміз шыдамады, тұра кеп қаштық. Ертесіне Жарқынбек пен Еркін бізді жау қуып келе жатқандай жұлқылап оятты. – Не болды, тез айтыңдар? – деді Еркін темекісін қайта-қайта сорғыштап. Біз болған жайды қысыла-қымтырыла айтып бердік. – Ә, бәсе, айттым емес пе, бұл тегін емес деп, өлті рейін екеуін де. Еркін тісін қышырлатып, вагонның қабырғасында ілініп тұрған шөп оратын өткір орақты жұлып алып, бірдеңені шұқылап отырған Құрманғалиға тап берді. Осыны алдын-ала сезгендей ол онша сасқалақтай қой ған жоқ. Өзіне төніп, тамағын осып жіберуге дайын тұр ған долы жігіттің қолындағы орақты жұлып алып, өзін анандай жерге лақтырып жіберді. Орнынан әрең тұрған Еркін сайға қарай ызаланып жүгіре жөнелді. Ол кеш ке дейін зым-зия жоқ болып кетіп, кешке таман өлерше мас болып келіп, біресе күлді, біресе жылады, сонан соң ұйықтап қалды... Ертесіне бәріміз түк болмағандаый шөп шабуға шық тық... Кешке таман Құрманғали мен Гүлзәкира тау қойнауына сүңгіп, түн ортасында бір-ақ оралды. Арада тағы бір апта өтті. Екеуі күндегі әдеті бойынша тау жаққа кетеді. Кейде таң ата бір-ақ оралып жүрді...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Сегізінші күн дегенде колхоз бастығының жүрдек «Уазигін» мінген бас бухгалтер түскі ас кезінде біреу қуғандай жетіп келіп, машинадан асығыс түсті. Оның жүзі өрт сөндіргендей болып қарауытып кеткен. Ешкімге амандаспастан бірден Гүлзәкираға бет алды. – Тез жинал, ауылға алып кетемін! – деді ол тістене сөйлеп. – Көке! Мен ешқайда бармаймын, осында қаламын, – деді Гүлзәкира ағасына үрке қарап. – Құрманғали жақсы адам, мен оған күйеуге шығамын. – Бірдеңе көргің келмесе тез жинал деймін саған! Енді саған жетпегені зек еді! Қоянның көжегіндей қор қып кеткен жас келіншек құйып тұрған тамағын тастай беріп, вагонға бет алды. Керекті заттарын алған Гүл зәкира «Уазикке» қинала әрең отырды. Төрт дөңгелекті көлік қалай асығыс келсе, солай асығыс кетіп, ауыл жақ қа бет алды. Бір орнында қалшиып қалған Құрманғали жеңіл машина қыр асып, көзден ғайып болғанша кірпік қақпастан қарап тұрды... ...Ертесіне Құрманғали ұшты-күйлі жоқ болып кет ті. Іздемеген жеріміз жоқ. Төртінші күн дегенде оның мылжа-мылжасы шыққан өлі денесін теміржолдың шетінен тауып алдық. Дала қосы мен теміржолдың арасы небәрі бес-ақ шақырым еді... Құрманғалидың өлімін жұрт сан-саққа жүгіртті. Біреулер Еркін мен бас бухгалтерді кінәлады. Енді біреу лер пойыздың астына өзі түсіп өліпті деп гулесті. Бірақ, оған еш нақты дәлел табылмай, бұл өлім жұмбақ күйінде қала берді... ...Бірте-бірте алыстап, ескі киноның пленкасындай өшіп бара жатқан сол оқиға көз алдымнан лезде елес теп өте шықты. Жанымда тұрған Гүлзәкира да үнсіз қал ған. Оның бота көздерінен қос моншақ домалап-домалап түсті. Соны көргенімде жүрегіме біреу біз сұғып алғандай шым ете қалды. Сол кезде баламыз ғой, бұл оқиғаға онша мән бермеген екенмін.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Қуанышынан гөрі қасіреті көп, ғұмыры қысқа махаб бат екен ғой бұл. Естен кетпес жеті күн мен жеті түн... Толық шертілмеген әсем күй... Асқақтай барып, күрт үзілген сұлу ән. Қандай өкінішті еді... Жалған намыс-ай, Құрманғали мен Гүлзәкираны құрбандыққа шалған! – Шаңқай түсте жап-жас жігітпен ауыз жаласып, жараса қалыпсың ғой сен қаншық! Ет біткеннің сасып жатысы анау, сенің көлденең атты біреумен сүйкелесіп тұрысың мынау! Оңбаған-ау, кешке дейін шыдамайсың ба, өліп бара жатырсың ба? Аузына ақ ит кіріп, қара ит шыққан алтылық қартаның валетіндей едірейген біреу Гүлзәкираға айқай салды. Онсыз да жаны жаралы болып тұрған әйелді жазық сыздан-жазықсыз тілдегені жаныма қатты батып кетті. – Әй, қарғаның валеті! Аузыңа қарап сөйле! Көр генсіз-ау, біле білсең Гүлзәкира менің жақын әпкем болып келеді. Жыландай сумаң-сумаң еткен тіліңді жұлып алайын ба, оңбаған! Ашуымның келгені соншама әлгі сұмырайдың жаға сына жармаса кеткенімді аңғармай қалдым. Төбет иттей арсылдағаны болмаса әлгі батыр қояннан да қорқақ біреу болып шықты. – Ой, мынау қайтеді-ей! Жынданып кеткеннен сау ма өзі? – деп құйрығын бұтына қысқан күшіктей тұра кеп қашты. – Әпке, тырнағыңа тұрмайтын мына біреу кім өзі? – дедім ызаланып. – Дәркеш, жесір қатынды кім басынбайды. Сыртым нан өзінше ие болып жүрген күйеусымақтың біреуі ғой, – деді мұңайып. – Мені түсінгеніңе, мені қорғай білге ніңе рахмет! Құдай алдыңнан жарылқасын, айналайын! Мен Гүлзәкирамен қоштасып, тысқа шықтым. Далада күздің жаңбыры жылап жауып тұр екен...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ӘДЕМІ КЕЛІНШЕК С ол көркем келіншекпен он бес жылдан соң кездейсоқ кездесіп қалдым. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді» демекші, біраз уақыт өтсе де соншалықты өзгере қой мапты. Тұнжыраған қара көздерінде сәл байсалды лықтың белгісі бар, құлыншақтай әдемі денесі әлі де мен мұндалап тұр. Ол мені таныған жоқ, енді ғана тіл қатпақ болып ұмтыла беріп едім, дәл жанымызға кеп тоқтай берген троллейбусқа мініп кете барды. Жылдар бойы жүрек тің түкпірінде келе жатқан сұлу бейне жарқ етіп, қайта дан жоқ болды. Әдемі түсім үзіліп кеткендей болып, мен аялдамада мең-зең күйі қала бердім. ...Кездейсоқтық па, жоқ әлде ұқсастық па, мен Алма мен автобус аялдамасында танысқан едім. Қызмет атқа рып жүрген ғылыми-өндірістік бірлестіктің бөлімшесі ашылып, оңтүстіктегі қалаға қоныс аударуға тура кел ді. Күздің жаңбырлы жылауық күндерінің бірі болатын. Жұмыстан шығып автобус аялдамасына бет алдым. Көлік күтіп тұрған адамдар онша көп емес екен. Қолында үл кен сөмкесі бар әдемі келіншекке көзім еріксіз түсті. Көп ұзамай-ақ біз күткен көлік келе қалды, автобустың ішінде ине шаншыр орын жоқ. – Ғафу етіңіз, – дедім бейтаныс келіншекке, – сізге көмектесіп жіберейін, жүгіңіз ауыр екен. Келіншек жылыұшырай қолындағы затын ұсына бер ді. Екеуміз қысыла-қымтырыла көлікке мінгенде, үлкен сары автобус орнынан әрең қозғалды. Бейтаныс келін шек екеуміздің түсетін аялдамамыз бір болып шықты. – Қай үйде тұрасыз, жүгіңізді жеткізіп тастайын, – дедім автобустан түсе бере. – Жоқ, жоқ, рахмет сізге, өзім бірдеңе ғып жетермін. 21-ші үйде тұрамын, алыс емес, – деді әдемі келіншек қарсыласып.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Сіз 21-ші үйде тұрсаңыз, мен 19-шы үйдің тұр ғынымын, көршілік парызымды аяғына дейін атқарайын, – дедім күле сөйлеп. Шынында да аялдама мен сұрғылт бетонды бес қабат ты үйдің арасы онша қашық емес еді, бейтаныс келін шекті жеткізіп тастап, асығыс қоштастым. – Рахмет, сізге! Өзіңіз бір қайырымды жан екенсіз, – деп ол әнтек жымиды. Күлгенде екі бетінің ұшына шұңқыр пайда болып, тіпті әдемі болып кетеді екен. Сол жаңбырлы күннен кейін де әдемі келіншекті бірнеше рет көрдім. Көбінесе автобус аялдамасында асығыс кездесіп, бас изесіп амандасамыз. Ол алғашқы кездескендегідей әнтек жымияды, бір көргенде-ақ жіп пен байлап-матап сиқырлап алатын әдемі күлкі. Әлі есімде, қаңтар айының алғашқы күндері еді. Сол күні қолым бос болатын, ұсақ-түйек заттар алмақ болып, қалалық сауда орталығына бара қалдым. Кіре берісте баяғы әдемі келіншек қарсы ұшыраса кетті. Қасы-көзі қиылып, ақ маңдайы жарқырап, бүгін тіпті көрікті болып кетіпті. Ол бота көздерінен нұр шашып, менімен жылыұшы рай амандасты. Тұңғыш рет ескі таныстардай шүйір келесе сөйлесіп, хал-жағдайымызды сұрастырып жа- тырмыз. – Онсыз да көрікті келіншексіз, бүгін тіпті әдемі бо лып кетіпсіз, – дедім мен шын көңілмен сүйсініп. – Қазақ қыздарының бәрі сіздей-ақ болсын! – Түу, көңілімді біраз көтеріп тастадыңыз ғой, – деді әдемі келіншек сәл күлімсіреген қалпы. – Көңіліңізге рахмет! Айтпақшы, бүгін менің туған күнім. – Туған күніңіз құтты болсын! – дедім жалма-жан әдемі келіншектің қолын алып. – Егер қарсы болмасаңыз, сіздің туған күніңізді өзімізше атап өтейік, – дедім мен батылданып. – Қарсы емеспін, – деді әдемі келіншек. Мен учаскелік дәрігер боп қызмет атқарамын, осы маңдағы
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК бір науқасты қарап шығайын, сонан соң бір жерге барып отыруға болады. – Олай болса келістік, – дедім. – Мен сізді күтемін. Ол көп бөгелген жоқ. Үш тал раушан гүлін ұсынға нымда әдемі келіншек жас балаша қуанып кетті. – Түу, қандай әдемі гүлдер! Раушан гүлі – менің сүйікті гүлім. Рахмет, сізге! Екеуміз жақын маңайдағы «Қаратау» мейрамханасына бет алдық. – Айтпақшы, осы күнге дейін бір-бірімізді танымай ды екенбіз. Атыңыз кім? – дедім мен сәл орнай қалған үнсіздікті бұзып. – Менің атым – Алма. – Ал, мен – Дарханмын. Көп ұзамай екеуміз мейрамхананың оңашалау бір бұрышында түстеніп отырдық. Тамақтанып, ептеп коньяк ішкен соң бойымыз жеңілденіп, әңгімеміз жа раса түскендей болды. Күйеуі, баласы бар екен, Алматы дағы дәрігерлер даярлайтын институтты осыдан төрт жыл бұрын бітіріпті. Тағы да елу грамм коньяк іштік. Бойыма керемет бір батылдық кіріп, Алманың қолынан ұстадым. – Алма, саусақтарың қандай нәзік еді, – дедім сізден сенге көшіп. Ол қолын тартып қалған жоқ, жанарынан от шашып, маған еркелей қарағандай болды. Мейрамхананың екінші қабатынан түсе бере Алманы құшақтап еріндерінен батылсыздау сүйдім, әдемі келіншек қарсыласпады... Екеуміз такси ұстап, үйге қарай тарттық. Әдемі келін шектің үйінің жанына келгенімізде сағаттың тілі күндізгі төртті көрсетті. – Дархан, жүр біздің үйге кіріп, шай ішіп кет, – деді Алма таксидан түсіп жатып. – Күйеуің келіп қалып, ұят болып жүрмесін, – дедім ыңғайсызданып. – Қорықпа, – деді ол. – Күйеуім жолсапарға кеткен, келгеннің өзінде өте кеш оралады. Алманың төртінші қабаттағы үш бөлмелі пәтері құстың ұясындай жайлы, жылы екен. Мен төргі бөлмеде
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ қалып, ол жатын бөлмеге еніп кетті. Әдемі келіншек көп бөгелмей үстіне жеңіл жібек халат киіп шықты. Қара мақ пал шашы иығына төгіліп, аққұба өңін ашып жіберген дей, қос анары жібек халатты тепкілеп, қарамасыңа қой майды, жеңіл киімінің төменгі түймесін салып үлгермесе керек, жұмыр келген ақ балтырлары жарқ етті. Екеуміз дастарқан басына жайғасып, шай іштік. Алма жүрек шымырлатар музыка қойды, екеуміз билеп жүрміз, ауық-ауық сүйісеміз, әңгімеміз де ғашық тардың таусылмас жырына айналып кеткендей. Осылайша екі сағат зу етіп өте шығыпты. Жұбайым жұмыста, кішкентай ұлымды балалар бақшасынан мен алуым керек еді, ықылассыз жинала бастадым. Шығар есіктің жанына келгенімде Алма дәл қарсы алдыма тұрып алды. – Дархан, кетпеші! – деді ол менің мойнымнан құшақ тап, – кетпеші өтінемін! Алма мені ұзақ құшырлана сүйді. – Әйелім жұмыста еді, кішкентай баламды балалар бақшасынан алатын ешкім жоқ. Онсыз да кешіктім, тәрб иеші қыз ұрсып жатқан болар. – Дархан, кетпеші! – Алма, әлі де жолығамыз ғой, – деп құшағыма құлап тұрған әдемі келіншекпен қоштасып, бетінен сүйдім де шығып кеттім. Ертеңіне Алма автобус аялдамасында кездесіп қалып, менімен селқос амандасты. Екі-үш күннен соң теле фон соғып, кездесейік деп едім, уақытының жоқтығын айтты. Бұдан кейін де оны бірнеше рет көрдім, таны майтын адамша жанымнан өте береді. Жарты жылдан соң олардың басқа қалаға көшіп кеткендігін естідім. Міне, содан бері, арада он бес жыл өте шығыпты. Бүгін Алмамен тағы да ойламаған жерде кездестім. Ескі жараның аузы ашылып кеткендей, кешке қарай ыстығым көтеріліп, ауырып қалдым. Түсімде Алманы көрдім. Екеуміз көктемгі далада гүл теріп жүр екенбіз...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ЖЫЛПОС Қ ырсық қырық ағайынды» деген рас екен. Дәркешті соңғы кездері сәтсіздік атаулы шыр көбелек айналдырып алды. Ойлама ған жерден өзі табандай жиырма жыл басқарған кәсіп орын банкротқа ұшырап, жабылып қалды. Арада жарты жыл өтпей жатып-ақ шаңырақ қорының қоржыны жұқарып түбі көріне бастаған болатын. Әкелерінің арқа сында еркін өсіп, жоқшылық-жетіспеушілікті мүлдем білмей өскен ересек ұл мен қыз анау жоқ, мынау жоқ деп қыңқылдайтынды шығарды. «Күлшелі бала сүймекке жақсы» демекші, соңғы кездері бүлдіршіндей кезінен қосылған жары Рыскүл де ала көзбен қарап жүр. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп, адал еңбегімен есейген Дәркеш өз өмірінде адам баласын ренжітіп көрмепті, қолынан келсе жақсылық жасады, ешқашанда онысын міндетсінген жоқ. Мына жалған өмірден ерте озған марқұм әкесі: «Шырағым, жасаған жақсылығыңды сатпа, құдайдан қайтады» деп отырушы еді. Әкенің аузынан айтылған сол нақыл сөз сонау бала кезден бастап, жүрегінде де, миында да мықтап сақталып қалыпты. Ес жиып, ат жалын тартып мініп, азамат болғалы бері айналасындағы адамдардың бәрін өзіндей көріп, іш тартушы еді. Сөйтсе ол бекер екен. Бұл шындықты Дәр кеш соңғы кезде анық байқап жүр. Осыдан үш жыл бұрын бұл фәниден озған досы Мұсабек: «Әй, Дәркеш-ай! Се нің түбіңе ақжүректік жетеді. Кімнің-кім екенін білмей, босқа далақтай бересің. Саған салса бәрі дос, бәрі жолдас. Сол жан дос дегендердің кейбіреулері басыңа күн туса – тым-тырақай жан-жаққа қашып кетеді. Адамның аласы ішінде, малдың аласы сыртында», деп шырылдаушы еді. Осыдан екі-үш күн бұрын жас кезінен туған інісін дей жақсы көріп, тәрбиелеген, өзінің бұрынғы орынба
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ сары Нұрғалиды кездейсоқ ұшырастырып қалды. Бұрын жаны қалмай, қалбалақтап «Дәке! Дәке!» деп тұратын қызметтесі ыңыранып, өзінше шіреніп, әрең амандасты. Өмірден бар білгені мен түйгені осы болса, оған не дей сің. Дәркеш көңіліне алса да назар аудармаған болды. Нұрғали жаман-ақ жігіт болсын, құрдасы Бөденді құдай ұрып, қара басқаны ма? Жағдайың қалай деуге жарамады ғой жаман неме. Бұрынғы бас директор олармен асығыс қоштасып, мәшинесіне бет алды, іші астан-кестен, көңілі құлазып жүре берді. – Ойпырым-ай, мыналарға не болған? – дейді іштен налып, жақсылы-жаманды жиырма жылдай бірге қызметтес болдық емес пе? Дәрежем үлкен екен деп өмірімде ешкімге тізе батырмақ түгілі саусақпен нұ қыған кезім болған емес. Не жазып қалдым бұларға? Өлі арыстанның құлағында тышқан ойнайды деген осы екенау! Ауыр қорғасындай ой жегідей жеп, Дәркеш қаланың шетіндегі үйіне көңілсіз оралды. Астындағы көлігін таныс жөндеушіге қаратып алайын деп, бүгін үйден ерте шығып кеткен болатын. Сол кет кеннен түске жақын бір-ақ оралды. Үйге кіре берісте бір жамандықты сезгендей жүрегі өзінен-өзі қобалжи берді. Есікті ашқанда жұбайы ботадай боздап қарсы алды. – Дәркеш, Бекташ ағадан айырылып қалдық! – Рыскүл, не деп тұрсың өзің, қашан... – Ағаңның жүрегі ауырып, кеше кешкісін аурухана ға түсіпті, – деді әйелі көзінің жасын сүртіп. – Таңер тең қайтыс болыпты, кіші қызы телефон соқты, сені ізде меген жеріміз жоқ... Дәркештің жүрегін біреу алмас қанжармен осыпосып жібергендей ауырып, көзінің алды қарауытып жүре берді. Иегі кемсеңдеп, жанарына жас келді. Жар дегенде жалғыз бауыры еді, құдай соның өзін артық көріпті. Өмірінде бірінші рет өзін тұл жетім сезініп ауыр күрсінді. Дәркеш босап кеткен көңілін тез жиып, бауырын соңғы сапарға аттандыруға кірісіп кетті. ...Ол жүрегі жылап тұрып, туған ағасының жас қа біріне бір уыс топырақ салды. Ақ сәлделі қарт молда
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК күңіреніп, ұзақ құран оқыды. Дәркеш қабір басына жиналған көп адамдардың арасынан досы Найзабекті іздеді, бірақ, ол көзге шалынбады. Ел жақтан келген туған-туысқандары, көрші-таныстар түгел тарап, үй иесі тұман ойға қамалып, көңілсіз отырған болатын. Біраздан бері үнсіз тұрған телефон безектеп, тұтқаны үлкен ұлы көтеріп, әкесіне ұсына берді. Қоңыраулатып тұрған досы Найзабек екен. – Найзабек, сен қайда жүрсің, қаладасың ба? – деді Дәркештің дауысы қарлығып шығып. – Ия, қаладамын, – деді Найзабек тақ-тақ етіп. Ағаңның арты қайырлы болсын. Өзі өте беделді, мықты азамат екен ғой. Бүгін газетке шыққан көңіл айтудан оқыдым. Небір мықтылар қол қойыпты. Дәркеш сенер-сенбесін білмеді, байқайды досының сөзі көңіл айтуға ұқсамайды, біреуді мақтап, тойда көсіл тіп тұрып тост айтып тұрғандай. Найзабектің мына түй сіздіктігіне налып, қайран қалды. – Найзабек, не деп сандалып тұрсың? Көңіл айтуға аяғың жетпей қалды ма? Әлде біздің үйдің қайда екенін ұмытып қалдың ба? Найзабек міңгірлеп, өзінше ақталған болды. Ызаға булығып, тұла бойы қалшылдап кеткен Дәркеш теле фонды тастай салды. Күздің салқын түні орта тұстан ауғаны қашан. Бірақ, жігіт ағасы көпке дейін дөңбекшіп көз іле алмады. Қан ша ұмытайын десе де Найзабектің аярлыққа толы дауысы құлағынан кетпей-ақ қойды. «Ойпырым-ай! Мына дүние не болып барады өзі! Қайда барсаң да жылпостық пен екіжүзділік сайқалданып алдыңнан шыға келеді. Өтірік күліп тұрып, қатыгездік пен мейірімсіздіктің қанжарын қайрап тұрады. Адал дық, адамгершілік деген асыл қасиеттер бүгінде бес тиын құрлы болмай, аяқ астында тапталып жатыр. Қайда барсаң да арам пиғылды есеп... Адамдар енді өлімге де есеппен келетін болғаны ма?..» Дәркеш өз ойынан өзі шошып кетті. Көз алдына сөзі көлгірсіген, бүйрек беті
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ жылтыраған Найзабектің сүйкімсіз бейнесі елестей берді. Есіне ескі кинолента сияқты өше бастаған студент тік шақтағы бір оқиға түсті... Университетке жаңадан түскен ауылдың аңқау баласына орта бойлы, сөзі де, ісі де пысық курстасы өзгелерден ерекше көрінді. Мінезі де жайдары, бауыр мал, іші-бауырыңа кіріп тұрады, өзі көпшіл-ақ. Найзабек тің ауылы Алматыдан онша қашық та емес, әрі кетсе бір-ақ сағаттық жол. Бір жексенбі күні досы Дәркешті үйіне қонаққа шақырды. Ауылдың шетіндегі шолақ көшедегі көзге қораштау көрінетін шағын үйдің алдын да Найзабектің әкесі қарсы алып, жылы амандасты. Оң қолы қолтығына дейін кесілген бұрынғы майдангердің үлкен қой көздерінде тұнып тұрған мұңмен қатар ерекше бір мейірімділіктің белгісі сезіледі. Найзабек тің анасы осыдан біраз жыл бұрын қайтыс болып, үш кішкентай қыздың шешесіз қалып, бар ауыртпалықтың әкесіне түсіп жүргенін Дәркеш сырттай жақсы білетін. Қонақ студенттің бір аңғарғаны: үйдің сырты қораш тау көрінгенімен, іші жинақы, тап-таза, ең үлкені он екі жасқа енді іліккен бүлдіршін қыздардың да үсті-бас тары мұнтаздай. Мырзағұл аға лезде-ақ шай дайындап, дастарқан үстін жайнатып жіберді. Үлкен қызының көмектескен деген аты болмаса, барлық істі жалғыз өзі бір қолымен-ақ тыңдырып жүр. Найзабек болса отырған орнынан қозғалар емес, қонақ болып келген Дәркешпен бірге қатарласа сызылып, өзінше мейман бола қалып ты. Жасы алпысты алқымдап қалса да бір үйдің барлық шаруасын өзі көтеріп, жас балаша жүгіріп жүрген досының әкесін Дәркеш іштей аяп, төрде шәниіп отырған Найзабекке жақтырмай қарады. Сол күні көрші үйдің баласы үйленіп, той болып жатыр екен. Дәркеш онша ықыласы болмаса да, Мырзағұл мен Найзабекке еріксіз ерді. Ауылдағы қалыптасып қал ған ескі әдет бойынша той өте кеш басталды. Сырт көз сыншыл келеді емес пе. Дәркештің бір байқағаны, бұл жақтың тойы жиналысқа көбірек ұқсап кетеді екен.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Жиналған қауымды сергітер көңілді ән мен биден гөрі сөз басым. Кейбір тілек айтушылар сөйлеген деген осы екен деп жарты сағат бойы ананы айтып, мынаны айтып тұрып алады. Ауызы ауызына жұқпай қақсап қалған асаба тост кезегін Мырзағұл ағаға берді. Ешкім шақырмаса да Найзабек әкесімен жағаласа ортаға шығып, микрофонды алды да көсілте сөйлей жөнелді. Мырзағұл баласының әдепсіздігін аңғармаған болып төмен қарағыштай берді. Дәркештің дәл қарсы алдында отырған орақ мұртты, егде кісі Найзабекке жақтырмай қарап: –Бесіктен белі шықпай жатып, әкесінің алдын орауын қарашы мына жаман неменің! Әкесі тұрып, ұл сөй легеннен без, анасы тұрып, қыз сөйлегеннен без деген. Өй, аузыңды ұрайын... – деп бұрқ ете қалды. Дәркеш Найзабектің кейбір жағымсыз қылықтарын кейін де талай рет көріп қалып жүрді. Бойын жиып, тік сініп қалса да, досын жамандыққа қимайтын. Жайшы лықта адам баласына артық сөз айтуды білмейтін марқұм досы Мұсабек Найзабекті бір көргеннен-ақ ұнатпады. – Иненің көзінен өтіп кететін тым пысық екен, нағыз жылтырдың өзі, бәрін де есеппен жасайтын жігіт, – деді ол Найзабек қоштасып кеткенде. – Сен де кейде аққа қара бояуды баттастырып жақ қанды жақсы көресің, – деді Дәркеш Мұсабекке жақ тырмай қарап. – Бір көрген адамды осылайша ғайбат тауға бола ма екен? – Білген соң айтамын, – деді Мұсабек. – Мына досың өліктің өзіне есеппен баратын адам. Соны өз көзіңмен көріп, менің сөзімді есіңе алатын боласың. – Кетші әрі, – деді Дәркеш шошып кетіп, – қайдағы жоқ бәлені айтпай. Дәркеш орнынан тұрып су ішті. Осыдан жиырма жыл бұрын Мұсабектің көрегендікпен айтқан сөзін, Найзабектің бүгінгі түлкі бұлаң қылығын салыстырып, жүрегі мұздап қоя берді. Таң ата бере көзі ілініп кеткен Дәркеш түс көрді. Ат шаптырымдай үлкен кабинет ішінде сен тұр мен атайын
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ дейтін өңшең мықтылар жиналған. Премьер-министр жаңа министр Дәркеш Торғынбаевты таныстырып, жаңа қызметіне табыс тілеп құтты болсын айтты. Сол-ақ екен Дәркешті жоғары лауазымды шенеу ніктер қаумалап қоршап алды. Бәрі бүгін ғана тағайын далған министрді құттықтап мәре-сәре болуда. Бұрынғы орынбасарлары Нұрғали мен Бөден де осында зыр жү гіріп жүр. Шешелері егіз ұл тапқандай екі езулері құлақ тарына жетіп, «Дәке, Дәке» деп біресе оң жағына, біресе сол жағына шығады. Әшейінде ат шаптырып, жалдалмалы агент жіберсең де таптырмайтын Найзабек те көптің ортасында талтаң-талтаң басады, досы Дәркеш емес, өзі министр болғандай, асып-тасиды. – Сенің ерте ме, кеш пе мүйізі қарағайдай министр болатыныңды жүрегім сезуші еді. Биікке ұшқан сұң қарымсың, бәйгеде озған тұлпарымсың сен менің! Әкеші бетіңді, жақсылап бір сүйейін, – деп қайта-қайта құшақтап бетін жалап бітірді... ... Дәркеш оянып кетіп, есінеген күйі жаңа ғана көрген түсін есіне алды. Терезеге қарап, өзінен-өзі күлкісі келіп кетті. Сыртта күздің таңы бозарып, атып келеді екен. Арада бір жұма өтпей жатып, Дәркештің Астанада үлкен қызметте отырған жақын туысы дүниеден озды. Марқұмның соңғы өтініші бойынша денесі Кеңсай зиратында жерленетін болды. Соңғы қоштасу рәсімі қаладағы ең үлкен театрда өтіп, халық өте көп жиналды. Дәркеш қаза үстінде көптен бері көрмеген Найзабекпен бетпе-бет ұшырасып қалды. Дәркеш досының екіжүзді жылтыраған бетіне қарауға дәті шыдамай, теріс бұрылып жүре берді.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК АҚЫН ЖӘНЕ ПЕРІШТЕ К азГУ-дың журналистика факультетінде сырт тай оқитын Назымбек Алматыға жақындаған да тыпыршып орнынан бір тұрды, бір отыр ды. Алыстағы өңірде аудандық газеттің тілшісі болып қызмет атқарған жас жігіт жасыл желекке бөленген осы бір ару қаланы ерекше жақсы көреді. Алматыға жинал ғанда қиялындағы сұлу қызға кездесуге асыққандай ке ремет бір әсер кешеді, ал, оқуы бітіп елге қайтарда әсем қаланы қимай, көшелерін жарты күн бойы кезіп, Жам былға жүретін автобусқа әрең мінетіні бар. Қарап отырса Алматыға ат ізін салмағанына аттай бір жыл болыпты, астананы қатты сағынғанын айқын сезіп, алдағы бір айды осы әсем қалада өткізетіндігін есіне алғанда жүрегін бір белгісіз қуаныш билеп ала жөнелді. Кеше Жамбылдан жүретін жүрдек «Икарусқа» әдейі кешірек билет алған болатын. Ұшқыр көлік зулап отырып, таң ата Алматыға жақындап келді. Қызыл автобус үлкен қаланың бір шетіне кіргенде ару қала таңғы тәтті ұйқы құшағында бо латын. Арайлап таң атып келеді, сәуір айының аяққы ше нінде Алматы сұлу қыздай ерекше көріктеніп, құлпырып кетеді. Қала сәнді жасыл көйлегін киіп, көше бойындағы алаңшалардағы алқызыл қызғалдақтар қауыз жарыпты. Аққайыңдар таңғы самалмен сыбырласып-сырласып, қатар өсіп тұрған емен мен қарағайларға еркелеп тұр ғандай. Назымбек автобустың терезесін ашқанда боз қараған гүлінің жанға жағымды жұпар иісі ішке лап берді. Жолаушы жігіт көліктен түскен бойда өзіне жақсы таныс трамвайға отырып, КазГУ-ге тартып кетті. Журналистер даярлайтын факультеттің сырттай білім беретін бөлі міне жеткенде Қазақстанның түкпір-түкпірінен бір топ курстастары жиналып қалған екен. Жыл бойы бір-бірін көрмеген олар шұрқыраса амандасып, біраз әңгімедүкен құрған соң қос-қосқа бөлініп, әдеттегідей тұратын
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ пәтер іздеуге шықты. Шымкент жақтан келген курс тасы Тынышбек пен Назымбектің жолдары бола кетіп, Никольский базарының маңында тұратын жалғызбасты орыс кемпірінің үйінен пәтер жалдайтын болды. Өткен жолғы сессияда Назымбектің Тынышбекпен бірге бір ай пәтерде тұрғаны бар. Ұзын бойлы, қара торы келген жас жігіт қазірдің өзінде көпшілікке танылып қалған ақын, сабаққа да зейінді, ең бастысы – тазалықты жақсы көреді. Үлкен бөлмеге жайғасқан соң сырттай оқитын қос студент жақын маңайдағы моншаға барып, жуынып, шайынып алып, ертеңгі болатын оқуларына дайындалуға кірісті. Алғашқы лекциядан соң Назымбек пен Тыныш бек түскі үзіліске бірге шықты. Жоғары оқу орнының дәл жанында «Гүлдер» деп аталатын кафе бар, тамақ тану орнының тағамдары да дәмді, бағасы да онша қым бат емес, кез-келген студенттің қалтасы көтере алады. Тынышбек екеуі түстеніп, сыртқа шыққанда сырттай жақсы білетін ақынның таныс бейнесі жарқ ете қалды. Жақында Мұқалмас ақынның пышақтың қырындай ғана жаңа жыр жинағы шыққан болатын. Назымбек «Аққу лар мекені» жинағын оқып шыққанда таң-тамаша қал ды: тұнып тұрған поэзия деп осыны айт. Қазақтың қара өлеңі сұлу бойжеткеннің қос бұрымындай әсем өріліп, бірден өзіне тартып, байлап-матап алады. Жыр жолда рында асқақ рух, өмірге құштарлық және мұң мен сағы ныш бар. Назымбек кішкентай жыр кітабын қайта-қайта оқып, өзін бұлақтың мөлдір кәусар суына қанбай қалған жолаушыдай сезінеді. Міне, сол пір тұтатын ақыны бар болғаны таяқ тастам жерде өзіне қарай жайлап аяңдап келеді. Кенет, Тынышбек жеңінен тартқыштай берді. – Назымбек, байқамаған болып, тез бұрылып кетіп қалайықшы, мынау Мұқалмас ақын ғой, – деп сыбырлап үн қатты. Назымбек серігіне мынау не деп тұр дегендей таңғала көз тастады да, ақынға қарсы бет алды. – Сәлеметсіз бе, Мұқалмас аға? Назымбек ақынға ізетпен сәлем берді.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Амансың ба, айналайын, – деп ақын бейтаныс жас жігітпен жылы амандасты. Мұқалмас ақын орта бойлы дан сәл биіктеу, тұлғалы жан болып шықты, жазық маң дай, қыран көздің нағыз өзі. Назымбектің бір аңғарғаны: ақынның жүзі жүдеу, киген киімдері де ескіре бастапты. Оң қолының сұқ саусағын абайсызда кесіп алған болу керек, оны ақ дәкемен орап, таңып алыпты. Мұқалмастың көзі жалт бұрылып, зытып бара жатқан Тынышбекке түсті. – Мына қызталақ, алды-артына қарамай қайда қашып барады? – деді мысқылдай күліп, – бірге оқымайсың- дар ма? – Иә, – деді Назымбек курстасының мына көрген сіздігіне ыңғайсызданып, – бір асығыс шаруасы болып, соған кетіп бара жатыр. – Жолдасың болған соң қорғап тұрсың ғой, бауы рым. Оның алып бара жатқан ешқандай жұмысы жоқ, мазамды алады деп, менен қашып барады, – деді Мұқал мас қиналып, – Алғашқы өлеңдер топтамасына сәт сапар жазған мен едім. Әрине, онымды бұлдап тұрған жоқпын, Тынышбектің бесіктен белі шықпай жатып, қулық пен сұмдыққа бейімделе бастағанына қайран қалып тұрмын. Болашағынан үлкен үміт күтуші едім, есегін судан өткізіп алған соң, мені танымаған болып, қашатынды шығарды. Жап-жас болып, дүниені бүлдіретін осылар. Бәрін де есеппен жасайды, дәл қазір менен еш қайран жоқ. Мұқалмас қойшы соны дегендей қолын бір-ақ сілтеп, Назымбекке мойын бұрды. – Сондай жандарға бола көңіл-күйімізді бұзып қайтеміз, інім. Айтпақшы, атың кім болады? Назымбек қысыла-қымтырыла өзін таныстырып өтті. – Өзіміздің бала екенсің ғой, ауылдан келдім де. Алатау мен Қаратаудың ортасындағы Жуалыны жақ сы білемін, жол түсіп бір рет барғаным бар. Бауыржан Момышұлындай ақиық перзентті дүниеге әкелген қасиетті жер. Табиғаты да біздің Нарынқолға қатты ұқсайды, таулы болып келеді. Алатаудың етегінде әлемде
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ сирек кездесетін өсімдік – киікоты өсетіндігін сен білесің бе? Жуалылық апаларыңыз сол киікотымен күбі ыстайды. Күбіге дайындалған қымыздың бал татыған дәмі әлі күнге дейін таңдайымнан кетпейді. Назымбек ақы ның тамаша өлеңдеріне тәнті болушы еді, дәл қазір оның аңғарымпаздық зеректігіне таң-тамаша болды. Жуалыда болған бір сапарында ақын көп нәрсені зердесіне түйіп қайтыпты. – Мұқалмас аға, уақытыңыз болса кафеге кіріп, дәм татайық, – деді Назымбек ақын ағасына ізеттілік көрсетіп. – Әй, қу бала, жаңа ғана Тынышбек досыңмен бірге тамақтанып шықтың емес пе? – деді ақын күліп. – Сіздің орыңыз бөлек, аға! – Олай болса, еш қарсылық жоқ, – деді Мұқалмас, – ал, інім, баста. Дәмхана ішінде адамдар көп болып шықты. Көбісі университеттің студенттері, аты шулы ақынды танып, жапырыла амандасып жатыр. Назымбек даяшы келін шекті шақырып, тағам мен шарап алдыртты. Дастарқан басындағы орнай қалған үнсіздікті Назымбек бұзды. – Мұқалмас аға, жақында жарық көрген «Аққулар мекені» деп аталатын жаңа жыр жинағыңызды оқып шықтым. Маған өте ұнады. Аудан орталығындағы кітап дүкеніне түскен туындыңыз бір күннің ішінде түгел сатылып кетті. – Ойпырым-ай, ә! Бірден толық сатылып кетті дей сің бе, бауырым. Олай болса, жаныңда отырған ағаң ның жаман ақын болмағаны ғой, – деп Мұқалмас жылы жымиды. – Рас, аға, – деді Назымбек қонағына шарап құйып жатып, – бір күннің ішінде 100 дана кітаптың біреуі де қалмай сатылып кетті. Алматыға жол жүрердің алдында қыстауда мал төлдетіп жатқан нағашы көкем жалыныпжалпайып «Аққулар мекенін» сұрап алып кетті. Қазіргі оқырманды жылтырауық дүниемен алдай алмайсың. Олар жақсы өлеңді іздеп оқиды. Яғни, сіз мықты ақынсыз.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Ой, қу бала, көңілімді бір көтеріп тастадың ғой, – деп жаны нәзік, көңілі сәбидей таза ақын кәдімгідей қуанып қалды, – ауылдан келген аңқылдақ інім, бәрін де еш қоспасыз, риясыз ниетіңмен айтып отырсың. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген. Рахмет саған, көкешім. Кел, мына шарапты сол үшін алып қоялық. – Мұқалмас аға, біздің ауылдағы кітап дүкені нің сөрелерінде мен мықтымын дейтін небір ақынжазушылардың шығармалары шаң-шаң болып, босқа жатыр. Ешкім сатып алмайды, сіздің жаңа жинағыңыз шағын болып, аз тиражбен шығыпты. Баспада отырған дардың мұнысы қалай? Сіз сияқты ел оқитын ақынжазушылардың кітабын қомақты етіп, көп етіп неге шығармайды? Мына дүниеде жасалып жататын қулық пен сұмдық тан бейхабар аудандық газеттің жас қызметкері көптен бері өзін ойландырып жүрген пікірін ақын ағасына таза көңілімен ақтарып салды. Мұқалмас жанында отырған адал жігіттің ақиқатқа то лы сөздерін шын ықыласымен тыңдап, ауыр күрсінді. – Айналайын-ай, – деді ақын тебірене үн қатып, – мына дүниеде көп жағдайда ақты қара басып, небір бәле мен сұмдық жасалып жатқаннан мүлдем хабарсыз, жа ның жаңа жауған қардай кіршіксіз таза бала екенсің. Жұрттың бәрі сен құсап ойласа, әлдеқашан іргесі мықты ел болар едік қой. Өкінішке орай, қазіргі заманда тұл пардан есек, бұлбұлдан қарға озып тұр емес пе? Бірақ, бұның бәрі уақытша нәрсе, тұлпардың аты – тұлпар, сұңқардың аты – сұңқар, бұлбұлдың аты – бұлбұл. Ерте ме, кеш пе, халық бәрібір оларды мойындайды, қазір де мойындап жатыр. Мен сияқты ақындарды талғамы таяз, көкірек көзі соқыр, бейшара жандар ешқашан да мұқата алмайды, менің өлеңдерім, жырларым өлмейді. Өзің сияқты оқырманым барда мен мәңгі жасаймын! Мүмкін, мен сол бір бақытты күнге жетпеспін, ал сөз жоқ, сен соның айқын куәсі боласың. Менің өлеңдерімді бүкіл қазақ іздеп жүріп оқитын кез туады, өздерінше менсінбей
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ жүрген баспалар менің қалың, мұқабасы қымбат безенді рілген кітаптарымды таласа-тармаса басатын болады әлі. Шабыттана сөйлеген ақынның көңіл-күйі көтеріліп, жаны жадырап жүре берді. Назымбекті жақын тар тып, әлі сиясы кебе қоймаған жаңа жырларын оқыды. Сол күні кафе жастар мен студенттерге толып кетті. Мұқалмас ақын әңгіме-дүкен құрып, екі жас ақынның өлеңдерін тыңдап отырғанда, ішке 18-19 жастардағы еліктің лағындай сұлу қыз имене кірді. Жас бойжеткен құралай көзін жаутаң еткізіп, әлденеге мазасыздана Мұқалмас ақынға көз тастады. Қолындағы кішкентай сумкасын иығына асып, батылсыздана Назымбекті өзіне ымдап шақырды. – Аға, мені айыпқа бұйыра көрмеңіз, – деді ол жанына келген жігітке абыржи сөйлеп, – сізге айтар бір үлкен өтінішім бар еді. – Айт, айт, қарындас, қысылма. – Мұқалмас аға ептеп қызып қалды, – деді бейтаныс қыз ұяң үнмен, – байқаймын, әлі де біраз отыратын сияқтысыздар. Дос бар, дұшпан бар, Мұқалмас аға далада қалып қоймасын, үйіне дейін шығарып салыңызшы! – Сіз кім боласыз, атыңыз кім? – деді Назымбек таңқалып. – Есімім – Тұмартай. Мен де сіз сияқты Мұқалмас ақынның өлеңіне бас иетін оқырманның бірімін. Арқалы ақынды, жыр пірін, қазіргі көңілі қаяу азаматты сырт тай шырылдап, қорғап жүрген бір періште деп түсініңіз мені. Өзім-ақ үйіне апарып тастар едім, жолым жіңішке, қыз деген атым бар. Сізге сендім, аға, қош болыңыз! – деп ғайыптан пайда болған ару қыз ізетпен қоштасып, шығып кетті. Мұқалмас ақын мен Назымбек көшеге шыққанда Алматы түн құшағына бөленген шақ болатын. Ақынның көңілі көтеріңкі, шабыттана сөйлеп келеді. Ол бүгін шараптың буына емес, жасыл құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан ақындықты кие тұтатын жастардың кір шіксіз ақ ниеттеріне мас еді. – Бауырым, – деді ол Назымбекті құшақтап, – мына түндей қап-қара болып жүрген қапас көңіліме
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК жарық атаулының нұрға толы сәулесін құйып, жа нымды бір жадыратып тастадың. Бүгін мен сені еш қайда да жібермеймін. Қазір такси ұстап, үйге барамыз, құрметті мейман ретінде сені жеңгеңмен, балаларым мен таныстырамын. Жайшылықта зарықтырып, күткізіп қоятын такси келе қалып, ақын мен студент қаланың ортасынан ұзай берді. Мұқалмас ақын Алматының бір шетіндегі екі қабатты тұрғын үйде тұрады екен. Такси дәл үйдің алдына келіп тоқтағанда іштен бір әйел шықты. – Лескүл, – деді бойындағы қуаныш әсері әлі айыға қоймаған ақын айқайлай сөйлеп, – сені қазір Назымбек деген қайныңмен таныстырамын. Өзі сондай бір алтын бала! – Әй, оңбаған-ай, бүгін де ішіп келдің бе? – деген әлгі әйелдің зілді дауысы ақынның сөзін бөліп жіберді, – қонақ шақыру сенің не теңің! Назымбек таксидің ішіне қалай кіргенін білмейді, жаңағы әдемі әсер таспен ұрған бөтелкедей быт-шыты шығып, көңілі құлазып, жүре берді. ...Ертесіне Назымбек басқа пәтерге шығып кетті.
*** Келесі жылы Назымбек ойламаған жерден қолын сындырып алып, жазғы сессияға келе алмай қалды. Арада бір жыл салып, сүйікті Алматысына жүрегі алып-ұшып пойызбен келді. Екінші вокзалдан 5-троллейбусқа оты рып, «Балалар әлемі» дүкенінің жанындағы аялдамадан түсіп қалды. Көшенің арғы бетіндегі университетке өтпекші болып алға қарай аяңдағанда, көзі Жазушылар одағы үйінің жанындағы қаптап тұрған халыққа еріксіз түсті. Үш қабатты үлкен үйдің ішінен күңіренген азалы музыка үні естілді. Назымбек қаралы топтың жанына келіп, егделеу бір кісіден жөн сұрады. – Қарағым, ақын Мұқалмасты танитын ба едің? – деді жігіт ағасы дауысы қарлығып шығып, – сол ақиық ақын дүниеден озды...
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Назымбектің жүрегіне біреу алмас қанжар тығып алғандай шым ете түсіп, көзінің алды тұманданып жүре берді. Еңіреп тұрып жылағысы келді, бірақ, көзінен жас шықпады. Алматыға жаңа ғана аяқ басқан жолаушы жігіт меңзең болып, қаралы топқа ере берді. Қарақұрым халық тың ішінен ақынның періштесі болып, сыртынан қорғап жүретін баяғы әдемі қызды іздеді. Бірақ ол көзіне шалынбады. «МАЙОР» А лматының жібермейтін құрты бар ма, жоқ әлде Тәлтіш көкем айтпақшы тым пысықсынып, жұмысбасты болып кеттім бе, небәрі жарты тәуліктік қашықтықта жатқан туған ауылыма ат басын бұрмағанға үш жылдың жүзі толған екен. Балаларды енеме тастап, Сәлима екеуміз Ыстықкөлге демалысқа жүрейін деп жатқанымызда әкемнен түгімді қалдырмай боқтап жазған хат алдым. Енді ауылға бармай көр. Әкемнің мінезі өзіме жақсы мәлім, жынына тисең осында келіп сабап кетуден тайынбайды. Салимашты әке-көке деп, қысқа қарай шетелдік тон алып беремін деп әрең көндіріп жолға да шықтық-ау, әйтеуір. Үй-іші бізді Меккеден келгендей қарсы алды. Шалғы мұртты, тақыр басты әкем мені келістіріп тұрып боқтап жазған хатын ұмытып кетсе керек. «Өңшең қара тентектерім, келдіңдер ме», – деп біресе жаман немерелерін, біресе мені сүйіп жатыр. Шешемнің де қуаныштан есі шығып кеткен, қара шаңырақ лезде-ақ берекеге толды да қалды. Шай ішіп болған соң әкем мұртын шиырып қойып, жанынан тастамайтын үлкен қара бәкісін байыппен
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК қайрай бастады. Маңырап тұрған ісекті сойып, амандық болса бүгін бүкіл туысқандардың басын қоспақ. Келетін қонақтардың қамымен апам зыр жүгіріп жүр. – Әй, Балташ, анау тентек суларды ұмытпа. Бөдештің дүкенші қатыны керіліп бермей жүрмесін. Алматыдағы ағам келіп жатыр деп жақсылап түсіндіріп айт. Қапан, мені жақсылап тыңдап ал. Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбай, Мыңбай аталарыңа бар. Бүгін кешке кемпірлерімен біздің үйге келсін, айтпақшы «майор» көкеңді де ұмытып кетіп жүрме. – Апа, «майор» көкем аман-есен бе? Не шаруа істеп жүр? – дедім апамның сөзін бөліп. – Көкеңнің мұртын балта шаппайды. Баяғыша малда. Естіген боларсың, бірінен соң бірі, екі қызы бірдей күйеуге қашып кеткен. – Қалай, «майорлығын» қойды ма, апа, көкем? – Ішіп алғанда әлі де баяғыдай «майор» болып, қоқаңдап қояды. Әйтпесе Құлтай – Құлтай бола ма? – дейді апам күліп. Сонау елуінші жылдардың аяқ шетінде бүкіл ауылды шулатқан сол бір оқиғаны есіме түсіріп, еріксіз жымидым. Тау етегінде бұйығып тыныш жатқан кішкентай ауылды «Әскер қатарынан Құлтай келе жатыр екен. Ойпырымай, құдайдың құдіреті шығар, тентек Құлтай адам болып, жақсы қызмет еткені үшін майор шенін алыпты!» – деген хабар дүр сілкіндірді. Бүкіл ауылдың үлкен-кішісі болып, Құлтай көкемді қарсы алуға шықтық. Ол кезде колхоздың орталығы – «Трудовой пахарь», ал біздің ауылда кілең қазақтар тұрса да «Красный пахарь» болып аталушы еді. Әскерден майор болып келе жатқан туысымызды «Трудовой пахарьдан» шыға берістегі жол үстінде жолықтырдық. Ол кезде көліктің төресі болып саналатын тачанка арбасының жанында мұздай болып киінген Құлтай тұр. Ауылдық Кеңестің бастығы Қайып та, ауылымыздың бригадирі Қалып та, басқа да атқамінерлер майор көкеміздің нөкерлеріне айналған. Құлтай әлде
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ масаңдау ма, әлде тым маңғаздау ма, аман-саулығын жамырап сұрап жатқан ауылдастарын жанына жолатар емес, дәл патшаның нағыз өзі. Сонан соң бригадир Қалыпты қолын шошайтып шақырып алып: «Где здесь «Красный пахарская дорога?» – деді әмірлі үн қатып. Үйіріліп тұрған кемпір-шалдар: «Қайтсін, ауылдан үш жылдай бойы жырақ жүріп, туған тілін ұмытып қалған да. Біреуден қалған жалғыз тұяқ еді, енді міне елінің атын шығарып, аман-есен оралып отыр, айналайын-ай десеңші!» деп көңілдері босап, көздеріне жас алып жатты. Бәріміз сығандарша шұбаған күйі ауылға бет алдық. Ортамызда – Құлтай майор. Тачанка арба жапырайған қазақы тамның жанына келіп тоқтағанда Құлтайдың шешесі Үлмекен жүгіріп шықты. Шүйкедей кішкентай кемпір: «Жалғызым, құлы ным, аман-есен оралдың ба?», – деп баласын құшақтай алды. Құлтай болса селт ететін емес. «Здравствуй, бабушка» деп анасының арқасынан қағып-қағып қояды. Әскерге кетерде ғана қосылған келіншегі Шайкүлге көзінің қырын да салған жоқ. Майор төргі бөлмеге кіре бере гүрс етіп құлап түсті. Үлмекен шошып, қорқып кетті. Шәйкүл жеңешем: «Құлтайжан, бір жеріңді ауыртып алған жоқсың ба?» деп асты-үстіне түсіп бәйек болып жатыр. Құлтай көкем болса: «Валя, Валя, дай воды?» деп қорылдап ұйқыға басты. Ертеңіне ауылдың бала біткені түгел әскерден келген көкеміздің үйінің жанына жиналдық. Майор белуарына дейін шешініп тастаған, қол-аяғын сермеп дене шынықтырудың небір түрлерін жасай бастағанда бәріміз қызыға қарап қалдық. Сонан соң Құлтай үйдің жанындағы бұлақтың тастай суық суына жуына бастады. «Алты жасар бала келсе алпыс жастағы қарт сәлем береді» демекші, ауылдастары Құлтайды пайғамбардай көтеріп, сыйлаудан кенде қалдырған жоқ. Күнде біреуі қой сойып, сыйлы қонақ етіп шақырады. Алтын түстес пагоны жарқыраған көкем алдына қойылған етті тек тарелкаға салып, шанышқымен жейді. Арақ құйылған
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК айғыр стақанды анда-санда төңкеріп қойып, тек орысша сөйлейді. Бүкіл ауылдың әңгімесі тек Құлтай жайында. – Ағайындар-ау, біздің Құлтай бастауыш мектепті әрең бітірді емес пе? Майор болу үшін ең құрығанда әскери училищені бітіру керек, – дейді есепші Бөдеш сәл сауаты бар екендігін білдіріп. – Тәйт, тыныш отыр, – деді оған Сексенбай ақсақал кейіп тастап. – Майор Құлтайдың өзі айтты емес пе, аса қауіпті қылмыскерлерді ұстағаны үшін офицер атағын берді деп. – Ішің күйсе тұз жала. Ауылымыздан бір майордың шыққанын көре алмай отырсың ба? Сенің батыр атаң әліпті таяқ деп білмесе де патша ағзам кезінде поручик болған. Жақсы қызмет етсең өкімет жерге тастамайды, білдің бе? – деп Тоқсанбай ақсақал да оны қоштай кетті. Батырға да жан керек, Бөдеш тілін тістей қойды. Бұдан соң Құлтай көкемнің майорлығына ешкім де күмән келтірмейтін болды. Арада бір жұма өткен соң Құлтай майор Байкелді көлінің жағасындағы нағашыларына сәлем бермек болып, жолға жинала бастады. Ағайындардың ұйға рымы бойынша онымен бірге әкем еріп баратын болды да жирен қасқаның артына мені міңгестіріп алды. Қос атты болып, Құлтай көкемнің нағашылары қайдасың деп тартып келеміз. Бір қырды аса бере көрші колхоз дағы жылқылы ауылдың дәл үстінен түстік. Біз аттан түсіп жирен қасқа су іше бастаған кезде Құлтай майор жылқышыны өзіне шақырып алып: «Как фамилия?» – деді түйеден түскендей дүңк еткізіп. – Көшербаев, – деді жылқышы сасқалақтап. – Давай, Көшербаев, тез бригадирді шақыр. Майор Тұрғанбаев приказывает деп айт. Шекарашыларға ат қараймыз. Понятно ма? Онда тез бар, шагом марш! Жылқышыда жан қалмай атын тебініп шаба жөнелді. Әкей бірдеңені сезді ғой деймін: «Құлтай, шырағым, жолдан қалмайық», – деп еді. «Молчать! Шекарашыларға ат қараймыз. Майор Тұрғанбаев айтты. Все!», – деп кесіп айтты.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Құлтай ешкімге бет қаратар емес. Не болып қалды дегендей бригадирдің өзі шауып келді. Мұздай киінген, жүзі суық майорды көргенде қорқып кетті. – Жайшылық па, қарағым? – деді ол қалбалақтап. – Што, не понятно? Шекарашыларға ат қараймыз. Шай қайнатым уақыт өтпей жатып, жылқышы жігіт тер небір асауларға құрық салып, әскерге жарайды деген сәйгүліктерді көрсете бастады. Қолтығында құс жастық, қолында қымыз құйылған зерделі кесе ұстаған Құлтай айналасына өте маңызды жүзбен қарап қояды. Сонан соң «Так, так», деп хром етігінің қонышына салып қойған «Правда» газетін суырып алып, оқи бастады. – Шырағым, әлемде не болып жатыр екен? Бізге де айта отыр, әңгіме болсын, – деді бригадир қымыз құйып жатып. – Ей, ақсақал, саған политика не керек? Одан да жылқыны жақсы бақпайсың ба? Шетінен нашар, ар мияға жарамайды, – деп майор ашу шақырғанда брига дир сасқалақтап қайда тығыларын білмеді. Дастарқан басына буы бұрқыраған қуырдақ келді. Ас қамдап жүрген кемпір Құлтайға тесіле қарап: «Сонша шіренген кім десем, «Красный пахарьдағы» әлгі Тұрғынбайдың тентек баласы Құлтай екенсің ғой. Өзінше майор болып, қырып барады ғой жүдә, әдірем қалғыр, – деді ернін сылп еткізіп. Құлтай орнынан атып тұрды. – Әй, кемпір молчат! Совет офицерін оскорблять етуге саған кім право берді? Под трибунал пойдешь! Дастарқанның берекесі кетіп, дайын тұрған қуырдақ желінбей қалды. – Айналайын, майор, ашуыңды бас! Оқымаған ауылдың кемпірі не демейді, көңіліңе алма! – деп бригадир де, жылқышы да бәйек болып зыр жүгіруде. Сабасына әрең түскен Құлтай көкем: «Ну, контра» деп атына мінді. Қойшы әйтеуір, «майордың» нағашы ларына әрең жеттік-ау. Ойын баласы емеспін бе, бұл хикаяның соңын толық біле бермеймін. Ой, «майор»
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Құлтайдың сондағы көрсеткен концерті-ай! Ондай ды бүгінде кинодан да көре алмайсың, – деп әкем осы күнге дейін көзінің жасы аққанша күліп, аңыз қы лып айтып отырады. Иә, Құлтай көкем қарап жүрген бе? «Бояушы, бояушы десе сақалын бояйды» демекші, нағашыларының ауылында да талай нәрсені бүлдірсе керек. Оның әрқайсысы өз алдына бір-бір күлкілі хикая. «Майор» ең соңында облыс орталығындағы әскери комендатурадан бір-ақ шығып, сотталайын деп тұрғанда, ел болып әрең аман алып қалыпты. Ал, майордың тек мереке күндері киетін бір киер формасын қайдан алғанын Құлтай осы күнге дейін ешкімге тіс жарып айтпайды, ол біздер үшін құпия болып қала берді. Құлтай көкемнің мойны ырғайдай, биті торғайдай болып, ауылға азыптозып оралғаны әлі көз алдымда. Ертесіне колхоздың бастығы келіп: «Әй, Құлтай, «майор» болғаның жетеді. Енді сиыр бағуға шық», – деп ұрсып кеткен. Келесі күні Құлтай «майор» ұзын қамшысын сүйреткен күйі сиыр фермасына кетіп бара жатты... *** Кешке қарай туған-туыстар төрт көзі түгел болып, біздің үйге бас қосты. Ет желініп, әңгіме-дүкен қызып берді дейсің. Шәмшінің әндері айтылып, ептеп «тентек су» да ішілді. Ең бірінші Құлтай көкем қызып қалды. Ол өзінің қалай «майор» болғанын айта бастап еді, жанында отырған Шәйкүл жеңешем дәл қара санынан мықтап тұрып шымшып алды. – Әй, «майор», жетер көсілгенің. Отставкаға шы ғатын уақытың болып қалды, – деп Шәйкүл жеңешем Құлтай көкемді қарсыласқанына қарамастан үйіне қарай сүйрей жөнелді. Әкем екеуміз бой жазбақ болып далаға шықтық. – Алматыда не жаңалық? – деп әкем менің жауа бымды күтпестен сөзін жалғастыра берді. – Бүкіл жазу
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ шылар болып, екі әйел алуға рұхсат бер деп Президент ке хат жазыпты деген рас па? Жұрт сөйдеп гуілдетіп жүр ғой. – Әке, сонда қалай, жас тоқал алайын деп жүрсің бе? – дедім әзілдеп. – Ой, қызталақ, тоқал мені қайтсін, шешеңе әрең жағынып жүргенде. «Майор» Құлтай көкеңе жас тоқал алып берейін деп едім. Шәйкүл күн көрсетпейді. Қазір «майор» көкеңнің жағдайы қатардағы рядовойдан да жаман. Әкелі-балалы екеуміз қараңғы түнді қақ жарып, рахаттана күлдік. Іле-шала үй жақтан «мына екеуіне не болды, бала болып кеттіңдер ме, түге. Үйге кіріңдер, шай суып қалды», – деген апамның даусы естілді. – Әй, қызталақ, дегенмен сендердің келгендерің жақсы болды. Басымыз қосылып, бір рахаттанып қал дық, – деп әкем арқамнан қақты. Бұл оның риза болған дығы еді. Ауылдың шетінде ит үріп, шегірткенің шырыл дағаны естіледі. Тау жақтан самал соғып, жез табақтай толықсыған ай жұлдыздар жамыраған көк жүзіне қалқып шыға келді... АУЫЗБАСТЫРЫҚ М ақташ пен Айнаш бір-біріне жақын туыс, оның үстіне екеуі бір ауылдың келіндері болып келеді. Құдай қосқан күйеулері де түйдей құрдас, үстерінен өздері айдайтын шынжыр табанды трактор әрі-бері жүріп өтсе де қыңқ етпейтін жуас жігіттер. Облыс орталығынан әрі ұзап көрмеген Мақ таш пен Айнаш аяқ астынан Сарыағаш курортына бара тын болып қалды. Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді деген осы, емдеу орнына баратын жолдаманың да орайы
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК келе қалмасы бар ма? Ес білгелі жүргізіп келе жатқан шынжыр табанды тракторларын жекешелендіріп алған екі құрдас ауылдың дәл жанындағы газ құбырын тартып жатқан бір мекемеге келісім-шарт бойынша уақытша жұмысқа орналасқан болатын. Күзде мектепке баратын қарадомалақ балаларына киім-кешек алатын біраз тиынтебен табам деп жүрген Жүрсін мен Тұрсынның үміті есеп алған сәтте су құйған от құсап басылып қалды. Ән шейінде айдарынан жел есетін бұл мекеменің де қалтасы шұрқ-шұрқ тесік болып шықты. Бір ай бойы өлермен болып атқарған жұмыстарының ақысына екі жәшік кір жуатын сабын және курортқа баратын бір-бір жолдама алып, екілік баға алған оқушылар сияқты шаңырақтарына көңілсіз оралды. – Мақташ, анау күні ішегім түйіліп ауырып жүр деп едің ғой, – деді Жүрсін әйелінің алдында ақталғандай болып. – Сарыағашқа барып емделіп келсең қайтеді, ә? Суы сондай керемет дейді, өткен жолы Қоңқаш жездем сонда барып, аузының суы құрығанша мақтап келді емес пе? Мүмкін Айнашты бірге ала кетерсің, екі жолдаманың реті келіп тұр. Тұрсын екеумізді онда трактормен сүйрелесе де бара алмаймыз, жұмыс деген бастан асып жатыр. – Несі бар, барсам барайын. Шетінен аш қасқыр ша жалаңдап жүрген еркектерге мені өз еркіңмен жібе ріп, қатыныңнан айрылып қалып жүрмейсің бе? – деді Мақташ күйеуіне қалжыңдап. – Саған кім қарай қояр дейсің? – деді Жүрсін ыржиып, – шынында да барып, ем алып қайт. Үш аптаға қырылып қалмаспыз, апам бар ғой үйде. Жолдаманың реті келіп, күйеуі рұқсат беріп тұрған соң Мақташ тартынсын ба, сол күні-ақ абысыны Айнашты курортқа бірге баруға көндіріп, ертесіне қос келіншек пойызға отырып, Сарыағаш қайдасың деп тартып кетті. Арада зуылдағаннан зуылдап, бір апта өте шыққан. Қанша дегенмен демалыстың аты демалыс, күнделікті бітпейтін күйбелең тірліктен қолдары босап, ем қабылдаған абысындардың жүздеріне қан жүгіріп,
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ тоты құстай таранып шыға келді. Екі-үш күннен бері курорттағы ерігіп жүрген біраз еркек үнемі қосақтасып, бір елі ажырамай жүретін әдемі келіншектерді көздері мен атып, әлсін-әлсін әзіл тастап қояды. Әсіресе, ұзын бойлы жігіт ағасы қара торының көріктісі Мақ ташқа желімдей жабысып, «қарындас, қарындас» деп өліп-өшіп жүр. Бүгін сонау Алматыдан Мақпал Жүні сова келген екен, қос абысынды концертке шақырып, қиылып тұрып алды. – Мақташ, концертке барғанда не тұр дейсің. Баяғыда екеуміздің педучилищеде оқығанымыз есіңде ме? Шақырған киносына да, театрына да, ресторанына да барып, талай-талай жігіттің аузын аңқитып кетуші едік қой, – деді Айнаш оңаша қалғанда, – теректей серейген мына ұзынтұраның қолынан не келер дейсің. Сен де оп-оңай шағыла салатын жаңғақ емессің, тіс қаққан келіншексің. Неміз кетіп бара жатыр, Мақпалдың концертіне барсақ бара салайық. Бір сағат өтпей жатып әлгі ұзынтұра қортық досын ертіп тағы келді қылқиып. Абысындар бұл жолы кербез қыздар құсап қылымси қойған жоқ. Ойын-сауық біткен соң Мақташтың ғашығы өлердегі сөзін айтып, Айнаш екеуін бөлмелеріне шақырып тұрып алды. Обалы не керек, ұзынтұра мен қортық құда-құдағи күтетіндей-ақ дайындалыпты. Дастарқанның үсті жайнап, майысып тұр, құдай біледі, құстың сүтінен басқасының бәрі бар. Хамиттің аузы-аузына жұқпай Мақташ пен Айнашты ұршықтай шыр көбелек айналдырып әкетіп барады. Иіліп жастық, жайылып көрпе болғанды, ебін тауып мақтағанды қай әйел жек көрсін, көп ұзамай қос келін шек екі жігіт ағасымен иық тірестіріп, жайраң қағысып отырысты. Хамиттің досы ұялшақтау ма, жоқ жасықтау ма, сыпайыгершіліктен әрі аса қоймады. Ал, ұзынтұра болса ештеңеден тайынатын емес, Мақташты аузына мүлдем қаратып алыпты. Отырған орнында қипақтап байыз таба алмай отырған Момыш далаға шығып сәл серуендеп келейік деген соң
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ойында ештеңе жоқ Айнаш соңынан ере берген. Екеуі шайқайнатым уақыт бой жазып, ішке ене бергенде Айнаш оқтау жұтқандай тұрған орнында қалшиды да қалды. Хамит пен Мақташ жаңадан ғана қосылған ғашықтардай өліп-өшіп, сүйісіп тұр екен... – Масқара! Бетім-ай! Бұл не қылғаның?! Абысынынан мұндай қылық күтпеген ол бөлмеден тұра кеп қашты... Ертесіне Мақташ Айнаштың бетіне тік қарай алмай жүрді. Өстіп мәре-сәре болып жүргенде ауылға қайтатын уақыт та болып қалған. Кететін мезгіл жақындаған сайын Мақташтың зәресі ұшып, берекесі қаша бастады. Ол абысынының мінезін бес саусағын дай жақсы біледі, өйткені, оның аузында сөз тұрмайды. Қазірден бастап бір амалын тауып, аузына қақпақ қоймасаң – ауылға барғанда масқара болып, абыройың айрандай төгіледі. Күйеуі болған жағдайды білсе – аямайды! Кейде момыннан да жуан шығады. Елге қайтуға бір күн қалғанда Мақташ Сарыағаштың дәл түбіндегі Ташкентке шұғыл тартып кетіп, бір керегі болар деп көптен бері сарымайдай сақтап жүрген тиынтебеніне алтын алқа сатып алуға мәжбүр болды. – Айнаш, – деді кешкі астан соң Мақташ қипақтап, – мені шайтан түртіп, болары болды, бояуы сіңді. Өз қолыңмен істегенді өз мойныңмен көтермеске амал жоқ. Ендігі тағдырым – сенің қолында, өлтірсең де, тозаққа итеріп жіберсең де алдыңда отырмын. Кішкентайым нан тұлымшағы желбіреп бірге өскен құрбымсың, әрі туысымсың. Құдай қосып, жақын абысын болдық. Болған жағдайды елге жайып жіберіп, мені масқаралай көрме! Құрғақ қасық ауыз жарытпайды деген, мынау өзіңе деген ауызбастырығым еді. Алтын алқаны сый ретінде қабылдап, менің көзімдей көріп жүр. Алтын көрсе періште жолдан таяды деген рас екен. Бірнеше күннен бері «Сені ме бәлем, қоя тұр, ауылға барғанда әкеңді танытамын» деп жүрген Айнаштың беті бері қарағандай болды. – Абысын-ау, басқа-басқа, сенен бұны күткен жоқ едім. Өмір бойы еркек кіндігін көрмегендей көлденең
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ атты біреудің құшағына құлай кеткенің қалай? – деді ол қымбат тұратын алтын алқаны алып жатып, –Жүрсін нен әдірем қалсын ол. Қайтейін енді, өз қолыңды өзің кесе алмайды екенсің. Қорықпа, ешкімге тіс жармаймын, екеуміздің арамызда қалған бір сыр болсын. Екі абысынның Сарыағаштан оралғанына да екі аптадан асып барады. Обалы не керек, Айнаш сөзінде тұрды, ауыл тым-тырыс, әзірше сумаңдаған өсек атаулы естілмейді. Ертесіне Мақташ көңілі жақын деген бесалты келіншектің басын қосып, курорттан аман-есен келгенін жумақшы болды. Келіншектердің бастаңғысы енді бастала бергенде біраздан бері кешігіп жатқан Айнаш біреу қуғандай үйге жүгіре басып кірді. Қолында Мақташ Ташкенттен алып берген алтын алқа. Бір бәленің басталарын алдын-ала сезген Мақташтың буын-буыны босап қоя берді. – Абысын-ау, әрине, алтын алқа деген жақсы ғой, ол тақияма тар болмас еді. Бірақ, әлгі теректей серейіп қалған ұзынтұрамен өліп-өшіп сүйіскенің көз алдым нан бір кетер емес. Айтпайын десем, ішіме симай ба рады. Ешкімге тіс жармаймын деген сөзім бар еді, шыда мадым, сен де кешір, құдай да кешірер, мойнымда қарыз болмасын, мынау алтын алқаңды қайтып ал, – деп Айнаш онсыз да не болар деп анталап отырған қатын-қалаштың көзінше бидонға құйған сүт құсатып бар құпияны лақ еткізіп айта салды. – Бәсе, бәсе, осылай боларын ішім сезіп еді, – деп Мақташ тұрған орнына сылқ етіп отыра кетті, – бүйткенше тірідей көмгенің дұрыс болар еді, абысын. Енді елдің бетіне қайтіп қараймын. Ойбай-ай,ойбай!...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК КЕК ҚАЙТАРУ Е ргеш осы қаладағы беделді мекеменің әжептәуір беделі бар қызметкерлерінің бірі. Әзілің жа расса атаңмен ойна демекші, Ерекеңнің үлкен мен де, кішімен де қалжыңдаса беретіні бар. Сондай-ақ бұл аңқылдаған ағамыздың емшілік қасиеті бар екендігін елдің бәрі біледі. Онша-мұнша тұмауды, бас, тіс ауруын жанынан бір тастамайтын шақшасындағы насыбайымен емдей береді. Ергештің бөлімінде қатардағы экономистің бірі болып қызмет атқаратын Ұлжан деген келіншек тің бірде бүкіл ұжымды күлкіге қарқ қылған оқиғасы әлі ұмытыла қойған жоқ. Табиғатында ақ-жарқын, қулық-сұмдықты білмей тін, ақты – ақ, қараны – қара деп қабылдайтын Ұлжан мекеменің ең үлкен бастығына бір қағазға қол қойдыруға кірсе – ол тұмауратып отыр екен. – Ұлжан айып етпе, барлық құжаттарды жинап ертең бір-ақ әкеліңдерші, менің тұмауратып отырғаным, – дейді бастық аузын қол орамалымен бүркемелеп, – тұмауымды сендерге жұқтырып аламын ба деп қорқамын. – Науқастанып отырсаңыз мен Ергеш ағайға ай тайын, сіз білмейді екенсіз ғой, ол кісінің өзінің насы байымен емдейтін қасиеті бар, – дейді елгезек Ұлжан, – тез шақырып келейін, құлан-таза айығып кетесіз. – Мына Ергештің пәлесін-ай! Ол өзінің насыбайымен бәріңді емдеп жүр ме? – дейді бастығы мырс-мырс күліп. – Маған сенбей отырсыз ба? – дейді Ұлжан тықақ тап. – Иә, насыбайымен бәрімізді шетінен емдей береді. Құлан-таза айығып, дәрігерге де бармаймыз. Ергеш ағаның насыбайы күшті! Сол күні-ақ бұл әңгіме қаланың жартысына анекдот болып тарап кетті. Сөздің астарын кейін түсінген Ұлжан көпке дейін ұялып, үлкен бастықтан қашқақтап жүрді. Ұлжан өзінің тікелей бастығы Ергештен бір мүшел жас кіші. Солай бола тұрса да екеуі замандас, қатарлас
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ сияқты еркін сөйлесе береді. Бөлме бастығы қарама ғындағы қызметкерінің ашық-жарқын мінезін, адал дығы мен тазалығын сыйлап құрақтай ұшып тұрады. Реті келсе біздің Ұлжан нағыз періште деп үкідей үлпілдетіп, еркелетіп отыратыны бар. Әдемі келіншек те Ергештің өзіне адам ретінде, әріптес ретінде қарайтынын жақсы біледі. Сыйлас жандар болғандықтан үй-іші болып андасанда араласып тұратындары бар. Сырт қараған көзге күйеу бала да жаман емес сияқты болып көрінген. Ергеш анық байқап қалды. Ұлжан екі-үш күннен бері біртүрлі мұңайып, өзімен-өзі болып жүр. Күндегі ашықжарқын мінезі қалған, жұмысқа да онша зауқы жоқ. – Ұлжан, соңғы кезде саған не болып барады, қараптан-қарап біртүрлі жүнжіп кеттің ғой. Әлде біреуге ғашық болып қалдың ба? – деді екеуі оңаша қалғанда әзіл-шынын араластырып. – Мен емес, күйеуім біреуге ғашық болып жүр, – деді Ұлжан екі көзін терезеден алмай. – Соңғы кездері өзі тым желігіп, жолсапарға жиі барғыштап кетті. Қалаға оралса – күнде шалбарын үтіктеумен әуре, әбден сыл қым болып алды. Мені түк білмейтін ақымақ деп ойлайды. Бәрін білемін, ол біреуге ғашық! Қызметтес келіншектің мына сөздері Ергешке бір түрлі қызық естілді. – Сұлтанның біреумен қыдыратындығына көзің анық жете ме? – деді отқа май құя түсіп. – Көзім жеткенде қандай, – деді Ұлжанның жа нары боталап, – кеше ұялмай-қызармай біреудің пома дасын бетіне жағып алып келіп тұр. Жолсапарға барғыш тығы анау, кейде біреулер телефон қоңыраулатып, мен көтерсем, үндемей тұтқаны тастай салады. Осының бәрі айғақ емей немене? Сұлтанның Ұлжанды ренжітіп жүргеніне Ергеш кә дімгідей ашуланды. – Үндемей жүріп, талай нәрсені бүлдіріп жүргені-ай мына неменің! Ұлжан, айналайын, соған бола уайымдап, басыңды қатырма! Ол қыдырса – сен де жүр. Сөйтіп,
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК кегіңді қайтар, – деді Ергеш қарап отырмай, әріптесін қамшылап. – Өзім де солай жасаймын деп жүрмін. Жүргеннің, қыдырғанның қандай екендігін көрсетем оған, – деп Ұлжан отырған орнынан тұрып жүре берді. Арада екі-үш тәулік өтіп, Ергеш бұл әңгімені ұмытып та кеткен болатын. Жұма күні жұмыс аяқталардың ал дында Ұлжан ойламаған жерден бір ұсыныс айтты. – Ереке, жұмыстан соң біздің үйге жүріңіз, сыбағаңызды жеп кетіңіз. – Ұлжан, үйдегі жеңгеңе хабарласып үлгермеймін ғой, жалғыз барғаным ыңғайсыз болмай ма? – деді Ергеш кәдімгідей қипақтап. – Шақырғанға бармасаңыз, шақырғанға зар боласыз. Мүмкін, сізбен оңаша болғанды қалап тұрған болармын, – деді қызметтес келіншек сықылықтап күліп. Ұлжан ның көп әзілінің бірі шығар деген оймен Ергеш соңынан ере берді. Есікті Ұлжанның өзі ашты. Ергеш үйге кірмей жатып өзінен-өзі қуыстана бастады. – Ұлжан, Сұлтан әлі келмеген бе? Балаларың қайда? – Алаң болмаңыз, бүгін Сұлтан болмайды, отырған шығар бір жерде ғашығының бетіне қарап мөлиіп. Ал, балаларды кеше мамамның үйіне апарып тастағанмын. Қысылмай-қымтырылмай шешініп, жоғары шыға беріңіз. Қызметтес келіншек жұмыста қандай пысық болса, үй шаруасына да икемді болып шықты. Лезде-ақ дастарқан жайып, шай қамдап жіберді... Бір-екі рюмка коньяктан соң Ергештің басы ептеп айналайын деді. – Ереке, – деді Ұлжан диванда отырған әріптесіне құс жастық беріп жатып, – сәл мызғып демалып алыңыз. Мен етке қамыр илеп жіберейін. Басы жастыққа тиісімен маужырап отырған Ергеш тің көзі ілініп кетті. Кенет, біреу бүйірінен түрткендей болды, ол шошып кетіп, орнынан ұшып тұрды. Дәл қарсы алдында үстіне киген жібек халатының түймелері түгел салынбай оқтаудай түзу ақбалтыры жарқыраған Ұлжан тұр. Қолында бір рюмка коньяк.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Ереке, – деді ол сықылықтап күліп, – өстіп пырыл дап ұйықтай бересіз бе? Кек қайтармаймыз ба? – Қайдағы кек? – деді Ергеш шошып кетіп. – Қызық екенсіз, өзіңіз айтасыз да, өзіңіз ұмытып кетеді екенсіз. Мұныңыз болмайды. Кек қайтару керек. – Ұлжан, қой, бала болып кеткенсің бе? – деді Ергеш не тұрарын, не отырарын білмей. – Менің қалжыңбас екенімді өзің де жақсы білесің, тапқан екенсің ақыл тыңдайтын адамды! Екі балаң тұрғанда, өзіңдей әп-әдемі келіншегі тұрған да әлгі Сұлтан қайда барады дейсің. Мауқы басылған төбет құсап қайтып келеді өзіңе. Біз де жас болдық қой, ондайондайды талай басымыздан кешіргенбіз. Барған жері мізге ішкиімімізді ұмытып тастап кеткен кездеріміз де болған. Жеңгең ақылды ғой, ешкімге жымын білдірмеді... Қой, үйге қайтайын, онсыз да кешігіп қалдым, қартай ғанда қайда қаңғырып жүрсің деп жеңгең ұрсып жүрер. – Ереке, еш болмаса тамақ жеп кетсеңізші, қазір нанын сала қояйын, – деді Ұлжан ағытылып кеткен жібек халатының түймесін салып жатып. – Шаңырақтарыңа бірінші рет келіп тұрған жоқ пын, шай іштім, рахмет, айналайын, айып етпе. Қазір Сұлтан келіп қалып, екеуміздің әкемізді танытып жү рер. Кек аламыз деп кетік болып қалып жүрмейік, – деп Ергеш дәлізге қарай бет алды. Сонан соң бұрылып, ыңғайсызданып состиып тұрған Ұлжанның маңдайынан сүйді. – Басу айтудың орнына отқа май құйған мен де ақымақпын! Кек деген қызыл көз бәлені ұмыт! Еркектің бәрі – ит. Мүмкін болса, бізді кешіре біліңдер... Ал мен кеттім, есім барда – елімді табайын.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК «БАС БУХ» Б асқа жерлерде қандай екенін білмеймін, ал біз дің ауылдың жеңгейлері жанама ат қоюға кел генде алдарына жан салмайды. Менімен қатар құрдас жігіттердің есімдері шеттерінен адам қызығарлық: Ержан, Ербол, Қайрат болып келеді. Бірақ оларды азан қойған есімдерімен атасаңыз, кім болмасын желкесін қа сып, ойланып қалады. Ал, Инелік, Борсық немесе Мыл тықбас десеңіз «айналайын-ау, бірден осылай демейсің бе? Олар өзіміздің жігіттер ғой» деп жөнге көшеді. Жеңгелерімнің қырағы көзіне ілінбей жүрген мен едім, дегенмен құтыла алмадым. Лезде әке-шешем азан шақырып қойған Боран деген атым ұмытылып, «Бас бух» болып шыға келдім. Қалай бас бух болдың дейсіз ғой, ол былай болды. Әскер қатарынан оралған ауылдың кез келген жігіті біразға дейін өзін генералдан кем санамайды. Мен де біраз қоқиланып жүрдім де адам болайын деп, облыс орталығындағы құрылыс институтына барып едім, алғашқы сынақтан-ақ мұрттай ұшып түстім. Сайда саны, құмда ізі жоқ боп, осылайша жүре берер ме едім, әкем бір күні шақырып алып: «Осы күнге дейін ит қуғаның жетер, енді адам бол, ел қатарлы жұмыс істе», – деп ақыл айтып басымды біраз миландырып тастады. Бір жақсысы, бұл жағын көкем мықтап тұрып, ойлас тырып қойған екен. Ертесіне бір қой сойып, бір жәшік арақ алып, колхоздың бастығы мен бас инженерін қонаққа шақырдық. Тоқпағың күшті болса киіз қазықтың өзі жерге кіріп кетпей ме? Екі-үш күн өтпей жатып-ақ судай жаңа машинаға ие болып шыға келдім. Ауылда қалуын қалдым, шопыр болуын болдым, байқаймын енді үйленуден басқа ештеме қалған жоқ. Ақыры үйлену керек болған соң, мен де ай қарап жүр генім жоқ. Былтыр ғана облыс орталығындағы мұғалімдер даярлайтын институтты бітіріп, мұғалім болып жүрген,
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ өзін Қыз Жібектен бір кем санамайтын Күлпашқа біраз қырындап көріп едім, соңғы кездескенімізде: «Үстіңнен үнемі бензин иісі шығып тұрады екен», – деп мұрнын тыржитты. Сонымен есеп 1:0 болды. Бірақ, тайынатын мен жоқ. Бір күні мұздай киініп, толқынды шашымды бір жағына қайырып тастап, Шымкенттегі әскерде бірге болған досыма тартып кеттім. Қандай «жоспармен» келге німді білген құдай жолынды ондағыр Білән іске шұғыл кірісті. Соның нәтижесінде екеуміз кешқұрым көздері күндей күлімдеген, күлкілері қоңыраудай сыңғырлаған қос бойжеткенмен қаланың мынау деген ресторанында шалқып отырыстық. Иегінің астында ноқаттай қара меңі бар қара торы қыз маған бірден ұнады. Байқаймын, Халима да кет әрі емес, жасырынып көзінің астымен қарап қояды. Махаббат дегеніміз ең сараң деген жігіттің өзін мырза етіп жібереді емес пе? Есеп шотын сыртылдатып қаға бастаған даяшыға «Сдачи не надо» деп бес мың теңгені столдың үстіне тастай салдым. Рестораннан шығып, қала орталығындағы паркке кіре бергенімізде оңаша қалған Халима: «Аға, кім болып істейсіз?», – деп сұрағаны. Қай шайтан түртіп, аузыма салғанын білмеймін. «Бір кеңшардың бас бухгалтерімін» дедім шіреніп, бетім бүлк етпестен. Көңілімде ештеңе жоқ, бейкүнә қызға қарап, ішім тыз ете қалды. Ақыры бо латын іс болды, енді шегінетін жер жоқ, «бас бух» екенімді дәлелдемек болып, шаруашылықтың қанша қойы, қан ша жылқысы, қанша қызылшасы барлығын айта баста дым. Сасқалақтағанда құйрығымен сүңгитін үйрек сияқ ты түрімді аңғаратын Халима жоқ, әрбір сөзіме иланып, ептеп жымиып қояды. – Қарамағыңызда қызметкерлер көп шығар? – дейді ол жас балаша. – Иә, көп. Кілең қыздар, – деймін ұялмас тек тұр мастың керін басып. «Әй, ақымақ. Бас бухгалтер сенің не теңің? Шопырмын десең аузың қисайып қалатын ба еді? Мынау түріңмен зығырдың майын қайнатып, құйрығыңа құйса да адам
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК болмассың». Өзімді-өзім жегідей жеп келемін. Ертесіне Білән әңгіменің тоқ етерін бір-ақ айтты. – Қысқасы, сен Халимаға қатты ұнап қалыпсың. Те мірді қызған кезде соққан жөн, бүгін алып қашамыз. Ағам ның «Жигулиін» сұрап алдым. Әлимаш та біздің жақта. – Болмайды, – дедім ат-тонымды ала қашып. – Неге? Әлде, Халима ұнамай ма? – Ұнауы ұнайды ғой, бірақ мен оны бас бухгалтермін деп алдадым қара басып. Білән қарқ-қарқ күліп алды да: –Өзің екенсің ғой бәрін бүлдіріп жүрген. Бірақ қиналатын ештеңе жоқ. Нешауа десе қойды қасқыр жемейді. Бір амалын табармыз Әлимаш екеуміз. – Мүмкін, Халимаға бәрін түсіндіріп, айтармын, кешірім сұрап дегендей. – Қой, сен мынау түріңмен артық қылам деп тыртық қып аларсың. Енді біраз уақыт «Бас бух» болуыңа тура келеді, шыда, батыр. Сонымен не керек, Халиманы алып қашып келіп, айды аспаннан бір-ақ шығардым. Ауыл бір шулап қалды. Өтірігім қашан шығады деп ұстараның жүзіндей қылпылдап жүрмін мен бейбақ. Кеше сиыр фермада есепші болып жұмыс істейтін Тілеуқабыл құрдасым нан керек еді деп, есеп шотын сұрап алған болатын мын. Ымырт жабылғанша түк түсінбесем де, шотты әрі-бері ұрғылап, бірдеңе есептеген болып отырамын. Апам болса үй-ішінде әрі-бері жүгіріп жүрген кішкен тай іні-қарындастарыма «Шуылдамаңдар түге, көкелерің жұмыс істеп отыр емес пе?» – деп әлсін-әлсін ұрсып қояды. Әпкем де, көкем де, тіпті әкем де аяқтарының ұшымен басып, сыбырлап әңгімелесетін болды. Өстіп, «бас бух» болып жүре берер ме едім, төртінші күні гараж меңгерушіміз Қоңқаш көкем ардың-күрдің етіп, үйге айшай жоқ кіріп келді. Маңдайымнан суық тер бұрқ етіп, есеп шотты баруырыма қысқан күйі қайда тығыларымды білмедім. – Әй, батыр, – деді ол түйеден түскендей дүңк ет кізіп, – шот қағысың жаман емес қой, жүде. Бухгалтер
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ болып кеткенсің бе өзің? Біз баяғыда қатын, тойс келін шек алғанда екінші күні жұмысқа жүгіріп едік. Ал, сен болсаң бір апта бойы жұмысқа шықпай үй күшік болып жатып алдың. Осы күнгінің жастарында мысқылдай ұят болса көзім шықсын. Қысқасы, жарты сағаттың ішінде гаражда болатын бол, әйтпесе, анау су жаңа машинаңды алып қойып, көзіңе көк шыбын үймелетемін. Қоңқаш қалай кірсе солай шығып кетті. Абыройым айрандай төгіліп, жерге кіріп кете жаздадым. Асып-сасып жұмысқа киетін комбинезонымды шала бүлініп іздей бастадым. – Іздеп жүргенің мынау емес пе? Келіншегімнің нәзік үні құлағыма жеткенде кескен томардай сылқ етіп отыра кеттім мен байғұс. Бірдеңе дейін десем үнім шығатын емес. Халима жаныма келіп: – Әй, бас бухгалтерім-ай! Босқа қинала беріп қай тесің. Таңертең Әлимаш бәрін түсіндіріп айтып кеткен. Екеуміз оңаша бөлмеде отырып алып, ішегіміз түйілгенше күлдік сенің қылығыңа. Кешке тез орал, мен сені күтемін, мақұл ма? Жерден жеті қоян тапқандай орнымнан ұшып тұрдым, басып тұрған ауыр жүктен құтылғандай бойым жеңілдеп сала берді. Халиманың бетінен шөп еткізіп сүйдім де, комбинезонымды жалма-жан алған күйі гараж жаққа зыта жөнелдім. Қай қудың таратып жібергенін кім білсін, бастан кешірген бұл хикаям бүкіл ауылға белгілі болды. Одан кейін қаншама заман өтті. Білдей бес баланың әкесі болсам да «Бас бух» деген лақап аттан құтылар емеспін. Өзгелерді қойшы, соңғы кездері құдай қосқан қосағым да: «Әй, бас бух» дейтінді шығарды. Өзім тілеп алған ауру болған соң шыдап келемін, әйтпесе шара жоқ. Иә, басқа жерлерде қандай екенін білмеймін, ал біз дің ауылдың жеңгейлері жанама ат қойғанға шетте рінен шебер. Сенбесеңіздер, келіңіздер, бір жанама атқа ие болмай кетпесеңіздер, қорада бордақыға байланып тұрған ісегімді беріп жіберемін.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ҚАРЫЗ АҚША Б алықбай түбі түскен шелектей даңғырлап қалған ақкөңіл адам. Астындағы жалғыз атын жолдасына көп ойланбастан тастап жүре бере тін нағыз мырзаның өзі де Балықбайдай-ақ болар. Өзінің ақ ниеттілігіне байланысты болса керек, әрдайым шаруа сы жүріп, тасы ылғи жоғары өрмелеп тұрады. Бір күні көршілес тұратын Сағызбай деген жігіт Балықбайдан 500 доллар қарыз сұрап келді... Ол бұл жігіттің кейбір суық жүрісінен ептеп хабары бар еді, бірақ өзіне сенім артып келіп тұрған соң көңілін қалдырмай сұраған ақшасын көп ойланбай бере салды. Тумасынан адам баласына сенгіш Балықбай көршісінен ақша алғандығы туралы тілхат та алған жоқ. Уәделі бір ай өтті. Сағызбайдың алған қарызды қайтарып беретін түрі жоқ. «Жағдайы болмай жүрген шығар, қайда барар дейсің, құдайы көршіміз ғой», – деп Балықбай да онша мән бере қоймады. Арада жылжып тағы да екі ай өте шықты. Көрші жігіттің қарызды жақын арада қайтарып беретін түрі байқалатын емес. Жарты айдай уақыт өткізіп барып, Сағызбайды Балықбайдың өзі іздеп баруға мәжбүр болды. – Ау, батыр, берген уәдең қайда? Бір ай емес, бақан дай үш жарым ай өтіп барады. Әлгі 500 долларды қай тарып бер. «Судың да сұрауы бар» деген, қарағым, – деді ол амандықтан соң. – Қайдағы ақша? Сіз мені біреумен шатастырып тұрсыз, көкесі, – деді дастарқан басында жалғыз шоқиып шай ішіп отырған Сағызбай екі беті былш етпестен. – Шырағым-ау, не деп кеттің өзің? Қалжыңның да орны бар, мен сенің қатарың емеспін. Қарыз алғаның рас болса, оны қайтарып бер, әйтпесе ұят болады, көрші адамдармыз, – деді Балықбай кәдімгідей шошынып. – Ақсақал, бүйтіп мәймеңкөлеп басымды қатыр маңыз. Мен сізден қарыз ақша алсам – көзім шықсын!
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Енді мені мазалай бермеңіз. Есік – анау! – деді Сағызбай түсін суытып. Үстіне жай түскендей болып есеңгіреген Балықбай өзінен-өзі қорланып, басын шайқай берді. – Бәсе, бәсе... Осы баланың сау сиырдың боғы еместігін іштей сезуші едім. Ойпырым-ай, ел аманда, жұрт аманда пейілі қандай жаман еді! – деді шошына күбірлеп. – Дүниеде балаң сияқты біруден бостан-босқа сөз естіген қорлық емей немене? Сағызбайдан әбден көңілі қалған Балықбай бұдан соң көршісін іздеп барған жоқ, ол да түк болмағандай бой көрсетпеді. Бірде Балықбай қаңғалақтап жүріп базарға бара қалды. Кіре берісте кішкентайынан бірге өскен, әскер қатарында бірге болған Сағынтайдың кездесе кеткені. Екі иығынан екі кісі мінерліктей ер тұлғалы құрдасы бүгінде дүрдей полиция полковнигі. Бір қалада тұрып жатқан дары болмаса екеуінің кездеспегеніне біраз уақыт болған екен. Көп ұзамай-ақ Балықбай мен Сағынтай базардың бір бұрышында шай ішіп, әңгіме-дүкен құрысып отырды. Әңгімеден-әңгіме шығып, Балықбай баяғы қарыз ақша хикаясын құрдасына айтып берді. – Бала кезіңде алдап-сулап, кәмпитіңді жеп қоюшы едік. Аузы ашық, аңқау досым, сол әдетіңді әлі қоймаған екенсің-ау! Мына жүлік сені кәдімгідей қатырып, тұзға отырғызып кеткен екен, – деді полковник досы басын шайқап. – Айтпақшы, мен сен тұратын ауданға ішкі істер бөлімінің бастығы болып қызметке ауысқанмын. Қайдағы бір мұрынбоқ балаға алданып жүрген досыма қол ұшын бермесем болмас. – Бәсе, сөйтсеңші, құрдас! Ақшасы құрып кетсін, бәрінен де өзіңнен кіші балаға алданып, сөз есіткен жаман екен, мына жалғанда, – деді Балықбай екі көзі жыпылықтап. – Так-так, – деді Сағынтай кесеге ыстық шай құйып жатып. Тілхатың жоқ, ақша бергеніңе ешкім куә емес, жағдайың қиын. Ол қызыл көз бәлеге дәлелдеп көр енді. Айтпақшы, әлгі ішің кепкір көршіңнің әйелі қандай адам? – Ұяты бар бала сияқты.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Бетінің қызылы бар де. Ол – жақсы. Олай болса, сен былай жаса,– деді полковник. – Мен саған диктофонымды берейін. Сен алаяқ көршің жоқта әйелі мен жайлап сөйлесіп, сөзін байқатпай жазып ал. Алаяқ көршің қарыз алғанын еш болмаса қойнында жатқан қатынына айтқан болар. Байым сізден қарызға ақша алды деген бір ауыз сөзді жазып алшы, қалғанын өзім жайғастырамын... Балықбай өз өмірінде дәл осылайша қиналмаған болар, сірә. Полковник құрдасы берген диктофонды қалтасына салып алып, көршісі Сағызбайды екі-үш күннен бері сырттай торауылдап жүр. Жас та болса талай бәлені көрген көршісі бірдеңені сезгендей үйінен шықпай жатып алды. Бүгін де Балықбай түс қайтқалы бері Сағыз байды аңдып отыр. Күн ұясына қонақтай бере көршісі нің ауыр темір қақпасы жайлап ашылып, үй қожайыны «Жигулиін» айдап шықты. Соңынан еріп шыққан әйеліне асығыс бірдеңе айтты да, үлкен жолға түсті. Қызыл көз бәле біраз жерге алыстап кеткенде, Балықбай кәнігі барлаушыша қалтасындағы диктофонды іске қосып, қақпаны қақты. Есікті Сағызбайдың үрлеген шардай домаланып қалған келіншегі ашты. – Амансың ба, келін? Сағызбай ініме келіп едім, шақыра қойшы, айналайын! – деді Балықбай түк біл мегенсіп. – Үйге кіріңіз, аға. Сағызбай қазір ғана жол жүріп кетіп еді. Амандық болса ертең келіп қалар. Шаруаңызды маған-ақ айта беріңіз, – деді жас келіншек сызылып. – Рахмет, келін! Мен үйге кірмей-ақ қояйын, кеш болып қалды. Осыдан үш ай бұрын інім менен 500 доллар қарыз алып еді. Сапардан оралған соң әкеліп тастасын шы, сол ақша құрығыр өте керек болып тұрғаны. – Мақұл, айтайын. Сансызбай сізден алған ақшаны әлі қайтармаған екен ғой. Туған інісі бірдеңе бүлдіріп қойып, қатты қиналғанымызда сіз қол ұшын беріп едіңіз. Келген соң береді ғой, айыпқа бұйыра көрмеңіз! – Рахмет! Қош болып тұр, айналайын, – деп асығыс қоштасқан Балықбай тысқа біреу қуғандай ытқып шық
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ты. Ол үйіне бармастан бұрын мәшине қоятын гаражына бұрылып, диктофонды тексеріп көрді. Жаңағы сөздер сол қалпында жазылыпты. – Жарайсың, Балықбай, тапсырманы мүлтіксіз орын дапсың, – деді полковник досы диктофондағы сөздерді тыңдап болып. – Енді Сағызбайды сағызша шайнаймыз, тырп ете алмайды. Үшінші тәулікте аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Балықбай мен Сағызбайды өзіне шақыртты. – Қайрақбаев мырза! – Сіздің мұныңыз қалай, ә! Қиналғанда біреуден жалынып-жалпайып 500 доллар қарызға аласыз. Бірақ, оны қайтаруды мүлдем ұмытып кетесіз, – деді Сағынтай Сағызбайға қайтер екен дегендей сынай қарап. – Полковник, мырза! Бұл кісі ақ сақалымен, үлкен басымен маған көптен бері жала жауып жүр. Енді сізге де аяғы жеткен екен-ау! Ол неғылған қарыз? Түсінсем, бұйырмасын! – деп Сансызбай безгектей жөнелді. – Қайраңбаев, бұл соңғы сөзіңіз бе? Қарыз алға ныңызды мойындағаныңыз дұрыс болар еді. Әйтпесе, елді алдап, алаяқтық жасап жүргеніңіз үшін жауапқа тартамыз. – Бүйткен қоқан-лоқың маған бір тиын, полковник! Босқа жала жапқаныңды қой! Мені жауапқа тартамын деп қорқытқыңыз келеді. Оған дәлеліңіз қайда? – деп Сағызбай отырған орнынан ұшып тұрды. – Ә, сізге дәлел керек екен ғой. Ендеше, тыңдаңыз, Қайрақбаев мырза! – деп Сағынтай диктофонды іске қосты. Өзіне қарсы қойылған айғақты естігенде Сағызбай дың салпиған ауызы сағызша созылып кетті. – Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе деген осы. Ой әкеңнің.., – деп әйелін келістіріп тұрып бір боқтап алды. Сонан соң еркек басына қарамай өгіздей өкіріп жылап қоя берді. – Ағатайлар, кешіріңіздер мені! Құдай атып, шай тан түртті деген осы. Мен бір шіріген жұмыртқамын!
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Құлдарың болып өтейін, аяқтарыңа жығылайын! Мені аямасаңдар да, артымда қалған төрт бірдей жас баламды аяй көріңдер! Ботадай боздап отырған көршісін Балықбай біртүрлі мүсіркеп, аяп кетті. – Сағынтай, мына итті абақтыға қамамашы! Мұны емес, анау шиеттей балаларын аяп тұрмын, – деп досына жалтақтап қарай берді. – Әй, осы ақ жүректігің бір күні түбіңе жетеді, – деді полковник қолын бір сілтеп. – Мұндай арам шырмауықтарды аяп керегі жоқ. Түбіріне балта шаппаса болмайды. Бірақ, сен айтқан соң амал бар ма?.. Буынсыз жерден пышақ ұратының-ай кейде сенің... ТАУЫҚТЫҢ «КЛАССИГІ» Д әркенбай мінген сары автобус тепең-тепең етіп, алға қарай тартып келеді. Бет алысы «Үлгілі» кеңшарының тауық фермасы. Жас тілші жол үстінде келе жатып, таңертең ғана редактормен болған әңгімені есіне алып, еріксіз жымиды. – Дәркенбай, – деді редактор мұрнына түсіп кет кен көзілдірігін түзеп қойып. – Өткен жолы «Бірлік» кеңшарындағы тауық фермасының кемшілігін быт-шыт етіп сынап қайтып едің. Енді «Үлгілінің» тауық фер масын қатырып тұрып мақтап жазып кел. Анау-мынау емес аудан әкімінің өзі дұрыс деп жатыр. Бір мекиен бір айда 36 жұмыртқа табады екен. Соны асықпай зерттеп, тәжірибесін мықтап жаз, басқаларға үлгі болсын. Мә, мына фотоаппаратты ала кет, суретке түсіріп аларсың. Аудандық газеттегі жалғыз фотоаппаратты редактор кім көрінгенге бере бермейді. Әлі сары тұмсық жас тіл
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ шіге үлкен сенім артқаны бұл. Оқуды жаңа ғана бітіріп келген беті, жылап жатқан бала, ұрсып жатқан қатын жоқ. Дәкең көп ойланбастан «Үлгіліге» тауық фермасы қайдасың деп тартып кетті. Кішкентай сары автобуста тепеңдеп келе жатып, Дәркенбай сонау алыстап кеткен балалық шағын есіне алып, өзіне-өзі күлкісі келді. Иә, бәрі де тауықтан басталып еді... Алтыншы класта оқып жүргенде аяқ астынан қағынып ақын болғысы келіп, «Мектебім», «Туған жер», «Көктем», «Дала» деген өлеңдерін түйдек-түйдегімен Алматыдағы «Қазақстан пионері» газетіне жіберіп жатты. Алғаш қы өлеңдерін жібергеніне үш күн өтпей жатып, ақсақ пошташы Сейілбай әкеліп беретін газеттің төртінші бетіне жалма-жан үңіле қарады. Бірақ, өзі «мынауский» деп жазған өлеңдері әлі басылмаған екен. Ертесіне газетке тағы шұқшиды, аты-жөні де жоқ, өлеңдері де жоқ. Өстіп, дал болып жүргенде бір күні Дәркенбай Тұрғынбаевтың атына шекесіне «Қазақстан пионері» деген жазуы бар көк конвертті хат келді. Ол асығыс, аптыға хатты ашып, оқи бастады. «Құрметті Дәркенбай, – деп басталыпты хат. – Сенің өлеңдеріңді алдық. Бірақ, көркемдігі төмен болғанды ғы үшін газетке басудың реті келмеді. Оның үстіне бұ рын жазылған тақырыптарды көп қайталайды екенсің, тың тақырыптарды жаз. Әрине, саған көп оқып, көп үйрену керек. Дегенмен таудай талабың бар екен, жазып, хабарласып тұр. Сәлеммен: әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі Рәзия Қонақбаева». Дәркенбай алғашқыда сәл ренжігенмен, хаттың соңғы жолдарын оқығанда төбесі көкке сәл-ақ жет пей қалды. Басына Бекташ ағасының «Темірді қызған кезде соқ» деген сөздері сап ете қалып, жазылмаған тың тақырыптарды жалма-жан іздей бастады. Наурыздың бас шені болатын. Күн жылынғалы бері ауладағы тауықтар қыт-қыт етіп, жұмыртқалай баста ған. Дәркенбайдың көзіне апасы ерекше жақсы көретін
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК қара тауық түсе кетті. Өзі де жақсы көретіндей тауық, күнде жұмыртқа табады, жұмыртқалары да жұп-жұмыр. «Міне, тың тақырып деген осы. Тез өлеңге қосу керек, тез. Мұндай тақырыпты бүгінге дейін бірде бір ақын жаз баған шығар. Қатып кетті деген осы». Дәркенбай жерден жеті қоян тақпандай қуанып кет ті. Құлшынып тұрған ақынға өлең деген сөз болып па? Әп-сәтте-ақ бір өлең дүниеге келді. Сондағы шатпағы мынау еді: Қыт-қыт етесің, Өзің бір пәле екенсің Күнде жүкті боласың, Күнде тұқым табасың. «Тауық» деп аталатын өлеңін тез қағазға түсіріп, сол күні-ақ Алматыға салып жібереді. Өлеңді жазған оңай да, шығару қияметтің-қияметі болып шықты. Күнде газет бетіне қарайды, бірақ шығатын түрі жоқ. Өзінен де, өлеңнен де түңіліп жүргенде бір күні шекесінде «Қазақстан пионері» деген жазуы бар тағы бір хат келді. «Құрметті Дәркенбай! «Тауық» деген өлеңіңді алдық. Мұндай ұятсыз өлең жазуға болмайды, поэзия кім көрінгеннің ойыншығы емес. Сәлеммен: әдебиет және өнер бөлімінің меңгеру шісі – Рәзия Қонақбаева», – деп жазылған хатты оқы ғанда Дәркенбайдың басынан біреу балғамен соғып жібергендей болып есеңгіреп қалды. Сөйтіп, осылайша поэзиядан жолы болмай салы суға кетіп жүргенде Бекташ ағасы басқаратын тауық фермасына аудандық газеттің тілшісі келе қалмасы бар ма. Ауданның маңдайалды тауық фермасы туралы озат тәжірибе бетін жазу ойы бар екен. Тілші ағасы екі күн жатты. Әрине, Дәркенбай ол кезде озат тәжірибенің не екенін білмейді, ал тілші мен Бекташ ағасы екеуінің он тауық жеп, он бөтелке арақты босатқанын анық біледі.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Көп ұзамай-ақ Бекташ көкесі мен оның тауықтары туралы жазылған үлкен мақала аудандық газеттің бір бетіне тұтас жарияланды. Бұдан кейін де тілші ағасы тауық фермасына жиі-жиі келіп тұратын болды. Бір кел генде Дәркенбай тілші ағайға өзі жазған өлеңдерін оқып берді. Әсіресе, баяғы «Тауық» деп аталатын өлеңі тілшіге қатты ұнады. Көзінен жасы аққанша күліп, «Молодец, жарайсың», – деп арқасынан қақты. Тілші, газетіне бастыртамын деп бір топ өлеңдерін ала кеткен, сөзінде тұра білді сабаз. Көп ұзамай-ақ Дәркенбайдың екі-үш өлеңі жарқ етіп, ауылды бір шулатты. Содан бастап, Дәркештің бағы жанып кеп берсін. Аудандық, облыстық газеттерде, тіпті «Қазақстан пионерінің» өзі өлеңдерін, мақалаларын басып тұратын болды. Тоғызыншы класта оқып жүрген болатын. Жаңа оқу жылының басында Айнаш деген қыз көрші ауылдан өзі оқитын мектепке, оның ішінде 9 «Б» класына ауысып келмесі бар ма? Дәркенбайдың Бекташ көкесі айтатындай нағыз бет біткеннің сұлуы. Кластағы ұл біткеннің бәрі әлгі қызға ғашық болып қырылды да қалды. Дәркенбай да Айнашқа ғашық екендігін білдіріп, жата қалып өлеңдетіп хат жазды. Ғашықтық туралы хаты: Қиылған қасың, Нешеде жасың? Танысуға болар ма екен, Бос болса басың? – деп шұбатылып кете береді. Бұл хатты кім көрінгеннің қолына беруге болмайды, Айнаштың өзіне тікелей тап сыру қажет. Алдын-ала жасалған жоспар бойынша хатты әдебиет сабағы кезінде Айнаштың оқулығының ара сына қыстырып салып жіберу керек болатын. Ғашық тық дерт бойын өртеген Дәркенбай сөйтуін сөйтті-ау, бірақ оны мұғалім Қатима байқап қалып, хатты қалтасына салып алды. Сол-ақ екен басы бәлеге қалды Дәркештің. Тай түгілі бас қайғы болып, ғашықтығы жайына қалды. «Өзі комсомол мүшесі, өзі мектептің қабырға газетінің редакторы бола тұра, қыздарға ғашықтық туралы хат
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК жазады. Бұл не деген масқара!» – деп анаусы да, мынаусы да саусағымен нұқып, көзіне көк шыбын үймелетті дейсің. Ол аздай ертең комсомол жиналысына салмақ. Бүйтіп тірідей көзге күйік болғанша тезірек көзімді құртайын деп, Дәркенбай көрші ауылдағы әпкесі Күлпаштың үйіне қашып кетейін деп жатқанда мұғалима Қатима мен онын шы кластың зіңгіттей-зіңгіттей төрт оқушысы жетіп келіп, оны дірдектетіп, мектеп директорының кабинетінен бірақ шығарды. Зәресі зәр түбіне кеткен Дәркенбайдың бір аңғарғаны: директор онша ашулы емес, жанында отырған бейтаныс жігіт те жайдары. – Міне, мектебіміздің маңдайалды оқушысының бірі, әрі қабырға газетінің редакторы Дәркенбай Тұрғын баевтың өзі де келді, – деді директор орнынан тұрып. – Дәркеш, мына ағаңа жақсылап сәлем бер, ағаң аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. Сен Алматыда өтетін «Қазақстан пионері» газетінің мерекесіне баратын болдың. Жарқынбай ағаң сені өзі ертіп апарамын деп отыр. Сенер-сенбесін білмеді. Бірақ, бәрі рас болып шықты. Сол-ақ екен, Дәркештің «атағы» бүкіл ауылға дүркіреп жүре берді. – Ойпырым-ай, не дейсің, Тұрғынбайдың қалқан құлақ баласы Алматыға баратын болыпты. Иә, өңшең газет тілшілерінің үлкен жиналысына қатысады екен өзі. Анау-мынау емес, комсомолдың бірін ші хатшысымен барады екен. Алматыға жүргенше бүкіл ауылдың әңгімесі Дәркен бай жайлы болды. Әрине, Дәркештің ғашықтығы тал қыланатын комсомол жиналысы болмай қалды. Ал, мұғалима Қатима болса Дәркенбайды ең үміт күтетін шәкіртімнің бірі деп жер-көкке сыйғызбай мақтай тынды шығарды. Бұрын мұрнын шүйіріп қарамайтың ең сұлу қыздардың өздері сыртынан қызыға қарайтын болып жүр. Жолға жүрердің алдында айдай сұлу Айнаштың өзі: «Дәркенбай, екеуміз мәңгі-бақи дос болайық» деп хат жазып, сонау алпысыншы жылдар дың бойжеткендеріндей кестелі орамал сыйлапты деген
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ сыбыс шықты. Дәркенбай бүкіл ауылды шуылдатып, астанаға шікірейіп аттанып кетті. Оны редакцияның кіре берісінде әдеміше келген, жылы жүзді әпкей қарсы алды. Дәркенбай қарап тұра ма, тақ-тақ етіп өзін таныстырып жатыр. Пәленше облыс, пәленше аудандағы, пәленше атындағы мектептің 9 «Б» класс оқушысы Дәркенбай Тұрғынбаевпын дегенде редакция қызметкері мырс етіп күліп жіберді. – Ә, Дәркенбай сен бе едің, танимыз сені. «Тауық» деген өлеңнің авторы өзің емессің бе? Баяғы «Тауықтың» авторы осы бала екен ғой, молодец, – деп екінші редакция қызметкері арқасынан қағып қойды. Қалған қызметкерлер де мәз-мейрам. Бәрі де бұрыннан білетін жандардай амандасып, жағдайын сұрап жатыр. Кейін таныса келсе, олардың бәрі қазақтың мықты-мықты балалар ақындары болып шықты. Алматыға барған бұл сапарында Дәркенбай тауық тың «классигі» атанып қайтты. Ал, келесі жылы құласам таудан құлайын деп университеттің журналистер даяр лайтын факультетінен бір-ақ шықты. Міне, оны да аманесен бітіріп, қазір көрші аудандағы газетте дүрдей тілші болып қызмет етіп жатқан жайы бар. «Үлгілі» кеңшарындағы тауық фермасының мең герушісі Қойшыбай да өзінің Бекташ ағасы сияқты түбі түскен шелектей даңғырлап қалған ақкөңіл жан екен. Дәркенбай барысымен он тауықты бытырлатып сойып тастады. Екі күннің ішінде екеуі бес-алты қылмойын бөтелкені домалатып тастап, әңгімені армансыз соқты-ау. ...Жазған мақаласы редактордың көңілінен шықты. – Бала, өзің молодец екенсің. Өмір бойы тауық фермасында жұмыс істеген мамандай жан-жақты тал дап, жақсы жазыпсың. Міне, озат тәжірибе деген осылай болуы керек. Әсіресе, тауықтың қалайша бір айда 35 жұмыртқа табатынын ашып беріпсің, – деп лездемеде жатып кеп мақтады. Иә, редактор Дәркенбайдың Бек таш көкесінің жиырма жылдан бері тауық фермасының меңгерушісі, ал өзінің бала кезден тауықтың «классигі» екендігін қайдан білсін.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК БЕРІЛМЕЙ ҚАЛҒАН СӨГІС Қ ұдайдың аты – құдай. Берем десе бере салады да аямай. Сорлатам десе сорлата салу да оған түк емес. Осыдан жарты жыл бұрын ғана директордың креслосына қолы әрең жеткен Қойбағар бүгін ойламаған жерден партиялық сөгіс алып, үстіне жай түскендей есеңгіреп қалды. Баяғыда әкесі сауысқаннан сақ болу керек бұл заманда, бір шоқып, екі қара деп отырушы еді. Иә, абай ламаса сүрініп кетіп, тұмсықты бұзып алу түк те емес екен. Осыдан үш күн бұрын аудандық партия комитеті нің бірінші хатшысы Жайбағыс басқаратын шаруашы- лыққа сап етіп келе қалмасы бар ма? Екеуінің сонау жалаңаяқ студент кездерінен бері таныстықтары бар еді. Талай рет студенттердің «конягі» – портвейнді бірге ішіп, қыз-қырқындарға да бірге бар ғандары бар. «Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді» демек ші, оқу бітірген соң екеуі де ит жортса жетпейтін, құс ұшса келмейтін осы алыс, шалғай ауданға тап болды. Жайбағыстың студент кезінде-ақ ептеп пысықтығы бар еді, келген екі-үш айдың ішінде ай қарап, жұлдыз санап жүрмеген екен. Көп ұзамай-ақ облыстағы айтқаны жүріп тұрған үлкен бір дөкейдің қызын алып, дүркіретіп тұрып той жасады. Сол-ақ екен Жайбағыстың картасы жүріп кеп берсін. Жас келіншегі екеуінің бал айы өтпей жатып-ақ бас зоотехник болды. Екі жыл өтпей жатып, бір совхозға директор болып, жайлы креслоға қонжия кетті. Тоқпағы күшті болса киіз қазықтың өзі жерге кіреді деген рас екен. Арада екі-үш жыл салып, аудандық атқару комитетінің төрағасы болып шыға келді. Ол бұл креслода да ұзақ отырған жоқ. Жайбағыс, тойс Жөкең бүгінде райком, яғни бірінші хатшы. Азуы алты қарыс, түкірсе түкірігі жерге тимейді, бүкіл аудан ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Обалы не керек, құйрығы жерге тимей анда-мұнда шапқылап бір совхоздың бас зоотехнигі болып жүрген Қойбағарға қол ұшын беріп жіберіп, асыл тұқымды қой совхозының білдей директоры болып шыға келген. Хатшы, парторг, зоотехник төртеуі шаруашылық ты аралап болған соң ауданның бірінші басшысын үйіне шақырды. Ыстық шайдан соң өңшең ығай мен сығый преферансты сызуға кірісті. Жайшылықта жылжи қоймайтын Қойбағардың қолы жүріп кеп берсін. Бас зоотехниктің ымдағанын да, аяқ басқанын да аңғармай бірінші хатшының да, парторг тың да бар ақшасын көк тиынын қалдырмай сыпырып ұтып алды. Таңертең бірінші хатшы директормен салқын қош тасып, асығыс жүріп кетті. Арада екі тәулік өтпей жатып, совхоздың жүк таситын машинасы мен оқушы лар тасымалдайтын автобус шаңқай түсте соғысып қа лып, бір шопырдың басы жарылса, екінші шопыр қолын сындырып алды. Құдай оң болғанда автобус ішіндегілер аман-есен, әйтеуір. Қойбағар ертесіне райкомның бюросынан бір-ақ шықты. Сол бюрода «Көксай» совхозының директоры жұмыста жіберген жауапсыздығы мен немқұрайды лығы үшін сөгіс алып шыға келді. Құдай бір айналдырса шыр айналдырады деген шын. Күздің жылауық бір күні облыстық активтің жиналысы болатын болды да, ауданның бүкіл бетке шығар қаймағы облыс орталығына аттанды. Қонақ үйге орналасып, Жайбағыс пен Қойбағар дың көшеге шыққан беті сол еді, дәл қарсы алдарынан баяғыда Алматыда бірге оқыған Сәлиманың кездесе кеткені. Хатшы да пенде ғой, көзі бірден Сәлимаға түсті. Ал, Сәлима болса Қойбағарға өзі сүйкеніп, өліп-өшіп барады. Өзі қарға аунаған түлкідей құлпырып кеткен, аузы-аузына жұғар емес, бәрін айтып жатыр, бір емес екінші күйеуімен ажырасып үлгеріпті, қазір жалғыз тұрады екен.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Ұзын сөздің қысқасы, Сәлима қара бояумен баттасқан көздерін төңкеріп қойып Қойбағарды қонаққа шақырып, қиылып тұрып алды... Ертесіне бірінші хатшы директормен басын біреу зорлағандай әрең изеп, салқын амандасты. Актив біт кен соң Қойбағар ауылға келсе, бір мая шөп өртеніп ке тіпті құдай ұрып. Күн құрғатпай жатып, директор тағы да бюроға шақырылып, екінші сөгісті алып қайтты сүмі рейіп. Қойбағар осылайша үсті-үстіне «нокдаун» алып, есеңгіреп жүргенде бірінші хатшы құйындай болып, тағы да ойламаған жерден жетіп келді. Сол күні бүкіл елді аузына қаратқан бір қарияның үлкен тойы болып, хатшы мен директорды қоярда қоймай шақырған болатын. Алла тағала, оң көзімен бір қарамаса біттің дей бер. Ардагердің тойында бәрі бірауыз болып келісіп алғандай Қойбағарды екі аяғын жерге тигізбей мақтады дейсің кеп. Қалай білмей жүрген, Қойбағар данышпан екен, білгір екен, нағыз ел ағасы екен. Директордың жанында отыр ған бірінші хатшы елеусіз болып жайында қалды. Сол күні Жайбағыс директордың үйіне бармай, совхоздың қонақ үйіне түнеп шықты. Екеуі таң атпай жатып, отарларды аралауға шықты. Іздегенге олқылық түк емес, сыныққа сылтау табыла кетті. Қошқардың аты қошқар емес пе? Жануарлар қой дегенді қайдан білсін. Құдай ұрғанда, қарауыл қалғып кетіп, оншақты асыл тұқымды қошқар жас тұсақтарға қосылып кетіп, шеттерінен қуып жүр екен... Хатшы жата кеп ашуланып, директор болса ыржа лаңдап күле берді. – Жынданып кеттің бе, неге күлесің? – деді райком ның секретары. – Жолдас хатшы, мына қошқарлардың арқасында үшінші рет сөгіс алайын деп тұрмын. Қолыңда тұр ғой, сол сөгісіңді бермей-ақ қойсаңшы. Өзім-ақ арыз беріп, жұмыстан босанайын. – Не деп көкіп тұрсың? Оны бюро шешеді. Ертең таңертең сонда бол.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Хатшы «Уазигінің» есігін тарс жауып, асығыс жүріп кетті. Таң атпай жатып ерте оянған Қойбағар қырынып, киініп бюроға жинала бастады. Онсыз да жуан мойынын қылқындырып, тоқпақтай галстугын байлап жатқанда үнсіз тұрған кішкентай радиоға үн бітіп, мыңқылдап сөйлесе де, аса маңызды хабар бере бастады. Қойбағар қаққан қазықтай қалшиды да қалды. Мәссаған... Осын дай да болады екен-ау... Партия тарқап кетіпті... Қорық қаны ма, жоқ әлде қуанғаны ма Қойбағар ас бөлмеде шай қамдап жүрген жұбайы Мәриямға айқай салды. – Мәриям, естідің бе? Астапыралла! Шошып кеткен Мәриям ас бөлмеден жүгіре шықты. – Қойташ, жайшылық па, не болып қалды? – Сұмдық, КПСС, тойс партия тарқап кетіпті. – Қазір менің райкомға баруым керек. Маған партия лық сөгіс беру керек еді, жұмыстан алу керек еді бүгін. Енді не болар екен? Қызық болды-ау өзі. О, құдайдың құ дыреті, мұндай да болады екен, – деп біресе қол сағатына, біресе аузы ашылған жұбайына қарап, «үф» деп жанында тұрған орындыққа отыра кетті. СОЛДАТТЫҢ ЕСКІ МАЛАҚАЙЫ А лматыда оқып жатқан кенже қызына барып келуді Ордабай көптен бері ойлап жүр еді. Бірақ, шопанның қолы тиген бе, бұл кетсе колхоздың бір отар қойы қырылып, өліп қалатын құсай ды да тұрады. Әйелі болып, інісі болып астанаға барыпкелуге әрең көндірді-ау, әйтеуір. Сонау бір жылдары Ордабайдың бүкіл туған-туысқандары біздің тұқымнан да бір герой шықсын деп қозыларының біразын ағаларының
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК отарына қосып, әр жүз қойдан бақандай 140 қозы алға ны бар. Өкінішке орай, герой бола алмады, оның есесіне аудандық газеттен бастап, республикалық басылымдарға дейін «Красный пахарь» колхозының маңдайалды аға шопаны Жапсарбаев Ордабайдың атын шулатты дейсің кеп. Сол жүз қырық қозының арқасында сонау Мәс кеуге Халық жетістіктері көрмесіне барып қайтты біздің Орекең. Содан кейін алыс жолға екінші рет шығайын деп тұр. Бұл сапары да Меккеге жиналғаннан бір кем соққан жоқ. Әйелінің қызына деген сәлемдемесі тұп-тура екі қапшық болды. Күнде киіп жүрген түлкі малақайы мен саптама етігін киейін деп еді әйелі баж ете қалды: – Ойбай-ау, кенже қызыңа кетіп бара жатқан жоқсың ба? «Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды» демекші, адам құсап киінбейсің бе, анау құндыз бөркіңді міндетті түрде ки. Осындайда кимегенде қашан киесің оны? Не керек, бүкіл туысқандары Ордабайды улап-шулап аудан орталығындағы теміржол бекетіне дейін шығарып салды. Ордабай пойызға отыруын отырды-ау, бірақ, бұл көк қасқаң жолда кездесетін әрбір бағанаға тоқтай тын болып шықты. Мынау тұрған Алматыға тасбақаша аяңдап, бір тәуліктен асқанда әрең жетті. Қырсыққанда дәл ымырт үйіріле бере маңдай тіреді сабаз. Көппен бірге Ордабай да домаланып пойыздан түсе берген. Кеше көп болып байқамаған екен, заттар салынған екі қапшық ішіне тас салып қойғандай ап-ауыр. Вокзалдан шыға берісте қызы тұратын құдасының адресін сұрастырып көріп еді, біраз жер болып шықты. – Автобусқа сенсеңіз, бұл Алматыда арам қатасыз, дұрысы, такси ұстаңыз, – деді бір иман жүзді келіншек. «Үйден қырық қадам шықсаң – мүсәпірсің» деген осы, сүйретіліп, таксидің кезегіне келді. Өзі қойшы болып істейтін колхозда айлық жала қыларын үш-төрт айда бір-ақ рет беріп, кезек жылан дай шұбатылып жатушы еді. Таксидің де кезегі сондай болып шықты. Аяқ астынан кіші дәрет қысып, Ордаш тың берекесі қашты. Қызына деген сәлемдемесін тас тап кетейін десе, тани қоятын ешкім жоқ. Сөйтіп, дал
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ болып тұрғанда жаңа ғана таксиге мін деп кеңес бер ген келіншекті танып, шешесі ұл туғандай қуанып кетіп бұйымтайын айтты. – Сөз болып па, ата, баратын жеріңізге барыңыз, мен сізді күте тұрайын, – деді келіншек келісім беріп. Ордабай вокзалдың ішінде әжетхана бар екендігін, оған ақша төлеп кіретіндігін білген де жоқ, оны сұрап жатуға уақыты да жоқ еді, бір қараңғылау бұрышқа тұра кеп жүгірді. Бойы жеңілдеп, әлгі қараңғы бұрыштан шыға беруі мұң екен, қарсы алдынан екі жігіт шыға келді, біреуі жал ма-жан басындағы құндыз құлақшынын жұлып алып, тұра қашты біреу қуғандай. Ордабай тез есін жия әлгі екеуінің соңынан тұра жүгірді. – Айналайындар-ау, өзіміздің қаракөздер екенсің дер, кенже қызыма келе жатыр едім, ұят болады ғой. Бөр кімді қайтарып бере көріңдер. Құндыз бөрікті ала қашқан жігіттің ұяты бар болып шықты, тоқтай қалды: – Болмадыңыз ғой, ақсақал, қайтып алыңыз бөркіңіз ді, – деп малақайын қайтадан басына кигізе салды. Ордабай таксидің кезегіне қайтып келсе екі қапшығын тастап кеткен келіншек оны сабырсыздана күтіп тұр екен. – Ата, кешіктіңіз ғой, сізге бола екі таксиден қалып қойдым. – Айналайын, айып ете көрме! Қараңғы бұрыштан шыға бергенімде екі жігіт қарсы алдымнан шығып, біреуінің құндыз бөркімді ала қашқаны. Мен қарап тұрайын ба, тұра жүгірдім соңдарынан. Дегенмен, ұяты бар екен, бөркімді қайтарып берді әлгі жігіт. – Ата, басыңыздағы құндыз бөрік емес, солдаттың ескі малақайы ғой. – Шырағым-ау, не деп тұрсың? Ордабай жалма-жан басындағы бөркін жұлып алды. Шынында да солдаттың мыжырайған, әбден ескірген малақайы. – Қап, мына екі жүгермекті-ай! Мені алдап қатыр ған екен-ау, – деп санын бір-ақ соқты. Осылайша әлемжәлем болып тұрғанда таксидің де кезегі жетті.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Шырағым, Мамырға дейін ала кетші, – деді басына ескі солдат малақайын мыжырайтып киіп жатып. – 300 теңгең бар ма, апарайын, – деді таксист шалға ыржиып. – Ойбай-ау, мынау тұрған жерге осыншама пұл сұрайсың ба? Бұл кемпірім екеуміздің қой соңында жарты ай бойы салпақтап алатын жалақымыз ғой. – Олай болса автобуспен бар, – деді таксист маған бәрібір дегенді білдіріп. – Мейлі, айтқаның болсын, аман-есенімде қызыма жетіп алайын. Әйтпесе, мына қаланың қулары тыр жал аңаш қалдырып жүрер. Такси Мамырға қарай аңыратып келе жатыр. Ордабай жол үстінде келе жатып, кемпірін, бүгін қолды болып келе жатқан құндыз бөркін ойлады. – Түймекүл түсінер, ұрыспайтын шығар не болыпты. Әлі күйеуге шықпаған үш қызым бар емес пе, аман болса солардың бірі құндыз бөрік кигізер әкелеріне, – деп өзінөзі жұбатты Орекең. «ЭСЕВИО» К ейбір қыздар бір рет күйеуге шығуға зар болып жүрсе менің туған балдызым үшінші рет тұрмысқа шығып жатыр. Оның үстіне мына ауыз ашып, көз жұматын күйіп тұрған қымбатшы лықта мейрамханада дүрілдетіп той жасамақ. Сонау ит өлген жерге кімнің барғысы келсін: күн суық, жұмыстан жібере қоймас, оның үстіне сіңлің бірінші рет күйеуге шығып жатқан жоқ деп біраз қиқандап көріп едім, ептеп ақимасы бар жеңгейлерің: «Жар дегенде жалғыз ғана бауырымның тойына бармай көрші, екі аяғыңды бір етікке тығып, қаңғыртып жіберемін» деп зәремді алды.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Батырға да жан керек, бірден билет алу үшін әуе жайға қарай зымырадым. Сыныққа сылтау табыла кетіп, баратын жағымызға билет болмай шықты. Мен бұл жөнінде Қалимашқа қуана-қуана телефон соғып едім, ол трубканың аржағынан: «Өл, тіріл екі билет тап, болмай жатса теміржол бекетіне бар, шаруаңды бітірмей төбеңді көрсетуші болма!» деп шұғыл бұйрық берді. Ана кассаны бір сығалап, мына кассаны бір сығалап, түк бітіре алмаған соң, теміржол бекетіне тартып кет тім. Мұнда да бірін-бірі итермелеген халық. «Мен болсам балдызымның тойына кетіп бара жатырмын, күннің көзі қырауда, мына адамдардың бәрі қайда бармақшы» деп кәдімгідей ренжіген күйі ұзыннан-ұзақ шұбатылған кезекке мен де тұрдым. Сол қалшиып тұрғаннан ет пісірім уақыт тұрып, кассаға да жеттім-ау, әйтеуір! – Айналайын, ертең Ақтөбеге жүретін пойызға екі билет бере қойшы. – Купеге билет жоқ, жай вагонға аласыз ба? – деді кассир қыз тақ-тақ етіп. – Қалқам, жай вагон болмайды, анау Эсевио дегенде рің болмаушы ма еді, ең қымбат вагон, – дедім сасқа лақтап. – Эсевио емес, СВ деңіз, – деді билет кесуші күліп. – Оған екі билет табылады. Шұжықтың ұзыны, сөздің қысқасы жақсы демекші, Қалимаш екеуміз мінген жүрдек бірдеңеден құр қалатындай болып, екі өкпесін қолына алып аңыратып-ақ келе жатыр. Бірақ, жұбайымның қабағы қатулы: азынап тұрған екі кісілік купеге, суықтан бүрісіп, тоңып отыр ған маған алма-кезек қарап, түріңкі еріндерін жыбырла тып-жыбырлатып қояды. Ішім сезгендей шыдамы ұзаққа созылмады, тиісетіні, қажайтыны баяғы мен: – Әй, мынау «Эсевиоң» азынап тұр ғой. Иесі бар ма қараң қалғырдың? Бәледен машайық қашыпты дегендей екі құлағым ды тарс бекітіп, қос жанарымды жұма қойдым. Кеше
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК теміржол бекетіне оралғанымда билетті қалай алғаным ды айтып, балаларымды бір күлдіріп алғанмын. Әсіресе, кенже ұлым Дәурен ішегі қатқанша күлді. – Ну папа, даешь ты. Сен прямо Қожанасырсың, – дейді күлкісін баса алмай. Көрдің бе, қатын деген нағыз дұшпан. Қаңғалақтап жүріп, шатастырып айтқан сөзімді өзіме қарсы қолданып отыр. – «Сұмырай келсе су құриды» дегендей алған ор нын қарашы! Мына азынаған вагонда суықтан үсіп өліп қалатын шығармын. Қалимаш әлі өзімен-өзі. Суы қайнаған самаурынша бұрқылдап-бұрқылдап қояды. Үйреншікті әдеті емес пе, қайда барар деп мен отырмын. Мен билет алдындағы сатушымен болған екеуара сөзімізді есіме алып, өзімнен-өзім күлкім келді. «Мұртқа өкпелеп жүріп, сақал шығыпты» демекші қырықтан асып, табақтай бір дипломның иесі, төрт баланың әкесі болсам да орысшам бір оңбай-ақ қойды. Бас-көзіне қарамай бірдеңе деп қойып қалып, қарап тұрамын. Сонау бала кезімде әкем мені адам болсын деп бір-екі жыл орысша оқытқаны бар. Ауылымыздағы бастауыш мектепті бітірген бес-алты баланы совхоз орталығын дағы орыс мектебі қайтадан төртінші класқа қабылдады. Мектеп пен ауылдың арасы біраз жер. Екі ортада үлкен сай бар, бірде бәріміз жата кеп асық ойнап, екінші са баққа әрең үлгердік. Орысшамыз шамалы, құрдастарым ның ішіндегі пысықтауы мен едім. Класс ішіне топыр лап кіріп, амандық жоқ, саулық жоқ сүмірейіп тұрмыз. Мұғалім маған қарап: «Дайрабаев, почему опоздали на урок?» – деп сұрады. Мен мұрнымды бір тартып қойып: «Мы пешком приехали», – дедім. Сол-ақ екен тақтаның жанындағы мұғалімнің өзі мырс етіп, бүкіл класс ду етіп күліп жіберді. Бұлар неге күледі деп біз аң-таңбыз. Біз қайдан білеміз, «приехали» мен «пришлидің» мәнін кейін түсіндік ғой. Ептеп орысша білген соң балалардың арасында беделім әжептәуір. Біз оқитын мектептің дәл жанында
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ азық-түлік және өндіріс заттары аралас дүкен бар еді. Бүкіл құрдастарымның қалталарындағы тиын-тебен дерін жинап алып, сауда жасайтын «коммерсант та» баяғы менмін. Бір күні бар тиындарымызды жинап, тәтті тағамдар, екі шөлмек сусын алатын болып келістік. Арамызда Арыстан деген бала бар болатын, соған апасы оншақты жұмыртқа беріп жіберіпті. Ол сол жұмыртқаларды дүкенге өткізіп, түрлі-түсті қаламдар алып берші деп жата кеп жабысты. Бүкіл нөкерімді ертіп, дүкенге кірдім де, таң қиған мұрнымды бір тартып қойып, орысшам онша келіңкіремесе де саудамды бастап кеп жібердім. – Двесто грамм печенье дай міне, двесто грамм «Ирис» дай міне, двесто грамм пряник дай міне, два бутылка лимонад дай міне и светной карандаш, который стоить 26 копеек дай міне. Сатушы әйел күліп қойып, мен берген тиындарды есептей бастады. Бәріміз у-шу болып, дүкеннен көңілді шықтық. Түрлі-түсті қаламдар салынған қорапты арыбері қарастырып тұрған Арыстан: – Түу, Қиқым қандай бәлесің, орысшаға судайсың ғой өзің. Тіпті «который» деген сөзді де үйреніп алыпсың, – деді таңқалып. Қалқиған құлаққа әбден сіңбей, кәуек сияқты бас дұрыс қабылдамай орыс тілін көсілтіп сөйлеп кету қиынның қиыны болып шықты. Оны білдей студент болып жүргенде де қатырып кете алмадық. Екінші курста оқып жүргенде бір күні кезегім келіп, азық-түлік дүкеніне бара қалдым. Онда «сосиска» деп аталатын шұжық сатылып жатты, өзін талай жегенбіз, әрі арзан, әрі дәмді, студенттерге таптырмайтын ас. Кезекке тұрып, шұжықты енді ала берейін дегенде құдай тас төбемнен ұрып, орысша қалай аталатындығын ұмытып қалып, әрең жеткен кезектен сытылып шығуға тура келді. Кетіп қалайын десем шұжық құрғырды көзім қимай тұр, қайтадан кезекке тұрдым. Шегінетін жер жоқ, неде болса алға жылжып келемін. Мақау адамдай
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК қалшиып тұрған маған көз тастаған сатушы: «Молодой человек, что вам надо? Говорите?» – деді. – Мне два килограмм сиски дай. – Ха, ха. Елдің бәрі қыран-топан күліп жатыр. Бірдеңені, бүлдіргенімді сезіп, мен тұрмын. Бүгін де ашуы келсе екі аяғымды бір етікке тығып жіберетін Қалимаш жас кезінде «қатқанский» қыз болатын. Екеуміз бір жоғары оқу орнында оқитынбыз. Анда-санда бетпе-бет кездесіп қалып жүрдік. Соңғы бір-екі кездескенімізде маған қарап күлетінді шығарды. Сөйтсем, ол мені сосиска сатып алған күннен бері білетін болып шықты. Мен орысшаны оңдырмаймын, Қалимаштың қазақшасы шамалы. Сөйте тұра махаббат деген шайтан екеумізді үйлендіріп бір-ақ тындырды. Одан бері қанша уақыт өтті, құдайдың бере салған үш-төрт қара домалағы бар, бір ғажабы бәрі де менің аузымнан түсіп қалғандай, өзімнен аумайды-ау, аумайды. Қалимаш баяғы күлегеш ақсары қыз емес, қазір тепсе жерді ойып жіберетін қатын, тойс бәйбіше. Бұрын ғыдай шүлдірлемейді, қазақша сөйлесе түбін түсіріп сөй лейді, әсіресе ұрысқанда кішкентай тесіктің өзіне кіріп кете жаздайсың. Біреуден ілгері, біреуден кем, әйелдің айтқанына, нарықтың қыспағына көніп дегендей жүріп жатырмыз. Шартарапқа кеткен ойымды: «Әй, Қиқым мына «Эсевиоң» азынап кетті ғой. Жайшылықта дауысың жер жарады, неге үнің шықпай қалды? Айтпайсың ба, анау бездельник жолсерікке, ол неге от жақпайды? Суықтан қатып өлеміз бе, ойбай-ау!» – деген ащы даусы бөліп жіберді. Енді орнымнан тезірек тұрмасам от шығып кетуі мүмкін. Жолсерікке айтып, мына «Эсевионы» тезірек жылытпаса болмас, суықтан менің де аяқтарым серейіп қалды. – Әңгіме бұзау емізеді, бұзау таяқ жегізеді, – дедім өз-өзім. Ойлай берсең ой түбіне жеткізген бе? Ең бастысы – балдызым бұдан былай байға тимей-ақ
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ қойса жақсы болар еді. Мүмкін, бұным мысық тілеу болар, бетінің қызылы барда байға шыққысы келсе тие берсін. Тек түкірсең түкірігің жерге түспейтін желтоқ сан айында шықпасыншы, шайтан алғыр. Басқа мезгіл құрып қалғандай қыста үшінші рет байға тиіп отыр емес пе? Күннің көзі қырауда қайта-қайта әрі-бері шапқылай берген оңай дейсің бе? Әрине жалғыз болсаң әңгіме басқа. – Әй, жолсерік жолдас, қайдасың? Өлтіресің бе бізді шетімізден, жақпайсың ба отыңды. Мына «Эсевиоң» азынап кетті ғой тіпті. Қарсы ұшырасқан жолсерік менің айқайымнан кәдімгідей сескеніп қалды. –Аға, «Эсевио» деген не?», – деді көздері жыпы лықтап. – «Эсевионың» не екенін қазір түсіндіремін мен саған! Жүр, купеге кіріп, сөйлесейік. Безобразия! СТАЛИННІҢ МҮШТЕГІ К өк есек бірдеңеден құр қалғандай ақырыпақырып жіберіп, үйдің маңын азан-қазан қылды. Қарғаның миы айналып түсетін шілденің ыстық аптабына қарамай үстіне қара кос тюм киіп, жарқыратып медальдар тағып алған біреу әлгі есектен домаланып түсе берді. Бірден таныдым – Құрмаш көкем. – Ассалаумалейкум, көке! Есегіңізді ақыртыпбақыртып қайдан келесіз? – дедім туысқанымның алдынан шығып. – Өй, қызталақ. Қайдан келесің дейді маған. Алматы дан келгеніңе екі-үш күн болып қалды. Осында көкем бар еді, соған сәлем беріп шығайын дейтін сыңайың жоқ, сонан соң сақалды басыммен, үлкен жасыммен өзім келе
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК жатырмын, – деп Құрмаш көкем мені кәдімгідей ұялтып тастады. Көкемнің соғыста болғаны бар, онда да екі жыл еңбек майданында болыпты. Оның соғыста көрсеткен ерліктерін тыңдағанда аузыңды ашып, көзіңді жұмасың. Көкірегімен оқ тосып, дзот жапқан кейбір көзсіз батырлар менің көкемнің шаңына да ілесе алмай қалады. Құрмаш көкем, мен, апам үшеуміз шай ішіп отырмыз. – Дәркеш, – деді көкем кесесін апама ұсынып жатып. – Өткен жылы газетке мұғалім Бөрікбайды өкіртіп тұрып мақтап жазыпсың. Дұрыс-ақ дейік, ол да бөтен емес, туысқаның ғой. Дегенмен, мен саған бір табан болса да жақынмын. Мені газетке неге жазбайсың осы? Соғыс ардагері десең – соғыс ардагерімін, еңбек ардагері десең – еңбек ардагерімін. Үйдегі жеңгең Қалимаш та батыр ана, бытырлатып он үш бала туып тастады. Бақырыпшақырып бала оқытқан да сөз болып па, тәйірі? Ұшып келе жатқан ажал оғын кеудесімен тосып, қыпқызыл өрт кешіп жүріп жасаған ерлігім мен батырлығым бір қалың кітап болады біле білсең. Әрине, оның бәрін айтып, онсыз да ашып жүрген миыңды ашытпай-ақ қояйын. Дегенмен, әлі ешкімге тіс жарып айтпаған бір асқан ерлігімді жария етпесем болатын емес. Оның маған керегі жоқ, бірақ, ертеңгі тарих үшін қажеті бар, – деп көкем бір қопаңдап қойды. – Иә, иә, сен таңданба. Сенің Құрмаш көкең Сталин нің өзімен кездесіп, оның мүштегінен темекі шеккен сол дат. Сен осыны жаз. Енді бір айналып келгенде мен бола мын ба, болмаймын ба, кәрі қойдың жасындай жасым қалды. – Көке, қайдағыны айтып, көңілімді босатпаңыз шы, сіз жүз жасайсыз. Жаңағы айтқан сөзіңіз рас болса, мынауыңыз сұмдық жаңалық екен. Иә, Сталинмен кім көрінген жүздесе бермейді, – дедім көкемді қамшылап. – Қайным-ау, ептеп сүтке су қосатының бар еді. Сталинде нең бар, басқа ерліктеріңді айта берсеңші, – деді апам күмәндана сөйлеп.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Түу, осы сені-ай! – деп Құрмаш күйіп-пісіп, – сақалды басыммен өтірік айтып мені жын ұрып па? – Анау-мынау емес, Сталиннің мүштегімен темекі тартқан қазақты тыңдайық, – дедім апама көзімді қысып, – шынында да тарих үшін бір керегі болып қалар. – Олай болса, мұқият тыңда, бауырым, – деп көкем бір желпініп койып, әңгімесін бастады. – Сталинград түбіндегі қырғын шайқасты өздерің де жақсы білесіңдер. Біресе айбынды қызыл әскер жеңіп, біресе немістер жеңіп, нағыз ит жығыстың өзі болып тұрған. Бір күні кешқұрым мені полк командирі шақыр ды. Не болып қалды деп жүгіріп келсем, ол мені тағатсыз дана күтіп отыр екен. Өзі бір түйенің жарты етіндей төң керіліп қалған ірі орыс болатын. Терісі қандай кең болса, жаны да сондай кең сабаз еді. Неге екенін білмеймін, полктағы мың солдаттың ішінен мені алабөтен жақсы көретін. Анда-санда мені өзіне оңаша шақырып алып, жағдайымды сұрап, жүз грамм спирт беріп қоятыны бар еді батьканың. Бүгін полк командирінің қабағы қатулы. Соғыс кезіндегі темірдей қатаң тәртіпке көшіп, бірден шақырған шаруасына көшті. – Гвардия сержанты Құрмаш Қыраубаев, өзің де жақсы білесің, қазір жағдай өте күрделі болып тұр. Мына бұралқы ит сияқты фашистер құтырынып барады. Сол суолыштарды сабасына түсіріп, күйрете соққы беріп, құдайын танытып қоймасақ болатын емес. Бұл оңбағаң дар несімен күшті, немістердің құпиясын білу өте қажет қазір. Қысқасы, бүгін Миколла екеуің «тіл» әкелетін боласыңдар. Қобландының ұрпағысың, саған үлкен сенім артып отырмын, гвардия сержанты. Миколла әлі жас ғой, өзің бас-көз бол. Иә, полк командиріміз кім көрінгенге сенім арта бермейді. Жарықтық Қобландыны айтқанды жаным тебіреніп кетті. – Құп болады, жолдас полковник! – деп орнымнан қарғып тұрдым. Ымырт жабыла Миколла екеуміз «тіл» әкелуге атта нып кеттік. Мен алда, Миколла артта жер бауырлап алға
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК жылжып келеміз. Жолымызға бөгет болған сым темір қоршауды қиып тастап, немістердің шебіне өттік. Дәл сол кезде оңбаған иттер байқап қалды ғой деймін, автоматтан атылған оқ қарша борап кетті. Кенет, оң құлағым тыз ете қалды, оған қарап жатқан мен жоқ. Кейін білдім ғой, неміс жендеті атқан оқ дәл құлағыма тиіп, тесіп өтіп кетіпті. – Құрмаш-ау, – деді апам оның сөзін бөліп, – басқа білмесе де мен жақсы білемін ғой. Сомадай жігіт болып қалғаныңда боза ішіп, мас болып Оңғаш құрдасыңмен төбелескенің есіңде ме? Сонда төбелестен ақысы кетіп бара жатқан құрдасың құлағыңды оңдырмай тістеп алып, шұнақ болып қалдың емес пе? – Түу, Айнаш-ай! Сенің адамға сенбейтінің жаман. Тістеген мен оқ өткеннің арасы жер мен көктей ғой. Тістегеннен дәл осындай тесік пайда бола ма екен? – деп тесік құлағын көрсетіп, Құрмаш әңгімесін қайта жалғады. – Мұндайда өліп бара жатсаң да қарсы оқ атуға бол майды. Арнайы әзірлеп қойған кездікті оңтайлап, көз ілеспес жылдамдықпен лақтырып кеп жібердім. Кездік немістің дәл жүрегіне қадалған болу керек, әлгі тарсыл даған автоматтың үні өшті. Өстіп аман-есен қаланың бір шетіне де жеттік-ау, әйтеуір. Миколла екеуіміздің көзіміз үлкен терезесінен жарық төгіліп тұрған үйге түсе кетті. Дәл есіктің алдында серең-серең етіп, немістің екі солдаты жүр. Ойланып жатуға мұрша жоқ, Миколла екеуміз сілеусінше атылып, әлгі «хондый хохтар дың» бастарын бұрап-бұрап жібердік те, қаруымызды кезенген күйі үйге баса-көктеп кірдік. Стол үстінде жазу жазып отырған неміс генералының көзі шарасынан шы ғып кете жаздады. Оған қарап жатқан Миколла екеуіміз жоқ, дорбадай аузына, жайнамаздай орамалды тығып жіберіп, екі қолын артына қайырып байлап тастадық. Өзі де бордақыға қойған шошқадай тым семіз екен, да лаға шығарып, қол шанаға әрең таңып байладық та, алға қарай жер бауырлап жылжи жөнелдік. Біздің шепке нәйеті жүз қадамдай қалғанда немістер жағынан шу шық ты. Білдей генералынан айырылып қалу оңай ма, ит аба лап, фашистер шаңқылдап жатыр. Құдай басқа салмасын,
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ автоматтар тарсылдап, зеңбіректер гүрсілдеп қоя берді дейсің. Жан арпалысқан осы сәтте Миколланың тайқұлындай шырқыраған дауысы шықты. Атаңа нәлет неміс оңбағандар дәл көздеп атқан екен. Жыландай ысқырған снаряд Миколланың оң аяғына тиіп, жұлып кетіпті. – Мені тастап кет, алаң болма! Жеңіс үшін жан пида, жолдас гвардия сержанты! – дейді Миколла ыңырсып. Көзін жәудіретіп қалай тастап кетемін? Бір қолым мен Миколланы сүйретіп, екінші қолыммен түйенің жар ты етіндей семіз генералды сүйрелеп, өліп-талып, біздің шепке де жеттім-ау, әйтеуір... Мен алып келген «тіл» өте маңызды болып шықты. Фашистердің бар құпиясын біліп алған соң әкелерін танытып, аяусыз соққы бердік емес пе? Қырылғаны – қырылды, аман қалғандары тентек қойлар құсап топ-топ болып тұтқынға түсіп жатты. Арада екі-үш күн өткен. Ұмытпасам, түскі мезгіл еді. Тамақтан соң бой жазып отырғанбыз. Кенет «Смирно!» деген команданы естіп, орнымыздан қарғып-қарғып тұрдық. Жалт қарасақ, бір топ маршал-генералдар қоршап алған Сталин біз жаққа жақындап келеді екен. Өз көзімізге өзіміз сенбей қалшидық та қалдық. Иә, Сталиннің өзі. Өзіне тән маңғаз жүріс... Аузындағы мүштегі көзіме оттай басылды. Сталиннің жанында біздің полк командирі де жас балаша жүгіріп жүр. Олар дәл менің жаныма келгенде аялдап тоқтай берді. – Жолдас Сталин, әлгі неміс генералын әкелген гвардия сержанты Құрмаш Қыраубаев осы болады, – деді біздің батька мені көрсетіп. Сталин менің арқамнан қақты. – Жарайсың Құрмаш. Немістерді тас-талқан етіп сенің арқаңда жеңдік. Енді фашистерді тілін салаң датып, Берлинге дейін қуамыз. Солдаттың бәрі сендей-ақ болсын! Иә, Сталин кім көрінгенді мақтап, арқасынан қаға бермейді. Төбем көкке сәл-ақ жетпей қалды. Қуанғаным
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК да бар, сасқалақтағаным да бар, махорка салған дорба шамды іздей бастадым. Қырсыққанда ол таусылып қалған екен. – Гвардия сержанты, байқаймын, махоркаң тау сылып қалған сияқты. Менің мүштегімнен бір-екі сорып жіберсең қайтеді? – деп өзінің кәдімгі атақты мүйіз мүштегін маған ұсына берді. Ұлы қолбасшы үлкен басын кішірейтіп ұсынып тұрған соң ыңғайсыз ғой, көңілі қалмасын деп мүштегін бір-екі сорып, «Рахмет, жолдас Сталин!» – деп өзіне қайтарып бердім. «Өлі арыстанның құлағында тірі тышқан ойнайды», – деп халық бекер айтпайды. Қазір кім көрінген Сталинді жамандай беретін болды ғой. Рас, темірдей қатты, қатал еді. Бірақ, адамгершілігі де бар еді. Оған мен куәмін, өліп қалған жоқпын, көзім тірі. – Айнаш, есіңде ме, – деді Құрмаш көкем апама қарап – 1949 жылы біздің бригада әр гектар қызылшадан 1000 центнерден өнім алып, бүкіл Қазақстанды шулаттық емес пе? Келесі жылы сонау Мәскеуге Халық жетістік тері көрмесіне барғанымда Сталинді кездестіріп қалдым. Мені бірден таныды, жарықтық. – Құрмаш, өтірікті қалай-қалай соғасың? – деді апам шап ете түсіп. – Озат қызылша өсірушілердің слетіне екеуміздің облыс орталығына барғанымыз есімде. Мәскеуге көрмеге барғаныңды бүгін естіп отырмын. – Түу, Айнаш, саған не дейін? Мені қартайған шағымда әбден суайт етіп бітірдің ғой. Иә, екеуміз слетке бірге барғанбыз. Сонда сен әлгі саудагер Ошақбай дың арбасына мініп, ауылға кеттің де, мен қалада қал дым емес пе? Сол күні күн қарғаның миы айналатындай ыстық болды. Мен шай ішпек болып шайханаға бұрыла бергенімде қарсы алдымнан мұздай киінген екі жігіт шыға келді. – Қыраубаевсың ба? – деді ұзын тұрасы амандықсаулық жоқ. – Иә, Қыраубаевпын, – дедім сасқалақтап. – Түу, сені іздемеген жеріміз қалмады. Бүгін Мәскеуге үлкен көрмеге жүресің. Сталин жолдастың өзі шақырып
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ жатыр! – деп екеуі мені ай-шай жоқ дырылдатып сүйрей жөнелді. – Мыналарың қызық болды. Еш болмаса ауылға хабар берейін, – деймін мен. – Ол жағына алаң болма, өзіміз хабарлаймыз, – деп олар көнбей қойды. Ұзын сөздің қысқасы – сол күні Мәскеуден бір-ақ шықтым. Өңшең ығай және сығайлармен бірге көрмеде болды, Құрекең. Ұмытпа сам, 7 ноябрь – Октябрь мерекесі болатын. Мен де сен тұр, мен атайын дейтін өңшең мықтылармен бірге па радқа қатысып, мінбеде тұрған Сталиннің жанынан қо лымды бұлғап өттім. Жарықтық, тегіннен-тегін қырық жыл патша болған жоқ қой, мені бірден таныды. Сталин шалғыдай қалың мұртын бір сипап қойып, маған қолын бұлғады. Сонан соң оң жағында тұрған Жуковқа бірдеңе деп айтып жатты... Құрмаш көкем өтірікті шындай, шынды құдай ұрған дай келістіріп тұрып айтады емес пе? Апам екеуміз оның әңгімесін кәдімгідей ұйып тыңдап қалыппыз. – Малдың өрістен қайтатын уақыты болып қалды, үй жаққа қайтайын, – деп шүйкедей шал орнынан біреу қуғандай тұра берді. – Құреке, қазанға ет салып қойдым, дәм татып кет, – деді апам да орнынан көтеріле беріп. – Айнаш, көңіліңе рақмет! Бірақ, малдың алдынан өзім шықпасам болмайды. Кенже ұлым да үйде жоқ еді, ана ант ұрып кеткір ала бұқа қатын-қалашқа көнбей жүрер, түбің түскір. Айтпақшы, ұмытып барады екен мін. Дәркеш, бауырым, сонау ит өлген жерден күнде келе бермейсің. Ертең шешең екеуің бір-бір қойдың басын мүжіп дегендей, біздің үйге қонақ болып ке тіңдер. Соғыс жаңадан басталғанда Құрмаш көкең екі жыл бойы аэропланмен ұшып, немістердің әкесін таны тып, бомбалаған адам. Сондағы асқан батырлығым үшін анау-мынау емес Жуковтың тікелей өзінен алғыс алған аэропланшымын. Құрмаш көкемді ауланың сыртына дейін шығарып салдым.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Інім, осының бәрін жақсылап тұрып жазып ал. Ол мен үшін керек болмаса да тарих үшін қажет. Оны ме нен де артық білесің, оқыған адамсың ғой, – деп Құрмаш аға шарбақта байлаулы тұрған есегінің шылбырын шеше бастады. Көкемнің сөзін жұлқынып, тізгінін босатып алған көк есек бұзып жіберді. Екі құлағы салбыраған жарықтық бір-екі мөңкіді де, ақырып-ақырып жіберіп, кешкі ауылды азан-қазан қылып қаша жөнелді. – Қап. Мына салпақ арам қатқырдың қорлығын қарашы, ә? Шайтан түртіп кеткен бе, антұрғанды! – деп Құрмаш көкем көк есегінің соңынан тұра кеп жүгірді... АУЫЛДАН КЕЛГЕН РОМЕО К елмеске кеткен Кеңес дәуірінде жоғары білім алу үшін күндізгі, кешкі және сырттай оқытатын бөлімдерде оқушы едік. Ең жауап ты жазғы сессия жақындап, тықыр таянып қалған кез болса керек. Өзіміз сияқты бір тілші ағайын күндіз білім алатын студенттен «Сізге сессияға дайындалу үшін қанша уақыт керек?» – деп сұрақ қойыпты. Онсыз да миы қатып жүрген жігіт көп ойланбастан мұрнын шұқы лап, «Он күн жетіп қалады» деп жауап беріпті. Қадал ған жерінен қан алатын журналист бұл сауалды кешкі бөлімде оқитын шашы жалбыраған қызға қойыпты. Таң сызат бермей жұмысына асығатын, апақ-сапақ кеште оқуына жүгіріп, әбден есі шығып жүрген студент: «Бес күн болса жарап жатар еді» деп асығыс жауап береді. Бастаған ісін аяқтамақ болған тілші Қазақстанның бір қиыр шетінен келген, сырттан оқитын студентке баяғы сауалын қайталапты. Әлгі батырдың пәтерге орналасып, оқу аудиториясына енді ғана бас сұққан кезі екен, ол алақ-
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ жұлақ етіп: «Емтиханды қайда тапсырып жатыр, қазір-ақ тапсырып тастайын» депті. Дәркеш те ойланбастан-ақ емтиханды тапсыруға әзір студенттердің қатарына жатады. Аудандық газетте қызмет атқаратын біздің батыр амандық болса, ұлттық университеттің журналистика факультетінің үшінші курсын бітіріп, шікірейіп ауылға қайтпақшы. Бақылау жұмыстары, зачет, емтихан деп мұрыннан су кетіп, зыр жүгіріп жүрсе де, қарап жүрмей, Таңат досы айтпақшы, бет біткеннің сұлуы керемет қызбен танысты. Аты да әдемі – Айгүл! Алма жеп өскен Алматының бойжеткені аршыған жұмыртқадай аппақ, тал шыбықтай бұралған сымбатты денесінен бір мін таба алмайсың. Көп жағ дайда астананың сұлу бойжеткендері мұрындарын шүйі ріп, тәкаппар болып келеді, ауылда өскен, орысшасы ша малы «мәмбеттермен» менсінбей сөйлесетіні және бар. Айгүлдің де қазақшасы шамалы, бір жақсысы, шамасы келгенше Дәркеш түсінетін тілмен сөйлесуге тырысады. Көркіне жігіт біткен ғашық болатын сұлу болса да, өзін қарапайым ұстайды, мінезі де ашық-жарқын. Ауылдағы «келін ал, келін ал» деп күнде миын шұқитын апасының сөзімен айтқанда – құдайдың өзі бере салған алтын қыз. Айгүлмен алғашқы танысқан күндердің бірі болатын. Абай және Абылайхан көшелері қиылысқан жердегі Ұлттық кітапхананың оқу залына сәл кешірек келген Айгүлден Дәркеш көшедегі ауа райын сұрады. – Ой, жаман, – дейді Айгүл кішкентай әдемі қыр мұрнын тыжырайтып – прямо, жаңбыр құлап тұр. Жігіт қалалық бойжеткеннің қызықтау шыққан жауабына күліп жіберді. – Неге күлесің? – деді Айгүл бұртиып. – Жаңбыр құламайды, жауады. – Солай ма, – деді бойжеткен әнтек жымиып, – есте болсын, жаңбыр құламайды, жауады. Дәркеш, қарсы болмасаң, екеуміз өзара келісім жасайық: сен мені қазақша үйрет, ал мен сені орысшаға үйретейін. Байқаймын, орысшаң совсем шамалы екен, кеше екеуміз
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК автобуста келе жатқанда саған әбден күлкім келді. Егде орыс шалына орныңды беріп, әдептілік жасағаның өте орынды. Бірақ «Дедушка, садитесь, я пешком постою», – дегенің тіпті жарамайды. Қанша дегенмен, сен КазГУдің журналистика факультетінің үшінші курс студентісің ғой. Қыз бен жігіттің әзілі жарасып, қосарлана күліп жіберді. Екеуі оқу залынан шыққанда жаңбыр басылып, күн нің көзі шығыпты. Жауыннан кейінгі көктемгі Алматы сұлу арудай құлпырып, түрленіп шыға келген. Аудан дық газеттің қызметкеріне қарағанда, Айгүлдің бақуат ты жанұядан шыққандығы бірден байқалады. Бойжеткен күнде тоты құстай таранып, түрлі-түсті киініп, әдемі болып келеді. Бүгін де үстіне бүрмелі ақ көйлек киіп, құлпырып кетіпті, құлыншақтай сымбатты денесі қайта-қайта ұрланып қарамасыңа қоймады. Дәркештің үстінде баяғы сұр костюм, бірінші курста оқып жүргенде алған қара шалбары да тоза бастапты. Ол еліктің лағындай әдемі қыздың жанында өзінен-өзі қуыстанып келеді. Айгүл де бір сәт үсті-басына сын көзбен қарағандай болды. Дәркеш қысылып, маңдайы тершіп қоя берді. – Айгүл, үсті-басыма былайша қарай бермеші, ауыл да бұдан басқа да киімдерім бар. Жақында Таңат досым әкеліп береді, – деді ол біресе айдай сұлу Айгүлге, біресе аяғындағы мыжырайған ескі топлиына қарап. Жанында үлбіреп келе жатқан сұлу бойжеткен күмістей сыңғырлап күліп қоя берді. Дәркеш одан да бетер ыңғайсызданып, терлеп кеткен маңдайын сүрткілей берді. – Рас айтамын, Айгүл. Таңат досым кеше келуі керек еді, неге екені белгісіз кешігіп жатыр, – деді жігіт ақталғандай болып. – Осындай да ұқсастық болады екен-ау, менің па пам да мамаммен танысқанда дәл осылай депті, – деді Айгүл күлкісін әрең басып. – Ну что же, енді Таңатты күтеміз... Сөзінің соңын әзілге бұрған Айгүл жігітке
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ еркелей-наздана қарады. Дәркештің бойынан үлкен жүк түскендей, бүкіл денесі жеңілдеп сала берді... Кеңес дәуірінде сол кездегі ақшаның кәдімгідей құны бар болатын. Қалтаңда он сомың болса, сенен асқан бай, жомарт адам жоқ, сүйген қызыңды кездесуге ұял май шақыра бересің. Жуалыдан келген Ромео бір күні Айгүлді «Арман» кинотеатрына киноға шақырды. Екеуі балмұздақ жеп, біраз серуендеген соң, Дәркеш билет алмақ болып, ұзыннан-ұзақ шұбатылған кезекке тұрған. Кезегі келіп, билет алайын десе, қалтасындағы Лениннің басы бейнеленген қып-қызыл ондық сомы жоқ, жанта ласа олай қарады, бұлай қарады, жер жұтып қойғандай әлгі құдай атып кеткір ақша зым-зия. Жігіттің маң дайынан тері бұрқ етіп, кезектен сытылып шықты да, өзін күтіп тұрған Айгүлге: «Қазір келемін», деп қашпақ болсаң – зымыра дегендей, аялдама жаққа зытып кеп берді... Осы оқиғадан соң, Дәркеш Айгүлді көрсе тұра қашатын болды. Қарауға, бір ауыз сөз сөйлеуге бет жоқ. Ең жаманы, екеуі бір жоғары оқу орнында оқиды, фа культеті басқа болса да, кейде сыртынан көріп қалады, ондайда біздің батыр тазы қуған қояндай зыта жөнеледі. Айгүл де өжет қыз екен. Бір күні оқу ғимаратынан шыға берісте «қашқынды» тыпыр еткізбей ұстап алды. – Дәркеш, қызық жігіт екенсің, – деді Айгүл таң қала қарап, – өзің киноға шақырасың, өзің қашып ке тесің. Одан кейін де мені көрсең тұра кеп қашатыныңды қалай түсінуге болады? Саған не болып жүр өзі, жөндеп түсіндіріп айтсаңшы? Дәркештің шегінетін жері қалмай, бар шындықты міңгірлеп айтуға тура келді. – Бар болғаны осы ма, – деді Айгүлдің ақ жүзіне қан жүгіріп, – бәрін түсіндіріп айтпадың ба? Во тебе на, ауылдан келген Ромео. Сұлу бойжеткен сықылықтап күліп жіберді. – Айтпақшы, Таңат досың келді ме? – деді Айгүл күлкісін әрең басып. – Иә, келген, – деді жігіт сасқалақтап.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Онда досың әкелген әдемі костюміңді киіп, сағат кешкі 6.00-де өзің қашып кеткен «Арман» кинотеатры ның алдына кел, сені бүгін ата-анаммен таныстырамын, байқа, тағы да зытып кетіп жүрме... ...Біздің Дәкең сессияны ойдағыдай тапсырып, оның үстіне облыстық газетке қызметке ауысып, ауылға көңілді оралды. Әке-шешесінде ес жоқ, ол келген күніақ мүйізі қарағайдай бір қошқарды сойып тастап, кәдімгідей дүрілдетіп той жасады. Бригадирдің көмек шісі болып жұмыс істейтін Шотбай сәл қызыңқырап қа лып: «Құдайдың мұнысына да шүкір, біздің әулеттен де бір адам беделді қызметке ілікті-ау, әйтеуір. Анау-мынау емессің, бауырым, сенің алдыңда совхоздың директоры тұрмақ, райкомның өзі зыр жүгіретін болады. Қисық бас Ордашқа көмекші болып, қашанғы салпақтаймын. Айт бастықтарға, мені тезірек бөлім меңгерушісі етсін! – деп оған шұғыл тапсырма беріп жатты. Ертесіне Дәркеш әкесі екеуі шөп шабуға жиналды. Көк есек жегілген арбамен әкелі-балалы тепеңдетіп тартып келеді. – Балам, сенің жасыңда өзім бір рет емес, екі рет үйленіп тастап едім. Келіншек алатын түрің бар ма былай? – деді әкесі сұрақты төтеден қойып. – Үйлену мәселесі осы бесжылдықтың жоспарында бар, көке, – дейді Дәркеш ыржиып. – Жөн, жөн, үйленгенің дұрыс, – деді әкесі қалың мұртын сипап. – Қашанғы сүрбойдақ боласың. Айтпақ шы, болашақ келін қай жердің қызы, әке-шешесі бар ма? – Құдалыққа дайындала беріңіз, көке. Келініңіз Алматының қызы, атааналары да жақсы адамдар. – Әрине, құдалыққа барған дұрыс қой, – деп сәл ойланып қалған отағасы сөзін жалғады. – Қазақта теңтеңімен, тезек қабымен деген сөз бар. Қаланың ақ саусақ қызы ауылға сіңіп кете ала ма, бізге дұрыс келін болып кете ме? Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалаған дұрыс, балам. Ақыры келіншек аламын деп құлшынып отырсың, саған бір әдемі қалыңдықты өзім тауып берейін, оған қалай қарайсың?
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Мынауыңызды ойланған жөн екен. Онша-мұншаны жақтыра бермейтін менің әкеме ұнап қалған қандай қыз ол? – деді Дәркеш қулана күліп. Осы кезде таңертеңгі сауыннан қайтып келе жатқан әкесінің құрдасы Төлеутайдың қызы Қаламқас қарсы ұшырасып, ізетпен сәлем берді. – Жаңағы айтқан қыз осы, – деді әкесі сыбырлап. – Әке, бұл болмас. Қаламқас – сауыншы ғой. Ал, мен болсам жорналиспін. Өзіңіз білесіз, қалада сиыр ферма жоқ. Қаламқас үшін маған сүт фермасын ешкім де ашып бермейді. Төкең шарт кетті: – Сенің анау кәуектей басыңда тауықтың миындай ақыл жоқ. Өзінше мұрнын шүйіріп, Қаламқасты менсін бейді бұл жаман. Алдымен сол қыз саған қарай ма екен? Біле білсең, ол бала тек ферма ғана емес, совхоздың маңдайалды сауыншысы, білдің бе? Өзі алтын асықтай, екі балтыры балпақтай, білдің бе? Дәркеш әкесінің сөзіне мырс етіп, бірте-бірте ұзап бара жатқан Қаламқасқа ұрлана қарады. Шынында да әке сөзінің жаны бар екен. Төлеутайдың сауыншы қызының екі балтыры оқтаудай түзу әрі сұлу екен. Бір арба шөп шауып, оралған беттері жаңа ғана. Үлкен кесеге құйылған қымызды төңкеріп тастап, шөлін басқан Төкең таңертеңгі әңгімесін қайтадан бастады. – Дәркеш, ақылың болса Төлеутайдың қызын ал, өзі сондай жақсы бала. Шешесі Ұлтуар да керемет әйел, қазақ атамыз: «Анасын көріп, қызын ал» деп бекер айт паған ғой, – деп Қаламқастың екі аяғын жерге тигізбей мақтай жөнелді. Жаңа ғана жайдары отырған Дәркештің анасы Төлеутайдың әйелі мен қызының атын естісімен жақ тырмай тырысты да қалды. – Әй шал, жасың жетпіске жақындағанда алжиын дедің бе? Жас кезінде Төлеутайдың келіншегін аузыңның суы құрып мақтаушы едің, енді оның қызын мақтай бастадың ба? Қол-аяғы алтын болса да, балам оның қызын алмайды, білдің бе?!
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Самауырындай бұрқ ете қалған кемпір алдындағы қымызын сапыра бастады. Сөзден тосылып қалған Төкең: «Балам қымыз іш, қымыз іш» деп шақшасын алып, насыбайын ата бастады... Ертесіне апасы Дәркешті және немере ағасы Өркенбайды ертіп, шұғыл түрде Алматыға құдалыққа аттанып кетті. Әзіл-шыны аралас... екінші бөлім
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК «ЕРТЕҢ ҚАУЫН ЖЕЙМІЗ...» Е гер нағыз Қожанасырларды көргілеріңіз кел се, біздің ауылға келіңіздер. Ауылдастарым ның екісінің бірі – әпенді. Соның бірі – менің Мұсылман көкем. Өзі кәнігі диханшы. Жасы алпыс тан асып, немерелі болып отырса да әлі бала сияқты. Келістіріп мақтай білсең, шын көңілмен бір атым насы бай берсең ала жаздай көк тер болып өсірген қауындарбызын таратып жіберуге бар. Мұсылман көкемнің тағы бір әпенділігі: өзбек ағайындар сияқты қораз төбелестіру десе ішіп отырған асын тастап жүре береді. Біреулер атбегі болса, ол таптыра бермейтін әтешбегі, мықты төбелесетін қо разды бірден таниды. Іздегенін тапса бітті, жата кеп қолқа салады, бермей гөр, саған қауын-дарбыз тұрмақ тас та жоқ. Бәрі жақсы ғой, құдай Мұсылман көкемнің қырсықтығын ешкімге бере көрмесін. Ол жағы Дәуір бай атамның Сәуірбай деген інісінен де асып түседі. Атамыздың інісі өмір бойы үйленбей өткен әулие кісі. Жасы алпыстан асса да кейде қырсығып, тамақ ішпей қоятыны бар екен Сәуірбайдың. Сондай кездерде «Майлап берсең де, жүздеп берсең де ішпеймін деген соң ішпеймін», – деп өкпелеп, теріс жатып алатын құсайды атамыздың інісі. Баласының қырсық мінезі сол кездегі тоқсан жасар Әйгерім әжейге жақсы белгілі. Ол Сәуірбайдың сыбағасын алып, кенжесінің жақсы білетін жеріне тыға қояды баяғы. Осындайда ел әбден ұйықтады-ау дегенде көйлек-дамбалы ағараңдап, аяғын
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ мысықша еппен басып, тығып қойып қойған тамақты тауып алып, тықыр-тықыр еткізіп жеп отырған алпыстан асқан шалды көз алдыңызға елестете беріңіз. Ауылдағы ұсақ малды кезекпен жаю баяғыдан қалыптасқан әдет ғой. Кезек Мұсылман көкеме келгенде ауылдағы үлкенкіші оның көңілін табуға тырысады, әйтпесе шатақтың көкесін көреді. Кешке мал өрістен қайтқанда бір қойдың аяғы сынып қайтады, не болмаса үшті-күйлі жоғалады сол күні. Бізге жақын туыс болып келетін Арбакүл апам ның қолы сәл сараңдау кісі. Қойдың бір кезегі келгенде Мұсылманға сақтап қойған жылы-жұмсағын жөндеп бермей қырсығына ұшырап қалса керек. Сол күні көкем бір жазықсыз тоқтыны ерінбей жайдақ таудың ең биік жеріне сүйреп шығарып, домалатып жіберіп, жазым қылғаны бар. Мұсылман көкеме не дейсің, оған сот жоқ, сөз де өтпейді. Өйткені, ол Сәуірбай атасына тартқан. Міне, осы оқиғадан соң бәріміз оның қой бағатын ке зегіне алдын-ала дайындала бастаймыз. ...Жұмыстан шаршап оралсам, өңшең қара сирақ балаларым шуылдап қарсы алды. – Көке, көке, қашан қауын-қарбыз жейміз? Елдің бәрі қарық болып жатыр. – Биыл оны ұмытыңдар, болмайды. – Мұсылман атамнан сұрамайсың ба? – деді олар қыңқылдап. – Әй, өткен жылы Мұсылман аталарың әлгі мықты төбелесетін қызыл қоразды сұрағанда бәрің жылапеңіреп бермей қойған жоқсыңдар ма, енді ол бір тілім де қауын бермейді, өңшең шуылдақтар. Балаларым да Мұсылман аталарының мінезін жақсы біледі. – Қап, – деп өкіністі олар сандарын ұрып, – мұндай боларын кім білген? Қауын-қарбыз есімізден тарс шығып кетіпті ғой. Енді қайтсек екен? – Көке, көке, – деді ең кенжем Қуанышбай мұрнын тартып қойып, – давай, Мұсылман атам қой баққан күні аяғы сынған қара қасқа тоқтыны сойып, оны мейманға шақырайық.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Ой, қалқан құлақ, жарайсың, басың дұрыс істеп кетеді кейде, мынауың таптырмайтын ақыл. – Бөртай, – дедім телевизор көріп отырған ініме айқайлап, – сен аяғы сынған тоқтыны сойып, етін жай ғай бер. Ал, мен Мұсылман атаң мен сол үйдегі апаңды меймандыққа шақыруға кеттім. Жеңешеңе айт, тығып қойған үнді шайын шығара берсін. – Ура! Ура!, – деді өңшең қара сирақ балаларым үйді басына көтере айқайлап, – Мұсылман атам біздің үйге қонаққа келеді! Ертең қауын жейміз, ертең қауын жейміз! ТІЛІН ҰМЫТҚАН СОЛДАТ Қ ұнанбайдың менен үш жас үлкендігі бар. Бірақ, екеуміздің көңіліміз жақын. Ол оныншы класты бітірген жылы қарауыл болып істей тін Мамыт шалдың Мираш деген қара қызына өлердей ғашық болды да қалды. Күнде жата қалып, Мираш қа ғашық екендігін білдіріп хат жазады бұрқыратып. Екеуінің арасындағы хатты ары-бері таситын пошташы баяғы менмін. Екеуі осылайша Ләйлі мен Мәжнүн болып жүргенде, көрші ауылдағы Үмбетбай сиыршының баласы Мирашты бір түні алып қашты да кетті. Сол күні Құнанбай көкем өмірінде бірінші рет қызыл шарап ішіп, мас болып: «Дөкеш, тоқтат мынаны, шыр көбелек айналып барады», – деп түк жазығы жоқ біздің үйдің қабырғасын тепкіледі-ай келіп. Махаббаттан жолы болмаған соң «әскерге кетем, әскерге кетем» деп қоқаңдағанды шығарды. Ақыры армияға кетіп тынды. Арада екі ай өткен соң құрдасым Тұран екеумізге жазған хатын алдық.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ «Алтыннан ардақты, күмістен салмақты бауырларым Дәркеш және Тұран! – деп бастапты хатын Құнанбай, – Аман-есен әкери қызметімді атқарып жүрмін. Бірақ, әс кер деген оңай шаруа емес екен. Тіліңді салақтатып қуады дейсің, анаусы да, мынаусы да қоқаңдайды командирмін деп. Қит етсең кезексіз наряд беріп, ел ұйықтағанда еден жуғызып қояды екі көзіңді бозартып. Сендерге айтарым: ләжі болса әскерге құмар болмаңдар! Сәлеммен: қатардағы жауынгер Құнанбай Дайрабаев.» Міне, сөйтіп хат жазған Құнанбай үш жыл Венгрияда әскерде болып, аман-есен оралып отыр. Ертеректе Құл тай деген көкеміз майордың бір киер парадтық форма сын ебін тауып қолға түсіріп, ауылға «майор» болып келіп, бүкіл елді қырып жібере жаздағаны бар еді. Құдайға шүкір, Құнанбай «майор» болып келген жоқ, бірақ әскерде болған үш жылдың ішінде ана тілін мүлдем ұмытып қалыпты. – Ойбай, Құнанбай, Венгрияда жаныңда еш болмаса бір қазақ болған шығыр? – дейміз бәріміз шуылдап. – Нет, – дейді сержант Құнанбай. – Қырғыз, өзбек ағайындар болмады ма? – Нет, – дейді сержант Құнанбай. –Башқұрт пен татар ше? Сонда қалай бір де мұсылман баласы болмаған ба? Олардың бәрі әскерге бармай ма? – деді Құнанбайдың ағасы Дөненбай сенер-сенбесін білмей. – Әй, Құнанбай бала кезіңде ептеп суайттығың бар еді, сүтке су қосып отырған жоқсың ба? – Нет, – деді сержант Құнанбай. –Понимать-пони маю, но говорить не могу. Сәткүл шешей дастарқан басына жаңа ғана піскен бауырсақ әкеліп шашты. Құнанбай бір бауырсақты қолына алып, «Ой, какой сары домалақ» дегенде анасы: «Шет жерде жүрген қиын екен, жүдә. Адамның басына салмасын. Балам бауырсақтың өзін ұмытып қалыпты. И, айналайын, аман-есен келгеніне құдайға мың да бір шүкір», – деп көңілі босап, ақ жаулығымен суланған жанарын сүрте бастады.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Қойыңыз апа, жыламаңыз, балаңыз өзіңіз айт пақшы аман-есен оралып отыр емес пе? Ал, қазақшаны әлі-ақ үйреніп кетеді, – деп бәріміз жұбатып жатырмыз апамызды. Дөненбай болса інісіне жақтырмай бір қарап қойды. Күні кеше ғана ортамызда сайрап, қыздарға хатты өкіртіп жазып жүрген Құнанбайдың қазақшаны өзі айтпақшы «совсем» ұмытып қалғаны бәрімізге қиын болды. Құнанбайдың қазақшасы шамалы, біздің орыс шамыз оңып тұрған жоқ. «Все хорошо, дорогой! Бауыр сақ кушай, арақ кушай», – деп білгенімізді айтып жа тырмыз. Өстіп отырғанда Тоқсанбай және Жүзбай атам келіп: «Ой, батыр келіп қалдың ба, ат-көлігің аман-есен бе?», – деп сәлем берді ақ сақалдарымен. Құнанбай болса сасар емес: – Здравствуйте, товарищи деды! – деді сержант орнынан ұшып тұрып, оң қолын шекесіне дейін көтеріп. – Ойбай-ау, баламыз шүршүт болып кеткен бе? – деді қос қария таңқалып. – Мұның іздірәсті, қай сасқаны? Әрең шыдап отырған Дөненбай осы сәтте бомба болып бұрқ етіп жарылды. – Бояушы, бояушы десе сақалын бояйды деген. Көрсе тейін мен саған, қазақшаны қалай ұмытып қалғанды! Ол орнынан ұшып тұрып, қабырғада ілулі тұрған бұ зау басты солдат белдігін алып, інісіне тұра кеп ұмтылды. Жаңа ғана сымдай тартылып, шіреніп отырған Құнанбай зып етіп, үлкен столдың астына кіріп кетті. Сол-ақ екен Құнанбайға қазақша тіл бітіп, сайрай жөнелді. – Көкетай-ау, столдың астына қуып тығатындай соншама не жаздым? Артыңнан ерген жалғыз ініңді өлтіріп тастайтын түрің бар ғой, көке! Сабыр сақтап, ашуыңды бас! Қой, бүйтіп сүйегіме таңба салма! Сержант столдың астында бүк түсіп, жан дауысы шы ғып айқайлап жатыр. Дөненбайдың ашуын әрең басып, Құнанбайды столдың астынан шығарып алдық жабылып жүріп. Көп ұзамай дастарқан басына қайта жиналып, отырыс қыза
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ түсті. Енді бір қарасақ сержант Құнанбай «Қайран туған жер, Қайран Дөненбай көкем, қайран достарым! Бә ріңді сағындым!» – деп қазақшаны көсілтіп отыр бая ғыша. Жастар жағы ән айта бастады. Құнанбай да қосы лып, небір әндерді аңыратты-ай кеп. Дөненбай көкем: «Е, енді бәрі де жөнге келді» деп қалың қара мұртын маңғаздана бір сипап қойды. ОНЫНШЫ ШІЛДЕХАНА Қ ұнанбай көкеміз ләжі болса әскерге құмар болма деп хат жазса да, Тұран ешкімді тыңдамастан әскерге кеткен болатын. Солдат болып, екі жыл ептеп өмір көрсе де сол баяғы қалпы, басына қосып келген ақылы шамалы болып шықты. – Әкем: «Мені бақпай-ақ қой, оқуға түсіп адам бол» дейді, менің ешқайда барғым келмейді. Ал, түстім дейін Шынжыркүл әпкем істейтін мал дәрігерлер даярлайтын институтқа. Кейін кім боламын? Мүйізі шықса жүр ғой Тәлтіш ағам, сол оқуды бітіріп, осы күнге дейін веттехник болып. Одан да шопыр боламын, сонан соң көп ұзамай келіншек алатын шығармын. – Қалай өзі, былай сөз байласып жүрген қызың бар ма? – деймін елеңдеп. – Әзірше жоқ. Қыз біткеннің бәрі тұрақсыз. Әскерге кеткенше бәрі өлдім-талдым дейді, көзің таса бола бере байсыз қалатындай болып, шеттерінен күйеуге қашып кетеді, – деді Тұран күрсініп қойып. – Өзің де білесің ғой, бізден бір класс төмен оқыған Тезеккүл бар емес пе еді. Екеуміз былай жүріп дегендей, мені жылап-сықтап, сенің жолыңда өлемін деп, әскерге шығарып салғаны есіңде болар. Сөйткен Тезеккүлім үш айдан соң дүкен
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ші Бөдештің тракторист баласына қашып кетті емес пе? Киноға қарасаң – махаббат, кітапты ашып қалсаң – өліпөшіп жатқан махаббат, ал өмірде бәрі бос сөз. Әйтпесе, Тезеккүл күйеуге қашып кетер ме еді? Менің апамды сонау аштық кезінде көкемнің бір қап ұнға сатып алғанын өзің де жақсы білесің. Екеуі ұрсысып қалса анам: «Мен саған махаббат болып күйеуге шық қан жоқпын», – деп бұрқылдайды. Ал, көкем болса: «Әй, кемпір, мен махаббат-сахаббатыңды білмеймін. Сол кезде бір қапшық ұнға сатып алмасам аштан өліп қалатын едің ғой», – деп күліп отыра береді. Шынында да, көкем дұрыс айтады. Апам да қызық. Сол кезде аштан өліп қалса, қайтер еді, ә? Қанша айтқанмен махаббат деген жақсы ғой, бірақ, ол жоқ. Махаббат болса Тезеккүл күйеуге қашып кетер ме еді? – Тезеккүл, махаббат деп қақақтап қоймадың ғой, – дедім Тұранның сөзін бөліп. –Егер келіншек аламын десең «мынауский» бір қыз бар. Аты – Рыскүл. Жақын да оқу бітіріп келген, өзі медбике. Давай, саған алып қа шайық, бір қызық болсын. Бәрібір оны көп ұзамай-ақ біреу алып қашып кетеді. «Ясная поляна» ауылының бой дақтары шеттерінен жалаңдап жүр. – Сенің есің дұрыс па, көрмеген, білмеген қызды қалай алып қашамын. Керек болса өзің алып қаш, – деді Тұран қолын бір-ақ сілтеп. Сол күні бір топ бірге өскен құрдастар болып, Тұранның аман-есен келгендігін «жудық». Әскердегі жасаған небір «ерліктерін» айтып, біраз мақтанған Тұран қызып, бұлғақтап қалды. – Жігіттер, – дедім бір қызық ой айтып. – Давай, Тұранға келіншек алып қашайық, өзі де үйленемін деп құлшынып отыр. – Кімді? – деді жігіттер алақ-жұлақ етісіп. – Рыскүлді. Әлгі кіші доқтырдың оқуын бітіріп келген қызды. – Қыз дайын болса, машина дайын, – деді бас зоотехниктің шофері Санат.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Осы «Ясная полянаның» жігіттері шеттерінен оңбайды. Ауылдың қыздарын түгел алып қашып бітті. Енді Рыскүлді аш қасқырларша торауылдап жүр. Бер мейміз бұл қызды оларға. Одан да Тұранға алып қашамыз, – деп Нұржан мен Сман да қоштай кетті. «Темірді қызған кезінде соқ» дегендей тез қыз алып қашудың «жоспарын» сызып жібердік. Тұран болса әлі былқ-сылқ, жуық арада айығатын түрі жоқ. Сөзіміздің бірін ұқса, бірін ұқпайды. – Жігіттер, кімге қыз алып қашайын деп жатыр сыңдар. Мен де сендермен бірге барамын, – деп айқайлап қояды. Сонымен, Нұржан Рыскүлді бүгін кешке ауыл клубында болатын үнді фильміне шақыратын болды. Олар кинодан шыққан соң Санаттың «Уазигімен» зу етіп жетіп барамыз. Қалыңдықты машинаға тез отырғы замыз да «той үстінде тәтті күндер» деп әндетіп, Тұран ның үйінен бір-ақ шығамыз. Бәрі де әзірше ойдағыдай сияқты. Нұржан мен Рыскүл біз жоспарлағандай киноға кіріп кетті. «Қалыңдық жігітіміз» машинаның ішінде қаннен қаперсіз ұйқыны сойып жатыр. Біз отырмыз аш қасқырдай жалаңдап, кинодан шығатындарды күтіп. Ішекше созылған екі сериялы кино да бітті-ау, әйтеуір. Әне, Рыскүл мен Нұржан да көрінді қылтиып. Зу етіп, жандарына тоқтай қалдық. Ештеңеден хабары жоқ Рыскүл күнде мініп жүрген «Уазикке» еркін мінді. Тұранның үйі таяқ тастам жерде, әндетіп тартып кеттік. «Балаңызға келіншек әкелдік. Құтты болсын!» дегенде, кемпір мен шал қалбалақтап естері шығып кетті. Мұндайда ауылдың жеңгелері алдына жан салмай ды ғой, қалыңдықты машинадан түсіріп, басына орамал салып та үлгерді. Бұл жағынан біраз жинақтаған тәжірибеміз бар, қыз ды алып қашуымыз бірінші рет емес. Мұндайда қай қыз болмасын асау тайша тулайды дейсің, қолыңды тістеп, өзіңді теуіп, сүйген жігітім бар еді деп, жылап-сық тап, есіңді шығарады. Ал, Рыскүл болса тұп-тура әке
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК сінің үйіне келгендей томпиып қана отыр. Оның есесіне «күйеу жігітті» әрең түсіріп алдық, қазір ауызғы бөлмеде әкесінің құны қалғандай ұйқыны соғуда. Қорылы қандай қатты еді, иттің. – Байқаймын, жігіттер, Таластың суы сирақтарыңнан келмей отыр. Мені кімге қалыңдық етіп әкелдіңдер? Ол батырдың өзі қайда? Рыскүлден бұл сөзді күткен жоқ едік. Бір-бірімізге қарадық. Күйеуің мынау еді деп әкеліп көрсете қоятын Тұранның түрі болса анау. – Сені Тұранға... Әскерден келген ұзын бойлы жігіт ше... Соған, – дедім мен міңгірлеп. – Анау ауызғы бөлмеде қорылдап, ұйқыны соғып жатқан ұзынтұра ма? – Иә, иә. Сол. Дәл өзі... – Күйеуге жарыған екенмін онда. Бізде үн жоқ. Бәріміз қаққан қазықтай қатып қалдық. Таң ата бере Тұранды жұлқылап, басына салқын су құйып әрең ояттық. – Оу, батыр, құсың құтты болсын! – дейміз шуылдап. – Енді келіншегіңе өзің ие бол. – Қандай құс? – дейді Тұран ұйқысын аша алмай есінеп. – Қайным-ау, есінеп әлі отырсың ба? Келіншегің екі көзі мөлдіреп өзіңді күтіп отыр емес пе, – деп жеңгесінің бірі Тұранның қара санынан оңдырмай шымшып алды. Күйеу жігіт сонда ғана барып есін жинады. – Келіншегі несі? Мен бе үйленген? Қашан? – Сен, – дейміз біз ыржыңдап. – Маубас-ау, қа лыңдығыңа бар. Әйтпесе, кетіп қалып жүрер. – Көрсетемін сендерді үйлендіргенді! Қара бұларды әскерден келмей жатып, келіншек әперіп. Алып кетіңдер, өздерің алыңдар, – деп Тұран айқай салды. Қараймыз, қалжыңы емес, шыны. Бізге тістеніп таптап береді. Санат, Сман, Нұржан төртеуміз үйден тұра қаштық. – Ей, мынаны жын ұрып кеткен бе, – дейміз бірібірімізге қарап. – Ойынның арты отқа айналып жүр
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ месін, түрмеден бір-ақ шықпайық осы. Сау басымызға өзіміз бәле тауып алдық. Бүкіл ауыл болып Тұранға «үгітнасихат» жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ, естімеген елде көп демекші, күйеу жігіт көнер емес. – Махаббатсыз үйленбеймін. Біреудің көз жасына қалатын жайым жоқ, – дейді бедірейіп. – Бұл үйдің табалдырығынан аттап шықпаймын. Қайтып келген қыз атанар жайым жоқ, – деп қыз отыр қасқайып. Үш сағатқа созылған «келіссөз» өз жемісін беріп, бүкіл ауылдың ақ сақалдары мен қара сақалдары Тұранды келіншек алуға әрең көндірді. ...Көп ұзамай-ақ ауылды бір дүркіреткен той болды. Ауыл тұрғындары бұл оқиғаны ұзаққа дейін ауыздары ның суы құрып айтып жүрді. Тоғыз ай, тоғыз күннен соң Рыскүл Тұранға қошқар дай ұл тауып берді. Нәрестенің шілдеханасында қызың қырап қалған құрдасым: «Жігіттер, сол жолы мені удай мас қылып, келіншек әпергендерің қандай жақсы болды. Әйтпесе, Рыскүлді көрші ауылдың жігіттері алып қашып кетер еді. Онда Рыстай сияқты келіншек, Нұрлан сияқты ұл қайда маған» деп бәрімізді ду күлдірді. Міне, содан бері арада жиырма жыл өтіпті. Бүгінде құрдасым Тұранның тоғыз баласы бар. Бәрі сатырлаған ұлдар. Жақында ауылға барғанымда Рыскүлдің ай-күні жақындап отырған болатын. Бүгін Тұраннан хат алдым, әйелі тағы да ұл туыпты. Құрдасым шілдеханаға шақырып жатыр.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК «НӨМІР КЕРЕК ПЕ, ӨМІР КЕРЕК ПЕ?» Б елгілі жазушылар Мұса Рахманбердиев пен Серік Байқонов, араларынан қыл өтпейтін достар. Сексенінші жылдардың ортасында Мұса «Қазақ әдебиеті» газетінің очерк және публицис тика бөлімінің меңгерушісі, ал Серік Қазақ теледидары қоғамдық-саяси Бас редакциясының бөлім бастығы болып дүркіреп тұрады. Бірде Серік «Сал үстіндегі маусым» деген серия лы телехабарлар жасап, Сырдария өзені өңірінің әлеу меттік және экономикалық өзекті жайларын жан-жақты көтереді. Кезекті бір шығармашылық лездемеде оған лайықты баға беріліп, мақтаудан кенде болмайды. Жақсы сөз қай жүректі болмасын жайма шуаққа бөліп жібереді емес пе? Серіктің асығы алшысынан тұрғандай болып, Сырдың суы тізесіне келмей, Алматының көшесімен алшаңдай басып келе жатқанда, дәл қарсы алдынан досы Мұса Рахманбердиев ұшыраса кетеді. Аман-саулықтан соң Мұса да Серіктің хабарын жата кеп мақтай жөнеледі. – Сен нағыз қазақтың Песковысың, – дейді ол қызақыза. Осындай мақтаудан соң Серік Бойқонов қалай шыдасын, әлгі хабарын шұғыл түрде «жуып» жібереді. Екі дос біраз шырқап, қоштасарда Серік керемет бір идея айтады: – Давай, Мұса, біздің елге барып қайтайық. Мен саған тұнып тұрған нағыз табиғатты көрсетемін. Өзің де сексеуіл жайында проблемалық очерк жазамын деп жүр сің ғой. Ал біле білсең, сексеуілдің көкесі біздің жақта. Ішінде ептеп қызуы бар Мұса да досының ойын қолдай кетіп, жолсапарға бірге баратын болып келіседі. Серік пен Мұса арада бір апта өтпей жатып, Сыр өңірі қайдасың деп тартып кетеді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Серік Мұса досын өзінің туған ауылы «Авангардта» біраз аунап-қунатып алған соң, Шиелі аудандық пар тия комитетіне бас сұғып, келген шаруаларын айтады. Райкомдағылар аты белгілі екі жазушы-журналиске арнайы жолбасшы және құммен еркін жүре алатын «Камаз» автомашинасын бөледі. Еркін жүріп-тұрып қалған Серік райкомның жауапты қызметкерін өздерімен ерткісі келмей, сан түрлі сылтау іздейді. – Серік, абайла, – дейді Мұса, – Құмның ішінде адасып кетіп, өліп қалып жүрмейік. Сондықтан да жолбасшыны алғанымыз жөн болар. – Қорқатын ештеңесі жоқ. Бұл өңірді талай-талай жаяу кезгенмін, бес саусағымдай жақсы білемін десем артық айтқандық болмас. Тіпті, адасып кеткеннің өзінде, менің жұлдызға қарап, жол табатын қасиетім бар, – деп желпінді Серік. Айтқанынан қайтпайтын Сәкең, әлгі райкомның жауапты қызметкерін бір амалын тауып, тастап кетеді де, арнайы бөлінген «Камазбен» жолға шығады. Мұса досы ауылына күнде келіп жатқан жоқ. Қоржынын мықтап толтырып алған Серік Байқонов әрбір шақырым сайын тоқтап, алыстан арнайы келген жан досы үшін, топырағында аунап өскен туған жері үшін, аузын ашса көмекейі көрінетін ақ көңіл жандары үшін, тұнып тұрған табиғаты үшін үсті-үстіне тост көтерді. Қы зыл сөзге Мұса батыр да дес берген бе? Оның да көңілі асып-тасып, сөзді түйдек-түйдегімен ағытады. Мұндай кезде уақыт дегенің де тым жүйрік қой. Лезде ымырт үйіріліп, олар құмның ішінде кәдімгідей адасып кетеді. Серіктің бұл аймақты бес саусағындай жақсы білетіндігі, жұлдыз санап жол табатындығы жайына қалды. Түннің бір уағында үлкен шамдарын жарқыратып жандырған бірнеше машина адасқан жандарды жанжақты қоршап алды. Кәдімгідей қызу болса да, Серік әлгілердің рұқсатсыз киік аулап жүрген браконьерлер екенін біле қояды.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Иә, шаш ал десе нағыз бас алатын осылар. Олар кездейсоқ кездесе кеткен көк аттыларды онша жарата бермейді. Мұны да өте жақсы білетін Серік «О, құ діретті құдай, өзің сақтай гөр»! – деп мылтықтарын ке зеніп, өктем-өктем сөйлеп тұрған бұзық жандарға қарсы жүреді. Біреуін көке деп, енді біреуін жезде деп, сендер жақсы, біздер жаман деп, қалған төрт бөтелке арағын беріп, алдап-сулап баскесерлерден әрең құтылады. – Мыналар кімдер? – дейді әлі мастығы айыға қоймаған Мұса. – Саған дауысын көтеріп сөйлеуге кім право берді оларға? Давай Серік, машиналарының нөмірлерін жазып ал. Алматыға барған соң шетінен әкелерінің кім екендігін танытамыз. – Тсс, – дейді Серік – саған нөмір керек пе, өмір керек пе? «ЖАН ЖАРЫН КҮТІП ӘЛІ ОТЫР...» С әтсіз аяқталған сексеуіл сапарынан соң Мұса мен Серік Қармақшы ауданына бармақшы болып, жұбын жазбай пойызға бірге оты рады. Бұл екі достың Қожанасырдан артық жері шамалы, көлік ішінде бір-бірінен көз жазып қалып, Серік Жосалы теміржол бекетінде түседі де, Мұса жирен мұртын тікі рейтіп, қақиғаннан-қақиып Талдыөзектен бір-ақ шығады. Көп жолаушылармен бірге пойыздан түсіп, жан-жағына қарайды. Жанынан бір қалмайтын ұзынтұра досы Серік Байқонов – жер жұтып қойғандай ұшты-күйлі жоқ. Осылайша алаңдағаннан алаңдап, Мұса етпісірім уақыт тұрып қалды. Бірақ, Серік жақын арада көрінетін емес.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Неде болса баратын жеріме өзім-ақ тарта берейін деген оймен жанынан өтіп бара жатқан жас келіншектен жөн сұрайды. – Біздің ауданда сіз айтқандай совхоз жоқ, – деді келіншек таңқалып. – Сонда қалай болғаны, – деді Мұса сасқалақтап, – бұл қай аудан өзі, айналып кетейін? – Сіз Талдыөзек ауданында тұрсыз, аға. – Ә, солай ма еді? Қап, енді қайтсем екен? – деп қара санын бір-ақ соғады Мұса. Журналистік өмірінде талайды көрген Мұсекең, бұл жолы да онша сасқалақтай қоймады. Болары болды. Битке өкпелеп, тоныңды отқа тастай алмайсың. «Әй, Серік, Серік, саған не дейін? Бір әдемі келіншек бетіңе күліп қарап еді, есің шығып, жаныңдағы жалғыз досыңды ұмытып кеттің. Енді менің сүмірейіп тұрысым мынау. Әлгі мен жазатын сексеуілдің жағдайы анау болды. Он күн бойы босқа салпақтап, газетке жариялайтын бір дүние алмай келгенімді құдайым да, бас редакторым да, сірә кешіре қоймас. Айтпақшы, Ұлы жеңістің 45 жылдығы жақындап қалды емес пе? Соғыстан күйеулері қайтпаған жесірлер туралы очерк жазу көптен бері ойымда бар еді. Меніңше, он дай кейіпкерлер кез-келген ауылда табылып қалады», – деп ой түйген Мұса аудан орталығына жақындау ауылға жаяу-жалпы тартып кетеді. Үлкен ауылға кіре берісте бір қариямен жүздесіп, жөнін айтады. – Ондай кемпірлер біздің ауылда толып жатыр. Мысалы, Қалимаш жайында жазуыңа әбден болады. Үйі анау тұрған тоқал там, – деп жөн сілтеп жібереді ақсақал. Құдай оңдағанда Қалимаш әжей үйінде екен. Біреу газетке жазайын деп құлшынып тұрса аянсын ба, көзінің жасын төгіп-төгіп алып, соғыстан оралмаған күйеуі туралы сызылтып тұрып айтып береді. – Әже, осы ауылда өзіңіз сияқты жесір қалған кімдер бар? – дейді Мұса қоштасарда.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Күлпаш пен Әлиманы жазуыңа болады, шырағым. Екеуі де онша алыс тұрмайды. Кез-келген баладан сұ расаң да үйін тауып береді, айналайын, – дейді кемпір. Мұса бірінші болып Күлпаш апаның үйіне бас сұғады. – Солай де, шырағым. Сонау ит өлген жерден арнайы келген екенсің, – дейді шүйкедей қара кемпір. – Келгенің өте жөн. Бірақ, Қалимашты газетке жазба ғаның жөн болар. Оған бәрібір, өзің үлкен ұятқа қалып жүрерсің. – Неге, апа? – дейді Мұса таңқалып. – Балам, Қалимаштың күйеуінің соғыстан орал мағаны рас. Ол жайлы бүкіл ауыл біледі. Бірақ, ол албасты күйеуінен қара қағаз келген соң бір емес, екі бірдей байға тиіп алды емес пе? Соңғы байы жақында ғана өлді, өзі жақсы адам еді, жаны жәннатта болғыр. Жазатын бол саң мені жаз газетке, балам. Қайта-қайта байға шыққан кемпірді қайтесің әлдеқандай қылып. Қара кемпірдің жазғандарын қойын кітапшасына түртіп алған Мұса, көп ойланбастан Әлима әжейдің үйіне келді. – «Қырықтың бірі қыдыр» деген. Өзің бір жүзі жылы бала екенсің, жоғары шық, қонақ бол, – дейді үй иесі ақ пейіл танытып. Шай үстінде Мұса келген шаруасын айтады. – Шырағым, кәрі қойдың жасындай өмірім қал ғанда біреуді жамандап қайтейін. Дегенмен, жасырыпжабатыны жоқ. Қалимаштың жағдайы сондай, ол жағын өзің де естіпсің. Анау құдай атып кеткір Күлпаштың да оңған қылығы шамалы. Ол беті қара көлденең көк атты біреуден біреу емес, екі бірдей бала туып алды. Отыр мын ғой мен құдай алмай-ақ. Не күйеуге тиген жоқпын, не бала туған жоқпын. Қыздай тиген Рысбегімнен қалған жалғызым аман болсын. Соның тілеуін тілеймін, қарағым. Құдайға шүкір, он немерем бар. Ешкімнен кем емес пін, не ішем, не кием демеймін. Әй, дегенмен Рысбегімнің орны бөлек қой, жігіттің нағыз төресі еді ол. Рысбекті өлді дегенге әлі де сенбей
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ мін. Бір күні есікті айқара ашып, кіріп келетін сияқты, – деп Әлима әжей ағыл-тегіл жылап алады... ...Осыдан көп ұзамай-ақ «Қазақ әдебиеті» газетінде Мұса Рахманбердиевтің «Жан жарын күтіп әлі отыр» деген очеркі жарық көрді. ШІЛДЕХАНА М иллиард пұт астық береміз деп, басымыздағы қалпағымызды аспанға лақтырып, қырылып қала жаздайтынымызды әлі ұмыта қойған жоқ шығарсыздар, ағайын. Тың өлкелерінде астық ору басталысымен «Қазақстанның астығы Отанға!» деп газет біткен жата кеп шуылдайтын, орылған астық бастыруға үлгермей қар астында қалғанша теледидар мен радионың қақсаған жағы бір сәтке сөнбеуші еді. Қазақ теледидарының қоғамдық-саяси Бас редак циясының ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі Серік Байқонов бастаған шығармашылық топ «Ақби дай» бағдарламасының арнайы тапсырмасымен бір ай мерзімге Солтүстік Қазақстан облысына жолсапарға аттанады. Шаруа қамымен анда-мұнда шапқылап, арада он шақты күн де өте шығады. Серік бастаған жігіттердің жолсапарға деп алған қаржылары да таусыла бастап, журналист ағайындар қара су ішіп, қатқан қара нан жеуге жақындап қалады. Елдің арқасында анда-санда бір тойып тамақ ішіп алуға да мүмкіндік жоқ, кез-келген ауылда орыс ағайындар басым, арпаның ішінде өскен бидай сияқты қазақтың өзі орыс болып кеткен. Өзінің де, жігіттердің де онша жағдайы болмай жүрген Серік Байқонов бір күні ары ойлап, бері ойлап, бір амал тапқандай болады.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Жігіттер, саспаңдар, амандық болса ертең қарын дарыңды бір тойғызамын. Тіпті, жүз грамм ішіп қалуымыз да мүмкін, – дейді Сәкең жігіттерге. Жігіттердің жауабын күтпестен Серік Сергеевка аудандық партия комитетіне телефон шалады. – Алло, алло. Аудандық партия комитеті ме? Маған идеология жөніндегі хатшы керек еді. Менің аты-жөнімді сұрап тұрсыз ба? Республикалық теледидардың бөлім бастығы Серік Байқоновпын. Хатшы қыз секретарды телефонға тез қоса қояды. Қысқа амандықтан соң Серік тікелей шаруасына көшеді. – Бүгін ғана Алматыдағы бастығымыздан арнайы тапсырма алдық. Егін орағы кезінде перзентті болған механизатор туралы сюжет түсіруіміз өте қажет болып тұр. Сіздерде сондай адам табылып қала ма? – Неге табылмасын, – дейді көктен іздегені жерден табылғандай қуанып кеткен хатшы. – Жамбыл атындағы совхоздың Ленин орденді механизаторының әйелі осы дан бес күн бұрын қошқардай-қошқардай егіз ұл тапты. Соны түсіріп алыңыз телебізірге. – Сәбилерді перзентханадан қашан шығармақ екен? – дейді Серік Байқонов куанып. – Жаңылмасам, ертең болуы керек. – Олай болса, ертең біз сонда боламыз. Сағат онда сізге соға кетейік, бірге барғанымыз жөн болар, – дейді Серік асығыс сөйлеп. – Келістік, мен совхоз басшыларына ескертіп қоя мын. Ертесіне айтқан уақытта Серік бастаған шығарма шылық топ аудандық партия комитетіне соғып, хатшы мен бірге әйелі егіз бала туған совхозға тартып кетеді. Райкомның хатшысы арнайы телефон соққан соң жаны қалсын ба, шаруашылықтың бүкіл бетке шығар қаймағы күтіп отыр екен. Бүкіл саймандарын сақадай сайлап келе жатқан жігіттер іске шұғыл кірісіп кетеді. Орақ ба сынан арнайы келген механизатор бір құшақ гүл ұсынып, әйелі мен егіз ұлын перзентханадан шығарып алады.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Совхоз директоры қос сәбиге ақ тілек тілейді. Құшағы гүлге толған ана мәз-мейрам. Серіктің бір аңғарғаны: бар шаруа осымен аяқталатын түрі бар. Мыналардың шілдехана жасау тұрмақ, жәй шайға шақыратын түрлері жоқ. Бар шаруамды бітірдім дегендей, егіз ұлдың әкесі тап дәл қазір егін басына жүріп кетпекші. – Стоп, стоп, – дейді Серік, – сценарий бойынша бүгінгі кездесу бұлай аяқталуға тиіс емес. Механизатор әке егіз ұлын көтеріп, жұбайымен үйге бірге кіруі керек, сонан соң арнайы қой сойылып, дастарқан жайылып, біз шілдехананы түсіруіміз керек еді. Түсінемін, орақ кезінде уақыт алтыннан да қым бат. Бірақ, бізге берілген тапсырма бар, шілдехананы түсірмесек болмайды. Оны бүкіл республика теле көрермендері күтіп отыр. Серік Байқоновтың бұл сөзіне ешкім қарсы дау айта алмаса керек. Бір жағынан шаруақор, бір жағынан аңқау ауыл адамдары шұғыл түрде шілдехананың қамына кірісіп кетеді... Серік өзінің командасын тез жинап алып, сыбырлай үн қатады. – Жігіттер, бәрі де ойдағыдай. Бірақ, алдын-ала ескертіп қоямын, арақты көргенде аш қасқырша бас салып жүрмеңдер, алдымен жақсылап тұрып тамаққа тойып алыңдар. Біреу-міреу мас болып жүрсе, айтпады демеңдер, аямаймын... Түннің бір уағында Серік және оның командасы об лыс орталығындағы қонақ үйге аман-есен әндетіп көңілді оралады...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК БАЙБОТАНЫҢ ӘЛЕГІ А қын Байбота Серікбаев бірде біраз сілтеңкі реп қойып, Алматының бір айықтырғышына түсіп қалады. Ертесіне таң атпай жатып, онсыз да мазасы болмай отырған Байботаны милиция қызмет кері қарсы алдына отырғызып қойып, тиісті құжаттарды толтыра бастайды. – Аты-жөніңіз кім, қай жерде қызмет жасайсыз? – дейді жас лейтенант қаламын ыңғайлап. – Фамилиям – Байқонов, атым – Серік. Республи калық «Жаңа фильм» журналында жауапты хатшымын. – Әжептәуір, қызмет атқарады екенсіз. Өлгенше ішіп, айықтырғышқа түсіп, сізге не болды соншама? Бірақ, амал жоқ, жұмыс орныңызға хабарлаймыз. Ал, қазір 50 сом айып төлеңіз, сонан соң боссыз. – Менде ондай ақша жоқ, – дейді Байбота қипақтап. – Олай болса жұмыс орныңызға телефон соғамыз, ақшаны олар төлеп, алып кетсін. Лейтенант айықтырғышқа түсіп қалған ақынның жауабын күтпестен телефон тізімдері жазылған анық тама кітапті ақтарып, тиісті номерлерді тауып алып, «Жаңа фильм» журналына телефон шалады. Трубканы журналдың бөлім меңгерушісі Лесбай Оспанов алады. Айықтырғыштағы кезекші бар мән-жайды түсіндіріп айтқанда, ол шалқасынан түсіп құлап қала жаздады. – Мүмкін емес, айналайын, – дейді Лесбай шыршыр етіп. – Серік Байқонов өзінде отыр. Қазір ғана кіріп шықтым. Қас пен көздің арасында онда түсуі мүмкін емес. Ол трубканы тастай салып, Серік Байқоновтың кабинетіне біреу қуғандай кіріп келеді. Жауапты хатшы темекісін сорып қойып, журналдың кезекті номерінің макетін қарап отыр. Мән-жаймен танысқан ол бас редактордың маши насын сұрап алып, айықтырғышқа тартып кетеді. Серік
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ сүмірейіп отырған Байботаны көргенде, не күлерін, не жыларын білмейді. Иә, өз қолыңды өзің кесе алмай сың деген осы. Байбота қанша ит болса да жолдастығы, жерлестігі бар. Оның үстіне екеуі бес жыл бойы КазГУ-де бірге оқыды. Серік Байқонов тиісті айыбын төлеп, Байботаны үйіне дейін апарып тастайды. – Байбота, – дейді ол қоштасарда, – менің де оңып тұрған мұрыным жоқ, періште емеспін, анда-санда ұрттап қоямын... Алматыда екі бірдей айықтырғыш бар екендігін бүкіл жұрт біледі. Бір күні ішіп жүріп, екеуміздің бір айықтырғышқа түсіп қалуымыз ғажап емес. Ал, Алма тыда журналист-жазушылардың арасында мүлдем іш пейтін екі-ақ адам бар. Темірхан Момбекұлы мен Алпыс бай Шымырбаевты өзің де жақсы білесің. Бұдан былай айықтырғышқа түсіп қалсаң, солардың бірінің атын айтарсың. Ал әзірше қош-сау болып тұр. Арада біраз уақыт өтіп, бір күні Байбота құдай атып, тағы айықтырғыш орнына түсіп қалады. Құдай аузына салды ма екен, жоқ, Серік Байқонов тың өткен жолы айтқан әзіл-шыны аралас сөзі есіне түсіп кетті ме екен, бұл жолы, қызыл жағалы ағайындарға өзін Алпысбай Шымырбаевпын деп таныстырды. Дәл осы кезде белгілі жазушы Ақселеу Сейдімбеков тің «Білім және еңбек» журналына Бас редактор болып қызметке ауысып келіп жатқан кезі. Ол ай-шай жоқ, «маскүнемдікке» салынып, айықтырғышқа түскені үшін Алпысбайды жұмыстан шығарып жіберді. Нақақтан-нақақ күйіп бара жатқан, өмірінде лимо надтан басқаны тартып көрмеген Алпысбайға, бірге жұмыс істеген ұжымы араша түсіп, сол кездегі Қазақ стан Комсомолы Орталық Комитетіне арыз айтып ба рады. Ондағылар да ай қарап, жұлдыз санап отырған жоқ, барлық мән-жайды түбіне дейін тексеріп, Алпысбай Шымырбаевты қайтадан жұмысына алдырады. Ал, осы оқиғадан соң Байбота Серікбаев ішкенін мүлде доғарып, бұдан былай айықтырғыш орнына түспейтін болыпты.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК «ЕГИПЕТТЕН КЕЛГЕН СТУДЕНТ» Б үгінде мүйіздері қарағайдай-қарағайдай, есімдері бүкіл қазаққа белгілі журналис тер Ерғали Сағат, Шәкизада Құттаяқ, Кәрім Бахрадин, Заманбек Әбдештер Қазақ универси теті журналистика факультетінің бірге ұшқан түлек тері екендігін біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Сонау жетпісінші жылдардың басында журналистика факультетінің 4-курс студенттері Қостанай облысы, бұрынғы Ленин ауданына қарасты бір совхоздың жиырма шақты үйі, бір клубы және жалғыз дүкені бар бөлімшесіне ауылшаруашылық жұмысына бара қалады. Болашақ журналистердің еншісіне құлайын деп тұрған ескі мәдениет ошағы тиеді. Қостанайда күзде жаңбыр жиі жауып, мұндайда астық орылмай, кар топ жиналмай жұмыс біткен жайына қалады. Көмекке келген студенттерді бастап келген ҚазМУ-дің оқыту шысы, Әбділхамид Мархабаев ептеп өмір көріп, оңысолын танып қалған үш-төрт студентпен оңаша карта соғып отырып, кенет өзіне жарасымды сақал-мұрт қойған Ерғали Сағатқа бірінші рет көріп тұрғандай бақырайып қарап қалады. Оның бойына жалма-жан керемет бір идея түсе кетеді. – Ерғали, мына түріңмен араб ағайындардан бір аумайды екенсің, – дейді ол карта таратып жатып. – Давай, сені ауыл адамдарына Египеттен келген студент деп таныстырайық. Сөйтсек, бұл қазақтар сенімен қо сып, бізді де меймандыққа шақырып қалуы ғажап емес. Қашанғы су татыған капуста көже іше бермекпіз. Бір амалын қарастырмасақ болатын емес. – Әбеке, мынауыңыз ақы берсе де таптыра бермейтін ақыл екен, – деп оны ұзынтұра Шәкизада қолдай кетеді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Іздегенге сұраған демекші, клубқа қаңғалақтап жүріп, бөлімше басқарушысы келе қалады. – Ағасы, сізде бір шаруам бар еді, – дейді Әбділ хамид бөлімше басқарушысын оңаша шақырып. – Бізді қойшы, бөтен емеспіз ғой. Арамызда сонау алыстағы Еги петтен келіп оқып жатқан бір студент бар еді. Байқай мын, өзі мына жағдайымызға онша үйреніңкіремей жүр. Ежелден меймандос ел емеспіз бе? Сол студентті қонаққа шақырып, халқымыздың салт-дәстүрін көрсетіп жіберсек дұрыс болар еді. – Қап, неге бұрынырақ ескертіп қоймадыңыз, Әбе ке. Ұят болған екен, ештен кеш жақсы деген, – дейді ауылдың аңқылдаған аңқау қазағы кәдімгідей қипақтап. Ол ертесіне арнайы қой сойып, «Египеттен келген студентті» нөкерімен қоса меймандыққа шақырып, көптен бері дұрыстап тамақ ішпей бір ішек болып жүр ген оқытушы мен студенттер қолдан асқан ет жеп, ыстық сорпа ішіп, оған қоса жүз грамдатып, жағдайлары жақсы болып қалады. Ерғали және оның достарын ерте сіне бөлімше зоотехнигі, одан кейін агроном, бухгал тер, қырман меңгерушісі болып кезек-кезек қонақ етіп күтсе керек. Ауылдың бүкіл атқамінерлері «египеттік студентті» мейманға шақырып болған соң, кезек ауыл тұрғындарына келіп, Ерғали және оның командасын бір жас жұбайлар мейман етіп күтеді. Бұл шаңырақта да қой сойылып, бас мүжіледі, әдеттегідей екі-үш қылмойын босап, әңгіме-дүкен қызып кеп береді. – Ойпырым-ай, ә? Мына араб бәле екен, – депті қонақтарға қызмет етіп жүрген жас жігіт жанында отырған құрдасының бүйірінен түртіп. – Қазақшаны қалай-қалай көсілтеді десеңізші! Ет жесі де жақсы, қазақша...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК КОНЦЕРТ -А уылдың бүкіл атқамінерлері мен шай беруге шамасы келетін ағайындар түгел қонаққа шақырып бітті. Бірақ, жуық арада Алматыға қайтатын түріміз жоқ. Күніміз қайтадан су татыған капуста көже мен тары ботқаға қарап қалды. Мына жылауық жаңбырдың кесірінен бәрібір жұмыс істеп, қарқ қылып жатқанымыз жоқ. Қол қусырып босқа отырғанша, ауыл-ауылға концерт қойып, біраз қаржы табайық, – дейді Кәрім ешкімнің басына келе қоймаған бір жаңа идея айтып, – құдайға шүкір, бұл жағынан қара жаяу емеспіз, арамызда өнерпаз атаулы жетіп артылады. – Шынында да, мынау ойланатын жай екен, – дейді студенттердің жетекшісі Әбділхамид Мархабаев оны қостай кетіп, – біршама тиын-тебен табамыз, ол әрине артықтық жасамайды. Мұндайда қамшы салдыр майтын Ерғали, Шәкизада, Жолдығали лезде студент терден тұратын көркемөнерпаздардың басын қосып, концерттік бағдарлама жасап кеп жібереді. Ойын сауық болатын болған соң, міндетті түрде билет сатылуы қажет. Алғашқыда оны қалай жасарын білмей «әртістердің» басы әбден қатты. Бұл жолы да айтулы қиындықтан Ерғали төте жол тауып кетеді. – Маған билет жасауға лайықты қағаз тауып беріңдерші, қалғанын өзім қатырамын, – дейді Ерғали құлшынып. – Ал, қағазды таптық дейік, билеттің таңбасын қалай жасаймыз. – дейді Кәрім мен Заманбек қосарлана сөйлеп. Ерғали ешкімге ләм деместен ескі бәтеңкесінің жарамсыз болып қалған өкшесіне «КазГУ, Әкімшілік» деген сөзді бәкімен әдемілеп ойып жазып, оны кәдімгі сияға малып, қағазға соғып қалғанда, нағыз концерттік билеттің түпнұсқасы менмұндалап шыға келеді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Ертесіне көркемөнерпаздар бригадасы көрші бөлім шеге ойын-сауық қойып, табысты оралды. Көрген сыйқұрметтері өз алдына, кассаға бақандай 60 сом түсіп, «әртістер» бір желпініп қалады. Арада екі күн өтпей жатып, совхоздың басқа бөлімшесінің басқарушысы ойын-сауық қойып беріңдер, жұмысбасты ауыл адам дарының көңілі бір көтеріліп қалсын деп қолқа салады. Бұл концерт те үлкен өрлеу үстінде өтіп, ойын-сауықтан соң бөлімшенің атқамінерлері өнерлі жастарды арнайы қонақ етіп, күтіп жібереді. Ал, кассаға анау-мынау емес, бақандай 100 сом түссе керек. Бар-жоғы бір аптаның ішінде атақтары дүркіреп, бүкіл ауданға тараған өнерпаз дарды совхоз басшылары қоярда қоймай шаруашылық тың орталығындағы үш жүз адам сиятын үлкен клубқа концерт қоюға шақырады. Ерғали бастаған топ концертті ойдағыдай өткізіп, бөлімшенің ескі автобусына асығыс отырып, орталықтан екі-үш шақырымдай ұзай бергенде, жүк мәшинесінің ашық бортына лық болып мініп алған ауыл жігіттері улап-шулап бұларды қуып кеп береді. – Мыналардың жүрістері тым суық екен. Төбелес шығып кетпесе жарар еді, – дейді Ерғали жанында отырған курстас жолдастарына қарап, – әй жүгермек тер, ойын-сауық кезінде жергілікті қыздарға қырындап, бірдеңені бүлдіріп қойған жоқсыңдар ма? – Жоқ, жоқ, – дейді Шәкизада мен Заманбек шыршыр етіп, – қыздары шетінен аршыған жұмыртқадай аппақ екен, бірақ қырындауға уақыт болды ма? Кілең сайдың тасындай жігіттер мінген жүк мәшинесі автобустың алдын орап, қарама-қарсы тоқтай берді. – Жігіттер, – дейді Ерғали «әртістерге» ескерту жасап, – шақырылмаған «қонақтар» төбелес ашып жат са, қолдарыңа қатты тиетін заттар алушы болмаңдар. Мен олармен еркекше сөйлесіп көрейін, – дейді ол автобус тан түсіп жатып. – Ала құйындатып әрең жеткіздіңдер ғой, – дейді түйенің жарты етіндей жас жігіт шешесі егіз ұл туғандай әлденеге мәз болып, – өздеріңізбен жақынырақ таны
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК сып, ауыл жастарының атынан алғыс айтайық десек, апақсапақта асығыс жүріп кетіпсіңдер. – Мынау сіздерге деген сый-сыбағамыз еді. Аз да болса көптей көріңдер. Бір жәшік арақ пен бүтіндей пісірілген үлкен қойдың етін көргенде, Ерғалидың жүрегі орнына түсіп, көңілдене күліп жіберіпті. Жігіттер бұл жолы да олжалы оралып, Әбділхамид Мархабаевтың өзінен үлкен алғыс алыпты. КӨПЕН ҚАЛАЙ БАС РЕДАКТОР БОЛДЫ? П артияның аман-сау кезінде жас сықақшы Көпен Әмірбек мырза Мәскеуге бір айлық оқуға бара қалады. Барған оқу-тоқуы ком сомол жетекшілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі курс болса керек. Комсомолға жеті қайнаса да сорпасы қосылмайтын Көпекең, бұл оқуды қайбір оңдырсын. Оның есесіне, Мәскеуді армансыз аралап, оны көріп, мұны көріп, бір бой жазып қалады. Екі-үш күн өткен соң қой ұят бо лып жүрмесін, анда-санда бар екенімді, тірі жүргенімді білдіріп қойған жөн болар, деп әлгі комсомолдар курсына бас сұғады. Үлкен аудиторияның ішінде орыс пен украиндық та, өзбек пен тәжігің де, армян мен грузинің де, татар, башқұртың да қаптап өріп жүр. Көпеннің назары бір бұрышта темекіні әкесінің құны қалғандай үсті-үстіне сорып, көк түтінін будақтатып тұрған кавказдық жігітке еріксіз түседі. Ойпырым-ай, осындай ұқсастық болады екен-ау! Сойып қаптап қойғандай нақ өзі. Қортық бойына, қоңқақ
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ мұрынына, шегір көзі мен жалпақ бетіне дейін айнымай тартқан. Кавказдық жігіт те бұған таңдана қарап қалады. Екеуінің де орысшасы онша келіңкіреп жатпаса да, тез танысып, шүйіркелесіп әңгімелесе кетеді. – Слушай дорогой, ты совсем похоже на меня. Может ты грузин? – дейді кавказдық Көпеннің қолын алып, – ну смотри а, прямо моя копия. – Нет, дорогой. Я не грузин, а казах. Казахстан, АлмаАта знаешь? – дейді біздің Көпен де грузинмен қатар ласа беріп. – Казахстан, Алма-Ата, как не знаю? Я все-таки второй секретарь комсомола Грузии, – дейді грузин. Давай познакомиться. Я – Вахтанг Махарашвили. – Я – Көпен Әмірбек, писатель, – дейді Көпен. Вахтанг қадалған жерінен қан алатын қызыл көз бәле екен. – А где ты работаешь, тоже в комсомоле? – деп тақақ тап қояр емес. Сол кезде Көпен мырза республикалық «Білім және еңбек» журналында жауапты хатшы болып қызмет атқарса керек. Жаңа танысының алдында дәрежесін кішірейткісі келмеген Көпекең: – Нет, я не в комсомоле. Главный редактор республи канского журнала, – деп өтірікті соғып жібергенін өзі де білмей қалады. Ертесіне Вахтанг Көпенді Үлкен театрға шақырады. Сыйға сый, сыраға бал демекші, Көпен мырза грузин досын арада күн кұрғатпай Мәскеудің «мынау» деген мейманханасына апарып, тыққан-пыққан пұлын ша шып тастайды. Көп ұзамай Вахтанг өзінен бір аумай тын қазақстандық танысын грузиннің мықты деген бір ақынымен таныстырады. Біздің Көпен намысты қолдан берген бе? Вахтангті «Крокодил» журналының сол кездегі Бас редакторының үйіне қонаққа апарып, бір шырқа тады. Оқуларын аман-есен бітіріп, бастарын біраз милан дырып, елге қайтатын уақыт та таяп қалады. Вахтанг қош
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК тасарда Көпенге алтын жалатқан қаламсап сыйлайды. Көпен бұл жолы да асып түсіп, қолындағы алтын сағатын грузин досының білегіне байлайды. Арада бір ай уақыт дөңгелеп өте шығып, бір күні жұмыс аяқталуға жақын қалғанда, қара сүліктей телефон ның жаны қалмай безектеп қоя береді. «Білім және еңбек» журналының жауапты хатшысы қалақшаны асығыс көтере бергенде: – Это 63-53-04? Вас просит Тбилиси, – деген кому татордың шіңкілдеген дауысынан соң: – Көпен, привет дорогой! Это Вахтанг. Завтра буду в Алма-Ате. Рейс 645. Встречай, дорогой! – деген тбилисилік досының дауысы естіледі. – Вай, вай! Ой какие люди! Я очень радь, очень радь! Буду ждать, буду встречать. До завтра, дорогой! – деп Көпен телефон қалақшасын қоя береді. Алғашқыда кәдімгідей қалбалақтап қуанған Көпен басын қасып ойланып қалады. Қазаққа қонақ күткен не тәйірі? Жауапты хатшыны қинаған жәй басқа болатын. Тбилисилік досына өзін бас редактормын деп таныстырғанын есіне алғанда Көпен отырған орнында тыпыршып, маңдайы тершіп қоя берді. – Қап, Вахтангті алдап нем бар еді? Енді ұят болатын болды-ау! – деп санын бір-ақ соғады Көпен. Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап деген. Бо лары болды. Көпен бұл тұйықтан шұғыл түрде аман-есен шығудың жолын қарастыра бастайды. Ол шегір көзі сығырайып, ары-бері ойланып, өзінің тікелей бастығы, журналдың сол кездегі бас редакторы, белгілі жазушы Бейбіт Қойшыбаевқа барлық жағдайды түсіндіріп айтуға мәжбүр болды. – Бәке, жағдай осылай болып тұр. Мені ұяттан өлтір гіңіз келмесе маған бір күнге кабинетіңізді, «Волгаңыз ды» беріңіз, – деп өлердегі сөзін айтып жалбарынады. Бас редактор Көпеннің қылығына ішегі қатқанша күліп, келісімін береді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ...Ертесіне «Білім және еңбек» журналының шығар машылық ұжымы Грузия Комсомолы Орталық Коми тетінің хатшысы Вахтанг Махарашвилиді хан көтеріп, қарсы алады... ҚАРҒАЛАР НЕГЕ ҚАРҚЫЛДАЙДЫ? Ж әутік кітап оқымаса да, күнделікті шығып жататын басылым атаулыға сирек болса да көз тастап қоятын адамдардың санатына жатады. Бүгін де үлкен көзілдірігі қоңқақ мұрнына түсіп, бір-екі газетті сүзіп қарап шыққан болатын. Қысың қы көздері баласы Кәкіш туралы жазылған мақалаға түскенде отырған жерінен су шыққандай ыршып түсіп, әлгі мақалаға жата кеп шұқшиды. – Мына ит не істеп жүр, ә? – деді газетті асығыс оқып шыққан Жәутік күйіп-пісіп – жекешелендіру кезінде ебін тауып, ие болып қалған балалар бақшасын болма шы тиын-тебенге қалалық әкімшілікке қайтарғаны несі. Осы күнге дейін мал соңында салпақтап жүрген нағашы ларына тартып кеткен мына Кәкіште қарғаның миын дай ақыл болса мұрнымды кесіп берейін. Тірнектеп жи наған дүниені шөміштеп шашты деген осы. Мына түрімен бәрімізді тақыр жерге отырғызады бұл күшік! Ашудан жарылып кетейін деп отырғанда, іздегенге сұраған демекші, Кәкіштің өзі домаланып, әкесінің бөлмесіне кіріп келе жатты. – Әй, ақылсыз неме, менімен ақылдаспай не бүл діріп жүрсің сен? Мына газеттегі мақала шынымен рас па? Жеті атаңа бітпеген мырзалық саған қайдан келе қалған? Білдей бір облыстың мүйізі қарағайдай оқу
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК басқармасының бастығы болып тұрсам да, жеті бірдей балалар бақшасын жекешелендіріп алу оңайға тиді дейсің бе маған? Сол байлықты көлденең көк атты біреулерге үлестіру үшін алдым ба, жетесіз неме! Белі ауырмастың нан жесіне қара деген осы! Дәл қаланың ортасынан ойып тұрып орын алған, майлығы мен шайлығы шаш етек тен сол балалар бақшасын сенің атыңа аударып жүрген мен де барып тұрған жарымеспін. Оңбайсың, Кәкіш, оңбайсың, мына түріңмен! – деп Жәутік баласына зіркілдей жөнелді. – Ой, папа, не болды болмашы нәрсеге соншама күйіп-пісіп, – деді Кәкіш түк болмағандай жұмсақ ди ванға жайғасып жатып. – Сенің есің ауысып, миың айналып кеткен болар шамасы. Болмашы нәрсе дейді ұялмай-қызармай, қолдағы дәулетті ит пен құсқа таратып, саған не көрінді? – Папа, ашуың өте орынды, рас, жерде жатқан дүние жоқ. Дегенмен, қазір уақыт басқа, заманың түлкі болса, тазы болып шал деп үйреткен өзіңіз болатын сыз. Ептеп жергілікті өкіметтің көңілін аулап, алдапсулап қойған жөн. Сонда бәрі окей болады, яғни, менің және келініңіздің атындағы қалған алты бірдей балалар бақшасына, толып жатқан жылжымайтын мүліктерге, сауда-саттық орындарына бөтен жан көз алартпайды, тойс Рахат Әлиев сияқты зорлықпен ешкім де тартып алмайтын болады. Оның үстіне балалар бақшасын тегін бере салатын Иванушка ақымақ емеспін. Өз есебім түгел. Ең бастысы, мына жаман балаң көптің назарына ілігіп, елдің қамын ойлайтын, бүгінгі күннің геройы болып жатыр біле білсеңіз. Екі жеп, биге шықты деген осы, папасы. Сіздің сөзбен айтқанда, құда да тыныш, құдағи да тыныш. – Мейлі, бұл ісің дұрыс делік, балам, – деді Жәутік ентігін басып. – Судың да сұрауы бар емес пе, қарғамау! Қай-қайдағы жетім балалар үйіне, құмда ізі, сайда саны жоқ қарттар пансионатына ақшаны аямай ша
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ шады екенсің. Кеше жарымай жүрген жетім-жесірлерді жинап, мейрамханада ауызашар беріпсің. Осының бәрін газет біткен жазып, радио-телебізірден айтып, көр сетіп, шулатып жатыр. Бұл не деген тегін жатқан батпан құйрық? – Өзің үйреткендей, мен ешқашан да бостан-босқа дүние шашпаймын, папа. Бәрінің де өз есебі бар. Қара тобырға еті желінген сүйекті анда-санда лақтырып қойғанның еш артықшылығы жоқ. Саясатқа менен гөрі жүйріксіз, Астанадағы Парламентке жалғыз «Нұр Отан» партиясы ие бола алатын түрі жоқ. Так что, қайтадан сайлау болуы әбден мүмкін. Ал, маған, сіздің жалғыз ұлыңызға неге шіреніп тұрып, депутат болмасқа? Ол үшін беделді тұлға ретінде қалыптасуым керек. Өзіңіз риза болмай отырған анау-мынаулар менің имиджім үшін жасалып жатқан әрекеттер деп түсініңіз. Депутаттық қа түсе қалатын жағдай болса, еті жоқ сүйекке таласып, ырылдасып жүрген әлгі қара тобыр керек болады, енді түсіндің бе, папа. – Бұл сөзіңнің де жөні бар, атың шықпаса – жер өрте деген, шынында да, саған неге халық қалаулысы болмасқа? Бұл өзі ойланатын жай екен, – деп Жәутік баласының жанына жақынырақ отырып үзілген сөзін жалғады. – Менің байқауымша, сауда-саттықты кәдім гідей дөңгелетіп әкеттің. Құдайға шүкір, ақшаңда, жез құбырдан өтіп кететін пысық таныс-тамырларың да, екі жүріп биге шығатын небір қулық әрекеттерің де бір басыңа жетіп артылады. Осы аз болғандай тендерге қатысып, жол салуға кірісіп кетіпсің. Абайла, балам, екі қайықтың басын ұстаймын деп жүріп суға кетіп жүрме. – Сауда-саттықтың жұмысын өзіңе тартқан пысық келініңіз дөңгелетіп алып кетпесе – маған келіңіз. Ал, тендер ұтып, жол салу деген бүгінгі күннің нағыз май шелпегі. Бейнелеп айтқанда, тендер деген теңгеден, доллардан жасалған төзімді кендір арқан. Жоғары жақ тағылардың көңілін тауып, аузын майлап жіберсең – жыл сайын өзінен-өзі шұбатылып келіп тұрады.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Бала кезімнен бері есектің құйрығын жусаң да ақша тап деп миыма құйып, соған баулып келесіз. Жол салу, оған асфальт төсеу деген нағыз таптыра бермейтін байлықтың өзі, шытырлаған евро, доллар және тең генің таусылмайтын көзі. Оның адам түгілі шайтанның өзі біле бермейтін қулығы мен сұмдығы бір есекке жүк болады, соның біреуін ғана құпия ретінде айтайын. Егер сіз боп, біз боп жол асфальтының қалыңдығын небәрі 0,5 миллиметрге жұқа етіп төсеп жіберсек, көзді ашып-жұмғанша жеті атамыз жабылып таба алмай тын байлыққа ие болып шыға келеміз. Қолыңнан келсе етігіңнің қонышынан бас деген осы, папа. Балаңның білмейтін бәлесі теңіздің түбінде, – деп өз жауабына өзі риза болған Кәкіш қарғадай қарқылдап күліп жіберді. – Папа, қарға мен оның баласы туралы бір анекдот айтудың реті келіп тұр, – деді Кәкіш әлденеге мәз болып. – Тыңдағыңыз келсе айтып берейін. – Айт, айт, балам. – Бірде әке қарға мен бала қарға жол үстінде тапқан жемтігін шоқып жеп отырыпты, – деді Кәкіш қулыққа толы қысық көздері жылтырап. – «Балам, – депті әке қарға – жемтігіңді жегенде сақ бол, бір шоқып, бір қара». «Әке, – депті сонда бала қарға – сақтықта қорлық жоқ, бір шоқып, екі қарасам тіпті жақсы болар еді». Баласының аяқ асты тауып кеткен анекдотына риза болып, мырс-мырс күлген Жәутік баласының арқасынан қақты. – Түсіндім, Кәкіш, түсіндім. Мен кәрі қарғамын, кейде жөнсіз қарқылдай беремін. Сен жас қарға болсаң да маған қарағанда найза бойы озып кетіпсің, ризамын, балам, жарайсың! Жаңа ғана бар дүние атаулыдан айырылып қалған дай құлазып отырған Жәутіктің көңіл-күйі орнына түсіп, ыңылдап ән айтып, өзі лақтырып тастаған газетті қай тадан оқуға кірісті.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ПАРА -И ә, қытай бала, кел, мен айтқан құжаттарды әкелдің бе? Тақыр бас, жуан қарын бастық Айдын ның сәлемін әрең алып, жұмсақ былғары креслосында шалқайған күйі алдындағы құжаттарды әрі-бері қарас тыра бастады. Айдын өзінің тарихи Отанына алғашқы келгенде қы тай дегенге кәдімгідей шамданып, намыстанып қалатын. Жеті күнде көрге де үйренесің деген рас болып шықты, екі-үш күн ішінде әлгі өзі жақтыра бермейтін сөзге құла ғы әбден үйреніп, онша назар аудармайтын болды. – Небәрі отыз жасыңда Қытайдағы үлкен асфальт зауытында бас инженер болып дүрілдеп тұрған екенсің, бізге қатардағы технолог болуға келісіп отырғаныңды онша түсініңкірей алмай отырмын. Қарға миы айналып түсетін шілденің ыстық аптабына қарамастан мойнына тоқпақтай галстукты қылқындыра байлаған жуан қара Айдынға бұқа көздерімен сынай қарады. – Келе салып, төр менікі дегенім жарамас, – деді Айдын сыпайы сөйлесуге тырысып. – Әзірге маған сол қатардағы технолог қызметі де жетеді. Сеніміңізді ақтап, абыройлы жұмыс атқарып жатсам, әр жағын өзіңіз көре жатарсыз. – Дәмесі зор өзінің, – деді бастық Айдынға мысқыл дай қарап. – Әке-шешең бар ма? – Ол кісілер әлі Қытай жақта, әзірше келініңіз екеуміз келгенбіз, пәтер жалдап тұрып жатырмыз. – Былай болсын, қытай бала, – деді бастық орнынан ырғалып-жырғалып көтеріліп жатып, – мына құжаттарыңды маған тастап кет, біз біршама ойланып, ақылдасып көрейік. Қызметке алыңыз деп жүгіріп
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК жүргендер жүдә көп, араға екі-үш күн салып, тағы бір соғып кетерсің. Үш күн аралатып, Айдын бастықтың алдында отырды. – Так, так, өте дұрыс. Қазақстанның азаматтығын алыпсың, тек мына қытай тілінде жазылған дипломың ды түсіне алмай басым әбден қатты. Жоғары оқу орнын пәленше жылы бітірген, түгенше деген мамандық алған деп, оны бәріміз түсінетін орыс ағайындардың тіліне аударып, тиісті заң орындарына куәләндіріп алып кел, әр жағын сонан соң көре жатармыз. Айдын күні бойы зыр жүгіріп, бастықтың айтқанын бұлжытпай тап-тұйнақтай етіп, ертеңіне таныс кабинетке бас сұқты. – Дұрыс, – деді бастық – жарайсың, өзің жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітірген екенсің ғой, бізге сен сияқты маман керек. Айтпақшы, денсаулығың қалай, анау-мынауың жоқ па? – Денсаулығым құдайға шүкір жақсы, бірақ, сіздің анау-мынауыңызды онша түсінбей тұрғаным, – деді Айдын көзі бақырайып. – Кейбіреулер әке деп, көке деп жұмысқа орналасып алған соң, қояншық немесе безгек болып жатады. Сенде ондай-ондай жоқ па деп сұрап жатырмын. Сақтықта қорлық жоқ, дәрігерден денім сау деген анықтама әкел, сонан соң ар жағын көре жатармыз, қытай бала. Айдын екі күннен соң дені сау, жынды, есуас емес, безгегі мен қояншығы жоқ деген анықтаманы да жеткізді. – Дұрыс, бәрі дұрыс, айтпақшы, қаланың қай же рінде пәтерде тұрып жатырсың? – деді бастық быртық саусақтарымен столды тақылдатып. – Қаланың шығысына кіре берістегі Татарка деген жерде, – деді Айдын. – Солай ма, – деді бастық басын шайқап – болмай ды, болмайды. Татарка қайда, Қалқаман қайда, екеуінің арасы жер мен көктей. Пәтеріңді шұғыл түрде ауыстыр, олай болмаған жағдайда сен күнде жұмысқа кешігіп, сау басыма сақина тілеп аламын.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Не істесем екен? – деп Айдынның басы төмен салбырап кетті. – Пәтердің жанбас ақысын жарты жылға алдын-ала төлеп қойып едім, аға! Оның үстіне келініңіз дің ай-күні жақындап отыр еді. Әтеш шақырмай жатып, ерте тұрсам да жұмыстан кешікпеймін, аға! Сізді ұятқа қалдырмаймын, аға! – Бәрің де алғашқыда солай дейсіңдер, сонан соң басқаша сайрап шыға келесіңдер. Қысқасы, қытай бала, жарты жылдан соң пәтеріңді ауыстыра жатарсың, ол уақытқа дейін келін де аман-есен босанып қалар. Жұмыс қайда қашар дейсің, сонан соң тағы да көре жатармыз, – деп директор сенімен шаруам осымен тамам болды дегендей төбеге қарады. Айдын болса жігері құм болып, жерге қарады. Өзін әбден әуре-сарсаңға түсірген кеңседен салы суға кеткендей көңілсіз шығып, көп күттіріп, діңкәсін әбден құртқан ескі шыйқылдаған троллейбусқа отырып, орталыққа бет түзеді. Дәл алдындағы орындықта бас тарын түйістіре ауыздары-ауыздарына жұқпай сөйлесіп отырған екі қара қытайдың өзара әңгімесі Айдынды еріксіз елең еткізді. – Алматыға келгеніңе көп болды ма? – дейді егделеуі жөн сұрап. – Үш ай болып қалды, – дейді жас қытайлық. – Әлі үйрене алмай жүрмін. Алматы деген қандай қала өзі? Байқаймын, жергілікті халық өз-өзін сыйлай бермейді екен. Қазақ бола тұрып, шетінен шүлдірлеп орысша сөйлейді. Бұл өзі Россия ма, жоқ Қазақстан ба, түсінбедім. Қытайдан шағын техникалар жеткізіп, өз бизнесімді ашсам ба деп едім, алдымнан аяқасты бір проблема шыға келді. Нағыз бюрократизм ғой мұнда, шынымды айтсам әбден шаршадым. – Қазақтарда «Бара бергенше – пара бер», – деген мақал бар, – деді егде қытай қулана күліп. – Шетінен шіреніп қалған шенеуніктердің тілін таба алмай жүр генсің ғой шамасы. Бастықтардың қазағы да, орысы да, басқалары да ақша десе бәрін де сатып жіберуге дайын. Тек қалтаңда ақшаң болсын, бауырым. Сондықтан да,
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Қытайға қайтып кетемін дегеніңді қой, ары кетсе жарты жылдан соң өзіңді судағы балықтай еркін сезінетін боласың. Бір жыл өткен соң Алматыдан ит айтақтатып қуса да кетпейтін боласың, қымбатты жерлес. Айдын түлкі сияқты ыржиған қытайлықтың бетпердесін басына қаптап, жата кеп сабағысы келді. Бірақ жылмақай қытай итінің сөзі ащы болса да шындық еді. Намыстан ба, жоқ ашудан ба Айдынның қан қысымы көтеріліп, екі көзі қарауытып кетті. Айналасындағы лардың бәрі де Айдынды келемеждеп, сақ-сақ күлетін сияқты. Солардың арасында өзін бір ай бойы салпақтатып қойған жуан қарын, қасқа бас қазақ бастық та, сойылған түлкінің басындай ыржиған әлгі қысық көз екі қытайлық та жүр. Айдын ертесіне бір қажеттеріне жарап қалар деген екі мың долларды әйелінің аузынан жырып алып, қалың конвертке салып, жуан қарын бастыққа имене кірді. – Қалай, қытай бала, пәтеріңді өзгертіп үлгердің бе? – дейді жымысқы көзі күлімдеген директор. – Жоқ, ағасы, пәтерімді ауыстыра алмадым. Бірақ, сізге деген көзқарасымды өзгертсем деп келдім. Мынау соның белгісі, – деп жуан конвертті бастықтың алдына жайлап ысырып қоя берді. Шыбын тайып жығылатын тақыр басты жуан қара ерекше бір ептілікпен параны көп қағаздарының арасына қыстырып тыға қойды. – Пәтеріңді ауыстырмағаның жақсы болған екен, кешеден бері соны ойлап, уайымдап отыр едім. Бәріміз де пендеміз ғой, дегенмен, сенің жағдайыңды түсінемін, қытай бала, түсінемін... Түк болмағандай қабырғасы қайысып, қамқорси сөйлеген бастық шыбын қонса тайып жығылатын жылтыр басын кішігірім жайнамаздай қол орамалымен сүртіп болды да, алдындағы қоңырауды басып, қабылдау бөлмесіндегі құмырсқа бел келіншекті шұғыл шақырды. Сол күннен-ақ асфальт жасау зауытының бас дирек торы Арсызбай Жалмаңбайұлы Айдын Мұратұлын жұ мысқа қабылдау жөніндегі бұйрығын бұрқ еткізді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ БІР КИЛОГРАММ АЛМА ЖӘНЕ СНИКЕРС Ш ал мен кемпір шәй ішіп отыр. Ернін сылп еткізіп, әңгімені Қатимаш бастады. – Бөдештің әкесі-ау, осыдан жиырма жыл бұрын бір керегі болар деп бірер қара мал және біршама ұсақ мал сатып, сол пұлды жинақ кассасына салған жоқ па едік? – Иә, салғанбыз, сом теңгеге ауысып, ол құнсызданып кетті емес пе, – деді қатқан қайыстай қара шал кемпірдің сөзіне мән бермей. – Ой, осы сенің жайбасарлығың-ай, төбеңе қара, аспан түсіп кетсе де саған бәрібір, – деді кемпір күйіппісіп. – Дағдарыс деген пәле шығып, мына дүние біткен көк тиын құрлы болмай барады емес пе? Баяғы біз салған жиырма мың сом қанша құнсызданып кетсе де, біраз теңге болып, жиналып қалған болар. Жаудан түк тартсаң да пайда, ерінбей сол жинақ кассасындағы ақшаны алып келейік. – Сол болмашы тиын-тебенге қарап қалдық па, пар тия мен өкімет аман болса өлмеспіз. Шалының бұл сөзін естігенде шүйкедей кемпір одан бетер күйіп-пісті де қалды. – Саған адам деп сөз айтып отырған мен де барып тұрған ақымақпын. Ойбай, шал-ау, сомның теңгеге ауысып кеткенін білесің де, құдайдай көретін партияңның тарап кеткенін қалайша білмей қалдың? Оның құрдым кеткені қашан, әлде радио тыңдамайсың ба, телебізір көрмейсің бе? Анау өкіметіңді де әлдеқандай қылма, екі жылға да жетпей, жиі-жиі ауысып тұратын оларда қайбір береке болсын. Шал қолын бір-ақ сілтеді. Бұнысы шыбын құсап, ызыңдап мазамды алма дегені. Қатимаш өзімен-өзі бұр қылдап, дастарқанды жинастыра бастады.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Бәріне де Тараздағы қақшаңдап қалған кіші келін кінәлі. Неге соншама апа-апа деп, асты-үстіме түсіп, емшегі езіле қалды десем, алдын-ала ойлаған есебі бар екен. Алдап-сулап, баласын бақандай екі жыл бойы бақтырып қойды емес пе? Осында болсам, қара шалдың артынан ызыңдап қалмай жүріп, жинақ кассасындағы ақшаны әлгі топалаң болмай тұрғанда әлдеқашан алдын ала алдырып, бір әжетке жаратқан болар едім. Мына қырсық шалға бүкіл дүние пұл емес, күл болып кетсе де бәрібір. Насыбайын атып қойып, жайбарақат отыра береді. Кішкентай кемпір ертесіне де ызыңдап, шалының артынан бір елі қалмай қойды. Қара шал да кемпірінен оңайлықпен құтыла алмайтындығын сезді ғой деймін, сандықтың түбіне тығып тастаған жинақ кассасы кітапшасын әрең тауып алып, киіне бастады. Әбүйір болғанда жинақ кассасында кезек аз екен. Менің шаруам осымен бітті дегендей, қырсық шал таяғын тықылдатқан күйі ескі диванды сықырлатып отыра кетті. – Шырағым, осыдан жиырма жыл бұрын балашағамыздың аузынан жырып, бақандай 20 мың сом ақша салып едік. Сендер риза болсаңдар, біз ризамыз, сол пұлды теңгеге айналдырып, қайтарып беріңдер айналайын, – деді кемпір кассир қызға жақындап. Обалы не керек, мұрны таңқиған қара қыз саусағы саусағына жұқпай тиісті қағаздарды тез-ақ тауып алды. – Апа, мына жерге ақшамды алдым дегеніңізді рас тап, қолыңызды қойыңыз, – деп кассир тілдей қағазды ұсына берді. Кемпір алатын ақшаны көргенде өз көзіне өзі сембеді. – Айналайын-ау, сонда бар алатыным 400 теңге ғана ма? – Иә апа, сіздің бұрыңғы 20 мың сомыңыз теңгеге айналдырғанда 40 теңге болып, он алты жылдың ішінде 400 теңгеге өсті, – деді қара қыз тақ-тақ етіп. – Бүйткен теңгелерің бар болсын, – деді кемпір жақтырмай, бұл дүние не болып барады өзі?
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Әй кемпір, бұл 400 теңгеге екеуміз байып кетпей міз, немерелерімізге жейтін бірдеңе алайық, – деді шал жолшыбай жайма базарға көзі түсіп. – Өзің біл, пұл сенікі, – деді кемпірі тыржың етіп. – Балам, мына алманың бір кіләсі қанша тұрады? – деді шал тепсе темір үзетін жас жігіттен жөн сұрап. – 250 теңге ата. – Дұрыс, ал мына кәмпитің ше? – Сникерсті сұрап тұрсыз ғой шамасы. Ол 70 теңге тұрады. – Олай болса, бір кілә алма мен бір кәмпит бере ғой, – деп шал қолдағы бар теңгесін сатушы жігітке ұсы на берді. Сонан соң кемпірі екеуі аялдамаға бет алды. Қырсыққанда бірде-бір көлік атаулы көрінетін емес. Шал қалбалақтап жүгіріп жүріп, әрең дегенде асығыс өтіп бара жатқан жеңіл мәшинені тоқтатты. – Құдай тілеуіңді берсін, балам, кемпірім екеумізді Мамырға дейін жеткізіп тасташы. – 400 теңге, – деді сақалды жігіт жалақтап. – Балам, баратын жеріміз иек астында тұр емес пе, бағаңды сәл түсірсеңші. – Жоқ болмайды, ата, ерігіп жүрген мен жоқ, мына дағдарыс қысып тұрған қиын заманда әрі-бері босқа сандалатын ақымақ емеспін, – деді мәшине иесі бағасын кесіп айтып. – Әй кемпір, кешегі алған пенсияңнан бірдеңе қалды ма? – деді шал. Кемпір шалының сөзін жақтырмай, ернін жыбыр латып, шүберек түйіншегін шеше бастады...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК «НОВЫЙ» ҚАЗАҚ М енің бір көршім бар. Өзі сауысқаннан да сақ, бір шоқып, екі қарайды. Біз көрші болғалы бес-алты жылдың ішінде үйіне ешкім бас сұққан емес, өзі де ешкімнің шаңырағына кірмейді. Бірдеңе сұрап қалсаң, құдайдың тегін ағып жатқан қара суын бермейтін нағыз шық бермес Шығайбай. Бәріміз үшін оның қандай қызмет атқаратыны, немен шұғылданатыны бір жатқан үлкен жұмбақ. Баяғы бала кезімізде киноларда көретін шпионның нақ өзі. Айтпақшы, бұл көршімнің қақтаған балық сияқты қатып қалған әйелі және сабалақ-сабалақ жүнді иті бар екендігін білеміз. Олар да иесі сияқты ешкіммен араласпайды, сирек бой көрсетеді. Көршімнің шиқ-шиқ етіп жүретін ескі жеңіл машинасы болатын. Оны сатып жіберген болуы керек, бір күні жап-жаңа «Мерседес» мініп жүргенін көріп қалдық. Ол көп ұзамай-ақ өзінің ескі үйін сатып, Алманияға көшіп кеткен неміс көршісінің үлкен жаңа үйін сатып алды. Оның ағаш қақпасын алып тастап, оның орнына жаңа темір қақпа орнатты. Бір айдан соң әлгі қақтаған балық сияқты әйелі жердің астына түсіп кеткендей зым-зия жоқ болып, енді сабалақ-сабалақ жүнді итті қақшаңдап қалған бір жас әйел серуендетіп жүретін болды. Сөйтіп, көршім өзінен және итінен басқасының бәрін шетінен жаңалап шықты. Арада бір апта өткен соң біреулер көршінің жаңа үйдегі жаңа қақпасына: Көліктің алдың жаңасын, Үйдің алдың жаңасын, Қақпаның қойдың жаңасын, Қатынның алдың жаңасын. Қайтесің бәрін жаңалап, Бәрібір өзің жамансың, –
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ деп майлы бояумен баттайтып тұрып, өлеңдетіп жазып кетіпті. Кім болса да, дәл біліп жазған. Бірақ, оған ұялып, намыстанып жүрген көршім жоқ. Сол баяғы тұрысы, сол баяғы жүрісі. Оған аспан түсіп, жер ойылып кетсе де бәрібір. Өйткені, ол «новый» қазақ қой... ФИНАЛ Д әрігер дәл қарсы алдында отырған түйенің жарты етіндей науқасқа, сонан соң алдында жайылып, шашылып жатқан қағазға қарады. – Иә, сонымен қай жеріңіз ауырады? – Ауырмайтын жерім жоқ, қарағым, – деді науқас ыңқылдап, – сөйте тұрып, тым семіріп барамын. Соған қарсы бір емің бар ма, айналайын? – Тамаққа деген тәбетіңіз қалай? – деді дәрігер орнынан тұрып. – Құдайға шүкір, ол жағынан шағым айтқаным күпірлік болар. Жарты қойдың етін жеп, бір шара қымыз ішуге шамам жетеді, айналайын. – Е, онда ауруыңыздың түрі белгілі болды, – деді дәрігер, – тамақты аздап ішіңіз. Сонда бәрі жақсы болады. Біріншіден, арықтап, денсаулығыңыз жақсарады, екіншіден, тамақтың есебінен біраз қаржы үнемдейсіз мына дағдарыс кезінде. – Шырағым, алдыңа күнде келіп жатқаным жоқ, – деді науқас орнында аударылып-төңкеріліп. – Соңғы кезде көздерім өзінен-өзі желімденіп, тілім қышитын болып жүр. Бүртүрлі екен, жүйкем жұқарып, қалтырауық болып барамын. Кеше көршім судай жаңа машина сатып алған екен, соны ойлап, ішім тұз жалағандай күйіп, түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Мен жүрмін қалт-
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК қалт етіп, күнімді әрең көріп, ал көршім болса «Мерседес» мініп, кердең-кердең етеді. – Ішімдік жағына қалай қарайсыз? – Ой, інішек, мына заманда тегін арақ болса, кім тартынады? Бір кісідей ішеміз ғой, әкесін танытып. – Мүмкін болса ішімдікпен көп әуестенбеңіз, – деді дәрігер науқасқа кеңес беріп. – Ол бүкіл тұла бойыңызды жайлап алған дерттерді қоздырады, сондайақ оның күндестік, көреалмаушылық деген жаман қылықты асқындырып жіберетіні бар. Көзіңіздің өзіненөзі желімденіп, жабысып, тіліңіздің жыбыр-жыбыр етіп, қышып тұратыны да осыдан. – Ойпырым-ай, ә! – деді науқас желкесін қасып. – Адам бұзылды ма, әлде заман бұзылды ма, аурудың түртүрі көбейіп барады. Айтпақшы, інішек, көзім ілініп кетсе болды, ылғи түрлі-түсті түс көремін. Бірде тышқандар, енді бірде мысықтар футбол ойнап жатады. Осыған бір емің бар ма? – Ананы-мынаны көп ойлағандықтан ғой. Мен сізге бір дәрі жазып беремін, ұйықтардың алдында ішерсіз, – деп дәрігер қолына қаламын алды. – Інішек, – деді науқас дәрігер ұсынған тілдей қағазды алып жатып, – сен жазып берген дәріні бүгін емес ертеңнен бастап ішейінші, ә? – Неге? – деді дәрігер таңқалып. – Жаңа айттым емес пе, түрлі-түсті түс көремін деп, – деді науқас орнынан тұрып, – бүгін тышқандардың футболдан финалы еді. Қызық қой, соны көрсем деп едім...
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ТҮЛКІШТІҢ ҚУЛЫҒЫ О блыстық телебізірде жұмыс істей бастағаны ма зуылдағаннан зуылдап бір жыл болып қа лыпты. Сондағы Макс немесе барып келетін, шауып келетін оператордың бірімін. Әлі сарытұмсық теле бізірші болсам да, мен білмейтін бәле жер астында. Бұрын ал кеттік десе болды, кез-келген тілшімен жердің түбі болса да шапқылай беруші едім. Қазір бұрынғыдай аузы ашық, баяғы елпілдеп тұратын Тұраш емеспін, кіммен және қайда баратынымды жақсы білемін. Босқа шапқы лай бермей, «адам болуыма» осында редактордың бірі болып қызмет атқаратын Түлкіш көкемнің еңбегі «ерек ше» деуге болады. Құдайға шүкір, Түлкішті бес саусағым дай жақсы білемін. Асып, жарқылдап бара жатқан тілшілік таланты шамалы, бірақ ол көсемсіп сөйлегенді, шіреніп тұрып отырғанды, біреуден ебін тауып бірдеңе алғанды қатырып жібереді. Жолсапар десе кейбіреулер сияқты арам тер болып жатпайды. Баратын ауданы мен ауылын алдын ала ұңғыл-шұңғылына дейін әлеуметтік зерттеу ден өткізеді. Аудан және шаруашылық дөкейлерінің қай рудан тарайтындығын, кімге алыс, жақын екендігін, мыр залығы мен шығайбайлығын, мықтылығы мен осалдығын бүге-шегесіне дейін қалдырмай біліп алып, бір қапшық факті жинап алған соң жолсапарға жинала бастайды. Оның үстіне облыстық әкімшіліктегі ысқырығы жер жарып тұрған туысына баратын аудан дөкейіне міндетті түрде телефон шалдырады. Онсыз Түлкішті кабинетінен трактормен де сүйреп шығара алмайсың. Кеше қырындап жүрген бір сұлу бикешті қала ның бір қиыр шетіндегі пәтеріне шығарып салып, сон дағы тұратын жүгермектерден оңдырмай таяқ жеп қала жаздап, жататын үйіме жаяу салпақтап әрең жеткен бола тынмын. Содан етбетімнен түсіп, қатып қалыппын. Жұмысқа кешігіп келсем, Түлкіш көкем мені аласұрып іздеп жатыр екен. Бірдеңеден құр қалғандай қуықтай тар
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК кабинетіне жүгіре кірсем, ол шұғыл түрде әлде біреумен телефонмен сөйлесіп жатты. – Қодар, Түлкішпін ғой. Қалай, аман-саумысыңдар? Құдай кесірінен сақтаса ертең Түймебай Сартанович басқаратын ауданға жол жүргелі отырмын. Мақтауыңды асырып, жаманыңды жасырып жүрген ағаң болады деп телефон соғуды ұмытпа. Жақсылап күтіп алсын, иә екі адамбыз. Телефонның тұтқасын қойып, бір үлкен шаруа бітіріп тастағандай маған маңғаздана қарады. Мұнысы жолға жинал дегені. Ертесіне әтеш шақырмай жатып, сонау ит өлген жердегі шалғай ауданға жүріп кеттік. Сүліктей қапқара «Жигулидің» рулінде Түлкіштің өзі. Мен білетін көкем майлығы мен шайлығы көрініп тұрған жолса парға қара жаяу қалса да мекеменің мәшинесін мінбейді. Қарға екеш қарға да бір шоқып, екі қарайды емес пе, бұл талайды көрген тілшінің үлкен сақтығы, екінің біріне сене бермейтіндігі. Ал, менен онша қауіптене қоймайды. Өзім өсірген күшік балағымнан қаппас деп ойлайтын болуы керек. Оның үстіне мен де періште емес, пенденің бірімін, менің де өңешім бар. Жалаңдап тұрған судай жаңа мәшине үш жүз шақырым жерді шемішке шаққан құрлы көрген жоқ. Сағаттың тілі онға жетер-жетпестенақ аудан орталығына жетіп бардық. Бұрын қайда барсақ та ең бірінші болып, міндетті түрде аудан әкімшілігіне барушы едік, бұл жолы қалыптасқан дәстүр бұзылып, үлкен ауылдың шетіндегі автобазаның ауласына ентелей кірдік. Түлкіш автобаза директорына қалай тез кірсе, дәл солай тез шықты. Біздің артымыздан үлкен жүк мәшинесі ере берді. – Мынаның бізге не керегі бар? – дедім әлгі мәши нені сұқ саусағыммен көрсетіп. – Дымың ішіңде болсын, бала. Бір керегі болған соң алдым да, – деп Түлкіш жұмбақтап жауап қайтарды. Аудан әкімі Түймебай Сартанович даңғарадай кабинетінде бізді қаққан қазықтай болып күтіп отыр
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ екен. Басқа біреу болса әкімді көргенде құдайдың өзін көргендей болып, қолын алға созып, жас балаша жүгіре жөнелер еді. Түлкіш көпті көрген қасқырдың нағыз өзі ғой, әкімге жалпақтамай терезесі тең адамша амандасты. Иә, шіренгенде менің көкем алдына жан салмайды. Оның мысы мен салмағы басым түсіп, әкім орнынан ұшып тұрып, Түлкіштің асты-үстіне түсіп жатыр. – Түке, бұл ауданға жаңадан келіп жатсам да сыртыңыздан атыңызға жақсы қанықпын. Облыстық телебізірден кемеңгер-кемеңгер ой айтатын хабар ларыңызды жиі көріп жүрмін. Сіздің бізге тілекші жан екеніңізді, тырнақ астынан кір іздемейтініңізді және жақсы білемін, ағасы. Алдын ала белгіленген жоспар бойынша Сізбен өзім жүруім керек еді, аяқ астынан облыс әкіміне баратын болып қалдым. Ол үшін өзіңізден ғапу өтінемін. Сізбен бірге бірінші орынбасарым Жапар деген ініңіз ба рады. Үш бірдей шаруашылықтың басшысы өзіңізді арнайы күтіп отыр. Құдайға шүкіршілік, нарық қаншама тісін ақситса да, жұмыс атаулыны дөңгелетіп жүргізіп жатырмыз. Жақсылап тұрып бір хабар жасайсыз ғой, біздің де досымыз бар, дұшпанымыз бар. – Түке, айтқаныңыз дұрыс. Нарық деген парық пейілімізді тарылта көрмесін. Көңіл жақсы болса бәрін жасаймыз ғой, – деп Түлкіш ыңырана сөз бастай бер генде, ішке лып етіп ұстараның жүзіндей қылпылдап тұрған жас жігіт кіре берді. – Міне, Жапардың өзі де келіп қалды. Әй, Жапар, Түлкіш ағаңмен жақсылап тұрып танысып ал. Бұл кісі арнайы шақырсаң да келе бермейтін кәдірменді ағамыз. Қонақ сыйлаған халықпыз, ұят болып жүрмесін. Бәріне өзің тікелей жауап бересің, – деп әкім орынбасарына шегелеп тапсырма беріп жатыр. – Құп болады, Түке! Айтқаныңызды екі етпейміз, – деп Жапар құрақ болып ұшқалы тұр. «Тастақтының» директоры Сапақ Арыстанович бізді кеңшардың шекарасында бір топ нөкерімен күтіп алды. Түскі шайдан соң қойлы ауылға жүріп кеттік.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Сары тұмсықтау телеоператор болсам да талайды кө ріп қалдым емес пе. Егер қателеспесем, бірінші болып ат басын бұрған Қойшыбай деген шопанды мақтап-мақтап, астына көпшік қойсаң, бірден жайылып түседі. Түлкіштің іздегені де осындай жан. Үстіне қара костюм, ақ жейде киіп, Кеңес заманында алған ордендері мен медальдарын жарқыратып тағып алыпты. – Қойшыбай деген озат қой өсірушіміз осы ақсақал болады. Қойшыекеңнің қойлары жылда қоян құсап бытырлатып туып жатады, мысалы, биыл жүз саулықтан 140 қозы алып, кейбір шопандарға шаңын да көрсет пей кетті. Қырыққан жүні де тау-тау, екі жыл болды Қытай жақ қарық болып жатыр. Иә, біздің Қойшыбай бес минутсыз Халық қаһарманы болайын деп тұр, – деп футбол добындай домалаған кеңшар директоры Сапақ шопанның мақтауын жеткізіп-ақ жатыр. – Бәрімізді асырап отырған Қойшыбай сияқты азаматтар ғой. Халқының қамын ойлап жүрген еразаматтарымыз аман болсын, – деп Түлкіш те директорды қоштап қойды. Камераны іске қосып, жұмысыма шұғыл кірісіп кеттім. Қойшыбай қойшыны тұрғызып та, жатқызып та түсірдім. Қатын-қалашын да, мұрынбоғы ағып жүрген баларын да, қорасындағы арсылдаған итін де, жүгіріп жүрген күшігін де шетінен түсіріп жатырмын. Байқаймын, осының бәрі қойшыға да, оның домалаған бастығына да сары майдай жағып барады. Жаңа ғана сойылған марқа қозының балбыраған еті табаққа түспей жатып-ақ болашақ қаһарман және оның басшысы үшін талай-талай тост көтеріліп тасталды. Қыза-қыза келе қойшы Қойшыбай алыстан ат арылтып келген кәдірменді қонақ Түлкішке дөнен сыйлады, ал директор ат мінгізетін болды. – Жоқ, жоқ. Ол не дегендеріңіз, мен қызмет бабында жүрген адаммын, болмайды, болмайды, – деп Түлкіш өтірік ат-тонын ала қашты. – Ол не дегенің, бауырым. Бір дөнен және бір жылқыдан дәулетіміз ортайып қалмас. Бұл біздің
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ сізге деген сый-сияпатымыз. Алмасаңыз, жатып кеп өкпелейміз, – деп қойшы мен бастық көнетін емес. – Түу, болмадыңыздар ғой, мейлі айтқандарыңыз болсын, көңілдеріңіз қалмасын. Сіздердің ауылға менің Жөргенбай деген інім жүк машинасымен келген екен, ертең жолшыбай соға кетер. – Жарайсың, Түке! Міне, нағыз жігіттің сөзі. Қане, сол үшін тағы да бір рет алып тастайық. Айғыр стақандар бір-бірімен соғысып, жұлындар бүлкбүлк етісті. Түлкіш «Бала, енді түсіндің бе?» дегендей маған қулана қысық көздерін қысып қояды. Екі күннің ішінде үш шаруашылықтың малды ауылын аралап, осылайша «жұмыс» жасадық. Ауданның сүт бетіне шығар өңшең қаймақтары бізді көрші ауданның шекарасына дейін улап-шулап шығарып салды. Үлкен қырды аса беріп, толтырып мал тиеген жүк машинасының дәл жанына екпіндеп тоқтай бердік. Автобазадан бізбен бірге еріп шыққан сақалы қа лың, мұрты сирек, кепкасы мыжырайған жігітті бірден таныдым. Өзі әлденеге мәз болып, кетік тістері ырсиып, күліп қояды. Ой, несін айтасың, Түлкіш көкем иненің көзінен өтіп кететін пысық қой. Машинаның қорабындағы үш жылқы мен төрт қараны және оншақты қойды көрші аудан дағы ет комбинатына жоғары қоңдылықпен тапсырды да жіберді. Ет комбинатының өгізден де жуан директоры бір бөтелкені тең бөліп ішіп жүрген ескі танысы болып шықты. Екеуі директордың кабинетінде айғыр стақандарды соғыстырып жатқанда құмырсқа бел, бетіне жарты қадақ опа жаққан кассир келіншектің саусақтарысаусақтарына жұқпай кілең мың теңгеліктерді санап, Түлкіштің алдына тастай берді... – Қара «Жигули» қара жолға түсіп, ауыл қайдасың деп тартып келеміз. – Түке, жолда МАИ деген бәле барлығын ұмытпаңыз, – дедім біраз сілтеп алғанын ескертіп.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Нешауа, бала, онша-мұнша МАИ-ге көкең пыс қырып та қарамайды, білдің бе? Керек болса Оңғарбаевқа өздері честь береді, – деді Түлкіш шалқая түсіп. – Айт пақшы, мына нәпаханы қалтаңа салып қой, – деп бір бума ақшаны ұсына берді – жүгірген жетпейді, бұйыр ған кетпейді, бала. Бойдақта ес жоқ демекші, таң атқанша қаңғырып, сонан соң ұйқыны соғып, бүгін де жұмысқа кеш келдім. Мені Түлкіш аласұрып іздеп отыр екен. Бәсе, кешеден бері алақаным қышып жүр еді. Қателеспесем, бүгін, не ертең Түкең екеуміз тағы да жол жүреміз... БАСТЫҚ ПЕН ШОПАН Қ айта құру ма, әлде бәрін құрту ма, отыз жылдан бері қой бағатын Ұзақбай соңғы кездері түсінбей жүр. Ұзакең ес жиып, етек жайғалы бергі уақыттың ішінде екі ғана бастық көріп еді, қайта құру басталғалы үш жылдың ішінде колхозда үш бастық ауысып үлгерді. Үш бастық та шаруашылық ты қайта құрған жоқ, қайта жылдар бойы қалыптасқан шаруашылықты қиратып, бүлдіріп кетті. Халық сұңғыла ғой. Қанша артист болсаң да біліп қояды, танып қояды. Олардың айтуы бойынша жақында келген бастық та жүрген біреу құсайды. Ісек пен тоқтыны ажырата алмай жүрген бастық шаруашылықты қайдан оңдырсын. Қайсысы өтірік, қай сысы шын екенін кім білсін. Әйтеуір жұрт солай деп жүр. Бір отар тұсақты өріске шығаруы сол-ақ екен, бір қырдың астынан қылтиып «Уазик» көрінді. Бірдеңеден құр қалғандай екпіндетіп келе жатыр. Әне-міне дегенше әлгі жеңіл машина домаланып жетіп келіп, ішінен
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ инеліктей имиген шопыр мен доптай домалаған біреу түсе берді. Кімді айтасың сол келеді демекші, айтпай та ныды, жаңадан келген бастық екен. Жаңа бастық қойшы ның сәлемін маңғаздана алды. – Қосып жазатын, босқа уралайтын баяғы заман емес, дегенмен қозы алу керек. Биыл әр жүзіне қаншадан қозы бересің? – Балапанды күзде санайық, басеке. 80-90 қозы алатын шығармын. – Аузың жаман екен. Жүзден берем десең ішің ауыра ма? Қойшы бастыққа таңдана қарады. Шынында оның ісек пен тоқтыны айыра алмайтыны рас сияқты. – Оу, басеке, бұл отар алғашқы туатын тұсақ қой. Жүзді қайдан туады? – Тұсақ-мұсағыңды білмеймін. Жүзінен тоқсан аз. Жүз аласың. Аузыңды қу шөппен сүрте берме, – деді бастық жеки сөйлеп. Понятно! Кенет оның қысық көздері тұсақтардың мұрнынан аққан маңқаларын көріп шошып кетті. – Мына қойлардың мұрнынан мұрынбоқ неге ағып тұр? – Ой, басеке! Сіз де дейді екенсіз-ау! Немене, қой ды бірінші рет көріп тұрсыз ба? Малдың аты – мал. Мұрнынан маңқа ақпайтын ол мектеп оқушысы дейсіз бе? Қызық екенсіз, – деді шопан жайбарақат. Бастық шоқ басқандай орнынан ыршып кетті. – Әй, жолдас, тойс шопан, не деп тұрсың өзің? – Әне-міне мұнда аудан әкімі келіп қалу керек. Жа нында облыстан келген фототілші бар. «Көксай» сов хозының қойларының мұрнынан мұрынбоқ ағып тұр деп суретке түсіріп, газетке жазса, елдің бетіне қалай қараймыз? – деді ол күйіп-пісіп. – Басеке, мал өріске жайылған соң сіз қорыққан мұрынбоқтың өзі-ақ кетіп қалады, – деді ол бастықты жұбатып.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Әй, жолдас шопан, мен не деймін, домбырам не дейді? Қазір әкім мен тілші келіп қалады. Тез қойлардың мұрнын сүрту керек. Бастық доп сияқты домаланып қалса да ширақ екен. Жүгіріп жүріп бір тұсақты ұстап алды да, қалтасынан ақ орамалын шығарып, қойдың мұрнын сүрте бастады. Содан соң состиып-состиып тұрған шопыр мен шопанға айқай салды. – Әй, сендер неге тұрсыңдар? Менен артықсыңдар ма? Сүртіңдер қойдың мұрынбоғын. Екі-үш қойдың мұрнын сүрткен соң бастықтың діңкесі құрып, отыра кетті. – Әй, жолдас шопан, – деді ол даусы тарғылдана шығып, – қатыныңды шақырасың ба, жоқ балала рыңды шақырасың ба, онда менің шаруам жоқ. Мен қайтып келгенше мына қойлардың мұрындары таза болсын. Әйтпесе, айтпады деме, қойдан қуып, қаңғыртып жіберемін. Ұқтың ба? – Ұқтым, басеке, – деді Ұзақбай күліп. Бастық пен шопыр қайтадан «Уазикке» асығыс мінді. Ұзақбай отарын өргізіп, жусанды қырға қарай бет алды… Бастық сөзінде тұрды. Бір сағаттан соң алақ-жұлақ етіп жетіп келді. «Уазиктен» домаланып түскен бойда тұсақтардың тұмсықтарына қарады. Мұрындары таза екеніне көзі жеткенде ғана ентігін басты. – Дегенмен, молодец екенсің, – деді өрт сөндіргендей жүзі жылып, енді әкім мен фототілші келе берсін. Осында күтіп алайық. – Айтпақшы, сенің атың кім еді? – деді шопанға бұрылып. – Ұзақбай. – Ендеше Ұзақбай, былай болсын. Сен жүзінен тоқсан қозы аламын дегенді қой. Жүзінен жүз он аламын де. Әкімнен ұят болып жүрмесін, түсіндің бе? – Түсіндім басеке. Сіз айтқан соң жүзінен жүз он қозы тудырамыз енді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ БӘЛЕҚОР БОЛМАЙ КӨР … А ттың жалында, түйенің қомында жүретін тілші деген халықпыз ғой. Бірде жұмыс бабымен елге барып, облыс әкімшілігіне соғуға тура келді. Атшаптырым ұзын дәліздің қақ ортасында түйе нің жарты етіндей болып теңселіп келе жатқан Бәтіш тің кездесе кеткені. Бәкең партияның аман-есен ке зінде біздің ауданда партия комитетінің дүркіреп тұрған бірінші хатшысы болды. Екеуміздің он екі атадан барып қосылатын туыстығымыз бар. Қателеспесем, қазір де облыс әкімінің дүрдей орынбасарының бірі. – Ау, бауырым, көктен түстің бе, жоқ жердің астынан шықтың ба, сені көрмегелі қашан, – деп Бәтіш кәдімгідей қалбалақтап қалды. Сонан соң асты-үстіме түсіп, кішігі рім ипподром сияқты кабинетіне шақырды. – Телебізірден хабарларыңды көріп, газет-журнал дардан құлаштай-құлаштай мақалаларыңды оқығанда біздің де бір бауырымыз Алматының нақ төрінде жүр деп төбеміз көкке бір елі-ақ жетпей қалады, – деп астыма көпшік қойып, өзінше мақтауымды келтірген болды. Басқаны қайдам, Бәтішті өзімнің бес саусағымдай жақсы білемін. Қателеспесем, маған бір шаруа айтқалы отыр. Бәкең сөзін майдалап бастады. – Айналайын, арнайы шақырсақ та келтіре алмайтын қадірменді қонақсың. Оның үстіне қыз алыспайтын, қыз беріспейтін туысқан боламыз. Бүгін кешке қонақ бол, үйдегі жеңгең де бір қуанып қалсын. – Бәке, ниетіңізге рахмет! Бүгін ауылға жүрейін деп отыр едім. – Қап, реті келмеді-ау, – деп Бәтіш ескі әдеті бойынша жан-жағына үлкен сақтықпен қарап, біреу естіп қоятындай дауысын бәсеңдетіп сөзін жалғастырды. – Інім, саған айтпағанда кімге айтамын енді. Облыс әкімі нің кім екенін, қайдан екендігін өзің де жақсы білесің.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, төбемізде әбден ойнақтап бітті. Бөтен жақтың адамы болған соң ел жағдайына, жер жағдайына пысқырып та қарап жүрген жоқ. Халық қоңыз теріп кетсе де оған бәрібір. Өзі нағыз қызыл көз бәле екен, ал, ашқарақтығына теңеу жоқ, түйені жүгімен жұтып қояды. Общым, факт деген бір қапшық. Бұл жалмауыздың көзін құртпасақ болатын емес. Тырп ете алмайтын деректерді реттеп берейік, сен оның әкесін танытып тұрып газетке жаз, телебізірге түсір. Тіреуінің түбі онсыз да босап жүр, бұратала ұшып түссін оңбаған! Құдайға шүкір, бізде қалың елміз, әкім болатын біреу табылады. – Сұмдық іскер, тау жарады, тасы өрге қарай өрмелеп тұр деп ел мақтайды ғой бұл әкімді. Естіген құлақта жазық жоқ, Бәке, – дедім Бәтіштің сөзін бөліп. – Оттапты. Ауыз не демейді, қарға не демейді, – деп Бәтіш өрт сөндіргендей түтігіп кетті. – Бәрінің аузын майлап, сатып алған. Маған сенесің бе, елге сенесің бе? – Көрейін, – дедім Бәкеңнен құтылғанша асығып. – Жеті рет өлшеп, бір рет кес деген… – Бәсе… Солай десеңізші. Қай-қайдағылар бізді қа шанғы басына бермек, – деп Бәтіш орнынан домалап тұра берді… Ауылға бара жатып, аудан әкімшілігіне соқтым. Осында жауапты қызмет атқаратын Талқанбай деген құрдасым жұмысында болмай шықты. Әкімшіліктен шыға берісте маған жезде болып келетін Қасықбаймен маңдай түйістіріп қала жаздадық. – Ау, балдыз, ат-көлігің аман-есен бе? Қайда зытып барасың? Талқанбайдан өзгені іздемейсің, ә, сен қу? – деп ай-шай жоқ екінші қабаттағы кабинетіне сүйрей жөнелді. Қасықбай жездемнің әкімнің орынбасары болғанына жарты жыл болып қалыпты. – Бастық болып, борсық сияқты қоңданып қалып сың, жездеке. Орның құтты болсын, тісі түскен сары шал болғанша аттан түспе, – деп әзілдеп жатырмын.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Айтпақшы, әкім жақында көрші ауданнан ауысып келіпті деп естідім, қалай өзі? – дедім жездемді сөзге тартып. Неге екенін білмеймін, әкімді айтуым мұң екен, Қасекең жақтырмай тыржың ете қалды. – Тоқпағы күшті болса киіз қазық жерге кіреді де мей ме қазақ, – деді Қасықбай. – Осы ауданда адам құ рып қалғандай сарытұмсық әрі босбелбеу біреуді бізге әкім етіп тағайындады. Жоғарыда отырғандар не бітіріп отыр, шеттерінен жұлдыз санап отыр ма? Әлгі әкімің кел мей жатып нағыз қызыл көздің өзі болып шықты. Жер гілікті басшыларды бытырлатып ауыстырып, қырып барады. Нешауа, біз де ай қарап, жұлдыз санап отырған жоқпыз. Кеше шаңқай түсте тулаған бір жылқыны сойып алып ты. Өзі шынтақтай болып, қыз-келіншектерге қырғидай тиетін құсайды. Балдыз-ау, сен де осы ауданның бір төл баласы емессің бе? Бөріктінің намысы бір деген. Газетке жаз, телебізірге түсір, масқарасын шығаршы сарытұмсық әкімнің. Дәл осы кезде кабинетке дабырлап екі-үш кісі кіріп келді. Қолайлы сәтті пайдалана қойып, Қасықбаймен асығыс қоштасып, тайып тұрдым. Сағынып келген ауылымда да тыныш жата алмадым. Екінші күні-ақ бригадир болып жұмыс істейтін құрдасым бадырақ көз Майлыбай қоярда-қоймай үйіне қонаққа шақырды. Жұрт тарай бастағанда құрдасым әңгіме бар деп мені оңашалап алып қалды. – Бауырым, – деді Майлыбай, – өзің де жақсы білесің, бүкіл ауыл Бұзаушы руынан тарайды. Бұзаушы атамыздың бәйбішесі мен тоқалы болған. Ауылдың тең жартысы бәйбішеден туса, енді бір жартысы тоқалдан өсіп-өнген. Ал, екеуміз тоқалдан тараймыз, яғни жақын туыспыз. Айтпайын десем болатын емес, бәйбішенің балалары бізге күн көрсетпей барады. Бастық та, басбұх та, бас зоотехник пен бас мал дәрігері де, прораб та, мектептің директоры да, поштаның бастығы да, қоймашы да шеттерінен бәйбішенің ұрпақтары.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Тоқал ұрпағынан атқа мініп, адам қатарына қосыл ған екеуміз ғана екенбіз. Оның үстіне сен сонау Алма тыда жүрсің. Басқасын айтпай-ақ қояйын бауырым, тоқал ұрпағынан ең құрығанда бір қарауыл жоқ екен. Бәйбішенің ұрпағы бізді қашанғы басып-көктей бермек, ә? Біз қашан атқа мініп, билік жасаймыз? Әлде, бастық болу тоқал ұрпақтарының маңдайына жазылмапты ма? Газетке мақала жазғанда, телебізірден сөйлегенде бәледейсің. Қолыңнан келіп тұрғанда осының бәрін неге жазбайсың, неге телебізірден көрсетпейсің? Біз жүрміз тоқалдың бір баласы Алматыда жүр деп. Намыс бар ма сенде? Майлыбай құрдасыма бажырая қарап қалыппын. Қалжыңы ма десем, шыны, маған тап-тап берді. – Ойбай, құрдас, сенікі дұрыс. Бұдан былай ісіміз бәйбішенің ұрпағымен болсын, – деп Майлыбайдан әрең құтылдым. Ертесіне бой жазайын деп көшеге шықтым. Кенет үйге қарай ентелеп келе жатқан ауылдың атақты арызқойы Ошақбайды көріп қалып, үйге қарай тұра жүгірдім. Дәл қарсы алдымнан шықққан апам: «Ой, көтек» деп шошып кетті. «Ойбай, апа Ошақбай келе жатыр. Жоқ деңдер мені, тығыңдар!» деп жанұшыра айқайлап, астық сақтайтын қоймаға қойдым да кеттім… ҚЫЗЫЛ ӘТЕШ Б ір шаруа қаладағы базарға барып, екі көзі шоқтай жанған, желке жүні күжірейген, айдары айбарланып тұратын қызыл әтеш сатып алады. Бұл жас әтештің он бір мекиенге жалғыз өзі баскөз болып жүрген ақ қоразға сор болып жабысарын кім білген? Қызыл әтеш келе салысымен мекиендерге қырғи дай тиіседі. Тапа-тал түсте көзін бақырайтып қойып,
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ баса көктеп, сүйікті тауықтарына сүйкеніп өліп-өшкені қатты батып кетіп, ақ әтеш қызыл әтешті кеудесінен теуіп-теуіп жібереді. Жұлқынып, күшін қайда жұмсарын білмей тұрған жас әтеш қарап тұрсын ба? Тепкенді саған көрсетейін деп қарсыласына қос аяқтап тұрып қарымта беріп, көзін шұқып-шұқып алады. Сол-ақ екен екеуінің арасында қып-қызыл төбелес басталып, тауықтар қытқыттап жан-жаққа қашады. Қызыл әтеш шау тарта бастаған ақ әтештің әкесін танытып, быт-шытын шы ғарып жеңіп, қора-жайдан мүлдем тентіретіп жіберді. Сол сәттен бастап ол шырт түкіріп, өзін бүкіл құс біт кеннің патшасы сезініп, бір аптаның ішінде мекиендер дің бәріне үйленіп тынды. Әтеш әтештігін қойған ба, бір күні кез-келген көлденең көк етектіні қалт жібермейтін қырағы көздері осы қора-жайдағы маймаңдаған үйректерге түседі. Тұла бойына махаббат оты лап етіп, жаңадан қосылған сүйік ті мекиендеріне де, әлі жұмыртқа жарып үлгермеген балапандарына да қарамай, қызыл қораз көп ұзамай-ақ үйректермен көңіл қосып үлгеріпті. Көрсеқызар қызыл әтеш үйрек байғұстарға да опа бермей, әлі ыстық-суығы басылмай жатып, бір күні көрші қора-жайдағы қоқи қаздарға көңілі ауып, өлердей ғашық болып қалады. Көп ұзамай үйректерді жылатып-сықтатып, қоқи қаздарға көшіп алады. Қызыл қоразға дауа бар ма, қоқи қаздардан тез айнып, қораға жиі ұшып кеп, қонақтап жүрген жас қарғаға ғашық болып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылса керек. Екі-үш тәуліктен бері мүлдем көзге түспеген әтешті үйдің қожайыны іздеп шығады. Бүкіл қора-жайды шарлап, іздемеген жері қалмайды, бірақ, қораз көкке ұшып кетті ме, әлде жеті қабат жердің астына түсіп кетті ме, ұшы-қилы жоқ. Жан-жағына өте мұқият қарап келе жатқан шаруаның көздері кенет, қанаттары салбырап, қара ағаштың бір жуан бұтағына сұлқ қимылсыз жатқан қызыл қоразына түседі. – Ей, сорлы әтешім-ай! Ұрғашы біткенді көрсең далақтап жүгіре беруші едің, ашқарақтық түбіне жетіп,
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ақырында міне, зорығып өліп тыныпсың. Адал пұлыма сатып алған құсым едің, өлігіңді жерге тастағаным жарамас, – деп қызыл әтешті бұтақтан алмақ болып қолын соза бергенше о дүниеге кетті деген қызыл әтешіне тіл бітіп: «Тсс, қожайын, – дейді сыбырлай сөйлеп – көрші бұтақта отырған қарғаны үркітіп жіберерсің, тсс»… ТАНА МЕН СИЫР К өзі сүзілген жас тана осы қаладағы шіріген бай дың бірі Крокодил мырзаның жалғыз ұлына күйеуге шығып, бал айынан кеше түскісін оралған болатын. Күйеуі келген бетте сүйкімді келін шегіне судай жап-жаңа «Мерседес» жеңіл мәшинесін сыйға тартып, бір қуантып тастаған. Тана Крокодил күйеуінің бұжыр-бұжыр бетінен шөп еткізіп сүйіп алды да, мәшинесіне асығыс отырып, қаланың орталығына қарай жүйітки жөнелді. Жас тананың қуаныштан есі шығып кеткен, отырған орнында секіріп-секіріп қояды. «Ой, осындайда алтынға малынып, үлде мен бүлдеге бөленіп, «Мерседеске» мініп келе жатқанымды көп құрбыларымның бірі көрсе ғой. Қызғаныштан іштері жарылып кетер еді-ау» деп ойлап үлгеруі сол-ақ еді, қарсы келе жатқан бір жеңіл мәшине жол тәртібін бұзып, екеуі соғысып қала жаздасты. Жас тана мәшинесін кілт тоқтатып, долдана сыртқа ытқып шықты. – Әй, ақымақ! Жолға қарамайсың ба? Көзіңді шұқып алайын ба осы! – деп айқай салып, рөлде отырған жас сиырдың жағасына жармаса кетті. – Сіңлім-ау, ашуыңды бассайшы, бір жақсысы, ештеңе бүліне қойған жоқ, сәл сабыр сақта енді, – деп рөлде отырған сиыр мәшинесінің есігін аша берді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Ашуға мініп, ештеңеге мән бермеген жас тана сонда ғана барып, өзінің көптен білетін құрбысын танып, бір түрлі ыңғайсызданып қалды. – Түу, сен екенсің ғой, кешір мені қара басып, өзіңді танымай қалдым емес пе, дегенмен абайламай сың ба? Шаңқай түсте қараптан-қарап тұрып, қырылып қала жаздадық қой, – деді өзінше ақталып. Жас сиыр құрбысының аяғынан басына дейін көз жүгіртіп мұқият қарап шықты. – Құрбым-ау, шынымен сенсің бе, осы? Тоты құстай құлпырып, қатқанский боп кетіпсің ғой өзің. Алтынға малынып, «Мерседеске» мініп үлгеріпсің, – деді ол таңдайын қағып. – Айтпақшы, сені күйеуге шықты деп естідім. Әрине, өзіңді өліп-өшіп жақсы көретін Бұқаға шыққан боларсың? – Оны қайтемін, қалтасында көк тиыны жоқ, – деді жас тана қасын керіп. – Мен Гена деген Крокодилге күйеуге шықтым. – Ойбай-ау, не деп тұрсың? Крокодилге тұрмысқа шықтым дейсің бе, – деді сиыр таң қалып. – Бұқаға, Айғырға, тіпті Есекке де күйеуге шығуға болады. Олар қанша дегенмен бөтен емес, өзіміз ғой. Ал, Крокодил деген өзі тым тұрпайы емес пе, түсінбеймін, қойнына қалай жиіркенбей жатасың, ә? – Қорқынышты ештеңесі жоқ, – деді жас тана шетелдік қымбат сигаретін тұтатып, – күйеуім тегеу рінді, оның жанында ең мықты деген бұқаның өзі де жіп есе алмайды. Оның үстіне, менің Генам шіріп жатқан бай, не ішемін, не киемін демеймін. Мені өліп-өшіп сүйетін Бұқаға күйеуге тигенімде, осы күнге дейін сүт сатып базарда дірдектеп жүгіріп жүрген болар едім. Так что, менің ұпайым түгел. Махаббат деген не, көзімді бір сүзіп төңкерсем болды, Бұқаң да, Шошқаң да, Крокодилің де, Жирафың да аяғыма жығылуға даяр. Гена ірі бизнесмен, жолсапарға жиі-жиі шығады, көңіл көтергім келсе ешқандай проблема жоқ, ха-ха-ха…
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Сіңлім, – деді жас сиыр, – сенің кездесе кеткенің қандай жақсы болды, өзіңнен бір кеңес сұрайын деп едім. – Сұра, сұра, пожалуйста. – Сен білесің ғой, маған Миша деген бұқа көптен бері қырындап жүр. Өзі былайша айтқанда жаман емес, мені сүюін сүйеді, бірақ қаладағы көп жалаңаяқтың бірі. Сөз айтып жүрген тағы біреуі бар. Ол – Шора деген шошқа. Өзі қорс-қорс еткен сүйкімсіздеу. Бірақ шіріп жатқан бай, бір емес бес-алты үйі бар, мәшинесінің саны жетеу екен. Қысқасын айтқанда, кімге байға шығарымды білмей жүрмін, – деді жас сиыр жуан бөксесін бұлтыңдатып – Қайтсем екен? Басым әбден қатты. – Оны ойлап бас қатыратын ештеңе жоқ. Шошқаға күйеуге шық, ұтылмайсың құрбым. Ең бастысы – ақша, қалғанының бәрін сатып алуға болады, – деді жас тана сиырға ақыл айтып. – Міне, нағыз идея! Сен менің нағыз құрбымсың, – деп жас сиыр Крокодилдің келіншегінің бетінен шөп еткізіп сүйіп алды. – Пока, шау, тойыма міндетті түрде шақырамын. Крокодил күйеуіңе менен сәлем айт!
ТАУЫҚТАР НЕГЕ ҚЫТ-ҚЫТТАЙДЫ? Б елі үзіліп, басы жарылып, тоз-тозы шығып келмеске кеткен Кеңес дәуірінде пайда бол ған құс фабрикасының айналасында бүгін де негізінен шаруақор тауықтар тұрады. Араларында маймаң-маймаң басатын үйректер, қоқиланған қораз дар кездесіп қалады. Түбі бір тұқымдас болғандықтан қарғалар, сауысқандар, торғай-шымшықтар да ұшып келіп, ұшып кетіп жүреді. Көппен бірге көрген ұлы той демекші, тауықтар да нарық заманына бейімделіп, өмір сүріп жатыр. Бір
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ жақсысы, 30 күнде 35 жұмыртқа тап, әйтпесе, етке өт кізіп жіберемін деп қоқаңдайтын қожайындары жоқ, қанша туса да, қанша балапан басса да өз еріктері өзде рінде. Бүгінде мекиен көрсе қоразданып қуа жөнелетін әтештердің де қатары тым сирек. Көбісі бала-шағамды қалай асыраймын деп, жемтік іздеп, жан-жақта тентіреп жүр. Шау тартып қалған қораздар жас мекиендер тұрмақ, кәрі тауықтардың да өзіне ие бола алмай қалған жайы бар. Күлге аунап, жұмыртқа тауып алдым деп, қазір ешкімді алдай алмайсың. Лажының жоқтығынан кейбір көзі моншақтай жап-жас тауықтар маубас үйректермен сүйкесе кетіп, заңсыз болса да жұмыртқа тауып жатыр. Мешкей деген жақсы ат емес, бұған, әрине, тауық тардың көбісі, әсіресе, әтештер қатты намыстанып күйіп кете жаздайды, бірақ, қолдан келер қайран жоқ. Жығылған үстіне жұдырық болып, соңғы кездері жер сатылады деген әңгіме көбейіп барады. Тауық біткен қо ра-қопсы, күл-қоқыс, батпақты көлшік біздікі деп, тұрып жатқан кішкентай күркелеріне, жеген жемтіктеріне риза болып, қыт-қытқа салып, мәз болып жүре беріпті. Талай-талай ғасырлардан бері өмір сүріп жатқан тауықтарға қарағанда келімсек үйректердің, қаз дардың жағдайлары әлдеқайда жақсы, шетінен се міріп, жұмырланып алған. Олар тауықтар сияқты құ лайын деп тұрған жаман күркелерде емес, үйге бергісіз қора-жайларда тұрады, былайша айтқанда ішкендері алдында, ішпегендері артында. Жаман айтпай, жақсы жоқ, әлдеқандай заман туып жатса, бар байлықты сатып алатын осы үйректер мен қаздар болмақ. Ертеңгі күніміз не болады деп бастары қатып жүрген тауықтар сонау алыстағы Құстар Республикасының астанасынан келген Қораз депутат пен Тауық депутатты үлкен үмітпен күтіп, улап-шулап қарсы алды. Құс атаулы біткен ығы-жығы болып жиналып, ескі қорадағы жиналыс басталып та кетті. Бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр кәрі әтеш Астанадан келген қос депутатты келістіре мақтап, алғашқы сөзді шау тартып қалған Қораз депутатқа берді.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Ағайындар, – деді мәртебелі қонақ қанаттарын қомдап, – Сіздерді көріп, өзімнің жастық шағымды есіме алып, қатты тебіреніп тұрмын. Мына қора, онымен іргелес жатқан көлшік, шашылып жатқан күл-қоқыс маған өте ыстық. Дәл осы құс қорасында он екіде бір гүлі ашылмаған сұлу жас тауыққа ғашық болып, дәл осы жердегі күлге бір аунап алып, алысқа қанат қақтым. Мен сендерді тауық, үйрек, қаз, қарға, жапалақ деп бөлежармаймын, бәрің мен үшін доссыңдар, бауырсыңдар. Сондықтан да бәрімізге қора да, күл-қоқыс та, батпақ көлшік те ортақ. Соңғы кезде ойбай не дейсің, жер сатылатын болыпты деген сөз желдей есіп жүр. Оның бәрі бос сөз. Жер бәріміздің ортақ анамыз, ол ешқашанда сатылмайды! Менің жанымдағы Тауық депутат екеуміз сіздер сайлаған, өздеріңіз таңдаған қалаулы құс ретінде жердің сатылмауы үшін басымызды тауға да ұрамыз, тасқа да ұрамыз. Керек болса, бүкіл депутаттарды үгіттеп, өзінше шіренген Премьер-Министрді орнынан алып тастаймыз! Өңеші қызарғанша айқайлаған Қораз депутат сөзін екпіндете аяқтады. Қара қайыстай қатып қалған Тауық депутат қыт-қыт етіп, сөз алды. – Тәуелсіздік алған Құстар Республикасы бар болғаны он-он бес жылдың ішінде 100 жылға пара-пар жұмысты дөңгелетіп тастап, айды аспанға бір-ақ шығарды. Мұны естіген кейбір іші тар көршілеріміз күндіз күлкіден, түн де ұйқыдан айырылып, көтерем қойдай орындарынан тұра алмай қалды. Анау-мынау емес, 100-ден астам құс тар бір құстың баласындай, тонның ішкі бауындай бо лып, бір-бірін шоқымай, бір-біріне көз алартпай тату-тәті, бақытты, шаттыққа толы өмір сүріп жатқан жайы бар. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, бәріне бірдей қамқор әке болып отырған күн сәулелі, теңдесі жоқ данышпан патшамыздың көрегенді саясатының арқасында осындай дәрежеге жетіп отырмыз, – деп желпінген Тауық депутат өз өтірігіне сеніп, қос қанатын
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ сермеп жібергенде сөйлеп тұрған мінбесінен сәл құлауға қалып, масқара бола жаздады. – Әрине, өмір болған соң анау-мынау проблема бол май тұрмайды, – деді Тауық депутат ентігін басып. – Екі қолға бір жұмыстың табыла бермейтіні бәрімізді де жүдә қатты қинайды. Нәпақа іздеген жас қораздар мен тауық тар шетінен қалаға кетіп жатыр. Құстар Республикасын дағы еңбек министрі менің жақын подругам. Сендердің жағдайларыңды күнде құлағына құйып-ақ келемін. Құс біткеннің үлкен қамқоршысы Премьер-Министр Жапа лақ Жапалақович те бұл жайға әбден қанық. Амандық болса, жақын арада жемтік іздеп кеткен қораздар орта ларыңа жаппай оралады. Үкімет жердің астынан құртқұмырсқа өндіретін фабрика ашқалы жатыр. Яғни, жұ мысқа қарқ боласыздар. Күркелеріңді жөндеп береміз, жеткілікті түрде жемді де жеткізіп тастаймыз. Аунапқунап демалатын күл-қоқыс та табылады. Тек сендерден бір ғана өтінішім бар: пытырлатып жұмыртқа туыңдар шы! Не деген сұмдық, бұл қорадағы тауықтар бір айда небәрі бес-алты ғана жұмыртқа табады екен. Мына түрі мізбен тауық атаулының тұқымы құрып кетеді, құрбылар. Сөз орайы келіп тұрғанда, депутат ретінде тағы бір важный мәселеге тоқтала кетейін. Жер сатылады деп босқа дүрлігудің керегі жоқ Жаңа ғана менің алдымда сөйлеген аса құрметті Қораз депутат өте орынды айтып өтті. Жер сатылмайды – бітті! Біз де ай қарап, жұлдыз санап отырғанымыз жоқ, оған жол бермейміз! Біраз уақытқа созылған жиналысқа қатысқан құс атаулы, әсіресе, тауықтар ішпесе де ішкендей, жемесе де жегендей болып, риза болып тарасып жатты. Олар жөні түзулеу деген күркеде қос депутатты жандары қалмай таң атқанша қонақ етіп, ертесіне көрші қораға қошаметпен шығарып салды. Осы кездесуден соң Қораз депутат пен Тауық депутат бұл маңайға ат ізін салмай, сол кеткеннен мол кетті. Көп ұзамай-ақ Құстар Республикасы Президентінің жер сату жөніндегі Жарлығы бұрқ ете қалды. Әтештер
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК қанша қоразданып, тауықтар қаншалықты қытқылда ғанымен ештеңе шығара алмады. Қора ұстағанның қо лында, тістегеннің аузында кетіп, күл-қоқысты, батпақты көлшікті негізінен үйректер мен қоқи қаздар сатып алды. Ұшып-қонып жүрген қарға, сауысқан, жапалақтар да байлықтан құр алақан қалған жоқ, жер сатылмайды деп кеуде соққан, тауықтарға уәде атаулыны үйіп-төккен Қораз депутат пен Тауық депутат жер сату жөніндегі заңды кеңірдектері қызарғанша қолдап-қорғап, бірін ші болып қол көтеріпті. Олар бүгінде Құстар Республи касының астанасында өздеріне арнайы салынған жемі көп, суы мол, күл-қоқысы жеткілікті крутой күркеде байбақуатты өмір сүріп жатса керек.
Қалила қожаның хикаялары үшінші бөлім
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК «АЛАЙ» БАЗАРЫНДАҒЫ АЙҚАЙ А лтыншы сыныпты бітіріп, жазғы каникул ға шыққан Қалила әкесі Нематулланың үш бірдей бауыры тұратын Ташкентке қыдырып барады. Еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін диқандықты кәсіп еткен туысқандары көкөніс өсіріп, оны базарға апарып сатумен шұғылданады екен. Қалила бірде Ибадулла көкесімен Алай базарына барады. Бір күн өтеді, екі күн өтеді, жеті жәшік қызанақтың мұрты бұзы латын емес. Өйткені, бүкіл базар бойынша қызанақтың бағасы қымбат – бір келесі бақандай үш сом! Бірауыз дан келісіп алғандай ешкім бір тиынға болса да арзан сататын түрі жоқ. Баға жоғары болған соң алушы да аз. Қалиланың «өзбек» көкесі ұзын бойлы, кербездене жай сөйлейтін кісі. – Қалила, мына затқа ықтият бол, – деді ыстықтан шөл қысқан Ибадулла. – Мен шайханаға барып, көк шай ішіп келейін. Туысқаны шайхана ішіне кіріп кеткенде Қалила бар дауысымен айқай салды: Кому помидор?! Там три, там три, А у меня – не три. Подходи, посмотри! Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан халық жар салып, айқай лап отырған балаға еріксіз назар аударып, қызанақ сатып алу үшін асыға-аптыға кезекке тұра бастады. Базардағы бағаны бес тиынға төмендеткені сол-ақ екен, Қалиланың саудасы арбаның дөңгелегіндей зырыл дай жөнелді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Көк шайын ішіп, шөлін қандырған Ибадулла бос жәшіктерді көріп таң қалды. – Ойпырмай, шын ба, өтірік пе! Балам-ау, шай қайнатым уақыттың ішінде бар помидорды қалай сатып үлгердің? – Қалауын тапса – қар жанады, көке! Мұрнының үсті тершіген Қалила өзінше маңғазда нып, қағаз жәшіктегі шытырлаған ақшаны асығыс санай бастады. «НӘКЕҢ ЖІБЕРДІ...» Б олашақ киногер Қалила Жаңақорғандағы орта мектепті бітірген соң әкесі Нематулланың сөзімен айтқанда біршама уақыт ит қуып, бос жүріп қалады. – Әй, данышпан, – дейді әкесі, – босқа сандалғанша автобаздың жанындағы шопыр даярлайтын курсқа түсіп ал, тақияңа тар келмес. Қалила ертесінде автобазға келсе, тегін оқытатын курстың тізімі бітіп қалған болып шықты. Өз-өзіне се німді Қалила бұған онша сасқалақтай қоймайды. – Мені тегін оқытатын курсқа алмасаңыздар бол майды, – дейді ол нық сөйлеп. – Мен не деймін, домбырам не дейді, ойбай-ау, қадалған жеріңнен қан алатын бәлесің ғой. Саған айттым емес пе, курс толып қалды, – дейді курс бастығы Ораз Ақынбеков ат-тонын ала қашып. – Онда менің шаруам жоқ. Мені Нәкең жіберді. Курстың бастығы стол үстінде ашылып жатқан журнал мен дәл қарсы алдына қаққан қазықтай қалшиып тұрған балаға кезек-кезек қарап: «Атың кім?» – дейді қолына қаламсабын алып жатып.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Қалила, – дейді болашақ шопыр тақ-тақ етіп. Арада бір апта өте шығады. Бір күні әлгі бастығы Қалиланы өзіне шақырып алады. – Қалила, – дейді ол, – курс тыңдаушыларын мұқият тексеріп шықтық. Бірақ, біздің ауданда Нәкең дейтін бастық атаулы жоқ болып шықты. Сені қай Нәкең жіберді осы, соны айтшы, қарағым. – Мені аудандық комхозда шопыр болып істейтін Нематулла Омаров жіберді. Ол менің туған әкем. Ол кісіні Нәкең демей не дейін, – дейді Қалила жайбарақат. – Әй, қу бала сөз тауып кеттің, – деп мырс етіп күліпті курс бастығы. – Иә, Нәкең жіберсе амал бар ма, бар оқуыңды оқи бер. ФОРТОШКЕДЕН ҚОНҒАН БАҚ Ж аңақорғандағы Омаровтардың қара шаңы рағы Сырдария көшесіндегі Инаятулла Қожаның үйі болатын. Каникул кезін де Інекең Қалила және онымен тетелес Ахметхан ды шөкелетіп отырғызып қойып, құран жаттатып, тіл дерін сындыратын. Ыждаһатты Ахметхан озып кет кен. Түсініксіз араб тілі Қалиланың құлағына кірмейақ қойған. Оның үстіне, Сыр бойындағы шілденің ми қайнатар ыстығын қосыңыз. Бәрінен де, орталық кинотеатрда болып жатқан киноларды айтсаңшы! Кіру бағасы бес-ақ тиын! Құранды қолына ұстап жаттағанымен бозбала Қалиланың көз алдында – тек кино! Өнердің осы түріне ғашық! Аңдып отырып, атасы қалғып кеткен кезде фортошкеден зып беріп, кинотеатрға зытады. Мал қалады жайына...
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Кешке шешесі Хадиша Бибіден, не әкесі Нематулла дан таяқ жеп, ұйықтайды... Түсіне сиқырлы кино кіреді, өзі кино түсіріп жүреді. Осылайша жастық шағы зымырап өткен Қалила Ленинградқа оқуға аттанар алдында Инаятулла атасынан бата алуға барады. Әппақ сақалы омырауын жапқан Инаятулла атасы тізесіндегі құран кітабын сыйпап, жай сөйлейтін әдетімен әңгімесін бастайды. – Шыраққанам, Қалила! Ата-бабаңнан мұра бол ған құранға тілің илікпеді... Оған ренжімеймін де, өйткені сонау сенің жетінші атаң – үш жүзге пір болған Айқожа Ишан көз жұмарында он бір ұлын түгел шақырып: «Құпия болған үш өнерім ішімде кетіп барады. Имандықтың жолында құрбандыққа шалынған үш өнерімнің алғашқысы ұсталық еді. Бірақ, қолыма балға мен көрік ұстай алмадым. Екінші өнерім – палуандық болатын. Белімді ешкімге ұстатпадым. Үшінші өнерім ақындық еді, шариғаттан басқаға мұршам келмеді, – деп жүректегі өкінішін айтып, о дүниеге аттанған екен, жарықтық. Бұхарадағы Мир-Араб медресесінде тәлім алып, Ауғанстандағы Балх шаһарында атақты пірдің шәкірті болған Айқожа бабаңда кеткен бір қасиет саған қонғалы тұрған шығар, кім біледі?!». Сәл үнсіз қалған атасы немересіне жүзі нұрланып, мейірлене көз тастады. – Пәтшағар, терезенің фортошкесінен талай қашып едің, сол кино ғой сені тартып тұрған... Ахметхан сияқ ты Бұхараның медресесіне түсірер едім, көнбедің ғой, жүгермек. Бара ғой, бағың ашылсын! Қария аса таяғына сүйеніп, орнынан тұрды. Неме ресінің басынан сипап, маңдайынан иіскеді. Ертесіне Қалила Әлжан досымен бірге Ленинградқа оқуға аттанып кетті. Пойызда кетіп бара жатып, түс көрді. Асқар таудың биігінде кино түсіріп жүр екен...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК МЕН ДЕ СӨЙТКЕН БОЛАР ЕДІМ... Қ алиланың жасырақ кезінде арман қуып, сонау Нева жағасындағы Ленинград мәдени-ағарту училищесінде оқығаны бар. Екінші курста оқып жүргенде Қалекең аяқ-қолы балғадай Инна деген орыстың көккөз сұлу қызымен танысып, өлердей ғашық болып қалса керек. Ленинградтың бір ақ түнінде ол Иннаны өзі тұратын жатақханаға шақырып, екеуі оңашада әңгіме-дүкен құрысып отырады. Олар өнер, әдебиет, кино тұрғысында әңгіме қозғап, Инна Пушкин, Тургенев туралы әңгі менің майын ағызса, біздің Қалекең де өзінің қара-жаяу еместігін байқатып, әлем кино шеберлері Тарковский, Фелинни жайлы тілі жеткенше әңгімелеп береді. Жа ңадан танысқан қос ғашық білгендері мен көргендерін түгел айтып, сөздері де таусыла бастайды, жеті жүз грам дық қызыл шарап та сарқыла бастайды. Ал Ленинградтың ақ түні болса орта белден ауып барады. Бүгінгі кештің мақсаты – білім толықтыру емес, гәп басқада, оны екеуі де іштей сезіп отыр. Қалила ның шоқша жайнаған көзі қанша қарамайын десе де дәл қарсы алдында отырған Иннаның әңгелектей дома ланған кеудесіне қайта-қайта түсе береді. Ұнатқан осы екен деп, бас салып, құшақтап, сүйіп алайын десе аспан түстес көздері мөлдіреп, аққұба жүзі үлбіреп, айдай толықсып отырған бойжеткенді шошытып аламын ба деп жүрексініп, өз ойынан қашқақтай береді. Сүймейін десе, айдаладағы құмды далада шөл қысқан жолаушыдай тілі аузына сыймай барады. – Инна, – дейді орнай қалған үнсіздікті бұзып, – сен бір сәтке көз алдыңа елестетіп көрші. Құмды сахара. Күн жанып тұр, аспан айналып жерге түскендей. Сол сусыған құммен бір адам келеді. Өзін әбден шөл қысқан, әрі аш.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Кенет ол бір алма тауып алады. Әлгі алманы бас салып жей салайын десе, оған тоя қоймайды, жемейін десе айдалада өліп қалғалы тұр. Аш адам не істерін білмей әбден басы қатады. – Әлгі аш адам қызық екен, – деді Инна орнынан тұрып, Қалиланың жанына жақынырақ отырып жатып. – Мен болсам алманың жартысын жеп, жартысын ертеңге қалдырған болар едім... – Міне, міне, дәл таптың, – депті Қалила жерден жеті қоян тапқандай қуанып кетіп. – Мен де көп ойланбастан сөйткен болар едім... – Тілі аузына сыймай шөлдеңкіреп отырған жігіт осы сәтті пайдаланып құшағына құлағалы отырған қыздың оймақтай ернінен құшырланып тұрып сүйіп алыпты. ПОЖАЛУЙСТА, ИЗВЕНИТЕ... Б ір күні Қалила ұстазынан өнер адамының түрі мен сымбатын, ішкі жан дүниесін бейнелей тін көркем фотосурет түсіру туралы тапсырма алады. Құласам нардың өзінен құлайын деп ой түйген студент Ленинградтағы Киров атындағы опера және балет театрының ең атақты, ең сұлу балеринасын таңдап алса керек. «Аққулар көлі» балетінде басты рөлді ойнайтын, көркіне қырық еркек ғашық болатын балеринаны фотосуретке түсірмек болып, Қалила опера және балет театрына жинала бастайды. – Қалила, сен анау-мынау емес, атақты Пушкиннің өзі отырып, өнер тамашалаған үлкен шаңыраққа кетіп барасың, бәрімізді ұятқа қалдырып жүрме, – дейді жерлесі Ержан ақыл айтып.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Ленинградтағы ең мықты деген өнер саңлағын суретке түсірмексің. Олпы-солпы болып барғаның жарамас, – дейді түбі түскен шелектей даңғырлап қал ған ақкөңіл Қалжан, – менің жаңа джинсиімді киіп ал, үстіңдегі көйлегің де оңып кетіпті, Ержанның кеше ғана алған темір түймелі шетелдік көйлегін кигенің дұрыс. Аяғыңдағы топлиың да әбден ескіріп бітіпті ғой. Ержан, әлгі американдық кроссовкаң қайда, көп қинамай, Қалилаға бер. – Әлгі әйел біткеннің сұлуы балерина сені түйе мінген қазақ деп жүрмесін, – дейді әңгімеге Әлжан араласып, – өзіңді биік ұста, мәдениетті бол. Сөйлескенде: пожа луйста, извените, будьте добры деген сөздерді ұмытпа. Балет аяқталған соң, атақты балерина алдын ала келісілген уәде бойынша біздің Қалиланы өз бөлмесінде күтіп алады. Ол шынында айдын көлде қалқып жүзіп жүрген көгілдір аққудай сұлу екен. Фотоаппаратын қолына алған студент өз жұмысына шұғыл кірісіп кетеді. Сезімтал жанды балерина оның ойын қағып алады да, екі қолын аққудың қанатындай жайып жіберіп, бір аяғын көтеріп, ұшуға ыңғайланған кербез құстай бола қа лады. Бәрі келісіп тұр, нағыз ертегі, сұлулық пен сымбат Қалиланы сиқырлап тастағандай. Қалила тамсаныптамсанып қойып, сыртылдатып суретке түсіре бастайды. Сырт қараған көзге барлығы да дұрыс секілді. Тұлғасында мін жоқ, бірақ балеринаның сұлу жүзі бір қырынан көрініп, тасаланып, анық көрінбесе керек. – Извинете, пожалуйста, будьте добры, – депті сонда Қалила, – поверните немного морду...
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ЛЕНИНГРАДТАН КЕЛГЕН ТІЛШІ О қуын бітіруге жақын қалғанда Қалила өзінің туған жері Жаңақорған ауданына практи каға келеді. Бір күні ауыл көріністерін түсіріп алмақ оймен «Өзгент» совхозына тартып кетеді. Дәл осы кезде шаруашылықта күріш ору науқаны басталып, жұмыс қызып, дүрілдеп жатса керек. Ленинградтан келген студенттің басында сол кезде өте сирек кездесетін күнқағары бар кепка, бұтында тыртиған шетелдік джинси шалбары, иығында фотокамера салған былғары дорба. Ол автобустан шікірейіп түсіп, бірден совхоз қырманына тартады. Тау-тау болып үйіліп жатқан күмістей ақ күріш. Алқаптың мол өнімін тазалап жатқан қыз-келіншектердің күлкілері жарқын, қимылдары ширақ. Қырманның дәл ортасында кілең папка қолтықтап, қылқына галстук таққан бір топ бастықсымақтар Қалиланың сәлемін онша елемесе керек. Шалқайғанға шалқайып, еңкей генге еңкейіп үйренген Қалекең де қырсығып, өндірте жұмыс істеп жатқан қыз-келіншектерді жатып та, тұрып та сыртылдатып суретке түсіре бастайды. Мына жігіттің тегін адам еместігін аңғарып қалған шаруашылықтың атқамінерлері орталарындағы жастау біреуін Қалилаға жүгіртеді. – Ғафу етіңіз, – дейді комсорг сызылып. – Сіз қай газеттенсіз, мүмкін біздің тарапымыздан бір көмек керек болар? Қалила болса оған адам екен деп қарамай: – Не мешать. Ленинград! – деп қолын бір-ақ сілтейді. Ленинград деген сөзді естіген жігіт шошып кетіп, өзін тағатсыздана күтіп тұрған бастықтарға тұра кеп жүгіреді. Совхоздың директоры, партком хатшысы бастаған топ практикант студенттің жанына келіп, шетінен шұрқырап амандық-саулық сұрайды.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Шырағым, естіп жатырмыз, ат шаршатып, алыс тан келіпсің. Алдын ала ескертіп қоймадың ба, қанша жұмысбасты болсақ та күтіп алуға жарайтын едік қой, қарағым. Жұмыс қайда қашар дейсің, онсыз да жол соғып шаршап қалған боларсың, біраз деміңді алып, сусын іш, – дейді директор жайылып жастық, иіліп төсек болып. – Қолтықты кеңге тастап, қонақ болатындай наға шымның үйіне келген жоқпын, – дейді Қалила, – уақыт аз, күннің қызарып батып бара жатқан фонында бірбірінің артынан тізіліп, біркелкі келе жатқан оншақты комбайнның суретін түсіріп алуым керек. – Інішек-ау, не деп тұрсың? Күріштің танабы шағын болады емес пе? Оған бақандай он комбайын қайдан сыйсын? Бұл бір шеті мен о шеті көрінбейтін Қостанайдың астықты алқабы емес, шырағым, – дейді партком хатшысы қарсы дау айтып. – Ол жағында менің шаруам жоқ, маған беріл ген тапсырма сондай, – дейді Қалила айтқан бетінен қайтпай. – Ауылымызға сонау Ленинградтан күнде қонақ келіп жатқан жоқ. Құрмаштың күріш танабы үлкен. Соған он комбайынды қатар қойыңдар. Інішек өзі ойлағандай етіп, суретке түсіріп алсын, – деп директор шұғыл тапсырма береді. Директордың айтқаны – заң. Аяқ астынан бүкіл совхоз әбігерге түседі. Кеш түсіп, күн ұясына қонақта ғанда Қалила бар шаруасын бітіріп, директордың судай жаңа «Уазигімен» орталыққа қайтып келе жатады. – Шырағым, бұл түсірген суреттеріңді қай газеттен көретін боламыз? – дейді директор жол үстінде. – Газеті несі, – дейді Қалила жайбарақат. – Мен практикаға келген студентпін. Директордың үстіне найзағай түскендей отырған орнынан ыршып кетеді. – Тоқтат, машинаны! – дейді ол жазықсыз шопырға айқайлап. «Уазик» жолдың майлы топырағын бұрқ еткізіп, шиқ етіп тоқтай береді. – Шық мәшинеден!
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Қалила доптай домаланып, мәшинеден асығыс түсе береді. Директор мінген «Уазик» жын қуып бара жатқандай тұрған орнынан ытқи жөнеледі. Қалила болса джинси шалбарының балағын түріп, бір иығына фотоаппарат салған былғары дорбасын асып, енді бір иығына Әлжан досы сыйлаған американдық кроссов касын асып, жолдың қою шаңын бұрқылдатып, аудан орталығына қарай әндете тартып кетсе керек. ҚАЛИЛА ҚАЛАЙ САНТЕХНИК БОЛДЫ? Қ алила Ленинградтағы мәдени-ағарту учили щесін бітірген соң осы атты жоғарғы оқу орнына түседі. Студенттің азын-аулық алатын стипендиясы қайбір жыртықты жамасын. Оның үстіне жалдап тұрып жатқан пәтердің де бағасы удай қымбат. – Қалила, – дейді бір күні Яхия досы, – сабақтан соң бос уақытың жетіп артылады. Мүмкін жеңіл-желпі бір жұмыс тауып аларсың. Ептеп материалдық жағдайыңды жөндеп алар едің, сондай-ақ пәтер алып қалуың да ғажап емес. Досының ақылымен Қалила көп созбастан үлкен қаладағы бір тұрғын үй пайдалану учаскесіне сантехник болып жұмысқа орналасып алады. Алғашқы айларда жас сантехник ретінде ол майлығы мен шайлығы жоқ, тырнақ астынан үнемі кір іздейтін пәтер иелеріне барып жүреді. Омаров бірде түскен тапсырыс бойынша Ленинград тың дәл ортасындағы пәтердің қоңырауын басады. Темірмен шынжырлап тастаған зілдей есікті түйенің жарты етіндей орыс ағайын ашады. Бірнеше бөлмеден тұратын бай пәтері ханның сарайындай болып шықты,
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК екі бірдей ваннасы бар. Құдай атқанда, соның бірінен су ақпай, жұмыс істемей қалыпты. Сантехник істен шыққан тетікті әрі-бері айналдырып көрді, жаңасын алмаса болмайды. Оның үстіне ол шетелде жасалған бөлшек, Ленинград тұрмақ Мәскеудің өзінде табыла бермейді. – Жаңасын алмаса болмайды, ал мынандай тетік менде жоқ, – дейді Қалила саймандарын жинастырып жатып. – Сен сантехниксің, жөңдеу – міндетің. Әйтпесе, бастығыңа айтып жұмыстан қудырамын, – дейді пәтер иесі бәле іздеп, – бұл азиаттардың қолынан қой бағу ғана келеді. – Әй, буржуй, – дейді Қалила, – Революция бесігі – Ленинградта тұрғанынды есіңнен шығарма. Байқай мын, мызғымас халықтар достығына сына қаққың келеді. Бүйте берсең, басқа жерде сөйлесуіміз мүмкін, абайла ғаның жөн болар. Бес бөлмелі пәтерде тайыншадай итің екеуің ғана тұрып жатыр екенсің. Айтпақшы, екі бірдей ваннаның керегі не, итің екеуіңе, біреуі де молынан жетіп жатыр. Маған десең Смолныйдағы Ленсоветке бар. Әлгі тетікті таппай ваннаңды мен түгіл құдайдың өзі де жөндей алмайды, түсіндің бе?! Өзінің тым артық кеткенін сезген үй иесі тілін тістей қойып, сантехниктен кешірім сұрайды. Арада бір жыл өткен соң қазақстандық студент Ленинградтағы айдарынан жел ескен сантехниктің бірі болып, жақсы жұмыс істегені үшін бір бөлмелі комму налдық пәтер алып, өзі де, достары да жарып қалады. Әкесі: «Шошқаның баласы, есің барда еліңді тап» деп ұрсып хат жазбағанда, Қалиланың Ленинградта осы күнге дейін жүре беруі ғажап болмас еді. Әрине, келгені жақсы болды. Деректі киноның майын ішкен мұндай мықты режиссерді қайдан табар едік. Қалекеңнің әкесі Нематулла ақсақалға рахмет!
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ «ШОШҚАНЫҢ ҒАНА БАЛАСЫ...» Л енинградта қызмет атқарып жүрген Қалила шаруабасты болып, туған ауылы Жаңа қорғанға үш-төрт жылдай ат басын бұрмай кетеді. Бір күні әкесінен хат келді. Онда: «Иттің ғана баласы, шошқаның баласы, туған жерден безіп, саған не болды? Сен жүрсің Неваның жағасында гуляттап, ал мұнда шешең жүр сағынып, жылап, еңіреп. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген. Әлде, сен Брежневтен артықсың ба? Ол патша болса да, Украинасына жылда барып тұрады. Көп қиқаңды қойып, демалысыңды ал да елге кел. Келмей көр, Ленинградқа барып, көзіңе көк шыбын үймелетіп, сабап-сабап өзім әкелемін! Өй, шошқаның ғана баласы, анау кәуектей басыңда тауықтың миындай ми болса мұрнымды кесіп беремін...», – деп жер-жебіріне жеткізіп жазған. Әкесінің түгін қалдырмай боқтап жазған хатынан соң, онсыз да елді сағынып жүрген Қалила жолға жиналып, ертесіне-ақ пойызға отырады. Жүрдек пойыз Жаңақорғанға жайлап тоқтағанда Қалекең перронда өзін тағатсыздана күтіп тұрған әкесі мен жақын туысын бірден тани кетті. Олар, әрине, басында күнқағары бар кепке, бұтына қысқа шортик, аяғына крассовка киіп, рюкзак асынған Қалиланы бірден тани қоймады. Жүрген көп жолаушылардың бірі болар деп, туған баласының сәлеміне де онша мән бермесе керек. – Бұл иттің баласы биыл да келмейтін болды, – деді әкесі күйіп-пісіп, – құйрығына пістенің майын қайнатып құйсаң да адам болмайын деді бұл. Шошқаның ғана баласын қайтсем екен, а?! – Нәке, түк көрмес, түйені де көрмес деген рас екен. Адам болмайын деген балаңыз жаныңызда тұр емес пе? Сәлем берсем алмайсыз, сөйте тұра мені жата кеп
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК боқтайсыз, – деді Қалила әкесіне әзілдеп. Сонда ғана барып Нәкең дәл қасында тұрған баласын таныды. – Ау, шынымен-ақ Қалиласың ба? – деді таңғалып, – пошымың не болып кеткен? Киімің құрып қалғандай, бұтыңа не киіп алғансың? – Көке, бұл шортик. Күн ыстықта Ленинградта халық осылай киінеді. Мода! – Бүйткен модаң құрысын, – деді әкесі зілсіз ашуланып, – жүр дүкенге барайық, ит болсаң да, шошқа болсаң да өзімнің ұлым екенің рас, бір шалбар сатып алып берейін. И, жаман неме, кел маңдайыңнан бір иіскейін, шошқаның ғана баласы... «ХАЙЛ ГИТЛЕР» Л енинград қаласында 1982 жылы «Кісен аш қан» атты дипломдық фильмін беске қорғап, дүркіреп тұрған бір ресторанда банкет жасап жатқан Қалила елден бұрын қызыңқырап қалады. Қыз ды-қыздымен орыс ағайындарының қыздары аз болған дай, шетелдік бикештерді биге шақыра бастайды. Қалқып жүрген Қалиланың қолына орысша бір ауыз сөз білмей тін, үріп ауызға салғандай әдемі «иностранка» түседі. Үлкен көздері көкпеңбек, қыпша белі үзіліп кетейін деп тұрған сұлуды имене құшақтаған Қалила: – Париж? – дейді екі езуі екі құлағына жетіп. Күндей күлімдеген келіншек басын шайқайды. – Лондон? Шетелдік сұлу жоқ-жоқ дегендей тағы да басын шайқайды. – «Енді қайдансың, періштем?» деген сөздерді айта алмай, Қалила үнсіз телміреді. Сайрап кеп берейін десе тілі құрығыр байланып тұр.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Сұлу келіншекте жазық жоқ, құшағындағы жігітке жауап бергісі-ақ келеді, бірақ құдай атқанда бір ауыз орысша білмейді. – Мюнхен, Мюнхен, – дейді ол биязы сөйлеп, қай елден келгендігін білдіріп. – О, Германия, – деп қуанып кеткен Қалила бар білетін немісшесін шелекке құйған айран сияқты ақтара салды: – Хайл Гитлер... Хенде хох... Шнел, шнел!.. – Сұлу келіншек азиялық жас жігіттің иығына асылған қолдарын жалма-жан жұлып алып, түрі боп-боз болып тұра кеп қашады. Ал, Қалила болса «халықаралық қатынастың шиеленісуіне» кінәлі болғаны үшін КГБ-ның қызметкерлеріне үш сағат бойы жауап беріп, түсініктеме жазып, әрең құтылыпты. «АДАЙ» КҮЙІ ҚАЛАЙША АРАША БОЛДЫ? Ө зінің дипломдық фильміне тақырып іздеп басы қатып жүрген Қалила бірде Репин атын дағы Ресей императорлық сурет академия сына бас сұғады. Болашақ кинорежиссердің көзі дауыл паз күйші Құрманғазының мүсініне түсіп, жылан арбаған торғайдай қалшияды да қалады. Аты-жөні белгісіз скульптор күйшінің абақтыдан қашып шығып, қолындағы шынжыр бұғауын үзіп, киелі домбырасын енді шерте бастаған сәтін шебер мүсін депті. Туған елден жырақта жүрген Қалиланың тұла бойы шымырлап кетті, көз алдына қазақтың кең байтақ даласы елестеп, құлағына айбынды күйдің құдіретті үні естілгендей болды. Сұрастырып жүріп, талантымен тәнті
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК еткен дарын иесінің аты-жөнін жүрегіне жаттап алған болатын. Қарағандылық жерлесі сурет академиясы ның студенті болып шықты, аты-жөні Жаубасар Қалиев екен. Көптен іздегені дәл алдынан шықты. Қалила өзінің дипломдық жұмысына тақырып тапқанына қуанып кетті, ертесіне-ақ білегін сыбанып, «Кісен ашқанды» түсіруге кірісті. Көп ұзамай-ақ ленинградтық досы Ержан Абдул лаев скульптор жерлесімен таныстырып, Жаубасар мен Қалила ағалы-інілі жандардай жарасып кетті. Жаубасардың шеберханасына қай мезгілде кірсең де үнтаспаға жазылып алынған «Адай» мен «Сарыарқа» күйі ойнап тұрады. Естіген құлаққа, әсіресе «Адайдың» құдіреті ерекше. Айбынды, тас-талқан асау сезімдер, тұла бойыңды еріксіз билеп ала жөнеледі. Қалиланың бір аңғарғаны: «Адай» күйі мен Жаубасардың мінезінде кейбір ұқсастықтар бар. Өзінен бір мүшел жас үлкен болып келетін ағасы қызу мінезді, жауға жалғыз қарсы шабатын нағыз батыр жігіт. Қатты ашуланғанда тоқ пақтай жұдырығын ала жүгіретін жүрек жұтқанның өзі. Бірде Жаубасар сыраның кезегінде тұрып, екі-үш кав каздық жігітпен иық тіресіп, шекісіп қалды. Жалғыз екен мін деп, қаймыққан жоқ. Мысы басты ма, әлгі «батырлар» жым болды. Қалила аузын ашса көмекейі көрінетін ағасы Жауба сарды жаны қалмай құрметтейтін, адуынды мінезінен іштей сескеніп те жүретін... Қалила бірде Нева проспектісінде серуендеп жүріп, екі шетелдік қызбен танысады. Бразилия елінен кел ген қос бикештің сұлулығына Қалила қайран қалды. Екеуі де қараторының әдемісі, құлыншақтай сымбатты денелері қарамасыңа қоймайды. Ал, танадай көздері көз емес, нағыз жалын атқан от. Қос сұлудың былдырлаған тілдерін түсініп жатқаны шамалы, бірақ, Қалиланың бір аңғарғаны – екеуі де әрі кет емес. Екі бикештің қып ша белінен ұстаған біздің батырдың басы шыр айналып, жаны балқып жүре берді. Не істеу керек? Нар тәуекел
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ деп, Ержан досының пәтеріне тартып кетейін десе, құрдасының келіншегі, Жаннадан қорқады. Екі езуі құлағына жетіп, мәз-мейрам болған Қалила көп ойланбастан асығыс такси ұстап, Василевский аралындағы Жаубасар ағасының шеберханасынан бір-ақ шығады. Тәуліктің кез-келген уақытында табыла кететін Жаубасар бүгін үшті-күйлі жоқ. Терезе қап-қараңғы, есікте құлып. Жайшылықта біреудің ала жібін атта майтын Қалила есікті бұзып, ішке кіруге мәжбүр болады. Шарап ішіледі, жалынды жүрекжарды сөздер айтылды, Қалила өзін нағыз қор қыздарының ортасында отырған дай бақытты сәттерді бастан кешіріп, махаббаттың буына мас болды. Кенет, есік тарсылдап қоя береді, екпіні қатты Жаубасардың үлкен жұдырығын көз алдына елестеткен Қалила одан аман-есен құтылудың амалын ойластырып, апыл-ғұпыл үнтаспаны іске қосады. Сол-ақ екен «Адай» күйі құйындата жөнеліп, жартылай жалаңаш екі сұлуды құшақтаған Қалила аспанға шаншылған бір жойқын биді бастап кеп жібереді. Мұндайды күтпеген Жаубасар ашуға булыққан күйі состиып, есік алдында тұрып қалса керек. Дауылпаз күйдің сүйемелдеуімен құйын биді кү шейткен үшеуі шеберхана иесінің дәл қарсы алдына жалп етіп құлай отырып, тізерлеген күйлері мойындарын ұсынады... – Әй, жүгермек, тұр орныңнан! Қыздарды да көтер! Сендерге анау-мынау емес, «Адай» күйінің өзі араша сұрап тұрған соң мен не істеймін?! – деп райынан қайт қан Жаубасар амалсыздан мырс етіп күліп жібереді...
*** Арада екі-үш ай өткен соң Ленинградта дәстүрлі «Ақ түн – 1982» кинофестивалі өтіп, бақандай 88 қысқаметражды туындының арасында кинорежиссер Қалила Омаровтың «Кісен ашқан» («Воплощение»)
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК деректі фильмінің шоқтығы биік болып, Бас жүлдені жеңіп алады. Інісінің бұл үлкен шығармашылық табысына Жау басар жас балаша қуанады. – Бүгіннен бастап, тәуліктің кез-келген уақытында шеберханамның есігін бұзып кіруге рұқсат беремін, – дейді Жаубасар ағасы Қалиланың арқасынан қағып, – тек әлгі шоколад түсті сұлу бикештерді ұмытып кетіп жүрме, ерте кел, бауырым... КҮЛМЕ ДОСҚА, КЕЛЕР БАСҚА... Л енинградтан келген Қалиланы әке-шешесі үйлендірмек болады. – Жасы болса жиырма жетіден асып барады. Баламыздың сүр бойдақ болып жүрісі болса мынау, – дейді әкесі, – бұған келіншек әперіп, аяғына тұсау салмасақ болатын емес. Жамал деген пысық апасы ертесіне-ақ бауырын ертіп алып, қыз айттыруға шығады. Қалиланы өзі қатар лы бір қызбен таныстырады. Бойжеткен де, оның әкешешесі де Ленинградтан келген жігітті бірден ұнатып қалса керек. Қанша дегенмен өмір көріп, оңы мен солын таныған, анау-мынау емес, Нева қаласындағы үлкен өнер ордасынан білім алып, қызмет атқарған білдей азамат. Төбе шашының сәл селдірлей бастағаны болмаса, құдайға шүкір, түр-келбеті де ешкімнен кем емес. Бірақ, Қалила мырзаның қиялында басқа бір қыз болып, қарсы ал дында мөлдіреп отырған қарындасты айтарлықтай ұната қоймайды. Әрине, бұл туралы лақ еткізіп айта салуға және болмайды, нәзік дипломатия керек. – Қарындас, – дейді Қалила жайлап, – сізбен танысқаныма өте қуаныштымын, тамаша қыз екенсіз...
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Заманымыз бір, сіз дұрыс түсініңіз, әке-шешем мені зорлап үйлендіргелі отыр. Ленинградта күтіп отырған қалыңдығым бар еді. Әрине, қыздың жолы жіңішке, біреулер сұрап жатса «мен ұнатпадым» деп айта жатарсыз. Жүрекке әмір жүрмейді, қыз байғұс жігітті ұнатып отырса да ағасының айтқанына лажсыз ғана көніп, көзі жаутаңдап қала береді. – Сызылып қалған әдемі-ақ қыз екен. Өкінішке орай, сүйген жігіті бар болып шықты, – дейді Қалила өтірік өкінген болып. Жамал інісін дедектетіп ертіп, тағы да үш-төрт қызды айттырып көреді. Бірақ, олар да алдын ала жасалған «сценарий» бойынша күйеу жігітке «көнбей» кояды. Жаңақорған жақтан еш нәтиже шықпаған соң Жамал Қалиланы жетектеп Жетісайға алып барады. Айттырып барған қызы он екіде бір гүлі ашылмаған, аршыған жұмыртқадай аппақ, сүп-сүйкімді бойжеткен болып шығып, Қалилаға бірден ұнап қалды. Қанша дегенмен Ленинград көрген жігіт қой, сұлу бойжеткенді шыркөбелек айналдырды. Құдай атқанда қыз оған көнбей қойды. – Аға, – дейді ол жайлап, – соқыр емеспін, көріп отырмын, жігіттің сұлтаны сіздей-ақ болар. Бірақ, жүрекке әмір жүрмейді, менің ұнатып жүрген жігітім бар еді. Атаанам да өзіңізді ұнатып отыр, айыпқа бұйырмаңыз, сізден бір үлкен өтінішім бар, біреу-міреу сұрай қалса, ұнатпаған ыңғай таныта салыңыз, мен-ақ жаман атты болайын. – Қалқам-ау, айтқаныңа көнбей қайда барамын, – дейді Қалила бір қызарып, бір бозарып, – күлме досқа, келер басқа деген осы... Өзім қазған шұңқырға өзім түсіп отырмын, қарындас...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК «ЕНЕМ БОСАНЫП ЖАТЫР...» Қ алиланың ауылға келіп, жолы болмады. Көп қыздың ішінен өлердей ұнатып қалған әлгі бойжеткен өзінше қылымсып көнбей қойды. Жуық арада Ленинградқа қайтып кететін түрі және жоқ. «Енді ешқайда да бармайсың, шет жерде қаңғы ғаның жетеді» деп әкесі бар құжаттарын тығып тастаған болатын. Қалила ата-анасынан асып қайда барады, тулаптулап, аудан орталығындағы Мәдениет үйіне қатар дағы фототүсіруші болып жұмысқа орналасты. Қанша айтқанмен Ленинградтың мектебі мықты ғой. Қалила ның атағы бір айға жетер-жетпес уақыттың ішінде бүкіл ауданға дүркіреп, айдарынан жел есіп, әріптестерінің көбісі шаңына да ілесе алмай қалады. Жұрт біткен жаңадан келген фотографқа суретке түскісі келеді. Өзінің пошымы да, киім киісі де өзгеше: басында баяғы Әлжан досы берген күн қағары бар американдық кепка, бұтыңда әбден жуа-жуа ағарып кеткен джинси, аяғында кроссовка. Сөйтіп жүргенде ауданда күріш орағы басталып кетіп, Жаңақорған ның дәл іргесіндегі совхозға Қызылордадағы тігіншілер даярлайтын училищеден бақандай қырық қыз қолқабыс жасауға келді. Солардың арасындағы монтиған әдемі қыз Қалилаға бірден ұнап қалып, сүр бойдақ досымыз Рыскүлмен танысқан күннің ертеңіне-ақ үстіндегі халатымен алып қашып келіп, той жасап та үлгерді. Бірде аудандық ауруханада болып, сурет түсірген Қалекең үйіне кештеу оралды. – Балам, туған енең босанып, перзентханаға түсіп жатыр. Келін екеуміз кешкісін барып қайттық, – дейді Қадиша-Бибі шай үстінде, – Рыскүл тамақ дайындап қояды, таңертең кіріп шық, әйтпесе ұят болып жүрер. Таңертең дайындап қойған тамақты алып, перзент ханаға бет алады. Кіреберісте оны қыз-келіншектер бірден танып, шулап қоя береді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Сәлеметсіз бе, фотограф аға? Кешегі түсірген су ретті әкелдіңіз бе? – Жоқ, – дейді Қалила, – мен перзентханаға келе жатырмын. – Келіншек алғаныңыз кеше ғана емес пе еді, – дейді қыз-қырқындар әзілдеп, – мұнда тоғыз ай, тоғыз күн дегенде келеді. Ал, сіз болсаңыз, бір ай өтпей жатып-ақ келіншегіңізді перзетханаға жібересіз. Мықты екенсіз өзіңіз. – Жұрттың әйелі босанса, менің енем босанып жатыр, – дейді Қалила айқай салып, – сол енеме тамақ әкеле жатырмын. Шоу, қыздар, суреттеріңді ертең әкеліп беремін. – Мынау түбі түскен шелек сияқты даңғырлап қалған күйеу балам мені бала туды деп бүкіл әлемге жарияла ды-ау, – депті осының бәрін ашық терезеден көріп тұр ған енесі Сайлау бетін басып, – біреуің барып, әкелген тамағын ала салыңдар, мен көрінбей-ақ қояйын, ұят-ай! ҚАЛИЛА МЕН ЛӘЗЗАТ Қ арғаның миы айналатын ыстық аптаптың өзінде ен даладағы қойшыға дейін қылқын дырып галстук таққызған кеңестік мәдениет тің қаймағы бұзылмаған Жаңақорғанда 80-жылдардың ортасында бүкіл елді дүр сілкіндірген екі оқиға болды. Сонау Нева жағалауындағы азуы алты қарыс Ленинградтан оқу бітіріп, дырдай азамат атанған Қалиланың жүрдек пойыздан «жалаңбұт» түсуі, яғни тұңғыш рет шортик киіп келуі жұртты таң-тамаша қалдырып, оның есімі Жаңақорғанның «Гиннес» кіта бына жазылды. Арада бір ай өтпей жатып Жаңақорған
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ның теміржол бекетіне Мәскеуден Алматыға бет алған жүрдек пойыз жайлап тоқтап, ерекше киінген қазақтың бір бойжеткен қызы түсе берді. Киетін киім атаулы құ рып қалғандай кәдімгі алты айлық сәби киетін «ползунка» киіп алыпты. Ауданға арнайы жолдамамен қызметке келген суретші Ләззат Сержанованың модадағы бұл жаңалығы Қалиланың шортик киіп келгенінен де асып түсті. Бүкіл Жаңақорғанда гу-гу әңгіме. Керемет бір кинокомедия көргендей үлкеннің де, кішінің де езуінде күлкі. Бірақ, оны елеп жатқан «шортик» пен «ползунка» жоқ. Қалила аудандық Мәдениет үйіндегі «Кинофото» үйірмесінде жетекшілік етсе, Ләззат Пионерлер үйінденгі «Қуыршақ театры» үйірмесін басқарады. «Балықшы – балықшыны алыстан таниды» демекші, екеуі көп ұзамайақ танысып, нағыз Пикассо-Феллини болып шыға келді. Бір күні Жаңақорған теміржол бекетінен жаңа кафе ашылатын болып, оның үлкен қабырғасындағы су ретті Қалиланың Ленинградта бірге оқыған досы Қал жан салатын болды. Досы аудан орталығындағы бір орта мектепте еңбек пәнінен сабақ береді, қолы қалт етіп босай қалса, осындай «халтураны» тауып, күректеп ақша табатын пысықтығы бар. – Қалжан, аман болсақ сен мұндай «туындылардың» талайын табасың. Мына жұмысты Ләззатқа бер. Қанша дегенмен өзіміздің қыз, қаржы жағынан қысылып жүр, – дейді Қалила досына қызыл шарап құйып жатып. – Осы өтінішімді жерге тастама. Кәдімгідей қызып отырған Қалжан Ленинградта небір қызық жылдарын бірге өткізген досының көңілін қимай келісімін береді. – Жұрт демалатын көпшілік орын екен. Адам Ата мен Хауа Анамыздың өміріне арналған триптих салып берейін, – дейді бұл ұсынысқа жас балаша қуанған Ләззат. Қалжан мен Қалила шелек-шелек майлы бояулар жеткізіп, жас суретші өзінің ұлы туындысын жасауға шұғыл кірісіп кетеді.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Есігін ішінен тарс жауып алған Ләззат кафенің бүкіл қабырғасын алып жатқан суретін он күннің ішінде аяқтап шығып, жеңіл дем алғандай болды. Майлы бояу мен салынған сурет Қалилаға да, Қалжанға да ұнайды. Жас суретші мәз-мейрам. Амандық болса, ертең кафе салтанатты түрде ашылып, оның лентасын аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қимақшы. Кешқұрым аудандық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы бастаған бір топ бастықтар суретті көріп, естерінен танып қала жаздайды. Кафенің бүкіл үлкен қабырғасында анадан жаңа туғандай тыржалаңаш еркек пен әйел бір-бірін қуып жүр. – Бұларың кім? – дейді есін әрең жинаған хатшы. – Адам Ата мен Хауа Ана ғой, махаббат құрып жүрген, – дейді, Ләззат жайбарақат. ...Ертесіне қызыл лента қиылып, кафе ашылды. Ләззаттың он тәулік бойы салған суретінің ізі де қалмаған. Бүкіл қабырғаға қойшы мен егіншінің суреті салынып, оның астына «КПСС XXVII съезінің тарихи шешімдерін жүзеге асырайық!» деген ұранды сөздер жазылыпты. Мұндай жаңалық күтпеген Қалжан мен Қалила Ләззатті жұбатып, үшеуі бір шөлмек қызыл шарапты қылдай бөліп ішіп отырады. – Еңбегім ақталмады деп ренжіме, – дейді екі дос суретші қызға кезек-кезек жалтақтап. – Мәскеу мен Жаңақорғанның арасы жер мен көктей. Олар түсінгенше қайда... Әлі бір ғасыр уақыт керек. – Несіне ренжимін, – деді Ләззат күлімдеп. – Студент кезімде жасаған эскизімнің үлкен полотнода қалай көрінетіндігін үш тәулік бойы тамашаладым. Суретші үшін одан асқан бақыт бар ма?! – Шын айтып тұрсың ба? – деді Қалила орнынан ұшып тұрып. – Честно пионерский! Жас балаша қуанған Қалила Ләззаттің оймақтай ыстық еріндерінен сүйіп-сүйіп алды.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК БАШПАЙ Қ алиланың Жаңақорғандағы Мәдениет үйінде дүркіреп қызмет етіп тұрған кезі. Аудан дық мәдениет бөлімінің меңгерушісі бойы бір тұтам, қырсықтығы қырық тұтам Әбілтай Сүлей менов. Жылтыраған қасқа басын жеті тал шашымен жасырған, өзінен лауазымы төмендерге кісімси қарап, саусақтарының ұшын ұстатар-ұстатпастан ала қашатын қызық адам. Алғашқыда қолын ала жүгірген Қалила бірекі рет күйген соң, ернінің ұшымен ғана амандасып, тікелей бастығына онша ұнамай жүреді. Қайта құрудың қайнап тұрған шағы. Алатын жал ақысы екі-үш айлап кешігіп, Қалиланың мазасы бол май, бастығының кабинетіне ай-шай жоқ баса-көктеп кіріп барады. Көз қиығын салмастан терезеге қараған Әбілтай: – Сөйле, – дейді. – Айлығымды беріңіз, – дейді Қалила әңгіменің тоқ етерін айтып. – Ақша жоқ болса, немді беремін, – дейді бастығы сызданып, – сен жұрттан артық емессің, жалақыңды жеп қоймаймыз, ел құсап сен де күт. Кеше ғана бастық пен бас бухгалтердің орталық универмагтан таптыра бермейтін бір зат алғандарын жақсы білетін Қалила: – Өздеріңіз дегенде ақша жарықтық табыла кетеді, біз де ай қарап, жұлдыз санап отырған жоқпыз, біздің де аузымыз бен жұлыны бүлкілдеген кеңірдегіміз бар, – дейді алған беттен қайтпай. – Ақша жоқ дедім ғой саған? – дейді бастық ашуға басып, – өзің қадалған жеріңнен қан алатын бәлелі біреу екенсің. Айттым ғой, жаңа – күт. – Күтуін мен күтер едім, – дейді Қалила жайбарақат, – бірақ бір кісі күте қоймас.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Жаңадан бері бар әңгімені селқос тыңдап тұрған Әбілтай селк ете қалады. – Ол қай кісі? – дейді бастық, мына қызыл көз пәле біреуді ертіп әкеп тұр ма, – деп қауіптеніп. Қалила аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісінің жылтыраған столына аяғын сарт еткізіп қойып, туфлиі нің жыртық ұшынан қылтиып шығып тұрған башпайын жылт-жылт еткізіп: – Күтпейтін кісі – осы, – дейді. Жынданып кетуге сәл-ақ қалған бастық жалма-жан телефонға жармасады. – Алло, алло, бұл бухгалтерия ма? Тұрсын Алмасовна, қайдан тапсаң одан тап, Омаровтың дәл қазір айлығын тауып бер. Әйтпесе, жындыханаға не мен түсемін, не ол түседі, – деп телефон қалақшасын тастай береді. МҰРТТЫ «КЕЛІН» ЖӘНЕ ҚАЛИЛА Л енинградтан ауылға каникулға келген Қалила дүркіреп өтіп жатқан тойдың үстінен түседі. Халық ақыны Манап Көкеновтың бақан дай қырық жыл шопыры болған Тоқпан Қаюпов үлкен баласын үйлендіріп жатыр екен. Күйеу бала – Абибулла Қалиланың кішкентайдан бірге тай-құлындай тебісіп өскен түйдей құрдасы. Той қызып, келіннің бетін ашу жақындап қалған. Аршыған жұмыртқадай аппақ, көздері мөлдіреген қалалық қалыңдық Роза шымылдықтың ішінде тізе жазып отыра алмай қатты қиналады. Ауыл жігіттері нен қымсынған жас келін қала көрген Қалиланы жақын тартып: – Қалила, аяқтарым серейіп қалды, аз уақыт болса да ауыстыршы, өлетін болдым, – деп жағдайын айтады.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Әлі беті ашыла қоймаған сұлудың өтінішін орындаудан асқан артық бақыт бар ма? Қалекең көп ойланбастан шымылдық ішінде отырған келінді алмастыра қояды. Мен ұрлыққа шыққанда ай жарық болды демекші, осы сәтте көрімдік сұрап, шымылдық сыртын торыған жұрттың бәрін риза еткен бір әйел келін отырған жерге екпіндетіп кіріп келеді. – Келген қадамың құтты болсын, айналайын! Нұ рым, бағым, қуанышым бол! – деп жаңа түскен келінге жақындамақ болып еді, ол теріс қарап қашқақтай береді. – Айналайын, ұялма, бетіңді бір көрсетсең болып жатыр. Мен анау-мынау емес, ең жақының боламын, алтыным! Абибулланың туған әпкесімін, жаным! Қуаныштан есім шығып, сонау Кентаудан келіп отыр мын, кәне бетіңді аша ғой, қалқам! – деп «келіннің» орамалын тартып кеп қалады. Кенет ыржиған аузының үстін қара мұрт басып кеткен «келінді» көріп, «о, көтек!» деп шалқасынан құлайды. Басындағы ақ орамалды жалмажан тастай беріп, отырған елді қаға-маға Қалила сыртқа тұра кеп қашады... Роза келіннің беті ашылып, үлкен той басталды. Сонау Нева жағалауынан келгені ескеріліп, Манап ақын бастаған қонақтарға қызмет көрсету Қалилаға сеніп тапсырылады. Қалекеңнің негізгі міндеті – меймандарға ас алғызу, оларды қолпаштап-мақтау, арақ-шарап құю. Төрде – Манап, оның жанында «Ақ Баян» әнінің авторы, белгілі сазгер Бексұлтан Байкенжеев орын алыпты. Қалиланың немере ағасы Әмір Мәжитов та осында. Өңшең ығай мен сығайлар отырған дастарқан басында алуан-алуан тақырып қозғалып, әңгіме-дүкен қыза түседі. Абылайханнан басталған әңгіме Кене сарыға жетіп, Жаңақорғанға қатысы бар Сыздық төрелер тағдыры сөз болады. Майлықожа ақын, Кенжеқожа және Құтбай мен Нартайдың өмірінен құйқылжыта сыр ақтарған Манап ақынның әрбір сөзін естіген сайын Қалиланың екі көзі оттай жайнап, аузы бір ашылып, бір жабылып, алға
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ентелеп, құлағын түре түседі. Қонақтарға арақ-шарап құйған сайын өзінің «сыбағасын» да ұмытпай, кәдім гідей қызыңқырап қалады. Оның үстіне, мына жүрек шымырлатар әңгімелер көңілін босатып, Қалила «Қайран бауырларым-ай!» деп еңіреп жылап жібереді. Отырғандар бұған не болып қалды деп аңтарыла қарап қалған. Қалила болса әкесі өлгендей өгіздей өкіріп, жылауын қояр емес. Ленинградтық студенттің немере ағасы – Әмір кіндік тұсына бойы әрең жететін інісін құшақтап: – Жыламашы, бауырым, жыламашы, – деп жұбатып, өзі де жылап жіберуге шақ жүр... Қалила болса әлі де ботадай боздап отыр. – Мен неге кеш тудым? Бүкіл тарих өтіп кетіпті ғой. Мен оны сонау Ресейден іздеп жүрсем, тарихтың көкесі осында екен-ау, көке-е? Енді мына заманда ештеңені де өзгертуге болмайды, неге ғана кеш тудым, көке-е! – деп Қалила борша-боршасы шығып жылауын жалғастыруда. – Әй, жүгермек, болды енді, босқа еңіреп, боздай берме! Маңдайыңа жазылса, тарихтың көкесі әлі алда, бұйырса көрерсің, – деп Манап ақын Қалиланы жұба тып, жылағанын әрең тоқтатыпты. ОТЧЕТ Қ азақтелефильм» студиясына оператор дың ассистенті болып жұмысқа орналас қан Қалиланың жұлдызы оңынан туып, кинооператор Анатолий Федулов ештеңемен ісі жоқ, мейірімді, ақкөңіл жан болып шықты. – Жұмыс жоқта сені ары-бері несіне салпақтата берейін, қазір боссың, келесі аптада съемкаға келсең болды, – дейді рұқсат беріп.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Әйелі мен бала-шағасын ауылға жіберіп, өзі бойдақ тық жасап жүрген Қалила шешесі егіз ұл тапқандай қатты қуанады. Бірақ, мәз болып секіруге әлі ерте екен. Түсіріп жатқан фильмінің директоры Оля Ибраева әйел болса да, аюдай ақырып қалған нағыз ұрда-жықтың өзі болып шықты. – Мен ештеңе білмеймін. Күнде таңертең келіп, ма ған отчет беріп тұрасың, – дейді түйеден түскендей дүңк еткізіп. – Қап, мынаның қорлығын-ай! – деп қынжылған Қалила Мұстафа досын ертіп алып, қаланың ортасындағы Гвардейский көшесіндегі құлайын деп тұрған жалдамалы пәтеріне көңілсіз бет алды. Ертесіне таң атпастан жұмысына келген Қалила қалғып-мүлгіп отырған қарауылды оятып: – Оля Ибраеваны көрдің бе? – деп сұрайды. Қарауыл болса, мына жігіт таң атпай жатып, жын ұрып кеткен нен сау ма дегендей, көзін уқалап, біресе тысқа, біресе сыртылдап тұрған сағатқа қарайды. Бес жүзге тарта қызметкері бар шығармашылық ұжымның бүкіл есігін қағып шыққан Қалила Оляны іздеп жүрген болып, «Қазақтелефильм» студиясының бас директоры Кәрім Танаевқа да кіріп шығады. Ұйқысын қандырып, кофесін ішіп, асықпай түскі тамаққа қарай жұмысқа келе жатқан Оляның алдынан қарауыл сүйінші сұрағандай жүгіріп шығады. – Оля, қайда жүрсің? Сені Қалила таң атпай жатып іздеп келді. Суыт жүрісіне қарағанда өте бір тығыз жұмыс бар ғой деймін, – деді ол аптығып. – Қалиланы көрдің бе? Жаңа ғана сені табанынан таусылып іздеп жүр еді ғой, – дейді кез-келген қызмет кер Олядан сүйінші сұрағандай болып. Студияға кіреберісте езуіндегі темекісін әкесінің құны қалғаңдай үстін-үстіне сорып тұрған фильм директорын Көрім Танаев шақырады. – Оля, сені Қалила шарқ ұрып, іздеп жүр, – дейді ол. – Жайшылық па, әйтеуір?
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Түске дейін бір кабинетке кіріп ұйқысын қандырған Қалила дәлізге шыққанда Олямен маңдай соғыстырып қала жаздайды. – Әй, Омаров, ты мне надаело, – деп дүрсе қоя береді Оля. – Қызық екенсіз, өзіңіз емес пе, күнде келіп, отчет бер деген, – дейді Қалила аңқаусып. – Бүйткен отчетың құрысын сенің! Бар, құры! Федулов айтқан күні келерсің, – дейді Оля қолын бір-ақ сілтеп. «ОСЫЛАЙ ЖЫЛА ДЕДІМ БЕ, САҒАН...» Т алдықорған өңіріндегі Матай деген жерде Оралхан Бөкеевтің повесінің желісі бойынша «Дархан» атты көркемсуретті фильм түсіріліп жатты. Басты рольде ойнайтын Нұрмахан Жантөрин мен Нұржұман Ықтымбаев. Режиссер Ырымбек Әлпиев пен бас оператор Федор Аранышев басқаратын шығармашы лық топтың саны отыздан асып жығылады. Матай мен аудан орталығының арасы отыз шақы рым жер. Кезекті съемка аяқталып, болашақ фильмді жасаушылар аудан орталығындағы қонақ үйге жинала бастайды. Осы кезде Жантөрин, Ықтымбаев және режиссер мен бас оператор бөлектене бастайды. Өйткені, совхоз бастығының үйінде қой сойылып, оның еті қазанда бүлк-бүлк етіп қайнап жатқан болатын. – Қалила, – дейді бас режиссер жас операторға бұрылып. – Сен шығармашылық топты бастап, қонақ үйге қайта бер, біз кешірек келеміз.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК Түннің бір уағында темекі шегуге шыққан Қалила ұзын коридордың бір бұрышында тісін шұқып тұрған Нұржұман ағасын көреді. – Нұреке, – дейді Қалила оған жақындай түсіп, – ағадан сыбаға деген болмаушы ма еді? – Шырағым-ау, жыламаған балаға кім емшек берген? Сыбағаны ет асып жатқан жерден сұрау керек еді, – дейді Ықтымбаев жайбарақат. Келесі күні кезекті эпизодтың бірі ауылдық кеңес тің төрағасының үйінде түсіріледі. Қалила бастық тары көзден таса бола бергенде пленкасы жоқ камера мен үйдегі биенің сабасындай жеңгейді отырғызып та, тұрғызып та түсіріп, оны мәз етіп қояды. Күндегі әдеті бойынша сойылған қойдың етін оңаша жемек болған «төрттік» бүгін де топтан жайлап бөліне бастайды. Олар ауылдың шетіне шығып, серуендеп жүргенде Қалила қазан басында жүрген таныс жеңгесіне жүгіріп келеді. – Жеңгей, – дейді ол, – аяқ астынан аудан орта лығына жүретін болып қалдық. Бастықтарымыз аудан орталығында болатын түнгі съемканы жоспарлап қойыпты. – Ойбаи-ай, қайным-ау, мынау пісіп тұрған қойдың етін қайтеміз? – дейді әйел оператордың көмекшісінің сөзіне сеніп. – Піскен етке жейтін ауыз табылады, жеңгей. Сыбағамызды алып кетейік, – дейді Қалила ішіне бір қойдың еті сиып кететін кинопленка салатын ыдысты тоса беріп... Түн ауа Қалила темекі шекпек болып, тісін шұқылап, қонақ үйдің ұзын коридорына шыққанда бір бұрышта шылым тартып тұрған Нұржұман ағасымен ұшырасып қалады. – Әй, жүгермек, – депті сонда Ықтымбаев, – жыла дегенде соншама қатты еңіре деп пе едім, саған. Бір қазан етті төңкеріп әкетіп қалғаның қалай?
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ «ШЕШЕҢДІ ҰРАЙЫН» 988 жылдың қарға миы айналатын шілдесін де Жаңақорған ауданындағы «Сопаздың сазы» деп аталатын алқапта халық ақыны Манап Көке новтың 60 жылдық мерейтойы өтетін болып, өңшең сен ат мен тұрайын дейтін мүйіздері қарағайдай-қарағайдай қаламгер ақындармен бірге «Конвас» кинокамерасын құшақтап, «Қазақтелефильмде» еңбек жолын жаңадан бастаған кинооператордың ассистенті Қалила Омаров та келеді. Ақындар айтысы басталып, тойдың нағыз қызған шағы болса керек. Басшыларынан алғашқы өзіндік тапсырма алған Қалила зілдей кинокамерасын штативіне қондырып алып, тосын кадрларды түсіріп алуға құлшы на кірісіп кетеді. Бірақ, кинооператордың соңынан тойға келген бүкіл бала-шаға бір елі қалар емес. Балалардың тірі кинооператор мен кәдімгі кинокамераны көрулері осы болса не істейсің! Қалила қайда бұрылса, олар да сонда жүгіреді. Оның үстіне, Сырдың ыстық аптабы айналаны қуырып әкетіп барады. Шыжыған күнге балықтай қақталып, қара терге түскен Қалила көзіне құйылған ащы дымқылды сүртіп тастап, бір әдемі кадрды аңдып, енді түсіре бергенде біреу: – Қалила! Қалила! – деп иығынан жұлқылап тарта бастады. – Бұл кім, ерігіп жүрген? – деп кинооператор суы қайнаған самауырындай бұрқ ете қалды, – әй, жұмыс істеуге мұрша бересіңдер ме осы? Артына бұрылған ол бір топ құрдастарын суретке түсетіндей етіп тізіп қойып, жез мұрты едірейіп, әлденеге мәз болып тұрған туған әкесі Нематулланы көреді. – Әй, Қалила, кәне, бізді түсір! – деп әкесі әмір ете сөйлеп, құрдастарының жанына жайғаса бастады. «Ит ашуын тырнадан алады» демекші, онсыз да жарылуға шақ тұрған кинооператор әкесіне бас салады:
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Әй, Нематулла, сен Омардың баласы болсаң, мен Омардың немересімін! Оның үстіне, анау-мынау емес, «Қазақтелефильмнің» арнайы тапсырмасымен келген кинооператор Қалила Омаров боламын. Сондықтан да маған бұйрық беруге правоң жоқ! Анау шалдарыңды ал да, айтыс көр! – деп жаңа ғана жоғалтып алған әдемі кадрді жалма-жан іздей бастады. – Мына шешеңді ұрайын, не деп кетті? – дейді Нематулла не күлерін, не ашуланарын білмей, – киноға түсіретін түрі бар ма бізді? «АЛМАТЫЛЫҚ РЕЖИССЕР ҚАЙДА?» А мандық болса, бүгін режиссер Қалила Ома ров шығармашылық жолсапарға аттанып, өзі нің алғашқы тырнақалды деректі кинофильмі «Тәушенді» түсіруді бастамақ. Доптай домаланып жүріп, тиісті шаруаны жалғыз өзі-ақ бітіріп тастап, әріптес теріне ыржия күліп, көңілді көрінуге тырысқанымен іштей әлденеге қобалжып жүр. Айтыскер дүлдүл ақын Тәушен Әбуова туралы фильм Сыр өңірінде, оның ішінде Жаңақорған ауданында түсірілмекші. Ал Жаңақор ған – Қалиланың туған ауылы. Үлкен-кіші тұрмақ, жү гірген күшікке дейін оны жақсы таниды. «Ауылдағының аузы сасық» демекші, аудан басшылары «Бұл кім десек, өзіміздің бала екен ғой» деп онша елей бермеулері де ғажап емес. «Қазақтелефильмнің» бас директоры Кәрім Танаев Қалиламен дәліз ішінде бетпе-бет кездесіп қалады. – Ау, батыр, жолға жиналып жатырсың ба? Өзің біртүрлі көңілсізсің ғой. Кино түсірмей жатып, мұрның
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ның салбырап кеткеніне жол болсын? – деп қалжыңдай сөйлеген Кәрекең Қалиланың іштей абыржып жүргенін айтпай-ақ түсіне қойды. – Кәне, менімен бірге кабинетке жүре қойшы, – деп директор режиссерді жетектегендей болып, ішке кірді. Сонан соң, телефон сандарын асығыс тере бастады. – Оқа! Қалыңыз қалай? Біздің Қалила Омаров де ген режиссеріміз сіздерге барып, Тәушен ақын туралы деректі кино түсірмекші. Алғашқы сапары еді, сол балаға өзіңіз көз қырын сала жүрсеңіз! Телефон тұтқасын орнына қойып жатқан Кәрім Қалилаға күлімдей қарады. – Ал, жас достым, бар проблема шешілді. Сені облыстық партия комитетінің хатшысы Оңалбек Сәпиев қамқорлыққа алмақ. Мұрныңды жоғары көтер, батыр! Тек алға! Жолшыбай Шымкенттегі шаруаларын тап-тұй нақтай еткен Қалила Тәушен апасымен Жаңақорғанға аман-есен жетіп, болашақ кейіпкерін қонақ үйдің ең мықты үлкен нөмеріне орналастырып жатты. Кішкентай ауылда тосын хабар-ошар тез тарайды емес пе? «Алматыдан кинорежиссер келіпті!» деген сөзді естісімен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Қоянбай Қалмырзаев пен аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Әбілтай Сүлейменов асығып-аптығып қонақ үйге жетіп келді. Кіреберісте жолыққан Қалиланың сәлеміне көңіл аудармай ентелеген екі дөкей нөмерден Тәушен кемпірді ғана көреді. – Астанадан келген режиссер қайда? – дейді екі басшы жарыса сөйлеп. – «Көрмес, түйені де көрмес» деген осы екен-ау. Астанадан келген режиссердің сәлемін де алуға жарамай, өзін қаға-маға бері қарай өтпедіңдер ме? Әне тұр іздеген режиссерің, – деп Тәушен ыржия күліп тұрған Қалиланы көрсетеді. Бұлай боларын білмеген аудан басшылары бір бо зарып, бір қызарып нөмерден шыға береді.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК ...Арада бір сағат өткен соң аудандық партия ко митетінің бірінші хатшысы арнайы қызметкерін жіберіп, режиссер Қалила Омаров бастаған шығармашылық топ ты түк болмағандай қалбақтап қарсы алады. «Тәушенді» ойдағыдай түсіріп біткен Қалила Жаңа қорғаннан Қалила емес, Қалекең болып аттанды... ҚЫЗҒА БАҒЫНҒАН АККУМУЛЯТОР -Б ояп, опалап, әдемілемедің бе? Мынауың күнде өзіміз көріп жүрген кәдімгі Тәушен ғой. Отбасы, ошақ қасындағы қаз-қалпы, – деп айтыс ақыны Әселхан айтпақшы, кинорежис сер Қалила Омаровтың алғашқы туындысы – «Тәушен» бүкіл зиялы қауымды елең еткізіп, қарама-қайшы пікір талас туғызғаны рас. Мәскеуден бүкіл Кеңестер Одағы на екі рет, Қазақстанда әр ай сайын екі-үш көрсетілген туындысына жас балаша қуанып, малақайын аспанға лақтырып жүрген Қалиланы бірде «Қазақтелефильмнің» бас директоры Кәрім Танаев өзіне шақырып алады. – Қарағым, мені алғашқы қадамдарың қуантып тастады. «Тәушенің» құтты болсын! Иә, мақтаудан кенде емессің, бірақ тым масаттанып кетуден сақ бол, ол өнер адамына онша абырой әпермейді. Кез келген режиссердің бірінші фильмінде кездейсоқтық жағдайлар көп болатындығы да өтірік емес. Өнер адамының нағыз шығармашылық бет-пердесін екінші туындысы көр сетеді. Дос бар, дұшпан бар, нағыз сыналатын тұсың – осы сәт, – деп Кәрекең жас режиссерге халық жазу шысы Мәриям Хәкімжанованың портретін сомдауды ұсынды. Қазақ-орыс мәдениеті мен әдебиетінің арасына алтын көпір болған үлкен тұлға – Ыбырай Алтынсарин
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ нің бәйбішесі – Айғаным әжейдің тізесіне отырып, ерке леген Мәриям ақын көргені де, көңілге тоқығаны да көп сұңғыла қария еді ғой... Қалила алтынның сынығындай осы бір асыл жанмен тез тіл табысып, болашақ деректі фильмін түсіруге білек сыбанып кірісіп кетті. Сырт көзге бәрі де ойдағыдай көрінгенмен, режиссер өз ісіне іштей қанағаттанбай жүр. Ақынның шын жансарайын ашудың кілтін әлі де таба алмай жүргенін ол іштей сезеді. Түсірілген кадрлардың табиғи болмысқа, табиғи шындыққа жанаспауы да содан. – Мәриям апай, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллинді көрдіңіз. Биаға, Сәкен ағаларыңыздың мейір-шапағатына бөлендіңіз. Осы Сізде арман бар ма? – деп бірде Қалила ақынға тосын сұрақ қояды. Алдын ала келісім бойынша бұл сәтті киноопе ратор Мұстафа Өсеров «Конвос» кинокамерасымен байқатпай түсіріп отырады. – Өткен өміріме разымын! Небір тұлпардың тұяғы, алтынның сынығы болған зиялы жандармен дәмдес, сырлас болғанымды үлкен бақыт санаймын! Ақынын әлпештеген халқыма мың да бір рахмет! Тек бір ғана арманым бар. Мына төрімнен көрім жақын болып отыр ған шағымда, сонау Тобыл жағасындағы кіндік қаным тамған Мезгілді көріп, ақ қайыңдарын құшақтасам ғой, шіркін!!! – деп Мәриям Хәкімжанова ағынан жарылып, тамсана көкке қарайды. – Болды, болды! Стоп! Мұстафа! – деп айқайлайды режиссер, – фильмнің басы бар. Кеттік Қостанайға! Бір символ кадр түсірсек жетіп жатыр. 1990 жылдың қақаған қаңтарының бір күні Қалила бастаған кинотүсірушілер тобы Қостанай облысынан бір-ақ шығады. Мұзға құрсауланған Тобыл. Қарға тұншыққан ақ қайыңдар. Айнала аппақ. Міне, Мәриям ақын бір көруді армандаған қасиетті жер – Мезгіл осы. Табиғаттың тіл жетпес сұлулығына Қалила мен Мұстафа сұқтана қарап қалған. Қазақ қыздарының арасында түңғыш кинооператор болсам деп армандап жүрген
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК студия директорының хатшысы Сандуғаш Дүйсенбаева мен сценарий авторы Гүлжахан Қасымжанова қыстың айшықты көріністеріне жас балаша мәз-мейрам болып келеді. Оқшауланып тұрған бір шоғыр аққайыңды автобус тың әйнегінен аңғарып қалған Қалила: – Таптым, таптым, – деп шешесі егіз ұл туғандай айқай салады, –Мұстафа, қарашы, анау биік әсем ақ қайыңның ұшар басындағы ұяны көрдің бе? Мәриям апайдың арман құшқан көз жанарын осы ұяға қаратып, «Атамекен» деп фильмнің бас титрін береміз. Жол жүріп әбден шаршаған шығармашылық топ автобустан, опыр-топыр түсіп, әлгі көріністі түсіруге дайындала бастайды. Белуардан келетін қарды кешіп, құс ұясы салынған қайыңға әрең жеткеңде кинокаме раның аккумуляторы суыққа қатып қалған болып шық ты. Кинооператор Мұстафа қайтадан қарды малтып, автобустың моторына аккумуляторды қыздырып алып қайта жетем дегенше әлгі қырсық зат қайтадан қатып үлгеріп, кинокамера жұмыс істемейді. «Қырсыққанда қымыран іриді» деген осы, көзделген жұмыс жүрмей, бұл көрініс үш рет қайталанады. Мұстафа енді не істерін білмей басы қатып тұрғанда Қалекеңе бір идея сап ете қалып: «Сандуғаш! Төсіңді аш» деп тоңып, қалтырап тұрған ассистент қызға тұра ұмтылады. Аузы ашылып қалған жас қыздың есін жинатпай режиссер сыртқы киімінің омырау түймелерін асығыс ағытып, зілдей ауыр, әрі суық аккумуляторды қонжитып, қайта түймелеп: – Алға, съемкіге! – деп бұйрық береді. ...Ақын Марям Хәкімжанованың кіндік қаны тамған жер – Мезгілдегі ақ қайыңның ұшар басындағы ұя осылайша кино кадрларға түсіріледі. – Жарайсың, – депті сонда Қалила алқынып әрең тұрған Сандуғаштың арқасынан қағып, – сенің қойның мотордан да ыстық екен.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ «ТӨРДЕН ОРЫН БЕРЕЙІК...» Ә зілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының желісі бойынша жаса ған деректі фильмінің тұсаукесері ойдағы дай өтіп, оның арты шағын банкетке айналып кетеді. «Қазақтелефильм» студиясынан шыққанда айтулы туындының режиссері Қалила Омаров кәдімгідей қызу болатын. Ол автобус аялдамасына келіп үздіксіз ерсіліқарсылы ағылып жатқан мәшинелердің бірін тоқтатпақ болып, теңселген күйі қол көтеріп тұрады. Көп ұзамай-ақ оның дәл жанына көк темір қорапты «Уазик» екпіндетіп келіп тоқтай қалады. – Бауырым, – дейді Қалила тілі күрмеліп, – үйіме жеткізіп тасташы, екі жағына бірдей төлейін, Россия рублі де бар, доллар да табылады. – Көкесі, біз сізді баратын жеріңізге тегін-ақ апарып тастаймыз, – дейді милиционер жігіт мәшинеден түсіп жатып. Қалила сонда ғана оның қызыл жағалы ағайын екендігін байқап қалып, қашпақ болғанда, «бауыры» білегінен шап беріп ұстап, қолын қайырып, «Уазиктің» артқы есігін ашып, бір топ маскүнемдердің ортасына итере салады. Сол зуылдағаннан зуылдап отырып, Ома ров Алматының Сейфуллин мен Ташкент көшелерінің қилысындағы айықтырғыш орнынан бір-ақ шығады. – Жігіттер, – дейді ол темір есікті тепкілеп. – Сендер тапқан екенсіңдер қамайтын адамды. Мен режиссермін, біле білсеңдер бүгін ғана «Махаббат қызық мол жылдар» деген киномды тапсырдым, между прочим. – Әй, данышпан, – дейді оған жақындаған милицио нер, – режиссер екеніңді білдік, енді өзіңнің қандай рудан екеніңді айтарсың, мүмкін туысқан болармыз. – Руымды білгің келсе – Қожамын! – Әй, Қожа, – дейді қызыл жағалы ағайын, – өзің нағыз ақсүйек екенсің, сені бақыртып-шақыртып кілең қаралардың жанында тастағанымыз жарамас. Саған төр жақтан орын беріп, жеке камераға қамайық.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК «МҰСТАФА ҚАШАН ҮЙЛЕНЕДІ?» Қ алила өзінің «Нәубет» деп аталатын филь мін түсіруге Түлкібас ауданындағы Састөбе ауылына барады. Кинооператор Мұстафаның 104 жастағы туған әжесі осында тұратын. – Мұстафа, – дейді Қалила, – әжең көп дәуірді бастан кешірген жан, аштықты өз көзімен көрген кісі, білгені мен көргенін түсіріп алайық. Әрине, жүзден асқан кейуана бірді айтып, бірді бастап кетуі мүмкін. Бір метр кинопленканың 3 доллар тұратындығын менен жақсы білесің, сондықтан да оны үнемдеген жөн. Сені көрген әжең әрнәрсені бір айтып, басымызды қатыруы мүмкін. Сондықтан да камерамен жұмыс істей баста ғанда көрпенің жамылғысын бүркеніп, әжеңе көрінбеуге тырыс. – Мотор! – деп команда беріліп, «Конвас» камерасы іске қосылады. – Орынкүл, әже, – дейді Қалила микрофонды ыңғайлап, – сіз Николай заманының куәгерісіз. Аш тықты да көрдіңіз, сол туралы айтып берсеңіз. – Шырағым, аштық болды ғой, бірақ мен қиындық көрген жоқпын... Өзім шіріген байдың қызы болып тұрып қайдан ашыға қоямын, – деп әжей бастаған әңгімесін басқа арнаға бұрып жіберді. – Жаңағы Мұстафа қайда кетті. Ол жүгермек келінді қашан әкелмек? Мен өлгенде әкеле ме? – Мұстафа қайда қашар дейсіз, үйленеді ғой. Әже, ашаршылық жайлы айтып беріңізші, – дейді Қалила босқа кетіп жатқан пленканы ойлағанда іші тұздай ашып. – Аштық, аштық, – деп тақылдамашы сен бала! Ол туралы айттым ғой жаңа. Әлгі Мұстафа қайда? Өзінің қатын алатын ойы бар ма? – дейді ақ кимешекті әже Қалилаға жақтырмай қарап.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Стоп, – дейді жарылуға шақ отырған Қалила айқайға басып. – Әй, Мұстафа, сен қашан ғана үйленесің осы! Сен үйленбей мына әжеңнің аштық туралы айтатын түрі жоқ... ЖАЯУ МҰСА ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕРІГІ 992 жылдың күзінде «Қазақтелефильм» студия сына Әбжан Жақсыбеков деген директор болып келіп, айрандай ұйып отырған шығармашылық ұжымның берекесі қаша бастады. Бас редактор Мұса Рахманбердиев, режиссер Қалила Омаров және бірнеше жігіт арыздарын жазып, жұмыстан босанып кетеді. Бірақ, «битке өкпелеп, тоныңды отқа тастамайсың». Тірі адам тірлігін жасайды, бір-екі ай жұмыссыз жатқан Қалила бір тірлік жасамаққа бел байлайды. – Саған екі күнде бір жәшік темекі беріп тұрайын, – дейді бір танысы, – соны сат. Маған бір жәшік темекінің өзіндік пұлын берсең жарап жатыр. Үстіндегі пайдасының, қызығын өзің көр. Ертесіне Қалила танысы берген бір жәшік темекі ні алып, жеміс-жидек зауытының жанындағы аялдама ға шығады. Үш күннен соң адам көрге де үйренеді деген рас екен. Алғашында ептеп ыңғайсызданған Омаров бара-бара темекі сатудың ұңғылы мен шұңғылын әбден меңгеріп алады. Оның үстіне темекі атаулының қат кезі, бұрынғы кинорежиссердің қолы жүріп, бала-шағасын асырауға жарап қалады. – Темекі алыңыздар, темекі алыңыздар, өте сапалы, өзі арзан, – деп айқайлап тұрған Қалила біреудің өзіне қадала қарап тұрғанын сезіп жалт бұрылса, бұрын ғы бас редакторы Мұса оған таңқала қарап тұр екен. Үлкен көздерінен мейірімділік пен жанашырлық сезімі
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК айқын аңғарылып, өз-өзіне сенбегендей басын шайқапшайқап қояды. – Қалила, көше кезіп, темекі сатып саған соншама не болды? – деді ол ешкім естіп қоймасын дегендей сыбырлап. – Мұсеке, не десем екен? Күнкөрістің қамы ғой. Оның үстіне қызым ауырып қалып, дәрі-дәрмек керек дегендей, – дейді Қалила жерден көзін алмай міңгірлеп. Үш сағаттан соң Мұса темекі сатып тұрған Қалилаға қайта соқты. – Қалила, – деді Мұса, – білесің, өзім де жұмыс сыз жүрмін, мынау бір керегі болар деп сарымайдай сақтап жүрген пұлым еді, жағдайың келсе кейін қайтара жатарсың, қызыңа жарат, – деп бір бума ақшаны ұсына берді. Мұса асығып кетіп қалған соң Қалила бұрынғы бастығы берген ақшаны санай бастады. Бақандай 5000 сом екен. Ал, сол кезде білдей режиссердің айлық табысы 250 сом болатын. Арада екі ай өтпей жатып, Мұса «Қазақтелефильм нің» Бас директоры болып тағайындалып, Қалила бұрын ғы қызметіне кайта оралды. Бұлбұлдан гөрі кейде қарға ның жолы болғыштығына бүгінде таңқалмайтын болдық емес пе? 1994 жылдың жазында ойламаған жерден «Қа зақстан» теледидар және радиохабарларын тарату ком паниясының президенті болып Ләйла Бекетова ханым та ғайындалып, Шерхан Мұртаза отставкаға кеткен соң бір топ қазақи жігіттер қызметтен тағы да шеттей бастады. Солардың арасында Мұса мен Қалила да бар еді. «Қазақтелефильмнің» бас директоры қызмет орны мен жеңіл мәшинесін тапсырып, Қалила екеуі жаяулатып Абай көшесіне түседі. Дәл осы кезде күн көзі қарауытып сіркіреп жаңбыр жауып тұрады. Онсыз да көңіл-күйлері болмай тұрған Мұса мен Қалиланың дәл жандарынан бір шетелдік жеңіл мәшине зу етіп өте шығып, үсті-бас тарын малмандай етеді. Жын қуғандай болып өте шыққан «иномарканың» жүргізушісін Қалила танып үлгереді. – Қап, мына иттің қорлығы-ай! – дейді ол. – Бір кездерде менің ассистентім еді. Қарашы шіренуін! Общым Мұсеке, сіз адам емес екенсіз.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ Мұса мынаны жын ұрып кеткен бе деп жанында тұр ған серігіне мұрты едірейе қарайды: – Әй, сен не деп сандалып тұрсың? – Сіздің сөзіңізге еремін деп, әжептәуір басталған бизнесімді тастап, киноға келдім. Енді жаяулатып, кім көрінгеннің шалшығын үстімізге шашқызып, тұрысы мыз мұнау! Баяғы өзіңіз берген 5000 сомды айландырып әлдеқашан мынандай деген мәшине сатып алар едім. Көлік болғанда, әрине, сіз екеуміз дәл осылай тұрмаған болар едік. Үйіңізге әлдеқашан жеткізіп, Қалдыкүл жеңгемнің шайын рахаттанып ішіп отырған болар едіңіз. – Тәйірі, сол да сөз болып па, – дейді Мұса, – мәшине деген темір, сынса көрінген жерде қалып қояды. Ал, сен болсаң Мағжан мен Міржақыптарды тірілтіп, өлмейтін кинотуыңды жасадың. Мұндай бақытқа кез-келген жігіт ие бола бермейді. Біреулерге жаяу жүру қорқынышты шығар, біз оған әбден үйренгенбіз, бауырым. Осы кезде № 5-ші троллейбус шиқ етіп тоқтай қалады. Екеуі көппен бірге таласа-тармаса қоғамдық көлікке ұмтыла береді... «СЕН ЖЫҒЫЛМАШЫ, БАУЫРЫМ...» Б аяғы Мұса берген 5000 сомды айналдырып, бизнес жасап жүрген Қалиланың жанына судай жаңа «Джип» тоқтай қалып, Ленинградта бірге оқыған досы Әлжан түсе берді. – Ау, Қалила досым, мұның не? Кино қайда? – деді ол амандық жоқ, саулық жоқ. – Кино да жоқ, ақша да жоқ, бала-шағаның нәпақасын осылайша тауып жүрмін, – деді Қалила алақанын жайып.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Жоқ, болмайды, сен кино түсір. Бір кино қанша тұрады, мен-ақ төлейін! Сөйтіп, «Ойна» казиносының директоры Әлжан Абдуллаев ойламаған жерден атақты палуан Дәулет Тұрлыханов туралы деректі фильм түсіруге демеуші болады. Қалила кинооператор досы Мұстафаны ертіп, Тұрлыхановтар әулетіне еріп, Жарма қайдасың деп тартып кетеді. Қазақтың көк байрағын дүниенің төрт бұрышында желбіретіп, атақ-абыройын асқақтатқан Дәулет палуанды, оның әкесі Болатты, бауыры Қуатты Семей жұртшылығы хан көтеріп, жандары қалмай күтеді. Дастарқан болған соң «көк мойын» жарықтықтың қатар жүретіндігі жақсы белгілі ғой. Бір-екі отырыстан соң сәл қызыңқырап қалған Қалила Дәулет замандасының белінен құшақтап, көтеріп, салмағын шамалаған соң «күресемін де, күресемін» деп «шатақ» шығарады. – Ойбай, көкесі қойыңыз. Сізден жығылып қалып, елге масқара болатын жағдайым жоқ, – деп Дәулет әзілқалжыңға жеңдіріп, Қалила ағасынан әрең құтылады. Жармаға жеткен соң деректі фильмді Түсіру баста лып, бұлшық еттері ойнақшыған атақты палуан спорт за лындағы кілемде дене қыздырып жатады. Кенет, Дәулет тің де балалығы ұстап кетіп, қажетті көріністерін кино операторға түсіртіп, ары-бері жүгіріп жүрген Қалилаға: – Өткен жолы күресемін деп едің, кел белдессек белдесейік, – деп тұра кеп ұмтылады. – Көкем-ау, сенімен күресіп, өле алмай жүрмін бе? – деп режиссер тұра кеп қашады. Дәулеттің қолында Қалиланың бәтіңкесінің бауы қалып қалады. ...Түсірген киносы сәтті шығып, шын жүректен разы болған Дәулет режиссер ағасына бейнекамера сыйлады. Алматының спорт залдарының бірінде Дәулет Қалила мен кездесіп қалады. – Көке, кел, күресейік, – дейді ол қалжыңдап, – азар болса бір жығылармын. – Жоқ, – дейді Қалила күліп, – менің бір тұрып, бір жығылып жүргенім жетеді. Ешқашанда сен жығылмашы, бауырым!
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ ЕРЕКШЕ «ӘДЕТ-ҒҰРЫП» Қ азақ халқының тарихы мен әдеп-ғұрпын зер ттемек болып, тілді өзінше үйренген амери кандық ғалым қыз бірде Алматыға келіп, бір кездесуде режиссер Қалила Омаровпен танысады. – Нағыз қазақты білгің келсе Қызылордаға жүр, – дейді Қалила, – әлі қаймағы бұзылмаған тілімізді өз құлағыңмен естисің, көз көрмеген нағыз тамаша ұлттық салт-дәстүрімізді өз көзіңмен көресің. Виза жағына алаңдама, бәрін өзім жайғастырамын. Ертесіне Қызылордадағы облыстық Суретшілер одағының торағасы болып қызмет атқаратын Қайырбай деген ағасына: – Қайырке, бір деректі кинофильм түсіру үшін елге келмекшімін. Жанымда бір топ жолдастарым және сонау Америкадан келген ғалым қыз болады. Біздің салтдәстүрімізді зерттеп жүрген шетелдік қызды жақсылап тұрып күтіп жіберейік, – деп алдын ала ескертіп қояды. Қызылордалық ағайындар бұл топты жақсылап қарсы алып, құрметті қонақ етіп күтеді. Бір топ жігіттер қонақ үйіне кетіп, Қалила мен Пола үйде қалады да, екеуі аула ішінде бой жазып серуендеп жүреді. – Қалила мен Пола біздің үйде қонады. Екеуіне жақсылап тұрып төсек салып бер. Ұзақ жолдан шаршап келді, демалсын, – дейді Қайырбай келіншегіне. Оны басқаша түсінген әйелі үлкен залдың төріне екі кісіге арнап үлкен төсек салып қояды. Залдың ішіне кірген қонақ қыз бірге салынған төсекті көріп, кілт тоқтап қалады. – Біздің халқымыздың дәстүрі бойынша ең сыйлы ер кісі мен ең сұлу, әрі жас қызға төсекті бірге салады. Осындай құрметке екеуміз ие болдық. Бірге жатпасақ – салт пен дәстүрді бұзғанымыз, – дейді Қалила қал жыңдап, отқа май құя түсіп. – Ағай, менің сөз байласып қойған жігітім бар. Ол қазір Жапонияда жолсапарда жүр, – дейді Пола көздері мөлт-мөлт етіп.
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК – Сенің жігітің болса менің Алматыда әйелім, үш-төрт балам бар. Бірақ, әдет-ғұрыпты қалай сыйламаймыз? Үй иесі бізге жата кеп өкпелейді, – дейді Қалила қара бұлтты төндіріп. Құлақ естімеген мына тұрпайылау дәстүрге еріксіз мойынұсынған американдық бойжеткен әрі-сәрі болып, шешіне бастайды. «Суға кеткен, тал қармайды» демекші, сол кезде төсек салған жеңгей бөлме ішіне бас сұғады. – Апай, – дейді Пола ақталғандай. – Қалила мені мына төсекке бірге жат деп жатыр. Салт-дәстүрлеріңіз солай екен. Қайырбайдың әйелі жартылай шешініп тұрған Полаға, палуандар күресетін кілемдей болып созылып жатқан төсекке кезек-кезек қарап: «Не сонда, сендер не емессіңдер ме?» дейді таңқалып. – Жоқ, жоқ, – деп Пола шошып кетеді. – Ондай дәстүрді естіген құлағым керең болсын, – дейді жеңгей, – мына жүгермектің ойдан шығарып тұрғаны ғой. Бұлардың өзі де құрысын, сөзі де құрысын, – деп Поланың білігінен ұстап, жетектеген күйі залдан шығып кетеді... Пола осы оқиғаны ұзақ уақыт бойы ішек-сілесі қатып Америкада айтып жүріпті. ТОР СӨМКЕДЕГІ АРАҚ Қ алила Омаровтың атақты «Барып қайт, ба лам, ауылға» фильмінің алғашқы қойылымы Алматыдағы Кино үйінде өтетін болып, режис сер оған бірнеше таныс тілшілерді шақырады. Құрғақ қасық ауыз жарытпайтындығын білетін ол бұған көп тен дайындалып, сол кезде талонмен беріліп, қат болып тұрған үш-төрт бөтелке арақты сары майдай сақтап жүрген болатын.
ӨМІРДІҢ СЕГІЗ СӘТІ – Мұстафа, – дейді ол, – мен Кино үйіне бара бе рейін. Үйдегі тор сөмкеде үш шиша қылмойын тұр, қазір Рыскүл бауырсақ пісіріп жатыр. Сол заттарды алған соң Орталық базарға міндетті түрде соғып, тіске басатын бірдеңелер ал. Премьераға таныс үш-төрт журналист келмек. Фильм біткен соң менің жаныма кел, екеуміз тездетіп шағын дастарқан ұйымдастырып жіберейік. ...Фильмнің алғашқы қойылымы аяқталғанда режис серді таныстары жан-жақтан қоршап алды, туындыға жылы лебіз білдіріп, өз пікірлерін таласа-тармаса айтып жатыр. Құшағы гүлге толған Қалила мырза бірнәрсеге қатты алаңдап, мазасызданып тұр. Базарға жіберген Мұстафа аспанға ұшып кетті ме, жоқ жеті қабат жер дің астына түсіп кетті ме, ұшы-қилы жоқ. Тілші ағайын дар «Әй, Қалила мырза, уәде қайда? Бірдеңең бар ма?» дегендей режиссерге қарайды, ал ол болса жалтақ-жал тақ етіп, үлкен есікке қарайды. Не істерін білмей әрі-сәрі болып тұрғанда асығып-аптығып Мұстафа кіріп келді. Қалиланың көзі бірден тор сөмкеге түсті: оның ішінде бар болғаны бір бөтелке арақ қана қисайып жатыр, боларболмас тіске басар бар. – Ойбай-ау, мыналардың серіктері қайда кеткен? – деді Қалиланың жаны шығып кете жаздап. – Менің кінәм жоқ, – деді оператор досына қипақтап, – өзің айтқан үш бөтелке арақ пен бауырсақты алып, сонан соң базарға соқтым. Кино үйіне кіреберісте Мейірман Нүрекеев екі-үш жолдасымен қарсы ұшыраса кетті. – Менің інілерім шетінен молодец, – деді ол ашықжарқын амандасып, – не ойлап тұрғаныңды айтпайақ түсінеді... Аржағын айтпасаң да ішің сезіп тұр ғой... Қалғаны осы... – Жігіттер, тойдан-тобықтай деген, – деді Қалила, – бұйырғаны осы болды, тағы біреулер қағып алып кетпей тұрғанда мынаның көзін құртайық. – Жоққа жүйрік жетпейді, – деп Роман Тоқбергенов бастаған тілші ағайындар Қалила мен Мұстафаның соңынан ере берді...
Доқтырхан ТҰРЛЫБЕК БІР «КАМАЗ» КАРТОШКІ К алиланың Алматыдағы Жандосов пен Морис Тореза көшелерінің қиылысындағы Қазақ теледидарының «Экран» жатақханасынан жеке пәтер алып, ауылдан жұбайы мен бала-шағасын әкелдіріп, мәре-сәре болып жатқан кезі. Мұндайда пейілі дархан қазақ қалай ғана тыныш жатсын, ел жақтағы қайын атасы Ергеш пен енесі Сайлау сонау Жаңақорған нан бір қой мен бір қап картошкасын арқалап, балаларына құтты болсын айтып, келіп жатады. Көптен бері дәл осын дай молшылық көрмеген, бір жағынан үлкен кісілердің пейілдеріне риза болған Қалила жұмыс аяғына таман белгілі кинорежиссер Аяған Шәжімбаев екеуі ептеп жүз грамдатып келе жатады. Бесінші қабаттағы Қалиланың пәтерінің төменгі жағында пырдай болып шашылып жатқан аппақ-аппақ картошкілерді көргенде, екі дос таң қалады. Әсіресе, Қалекең басын шайқай береді. Өйткені, қайын атасы мен енесі әкелген картоптан айнымайды екен жарықтықтар. Олар пәтерге кіргенде көздері үлкен бөлменің ең бұрышында сүмірейіп тұрған Қуаныш пен Мұхтарға еріксіз түседі. Екеуінің де көздері жәутеңдеп, мамаларының қолындағы оқтауға қарайды. – Қой, Рыскүл, ашуыңды бас енді, баланың аты бала емес пе? – деп әкесі қызына басу айтып жатыр. – Керек болса, бір емес, екі қап картошка әкеліп берейін. Бол машы нәрсеге жиендерімді жазалама! Шай үстінде мән-жайға қанық болған екі режиссердің ішектері қатқанша күліп, шашалып қала жаздайды. Рыскүл әке-шешесімен жақын маңайдағы базарға кетіп, Қуаныш пен Мұхтар екеуі үйде оңаша қалады Екеуінің іші пысқан соң балконға шығып, мойындарын қылтитып төменге көз тастайды. Үлкен сұр үйдің жа нынан қазағы бар, орысы бар үздіксіз өтіп жатыр. Не матулла атасы мен Қалила көкесінің үйретуінше үлкен адамдарға сәлем беру шарт.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру