Ғалым Жайлыбай 1-том
Ғалым Жайлыбай
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Ресей Жазушылар ұйымының Сергей Есенин атындағы алтын медалінің иегері Ғалым Жайлыбайдың бұл жинағына қаламгердің әр жылдары жазған таңдаулы туындылары енгізілген. Қашанда өлеңді өмір суреттерімен, ашық бояумен елестететін қаламгер жаңашылдығы – оның тілінде, бейнелік сипатында. Көркемдік көрігінен шыққандай төрт бөлімнен тұратын жинақ көпшілік көңілінен шы
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Жайлыбай F.
Таңдамалы. – Астана: Фолиант, 2014.
ІSBN 978-601-7568-45-0
Т.1. Өлеңдер. – 336 бет.
ІSBN 978-601-7568-46-7
Көрнекті ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының
лауреаты, Ресей Жазушылар ұйымының Сергей Есенин атын
дағы алтын медалінің иегері Ғалым Жайлыбайдың бұл жинағына
қаламгердің әр жылдары жазған таңдаулы туындылары енгізіл
ген. Қашанда өлеңді өмір суреттерімен, ашық бояумен елестете
тін қаламгер жаңашылдығы – оның тілінде, бейнелік сипатында.
Көркемдік көрігінен шыққандай төрт бөлімнен тұратын жинақ
көпшілік көңілінен шығар деп сенеміз.
ІSBN 978-601-7568-45-0
УДК 821.512.122-1
ББК 84 (5 Қаз)7-5
УДК 821.512.122-1
ББК 84 (5 Қаз)7-5
Ж 19
Ж 19
© Жайлыбай Ғ., 2014
© «Фолиант» баспасы, 2014
ІSBN 978-601-7568-46-7 (Т.1)
БҮГІНГІ ӨЛЕҢ
Заман өзгерді.
Заманға лайық, соның ой-пікірінен, көзқарасынан тұратын
жаңа сөз іздеу қажеттігі күн тәртібінде тұр. Бұрынғы ақындық
жаңаруға тиісті. Әр жерде «Неге жаңа сөз жоқ, бәрі де ескіше
айтылып жатыр...» деген дауыстар да шығып қалады.
Өмір бар жерде поэзия болатынын ескерсек, поэзияның
өлмейтініне, жаңа заманға қызмет істейтініне сенесің. Мәселе
сол жаңа үнге құлақ тосып, оның жаңалығын түсіне білуде.
Байқап қарасақ, қазіргі өлеңде елдік, Отан, патриотизм
деген ұран сөздер аз кездеседі. Оның есесіне ақындар күнде
көріп, көзіміз үйренген қарапайым шындықты бейнелеп,
содан сурет салып, сол арқылы өмір сырын терең танырлық
оймен көмкеруді әдетке айналдыра бастағандай. Осы суреттер
арқылы ол айғайламай-ақ өзінің отаншылдығын, елін, жерін
сүйетін ұлы жүрегін ашып көрсете алады. Ең бастысы – қазіргі
қазақ қоғамында ұлттық рухтың, намыстың оянуы, біздің
қазақтығымыз, ұлттық тарихымыздың барлығы деректі шын
дыққа сүйеніп айтыла бастады. Бір кезде ұранды өлеңге, ай
ғайға үйреніп қалған көзге бұл жаңалық бірден шалынары
даусыз. Ғалым Жайлыбайдың «Тобылғыжарған» кітабын оқу
үстінде мен де осыған анық көз жеткізгендеймін.
Ғалым шығармалары қазіргі оқырман ықыласына бөлен
ген кітаптардың қатарынан орын алды. Ол туралы Фариза
Оңғарсынова, Темірхан Медетбек, Аманкелді Кеңшілік, Қуа
нышбай Құрманғали тәрізді белгілі әдебиетшілер пікірі жарық
көрді. Бәрі де Ғалымның ақындық жолы сәтті басталғанын
айтып қуанды. Әсіресе «Тобылғыжарған» атты (2011) соңғы
кітабы жұрт назарына ерекше ілікті.
Ақынның бүгінгі қазақ даласының проблемаларын қозғай
отырып, дала табиғаты мен ел-жұрт тіршілігіндегі өзгерісті
қадамдарды, соған қоса өзгеріп жатқан адам психологиясын
кеңінен толғауы бәрімізді де қуантады. Ең алдымен байқа
латыны – ақынның заман сырын, өзгерістің беталысын өткір
сезінетіні. Ақындық талантты жетілдіруде қоғам сабағы мен
тәрбиесінің үлкен орны бар екендігі Ғалымның осы жолдағы
ізденістерінен танылады.
В. Белинскийдің А.С. Пушкин туралы мақалаларында:
«Ақынның тағдырын тек талант қана шешеді деп ойлау –
үлкен қателік. Әрине, адамды ақын ететін, алдымен, талант
екені рас, бірақ оған қосымша мінез, білім және ұстанған
бағытың болуы керек. Соңғылары ол өмір сүрген қоғамға
тәуелді. Шындықты ақындықпен бейнелеу табиғи талантқа
аздық етеді, ол үшін ақынның өзінің ақындық шындығы
болуы керек», – деген сөзі бар. Бұл – ұлы сыншының «Ақын –
өз заманының перзенті» деген пікірімен үндеседі. Сонымен
бірге заман өзгерісі ақын талантын ұштай түсетінін, бұрынғы
көзқарас пен ойды жаңарта нақтылайтынын атап айтады.
Пушкиннің талантын ашқан 1812 жылғы Отан соғысы болған
дығын, дәл осы соғыс қана орыс қоғамында ұлттық намыс пен
бұрын қалғып-мүлгіп келген рухани күшті оятқанын тілге
тиек етеді. Пушкин осы заманның рухын түсінді, соны жырлап
өсті дейді.
Қазақ қоғамындағы ұлттық рух пен намыстың оянуы біз
дің тәуелсіздігімізбен байланысты екені енді анық мойында
ла бастады. Қазақ екенімізді, ұлттық тарихы бар, рухы берік
халық болғанымызды бұрын аракідік айтып қалғанымызбен,
ондай пікір біз өмір сүрген заманның рухына сай емес еді,
сондықтан ондай сөз көп елене бермеді, кейде тіпті сынға
ұшырап жатты. Ал бүгінгі қазақ өлеңі түгелдей ұлттық идея
мен рухтана бастады десек, артық айтқандық емес.
Ғалым өлеңдерінің лирикалық қаһарманы – дала перзенті,
тайға мініп жылқы баққан малшының баласы. Оның жастығы
көшпелі ауылда, далада, мал ішінде өткен. Мал болғанда –
жылқы.
Жылқы бағу ол кезде кез келген малшының еншісіне бұ
йырмаған. Атқа міну, ат үстінде еңбек ету – жаяу немесе өгіз
мінген малшыға қарағанда құрметті жұмыс саналған.
Ат үстінде ұмыттым кедейлікті,
Ат үстінде өлсем мен шатпын дедім, –
деп Жұбан ақын айтқандай, атты қазақ қиялға, романтикалық
көңіл күйге бір табан жақын болған. Ғалым қаһарманы да «тай
мініп, жеткізбейтін сағымды қуып» ғұмыр кешеді, қолына
тобылғы сапты қамшы ұстап, «түн түндігін қамшысымен
тілгілеп» өседі, «жылқы мінезді жылқышының баласы тұ
нықтың тұнығын іздейді», «зулаған күннің белестері оның
ойын ұштайды». Осы бір бейнелі танымдар – «байтал-бұлттың
құлын-қыр төсін еміп», «бесіктен белі шықпай бәйге көрген,
жыр жазбауға қақы жоқ сол баланың» деген тармақтардың
жалғасы. Бұлар – өлең негізіне ақынның өмірбаяндық де
ректерді пайдаланғанының куәсі.
Ол елінен, ата кәсібінен еш уақыт қол үзбегенін, сол дала
ның перзенті боп қалғанын басқа өлеңдерінде де анық байқата
ды. Ақпанның ақ боранында («аш бөрілердей ақ боран ұлып
жатқанда») қарына құрық іліп, ел аралайды, «аппақ әлемде
емделіп» («тап болсам, шіркін, қазыналарға») қайтам деп
барып, басқаша көріністерге тап болады.
Ол «қасқыр ішікті, түлкі тымақты» қарттардың сиреп
қалғанын көреді. «Түнде айға қарап ұзақ ұлыған көкбөрілер
дің бөлтіріктерінен» тағдыр мойынға ілген ауыртпалықты
таниды. «Қара шанақтың зарын құстырып, өз қобызын өзі
тыңдайды».
Жолға шығайын,
қарасын бәрі,
Көгереміз бе көнені күз деп?
Ақ түнектердің арасындағы
Адасып қалған
өлеңімді іздеп.
Қоғам, уақыт сыры мен қызметі жайлы ойлы, кейде сын
шылдық көзбен қарап қалам тербегенде Ғалымның оған қатты
кінә артпай, ашық айыптамай, тіпті кейде оның қайшылықты
көріністеріне ызаланып кектенбей жазатынына таңғаласың.
Бірақ ол енжар емес. Кітаптан іздемей, өмірдің өзінен алған
деректі шындықтың өзін ақын өлең жолдарына түсіру арқылы
оқырманына ой салуы оған жұрт назарын аударуды көздейді.
Бұл – өлеңді саясаттандырмаудың жолы.
Қызылағаштағы су тасқыны, Жаңаарқа, Қарқаралы же
ріне «Протон» құлап, табиғаттың улануы, дағдарыс, т.б. та
қырыптарды жырлауда да ол осы принципіне берік. Мұндай
өлеңдер идеясы ақынның көңіл күйіне әсер етері даусыз.
Сондықтан ол аруақты күштерді «тірілтеді», солардың үніне
өз үнін қосады. Қызылағаштағы апатты Ілияс ақын жырлаған
Молықбай шал қобызының үнімен естіртеді, Ілиястың ағынды
Ақсуында құстай ұшып Құлагер-жыр құлайды, қайғыға
Жетісудың жеті өзені жылап үн қосады. Өлең түйінін ақын
Молықбаймен тілдесумен аяқтайды.
Ақынмын,
елімнен жоқ қиыр күнім,
Молықбай, сен де менің күйімді ұғын.
Қара шал немересін таяғымен
Іздеп жүр арасынан үйіндінің.
Қазақ жеріне ғылыми-техникалық прогресс әкелуге, кос
мосты игеруге қызмет етеді деген «Протон» құлап, кең даланы
уға толтырса, соның кесірінен енесі өліп жетім қалған құлын
мен «өзіне өзі қол жұмсап күйеуі өлген» әйел де жесір қал
са, өзен-сулардан даланың аң-құстары ауса, малшылар сой
ған етін өткізе алмай, күнкөрісі ауырласа, соны көрген ақын
ел-жұртының көңіл күйіне ортақтасса, оның несі айып?
Осының бәрін ақын баяндау жолымен емес, бейнелі көркем
суретке айналдырып, санаңа әсер етеді. Жетім құлын мен
жесір әйелдің көз жасы ақындық паралелль арқылы ортақ
суреттен танылады. «Жетім құлын қаңғитын әр аулада, жесір
әйел жылайды түніменен», «Жесір әйел сипаса маңдайынан,
жетім құлын көзінен жас ағады» деген өлең тармақтары
бұған дәлел. Бұл екеуінің қайғысын түсінбей, «Құлыныңды
қаңғыртпай қамасаңшы» деп жетімдерді кінәлауға дайын
тұратын қазақтың кінәмшіл мінезін де ақын іле кетеді. Геп
тилді залалсыз деп шешім шығарған өкімет өкілдері өлеңде
суреттелген оқиғаларды бекітіп тұр. Мұның бәрі ел басына
түскен жоқшылық пен жетімсіздікті ұлғайтып, ұлт қайғы
сын көбейткенін түсінесің. Іштей қиналғанмен, ақын мінезі
сабырлы, өлеңін жұпыны ғана, тілекпен аяқтайды.
Қайтейін, асығыс бәрі,
Жөн еді қашық ұшқаны.
Ресейдің құламаса екен
Зымыран тасығыштары.
Арқам-ай,
арқаға батты,
Ауыл тұр
шайқала... жүдеп.
Құрдасым тартады арақты:
– Уды у қайтарады, – деп.
Бір қайғыға екінші қайғы қосылып, қалыңдап жатқаны
ның суреті.
Т. Медетбектің Ғалым жырларын көкіректе қордаланып
қалған шер мен шеменді қопарып тастайтын адуын күшке емес,
сол шер мен шеменді сипалап отырып сылып алатын сиқырлы
күшке ие шертпе күйге теңеуінің сыры да осында болар.
Ақын мұнымен шектеліп қалмайды, кейде қайғыны ауыр
лататын суреттерге де барып, сұмдықтың бетпердесін жұла
сөйлейді. «Сұр қаланың сұрқай өңі қажытты, сұры қандай
сұрапыл», «Торыққан да, тозған бәрі, тоналған, тас көшеде
тас адамдар қаптаған», «Қараулықтың қарау оғы қарауылдан
тосқан заман», «Ақ сәулесі түнге алмасқан, ақ-қарасы күнде
алмасқан» дегенде де ақынның ой-танымы мен сезіміне жат
дүниелер тізбеленіп кетеді.
Қазақ жеріне соңғы жылдары көбірек келген осы тәріз
ді экологиялық апаттар, бүгінгі даланың жүдеп-жадап
кеткені – Ғалымның көп өлеңдерінде көрінетін шындық.
Әсем дүние бұзылды. Ақ бұлттарға қанатын малып алып
әлемді жарқырата ұшқан аппақ құстар, көздері жарқыраған
бұлақтар, аптығып арқыраған өзендер бүгін жоқ. Су тартылып
немесе мұнай басып аққулар кетті. Мұны ақын «Өзегімнен өрт
шықты мен түскелі соры қалың соқпақтың сорабына» деген
жолдармен білдіреді. Күзеудегі қараша үй қалтырап тұр. Жер-
көкті қоңыр күй кернеді. «Қаздардың қанатындағы» жаз өтті.
Осы бір өмір сәтін ақын:
Жанымның отын жандырдың
Жолаққа орап ымыртты ақ.
Шық шайған шашын шалғынның,
Балқаймақ күнді түн ұрттап, –
деп суреттейді. Әр сәттің өз заңдылығы бар. Ымыртты ақ
жолаққа ораған, балқаймақ күнді түн ұрлаған қай жақсы
лықтың белгісі дерсіз. Ақын жанының отын үрлейтіндер – осы
көріністер.
Ғалымның «Алғадағы аққулар» өлеңі – қазақтың өзен-көл
дерін мекендеген текті құстың кейінгі тағдырына арналған жоқ
тау. Ол:
Асылдарым бар еді,
Жасылдарым бар еді,
Жарық күнде жыртылдың,
Аққу құсы Ары еді
Аққу текті жұртымның.
Талып таңғы тасқында,
Шырқыраған шырайлым.
Қалдығының астында
Қалғаның ба мұнайдың?
Құдіреті-ай Құдайдың.
Аққулар-ай,
Ардам-ай!
Шер күйім боп шертілген.
Жалғаны көп жалған-ай,
Өлмесімді өлтірген.
Өлеңнің стилі, жоқтаулық үлгісі мазмұнына жарасып тұр.
Оның «Аққуы жоқ көл деген ақыны жоқ елмен тең» деген соң
ғы түйіні – ел тіршілігінен орын алған үлкен апатқа айып арту
дың белгісі. Өмір сәні – Аққу, сол өмірдің жыршысы – Ақын,
бірінсіз бірінің күні жоқ, бұлардан айрылу – бүкіл халыққа
қайғы. Осыны түсіну керек-ақ!
Табиғаттың өзгеруін Ғалым қоғам дамуының үрдісімен тү
сіндіреді. «Таңғы нұрдың сәулесі шайқалып», «көшкен елдің
көнерген жұртындай елегізген», «қаңғып ұшқан қаңбақтай
бағдары жоқ керуенге» ілескен, «жетегі сынып, арбасы ұш
қан», «маңайы қарға-құзғын, тойған құмайға» толы дағдарыс
жыры біздің көз алдымызға басқаша сурет әкеледі. «Күн
дер қашып барады, күндер қашып, қысырақтың күздегі үйі
ріндей», «күресінде күлге аунап жатыр, әне, қараша үйге құт
болған қара саба» деп түйеді ол өлеңінің соңын. Көктемнің
(«Осы көктем») жарқын суреттерінің өзі өткен-кеткенді есіңе
түсіреді.
Ақын «жылғаларда жылап ағып бара жатқан» жылдарын
сағынады.
Фәни-көктем жылғаға жылжығалы,
Түн жылады,
жанарым тұнжырады.
Сұрғылт әні тірліктің сарнағанда,
Шыңғыртады уақыттың қыл бұрауы.
Өткен өмірді ойға алғанда, ақын өткінші дүниенің сырла
рын шолады. Елге барып, ескі қорымның ұлғайып жатқанын,
аға ұрпақ («Әкем көшкен, артынан ағам көшкен», «Көз
алдымда көлбеген көштің легі», «Үркердей боп қалыпты
үлкендерім, Ескі қорым үлкейіп көз алдымда») көшкеніне
алаңдайды.
«Ескі жұрт» – кейінгі ұрпаққа ел, жер туралы ұлағат сөз.
Ол сол жұртта өсіп-өнген ұрпақ, іске асқан үлкен армандарды
еске алады. «Ескі жұртты ескі үйдің орны деме, Махаббат пен
бірліктің бесігі де» дейді ақын.
Өткен күннің айналды бәрі аңызға,
Туған ауыл,
ескі жұрт санамызда.
Айдын көлін аңсаған Аққулардай
Келіп-кетіп жатамыз Анамызға.
Сырды ұғыңдар мендегі,
мұңды ұғыңдар.
Бірлігім бар болғанда,
тірлігім бар.
Ескі жұртқа жайылған тамырым бар,
Туған жерге байланған кіндігім бар.
Өткенді еске алғанда, ақынның «Сынық арба» өлеңін ат
тап өту қиын. Бұл – өткен заманның, кеше ақынның өзінің
балалығы қалған өмірдің суреті, бейнесі. Соны еске түсіріп,
Ғалым «шалғайдағы шалғымен шалғын орған» қара шалға,
олардың төзімді мінез-құлқына сүйінішін білдіреді.
«Желді күні жар басына үй тігіп», «тіршіліктің арнасында
толқынмен араласып» өскен әкелердің ақ таңмен сынық ар
баны атқа жегіп шығатыны, соларды жұмыс басына таситын
сынық арбаның «майланбаған, шиқылдақ дөңгелегінен тір
шіліктің «әні» естіліп тұратыны», «сынық арба қасындағы
сынық көңілді» сынық айдың жүзіндегі сызбен салыстыру
сияқты детальдар мен бейнелі тіркестер өлеңнің көркемдік,
суреткерлік бағасын көтеріп тұр.
«Шаңырақтың көтереді уығы», «Қап арқалап бара жатыр
қыз бала», «Бәрі ағады», «Ей, енесі өлген құлын күн», «Ай
көрдім» сияқты өлеңдерде де қазақ басына түскен заман
ауыртпалығының суреттері мол. Ол қазағымен тікелей сөзге
келіп, «Күреңітті күздің қара суығы, халің қалай, әй, қазақ?!»
деп сұрайды. Оған айтылар жауап жоқ. Сондықтан ақын өзі
үн қосады. «Базар барып бақ сынайтын күн бе еді Басыңдағы
мына күн?» «Қара базар қарайтады көңілді, Ақ ішіп жүр,
қарағым!» дейді. Шарасыздықтан туған ақыл.
Қап арқалап бара жатқан қыз баланың бейнесі – тұтас бір
қайыршылықтың суреті.
Көшесі бұл қайыршының,
мастың да,
Нөпір адам...
ұқсайды екен тасқынға.
Қайысады,
майысады нәзіктік
Ала тайдай ала қаптың астында.
Көңілдерге көктем сыйлар күй керек,
Кімге айтарсың
көріктіге тиме деп?
Көк базарға бара жатыр көркем қыз
Көне күрте,
ескі етігін сүйрелеп.
Қалтырап гүл...
Қалады ма қырмызы,
Жарқырап бір жанады ма жұлдызы?
Қап арқалап бара жатыр көшеде
Арыс туар Алашымның бір қызы.
Осының бар кінәсін ақын заманға арта сөйлейді. Өзгерген
заманның қаһармандары да бөлек. Олар ірі іске жегілмей,
«түлкі заманға тазы болуға» тырысады.
Қатыны ортекедей ойқастаған,
Ақыны орамсыздау ой бастаған.
Заман-ай,
әңгүдік таз той бастаған,
Заман-ай,
қотыр серкеш қой бастаған.
Ақын заманын «жыртқыш жылдар» деп атайды. Қоғам
бура сипатты, шайнап тастайды. Озбырлығында шек жоқ.
«Киік-күндер» көкжалдан қашып күн көруде. Аққу-жырды
жасқанбай тісіне басатын да осы жыртқыштар. «Жыр сау
лайтын жүректен қан саулаған, Жастық жылап барады жан
сауғадан».
Ұлтым қайғы кешкенде,
жұртым қайғы,
Сары уайым сағаты сыртылдайды.
Ақындары алақан жайған елдің
Қатындары қол бастар ұл тумайды.
Өмір суреттерін бұлтартпайтын шындыққа негіздегенмен,
ақынның жалпы заман, қоғам жайлы ойларында алдан күтер
үміт мол.
Самсаған жұлдыз көрдім Сүмбіледе,
Ай көрдім, аман көрдім толған Айды...
...Бошалап кеткен Бозкөлдің бозінгендері
Боталап қайтса болғаны туған ауылға, –
дейді ол.
Өмірсүйгіш ақынның түпкі идеясы берік. Ол тәуелсіздікке
иек артады. Шалшық судың бетіндей шашыраған ақын сөзі
нің тұғырына тұрақтайтынына сенеді.
Біз дегендер...
темірдей төзімі тым,
Өз арманын аялап,
өз үмітін.
«Түгел сөздің түбі бір» дегенменен,
Сөзі бүтін халықтың – өзі бүтін.
Рухтың оралуын Ғалым «Оралу» өлеңінде әдемі аша білген.
Бұл – кеше сергелдеңге түскен тағдырлардың жаңарып қайта
оралуы туралы жыр. Оны жазуға себеп болған – Көкшеде
Құлагер атқа ескерткіш орнату оқиғасы. «Құлагер құла түзде
құйындаса», Ақан Айнакөлдің аққуларына қосылып ән са
лады. Сол қайғылы далада ақын Құлагермен тілдесіп:
Жүйрікке серік болса
қыран, құмай,
Алдынан ор кезікпес
Жыландыдай.
Тұғырға өзіңменен бірге қонған
Рухым аласармас бұдан былай.
Өткеннің өзегінде дауылы қалып,
Қосылдың аламанға сауығып анық.
Көкшеден көкжиекке көсілші енді
Қазақтың қайран жерін бауырыңа алып, –
деп жырлайды.
«Бір түп емен» өлеңінде Ғалым бұтақтары майысқанмен
қайыспай, қайсарлық танытқан еменді елдіктің берік іргесі
не балайды. Ол ғасыр жүгін көтеріп, өр тұлғасымен көтеріп
тұрғандай елестейді.
Ғалымның «Тобылғыжарған», «Даланың өзендері», «Кү
зеудегі қараша үй», «Сүмбіледегі сурет», «Ләйла қыз», «Кө
зімнің тұңғиығында», «Құмдағы сексеуілдер», «Бұлақ басын
дағы бұлдырық», «Қара нөсер. Қараша», «Жыр жауған
жылы күндерім», т.б. өлеңдері қазіргі әдемі лириканың
үлгілері саналуға лайық. Бұларда сурет те, ой да, сезім де
жарқын.
Көктемде тобылғының жарылуы, жарқырап қарсы ала
тын өзендер мен аққуы көшкен көлдер, қоңыр қаздар әніне
елтіген қыр, күзеудегі қараша үйдің қарашадағы суреті,
елі сиреген ескі кең жайлау, тай мінген бала – бәрі де бізге
жасымыздан таныс ауыл тіршілігінің көріністері. Ақын бү
гінгі даланың осы келбетін заман өзгерістерімен көмкере,
біздің қалыптасқан ұғымымызды бұза-жара өзінше жинақтап
бейнелейді. Оның танымы да, соған лайықты теңеулері де, қол
данған метафоралары да жаңа. Оның сезім күйі сол ортаның
өзгерістерінен туады. Көктемгі тобылғының жарылуы өмірдің
жалғасуын елестетеді. Ол ақынға жақсы көңіл күй сыйлайды.
Тобылғыға ысталған сабадағы қымыз, жолаушы қолындағы
тобылғы сапты қамшы тобылғы түсті өмірдің ағымындай
көрінеді. Бір қарасаң, осының бәрі өткен өмір сияқты. Бүгін
тобылғы іздеп, оның жарылуын құмартып көретін кім бар?
Тобылғыжарған бүршік жармаса, «тобылғы сынды ақын»
да торыға ма, қалай? Түңілсең де, тірілсең де, уақыттың ұлы
көшінің беталысы солай!
Сүмбіле жұлдыз жанғанда туған Сүмбіле қыздың бейнесі,
соған тамсанып ай дірілдеп, көңілі толқыған ақынның кү
бірлеуі, ай мен жұлдызды, сүмбіле қыз суретін қоса жұтып
қойған қара жер обырлығы, Сүмбіле қыз суретінің ертегі боп
қалғаны әдемі, жарқын суреттерді елестетсе, Ләйлә қыздың
бейнесін ашу үшін екі өмір мен екі ақынды еске алып, тұтасқан
бір арман, бірге үміт күткен күндерге жүгінеді. Оның:
Көзімнің тұңғиығында,
Көңілімнің бір қиырында,
Арымның асыл көлінде,
Жанымның жасыл белінде
Сен жүрсің...
Өлеңнің нәзирасындай,
Жаңаарқа жазирасындай,
Тағдырдың арман шыңындай,
Шалғынның тамған шығындай
Мөлдірсің... –
деген жолдары сүйіктісіне арналған көңіл күйінің жарқын
көріністерін құрайды.
Бұл өлеңдерде өмірдің қымбат сырлары, өткіншілік сипаты,
табиғат пен адам, оның көңіл күйі, ақын мен ақындық сезім
нің түйісуі, т.б. мәселелер сөз болады. Бәрі де ақындық ойдан
туып, сезіммен астасып өріледі.
Ақынның жырмен туысқан күндері қандай еді, оқып кө
рейікші:
Жыр жауған жылы күндерім,
Нұр жауған ғұмырымда едің.
Тұлпардың тұғырында едің,
Бұлақтың тұнығында едің.
...Көз ашып көргенім еді,
Өлеңнің өрнегіндегі,
Есілдің толқынындағы,
Көкшенің көлдеріндегі.
Сыр айтпай сырғалым қалды,
Мұнартты...
Мұң қалыңдады:
Қаратау қатпарындағы,
Алатау шыңдарындағы...
Алғашқы шумақтар жыр биігі мен тұнығын, өрнек пен
толқында туған шағын елестетсе, соңғы шумақ сырғалымы
сыр айтпай кеткендегі қайғының қалыңдығын бейнелейді.
Тапқыр, бейнелі суретке тұнып тұр.
Сөз өнері – Ғалымның ақындық рухы. Ол сол рухтың
биіктігі үшін күреседі. Қиындыққа да, зорлыққа да оңай
шылықпен берілмейді. Өйткені оның негізінде халықтың ер
лік салты бар. Ақын арманы арнасын толтырып, жартастың
толқындарын сүйеді. Ақ қарда туып, аппақ әлемге жаны
бөленген. Ақын боп аққудың қанатына өлең жазып, ешкімнің
тұлпарына мінгеспей еркін өскен. «Сәуле ойнатып сұлудың
сырғасына, Күнім шықты өрмелеп қыр басына». Еңіске басын
идіріп, өзін кеңістіктен іздеген тұлға!
Ғалым ұлы ұстаздарын еске алғанда да оларды жалаң ма
дақтамайды. Соларды түсініп, жаңа сөз айтуға тырысады. Абай
мен Махамбет, Әсет пен Иманжүсіп, Мағжан мен Сәкен – бәрі
де ол үшін қадірмен, тарих сабағын сыйлаушы, әр заманның
таңдаулылары. Оларды еске алудың кейінгі ұрпақ үшін қажет
ұлағатын, ұлттық рухты ұлықтаудағы маңызын жырлайды.
Рухтардың ақындармен бірге көмілмейтінін еске салады.
«Қызыл іңір, Қызылжар», «Есіл ағады», «Кер бетегелер»,
«Назымхат» өлеңдері – таза табиғаттың көркіне сүйсінген,
одан өмірдің әсемдігі мен терең тамырын таныған адамның
ой-сезімі. Ақын табиғатпен сырласады, шоқ қайыңдарға:
«Ақ дүниеден адалдық іздегенде, Ақ қайыңдар, сендерге кеп
тұрайын», – дейді.
«Есіл» – әнге айналып кеткен өлең. Ол Мағжан жырлаған
шолпының сыңғырын еске түсіретін, сырбаз Есілдің сұлу
лығына, еркелігіне еліте жазылған. Кербетегені еске алғанда,
ақын бойын осындай сезім билейді. Кеше бұл өсімдіктен Нар
манбет жерінен айрылған елдің бейнесін таныған еді. Ға
лымның кербетегесі осыны ойға түсіреді.
Ақын құстармен сырласады, биікке самғаған құстармен
араны «қанатсыз болып туып, аспанға қарап жүргендердің»
арманымен жалғайды.
Жалпы адамдық ой, идея – шексіз ізденістің жемісі. Ақын
дардың жақсы-жаманы, ұлысы мен кішісі – бәрі де осы ой
мен оның көркем бейне тауып жарыққа шығуынан танылады.
Ақын қаншалықты талантты болса, оның туындылары сон
шалықты биік сапада жасалады. Әр туындыда ой мен сурет
жатады. Сондықтан ақындық идеяны Белинский «пафос»,
«құштарлық» деп атаған.
Ақындық рухтың күштілігі – автордың бойындағы биік
қасиет. Ол талантпен, заман сабағымен, біліммен толыса
ды. Осыны түсіну арқылы біз ақын құпиясына кіреміз, оның
жазғандарын жанымызбен қабылдап, табиғатын тануға бір
табан жақындаймыз. Ғалым ақын бойында осындай ұлы
ақындарда болатын қасиет бар. Әр өлеңінен оның өз суреті
көрінеді. Өмірдің көшірмесі емес, өз бейнесі. Ұлттық сипат,
ой барлық ақынға тән. Бірақ Ғалым оны да өзінше түсінеді,
әркімнің ойындағысын тауып, бойындағы сипатын түсініп,
жалпыға ортақ етіп айта біледі. Оның өлеңдерінде заман сыры,
адамның көңіл күйі, үміті, ойы, сезімі, мұңы мен шері – бәрі
тұтас табылатыны осыдан.
Ақын не айтса да егіліп, беріле жырлайды, ойларындағы
лирико-философиялық сарын өлең боп төгіледі. Қазақтың
елдігін, тұтас табиғатын қастерлейді, жоғын іздейді, өкінеді,
мұңаяды.
Ақынның Шыңғыс, Баян, Ұлытау, Түрікмен, Париж са
парларында жазылған өлеңдерін де жол әсерінен туған деп
біржақты түсінбеу керек. Онда көргені тізбеленбейді, ақындық
ой мен сезімге бөленеді. Баянтауда Жасыбайдың көліндей
мөлдір өлең қалдырса, Ұлытаудан «ұлтым» деп шыққан күн
көреді, түрікмен мен қазақ туыстығын, құмда өскен сек
сеуілдің бар мінезін осы екі халықтан танитынын тілге тиек
етеді. Ақынның Ақселеу мен Серікке (Ақсұңқарұлы), Жүр
сін (Ерман) мен Талаптанға (Ахметжан), тағы басқа жеке
адамдарға арналған өлеңдерінде де жалпылық емес, солардың
бейнесін ашар нақтылық басым.
Ғалымның ақындық өнердегі жаңашылдығы – тілінде,
оның бейнелік сипатында, суреткерлігінде. Қазақтың қара
өлеңінің дәстүрін бұзу кім-кімге болса да оңайға түспеген.
Кезінде Маяковскийге еліктеген Сәкен, Сәбиттер де қара
өлең үлгісін, ондағы ұйқас, буын, ырғақты сақтай отырып,
жаңартуға тырысқан. Қазір де ақындар негізінен сол үлгіні
сақтап, ой ырғағы мен екпіннің күшімен тармақ санын
кейде азайтып, кейде көбейтіп, 11 буынды тармақтарды қыс
қарта пайдалануға барып жүреді. Бұдан қара өлеңнің не
гізі бұзылмайды, әр ақын оны өзінше жетілдіруге, өңдеуге
құқылы.
Ғалым да солай. Онда бір кезде Қасым қолданған, бір
ұйқаспен жалғасқан шумақ, бес тармақты өлең жиі бой
көрсетеді, ақын ойының мазмұнына сәйкес түр жаңалықтары
2-265
да байқалады. Ойшылдық пен сыршылдық, шындыққа тік
қарап, көңіліндегіні жалтармай айта білу, соған лайық жаңа
бейнелі сөз табу, ондағы кейде нәзік, кейде сазды, кейде
тіпті көңілдің өрлігі ашық бояулы ақын жырларын өзгеше
танытады.
Ғалым өлеңдері – бүгінгі қазақ лирикасының жаңа беттері.
Бізге керек өлең осы – бүгінгі өлең.
Серік ҚИРАБАЕВ,
академик
БІР ТАЛ ҮКІ
* * *
Қаз мойынды ер салып,
Күлігіме күміс жүген таққаным.
Берен күнге бер шабыт –
Ақын туған ақпаным!
Үзеңгіде үзілмейтін сапарым,
Таралғысы қайыстан.
Түсінемін түнек күннің батарын,
Түннің аты – Айстан.
Арғымаққа алтын таға кигіздім
Көкалалы көп жылқының ішінен.
Жарық күнге жал-құйрығын түйгіздім,
Түн дегенің – тылсым әлем, түсінем...
Жануардың жарқ-жұрқ етіп жанары,
Ана белден мына белге әрі асып,
Ауыздығын қарш-қарш шайнап барады,
Ақ дүниемен таласып.
Жанымыздың жазиралы тұрағы,
Тіршіліктің түні тылсым,
таңы бақ.
Мәңгіліктің әнін айтып тұрады
Көк жүзінде жұлдыз біткен жамырап.
Жылдар жатыр,
айлар жатыр тоналып,
Ақ сәулелер қарықтырып көзімді.
Ақпан айы,
ақ түтекке оранып –
Ақ әлемнен іздеп келдім өзімді.
БІР ТАЛ ҮКІ
Басында Қамажайдың бір тал үкі...
Халық әнінен
Гүл жайнап әнге басса гүл-гүл өрен,
Кешеден қалып кеткен бұл бір өлең.
Басында сол қалқаның бір тал үкі –
Үп етіп жел сипаса үлбіреген.
Шемені байланғандай шерге бейне,
Бұл қазақ сезімсізді пенде дей ме?
«Басында Қамажайдың бір тал үкі...»
Көкеме қосыламын мен де кейде.
Аумасын бір күнінен бір күн мейлі,
Ән салса қайран көкем іркілмейді.
«Басында Қамажайдың бір тал үкі...»
Үрия үміті боп үлпілдейді.
Белдерден ән ұшырған бетегелі,
Бал еді сол бір күндер,
шекер еді.
Басқанда «Қамажайға» ара-тұра –
Көкем де көріктей боп кетер еді.
Елігі ен даланың дүздерде өрген,
Жүгірген Сіздер салған іздерменен.
Ойлаушы ем:
«Бір тал үкі қандай үкі?
Қамажай кім болды екен біз көрмеген?»
Маңайын шомылдырған нұрлы арайға,
Көкемдей көрік кеуде мырза қайда?
Бөркіне бойжеткеннің үкі қадап –
Үмітін үкілеген үр жаңа айда.
Жіберер жанымызды мұңға малып,
Ән еді
әуені де бір қаралық.
Көкемсіз көктем келді талай-талай,
Үкідей үркіп қашқан жылдар ағып.
Адамның уысында тұрмайды Арман,
Әуелеп өткен солай жырдай жалған.
«Басында Қамажайдың бір тал үкі...»
Аман-сау алып қайтқан сұм майданнан.
Шырқаса тербелгендей шынар бағы,
Аққудың сұңқылдайды сыңарлары.
Қарғам-ай,
бір тал үкі...
Жарықтықтың –
Жарыққа жағып кеткен шырағданы.
Не деген жақұт жыл ең,
лағыл күн ең,
Базары балалықтың бағым білем.
Ақ көкем,
Қамажай қыз,
Бір тал үкі...
Ар жағы сағыныш пен сағым кілең...
...«Басында Қамажайдың бір тал үкі».
АЙ НҰРЫНА ШОМЫЛҒАН
АҚ ШАҒАЛА
Қанаттылар қанатын қақса дара,
Байтағыңнан басқасын бақ санама!
Ақдариға Арқаның алқабында –
Ай нұрына шомылған ақ шағала.
Көшім келіп көрікті зер қалаға,
Есіл болып есілдім ен далада.
Астананың әз жұртын айналайын –
Ақ тілегі Алаштың сенде ғана!
Сұрағаным қабыл боп көктен,
жерден,
Көгердім де көрістім көктемдермен.
Көк туымды көгіме тік көтерді
Ғасырлардың қойнынан жеткен керуен.
Сарыарқаның сырнайлы сыр даласы,
Аққу текті Алаштың жүр баласы.
Қараөткелге қараорман ел қондырған –
Ай қаласы – Астана,
Күн қаласы.
Жусанының жұпарын жастана жүр,
Жібектей қыз,
ақ жейде ақсамал ұл!
Шырайымның шырағы – осы шаһар,
Арманыма ар болған Астана бұл.
Арай төгіп тұрғанда төбеде Күн,
Желмаяны жер осы шөгеретін.
Көктемдерге көшімді түзегенде
Керуенбасы секілді кереметім.
Гүлзарының аялап бір көшетін,
Гүл кешетін қала бұл,
нұр кешетін.
Сен алыпсың аспанға иық тіреп –
Баласымен қазақтың бірге өсетін.
Сарыарқаның сағымы,
самалдары,
Жарасады, жаным-ай,
саған бәрі...
Ай Астана – Алаштың ақ арманы,
Жарығымсың сен менің жанардағы!
ТАҢ ТОЛҒАУЫ
Ботадай дәурен...
Базарлым,
Боз беткейлерден сөз алдың.
Бозаңнан ұшқан бозторғай,
Бозала таңда бозардың.
Боқыраудың күні жеткенде,
Бастан бір дәурен өткенде,
Бозарып тұрып көз алдым,
Дүние, сенен озармын.
Арман да,
Арман,
Арманда,
Армандай күндер алдар ма?
Қызарып атқан күндерге,
Ағарып атқан таңдарға
Ақсарбас айтпас жан бар ма?
Жалғанның жалғандығы да
Жалғанбай кетсек жалғанға.
Көкейде көктем гүлдер ме,
Ақ самал сүйіп даланы,
Тірліктей таңғы бақтағы.
Ағыны қатты күндерде
Жұлдыз боп ағып барады
Алаштың арғымақтары.
Бошалап кеткен бозінген,
Ботасын ертіп Бозкөлден –
Боздамай қайтып барады.
Борша да борша сезіммен,
Боздақ күндерді көз көрген
Қозғамай қайтіп барады?..
Шерменде болған шер едің,
Тірліктің тірі дерегін
Озған күн айтып барады,
Тозған Ай айтып барады...
Фәни мен бақи арасы –
Көгерген көк пе, көңіл ме?
Ошақтың отын жағайын,
Көзімнің ақ пен қарасы,
Толғауы тоқсан өмірге
Бір толғау қостым, ағайын!
ЖЕТІМ ҚҰЛЫН
Айдарынан жел еспей кекілдінің,
Еңку шалды еңіске
екінді күн.
«Протонның» уынан енесі өлген –
Көлеңкеде жылайды жетім құлын.
Тамылжыса таң нұры
кие көрген;
Бір-біріңе, қос мұңлық,
сүйенер ме ең?
Жетім құлын иесі –
жесір әйел –
Өз-өзіне қол жұмсап күйеуі өлген.
Үміт жібі үзілсе – үгілер ең,
Ғұмырыңның батпандай жүгіменен.
Жетім құлын қаңғиды әр аулада,
Жесір әйел жылайды түніменен.
Жалғыз жіпке байлаған –
Тағдыр ұлы,
Зымыранның зымыстан жаңғырығы.
Жетім құлын жетіліп кетер болса,
Сойып алмақ соғымға арғы жылы.
Замананың соққалы жегі желі,
Босағаның бос қалған желілері.
Серілері ауылдың не біледі?
Осы сұрақ жанымды кеміреді...
Сағыныштың сазындай саған, далам,
Хабар жетіп жатады әр арнадан.
Көлеңкеде көз жасын көлдетіп тұр
Жетім құлын кекілі таралмаған.
Шаңырақ бұл –
індетке ірге түрген,
Үзілердей жетеді күнге түннен.
– Құлыныңды қаңғытпай,
қамасаңшы... –
Кінә іздейді ағайын кіл жетімнен.
Аман шығу ақ таңға –
бас амалы,
Оғы тиген тағдырдың тасадағы.
...Жесір әйел сипаса маңдайынан,
Жетім құлын көзінен жас ағады.
Беу, қос мұңлық,
жолында сортаң із көп,
Қай қиырға тұрады тартамыз деп.
Кезек-кезек көз жасын сығады да –
Тірлігіне кетеді талқан іздеп.
Қайран ауыл!
Құшағын жайған Ана,
Алладан нұр күтеді айдалада.
Жетім құлын жетіліп –
Тарлан ашып,
Арғымаққа, білмеймін, айнала ма?
...Еңку шалса еңіске екінді күн,
Шемен күйін шертеді шетін мұңым.
Күн-керуен соңында –
соры қайнаған
Жесір әйел,
Жегі жел,
Жетім құлын.
ҮРІМЖІ. ЖЕЛТОҚСАННЫҢ
ОН АЛТЫНШЫ ЖҰЛДЫЗЫ
Өбектеген өлеңді өмірім деп,
Толқығаны сол кеште көңілім көп.
Үркердей боп отырмыз бір топ қазақ
Үрімжіде үміттің шоғын үрлеп.
Сағынышын санаға жамыратқан,
Талқы таудың талықсып таңы да атқан.
Даму Долда «Ағажай Алтайға» сап
Ағайынның арманын аңыратқан.
Ән көгіне шыққандай,
жыр көгіне,
Ұқсағасын жанамыз білтеліге.
Қыз-жігіті ханзудың үнсіз қалды,
Топ қазақтан үркердей үркеді ме?
Аққуының ар сүйген ақ қанатын,
Қара өлеңді аялап қап-қара түн...
Жырдан шырақ ортада шалқытады –
Алмагүл мен Жеңісхан,
Мақпал ақын.
Біздер үшін бұл өмір күнде қонақ,
Өміріңді кетейін жырмен орап.
Даму басса «Алтайдай жер қайдаға»
Көзімізден қос тамшы тұр домалап.
«Бергі жағы Ертістің,
арғы жағы,
Жағасында жайқалған жапырағы...»
Қайың сауған,
ел ауған шақтан бері
Қара жолда қайран жұрт қапылады.
Мұнар таудан асқанның мұңы қалың,
Көңіліңді көктем боп жылытамын.
Үрімжіде үкілеп үнімізді,
Үзілдіріп отырмыз үміт әнін.
Ертең ерте аттанам
елге есебі,
Сел көшеді жанымнан,
жел де еседі.
Даму інім!
Ағаңды сағынарсың,
Сағынамын, бауырым, мен де сені.
Көшпей қалған күзеуден күзгі белде,
Үзілмеген үміттер үздігер ме?
...Он алтысы тап бүгін желтоқсанның,
Тәуелсіздік күні еді біздің елде.
БІР-АҚ ӨЛЕҢ...
Аласа да емеспін,
биік емен,
Көңілімнің сырластым күйіменен.
Белден асып барады бебеу қағып
Көз ұшында жүгірген киік-өлең.
Киік-өлең қағынан безінгесін,
Бебеу қағып,
бел асып,
безілдесін.
Ел көшкен соң елсізде елеңдеген –
Елік-жырдың, дүние, көзіндесің.
Жамылыпты, жалған-ай,
Көктөбе гүл,
Көктем туа кетеді көктеп өңір.
Қараңғы мен жарықтың арасында –
Зу-зу еткен бұл өзі неткен өмір?..
Ілияс-жыр киесі – Құлагер ең,
Мұқаңдардың мұңына мұрагер ем.
...Ақ құсымды қондырар айдыныма
Сан сауалдың жауабы – бір-ақ өлең...
3-265
* * *
Арай кешіп жеткенде арманды аңсап,
Үмітімнің үзігі жалғанған шақ...
Бүртігіне талдардың тамшы ілінді,
Кірпігіңнен үзіліп маржан-моншақ.
Сағыныштан санамда сағым ойнап,
Бауырлардың келгенде бағын ойлап,
Қайралайын намыс боп шарығыңа,
Айналайын, аяулы ауыл-аймақ.
Маржан-моншақ ілінсе кірпігіңе,
Көшірейін, қарағым,
жыр тіліне.
Қыстап қалған Арқада ақбөкендей –
Ұқсап қалған бір күнім бір күніме.
Алдымызда алыстар барда айшылық,
Шығандасам деп едім шалғай шығып...
Маржан ілген қарындас кірпігіне,
Екеумізді тоңдырған қандай суық?..
Шомылдырып арайға айналаны,
Кірпігіңе маржандар байланады.
Бұлбұл құстың талықсып сайрағаны,
Мақпал түннің көгінде Ай маңады.
Бұлбұл қайда,
Ай қайда,
Маржан қайда?
Ей, апатай, сен жеген қалжаң қайда?
Шыр айналар дүние өтерінде –
Солай-солай бәрі де арзандай ма?
Беу, қалқатай,
батар күн бағыңды ашсын,
Сағынарсың ағаңды,
сағынбассың...
Маржан-моншақ жанымда мұң сапырды
Кірпігіне ілінген қарындастың.
Ұйқым қашты, қайтейін, түніменен,
Сен болмасаң бәрінен түңілер ем...
Кірпігіне ілгені сол қалқаның –
Тек ақындар оқитын бір ұлы өлең...
* * *
Қандай қиын туғанға болып ақын,
Сор ұратын кездер бар,
торығатын.
Бетпақ жонға жоқ іздеп шыққанымда
Жол үстінде жолаушы жолығатын.
...Өмір – кейде көкайыл долы қатын.
Түнгі аспанның көзіне жарасып Ай,
Ойға батып отырам тап осылай.
Ғашық есін алады қызыл-жасыл,
Бәсіресін сайлаған нағашыдай.
Қала тыныш,
қараша,
дала тыныш.
Өлең болды өмірде бағатын іс.
Ақын деген – білгенім – әлімсақтан
Бақ пен сордан сомдалған жаратылыс.
Тіршілікпен келе алмай жарасымға
Қайқаң жолда қайырлап қаласың ба?
Біздің ғұмыр барады жағаласып
Жарық күн мен ғаріп түн арасында.
Құлдыраңда, құлыным,
кеудесі құт,
Ақтарылам алдыңда кең көсіліп.
Өмірімнің өрнегін өзек етіп,
Өлең оқып берейін өрге шығып.
Шуағы мол күннің де
арайы мұң,
Талайымда толқын боп талай ұғым...
Жақын қонып қалыппын жалқындарға,
Ақын болып туғаным – бар айыбым.
Қайырласын ендеше қалай ұлың?..
Аппақ нұрға шомылып бар айнала,
Көзімді ашып көргенім –
Арай,
Дала.
Өлеңім де,
Өмірім өзімдікі,
Ақтарылмай кетейін қалай ғана?
Бақыт тербеп жанымды,
бақ аймала!
Сағым белде салғанда сайранды бір,
Байрағыңда, байтақ ел,
байланды жыр.
Өзегімді өртедің,
өмір-өлең,
Айдай сұлу қалпыңмен Айман-ғұмыр.
Айман-ғұмыр,
жапырақ жайған ғұмыр...
* * *
Әулетімнің ар емізген арманы ем,
Таңғы шықтан тамшы болып тамған ем.
Жаздым білем,
жарқ-жұрқ еткен тірлікте –
Аққу құстың қанатына арда өлең...
Мен өзіңді,
жылжыған жыл,
көшкен күн,
Бес күн сәуле көру үшін кешкенмін.
Серуені селт еткізбей тұр енді
Керуені кердең қаққан кештердің.
Тарайтындай шанағымнан мұң ғана,
Қарайтындай сұрқай далам ұрлана.
Жорамалы жол үстінен жоғалмай
Көкалалы жылқы айдаған бұл бала.
Өмір,
сенің көздеріңнен нұр көргем,
Нұр көргем де
жолға шығып үлгергем.
Жусанының жұпарына жуынып
бауы да жоқ,
тауы да жоқ бір белден.
Қобыз шалып...
күңіренсе күй үні,
Түседі екен көңіліңнің иіні.
...Түн баласы түске кірді кісінеп
Иесі жоқ
Қара айғырдың үйірі.
ҚАРАӨТКЕЛ ЖАҚҚА ҚАРАДЫМ...
(Элегия)
Сары белдердің сауыры
Аңқытып иісін саумалдың,
Ақбота бұлттың бауыры
Жалт ете қалып жауған күн.
Қасыңа барып түнер ем,
Кекілін сылап құланың...
...Жазылмай қалған бір өлең –
Шырқалмай қалған бір әнім.
Аңқылдап тұрар бәріңе
Арқаның арда даласы.
Ақша бұлттардан әріде
Ақ сағымдардың арасы.
Арыма сіңген арай бар,
Бақ мекен,
саған байландық.
Қамығып барсам қарайлар
Қараөткелдегі қайран жұрт.
Қараөткел деген – қара өлең,
Есіл мен Нұра – қос өзен.
Ертең-ақ көшіп барар ем –
Көгерер болса көсегем.
Жайдақ қыр
бүгін жайнап тұр,
Жадырап жетер жаз әлі.
Қараөткел!
Сенде қайнап тұр –
Қазақтың қара қазаны.
Нұраның нұрлы жанары,
Солай да солай,
қарағым...
Есілдің ескен самалы,
Қалқаның айтшы хабарын.
...Қарашық тала қарадым
Қараөткел жаққа, қарғам-ай.
Солай да солай,
қарағым...
Арман-ай, шіркін,
арман-ай!..
ҚОС ҚАРАҒАН
Елге барам,
ермінез досқа барам,
Қасиетті, киелі қосқа барам.
Қозы көштен жолымды тосқан анам.
Қою түннің қойнына кіргенде әлем
Қоңыр қырды қоритын қос қараған.
Мұнар күнге мұң шақса мұңлық өңір,
Қос қараған қоритын қырды қоңыр.
Өткен күннің өзегін тілгіле,
НҰР!
Бір күн өмір баяны басымызда,
Тұнығына тұманың тұнды көңіл.
Жарықтарға жасымнан жаным алаң,
Талмаусырап тал түсте сары далам,
Сарғаяды,
сағымнан сабыр алам.
...Айлы түнгі жұлдыздың сәулесіне
Армандарым қозыдай жамыраған.
Есіл мекен,
Ескі көз,
есімдегі,
Белден асқан бейбақша бесіндегі,
Келмей кетсем кешігіп,
кешір мені.
«Қарағандай қарағым, қараңдамай,
Тартпаймысың көңіліңнің көшін бері».
Сыр тартады сырбазым сырласынан,
Сол бір сырды тыңдауға жылда асығам.
Сұры қашып сұп-суық сұлбасынан,
Қарсы алады
талықсып таң самалы,
Қос қараған қараңдап қыр басынан.
Көсілгенмен көнермей көңіл-құмай,
Топырағымда торықтым тобылғыдай.
Көсегемді көгертер көгілдір Ай.
Елге қарай қойғанмен елеңдетіп,
Өлеңдетіп қоймайды өмір бұлай.
Қосқа барам,
Қос қараған...
* * *
Көңілдің нұры көктемгі
күзге сіңгелі,
Салбурын туа салт атпен із кесілмеді.
Самалын жұтып қайтам ба
сағымын қуып –
Жанарым Жаңаарқадан іздесін нені?..
– Қайным-ау... – десе қайқаң төс кәрі жеңешем,
Құйқылжып салған құстардың әніне ілесем.
Махаббат дейтін маусымды кешкенмін мұнда,
Кешіп келемін,
Бұйырса әлі де кешем...
Мәңгілік атты мәні ұлы тұраққа сіңіп,
Қарттар кеткелі...
Көңілім жылап, басылып...
Мұң кешіп жатыр ертеңге елеңдеп жұртым,
Құм көшіп жатыр желкемде қыратқа асылып.
Аспан мен жері астасса
тұтасып арбай,
Бұлттары қандай бұ жақтың,
бұтасы қандай?!
Құлдыраң қақса құлыны құлан иекте –
Құба жондармен жосылып құт асығардай.
Күзде оралыппын мен саған,
көктемде кеткем,
Көсегімізді көгертіп көк белде көктем.
Сіздің де бастан, қайран жұрт,
сан тарих көшті,
Біздің де бастан бір дәурен өткен де кеткен...
Жалғасып жатса не шара
ота далама,
Орыстың зымыранынан опа бола ма?
– Өзіме де обал жоқ, – деймін, –
айырбас еткен
Сапырулы сары қымызды «Кока-Колаға».
Жаным-ай,
әзір жаным да жайланды дейін.
Бастаймын дейтін батырдай майданды кейін.
– Алматы жақта не іздеп жүрсің? – дейді ағам...
Не іздеп жүрмін шынында?..
Қайдан білейін...
ЕСТЕЛІК
Иығынан Күн аймалап кәрі құздың,
Тамызда тамылжыды әні күздің.
Соңынан сағым қуды
сағынышым
Сарытауға сапар шеккен сары қыздың.
Туғалы талайына тағдыры ерген,
Ұл едім жоқты көрген,
барды көрген.
Сарытауға оқу іздеп сары қыз кетті,
Мен қалғам Сарыарқада сал күреңмен.
Бір үміт өзегімді тепкілейді,
Көңілім көктем туса көк тірейді.
Сары қыз Сарытау жақтан оралмады,
Біреулер: «Оқу өтіп кетті», – дейді...
Жаныңа медет сұра жасытпа деп,
Сарғаю сағыныштан – ғашыққа әдет.
Сағымға сарнап тұрып сыр ашқанмын:
«Сарытау Сарыарқадан қашық па?» – деп.
Жылдар да желге ілесіп желіп кеткен,
Аппақ қар жауған талай,
еріп кеткен.
Сарғайды жан қалтамда сары орамал
Сары қыз сонау жылы беріп кеткен.
Ақынның сол ма деп ем қонар бағы,
Кім білсін – ол алдады,
Жол алдады.
Мен жүрмін салкүреңді сар желдіріп,
Сары қыз Сарытау жақтан оралмады.
Сырыңды кім бар жатқан күнде ескеріп,
Жанымды жырға орадым
гүлдесте ғып.
Сарытау – Сарыарқаның арасында
Өткеннен өшпей қалған бұл да естелік.
Жаныма жарық сеуіп самалалар,
Аялап айдынымды ән оралар.
Мені де сары түске іңкәр етті
Сары қыз,
Сарша тамыз,
Сары орамал.
...Тербе, күй,
қалықта, жыр,
аңсат, аңыз!
Аңсамай өзімізді шаршатамыз.
Жаныма жарықтарын жағып кетті
Сары қыз,
Сары орамал,
Сарша тамыз...
ШАҒЫЛДЫҢ ШАЛҒАЙЫНДА
ШАҒЫН АУЫЛ...
Қабағын дүниенің тұрған бағып,
Көп болды, қараша ауыл, бір бармадық.
Көлбеңдеп көз алдымда жылдар да ағып,
Жаутаңкөз жазылмаған жырлар қалып,
Ту тігіп, туған мекен, бір бармадық.
Бір қонып кетсе дей ме қосыма кеп,
Жолымды бала досым тосып әлек.
Шағылдар қол бұлғайды шошыма деп,
Елсізде ескі бейіт есінейді:
«Тірлігің, ақын балам, осы ма?..» – деп.
Жастықтың жыры қалған,
сыры қалған,
Тұмаңда тұнып еді тұнық арман.
Жанымды табылар ма ұғынар жан?
Бұйратта бұйығады біздің ауыл,
Есігін үй секілді іліп алған.
Ел бізді қалдырмайтын қуаныштан,
Аман-сау шықса жарар мына қыстан...
Тілеуін тілеп жүрміз тым алыстан.
Құс жастық,
құрақ көрпе төрге жайып,
Қайда екен сол келіншек құрақ ұшқан?
Ойласам,
жүрегімнен жыр атқылап,
Жанымда мөлдірейді бір ақ бұлақ,
Көмбеге жетер кезде пырақ құлап.
Көгі де көңілімнің көмескілеу –
Баяғы сол көрпедей құрақ-құрақ.
...Келемін, хабар айтпа
алдан бөтен,
Келмеген кезім болса арманда өтем.
Жолымды ұрпақтарым жалғар ма екен?
Шағыл құм шалғайында шағын ауыл –
Мәңгілік сағынышым қалған мекен.
АБАЙМЕН СЫРЛАСУ
Найзағай-тағдыр шатырламашы,
Дегберін алып пенденің.
Аға сұлтанның ақын баласы,
Сөзімді тыңда сен менің!
Өрлік өремді өлшетер едім,
Хандар да шықты қарадан.
Кісілігімді көрсетер едім,
Бөжейдің асы тараған.
Шыңғыстың тауы – шырайлы мекен,
Ұлылық қонған сол маңға.
Жидебай-жайлау жылайды ма екен
«Жаздыкүн, шілде болғанда?»
Қалың елдің де, ну орманның да
Қуарған кезін көз көрді.
Семсерін сертке суарғанның да
Сезімі сәтте өзгерді.
Мыңменен жалғыз алысқан Абай,
Шыңғыстан шыңға беттедің.
Артылып туған данышпан Абай,
Тектіден туған текті едің.
Алмайды жырдың жүлдесін ақын
Сүлдесі солғын ғасырда.
Бел-белестерге бірге шығатын
Ерболдай дос жоқ қасымда.
Шырылдап тұрған шырқар да құсым
Тамылжығанда таң әні.
4-265
Оразбайлықтың жыртар намысын
Сәмен сұмдардың заманы.
Қасқая күлді қасқа маңдайлым
Кедейлік кешкен күйіме.
Ту бие сойып ас бере алмаймын
Біржан сал түссе үйіме.
Ортаға салам олжамның бәрін,
Көшімді бұрмай шалғайға.
...Толған ай сынды Тоғжанның әнін
Әйгерім ару жалғай ма?!
Жайдақтықтармен жауласып әман,
Ұшырған көкке жыр құсын.
Құнанбайлықты дауда сынаған –
Қайран да Ұлы Шыңғысым!
Жыртыстай бүгін жыртылғандар бар,
Майсаңды орар шалғымен.
Ұлы болуға ұмтылғандар бар
Ұл болып алмай алдымен.
Алаштың асқан тәңірі Абай,
Көреміз біз де жолда азап.
Жаратқан хақтың әмірі қалай –
Сен көрген қазақ – сол қазақ!..
* * *
Ұлытауымның дара шыңында
Ұлтыма біткен бар әлем.
Қараша айының қарашығында
«Қарғам-айлаған» қара өлең.
Сарыарқа жақта сағым биледі,
Желпініп кейде жел ессе.
Жанымның жалқы жалын күйлері
Дүбірің сенің емес пе?
Арғымағым-ай,
Ар қанаттым-ай,
Аламан көрген ақ таңда.
Жарығы жанда жатталатындай
Баяны мәңгі бақ бар ма?
Тізгінін тарттым қаракерімнің,
Бір күнім аумай бір күннен.
«Қарғам-айлаған» қара өлеңімнің
Кекілін сылап тұрмын мен...
БАЙҒАЗЫ-ЖЫР...
(Серік Сәпиев Олимпиада чемпионы атанғанда)
Мәпелер кезі туды құсты ұяның,
Сүйінші!
Самға, арманым,
Ұш, қиялым!
Сүйінші!
Ұлытау мен Өр Алтайым,
Алатау,
Қаратау мен Үш қияным!
Бауырым!
Байтағына байрақ ерім,
Додада намысыңды қайрап едің.
– Серігім – Сертім! – деді қараорманың –
Сенімін саған байлап қайран елің...
Аһ ұрсаң аламанда
алаң,
қайғың,
Жанымның жапырағын саған жайдым.
Рухын сен арқалап шықтың, інім,
Махамбет,
Райымбек,
Қабанбайдың...
Жасынсың
жарқылыңды жасырмаған,
Дүние дүбіріңнен тасырлаған.
Алты алтын...
Жөні бөлек жетінші алтын –
Жетінші құрлықтайын ашылмаған.
Ұлықтау ұлы арманды – ұлтыма әдет,
Жанымда мөлдіреді жыр тұма кеп.
Төле би,
Әйтеке би бата берді –
Қаз дауыс Қазыбектің жұртына кеп.
Бұтағы бәйтеректей Нар ағаштың,
Нарлармен намыс болып жағаластың.
Лондонда,
Олимптің аспанына –
Арманын алып ұштың бар Алаштың.
Тұрғанда бағың шауып,
күнің күліп:
– Батырым! – дейді қазақ сырыңды ұғып.
Тік ұста, айналайын,
туыңды нық –
Жұртыңды жұдырықтай жұмылдырып.
Сен барсың –
қайда дода,
қайда дүбір,
Қазаққа сыйла шаттық,
сайла ғұмыр!
Сүйініп сүйіншілеп жатқан елге –
Әзірше осы болсын байғазы-жыр!..
БҰЛАНДЫНЫҢ БҰЛТТАРЫ
...Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сәкен
Тамылжып тұрған таңда атқан
Жұртыңды көрдім, Бұланды.
Жамырап жеткен жан-жақтан
Бұлтыңды көрдім, Бұланды!
Арқада сонау, ақ таңда
Алдымнан өрді көп елік.
Көкшеге бара жатқанда
Көктем боп шықтың көгеріп.
Үміттің оты жана ма
Кермарал қырдың көзінде?
Сағыныш түнеп санама,
Сарғайып жүрген кезімде?
Басыма қонған бақ, шабыт,
Баяны мәңгі құтым ба ең?
Аспанның асты ақша бұлт
Ақ түбіт сынды түтілген.
Айымды жылдар ұрттады,
Тағасы күннің кетілді.
Бұланды жақтың бұлттары
Бұлқынып тұрған секілді.
Уақыттың жағып шырағын,
Серілер өткен кешегі.
Бұлаң да бұлаң,
бұла күн –
Бұлтыңмен бірге көшеді.
Көктемнің көріп көк түсін,
Бастап та кеттім бір әнді.
Көңілден ұшқан көп құсым
Көгіңде қалсын, Бұланды!
КӨКТӨБЕДЕН БАРАДЫ КӨШІП КӨКТЕМ...
Қанатынан нұр саулап төккен өлең,
Көктем көшіп барады Көктөбеден.
Талайында тағдырдың жазуы бар,
Ағайынға не айтам өкпелеген?
Көңіліңнің қадап ап төсіне гүл,
Көктем көшкен кезеңді көшіре біл!
Қайран ақпан қайырылмай кетті білем,
Сайдан аққан жылғадай осы ма өмір?..
Тамып түскен шығынан таңға жасы,
Сол бір көштің мен, бәлки, арналасы.
Жар жағасы...
жастығым арман қуған –
Ардан туған Алаштың бар баласы.
Тұмаларым тұнғанда тұнжыр көктен,
Көктөбеде көгеріп гүл-гүлді өпкем.
Шырақ болып жанатын
жүрегімде –
Бұлақ болып бұлқынған бұл бір көктем.
...Өткен жылдың, білмедім, сұрқы қандай,
Қадыр көкем...
соңынан – жыр-Тұманбай.
Өрен бе еді,
өртенген өлең бе еді –
Біз де ілесер сапар ғой бір күні Алла-ай...
Жалқын сәуле ашпаса бір күні есік,
Мұнар таулар тербейді мұңлы бесік.
Аққу-қаздың қанаты сусылдаса,
Өтіп кетер өмір ғой бірге ілесіп.
Бақытыңнан, бауырым,
кешікпеп пе ең,
Қайығыңды қай тексіз тесіп кеткен?..
Ескегіңді ағалар есіп кеткен.
Өмір деген – біз шырқап өткен өлең,
Көктөбеден барады көшіп көктем...
* * *
Бастағы балғын шақтың баяны ұшып,
Барады күндер зулап,
ай ауысып.
Сайыңнан сайран таппай
саяқ кеткем,
Қайыңнан қайран таппай
сая құшып...
Күрсінтіп,
күреңітіп күз көшеді,
Көңілім көшкен күзден із кеседі.
Елсізде еңіс қуып
ескен желдей
Елуге еру қондық біз де есебі.
Көргенім белес пе еді,
елес пе еді,
Жанымда жанған сол от неге өшпеді?..
Менсіз де өлең – дүние деп ойладым
Елсізде еңіс қуып жел ескелі.
Уақыт!
Сенің құштық саяңда арай.
Керуен көшін түзеді аялдамай.
Аялдамай...
бағытын баяндамай –
Түнгі аспанда барады аяңдап Ай...
АЛАШТЫҢ АРДА ТУҒАН БІР БАЛАСЫ...
Ағатай,
айналайын жан ағам-ай,
Ізіңнен басып өткен тамады арай.
Сүйетін адамзатты алаламай,
Жаныңыз жарық еді самаладай.
Аға едің жыры ғажап,
нұры ғажап,
Құбылып кетті-ау бүгін құбыла жақ.
Алаштың Ардан туған бір баласы,
Ұлт үшін Ұлытаудай Ұлы қазақ.
Кеткенде қырдан асып құландай күн,
Ішімде шулап қалды ұлар-қайғым.
Жалғасы қазыналы Қаныш аға,
Жан досы тұма бұлақ Тұманбайдың.
Тағдырдың кезіксе де сұрапылы,
Әуелден ұл боп тудың мұраты ұлы.
...Қазақтың сендей болсын бір баласы,
Қазақтың сендей болсын бір ақыны.
Көргенмін нұр құшқанын,
жыр қысқанын,
Қасында қаршадайдан бірге ұшқаным...
...Ағаның Айнакөлдей айдынында
Менің де жүзген талай жыр құстарым.
Тағдырың жазбаса да кіл несібе,
Ілестің жыл көшіне,
күн көшіне.
Кәкімбек Салықов боп қазақ шыққан
Мәскеуде
Кремльдің мінбесіне.
Күмбір күй,
әуезді әуен,
отты өлеңі,
Жыл сайын көгеретін көктем еді!..
...Аялы Қызылжардың ақ қайыңы,
Саялы Көкшетаудың көк терегі.
Жаз қалды жарық күннің жамалында,
Саз қалды Сарыарқаның самалында.
Сен қалдың аққу құстың әуенінде,
Жалт еткен жезкиіктің жанарында...
Ән саулап,
жыр төгілген таңдайынан,
Өмірден барады өтіп қандай ұлан.
...Көрсеңдер Жезқазғанның жезкиігін,
Өтінем, сипаңдаршы маңдайынан!..
Қош бол, аға!
БӨРІСЫРҒАҚ
Ақырды ақпан тағы,
бөрісырғақ,
Өлеңім,
өзегімнің өрісін тап!
Ақ таңда ақбоз мініп арқырасам –
Бөрісырғақ әуені – тегіс ырғақ.
Ердім де елесіне осы ақпанның,
Арғымақ ойларыммен қосақталдым.
Ақ боран демін ішке тартқанында,
Ақ әлем,
сені көріп босап қалдым.
Керуен түзегенде күнге көшін,
Өлкемнің өле сүйгем қыр, белесін.
Өмірі өлеңімнің өртке оранып,
Көңілі көкөрімнің кірлемесін.
Ұққаным – әр кеудеде бір қараша,
Бақ түнеп баршасына нұр қараса...
Ақ боран тозаңымды қағар ма екен
Ақпанда бөрісырғақ сырғанаса?
Сарғайған сары белдің сағымында,
Көзімнің қарасы мен ағы мұнда.
Боз жусан,
боз бетеге,
боз көденің
Боздаған үнім қалған тамырында.
Жүдеу күн...
Ақ дүниенің тақта арайы,
Біреудің осында жүр бақ-талайы.
Демі де тегіс ырғақ –
бөрісырғақ,
Азаннан аңырап тұр ақпан айы...
АСПАНТАУ АҚҚУЛАРЫ...
Көктемнің көз жасындай іркілмеген,
Кеудемде лықсып жатты біртүрлі өлең.
Аспантау аспанынан аққу көрдім
Мамығы ақша бұлттай үлпілдеген.
Көгерсе көк теңіздей көгілдір маң,
Көгеріп қайтар, бәлки, көңіл қырдан.
Аспантау асқарынан арай көрдім
Арыңды айдынына шомылдырған.
Ақ шуақ апайтөсін аймалапты,
Күнін де сағым сүйіп сайға батты.
Аспантау алқабынан ару көрдім
Аршын төс,
алма мойын,
ай қабақты.
Ашылған ай нұрымен ерте гүлі,
Өлке бұл
өренінің өр көңілі.
Тәңірі жарылқағыр Тәңіртаудың
Есейген етегінде ерке елігі.
Ақынмын арнасының ағысы өлең,
Туғалы сезімі – шер, жаны – шемен.
Арман-ай,
аққу көрдім аспаныңнан –
Аққудай ару көрдім тағы сенен.
Аймалап Аспантаудың Ай таңдары,
Құстардың әні болдың қайтардағы.
Мен сені сүйем дер ем...
ондай сөзді
Тілі бар пенделердің айтар бәрі.
Ту тіккен тұғырлы елің тұнған ырыс,
Шайқап іш шәрбатыңды,
мұңданып іш!
Аспантау!
Аққуым мен аруыма
Ғашық боп жүр дегейсің бір дәруіш.
...Тәжінен Тәңіртауды танып анық,
Жұлдыздай көк төсінде жамырадық.
Аққудың қауырсынын қалам еттім
Жанымның жарығына малып алып.
ЖЕДЕЛХАТ
Бірге аса алмай қалып кеткен қырлардан,
Айналайын үркек үміт, мұңлы арман!
Жүрегіме жеделхаттар кеп жатты
Мың тоғыз жүз жетпісінші жылдардан.
Жылжып жатқан күндерім мен айларым,
Бақытымның тік көтерген байрағын.
Бал жалаушы ек бала құрбым екеуміз,
Қара түннің қалқып ішіп қаймағын.
Қайран өлең,
уыз болып ұйығыр,
Тағдырымның тарту еткен сыйы бұл.
Қой күзетіп жатқан кезде достары
Ой күзетіп отыратын бұйығы ұл.
Дала,
Дала!
Әулетімнің нұр, бағы,
Бала ақынның сонда туған жырлары.
Түндігінен ай қалықтап жүзетін
Малшы үйіне қонып па едің қырдағы?..
Бұл тірліктің соқпақтары қиралааң,
Сүрлеуінен шығып қалар сыймаған...
Ай толғанда толғатқан да анашым
Ақ дүниеге ақын ұлды сыйлаған.
Жусанды қыр
өшпейді әлі санадан...
Топ тобылғы,
қараңдаған қараған.
5-265
Бұрымыңның бұла өрімі бұлдырап,
Құлынымның кекілін жел тараған.
Толқынбысың,
торықтырар тормысың?
Соқпақпысың,
сүрлеумісің,
жолмысың?..
Тұла бойы ендіктер мен кеңдіктер –
Сол даланың көшірейін болмысын.
Қайран уақыт
көнбейді еш ыңғайға,
Тұлпар күндер бір орында тұрмайды, ә?
Жүрегіме жеделхатын жолдаған
Мың тоғыз жүз жетпісінші жыл қайда?..
...Шүкір айтпай тұра алмайсың мұндайда.
БАЛАПАН ҚҰС
(Александр Пушкиннен)
Тылсымдардың тұна қалған серті ме,
Өзектіге өлең болған өмір бұл:
Балапан құс,
жіберейін еркіңе,
Көктемдердің көгі көркем,
көгілдір.
Құштар көңіл көрмегесін қысылып,
Дүниенің дүрмектерін сүйесің.
Биігіне жіберейін ұшырып
Титтей ғана тіршіліктің иесін!
* * *
Жүрегімнің аз емес-ті сезгені,
Үнің сенің қасіретті аулаған.
Еске түсті мұңлы арудың көздері,
Дала мен түн Ай астында аунаған.
Ән сал, жаным,
ән сал, менің көріктім,
Сені көріп ұмытпасты ұмыттым.
Еске салдың,
егілдірдің,
еліттің,
Сенің үнің – тұнығындай тұнықтың.
Мен бар жерде әуелетпе – сұрарым,
Әдемі қыз, грузиннің мұңлы әнін:
Жаңғырады әуеніңнен, шырағым,
Жағалаулар...
алыс қалған жылдарым.
ТОБЫЛҒЫЖАРҒАН
Көктем дегенің – көгілдір арман,
Көгертер кез бұл көңілді қалған.
Сәуірдің айы сәуле шашарда –
Тобылғыжарған, тобылғыжарған...
Қыратқа барсам жолыма жақын,
Бұлаққа барсам толып ағатын.
Тобылғыжарған бүршік жармаса
Тобылғы сынды торығады ақын.
Ұқтырған ерте туар айларым,
Алағайларын,
бұлағайларын.
Жанымда желген желдірмелерім –
Мамырда өрген құралайларым.
Өтпелі дей ме өмірді жалған,
Көгертер көктем көңілді қалған.
Толғатқан жанның толайым күні –
Тобылғыжарған, тобылғыжарған.
Түңілесің де,
тірілесің де...
Уақыттың, Қарғам, ұлы көшінде.
Тобылғыға ыстап, сабаңды пісіп,
Шаралап қымыз сіміресің бе?!.
Бағыма – үміт,
Сорыма – күдік,
Қасиеттеріммен жолыға жүріп,
Тобылғы сапты қамшымды ұстап,
Тоқпақтай жалды торыға мініп.
Аттансам деп ем...
тым алыстарға,
Жолығар жаным жұбаныштарға.
Тобылғы түсті толқындарыммен –
Қосылып кетіп бұла ағыстарға.
Биіктеп ұшса көңіл мұнардан,
Өлең етермін Өмірді қалған.
Толайымыңды толқыным сүйсін –
Тобылғыжарған,
тобылғыжарған...
ӨМІР КЕШТІМ...
АЙ СЫНЫҒЫ
Қара шашын жайғанда қара түндер –
Қиялыма құстардың қанатын бер!
Ақ таңдардың қойнына мұңды ұзатқам,
Түнгі аспанның көгінен жұлдыз аққан.
Аққан жұлдыз,
арналы арман арда,
Сағыныштың самалы сарнағанда –
Ендіктер мен бойлықтар бәрі көрген,
Біз сыйынар жүректе тәңір өлген.
Шемен күйін шертеді шерлі кісі.
Елеусіздеу елестей ендігісі...
Көгершіндей көктемде дүркіреген,
Сенімдердің сертісің, шіркін, Өлең.
Араласса жанымның мұңға жасы,
Түнектерді түремін түн баласы.
Қызықтарым қыр асса,
қайғым – жетім,
Аймалайды Аймандар Айдың бетін.
Қара түсті ақ түске көшіргелі,
Тіршіліктің тартады көші ілгері.
Жұлдыз санап жататын түңіліктен,
Балалықтың бал-шырын күні біткен.
Елес қана қоршаса есіл ерді,
Ерке кезді жыр етем несіне енді?
Қанатын бер құстардың бұл ақынға,
Шабыт барда кезіксін сұрапылға.
Қара жердің бетінде қосым қалып,
Ақ өліммен өлейін сосын барып.
Жыр толқытқан көңілім назды айтады,
Қарашада қаңқылдап қаз қайтады.
Қара түннің қайыстай қайшылығы –
Айдын көлдің бетінде Ай сынығы...
САРЫАРҚА. «ПРОТОН» ҚҰЛАҒАН ЖЫЛ
Еспейді самал таңменен
Шалдыққан шартарабымда.
...Жазира Жаңаарқам менен
Қара орман Қарқаралымда.
Мұң емес –
мұқалмас қайғы,
Ғасырдың қауіпті өткелі.
Жусаны жұпар шашпайды
Ақбөкен ауып кеткелі.
Келгендей Арқаға құрдым,
Тажалға лағынет, мейлі –
Жаңаарқа, Қарқаралының
Базарда малы да өтпейді.
Кигенде алаңсыз кепті,
Қартым-ай, ретің сынар:
«Гептилді залалсыз депті,
Өкімет білетін шығар...
Қайтейін, асығыс бәрі,
Жөн еді қашық ұшқаны.
Ресейдің құламаса екен
Зымыран тасығыштары».
Арқам-ай,
арқаға батты,
Ауыл тұр шайқала...
жүдеп.
Құрдасым тартады арақты:
– Уды у қайтарады, – деп...
ҚЫТАЙДАН КЕЛГЕН КИІЗ ҮЙ
– Жаратқан Алла-ау, қытайы несі?
Киіз үй кепті Қытайдан.
– Үлкендеу ел ғой ұпай, үлесі...
Санамда менің жұт,
ойран.
Сауал тастайды кенеттен көкем,
Жанымды жегі кемірген.
– Туырлықтары кенептен екен,
керегелері темірден...
Заманның бұл бір сұмдығы ма екен,
Көзіміз талай көрген ғой...
Шаңырағының түндігі бөтен,
Кіндігі бөтен елден ғой.
Киізсіз киіз үй көріп тұрмыз,
Уақыттың өкпек суығы.
Көршіден өнер үйреніп тұрмыз,
Желбауы басқа, уығы...
Көңілім кейде өсіп толатын
Даланы кезсем
жаны әсем.
Жайлауы тозса көшіп қонатын –
Жылқылы ауылдың баласы ем.
Киіз бен ағаш сүйегі, дені,
Сөзіме кім бар таласар?..
Киіз үй – біздің киеміз еді,
Қазаққа ғана жарасар.
Жүрегімдегі жосиды ма елік,
Жалт ете қалып жанары?
Қытайдан келген осы үйді көріп
Көңілім босап барады.
БҰЛАҚ БАСЫНДАҒЫ БҰЛДЫРЫҚ
Бұлаққа бардым,
Бұлдырық көрдім
Бұла даланың төсінде.
Сорғалап қонған нұрлы үміттердің
Еркем-айлары есімде.
Сырласарым да,
Сыйласарым да
Өзекті өпкен өлеңдей.
Бұйығып жүргем бұйра шағылда,
Бұлдырық құсша еленбей.
Тұмадай сонда тұнамыз деп ем,
Жылы ағыс қосып жылғаға.
Бұлдырсыз шөлден бұлақ іздеген
Бұлдырық құс пен бұл бала.
Бастаудан сонда ұрттамай кеттім,
Көрсетіп құсқа ірілік.
Булығып ұшқан бұлттары-ай көктің,
Буынсыз жерге ұрынып.
Қанаты бардың жүрегін ашқан
Тұма бұлақтар, тұнып ақ!
Бұлаң етеді бұл өмір бастан,
Бұлдырық құстай зымырап.
Жыр ма екен жылап жырақта қалған,
Көңілдің көктем күйі ме?
Бұлдырық көрген,
Бұлаққа барған...
Бұлдыр да бұлдыр дүние...
ТҮС Ай астынан Ай көрдім, Күн астынан Күн көрдім. Қараөзекке қайғы өрдім, Шың басынан шың көрдім. Құс дейтұғын құс емес, Түс дейтұғын түс емес. Сырты да елес, іші елес... Көктем емес, қыс емес. Өлеңімнің өрнегі-ай, Өмірімді өргенмін. Ай астынан көрген Ай, Күн астынан көрген Күн...
АММАНДАҒЫ АДАЙЛАР (Салық Қазаққа) І Тағдырымның бар шығар бір білгені, Жиі есіме түседі бұл күндері – Жылап аққан жылғадай жырдың легі, Аммандағы Адайлар, Үрдіндегі. Тірлігінің мән іздеп астарынан, Тербейтіндей тереңін басқа бір ән. Ей, қағынан безінген қасқа құлан, Аптап іштік Амманның аспанынан. Атажұртта аңсары, алаңдары, Арман айтты аңырап маған бәрі... Қос үй қазақ қос тіккен Аммандағы – Қос қарашық секілді жанардағы. Тамылжытып таңдарын тамыз майда, Ақтарылған ақ түндер аңыздай ма, Көздің жасын көлдетіп ағызбай ма? Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда?.. Сенде де ерік жоқ, бауыр, менде де ерік, Теңдеспеспін теңіңді теңге беріп.
Күндерімнің көшіне келгем еріп Дөңгелек жер бетімен дөңгеленіп... Үмітіңді үйірсе талай құйын, Қазақ болып туғанға қалай қиын. Шуаққа үйің шомылып, арайға – үйің, Айдын кешіп, Айға ұштық Үнтаспадан Айгүл шерткен аялап «Адай» күйін. ...Елге қайтам, Ел – Анам, кием – Дала. Иордания... қиян шет, иен дала, Жар болады Жаратқан Иең ғана. Алты қазақ Амманда жылап қалды: – Хабар алып тұршы, – деп, – жиен бала. Тағдырымның бар шығар шын білгені, Жырақтарда жылытты жырдың лебі. Аммандағы Адайлар, Үріндегі... Жиі есіме түседі бұл күндері. Іздеп келсе тойлар ем, шіркін, мені!.. ІІ Алыстан тапқан ардағым едің, Арлы әнім едің, арналым. Сыбызғы болып сарнадың, елім, Қобыз да болып зарладың. Қайтарам қалай қалқып азабын, Халіңді сұрар халқым аз. Амманда қалған алты қазағым – Әуелеп ұшқан алты қаз... 6-265
ІІІ Үрледім тұнық көліңді, Білмедің... бәлки, білдіңдер. Үркітпес үміттеріңді Үрдінде көрген үр күндер. Күймемді сонда күйреткен, Жаратқан, саған жарты наз. Үрдінде жүзген үйрек пен Әуелеп ұшқан алты қаз. Торығып, толқып, тоңар ма?.. Сағымнан жүрмін саз илеп. Сағыз бен Жемге қонар ма Үрдіннен ұшқан қаз-үйрек?!.
ЖАҢҒЫРЫҚ
...Жартасқа бардым,
Күнде айқай салдым,
Одан да шықты жаңғырық...
Абай
Дауысым шықты жаңғырып,
Жан-жағым толған жаңғырық.
Сізден соң өмір-өлеңге
Біз қайдан келдік қаңғырып?
Адасқан күшік секілді,
Ойларым жұртта қалды ұлып.
Тұлпар тұяғы кетілді
Алашқа тілеп Арлылық.
Ей, Шыңғыстаудың баласы,
Запыран құстым зар қылып.
Қазақтың қайран даласы
Жаңғырықтардан мәңгіріп,
Есімнен кетті тандырып...
Беу, елімнің ерен Абайы,
Теңіздей терең Абайы.
Ататын таңның арайы,
Шұғылаға тұнған маңайы.
Санама мені пендеге,
Өзіңді көрем түсімде.
Жартасқа бардың сен неге,
Жаңғырық есту үшін бе?..
Қара көңілдің жарығы ең
Халқымды бастар мәңгілік.
– Абай! – деп айқай салып ем:
– Абайла! – деді жаңғырық.
Аймалап өстік Күн, Айды,
Көкейде көктеп көп өлең.
Жаңғырық шықса жылайды –
Абыралы, Мыржық, Дегелең...
Жаңғырық естіп құрсақтан,
Ұрпақ боп тудық күнәлі.
Абайдың өзі мұң шаққан –
Меңіреу жартас тұр әлі.
Жаңғырды бүгін тау іші,
Жанымда менің жанды үміт.
РУХ-ымның өлмес дауысы –
Шыңғыстан шыққан жаңғырық...
АСТАНАДА. АҚПАНДА...
Астана жұртын айналған...
Махамбет
Ақын жоқ Қараөткелде менен асқан.
Ғазиз
Белім шықпай жатқанда бесікте мен,
Керуен соққан кездерден көшіпті өлең.
Астанада,
Ақпанда,
Ақ боранда
Аппақ-аппақ түстерді кешіп келем.
Ақпан әні,
Астана,
көшең де кең,
Ақ бораны – аппақ нұр десем бе екен?
Ел қондырған Есілдің жағасына
Есіл де есіл,
есіл жұрт есен бе екен?
Барысқа да ұмтылар бақанды алып,
Қазақ деген – нар халық,
атан халық.
Ұтылмаса жарады,
жұтылмаса –
Жалмауыздың аузында жаһанданып.
Тиер жерге мың тиіп мына маңдай,
Сыңар арман сыңсиды сыналанбай.
Құйқылжытқым келіп тұр қыстың әнін
Құстың әнін жырлаған Тұмағамдай.
Үмітіңнің үрлетіп үр шырайын,
Нұр сұрайын саған кеп,
жыршы қайың.
Айтулы ағам Айтұлы секілденіп
Бәйтеректің басына бір шығайын.
Айдындардай жағада кеме қашқан,
Ортаймайын...
Көлімде көне дастан.
Қара өлеңнің қазанын қайнатайын,
«Қараөткелде ақын жоқ менен асқан».
Қара өлеңнің қазаны қайнағасын,
Астананың әз жұртын айналасың.
Ақпан киіп кірер ем Ақордаға,
Онда мені күтеді қай нағашым?..
Есіл жұртта тосайын арысымды,
Есілге әкеп қосайын ағысымды.
Ақ дүниеге сыйлайды
ақын бақыт,
Жақындатып кетейін алысыңды.
Қосын қонғым келеді...
қосұдай жыр,
Тоңған шығар жолымды тосып АЙ-НҰР.
Астанада,
Ақпанда,
Ақ боранда...
Өлеңдетіп қояйын осылай бір...
БАЯНАУЛА. ТҮНГІ ТІЛЕК
Жасыбайда,
Көлдің беті жайнаған жасыл айна.
Жұпар шаштым жұптасып жұлдыздармен,
Ғазал оқып ғаламат ғашық Айға.
Саған келем сарғайсам саялауға,
Саялауға,
Арымды аялауға,
– Баяны жоқ тірліктен баян тауып,
Кел, – дейді Баянаула.
Баяным-ай!
Қос бүйірін көгіңде таянып Ай,
Бұлт көше ме басыңнан баяғыдай?..
Бұлт кетпесе басыңнан баяғыдай,
Бізді де ая, Құдай!..
ҚАРА НӨСЕР. ҚАРАША
Тегене-көктің тесілді түбі,
Қап-қара нөсер құйылды.
Есілдің сонда есілді күні
Қараша айында биылғы.
Көңілім, көкпен жарасасың ба,
Тағдырым едің,
Таң,
Арай...
Қарайлайтындай қарашасына
Қарашадағы қарағай.
Жүректі түртіп оятты-ау мұңым,
Жабыға қалған жайым бар.
Сан ағаштардан саяқтау бүгін
Жалаңаштанған қайыңдар.
Керім кезімнен келемін қайтып,
Күзеуге көшкен жұрт едік.
Өліара шақтың өлеңін айтып,
Қап-қара нөсер тұр төгіп.
Төбеңнен нұр боп төгілген үнім,
Ей, арғымақ ердің баласы.
Өмір де бүгін,
Көңіл де бүгін –
Қыс пенен күздің арасы...
* * *
Жыр жауған жылы күндерім –
Нұр жауған ғұмырымда едің...
Тұлпардың тұғырында едің,
Бұлақтың тұнығында едің...
Жастығым – жасыл бақ,
арман,
Жылдарда,
ғасырда қалған.
Жаңаарқа жазирасында,
Баянның басында қалған.
Көз ашып көргенім еді,
Өлеңнің өрнегіндегі;
Есілдің толқынындағы,
Көкшенің көлдеріндегі.
Сыр айтпай сырғалым қалды,
Мұнартты...
мұң қалыңдады;
Қаратау қатпарындағы,
Алатау шыңдарындағы.
...Ойымды демесең бөтен,
Өзіңмен кеңесем,
Көкем,
Елсізде елеңдеп тұрмын,
Мен сізге не десем екен?!.
* * *
Жабырқаулы жаным неден жазықты,
Өрекпіме,
өңмендеме,
тұра тұр.
Сұр қаланың сұрқай өңі қажытты...
Сұры қандай сұрапыл!
Жусан исі,
бұлбұл даусы жоғалған,
Шұбырынды болмаса да
ақтабан.
Торыққан да,
тозған бәрі,
тоналған...
Тас көшеде тас адамдар қаптаған.
Мұнар тауы мұң қосады мұңыма,
Қайран өлең!
Сен екеуміз шаршадық.
...Радио да тиіп бітті жыныма
«Алматының алмасы...» деп ән салып.
* * *
Қызыл-жасыл босқа арбаған,
Дос дейтұғын дос қалмаған.
Қараулықтың қарау оғы
Қарауылдан тосқан заман.
Егілдірді ет-жүректі,
Кеудемізбен көк тіретті.
Күндер легі көшкен бұлттай
Басымыздан өтті, кетті.
Ақ сәулесі түнге алмасқан,
Ақ-қарасы күнде арбасқан.
Сағындырып,
сабылдырып
Өтті, кетті жылдар бастан.
Көңіліңді көкке өрлеткен,
Өміріңді көктем деп пе ең?
Не тындырдың?..
Бекіндірдің,
Өкіндірдің, өткен-кеткен...
ҚАРАШАМЕН ҚОШТАСУ
Қап-қара түнек,
қара тұманды
Қап-қара түндер ішкенде;
Қоңыр қаздардың қанатындағы
Қараша сырғып түскенде...
Әжімін көрдім нұр сіңген құздың,
Гүлдердің солған сабағы.
Күні таусылып күрсінген күздің
Қабарып кеткен қабағы.
Мезі бір әнді мезгілдің легі
Таласа айтып барады.
Селсоқтау көңіл, сездірдің нені,
Қараша қайтып барады.
Қайтып барады қараша бүгін,
Қараша қайтар,
қар түсер.
Жалғыз қалғанда жарасар мұңым,
Жанымды жеген жалқы шер.
Күрсінген күзбен достасқам,
шыным,
Сайларға қашты сая түн.
Қарашасымен қоштасқан жырын
Бізден соң жазар қай ақын?
Көңілім қашан табады тыным,
Мұз-қармен келер ызғарды ұқ!
Қараша қайтып барады бүгін,
Қара орман жұртта біз қалдық...
ЕЛЕС
...Ақ шаңдағын даланың бұрқыратқан,
Талдыеспеде Ғалымжан жылқы баққан.
Бала күнгі өлеңнен
Бетпақдала белі еді,
Көкалалы табынды
Тебінге айдап салғанда.
Өткен күннің өлеңі
Тербетеді жанымды,
Арна керіп арманға.
Бетегелі беткей-жыр,
Ардакүрең аңсарым,
Тұма көрсең қанып іш!
Көңілімнен кетпей жүр
Сары далада – сары сағым,
Сары белде – сағыныш!
Бал түнімнің бөлшегі,
Балаусамды баққа мал,
Шалғын шырай шақтағы ән.
Арман дүние өлшемі –
Ақ қардағы ақ сонар,
Ақпандағы ақ боран.
Ақ өлеңдей азырақ,
Ұйқасы жоқ көлгір түн,
Өзің еді көргенім.
Ақ түтекте азынап,
Көкалалы көп жылқым,
Көз алдымнан көлбедің.
Қасиетті қара қос,
Айдалада айман-ән.
Саған жетсек ырым-құт.
Есіңде ме, бала дос,
Сексеуілдің жайнаған
Шоғын үрлеп жылындық.
Дүбір тілер дүлдүлге,
Аппақ әлем бұл өзі,
Күнге бұрар бетіңді.
Бір білерім – бұл күнде
Бетпақ жонның мінезі
Бетпақ әйел секілді.
Жиі көрем түсімде,
Өң мен түстей өтті күн,
Өмірді өпті өлеңім.
Қара қостың ішінде,
Сексеуілдей тектінің
Сөнбей қалған шоғы едім...
* * *
Базарыңа бардым,
қайттым...
Күңірентіп тау ішін.
Тарғыл түсті тағдырды айттым
Тарғылданып дауысым.
Дүние – жарық,
келдім, кеттім,
Өмір деген өлең бе?
Жұлдыздары теңбіл көктің
Жымыңдады төбемде.
Керуеніңе мен ілескем,
Ұшқан құстан ән тыңдап.
Көктемдердің желі көшкен
Ақ самалдай аңқылдап.
Бауым қалды,
бақшам қалды,
Кім бар оған қараған?
Артымызда ақ шаң қалды,
Алдымызда – Аламан.
* * *
Есіңді жи!
Жырларыңды жаз, Ғалым!
Қаңқылдатып қарашаның қаздарын.
Шабытыңнан шалғындағы шық еріп,
Қара бауыр бұлттар көшсін үдеріп.
Ұлар ұшар Ұлытаудың биігі,
Сахараның жолды кессін киігі.
Түсінесің...
Естілгенде күй үні,
Кісінесін қысырақтың үйірі.
Жыр-Тәңірдің қорғасын ой ауыры,
Ұлпа күннің еріп кетсін сауығы.
Шырқарымның шыңға асылып шырайы,
Тұлпарымның көбіктенсін сауыры.
Арналарын ақ толқындар кергенде
Жыр іздеген шаттықтан да, шерден де.
Күн астының Күнікейін іздеген,
Ақын деген ел боламыз біз деген.
Иір біткен бұтағындай еменнің,
Бал мен уын ұсынғанда келер күн.
Жырларымның жанарынан жас тамып,
Қара жерде қара мамық жастанып
Мен жатқанда...
Мұнар көктен мұң іштім,
Қызыл арай құшағына ап қыр үстін.
Көрімдігін берер сәуле көгілдір,
Өзегіме өрт боп түскен өмір бұл,
Қарашығымдағы қара өлең...
* * *
Қаратаудың басынан көш құлады,
Тағдыр-қамшы арқамнан осқылады.
Көрігімді қай ұста қыздырады,
Көңілімді қай үміт хош қылады?..
Қаратаудың басынан көш құлады.
Қаратаудың басынан көш көрінді,
Қап-қара түн жаулайды кешкі өңірді.
Желкенімнің желкесін жел қиғанда
Толқын-тірлік сындырған ескегімді.
Қаратаудың басынан көш көрінді.
Қара нардың айналды ыңыршығы,
Бұлт астынан бедеу Күн қылымсыды.
Бүркіт болып кеткен соң қара қарға
Іркіт болды әжемнің ірімшігі.
Қу тірліктің бітпесе қырсық әні,
Қара жолда төзім де тұншығады.
Қасқа тана тұлыпқа мөңіресе –
Қара қаншық қайтадан қыңсылады.
Айыра алсақ алыстан ақ-қараны,
Басымызға бармақтай бақ қонады.
Ерден қалса – сұлудан сайқал шығып,
Белден қалса – бесті айғыр ат болады.
Көш келеді...
бетке алып құбыланы,
Аққу-армандарымды кім ұғады?
Баптағанда қыран құс қызылды ілсе,
Ақтабанда азған ел шұбырады.
7-265
Көгершіні көңілдің дүрлігеді,
Жылатады бұл өмір,
күлдіреді.
Қаратаудың басынан көрінген көш
Қайда барып тоқтарын кім біледі?..
АЛҒАДАҒЫ АҚҚУЛАР...
Ақтөбенің Алға ауданында
мұнай қалдығы төгілген көлде
аққулар қырылып қалды...
Теледидар хабарынан
Жосықсызға жолығып,
Айдындарым аймандай.
Толқындары торығып,
Қара шашын жайғандай.
Тәтті ұйқымды...
Өлеңді
Тоғыз бөліп түнімен.
Ей, жүрегім,
сен енді
Қобыз болып күңірен!
...Асылдарым бар еді,
Жасылдарым бар еді,
Жарық күнде жыртылдың.
Аққу құсым –
Ары еді
Аққу текті жұртымның.
Талып таңғы тасқында,
Шырқыраған шырайлым,
Қалдығының астында
Қалғаның ба мұнайдың?
Құдіреті-ай құдайдың...
Аққулар-ай,
Ардам-ай,
Шер күйім боп шертілген.
Жалғаны көп жалған-ай,
Өлмесімді өлтірген.
Өксісе өлең өлкесі,
Жыршылары жылай ма?
Айдын көлдің еркесі
Тұншығады мұнайға.
Запыран құсып,
қақтым зар,
Алжастым да адастым.
Алғадағы аққулар –
Арман әні Алаштың.
Қайда қанат қақтыңдар,
Мұнар күннің мұңды әні.
Алғадағы аққулар –
Арсыздықтың құрбаны.
Қайығымды тербеген,
Бозда, толқын,
сен де ертең.
Аққуы жоқ көл деген –
Ақыны жоқ елмен тең...
* * *
Боз белге бардым,
бусандым,
Булығып бойда бар мұңым.
Жалғыз түп
жалқы жусанның
Тамырына түнеп тағдырым.
Көктемің қырда көктей ме,
Қараған тектес қарағым?!
Боз көде боздар беткейде –
Бетеге басқан балағын.
Мұнартса мұздай мұң кілең,
Бәсеңсір пәсте сүлдері.
Сәулеге сонда...
сүңгіп ем
Сәуірдің сәскесіндегі.
Толғанда толқы,
Тасып ап –
Құпия құстың тіліндей.
Шаттығың кетер шашырап –
Адыраспанның гүліндей...
Жалғанда жалғыз келемін,
Жанымда жарық жалқындар.
Су емес ақын дегенің –
Сүмбіле туса салқындар...
СІЗДЕЙ АСЫЛ ТАБЫЛМАС...
(Аяулы анам Ақторсыққа)
Анам келді ауылдан...
Асыл анам,
Аспаған да таспаған,
тасымаған.
Ғашық адам ол өзі ақ дүниеге –
Ақ сүт беріп біздерді асыраған.
Анам келді ауылдан...
Қайран анам,
Шолпан анам ол менің,
Айман анам.
Жайған адам жүрегін жарық күнге,
Ай нұры боп ұл-қызын аймалаған.
Жылу жетті жаныма жеміс егер,
Өлеңі өмір өренмін,
өрісі – өнер.
Анам келді ауылдан,
Алатауым,
Қуанышын ақынның бөлісе гөр!
Анам келді ауылдан арна кеуде,
Тамылжып кеп табыстым таңғы әуенге.
Көгал қуып келмегем Көктөбеге,
Алматыға келмегем алма жеуге.
Шаңыраққа шырай боп,
Ісіме – құт.
Көңілінің көгілдір құсына еріп,
Анам келді ауылдан бір көруге,
Жиі-жиі жүрген соң түсіне еніп.
Анам келді ауылдан,
Нұр аймала:
«Пана болсын, жарығым, құдай ғана».
Мамырың боп күтеді,
Тамырың боп –
Азамат пен Саламат,
Гүл – Айдана.
...Алатауға Арқадан Ана келді,
Бір тойлайын жиып ап тамам елді.
Мендей ақын табылар іздегенге,
Сіздей асыл табылмас маған енді...
* * *
Жұпарынан жаралған жалбыздардың,
Көңілімде сызы бар таңғы ызғардың.
Әулекі әнді, айтсаңшы,
салғызған кім?
Санадағы сауалдан сан мұздармын,
...Адамы көп көшеде жалғыз қалдым.
Кеше көргем...
Ол енді түсім еді,
Көп түс көрсем көз алдым ісінеді.
Бұл ақынның сезеді іші нені?..
Тірлігімді түн ғана түсінеді,
Қызық екен бұл жердің кісілері.
Кетсем бе екен аттанып ала таңда,
Теңдеп артып жүгімді нар атанға.
Қаратау ма,
көргенім қара тал ма?
Қара жолдың үстінде қара таңба...
Не жазды екен тағдырым алақанға?
Ақ самалға түрілген іргелері,
Ақбоз үйде арманым гүлдеп еді.
Түсіндіріп отырмын
кімге нені?..
Аман ердің шығады бір дерегі.
...Бұл бала да түнеріп үндемеді.
Үндемесе қайтейін,
үндемесін,
Тілдемесін түн қатқан жыр кемесін.
Ей, көзайым күндерім,
бір келесің...
Үлгермейсің сен, бәлки,
үлгересің...
Бет түзеген кезінде Күнге көшім.
Сан мұңайған,
сәт сайын сан күйінген,
Жария еттім бір сырды жан күйімнен,
Иілместі икемдеп тағдыр иген.
Тіршілікті тербетіп әлдиіммен –
РУХ-ыма бас сүйеп қалғиын мен...
СЕКСЕУІЛ
Тамшы су тілеп ырымға,
Ақ жаңбырларға алаңдар.
Бетпақтың бетпақ құмында
Сексеуіл өскен алаң бар.
Тағдырдың талма толғағын
Көтергендерді күндеме!
Шегір құмдардың шерлі әнін
Шертеді шебер шілдеде.
Сексеуіл мұңды пішінде,
Көктен нұр тілеп көңілі.
Қаңсыған құмның ішінде
Кезеріп кеткен өмірі.
Алақан жаю аспанға –
қасірет...
Қайтіп жан шыдар?!
Мерейің тасып мастанба,
Ілінген бұлтқа тамшылар!
Көрдім де сұрын
мұңдандым,
Сексеуіл соры – бес елі.
Жолдарын көшкін құмдардың
Қайыспай түзде кеседі.
Тектілік тегі мұқалса –
Құм боран әнін салады.
Сексеуіл біткен тұтанса –
Шоқтары жайнап жанады.
Жаным-ай,
жасып жанарым,
Құм кешіп кейде жүдедім.
...Сексеуіл өскен даланың
Ақ жауын күткен ұлы едім...
ТҮНГІ АУЫЛДА...
Мұнар көктің мұңайтты
мұңды ызғары,
Бір жылады жүрегім,
бір мұздады.
Түнгі аспанның не дейді жұлдыздары,
Үркерге еріп бара ма үр қыздары?..
Сырғып түскен жанардан сыр едім мен,
Түнек түннің түндігін түре кірген.
Сүйем бәрін жаныммен,
жүрегіммен,
Өлең еміп кеткелі бұл өңірден.
Сол өлкеден кеткелі еміп өлең,
Ай жүзінен, Айнашым,
сені көрем.
Сені көрсем тербелем,
тебіренем,
Қар-мұздарым босайды ерімеген.
Түнгі аспанмен бар білем байланысым,
Көңілімнің қозғады қайдағысын.
Жайлы ағысым,
не деген жайдарысың,
Арасында арудың Айманысың.
Ай-жұлдызды аялап тұрғанымда,
Көздерімде, қарағым,
Мұң қалың ба?
Өтеді өмір уақыттың шырмауында.
...Осылай бір жыр жаздым түнгі ауылда.
АЛМАТЫ
Жазылмаған жыр ма екен,
Шертілмеген сыр ма екен?
Көктөбенің етегі –
Көктем көшкен бір мекен.
Алмасы да азайып,
Арнасы да азайып,
Қайран шаһар ғажайып...
Сәл мұңайып тұр ма екен?
Шабыт болып шарықтап,
Бақты құшқан Алматы.
Жеті өзеннен қалықтап
Аққу ұшқан Алматы.
Желтоқсанның жанылған
Қайрағындай Алматы.
Азаттықтың сағынған
Байрағындай Алматы.
Арайларың өпкенде
Көгеретін көктембіз.
Көктөбедей көк белге
Өлең іздеп жеткенбіз
Өмір іздеп жеткенбіз.
Сайрағасын ұмтылдым
Таңда құсым, Алматы.
Қазақ деген жұртымның
Арманысың, Алматы.
Тұндыратын тұмамды
Тұнығымсың, Алматы.
Мұнар-мұнар мұнарлы
Ғұмырымсың, Алматы.
Ақын болып фәниге
Кірдік кеше, Алматы.
Өлең атты сәбиге
Кіндік шеше – Алматы.
ШАЙТАНКӨЛГЕ БАРҒАНДА
(Мағауия Сембайға)
Сүрлеу соқпақ бастады қайқаң белге,
Қайқаң белге бір шықпай қайтам ба елге?
Шақырайтып шілденің шіліңгірін –
Бір топ ақын келеміз Шайтанкөлге.
Бір топ ақын келеміз оттай жанып,
Бір топ ақын келеміз шоққа айналып.
Ақсұңқардың Серігі алдымызда,
Қарайлайды артына тоқтай қалып.
Бір топ ақын...
Бәріміз ауылда өскен,
Дауыл кескен кіндігін,
жауын кешкен.
Ұлар тілін ұғатын Ұлықбек бар –
Заңғар-заңғар Зайсанның тауында өскен.
Бір биікке бізді арман жетектеді,
Төте жолға берерміз төтеп тегі.
– Сәт, – дейтіндей, – іздесең
Дара қайнар, –
Қарағайлар, қайыңдар етектегі.
Жанардағы жақұт жыр,
лағыл аймақ,
Ұрпағының жүретін бағын ойлап.
Жанартауын жаныңның жарқыратар,
Сарыарқаның сайынан сағым ойнап.
Ақ самалдай аңқылдап еседі үміт,
Өңірінен өмір ап өседі жұрт.
«Қарқаралы басында жалғыз арша...»
Одан әрі...
Көгінде көшеді бұлт.
Топ ақынбыз...
Іздеген нұрды көктен,
Үмітінің үкісін үлбіреткен.
Сағынтайдың Серігі жыр оқиды
Жасылдары жасындай дір-дір еткен.
Аһ, Шайтанкөл!
Жаралған тұнығы ардан,
Сырың арман талайға,
жырың арман.
Көл біткеннің барлығы жер үстінде,
Шың басына сен ғана шығып алған.
Сел боп аққан серт пе едік,
сезім бе едік,
Сайларыңнан сайғақтай безінбедік.
Топ ақын тұр жартаста
топ арқардай,
Айнасынан айдынның өзін көріп.
Қарқаралы!
Біздерге жарасар ән,
Бұл соқпақпен жүрмейді аласа адам.
Шайтанға да шер айтар шайырларды
Аспан көлге апардың, Мағаш ағам.
Қарқаралы!
Жүдегенде саған кеп жүгінді ұлың,
Бүтін сөзін айтармыз бүгінгінің.
Шайтанкөлді шайырлар шайқап қайттық,
Шақырайтып шілденің шіліңгірін...
ЕКІНДІ АУЫП БАРАДЫ
Екінді ауып барады,
кіші бесін,
Кіші бесін – жігіттің ісіне сын.
Менің жазған мұңдылау жырларымды,
Бір түсінсең, сен ғана түсінесің.
Екінді ауып барады қырға қарай,
Тұңғиықтың тұмасы тұнған арай.
Уақыт, шіркін, осылай өтеді екен,
Дүниенің көзіне бір қарамай.
Сынап-ғасыр бетінде сырғанап Ай...
Тағдыр тарғыл үнімді жеңді естімей,
Екіндіде ескен жел енді ескідей.
Керім кездің кезікті кереметі
Кермедегі керілген кер бестідей.
Төсіңе өрлеп,
төбеңе төтелегем,
Мен жетпеген жерлерге жетеді өлең.
Екінді мен бесіннің арасында
Күндерімді күндерім жетелеген.
Кермиықтың кезгелі кең бұрышын,
Шертпе күйге шер айтты шерлі құсым.
Екінді ауып барады,
екінді ауып
Ерттеулі аттай елес де ендігісін.
Керуен соққан соқпақтың сен бірісің...
Екінді ауып барады,
кешті көрдім,
8-265
Көшті көрдім ізінен ескілердің.
Ескірермін,
одан соң естілермін,
Бес-ақ күндік жалғанға бес түнермін,
Ескінді ауған елсізде көшті көрдім.
Екінді ауып барады...
ҚАРАША АУЫЛ...
Сәйгүлікке сән болған
Дала,
Сәуір,
Жүрегіңнің жазылмас жарасы ауыр.
Шұғылаға арайлы шуақ сұрап –
Құбылаға қарайды қараша ауыл.
Айдындағы Ар тілеп шағалаға,
Сағынышын сарнатқан самалаға.
Қазақ деген қазбауыр бұлт секілді,
Қара қазан,
Қара орман,
Қара бала...
Тірліктегі сол өлке – тірі қайғым,
Шытынайды шырайсыз шыныдай мұң.
Қан базардан қамығып қайтып келем –
Сәулесіндей дірілдеп сынық Айдың...
Кер күндерде кермектей дәуір лебі,
Ауыр ма еді,
білмедім, жауыр ма еді?
Балдай бақыт өлеңнің өзегінде
Сәуле ойнатып...
Сәскеге сәуірдегі...
Сыры дара жүректі,
жыры дара
Шомылдырып алсам ба шұғылаға?
Жарасы ауыр жанымды жабықтырып
Қараша ауыл қарайды құбылаға...
* * *
Сапардың түсті орайы,
Мөлдіре,
Дала қайнары,
Орыстың орман-тоғайы,
Ақ қайың,
қарағайлары.
Өрнегін өріп өлеңнің,
Дүбірді кештім дүрмекпен.
Көгілдір құстай көгердім,
Көгілдір әлем,
Гүл-көктем.
Үмітім үндей үздіккен,
Айыңдай екен деп қалдым.
Көгілдір көзді қыз біткен
Қайыңдай екен деп қалдым.
Жасылдарыңды жан құшып,
Сарғайды санам күзіңдей.
Жапырақтағы таңғы шық
Үзілем дейді,
үзілмей...
Қайраңда қайрыладым мың,
Керім бір кезім –
келгенім.
Қарағай-қайыңдарыңның
Желегін желмен тербедім.
Көңілдің ашып түндігін,
Толғандым,
толдым,
толыстым.
Ормандай ойға сүңгідім
Орманын кезіп орыстың.
* * *
Жаныңды жан қала ма жан ұққанша,
Зарымды жырға айтайын зарыққанша.
Көктемді Көкше қырда билетейін
Қонғаның, өлең шіркін, анық болса.
Арманның арғымағын төске өрлеткен,
Өлеңім өзектегі өшкенді өпкен.
Көгертіп кетті ме екен көңіліңді
Көкшеден көкжиекке көшкен көктем?
Көңілім көктем туса көк тірепті,
Оранған ормандарым отты лепті.
Бұлдаумен жүрген кезде бұлалықты
Бір дәурен басымыздан өтті-кетті.
Бір дәурен өтті-кетті мына бастан,
Сыр ашып,
сырнай тартып...
сынамастан...
Жырыма жыр қосады жылымық күн,
Мұңыма мұң қосады мұнар аспан.
Көңілдің көктем туса сенде алаңы,
Сенделдім сергелдең ғып ен даланы.
Көгіңнен көктем есіп көгердің бе,
Керілген Көкше қырдың кермаралы?
Бір әнді Біржанша айтып дүркіреген,
Бұланды бұлтыменен бір түнегем.
Көктемді Көкше қырда көгертейін
Қонғаның анық болса, шіркін өлең...
* * *
Тұнық көлдің тұмасы боп тұнатын,
Үміттердің үкісіндей мұратын
Үлбіретіп,
үздіктіріп,
үзілтіп
Сол өлкеден жолға шыққан бір ақын.
Жүрегінде бар әлемнің ауыры,
Жыр елінде...
Қара өлеңнің дауылы.
Сол ақынды сағынбайды Сарыарқа,
Сол ақынды іздемейді ауылы.
Ұлытаудан ырым етіп арша алған,
– Ақынмын! – деп Алашына жар салған.
...Тұмағаңдар тұмасынан жұтқызып,
Сырағаңдар сырын айтып қарсы алған.
Аламанда... алағай да бұлағай,
Ұрындырды салқынына құралай.
Ет-жүрегін жүдетіп-ақ жүр оның
Сарыарқасы бір дерегін сұрамай.
Көктем сайын көңілімен көнерген,
Қайран ақын қайнар іздеп өлеңнен,
Алатауда Алласына сыйынып,
Қаратауда қара нарын шөгерген.
Суыртпақтап сыр айтайын досыма,
Жерортада жеткен жерім осы ма?
Сары белдің сағымына оранып,
Сағыныш боп сарнап жетсем...
шошыма!
* * *
Көлеңкеңді көрсетпей көгінен Күн
Төскейіңнің төсінен Өмір емдім.
Тұғырлы өлең тұма боп тұсында тұр
Ғұмыр деген ғажайып керуеннің.
Өрекпімей, өр көңіл,
тұра тұрғын!
Қауырсыннан қаламы бір ақынмын.
Тағдыр біздің талқандай ұнтақталды
Азуында тіршілік-сұрапылдың.
Бұрылыста
бұрқасын бұрқағалы,
Жанарымнан жас болып жыр тамады.
Аман ердің шығады бір хабары
Қырық асқан,
қыр асқан қырқадағы...
Құлазиды құла дүз,
құба белең,
Сынаққа алды,
сындырды,
сынады әлем.
...Менің сүрген ғұмырым – бір-ақ ғұмыр,
Менің жазған өлеңім – бір-ақ өлең...
* * *
Жаны асыл мұрам,
дара шұғылам,
Арымның арын аршыдым.
Қара өлеңімнің қарашығынан
Ыршып бір кеткен тамшымын.
Баурайды, белді
баурағанда әнім,
Сырнайға саз боп үйлестім.
Жыр жазбай кетсем –
Жаураған жаным –
Жұлдызсыз түндей күй кештім.
Ақша қардайсың,
Ақша маңдайсың,
Сағынышымды айттым сағымға.
Жүгіріп өткен ақ самалдайсың
Сәуірдің сәруар шағында.
Сарғайып санам сені іздеуші еді,
Сарылуға да жан шыдар.
Өмір мен Өлең...
Егіз деуші еді...
Сол сөздің жаны бар шығар...
* * *
Сары белден сағым болып ұшты арман,
Сәлем айттым қанат қаққан құстардан.
Ай, жылдарым,
айдындарым ортайып,
Күндер легі солай-солай қысқарған.
Айнамкөздің айдай болған ажары,
Жабырқаған жанның дертін жазады.
Қысқарады,
Құстар әні секілді –
Дүбірі көп дүниенің базары.
Толған айдай тостағанда толып мұң,
Тарғыл түсті тағдырыма жолықтым.
Үмітімнің үрлей алмай үкісін –
Толқып жатқан толқын көріп торықтым.
Жандым,
сөндім,
жанды малып жалқынға,
Сағынышым сарнап қалды салқында.
Сыңар арман сыбызғы боп сыңсиды
Кер заманның керуенінің артында...
ТОЛҚИДЫ ТОБЫЛ
Торғынын тосып Тобылым,
Толқыны толқып аққанда,
Тобылғы түсті торы күн
Толықсып барып батқанда...
Торықтым...
Сосын төгілдім,
Тосын бір күйін тосты ағын.
Толғанып аққан Тобылдың
Толқынын сүйді тоспа құм...
Өрекпіп тұрды өр көңіл,
Жырлауға тиді жол маған.
Сырлы өзен едің сен де бір
Сырағам талай толғаған.
Мың күліп Тобыл,
мың жылап,
Мұңлы бір әнге салады.
Тұнығым болып тұнжырап,
Ғұмырым болып ағады.
Баса алмай жүрген солқылын,
Өзегім...
Өзен-өмірім.
Тобылдарымның толқынын
Толқытып қойған торы күн...
Кеппесе бақыт кенезең,
Айнамкөз күнде ақмаңдай,
Толағай сырды сол өзен
Толғатып...
толқып жатқандай...
* * *
Көз алдымда көктем боп тұнған елес,
Назға мені бөлеңдер,
сазға мені.
Ақ қағазға жазғаным жыр ғана емес,
Жаратқанның маңдайға жазғаны еді.
Арманымды аппақ нұр тербеткенде,
Көкорайда көгеріп, көктеп едім.
Көктем болып көштім де,
сол көктемде
Етегінен енші алдым Көктөбенің.
Аппақ нұрға кеткелі мен ілесіп,
Сұлуларды сүйгелі өліп-өшіп...
Күндерімнің тұнады көзінде шық,
Өзегінен өлеңнің өмір есіп...
Көктөбеде көрдім сан көктемдерді,
Жырлар іліп жұлдызға сырғалы үміт.
Аппақ нұрға оранып жеткендерді –
Ақындар деп айтады мұндағы жұрт.
Бұл сапарға шыққанда басқаша едім,
Асылымды арзанға алмастырып.
Келеді енді...
Тағдырым тас көшенің
Тағыларын балаққа жармастырып.
Өлеңімді өбекте, өткел беріп,
Өмірімнің өзегін өпкен арай.
Көктөбенің басынан көктем болып
Көшіп кетіп қалғанша көкке қарай...
«АРЫС ЖАҒАСЫН» ТЫҢДАСАМ...
Өмір-өзеннің арнасыменен
Ағысқа қарсы жүзген ем.
Арыс ағаның жалғасы мен ем –
Арыстың қызын іздеген.
Арыс дегенің ақ теңіз болар,
Толқынның әнін...
тосқанбыз.
Айна қыз,
сіздің әпкеңіз болар –
Шәмші ағам әнге қосқан қыз.
Біздегі сезім тербеткен көкті,
Ақ махаббатпен алғашқы.
Ұзатылған қыздай сол көктем кетті –
Сәуірге зауза жалғасты.
Сертіне берік сері едім мен де,
Ауылы шалғай,
жері алыс.
Өзгеден, қалқам, өлеңім кем бе,
Толқымай жатыр неге Арыс?..
Шерлінің бәрі шерменде ме екен,
Өкпесін айтар өткенге.
Гүлдері неге тербелмеді екен
Аңқылдап ақын жеткенде?..
Айырма, тағдыр,
бағынан гүлді,
Ай, жұлдыздармен сырласам.
Алыста қалған сағынам күнді –
«Арыс жағасын» тыңдасам.
Сәуірдің тағы ерітті лебі,
Сәуірде туған Ар едік.
Сіздің ауылда өрік гүлдеді –
Біздің ауылда қар еріп...
ЕРЕЙМЕНДІ КӨРГЕНДЕ
Бүркіт ұстап басыңа шығар ма едім,
Көзіме бір көрінші, Ерейментау!
Иманжүсіп
Жазып кетем тасыңа
Өмірімнің өлшемін.
Бір шығаршы басыңа,
Ерейментау!
Еңселім!..
Сары белдің сырындай
Көк жүзінен құйған нұр.
Иманжүсіп жырындай
Иманыңа иландыр!
Дүлдүл өлген жер осы
Сағынайдың асында.
Есіл күннің елесі –
Ерейментау басында.
Көш келеді ақтабан,
Көкейдегі мақам – мұң.
Құлагерді жоқтаған –
Зарындай боп Ақанның.
Әні ұласқан сәніне,
Арқа елінің алқасы.
...Лыпып-ақ тұр әлі де
Батыраштың балтасы.
Мұңын ұғар ақынның –
Аққу қашқан көлдері.
Еріп бара жатырмын –
Ерейменді көргелі.
Биігіңе құмар ем,
Есіл де есіл,
елес күн.
Бүркіт ұстап шығар ем –
Иманжүсіп емеспін.
Өмір солай өтеді,
Көңіл нені сезеді?
...Ерейменнің етегі,
Өлеңтінің өзені.
* * *
Сенің көзің тұңғиық,
тылсым әрі,
Тылсымында талайлар тұншығады.
Айдындағы аққудың бір сыңары,
Шырайыңнан шалқиды жыр шырағы.
Сенің көзің тұңғиық,
тылсым әрі...
Сезімдердің лауласа оты арада,
Ертем сені жонға да, жотаға да.
Ертегідей ертеңге ертем сені,
Боталаған көздері бота бала.
Сені көрсем толқиды тереңде ағын,
Керім күннің кездіріп кемел бағын.
Көрмей қалып...
Өзімді көп алдадым
Көздеріңде керемет өлең барын.
Біздің баста, ботасы,
құралай шақ,
Сол күндерді өтерміз ұдайы аңсап.
Барып қайтып жүрейін,
барып қайтып,
Базарымның барында бұлағай сап.
Өлең жазып кетейін таңға тұма,
Дақ түсірме, қарағым,
арлы атыңа.
Жаным қалып барады,
жаным қалып –
Тәнім кетіп барады Алматыға...
9-265
КҮРШІМНІҢ ҚЫЗЫ
Алматы кеші,
маусымның басы,
Медеудің маңы,
тау-шыңның қасы.
Азаннан бері аңырай құйған
Жылауық бұлттың таусылды жасы.
Жанымды тербеп жігіттік әні,
Тереңдеріме үміт тұнады.
Күміс күн соңғы сәулесін шашып,
Ылдиға қарай ымырт құлады.
Жол тосқан сол кеш
ырымды делік,
Тәтті бір сәттің сырын білелік.
Ақ көйлек киген ақмаңдай ару
Қолшатырыма тығылды келіп.
Жастықтың бұл кеш – жырлы мекені,
Масаты кілем – қырдың етегі.
Ақ тәнін бүгін ақ жауын жуған
Каракөз қалқа дір-дір етеді.
Тартқанын қайдам қайда көңілдің,
Жұмбақ та жұмақ жайға көмілдім.
Бұйрығы бұл қыз – маңдайға жазған,
Сыйлығы жұлдыз айман-өмірдің.
Бойына гүлдің нұр сіңген екен,
Жүрегім, жырла!
Дүрсілде бекем.
Жөн сұрап едім...
Шығыс шынары –
Әлия есімі, Күршімнен екен.
Қабақта қос ай қағыса қалған,
Асып-тасқандай ағыс арнадан.
Ақ көйлегіңнен айналдым, қалқа,
Аппақ тәніңе жабыса қалған.
Шайқалмай жүрген тұнығың бардай,
Нұр үнің қандай, қылығың балдай.
Бұраң беліңе созыла жылжып
Өрілген өрім бұрымың қандай.
Анарың алма, гүл ерін...
Түстей...
Сезім шарабын жүр едім ішпей.
Шелектеп кұйған мынау нөсердің
Толастамауын тіледім іштей.
Бастап тұр сезім құмай-күнәға,
Жылайды қайың,
сынайды дала.
Жыр отын жағып жылытып алам,
Шығыстан келген шырайлы бала.
Мәуелі кештің әні бақ шығар,
Ұғады бізді жаны жақсылар.
Аспанның асты тұрағым еді,
Қолшатыр – бұл да шаңырақ шығар.
Айдыннан сол ма көшкенің күз кеп,
Аққу ең жеткен дос көңіл іздеп.
Қараңғы түнде ғайып боп кеттің,
Көлігің келіп...
– Хош болыңыз! – деп.
Жол тосқан бірге серігім менің,
Елестей ерке елігім дедім...
Әлия қыздай жалт бересің бе,
Сағыныш болып сері күндерім?
...Жүрекке бүгін ән ұялай ма,
Сырымды жырым жариялай ма?
Ақ жауын жауған Алматы түні,
Күршімнің қызы Әлия қайда?!
...Бассам ба екен «Жариям-айға...»
ҚАЗАНҒАПТЫҢ КҮЙІ
«ЖҰРТТА ҚАЛҒАН»
Ей, еңсесі биік ақ орда,
Еңсесі биік ақ орда!
Байтағымның байрағы,
Намысымның қайрағы –
Бетегелі белдерім.
Оралының барында
Орда бойы ор болмай,
Қара ниет залымға
Қарындасым қор болмай,
Қалың елге жау шаппай,
Қабырғамды қаусатпай –
Дүрия дәурен көргенім.
Орда бойын оқ жылан
Орағытқан күн туды.
Орда болып топ жылан
Сор ағытқан күн туды.
Ордам, Ордам, ақ Ордам,
Запыран құсып, зар кешті.
Қарақұрым қара орман –
Қарақұмда қар кешті.
...Қайық-қайғы тербедім.
Қарақұрым қара орман,
Халық пірім қаралы.
Жасы саулап жанардан –
Арып бүгін барады.
Белес, белес белімнен
Асып көшіп барады.
Кіндік кескен жерімнен
Жасып көшіп барады
...Еңкіш тартып ерлерім.
Жазирамнан жаз көшті,
Ботадайдан боздап ел.
Толарсақтан саз кешті
Тоз-тоз болып тозған ел.
Қара үзбеді қазанат,
Түнек торлап аспанды.
Атан жілік азамат
Темір қазық жастанды.
...Сертін бұзды сенгенім.
Қараша үйдің киесі,
Қарашада тоңғандай.
Қара қазан иесі
Қара күйе...
Сормаңдай.
Домбырамның тиегі,
Пернесінде –
түйсігім.
«Жұртта қалған» күйі еді –
Жұртта қалған күйшінің.
...Шертіп өткен шерлерін.
НАЗЫМХАТ
Құстар,
Сендер қияға самғайсыңдар ғой,
Ұшасыңдар ғой жыраққа.
Аспан мен жерді жалғайсыңдар ғой,
Жетесіңдер ғой мұратқа.
Иландырмайды Ар атын Иман,
Ел деген елдің шетінде.
Қанаттылардың қанатын қиған,
Жер деген желдің өтінде.
Дуылдап айтар думанның әні
Түрмейді түннің түндігін.
Қанатсыз болып туғанның бәрі
Аспанға қарап жүр бүгін.
...Сендер самғайсыңдар ғой, құстар!
* * *
Шөлейттеу жердің шөбі едім,
Шөліркеп әлі келемін.
Ақ жаңбыр мінез өлеңім,
кезертпей еріндерімді
құйып бір өтсе деп едім.
Сүмбіле соңы – сары тамыз
Сары тамыз, тілден бал тамыз.
Сарғайған шығар алқаңыз,
Сарғайтып мені сәуірде
Сағым боп кеткен қалқа қыз.
Ботадай жырым боздап жүр,
Боталы зарын қозғап жүр.
Мазала мені, Мағжан-жыр,
Айнамкөз армандарымдай
Арқаға жауған ақ жаңбыр...
Сүмбіле соңы –
түнгі ызғар.
Айқабақ барда – кім мұздар?
Сарғая көрме, гүл-қыздар.
Алқара көкті қақ тіліп –
Із тастап ақты жұлдыздар...
ГҮЛМИРА
Көктем көздің жасындай боп сырғи ма?
Сырғи-сырғи бет түзедік ылдиға.
Сарыбелден сағым ұшып жатқанда
Жаныма ерген жаным едің, Гүлмира.
Күндей күлген көгімдегі Гүлмира,
Ұсынды екен өмір нені, Гүлмира?
Он бесінде толған айдай толысқан,
Отыз үш жыл көрінбеді Гүлмира.
Жақұттайсың,
лағылдайсың, Гүлмира,
Түнгі ұйқымды тағы ұрлайсың, Гүлмира.
Сағынасың...
Сағынбайсың, Гүлмира.
Жаңаарқаның жазығынан жоғалған –
Ақбөкеннің лағындайсың, Гүлмира.
Ісім өнбей,
ішім өлген, Гүлмира,
Түсінбесті түсінер ме ең, Гүлмира?
Дертің меңдеп...
Ішіп өлгем, Гүлмира.
Отыз үш жыр арнасам да ұмытылмай,
Отыз үш жыл түсіме енген Гүлмира.
Көктем көздің жасындай боп сырғи ма?
Сырғи-сырғи бет түзедік ылдиға.
Өткен өтті...
Құрысын бәрі, Гүлмира,
Есіңе алып жүресің бе әлі, Гүлмира,
Ай алқалы, күн сырғалы Гүлмира.
КЕР БЕТЕГЕЛЕР
Беткейді бастап өрге төбелер,
Тереңдерімді тербете берер.
Көтеріп басын көрісті күнмен –
Кер бетегелер,
Кер бетегелер.
Тұрғандай Тұран ән құшып тағы,
Есімнен бұл сәт мәңгі шықпады.
Бетегелердің бетін жуады –
Тамыз айының таңғы шықтары.
Бауырын сүйсе белде самалы,
Бетеге басын төрге салады.
Беткейден орын берген тағдыры
Жусанның иісін бермесе-дағы.
Беткейім,
белім,
Төбеде – Күн, Ай,
Кетейін бәрін өлең етіп-ай.
Керім кездермен келісе қалған –
Кер бетегем-ай,
Кереметім-ай.
Көрсетіп көгім төтен өнерді,
Өткінші жауын өте де берді...
Аласа деуге ауыз бармайды –
Беткейге біткен бетегелерді.
ЕСКІ ЖҰРТ
(Ұлым Саламатқа)
Өзегімді өткен күн өртеді де,
Естелігім айналды ертегіге.
Туған үйдің жұртына келгенімде
Сағынышым шерлі әуен шертеді ме?..
Малы қайтар кешкілік өрістегі,
Базарлы еді балалық...
келісті еді.
Мен туған үй, дариға-ай,
«Жеңістегі» –
Арап қырдың етегі еңісте еді.
Өлең көріп өмірдің өркешінен,
Ескі жұртта еркіндеу, ерке өсіп ем.
Аруақтардың мекені – қалың қорым
Үйіміздің қарайтын желкесінен.
Ән тербейтін әуені ағысқа ұнап,
Баласы да ол күннің намыстырақ...
Сарысудың өзені өмірлі еді –
Сарысудың жағасы – қамыс, құрақ.
Шын болатын бәрі де,
жалған емес,
Көз алдыма келеді алуан елес.
...Бекболат дос ол кезде бастық емес,
Халиолла Әбенов палуан емес.
Тимеген кез тағдырдың ақ таяғы,
Тұлпар күннің тербеткен бапты аяңы.
...Қыдырбай да қыран боп самғамаған,
Молда бола қоймаған Мәктай әлі.
Орман ойға оралған отты өлеңі,
Бір әулеттің біз деген – көк терегі.
Әкем салған төрт бөлме кішкене үйде
Үлкен-үлкен армандар көктеп еді.
Әкең, балам, осы жер –
ержеткен жер,
Сезімінің селдірін селдеткен жер.
Ақ батасын атаның қабыл етіп –
Ақ тілеуін анамның тербеткен жер.
Сүрлеуімді осы жер – жол қылған жер,
Самал болып аймалар тоңдырған жел.
Ұландарын ұядан ұшырып сап –
Қырандарын қияға қондырған жер.
Күнге қарап ашылған есігі де,
Құтхана еді сай әке есіміне.
Ескі жұртты ескі үйдің орны деме –
Махаббат пен бірліктің бесігі де.
Ағайыны,
туысы,
дос өрісі,
Қуанышы,
қызығы – осы ел іші.
Жатыр әкем бауырында Арап қырдың,
Туған жердің төскейі – төсеніші...
Тағдыр деген осы екен, осы жалған,
Қандай сыйын ұсынар тосып алдан?
Мен де сендей,
сонау жыл...
Шаңырағымыз –
«Қазынаның үйіне» көшіп алған.
Өткен күннің айналды бәрі аңызға,
Туған ауыл,
ескі жұрт...
санамызда.
Айдын көлін аңсаған Аққулардай –
Келіп-кетіп жатамыз Анамызға!
...Сырды ұғыңдар мендегі,
мұңды ұғыңдар,
Бірлігім бар болғанда
тірлігім бар.
...Ескі жұртқа жайылған тамырым бар –
Туған жерге байланған кіндігім бар.
* * *
Қараөткелдің бауырында қалың шұбар,
Көкмойынға үкілеп тақтым тұмар...
Иманжүсіп
Қараөткелдің бауырында қалың шұбар,
Басымдағы бұл-дағы бағым шығар,
Сағың сынар сәтке де жаның шыдар.
Жалған дүние жалт еткен сағым шығар,
«Қараөткелдің бауырында қалың шұбар».
Толғауымен тірліктің тоналды ай, жыл,
Бота болып боздады Боралдай-жыр,
Аққу-қазым айдынға оралмай жүр;
«...Талай қатын қазақта ұл туғанмен –
Бәрібір Иманжүсіп бола алмай жүр».
Жауын барын сезгесін,
дауыл барын,
Алашым деп аян ғой ауырғаным...
Сарыбелдің сарғайтпай сауырларын.
Бауыры бүтін елміз деп басын қосты –
Қараөткелдің бауырында...
бауырларым.
Шырайына нұр ойнап шығады күн,
Шұрайлысы-ай сол маңның шұбарының,
Тұнығында тұнады тұма жырым.
Қарашаңырақ,
Қараөткел,
Қара қазан –
Қазақ үшін болғалы бір-ақ ұғым.
Өткен күннен айтады өлең дерек,
Өлең барда ойламан өлем бе деп.
Иман аға,
біз қашан төмендеп ек?
Көкмойынға үкілі көз сап тұрмын –
Мойнындағы тұмарын көрем бе деп...
ҚЫЗЫЛ ІҢІР. ҚЫЗЫЛЖАР
Қызылжарда қызарды қызыл іңір,
Көңілімнің ерітті мұзын іңір.
Аппақ-аппақ арманның аралында –
Ақдариға күндердің қызығы жүр.
Қызылжарда қызарды қызыл іңір...
Төбемізге төнгенде төстегі бұлт,
Көңілімде көгерді өшкен үміт.
Қызылымен есімде
Қызыуымен –
Қызылжарда ақ қайың кешкен ымырт.
Сапарларға сәт туса дайындалар,
Күнім қалар көгімде,
айым қалар.
Жастығымдай жап-жасыл желегімен
Аппақ-аппақ армандай қайыңды арал.
Қайғыны естен шығарып,
уайымды естен,
Шал ақынның ауылы шайыр дескен.
Қызыл,
жасыл,
ақ түсті арман арал...
Қызыл іңір,
Қызылжар.
Қайың кешкем.
Шоқ-шоқ қайың,
шоқ қайың,
топты қайың,
Ақ самалын өлеңнің соқтырайын.
Ақ дүниеден адалдық іздегенде,
Ақ қайыңдар,
сендерге кеп тұрайын.
Қызылжарда қызарды қызыл іңір,
Көңілімнің ерітті мұзын іңір.
Аппақ-аппақ арманның аралында –
Ақдариға күндердің қызығы жүр.
Қызылжарда қызарды қызыл іңір...
10-265
ЕСІЛ АҒАДЫ
Есіл ағады,
Есіл ағады,
Ақбұйра толқын жарды ұрып.
Есіл аққанда есіп ағады,
Жағада жартас жаңғырып.
Сырбазым сыңғыр,
Сыңғыр етеді,
Сұлулар таққан сырғадай.
Түрілген сонау түннің етегі –
Ұйқымды қайтсін ұрламай.
Есіл ағады,
Есіл ағады,
Мағжанның жүйрік жырындай.
Мені де бір қыз есіне алады
Тарқатып өрген бұрымдай.
Есіл ағады,
Көсіле ағады,
Есіле ағады ерке өзен.
Көңілге мәңгі көшіп алады
Аққудай арлы сол кезең.
Арнаңды көріп толтырған нұрдай,
Жаныңа келіп көсілдім.
Есілдің ерке толқындарындай
Ағып барады есіл күн…
Есімін толқын есіне алады,
Аймалап Ай, Күн жарық – құт.
Есіл ағады,
Есіл ағады,
Есіл ағады жарықтық...
* * *
Сеземін нұр-шырай барын,
Бағыма балаған ғұмыр!
Тыпыршып, тыншымай жаным,
Аңсайды аламан-дүбір.
Өмірден сый күттім керім,
Жаһанның мұрагеріндей.
Жүйткиді жүйрік күндерім –
Ақанның Құлагеріндей.
Жігерін жанымайды ерім –
Көрерін көргеннен бері.
Тұлпарды танымайды елім –
Толыбай өлгеннен бері...
Қайтейін...
ұзарды күнім,
Өкпемді өмір қысады.
Ұяттан қызарды бүгін –
Қамшымның тобылғы сабы.
Жөн еді...
сезбесем мүлде,
Естімей даладан дүбір.
Өзіңмен кездесем күнде,
Бағыма балаған ғұмыр!
ЖАСЫБАЙ КӨЛІ
Жасыл айдын,
жасымнан ғашық айдын,
Мөлдірейді жанары Жасыбайдың.
Жетегіне жылдарды ілестіріп,
Өтеді де кетеді осылай күн.
Күй шалғанда көңілді әрі-сәрі,
Көз алдыңнан көлбеңдеп бәрі ұшады.
Баянауыл баурайын базар етіп,
Тамылжиды тамыздың таныс әні.
Мұң қалады төсінде қыр-алаптың,
Жылғалары жанымның,
жылап ақтың.
Жасыбайдың жағасы жасыл құрақ,
Қимай-қимай көшеді мүбәрак күн.
Соңы тұйық соқпақтың,
басы қайда?
Бастап мені әкелер Жасыбайға.
Өмірімнің өрнегі өлең еді –
Көңілімнің көлдері тасымай ма?!.
Баянаның басында бала қыран,
Бақ саулайтын секілді балағынан.
Жасыл айдын,
жасымнан ғашық айдын –
Жасыбайдың жас көрдім жанарынан.
Ұмытқалы не заман сайранды ұлың,
Сая іздеген сайғақпын сайдан бүгін.
Жалаң аяқ жүгіріп жағалаумен –
Қайраңдайды қайраңда қайран күнім.
Көлдерімнің көңілін кім аулайды,
Тырналардың тізбегі тыраулайды.
...Жасыбайдың жанарын жәудіретіп
Баянауыл басынан күн аунайды.
* * *
Қара ағашты жел шайқады кешкілік,
Жапырақтың жалқы жырын естідік.
Қиынын-ай
құйын қиған тағдырдың...
Күн барады кешкіріп,
Біз барамыз ескіріп,
Қара ағашты жел шайқады кешкілік.
Өліарада өкпе артпассың Заманға,
Бауырың бүтін,
басың, досым, аман ба?
Ғапыл дүние маған да сын,
саған да,
Үміттерің үсік шалып үзілсе –
Жапырақтай жанышталар табанда.
Өліарада жаңбыр мен қар аралас,
Ей, тірлігім!
Жалғыз сәтке қабақ аш!
Тәнін немен жасырады жалаңаш?..
Қоңыр күйді қобыз болып қозғайды –
Жел шайқаған қара ағаш.
...Өліарада жаңбыр мен қар аралас.
* * *
Ей, енесі өлген құлын күн,
Құлыны өлген байтал күн.
Балауыз шамдай ғұмырдың
Сәулесі болып шайқалдым.
Біріне түспей көп іздің,
Қабағын бақтым тағдырдың.
Дауыл тұрғанда теңіздің
Толқыны болып жарды ұрдым.
Басына қонған бұтаның,
Сен менің аппақ құсым ба ең?..
Жусанның жұтып жұпарын –
Даламның әнін түсінген.
Өмірім,
өрім,
өткелім,
Көз жауын алған сырға күн.
Күздерді қуған көктемім –
Жырларым менің –
Жылдарым...
Тұңғиық тұнып тұсымда,
Шер буып шыққан шері едім.
Зулайды көздің ұшында
Сұрмерген тартқан жебе күн...
ҚОҢЫР
Қоңыр күз,
Қоңыр жыр ма едің,
Қоңыр күй тербеп кешімді,
Қоңыраулы керуен күндерім
Қоңырқай тірлік кешірді.
Қозы көш жерден көрінген
Қоңыр қаздардың тізбегін,
Қоғасы біткен көлімнен
Қобыздай сарнап іздедім.
Қоңырым озып пырақтан,
Қом сулы қоныс гүлдеген.
Қоңыр жел есіп қыраттан,
Қоламталарымды үрлеген.
Қоңырқай тартты өлең де,
Қонатын басқа бақ қайда?
Қоңыр қозылар көгенде –
Қотарып ішер ақ қайда?..
* * *
Бір өлеңім бар еді,
Бір өлеңім болғанда –
Аққу текті Ар еді,
Заманының зары еді,
Ғаламының әні еді.
Бір өлеңім бар еді,
Бір өлеңім бар еді.
Бір өлеңім тірі еді,
Ғашық болып дүниеге –
Дүрсілдеген жүрегі.
Шуақ шашқан күн еді,
Төскейде өскен гүл еді,
Үздіккен бір үн еді,
Бір өлеңім тірі еді.
Бір өлеңім...
Бір өлең...
Жапырақ жайса жыр-емен,
Жайнап өмір сүрер ем.
Тілегім ең тілеген,
Әулием ең түнеген.
Сен де мені білер ең,
Бір өлеңім...
Бір өлең...
* * *
Қарашада қалмайды гүл ағашта,
Мына дәурен тұрмайды мына баста.
Шыр айналып шылбыры,
шыдам бітіп –
Жер тарпыды тағы да құла қасқа.
Алтын кіpпік арай күн,
арманым ең,
Тағдырым бар табысар таңдарымен.
Жауыздықпен шабысты жан-жүрегім –
Ауыздықпен алысты ардакүрең.
Тұлпарларым,
дүлдүлім,
арғымағым!
Мәңгі бағым...
Таңдарды таңға ұрамын.
Шалдығамын көмбеден көре алмасам –
Зар қыламын айта алмай Ардың әнін.
Мұңайтады мына күн мұңлығыңды,
Жын-жыбырға түргізіп түндігімді.
«Елім-айды» ертемен eңіpeтіп –
Сүргендеймін бұрын да бұл ғұмырды.
Безеріп бел,
өкcіп қыр,
жылады ауыл,
Жаратқанның ести ме құлағы ауыр?
Желбауымды желкелеп желпілдеткен –
Басқа дауыл, білepім, мына дауыл.
Арманым-ай!
Алды-арты айран асыр,
Жырларымды жолыңда пайдаға асыр.
Асылыма араша түсе алмаған –
Жайма базар секілді жайма ғасыр...
ҚАП АРҚАЛАП БАРА
ЖАТЫР ҚЫЗ БАЛА
Бақ тілегін сарқып алған,
тойын да,
Ақ білегін артып алған мойынға.
Қап арқалап бара жатыр қыз бала
Алматының «Арбатының» бойында.
Kөшecі бұл қайыршының,
мастың да,
Нөпір адам...
Ұқсайды екен тасқынға.
Қайысады, майысады нәзіктік
Ала тайдай ала қаптың астында.
Көңілдерге көктем сыйлар күй керек,
Кімге айтарсың:
– Көpіктігe тиме, – деп?
...Көк базарға бара жатыр көркем қыз
Көне күрте,
ecкі eтігін сүйрелеп.
Қалтырап гүл...
Қалады ма қырмызы,
Жарқырап біp жанады ма жұлдызы?
Қап арқалап бара жатыр көшеде
Арыс туар алашымның біp қызы.
Ажары да ашық екен ақ таңдай,
Базарына жетсе деймін қақталмай.
Аузын буған қытай қаптың ішінде
Тағдырының бар салмағы жатқандай.
Мұқым қайғы.
Таяз бақыт.
Күз.
Қала.
Сықырлайды аяз-уақыт сыздана.
Жын-ғасырдың жүгін жеңілдетем деп,
Қап арқалап бара жатыр қыз бала.
СОҢҒЫ ӨЛЕҢ
...В этой жизни умирать не ново,
Но и жить, конечно, не новей.
С. Есенин
Ей, Есенин,
бала кезден дос едің,
Шайыры едік шарап ішкен көшенің.
Тіршіліктің шығара алмай eceбін
Басың қатты,
басым қатты неше күн,
Қайран, Сергей Есенин...
Қыстай екен,
құстай екен соңғы өлең,
Көк аспанның көpкі болып көлбеген.
Көкпар-жырда көк атты жүр көлденең.
...Ceні сырлас көpіп едік,
соңғы өлең!
Қадір түні қaбіpіңді тербеген.
Тағатыңнан айырғанда
сағатың,
Әйнегіңді әйбат тамшы қағатын,
Соңғы өлеңді сыбырлады қара түн...
Мына жалған орманы емес орыстың,
Рязаннан жолға шыққан бала ақын.
Маңайында мезет сайын мың дүбір,
Мың дүбірден мұң ішеді мұңлық ұл,
Көздеріңді көктем көміп...
Тұнды гүл.
Соңғы өлең боп басталады біp өміp,
Соңғы өлең боп үзілeді біp ғұмыр.
Ей, соңғы өлең!
Тамырларда тулашы,
Сен де, мен де сол ауылдың тумасы.
Шағаласы шабытымның, шулашы!
...Өміp, өміp өлең бола алмайды,
Өлең деген өміp екен турасы...
...Ей, соңғы өлең!..
АҚПАНДА. АҚӨЛЕҢДЕ. АҚ АЙДЫНДА
(Илья Жақановқа)
Айнала шомылғандай арай нұрға,
Ақпанда,
Ақөлеңде,
ақ айдында.
Тербеліп,
тeбіpeніп талай мұңға,
Ағатай,
келіп қалдық қалай мұнда?!.
Беу, шіркін!
Айдын қандай,
ақпан қандай?
Ақөлең ақ ниетін ақтарғандай.
Ағатай,
біздің сапар ақ болғандай –
Басына Балқаш көлдің бақ қонғандай.
Ақөлең – балықшы ауыл алыстағы,
Сенімен келіп едік табысқалы,
Жігіттің ақ айдында Арыстаны,
Әуенді түсінтін ағыстағы,
Ағатай, жатыр білем ән ұшқалы...
Басына Балқаш көлдің бақ қонақтар,
Ақ айдын,
Ақөлеңде,
ақпан,
ақ қар.
Ақ әлем, ақынында ақ қанат бар,
Ағатай, қалсын біздер жаққан оттар,
Ақ айдын,
Ақөлеңде,
ақпан,
ақ қар.
Ақ дүние, сені аңсаған асыл жыр ек,
Көзайым күнді іздеген жасыл жібек.
Ағатай, қалмайықшы
жасып,
жүдеп...
Тағдырдың уын ішкен,
тасын күреп,
Ақөлең, біздің жүрек – ғашық жүрек.
Ақпанда алыс қырдан тапқан өлең,
Қанатын ақ айдында қаққан өлең.
Арманды арна болса ақтарар ем.
Жарық күн,
жалғыз өлең жаттаған ем,
Ақөлең...
Айналайын, аппақ әлем...
11-265
* * *
Сағыныштың сарғайса да сағымы ақ,
Арман сүйген арлы кез де, жарлы кез.
Кірпігімді күн нұрына малып ап,
Көкжиекке қарай-қарай талды көз.
Үздіккенде үзіп алсаң үміт тұл,
Сынап-күнді уысымда сырғыттым.
Қарашығы қара өлеңге тұнып тұр
Мұнар күннен
мұң сапырған мұңлықтың.
Көңілдерге көмескілеу күй енді,
Мұнар күннен
мұң сауғанда мың жүдеп.
Қарағайлар қара ағашқа сүйенді,
Тамырларын торғыл шуақ тілгілеп.
Көкжиекке көктемдерім көшетін,
Кер күндердің керуеніне серікпін.
Арай іздеп айдындарды кешетін
Ақ дүниеге ақын болып келіппін.
Толқынымды толқытқан да
тойлатқан,
Қайран күндер қайта оралмас қас қағым.
Жасындарын жан-жүректің ойнатқан –
Басымдағы бас қамынан басқа мұң...
* * *
Қобыз кеудемнің сынық шанағы,
Боздайды бүгін ұрып сананы.
Tөзімгe бойым мойынұсынып,
Сезімге ойым құрық салады.
Қашып шабытым, шатынап қалдым,
Сыбдырын ecтіп ақымақ талдың.
Зәремді алды
жаңбырды жоқтап
Жылаған даусы жапырақтардың.
Көңілден кейде нұр қылаулады,
Уақыттың түспей қылбұраулары.
Қоңыр кештерде қозғайды мені
Қоңыр қаздардың мұңдылау әні.
Біздің де бастан оза ма жалған,
Тиянақ таппай тоза ма арман?
Бозала таңда боз жусан көрдім
Боз қырау шалып бозара қалған...
ЕРУ ҚОНДЫ ЕЛУІҢ...
(Әбубәкір Қайранға)
Әбіштай,
Әбубәкір,
досым Қайран,
Елуге еру қонып қосын жайған.
Жырды нұр санайтұғын жан құрдасым,
Бұл ғұмыр тұрады екен осындайдан.
Барында базарының бақ сынатқан,
Кеудесі толқын-толқын Ақсу аққан.
Тағдыры тарғыл түсті Тарбағатай,
Ақын боп жолға шыққан Ақсуаттан.
Елуің еске салды қайдағыны,
Қайран дос,
Әбубәкір Қайранұлы.
Алысқан ауыздықпен арғымағым,
Арыстан алам деген айдағыны.
Бұл елу еру қонар тұғырың ба?
Еріп бара жатқандай ғұмырың да.
Қасқыр жайлы жыр жаздың итшілемей,
Аспан жаққа бір қарап ұлыдың да.
Бақ түнеткен бастағы байлық осы,
Қасымызға тікпесін қайғы қосын,
Енді елу жыл іздесең таба алмайтын
Жайлыбайдың Ғалымы – жайлы досың.
Толқынымды толқытты қайдағы ағыс,
Алашыңды аялап,
аймалап ұш.
Еңку шалып елуге келген ерім,
Қайран құрдас,
қайран дос,
қайран Әбіш...
БАБАЙҚОРҒАННЫҢ БАЛАСЫ
(Қасымхан Бегмановқа)
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Қасым
Өтірік емес,
расым,
Сенбейсің, бәлки,
сенесің.
Үстіңде қара плащың,
Ақсаңдай басып келесің.
Ауылдан кеттің адасып,
Өткенің өкпек...
қарашы.
Қарашығында – Қарашық,
Бабайқорғанның баласы.
– Жыр жазып едім-төгіліп,
Қайда, – деп, – менің сыбағам? –
Есінен танып егіліп,
Еңіреп кейде жылаған.
Ей, Қасымхан дос, құрдасым,
Шерменде жанды шер меңдер.
Жыласын ақын,
жырласын,
Көз жасын сүрте көрмеңдер!
Сорғалап қонған әндейін,
Сабаңа түсіп ақырын,
Іздейсің мені...
сәл кейін
Қайранның Әбубәкірін.
Алдаған емес арманың,
Телмірме түнде шыраққа.
Сен Қасым бола алмадың,
Қасымхан болдың бірақ та.
Көңілден күмбір күй төгіп,
Ағызба көздің жасын бос.
Ит жылы туған ит едік,
Қайтейін сені, Қасым дос?!
ҚАЗАҚЫ ӨЛЕҢ
Өмір,
сенің арнаңа түcіп ақтым,
Толқын-толқын күндерді ұшыраттым.
Бізің бастан біp дәурен жалт береді
Үйіріндей үpіккeн қысырақтың.
Жарық таңның жалқыны –
жалғасқаным,
Ардың әні – шырқаған алғашқы әнім.
Мұнар-мұнар мұнартқан біp керуен,
Мендегі мұң, бауырым,
сәл басқа мұң.
Жыр қақтадым жанымның жалынына,
Ырғақтарым шабыттың шарығына
Қайралды да...
қосылып күңіренді
Шалдар шалған қобыздың сарынына.
Дүр дүние
дүрмек пе,
дүрбелең бе?
Белгі болып қалармыз біp белеңде.
Осы өлеңді жазбай-ақ қояр едім
Жалғандығын жалғанның білмегенде...
* * *
Жаныма жақын жандайсың, жаным,
Қандай шыдамың,
Ардай сыңарым.
Тағдырдың уын татып көрмеген
Балдай шырағым.
Күн болып шыққан күнім дейін бе,
Қырқада өскен гүлім дейін бе?..
Өткінші күннің өкпек желінен
Түңілмейін де.
Ай болып туған айымдаймысың,
Ай аймалаған қайыңдаймысың?..
Сүйіп қалғанмын,
жиып та алғанмын –
Ғапыл ғаламның уайым-қайғысын.
Сыңардың сырын сырлас ұқпады,
Мұнарамызды мұң басып қалды.
Тоспайды көңіл шырынын ғана,
Қоспайды өмір шын ғашықтарды.
Баянсыз күннен бақыт көрмеген,
Дүлдүлің өтер уақыт-кермеден.
Ардай сыңарым,
балдай шырағым –
Тағдырдың уын татып көрмеген...
* * *
Бәpі ағады,
керуен күн ағады,
Қалың тұман жасырып мұнараны.
Тұңғиықтан Зәмзәм боп тұнады әлі
Тасқайнардың мөлдіреп тұмалары.
Бұл фәнидің бітпейді сұраулары,
Қарт таулардың басынан күн аунады.
Мұңға малған күздегі көңілімді
Тырналардың тізбeгі тыраулады.
Кер заманның желі де қатты еседі,
Басымыздан баянсыз бақ көшеді.
Бақ көшеді,
барыңды ап көшеді,
Арман болып арудың ақ төсегі.
Бас қатады...
өзіңді өзің білмей,
Сор айдаса солады сезім гүлдей.
Жазалайды талайлар жаныңды жеп,
Мазалайды сан ойлар көз ілдірмей...
...Cepік болса сенімің иманыңа,
Жаратқанның жарығын қиғаны да.
Ақ-қараның арасы ашыларда
Біp қарармын, дүние, дидарыңа...
* * *
Шаңырақты көтереді уығы,
Түндігінен қарамаса қайғы азап.
Kүpeңітті күздің қара суығы,
Халің қалай,
әй, қазақ?..
Жұлдыздар да жымыңдамай түндегі,
Қара аспанның мұң шалады мұнарын.
Базар барып бақ сынайтын күн бе еді
Басыңдағы мына күн?..
Сар даланың сағымына сыр ашып,
Соқпағыңның шықты білeм сартабы.
Жазық жондар бұйра құмға ұласып,
Бұйығады боз беткейдің барқаны.
Өзек талса,
өксіткенің өміріңді,
Тас көшеде тәрік болып талабың.
Қара базар қарайтады көңіліңді,
Ақ ішіп жүр, қарағым...
ЖАЛҒЫЗ ТАМШЫ
Төбел арай төбеге төркіндейді,
Таң тонасын тамыздың көркін мейлі.
Жапыраққа ілінген жалғыз тамшы –
Жанардағы жастай боп мөлтілдейді.
Күрсінгенде күмілжіп күз реңі,
Сүреңсіздеу сүмбіле сүзіледі.
Жапыраққа ілінген жалғыз тамшы –
Демі бітсе үн-түнсіз үзіледі.
Тұнық сырдың тұңғиық тұмасындай,
Өміріңнің өрнектер жыры осындай.
Жапыраққа ілінген жалғыз тамшы –
Түнгі нөпір нөсердің мұрасындай.
Жасын кешкен жанымның
жарқылы – жыр,
Алды уайым тірліктің,
арты дүбір.
Жапыраққа ілінген жалғыз тамшы –
Маңдайыма жазылған жалқы ғұмыр...
Сайрар кезде сайрасын тоты бақта,
Торықтырма,
тонама,
тоқыратпа!
Жалғыз тамшы ілінген жапыраққа
Үзіледі...
Сіңеді топыраққа...
Арайларын Арымның аршыды нұр,
Сал,
сал дәурен,
сал дәурен,
салшы дүбір!
Жалқы жыры жалғанның жанымдағы –
Жапыраққа ілінген тамшы-ғұмыр!..
КЕРБЕСТІНІҢ КЕКІЛІ
Беу, кербесті еді көргенім,
Ерен де өрен біp жүйрік.
Өлкемнің өpін,
белдерін
Ылди ғып шапқан қылқұйрық.
Күдері жалы төгілген,
Орлардан орғып қарғыған.
Бәйгеге түссе көрінген –
Аламандардың алдынан.
Жараса бүгін бауырынан,
Бақ шабар,
кейде бап шабар.
Күміс тер саулап сауырынан,
Кекілін тарап ақ самал.
Кербестідейін көңілдер
Болады кейде құсалы.
Шаң-тозаңдарын жел үрлер
Кекілінде ме нысаны?..
...Егіліп құмдай...
Жыладым,
Тас болып қайта бекідім.
Ақан cepі боп сыладым
Кербесті жырдың кекілін.
БІP ТҮП ЕМЕН
Бұтақтары майысқан біp түп емен,
Ceні көрсем безеді күлкі менен.
Мұңайтасың,
сыбырлап сыр айтасың:
«Тағдырымның жағасын жыртып өлем...»
Қайыспайтын қайсарлық – біp түп емен.
Біp түп емен!
Сен осы білесің бе?
Қырқасында қыраттың гүл өсуде.
Қатарларың көп еді бой түзеген,
Сонау жылы айналды күресінге,
Ажалдары – адамның үлесінде.
Жасыл қырдың тұрағың жартасында,
Басындырдың тағдырдың балтасын да.
Біp түп емен...
Шөңге боп қадалып тұр
Арқа-жарқа таулардың арқасында.
Тіpлігіңнeн кейде осы қорқасың ба?
Біp түп емен,
түсіңе мұң кіpe ме,
Жылата ма немесе
күлдіpe ме?
Наурызда сары уыз жапырағың
Тірлікпенен қауышып дүрліге ме?!
Сарғайыпсың жетпей-ақ cүмбілеге...
Бұтақтарың бүтіндей майысады,
Жанарыңның жаз туса жай ұшады.
Алмағайып бұл тірлік алма-кезек
Өмір-өлім бойында сайысады.
Ceні көрсем қабырғам қайысады.
Ей, адамдар!
Тағыны таласаң да,
Тектіліктің тәніне жара салма.
Біp түп емен!
Мен сені күтімі жоқ –
Жетім қалған ұқсаттым қара шалға.
Мәуелім-ай, алдымда аласарма!
Біp түп емен!
Көрдің бе, ашылды күн,
Жапырағың жаяды жасыл гүлін.
Өр тұлғаңмен көтеріп тұрғандайсың –
Сайқал өміp сыйлаған ғасыр жүгін,
Талақ етіп тағдырдың тасырлығын.
...Түсіме ендің сен тағы,
біp түп емен.
Жаным жасып қалғандай нұр тілеген.
Жастығымнан басымды жұлып алдым –
Жамау болмай жүрекке жыртық өлең!
Бір түп емен...
* * *
Жесір желдер желігіп желген кеште,
Ойға сезім айналды жөн бермеске.
Он бесінде толған Ай толықсыған
Сен де он бесте,
құралай,
мен де он бесте.
Көмкерілген көктемім нұр-арайға,
Көк көйлегін көңілдің мұң орай ма?
Жаңаарқаның жазира жазығында
Кұралайлар өретін құралайда.
Кездесіп ек...
Шын ұқсап шырақтыға,
Жылжып аққан жылдарың жылатты ма?
Мына жалған тұңғиық теңіз болса –
Тұна қалған екеуміз бір ақ тұма.
...Ақ сәулені жан-жаққа қуып кетіп,
Шаңырақты түзедік,
уық бекіп.
Мұңды реңің қалыпты,
сезімдерің
Сүмбіленің суындай суып кетіп.
Көз алдымнан көктемде көшкен ағын,
Он бесімде лаулаған
өшпе, жалын!
Елік күннің естісем ескен әнін,
Еске аламын мен сені,
кеш, қарағым...
12-265
* * *
Астана мынау шамдары жасыл-қызылды,
Тербетіп тұрған таңдары ғасырды, бізді.
Жинауға жүрміз алаштың алауыз ұлы
Шашылып кеткен сынығын асылдың ізгі.
Ұйқы ашылғалы не заман,
жұрт ашынғалы,
Жұрт ашынғалы көгімнен бұлт ашылмады.
Тап бастыра ма, жоқ, әлде
Қақбас қыла ма –
Астаң да кестең Уақыттың бұрқасындары.
Өзегімдегі өртімді өміpім жүндеп,
Өксітсе қалай айтамын өр ұлыңмын деп?
Арқаға жауған ақ қардай аяулы-ақ еді,
Қалмаса деймін қайраңда көңілім кірлеп.
Тұрамыз біздер Алматы – сауық қалада,
Сауық қалада әзірге қауіп бар, аға...
...Нашақор Коля түнімен ойранды салып,
Маша апай бізді жасырды тауық қораға.
Сағымы сәнді сары бел – өскен тұғырым,
Қимай да қимай қол бұлғап көшкен-тін ұлың.
Сонарға сайлап жүр едім,
Сұр көжек болмай –
Көк бөрі болса жарады қос бөлтіргім.
Көктөбе жақтың баурайы көкорай белең,
Көкорай белең қырқадан көп арай көрем.
Көктерек күнге қол созар көктемі туса,
Өкпелеп жүрме біздерге, өлең-ай, өлең...
КӨШЕМІН ЕРТЕҢ...
Көшемін ертең,
босатам Коляның үйін,
Бұл көшу маған, әрине, болады қиын.
«Турчатникте» тұрақтап үйренген едім,
Тоңады миым...
санамда соғады құйын.
Алматы келдім, ағамен ақылдаспадым,
Ақылдасқаным – өлеңмен бақұлдасқаным.
«Татаркадағы» татар шал
«тамырым» еді,
Көшірісуге келіңдер, ақын достарым!
Көгімнен түнде жұлдыздар шалқалап ағып,
Жауады жерге...
Қайтейін қалқаға налып?
Алматыңыздан қарсы алған адам көрмедім
Арқадан келген ақынды арқаға қағып.
– Бұл өнер өpгe шығарар төзе білгенді,
От жақ, – деп, – жырдан, –
Қасымдар кезегін берді.
Құлындарымның тағдырын талапай еткен
Қу сөзден қуырдақ қуырмай беземін енді...
Аңқасы кепсе арманның...
сыр бар-ay мұнда,
Білерім – бүгін ілікті жыр қарауылға.
Бошалап кеткен Бозкөлдің бозінгендері
Боталап қайтса болғаны туған ауылға.
Көгімнен түнде жұлдыздар жанып ағады,
Жанған жұлдыздың ақ таңға табы қалады.
...Арқадан келген ақынның арқасы қозса –
Аспанғa көшіп, ақ сарай салып алады.
* * *
Ай көрдім,
аман көрдім бұл айды да,
Қарғамай қасқаны да, құдайды да.
Күндерің ұқсамаса шырайлыға,
Тұндырған тұма суы лайлы ма?!
Қатыны ортекедей ойқастаған,
Ақыны орамсыздау ой бастаған.
Заман-ай, әңгүдік таз той бастаған,
Заман-ай, қотыр серкеш қой бастаған.
Сарқырап бұрқамайды құздан ағын,
Жарқырап шырқамайды қыздар әнін.
Құзырға иілмейді қалталылар,
Қызылға шүйілмейді мұзбалағым.
Кез келді қоңсы қонар,
келші, арманым,
Жүрегім жылағалы –
дел-сал жаным.
Сарғайып сары белден таң атқанда
Сар желісті құлаға ер салмадым.
Қасірет – қосылғаны сорға қайғы,
Қазанат шідерімен жорғалайды.
...Самсаған жұлдыз көрдім сүмбіледе,
Ай көрдім,
аман көрдім толған Айды...
* * *
Киік-күндер көкжалдан қашқан саяқ,
Тастарды аяп тұрмын мен,
аспанды аяп.
Менің жыртқыш жылдарым азуына
Аққу-жырды басады жасқанбай-ақ.
Жыр саулайтын жүректен
қан саулаған.
Жастық жылап барады жан сауғадан.
Бау-шалмадан ақ орда ада болып,
Тауысар болды төзімін аусар балаң.
Қыз бен гүлді жыр етіп арайлана,
Талай шайыр өткен жол,
талай дана.
Сұламадан сау жеткен өлеңімді
Бура-қоғам шайнайды қалай ғана?
Ұлтым қайғы кешкенде,
жұртым қайғы –
Сары уайым сағаты сыртылдайды.
Ақындары алақан жайған елдің
Қатындары қол бастар ұл тумайды.
* * *
Өмір кештім,
мен де бір өмір кештім,
Көрпесіндей сусыған көңілдестің...
Көздерінен күндердің шуақ еріп,
Көкорайлы көктемді қуады елік...
Арлы армандар –
арнаға толтырғаным,
Жартастарды сүйеді толқындарым,.
Ақ қар еді туғанда...
ақпан еді,
Аппақ әлем бөледі баққа мені.
Ақындардың ат қосып санатына,
Аққулардың жыр жаздым қанатына.
Тынышымды алған тылсымдар –
тілдескенім,
Тұлпарына ешкімнің мінгеспедім.
Көңілімнің көмбесін жиі ақтарып,
Сазға біткен сары ағаш сияқтанып –
Солқылдадым,
несіне жасырамын?
Сонан кейін сізге аян тасығаным...
Өлең болып өріліп өскен өңір,
Көлбең-көлбең етеді кешкен өмір.
Сәуле ойнатып сұлудың сырғасына –
Күнім шықты өрмелеп қыр басына.
Төңірекке төбел нұр төккен арай,
Көкжиегім кеңіді көкке қарай.
Басын иіп тұрған соң еңіс біткен,
Мен өзімді іздедім кеңістіктен.
Он бесінде туған ай толысарын,
Жол біткеннің бір жерде тоғысарын
Ұғып бүгін
«Ай-хой!» деп дауыстадым,
Қарғам, сенің қай кітап тауысқаның?
Өмір кештім,
мен де бір өмір кештім...
ДАЛАНЫҢ
ӨЗЕНДЕРІ
ДАЛАНЫҢ ӨЗЕНДЕРІ
Ұмытылмас кезең бе еді?
– Жаныңды сезем, – деді.
Жарқырап шықты алдымнан
Даланың өзендері.
Аспанда бұлт түйілген,
Бетпақтай безергелі.
Жанына жұртты үйірген
Даланың өзендері...
Қамықсам – ел біледі,
Жабықсам – сөз емдеді.
Маржандай мөлдіреді
Даланың өзендері.
Тірлік бұл – арты қайғы,
Ерніңнің кезергені...
Айнадай жарқырайды
Даланың өзендері.
Жанымда жаңбыр басым
Керімсал кезеңдегі.
Аман бол,
тағдырласым –
Даланың өзендері.
МЕНІҢ АППАҚ ҚҰСТАРЫМ...
Ақ зер әлем,
ақ дүние –
жаныма құт,
Көз алдымнан барады жарық ағып.
Менің аппақ құстарым қалықтайды
Ақ бұлттарға қанатын малып алып...
Бұлақ көрдім көздері жарқыраған,
Өзен көрдім...
аптығып,
арқыраған.
Сабағында гүлдерім ашылғанда –
Жанарымда жарқ етті жарты ғалам.
Жолым жалқын сәуленің жолағы ма,
Ойнап, күлсем...
өкпем жоқ оралыма.
Өзегімнен өрт шықты
мен түскелі –
Соры қалың соқпақтың сорабына.
Бетегелі бекзат күн,
белдерде өткен,
Өткенімді өлеңмен өрген көктем.
Күзге дейін арайға шомылармыз –
Бізге дейін талайлар келген, кеткен...
...Аламанда аһ ұрсаң –
анық қайғы,
Ол күйіңді күйлілер тағы ұқпайды.
...Ақ бұлттарға қанатын малып алып
Менің аппақ құстарым қалықтайды.
КҮЗЕУДЕГІ ҚАРАША ҮЙ
Күндердің жалын күзер ме
Ұстара-уақыт жалтырап?
Қараша үй қонды күзеуге
Қараша күні қалтырап.
Торықса жусан,
тобылғы,
Қараша келіп тоңған күз.
Өтпелі дейді өмірді
Күзеуге қонған сол жалғыз.
Қоңыр күй кернеп жер-көкті,
Күмбірін дала тыңдады.
Қайран жаз қош деп,
ол кетті –
Қаздардың қанатындағы.
Жанымның отын жандырдың,
Жолаққа орап ымыртты ақ.
Шық шайған шашын шалғынның,
Балқаймақ күнді түн ұрттап.
Күтеді күзеу қысты алдан,
Жүректің жүдеу күркесі.
Ғұмыр дегенің – қысқарған
Балауыз шамның білтесі.
Шаңырақты ұстар құдірет –
Қараша үйдің уығы.
Сен соны түсін бір рет –
Күзеудің қара суығы.
Өкпесі өкпек,
кереге –
Желбауы желмен қаңғыдың.
Қаңтар кеп шешіп бере ме
Қараша үйдің тағдырын?
Мәңгілік әнін салғыздың,
Тұнжырап түнде, тұлдыр Ай,
Күзеуге қонған жалғыздың
Жары да болған бір құдай...
ОСЫ КӨКТЕМ...
Қыз-көктем,
гүл-гүл көктем,
көктем, көктем,
Көңілдің көкжиегін көкке өрлеткен.
Көңілдің көкжиегі көкке өрлесе –
Есіңе түседі екен өткен-кеткен.
Бояуы бұл көктемнің
тым көмескі,
Қанша рет ізімізге гүлдер өсті.
Көшіне керуеннің ілескенде –
Есіңе түседі екен күндер ескі.
Дүние жарығының үр күндері,
Бұл көктем –
керуен-керуен жырдың легі.
Кызарып батқан күнге қолын бұлғап,
Қыратта қыдырады қыр гүлдері.
Үр көктем,
үрия дәурен,
үміттерім,
Қосылып қобыз шалды-ау күдікке мұң...
Жайқалып жасыл дүние жайнағанда –
Шайқалып кетпесе екен тұнық көлім.
Төбемнен бұла бұлттар көшіп өткен,
Күндердің көкжиектен көші жеткен.
Барымның бағымысың –
сағынышым –
Жанымның жарығысың, осы көктем!..
ЕЛЕГІЗУ. ДАҒДАРЫС ЖЫРЫ
Құмшекердей еріген таңдайдағы,
Аштықтағы құйқаның балдай дәмі.
Таңғы нұрдың сәулесі шайқалғаны –
Тағдырымның жазуы маңдайдағы.
Ұлтым емес,
тұр бүгін құлқын бай боп,
Құлқын бай боп,
содан соң ұртың май боп.
Елегізіп елсізде елеңдедім –
Көшкен елдің көнерген жұртындай боп.
Емендердей еңселі ел тұрғанда,
Жібек шашақ тағар ем ер-тұрманға.
Бағдары жоқ керуен батпақ кешер
Қаңғып ұшқан қаңбақтай жел тұрғанда.
Жүрек,
жүйке жалықты жанбағыстан,
Жетек сынып асуда,
арбам ұшқан.
...Көкке қарап қол жайып күбірледім:
– Көке, қашан шығамыз дағдарыстан?
Жауап іздеп сұраққа ойландым-ай,
Қарға-құзғын маңайым...
тойған құмай.
Аламанда арындар шақ туғанда
Дағдарысты уайым ғып қойған құдай.
Тереңіне тартатын иірімдей,
Бетпақ жонның жалт еткен киігіндей,
Күндер қашып барады,
күндер қашып –
Қысырақтың күздегі үйіріндей.
Көрпе төсеп көнелеу алашаға,
Өлеңімді тыңдайды бала-шаға.
Күресінде күлге аунап жатыр, әне,
Қараша үйге құт болған қара саба...
13-265
* * *
Көш қозғалды жолымен бұрынғының,
Таңға елші боп кеткелі
мұңым, жырым...
Мұқым төзім таусылып бітпей тұрып
Бүтін сөзін айтпай ма бүгінгі күн.
Жылжыған жыл соңынан күндер ерді,
Кім көнерді, дариға-ай,
кім көгерді?..
Жырынды кез жыртығын жамап-жасқап
Бүгінгі сөз шықпай ма мінбеге енді.
Ер көгермес ертеңге қадам баспай,
Баян тапса бастағы бақ алмаспай.
Бүгінгі сөз заманның заңғарынан
Жарқ-жұрқ етіп тұрмай ма ақ алмастай.
Саған ғана жанып ем кездігімді,
Саған ғана төгіп ем көз нұрымды.
Шалшық судың бетіндей шашырамай,
Тұғырыңа тұрақта, Сөз бүгінгі!
Біз дегендер...
темірдей төзімі тым,
Өз арманын аялап,
өз үмітін...
«Түгел сөздің – түбі бір» дегенменен,
Сөзі бүтін халықтың өзі бүтін.
ОРАЛУ
(Сәдібек Түгелге)
Қырандай сорғаласа жырым көктен,
Бүршігін бүр жарғызды бүгін көктем.
Тұлпарын тұғырына қондырады
Қараөткел сүйіншілеп Сырымбеттен.
Пырағым төске салған өрден бері,
Арқаның аламанды көрген белі...
Құлагер құла дүзде құйындады,
Сейіліп сері Ақанның сергелдеңі.
Көкшеге бұрдым бүгін өлең көшін,
Зерені Зерендінің тереңдесін.
Ән салып Айнакөлдің аққулары,
Есілдің ескен желі елеңдесін.
Құлагер!
Ақан болып төгілер ем,
Өткеннен бізге жеткен небір өлең...
Жырасы Жыландының жылағанда –
Етегі Ерейменнің еңіреген.
Ел мынау
от пен желдің өтіндегі,
Басылды Қусақ көлдің көпіргені.
Қу басын Құласының қайыңға іліп
Ақанның құлағымда өкіргені.
Ақынның алты алашқа жайған бағын,
Рухы намысына қайралғаным!
Баспа-бас қызға бермес қызығы еді
Құлагер – құнанында бәйге алғаным.
Айтады сан аңызды сағымдай бел,
Құланы құла дүздің арындай көр!
Басында Қызқашқанның қызық қалмай
Асын да Сағынайдың сағынбайды ел.
Артпайық түнге күдік,
таңға секем,
Дүлдүлмен дүбір тілер жалғаса өтем...
Тұлпарын енді қазақ тұншықтырып,
Серісін сергелдеңге салмаса екен.
Жүйріктің сыбағасын мол жасалған
Қызғанып, торығады торға салған.
Жүгірсе желден озған пырағым-ай,
Атығай-Қарауылға олжа салған.
Тұйықтан шыға алмаса тұйғыны аман,
Қиянат қинағаны – қилы заман.
Өмірі тоғыз шалық дертке ұрынып,
Көңілі қобыз шалып...
күй жылаған.
Жүйріктің білем жанын жабы ұқпасын,
Тұлпардан тұлдыр шығар торыққасын.
Балтасы Батыраштың басқа ұрмасын,
Жартасы Жыландының жолықпасын.
...Құлагер енген күні нұр шырайға
Көзіңнен бір тамшы жас ыршымай ма?
«Қақпан бел,
қалбағайлы
үңгір сағақ...»
Күңіренген Күреңбайдай сыншы қайда?!
Жүйрікке серік болса
қыран,
құмай,
Алдынан ор кезікпес Жыландыдай.
Тұғырға өзіңменен бірге қонған
РУХ-ым аласармас бұдан былай...
Өткеннің өзегінде дауылы қалып,
Қосылдың аламанға сауығып анық.
Көкшеден көкжиекке көсілші енді
Қазақтың қайран жерін бауырыңа алып...
Зарласаң зар илетер заманақыр,
Сайраны Сарыбелдің санада тұр...
Қастерлі қасқа жолдың киесі боп –
Құлагер құстай ұшып бара жатыр.
* * *
Жүрегімде жаһанның
мұң-наласы,
Шырақ-жырдың осы ма шын бағасы?..
Бір сөз айтып кетсем деп кейінгіге
Кірпік ілмей жүремін түн баласы.
Түн баласы жатамын кірпік ілмей,
Іші арпалыс ақынның,
сырты күндей.
Аппақ жанын кірлетіп алмаңдаршы
Ақпандағы ақ қайың бүртігіндей.
Ақпандағы ақ қайың – дара қайың,
Аппақ нұрға шомылған баладайын.
Аламанға қосқаным – Ардакүрең,
Қала көрме көз жазып,
ал, ағайын!
«ЖЕҢІСКЕ» БАРЫП ҚАЙТҚАНДА...
Белгісі жоқ картада,
глобуста,
Біздің ауыл Арқада,
тым алыста.
Қасіретіне жетеміз көңіл айтып,
Тілек айтып келеміз қуанышқа.
Осы өңірде көгеріп,
көктеп едім,
Көктерегім – басында Көктөбенің.
«Ауыл жылы» соқпаған сол ауылдың
Түзу ұшса түтіні деп келемін.
Күзетеді күзеуді күзгі қыстақ,
Ұрпақ мынау біз жүрген ізді құшпақ.
...Қадырбектей бір ағам мешіт салып,
Өмірғали жиенім тізгін ұстап.
Осы айтатын «Жеңістің»
бар хабары,
Бар хабарын жеткізер шартарабы.
«Түгіскеннің түгі май...» деп сөйлейтін
Арымасын ағайын Арқадағы.
Осы ауылдың бар ма екен ақсақалы,
Осы ауылда бар ма екен жас баталы?
Ақсақалы жоқ ауыл – арсыз ауыл,
Ақсақалсыз ауылдың басқа халі...
Біреуі айтты теңгесін «ұтып» алған,
Досым жетті азырақ «жұтып» алған.
...Қарағайдай қасқайған қайран шалдар Қасиеті мен осы елдің құты болған. Абыздарсыз Алаштың бағы да ұшқан, Ауыл барсам сарғаям сағыныштан. Басылады көңілім алып ұшқан, Әкем жатқан мүлгиді Қабірстан... Барың болса тап мендей жыр етер кім? Шабыт құсын басыңа түнетермін. Келген сайын той жасап қарсы алатын Нұры шалқып жатыр ма Нұрекеңнің?!* Шумағымның берілсе шуағы ұлға, Кездесуге келемін – қуануға. Ардакүрең ақынмын Алашыма – Жайлыбайдың Ғалымы... Бұл ауылға... Болу керек, бауырым, көңілді әр үй, Тірілгендей күй кештір со Нұрғали... Дегім келген: «Қасқадан төбел туар...» Қарағанды кетіпсің, Өмірғали. Нұр саулатсын көгіңнен хақ тағалам, Жүйрігімді елге кеп баптап алам. Ауыл – менің барым да, базарым да, Ауыл – менің аяулы аппақ анам... * Нұрғали Кенжетаев – Жаңарқадағы менің туған ауылым «Жеңісті» ұзақ жыл басқарған Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер. Сол ұжымды қазір марқұм Нұрекеңнің ұлы Өмірғали басқарады.
* * *
Көңілімнің қаз ұшты түстігінен,
Күй күмбірін естідім құс тілінен.
Қанатына сол қаздың жарық байлап
Жұлдыздар да төменге түсті білем.
Тұтанғанда өзектің өртінен жыр,
Сезімдердің қос ішегін шертіп ем бір.
Сағынышты сарғайтты сағымға орап
Қоңыр қаздың әніне елтіген қыр.
Тазартқанда жүректі тамшы-жалған,
Арналарын арымның аршып алғам.
Абаттанып жанымның жазирасы,
Қанат қағып ұшатын қаршыға-арман.
Ей, жүрегім, жиілеу сызданасың,
Мұң кешемін
айдыным мұздағасын.
Қанаттының бәрін де сүйдім,
Сосын...
сол ауылдың нәзіктеу қыз баласын.
Шашыраған шалғынға күлкі есімде,
Белден асып қайтуға үркесің бе?
Бір құмары қалған-ды бала ақынның
Жылқылары жусаған қыр төсінде.
Байтағыма байланған бақ-талабым,
Қаршығамның қанатын қаққан ағын.
Бір шоқ гүлін ұсынып жүрегімнің
Үркек қыздың үмітін ақтамадым.
Жетегінде ілесіп жегі күннің,
Айналайын айнам-ай,
нені білдің?..
Өзектегі өлеңі өмірімнің –
Түстігінен қаз ұшты көңілімнің...
* * *
Шарасына шық тұнған бұла белдің
Төскейіне төгілтіп шуақ өрдім.
Нұрға ғашық жанымды жетегіне ап,
Қырдан асып жүгірген Құлагер-күн.
Құлагер-күн барады
асып белден,
Аққу ұшты арманға асық көлден.
Мен ақынмын,
әуелден ақ дүниеге –
Жанындағы Жайығы тасып келген.
Өмірімнің өлеңде –
жарық таңы,
Күбірлеп ем ішімнен...
жан ұқпады.
Маңып жүзген көктегі
бесін ауа –
Қайда ұшты екен бұлттардың мамықтары?!
Ғұмыр жайлы бастап ем...
бір өлеңді,
Көзімдегі көктемді жүрек өрді...
Қайың біткен қайтадан дүр сілкініп,
Қарағайлар қасқайып түрегелді.
Ордам тозып кеткелі,
жұртым азып,
Жарық күннің сәулесі –
бір күн азық.
...Белі кеткен қара нар жүк көтермей,
Елі көшкен кең жайлау тұр құлазып.
ӨҢ МЕН ТҮС
Ауыл кірді,
тағы да ауыл түсіме,
Асыл түс бұл
ауыл кірсе асылы.
Құдіреттің құдіретті күші ме,
Биыл көктем Сарысу қайта тасыды.
Қиып өтіп бара жатты жол үстін
Бір топ киік...
Жәудіреген көздері.
Ғажап сурет баяғыдай...
Орыстың
«Протоны» құламаған кездегі.
Дүниенің осы ауылда кіндігі,
Ақсақалдар алқа-қотан нұрлана;
Ақбоз үйдің түрілгенде түндігі
Қара саба пісіп жатты бір бала.
Тұлпарымның алыныпты тұсауы,
Кісінейді...
тұрқы бөлек мүсін бе?..
Менің құсым қанат қағып ұшады
Сенің аппақ құстарыңның ішінде.
Арғымағы арымаған бұл елді
Өле сүйдім,
көктем болып көгердім.
Ерттеп жаттым күдері жал күреңді,
Өң бе,
түс пе,
айтшы, жаным, не көрдім?..
ЖЫЛҚЫШЫНЫҢ БАЛАСЫ...
Байтал-бұлттың құлын-қыр төсін еміп,
Керуеннің Арқаға көші келіп,
Пұшпағында Бетпақтың біздің ауыл
Жататаұғын кез еді өсіп-өніп.
Қай жыл еді,
есте жоқ, қай күн еді,
Жұлдыз жанып, аспаннан Ай күледі.
Түн түндігін тілгілеп қамшысымен
Жылқышының баласы тай мінеді.
Сол ауылдың жаны жаз,
күлкісі – күн,
Қайтар кезі жақындап жыл құсының.
Айкүреңі атағын әйгілеген –
Тай мінеді баласы жылқышының.
Көз алдымда көлбесе жусанды қыр,
Буырқанып көңілім,
бусанды іңір.
Жылқышының баласы тай мінгенде –
Жеткізбейтін сағымдай қусаң ғұмыр.
Жастығымның жазира жайлауы құт,
Айдан асып асқақтап
айман-үміт.
Топқа түсіп кеткенмін тоғызымда –
Тобылғы сап қамшы ұстап, тайға мініп.
Ерте келген көктемнің елесі боп,
Зулайды күн ойы мен белесі көп.
Асау тайдың жалында...
тізгін қағып –
Көз алдымда көлбейді көне сурет.
Байтағымның бақыты – толғағаным,
Қыран болып көгіңнен
сорғаладым.
Белі шықпай бесіктен бәйге көрген –
Жыр жазбауға хақы жоқ сол баланың.
Жаздар қалды соңымда,
күздер қалды,
Тай тұяғы жаншыған іздер қалды.
Жылқышының баласы –
жылқы мінез –
Тұнықтың да тұнығын іздер мәңгі...
* * *
Жалынан сылап,
баптаған күлік,
Қарына іліп ақтабан құрық.
Ақпанның күні азынағанда
Аш бөрілердей ақ боран да ұлып.
Тап болсам, шіркін,
қазыналарға,
Аппақ әлемде емделіп алып,
Ақпанның айы азынағанда
Қайтсам ба деп ем елге бір барып.
Қарайламайды артқа бұл жалған,
Үркерлерім де үркітіп ақты.
Қатары сиреп қарттарым қалған –
Қасқыр ішікті,
түлкі тұмақты.
Тағдырдың торкөз
тұзағы құрған –
Тынатын шығар өлтіріп тегі.
Түнде Айға қарап ұзақ ұлыған
Көк бөрілердің бөлтіріктері.
Шыққанда шырқар
әнім қыстығып,
Көре алмай қалдым көзім тұнғанын.
Қара шанақтың зарын құстырып
Өз қобызымды
өзім тыңдадым.
Жолға шығайын,
қарасын бәрі,
Көгереміз бе көнені күз деп?..
Ақ түтектердің арасындағы –
Адасып қалған
өлеңімді іздеп...
ҚЫЗЫЛАҒАШ, ҚЫЗЫЛАҒАШ...
Жанымның жазығында ат ойнады,
Арымның ақ бұлағы атойлады.
Түнімен қара шанақ күңірентті –
«Қобызшы Молықбай шал Матайдағы...»
Шағылса шаңырағы шыңғырады ел,
Қайғыдан шашын жұлып тұр құба бел...
Ағынды Ілиястың Ақсуында –
Құлады құстай ұшқан Жыр-Құлагер.
Қыспақтан шығар деп ек...
Наурызда аймақ,
Құтының қазанында ақ уыз қайнап.
Көктемге көш түзеген керуен еді
Қабанбай,
Райымбек,
Наурызбайлап...
Айқайға сүрең қосып шу боратқан,
Топан да тосқауылсыз...
тулап аққан.
Тажалы табиғаттың тура келсе,
Ажалы адамзаттың –
судан,
оттан...
Дүние, бес күн сәуле
фәниде өткен,
Тауқымет тармақтарын тағы үйреткен...
«Қобызшы Молықбай шал Матайдағы»
Қиямет күйін шалып зар илеткен.
14-265
Жан алаң,
көңіл де алаң,
халық та алаң,
Қызғыш құс Ақсу бойлап қалықтаған.
Белеңі бебеу қаққан тіршіліктің
Бөгені бөгесін боп жарытпаған.
Ел едік жаңа жайған керегесін,
Қирайды қыр асқанда неге көшім?
Арман-ай,
арман-айлар азаймайды –
«Хал қалай?» қарындас жұрт демегесін...
Болсыншы, айналайын, жұмақ алдың,
Алладан тағы медет сұрап алдым.
Самалы Сарыарқаның сарнағанда –
Жетісу жеті өзені жылаған күн.
Ақынмын,
елімнен жоқ қиыр күнім,
Молықбай, сен де менің күйімді ұғын!
Қара шал немересін таяғымен
Іздеп жүр арасынан үйіндінің.
Кеудем тұр бірде ашылып,
бір басылып,
Қайғының қара суы құмға сіңіп...
Жете ме жаратқанның құлағына,
Кете ме көгімдегі күн де ашылып?..
Жүйкем де жүдеу бүгін,
жауыр жаным,
Қайғыдан қара бұлттай ауырладым.
Қара орман қазақ елі
қабірге емес –
Жерлейді жүрегіне бауырларын.
ЕСКІ ҚОРЫМ
Елден хабар, көп болды, естімедім,
Елең-алаң көңілім...
кешкіремін.
Қобыз шалып жатыр ма қоңыр қырда,
Ескі қыстау қасында ескі қорым?
Ақ дүниеге ұмтылдым төзім қашып,
Қызыл-жасыл әлемге кезімде асық.
Қобыз шалған қыраттың етегінде
Ескі қорым...
көргенім көзімді ашып.
Сан сапарлар жайлы сан толғадым да,
Тіршіліктің бұралаң жолдарында.
Ұлы сарын көңілде қобыз тартып,
Көшіп жатыр сол ауыл сол қорымға.
Аялаған ақ мекен ұлы арманды,
Саған келсем көз алдым мұнарланды.
Ескі қорым – ескі әні
Дүниенің...
Жалғандығын қайталап тұрар мәңгі.
Жусанға өскен қарамай,
самалға ескен,
Сені ойласам, әйтеуір, алаң кешкем.
Ескі қорым...
ескі жұрт желкесінде...
Әкем көшкен,
артынан ағам көшкен.
Көз алдымда көлбеген көштің легі,
Өмір ме осы,
білмеймін,
кештім нені?..
Қоңыр қырдың төсінде қобыз шалған
Ескі қорым көргенім ес білгелі.
Қатарымның атынан сөз алдым да,
Бәйге көрдім...
өзің айт,
оза алдым ба?
Үркердей боп қалыпты үлкендерім,
Ескі қорым үлкейіп көз алдымда.
Тіршіліктің айта алсам дұрыс әнін,
Қанаттылар тобымен бір ұшамын.
Қоңыр қырды тербеген ұлы Сарын –
Сенімен де бір күні ұғысамын...
Ескі қорым...
СҮМБІЛЕДЕГІ СУРЕТ
Сүмбіле жұлдыз жанғанда
Сезімнің ашып бір бетін,
Жаныма орап салғанда
Сүмбідей қыздың суретін.
Бүрлеген жырдың емені,
Көңілде қайғы да бар-тын.
Сүмбідей сүмбіледегі –
Айдынға ай құлаған түн.
Ғұмырдың күйін толғап ем,
Айдында ай да дірілдеп,
Солқылдап тұрдым сонда мен
Жұлдыз біткенге күбірлеп.
Азаймай мұңым,
қайғым да,
Арнаммен сарқырадым ба?
Ай болып жүзіп айдында,
Жұлдыз боп жарқырадым ба?..
Күңгірттеу шығып күз әні,
Жолдар да кетті бұрылмай.
Ұзарды жылдар, ұзады –
Құлдыраңдаған құлындай.
Жаныма серік жарық ай,
Жалғыз түп, жалқы жусан-тын.
Түсінесің бе,
жаным-ай,
Сүмбіле туса – су салқын.
...Сырларды бүктің ішіңе,
Беткейдің белі,
белеңі.
Ене ме сенің түсіңе –
Ақынның арда өлеңі?
Бүрлеген жырдың емені,
Аздаған қайғы да бар-тын.
Сүліктей сүмбіледегі –
Айдынға ай құлаған түн.
Қайтейін...
Ғұмыр сүрдім бе,
Ез үшін бұл жер – тойған жер.
Айымен қосып бұл күнде
Айдынды жұтып қойған жер.
...Күн өтті,
Сосын жыл да өтті,
Домбырам не күй шертеді?!
Сүмбіледегі суретті –
Сендерге айтсам – ертегі.
ҚАРАШАДА...
Көңілімнің тілейді хошы нені,
Керуендей күндердің көші есімде.
Арман болған Алматы осы ма еді
Көліктері кептелген көшесінде?
Аламанның алдында таң асқалы
Көңілімде көгерген үміт-көктем.
Аппақ дүние ішінде адасқалы
Сағынышым сағымға сіңіп кеткен.
Күндерімнің көзінен көрем арай,
Тағдыр нені маңдайға бұйыртады?
«Қарашада өмір тұр...» – деген Абай,
Қарашада қар жауды биыл тағы...
СЫНЫҚ АРБА
Сынық арба,
білмедім – мұңы бар ма?
Сыры бар ма,
жаутаңкөз жыры бар ма?..
Дойыр қамшы секілді добал күнді –
Сәулем кем боп тұрғаны ұғынарға.
Сынық арба...
Көне күнде қалғандай көмескі үміт,
Дүниенің кеткелі бәрі ескіріп,
Майланбаған,
шиқылдақ дөңгелектен –
Тіршіліктің тұратын әні естіліп.
Сынық арба!
Көненің көзі ме едің?
Сені көрсем – өткенмен кезігемін.
Шалғайдағы
шалғымен шалғын орған –
Қайран қара шалдардың төзімі едің...
Сағынышын сарнатқан сары белдей,
Жырың өлмей келеді,
әнің өлмей...
Шоқ қалғанда жылтырап әр ошақтан –
Бала шақтан сақталған жәдігердей.
Желді күні үй тігіп
жар басына,
Толқын іздеп тірліктің арнасына,
Қайран біздің әкелер
ақ таңменен –
Атын жегіп шығатын арбасына.
Сынық арба,
қу ағаш,
қандай Заман?
Баян таппай күн кетті барды ойлаған.
Жарлыға да таяныш
сен болғанда –
Арлы бала мен едім арба айдаған.
Сынық арба!
Сен бе едің бір ардағым?
Түлкі-заман, алдымнан бұлаңдадың.
Өткенімнің көзіне құм шашатын
Өркениет,
өзіңді ұға алмадым.
Тыныпты өңір...
шайқалды тұнық көңіл,
Үкі тағам үзілер үмітке кіл.
Сынық айдың жүзінен сыз көреді –
Сынық арба қасында
сынық көңіл...
ЛЭЙЛА ҚЫЗ
Ақын деген – кейде бала,
кейде абыз,
Ғұмыры да кейде ертегі,
кейде аңыз.
Башқұрттардың аңыратқан арманын –
Ақеділдің жағасында Лэйла қыз.
Жанарыңда бір қуаныш,
бір қайғың,
Көңіліңнің көк толқынын тыңдаймын.
Шанағынан күй ұшырып қобыздың –
Сағағынан әуен үздің қурайдың.
Сен ән салдың...
Сосын мен де шырқадым,
Тіршіліктің бірге көріп бір таңын.
Ақеділдің толқындары толғатып,
Жарықтары жарқырады Уфаның.
Төбемізден қалқып өтті құстай күн,
Құстай күнмен бірге неге ұшпаймын?
Мен жырларын жатқа оқыдым Мағжанның –
Сен өлеңін өбектедің Мұстайдың.
Лэйла сұлу,
сендей қызды сүйген кім,
Шалқыдым да шабытты бір күйге ендім.
Армандарын арғымақтай
аңсаттың –
Сайфи Құдаш,
Мәжит Ғафурилердің.
Атар таңнан Алашыма бақ сұрап,
Ақеділде арман қалды –
ақ шырақ.
– Башқұрт болған қандай бақыт! –
дедің сен...
– Қазақ болу, әрине, одан жақсырақ.
Екеумізге елеңдеді елік-қыр,
Елік қырдың мөлдір шығы еріп тұр.
Түбіміз бір,
күбіміз бір жұрт едік...
«Жұбымыз бір болса...» дегім келіп тұр...
* * *
Көзімнің тұңғиығында,
Көңілімнің бір қиырында;
Арымның асыл көлінде,
Жанымның жасыл белінде –
Сен жүрсің...
Өлеңнің нәзирасындай,
Жаңаарқа жазирасындай,
Тағдырдың арман шыңындай,
Шалғынның тамған шығындай –
Мөлдірсің!..
БЕГІМАЙДЫҢ ӘНІ
(Жұмабай Шаштайұлына)
...Оң қолыңда көгершін,
Сол қолыңда көгершін.
Қазақ бәйке, асықпа,
Өлеңіңмен өберсің...
Бегімайдың әнінен
Туғанда оң жағымнан көңіл Айым,
Сейілді жанды жеген жегі-уайым.
Үзілтті,
үздіктірді қырғыз қызы:
«Дүние-ай, арманым көп, не қылайын?..»
Білмедім –
жырладың ба,
толғадың ба?
Батырдың қос ағаңды сорға, мұңға.
Бішкектің мамырдағы мамық түні:
«Көгершін оң қолымда,
сол қолымда...»
Үркітер жан емес ек құсты көлден,
Ақынмын аппақ-аппақ түсті көрген.
Бегімай –
бекзат ару ән салады,
Бұрымын бес күн тарап, үш күн өрген.
Тірлікте қызыл-жасыл жолағы көп,
Бішкектің бір шалқыдық қонағы боп,
Жұмағам ұжымақта отырғандай:
«Көгершін қай қолыма қонады?..» деп.
Жыр етіп айтатындай кейін ұл-қыз,
Қырғыздың көрдік ғажап пейілін біз.
Көңілдің көгершінін көкке ұшырып
Сызылтты Бегімай қыз,
Мейірім қыз.
Бегімай!
Шырқа әніңді,
айт өлеңді!
Тайпалтып тау асайын айтөбелді.
Аққуын айдынымның аспандаттың,
Дариға-ай, арманым көп, қайтем енді?..
БАЯНТАУДАН ҚАЙТҚАНДА
Баянтауда қалғаны...
сол бір өлең,
Жасыбайдың көзіндей мөлдіреген.
Бетегесі береке белді көрем,
Елді көрем,
көгілдір көлді көрем.
Баянтауда Баяндай сол бір өлең...
Бұл өлкенің ежелден құт әні бар,
Жанғың келсе –
бар-дағы тұтанып ал...
Ұтылғаны...
әлі де ұтары бар,
Мәшһүрі бар,
Олжасы,
Бұқары бар,
Сүйіндіктің сүйкімді бұтағы бар,
Жадыратар жаныңды жұпары бар.
Тірлігімнің ұжымағы – Баян бағы,
Желмая-жыр тұсыңда аялдады.
Жапырағымды жайқалтам...
жаям-дағы,
Орындалсын адамның қай арманы,
Сайран күндер – сағыныш
саяңдағы.
Бағытыма Баянның бақтары алаң,
Жолаушыдай жолым бар,
жоқ қараған.
Уақыт бізді құлындай ноқталаған,
Тұсыңа кеп толқимын,
тоқтап ағам...
Торығады,
тосады топ қараған.
Жарқыраса жұлдыз жыр,
сырғалы өлең,
Баурайыңа, Баянтау,
жылда келем.
Тұмасында тұнады тұнған әлем.
Түсіме де енеді толқын болып –
Баянаула,
жұлдыз жыр, сырғалы өлең...
* * *
Жырлы көктем, жеттің бе,
нұрлы көктем,
Орамалың желбіреп гүл жібектен.
Жылап ағып барады жылғаларда
Менің қайран жылдарым...
жылжып өткен.
Ауылда өскен бала едім,
тай үйреткен,
Құлынында тұлпарды тани кеткен.
Біздің ғұмыр тұрмайды
ғанибеттен –
Жылжып кетті жылғаға фәни-көктем.
Фәни-көктем жылғаға жылжығалы
Түн жылады...
жанарым тұнжырады.
Сұрғылт әні тірліктің
сарнағанда –
Шыңғыртады уақыттың қыл бұрауы.
Тағдыры да тайқылау талайлардан,
Сұлу көрсе сұқтанып қарай қалған.
Періште мен адамның арасында –
Ақын да бір, айнам-ай, арайлы арман...
Түнегі көп дүние-ай,
самалаң аз,
Көктем келді,
келеді далама жаз.
Сағым ұшып барады көз ұшында –
Сағынышын сарнатқан сары ала қаз!..
15-265
НҰРЛАН МӘУКЕНҰЛЫМЕН
ШЫҢҒЫСТАУҒА САПАР
Өрге қарай домалап тасымыз да,
Бақыт құсы қонғандай басымызға.
Шыңғыстауға, Нұрлан дос,
сапар шектік,
Кеңесбаев Талғат бар қасымызда.
Аспандағы ақша бұлт түйдектеліп,
Айдындардан қаз ұшты,
үйрек қонып.
Күн мен айға төккен ек сәулемізді,
Жидебайға жетпеп ек жидек теріп.
Алағай ма бұл өмір,
бұлағай ма,
Зауза ма әлде, есте жоқ,
құралай ма?..
Бір арнаға қосылдық жиылып кеп
Сыйынып кеп тұрған соң ұлы Абайға.
Қара өлеңге қанатын қаққан ұлан,
Байтағының бақ іздер бақтарынан.
Сынық шанақ қобызды күңіренттік
Қарт Шыңғыстың қастерлі қатпарынан.
Бұлбұл кеуде бұла едік,
тоты қанат,
Көздің жасын бұладық отыра қап.
Зерендегі тереңді тулатқанбыз
Зиратынан Зеренің топырақ ап.
Басына бақ бұйырғыр,
қырына гүл,
Ұлы мекен,
бізді де ұғына біл!
Өтті ғайып дүние өң мен түстей,
Кеп тұрайық деп едік жылына бір.
Асар кезде көрікті көшің қырдан,
Торықтырған тоғайды...
тосын құрбан.
Айналайын бауырым,
досым Нұрлан,
Сенің қазаң мені де шошындырған.
Қимаса да бұл тағдыр Төрін мейлі,
Қырқатыны несі екен өрімдейді?
Шыңғыстауға содан соң барғаным жоқ,
Кеңесбаев Талғат та көрінбейді.
Ашпайды енді бұл өмір өткенге есік,
Көктөбеде жүруші ек көктем кешіп.
Бізден гөрі сен, бәлки, бақыттысың –
Ұлы Абайдың ауылына кеткен көшіп.
ҰЛЫТАУҒА БАРДЫҢ БА?..
(Жүрсін Ерманға)
Ұлытауға бардың ба, Жүрсін ақын,
Биігіміз еді ғой бір шығатын.
Тұма таппай кезінде тұншығатын
Ұлытаудан ұлтым деп күн шығатын.
Ауылыңа бардың ба, Жүрсін ақын?
Маң далаға маңғанда үйіріміз,
Қатар жортқан Бетпақтың киігіміз.
Жиынымыз тарқамай тұрған шақта
Бір шығатын Ұлытау – биігіміз.
Бісмілләсі сөзіңнің – Ұлытау,
Қасым,
Шыңырауда емес,
қашанда шырқаудасың.
Ұлытаудың жоғалған ұлар құсы
Будақ-будақ басынан бұлт ауғасын.
Жүрегіңнен көшкенде өлең көші,
Сендей болар, білгенім, ел еркесі.
Қыс ішінде туылған Құлжанбайда
Құс ішінде ұлардың көлеңкесі.
Ақын едік тербеткен ақпан әні,
Өлең бізді, білгенім, баққа орады.
Ұлытаудың ұлыған аш бөрісі,
Ұлытаудың ұлыған ақ бораны...
Жаздар қалып артыңда,
күздер қалып,
Бұл ғұмырда сен жүрген іздер қанық.
Алпысқа да алшаңдап бұрын жеттің
Елсізінде елудің біздер қалып.
Жылағанда жаныңда жыр ұлары,
Көз алдымда көк аспан құбылады.
Сіздің ауыл іргесі,
біздің ауыл –
Оқ боп жауған орыстың зымыраны.
Нар бағасын білетін,
Ар бағасын,
Тағдырласым – сен менің,
арналасым.
...Ұлар құсқа не дейміз көрмегесін,
Ұлытауға не дейміз бармағасын?
Өмір – жарыс біреуге,
өлең – дүбір,
Тасыр тағдыр тыңдай ма,
керең ғұмыр.
Сарыарқаның сағымын сағынғанда
Көріп жүрсем жарайды төбеңді бір.
Жүрсін ақын,
Жүрсін дос,
Жүрсін аға,
Жақын туған жаныма жырсың, аға.
Тағдырыңнан күткелі бір сыбаға
Тереңіңде тұмалар тұншыға ма?
...Ұлар құсты көрдің бе, Жүрсін ақын,
Ұлытауға бардың ба, Жүрсін аға?!
СҮМБІЛЕ-ӨЛЕҢ
Безбен-уақыт!
Алдыңда жүгінер ем,
Тәтті-тәтті түс көрдім түніменен:
Құлдыраңдап жүгірді қырдан асып
Қыл шылбырын сүйреткен құлын-өлең.
Күмбіріне кететін сыйып әркім,
Көңілімнің көнелеу күйі бар-тын.
Ескі тамыз естелік айтып жатты
Сүмбіледе сүттей боп ұйыған түн.
Көңіліңді көк белдің кеші арбайды,
Құшар бақыт жазулы,
кешер қайғы.
Алақанға түссе де Айдың нұры,
Жұлдыздардың жұмбағын шеше алмайды.
Мезі еткенде мезгілің ырың-жырың,
Не айтпақпын сендерге, күнім, гүлім?..
...Дүниені тербетіп отырайын
Бүтін сөзін түгендеп бүгінгінің.
КӨЛГЕ КЕТІП ҚАЛЫП ЕМ...
Беу, Талаптан!
Қайран дос,
қайран бауыр,
Сырғып кетті сенен де айман-дәуір.
Өміріңнің елесі жанарымда –
Көңілімнің кемесі қайраңда жүр...
Беу, Талаптан, қайран дос,
Қайран бауыр.
Беу, Талаптан!
Алтайдың арлы ұлысың,
Жаратқанның қашанда жарлығы шын.
Аялайтын жыршы едің таңды құсың.
Біздің жетім толқынның
тарғыл түсті –
Тарбағатай секілді тағдырысың...
Тұнық көлім кеткендей лайланып,
Сен шықпайсың алдымнан шырайланып,
Құс қанаты қайрылса
құлайды анық...
Қабіріңнің басында қара бұлттар –
Қара шәлі жамылып жүр айналып...
Беу, Талаптан,
Артыңда іздер қанша!..
Күреңіңді баптар ең күз болғанша.
Сені ойлаған қу жүрек сыздар қанша...
Нұрлан, Қайрат достармен құшақтасып –
Бірге жүре тұрарсың біз барғанша.
Қара орманың –
соңыңда жұртың қалды,
Бұл жалғанда жамар кім жыртылғанды?
Есігіңде ілулі құлпың қалды.
Жазушылар одағы аталатын
Қасиетті ордада рухың қалды.
...Өсер деген көңілім,
өшіп қайттың,
Қара суын қайғының кешіп қайттың.
(Дұшпан түгіл, бұл хабар дос ұқпайтын...)
...Көлге кетіп қалып ем...
Сол көліңе
Көлдей болған көз жасым қосып қайттым.
Беу, Талаптан!
ТҮРІКМЕННІҢ ТӨРІНДЕ
Сапар сазы
Көңілдегі түндігі ашық түрікмен,
Өмірдегі мұңлы ғашық түрікмен.
Дутар сазы жырға ұласып жарқырар,
Айдың нұры күнге ұласып, түрікмен.
Иманы – нұр,
сабыры – ұлы,
салты – ұлы,
Жанарында найзағайдың жарқылы.
Шырағданын жағып қойған секілді –
Оғыз ханның орда тіккен алты ұлы.
Зеренінде буырқанып,
бұрқанып,
Тереңінде рух әні шырқалып,
Нұқ пайғамбар заманынан бастау ап –
Күн нұрынан жаратылған бұл халық.
Ақша маңдай Ар өсірген түрікмен,
Ақ самалдай жаны есілген түрікмен.
Сахараның түйелерін шұбыртып,
Құм ішіне бақ өсірген түрікмен.
Ұлы еліңе сенім – көктен...
түрікмен,
Кілеміне зерін төккен түрікмен.
Тілегіме тілек қосып аялап,
Жүрегіме орын тепкен түрікмен.
Оғыз өзен – көз салғанға көк кемер,
Көк толқыны көкірегіме от берер.
Ағойлыдай аңқылдаған ақынның
Көсегесін көгертетін көктем ел.
Өлеңіме өмір берген түрікмен,
Өреніне көңіл бөлген түрікмен.
Оғызнама
Рухнама боп жаңғырып,
Төрін бермес төрін берген түрікмен.
Ашғабатта...
Ашғабатта,
Жүргеніңді сездірмей басқа жақта,
Қарайтұғын жұрт көрдім қас-қабаққа.
Сөз алатын...
Аламанда кезім бұл оза алатын.
– Өлең, – деді, – өлеңің, –
Гөзәл ақын.
Қала қандай,
Жігіттері қатепті қара нардай,
Үмітті елі жолыңа қарағандай...
Бір түйіліп...
Айбынымен Ай астын шырқ үйіріп,
Ат жалында Оғыз хан рухы биік.
Жарқылына,
Баққа қорған елінің салты мына,
Атқа қонған Оғыздың алты ұлы да.
Таңғалса мың...
Гөроғылы аңсаған арман-сағым –
Қобызынан Қорқыттың қалған сарын...
Ашғабатта,
Тұлпар сыйлар ел барда хас талапқа,
Барғың келмей қалады басқа баққа.
Ашғабатта...
Көнеүргеніш
Қалқып ұшса төбеңнен құс,
Дүние – жалған,
өлең – кеніш,
Оғыздарға орман болған
Көнеүргеніш, Көнеүргеніш.
Ақ найзаның ұшындағы,
Оғыз – түрік мұсылманы...
Көнеүргеніш – көне тарих
Ил-Арслан тұсындағы
Қаңтар ма екен,
ақпан ба екен?
Баста тұрар бақ бар ма екен?..
Солтаншасы,
Текештері –
РУХ отын жаққан мекен.
Қорқыт ата күйі өлмедің,
Маңдайыңнан сүйер ме едім.
Көнеүргеніш – көне күннен –
Қалып кеткен кием менің.
Айым туды бүгін, аға,
Маңдай тіреп құбылаға.
Зияратым қабыл болар –
Нежмеддин Құбыраға.
Көкжиекте сағым ескен,
Аққуларға әні ілескен.
Көнеүргеніш – шамдай шаһар
Ғасырлардан жанып, өшкен.
Сапар басы –
көңілдегі іс,
Өркеніне – өмірге өріс.
Оғыланың орман болғыр –
Көнеүргеніш,
Көнеүргеніш...
Бұлбұл
(Түрікменнің ұлы ақыны Нұрмұхамед Әндіәліптің
350 жылдық тойында оқылған өлең)
Жазираңда жалғандықтар үріккен,
Нәзираңда көз жасым бар іріккен...
Әндіәліптің қазақшасы – бұлбұл құс,
Бұтағыңа қонақтайын, түрікпен!
Оғыз-қыпшақ заманында,
ілкіден...
Шығысымда шырай төккен бір күн ең...
Армысыңдар, ай сынығы секілді,
Бармысыңдар, түбіміз бір түрікмен!
Ләйлі-Мәжнүн...
Жанарында еріп нұр...
Өлкеңізде ашқан кезде өрік гүл,
Мақтымқұлы мұңын ішкен кеселеп
Ұлы Абайдың ұрпақтары келіп тұр!
Текежәуміт демесеңдер айыбы,
Арғымақтың бос болмайды айылы.
Саған келдік, Нұрмұхамед Әндіәліп –
Махаббаттың,
шапағаттың шайыры!
Бұлбұлдары бақта сайрар жыр едің,
Жырдың балын тата алмасам жүдедім...
Зылихаға ынтық болған Жүсіптей
Ата қазақ ұсынады жүрегін.
Ғұмырыңды Ай ғып кетсем деп келдім,
Құлыныңды Тай ғып кетсем деп келдім,
Көңіліңді жай ғып кетсем деп келдім.
Махабаттың жыры туған өлкеден –
Ләйліні іздеп ләйліп кетсем деп келдім.
Қызыл-жасыл дүниеге таңданып,
Керуеніңе керуеніміз жалғанып.
Махаббаттың мәңгілігі шын болса –
Сен де мәңгі, Нұрмұхамед Әндіәліп!
Гүлрайхан
Ташауызда талшыбықтай Гүлрайхан,
Жан сырымды Сізге айтпаған,
кімге айтам?..
Тереңінде тербететін текті қыз,
Жанарыма жарық сыйлап кеттіңіз.
Ізгіліктің ізіндейсің, Гүлрайхан,
Үзілесің...
Үзілмейсің, Гүлрайхан.
Сені көрген бағым ерен, Гүлрайхан,
Ташауызға тағы келем, Гүлрайхан!
Көңілі аппақ,
дидары аппақ,
тісі аппақ,
Түрікменнің болашағын құшақтап...
Талшыбықтай ырғаласың, Гүлрайхан,
Бағы ашылғыр бір баласың, Гүлрайхан.
Көйлегіңді кестелеген қай шебер,
Қабақ шытсаң жұлдыз ағып,
Ай сөнер...
Ақ жүзіңнен арай көрдім, Гүлрайхан,
Топ ішінен қалай көрдім, Гүлрайхан?..
Уылжыдың,
үлбіредің, Гүлрайхан,
Жетер енді,
Бүлдіремін... Гүлрайхан!
Сені көрген бағым ерен, Гүлрайхан,
Ташауызға тағы келем, Гүлрайхан!..
Құмдағы сексеуілдер
Тамбай кетсе жаңбыр жасы,
Құла дүзде мұң кешкен.
Түрікменнің тағдырласы –
Сексеуілдер құмда өскен.
Қаталайды...
білдірмейді,
Кепсе-дағы ындыны,
Шөл ішінде нұр гүлдейді,
Гүл шықпайды – сұмдығы.
Тіршіліктің ауырына
Қосады құм дауылын.
Бетпақ шөлдің бауырына
Жабыстырып бауырын.
Сексеуілдер өсіп-өніп,
Арайлап таң атады.
Ғасырлардың көші келіп,
Көзайым боп жатады.
...Жылқышының ұлы едім мен,
Шөлде қалған жалын жас.
Жанымменен,
жүрегіммен
Сексеуілмен тамырлас.
Әулиелі дара ағаш па,
Қалып кеткен бұрыннан?
Қасиетті қара қоста
Отына сан жылынғам.
Сіреседі жалғыз өзі,
Алдырмайды азапқа.
Сексеуілдің бар мінезі –
Түрікмен мен қазақта.
Ұқпас – ұқпас күйін мейлі,
Тағдырдың мәрт сынағы.
Сексеуілдер иілмейді,
Сексеуіл шарт сынады...
Мақтымқұлы мақамы
…Дос келетін болса достың қасына,
Тебіренеді топырағы, тасы да.
Жұрт жиналса бір дастархан басына,
Бағы жанып, тасар нұры түрікменнің.
Мақтымқұлы
...Өмірімді өрнектедім өлеңмен,
Үр көңілім Үргеніштей көнерген.
Аққу-қаздар қалқып ұшты төбемнен,
Бағы жанып, тасар нұры түрікменнің.
Көкке қарап ұлығанда көк бөрі,
Көлді айналар көңілінің кептері.
Копетағтың тауларындай текті елі,
Бағы жанып, тасар нұры түрікменнің.
Жырлап берсе түрікменнің кілемі,
Мәңгіліктің мәуелейді гүл өңі.
Дүниенің қызыл-жасыл реңі –
Бағы жанып, тасар нұры түрікменнің.
Аламаннан ақалтеке тосатын,
Дүбір шықса дүлдүл сайлап қосатын.
Оздыратын өз атынан дос атын
Бағы жанып, тасар нұры түрікменнің...
Түрікменбашы әуежайы
(Қоштасу жыры)
Желмаядай желетін желге қарай,
Алып лайнер әкетер елге қарай.
Жолдарымнан жарық боп жалқын шашар
Орманынан оғыздың ерген арай.
Шабыт құсы қонғандай, сірә, маған,
Қош бол айтып кете алман бұл арадан.
«Оразгүл...» – деп ой кешті Жанар інім,
Күбірледі: «Гүлшат...» – деп Жұман ағам.
Ақ сайранын сайлаған Ата күндер,
Алтын қанат нұрыңның шапағын бер!..
Тәтті-тәтті түс көрдім түрікменде –
Мақтымқұлы ақынның мақамын бер!
Анық елсің арманы Ай таңбадай,
Көңілімнің құстарын қайтармағай!
Бес мың жылдық тарихын түрікменнің
Бес-он күнде айғақтап айтам қалай?..
Тірлігіне туыстың ғажап қалып,
Елге қайтып барамыз қазақтанып.
Күздің жарық кездерін кие тұтқан
Біздің халық – сезгенім – аз-ақ халық.
Көкөрімнің көңілі – гүл кілем расы,
Сұлуының көзінде іркіген жасы.
Ошақтың үш бұтындай үш бауырын
Әуежайдан самғатты Түрікменбашы...
16-265
АНАДОЛЫ АНАСЫНДАЙ ТҮРІКТІҢ...
Біздің бастан өткен тағдыр не түрлі,
Үзілерде жібін жалғап үміттің.
Атажұртын сағынатын ceкілді
Анадолы анасындай түріктің.
Тереңдегі тамырыңның біpі едім.
Баянды күн – басымдағы бақ деңіз.
Түріктердің тербетеді тілегін –
Қара теңіз,
Мәрмәр теңіз,
Ақ теңіз.
Шынарыңның шың басында шырқауы,
Жолдарымыз бастағанда жоғары.
Көкжал мінез көк түріктің ұрпағы –
Түбі бірлер түбінде бір болады.
Беу, Түркі елі,
арайлы алтын күнім ең,
Ертегім де,
ертеңім де – Елдігім,
...Көк бөрінің талып жеткен үнінен
Рухымды іздеп келдім мен бүгін.
ЫСТАМБҰЛДЫҢ ШАҺАРЫ
Ай, Ыстамбұл,
Ыстамбұл,
Аумай қалған құстан бір.
Көк түріктің бесігі –
Көк аспаннан құшқан нұр.
Шемен болған шерім бар,
Түркі тектес елім бар.
Теңізіңде терең бар –
Тереңіңде тегім бар.
Атады екен күліп күн,
Тірлігінен сыр ұқтым.
Жаяды ыстық құшағын
Тумасына түріктің.
Ел осында аталы,
Жұрт осында баталы.
Шырағындай жанымның
Ыстамбұлдың шаһары.
АЙЫП СҰЛТАН МЕШІТІ
Мұсылманға айтайын деп бір тілек,
Ыстамбұлда жыр оқыдым күркіреп...
Жәркен
Алақанда ай сәулесі дірілдеп,
Көкірегімде күннің нұры күлімдеп,
Күркіреп жыр оқымадым мен, аға,
Мінәжат қып дұға оқыдым күбірлеп.
Ыстамбұлдың орын тепкен төрінен,
Мұсылманның баласының сенімі ең.
Айыптама, Айып Сұлтан мешіті –
Айыбымнан айыққалы келіп ем.
Құдіретіңе бас игізді пайымым,
Болса болар ақындықтан...
айыбым.
Тау толқынды мұхитына мезгілдің –
Тәуекелдің салған ұлмын қайығын.
Мұсылманның баласына нұр тілеп,
Санадағы шаң-тозаңды сілкілеп.
Мешіт деген мейірімхана секілді;
Аққу-сезім тербеткенде ниетіңді –
Жаныңнан бір жылы жауын сіркіреп...
Шаждаласпен кету қиын қиысып,
Жолдарымыз қалар талай түйісіп.
Айналайын, Айып Сұлтан мешіті,
Төбеңдегі Ай көкте Күнмен сүйісіп,
Сен аман тұр, біз келейік жиі ұшып...
ШАЙЫРЛАР АҚШАМЫНДА
ОҚЫЛҒАН ӨЛЕҢ
Ондық шамдай білтелі,
Шалқып жатқан нұр тегі,
Жұлдыздардың Үркері –
Қасиетті түркі елі,
Айға қарап ұлыған
Көкбөрінің жұрты еді.
Шалдыққанда тірегім,
Сандықтағы сыр едің...
Бірге соғар жүрегім
Деген ұлдың бірі едім.
Көкбөрінің жұртына
Ай сәулесін тіледім,
Күннің нұрын тіледім...
Бауыр елім,
бақ елім,
Әйбат екен әлемің.
Дәйегім де
дәлелім –
Жырыма орап әкелдім
Анадолы еліне –
Атажұрттың сәлемін.
Сезген кезде сыз демін,
Сезген кезде күз демін,
Көрсеткенде түздерім
Көкбөрінің іздерін,
Үмітімді үзбедім,
Тамырынан түркінің
Тағдырымды іздедім.
Аулақ болса мұң-қайғы,
Уақыт тілі тынбайды,
Әлем бізді тыңдайды,
Ғасыр бізді шыңдайды.
Діні мықты еменнің
Бұтақтары сынбайды,
Бұтақтары сынбайды...
Сапанша.
2001 жыл, маусым
ДНЕПР ДӘПТЕРІНЕН
* * *
Украина!
Айналайын ардақ ел,
Көңілімде көктем болып қалған ел.
Днепрдің толқынында тербетіп,
Ақындарын алақанға салған ел.
Ей, замана!
Адамзатқа бер тыным,
Бауырым бүтін,
Сөгілмесін қолтығым.
Тарас елі Тарас үшін сүйгенде –
Ұлы өзеннің толқынындай толқыдым.
Украина!
Қайғы-мұңды кешкен ел,
Орманындай қаулап сосын өскен ел.
...Жұртқа тастап көрген емес «тамырын» –
Қыр қазағы – оңды-солды көшкен ел.
Аққу-арман арда халқым арлы, асқақ,
Ей, бауырым, сен де мендей жолдас тап.
...Тарас болсаң дәм-тұзымды ұсынам,
Қайғы кешсең Қайсенов боп қол бастап.
Тарас десе –
Көк пен жердің арасы,
Тағзым етер байтақ қазақ даласы.
...Украина Тарасымен бақытты,
Ұрпағымен бақытты екен Тарасы!
Канев. Тарас тауы
...Жатайын биік қорғанда,
Кеудемді кернеп жалыным.
Жатайын тыңдап құдіретті
Днепрдің сарынын.
Т. Шевченко
Ұрпақ білер сырың қымбат,
Мақсатың да мұратың.
Ұлы өзеннің жырын тыңдап
Ұйықтап жатыр ұлы ақын.
Тәні ақынның өрде тегі,
Сыңғырлатып шолпыны.
Жанын мәңгі тербетеді
Днепрдің толқыны.
Тау өзіне жарасады, ә,
Ғажабындай ғажаптың.
Көтер басты, Тарас аға,
Келді ақыны қазақтың.
Ұлылық боп ұзатылғай
Қоштасарда күрең күн.
Мәңгіліктің құжатындай
Ары болдың бір елдің.
Ешкімнің хақ таласпауы
Дарасына даңқыңның.
Қасиеті Тарас тауы –
Қасиетті халқыңның.
Арзан ойды аластауда,
Айбарлым да асқарлым.
Канев қала,
Тарас тауда –
Жидебайды еске алдым...
Абайымның арналасы,
Тағдыры айтып кесімін.
Маңғыстаудың маң даласы –
Мамық болған бесігің.
Ұрпақ білер сырың қымбат,
Мақсатың да мұратың.
Ұлы өзеннің жырын тыңдап
Ұйықтап жатыр ұлы ақын.
Құдіретіңнен қорқып тұрмын,
Кеудемдегі отты үрлеп.
Тарас тауда толқып тұрмын,
Шыңғыстауға жеткім кеп...
Мариана
(Экспромт)
Днепрдей дарияда,
Жар саламын жарияға.
Толқындарда тербелейік,
Мариана, Мариана.
Ақ айдында,
ақ ұяда,
Басымызға бақ ұяла!
Қасыңызда қазақ ақын,
Мариана, Мариана.
Шалқығанда шайыр аға,
Қосар әнді арияңа.
Қоса ағарды көңіліміз,
Мариана, Мариана.
Дертім қалың,
Мамыр-ана,
Толқындарың сағына ма?
Сол түнгі әнің жүрегімде,
Мариана...
Мариана...
Мамыр, 1997 жыл
ҚАСИЕТТІ КҮННІҢ ҚАҚПАСЫ
Жаңа жыл – жаңа таңдарым,
Сары үрпек балапандарым,
Тас жарар таудай талабым,
Көш бастар нар-атандарым.
Аңсадық ғасыр-ананың
Аялы алақандарын.
Жаңа жыл – жаңа күндерім,
Жайқалған лала гүлдерім.
Қырлардан көрер қырмызым,
Жанарым, жамалым дедім.
Жарқырап жанар жұлдызым –
Тағдырым, таланым менің!
Жаңа жыл – жаңа айларым,
Желбіреп тұрған байрағым.
Шолпысы сыңғыр қағатын
Шолпаным менен Айманым.
Жүректен мың жырланатын –
Алашқа жетер айбарым.
Жаңа жыл – жарқын ақ арман,
Сәуле боп ұшқан санамнан.
Қасиетті күннің қақпасы
Ашылса екен тағы алдан.
Ортайып қалған отбасы
Құтылса екен амалдан.
Жаңа жыл – жаңа бақ шығар,
Бақ іздеп жүр ғой жақсылар.
Ботаңа берген батаңыз,
Бабам-ай, дәйім ақ шығар.
Алшыдан түсіп сақамыз,
Алшаңдап жүрер шақ шығар...
ҚҰСҚАНАТЫ
Дүр дүние – әр пендеге нақ сонар,
Тауы – мұнар,
Аспаны – бұлт,
Бағы – ырыс.
Құсқанаты – Ар боп жауған ақша қар,
Көктемдердің көзіндегі сағыныш...
Біздің сапар Сарыбелден басталған,
Мен де өлемін
армандарым өлген күн.
Күздің түні алқаракөк аспаннан
Құсжолының ақ жолағын көргенмін.
Талайыма тылсымдарды кез қылдың,
Ылди көрдім,
жазық көрдім,
өр көрдім.
Ақ боранды ақпанында мезгілдің
Ақ дүниеге Ақын болып келгенмін.
Ойларымның орда бұзар берені,
Тіршіліктің тоқсан тарам толғағы.
...Көктемдерім көктеп қоя береді,
Құсқанаты жауып өтсе болғаны.
БИЫЛҒЫ КӨКТЕМ
Биылғы көктем,
биылғы көктем,
Алланың нұры құйылды көктен.
Құйылды көктен,
бұйырды көптен –
Биылғы көктем, биылғы көктем...
Ақтұма кездің арман бұлағы,
Көктегі көк бұлт таңнан жылады.
Жап-жасыл екен жалған жұмағы,
Ақ жаңбыр әні,
ақ жаңбыр әні...
Тамшыдай таза таңның жамалы,
Жан-жанарымда ақ нұр жанады.
Тасып ем...
тастай тағдыр қарады –
Жаңбырлар әні,
жаңбырлар әні...
Көктің көз жасы –
ғасыр кермегі,
Аққулар ұшты асыл көлдегі.
Арай аймалап тасымды өрдегі –
Жасыл жанғалы жасыл белдегі...
Алланың нұры көктен құйылды,
Төңірек тыңдап төккен күйімді.
Көктен құйылды,
көптен бұйырды,
Көктем биылғы,
көктем биылғы...
ҚАРАСАЗДА ҚАРА ӨЛЕҢ...
Текті туған салмайды
текке түрен,
Көктеместі, ей, өлең,
Көктетіп ең.
Аспандағы ай маңып айдалаға,
Үркіп қашты жұлдыздар бет-бетімен.
Тілек айтып жырымен таңға түні,
Алақанда аялап Алматыны.
Тағдыр болып,
ақ нөсер жаңбыр болып
Өткен дейді алаштың арлы ақыны.
Кеңге жайып қанатын,
құлашын да,
Көк жүзінде жүзіпті расында.
Қарға тамыр қазағым ұлым депті
Серік болған қыранды Лашынға.
Патша болса көңілің
тақ дайын ба?
Мұзбалағын Музаның баптайын ба?!
Аққуларды ұйықтатып дариға жыр,
Армандарын айтыпты ақ қайыңға.
Тарпаң мінез танытқыш тағдыры да,
Жалқын жарық сыйлапты таң нұрына.
Қарасаздың қараорман жұртыменен
Шалкөденің шашырап шалғынына...
Жанарынан жарықтың тұма көрем,
Тұнығына тұманың тұнады әлем.
Мұқағали дегенің – мұқалмайтын,
Төрт аяғын тең басқан пырақ-өлең.
Ей, құдірет!
Назымды ұдайы ұққыр,
Ақынына алашын лайық қыл.
Мұқашының мұңдылау әуеніндей
Қарасазда қара өлең мұңайып тұр...
САРЫ АЛА ҚАЗ, САРЫ КҮЗ...
Қаздар қайтып барады,
күз далада,
Көңілімді қариды ызғар, аға.
Өткел берер өткен күн өкінішке –
Көктем келер ұқсайтын қыз балаға.
Сұрғылт аспан сұрланып сыздана ма?..
Қаздар қайтып барады,
қаздар қайтып,
Сағыныштан сарғайған саздарды айтып.
Көшке жетім ілесіп не табамын –
Өшкен отым, білмедім, маздар қайтіп?
Қаздар қайтып барады,
қаздар қайтып...
Арай тілеп адамға,
далаға – жаз,
Ақ қанатын қағады сары ала қаз.
Ақ боранмен ақ таңның самалы араз.
Мамырлап бір қонарсың мамырыма –
Кездескенше күн жақсы, сары ала қаз!
Іздегенде мен сені,
лағыл айым,
Керуенімен күндердің ағылайын,
Жабырқайды жалаңаш кәрі қайың.
Сары майдай ерітті сағынышты –
Сары ала қаз,
сары күз,
сары уайым...
17-265
БАҚЫТЫҢНЫҢ ПЕРНЕСІН
ШЕРТЕМ ДЕП ЕМ...
(Азамат пен Анардың тойында)
Тілек арнап тамылжыр таңға керім,
Той жасады сендерге арнап елім.
Менің асыл әкемнің үміті едің –
Менің аппақ анамның арманы едің.
Өмір болып, өлең боп өркендеген,
Бақытыңның пернесін шертем деп ем.
Біздің үйдің шаңырағын жыр тербеген –
Біздің әулет бесігін Ар тербеген.
Ұлым емес, Азамат, досымдайың,
Қосыласың, кей-кейде қосылмайсың.
Менің жиырма жасымның жапырағы –
Бауырымсың, бағымсың, осындайсың.
Өздеріңде өткенім – жалын-жасым,
Тасмаңдайы тағдырдың тарылмасын.
Айналайын, Анаржан, аппақ гүлім –
Келін емес, қызымдай қарындасым.
Сапарларың сарғайтпай сыйласын көп,
Өмірлерің ән-ғұмыр, күй-ғасыр боп.
Кәке – Ләззат, сіздерді кұда демей,
Құдай қосқан танимын қимасым деп.
Айналайын, арда жұрт, халқым асыл,
Жыр арнадым шабытым шалқығасын.
Киелі елдің ниеті екеуіңнің
Жолдарыңда жұлдыз боп жарқырасын!
* * *
Шатылған кезде шудадай шырғалаңға мол,
Жүректі жаншыр жылдардың ауыр сындары.
Алқаракөкті аңсаған жырға қалам бол,
Қаңқылдап қайтқан қаздардың қауырсындары.
«Көгілдір әлем көлбеген көз алдым кілең...»
Көнерсе өлең,
кезі бұл өзгерер ердің.
Бозкөлге барып, боз белде бозардым білем,
Бозторғай ұшпай басынан бозкөделердің.
Сауырға қамшы салдырмас сынағы келсе,
Күдері жалды жылқының қазанаты бар.
Әулеттен аруақ қашарын шырағы сөнсе,
Ер жігіттің де ішінде азаматы ұғар.
Тағдырым ғажап демеймін жыр-ғұмыр берген,
Қасқайып шыққан шынар бар басында шыңның.
Тербеліп тұрып табыстым мұңды күндермен
Тарпаң мінезін көрдім де тасыр ғасырдың.
Емен де жарқын таңдарға еркелеп пе едім,
Көліне қара көзімнің тұна ма үміт?!
Epeyіл атқа ер салып ертелетпедім
Күлдір де күлдір кісінеген құлаға мініп...
* * *
«Оралыңның барында ойна да күл...»
Ойнар едім...
тартпай тұр тойға көңіл.
Саңырауға, сұңғылға сырымды ашып,
Ырылдасып...
келемін мойнақ-өмір.
Жауар жауһар жеріме бүгін жаусын,
Уақыт!
Сенің уыңа ұрынбау – сын.
Есалаң боп қалсамшы естігенше
Шырқыраған шындықтың құлын даусын.
Жан-жағымнан қаумалап қасқыр ұлып,
Жаман түстен
жүр көзге жас тығылып.
Арманымның ақбозы аратұяқ,
Талабымның тағасы тасқа ұрылып.
Сәресінде санаға құт енді бір,
Атар таңнан ақ шуақ
күтем ғұмыр!
Баршаңызға қызғалдақ ұсынбақ ем –
Уысымда... о, тоба,
Тікенді гүл!
Өлмеймін деп өксіген ғазал мынау,
Ая мені алғы күн, ажарлым-ау.
Мынау кердең уақытқа көшірме етіп
Енді ұйқассыз өлеңдер жазармын-ау...
* * *
Жүректен шерлі сөз толғай,
Тірліктің болдық қонағы.
Бозкөлден ұшқан бозторғай
Боз белге қашан қонады?..
Бетеге басын жайлаушы ем,
Бақ-құс боп атамекенге.
Бозала таңда сайраушы ем,
Бозарған күйі кетем бе?..
Көктемі туса, көңілден
Мөлдіреп шықтай жыр тамар.
Қиюы қашқан өмірден
Шайыр боп опа кім табар?..
Арғымақ таңдап кермеден,
Алшаңдап жүрсем – бақ, сәнім.
...Алыстай көрме сен менен,
Арманым болған ақ сағым.
* * *
Сәуірдің сұлусарысы туды,
Айым да туды оңынан.
Тас тұяқтардың дабысы сынды –
Дүрмекті таңға жолығам.
Тұңғиықтарда мұңым бар еді,
Сырым бар еді...
ашпаған.
Қандырдың қанша шырынға мені,
Татуға енді жасқанам.
Шайырым сері,
сейіс көңілмен
Сезім сұңқарын баптасын.
Бауырым бұрсын пейіш төрінен
Бақыт бұлаққа ат басын...
Дүбірге мынау дүрбімен емес,
Жанармен қара,
жарай ма?
Келер күндерден бір күрең елес –
Күдікпен бізге қарай ма?
Жалғыз қайыңды жай ұрған күні
Кеудемді менің тескен оқ.
Тұңғиығымның шайылған мұңы,
Тірлікте қалған дос керек.
Зеңгірді тіліп қыран ұшқанда
Тербеген еді тосын ән.
Қол жайып тілеп қуаныш таңға,
Нұр ағыстарға қосылам.
Сан армандарым сайға құлаған,
Гүл шыбық көктер –
жыршы үміт.
Ащы мен тұщы майданы болған
Ғажапсың, ғазал тіршілік...
АШЫЛУ
Тау қопармадым,
жар құлатпадым...
Аялай білдім Ардың ақ таңын,
Тірліктің тербеп мәңгі бақтарын.
Қап-қара түнді қайыстай тілген –
ақ армандарым,
арғымақтарым.
Қырлардан тауып саяны жаным,
Жасыл желегін жаяды бағым.
Өрттей боп өшкен өңінен көрдім –
Батар күннің де баяны барын.
Көмбемді күнде аршыр Өлеңсің,
Қайыстай түннен қамшы да өрерсің.
Мөлдіреп тұрған жанымның жасын –
Тастарға тамған тамшы ма дерсің...
Түрен түсірсең –
түзде көрейін,
Мәуелеп тұнсаң –
күзде көрейін,
Жоғымды өлсем іздеп өлейін.
Есіл де есіл,
есіл күн өткен
Сізге де дейін,
бізге де дейін...
ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕУ
Алматы жақта арманның бесігі қалып,
Астана, саған жетерміз кешігіп анық.
...Арқаның аппақ самалы аймалап алдан,
Есілдің ерке толқыны есіліп ағып.
Мекен-ай, шіркін, Ғазиздар ән еткен сайран,
Көңілімді баса көрмеші әрі өткен Айдан.
Қасқа жолменен қасқайып көшімді бұрсам,
Қара өлеңді өткізер Қараөткел қайран...
Жоталы жонға жеткізер жолбарыс ұлды,
Қара орманымның Сарыарқа қорғаны сынды.
Тасыңа тамған тамшыдай тазарып келдім –
Тобылғы түсті ту етіп толғанысымды.
Асан іздеген жерұйық іргеде ме екен?
Қазақтың қыран даласы-ай,
кімге де мекен.
...Тұсауың сенің кесілді, ару Астана,
Тұсауым менің шешілер күн келе ме екен?!
Дауыл да көрдім ордамның түндігін үзбек,
Ауыр да көрдім толған мұң...
сұмдығы тізбек.
...Есілге келдім ес жиып, етек жапқалы,
Нұраға келдім ертеңге нұрлы күн іздеп.
Маусымы келсе көкейде мақсат көктеген,
Махамбет қайда беретін бастап текті өлең?
...Қатынын тастап кетсе де патшалар біздің,
Ақынын жұртқа тірідей тастап кетпеген.
ЭЛЕГИЯ
Қызғалдақ қаулап төсінде қырдың,
Атымның басын Есілге бұрдым.
Есіліп ағып Есілдей көңіл,
Есімде бұл күн,
есімде құрбым.
Ерте көктемде ерте көктеген,
Көңілдің сазын шертем ептеген.
Есіл күндерде есем кетсе де,
Есіл өзенге еркелеп келем...
Ей, тірлік,
сенің көшең көктеді,
Құйды да жауын нөсерлеп тегі.
Есілдің қызы елеске айналды
Есіл күндерде есем кеткелі.
Көктете алмай көңіл еменін,
Толқындай толқып тебіренемін.
Көгіне күнін шығарар әлі –
Менің өмірім,
менің өлеңім...
Лаулаған оттың өшірме бірін,
Жана алмай қалсақ...
кешірме, күнім.
Есілден ескен ерке самалдай
Есіл де менің есіл көңілім...
* * *
Отарбадай солқылдатқан шекені,
Өтер бәрі...
көрген түстей өтеді.
Өмір деген – жарқ еткен де жалт еткен
Жел көтерген жезөкшенің етегі.
Үмітіме үкі тақтым...
арбалдым,
Жалғандығын сезіп қойып жалғанның.
Адастырған ақ сәулесі арманның –
Қара түннің қойынында қалған мұң.
Үндемедім...
үндемеуге тоқталдым,
Күн дегенің керуен бе деп қалдым.
Фәни дүние – бақилықтың алдында
Бой жаздырар серуен бе деп қалдым.
Құлады емен...
көктеп шықты бір шыбық,
Бір шыбыққа қарамадық қырсығып.
Сазы мұңға байланады көңілдің,
Қазығында айналады тіршілік...
* * *
Баянауыл басынан бұлт кетпес...
Халық әнінен
Ақша бұлттар,
ақиқат сырың маған,
Ақ шабытқа арқау деп ырымдағам.
«Баянауыл басында балалы құр...»
Балапанын қорғаштап шырылдаған.
Мұңдамаған мұңымды мылқау ғалам,
Атажұрттан кезде де жұрт аумаған.
Баянды елдің басынан бақ ұшқалы
Баянауыл басынан бұлт аумаған.
Баянтау деп басталса бұл күн әнім,
Базардағы бөздей боп жыртыламын.
Жанарында жас болған жыр-тұманың
Атамекен аспаны-ай,
бұлты қалың.
Сайғақтарға болмай тұр сая дәуір,
Заман мынау,
әйелдей аяғы ауыр.
Сырт теппеген ботасын бозінгендей
Бұлт кетпеген басынан Баянауыл...
Мұңын күнге шағады ел,
мұңын айға,
Жаратқанның жүрегі жылымай ма?
Аспанынан алаштың нұр сауласа
Баянтаудың бұлттары ыдырай ма?!
Қара күзде қараша үй тігілген,
Жалыққандай күйдемін күйкі күннен.
Баянсыздау тағдырым тұғыр таппай
Баянауыл басына бұлт үйірген...
* * *
Тандыры кепкен түздердің тазалап тәнін,
Қасат қарларды қақ жарған қазанаттарым,
Алашқа арқа болғандай азаматтарым,
Түсіме еніп жүрсіңдер,
мазалап бәрің...
Жаныңды, жаным, қандай мұң жаншиды кілең,
Жаншыған мұңнан мен білер аршиды бір ем.
Шерлі шанақтан аққулап күйлер ұшпаса,
Киелі қара қобыз да қаңсиды білем.
Айқайға сүрең қоспай ұл айта ала ма екен –
Айтатын сөзін аманда төбеде Күнім?
Уығы мығым шаңырақ шайқала ма екен
Керіліп тұрса керім көз керегелерім?
Барар жер біреу,
мінсең де бөлек күймеге,
Теңіз-тірліктің түсінсең сұрапыл әні.
Өзегің талып, әй, бала,
өрекпи берме,
Оқтаулы мылтық түбінде бір атылады...
* * *
Тағдырымның шешілмей жұмбақтары,
Жанарыма, жаным-ай, мұң қаптады.
Сәкен туған өлкеден келіп едім
Ақбоз аттың дүбірін тыңдатқалы.
Жырдың елі аманда,
күйдің елі,
Құлын-өлең енесін идіреді.
Өткелдерім өртеніп жатқан кезде
Көктемдерім бетімнен сүйді мені.
Заманға өкпе артпадым,
дәуірге мін,
Сырқатымның таппады бауыр да емін.
Күнес күліп жанымда,
нұр естіріп,
Ілестіріп әкеткен сәуірлерім.
– Ақын, – деген сосын ел ортаға алып,
Сол мақтаудан, әйтеуір,
қорқам анық.
Орда бұза алдым ба,
алмадым ба,
Отызым да барады орталанып...
Мұң сыйласа тағдырым
мұңданайын,
Жаттанды жол болмайды жырда дайын.
...Сәкен туған ауылдың баласы едім,
Ақбоз аттың дүбірін тыңда, ағайын!
ЖҮРЕКТЕГІ ЖЕРҰЙЫҚ
Бағыналы орда, басты орда,
Байсал орда қонған жұрт.
Бұқар
Қобыздың сарынында есіл «Ерден»,
Ерденді туған халық өсіп-өнген.
Тарихтың тарғыл түсті керуенімен –
Бұл маңға бабалардың көші келген.
Тұмасы тұңғиықтың тұнар ма екен,
Жапанда жалғыз өскен шынар ма екен?
Жезқазған – жез даланың жезкиігі,
Ұлытау – ұлар ұшқан ұлар мекен.
Жезқазған – жанымдағы мөлдір өлең,
Кеңгірдей кербез, керім көлді көрем.
Жағасын ен жайлаған елді көрем –
Бақыты байрағында желбіреген.
Аялы Ұлытаудай Ана туған,
Сарыбел сауырында дара тұлғаң.
Жезқазған – қара орманның
Қанышының –
Арналы арманынан жаратылған.
Тарихтың түре келген толған бұлтын,
Байтаққа байлам айтар
қорған бұл күн!
Жезқазған – жез сапырып,
Мыс толқытқан –
Басты орда, байсал орда
қонған жұртым...
Арнасы әлдилеген сыр аңғарын,
Жезкентке желмаядай жыр арнадым.
Бата алып басты ордадан самғайды екен
Қанаты көкті тілген қырандарым.
Ғасырдың нұр сыйласа Нұр өткелі,
Жаныңа жетем жаннан гүл еккелі.
Сарғайтқан сары белі сағынышты –
Жезқазған –
Жерұйығым жүректегі...
18-265
* * *
Өмір мені аялап,
өлең мені,
Көңілімнің қозысын көгендеді.
Өрге шығып қарасам өткеніме,
Төрге шығып барады төмендегі.
Жастығымның жағасы жар болатын...
Тамылжыды тағдырым таңға жақын.
Арықтығын білдірмес арлан шығар
Ардың көшкен жұртында қалған Ақын...
Сырласым жоқ айтатын сырымды иіп,
– Тұлғасың, – деп тартпады тұғыр биік.
Жанарында жалт етіп
жалқын ойнап –
Қырдан асып барады ғұмыр-киік.
Ізгі нұрдан із кесіп,
іздеген ем,
Күреңітіп,
күбірлеп,
күзге келем.
Қазбауыр бұлт секілді
Қазағымның –
Тағдырына таразы біздегі өлең...
Жерортада желіксем,
сен күлесің,
Жегі-уақыт алдында жеңдіресің.
Талайымда талапай болды күндер,
Ағайынға айтайын енді несін?..
ЖҮРЕГІМНІҢ
ЖҰЛДЫЗЫ
НАУРЫЗ КҮНІ ЖАЗЫЛҒАН ӨЛЕҢ
Құланөтпес бойынан құлан өткен,
Түлкі-заман алдымнан бұлаң еткен.
Шұғыланың жанымды шуағы өпкен,
Мына көктем не дейді, мына көктем?!
Тырна әніне тұрғанда ұйып белең,
Наурыз кеп, еңсем де биіктеген.
Найзағайын өлеңнің шатырлатып,
Ақ жаңбырдай алаңсыз құйып берем.
Сағым қырға соңыра жол аламын,
Сағым болып содан соң жоғаламын.
Көктемеде көшкен бұлт
төбемізден
Бұлғап кетіп барады орамалын.
Сезінгендер сергиді көктем лебін,
Сезімді емдер, саумысың, өткелдерім?
Қыңыр қыстың құтылып қаһарынан,
Қуаныштан жылайды көктем-келін.
Тағат тілеп тәкаппар тауымызға,
Сағат-жүрек соғады сауымызда.
Жарымаған тегінде сары уызға
Жарылқана қоймайды Наурызда!..
Тауықсыз-ақ таңымыз атар деппін,
Махаббатты мәңгілік мақам деппін.
Менің құсым, бауырым –
сенің құсың,
Қызғыш құсы емес ол Махамбеттің!
ҰЛЫЛЫҚПЕН СЫРЛАСУ
Адасқан күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан ой.
Абай
Шыңғыстаулардың шындығы болып
Шабыттан туған ұлы Абай.
Заманның ішке сұмдығы толып,
Қаңтар боп кетті құралай.
Уақыт-мергеннің нысанасына
Жамбы боп талай байландық.
Қанаттың барда ұша аласың ба –
«Қалың ел, қазақ, қайран жұрт?»
Оң сапар болар намысқа еріп,
Көлікті болса көш егер.
Үш арыс туған – арыстан едік,
Тышқан боп кетсек кеше гөр!
Нәубетке неге ұшырайды әнім,
Тағдырдың түсіп құрығы?
Адасып кеткен күшік-ойларым –
Жұртына келіп ұлыды.
Назалы аруақ!
Тосып аятты –
Бастады заман мың бүлік.
Шырт ұйқыда едім...
шошып оятты
...Шыңғыстау кеше шыңғырып.
ЖИДЕБАЙДА ЖАЗЫЛҒАН ЖЫР
Жалына жүйрік жырдың жармасқалы,
Жанымның жарқ-жұрқ етіп алдаспаны.
«Туғанда дүние есігін ашқан өлең...»
Мен саған жетіп едім жалғасқалы.
Талабым тәрік болмай тасқа құлап,
Абайдың аласармас аспаны ұнап.
...Түсінші, жыр Меккесі – Жидебайым,
Ұсыншы зәмзәміңді, Қасқабұлақ!
Дүлдүлдің дүбір шықса бағы ашылар,
Шаң көрдім аламаннан ала шұбар.
Шыңғыстың шыңында өскен дара шынар,
Сен айтқан асыл сөздің сарасы бар:
«Өлеңге әркімнің-ақ таласы бар».
Кім сендей ақындықтың сырын білмек,
Білімсіздік болып тұр бүгінгі дерт.
Төл теңгеге салдық та суретіңді,
Шуладық:
– Абыз Абай тірілді! – деп.
Абай ата!
Арысым, ар-намысым,
Біреулерге теңгеде таңбамысың?..
Кешір біздей парықсыз пақырларды
Сау басыңды саудаға салғаны үшін.
Қабағынан күндердің діріл көрем,
Діріл көрем жүректі тілімдеген.
Тірілсе ақын тірілер өлең болып,
Ақша болып ақындар тірілмеген.
Зырғып қуған зымыран ғасыр айды,
Жалғандықтан жан қалай жасымайды?
...Түйеөркештің түнінде жұлдыз жауып,
Қарауылдың өзені тасымайды.
Жарқ етпесе жарықтан жыр-құралай,
Жолығамыз біз әлі, дүлдүл Абай!
Ақ нұрыңмен аяла ақ таңдарды,
Аспанында алаштың сырғыған Ай...
ҚҰНАНБАЙ
Ұлтым деген ұрпағың ұрандай ма,
Қонатынын білмей жүр қыран қайда.
Аға сұлтан атағы аздық етер
Асып туған атадан Құнанбайға.
Бір десек те намысы бөріктінің,
Сені іздеген жолымда жолықты мұң.
Оралының барында отқа түскен,
Топқа түскен торысы Тобықтының.
Тұнығыңды қай дауыл лайлаған,
Шындық іздеп Шыңғысты шыр айналам.
Кең даланың көкжалын,
көк бөрісін –
Қорқау етіп қорлаған құмай-заман.
Дауылдардан қаймықпай бұрқап өткен,
Шырақ әні Шыңғыстың шырқап өткен.
Құнекеңдей құндысын құныкер ғып,
Сұлтандарын бұл қазақ ұлтан еткен.
Дүрбелеңнен сыр тартсам дерек шығар,
Тарихымның тор көзі елеп шығар.
Бас-басына би болған қиқымдарға
Құнанбайдай бір кие керек шығар.
Шыңғыстаудың шындық деп шуласа елі,
Ата кегін аруақтап қумас еді.
...Тобықтыда Құнанбай тумаса егер,
Құнанбайдан Абай да тумас еді.
КҮНДЕРІМ КҮНМЕН ЖАРЫСЫП...
Арқаға барсам сыр ұғам,
Аппақ әлемге жақындап.
Қасқыр боп қаңтар ұлыған,
Сары аяз тісі сақылдап.
Ұшатын күн бұл Айға арман,
Көңілдің көлбеп құстары.
Мұз-қайрақпенен қайралған
Найза-шыңдардың ұштары.
Көк аспан жерге жақындар,
Ақ боран – ардың өлеңі.
Ақпанда туған ақындар
Ақ түсті жақсы көреді.
Ақ қарлы дүние айналам,
Тозаңдарымды аршыған.
Салбурындарға сайлаған
Бабында бүгін қаршығам.
Күндерім күнмен жарысып,
Жырымды жырға жалғадым.
Ауыздықпенен алысып,
Тыпыршып тұрған тарланым.
Жарық күн айтар сәлем мың:
Қанаты барлар, самғаңдар!
Ішінде ақ зер әлемнің
Адасып жүрген Арман бар...
ЫҚЫЛАС-КҮЙ
Бозінген болып боздаған кезде боз далам,
Қылқобыздарым
шер-мұңдарымды қозғаған.
Ықылас баба!
Жүгі аумай жеткен желмая,
Қай заманда да тұлпардан тұғыр озбаған.
Күйіңе елтіп өңімде талай түс көрдім,
Шыңырауларыңның
зәмзәм суларын ішкенмін.
Жазира жоннан
жезкиік көрдім жол кескен –
Айна көлдерден көгілдір аққу құс көрдім.
Қазаққа берген
құдайдың, баба, сыйы едің,
Қорқыттан қалған
қоңыраулы керуен күй едің.
Тамадан емес, анадан туған абызым –
Шақадан емес, атадан туған киелім.
Күйінде сенің алашқа бітер айбын бар,
Қасірет,
мұңым,
қуанышым мен қайғым бар.
Қара шанақтан аққулар ұшып барады,
Қонар бағыты – Жайлаукөл,
Бозкөл айдындар!
Сен мәңгіліксің!
Болса да қанша бұрқақ күн,
Аруағыңды елмен
шырқау шыңдарға шырқаттым.
Көгілдір күнге қасқая тартшы, қоңырым,
Керуенбасындай
күй кеуде мынау ұпақтың!..
ТОЛҚЫНДАР
Толқыннан толқын туады,
Толқынды толқын қуады.
Мағжан
Өзің де өр толқынсың, Мағжан аға,
Соғылған екпініңмен жар-жағаға.
Заманның адал жүгі ақындарда,
Адамның адамдығы арда ғана.
Рухыңа сырымды аша алам ба,
Неге мәзбіз
сөзден сөз қашағанға?..
Толқын-тірлік жаңқадай жағаға атса,
Жыладық та жүгіндік жасағанға.
Толқын тірлік
жаңқадай лақтырып,
Сан шайқалған халықпыз құлап-тұрып,
Біз өмірді сүйгенбіз жылап тұрып.
Шыдам бітіп, шыңғырған шындықтарды
Қашағанша тұзақтап сұрақ-құрық.
Аптаптардан кезерген күйіп бұл маң,
Көз ұшында қашпайды киік қырдан.
Ақылдыдан бақырлы озған уақыт –
Дарындыдан қарынды биік тұрған.
Ғазалдарын жоқтаған ғалам-жырау,
Запыраннан лоқсыған заман мынау.
Толқыным-ай,
тығылған қара бұлттан
Алабұртқан кезімде оралдың-ау.
Сәуірден де бұлт көріп сіркіремес
Күй кешіп жүр, көкетай,
жұртың елес.
Тебірене тулаған толқындарды
Торықтыру торда ұстап мүмкін емес!
Ертеңдерді кешеге жалғай өтем,
Жалғай өтсем қалайша жанбай өтем?
...Сізді қуған толқындар тынып ақтық,
Бізді қуған толқындар қандай екен?!
* * *
Ауылым Жаңаарқаның жазығында,
Жанымның айналып жүр сазы мұңға.
Ақындық – азығым да,
жазығым да,
Білмеймін...
қажыдым ба, қажыдым ба?..
Атынан сөз алдым да Арман-Ардың,
Бүгінді ертеңіме жалғап алдым.
Оғына қараулықтан ілінсем де
Тобына қосылғам жоқ қарғалардың.
Демеймін: әкімдерден сый күткенмін,
Көктемін көңілімнің күй ғып бердім.
Ауылы аламанға жайдақ қосса
Тұяғы кертіледі жүйріктердің.
Ей, ақын, тектіліктің туын бұлға,
Жаныңды жамандыққа жуындырма.
Киесі өлеңімнің аққу еді,
Адамдар, аққуымды буындырма!
Тағдырым тарланыма қамшыны ұрды,
Айтамын ағайынға жан сырымды.
Көзінен күндерімнің көктем көріп,
Аспанның жанарына тамшы ілінді...
РУХ Құлагерін көңілімнің қамшылама, Сәкен десе ет-жүрек жаншыла ма? Қара орманның қайғысын қара киіп – Арсыздықтан келеміз аршып, аға! – Арысым, – деп, – Арым, – деп ел айтады, Сарыарқаның сырнайлы желі айтады. Есіл, Есен, Нұраның көлі айтады, Көп айтады... білмесе неге айтады? Ғұмырыңды ғасырлар ұзартады, Атанына азған жұрт мұз артады. Сені қапқан қанденнің күшіктері Бүгін бізге көздерін қызартады. Күндей көркің көңілге медеу бекем, Сырсандығын сезімнің бебеулетем. Сұңқар дейді Сәкенді самғайтұғын, Сұңқар деген Сәкенге теңеу ме екен?!. Ақбоз атты құлатқан жала-керме, Магаданға мола іздеп бара берме! Сәкен деген – халқымның рухы ғой, Рухтарды көмбейді қара жерге. Аққулардың арман бар ұясында, Ор, Абаның зарлы ән бар қиясында. Маңдайына сыймап ең алты алаштың – Алты шумақ өлеңге сыясың ба?! 19-265
СӘКЕНМЕН СЫРЛАСУ
Маған тартқан тағдырдың сыйы да өлең,
Өлсем, бәлки, сол дертке күйіп өлем.
Жасын жырда мәуелі биік емен,
Аға, сені түсімде жиі көрем.
Сырбазым-ай,
сырнайлы сыр ақтарған,
Ұлағатың ұрпаққа ұнап қалған.
Жел сөз жетіп жаныма жырақтардан,
Жоқтап сені оңаша жылап та алғам.
Жоқтап сені...
жо-жо-жоқ, барсың бүгін,
Түнектерден түрпідей аршылды күн.
Дүниенің басылған бар сұмдығы,
Жаның жаннат, ағатай,
жан сырды ұғын...
Өңімдесің сен менің,
түсімдесің,
Қияқ мұртты,
сол сұлу пішіндесің.
Түсінбесе көрсоқыр түсінбесін,
Ұл-қызыңның ұдайы ішіндесің.
Ертеңіңе, еліңе еркелеген,
Сардар аға, сирек ең, өрт өлең ең.
Сен бастаған сол күйді шерте берем,
Ұзақ сенің ғұмырың, келте демен...
Қияларға қаққанда жыр қанатын,
Тұлданатын сен емес, бұлданатын.
Қуанатын балаша, нұрланатын
Сұңқар жырмен саңқылдап тұрған ақын.
Әрбір сәттен көңілде күй қалатын,
Жаңа жолға таң сайын жиналатын.
Халқын ойлап қараңғы қиналатын
Жүрегіне Жер шары сыйған ақын.
Дауылпаз жыр,
уа, Сәкен,
дауыл ұлан!
Самғап ұшқан Сарыарқа сауырынан.
Елеңдеймін соғар деп ауылына –
Бір күн шыға келердей шырқап әнін
Ақбоз атпен Иманақ бауырынан.
* * *
Басқан ізіне гүл өскен ақын,
Жүрген жерінен жыр ескен ақын.
Тар жол, тайғақты кешіріп бастан,
Бақыт жолында күрескен ақын.
Өзіңдей ұлды сән қылып берген,
Табиғат-ана – ән ғұрыпты елге.
Өлмейтін өнер, өшпейтін ғұмыр –
Жалғасты жолың мәңгіліктерге.
Жүрегі жасын, жасымас жаны,
Арнадан содан тасып-асқаны.
Атыңды атар арайлы таңда –
Атамекеннің ашық аспаны.
Жаңғырып жатыр жалғанып өнер,
Арманға жетті арманы көп ел.
Сейфуллин Сәкен – сұңқар ағама
Сыйындым-дағы арнадым өлең.
«ЖЫНДЫ» ӘБЕН
Ел арасында сайқымазақтығымен
«Жынды Әбен» атанып кеткен Әбекең
Жаңаарқа ауданында туып-өскен.
Кезінде ол Сәкен Сейфуллинмен
үзеңгі жолдас болған азамат еді.
Ол жөнінде Сәкеннің «Тар жол, тайғақ
кешуінде» біршама айтылған да болатын...
Толқынның басылған жоқ сұмдық әні,
Ол күннің ашылған жоқ шындығы әлі.
Жамиғат аңыз еткен Жаңаарқада,
«Жынды Әбен»...
Жындыңыз не, сұңғыланы.
...Қу заман қуған кезде әнді құмай,
Жаныңның жауған кезде жаңбыры ұдай,
Жыр-кемең иірімде ғайып болып –
Дүрбелең дір еткізген даңғылым-ай.
Тағдырдың тас тұяғы пергілесін,
Жұрт мына «жынды» атаса
көндігесің.
Топырағы торқа болғыр бейшараның
Сөз етіп отыр деме енді несін.
...Заманның тап болған соң бұрқағына,
Мұрша жоқ шындық әнін шырқарына.
Серік боп еріп еді сері күнде
Сәкендей адамзаттың сұлтанына.
Қызарып қызыл қанға батқан күндер,
Жампозды жауға балап сатқан кімдер?
Тағдырдың тажал сынды толқындары
Жаңқадай жағалауға атқан күндер.
Басынан кешті солай қай күні азап
Сормаңдай сорға батып қайқы қазақ.
Заман дертті болғанда,
адам дертті,
Кеттің бе тірлік кешіп сайқымазақ?
Ақтықты айтуға аз боп дәлелі тым,
«Жындылық» – жаутаң кездің әлегі-тін.
Жылап тұрып
сақылдап күліп сонда
Алғансың талайлардың зәре-құтын.
Жеп солай өзіңді-өзің бітіргенсің,
Мені, мейлі, біреулер күпір көрсін.
Тоңмойын да тоқпейіл топастардың
Бетіне былш еткізіп түкіргенсің.
Мазаққа тірлігіңде көмілдің көп,
Көңіліңді көрсоқыр өмір жүндеп.
Сәкен жайлы естелік сұрағанға
Бажырая қарадың: «Оның кім?» – деп.
...Қайғыңды қуанышты жыр деп өрдік,
Сан жылдар жалғандыққа жүлде бердік.
Кешір, көке,
төсіне туған жердің
Шыңғырған шындығыңды бірге көмдік.
Жетті сәуір,
көңілде ескіріп күз,
Ерлердің «Елім-айын» естідік біз.
Адам емес, Әбеке, заманыңның
Түкіріпсің бетіне...
кеш біліппіз.
Кез өлген жұтатұғын ауадан «бал»,
Замандас, өткен күннен сауал аңғар.
...Мен сенің саулығыңа күмәнданам,
Әбенді «жынды» атаған сау адамдар.
Жүйріктің шомылмайды жаны нұрға,
Заманның айналғанда әні мұңға.
...Мен-дағы Жаңаарқаның бір ұлымын –
«Жынды Әбеннің» қаны бар тамырында.
* * *
Айдынға қонар қаз емес,
Оралып келіп өткен жыл.
Жанымда менің жаз елес,
Көңілімде менің көктем жүр.
Жалғанған жалқы ғұмырдың
Керуенбасындай күн-түндер.
Ноқтасыз құлын-жырымның
Жанарын желмен сүртіңдер!
Анашым берген ақ сүтті
Арыма құйып сақтадым.
Жүректің қанын шапшытты
Көктемге жазған хаттарым...
* * *
Келер күндер, білмеймін, береді не,
Дүниенің кім жеткен дерегіне?
Өртенген мұң өзекте...
Өлеңдерім
Ертеңдердің жарай ма керегіне?!
Болмасын деп сөзімнің салмағы кем,
Жыр боп жанып, жалғанға жалғанып ем.
Аламанда атымды аспандатар
Ауыздықпен алысқан ардакүрең.
Ардакүрең...
арманым, мұратымдай.
Шабытымның шудасы шұбатылғай...
Жан арқауы жырларым жабыққалы
Жанартауы жүректің жүр атылмай.
Кірмесе де көңілдес көрге бірге,
Есімімді еске алар ел менің де.
Тіршіліктің азды-көп қонағымыз
Шырынын да тататын, кермегін де.
Барар жерін көшіңнің белес білер,
Күн жүзіңді күн озса көмескілер.
Қайғы-бақты қатар кеш,
артық-кемін
Айқұлақты бейіттер теңестірер.
* * *
Құмай кенде болмайды шырайлы елде,
Көгілдірім қонбайды лай көлге.
Жетісуға желігіп жетпеген ем –
Жеті өзені жанымның жылай көрме!
Аққу қонған айдынға
қаз қонады,
Сәуір туса сәтімен жаз болады.
Алатаудан ақ бұлақ ағытылса
Арқадағы ағайын мәз болады.
Қабағында күндердің сұсы бардай...
Соның сырын отырмын түсіне алмай.
Үміттердің үкісі үзілгенде
Күдікті ердің көретін түсі қандай?..
Желігімді жылдардың желі ұшырды,
Өркендетті өлеңім өрісімді.
Жарығында жаһанның жалғыз жорттым
Қиялаған қияны бөрі сынды.
Сөзі берен сәттермен
сезімі ерен,
Моншақ үзіп көзімнен кезігер ем.
Тереңге еніп кетем де...
Тұңғиықтан
Өлең болып оралам өзіңе мен...
* * *
Қарабауыр бұлттары-ай қарашаның,
Тамаша күн,
сенімен таласамын.
Түйілетін зәуде бір қабақ ашпай
Еске түсті батагөй қара шалым.
Тамшы болып мөлдіреп шық еріпті,
Тазалықтан алайын сыр өріп бір.
Қара шәйі оранған қараша айы
Той тарқаған ауылдай түнеріп тұр.
Ұғымымда күз айы ырыс еді,
Тыныш еді,
көңілі де дұрыс еді.
...Тыржалаңаш бұтаққа байланып ап
Суықторғай, әне, бір бүріседі.
Топ теректің ішінде
бір түп емен,
Арай таңнан ол-дағы нұр тілеген.
Табиғатпен тамырлас шіркін жүрек
Қарашаның күніндей күркіреген.
Зіл басқандай Алатау –
мұнарлымды,
Сәуір ойлар, қайдасың, қуар мұңды?!
Өліара күй кештім де
сағындым мен
Желтоқсанның жұлдызы туар күнді.
9 МАМЫР.
ЖЕҢІСКЕРГЕ ЖАҢА ЖЫР
Бұлақтар-ай,
ақ бастау жылғалар-ай,
Аққулар-ай,
арман-ай,
тырналар-ай.
Көктемеде құшатын нұрдан арай,
Тамыр алып мамырдан тұр қарағай,
Қызғалдақтар қарыштап қырға қарай.
Аққулардай сыңсыған арманым-ай,
Тықыршыған тағалы тарланым-ай.
Ақын жігіт, жырымды жалға былай:
– Ардагерлер, айбатты, ардақты ерлер,
Жүк көтерген қайыспас нарларым-ай!
Күн тұтылып, жоғалған жарықтарың,
Желге ұшқанда жастығың, мамықтарың.
Жария етіп жаһанға Жеңісіңді,
Өнеге еткен өренге ер ісіңді,
Бақуатты барсың ба, алыптарым?!
Есен-аман жүрсің бе, еңселі ерім,
Балдағыңның мен де бір бөлшегі едім.
Сен айтқанда, жалған-ай,
теңселемін:
Адам ойы жасаған қателіктер
Қыршындардың қанымен өлшенерін.
Байқалмайды мінезің бұзып-жарма,
Ерімеген жүректе мұзың бар ма?
Тататұғын тірліктен тұзың бар ма?
Қырғындарға қырғи боп кіргеніңде
Батарыңды білдің бе қызыл қанға?!
Ақша бұлттар аптығын баса алмайды,
Қара тастан қыш мүсін қашалмайды,
Ез боп туған еркінен аса алмайды.
Бейбіт күннің бағасын сен білесің,
Аждаһа кеп алғанда елдің есін –
Атақ үшін ерліктер жасалмайды.
Мекенің бар мәңгілік күнесінде,
Есіл ерім, Даңқ сенің үлесіңде,
Тарихын ел тастамас күресінге.
...Қызыл қаның төгілген қыраттарда
Қызыл гүлдер өсіп тұр, білесің бе?
* * *
Ару жырдың өртенгелі соңында,
Дерт емгелі...
Талай-талай күрсіндік.
Шынжырлаулы...
Шалалардың қолында
Шылбырынан ұстатпай жүр бір шындық.
Түсін мені,
бүгінгі әнім батыл-ақ,
Көкірегі ояуларға қосынмын.
Ақырапта
аяқ асты жапырақ,
Жапыраққа қарадым да шошындым.
Жапырақтар,
Жасылыңда жыр едің,
Жауын тынып,
сыйлады ма дауыл мұң?
Қайран менің жапырақтай жүрегім,
Сен аманда мен мәңгілік сәуірмін.
Сымбатыма сұқтана ма жыр-ғалам,
Жолға шығам күнге түзеп бетімді.
Шәкәрімнің тағдырындай шырғалаң,
Мағжан ақын тауқыметі секілді...
* * *
Арқаның ауа көшті аңызағы,
Тамылжып жеткен кезде тамыз әні.
Мезгілсіз жел ұшырған жапырақтай
Біз жазы өмірімнің тағы ұзады.
Көңілім көк кептер ме,
шағала ма?
Сезімді шомылдырдым самалаға.
Жаныңнан жарық жұлдыз жарқ етті ме,
Сағымнан сәуле іздеген қара бала?..
Ертеңге өркен болып әні ұласқан,
Жолым бар
өлең іздеп арып-ашқан.
Жандарға дәру болар бағы қашқан –
Шөлейтте өседі ғой адыраспан.
Жұмбағын бұл жалғанның кезім ұғар,
Төзімі бар жандардың
сезімі бал.
Көлдегі көзге түспес шажа құстың
Сәл ащылау болса да өз үні бар.
Тартқанда өмірімнің көші ілгері,
Мұңайсам...
кінәлама,
досым, мені.
Жүзінен өкініштің табын көрем
Қызуы қайтқан күннің бесіндегі.
Кешені бүгін жатыр ұмыттырып,
Қас қағым сәттерінен сыр ұқтырып,
Көктемі көңілімнің – аққулы айдын,
Өткелі өмірімнің – үміт-күдік...
* * *
Кеудем толы сағыныштың саз әні,
Кеудем толы ғашықтықтың ғазалы.
Тіршіліктің гүл шыбықтай әр күні –
Бал дәуреннің тарқамаған базары.
Жарық барда
сымбат қандай, сыр қандай,
Жасыл қырқа жаңа туған жырлардай...
Батар күннің қызыл жалқын сәулесі
Өрт өмірді өле сүй деп тұрғандай...
Шабыт – шөлде,
ерін мынау кезерген,
Төзіп туғам,
төзіп келем,
төзем мен.
Жүрегіңнің арман-мұңын сезем мен,
Бұл өмірдің жалғандығын сезем мен.
Сәл мұңдылау әнге басып бұлақ бір,
Қыз-қайыңдар шашын жайып жылап тұр.
Өз отыма өзім жанып өлгенше,
Ей, тіршілік,
тілегіме құлақ түр!
20-265
* * *
Жазылған ұл ем бесікте өлеңім,
Туған жер, сенен несіп теремін.
Балақты түріп...
ағысқа қарсы
Өмір-өзенді кешіп келемін.
Бойтұмар еткен батаны ұланың,
Ақын болам деп атағы мәлім.
Өмірдің көгін қиялы шарлап,
Керім күндердің татады дәмін.
Көріктей қызу – көрікті кезім,
Жыр іздеп жастан желіктім өзім.
Ер-тоқымымның тартпасын тарттым –
Тарпаң тағдырдың көріп мінезін.
...Қиялым,
сені көкте көрейін,
Түбінде қалма көк телегейдің.
Мазақтасаң да,
азаптасаң да...
Ей, өмір, саған өкпелемеймін!
* * *
Жаутаңкөз боп жасымашы, жырларым.
Жаз кеткелі қанатында тырнаның.
Тұнжыр-тұнжыр...
Тереңдегі тұнбамын.
Жапыраған жел ұшырған жыр бағым,
Жаз кеткелі қанатында тырнаның.
Ей, жанымның құштары,
Ақын ба екен табиғаттан тысқары?
Бұл өмір ғой, қайталанбас қысқа әні.
Арманымды ап айдынымнан ұшады
Сиқыр сазды сезімімнің құстары.
Жетеді жаз тырналармен ілесіп,
Емен-жарқын жүрермін-ау бір есіп.
Аңыздағы қырық бірінші қақпадай
Бақытым боп ашылады жыр-есік,
Жаз жеткен соң тырналармен ілесіп.
Арман болар ақ таңдарға өлеңі,
Айдынымның ақ құстары көп еді
Тұнжыр-тұнжыр...
Тулайды да тереңі
Жүрек бір күн жырлар айтып береді.
Жаз келеді, тырна қайтып келеді.
* * *
Жаумай өтіп барады жабағы бұлт,
Көңілімнің көкжалы қалады ұлып.
Жаралы жұрт көшердей қарақұрық,
...Жанарында жүректің жанады үміт.
Көктем сайын көктемей көнергенмін,
Көктүйнегін көңілімнің көгендермін.
Ұйқасы жоқ тірлікте
ұйқастырып,
Ұйқы аштырып жыр жазған өлерменмін.
Қараулықтың қызылкөз тұқымы әлі...
Кім бар дейсің бұл күнде бүтін әні?
Шалқыды да сәулесі шырағымның,
Шыдамымның шынысы шытынады.
Мәңгілік пе ең,
мазасыз майдандарым?
Қаңғырып па ең,
кез болдың қайдан, Ғалым?!
Нұр көрмесең құшағын жайғанда күн,
Сапар емес, сергелдең сайланғаның.
Қайраңдадым,
сарқылып сайрандарым,
Шегірейдім шерідей тайған бағым.
...Қасарысты қайыспай тағдырымен
Қаңтарда да қатпаған қайнарларым.
* * *
Мұқағали секілді дара сазға
Елікпеген қазақтың баласы аз ба?!
Хантәңірі басынан ұшқан қыран
Қайта айналып соғар ма Қарасазға?
Сортаң тартып кеткендей саумал бұлақ,
Шалкөденің жаңбыры жауған жылап.
Самалменен сырласар өзің жоқсың,
Жалқын сәуле жатқанда таудан құлап.
Күнді күтпей жұлдызды шақ туатын,
Пенде болмай бармақтай бақ қуатын.
Абайлардың аулына аттандың сен,
Айдын жырдың еркесі аққу ақын.
Қарасаз бен артыңда Лашын қалды,
Ғаламаты азайған ғасыр қалды.
Жұртың қалды жамылып қара шәлі
Жоғалтып ап жоқтайтын асылдарды.
Тіршіліктің тамылжыр талмаса әні,
Мәңгілікке жырларың жалғасады.
Саған үрген қандені пенделіктің
Енді біздің балаққа жармасады.
Түнге маза бермеген,
таңға тыным,
Жыр дүрі едің жаныңда жәннат үнің.
Естеліктер айтады Мұқашым деп,
Қалың нөпір көшесі Алматының.
Күнді күтпей жұлдызды шақ туатын,
Пенде болмай бармақтай бақ қуатын.
Мәңгілік мекеніңе орда тіктің,
Айдын жырдың еркесі аққу ақын.
ТАҒДЫРЫ ЖОҚ АҚЫНДАР АҚЫН ЕМЕС
(Свет Оразаевқа)
Соғамын деп жүргенде мұнарамды,
Құлагері арманның құлаған-ды.
Арынды өзен Ақсудан асау толқын
Ақадырға жеткенде тұна қалды.
Тұна қалды зәмзәмін мөлдіретіп,
Тереңінде толқыды көл дір етіп.
Сарыарқаның самалы сергітті оны,
Жырларының жалауын желбіретіп.
Самайыңды шалғанмен қырау ерте,
Тағдырыңа нала айтып жылау ерте.
Серпіл, Свет,
Жаратқан жар болады,
Ақын туған өлке еді мынау өлке.
Қасиетті сапарда
қапыл,
егес,
Жақынымсың сен менің,
жатым емес.
Жаңбыры жоқ
жылаңқы жаз секілді
Тағдыры жоқ ақындар ақын емес.
Ауыздықпен алысқан аласұрып,
Сол ақынның бұл күнде наласы ұмыт.
– Жынданба! – деп ұрысты
Жыланды тау,
– Қош келдің! – деп қуанды
Қарашілік.
Өн бойынан өлеңнің жанады аптап,
Сол аптапқа күй-дағы,
қанағат тап.
Кейде маған кеткендей көрінеді
Өр Ілияс тентектеу бір інісін
Ер Сәкеннің еліне аманаттап.
Ит үреді, керуен көшеді көп,
Бүгініне жетті ақын неше жүдеп,
Оразайдың Светін сыйлаңыздар
Өлең деген өлкенің ұлы еді деп,
Мұқағали марқұмның досы еді деп.
Қара өлеңде жабы бар,
қазанат бар,
Бұлбұлдар бар үндері таза мақпал.
Оразайдың Светін аялаңдар,
Ақадырлық ақиық азаматтар.
Жырдан басқа ақынның жиғаны жоқ,
Жияр еді...
тағдыры қинады көп.
...Ақыны бар ауылдың аруағы бар,
Ақыны жоқ ауылдың иманы жоқ.
ҚҰЛЖАНЫҢ АЛШЫ
ТҮСКЕН САҚАСЫНДАЙ
(Жәркен Бөдешке)
Бұл ақын Тарбағатай – Барқытбелден,
Жырларын жүрегіне артып келген.
Сыбырлап сары даланың самалына –
Қурайын қобыз етіп тартып берген.
Сарғайып сағым қырдан созған әнін,
Тулатып тереңімді қозғады ағын.
Зарлы өлең –
Замананың запыраны,
Боздаған буыршыны боз даланың.
Ақтабан...
ақтанкерге зар замат-ай,
Арқарға асу болған Тарбағатай!
Бір тайлақ көшкен сайын бос келетін
Тағдырдың тапаншасы бар ма, ағатай?..
Жайырдың жазықтағы жотасындай,
Бабамның бәтуалы батасындай,
Өмірді өле сүйген өлеңдерің
Құлжаның алшы түскен сақасындай.
Шеріңді шерменделер тыңдағасын,
Жеріңді,
еліңді айтып мұңданасың.
...Аңырап айрылғандар асылынан
Біледі сағыныштың шын бағасын.
Сары бидай – салған әнің,
қайырма ерек,
Аға едің, өзгелерден жайың бөлек.
Қазақтың қасиетті өлеңіне
Жәркендей Жайыр туған шайыр керек.
Табиғаттың төлі ғой ақын аңғал бір,
Аялар оны,
кей-кейде шатынар тағдыр.
Шабыты шалқар,
жаны жаз,
жауһар сезімі
Жыр жүрегінен жауғанда рахман жаңбыр.
Тіршілік бізге тылсымын жас ұқтырыпты,
Аманат етіп ғазалын ғашық ғұрыпты.
Асықтырыпты...
Қанатты қомдар кезеңде
Асау армандар арнадан асып тұрыпты.
Ақ тоты кейде топшысын қақты да жырақ,
Жүректер біздің егіліп жатты да жылап.
Мөлдіреп көпке зәмзәмін сіміртуші еді
Тау-тасты тесіп шығатын ақ тұма бұлақ.
Дайын ғой сенің,
менің де ақтық сыбағам,
Болмасын сонда шырқалар шаттық сыңар ән.
Қазақтың қара өлеңін қорлайтын қулар –
Өлімтіктер ғой өлімнен шақпыт сұраған.
Қалмайды кейде қасыңда жан сырласатын.
Аңсадым сені сәттерде сан мұң басатын.
Жыр мұхитында желкенің жеке көтерген
Бір бағыттағы әу бастан тағдырлас ақын.
Асылығым жоқ, қарай ма сөзіме қош күн,
Жеңеді әлі-ақ бәрін де төзім егестің.
...Жағалаудағы жайлауға ақбоз үй тіксең,
Бақан ұстасып тұрармын өзіңе, достым.
АЛМАТЫҒА
АРҚАДАН КӨШІП КЕЛГЕМ
Қалса да өлең ауылға,
бауырға ұнап,
Сан шағылды тірлікте тауым бірақ...
Көк зеңгірдің айналып ақ бұлтына,
Туған жерге нөсер боп жауу мұрат.
Зымыран күн зуласа,
жалғасып таң,
Армандарым ақберен алға асыққан.
Сарыарқаның мен де бір ойлы өзені
Жетісудан арна іздеп жолға шыққан.
Аққу арлы жігітпін,
бесік көрген,
Өміріме өлеңді несіп көргем.
Жырларымның жұлдызын жандырам деп
Алматыға Арқадан көшіп келгем.
Жүк түсірер жүрекке шаттық аса,
Жеті өзенім жарады жатсымаса.
Тай бәйгеде танылып қалған жүйрік
Аламанда айып па бақ сынаса?
Өліараның алдында жел тұрған-ды,
Отың болса үрлет те,
серпіл мәңгі.
Бойға сіңген ақ сүтпен Адалдықтан
Өтем деген айнымай сертім бар-ды.
– Қуып өскен қарғам-ай жалқындарды,
Айырбастай алмайсың алтынға Арды.
Жақсылармен жанас, – деп бата беріп,
Тобықтай боп тоқсанда қартым қалды.
Жүрекжарды жырымды танырсыздар,
Пенделікті көргенде жаным сыздар.
Жүзге бөліп жігітті жүзі күйіп,
Жерге бөліп
жер болған – дарынсыздар.
Тартып туса атаға асыл ұлан,
Айырады асылды жасығынан.
Артықпын ба,
жайлы орын іздейтіндей,
«Аманжол Рақымжанның Қасымынан?»
Алтын айым көгіме дара қонар,
Жарқырайын...
жырым да бағаланар.
Көңілімнің көгілдір айдынынан
Ұшса бақыт әр таңда шағалалар.
Ай-хай, өмір!
Арманға асықтырдың.
Ғашық қылдың...
содан да тасып күлдім.
Пәтер емес, сенсеңіз...
Келіп тұр ғой
Жыр-орданың есігін ашып кіргім.
Қондым, рас, шалғайлау ағайыннан,
Бар тілегім –
айырма бал айымнан.
Алматыға ауылдан көшіп келдім,
Ендігісін көрейін талайымнан.
АҚ ШУАҚ
Көңілімнен мұң-қайғы,
нала көшіп,
Өмірімнен сәуірдің самалы есіп.
Бабам туған,
мен туған,
балам туған
Арай құшты ақ таңмен ана-бесік.
Қаяу болса көңілде айтар ем мен,
Тағдырым бір қашанда байтақ елмен.
Бүгінгі күн – ғасырдың Ақ шуағы
Жариялылық өлеңін айта келген.
Тасты өтпеді сан уақыт
тамшы жарып,
Азаматтың ожданын қамшыладық.
Аспанға аттық бөрікті
алақайлап,
Ақтаңдағын жылдардың аршып алып.
Қан жуады қырғында қанжығаны,
Жол тозаңда киімге шаң жұғады.
Үні шықпас жалғыздың айқайласа,
Жапандағы жартастар жаңғырады.
Адам біткен шатасты пендеге еріп,
Ар алжасып сөйлейді
теңге болып.
– Халық аман болсын... – деп көзін жұмған
«Халық жауын» арулап көмген едік...
Айырмай-ақ есектен түйелерді,
Тыңдамай-ақ
халықтық күй-өлеңді,
Ақиқаттың тізгінін жылдар бойы
Жәдігөйлік, жылпостық иеленді.
...Ақын қашан жаратқан сыр бүккенді,
Топастыққа
тоқмейіл тірлік көнді.
Көмейіне құм құйып жалғандықтың,
Жария болып, жарқ етіп шындық келді.
Туған жерде туғалы нұр күн керім,
Сезімдердің кірпігін ілдірмедім.
Жарты ғасыр жүректе жасырынған
Қазығына оралды дүлдүлдерім.
Жақсылыққа жақсы үміт ұласады,
Ар алдында адамдар сыр ашады.
Сағындырып көріскен көктемедей
Бүгінгі күн – уақыттың бұла шағы.
...Қаяу болса көңілде –
айтар ем мен,
Тағдырым бір қашанда байтақ елмен.
Бүгінгі күн – уақыттың Ақ шуағы
Жариялылық өлеңін айта келген.
Көңіл кірі жуғанда тазарады,
Замандастың естілді ғажап әні.
Қадамына гүл біткен уақыттың
Ұландары мінбеден сөз алады.
* * *
Көңілдерде бара ма шуақ кеміп,
Неге бүгін жүрсіңдер жырақ қонып?
Қызығы көп күндерде, қайран достар,
Ажырамас гүлдесте сияқты едік.
Қанатты әнге қайырма табам өзге,
Дара кезде, думанды бала кезде
Асық болған...
Турасы ғашық болған,
Бас изейді «бейтаныс» қара көздер.
Аруларды аулай ма ғазал-оқтар,
Баяғыша лаулай ма ғажап оттар?
Бағы ұшқандай,
қоя ма намыстанбай
Арыстандай айбатты азаматтар?!
Сері шақтың куәсі сол ауылға
Соқпайсыңдар неліктен, жол ауыр ма?
...Көңіл жетер күнгейге бір барайық,
Өмір де өтер уақыттың бодауында.
21-265
* * *
Ескірмейтін ежелгі мұра сынды,
Жүрегіңе бүркейсің бір асылды.
Жанға айтпаған жасырын сезім еді,
Өлеңге айтып қойыппын расымды.
Қол созасың айға да үміттенсең,
Бықсып жанған шаласың
күдікке ерсең.
Жасын сүртіп жұбатпа
мен сияқты
Күліп тұрып жылайтын жігіт көрсең.
Жас ақынның жыр жазған бөлмесінде
Он сегіздің сәулесі сөнбесін де.
Шуақ шашқан мәңгілік ғұмырына
Әркімнің бір күні бар кеудесінде.
Қаршадайдан едің ғой елші бақыт,
Мұңды жанды, ей, өлең, берші уатып.
Жүректегі жазуды өшіре алмас,
Жазғанымен басқасын емші-уақыт.
* * *
Сағымды сары белдерде
Үргелеп отын үміттің.
Көкорай көктем келгенде
Қызғалдақ кешкен жігітпін.
Күн болып көргем гүлдерге,
Шаттықтың соңы...
мұңайтқан.
Жұлдыздар жауған түндерге
Сыбырлап тұрып сыр айтқам.
Мазасыз мынау маусымның
Думандарына ділгірсің.
Дабырдан дара даусымның
Жетерін қайда кім білсін?!
* * *
Мақсаттаудан іздеп шыққан мұратын,
Бал арманға бұла күндер куә-тін.
Ерке кезде есі кетіп,
елестей
Еңлік гүлге елтіп қалған бір ақын.
Жағдайым жоқ жасырынып, жаншылар,
Киелі өлең, сыр көмбені аршып ал.
Көңілімнің терезесін кей-кейде
Тық-тық соққан сол бір мөлдір тамшылар.
Алыс күннен бір әдемі ән тыңдар
Шақтар барда жанарымда жарқыл бар.
Жүрегіме құйылады жыр болып
Тереңімде тебіренген толқындар.
От күндерге ой кемемен оралдық,
Зауза айының зәмзәмінен тағы алдық.
Періште сәт пенде пиғыл көрмеген,
Өмір – тұнған ізгілік пен адалдық.
Көктемеде алтын арай күн шығып,
Жібермей ме баршамызды жыршы ғып.
Шарықтағы шалғылардың жүзіндей
Сағат сайын сан құбылған тіршілік...
ДОСЫМА
Талайлар ішке сыр бүкті,
Қажыдың-ау сан ойдан да,
Өр кеуделерді бас ұдай!
Қарауылға алып қулықты,
Мылтықсыз кірген майданға
Ақжүрек, абзал досым-ай.
Бақастық байқап кейде бір,
Көрсоқырларды көре қап,
Жасыма, жаным, күрсінбе.
Арманшыл едің, ойлы едің,
Қылықтарменен кереғар
Жекпе-жек шығып жүрсің бе?
Қайшылықтардан тұрады,
Болмысқа қояр кінәм бұл,
Байқаған жанға бұл өмір.
Ізгілік болған ұраны
Жақсыны көрсең қуандың,
Жарыла жаздап жүрегің.
Өжетсің әрі турасың,
Таңдадың жолдың ауырын,
Қалмасын бірақ ел сенбей.
Жасыңнан мақсат қуғасын,
Зұлымдықтардың тамырын
Қырқып түс қайтпас семсердей!
* * *
Жолбике емеспін мен дүрмекке ерген,
Жөргегімнен желігіп жыр деп келгем.
Тойы барда тірліктің тарқамайтын
Сендерге айтар, адамдар,
сыр көп менде.
Қуаныш пен қайғыңды бөлістім де,
Келістім де біріңмен, керістім де.
Мазасыз боп барамын...
Қиын екен
Ақын болып күн кешу жер үстінде.
Өлең мені бақытты,
бай қылған да,
Бұл сырымды сан рет жайдым да алға.
Ақ таңдардай аялы арманыммен
Ақ кемемді жүзгізем айдындарға.
Жас дәуреннің жап-жасыл көшелері,
Жүрегімді жолыңа төсер едім...
Аққу әуен жанымды тербегендей,
Өмір, неткен, дариға-ай, әсем едің!
Тіл қатқандай тылсымдар тереңдегі...
Елегізіп сәт сайын елеңдедім.
Кеудесіне көзайым адамдардың
Гүл етіп өр сырымды, өлеңдерім!..
МАЗМҰНЫ Бүгінгі өлең. С. Қирабаев...................................................... 3 БІР ТАЛ ҮКІ «Қаз мойынды ер салып...».................................................. 21 Бір тал үкі......................................................................... 23 Ай нұрына шомылған ақ шағала........................................... 25 Таң толғауы....................................................................... 27 Жетім құлын...................................................................... 29 Үрімжі. Желтоқсанның он алтыншы жұлдызы....................... 31 Бір-ақ өлең........................................................................ 33 «Арай кешіп жеткенде арманды аңсап...».............................. 34 «Қандай қиын туғанға болып ақын...»................................... 36 «Әулетімнің ар емізген арманы ем...».................................... 38 Қараөткел жаққа қарадым................................................... 39 Қос қараған........................................................................ 41 «Көңілдің нұры көктемгі...»................................................. 43 Естелік.............................................................................. 45 Шағылдың шалғайында шағын ауыл..................................... 47 Абаймен сырласу................................................................ 49 «Ұлытауымның дара шыңында...»........................................ 51 Байғазы-жыр..................................................................... 52 Бұландының бұлттары........................................................ 54 Көктөбеден барады көшіп көктем.......................................... 56 «Бастағы балғын шақтың баяны ұшып...».............................. 58 Алаштың арда туған бір баласы............................................ 59 Бөрісырғақ........................................................................ 61 Аспантау аққулары............................................................. 63 Жеделхат.......................................................................... 65 Балапан құс....................................................................... 67 «Жүрегімнің аз емес-ті сезгені...»......................................... 68 Тобылғыжарған.................................................................. 69
ӨМІР КЕШТІМ... Ай сынығы......................................................................... 73 Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл........................................ 75 Қытайдан келген киіз үй...................................................... 76 Бұлақ басындағы бұлдырық................................................. 78 Түс.................................................................................... 79 Аммандағы Адайлар........................................................... 80 Жаңғырық......................................................................... 83 Астанада. Ақпанда.............................................................. 85 Баянаула. Түнгі тілек.......................................................... 87 Қара нөсер. Қараша............................................................. 88 «Жыр жауған жылы күндерім ...»........................................ 89 «Жабырқаулы жаным неден жазықты...» ............................. 90 «Қызыл-жасыл босқа арбаған...» .......................................... 91 Қарашамен қоштасу............................................................ 92 Елес.................................................................................. 93 «Базарыңа бардым...»......................................................... 95 «Есіңді жи!..»..................................................................... 96 «Қаратаудың басынан көш құлады...»................................... 97 Алғадағы аққулар............................................................... 99 «Боз белге бардым...».........................................................101 Сіздей асыл табылмас.........................................................102 «Жұпарынан жаралған жалбыздардың...»............................104 Сексеуіл...........................................................................106 Түнгі ауылда.....................................................................108 Алматы............................................................................109 Шайтанкөлге барғанда.......................................................111 Екінді ауып барады............................................................113 Қараша ауыл.....................................................................115 «Сапардың түсті орайы...»..................................................116 «Жаныңды жан қала ма жан ұққанша...».............................118 «Тұнық көлдің тұмасы боп тұнатын...».................................119 «Көлеңкеңді көрсетпей көгінен күн...».................................120 «Жаны асыл мұрам...» .......................................................121 «Сары белден сағым болып ұшты арман...» ...........................122 Толқиды Тобыл.................................................................123 «Көз алдымда көктем боп тұнған елес...»..............................124 «Арыс жағасын» тыңдасам.................................................125
Ерейменді көргенде............................................................127 «Сенің көзің тұңғиық...»....................................................129 Күршімнің қызы...............................................................130 Қазанғаптың күйі «Жұртта қалған».....................................133 Назымхат.........................................................................135 «Шөлейттеу жердің шөбі едім...».........................................136 Гүлмира...........................................................................137 Кер бетегелер....................................................................138 Ескі жұрт.........................................................................139 «Қараөткелдің бауырында қалың шұбар...»..........................142 Қызыл іңір. Қызылжар......................................................144 Есіл ағады.........................................................................146 «Сеземін нұр-шырай барын...»............................................147 Жасыбай көлі....................................................................148 «Қара ағашты жел шайқады кешкілік...».............................150 «Ей, енесі өлген құлын күн...» ............................................151 Қоңыр..............................................................................152 «Бір өлеңім бар еді...» ........................................................153 «Қарашада қалмайды гүл ағашта...» ....................................154 Қап арқалап бара жатыр қыз бала........................................156 Соңғы өлең........................................................................158 Ақпанда. Ақөлеңде. Ақ айдында..........................................160 «Сағыныштың сарғайса да сағымы ақ...»..............................162 «Қобыз кеудемнің сынық шанағы...»...................................163 Еру қонды елуің.................................................................164 Бабайқорғанның баласы.....................................................166 Қазақы өлең......................................................................168 «Жаныма жақын жандайсың, жаным...»..............................169 «Бәpі ағады...»..................................................................170 «Шаңырақты көтереді уығы...»...........................................171 Жалғыз тамшы..................................................................172 Кербестінің кекілі..............................................................174 Біp түп емен......................................................................175 «Жесір желдер желігіп желген кеште...»..............................177 «Астана мынау шамдары жасыл-қызылды...» .......................178 Көшемін ертең...................................................................179 «Ай көрдім...»...................................................................181 «Киік-күндер көкжалдан қашқан саяқ...».............................182 «Өмір кештім...»................................................................183
ДАЛАНЫҢ ӨЗЕНДЕРІ
Даланың өзендері..............................................................187 Менің аппақ құстарым.......................................................188 Күзеудегі қараша үй...........................................................189 Осы көктем.......................................................................191 Елегізу. Дағдарыс жыры.....................................................192 «Көш қозғалды жолымен бұрынғының...»............................194 Оралу...............................................................................195 «Жүрегімде жаһанның...»..................................................198 «Жеңіске» барып қайтқанда...............................................199 «Көңілімнің қаз ұшты түстігінен...».....................................201 «Шарасына шық тұнған бұла белдің...»................................203 Өң мен түс.........................................................................204 Жылқышының баласы.......................................................205 «Жалынан сылап...»..........................................................207 Қызылағаш, Қызылағаш....................................................209 Ескі қорым.......................................................................211 Сүмбіледегі сурет...............................................................213 Қарашада.........................................................................215 Сынық арба.......................................................................216 Лэйла қыз.........................................................................218 «Көзімнің тұңғиығында...».................................................220 Бегімайдың әні..................................................................221 Баянтаудан қайтқанда........................................................223 «Жырлы көктем, жеттің бе...».............................................225 Нұрлан Мәукенұлымен Шыңғыстауға сапар..........................226 Ұлытауға бардың ба?..........................................................228 Сүмбіле-өлең.....................................................................230 Көлге кетіп қалып ем.........................................................231 Түрікменнің төрінде...........................................................233 Анадолы анасындай түріктің...............................................242 Ыстамбұлдың шаһары........................................................243 Айып Сұлтан мешіті...........................................................244 Шайырлар ақшамында оқылған өлең...................................245 Днепр дәптерінен...............................................................247 Қасиетті күннің қақпасы....................................................251 Құсқанаты........................................................................253 Биылғы көктем.................................................................254
Қарасазда қара өлең...........................................................255 Сары ала қаз, сары күз........................................................257 Бақытыңның пернесін шертем деп ем...................................258 «Шатылған кезде шудадай шырғалаңға мол...» .....................259 «Оралыңның барында ойна да күл...»...................................260 «Жүректен шерлі сөз толғай...» ..........................................261 «Сәуірдің сұлусарысы туды...»............................................262 Ашылу.............................................................................264 Жерұйық іздеу..................................................................265 Элегия..............................................................................266 «Отарбадай солқылдатқан шекені...» ...................................267 «Ақша бұлттар...».............................................................268 «Тандыры кепкен түздердің тазалап тәнін...» .......................270 «Тағдырымның шешілмей жұмбақтары...»...........................271 Жүректегі жерұйық...........................................................272 «Өмір мені аялап...» ..........................................................274 ЖҮРЕГІМНІҢ ЖҰЛДЫЗЫ Наурыз күні жазылған өлең................................................277 Ұлылықпен сырласу...........................................................279 Жидебайда жазылған жыр..................................................280 Құнанбай ........................................................................282 Күндерім күнмен жарысып.................................................283 Ықылас-күй......................................................................284 Толқындар ......................................................................286 «Ауылым Жаңаарқаның жазығында...»...............................288 Рух..................................................................................289 Сәкенмен сырласу..............................................................290 «Басқан ізіне гүл өскен ақын...»..........................................292 «Жынды» Әбен.................................................................293 «Айдынға қонар қаз емес...»................................................296 «Келер күндер, білмеймін, береді не...»................................297 «Құмай кенде болмайды шырайлы елде...»...........................298 «Қарабауыр бұлттары-ай қарашаның...»...............................299 9 Мамыр. Жеңіскерге жаңа жыр .......................................300 «Ару жырдың өртенгелі соңында...».....................................302 «Арқаның ауа көшті аңызағы...».........................................303 «Кеудем толы сағыныштың саз әні...»..................................305
«Жазылған ұл ем бесікте өлеңім...»......................................306 «Жаутаңкөз боп жасымашы, жырларым...»..........................307 «Жаумай өтіп барады жабағы бұлт...»..................................308 «Мұқағали секілді дара сазға...»..........................................309 Тағдыры жоқ ақындар ақын емес.........................................311 Құлжаның алшы түскен сақасындай....................................313 «Табиғаттың төлі ғой ақын аңғал бір...»................................315 Алматыға Арқадан көшіп келгем ........................................317 Ақ шуақ...........................................................................319 «Көңілдерде бара ма шуақ кеміп...».....................................321 «Ескірмейтін ежелгі мұра сынды...».....................................322 «Сағымды сары белдерде...»................................................323 «Мақсаттаудан іздеп шыққан мұратын...»............................324 Досыма ...........................................................................325 «Жолбике емеспін мен дүрмекке ерген...» ........................326
Ғалым Жайлыбай
ТАҢДАМАЛЫ
Бірінші том
Өлеңдер
Редакторы Қуат Құрмансейіт
Техникалық редакторы Эльмира Заманбек
Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов
Корректоры Венера Ғайнуллина
Компьютерде беттеген Ақерке Сқақова
Басуға 15.10.14 қол қойылды.
Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Шартты баспа табағы 21,0.
Тапсырыс №265. Таралымы 2000 дана.
«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру