Балаби мен Сырым
Сырым Датұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Сырым Датұлының «Балаби мен Сырым» шығармасы — қазақ батырлары мен халық қолбасшыларының өмірі мен ерлігін баяндайтын жыр. Шығармада батырлық, адалдық және елге қызмет ету тақырыптары көркем тіл мен тарихи образдар арқылы беріледі. Жыр қазақ халқының тарихи және әдеби мұрасын таныстырып, ұлттық п...
Бала би мен Сырым Сырым бір жылы орта жүзге барғанда сол елдің Балаби деген биіне кез келеді. Сырым мен Балаби екеуі көп әңгімелеседі. Балаби Сырымға бірнеше сұраулар қояды, Сырым жауап береді.
- Сіз ағайынды нешеу едіңіз? – дейді Балаби.
- Мен ағайынды екеумін, – дейді Сырым.
- Сізді Даттан ағайынды он бір деп естуші едік.
- Сіз түсінбедіңіз, мен Даттан он бір екенім рас, бірақ та олардың маған қанша керегі бар? Менің ағайынды екеумін дегенім – біреуі өзім, екіншісі – халқым.
- Сөз анасы не, Су анасы не, Жол анасы не? – дейді Балаби.
- Сөз анасы – құлақ, Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ, – деп жауап береді Cырым.
- Өтірік пен шынның арасы қанша жер, неше шақырым болар? – дейді Балаби.
- Өтірік пен шынның арасы төрт елі. Көз бен көргеннің арасы, құлақ пен естігеннің арасы неше шақырым деп мені алдамаңыз, – дейді Сырым.
- Ақылды қандай адамға айту керек? – Ақылды ұққанға айту керек.
- Ат не үшін шабады?
Ер не үшін шабады? – Ат шабысына қарай шабады, Ер намысына қарай шабады.
– Бұл дүниеде не тәтті? – дейді Балаби.
- Аста тұз тәтті, Адамда дос тәтті, – дейді Cырым.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру