Əдеби жəдігерлер 2 том
Әлібекұлы А.
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Түрік тілдерінің жинағы (Түрік сөздігі)» — түрік дүниесінің əлемдік ғылым қазынасына қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл зерттеу еңбегі күллі түрік тілдерінің тұңғыш əрі аса терең мағыналы ғылыми сипаттамасы. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тіл зергері Махмұт Қашқари «Түрік тілдерінің жинағын» барлық түрік текті ұлыс, тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түрік елдерінің əдебиеті мен тілін
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша
шығарылып отыр
¶ÄÅÁÈ
ƶIJÃÅÐËÅÐ
20 томды
“Мəдени мұра”
Мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі
қоғамдық кеңестің құрамы
Əшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ə.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Аяған Б.Ғ.
Əбусейітова М.Қ.
Əжіғали С.Е.
Əлімбай Н.
Əуезов М.М.
Байпақов К.М.
Биекенов К.Ү.
Бұрханов К.Н.
Досжан А.Д.
Ертісбаев Е.Қ.
Есім Ғ.
Қасқабасов С.А.
Қошанов А.
Нысанбаев Ə.Н.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сейдімбек А.С.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.
Хұсайынов К.Ш.
Шаймерденов Е.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О.ƏУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ƏДЕБИЕТ ЖƏНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ
¶ÄÅÁÈ
ƶIJÃÅÐËÅÐ
2-òîì
ÒYÐ²Ê Ñ¥ÇIJò
Алматы 2007
РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚА:
Қасқабасов С., төраға
Қорабай С., төрағаның орынбасары
Егеубаева С.
Жолдасбеков М.
Жүсіпов Қ.
Келімбетов Н.
Қирабаев С.
Мағауин М.
Мұқанов М.
ТОМНЫҢ РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Əлібекұлы А.
Егеубаева С.
Жармұхамедұлы М.
Қорабай С., жауапты редактор
Томды баспаға дайындаған: Егеубаева С.
Сарапшы: Əбдіғазиұлы Б., филология ғылымдарының докторы
ББК 83. 3Қаз ІSBN 9965–806–55–1 (2-т.) ІSBN 9965–806–41–1 © Егеубаев А.Қ., 2007 © Əдебиет жəне өнер институты, 2007 © «Таймас» ЖШС, көркемдеу, 2007 Барлық құқықтары қорғалған Басылымның мүліктік құқықтары «Таймас» баспа үйіне тиесілі ББК 83. 3Қаз Ə22 Əдеби жəдігерлер. Жиырма томдық. 2-т.: Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі /Көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Қ.Егеубай. — Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2007. — 592 бет. ІSBN 9965–806–55–1 Ə22 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті 017 “Əлеуметтік маңызды əдебиет түрлерін шығару” бағдарламасы Томды басуға М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған «Түрік тілдерінің жинағы (Түрік сөздігі)» — түрік дүниесінің əлемдік ғылым қазынасына қосқан ұлы мұрасы. Үш томдық бұл зерттеу еңбегі күллі түрік тілдерінің тұңғыш əрі аса терең мағыналы ғылыми сипаттамасы. Сахараның ұлы ғалымы, біртуар ойшылы, тіл зергері Махмұт Қашқари «Түрік тілдерінің жинағын» барлық түрік текті ұлыс, тайпаларды аралап жинап, зерттеп, талдап барып жазған. Күллі түрік елдерінің əдебиеті мен тілін салыстырмалы түрде зерделеп түзіп шыққан алғашқы энциклопедиялық кітап. Түрік тілінің тұңғыш та, əсте қайталанбайтын бірегей оқулығы. XІ ғасырдың бұл энциклопедиялық терең мазмұнды зерттеуі қазіргі түрік тектес ұлттардың ежелгі мəдениетінде қайта жаңғыру үрдісі жаңа бағыт алған тұста аса қажетті де пайдалы еңбек. Ана тіліміздің, туған əдебиетіміз бен мəдениетіміздің түп негіздері, төл заңдылықтары осы білікті зерттеу беттерінде жан-жақты көрініс тапқан. Қазақ ұлысының жаңа ғылымы да, таным дүниесі де, елдік қағидалары да осындай аталы дəстүрімізден қуат алып, нəр жинауы тиіс. Ə 4603020000–16 00(05)–07 РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚАДАН М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты Мемлекеттік «Мəдени мұра» шеңберінде жарық көретін «Əдеби жəдігерлер» атты жиырма томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда. Аталған басылымның басты мақсаты – халықтың ежелгі заманнан бергі жазба мұралары мен əдеби жəдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі халық тарына ортақ ежелгі жəне орта ғасыр əдеби ескерткіштері мен ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ақындар шығармаларын неғұрлым толық жариялау. Оқырманға ұсынылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының екінші, үшінші жəне төртінші томдарын орта ғасырда өмір сүрген аса көрнекті түркі ғалымы Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігі» («Диуани лұғат-ит-түрк») еңбегі құрайды. ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқари (1029-1101) – аса көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп Баласағұнның тұстасы, замандасы. Ол Талас – Шу алқабындағы Барысхан қаласында Қарахан əулетінде туған. Қашғарда білім алып, Бұхара мен Бағдадта оқуын жалғастырған. Түркі халықтары мекен еткен жерлерді түгел дерлік аралап, өзінің басты еңбегі «Диуани лұғат-иттүрк» атты түркі тілдерінің жинағын жазып шығады. М.Қашқаридің «Түрік сөздігі» - орта ғасырлардағы түркі халықтарының энциклопедиясы, 3 томнан, 8 кітаптан тұратын құнды еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Түркі халықтарын аралап материал жинау бары сында ғалым түркі тілдес түрлі тайпалардың ерекшеліктеріне мəн бере отырып, түркі тілінің айтылу, жазылу заңдылықтарын, қолдану аясына қатысты айырым белгілерін зерттеді, əлемдік түркітану тарихында алғаш рет тарихи-салыстырмалы зерттеу əдісін қолданып, диалектология ғылымының негізін салды. «Түрік сөздігінде» түркі халықтарының ауыз əдебиеті үлгілері де кеңінен қамтылған, сөздерге түсінік беруде 242 бəйіт пен 262 мақал-мəтел пайдаланылған. Еңбекте 29 түрлі түркі тайпасының этноним, топонимдері, туыстық атаулары мен этнографиялық ерекшеліктері кеңінен сипатталған. Ғалым осы атақты еңбегін дайындауға бірнеше жыл өмірін арнап, 10721078 жылдары Бағдад қаласында жазып бітірген. Түрік ғалымы Басым Аталай «Диуани лұғат-ит-түрк» кітабын алғаш рет қазіргі түрік тіліне аударып, бұл еңбек 1939-1941 жылдары Түркияда 3 том болып басылып шықты, одан кейін 1960 жылдары Ташкентте «Түрік сөздігінің» үш томдығы өзбек тілінде араб жəне кириллица əліпбиімен жарық көрді (Өзбек тіліне аударып, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған ғалым Салық Муталлибов). Ұйғыр тіліндегі аудармасы 1981 жылы Қытайда үш том болып жарық көрді. Орыс тіліндегі аудармалары үзінді күйінде жарияланып келді. 2005 жылы қазақстандық шығыстанушы Зифа Мұратқызы Əуезованың аударуымен “Диуани лұғатит-түрк” еңбегінің орыс тіліндегі нұсқасы жеке кітап болып шықты. Ал қазақ тілінде алғаш рет 1997-1998 жылдары белгілі ақын, əдебиеттанушығалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Құрмашұлы Егеубаевтың (1950-2006) аударуымен үш том болып жарық көрді. «Əдеби жəдігерлер» сериясының 2-4 томдарын құрап отырған М.Қашқаридің «Түрік сөздігі» А.Қ.Егеубаев аударған басылым (Алматы,
МАХМҰТ ҚАШҚАРИ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ-ИТ-ТҮРК» (XІ ғ.) Махмұт Қашқари түрік жұрты, түрік ұлысы жөнінде былай деп сөз қалдырыпты: «Мен тəңірінің дəулет ұясын түріктер жұлдызына жаратқандығын жəне ғарышты солардың заманы үстінде айналдырып қойғанын көрдім. Тəңірі оларды «түрік» деп атады. Əрі оларды мемлекетке еге қылды. Заманымыздың хақан дарын түріктерден шығарып, дəуір, халықтың ақылерік тізгінін солар дың қолына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді əзіз қылды əрі түріктер ішінен соларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Шайх Əбубəкірдің ақырзаман турасында жазған бір кітабында ұлы пайғам барымыздан нақыл келтіріп, мынадай хадисті баян етеді: «Ұлы тəңірі: Менің бір тайпа қосыным бар, оларды «түрік» деп атадым, оларды күншығысқа орна ластырдым. Бір ұлысқа ашуланып, назалансам түріктерді соларға қарсы саламын» депті. Сондықтан да Тəңірдің өзі оларға ат берген, жер жүзінің ең биік, ыңғайлы, ең əуесі таза шұрайлы өлкелеріне орналастырған да, оларды «Өз қосыным» деп санаған. Оның үстіне түріктер көркемдік, сүйкімділік, жарқын жүзділік, əдептілік, жүректілік, үлкендерді, қария ларды құрметтеу, сөзінде тұру, мəрттік, кішіктік, тағы сондай сансыз көп мақтаулы қасиеттерге ие». Өз заманында айтылған сөздердегі ғалымның еліне деген ерекше ықыласы көрініп тұр. Екінші жағынан қазірде қырықтан астам ұлыс-ұлттардың тегін білдеретін «түрік елі», «түрік жері» ұғымының дүние тарихында өзіндік орны бар екендігі күмəнсіз əрі айдан анық тарихи ақиқат. Тағы да сол түрік жұртының тілі жөнінде ғұлама тілші ғалым Махмұт Қашқари былай деп білдіріпті: «Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, одардың жолын берік тұту əрбір ақыл иесіне лайықты да парызды іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан безіп, түріктерге мұңайып келсе, түріктер оларды қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады. ...Пайғамбарымыз қиянат белгілері, ақырзаман бітінəлары мен оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ, ғұмырлы болмақ!»— деген екен. Хант, 1997-1998,1-3 томдар) бойынша дайын далды. Жаңа басылым А.Қ.Егеубаевтың “М.Қашқари. “Диуани лұғат-ит-түрк” (ХІ ғ.)” атты көлемді кіріспе мақаласымен ашылып отыр. А.Қ.Егеубаев осы еңбекті аудару барысында «Диуани-лұғат-ит-түрктің» қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген əліпби бойынша тұңғыш рет транскрипциялық мəтінін жасады. Қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, транскрипциялау кезіндегі əр тілдің өзгешеліктері, талдау жəне таңдау тəртібі салыстырмалы түрде сарапталды, орта ғасырлық түркі тілі мен қазіргі қазақ тілінің қағидаларына сəйкес түзілді. Əр сөзді аударғанда, соған берілген мысалдарды тəржімалағанда бастапқы үлгі сақталды: əуелі араб əліпбиіндегі нұсқасы, латын əліпбиіндегі əрі кирилл əліпбиіндегі транскрипциясы, содан кейін аудармасы рет-ретімен берілді. Қазіргі қазақ тілінде кездесетін, бірақ мағынасы өзгешелеу сөздер, бірнеше мағыналы сөздер ретіне қарай қатар жазып көрсетілді, аударылуға тиісті сөздердің қазақша аударма баламалары алынды. Тіл біліміне қатысты кейбір терминдерге, атауларға түсіндірме жасалды. Осылайша А.Қ.Егеубаев аударып, дайындаған басылым еш өзгеріссіз, оның өзі ұсынған ғылыми принциптері негізінде беріліп отыр. Томның көлемі — 36 б.т.
Бұл хадистің дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл шын болса, түрік тілін үйренген абзал, білген жөн, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл парықтар. ...Ең ашық-айқын əрі тура да түзу тіл — тек сол бір ғана тілді біліп, парсылармен араласпайтын жəне шет өлкелермен барыс-келіс жасамайтын кісілердің тілдері». Түрік елі мен түрік тілі туралы осындай ой айтқан Махмұт Қашқари өзі жайында: «Сонымен, мен сол түріктердің қызыл тілге ең шешендерінен, ең əдемі əңгімешілерінен, ең бір зеректерінен, ең білгірлерінен, ежелгі асыл тайпа ларынан уа соғыс ісінде мықты найзагерлерінен болғандығымнан, олардың шаһарлары мен сахарасын бастан-аяқ аралап шықтым. Түрік, түркмен, оғыз, шығыл, йағма, қырғыздардың сөздерін жəне (сөздерінің) қасиет, құпияларын анықтап шықтым, оларды пайдаландым. Мен бұл істерді осы тілдердегі əрбір кішігірім айырмашылықтарды парықтап білу үшін істедім. Сонымен олардың əрқайсысының тілі менің көңілімде ұялап, берік сақталып қалды. Мен оларды мұқият реттеп, əбден тəртіпке келтіріп, жүйелеп шықтым. Бұл бір мəңгілік жəдігерлік уа таусылмас-түгесілмес, азып-тозбас бір бай лық болсын деп, бір Тəңірге сыйынып, осы кітапты түзіп шықтым да, оған «Диуани лұғат-ит-түрк — Түрік тілдерінің диуаны» деген ат бердім,» — деп баян етеді... Жалпы, түрік жұртының бір тарихи кезеңін Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері жеткізсе, сол ескерткіштерге қашалған сөздердегі «Түрік» ұғымы атаулыға қастерлей қарау дəстүрі, байқап отырсыздар, осы еңбекте де айқын. Ал Өнгін ескерткіштеріндегі «(3) Батыр ерлерін балбал етіп қойды. Түрік халқы аты жоғала бастаған еді. «Түрік халқы құрымасын, құрбан болмасын!» — деп үстіндегі Тəңірі айтқан еді,» — дегендегі Тəңірдің аузынан айтылған сөздің рухы да Махмұт Қашқари ниетіне өте-мөте жақын. Тəңірдің сөзін ортаға ала сөйлеу... XІ ғасыр табалдырығында тұрып зерттеуші тілші түрік тілі мен елі туралы хəм өзі туралы осындай тұжырымдар айтқан. Айқын, нақты, түйінді ой. «Түрік сөздігінің» мақсаты мен маңызын осы сөздердің өзі-ақ жақсы түсіндіріп берген. Күлтегін, Тоныкөк, Өнгүн жазуларында да, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари еңбектерінде де өзекті бір рухани желі бар. Ол — Түрік елі, түрік өркениаты. Руна жазуларында елді сақтау, мемлекетті түзу, кеңейту, нəсілдің құрып кетпеуі қысқа, нақты ой түйіндерімен жетсе, кейінгі XІ ғасырдағы əйгілі жазбаларда сол рухты ұстанып əрі қарай гүлдену мақсатын өнер мен ғылым тілінде толғайды. Кейінгі шығармаларда елдік дəстүр, халықтық рух, өнер-білім, білік мұраттары айқындала түскен. Барша түрік əулетіндегі халықтардың қатарында қазақ елінің де мəдениетіне, тіліне, өнеріне тікелей қатысты ұлы ескерткіштердің ішінде осы «Түрік тіл дері жинағының» үш томдығы да ерекше шоқтықты биігінде бағаланады. Жүсіп Баласағұнның атақты «Құтадғу біліг» дастаны хыжра бойынша 462-жылы жазылса, Махмұт Қашқарлы бұл үш жинаққа топтастырылған, сегіз кітаптан тұратын тілтану жайлы еңбегін хижра бойынша 464 жылы бастап 466 жылы аяқтап шыққан. Екі білге де бұл тарихи деректерді аталмыш еңбек терінің қолжазбасында жазып, көрсетіп кеткен. Арасында небары 4 жылдай ғана уақыт айырмасы бар. Əрі екеуінің өмір сүрген дəуірі мен жері де, білім түзіп, ғылым сүзген топырақтары да бір. Бір өркениаттың, бір мəдениеттің өзгеше дəуірлеу тұсының мəңгілік бəйтеректері. Басқа да ежелгі түрік ескерткіштерінің ішінде жазылу мəдениеті, поэзия мен ғылымизерттеу еңбек теріне тəн ерекшеліктердің аса айқын, маңызды əрі кемел сипатта көрініс табуының өзі-ақ «Құдатғу біліг» пен «Түрік тілдерінің жинағы» байтақ Тұран даласындағы қоғамдық ойдың, көркемдік-эстетикалық танымның қаншалықты таңқаларлық жоғары дəрежеде толысқанының тарихи құжатына айналған. Бірі — аса шебер толғанған философиялық-дидактикалық дастан, екіншісі — бүкіл түрік тілдеріне ортақ Тілтану энциклопедиясы. Түрік тілдес халықтардың қай-қайсысының да ұлттық тіл біліміне кіріспе қадамдары ежелгі руна жазуларымен қатар, арнайы ғылыми сипаты қанық осынау үш томдық «Диауани лұғат-ит-түрк» еңбегінен басталуы тиіс. Философиялық əрі поэтикалық трактат пен тіл білімін түзген осынау ұлы зерттеудің биігінен қарағанда күллі түрік мəдениетінің көкжиегі əлемдік деңгейде кеңейіп, тынысы ашылып аруақтанып кетеді. Осыған дейінгі ұланғайыр даму белестері бедерленіп көрініп, шоқтықтана түседі. Махмұт Қашқаридың толық аты-тегі: Махмұт Құсайын ұлы, бабасы Мұхаммед. Ата-бабасы Барсғанда туған. Яғни ата-тегінің шыққан жері, өзінің өсіп-өнген жері осы көне түрік шахарларының аумағы. Баласағұн, Барсған жері. Өзі де осы құнарлы Талас, Шу топырағында, Барсхан қаласында дүниеге келген. Өз басым Махмұт Қашқари өзінің картасын жасағанда нақ ортасында дүниенің кіндігіндей етіп Барсғанды көрсетуі тегін емес деп сезінемін. Ғалымның өзі де Барсған жөнінде толық мəлімет келтірген: «Барс-ған — Афрасиаб ұлының есімі. Барсған қаласын сол салдырған...»* деп бастап, тиянақтап түсіндіреді. Жері шүйгін, ауасы таза, жақсы жер екендігін, сол жерде жылқы баққандығы, кейін оның есімімен Барсған аталғандығын түсіндіре кетеді. Сонымен бірге, сөздігінде осы аймақтағы бірнеше ауыл, жайлаулардың атауы кездескенде «біздің жайлау», «біздің жер» деп қосымша мағлұмат білдіріп отырады. Сондықтан, əртүрлі пікір-болжамдар болғанымен, Махмұт Қашқаридың туған, өскен жері турасында күмəн, күңгірттік болмаса керек. Ал, ғұлама ғалымның туған-қайтыс болған жылдары белгісіз. Ол жөнінде кітапта да дерек кездеспейді, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеңе демейді. Қолжазбада Махмұт Қашқаридың бұл еңбекті қай жылдарда не үшін бастағанын, не үшін жазғанын һəм қай жылы, қай күні тəмəмдағанын түсіріп кеткен мерзімге қарап шамалауға болады. Сондай-ақ кейінгі, бертінгі түпнұсқаны көшіріп сақтап, таратушылар қай жылдары көшіріп жазғандарын білдіріп отырған. Кітаптың өз мəтініндегі деректер бойынша хыжра бойынша 464 жыл мен 466 жыл аралығына төрт рет редакцияланып, түзетіліп жазылып шыққан * «Диуани луғат-ит-турк», Факсимиле, ІІІ том, 625-бет.
екен. Əрине, осыншама ұлы еңбекті жазуға Махмұт Қашқари білге талай жылдарын сарп еткені анық. Бүкіл түрік жерлері мен тайпаларын тегіс аралау, тіл ерекшеліктерін салыстыра талдап саралау, əр ру-тайпаның тіл байлығы мен тіл құнарына ден қойып зерделеу үстіне айтылу, жазылу заңдылықтарына дейін жетеге жеткізе зерттеу, тіршіліктегі, тұрмыстағы қолдану аясына байланысты өміршеңдік жағын қарастырған қағидалар шығару ғұлама ғалымның ғұмырлық мұраты болғанға ұқсайды. Егер «Құтадғу біліг» («Құтты білік») дастанын жазған кезде Жүсіп Қас Хажыб Баласағұн 51 жас (А. Ділашар), 54 жас (Р. Р. Арат) шамасында деп сенімді түрде түйіндесек, Махмұт Қашқариға келгенде, жас шамасын айқындау біраз қиындықтарға түседі. Жүсіп Қас Хажыб дастанында өзінің жас шамасына қатысты, шығарманың жазылу мерзіміне қарай (он сегіз айда жазған) там-тұмдап болса да деректер ұшқыны бар. Ал Махмұт Қашқари өзінің ең бір қызыл тілді шешен, батыл, өжет, найзагер екендігін айтады. Əрі араб, парсы жəне түрік мəдениетіндегі, олардың қоғамдық-эстетикалық дамуындағы ағым үрдістерді еркін ажыратып, салыстырып отырады. Əрине, ел-жұрт ішінде танылып, белгілі болмаған, мойындалмаған болса, Махмұт сияқты ұлы хəкімдер құр мақтанға бармас еді. Демек, осы сегіз кітаптан тұратын еңбегін жазуға кіріскенде ғалым кемеліне келіп, ел ағасы боларлық жасқа жеткен кезі деп шамалауға болар еді. Еңбек біздің жыл санауымызша 1072 не 1078 жылдарда жазылған деп жобаланып келсе, оны жазған хəкім елулерге кең-мол қадам басқан адам. Əйтсе де, 1029—1038 жылдар аралығында туған (О. Прицак) деген болжам бар. Ғалымның тегі, елі жөнінде де түрлі болжамдар, қайшылықты пікірлер жеткілікті. Оның қайсыбір кереғар бағыттары көзі ашық, құлағы түрік оқырман дарға мағлұм. Кереметтей еңбек тындырып, тарихи маңызы терең зерттеулер жазған, аудармалар жасаған ғалым-хəкімдеріміздің осындай «нəзік» тұстарда тарихи ұлы тұлғаларды жанына жақын санап, іштартқан ниеттерін, адамға тəн таза да бейкүнə ұлағатқа құштарлық сезімінен туған ықыласты болжамдарын бұл жерде олай-былай еді деп жіктепжіліктеп жатудың реті жоқ. Бұрынғыдай емес, қазір бүлінген түрік дүниесі қайтадан тұтастыққа бейіл бұрған кезде ондай пікірталасының ғылыми да, əлеуметтік те дəрежесі қатардағы ғана əңгіме. «Түрік сөздігінің» өзі исі түрік тақырыбын мұрат еткендіктен, ондай ұлы тұлғаның да ежелгі тұғыры — тұтас түрік əлемі. Ал тегімізге тəн дəстүр мен ой жүгіртер болсақ, кітаптың мазмұн-сипатына, автордың өмірі мен қызметіне, ойниетіне қатысты деректер мен болжамдарды шолғанда, оғыз-қыпшақ ортасынан шыққан, Тұран жұртының ұрпағы əрі ғалым, аяулы ақсақал Əмір Нəджіб өзінің «Исследования по истории тюркских языков XІ—XІV вв.» деген еңбегінде: «Оның Қашқари деген лақап аты Қашғарда дəріс алып, сонда тұрғандығын ғана аңғартады. Автордың өзінің сөзі бойынша, ол ортаазиялық əскери қолбасшы, белгілі отбасынан, оғыз ортасынан шыққан. Ол жайында өзі «Біздің бек бабамыз «əмір» деген сөзді «хамир» деп атайды. Себебі, оғыздардың «əмір» деген сөзді айтуға тілі келмейді. Сондықтан олар міндетті түрде «хамир» деп айтады,»— деп жазған. Махмұт Қашқари Самани əулетінен Орта Азияны тартып алған бектің есімі Хамир Темір екендігін білдірген. Осындай тұжырымдар автордың оғыз тайпаларының бірінен шығуы мүмкін екендігін меңзейді»,— дейді. Ал, Əмір Нəджіб ақсақал білікті түріктанушылардың көшбасындағы ғалым. «Диуани лұғат-ит-түрк» кітабының бізге жалғыз қолжазбасы жеткен. Ол Түркияның Стамбол кітапханасында сақтаулы тұр. Кезінде Бағдаттағы халифат кітапханасында сақталып, кейін əртүрлі жағдайда көшіріліп, жер-жерге таралған. Түркиядағы қолжазбаны көшіруші сабалық, кейін Шамда тұрған Мұхаммед ибн Əбубəкір Əбл Фатих Махмұт Қашқаридың өз қолымен жазған түпкі нұсқасынан тікелей көшірілгенін куəландырып, хаттаған. «Бұл кітапты тұпнұсқадан көшіріп болған күн 644 жылғы шəууəлінің 27 күнгі базар еді» деп жазған, осы кітаптың соңында. Соған қарағанда бұл қолжазба нұсқа «Диуани лұғат-ит-түрік» жазылғаннан кейін 180 жылдан соң көшірілген. Біздің жыл қайыруымызда 1266 жылғы 1-тамыз, Броккельман тұжырымы бойынша 2-тамызда, көшіріліп біткен. Кезінде «Түрік сөздігі» («Диуани лұғат-ит-түрк») көптеген зерттеу еңбектердің жазылуына негіз болды. Көптеген ғалымдар Махмұт Қашқари еңбегі туралы құнды пікірлер айтып, жоғары бағалады, тіл біліміне қатысты соны жаңалықтар ашты. Мысыр, неміс, венгр, түрік, орыс ғұламалары қызыға зерт теген. Насихаттаған. Əйгілі мысырлық тарихшы Бəдреддин Махмұт ибн Ахмет ибн Мұса (хижра бойынша 758 жылы өлген) «Замана ақылойының ақық-інжулері» деген еңбегінде түрік жұртының ру-тайлалары, таңбалық белгілері, тілі мен тұрмысы туралы тұжырымды, тиянақты да ықшам мағлұматтарды Махмұт Қашқаридың кітабынан оқығанын жазған. Бірқатар ежелгі Шығыс дүниесінің ғалымдары Махмұт Қашқари еңбегіне сүйенгендерін айтып, пікір білдіріп, сілтеме жасап отырған. Махмұт Қашқаридың тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тəсілі бүкіл араб, шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тəсілі ретінде, өзінше бір мектеп болып қалыптасты десе де болады. Арабтың мəшхүр тілтанушы ғалымы Жамаладдин ибн Мұхан түрік данасы, Махмұт Қашқариды өзімнің ұстазым деп атаған. Стамболда сақтаулы тұрған осы жалғыз дана қолжазба тарихы да бір аңыз. Оны 1914 жылы түрік ғалымы Əли Əмір мұқтаждықпен сатып тұрған адамнан кітап жаймасынан сатып алады. Содан кейін Рифат білге баспаға əзірлейді. Жариялатады. Неміс ғалымы К. Броккельман «Диуани лұғат-ит-түріктің» табанды зерттеу шісі ретінде танылды. 1919 жылдан бастап зерттеу мақалаларын жазып, жүйелі зерделеді. Ал, 1928 жылы жинақтың неміс əліпбиінің ретімен түзілген немісше индекс сөздігін жариялады. Махмұт Қашқаридың ұлы қызметі мен еңбегінің жемісін танып, бағалап, болашақ ұрпақ игілігіне айналдырудағы түрік ғалымы Басым Аталайдың талант ты да ыждахатты еңбегі күллі түріктану ісіндегі ғажайып зор əрі зей нетті ғылыми іс болды. (Бұл жерде, Б. Аталайға дейін Рифат білге, тағы басқа бірнеше зерттеушілер аударған. Бірақ олардың ғылыми нəтижелері қауымға кеңінен мəлім бола қоймаған сияқты). Басым Аталай көп зерделеп ізденіп, өлмейтін, түрік тарихымен бірге жасай беретін ғұмырлық қызмет сіңірді. «Диуани лұғат-ит-түрік» кітабын Түркия түріктерінің қазіргі
тілінде тəржімелеп, жүйелеп 1939 жыл мен 1941 жыл аралығында 3 томы мен индекс сөздігін жарыққа шығарды. Сонымен қатар, қолжазбасының факсимильді басылымын жүзеге асырды. Басым Аталай қолжазбадағы түсініксіз тұстарды парақтап, талдап түсіндіріп, өзіне дейінгі зерттеу жұмыстарын саралап зерделеп, К. Броккельман еңбегінде орын алған жаңсақтықтарды дəлелді түрде түзетіп, тиянақты ғылыми түсіндірмелер жасап кейінгі түрік танушы маман дарға аса пайдалы, халық тарихына да жарайтын академиялық іс тындырған. Түрік танымына тəн ерекшеліктерге, ел-жер аттары, этнологиялық таным-түсініктерге, этнографиялық, топонимдік ерекшеліктерге қатысты мұқият ғылыми жүйелілікке ұмтылды. Махмұт Қашқаридың «Диуанилұғат-ит-түрік» кітабының ғылыми, тəжірибелік маңызын танытуға талантты да ғылыми дəйекті бағыт салды. Үш томдағы аудармаларда орын алған кемшіліктерді, жаңсақтықтарды индексті сөздігінде (4-том) түзетіп, тұжырымдады. Басым Аталайдың ғылыми еңбегі, тұжырымдары кезінде Карл Броккельман, тағы басқа айтулы мамандар тарапынан қолдау тапты, жоғары бағаланды. Басым Аталайдың Түркия түріктері тіліне аударған аудармасы, талдаулары, түптеп келгенде ғылыми аударма. Сонысымен де, осы саладағы мамандар мен зерттеушілер ден қойып, бағыт етіп ұстанатын бірден бір басылым нұсқасы. Батыс пен шығыс зиялыларының назарын біртіндеп аударып келген бұл ғылыми ескерткіш осы 1939—1941 жылғы жарияланымнан кейін мүлде жаңа белеске көтеріліп, тынысы кеңейіп, екінші бір өмірін бастап кетті. Дүние жүзіндегі аса құнды энциклопедиялық асыл қазыналардың қатарына қосылды. Шындығында да, Брокгауз, Даль, Радлов секілді ұлы зерттеушілердің іргелі еңбектерінің қатарында адамзат баласының игілігіне айналды. Түрік тектес халықтардың басқа тілдеріне аудару кезінде жоғарыдағы зерттеулер мен аудармалар, əсіресе Басым Аталай еңбегі басшылыққа алынып келеді. Бұдан кейін 1960 жылдары Ташкентте үш томдығы өзбек тілінде араб жəне кириллица əліппесімен жарық көрді. Аударып, баспаға дайындаған Салық Муталлибов. Ол аударып, алғысөз, ғылыми түсініктерін жазған. Ұйғыр халқының зиялылары ежелгі түрік жазбаларының қай-қай сысына да ізгі құштарлықпен қарап, іштартып отыратыны түсінуге болатын жақсы қасиет. Ұйғыр тіліндегі аудармасы Қытайда 1981 жылы жарық көрді, үш том. Онда ұйғыр аудармашылары Б. Аталай мен С.Муталлибов аудармаларына ғылыми сыни көзқараспен қарап, дұрыс тұстарын қолдап, қателіктерін түзете отырып, факсимильдік басылыммен қатар алдыңғы көш ретінде оларға да сүйенгендіктерін айтып, жазыпты. Мұндай сүйекті ірі дүниелерді игергенде ғылыми түрлі көзқарастардың болуы заңды. Біз барлық (түрік, өзбек, ұйғыр) аудармаларындағы ондай тұстарды аңғарып, салыстырып отырдық та, жеке-жеке ұлт өкілдерінің емес, тұтас түрік қауымы ғалымдарының түрлі көзқарас тары, пікір-болжамдары деп қарадық. Сол дұрысырақ. Біз де өз еңбегімізде сол тұрғыдан, алдыңғы басылымдардың үрдісін құлабыз еттік. Аталмыш еңбегінде Махмұт Қашқари түрік тайпаларының тілдерін тұң ғыш рет салыстырмалы талдау тəсілімен жарыстыра түсіндіріп, араб тілінің заңдылықтарымен екшеп салмақтады. «Мен бұл кітапты хикмат сөздер, сежілер, мақал-мəтелдер, өлеңжырлар, режез жəне несір (көркем қарасөз — А.Е.) секілді əдеби сөздермен безендіріп, мақсұс əліппесі ретімен түзіп шықтым. Үйренушілер мен қызығушылар керекті сөздерді тез, оңай табуы үшін көп жылдар бейнет шегіп, сөздерді орын-орындарына қойдым. Көмескілерін аштым, жарық еттім, қателерін жұм сарттым, түзеттім. Ақыры, бұл тіл кітабын (сөздікті) мынадай сегіз бөлікке жіктедім»,— деп, Махмұт Қашқари өзінің кіріспе бөлімінде арнайы түсіндірме жасаған. Мұнда да араб, парсы мəдениетін, əдебиетін жетік білетін білікті маманның ғылыми таным мəнері, айырықша айқын түсініктілікке ұмтылатыны көрінеді. Ол əйтеуір сөздердің бəрін құлағынан тартып тізе бермей тек қолданылып жүргендерін алғандығын, қолданылмайтындарын қалдырғанын да негіздеп түсіндіреді. Кітапты оқитын адамдардың жалығып, зерікпеуін, əрі іздеген сөздерін қиналмай тауып алуына мүмкіндік жасауды ескерген. Ал жоғарыдағы сөзіндегі «сежі, режез» деген терминдер, түсініктер араб əдебиетінің теория сынан алған атаулар. Онда осы екі сөз белгілі бір жанрлардың белгілі бір даму кезеңіндегі ерекшелік сипаттарын білдіретін атаулары. Мəселен, сежі — араб өлеңінің ең ежелгі көне түрі. Бұған əуелінде арабтардың ішкі ырғаққа бай ұйқасты сөздерін де, қысқа хикаяларын да жатқызған. Ұйқасты қарасөз деп те, қарабайыр өлеңнің алғашқы көрінісі деп те айтылып жүр. Жалпы араб өлеңі поэтикасының тарихында негізінен, өлең сөздің үйлесімді жалғасқан үш түрлік даму үлгісі аталады. Бұл қағиданы құптаушы ғалымдар көп. Режез — өлең түрі ретінде сежіден кейінгі кезеңде көп тараған, өзінің табиғаты, ішкі бітімі жағынан сежіден туындап, ілгерірек басып, күрделілене түскен өлең түзілімі. Оны қазіргі араб зерттеушілері «халық өлеңінің» үлгісі ретінде талдайды. Ал, үшінші қасыда, аруз өлең өлшемі араб поэзиясының ең кемеліне келе дамыған, кең тараған поэтикалық бітім үлгісі. Зерттеушілер сежі өлең үлгісінің V ғасырлардан көрініс беретіндігін, сондай-ақ тастағы шежіре жазулар, тарихи баяндар (мəселен, Табари (923 ж.д.) Йемен шахы Иасир Əнəн Əл Химиаридың тасқа жазған жазбаларын, Ж. Əли Орталық Арабиядағы Иамамдағы құдыққа таяу тұстағы үш тасқа Йемен əскерлерінің шабуылынан кейін түсірілген жазулар жөнінде сипаттайды) оған дəлел бола алатындығын жазған. Сежі мəтіндері негізінен тарихи туындыларға іштартады. Кейін əртүрлі тақырыптарға жазылған. Пайғамбардың хадистерінде де сежі əуезі, үйлесімі кездесіп қалады. Сежінің Құранда кездесетінін бірқатар ғалымдар теріске шығарса, бірқатар зерттеушілер «Əр-рахман», «Əлқамар» сүрелерінде сежі үлгілері бар дегенді дəлелдеуге тырысады. Осының бəрі қалай дегенде сежінің ең көне өлең үлгісі екендігін аңғартады. Ал, режез сөзінің түп-төр кіні арабтардың өзіне де бұлдыр қалып келген. Араб тілшілері режездің шөккен түйе көтерілгендегі артқы тірсегінің дірілін білдіретін бір мағынасын көбірек ұстанады. Жалпы режездің көп
қолданылатынына, əрі түрлі тақырып қа бейімдігіне қарай «өлеңнің қара нары» атануы да тегін болмаса керек. Бертінірек режез түрлі ғылымның негізін қысқаша өлең жолдарымен түсін діруге де қолданылғаны белгілі. (Өлеңмен жазылған трактат...) Яғни, өлеңнің кең тараған, халық ұғымына жеңіл үлгісі. («Сежі араб өлеңінің көне үлгісі», «Режез — араб өлеңінің өтпелі түрі»)*. Махмұт Қашқари бұл терминдерді атап қана өтеді. Түсіндіріп уақыт, көлем ұтқызбайды. Онсыз да араб тілі заңдылықтарынан белгілі жəйт деп санаған сияқты. Сондай-ақ, түрік тілінде сөз араб тіліндегідей əйел, ер жынысына қарай (муж. род; жен род) ежіктелмейтіндігін айтқанда да, етістіктің жақтары мен жіктелуі хақында да араб грамматикасына салыстыра отырып қағидалар түзеді. Махмұт Қашқари еңбегінде аталып қалған осы екі терминді түсіндіре талдаудағы мақсат: түрік жұртының тұңғыш тілші ғалымының сол кездің өзінде сөз өнері ғылымы саласында қаншалықты терең, байсалды зерттеулерге зерделеп барғандығын, ол терминдердің поэтика тарихындағы алатын айрық ша зор орнын аңғарта кету. Махмұт Қашқари бұл еңбегін сегіз кітапқа жіктеген. Алғашқы кітапты Тəңірінің жөнімен Əліптен бастадым дейді. Əліптен басталатын кітабын «Хамза кітабы» деп атаған. Екіншісі, «Сəлім кітабы», яғни құрамында «харфи илет» деп аталатын «əліп (а), уау (у), иай (й)» əріптері болмаған сөздер, əріп қайталанбаған сөздер; Үшінші Мұзоаф кітабы, яғни бір əрпі қайталанған сөздер кітабы; Төртіншісі, Мисал кітабы, яғни «харфи илеттің» бірінен басталған сөздер кітабы; Бесіншісі, үш əріпті кітап; Алтыншысы, төрт əріпті кітап; Жетіншісі, мұрын дыбысты əріптер кітабы, «ғұнналылар» деп аталады; Сегізіншісі, екі сүкүндікпен қатар келген сөздер кітабы. Кітаптарда əуелі есімдерді, одан кейін етістіктерді түзіп отырады. Былайша айтқанда, əр кітапта сөздер «Есімдер» мен «Етістіктер» деген екі үлкен бөлімге түзілген. Жалпы осы еңбегінде, қаншама араб əдебиетінің терминологиясын, кейбір зерттеу түзу тəртібін қолдандым десе де, салыстыра қарастырса да Махмұт Қашқаридың өз сөзімен айтсақ «Түрк тілінің араб тілімен бəйгеге шапқан екі аттай (үзеңгі қағыстырып) қатар шауып бара жат қанын » көрсетуге тырысқан. Ғұлама ғалымның таным, білік, талант қуаты қаншалықты тегеурінді, кемел болса, түрік мəдениетіне, күллі түрік тіліне деген перзенттік құрметтеу, əспеттеу сезімі соншалықты күшті. Кітапта түрік тілінің түзілу, түрлену, жасалу жолдары тұжырымды, кідіксіз түсіндіріледі. Түрік əліппесінің ерекшелігі де талданған. Түрік тілінде негізгі 18 əріп бар екендігін, оның сыртында екінші ретте тұратын тағы 7 əріп бар екендігін, оларсыз түрік сөзінің құрылмайтынын да, жазылмайтынын да бажайлай баяндайды. Үндестік заңы, үндестік заңына сəйкес қосымшалардың, жалғаулықтардың үндесуіне қатысты қағидалар түзеді. Көне түрік əліппесінің кескіндерін түсіріп көрсетеді. Ал, көне түрік *Д. В. Фролов. Классический арабский стих. М„ «Наука». 1991., стр. 67—139. əліппесінің, руна жазуларының, олардың əріптерінің көне грек əліппесімен ұқсас тұстарын, ал жалпы көне түрік əріптерінің қазақ ру таңбаларымен сағымдай шарпысып қалатынын ескерсек, Махмұт Қашқари кітабында келтірілген əріптер мен картаның ғылыми қарымы күшейе түседі. Жалпы түрік тіліне ортақ зандылықтарды тіл білімінің өзекті күретамыр шарттары ретінде түзіп, қорытындылайды. Сол заңдылықтардың барлығы дерлік қазақ тіліне де етене жақын, сабақтасып, үндесіп түсіп отырады. Сөздердің этимологиялық тектес тігінен бастап, түрленіп, жасалу, түзілу тəртіптеріне дейін егіздің сыңарындай ұқсас. Бұл жерде жекелеген түбі бір сөздерді, ұқсас сөздерді тізбелеп жатудың да реті жоқ. Екі сөздің бірі қазіргі қазақ тілінің сөзі. Мақал, мəтел, қанатты сөз, нақыл сөздер де жанға жақын, санаға таныс. Дүниетаным түзілімдері мен əлеуметтік-қоғамдық көзқарас өзегіндегі тектестікті де аңғарту қиынға түспейді. Бұл негізінен түрік жұртының бүкіл даму тарихында түзілген, қалыптасқан дүниетаным əлемі. Сөз əлемі. Түрік жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, əдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері «Түрік сөздігінде» барынша нақты тарихи-деректілік сипатпен танылған. Яғни, тіл туралы еңбек болумен бірге түрік əлемінің бай рухани қазынасын, кенеулі жан-дүние кеңістігін бəз күйінде алға тартады... Түрік жерінің аумағы, онда мекендеген ұлт-ұлыстардың сипаты, тарихы, соған қатысты тарихи деректер мен аңыз əпсаналар, бірқатар тайпалардың түрік жеріне келуі мен қоныстануы, олардың шежірелері көзі ашылмай келген тарихи көмбе. Кітаптағы осыған қатысты деректердің құндылығында шек жоқ. Ал, Махмұт Қашқаридың дөңгелек картасы əлемнің ең ежелгі түрік картасы ретінде белгілі*. Осы картада Барсған, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап түрік дүниесінің ежелгі шаһарлары, елді мекендері, жер бедері түгелдей дерлік қағаз бетіне түскен. Əрі сол X—XІ ғасырлардағы атауларымен жазылған. Махмұт Қашқари осы картаны назарға ұсынып, сипаттаумен қатар Рүм жерінен сонау ұлы мұхитқа дейінгі аралықтағы түрік тайпаларының барлығына сипаттама беріп шығады. Əрі жер көлемін көрсетеді. Қай жерден қай жерге дейін мекендейтінін айтады. Əрі əр тайпаның тілдік ерекшеліктеріне тоқталады, тілді таза сақтаудың əлеуметтік, географиялық алғышарт тарын сөз етеді. Осынау ең көне дəуірдегі түріктің əлемдік картасы, түрік дүниесі жөніндегі егжей-тегжейлі сипаттама, талдаулар ғалымның өлмес мұрасының басты бір қасиеті. Түрік ұлдарының тұмары іспеттес. Түрік елінің əр шаңырағында сақталар, төрінде тұтар, санасына сіңірер қасиетті атамекен суреті. Шұғылалы түрік жерінің үкілі ескерткіші. Түрік жерінде тіршілік етіп жатқан ұлыстардың, ел-жұрттың тұрмыссалтына, əдет-ғұрпына қатысты деректер де мол кездеседі. Сөйтіп, тарихи құнарымен, бəз күйінде танып-білуге мүмкіндік береді. Бұл орайда, Махмұт Қашқари еңбегін түрік жұртының тұңғыш энциклопе диялық анықтамалығы деген дұрысырақ. * Умняков И. И. Самая старая турецкая карта мира. Труды Самаркандского Гос. пед. института им. А. М. Горького, т. 1., вып.1, Самарканд, 1940, стр 103-131.
Түрік елінің құрал-жабдықтары, қару-жарақ, сауыт-саймандары жайлы да, ас-ауқаты, алуан қырлы дəм тағамдарының кейбірінің пайда болуы, кейбірін əзірлеу əдістері туралы да, толып жатқан дəрі-дəрмектер жөнінде де қазіргі замандастарымыз біле бермейтін, бай деректер əрі таң қалдырады, əрі ежелгі өркениаттың қасиетті топырағына тəнті етеді. Мəселен, ыстық күндерде салқындау, шөлді басу үшін жейтін əрі балмұздақ, əрі тағам күріштен əзірленетін ерекше дəм кім-кімді де елең еткізеді. Əзірлеу əдісі де қарапайым дəмнің гео-этникалық ерекшелігі де айқын. Болмаса түрік шараптарын ашыту тəсілдері. Түрлі дəрілердің өсімдіктен, жан-жануарлар өнімдерінен əзірленетіні. Егер, көне түрік ескерткіштеріндегі əртүрлі кеселдерді емдеу үшін, адам ағзасын тоздырмау үшін, тағы басқа түрлі мақсаттарға арналған дəрідəрмек, шипалы қоспаларды жасау жолдарын, тəсілдерін (рецептерді) бөлек жинақтап, басын қосса түрік медицинасының табиғатын ашатын өзінше бір ғылыми еңбек шығар еді. Ас-су, тағамға қатысты да осындай жайлар жеткілікті. Қалың қолы жорықта арып-ашып, талып-шаршағанда, ашыққанда Ескендір Зұлқарнайын ойлап тапқан əрі нəрлі, əрі ұзақ сақталатын, ұзақ жорық жағ дайында қолайлы «Тұтмаш» (мағыналық атауы: «Тұтма аш — аш ұстама» сөзінен шыққан) тағамы туралы баян да қызғылықты. Тибет жұртының (түбіт жұртының) тарихы, Ескендір Зұлқарнайын салдырған қалалар тарихы, өзен-сулардың, қала-қыстақтардың тарихы қалың жұртшылыққа атамекеніміздің ежелгі дүниесін, мəдени даму жолдарын шынайы дерек, мағлұматтар арқылы таныстыратын соны да бағалы түйіндер. Түрік сахарасының жан-жануарлар дүниесі мен өсімдіктері туралы да бұрын-соңды көпшілікке жете таныс бола қоймаған деректер жеткілікті. Хайуанаттар мен мақлұқаттардың біразының ежелгі атауларына, өсімдіктер дің, шөп, ағаштардың, жемістердің атауларына, табиғи жаратылыс ерекшелік теріне, қандай жерлерде қандай жағдайларда өсетініне қаныға түсеміз. Ғұлама олардың барлығының атауларына, неге олай аталғандығына, басқа жерлерде өссе, ол жақта қалай аталатынына, реті келсе араб тіліндегі аталуына тоқталып, табиғи жаратылысына, қолданылу аясына түсінік береді. Пайдалы, пайдасыздығын баяндайды. Жеуге, емге, тұрмыстың басқа шарттарына жарам ды болса, пайдалану жолдарын айтады. Тарихи тұлғалар жайлы аңыздар, шағын-шағын өлең, жырлар өзінше бір поэтикалық ғалам десе де болар. Табиғат, жаратылыс сипаттарын толғаған жыр шумақтары да түрік жұртының топырағынан тəн тосын да бірегей құбылыстарын мəңгілік есте қаларлықтай санаға сіңіре түседі. «Түрік сөздігінде» 242 шумақ өлең, жыр, 200-ден астам даналық сөз бен мақал-мəтелдер, қанатты сөздер болса, солардың барлығы да белгілі бір мағынаны, ордалы ойды, тебіреністі толғамды білдіріп тұрады. Ол жырларда негізінен жат жұрттықтармен соғыстар, ел ішіндегі рулық, тайпалық қақтығыстар, тарихи адамдардың ерліктері, қахармандық, ақлиқат, тағдыр, тіршілік туралы ой-толғамдар, табиғат суреттері, адамның əртүрлі көңіл-күй сезімдері толғанады. Ал, мақал-мəтел, даналық сөздер, қанатты сөздер — халықтың, елдің рухани тарихи тəжірибесінің түйінді мəуелері. Олар көркемдікэстетикалық таным өрнектері болумен бірге, тарихи дерек те. Ұлттық тарихи-мəдени мұраның өлмейтін өркені, өшпейтін тынысы, жоғалмайтын қазынасы. Бұл өзі ішінара кəдімгідей флора мен фауна, жаратылыстану саласындағы бірқатар жайларды дəл де жете түсіндіріп беретін ғылыми анықтамалық сөздік қызметін де атқара алады. Көптеген тайпа, ұлыстардың тіл ерекшелігін саралап, түрік тілінің бітімін ежіктей түседі. Бірқатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректеріне қанығамыз. Əйгілі ұлы тұлға Ескендір Зұлқарнайын туралы соны деректер бар. Зұлқарнайын есімі Құранда үш жерде аталады. Құранның 18-Кеһф сүресінде. Онда былай əңгімеленген. «Олар сенен Зұлқарнайынды сұрайды: «Сендерге оның жайын түсіндірейін» де. (Бұл Зұлқарнайын «екі мүйізді» деген ұғымда. Екі тұлымы немесе тажында екі мүйізі болғандықтан атанған. Аты Ескендір, пайғамбар емес. Батыс, Шығысты кезген; Рүм, Фарсы деген тағы басқа рауаяттар бар.) Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке ие қылдық. Өзіне əр істе қолайлық бердік. О да бір шара қолданды. Тіпті күн бататын жерге жеткен сəтте, оны қара балшықты бұлаққа батқан түрде көрді. Сондай-ақ, сол маңнан бір ел тапты. «Əй, Зұлқарнайын, не (ол елді) азаптарсың, немесе оларға жақсылық істерсің» дедік. (Құран Кəрім, 18-Кеһф сүресі, 303-бет.) Одан əрі Зұлқарнайынның Шығысқа барғаны, күн астындағы елге жеткені, одан екі таудың арасына жеткенде сөзді түсіне алмайтын елге кездескенін айтады. Темір қорған, қақпа құйғанын əңгімелейді. Ал, Құранда айтылатын осы оқиғаның бір ұшығы Махмұт Қашқарлының «Түрік сөздігінде» ұшырасады. Махмұт Қашқарлы Зұлқарнайынның түрік даласына, Шынға қарай жорығына қатысты бірнеше тарихи аңыз, əңгімені кірістіреді. Алтынқан оқиғасы, Тұтмаш деген тағамды ойлап табуы, ұйғыр атауына қатысты ойлары тікелей Ескендір Зұлқарнайын есіміне байланысты дəлелденеді. Түрік даласында Зұлқарнайын сел жауынға ұшырап, жүре алмай қалады, «Бұл неткен батпақ!»— деп кеиді. Сол жер де, ел де солай аталыл кетеді. Төрт-бес қала салдырады. «Шігіл» сөзін түсіндіргенде де Махмұт Қашқари бұл турасында: «Тараз жағындағы шахарда тұратындар Шігіл деп аталады. Зұлқарнайын арғулар шахарына жеткенде қатты жаңбыр жауып, батпақ, лайсаң болып Ескендір жүре алмай қалған. «Бұл қандай батпақ, лайсаң» деп қиналыпты. (Арабша «Ин чи гил аст» деген сөз екен.) Сол жерге қонады. Сол жердегі түріктер содан бері шігіл аталып кетіпті. Жайхуннан Шынға дейінгі түріктердің бəрі Шігіл аталған» — деп жазады. Жаңағы Құран сүресінде айтылатын «балшықты бұлаққа батты» деген дерек осы Махмұт Қашқари хикаясына үйлеседі. Бұл дəл де нақты тарихи оқиғалар. Жалпы Махмұт Қашқари Құраннан мысалдар келтіріп, Пайғамбар хəдистерін түсіндіріп, ойын нықтап отырады. Кей тұста Құранды қалай оқу керектігін, кейбір қараңғы адамдар түсінбей қалып күнəһар болмауы үшін дұрыстап, сабырмен, жатық оқитын тұстар бар екендігін де түсіндіреді. Өзен, су, жер аттарына қатысты құнды мағлұматтар қаншама. Еділ, Іле, Ертіс секілді ұлы өзендер, олардың бойындағы тіршілік, тұрмыс сымбаты,
тайпалардың өзгешеліктері қысқа да тұжырымды хатталған. Егер, ғылыми стиль, ғылым тілі дегенді ойласақ, бұдан ұғынықты, бұдан айқын мəнер бол майтын шығар. Шеберлік деген осы. Тіл шеберлігі, көркемдігі туралы өзі де ойларын айта отырады. Мəселен, ең жеңіл тіл ретінде оғыздардың тілін атаса, иағмалар мен тохсалардың, Іле, Ертіс, Иамар, Еділ бойындағы жұрт пен ұйғыр атырабына дейінгі аймақта тұратын тайпалардың тілі ең дұрыс тіл деп кесімді тұжырым түйеді. Ертісті Иемек даласындағы ірі өзеннің атауы дейді. Ертістің бірнеше тар мағы бар екендігін, өзі үлкен көлге құятынын əңгімелейді. Ертіс өзенінің аталуы жөнінде де қызық бір мағлұмат бере кетеді. Бұл осы үлкен өзеннен кім бəсекелесіп, жарысып, тез жүзіп өтер екен деген мəнді білдіретін, «ертіс» сөзінен шыққан атау екен. Тараз, Ташкент, Баласағұн, Самарқанд, тағы басқа біраз қалалардың, ауылдардың аттарына талдау жасалады. «Кенд» сөзіне кесімді анықтама береді. Евразияның ұлан-байтақ кеңістігін ен жайлаған түрік тайпаларының жеті мың бес жүзден астам əртүрлі сөздері жинақталған «Түрік сөздерінің кітабы» ұрпақтан ұрпаққа ауысқан сайын тарихи маңызы айқындала түсетін, қадірі арта түсетін халықтық мұра, қасиетті кітап. Соншама сөздердің қай-қайсысы да белгілі бір тарихи мəнге ие, белгілі бір өркениат мəуесі. Бір сөздің этимологиясынан-ақ, даму, түрлену тарихынан-ақ көп жағдаяттарды аңғаруға əбден болады. Олар оқыған адамға маңызды мағлұмат берудің үстіне, мəдениет, салт-сана, таным тарихынан хабардар етіп, ежелгі түп-тегімізді түйсіндіріп отыратын алтын дəн іспеттес. Тарихтың даму үрдісінде, қырық қатпарлы құбылыстарында кен көзіндей байып, қордалана түскен бірегей қасиеттердің түйінді бөлшегі. Рухани қазына өзегі. Мəдениетіміздің, тіліміздің, əдебиет пен өнеріміздің, қала берді Ұлт, ұлыс ретіндегі толысу жолдарымыздың бедерлі белгілері, тума қасиеттері сол алтын өзекте тұнып тұр. Бұл жерде Махмұт Қашқарлының ел ішінде қолданылып жүрген сөздерді ғана алдым, қолданылмайтындарын (яғни, архаизмдер) тастадым, түрік тайпаларына тəн сөздерді ғана жинақтадым, бөтен сөздерді қоспадым деген түсіндірмелерін еске саламыз. Бөтен сөз мүлде кездеспейді десек қателеспейміз. Кейбір адам аттары мен ел, жер атаулары ілеуде біреу көрініп қалса, ол қай елдің тіліндегі сөз екендігі, қайдан шыққандығы баяндалады. Демек, сөздікте қоспасыз, таза түрік елдерінің тіліндегі сөздер жинақталған деген тұжырым. Жоғарыда анықтап айтқанымыздай, топонимика мен этнонимдер, тарихи есімдер мен тарихи тұлғалар, оқиғалар, ежелгі өлең жырлардың текстологиялық қырсырлары, жалпы түрік тілінің тарихы мен этимологиясының ерекшеліктері, диалектологиялық заңдылықтары, морфологиялық, фонетикалық, грамматикалық сипаттары, тағы басқа маңызды мəселелер осы үш томдық энциклопе диялық еңбекте толымды көрінген. Мақал-мəтелдердің, қанатты сөздердің, сонымен қатар, тұрақты тір кестердің сонау ІX—XІ ғасырлардан бүгінге дейін жалғасқан тарихи жолы сайрап жатыр. Оларды əлі де зерделеп, жүйелі түрде зерттеу қазақ тілінің, жалпы түрік тілінің бай мазмұн өрнектерін, мағына құнарын аша түсетіні күмəнсіз. Басқа да ежелгі түрік мəдени ескерткіштерінде кездесетін сөздер, ұғымдар, тарихи атаулар, толып жатқан тілдік диалектілерден туындайтын сөз дер дің мағыналық реңдері нақты талданып, түрік дүниесінің ежелгі дəуірлердегі тілі мен мəдениетіне, өркениат өрісіне тұтастық сипат дарытады. Тұран даласындағы заманындағы тұтас бір өркениет тыны сының айшықты кардиограммалары тұтас бір тіршіліктің біртуар жаратылысын көзге елестеткендей болады. Көкжиегі кең, өресі биік, өрісі нəрлі мəдени кеңістік. Əріге бармай-ақ, төрт-бес жылдық қана уақыт айырмасы бар «Құтадғу білік» дастанын түгелдей «Диуани лұғат-ит-түрк» арқылы талдап, əр сөзіне дейін таразылап шығуға болар еді. Біз қазіргі қазақ, яки түрік тектес елдердің тілінде күні бүгінге дейін еркін қолданылып жүрген, қазіргі қазақ тілінде де молынан ұшырасатын сөздерді, тұрақты тіркестерді, даналық сөздерді, мақал-мəтелдерді айтып отырған жоқпыз. Ол өзінен өзі түсінікті жайлар. Сол кездегі таным, білім тынысын, белгілі бір салалардағы ғылым жетістіктерін ашып беретін сөздер, ұғымдар қаншама! Тек қана космологиялық таным дүниесіне қатысты сөздердің, терминдердің, ұғымдардың өзі неге тұрады?! Ай, жұлдыз атаулары, жалпы аспан денелеріне, ғарыш əлеміне қатысты сөздер, терминдер «Құтадғу білік» дастанында да, «Түрік сөздігінде» де жүйелі түрде көрініп, белгілі бір жүйелі дүниетаным желісін аңғартады. Махмұт Қашқари тұңғыш тіл маманы. Тұңғыш түрік тілінің оқулығын жасап шыққан, грамматикасын түзген, жалпы түрік əлемінің тіл өнерінің өрісін мəңгілік кеңейтіп, өркенін өсірген Ғұлама. Күллі түрік тілдерінің тұтастығын білдіретін қасиеттерін, өзара айырмашылық белгілерін айқындап, өзекті заңдылықтарын жүйелеп түзіп ұсынған тұңғыш ғалым. Ұлы еңбек, ұлағатты дəстүр. Түрік тілдерінің диалектологиясының, грамматикасының, лексикасының түп-тұғыры осы сөздікте қалыптасқан. Салыстырмалы сөздік қана емес, тіл саласындағы салыстырмалы тəсілді алғаш рет кеңінен қолданған тынысы кең байсалды зерттеу. «Түрік сөздігі» қазіргі қазақ тілінің де ерекшеліктерін, мол шығармашылық мүмкіндіктерін, көркемдік мағыналық мəнін тереңдеп біле түсуге жол ашатын құнды еңбек. Тілге қатысты сан қырлы қоры тындылар мен ережелер, ортақ заңдылықтар қазақ тіліне де өте-мөте тəн. Сөздікте соның бəрі де жете талданып, жеткілікті көрініс тапқан. Ежелгі түрік халықтарының сөздері қатарында жүрген есім сөздер, етістіктер, топонимдер, аңыздар, мақалдар қазір де қазақ тілінде жан-жақты қолданылады. Оның сыртында, сөздікте аталатын жер аттары ның, тарихи оқиғалардың, соғыстардың, аңыз-хикаялардың дені, тағы басқа жайлар қазіргі қазақ жерінің аумағына тікелей қатысты. Мысалы, Ескендір Зұлқарнайын мен Шу деген түріктің жас батырына қатысты тарихи хикаядағы салынатын Шу шахары, Шу атауы бүгін де жақсы мəлім. Ал, жыл қайыруға байланысты біз, негізінен Тышқанның қалай жыл басы болғандығы жайлы əйгілі аңызды білетінбіз. Онда тышқан өрмелеп түйенің төбесіне шығып, келе жатқан жылды көріп алғаны айтылатын. Ал, Махмұт Қашқари мүлде бөлек аңызды айтады. Аңыз оқиғасы Іле өзенінің бойында өтеді. Түрік қағаны өзі жаңылыса берген соң, жыл санауды ыңғайлы
бір ретке түсіруді ойлайды. Ол үшін жылдарды он екі хайуан атымен атауды ұсынады. Содан кейін, аңға шыққанда аң, хайуан атаулыны Ілеге қарай тоғытып, қуалайды. Сонда, Іленің арғы бетіне бірінші болып тышқан жүзіп шыққан екен. Одан кейін ілесе жүзіп шыққан жан-жануарлардың аттарын рет-ретімен белгілеп, санап он екі жылдың атауларын белгілейді. Он екі жылды бір мүшел санайды. Жыл атаулары, реті қазіргі қолданылып жүрген жыл аттарына толық сəйкес келеді. Осы хикаяның өзі-ақ көп жайды аңғартып, тарихымызды, ел тарихына тікелей қатысты байырғы оқиғаларды жақын таныстырып, Ұлттық мəдениетіміздің өзіне ғана тəн шарт, белгілерін тайға таңба басқандай алдыға көлденең тартатындай. Ал мақал-мəтелдердің табиғатынан, жанрлық түзілім заңдылықтарынан қазіргі қазақ тіліне жақындықты түйсінбеу мүмкін емес. Түрік тілінің мəуелі бұтағы қазақ тілі қазақ елі тəуелсіздік алғаннан бергі кезеңде дамудың өзгеше белесіне қанат жайды. Тіл білімінің теориялық, тəжірибелік маңызы ерекше артты. Тіл тағдыры, тіл шеберлігі, жалпы Тіл білімі мəселесі елдік, мемлекеттік маңызға ие болды. Қазақ тілінің бағы ашылып, Ұлттық қасиеттердің басты белгісі ретінде мемлекеттіліктің бірден бір бедерлі нышанына айналды. Нақ осындай қайта жаңғыру, қайта өрлеу белесінде ғұлама ғалым Махмұт Қашқаридың өлмес мұрасы атамекеніміздегі рухани түлеулердің заңды тұғыры, кемелділікке бастайтын алтын бесігі санатты. «Түрік сөздігі» Ұлттық мəдениетіміздің, тіліміздің мəртебесін көтеріп, беделін бекітетін өркенді кітап. Бұл баға жетпес асыл қазынаны зерттеу, ел игілігіне айналдыру рухани тіршіліктің бұрын-соңды өзіміз аңғара қоймаған тосын да тың, əрі тіл мəдениетіміздің ежелгі замандарда-ақ күретамыр өзегіне нəр болып байланған бірегей қасиеттерін байыта түседі. Түрік дүниесінің құнарлы да тегеуірінді өркениат əлемінің тұнық тұма, терең көмбелерінің көзін ашады. Сол арқылы біз дүниежүзілік тұтас бір өркениаттағы өз үнімізді танып, өз тінімізбен қауышатын боламыз. «Түрік сөздігі» арқылы ОрхонЕнесай жырларының заманындағы мəдениет тынысына, Ə. Фараби мен Ж. Баласағұн өмір сүріп, өлмес туындыларын жазған кезеңдердің шығармашылық құпияларына, тарихтың əлі де еркін таныла қоймаған қойнауларына жол табамыз. «Диуани лұғат-ит-түрік»—түрік өркениатының алтын кілті. Орхон жазбалары, «Құтты білік» дастаны, «Түрік сөздігі» сол тарихи тынысы тереңге тартқан өркениаттың биік мұнаралары десе де сияды. Түрік əлемінің ғылымы мен мəдениетінің адам баласының рухани игілігіне қосылған парасат мəуесі. Осы ретте «Диуани лұғат-ит-түрік» кітабындағы тіл қазынасы, ерекшелік сипаттары, асыл мұрасы қазақ елінің де мерейін өсіреді, еңсесін көтереді деп кəміл сенеміз. Мамандар мен зерттеушілердің аз тобының ғана еншісі болып келген осынау асыл қазына, қастерлі мұра жаңа толқынның, жалпы халықтың назарына ілігіп, Ұлттық игілікке айналған сайын, ұлттық қасиетіміздің ғасырлар қойнауында тұнып аққан кəусарына қана түсеміз. Таза бастауға ден қойған мəдениеттің ғана рухы биік, тынысы кең, тіні таза. Кезінде осыдан он ғасыр бұрын ұрпақ, болашақ қамын ойлап аса білікті, талантты сөздік түзген бабамыздың мұратты мақсаты да орындалады. Сөздіктің бұған дейін неміс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылғанын айттық. Қазақ тіліне аударып жариялау, зерттеу де кезі келген іс деп ойлаймыз. Оның сəті Еліміз еркіндік алып, тəуелсіздік түтінін түтеткеннен кейін ғана түскендей. Кезінде Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігін» аудару үстінде сөздік ретінде пайдаланып, маңызына, құндылығына еркін көзім жеткен ұлы мұраны исі қазақ хəкімдерінің қызметіне жарату іште жүрген үмітті мақсатым, əр жылдары тиіп-қашып қарастырып, аударыстырып жүрген зерттеу ісі еді. Соның реті енді келгендей болды. Махмұт Қашқаридың шарттары мен түсіндірмелерін бұлжытпай, «Диуани-лұғат-ит-түріктің» де қадірін жеткізе аударуға күш салдық. Бұл жерде бүкіл аудару ісіндегі ішкі тынысты түгел əңгімелеп жатудың мүмкіндігі жоқ, ол қажет те емес. Ең бастысы, қолдарыңыздағы түрік халықтарының тұңғыш сөздігі, тіл энциклопедиясы, тіл таныту оқулығы. Өлеңдер мен мақал-мəтелдер, қанатты сөздер, жырлар, аңыздар бəз күйінде еш əрлендірусіз аударылды. Кейбір мəні де, көркемдік түзілімі де үйлесіп, құйылып тұрған тұстарда болмаса, өлеңдердің аудармасын көркемдеуге əдейі ұмтылмадық, төл бітімін, мазмұн-мағынасын, тілдік түзілімін бұзбауға тырыстық. Бұл көркем шығарма емес. Ғылыми еңбек. Тіл таныту саласындағы зерттеу. Бітімі — сөздік. Сондықтан, ғылыми-анықтамалық зерттеуге тəн сипаттар сақталуы шарт. Яғни, əрбір мысалдың, сөздің тініндегі белгілері, қасиеттері, бітімі құбылып, өзгеріп түспеуі тиіс. Оның үстіне тарихи мұра ғой. Тарихи деректілік сипаты да аса маңызды. Сөздердің арабша жазбалары қаз-қалпында берілді. Түсіндірмелерінде де ғалымның өз мəнерін, талаптарын бұзбауға күш салдық. Махмұт Қашқаридың өзі де барынша ықшам, түсінікті, тұжырымды жазуға ден қойған. Кітаптың көпшіліктің қолдануына ыңғайлы, ұғынықты, барынша тұжырымды болуын қатты ескерген. Сөздіктегі сөздер мынадай ретпен берілді. Кітаптың түпкі құрылымы, түзі лімі, бітім-болмысы тұтастай бұлтартпай сақталды. Сөздердің орналасу тəртібі мақсұс əліппесімен ыңғайластырылып, сөздердің өзі болса əуелі екі əріпті, одан кейін үш əріпті, төрт əріпті, бес əріпті... тағы осы рет бойынша əрі қарай тізілген. Əр кітаптың алғашқы бөлімінде есім сөздер, екінші бөлімін де етістіктер келеді. Көптеген сөздердің тұсында қай тайпаға, қай жұртқа тəн екендігі көрсетілген. Ал, басым көпшілік сөздерде ондай анықтама тір кел меген, яғни жалпы түрік тіліне тəн, ортақ деген ойды сездірсе керек. Мысалдары, түсіндірмелері мұқият сақталды. Кейбір, тегі бір тіл болғандықтан да, түсіндірмей-ақ түсінікті сөздердің өзінде анықтама, талдаулары өзгеріссіз алынды. Əуелі сөздердің араб əліппесінде жазылған түпкі тұлғасы берілген. Түптеп келгенде, сөз атаулыға дəлелді негіз ретінде ұсынатын тиянақ осы араб əліп песінде түскен түрік сөздері екені белгілі. Одан кейін латын əліппесіндегі транскрилциясы берілген. Осылардан соң қазіргі қазақ əліппесі бойынша транскрипцияланған нұсқасын түздік. Содан кейін барып, тиісті сөздің мəн-мағынасы, түсіндірмесі, мысалдары, талдаулары тіркеседі.
«Диуани лұғат-ит-түрік» сөздері, сөз тіркестері осы араб əліппесінде жазы лып, түп-тұғыр ретінде бірінші кезекте түскен. Біз соны бұлжытпай араб əліп песінде қаз-қалпында түсірдік. Одан кейін латын əліппесімен жазылатын транскрипциялық мəтінде бірнеше əріпті қазақ əліппесінің бірнеше əрпімен алмастырдық. Бұл біріншіден, қазақ əліппесінің ыңғайына қарай, қазақ тілінің ерекшелігі ескеріліп жасалды. Екіншіден, қазақ оқырмандарына оңтайлы болу жағын ойластырдық. Соған қоса, қазақ тілі мен ежелгі түрік тілінің етене үйлесімділігін сезіну үшін де көп қызмет атқаратынын жасырмаймыз. Сөйтіп, транскрипциялағанда қазақ əлілпесі ерекшелігіне орай ептеп болса да үйлестіру мүмкіндігін есте ұстадық. Əрі сөздіктің қазақ оқырмандарының тез түсініп, оңтайлы қолдануын ойладық. Сонымен бірге, араб əліппесімен беріліп отырған түпкі, тұғыр сөздегі əріптерге толық сəйкес шығады. (Мысалы: түпкі, негізгі сөз тұлғасында « — қ» əрпі тұрса, оны латын əліппесі арқылы айналдырып «q, Q» демей, бірден қазақ əліппесіндегі «қ» əрпімен жаздық.) Сонымен, латын əліппесімен жазылған транскрипциялық мəтінде қазақ əліппесінің төмендегі əріптері қолданылды: в, ғ, з, қ, ң, ө, ү, ү, ы, ш. Бұл əріптер латын əріптерімен аралас қолданылды. Біздіңше, осы əріптер араб əліппесінде жазылған түпкі сөз тұлғасын қазақ оқырмандарына құбылтпай, оңтайлы жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, арабша « — қ» əрпінің орнына қазақша «қ» əрпі алынды да, латынша «q» əрпінің орнына түсті; « — дз» əрпінің орнына «з» əрпін алдық та (оқылғанда «дз» түрінде оқылатындығы таза қазақша транскрипцияда ескерілді), латын транскрипциясында қолданылып келген əдеттігі «dh/z» əріптерін соған алмастырдық. Сол сияқты, ретімен келтірсек; « » əрпінің орнына «ң»; « » əрпінің орнына «ө» əрпі (бұл бұрыннан латыншада «о» түрінде қолданылып жүр); « » — «ү» (бұл латыншада «y/u»); « » — «ш»; « » — кəдімгі «ғ»; « » — «х» əріптері қолданылды. Бұлардан ерекшелеп, бөліп түсіндіретін бір-екі əріп «у, ұ; і-ы» дыбыс тарына қатысты. «Ғарфи илет» ( ) əріптері аталатын бұл əріптердің өзіндік ерекшеліктері бар. Басым Аталайда да, басқа аудармашыларда да « — у» бірыңғай латынша «u» əрпімен транскрипцияланған, солай бір ізге түскен. Біз «у» əрпінің өзі қатарындағы дыбыстардың əсерімен «жуан, жіңішке» əуенде оқылып, айтылатынын ескеріп, қазақ тілінің зандылығын да назарда ұстағандықтан қазақ əліппесіндегі «у» əрпімен жарыстыра қолдандық. Əрине, барлық жерде бірдей «у» болып оқылуы мүмкін емес; Сондай-ақ кəдімгі барлық жерде бірыңғай «у» əрпі де «сəтті» шыға бермейді. Осы жерде түрік тілінің өзіндік үндестік ерекшеліктері деген жайдың шығатыны айдан анық. Яғни, қатарындағы дыбыстардың əсері ескерілуі шарт деп санаймыз. Осыған ұқсас «і-ы» əріптерін де қатар жарыстыра қолдандық. Қазақ əліппесіндегі «ы» əрпінің латынша, қазақша транскрипцияларда еркін қолданылуы сол заңдылықтан. Тағы бір назарға салатын жай латынша транскрипциядағы « , і» таңбасы «й», «и» деп оқылады. Бұл да қалыптасқан дəстүр. (Қараңыз: «Древнетюркский словарь» Л., 1965 г). Бірақ, тағы да араб əрпіндегі түп-төркінін оқығанда сөздің мағынасы, айтылу мəнері қазақ тіліндегі «і» дыбысына толық үндесіп, бүйрегі солай бұрып тұрады. Ондай тұстарда «і» əрпін қазіргі қазақ əліпбиіндегі «і» қалпында ұстандық, солай қалдырып, қазақша оқылуын сақтадық. «Б — в — п» мен «к — г», «қ — к» секілді, «ч» мен «ж» арасындағы « » əрпі негізінен « » ретінде қолданылып келген. «Ч» əрпі қазақ тілінде де, түрік тілінде де аса жиі қолданылатын əріп емес. Көбінесе «ш — ж» дыбыстарына тартып тұрады. Бірқатар тұстарда «ш» əрпін басымдықпен транскрипцияладық, « » əрпі үшін «ж» əрпі енгізілді. Махмұт Қашқари «һ» əрпін түрік тіліне жат əріп деп санаған. Оны қолдануды мойындамаған. Сол үшін де «һ» əрпін əкелген кенжектерді «түрік əулетіне қоспаймын» деп кесіп айтқан. Соны ескеріп «һ» (шаһар) əрпінің орнына көбінесе «х» əрпін қолданып байқадық. Жалпы мұның бəрінде де басты сүйенетін бағдар, жүгінетін үлгі араб əліпбиімен жазылған сөздердің түпкі тұлғасы. Көп жағдайларда арабша жазылуына жүгініп, бірден бір дұрыс емлесін табуға əбден болады. Сөздерді қазіргі қазақ əліпбиімен транскрипциялағанда да осындай шарттарды ұстандық. «Диуани-лұғат-ит-түріктің» қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген əліпби бойынша тұңғыш рет транскрипциялық мəтіні жасалды. Əрине, қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері ескерілді. Транскрипциялау кезіндегі əр тілдің ерекшеліктері, талдау жəне таңдау тəртібі салыстырмалы түрде сарапталды да, қазақ тілінің табиғатына, түрік тілінің өзекті қағидаларына сай түзілді. Əрбір сөзді аударғанда да, соған берілген мысалдарды қазақшалағанда да айтылған үлгі сақталды. Əуелі араб əліпбиіндегі нұсқасы, латын əліпбиіндегі əрі қазақ əліпбиіндегі транскрипциясы, содан кейін аудармасы. Аударғанда қазіргі қазақ тілінде бар сөздер сол күйі алынды. Қазіргі қазақ тілінде кездесетін, бірақ мағыналық реңі өзгешелеу сөздер, бірнеше мағынаға ие сөздер ретіне қарай қатар жазылып көрсетілді. Ал, аударылуға тиісті сөздердің қазақша аударма баламалары алынды. Тарихи ұғымдар, атаулардың аудармасы жасалып, қазақша өзгеше баламасы болса, ол да ескерілді, не ескертілді. Махмұт Қашқари түсіндірмелері сол күйі аударылып отырды. Ал, қайсыбір тұстардағы Махмұт Қашқаридың өзі аудармай-ақ, араб тілінен қолданған мысалдары, сол өз нұсқасындағы секілді келтірілді де, аударылмады. Кейбір тіл біліміне қатысты терминдерге, атауларға түсіндірме жасалды. Ондай ғылыми-теориялық терминдер алғаш кездескен сəтте түсіндіріліп отырады. Қайсыбірінің қазіргі қазақ тілі грамматика сындағы баламалары аталып, ретті жерінде қолданылды. Бір сөздің бірнеше нұсқасы, түрі болса, келтірілді. Бірақ ондай сөздер жоққа тəн. Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігі» осыдан он ғасыр бұрын жазылған ұлы ескерткіш. Бүкіл түрік қауымының тіліне де құрмет белгісі, еліміздің, ғылымымыздың мəртебесін арттыратын, білім жолында жаңа бетбұрыс қадамдарға жол ашатын Тіл энциклопедиясы. Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари сынды білімі дария, өресі ен жайлау, өз заманындағы ілім-білімді жете игеріп, ілгері апарған ұлы ..
тұлғалар адамзат өркениатының жарық жұлдыздары. Олардың қоғамдықəлеуметтік ойлары, ғылыми зерттеулері мен тұжырымдары түрік тектес елдерді танымның таусылмайтын тұнық көздеріне бастайтын күретамыр арналар. «Диуани лұғат-ит-түрік» қарапайым оқырмандардан бастап, маман ғалымдарға дейін аса қызғылықты, байсалды, ұлттық мəдениет бастауларына бастап, рухани дүниемізді байытатын ұлағаты мол, болашағы зор кітап. Асқар ЕГЕУБАЕВ,
филология ғылымдарының докторы, профессор
ÄÈÓÀÍÈ
˰´ÀÒ-ÈÒ-
Ò¬ÐÊ
ÕÀÌÇÀ
ʲÒÀÁÛ
Ñä˲Ì
ʲÒÀÁÛ
* Қытайдан əкелінетін өткір иісті шөп. «Базилик» болуы мүмкін. (Қараңыз: ДТС, 639стр.) Ежелгі түрік жазбаларындағы дəрілік шөптердің Берлин топтамасында (коллекциясында) қышаның ежелгі атауы (зағұнж) осыған үндеседі: «Базилик (Осіmum)» (БСЭ., 47-стр) десек, оның бір түрін қазақтар «насыбайгүл» деп те атайды. Үнді елінде оны қасиетті шөп ретінде діни ғимараттардың маңында өсірген. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 1. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. Алматы: Қазмембас, 1957. 2. Арат Р.Р. Кутадгу билиг. І. Метин. Истамбул, 1947. 3. Əуезов М. Шығармалар. Он екі томдық. Алматы: Жазушы, 1969. 11-т. 4. Баласагунский Ю. Наука быть счастливым. М.: Худ. лит., 1977. 5. Баласагунский Ю. Благодатное знание. М.: Наука, 1983. 6. Валитова А.А. Юсуф Баласагунский и его Кудатгу билиг. М., 1951. 7. Дербісəлиев Ə. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы: Рауан, 1995. 8. Егеубаев А. Ежелгі дəуірдегі қазақ əдебиетінің көркемдік жүйесі. Алматы, 1999. 9. Егеубаев А. Құлабыз. Алматы, 2001. 10. Егеубаев А. Идейно-художественное влияние поэмы “Кутадгу билиг” Юсуфа Баласагунского (ХІ в.) на развитие казахской литературы (вопросы традиции, поэтики и перевода). Автореферат канд. дисс. Алматы, 1989. 11. Егеубаев А. Кісілік кітабы. Алматы, 1998. 12. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы: Жазушы, 1990. 13. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік (Көне түркі тілінен аударған жəне алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубаев). Алматы: Жазушы, 1986. 14. Жүсіп Баласағұн. Құтты білік (Ауд. А.Қ.Егеубаев). Пекин: Ұлттар, 1989. 15. Жүсіп Һас Һажиб. Құтадғу билиг. Пекин: Ұлттар, 1984. 16. Иванов С.Н. О “Благодатном знании” Юсуфа Баласагунского. М., 1983. 17. История всемирной литературы. М.: Наука, 1985. Т.2. 18. Келімбетов Н. Қазақ əдебиетінің ежелгі дəуірі. Алматы: Мектеп, 1986. 19. Келімбетов Н. Көркемдік дəстүр жалғастығы: ежелгі түркі поэзиясы жəне қазақ əдебиеті бастаулары. Астана: Елорда, 2000. 20. Кляшторный С.Г. Эпоха “Кутадгу билиг”// Советская тюркология. 1970. №4. 21. Кононов А.Н. Поэма Юсуфа Баласагунского “Благодатное знание”. — В кн.: Баласагунский Ю. Благодатное знание. М., 1983. 22. Қашқари М. Түрік сөздігі. Көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Қ.Егеубай. — Алматы: “Хант”, 1997-1998. 23. Малов С.Е. Памятники древнетюркской литературы. М.-Л., 1951. 24. Наджип А. Культура и тюркоязычная литература мамлюкского Египта ХІV века. — Туркестан, 2004. 25. Умняков И.И. Самая старая турецкая карта мира. Труды Самаркандского Гос. пед. института им. А.М.Горького. т.1. Самарканд, 1940. 26. Фролов Д.В. Классический арабский стих. М., “Наука”, 1991.
РЕЗЮМЕ Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Министерства образования и науки РК продолжает работу по подготовке и изданию очередных томов серии «Əдеби жəдігерлер» («Литературные памят ники»), издаваемого в рамках Государственной программы «Мəдени мұра»(«Культурное наследие»). Второй, третий и четвертые тома составляют знаменитый труд «Дивани лугат-ит-турк» («Словарь тюрских наречий») выдающегося тюркского ученого средневековья Махмуда Кашгари (1029-1101). Махмуд Кашгари – представитель высших кругов караханидской знати, современник видного тюркского поэта, мыслителя и ученого Юсупа Баласагуна. Родился в городе Барысхан Талас-Чуйской долины. Получил образование в Кашгаре, продолжив его в Бухаре и Багдаде. В процессе обучения проявил большой интерес к языкам, фольклору, этнографии, географию, менталитету тюркских народов, объездив почти всю территорию их проживания. Накопленный опыт и наблюдения он обобщил в своем знаменитом труде «Дивани лугат-ит-турк» . «Дивани лугат-ит-турк» М.Кашгари является энциклопедией тюркских народов раннего средневековья. В этом труде содержатся ценные сведения о многочисленных тюркских племенах, этнонимы,топонимы, термины родства, названия домашних и диких животных, птиц, месяцев и дней недели, различных блюд и напитков, народный календарь, названия лекарственных средств, астрономические, военные, медицинские, религиозные, политические и др.термины. В словаре также запечатлены этические нормы поведения, мировосприятие тюркских народов средневековья. Есть важные сведения о историко-культурных связях между различными племенами, упоминания о некоторых исторических событиях, произошедших на территории Казахстана и Средней Азии. В книге также представлены основные жанры тюркоязычного фольклора - обрядовые и лирические песни, отрывки героического эпоса, исторические предания и легенды, более 400 пословиц, поговорок и устных изречений. Труд М.Кашгари является единственным памятником тюркской диалектологии раннего средневековья, в нем впервые в истории мировой тюркологии применен историко-сопоставительный метод исследования. Книга и поныне имеет исключительную ценность для языковедов, фольклористов и литературоведов. Ранее были фрагменты русских переводов «Дивани лугат-ит-турк», а в 2005 году впервые вышел в свет полный русский перевод памятника, осуществленный казахским востоковедом З.-А.М.Ауэзовой. В 1997-1998 годах известный ученый-литературовед, поэт, доктор филологических наук, профессор Аскар Курмашевич Егеубаев (1950-2006) впервые перевел на казахский язык этот труд М.Кашгари, который был выпущен издательством «Хант» в 3-томах. Настоящий том подготовлен на основе последнего издания «Дивани лугатит-турк» М.Кашгари на казахском языке (1997-1998, 1-3 тома, перевод и предисловие А.К.Егеубаева) и в соответствии с принципами издания серии «Əдеби жəдігерлер» без изменений. Объем тома - 36 п.л. SUMMARY M.O. Auezov Іnstіtute of lіterature and art under the Mіnіstry of Educatіon and Scіence, Republіc of Kazakhstan contіnues actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of serіes of volumes of twenty volume collectіon “Adebі zhadіgerler” wіthіn the frame of State program “Madenі mura” (“Cultural herіtage”). Second, thіrd and fourth volumes are іncluded іnto the well known work “Dіvan lugat-іt-turk” (“Dіctіonary of Turkіc proverbs”) of the well known Turkіc scіentіst of medіeval perіod Makhmud Kashgarі (1029-1101). Makhmud Kashgarі іs a representatіve of the hіgher cіrcles of Karakhanіd arіstocracy, contemporary of the promіnent Turkіc poet, phіlosopher and scіentіst Jussup Balasugun. He was born іn Barіskhan іn Talas-Chu valley. He studіed іn Kashgar, contіnued educatіon іn Bukhara and Baghdad. Durіng studіes he showed great іnterest іn studyіng languages, folklore, ethnography, geography, mentalіty of Turkіc peoples, vіsіted almost all terrіtorіes where they lіved. He has generalіzed all hіs experіence and observatіons іn hіs well known work “Dіvan lugat-іt-turk”. The work “Dіvan lugat-іt-turk” by M.Kashgarі іs an encyclopaedіa of Turkіc peoples of early medіeval tіmes. Thіs work іncludes valuable data on numerous Turkіc clans, ethnonyms, toponyms, terms of kіnshіp, names of domestіc and wіld anіmals, months and days of week, varіous meals and drіnks, folk calendar, names of medіcal means, astronomy, mіlіtary, medіcal, relіgіous, polіtіcal and other terms. The dіctіonary also іncludes ethіcal standards of behavіor, perceptіons of Turkіc peoples of medіeval perіod. Іt also іncludes іmportant data on several hіstorіcal events that took place on the terrіtory of Kazakhstan and Central Asіa. The book also represents maіn genres of Turkіc language folklorerіtual and lyrіc songs, fragments of heroіc epos, hіstorіcal legends, more than 400 sayіngs, proverbs and oral expressіons. Work of M.Kashgarі іs the only monument of Turkіc dіalect studіes of early medіeval perіod, іn іt for the fi rst tіme іn the hіstory of world Turkіc studіes the hіstorіcal-comparatіve method of research has been applіed. The book stіll has exclusіve value for the researchers of lіnguіstіcs, folklore studіes and lіterary studіes. Іn 1997-1998 the well known researcher of lіterary studіes, poet, Doctor of Phіlology, professor Askar Kurmashevіch Egeubayev (1950-2006) fi rst translated thіs work of M.Kashgarі іnto Kazakh language that was publіshed by the publіshіng house “Khant” іn 3 volumes. Thіs volume іs based on the recent publіcatіon of M.Kashgarі’s “Dіvanі lugatіt-turk” іn Kazakh language (1997-1998, volumes 1-3, translatіon and foreword of A.K.Egeubayev) and іn accordance wіth the prіncіples of publіshіng the serіes of “Adebі zhadіgerler” wіthout any changes. Volume іs 36 p.p.
МАЗМҰНЫ Редакциялық бас алқадан ......................................................................................................................7 А. Егеубай. М. Қашқари «Диуани лұғат-ит-түрк» (XІ ғ.) ...................................................................8 Диуани лұгат-ит-түрк Бісміллə-һір-Рахманір-Рахим! Беташары ..............................................................................................................................................28 Түрік сөздерін түзгенде қолданылатын əріптер жайында ...............................................................32 Етістіктерден жасалған есімдер жайында .........................................................................................35 Сөздердің қанша əріптен түзіліп, құралатындығы жөнінде ............................................................40 Есімдердегі үстеме əріптер (қосымша) жөнінде ...............................................................................41 Етістіктердегі үстеме (қосымша) əріптер жəне етістіктердің түзілуі жөнінде ..............................42 Сөздердің өз түзілімі бойынша ілгері-кейін келу тəртібі .................................................................46 Əріптердің ілгері-кейін койылу тəртібі туралы ................................................................................47 Сипат ретінде айтылмаған сипаттар туралы .....................................................................................47 Мəсдар катарында айтылмаған мəсдарлар туралы ...........................................................................49 Кітапта айтылған жəне айтылмаған нəрселер хақында ...................................................................52 Түрік халықтары мен тайпалары хақында.........................................................................................52 Түрік тілдері туралы ............................................................................................................................53 Тілдегі жəне сөйлегендегі өзгешеліктер туралы ...............................................................................54 Хамза кітабы Бісміллə-һір-Рахманір-Рахим! Сөз басында хамза келетін есімдер кітабы ........................................................................................60 Хамзалы етістіктер бөлімі .................................................................................................................192 Сəлім кітабы Бісміллə-һір-Рахманір-Рахим! Сəлім есімдер кітабы .........................................................................................................................374 Пайдаланылған əдебиеттер ...............................................................................................................589 Резюме .................................................................................................................................................590 Summary ..............................................................................................................................................591 Ғылыми басылым ƏДЕБИ ЖƏДІГЕРЛЕР 2-том Махмұт Қашқари ТҮРІК СӨЗДІГІ Көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Қ.Егеубаев Редакторы Р.Б.Асанбай. Техникалық редакторы Г.Ə.Сəбитова Көркемдеуші редакторы С.Бахретдинов. Компьютерде беттеген Ə. Молдахметова Баспаға Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің № 0000082 мемлекеттік лицензиясы 2005 жылы 11 қаңтарда берілген ИБ №16 Басуға 1.10.07 ж. қол қойылды. Пішімі 60х901/16. Офсеттік басылыс. Офсеттік қағаз. Əріп түрі “Tіmes New Roman”. Есептік баспа табағы 36. Шартты баспа табағы 37. Таралымы 3000 дана. “Таймас” баспа үйі” ЖШС. 050026, Алматы қаласы, Ғ.Мұратбаев көшесі, 61-үй Тел./факс 234-18-45, тел.: 234-18-46, 234-18-47, 234-18-48
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру