TELEGEI

Home

101 далматин

Доди Смит

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

101 далматин

Тамаша ертегіші Уолт Диснейдің есімі елге мәлім. Оның таңқаларлық мультфильмдерінде романтика мен ерлік, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қайғы, әдемі әзіл мен жан жылуы қатар өріліп, елітіп әкетеді. “Алтын классика” сериялық кітаптар тамаша оқиғаларымен қоса көркем суреттерімен де көздің жауын алады. Кішкентай оқырмандар өздерінің сүйікті қаһармандарымен бірге сиқырлы әлемге тап болып, таңғажайып құпияларды ашады.

Понго атты далматин Роджер дейтін
иесімен бірге Лондон қаласының шетінде
тұрды. Кешке қарай Роджер пианино тарт­
са, Понго мұңайып терезеге қарап отыра­

тын. Екеуі де қатты жалғызсырайтын.

Бір күні Понго терезеден көшеде
кетіп бара жатқан далматинді көрді.
Оны сүйкімді қыз мойын жіппен же­
тектеп барады. Олар саябаққа бара

жатқан сияқты.

Понго не болса да, сүйкімді далматинмен танысқысы келіп, серуенге шыққысы келетінін білдіріп үріп-үріп қояды. Ол иесіне бешпенті мен қалпағын, тіпті мойын жібін де (мойын жіппен жүргенді жек көретін) ұстатып үлгерді.

Саябаққа кіре салып, Понго далматин жетектеген
бейтаныс қызды іздей бастады. Оларды өзенге жақын
жердегі
орындықтан

тауып
алды.
Понго
иесін

орындықтың жанына ары-бері сүйресе де, Роджер түк
те түсінбеді. Қызбен сөйлесу оның ойына кіріп шыққан
жоқ еді.

Ештеңе өнбесін білген Понго батыл
әрекетке көшті. Ол айнала жүгіріп жүріп,
байқатпай өзінің мойын жібімен Роджер
мен бейтаныс қыздың аяғын байлап та­

стады.
Сосын
мойын
жібін

тартып
қалғанда, олар жалп етіп өзенге құлады.
Осылайша Роджер Анитамен таны­
сты. Олар бір-бірін жақсы көріп, бірнеше

аптадан кейін үйленді.

Осылайша Понго Перитамен үйленді. Бәрі де
бақытты өмір сүріп жатты.
Бірақ бір күні біреу есіктің қоңырауын дамылсыз
соқты. Үйге Анитаның бұрынғы танысы Cтервелла

атты бір жағымсыз кісі кірген еді.

- Мен Пеританың күшіктейтінін естідім! – деді ол

Анитаға. – Оларды маған бересіңдер ме?

- Көрерміз, - деп салқын жауап берді Анита.

Көп ұзамай ақ қуанышты күн де туды. Перита ана
атанды, ол бесеу не алтау емес, білдей он бесін тапты!
Қатты қуанған ата-анасы мен иелері кішкентайларға
ат қоймақ болып ойлана бастады.

Осындай қуанышты күнде әлгі
жексұрын Стервелла қайта кіріп
келді.

- Бәрін де сатып аламын! – деп

әй-шәй жоқ мақтанып қалтасынан
чек кітапшасын суырып алды.
Осы кезде Роджер ашуға мініп,
оны үйден шығарып жіберді:

- Кетіңіз! Біз ештеңе де сатпай­

мыз!

Күшіктер өсіп қалды, үйдің іші олардың у шуға
айналған ойындарымен көңілді болатын. Күнде
кешке бүкіл далматиндер отбасы теледидар ал­
дында жиналып, полицей-төбет туралы хикаяны

тамашалайтын.

Пятныш атты күшіктердің бірі
өзінің телехикаядағы кейіпкері үшін
уайымдайтыны сондай, толғанып,
әкесінің мойнына шығып алатын.

Кешкі астан кейін, үй
күтушісі Нанни үлкен себетке
кішкентайларды
салып

ұйқтатса, Роджер мен Анита
Понго мен Пеританы ертіп
алып
кешкі

серуенге
шығатын.

Бір күні кешке Роджер мен Анита үйден
шыққаны сол еді, біреу есіктің қоңырауын ба­
сты. Нанни есік алдындағы күдікті екі адамды
көрді.

Кемпірдің
есін
жиғызбастан,
қарақшылар

үйге
басып
кірді.
Нанни

тоқтатқысы келіп еді, бірақ олар оның қолын
бұрап,

қораға қамап тастады. Ол қарақшылардың күшіктерді үлкен сөмкеге салып алып кеткенін ғана естіді.

Роджер мен Анита үйге келіп, Нанниді босатып одан не болғанын сұрап білді. Перита қатты қайғырды. Роджер сол арада полицияға ұрлық ту­ ралы хабарлады, өкінішке орай, Нанни қарақшылардың белгілерін өз көзімен көрмегендіктен, нақты айта алмады. Сондықтан полицияның көмегіне көп үміт артқан жоқ.

Понго мен Перита қандай жағдайға тап болғандары туралы көрші Дэнни досына ай­ тып берді. Ол бұл жаңалықты өзінің жақындарына жеткізді. Көп уақыт өтпей, ұрлық туралы хабар бүкіл қалаға тарады. Лондонның шет-шетіндегі иттің барлығы байғұс атаананың қайғысына ортақ болып, көмектесуге асықты.

Бір күн өтпей жатып, күшікті іздеуге тек айналадағы
иттер ғана емес, сонымен қатар басқа да үй жануар­
лары да кірісіп кетті. Олар бір-біріне күшіктердің си­
паттамасын

айтып,
ұрыларға
ұқсас
адамдарды

бақылады.

Кішкентайлардың
ұрланғаны
туралы
хабар

Лондонға жақын жерде орналасқан фермалардың
біріне келіп жетті. Осы фермада Мысық Сержант Тибс,
Төбеттер капитаны полковник мекендейтін.

- Кеше түнде көрші мекеннен күшіктердің қыңсылағанын естіп едім! – деп Сержант Тибс есіне түсірді. - Мұнысы қызық екен, мен онда көптен ешкім тұрмайды деп ойлайтынмын... – деп таңданды Пол­ ковник. Осылайша, олар жұмбақ аймақта не болып жатқанын білу үшін аңдуға аттанды.

Мысық
Сержант
Тибс
Полковниктің

арқасына
секіріп
мініп, терезеге үңілді.

- Ішінде далматиндер бар! –

деп айқайлады. – Бірақ олар он
бес емес, әлдеқайда көп! Және
оларды екі қарақшы күзетіп отыр.

Балалары ескі елсіз ме­ кенде деген хабарды естіген соң, Понго мен Перита оларды құтқаруға бет алды.

Ал, тап сол уақытта әлгі жердің иесі Стервелла
келді. Қарақшылар - ағайынды Паршивенстер
оның көмекшілері еді. Стервелла өзіне теңбіл тон
тігу үшін далматин күшіктерді ұрлаған екен.

Мысық Сержант Тибс үйге жасырынып
кіріп көріп еді, тоқсан тоғыз күшік өріп жүр
екен. Олардың ішінде Понго мен Пеританың
да балалары бар еді. Сержант Тибс

күшіктерге соңынан еруді бұйырды.

Күшіктер бөлмеден сытылып шығып, баспалдақпен төмен қарай жүгіре жөнелді. Бір жағдайды сезген Парши­ венстер үйді тінте баста­ ды.

Осы кезде асығып Понго
мен Перита да келіп жетті.
Төбет
Полковник

оларды
қақпа алдында қарсы алып,
болған жағдайды баяндап
берді.

Қарақшылар күшіктерді ақыры
тауып алды, бірақ осы уақытта үйге
ызаланған Понго мен Перита басып
кірді.

Понго ағайынды Парши-
венстердің біріне қарай атыл­
ды. Ал, Перита оның інісі
тұрған кілемді тісімен жұлқып

жіберіп еді, қарақшы тепе-
теңдігін сақтай алмай,үлкен
пештің ішіне кіріп кетті.

Паршивенстерді құлатқан
соң, Понго мен Перита өз
күшіктеріне
қарай

жүгірді,
олардың он бес емес, тоқсан
тоғыз күшік екенін көріп қатты
таңданды.

Қарақшылар естерін жиып
қуа жөнелді. Полковник, Пон­
го, Перита мен күшіктер ат
қораға тығылды.

- Күшіктер осы бір жерде болуы керек, - деп

міңгірледі Гаспар Паршивенс ат қораны сығалап.

- Пішенді өртеп жіберейік, сонда өздері-ақ жүгіріп

шығады! – деді інісі Гораций.

Осы кезде Капитан ат бар күшімен
қарақшыларды теуіп жіберді, олар бар
күшімен ұшып, бастарын қабырғаға соғып
құлап түсті. Ал, далматиндер болса,

аулаға қашып шығып үлгерді.

Иттер қуғыннан көпір астына тығылды, сонан соң үйге баратын ұзақ жолға шықты. Күшіктер қатты тоңды, қарындары ашып шарша­ ды.

Олардың бақытына орай алдарынан Колли
шықты.

- Мені сендерге Полковник жіберді, - деді ол.

– Тезірек мал қораға барайық. Ол жер жылы және

онда дәмді сүт бар...

Сиырлар
кішкентайларды аяп
сүт берді. Ал таңертең
Понго мен Перита

күшіктерді оятты,
қайта жолға шығу
керек.

Көп ұзамай күшіктер шаршап, жалынышты үнімен
қыңсылай бастады:

— Мен табанымды үсіріп алдым!

— Ал, менің құйрығым қатып қалды!

Жолдың бойында далматиндерді Лабрадор күтіп алды. - Соңымнан жүріңдер, сендерді Лондонға баратын жүк машинасына отырғызамын! Осы кезде алыстан Стервелланың қызғылт автокөлігі көрінді. Иттердің жақын жердегі қоймаға тығылуына тура келді.

Далматиндер қоймадан шыға алма­
ды – өйткені шыға берісте Стервеллла
аңдып тұрған еді. Бірақ Понгоға керемет
ой келді: егер далматиндер көмірдің

шаңына бір аунап шықса, олар қара ла­
брадордан аумай қалады да, Стервелла
оларды танымай қалады.

Лабрадор күшіктер тап Стервелланың алдынан жолды кесіп өтіп, жүк машинасына өрмелей кірді. Тап осы уақытта шатырдан олардың басына қар құлап, көмір шаңы қайта жуы­ лып кеткен күшіктер қайта дал­ матин бола қалды. Залым Стер­ велла оларды көріп қойды. - Тезірек! Бәрің де шанаққа отырыңдар! – деп бұйырды Понго.

Ақыры барлық күшіктер шанаққа мініп, жүк машинасы орнынан қозғалды. Стервелла жылдамдықты баса түсті, оның бар ойы күшіктерді ұстап алып кету болатын.

Бірақ жылдамдығын есепке алмай,
қаскүнем бұрылыста ауып, оның машина­
сы жардан құлады. Автокөліктен тек темір-
терсек үйіндісі ғана қалды. Стервелла

қатты налыды, өйткені автокөлігінен де
айырылды, күшіктер де қашып кетті.

Көп ұзамай жүк машинасы Лондонға да жетті-
ау. Роджер мен Анита күшіктерді көріп қатты
қуанды. Роджер қол орамалын алып, Понгоның
тұмсығындағы күйені сүртіп:

- Мынаны қарашы! Понго мен Пеританы

қосқанда жүз бір далматин болады ғой!-деп қуанды.

– Енді мына

шұрқырақтармен не
істемексіз? Бәрін де өзіңізге
қалдырасыз ба? – деп жы­
мия сұрады Нанни.

— Әлбетте! — деп басын

изеді Роджер. — Біз ауылдан
кең үй сатып алып, үлкен
ферма жасаймыз!

101 далматинец. Золотая классика Уолта Диснея [Текст] / Пер. с англ. Ю.Чаровой. — М.: Эгмонт Россия Лтд., 2009. — 80 с., цв. ил. — 3000 экз. — ІSBN 978-5-9539-4323-9. © 2010 Dіsney Enterprіses, Іnc. All rіghts reserved. Название на языке оригинала: Best Classіcs – 101 Dalmatіans. Перевод с английского Юлии Чаровой Редактор Татьяна Пименова Издательство «Эгмонт Россия Лтд.». 119021, Москва, Олсуфьевский переулок, дом 8, строение 6 www.egmont.ru Подписано в печать 13.11.2009. Формат 72х90/16.Объем 5 п. л. Бумага офсетная. Печать офсетная. Тираж 3000 экз. Заказ № Издательский номер Отпечатано в полном соответствии с качеством предоставленного электронного оригинал-макета в ОАО «Ярославский полиграфкомбинат». 150049, г. Ярославль, ул. Свободы, д. 97. ІSBN 978-5-9539-4323-9 Кітап бастауыш және орта мектеп оқушыларына арналған 101 ДАЛМАТИН Алтын классика Dіsney Редакторы: Мақпал Мыса Қазақ тіліне аударған: Әсем Қойшиева Корректоры: Құралай Мысаева Беттеген: Арман Мақсұтов Басуға ______ қол қойылды. Пішімі 72х90/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. Гарнитура «Прагматика». Шартты баспа табағы 5. Таралымы: 3000 дана. Тапсырыс № __ . Баспа нөмірі_____ ІSBN 978-5-353-06043-7 УДК 087.5 ББК 28.1 «Седьмой лепесток» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 1 Тел.: +7 (727) 273-59-06, 273-59-07 (сату бөлімі) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙