Әдебиет – жан нұры
Жанат Ахмади
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жанат Ахмадидің «Әдебиет жан нұры» аталатын бұл кітабы «Тіл – ділдің атқосшысы» және «Поэзия діл нәрі» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім проза, соңғысы поэзия жанрына арналған: рецензия, эссе, әде би сын зерттеулер жиынтықтары тоғысқан. Көркем шығармада халықтық афоризмге, бейнелі тіркестер мен қазы-билерге тән шешендік үл
Жанат Ахмади
(Рецензия, әдеби сын мақалалар, эсселер)
«Сөздік-Словарь»
Алматы
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
А 94
Ахмади Ж.
Әдебиет – жан нұры: (Рецензия, әдеби сын мақалалар,
эсселер). – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2014. – 320 б.
А 94
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-822-87-5
ІSBN 9965-822-87-5
© Ахмади Ж., 2014
© «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2014
Көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сый
лығының лауреаты Жанат Ахмадидің «Әдебиет жан нұры»
аталатын бұл кітабы «Тіл – ділдің атқосшысы» және «Поэзия
діл нәрі» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім
проза, соңғысы поэзия жанрына арналған: рецензия, эссе, әде-
би сын зерттеулер жиынтықтары тоғысқан.
Көркем шығармада халықтық афоризмге, бейнелі тір
кестер мен қазы-билерге тән шешендік үлгіге ден қойған жа-
зушының әдебиет тануы, оның қыр-сырына қызығушылы
ғының өзіндік қалам өрнегін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Әдебиет – жан нұры
БАЛА ЖҮРЕКТІ, БАБА ТІЛЕКТІ ТЕКТІМІЗ
«Мыңның қамын бір ойлар,
бірдің қамын кім ойлар»
(Халық даналығы)
Зейнолла Серікқалиев деген есім естілген жерде кешегі
заңғар Мұхтар Әуезов, зәулім Ғабит Мүсірепов, алып Сәбит,
даңғайыр Ғабидендер тәрізді бірегей абыздарымыздың тебе
рік көзіндей болып, бүгінге қалған бір текті тұлға елестейтін.
Жұртшылықтың көкейінде бар нәрсені, көпке мәлім түйсікті
одан асырып көріктендіре, келістіре айту қиын. Дегенмен
бүгінгі көзі тірі әрбір қалам иесінің, күні кеше қасымызда
жүрген хан-қараға бірдей сүйікті, абзал сыншы Зекеңе де
ген ілтипаты, қақ жарылған ақ тілек-құрметі бар екені
бесенеден белгілі жайт. Солар қатарында З. Серікқалиевке
деген біздің де шарға бойымызды кернеген шалқар ойым
бар еді. Еркімізге би болып, борышымызға құл болып, соны
қысқаша жеткізуді парыз санаймын. Олай дегенде Зекеңнің
қазақ оқымыстылары ой елегінен өткізіп болған, әдеби сын
жөніндегі тасқа қашап жазғандай шығармашылық ауқымын
талдап жатпақ емеспін. Ол – иі қанық терінің пұшпағын
қайта уқалап әуреленумен бірдей болмақ. Тек Зекеңнің ай
нала жұртты тәнті еткен, туылыс, жарылысы жөнінен ой
қозғағанда қазақ атамыздың «отырса от басында, көшсе көш
басында көсем» деген арнауын теңеп айтқың келіп тұрады. От
басында көсем болатыны қазақ әдебиетінің сыны жөніндегі
сіңірген қыруар еңбегін от басында отырып бітіретіні. Ал
көш басында дейтініміз өз-өзінен түсінікті.
і б ө л і м
ТІЛ – ДІЛДІҢ АТҚОСШЫСЫ
«Ділің жетпегенге тілің жетпейді»
(Халық даналығы)
Жанат Ахмади
Бала жүректі, баба тілекті, мінезге бай Зейнолла Серік
қалиев өзінің салауат ұясындай, дарқан табиғатында еш
қандай табысқа, қошемет-құрметке желп ете қоймайтын,
бағы заманның ор қарасұр, алпамса биіндей берекелі қал
пынан бұлжымайтын. Сол тұрпатына қарап, өз-өзіңнен
жүрегің жұмсарып, оған дегенде ішің жылып-ақ тұратын.
Кейде осындай биік парасаттылықты данышпан қазақтың
салыстырмалы сөзімен еске алып: «аузы кіші, қарны үлкен
қой семірсе көтерер, қарны кіші, аузы үлкен, ит семірсе құ
тырар» деген ұлағатымен өлшегің келеді. Ал «менменсінген
жігіт азынаған айғыр мінеді» демекші, бітіргені бір тоғыз,
бітірмегені тоқсан тоғыз бола тұрып, тындырған еңбегінен
бұрын өзін дәріптеп, уағыздағысы келетіндер жоқ емес.
Шығармасынан бұрын алдыға түсіп өзі жүретіндер бар.
З. Серікқалиевтің салауат ұясындай дарқан табиғаты адамды
өзіне тартып тұратын.
Зекең мінезге бай еді. Мінез байлығы ұдайы жұмсақ,
жайдарылықтан, үнемі кең-байтақ, жайма-шуақтықтан
тұрмайды ғой... Мейірбандық әманда жылы алақаннан ға
на емес, жаны ашығанын қатқыл сынға алудан да тұрады.
Серікқалиев күнделікті өмірде былайғы сырт көзге көп тұста
«Мамырайхан» заманының адамындай жайдарман көрін
генмен, әдебиет мәселесінде қисықтың тезін табатын кешегі
қазақтың бет-жүзіңе қарамас, теріс азу қазыларындай бөк
серіп түсер жағы бар. Әрбір қазақ қаламгерімен ілік-шаты
сы бар аса көреген де, қарымы кең сыншы «істің көзін,
қисықтың тезін тапқан», демекші әдебиетіміздің кедір-бұдыр
тезін тамыршыдай басып табатын. Әрі тек рецензияшыл,
мақалашыл сыншылардан ғана емес, Зекеңнің қуат ауқымы
өте үлкен еді. Оның алымды шабыт аумағында қапысыз зар
күйіндегі қырандай төнетін ұлылы-кішілі жазушылардың
кітаптары ішек-қарынына дейін ақтарылып, операциядан
өтетін. Кінәрат қай тұста автор мен оқырманға күдік-кү
мәнсыз, жеріне жеткізе көрсетіп, аршып, ашып тастайтын.
Және оларды тізбелеу арқылы ғана емес, шығарманың не
гізгі тірек фоны арқылы әдебиетіміздің көсегесі қайткенде
Әдебиет – жан нұры
көгеретіндігі жағынан келіп сылып алатын. Мақтайтын
адамының тізімі қойын дәптерінде жүретін, ал өшіккен
адамына «сені ме!..» деп тісін басатын біразымыздан мүлде
бөлек еді. Атақ-даңқын бұлдап өзгені менсінгісі келмей,
өзін-өзі би сайлап жүретін, іштей шіреншек «лауреаттарға»
ұқсамайтын. Аналардай дүмкеуде емес, сонысымен сүйкімді
де еді. Кез келген ақын-жазушымен қалайда бір ілік-шатысы
болып жүретін.
Ол жеке жазушыны сынап қадалмай, көркем шығарма
шылығымыздың әлеуметтілігін қатыстыра қарастырып,
ұлттық рухани азықтық құнын (колоритын) іздеп, сол үшін
сарсаңға түсетін. «Ақ жол» (1990, «Жазушы»), «Дүние тану
даналығы» («Білім» 1994), «Тағдыр және біз» (1996 «Ана
тілі») және 1997 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан
«Сын кітабы» аталатын еңбектерінің қай-қайсысын оқы
саңыз да жоғарыда айтқан көркем әдебиетіміздегі даналық
ой-өріске куә боласыз. Біздің заманымыздағы қазақ шығар
машылығының қауымдық, қоғамдық, ұлттық рухани өре
сінен асу сайын із шалып отыратын.
Айтарын сақаға құйған қорғасындай тас бекіте, мұқият
тап айтатын Серікқалиевтің қаламынан шыққан лебізге
наразы болған авторды ұшырата алмайсыз. Риза болып ал
қағаны ананың ақ уызындай да, «мына бір тұстарың...»
деп, көкей көзіңе көлденең тартқаны кез келген ұлылардың
лебізіндей дуалы. Айтқаны айтқандай, қори қалады. Артық
кетпей, кем соқпай, әулие деген жазушыңның өзін де бір
сүріндіріп, екі ұғындырып отырып өресіне жеткізері бар-ды.
Серікқалиев сынаса, байбаламшыл деген жазушының өзі
мойнына бұғалық түскен асаудай жуасып тұрады. Өйткені,
Зекең, әлдекімдерге тісін басып жүретін қайбір айыр тіл
сыншыларша шымбайыңа батырмай, жаныңды ауыртпай,
санаңа сиятын келелі ойлармен майдай сылап отырып, жұ
лын-тұтаңды қауып, буыныңа түсетін. Көркем шығармадағы
желімдей тұтып жатқан құяң жел, кінаратың болса дәупірім
тәуіптей қағып, ұшықтап құлан-таза айықтырып алып шы
ғады. Ақау бар тұсты ауыртпай сылып алады. Екінші сөз
Жанат Ахмади
бен айтқанда Зекеңнің жалпы әдебиетшілерге деген мейір
бандығы ғажап еді. Ол операция үстеліндегі хирургтің
адам шама салмағына қарай қолданатын наркозы тәрізді
мүлт кетпей, аялы алақанмен емдейтін. «Ер – жетпейін де
мейді, бақ жеткізбейді, су – жетпейін демейді, жар жет
кізбейді» демекші, қолына қалам ұстаған ақын-жазушы
атаулы классик болмайын демейді. Қаламгерлік жол жеңіл
жол емес. Ол азабы ауыр – жүрек жолы. Соның ауырт
палығына төзген бесаспап ақыл иелері ғана жақсы ақын-
жазушы болмақ. Солардың біздің заманымызда шыққан
қамқор сыншы кім еді десе, екінің бірі-ақ кешегі Зейнолла
Серікқалиевті көз алдыға келтірер еді. Әрине қалай сипап,
қасылап айтсаң да сын жанрының ауыр жағы да болмай
тұрмайды. «Сыбаға үлестірген не өзі мақұрым қалады, не
қарғыс алады» демекші, Зекең біздің заманымыздағы қазақ
әдебиеті әлемінде сол сыбаға үлестірушінің үлкені. Сонан
соңғы Сайлаубек Жұмабековтен былай қарайғылар да не
алғыс алады, не наразылыққа қалып жатады. Бұрынғы
даналар айтқандай «талқыдан өтпеген хан тұрақтамайды,
таласқа түспеген пән тұрақтамайды» дейтін болсақ, бір ғана
Зекеңнің талқы дүкенінен өткен кітап егер қайта жазылар
болса, тұрақтап бекіп шығар еді. Сыншы жолы ауыр жол
дейтініміз «шыбыш желіндегенді білмей, лақтағанды біле
тіні» сияқты, кінәрат-кінәмшіл көркем әдебиетке дайын
дықсыз тәуекелмен келетін кеудемсоқ жазушылар да ұшы
распай қалмайды. Әрине, әлі ашылмағанмен түбінде бір
нәрсе шығаратынына сенетін олардың да талабы таудай.
Көркем әдебиетке көзін енді ашқанмен оның тайды басып
жейтін бөрідей дәмесі бар. Дәрмені аз, дәмесі үлкен. Мүмкін
ол әзірше солай шығар. Соның бәрін кең толғап, таланттарды
дер шағында аңдап отыру өз басын әдеби сынға бәй тіккен,
Зекең тәрізді нар сыншыға да жеңіл жүк емес. Соның бәріне
басын байлаған бірден-бір сабаз маманымыз осы Серікқалиев
болатын. Бұрынғы көшпенді кезеңнің ел ағаларына арналған
бір сөз «мал бақсаң өрісін, ел бақсаң қонысын сайла» де
ген болса, біздің жазушыларымыздың бүгінгі қаламға
Әдебиет – жан нұры
бағынып, қағазға табынған, құлдай істеп, бидей шалқыған
заманымызда сол нысана Зейнолла ағамызға да арналғандай
еді. Олай дейтініміз ақын-жазушы атаулыны халықтың
ақылы, миы, өз ұлтының рухани өресі санасақ, оған бағыт-
бағдар бере алған ұлт әдебиеті данасының бірі Зекең –
Зейнолла Серікқалиев деп айта аламыз. Басқаша жорысақ,
әлгі «қонысымыз бен өрісіміз» Зекеңнің көп жылдардан
бергі жазған кітаптарында мекендеген.
Тегінде Зекеңнің жалпы өмірдегі күнделікті жай, қа
рапайым орнын алып қарасақ та, ол, нәпсі тізгінін тартып
ұстаған ар-ұждан жағынан санаулы тектілеріміздің бірі.
«Нәпсі тізгінін тартпаса адамдық кетеді». Ол тіпті соңғы
жылдары шығып жатқан кейбір кітаптарына қаламақы да
алмаған. Зекең сонау бір жылдары қаламақысыз шығарған,
мыңдаған таралымды, жүздеген бума текшелер баспаханадан
шыққан бойы Майра жеңгейдің «қазынасы» ретінде үйінде
жиюлы тұрғанын көргенбіз... Ол кезде Жоғарғы Кеңесте
бөлім меңгерушілік қызметте отырған шенеунік Зекең ау
дандардағы кез келген әкімге емеуірін аңдатса, ойнап
айтқаны шындап орындалмас па еді. Майра жеңгей бұрыш-
бұрышта үйдің ауасын тарылтып тұрған әлгі текшелердің
орнына уыстап көкала қағаз ұстамас па еді, дегендей. Кейін
соны жұртқа тегін таратып берді.
Тегі қай-қашан да ел елден қалса ерге сын, сол елдің
алдыңғы қатарлы, бап талғамас ерлері елінің басын оңға
қаратуға әрекет етіп жүреді. Қазақ көркем әдебиеті Орта
Азиядағы көршілес жұрттардың қай-қайсысымен салыс
тырғанда да шоқтығы анағұрлым биік деңгейде десек, оған
әсіресе проза жанрындағы сыншымыз Зейнолла Серік
қалиевтің үлесі жоқ дей алмаймыз. Әр буын алдыңғы келелі
сынға қарап аяқ басатыны кәміл. «Бала қыран парлап
ұшады, баба қыран барлап ұшады». Әдебиет әлемі солай
өрбіп дамымақ. Олай болса мына жалған дүниеден өтіп кетсе
де, біздің күні бүгін қауым боп мақтан тұтар Зейнолламыз;
романшы, хикаятшы, әңгімеші, жазушыларымыз үшін қа
натының асты саялы, халықтық дәреже, ұлттық рухани
Жанат Ахмади
биігіміздің деңгейін танытатын әдебиеттегі бір сом тұлғамыз
демекпіз.
«Қазының әділдігін көрген, ханнан сескенбес» деген
бар. Олай десек, өз шығармасын Зекеңнің алдынан бір
өткізіп алған, жөні түзу, жазушы ешкімнен де сескеніп,
жасқанбауына болатын еді. Адам мен адамның табысуы ақыр
түбі айырылысудың басы болса, Зейнолла Серікқалиевпен
табысқан әрбір жазушы мына өмірде қапы кетпей, қайта
сыбағалы, олжалы боп айырылысты.
Осынау бейнетті еңбегімен нағыз ақ иық, ел ағасы болған
Зекең бұрынғы қызметтің бәрін қойып, соңғы жылдары ғана
қағаз бетіне алаңсыз шүйіліп отырар күнге ілінген болатын!..
«Жүк ауырын нар, ел ауырын ер көтереді» болып, қа
сиетті проза сынына жауапты бола, басын байлаған бірден-
бір нар тұлғалы сыншы ортамыздан кетті!
...Сөйтіп, біздің ғасырымыздағы қазақ көркем әдебие
тінің майталман білгір сыншысы Зекеңді езіле еске алып
отырмыз.
Соңғы айтарымыз кеме құрғақ жерде арбаға түсіп барып,
суға жеткен соң арбаны өзі көтеретініндей, көзі тірісінде
ұлттық әдебиетіміз үшін жанын жалдап өткен Зейнолла
Серікқалиевтің соңында оның сүйікті ел-жұрты, қаламгер
қауымы қалды... Ендігі жерде Зекеңнің еңбегін бағалап,
оның орнын жоқтатпайтын артында қалған Тәуелсіз еліміз
дің ақын-жазушы азаматтары бар.
Өкінішке орай, З. Серікқалиевті есте сақтау – естелік
кітабын шығарғанда бізден гөрі пысықтар және олардан гөрі
лауазымдылар алдымызды орап кетті... Бірақ кейбірінің
осындай бір міндет атқару үшін ғана амалсыздан бірдемелер
айтқаны, әрі соны айтамын деп Серікқалиевті өз деңгейінен
төмен түсіріп алғаны есінде жоқ. «Шыдай алмаған буаз
қаншығын жүгіртеді» дегеннің керін келтіріп (өзгелер аңға
жақсы ит, тазыларын қосқанда шыдай алмаған) әлгі біреу-
дің қылығы тәрізді тәуекелге басқан.
Әдебиет – жан нұры
ІСТІҢ ЖҮЙЕСІН БІЛГЕН, ТҮЙІННІҢ
ШИЕСІН ШЕШЕДІ
«Мың жолдас жақсы, мың жолдастың
ішінде бір жолдас жақсы»
(Халық даналығы)
Белгілі журналист, ғалым әрі жазушы Сапекең – Сапар
Байжанов ағамыздың 1997 жылы «Ғылым» баспасынан
шыққан «Құштарлық қуаты» және 1998 жылы «Қазақстан»
баспасынан жарық көрген «Өткеннен – мұрағат, өркенге –
ұлағат» атты кітаптары қалайда оқырман назарын аударуға
тұрарлық қомақты еңбек жемісі. Автор аянбай тер төккен,
бұл туындыларында бүгінгі көзі тірілерден гөрі қазір
арамызда жоқ, бірақ ұлтымыздың күні кешегі қадау-қадау
саңлақ өкілдері жайлы ой қозғайды.
Аталмыш екі кітап мұның алдында шыққан «Архив
айғақ» (Жазушылар Одағының Ахмет Байтұрсынов атын
дағы сыйлығына ие болған) бәрі де негізінен өлілер рухын
жаңғыртуға арналған, салихалы дүниелер деуге болады. Сіз
бұл кітаптарды оқып отырып «Опалылық» дейтіннің не екені
жайлы ойға қаласыз. Адам-пенде өмірі – тарих алдында,
уақыт алдында түкке тұрғысыз; тек таусылмас арманмен
әбігерленіп жүріп я оның үддесінен шыға алмай «дат!» деп
өте шығар баянсыз уақыттық нәрсе екеніне көзіңіз жете
түсетіндей. Кітаптағы қимас кейіпкерлерінің қым-қуыт
болмысын ерекше қызыға отырып, ынтазарлықпен жазған
автордың достыққа деген шынайы опалылығын танисыз.
Сіз де кезінде өз көңіліңізбен қарыздар болған; тірлігінде
шындап сүйіп сыйласқан, парасатына бас иген әлдебір ғазиз
дос-жарларың туралы осынау мұршаңыз бар кезде бір нәрсе
айтып қалдырмай жүргеніңізге ішіңіз ашиды, өкінгендей
боласыз. Белді байлап отыра қалып, жазғыңыз-ақ келеді.
Бірақ «байлауға келсе де, күрмеуге келмейтін» тірлік
бар, сол билеп кетеді.Сонда да мына алмағайып тірліктегі
қайырымдылық дегеннің алтынға айырбастағысыз орнын
өлшейсіз.
Жанат Ахмади
«Құштарлық қуаты» кітабында: Ұзақ Бағаев, Кәкім
жан Қазыбаев, Әубәкір Смайлов, Кекілбай Несіпбековтар
бастаған алуан саланың адамдарына тоқталады.
«Көптің қамын ойласаң өз қамың соның ішінде» деген
бар. Өмірді өлшеусіз сүйетіні, Адам ұлын жайбарақат пен
делерше емес, адамша ұғып құрметтейтіні осы еңбектерінен
білінетін, Сапекеңнің «Өткеннен – мұрағат, өркенге – ұлағат»
аталатын мына кітабы: Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев,
Бауыржан Момышұлы, Жамбыл Жабаев, Зейін Шашкин,
Нұртас Оңдасынов, Ермұхан Бекмаханов тағы сол сияқты
халқымыздың маңдайына біткен біртуар перзенттері тура
лы жан-жақты терең ойға шөгіп, егжей-тегжейлі ауқымды
әңгіме қозғайды.
Бұл орайда кітаптың қысқа сілтеме-аннотациясына жү
гінсек: «...туған өлкеміздің арғы-бергі тарихындағы келелі
кезеңдер мен құбылыстар, ерен де, еңселі тұлғалардың
бастан кешкен тағдыры мен қам-қарекеті, әдебиетіміздің
тәрбиелік мәні, азаматтық пен өршілдік, әділетсүйгіштік
пен қаһармандық қасиеттер жайлы сыр толғайды» делінген
болса, біз қазір зиялы қауым атаулыны қатты толғандыратын
осы үш-төрт сөйлем мағынасының әр біреуіне өте зәру, өте
іңкәрлі кезеңде тұрмыз.
«Әділетсүйгіштік пен қаһармандық қайда?!» «Азамат
тық пен өршілдік» қайда?! кімде?! «Әдебиетіміз бен өне
ріміздің үрдістері» не күйде?! «Олардың әлеуметтік-тәр
биелік мәні» қай деңгейде?! Қане, кеуде керіп, кім мақтана
алады? Атамыз қазақтың «қаза сөйлесең қайғы шығады»
дейтіні осындайдан. Әсіресе қазақ тілі дегенде ұлылардан
қалған «заңы әлсіздің зары бітпейді» дегеннің кері келіп,
басымызды тауға-тасқа ұрамыз.
Жұрт үшін маңдай терін аямайтын, айналамыздағы
игі-жақсылардың және дүниеден өткен айтулы жайсаңда
рымыздың алуан-алуан қырын ашу жолында көп уақытын
сарп ететін, жалықпай еңбек ететін Сапекең тектес жаны
ізгі жазушылар жайлы айту ешқашан артықтық етпес еді.
Әдебиет – жан нұры
Бірақ біз керенаулықтан кенде емеспіз, әріптестер жайлы
айтар тұста әр түрлі тәсіл ойлап, ауыз бағып, тырс етпей
мылқау болып қаламыз. Ананы айтсам, анаған жақпай
қаламын деумен күніміз өтеді. «Сыланайын десем байдан
қорқам, сыланбайын десем тоқалдан қорқам» деген жылпос
малайдың таз кебін басымызға кептеп жүреміз.
«Жұрттың бәрін киіндірген, киенің өзі жалаңаш» де
ген... Қайырымды, опалылар сол ине орнында болғаны.
Сапар Байжан-атаның жоғарыда аталған кітаптары; естелік,
эссе, очерктер жанрындағы ғалым, журналист-жазушының
қаламынан қапысыз туған мазмұнға бай, еңсесі биік, өрелі
дүниелер деп айтуға болады. Әсіресе қазақ атамыздың өлі
лер жайлы ауыз баға, имене, ибамен сөйлеп: «тірінің мы
ңынан өлінің бірі...» дегені, тірілерге қарағанда өлілер
«пәк», «таза» дегенді меңзегені. Пендешілік кінәдан пәк
өлілер рухы өзге нәрсемен ісі болмай, тек жақсылықты ғана
күтумен сарылып, сарғаймақ. Оларға арналған кімде-кімнің
ізгі ниеті, арнаған дұғасы құдіреттің күшімен жалғасып
жатпақ. Олай болса бұл кітаптарды үрдіс сауапкершіліктің,
әрі опалылықтың ісі десек болмас па.
Айтпақ адамының тұлғасын мүлтіксіз тартымды сом
дап, қалайда жұрт назарын аударарлық дүние етіп шығару
(екі-үш томдаған кітаптар бойынша) дегеннің өзі қаншама
еңбек? Автордың еңбекқорлығы мен жеке басының ерек
шелігі толғандырып ойға қалдырады.
Өзгенің жақсы жағын айтудан, осындай кітап етіп
жазудан ешқашан ерінбейтін Сапекең – Сапар Байжан-ата
дай кісі көп емес.
Автордың бұл кітабын яғни, «Өткеннен – мұрағат,
өркенге ұлағатын» оқып шыққаннан кейін оның жеке
басының жаралысы бұрынғыдан гөрі де толғандыра түсті.
Ежелден Алматыда барлығы бірге тұрып келе жатқан,
біте қайнап бірге өскен зиялы қауым үшін, Сәбеттік Қазақ
стан екшеп шығарған Сапекеңдей саңлақ журналистердің
өзі де таңсық болмауы мүмкін. Ал бала жасымызда мешеу
Жанат Ахмади
саясаттың бұғауынан, Қытайдан өтіп «Қазақстан» деген
жаннат өлкенің барлық мәдениетін ауылда жүріп, газет-
журнал, радио хабарларынан (ертеректе ауылда теледидар
да жоқ) біртіндеп тани бастаған біздер үшін, қаламгерліктің
орны бөлек болатын. Жазушы, ғалымдығының сыртында
Сапекең сияқты журналистиканың ірі маманын жоғарыда
айтқанымдай, әбден есейгенде, күні кеше, тоқсаныншы
жылдарға таяу көрдік. Бір жағынан соның да әсері бар
шығар, сөз етіп отырған кейіпкеріміздің жалпы болмысына
(көреген еңбекқорлығы өз алдына, байыпты пайымы,
байсалды ұстамы, шаршап-шалдықпас қуат-қарымы, ақыл-
парасатына бағынған ізгі жан әлемі т.б.) қызыға қарайсыз.
Өзін күнделікті көріп жүрген былайғы лауазымдылармен
іштей салыстырып байқайсың. Ол өмірге шексіз құштар еді.
Аспан – Жер арасындағы осынау табиғаттың, жаратылысқа
деген «құштарлық қуат» сүйіспеншілігінде сірә, өлшем
болмас деп ойлайтынмын. Қызуы басылмайды. Лап етіп
жанып, тез суыйтындардан емес. Бірде көл, бірде шөл болып
құбылмайды, бедері берік. Ешқашан айнып-аумайтын пейі
лінің жайсаңдығына сенесің. Жүрегін арнай алмайтынға
жүрігіңді сен де тарту етпейсің. Өзгелермен достасуға жа
ралған кісі еді. «Дос іздемес адам, сүйе де білмейтін адам»
деп О. Бальзак текке айтпаған. Тегінде Сапекеңнің ұстаз
көрегендігі, бойына қанша ілім-білім сіңірсе, сонша тәлім-
тәрбие қабылдағанының иісі білініп тұратын. Сондай қал
пымен аталмыш кітапта С. Байжанов қағаз бетіне қаншама
ой өрнегін түсірген. Мәселен атақты суретші Әубәкір Ыс
майылов жайлы екі баспа табақ көлеміндегі толғау-эссесі.
Оқырман қазақ зиялыларының сонау жиырма-отызыншы
жылдардан бергі өкілдерінің ең негізгі, сөлді шоғыры
туралы біраз әңгіме білгісі келсе, сол «Туған жердің мен
де бір бозторғайы» атты Әубәкір Ысмайыловқа арналған
толғауды оқыса өкінбес еді. Әубәкір ақсақал өзі бір жатқан
қазына десе болғандай «Арғымақ аттың белгісі» толғау-
Әдебиет – жан нұры
эссесінде автор өзінің спортқа бар жан-тәнімен құмар адам
екенін байқатады.
Кітаптың «Қоламтаны көсегенде», «Алыптар шоғы
рының кенжесі», «Балғын жүрек – балаң жүрек емес» және
басқа толғау-эсселер қаншама ойлар өрбітіп, адам жанына
жарқын шуағын түсіреді.
Яғни, бұл кітаптар автордың өз болмысы.
* * *
«...қайтыс болып кетіпті!», – дегенді естігенде төбемізден
жай түскендей болдық! Бұрынғылар: «Еңсесі қататынның
досы өледі, есесі қайтатынның қасы өледі» деп кеткен екен.
Аң-таң болып, еңсеміз қатты да қалды. Ары ойлап, бері
ойлап миға салған боламыз. Ақылымыз жетпейді!
Мұндайда бір сәт қыбыр ете алмай, ой ұшығына жете
алмай, тас мүсіндей қатып қалатын кезің болады екен. Өте
сыйлайтын қимас адамың. Ойың сенбейтін тәрізді. Өйткені
осынша жаманатқа көңілің көнбейді. Иә, бұл Сапекең –
Сапар Байжанов ағамыздың қазасы еді! Қайғыруымыздың
жөні бар, жүрекке жақын мәні бар. Өйткені, атамыз қазақ
«Ауыра ғой, мен үшін, мен өлейін сен үшін» дегенді босқа
айтпаған. Айналадағы ағайын-бауырдың айналып соғар
қазығы, ділі мен дітінің азығы еді – Сапекең! Таныс-біліс,
дос-жолдаста: қамыққанның қасында, жәбірлінің басында
болушы еді, Сапекең! Басына бәле салып, ісіне кедергі
жасап жатса да; елдің шетін жау етпей, жаудың шетін ел ете
жүруді жөн көруші еді, қайран сабаз-ер ағамыз. Адамның
аяулы мінезі бүгінгі ашуын ертеңге сақтай білген сабыры
болса; ашушаңның анты болмайды, өйткені, ашуын жұтуы
у жұтумен бірдей болса; Сапекең сабырын жұтуы у жұтумен
бірдей сырбаз кісі еді.
«Пайданың зоры дос-жарың үшін шеккен зияның»
демекші, айнала жұртты өзінің мүлт кетпес байыбымен
пайымдайтын Сапекең уақыт жағынан өзі ұтылып жат
қанына қарамай, өзгенің көңіл олқысын толтыруға келгенде
Жанат Ахмади
рухани нар еді, жалтақ кезіңе «жар!» еді. Барлығына уақыт
тауып, бәріне үлгеруші еді. Жаз бар, қыс бар, сәтімен бітер
іс бар деп кім не айтса, нар көңілімен мойнына алушы еді.
Бес емес, он емес, сан адамның олқысын жүйрік қаламмен,
саналы көкірек сандығынан шығарған маржан ойларымен
толтырып сүйеуші еді. Артып қойған сол жүгіміз ауыр тиіп,
кінәратқа ертерек шалдығуыңызға бір табан жақындата
түскен болсақ кешіріңіз, қасиетті рух, әз аруақ! Бір ба
сыңыздан өз жүгіңіз де асып-төгіліп жататын қаламгер
едіңіз! Мынау жарық дүниедегі ғұмырыңызға мұрат тұт
қан ақ қағаздың бетінде күлкі тыйып, сиқыңызға әсер
еткен, ұйқы тыйып, сұрқыңызға әсер еткен күндеріңіз аз
болмағанын жалпақ қазақ еліңіз біледі. Зиялы қауым, дос-
жарыңыз біледі.
Адал, бекзат кісінің «Анасының басқан жерінде бейіш
бар» десек, ол – рас... Ести сала сенетін, көре сала күлетін –
ауыз бағып, сөз қуған, бірінші орынға ісін емес, өзін қойған,
нығызсыған «жақсыларға» ұқсамадыңыз. Топырағы сусы
ғыштың пиғылы тайғақ. Бүгінгі айтқаны ертең жоқ, сырты
жібек, іші кебек ағайындардан әу баста алынған топы
рағыңыз басқа болар.
«Ойламай айтып, көздемей атсам да менікі жөн» дейтін
кейбір шіреншек әріптестеріңіздің таразы салмағын іштей
танып тұрсаңыз да, «Мұсылманның айыбын бетіне баспа»
дейтін қағидамен соның барлығын, табиғи зандылық ретінде
қабылдап өттіңіз.
Шешім күткен төрелік хан алдына жетпесе де, қазы
алдынан өтетіні сияқты; аяқ жетер жердегі сыйлас аға
йыныңыздың қуанышы мен қайғысы өз алдыңыздан өтпей
қалмаушы еді. Сол жақын-жарандарыңыз дидарыңызды
аңсап сағынуда, сізді, ұмыта алмай ойлауда; Өмірге әділ
дік керек екенін өлерінде ойлайтындардан запы шегіп,
жәбірленген кездерде сіздің қайырымды рухыңызды ойлап;
мезгіл-мезгіл сілкініп алушылардың біріміз десек, әбестік
емес. Адалдыққа, әділдікке бас ию намыс емес.
Әдебиет – жан нұры
Қолымызға бір кітап тиді... Қазынасы кең Алла пен
десін қалай жылатса, солай жұбатады. Жылаған көзің
жұбаныштың да ұясы. Тірлігінде сыйлас болған қимас
жұрттың қамығып қалған рух-жігеріне аталмыш кітаптың
сыртындағы баданадай жазулар тоқтау салып, көңіл айтқан.
«Өмірге өкпесі жоқ адам», – дейді тақырып. Енді соны
медеу тұтамыз, амалсыз. Өлімді естіртуші, жан алушы –
Әзірейілмен тең сезілсе, мына көңіл айтушы сынығыңды
сылап жазып, сәлде болса, жанынды жай таптыра білген
дей. Он сөз, жүз сөз орнына бір ауыз сөз. Сапекенді шын
қимайтындарға осы лебіз медеу. «Бір құзғынның жасында
талай шаһар абат та болады, апат та болады, бір адамның
жасында талай шаһарға алма-бау өсіп, абат болады» дейтін
тәмсіл бар. Ал, шаһардың абат болуынан адам баласының
рухани дүниесі абат болуы кем соқпақ емес. Жетпіске тарта
жасының елу шақты жылында Сапекең кімдердің көңілін
раушан қып, кімдердің жан-дүниесін жадыратып, көңілін
абат етпеді дерсіз. Тірілерді ғана емес, өлгендерді де қатар
ойлап, «Түсіме кірмей тыныш жат, басқа да ісім аз емес»
дейтін кісі Сапекең емес еді. Бұрынғы он бес шақты кітабын
қоспағанда, кейінгі он-он бес жылда жазған «Архив айғақ»,
«Құштарлық қуаты», «Өткеннен – мұрағат, өркенге – ұла
ғат» және «Алакөбеде оят мені» атты роман кітаптарында
қазақ қауымының ең-ең ұлтжанды толыққанды мәдениет,
қоғам қайраткерлерінен кімдер айтылмай қалды. Сапекең
ешнәрсеге немқұрайды қарамайтын. «Келемін десең –
ықыластық, кетемін десең – жол ашық» дейтін бейтарап,
сүйейсал көңіл ол кісіде болмайтын. Әшейін көңіл үшін
«себепсіз сұрап, сүлесоқ тындау» ол кісі үшін жат еді.
«Өмірге өкпесі жоқ адам» атты бұл кісіге деген естелік арнау
кітап Сапекеңнің санап алғысыз қасиеттерін ашқан, баға
жетпес құнды еңбек болғанына шүкіршілік етеміз. Кітап
ішіндегі екі кісінің: – Күләш Бейсенбіқызы мен Зейнеп
Исатай келінінің жоқтауын іштей езіліп, шіміркенбей, көз
ге жас алып, көңіл босамай оқу мүмкін емес. Ағаға айтарын
Жанат Ахмади
тап басып шерлене жылаған жан-сөзі мен жоқтаған сұңғыла
келін – Зейнеп:
Төбеден жай түскендей,
Хабардың жанды қинауы-ай!
Езіліп жүрек қайғыдан
Көңілді бұлттың торлауы-ай!
Шуағын жайған баршаға,
Мейірім төккен жан аға!
Айырылып сізден қалғанда
Дүние бостай, айнала!
Сұм ажал неткен суық ең,
Жан аға өтті-ау дүниеден.
Қарс айырылып көкірек,
Қан жылайды жан-жүрек.
Алатауда түлеген,
Қанаты берік қыран ең.
Дос-туысқа қадірлі,
Ерекше текті аға-екем! –
деп егілсе, Сапекеңдей саңлақ кісінің аяулы жары Күләш
тәтеміз:
Адал да, абзал сабаз ең,
Еңбекпен бедел жинаған.
Алланың ісі дегенмен,
Ажалға сені қимағам!
Қимағанмен не шара,
Санаспас тағдыр адаммен.
Іссапар шегіп кеткендей,
Жолыңа жүрмін қараумен!
Әдебиет – жан нұры
Кеткендей жаққа жоғарғы
Келер деп етем жоралғы.
Әлпештеп өткен Сапекем,
Сенсіз де күнім қараңғы –
деп, екі жоқтаушы да адамның сай-сүйегін сырқыратқандай.
Соңынан «тәуба!» дейсіз. Осылайша жоқтайтын ардақты
ларының барын қанағат еткен боласыз.
Зейнеп келін өзіне-өзі жұбату айтып:
...Жылама дейді ағайын,
Жыламай қалай шыдайын...
Ізіңді қуған ұл-қыз бар,
Денсаулық берсін Құдайым!
Беріле бермей қайғыға,
Жеңдірейін сабырға.
Әкенің орнын жоқтатпас,
Өмір берсін, ұл-қызға! – десе,
Күләш Бейсенбіқызы:
Балалар менің базарым,
Мамалап тұрған бәрі де.
Амандық берсін Құдайым,
Жаманат кетсін әріге.
Шүкірлік етем көбіне,
Ағайын-туыс, құда бар.
«Әжеке» десе немере,
Көңілге шаттық ұялар.
Сонда да орның ойсырап,
Тұрады жаным құлазып.
Іздеймін сені Сапекем,
Көңілге болып мұң азық! –
Жанат Ахмади
деп өз отбастарының тек ендігі амандықтарын көңілге медеу
тұтады. Екі жоқтаушы да, өзін-өзі амалсыздық сабырға
шақыра отырып, сонда да ар жақтарынан лықсып кеп тұрған
көз жас пен көкірек шерін жан-жүрекке азық етеді. Күләш
Бейсенбі қызындай, Зейнеп Исатай келініндей сабырлы, есті
кісілердің дана ақылдарын қайғы-шер таразысы еңсеріп-
ақ тұр. Жүрек іштен жыласа, ақыл іштен жұбатқан кү
туған. Ол жүрекке тыртық салардай жаралы, қаралы күн!
Данышпан қазақ: «Өткеніңе жете алмайсың, ертеңіңнен кете
алмайсың» деген. Ол – өмір заңы. Сапекең ағамыздың барша
дос-жар, жақын жұрағаттарына жұбаныш боларлық бір зор
мұра «Өмірге өкпесі жоқ адам» аталатын осы кітап екені
даусыз. Ең сүйікті оқырмандарының бәрін әлі толық тауып
үлгермеген, не бары, 1000 дана, 30 баспа табақ көлеміндегі
жамылғы қабымен жасанып шыққан жақсы кітап тағдырға
бағынған талайлардың жан азығы ретіндегі бір рухани
бұйым, асыл қазына боп қалғаны көңіл көншітерлік. Сон
дықтан марқұмның жақын-жуығының ортасында көздің
қарашығындай сақталатын «Теберік» кітапқа қарап, жа
зушы, ойшыл ғалым Сапар Байжан атаның асыл рухына бас
ие отырып: «Сіз біздің үнемі есіміздесіз, қазақ халқының
аяулы перзенті, Сапар аға!», – демекпіз.
Қазақ атамыз «Жақсының жаманы өлсе, адам қалмайды,
жаманның жақсысы өлсе, адам бармайды» деген болса, бұ
жолы дүниеден артында жаманы жоқ жақсының жақсысы
өтті.
Әдебиет – жан нұры
ТЕРЕҢ ӨЗЕН БҰЛҚЫНБАЙ АҒАДЫ
Кезінде әңгіме жанрындағы шеберлігімен танылған Оре
кеңнің әр кезде жазған әңгімелері мен хикаяттары қандай?
Оқуға құмартып тұрасың. Халықаралық «Алаш» сыйлығын
алған «Шамшырақ» романы заман беті бері қарамай тұрған
кезеңнің өзінде кеңестік үстемдіктің ащы шындығын әй
гілеп ашқан сом туынды болды. Ал «1961 жыл» аталатын
публицистикалық дастаны Қазақстан Компартиясы ор
талық комитетінің хатшысы Н. Жанділдиннің әділетсіз,
керазу баяндамасына ұшырауы да әу бастан-ақ жазғысы
келгенін жазбай тынбайтын, аузы күймейтін Орекеңнің
бірбет қайсарлығының куәсі. «Зорлық есіктен кірсе, әділет
шаңырақтан шығады» деген бар. Бірақ айнымас әділет
төреші уақыт патшалығы билікке келген кезде «патшаның
бақырашымен су ішкендер» өзегін өртеген өкініштен бар
мағын шайнауы мүмкін. Уақыт заңы өктем де үстем.
Бүгінде 70 жасқа толып отырған Оразбек Сәрсенбайдың
жалпы тумыс-болмысын, яғни мына жарық дүниедегі жа
ратылысын тұтас қамтып алғанда, ол, жастық кезеңінде
өзі туған Сырдарияның жоғарғы ағысындай арыстан жал,
өркештенген толқынына ұқсаған болса, ал орта және аға
жасында тереңдігі білінбей шымырлап аққан, қорғасындай
салмақты, теңізге құяр сағадағы ағысына ұқсайды. Бұған
атамыз қазақтың «терең өзен бұлқынбай ағады» деген тәмсі
лін қосып қойсақ сәйкескендей. Ол көркем әдебиетіміздің
іргесі берік, саңлақ майталманы болумен қатар, әлеуметтік
өмір талабында да ешқашан бұлқынып, жұлқынбай, тек
өзіне ғана тән мәнерлі, тәлімгерлік ырғақтан бұлжымай
келе жатқан үлкен парасат иесі. Хан-қараға бірдей, адами
сипаты биік Орекеңнің сыртқы ортаны екшеулі байыппен
пайымдайтыны автор шығармашылығында да дәл өзіндей
нанымды, әрі көркем жазылады. Сол арқылы көкейге
қонымды айшықты өрнекпен түседі. Сеніп, мойындап,
бағынып оқисың. Қай-қай шығармасын оқысаң да авторға
Жанат Ахмади
ішің жылып, рақаттанып, алғыстап оқисың. Үйренетінің
көп. «Алла бермегенді молда бермейді». Талант көзі жү
ректе болса, оны адамның тумысынан іздеу керек. Адамға
алдымен туу, анадан солай туылу жарық дүниедегі арман-
дерттің зоры. Ойлылардан қалған «Өзің сүйгенге бақпа,
өзіңді сүйгенге бақ» дейтін бір сөз бар. Біразымыз пенделік
ноқтаның жетегімен өзімізді құрметтейтін төменгілерді
елемей, одан гөрі жоғарыдағыларға «ұнау» жолында ғазиз
басымызды пенде етіп тігуге ынталымыз. Бұлай дегенде
адам алаламайтын Орекеңнің табиғи, таза, иманшыл кіші
пейілдігінен өзгелер мейір-шапағат алатынын баса айту
еді. Әлемдік ой басшыларының бірі Шекспир «Ұлылардың
ұлылығы өзінен төменгілермен қарым-қатынасынан білі
неді» дегенді өз өмірінің түйіні етіп, толғанып айтқаны
белгілі. Кейінгіге таразы етіп, екшеп айтқан. Орекеңнің
шығармашылығы туралы әңігімені жазушының 2005 жылы
«Қайнар» баспасынан 2000 дана болып шыққан, көлемі
40 баспа табақ мемуарлық кітабынан бастап айтар болсақ,
бір қаламгердің тақиясына тар келмейтін ұлан-ғайыр дүние
қамтылғанын көреміз. 688 беттік кітапқа ұшан-теңіз ой түс
кен. Мына жалпақ жаһан жаралғалы бері жер бетінде не
болмады, нелер өтпеді? Өзің күреспесең, тырс етпей тұра
тын сезімсіз, меңіреу дүние қаншама нәрселерді бауырына
басып жатып алған үңгірдегі аждаһадай жоқ етіп, тас
тылсымға айналдырған. Сансыз ғасырлардағы мерзімсіз
сарылған дала аңызағынан; болжаусыз жаңбыр суынан;
қыс пен жаздың бірде шамырқанған бет қаратпас аязынан,
бірде аспан айналып жерге түскен, тандыры кепкен ап
тап жалынынан зәулім қара жартастарға жақпар-жақпар
жарқышақ түсіп; мүжіліп аққан қиыршық майда тас
тарынан үгілген қорым пайда болған. Мың жасар алып
қарағайлар қурауы жеткен қаңқа сүйектей әппақ, ақсөңке
болып қалған. Сондай түпсіз сарылған ұзақ ғасыр заманалар
тұсында ешкімді теңсінбеген небір ыңыранған байлар
жайлауға қарай мыңғырған малмен маңғыстап жылжып,
Әдебиет – жан нұры
мамырлап қонып өтті. Одан із-түз қалмады. «Семіргені
сүмбедей, секіргені бүргедей» дейтін, ойнақ салған көз
қуаныш малынан да, оны қызықтаған өзінен де ыңқ еткен,
ызың дерек жоқ. Келелі маймақ түйе, маубас қой, сасық
тұмсық сиырының ешбірі оның атын шығарып, келер
ұрпаққа хабар бермей құрыды. Қай-қай заманда болсын
дүниені өліп-өшіп жиып, баюдан өзгені көздемейтін; алдына
жан салмас пысықтардың атасы да, анасы да мына қара
жер болды. Бүгінгі «жақын отырған – құрметтім, алыс
отырған – немкеттім» деп адам алалап өмір сүретін,
адамдарды «жылы қойын, салқын арқам» деп бөлетін шен-
шекпенді; кейбір шенеуніктер де алдыңғылардың кебін
құшып бағытынан адаспай жөней бермек. Ақын-жазушыны
«қиялилар» есебінде көретін, дүниені доллар буымен және
өзі отырған жұмсақ көпшік – кресломен өлшеп өзгені
теңсінбей жүрген ішінара әкім қаралардың да лауазымы
өзімен бірге кететіні қазірше білінбейді. Ал қаламгер атау
лының солардан айырмашылығы неде дейсіз ғой? Жазу
шының тасқа басылған жазуы, лүпілдеп соққан жүрек үні
мына аспан-жер аман тұрғанда ғасырдан ғасырға, әулеттен
әулетке, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек. Жасай бермек.
Міне, осы жағынан алып қарағанда О. Сәрсенбай ағамыздың
асқан ұқыптылығынан туған «Өмірнама» аталған мына
кітабы автордың маңайындағы оған қатысы бар адамдар мен
қилы кезең, түрлі оқиғалардың энциклопедиялық жиын
тығы тәрізді көрінеді. Соның бәрін Орекеңнің мойнына біреу
зорлап таңып, кешірілмес міндет етіп берген іспетті. Өйткені
бұл мемуардың қарымдылығына, ауқым, көлем жағынан
да алымдылығына таңырқамау мүмкін емес. Орекең мұнан
басқа ешнәрсе жазбағанның өзінде қазақ қаламгерлерінің
проза жанрының бел ортасында осымен-ақ көрінген болар
еді. Адам деген ардақты атқа үйлес ғажайып ұқыптылықтан
туған бұл еңбек – ер-әйел, жас-кәрінің бәріне бірдей, өзіне
тән үлгі көрсетерлік дүние. «Кәріліктің жақындағанына
қайғырасың ба, жастықтың алыстағанына қайғырасың ба»
Жанат Ахмади
дейтін, болжаусыз, жылым өмірде жамбасына жер батып,
күңірене дөңбекшіген қарияға да, қысқа өмірде нелер
қимастарынан айырылып, көкірегі қақ айырыла күрсініп,
«аһ!» десе аузынан жалын ата өксіген кейуанаға де жақсы
ермек бола алатын, бетін ашқан кісі жалықпай, қызық көріп
оқитын қысқа-қысқа, шағын сыр, адам мен адам арасындағы
мәмілелерге толған. «Шалдың әні зармен тынады, кемпірдің
бала жұбатқан өлеңі өз гөй-гөйіне ұласады» деген болса,
өзі жасап өткен өмірге деген таңы бар, қарт-қария адам
дар мына кітап қолына түсе қалса, өзіне-өзі пұшайман,
өкінішпен қарауы мүмкін. Ол тұрмақ, осы сөйлемдердің
иесі, менің өзімнің де өзегіме өрт түсіп, неге осындай бола
алмадым? Бәрін болмаса да ең толғақты кейбір мәселелерді
өз уақытында ай-күнін көрсетіп неге түрте бермедім, деген
оймен Оразбек ағаға бұрынғыдан да құрметпен қызыға
қарадым.
Өйткені «маймылдың соқпағы құзға тірейді» демекші,
адам өмірі қанша дейсің-ау. Айтарыңды дер кезінде айтып,
жаза алмағаныңның өкініші есіңе осындайда түседі екен. Тек
ол ғана емес, романға татырлық орны бар мұндай шығарма
біздің ғасырымыздағы (ХХ–ХХІ) қазақ әдебиетінің, оны
жасаған ақын-жазушының орны және сол адамдар өмір
сүріп жатқан қоғамның да бет-бейнесі, айнасы бола алатын
дығымен бағалы. Тарих үшін, болашақ ұрпақ үшін сонысы
мен қымбат. Олай болса, бұған қалай да салмақты орны бар
туынды ретінде қарап әрі автордың азаматтық қарымын
еске алып, кітапты да сол тұрғыдан қабылдауға тура келеді.
Ірі жазушыларымыздың атына құрылған бір естелікті
алып қарайық. «24 ақпан, 2000 жыл. «Жұлдыз» журналының
№12 (1999) нөмірінде С. Қирабаев ағамыздың естеліктері
басылыпты. Естелік негізінен шындыққа құрылған әрі ұс
тамды жазылыпты. Маған мұндағы Ғ. Мүсірепов туралы
қайырымдар ұнады. Шынында, Ғабең – аса күрделі, қиын
мінезді кісі еді. Бірақ біз көрген кейінгі кезде айналасына
көп қошеметшіл топты жинап алған, кімнің кім екенін айыра
Әдебиет – жан нұры
алмайтын халге жеткен еді. Өзін өтірік мақтағандарды бұл
кісі де қолдап, қолтығына алып жүргенін талай көрдік.
Бірақ шын мәнісінде өз замандастары ішіндегі нағыз көр
кем сөз шебері еді. Көркемдік, тілдік шеберлігі жағынан
оған М. Әуезов те, С. Мұқанов та, Ғ. Мұстафин де теңесе
алмайды. Сірә, Ғ. Мүсірепов іштей Әуезовті де, Мұқановты
да, Мұстафинді де менсінбей өткен болуы керек. Оның өле-
өлгенше Б. Майлинді дәріптеуі тегін емес еді.
Естелік демекші... Қазір бізде мемуаршылар көбейіп
барады. Ә. Нұршайықов, Қ. Жұмәділов, М. Мағауин және
т.б. жазушылардың жарияланып жатқан естелік кітапта
рында әр кезде әркіммен айтысқан, ренжіскен жағдаяттар
тәптіштеліп жүр. Жүздік, топтық мүдделер күресі айтылады.
Осы ыңғайда Ә. Нұрпейісов бастаған Кіші жүз жігіттеріне
шүйлігушілік байқалады. Тіпті, қыза-қыза келгенде Ә. Нұр
пейісовті мүлдем жазушы емес, халтурщик қатарына да
қосып жібереді. Әрине, Нұрпейісовтің жүзшілдігі, топ
шылдығы ешкімнің (білетіндердің) күмәнін туғызбайды.
Бірақ оның «Қан мен терін» халтураға теңеу қиянат болар
еді. Сондай-ақ І. Есенберлинді түпнұсқадан оқыған кейбір
талғампаз оқушының теріс айналып кететіні өтірік емес.
Бірақ ол да кезінде тарихи тақырыптарды қозғауда ерлікке
барабар еңбек еткен еді» (615-бет). Міне, осының өзінен-
ақ, «қазы айтты деп ықпайтын, хан айтты деп бұқпайтын»
қайсар суреткер Оразбек Сәрсенбай әділдікке келгенде
ешкімге бетің-жүзің бар демейтін күдері ердің өзі екенін
мойындайсыз. Орекеңнің әділ және шын жазатындығына
тағы бір мысал.
«12 қыркүйек, 2003 жыл». «Бүгін мешітке барып, жұ
ма намазына қатыстым. Тастақтағы мешіттің имамы, жас
жігіт Доскелдінің уағыз айту тәсілі де, Құран, аят оқу ма
қамы да ерекше ұнады. Талай молдаларды көріп жүріп,
қанағат етерліктей білімді, жүзінен иман нұры анық аң
ғарылатын дін иесін тыңдау зор ғанибет екеніне осы жолы
көзім жеткендей болды. Осындай ойлы діндарлардың әң
Жанат Ахмади
гімесін тыңдаудың менің шығармашылық жұмысыма да
әсер ететін түрі бар. Жаңадан жазатын рисалаттарда ол
кісілердің аузынан естіген аңыз, әңгіме, мысалдарды пай
даланбақпын (Рауаят есебінде). Әрине, әдеби өңдеу, өзгеріс,
толықтырулар сүзгісінен өтетіні белгілі» (654 бет).
Өзі тақуаның баласы Оразбек ағамыздың жан-дүниесі
иманға жақын, Құдайшыл, діндар кісі екені де осы үзіктер
ден тайға басқан таңбадай, бүркеусіз ашық көрініп тұр.
Осы тұста екі ауыз сөз қоса кетейін. Орекеңнің назары түс
кен Доскелді Қожатайұлының әке-шешесі бұрын мен тұрған
Қапал ауданынан болған. Доскелдінің өзі 7-сынып бітірген
жылы Қапал мешітінің «Нәйб имамдығына» сайланған,
туа дін қонған өзгеше ынсан, соңынан онжылдықты бітірген
соң Қапал аудандық мешітінің бас имамы болды. Содан
кейін Алматыға келіп сол кездегі бас мүфтиіміз Рәтбек Ны
санбайұлы мұндай жастың талантын сөзге келмей бағалап,
осы бас мешіт жанындағы Ислам университетіне емтихан
мен қабылдаған. Оқуды өзгелерден оқ бойы озық тәмам-
даған дап-дайын имамды мүфти өзі бірден-ақ Тастақ ме
шітінің бас имамы етіп мүлтіксіз сеніммен тағайындаған.
Асылды асыл танып, Доскелдіні Орағаң бір көргеннен өзінің
тарихи, бағалы кітабына енгізіп отыруы тегін емес-ті.
* * *
Ал енді О. Сәрсенбай ағамыздың көркем шығармашы
лығына келетін болсақ, әйгілі жазушының «Шамшырақ»
романы Сыр елінің асқан дүлдүл, гармоншы, әншісі Нартай
Бекежановтың өмірін суреттеуде биік өре, дана талғаммен
жазылғанын көзі қарақты оқырман әлдеқашан мойындап
орынды бағалаған туынды. Осындайда бір ой келеді, ізделуші
аруақ қаншалық саңлақ, қаншалық ардақты деңгейде бол
са, Алла өзі соған сай іздеушісін де жарататын болса керек.
Мәселен, Абайдың Мұхтары сияқты т.т. Бұл әрбір ақын-
жазушының басында бар дүние. Аруаққа қалам тартпайтын
жазушы жоқ. Алғашқы кеңестік құрылысты, колхоздасу
Әдебиет – жан нұры
заманын суреттейтін бұл романда жазушы Н. Бекежанов
тың баламасы Нартуған өмір сүрген қилы кезеңді, оның
басынан өткен небір қиын-қыстау тағдырды өте қанық,
өте тартымды, көркем суреттеп нағыз роман жанрының
шарайнасына сыйғызып, реалистік өмірге кіріктіріп жазған.
Нартуғанның соңынан түсушілер кімдер еді дейсіз ғой.
Жер бетін жеке билегісі келген ішмерез, алпауыттардың
апаны КСРО-ның танауына таяқ болмайтын тоталитарлық
үстемдігі ұлтымызды өз ішінен арандатудың бірден-бір
төте тәсілін тәуіптей танып, тамыршыдай баса білген. Ол
үшін қай-қайдағы «дардан қашқан қу, құлағын кестірген
шұнақ» дейтін, обал-сауап дегенді білмейтін, жалқы, кезбе,
надан, топас, құл-құтанды құтыртып, ел ішіндегі естияр
жақсыларымыздың қыр желкесіне қырғидай қондырып
қойды. Халықты иіс алмас – мәңгүрттікке айналдыру жо
лында сондай атасыз, түпсіз, тексіздерді бүкіл есті-басты
ел жақсыларынын соңына шүйлеп салды. «Жалаңаяқ жал
шы» деп, «нағыз қаратабан пролетариаттан шыққан...»
деп, кісіден сый көрмеген, кісі сыйлап білмеген тоғышар-
кещелерді бірінші орынға шығарды. «Айтақ» десе, алып
түсетін төбеттей, Құдайдың нешеу екенін білмейтін, көкірегі
бітеу, киіз кеуде қу қазық, дүлейлерді екшеп, халықтың
ең маңдай алды көшбасшысы ретінде іріктеп арқасынан
қақты. Есекке кежім жауып, мәстекке үкі тағып «алабұтаға
ат бекітетін», қай-қайдағы ойсыз, мұндарлар ұлтымыздан
шыққан жақсыларымызға жаудай тиді. Жайлауды ығына
қарай жайлай білмейтін, малды бағытына қарай айдай
білмейтін; жүген салса, ауыздығын салмайтын, ауыздығын
салса, суғарғанда алмайтын нәсілсіз мәңгүрттердің қол
тығына су бүркіп «белсенді» деп, «батырақ» деп, «жалшы,
малай», «қара табан құл» деп, бір шылбырды сондайлардың
еркіне беріп, қолына ұстатты. «Тоғышардың ту қойы
қысыр қалады, нәсілсіз сиырдан өлі бұзау туады» демекші,
өзі тоғышар, өзі нәсілсіз неме кімнің қадірін білуші еді.
«Жаман жердің шиырын басып, жамандықпен көзін
Жанат Ахмади
ашқан» дейтін, тексіз, құнсыздарды иттей құтыртып, ел
ішін алапес аралағандай етіп, тұтас ұлтқа алабүлік салды.
Сол ұлтсыздану, қансыздану салдарынан 1937–38 жылға
жеткенде «мұсылманнан тілмаш шықса дінге, ұлтына
апат келеді» дегендей, осы қазақ бірін-бірі ұстап беріп, ұл
тымыздың бар қаймағынан жұрдай айырылып сұмырайдай
сүмпиіп шыға келдік. «Шамшырақ» романы осындай әлеу
меттік теңсіздікте өмір сүрген өнер адамының яғни Нартай
Бекежановтай ұлы тұлғаларымыздың жоғын жоқтап,
әділет сойылын соқты. Айтқалы отырғанымыз, осының
бәрін даналап ежіктемей-ақ, ой астына ой тастай отырып,
«Шамшырақ» романында автор көркем шығармалардағы
қапысыз шебер тәсіл арқылы зиялы қауымға ауыр ой
салған. «Көрген күніміз осындай болды», деді. Сол дәуірдің
ұшқыны күні кеше тәуелсіздік алғанымызға дейін жетіп,
көпшілігіміз кедей таптан шыққан, мүсәпір болуға тырыс
қан едік. Бір қызығы, егемендікті қалай алдық, солай,
мәселен, менің азан шақырылып қойылған шын атым
Жәнетхан болса аяғындағы «Хан» дегенді сызықша ар
қылы, әрі үлкен әріппен жазып, байдың, бектің, асыл тектің
ұрпағы бола бастадық. Әлгі кедей-кембағалдарымыз шеті
нен шынжыр балақ, шұбар төстің тұқымы болуға ұмтыла
бастады!..
Қай заман келсе, сол заманның тарысын терген тауық
болдық!
Жазушының «Шеңбер» романы сөз жоқ, ұлт әдебиетіне,
қазақ көркем шығармашылығына қосылған үлкен табы
сымыз деуге болады. «Күні біткен бәйтерек күмістен қырсау
салсаң тұрмайды» демекші, өз-өзінен күйреуге жақындап,
іргесі морып, шіріктесе бастаған социализм қоғамының
жарбасында тұрған сүреңсіз кейіпкерлері арқылы хабар
бере бастайды. «Ақ дегенім – алғыс, қара дегенім – қарғыс»
дейтін зорлықшыл қоғамның іргесін су кеулей бастауын
автор Тамды облыстық ауылшаруашылық басқармасының
бастығы Тоқтарбайдың орынбасары Шерәлі Дүйсенбаевтың
Әдебиет – жан нұры
жұмбақ өлімі арқылы-ақ сездіре бастайды. Өзін дүниеде
теңдесі жоқ «әділ» үкімет санайтын қоғам өзінің сол айт
қанындай болса, ондай жерде жауыздық атаулы кездесуші
ме еді?.. Осы аймаққа бір тықыр таянғанын оқырман содан-
ақ бажайлап Тамды облысының ендігі әуселесінен күдік
теніп отырады.
Қызық жері «суайттар бірін-бірі иландыра алмайды»
дегендей, бұндағы шонжар кейіпкерлер обком хатшысы Хұс
нидинов, прокурор Хансейітов, ауатком төрағасы Тоқтарбай
Арыстанбеков тағы тағылар сырттай қарағанда, барлығы
бір терінің пүшпағын илеп, кеңестік өкіметтің, социалистік
құрылыстың шаңырағын бекіте түсу жолында «сөз салысып
дауға ортақ, ат салысып жауға ортақ» болып жүрген
таңдаулы дөкейлер сипатында көрінгенімен бір-бірінің қи
мыл-әрекетін, қылмысын сонадай жақтан шамалап біліп
отыратын ішмерез сыбайлас сығайлар екені аңғарылып
тұрады. «Екі қу қарайлас қонады» демекші, бір облыстың
бір-бірімен қарайлас басшылары білмегенсіп отырып алыс
тан ымдасқандай күй кешеді. Бірақ «ұры табысарда бір-
бірінің аузын жаласады, айырылысарда иттей таласады»
дегеннің кері келіп, бұрын Миуалы ауданының дүрдей
хатшысы болған, ал қазір облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бастығы Тоқтарбайдың орынбасары Шерәлі
Дүйсенбаев жұмбақ қазаға ұшырағанда, бұл пәле кімнен
келді десіп, әлгі шонжарлар бірінен бірі күмәнданады. Содан
«Шеңбер» романы шарықтау шегіне бет алып, оқырманды
еркіне қоймай жетелеп әкетеді. Обкомның бірінші хатшысы,
түбі көрінбес қара судай жылым, айлакерлігін бұл тұста
бұрынғысынан да анағұрлым бұлаң ойнатып, компартияның
тозығы жеткен соңғы сахнасында аласұрады. «Шеңбер»
романы жалпы «Өскен өркенді» еске түсіретіндей. Әуезов
романындағы Оңтүстік облыста аудан басшылары арасында
болып жатқан қылмыстар деректелетіні сияқты бұнда да
жазушының өз қиялынан туған, оқырманның ғазабын
қайнатарлық әрекеттер өте нанымды жүлгеленіп, қадам
Жанат Ахмади
басқан сайын шиыршық атып, шымырлана, шамырқана
түседі. Романда айтарлықтай шеберлік танытқан жазушы
сәбет өкіметі билігінің құлау нышанын Тамды облысында
ғы былық-шылық көріністермен дәлелдеуде жөн-жосықсыз
жасанды қисын іздемеген. Обком кеңсесінен тарайтын ыз
ғар жеткілікті: тәртібі – тәртіп, жалы күдірейген сұс, қаһар.
Қайда көрсең, барған жердің балтасын, келген жердің
кетпенін қайратқан қызу күрес үстінен шығасың. Баяғы
социалистік міндеттеменің «толмасқа құйып, тоймасқа
беретін», мұрынға су жетпес, қызылтанау сайыс, жарыс
күресі. Бірақ біртін-біртін шіріктесіп, ұлғайып жатқан
рухани жұтаңдықтан ыдырап бара-бара іргесі морып күй
зеліске ұшыраған қоғамның шаңырағы ортасына түскенін
көреміз.
Бұл романның басты ерекшеліктерінің бірі, Орекең бә
рімізге жаттанды, жалақ жауыр болғанындай, бас кейіпкер
жасау үшін қызғыш болмайды. Жан тартып жазған ортақ
кейіпкері – Тоқтарбайдың өзін кәдімгі басы жұмыр пенде
ретінде суреттейді. Кемік сүйек, сасық еттен жаралған, хәм
сүт емген пенде әрине, періште емес. Әуезов Абайды қазақ
аспанындағы жарық жүлдыз – таңғы шолпан етіп көрсетті
екен деп, қолына қалам ұстаған жазушы атаулымыз бас
кейіпкерімізді сол сарында мақтап шығаруға жан сала әре
кеттеніп келгеніміз хақ. Ұғымымызда қалыптасқан бас
кейіпкер деген ешқандай кемшіліксіз, тек боз биенің сүтіне
шомылғандай біреу болып шығуы керек. Ал шынайы реа
листік тұрғыда қалам тартқан Оразбек ағамыз көркем
шығарма сарынында жаңа үрдіс тауып, кейіпкеріне шындық
көзімен қарап, соны таза аршып ала білген. Сонымен қатар,
автордың тіл айшықтары жөнінде айтпай кетуге болмайды.
Назар аударайық: «илашыл», «қапия», «құрапат», «зайыр»,
«мін-мүлтік», «бық-пырт» тәрізді өте сирек ұшырасатын тер
миндермен қоса ескі шағатай тілінен кіріккен «мұнафық»,
«накүмән», «мансаппараз», «дүниепараз», «шахсан-параз»,
«беһуда» (бұл бейқұдай, құдайсыз деген мағынаны біл
діреді). Көркем шығармадағы кейіпкерлердің ыңғайына
Әдебиет – жан нұры
қарай соған қажетті сөзді дәл керекті орнына қарай тауып
қолдану жазушының тілдік қор байлығына жатады. Бұл
жағынан алғанда көптеген облыстарда қолданудан мүлде
қалып бара жатқан жоғарыдағыдай бірен-саран парсы,
шағатайдан кірген бұрыннан тілдік қорымызда қолданылып
келген таңсық сөздерді пайдалану жағынан Орекеңді еске
сақтағыш, кәрі құлақ жазушыларымыздың бірі дей аламыз.
«Қауы ашық жүк машинаның», «қандай көмекке болса да
әзір, бәйекшіл», «алақан шапаты», «банайы себеппен»,
«дәнемені білмейді». «Айтса айтқандай екен, Сәлима шы
нында да сымбатты келіншек. Айрықша баданадай жар
қырап, шұғыла шашқан үлкен қара көздері қараған жерін
қарып жіберерліктей әсерлі екен». Қараңыздар, осыдан
артық айту мүмкін бе? «Қарып жіберерліктей» дегеннің
өзі-ақ жетіп тұр. Міне, мұндай бейнелі тіркестер кез келген
тұста аузымызға түсе бермейтіні анық. Ендеше, тілімізге
оңайлықпен орала қоймайтын бұл тектес тіркестерді
қаламгердің ойлау жүйесіндегі өзгеде жоқ табысы десек
болады. Ғ. Мүсірепов «тауып кеткен бірауыз сөзімізбен
өмір сүреміз» деп осындайдан айтқан. «Шеңбер» романы –
Мемлекеттік сыйлықты құлантаза абыроймен алған туынды.
Жиырма шақты кітап авторы Оразбек Сәрсенбайдың
«Сағым» (1970), «Бақыт құсы» (1973), «Жиде гүлдегенде»
(1977), «Жақсының көзі» (1979), «Уәде» (1985), «Менің
мекенім» (2002) атты әңгімелер жинақтары жарық көрген
болса, 1971 жылы басылған «Таңбалы тас» романынан
бастап, «Шамшырақ» (1990), «Шеңбер» (1998) және 1992–
93-те шыққан таңдамалылар мен «Өмірнама» (2005) кітабы
оқырман қолына сәтімен тиген айтулы еңбектері.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, барша қаламгер әріп
тес, зиялы қауым үшін өзінің таза маңдай терімен, шығар
машылық ерен еңбегімен қадірлі, шынайы, ойшыл жазушы
Оразбек Сәрсенбайдай ғазиз азаматтың 70-ке толған мерейлі
жасына жас қосылып, ел-жұртының абыройын әлі де асыра
түсіп, жасай берсін деген дұғай тілекпен достық көз тігуде
болайық!
Жанат Ахмади
ПІЛ КӨТЕРМЕГЕНДІ – ТІЛ КӨТЕРЕДІ
«Мың адам жемеген
қамыңды бір адам жейді»
(Халық даналығы)
1997 жылы «Жазушы» баспасынан көрнекті сатирик
жазушы Ғаббас Қабышев ағамыздың «Жетім жиналыс»
аталатын кітабы жарық көрген. Осы баспаға басшылық қыз
метке келгелі талай-талай ақын-жазушылардың батасын
алып, алғысына бөленген ақын Есенғали Раушанов Ғабе
кеңнің де көлемі 36 баспа табақ аталмыш кітабын таңдаулы
мұқабамен көрікті етіп шығарып үлгірген.
«Жазушы» баспасында жылдар бойы сары жамбас бо
лып жатқан талай қолжазба Е. Раушанов келгелі айналасы
бірер жылдың ішінде том-том кітаптарға айналғанына ешкім
көз жұма алмайды. Бұл үшін Е. Раушановты марапаттап
жатпай-ақ мұнан бұрынғы директор Дулат Исабековтің
«құлағына алтын сырға» десек соның өзі жеткілікті болар.
Енді негізгі ойымызға оралсақ мен өз басым Ғаббас
Қабышұлының мерзімді баспасөз беттерінен оқыған – әде
биет мәселесі төңірегіндегі жазбаларынан басқа 1983 жы
лы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Күлеміз бе, қай
теміз?», 1986 жылы шыққан «Халіңіз қалай?» аталатын
ащы мысқылға толы сықақ кітаптары барын білетін едім.
(Алматыға келіп тұрақтауымның өзі 1987 жылдан бастал
ғандықтан қолыма там-тұмдап тигені сол кітаптары бола
тын) Ал жалпы Ғабекең он бес шақты әзіл-сықақ әңгімелер
жинағының авторы екенін, оның сыртында біраз шетелдік
әйгілі сықақшы жазушылардың, атап айтқанда: Антон
Чеховтың, Ион Друценің, Сергей Михальковтің әңгіме,
пьесаларын аударғанын, Молдаван келемежшісі Аурелю Бу
суйоктың, сондай-ақ Түркі, Украин әдебиеттерінің классик
тері: Әзиз Несиннің, Остав Бисияның кітаптарын қазақ
тіліне аударып шығарғанын кейінгі жылдары білдім.
Ғаббас Қабышұлының «Жетім жиналысын» оқып оты
Әдебиет – жан нұры
рып ойға қаласыз. (Әрине, ондағы жүздеген әңгімелерді
уақыттың жеткенінше, шама-шарқының келгенінше оқып
шыққаннан кейін.) Автордың әдебиетіміздегі осы жанрға
деген айнымас, аумас құштарлығын, бұған деген ағынан
жарылған сүйіспеншілігін еске аласыз. Қаламгердің осы
жанрды еншілеген себебін, оны түп қазыққа табылжытпай
байлап отырған түрткі не екенін бір сәт зерделеп алғыңыз
келеді. Тіпті әдебиет өлкесінде сонша қажеті бола тұра, сы
қақ жанры сыншылардың, зерттеушілердің назарына дер
кезінде іліне бермей, автор үшін ең бір қажетті жерінде,
оның еңбегі нағыз көзге көрініп, бағаланатын ұрымтал тұста
«сөзге бақпай, көзге бағатын...» алақол «төрешілердің»
сырт бергіш, салғырт, құлықсыздығынан қағыс қалып,
көмескіленіп отыратын осы саланың бейнетіне Ғаббас
Қабышұлын көндірген не? Қандай құдірет?..
(Жазушылардың ХІІ Құрылтайында сатира жанрының
көшбасшы, ақсақалы Темірбек Қожекеев сөзге шығып да
уысы қарлыққанша жар салғаны баршамыздың есімізде.
Садақ жебесіндей түйреп түсер жанрдың кәрі шораяқ,
боз тарланы өте орынды дау көтерген-ді. Сол Темекең
2000 жылдың дәстүрлі әдеби жыл қорытындысында да ке
реметтей уытты толғаныс байқатты.
Ғаббас Қабышұлының шығармашылығы жайлы ой тол
ғар алдында автордың жеке басының болмысы туралы да
бір-екі ауыз лебіз қоса кету артық болмас еді. Өмірде әрбір
адамды өзінің, ерекше мінез, тұлға-бейнесімен тартып,
құрметтетіп тұратын бір кісілігі болады. Алдыңғы аға
буынды білмеймін, өзінің ізін басып келе жатқан, орта буын
біздер үшін Ғабекең сондай жеке тұлға-тұрпатының пәк,
түзулігімен дара екшеліп танылатын аға қаламгерлердің
біреуі. Ешқандай сыртқы күштің әсеріне әуексімей, тек
өзінің айырықша талғампаз жан-дүниесін ғана серік ететін
бір бет, Ғабекең табиғатынан қайсар да, қатпарлы тұлға
екендігін көреміз. Маңына жұрт үйірілгіш «иті үрген, ата
жүреген» боп «кәдеге» жарай бастаған біреулерді жағалауға
Жанат Ахмади
жаттықпаған, ондайды місе тұтпайтын оқшау кірпияздығы
және бар.
Ол өзіне ғана тән Ғ. Қабышұлына ғана жарасатын сыр-
баз, кербездік. Кейбір «сырты жібек, іші кебек» «жақсы
лардың» пендешілік ысқаяқтығын ар санайтын, намыскер
пейілден сірә бұлжымайтын, сірескен табандылығымен
өзгеше. Жасамыс шағында бұндай тебінді, жас, бұла дәу
ренінде қандай болды екен дегіңіз келеді, Қарысқан бойы ер
жетіп, кеудесін тік асқақ ұстап келе жатқан, Ғабекеңнің ең
«осал», жанды жері – әділдікке ғана мыңқ етпей бас иетін
дігі. Бірақ жолы ауыр, жайбасар әділдік келіп жеткенше
жасама жалғандық біраз жерді жайлап алатыны бар.
«Зорлық есіктен кірсе, әділдік шаңырақтан шыға тұрады»
деп босқа айтылмаған. Қолында билігі бардың әзілдеп
айтқаны да бұйрық. Ойнап айтқаны шындап істеледі. Мен
әділмін деп, олардың амалдарын ыдыратып, қамалдарын
бұзып көр! Сондайдан торығып көңілі қалған, тумысынан
бір сөзді сатирик жазушы біреумен жақындасып, лебіздесу
үшін де өзгелердің заттылық, тектілігіне қарап қадам
басатын секілді. Жақсылығы өз басынан артылмайтын,
азаматтығы шамалы кейбір лауазым иелері «бектің ісі
тынады, бейшара төзе тұрадының» керін келтіріп өз басын,
өз айналасын жарылқауға машықтанғандықтан, Ғабекең
«байыған қайыршы жаңа қайыршыға зекет бермейтінін»
есте ұстайды да, өз ішінен уыттана ойланып өз бойын күтіп,
тік басып жүре береді. Қаламгер атаулының ең басты арма
ны дер кезінде кітап шығарып алу болса, сол үшін де ешкімге
бас ұрып жүгірмей, мейлі біраз жылдар өтіп жатса да, сәт-
сағатын төзіммен күтеді. Бас имей іс тындырғысы келеді.
Егер осы жайлы сыр тартып байқасаңыз тілі уытты, аз сөзді
сатирик жазушы тежемді оймен ғана тіс жарып:
– «Ішмерездің ішінде ит өліп жатса білмейсің» деген.
Шынайы бір құдайшылығы барлар болмаса, аялаған басың
ды арзанға жұмсап өзгеге бет салу да қиын. Оның үстіне
ешкім ешнәрсені тектемейтін, «әр мырза өзінше шіреніп,
Әдебиет – жан нұры
әр ақсақ өзінше ақсаған» дейтін, әр кім бет-бетімен өктеп
кеткен дай-дай заман орнады. Суайттар көбейген. Ең бір
көңіл жетер сыралғы кісің болмаса, әр кімге сенім артамын
деп жүріп жүрегіңе зіл түсіріп аласың.
Қалпақтың қапысы жоқ, оны киген басты айт» демекші,
қызмет-лауазым, атақ-даңқының қапысы жоқ, «жақсылар»
деп жүргендердің өзі қылмойынға тірелгенде сыры ашылып,
топырағы сусып шыға келеді. Кісіге алдымен бөрік киер бас
керек емес пе, – деп сөзді келте доғарып қояды. Айтар уәжің
қалмайды. Содан кейін барып «е-е, бұл кісі көбінше үнсіз
жүріп әлгі қоқсықтарды жүрек сүзгісінен өткізе отырып өзі
сүйген сықақ әңгіме қоржынын тоғайтудан өзгені бұйым
көрмейді екен-ау» деген байламға келесің.
Сондай автор көкейінен жаралған «Жетім жиналыс»
кітабы Ғаббас Қабышұлының іште тұншығып шымырлап,
қайнап жатқан өз жан сарайының айна-қатесіз көрінісі
екеніне көзің жетеді. Яғни автордың қалам қуатын, жан-
сезімін мүлтіксіз түсіне алатын әдебиет қамқорларына,
онымен шынайы пікірлес, көзі қарақты әріптес қалам
герлерге, Ғабекеңнің қазақ әдебиетіндегі орны қандай екені
белгілі. Бұл әсіресе «айласы жоқ хайласымен күн көрген»
дейтін, қолындағы күрегі мен маңдай теріне сенген, есе-
теңдік атаулыға мұқтаж миллиондарға жасалған ақысыз
көмек, қызмет екеніне көз жеткізесіз. Және ол алған бетінен
қайтпас, жүрек сертінен танбас, табанды қаламгер рухының
бейнелі көркем көрінісі. Тілі дегеніңіз удай. Діттеген жерін
жыланның құсығындай зәрлі тілмен безеп шенейді.
Сатира-сықақ жанры кешегі «тфу» деген түкірігі жерге
түспей, үстемдік саясатымен аяздай қарып тұрған кеңес
заманында да, бүгінгі нарықтық экономика құрсауында да
қырына іліккенді қос өкпесінен түйреген құдіретінен ай
ныған жоқ. Ұлт бар, халық бар жерде әжуа, сықақ: атар
жебесі таусылып, адырна жібі үзілмей адам баласымен мәңгі
бірге жасамақ. «Бетімнің қалыңдығы – жанымның рақаты»
дейтіндер болмаса, сатиралық келемежінен мертікпей
Жанат Ахмади
қалар ешкім жоқ. Әркім өзін танып алады. Мәселен
бүгінгі қарапайым халық нарық заманының қыспағынан
кеудесіне тартса бөксесіне жетпей отырғанда, шіренгенде
шап тартпасы үзілердей байыған шенеуніктер халық қамын
қаншалық ойлап жатыр? Төрт босағасы – төр, төрт құбыласы
– тең, төрт тұрманы – сай, шен-шекпенді «мырзалар»-
басқан жері солқылдап, қос-қос машина мінеді. Қос-қос үй
тұрғызып, қос-қос қатын алады. Ойын басса – ойы, қырын
басса – қыры солқылдап, кеудесімен тау соғатын солар. Ал
саудаға жаттықпаған ұлтымыздың сансыз ер-әйел, ұл-қызы
өкілі «ұн сатқанда желдетіп, тұз сатқаңда селдетіп» ісі ілгері
баспай алақап арқалаумен күндері өтеді. Небір жігіттер
базар-базарда жаяу арба сүйрейді.
Жаздың ми қайнатқан ыстығы, қыстың қызылшұнақ
аязы демей базарда тентіреген қазақтың аяулы қыз-келін
шектері буыншақ-түйіншектерін үйіп байлап алып қол ар
ба қуалайды. «Байлаған жібі үзіліп, артқан жүгі шашылып»
демекші, көзтүрткі болады. Мұның қарсы жағында «салқын
шарап, жылы сөздің ортасында» қалтадағы бума доллардың
буымен «сұм байыса зорға салған үйі тар көрінеді, зорға
алған қатыны қар боп көрінеді» дегеннің керін келтіріп ақ
сарай тұрғызып «кәнизәк» аулайды.
Тегінде «Малай байды таңдамайды, бай малайды тан
дайды». Жұмыссыз жүрген не бір жігіттер «ел билейтін
басымен тері илеп», «іскер» мырзалардың базардағы жаяу
арбасын айдайды. «Құлдың құны жұмыспен» болса, адам
абыройы тек дене қуатпен өлшенген жерде оның қаншалық
рухани намысы болмақ, есе-теңдігі болмақ?
Тоқталып отырғанымыз сатира жанры болғандықтан,
Ғаббас Қабышұлының шығармашылық ауқымында осы
аталып жатқан теңсіздіктің барлық түрі ұшырасып жата
тындығы сөз болмақ. Авторды оқыған жаны жәбірлі есесіз
дер көңілге медеу, рухани нәр табатындығы. Өздеріне бұл
өмірде іздеуші барын білетінідігі.
Айтпақшы әр нәрсеге бір зауал... Әлгі биік лауазым
Әдебиет – жан нұры
сарсаңындағы кейбір «іскер» мырзалардың да тартатын
тауқыметі ешкімнен кем емес. Бұрын шетел киноларынан
көретін аты жаман, атысып өлу, бәсеке-бақталастық та
жан-жағымыздан табылуда. Жұлығынан май кешем деп,
тобығынан қан кешіп, жер құшқан бейбақтың да артында
бала-шағасы бар емес пе! Балаға алтын сарайдан гөрі әке
ыстық, әке қымбат. Ал Ғ. Қабышұлының сатирасы осының
бәрін қамтиды.
«Жаңа шындық жасамыс өтіріктен соққы көретіні де»,
«асқан өзімшілдіктен бұзақылық туатыны да», «зомбы
лықпен көркейген, қарғыстан күйрейтіні де», «аса қу ал
қымынан ілінетіні де», «ойсыздар өркөкірек келетіні де»
қарау байдың жиюлы қазынасы да бір, даладағы үюлі то
пырақ та бір болатыны да, ойсызды би сайласаң, тәкаппар
ететінің де, өзгені бақытты болуға қимайтындар өздері де
бақытты болуға лайық еместер екені де, біреудің бақытына
сұқтанып, қызғанатындар – көре алмас, күншіл келетіні
де, жағымпаздың тілінде балы, жүрегінде зәрі жататыны
да, дүниені өліп-өшіп көп жиятын немесе қызметін үлкей
туден басқаны көздемейтін кісіде қайырым атаулы бол
майтыны да, ешкімді менсінбеген тәкаппар кісісі өлсе,
жалғыз жылайтыны да, не қазына байлығы, не биік қызмет
мансабы есінде тұрған кісінің ізгі ниеті болмайтыны да,
тәубеге келмей дардайып кеткен ақыр – түбі көзі ойылғанша
өкініп жылайтыны да, пәлеқор мен парақорды байытсаң
қағынғанға қанжар ұстататыны да, арамзаның арқанымен
құдыққа түссең түбінде шіритінің де, қызметте өсу мен көше
алмастай баюдан өзгені көздемейтін даңққұмар пақырлар
аузын ашса, көмейінен көр көрінетіні де, атақты сұм ақыр
түбі азаптан өлетіні де, қылмыстың зауалы алда болатынын
ойламай, асқындап кеткендер оқтан құтылып, опқынға
тұтылатыны да, өз мәртебесінен биікке ұмтылушылар, ма
заққа қалатыны да, қысқасы «айдай ажарыңды иттей нәп
сің тоздыратыны» бәрі-бәрі автордың «Жетім жиналыс»
кітабында көз алдыңнан тізіліп өтіп жатады.
Жанат Ахмади
Әжуа-сықақ жанры саласында қырық жылға таяу уақыт
талмастан еңбек етіп келе жатқан Ғ. Қабышұлының «Күлеміз
бе, қайтеміз?», «Шіркін сыйлық-ай!», «Творчестволық тү
леуім», «Шашбаушы», «Тарихта қалудың төте жолы»,
тағы-тағы әжуа-мысқыл әңгіме жинақтарын қоя тұрғанда,
«Жетім жиналыс» кітабындағы жүзден аса сайқымазақ
сықақтарын сырттай дәріптеп, жалаң уағызбен сөйлегеннен
гөрі, ой-өрнегі өткір автордың келемеждері оқып тұшынуды
қажет етеді. Тіпті болмағанда «мылқауды саудан гөрі
керең тез ұғады» демекші, Ғабекеңнің өз сөзімен айтқанда
«мақтайтын адамдарының тізімі өз қойын дәптерінде
жүретін» әккі лауазымдылардан гөрі жай, қарапайым
оқырманның қолына түссе сол қайыр. Бұл кітаптағы «Мен
бар... Мұқаң бар...», «Жетім жиналыс», «Әке-шешесі бар
жиналыс», сияқты әңгімелері көкейіңде таңбадай орнап
қалады.
Ұзақ жылдар бойында қыруар еңбекпен қолға келген
бұл кітаптар тақырыптық жағынан ешқашан ескірмейтін,
қай-қай заманда да қандай қоғамға апарсаң да адам баласы
бар жерде мән-мағынасын жоймайтын дүниелер.
Ал енді Ғаббас Қабышұлының жоғарыдағы кітаптары
нан соңғы жылдар бедеріндегі еңбектеріне оралатын болсақ,
2000 жылдың өзінде көлемді екі кітап шығарып үлгеріпті.
Екеуі бірдей «Нұрлы әлем» баспасынан жарық көрген көз
тоярлық әдемі мұқабалы кітаптар. Біріншісі «Әлем таныған
Әнуар» деп аталатын, Ә. Әлімжанов туралы ілгері-кейінді
әйгілі адамдардың қаламынан туған естеліктер жинағы.
«Құрастырушы және арнаулы редактор – Ғаббас Қа
бышұлы» делінген бұл кітапта «жинақты шығаруға қол
ұшын берген «Қазақойл» компаниясының президенті, Нұр
лан Өтепұлы Балғынбаев мырзаға мың бір алғыс» деп ағы
нан жарылған арнау бар.
Кітаптың «Архив тіл қатқанда» дейтін бөлімінде Мұх
тар Әуезов, Ілияс Омаров, Евгений Долматовский сияқты
кісілердің естелігі болса «Қаламдастар лебізі» бөлімінде
Әдебиет – жан нұры
әйгілі жиһанкез, айтулы қоғам қайраткері Хасен Оралтайдан
бастап кешелі-бүгінгі дос-жар қаламдастары жайлы ой
тербеген. (М. Әуезов 1961 жылы өмірден өтер шағында
Ә. Әлімжанов жайлы соқталы ой айтып үлгірген екен).
Жазушының екінші кітабы екі хикаяттан тұратын таза
көркем шығарма: «Сайыңнан саяқ құрлы сая таппай»,
«Гүл аңсаған бір ғұмыр» деп аталыпты. Біріншісі Мұхаңа
– Мұхтар Әуезовке, екіншісі Оралхан Бөкеевке арналған.
Яғни автордың көркем проза жанрындағы кейіпкерлері
осы қос тұлға. Әрі жазылу мәнері бұл екі шығарманың да
қандай сынға болсын толатын, қомақты дүниелер екенін
әйгілейді.
Әуезовтің басына қара күн туып, 1953 жылы көктемге
салым КГБ тарапынан тұтқындалатын күні белгілі жігіттер
құпия іске кіріскен. Бұл іске Әнуар Әлімжановтың бірге
туған ағасы КГБ-да қызмет істеген, Абдолла тікелей қол
ұшын береді. Абдолла – Берия әшкереленген соң жоғарыдан:
«жергілікті ұлт кадрларын КГБ-дан тайдырыңдар» деген
жасырын нұсқау келіпті де «онша сенімді еместер» тізіміне
іліктіріліп, «отставкаға жіберілген» адам. Ол Қалибек Қуа
нышбаевпен көңілі өте жақын болғандықтан сол Қаллеки
дің КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттық билеті арқылы
інісі Әнуардың ұшаққа билет алуына (Мәскеуге) мүмкіндік
тудырады.
Компартияның нанын жеп өз еңбегімен соның оң құ
шағында өскен, Қаллеки жарықтық алғаш естігенде өртеніп
тұрған заманның ызғарын ойлап қорқып кеткен болса да
Мұхаңдай кісінің жазықсыз отқа күйіп бара жатқанын есіне
алып аталмыш куәлігін беруден бас тарта алмай қалады.
(Әуезов осы куәлік арқылы, сол адамның өзі болып аттанбақ!)
Міне, осының барлығы неткен достық, қимастық еді
десеңізші! Шығарманың көзге жас келтірер тұстары бар.
Өз маңына екі-үші жігітті ұйымдастырған Әнекең біреуін
машина дайындап тұруға, енді бірін Мұқаңның маңына
сақтық қарауылға, тағы бірін аэровокзалдан билет дайын
Жанат Ахмади
дап тұруға орналастырады. Ә. Әлімжанов ұстазы Әуезовке
ҚазМУ-дің корпусінде отырған орнынан ешқайда қозғалмай
бұлардың хабарын күтуін бір парақ қағазға түрткен жазуы
арқылы сездіріп мұқият табыстап, қояды. Ақыры барлық
басқыш дайын болған мезетте қайран кемеңгер ұстазын
амалсыз артқы есіктен ұрлап шығарып діттеген жерлеріне
жеткізеді.
«Абай» романының алғашқы кітаптарына – «Сталиндік
сыйлық» алып болған Әуезовті көре алмай күндеушілер
алыста емес, өз айналасында жүрген «қазекемдер» болса,
оны ажал аузынан алып қалған Фадеев бастаған мәскеулік
орыс жазушы достары болған кезеңді автордың суреттеуі
ғажап-ақ!
Мұнан бұрын сатира: әзіл-сықақ, сайқымазақ әңгімелер
жазып келген автор, Ғабекеңнің көркем шығармадағы қа
дамы кім-кімді де ашындырмай қоймайды. Санаға салмақ
салатын ауыр оқиғаны айтып жеткізумен ғана емес, ащы
да, көркем ойлармен өріп, жүйкеңе тигізе баяндап отыраты
ны әрбір оқырманның өз үлесіне қалғаны сенімдірек болар.
Міне, бұл хикаяттан түйіндеп ұғатынымыз, талай жыл
дар бойы авторды іштей қажап, әттең осыны айтсам-ау,
жазып жарыққа шығарсам-ау деп рухани ширығуын аң
дайсыз. Ұлтымыздың теңдессіз ұлы жазушысы үшін бұлқы
нып соққан жүрек үнін естисіз. Соған сенесіз.
Ғаббас Қабышұлының жалпы шығармашылығынан
өртеңге еккен шыбықтай қашанда замана кірбеңіне шал
дығып, есе-теңдік аңсайтын кейіпкерді көресіз. Сол арқылы
автордың «Әділет» деп жаралған қыран болмысы мына
аспан-жер арасындағы «жалған атаулы құрып, жаман
атаулы шіріп бітпейтін, қыл-қыбыр, жүн-жыбырлы дүние
бітпей арылмайтын қашанда «бірі кем» болып тұратын
енжар тағдырларға келісе алмай, ашу-ызамен қарайтын
патша көңілін аңғарасыз.
Авторға Әуезовтің де, Әлімжановтің де рухы риза.
Кітаптағы «Гүл аңсаған бір ғұмыр» атты екінші хикаят
Әдебиет – жан нұры
өмірден өз еншісін толық алып болмай, дүниенің барша
қызығын өр, тәкаппар басына теңгермей, соңындағы рухани
мүлкін буып-түйіп кейінгілерге аманаттап та үлгермей
асығыс кеткен, Оралхан Бөкеевке арналған.
Бұл хикаятта басты кейіпкер Өртұлға мен Әйкен қыз
(Айкүміс) махаббатының басталуы және екеуінің қайғылы
айырылуы сөз болады. Айырылу болғанда «айырылысу,
ажырасу» емес, аса тату-тәтті, бал жаласып өмір сүрген
екеуінің арасын өлім жігі, күні кешегі жан жары Әйкенінің
қайғылы қазасы бөліп кеткен.
«Адам менен адамның қосылуы – айырылысудың басы»
дегенді данышпан қазақ тауып айтқан. Өз басыңызға күте
тін де, әрі таң қалатын да нәрсе емес, ерте ме, кеш пе, қуалап
бір жетеді. «Өмірдің басы сайран, түбі ойран» дейтіні де осы.
«Басыңнан жағың, ажырайды» десе, өлгеннен соң қырық
жыл өткенде бас сүйегіңнен жағың ажырап екеуі екі бөлек,
бос, саудырап қалатыны – ол да рас.
Оралхандай ұлт мақтанышы бола білген біртуар, бек
зат перзентке, оның тағдыры қиған тауқыметке қарап «ат
тың нарқымен қасқырдың ісі жоқ, адамның парқымен
тағдырдың ісі жоқ» деген ұлағатты айтуға болар. Әдебиетке
араласқан қырық шақты жылғы ғұмырында отыз шақты
кітап шығарып, өздігінен әлдебір сыйлықтар алуға ұрынуға
құлқы соқпайтын Ғ. Қабышұлының ұстамдылығы бір
адамның бойына жетіп жатыр. Ол өз мәртебесінен биікке
ұмтылып, арқан бойы жердің тұсау бойы төтелігін аулаумен
күні өтіп, сонымен қолы көтермес шоқпарды беліне іліп атақ
арқалайтын бейшараларды пақыр, мүсәпір көреді.
Шымшымалы, келемежге толы сатира жанрында алды
на жан салмайтын, қайсар автор өзгеге көріне бермейтін
елеусіз, көмескі жайттардың өзін суреткерлікпен береді.
«Әйкеннің қос бұрымының салмағынан тықырланған тө
бесіндегі айшықты орайы...», «сұлу желегінің сусылы
сүйкімді әуен таратқан сымбатты қайың тоғайдағы ерке
күлкі, жас күлкі әлі де сыңғырлап, әлі де күмбірлеп тұр.
Жанат Ахмади
Тыңдашы!.. Кірбең-кіршіксіз бейқам көңілдің күлкісін,
көктем өмірдің күлкісін тыңдаңдаршы!..»
Міне бұл Оралхан сүйген қыздың, Оралхан отырған қа
йыңды тоғай жапырағының сол бір сәттегі ғана өтпелі, өш
пелі үні. Әттең, дегізген өкінішті шақ. Баянсыз қонақ сағат.
Жазушы кімде-кімнің өз жастық шағын, қолға қайта түспес,
сағым кезең, ерке назы бар шағын еріксіз еске алғызады.
Жасыңда өткізгеніңді жас жасай келе бағалайсың. Өйткені
«мүсәпір болмай, мұсылман болмайсың» деген сөз босқа
айтылмаған. Кайрарға тісің болмай, қызыл иегің кемсеңдеп
отырғанда тіпті керемет болуы мүмкін. Жас кезіңде жерде
жатқан сынық күміске бұрылатын «қайран» басың әлгі
қызыл иек шағыңда «алтыннан аттап барып талқан алып
жейсің». Өмір сол кезде артық бағаланбақ.
Айналамыздағы қолында мөрі бар басшылардың ішінде
«өмірге әділдік керек екенін өлерінде ойлайтындар» жоқ
дей алмайсың.
Әсем мұқабалармен безендіріп шыққан аталмыш екі кі
таптың жарық көруіне қол ұшын берген «Қазақойл» ком
паниясының президенті Нұрлан Балғынбаев екен. Оқырман
ретінде Нұрлан Өтепұлына да ұлылар рухының шапағаты
қолдасын! – демекпін.
Әдебиет – жан нұры
ЕРЕУІЛГЕ ТОЛЫ АЛТАЙ
Көктүріктің көшпенді ұрпақтарының тарихын терең
деп іздеген жөн. Далалықтар жайындағы тарихи шындық
мол-ақ. Тек осының барлығын жиып-теріп, тасқа бастыру
біздің ұрпақтың борышы әрі намысымыз. Міне осы жолда
Жақсылық Сәмитұлының «Сергелдең» романы туралы яғ
ни, 3 томдық дилогияның 1-ші кітабы жайлы сөздің басы
етіп, ең әуелі бұл еңбек қазақ халқы тарихының әлі толық
игерілмей жатқан үлкен бір бөлшегін қамтитын қарымды
туынды екенін айтуымыз керек. Олай дейтінім бұл шығарма
бір жарым миллионнан астам қазақ өмір сүріп отырған
Шығыс Түркістандағы қандастарымыздың әр кезеңдегі қан
кешуіне арналған.
Шығыс Түркістандағы Іле, Алтай, Тарбағатай үш аймақ
ежелден қазақ уәлаяттары екені жұртқа мәлім. Ал мына
«Сергелдең» аталған кітап Алтай аймағындағы қазақтар
дың Шың шы сай өкіметінің езгісіне бағытталған. Алтай
қазақтары үшін адам айтқысыз қырғын апат болып тиген
қанды соғыс жергілікті әкімшілікке қарсы бас көтерумен,
атап айтқанда Көктоғай ауданының қанқұйлы әкімі Шүй
чыңның басын алудан оқыс басталған. Қыс ішінде үй-
жайларын тастап тауға қарай босып кеткен көшпенді қазақ
бүкіл Шыңжаңды билеп отырған Шың шы сай өкіметінің
жасанған қарулы күшіне қарсы тұрады. Тарихи шындық
деректер негізі бойынша жазылған бұл еңбекке ә дегеннен-
ақ жанашырлықпен қарайтын тұсымыз жалаңаш қарын
жас бала, еңкейген кәрісінен тартып ақ қар, көк мұз қыс
ішінде иен өлке, тау-тасты сағалап түп қопарыла көшіп
шығатындығы. Үй-мүлік, қора-жай атаулыға қарай алмай,
тек жамылғыш, төсенішімен ғана тау шатқалдарына қарай
елсіз өңірді бетке алып босып шығады. Мықтағаны кішкене
ұранқай үйлер, қала берсе бастарына қалқайтып отырарлық
күрке, қостар ғана болмаса, әшейіндегі мәпелеп тігетін бәлен
қанат үйлеріне шейін тәрк етіп буып-түйіп қыстауларына
тастап ауған. Алдымен Көктоғай, Шіңгіл екі ауданның
Жанат Ахмади
қазақтары көтерілген. 1940 жылдың кірісімен көтеріліс
бастаған Алтай аймағына байланысты бұл уақиғаның түп
тамыры тым әріден себеп туындатып отырғанын алдын-
ала білуіміз керек. Мұнан жүз отыз жылдай бұрын, сонау
1871 жылы он сегіз жастағы Көгедей төре Пекинге барып
Еженханнан (Шиң империясының ханы) «уаң» деген
атақ (ақсүйек – кінәз) алуымен байланысатын. Он екі ата
Абақ Керейдің төресі Көгедай осы Керей елін тұтасымен
Еженханға тікелей бағындырған. Содан 1921 жылға шейін
Алтай аймағы Шиң империясының ордасына төте қарап
келіп бертінде ғана Шыңжаң өлкесіне бағынғандықтан бұл
аймақты мекен еткен жауынгер, Керей ұлысы енді Шың
жаңдағы гоминдан – Қытай өкіметінің аяусыз езгісіне
шыдай алмай, көтеріліс жасауға мәжбүр болған.
Бір жағы Монғолиямен, екінші Сәбетпен шекаралас,
құлағы түрік, қаны ояу Алтай қазақтары аса зымиян, аяр
лығымен аты шыққан Шың шы сай өкіметінің жергілікті
әкімшілігіне наразылық көрсетуімен барып шегіне жете
ушығып кеткен қарсылық ақыры осынау зор қантөгіске
жеткізіп тынды. Жергілікті Қытай өкіметі, атап айтқанда
аймақ, аудан басшылары қазақ елінің ең сорпа бетіне шығар
Ақыт қажы тектес атақты кісілерін тұтқындап, түрмеге
жабу арқылы елді ауыздықтап, тізгіндеп ұстау тәсілін
қолданбақшы еді. Сондай кезеңде халықты ерлікке бастау
шы не бары отызға енді ғана ілінген жас батыр, Иманбай
баласы Есімхан Көктоғай әкімі Шүй чың қазақ қолындағы
мылтық атаулыны жинатып алу үшін нөкерлерімен ауылға
келіп жатқан жерінде басып қалып, түгел қырып салады.
Және сол маңдағы Ақтеке бидің ауылында қонып жатқан
Шүй чыңның өзге кісілері де жойылған. (Автор Шүй чың
деп алып отырған қытай әкімінің тарихи аты Шүй арлин
еді, оны сәл өзгертіп қолдану себебін Ж. Самитұлы өзі
біледі)
Есімханмен бірге әуелден-ақ көтеріліс ұйытқысы болған
басшылар: Көктоғайдан Ақтеке би, Шағалақ би, Көкенбай
Әдебиет – жан нұры
үкірдай, ал Шіңгілден Ноғайбай би, оның баласы жас үкір
дай – Ырысқан, Арғынбек имам, тағы-тағылар.
Сонымен Керей елі өздерінің бұрын өткен даңқты абыз
көсемі Жәнібек батырдың қаратамақ туының түбіне жи
налып серттеседі. Арғынбек имам соғысқа аттанатын қа
райған халықтың тірідей жаназасын шығарады. Ел-жұрт
етегіне жас толып күңіренген бұл әрекет романда өте
тартымды, нанымды да, табиғи суреттеледі.
Сыпырыла көшіп ошарылған қалың елдің Бұлғындағы
ұшыраған қырғынын айтыңыз! Осы тұста ойға оралатын
бір нәрсе бар. Ағылшын жазушысы Жюль Верннің «Он бес
жасар капитанында» құлдық дәуірдегі Африка негрлерінің
көретін азап қырғыны Жақсылық Сәмитұлы дүниеге әке
ліп отырған тарихи романдағы күні кеше ғана қазақ елі ба
сынан өткерген қанды қырғынның ширегіне, тұрмайтын
дығына көзіңіз жетіп ойға қаласыз. Жарайды, Жюль Верн
сәттілік толқынына тұс келіп тарих сахнасында аталмыш
негр қырғынын жарыққа шығарып бере алған екен,
төрткүл әлемге танытқан екен... Әсіресе сынаптай сырғып
жоғалған сәбеттік қитұрқы саясат, «жылағанның басында,
жығылғанның қасында» көрінгісі келетін қашаннан бергі
үйкеншек әдетімен Үндіқытай түбегіне ме, немесе сонау
қара үйек құрлықтағы негрлерге ме, қай-қайдағы қолайыма
келеді-ау деген елдерге қамқорси қоятын әдетімен «Он
бес жасар капитанды да» әлемдік аренадағы классикалық
шығарма дәрежесінде уағыздап өтті. Мақұл талас жоқ,
құлдық дәуірдегі Африканың сол нәубеттегі жағдайымен
жоғарыдағы аталмыш кітап арқылы танысып бәріміз де
жаға ұстағанбыз. (Езілген ұлттың зары Құдайға жеткені-
ақ абзал) Бірақ негрлер қырғын көреді, оған күллі әлем
үн қатады. Ал қазақ қырғын табады, жазушы жақсылап
жазады. Оған, е, солай болған екен ғой, деп қоя салуға
әдеттенгенбіз.
Иә, олай болса біздің елдік білдірер қапы қалмас ұрым
тал тұсымыз осындай орайда болуы шарт десек, көкейге
Жанат Ахмади
қонатын шығар. Жақсылық Сәмитұлының «Сергелдең»
атты романы қай жағынан алсақ та сынға толарлық еңбек.
Бүгінгі таңда әлеуметтік саяси жағдай бізге ұлттық рухани
сахна төрін ұсынған екен, ендеше сөз жоқ, автордың бұл
романын құдайшылықпен тани білуіміз керек-ақ.
Ж. Сәмитұлының үш томдық «Қаһарлы Алтай» три
логиясы өз көзі жоқ болса да мемлекеттік сыйлық алуы
керек. Соған ұсыну елдігіміздің белгісі болар еді. (Газетке
шыққан мақалаларын кітап етіп шығарып, онысын көркем
шығарма ретінде аталмыш сыйлыққа ұсынып жүрген
бетбақтар ұялуы керек).
Жалпы шытырман оқиғалы бұл кітап жайлы айтып
сөзің жетпейтіндіктен алдымен қаламгерлердің тілі, стилі
жағынан шөлкемдеп қана өтер болсақ, Сәмитұлының сөз
дік қоры ұшан-теңіз. Қалың кітап бетін парақтаған сайын
ой-қиялыңа келмейтін сөз тіркестер, жеке терминдер ал
дыңыздан андыздап шығып жатады.
Мәселен: «жасығы жібіп босай берген», «көңілінің тү
бінде тұнып қалған бір лас, илат...», «әмір таппай боз
дап», «көзін әр тұсқа шапшыта қарап», «жақ кірісін
ашпай», «көзінен алтын сәуле ойнап», «сырт буын тартып
шеттеп», «шекесінен ып-ыстық от дуылдап», «бөктер
тауды далда ете жабыттап, жасырынып келіп қапты»
(қытай әскерін айтады), «көңіліне қопақ кіре бастаған»,
«құмалақтың тіліндей бұлдыр», «ара-тұра самал ескеуілдеп
өрекпиді», «балға қонған шыбындай балқаштап, батып
жатты», «жүрегіне сарысу толып, қайғыланып», «иттің
жүніне тұрған қыраудай», «бада боп жатқан қалың жез»
«орташарқы ғана ауқаты бар» деген сияқты тапқыр, ұтқыр
сөйлемдер санап алғысыз. Автор қарымтаны – қарымжы,
быдырқайды – быдырмақ, салмауды – салма, ыңғайы дегенді
ыңғылы деген тәріздес синонимдік терминдермен ауыстырса
одан сөйлем бүлінбейді. Ал «паркеті жоқ» (230 бет) немесе
«машайты болмайды» (227 бет) деген сықылды кейбір орыс
тілді қазақтардан ауызекі естіген сөздерін қатыстырып
Әдебиет – жан нұры
жібергені қызық. Бәлкім Алтай қазақтарында бұрыннан
қолданыла ма, жоқ әлде осындағылардан сөз арасында естіп
жүріп қазақтың бір сөздері шығар деп ұғынды ма, әйтеуір
қайткенде де Жақсылықтың сөз байытуға құштар екендігін
танытады. (Неғыса да айтар ойдың тұқым-тұқиян, жер-
жебіріне жетіп жазуды ұнатады). Құштар, құмар қалам ие
сін кей тұста жымиып отырып оқуға тура келеді. Ал кейде
бір сөйлемнің ішінде «болғанына», «болып» «болды да»
тәріздес сөз қайталаушылықтар ұшырасып жатады. Бұған
кез келген тұстан мысал алсақ 303-беттің төменгі жағынан
санағанда 12, 13-жолдарда «отырған» сөзі екі рет ұшырасса,
304-беттің жоғарысынан құлдағанда 11, 12-жолдарда «қал
ған» сөз де екі қайта қолданылып тұр.
Автор мұндайға онша мән бермейтіні Қазақстанның
әдебиеттегі көркем тіл нормасын әлі біле қоймайтынынан
ба, әлде асығыс сілтегеннен бе? Әрі бұл кітап редакторының
селкеулігінен де кеткен дей аламыз. Сондықтан тілге маман
Ж. Сәмитұлындай мықты жазушының сөз қайталаушылық
босаңдығына бұл жолы кешіріммен қарау керек секілді. Ал
романдағы ең басты күре тамыр кейіпкерлерден өзгелерін
киген киіміне дейін тәптіштеп жату шарт емес. Көркем
шығарма одан ешнәрсе ұтпайды, қайта оқырманды мезі
етеді. Сондай-ақ бір кісінің аты сөйлем сайын қайталанып
отыруға да өте сақ болу абзал.
Автор соғыс тактикасын, стратегиялық амал-айла құ
былыстарын керемет көрсетеді. Ұрыс қай жерде жүріп жат
са, сізді де сол тобырға енгізіп әкетеді. Оймен картина – сурет
беруге ғажап шебер.
Шығармадағы тарихи шындық бойынша ұлттық қа
ныңызды қоздырмай қоймайтын әрекеттің бірі қазақтың
қанын төгуші тек Қытай өкіметі ғана емес. Ар жағынан Моң
ғолия әскерлері, бергі шеттен байырғы сатқын саясатпен
күн өткізген Сәбет Одағы алма-кезек ұтылап тиіп, жан-жақ
тан жабылып отырады. Сәбет қызыл армиясы Үрімжідегі
Сәбет консулымен тіл біріктіріп, қызыл армияның даңқты
Жанат Ахмади
генералы Забелин, және қылыш өнерінің кәнігі шебері
подполковник Семенов дегендерді бір дивизия әскерімен
Моңғолия арқылы өткізіп береді. Олар Үрімжідегі Шың
шы сай дубанның (патшаның) тікелей өкілі генерал, Яң де
шаңның дивизиясымен бірігіп Алтайға шеру тартады!..
Генералдар болса қай-қашан қауіпті жерге өзгелерді
жіберіп өздері алысатын аюының артқы жағында қала тұ
ратын әдетімен мақтанкөй, есірік подполковник Семенов
тың қылыш полкін алдыға салады емес пе. Семенов қа
зақты тігерге тұяқ қоймай кескілеуге қос генералға ант
беріп шығады. Бірақ қазақ уықпен ұрып, сойылмен соғып
алатын қараадырдағы қасқыр емес, даңғой Семеновтің өзі
нен бастап оның жасанып келген жасағын быт-шыт қылады.
Енді оған намысы келген орыс-қытай генералдары барлық
сұрқия қулық, тәсілдерін қолданып бағады. Қытай қол
басылары Сәбет Одағы арқылы Моңғолияның қызыл әске
рінен көмек алады. Үшінші бүйірден Моңғолдың қанқұйлы
әскері Алтайдың шекара бетіне басып кіріп, бірақ өздерінің
кім екенін білдірмей, қазақтың шетін қан-жоса етіп қырып
отырады. Осының барлығына қазақтың өз ішінен шыққан
атышулы сатқындарды, қытай полициясының өкілдері
мен әлгі Моңғолия әскерлеріне сатылған жансыздарды қо
сыңыз. Мысалы Шіңгіл сақшы мекемесі атынан жүрген бір
Зияқанның өзі қандайлық ылаң адам демейсіз бе. Зияқан,
Байтуған, Абзалбектер Қытайға басыбайлы сатылып босқан
елді әдейі қырғынға салу үшін таудан ойға қарай қайта
көшірушілер.
Енді ауызға алмай өтуге болмайтын кейбір кейіпкерлер
туралы айтсақ, көкмылжың Көнекбайдан бастап әр мінездің
адамдары бір-бірлеп туып жосылып жатады. Он екіде бір
гүлі ашылмаған, әкесі мен ағасын қытай ұстап әкеткен, ал
өзі болса қайтпас батылдығынан көрмегені қалмаған, Мәли
па қызды тоқалдыққа алмақшы болған Шеруші руының
қарау байы, Жетібас образын еске алыңыз. Сондай-ақ,
шешесі «ақ некеге адал бол» деп іші тар, өзі қарау Асқабылға
Әдебиет – жан нұры
әйел ғып берген, Шәмшияның жасырын жүрістерінің себебі
оқырманға өте қанық және өте қызық, тартымды ашылады.
Ал оны жезөкшелігі үшін аяусыз жазалаған қажы Апаң
тым кешірімсіздікпен көзге түседі. Келіншекті төрт қазық
қа төрт тағанынан шалқасынан керіп байлатып, үстінен
қоралы қой айдатқанда, әлдеқашан есінен танып, талып
бара жатқан келіншекті қажы Апаң өзі құтқарып алса ғой,
дұрыс қазылық боп көрінер еді. Жоқ, оқырманның жаны
ауырып, Шәмшия сорлыны өлтіреді екен деп қаласыз.
Елді соғысқа бастап, ең алдыда кеудесін керіп өзі жүр
ген, Ақтеке би қартайған шағында екі рет жау оғынан қатты
жараланып, ақыры жан үзген сәтте еріксіз көңілің босап
кетеді. Ал оның ерке қызы Гүжан да (Гүлжан) әкесімен
бірге жараланып, айналаны ауыр уайымға батырып, ая
нышпен өліп ол жайлы Нұрке сөйлегенде кеңсірігің қақ
айырылардай, танауың удай ашып кетеді. Тасмейір біреу
болмасаң, көзіңнен де жас ыршып шығады.
Әр тұстан қосақ-қосақ кейіпкерлерді еске алсақ: Шәм
шия – Асқабыл, Тоқан – Биғайша, Шал мен кемпір, шал
дың өлеңі. Одан басқа Бұлғындағы жан түршіктірерлік
қырғында қойдай қырылып, жусап жатқан қазақтар! Өлген
кемпір мен 14–15 жастағы өліп жатқан қыз көріністері.
Керейден шыққан Бұқат бейсі, Шақабай руының тайжісі –
Жанымхан, Шеруші тайжісі – Дәлелхан тағдырлары. Өлке
өкілі алаяқ Жау ти миң, Алтай дивизиясының командирі
полковник – Яң хүң бо тағы-тағылар.
Қорыта келгенде Нарманты, Бәйтік, Қаптық тауларын
паналап, Шың шы сай өкіметінің жасанған жауына қарсы
тұрған қазақ қырғыны біздер ғана емес, баламыздың бала
сына табыстап кететін қанды кегіміз ретінде қабылданады.
Ж. Сәмитұлының қалам қуаты сізді соған жеткізеді. Тегінде
осы аталып жатқан Алтай ғана емес, көзден кетіп көңілден
ұмыт болғаны болмаса, көрмегені қалмаған қазақ деген қай
ран ел-жұрттың мазақ өмір кешкен кезеңдері аз емес. Бүгін
дүниеге «Сергелдеңдей» роман келіп жатса оған шүкір
Жанат Ахмади
шілікке келер сәтіміз дейік. Жалғасы жазылып, артынан
басылып шығып жатқан Жақсылықтың трилогиясын оқы
ған адамда арман болмастай ырзалық күй кешетіні сөзсіз
дей аламын.
Жиырма шақты жыл азап шегіп, қуғын-сүргін, айдау
көріп ата жұртқа қадамын енді басқан Жақсылық Сәмит
ұлының көрген қиыншылығы осы кітабымен қайтты дей
аламыз. Автордың жеке басына түскен аяусыз қиындық
тың зіл-салмағы өз ұлтының рухани мерейіне айналғаны
осы. Алтай аймағындағы осы соғыста «Бұлғын» заставы
параходымен Қытай әскеріне (Шың шы сай өкіметіне) қару-
жарақ тасып өткізіп отырған Сәбет өкіметі екенін көркем
шығармамен дәлелдеудің өзі неге тұрады.
Айналып келгенде қазаққа сатқындық жасамаған, бұл
елдің қанын судай төгуге үлес қоспаған үкімет қалмайды.
Атап айтқанда өзін жер бетіндегі «әділдік сүйетін ел ре
тінде» көрсететін күні кешегі Сәбет өкіметі болсын, оның
қолшоқпары Моңғолия болсын, Қытай еліне ашық түрде
қару-жарақ беріп қана қоймай, айтулы әскербасыларына
дейін жіберіп отырған, қанішерлігін «Сергелдең» трило
гиясының алғашқы кітабында-ақ Ж. Сәмитұлы тарихи
шындық бойынша берген.
Соғыс үстінде қоршауға түскен қазақтарды итке тала-
тып өлтіргеннен артық қорлық бола ма!
«Сергелдең» бір кісінің яғни автордың ғана үлесіндегі
сергелдең емес, қаным қазақ дегеннің барлығының ар-на
мыс сергелдеңі.
Ұлт екеніміз рас болса, сол ұлттық кегіміздің сергелдеңі
деуге болды. Жер-дүниені дүрліктірген әйгілі Оспан батыр
осы соғыста шығып, ары қарай көп жыл өзі бас болып,
қазақтың ұлы даласын қорғағаны алып жазушы Жақсылық
Сәмитұлының трилогиясында анық көрініс табады.
Әдебиет – жан нұры
КӨКЕЙ САНДЫҒЫ ТАЗА ЖАН
«Ішіңдегің түріңде,
түріңдегің тіліңде»
(Халық даналығы)
Нағашыбек Қапалбекұлының «Біздің ауыл тау жақта»
атты кітабының кез келген шығармасы – құнды, бір леппен
оқылады. Жазушының «Таудан түскен тұман» повесін оқы
ғанда ерекше күйде боласың. Аталмыш хикаятының желі
– арқауы күні кеше кеңес дәуірі тұсындағы кейбір қасқыр
ауыз, түлкі құйрық, кесапат басшылар мен тек өздерінің
бас амандықтарын олжа көретін, әр нәрсеге мұқтаж қара
пайым, момын отбасы арасындағы ымырасыздыққа құрыл
ған. Адам баласы қорланған жерде – бітім жоқ.
Совхоз директоры Смағұл Кенжалин өз тұсындағы
қансыз, зұлым басшының бірі. Ал, таразының екінші ба
сында азуын айға білеген асқақ Кенжалиннің қарсыласы
– қаршадай «Тілші бала». Ол оқушы – Ыдырыс Қалиев.
Шығарманы оқи бастағаннан-ақ мұң мен зарға тоғытыл
ған Ыдырыстың мүшкілдігін өз мұқтаждығыңдай көресің.
Осы Қалиевтер отбасындағы ауыр тағдырдың оқырманды
баурап алатындығы сонша, кітапты беттен бет ашқан сайын
сол отбасымен бірге қынжылып, бірге күйзелмеске шараң
қалмайды. Осындағы айтып бітпес, өлшеп бітпес ауыр
тауқымет сенің өзіңнің әлдебір қимас, жан ауыртарлық
жақын жандарыңның басынан өтіп жатқандай сезінесің.
Алтыншы сыныптан бастап «Тілші бала» атанған Ыдырыс
Қалиевтің үй іші, отбасы ойран болады. Жазушы оқырман
ды оқиғаның уы мен зәріне белшеден батырып әкетеді.
Тілші балаға ауылдың кем-кетік, олқылық, кемшіліктерін
газетке жазғаны үшін уыттана жек көріп ерегескен қаны
сұйық Кенжалин қайтпас, қайсар бала Ыдырыстың әкесін
соттатып, үйелмелі-сүйелмелі, шиеттей үш қыз баласымен
өзі ауыр аяқ, жүкті қалпында қалған шеше тағдыры кімнің
де болсын қабырғасын қайыстырғандай. Шығарма қуаты
Жанат Ахмади
қай-қай оқырманды да өз сиқырымен, оқиға үйірімімен шым
батырып бойлатып әкетеді. Алпауыт Смағұл Кенжалиннің
жетім қозы іспетті, кішкентай қарсыласы көзін ашпай
жатып аяусыз өмір тауқыметіне ұшырайды. Бұл шығарма
күнделікті күйкі тірлік тілегімен, әмірлі өмір әлегімен ал
данып жүрген сіздің момақан көңіліңізге от тастап, басқа
бір дүниеге жетелеп әкетеді. Жан әлеміңнің тереңінде бұғып
жатқан тыныш жігеріңді қайрап, намысыңды қайнатады.
Кенжалинге деген амалың құрып, бас кейіпкер Ыдырыс
Қалиевпен бірге қамығып, бірге қайғырасыз. Осы шығарма
салмағынан өз басыңа іс түскендей болып, өз өміріңде әл
декімдерден көрген кейбір жәбір қиянаттарың есіңе түсіп,
хикаяттағы оқиға барысымен қосарланып отырады. Шы
ғарма сені соған жеткізеді. Еріксіз күрсініп отырып оқисың.
Егер Кенжалин тағдыры сенің қолыңа тие қалса, оны аямас
тай күйге жетесің. Екінші сөзбен асырыңқырап айтқанда
жазушы оқырманға Кенжалинді жекпе-жекке шақырардай
күйге жеткізеді. «Таудан түскен тұман» повесін соншалық
ашынып оқисың. Кітаптағы өзге шығарманы оқымағанның
өзінде осы бір ғана тылсым сыры бар хикаятқа қарап-ақ
автордың жүрек нәрін, жан-күйін, қалам қуатын тану қиын
емес. Көкірегіңе пікір толтырып жібереді. Өз жүрегіңмен
өзіңді сырластырып, іштей өксітіп отырады. Қалиевтер
отбасымен бірге тарығып, зарығасың. Жазушының жалпы
жаралыс болмысын да осы маңайдан іздеуге болады. Өйт
кені әр жазушы өзінен хабар береді. Шығармасы қай-қай
автордың да өз жан дүниесінің бейнесі.Өзінің көрінісі. Ай
на-қатесіз параллел символы – шығармашылығы. Оған
қолына қалам ұстаған ешкім көз жұмбақ емес. Оқырманның
жанына жақын қиялшыл, зерек бала Ыдырыс өмірінің
сорға батар алдындағы мына бір эпизодқа назар аударыңыз!
«Қыстыгүні жып-жылы класта артқы парталардың біріне
отырып ап, анау сырттағы алай-түлей ұйтқыған боранға
қарап қойып тәтті қиялға берілу қандай рақат! Бойыңа
жылы ағын жүгіріп, оймен шартарапты шарлап кетесің.
Әдебиет – жан нұры
Шіркін, ақын болсам! Ақын болғанда да ел-жұрт гүл іздеген
арадай тамсана, іздеп жүрер, ірісі болсам... Жүрегіме бал
тамызып жібергендей күй кешіп, елжірей балқып отыр
ғанымда:
– Қалиев! – деген мұғалімнің дауысы селк еткізді. – Сені
әкең шақырады»... Бұл ертең соты болмақ әкесі Қалидың
аудан орталығындағы абақтыдан сот боларға дейінгі аз ға
на аралықта уақытша босап келіп тұрған нағыз сорлылық
сәті. Ыдырыс үшін дүниедегі ең аяулы, ең ғазиз жан екені
мына сорлылық күйінде білінген, тұтқын әкесі өз мойнына
пенделік өмірдің итшілік қамытын кие тұрып, жас қалып
бара жатқан жалғыз ұлына:
– Балам, Ыдырысжан! Мен сотталатын болдым! ... Құ
рыдым. Ендігі естияр өзіңсің ... Сорлап қалдық қой, сендерге
сор болдым ғой. – Көзінің жасы алты тарам боп басын
иығыма сүйей, еңкілдеп ап жөнелді. Тамағыма лықсып кеп
ащы өксік тірелді. Кептеле қалған түйін ары да, бері де кетер
емес.
– Сорладым ғой! ... Құйрық-жалы тұттай жалғыз едім! ...
Саған қиын болды-ау балам! Кімге жалтақтарсың?! Шешең
сорлы қайтер екен?! – Әкем екеуміз бір-бірімізді сүйеген
күйі мектептен ұзай бердік. Ол әлденелерді маған түсіндіріп
айтқысы келеді, бірақ көзінен жасы бырт-бырт үзіліп,
ойын құрастыра алмай, қайғы азабы жанын күйзелтіп,
шөге түскендей. Өкініш, күйік, нала бәрі-бәрін тұңғышына
айтқысы келген-ау, шамасы. Қайтсін енді, сұм өмірде
түлкі боп жүре алмағанына; біздерді ел қатарына жеткізе
алмағанына; басына қара бұлт төнгенде қолтығына демеу
болар жан табылмағанына күңіренгені болар. Жалғыз ұлын
көріп, мұңын шағып, көкірегінде сартап болған қасіретін
ақтарғысы келген-ау. Жүрегі тілкем-тілкем боп, барар жер,
басар тауы қалмаған соң қамалқа іздеп маған жеткенін
айтсаңшы. Арқа тұтар тұңғышының да бордай үгіліп тұры
сы мынау.
Әкемді дәл сол жолы ғана мына ғұмырда маған ең жа
қын жан екенін алғаш рет ұғынғандаймын. ... Әкем аһылап-
Жанат Ахмади
үһілеп зарлап, болған жайды толық түсіндіре де алмады.
Өзі әрең тұрған оның жүрегін қансырата берем бе деп, мен
де терең казбаламадым. Біраз күн аудандағы түрмеде қа
малып, шыққаны бүгін ғана екен».
Осыдан былайғы кішкене ғана бөлмеде жүрдім-бардым
сұрақтар қойылып өте шыққан сот процесі, Қалиды жер
қаптыра жамандайтын Кенжалин жазған мінездеме, со
ғысқа қатысып қан төгіп қайтқан әкесіне немкетті әрі
жазғыра оқыла салған үкім «жан әкесін» екі қолтығынан
іліп ала жөнелген өң түстері сұрқылтай милициялар,
олардың соңынан жанұшыра, жылап ұмтылған Ыдырыс
бала көріністерін жайбарақат бейтарап отырып оқу мүмкін
емес. Жалған дүние бір басына жапырылып құлап түскен
дей боп, әкесін осынау пақырлық сапарға жалғыз өзі боздап
шығарып салғанда Ыдырыс қандай күйде еді. Ел кеткен иен
дала, жапан түзде жападан-жалғыз аласталып қалғандай
жаны өртене құлазулы күй кешкен; іздер-сұрары жок тірі
жетім қандай.
Атақты шопан Дәуітәлі сұрқия Кенжалинмен тіл табы
сып, Қалидың қырық шақты қойын машинаға бастырып
ұрлатып әкеткеннің үстіне әкесін соттатқаны аздай, бас
тарына қара күн туған бұлардың бағып отырған малын
совхозға өткізіп алып, шиеттей бала-шағалы отбасын жұ
мыссыз қалдырады. Өзімен сөз тірестірген Ыдырысқа деген
қысастығын әлі де қоймаған ішмерез Кенжалин бала-ша
ғаның таңдайын ағартып отырған жалғыз сауын сиырына
дейін жоғалған мал есебіне, совхоз пайдасына айдатып
алдырады. Ыдырыс аяғы ауыр, аурушаң шешесі екеуі бір
күні таң азаннан барып Дәутәлінің қорасын қарап өздерінің
екі қойын жазбай танып алады. Озат шопан «аяқты мал өзі
келіп қосылған ғой» деп зыр қағып, кісі нанбас қансызды
ғын аша түседі. Қысқасы автор бұл шығармасында өмірде
ұшырайтын ең соқталы тетіктерді таңдап алып, оқырман
талқысында бітім таппас, айықпас күрес жүргізіп қояды.
Осы тартылған желі – арқауды жеріне жеткізе, ширықтыра
Әдебиет – жан нұры
керіп, сізді соның өн бойында ұстайды. Өз дегенін орын
дау жолында қиянаттың қандайынан болсын тайынбайтын
Кенжалин кеңестік тоталиторлық түзім егіп шығарған,
бетін тілсең қан шықпайтын бірегей образ болып сомдалған.
Өмір ешкімнің ақысын жемейтіні тағы бар. Аяғында ше
шесі де тірлік азабынан қайтыс болып, журналистикада оқи
жүріп Ыдырыс жетім қарындастарын Есік қаласындағы
интернат үйіне апарып, қайтып, жүргендегі тауқыметке
жан төзбестей. Айтсаң таусылмайтын оқиғасы бар «Таудан
түскен тұман» хикаятының басты кейіпкері ең соңында
мықты журналист болып шығады. Зомбылықпен көркейген,
қарғыстан күйрейтін зауал тағы бар. Баяғы бас шопан қу
басы жалғыз қалып, маскүнемдікке салынып жүргенде
Ыдырысқа ұшырасып қалады. Өзінің нағыз қара қасқа
иттігін мойындап кешірім сұрап жалбарынады. Кенжалин
де Ыдырысқа ісі түсіп, байырғы сайқалдығына салады.
Негізінде бұл хикаят романның жүгін көтеріп тұрған ірі
шығарма, десек те артық емес.
* * *
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар, – деп Мұ
қағали Мақатаевтың өлеңімен басталатын «Жерошақтың
түтіні» атты хикаясына қысқаша тоқталсақ. Хикаятта
сонау заманның қиын-қыстау өмірін сипаттайды. Кеңес
атты азамат жастайынан ата-анасынан, бауырларынан
айырылып жетім өседі. Одан кейін көрген өмірі әскери
училище... соғыс... жаралану... госпиталь... қайта майдан.
Сол, түрлі қиыншылықтарды жеңіп келді. Бұл қайда
барады, кімге барады? Майдандас досы Сәбит ертіп әкелді.
Сәбиттің отбасы қой сойып, той жасады. Кеңестің ішкі жан
дүниесі әлем-жәлем. «Егер менің іні-қарындастарым да тірі
болғанда ғой, осылай қарсы алар еді, – деп іштей күрсінеді.
Жанат Ахмади
Сәбиттің анасы бұған колхоздың бригадасына бригадирлық
жұмысын тапсырады. Ертеңіне барып бригадасын қабылдап
алады, мұның көмекшісі әрі есепшісі – Базаркүл. Екеуі
тары өсіретін өзен жағасындағы алқапқа таң бозынан бірге
кетеді, ел жата, көк жүзіне жұлдыздар пырдай жамырғанда
бірге қайтады. Ақыры қысқа қарай екеуі үйленіп тынады.
Үйленгеннен соң үшінші күні Алматыдағы екі айлық қысқа
мерзімді басшылар дайындайтын курсқа аттанады, одан өз
ауданына сұранып еді, «Қызыл әскер» колхозына бірден
басқарма сайлады. Аудандық газеттің редакторы болып
шашы ұзын, қос бұрымды жесір келіншек Рабиға істейтін.
Бірақта өзіңнің айтқаның емес, тағдырдың жазғаны солай
дегендей Кеңес пен Рабиғаның жолы бір болады. Бірде
Рабиға Кеңесті үйіне туған күніне шақырады. Сол түні ол
үйіне қайта алмай, Рабиғанікіне түнеп қалады. Сол түннен
бастап ала жаздай үй бетін көруі мүлде сиректеп кетті, анда-
мұнда ғана түнеуге келеді. Соңғы кезде қос айыр, екі басты
жыландай екі ұдай ой екі жаққа тартып, есін алып барады.
Рабиғаға құлай берілгені сонша: өзін-өзі ұмытып, бар ынта-
ықыласы, ойы – сол.
Базаркүлге келгенде ... кежегесі кері тарта береді.
Нартәуекел деп одан біржолата кетіп қалуға бір нәрсе қолын
байлап, дәті жетпейді-ау... Ұзамай өзінің ұрпағы өмірге
келмекші. Жетімдік өмірді көрген ол, перзентімді жарық дү
ниеге келмей жатып тірі жетім қалдырмаймын, – деп шешім
қабылдайды. Кеңестің колхозға жасаған еңбегі ұшан-теңіз
деп те айтуға болады. Өздерімен көршілес колхоздар бидай
дан 10–15 центнерден алғанда, бұлар қырық центнерге дейін
маржандай дән жинап, шаш-етектен ырысқа батты да қалды.
Жасаған жұмыстарының берген нәтижесі өте жоғары деп, –
енді Кеңесті аупарткомның бюросының қаулысы бойынша
жолдамамен оны Томскіге мал маманы оқуына жібереді.
Екі айдан кейін колхозға оралады. Келіп ұлды болғанын
естіп қуанады, оған қоса Рабиғаның бұл маңнан кеткенін
естиді де бірден қуанышы су сепкендей басылады. Көктемін
Әдебиет – жан нұры
ілестіріп қайта оралар аққу құстардай жетер-ау, бір сәлемін
алып деп, әр таңға тілек артады, көз көрген жандар біреуі
бір нәрсе біле ме, айта ма деп әркімге бір жаутаңдайды. Иірім
ге батқан тастай хабар-ошарсыз Рабиға тым-тырыс, жым-
жылас. Енді Кеңес төрт баланың әкесі атанады, ақырындап
өмірі өтіп жатты. Хикаяны оқып отырып, ерекше күйде
боласың. Хикая оқиғасын, адамдар тіршілігі мен іс-әрекеті
жайлы болмыстарды жазушы көркем тілмен жеткізеді.
Бұл хикаяттағы басты тұлға – Кеңестің жастық шағынан
қартайған дәуіріне дейінгі кезең терең толғаныспен, сырлы
мұңмен әдемі кестеленген.
* * *
Жазушының еңбегіндегі үшінші повесі – «Өрік ерте
гүлдеген жыл» хикаятын оқып отырып, тіпті ерекше күйде
боласың. Хикаяттың желісі интернатта оқыған балалар өмі
рі туралы. Солардың ата-анасынан, бауырларынан, жақын
туыстарынан айырылғаны. Ондағы себеп соғыс азабының
кесірі. Бірінің әкесі соғысқа аттанып, шешесінен айырылып
қала берсе, енді бірі көкесін соғысқа жіберіп, жақсы кө
ретін жеңгесінен ажырап қалады. Осындай балалардың
соғыстың кесірінен жақындарынан айырылып, ботадай
боздап қалғандары, сол заманның қиын-қыстау өмірін
оқырмандарына көркем ой, көркем тілмен жеткізуінен жа
зушының керемет шеберлігі аңғарылады. Хикаят қиын
дықпен ғана бітпейді. «Бір қайғының артында бір қуанышы
бар» демекші соғыстың да аяқталып, жеңісті күндерге де
жеткендігі. Енді сол соғыста қыршынынан қиылған азамат
тарды естеріне алып, көздеріне жас толтыра толқыған
түрлі көріністер көз алдыңнан кетпейді. Адамдардың тір
шілігі мен іс-әрекеттері бөлек болғанымен, олардың көрген
қиыншылықтары бір. Ата-бабаларымыздың, бауырлары
мыздың, кешкен тауқыметін, соғысты көріп өскен буынның
қасіретін, осы хикаяда діттеген жеріне жеткізе білгенін
жазушының кемелденген стилдік ерекшелігі деуге болады.
Жанат Ахмади
* * *
Бұл кітаптың екінші бөлімінде жазушының бір топ
әңгімелері берілген. «Махаббатсыз өмір жоқ» атты әңгімесі
оқырманды ә дегеннен өзіне тартып, оқиға қатпарына кір
гізіп әкетеді.
Бұл әңгіме бірінші жақтан баяндалып, Жомарт деген
ақынжанды жігіт пен Гүлжан қыздың ортасындағы қасірет
ті тағдырға құрылған. Оқиға барысының шынайылығы
сондай, әңгімені баяндаушы бұндағы оқиғаны өз басынан
өткізген автордың өзі ме, деп те қаласыз. Бұл оқырман
жүрегін сыздатарлық ауыр әңгіме. Қаралы да, жаралы
сүйіспеншілік. Әттеген-ай, дейсің. Адам жанының өрмекші
торындай нәзік пернесін зақымдап кететін өксулі тұстар
айла-лажыңызды тауысып, діңкелетіп отырады. Жолы
болмаған шынайы ғашықтық үрейі өлім үрейінен кем бол
майтынына осы шығарма дәлел. Баяғы, бағы заманның
ұлы ойшылдарының бірі Жан Пол: «Ешқашан достық
та, махаббат та іздемеген адам – сол екеуін жоғалтқан
адамнан мың есе сорлы» деген. Жомарт пен Гүлжан
арасындағы қайғылы махаббат дертінің өзі сүйе білмейтін
дөкір адамдардың күйкі өмірінен мың есе артық деуге
болады. Өйткені олар рухани әлектен қанша жараланып,
сезім дүниесі қаншалық қансырап жатса да, адам басында
болатын сол қайғының өзі көркем шығарма құдіреті
үшін соншалық биік. Рас, Сараий айтқандай «шынайы
ғашықтық адамның ақылының аяғына салынған тұсау».
Бірақ тағы бір ойшыл Ш. Дюкло «әлдебір жасты ғашық
болғаны үшін жазғыру – біреуді ауырып қалғандығы үшін
кінәлағанмен бірдей» дегені тағы бар. Солай болғанның
өзінде Жомарт пен Гүлжанның бір-бірін жақсы көріп,
сол жолда ақыры кедергі, соққыға ұшырауының өзі
оқырманды ашындырып отырып-ақ, рақат сезімге бөлейді.
Яғни, көркем шығарманың құдіреті өз қызығына батырып,
алды-артыңа қаратпай жетелеп әкетуі арқылы өз сезіміңе
серік етесің. Ашынып, күйіне отыру арқылы авторға риза
Әдебиет – жан нұры
боласың. Өйткені екі жас арасындағы нанымды, тәтті
сүйіспеншіліктің аяғы оларға у жұтқызып сол арқылы
оқырманның жан-дүниесін сілкіп оятады. Сәт сайын селт
еткізіп отырады, кейіпкерлермен біте қайнасып кетесің.
Күнделікті күйбің тірлік шылауында жүрген адамның
жайбарақат, бейқам түйсігіне шоқ тастауымен құнды.
Бұйығып жатқан жан сезіміңді жаңғыртуымен бағалы.
«Ғашықта шыдам болмайды, шыдам болса ғашық бол
майды» деген бар. Жомарт «көрмесем айтар сөзім көп,
көрсем тілім байланар» дегеннің керін келтіріп, Гүлжанды
көрсе, кездессе, аузын буған өгіздей, сөйлей алмай, шы
нымен-ақ ғашық бола сүйген еді. Соның салдарынан «бір
жыл кейін үйленейік» деген Гүлжанның тілегіне шыдас бере
алмай, көзді тас жұмып басқа қызға үйлене салады. Ақыл
ды адам ақылынан адасса, ғашық болса да ақымақтарша
ғашық болмауға тиіс еді. Міне, бар қателік тек осы ұс
тамсыздық кеселден туындайды. Оның үстіне қыздың да
керенаулығы болады. Бұрын әке-шешесінің және жалғыз
бауырының жол көлік апатынан мылжа-мылжа болып қанға
боялып жатқанын көрген Жомарттың жүрегінің ұстамалы
талмасы бар байғұс еді. Бір машинада келе жатып жалғыз
өзі ғана қалғаны бұған қасірет болған. Үйленуін үйленіп,
ұл балалы болғанымен өз басынан өткен кереғар тағдырдың
салмағына шыдамай, мезгілсіз қатыгез ажал құшады. Ал,
кертартпа Гүлжанның қасіреті енді басталады. Өкініштен
дерттене шерленеді. «Егіле сүйген елжіретер, күндерде бір
күн еңіретер» дегеннің кері келіп өкініштен өз бармағын
өзі шайнағандай болған Гүлжан көз жасын көлдетіп төгеді.
Мұндай оқиға сюжетін, шығарма арқау-өрмегін адам
жанының нәзік қыл пернесіне құратын сезімтал жазушы
Н. Қапалбекұлының қаламынан туған күңіреністер кей
тұста сенің де көңілінді ойрандап отырады. Іштей кеңкіл
детіп, кірпігіңе шық тұрғызады. Автор әңгімесін аяқтай
келе «Бәрі кеш. Әсіресе шуақты сәтті өткізіп алсаң, уа
қыттан қымбат ештеңе жоқ. Өкініш уытына қанатын
Жанат Ахмади
күйдіргеннен не түседі? Өкінбес үшін махаббатпен ойна-
мау керек, тәлкекке айналдырмау керек» деп қорытады.
Мұндай теорияны жайшылықта әр кім білгенімен дәл мына
әңгімемен үйлестіріп келгенде қарапайым ғана сөз құдіреті
өз-өзінен билік құрады. Бұны жазушының шеберлігі деп
қарау ізгі ниетті әріптестеріміздің қай-қайсысы үшін бол
сын парыз деп білер едік. Нағашыбек әсіресе шығарма аяқ
талып, Жомарттың өлгеніне Гүлжанмен қосыла жылаған
сіңлісі өзек өртегендей және Торғын деген қыздың көзімен
берілетін үркер шоқ жұлдызын еске алыңыз. Яғни табиғат
ты қайғылы оқиғамен автор жымдастырып өретін тұста сен
енді өзіңнің мұнан былайғы өміріңде алқара көк аспаннан
үркер көрсең «Махаббатсыз өмір жоқ» аталатын осы бір
мұңлы әңгіме көкірек көзіңнен кино лентасындай тізбекте
ліп өтер еді. Осының өзі онсыз да жақсы әңгімені тот
баспас күміс шегемен шегелегендей көркем бекітілген.
Әңгімені сонымен әдіптеп, оқырман есінен кетпестей,
сәулелендірген.
* * *
«Дос жүрегі» атты әңгімесін айтатын болсақ Қайыркен,
Таңат, Ермек үшеуі айырылмастай дос болады. Таңат мек
теп бітірісімен институтқа оқуға түседі. Ал Қайыркен мен
Ермек екеуі ауылда қара жұмыс істейді. Кейіннен Таңат
Сәбира деген қызбен үйленеді. Екеуі әр аптаның соңында
ауылға келіп кететін. Олардың келуін Қайыркен мен Ермек
күтіп, алдарынан шығып қарсы алатын. Бір күні күтпеген
жерден Қайыркеннің үйіне Таңат келіп, енді институтты
тастайтынын айтады. Оған себеп Болғанбаев деген нағашысы
үйінен қуып шығып, жатқан жерінің, ішкен тамағының
ақысын сұраған. «Досының қатты қиналғанын көрген
Қайыркен ертесінде жалақысын алып, Таңаттың қолына
берді. Қуанғаны соншалықты Таңат досының бетінен
Әдебиет – жан нұры
сүйіп-сүйіп алды да асығыс жиналып қалаға жүріп кетті.
Қайыркен өзі «қанша» қысылып, қатқан нан жеп отырса
да досының қиналғанына шыдамады. Арада аттай алты
жылдан кейін барып үйленді. Қаратауда инженер болып
істеп жүрген Таңат пен Сәбираға шақыру қағазын жібереді.
Той қарсаңы қарбалас. Тойға шақырған досы Таңаттан
поштаның жеделхат қағазы келеді. «Үйлену тойларыңмен!
Таңат, Сәбира» деген ғана жазу бар, ары-бері қарағанымен
артық ауыз сөз жоқ. Бір күні Қайыркен досы Ермектен
Таңаттың ауылға демалуға келгенін естіп, келер деп күтіп,
көңілімді сергітер деген оймен тосып жата берді. Бірақ Таңат
келмейді! «Жаман достан зерек дұшпан артық» деп кеткен
дана халқымыз». Бұл әңгімеде де жазушы адамгершілік,
достық жайлы тебіренеді.
Өрелі жазушымыздың бірі Нағашыбек Қапалбекұлы
ның аталмыш кітабындағы қай-қай шығармасын оқысаңыз
да, кетірген уақытыңызға өкінбейсіз, керісінше рухани
тоят табасыз, авторға риза боласыз. «Ақ шымылдық»,
«Соғыстың соңғы құрбаны», «Періште көңіл», «Бір тілім
нан» және басқа да әңгімелерінің қай-қайсысы болмасын
сыршыл лиризмге, қилы-қилы тағдырларға құрылған.
Кестелі тілі бар, әдемі теңеулермен оқиғаларды іріктеуі
табиғи түрде құптарлық жайт. Нағыз төселген прозашы
екенін танытады. Бүгінгі бабы келген тұсында шығармадан
шығармаға өсіп отыр.
Жалпы алғанда бұл кітаптың кез келген шығармаларын
да жазушының кемелдегенін, өзіндік стилінің қалыптас
қанын, тілдік қорының мол екендігін анық аңғарасыз.
Кітапта халықтың басынан өткен кешегі ауыр кезеңдердің
адам болмысының нәзік қырларына әсер ететін кесек оқи
ғалар мен аянышты тағдырлар суреттелген. Сондай қиын
шақта да адамгершілік туын биік ұстаған азаматтардың
жарқын бейнесі нанымды да өнімді күйінде өрнектелген.
Повестері мен әңгімелерінде тек қиыншылықтарды көрсете
Жанат Ахмади
бермеген, оған қоса адам жанын тебірентетін махаббат, сү
йіспеншілік арқылы адам жанының нәзік сезімін қозғай
тын тұстары да жетерлік. Сондықтан да «Өнер» баспасы
шығарған бұл кітапты бүгінгі қазақ әдебиетінің бет бейнесі,
қазақ прозасындағы жетістіктердің бірі деп бағалауымыз
керек.
Кітап – қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құ
діретті құралы. Ол адамды өмір және күреске баулып ой
өрісін кеңейтеді, оған түйсік сана дарытады, тәрбиелейді.
Сондықтан да қазақ әдебиетімізде бұл кітаптың өзіндік алар
ерекше орны бар.
Әдебиет – жан нұры
АСҚАҚ ҰШЫП, АБАЙЛАП
ТҮСЕР ҚЫРАН БАР
«Қазының малын өзінің бақ-тәлейі асырайды» дегендей,
Шерағаң осынау мерейлі жасқа ілінген қарсаңында баспа
департаментінің «Ғибраты мол ғұмыр» сериясымен «Шерхан
Мұртаза» атты кітап дүниеге келген. Мұқабадағы тақырып
тың қатарынан берілген кітап кейіпкерінің байырғы өзіне
ғана тән айбынды суреті мен жоғары бұрыштағы республи
ка жалауы өзара үйлесім тапқандай. Жеке кейіпкерге ар
налған кітаптың мұқабасын бұлай алуда Астанадағы бір
ден-бір беделді баспамыз «Елорда» толығырақ ойланып-
толғанып алғаны түсінікті болып тұр. Өйткені бұл кітаптың
республика жалауымен безендірілуі «алдымен бөрік киер
бас керек» демекші, Шерхан Мұртазадай халықтық, ұлттық
кейіпкердің болмысын, сұсын аша түскен.
Кітап авторы белгілі жазушы, әрі сыншы Тұрлыбек
Мамесейіт Шерағаңның сонау балалық шағынан күні бү
гінге дейінгі жеке басының туылыс-жаралысы, әсіресе
шығармашылық қарым-қуаты шеңбері жайлы аз еңбек
тенбеген. Шерағаңдай сом тұлғаға деген қылаусыз, мөлдір
құрметі бар автор бастан-аяқ өзіне тән құлшыныспен сіресіп
отырып, зор жауапкершілікпен жазып шыққаны көрініп-
ақ тұр. Басқаша айтқанда бұл еңбек – Шерхан Мұртаза
деген кісінің мына өмірдегі, өте-мөте, қоғамдық-әлеуметтік
сыпаттағы тұрпат-тұлғасын сыйлайтын баршамыздың да
оған деген нағыз адамдық сүйіспеншілігімізді үстемелей
түсетін зор қажыр-жігердің ғана жемісі дей аламыз. Тіпті
«Шерхан танудың» басы міне осы кітап десек те артық
айтқандық болмас деймін. (Бұған – бұл айтқанымызға
аталмыш кітапты оқып шыққан кісінің көзі жетеді).
Алғашқы «Сөз тиек» бөлімінде «Ай мен Айшадағы Ба
рысхан баланың көрмеген құқайы қалмайтын, Кеңес үкіметі
алғаш орнаған кездегі әлеуметтік ахуалдан бастау алатын
автор сізді сол Барысханның күйініш-сүйінішімен-ақ бейне
өз балаң отқа-суға түсіп жатқандай сыйқырлап алады.
Жанат Ахмади
«Селебе – себелеп келмей, селдетіп келеді» деген бар.
«Халық жауы» атандырып Мұртазаны ұстап әкеткеннің
үстіне колхоз бастығы Жуанқұл мен бригадир Тасбет де
гендер қаршадай ғана Барысхан баламен күндес қатыннан
туғандай жұлқысады. Болашақ Шерханның кім болары,
заманның қалай өзгерері оларға беймәлім. Адам – жұмбақ,
адам тылсым, әрбір адам өмірі арнайы зерттеуді керек
ететін өзінше бір дүние екеніне бүгінгі Шерағаң, бір кездегі
Барысхан баланың бастан кешкен жапа-машақаттарын
білген кісі толығырақ түсінер еді. Қазақ жеріндегі болған
аштық, жалаңаштық, жоқтықтан Мұртаза мен Айша ор
тасындағы: Құттыбай, Елтай, Сәткүл дейтін үш бірдей
перзент бірінің артынан бірі жастай шетінейді. Ата-ана белін
бүгілдіргені сонша қайғыдан кейін Құдайдан бір, аруақтан
бір сұрап алған Барысханның әкесі Мұртаза «Халық жауы»
атанып, Сібірге айдалады. Содан Сібірдің әлдебір түкпірінде
қайтыс болып қаралы хабар жеткенде Айша небары 28 жаста
ғана болатын. «Бай күйігі – етекте, бала күйігі – жүректе»
десек, өлісі-өлі, тірісі-тірі азап тартқызған балалары мен
жастай жесір қалған ерінің қайғысы Айшаға оңай жүк
болған ба еді. (Міне осының бәрі өз басыңыздан өтпеген соң
айтуға ғана жеңіл).
Мәселен бүгінгі ортамызда жүрген арыстандай айбар
лы Шерағаңды күні кеше бала кезінде әлдекімдерден таяқ
жеп, аяусыз соққы көрген кісі деп кім ойлапты. Жай қақ
қы-түрткі көру өз алдына бір басқа. Ғазиз анасы екеуі
бірі «халық жауының баласы» бірі соның әйелі ретінде
көрмеген қорлықтары жоқ. «Ит тұрғанда өзі үретін» дегендей
алғашқы Сәбеттік диктатураның «айтақ» десең алып түсетін
қарғылы төбеті – иті болып үрген белсенділер қаулаған.
Солар тектес шаш ал десе, бас алатын колхоз бастығы
Жуанқұл, бригадир Тасбеттер ешнәрседен қайтпайтын, туа
қайсар Барысханды екі сөзге келмей қамшының астына
алған тұстарды тебіренбей, жайбарақат отырып оқу мүмкін
емес. Тұщы етіне, ащы таяқ тиіп ширығу шегіне жетіп
Әдебиет – жан нұры
ашынған Барысхан анасы Айшаға қол жұмсаған Дүйімбай
дегенді желкеден ала кетіп алқымдай қылқындыруға мәж
бүр болады. Тағы бірде Тасбет анасын боқтағанда да ызасына
шыдай алмай айыр ала жүгірген баланың жан шырылынан
көмейіңізге әлдебір түйіншек пайда бола кетеді. Көңіл
босатарлық өксік түйінін жұтқынып тоқтатасыз. «Көкжал
туған – қой терісін жамылмас» дегендей, ер боп туған ба
ланың құм боп тұрған жігерін аяп кетесіз. Жасып та оты
расыз, ызаға булығып кектеніп те отырасыз.
Бір жұбанарлығы, осының бәрінен Барысхан баланың
күрескерлігінен бүгінгі күн көз алдымызда жүрген Ше
рағаңның туылыс-жаратылысын, кекшілдігін жазбай та
нығандай болып отырасыз. Қазақ атамыз «алмас қанжарды
жұмсақ қайраққа қайрайды» дегенді айтқанда, Шерағаң
сияқты кісінің тек ақыл сүзгісінен өтетін жерге ғана бас
иетін, хан айтты деп ықпайтын, қазы айтты деп бұқпайтын,
өзіне ғана тән, біртуар қасиетін межелеп айтқан тәрізді.
1932 жылы бір ауылда туған бес баладан сол кездегі
шегіне жеткен жоқшылық, шешек ауруы, және басқа
дерттер салдарынан тірі жүрген Шерағаң ғана екен...
Сұрапыл заман зұлматын аша түсетін бір тұста «Шерхан
Мұртаза» атты кітап авторының толғанысты ой-қиялына
жүгінсек:
«Қайран қазекем! Жаратқаннан – Алла Тағаладан медет
тілеп, үмітін үзбеген тәубешіл қазекем, шалажансар жатса
да алдағы күнін ойлады. Өмірге ұрпақ әкелді... Кім біледі?!
«Ұл туғанға күн туады» дейтін қазаққа сол жылдары ұлы
Жаратушы: «Үмітіңді үзбе, әлі көрер күнің бар. Ұрпағыңды
жалғастыра бер!» деп түйеді.
Бас-аяқсыз, жеке алынған бұл үзік бірден төте көзбен
қарағанда тосын көрінуі мүмкін. Бірақ бұл сезімге берілу,
шалықтау емес. Бұнда ұлт қамы жатыр. Барысхандай бір
бала туып еді, қазақ қоғамының белгілі қайраткері болды.
Қазір қазақтың небір қаракөз жетім балалары шет елдерге
әкетіліп жатқан жоқ па! Шерағаң, Фариза Оңғарсынова,
Жанат Ахмади
Серік Абдырахманов, Амангелді Айталы, Уәлихан Қали
жановтар тағы басқа ұлт зиялылары солар үшін солардың
тағдыры үшін неге шырылдап жүр?
Сол сияқты халық санын, қазақты көбейтуге құлықсыз
ата-аналар аз ба? «Қырықтың бірі Қыдыр, мыңның бірі
Уәлі» дегендей, келешек қазақ қоғамында елге тұлға
боларлықтай бір перзент өз елі-жерінен қиян шетке ауып
кетсе, кім үшін залал деген сұрақ туады. Ашыңқырап айт
қанда кітап авторы Тұрлыбек Мәмесейіт «жұрттың бәрі
Шерхан Мұртаза емес» дегенге көз жеткізеді. Ш. Мұртаза
ның өз сөзімен айтқанда «үстіңгі еріні көк тіреп, астыңғы
еріні жер тіреп, темекісін күннің көзіне тұтатқан» ең асқақ
«мырзалар» да ұлт қамын, қоғам, Отан қамын «Халық
қалаулысы» деген атына сай, Шерағаңдай ойлап, Шерхан
Мұртазаша жан салып жүр ме екен?! Рас, – «Иса пайғамбар
өз жолымен, Мұса пайғамбар өз жолымен» деген бар, оған
ешкім көз жұмбайды.
Кітап авторы өз кейіпкерінің балалық, бозбалалық
шағын ашуда «Ай мен Айша» роман-дилогиясын жете
тексеріп егжей-тегжейлі зерттеу арқылы оқырманына
Шерхан Мұртазаның жазушылық қарымын ұғындыра түс
кен. Өмірбаяндық романның қыр-сырын, жазылу тәсілін
дегі ерекшеліктерін зерделеп екшегенін көреміз. «Шерхан
Мұртаза» атты, көлемі 15 баспа табақтан тұратын бұл кітап
«Тұғыр мен тұрғы», «Белес пен бел», «Асу мен асқар»,
«Түйін сөз бен сүйін сөз» дейтін төрт бөлімнен тұрады.
Екінші бөлімнің «Жүректен маржан іздеген» деген тарауын
(116 бет) Тұрлыбек Мамасейіт былай бастайды: «Жазушы
ның еңбегі кейде жер қойнауынан асыл тас іздеген кенші
еңбегіне ұқсайтын сияқты. Бірақ асыл тасты табумен
кенші жұмысы шектелмейді ғой. Ол тастың бір кесегінен
бір мысқал алтын ба, алмас па, сондай нағыз асылдың өзін
тапсаң, міне сонда ғана еңбегінің жанғаны, маңдай теріңнің
өтелгені. Ал жазушының іздейтіні, ізерлейтіні өмірдің сы
ры, адам жанының жыры. Ол да оңай олжадай оратыла
Әдебиет – жан нұры
кетпейді, нағыз іздегенге табылмастың өзі. Өйткені өмір
күрделі де, күрмеулі, адам – тылсым, адам жұмбақ. Осы
күрмеудің түйінін шешіп, салдарын саралай алса ғана,
жұмбақтың құпиясын ашып, тылсымның тінін таба алса
ғана жазушының еңбегі жанады. Оларды таба алмаса – босқа
әурешілік», дейді сыншы. Бұл айтқанға дау бар ма. «Орнынан
сырғыған тас орнықпайды» демекші, бір сөзін орнынан
қозғасаң шамырқанып, мүлт кететін бұл сөйлемдерді
кеудесін кере отырып түсіруі автордың өз кейіпкеріне –
жазушы Шерхан Мұртазаның шығармашылық қуат көзіне
асқақ та, шексіз сенімінен барып туғаны мәлім. Оны мұнан
былайғы бөлімдерден де көзі қарақты оқырманның өзі
айқын байқай алады және сыншының айтқанына иланып,
нанып отырмауға лажы қалмайды.
«41-жылғы келіншек», «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі
найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы», «Қара маржан»,
«Қызыл жебе», «Тамұқ» аталатын кітаптары Шерхан аға
мыздың шығармашылықтағы көкжиегі қаншалық шалқар,
қаншалық ұланғайыр, көл-көсір дүние екенін әйгілейтіні
мәлім.
«Қызыл жебе» романының бірінші кітабында Шерхан
Мұртаза Тұрардың әкесі Рысқұлдың басынан кешкен шым-
шытырық тауқыметтерді бала Тұрардың көз алдынан өткізе
отырып, қазақ халқының болашақтағы біртуар жалын
ды күрескер перзенті, Тұрар Рысқұловтың өсу жолындағы
көркем бейнесін сомдап шыққан болса, сыншы Тұрлыбек
Мәмесейіт кітаптағы қат-қабат сурет керуенінің арғы ас
тарында оқырман назарынан көмескілеу, жасырын тұрған
кейбір қосымша түйіндерді хирургия операциясы іспетті
көрнеуге, жарыққа алып шығып отырады. Олай болатыны
әсіресе «Қызыл жебе» тектес ұшан-теңіз оқиғалы, тарихи
оқиғаларға бай, әлеуметтік саяси кезеңдерге арналған көр
кем шығармада айтары басынан асып төгілетін жазушы
әрбір кесек картинаның қойын-қонышында саулап жатқан
ой-толғамдардың барлығын жайып салып отыру мүмкіндігі
Жанат Ахмади
болмайтыны белгілі. Сол үшін тегінде жазушы еңбегін
көрсетуді мұрат ететін әрбір сыншы, әрбір қаламгер былайғы
әр дәрежелі оқырманға көмекші, бола алуы жақсы боры
шы. Дәл осы орайда кәнігі жазушы әрі сыншы Тұрлыбек
Шерхан Мұртаза ағамыздың шығармашылығын қалтқы-
сыз, қапысыз таразылап шыққан.
Патша үкіметінің саяси тұтқыны ретінде жер аударыл
ған Александр Броников бала Тұрар, оның әкесі Рысқұлмен
бір түрмеде бас қосуы болашақ қазақ ұлтының Сталинмен
иық тірескен қайраткері Тұрар Рысқұловтай перзентіміздің
туа саңлақ зердесіне сәуле түсірген. Заманынан таяқ жеп,
патша чиновниктерінен зардап шеккен орыс адамы сол
кездегі саяси ахуалдан көзі ашық еді әрине. Бала Тұрар
түрме начальнигі Приходконың қас-қабағын бағып, өзінің
зеректігін танытады да оның балаларын гимназияға апарып
қайту сеніміне ие болады. Сөйтіп жүріп алғыр бала, Тұрар
Наташадан орыс әліппесін үйренген.
Өмірде өзің үшін жаман болып кездескен бір әрекет ке
йін жақсылық келудің себепшісі болатыны бар ғой. Мысалы
Тұрар Рысқұлов бала кезінен түрме көріп, орыс тілін біле
бастауы кейін оның Сталинге орынбасар болу дәрежесіне
көтерген, деуге болады. Балалық шағын сондай өмірден
бастап, әкесі жетпеген өріске Тұрар жеткені айдай әлемге
аян.
Мұхтар Әуезов Тұрар Рысқұловтың атын атауға болмай
тын уақыттың өзінде «Қараш-Қараш» оқиғасын жазып
кеткен болса, Шерағаң оған қарап тосылып қалмады. Өмір
өнегелері бір-бірімен туысып, сәйкес келген Тұрар Рыс
құлов тағдыры асау да, арлы жүрегін бұлқынтып, киеге
толы жан-дүниесін тыныш таптырмаған Шерхан Мұртаза
сүйікті кейіпкері туралы шері тарқағанша жазып, армансыз
көсілгені мәлім. Өзге жүйріктер тосылып тоқтайтын бәйге
төбе – көмбені місе тұтпай, жер түбіне шабатын тұлпарша
алымды құлашын кең тастап тізгін тартты – Шерағаң. Бес
кітаптан тұратын роман-эпопея арқылы автор Тұрардың
Әдебиет – жан нұры
көркем бейнесін сомдаудағы көп жылдық бейнетті еңбегінде
кейіпкерінің жан-сарайына кіріккені сонша, екеуі бір кісіге
айналып кеткен десе боларлық. Бұл орайда атамыз қазақтың
«батпаққа батқан пілді, піл ғана шығара алады» деген
даналығын пайдалансақ артық болмас.
Тұрар Рысқұлов өмірі гүлденіп, кемеліне келген біраз
жылдарды айтпағанда Сталиншіл ішмерез саясат оны үнемі
батпақтан бетпаққа ығыстырып, ақыры түбіне жетпеді ме!
Тіпті әкесі Рысқұлдың кешкен ғұмыры ше?! Адамзатқа
бұйырылған аз ғана, қысқа ғана өмірден, не көріп өтті?
Рысқұлдың бауыр ет – көз қарашығы Тұрар тағдыры не
болды?! Бір тұрар Рысқұлов емес, қаншама асылдарымыз
дың жазықсыз кеуделерін оқ тесті. «Оқ – тебен боп кіріп,
теңгедей жерден шығады», «қой құмалағындай жерден
кіріп, жылқы тезегіндей жерден шығады» деп босқа ай
тылған ба еді. Түймедей боп кіріп, тұран тартып, опырып
шығатын сол қарғыс атқыр қорғасын кімімізді жалмамады?
Сондай сансыз тектілерімізге түбінде іздеу салып, кі
таптар жазу, мәңгілік рухани ескерткіш орнату қайсы
мыздың, қаншамыздың қолымыздан келіп жатыр?!.. Бү
гінгі дені сау, басы аман шенеунік ағайынның кейбірі
үшін Тұрар Рысқұлов туралы отыз шақты жыл уақыт
сарып етіп жазылған бес кітап – бес мың теңге құрлы
көрінбеуі де мүмкін-ау!.. Бірақ өз олжасын азсынған ондай
обыр біреулер үшін жазылмайды – кітап. Озық ойлы, саңлақ
жазушыларымыздың қуатты қаламынан туатын даналық
тан нәр алушылар жоқ емес. Ұрпақтан ұрпаққа із қалды
ратын әр заман кемеңгерлері өзінің ұлты үшін, халық үшін
керек.
«Сиырды шапқа түртсең – желінінен қалдырасың»
демекші, кейбір шенеуніктерге «Тұрар Рысқұлов жайлы
неге оқымайсың» десең оларды теріс айналдырып, өкпелетіп
алуың әбден мүмкін. Әуезовтің Абайды жазуы (Мұхаңның
бабалары Тобықты еліне көшіп келіп Құнанбай ауылымен
аралас-құралас болуы), Қабдеш Жұмәділовтің сонау бір өрт
Жанат Ахмади
жылдары Қазақстанға жетіп «Соңғы көшті» жазып, артқы
елге іздеу салуы, Шерхан Мұртазаның Тұрарға рухани мәңгі
ескерткіш тұрғызып, маңдай тердің жемісі арқылы ерлік
көрсетуі, тағы тағылар адамға мынандай бір қиял туғызады.
Ізделетін аруақ қаншалық мықты болса, Алла іздеушіні
соған сәйкес етіп жаратса керек деп ойлайсың.
Сол тектес Тұрлыбек Мәмесейіт «Шерхан Мұртаза»
деген кітап жазған екен, автор өз кейіпкерін ойдағыдай
сомдап шықты ма, жоқ па? Ешкімнен жасқанып, кімнен
де болса тартынбай айтуға болады, аталмыш кітап сөзсіз
үлкен дүние. Кітапты оқып отырып Тұрлыбекті айлап,
жылдап үстелге байлап тер төккізген не деп ойлайсыз? Ол
әрине ең алдымен Шерағаңның ұланғайыр еңбекқорлығы
соған қоса Т. Мәмесейітов кейіпкерінің қоғам алдындағы,
ел-жұрт алдындағы сирек болмысы. Шығарманы тереңдеп
оқыған сайын соны ұғына түсесің. Кітап – Шерхан Мұрта
за өз заманының қадау-қадау айтулы тұлғаларының бірі
екені жайлы жар салады, жеткізіп айта алады. Кейіпкерінің
тұла бойындағы өзіне тән қасиетін жан-жақты, әрі ила
нымды ашады. Шерханды мақтау керек емес, қазақ қоғамы
Шерхан сияқты даналарымен мақтана білуі керек екенін
есіңізге салады. Ол – тәуелсіздік алған – егеменді еліміздегі
ұлттық қайраткеріміз. Күні кеше ғана аяғын тәй-тәй басып,
аз ғана жылдың ішінде төрткүл дүниеге таныла бастаған
кез келген дамыған мемлекеттермен терезесі тең, Қазақстан
Республикасының ең қабырғалы азаматтарының бірі. Өз
ұлтынан тұңғыш рет сайланған Елбасы – президенті мен
үкіметіміздің рухани ісін адал пейіл, ақ ниетімен алға
апарушыларымыздың бірі және бірегейі.
Үкіметіміздің басшысы Иманғали Тасмағамбетов мыр
за өткен 2001 жылы (ол кезде премьер-министрдің орынба
сары) «Отырар кітапханасы» сериясымен тәуелсіздігіміз
дің 10 жылдығына орай 100 автордың кітабын шығарып
қаламгер қауымы атынан шексіз алғысқа ие болуы сондай-
ақ Сунақ жұртынан шыққан ұлы оқымысты Хусаммеддин
Әдебиет – жан нұры
баба жайлы Түркия, Мысыр, (Египет), Индия елдеріне өз
атынан сұрау салып, бірталай деректердің басын құрауы
жоғарыда айтқанымыздай ізделушілердің құпия, беймәлім
киесінен туған түрткі, құдірет ықпалы деуге болады. «Кеме
суға жеткенше арбаға мініп барып, суға ілінген соң арбаны
өзі арқалайды» дегендей қаламгер жұртшылық Иманғали
бауырымызды да зерделерінде сақтай алатынына сенеміз.
Сөз соңында айтарымыз – Қазақстан Республикасы мә
дениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің
үкіметтен пәрмен тапқан бағдарламасы бойынша Бас де
партаменті жолға қойған «Ғибраты мол ғұмыр» сериясымен
шығарылып отырған «Шерхан Мұртаза» атты бұл кітап
Шерхан ағамыздың 70 жылдығына арналған осынау дүбірлі
мерейтойына орай сәт-сағатымен дүниеге келген ұлттық
табысымыздың бірі дей аламыз!
«Орман жолбарысты қорғаса, жолбарыс орманын қор
ғайды» демекші, Шерағаң халқы үшін жүрсе – халқы
ұлтының рухын арда емген ұлына ұзақ ғұмыр, денсаулық
тілейді!!!
Жанат Ахмади
ТІЛ ӘМІРШІСІ – ОЙ БОЛАР
60 жасқа жігіт қалпынан танбай жеткен – Нұрқасым
Қазыбеков жайлы оның шығармашылығы туралы сөз қоз
ғар алдында тумысынан кірпияз жаралған қаламгердің
табиғатына болмысына орай бірер сөз.
Нұрқасым Қазыбеков «сегіз күндік өмірдің тоғыз күндік
айласы бар» – дейтін – пендешіліктің ұсақ-түйек көң-қо
қысына бой алдырмаған адам.
«Епті тірегіне сенсе, текті жүрегіне сенеді». Нұрекең
өз жүрек жолына сенгеннен өзгені үйренбейтін, замана ау
руымен ауырмайтын бұлжымас жаратылыс иесі. Біреудің
алдында «пенде» боп мәймөңкелеуді ұғынбайды, үйренбейді.
Осы мінезіне қарап атамыз қазақтан қалған: «барма биге,
өзі келсін – үйге, барма ханға, өзі келер – малға», немесе;
«бай алдына барып көр, пақыр болмасаң маған кел, қазы
алдына барып көр, қапы қалмасаң маған кел» деген на
қылдарын еске алғыңыз келеді… Олай деп отырғанымыз,
Нұрқасым Қазыбековті білетін жұрт, дос-жараны оның кісі
алдына барып кіріптар болып әр түрлі «бұйымтайшылар»
қатарында бас иіп жүргенін көре қоймаған болар. Ал «қат
ты ағашты жейтін жұмсақ құрт» болатынындай Нұрекең
жағымпаздыққа бой алдырмайды. Жаңағыдай мінезі бар
Қазыбеков «бойына сеніп» жүргенде оған лайықты жылы-
жұмсақ сыбағаны әлгіндей «жұмсақ құрттар» біреу еншілеп
кетуі ғажап емес қой. Мысалы, әдебиет жанрының ең
басты талап шарты «тіл» болса, тіл ой қазынасы. Нұрекең
өз шығармаларын ділдің тілімен жаза жүріп және тіл жө
нінде баспасөз беттерінде бір кісідей айта жүріп-ақ, бірақ
шығармашылық жөніндегі әр түрлі үлкенді-кішілі лауа
зымдарға ие болатын әріптестерінің қатарынан табыла
қоймайтындығы... оның рухани жалқылығының сыпаты
тәрізді ұстам ерекшелігі де осында.
Нұрекең өзінің бір сөзінде: «қасаң пейілділердің мақ
тағанынан, Қалтайдың даттағаны артық!..» деп біраз
жұртқа әзіл-аңыз болуы да, айтқанымыздың бір дәлелі
Әдебиет – жан нұры
болса керек. Н. Қазыбеков тегінде жігерлі, қайсар адам
болғанымен, бала жүректі ынсап. Ойы орындалмаған,
зерек баладай жан-сезімі әлденеге құлазып, жалғызсырап
жүретін кездері бар. Адам табиғаты әр түрлі. «Қарны тоқ
қазанның қаспағына қарап тыжырынады» болса, өз атағы
өзіне жетерлік кісілер сол лауазымына қарай кеуде керсін…
Ал, осы Нұрағаң қалайша тыжырынады, демейсіз бе?..
Міне, гәп сонда. Әр қиынның өз оңайы бар, әр көңілдің
өз жұбанышы бар. Біреу арқан бойы жердің тұсау бойы
төтелігін тауып, жансебіл, өлермендікпен ұтқанына қуанса,
біреу бас имей, аспандағы басын жерге түсірмей ұтылғанына
жұбанады. Қазыбеков осының соңғысына жататын жан.
Оның өзін тек құдайшылық бағаммен танып білсең, жетіп
жатыр. Бұл жан-дүние сәбилігіне жақындықтың белгісі.
Өмір тауқыметінің күнделікті күйкі ықпалы, оның арба-
ғыш апиыны дарымаудың, тәсілқойлықтың көн-қоқысын
бойына жұқтырып, кірленбеудің белгі-бейнесі осы деп біл
сек болар. «Байдың ұлын шобырдан жығылса, тұлпарға
мінгізеді». Ет ұстаса етегіне қан тиіп, қарын ашыса, балағына
жын тиген келініне торғын-торқа кигізеді.
Бұның бәрін неге тәптіштеп отыр десеңіз – Нұрқасым
Қазыбеков өмірдің өрлі-қырлы талаптарының бәріне бір
дей көндіге салмайтын адам. Бір нәрселерге іштей келісе
алмай, ой-дүниесі тықыршып жүретін жазушылардың
қатарына жатады. Өз басын жекелеп айтсақ, сауалдардан
басы босамайтын, қайшылықты пікірлердің адамы десек
те, артық емес. «Асанқайғылық» адамның көп нәрсеге қын
жыла қарайтындығымен, көп нәрсеге жан ауырта біле
тіндігімен екшеліп өлшенеді, ерекшеленеді.
«Қамсыздың ойы сайранда» болудан аулақ, Н. Қазыбеков
студент кезінен өзіне өр талап қойған. Өйткені, алпысын
шы жылдары Шыңжаң өңірінен ауып келгендер қиындық
атаулының біразын көріп барып, оқуға түскені мәлім.
Сондықтан Нұрқасым алдымен «жазушы» атанып, өмірді
сонан соң таныған кейбір қаламгерлердің қатарынан емес.
Жанат Ахмади
Олай дейтініміз Қазыбековтің алғаш жаза бастаған: «Солдат
болып келген студент», «Тұсаукесер», «Көкжал» тәрізді
әңгімелерінің өзі қағазға бастапқы бір түскен қалпынан
қайта өңделген емес. Әрі көзі қарақты оқырмандардың
назарына сол тұңғыш әңгімелерінің өзімен-ақ іліне бас
тағаны мәлім.
Шығармаларының өн бойында мінез ең басты орын ала
тыны оқырманды селкеу сезімге жібермейді.
Кейіпкерлері қынжылса оқырманының қирап қынжы
лып, өкінсе – ширыға ашынып өкінетіні және оқырманын
сол көріністерге қалтқысыз сендіре алатыны қаламгердің
ішкі сыр көшірмесі. Көп ежіктеп сөзуарлыққа салынбай;
ішкі үйірімімен ым беріп отырады. Жағымсыз кейіпкерін
жүрегіңе май кілкігендей, тотита мінеп-шенеп отыратыны,
автордың өз жаралысына тән егіздік. Сергек оқушыға көп
тұста езу тартқызып, қаныңызда ерекше бір жылы ағыс
пайда ғып, күлкілі әжуаға тартатыны бар.
«Мың да тоғыз жүз алпыс үшінші жылдың күзі болатын!
Оқуға қабылданған соң бір жұма өтті ме, жоқ па, Шамал
ғанға жұмысқа жіберді. Біз группадағы кейбір балалармен
сонда таныстық. Бұған дейін Бақиды жас мұғалімдердің
бірі екен деп жүріппін. Қалғандары да кілең қасқа мен
жайсаң сияқты. Оқуға бәрі Американы ашып кеп түскен
дей сыңай танытады! Мына сұрларымен біреуді оқытпаса,
өздері оқитын түрлері жоқ».
Міне осыған бажайлап қарасаңыз жаңағының бәрін
көріп тұрған сырт көз яғни, бірінші жақтан сөйлеп отырған
кейіпкер өзге студент әріптестерін келемеждеп оларға кі
рікпей тұр... (Мүмкін ол Қытайдан жаңа келген Нұрекеңнің
өзі шығар) Кім болсын мейлі, әлгі ойларымен-ақ жаңағы
білім алмай жатып шіренген «құрғақ мырза» студенттерді
жорта шенегенде қыбыңды қандырғандай. Тың көздің тың
бағасы көкейіңе қонады, күлкі шақырады. Автормен бірге
сіздің де бос кеуде, дүрмекшіл студенттердің сыртқы жасама
әсемпаздықтарына деген жиренішіңізді қоздырады. Бұл
бір үзік эпизод қана.
Әдебиет – жан нұры
Жазушының шығармалары жайлы сөз ету алдында бү
гінде кемел жасына келіп отырған автордың бұған дейін
жарық көрген туындыларына көз салып өтуге тура келеді.
Н. Қазыбековтің алғашқы кітабы ҚазМУ-дің филоло
гия факультетін бітіргеніне үш-төрт жылдай уақыт өткенде
«Жазушы» баспасынан жарық көрген, «Тұсаукесер» жина
ғы болатын. «Шалғайдағы мектеп» осы баспадан 1974 жылы
шыққан. Ал «Бейтаныс», «Ағайын» повестері «Жалын» бас
пасынан 1976–82 жылдары басылып шықты. Өзі «Жазушы»
баспасында онан соң «Жалын» альманағында редакторлық
жұмыс істей жүріп, қаламының сиясы құрғамай үнемі жазу
үстінде болған. Нұрқасым Қазыбековтің қаламынан туған
«Ауылдағы ағайыңдар» повесі мен «Ой таразысы» аталатын
қарымды сын мақалалар жинағы «Жазушы» баспасынан
1988–91 жылдары дүниеге келді. «Ой таразысы» кітабының
сырт көркі және қағаз сапасы ешкімнің тандамалылары-
нан кем шығарылмаған болса, оның ішкі қуаты да аты
белгілі сыншыларымыздың сындарынан кем соқпағанды
ғын оқыған кісі жасқанбай айта алады.
Сондай-ақ «Советский писатель» баспасынан «Сын
охотника» (1990) «Дала өрнектері» атты этнографиялық
сипаттамалар жинағы «Балауса» баспасынан 1994 жылы
жарық көрді. Және осы 1994 жылы «Жазушы» баспасынан
«Мың бір хадис» аудармасы дүниеге келгені мәлім. Ал
H. Қазыбековтің мерзімді баспасөз беттерінде мәселен «Пио
нер» журналының 1985–86 жылғы сандарында «Төрт тү
лікке сипаттама» этнографиялық туындылары сияқты жас
ұрпақ үшін ауадай қажет біраз еңбектеріне тоқталмаған
ның өзінде Абайдың Қытайдағы зерттелуі мен қытай
тіліне аударылуы туралы «Тосын зерттеу» деген мақаласы
«Жұлдыз» журналында одан кейін Пекиндегі «Аз ұлт әде
биетін зерттеу» дейтін журналдың 1990 жылғы 1-інші
санында қытай тілінде басылған. Мұнан басқа жазушы
көзбен көріп, бастан кешкен оқиғаларға байланысты ұзақ
желіге құрылған тарихи монографиялық цикль түріндегі
Жанат Ахмади
«Мен туған үй» деп аталатын қызықты да, қайғылы су
реттерден тұратын келешекте жарық көрмек кітабының
топтама туындылары әзірше мерзімді баспасөз беттерінде
жарық көріп жатқаны жұртқа аян. Ондағы: «Ата жұртқа
біз солай оралғанбыз», «Ақыры құда болып тындық», «Бір
рет мас болам деп», «Ту қоянның сорпасы», «Далай ламаның
күшігі» әңгімелері қиын кезеңдегі азапты сюжеттерге
құрылған дүниелер. Бұл шығармалар автордың Қытай-
Советте көрген, түйген ең оқшау болмыстардан екшеп алған
хикаялары.
Бұлардан басқа автордың тағы бір соқталы еңбегі «Бес
жылдық түрме тарихы» деп аталатын «Жалын» баспасын
да жатқан жинақ. Оның ішінде Таңжарық Жолдыұлының
бұрын еш жерде жарияланбаған төрт дастаны және ақын
туралы ел аузынан жинақталған қысқа қайырым үзік-үзік
әңгімелер жиынтығы бар.
Осы сияқты «Алтын орданың құрылуынан құлауына
дейін» деп аталатын «Шора» журналынан аударылған «Ал
тын Орда» хандығының тарихына байланысты еңбегі де
баспаға әзір тұр. Мұнан тыс бір кезде Алматы мешітінің
көрнекті қазысы болған ірі оқымысты, діндар ғалым Сад
уақас Ғылманидың асқан ғұламалық қабілеті жөнінен
жазған зерттеу (ол кезде дін төңірегінде ауыз ашуға бол
майтын, Құдайсыз заман) мақаласы да өз кезінде жарық
көріп, әрі теледидар көрермендерін адамдық ар-ұждан
нақылияты жағынан қанағаттандырарлық мерейлі енбек
болғаны баршаға мәлім. Бұл Нұрекеңнің өз әкесі Қазыбек
молдадан жастайынан «имандылық» жөнінде алған тәлі
мінің де әсерінен екені анық. (Тегінде ел ішінде асқан
жомарттығымен аты шыққан Қазыбек ақсақал туралы
атамыз қазақтың «жомарт қолға сатылап келіп лашын құс
қонады, жомарт жүрекке иман қонады», деген нақылын
арнасақ боларлық кісі еді. Астындағы атын жолда біреуге
түсіп беріп, үйіне ер-тоқымын арқалап келгенін білетіндер
бар.
Әдебиет – жан нұры
Ал Н. Қазыбеков аудармалары: 1. «Тапқыр бала»,
1989 жыл, «Жалын» баспасы (Қырғыз халық ертегісінен);
2. Қырғыз жазушысы Шатман Садбақасовтың «Айна»
(«Зеркало») атты балаларға арналған әңгімесі 1985 жылы
«Жалын» баспасынан жарық көрген. Бұл аударма «Қырғыз
қызғалдақтары»
жинағының
негізгі
бөлімін
құраған;
3. Жалалдин Құсаевтің «Өшпес іздер» («След на земле»)
«Жалын» баспасы 1983 ж.; 4. Ұйғыр жазушысы Ахметжан
Ашировтың «Нұр Ана» повесі «Жұлдыз» журналының
1990 жылғы 11-інші саны; 5. Ұйғыр жазушысы Тұрған
Тоқтамовтың «Соңғы толғақ» повесі, «Жалын» журналы,
1989 жыл және «Бүлдірген сай» әңгімесі («Шатқалда түйіс
кен жол» жинағына енген); 6. Шыңжандағы ұйғыр жазушы
сы Абдырахман Абейдің «Олар да ата-ана болар» әңгімесі
1989 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген, «Сәлем
деме» жинағына енген; 7. Шыңжандағы дүңген жазушысы
Бейлиеннен аударылған «Дос» әңгімесі де жоғарыдағы
аталмыш жинаққа кірген; 8. Атақты ұйғыр жазушысы Хиз
мет Абуллиннің «Қияндағы қырандар» хикаясы 1977 жы
лы «Жазушыдан» жарық көрген, «Октябрь жыры» топта-
масына енгізілген; 9. Ұйғырдың даңқты жазушысы Мәсүм
хан Зұлфихаровтың «Зиян тартқан қари», «Сапар» әңгі
мелерінің аудармасы «Жалын» альманағында басылған.
Шығармашылық шеңбері, тақырып аясы кең, жалпы
әдеби көкжиегі айқын жазушы Нұрекең Өтей Бойдақ тура
лы үдете қалам тартушы автор ретінде көрініп, жалпы ша-
ғатай тілінде жазылған дәйектемелерді бүгінгі оқушыға
жеткізуде аз еңбектенбеген.
Қорытып айтқанда, кешегі көшпенді қазақтың сарқы
тын ішкендіктен болар, Нұрқасым Қазыбеков қаламынан
туған әрбір еңбектерінен ұлттық сыпат білініп тұрады.
Мәселен, ойымызды оның қатардағы әңгімелерінен бас
тап өрбітсек «Көкжал» туындысында күні кешегі іргесі
ыдырамаған қазақ ауылының бар суреті, мінез, тартыс, ой
тереңдігі, арбасу тәсілі айқын көрінеді. Олай болса ұлтжан
ды жазушы – ұрпаққа өнеге, - деп тоқтайық.
Жанат Ахмади
«ҰЛЫ КӨШ» – ҰЛЫ МҰРАТ,
ҚИЛЫ ТАҒДЫР
Тақырыптың өзі айтып тұрғанындай, Тұрсынәлі Рыс
келдиевтің «Ұлы көш» романы – бір халықтың тағдыр тә
лейінің, бақыт пен сорының, «ақтабан-шұбырынды», әрі
асқақ арман жүгін көтерген киелі көш. Сонау 1916-жыл
дан дәл қазірге дейін, қазақ елінің басынан не өтті? Бү
гінгі тәуелсіздікке халқымыздың қолы қалай жетті? Тә
уелсіздіктің қадірін білмесек, ел тағдыры тағы не болады?
«Ұлы көш» романы соған жауап іздейді.
Роман сюжетіне арқау болатын, ұзаққа тартылған ке
дір-бұдырлы желі бар. Ол он мың жылқы біткен, Сансызбай
қажының ұрпақтарының басынан кешкендері. Қажының
үлкен ұлы – Жарылқасын мықты болыс болған. Он алтын
шы жылғы ұлт-азаттық көтерілісі патшалық Ресей жағынан
жанышталған кезде, бәйбішесін бала-шағасымен Қытай
ға алып қашады. Үлгіре алмағандықтан, үш тоқалы үрім-
бұтағымен, жұртта қалады да, кейін олар да төркіндері
арқылы шетелге босқын болады. Ортаншы ұлы Оңғарсын
атамекенін қимай, үркін көштен қалып қояды. Қажының
кенже ұлы Оңдасын Мәскеуде қызмет істеген оқымысты.
Ол «Алаш» арыстарының қатарынан табылады да, атылып
кетеді. Оңғарсын колхоздасу кезінде итжеккенге жер ау
дарылып, сүйегі сонда қалады. Қысқасы Сансызбайдың
кіндігінен тараған үш ұл, екі қыздың ұрпақтары дүниеге
тарыдай шашылады.
«Ұлы көш» романында атамекеннен ауған босқын көш
пен Тәуелсіз Қазақстанға қайта оралып жатқан бүгінгі көш
айқасып, қазақ елінің өткені мен қазіргі тағдыры қабыса
суреттеледі. Мұнда қалғандар не көрді? Шетелге босқын
болғандардың басынан не өтті? Қазір не күн көріп жатыр
мыз? Қазір неге алаңдаймыз? Жазушы соған жауап іздейді.
Романдағы композициялық тұтастық, кейіпкерлердің
характер-образы, ұлттық психология, ел тағдыры, қазақ
халқының далалық мәдениеті, ұлттық рухы, менталитеті
романда қанық бояуын тапқан.
Әдебиет – жан нұры
Романның басты кейіпкері – Ақтоты, алты жасында он
алтыншы жылғы үркінде Қытайға ауған көшпен кетіп, тә
уелсіздік алған атажұртқа, ақ шашты ана болып оралады.
Оның басынан өткен кешулерінің өзі-ақ, ұлт тағдырымен
тіл табысқан ащы шындықтың шежіресі деуге болады.
Ақтоты – аса күрделі образ, қажының отбасылық тәрбие
сін бала кезінен көре калған. Әсет Найманбай, Жүсіпбек
Шайхысылам сынды ұлтжанды жыр алыптарын ұстаз етіп,
көзін ашады. Әкесі Жарылқасын болыстың шаңырағынан
түсіп, сабасына жүзген көкала үйректі бала кезінде түсінде
көрген Ақтоты – иелі де, киелі болып өседі. Арлы, ақылды,
сұңғыла әйел. Бірақ ол пенде ретінде, өмір жолы күрделі
де, күдірлі. Ақын Таңжарық – оның ғашығы. Жастықтың
жалындаған отының жүрегіндегі қоламтасы өмір бойы
өшпейді.
Т. Рыскелдиевтың қаламынан туған кейіпкерлер, дара
лық мінез-құлқымен, күрделі жан дүниесімен оқырманның
есінде, көз алдында сақталады. Көркем проза бәрін баяндап
бермейді, бейнелеп, образдап, символдап, астарлап айтады.
«Сен қара бүйі тағы шағып алдың ба?» – деп Рақымберген
қиқ-қиқ күліп, Оңдасынға құйрығын бұландатып, байқап
көріп еді, жібімепті. Өңін суыққа салып, сыздап отыр...
Ақымақ дейін десең, өлер-жығылар жерін біледі. Алаяққа
жуық па қалай?.. Бірақ тұзақты жасырын құрып, жайған
қақпанның бетін жауып, із түсірмеуді білмейді. «Пәлен
жерге қақпан, түген жерге тұзақ құрдым» деп дабыра ғып
айқайлайтынның өзі ғой... өзі үшін бәрін сатып жіберуге
бар...» деген ойға келді Оңдасын. Екеуі бала кезінен тебісіп,
қасынысып өскен бір ауылдың балалары болғандықтан ба,
кейде кектесіп, өшіккен болса да, әзіл-қалжың араларынан
арылмаған. Бірін «қара шегіртке», бірін – «қара бүйі» деп
атысып, қағыса беретін. Бүгінгідей бірін-бірі түсінбеген
екен...» (Екінші кітап, 38-бет). Осы диалог пен монолог –
Ондасын мен Рақымбергеннің образын қатар ашып, кім
екенін аңғартады. Оңдасын:
Жанат Ахмади
– Қажы әкеміздің үш ұлының маңдайына үш түрлі
тағдыр жазылған сияқты. Ағамыз бас сауғалап, Қытайға
кетіп тынды. Ал, менің жолым өте шырғалаң, – деп еді.
Оңдасын інісінің бетіне таңдана қарады.
– Не айтып тұрсың. Шырғалаңың не? Соғысқа ат
танбақшы ма едің? Бірі өліп, бірі қалсын, нең бар? Ақтар
мен қызылдардың қырқысынан атыңның басын аулақ салға
ның жөн.
– Мен де соны айтпақшы едім. Ішің сезген екен. Менің
беталысым, мұнан бөгде сапар.
– Жә, сонда?
– Әсіресе, Әбілқайыр хан тұсынан бері қазақ елі орыстар
ға бодан болудың дертін аз тартқан жоқ. Азды-көпті тарих
білетін адамдарға бәрі де түсінікті... Шарусия айналасын
жалмап жұтып, халқымыздың қан сорпасын ішіп, ұлт-
азаттық көтерілісін кеше ғана жаныштап еді. Міне бүгін
қызыл қанға өзі боялып жатыр...
– Онымен ғана тынса жақсы-ау! Екі патша егер болса,
қара халық қанға бөгеді емес пе?
– Қызылдар, ақтарға төтеп беру үшін басқаларға
құйрығын бұлаңдатады.
– Сонда қазақ қайту керек дейсің ғой?
– Қазақ қана емес, күллі түрік халқы қайта ойлануға,
атын ерттеп, ауыздығын салуға тура келеді.
– Осыны ойлағандар қанша деші? Біздің қара шегіртке
дүниеден кеткенімен, енді қаншасы шығады, кім біледі?...».
(Екінші кітап, 46-бет).
Ел тағдырына алаңдап, тарих бетіне үңілген «Алаш»
арыстарының бірі – Оңдасын, қазан төңкерісі тұсындағы
ақтар мен қызылдардың таққа таласынан құзғындаған қан
төгісті, жеңіс пен жеңілісті ұлт тәуелсіздігі тұрғысынан
ерте мөлшерлейді. Арғы тарихтағы адасуды өкінішпен еске
алады. Халқының өз денесінен шыққан шынжара тектес,
Рақымберген сынды ұлт сатқындарының ең қатерлі жау
болып тұрғанына опық жейді Оңдасын.
Әдебиет – жан нұры
Романдағы кейіпкерлер мұңы – ел мұңы. Тамырлас та,
тағдырлас болып, бой көтереді. «Айсәуле сөзге шорқақ кө
рінеді. Қиялсоқ болып кеткендікі ме? Тым ұмытшақ екен...
Бірді айтып отырып, бірге кетеді. Ара-тұра көзінің жасын
төгіп жіберіп, иегін қағып, кемсеңдеп қояды. Өксіп алып,
уақ-уақ күрсінеді.
– Нетіп... әйтеуір осы күнге жеттік қой. Немене еді
әлгі? Кәмпескесі шықты. Алаштың адамын аластау дей
ме? Ұлтшыл, оңшыл, терісәрекетші дей ме? Пәледен-пәле
тууда...» (Екінші кітап, 89-бет).
Жазушы Айсәуленің образын ашуда, оның сөз саптауына
дейін көңіл бөледі. Жүрегіне салған заман жарақатының
тыртығы, ел тағдырында да көзге ұрады.
«Көшкен алтындай бағы шайқалған «Алаш» арыстары
түгелімен түрмеге жабылып, бір көгенге көгенделді де, ше
тінен қасапханаға апарылып жатты... Көшбасынан айрыл
ған елді тағы да ашаршылық мүйізіне іле кетті. 1931-жыл
дың өзінде бір миллион 74 мың адамның босқынға ұшы
рағаны туралы жоспарлау комитетінің мәліметін көре
тұрып, аймақтық комитеттің екінші хатшысы: «...жыласа
алашордашылар жыласын... солар-ақ, «қазағымды сү
йемін!» деп, кеудесін ұрып, айта берсін... қазаққа кімнің
еңбегі көп сіңгенін... еңбекші қазақтардың өзі айтсын» – деп
көлгірсіді... 26–30-жылдардың аралығындағы қазақтың
рухани көсемдерін жазалау науқаны, отыз екінші жылдың
ақырына дейінгі екі миллионға жуық адам құрбан болған
ашаршылық, тағы да жаппай жазалауға ұласып жатты. Бұл
кездері Оңдасын «Алаш» арыстарының жуан ортасында, кү
нәдан пәк қалпында, ажалынан бұрын атылып тынған...»
(Екінші кітап, 84-бет). Көшбасынан айрылған елде не
қауқар қалушы еді? Шаңырағы шайқалып, ордасы бұзылған
қазақтар, дүниеге тарыдай шашылуға мәжбүр болды.
«Алаш» арыстары соры арылмаған елінің құрбандығына
шалынды. «Ұлы көштің» оқымысты кейіпкері – Оңдасын,
солардың бірі. Торғай обылысындағы елді аштықтан
Жанат Ахмади құтқарамын деп, Әуезов, Аймаутовтармен бірге халқының қамын жеген, Оңдасын сол «кінәсі» үшін – қыршынынан қиылды. «Оңдасынның әйелі Гүлзада мен қарындасы Нұрбикедей панасыз қалған екі әйел балаларын ұйықтатып, жабырқау күйде оңаша әңгімелесіп отыр еді, біреу есік қақты. – Құдай-ау, тағы не пәле?! – Енді екеуімізді ұстамасын де, не әкелерінің құны қалды бізде? – Кім біледі, Қайсарымды қағып кетпесе... – деп Гүлзада ержетіп келе жатқан ұлын уайымдаған. Тірі жесір мен қаралы жесірлердің есіне суық ойлар сап ете түсті. Екеуі де аяқтарының үшімен сақтана басып, есікке жақын барды. Есік тағы қағылды. Үздік-создық, күңгірт күдік шырғалап тұр. – Бұл кім? – Мен ғой-ой... Кәдімгі сүргінге айдалған Мұңайтпастың сыбызғыдай сыңсыған жіңішке даусы... – Ей, өзің тыңдашы, күйеуің ғой деймін? – Байқайық, Әбдірасыл сары ауыз болмасын, оның даусын салып тұрған? – десіп, екі әйел есіктің босағасында бір-біріне тығыла, күңкілдесіп тұр. – Мен Мұңайтпаспын. Қорықпандар, – деді Нұрбикенің күйеуі... – Ақталдың ба? – Үндеме, сотталған адамды ақтайтын Болшавек пе? Қашып келдім... Ашпын... Әлсіреп тұрмын...». (Екінші кітап, 84-85-беттер). Мінеки «Алаш» арыстарының да, олардың отба сыларының да көрген күні – осы. Ал, ішінен шыққан шұбар жыландар анасының аяғына орала кетіп, улы тілін жалаңдатқандай боп, Әбдірасыл сынды әпербақан белсен ділер, ұлт жанды зиялы қауымның соңында сүмеңдеп жүр. «Қайсар әкесі атылғалы бері іштей тұтанып, сырты суық, тоң-торыс мінез байқатып жүрген. «Сертімнің үстінде
Әдебиет – жан нұры
табыл! Соңымда бол! Ез бол ма, Ер бол!» деп әкесінің тұт
қынға түсер алдында айтқан сөзі есінде шегеленіп қалған.
Көзінің жасына ғана шамасы келіп, егіліп, жылай беретін
Гүлзадаға да, шешіліп ойын айтпай, сараң, салқын жауап
қатып жүрген... Әсіресе әке өлімі – Қайсарды тіпті тұңғиық
қып жіберді.
Осыдан бір жеті бұрын үйлеріне үш сақшы келіп,
Оңдасынның кітаптарын, жазған-сызған нәрселерін, ес
телік дәптерлерін алып кеткен. Сол жолы жауап сұраған
сақшыларға, жекпе-жекке шығардай құтырына қарап,
олармен келіссөзге келмей, кетіс сөзге барған. Шабар
қылыш, атар оқтай төніп, сақшыларға суық сырдаң жауап
қатқан-ды.
– Жаным-ау, өзінен қал кетіп, үміті сарқылған адам
жалынғыш келеді... Мынау, пәле өріп тұрған заманда, қар
сылық деген – қылмыс. Қыл тұзаққа мойныңды іліп алма,
– деген шешесі Гүлзада.
– Мейлі әкемнен жаным артық па? Қанға – қан, жанға –
жан! – деді Қайсар». (Екінші кітап, 87-бет).
Ұлты үшін құрбандыққа шалынған әке өлімі – баласы
ның да жүрегін жаралап кетті. Қатқан қан шемен болып
қала берді. Өнегелі ұядан ұлтжанды қыранның балапаны
болып шыққан Қайсар неден тартынбақ?
* * *
«Қазақ елін ата мекенінен торғайдай тоздырып, жер
жүзіне босқын етіп шашып жіберген, аштық пен жазалау
сотын құрған, төрт миллионнан астам қазақты қырған,
адамның етін – адамға жегізген қызыл империя да жетпіс
жыл өмір сүрді-ау!.. Жаман би жақынын жанына жинайды.
Жақсы би білімді алысын жатсынбайды... Бүгінгі қазаққа
да, мықты заң, оңға бастайтын аңғарлы көсем керек.
Қойдай қоңыр, момын халық та – секемшіл, үркек келеді.
Төңкерілген жағына қотарыла құлайтын аңғалдығымыз
Жанат Ахмади
да бар емес пе? Ел іргесін қазған сұғанақ тұмсық, ұзын
тырнақтар осы мінезімізді пайдаланып, үркітіп, қорқытып
дәніккен ғой...». (Екінші кітап, 90-91-беттер).
Тәуелсіз атажұртына Германиядан келіп жүрген ақ
бас шал – Қайсар, өткенге өкініш білдіре отырып, бүгінгі
Тәуелсіз Қазақстанның ертеңгі тағдырына тағы алаңдайды.
Түлкі заманға қойдай қоңыр мінезді болмай, көкжал
көкбөрі болуды да еске салады. Қайсардың ішінде көп қойма
жатқандай, алыстан сермеп, сыр бермейді. Сөзден-сөзге
орағытып, шалқып отырып, өз байлауы өз ішінде түйіледі.
Қызыл шалдың... көңілін анық таныды білем, оның орайын
беруге керек сөзді іркіп қалады. Жүйріктік қып, жер танып
отыр. Бірақ дулатқан ауыздығын шайнап, тыныштық
ала-алмай, кермені сүзе тартып, жер тарпыған тынымсыз
аттай, ұсақ мазасыздық жасап, Қазақстанның қазіргі күйін
жамандаумен болды... Көзі құтырынып, беті сұрғылттанып,
танауы желбірей түседі.... Қайсар оның сөзін бастабында
салқын тыңдап еді, соңында сөзінің салмағына көз салып
өтті. Түгел естіді, ұқты. Қабағын қатты түйіп алып, бас-
аяғына тіксіне қарады......
(Екінші кітап, 30-бет).
Тұрсынәлі кейіпкерлеріне мінездеме беруде, сыртқы
бейне, сөз-әрекет, ой-қиял, жан әлемімен жарыстыра бей
нелейді. Кісімен сөйлескенде, оңайлықпен сыр бермейтін
Қайсардың ішінде көп қойма жатса, қызыл шал ұрман-
бермен жадағайлығымен танылады. Таяздығы, қызбалығы
– құтырына бастаған көздерінен, желбіреген танауынан
көрініп тұр. Ол – тәуелсіз елдің алдынан көлденеңдеп шапқан
көк аттының бірі.
Екі қарттың қабағын бағып отырып, жас жігіт Қанаттың
образы да байқалмай ашылады. Шалдардың сөз емеурінінен-
ақ, таяздық, тереңдікті парықтап отырады.
Кейіпкер характерін даралап, оқырманның есінде қал
тырудың әр алуан қалтарысын жетік игерген қаламгер, сан
қырлы бояу беруге төселіп болғанын аңғартады.
Әдебиет – жан нұры
«Қанат өзінің тұсындағы ұшақ терезесінен көз айырмай,
қазақ даласына дүрбі салып қарап отыр... талай заманды
басынан кешіріп, көп тепкі көрген кексе дала кешегісін де
ұмытпаған тәрізденеді. Мұнарта мұңға батып, суық қабақ
танытады. Қуаң тартқан күзгі сар дала, иір-қиыр ұзаққа
созылған шұбырынды ескі көш, әлде керуен жолдары жер
бетін жырым-жырым етіп, жырта беріпті... қанша заманнан
бері қаншалаған халықтың қаны, тері төгілді деші мына
далаға?!
Ауырлықты жері, қасіретті елі көтеріп, өксіп өтті ғой
бабаларымыз...». (Екінші кітап, 34-бет).
Қанат ұшақ терезесінен қазақ жасаған ұлы табиғатқа
таңдана қарап, тәні жараланған сар дала өзі тіл қатып
тұрғандай сезінеді. Ескі дала мұңлы күйге жүкті сияқты.
«Қобыздың үнінен арманы айықпас... сыр толқытқан
өксу лебі еседі. Жан жалыны жүрекке шабады. Ішкі сырын
күй сазынан аңқытады. Әжей қобызбен орындалған күйге
құлай жығылып, үнсіз, қыбырсыз қайғы соңына қадалумен
болды. Жүрек қанымен жазылған күй сазы күңірене
боздайды...». (Екінші кітап, 115-бет).
Көпті көріп, текті бесікте тербетілген, ыстық-суық
басынан көп өткен, ақ шашты ана Ақтоты өмірге өз тал
ғамымен, далалық биіктен қарайды. Ата мұрасы болған
ұлттық саз аспабы – қара қобыздың өксігін терең танып,
жүрегімен тыңдап отыр. Осы диалогтардан төбе көрсететін
ана образы ұлттық психологиямен тамырласып жатыр.
«Ақтоты алты жасында көрген қажының ақ төбедей
күмбезі әлі көз алдында еді. Күмбездің күйреген орны ғана
қалыпты. Соның қасында жерге айналып қалған асыл
әжейдің моласы жатыр. Бетіне өскен бетеге де қуаң тартқан,
Қарқараның желтоқсандағы желі аңырап, сарғайыңқы
бетеге, изен, жусанды жапыра соғып тұр.
– Қажы әкемнің күмбезі қайда? – деп Ақтоты Дарқанның
жүзіне аңтарыла, шошына қарады.
– Апай-ау! Күмбез тұрмақ, қажы әкеміздің тұқымы
қайда кетті? Менен басқа қайсы ұрпағы қалды Қарқарада?
Жанат Ахмади
Обыр заман обып тынғаннан қалғаны жер бетіне торғайдай
тозып кетпеді ме? ...Өзімізден шыққан жалаңаш төс бел
сенділер қажы әкеміздің күмбезіне де қол салып, кірпішін
бұзып, талап кетті ғой. Құдай бұйырса, күмбезін қайта
көтереміз бе деген ой бар, – деп Дарқан күрсініп жіберді...».
(Екінші кітап, 116-117-беттер).
Заман өзгеріп, ұлтымыздың ұлы көші тәуелсіздік алған
кезде, атамекеніне қайта оралған Ақтоты Қазақстанның
сексен жылдан бергі өзгерісін көзімен көріп, көңілмен та
нып отыр. Он мың жылқы біткен Сансызбай қажының
ұрпағы жер бетіне тарыдай шашылып, тірі қалғаны қайта
оралып жатқанда, кірпіші талауда кеткен күмбезінің қайта
көтерілгелі жатқаны – оқырманға ой салады.
«Осы жылы жазда Нүптебектің асы өтпекші. Биылғы
көктемнен бастап, күн ілгері астың әзірлігін жасау – бұл
ауылға үлкен әбігерлік ала келді. Осы жолы Сасан тұқымы
нан топ жарып, алдыға Мақсұт түсті. Момын ел оны ұлық
тұтып қуанған. Былай салсаң – төре, олай салсаң хан, аталы
жуан, бай, би, ру, ұлыс басыларына табынғандар әдетте
атысып, қағысып жатқанымен, ел намысына саятын үлкен
елдікке, ерлікке келгенде, көбінің сөзі, ойы бір жерден
шығатын. Арынды да, қатты тебіні де бар.
Мақсұттың үйінде қымызға қызып алған ақ сақал,
қара сақал, би-болыстар, адуын, мақтаншақ, үркөппе атқа
мінерлер де Нүптебектің асын бұрынды-соңды болмаған
биікте өткізуге кеуде қағып, дүрілдесе бастады...». («Ұлы
көш», 124-бет).
Ұлттық психология мен көшпенділердің дала мәде
ниеті, менталитеті осы аста анық бой көрсетеді. Нүптебек
матай-қызайдан шыққан Іле өңіріндегі атақты бай болған
кісі, әрі қазақ даласында тұңғыш рет опайке-бұлғары мә
нерлейтін, тарыдан сөк, ұн тартатын завод салдырған.
Отыз қанша көтерме саудагері болған. Ел ортасынан мешіт,
ауылдық мектеп салдырған адам. Сасан болыстың тұқымы
оның асын әйгілі қып өткізу үшін, аталас Бегімбет, Дербіс
Әдебиет – жан нұры
руының атқа мінерлерін түгел ішке тартады да, ақыл
қосады. Қаралы үйдің ауыр жүгін, бүкіл ел болып иық
сүйесіп, бірге көтеруге жұдырықтай жұмылады. Мұнан көп
жыл бұрын өткен, Қызай ішіндегі төрт бидің бірі Тойекенің
асын еске алады. Оның асы да атышулы өткен. Қазақстаннан
да қонақ шақырып, «Айқап» жорналынан тілшілер барған.
Ал мына Нүптебектің асын онан қалай асырмақ? Мақсұт
болыс бастаған Сасан тұқымы сілкініп тастап, алты арысқа
бір көрініп қалғысы келеді. Асқа күн бұрын сауын айтып,
Іле, Алтай, Тарбағатай үш аймаққа, Үрімжіге дейін ат
шабарларын аттандырады. Қытайдың Іледегі шегара қор
ғаныс губернаторы бес жүз әскерімен келіп, ат ойынын
ойнатып, үйсінге ұзатылған қытай қызының зарын өздерінің
ұлттық музыка сазымен боздатады.
Күнес ауданымен көршілес жұлдыздағы торғауыттың
ханы да, бес жүз әскерімен, көкбұқа балуанын бәйге аттарын
ала келеді. Құлжа қаласындағы атақты бай саудагер –
Тұрдақынбай, бастағандар ұйғырдың дар ойыншысын,
мұқамшыларын алып, жүзден аса адамымен орнап жатып
қалады. Астың алды-арты бірнеше күнге созылып, ат,
құнан шабыс, көкпар, қыз қуар, балуан салу, ақындар,
жыраулар айтысы, хисса айту да бұл астың тамашасынан
қағыс қалмайды. Оның сыртында ертедегі халықтық әндері,
қалмақтың «жәңгірі», қырғыздың «манасы», ұйғырдың
«он екі мұқамы» айтылып, шақпы жайлауының кең өл
кесіндегі елді бір дүрліктіріп тастайды.
Нүптебектің жесірінің жоқтауын, қыз-келіншектер ай
татын жоқтауын ақын Таңжарық жазып береді. Елге тамаша
көрсету үшін, Әсет пен Жүсіпбек қожа жыраулық айтысты
бастайды. Ел басынан өткен қанды кешулерді, бодандықты
жырға қосып, қалың елді қызыққа батырады. Таңжарық
пен Нұриланың айтысы да осы аста өтеді. Ақтоты мен Әлекен
ақын айтысып, әйел мұңын естіген елдің көңілін босатады.
Асқа бес жүзден аса үй тігіліп, бәйгеден келген алдыңғы
атқа жүз жылқы бастаған тоғыз беріледі. Үй тұлдау, ту
Жанат Ахмади
жығу, дауыс, жоқтау айту, жерошақ қоңырсыту, бейіт
басына бару, топты молдаға Құран түсірту, сүйек күзету,
арулау, сүйекке түсу, жаназа шығару, қаралы көштің сән-
салтанаты, қаралы үйге найза тұрғызу, ақтық салу, батаоқыр
сынды өлім жөнелтудің ырым-жырымы «Ұлы көштің»
екінші кітабында қызықты суреттеледі. Айтыстарды беруде,
автор өлеңдетіп кетіп, оқырманды жалықтырмай, айтыс
желісін қызықтыра тартып, құбылта суреттеп, оқырманды
да желіктіріп отырады. Көшпенді қазақтың дала мәдениеті,
жазушы қаламынан Нүптебектің асы арқылы әр қырынан
бой көтереді.
«Мақсұттың айтарын толық түсінген соң, ұлық талайға
дейін жауап қатпай, шаңыраққа шалқалай қарап, уық
тың қарнындағы, басқұр мен тегеріштегі ою-өрнекке көз
жүгіртті. Сондағы шым-шытырық, иір-қиыр, шытырман
сызулар сияқты қазақ арасындағы қым-қуыт ішкі тартысқа
жіп таға алмай, ойсоқты болып отырып қалды. «Мұндай дау-
дамайдың ширыққан шиесі шешілмегені де жөн, асқына
түскені абзал, қазақты шала жансар, әлсіз күйінде уыстан
шығармай, ұстап тұрудың ең тамаша жолы да – сол» деген
ойға келді...». («Ұлы көш», екінші кітап, 162-бет).
Арғы беттегі қазақтарды құлдықта ұстап отырған сол
кездегі Қытай империясы әрине қазақты уысынан шығар
мауды, айла-тәсілмен де, найзаның ұшы, мылтықтың кү
шімен де басқаруға батыл барған. Әуелі іштей ірітіп, ішкі
қайшылықтан пайдалану, өзіне-өзін жегізіп құрту олардың
шүңетіне құрық бойламайтын саясаты. Нүптебектің асына
келген Қытай ұлығы да, сол алып айдаһардың уытты тілін
жалаңдатады.
«Құнан шабыс алты айланып аяқтап, бәйгеден келген
құла төбел құнанға, бозтайлақ бастаған тоғызды Қытай
ұлығының қолына ұстатты. Бұл – Мақсұттың әдейі орна
ластырып отырған амалы екенін, қатпары мол ұлықтың
көкейі танып тұр. Қазақтың қаласынан да, даласынан да,
байлықтың, кеңдіктің, берекенің ыңғылын сезеді. Асаулық,
Әдебиет – жан нұры
тарпан тағылық та байқалады. Атқа қонса атаның аруағына
имандай үйіріліп, ұрандап шабатын халықтың, хан төгілсе
көтерген тудың артынан түгел ақтарылатын мінезінен де
іш жиып қалды. «Мұндай халықты шошытып алмай, өзіне-
өзін салған әбзал екен, әлсіз кішкене балықтар – үлкен
балықтың жемі...» – дейді ішінен...». («Ұлы көш» екінші
кітап, 118-бет).
Мақсұт болыстың да ішкі сыры – иір-қиыр, киіз үйдің
өрнегі сияқты шым-шытырық. Образы күрделі адам. Қытай
ұлығымен айлалап, аңғартпай арбасады. Ал Қытай ұлығы
оны бүкіл ұлтымен қосып, қылғытқысы келеді.
«Ұлы көштегі» ескелектеу, еркөңіл Дарқан, уайым
шыл, арық кемпір Айшақан, оның Қожақан, Қожабек атты
арақкеш «қос қоңыры», тарихшы, насыбайшы Елеусіз қарт,
Жарылқасын болыстың сұлу тоқалы Ұлтуар, мақтаншақ
болса да тауып айтатын ұрт тілді Айдынбай, салпауыз бел
сенді Әбдірасыл, өткенді (одақты) аңсай беретін қызыл
шал Дулатқан, көп сөйлемейтін, бір тұға Тұнғат, қушыкеш
Бағдар, зарзаман Әлжан, даукес «философ» атанған Жиен
бай, онымен отаспай керілдесетін Кенжебек, Қытайдағы
пәлеқор әпербақан Нұрәлі, шаруақор, қазақуар ақ орыс Ән
дірей, қазаққа малын баққызып байыған зейнеткер қытай
Ухайди, қалжыңбас қара домалақ Есенбай, аңқау, шала мол
да Қабылжан, ұяты аз, ұрымтал әйел Қадиша сияқты ерекше
есте қалатын образдар «Ұлы көште» шетінен табылады.
Рыскелдиевтің бірінші кітабында босқын көштің арты
нан ерген сұр қаншық, бауырын көтере алмаған күшігін
аузына тістеп, тасыған өзеннен жанын шүперекке түйіп,
малтап өтеді. Оның да ұрпағы үшін жаны пида, бірақ күшігі
өзіне ілесе алатын халге жеткенде, сұр қаншық көштен
адасып қалады. Қақаған қыс, қарлы тауда бір үңгір тауып
алып, қоян аулап күшігін жетілдіреді. (Күшік тегінде
қасқырдың сырттанынан пайда болған). Иесі Жолбарыс
атаған күшік тез жонданып, көкжал төбет болған шағында,
қасқырдың құтырған төбетімен таласып, алқымдап елтіріп,
Жанат Ахмади
етін жейді де, құтырығын жұқтырады. Ұзаққа бармай, өзі
де құтырып, ақырында, өзін аузына тістеп жүріп есейткен
енесін өлтіріп, етін жейді.
Сансызбай қажының руынан шыққан «қара шегіртке»
Рақымберген, қазақ солдаттарын бастап келіп, ауылды шу
латып жатқанда, жолбарыс та үйіккен қасқырлар тобын
бастап барып, қорадағы қойға өрістегі жылқы, түйеге ша
бады.
Жазушы, мәңгүрт ұрпақты құтырған ит образын адам
мен жарыстыра жазу арқылы да ашып отыр.
Жарылқасын болыстың босқын көшіндегі асау бураның
мұрнын тесіп, бұйда тағып, ауыр жүк артады. Бота кезінен
бауыр басқан, өзі дүниеге келген ұлы дала – оған өзгеше
ыстық. Жат ел, жат жерге зорлықпен, көрмеген қорлық
көріп, кетіп бара жатқанына көнбей, жол ортада мекеніне
бұйдасын қалдыра, мұрнын жырып қайта қашады. Ел
көшкен жұртқа келгенде, қазақ солдаттары атып өлтіріп,
еніне дейін араққа закоска қып жейді. Қорлық көрген
бураның туған жеріне сағынышы оқырманның көңілін
босатса, қазақ даласын қанға бояған жендеттердің жексұ
рын қылығы, ащы сықақ, өткір юмормен әжуаланады.
«Ұлы көштің» бірінші кітабына алғы сөз жазған Нұрқа
сым Қазыбеков айтқандай: «Жазушының тілі құнарлы,
образды, бейнелі сөздер мол». «Жұқарған шынжыртылды»,
«Бұл аулаға өлі тыныштық орнаған», «Түкпір түбіндегі
торыққан арман», «Түс көріп жатқан арудай аунақшыған
өзен», «Жан жарасының аузы қанталап қалыпты», «Жүдеу
тартқан жұлдыздар біріне-бірі ым қағып, жыпылықтайды»,
«Таңғы аспан жамыраған жұлдыздарды түпсіз тереңіне
жұтып алып, тымырайып, көкбеттенеді», «Қоздаған көңіл»,
«Қамшы тиіп, шала өлген жыландай талықсыған сезім»,
«Көңілі күйге келмеген домбырадай», «Қансоқтасы қабын
ған жаралы қала», «Иегі мен жағындағы сирек түктері үр
пие үркіп тұр», «Көңіліміз түлеп қалды сөзіңе», «Іштегі
қиял
мекені
тас-талқан
болды»,
«Қанатты
ақынның
Әдебиет – жан нұры
жүрегіндегі нәзік шырақтар күрсіне сөнгендей», «Өзен
өңіріне қан жүгіріп, жыр-думанға бөленді», «Желікті қа
уесет желдей есті», «Томсарған бетпақ, бей-жай дала»,
«Сұрқы қашқан жүдеу аспан астына қара түн қайта иектеді»,
«Ашқарақ ойлар айлансоқтап, қышқыл қиялдар мазалай
бастады», «Бозарыңқы ай бұға түскен», «Шашыраған ой
аш күшіктей қыңсылап, жапан түзде жалғыз қалған әйелді
тіміскілеп жүр», «Қасқыр қасірет жүрегін жұлмалап
жатқандай», «Көкжиек қанталап барып, карауытады», деген
сияқты сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемдер романда жиі
кездеседі. Жаңа әдеби сөз жасау, сөйлемді ажарландырып,
құбылту, жансызға жан бітіріп, ұлы табиғатқа ой, сезім беру
– жазушы жасампаздығындағы өзгешелеу өрнек тәрізді.
Астары терең сөйлемдер оқырманға ой салады. Н. Қазыбеков
жазған алғысөзде: «Ұлы көштің» екі кітабынан түйсінгеніміз
– Т. Рыскелдиевтің классикалық ағым мен қазіргі заман
әдебиет ағымының жол айырығынан өз тұсынан із салып
жүргенін байқадық. Сан тарап оқиғалы эпика құлашын
кең сермейді, әрі гуманистік ағымды қазіргі прозаға сіңіру,
Тұрсынәлінің «Ұлы көшінде» мен мұндалап тұр.
Кітаптың жалғасына сәт-сапар тілейміз!» деген екен.
Осының өзінен-ақ біраз жайды аңғаруға болар демекпіз.
Жанат Ахмади
ЖҮРЕКТІҢ СЫЗЫН ЖЫЛЫТҚАН
Міне біздің алдымызда ақын, жазушы, зерттермен
Жұмәділ Маманның «Қара тұйғын» атты кітабы жатыр.
Кітаптың есімін еншілеген «Қара тұйғын» хикаятына
келетін болсақ, жазушы Жұмәділ Маман бұл хикаятта 1944
–1945 жылдары Гоминдан өкіметінің қатыгез езгісіне қарсы
Іле аймағынан басталған ұлт-азаттық көтерілісін сөз етеді.
Соғыстың қолбасшы қаһармандарының бірі – ел ішінен
шыққан бірегей батыр Болатқадыр туралы қалам тербейді.
Автор өз төсілі бойынша шығарманы тосын жерден
бастап кеткен: «1979 жылдың күзі. Кеш. Той иесі әскери
саптан оралған орта бойлы, ер мінезді Құдайберген деген
жігіт түңғыш ұлының «мәдениет төңкерісінде» несиеге
қалған бесік тойы мен сүндет тойын қосып өткізіп жатқан.
– Ассалаумағалейкүм, асыл жұртым, есіл елім, – деп есіктен
еңкейе кірді таңқы танау, бурыл мұрт, бүркіт қабақ, жалын
жанар егделеу, еңгезердей кісі. Бәріміз жалт қарадық.
Оның дауысы айбынды, қос жанары от шашып тұрғандай
көрінді маған.
Келген адам әредікте соғыс кезінде өзінің денесінде
қалып, кейін алынған снаряд жаңқасын көрсетіп: «Бұл
құрғырдың өзі де шет-шеті мүжіліп, етпен ет болып қайна
сып кетіпті. Шіркін Отан үшін лапылдап соққан от жүректің
қуатына не жетсін! – деп тұр Бөкең қолындағы қынадай
қызыл қан тотықтырған құрыш жарықшағына тұйғындай
түйіле қарап». Осы бейнеден еріксіз шабыт шағаласын
ұшырып, көсемсөздің көк теңізін сапырып, буырқанған
ақын Жұмәділ Маман:
Сенбейсің бе, уа, жұртым сенесің бе,
(Батыр мәңгі жасайды ел есінде).
Аспанында жарқылдап ақ семсері,
Сықырлайды сынған оқ денесінде.
Сенбейсің бе, уа, жұртым сенесің бе,
Нұқтың жалғыз шыққандай кемесіне.
Әдебиет – жан нұры
Сауытын шеш, сан тыртық айғыз-айғыз,
Түскен түгел еркіндік егесінде.
Кеудесі кең жәрмеңке жаймасындай,
Әулиеңіз мұңдассаң қайда осындай?
Иығы тік, боз қырау мұрты сүңгі,
Бесатардың үш қырлы найзасындай.
Сертке соққан семсердей суын бап қып,
Жазылған ант алаулап туын да ақтық!
Еңіреген ер нағыз осы емес пе,
Ойып берген қоң етін қуырдақ қып.
Он сегізде-ақ оқ қағып, жауын жыққан,
Зарыққанның құтқарып жанын жұттан.
Жоңғар, Тарым, Қобданың құм шөлінде,
Аттың зәрін, түйенің қанын жұтқан.
Шалғайыңды шаңдатып шиырлаған,
Жайлы төсек, тәтті ұйқы бұйырмаған.
Қабағына қан қатып жүргенде ол –
Жігіт еді жаңа асқан жиырмадан.
Бүгін тежеп тулаған түйе күшін,
Қартайса да жалғайды жүйелі ісін.
Шекіп басып, асалы, еңкіш-ентік,
Қара нардай қеледі кие кісің! – деп «Қара
тұйғын» хикаятының тұңғыш сілемін толғай береді.
«Қара тұйғынның» ауыспалы (прототип) кейіпкері
Болатқадыр жас кезінен-ақ дауыл тілеген қыран тірнектей
тентек бала болғанын көреміз. Жасайтын әрекеттеріне қара
саң «Абай» романындағы тентек Оспанның қылығы бержа
ғында қалады. Есейе келе ұлт-азаттық көтерілісінің сенімді
қолбасшыларының бірі болғанын жазушы нанымды дәйек
теп, қанық суреттейді. Басты кейіпкерді көздеген ныса
насынан дәл шығарлық етіп сомдап, өзінің діттеген жеріне
жеткізгенін байқайсыз.
Жанат Ахмади
Осы орайда басын ашып айтарлық ең басты әңгіме
Іледен басталған ұлт-азаттық көтерілісінің шығу тегіне
Совет өкіметінің тікелей ықпалы болғанын айқындай
кету... Алғашында Гоминдан үкіметінің езгісіне халық іші
нен наразылық көбейген. Сондай сәтте ерекше көзге түс
кен Әкпарды інісі Сейітпен қоса Нылқы аудандық сақшы
мекемесі тұтқынға алған. Содан амалын тауып қашып
құтылған Әкпар шекара асып Қазақстан жеріне өтеді. Бұл
кезде ел ішінде: «Егер Шыңжаңда озбыр өкіметке қарсы
көтеріліс басталар болса, Совет үкіметі көмек көрсетеді
екен...» деген сыбыс та шыға бастаған. Әкпар шекарадан сол
ниетпен өтіп, естігеніндей қолдау тапқан-ды... Ал оларға
екінші жақтағы Қытай халық азаттық армиясының да ек
піні ерен жебеу болатын...
Жазушы
Жұмәділ
Маман
желі
тартып
отырған
«Қара тұйғын» хикаятындағы басты кейіпкер – Болатқадыр
осындай өте бір күрделі де сыры терең тарихи оқиғаның
іріктелген геройы. Бұл орайда автор өзінің көркем шығар
маға бағдарлап алған қызғылықты міндетін қапысыз
орындап, тарихи кейіпкер Болатқадырды әлем тарихында
үлкен орын алатын ұлт-азаттық көтеріліс ерлерінің ішіндегі
ең саңлағы қатарына көтерген. Әрі өмір шындығы арқылы
дәлелденген Болатқадырдай біртуар ердің өз айналасынан
қара үзіп шыққаны даусыз. Оның нанымды батырлығын
және қандай қиын тапқыш қаһармандық жігерін шынайы
сомдап шыққан. Қазақта «Әулиеге барайын демейсің,
әулиелілігі тартады» дейтін бір сөз бар. Сол айтқандай
жазайын демесе де, еріксіз жазуға тартатын осындай бір
магнитті тақырып кейіпкері болады. Күнделікті өмірдің
өзінде біз көріп жүрген кісілердің ішіндегі адам сыншысы
Жұмекең сондай тұсқа, жазбаса болмайтын қазынаға шеңгел
салған және оны буы бұрқыраған қызулы қалпында өзіне
сене отырып оқырманға ұсынған. «Балам дейтін жұртың
болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады» дейтін тәмсіл
айтылып жүр. Автор мен кейіпкер осылай жымдасып, бір-
біріне осылай кірігіп екшелгенде ғана арқасынан басып
Әдебиет – жан нұры
отырып,
таңданғандай
тамаша
көркем
дүние
тумақ.
Оқырманды да солай тұщындырмақ. «Қара тұйғын» қан-
сөлі әбден шымырлаған көркем шығарма.
Тегінде жазушының жұмсаған күшін сұрамайсың, бі
тірген ісін сұрайсың. Оның тартқан жапасы сені қызықтыра
қоймайды, тіпті қыртыңа да келмейді. Ол тұрмақ, тек осал
жеріңді көбірек тергіштейтін әйелің де сенің кім екенің
ді екінің бірінде ұмытып жүреді. Жазушының бейнетін
түсінетін адам сірә көп болмас. Қысқартып айтқанда Жұ
мәділ Маман өзі үшін, өзінің осынау жазу қабілеті үшін
жұрт беделін жамылмаса да, тұғыры берік қаламгер екені
айқын. Яғни автор шығармалары мұндай пікір жазып
даналап жатпасаң да, Шыңжаңдағы үш аймақ (Іле, Алтай,
Тарбағатай) төңкерісінің сұрапыл соғыс шежіресіндей бұл
кітапты оқыған кісі өздігінен-ақ ұғынуы қиын емес.
* * *
Кітаптағы ендігі бір кесек туынды «Күмбезге түскен күн
шуақ» аталатын повесі 60–70 жылдар аралығында Қытай
да өткен «мәдениет зор төңкерісі» саясатының аласапы
ран кезіне арналған алымды шығарма. «Күмбезге түскен
күншуақтағы» күретамыр кейіпкерлер – Жамал апай,
Тілеуберді, Асқар, Айтмұхамбет, Асыл, тағы басқалардың
барлығы шетінен парасатты, инабатты адамдар бола тұра,
көрмегендері қалмайды. Автор өмірде болған оқиғаны өзі
нің алымды ой, көркем тілімен суреттей отырып жағым
ды, бірақ қайғылы кейіпкерлерін оқырманмен туыстырып,
бауырластырып жібереді. Қимастай жақсы, жазықсыз
жандардың өмірден көрген құқайларына жүрегің сыздап,
жаның ауырып отырып оқисың. Қолдан жасалған өгей өмір
әлгінде ғана алшаң басқан инабат иелерін тұралатып-ақ
жібереді... Өзгесін айтпай қоя тұрғанда бір Тілеубердінің
басынан өткен тауқымет-талқысы есіңнен шықпай, оқырман
көкірегін шиырлап, торлап қалады. Мұндай кейіпкерлер
оқырман көңілінен пана іздейді, сіздің жан-сезіміңізден
мекен табады. «Тат темірді кемірсе, қайғы адамды ке
Жанат Ахмади
міреді» деген болса, жазушы бұл орайда кейіпкерлері ар
қылы оқырман жанын кеміреді. Шығарма қуаты әне
сондай. Тілеуберді 1950 жылдары Шыңжаң институтында
оқып, сол кезде қоғамда өте жоғары бағаланатын орыс тілі
аспирантурасын бітіріп, енді Совет еліне аттанар қарсаңда
басына қара бұлт төне бастайды. Сол кеткеннен мол кетіп
1958 жылы Қытайда жаппай жүргізілген «істил түзету»
науқанында оның да «алажіп» аяғына ілінген...
Бұл науқанда ел-жұрт алдында беделі бар, озық ойлы
адамдарды соққылап, оларға қоғамға орын қалдырмау әдеті
жаппай жалпыласты... Шығарманың «Күмбезге түскен
күншуақ» аталуының өзі сондай қатыгез қоғам Тілеуберді
нің (Тілеуберділердің) түбіне жеткеннен кейін, яғни өлті
рілгеннен кейін ғана жазықсыз жігіт қайта ақталып, оның
басына күмбез орнатылады. Хикаятты түгел оқып шыққан
адам ғана оның қандай «күмбез», қандай «күншуақ» екенін
анық аңғарады. Екінші сөзбен айтқанда шығарманың
атында-ақ айықпастай мұң, үлкен өкініш бар немесе «жү
ректің сызын жылытқан» күншуақ көрінеді. Олай болса
«Күмбезге түскен күншуақ» хикаятының көтеріп отырған
мәселесі Қытайдағы 56 ұлттың қатарындағы қазақтай дар
қан, қазақтай еңселі халықты көптеген Тілеуберділері
нен айырып, одан қалған қара тобырын мәңгүрттендіріп
алуға сұқтанған қараниет «төрттік төбенің» («төрттік
төбе» дегеніміз – «мәдениет зор төңкерісінде» Қытайдағы
идеология шебіндегі ең зор құқықты иелеген, теріс ниетті
төрт бұзық атаман) усойқы тәсілі еді. Мейлі оңшылдық
болсын, мейлі солшылдық болсын, идея аластау дейтін нау
қанның қай-қайсысында да қармаққа ілетіндері өз-өзінен
әйгіленіп, ыңғай бір кең маңдайлы, келбетті, сырт көрінісі
өзгелерден оқшаулау шалынатын, ел ішіндегі маңдай алды
тұлғалар екшеленді. Ал, бұларға айдап салатын кімдер де
ңіз? Қай-қайдағы «дардан қашқан қу, құлағын кестірген шұ
нақ» дейтіндей, кісіден сый көрмеген, кісі сыйлай білмеген,
адамдық сападан жұрдай өтірік-өсекші, қазық бастар болып
бірігетін. Жазаланушылар ылғи бекзаттар болып келсе,
Әдебиет – жан нұры
аналар «құлан тұяқ, қу шеке» дегендей, жала мен бәле
қуғандар болып ұшырасатын. Осындай біреулер шығармада
усойқы саясаттың сойылын соғып күллі халықтың кілең
жақсыларының көзін шығарып, қол-аяғын шағып, үйін
өртеп, сорлатып жатқанда шіркіндерді атарға оғың болмай,
ширығып отырасың. Туынды сізді сондай күйге жеткізеді.
Жақсы мұғалім, беделді азамат Тілеубердінің сол абы
ройын көре алмаған Тапал сары мен Божбан қараны автор:
«Ауданнан келген екеуі қайтар жолында Тілеубердіге
құратын қыл тұзақтың көзін түйіндеп алды» деп келтіреді.
Мұнан бұрынғы оқиғамен таныс оқырман осы тұста-ақ
Тілеубердіге бір кәдіктің тағы таяп қалғанын ойлап, іш
тартып қалады. Және сонан бастап Тілеубердінің ері мой
нына кете береді. Оның аспан асты, жер үстіндегі ендігі
сүйеніш табатыны бірен-саран тұғыры берік, жайсаң жан
дар ғана. Тегінде қисынсыз қиянат тартып жүрген адамға
жылышырай байқатқан кісі әкесіндей көрінері шындық.
Осы орайда Тілеубердіге жақтас өзге үлкендерден басқа,
бойжеткен қыз Асылдың адамдық қасиеті жеке-дара орын
иеленді. Жазушы Жұмәділ Маман Тілеубердідей оқыр
манның жанына жақын қорғансыз да, текті бейнені сондай
жылт еткен үмітті жағдайлармен ғана өмірге іліндіріп, әрең
ұстап тұрады. Алдымен оқырманның, діңкесін құртып, іше
гі үзілуге айналғанда, әредікте ғана, өлдім-талдым дегізіп
барып, жұбатып отырады. Көркем шығарма үшін ғана
емес, бұл оқиғалардағы өмір шындығының өзі де сондай
еді. Әсіресе сол өмірді көрген кісіге тайға таңба басқандай
айқын да анық. Бір кезде шәй құйып беруге-ақ жарайтын
шүкімайттай шүйкебас қыз, енді бір қараса,..
«Соңына сор ергеннің де бір бақыты болады» деген бар.
Сары ізіне түскен қаскөйлер Тілеубердіні ит өлген жерге
барып күш-көлік өгіздер өкелуге айдайды. Сол өгіздерді
жаяу айдап қайтқан жолда ит көрмеген қорлықты көріп
келе жатқанда, жалғыз долана жанында Асыл ұшырасып
қалады. Үсті-басы кірлеп, өзі өле шаршаған жігіт солқылдақ
бойжеткен, әдемі Асылды көргенде өзінің мына сыйқынан
Жанат Ахмади
жерге кірердей қорланады. Жалаң аяқ, жалаң бас, сас
қаннан өзінің мүшкіл халін білдіріп: «Мына қарасандар
оқыралап құзға түсіп кетіп, соны әрең ұстап әкелдім» деп
міңгірлейді. Өзі әлі қыз алдында қыры сынбаған бойдақ
жігіт, тәртіпті мұғалім болған ғой. Әсіресе осы қорлықты
қайтерсің. Ел билейтін басымен тері илеген дегеннің керін
келтіріп, өзінің соншалық биік ақыл-парасатымен қайдағы
бір қу мүйіз өгіздерімен әлек болып тер сасып жүріп, пе
ріштедей қызға орайсыз ұшырасқаны оқырманның да на
мысын шабақтағандай. Қыз алдында кейіпкермен бірге сен
де қысылғандайсың. Сіз осы бір көрініс детальдары үшін
ыңғайсызданып қоймай, бәлкім сол бір құбыжық қоғамға
қарғыс айтқың келетін шығар. Шығарма оқиғасы барлық
тұста да осылай. Бейшара кейіпкер өзінің осындай айбақ-
сайбақ, алба-жұлба, өгей қалпында шырайлы қызға көз
тігеді. «Тілеуберді жезкиіктей қунақы дене бітіміне қарап
«бой жетіп кетіпті, қыз деген шайтан-ау» деп бір ойлады.
Асылдың толысқан тұлғасы, мөлдіреген қарақат көзі,
шеке тұсы бұйраланған сүмбіл шашы – өзі кинолардан ғана
көретін, кітаптардан ғана оқитын арулардан бір де бір кем
емес, қайта олардан көш ілгері тұрғандай көрінді». Міне
осы армандай қыз өзі затын таныған Тілеубердінің қоғамда
қанша қудаланып жүргеніне қарамай, оған деген сүйіс
пеншілік көңілін бір нәзік орайда аса сезімділікпен жарқ
еткізіп көрсетеді. Жазушы – есімінің өзі Асыл деген қыздың
заты да шынайы асыл екенін айтпай-ақ білдіреді. Сезімсіз,
түнек дүниеде көмек көрмей, жасып жүрген Тілеубердіге
«ерді кебенек ішінде танисың» деген сөзді айтып, оның
көктен тілегенін жерден бергендей күйге душарластыра
ды. Бақыттың сенер-сенбестей сағым-елес нұрына бөленіп,
кенет бір түс көргендей жағдайға тап келген Тілеубердімен
бірге оқырман жаны біртүрлі ғажайып уылжыған рақатқа
бөленіп, Асылға ең бір уыз батаңды бергің келеді. Бұл – жер
бетіндегі ізгі ниетті адамзат баласының жаны жақсылыққа
құштар екендігінің белгісі. Жалпы қалам қуаты деген
нің қасиеті қандай десеңші. Жазушы өз халқына жақын
Әдебиет – жан нұры
болатыны сондықтан ғой. Тегінде қиындық көрмей, азап
тартпай, жақсылық бағаланбақ емес. «Тозақты көрмеген,
жұмаққа мұрын шүйіреді» деген болса, өмірдегі көресін
бір кісідей көріп жүрген Тілеубердіге Асыл аспандағы қол
жетпес шолпандай болып көрінген. Олай десек, сол тұстағы
қоғамның былғаныш ортасынан жазушы адами арманды
аршып алған. Адамзат іңкәр еткен, адамзат баласы аса зәру
жақсы үмітпен шым-шымдап тартып жетелей келіп, сізді
бағындырады да табындырады.
Қысқасы осы арқылы, осындай детальдар жүйесі ар
қылы сол қоғамның бет-пердесін айыра жыртып, айқара
ашып тастайды. Сатқындар мен саңылаусыздар да біртін-
біртін әйгіленеді. Олар енді ел бетіне қарағысыз, қойға
келген қотыр ешкідей жексұрын біреулерге айналады. Қай-
қашанда топырағы сусығыш жерден алынып, ұрығы шөлге
түскен қу тұяқтардың кейінгі тағдыры осындай болмақ.
Ал Тілеуберді, Жамал, Асыл, Асқар, тағы тағылар үшін
басыңды бәй тігіп отыратының суреткер жазушы Жұмәділ
Маманның сізді сол деңгейге жеткізген қаламгерлік қарым-
қуатында.
Пиғылы бұзық, кер заманда басты кейіпкер Тілеуберді
өз басынан әртүрлі зобалаңды белшесінен кеше жүріп, сол
тауқымет арасында Асылмен бас құрап, соңынан өзі тағы
айдауға кетеді. Ол тауқымет сорынан өліп-талып жүріп
босап, енді үйіне келсе, баяғы оның соңынан түсіп жүрген
пасық белсенділер елден аулақ жерде жалғыз үй қалған
Асылдың жертөлесінің (Асылды алыс иенге көшіріп апарып
тастағандар осы әпербақандар болатын) төрінде құпия кеңес
құрып, арақтарын ішіп, сайран салып отырған үстінен
түседі. Бірақ, олар өз қылмыстарын бүркеу үшін Тілеубердіні
қапыда қараңғы қорада қолдарына түсіріп, арманда мерт
қылады. Бағанадан Тілеуберді үйіне аман-есен қалбайып
келе жатқанда, ішінен шүкіршілік айтып, көңілі марқайып
отырған оқырман ол дегеніне жете алмай өлім құшқанда,
әлжуаз сорлы Асылмен бірге күйзеледі. Ішіңіз удай ашып,
көңіліңіз көнбей дәт деп қаласыз!
Жанат Ахмади
Осының себебінен шалық ауруға шалдығатын Асылдың
мұндай күйге түсуіне біріншіден ол Тілеубердідей азамат
тың жары екендігі. Екіншіден атам қазақ айтқандай «шұбар
ат мінгеннің көзі тыныш, шұбар қатын алғанның көңілі
тыныш» демекші, Асыл кісі қызықпайтын – сиықсыз әйел
болмағандығы. Бұл жағы да Тілеубердіні көре алмайтын
белсенділердің ішін өртеген.
...Заманның беті бері қарап, жәбір-запа көргендер ақ
талады. Үкімет басына Дың Шяупың келгеннен бастап
Қытайда реформа тереңдеп, сыртқы елдерге есік ашылып,
Тілеубердіден қалған тұяқ Нұржанның Америкадан оқып
келгені былай баяндалған: «Америкадан жаңа ғана оқу
тауысып келген, «Алау» жоспарының алғашқы түлектері
нің бірі, жұмсақ бөлшек басқару маманы, компьютер
докторы – Нұржан Тілеубердіұлының бұдан кейінгі жеңісті
де жемісті еңбектеріне мол табыс тілейміз» деп көгілдір
экрандағы сыбызғыдай сызылған қыз дауысы сыңғырлап
барып тоқтады». Міне дәл осы көріністің үстінен түскен
Тілеубердінің Жамал апайы ауылдан емделуге қалаға келген
болатын. Жазушы осындағы амалсыз шүкіршілік тәубеге
келген Жамалдың көзінің жасын көлдетіп жылап отырып
жұбанған шерге толы бейнесін Көмек деген кейіпкердің
көзімен былай береді (Көмекті – автордың өзі деп білесіз):
«Терісі өңейіп жазыла бастаған ескі жараның жайдақ
ауызы шыт-шыт жыртылып, өзегі у құйғандай өртеніп бара
жатты».
Қандай дәл және қандай символдық сурет! Осы орайда
Жұмекеңнің тіл қолданысы жөнінде сәл атшалдырып өтер
болсақ, қайғыдан қартайып қалған Жамалға оның іні
сі Тілеубердінің ұлы Нұржан оқуын бітіріп келген тұста
төреші кейіпкер Көмек жұбату айтады. Сонда Жамал апайы:
«Солай ғой шырағым, тағдыр талқысын сіңіріңе сүйеніп,
сүрініп-жығылып жүріп, ақыры бір көніп түсінеді екенсің.
Сол қатыгез тағдыр бебеулеткен пендесін шикі терінің
ішінде мың мәрте бұрқылдатып, тас қорықтықша пысыра
ма, қалай?!» – деп сөйлетеді.
«Қатар жатқан екі тауды «Бір күннің ішінде біреуінің
Әдебиет – жан нұры
басында ақша бұлттар қалықтап, аспан әлемі мөлдіреп
тұрса, енді біреуін төбесін қар-мұз құрсаулап, айдарынан
құс асырмай, қабағын қарс түйіп, түнеріп тұрады». «Әттең
қармақ қапқан шортандай тулаған дүние-ай десеңші!».
«Уайымның шүңетіне шөгіп...». «Қайың-талы қалың,
қарақат пен таңқурайы самсып тұратын орқаш-орқаш
қарағайлы Ұлытау...».
Бұл сөйлемдерден автор нені айтқысы келсе де жеріне
жеткізе, қылаусыз құмарлықпен жазатын және табиғатпен
біте қайнасып, етене кірігіп туысқан тау түлегі екендігі
байқалады. Сонымен қоса жазушылығынан бұрын май
талман ақындығы мен әйгілі болған автордың Жамал
апайға айтқызатын жоқтауы, кітаптағы тағы басқа жыр
жолдары өзі сүйген екі жанрға да бес аспап, сайма-сайлығын
дәлелдеп тұр.
«Екінің бірі жомарт тасқан жерде,
Күніңе ер жарайды сасқан жерде.
Жаманға жазатайым ісің түссе,
Қабысып қалады екен аспан жерге».
Шығарма қажетіне қарай пайдаланылған бұл шумақтар
кісіге жақсылық жасамайтын әлгі әпербақан белсенділер
үшін олардың тасбауыр, сорлылығын көрсетсе, сен үшін
ісі түскен кісіге өзіңде жоқты жерден шұқысаң да тауып
бергізгендей өрелілікті аңсатады, азаматтығыңды оятады.
«Жаманға ісің түссе, кешіру үшін жаныңды сұрайды»,
дегеннің өзі жоғарыдағы өлеңнің соңғы екі жолына сиып
тұр.
Қорытып айтқанда, Шығыс Азиядағы алып ел Қытайда
өткен бір кереғар заманның бет-бейнесін айқара ашқан бұл
хикаят қасиетті көркем әдебиет үшін ғана емес, жұмыр жер
бетіндегі ізгі ниетті адамзат тарихының тәжірибесі үшін
де орны бөлек соқталы еңбек. Әсіресе көрмегені жоқ қазақ
деген ұлт үшін оның өлісінің рухы, тірісінің ар-ұжданы
үшін ескерткіш ретіндегі шарайнадай дүниенің бірі осы
Күмбезге түскен күншуақ!» десек болғандай.
Жанат Ахмади
* * *
Ал енді жазушының «Көпірдегі көкжалдар» атты
хикаятында көтерілген мәселеге көз салар болсақ, мына біз
өмір сүріп жатқан ғасырдағы жұмыр жер бетін мекендеген
адамзат баласының бір шеті ежелгі адами сападан саналы
түрде шегіне бастап, тойымсыз қорқаулыққа беттеген
індетті көреміз. Қазір әрқандай қоғамда шіріктесу ірге теуіп
отырғанын көркем шығарма тәсілімен сәтті көрсетеді. Рас,
қай-қай заманда да адам баласы бар жерде, жамандық атаулы
құрып, жалған атаулы шіріп біткен емес. Дегенмен де, қазір
бұл пиғыл біртіндеп дүниені жалмап бара жатқан алапес
ауруындай кеңейіп кеткенін Ж. Маман тек жазушылық
көзбен ғана емес, халықтық жиіркенішпен де өте сәтті
көрсеткен.
Шындығында бүгінгі Еуропа мен батыс-шығыс Аме
рикаңызға қарасаңыз да, күнделікті өмірден соны аңға
расыз. Өмір шындығын көрсететін көркем шығарма, көр
кем фильмдерге қарасаңыз да сондай. Бұған ешкім де
көз жұма алмаса керек. Жазушы ғасырдың толғақты мә
селесі болып отырған осы бір адами өлшемге жат, сұрқия
болмыс, тойымсыз аран, дүлей ақшақұмарлық, ұлы табиғат
пен қоршаған ортаны жапырып, қиратып бара жатқан
жауыздықты жөркемдеп, өз оқушысын жиіркендіре ашын
дыра жазған. Мәселен арамызда күнде көрініп жататын
істің бірі – ауыл ақсақалы Сатыбалды қария сияқты аяулы
кейіпкерлердің тағдырына нұқсан келтірген қарақшы,
ұры-қары, сыбайлас жемқорлардың әрекеті жан төзгі
сіз. Кешегі азаттық арпалысында оқ қағып, отқа оранған
жауынгер, онан кейін қиыншылықты заманда коммуна
бастығы, бұл күндері зейнеткер болып жүрген Сатыбал
дының баласы орман қорғаушысы болып жүріп қарақшы
лар жағынан қаза табады. «Жалғыз ұлы бардың шығарда-
шықпас жаны бар» демекші, көкірегін күйік шер торлап
қалған Сатыбалды ақсақалдың Көкшоқыдағы баласының
бейітіне барудан көз ашпай жүргенін білгенде сенің басыңа
Әдебиет – жан нұры
да қай-қайдағы ой келіп, оқырманның өзегіне де ойран
түсіп отырады. Әрине, «Көпірдегі көкжалдар» хикаятының
оқушысы сондай күй кешуге мәжбүр. Себебі, бас кейіпкер
Сатыбалдының осы тұста өршіген «үш албаты» (албаты
салық салу, албаты ақы алу, албаты айып тарттыру) мен
«алты алапат» (ұрлық, қиянатшылдық, өтірік, пара
қорлық, жолсыз тарту-таралғы, құқығы мен мансабын
бұлдау) сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жан аямай
күресетін тұстарында оған деген жүрек отың лаулап, әрбір
әрекетіне қыбың қанып, оның миятына шығып отыра
сың. Мысалы, «Кемпірқосақ» көпірінің басындағы жемқор
қарақшылардың Сатыбалдының шаңырағын шағып, құдай
қосқан қосағы Алтынын қан құштырып, жалғыз ақ ешкісі
мен маңыраған ақ лағын қорқаулықпен бәске жегенін
көргенде, рухи жігерің қарақшылыққа қарсы кейіпкермен
бірге атойлап аттанады.
«Құлдық ұрған көбейсе, жұтағанның белгісі» деген
дей, ел ішінде жұтау, тозғындық етек алса, пәлеқорлық,
парақорлық көбейсе азғындық басталмай тұрмайды. Онда
адами ар-абырой аяққа тапталып, қағынғанға қанжар
ұстататын сұмдар көбейетіндігін «Көпірдегі көкжалдар»
әбден дәлелдеген-ақ... Бұл ұлылардан қалған «заңы әлсіздің
зары бітпейді» деген шындықтың тұнық айнасы іспетті
шығарма.
Шыңжаңға азаттық қарсаңында (1949 жылдары) кел
ген корей азаматы (Сатыбалдының ежелгі қандыкөйлек
саптасы) Асекең – Асқар ағай барынша әділеттің сойылын
соғып, адам төзбес өрескел оқиғаларға қарсы дауға бел шеше
кіріседі...
Жазушы бұл тұста да оқырман жанын жылытып, оқиға
нанымдылығымен баурай түседі. Асекеңнің әрекетіне айы
зың қанып отырасың. Сондай адамдарға деген мұқтажды
ғың артады.
...Сатыбалдының орманды қорғау жолындағы қарақ
шылармен шайқаста ерлікпен қаза болған жалғыз ұлы
Жанат Ахмади
ның қолда баққан «Әдемі» атты аюдың қонжығы өлке бас
тығының алжыған әкесіне ем-дәрілікке керек болады!.. Осы
тұста сүйкімді мақұлықты пышаққа тіпті де қия алмай,
өксігің өрши түседі...
Әділдіктің айбалтасындай сомдалған Асқардың ұлы қа
пияда мерт болған Қазтайдың қанын, Алтынның аруағын
ақтап, қарақшылармен сыбайлас жемқорлардың атаман
дарын заң алдында жер жастандырады. Арманда кеткен
Алтын ана қаһарман Қазтайының жанына Көкшоқыға
жерленеді. Міне, осылай қашанда жамандықтың жанында
ізгі ниетті адамдар жүретінін, олар қалайда жауыздыққа
қарсы арашасы болатынын көріп, жұбанышқа бөленесіз.
Бірақ, орны толмас ойранды істер көз алдыңыздан кетпей
тұрып алады. «Көпірдегі көкжалдарды» оқып болған соң
да, шығармадағы сұмпайы образдар мен сұлу суреттер
тайталасып, жағаласып жадыңызда жүреді. Міне мұның
бәрі шығарманың айтары барлығынан демекпіз. Әдебиетте
шекара жоқ. Олай болса, Қазақстандағы қазақ көркем әде
биеті керуенінің салқар тізбек көшіне өзінің барлық мүлік-
мүкәмалымен келіп қосылған, тағы бір майталман қаламгер
тұлғасын көре білуіміз керек. «Көрмеген көлден естімеген
қаздың дауысын естисің» дегендей, мұнан бұрын Қытайда
көп кітабы таралып, көңіл көгінен көрінгенімен, Қазақ-
стан оқырмандарына қалам қуаты әлі дерліктей таныла
қоймаған әрі ақын, әрі жазушы Жұмәділ Маманның бұл
кітабындағы үнінен біз бұрын естімеген әуезді еститініміз
күмәнсіз.
Әдебиет – жан нұры
БОЛМЫС
Жазушы Мағира Қожахметованың шығармашылығы
және әсіресе оның жеке басының жаралыс табиғаты жайлы
сөз қозғар алдында рухани дүниесі күрделі осы бір жұмбақ
сырлы қаламгер жөнінде ой айту оңайға түспейтінін іштей
сезіп отырасыз. Әрі бұл автор жайлы баспа бетінде қалайда
бір Құдайшылық пікір білдіру көптен бері-ақ мойнымызда
тұрған азаматтық борышымыздай көрініп жүргенде де, біраз
толғандырған түрткінің біреуі еді.
Жалпы шығармашылық көкжиегі бойынша алып қа
рағанда Мағира Қожахметова өзінің қаламгер әріптестері
мен әдеби сыншыларымыз тарапынан егжей-тегжейлі зерт
теліп, лайықты бағасын әлі толық алмаған жазушы десек
болғандай. Шөгел еңбекқорлығына сай табиғат берген да
рыны бар, М. Қожахметованы жан-дүниесін бір түрлі киелі
ұғымдар мекендеп жүретін, ешкімге ұқсамайтын бір тұлға
деуге келеді.
Сан салалы тақырыпта қалам тартатын автордың
1997 жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Адам
құпия» атты кітабы айта қаларлықтай күрделі дүние. Не
гізінен бұл еңбек адам денесіндегі ішкі-сыртқы ағзалардың
атқаратын биологиялық қызметі (функциясы) жөнінде көп
шілігімізге сыр-сипатын аша бермейтін әр алуан құпиялар
тұрғысында жазылған.
Дене мүшелерімізбен жан-рухымыздағы өзара жалғас
қан қарым-қатынас, ағыстарды әр түрлі сыртқы күш әсері
мен, (ғарыш әсерімен) байланыстыра отырып ашатын; тыл
сым – хикметі көп рухани еңбек десе болады. Мағираны
көзі қарақты әдеби жұртшылыққа, қалың оқырман зия
лы қауымға өз орнымен, барша сыпатымен әлі толық
танылып жетпеген қаламгер деп отырғанымыз – біріншіден:
мәселенің жоғарыда аталған күрделі жағында болса, екін
шіден жазушының күні бүгінге дейін жарық көрмей, баспа
қоржынында сарыжамбас болып келген (баяғылы бері
«Жазушы» баспасы тарапынан неше дүркін оқылып жақсы
бағасын да алған) роман-дилогияның өзі көпшілік оқырман
Жанат Ахмади
қолына тиген жоқ. Ол өзі екі кітаптан тұратын «Жантәсілім»
атты еңбек.
Автордың «Адам құпия» кітабындағы әрбір тақырып
жұртшылықтың ой-қиялына келе бермейтін, шындап айтсақ
дітіміз жетпейтін әлдеқанша тылсым сырларды ашатын
рухани-ғылыми толғаныстардан тұрады. Мәселен: «Адам
құпия», «Құмалақ ашу сырлары» деген тарауларға рецензия
жазудың өзі қиын болар еді. Тек кітапты бастан-аяқ оқып
шыққан кісі ғана автордың жан-сезімі жайлы мол мағлұмат
ала алады.
Кітап соңындағы «Айһай, дүние-ай!» деген, қарапайым
оймен жазылған тараудың басынан алынған мына бір үзік
сырға назар аударсаңыз жазушы айтқалы отырған пікір
сіздің жүрегіңізге қандай жақын екенін танисыз: «Адамның
еншісіне тиген көл-көсір қазынаның бірі сана, түйсік.
Бірақ біз бұған пәлендей мән бермейміз. Жаратқан иеміздің
сүйіктісі бола тұрып соны титтейде бағаламаймыз. Құлқын
тірліктің құлымыз! Митың-митың тұрмыс күйбеңімен бү
кіл уақыт өтеді. Өзіміз өмір сүрген қандайда жақсылы,
жаманды жәйттерге қатысымыз жоқ деп есептейміз. Жеке
басымыздың қамын ғана күйттейміз, қадіріміз өзімізден
аспайды, қайырымдылықтан жұрдаймыз.
Алда-жалда сәтсіздікке ұрынсақ басқаны кінәлаймыз.
Әрқайсымыз «судан таза, сүттен ақпыз». Іште өліп жатқан
итқызғаныш, қырсықтық, тойымсыздық, жалқаулықпен еш
ісіміз жоқ. Тағдырымыздың шым-шытырық қиын болаты
ны сондықтан шығар-ау.
Көп нәрсені қолымызбен атқарғанмен соның өзегінде
ұдайы өмір сүріп тұрар жан дүниемізге тіпті де үңілмейміз
ғой.
Міне бұл сөйлемдерден кейін кемеңгер қазақ атамыздың
«адамнан ақау өтпей, Алладан азап жетпейді» деген ұла
ғатын онан сайын бекіте түскіңіз келеді. Айталық, мысалы
қылдан тайып, қызметімізден ақсайық, яки тастан тайып,
аяғымыздан ақсайық, осының бәрі өз-өзінен, тегіннен-тегін
келе салмайды, соның бәрінің де арғы жағында бір кілтипан
бар деп қарау керек демекші автор.
Әдебиет – жан нұры
Біз оның себебін маңайымыздағы адамнан немесе аяғы
мызды сындырған тастан көрмей оның бәрінің түпкі тетігін
өз басымыздан іздеуіміз керек тәрізді. «Жақсы қателессе
өз басынан көреді, жаман қателессе жолдасынан көреді»
деген мақалдың астарында да осы жатыр. Бұл кітапты жа
зуда қиялдан-қиялға батып, қыбырсыз тұнжырап отырып
тұңғиық ойға шомған М. Қожахметова көзі қарақты, сыр
шыл оқырманына өз басының биік түйсік иесі екеніне
кімді де болса тұшындырар қабілет өресі арқылы таныт
қандай болады.
Қаламгердің «...қадіріміз өз басымыздан аспайды, қа
йырымдықтан жұрдаймыз» деген лебізін сен өзіңнің өмір
дегі болмысыңмен салғастыруыңа сұранады. Бұны қарапа
йым ғана түсінікпен жеткізсек, Мағира Қожахметова «Ақ
желкен» журналына бас редактор болғалы бері оның алдына
келіп десі қайтқан бірде-бір қалам иесі болды ма екен?
Ешкімді алаламайтын – адам таңдамайтын биік таным,
дарқан сезім иесі әсіресе бұрын танылмаған, әлі көріне алмай
жүрген қабілет, дарын иелерін жарыққа шығаруда алабөтен
еңбек етті деп айта аламыз.
Жасыратыны жоқ, баспасөз, ақпараттар тізгінін ұстап
отырған біраз азаматтарша алдымен лауазымдыларға жал
тақтап, солар арқылы бедел өсіріп, ұпай жинауға құмар
еместігіне осы жүрген қарайған халық куә.
Бірақ «мыңның қамын бір ойлар, бірдің қамын кім
ойлар» дегендей, адалдықты Құдайдан тілейтін өзгенің-
баршамыздың қамымызды Мағира ойлағанмен біз тоқ
санымыз жиылып оның қамын ойлай алмаймыз. Тек жаз
ғандарымызды сөзге келмей ерте ме, кеш пе әдемі бояумен
әшекейлеп шығарып бергеніне сері-мас, керенау күйде
қанағаттануымызбен ғана шектелеміз. Риза болып айта да
жүруге жарамауымыз мүмкін. Тіпті жеме-жемге келгенде
бұрын шаруамыз біткен сайын шынайы жақсы көрген
редакторымыздың басына әлдеқандай көлеңкелі жағдай
туа қалса, бір ауыз Құдайшылық сөзімізді айтып, арашашы
болуға жарамайтынымыз да айдан ашық. Иә сонда Мағира
Жанат Ахмади
бізге жасаған баяғы жақсылықтарына өкініп, іші ашиды
дейсіз бе, жоқ. М. Қожахметова ондайға міз бақпайды. Өйт
кені біздің кейіпкеріміз өз жаралысына орай өмірден қай-
сар табандылықты үйренген.
«Адам құпия» кітабын байыппен пайымдап, санаға
сіңіре оқыған адам оның авторы жайлы ойға қалады,
олай етпеу мүмкін емес. Бала кезімізде бір ақсақалдардан
мынадай ұлағат сөздерді құлағымыз шалатын. Олар
әркімге басу айтып: «ұры Құдайдікі, қасқыр аруақтікі»
деп отыратын... Құдайға жақпағаның үшін ұрыға, аруаққа
жақпағаның үшін қасқырға түс келесің, дегенді меңзеп
болжам айтатын.
Оның – рас, өтірігі қаншалық екенін ешкім айта алмас,
бірақ қалайда сезік тастап, бір ойландыруға ойландырып
тастайтыны хақ. Ақаусыз жүрмейтін адам баласы өзін-өзі
тексеріп, тәубеге келіп тұруына септігін тигізетін ой түрткі
осындай философиялық түйіндер екені анық. Мағираның
мына кітабындағы ой-түйсіктің бәрі міне, осы тектес жан
тазалығын уағыз етіп, жар салған ең бір елеулі еңбек, деуге
хақымыз бар.
Алматы қазақтың рухани орталығы дейтініміз, жат
жұрт, өзге ұлт ішінде, сонау Астраханда туылғанымен Ма
ғирадай қазақ қызының қаламгер қауымға қасиетті ор
таға келіп қосылып, өз орнын тапқаны шүкіршілік етуге
тұрарлық жай. Әр нәрсені өзінің орнымен, қымбатымен
бағалау абзал. Жоғарыда меңзегеніміздей біз бұл мақалада
аталмыш кітаптың қыр-сырын толықтырып ашып беру
мақсатында еместігімізді, тек осы орайдан пайдалана оты
рып, автордың табиғат дарытқан бірбет, адал қасиеттеріне
іңкәрлығымызды білдірмекші едік. Ол атаның белі, ананың
тәнінен қалай туылды, солай ешқандай жасандылықты
білмей (білгісі келмей) өзінің ғана соқпағымен өмір сүріп
келе жатқан жалқы жандардың бірі. Бірақ «кеменің әуеніне
жел еспейді». М. Қожахметованың табиғи жолына, қабілет
құзырына өзге болмыстар мойын ұсына бермейтіні белгілі.
Дүние бітпей таусылып бітпейтін жаны сірі нәрсе – теңшеліп
Әдебиет – жан нұры
болмайтын бықсық дүниенің жалғандығы. Тіпті жұрт
сенім артқан біреулердің яғни «сырты жібек, іші кебек»
жасамыстардың қойны-қонышында тәсілқой, екіжүзділік
жасырынатынын ешкім жоққа шығармайды.
Сонымен алған бетінен айнымайтын өзіндік өмір жолы
бекем Мағира мейлі жеңістерге жетсін, мейлі кедергілерге
ұшырасын, мойымайды, қыңбайды. Оны өз таразысынан
ешбір күш аудара алмайтындығымен екшеледі.
Топырағы сусығыштық, табаны тайғақтық жағдайға қа
рап құбыла өзгеру оған жат.
Өмір – адам болмысымен құнды дейтініміз осы.
Жанат Ахмади
ӘР ЗАМАНДА БІР СҰРҚЫЛТАЙ
Жазушы Тұрсынғазы Әлпейісовтың «Жоңғардың соң
ғы қашқыны» (1997 жылы «Жалын» баспасы) атты тари
хи романы қазақ жерінде жас сәбет үкіметінің құрылу ке
зеңіндегі шытырман оқиғаларға арналған еңбек. Оқырма
нын – еркі алдына қоймай бірден жетелеп тартып әкететін
оқиға Жаркент өңірінде: Сәбет-Қытай шекарасында өтеді.
Қаламгер шығарма барысын сомдай отырып Суан руының
сол кезеңдегі бүкіл болмысын ашып береді. Әрі ол Суан
руының ғана емес, шекаралық өлкедегі сол кезеңге кіріптар
болған қазақ елінің тауқыметі түрінде көрінеді. Әлі біркелкі
көзқарасқа келмеген (ақ пен қызыл жайлы) ру-рулардың
қиын да қызықты түрде шиеленіскен ішкі тартысы егжей-
тегжейлі, әсіресе жетік тілмен суреттеледі, қанығып оқисыз.
Аттап басқан сайын кісі өлімі, қан төгіспен басталатын
үрейлі де, күдік-күмәнға толы оқиғалар оқырман жанын
бірден-ақ арбап алады. Көңілге көркемдік дарытып оты
ратын, бедерлі бояу, қиялыңды шарықтатар айшықты сурет,
құнарлы тіл ойдан-ой туғызып әкетеді. Сөйлемнен сөйлем
асқан сайын, беттен бет ауған сайын, туындының қарым-
қуатына, ширыққан ішкі мазмұнына шынайы мойындауы
ңа тура келеді. Толығырақ айтқанда романның жалпы
табиғатына табынып отырасыз. Ынталанып, құнығып оқи
сыз. Селкеулік, сылбырлық, солғындық жоқ, кітаптың
ұзына бойынан өзіңе нәр алып, қуаттанып отырасың.
Романның басты кейіпкері Қажыбек, оның жастық
шақтағы мінездес, сырлас, қабақ танығыш жан жолдасы,
Әбдіраман, ел ағасы Ақмолда және бұның сүйеніш, тірегі
ретінде көрінетін, ақыл мен қара күшке бірдей Оразбай
(Қажыбектің әкесі) бейнелері кітапты бастап оқығаннан-ақ,
бейне бала жастан өзіңе таныс, өз ауылыңның кісілеріндей
етене, жақын адамдарың болып жылы ұшырап сала береді.
«Мың қосшыға бір басшы» бола алатын ақыл, ұстам,
мінезге кемел Ақмолда қартты Мұқа болыстың оқ қағар,
надан дойыры, Сауырық қапысын тауып түн ішінде ат-
матымен жардан құлатып өлтірген тұста әлгі томырық
Әдебиет – жан нұры
дүлей, қара күштің иесі Сауырыққа деген ғазабың қайнай
бастайды. «Айтақ» десе, алып түсетін долы төбет тектес
наданға оянған өшпенділігің сол арадан басталады. Оған
әлдеқандай кешірімсіз жаза күтумен боласың. Бір ғажабы
Сауырыққа сол қылмысты істеткен Мұқа болысқа көп тұста
кешірімді көңілмен қарауыңа тура келеді. Өйткені Мұқа
болыстың жазығы тұтас Суан руын, қазақ елін ақтарға
да, қызылдарға да талатпай, тыныш жатқан шығыс еліне
(жазушы шекараның арғы жағында жатқан елді «қытай
қазақтары» демей, жан тартқан күйде «шығыс елі» деп іш
жылыта қолданады, дөрекіліктен қашып сыпайы, әдемі
атапты) түп көтере аударып әкетуді көздейді.
«Бүкіл Суанды одан қалса теріскейдің Жалайыры мен
Қаңлысын арғы бетке аудармай тынбаймын!» дейтін Мұқа
болыс осы айтқанына орай бастан-аяқ ғажап қимыл көрсе
теді. Сол жолда жылдар бойы етегі – елпі, жеңі – желпі
болып өзінің алған бетінен қайтпайды. Өз нысанасында
қандай қиындық тұрса да, қаймықпайды, ажал екеш,
ажалдан да тайсала қоймай нағыз ерлерше қасқайып қарсы
алатын,
қасқырдай
қайсарлығына
сүйініп
отырасың.
Тарихи шындықтағы атына сай сомдалған образдың бірі
осы – Мұқа болыс. Суан елінің белді руының бірі – Мыр
загелдінің ақылгөй дана қарты, Ақмолда өз руын Қытай
жеріне көшірмей, Суан ішіне іріткі келтіріп, бөгет болып
отырғандығы үшін де, Мұқа болыс оны өзінің ұлы мүддесі
үшін көптің жолына құрбан қылып жіберуден тайсалма
ған. Ал, қан ішерлігімен көрінетін басты кейіпкер Қажы
бектің әкесі Оразбай болса, ол да, осы Мырзагелдінің мығым
тайпасы, Қойекенің ақылшысы әрі көзсіз палуаны бола
тын. Оның баласы ежелдегі сезімді, есті адамнан кісі өлтір
гіш, тасжүрек болып шыққан Қажыбек әкесінің өліміне
байланысты бір орысты өлтірумен өз тағдырын бұзып алады.
Мән-жайы былай: Ресейден осында кеп тұрақтаған
казак-орыс қытайға Жалайыр елінің бір ауылын шекара
ауғалы бара жатқан бойында жазықсыз тұтқындап алады
да, өз үйіне шырқ иіріп айдап әкеліп, ең ауыр жұмыстарына
салып қояды.
Жанат Ахмади
Онсыз да ақ пен қызылдан тең қорқа, үрейлері ұшып,
өздері зорға келе жатқан аш-арық шал-кемпір, жас бала
қатты қиындықтан ауруға шалдығып, адам көрмеген қор
лықты көреді. Соны біліп бейшара болған ұлтына жаны
ашыған Оразбай көрші ауылдағы Афанасқа барады...
Бір-бір жарау атқа мініп, тақымдарына сойыл-шоқпар
қыстырған қазақ жігіттерін көріп, Афанас пен оның төрт
баласы да бұларға жақындайды. Жазушы бұл көріністі
былай алған:
– Әй, Апанас! мына бейбақтардың не күнәсі бар еді?!
Қатын-баласын мұнша ашықтырып, өздерін жұмысыңа
жегіп тастайтындай не бүлдірді?!» – Оразбайдың дауысы
өктем шықты. Онсыз да терісіне сыймай келе жатқан жігіт
ағасы жүдеп жадаған тым мүшкіл халдегі аш-арық жан
дарды, сорлы болған момын қандастарын көргенде тіпті
дүлейленіп алған. Енді алдарындағы мына орыстың аузынан
дені дұрыс сөз шықпаса жаншып-таптап кетуге шақ тұр!.
Сөйтсе Афанастың мына бейбақтарды айдап әкелген
соң қойған шарты өзінің арыстай-арыстай төрт ұлымен
қазақ жігіттерін күрестіріп аналар жықса жолына жібермек
те, жығылса жұмысына салу екен... Тау-таста бұғып неше
күн бойы жол жүріп келе жатқан күтімсіз қазаққа көрсетіп
отырған бұл әрекет мысық пен тышқан «ойыны» болатын.
Оразбай олардан өш алу үшін күреске өзі шығатын болып,
Афанасқа «...шығар күресетін күшігіңді!» деген сөзге келеді.
– Андрей, слезай с коня! – деп бұйырды ол ат үстінде
шіреніп үсті-басын түк басқан үлкен ұлына қарап.
Оразбай орыстың алып жігітінің қабырғасын сынды
рып жыққаны мен өзінің де қолқа-жүрегіне дәз кеткен
болса керек, үйіне келе бере-ақ төсек тартып қалады, ке
шікпей өледі. Оның үстіне бұрын осы Оразбайдан аяғын
тартатын, Мұқа болыс енді өзіне өріс тауып, дереу Ақмолда
ны өлтіртеді. Мырзагелдіге ие екі басшының көзі жойыла
ды. Бірақ Оразбайдың баласы Қажыбек Ақмолданы өлтірген
де, өштік қуған, Афанас екен деп ойлайды. Сонымен тапа-
тал түсте Афанасты сойылмен бір-ақ ұрып өлтіреді. Содан
Әдебиет – жан нұры
әзірше Жаркентті билеп тұрған қызылдардың қамауына,
тергеуіне түседі.
Кейін Мұқаның Жаркентке шабуылдау себебімен түр
меден құтылған, Қажыбек артында қарап отырған жалғыз
шешесіне де, сүйген қызы, Бикенге де қайырыла алмай, сол
кеткеннен мол кетіп, Мұқалар тобының сарынымен арғы
бетке өтеді. Қажыбек пен Сауырық екеуін Мұқа Сүйдіндегі
Дутовтан тіл әкелуге жұмсағанда Ақмолданың кегі үшін
Қажыбек Сауырықты жекпе-жекке шақырып өлтіреді.
Тәсілқой автор эпилогті әдейі кітаптың басында келті
ріп түрмеден қашып жолшыбай біреуді өлтіріп атын мініп
қайта бергі бетке келе жатқан «Жоңғардың соңғы қашқы
ны» Қажыбекті көрсетуі амалсыздан өмір тығырығына
кіріптар болған жанның – осы басты кейіпкердің Сауырықты
өлтіргеннен кейінгі ахуалы екенін автор даналап айтпаса да,
оқырман терең ойға түсіп өзі біледі. Шебер жазушы, Тұр
сынғазы Әлпейісов бұл орайда кейбір авторларша оқиғаның
алдына желпілдеп өзі түспей, сіресіп отырып оқырман
шешіміне ой тастайды. Ең ғажабы бас кейіпкерін сондай
қанішер, жауыз да болса, жазушы оны тәуелсіз ел болған
заманымызға сай, ұлттық көзқараспен заман талабына сәй
кес алуы роман жанрында жаңа бір шынайы, табиғи қы
рынан көрініп, ерекше сыйпат алып тұр. Қанішердің өзі
адами амалсыздық тұрғыда өзін-өзі ақтап аларлық құбы
лыс танытады. Қажыбектің қалайда нағыз ер екенін мойын
дайсың. Замана ауқымына, уақыт мүддесіне орай керек
жерінде адамды құрбан етуден қорықпайды. Әрі ол қолына
түскеннің бәрін қарсыласы болса да өлтіре бермейді. Мыса
лы Жаркент абақтысында өзін тергеген қызылдар тергеу
шісі кейін бұлардың қолына түседі. Арғы жағынан Қапал
қызылдары бері төңкеріліп, Мұқа сарбаздарына қауіп төніп
келе жатқан қапылыс жағдайда әлгі жирен мұрт тергеуші
бас болған қызылдарды Қажыбектер айдап жолға шығады.
Арғы бетке әкетпек еді, қызылдар төніп қалғандықтан тұт
қындарды қырып кетуге бұйрық беріледі. Сонда өз үлесіне
тиген орыс жігітін тілін тартпай тұрса да, Қажыбек өлтірмей
қолы байлаулы бойында тірі тастап кетеді.
Жанат Ахмади
Себебі, ойлап қараса өзіндей шешесі артында қалған бір
бейбақ кезбе емес пе, қанын жүктеп қайтем дейді.
Аңғарсаңыз өмірдегі сәтсіз шатылудан барып еркінен
тыс қаныпезерлікке беттеп кеткен, ұрт мінез, Қажыбектің,
яғни ежелдегі ойлы жанның бұ да болса қанішер болып жа
ралмағанының айғағындай еді. Әсілі жазушы Тұрсынғазы
Әлпейісов бұл романында қылмыскер атаулының барлығын
бір таяқпен айдай салудан адам рухының төлеуі өтелмей
тінін яғни сол қылмысқа жақсы пенделер неге баратынын
аша отырып, сот төрелігін оқырманының өзіне жұмбақ етіп
қалдырған тәкаппарлығымен дараланған. Қылмысы үшін
біреуге өлім жазасы кесіліп атылса да, оның басы бағаланып
барып көр құшуға тиіс дейтіндей. Өйткені оқырман ретінде
сіз қанішер Қажыбекті бәрібір жауыздыққа қимайсыз.
Шебер автор қан төгу әрекетінің өзін дұрыс жағдайда көр
сететін қылмыскерін Ана туып, Ана бағып өсірген, адам
ұлы ретінде таныта білген. Мұқа болыстың томырық, түнек
дайыры Сауырықты өлтіргенде Қажыбекке риза болып, қы
бың қанып отырасың.
Нысанасынан қапы ктепейтін автор неден болса тай
салмайтын осындай әлденеше кекшіл, тұңғиық, дүт мінез
ділердің асау қанды жауыздықтарын адам қанында сақта
лып келе жатқан анайы, жабайылықтың арғы тегінен
іздейтіні, соның әлі жоғалмай жалғасуынан қарастыратыны
философиялық ойға жетелейді. Романның аты «Жоңғардың
соңғы қашқыны» болып аталуы да осыны меңзейді. Ұзақ
ойланып, көп еңбектеніп жазылған шығармада ешқандай
дүмбілездік байқалмайды. Оқиғалар жүлгесі көңілге қо
нымды, кімге де болса «осы қалай?» дегізбейтіндей. Наным
ды, нәзік аңдалып отырады.
Қажыбектің сүйген қызы Бикен болса жас сәбет өкіме
тін орнатуға күш салып жүрген, оқыған жігіт Сұлтанғазы
ның жастай айттырып қойған қалыңдығы. Бірақ қыз-
жігіт ес білмей атастырылып «қалыңы да төленеген» деген
дәйектемені автор кейін жаңашыл Сұлтанғазы сәбет заңына
қиғаш келетін қызды «айттырып алудан» бас тартып жүрген
Әдебиет – жан нұры
тұста жаңылыс байқатып «әлі қалыңы төленбеген» деп
келтіреді. Соған қарап автор бұл шығарманы кейде арасын
үзіп тастап, кейбір ұсақ детальдарды ұмытыңқырап барып
жазғаны аңғарылғандай. Бірыңғай табандап отыра алма
ғаны сәл де болса сезіледі.
Қым-қуыт, шытырман оқиғалы, қызықты кітаптың
ұзына бойындағы жазушы қарымы, айту, көру қуаттылығы
оқырманға татқызар ләззатымен басқа жаққа мойын бұр
ғызбай, бірден-бірге баурап отырады. Тарихи құнды дерек
тер мен әсіресе соны ойната жазу тәсілі жымдаса кірігіп
көз алдыңызға тұтас үлкен сурет тартады. Бай, көркем
мағлұмат береді. Жалпы бұл роман Қазақстан ғана емес, сә
бет өкіметінің тарихындағы өзіндік саяси кезең мағлұматын
ашады. Әрі роман жанрына сай көркем де, жанды сурет
деуден қысылмайсыз, қымсынбай айта аласыз. Шытыр
ман оқиғалар шырғалаңы мол кейіпкерлер ортасындағы
талқы-тартыс әлегі, бір-бірлеріне тісін басқан партиялар
арасындағы қанды кек, содан туатын аяусыз қырғын қы
зығына бойлатқанымен қоймай жан түршіктіреді. Автор
тарихта Мұқа болыстың шекарадағы «Басқұншы» өңірін
мекендеген орыс ауылын кәрі-жасымен сәби баласымен
қоса, тігерге тұяқ қалдырмай, ұраларға тастап өртеп кететін
тұстар ашық айтылған. «Осымыз артық болмай ма» деп
басты кейіпкер Қажыбек (алдыңғы жолы тергеушіні өлтір
мей тірі қалдырып кеткен) бір ауыз айтқан болса оның
адами жүрегін тани түскен болар едік. Әрине Қажыбек оны
сымен жаралы аю – Мұқаны тоқтата алмаса да, бүгінгі біздер
жауыздыққа амалсыз бет алып кеткен басты кейіпкерге
деген аяушылық рақымымыз ояна түскен болар еді.
Қысқарта түйгенде оқырманның жан әлемін бұлтарт
пай жаулап алатын бейнелі сөз тіркес, ойға бай сөйлемдер
түзілісі, шығарманың жалпы желі – арқау құрылысы бұл
туындыны әдебиет әлеміндегі үлкен жанр – «роман» деген
талапқа сайма-сай жауап бере алатын толыққанды, соқталы
еңбек дегізері даусыз.
Кітап бастала бере оқырманды тарта жөнелетін Бикен
қыз бен Қажыбек арасындағы қылп еткенді жанмен сезіскен
Жанат Ахмади
шынайы нәзік, уыз махаббат бейне сіздің көз алдыңызда өтіп
жатқандай әсерлі.
Араларынан қыл өтпестей, бал жаласқан дос көңілдер
үшін тілектес адам өзің болып қалатының бар. Дәл сондай
болып, қыбыр еткен кірпік қимылдарына дейін бағып
отыруға мәжбүр боласың. Соған жетесің. Бұл жазушының
осынау жаратылыс, табиғатқа, махаббатқа деген, өмірге
деген өз жүрегінде бар іңкәрлік деп білеміз. Соның құ
былыс-киесі айна-қатасыз, қаз-қалпында қағазға қонған.
О. Бальзак: «Дос іздемес адам сүйе де білмейтін адам. Сүю
адамның барлық жақсы сыйпатын өз ішіне алады» деген.
Өмірге ғашық, досқұмар автор өз жүрек кілтипанын осы
тұста қолданғаны айқын. «Тауық талдан асып ұшпайды»
демекші өзі ғашық бола білмейтін, өмірді шындап сүйе
алмайтын адам өзгеге әсер етпек тұрмақ, өзінің ішкі жан-
дүниесін де гүлдендіре алмайды. Ондайлардың көбі «...
денесіне белгісіз діріл біткен...» Бикен қызға «жаурап
отырсың ба!» деп сауал қоюы мүмкін. Ал оны естіген жерде
аяулы қыз сезімі қор болар еді.
Тоқсан сөздің тобықтай түйініне тоқырасақ, суреткер
жазушы Тұрсынғазы Әлпейісовтің бұл кітабында автордың
бар екенін ұмытып кетесіз. Жазушы өзі көрінбейді, жана
салап шапқыламай айтарының барлығын кейіпкерлер бол
мысымен шегелейді. Оқырманды солардың соңына қадап
салып қояды.
Бұл жазушылық шеберліктің басты шарттарының бірі.
Әдебиет – жан нұры
ШЫҒАРМА КІЛТІ – ШЫНДЫҚТА
Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына арналып шыққан
100 автор кітабының ішінде Молдахмет Қаназ ағамыздың
«Жанқожа» аталған, көлемі 20 баспа табақтай кітабы жарық
көрді. Бұл кітапта жазушының Жанқожа батырға арнал
ған бес бірдей шығармасы яғни «Жанқожа» атты көлемді
тарихи кинохикаят, «Жанқожа батырға ескеркіш орнатыла
ма?», «Жанқожа батыр», «Жанқожаның жанды бейнесі»,
зерттеу эсселері және Ө. Ахметовпен бірлесіп жазған тағы
да «Жанқожа» атты зерттеу мақалалары бас қосқан. Көпте
ген көркем әңгімелері де осы кітапта тоғысқан. Өйткені
соңғы ондаған жылдарда кітап шығару мүмкіндігі кез-
келген ақын-жазушының еншісіне тие бермегені белгілі.
Жинақта салмақты да, басым ие орын иелеп тұрған ең
бек Жанқожаға арналғандықтан жазушының көркем әңгі
мелерін сәл кейінге ірке тұрып, алдымен осы аталмыш та
қырыпты сөз етіп алуға тура келеді. Ал бұл жайлы айтқанда
бірнеше сүбелі зерттеу мақалалар мен кинохикаяттағы ойды
бір арнаға жинақтап көрсетуге тура келеді.
Жазушы он тоғызыншы ғасырдың орта шеніне жет
кенде Сыр бойы қазақтарын басқарудың барлық жүйесі
бұзылып, ада болған кезінен сөз бастайды да «тап осы
аласапыран тарихи кезеңде тіршілік еткен батыр Жанқожа
Нұрмұхаммедұлының бүкіл өмірі – патшалық Ресей, Қо
қан, Хиуаларды былай қойғанда билікке таласқан әпер-
бақан ішкі жаулар – бай, би, төрелері бар – үш жақ жаумен
қатар арпалыспен өткен ерекше қасіретті ғұмыр» деп
түйіндеуі тегін емес. Осы сөйлемдердің өзінен-ақ Жан
қожаның кім болғанын оған автордың неге соншалықты
құныға қызығып, жазғанын аңғара бастайсыз.
Сол тұста Хиуа, Қоқан хандықтары қазақ жеріне баса-
көктеп кіріп әр тұстан бекіністер сала бастағаны белгілі.
Көбінесе шекаралық өңірдегі Ұлы жүз қазақтарының басым
қөпшілігі Қоқан хандығының етегі астында қалып оларға
алым-салық, үзір-зекет төлеуден көз ашпайды.
Жанат Ахмади
Онымен қоймай қарауында қалған қазақ елінің ер-
азаматтарын өздерінің бекініс салу қара жұмыстарына аяу
сыз пайдаланады. Әртүрлі таусылмас сылтау-желеулермен
бейбіт жатқан момын елдің малын барымталап, тұтқындар
әкетіп білгендерін істей бастаған. Осындай көзсіз басынудың
біріне жауап ретінде және солардың қолынан өлтірілген
ел ағасы, Жылқайдардың кегін қуып Әлім, Шөменнің сол
кездегі ханы Қылышбай жасақ жинайды да Жаңадарияның
бойына орналасқан Хиуа бекінісіне шабуылға аттанады.
Қоластындағы елін қойдай бағып, кімнің қандай екенін іші
біліп жүретін Қылышбай хан 17–18 жастағы Жанқожаны
әкесі Нұрмыхаммедтен сұрап, дәмелі батырлар қатарында
алып шығады. Қазақ жасақтары хиуалықтардың Тықы ба
тыры бастаған сайлы әскерін ала алмай көп зардап шегеді.
Сол орайда бозбала Жанқожа Тықы батырға жаушы жіберіп
«ит үйірімен қасқырды да алады», деген бар. Анық батыр
болсаң үйірлі итіңмен жабылмай менімен жекпе-жекке
шық. Жеңілсем елім ұрыспай беріледі» деп ананың намысын
қайрайды. Тықы батыр сөзге келмей шығады, бірақ, Жан
қожаның қолынан ажал құшады. Қазақ жасақтары бар
сенген батырынан айрылған хиуалықтардың быт-шытын
шығара қуып қамалдарын тас-талқан етеді.
Созақ бекінісіне орныққан ала-кепеш бектер де жер
гілікті халыққа шеңгелін салып, тырнақтарын аяусыз ба
тырған. Ақырында үш жүздің баласы сөз біріктіріп Созақ
бекінісін алуды көздейді. 1830 жылдың күзінде қамалды
қоршауға алады. Бірақ айналасын терең ор, биік қамал
қоршаған бекініс оңайлықпен алынбайды. Оның үстіне
Қоқанның сегіз жүз әскері көмекке келе жатады. Соны сез
ген Жанқожа ешкімге ақыл салмастан тек жүрек жұтқан
батырлығына сеніп, өзінің соңына ерген бес жүз жасағымен
ғана бір түнде жоқ болып жау әскерінің алдын тосады.
Қоқан ләшкерінің басшы, қолбасы Тоғанды байлап алып,
өздерінен бір жарым есе көп қолдың қырғанын қырып, қал
ғанын тоз-толаңын шығара қуып тастап, Созаққа қайта
келеді. Үш жүздің қосыны Кенесарының мың жарым жа
Әдебиет – жан нұры
сағымен қоса кезегімен шабуылға өтеді. Өз кезегі келгенде
қамалдың қақпасын бұзып кірген Жанқожа батыр бұл
жолғы үлкен абыройды да өзі арқалайды.
Дәл осы тұста бір айта кетерлік жай, жазушы Мол
дахмет Қаназдың сөз басында аталған бірталай зерттеу
мақалаларынан кейін жазылған Жанқожа жөніндегі тарихи
кинохикаяты көзі қарақты режиссердің қолына түсіп,
әлдебір демеушілердің көмегімен киноға алынар болса,
ол қазақ ұлты, тарихы үшін көмескі, шет қалған тағы бір
драмалы трагедиялы еңбектің беті ашылған болар еді.
Автордың мерейі, немесе алпыс жылдығының құрметі
үшін емес, көрмегені қалмаған қазақ халқының киелі рухы
үшін баға жетпес құнды дүниелеріміздің біріне айналар
еді. Бір мақалаға сыймайтын уақиғалар тізбегі тым күрделі
жатыр. Тарихи, рухани үлкен кеніміздің көзі ашылған.
Қоқан хандығының қолшоқпары Бабажан тәрізділер
қазақ шаруаларының шексіз ашу-ызасын туғызады. Олар
Жанқожаның туған ағасы Ақмырзаны өлтіреді. Жанқожа
Ақиректе Аман балуанды бауыздап өлтіріп кегін алады.
Ендігі кезек барлық пәленің ошағы болған Хиуа қама
лын талқандау еді. Сыр бойы қазақтары Жанқожаның ке
лісімімен уағдалы кезге дайындалады. Сөйтіп сарала ту
көтерген Қаракесек, Ақтан батырдың тізе қосып басқаруы
мен қазақ қолы Хиуа қамалын алады. Қолға түскендердің
ішінде Бабажанның баласы 13–14 жасар Майқарабек те бар
екен. Оның тағдырын Ақмырзаның жесіріне (Жанқожа
ның жеңгесі) бергенде кемеңгер қазақ әйелі «менің Жал
мырзам да осы құсап жетім қалды. Бұның шешесі де мен
құсап жесір қалды. Бұны өлтіргеннен қара жер қанға тоймас,
тірі қайтарып еліне жеткізіп салыңдар. Көргенін айтып
барсын» деп өзінің аналық биік тілегін орындатады. Бұл –
1835 жылы болған оқиға еді.
Көрші отырған мұсылман хандықтарының асқан опа
сыздығынан өлшеусіз қиянат көріп ығыр болған халық
жоқтаушысы Жанқожа батыр 1847 жылы Райымға келіп
бекініс сала бастаған патша үкіметіне пәлендей қарсылық
Жанат Ахмади
көрсетпей, амалсыздан олармен келісімге келу жағын қарас
тырады... Орынбор генерал-губернаторы Обручевпен жүзбе-
жүз жолығып, жергілікті халықтың тыныштығы бұзыл
мауы жағынан сөз байласқан. Қазақ шаруа, дихандарын
Хиуа шапқыншылығынан орыс әскері қорғайтын болып
келісімшарттарын жасасқан-ды. Бірақ «қуырдақтың көкесі
түйе сойғанданың» кері келіп: Райымға бекініс салынып,
«Қарашекпендер» көшіріліп әкелгеннен кейін жергілікті
халық яғни қазақ елі көресені енді орыстардан көрген-ді.
Міне осы жылдары бұл маңдағы ең шұрайлы жер Ақирек,
Ақбай сияқты атақоныстарынан қазақтың 3 мың отбасы
зорлықпен көшіріліп Сырдың арғы жағындағы қуаң далаға,
шөлейт-құмдауытқа айдалады. Орынбор және Самара өл
келерінің генерал-губернаторы Перовский Россиядан астық
сатып алмай қояды деген қараниетті айлагер саясатпен
Сыр өңіріндегі қазақ дихандарының егін салуына мүлде
жол бермей, ондай егістік орындарды да әлгі келімсек
«қарашекпендердің» үлесіне зорлықпен алып берген.
Автордың Сыр бойы қазақтары және Жанқожа батыр
төңірегіндегі тарихи зерттеу еңбегіне жүгінсек момын қа
зақ елінің біреу біліп, біреу білмейтін айтып тауысқысыз
тауқыметі ашыла түседі. Жазушы әрбір сөйлемін өз ұлтына
деген шексіз аяушылықпен жан тартып, жүрегі сыздап
жазады. Асқан күрескерлік жігер танытады. Бүгінгі және
келер ұрпаққа салмақты ой тастайды. Жанқожа патша
үкіметінің генерал-губернаторларына Райымнан бекініс
салуға амалсыздан келісім беріп, олар өздерінің ежелгі
сатқын, көлгірлігі бойынша қазақ батырына «Есауыл»
(жасауыл) шенін таңған болса, кешікпей ол шешімдерінен
бас тартады. Патша әкімдеріне көз жұма құлдық ұрмағаны
үшін 1853 жылы Жанқожадан әлгі жасауыл шенін қайтарып
алады. Осыларды айта келе жазушы үлкен дәлелге сүйеніп,
былай дейді: «Осы ретте тарихшы М. Тынышбаевтың батырға
«Барлық үш Орданың ең бір атақты батыры және биі,
қазақтың бостандығы үшін күрескен Жанқожа батыр (Әлім,
Шекті) орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды
Әдебиет – жан нұры
да, хандарды да мойындаған емес», – деп берген бағасында
ешқандай да қалып жоқ» деп келтіреді. Бұл аз баға емес.
Патша чиновниктері Жанқожаның қартайып отырған
шағында да тыныштық бермейді. Орынбор шекаралық ко
миссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмо
ловскийдің көмекшісі, тілмаш Ахмеров алым-салық сыр
тында пара жинап қайтуға шабармандарын Жанқожаның
ауылына аттандырады. Қарт батыр жүйемен ұтып «орыс за
ңында мұндай салық түрі мүлде жоқ» екенін айтып, атша
барларды қуып жібереді.
Бұндай бассыздыққа шектен аса ашынып ашуланған
халық қыс ішінде аттылы-жаяу көтеріліске аттанады. Қа
рулары: садақ, найза, балта, шот, айыр-күрек. Ал орыс
тардың зеңбірек, ракеталық станок қондырғысы 54 штуцер,
басқа да барлық от қарулары сай болғанын автор тарихи
дәлелдер арқылы көрсеткен. Төрт-бес мыңдай қазақ шаруа
сы сан жағынан басым болғанымен, патша әскерімен тең
келе алмайтыны белгілі еді. Олар 300 аттылы казачество,
320 жаяу әскер және бұның сыртында башқұрт отряды мен
Ермұхаммед (Елікей) Қасымов сұлтан бастаған 400–500
қол болады. Оның үстіне Арал флотилиясының бастығы ка
питан Бутаков те өз отрядымен шақырылады. «Перовский
кемесі» қалаға жақындап палубаның маңдайына зеңбірек
құрып қазақтарды нысанаға алған. Сонымен қоса Қазалы
қаласының коменданты Леонид Булатов жедел дайындық
қимылына кіріседі.
В. Перовский Ырғыз бекінісі арқылы да казачество ат
тандырады. 1856 жылы желтоқсан айының соңында Жан
қожа батыр Қазалы қаласын қоршауға алады. 22-желтоқсан
күні көтерісшілер Қаратөбе маңында Булатов отрядына
шабуылдап соққы береді. Булатов өзіне жол бастаушы қазақ
Өтеген Ақкөзинді қалаға шаптырып, сол арқылы А. Бутаков
көмекке келеді.
Көтерісшілердің мекені Сырдарияның сол жақ бетіндегі
ежелгі Жанкент қаласының орнына тақау Жаңақаланың
маңында болады. Желтоқсанның 25-і түні көтерілісшілер
казачествоның аттарына дайындалған 105 мая шөпке өрт
Жанат Ахмади
қойған. Ал, Перовский соғыс министріне жолдаған ра
портында 150-ден аса маяға от қойды деп ашынып хабар
лаған.
Көтерілістің мән-жайын соза беретін болсақ, бұл мақала
кішігірім кітапшаға айналады. Сондықтан қаламдас, әріп
тес ретіндегі бұл жолғы мақсатымыз жазушы Молдахмет
Қаназ ағамыздың 60 жылдық мерейтойына орай, автордың
Жанқожа батыр жайлы ұзақ жылдар бойы қайсарлықпен
қадағалай зерттеп, жалықпай қалам тартып келген, елін
сүйген ұлтжандылық үлкен еңбегінің шет-жағасын, жалпы
нобайын көрсету болып отыр. Айтып тауысқысыз тарихи
құнды оқиғалар тізбегі бар.
Қорыта келгенде «батырдың өмірі қысқа даңқы ұзақ»
дейтініміз сияқты, ақыры Қызылқұмда жалғыз үй отырған
Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған Шөмекейлер мен
Табындардан құралған «жазалаушы топ» өлтіріп батырдан
соққы көрген патша үкіметін оның алтын иық генералда
рын мұратына жеткізеді. Бүкіл өмірін елі-жұртына бостан
дығына арнаған қазақтың біртуар батыр ұлы Жанқожа
83 жасында шейіт болады.
Туған елінің қас-жауына қарсы жанпида соғыстарда
«өлсек-шейіт, қалсақ-қазы» деп, жаназаларын шығарып бір-
ақ аттанатын Жанқожа тектес жүрек жұтқан батырдың өмір
тауқыметіне кітап авторын сонша берілдіріп, ұмтылтқан
түрткі не екені жайлы да оқырман қауым бірауық ой
жүгірте жатар. Бәлкім М. Қаназ тектес қаламгердің өз та
биғатындағы бірбеткейлілік, өз дегенінен аумайтын берік,
табандылық қасиеті осы кітабы арқылы дәлелдене түскен
шығар. Яғни «Жанқожа» атты бұл кітап жаралысынан
біртоға, ұстамдылық жағынан болаттай бекем жанның өз
бейнесінің параллелі болар.
* * *
Енді М. Қаназдың соңғы жылдары қалам тартқан әңгі
мелеріне келсек, жалпы айтқанда автор қызылсөзділікке
әсте бармайды. Өзінің сырт кескініне сәйкес азсөзділікті
оның есесіне ой салмағын түсіруді көздеп отыратыны айқын
Әдебиет – жан нұры
білініп тұрады. Тәпіштеймін деп синоним тіркестерімен
оқырмандарды мезі ету атымен жоқ десе болады.
«Ішіндегің түрінде, түріндегің тілінде» демекші, автор
дың әңгімелерін оқып отырғанда көз алдыңызға оның –
М. Қаназ ағамыздың өз бейнесі келеді. Алдымен «Мөлтек әң
гімелер» тақырыбынан бірер мысал алатын болсақ «Табыт»
әңгімесінде кәдімгі Жазушылар Одағының екінші қаба
тында бір үлкен талант иесін соңғы сапарға аттандырып
салу, соңғы рет жүзін көріп қалу рәсімі болып жатқан.
Сол кезде басқыштан дабырлай көтеріліп жолындағы
жұртты бұзып-жарып кимелей алға озған тағы бір ағай (ол
үнемі «безөшірет»; сыйлық атаулының, шапанның неше
түрін жиналыстың төрі төбесін, анталогияның алдын,
энциклопедияның жуан ортасын ойып алып отыратын) пы
сылдап келіп: «Асығыс ем, мен тұрып кетейін, – деп қарына
шүберек байлатты» дейді автор. Сырт көзге әлгінің қылығы
кісі өліп, қаралы қауым аза тұтып тұрғаны сөз емес, еш нәрсе
болмағандай. «Атақ-даңқ жағынан бұл өзі ақын атаулының
алдын бермейтін: Қасым, Мұқағали, Сағи, Жұмекен, Жұ
матайлардың бәрінің де алдына шығып алатын. Кезексіз,
«безөшірет», шығармашылығының алдына өзі түсіп ортақол
шығармасын өзі жетелеп жүретін және көзін табатын. «Алып
алатын, тағып алатын, значекке дейін тағып алатын» дейді
автор. Әңгіме авторы ақырында әлгі «безөшірет» пенденің
енді мына қаралы, азалы қауымның көз алдында жасаған
осы өрескел әрекетіне қатты ширығады. Мәйіттен табыттағы
орынды босата тұрып әлгі жазғанға:
– ...Түгенше аға, сіз әу бастан безөшірет жаралған адам
сыз! Сіздің жұрт сияқты шіретке тұрғаныңыз өлім. Пажа
лыста босаттым. Табытыңыз дайын, жата қойыңыз! – дегісі
келеді.
Жазушы ешкімнің іші жылымайтын; өзі мұнда, ал, атақ
– даңқы алты белдің астында жүретін, қаламгерді осын
дай ғана бір жолғы көрінісімен оқырманға сүйкімсіз етіп
көрсетеді. (199 бет)
Ал «Тұмандар ойыны» әңгімесінен автордың табиғатты
қаншалықты сүйетін, ақынжандылығын аңғару қиын емес.
Жанат Ахмади
Өзі Аралдың сары жазығында туып, өскен М. Қаназ Ала
таудың табиғатын тамашалауға келгенде ешкімнен кем
соқпайтыны білінгендей.
Енді өзге ұзақ әңгімелеріне оралсақ, Зейнолла Шүкіров
ке арналған «Сағыныштың сары жапырақтары», «Шақша»,
«Оборон» және т.б. әңгімелерден З. Шүкіров жайлы көп
нәрсені біліп қаласыз. Соңында қалған шығармаларын,
әңгімелерін оқығанда сиқыршыдай арбайтын, өмірден кем
тар болып өткен жазушы Шүкіровтің дәл өз болмысын
көзбен көргендей әсер аласыз. Өмірден өтпейтін адам жоқ,
ертеңгі күні ізіңді басқан біреу сіз туралы да дәл осылай
мұрагерлікпен екшеп тоқталар болса аруақ-рухыңыз бен
артта қалған бала-шаға, туған туысыңыз үшін одан артық не
қажет болар еді. Ал «Ит өлімі» әңгімесінде автор қазақ ақын-
жазушыларының кәрі-жасының барлығының да басынан
өткен пәтер жалдау тауқыметі жеріне жете, қызықты сөз
болады.
Жазушылық жолы кемелденген кезінде жарық көрген
автордың бұл кітабынан сәл ғана олқылық іздейтін болсақ,
ол – кинохикаяттан кейінгі осы кітаптың көлеміне сыймай
қалуға айналған өзге шығармалары тым майда әріппен
терілгені дер едім. Мерейтойыңыз құтты болсын, қаламының
қарым-қуаты кернеуіне жеткен – Молдеке!
Әдебиет – жан нұры
«БЕЙІМБЕТТІ АТҚАН КІМ?»
Қазақ қара сөзінің, оның ішінде әңгіме жанрының май
талман шебері, Бейімбет Майлиндей саңлақ қаламгердің
кейіп-кеспірі қалмай, көзі мағынасыз бақырайып, әшейінде
маңдайынан қайырылатын күтімді шашы удар-дудар болып
түскен суреті кітап мұқабасының сыртында. Еріндері ісініп,
бет-ауызы домбыққан, телімі шыққан қайран ер бүгін біздің
алдымызда осы сәтсіз бейнесі көзге тосылып тұратынын
ойлады ма екен?!
Кітап авторының құпия орында КГБ архивінде сақтал
ған қолға түспес өте құнды деректерден жазған өзге тақы
рыптарын қоя тұрып, 66-беттегі «Айыбы ақиқатын айт-
қаны» деген зерттемені тілге тиек етуден бастасақ Т. Бе
йісқұловтың
Бейімбетке
деген
әділ
сүйіспеншілігінің
қаншалық екеніне көз жеткізер едіңіз.
Осы арада кітаптың кіріспе сөзін жазған академик, Ма
наш Қозыбаевтің «автор қазақ әдебиетінің алыбы, Бейім
бет Майлин туралы ұзақ жылдар зерттеу жүргізіп, еңбек
теніп келеді. Зерттеушінің табандылығы, кейіпкерге сүйіс
пеншілігі, материалды толық игергендігі, шыншыл тарихқа
көзқарасы оның пісіп жетілген, майталман ғалымдығын
танытады, парасаттылығын білдіреді. Бір сөзбен айтсақ,
ол – өз еңбегімен Бейімбет Майлинге рухани ескерткіш
орнатып жүрген ғалым жазушы» екенін еске ала кеткен
артық емес. Ал қаламгердің «Сөз басы» нан бір үзік сыр
аңдасақ:
«Елі төбесіне көтерген, ардақты адам неге атылды?!
Не, кінәсі бар? Жазығы не? Не үшін атты?
Кім кінәлі оның атылуына?
Ат деген кім? Атқан Кім?
Сүйегі қайда екен?
Обалы кімнің мойнында?!
Осындай сұрақтар мені зерттеу жүргізуге құлшындырып
отырды».
Жә, осылай деген автор Би-ағаң жайлы қанша іс бітір
ген, демейсіз бе?... Т. Бейісқұловтың Бейімбет туралы ұзақ
Жанат Ахмади
жылдардан бері мерзімді баспасөз беттерінде жариялаған
татымды мақалаларын есепке алмағанда, «Б. Майлин сын
шыл публицист» деген тақырыппен кандидаттық жұмы
сын қорғау жолында 1983 жылы «Жазушы» баспасынан
«Қанатты қаламгер» атты зерттеу кітабын, 1991 жылы
осы баспадан «Би – аға» атты естеліктер жинағын, 1994
жылы «Қазақстан» баспасынан «Дарын даралығы» деген
кітаптарын шығарған.
Ал мақаладағы әңгіме болып отырған «Толғанай-Т» бас
пасынан 2000 жылы «Бейімбетті атқан кім» аталған кітабы.
Автор бұл еңбегінде сол тұстағы НКВД құзғындарының
қолдан жасаған неше түрлі айла-шарғы, сұм пиғылдарын
тарихи құжаттарға сүйене отырып егжей-тегжейлі ашып
береді. Осы барыста ол бірлесіп жұмыс істеуге тиісті бол
ған ҰХК қызметкерлерін орынсыз кінәламайды. Олар
Бейімбетке байланысты істің (дело папкасының) мәлім же
ріне дейін өздерінің көз алдарында қаратып отырады да
«енді мұнан былай ашуыңызға рұқсат жоқ, бізге берілген
тапсырма солай» десе, іштей күрсіне отырып оны да түсінеді.
Дегенмен бүгінгі егеменді еліміздің ҰХК орыны кешегі КГБ
еместігі мына төмендегі сөйлемдерден-ақ түсінікті.
«...Соңғы кезге дейін, ақталғанына елу жылдан астам
уақыт өтсе де, қандай үкім шығарылды, ол қалай орындал
ды деген сұрақтарға еш жерден жауап ала алмай, бейхабар
келдік. Нақты біліп айта алатын дәйектер қолымызға түспей
жүрді. Өйткені оның «ісі» КГБ мұрағатында құпия ұсталды,
ешкімге берілмеді.
Соңғы жылдарда ғана жариялылықтың арқасында қазір
гі ҰХК мен «Әділет» қоғамы бірлесе отырып, 1937–38 жыл
дары нақақтан құрбан болған ардақты азаматтарымыздың
кімдер екенін, олардың көмілген жерлерін анықтауда біраз
жұмыстар жүргізілді» дейді. Осының өзінен-ақ өз заманы
ңызға разы боласыз.
Бір айтарлық жері, Т. Бейісқұловтың бұл еңбегіне зер
сала оқып қарасаңыз, ол өзіне мұқият жауапкершілікпен
Әдебиет – жан нұры
қарайтынын айқын аңғарады екенсіз. Комсомол, партия
қызметінің неше белеңінен аттаған, әрі өзінің табиғат бол
мысынан зейінді азамат ешқандай мүлт кетпеуге тырысып,
оқырманын ойға батыратын сырлы сезімдерге, парасатты
лыққа жетелейтін тұстарға молынан ұшырасып отырасыз.
Әсіресе бұл кітап жайлы аузы дуалы, қазаққа қадірі ар-
тық ғұлама тарихшы, Манаш Қозыбаевтың беташар сөзінің
мына бір тұсына назар аударсақ: «жазушы, көсемсөзші, Тоқтар
Бейісқұловтың бұл еңбегі деректерге негізделген. Шығарма
тілі жеңіл, фактілерге өріледі, оқиғалар ірілене-ірілене құ
былысқа айналады, кітап осылай ұлы жазушының бейнесін,
оның трагедиясын аша түседі. Автор замана мұңын, жеке
бастың сырын айта отырып, тұтас ел трагедиясын өрбітеді.
Шығарма өзіндік өрнегімен, азаматтық жанашырлығымен,
жазушыға деген аса зор ықыласымен құнды».
Мақаламыз еңбекқор автордың мерейтойына орайласып
отырғандықтан Т. Бейісқұловтың жалпы шығармашылы
ғына көз салсаңыз алғашқы жұмысын алыста жатқан ауыл
мұғалімдігінен бастай отырып, аудандық комсомол коми
тетіне шақырылып, одан Алматыға партия-совет қызметіне
іріктеліп келуі кадр таңдауда жүзіктің көзінен өткізетін
темір тәртіп кезінде оңай шаруа болмағаны екінің біріне
мәлім шығар. Өзіне-өзі қанағаттанбай үнемі өрге жүзгісі ке
летін Тоқаң қайнаған қызметтің ортасында жүріп 1973 жы
лы «Қазақстан» баспасынан «Әкелер даңқы жолымен» (еш
нәрсе ұмытылмасын, дейтін сәбеттік ұран үнімен).
1975 жылы «Жазушы»-дан «Кеудесін оққа тосып»,
1983 жылы «Жазушы»-дан «Қанатты қаламгер» (Бе
йімбет туралы),
1991 жылы «Жазушы»-дан «Би – аға»,
1994 жылы «Мерей»-баспасынан «Желтоқсан ызғары»,
1994 жылы «Қазақстан»-нан «Дарын даралығы» (Би –
ағаң туралы),
1995 жылы «Демеу»-ден «Сарыбиік сағасында» (Төңкеріс
ауылының тарихы жөнінде),
Жанат Ахмади
1997 жылы «Қоштаспаймын, махаббат» (эпистолиярлық
повесть)
2000 жылы «Қаза мен аза» (роман),
2000 жылы «Бейімбетті атқан кім?»,
2000 жылы «Толғауы тоқсан тағдыр» (СССР Мемлекеттік
сыйлығының иегері, Республикаға еңбегі сінген металлург
– Байғазы Ысмағұлұлы туралы деректі публицистикалық
аян) кітаптарын шығарған.
Негізгі сөз Тоқаңның міне осындай еңбекқорлығына
орай, шығармаларын қоя тұрып, Бейімбет жайлы болған
дықтан (барлық кітаптарына тоқталып жату бір мақалада
мүмкін емес, шарт емес те шығар) «Бейімбетті атқан кім?»
кітабын оқып отырып жаныңыз түршігеді. 110-беттегі «Бе
йімбеттің атылар алдындағы бейнесі» деген суретке қара
ңыз. Бүгінгі ұрпақта Бейімбеттің атын айтпайтын, оны
сүймейтін бір қазақ жоқ, бірақ ол жайлы жұрттың барлығы
бірдей жаза бермейді, тіпті миллиондардың ішінен біреу
ғана іздеуші бола алады. Олай болса Бейімбет, Сәкен, Ілияс
тар, тағы-тағы маңдай алды аяулыларымыздың қанын жа
зықсыз судай ағызған зұлмат заманның жан төзгісіз жауыз
кейпін нақты құжаттарды сөйлете отырып ұрпақ алдына,
зиялы қауым алдына көлденең тартқан Т. Бейісқұловтың
тек қана жалғыз осы еңбегінің өзі ұлтымыз үшін баға жет
пес, құны жоқ дүние десек қателеспес едік.
Сөзіміз дәлелді болу үшін, авторымыздың Сәкен,
Ілияс, Бейімбеттерге жабылған жасанды жалаларды НКВД
құжаттарына сүйене отырып сөйлетіп келеді де, «Көрдіңіз
бе, сөздерді қалай-қалай ойнатады, құбылтады! Әрқайсысы
әр түрлі жасама жаламен қараланғанымен түптің-түбінде
үшеуіне берілген жаза бірдей болып шығады. Берілгені
қандай жаза?» Әрі қарай оқиық:
«РСФСР қылмыстық кодексінің 58-бабының 2,7,8 және
11-тармақтары бойынша Б. Майлинді қылмыс жасағанды
ғы үшін айыпты деп тауып, қылмыстық кодекстің 319 және
320-баптарын басшылыққа ала отырып, КСРО Жоғарғы
Соты әскери алқасының көшпелі сессиясы үкім шығарды.
Әдебиет – жан нұры
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлинді ең жоғары қылмыс
тық жаза – атуға кесті, оның жеке өзінің заттары тәркіленді.
Үкім соңғы және 1934 жылдың 1 желтоқсанындағы Кеңес
одағы атқару комитетінің қаулысы негізінде тез орындалу
ға тиіс», – деп, төраға және мүшелері арбита қолдарын
қойыпты.
...Сол 26 ақпан күні үкім шығарылысымен, Горячев
Қазақ ҚСР ішкі істер халық комиссары Реденске құпия
қатынас қағаз жолдайды. Онда «Аса құпия» делінген.
«Қазақ ҚСР ішкі істер халық комиссары, Мемлекеттік
қауіпсіздігінің І – рангалы комиссары Ж. Реденс жолдасқа.
Сіздің КСРО Жоғарғы Соты әскери алқасының 1938
жылғы 26 ақпанда болған көшпелі сессиясының ең жоғар
ғы қылмыстық жаза – атуға кесілгендерге шығарған үкім
орындалуға нұсқау беруіңізді сұраймын» – делінген де
атылатын адамдардың тізімі берілген. Соңына Горячев қол
қойған, мөр басылған. Сол жақ жоғарғы бұрыштамасына тө
меннен жоғары қарата, қиғаштай сойдақталып, «Үкім тез
орындалсын» деп жазған Қазақстан ішкі істер халық комис
сарының орынбасары Володьзко қол қойып 26 ақпан деп
көрсеткен. Бұл қатынас қағаздың нөмірі 00280238. Атыл
ғандығын білдіретін белгі тізімдердің әрқайсысының сол
жақ тұсына қойылған.
Олар мыналар: – деп 37 адамның тізімі көрсетілген. 8. Джансугуров Ильяс 25. Майлин Бейімбет Жармағамбетович 36. Шанин Жумат Тургумбаевич
Бастан – аяқ осындай құжат тіліне сүйенген Би – ағаң
ның бірден-бір іздеушісі Тоқтар Бейісқұлов «білгірлер өзін
білдіруге құмартпайды» дегендей сонша кітаптар жазған
еңбекқор қаламгер бола тұра, кеуде қағып, жұрт көзіне түсуді
мақтаныш көрмейтін шынайы салихалы қаламгеріміздің
бірі.
Міне осы арада айтылуға тиісті негізгі сөздің бірі қазір
шамасы келгендер тарих білмейтін бәленбай уақыт бұрын
өткен, түгенбай атасының даңқын шығаруды ойлап, барлық
Жанат Ахмади
қуат-күшін соған сарқа жұмсап әуреленіп, жатқан кезде
аталастық қаны жағынан (жерлестігі жағынан да) үш
қайнаса сорпасы қосылмайтын Бейімбеттей арысымыздың
тағдыр жолына ондаған жыл уақытын құрбан етіп ұрпақ
үшін, бүгінгі ұлт мерейі үшін тер төккен Тоқаңа зиялы қа
уым алғыс айтса артық болмас. «Көптің қамын ойласаң өз
қамың соның ішінде» – деген. Оның көркем әдебиет жан
рынан орын алатын «Қоштаспаймын махаббат» хикаят
кітабы мен «Қаза мен аза» романы (2000 ж. «Т. Толғанай»)
әдеби сыншы, зерттеушілерден әділ бағасын әлі ала қойма
ған дүниелер. Өйткені Тоқаң өз еңбектерін әлдекімдерге
тықпалап, жылы лебіз білдірсе екен, деуден аулақ, тек өз
жан дүниесінің жаралмыс, табиғи таразысымен жүреді.
Аталмыш хикаятын «жылап отырып оқыдым» деген әйелдің
өз аузынан естігенімді айта кеткім келеді. Жазықсыз
жапа шегіп, қан төккен саңлақтарымыздың асыл рухын
мерейлендіре білген Тоқа, мерей тойыңыз халқыңыздікі!
Әдебиет – жан нұры
ТІЛЕК КІЛТІ – ЖҮРЕКТЕ
2004 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан белгілі
жазушы Советхан Ғаббасовтың «Көңіл құсы» аталатын ро
маны жарық көрді. Кітаптың басты кейіпкері Асан баланың
ауыр басталған тағдырына және оның кейінгі табысына
қарап отырсаңыз, өмір ешкімнің ақысын жемейтініне куә
боласыз.
Әу баста жоғары оқу орнына түсе алмай, тауы шағылған
жас жігіт келер жылы, яғни, 1959 жылы Алматы Ме
дициналық институтына түсумен үлкен өмір жолын бас
тайды. Бұл орайда ерекше бөліп айтарлық бір жайт – Асан
осыған дейінгі аралықта арман азабын бір кісідей тартқан
жас. Оқырман оған сол үшін жанашыр болып отырады.
Жазушы романның іргетасын солай қалаудан бастаған.
Асан жаратылысынан бойкүйез, самарқау емес, барынша
арманшыл бейне. Ішкі рухани дүниесі тыныш таптырмай
тын, өршіл бұла жастың оқуға түсіп кеткеніне сіз қуана
отырып, оның былайғы өміріне де қамқор, тілекші болып
отырасыз.
Туған әкесін көрмесе де ақылды жетім болып өскен
Асан, өзіне тілеу тілеп соңында қалған жан анасын алыс
тағы туған ауылына тастап, өліп-талып оқуға ілінгені,
өмірдегі ең алғашқы құрбы, досы болып кездескен Дастан
мен танысу сәті кім-кімді де адами ізгі ниетке шақырады.
Мәселен, Дастан Асанға оның конкурстан өткені туралы
тізімнен көріп келгендігін естірткен тұста оған деген сезім
дүниеңіз қыл үстінде тұрады. Жазушы Асанның конкурс
хабарын білуге келе жатқандағы хал-күйін былай береді.
«Сейфуллин мен Комсомол көшелерінің қиылысқан бұры
шындағы медицина институтының екінші корпусына жа
қындап қалған еді. Жұдырықтай жүрегі желіге әкеп бай
лаған құлындай... бей-берекет тулап келеді. Оның шұрқы
рай шулап, қаңқылдап кеткен көңіл құсы: «...тағдыр маған
не сыйлады екен. Бар болмыс, өзіңнен ғана жалбарынып
сұраймын?! Бақытымды жандыра гөр, бүлдірмеші сезі
мімді... жоғалтпашы бойымдағы сезімді...»
Жанат Ахмади
Күбір-күбір сөйлеп келе жатқан Асан, өз дауысын
естіп те, байыбына жетіп ұғып та білмейтін тәрізді. Тіпті
ентелей жүгірген ол, екпінімен алдындағы баланы қағып
кеткенін де аңғарған жоқ. Тек соңын ала ащы шыққан
«Асан!» деген дауысқа жалт қараса, ақсия күліп қарсы келе
жатқан, өзімен бірге тұратын Дастан екен. Оның екі езуі екі
құлағында:
– Сүйінші, бауырым, сүйінші! Ақ түйенің қарны жа
рылып... – дей бергенін тыңдап тұруға Асанның дәті жетпеді.
– Ойпыр-ай, айтсаңшы?!
– Е-е екеуміз де институтқа қабылданыппыз!
Не сенерін, не сенбесін білмей бөгеліп қалған Асан:
– Қойшы ей, шын ба? Мен де түсіппін бе? – деді, әлден
уақыттан кейін тілге келіп.
– Әрине, сен де түстің! Жүр, сенбесең, тізімді барып
көрсетейін.
(Құрметті оқырман, шығарманың алғашқы бұл тұсын
бұлай тәптіштеп беріп отырғанымыз – бас кейіпкер Асан
осы роман авторының прототипі болғандықтан, жазушы
өмір жолының алғашқы ауыр басқышынан аздап үзік сыр
байқата кетуге тура келгендігі).
«Дастан оны қолтығынан алып сүйрей жөнелді. Одан
әрі не болғанын білмей кеткен Асан, бас салып Дастанның
бетінен сүйе берді. Ол ағыл-тегіл солқылдап ұзақ жылады.
Оны қолтықтаған күйі қалқалау жерге апарған Дастан,
аузына түскен бар жақсы сөздерімен жұбатып жүр. Асан үн
шығарып бірдеңе айтайын десе-ақ болды, өкси булыққан
дауысы қатты шығып кететіндей сезінеді. Оның көкірегін
қарс айырған сезім күші, көзінен жас, кеудесінен жалын боп
шықпай тіпті де тоқтар емес.
Әлден уақыт өткен соң барып сабырлы ұстамын тауып:
– Сен мені кешірерсің?! Мұның бәрі көзімді ашқаннан
бері қарай көріп келе жатқан жетімдіктің салдарынан
шығып жатқан зар ғой. Ес білгелі есімнен тана қуанғаным
осы болса, мұны да ботадай боздап қарсы алғаныма өзім де
таңмын. Тегі менде... қуанышты басқаша қабылдайтын
Әдебиет – жан нұры
әдеттің болмағаны ғой. Мүмкін біздің буынға сыйлаған
уақыт заңдылығы шығар, – деді.
Іле құптаған Дастан да:
– Әрине, Асан, дұрыс айтып тұрсың! Мұндай қуанышты
өзінің талабы мен талпынысына ғана сүйенгендер осылай
сезінеді», – деген орынды жұбату сөздерімен ертіп жүріп
кетеді. Асанның жаңағы «Біздің буынға сыйлаған уақыт
заңдылығы шығар» дегенінің астарына үңілсеңіз сан
қабат ой жатқанын көресіз. Ол қазірге дейін тіпті болашақ
қоғамымыздың оқуға түсу мәселесінде жалғаса беретін
ащы да, ауыр шындық еді. (Жұрттың бәрі Асанға, ұқсап өз
күшімен түспейтіні айдай анық).
Асанға танысқан сәттен бастап оған үнемі жылы қарап,
жас таланттың өмірге деген көзқарасының ойдағыдай берік
қалыптаса түсуіне қол ұшын берген тағы бір адам, емдеу
факультетінің деканы.
«Орта бойлыдан сәл сұңғақтау, талдырмаш денелі, ақ
сары адам, бірер аттап алға шықты да, алтын жағал көзіл-
дірігін киіп» дегеннен кейін автор деканның аузына
небір әдемі, ойлы сөздерді сала келіп «Мынау өздеріңіз
оқымақшы болып тұрған институттарыңыз керенау, кербез,
жалқауларды жағасына лақтырып тастайтын... толқын
атқан теңіз секілді. Осыдан сақ болғайсыздар...» деп сөйлеуі
көркем көңілдің адамы екенін бірден байқатады. Оның
аузынан «Жалпы студенттік шақ, адамзат қауымының
көктемі сияқты» деген мағынасы әсем теңеу шығады.
Сұхбатының барлығы көкейге қонымды. Айтуына қарағанда
бұл студенттер қыркүйек айының біріне дейін оңтүстік
облысқа мақта теруге дайын болуы керек екен. Сөзінің со
ңында «Маған тап осы қазір Найманов Асан атты студент
жолығуы керек. Қалғандарыңыз сау-саламат болыңыздар»
деп, Асан үшін тағы бір тосын жайдың төбесін қылтитқан
дай болады.
Асан келіп жолыққанда декан оған толық мән бере
отырып, отбасы мүшелерін сұрай келіп:
Жанат Ахмади
– Е-е, жөн-жөн, қалқам. Өзің ауылда қандай жұмыс істеп
едің?
– Жылқышы болдым.
– О-о, жылқышымын де? – деп еңсеріле бұрылған Ха
мит. – Өте жақсы екен. Жылқышылар ер көңілді, сері
мінезді адамдардан шығады деуші еді ғой,– деуі, Асанмен
ә дегеннен бұлай жылы сөйлесуі қалай да бір сырдың
барын аңдатқандай. Ол алдында жатқан көкшілдеу түсті
телеграмма қағазын қолына алды. Сәл кідіріп қалған Хамит:
– Міне, мынау сенің атыңа келіпті: «Анаң сырқаттанып
қалыпты» – деп хабарлайды.
«Ұмсына түсіп телеграмма қағазын қолына алған Асан,
өң жоқ, түс жоқ бозара, шошынған күйі отырып қалды».
Сонымен Асан шығыстағы ауылына жетіп ауыр халде
жатқан шешесін аман көргенімен, тағдыр тәлкегіне көнбеске
лажы болмай қайран анасын қолынан жерлеп қайтады.
Бұндағы рухани күйзеліс ауызбен айтып жеткізгісіз. Өйт
кені барша болмысты жүрегімен қабылдайтын Асанның
анасының дүниеден өту барысын жазушы Советхан Ғаббасов
барынша шөгіп, табандап суреттеген.
«Қия жолдар» деп аталатын бірінші тараудың 6-тарау
шасы: «Аңсап жеткен Асанды Алматыдай ару қала, қоңыр
салқын жайдары мизам шуағымен қарсы алған еді. Көкке
оранған көше бойлары әлі де жап-жасыл күйін сақтаға
нымен қоңыр күздің алтын жағал бояуымен сарала тарта
бастапты. Ашық аспан аясында... бар тұлғасымен, ажарла
на түскен Алатауға қатты таңырқаған Асан, оның соншама
биік, соншама заңғар шыңдары, көк күмбезін тесіп жібе
рердей тұлғалы екен. Аңыра қарап тұрып қалған ол, сұлу
сипатқа тәңіріндей табынып тұр» деп бастауы, шешесінен
айырылып, көкірегіне қайғы-шер толып қайтқан Асанның
алдында әлдеқандай жұбаныштар барынан хабар бергендей.
Яғни, Асан көңілінің параллель символы тәрізді. Ақын
жанды адамдардың барлығының да әсем қала Алматыға,
Алатауға сүйіспеншілігі ашыла түскендей.
Әдебиет – жан нұры
* * *
Екінші бөлім елуінші жылдардың ортасынан басталады.
Институттың барлық қоғамдық ұйымдарын толғандырған
проблемалық мәселелер жайлы толғақты жиындар өтеді.
Мәселен, Қазақстан мектептерінде қазақ тіліне баса мән
беріліп, ұлт тілінің мектептен бастап өркен жаюына арнал
ған мәселе қозғалады. Бұған алдымен бірден бел шеше
түрткі болған комсомол ұйымының жетекшісі Асан бола
тын. Үлкен оқу орнының осындай әрекеттеріне қарсы
шығатын партия ұйымының хатшысы Андреевтен бастап,
институт ректоры, бірмойын, өзімшіл адам Самиғолла
Барынбаев және бар айла-тәсілін ішіне бүгіп жүретін,
кәсіподақ ұйымының бастығы Жаппар Жарғанатов образ
дары адам баласы бар жерде пәниден бақиға дейін жасап
келе жатқан кереғар тұлғалар. Жазушы бұл тұста «жастар
ұйымының бастамасынан кейін, іле барлық факультеттер
дің партия ұйымдарында, деканаттарда, институттың
деканатарында да қызу талқылауға кіріскен. Тек бұрыннан
тақуалықпен аты әйгілі, институттың ректоры болып
отырған Самиғолла Барынбаев ерекше сұстана, мойнын
ішіне алып қатты тулады» деген бір ғана сөйлем арқылы-
ақ ректордың бейнесін ашып тастайды. «...ұлтшылдықтың
ноқтасын кидіріп...» деген жарты сөйлемнің өзінен-ақ
жазушы позициясы айқын білініп тұр. Ал, Асанды жақ
таушы Хамит Мұратов барынша бір peт, адал ұстаз. Ол
ректордың өзіне тайсалмай, қарсы жауап бере біледі.
Ректорат мәжілісінде басты кейіпкер, комсомол ко
митетінің хатшысы, жап-жас жігіт Асан «бұл шешімін
күтіп тұрған аса үлкен, өзекті проблема» екенін айтады.
Оны лайығымен дұрыс қолдайтын Хамит ректормен
бірсыпыра сөздерге барысып та қалады. Оқиғаның егжей-
тегжейін пайымдап отырсаңыз, автор қазақ халқының
интеллигенциясы, оның ішінде медицина саласы ұлттық
менталитетке толыққанды болу жағдайын алға тартады.
Жанат Ахмади
Жаппар Жарғанатов жер жүзіндегі ізгі ниетті адам
баласының опасыз, сайқал типін әйгілеп тұрған кейіпкер.
Оның іс-әрекеті арқылы соны көре аласыз. Жазушы бұл
бейнені де сәтті шығарған дей аласыз.
Қорыта келгенде сәтімен дүниеге келген «Көңіл құсы»
романы жазушы Советхан Ғаббасовтың соңғы жылдардағы
табанды еңбек жемісі деуге тұрады. Роман тартымды оқы
латындығымен құнды. Автордың қадала ойланып жазған
шығармасының оқырманға толық ұғылып, әрлене түсуіне
көңіл бөлгені кімге де болса түсінікті.
Аз тиражбен шығып, автордың қолына мардымсыз да
налары ғана тиген романның оқырманы аз болуы алаңда
татыны ғана өкінішті...
Әдебиет – жан нұры
Философ, ғалым Зейнолла Қари 60 жаста
ТҰЛҒАЛЫ ЕР ЕДІ
Әлемге әйгілі Амудария мен Сырдария арасындағы Ақ
шұқыр деген жерде туып, Ақарық ауылында мектепте оқып,
Ақмешітте институт бітіріп, Алматыда философия ғы
лымынан ғалым болған, Зейнолла Қаридың осы басқыш жо
лына қарай отырып, біраз ой түюге тура келеді.
Әл-Фараби мен Абайдың, Ахмет Иасауи мен Шәкәрім
еңбектерінің ара қатынастарын тексеретін Қазақ фило
софиясының Тарихы негізінде «Көкірек көзді көсемдер»
атты сериялы (ұзақ желілі) зерттеу кітаптарын жазған ға
лымның бұл еңбектерін кеңінен сөз етуге болар еді. Өйткені
автор үшін емес, автордың назарына қияннан ілігіп отыр
ған адамзат баласының ең киелі саңлақтары жөнінде сөз
болып отырған бұл еңбек біздердің бойымыздан да жан та
залығының молдығын қалар еді.
Автор осы академиялық библиографиялық кітабындағы
еңбектерінен тыс 1996 жылы «Санат» баспасынан жарық
көрген көлемі 15 баспа табақтай «Өлмес өсиет».
«Авторы – Алланың өзі, желісі сүре» деген толықтама
шарттылықпен берілген «Рауан» баспасынан шыққан 7 баспа
табақтай «Мұхаммет пайғамбар» атты екі кітабы дін таным
жағынан еңбекқор автордың докторлық жұмысына қатысы
жоқ дүниелер. Жүрек қалауы, табиғатынан исламият
жауапкершілік іліміне бейім, діндар ғалым түпкі линиядағы
докторлық еңбегіне ұпай жинамайтын аталмыш екі кітабын
ақшаға да сатпақ емес... Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің
дін тану мамандығына пейілді студенттерінен бастап тегін
таратпақ. Жұмыртқаны шөже, шөжені тауық етіп шығаруды
жүктеп отырған нарық заманындағы кітап бастыру үшін өз
қалтасынан шыққан шығыны, мұсылман әлемінің теңдессіз
таза рухына, сопылық жолға бағышталады. З.Қари бұл ретте
тек Сауапкершілік іздейді.
Сондай-ақ Зейнолла Қари 9-сыныпқа арналған «Әдеп
негіздері» деп аталатын оқулық пен хрестоматия авторы.
Жанат Ахмади
Міне осы тұста назар сала кететін тағы бір жайт
З. Қаридың әдеби-көркем және ғылыми-әдістемелік негізде
шығарған бірталай кітапшаларының сыртында Қорқыт баба
мен Иасауи бейнесін көз тұнарлық, нағыз абыз көріністе
кілемшеге түсіртуі де жай әуес-әсемпаздық құштарлығы
емес. Халқымыздың бағы замандарында айналаны өз кие
сіне бағындырып, дүниені дүр сілкіндіріп өткен әулие-
әнбиелердің қайталанбас рухына иелік ету – мұрагерлік
үлгісі. Сол ретті адал тер төгу белгісі. Олай дейтініміз Әл-
Фараби, Ахмет Иасауи, Абай тағы-тағылар үшін бойындағы
сөл қуатын сарқа, жұмсап жан қинауды өзінің мағыналы
өміріне бұлжымас борыш санаған. Бабалар рухы алдында
адал ниетпен бас иеді. Ахмет Иасауи, Абай, Қорқыт бейнесі
мыңдардың емес, миллиондардың ұрпақтық әуестік сезі
мін тербетіп жүрген ортақ есім. Осы негізде З. Қаридың
мирасқорлық еңбегін жалпы шолып, атамыз қазақтың бір
даналық ұлағатына жүгінсек «шешілмес түйінді шешерге
келгенде патшадан ойшыл артық» дейтін қағидасына тоқ
таймыз. Философ ғалымның әдеби-көркем және ғылыми-
әдістемелік еңбектері үлкенді-кішілі қырық шақты кітап
шалардан тұратын болса, оның ішіндегі: Оқулық 5, моно
графиялық еңбек 5. ғылыми мақала 25. Ал оның сарап
тауымен (редакциялаумен) шыққан библиографиялық ең
бектер 19 кітапша болған. Автормен әңгіме-сұхбат кездесу
мәслихаттар (интервью) арқылы жарық көрген баспа бетін
дегі материалдар 36 тақырып екен.
Осылармен қоса Зейнолла Қаридың өмірі мен ғылыми ең
бектері туралы газет-журналдар бетінде жарияланған пікір-
рецензия, мақалалар 11 дана.
Қоғамдық қызметінің үш тағаны – Тіл, дін, һәм діл
мәселесі.
1. Тіл. З. Қари өзі басқарған Бостандық аудандық «Қа
зақ тілі» қоғамының жұмысына көмек ретінде Ақниет
шығармашылық-әдістемелік орталығын құрды. Онда «Кеңсе
қызметкерлерін (іс-қағаз жүргізуші, машинка басушы,
құжаттарды хаттамалаушы, аудармашы) дайындау» мен
Әдебиет – жан нұры
орыс және басқа тілді дәрісханаларда қазақ тілін үйрету
шілерді тәрбиелеуді жолға қойды. Нәтижесінде екі жылдың
ішінде үш жүз адам кәсіби мамандық алды. Қазақ тілі бух
галтерлік, экономика және заң жүйесінен орын алу үшін
кәсіби пәндер тек қазақ тілінде сөйлеу үшін заңгерлер
дайындайтын колледж дүниеге келді. Осыларға қосым
ша кеңсе және философиялық орысша-қазақша, қазақша-
орысша терминдер сөздігін былай қойғанда, профессор
Ш. Бектұрмен бірігіп жазған «Газеттерді қазақша қалай
оқимыз» деген кітабының орны өзгеше.
2. Дін. «Қажылыққа бармастан бұрын мұсылмандықтың
өзге төрт парызын орындау имандылық», – дейді З. Қари.
Сондықтан да болар ол имани жұмысты мешіт салдыртуға
көмектен бастады. Оған ауылы Ақарықта бой көтерген мешіт
немесе Алматыда (Бостандық ауданында) жері бөлініп,
жобасы салынған мешіт куә. 3. Діл. «Мәдениет пен ғылым домбыраның қос ішегі», –
дейді З. Қари. Орталық жанынан шығармашылық негізінде
құрылған Ұлттық Өнер Академиясының қазір қолданбалы
қол өнер, жаңа заман өнері және ежелгі заман өнері үзеңгілес
дамуда. Соның бір айғағы Абай мен Жамбылдың шағын қола
мүсіндері мен торсық пен саба тұрпатынан жасалған бей
нелері. Екіншісі, «Нұр» телерадиокорпорациясы. Үшіншісі,
Секен Тұрысбеков басқаратын мемлекеттік емес «Ақ жауын»
саз отауы.
Зейнолла Қаридың ала бөтен зерттеуі қазақ философия
сының тарихы болғандықтан оның осы сүбелі тақырыпқа
арналған сериялы кітаптарын жазылу тәсілі жағынан
азырақ сөз ететін болсақ, мәселен, аталмыш зерттеудің бі
рінші кітабының алғашқы бөлімі «Пәлсапа пірі мен поэзия
кемеңгері немесе әл-Фараби мен Абай әпсаналары» аталады.
Ал, алты тараудағы тақырыптардың аты түгелдей Абай
өлеңдерінің жолдарынан алынған... Өйткені автор өзі зерт
тегелі отырған Абай философиясы осы тақырып аясында
жүлгеленген. Мысалы, бірінші тарауды «Өмір жолы – тар
соқпақ бір иген жақ» деген болса, бұл тараудағы маржандай
Жанат Ахмади тізілген діттеулі ой желісі әлгі тақырыпты жарқыраған күмбез етіп басына киеді. Туындының басты ерекшелігі Зейнолла Қари «Абайтану» ілімінің маңайындағы ірілікішілі ғалымдарымыздың сүрлеуіне бой алдырмай, соныдан жол қарастыру тәсілі. Аталмыш екі ойшылды алма-кезек салмақтап, олардың шығармашылығындағы философиялық тамырлас түйіндер арқылы көкейге қонымды туыстық іздейтіндігінде. Әрі бұған дейінгі ғалымдар қалам тартпаған қос данышпан жаралысындағы сәйкестіктерді қиырдан шалып ашу арқылы қызықтырып, оқырманды мойын бұр ғызбай отыратындығында. Олай болса бұл еңбек ұлы Әуезов із салып бастағалы бері жұртты шулатып жүрген «Абайтану» іліміне әлі беймәлім өзге арнадан, тосыннан келіп қосылған дүние деп білеміз. Бастау көзін бұрын шиырланбаған басқа шыңның құзырынан жылғаландырып шыққан, Қазақ философиясы тарихы іліміне жаңа арна салып, қосылған оқшау үлес. (Автор бұл еңбегі үшін Абайдың 150 жылдығына орай Журналистер Одағының сыйлығын бірден жеңіп алуы да әшейін ғана көз қарықтырған жалтырауық дүние бергендігінен емес). Енді осы кітаптың қай-қай оқырманын болсын айрық ша ойға қалдырарлық бір тұсы Мұхтар Әуезов заманының кедергісі. Жарты ауыз сөз үшін жағаға жармасатын заман ықпалына кіріптарлықтан Абай философиясы жайлы Әуезов амалсыз тартыңқырап айтқан пікір... З. Қари соны ашады. З. Қари: «Біздің осы трактатты жазуымызға екі түрлі мә селе әсер етті... Бірі немере апайым Ақжәми тіл мен әдебиетке үйірлігім ді сезіп, 1959 жылы Мұхтар Әуезовтың сол жылы шыққан «Әр жылдар ойлары» атты кітабын тарту етті. Шынымды айтсам кітаптың бетін ашпаппын. ...Биыл жаздың басында апайым мәңгілікке көз жұмды! Құлазыған көңілім бәйек таппай, жарқын бейнесінің бір белгісі іспеттес аталмыш кітапты парақтап отырып, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлының «Абай философ емес. Ғылымдық кең мағынасында
Әдебиет – жан нұры
Абай философ емес дейтұғынымыз, оның арнап жазған
философиялық жекеше терең толғау еңбектері – трактаты
жоқ» (140-б.) деуі қамшы болды».
Автор өз ойын мұнан әрі өрбіте түседі. «Әрине, Мұқаң
Абайдың кәсіби мамандығы жоқ, кәнігі философ еместігін
меңзейтін секілді. Дей тұрғанмен философ дегеніміз дүниені
ойпаздау мен даналықты сүю екенін еске алсақ, Абай шы
ғармашылығына алғаш анықтама берген Шәкәрімнің ұлы
ақынды «данышпан хакім философ кісі еді» деуі (Шәкәрім
46-б.) шындыққа жақын деп Зейнолла Қари өз трактат
жұмысына ширыққан түрде кірісуі де орынды еді.
Біздің бүгінгі заманымызды ой тұрмақ, түсінде көрмей
кеткен, ұлы Мұхаң көзі тірі болса, Зейнолла Қаридың бұл
еңбегіне әрине қол соғып қуанған болар еді. (Әуезов Абай
үшін не көрмеді).
Ескерерлік жай бұл жерде З. Қари Әуезов сөзінен ілік
тауып, жұртшылыққа өзін сол арқылы «байқату» жағынан
аулақ екендігін ажыратуымыз керек. «Көкірек көзді кө
семдердің» екінші кітабында ауызға алмай аттап кетуге
болмайтын және бір мәселе бар. Ол бүкіл исламият ұғымы
ның шыңы болған. ең терең,ең жасампаз, ең шексіз төрт
танымға байланысты. Бұл ұлттық және мұсылмандық руха
ни дүниеміз тұтас жаңғыра, өзгеріп отырған бүгінгі әлеу
меттік өміріміздің жаңа белесінде ғана айтуға тіліміз келіп
отырған: «шариғат», «тарихат», «мағрифат», «хақихат»
аталатын төрт ілім. Қасиетті Құл Қожа Ахмет Иасауидің
Хикметінде көрсетілетін бұл ілімді З. Қари Шәкәрім
көзқарастарымен салыстыра отырып, оқырманды ойға қал
дыра, тексереді. Бұл мұсылман дүниесіне қатысты барлық
адамның жан-рухымен тікелей туысып жататын таңға
жайып ілім. Терең молдалардың аузынан ғана шығатын:
«Шариғатты ұққан адам тәйтік болмас, тарихатқа жеткен
адам білгендерін тәмамдап, айтып болмас, мағрифатқа
өткен адам хақ жолына қанып болмас, хақиқатқа кеткен
адам арт жағына қайтып болмас» дейтін ұлағат соның негізі.
Жанат Ахмади
Хақиқатқа жеткендер Азия құрлығында тек Ахмет Иасауи
және Баһауиддин тектес хақ жолының қылаусыз саңлақ
тары болғандар.
Ал енді осындай бір кірпияз, нәзік ілімге бой ұрған,
жаны ізгі, рухы діншіл, пиғылы дархан, пейілі сауапшыл,
ниеті ақ, көңілі сынық, төзімі берік, үні әсерлі, сенімі кәміл,
жүзі нұрлы, көкірегі көпке ортақ өр тұлға Зекең – Зейнолла
Қаридың табиғи болмысын осының екінші, яғни қарама-
қарсы қырынан ашуға тиіс.
Әл-Фараби мен Абай, Ахмет Иасауи мен Шәкәрім кел
бетінен трактат сомдаған перзентімізге ләйім денсаулық
тілейік!
Әдебиет – жан нұры
БАҒБАННЫҢ МАҢДАЙ ТЕРІ – ЖЕМІСІН
ЖЕГЕНГЕ ҚАРЫЗ
(Яғни, Ш. Елеукеновтің шалғы тартысы)
Алмат Исәділ:
– Жанат аға, әдеби қауым сізді өзіңізге тән төл өрнегіңіз
арқылы таниды, әрі баспа беттерінде әдебиетіміз жайлы әділ
көзқарасыңызды білдіріп жатасыз. Жұрт жақсы шығарма
аз дегенді айтады. Осы орайда соңғы он жылдар көлемінде
жарық көріп жатқан кітап авторларынан кімдерді оқи
алдыңыз? Және әдеби сын жоқ деген пікірге қалай қарайсыз?
Ж. Ахмади:
– Ең бергі шетінен бастап айтайын, кешелі-бүгін Шериаз
дан Елеукенов ағамыздың «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТӘУЕЛСІЗ
ДІК КЕЗЕҢІНДЕ» аталған әдеби-сын кіатабын оқып
шықтым. «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясынан
басылып шыққын (2006) көлемді кітаптағы пікір негізінен
М.О. Әуезов атындағы әдебиет институтынан шығып жатқан
«Қазақ әдебиетінің он томдығына» енгізілуге дайындалған
авторлық нұсқаның алғашқы жаршысы екен. Ұлттық
әдебиетіміздің ірі жанашыр тұлғаларының бірі – бірегейі
Ш.Елеукенов 1991–2001 жылдарда шыққан кіатптардың
барлық жанрына қалам тартыпты. «Тәуелсіз елдің еркін
тынысты прозасы» деген басты тақырыпта «...Сөз өнерінің
зор саласы – проза, жетекші жанры – романдар бабында
екені қуантады. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парызы»
роман-дилогиясы, Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім»
роман-эссесі, Қабдеш Жұмаділовтің «Дарабоз», Шерхан
Мұртазаның «Ай мен Айша», Мұхтар Мағауиннің «Мен»,
Қалихан Ысқақовтың «Ақсу – жер жаннаты», Рамазан
Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Әкім Таразидің «Жаза»,
Төлен Әбдіковтің «Парасат майданы», Софы Сматайдың
«Жарылғап батыр», Қалмұқан Исабаевтың «Шоң би»,
Баққожа Мұқайдың «Өмір зая», Оразбек Сәрсенбаевтың
«Шеңбер», Кәдірбек Сегізбайдың «Беласқан», Бексұлтан
Нұржекеұлының
«Әйел
жолы
жіңішке»,
Тұрсынхан
Жанат Ахмади
Зәкенұлының «Көкбөрілердің көз жасы», Жанат Ахмадидің
«Дүрбелең», «Шырғалаң» роман-дилогиясы, Хасен Әді
баевтың «Отырар ойраны», Ұзақбай Доспанбетидің «Қызыл
жолбарыс», Асқар Алтайдың «Алтай новелласы», Әлібек
Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Смағұл
Елубайдың «Мінажат», Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Ай
қай» атты шығармалары және т.б. қазақ прозасының он
жылдығы аса шабытты, мол табысты еңбек кезеңіне айналып
кеткенін көрсетеді» деп басталады. 2000 дана таралыммен
шыққан, көлемі 22 баспа табақ кітапта кімдердің аты
айтылмаған! Әлемдің әдебиеттің классиктерінен тартып,
қазақтың алып қаламгерлерінен бері қарай күні бүгінге
дейінгі қаламы ұшқыр жазушылардың қолына түспей қал
ғандары болмаса, бәріне де сыбаға үлестірген. Шерияздан
ағамыздың осыншама тер төге еңбектенуін немен өлшеуге
болады?! Оқып отырсаңыз осының бәріне қарыздар адам
сияқты. «Мыңның қамын бір ойлар, бірдің қамын кім
ойлар» деген ұлағатты еріксіз еске аласыз. Елеукеновтің
жағдайын қайсымыз ойлап жатырмыз. Алар атағын алып
болған кісі. Бірақ осыған жаралған, басқа нәрсемен тыныс
тай алмайтын сияқты. «Тоқылдақтың тәубесі...» деген бар.
Тұмсығы ауыра бастағанда өзі де қанағаттана бастап «Әй,
енді шоқымай-ақ қояйыншы» деп тәубеге келетін көрінеді.
Бірақ... Құдай соған жаратқан соң қайтеді.
* * *
Жылжи түсетін болсақ «ТАРИХИ РОМАН: ЕЛ, ЖЕР
ҰЛТ ТАҒДЫРЫ» аталатын тақырыпта тартылған желі
жоғарыда аталған авторлар романдарын сыншы ғалым
жілік-жілігімен бұтарлап талқы тезіне салады. Жер бетілік
әдебиеттің озық үлгілерін көзге ұстай отырып, соларды өзі
сөз етіп отырған қаламгерлермен салыстыра, қаржастыра
қарайды. Барын бар, жоғын жоқ етіп, ой таразысымен
безбендейді. Әсіресе бұл орайда кәнігі, қарымды сыншы
«Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» кітабының аты
Әдебиет – жан нұры
айтып тұрғандай, осы жылдардағы қазақ көркем әдебиеті
не берді? Тәуелсіздігіміздің талап-шартына қайсы автордың
қандай шығармасы қанша дәрежеде жауап бере алды?
Ш. Елеукенов кітабының желі-арқауы осыған құрылған.
Авторлардың артықшылығы неде? Ақсап тұрған жері қай
сы? Осы сауалдарды қанағаттандыратын кілт-кілтипаны
қай жазушының қолында – қай бағыт, қай дәрежеде? Автор
міне осыған жауап іздейді. Әлемдік әдебиеттегі шашасына
шаң жұқпас, үздік саңлақтармен қоса олардан асып түсетін
ұлы Әуезовті көп қайталап, әдебиетіміздің жол бастар
қоңыраулы серкесі іспетті үлгі етіп отырады. Иланасың,
сенесің, бағынасың. Осы үлестен шеттегі қазақтардан келіп
қосылған біздер де құр қалмаппыз. Мұнан бұрын кім бұлай
айтып еді? Қолымен демеген боп, аяғыңнан шалатынды
көргенбіз. Мысалы, Ш. Елеукенов «Мұхтар Әуезов роман
драмаларындағы тілінен бал тамған нелер саңлақтарды
еске алсақ та жеткілікті. Сол сияқты Жанат Ахмади деген
жазушының «Дүрбелең», «Шырғалаң» роман-дилогиясын
оқып шықтым. Сөз сайысына түскен көшпенділік ұшқыр
ойын өлеңше өрнектелген мақал-мәтелмен бекітіп отырады.
Бүгінгі тәуелсіздік кезеңіндегі роман сол кеніш қойнауын
үңги түсіп, шешендік тілдің жаңа үлгілерін алға тартуда.
Тұрсынхан Зәкенов романының алғашқы беттерін ашқан
бойда-ақ, құлақ құрышын қандыратын нелер тосын сөз,
тың тіркеске кенелесің... Жалпы Шығыс Түркістаннан
келіп қосылған жазушылар тілімізге өзіндік көзқарасымен,
бізде ұмыт қалып көп уақыт бойы қолданылмай келген
қазақы сөздерді жаңғыртумен ұлт лексикасы қорына мол
олжа салғанын мойындауымыз керек. Оған айқын мысал –
жазушы Жанат Ахмадидің «Дүрбелең» (1990), «Шырғалаң»
атты тарихи романы (1997)» деп бастайды да содан ары қарай
сыншы қорғасындай салмақты өз тәсілімен екшей таразылап
бірнеше бетке созылған талқы, жарғысына салады. Қазақта:
«малай байды таңдай ма, бай малайды таңдай ма» дейтін бір
сөз бар. Біздің онша жақсы танымайтын, аты-жөні айбынды
– Шерияздан Елеукенов деген кісінің аузына осылай
Жанат Ахмади
алынғанымыз қалай? Алдымен әдебиеттегі ондай үлкен
тұлғаның еңбегі туралы бірер ауыз лебіз білдіру деген, бізден
болмаушы ма еді. Ол бізді содан кейін жазса болмай ма?..
Жоқ, олай емес, өңіңде тұрмақ, түсіңе кірмейтін дара, дана
жазушы, сыншы ғалым сені сыртыңнан іздеп тауып алады
екен! Өмірді бір кісідей білеміз – академикке де бағынбайтын
құпия бар. Ол – лауазымның емес, адамгершілік жағындағы
анау-мынау адамның шеңгеліне ілінбейтін кісілік нышаны.
Адалдық, әділдік нышаны. Оқымыстылығы, білімі бір
басынан асып төгілетін, ғылыми кемеңгерлер аз емес. Ал
бірақ солардың хан-қараға бірдей қарайтын азаматтық,
таразысы қандай? Арқасынан басып айта алмайсың. Атақ
жағынан өзімен деңгейлеске ғана бар, атағы жоққа – жоқ,
сені місе тұтпайды.
... Бас жаққа барыспай-ақ, мен өз маңайымдағы қа
ламгерлерден мысал келтірсем «қашыр мен есек қарызға
қасынысады» дегенді ойға салады. Сен ананы мақтасаң, ол
әйтеуір бір күні сені жер-суға сиғызбай мақтай жөнеледі.
Айтып тұрғанына ішіңнен сенбей отырасың. Өйткені
«көгершінді – сұңқар, көтеремді – тұлпар» етіп жібереді.
Қаршыға орнына қарға, тұйғын орнына тырнасын ұшыра
ды... Бір «тәуірі» ондайлардың екі жағы да өздерін іштей
біліп, өз әлсіздіктерін үндемей танып отырады...
Әйгілі әдебиет білгірі Ш. Елеукенов «ПОВЕСТЬ, ХИ
КАЯТТАР» деген бөлімінде көрнекті жазушымыз Қадірбек
Сегізбаевтың «Арасан», Төлен Әбдіковтің «Парасат май
даны» туындыларынан бастайды. Бір-бір сөйлем байқата
кетер болсақ, «Жазушы Қадірбек Сегізбаевтің 2002 жылы
«Елорда» баспасынан жеке кітап болып шыққан «Арасан»
атты хикаяты құнарлы мазмұнымен, замана өзгерістеріне
шапшаң үн қосқан оперативтілігімен, өткір де актуальді
проблематикасымен, төгілген тілімен оқырман қауымды
елең еткізгені рас» дейді. Ш. Елеукенов: «Бүгінгі қазақ
әдебиетінің даму процесіндегі айрықша көңіл бөліп атарлық
шоқтықты шығарманың бірі – жазушы Әлібек Асқаровтың
«Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» атты повесі (1997).
Әдебиет – жан нұры
Және бұл шығарма туралы Шерхан Мұртазаның «Романға
бергісіз повесть» деп мақала жазғанын кітап авторы егжей-
тегжейлі көрсете кетеді. (147 б.). Бұдан ары қарай автор «...
Таң-шолпан» журналында жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің
«Премьер-министр» атты сатиралық повесі (2001) жария
ланды. Жүсіпбек повесінің жарыққа шығуы біздің са
тира жөніндегі біраз түсініктерімізге түзету енгізгендей,
коррекция жасайтындай» (153 б.).
«Жазушы Жанат Ахмадидің «Бір кем дүние» хикаяты
(2001) тәуелсіз кезеңнің нәтижесін айтыс түрінде талқы
лайды. Қазақ повесі бүгінгінің ісіне араласып та кетті.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы қадамдары көркем бейнесін
тауып үлгерді» (161 б.).
«Соңғы жылдары жұртшылық назарына ілігіп, тақы
рыбының тапқырлығымен, көркемдік шешімінің ұтқыр
лығымен ерекшеленген шығарманың бірі – сақа жазушы,
Ұлы Отан Соғысының ардагері Қалмұқан Исабаевтың «Мұн
дай қазақ болған» повесі» (1999), (163 б.)
«Соңғы жылдардағы жаңаша оқылатын шығарманың
бірі – Марал Ысқақбайдың «Ғашық боп көрмеген келіншек»
(1991) атты повесі. Марал Ысқақбай повесі махаббаттың
адам рухын биіктетудегі творчестволық шабытына шабыт
қосудағы әсерін суреттейді» (165 б.).
«Жазушы Талаптан Ахметжанның «О дүниенің қона
ғы» атты (2001) жинағындағы «Сұлу мен суретші» повесі
ішкі тартысы символистік зор мәнді әрекетпен аяқталатын
хикая шертеді» (168 б.). «Талаптан Ахметжан повесінің тал
дауы бүгінгі прозаның жаңа өріске бет алып отырғанына
айғақ. Сондай айғақтың және бірі – жазушы Тынымбай
Нұрмағамбетовтің «Айқай» (2001)», деп онан ары Әкім
Таразиды айтып кете барады.
Ал енді «ӘҢГІМЕ» деген бөлімге көшетін болсақ
Ш. Елеукенов: «Соңғы жылдары тәлімгер әдебиетпен қатар,
көркем жинақтаудың басқа да формаларын табуға деген
ізденіс күшейгенін аңғарту қиын емес. Сондай ізденістердің
бір парасы – Асқар Алтайдың «Дода», «Салқын ұрған
Жанат Ахмади
жапырақтар», «Соқыр тұман» сияқты авторлық позициясы
күңгірт, ақ пен қараны айырып алуды оқырманның өзіне
қалдыратын әңгімелерінен байқалады» (183 б.)
«Қуандық Түменбайдың «Қасқыр мен қояншық» де
ген әңгімесінің әдебиетіміздің тарихы үшін аты да, заты
да тосын» деп түйеді. Екінші «Жындыхананың жейдесі»
әңгімесі тексеріледі...
«Серік Байхоновтың «Ұрлықы мал» әңгімесінде мо
ральдық мәселе тікелей қойылмайды. Әңгіменің бұлайша
түзілуі, автор түйіндеуінше, өмірдің өз дегенінен туындаған»
(188 б.) дейді.
«Соңғы жылдардың әдеби процесіне әңгіме жанры бас
тап із салған және бір бағыт – жалпы адамдық һәм ұлттық
тақырыптарды ұластыра талдап шешуге деген талап.
Жанат Ахмадидің «Ажал аузында» атты әңгімесі (2001)
айтылғанға жақсы дәлел». «Аңшылықты кәсіп етпесе
де үрейді жігеріне жеңгізген қарапайым қазақ әйелінің
қасқырмен алысуын – шын мәнінде көзге көрініп келген
ажалмен айқасуын жазушы Жанат Ахмади тамылжытып
жазады-ақ!» (191 б).
«Уақыт әдебиеттен дәмететін сөзін жазушының жүрегі
не өзі егетін тәрізді». Бексұлтан Нұржекеұлының «Екі
мінез» атты әңгімесінде (1997) тағы да сол санада, дәлірек
айтқанда ұлттық дүниетанымда күрт өзгеріс жасау, еліміз
дің өткен жолын қайта қарап тексеру, бүлінген, бұрмаланған
тарих беттерін қалыбына келтіру бүгінгі тәуелсіз еліміздің
күн тәртібінде тұрған келелі мәселе ретінде алға тартылған»
(193 б.)
«Дүниеден ерте өткен талапты қаламгер Болат Қанат
баевтың 2001 жылы көзінің тірісінде жарияланбаған шы
ғармалар жинағы жарық көрді. «Теңізден ескен жел» деп
аталатын жинақта «Керек адам» деген әңгіме бұрынғы
әдеби дәстүрдің бәрін аяқасты ете бермеу қажеттігіне назар
аудартады» (194 б.)
«Әңгіме жанрының тәуелсіздіктің он жылы тарапында
ғы татымды табысы, көкжиегінің кеңейгендігі» деп түйін
Әдебиет – жан нұры
дейді, әдебиетіміздің даңғайыр көрнекті өкілі, ойшыл
сыншы, Шерияздан Елеукенов ағамыз.
Осы орайда «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» кі
табы туралы ерекше ауызға ала кетерлік бір жайт – бүкіл
ұлттық әдебиетіміздің жиынтық қоры болып табылатын
«Қазақ әдебиетінің он томдығына» енгелі отырған жаңа
есімдердің бар екендігі. Бұрыннан қалыптасқан қолайсыз
үрдіс салтында тек атағы шыққан, әр түрлі лауазымға «бө
ленгендердің» етегіне жармасудан ары аспайтын энцик
лопедияшыларға Ш. Елеукеновтың ұқсамағандығы. Өзі та
нымайтындарға жақсылығын қимайтын, іші тар, кісілікке
тапшы жинақтаушы авторларға ұқсап Шерияздан ағамыз
«ала қойды бөле қырықпаған». Әдебиетті ортақ кеніш
ретінде саралайды. Ешкімнің сақалына, лауазым беделіне
қарамаған. Өйткені әдебиетке достық жүрмейді.
Мұнан ары қарай «ЛИРИКА», «ПОЭМА» тағы-та
ғылар болып кете барады да, екінші бөлім «АБАЙДЫҢ
эпистолярлық романы аударма ма, төл тума ма?» деп түрен
тартады (270 б.). Одан ары «Тахауи Ахтанов», «АЗ и Я» азабы
(305 б.), «Жүсіпбек Аймауытовтың роман айнасы» және т.б.
«Аз и Я» азабы тақырыбын оқыған кісі кітап авторы осы
бойда – кірпігіне шаң ілінбей «Елеукенов» бола салмағанын
ұғынасыз. Азамат басын азап шалған қилы кезеңдерде
коммунизм құйыны жазықсыз жәбірлеген Елеукеновты
көресіз. «АЗ и Я» туралы айтқан оң пікірі үшін қаншалық
қудалауға ұшырағанын көріп жаға ұстайсыз.
Алмат Исәділ:
– Өзіңіз оқыған жеке авторлар туралы ой-пікіріңіз?
– Біраз жылдардан бері Қабдеш Жұмаділовтің «Дара
бозы», «Оразбек Сәрсенбайдың «Шеңбері», Марал Ысқақ
байдың «Ғашық боп көрмеген келіншегі», Тынымбай Нұр
мағамбетовтың «Айқайы», Қадірбек Сегізбайдың «Бел
асқаны», Берік Шахановтың «Көрген түстей дүниесі»,
Жақсылық Сәмитұлының «Сергелдеңі», Мағира Қожах
метованың «Жантәсілімі», ал биылғы жылы Зейнолла
Сәнктің «Хан батыр Қабанбай» естелік-эссе кітабын және
Жанат Ахмади
Дәлелбек Батырдың «Махаббат оты» романын оқыдым,
өзіне ауызша пікірімді айттым. Сөз етуге тұрарлық даусыз
көркем дүние. Жоғарыда аталған кітаптардың барлығы
да әрқайсысының өзіндік биік тұғыры бар, беріліп оқыған
дүниелерім. Біразына баспа беттерінде пікірімді айттым,
авторлары біледі. Сол қатарда Нұрқасым Қазыбекұлының
да бірнеше кітабына жиынтық пікір жаздым.
Бұрынғы бір жылдары Смағұл Елубайдың «Ақбоз үй»
романын өте қызыға оқыған кітабым еді. Кейінгі кітап
тарынан көз жазып, қол үзіп қалдым. Сол сияқты тағы бір
беріле оқыған кітабым Тұрсынғазы Әлпейісовтің «Жоң
ғардың соңғы қашқыны» романы болды. Баспа бетінде пікір
де жаздым, өзім Алматыға жаңа келген жылдары алғаш,
бірінші рет таңдап оқыған кітабым Бексұлтан Нұржекеевтің
«Жау жағадан алғанда» романы болатын. Одан беріде Сапар
Байжанов ағамыз бен Ғабекең – Ғаббас Қабышевтің бірнеше
кітаптарын оқып, екеуіне де баспа бетінде пікір айтқанымды
жұртшылық біледі. Сол сияқты Жолдасбай Тұрлыбаевтың
«Райымбек» романына да газет бетінде пікір жаздым.
(Автордың 70 жылдығына орай). Әмен Әзиевтің «Жер
жарасы» романы, Молдахмет Қаназдың «Жанқожа батыры»
және Қуандық Түменбайдың шығармашылығы туралы
жариялаған мақалаларымның барлығы «Өнер» баспасында
көп жыл жатқан қолжазбама еніп отыр. (Оқырманға ескерте
кетер бір жайт аталмыш «Өнер» баспасында басылмаған бұл
жинақ міне енді қолдарыңызда «Сөздік-Словарь» баспасы
нан жарық көргелі отыр).
2005 «Әдеби жыл» қорытынды мәжілісінде 14 романға
баяндама жасаған едім. Ол жайлы айтарым Мұхадес Ес
ламғалиұлының «Әйтеке би» романы, Софы Сматаевтың
«Елім-айы», Тұрлыбек Мәмесейіттің «Таңжарығы», (Ха
лықаралық «Алаш» сыйлығын алған «Әулие шоқысын»
онан бұрын оқығанбыз). Талаптан Ахметжанның «Ақиқат
жолы», Тұрсынәлі Рыскелдиевтің «Ұлы көш» роман-три
логиясы, Шәрбану Құмарованың «Құлжа жолы», Сәбит
Досановтың «Қылбұрауы», Төлек Тілеухановтың «Базарлы
Әдебиет – жан нұры
дәурен – балғын шақ», Сайлаубай Жұбатыровтың 3 кітаптан
тұратын «Абыржы» романы, Тұрысбек Сәукетайдың ро
маны «Желқайықтарды» және т.б. оқып баяндамамда
көзқарасымды айттым.
Алмат Исәділ:
– Сіз тек прозаға ғана емес, поэзияға да баспа беттерінде
көптеп пікір айтып жатасыз?
– Проза, поэзиясын қосқанда 29 баспа табақтай, екі
бөлімнен тұратын қолжазбам «Өнер» баспасының қор
жынында, компьютерлік нұсқасы дайын. Онда Нұрлан
Оразалин, Қасымхан Бегманов, Қазыбек Иса, Терімше
Сарыбаев, Болат Үсенбаев, Қайрат Әлімбеков, Қадірбек
Құныпия, Жарас Сәрсек, Бауыржан Қарабектер бастаған
қырық шақты ақынға жазған рецензия, әдеби-сын мақа
лаларым баршылық. Олар негізінен газеттерде жариялан
ған. («Өнер» баспасында 7 жыл жатып басылмаған соң
қайтып алғанмын).
Алмат Исәділ:
– Жанат аға, сіз ұлтымыздың айтыс өнері туралы да
«Қазақ әдебиеті» басылымының бетінде соқталы ой айт
қаныңыз есімізде. Сол туралы көзқарасыңызды және бір
ашып айта кетсеңіз.
– Бұл өте орынды сұрақ. Тәуелсіздігіміздің арқасында
ғана қол жеткізген рухани табысымыздың үлкен бір түрі
осы. Бірақ аузына ие болмайтын әлде біреулер «Айтыс керек
пе, жоқ па», «айтыс жазба ақындыққа зиянын тигізеді»
деген сорақы сөзді аузы-мұрны қисаймай баспа беттерінде
қозғағанына қалай ойласам да ақылым жетпейді! Құдай-
ау, бұ не қырсық!? Е, әлгі «шыдай алмаған буаз қаншығын
жүгіртеді» дегенді қазақ осындайдан айтқан екен ғой...
Өзгелер аңшы иттерін қосқанда іші күйген бір пақыр
сасқанынан буаз итін ала жүгірген ғой. Оны айтатын кімдер
деп ойлайсыздар? Қазақтың ең киелі ұлттық рухынан нәр
бұйырмаған, өз анасының қазақ екенін де мойындағысы
келмейтіндер ме, қалай? Ділсізге тұлпар да, мәстек те
бір болуы мүмкін. «Есек мінсе ат іздемейтін, балық жесе
Жанат Ахмади
ет іздемейтін» бейбақ өзгені өзіндей санаса керек. Ең
қиыны ондайлар өлігін көрсетпей өзімен кетсе жақсы ғой.
Айналасына өз иістерін таратып, жеке көзқарасы жоқ,
былқылдақтарға бұлғақ тудырып жататынын қайтерсің.
Әлдебір кемпірдің «өзім жемеген көтенішек боғымен қат
сын» дегені тәрізді, өзінде жоқ қасиетті өзгеден де сыпырып
тастағысы келетін бейшараға не дерсің. Жекпе-жекке
шақырып қолында өлгің келеді.
Жә, бұл осымен тұрсын. Дәл осы тектес «Жазушылар
Одағы керек пе, жоқ па?» дейтін тағы бір көбік езулер шаң
береді. «Қуырдақтың көкесі түйе сойған жерде» деп осыны
айт. Қадір Мырзалиев жазғандай «Жазушылар Одағы
тірілер тұрмақ, өлілерге де керек» екеніне кім көз жұмбақ!
Баяғыда қайтыс болған ақын-жазушылардың аты аталып,
бәлен жылдағы өтіп жатқаны қандай тоғышардың өзегіне
өрт салады. Соған діті жетпеген кері ауыздардан кімге
жақсылық келмек?! Бұл аузым бар деп сөйлейтін, хас надан,
ойсыздыққа жатады. Өзінен өзгені «күл болмасаң – бүл бол»
дейтін, қара көңіл, қараулыққа жатады. «Қарауларға бақ
қонса да, байғұс аты қалмайды» дейтіні содан. «Жеңсе – хан
болғысы, жеңілсе – қарақшы болғысы келетін» дейтін дәл
осылар! Ол да дәл әлгі буаз өлексенің иесі. Іші күйіп «анау
неге сау жүр» деп ауыратын солар дей аламын.
Жазушылар Одағы анау өтпелі кезеңнің ең қиыншы
лық тұсында да «мұртын ұртына, ұртын иегіне жалғап» де
гендей, жағдайы жоқ, қайтыс болған ақын-жазушылардың
соңын атқаруда отбасына ойдан-қырдан құрап жинаған қа
ражат жұмсап, қаншама қолұшын бергендігіне кім көз
жұмады? Сол тәрізді авторлардың мерейтойлары, шығар
машылық кештерге үкіметтен ине сабақ жіп алмайтын,
Жазушылар Одағы кімдерге бет-бедел жұмсамады деп ой
лайсыз? «Жаптым жала, жақтым күйе», не бетімізбен
жазғырамыз. Оу, мұсылмандар! «Аса бергенге аспан да
аласа боп көрінеді» деген бар. Бүйте берсек, малғұн бола
мыз. Басымызға нағлет ноқтасын киеміз. Бұл қай шалқу,
Әдебиет – жан нұры
қай шалық? Бұнымыз су мен ауа көп болған соң қадірі
болмайтыны сияқты кесірлілік. Нені қорласаң, соның жа
засын тартқызатын Алла тағала ешкімді, ешнәрсені ұмыт
қалдырмайды. «Демократия!» Қорқыт дегенге сонша қорқыт
деп пе едім, демекші, демократия дегенде осынша көкі деп
пе екен? «Ерікті ауызға бөрікті бас сияды». Ұяттан безу кім
екеніңді білдіреді. Қасқыр тартқан бөксем бар, иттен несін
аяйын деп, өзінің кісілігі жоқ екенімен қоймай, айналаны
да өзіңмен өлшегің келе ме!? Жоқ, ағайын, екі елі аузыңа
бір елі қақпақ қоя біл. Өзіңді өзің түзетпесең, өмір түзетеді.
Бірақ заңы қатал өмір сынына ілінсең, сілікпеңді шығарып,
қорлап отырып түзететінін есіңе ал!
Енді бір сөз, Жазушылар Одағын басқарып отырған
Нұрлан Оразалинді күндейтіндер жоқ емес. Қазақстан Жа
зушылар Одағының алдыңғы құрылтайы сайлауында төр
ағалық орынға дауысқа түскендердің алды 14, соңы 3 дауыс
алғаны есімізде.
Мыңға тарта ақын-жазушының мыңға тарта мінез-
құлқы бар. Әрқайсымыз өзімізше «көсем» орнындамыз.
Соның бірде бірімен жүз жыртыспай, адамдық түрде сыйлы
орнын сақтап отырған тұғырлы басшыда қанша ақымыз
кетті десеңші. Өзгесінің бәрін қойып, Н. Оразалиннің өз
әріптестеріне қатысты әралуан жиналыстарда сөйлеп тұрған
сөздерін, тілі мен діл шешендігін мойындамау, бағаламау
ноқайлыққа жатар еді. Бірі артынан бірі келіп, састырып
жататын әртүрлі харекеттердегі – не мерейлі, не қаралы яки
болмаса шығармашылық кештер аяқастынан, ойламаған
жерден туындап жатады. Соның барлығында бір айтқанын
қайталамай сөйлеп, көсіле сілтеп кететін Нұрлан Оразалин
еріксіз таңырқатады. Талайымыз бір-бірімізге сөз етіп айтып
жатамыз. Мұндай суырыла, ағыла шешен сөйлемек тұрмақ,
он сөйлемнің басын сиырдың бүйрегіндей қырық құрақ
ететінімізге қарамай, Одақты басқара қойғымыз келеді-ау.
Тегінде өз мәртебесінен биікке ұмтылушылар мазаққа
қалады, демекпін.
Жанат Ахмади
ЕЛГЕ ТҰТҚА БОЛАРЛЫҚ КӨСЕМ ЕДІ
«Ұлылардың ұлылығы өзгелермен
қарым-қатынасынан білінеді»
Шекспир
Атамыз қазақтан қалған «аттың нарқымен қасқырдың
ісі жоқ, адамның парқымен тағдырдың ісі жоқ» деген дана
лық бар. Бүгінгі қазақтың көрнекті ақындарының бірі
Жәркен Бөдеш, көреген тарихшы Қаламгер Әлімғазы Дәу
летханұлы сияқты дос-жолдастары болған Айтан Нүсіпхан
ұлы кім еді? Ол хан-қараға бірдей, өзгеге лажы барынша кө
леңкесін түсіре жүретін, қойны-қоншы кең нағыз сом жүрек
жаралған азамат еді... Бірақ қырсық атаулы жақсылықтан
бір шақырым ілгері жүретіні бар. Оның ежелгі жас өмірі
нің өзі нағыз гүлденер тұста тосқауылмен басталған. «Әуелі
бөрік киер бас керек», немесе «Алдымен бөрікті киер басты
айт» демекші, қандай орынға апарып отырғыза қойсаң
өкінішсіз де, даусыз лайық бола кететін көсем тұлғалы,
үлкен ғалым пішіндес Айтан Нүсіпханды зиялы қауым
бірден-ақ танып үлгерген. Ішке тартып қабылдап үлгерген,
қабілетіне тәнті боп мойындап үлгерген. Назары аш, көзі
тоймай сұқтана қарайтын оқты көздің көзі ме, ішінен та
ңырқап, сыртынан бұға сөйлейтін көре алмас қара көкірек,
қара тілдің тілі ме, әйтеуір арамыздан беймезгіл жұлып
кетті! Алды-артына қаратпай, қимастарының төбесіне жай
түскендей етіп тосын алып кетті! Жігері құрыш, ниеті ырыс,
дана тілекті, бала жүректі, бәрімізге достығы керек жақ
сымыздан ажырап жер соғып қала бердік.
Иә, атаң да мына қара жер, анаң да мына қара жер.
Шараң қанша? Қазы кертіп, жал шайнап, кеңірдегі азып
бай да өтеді. Қара талқан жалмалап, Құдайға жазып кедей де
өтеді. Қымыздың қызуына марқайған бай, көженің кенеуіне
қанағат еткен кедей бар ма, бәріміз сыпырылып соңында
қала бердік. Адаммен дос, кемеңгер келбеті мен-мұндалап
тұратын Айтан кәріп-кәсір, жетім-жесірдің жақтасы еді.
Адам зарын қазылы құлақпен тыңдайтын. Бұл жағынан
Әдебиет – жан нұры
мыңның ба, миллионның ба бірі еді. Мына біздің бастан
кешіп, өмір сүріп отырғанымыз соған, сондайға зәру заман
еді! «Ескі дос келгенде жаңа достың қадірі төмендейді» деуші
еді. Айтекеңді жұрттың бәрі ескі досындай көруші еді. Бірақ
мына сезімсіз, меңіреу дүниеде жұрттың бәрі бірдей оны
түсіне алды ма?.. «Тозақтың нанын жеген, жәһаннамның
жайын білген, жыланның аяғын, жынның саяғын көрген»
дейтін; ақылға кенде болмаса да, мақұлға кенде, іші тар,
күншілдердің оны әдейі мойындамай, қасақана білмегенсіп,
үндемей қабатын иттің пиғылын байқату әлегі жүрегі
таза, жүйелі, жаны жырлы киелі адамды іштей мүжіп,
қайғыртпағанын кім білсін. Адамның аз өмірі онсыз да
сабырмен өтеді. Бітпес істің күйзеуімен, сарылумен, күтумен
өтеді. Тіліндегісі жүрегінде болмай, «сағымдай құбылып,
сабындай бұзылып» тұратындардың ортасында өмір сүру
өзгемізге ешнәрсе жасай алмағанымен, Айтандай, жігері
тастан берік болса да, сезімі гүлден нәзік асыл тектің жанына
жара салмағанын, жүрек қабына тыртық түсірмегенін кім
біледі. Пасықтың көңілі биігі жаман, басыңды бағаламас
күйігі жаман. Бақасы көп көлдің сары иек жыланындай
лықылдап тойынған кейбір шенеуніктер дүниені доллармен
есептеген мына бейқұт, алақол заманда әділ ісіңе жүгінетін
Айтандай дегдар туған тектіні қайдан табарсыз. «Жете
шешілмеген төрелік жеті ұлықтың есігін ашқызады» деген
болса, сол жеті ұлықтың ішіндегі ең әділі Айтанымыз деуші
едік. Сен аман жүрші, деп тілеуін сырттан тілеуші едік.
Соның өзін көп көрді ме, маңдайымызға сыймады! Қа
зақ тамаққа тойса кегі басылатынды дауға салмайды.
Айтан Нүсіпхан жамандық атаулыны кешіре алмайтын.
Сондайдың бәрінен жүрегіне күш түсіп жүретін. Дос-
жолдастар арасындағы түсініспеушілікке де жаны ауырып,
Құдайшылықпен қарайтын. Осыларға не жетпейді деп қын
жыла таңырқайтын. Мұрат Әуезовтей, Әлімғазы Дәулет
ханұлындай, Жәркен Бөдештей ең жақын достарын айт
пағанда, сырттан танысқан былайғыларының ішінде кімдер
жоқ.
Жанат Ахмади
Айтан Нүсіпханның қадіріне кім жетті. Бұрынғы жаны
күйген жақсылар «бақ адасса батпаққа қонады», «бақыттың
көзі соқыр» дегенді текке айтпаған болар. Жақсы адам
үшін жер бетіндегі қорлық оған өзінің лайықты орнын
бермеу. (Бұлай дегенде Айтанның басы бағаланбады де
гендік емес, әлі де жоғарылап елге тұлға болып отырарлық
шынайы орны берілмегендігі). Мәселен, халық қалаулысы
атанған депутаттар ішінде жыл он екі ай жақ кірісін ашпай
«қимылсыз өмір мүдірмес» деген қағиданы тұтынып оты
ратындар жоқ емес. Өзінің ішкі көңіл-күйімен бейжай болып
отырып қалғып кететін депутаттарды теледидардан әдейі
көрсетеді. Жақсы айғыр айбатымен үйірін қорғайды, құж
мойын бұқа сом мүйізімен сасық тұмсығын қорғайды. Бұқа
мүйізім аман болса, тұмсығым аман жүреді, дейтін көрінеді.
Сол сияқты, астымдағы жұмсақ көпшік-креслом аман
болса, мені алатын жау жоқ деп білетін қалғығыш, керенау
депутаттармен Айтан Нүсіпханды салғастыра алмайсың.
Жүрегін арнай алмайтын адамға жүрегіңді тарту етпейсің.
Айтанды кімге айырбастап кімге қияр едік. Айтан Нүсіпхан
жұрттың бәрін өзіндей көретін. Өйткені «қолыңдағы құсты
қусаң орманға кетеді, маңыңдағы досты қусаң дұшпанға
кетеді», немесе «жақсы би жаудың шетін ел етіп жүреді,
жаман би елдің шетін жау етіп жүреді» дегендей барша
ықылым дүниені алақанындағыдай білетін қайран біздің
Айтекең мына жалғанның опасын өз басына теңгермей
арамыздан кетіп отырды. Аппақ арын кірлетіп, кіршіксіз
жүрегін қинай бермей, бәріміздің барар жерімізге маңдай
алды жақсы хабаршы ретінде жетіп дем алғысы келген бе.
Қазақ айтатын «кемер белдік бел сәні, кемел жігіт ел сәні»
екендігін, күйкі тірліктің күнделікті кірпікке қондырған
шаңымен Айтанның қадірін кезінде білмесек енді бағалап,
жан-жүйені тарықтырған қыспақ сезімде отырмыз.
Көкірегімізде оған деген:
Жағасы жоқ, жеңі жоқ,
Жадағай жейде кидің бе-ау!
Терезе жоқ, есік жоқ,
Түнек үйге кірдің бе-ау!» – деген амал
сыздық жоқтау ызыңдап тұрды.
Әдебиет – жан нұры
АҚЫЛ – ТІЛДІҢ ҚҰЛПЫСЫ
«Абай» десе Әуезов – «Әуезов» десе Абай еске түсіп тұ
рады. Бұл екі кемеңгеріміз туралы ата қазақтың «даныш
панның көзі зынданға түссе, зынданның түбіне күн түседі»
деген ұлағатын ойға алсақ болғандай. Абай – өз заманының
зынданына күн сәулесін түсірген болса, Мұхтар Әуезов
Абай заманына да, Абайдың өзінің рухани зынданының да
түбіне күн түсірді. Абайдың әйгілі «жүрегімнің түбіне
терең бойла» деген өлеңінің жеке шумағына Әуезов:
«Абай кейінгі ұрпаққа осылай деп үн қатқан еді. Түнекті
тылсым ғасырдан жарқын болашаққа жалғыз аяқ соқпақ
тартқан ақын, адал ақынның қалтқысыз сырлары еді бұл.
Қасіретті қазақ елінің қараңғы аспанын надандық бұлты
торлаған тамұқ заманда өлең-жырдың жалқын алауын жо
ғары көтеріп, күн шығатын көкжиекке қалың жұртын ол
осылай бастаған болатын»...
Абай:
Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, шыдамды, ұстамдылық,
Бұл қайраттан шығады, білсек керек, – деп, зерек
ақылды, суық мұзға теңеп отырғаны қазақ айтатын «аса
зерек басқа азап» деген өлшемнің екінші мағынасын ашады.
Ал, «Тоқтаулылық, шыдамды, ұстамдылық» қайраттан шы
ғады деп отырғаны, рух, жігер, қайратсыздығынан жаңға
лақ, жеңілтектік яғни, «ұшқалақ адам сабырсыз, сабырсыз
адам қадірсіз» деген мақалдың баламасы шығатынын әй
гілеп отыр. Ал:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың, елден бөлек, – десе, ол,
«ақылға салсаң төзімге тартады, жүрекке салсаң сезімге
тартады, ал ақыл жүрек екеуін берік қайратпен тең ұстаған
жерде «хан айтты деп бұқпақ жоқ, қазы айтты деп ықпақ
жоқ» деген нақылға саяды. Ақылсыз сезімге ғана билеткен
жерде екінің бірінде жарға соқтырады.
Жанат Ахмади
Абайдың: «Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ», – дегеніне
тоқталатын болсақ, тағы да қазақтың «тамағы тойса ашуы
басылатынды дауға салма» деген көрегендігіне тұрақтайды.
Адамға ашу, мінез керек жері бар. Тек әділ ашу, ақылды
ашу. Абай «ақыл да, ашу да жоқ» дегенде соны айтып отыр.
Өйткені адам тағдырының өзі көбінесе оның мінезінен,
әрекетінен, күрескерлігінен құралады. Алла соған орай жол
береді. (Маңдайға жазылып, қатып қалған тағдыр жоқ).
Тіпті адам беделінің өзіне жоғарыда аталған мінез бен әрекет
ықпал етеді. «Момынның атасының құны зая кетеді, себебі
есігін ел ашпайды, қараудың жиған малы зая кетеді, себебі
түңілігін жел ашпайды» дегенді қазақ босқа айтпаған. Және
Абай нұсқап отырған «ашу да, күлкі де жоқ» адам не жуас,
момынға, не ынжыққа жатады. Олай десек «момынға алғыс
та жоқ, қарғыс та жоқ» дейтін өлшемге сәйкес келмек.
Абайдың «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» деген бір
өлеңінің өзінде осы айтқанымыз тектес, қаза берсең тереңдей
беретін телегей философиялық түйткіл түйін жатыр.
Ал, «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» өлеңінде
Абай махаббаттың шынайы тұтқыны ретінде өзін төмен
түсіріп ғашықтық құдіретін мойындап шарқ ұрған. Чер
нышевский «сүюдің жалынына шалдығып білмейтін адам
шынайы сүюдің не екенін білмейді» дегені сияқты сом жүрек,
Абай үшін, сүйіспеншілік жолы елден ерек, басқа болғаны өз-
өзінен түсінікті. Сарайи «ғашықта шыдам болмайды, шыдам
болса ғашық болмайды», «ғашықтық ақылдың аяғына са
лынған тұсау» десе, Шекспир: «сүю – шегі білінген жерде
қор болады» дейді. Ал, Абай сүюінің шегі жоқ. Міне, ұлылар
үндестігі осылай табиғи қабысып, табиғи тамыр тартқан.
Махаббат сүйіспеншілігі тіпті қасиетсіз жаралған адамды
да уақытша жақсылық жағынан ойната тұрады. Бірақ ба
йырғы жамандығы аяғынан тартып, жанып-сөнгенше ғана.
Ойшылдар жағынан тағы да айта түссек, Луначарский: «сүю
– өмірді көріктендіреді, ол жаратылысты құлпырған гүлге
бөлеп, сайратады» дейді. Абай мен Тоғжанның уылжыған
нәзік махаббаты қандай еді. Әуезов қалай жазып еді!
Әдебиет – жан нұры
«Шынайы сүю барлық қиыншылықты көтеруге жақтас
болады» (Ф.Чиллер). «Дос іздемес адам – сүйе де білмейтін
адам, сүю адамның барлық жақсы сипатын өз құшағы
на алады», (О. Бальзак). Абайдың «Дүниеде сірә сендей
маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да» деп
махаббат дүниесі алдында шынайы бас июі оның ұлылығын,
жүрегінде асыл гауһары барлығын көрсетеді. «Сен құрметтеп
сүйген әйелді сенің көзіңше қорсынуға ешкімнің дәті
жетпейді», (Р. Роллан).
Міне, Ролланның осы айтқанынан-ақ сүю дүниесінің
патша алдында да бас имес құдіретін көруге болады. «Сүю
– адамға әр дайым күш-қайрат береді», (А.С. Макаренко).
«Өмір – гүл, сүю – гүлден шыққан бал, балды татуға болады,
оған шомыла батуға болмайды» (В. Гюго). «Саған біреу өле
ғашық болса, махаббат құдіреттілігінен түсіңде де белгі
беруі мүмкін», (Баласағұн). «Ешқашан достық та, махаббат
та іздемеген адам – сол екеуін жоғалтқан адамнан мың есе
сорлы», (Жан Поль). «Ақылды адам ақылынан адаса ғашық
болса да, ақымақтарша ғашық болмайды», (Ф.Ларошпуко).
«Әлдебір жасты ғашық болғаны үшін жазғыру, біреуді
ауырып қалғаны үшін кінәлағанмен бірдей», (Ш.Дюкло).
Ұлылардан қалған ғашықтыққа байланысты бұл заңғар
ойларды тізбектеп отырғаным, Абай ғашықтығының шек
сіздігін еске тағы бір алып қою мәселесі болатын. Ғашық
тық та арнайы зерттеуге тұрарлық бір ғылымға жата
тындығын жоғарыдағы шырқау ойлардың өзін трактат
ретінде қарауға болатындығынан тануға тиіспіз. Соны нұс
қалай отырып Абай махаббаты әлемдегі ең саңлақ деген
ұлылардың ғашықтығының ешбірінен артық болмаса, кем
болмағандығын, оның жалғыз ғана «Жарқ етпес қара кө
ңілім неғылса да» атты екі шумақ өлеңінің өн-бойына
сыйып тұрғандығын – көзбен кезеп, тілмен безеп беру еді.
Жоғарыдағы таңғажайып ұлағаттарды айтқан ұлылардың
сүйген қызы Абай сүйген Тоғжаннан әдеп, иба, һәм ізет
жағынан артық болмауы да мүмкін.
Жанат Ахмади
КІТАБИ ТАҒЛЫМ
«Жомарт жүрекке иман қонады,
жомарт қолға лашын құс қонады»
(Халық даналығы)
Хазірет Ратбек Нысанбайұлының 2007 жылы «Өнер»
баспасынан жарық көрген: «Тарих. Тағлым. Өнеге» аталатын
дінтану және даналық кітабы жайлы.
Алматы бас мешітінің бұрынғы мүфтиі Ратбек Нысан
байұлының даналық тағлымға құрылған бұл кітабы ислам
әлеміндегі арғы-бергі дін ғұламаларының және ойшыл фи
лософ даналардың әулие-әнбиелік болмыстарын тұжы
рымдайды. Ислам дүниесіндегі әлемге мәшһүр ең саңлақ
тұлғалар жайлы мол танымдық мағлұмат береді. Елбасымыз
дінімізге даңғыл жол ашып, республикамызда мұсылман
дінінің барынша көркеюіне ықылас танытып отырған; ақ
жарылқап, күн туған заманымызға сай басылып шыққан
бұл кітап «Құдайдың құлы, Мұхаметтің үмбетімін» деген
барша мұсылман баласына ортақ қазына деуге болады.
Исламиятқа талпынған әрбіріміз үшін сауапкершілік уағыз
жиынтығы деп білсек артық емес. Өйткені өзге том-том
кітаптардан табылмайтын бітімі бөлек тақырыптар қасиетті
ұғымға бай.
Атамыз қазақтың «шойынның батпандайы құм болады,
алтынның мысқалдайы пұл болады» дегеніндей, көлем
жағынан шағын кітаптың айтары теңіз түбінен сүзіліп
алынған маржандай кәделі. Бұнда тек бірыңғай діни ұғымдар
философиялық өрелі ой-танымдар көкірек көзіңізді ашады.
Құрандағы кейбір мәтіндердің мүдделі болған тұстарынан
алынған және басқа кітаптардан теріліп мысал келтірілген
мағлұматтар оқырмандар үшін сауаттылық миуасындай.
«Піскен жеміс бұтағында тұрмайды» дегендей, оқымысты
дінбасыларымыздың бірегейі Р. Нысанбайұлының ой-кө
кірегінде қорытылған жазбалар ізгілікке ынтызарлығы бар
кімнің де болсын назарын билемей тұрмайды. «Қымбатта
хикмат бар, арзанда илат бар» дегенді шағатай тілінің атасы,
Әдебиет – жан нұры
атақты «Шаркітапты» жазған Софы Аллаяр текке айтпаған.
Бұл кітапта әлі беті ашылмай жабулы жатқан талай-талай
өзекті, құнды тақырыптар бас құраған. Араб тілін жетік
білген Ратбек Нысанбайұлы ағамыз ұзақ жылдар бойында
көкірегінде сақтап келген әр жақтылы ілімін соңғы рет
өзінің ой қорықтығынан тағы бір өткізіп, жұртшылыққа
осылай ұсынудың сәт-сағатын келтіріпті.
Пенде болған соң жер басып жүрген барлығымызда
«нәпсі» деген, кейде тізгін тежетпейтін шайтани пиғыл бар.
Атам қазақ «нәпсі арды айыртқызбайды», «айдай ажарыңды
– иттей нәпсі тоздырады», «әулие болыпты десе сен, әдетін
тастапты десе, сенбе» деген болжамдарды босқа айтпаған.
Әлгі «әдет» деп тұрған нәрсенің бел ортасында нәпсің бар.
Олай болса, артық нәпсіге мүлде жол бермеу қадау-қадау
кісілерден зорға табылатын шығар. Жоқ дегенде «әйтсем-ау,
бүйтсем-ау...» деп, қолыңмен істемесең де, ой-пиғылыңмен
қателесіп жүресің. Ашығын айтқанда, нәпсі тыюдан гөрі,
әлгі өзіңе жақын ішкі тәтті қиялың оңай. Сол қызық, сол
қымбат көрінеді.
Мәселен, арамызда жетік оқып шығып жатқан жас мол
далар көп. Бірақ жасамыстың нәпсісі мен жастың нәпсісі
бірдей емес. Өмірдің қызығына әлі тойынбаған жас кезде сіз
үшін, дүниенің ең қымбат, ең қызығы боп тұратын қомағай
нәпсіні пышақпен кескендей шорт тыйып тастау дегеннің
өзі, сол адамды жазалаумен бірдей көрінуі мүмкін. Дүниеге
деген ыстық-суығың басылып, көретін қызығыңа қанып
болмай, нәпсі тыю асан емес. Әлдебір молдаға арналып
«айналайын, тәсбім сенен, сен тұрғанда ешкім күмән қылмас
менен» деген бағдар сөз текке шықпаған. Бұл ойларды қосып
отырған себебім Р. Нысанбайұлының мына аталмыш кітабы
адамды арамдықтан бой тартуға жетелейтін, күнделікті
күйкі тірліктің кірпікке қонатын шаң-тозаңынан сақтан
дыратын тағлыми еңбек екендігін жеткізу.
Мен кітап жайлы ойымды сәл кейінге шегере тұрып, ал
дымен оқымысты дінбасы Р. Нысанбайұлымен екі арамыз
дағы таныстық қарым-қатынас жөнінде бірер мысал кел
Жанат Ахмади
тіруді жөн көріп отырмын. Ол кісі Горный гигант ауылында
тұрған кезде, біз жұбайымыз екеуміз бас құрап, үйленбек
болып (Рекең ол кезде бас мешіттің қазысы) некемізді
қидырған едік. Ол кісі сол күннен бастап тек Ислам дінінің
құрметіне бола, бізді туған іні-келіндей көріп, қолынан
келген жақсылығын аямайтын болды. Басымызда үй-жа
йымыз жоқ, жай-жағдайымыз келіспеген, жұтаң кезде
Заря-Восток ауылында тұратын Байту деген ұлты шешен
молданың үйіне ақысыз тұрғызып қойды. Үйлену тойымызда
қара «Волга» маркалы машинасына дейін қызмет көрсетуге
сайлап беріп, сол үйдегі жеңгемізді бибі-ханымдығына
қарамай, той қамының қазан-ошағын басқартып қойған.
Соны қалай ұмытуға болады? Онымен қоймай, Дінасыл деген
алғашқы қызымыз дүниеге келіп (Дінасыл қазір Алмалы
аудандық сотында жетекші маман болып жұмыс атқарады)
перзентті болғанымызда Алматыдағы № 1 перзентханаға
зайыбы екеуі бірдей барып құттықтағанын немен өлшейсіз.
Соның бәрі біздің байлығымыз, көркіміз үшін емес, дін-
қарындастықтың
құрметі
болатын.
Қазір
министрдің
әйелі босанып, төтелей хабар айтпаса, қызылшақа бала
шулап жылаған перзентханаға қай мешіттің имамы бара
қояр? Былай айтқанда шенеуніктердің қатыны да Иман-
Мәді таппайды ғой. Осы орайды пайдаланып басын аша
кететін нәрсе, тарығып, зарығып жүргенде көрген жақ
сылығыңды айтпай тұра алмайсың. Кейін Алматыдағы
бес мешіт-ғимаратымыз бітіп, үй ішімізбен мүфти-хазі
рет Р. Нысанбайұлының қол жеткізген табысына шындап
қуанған болатынбыз. Бірақ соған дейінгі аралықта Рекең
біреулерден менің бір жерде дос-жолдас, ақын-жазушы
лармен бірге «пиуалатып» жүргенімді естіген екен... Содан
маған қабағы онша дұрыс болмай, бір жолы өз кабинетінде
ұрысқаны бар. Соның салдарынан мешітті құттықтауға
барғанымда жорта «байқамады ма», ол үйдегі жеңгеміз де
қылиып қарамай, амандаспай қойған-ды. Сонда да кейін бас
мешіттен бұл кісінің кететін болғанын естігенде, үй-ішіміз
бен өкініште болып қалғанымыз күні бүгінгідей есімізде.
Әдебиет – жан нұры
Үкімет шешкен екен; араб тілінің республикадағы бірден-
бір маманы, өзі қаламгер-ғалым Ә. Дербісәлінің келгенінен,
Алла риза болсын, бұл имандай шынымыз, тек талай жылдар
бойы жатпай-тұрмай, «етігін шешпей, ерін алмай» дегендей
бар ынта-ықыласымен ізгі ниет – еңбегін сіңірген кісінің
бір-ақ күнде шеттеп қалғаны – тосын сезілгені рас. Маған
ұрысқан болса, менен бірдеме сұрап кейіген емес. Бір тентек:
«аруақ бәрін біліп қояр деп, көретін қызығымнан қалайын
ба» деген екен... Сол айтқандай, бұдан жиырма жыл бұрын
мешіттегі мүфти естіп қояр деп, шығармашылық дүниеде
көңілі жақын дос-жолдас, әріптестермен бір сәт дүрлігетін
қызығымыздан қала қоятын кезіміз емес еді. Сол үшін
кейіп ренжіген болса, ол кісіні түсінбейтін несі бар, әрине
жанашырлық. Бірақ амал-тәсіл, қулығы жоқ, төте мінез,
өткір адам мына әккі заманның ауруымен ауыра білмей
тіндігі, бір ғана сол әрекетінен-ақ танылғандай еді. Қитұр-
қылықты, екіжүзділікті, сондай-сондай жерде елге жама
натты болып несі бар? Айналадағы қасқырауыз, түлкі
құйрық, обал-сауап дегенге бас ауыртпайтын, жеңіл ауыздар
Рекеңнің әділдік айтар жерде бет-жүзіңе қарамайтын қа
сиетін кек тұтып, сыртынан бұл кісі жайлы қысыр өсекті
айтпай қалған жоқ. «Ерікті ауызға бөрікті бас сияды».
Сонымен «бетке шіркеу, көңілге дақ» дегені болмаса,
ғылым-білім адамды далада қалдырмайды. «Ойшыл жеке
қалса да жалғызсырамайды», өйткені жан-рухы бай. Кезек
дүние, кезбелі несібе. Баянсыз бақ, тұрлаусыз өмір бар.
* * *
Біздерді көрсе келіндері сәлем ғып, ұл-қызы қолын қу
сырған, Рекең ағамыздың мына кітабының шығуы ұлтымыз
үшін рухани жетістігіміздің бір бөлшегі дей аламыз. «Тарих.
Тағлым. Өнеге» аталатын бұл кітаптың кей тақырыптары
бір-бір көркем шығармаға арқау боларлық. Жазамын деген
жазушы үшін дайын желілер тартылып тұр.
Жанат Ахмади
Үш бөлімнен тұратын кітаптың І-бөліміне бағдарсөз етіп
ұлы Абайдың:
Махаббатпен жаратқан Адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті, – деген мән-
мағынасы мәңгі ескірмейтін өлеңімен ашқан болса, ІІ-бөлім:
«Ай ортақ, Күн ортақ, Жақсы ортақ» делінген. Ал ІІІ-бөлімге
келетін болсақ, Р. Нысанбайұлының өз жаралыс табиғатымен
сәйкес келетін ұлағатты нақыл Махмұд Қашқаридың:
Кісілік пен кішілік,
Ұлылықтың белгісі, – деп, жер бетіндегі
ізгі ниетті адам баласы өзгеріс енгізе алмайтын, таразы
талғаммен түйінделген. Осы айтылып жатқанның барлығы да
қаламмен жазылып, жүрек мөрімен бекітілген Құдайшылық
шешіммен өлшеніп айтылғандай. Осы орайда бір ой қоса
кету артық болмас... Адам білмеген нәрсесіне кінәлі
емес, радиода Абайдың қарасөзін майталман журналист
Кемелбек Шаматаевпен бірге талдап отырып, үлкен фи
лософ ғалымдарымыздың бірі «оң иығымызда періште,
сол иығымызда шайтан...» деген сөзді айтты. Сол жақта
кінәні тіркейтін Кәтибан, оң жақта Кәрибан періштелер
екенін айтуы керек болған. «Дәлдірдің сан қатесі еленбейді,
данышпанның бір қатесі көзге ұрады» деген тәмсіл тегін
емес. Атақ-даңқ, лауазым атаулы жақсы, бірақ, қылдан
тайса тез кірленетіні бар. Олай болса, өресі биік, зиялы
кісілер лаждың барынша біліп барып айтса, сол ғанибет.
Ратбек Нысанбайұлы мына кітабында Абайдың кейбір
қарасөздерін жете талдайды және соған орайластыра дін фи
лософиясынан көкейге қонымды, дана мағлұмат беріп оты
рады. Ұят, иба, иман дейтін алтынға айырбасталмас жауһар
ұғымдар жүрегіңіздің басына балдай тамып, жан-сезіміңіз
жаңғырады. Осындай тәрбиелік мәні бар нақылияттарды
оқыған тұста сіз, өз заманыңыз жайлы, өзіңіз өмір сүріп
отырған қоғам жайлы ойланбай отыра алмайсыз.
Әдебиет – жан нұры
Бүгінде, біздің ортамызда бір нәрсеге ұяла білу, шімірігу
деген сияқты қастерлі ұғымның азайып бара жатқаны есі
ңе түседі. Басқа жер болса бір сәрі, тіпті әлемге жар сал
ған теледидар сөресінде аузынан шыққан лебізіне жауап
кершілігі жоқ лауазымды азаматтарды көресіз. Оған мы
салды алыстан іздемей-ақ, республикамызға белгілі ұлт
жанашыры Мақаш Тәтімов мырза телеэкранның өзінде «...
көрпені бүлкілдету!..» деп жатады! Шімірікпестен, шірене
отырып айтады. Мына жақта тыңдарман ел-жұрт, үлкен-
кіші, ер-әйел бар, қыз-келін бар дегендей, тиексіз тілді ті
зілген тісімізге бағындыруымыз керек. Бұл нәрсе «ойламай
айтсам да менікі жөн, көздемей атсам да менікі жөн» деген
астамшылықтан келіп шығады. Қазір ешкім ешкімнің бетін
жыртқысы келмейді, бірақ жұрттың бәрі де өз ішінен біліп
отырады. Жақтырмай, жиреніп отырады.
Мақұл, өз қатарлары арасында, жай үш-төрт ер-әйел
отырғанда, күлкі үшін айта салса мейлі ғой. Даңқты адамның
сөзі өзгеге тез әсер етеді, сол сөз құлағына жағып кеткен
бір келіншек теледидарда бас қосатын дода-тартыстардың
бірінде Мақаш көкесінің әлгі сөз тіркесін айна-қатасыз
қайталап жар салғанда, бетінің қытығы бар, ар-ұяты бар
үлкендер үшін ыңғайсыз-ақ болған. Ешкім ешнәрсені тек
темейді деп ойлайды. Олай емес, көп адам ішінен саралап,
ұнатпай отыратынын еске алмайды. Ол қарындас та (атын
айтпай-ақ қояйын, жұрт біледі) бір жерлерде әлгі сөзді өзі
іспеттес, не болса соған желпіне салатын ойнақы, жеңіл
жігіттердің көзінше айтып, оларды мәз етіп, ұпай жинап
қалса керек, ұялу орнына жаны кенеліп, өзінің ерекше
тапқырлығы ретінде сөйледі. «Имене білмейтін қыздың
беті жесір әйелдің бетіндей тозған бет» деп тежеу салатын,
әдепсіздіктен жасқап отыратын инабатты үлкендер қайда?
Жүгенсіздікке жүген салып ауыздықтайтын абыздарымыз
қайда?!.. «Қазақты көбейту үшін бүйту... керек» деу,
құлаққа «қой ұрықтандыру» деген тәрізді естіледі. Қазақтың
қыз-келіншегі зоотехникада қолданарлық тұрпайы сөзді
айтуға аузы бармаушы еді ғой. «Қызға қырық үйден тыйым,
Жанат Ахмади
қала берсе, шұнақ күңнен тыйым» деп тежейтін. Адамның
ең құпия, ең нәзік намысына тиетін, басы жұмыр пенденің
бәрі білетін нәрсені Америка ашқандай ғып, бадырайтып
жатудың қанша қажеті бар?
* * *
Қолымыздағы Ратбек Нысанбайұлының аталмыш кітабы
бізді осы тектес бейауыз, оспадарлықтан сақтандыратын
имани тәлім ретінде жазылған дүние екенін айтуымыз
керек. Ең бастысы, бұл кітап тек танымдық қана тұрғыдан
шектелмейді. Түптеп қарағанда адами ар-абыройға келіп
тірелетін және талайлардың рухани бұлақ көзін аршитын,
әдептілік шараға жатады. Өз оқырманын табатын; адами
лықтың жоғарғы сатысы – Исламият өнегесінің тәлімін
жұқтыратын еңбек.
Олай десек, бұл кітапты шығарған «Өнер» баспасына
да, ризашылық ықылас арнауға тиіспіз. Баспа директоры
Әшірбек Көпішев бауырымыз Алланы аузынан тастамайтын,
құдайшыл азамат болғандықтан да мән беріп, жаратушы
Рәббімізді сүйер қауым үшін игілікті іс атқарған екен...
Осы баспада сарыжөргек болып, алты-жеті жыл жатқан
менің бір кітабымды биыл (2008 жылы) дін аман қалпында
өзіме қайтарып беріп, «Мәдениет министрлігіндегі Балтабек
Бәймешев, Райхан Мәженқызы деген кісілермен өзіңіз ха
барласыңыз» деп, екеуінің телефондарын жазып беріп, шы
ғарып салды. Алты жылдан бері Көпішев «осы авторға обал
болды» деп, шындап кіріскен, кіріспегенін білмеймін...
«Біреудің жоғын біреу өлең айтып жүріп қарайды...» деген
бар... Бірақ өзімді көрсе, әлдебір төре-қожаны көргендей
анадайдан келіп, қос қолдап амандасатын. «Міне, тізімнің
басында тұрсыз» дейтін. Ақырында «орайсыз дәмету –
өзек талдырады» дегеннің кері келіп, үмітті үзген болсақ
та, хазірет Р. Нысанбайұлының мына кітабы үшін-ақ ри
зашылық сезімімді білдіремін.
Досбол датқаға бір ақын қыз:
Әдебиет – жан нұры
Досбол, Досбол дегенмен дос болмайды,
Досболды айтпай көңілім хош болмайды.
Сен болмасаң қалмаспын қу далада,
Құдайдың тескен жері бос болмайды, – деген
екен. Сол айтқандай, «тіс берген Құдай, тіске басарын да
береді» демекші, жазушы ғып жаратқан адамның маңдай
тері далада қалмауға тиіс. Қорыта келгенде, «Тарих. Таным.
Өнеге» аталатын бұл кітап қазынасы көп, Алланың жомарт
табиғаттың кең қолдығымен нәсіп болған еңбек іспетті.
Автордың бұл кітабын ауызша уағыздағаннан гөрі оқып
шыққан анағұрлым абзал.
Жанат Ахмади
ЗЕРДЕЛІ ДЕ ЗЕРГЕР ЖАЗУШЫ
«Жұлдыз» жорналының 2003 жылғы 5, 6, 7 сандарында
жазушы Тұрысбек Сәукетайдың «Жүрек неге жылайды»
атты романы басылды. Тегінде «Жұлдыз» жорналының
өзі оқырман қауымға дайын кітап ретінде қабылданатын
болғандықтан, Тұрысбек Сәукетайдың сәтті шыққан бұл
романына тоқталып өтуге тура келді. Себебі, «Жүрек неге
жылайды» романы шебер жазушы Тұрысбекті әдеби қауым
ға кеңінен танытатын ғана шығарма емес, мұнан былай
оның атағын мықтап шығаратын туынды деуге болады.
Романдағы басты кейіпкер Бахтияр мен Зухра ортасындағы
шынайы нәзік қарым-қатынас сізді қалайда баурап
алады. Мезгіл-мезгіл шегіністермен үстін-үстін байып,
толығып отыратын өмірлік оқиғалар сүйіспеншілікпен өте
тартымды, жетік тілмен беріледі. Тараудан тарауға өткен
сайын кенет бір қызықты құбылыстарға бойлатып әкетеді.
Әу басынан жұтап тұрған, жұпыны тағдырлар тауқыметін
тартқан ерлі-зайыпты жас отау иелері сыртқы өмірден
қаншама өгейлік көргенімен, бір-бірінің ішкі адами
қуат көзіне, яғни өздерінің жаралыс сапасына сүйеніп,
жақсы ықыласпен өрелі өмір кешетіндігі кімді болса
да толғандырары сөзсіз. «Көрмеген көлден – естімеген
қаздың үнін естисің» дегендей, өзің бұрын ойлап білмеген
Бахтиярдай, оның сүйген жары Зухрадай адамдар барын
сезінесің. Өмірге көзің ашылады. Мынау күйкі тірліктен
өзіңе жұққан ірілі-кішілі кінәраттарың есіңе келіп,
романдағы осы басты кейіпкерлермен өзің іштей таразыға
тартылып отырасың. Олқы жеріңді мойындап, кем-кетік
осал тұсыңды танып, іштей мақұлдап отыратының бар.
Бахтияр мен Зухраның романда жасалған көркем бей
несі адамды еріксіз толғандырады. Төртінші класта оқитын
Зухраны қаралы қазадан аузы күйген сорлы әжесі жоғал
тып алады. Бұл бейбақ кемпірдің едәуір көрген қызметкер
жалғыз баласы мен келіні жол апатынан бір автобус адаммен
бірге қазаға ұшыраған. Автор бұл апатты кейбір кітапта
ғыдай оқырманға зорлықпен таңбайды. Роман басталғаннан
Әдебиет – жан нұры
тартып өзің сол адамдардың, сол кейіпкерлердің арасын
да бірге жүргендей боласың. Мен өзім шығармашылық
шамасын мұнан бұрын білмеген, тіпті кейбір жағдайда
екеуара түсінісу жағынан онша сәйкес келмей жүрген,
Тұрысбек Сәукетайдың жазу қабілеті осындай шығар деп
ойламаппын.
...Әлгі бала қыз кешкі апақ-сапақ мезгілде жалғыз өзі
ұшты-күйлі жоқ болып шығады. Сөйтсе, ол әке-шешесінің
бейітінің басына барып, екеуінің қабірін кезек құшақтап,
зар жылап жатқан екен. Көрші бала он алты жасар Бахтияр
үстінен түсіп:
– Мұның қалай, Зухра? Әжең іздеп шарқ ұрып жүр ғой!
– дейді. Қар ішінде топырағы көрінген, жас қабірлерден
ажырағысы келмей, «крест» болып жабысып қалған, жап-
жас жетім қыз өксіген үнімен:
– Көкем мен апамды сағындым! – деген жерде кеңсірігің
қақ жарылардай дауылдап ашып кетеді. Оқырманның жан-
жігері құлазып, жүйе-жігі босайды. Зухраны жұбатарлық
шамаң жоқ. Бірге егілгендейсің. Зухраны шарқ ұрып іздеп,
осы жерден тапқан Бақтиярды жан тартасың, оған ырзасың.
Сол сәттен бастап ол сенің жақыныңдай. Мұнан былай
оның аты аталған жерде елең етесің. Әрі Зухра екеуін бірге
іздеп отырасың. Бұл жазушының сізді болашақ күретамыр
кейіпкерлер үшін дайындап алуы. Яғни автордың шеберлік
суреткерлігі. Әсілі жазушыға қалам ұстататын да осындай
жан дүние сергелдеңі болса керек. Өзгеден өткір сезімі, жан
киесі болса керек.
Кейінгі заманда, бұлдыр күндерде ойлап – күтпеген бір
тұста осы екеуінің – Бахтияр мен Зухраның қайта табы
сып, сүйіспеншілік құрғанын білген жерде оқырман бір
тыныстап, кеңіп қалады. Іздеген жоғың енді табылғандай.
Олар отбасын құрап, жұпыны өмір кешкенде де, екеуінің
шынайы жанашыр тілектесі болып, ең бір етжақын қам
қорына айналасың. Бұлар дегенде тілеулес боп тақымыңды
қысып отыратының да содан. Яғни, шығармаға деген сол
әлгі қылаусыз асыл сезіміңізді жаулатып алғандығыңыз
Жанат Ахмади
дан. Олай болса, мұндай романды неге ауыз толтыра дәріп
темеске. Тұрысбек Сәукетайдың білмейтін сөзі жоқ. Соған
орай шығармасындағы оқиға жүлгесіне қарап отырсаңыз,
көкжиегі кең жатқан романда бүкіл қазақ қоғамының
арғы-бергі өмірінен із шалмайтын жер қалмайтын шығар.
Ахмет ишан тағдыры тәрізді шегініспен берілетін көшпенді
қазақтың ең бір бекзат, асыл құрығына ілініп, ал оның
атылып кеткен баласынан қалған немересінің Советтік
Қазақстандағы «Ахметов» деген профессор болуына дейінгі
аралық қамтылып жатады. Тек бір ғана оқиғаның өзі-ақ,
Ахмет қажы айналасы арқылы сол тұстағы қазақ халқының
басына түскен тауқыметі толық әйгілеп жатады.
Оқырман қолына сүбелі роман тигені авторға аз мерей
емес демекпін.
Әдебиет – жан нұры
ЖАРҚ ЕТІП СӨНГЕН ЖАЛАЛЫ ҒҰМЫР
(Біләл Сүлеев өмірінен)
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің: «Ел кө
шін бастау маған сын, мені қостау елге сын» деген мағыналы
ой айтқаны баршамызға аян. Елбасының аузынан шыққан
жасампаз қағидасының бірегейі биылғы 1997 жылды «Жа
зықсыз жапа шеккен, қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
және ұлттар достығы жылы» болсын деген нұсқауы болып
отыр. Тізімдері ұзағынан созылып жатқан Сталиндік
қара саясат құрбандарының бел ортасынан табыларлық
перзенттеріміздің бірі – Біләл Сүлеев. Оның соңында нақтап
іздеушісі болмағандықтан, атаусыз келді. Өмірден ешбір
қызық көрмей, жаңа жете бергенде қыршынынан қиылған,
Біләлдің болмысын оның жары болған Фатима Ғабитованың
Мемлекеттік Орталық архивтен алынған мына құжаттан
толық біліп тануға болады. Фатима Ғабитова – Ілияс
Жансүгіровтан бұрынғы, алғашқы ері болған Біләл Сүлеев
жайлы былай деп жазған.
БІЛӘЛ СҮЛЕЕВ КІМ?
Елі Найман, Найман ішінде – Қаптағай. Әкесі Майлы
ұлы Сүлей. Шешесі Қамқа. 1898 жылы (жылан жылы) күз
дігүні Қапал қаласының төңірегінде Баян-жүрек дейтін
жерде дүниеге келген. Балалық шағы Сағабүйенде (осы
күнгі Жансүгіров атындағы колхозда) өтеді. Біләл алғашқы
білімді әкесінен алады. Әкесі Сүлей де, атасы – Майлы да
оқыған, білімді адамдар болады.
1911 жылы 13-ке келген Біләл сол жылы Қараағашта
ашылған «Мамания» медіресесіне келеді. «Маманияның»
мұғалімдері Түрқияда, Мысырда оқыған: Ғазиз Мусин, Фай
зырахман Жаһандаровтар сияқты мұғалімдер болады. Бі
рер жыл «Маманияда» оқыған аса зерек Біләлді, Маманов
Есенғұл болыс өз қаражатымен Уфадағы мұғалімдер да
Жанат Ахмади
йындайтын татардың «Ғалия» медресесіне жіберді. Бірақ
«Ғалия» Біләлді қанағаттандыра алмайды. Сондықтан
өздігінен жол тауып Оренбургтегі учительская семинарияға
оқуға түседі. Семинарияда оқып жүргенде Оренбургте шы
ғатын «Қазақ» газетінде де істейді. «Қазақ» газетінде Бі
ләлдің «Матай», «Қаптағай» деген жасырын ат-псевдоним
дермен бірсыпыра өлеңдері, мақалалары басылып тұрады.
Татардың «Шура» жорналында татар ұлтшылдарына қар
сы «Науширван Әфенді мақаласы жайлы» – деген ғылыми
мақаласы 1916 жылы «Шураның» 3-санында басылған.
Және татардың «Уақыт» газетінде де әлгі лақап аттар:
«Матай», «Қаптағайлар» сол жылдарда жиі кездесетін.
1916 жылы семинарияны үздік, ағыла дәрежеде тауысқан
Біләл патша әскерлігіне, қара жұмысқа алынған қазақтарға
«мыңбасы» болып, Минскіге барады. Ал 1917–1918 оқу
жылында Қапал қаласындағы татар мектебінде оқу ісін
басқарушы болып қызмет атқарады. Менімен Біләл сол та
тар мектебінде танысты. Мен ол мектепті содан бір жыл бұ
рын тауысып, оқу-ағарту комиссиясының ұйғаруы бойын
ша осы мектептің өзінде мұғалім болып қалып едім. Біз
үкімет ісімен ауысып Талдықорғанға келгенде, Алматыдан
келген адамдар іштерінде Ораз Жандосов бар (большевикке
өткендерді қабылдап алды және «Садыр – Матай» дейтін
Бюро ұйымдастырып, біздің жақтан келгендерге бүлінбеген,
бүтін ел, Жалайырдан астық сатып алуға мандат беріп, ел-
елдің арасын жөндеп жатқан кез екен). «Садыр – Матай»
бюросының да председателі Біләл Сүлеев еді.
Біләл асқан ақылды, келешекті терең болжай алатын
ардақты азамат еді. Ол Жетісу ауылдарында екі жылдық
бастауыш мектеп, аудандарында жеті жылдық орталау
мектеп, ал облыста тоғыз жылдық орта мектеп ашты. Бұл
мектептердің барлығы да жатаханалы болатын. Және кей
бір пәндер ыңғайына қарай орыс тілінде оқылатын. Біләл
дің бұл әдіс-тәсілі Жетісудағы ұсақ ұлттардың әсіресе,
қазақ жастарының ешбір бөгетсіз Сәбет Одағының барлық
қалаларындағы жоғары оқу орындарына түсіп, оқуларына
мүмкіндік беріп еді.
Әдебиет – жан нұры
1928–29 оқу жылдарында Біләл Ақтөбеге облыстық Оқу
Бөлімінің меңгерушісі болып белгіленді. Сол кездегі әлеу
меттік жағдайға орай 1930 жылы Оренбург Орталық Волга
өлкесіне өткізіліп, ал Ташкент тұтасымен Өзбекстанға бе
рілуі себепті, Қазақстан өз институттарын бұл қалалардан
алуға тура келді. Ол күндерде НарКомПростың бар жоғары
оқу орындарын ұйымдастыруға тәжірибесі бар қызметкер
Біләл болғандықтан, Оренбургтегі мұғалімдер институтын
Оралға, Ташкенттегі мұғалімдер институтын Семейге кө
шіріп алып барып орналастыру осы, Біләл Сүлеевке тапсы
рылған болатын. Аталған екі институтты белгіленген қа
лаларына көшіріп орналастырып, өзі ректор болған Се
мей институтына оқытушыларды іріктеп алып жатқанда,
Біләлді НКВД бірден қамауға алып, Алматыға айдады. Бұл
1930 жылғы августің іші еді. НКВД-да жазықсыз екі жыл
отырып, 1932 жылы 5-сентябрь күні босап шықты. Бі
рақ, енді Біләл өзі Қазақстанда тұрғысы келмей Мәскеуге
кетті. Онда бір өндіріс орнында бірер жыл мәдени-ағарту
қызметінде болады да, 1934 жылы Москва оны Қарақалпақ
НорКомПросына басшылық қызметке жібереді. Ал 1937
жылдың соңғы айларында одан бір сәт көз жазбай отырған
НКВД қайтадан қамауға алып, Біләл Сүлеевтей асыл
азаматты біржола жоқ қылды. Біләл Сүлеев: ағартушы,
методист, ақын, драматург, журналист, сатирик, юморист
еді. Оның «Қайтсең көсем боласың» сияқты шаншыма
өлеңдері болсын, «Қартаға салынған қатын» дейтін пье
сасына дейін барлығы өткір, әжуалы жазылған.
Ілияс Біләлдің сатира, юмор түрінде жазылғандарына
көп еліктеді. Сөзім дәлелді болу үшін екеуінің мына бір
өлеңдерін салыстырып көрейік.
Біләл:
«Қазақша, не орысша жөнді білмей,
Сөйлесең бәду-шәду шатастырып,
Сөзіңнің аяғына дұспан күз ғып,
«Жасасын, даздравствуйте» матастырып» десе,
Жанат Ахмади
Ілияс:
«Сөз сөйле тіл біткенді бұзыңқырап,
Боза-ботқа докладын мыжыңқырап,
О күнәңді жоям деп бақыра түс,
Күшеніп жасасынға қызыңқырап»
Біләл Оренбургте семинарияда оқып жүрген қаршадай
күнінен бастап, әруақытта қоғамға ұнамсыз жайларды өт
кір тілмен өлтіре мінеп-шенеген журналист. Бірақ ол өзінің
жазғандарын бастыруға асықпайды. Оның жазғандарын
жолдастары жинап бастырып жүретін. Бір еске алатын жай
– егер Біләлдің бір өлеңі қай жерде басыла қалса да, қа
зақ газет-журналдары сол өлеңді әлбетте өз беттерінде жа
риялайтын. Тіпті, оның жазған пьесалары қолжазба күйінде
Жетісу сахналарында ойналатын.
* * *
Міне, осы арада қоса кетер бір сөз – Ф. Ғабитова бұл
естелікті өз өмірінің кейінгі кезеңінде жазғаны байқалады...
Біләлдің көзі тірісінде тұрмысқа шыққан, екінші ері Іле
кең – Ілияс Жансүгіровтен де айырылып, басына қара күн
туғанда өзінің өткен өмірін қайта бір тексергенде айтылған
сыр екені мәлім:
«Біләл Сүлеевтің мен білетін шығармалары»
1 – «Қартаға салынған қатын» бір перделі, Алматы
жатақханаларының тұрмысынан алынып жазылған комедия
еді. 1921 жылы Алматы қаласында бірнеше рет қойылды.
2 – «Қайтсең көсем боласың», сатира. 1922-жылы
жазылған.
3 – «Нақысбек» бұл да сатира. 1922-жылы жазылған.
4 – «Қабанбай мен Сазанбай» ұзақ өлеңмен жазылған са
тира.
(Төмендегі бұл хат 1930 жылы Б. Сүлеевті НКВД ұс
тағаннан кейін жазылған. Ж.А.)
Әдебиет – жан нұры
Фатима!
Сүйіктілерім! Фатима, Жәкен, (Отан соғысында өлген
ұлы Жәнібек) Азат! Аман-есен жүрсіңдер ме? Мен дені-
қарным сау, сәлемет жүріп жатырмын. Былтыр өздеріңнен
кеткен соң, 27-ші сентябрьде Алматыға келгенмін... Келген
соң, екі-үш күннен соң сұраққа іліндім. Сұрағандары «1922-
жылы бір ұйым ашылған екен, сен соған мүше болыпсың»
деген жала сөз. Мен еш ұйымда жоқтығымды айттым.
Қыстайғы, жаздайғы сұрақтың, бәрінде сол сөзімді айтып
келдім. Болмаған істі әрине мойынға алуға болмайды ғой.
Сонымен октябрь айында жұмысымызды зерттеу ісі бітіп,
ісіміз Мәскеудегі коллегияның қарауына жіберілді. Маған
жариялаған статьясы «елу сегіздің (58) ІІ-ші тармағы.»
Жалпы жұмыстың ретіне қарағанда коллегия тәптіштеп
қарап, босатар деген үмітім зор. Октябрьдің 28-де ГПУ.-
дің үйінен үлкен абақтыға көштік. Түрме күйі жаман емес.
Тамақ тоқ, киім бүтін. Бұйырса жақын арада босанып
қалармын, деп күтіп отырмын.
Ал енді өз жайларың қандай? Жәкен оқуын жақсы
оқып жүр ме? Азатай ширап, өсіп келе ме? Әнидің (қайын
енесі) денсаулығы жақсы ма? Осы хатты алған соң, тез хат
жазыңдар. Мен мұнан былай жұма сайын сендерге открытка
жазып тұрам. Менің киім-кешегім жеткілікті, тамақ жайым
да нашар емес. Қыстыкүні маған келем деп әуре болмаңдар.
Қатынасқан сенімді адамдардан біраз май беріп жіберсеңдер
болады. Оған реттерің келмесе, әуреленбеңдер. Басқа көп
жазарлық сөз жоқ. Азатай, Жәкен үшеуің суретке түсіп
жіберіңдер.
Әниге көп-көп сәлем! Жәкетайды, Азатайды мен үшін
қысып-қысып сүй. Мәжитке, Саматқа сәлем айт. Тәкенге
үй ішімен сәлем. Кәрі құдаға, келінім мен екеуіне сәлем.
Сұрағандардың бәріне сәлем.
Қош! Қош! Біләл. 19/ ІІ-31
Жанат Ахмади
Фатима!
18-ші ғинуарда жазған хатыңды 25-де алып, 28-ші чис
лода бір открытка жазғанмын. Мүкен 30-шы числода келіп
9-шы февральда қайтты.
Біраз құрт, май, шай-шекер, етік әкеп берді. Несін ай
тасың, етік әйбәт болды! Аяғыма құйып қойғандай шақ екен,
«Бәйбішем жарайсың!» деп отырмын. Өзім денім сау, көңіл
бір қалыпта. Жұмысымыз осы февральдың ішінде шешіліп
қалар деген үміт бар. Бұл хат барғанша ешнәрсе жібермеген
болсаң, енді әуре болып ешнәрсе жібермей-ақ қой. Үйге
қайтсақ, қайтып қалармыз. Жоқ, басқа бір жаққа кететін
болсақ, оны тағы да көре жатармын.
Қош! Біләл. 5/2-32
Фатима!
Амансыңдар ма? Саған 30-шы апрельде жазған хатымда
шығуға үмітім бар деп жазып едім. Сол жазғаным жазған.
Осы майдың онына шейін шығып қалармын, деген үміт
зор. Біздің жұмыспен ұсталған адамдардан 14 адамға бес
жылдан жер аударылуға кесік майдың үші күні ішкі Ресей
дегі Воронеж қаласына жүріп кетті. Ол кеткендердің ішінде:
Жұмақан, Алдаберген тағы басқалар бар. Кесік естіртілмей
үш адам қалып отырмыз. Соның біреуі мен. Ұзын құлақ ха
барға қарағанда, бізді босатуға ұйғарған білем. Қай қалыппен,
не түрде босатар, оны келешек көрсетер. Қалай болғанда да
еркіндікке шығарады ғой, деп отырмыз. Менің ана хатымды
алған соң, сендер де шыдамай отырған шығарсыңдар. «Ора
заның 29-ын тұтып, бірі қалғанда» асықпай-ақ қоя тұрыңдар.
Игіліктің ерте-кеші жоқ қой.
Бұл хат барғанша Мәжит бері қарай шықпаған болса,
оның келмей-ақ қойғаны да жарар. Маған телеграммамен
«довостребования» қылып, бірер жүз сом ақша жіберсеңдер
де теріс болмас. Аман шыға қалсам, бұл жақтағы жұмыс
тарымды өлкелік ұйымдармен бір жайлы қылып алмай кет
Әдебиет – жан нұры
кенім жарамас, деп отырмын. Ақсақал әлі осында. (Ахмет
Байтұрсыновты айтады Ж.А.) Артық жазарлық сөз жоқ.
Аман-есен жолыққанша қош!
Біләл. 6-шы май, 1932 жыл
Бұрынғы жылдарда Мемлекеттік Орталық архивтің
аға ғылыми қызметкері ретінде жұмыс атқарып жүргенде,
түбінде бір керегі болатынын ойлап көшіріп алған едім.
(Ж.А.) Біләл Сүлеевтің мына төмендегі үш хатына назар
аударсаңыз, ол 1930 жылы Ташкенттегі қазақ институтын
Семейге көшіріп әкеліп, өзі сол оқу орнына ректор болып
орналасқан бойы НКВД-ның қармағына ілініп кеткен
жағдайын білесіз.
Осындай қиянаттарды басынан кешкен Біләл соңғы бір
хатында (20.10.32) төбесінен жай түскендей болып Фати
ма Ғабитованың заң орны арқылы ажырасқан (Біләл Сү
леев екеуінің загстен шыққан) қағазын бірден жібергенін
ұғынасыз. Бейтарап қала алмайсыз. Бұған дейін Біләлдан
үш балалы болған, Фатима шешеміздің Фарида (Пакентай)
деген қызы бұлар Ақтөбеге қызмет жағдайымен барғанда
қайтыс болған. Ал Жәнібек пен (соғыста қайтыс болған) Азат
үшін әкесі Біләлдің шыбын жаны шырқырап еске алады.
Көзінің жасы көл болады. Бұл жөнінде хат мазмұнынан өзге
ой қоспақ емеспіз. Жалғыз-ақ, соңында іздер-сұрар адамы
жоқ, Сүлеевтей оқымысты да, аяулы азаматтың қайғымен
өткен тағдырын архив құжаты арқылы бүгінгі қауым және
келер ұрпақ біле жүрсе артық болмайтынын шамалатпақпыз.
Тағы да Біләл Сүлеев хаттары.
Фатима!
Амандық па? Сенен бірсыпырадан бері хат алғаным
жоқ. Әзірге тыныш жатырмыз... Жұмысымыздың хабары
білінбейді. Февральда еш нәтиже шықпады. Мартты күтіп
отырмыз. Ден сау, жатын орын, тамақ күйлі. Маған оны
мұны жіберем деп әуре болма.
Жанат Ахмади
Қош, балалардың мен үшін бетінен сүй. Әниге, басқа
сұрағандарға сәлем.
Біләл 26.02.1932
Фатима!
Міне бүгін сағат онда ГПУ-ден босанып шығып, тура
почтаға келіп сендерге және Ташкентке телеграмма соғып
тұрмын. Мұндағы қағаздарымды, документтерімді алуым
бар, басқалай мекемелермен сөйлесуім бар, барлығы бірер
жұма уақыт алатын көрінеді. Бұл жұмыстарды бірыңғай
қылмай тұрып, сендерге баруға болмайтын көрінеді.
Сондықтан асықпай мені күтіп тұра тұрыңдар. Қайыр, енді
қош!
Жақсылықпен жолығалық. Біләл. 9.05.32.
Фатима!
Сенің соңғы жазған жабық хатыңды және загстен жі
берген айрылу қағазыңды кеше алдым. Хатыңды бірнеше
рет оқып шықтым!.. Мазмұны түсінікті. Сенің лайықты
деп ұйғарған затқа менің қарсылығым жоқ... (Қарсылығым
болғанда істейтін шарам не?) Бірақ, бір ғажап нәрсе, сенің
хатыңды оқығаннан бастап, осы сағатқа шейін көзімнің жасы
буылып... ағуда! Қаншама тыяйын десем де тыя алмаймын.
Білмейім бұл неліктен?! Әйтеуір себебін білмейім...
Аққан жас аға берсін. Енді басқа сөзге көшейік, болар іс
болып қойыпты. 13 жылдық бірге жасаған тұрмысымызға
11-ші октябрь күні қаяу түсті. Бұған сен де, мен де айыпты
емеспіз ғой дейім. Жалпы тұрмыстың салдарына келіп шық
қан нәрсе ғой. Ендігі сені мен менің ойланатын нәрсеміз: ана
екі баланың тәрбиесі болуы керек. Тілесең саған бай, тілесем
маған қатын табылатынымен балаларға әке-шеше табылмас.
Міне, осы мәселені сен екеуміз бірлесіп шешуіміз керек.
Менің ұсынысым мынау: Жәкетейды (Жәнібекті) бір
жерге әбден орналасып алғаннан кейін, мен қолыма алуым
керек. Қалай қылып болса да, әлеумет тәрбиесін жақсы бе
ретін бір мектепке беруім керек. Азатай (Азат) әлі жас.
Әдебиет – жан нұры
Сондықтан сенің қолыңда, не әйтпесе Әнидің қолында тұруы
керек. Мінеки, менің ұсынысым. Бұған не дейсің? Ойыңды
ашық, анық қылып жаз.
Енді өзге ұсақ-түйек мәселелерге келейік: 1. Үй ішіндегі нәрселер маған өзіңе лайықты дегендерің
ді (әрине киімнен) жіберерсің! 2. Кітаптарды берік жәшікке салып, Тайырдікіне
қоярсың. 3. Қай жаққа барсаң да, маған адресіңді білдіріп, балалар
жайында хат жазып жүрерсің. 4. Балаларға керекті мұқтаж нәрселер болса сұратарсың.
Мен шамам келгенше жіберіп тұрармын. 5. Менің жеке түскен суреттерімді жіберерсің. Онан бас
қа суреттерді жыртарсың... сен екеуміз түскен суреттердің
барлығын өртеп жіберуге кеңес берем. Өйткені ол суреттер
саған қайғыдан басқа еш нәрсе келтірмес. Азатайдың,
Жәкетайдың жеке суреттерін жібер!
Жалпы жолдастық кеңес: қолыңнан келсе оқуың керек,
оқы. Сен әлі жассың. Саған өкпем жоқ, өкпені көтеретін
заман тағы жоқ.
Қай жақта жүрсең де, бақытты болуыңа тілектеспін.
Тағы да сенен өтінетін нәрсе: Жәкетайды (үлкен Ұлы
Отан соғысында өлген Жәнібек Ж.А.) менен жат бауыр
қылуға тырыспассың! Хат жаздырып тұр. Артық жазарлық
сөзім жоқ.
Қош! Біләл. 20.10.32. адрес бұрынғыша.
Фатима!
Мен сендердің хаттарыңды алып, «қосылғандарыңды»
естіп, көңілім орнына түсті. Ілияспен кетпей, басқа біреумен
кетсең қайтер едім. «Бірақ сенің қуанышыңды білдіріп
жазбағаныңа біраз өкпем бар...» Сенің балаларды Семейге
тастап кеткеніңді өзі қайтіп асыраса, сүйтіп асырасын де
ген сөз екен деп түсініп, бүгін Семейге қарай шықтым.
Балаларды алып қайтам. Уақытым тар. Сенен сұрайтын
Жанат Ахмади
өтініш «өлім бар да қаза бар, ақиретке таза бар» деген ғой.
Ана орысша жазылып жіберілген қағазды көшіріп жазып,
қол қойып жібер. Еш жерін өзгертпе. Менің осы сыбағамда
жетер. Олай-пұлай деп толқып, закөн іздеудің жолына түспе.
Сен жаңадан байға тидің, үй ішің бар. Тағы да балаларың
болар... Ілияс та бұрын құр алақан емес қой. Мен өзім қатын
алуды қоям. Сондықтан маған бала керек. Баланы алғаннан
кейін қарекет керек.
Менің басыма кедейшіліктің түскенін мына болып
отырған оқиғадан көріп отырмын. Айыма алатын жалақым
250 сом-ақ. Ол неме жетеді! Алғашқы уақытта балаларды үй
нәрселерін сатып, асырамасам болмайды. Сондықтан киетін
киімнен басқа үй нәрселері менде қалуы керек. Үйдегі азын-
аулақ алтын-күміс секілді асыл заттарды алып кеткен болсаң
қайтаруың керек. Бұл ойды қасыңда отырған Ілияс та жек
көрмес. Егерде өзің келем десең келерсің. Бірақ келгеніңнен
әзірше келмегенің қайырлы болар. Мен барғанша Семей
барып қалсаң, амалсыз жолығып қалармыз. Артық жазар
сөз жоқ. Ілияс әнегүнгі телеграммаға жауапты толық қылып
жазар.
Біләл.13.12.32
Балаларды Алматыға көшіріп алып кетіп қалған болсаң,
онда да барып қайтам.
Әдебиет – жан нұры
БАРЫС ТОН КИГЕН,
БАРЫС ЖҮРЕК – ҚАЛИБЕК ХАКІМ
Өткен жылдардың бірінде (2004 жыл болса керек) «Қазақ
әдебиеті» газетінің бетінде, бала жасынан Шығыс Оңтүстік
Азияны көктеп өтіп айтарлықтай жаһанкез болған, өсе ке
ле Мұстафа Шоқайдың жолын қуған, тағдыры талқыдан
тұратын, Хасен Оралтайдың бір хикаясы жарияланған-
ды. Оқиға барысымен менің есімде мықтап орнап қалғаны
– дөңгелек дүниені дүркіреткен Қалибек хакімнің салт
атпен түскен суреті болатын. «Ат кекілін кескен» демек
ші, айбынды батырдың тақымында кекілі шорт кесілген,
мойны құрықтай, талыс танау, салпы ерін сәйгүлігі. Үс
тіндегі баласын алдырған барыстай ызалы иесімен қоса
күндіз-түні жер кезген қаракер тұлпар да әлденеге қыжылы
бардай, шатынаған шаралы көзінен от шаша, құлағын да
жымқырыңқырап алған. Жаугершіліктегі сенімін ақтап
жүрген бәсіре дүлдүліне мініп, ат үстінде тәкаппар отырған
Қалибек хакімнің асқақ көрінісі көз тартады. Алақандай
оймыш-оймыш теңбілдері бар, ақшұбар барыс терісінен
тон киген құрыш жігерлі қайсар адам, осы сұлбасының
өзімен-ақ, дауылпаздық мінезін байқатып тұр. Өзгеде жоқ,
ерекше тұрпат. Үзеңгінің таралғысын кере, шірей теуіп,
атының басын қақита, тізгінді қымти тежеп, қамшы ұстаған
қолымен бір бүйірін таяна, әлдебір биік тау басына алыстан
көз тігіп айбаттана, құшырлана қараған. (Бұл 1953 жылы
Үндістандағы Кәшмірдің Сұнмарак тауында түсірілген
сурет еді). Өз басын патша орнында білетін жауына қарсы
жаужүрек адамның күміс ер-тұрманы; өмілдірік, жүген,
үзеңгібау, таралғысына дейін күміс үзбелермен айшық
талғаны көрініп тұр. Сондай бес аспап ынсан дәл осынау
жанпида қалпында нені ойлап тұрды екен. Шықшытын
тістеніп, мағыналы көзін ызалы оймен сығырайта, қысың
қырай қадап, айбаттанған барыс жүрек баһадүр жан өзінің
осынау нұсқасымен дүниедегі ешқандай әулиеңізден кем
соғып тұрмағандай. Бұл өзге емес, қазақ саңлағының бір
Жанат Ахмади
бекзаттық, тектілік белгісі еді. Қалибек хакімнің бұл суреті
қаным қазақ дегенге дес береді. Рухыңды жаңғыртып,
жігеріңді жаниды.
Сезімің солғын, қарымсыз пақыр болмасаң, зердеңді сіл
кіп, зейініңді қайрайды. Өмірдің күнделікті күйкі тірлігі
нен шаң басқан момақан көңіліңді өрге тартып, намысыңды
шабақтайды.
Мен газеттен қиып алған осы суретті кімге айтып, кім
ге дәріптерімді білмей жүрдім. Орайы келсе әдемілеп, үл
кейтіңкіреп үйімдегі көрнеу бір орынға көркейтіп сақтау
талабым да жоқ емес-ті. Тек соның сәт-сағаты енді келіп,
қолыма уақытша «Елім-айлап өткен өмір» кітабы түсе қал
ған соң, сыртындағы суретті компьютердің көмегімен ойым
дағыдай шығартып, рамкалап, отбасымыздағы көзге ұрар
ескерткіштің бірі ретінде орнықтырып қойдым. (Тегінде Қа
либек хакім мен Тәкіман батыр туралы менің тарихи роман-
дилогиямның екінші кітабы «Шырғалаңда» біраз орын
берілген болатын).
Жасанған жауға жалаң аттың жалымен, жалаң жасақ
қолымен қарсы тұрған Қалибек хакімнің бұл тұрпаты
оның басынан кешкен нелер қанды оқиғаларға үйлесіп-
ақ тұр. «Батыр» деп, «баһадүр» деп қазақ кімдерді айтып
жүр?.. «Елім-айлап өткен өмір» атты кітапты былай қоя
тұрып, әлгі «Қазақ әдебиеті» бетіндегі бір ғана хикаяның
өзін оқып шыққан кісі оқиғаның қақпанына қабылатыны
даусыз. Гималай тауындағы «Ыс» деп аталатын улы газ...
Кенеттен соның құрбаны болатын қайран ғазиз, жазықсыз
жандар. Әсіресе, өмірге көзін енді ашқан балалар, сәбилер!
Ата қонысынан ауа босқандағы Қалибектей нағыз біртуар
батырларға, оның қасындағы жандарға қанат бітірген ат-
көлік малдардың, жүк артқан түйелердің аяқ астында бақ
етіп өліп жатуы.
Мұздай темір от қарумен бақайшығына дейін жасақтала
құрсанған жаумен қасық қаны қалғанша айқасып, атын
шығарар перзенті бар екен, соған шүкір. Қалибек хакімнің
атын айдай әлемге паш еткен «Елім-айлап өткен өмір» атты
Әдебиет – жан нұры
том-кітап рудың емес, ұлттың намысы десек болады. Бұл
кітаптың оқиғасына енген қазақтар біздің ұлтымыздың
мына жалпақ жаһандағы ең қайсар, ең көнбіс, ең төзімді,
ғажайып жұрт екенін әйгілеген. Адам баласының төзімділігі
деген осыдан артық болмас. Жан бергенше тірескен күрес
атаулы осындай-ақ болар.
Қалибек көшінің Индияға жол тартқан адам төзгісіз
қиямет сапарындағы, Гималай шоқыларындағы улы газдан
(1950 жылы) қаза тапқан отбасылардың күйзелісі жан түр
шіктірерлік. Қалибектің өзі өте жақсы көрген кішкентай
перзенті, Мариямның өлім алдындағы қайғылы көріністері
жаныңызды жаралайды. Жүрегіңізді сыздатып, ет бауы
рыңды езеді. Осының алдында Мариямның ағасы Қапан
ның, әпкелері Шарбанның, Нұржамалдың және кішкене
інісі Іскендірдің улы газдан қасіретті қазаға ұшыраулары
отбасы мүшелерінің жан дүниесін шайлықтырып, жүрегін
ұшырған. Олардың артында бауыр еті қан болып езілген,
Ханымша ана үн-түнсіз, өз ішінен қан қақсап зарлап қалған.
Бірі артынан бірі кетіп отырған перзенттер қазасы ауыр-ақ
еді. Ол аз болғандай солардан кейін, енді тағы мына баласы
жан үзуге айналған Қалибектің жүрегі мүйіз болса да
күйзелтпей қоймаған. Жазықсыз, кінәсіз, арманды өлімге
беттеп бара жатқан қылығы тәтті, сүйкімді бүлдіршіні,
Мариям сол аға-іні, әпкелерінің барлығын іштей еске алып
жатып, әкесіне шерге толы соңғы ақтық арызын айтып:
– Аға! Бізді неге осы жерге әкелдің?! – деп өзіне ғана тән
әлсіз, нәзік наразылығын білдіреді. Өлім қорқынышынан
іш-өзегін жегідей жеген қайғысын арнайды. Әке көңілінде
өмірлік айықпас арман-дерт қалдырады. «Аһ» десе, аузынан
жалын шығарлық өкініш үрей арнаған. Наза мен налаға
толы қасірет арманын өксіткен. Балалық пәк қалпымен
ақырғы рет осылайша жалынышты мүсәпірлікпен тіл қат
уы – қайран әкенің көзіне еріксіз ыстық жас келтірген.
«Қасыйын десең қан шығып, қасымайын десең жан шы
ғатын» кереғар іс өткен. Осынша бала-шағасын құрбан еткен
Қалибек бұл әрекетті кім үшін, қандай жағдайда істеді.
Ойлап көріңіз. Бүгінгі қарын тоқ, уайым жоқ заманда,
Жанат Ахмади
мамырайхан-маңғаз заманда біз жырлап отырған бұл ақуал
тек айтуға ғана жеңіл. Жоғарыдағы суретке көп тоқталып,
көп қадала айтып отырғанымыз, соншалық ауыр азаптың
Қалибек тұлғасындағы қорытындысындай еді. Қалибектей
адамның алмас қылыштай өткір тұрпатының тартымы еді.
«Елім-айлап өткен өмір» кітабында оқиға 1933 жылы
Тарбағатайдың Майлы-Жайыр тауында дүниеге келген,
Хасен Оралтайдың әкесі Қалибек хакім 1935 жылы Манас-
Сауан өңіріндегі аты әйгілі Қызылөзен деген жерге көшіп
барып, тұрақтаған тұстан қозғалады. (Қалибек батыр Тар
бағатайдан да аз ұлтты езуші гоминдан үкіметіне жақпай
ауып келген). Арада оншақты жыл өтіп, 1944 жылдың
күзінде гоминданның езгісіне қарсы, Іле-Құлжада ағайынды
Әкбар-Сейіт батырлар бастаған ұлт-азаттық көтеріліс бұрқ
ете түседі. Бұған дейінгі аралықта 1938–1939 жылдардан
бастап Алтай аймағында Ырысқан Ноғайбайұлы, Есімхан
Иманбайұлы, Ақтеке, Сүлеймен мергендер бастаған көте
рілісті ары қарай Оспан батыр жалғастырып, Шығыс Түр
кістандағы гоминдан үкіметінің төбесінен жәй түскендей.
(Алтай көтерілісі әйгілі жазушы Жақсылық Сәмитұлы
ның «Сергелдең» эпопеясында өте көркем, әрі тарихи нақты
деректер желісімен суреттелген).
Аталған 1944 жылғы Іле көтерілісінің әсері 1945 жыл
дың көктемінде Қалибек үкірдай басқарып отырған Манас-
Сауан ауданының Қызылөзен өңіріне ұласқан. Бұл жердегі
елден тыныштық кете бастайды. Сол көктемде 12 жасқа кел
ген Хасен Оралтайдың, яғни Қалибек хакімнің отбасында
қиянкескі тағдыр тауқыметі басталады. Басына күн туған
Қалибек өзінің қарауындағы елімен Қызылөзен яки «Қа
либектің дөң жайлауы» атанған мекеннен ауа көшіп, Көклік
деген тауға, одан босқындарға Тибетке қарай жол ашып
беретін, Қарашәрі аймағына, одан Такламакан шөлін көктей
өтіп, арғы жағы Гаскөл, Гималай тауы арқылы қияметтің
қыл көпірін басып жүріп, Тибетке, одан Үндістанға жетеді.
Қалибек елінің әр түрлі себеппен жолда өлгеннен қалған, тірі
жұрнағы пәкістандатып жүріп, арғы түбіміз бір – Түркияға
жетіп ілінеді.
Әдебиет – жан нұры
Қалибектің өкініші де өз елінің біразын шығынға ұшы
ратып алуы еді. Бұл жағдай Жақсылық Сәмитұлы жазып
отырған Ақтеке, Есімхан, Ырысқандардың көтерілісінде
және Шәміс Құмардың «Бөке батыр», «Көз жасы сар
қылмайды» романдарында да осылай болған.
Қаһарман Қалибек хакім етектеп жиып, ел еткісі келген
сол жұрттың ұрпағы қазір Түркияда, Германияда жасап жа
тыр. «Бесіктегі баланың бек боларын кім білсін» дегендей,
жер кезіп босқан елмен Түркияға бірге келген Хасен бала еді.
«Азаттық радиосы» қазақ бөлімінің негізін қалаған да, сол
Хасен Оралтай десек артық болмайды.
Тегінде, осы Керей деген елдің арғы-бергі жазба тарихына
қарап отырсаңыз, қай-қай заманда да, басынан қызыл қыр
ғын кетпеген ел екені білінеді. Тарихи деректерге сүйенген,
Шыңжан Жазушылар одағын басқарып отырған, көрнекті
жазушы Шәміс Құмардың шығармашылығын алып қара
саңыз да солай. Тарихи романдары «Бөке батыр», «Көз
жасы сарқылмайды» атты кітаптарында, осы мына Қалибек
хакімнің елі босып өткен жерлерге мұнан бұрын тағы бір
дүркін өз елін бастап, Бөке батырдың да табаны тиген.
Манас Сауаннан шыққан қос батыр, Қалибек хакім мен
Тәкіман өз елдері үшін күресте құс ұшпас, құлан жортпас
таулардың мәңгі мұзарт заңғарларында табан жолдарына
киіз төсеп; үзік-туырлық, текемет-сырмақтарының бір бе
тін сулап, соны мұз тауларға біртін-біртін қатыра отырып,
қияметтің қыл көпіріндей мимырт, қиын жол кешкен.
Мұзарттарға тіреліп, қарсы алдыдағы керме тастарға маңдай
тіреп, тоқтап қалған жерлерде ат-көліктерінің белінен арқан
байлап, өздері ер, әйел демей, үстіңгі жағынан жабылып,
тартып шығарып отырған. Шығара алмағандарын құз, арт
қан мүлік-мүкәмал жүгімен шатқалға жіберген.
Әйел демекші, қазақ әйелдері сонау жоңғар заманынан
бергі жаугершіліктің қай-қайсысында да ерлері жаумен
айқасып жатқанда, мына жақта үйін жығып, жүгін артып,
дем арада дұшпанына көшкен жұрттарын сипатып кетіп
отырған. Қалибек хакіманның соғысында да осы әйелдер
Жанат Ахмади
бала-шаға қасында, еркектер жоқтығын білдірмей, мен-
мен деген азамат істер істі қылаусыз атқарған. Қалибек
көшінде де бір шеті жаудан қырылып жатса, бір жағынан
табиғат апатына ұшырап, қақаған қыста Гималай тауының
улы газының ысынан өліп жатқан ұл-қыздарына қарай
алмай, тіпті өлікті жерлей алмай көлікке артып, көшті алға
жылжытқан. Тибет үстіртіне жақындағанда, соңынан жау
қуалап атқылағанда адамды былай қойып, көп жылдан
бергі жаугершілікте жүк артар көліктің басы болып келген,
құтты жануар, ақбас атан үстіндегі жүгімен сазға батып
қалып, Ханымша Ана жылаған тұста да, оқырман жаны
құлазып кетеді. Дәл өзіңнің шаңырағың қирап, сүйікті жеке
көлік атаның оққа ұшқандай боласың. Көш адамдарының
көрмегені қалмайды. Адам баласына осыдан артық, мұнан
асқан жапа бола ма?
Қалибек хакімді осыған жеткізген қара басының қамы
ма еді? Жоқ, ұлт намысы еді. Елдің ертеңі еді. Айналасына
деген әкелік борыш, парызы еді. Соның бар азабына қасқая
қарсы тұрып бас тіккен, Қалибек хакімдей қаһарман ердің
қайталанбас, болаттай берік серттілігі еді. Соның мына
ХХ–ХХІ ғасырларға ұласып, бүкіл Азия-Еуропаны жалт
қаратқан нәтиженің басы еді. Тіпті, мынау жұмыр жердің
сонау екінші қабатындағы асқақ әлем – Әмерикаға үні жетіп,
азуын айға білеген Кеңес өкіметін құлатуға күш қосқан
әкелі-балалы, Қалибек хакім мен Хасен Оралтайдың ұлтқа
деген қайталанбас мұрагерлік еңбегі, адал төккен маңдай
тері еді. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деген осы
еді.
Мейірің қанша тас болса да, кітапты оқып отырып,
әке мен бала ортасындағы бір сәттік көрініске бажайлап
қарасаңыз, адам жанын ауыртып, көзіңе жас келтірерлік
жағдай ұшырасады. Ол былай.
Қызылөзеннен шыққан босқын көш; Көклікке, одан оң
түстік Шыңжандағы ұйғырдың Қарашәрі аймағына, Так
ламакан тандыр өлкесіне, Гаскөлге, Гималай тауына жеткен
де жоғарыда аталған улы газдан көш жөнекей мал-жан, адам
қырыла бастайды.
Әдебиет – жан нұры
Арты жау, алды апат, анық қиын кезең еді. Сондай
жағдайға кіріптар болып кездескен, Қалибек хакім өзі де
өкінішке қалғандай еді. Жұрттың обалына қалдым ба?
– деген сондай өкінішті сәтте, өз соңынан ілескен елге
«қаламын десеңдер қалыңдар» деген шынайы тілегін осы
кезде білдіреді. Әсіресе, алдыңғы жақта көпе-көрнеу ажалға
кіріптар еткен жағдайды көре тұрып, шынымен қайтқысы
келген бір бөлім жұртқа ықтияр беріп, ақ тілек тілеп, жолға
салады. Осындағы ең ғажабы, өзінің бірден-бір арқа сүйер,
қиын жолында көңіліне тірек көрген, 16 жасар сенімді
баласы Хасен Оралтайға да осы ерікті беріп: «балам, қа
ламын десең, сенің де қалуыңа рұқсат қылайын, жассың
ғой, Қытай сені кешірер» деп тығырыққа тіреледі. Бұл сөзге
мүлде қосыла алмайтын сүйікті перзенті: «әке, мен сен
өлген жерде бірге өлемін!» дейді... оқырманның кеңсірігі
қақ айырылардай дуылдап кетеді. Оларға жеңіл болған
ба?! Екеуінің де жүйесі босап, ішінен егіле, мүжілетін анық
бір шерлі сәт осы болған. Бұл – әке мен бала ортасындағы
шексіз трагедиялық қайғы сағаттардың куәсі еді. Өмірдегі
– әке, бала ортасындағы өлмес, өшпес классикалық қарым-
қатынас деп осыны айтуға болар еді.
Қалибек хакімнің туған інісі Ілияс қытай құрсауында
қалып, ал өзінен үлкен ағасы Әділбек жолда – Такламакан
шөлінде адасып өліп, Қалибектің бір басына жалпақ жаһан
құлап түскендей жалғыздық көрген кезі еді. «Жүрек іштен
жыласа, ақыл іштен жұбатады» деген күн туған.
Осындай тұста «жығылғанға жұдырық» болып әрі күйеу,
әрі жылқышысы мен тағы бір ертеден сенім артқан қуаяқ
екеуі опасыздық көрсетеді. Қалибек ол екеуін жылқыға
жұмсап, баласы Хасенді қосып беріп, өзінің ең сенімді се
рік атын ертоқымымен соларға жетелетіп, «шылбырынан
ұстап оттатыңдар, егер жау сыбысы біліне қалса, өзіме тез
жеткізіңдер» деп береді ғой... Ана екеуі сілелеп шаршап
жүрген, Хасен балаға «сен екі-үш күннен бері ұйықтаған
жоқсың, біраз көзіңнің шырымын ал», деп тізеден келетін
омбы қарды тепкілеп, астаушылап, қуыс орын шығарып
Жанат Ахмади
беріп, қалың киінген баланы қамқорсып жатқызады. Ха
сен әрине, жамбасы жерге тиісімен қалың қар мамықтай
көрініп, қатып ұйықтап қалады… Соны күткен ана екеуі
жақсы аттарды таңдап мініп, зытып отырады. Қалибекке
жасаған бір қайырымы, оның ерттеулі атын бір жерге байлап
кетіпті. Тек бөктеріншегіндегі қоржыны толы қазы-шұжық
тәрізді жаугершілік тамағын шешіп әкетеді. Күні бұрын
жағдай келген жерде, пісіріп дайындап алған осындай
құрғақ тағам болмаса, ақ қар, көк мұзда ас әзірлеп алу да
оңай емес-ті.
Тамақтан бұрын ең қиын болғаны, Қалибек хакімнің
сонау Қызылөзеннен бері мұнан былай Тибет, Үндістанға
жол көрсететін гео-картасы қоржынында екен, соның кет
кеніне қатты күйінген Қалибек «иттерді ұстап әкеліңдер,
карта керек» деп, соңдарынан қуғын жібереді. Бірақ жыл
қыдан жақсы аттарды таңдап мінген қашқындар қарасын
көрсетпей құтылып кетеді.
Міне, осы сапарда Қалибек хакім мен бәйбішесі, Ханым
шаның 8 перзентінен Түркияға аман жеткені Хасен Оралтай
мен оның інісі Біләл Хакім ғана болады.
800 беттік кітаптың қай бетін ашып оқысаңыз да, Хасен
Оралтайдың өмірлік жиған-тергенін көріп, білгенін дәл өз
басыңнан өткендей қанық түрде жүрекке түйесің. Кітап
оқиғасы сізге етене кірігіп кетеді. Тағы бір сөзбен айт
қанда, бұл ұзақ хикаяны өзіңнің әлдебір қандас, қимас жа
қындарыңның басынан өткен оқиғадай қабылдайсың. Бұл
кітап мен қазақпын деген адамның барлығына да жат емес,
қайта, әрбір қандас, бауырлас дос-жаранның төрінде тұрса
қаныңды қозғап, намысыңды тасытарлық рухани қазынаң
бола алатыны сөзсіз дер едім.
ХІ бөлімге жіктелген томның қай тақырыбына көз сал
саңыз да, соқпағынан адастырмай жетелеп тартып отырды.
Ой әлеміңді шырмап алады.
Сөз басында айтылғанындай, «Елім-айлап өткен өмір»
кітабын дүниеге келтірген және көп жыл «Азаттық» ра
диосының қазақ бөлімін басқарып, демократияға күш салған
Әдебиет – жан нұры
Хасен Оралтай қазақ халқының «елім» деп өткен, кешегі
Мұстафа Шоқайлары тәрізді саңлақтарының бүгінгі көзі,
ізбасарының бірі десе болғандай.
Осының барлығын қысқа түйіп айтқанда, бұл кітап туған
жерінен ауа көшіп, шілдей тозып босқан қазақтың рухани
жетімдігінің энциклопедиясы десе боларлық. Тек осындай
мұраларға иелік етерлік Егеменді еліміздің қорымал мұ
рагерлері болғайда.
Президентіміздің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еуро-
Азия мәселесін нығайтып, әсіресе айналамыздағы туыстас,
қандас, діндес елдерді бірлік-ынтымаққа шақырып отырған
болса, «Елім-айлап өткен өмір» хикметінің де көздеп
отырғаны сол ғаламдық мәселенің өзі емес пе? Өйткені,
бұл кітап Шығыс Еуропа мен Орта Азия көлемінде бүгінгі
демократияның орнауына жеткізген мәселенің егжей-тег
жейіне арналып отыр. ТМД елдерінің Тәуелсіздік алуына
«Азаттық» радиосының қазақ бөлімін ұзақ жыл басқарып,
кеңестік-тоталитарлық түзімнің жер бетінен жойылуында,
Хасен Оралтайдың еңбегі аз болмағаны зиялы қауымның
бәріне де мәлім. Олай болса, бұл кітаптың бүгінгі қазақ
қоғамында алатын орны да ерекше екенін айтуымыз керек.
Мұндай істі мыңның бірі, тіпті миллионның бірі атқарып
жатқан жоқ.
Атамыз қазақтың «мыңның қамын бір ойлар, бірдің
қамын кім ойлар» немесе «мың адам жей алмаған қамыңды
бір адам жейді» деген тәмсіліне жүгінсек, бір өңірден
сыпырыла ауған қазақтың заманы қинаған кезін, кәмүністік
зұлмат табанына таптаған қанды кезеңін автор қапысыз
еңбектеніп айтып бере алған. Әрі оны бүгінгі ғаламдық
толғақты мәселемен табиғи түрде ұштастырған.
Кітаптың 323-бетінде Американың бұрынғы президенті
Билл Клинтонның Хасен Оралтайға жазған мына хатынан
біраз нәрсені аңғаруға болады.
«Ақ үй, Вашингтон, Хасен Оралтай мырза, «Азат Еуропа
– «Азаттық» радиосы, Мюнхен-Германияға».
Жанат Ахмади
Қадірлі Хасен: «Азат Еуропа» мен «Азаттық» радиосы
ның қызметкері ретінде атқарған қызметіңіз үшін, қа
йырымды бір ел атынан рақмет айтамын. «Азат Еуропа» мен
«Азаттық» радиолары Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес
Одағында демократиялық күштердің дамуында шешуші рөл
атқарды және сіз оның мақсатына жету ісіне түрлі жақтан
құнды үлес қостыңыз... Сіздің адал қызметіңіз бен азаттық
жолына шынайы беріліп қызмет істеуіңіз қол жеткізген
жағдайды әлем алдағы жылдар бойы есте сақтайды.
Тамаша істеріңіз үшін рақмет. Шынайы адалдықпен»
Билл Клинтон
* * *
...Бір кезде сонау Майлы-Жайыр деген тауда ағаш кереге,
киіз туырлықты көшпенді қазақ отбасында іңгәлап дүниеге
келіп, аттың жалы, атанның қомында өскен қандасымыз,
Хасекеңнің ХХ ғасырдың соңы, ХХІ ғасырдың басында тү
йісіп жатқан қыруар қызметінің шырқау шегі өмірде емес,
қиял болжамындай бір әрекет болып елестейді. Данышпан
қазақ «қараша үйде туған баланың хан алдынан шықпасын
кім білсін» дегенде, осындай өрлік пен осындай өрелілікті
айтқан болар. Немесе «лашықта да кемеңгер туады» деген
болса, лашық емес, Қалибек үкірдайдың ақбоз ордасында
туып, сол қайсар әкенің жысмани және рухи дүниесінен,
яғни соның асау қанынан жаралған, Хасен Оралтай шең
геліндегі жемін ешкімге жеткізбейтін ежелгі ор-теңбелдігін
сақтаған.
Әдебиет – жан нұры
ӘКІМДІКТЕН ӘДІЛДІК АРТЫҚ
«Зомбылық есіктен кірсе, әділдік шаңырақтан шығады»
деген нақыл бар. Солай болғанмен, мынау аспан-жердің
арасы әділдік дүниесі. Аптығып келетін ашудан аяңдап
басатын ақыл озатыны сияқты, жалаң қылыш асынған оз
бырлықтан, жайбасар әділдік қалыса қоймаса керек...
...Азаттық радиосы тілшілерінің Прагадағысы бар, Ас
тана және Алматыдағысы бар, айналасы оншақты адам
барша әлемді тұтқасынан ұстап, зыр айналдырып тұрғандай
сезіледі. Бір аңыздың айтуынша, хазіреті Ғали «дүниенің
тұтқасы көзіме көрінсе, содан ұстап шыр айналдырар едім»
деген көрінеді. Ал бүгінгі мына атом ғасырында, компьютер-
интернет заманында бүкілдүниенің саяси тұтқасын қолына
алып, қалаған кезінде сілкілеп отыратын Хасен Оралтай
жолға қойып кеткен «Азаттық радиосы» қазақ бөлімінің күш-
қуаты қандай? Әсіресе үстіміздегі мына бір күрделі ғасырда
адам баласы әділдікке зәру кезде жер жүзіндегі алпауыт
мемлекеттердегі үкімет атаулының жүрегіндегісі тілінде
емес тәрізді. Өркениетті деген елдердің қай-қайсысында да
етегіне намаз оқып, боз биенің сүтіне шомылып отырған
мінсіз басшы бар ма екен.
Міне, осындай кезеңде дүниедегі ізгі ниетті адамзат бала
сы үшін аты аяулы «Азаттық радиосындай» Құдайға қара
ған рухани бір бекеттің болғанына мың мәрте, шүкіршілік
етесіз. Азаттық радиосы қарапайым халықтың рухани
қазығы. «Масқараның баспанасы жоқ» демекші, масқара
атаулының пердесін жұлып тастап, оны абыройсыз қалпын
да жалаңаш қалдыратын құдірет осы – Азаттық радиосы.
Прагада алты-жеті қазақ басқарып отырған Азаттық
радиосы туған халқының оның ішінде, жәбірлілердің жан
сусынына айналған. Мына ғасырда кім көп? – бетіне келер
ұятты өзі біліп жумайтын көп. Кім көп – айдай ажарын иттей
нәпсісімен тоздыратын шенеуніктер көп. «Аспандағы құсты
ұятқа қалдыратын жердегі жем» дегендей, тойғанша жеп,
өлгенше қарғанатын пысықтар жүр. Сол, олжа үшін орға
құлап өлетін озбырларды да, қағынғанға қанжар ұстататын
Жанат Ахмади
қансыздарды да, беті-жүзіне қарамай тезге салып отыратын
жер бетінің «Мизам таразысы» – Азаттық радиосы.
Қазақ «парақор мен жалақорды байытсақ, қағынғанға
қанжар ұстатады» дегенді босқа айтпаған.
Оның үстіне Қазақстанның күні кешегі әлемнің көзін
қызартқан ұшан-теңіз байлығы дұрыс басқарылмағандық
тан жұмыссыздық көбейді.
Ақырында «жаннан безген немеден жазығы жоқ көз
шығады» болып үй тонап, кісі өлтіруші шықты. Қарақшы
кезеңде тосып, ойпаңда тонайтыны сияқты, ақшасы бар үйді
күндіз торып, түнде тонайтындар шықты. Оны қойып, тал
түсте шабуылдайтын өлермендер пайда болды.
«Ебін тапқан есерге ердің құны түк емес, атады да ке
теді» дейтіннің кері келді.
...Ал ешкімнен кегіңді алып бермесе де «ағайынның
жоғын бірге қарас, табылса өзіне жақсы, табылмаса көңіліне
жақсы» дегендей, құлағыңның құрышын қандыратын құ
дірет те Азаттық радиосы!
Сонау Прагадан Ардақ Нұрғалидың арқыраған үні шық
қанда елең ете қаласың. (Жазушы Смағұл Елубайдан өзгесі
таныс емес)
Ардақ Нұрғали гүр етіп бастап бергеннен кейін, артынша
алма-кезек ауысып, кейде Әбдіғани Жиенбайдың сары май
дан қылшық суырғандай қылаусыз, тұнық үні, Мейірхат
Шәріпжанның күміс қоңыраудай сыңғырлаған, құлақ
қа жағымды, лебізі естілсе, іле-шала шыққан Досан Бай
молданың қорғасындай салмақты, сертті дауысы таразы
ның басын еңсеріп түседі. Аздан соң автовокзал-аэровокзал
бекеттерінің хабаршысындай мәнерлі жұмсақ үнімен Сма
ғұл Елубай сыңсытады. Ол өзінің өмірдегі биязылығындай
өз хабарына да сонша ықыласты. Бірақ оның жұмсақ үні
исең иіле беретін, жіберсең қайта орнына келетін болат
пружинадай (серіппедей), барынша беріктігінің де айғағы.
Ендігі бір кереметті Едіге Мағауин мен Нұрлытай Үр
кімбайдан көресіз... «Құ-р-мет-ті..» деп ғажап ынталы,
елде жоқ бапты дауыспен бастайтын Едіге аузыңызға нан
Әдебиет – жан нұры
шайнап салғандай, яғни медресе түлектеріне діннен сабақ
өтіп тұрған аса бір құлықты ұстаздай, әр сөзін мақамды
үнімен жеке-жеке шегелеп айтады. Құлағыңызға құйып,
зердеңе бекіте, «үшкіріп», дуалап отырғандай болады.
Ал Нұрлытай Үркімбайдың жөні тіпті басқа. Өзін көрме
ген біз сияқты танымайтын адамға да «қазағымның қызда
рынан айналайын-ай» дегізерлік, бал тамған тәтті әуезінен
оған деген жүрегіңізге құрмет толып кетеді. Барқыттай
жұмсақ, қоңырқай үнінен әлдебір аяулы туысыңдай жа
қындық сезесің. Іштей ілтипат көрсетіп, ақ уыздай алғыс
арнап отырасың. Ат жетпес алыстан тілектес болып, осы
адам сол орыннан кетіп қалмаса екен дегендей бір ізетті, таза
сезіммен сүйінесің. Оның тіліне оралатын «р» дыбысының
өзі қандай көркем естіледі. Айналасындағы айдарынан жел
ескен, санаулы ғана азаматтармен қатар амандық тілейсің.
Осындағылардың барлығына да алтындай ардақтыларым –
сендер сау-саламат болыңдаршы – дегің келеді.
Прагадағы осы бір алтын айдарлы бауырларымызға зер
сала қарап отырып, өзіңнің қазақ болып жаралғаныңа тағы
бір рет шүкіршілікпен риза боласың. Соны мақтанышпен
есіңе аласың. Бала кезімізден кейін көп естілмей, арманда
етіп жүрген «Қайрақбай» күйі Нұрлытай хабарының алды-
артын орап, жүрегіңнің басынан бал тамызғандай рақат
хал кешесің. Бір сәтке тіл жетпес тәтті де, мұңды сезімге
құлақкесті құл боласың. Әлгі күй құдіретімен қайдағы-
жайдағың қозғалып, ширығасың. Шоп-шолақ күй біте бере
кеудең бұлқынған асау сезімге толып, аласұрып отырып
қаласың.
Ет жүрегіңді езіп, жан қауызыңды шерге толтыратын
тәтті күй жаңа ғана жайбарақат отырған қалпыңды түбірі
нен өзгертіп, тынышыңды алып кетеді.
Алматыдағы – тұнық үнінен күміс сыңғыр естілетін
Үкіләй Бестәй, Астанадағы қылпыған, өткір Сағат Батыр
хан, мәнері әсем де нәзік Әселім Қалкен және қадалған жер
лерінің тіл-көмекейін суырып алатын, бірінен бірі өткен
Сұлтанхан Аққұлы, Ержан Қарабек, Төлеу Тұрарлардың
Жанат Ахмади
қай-қайсысы болсын, тілдері у мен зәр. Халқы үшін аяп
қалары жоқ. Олар туған халқының, оның ішіндегі қара
пайым көпшіліктің жүрегіндегі маяк-жұлдызы дегіміз ке
леді. Тұрар Төлеу сағыздай соза, сірестіре сөйлеген байыпты
үнімен алғаш келіп қосылған тұста-ақ, өз басымды елең
еткізген. Алғашқы хабарларының бірінде Қарағанды ме
шітінің ашылуына байланысты жасаған хабарының өзі-ақ,
естір құлақ болса уағыздаушының кім екенін ұқтырғандай
еді. Саспай, ықпай, әр сөзін қамырдай илеп отырып, ны
санасына алған пақырларды ұрмай-соқпай жүндеп, түтіп
жеп қояды! Ұрыспай-керіспей, дауыс көтермей «ағайын
шылап» отырып-ақ дымын құртады.
Ал «алмас қанжарды жұмсақ қайраққа қайрайды» де
гендей, қарсыласып ешкім жеңбес, қайта өршіте түсетін
бір қайсар қайрат иесі тағы бар. Алматыдан асқақ дауысы
күндей күркіреп шығатын Батырхан Дәрімбет отырған
бекет, оның қырына ілінген чиновниктерге айдаһардың
үңгіріндей елестейтін шығар. Атына сай, заты бар Батекең
«бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген, нағыз ерлер
табандап тұратын қағиданы берік ұстайтын бірден-бір тұлға.
Бекеттің жетекшісі Саясат Бейісбай өзінің жеке сая
сатында да шеберлік танытады. «Арыстандай күшің болса,
түлкідей ісің болсын» дейтін тұжырымға айналсоқтап, аял
дап өтеді. Қайдағы бір адам таппайтын қанжардай қайрал
ған өткір мәселелерді көздеген жеріне өзгенің аузымен
апарады. Қозданып тұрған сексеуіл шоғын өзгенің қолымен
көсетеді. Әрине, ол тек Азаттық радиосының ғана емес, қо
ғамдық баспасөз ақпаратының атап айтқанда, аға газеттің
бір шетінде жүргендіктен де, «заманға бақпай – ер оңбайды»
деген бұлжымас қағидаға бойсынады.
«Кедейді ұрмай-соқпай, көйлегін жырт» дегендей, сы
пайылап отырып-ақ шаңын қағады. Ал, Ержан мен Сұл
танханның екпіндері қатты. Тегеуірінді. Кешегі компартия
бюросындағы райком секретарлары тәрізді.
Прагадағылар болса, біруақ Қазақстандағыдай бой жа
зып, шүйіркелесетін емін-еркін қазақ таппайтын шығар деп
те, аяныш сезімде жүресің.
Әдебиет – жан нұры
Алматыда жаңадан қосылған Амангелді Кеңшілік пен
Алма Серікқали күнделікті баспасөз ақпаратының толғақты
хабарларына қолы жете бермейтін, жұртшылықтың құла
ғына құлақ, көзіне шырақ, бірегей қолғанатына айналды.
Алма Серікқалидың өзіне ғана тән серпінмен қадалып
сөйлейтіндігі сонша, ежелгі ауылдағы айналасын шырқ
иіретін өткір әжелердің біріндей баптап, тыңдаушысын ерік
сіз үйіріп алады.
Қорыта келгенде, атамыз қазақтың «қазының өмірі өз
генікі, өлімі өзінікі» дегеніндей, таңғы жарық үркердей – жер
бетінің шоқ жұлдызы болып отырған Азаттық радиосының
қазылы қауымы, Сіздер ізгіліктің тірегісіздер.
Тек қана Тәуелсіздік алған, өз ұлтынан алғаш рет пре
зидент сайлаған Егеменді еліміздегі жақсылық жақтарды
да бүркемей саралап, бірыңғай көлеңкелі беттерді ғана сөз
етпей, жас ұрпақтың қоғамға деген сүйіспеншілігін де арт
тырып отыруларыңызды сұраймыз.
Жанат Ахмади
ӘРІ АҚЫН, ӘРІ ЖАЗУШЫ ЕДІ
Ермұрат Зейіпханның «Сыбызғы сарыны» аталатын кі
табы «Оралман» баспасынан 1999 жылы жарық көрген.
Әдебиетімізге ала бағанның арғы жағындағы шығыс елінен
келіп қосылған жас жазушының бұл еңбегін алғашқылар
қатарында зер сала сүзіп шыққан оқырманының бірі бол
дық. Бірақ жақсы жинақ, жаңа автор жайлы басылымдар
бетінде лебіз білдіруге кеш қамданып отырмыз. «Талантқа
дер кезінде берілген көмек керемет» деп адамзат ұлылары
босқа айтпаған. Әсіресе, әдебиет пен өнерге қосылған әрбір
жас дарынды көңіл үшін жай ғана сүйемелдеу аздық етеді.
Өнерлі кауымға жетуді арман етіп, жүрек лүпілімен арын
дап келіп қосылған бұла көңіл жас таланттарды өз лайы
ғынша жұртқа таныту – қолына қалам ұстаған баршаның
борышы. Қол мейірбандығы ниетте болса, тіл мейірбандығы
жүректе. Өйткені, қызыл тіл – жанның мияты, рухани дү
ниеміздің қуаты.
«Сыбызғы сарыны» екі хикаят пен әңгімелерден тұрады.
Шығыс елінің өзінде қалам қуаттары бекіп, іштей пісіп-
жетіліп келген тағы біраз «Ермұраттар» мәселен: Тұрсынхан
Зәкен, Жәди Дүкен Мәсімхан, Керім Елеместер тәрізді
таланттар үшін осындай бір «Оралман» атты баспа қажет
екенін өзі ақын Алмас Ахметбек жақсы білген.
Ермұраттың шығармашылығы жайлы сөз етудің алдын
да, оның шыққан тегі жөнінде азырақ ой қоса кеткеніміз
артық болмас.
1947 жылғы санақта 24 болыс Қызай (әр болыста мың
түтіннен) делінген елдің күні кешегі көшпелі кезінде (1949
жылға шейін) «Сасан ауылы» дейтін сөз екені бірінің ау
зында ұшырасары мәлім. Олай болатыны өсіп-өнген бүкіл
Қызай елінің маңдай алды салтанатты байы саналатын сол
Сасан ауылы болса, Ермұрат осы Сасан ауылының бүгінге
жеткен тікелей ұрпағының бірі, нәсіл-әулетінің бел бала
сы. Халық өз кезінде «Қызайдың жапсар тасқа ұя салған,
жасыл-қара қыраны» дескен. Міне, сол атаққа орай туысылы
Әдебиет – жан нұры
ешкімнен кенде емес. Ермұрат ата-қазақтың ту тіккен жері
не сәтімен оралып отыр. Және «өзінде қасиет жоқ бола тұра,
ата даңқымен бұлданатын» Ермұрат емес. Шындап іздейтін
болсақ, не колындағы редакторлық және басқадай билігі-
мен, не әлдеқалай оқ өтпестей етіп оранып алған бедел-то
нымен ұшырайтындар табыла жатар. Ал Ермұрат Алматы
ға, алдымен әншілігімен және сазгерлігімен танылған еді.
Сөйтсек, оның тағы бір қыры жазушылығында жатыр екен.
Жалпы, әр жерге бір ұрынбай, қадірі жетер жерге ғана қадам
басып, өз бойын өзі үкідей қызғанып жүретін Ермұратты
еңбегіне ғана сенген, ұстамды қаламгер деуге болады.
Жалпы, «білгірлер өзін білдіруге кұштар емес» дейтін
қағида қалыптасқан, ол шын. «Шыбыш желіндеуді білмей,
лақтауды біледі» демекші, жазушылыққа әлі дайындығы
жоқ, біраз жас авторлар екі ауыз сөздің басын құрағаны
үшін ысқырығы жер жарып жүреді. Желіндемей лақтаудың
тұрған азабымен санаспайды.
* * *
Автордың «Мен оны өлтірдім» (22-бет) әңгімесі Алма
тыдағы бүгінгі жанды оқиғалардан ойып алынған шығарма
деуге болады. Қазақ қауымының басына түсіп отырған жұ
мыссыздық, жоқшылық зардабынан теріс жолға түскен
Алау мен Мейірбек тағдыры арқылы қаламгер жақсы адам
дардың да амалсыздықтан бұзылатындығын паш етті. Олар
дың қылықтарына қарап, былайғы жұрт қанқұйлы, бұзық
санағанымен автор солардың өзіне гуманистік тұрғыда іш
тарта, қимай отырып жазады. Мысалы, ұрлық жолына
түсемін деп оққа ұшқан Мейірбек Нәзік деген қызды на
ғыз жүректі жастың асыл сезімімен сүйген-ді. Бірақ бай
лығына мастанған дәулетмасы қыз әкесі жетімханада өс
кен Мейірбекке қызын бермей, тіпті оның басына қауіп
туғыза жаздайды. Екі жасты бір-бірін қайта көрмейтіндей
күйге жеткізеді. Мынау өмірдегі ең қымбатынан айрылып,
біржола тауы шағылған Мейірбек, автор сөзімен айтқанда,
Жанат Ахмади
орта мектепті алтын медальмен тәмамдаған ақылды, зерек
бала еді» дейді. Сәтсіздік туар тұста: «Бақыттарының тым
келтелігіне көрінді ме, бірден ашық-машық күй кешті,
Екеуі де соңғы курста оқитын. Махаббатқа мастанғандарға
таптырмайтын жаннат жай – Алматы екеуін еркелетті-
ай дейсің». Міне, осындай күндердің бірінде Нәзік үш күн
бойы көзден таса боп жоғалып кеткен. Ірі саудагер қыз әкесі
қасына кісі ала келіп, жатақханада отырған Мейірбекті
алдыларына салып айдап шығып, мерседеспен әкетіп, екі
жастың арасын үзетіні осы кез. Ендігі өмірінің мәні бір
тиын болған жігіт қолды бір-ақ сілтеп, араққа үйір болған.
Ермұраттың мұндай әңгімелерін тек оқып, тұшыну керек.
Мақала көлеміне орай там-тұмдап қана қорытатын болсақ,
Мейірбек оққа ұшқаннан кейін, енді қайда барып, қайда
жүргені бәрібір болған соң, Алау ақылының ақауы бар бір
әйелмен бірге соның бөлмесіне барып, әйтеуір қонып шы
ғу үшін іргесіне жата кетеді. Бірақ әлдеқалай қызынан
айрылып, күйікпен жынданған әйел таң ата Алауды өз қызын
өлтірген адам екен деп ойлап жатқан жерінде, көкірегінен
пышақ қадап өлтіреді. Қызының ырзашылығын тілеп, «Мен
оны өлтірдім», – дейді әйел. Қарап отырсаңыз, өз басынан
әр түрлі ой азабын кешіп, көп қиындықтар өткен автор бұл
шығармасы арқылы қоғамдағы ретсіздіктің бетін аямай
ашады. Әңгіме оқыс оқиғасымен бірден тартып әкетеді.
Қалай аяқтағаныңды білмей қаласың.
Сол сияқты «Көне қорым» (3-бет) әңгімесінде, киелі ту
ған жердегі ата-баба бейітінің түсініксіз құпиясы сурет
теледі. Кешке қарай бір трактормен кезектесіп жер жыр
туға шыққан екі жігіт – Әлдибек пен Айдар түн ішінде
көздеріне көрініп, жұмыс істеуге мүмкіндік бермей қойған
елестен қорқып, амалсыз үйлеріне қайтады. Автор сол күні
жыртылатын жерді былай суреттейді: «Бүгінгі кезек қорым
жақтағы алаңқай еді. Алыпқашты әңгіменің, аңыздың ұйы
ғы еді бұл жер. Түн қараңғысын қақыратып, әндетіп би
леп, жын-пері көшіп жүреді дер едің. Орталарына көгілдір
жалынды от жағып, алқақотан қоршап, жын ойнақ жасайды
Әдебиет – жан нұры
дер еді. Жалғыз-жарым жолаушыға құбыжық көрініп,
басын айналдырады деп еді. Кішкене кезімізде естіп алып,
көрер таңды қоян көзденіп атырушы едік. Ойын қуып
ауылдан қанша ұзасақ та, ол жаққа аттап баспау, әрқашан
есімізде жүретін». Міне, осыдан бастап, оқырман әлдебір
күдікті болмысты күте бастайды. Ойлағандай-ақ, түсініксіз
бәлеге ұшыраған жігіттер түн жарымында үйлеріне қаш
қан. Бірақ ондайға сенбейтін партком секретары, әйелі-екеуі
аналардың орнына жер жыртуға енді өздері барғанда, дәл
солардың көргенін көріп шошынады. Ата-баба киесін аяққа
басқысы келген коммунист басшының сыңар езулігі үшін
ұшыраған қорлығын ұғынған оқырманның айызы қанады.
Жас жазушы Ермұрат ұлтымыздың өкілдеріне қомсына
қарайтын керенау, билікшіл басшы Уаң секретарьға деген
өшпенділігіңді қоздыра отырып, содан қапысыз есе қай
тарып береді, әрі шүбәсіз сендіреді. Соған орай, автор тілі
шұрайлы және сөзді сапырмай, аз қолданып, оның есесіне
астарында жататын ойға құрады. Әсіресе, әңгімені барынша
қысқа жазуымен ұтады. Ал сөз тіркестеріне мән берсек,
«Жиделі Байсын жер іздеп», «жер жегісінен безіп», «саусақ
нілі жұқты дегенше», «алқара аспандағы жұлдыз», «кенеуі
кеткен шаруаларын», «қорғасындай ауыр ұйқы бойын улап»
деген тәріздес тапқыр ойлар толып жатады.
«Ертеңгісін тракторшылардың бірі екіншісінің үйіне
жетіп:
– Бастықтар іздеп жатыр екен екеуімізді. Ашулы дейді,
тез жетсін, депті. – Барайық, киін, – дейді.
Екеуі кеңсеге келіп кіргенде ауыл бастығы Шынасыл,
үгіт бөлімінің бастығы Әмет, ауданнан жаңа келген партком
секретары Уаң Жүң отыр екен. Сөз кезегін Уаң секретарь
өзі алды:
– Әмет жолдастың айтуынша, сағат түнгі бірден 55 ми
нутта моторды сөндіргенсіңдер! Жоғарының партия ұйы
мының жүктеген міндетін орындамауға нендей себеп болды?
Ашық сөйлескенді ұнатам. Қане, баяндаңдар!
Қырым ет жоқ, қан-сөлсіз жүзі тым тәкаппар, орсақ
тістерін дүрдитіп жіберген қалың еріндерінің айналасы
Жанат Ахмади
батыра қырылған. Таңдақтанып көгереді. Сары бұлдан ті
гілген әскери киім талдырмаш денесіне жарасқан. Тіп-тік
отыратын әдетімен сіресіп қатып қалыпты. Ызғар кіреукелі
ала көздері иманыңды айтқызардай тынымсыз тімтінеді.
Айдар мен Әлдибек болған жайды тәптіштеп баяндап
шықты. Әмет ерекше қағілездікпен қағып алып, қытайша
тәржімалап шыққанда, Уаң секретарь бөлмені басына кө
теріп күлді-ай кеп.
– Әй боқмұрындар-ай! Сендерді де партияның қолқа
наты деп сенім артып жүріппіз! Ескілік бұғауынаң тазар
маған санадан, жаңа идея көреміз дедік-ау! Қазірден бас
тап жүргізушіліктен босайсыңдар! Тексеру жазыңдар. Ком
сомолдан қуу мәселесі кеңейтілген жиылыста қаралады.
– Уаң секретарь! Бұл ауылда осылардан басқа трактор
тілін білетін жан жоқ. – Сөз қысқырған ауыл басы еді.
– Қараң қалмайды, өзім жүргізем.
– Жөн, жөн дегенмен... көмекке бір адам керек қой.
– Әйелім, жолдас Шиау Лианды көмекке аламын. – Сөз
сонымен бітті. Шынасыл мен Әмет өміріне: «Уаң секретарь
ер екен-ау! десіп бара жатты. Айдар мен Әлдибек сүлкіндері
түсіп, жасып қайтты».
Көріп отырсыздар, Ермұраттың туып-өскен ортасы қан
дай болғанын. Үкімет пен партия зілі осы жалғыз бастықтың
нұсқасынан-ақ танылады.
Сол сияқты жазушының «Шанхай көшесіндегі Данко»
әңгімесін оқыған кісінің көңілі еріксіз ойран болуға тиіс.
Өйткені жазықсыз тибеттік Шанхай халқының қорлауына
төзе алмай, әсіресе «қара жүрек» деген сөзге шыдай алмай,
тибеттіктер жүрегі қызыл болатынын дәлелдеу үшін алты
жасар ұлы Ердениді қанжарымен бүйірінен жарып жіберіп,
жүрегін суырып көрсететін тұсы тым-ақ аянышты. Автор бұл
әңгімені болған оқиға сарынымен жазған екен. Бірақ қалай
болғанда да, бейкүнә сәбидің жазықсыз қан құшқанынан
жаның түршігеді. Әкесіне ме, жоқ, оның жанын аяусыз
жаралаған Шанхайдың тибеттікті кісікиік, жабайы орнында
санайтын астам, өктем, тұрғындарына ма, кімге өкпелеп,
Әдебиет – жан нұры
кімге кінә артарында біле алмай, дал боласың. Қанды сурет,
қайғылы қылық ойыңнан шықпай қояды. Өздерін жек көре,
жирене қараған елде шаруасы болмай, осынау қасиетті
өлімінің алдында ғана әкесіне кінәсіз, сәби көңілімен өз
тілімен тынбай былдырлап келе жатқан еді.
Машинаға басып әкелген он бес қодастың ақшасын
қалтасына басып алғаннан кейінгі әкелі-балалы таңғұттың
көрінісі былай: «Шалқар түс әлетінде автовокзал маңындағы
ығы-жығы халық өздерін хайуанаттар бақшасында жүр
гендей сезінді. Таңғұт қойы терісімен жиектелген, күнқа
ғары бір жағына қараған ұлттық кепеш киген. Қырқылған
қодас терісінен жүнін сыртына қаратып тігілген күпісін
түймелеусіз қаусырынып, белін ою-өрнек белдікпен буын
ған. Қынабы тізесін соққан Тибет қанжары. Қайқыбас еті-
гінің қонышы қодастың мойын терісінен жүнін желкілдете
сыртына қаратып істелген. Басынан аяғына дейін ұлттық
үлгіде киінген. Көлденең көзге қонжығын ерткен қоңыр
аю тұрды тажалдай. Автор көзқарасымен айтқанда, шаң
хайлықтардың таңғұттарды жек көретіндігі сонша, Гонбо
ыңғайсызданып қара қоңыр жүзінен теуіп шыққан тер
тамшыларын күпісінің жеңімен ебедейсіз сүртінді. Ұлына
көз салды. Ол сасар емес.
– Оу, әкетай, не деген көп ел! Қарашы, бізден қорқады
ә, өздері Қодас құртын берейін бе? – әкесінің етегінен
тартқылап, сәби тілімен былдырлайды-ай келіп. Міне, осын
дай бал тілді баланы сырттағы басқа ұлт өкілдерінің ма
зақтағанына бола бұғана қабырғасының астынан ора тар
тып (алдымен баланың сол жақ жеңін шешіндіріп жала
ңаш денесін шығарып алған) жіберіп, тибеттіктердің ба
йырғы қой өлтіру тәсілімен әлгі жарған жерінен қолын
сұғып жіберіп, өз перзентінің жүрегін суырып көрсеткен
малғұн әкені ақтай алмайсың. Мың жерден «намыс қысты»
дегеніңмен, мұншалық тасжүректікке жеткен, адам мүсінді
жыртқыштық шанхайлықтардың «жабайы» деген сөзін мың
есе дәлелдеп берген. Бір ғажабы, авторға осы әңгіме үстінде
де қалтқысыз сенетініңіз. Хикая болған оқиға бойынша
Жанат Ахмади
жазылған сияқты. Ал жас жазушы Ермұрат Зейіпхан мұ
ны жасамалыққа бұрмаған тәрізді. Әдебиет нормасына
сәйкестендіруге әуре болғысы келмегендей аңғарылады.
* * *
Әнші, сазгер, ақынжанды автордың лириқалық сезімге
құрылған «Сыбызғы сарыны» әңгімесі оқырманның жан
әлемін нәзіктігімен баураса, «Тас боран» аталатын туынды
дағы қара көз қазақ қызы Қарашық тағдыры ұлттық на
мысыңызды ойрандайды. Ал «Сары апа» әңгімесінде туыс
қандық қарым-қатынасқа байланысты ауыл тіршілігін ба
рынша сүйіспеншілікпен жазған Зейіпхан әке-шешесінен
бірден айрылып, әже қолында (Сары апаның) жетім қалған
Жазираның жақсы болып өсетініне сөзсіз сендіреді. Жази
ра өзінің екі-үш ауылдың қайғысын жеңілдеткен перзент
болғанын білген жоқ. Жалпы, бұл тосын оқиғалы, асау-
қандылығы басым жинақ деуге болады.
Бір мақалада кітаптағы барлық хикаяларды талқылап
жату шарт. Солай дей келе «Жоңғар романтикасы», «Сор
көл» аталатын екі хикаятын да дарынды, жас қаламгердің
оқырмандарына қалдыруда жөн болар дейміз.
Қалай дегенде де, қаламының өзіндік қарым-қуаты бар
жазушы әдебиеттегі өз бейнесін айқындап, екшеп бергеніне
көз жұма алмаймыз.
Әдебиет – жан нұры
ЭТНОГРАФ ҒАЛЫМ –
ЖАҒДА БАБАЛЫҚҰЛЫ 90 ЖАСТА
Жағда Бабалықұлы ағамыз туралы айтудың алдында,
ежелден келе жатқан бір тәмсілді еске алсақ болғандай;
«бірде-бір адамды қажетінен шығармайтын, кісілігі басынан
аспайтын, жан баласына көлеңкесі түспейтін, айналасына
ешбір пайдасы жоқ, тіпті өзін жаратқан Құдайды тануға діті
жетпейтін адамның ағарған сақал-шашын ақ шошқаның
түгіндей десе болады» дейтін.
Ал, Жағда ақсақал кім?... Ол үш бірдей империяның:
гоминдан үкіметінің, Қытай компартиясының, кеңестік
тоталитарлық түзімнің ауыздығы салынып; аталған үше
уінің де жүген, ноқтасы бір басына кигізілген кісі. Ал, Жә
кең азуын айға білеп, қанжарларын қайраған аты әлемге
әйгілі империялардың сол саяси қысымының өзіне күле
қарады. Алдыңғысының түрмесін, кейінгі екеуінің қуда
лаған қуғынын көрсе де, қылшығы қисаймай өмір сүре бер
ді. Өз тағдырына биіктен қарады. Шеңгелінен қан тамған
үкіметтердің әлгі әрекеттеріне Жағда ағаң, солар өзімен
әзілдесіп жүргендей көрінетін-ді. Оның есесіне ұлтыңыздың
этнографиялық не бір тұңғиық қасиеттерін Құдай жаратқан
дана көкірегімен даралап берумен болды. Мәселен, тек
қана жылқы малында болатын құлағынан қара тұяғының
ұшына дейінгі неше жүздеген атауларды тізбелеп жарыққа
шығарды. Бүгінгі жұрт назарынан өшіп бара жатқан ерекше
ұлттық мұраларымызды толықтыруға бар күшін жұмсады.
Күш демекші, «бітпейтін іс бар, бітпейтін күш жоқ» деген.
Жәкеңнің өз қабинетінде әлі сыры ашылмай, мұрты ойыл
май жатқан қаншама асыл қазыналарымыз, ұлттық рухани
мұра-мирастарымыз жатыр. Жалпы салмағы 150 килодай
келетін қолжазба барын ешкім білмейді. Соның үштен бірі
Жанат Ахмади
жарық көрсе, ұлт игілігіне жаратпас па едік. Осы 90 жыл
дығына орай үкіметіміз көңіл бөліп, осы бір қайталанбас
этнографымыздың жұрт көзінен тасада тұрған қилы-қилы
еңбектерін топтастырып, жарыққа шығарудың қамына кі
ріссе, құба-құп болар еді.
Бәрін айта келгенде, бүгінде 90 жастың торқалы тойына
бөленіп отырған Жәкең-Жағда Бабалықұлы ақсақалымыз
ды өз ұлтымыздан шыққан кемеңгерлеріміздің бірі десек
артық болмас.
Әдебиет – жан нұры
Бірден төте сөзге көшер болсақ, алтынды өзге сөзбен
мақтай алмайтының сияқты, Қадыр Мырзалиевтей заңғар
ақынды мадақтап жатудың орны жоқ... Яғни, екінші сөзбен
басқа бір қиырдан келетін болсақ, бүгінде алпыстың асуы
нан демікпей асқан даңғайыр ақынымызды төмендегі бір
мақалмен шамаласақ болғандай. Атамыз қазақтан қалған:
«жақсының өмірі өзгенікі, өлімі өзінікі» дейтін нақыл бар.
Қорытып алған қорғасындай осы байлау сөзді әу баста, ойдан
шығарып айтушы қарайған жұрттың барлығына арнамаған
тәрізді... Баршамызға қиятын да сөз емес.
Поэзия дүлділі, жаһангер ақын алпыс жасына шейін
қырық шақты жыр кітаптарын шығарған екен, – бұл
сан ғана ма? – сапа ма? – мәселе сонда. Соңғысы екеніне
ешкімнің дауы жоқ. Қазақ поэзиясының жаулаушысы, көр
кем ойының жиһанкезі Қадыкең ең алдымен, өз ұлтының
жан-сезімін жаулап, оның рухани көркем дүниесін жыр
тілімен игеруші. Көңіл кесесі толмай, шынайы дүние ақ
тарылмайтыны белгілі. Сол көңіл шарасы сұлу ойлармен
кемеріне келе шыпылдап, меймілдемей қолына қалам
ұстамайтын сыркесте ақын ХХ–ХХІ ғасырлық поээияның
құлантаза жүйріктерінің бірі.
Жалпақ жаһан жаралғалы бергі адамзат поэзиясының
көз талдырар биік шыңы осы біздің ғасырымызда даралан
ған болса, Қадыр ағамыз сол шыңның бірі екеніне ешкім
нің дауы болмаса керек, ешкім көз жұмбаса керек. Олай
десек – Қадыкең ұлтымыздың жан сұлулығының жаршысы,
соған қызмет етуші. Сондықтан да, ақындығы сүйегіне біт
кен, Қадыр Мырзалиевтің өмірі өзгенікі, тек әлгі аузымыз
бармай отырғаны ғана өзінікі деуге хақымыз бар сияқты.
і і б ө л і м
ПОЭЗИЯ –ДІЛ НӘРІ
«Тіл күйігі жүректе»
(Халық даналығы)
Жанат Ахмади
Қадыр ағамыз қолына қалам ұстағаннан бері өзге дәуір-
дің еш бір қызығына ат шалдырып, аялдамаған ақын. Еш
қандай белеңнің тұсында тек өлең жазудан өзгені місе
тұтпаған дарын екені мәлім. Олай дейтініміз кешегі Кеңес
дәуірінде пайда болған; салқын шарап – жылы сөздің тұ
сында он екі айда он үш той жасаушылардың бел ортасында
жүргенде де, Қадыкеңнің жүйрік қалам, кезеген қиялы бір
сәт дамыл таппағаны, оның үсті-үстіне шығып жатқан сүбелі
кітаптарынан аян. Және соған лайық мақтау сүймейтіні
ғажап. «Нағыз білгір өзін білдіруге құштар емес» дейтін
тәмсіл де осымен дәлелденгендей. Ломоносов айтқандай:
«қошаметшінің тілінде балы, жүрегінде зәрі жататынын»,
Қадекең Асан Қайғыдай болжаған болар. Сондықтан иесін
жүрек қана алдамайтынына сеніп, өзінің ішкі жан қуатына
байланып, бағынған.
Бұдан қырық-елу жыл бұрын, өлең жаза бастаған кезін
де болсын, маңайында мықты «көкесі» барлар мәстектен
жығылғанды тұлпарға мінгізіп жатқанда да, жомарт таби
ғат тасқа салса мұқалмас, алмас жігер сыйлаған жас Қадыр
морып кете қоймағаны бүгінгі болмысының өзінен-ақ аян.
Қайта, айналадағы нығыз мығымдар «көтеремін тұлпар,
көгершінін сұңқар» етіп көрсетуге әуес екенін неғұрлым
таныған сайын, жан тереңіндегі қайсарлық оты қозда
нып, өршелене түсуге мәжбүр болғандай... Қыран бітісті,
қаршығадай алғыр жас талант ұшқын толы жанарын қиян
ға тастап, Алатаудың қарлы шыңдарына сұрақты жүзбен
сансыз рет қадала қараған болар.
Иә, уақыт емдемейтін, ол орнына қоймайтын ешқандай
нәрсе жоқ.
Ғаббас Қабышевтің қандауырдай, шаншуыр тілімен айт
қанда, «мақтайтын адамдарының тізімі қойын дәптерінде»
жүретін кейбір әдебиет сыншылары және ішінара «әдебиет
ақсақалы» атанғандар «ала қойды бөле қырықпай» тұр
майтындары ертеден бері-ақ белгілі жайт еді. Сондай ала
қойыннан ақылшы, қарақойыннан нақылшысы қаулаған,
қызыл коммунистер еңсерген әуейі жылдар шоғырынан
Әдебиет – жан нұры
кірпігіне шаң жұқтырмай өтіп, тек қана өз даңғылымен тар
тып отырған Қадыкеңнің шығармашылық сүрлеуі жұлдыз
моншақты – құс жолындай самсап жатыр деуге болады. (Ол
ірі шайырымыздың еңбек ауқымының өзінен әйгіленіп тұр).
Поэзияға, жалпы әдебиетке деген ыстық-суығы лаулап
болып басылмайтын, қайта жылдар тізбегі өткен сайын
әр қырынан кәріне міне беретін, Қ. Мырзалиев жан әле
мінің көк жиегі көз жеткісіз. Шығармашылыққа деген
қайырымдылығының қуат-көзі тереңде жатыр. Олай болса
қайырымды жүрек қартаймақ емес. Ал жүрек қартайса,
ана қырдың астынан ажал аңду салады. Яғни, «иіні түскен
ауырады, үміті өктем сауығады» дегендей. Ана махаббаты
тұңғиықтың түбінде болса, өлең-жырға деген Қадікеңнің
махаббаты да тұңғиықтың түбінде, – десе болады.
Бір ғажабы, берітаманғы буынның көз қарасымен ша
малағанда Қадыр ағамыз өмір бойы «атына сай – аты сай,
кетпені сай – шоты сай» болып келе жатқан, туа мырза кі
сідей көрінетін. Олай емес екен. Күні кеше ғана Қадыкең
«кемеліне келді, кер-жорғаға мінді» дегеннің өзінде де, әл
дебіреулер жолына сары тікен қадағысы келген көрінеді...
Кесірім жұртқа тиер деп, ықпаған, басым бұлтқа тиер деп,
бұқпаған; назары аш, көзі тоймас күншіл біреулер тұмсық
түйістіріп, астыртын әрекетке де көшкендерін, бүгінгінің
барлығы біле бермесе керек.
«Жалған жалаға қалып жатса да, жабықпаған адам – на
ғыз табанды адам» деп, әлем жұлдыздарының бірі Шекспир
айтқандай, атаның белі, ананың сүтінен мұқалмас жігер,
нәр алған; жаралыс бедері берік ақын аяқ астындағы құдық
қа құлап, жыраға жығылған емес. «Қас сайгүлік қамығып
– тұяғын тасқа ілдірмес, қас кемеңгер қамығып – қайғысын
жұртқа білдірмес» дегендейін, көрген-кешкендерін лашын
құстай шүйілген өлеңдеріне өрім етіп, жан қуатына сүйенген.
«Ғажап тереңдік ғашықтардың көзінде» деп ұлылар айт
қандай, өлең-жырға ынтызарлана ғашық болатын ақын
дардың өзімен-өзі, жапа-жалғыз ойланып, жыр жазып отыр
ған кезіндегі көзінің тұңғиық сезім көрінісіне не жетсін!
Жанат Ахмади
«Анау неге озады» деп, ауыратындардың күбір-жы
бырына Қадыкең пысқырып та қоймаған кісі екендігі – бір
күн қыры сынбаған, жасымаған ынсан болғандығынан
белгілі. «Жаман атаулы құрып, жалған атаулы шіріп біт
пейтін Жер жарықтықтың бетінде әділетсіз қаққы көрген
дігі үшін, жүрек талмасы бір ұстаған адамның ауруы әдетке
айналып кететінін жақсы білген, биік парасат иесінің бірі –
осы Қадыкең десек болады.
Тегінде ақын атаулыны халықтан бөліп қарай алмайсыз.
Ендеше, халқымыз берген Қадыкеңдей заңғар, зәулім ақын
ұлт мақтанышы – ардағымыз екені өз-өзінен мәлім.
Дәрия буланбай, далаға шық түспейтіні сияқты ақын
мен жазушы не көзі буланбай, не көңілі буланбай, қысқасы
жүрегі иімей тұрып шығарма жазса, оның берері сырсыз да,
нәрсіз дүние болары белгілі.
Қадыр Мырзалиев ағамыздың үш томдық (1989–1990)
«таңдамалысындағы» ұшы-қиырсыз; өлең-жыр, ғазал бә
йіттердің оқырманы тұтас қазақ елі, өз халқы. Өмірде арма
ны таусылмай, дүние үшін жанын жалдап келіп, енді кәрі
лік жеңгенде жамбасына жер батып, дөңбекшіп күңіренген
қарт-қарияға да, қаза көріп, дерт шеккен көкірегі шерлі
кейуана-кемпірге де, Қадыкең жыры ем болар еді. Қоңыр
кеште бала әлдилеген өлеңі, өз гөй-гөйіне ұласатын қаралы
кемпір де, «шалдың әні зармен тынады» демекші, төрінен
көрі жуықтаған, алды қараңғы, күңіренулі шал да, Қадыкең
кәусарынан шөл баса алатыны күмәнсіз.
Көрсең көңіліңе қайғы түсіретін, дойыр батырыңның
өзі малай болғандай арудың аруы да, Қадыр ақынның тү
бі көрінбес қара судай сыры бүркеулі, киелі жырларын
анық түйсіне, түсіне оқыса, өзін-өзі олқысына бастар еді...
Қиялыңды талдырар сұлулар өзін көркімен ғана өлшемей:
күні ертең-ақ, ажар тайып – ар қалатынын, бедер кетіп – бет
қалатынын, осма кетіп – қас қалатынын, алжа-алжа боп бас
қалатынын ойлай бастар еді. Көкірегі басылар еді.
Мұңайып, күрсінер еді. Айтпағамыз «жерде жатқан жұ
мыртқа аспандағы құс болады» демекші, әлдеқайдағы қа
Әдебиет – жан нұры
рапайым отбасында туылып, сонау белеңдерде астанамыз
Алматыға келіп, жүре-бара поэзия әлемінің маңдай алды
тобынан табылған, яғни, қазақ поэзиясын шыңына шығар
ған ірікті шоғырдың қоңыраулы серкесі болып отырған
саңлақ ақынымыздың 60 жасқа келуі өлшеусіз жүлделі
орын иеледі. Шындықтың тамыры тәтті болғанмен өзі ащы.
Бірақ шындықтың аты – шындық. Ол есіктен кірсе, зорлық
түңіліктен шықпақ. Қарға аққудың маңына бармайтыны
секілді, ақиқаттың ақ құсы қарғаға орын бермейді.
Кейбіреуіміз, егер басқа кезде ілікке алынбасақ, осын
дай «бәлен жылдығымызда» мұртын ұртына, ұртын иегіне
жалғап – дөңгелек сақал атанғымыз келеді. Әлдебір «жо
марттардың» аузымен бағаланып, былайғы жұртты адас
тыратынымыз бар. Ең анығы, тырнаны – «тұйғын», қарғаны
– «қаршыға» деп ешкімді иландыра алмайтынымыз...
«Жерік талғамайды, ғашық алдамайды» дегенді қазақ
босқа айтқан жоқ. Шынайы өнерге ғашық таланттар жай
жылтырақпен алдамайды. Итмұрынды тізгенмен, моншақ
болмайды. Әсіресе әр түрлі сыйлықтарға ұсынылатын кезде
беттің арын белбеуге түйетіндер аз емес. Жазғаны түкке
тұрғысыз болса да ең арсыздар жан-жаққа телефондап
өлердегі сөзін айтып жалынады.
Олай болса, жан-жүрек қайырымдылығының поээияға
деген қарыздарлық көзі өзгеше бөлек Мырзалиевтей ақын
өз орнына қарай екшеліп аталғаны абзал. Тағы бір абыз
ақын Сәкен Иманасовтың сөзімен айтқанда, кейбір ақын-
жазушылар шығарған дүниесінің алдына өзі түсіп алып,
жазғандарын жұртқа бұлдау үшін жолбасшы болып, өзі
жүретін көрінеді...
Ал өзін қошаметтетуге зауқы соқпайтын, оған дәті жет
пейтін текті авторлардың өзінен бұрын шығармасы жүреті
нін айтады.
Яки, «Қадыр Мырзалиев» деген атау бәлен миллион қа
зақтың ұғым дүниесіне кірігіп кеткен. Ақынды айдай әлемге
танытқан оның елу жыл бойы нөсерлетіп төккен апиындай
арбағыш өлеңдері. Сөз басында айтқанымыздай; Қадыр
Жанат Ахмади
Мырзалиевті дәріптеудің қажеті жоқ. Өйткені біз қанша
таусыла сөйлеп, сарқыла ойлағанымызбен оның жыры біз
дің қаражаяу сөзімізден анағұрлым биік.
Бірақ өз басым Қадыкең шығармашылығындағы ши
рықтыра тартылған тұтас желі бойына алтын арқау болып
тұрған өлең-жыры туралы алабөтен, бөле-жара айтарым;
поэзия зергерінің алаштан озған ойшылдығы да емес… Қады
кеңнің сыртқы нұсқасының өзі қандай текті болса, өлеңді
де сондай ұстамды етіп, мұнтаздай ғып әдеппен жазу дәс
түрі. Ұлылардың біреуі «сүйіспеншілікке ардың шегін қой
маса, соқырлыққа да апарады» деген екен. Сол айтқандай,
сөз етіп отырған кейіпкеріміз небір қиын тұстарға ардың
шегін қойып, аса сақ жазады.
Оның аты – қазақ поэзия өнеріндегі мәдениет дер едік.
Ал өзінің жеке басын ұстау жағына келетін болсақ, Қа
дыкең біреуге ұнау үшін, жадағайланып; жайылып жастық,
иіліп төсек болғысы келмеген адам. Ондайды ұнатпайды,
жаны асқақ, қатпар сырлы жаралыс. Бәлкім ол ақын бо
йындағы бір туарлық қасиет шығар.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні «ту сырттан келмей, тура
шабар» ор-тарғыл жыртқыштың тырнағындай өткір өлең
жазатын Қадыкеңнің өзін де, поэзияның бір шыңын жеке
иеленіп жүрген – қабылан ақынымыз деп, алпысында бір
еркелетсек болғандай. Бағбанның маңдай тері баршамызға
қарыз – ағайын!
1990 ж.
Әдебиет – жан нұры
АБЫЗ ОЙЛЫ, АЛАМАН АҚЫН
Бұдан бірталай жыл бұрын Талдықорғанда Ескелді бидің
300 жылдық тойы болғанда Қаратал ауданының орталығы
Үштөбе қаласының кітап дүкенінен көрнекті ақын Сәкен
Иманасовтың «Жебе» атты кітабын алған едім. Ақынның
«Алтын жебе киелім» деп аталатын өлеңі бүй дейді:
Қалжыраған қайдағы мұң-үрейден
Қайран жүрек қандай ғана тілейді ем.
Көкірегін құлдық езген күніге,
Не күтеді, дүмбілез бен дүлейден.
Болмады ма орным мығым, ортам кең,
Осылардан қорқа берем, қорқам мен.
Майдаланып бара жатыр төңірек,
Жайлап алып жұлымырлық дерті әбден.
Сұмырайлар сорпа бетін қалқып бар,
Тозды күнім, озды бүгін жантықтар.
Зар шының да тамшы мұңға айналып,
Тіршіліктің шалшығында малтықты ар.
Тойғандарға, тоңғандарға кездестім,
Тыңдамады түбі қайыр сөзді ешкім.
Күлтөбенің басынан да амалсыз,
Құл, төренің қасынан да тез көштім.
Бет-бетімен мықты күйде кетті ер,
Екі асаумен шықты биге ептілер...
Ұлының да, ұрының да жоқ бірі,
Енді оңалсақ, ел бола алсақ деп тілер.
Барлығының ойлағаны өз қамы,
Арлы бүгін арамыздан озбады.
Тісі мытың жеп барады жұлмалап,
Кісіліктің кебенегі тозғалы.
Жанат Ахмади
Қалжыраған қайдағы мұң, үрейден,
Қайран жүрек қандай ғана тілейді ем.
Көкірегін құлдық езген күніге,
Не күтеді дүмбілез бен дүлейден.
Алдауға да, арбауға да төселген,
Не күтеді есірік пен есерден.
Қатарласың кемітеді басыңды,
Есіл жүрек не күтеді осы елден.
Өрліктің де, ерліктің де дәлелі ем,
Зәре қалмай бара жатыр зәреден.
Айналайын алтын жебе – киелім,
Өзің келіп құтқармасаң бәледен!
Бұл – компартияның іргесі ыдырап, Кеңес өкіметінің
70 жыл бойы қолға келтірген байлық көзін жаңа орнаған
жас қоғам, тәуелсіз еліміздің алақол пысықтары білген
дерінше талан-таражға сала бастаған кезеңде туған өлең
екені белгілі. (Жазылуы, кітапқа шығу мерзімі солай.)
Қандай жағынан алсаң да төрт аяғы тең басып, тайпалып
тұрған бұл өлең мыңдардың емес, миллиондардың мүддесін
сөйлеп тұрғандай. Яғни халық рухының көкейкесті қыл
пернесін дөп басып тұрған ғазалдар екеніне ешкім шүбә
келтіре алмас.
Тіліндегісі жүрегінде болмайтын, сөзі мен өзі бөлек
адамның емес, тегеурінді ақынның тепкілі рух-жігері, жан-
жүйесі шамырқанып ширыққан үкім сөзін айтып тұр. Сол
тұстағы замана келбетінен жарты қадам шегінуге жол тап
паған, үні асқақ Сәкен Иманасов буырқана шабыт шақыр
ған. Екінші сөзбен айтқанда дау-дамайсыз, талассыз ызалы
да, назалы өлең оқушының буынына түсіп; жұлын-тұта,
жүйке-жігін қауып, жүрегін сыздатады. Бұдан шығатын
қорытынды тегінде поэзиясыз өмір тұл деуге болады. Өлең-
жыр тілі жайшылықта бұйығып жатқан рухани дүниені
көріктендіріп, адам жанын жайнатады. Сәкен ағамыздың
ақындығына ешкімнің дауы бола қоймас. Ол – қазақ
поэзиясының мызғымас бір шыңы.
Әдебиет – жан нұры
Қауызы қалың дән солмас
Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының үш дүркін
иегері, ақын Бақтыбай Айнабековтың «Енші», «Арманым
менің», «Балықшы бала» аталатын өлеңдер жинағынан ке
йін 2008 жылы «ҚазАқпарат» баспасынан «Әлмеректің
оралуы» атты кітабы жарық көрді. Республикамыздағы
ірі дінтанушыларымыздың бірі Б. Айнабеков тағы да осы
2008 жылы жоғарыда аталған баспадан «Фәлсафа Алла
ның аян ілімі» атты кітап шығарған болса, 2009 жылы
Астанадағы «Фолиант» баспасынан көлемі 20 баспа табақ
«Шүкіршілік» аталатын, «Тіршілік» және «Ғашық жүрек»
дейтін екі бөлімнен тұратын өлеңдер, толғаулар, поэмалар
кітабы жарық көрді.
Алдымен «Әлмеректің оралуы» жинағынан бастап сөз
өрбітсек, ол «Өлең-мұғжиза» атты жырында:
Жеткізу қиын сөзбенен,
Көру де қиын көзбенен.
Мұғжиза дүние мендегі,
Айтары бөлек өзгеден, –
дейді. Тосыннан оқи салғанда бұл шумақ өзін дәріптеу
тәрізді көрінуі мүмкін. Бірақ автор бұны жай айтып тұрған
жоқ. Әрбір өлеңін Алланың атымен бастайтын. Ислам жо
лына түскен ақын өзінің осы пейіліне сай өзгеден, алабөтен
өз мұғжизасын тапқан. Ешкімге ұқсамайтын, ұқсағысы кел
мейтін бір құпия, тылсым сыр иесі. Бір анығы – ақынның
мұндай көп өлеңдері желіп оқып өте шығуға келмейді. Іштей
ұйып отырып, сырласуыңа тура келеді, тұшынып зерттей
алмасаң, саған бас ие салмайды.
Өлең деген – мұғжиза,
Иесі – Жалғыз – ұғады.
Жазылмайды – шығады,
Ашылса тылсым бұлағы.
Күтесің қадір түніндей,
Келеді жұртқа білінбей.
Жанат Ахмади
Түскенде әппақ қағазға,
Көрінер тылсым гүліндей. (7-бет)
«Әр адамды өз ұғымы кісендейді» деген ұлағатқа сүйен
сеңіз, ақын өзгеге ұқсамай, өзі тапқан даңғылымен ғана
сүрен тартады. Ескеретін жайт – ақын қайта шегінбестей бо
лып, тас бекіп, жан тәнімен құбыла етіп түскен жолы исла
мият – Алла қалауы. 6-шы, 7-ші беттердегі «Шүкіршілік»,
«Үміт» дейтін өлеңдерінен бастап, кітаптың өн бойынан
имандылық тілегін, ислам тірегін кездестіріп отырасыз.
Автор: «Бұл шалдарға не болды?..» дейтін 17-ші беттегі
(ақын Жарылқасын Амановқа) атты өлеңінде:
Бұл шалдарға не болды –
болыс болған, би болған.
Айырылдық па, әлде біз
биді сыйлар иманнан.
Төрдегі бас есікке қалай шығып барады,
Халқы менен елінің төбесінде сыйланған.
Бұл шалдарға не болды –
жасымаған болаттай,
Көзге қораш түседі Кенен мінген шолақтай.
Жәутең-жәутең қарайды ұрпағына – ұлына,
Дастарқанда отырған ертең жүрер қонақтай.
Отырғам жоқ, әрине, шалдың бәрін кіналап,
Сөз тастадым бірақ та, шал біткенге сыналап.
Басқа бітер киелі көрінбесе абырой,
Кәлимаға келейік қолымызға құран ап, – дейді.
Жан-дүние, жаралыс-мінез сәйкестігі жағынан бір-біріне
топырағы жақын екі ақын Бақтыбай Айнабеков пен Жарыл
қасын Амановтар осылайша ынтызар өкініштерін ортаға
тартып кеңескендей. «Ту сырттан келмей, тура шабар...»
дейтін екеуінің рухы осы өлеңге кірігіп кеткендей ме?
Бүгінгі өмірдің бейиман көрінісі. Ащы сыр-сын. Бақтыбай
Айнабеков «Қара жол болды жайнамаз» дейтін өлеңінде:
Әдебиет – жан нұры
Қашан да шықсам сапарға,
Қара жол болды жайнамаз.
Білмедім – таңым атарда,
Оқылар қайда, қай намаз?
Намазым өтті қазасыз,
Құбылам болды бағытым.
Қабылдаса Аллам – жазасыз,
Сол болар менің бақытым, – дейді.
Амалсыз ойланып қаласың. Түбі шолақ, бір тұтам ғұ
мырда алдымыздан тосқан қараңғы көрдің ішінде не күтіп
тұрғанын ойламай көр. Кетіп жатқан уақытқа, күнделікті
күйкі тірлікпен бықсып өтетін өміріңе өкінбей көр.
«Өлеріңде қылған тәубе қабыл болмайды» дегендей, өзі
нің әбден өлер шағында өкінген біреу:
Құбылаға бас қойып, құлай берсем болмай ма,
Боқ дүниені қуғанша, Құдай десем болмай ма.
Өзім құдай демесем, Құдай деген құлдардың,
Етегіне жабысып, жылай берсем болмай ма, – деп,
басын тоқпақтаған екен дейді. Сол айтқандай, Бақтыбайдың
мына өлеңін оқи отырып, соған төзімі жетіп, жаратқан Алла
алдындағы парызын анық құлдық ниетпен мүлт жібермей,
алтын уақытын орнында пайдаланып жүрген ынсан екені
нен өзіңе уайым арқалайсың. Өзегіңе өкініш түседі. Қазақта
«екіқабат әйелдің төзіміндей» дейтін амалсыздық төзім бар.
Бақтыбай ғана емес, жалпы кім-кімде бес уақыт намазын
қазасыз өтей алып жүргендердің төзімі әлгі екіқабат әйел
төзімінен де артық десе болар. О дүниенің бар екенін ойлаған
әрбір мұсылман құтыла алмайтын мойнындағы парызды
жыр тілімен қанық жеткізе өрнектеп, алдыға тартқан Бәкең
көбіміздің діңкемізді қатырып, тығырыққа тірегендей.
Бірақ басқадай әрқилы, неше түрлі бақыты бар адамды
қызғансаң да, бұны қызғана алмайсың. (Аруаққа жат, Құ
дайға шет болғың келмейді емес пе.) Түбегейлі, өшпейтін
Жанат Ахмади
классикалық өлең дейтініміз осы шығар. Автор ақыл айтып,
ділмарсып, өзін көрсеткісі келіп тұрған жоқ, қайта өз
басының қорқыныш, уайымын паш етіп:
Қабылдаса – Аллам жазасыз,
Сол болар менің бақытым, – деп тұр. Бұйыр
сын дейсің. Кемпірлер айтатын «өзім жемеген көтенішек,
боғымен қатсын» дейтін пейіл бұған жүрмейді. Яғни
Құдайға жалбарынғаныңмен, ниеттес боласың. Иншалла,
қажылық сапарға баратындар, баруға шамасы жететіндер аз
емес. Тек әлгі «шыбыш желіндегенді білмейді, лақтағанды
біледі» дегендей, кейде үкімет есебінен жаны ауырмай, да
йындықсыз баратындар жоқ емес. Сол қасиетті мінәжаттың
баға жетпестей шексіз мұғжизасын сақтай алсақ қана құба-
құп емес пе? Қажылыққа барып келіп, ішінара баяғыдай ...
қызықты ойынын ойнап, тойын тойлап жүргендер жоқ дей
аласыз ба?!
Ұзақ жолда намазын қаза жібермей бара жататын өлең
иесі:
Бес рет келем сәждеге,
Бес рет Хақпен тілдесем.
Жаныммен бірге әз дене,
Құлшылық қылдың бірге сен, – деп тұр.
«Тілдесем» дегенін дұрыс ұғынуымыз керек. Ол сөйле
семін деп тұрған жоқ, мінәжатын айтқаны. Бақтыбай Ай
набековтың «Домалақ ананың емші келіншекке айтқаны»,
«Құм кешкен керуен», «Кемпірқосақ» (күні кеше арамызда
жарқылдап жүрген жақсы азамат Қалдарбек Найманбаев
тың ақжарқын, ауқымды, кең көңіліне арналған), «Жүсіп
нама» (ақын-сазгер Жүсіп Қыдыровқа бағышталған цикл),
сондай-ақ «Ана аманаты», «Жер Алланың алақанында» тә
різді көптеген өлеңдері, оның қаламының қарым-қуатына
дәлел. «Қабыр басындағы ой» дейтін өлеңіндегі:
Келер, кетер, алдамшы өмір – аумалы,
Мәңгі жасыл бола бермес бау дағы.
Әдебиет – жан нұры
Дәм таусылса көп көреді қара жер,
Қарамайды.
Қаламайды сауғаны, – дейтін шумақтар,
адам баласына ортақ тұғыр, ортақ тұрғы. «Аттың нарқымен
қасқырдың ісі жоқ, адамның парқымен тағдырдың ісі
жоқ» деп, дәм біткен күні кете барасың. Яғни «жарлымын
дегеніңе қарызың қоймайды, жалқымын дегеніңе ажалың
қоймайды» деген болмақ.
Ал «Әлмеректің оралуы» аталатын дастан да, бас-аяғы
жұп-жұмыр, өзгеше көркем жазылған. Беташардан кейін
төрт-бес шегініспен берілген терең толғаудың алғашқы ше
гініс бөліміне ден қойсаңыз:
Ойран сап, Ойрантөбенің,
Басында істеп дегенін...
Жоңғарлар халық мойнына,
Қайғының салды көгенін.
Қан болды суы Іленің,
Бере ме Алла бір емін.
Ажалға сабыр бермеді,
Тоқтатты көптің тілегін.
Қара жер қаннан қайысты,
Алатау белі майысты.
Қан иіс дауыл-желменен,
Қарағай шашын жайысты.
Морт кетіп шыңдар құлады,
Маңыды дала құланы.
Еріксіз көзден жоғалды,
Еліктің ерке лағы.
Шер менен шемен сыймады,
Сыймады жанды қинады.
Сары уайымға түсіп самал жел,
Бұлттар жасын тыймады.
Жанат Ахмади
Буыны шөптің іспеді,
Қысырсып шық та түспеді.
Шыбышқа қайдан шыр бітсін,
Шытырға тимей тістері, – деп кете барады.
2009 жылы Астанадағы «Фолиант» баспасынан шыққан
«Шүкіршілік» атты қалың том-өлеңдер жинағының 16-шы
беттегі «Мінезім» деген өлеңінде кереңге түс жорытып, ке
кешпен кеңеспейтін Бақтыбайдың айнақатесіз өз болмы
сы көрінеді. Жыланның құрбақаға «бақ» десең де, «шақ»
десең де, жұтамын дегені тәрізді, егескенге ес кіргізбей,
тынбаспын деп, біреулердің шиқанының аузын жұлатыны
да осы «мінезі». Ол 27-ші беттегі «Аңсаймын» деген өлеңінде
«шыбық мінген», «қара сирақ» бала күнін сағынышпен еске
ала келіп:
Мен қазір көп ойлаймын өткенімді,
Туған жер, сенде өткен көктемімді.
Аңсаймын, сағынамын сол күнімді,
Бүгінгі місе тұтпай жеткенімді, – дейді.
«Кешегіңе жете алмайсың, ертеңінен кете алмайсың»
деген осы. Оның 35-ші беттегі «Бесік» атты өлеңі:
Жаман болсын, жадау болсын, несі мін?
Көзіме ыстық өзім жатқан бесігім.
Сол бесікте жаным менің қатайып,
Сол бесіктен аштым өмір есігін, – деп басталады.
Жарасып тұр. Кімге де болса жасы алпысқа жеткен
кезде, өзі жатқан бесікті көру әсерлі-ақ. Онда беті-жүзі
нен мың сүйіп, маңдайынан жүз сипаған қайран ана алақа
нының ыстық табы бар. Дүниеде содан қымбат не еді.
«Бақтыбайды Бесарықтан бөлмеңдер», «Бейсенбай қосқан
Құлагер» (ғұлама ғалымдарымыздың бірі Құлбек Ергөбекке
арналған), Манап Көкенов пен Бексұлтан Байкенжеевтер
дің бірегей жаралыстарын жеткізе жырлаған арнау өлеңдері
және «Көпір-ғұмыр», «Лашын құс» тектес өлеңдерді қай
қаламгер, қай ақын немесе көзі қарақты қай қарапайым
Әдебиет – жан нұры
оқырман оқыса да, сыдыртып, желіп өте шығуға келмейтін,
магнитті жырлар дей аламыз. Кемеңгер ғалым Әлкей Мар
ғұлан лашын туралы «Самғап ұшып келе жатып, кенет
бұрылыс жасап шүйілгенде, секундына 70–100 метр жер
алады» деген. Бақтыбай оны біле ме, жоқ па, ел аузында
ұшқырлығы жағынан «пері құсы» атанған сұрапыл қыран
лашын жайлы:
Ей, көк лашын, көк лашын,
Қылыш қанат, оқ –жасын...
Сені көзге кім ілген,
Тұрқың шағын болғасын.
Ей, көк лашын, көк қыран,
Қорқып сендік соққыдан.
Үрпиісіп қаз-үйрек,
Үрейленіп жатты маң.
Қауіп билеп сананы,
Құс базары тарады.
Қырандардың қанды көз...
Сенсің қанды балағы. (67-бет)
135-ші беттегі «Төгіл, нөсер» өлеңі көркемдік жағынан
мүлтіксіз болудың сыртында «шәлі-бұлтқа» деген теңеудің
өзімен шоқтықтанып тұр.
Төк, төк, нөсер, төк нөсер, төгіл бүгін,
Төгіл бүгін, мен сондай көңілдімін.
Шәлі бұлтқа бетімді бүркедің деп,
Ренжімес риясыз көңілді күн, – деп бастау алады.
Табиғаттың сезіміңді селт еткізер осындай өткір құбы
лыстары адамды дүр сілкіндіргендей, дүбіршіл жаныңа
қозғау салатыны анық. Мәселен, әдемі жауған қар туралы
әсерленбейтін, өлең жазғысы келмейтін ақын жоқ. Ол – адам
мен табиғаттың туыстығы. Бұл сөзді қатты нөсер туралы
өлеңді басқа емес. Бақтыбай айтса, Бақтыбай жазса, өр мі
нез, кеуделі ақын еңсесіне еңсе қосып, ілкі шырай беріп тұр.
Жанат Ахмади
224-ші беттегі «Зар» тақырыпты өлең «АҚШ-тағы тірі
жетім Бәйдібектің Қазақстанның 10 жылдығында елге жол
даған сәлемі» ретінде жан терберлік сілкініс тудырады.
Алыстағы шырылдаған сәби бауырыңа жаның ауырады.
Қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, елі-жерін жоқ
таған жасқа шараң таусылады. «Сол бір түн» атты жыр
Ұлы Отан соғысының батыры Үрзімәт Мәдиевтің Висла
өзені бойындағы «Сандамир» соғыс қамалын алудағы бір
түнгі ерлігіне арналады» дейді де, автор содан ары кең
көсіліп, сілтеп береді. Елі-жері үшін қан кешіп келген
адамға жазылған өлең әлдебір ақындардың өз ашынасына
арнаған өлеңдерімен бірдей емес. Оның үстіне қартайып,
қуанышынан мұңы басым болып отырған мұндай адам
дардың көңілін марқайтудың өзі сауап. Өйткені жасы же
тіп, небір қимастарының қазасын көрген, қаралы адамдар
үшін ағамыз қазақ «шалдың әні зармен тынады, кемпірдің
бала жұбатқан өлеңі өз гөй-гөйімен ұласады» дегенді те
гіннен-тегін айтпаған. Қайырымы көп, елі-жұртын есір
кеудің бір шарты ақын үшін осы десек те артық емес.
«Қасым Қайсеновке», тағы сондай жасамыс адамдарға өлең
арнау «Жастығыңның өткеніне қайғырасың ба, кәріліктің
жеткеніне қайғырасың ба», немесе «Жастық «қош» демей
кетеді, кәрілік «тос» демей жетеді» дегендей, қарттарға
мінгізген аттан артық. «Алтыннан аттап барып талқан алып
жейтін» жасқа келген кісі тек сыйлауға мұқтаж. Ал 265-ші
беттегі «Хабар» поэмасы, сондай-ақ Қорқыт бабаға арналған
«Мәңгілік өмір» тақырыбымен берілген «Қобыз туралы
аңызды» ақын қаламмен тұрғызған көркем ескерткіш деуге
болады.
Қорыта келгенде, қауызы жұқа дән солатын болса,
топырағын таппай дән өнбейтін болса, Бақтыбай Айнабе
ковтей барыс жігерлі жаралысы бар, сонысына орай ойлы,
пікірлі ақынның қауыз тоны қалың өлең-жырларына куә
бола жүрейік, ағайын!
Әдебиет – жан нұры
«ТАБИҒАТ – МЕНІҢ ҰЛЫ АНАМ,
КӨГЕРДІМ БІРГЕ БОЗАРДЫМ»
«Қазығұрт» баспасынан 2001 жылы жарық көрген –
ақын Нұрлан Оразалиннің «Сырнайлы шақ» атты 8 баспа
табақ жыр кітабы автордың сонау алпысыншы-жетпісінші
жылдары жазылған дүниелерімен толыпты.
Н. Оразалин кітаптың алғы сөзінде «әрбір өлеңнің өз тағ
дыры болады» дегеніндей; жаңа басылған бұл кітабындағы
ақынның ертеде жазылған жастық жырларын оқып шық
қан едім. Өмірге деген шексіз сүйіспеншілік жырлары әсі
ресе табиғат анамен астасып өрілгенде оқырман еріксіз
терең сезімдерге бөленеді, жастық шағының тәтті бір қиял
кезеңдерімен табысқандай болады.
Жинақты оқып шыққанда жалпы аңғаратыныңыз ли
рик ақын көбінше табиғат сұлулығына арқа сүйей отырып,
ой өрбітуге жаны құмар екенін ұғасыз. Әрі айтар ойын «ақ
болды, көк болдымен» жадағайлап жайып салмай, әлгі жа
ратылыстың кім-көрінгенге сыр ашпас, сезе бермес тылсым
құпияларын аша отырып; ақыл-сезім түйсігінен туған сан-
алуан жырларын сол табиғат құдіретіне телиді. Және ол
санап алғысыз, әрбір өлең жолдарынан ұшырасып отырады.
Жайдақтыққа басқысы келмей, қос-қабат астарлы өрімдей
ді. Соған қарап түйіндеп айтқанда өзгелерге ұқсамайтын,
ұқсағысы келмейтін, тыңнан салған өз сүрлеуі бар, мен-мен
ақынды танығандай боласыз. Өзіне сенген паңдығы, керек
тұста керенау сіресетін тәкаппарлығы да жоқ емес.
Көгілдір тау, асқар шың, алқаракөк аспан, ай-жұлдыз,
көк пен жердің арасы жыр тілімен сүйіспеншілік экранына
алынған. Ақын өзінің ең қастерлі сезім дүниесін не болса
соған қимай, кім болса, соған тарту еткісі келмей, алақан
ға салып аялап; сырқұмар бекзаттарға, ойлы-милыларға
шаққысы келетінін, сол тұрғыда жазатынын шамалайсыз.
Олай дейтініңіз Нұрлан Оразалиннің ішкі иірімі терең өлең
дері зулатып оқып өте шыққаныңызға көнбейді. Керенау
оқырманға ішін ашпайды. Кері үтір, нүктелеріне дейін мән
беріп шөкпейінше «етегі-елпі, жеңі-желпі, суыт жүріске
Жанат Ахмади
салып өте шығатын, мүмкіндігі тапшы оқушыға тіпті алаң-
құлаң ақындардың өзіне игертпейді, игерілмейді. Шумақ
басында көрінген салалас ойлар сынығы кейінгі жолдарда
күтіп жатады. Мәселен өлең жазар, шабыт шақырар бір
тұстағы қосастар ойға құрылған өлеңінде:
Шақырар мені
көгілдір көктем – бүршік тал,
қыздардың оттай жанары;
мөлдірімді менің
ылайлап кеткен «қырсықтар»,
керім бір кезде,
көрінбей көзге қалады, –
деп келеді де ең бірінші жолдың басындағы «Шақырар» де
ген үлкен әріптен кейінгі тағы бір үлкен әріп енді басталып:
Шақырар мені
Өлеңнің ыстық алабы,
Сондай сәттерде
асқақтар кеудем сүйіп көк;
Абайдың жырын,
Сағидың сырын тыңдаймын,
теңізім шалқып,
тауларым кетер биіктеп,
жырым жазылар
иілмейтіндерді
иіп кеп...
тауым биіктеп...
тауым биіктеп...
(35 б. 1967 ж.)
Міне осындағы үлкен әріп, кіші әріп, барлық тыныс
белгілер ұқыпты оқырман зейініне бағынып, зердесіне
кірігеді. Егер үшінші жолдағы кері үтір-нүкте, (;) бесінші
жолдағы жай үтірді, көрмей оқысаң (Абай айтқандай, «не
көзің алаңдап, не көңілің алаңдап» отырып оқысаң) бұл
өлең сізге сыр ашпайды. Өйткені жыр шумақтары ұзына
Әдебиет – жан нұры
бойы тұтас бір ойды толықтырып тұр. Астары арыда, сыры
бүркеу. Бұл әдейі солай жазылған өлең.
Талайлар қамығып іздеген
бұл шындық күрес пе?
Елес пе?
Шиыры бітпейтін бізбенен,
сеземін, тіршілік – егесте.
Біреудің қызығы тым бөлек –
бақытын іздейді қыздардан.
Ал, ақын?.. Жүрекпен мұңды елеп,
іздейді шындықты ызғардан.
Бұл шындық па... Күрес пе?
Елес пе?
Ғасырлар, дәуірлер іздеген
Сеземін, мәңгілік – егесте,
Сапары бітпейтін бізбенен!
(14 б. 1965 ж.)
Бұл өлеңде дүние бітпей – бітпейтін, жаны сірі жаралған
жамандық атаулы жақсылықтан қалыспай; кейде алдыда,
кейде іле-шала із бағып, ұрпақтан-ұрпаққа мәңгілік жал
ғасып, қалып отыратыны кімнің де болса көкей қылын дөп
басар еді. Сәтті түзілген философиялық толғам жатыр.
Дүниеде адам баласы бар жерде жаман атаулы – құрып,
жалған атаулы – шіріп бітпейді. Бітпек емес. Жақсыларды
іздеп, аялдап жүретін кідіргіш шындық есік-тесіктен өтіп,
қуат тауып жеткенше, арындап басатын арсыз, әділетсіздік
үстемдік құрып, мекен таба тұрады. Бұның сыңары – зорлық
есіктен енгенде, әділдік түңіліктен шығады. Бірақ түбі сұ
раулы, есепті дүниеде зомбылықпен көркейген – қарғыстан
күйрейді. «Киімі жаманды ит қабады, пейілі жаманды Құ
дай табады», немесе, «Адамнан ағат өтпей, Алладан азап
жетпейді» дейтін қағиданы малданасыз.
Табиғатқұмар ақын төрт мезгіл жайлы толғайтын бір
өлеңін мәңгілік тақырып сүйіспеншілікке қабыстырып:
Жанат Ахмади
Көзімде тұнып қыр, бағым,
түнімді оймен жұбаттым;
Тұманның жазған жырларын
көрдім, бұлақтың.
Өртендім... Жандым... Ұнаттым
сұлулар жайлы өлеңді.
Сүйді екен бұлай құлап кім? –
«Үйрендік» сүю дегенді.
(30 б. 1966 ж.)
– дейтін жолдармен бейнелегенінде «сүю» кезеңінің азабы
оның рақатынан кем болмайтынын даналап айтпаса да;
сөз сыңайынан, ой қисынынан қосымша сезіп отырасың.
Қоршаған табиғатсыз оның сұлу көркінсіз аузының дәмі,
сөзінің әрі кірмейтін лирик ақын ойын жеткізем деп тым
жайып салмайды. Жадағайлықты сүймейді.
Ақындық үні асқақ, жаралысынан өршіл Нұрекең «Ал
данға» деген, күйге арналған өлеңінде:
Серпілт, қане! Тарқасын бойдағы мұң,
жанарында ғаламның тамшы іркіліп;
арқандалмас асаудай ойларымның
аспанында қалқысын әнші-тірлік.
Үздіктірген даламның сүйем кешін,
Сұлу жүзін, қарашы, жасырды Айым.
Тарта түсші!
Тарта түс!
Күй өлмесін,
Жүректерде толғатқан ғасырдайын.
(40 б. 1997 ж.)
Жоғарыда айтқанымыздай, асқақ үнді ақын:
Серпілт қане! Тарқасын бойдағы мұң,
Жанарында ғаламның тамшы іркіліп;
– дегеннің орнын басқаша қалай түсіндіре алады. Яғни:
Жүректерде толғатқан ғасырдайын
– дегеннен артық қандай теңеу таппақ.
Әдебиет – жан нұры
Немесе «Қайырлы түн – ән аты» дейтін Шопеннің әуе
ніне ойысқан тұста:
Ән боп мені арбаған түнде мынау
Қайда қалқып барасың, күндерім-ау?!
Мазалайды кеудемді шайқап ағын,
Желді күнгі теңіздей шайқаламын.
«Қайырлы түн!» –
Шақырып мың-сан жұлдыз
Аққу сезім әуелеп айтады әнін.
Тұла бойым барады еріп мүлде,
Жүрегімді саз тербеп жерік түнде...
(44 б. 1967 ж.)
Ақынның жан-сезім, қиял дүниесін қапелімде – сәт
үсті сілкінтіп қозғайтын оның тұла-бой, бітім-болмысында
бұғып жататын арқалылық энергиясы тәрізді. Яғни, бақ
сыны айдайтын құпия әміршісі сияқты, ақындығының
қарым-қуат қайнар көзі буатындай. Қиялын аспан-көкке
шарықтатпай басылмастай. Күйкі ой қумай, ұлы табиғат-
анамен сырласады. Соны медет тұтып жырына азық етеді.
«Жыны жоқ бақсы күншіл келеді» демекші, дарынсыздар
жөні бір басқа. Нұрлан Оразалиннің бұл тектес өлеңдерін
өресі биік, талантты ақындар шөгіп ұғынады. Тағы да назар
аудара түсейік:
Қоштасар сәт!..
Қара көзің қиылған
Қадалардай кірпігің...
Лүп-лүп етіп түнде мынау жиі ұрған
Жүрегімнің кім жамайды жыртығын?!
Көше...
Қайың...
Құтқарар кім азаптан?
Қайда қашып тығылармын өзімнен?
Қоштасар сәт... Құтқарар кім мазақтан?
Құтқарар кім сенің оттай көзіңнен -
Менің сорлы кезімнен?!
Жанат Ахмади
Бар шынын жасырмайды. «Ғашықта шыдам болмайды,
шыдам болса ғашық болмайды», дейтін аксиома бар.
(Сараий). Абайдың өзі де:
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да, – деген.
Тегінде зерек жаралған адамдарда болатын сүю дәуірі
– адам биологиясы мен валеологиясы арқылы зерттеуге
тұрарлық бір ғылымға жатуы да мүмкін.
Өлеңнің аяғына көңіл бөлейік:
Мөлдір қара көздеріңдей қиылып,
Қарс айырылып, қарайтындай түнгі аспан.
Жүрек...
Жүрек...
Осы тұста өз-өзіңнен өлең иесінің жанашыры боласың.
Жүрегін айтып шағынып тұрған бауырың бар... Ол – «ауру».
Ш. Дюкло «әлдебір жасты ғашық болғаны үшін жазғыру –
біреуді ауырып қалғаны үшін кінәлағанмен бірдей» дегенді
текке айтпаған.
Сабайтындай жиі ұрып;
Айдынымды мұң басқан,
Теңселіп тұр түнгі аспан.
(79 б. 1968 ж.)
Теңселіп тұрған «түнгі аспан» емес, ақынның өзі, оның
ми-жүйе, сезім дүниесі ғой. (Күн ысығанда қазақ «аспан
айналып жерге түсіп тұр» дейтіні миынан өткен ыстықтан өз
басының айналғанын айтқаны).
Жолы болмаған махаббат үрейі қорқыныш үрейінен, тіпті
өлім үрейінен кем емес. Бірақ кезінде соққы болған бұл сезім
өнер адамдарын шексіз ширығудан өткізіп, қайрап өсіреді.
Махаббат жайлы өлеңді өз басынан шынайы ғашықтық
дәуренін өткізген ақындар ғана жақсы жазбақ. Өйткені өз
сезімі шешек атып гүлдемей және өз сезімі быт-шыт болып
қирамай жазған ақын ортақол жыр тудырмақ.
Әдебиет – жан нұры
Чернышевский «Сүюдің жалынына шалдығып білмейтін
адам, шынайы сүю дегеннің не екенін білмейді» десе, Шек
спир «Сүю – шегі білінген жерде қор болады» деген. Бүгінгі
ересек, аға ақын Нұрлан Оразалин бұла жастық шағындағы
өзін сең соққандай сенделтіп, жан-жүрегін қансыратып
кеткен жағдаяттағы бұл өлеңін жасырып қала алмай,
жинақтан шығарып тастамай «өлең шіркін өсекші, жұртқа
жаяр» ғып отырғаны – сүю шегінің болмағанының дәлелі.
Яғни, сүйекке емес, жүрекке тыртық түсірердей қатерлі сүю
кезеңінен өткені.
Махаббат – сүю кезеңі есерсоқ, әумесер жаралғандарға
да уақытша қасиет пайда қылады. (Онысы өшкен соң таз
қалпына барады.) Ал қай-қай салада болсын, шынайы өнерге
жаралған адамдардағы мол сүйіспеншілік күші сүю дәуірінің
дертіне қалайда бір шалдықтырмай өтпейді. Ақын-жазушы
болып жаралғанның қасиет киесі де сонда. «Қайырымдының
қарғысы қатты» дейтініміз де айналып келіп осыған саяды.
Мен – бақытын қызғанбаймын басқаның,
өсектерге сенбе Сен! Жаңыларсың...
Жүрегімде – басқа мұң,
сезінбессің, кезіп ішін көрмесең.
(Ақын сізге адами адал есеп беріп отыр).
Ұға алмассың кеудемде бір таң барын
Самал барын, қыз-көктем;
Мені іздеген мына өмірде жан барын,
Арманымды адастырып іздеткен.
Жасыра алман.
Талай қызық кез кешкем.
Ғашық болу – ән басы.
Ей, Періштем! Махаббат боп кездескен,
Арманымды арманыңа жалғашы.
(72 б.1968 ж.)
Өзгенің бақытын көре алмай, күндейтін адамнан бақыт
жериді.
Жанат Ахмади
Одақты басқарып алуан мінезді; әрқайсысы бір әлем
– ақын-жазушылармен жұмыс істеп отырған авторды
кей жағдайда дұрыс түсіне алмай қалсақ, оның осы өлеңі
тәріздес, сіздің алдыңызда қақ жарылған тұнық сырларын
кеудемізге серт ұстасақ болғандай. «Сыбаға үлестірген не
қарғыс алады, не өзі мақұрым қалады» демекші, көптің
көңілінен шығып, үнемі діттеген жерден мүлтіксіз шығып
отыру менің ойымша, тек Нұрлан Оразалиндей мінезге бай
кісінің ғана қолынан келер деймін.
Сағынба мені!
Елігі таудың сағынба,
Сені іздеп енді бармаймын.
Өртеніп-жанып, сағымға
Айналып кетті бар қайғым.
Кеттім мен ұзап
Оралмау үшін қайтадан,
Оранып отты лағылға;
Самал кеп кеште шайқаған
Айналды қайың сағымға.
Бұл өлеңдегі әрбір бес жолды тұтас түйіндеп, ой үзбей,
тыныс белгімен оқу керек. «Отты лағылға оранып» – сағымға
айналған «қайың» автордың өз бейнесі екенін түсінесің.
Кешкі самалға шайқалып-жайқалып тұратын «қайың»
ғайып – сағымға, жоққа айналған. Махаббат дүниесінен кө
ңілі қалған, кірпияз ақын соның өзінде:
Кеттім мен ұзап,
Оралмау үшін қайтадан,
Оранып отты лағылға, –
дегенінде әрі отқа оранады, әрі сол оттың өзін лағылмен
бағалайды. Осы өлеңнің жалғасы:
Кеудемде менің
өмірге ынтық бір арман,
айдын бар шалқып теңселген;
таңдар бар сұлу таранған,
сағаты, сәті өлшенген.
Әдебиет – жан нұры
Өлшеулі күндер...
Бал-дәурен кезді қалдырды,
қалды алыс таудың биігі;
ғашық қып мені жандырды
даланың сұлу киігі...
Сағынба мені!
бал күнім енді сағынба,
бал іздеп саған бармаймын;
айналып желге, сағымға
өртеніп кетті бар қайғым.
(93 б. 1968 ж.)
Сүйе білмеген адам – дос іздей де білмейді. Ал дос
іздемес адам жүрек жолы тар, мейірім-шапағаты жабылған;
жарымжан, жансар, жарты адам. Қалта қамынан аспайтын,
пайдадан өзгені білмейтін – өлі пысықтарға жан сөзің
жазылған кітабыңнан гөрі, он долларға у жағып ұстатсаң
соған ырза. Құныққан байлар бауырмал емес, шынайы
бауырмал – бай емес. «Бер» десең бедірейіп, «ал» десең жа
дырайтын, дүниеқоңыз «мырзаларды» түбінде мешкей нәпсі
алып жейді. (Пәниде болмаса, бақида дегендей.)
Жоғарыдағы өлеңнен ұғатыныңыз – өлшеусіз асыл се
зімдер өртеніп күлі қалған. Ақын қайырылғысы келмей
қоштасады, бірақ, қимас, қымбат күрсініс сезім көмескіле
ніп шарқ ұрады. Оқырманға еріксіз ой салады. Оның да
жалақтанып жазылған жайдақ жарасының бет жағын
шытынатып «әттең» дегізгендей. Кезінде қандай асқақ,
қандай биік тартылыс бар еді! Сол кездегі жас автордың
көкірегін өксулі де, киелі бір арман кернегендей. Өмір
көктемінің көк мөлдір аспанынан тырау салып ұшып өткен
тізбек тырна керуеніндей сағыныш сезім енді күрсініс
болып оралғандай. Әлдебір тәтті мұңның бұлдыр елесі
ғана болып қалғандай.
Жинақты оқып отырып, Н. Оразалинді өзіміз көріп жү
ретін біраз ақындарша байбалам салмайтын; не болса – содан
түңіліп, үміт-күдерін бел астында тұрған жақсылықтан
Жанат Ахмади
үзбейтін, жолы жарқын, жігері асқақ ақындар санатына
жататынын танисыз. Аузынан айналаға аждаһадай жалын
шашып, жан ашуын шығарған боп, өмір сүрген маңайына
жөнді-жөнсіз топырақ шаша, қарғыстап, назаланып жаза
тын ақындардан Нұрекеңнің жолы бөлектеу.
Жұртты сол арқылы жалт қаратқысы келетін, шағым
паз шайырлардан Н. Оразалиннің басты айырмашылығы да
осында ма дейсіз. Кектендіріп, ширықтырған нәрсесіне де
дұшпандыққа кетпейді. Сүйіспеншілік сүрлеуі азайған жер
де өмір құнсыз. Мейірімсіздіктен барып кісілік жоғалады.
«Қолыңдағы құсты қусаң орманға кетеді, маңыңдағы досты
қусаң дұшпанға кетеді» деп атам қазақ айтқандай, Оразалин
өзіне жөнсіз тиіскен кісіге де тиіспейді, салауатшыл.
Нұрлан Оразалин ең әрі кеткенде былай дейді:
Орта қайғы...
Орта шаттық...
Орта мұң...
Мені ортайтты қу мінезі ортаның!
Өстіп жүріп адал жүрек бір күні,
Арлан болып кете ме деп қорқамын.
Жөн ғой... Бұл ендігі ел ағасы – ақынның бұдан ширек
ғасыр бұрын (1977 ж.) жазған өлеңі болса да, дәл бүгінгі күні
де бізге, сізге, жора-жолдас қауымға базына-назын, керек
болса реніш-өкпесін мәдениетті түрде артуы деп білген жөн.
Әрине бұл өлеңнен ақынның өзіне тән еңселі көкжалдығы да
таңбаланып тұр. Бірақ елуден асқанша ешкімге қасқырлық
көрсетіп, бөтен қылық танытпаған; мінезді де, кісілікті
азамат ақын енді байыбы мен пайымы қапысыз толысқан
шақта өзінің де, өзгенің де жанын жаралай қоймайтынына
сенеміз. Адам игісі – ашынған сайын ашылар.
Қорытып айтқанда, «Сырнайлы шақ» жинағын сүзіп
шыққан көзі қарақты оқушы поэзия керуенінің бел орта
сында бұйда тартқан аға буын шайырларымыздың бірі Нұ
Әдебиет – жан нұры
рекеңнің осынау ертеде жазған жырларының өзінен-ақ,
өзгеге ұқсамайтын; өзіндік тың ырғағы, салмақты үні, соны
сүрлеуі бар дарын екеніне ешкім көз жұмбаса керек.
...Оқырман кешірер – негізгі тақырыптан ауытқысам
да айта кетейін, бұл кейіпкеріміздің ақындығы осындай
болғанда, мен өз басым Нұрлан Оразалин баяндама жасайтын
жиналыстарға оның сөзін тыңдауға барғым келеді.
Қағазсыз қара сөзге «еһ» деп мүдіріп қоймайтын, нағыз
шешендігін құдайшылықпен мойындайтындардың бірімін.
Жанат Ахмади
ТЕМІРШЕ САРЫБАЕВ
Тағы бір шүбәсіз мықты ақынның жинағы Темірше Са
рыбайұлының «Отырар кітапханасы» сериясымен шық
қан «Дүрия дәурен» атты кітабы. «Иса пайғамбар өз жо
лымен, Мұса пайғамбар өз жолымен» дегендей. Әрбір
жақсы ақынның өз сүрлеуі, өз дауысы бар. Сол ретте атал
мыш «Дүрия дәуренді» қалай айтсаңыз да тілге тиек етуге
тұратын, шынайы көркем дүние деуге болады. Нақтап айт
қанда, автордың әсіресе азаматтық биік әуенге құрылған,
әлеуметтік толғақты сарынға соғатын жырлары айырықша
әуезділігімен екшеленеді. Өзінің турашыл мінезіне және
от тұтанған шабытты сезіміне орай кеудесін еркін керген,
қайсар ақынның тасқынды үнін аңғарасың.
Депутаттар мерзімсіз таратылған,
Ақиқатты айтқандар ар атынан.
Хан Тәңірі түлеткен қырандарым,
Қар боратқан қаққанда қанатынан.
Хас батырдай шебінен шегінбеген,
Қаймағы еңдер халқымның төгілмеген.
Мұң-шерімді мінбеден толғағанда,
Төңкеріле тулайтын көгімде өлең.
Өздеріңмен тең еді төрт құбылам,
Шырқай алмай шығандап кетті бір ән.
Үмітім де үсіді-ау үлбіреген,
Пайғамбарлық парасат жоқтығынан.
Тұлғаларым,
Туларым,
Ұстындарым!
Көзден бұлбұл жан-жаққа ұштың бәрің.
Шілдедегі шыжыған сезім қазір,
Қаңтардағы көрсетті қыстың кәрін.
Әдебиет – жан нұры
Бостандық деп, Теңдік деп сұрап алған,
Өз еркіммен бас тартам, правомнан!
Ашық күнде малтығар жағдайым жоқ,
Қазып қойған Орлардан,
Ұралардан!
Қысқа күнде қырық рет құбылғанша,
Қалды дейсің бізде де ғұмыр қанша.
Енді ешкімге ешқашан дауыс бермен,
Қос шырағым мәңгіге жұмылғанша!
Түсінемін,
Тұрарын құным қанша! (20-бет), «Таратылған
депутаттарға ода» атты өлең).
Тегінде ақын зары сіздің де зарыңыз. Темірше Сары
байұлының мінезге құрылатын жігерлі, өткір жырлары
сыртқы ұйқас, ішкі бұлқыныс мағынасымен ширыға түседі.
Сол арқылы сіздің де жан-сырыңызға соқтығып, сезім дү
ниеңді үйіріп алады.
«Ей, дүбәра, дүбәра...» (21-бет. «Арал жатыр, ару жатыр
алқынып» (23-бет) және күйге арналған «Ақпай» сияқты
(15-бет) көптеген өлеңдері кім-кімнің де болсын көкей қылын
дәл басып отырары сөзсіз. 1-бөлім «Ой ағыс», 2-бөлім «Қоңыр
қағыс», онан соңғы «Алдымдағы ағалар мен ізімдегі інілер»,
ең соңғы «Балладалар», тарауларының қай-қайсысында
болсын Темірше ақынның өзіндік үні, өзіндік ақындық
ағымы менмұндалап тұрады. Оны, авторды жайбарақат
отырып оқи алмайсыз. Немкетті – сүйейсал, босбеулікке жол
қоймайды. 9-беттегі «Болып жатыр не сұмдық естімеген»
атты өлеңі бүгінгі ғасырымыздың ең ұрымтал жүрекжарды
мәселесін өзек еткен. Анықтап бақырайтып айтпағанмен
Шешенстан, Ауғанстан, Ирак уақиғалары сияқты адам
қанымен өлшенетін жербетілік толғақты құбылыстарды
ашына отырып меңзейді. «Мылтық үні бар жерде заң үні
естілмейді» дейтін қағида осыған саяды.
Жанат Ахмади
Атқан,
Асқан,
Тірілей кескілеген,
Болып жатыр не сұмдық естімеген.
Жаңа оянған елдер бар жан-жағымда.
Балапандай ұядан кеш түлеген.
Соның бәрі бір менің назарымда,
Бөлісемін, қайғысын, азабын да,
Зеңгірімнен әлемге зер саламын,
Қалам қамдап, жаңа жыр жазарымда.
Неге,
Қалай,
Неліктен,
Кім біледі?
Сан мың сауал
Жанымды тілгіледі.
Қайта-қайта мүйіздеп бірін-бірі,
Қасқыр шапқан қойдай-ақ дүрлігеді.
Дүрлігеді,
Сонан соң арбасады,
Әне, бірі қаруға қам жасады.
Күліп тұрған мына өмір
Жылап та алып,
Қас-қағымда құбылып алмасады.
Айла таппай әлемдік бүлікке енді
Ойларымды шарлаған
Іріккем-ді...
Ала құйын ызалы есігімнен
Торғай тістеп мысығым
Кіріп келді.
Міне, бұл өлеңге қарап Жер бетінде «жаман атаулы
құрып, жалған атаулы шіріп бітпейтін» алақол тірлікке
Әдебиет – жан нұры
амалсыз бас игендей боласыз. Шүйгіп ұшып, шүйіліп іле-
тін тырнақты қырандар мен теріс азу жыртқыштар тұр-
ғанда – дүние бітпей бітпейтін енжарлық өз ретімен жасай
бермек. Олай болса, әрбір тірлік иесі қасжауының кезенесі-
не ілікпей тұрғанда өзі үшін сақтансын, деген қорытынды
туады.
Жыланға – аяқ, мысыққа – қанат бітпей тұрып жасап
жатқан бұл өмірімізге де шүкіршілік!
Жанат Ахмади
МҰНАР, МҰНАР, МҰНАРЫМ...
Иранбек Оразбаевтың бұл жинағын оқып шыққан кісі
атамыз қазақтың «Бауыры жыртық жылауға келеді, бауыры
бүтін сынауға келеді» деген ұлағатты нақылын еске алған
болар еді. Дегенмен де сөз басында айта кетуге тиісті жайт –
ақын осы кітап арқылы әрі ерте, әрі тосын қиылып, төбесінен
жай түскендей етіп кеткен жалғыз ұлына құламас ескерт
кіш тұрғызатындығы. Замандар бойында талайлар Иранбек
кешкен күйді басынан кешкенмен, талайда-талай қан жы
лаған қайғылы заржақтың қасірет тілімен өрілген шешен
жоқтаулар айтылғанымен, қазақ халқындағы мұндай бір
шейітке арналған бір кітап толы жоқтаудың қолымызға тиіп
отырғаны осы. Екінші сөзбен айтқанда, қазақта небір ділмар
жоқтаулар болғанымен желге ұшып, селге кеткендіктен
бұрынғы жоқтаушылар бұл жағынан Иранбектің қолына су
құйып бере алмастай болып жадымыздан өшті.
Бұрынғы қазақтың:
Мал айдаттың қалаға,
Қалмақ ер салдың қараға.
Үйірсек аттай алғаным,
Үйірде болдың далаға.
Қоспаның басы талма екен,
Қосақсыз қалған зарлы екем...
Қосылар күнім болмаса,
Қос оба бізге бар ма екен?!
– деген тәрізді сан алуан жоқтаулары естіген кісіні елең
еткізіп, ел жадында күні бүгін айтылғанда қуатын азайтпай
келе жатуы жоқтау – өлең-жыр атаулының ішіндегі ең
жүрекжарды қайғыдан жаралатындығы. Осы жағынан ой
лағанда бар нәрсені сырттан реттеп, басқарушы құдірет
күш осынау қайғыны тек Иран-Ғайыптай ақынның жүрек
сүзгісінен өткізуі ғажап. Жалғыз ұлдың қасіретін тек
осының тілімен ғана жырлап қалдырсын дегендей.
Әдебиет – жан нұры
«Өшіріп жанған шырағын
Би-Патыма – Ана жылады.
Мерт болып кенет Мұнарым –
Ғұмыр-Мұнарым құлады... (5 бет)
(Патыма ақынның жары,
Мұнардың анасының аты)
«Мен қараймын анаңа,
Анаң маған үңіліп –
Күн сөнеді санада
Тіршіліктен түңіліп». (40 бет)
Тегінде Иранбек ақын болғанда да табиғаты басқаша
жаралған ақын екені бәрімізге мәлім. Ол өзінің сондай бол
мысын қаза үстіндегі қаралы өлеңінде өзі де жасыра алмай:
«Кещемін бе,
Кермін бе,
Түбімді ашып қазамын:
Өлуін –
Сен өлдің де,
Өлеңін мен жазамын» дейді (33-бет).
Иә, Иранбек кер емес еді деп ешкім айта алмайды.
Табиғатынан ымырасыз жаралған қайсар шайыр мына тұста
өз жарасын өзі қапқан қасқырдай болмасқа шарасы қалма
ған. Онсыз да қиял-сезім дүниесі жалаң-қия, жартастың
ұшар басында тұратын мәмілесі қиын ақын «Мұнар, Мұнар,
Мұнарым» кітабында «Иран-Ғайыптан», «Иран-Қайғы» бо
лып кеткендей әсер береді.
«Қайғылыға жақ бол, қайғысыздан сақ бол» дегенде,
Абай қайғылы адам басқаларға қарағанда мүсәпір келетінін,
әрі өзгеден гөрі пайымды, ойлы болатынын, ешқандай
уайым, мұңы жоқ, «керенау, кердең»,қайғысыз пенде ойсыз
болатынын меңзеген ғой. Дәл осы сияқты Иран-Ғайып та
өзінің кештеу ұғынған түйсігін қайғы үстіндегі ағынан
жарылған әділдікпен ашып кетіп отырады. Ондай тұстар
көп, әрі ешнәрсе жасырмайды. Мұның өзі адам пенделер
Жанат Ахмади
жаза баспау, қапы кетпеу, өз қамын сонау басы сау, аманында
білуге тиісті екенін аңдатады. «Баласы өлмегенге балам өлді
деме» деген бар... Басына әлі ауыр іс түсіп көрмеген қамсыз,
мұңсыз адамның, әсіресе, сондай жастар, жағының тәубесін
дер кезінде бойына түсіретін тұстар оқырманды іштен
тындырып отырады. Кімнің де болсын, иман-таразысын көз
алдына құрғызады бұл кітап.
Тәңірмен өзін тең көрер,
Аяғына тұрып алғасын –
Сезбейтін нәкәс пенделер,
Жазмыштан озмыш болмасын.
Қаперсіз қимыл,
Қау дене –
Санатында едім солардың
Келтіріп ұлым тәубеме,
Көрген түсімдей жоғалдың» (І7-бет)
Немесе:
«Менің де жоқ сияқты,
Құдай сүйер қылығым –
Белден бастым ұятты
Сорға сепкен ұрығын», (15 бет).
«Алдыңа келсе атаңның құнын кеш» деген... Мейлі
қайсымыз болайық, өзінің мына жағдайында тағзыммен
бас иіп отырған бір бет, мәрт ақынға пендеуи ғұмырда
әлденеден кірбің тартып, ренжіп қалған болсақ, жоғарыдағы
шумақтарды оқығаннан кейін рақым мейірің оянуға тиіс.
«Қыршын жас өмірдің
Көші өткен жұртымын...
Қайсың бар –
Көңілдің
Бүтіндер жыртығын?!
Дүние құбыл – шам:
Жарығын жасырды.
Әдебиет – жан нұры
Кімің бар –
Жығылсам
Сүйейтін басымды!...» (45-бет).
Шекспирдің «Жығылғанды демеп тұрғызу аздық етеді,
оған сүйеу болу керек» дегені бар. Бір күнде көзіне жан
көрінбей, азуын айға білеген, серпіні берік, тебіні бекем
ақынның серіппесі жұмсарып, баршамызға шағынуы заң
ды құбылыс. Тағдыр тәлкегімен лайықты орнын тауып
тұр. Бұл үшін авторды ешкім табаламайды, кінәламайды.
Тағдыр ісін табалау «жаралы құсқа тас атқандық», әрі
әдепсіз ділсіздік болады. Паң кеуде ақынның топшысын бо
сатып, өзі айтқандай, тілін «кәлимаға» келтіріп отырған
ауыр дерт қайғысы баршамыздың да адами парызымызбен
ортақтастырар мұңымыз.
Қазақта бір сөз бар: «Жаманның жақсысы өлсе, адам
бармайды, жақсының жаманы өлсе адам қалмайды» дейді.
Жаманның бар бетке ұстар жақсысы кеткен соң қалғанына
бардың не, бармадың не дегені. Ал, жақсының жаманы өлсе
де, көзі тірі тұрған әлгі жақсысының көңілі үшін болса да
«бармаған адам қалмайтынын» «өліге емес, тіріге барады»
дейтіні де осындайдан айтқаны. Олай болса ұлтымыздың
бетке ұстар ақындарының біреуі, Иранбектің отбасының
мына тағдыры елдің елдігін білдіретін мейірімімен өлше-
нері сөзсіз.
Тегінде, мінезсіз талант болмайтыны аян. Әрі талант
тарды біраз жерде «кежір» етіп көрсетіп, кей тұста оларды
есе, үлестен құр қалдыратын да, сол құрғыр «мінезі...»
Бұрынғыдан қалған ұлағатты сөздің бірі «данышпан атану
үшін әлемнен асқан ақылды болу аздық етеді, сол ақылың
ды мүлт жібермей дәлелдеп тұратын мінезің болу керек»
деген. Ол үшін кез-кезінде орайына қарай «у болса ішіп,
жылан болса жұтуға» тура келеді. Сондай мінез сұлулығы
діттеген жерге жеткізеді. Ал ол Иранбек пақырда қайдан
болсын! Оның шалымына келмейтін, әлдекім мәймөңке
мәмлемен мәйпездеп жүріп, арқан бойы жердің тұсау бойы
төтелігін тауып жүріп шөже санар кезде «осы өзі бір тәуір
Жанат Ахмади
жігіт» деген атқа ие болып ананың егініне түсіп кетуі
мүмкін. Жеке басының пендешілігімен талантты шатас
тыру серт бұзу сияқты нәрсе. Ол кеше ғана көз алдымыздағы
өмір тәжірибесінен дәлелденген. Көзі тірісінде бір ауыз ара
түсуге жарамай, халық көрегендігі арқылы шыңыраудан
шыңға шыққаннан кейін барып жалпы ұранға қосылып,
«бәленше сондай еді» деп шулап жүрген жағдайымыз жоқ
емес қой. Олай болса, Иран-Ғайыпты да осы жинағы үстінде
ауызға алуымыз керек. Темір қақпаны аштырарлық, те
бірентерлік сөзі бар, дуалы ауыз білгірлеріміз қайда?
Сондай жақсыларымыз жалтаңкөзденбей, ашыққа шығып
«Мұнар, Мұнар, Мұнарым» кітабын сыйлыққа ұсынса,
авторды асыра жарылқау болмас еді. Жүрек қанымен
жазылған әдебиет мерейі үшін солай ету керек дер едік.
Бүркіттің балапанын бір ұядан қатарынан үш жыл алса,
Ата бүркіт алды-артына қарамай, басы ауған жаққа қаңғып
кетеді екен-дағы, олай етуге намысы жетпеген Ана қыран
көк аспанға шарықтап шығып алып, бар екпінімен қайта
құйылып келіп, өзін жартастағы ұяға соғып мерт болады-
мыс деген тәмсіл бар... Сол тектес, мұнан бұрын екі рет
мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып, енді үшінші кезегін кү
тіп тұрған Иранбекке елдігімізді тек осы жолы көрсетуіміз
керек шығар, ағайын! Бір қайғылыны аз да болса бақытқа
жеткізу – елдігіміздің қолынан келетіндігін айтпағанда,
еңбегінің өзі татымды емес пе. «Көптен бақыт құтылмас»
деген де мақал бар.
«Қарайды бетіме
Анаң жалтақтап.
Қандай ниетіме
Қалдым қалтақтап», – (9 бет)
Автордың өзін қоя тұрғанда алдыңғы екі жол үшін,
жабырқайсыз.
Бұл – жеке бастың зары, сондықтан жеке тауқыметті
ғана жырлау әдебиетке бел ағаш бола алмайды, деген шолақ
ұғымнан, ескі қоғамдық, әсіреқызыл көзқарастан аулақ
болуымыз, арылуымыз қажет. Әдебиет жүрек үні емес пе.
Әдебиет – жан нұры
Мәселен, бір ақын біраз жыл бұрын жоғарыдағыдай зарын
айта келіп, «компартиям тұрғанда бұ да түк емес...» деп
жырлаған болса, ол сол кезеңнің өзінде көзге ұрмағанмен,
ендігі талғаммен қарасаң анық жасанды, жағымпаз әдебиет
болып шыққанын ұғар едіңіз.
Ал жоғарыда сөз болып жатқан қалпында автор еңбегін
таза поэзия дей аламыз. Тағы да пайымдап қарасаңыз:
«Неткен тайқы пешенем,
Мендей зарлық тумасын.
Ағыл-тегіл көшемен
Қаңғырады қу басым.
Өткенге де қараймын,
Кеткенге де қараймын.
Жарасын қапқан қасқырдай
Өзімді өзім талаймын.
Аш өзегім талады,
Таусыламын торығып –
Үнім де өшіп барады,
Ұли-ұли қорынып! (8-бет)
Ең соңғы өлең «Қара тастағы жазудың» ақырғы шу
мағында:
«Жалған бәрі!.. Жалғанбыз!
Көр – суық та, Мола – сыз.
«Біз де Сіздей болғанбыз
Сіз де біздей боласыз!..» – дейді.
Классика – мәңгілік өлең дейтініміз бәлкім осы тектес
болар.
Жанат Ахмади
ҮШ АҚЫН – ҮШ АҒЫН
Кейде өзіңе де көрінбей тек ұғым дүниеңнің әлдебір түк
пірінде бұғып жатқан, ұйқылы-ояу сезіміңе жан бере алар
күштің иесі де – поэзия құдіреті, ақындар әулеті. Өмір та
нымыңның терең түкпірінде қыстап жатқан шалажансар
көбелегің өзіне жеткен жылулы демнің шарпуымен қы
бырлап тіріліп, қанатын қағып-қағып жібереді... Сөйтіп,
ақын жыры өз қиял әлеміңді өзіңе зерттетіп, жан-сезіміңнің
қалтарысын мекендеген әлгі сырлы қанат көбелегің гүлден-
гүлге қона бастайды.
Қысқасы, әркімнің өз жан өлшемі деңгейіне тең қанша
қасиет-қастері бар болса, соның бәрін жақсы ақынның саң
лақ қиялынан жаралған сұлу жыры жан бітіре жаңғыртады.
Өз көкірегіңде керуен-керуен көш жылжи бастайды. Аңсап
жүрген жоғыңды тауып береді. Түлеп, жаңғырасыз.
Менің қолымда Исраил Сапарбайдың 1986 жылы «Жа
лын» баспасынан шыққан «Жүрегіме ұя салған қарлығаш»
атты бір ғана кітабы бар. Аталмыш ақынның кейін де бірне
ше өлең кітаптары жарық көрген. Бірақ, ой қозғау үшін,
сана-сезім айнасын ауық-ауық сүртіп, тазалап отыру үшін,
ептеп шегініс те керек. Мұнымды есті оқырман ерсі көре
қоймас деген ойдамын. Оның тұңғыш жинағы біз елде
жүрген кезімізде 1976 жылы «Жалын» баспасынан жарық
көрген «Аққу арман» кітабын авторды танымайтын уағы
мызда оқып, түбі тігілмей шығарылған жұқа жинақ не
ше бөлініп түсіп қалса да тастамай қаптап, көктеп тігіп
Алматыға ала келген едім.
Кейін автормен танысқанда көрсетсем, бұған таңырқа
ған ақын «осы алғашқы жинақ өзіме де бір түрлі ыстық
еді, менде де қалмаған екен...» деп уақытша сұрап алды.
Ол жинақтағы «Арманым менің», «Қыз бен қымыз» тәрізді
бірнеше өлеңдері менің көкейімде жатталып қалған.
Көп ізді кестім апарар саған жолды іздеп,
Жар басып жүріп жартасқа қондым жалғыз кеп.
Әдебиет – жан нұры
Жазғы кештерде жұлдыздар қонып кеудеме,
Тіледім сенен бағымды менің жанғыз деп.
Алдымда – белес, алдымда – асу, қарлы шың,
Сені іздеп келем, арманым менің, бармысың?
(«Аққу арман»)
Бұл өлең бала кезімізде қолымыздан тастамай, жастанып
жатып өліп-өшіп оқыған «Лейлі-Мәжнүнді» еске түсірді.
«Жар басып жүріп, жартасқа қондым жалғыз кеп» дегені
қиялданып, қаңғып кеткен атышулы Мәжнүн тәрізденген.
Әрі бұл өлең ойымен ғана емес, төгіліп тұрған сұлу
ағысымен де әуесіңді қоздырады. Өлең жалғасына назар
аударайық:
Жанарда жанған жалынмен өртеп түн уағын,
Сусамыр күйде судың да сырын тыңдадым.
Тасбауыр тасқа табаным тайып, жүз жүдеп,
Шапағатыңды тілеп, махаббатымды шыңдадым.
Алдымда – теңіз, жағалау тілеп бар күшім,
Сені іздеп келем, арманым менің, бармысың?
Алғашқы жинағының өзіне осындай тебіреніске толы
өлеңдер енген Исраилдың жыр жазбауға лажы бар ма еді?
Исраил ақын әлі күнге дейін әдеби сын, рецензияларда өз
бағасын дер кезінде еншілей алмаған, еңбекқор талантта
рымыздың бірі. Поэзия жолындағы бейнетіне риза ақын
қолпаштау, мақтауға құштар да емес. Бірақ «Бағбанның
маңдай тері жемісін жегеннің мойнында» демекші, оның
жыршылдық дәстүрінен шынайы ләззат тапқандарымыз
ауызға алсақ – сол парыз.
Аталған жинақ үш бөлімнен тұрады. «Ғұмыр сазы»
бөліміндегі алғашқы «Ана» өлеңінде ақын адамзат бала
сының ең-ең қастерлі ұғымы – Ана мен баланың бір-бірінен
айырылысар сәтін нәзік астармен береді. Баланы ана жүрегі
ғарышқа ұшырған кемеге теңей келе:
«Алдың ашық болғай да – деп, – алдың бақ»
Қоштасумен сен қаларсың қол бұлғап.
Жанат Ахмади
Жүрегің – Жер.
Қайта айналып қонам ба,
Қонбаймын ба,
Саған, маған сол жұмбақ.
Шеңберіңнен шырқ айналып шыға алмай
Шолпан жақты жүрермін мен шолғындап.
Иә, ой-қиялынан жан анасын бір шығара алмай, алыстан
«шолғындап» жүру дегеніңіз, қимас сағыныш сезімі емес пе!
Енді екінші бөлім – «Алматы ақшамындағы» мына бір
өлеңнің алғашқы және шешуші соңғы шумағына назар ау
дарайық:
Алысқанды жығам деп, ұстасқанды
Алматыда бір күнде қыс басталды.
Аспан жайып сыпыра, елгезермен
Үн елеген анаға ұқсастанды.
Аспан жақтың бейілі ақтарыла
Қар жауып тұр қалаға, бақтарыма.
...Алматы – немересін алдына алып,
Алатау-қарт оранды ақ тонына...
«Ақ тонға» оранған қарт Алатау Алматыдай немересін
ғана алдына алып қоймай, сонымен қоса миллиондаған
адамды да баласындай әлдилегені өлең астарына өз-өзінен
сыйып тұр.
Қара жер көз жасыңды құрғат-тағы,
Үнімен уақыттың тіл қат, кәні!
Төгіліп жазықсыздан жатыр неге
Адамның алтыннан да қымбат қаны?
Өзімшіл, өзеуреген бұл ғасырда сырласым да.
Өзіңсің мұңдасым да, сырласым да.
Жете алмай ұштығына бұл өмірдің,
Қамалып қаншама ойлар жүр басымда...
Ақын тапжылмайтын қара Жерді ғана айнымай, аумай
сенерлік дос тұтады. Басқа баянсыздықтан, опасы аз жал
ғандықтан көңілі қалған, жүрегі шайлыққан. Өзімшіл ға
Әдебиет – жан нұры
сырдың өзеуреген саясатынан әккі болған, секемшіл басы
ның тыныстап, тұрақтар тұғыры «емсең емшек, кессең
беріш» болатын, төзім кіндігі – көнбіс Жер-ана ғана! Екінші
өлеңнен:
Тұрғанда астында Жер, Ай қасында
Бейопа, безбүйректер байқасын ба:
Жақсылық Жамандықпен әлі күнге
Арасат майданында айқасуда!
Өзін Айдың қасында тұрғандай сезінетін, мақсатына
жетіп алған «безбүйректер» қатар өмір сүріп тұрғанда
«Арасат» майданындай жер бетіндегі таразы-тартыс та
бітіп жоғалмайтынын жырлайды ақын. «Жүрегіме ұя сал
ған қарлығаштың» алдында да, бұдан кейін де бірнеше кі
таптардың авторы болып үлгерген Исраил Сапарбайдың
бұл жинақтағы баллада, өлең, поэмасын ыждағатпен оқып
шығыңыз. Сонда ақынның шығармашылық мүмкіндігі мол
екенін аңғарасыз. Аңғарасыз да оның келесі бір топтамасын,
жыр жинағын асыға іздей бастайсыз.
Ендігі аз-кем пікір Кеңшілік Мырзабеков жөнінде.
Кеңшілікті өмірінің соңғы кезінде маған Байбота Серікбаев
таныстырды. Алғашқы да, соңғы да көруім – сол 1988 жыл
дың қысы. Құлақ түріп іздей жүріп «Кітап – почта» деген
дүкеннен марқұмның 1988 жылы «Жазушы» баспасынан
жарық көрген «Дәуір-дастан» атты кітабын таптым. Үш дас
тан мен өлеңдерден тұратын 4–5 баспа табақ жинаққа Аян
Нысаналин пікір жазған екен. Бізсіз де мақтауы жеткілікті,
дарынды ақын Кеңшілікті мен осы жинақты бастан-аяқ
оқығаннан кейін білдім. Кітаптағы өлең-дастандар сары
нынан асқақ ақынның ешкімге бас имей, әрі өзгеге ұқ
самай өткен, тек оның өзіне тән ғұмыры байқалғандай.
Майырылмас пәктікке жаралған таланттың кез-келгенмен
жараса бермеген де жағдайлары барын кішірейіп ақтарғысы
келмесе де, өзіне тізгін бермей лықсып туып кетіп отыр
ғанын, біраз өлеңдерінен аңғарасыз. Ақын жинағын зерттеп
оқудағы мақсаттың өзі, арамыздан көзі кеткеннен кейін
ұмыта бастамаудың жолы еді.
Жанат Ахмади
«Дәуір-дастандағы» үш поэманың екеуі: «Дүрбелең»,
«Дүние дәнекерлері» Қазан төңкерісі мен Ұлы Отан со
ғысы кезіндегі майдан ерлігіне арналып жазылған. Бұл
дастандарды сол кезеңнің өз талабына орай барып салып
жазғандығын «Заманға бақпай ер оңбайды» деген нақылдың
төңірегінен қарастырсақ болады. Ал Иманжүсіп туралы
дастанына біраз тоқталуға тура келеді. Басталған бойда
тартып ала жөнелетін асау қанды кейіпкер тұлғасына
құрылған бұл дастан ақын жанының сілкінісінен туған
көркем дүние.
Басынан аяғына дейін жұп-жұмыр, сом болып шыққан
бұл дастанды әңгімелеу керек емес, оқу керек. Авторды
есіркеу не мадақтау емес, жаныңа жай отының ұшқынын
алып, пендешіліктің бас игізген күйбеңін өзіңнен сілкіп тас
тап, қайта жаңғыруың үшін оқу керек. «Көкжал туған қой
терісін жамылмайды» демекші, бұл серпін ақынның жел
ке жүні күдірейген, сол мінезіне сәйкес, асау ақылынын,
шамырқанған сезімінен туып отыр. Талант атаулы мінезсіз
болмайтыны және олардың кейбір «көкелеріне» ұнамайты
ны, тіпті жолын кесетін жайлар болатыны, сол арқылы
өмірден ерте қажытып, түңілдіретіні де бар. Таланттарды
көпірден өткізе білу – парасат, ал өзгелер өздері-ақ жол
табады... «Иманжүсіп» бейнесі Кеңшілік қанындағы өзінен
астам келгенге пepіcі ұстап кететін, арқалы туылыстың
алмас жүзді көрінісіндей. Иманжүсіп бейнесін арамыздан
ерте кеткен Кеңшіліктің өз болмысы ретінде қабылдау
қажет.
Енді үш поэма аяқталған жерден басталатын «Мінез»,
«Қырықтағы қайнағалар», «Баллада» сияқты шығарма
ларына ойысатын болсақ, қай-қайсысын оқымаңыз, Кеңші
лікті өзге ақындардан бөліп тұрған өзіндік мәнерді, бітімге
келмейтін кереғар кескін-келбетті танисыз. «Мінез» өле
ңінен мысал:
Өзімді-өзім жеңе алмай жүрген бір кезім,
Іздеймін кейде мен сондай күндердің өзін,
Өзімді-өзім жеңемін, өлемін бір күн,
Өлтіре жаздап жүр мені құрғыр мінезім.
Әдебиет – жан нұры
Удай тілмен, ілмек біздей, шаншып-тартып өзгені ше
несе, өмірдің сан құбылған, қитұрқы сусымалы талабына
бейімделе алмайтын «құрғыр мінезі» бар өзін де аяп қал
майды. Ашығына кетеді. Екінші өлеңдегі қарама-қай
шылықты тағы аңдаңыз:
Қырықтағы еркек қалады қайнаға болып
Қайнағалықтан зиян да, пайда да көріп.
Серілік дәурен бәрібір байытпайтынын
Байыптай келіп біледі, ойлана келіп.
Алдымен осылай – қырықтағы құрбы-құрдастары қай
наға болып шекесін қыздырмайтынын бір аңғартып өтеді де:
Бұл кісілер біреудің қайнағалары,
Сыпайы тартып сондықтан – майдалағаны.
Қырықтағы еркек қаншама қайнаға болсын,
Замандас болмай бәрібір қайда барады?!
– деп өз сөзімен айтқанда «серілік дәурендегі» еркектің қыз-
келіншек десе қызыл өңеші көрінбей қоймайтынын «әзіл-
шыны араласпен» әдемі аңғартады. Енді «Балама» өлеңін
бажайлайық:
Қызылшаққа қиялың сана болғанша,
Уыз жүрегің ушығып, жара болғанша,
Жара жазылып уыты тарағанынша
Ұшырарсың жүректі зәрені алғанша.
Шындық мұнан артық қалай қазбаланбақ. Махаббат
таңғажайыбын жеріне жеткізе өрнектеген төмендегі «Көз
алдымда тұрсың сен» өлеңінің мына бір жолдарына қайта
үңіліңізші:
Шын ғашық, болсаң сен-дағы мені бір жылат,
Тәтті бір түстей көзімнің алдын бір бұлдырат!
Жұмағың – жұмбақ, тозағың да қат, қимасым,
Көзіңнен бір күн ұшармын мен де, біл, бірақ!
«Қиыла сүйген елжіретер, күндер де бір күн еңіретер»
деген халық даналығы немесе Чернышевскийдің: «Сүюдің
Жанат Ахмади
жалынына шалдыға білмейтін адам шынайы сүю дегеннің
не екенін білмейді» дегеніне жүгінетін болсақ, мынандай
өлең тудырған Кеңшілік Мырзабеков рухы қай кез-кезеңде
де өз халқымен бірге жасайды.
Өлеңге қалам тартысымен, айналасын елең еткізген ақын
қызымыз Гүлнәр Салықбаеваның тұңғыш жинағы – «Бір
жұтым ауа, қызыл күн» тыныс-лебі өзгеше, поэзиямызға
төтесінен келіп қосылған құбылыс болғанына ешкім дау
айтпас. Тегінде, Гүлнәр өз өмірінің бастамасындағы мына
дүниеде ешнәрсемен орны толмас, ешқандай асылыңмен
айырбасталмас, асқақ ақыл-сезімінің, содан өрбіген махаб
бат үрейінің тосқауыл-мұңын тек поэзияға ғана қиып, соған
ғана теңгере алған, жан ойраны басым ақын екенін бай
қайсыз... Булыққан көкірегін сонымен ғана тыныстата
тындай, өлеңдерінің әрбір шумағын ауыр тылсымды ойға
құрады. Назамен қираған жан шырайын қысқа толғаммен
келтіре жеткізетін жас ақын сенің де өміріңдегі қиғаш
құбылыстармен үндесе үйлесіп:
Тіршілік деген тілазар
Көрмейін десем – көзім бар, –
деп көкейіңді дәл баса қояды. Ақын мейлі, балалық шақ
тың тақырыбына барсын, соған төте достық-махаббат,
сүйіспеншілік тақырыбын жырласын, немесе алуан түрлі
әлеуметтік арнаға қалам тартсын, айтар ойдың ең негізгі
қан-сөлін қалдырып, өте ұтымды қысқа тәсілін қолданады.
Бедерлі, тая-баспас табанын тіреп, сіресіп жазады. Жас
ақынның өзіне сонша қаталдығын ойлап бір асқақ, тар
тымдылықты оның күре тамырларын бойлаған қанынан
іздегің келеді.
Сап-сары нұрға қарадым,
Қарадым-дағы сарғайдым....
Орнына балын араның,
Тегін берсең де алмаймын,
– десем сол үшін сіз рақаттанғайсыз, сенің айтқалы жүрген,
айтуға таппай дағдарып жүрген бірдемеңді аузыңа шайнап
Әдебиет – жан нұры
салып отырғаны. Тегінде, Гүлнәрді оқығанда қылаусыз
ескеретін бір жай – оның кітабындағы жырлар басынан
аяғына қарай мазмұн жағынан хронологиялық тәртіппен
түзіліс табатыны. Өйткені, басқы беттердегі ой желісі кі
таптың өн-бойына ширыға тартылып отырады. «Бір жұтым
ауа, қызыл күн» жинағындағы өлең атаулының барлығын
біріне-бірін астыртын тамырласқан, тұтас дүние деп қарау
керек. Өлең жалғасына ойысайық:
Қап-қара түнге қарадым,
Қарадым-дағы қартайдым...
Бетеге болып барамын,
Аршасы едім Алтайдың.
Қоп-қоңыр түске қарадым,
Қарадым-дағы жыладым...
Қағанағы қарық қарағым,
Ести ме, сенің құлағың...
Философиялық тереңдікке құрылған өлеңнің не айт
қалы күйзеліске түскенін соңғы екі жолдан бір түйгендей
болып аңғарып қаласыз... Ақын өлеңдері төбесінен жай
түскен «Алтайдың қарағайындай» ойранды болатын себебін
соңыра, бір-бірлеп ұғына бастайсыз дейтініміз осы.
Қып-қызыл күнге қарадым,
Қарадым-дағы өрт іштім.
Бу болып ұшып барамын,
Тамшысы едім Ертістің.
Иә, бұндай өлең-жырларды кім ойға батпай, кім тұ
щынбай оқи алады? Гулнәр Салықбаеваның көп ақындарға
ұқсамайтын ерекшелігі – өлең құрылысы мен кітаптағы
өлеңдерінің ішкі астары бір-бірімен хабарласып, оқырманын
да сол арқаудың бойымен бірден-бір тартып, барған сайын
ынтызар ете отыратындығы. Әсіресе, махаббат сырының
мұқтаждығына ұялы тамыр, үзілмес керме тартылған. Өз
басындағы өмір құбылысының айқара басылған таңбасын
поэзияның сиқыры бар бедерлі үнімен айқындап, өте-мөте
тосқауылға ұшыраған махаббат шырайымен сізді өзіне дос,
Жанат Ахмади
сырлас етіп алады. Жан иірімінің терең сырлы ғажаптары
на кіріктіре араластырады. Оның қамын іштей бірге жеп,
өміріне тілеулестікте отырасыз. Көп өлеңдерін махаббат сы
рына байланыстыра отырып-ақ, әлеуметтік деңгейге көтере
біледі ақын.
Оқырман кітаптағы алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ
ақынның қозғалыстағы жан әлеміне күзетші бола отырып,
«Бір жұтым ауа, қызыл күн» жинағын өзінің тұтас бір
шаруашылығындай игеріп алады. Соған құлшынғаныңды
байқамай да қаласың.
Гүлнәрдің көкірегіне пікір толтырып жіберетін өлең
деріне тоқталып, сол төңіректе талай ой айтуға болар еді.
Шоғырлы авторларға құрылған мақаламызда ол мүмкін
емес. Айтпай кетуге болмайтын, Мұқағалиды еске түсіре-
тін:
«Нали бергенің неткенің, –
Өмір сүр» – деді өкпелі үн...
Бармысың әлі әлсіз от,
Сен сөніп қалған жоқ па едің?
Қайнадым, қайта түзілдім,
Келмейді ерте үзілгім.
Бата бер, маған, биік тау,
Бір жұтым ауа, қызыл күн.
немесе:
Аңқасы кепкен арманым,
Айтатын әлі бар ма әнің?
Тістеуден тісім кетіліп,
Қан-жоса болды-ау бармағым!
Қан-жоса болды жүрегім,
Рауғаштай реңім...
Мен қалай енді қуанам -
Meн қалай өмір сүремін?
Құдай-ау, бұл неткен күрсініс?!
Әдебиет – жан нұры
Неткен ғана ындын кептірерлік ынтызарлық?! Жас адам
жанын осынша жай отына айналдырып, түскен жерін өртіне
шалдықтырардай, бөгде жай-күйге жеткізген не нәрсе?
Ішкі сырымды сыртқа жайсам, Гүлнәр ақынның өлең
дерін менен көп қайталап оқыған кісі жоқ та шығар. Бір
оқып алып келесі ақынға ауысып жүре беретін жеңіл мі
незді оның өлең болмысы кешірмейді. Оңашада ойыңа
оралады, у-шудан бойын аулақ салады. Ішкі әлеміңе қайта
шықпастай еніп алып, жүрек тұсыңнан сыбыр қағады. Ол
сыр-сыбырды өзің ғана естисің. Сонан соң Гүлнәр кітабына
қайта үңілгеніңді өзің де байқамай қаласың. Сірә, шынайы
өлеңнің екінің бірі түсіне, тұщына қомайтын бір құпия
құлпы осында жатқан болар ма?..,
Ақын өзіне лайықты сөзді көркейетін, көгеретін ке
зінде естігені абзал. Ақынның кейде бала, кейде дана бол
мысы осыдан қанаттанады. Талантты сүйемелдеу аз, тіке
лей қамқорлық қажет. Ал, құдайшылығына келсек, Гүлнәр
Салықбаева өлеңді пәлсапалық ағында жазатын, әдебие
тіміздегі құнарлы құбылыс десек, асырып айтқандық бола
қоймас.
* * *
Енді тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, ма
қаламыздың атынан аңғарылып тұрғандай, біз қалап түстеп
танып алған үш ақынның өлең жазу мәнері үш түрлі яғни
үш ағынның үні үзілмес үлгілері іспетті. Анығын айтсақ,
бұлар бәленше ақынның түгенше туындысына еліктеп із
қуушы сарынқұмар шайырлардан емес. Ал арнайы ой біл
діріп, пікір түю үшін бір ақынның он кітабын оқу шарт бола
қоймас. Көп жинақпен мықты ақын бола алмай жүрген
әріптестер де арамызда аз емес. Біздің мақсатымыз – осыны
тағы да бір алға салып, даралық пен дарын, талғампаздық
пен талант табиғатын тағы да бір тиянақтау, өлең деген ғажа
йып сыршыл әлемге көпшілік назарын құмарта қызықтыру.
Ал, өлеңсіз өмір өмір ме?!
Жанат Ахмади
НӘЗІКТІК пен ЖАЗЫҚТЫҚ
«Ақша молданы намазынан қалдырады» демекші, соң
ғы жылдары ел-жұрт нарықтық ықтиятқа тәуелді болған
заман әсері ме, басқа ма, жалпы әдеби сын, поэзия, проза
жайлы баспа бетінде пікір айту дәстүріміз босаңсып кетті.
Шариғатта достық болмайтыны сияқты, әдебиетте де достық
болмай, барын бардай, жоғын жоқтай көрсетіп отыру дегенді
жат жұртқа келін боп барып, тағдырын табар қызына өз ата-
анасының берген тәлімі ретінде көруіміз шарт еді. Өйткені
қолымызға қалам ұстаған барлығымыз әдебиеттің қамқор
ата-анасымыз.
Рас, тәуелді адам дәрменсіз... Қай-қайсымыз да әр нәр
сеге тәуелді, жалтақпыз. Асы бар аяқты аттай алмай, кімнің
арбасына мінсек (түссек) соның өлеңін айтуға мәжбүр заман
орнады. Солай бола тұрса да ынсаният тірлігінде ең-ең қас
терлі ұғым – әдебиет үшін, оның ешкімді кешірмейтін киесі
үшін; жүз жыртыспай тұрып дос көңілі көркеймейтіні
сияқты ақын-жазушы атаулы бір-бірімізге куәгер болып
жүруіміз қажет-ақ!
Әсіресе ақындар әулеті-жалпы ақын атаулы досқұмар
болып келеді. Дана қазақ «асқұмардың тәні семіреді, дос
құмардың жаны семіреді» деп босқа айтпаған. Ал ділсіздік
– дос іздетпейтін кінәрат. Ділде жоқты тіл жеткізбейді.
(Ақын-жазушы өзгеден сол ділі мен тілі үшін озық.
«Әкімдіктен ақындық артық» дейтініміз сол). Олай десек,
ақын-жазушы көптің рухани ырысы.
Дей тұрсақ та жөні осы екен деп, қаршыға орнына қар
ғамызды, тұйғын орнына тырнамызды сорайтып тықпа
лауымыз өз-өзінен түсінікті ғой. «Болмасқа болысам деп
көңілшек өледі, ұйқының ұйығына батып еріншек өледінің»
керін келтірсек, өзімізді ғана «өлтіріп» қоймай, иман сөзіндей
қастерлейтін әдебиетімізді өгейсітіп жансарлатамыз.
Қасиетті өлең әлеміне өзіндік үнімен келген Қазыбек
Исаұлының жырнамасы жақсы болғанмен, жарнамасы же
тіспеген «Керімсал» кітабы жайлы айтқанда ең алдымен
Әдебиет – жан нұры
ауызға аларлық басты нәрсенің бірі – автордың жазу мәнері.
Қазыбек қандай тақырып болсын, жазуға оңай, баяндау
төсілінен басқаша қырға мініп, ой орамын түкпірлеп, кеулеп
әкетуді, діттеген жеріне сол арқылы жетуді ұнататыны
байқалады. Көбінше солай.
Екі бөлімнен тұратын кітаптың алғашқы бөлімі «Сырлы
әуен» аталса, содан таралатын былайғы үзік бөлімшелер:
«Мезгіл мінездері», «Өмір-өнер», «Өмір-өлең», «Өрнекті
өлке», «Кескін-келбет», «Дүбірлі дүние» деп аталады да,
екінші бөлім «Мұңды әуен» деген тақырыппен басталса
осының барлығы поэзия техникасын керегіне қарай емін-
еркін жаратқан ақынның ішкі дүниесіне орайласып, ретті
түзілгені кітапты оқып шыққанда ашыла түседі.
Әр бөлімшеден дәлел іздеп оқырманды мезі етпей-ақ,
кез келген тұстан мысал алатын болсақ, «Элегия» (18 бет.),
«Аттанарда» (31 б.), «Базардағы қайыршы» (35 б.), «Жү
ректегі зілзала» (52 б.), «Мен жыр жаздым» (82 б.), «Жұбату»
(102 б.), «Ақын тойына» (112 б.) және т.б.
Міне осы тақырыптағы өлеңдерді оқып көріңіз.
«...Сынап дүние бір күні сыртын беріп,
Кете ме деп қорқамын күлкім кеміп...
Құнсызданып барады адамдар да,
Құн заңының бүгінгі құлқын көріп...
Кеңпейіл-ақ, жігіт ем кешірімді,
Білмей қалдым дүние не сырыңды.
Көрсетерің көп пе еді, Көктегі ием,
Көлденеңдей бересің кесіріңді...»
«Аттанарда»(33)
Мейірі мол ел едік қой, меймандос,
Өмір мынау,
Көңіл болсын қайдан қош...
Қайыршыдан қаймығатын қалтаңмен,
Қайда барып жетісесің қайран дос...»
«Базардағы қайыршы» (35)
Жанат Ахмади
Ақынның санап алғысыз сыршыл да, мол өлеңін жү
йелеп оқып шыққан кісі оның тақырып аясы кең, өрелі
ақындарымыздың санатынан табылатынына куә болар еді.
Көрініске сырбаз, сырт бітім болмысы сыпайы, кербез кө
рінген Қазыбек Исаұлының ішкі дүниесі серіппедей жиы
рылған тегеуірінді, ой-қиялы кезеген беймаза ақын екен
дігін оның жырларындағы шиыршық атқан жан толқыны
сынан танисыз.
Сондай-ақ Қазыбектің:
«Қазағым-ай қанағатқа кекірген»
Күнге қарар бетім жоқ,
Түнге қарай қуандым...
Еске ессіздік түсер деп
Ес жиюға қорықтым...
Кеңістікке көз жіберіп жүрген ұл
Биіктікке кірпік қақпай қарайды...
«Жынды ғып кетер мұңдыны,
Тыныштық ұйып барады»
деген тәріздес сіздің де сезім дүниеңізге қай-қайдағы
жарақат тыртықтарыңызды көлденең тартқызып, ойға
батыратын тұстар кітаптың кез келген бетінен кездеседі.
(Жоғарыдағы жолдар өлеңдерді тұтас оқығанда сөзіміз
дәлелді бола түседі). Енді ақынның «Элегия» атты өлеңімен
толық танысып байқайық:
«Күз де келді.
Сарыуайымға салып бәрін жеткеннен,
Өкім айтты өркеуде күз өктеммен.
Ағаштардың иығынан сыпырды,
Киіп келген көйлектерін көктемнен.
Жердің миын шығарғанша тарамас,
Бұлттан ығып бүрсеңдеген тал, ағаш.
Әдебиет – жан нұры
Сорасы ағып, баса алмай тұр солқылын,
Су астында қалғандықтан жалаңаш.
Көңілшек көк егілді ерте еріксіз,
Келіншекке көрінді өлке көріксіз.
Сақинасын сипалайды ол, ал қарттың
Сақинасы ұстап жатыр келіп күз...
Уақыт тағы бір жазыңды сызды әйгі,
Өткен күндер жүрегінде сыздайды.
Сыртылдатып машинкамен тамшылар
Шатырларға жыр жазуда күз жайлы.
Күллі бояу көретұғын күреңнен,
Күн көретін көк жүзінен түнерген,
Әрбір күннен бір өзгеріс күтумен,
Қалың ойдың қамауында жүрем мен.
Ашылғанда аласа аспан түндігі,
Жауынның да деген кезде тынды үні,
Ағаштардың көз жасымен ойнайды,
Ала бұлтты сығалаған күн нұры...
Жылынумен шоғына үміт отымның,
Бір-бірінен аумай өтіп жатыр күн.
Жаңбыр жауып күн шықса да артынан,
Түк болған жоқ... Түк бітірмей отырмын.
Күн өтуде,
Қимылдайық енді біз.
Көп кешікпей көмкереді көлді мұз.
Келді деген күз де кетіп барады,
Өмір осы. Ал біреуге соңғы күз...
Міне, мұндай өлеңге ешқандай дәріп-дағуаның керегі
жоқ. Әр оқырман өз өмірінен әр алуан өрнек түйе жатады.
Жанат Ахмади
Қазыбектің мамандығы суретші екені табиғат туралы
тартымды жырларынан анық аңғарылады. Жалпы, ақын
өлеңдеріне тән нәзіктік, ішкі тереңдік «Мезгіл мінездері»
бөлімшесінде де байқалады. Табиғатты жырлап отырған
ақын ішкі сезімін, көңілін бейнелеп, тіпті, махаббатқа
ауысып кеткендей болып көрінеді. Бұл туралы автор
ерекшелігін жас ақын, мәдениеттанушы Әмірхан Балқыбек
«Қазыбек өлеңдерінде қыстың өзі де нәзік суреттеледі.
Кейінгі кезде жоғалып бара жатқан нәзіктік қазақ өлеңіне
Қазыбек поэзиясы арқылы қайта келгендей» («Жас алаш»
көкек, 1996 жыл) деп, тап басып тауып айтқан тәрізді.
Оқырмандардың көзін жеткізу үшін, мысалға жүгінейік:
Ғажап өмір,
Көрсем-дағы не күйді,
Құштарлығым қалай оған кемиді.
Кең дүниеге кеберсіген ерніме
Ұлпа қарлар қонбай жатып ериді...
дейді «Қар жауған күн» өлеңінде (5-бет). Жүгіре оқып келе
жатсаңыз да жүрекке жылы суретке қалт кідіресіз. Өмірге
ғашықтықты талай ақын ежелден, тегіннен-ақ жырлап
келеді, жырлай береді. Қазыбек те өз орнын өз үнімен ойып
алып өрнектейді.
Тағы да мысал:
Тобыменен түйеқарын томсарып,
Қызыл жыңғыл қырауланды соншалық.
Құм қойнынан қардың қызы қарсы алып,
Ойнайтындай мойыныма қар салып...
Құйрыгы алдар қу түлкіні қуатын
Қуатымен сонарға сап жыр-атын,
Сұлулықтың суықтығын ойламай,
Қар астында қалқып жүрді бір ақын... (6-бет)
Меніңше бұл өлеңді ешқандай түсіндірудің, дәріптеудің
қажеті жоқ сияқты.
Ақын табиғатты жырлап отырып, өмір жайлы толғанады.
Әдебиет – жан нұры
Жалпы не туралы жазса да, тіпті тас жайлы жазып отырып
та, өз жүрегінің дүрсілін қабат сездіріп алады. Көңілдің
нәзік пернесін сипай бір басып өтеді.
Тебіренгем сазды үннен,
Жанарымнан жас тамып.
Сағындым деп жаздым мен,
Дауыстауға жасқанып...
Талай тарлан жырлаған қасиетті сағыныш туралы қазіргі
айқайлап айтушылар көбейіп кеткен кезде «дауыстауға
жасқанған» ақын жүрегінің кірпияз нәзіктігіне куә боласыз.
Қыспен бірге күнімді ойлап өткен аз,
Көп өкініп отырамын. Ішім-от.
Көңіл байгұс көктем келсе – көкке мәз,
Уақыт өтіп кеткенімен ісі жоқ, –
деп енді бірде дүние жалғанға, жылт етпеге жұбанған өтпелі
тірлік пен жүрдек уақытқа өзегін тілдіреді.
«Қызғалдақты жыл туралы жыр» өлеңі тұнып тұрған
сурет. Табиғаттың тартымды көрмесі. Тамашалап отырған
көріністі көз алдыңызға жақындатып, әрбір үзігін үзілдіре
бейнелеп, мөлдірете қояды.
Қызыл гүлді қырқаның алабы бау,
Жанып жатқан секілді дала мынау.
Ақбоз аттың бауыры қызыл тартып,
Құйғытады – өртеніп барады ма-ау?..
Қызық өлең. Оқырман сезімін әр қиырға жетелейді.
Қызғалдаққа жайылған қойдың сүті мен «сабылысқан сап-
сары көбелектердің қонып-ұшқан соң қызаратыны» (бояуды
көре білу), жауыннан кейінгі көк балаусаның бырт-бырт
етіп, буын үзіп өсетіні (дыбысты есіту, сезе білу), тағы бас
қа, тере берсек тілге тиек болар тармақтар мен шұрайлы
шумақтар жетіп артылады.
«Жазғы түн» өлеңінен мысал келтірейік:
Байыз тауып бар үні,
Тынып қапты айнала.
Жанат Ахмади
Тыныштықтың тамыры,
Бүлкілдейді жай ғана...
Қыбыр етпей шөп басы,
Сыбыр етер үн де жоқ.
Тұрмын мен де тырп етпей,
Ырыс түнге ынта артып.
Сатырлатып жыр төкпей,
Сары майдан қыл тартып...
Құм қойнынан құт дарып,
Жусап жатыр қара дөң.
Айлы түннен сүт еміп,
Балбырайды бар әлем.
Қызық. Ешқандай үн жоқ, тым-тырыс қимылсыз әлемде
бүлкілдеп жатқан жалғыз нәрсе... Ол – тыныштықтың
тамыры. Көз алдымызға айлы түннен сүт еміп балбырап
жатқан құм көрінісі келеді. Жаныңды жылытады.
Қазыбек жырларында керім кеңістік-қызғалдағы мен
қызыл жыңғылы сыңсыған қыр, сұр жүзгенді сусыма құм,
яғни жазира жазықтық бар бедер-бейнесімен көрінеді. Қы
зылқұмның шағылына табан күйдіріп, Шардараның шаға
ласына қанат байлап өскен дала шайырының қаламына, бұл,
әрине, табиғи заңдылық шығар...
Енді жаңбырлы күнде аурухана әйнегіне есімін жазған
қыз, сыртта сарыла күткен жігіт жайлы «Аурухана
маңында» өлеңінен мысал алайық:
Ән етерлік дәнекерлік тауып алып әйнектен,
Сүп-сүйкімді саусағымен атын жазды бойжеткен.
Әріптердің әрқайсысын аққан жұлдыз сияқты,
Ағызады тамшы біткен – Ақымақтық ой, неткен!..
Әйнекке қыз жазып жатыр, жатса жаңбыр жасырып,
Әлемге бұл сәнді есімнен жатты сәуле шашылып.
Әдебиет – жан нұры
Өшірмек боп тасырлаған тамшылардан тартып ап,
Көңілімнің әйнегіне көшіремін асығып...
Кезінде М. Жұмабаевқа арналған мүшәйрада қазақтың
тарлан ақыны, таланттардың тамыршысы Ғафу Қайырбеков
қорытынды сөзінде осы өлеңді ерекше бөліп атап, сүйсіне сөз
етіп еді. Біздің оған алып-қосарымыз жоқ.
«Керімсалдың» өзегі, меніңше, «Өмір – өлең». Бұндағы
«Сырымды айттым далаға», «Аттанарда» жырларында
ауылмен қоштасқан ақын көңіл-күйі әсерлі беріледі. Бұл
– барлық ақындар жырлаған тақырып. Бірақ әрбір жақсы
ақын – өзінше әлем екені анық.
Жүрдім, жүрдім, жүрдім де,
Кетіп қалдым бір күнде...
Немкеттілеу ағайын,
Неге кеттім, – білдің бе?!
... Сөз жүгіртіп әр саққа,
Ілінсем де қанша атқа
Жырды жығып бермедім
Мыңды жыққан мансапқа...
Құм ішінде құмыққан
Күндерімді ұмытпан.
Шығарып сап құстарды
Шыққам талай ырықтан.
...Қызылқұмның қуатын,
Бойға жинап бір ақын
Алматыға аттанды –
Алладан деп рақым.
... Сыздауын-ай жараның
Сызданып-ақ бағамын.
Жамырап-ақ келіп ем,
Жалғыз кетіп барамын,
Жалғыз кетіп барамын.
Жанат Ахмади
...Дүбірі көп мынадай,
Бұлдыр күндер бұлағай
Шылбырымды шарт үздім,
Жылқы жылы шыдамай...
Қазыбектің қысқа да, нұсқа бір өлеңі бар. Желігіп өткен
жастық шақ, сері күндер мен дулы да шулы думандарға нүк
те қойған ақын бар ойын екі ауыз сөзбен былай түйіпті:
Ұшқыр тілі сағаттың,
Үшкір екен ол тегі –
Жүрегімді қанатты,
Өзегімді өртеді.
Болды. Бітті. Жетті енді,
Осы менің бар тұлғам.
Қолыма алып өкпемді
Қудым, Уақыт, артыңнан...
«Сырлы әуен» бөлімі «Тағдыр толқыны» топтамасында-
ғы «Ойыншықтар», «Ақботаға» өлөңдерін толқымай оқу
мүмкін емес... «Ақын – тағдырымен ақын» деген осы шығар.
Осы өлеңдерден қысқаша үзінділер келтіре кетейік.
...Құлыншағымның қуыршақтарын шашылған
Айналып жүрмін, айналып дүние басымнан...
Кім шашса дағы тазарып кеудем кірбіңнен,
Ботамды еске ап, боталап көзім тұрмын мен.
Ойыншықтарды шашатын сәби көңілі,
Жинайтын жанмен толарын бұрын кім білген...
... Өзімнен көріп жаныма түскен жараны,
Ойыншық біткен оңдырмай маған қарады..
Қуыршақ қыздың құрмадай өткір жанары,
Қуырып тіпті барады...
Өркеуде жан ем ерегісетін тағдырға,
Өмірге мынау өгейсіп мүлде қалдым ба?..
Әдебиет – жан нұры
Ойсырап тұрып жеңілдім өзің ойнаған,
Ойыншықтардың алдында... (10-бет)
Енді екінші өлеңге көз жүгіртейік:
Атаудамын сенің туған күніңді
«Атауыммен» – айтқан шешең қатесіз.
Білем мен де,
Желтоқсанды бүгінгі
Томпағым-ау тойлап жатсың әкесіз...
Суық бөлме маған суық қарайды...
Есітілмей жылытатын сөздерің...
Ел өсегі емес екен тек қана
Үнсіздік те табалайды екен ғой...
Тастап кеткен темекімді тартым ем,
Түтінінен сенің бейнең жасалды...
...Балабақша – бақыттылар мекені
Маған енді қарайды ол да жатсынып...
Бүлдіршіндер саған ұқсап кетеді
Келе жатқан әкелері ап шығып...
Тағдыр толқынында қалқыған ақын шер тұңғиығына
батып кетпей, «Жұбату» жырын жазады:
Түлкі де тісін батырар
Сорлы тазыға
Соңына түсіп қумаған
Қамшының сабы сынбай-ақ
Қысымыңа толмаса
Қалап алған қайыңың
Қара ағаштай болмаса –
Қалың орманға көз тіккей,
Қайран да күнің далбаса.
Сапта кетсе сақина,
Таңдайыңа тати ма -
Жанат Ахмади
Жүрегіңнің сазғаны
Опынғанмен не шара?
О, дағы бір Құдайдың
Маңдайыңа жазғаны.
Сонымен қатар «Керімсалдағы» жеке тоқталып, талдау-
ды талап ететін «Азанама», «Мұңлық-Зарлық мұқамы» хам
саяты, «Құлажан батыр» балладасы, «Кескін-келбет» пор
треттері ақынның өзіндік қолтаңбасын айқындайтын, ой
мен сезім қатар өрілген туындылар. Ал «Мұңды әуен» бөлімі
– мөлдір махаббат әлемі.
Ойымызды түйіндей алсақ ақын тілге бай, сөз жасап,
тіркестерді еппен ұқыптап, шебер өреді. Бұ жағынан Қазыбек
қамшы салдырмайды.
Мысалы:
Шаруаға тоңми торы атты,
Шал қайтып келді жоқ іздеп.
Қызылқұмның қырмандоз қыз-жігіті
Қызыл жинап, шырқайды күріштікте ән.
Үрерге итті жоқтайсың,
Үрияты елдің не қылсын?
Жасырымыңды айтып беруің
Қажет пе... іштей ұғамыз.
Мұзы да оның мұздата алмас жүректі
Мәрмәр жүзді Мәрқия қыз секілді...
Маңдайына тиген сайын мекенмөр,
Мұртшығынан мысықтың жаралғандай.
Түсірмегенмен күн көзі қылау
Түсірген құнын.
Түйсіксіз ұрпақ тасқұммен сылап...
Сертбұзар жігіт емес ем,
Дерттізар қылдың неге сен?
Әдебиет – жан нұры
Осы жерде тіркелгі, тіркеме деп тілге түйткілдеу ау
дарылып жүрген пропискаға – мекенмөр дөп мағынасы
дәл берілуі әдемі сөз табылғанын айтуымыз керек. (Бұл –
терминкомның құлағына алтын сырға.) Сонымен бірге тас
құм да (цемент), тартымтас та (магнит), емине де (шприц)
жақсы табылған баламалар.
Қазақ поэзиясына «Керімсалдың» керім лебін әкелген
Қазыбектің жыр кітабынан ақынның өлеңмен өрілген өмір
баянын оқығандай болдық. Көңіл күмбірі, жүрек дүрсілі
ой оранып, сезім пернелері сөйлейтін жинақ-жырымызға
қосылған үлес деп білдік.
Қорыта келгенде, ақын-жазушы атаулы дер кезінде өз
бағасын алып отырғаны абзал. Жарық дүниеде жүрек қа
лауына ілесіп өмір кешетін Адам баласы үшін ең бір қастерлі
ілім – поэзия майданында өз орны бар ақынымыз Қазыбек
Исаға сөз күйігі жүректе, күйінгенің қайыр демекпіз.
Жанат Ахмади
«ӨЛЕҢ ЖАЗБАЙ ҚОЯМ БА, БАСПАЙДЫ ДЕП»
Кітаптың аты айтып тұрғандай, «Кешіккен сый» жинағы
– ақын Естеу Нүсіпбековтің өмірімен жарыса келіп, автор
дың жасы 70-ке тақағанда жарық көрген кітап... Қазақта
«Істің ағы біле ме, жігіттің бағы біле ме» деген ұлағат бар.
Бір таңқаларлығы – 1933 жылы Шығыс Түркістанның Іле
аймағында дүниеге келіп, Үрімжідегі Шынжаң халық бас
пасында редактор, Жазушылар одағында нұсқаушы, «Шұ
ғыла» журналында редакция меңгерушісі болған, бірнеше
жинақ шығарған Естеу Нүсіпбеков атажұрты Қазақстанға
оралған 1961 жылдан бері қолынан қаламын тастамапты.
Жастайынан көкейін тесіп, жанын жаулаған өлең-жырды
жүрегінің туы етіп келіпті.
Адам тағдыры тәрізді шығармашылық тағдыры да әр
түрлі болатыны ешкімге таңсық емес. Республикалық басы
лымдарда там-тұмдап болса да, үзбей жарияланып келе
жатқан Е. Нүсіпбеков жазу-сызу жолына төпелеп түскен
танымал қаламгер емес, сыртта, ауданда тұратын, негізінен,
мұғалім болғанын біреу білсе, біреу біле бермес, әрине. Кітап
шығаруды айтпағанның өзінде мерзімді басылымдарда шы
ғудың өзі көбіне иін тірескен сен тұр, мен атайындардың
айналасынан аспағаны мәлім. Ең жоғы тамыр-таныстық
керек. Әрі оңайлықпен «рақмет» ести қоймайтын мұғалімдік
жұмыс та сәбеттік қызыл саясат кезінде «Сен өлең жазумен
айналыса ғой демегені рас»... Сонымен «Кешіккен сый»
атты өлең, толғау-дастандар жинағы әйтеуір бір жақсының
түсірген жарығы арқылы дүниеге келіпті.
Қазақ «өлмегенге өлі балық жолығады» дегенді де тек
ке айтпаған. Басы ашық бір жай – Е. Нүсіпбековтің қалам
ұстаудағы әрекеті ел жазады, мен неге жазбаймын деген
қысастықтан туған қара көбейтудің, қалмайшаптың әу
регершілігі емес. Тіл өнері дертпен тең дейтін тапжылтпас
қағиданың жан ауыртуы екеніне көз жеткізесіз. «Тауық
талдан асып ұшпайды» деп, ұшқысы келетін, ұша алатын
құсты торда ұстап, топ қанат қып, талдан асырмай қою
қиянат болатыны кімге де болса мәлім. Жанына батқан
Әдебиет – жан нұры
зардапты болсын, асқақ сезім күйін болсын, айтпай, жазбай
қоя алмайтын байырғы «өзіндік сүрлеуі бар ақынның кітабы
жетпіске таяғанда жарық көруін қандай сөзбен жуып-шаюға
болады. Жазбай тұра алмайтын ақын үшін бала-шаға, дүл-
дүние, денсаулық бір басқа да, қағаз-қалам бір басқа. Көкейін
жегідей жеген, жанына жақын ой дүниесі бір төбе.
Е. Нүсіпбековтің поэзияға жаны құмар, тумысынан ақын
жанды жаралғанын оның үлкен ақындарымыз X. Ерғалиев,
Т. Молдағалиев сияқты саңлақтарымызға арнаған өлеңдері
нен де ұғынуға болады. Сондай-ақ, кітап бөлімдеріне
қойылған аттарға да ақын айрықша мән берген. Бес бөлім:
«Аспантау бойлап келемін», «Халқыммен ханмын, өремін»,
«Алашты жырлап беремін», «Антына адал өлеңім», «Та
рихтан маржан теремін» деп аталады. Әрі бұл жалаң
ұйқас қуалау емес, әр бөлімінің мазмұнын ашып орынды,
қонымды, жүйелі ойланудан дерек беріп тұрғандай.
Ал «Кешіккен сый» жинағында өлең, толғау, топтама,
дастан жазудағы сөз нақышы тіл ұшындырады. Ұмытыла
бастаған бірталай бейнелі тіркестер қажетіне орай сызатсыз,
ақаусыз жіктеліп, әр-әр тұста селт еткізіп отырады. Нүсіпбе
ков Естеу бұ жағынан ешкімнен кенде емес, мақаламызда
келтірілген шумақтардан мүкіс таппайтыныңыз сияқты,
сезім екшеу, ойлау дүниесі мен шумақ түзу мүмкіндігі кі
тапты ақсатып тұрған жоқ. Керісінше, тұтастай кәделі еңбек
дүниеге келгенін айту арқылы емес. Мысал ала түсуге болар
еді, оны мақала көлемі көтермейді.
Кітаптағы «Қанды тасқын» дастаны бұдан қырық жыл
бұрын Қытайдағы Маршыл, ішмерез саясаттың құрбаны
болған ақын Тоқтархан Жекібаевтың тауқыметті тағдырына
арналған.
Алдымен дастан эпилогіне назар салайық.
Бұл әңгіме көп етті ой-електен,
Қалып еді үзіліп мың әлекпен.
Аяқтадым Пайғамбар жасына кеп,
Қолым тиген бір жазда шыр көбектен.
Ажал алғыш кімге де айтпай келер,
Уақыт шіркін алдамшы аттай желер.
Алды – қызық тірліктің, арты– өкініш,
Қызығын да шыжығын сатпай берер.
Сатпай алды Тоқтархан азапты да,
Жәбірлеген, қорлаған мазақты да.
Ажалды да ақыры «ақталуды»,
Тірі кешкен басынан тозақты да.
Естеу Нүсіпбековтің бозбала жасынан табысқан досы
Тоқтархан Жәкібековтың тәлкекті тағдыры, жан толқы
ныстары Шыңжаңның аса ауыр тарихи кезеңін көз алдыға
әкеледі. Ол өлкедегі аз санды ұлттар зиялысы атаулының
«оңшыл», «ұлтшыл», «халық жауы» деген жалалы «қал
пақпен» қудалап, қай жерде ауыр жұмыс болса соған топ-
тобымен айдап апарып, еріксіз еңбекке жеккен заман еді.
Ол – қазақтың да бас көтерер азаматы атаулысын «қоғам
ға жат пиғылды», «байдың тұқымы», «жасырын ұйымы
бар» деген сияқты таусылмас желеумен «тамырына балта
шапқан», ұлт қаймағын қалқып жатқан кез еді. Ол – ұлттың
ақылын, миын, рухани дүниесін әбден жұтатқан тұсы еді.
Сондай-ақ, оның есесіне қай-қайдағы дардан қашқан қу,
құлағын кестірген шұнақ, ешкімді аяй білмейтін, обал-
сауап атаулының иісі мұрындарына бармайтын, түпсіз,
тексіздерді арқаға қағып құтыртатын. «Алабұтаға ат бе
кітіп, мәстекке үкі таққан» дейтін, кеще, мұндарларды,
«жүген салса ауыздығын салмайтын, ауыздығын салса
суарғанда алмайтын» дейтін тоғышарларды, атқа мінсе
– атасын танымайтын» әумесерлерді халықтың қыр жел
кесіне мінгізіп қойған. Бір сөзбен айтқанда, көкірегінде
саңлау бар, ұлтын сүйетін есті адамдарды Қытайдың өртеніп
тұрған қызыл саясатына әдейі арандатып, көзбен кезеп,
тілмен безеп беретін сондай құдайсыз белсенділерді әдейі
дестендіріп құтырта түсетін. Дастанға осындай ой-пікірлер
өзек болған. Еріксіз айдалған тұтқындар Такламакан шөлі
Жанат Ахмади
Әдебиет – жан нұры
мен Тарым өзені ортасындағы әйгілі Лобнор көлі маңындағы
тозақ өңіріне басарық канал қазуға әкелінеді.
Жұмыс күші – тұтқындар, бекер еңбек,
Қайда айдаса байқұстар кете бермек.
Күнә артылып өмірлік кесілгендер,
Осы өңірде айыбын өтеп өлмек.
Автор осындай жазықсыз, жасанды тұтқындарды тауып
сүргінге айдар алдында ана құрсағынан қара тырнақ болып
түскен Мао саясаты «стиль түзеу» науқанын 1958 жылы
шұғыл бастап жіберген кезеңін суреттейді. Алдымен аз
ұлттар арасынан «хан іздеу» жанданды. Шығыс Түркістан
бойынша қазақтан Жағда Бабалықов, ұйғырдан Зия Сәмеди
ілінуін дастан былай бейнелейді:
«Ұлттық жол ма? Ол – нағыз феодалдық,
Сақтамаған Жұғоға шын адалдық»
Делінді де басталды «Хандық іздеу»,
Жауды табу сүреңі лаң дан қып.
Ұйғырдан хан ізделді, қазақтан хан,
Іздеушінің жаны жоқ азаптанған.
Хан қаулады мекеме, мектеп сайын,
Асып түсті ғажаптар ғажаптардан.
Ұйғыр Зия «хан» екен, Қазақ Жағда,
Жоймақ болып Жұңғоны қыпты уағда.
Бар зиялы солардың «құйрығы» екен,
Бірі бауда, қалада, бірі тауда.
Газеттегі Тоқтархан соның бірі,
Ел жиятын маңына сөзі пірі.
Университетте пікірлес Задаханмен,
Студенттен тобы бар ірі-ірі.
Осындай жымысқы әрекетпен мыңдаған ақын-жазушы
зиялы, ілікке алынатын жақсы ұстаз, тіпті ұлт жөнін ойлай
Жанат Ахмади
алатын есті – басты студент жастарға дейін сыпырылып
айдалып кетіп, ел-жұрт тағдыры әлгі құтырған тобырға
қалған. «Жалшы, малайлар теңдікке жетсін» деген
қитұрқы жылым ұран астында жергілікті әумесерлер
ішкеріден келтірілген қытай кадрлармен нағашы-жиендей
етене кірігіп табысқан. Ел-жұрт тағдыры, ұлт мәселесі
осылай қорланған.
Бұрыннан да түсінікті мұндай көңілсіз жайларды тағы
қайта қозғап отырғанымыз «Қанды тасқын» дастанының
арқалаған қасірет жүгі де тап осында жатқандығы. Бұл
орайда жан жарасы асқынған Естеу Нүсіпбеков талантты
ақын досы Тоқтарханның ғана емес, сондай мыңдардың
сұраусыз кеткен қанды кегін қуалап, атажұртындағы елі-
не поэзия құдіретімен шағып отыр. Автор сонысымен
сыйлы. Оқырманын амалсыз мойындатып, көнбес ахуалға
тізе бүктіре алады. Қазақы жалпақ тілмен айтқанда, балаң-
ның баласына табыстап кетерлік ұлт тарихы қасіретінің
үлкен бөлшегі осы дастан оқиғасынан жел естіретіндей
сезіледі.
Дастанда әдейі жасалған су тасқынынан опқынға кеткен
Тоқтарханды Қытай саясаты өлгеннен кейін «ақтайды».
Бұның астарында «міне, осылай өле біліңдер» деген сарыаяқ
сайқалдық жатқаны аян. Яғни, әртүрлі сылтаумен жасанды
өлім шығарып, өздеріне қауіпті саналған шынайы қайсар
зиялылардан осы жолғы апат тәрізді алдымен іріктеп
алып елулеп, жүздеп көзін құртып құтылуға болатынын
меңзейтіндей. Автор дастанын былай аяқтайды.
Құдайсынған Сталин, Мао да өлді,
СССР-дің тағдырын әлем көрді.
Уақыт ісі – бәрі де бұл күндері,
Талай «көсем» шарлап жүр, талай жерді.
Адам баласына ажал ұрығын сеуіп, өзгеге өлім тілеген
бас жендеттерді және олар арам қолмен жасаған обыр қоғам
сиқын жалғыз шумақ өлең жер қаптырып тұр. Бұл – тарих
үні. Поэзия құдіреті бұл.
Әдебиет – жан нұры
Бір ғажабы – 1961 жылы небары 25 жасында қайғылы
қазаға ұшыраған Т. Жекібаев туралы жазылған дастан бұл
ғана емес-ті.
Жұмысшы ақын аталып жүріп, арамыздан ертерек көз
жұмған тағы бір дарын иесі Хұсман Мұқаметқалиевтің төрт
дастаннан тұратын жинағында Тоқтархан туралы «Зар-
ғұмыр» атты сәтті поэмасы жарық көрген. Жекібаевты біле
тіндерден оған өлең арнамағандары аз. Мәселен, Қытайдағы
ақындардың да өлең, дастан арнағандары бірталай. «Зар-
ғұмыр» десе дегендей. Жас, бұла өмірі айдаумен өткен
Тоқтарханның соңындағы жұртты жұбатарлық тағы бір
көңілге медеу, дәтке қуат іс 1986 жылы «Жазушы» бас
пасынан ақынның «Арман даусы» атты едәуір көлемді жыр
жинағының шығуы еді. Талантқа іздеуші қай-қашанда та
былады екен. Жинақты құрастырушы үлкен азамат, белгілі
қаламгер, марқұм Заманбек Жәкенов пен A. Әшенов екен.
Ал пікір жазғандар Жұматай Жақыпбаев пен Есенғали
Раушанов. Міне осының бәрі: «Кешіккен сый» авторы
E. Нүсіпбеков, «Зар-ғұмырдың» авторы X. Мұқаметқалиев
және кітабын құрастырғандар мен оған мөлдіретіп пікір
жазғандардың бір мекенжайдан табылуы көк пен жерден
іздесіп табысқандай әсер қалдырады.
«Кешіккен сый» авторына «ердің көмулі несібесі қырық
жыл сақталады» демекші, осы жасыңызға дейін алтындай
сақтаған сыйыңызға сый қосыла берсін демекпіз! Сабырда
қайыр бар.
Жақсы күндер, жырлы күндер жалғассын!
Жанат Ахмади
ДАРИЯ БУЛАНБАЙ, ДАЛАҒА
ШЫҚ ТҮСПЕЙДІ
«Дария буланбай, далаға шық түспейді,
Шық түспей тұрып шөп буыны іспейді.
Шөп буыны іспей, шыбышқа шыр бітпейді.
Қойға шел бітпейді, шел бітпей, төл бітпейді».
(Халық даналығы)
Иә, дария буланса шық түседі... Ал ақынның жанары
буланса, жақсы жыр туады. Қ. Бегмановтың «Ағаш бесіктен
жер бесікке дейін» деп аталатын кітабы: «Өлең үшін елден
кеткем», «Бар өмірім тұрады сағыныштан», «Бабам көрген,
атам көрген ескі бел» деп аталатын үш бөлімнен тұрады
екен. Көлемі 10 баспа табақтай жыр жинағы екі жүзге тарта
тақырып бас қосқан өлеңдерден, баллада, толғаулардан
құралған.
Кітаптың аты алғаш көрген кісіге жас адам қоятын
тақырыптан гөрі мосқалдау ақындардың тіліне оралса құп
болғандай сезіледі. Бірақ бұл Қасымханның ішкі рухани
дүниесінің бір көрінісі екенін кітапты оқи келе аңғарасыз.
Өмір дегеннің бір тұтам ғана уақыт екенін түп қазықта
ұстаған автор осы тақырыптың өзімен өзекті пендеге тұсау
салғандай.
Мысалы «О, Түркістан», (4-бет), «...кептерлер» (5-б),
«Маңдайыма сезбеппін сыймасын-ай» (5-б.) сияқты өлең
дерден бастап көптеген жырлары ақынның жан-жүйелік
әлемін қорғалап тұр, яғни кітаптың тақырып аясына
үркердей үйіріліп шоқтанған.
«Қандай ойға бастамайды мына қыр,
Қабірлерге бәйіт арна, дұға қыл.
Еркектерге жылау қылмыс болса да,
Айдалада ағыл-тегіл жыла бір» (О, Түркістан )
* * *
«Маңдайыма сезбеппін сыймасын-ай,
Сөз қадірін сезінген сыйласым-ай.
Әдебиет – жан нұры
Қоңыр кеште мен сені есіме алдым,
Суық қырда қап қойған, қимасым-ай»
Топырақты лақтырып: «құрбым-ау, тұр!»,
Жалбарындым тұрмадың, тұрдым-ау тұл.
Меніменен қосыла құлазыдың,
Ішке тартып өксігін мұңдылау қыр.
* * *
«Жалғызға зорлық қылмаған,
Жауының құтын ұрлаған,
Қаншама дүрлер жырлаған ,
Өте де шықты-ау тоқтамай,
Жалған да фәни зырлаған.
* * *
Қамын жеген ұрпақтың,
Қос өркеш атан тұрпаттым.
О дүниелік өзіңе,
Бұ дүниеде тіл қаттым,
...Жәнібек тархан жан бабам!»
Бұл өлеңдерді мұңға бейімділік деп қарауға болмайды.
Атаң да қара жер, анаң да қара жер, екенін көзге, көз алдыға
ұстап отыратын, мұндай тұста табиғатынан назалылау бай
қалатын ақын өз оқырманын да бұйықтырып, ойға қамап
тастайды. Автормен бірге толғанып қамығасыз.
Ілия Жақановқа арнаған «Дүние» атты өлеңін алатын
болсақ, өлі-тіріде І. Жақановқа тоқталмаған кім бар? Қазақ
өнерін, қазақ сахнасын шыңыраудан шыңға алып шыққан
арыстарымыз жөнінде Ілекеңнен артық көз майын тауыса
жазған ешкім жоқ екендігі ойға оралады. Сонау жылдары
біз ауылда, ел ішінде жүргенде маңайымыздағы көкірегінде
саңлауы бар қазақтың радиодан ең қызығып тыңдайтыны
Ілия Жақановтың аты әйгілі «алты арыс» жөніндегі де
Жанат Ахмади
ректері болатын-ды Қ. Бегманов тақырыпты «Дүние» деп
алады да, өлеңнің ішкі үйірімін І. Жақанов болмысына бе
йімдеп, қабыстырып әкететіні қонып-ақ тұр. Толық оқып
шығуды қажет ететін бұл өлеңнен екі-үш шумақ келтіретін
болсақ:
«Ноғайлы болып аңырадым,
Отырар болып қаңырадым
Ақтабан болып шұбырып,
Далада қалды саңлағым.
Жүрегін жаудың қақ тілген,
Алшайтып тұрып ат мінген.
Қазақ деп мұңға баттым мен,
Қазақ деп жылап жаттым мен.
Көзімде мұңның табы бар,
өзімде шөлдің зары бар.
Алдыма түсті-ау жабылар,
Жабылардан да жалығар
«Қазақтың зарын айтты-ау», – деп
Мені де жоқтар, сағынар»
Қасымханның қайталанбас әнші тұлға, Жәнібек Кәр
меновке арнаған өлеңі де осы тектес шымырлап, лықсып
жатады. Осы орайда қоса кетер бір лебіз ұлтымыздың өмірден
өткен баяғы замандағы батырлары жөнінде көз майын
тауыса жазып жүрген Төлен Қаупынбаевтың, ал арғы-бергі
ақындар және сан алуан өнер адамдары туралы Дүйсенбек
Қанатбаевтың қыруар еңбектерін де І. Жақанов қатарында
ауызға ала кету сауапты іс болар еді. Ілия Жақановтан
бастап жоғарыда аты аталғандар мыңдардың қамын ойлап
жүргендер десек, олардың қамын кім жемек? «Мыңның
қамын бір ойлар, бірдің қамын кім ойлар» деген ұлағатқа
жүгінеміз. Олай десек, мың адам жемеген қамыңды бір
адам жейтіні Қасымхан Бегмановтың көркем сомдалған осы
өлеңінен ізделгендей.
Әдебиет – жан нұры
Қасымханның бұл кітаптағы өлеңдерін қара сөзбен ежік
теп, дәріптегеннен гөрі бастан-аяқ оқып шыққан қайырлы
болар еді.
Енді «Бар өмірім тұрады сағыныштан», деген екінші
бөлімнің басталған жеріндегі бір ғазал жырынан үзінді
келтірейік:
«Саған жырды он алтымда жазған ем,
Ғұмыр жайлы бір әңгіме қозғап ем...
Бұл өмірдің қысқалығын білсем де,
Аспандағы айға қолды созған ем.
Маған ермей қалдың сонау көктемде,
Жалғыз кеттім қауіптілеу өткелге.
Бұл жалғанда жалғыз қалдым жарығым,
Қолым жайып оралмайтын өткенге,
Үнсіз қарап жалғыз жүрген кептерге.
Мәңгі серік етті содан асыл мұң,
Саған ғашық екенімді жасырдым.
Бұл жалғанда жалғыз қалдым жарығым,
Қаламын ап, Төлеген мен Қасымның.
Шайырлардың шайқап ішіп шарабын,
Жалғыз қалдым жасқа толып жанарым.
Жалғыздықтан жапа шегіп барамын,
Сен елігі, мен еркесі ем даланың,
Қажыдым-ау, қайда жүрсің қарағым».
Дос іздемес адам, ғашық бола да алмайды деген рас. Ал
дос іздемеу адамнан гөрі төмендеу сатыдағы мақұлықтарша
өмір сүру деген сөз. Адам баласы бар жерде азабы көп ал
ғашқы махаббат бар. Ол кімдердің жүрегін жараламаған?
Кімдердің ет жүрегін елжіретіп, іш-өзегін өртемеген? «Жо
лы болмаған алғашқы махаббат үрейі өлім үрейінен де
қорқыныштырақ» дегенді ұлылар босқа айтпаған. Олай
болса миллиондардың жан дүниесін бағындырған дауасыз
Жанат Ахмади
дертті шынайлығымен көрсете алған ақынымызға не дейік.
Қайғыны қара ниеттілер тез ұмытады. Ойлы адамның бір
бүйірінде қалайда бір күрсініс жүрмек. Қасымханның «Бе
сіктен бейітке дейін» деп ешкімді құтқармас тақырып
қойған бұл кітабын оқыған кісі автордың назалылау, киелі
жаралысын ұғынған болар еді.
Бір ескерерлік жайт, осы сарындас толып жатқан жыр
лары болғанмен, соның барлығы да жылауық өлең емес,
адами-пенделік ғұмырдың іңкәрлі, ділінен туған сыршыл
ғазалдар. Қ. Бегмановтың өзіндік сарын, өзгешелігін де
осы тұстан қарастырсақ жаңсақ кетпейміз. Олай болса сыр
құмар, нәзіктік дегеніміз адам сезімінің ыдыс-шарасына
ернеулеп келген жоғарғы саты түйсігі деген қорытынды
шығады. Ал кесек мінез ақындар өз алдына. Бітеу жұтатын
жыланға үзіп жеп, шайнап жұтпадың дей алмайсың.
Жалпы Қасымхан өлеңдерінің тұтас болмысы артық
кетпей, кем соқпай, тартымды ой таразысына құрылады.
Түбі көрінбес қара судың бұлқынбай, жылым боп ағатыны
сияқты; ақын бұлқынып-жұлқынбай отырып, тереңге тарта
біледі. Мысал үшін үшінші бөлімдегі Созақ көтерілісіне
арналған дастанның «Тұяқ серпу» аталған толғаулардың кез
келгенін оқып қарасаңыз, айтқанымызға дәлел болар еді.
Қорыта келгенде, Қазақстан Жастар Одағының, Т. Ай
бергенов атындағы республикалық әдеби сыйлықтың, Түркі
халықтары халықаралық поэзиясы фестивалі сыйлығының
жүлдегері, Қасымхан Бегманов поэзияда іргелі орны бар,
көшелі ақындарымыздың бірі демекпіз. Өлең-жыр – оның
жан азығы.
Әдебиет – жан нұры
«СЕЗІМНІҢ ГҮЛІ»
Қайрат Әлімбеков
«Жалын» баспасы, 1989 жыл.
Қайраттың өлеңдеріне тоқталмас бұрын таразылай ке
терлік бір жай, ол жас шамасы өзі тұстас жастау ақын
дарға салыстырғанда көбірек еңбектеніп, өлеңді өндіре
мол жазып үлгіргендігі. Олай дейтініміз, автор «Сезімнің
гүлі» жинағынан кейін, 1994 жылы көлемі 9 баспа табақ
жеке өлең кітабын шығарғаны («Жоқ іздеген жігітпін»,
«Жалын» баспасы) сөзімізге дәлел болар. Жинақтарынан
аңғаратынымыздай, студенттік өмірден тартып өлең жазған
автордың бұл сапардағы бейнеті ақталған. Ұзаққа сілтейтін
Қайраттың діттеген арман-мұраты тек осы жыр жолдары
тәрізді. Авторды сол ғана барлық тілегіне жеткізіп келе
жатқанын ұғынасыз. Қайрат Әлімбеков және онымен бірге
шоғырланып шыққан бір топ іргелі ақындар: Бауыржан
Жақыпов, Мейірхан Ақдәулетов, Әубәкір Қайранов, Болат
Үсенбаев, Болат Жетекбаев, Есенқұл Жақыпбеков, Кәдірбек
Құныпия, Жарас Сәрсектер тәрізді нағыз ақындар болды.
Міне осылардың біразы поэзия құдіретіне өз басын тәрк
еткен, біртуар ақын ағалары Жұматай Жақыпбаевты темір
қазық санаған екен. Тегінде, ақын-жазушы үшін өз жазған
дарын сиясын кептірместен достар талқысына салып, ізін
суытпай талғам елегінен өткізіп отырудан артық ешнәрсе
жоғы белгілі. Әрі қазақ әдебиетінің келешегі кейінгі тол
қын болғандықтан, олардың мұндай береке тауып, айта қа
ларлықтай таңдаулы шоғыр жүйелендіруі былайғы жұрт
тың да әуесін қоздырарлық жәйт болатын. Араласпаған біз
білмегенімізбен, Мейірхан, Қайраттар сөзді «Жұмағаң»
деп бастап, Жұматайдың поэзия әлеміндегі орнын, жалпы
болмысын қозғағанда өздері де ғажаптана, таңырқап әң
гімелейтін. Өз соңына Жұматай Жақыпбаев соншалық
сүйіспеншілік қалдырған. Солай дей келе айтарымыз,
Мұқағали, Жұматайларды пір тұтатын ақындардың жуан
ортасында Қайрат Әлімбековтің де өз орны бар екендігі.
Жанат Ахмади
Жұматайдың «Кенежирен», «Ләйлаларын» еске түсіретін
«Жайлау жайлы жыр» атты Қ. Әлімбеков өлеңіне назар
аударайық:
«Тотияйын көкке қадалып қалған ақ шыңдар,
Жасындай көздің таралып аққан көк сулар...
Керемет күннен көлеңке болып көлкіген,
Кеудемде бүгін сендерді аңсай, өксу бар!..
Кыземшек тауға қиялай салған көп ғашық,
(Кер жолын қазір кеткен де шығар шөп басып).
Мұнардан мені көздеп те тұрған шығар-ау,
Көгілдір тауда қарағай біткен топтасып.
Заңғарда аң бар... Шыдайсың қайтып аң қумай,
Кезеңді кезіп қаңғушы едім қаңғудай.
Жаңғырып қайтар даусымды менің сағынып,
Ағып та кеткен болар-ау әлгі таңқурай.
Қан жайлау төсі... Төлектің төрі, Төл тойы,
Ересек ұлдың самғаған еді ерте ойы...
Ол елес бүгін сондағы тартыс-ерегес,
Көкпардан үркіп, бытырай қашқан ел қойы.
...Ақтабан атым аяқтап сонда шапқынды,
Қараша үйге қапыда... мені тап қылды...
Серкені сүйреп енгізіп алып үйіне,
Өз қолыменен ұсынған сусын ақ құрбы.
Жолықпай кеткем... ойпыр-ай қандай білместік?!
Көзбенен сосын бір-екі-ақ сөзбен тілдестік.
Таңқурай түстес томпақтау қызыл ернінде,
Тығылып қалған жүрекке жайлы үндестік.
Әтірлі ауа... Ару қыз аттас алуан гүл,
Әуеде ләйліп, айналып басы арман жүр.
Әсет әніндей күрт шырқап кеткен қиялын,
Жиятын әрең бүлдірген көріп қалғанда ұл...»
Әдебиет – жан нұры
Бұрынғы жылдарда Қайраттың өрімдей жас кезінде жа
зылған бұл өлеңге қарап, оның қызулы шабыт, ақындық
аясына сыйып тұрған сан бояулы суретті көресіз. «Заңғарда-
ғы аң...», «Төлектің төріндегі төл тойы» барлығының арғы
астарында бұғынып тұрған «Ақ құрбы» бар. Пайымдай
түссең, әсем табиғат суретінің барлығы сөз түйініндегі осы
«Ақ құрбыға» үнсіз байланып, «ансамбль ойнау» арқылы
жарасымын арттырған. «Тотияйын – көк аспан» оған
қадалған «ақ шың», «көздің жасындай таралып аққан көк
сулар». Бұла, жас жігіт «құрбы ауылынан жаңғырып қайт
қанша, таңқурайдың ағып кететін» себебі бар... Бұл өлеңді
жазған кездегі жап-жас студент ақын бадырайтып айтпаса
да, сол ауылға жетуге асығып бара жатқанда кідіріп жеу
ге мұршасы болмай, пісіп тұрған таңқурайды көзі қиып
тастап кеткені ап-айқын аңғарылады. Оқырманды сан ойға
жетелейтін, поэзиядағы астарлы, құпия ұғым дейтініміз
осы тектес сипаттар.
Осы өлеңнің өзінен тағы мысалдар іздесек, Төлектің
төрінде өткен шопан қауымының төл тойында көкпар алып
қашқан автордың:
«...Ақтабан атым аяқтап сонда шапқынды,
Қараша үйге қапыда... Мені тап қылды...»
дегендегі «қапыда» болатыны, «көзбен сосын бір-екі ауыз
сөзбен» ғана тілдесе алған құрбы мен жігіттің сырт көзден
жасырын халдеріне байланысты. Мұнда әдепті жігіт, ибалы
ару сырынан парасатты елдің ұлттық ізет бояуы.
«Қыземшек тауға қиялай салған көп ғашық,
Кер жолын қазір кеткен де шығар шөп басып».
Міне, осылардың барлығын жинақтап келгенде, алғаш
қы шумақтың мәні ашылады. Сол бірінші шумақтың соңғы
екі жолындағы:
«Керемет күннен көлеңке болып көлкіген
Кеудемде бүгін сендерді аңсай өксу бар»
Жанат Ахмади
дегені Қайраттың өткен бір шақтарға деген тәтті мұң,
құлазулы сағынышы бар. Және ол шабытты жыр тілімен
өрілген. Әрі бұл өлеңнен ақынның табиғатпен біте қайнас
қан туыстығын тани түсеміз.
Қайраттың тақырып аясы кең. Әлеуметтік биіктікке
құрылған «Менің далам» (66-бет) тағдыр тәлкегін діттеген
«Сары дала, бозторғай» (83-бет) махаббат тауқыметін паш
еткен «ЖенПИ-дің жатақханасы» (136-бет) сияқты бірнеше
өлең топтары соның айғағы.
Қайрат Әлімбеков махаббат – мәңгі достық тақырыбына
ойысқанда да, жырсүйер қауымды өз басынан өткен айдай
айқын өкініш мұңымен еріксіз баурайды. Дос іздемес адам
ғашық бола да білмейді. Қайрат – ерекше досқұмар. Бұл
орайда автордың ең болмаса бір өлеңін толық көрсеткеніміз
жөн сияқты. Жас, бұла ақын шамды айналған көбелектей,
махаббатқа «пәруана» кезінде қанатын отқа шарпытып:
«Таныстай едік... таныстық,
Таңдана мені тыңдадың.
Қысқара берді алыстық,
Қоштастық... қолды бұлғадың!
Ойымнан соның кетпеді,
Келіп ем жоқсың сені іздеп.
Бөлмелес қызың «Жоқ!» деді,
Қадалды қайта: «Неңіз?» – деп.
Көзінен ұшып күлкі өтті,
Бұлдырық құстың тобындай.
Жүрегім сол сәт бүлк етті,
Гол кірген қақпа торындай.
Қарайлай бердім жерге көп,
Күлгендей болды жатақ бар...
Қос бейне көрдім мен кенет,
Біреуі сенсің -тәкаппар.
Әдебиет – жан нұры
Ал жігіт джинсы сым киген,
Былғары күртке, мұрты бар.
Жан дүниесін кім білген,
Әйтеуір жұртқа сырты ұнар.
Қарсы алар деп ек бақ-құшақ,
Алдаған мені қай құдай?
Ұмытып кеткен зат құсап,
Елеусіз қалдым жай, былай...
Жаныңның сол ғой панасы,
Жымиып оған ұмсындың.
ЖенПИ-дің жатақханасы,
Естімейтіндей күрсіндім.
Адыра қалған арманнан,
Ойларым менің бар түйер.
Қақпашы емес алданған, -
Болайын жақсы жанкүйер! (36-бет).
Тегінде шексіз сүйе алған адам ғана осылай ағынан жа
рыла, бар шынын айтады. Жалған намыс араластырмайды.
Ұлылардың сөзіне тағы бір жүгінер болсақ, Шекспир: «Сүю
шегі білінгенде қор болады» деген. Оған біздің қосарымыз,
өз бойындағы сүю құдіреті күшті адамда қиыншылық-
қа қасқая қарсы тұра аларлық, табанды жігер қоса жа
ратылады. Олай дейтініміз, сүйіспеншілік атаулы тек қыз
жігіт арасындағы махаббатқа ғана байланып қалған нәрсе
емес. Бісмілласы Алланы сүюден басталады.
Қайрат жоғарыдағы өлеңінде ішкі жан сезімімен барын
ша сыпайы баяндап отырғанымен, шын мәнінде оның жан
дүниесі бір күйреуге күйреп түскенін ұғыну қиын емес.
Әлі ешнәрседен тауы шағылмаған балаң жігіттің тағдырға
зары жетпей, жас жаны жаралы болып тұрғаны оқырманды
тілеулестікке шақырады. Әлгі «джинсы сым киген, мұртты
Жанат Ахмади
«мырза» мен кете барған сырғақ бикештің келешегінен
күдіктене бастайсың. Өйткені, «Сыртқы арбағыш көріністен
басқаны білмеген ұрғашының өмірінен запыс өмір жоқ»
деп Ф. Фонтель тіл безеп айтпақшы, екінің бірі ақын
еместігін ескерсек, өзін шын сүйген әріптеске өресі жетпей,
тәлкек етіп кеткен ділсіз қыз бар. Оған «Болайын жақсы
жанкүйер» деген сөзді арнап, қамқор болып отырған автор
мен «мұртты» тең емес екендігі бесенеден белгілі. Қашанда
жүректі адамның сүюі басқа. «Ақылды адам ақылынан
адаса ғашық болса да, ақымақтарша ғашық болмайды» деп
Ф. Ларошпуко айтқандай, сол кездегі уыздай жас автордың
өзі шынайы ақын жүрекпен, асыл тілекпен сүйген.
Бұл ғана емес, Қайраттың сүйіспеншілік – махаббат та
қырыбына арналған басқа да біраз өлеңдерінің барлығы
да ешкімді бей-жай қалдырмайды. Мәселен, «Гуля» деген
өлеңінің алғашқы шумақтарына ғана назар аударайық:
«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» деп Абай сөзімен берілген өлең:
«Ұмытайын десем де тағы аңдамай,
Ойлап кетсем ойнайды санамда жай.
Көш соңында бір бота боздап қойып,
Көңілім көшіп барады саған қарай.
Ай-й... Гуля, қызғалдақ гүлім – өртім,
Аңғарылар саған қай күні дертім?!
Айқайы жоқ ғашықтық кінәлі ғой, –
Алдыңда ылғи шықпайды үнім еркін» (130-бет).
Өзге жай пенденің бірі емес, жан-жүрегі қастерлі жас
ақынның тыныс лебінен жалын шалқиды. Жоғарыдағы бұл
екі шумақтан түйеріміз, қасиетсіз жаралған адамды да бір
ауық қасиетті етіп жіберетін сүю кезеңі болады. Ал, студент
Қайрат қандай еді. Жас, бұла жігіттің осы бір тілегі орындала
қалса, өмірдің өзге қандай тауқыметі болса да қасқая шы
дап, мойнымен көтеріп алардай зарығуын аңдаймыз. Бұған
қарап поэзия әлеміндегі мәңгі шындық осындай-ақ болар
дегің келеді. Қайраттың бұл жинағындағы:
Әдебиет – жан нұры
Алматы, Жастық базары...
Еске алсам болды дір етем.
Алатын ару мазаны,
Қай жерде, қайтіп жүр екен? (190-бет).
«Курстастарыма» атты өлеңімен, яғни «Қыздарға» си
яқты бірнеше өлеңдері автор ауылда жүргенде әр кезде
жазылып, кітаптың әр тұсынан орын алғанымен, жоғары
дағылармен үндес тамырлас жырлар.
Қайрат Әлімбековтың аталған екі кітабын оқып шық
қандағы ден қоярлық оқшау жайдың бірі – оның өлең
дерінен мысал келтіру үшін кейбір өлеңінен үзінді алып,
қалған тұсын бөліп қалдыруың қиын. Сағат қозғалысының
тетіктері сияқты жіктесе тістесіп жатқан шумақтар бірін
сіз, бірі әрекетке келмейтін, тұтас дүние болып құрылады.
Даналап айтсақ, бұл ақындықтың ең басты шарттарының
бірі.
Ал енді көлемі 9 баспа табақ «Жоқ іздеген жігітпін» атты
екінші кітабына ауыссақ, төрт бөлімнен тұратын жинақта:
«Жанымның жарқылы», «Арнау жырлар», «Махаббатстан»
және «Балладалар» деген бөлімдерге жіктелген. Ақынның
бұл кітаптағы өлеңдерін сөз етуден бұрын тілге тиек болуға
тұрарлық бір жайтты еске алсақ, Қайрат өзінің осы өндірте
жазған шығармашылық басқышында газеттерде жұмыс
атқарумен келеді. Әрі екі кішкене баласын жұмыс істемейтін
келіншегі, Алматының ана түкпірінен мына түкпіріне
сүйрелеп, оншақты жыл ішінде он шақты пәтерге ауысты.
Сөйте жүріп өлең жазуға уақыт тапқанына қызыға қарауға
болады. Уақыт табуы ғана емес, сонша өлең жазуға зауқы
соққанын ойға алыңыз. Жас басынан көрмеген қиындығы
қалмаса да, бір тәуір жері, Қайраттың жүні жығылып,
ұнжырғасы түсіп жүргенін көрмейсіз. Бай баласындай,
балпанақтай болып, сабаз жаралған қалпында мыңқ етпей
жүргені!
«Қыздар-ай, қайран ҚазМУ-дың наздана күлген,
Қыста да гүлден аумайтын, жазда да гүлден.
Жанат Ахмади
Аялдамадан түседі үркектей басып,
Күлте жал құлын секілді сазды ала жүрген» (74-бет).
«ҚазМУ-дың қыздары» саздауыт жермен үркектей ба
сып бара жатқан күлтежел құлын – қай қазақтың көзіне
ыстық көрінбес еді. Нәп-нәзік аяқтарына бізөкше киген
аруларды жаңағы құлынның суретімен елестеткенде, қазақ
қызы көзіңе оттай басылары анық. Тегінде, өлең жазу үс
тінде қиялшыл автор адамның ойына келмейтін, осы тектес
әсем штрихтарды мол қолданумен ұтып отырады. Дәлел
ретінде алдыңғы жинақтан осы сарындас бір мысал келтірер
болсақ:
«Бақыт та шығар мүмкін бұл,
Бұрыннан жүрген бұрылмай.
Кеудемде күлген күлкің жүр,
Адасып қалған құлындай.
Қайраттың тұңғыш жинағы туралы газеттер бетінде
бірнеше рецензиялар жазылып мақталған болса да, оның
оқырмандары қатарында мына екінші кітабының жарық
көргеніне орай мен де осылай қысқаша пікір байқатуды жөн
көрдім. Азды-көпті ойымызды автор өзі ұстаз санаған әйгілі
ақынға арнаған. «Жыр жұлдызы – Жұматай» атты өлеңінен
бірер үзік келтірумен тәмамдар болсақ:
«Жандарым» деуші ең жаныңнан бізді тастамай,
Көз ілмеуші едік «Ләйланы» басқа жастамай.
Қамқорлық толы осы бір қоңыр үніңді,
Сағынып жүр ғой бүгінде енді жас талай.
Жүруші ек Сізді бағалап ылғи ағалап,
Күйреп те қалды өзіңіз құрған Қағанат.
Талайға Далай, қаған боп тұрған едіңіз,
Ақындық атқа келтірмей ешбір жаманат.
Әдебиет – жан нұры
Қағанға ұқсау – ноянға мұрат, әз арман,
Осындай ниет ұғушы ек сіздің ғазалдан.
О жақта жүріп қолдайтын қамқор сіз барсыз,
Сондықтан біздер қорықпаймыз енді ажалдан»,
Қайрат ініміз жайлы қорытып айтар сөз түйініміз,
алдыңғы көш бастар даңғайыр ақындарымыздың жолын
ұстап, ізін басатын жас толқын легіміздің үркердей бір
шоғырынан көрінген, болашағы үлкен дарындарымыздың
бірі деуге сеніміміз мол демекпін.
Жанат Ахмади
ҚЫЗЫЛ ТІЛ – ЖАННЫҢ ҚУАТЫ
Есенқұл Жақыпбековтің «Жеріңе табын» атты жыр
жинағын оқыған кісі әрі тапқыр айтыс ақыны, әрі көркем
жазба ақындық талантты бір кеудеге берілгенін білесіз. Олай
дейтініміз аталмыш жинақты оқығанда көңіліңнің хошы
қозғалып, көзіңнің нұры кіреді.
Дарын-дәріптемесе де, дарын. Олай десек, жүк салмағын,
ой әлемін Есенқұл оқырманының өзіне қалдырып, бұл жи
нақтағы бір дастан, бір өлеңіне ғана аял етсек, жеткілікті
тәрізді.
«Қарауыл қайғысы» атты Семей полигонының зардабы
на арналған дастан көркемдігінің сыртында, атом уымен
зақымдалған ерлі-зайыптылар тағдыры айтарлықтай дәре
жеге көтерілген шығарма.
Аталмыш дастаннан мысал келтірейін десеңіз, оның қай
тұсын, қай шумағын бөліп аларыңды білмейсің. Шумақтар
мен жыр жолдары бір-бірімен тайталасып, алқымыңа
тығылып, ой-дүниеңе кептеліп тұрады. Атом кінәратының
дімкәстігі салдарынан екі есті болған жас жұбай – сұлу жар
өзінің не істеп жүргенін білмей, білсе де өзін ұстай алмай,
етегін бөгдеге ашқызады. Өзінің сол қылығы үшін кештетіп
үйіне келген кезде барып, күйеуі алдында жаны күйіп, ары
өртенумен болады.
«Жас шалғынға жайылып бұрымдарың,
Өртендің бе шырылдап шыбын жаның?
Қымтай берген қылығың көйлегіңді
Етегіңнің айтып тұр сырылғанын.
Бір өзгеріс бойыңнан байқалады,
Болды, бәлкім, төсегің сай табаны?
Тәнің әлі балқып тұр балауыздай,
Көздерімнен көздерің тайсалады».
Әдебиет – жан нұры
Бұл күйеуінің ішкі құпия толғанысы. Жаралысы бек
зат, тастай берік азамат сүйген жарының бетіне жарты ауыз
сөз айтпайды. Шебер автор, жолы болмаған махаббат үрейі
нің тәлкегін, өлім үрейінің үркінішінен де өткір дәрежеде
жеткізіп береді. «Ауыздан шығармас жерде у болса іш, жылан
болса жұт» деп, бұрынғылар айтқандай, қайғысын ішіне
жұтқан жігіт жан тереңінен жараланады. Рухани дүниесі
жазылмас рак дертіндей қатерге айналады. Әрі ақын оны
боркемік, күйректік халде емес, асқан қайсарлық тұрпатта
суреттей біледі. Кейіпкер морып кетпейді. Басына түскен
тағдырға қасқая қарсы тұрып, бар тауқыметті биік санамен
қабылдайды. Бейбақ жан өзінің ару жұбайын өлердей сүйетін
еді. Шынайы сүйіспеншілік қиындық атаулының қандайын
болса да жеңетінін автор дөп басады. Бірақ сөйте жүріп-ақ
сабаз жігіт өлуге тиісті еді. (Бұны да шарпыған атом зардабы
– бір, екіншіден ар-ожданы өртеніп, іштей өлген)
Өлік шыққан адамдай үйімізден,
Саяқсимыз самарқау күйімізбен
Жарастықты келеміз жалғап әрең,
Жалтаң әрі жасанды сыйьмызбен.
Тірідей қаралы болған жігіт ақыры өліні жоқтау са
рынына жетіп:
«Қасиет-қадыр жоғалтты,
Өлгеннен басқа не қалды»
– деп күйзеле, түпсіз түнекке ойысады.
Бір ғажабы екеуінің сүйіспеншілігі Ләйлі мен Мәжнүн
нен кем болмас. Дарынды ақын Есенқұл Жақыпбеков сіздің
жан-сезіміңізге сол арқылы шоқ түсіріп, қиял дүниеңізді
сол арқылы сенделтеді. Бір төсекте жатқанмен екеуінің
арасында өткел бермес түпсіз терең жар бар. Ол болмыс
жылдар бойына созылған. Дастан басталған жерден:
Әйелім де емессің, жесірім де,
Бөтен тартып барасың осы күнде.
Жанат Ахмади
Кешке саған болады кешігуге,
Маған сені болады кешіруге.
Кешік, кешік... қорлық-ай, кешік енді
Біреу құшып жүр білем несібемді.
Үнсіз ғана кіресің үйге кешке,
Осы күні оған да етім өлді.
Жерге қарай бересің сен өкініп,
Аңғармаған боламын мен өтірік.
Көлгірсимін танытып көңіл тоқтық.
Көзіндегі күнәні көре тұрып.
Жасыра алмай жұмбақ мұң, «ерке» сырды
Жаншыттың ба мәрмәрдай өр төсіңді?!
Жалынына тозақтың жанған кезде,
Бәлкім, біреу бықсытып өрт өшірді, –
деп айықпас қасірет сыр аңдатса, екінші тараудағы жас ару
жұбай, өзін-өзі іштей тергейтін тұста:
Сарғаюмен солды ғой сарғалдағым,
О, қу дүние осынша неңді алғанмын?!
Көзім алды бұлдырап бара жатыр,
Көкірегімде өртеніп орман қалың.
Жылжып ақты жылдарым, күң – өмірім
Тірі жесір тозағын біледі кім?
Ең болмаса жүрсе етті елден жырақ,
Екі көзі жайнаған тірі өлігі!.. .
Айналдырып азапты түн ұршығын,
Ынтық оймен ысынып, ыңырсыдым.
Жәмила нұр, жалынды жатқа қыйдым,
Жайылмап ед өзгеге бұрын сырым.
Әдебиет – жан нұры
Сарқытпын ғой, қайтейін жардан қалған,
Құнықтым-ау құмарпаз «қардан да» арман.
Жат еркекті емес-ау жаны сасық, -
Қиялымды құштым мен арман болған – дейді.
Қарап отырсаңыз, бұл екеуін бағы заманның бір суық
қол жәдігөйі қастық қазығына сиқырмен байлағандай әсер
етеді. Иә, бұл бір жазда екі жүз жетпіс жігіт өлген, Семей
полигонының зақымдық хикаясы еді.
Сөз түйіні бұл дастанды айту, дәріптеу емес, оқу қажет-
ақ. Автор жыр сүйер қауымды ширықтыра тартылған сюжет
желі арқылы құса етіп және сол арқылы құпия сыр, жұмбақ
ләззат таптырады. Кей шумақтар тұсында ақынның қарым
қуатына ризалық сөз таппай, іштен тына булығып отырып
қалатының бар. Автор бұл арқылы сізге жер бетіндегі бар
лық буынып өлушілердің ортақ қасіретін сомдағандай боп
көрінеді. Қорытып айтқанда, бұл бәйіт – дастаны арқылы
Ілиясты, Мұқағалиды қайта-қайта еске түсіріп отыратын,
Есенқұл сөз жоқ арқалы ақын екенін танытқан.
Әдебиет әлемінде соңғы жылдары дүниеге келген «Қа
рауыл қайғысы» атты шығарма тікеннен – гүл, зәһардан –
бал шығарғандай.
* * *
Ал енді әйгілі күйші Секен Тұрысбековке арналған «Күй
қанатында» атты өлеңге ат шалдырып өтер болсақ, автор
сізді Секеннің буына мас етіп тастайды. Сөзіміз дәлелді болу
үшін, бар-жоғы жеті-сегіз шумақ өлең толық берілсе артық
болмас.
Мен сені мақтан етем сүйем сені,
Сыймайды сөзге бірақ Күй өлшемі,
Наз жаңбыр домбыраның үні жауған,
Тұншығып үзіледі үзік арман.
Өмірдің жапырағын жапырасың,
Өзіңді-өзің іздеп шыңыраудан.
Жанат Ахмади
Түйіліп қабағың мен қалды қасың,
Қамығып, қасіреттен қан жұтасың.
Тып-тыныш өмір сүріп жүрген көппен,
Адамды айдалаға қаңғытасың.
Саусағың сағада ойнап ақ тиындай,
Тақуаның тарсылдайды тасбиғындай.
Таусылып тарихты ойлап, хадисті ойлап,
Заманды аңсады екен қарт биім қай?
Қамығып қарт би отыр сөз білетін,
Сөз мұңын ыммен ғана сездіретін.
Фәнидің мәні қайда, мәнісі не?
Бір білсе оны дағы сен білесің.
Теңселіп жел тербеген қарағайдай,
Тербеліп кейде шанақ салады ойбай.
Сап тиып, сосын сараң отырғаның –
Баянды суға сатқан Қарабайдай (ғажап-ақ!)
Қан қақсап өкінішпен өкшелері,
Сүйретіп шаңырағын көш келеді.
Қалдырып Қаратау мен Ұлытауды,
Күйменен қазағымның көшкен елі.
Сең, сең күй сел боп ақса тыңдаған ел,
Секеннен селт етуге сескенеді.
Өмірін сағынышпен наз арытқан,
Естіліп еміс-еміс сөз алыстан,
Селк етіп оянғанда Секен абыз,
Серпіліп қоя берер Қазақстан!
Мен сені мақтан етем!
Сүйем сені!
Сыймайды сөзге бірақ күй өлшемі,
Әдебиет – жан нұры
Осынау күй сазының құдіретін
Сыйдырып өлең сөзге жіберсе еді...
Поэзия киесі осыдан артық қандай болар екен?!
(Бұл сөз шіренгенде шап тартпасы үзіле жаздайтын,
өзіне ешкімді теңгермейтіндер үшін емес, қызыл тіл жанның
мияты, рухани дүниеміздің қуаты дейтіндер үшін.)
... «Мендей ғаріп кез болса,
Кім таныса сол алсын» деп Абай айтқан, иман-таразы,
тектілер үшін...
Жанат Ахмади
ОЙ ҚАМБАСЫ
Ақын Бауыржан Қарабектің «Жазушы» баспасынан
жарық көрген «Қызылдың ауыл құмында» атты жыр жи
нағында жұрттың барлығы біле бермейтін бір дәйектеме
«Шәкәрім қажының Қызылқұмға келуі» деген дастан бар.
Бұрын ойға келмеген, тосын сыры бар дастанның басталар
алдындағы шекесіне берілген жеке шумақ:
Тұңғышы Құнанбайдың Құдайберді,
Жалғанға жарқын ұлы шырай берді.
Әкеден ерте айырылған Шәкәрім ұл,
Бауырына бала Абайдың құлай берді, –
деп ашылған. Бұған көзі түскен кісі біріншіден бұрын
білмеген өзіндік құпияға таңырқай қараса, екіншіден бұл
дастаннан «Абай» романындағы ауырып жатқан Құдайбер
ді ағасының көңілін сұрай келген Абай көріністері елес
береді... Жас Құдайберді қыршын өмірінің соңғы ақтық
сәтінде Абайға үлкен сенім артқаны, артында қалып бара
жатқан балаларына қамқор болуын табыстайтыны. Басқа
әйелден (Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден) туған ағасына
Абай ет жүрегі езіле отырып, ант-сертіндей уәде беруі. Кейін
Құдайбердінің Шәкәрім бастаған кішкене балалары Абай
келсе болды, қасынан шықпай, тіпті мойнына асыла ерке
леп, қайран әкенің орнын аңсайтыны. Сонымен қоса Бөжей
қайтыс болып, Құнанбай бастаған топ бауырым салып бара
жатқанда Абай өз қасындағы Құдайберді ағасы не істесе,
соны істеп, соның ықпалына бағынып бара жатқаны
бәрі-бәрі кино лентасындай көз алдыңнан өтіп шығады.
Әсіресе, дастанды оқи келе ақын Бауыржан Қарабек Абай
романын бүге-шігесіне дейін көңіл тереңіне сіңіріп ал
ғанын аңғарғандай боласың. Тобықты елінің жер-суы, ру
лары Бауыржанның Қызылқұмдағы өз ауылындай анық.
Аталмыш «Шәкәрім қажының Қызылқұмға келуі» атал
ған үлкен тақырыптан былай қарай: «Көкшелердің көші»,
«Құмның Көкшелері», «Бала Шәкәрім», «Сырға сапар», «Қа
жының Қызылқұмдағы күндері», «Ой», «Дана Шәкәрім»,
Әдебиет – жан нұры
«Түйін» деген бір шоғыр тақырып бас құрап, үлкен бір
оқиға суретінің бетін ашады. Ең алдымен басын ашып айтып
алатын бір нәрсе, мейлі, қандай бейтарап сыншы оқыса да,
әр тақырыптың дастанды толықтырып тұрған айтар ойы
ғана емес, жырдың сұлулық сымбатына шөге мән берген
авторды тани түсетіні даусыз. Алғашқы үлкен тақырып бір
дарияның күре тамыр арнасы десек, қалғандары соған тұс-
тұстан жамырап келіп құйып, арнасынан асырып жатқан
әр салалы өзендер тәрізді. Оқып көріңіз; шағын мақалада
қай тақырыптан, қай шумақты бөліп алып көрсетеріңді
білмейсің. Өйткені сағатты сағат етіп құрап тұратын оның
тұтасқан «шестеренка» тетіктері болса, бұл дастанның
бөлек-бөлек алынған аталмыш тақырыптары сол тектес.
Дастанның желі – арқауындағы ой үйірімдері, ішкі-сыртқы
ұйқас бітімі және оқырманды алға жетелеп отыратын шы
ғарманың жалпы діңі Бауыржан Қарабек жайлы оқырманды
ойға қалдырады. Шәкәрімнің Қызылқұмға сапары әрі егжей-
тегжейлі, әрі көркем суреттелгеніне куә боласыз. Алғашқы
бастама жырының соңына «Шыңғыстау, 1992 жыл» деп
қойғанына қарағанда, автор Абай елінің – Тобықты елінің
жерін көріп қайтқаны білінеді. Және өзі құмды далада туған
Бауыржан Шыңғыстау жерінің жақпартасты табиғатын
көріп, шексіз әсерге бөленгені де осы дастаннан анық бай
қалады.
Қорыта айтқанда, бұл дастан үшін Бауыржан Қарабек
көз майын тауыса сарылып, еңбек еткенін, шығармасы
ның ұзын-ырғасынан аңдау қиын емес. Әрі бұл туындының
ұтып тұрған жері екінің бірі біле бермейтін «Шәкәрімнің
Қызылқұмға келуі» дейміз.
* * *
Кітаптың алғы сөзінде Бауыржан Қарабек жайлы
«Қазақ әдебиетінің ұлы ақсақалдарының бірі – Сәбит
Мұқановтың туғанына 100 жыл толуына байланысты өткен
ақындар мүшәйрасында поэзия төріне таңғажайып жаңа
есімдер шықты. Солардың бірі – Гамбург университетінің
Жанат Ахмади
директоры, еліміздің айтулы іскер-реформаторы Бауыржан
Қарабеков еді» деген баянат тұр. Көңіл бөлген кісіге осының
өзі де біраз жайды аңдатқандай.
«Қызылдың ауыл құмында» деп кітаптың аты айтып
тұрғандай, туған, өскен жерімен кіндігі бір екені осы жинағы
арқылы білінетін Бауыржан ініміз 80-беттегі тақырыпсыз
өлеңін:
Жырлар жаздым жорғадай тайпалмаған,
Балдәуренді ей, өмір, қайтар маған.
Сол баланы әлі күн сағынамын,
Әппақ қызға арманын айта алмаған.
Сезімдері сырнайлы әуен үзбек,
Әппақ қызбен көңілдің әні егіз боп.
Қырдан асып кетіпті қасқа жолмен,
Сол бір бала өзінше әлем іздеп.
Қабақтарда қалса да қонақтап күз,
Бала сезім тек сені тонатпаппыз.
Ақ періште сияқты түске енеді,
Сағымдардың ішінен сол әппақ қыз.
Болжам айтып болмысты бағамдардай,
Жыр жазамын... басқаға шамам қалмай.
Әппақ қызды ауылды сағынғаннан,
Самайым да сәл ерте ағарғандай.
Тағдыр маған өзінше сайлады әзіл,
Іріде жүр қасымда, майда да жүр.
Мен ілесіп кеткенде қасқа жолға
Қол бұлғаған сол бір қыз қайда қазір.
Көз ілмеп ем әйтеуір сол түні мен,
Сезімдердің қосылып солқылымен.
...Сол баланы сол ауыл біле ме екен
Шардараның жарысқан толқынымен...
Әдебиет – жан нұры
Иә, бұл Бауыржанның ғана емес, сенің де, менің де, оның
да басынан кешкен балдәурен. Шыр етіп жер бетіне келген
пендені құрығына бір іліндірмей, қақпанына бір қаптыр
май қоймайтын магнит аралы бұл. Тегінде қай ақының
болсын оның басы көптікі, баршанікі болуы ең басты шарт.
Ал мына өлең қай пенденің, қай қазақ баласының сезімін
қозғамайды. Анығырақ айтқанда «әппақ» қыз бола ма, бас
қа қыз бола ма, бәріміздің де айтқалы тұрған, айта алмай
жүрген жастық іңкәрлігімізді ақынның осы өлеңі тамам
елге жариялап паш етіп тұрғандай. Тек жер айырмашылығы
ғана бар Қызылқұмда туған бауырласымыздың жан сыры
нан нәзік көрініс берген. Жәй ғана емес, тығырыққа тіреп,
діңкелеткен, алғаш рет жан-рухын мертіктіріп кеткен тәтті
арман мұңы осы ғазалда тұр. Олай десек, поэзия – құдірет,
поэзия – әмір, бұйрық. Әрбір ақын жүрегі поэзия тұтқыны.
(Абай да, Қадыр да, Тұманбай да) Ұлылардың бәрінің де
жүрегі поэзия киесіне табынып, басыбайлы байланып
бағынған.
Бауыржан Қарабектің туған жер туралы жазған біраз
өлеңдері де осы тектес. «Құс та ұясына бір соғады» демекші,
туған топырағын мәселен, ең қанішер жауыздардың өзі де
ұмыта алмайды. Кіндік қаны тамып, кір жуған жеріне оның
ақын перзенті бас иген болса, Қызылқұм өлкесі мына жи
наққа ма, не соның авторына ма, тағзым білдіргендей елес
сезім бар. Сіздің кеудеңіздегі Қызылқұмның көлкілдеген
сағымындай сусыған елес, өзіңнің Бауыржан Қарабекке
деген құпия құрметің тәрізді.
Жанат Ахмади
ШУАҚ ПЕЙІЛ – АҚЫН ІНІ
«Жаны – жаз, көңілі – жайлау ақ пейілді,
Жақсының жүрегіне ғашық едім»
Қасым Аманжолов
Айналасындағы адамдарға көңілінің шуақ-нұрын ша
шуға дайын тұратын ақын ініміз, Кәдірбек Құныпияұлы
ның «Қарқара қайда барасың» аталатын 6 баспа табақ жыр
жинағы қолыма тиісімен, бірер күн ішінде оқып шықтым.
Жалпы өмірде қылаусыз бауырмал, кіммен де болсын етене
кірігіп, шынайы шырайымен табысатын Кәдірбек жайлы
«ары бардың бетінің алауы бар» дейтін мақалды арнаса
болғандай. Тегінде адамның өмірді сүюіне қарай, өмір
адамды сүйеді ғой.
…Біздің бала күнімізде Жоңғар тауы өңіріндегі көшпелі
кезде, кейбір кедей кісілер құлын тері – тайжақы тимеген
соң, кеудесіне бұзау терісінен илеуі қанған, ақ жарғақ,
басына жадағай жабағыдан жаба салма – «ербек» («ешкінің
жүні ербегім, еңіреп жүріп көргенім») кисе, соған қанағат
ететін, ел қатарлы өмір кешетін. Оны айтып отырған себебім,
өз басым Кәдірбектің өлеңдер жинағын оқымай тұрғанда
тегі, осы жігітті көре алмай, күндейтін, ешкім жоқ болар деп
ойлайтынмын.
Рухани дүниесінің түлеуі – әлгі «тайжақы» киген байдан
кем емес шығар деп білетінмін. Сөйтсем… адам баласын
алаламайтын, көпке бірдей Кәдірбек те құдды өзіміз сияқты
рухани әлемін кейде «илеуі қанған, ақ жарғақпен», кейде
«жаба салма, жадағай жабағымен» орап, қанағат тауып жү
ретін тәрізді.
Жайлауымдай жатсынбай бұл әлемді,
Жүруші едім, бейбіт күн – күмән енді…
Жар астынан жау болып бір жапалақ,
Көзілдірік киіп ап шыға келді.
Қу тірліктің қобалжып қоңыр ұлы,
Өзегімнен өрбіді өмір үні.
Әдебиет – жан нұры
Жар астынан жау іздер ниет жоқта,
Бөрігімнің астынан бөрі ұлыды.
Зар заман – бұл, сосын ба?
арлы адам жоқ,
Кейбіреудің ісіне таңданам көп.
Шөбереме шешесі сыр шертер ме
Шерлі заман осылай орнаған – деп.
Жау іздеген жоқ едім, дау іздеген,
Ісім жоқ-ты ұр да жық арызбенен.
Жапалақтар жымиып сұрар болса,
Еш қиналмай арымнан
…қарыз берем…
Келіңдер!
(ІІІ-бөлім, «Жапалақтарға» 67-бет)
І-бөлімнің беташар өлеңі «Әке суретінде» ақын:
Тағдырымыз сияқты жүрдек кеме,
Өмір көшіп барады тізбектеле.
…Ұрпағыма кейінгі керек қой деп,
Менің әкем түспепті суретке де!
Дүр сілкінтіп талайды таптық мәні
Дүрлігуге сай кепті жастық шағы.
Сағынғанда әкемді
сарғайыңқы
Суретіне қараймын паспорттағы.
Жалғыз сурет…
Жадырап жымимайды.
Тік қарайды, ешқайда бұрылмайды…
Сандықтағы суретке қараған күн,
Анам да үнсіз көз жасын сығымдайды.
Жанат Ахмади
Бір-ақ сурет…
Қараймын,
үнсіз қалам…
Аласұрып жүрегім,
дүр-сыздаған.
Бұл суреттің алдында
Пикассоның
Қаламының сиқыры құнсыз маған!
Ғажап емес пе. Өлеңнің соңына назар аударайық:
…Альбом да көп бүгінде, сурет те көп,
Шақыратын сан тойға билет те көп.
Күйіп-пісіп жатады кейбіреулер
Суреттегі сыйықсыз күйге өкпелеп.
Бұл өнерге қалайша тағайын мін? –
Сақтап жүрміз бейнесін талай ұлдың.
Суреті жоқ туысты еске аламыз,
Естелігі арқылы ағайынның.
Өмір теңіз,
жүзуде жүрдек кемем…
Жарқын күнмен жаңарып, гүлдеп келем.
…Анашымның ақ жүзін әжім басқан,
Жиі-жиі түсірем суретке мен. (5-бет)
Кәдірбек Құныпияұлы әке көзіндей жоғалмай сақтал
ған қарапайым бір сурет арқылы оқырманның кеудесіне
пікірге толтырып жібереді. Ойланып көріңіз, бүгінгі көп
суреттің құны бар ма? Ақын бұл орайда дәл мына біз сияқ
ты әкесі суретке түспей кеткен талайлардың іш-өзегін удай
ашытумен қатар, осы жалғыз суреттің өзі адам баласы
үшін қаншалық құнды нәрсе екенін еске түсіреді, еріксіз
бағалатады. Әкені сағындыра білетін шынайы жыр жайлы
«әттең, осы өлеңді мен жазған болар ма едім» дегендей,
бір ізгі арман әуесшіл көкейіңе шоқ тастап, мұңға бейім
Әдебиет – жан нұры
жаныңызды жалаулатып кетеді. Әке мен бала ортасындағы
тіл жетпес құдірет киесін жан-жүйеңе көлденең тосады.
Жаңғыртады. Көзі жоқ әке орнын сенің де қаншалық бағалап
жүргеніңді ескертеді.
Сондай-ақ автор «Қайқы» атты өлеңінде:
Жатқасын ба қайқиып, «Қайқы» дейді,
Жарқыраған жартастар… жай тілейді!
Қырқасына Қайқының іліккенде
Күн кідіріп,
Күміс-нұр Ай түнейді… – дейді.
Әсем бе? – әсем. Дау бар ма? – талассыз.
Айтар ойымызды әр бөлімнен қарастырып отырғандық-
тан ІІ-бөлімнен төмендегі өлеңге назар салып көріңіз.
«Бейтаныс аруға», (Жарасқанның жыр кеші еді…) деп
берілген:
Көзіне сәл-пәл көгілдір бояу қондырған,
Арнар ем, әттең, отырған анау өндірге ән.
Қарай да қарай қарлығаш қызға ұмсынып,
Зекең мен менде қалмай барады әл-дірман.
Ерніне аздап, тырнағына аздап сән жаққан,
Қарайды оған сұқтанушылар әр жақтан.
Жарасқан емес, жалған-ай, осы ботаның
Кеші секілді өзіне бәрін арнатқан!
Ел күлген сәтте әсемдеп үнсіз жымиып,
Алаулап өңде әппақ бір сезім тұр ұйып.
Бізге емес, әттең, сахна жаққа қарайсың
Ғашықтық жайлы жырлар оқылса қиылып.
ҚазПИ-ме, әлде ҚазМУ-дейсің бе, кім білсін,
Сәлем боп саған қуаныштар мен гүл жүрсін!..
Тұнығың мәңгі шайқалмасыншы, ақ бота,
Бүлдірсе әппақ сезімің ғана бүлдірсін.
Жанат Ахмади
Өндір жан отыр жүрекпен ұғып өлеңді,
Өзімсіп сірә, өлең арнамай көр енді.
Өмір-ғұмыр деп аталар мынау теңізде,
Ақын жүректер өрге сүйресін кемеңді. (53–54-б.)
Қалай дейсіз? – менше осы өлеңнің арналмауы мүлде
мүмкін емес сияқты. «Тіл – дәмдіге, көз – әрліге сүйінеді»
деген қазақ осы тәмсілді текке айтпаған. Мұндай сәтте…
жоғарыдағыдай әсемдік бар жерде бұлқынбаған, дүрсілдеп
соқпаған жүрек қандай ақындікі болар еді. Бәлкім – оны
жазбаған ақын өзіне бір арба сабан түсіріп беретін бір әкімді
мақтаған болар ма?.. Ал, ар сызығынан ары аттамайтын,
затынан жаны жылы, жібек мінез Кәдірбек аталмыш аруды
әдеппен әдіптеп, шәйі матаға бөлей отырып, аялап жырлаған.
Ұлттық сүйіспеншілік қамқорлығына алған. Оқырман соны
тани алады. Ондайды жазғанда өз құлқыны құрып «әттең-
айы» сезіліп тұратын ақындардай емес, тектілік көрсетеді.
Авторға мін таға алмайсың. Көркемдікке құл болған ақын
жүрек іштен тулай отырып «ақ ботаға» ақ тілек, уыз бата
ниетін арнаған. Тіл алғыш жүректі баспен билеп, басқарған
сезімді ақылмен көркейткен.
Мұндай кезде қызыл өңеш, құлқынын көрсетіп алатын
ақындарша, Кәдірбек жаза баспаған, мүлт кетпеген.
Тегінде жүрекке салсаң, сезімге тартады. Ақылға салсаң
төзімге тартады. Арындап келетін ашудан аяңдап басатын
ақыл озатыны сияқты, күн ашықта жай отын шақырып
тұратын найзағай сезімнен гөрі, миға салған ақыли сабырда
қайыр бар.
Сезім мен ақыл, яғни жүрек пен ми бірлесіп кеңескен
жерде, Абай айтқан «ар ұялар іс қылмас, ақыл зерек» болады.
Ал ақынның шынайы махаббат дүниесіне түзілген
тақырыпсыз бір өлеңі:
Сүйемін, сүйем, жалғанда жалғыз, жарығым,
Махаббатымды кешігіп әрең таныдым.
Ғазиз жан – ғашық ғайыпқа сіңіп кетпегей,
Көкжиегімде күлімдеп жүрген сағымым.
Әдебиет – жан нұры
Өлгенше сүйдім, сүйгеннен сірә – зар-мұңым…
Аспаннан үзген шолпандай жауһар – таң гүлім!
Өзіңсіз қайтіп жұпсыз көтерем жүрекпен
Тымырсық, тылсым әлемнің мұнша тарлығын?!.
Ғажап емес пе!
Базарым, бағым, назарым, назым, бір сенде,
Қоштасар шақта жаншылды кеудем
Зіл – шерге.
Мен сені сүйдім махаббат деген мұраттан,
Опа да таппай опынып, күйіп жүрсем де.
Жылардай өксіп, жаныма жапа шектіріп,
Мұзарттай биік, мұзарттай суық тектілік!
Жанарың айтты «жақсы көремін!» дегенді,
Үздігіп барып үзіліп неге кетті үміт?!
Бәріне көнген о, сорлы жүрек… төзімді,
Тұңғиық жұтты тұп-тұнық мөлдір көзіңді.
Айырылып қалып, айыптай алмай отырмын,
Арбаған мені алдамшы сағым сезімді. (54-б.)
Қайсыбір ұлылардың біреуі «адамның тілі ойын толық
бере білгенмен, ішкі терең сезімді жеткізу жағынан жан
сар» деген еді. Мына тұста ойға сол оралады. Олай болатыны
сол сәттегі жаны жаралы ақынның жылаулы күйі қазір
біздің басымызда жоқ. Ол – бір. Екінші, біз оқырмандар
өлең авторынша ғашық бола алдық па, жоқ па?.. Кім қалай
өлшейді. Бұған Сараийдің «ғашықта шыдам болмайды,
шыдам болса, ғашық болмайды» деген теориялық ұғымымен
қарайтын болсақ, авторда төзерлік шыдам қалмағандықтан
қағаз бетіне осыншалық нәзік те, шыншыл жыр жолдары
түсіп отыр… Ал, Шекспир «сүю – шегі білінгенде қор болады»
деп күміс шегемен бекіте түседі.
Мұнан шығатын қорытынды, бізді өз айтқанына иек
қақтырмай сендіреді автор.
Жанат Ахмади
Яки: «Сүйемін, сүйем, жалғанда жалғыз, жарығым»
немесе: «Базарым, бағым, назарым, назым – бір сенде,
Қоштасар шақта жаншылды кеудем зіл-шерге»
деген ғазалшының жүректен күрсінген «шерлі» бәйітіне
бас иесің. Өлең иесімен достасқың келеді. Мыңдардың тіп
ті әлденеше мыңдардың дәл басып айта алмай (ғашық
болушының бәрі ақын емес) ішінен булып, улап жүрген
дерттерін ауыздарына шайнап салып беріп отырған ақынды
қиялмен болса да, іздеп тауып, сыр бөліскісі, достасқысы
келетін зарлық – жігіт, мұңлық – қыз бар ма, қазір?..
Миллиондардың ішінен суырылып шығып жатқан ақын
қыз, шайыр жігіттер ғашық бола білмеп пе? Олар да өз
жанартауларының дүмпуіне шыдай алмай аламан бәйгеге
қосылатын ұлттық саңлақтарымыз.
«Ақшаның арманы жоқ, сұлудың да қойнына кіреді» деп
жаңа заманның қыршаңқы мәтелі меңзегендей, ақындар
әулетінің арманы жоқ, өзі болмаса да сиқырлы өлеңін
арудың құшағына енгізеді. Жақсы өлеңмен жүрегін жаулап,
апиындай арбайтын ақынды түсінетін есті арулар жоқ емес.
Сөзімізге дәлел үшін К. Құныпияұлының:
Қараңғы шақта қамығып тапқан қарағым,
Екі ауыз өлең арнауға саған жарадым.
«Сырласым бол» – деп,
«Мұңдасым бол» – деп,
Мұңайып
Жүрегімдегі… тырнадың аузын жараның, (80-б.)
деген шумағын айтсақ жеткілікті. Енді осы ІV-бөлімдегі
«Иран Ғайыпқа» (76-б.), және басқа бөлімдердегі «Мұқа
ғалиға», «Жұматайға», «Сағатбекке» деген арнау өлеңдер
де жұрт айтып жатқан дүрмекке ілесіп, сарынға қосылу
немесе әлдебір ақындарша жалбақ шешейлікке салынып,
қолпаштау, көңіл аулау тәрізді пендешіліктен туған жаң
ғырық сезілмейді. Автор ондай жалған, жүзкөйлікке,
өтірік емексуге баспай, айтпауға болмайтын, ойлап ойын
Әдебиет – жан нұры
талдырған, толғағы жетіп сыздаған шынайы түйсіктермен
жұмыс жасайды. Адамды шынайы сүйеді. Тегінде арнау
өлеңнің көркем шығуы да оңай емес.
«Шыбыш желіндегенді білмей, лақтағанды біледі» де
гендей, көбінше арнау өлеңге үйірсек, ішінара ақындар
кезінде айтып үлгеріп қалу үшін, ішкі ой-сезім екпіні
қинамай тұрып жаза береді. Бір қайнауы ішіндегі дүмбілез,
күлді-көмеш «тартуын» айдап жібереді. Негізінен жұрт
көңілін жамаған – оларға да рақмет-ау... Бірақ «бір көрме,
бір көрмеге сыр берме» арнаулар сол күнгі газет қайда
жұмсалса, сонда кететіні бар...
Қорыта келгенде, айтарымыз, екі суайт бір-бірін
иландыра алмайтыны тәрізді, мыстанды мыстан ғана арбай
алатын болса, жүректі оқырмандарды жүректі ақындар ғана
арбай алады, деген тоқтамға маңдай тірейміз.
Жанат Ахмади
ЖАН ТЫНЫСЫ – ЗАР ШЫНЫ
Жарас Сәрсектің «Керуен көшіп барады» атты жыр
жинағын оқып отырып, ақынды ерекше мұңды сырға
тоғытып, осыншалық ой иіріміне шөктірген не деген ойға
келесің. Автордың сезім дүниесіне қайталап үңілесің,
кітаптың әр тұсын қайталап оқисың.
Өз әнін айтып өмірге келді,
Сәбилер: – сезім іңгәлап.
Сең-сең боп көшкен сезімнің күллі
Анасы менмін тыңда, алап
Ақшуда бұлтқа арманын айтқан
Ауылдан шыққан бала ем мен,
Адамы біткен данышпан сынды
Қалада жүрмін мұң қамап.
(«Ескі сарын» 31-б.)
Бұл «мұң» Жарастың шынайы ақындық халі екенін:
сырт көзді жай қисынды сөзбен алдаусыратқан, назы емес,
өзі айтқандай ой-жүйесінде «сең-сең боп көшкен күллі
сезімнің анасы» екеніне дауласа алмайсыз.
Менің жаным – сарыаяз – үскірігі кетпеген
Содан болар кіл сорлы... жақындайды еппенен.
Түлкі тонға оранып босағамнан аттайды,
Арға оранып келуге басы олардың жетпеген.
Менің жаным – жақсының құрбандығы деп қара,
Бар қазанда жыртылғам «тәбәрік» боп қап-қара.
Бір құрбанмен мәңгі өмір алар болса адамзат –
Менің атым жазылсын бар ескерткіш тақтаға.
Менің жаным – «Мың бір түн»,
Тәтті де ауыр жолдары.
Әдебиет – жан нұры
Белгісіздеу дастанмын түспей жүрген қолға әлі.
Бозбала шақ сезімнің қайыңдарын түптеген,
Бір түкпірі жанымның – махаббаттың орманы.
Ессіз күннің онда әрі жатыр шатпақ белдері,
Естілсе ғой сол маңнан қос ғашықтың дем-лебі.
Адалдықтың ауласы алыста емес ол маңнан,
Сезіктенбей тек қана,
Серкем деші сен мені
Аяулым!..
(«Менің табиғатым», 16-б.)
Автордың:
Бір құрбанмен мәңгі өмір алар болса адамзат,
Менің атым жазылсын бар ескерткіш тақтаға, –
деп отырғаны, соған, сол құрбандыққа жарап жатсам, «ес
керткіш тақта» атаулының барлығына лайық емеспін бе, деп
азаматтық орынды уәж айтып тұрғаны. Ал соңғы шумақта
«Аяулысына» деген ынтызар сезімнен туған «ессіз күннің»
белгісі барын айтып «қос ғашықтың», яғни екеуінің «дем
лебі» естілуін армандайды.
Бірақ «ақылды адам есінен тана ғашық болса да, ақы
мақтарша ғашық болмайды» деп Ф. Ларошпуко айтқандай,
ақын оқырман алдында ұтылып тұрған жоқ. Қайта:
Боз бала шақ сезімнің қайыңдарын түптеген
Бір түкпірі жанымның – махаббаттың орманы, –
деген тапқырлығын екшеп аша түскен. «Ғашықтық – ақыл
дың аяғына түскен тұсау» деген Сараий.
Кітаптың басындағы қысқаша таныстырмасында ақын
ның бұл тұңғыш жинағына ілгерідегі өлеңдері топтасты
рылғаны айтылған. Сол үшін жинақта махаббат тақырыбы
белең алып тұрғанына авторды ешкім кінәлап айыптамай
ды. Тіпті сақа ақындарымыз да өмірдегі мәңгілік тақырып
ғашықтық десе, зар илеп жөнеледі, олары ерсі де емес.
Жанат Ахмади
Ақ айдын көңіл айналып қайғы-зынданға
Тұтқыны болған жалғыз мен.
Аяқ аттасам бас салған байғыз – мұңдарға
Үмітім менің алғыз дем.
Қайталап оқуды қажет етеді, үйірімі терең әрі қызық.
Аяқ аттатпайтын мұңына «үмітін» жұмсапты. Сүреңсіз
«байғыз мұңдарымды дем алдыр» дейді. Тегі Жарастың
шытырман ойға құрылған кірпияз, күрделі өлеңдерін кім-
көрінген бірден түсіне бермеуі мүмкін. Автор жадағай жа
зуды ұнатпайды.
Поэзияға жеңіл қарайтындардың Жарасты желе-жорта
оқып, түсінбеуі заңды да, өйткені маңызына барып, шөгіп
оқуға олардың не шама,, төзімі жетпейді, не «уақыты»
жетпейді. Абай не деп еді? – «Қазаққа сөз айтсаң ақырына
дейін дәт етіп тыңдай алмайды, тыңдай қалса не көзі алаң
дап отырып, не көңілі алаңдап отырып тыңдайды!» деген,
қайран Абай!
Жаңағы өлеңнің аяғы:
Басымнан бағым тайғандай өлім елестеп,
Өкси береді қу көңіл.
Қос романның мазмұндас бөлімі емес пе ек,
Бөлшектер ме екен улы өмір.
Жел сынды көкем – жеткізбей мақсатты күнге,
Жырақтап жүрсің неге сен?
Ақ көйлек киген арманды ақсаттың мүлде,
Адам едім ғой елесең.
Мен сөніп қалдым, өліп ем өзіме налып,
Таңым жоқ енді атар дер.
Көркіңді сенің қос үңгір көзіме малып,
Көрімде қайтіп жатам мен.
Көрдегі көзі үңірейген бас елестейді.
Әдебиет – жан нұры
Мен өлген жанмын, бұл жақта бұла таң қайғы,
Жарықсыз қазір мекенім.
Қап-қара қабір ешкімді жұбата алмайды,
Қара жер – қапас, не етемін?!
Екі дүниенің арасын жалғап тұратын,
Сезімім ғана мәңгілік.
Әттең-ай, Қорқыт-қобыздай сарнап тұратын,
Жадыңда қалсам жаңғырып!!!
Жүрегім – оттан,
Жігерім – көне шетеннен.
Көрмесем сені өлмес ем.
Ақ кебінге орап тәнімді саған жетем мен,
Тіріліп қайта кел десең...
(«Ғашықтық ғазалы», 21-б.)
Ғажап емес пе! Ой орамынан туған, сөз орамы тартып
тұрады, қызық келеді. Жалаң ойлыларға жалынан сый
патпайтын діл үйірімі әсерлі.
Өткен заманның ұлы ойшылдары «ғашықтық ар
найы зерттеуді қажет ететін бір ғылымға жатады» деген.
Ал Баласағұн «саған біреу ғашық болса, махаббат құді
реттілігінен түсіңде де белгі беруі мүмкін» дейді. Босқа
айтылып тұрған жоқ. Әлдебір жайттан қатты запы шегіп,
шексіз қиналсаң, сен үшін ет бауыры езіле алатын ең жа
қын адамыңның түсіне кіретінің тегін емес. Махаббат
сүйіспеншілігі де (оның азабы мен тозағы) оңай шаруа
емес. О. Бальзак «дос іздемес адам сүйе де білмейтін адам.
Сүю адамның барлық жақсы сипатын өз құшағына алады»
десе, ақындар дос іздемейді деп кім айта алады. (Өле жатқан
ақын-жазушы атаулы дос іздейді-ау... Бірақ олардың бар
лығының әйелін өзімен бірдей «дос іздегіш» етіп алу еш
кімнің қолынан келмейді.)
Жанат Ахмади
Ал, лап етіп жанып, жалп етіп өшу, сөну әр кімнің-ақ
еншісіне жазылған. Өйткені, сүю, махаббат дүниесі тіпті
қасиетсіз жаралған адамды да уақытынша «қасиетті» етеді.
(Өлшеулі, тапшы оты таусылғанша.)
Жалпы Жарас ініміз «жүрек іштен жыласа, ақыл іштен
жұбатады» демекші, көбіне ақындарға шиеленген шырмауы
көп ой азабын бір кісідей тартқан. Түбі көрінбес, жылым
қара судай, бұлқынбай, жұлқынбай, жұрттан басқаша бір
ақын болып қалыптасқанына көз жеткізесіз. Оның күн
делік өмірдегі сыртқы болмысы қандай сырбаз болса, ішкі
дүниесінен жаратылған шешуі терең өлең-жырлары да
сондай жұмбақ сырлы, кәделі.
Әдебиет – жан нұры
ТАУҒА ҚАРАП, ҰЛЫП ТУҒАН БӨРІ ЖЫР
(яғни ата-бабасы тауда өскен ақынның
Сырда туған жырлары)
Мұхамеджан Нұрханов бұрынғы жылдары шет ауыл
да тұрған ақын. 1972 жылы мені Талдықорған КГБ-сі «По
граничный зона» деп аталатын шекаралық өңір: Талды
қорған, Алматыдан кемінде мың шақырым аулақ жүруімді
ұйғарып, Жаңақорған ауданының (Қызылорда) «Келінтөбе»
кеңшарына 15 жылға жер аударған болатын. Өзімді тұт
қындап, ең алғашқы шығармам «Зар-Зарауха» аталатын
повесімді тәркілеп алып қалған. Тек арада 29 жыл уақыт
өткенде «Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығына» орай Иманғали
Тасмағамбетовтің қолдауымен «Зар-Зарауха» жеке кітап
болып жарық көрді. М. Нұрханов ол кезде осы Келінтөбедегі
10 жылдық мектепте әдебиет сабағын беретін мұғалім еді.
(Бүгінгі үлкен ақын Есенғали Раушанов сол мектепте
Мұхамеджаннан дәріс алатын 7–8-ші кластағы оқушысы
болған.)
Мұхамеджанның «Тораңғылдың көз жасы» аталған жыр
жинағындағы осы тақырыппен берілген поэмасына тоқталу
үшін аталмыш шығармасына өзек болған – автордың шығу
тегіне біраз тоқталып өтуге тура келеді.
Мұхамеджан Нұрханов ата-баба қонысы ежелде Қа
ратаудың теріскей бетін жайлаған Жиенбет-Айбике (Қо
ңырат ішінде) руынан шыққан іргелі байдың тұқымы.
Кеңес өкіметінің ылаңынан жерден жер ауа, ақыры осы
Келінтөбеге күл төккен екен. Келінтөбеде «Айбике ауылы»
деп аталатын жеке ауыл бар еді. Сол ауылдың ауыл ағасы
Шәріпбек ақсақал бастаған үлкендері мен Мұхамеджан
ның о жақ, бұ жағындағы туыстары Нұрханов Махмұтәлі,
Нұрханов Бегәлі, Нұрханов Сұлтан тәрізді бірнеше аға
йынды азаматтар өз елдеріне жер ауып келген мені де
«Қытайға кеткен байдың тұқымы екен, шетте жүрген жігіт
Жанат Ахмади
қой» деп іш тартып, қолдарынан келген жақсылықтарын
аямай жүрді. Шәріпбек көкеміз бірер рет топты жерлерде
«мына бір жалқы жігітті құрметтей жүріңдер» дегені бар.
Өзгелер «Қытайдың шпионы екен, КГБ жер аударыпты»
деп мені қолымен емес, аяқтарымен көрсетіп жүрген кезде
өз ауылдары жер аударылып көрген Нұрхановтар әулеті
жұрттың өсегіне қарамай, басымды бағалаған еді. Әсіресе
ақын Мұхамеджанның үйінде Есенғали Раушанов үшеуміз
көп бас қосатынбыз.
... Бір қызығы – Сәбет өкіметі тұсында өздерін қай-
қайдағы құл-құтанның, жарлы-жақыбай кедейдің ұрпа
ғымыз деп неғұрлым жалаңаяқ жалшы тұқымы ретінде
көрінуге тырысып келген біраз пақырларымыз, енді бүгін
«менің ата-тегім ондай болған, мұндай болған, ор-қаракөктің
әулетіміз» дейтін болды!.. Мейлі ғой, оған қызғаныш жоқ,
бірақ қай заман келсе, сол заманның иті боп үретін, кімнің
тарысы піссе, соның тауығы боп дән теретін бишаралық
күлкі шақырады.
Мұхамеджанның әкесінің әкесі яғни атасы Ахмет өз
бейнетімен шаруа өсірген бай болғандықтан қазақ елінің
басқа да байлары қатарында Кеңес өкіметінің кәмпескесіне
ұшырайды. Ауыл басшысын мал-мүлкінен жұрдай ғып та
қыр тулаққа отырғызған соң, өзін жер аудармақ еді. Сөйтіп
бастарына қауіп төнген ауыл шыбын жандарын сауғалап
ауылбасы, әрі ел ағасы Ахмет ақсақал айнала-аумағымен
тұтас сыпырыла, ауа көшіп Өзбекстан, Тәжікстанға дейін
үдере босып кетеді.
М. Нұрханов «Жер ауу» дастанында:
Айырып туған жерден малдыларды,
Белсенді ашкөзденіп салды лаңды.
Әулеті Ахметтің ауа көшіп,
Бетке алды Самархан мен Марғұланды –
дейді. Мұхамеджан оқытушы болып жүрген кезінде бұр
қыратып өлең жазып аудандық, облыстық газеттердің бе
Әдебиет – жан нұры
тін бермей жүретін. Кейін келе Сырдария аудандық және
Қызылорда облыстық газетінің әдеби қызметкері, одан
кейін күні бүгін Қызылорда облыстық «Сыр мектебі» га
зетінде жұмыс атқарып келеді.
Алматыдан алыс жүрген ақындардың жайы мәлім.
Олар үшін дер кезінде кітап шығара қою Сәбет өкіметі
кезінде де оңай бола қоймаған. Солай болса да М.Нұрханов
«Жалын» баспасынан шыққан «Бастау», «Аңсар» топтама
жинақтарына енген болса және осы баспадан жарық көрген
«Көкемарал» мен Қызылордадан басылған «Бөрінің жүрегі»
атты жыр кітаптарының авторы. Ал бұл жолғы «Тораңғыл
дың көз жасы» кітабына ақынның соңғы жылдары дүниеге
келген өлеңдері енгізілген. Мақаламыз «Тораңғылдың
көз жасы» дастанындағы «Жер ауудан» басталғандықтан,
алдымен осы соқталы шығарманың былайғы тақырыптарын
бір қарап өтер болсақ «Тізгін тартар» (пролог), «Жер ауу»,
«Кеш», «Түйекештер», «Керуенбасы», «Сарықамыста», «Қа
уышу», «Мақтааралда», «Орынбасар көшесінде», «Төраға»,
«Қалғансырда», «Үзік мұң», «Келінтөбе» (Эпилог) болып
аяқтайды.
Дастанды оқып шыққан кісі Жиенбет – Айбике елінің
көрген зобалаңын ғана емес, сол арқылы ата қазақ ту
тіккен қарт Қаратауды жайлаған Қоңырат ұлысының ұзақ
жылдар бойындағы босқын көші айқындала түскен. Автор
кәмпеске тауқыметінен кіндік кесіп, кір жуған туған жерін
тастап ауған осы руларды айту арқылы жержүзіне тарыдай
шашылған қазақ елінің жапаға толы тағдырын ашқан.
Арғы жағы Өзбек, Тәжік, Ауған, Иран жеріне, ал мына
шеті Қытайға қарай шілдей тозып, бытырап кеткен қайран
қазақ елі жайлы ойландырады. Қарғыс, налаңды кімге
арнарыңды білмей, қаның қозып, ар-намыстан толғанасың.
Ұлтымыздың сол босқын болған бөлшектері күні бүгін алтын
тұғыр атамекені – Қазақстанға жете алмауда! Еңбектеп болса
да, жеткісі барлар жоқ емес. Осы тұста басын аша кетерлік
нәрсе «Тораңғылдың көз жасы» поэмасы тек көтеріп отырған
Жанат Ахмади
проблемалық ұлттық рухани жүгімен ғана емес, әдемі үн,
көркемдік деңгейімен де айтуға тұрарлық көркем де, табиғи
еңбек жемісі дей аламыз. Бұл дастан кімнің де болса сын
сүзгісінен сүрінбей өтеді. Ұзақ шығармадан мысал келтіріп
жату орайсыз. Себебі, тұтасып тұрған бір бүтін мүкәмал
жиһаздың әр жерінен шумақтар алсаң, оқырман «е, іріктеп,
таңдап келтіріп отыр ғой» дейтіні мәлім. Көлемді поэманың
бастан-аяқ тұтас желісі қалай өрілгенін оқыған кісі біле
жатады. Тек қана оқиға өзегінен азырақ сыр аңдатар болсақ,
жанбағыс орайына қарай көшпенді ауылдың қайда барғанын
білесіз.
Бір жағы Қанибадом, Бұхар ары,
Бір тұсы Ходженткент деп аталады.
Осында әрілі-берілі кіре тартып,
Түйекеш қалай тыныш жата алады?
* * *
Шәріпбек көкем еді керуенбасы,
Қырықтар шамасында, онда жасы.
Ел бастап, райыспен тең сөйлесті,
Айтайын әңгіменің ол да расы.
* * *
Оқыдық «Кәләм–Шәриб» – аятыңды,
Иман, ар «Мұхтасармен» оятылды.
Бір үйді алаламай, ақы алмай,
Бар малды Нұрхан атам жаятын-ды.
Ес біле Ана тілге жарығанбыз,
Жігерді ұлт рухына жанығанбыз.
Бұл елдің өз мектебі қайдан болсын,
Өзбекше әліппені танығанбыз.
Барғанбыз мектебіне тәжіктің де,
Сабылдық көңіл жүдеп, жазық кімде?
Әдебиет – жан нұры
Жол етіп өзбек, тәжік екі ортаны,
Шақ еді жүрген біздер қажып мүлде.
Ел қамын жеді Шәкең өбектеді,
Ауыл ек ауа көшкен түбектегі.
– Шұбар тіл болып кетер ұрпағымыз,
Қазақша мектеп ашу керек, – деді.
* * *
Ходженттен Шәкең келді күлім-күлім,
Нұрланып кеткендей ме күнім бүгін.
– Балалар оқиды енді өз тілінде,
Болады жолы жарық білімдінің, –
Деп Шәкең мектеп жайын баяндады,
Байқалды елде ойдың оянғаны.
Ұзамай балшық тамнан мектеп салдық,
Бұл істен үлкен-кіші аянбады.
Өздеріңіз аңғарып отырғандай, керуенбасы Шәріпбек
бастаған барлық түйекештер керуені соғысқа керекті азық-
түлік астықтарды жерден-жерге тынбай тасумен болған.
Сөйте жүріп, ұлт намысын да ұмытпай барған жерлерінде
бастауыш болса да, қазақ мектебін аштырып, Шәріпбектей
білгір азаматтың жат жерде күресе білуі шығарма арқауын
биіктете түсуге шуағын түсірген. Бұл шығарма желісіндегі
көп бөлшектердің бір парасы.
Көшті ауыл балшық тамға жер кепеден,
Хан сарай секілденді ол бір кенен.
Еңсеміз сәл де болса көтеріліп,
Желпініп көкке өрледі көңіл дөнен.
Әлқисса, сәл-сәл кейін шегінелік,
Тек сақтап тәжігіңе телінбелік.
Жанат Ахмади
Сақтадық тілімізді, дінімізді,
Теріскей еліненбіз, тегін бе едік.
Міне, осы тұста әркімнің өз туған жер құдіреті және
шыққан ұясының киелілігі жан дүниеңде жарқырап тұра
қалады. Кіндік қаның тамған топырағыңды ойлап күрсінесің.
Күнделікті күйкі тірліктің тозаңына бой алдырған көңіліңді
бір серпілдіріп тастаған ақынға ілтипат сезімің оянады.
Байлық жақсы ма? – жоқ... Түнде ұрыдан, күндіз өрттен
қорқып; көше алмастай баюдан өзгені көздемей етегі – елпі,
жеңі – желпі болған адамнан қайырым шықпайды. «Бай
бауырмал болмайды, бауырмал адам бай болмайды» деген
бар...
Үлкен қызмет жақсы ма? – жоқ... Өзінің үлкен бастық
екені ойында тұрған және сол қызметін онан ары үлкейтуден
өзгені көздемейтін шенеуніктен жақсылық шықпайды.
Ол топырағы сусығыш, екіжүзді болмаса өсе алмайды.
Сондықтан қазақ «бектіктен түскеннің тәубесі қабыл» деген.
«Ақылды тақта отырған патшадан сұрама, тағынан түскен
патшадан сұра» дегеннің өзі де, біраз жайды аңғартса керек.
Ақындық пен жазушылықтың құдыреті міне осында десек,
М. Нұрханов тәрізді бала жасынан өзбек, тәжіктің мектебін
көрген, сонымен тіл ашқан, әрі көп жылдар әр ұлтқа кірме
болған ауылдың баласынан ақын шығуының өзі тілге тиек
боларлық әңгіме.
М. Нұрханов ежелде таулық болғанымен қазақ жеріне
қайта оралып, ес жиып, етек жапқалы Сырдарияның батыс
бетіндегі құмды, шөлейт даланың өзге өңірдегі қазақтар
біле бермейтін табиғатын жақсы біліп, етене кіріккенін
аңғаруға болады. Жай адамның назарына іліне бермейтін
қазақ жерінің аса бай өсімдік аттары жаратылыспен етене
жақын ақынның қатар тұрған екі өлеңінен-ақ көрініс береді.
Ақынның «Құмда» атты өлеңіне назар аударсақ:
Сүт тамып жөргемшөптің собығынан,
Қағады құланшайыр тобығыңнан.
Әдебиет – жан нұры
Барады Иіркөлді бетке алып,
Құралай төмен түскен қобы құмнан.
Жөргемшөп, құланшайыр өсімдік аттары болғанда «со
бығы» аталып отырғаны әлгі аталмыш өсімдіктің діңі, яғни
жүгерінің мәдек-собығы тәрізді ішкі өзегі. Мұнан былайғы
аталмалар да сондай жергілікті диалектика екенін ұғына
отыруымыз қажет.
Күйдіріп күн, шекесін жаз аптабы,
Қайтесің, қалың шықты қазоттағы.
Шаруа кең жайлауға жете алмай,
Бұлқынар бөденедей тұзақтағы.
Шашады қызыл сәуле дүзген түзге,
Қашады әппақ қоян бүрлен күзде,
Етегін Қызылқұмның жайлау еткен.
Ауылы Қарғабайдың іргемізде.
Амал жоқ бауыр басып құмға мына,
Малшыңыз ойға-қырға зыр қағуда.
Отар жоқ Сарысуда баяғыдай,
Сары өзен толқын өрмей мұңдануда.
Жете алмай ынтық болдық Сарықұмға,
Жас күнін қайран жүрек сағынуда.
Қыздары өнерлі екен Қарғабайдың,
Қобызының елітесің сарынына.
Жетеді қобыз үні талып қана.
Жұлдыздар тамғалы тұр жанып дана,
– Құдаша күй тартуға шебер, – дейді,
Қызылдан келген мұртты арық бала.
Жас жігіт сезімін де жасырмайды,
Аз емес махаббат дерт, ғасыр-қайғы.
Жанат Ахмади
Құм түні бірте-бірте салқындайды,
Жүректе – от қызуы басылмайды. (16 б.)
Осымен үндес келетін «Түн» өлеңін оқысаңыз, М. Нұр
хановтың табиғатты қалай жырлайтынын танисыз.
Құм түні.
Байғыз жылап, түлкі үреді,
Көк бөрі көк сай түсіп бүлкілдеді.
Қолатта құдаша аулы қол созымда,
Жүрегі жас жігіттің лүпілдеді.
Жанай өт, гүл тобылғы қозғалады,
Бұта осы гүл төкпеген жаздағы әлі.
Қалқаның аулын еске алмайды да?
Ботаның майдақоңыр боздағаны.
Аппақ қу аппақ төстей керіледі,
Қорғалап ай сәулесі төгіледі.
Ақ селеу құм жотасын тырналайды,
Құрқашаш бұрым болып өріледі.
Мына түн, о не деген керім еді,
Қыздай боп қоянсүйек көрінеді.
Шәйідей аяқ бассаң, сусып құмы.
Қызылқұм келіншектей керіледі.
Құралай құм қойнында ерте жусап,
Қызылдың ұлымайды бөрілері. (17 б.)
Байқап отырғаныңыздай, Мұхамеджан Нұрханов Алма
тыдағы әдебиетші қауым ақын-жазушыларға кеңінен таны
лып үлгермегенімен, автор әлдеқашан төселген, кәнігі
ақындарымыздың бірі екенін аңдау қиын емес. Ел ішінде
Алматыдағы көптен аты мәлім ақындардан кем соқпайтын
талай ақындар барын жұрт біледі.
Әдебиет – жан нұры
Мақала көлеміне орай ойымызды осымен доғарар болсақ,
көлемі 10 баспа табақтан тұратын «Тораңғылдың көз жасы»,
«Ауыл жүрегі», «Мәдияр», «Жер жүрегінің жылуы», «Нұх
пайғамбардың кептері» аталатын әрбір еңбегі мен өлең
бөлімдері «Қараймын қайран ауыл қабағыңа», «Келінтөбе
жырлары», «Мадақ жырлары», «Элегиялар» делінген
шоғырлы тақырыптар аясында нелер айтылмаған дейсіз.
Әр тақырыптың қойны-қонышын қорғалап жатқан ой
толқындары оқырман сезімін серпілтіп отырады.
Көрнекті кітап мұқабасының соңғы сыртқы бетінде
«Ақын Мұхамеджан Нұрханов 1947 жылы Ходжент қаласы
маңындағы Қанибадом деген жерде (Тәжікстан) туған.
1970 жылы Н.Б. Гоголь атындағы Қызылорда педаго
гикалық институтын бітірген. Республикалық «Жалын»
баспасынан «Бастау», «Аңсар», «Көкемарал», Оңтүстік Қа
зақстан баспасынан «Бөрінің жүрегі» атты жыр жинақтары
жарық көрген. Қазір міне «Тораңғылдың көз жасы» атты
көлемді кітабы шығып отырған ақын бүгінде Қызылорда
облыстық «Сыр мектебі» газетінде қызмет істейді» делінген.
...Бірақ осы уақытқа шейін Қазақстан Жазушылар
одағының құрметті мүшелігіне арыз бермей жүрген, өзінің
ішкі дүниесін ғана құдірет санайтын М. Нұрхановқа не айтар
едіңіз?!
Жанат Ахмади
КӨШПЕНДІДЕН ЖЕТКЕН
КӨЗ – ТАЯҚ ЕДІ
Күні кеше ғана арамыздан өте шыққан белгілі ақын
Нүкеш Бәдіғүлов жайлы ойлай қалсаңыз, байырғы көшпенді
қазақтың қылаусыз, адал бейнесі елестейді...
Нүкеш – Нұркелді Бәдіғұловты «Көшпендіден жеткен
көз – таяқ» деп отырғанымыздың өзі ақынның жаралыс
болмысына, әрі күні кеше ғана көшпенді ел болған туған
жеріне орай айтылмақ. Атамыз қазақ марқұм Нүркеш аға
мыз сияқты үлкен-кішіге бірдей ағынан жарылып, ақта
рылып тұратын азаматты «бір кесім арам еті жоқ еді» деп
мүлт жібермей дәріптей білген.
«Жүректің сырын көздің нұры паш етеді» деген бар.
Өзінің әріптестерін – ақын-жазушыларды ішкі сырымен
ардақтап, көз нұрымен құрметтей білетін, қолынан кел
се әр кімді-ақ жарылқағысы келіп тұратын наркөңіл
Нүкеш Бәдіғұлов еді. Ешқашан пайым-парасаттан айнып-
аумайтын, жан баласын бөлмей тең қарап өткен ақынды
бүгін ортамызда көзі жоқ кезде құдайшылықпен ауызға алу
ешкімнің күншілдігін тудыра қоймас.
Бір ғажабы, Н. Бәдіғұлов 60 жасқа толғанында қалып
тасқан дәстүрімізге айналған мерейтой құрметі бойынша
газет-журнал бетінде бірде-бір қалам иесінің төбе көрсетпеуі
өкінішті бола тұра, екінші жағынан той иесінің өзін бас
қалардай тықпалап дәріптеуге жоқ адам екендігінің дәлелі
болған. (Мерейтойлары өтерде өзіне таныс-біліс іздеп, кім
қалай дүрлігетіні әркімнің өз ішінде қалсын). Дегенмен
де, Жазушылар Одағының өзінде қызмет атқарып отырып,
өзі жайлы ешкімге мақала жаздырып, ешкімге бір ауыз
айтпағандығы білінген. Жалғыз осы әрекетінің өзі ғана
«жұрттың бәрін киіндіретін иненің өзі иіні жалаңаш»
демекші, сұғынғыштықты өмірінде кәсіп етпеген Нүкеңе
сол мерейтойында өзге ел қатарлы ешқайсымыз ілтипат
байқата алмағанбыз. Н. Бәдіғұловтың орнында жұртты
Әдебиет – жан нұры
иықпен ығыстыра жүретін азулылау біреу болса, бетке
ұстар газет-журналдарымыз бәсекеге түсе шулайтыны бе
сенеден белгілі. Иә, өмірдің өзі осындай алалығымен, ша
лалығымен «құнды». «Жыламаған балаға емшек жоқ».
«Бектің ісі тынады, бейбақ төзе тұрады», деген бар...
Ақын «Арық торы» – деген өлеңінде:
Аққаптал, мінсіз өткен арық торы,
Жүрдектік көңіл жықпас анық соры.
Ер батып, айыл қиып, бунап бауырын,
Арса-арса сүйек қалып арып болды, – десе, немесе:
Ер салған торы сынды маған-дағы,
Желөкпе тағдырыма бағам кәні?
Тәркі өмір тұшындырмай барады өтіп,
Торыға ұрпақ кінә тағар ма әлі,
Жауыры жазылмаған замандағы?! – деп налыса, бұл
тек адамгершіліктің ғана қамытын мойнына киген барынша
көнпіс, тілалшақ, тесік өкпе, піскенбас жанның айна-қатесіз
өз болмысы.
Данышпан қазақ «ойлының алдында көкірек керме,
қайғылының алдында қарқылдап күлме» деген болса,
сырттай қарағанда арқа-жарға, ақеділ қалпымен өмірден
өткенімен ойлылық та, қайғылылық та туған ана, туған аға-
бауырынан тірі айырылған Нүкеш Бәдіғұловтың бір басынан
ізделсе болғандай еді.
Сөзіміздің дәлелі болуы үшін ақынның «Кәде» атты
өлеңін толық алып қарайық:
«Артта қалды, артта қалды ата-ана,
Артта қалды бауыр!..
Жанға батады ә?!
Артта қалды сыйласы мен қимасы.
Әумин деп қолын жаяр батаға.
Жанат Ахмади
Артта қалды тиген жері арқасы,
Сүйікті еді сұлық тұрған жартасы.
Жастық сырын жасыратын сырт көзден,
Қорымал еді, қорған еді Қалқасы.
Артта қалды атқарар ел тілегін,
Мейірімге кіл бөлейтін жүрегін.
Арқасынан қағып ылғи дем беріп,
Қияндарға ұшыратын түлегін.
Артта қалды нағыз досы – тірегі,
Наз үнінен дір етер жан – жүрегі.
Артта қалды сақтандырып, састырып,
Қағытары, қаржасары, күлері.
Артта қалды ойға батқан Орқашар,
Ұзап кеткен ұландарын ол тосар.
Майлы-Жайыр, маңғаз, Барлық қош деп тұр,
Бұған жігіт үзілмей ме қолқасы ал?!
Бәрін, бәрін, бәрін артта қалдырып,
Жан өзегін от-күйікке жандырып,
Атажұртты, баба рухын ән қылып,
Боздап жылап,
Бойын түзеп сан күліп,
Боздақ жігіт келе жатыр сән құрып.
Байлығым дер еркіндігін ең ұлы,
Өр талаппен зор үміті серігі.
Атажұртқа жарар ма екен кәдеге
Әкелгені – сағынышы, сенімі?
Міне «тозақты көрмеген – жұмаққа мұрнын шүйіреді»
демекші, «Байлығым дер еркіндігін ең ұлы» деп Нүкеш
Бәдіғұлов айтса, оған нанбауыңа, иланып тұшынбауыңа жол
жоқ.
Әдебиет – жан нұры
Дәл осы орайда айта қалар жері, өзі сонша мейірімді,
қанша қайырымды жаралса да, жеке тағдыры ол үшін ең
ет бауыры қан болып езілердей жақындарынан яғни туған
анасынан, жатырлас бауырларынан тірі айырылып өгей,
жетімдік өмір сүрген. Өмірдегі бар болмыс ақын болып
жаралған ерекше пенделердің жүрек сүзгісінен өтеді. Ұлы
лар «ақын боп жаралғандар әрі бақытты, әрі бақытсыз»
дейтіні әлгі киелі жүрек тауқыметінен. Н. Бәдіғұлов ұзақ
сарылып, сарғайған сағыныш дертінен және айналасында
ғы әлдебіреулердің қитұрқылығынан, яғни өзі өмір сүрген
қоғамнан көңілі қалғандықтан жүрек талмасы дертіне ұшы
раған. Қатты қуануға да, ренжуге де болмайтын диагноз
(анамінез) алған!
Сол үшін ғана емес, өзінің пәк, таза жаралысымен
кіммен сөйлессе де жарқырап отырушы еді. Азар дұшпаны
болсаң да, қас-қабағына, кіршіксіз ақ пейіліне риза болып
отырар едіңіз. Мен өз басым бұл жағынан Нүкештей жаны
жаз, көңілі жайлау, ақпейіл адамды ұшыратпағанмын десем
де болады. Кездескен жерде оның алдынан дертің тараған
дай болып ажырар едің. Қысқасы Нүкеш Бәдіғұловтың
бір жолғы ұшырасуына зар болып отырасың. Адалдығы,
аңқылдақтығы сондай еді. Қимастарыңнан айырылып жүріп
сен де өтесің. Жұбаныш сол ғана.
Жанат Ахмади МАЗМҰНЫ І бөлім Тіл – ділдің атқосшысы Бала жүректі, баба тілекті тектіміз............................ 3 Істің жүйесін білген, түйіннің шиесін шешеді........... 9 Терең өзен бұлқынбай ағады...................................... 19 Піл көтермегенді – тіл көтереді.................................. 30 Ереуілге толы Алтай............................................... 41 Көкей сандығы таза жан......................................... 49 Асқақ ұшып, абайлап түсер қыран бар.................... 61 Тіл әміршісі – ой болар.......................................... 70 «Ұлы көш» – ұлы мұрат, қилы тағдыр.................... 76 Жүректің сызын жылытқан.................................... 90 Болмыс................................................................... 103 Әр заманда бір сұрқылтай....................................... 108 Шығарма кілті – шындықта.................................... 115 «Бейімбетті атқан кім?».......................................... 123 Тілек кілті – жүректе............................................. 129 Тұлғалы ер еді........................................................ 135 Бағбанның маңдай тері – жемісін жегенге қарыз........................................................ 141 Елге тұтқа боларлық көсем еді................................ 152 Ақыл – тілдің құлпысы.......................................... 155 Кітаби тағлым......................................................... 158 Зерделі де зергер жазушы....................................... 166 Жарқ етіп сөнген жалалы ғұмыр................................ 169 Біләл Сүлеев кім?.................................................... 169 Барыс тон киген, барыс жүрек – Қалибек Хакім .... 179 Әкімдіктен әділдік артық........................................ 189 Әрі ақын, әрі жазушы еді.......................................... 194 Этнограф ғалым – Жағда Бабалықұлы 90 жаста....... 201
Әдебиет – жан нұры Іі бөлім Поэзия – діл нәрі Абыз ойлы, аламан ақын........................................ 209 Қауызы қалың дән солмас...................................... 211 «Табиғат – менің ұлы анам, көгердім бірге бозардым»........................................ 219 Темірше Сарыбаев................................................... 230 Мұнар, мұнар, мұнарым.......................................... 234 Үш ақын – үш ағын............................................... 240 Нәзіктік пен жазықтық............................................ 250 «Өлең жазбай қоям ба, баспайды деп»......................... 262 Дария буланбай, далаға шық түспейді..................... 268 «Сезімнің гүлі», қайрат әлімбеков............................. 273 Қызыл тіл – жанның қуаты.................................... 282 Ой қамбасы............................................................ 288 Шуақ пейіл – ақын іні........................................... 292 Жан тынысы – зар шыны....................................... 300 Тауға қарап, ұлып туған бөрі жыр.......................... 305 Көшпендіден жеткен көз – таяқ еді......................... 314
Жанат Ахмади
(Рецензия, әдеби сын мақалалар, эсселер)
Редакторы Байғұл Б.
Техникалық редакторы Тлеукеева А.
Компьютерде беттеген Әшірбек А.
Теруге 07.04.12 жіберілді. Басуға 22.07.14 қол қойылды.
Қалыбы 60х90 1/16. Қаріп түрі «DS Baltіca».
Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 20.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Сөздік-Словарь» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Жандосов көшесі, 7-11.
Тел.: +7 (727) 274 59 23
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
“Полиграфкомбинат” ЖШС-нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру