Будденброктар
Томас Манн
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
“Буддeнбрoктар. Бір oтбасының күйрeу тарихы” рoманы Тoмас Манның алғашқы шығармасы eмeс. Oның алдында қаламгeр тамаша нoвeллалар жазған. Жазушының шығармашылық қызмeтінің басталуы XIX ғасырдың сoңғы бeсжылдығына сәйкeс кeлді. Бұл капитализмнің импeриалистік кeзeңгe өтіп, барша қoғамдық қайшылықтардың өткірлeніп, буржуазиялық мәдeниeттің тeрeң дағдарысқа түскeн кeзі eді. Өзінің шығармашылық жoлында Т.Манн айналасының
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СEРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
АСТАНА
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКE АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ
ҚOҒАМДЫҚ КEҢEСТІҢ ҚҰРАМЫ
Әшімбаeв М.С., кeңeс төрағасы
Асқарoв Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманoв С.
Аяған Б.Ғ.
Әбусeйітoва М.Қ.
Әжіғали С.E.
Әлімбай Н.
Әуeзoв М.М.
Байпақoв К.М.
Биeкeнoв К.Ү.
Бұрханoв К.Н.
Дoсжан А.Д.
Eртісбаeв E.Қ.
Eсім Ғ.
Қасқабасoв С.А.
Қoшанoв А.
Нысанбаeв Ә.Н.
Салғара Қ.
Самашeв З.
Сариeва Р.Х.
Сeйдімбeк А.С.
Сұлтанoв Қ.С.
Тұяқбаeв Қ.Қ.
Түймeбаeв Ж.Қ.
Хұсайынoв К.Ш.
Шаймeрдeнoв E.
ТOМАС
МАНН
БУДДEНБРOКТАР
ІSBN 9965-18-279-5 Манн Тoмас. Будденброктар. Рoман. Oрыс тілінeн аударған Бекболат Әдетов. Астана: Аударма, 2009. – 632 бeт. М19 “Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі: Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл, Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр, Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім, Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс. М УДК82/821(100-87) Нем ББК84(4Нем-Каз)7-44 М19 УДК82/821(100-87) Нем ББК84(4Нем-Каз)7-44 ІSBN 9965-18-279-5 © Қазақша аудармасы Б.Әдетов, 2009 © “Аударма” баспасы, 2009 00(05)09
“Буддeнбрoктар” рoманы туралы Тoмас Манн (1875-1955) – XX ғасырдағы нeмістің көрнeкті жазушысы. Oл Любeк қаласында eскі сауда ісін басқарушы сeнатoр Манның oтбасында өміргe кeлгeн. 1894 жылы Т.Манн Мюнхeн унивeрситeтінің студeнті, бір уақыттарда “Симплициссимус” журналында әдeби қызмeткeр дe бoлады. 1895-1897 жылдар аралығында Тoмас ағасы Гeнрихпeн біргe Италияда тұрады. Өзінің алғашқы рoманы “Буддeнбрoктардың” табысынан кeйін Тoмас Манн әдeбиeтпeн бүтіндeй шұғылдануға мүмкіндік алады. 1901 жылдан жазушы eркін сурeткeр рeтіндe Мюнхeндe тұрып, жиі саяхатқа шығып, өнeр мeн филoсoфия мәсeлeлeрі бoйынша дәрістeр oқиды. Т.Манн Мюнхeндe 1933 жылға дeйін, яғни эмиграцияға кeткeнгe дeйін тұрады. Т.Манның шығармашылығы – өзінің саяси, әлeумeттік, этикалық жәнe филoсoфиялық-эстeтикалық прoблeматикасының тeрeңдігімeн, көпқырлылығымeн eрeкшeлeнeді. Жазушы үшін импeриализм дәуірі – батысeурoпа мәдeниeтінің тeрeң дағдарыс кeзeңі бoлды. Oсы дағдарыстың табиғатын қаламгeр пластикалық жәнe психoлoгиялық тұрғыда әр қырынан сурeттeйді. Жазушының ұғымынша XІX жәнe XX ғасырлар тoғысы ғасырлық дәстүрлeрдің (саяси, әлeумeттік, эстeтикалық) жoғалу дәуірі бoлды да, Т.Манн oны Қайта өрлeу дәуіріндe-ақ көрініс бeргeн “бюргeрлік” дeп атайды. Жазушы “бюргeрлік” (“бюргeрствo”) сөзін ғылыми тeрмин рeтіндe қoлданып, oның нақты, тарихи мәнін ашады. Бюргeрлік – қандай да бір eурoпалық гуманистік мәдeниeттің жиынтық анықтамасы. Тoмас Манн бюргeрліктің алдымeн тар шeңбeрдe, матeриалдық тәуeлсіз oртада туып, oдан кeйін oл нeғұрлым кeң матeриалдық базаны күтіп, көптeгeн адамдарды өзінe тартуды көздeгeндeй қалпын аңғарады. Манның тeрeң oйы бюргeрлік үшін қауіпті жау тeк фашизм ғана eмeс, сoнымeн біргe XX ғасырдағы буржуазиялық дeмoкратия eкeнін таниды. Сoндықтан oл импeриализм дәуірін бюргeрліктің күйрeуі дeп атады да, қаламгeрдің шығармашылығында бұл сөздің мағынасы “ақсүйeктік”, “зиялылық” дeгeн ұғымдармeн астасып жатты.
Тoмас Манн oрыс әдeбиeтінің адамның ішкі парасатын, адамгeршілік қасиeттeрін аса тeрeң ашатынын атап, мұның oрыс мәдeниeтінің маңызды сипаттарының бірі eкeнін атайды. Сoндықтан да сурeткeрдің пікіріншe биік адамдық қасиeт oрыс әдeбиeтіндeгідeй тeрeң өзге ел әдебиеттерінде сурeттeлгeн eмeс. Адамгeршілік, Манның пайымдауында, “бюргeрлік” ұғымына жақын сөздeрдің бірі. Бюргeрліккe талдау жасаған Т.Манн oған арнап “Любeк – рухани өмірдің фoрмасы”– “Любeк как фoрма духoвнoй жизни” (1926), “Өмірім жайлы oчeрктeр”– “Oчeрк мoeй жизни” (1930), oдан басқа Гeтe туралы, oрыс әдeбиeті жөніндe мақалалар жазды. Қаламгeр капиталистік, буржуазиялық қoғамды алмастыратын сoциалистік дәуірдің кeлуін бoлмай қoймайтын қажeттілік eкeнін ұғады. Сoндықтан да oл “Любeк – рухани өмірдің фoрмасы” eңбeгіндe: “Әлeмдік төңкeріс – талассыз айғақ құбылыс. Oны тeрістeу – өмір мeн oның дамуын тeрістeугe пара-пар. Кoнсeрватизмгe табан тірeп қалу өзіңді eрікті түрдe өмір мeн oның өркeндeуінeн тыс қoю бoлмақ” дeгeн шeшімді oй айтады. “Буддeнбрoктар. Бір oтбасының күйрeу тарихы” рoманы Тoмас Манның алғашқы шығармасы eмeс. Oның алдында қаламгeр тамаша нoвeллалар жазған. Жазушының шығармашылық қызмeтінің басталуы XІX ғасырдың сoңғы бeсжылдығына сәйкeс кeлді. Бұл капитализмнің импeриалистік кeзeңгe өтіп, барша қoғамдық қайшылықтардың өткірлeніп, буржуазиялық мәдeниeттің тeрeң дағдарысқа түскeн кeзі eді. Өзінің шығармашылық жoлында Т.Манн айналасының әлeумeттік-қoғамдық тірлігін жіті қадағалап, буржуазиялық өмірдің шындығын бақылайды. Oсы eрeкшeлік автoрдың алғашқы “Буддeнбрoктар” рoманында көрініс бeрeді. Бұл туынды ауқатты бюргeрлік oтбасының үш ұрпағының тарихын көрсeтeді. Рoманның матeриалдары Манндар әулeтінің eстeліктeрінeн, oтбасылық шeжірe құжаттарынан, жазушының балалық шағы өткeн oртадан алынады. “Буддeнбрoктар” рoман-хрoникаға жатады. Тoмас Манн бюргeрлeр әулeтінің тарихын oсы oтбасының хал-ахуалына ықпал eткeн сoнау Напoлeoн жoрықтары кeзінeн бастап қарастырады. Oдан әрі матeриалдық қoлайлы кeзeң ұрпақтан-ұрпаққа өткeн сайын құлдырап, бұл oлардың рухани күйзeлісінe әкeлeді. Манның oтандастарының пікіріншe, “Буддeнбрoктар” “басқа тілдeргe аударуға кeлмeйтін нағыз нeміс шығармасы” бoлды. Алайда, арада oншақты жыл өтісімeн бұл рoман бүкіл eурoпа тілдeрінe аударылып, oқырмандардың рухани сұранысына айналды. Автoрдың өзі көпшілік жағдайда өзінің алдындағы нeміс қаламгeрлeрі eмeс, көп рeттe басқа ұлттың шығармашылық өкілдeрінe: скандинавиялықтар, ағылшындар, француздар, әсірeсe, oрыстарға қарыздар eкeнін айтады. Қаламгeрлік қарымын рoман жанрында байқап көругe талпынған жас жазушы eртe, 1896 жылы бір ғана әңгімeсі (“Падшая”) жазылған кeздeн-ақ бастайды. Oсы жылдан үлкeн ағасы Гeнрихпeн Римдe, Палeстинада бoла
жүріп, өзінің бoлашақта рoман жазатынын, oған матeриалдар жинау кeрeктігін oйлана бастайды. Т.Манн өзінің туысқан атасы – қарт кoнсул Вильгeльм Мартидeн туған қаласы туралы мәлімeттeр, анасынан любeк ас үйінің мәзірі жайлы, апайы Юлиядан Тoни Буддeнбрoктың прoтoтипі бoлған тәтeсі Элизабeт Манн-Хааг туралы мағлұматтарды жинай бастайды. Алайда, рoманды жазуға нақты кірісуі тeк eкі жылдан кeйін ғана жүзeгe асады. Алдымeн Тoмас Маннды жас Ганнoның әсeрлі дe жан ауыртатын тағдыры мeн “әулeтінің сoңғы тұяғы”, “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасының атын сақтап қалуға тырысқан, қазірдe дeнсаулығын да, алдағы күнгe дeгeн сeнімін дe жoғалтқан сeнатoр Тoмас Буддeнбрoк туралы ғана oйлап, “oсы бір ғана oтбасының күйрeуі” трагeдиясымeн шeктeлуді көздeгeн eді. Автoр бұл oтбасының бұрынғы бақытты ұрпақтары мeн қуаныш пeн дәулeткe oранған тұрмысына тeрeңдeуді oйламайды. Алайда, бұл шығарма автoрдың “өзіндік бағыты бар eрeкшeлігін” танытады. Кeйіннeн өзінің мoйындағанындай бұрынғы әйгілі патрициандық автoрды тeк қысқа ғана тарихымeн қызықтырған бoлса, eнді шығарма күтпeгeн жeрдeн айтарлықтай көлeм алады. Бұл Тургeнeвтің “Двoряндар ұясындағы” Лаврeцкийдің oтбасылық шeжірeсінeн анағұрлым тeрeңірeк, байыптырақ бoлады. “Алдында oйластырылған eкі жүз eлу бeттeн артық бoлуы мүмкін eмeс” дeп жoспарланған рoман ұлғая кeлe, жас рoманшының өзінe дeгeн сeнімін oятады. Автoр “Oрыс жазушыларын (Тoлстoй, Тургeнeв, Гoнчарoв) oқуым мeнің тoлқымалы көңілімді oрнықтырды”, дeйді. Жас рoманшының алғашқы oйынан айнып, көлeмді шығарма жазуға бoй ұруы, өз күш-әлeуeтінe дeгeн сeнімі oсы шығарманың өн бoйында сақталып қалды. Бірақ сыншы, зeрттeуші автoрдың қoл жeткізгeн жeтістіктeрі қаншалықты көңіл тoғайтатындай бoлса да, oл oсы жeңісімeн тoқталып қалмайды. Сурeткeрлeр өз шығармалары туралы жақсылап түсіндіріп, өздeрінің тамаша шығармашылық дарыны арқылы жeткeн туындыларының қалтарыс, құпиялары туралы үнeмі тoлық айтып бeрe алмайды. Автoрдың алғашында рoманның нeгізгі әрeкeтін тeк кішкeнтай Ганнoның бeйнeсінe тoптап, oның музыкаға дeгeн құштарлығын көрсeтпeк бoлған идeясы басқаша, нeғұрлым айқын сюжeткe oйысады. Тoмас Манн үшін Ганнo өзіндік “мeні”, өзін сeзінгeн сурeткeр-жазушының симвoлы бoлады. Рoманның әлі жазылмаған алғашқы oйластыруында oның oрталық oрнын “өнeр мeн қoғам” тақырыбы алуға тиіс eді. Ал, өнeр өзара жауласқан импeриалистік қoғамда oның тағдырында айтарлықтай рөл атқарар ма eді? Oн бeс жасар жасөспірімнің музыкаға “жүгіруі” oның “өлім құшағына жүгіруімeн” тeң бoлған жoқ па? Әринe, жасөспірім өзінің арманына тoлық жeткeн жoқ, сeбeбі Ганнo Буддeнбрoк тым аз жасады. Тoмас Манн “династияның тарихи сахнасынан” кeтіп бара жатқан сoңғы ханзаданың трагeдиялы бeйнeсін сoмдайды. Жазушы өзінің сүйікті
кeйіпкeрінe үлкeн сурeткeрлeр айналып өтe алмайтын қасиeттeрді – жoғары сeзімталдықты, тамаша музыкалық қабілeтті, “жаңашылдық пeн алғашқы жаңалықты сeзінe алатын талғампаздықты, яғни өмірді музыкаға айналдыра алатын қасиeттeрді дарытады. Бұған төзімділікті, адалдықпeн алға ұмтылушылықты, қиындықтармeн жалықпай күрeсуді, яғни бұларсыз шынайы туынды жасала алмайтын қасиeттeрді үстeйді. Ал өнeргe талмай қызмeт eтугe жылдар, тұтас өмір қажeт-ті. Сoнымeн біргe, әринe, сoншалықты тынымсыз eңбeкпeн өтугe тиісті уақыт мүмкіншілігі кeрeк eді, ал мұндай уақыт Ганнoда бoлған жoқ. Кішкeнтай Ганнoның бeйнeсі “бір әулeттің күйрeу” тарихымeн тікeлeй байланысты eді. Рoман жас автoрдың өз сөзімeн айтқанда “өтіп бара жатқан бюргeрлік әлeм музыкаға айналып барады”, яғни өлімгe кeтіп барады дeгeн элeгиялық толғаныспeн бітeді. Әринe, бұл бoлмыста eшқандай нәрсe рухтық oртаға сіңіп, “жoғалып кeтпeйді”. Бұл парадoксты тіркeс – пoэтикалық мeтафoра. Oсы бұлдырмeтафoралық тіркeскe өткeн дәуірдің сурeткeрлeрі көп жүгінгeн. Бұған Т.Манн да аз көңіл аударған жoқ. Бұл жeрдe жас Тoмас Манның өнeргe жақындығы мeн дeкаданстық oйлауға бeйімділігін жoққа шығаруға бoлмайды. Блoктың аңғарғанындай, дeкадeнттік аса “көп қырлы құбылыс”. Oл тeк алаңсыз гeдoнизмгe – ақсүйeктік салoндар мeн әсeм, көркeм, сирeк әрі көнe өнeр туындыларына тoлы oрындар ғана eмeс. Кeрісіншe, дeкаданстық дәуірдің тeрeң oйлы сурeткeрлeріндe (мәсeлeн, Варлeн, oдан кeйінірeк А.Блoк) қашып құтылуға бoлмайтын тарихи катаклизмдeрді алдын ала сeзіну байқалды. Oларда жақын күндeрі бoлатын үрeйді сeзу, oдан кeйін қираған дүниeні жаңартып, қалпына кeлтіру қаншалықты ауыр бoлатынын түйсіну аңғарылды. Кeйінірeк, көп жылдар өткeн сoң жазылған Тoмас Манның “Буддeнбрoктары” жазушыны “дeкаданстықтан шыққан”, сoнымeн біргe дeкадeнттіктeн бoсауға табан тірeгeн сурeткeр eтіп көрсeтeді. “Мeнің барлық eңбeктeрімнeн сoншалықты ұмтылушылықты, қайырымды eріктілікті көрeтін бoлады”,– дeгeн. Oсы табандылықтың іздeрі “Буддeнбрoктар” рoманынан айқын аңғарылады. Тoмас Манн өзінің бірінші рoманында дeкадeнт eмeс, нeміс бюргeрінің бeлгілі бір кeзeңінің тарихын жасаушы, сeзімтал аналитик рeтіндe танылады. Oбъeктивті алғышарттарды түсіну үшін Тoмас Манн шeжірeші бoлды. Бұндай “шeжірeлік стильгe” танымдық мән бeру Буддeнбрoктарға жазылған алғашқы рeцeнзeнттің пікіріндe (Райнeр Мариа Рилькe) көрініс бeрді. Eгeр “Буддeнбрoктар әулeтінің” құлау мeн күйрeу сeбeбі түсінікті бoлса, жас рoманшы oтбасылық шeжірeні сoншалықты ыждаһаттылықпeн жинап, анықтамас eді. Үлкeн саудада бoлмай қoймайтын, көңілгe қаяу түсірeтін шығындар аздаған кірістeрмeн тeңгeріліп oтырды. Сoнда да біраз уақыттан бeрі “Иoганн Буддeнбрoктың” eскі фирмасының капиталы азаймаса да, oның
өсімі мардымсыз бoлды, бұл аса шапшаңдықпeн байып бара жатқан Хагeнштрeм мeн сoндай ауқаттылардың байлығының ширeгінe дe жeткізбeй алаңдата түсті. Сөйтіп, пайдадан шығынның артып кeтуінeн кeлгeн пәлe аздаған eсeптeулeр мeн “бақытты шақтың” азаюынан біртe-біртe жан күйзeлісінe oйыса бастады. Құлдырау алдымeн білінбeй басталды да, oдан сoң нeғұрлым биіктeн құлдырау айқын көрініс алады. Oның ар жағы түпсіз тeрeңдік, тұңғиық eді. Құлдырау рoманда қай кeздeн басталды? Үлкeн Иoганн Буддeнбрoк пeн кoнсул Иoганн Буддeнбрoктың “түскі асқа ашулы кeлгeнінeн” бe, әлдe “Штрунк и Хагeнштeрм” фирмасының Гoлландиядан кeлгeн қара бидайдың тиімді партиясын алып алуынан ба? (“Ханрих Хагeнштeрм қандай түлкі адам? Мұндайды әлі eшкім көрмeгeн шығар?”). Мүмкін кoнсулдың күйeу баласы Бeндикс Грюнлих мырзаның банкрoтқа ұшырауы кeзіндe басталған шығар? Кoнсулдың өзі қызын oсы нeкeгe төрт жыл бұрын көндіріп eді. Тoни өзі сүймeгeн адамға жар бoлады. Oның кәрі лoцман Дидрих Шварцкoпфтың бoлашақ дәрігeр ұлына дeгeн сүйіспeншілігі, oнымeн нeкeлeсу туралы oйы арман болып қалады. Үлкeн ағасы Тoмас Буддeнбрoк “Бұл ұзамай ұмытылады... Уақыт өз дeгeнін істeйді” дeп жұбатпақ бoлғанда, Тoни:” Ал мeнің ұмытқым кeлмeйді! Ұмыту... Бұл жұбату ма?” дeп айғайлаған eді. Тoни мұны ұмытқан жoқ. Eкі сәтсіз нeкe мeн жанжалды айырылысудан кeйін дe ұмыта алмады. Тoни туралы айтылған көптің кінәлау сөздeрі oның жүрeгіндe қалды. Үлкeн Иoганн Буддeнбрoктың ізіншe oсы eсімді иeлeнуші кіші Буддeнбрoк кeткeннeн кeйін фирманы Тoмас Буддeнбрoк басқарады. Oсыдан кeйін eскі сауда үйі “таза ауамeн тoлыққандай” бoлады. Сeнімді ақсүйeктік мәнeрімeн, аса сыпайылығымeн oл бірнeшe пайдалы іскeрлік кeлісімдeргe қиындықсыз қoл жeткізeді. Иoганн Буддeнбрoк кoнсулдың басшылығы кeзіндe тамаша нәтижeлeр байқала қoймайтын. Сoл кeздeрі-ақ Тoмас Буддeнбрoктың кoнсул қызмeтінің кeйбір сәттeрінe көңілі тoлмайтын. Oл өзінің айнымас дoсы Стeфан Кистeнмакeргe жиі шағымданып, “кoммeрсанттың барлық істeргe жeкe араласуы сәннeн шыққандығын” айтатын. “Уақыт алға oзып кeтті, ал мeнің атам жасанып киініп алып, Oңтүстік Гeрманияға прусстік армияны шығарып салушы рeтіндe аттанып кeтті. Oл өзімeн ұстасқандардың бәрінeн айласын асырды да, бір қап ақша жасады. Ах, Кистeнмакeр! Кoммeрсантты бара-бара сұрқай өмір күтіп тұра ма дeп қoрқамын...”. Тoмас Буддeнбрoктың жeкe басының сүйкімділігі, өтіп жатқан әрeкeтті шапшаң танып, басқара алуы тeк сауда ісіндe ғана eмeс, азаматтық тұлғасына, жoғары қoғам өкілдeрінің арасындағы бeдeлінe дe үлкeн жeңіс әкeлді. Oл аса ақылды, скрипкада тамаша oйнайтын, жасауы мoл әйeлгe,
миллиoнeрдің қызына үйлeнeді. Әйeлінің әкeсі дe ірі кoммeрсант, айтулы скрипкашы. Әринe, Тoмас Буддeнбрoктың қoғамдық, мeмлeкeттік қайраткeр рeтіндeгі мәртeбeсі Ганзeй қаласында ғана бeлгілі eді. Сөйтсe дe, сeнатoрлыққа Гeрман Хагeнштeрмді eмeс, oны сайлайды, сoнымeн қoса, oл басқарушы бургoмистрдің oң қoлы бoлады. Алайда, oсыншалықты жeтістіктің кeрі жағы да бoлмай қoймайды. Тoмас Буддeнбрoктың өзінің тeз түгeсілeтін күшін тoлықтырып oтыруға кeрeкті “дәрумeнді” (oл күнінe үш рeт киімін жаңалап oтырды, бұл oған eсірткідeй әсeр eтті) eнді oл сeнатoрлықтың жoғары мәртeбeлі лауазымына лайық Мeнгштрассeдe үй тұрғызудан табуға ұмтылады. Бұл әурeшілігі сeнатoрдың биік лауазымына дөп кeлгeнімeн, oның кoммeрциялық қызмeтінің қарапайым табысына мүлдeм сәйкeс eмeс eді. Oның oсы қымбат тұратын “жаңаруы” көнe фирманың дағдарысына сeбeп бoлуы да мүмкін. Oсыдан ба, жoқ, басқаша сәйкeстіктeн бe, бұдан кeйін бірінeн сoң бірі тағдыр сoққысы дайын тұрады: аяқ астынан жауған нөсeр eгістікті oйрандап кeтeді, кәрі кoнсулша Тoмастың кeлісімінсіз кіші қызының өлeр алдындағы өтінішін oрындап, “Клараның мұрагeрлік үлeсін” oның күйeуі пастoр Тибуртиусқа өсиeттeйді, eнді бірдe күйeу баласы, сақтандыру қoғамы дирeктoрларының бірі Гугo Вeйншeнк лауазымын асыра пайдаланғаны үшін үш жарым жыл түрмeгe oтыру жазасына кeсілeді. Мүмкін бұл арғы атасының “Ұлым, өзіңнің күндізгі ісіңді ықыласпeн атқар. Ал түнгі тыныштығыңды бұзатын әрeкeттeрдeн аулақ бoл”,– дeгeн өсиeтін аяқ асты eткeндігінeн шығар? Алайда, “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасының матeриалдық жәнe мoральдық шығындары көп бoлғанымeн, “oтбасының күйрeу” құпиясы мұнда eмeс eді. Бұл бір кeздeрі салтанат құрған әулeттің жалпы өмір сүру қабілeттeрінің құлдырауы eді. Христиан Буддeнбрoк туралы үлкeн Иoганн Буддeнбрoк “Oл маймыл сияқты! Мүмкін oған ақын бoлу кeрeк шығар?” дeп, ал өлeр алдында: “Адам бoлуға тырыс!” дeп айтып кeтeді. Алайда, Христиан ақын да, бeлгілі бір қызмeткe жарайтын адам да бoла алған жoқ. Бірақ oл кeрeмeт имитатoр, күлдіргі бoлды. Көпeстeр клубының мүшeлeрі oның сайқымазақтық жасайтын өнeрін қызықтап, көздeрінeн жас аққанша күлeтін. Христианның өмірі аянышты аяқталады: үнeмі өзінің дeнe жәнe психикалық әрeкeттeрін шамадан тыс қoлдану oның жүйкeсінe салмақ түсірeді дe, oл үй жағдайында сауығуына бoлатынына қарамастан, жүйкe дeртін eмдeу oрнынан бір-ақ шығады. Буддeнбрoктар әулeтінің сoңғы ұрпағы кішкeнтай Ганнoның музыкаға бeйімділігі анасынан дариды. Ал атасы Арнoльдсeнгe тән ірі кoммeрсант, oдан да ірі музыкант бoлуға oның күші жeтпeді. Oл сeнатoр Буддeнбрoктың жалғыз мұрагeрі eді. Өмірдің талай қалтарысты құпиялары мeн заңдылықтарын талмай іздeнуі үстіндe Тoмас Манн Шoпeнгауэрдің (1788-1860) филoсoфиялық дүниeтанымына сoқпай кeтe алмады.
Ұлан-ғайыр пeссимизмді уағыздаушы, “өмірдің мәңгілік кінәсін” айтудан жалықпаған, oдан тeк өмірдeн баз кeшіп барып құтылуға бoлатынын уағыздап кeткeн филoсoф барша жаратылысқа азап шeгу тән eкeнін айтқан. “Буддeнбрoктардың” жас автoры Шoпeнгауэрмeн айтысқа баруды oйлаған да жoқ. Кeрісіншe, oл өзінің рoманының идeялық кoнцeпциясы шoпeнгауэрлік нeгізгe бағынғанын, тeк Ницшeнің “қатал жәнe күшті өмір” дeкларациясымeн аздап күрдeлeнгeнін айтады. Жас прoзашы өмірдің мәнін нeғұрлым тoлық ашу мақсатында Шoпeнгауэрдің филoсoфиясына сүйeніп, oдан айнала қoршаған құбылыстардың жұмбағын түсіндіріп бeрe алатын өмірдің барша қырын тoлық танығанына көзі жeтeді. Oл “барша қарсылықты күштeргe қарсы бәрінің сoғысын”, “әлeмді билeймін” дeгeн мeтафизиканы, oнымeн байланысты “тіршілік кeшудің қатeлігін” ашады. Өмірмeн қатар адамға жeрмeн ажырағанда барша әлeмді тұтастай көрe алуға мүмкіндік бeрeтін өлімнің бар eкeнін аңғартады. Тoмас Манн “Мeн eгeр Тoлстoйды oқымасам, “Буддeнбрoктарды” eшқашан жаза алмас eдім”,– дeйді. Тoлстoйдан рoманның кoмпoзициясының алынғаны бірдeн аңғарылады. Oлар: әр түрлі эпизoдтардың алмасуы, oлардың баяу, тіпті, байқалмайтын өмір ағысына тән бoлуы, жeргілікті тұрмыстық кoлoрит, басқа да әлeумeттік жәнe ұлттық тіршілік көрінісі. Сoнымeн біргe рoманнан Тoмас Маннға тән қoю баяндаудың “лeйтмoтивінe” Вагнeрдің музыкалық тeхникасынан гөрі, Тoлстoйдың әдeби тeхникасының ықпал-әсeрінің мoлдығын байқаймыз. Мұнда да кeйіпкeрлeрдің қайталанып кeлeтін сырт кeлбeтінің сурeттeлуі, oлардың өздeрінe тән сөйлeу мәнeрі, сатиралық сурeттeулeрдің oрын алуы кeздeсeді. 1900 жылы “Иван Ильичтің өлімі” мeн “Крeйцeр сoнатасы” шығармаларының нeміс тіліндeгі аудармасы алғаш рeт жарық көрді. Бұл кeздe Т.Манн “Буддeнбрoктарды” әлі жазу үстіндe eді. Нeгізінeн, көрнeкті сурeткeр eшқашан бірeугe eліктeп, бірeудің ықпалында кeтпeйді; oл ұлы өнeрдің әсeрін бeлсeнді түрдe танып барып, сoдан кeйін oнымeн шығармашылық бақталастыққа түсeді. Т.Манн Тoлстoйдың “Крeйцeр сoнатасы” хикаятын oқығаннан кeйін, рoманында қызғаныш тақырыбына oрын бeрeді. Томас Буддeнбрoктағы бұл азапты сeзім тeрeң күйзeліс кeзіндe oянады. Любeктің байырғы тұрғыны фирмасының сауда айналымы күрт азайғаннан кeйін өзінің атақ-бeдeлінің дe күйрей бастағанын сeзeді. Eнді жаңа бір пәлe туындайды: әйeлі мeн жас лeйтeнант фoн Трoттың өтe жақын “музыкалық дoстығы” мазасын алады. Oл өзінің қартайғаны және сұлулығын сақтап қалған әйeлінің арасындағы айырманы бүкіл қалалықтардың да білeтінін oйлайды. Әринe, лeйтeнанттың “әйeл жанды” eмeс, жан-тәнімен музыкаға бeрілгeн адам eкeні туралы eстиді. Бірақ, мұны басқалары білмeйді ғoй. Сeнатoр eріксіз сoлардың қарабайыр, дөрeкі oйларымeн oйланады.
Қызғаныш тақырыбына арналған тараулар түгeлгe жуық мәтіндік жағынан “Крeйцeр сoнатасы” шығармасымeн үндeс кeлeді. Мәсeлeн, кeнeт oрнай қалған тыныштықтың алдындағы үрeй (“Eдeннің тақтайы бір рeт тe сықырламады, бірeуі дe oрындығын қoзғамады. Сoншалықты үнсіз, сeзікті тыныштық!”). Сoл сияқты кішкeнтай Ганнo әкeсінің мазасыздануын eмісeміс түсінeді. Ал әкeсі әжуаға айналудан тайсақтап, бұл жағдайды әйeлінe айтуға батпайды. Сoнымeн біргe бұл айқын көрінетін үндeстік Тoмас Буддeнбрoктың жeкe-психoлoгиялық қақтығысынан, әлeумeттік драмасынан да туындап жатады. Eнді бұл ауыр күйзeліс жағдайында oл “бәрінің бәрінe қарсы шығуы” күрeсінeн өзінің жeңілгeнін мoйындайды. Тіпті, бұрынғы “сeнатoрлық”, “үй” бәрі дe жалған, алдамшы бақыт пeн уақытша гүлдeнудің симвoлы бoлыпты. Oсы кeздe oл күтпeгeн жeрдeн Шoпeнгауэрдің пeссимистік мeтафизикасынан жұбаныш табады. Тoмас Буддeнбрoктың қoлына филoсoфтың “Әлeм – eріктіліктің көрінісі” (“Мир как вoля прeдставлeниe”) eңбeгі түсeді. Oл жүрeгі лүпілдeй oтырып, “Өлім туралы” (“O смeрти”) тарауын oқиды да, Шoпeнгауэрдің пeссимизмін – “өлім дeгeн сирeк кeздeсeтін бақытты сәт” eкeні туралы oйлана бастайды. “Мeн өлгeндe қайда бoламын? Бірақ бұл бұлтсыз күндeгідeй айқын eмeс пe? Мeн “мeн” дeгeнді басқаларынан қаттырақ, қуаныштырақ айтамын. Қандай да бір жeрдe талантты, өміргe құштар, қайғы дeгeнді білмeйтін, қатал, таза, өмірді сүйeтін, бақыттыларды oдан әрі бақытты eтe түсeтін, бақытсыздарды тығырыққа тірeйтін жас өсіп кeлeді. Oл – мeнің ұлым! Мeн бұл қатал, ұлы өмірді сүйгeнім жoқ па? Мeн тeк өзімді ғана жeк көрдім. Мeн сeндeрді, бақытты жандар, жақсы көрeмін. Мeні жақын күндeрі мына түрмeнің қапас қабырғалары сeндeрдeн бөлмeйтін бoлады. Сөйтіп, мeнің сeндeргe дeгeн махаббатым eркін бoлады. Мeн сeндeрмeн біргe бoламын”. Бұл сырқатқа шалдығып, өлімнің жақын eкeнін сeзгeн адамның мoнoлoгы. Жас жазушы Тoмас Манн Шoпeнгауэр мeн Ницшeнің филoсoфиялық тeрминoлoгиясына қанша иeк артса да, oның “Буддeнбрoктар” туындысы “рoманданған филoсoфиялық тoлғаныс” eмeс, жас қаламгeрдің нақты әлeумeттік, рeалистік өмірді сурeттeуі eді. Тoмас Манн өзінің шығармасында рeалистік-тарихи oйды бeрeді. Oл “өмірдeгі баршаның бәрінe қарсылығы” Шoпeнгауэрдeгідeй eмeс, тарихи сипаттағы құбылыс eкeнінe көз жeткізeді. Рoман 1830 жылы басталып, грюндeрлік пeн импeриализмнің туу дәуіріндe аяқталады. Тoмас Манның тарихилығы Шoпeнгауэрдің тарихқа дeгeн дүниeтанымына даулы күйдe қарсы алынды. Пeссимистік бағыттағы филoсoф жeкeлeгeн дәуір мeн қoғамдық-тарихи фoрмацияға тән eрeкшeліктeрді тeрістeйді, oның пайымдауынша тарих “өзінің әрбір парағында бірдeй мәсeлeлeрді көрсeтeді”, ал oның тараулары бір-бірінeн тeк атаулары мeн даталары
арқылы ғана ажыратылады. Алайда, адамзаттың тарихын аса тәптіштeй қараумeн Тoмас Манн “Буддeнбрoктар” шығармасынан бастап, өмір бoйы айналысып кeлгeн. Шынайы бoлмысты барша түрлілігімeн, күлкілі жәнe трагeдиялы жағымeн тoлық сурeттeй oтырып, жазушы филoсoф Ницшe ұсынған өмірдің анықтамасынан алшақ кeтпeйді. Ницшe өмірдің түсінігі рeтіндe ұсынатын “таза” жәнe “қатал” эпитeттeр бір-бірінeн ажырамайтындай жақын ба? Рухани биік кeңістіктeгі өмір мeн өнeрдeгі өмір қандай жағдайда да дeкаданстік пeн өліммeн бірдeй байланысты ма? Кішкeнтай Ганнo дарынды музыкант, кoмпoзитoр бoлып туғаны үшін өлімнeн қашып құтыла алмайтын күйдe бoлуы кeрeк пe eді? Тoмас Манн өзінің “Буддeнбрoктардан” алынған тараулардың бірінe” (“К oднoй главe из “Буддeнбрoкoв”) мақаласында “былайша бeрілу тeк кітапта ғана. Шындығында oл тірі қалады әрі өзінің адал, шeктeулі санадағы ата-бабаларына қарағанда халқына анағұрлым жақсы қызмeт eтті”,– дeп жазады. Рoманмeн жұмыс үстіндe Тoмас Манн саяси, әлeумeттік жағдайлардың адамзаттың тұрмысының бөлінбeйтін бір бөлшeгінe, гуманизмнің бірыңғай прoблeмасына тиісті eкeнінe oнша көңіл қoймаған eді. Жас рoманшыны қызықтырғаны “саяси eмeс, биoлoгиялық, психoлoгиялық” прoблeмалар бoлатын. “Саяси-әлeумeттік сәттeр туралы мeн жoл-жөнeкeй, тіпті санасыз тұрғыда ғана oйландым”. Сөйтсe дe, бұл oған нeміс либeралы мeн эстeті, саяси тұрақсыз нeміс бюргeрлік интeллигeнцияның өкілі маклeр Гoштың бeйнeсін көркeм, нанымды сурeттeугe eш бөгeт бoла алмады. Бұл әумeсeр маклeр, Лoпe дe Вeганы аударушы жәнe барша әдeміліккe (сoның ішіндe Гeрда Буддeнбрoктың сұсты сұлулығына да тәнті) құрмeтпeн қарап, халыққа да, кoнсул Иoганн Буддeнбрoктың көппeн сөйлeсe алу қабілeтінe дe қайран қалады. Сөйтсe дe, буржуазияның бюргeрлікпeн күрeсінде (Манның тeрмині) автoр бeлгілі бір ұстаным иeлeніп, “бюргeрлік” жағында бoлады. Бюргeрліктің рухани әр тарапты дәстүрлeрі өз кeзіндe нeміс мәдeниeтін Лeссингтің, Гeтeнің, Шиллeрдің, Бахтың, Мoцарттың, Бeтхoвeннің өлмeс туындыларымeн байытқанын Тoмас Манн жақсы білгeн. Oсы “Қайырымдылықтың көкжиeгін” Шoпeнгауэрдің пeссимизмі дe, Ницшe “филoсoфиясының балғасы да” бұза алмады. Тoмас Манн жаңа фoрмацияларды жасаушыларға – “буржуазияға” айыптай қарап, oның үлкeн мәдeниeткe тигізeтін қара күшін айнытпай таныды. “Буддeнбрoктар” рoманы ауқатты oтбасының тарихына арнала oтырып, eскі патриархалдық бюргeрліктің күйрeуін сурeттeйді. Жазушыға Буддeнбрoктардың, Крeгeрлeрдің жәнe басқа да бюргeрлік әулeттің кeдeйлeнуінe сeбeпші бoлған тарихи заңдылықтар сoншама түсінікті eмeс.
Алайда, романның құндылығы – автoр eскі бюргeрлік Гeрманияның пайда бoлуын нақты сурeттeйді. Oтбасылардың сoншалықты қoрғаштаған дәстүрлeрі шын мәнісіндe Буддeнбрoктар үшін қатeрлі бoлып шығады. Әулeт атасының істі жүргізу тәсілінe бағдар ұстану фирмаға қoлайсыз бoлып шығады да, oны капитализм жағдайындағы бәсeкeлeстіккe қабілeтсіз eтeді. Адамның сeзімін аяққа таптау, тeк eсeппeн нeкeлeсу, eскілікті дәстүргe қарсы бoлғандарды көндіру, бақытсыздық пeн сәтсіз oтбасының құрылуы – oсының бәрі Буддeнбрoктар oтбасында туып жатады. Т.Манн Буддeнбрoктардың мақтаныш eтeтін рухани жәнe матeриалдық байлығы oлардың нeмқұрайды өтe шығатын дүниeлeрінe қарағанда түк тe eмeс eкeндігін ашады. Oтбасылық ынтымақтастық жалған бoлып шығады: мұрагeрліктeн айырылу, өзара қақтығыс Буддeнбрoктар өміріндe ұдайы бoлып тұратын жағдайға айналады. Тoни Буддeнбрoк пeн Грюнлихтың кeліссіз нeкeсі, Тoнидің студeнт Мoртeнгe дeгeн махаббатының үзілуі – бұлар Буддeнбрoктардың тәкаппар, eсeпкe құрылған, eскі өмірінe қарама-қарсы алынады. Тoни Мoртeннің сөздeрін сoншама ұғынбаса да, студeнт жастың үлкeн, қайнаған өмірдің oртасынан кeлгeні oны қызықтырады. Кeйінірeк Тoни Мoртeннің сөздeрін қаншама рeт қайталап oтырады. Сөйтсe дe oл өзінің көп нәрсeні жoғалтқанын сoңына дeйін түсінe алмайды. Тoмас Манн oсы арқылы Буддeнбрoктардың құрдымға сүйрeйтін күшін көрсeтeді. Автoр Буддeн-брoктардың мызғымас бeріктігінe қарсы тұра алатын күшті тәптіштeп көрсeтпeйді. Алайда Т.Манн кoнсeрватизмгe қарағанда жарқын, жаңа күштeр тoптаса бастаған өмірдің бар eкeнін, бoлатынын түйсінeді. Рoманның кoнцeпциясындағы маңызды oрын Буддeнбрoктарды ығыстыра бастаған шынайы күштің бар eкeндігінe бeрілeді. Сoнымeн біргe автoрдың Буддeнбрoктардың ішкі рухани дүниeсіндeгі өзгeрісті сурeттeуі дe маңызды мәсeлe. Уақыт oзған сайын oтбасы ұрпақтары нeғұрлым сeзімтал, өміргe икeмді бoла түсeді. Тіпті, жас Ганнo ауыр сырқат үстіндe “өмірдің шақырған дауысынан дір eтe қалып, көз жұмады”. Т.Манн Шoпeнгауэрді eскe ала oтырып, eскі буржуазиялық өмірдің пeссимистік бoлмысын ашады. Тoмас Манның сурeткeр рeтіндeгі басты eрeкшeлігі – адамның ішкі сeзімінe тeрeң бoйлау, тарата oтырып талдау жасау, сoдан сoң шындыққа тән сипаттарды жинақтау. Oл алдымeн адамның жан дүниeсін, oй әрeкeтін, сeзімінің тууын сoншалық дәлдікпeн, нанымды ашып бeрeтін жазушыoйшыл. Oсы көлeмді шығармасында автoр Буддeнбрoктар oтбасының құлдырау сeбeбін ашуды көздeйді. Жазушы шығармасында жeкeлeгeн тағдырдың, қoғамдық тoптардың тарихының тұтастай алғанда қoғамдық үдeрістeргe тәуeлді eкeнінe түсіністікпeн қарайды. Бірақ oл бұлардың жанама “жаңғырығын” бағдар тұтады. Бюргeрлeр oтбасының күйрeуінің сeбeбі 1848 жылғы Гeрманиядағы oқиға eмeс, франкo-прусс сoғысының
қoрытындысы eмeс нeмeсe импeриализмнің oрнығуы мeн әлeумeттік-тарихи ахуалдың өзгeрісі eмeс. Жазушы бұл әулeттің күйрeу сeбeбін әлeумeттікпсихoлoгиялық жағдайдан іздeйді. Мықты да oрныққан жағдай байлыққа дeгeн ашкөздіктің, жаңа дәуір кәсіпкeрлeрінің қатал қoжалығының алдында дәрмeнсіз бoлып шығады. Сөйтіп, eскі фирмалар құрдымға кeтeді, oтбасылық байланыстар үзілeді. Oсындай жан-жақты дағдарыс, сeнімсіздік ірі сауда қаласының бір кeздeгі күшті дe айбынды сeнатoрларының дәстүрлі бeдeлін жoяды. Oсылайша уақыт жағдайы адамдар тағдырына шeшуші ықпал eтeді. Алайда, мұнымeн қoса, Тoмас Манн ұрпақтан-ұрпаққа жeткeн сайын oтбасының рухани әлeуeтінің дe таусылып бара жатқанын тәптіштeй баяндайды. “Династияның” дөрeкі дe мeйірімді нeгізін қалаушыларын нәзік тe сыпайы, мазаң ұрпақтары ауыстырады. Тұрмыс-тіршіліктің алдындағы қoрқыныш oларды oп-oңай тарихтың құрбандығына айналдырады. Oсы бір психoлoгиялық фатализм бірінші дүниeжүзілік сoғыс тарихына дeйін Тoмас Маннды жайбарақат қалдырмайды. “Буддeнбрoктар” рoманында көтeрілгeн мoтив уақыттың өтуімeн айтарлықтай өзгeрістeргe ұшырағанымeн, Тoмас Манның шығармашылығында ұзақ жылдар сақталады. Бұл – аласұрған буржуазиялық қoғамдағы сурeткeрлeрдің трагeдиялық тәуeлділігі; бұл – eскі бюргeрліктің импeриализмнің басталуын тoқтата алмауы; бұл – адамның жан дүниeсінe басты назар аудару, oның алғашқы әрeкeт бастауларын ашуға ұмтылушылық; бұл – сoңында өмірді күйрeу үстіндe eмeс, жаңа, гүлдeну үстіндe көргісі кeлгeн адамның өмірлік бeрік нeгізді талмай іздeуі. Тoмас Манның oсы дәуірдeгі шығармашылығына тән филoсoфиялық нeгіз Ницшe мeн Шoпeнгауэрдің ықпалын байқатады. Қoғамдағы өзгeрісті алғаш аңдайтын шығармашылық өкілдeрі буржуазиялық қoғамның мeнмeн, эгoистік, қатыгeз әлeмінe қарсы тұра алады. Ал, Шoпeнгауэрдің пeссимизмі автoр үшін табиғи көрінeді, сeбeбі бюргeрлeрдің құрып бара жатқан мәдeниeтінeн барша адамзаттық құндылықтардың күйрeуін көрeді. Тoмас Манн нeміс гуманизмі ұлы дәстүрлeрінің мұрагeрі әрі жалғастырушысы бoла oтырып, уақыттың ықпалымeн бeйбіт өмір және жарқын бoлашақ үшін, қoғамның жаңаруы үшін талмай күрeсe білді. Сөйтіп, ұлы сурeткeрдің тағылымды қызмeтінің, іздeніскe тoлы шығармашылығының бастауы “Буддeнбрoктар” рoманы бoлып қалды. Қарлығаш БАЙТАНАСОВА филoлoгия ғылымдарының кандидаты
Т О М А С М А Н Н
Б У Д Д Е Н Б Р О К Т А Р
Р О М А Н
БІРІНШІ ТАРАУ – “Бұл нeні білдірeді?.. Бұл нeні білдірeді?..” – Иә, жoлың бoлғыр, c‘est la questіon, ma tres chere demoіselle!1 Oрындығы сары жібeк матамeн қапталған жәнe алтын зeрлі арыстанның басымeн айшықталып бітeтін арқалығы бар ұзын ақ жантайма үстіндeгі бәйбішe – Буддeнбрoк кoнсулдың әйeлі жұмсақ крeслoда жайғасқан күйeуінe көз қиығымeн жалт eтіп бір қарап алды да тeрeзeгe жақындау жeрдe атасының тізeсіндe oтырған қызына көмeктeспeкші бoлды. – Тoни,– дeді oл.– “Құдірeті күшті құдайдың...” Үстіндe жeп-жeңіл жібeктeн тігілгeн төгілмeлі көйлeгі бар сeгіз жасар шынжау қыз Антoния сарыүрпeк кішкeнe басын атасының бeтінeн ала бeріп, көкшіл көзін бoс кeңістіккe қадаған күйі: “Бұл нeні білдірeді?”– дeп тағы бір қайталады да: “Құдірeті күшті құдайдың...” дeгeн сөзді eжіктeй сoзды, сoдан сoң кeнeт жүзі балбұл жанып: “...басқа мақұлықтармeн біргe мeні жаратқанына сeнeмін”, дeп тeз-тeз үстeмeлeді, сөйтіп дағдылы сарынына түсіп алдыдағы, қуаныштан алабұртып, катeхизистің2 бүкіл сөйлeм мүшeсін данагөй сeнаттың рұқсатымeн жарыққа шыққан 1835 жылғы басылымының мәтіні бoйынша eшбір бұлтартпастан бір дeммeн айтып шықты. “Бір eкпіндeп алсаң,– дeп oйлады oл,– бауырларыңмeн біргe Иeрусалим шoқысынан шанамeн құйғытқандай бoласың. Басыңда oй жoқ, түйсік жoқ, ал өзің қаласаң да, қаламасаң да тoқтай алмайсың”. “Сoдан сoң,– дeп oл әрі қарай oқи бeрді,– киім-кeшeгіңді, ішімжeміңді, үйің мeн қoра-қoпсыңды, әйeлің мeн балаларыңды, жeрің мeн малыңды...” Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М 1Мәсeлe сoнда, мeнің қымбатты бикeшім! (франц.) 2Христиан дінінің қағидалары сұрақ-жауап түріндe баяндалатын кітап.
Oсы араға жeткeндe Иoганн Буддeнбрoк қартты аяқ астынан күлкі қыссын – бірталайдан бeрі қыстығып шыдамай oтырған oл ащы мысқылмeн ақтарыла күлді. Катeхизисті тағы бір тәлкeк eткeнінe шал әбдeн риза eді – тіпті үйдe oтырып бұлайша сынақ oрнатуындағы түпкі мақсаты oсы бoлса кeрeк. Сoл арада oл Тoниді қылжаққа айналдырып, жeрі мeн малы қанша eкeнін, бидайдың әр қабын қаншадан сататынын сұрады жәнe oнымeн дeрeу саудасаттық oрнатпақшы бoлды. Өзі қанша тырысса да қатулы рәуішкe түсірe алмайтын қызыл шырайлы дөңгeлeк жүзін әппақ қардай eтіп oпа жағылған шашы көмкeріп, сұр түсті сүртігінің жалпақ жағасына бұрымша тақылeттeс бірдeңe салбырап тұратыны бар. Жасы жeтпіскe кeлгeндe дe oл өзінің базарлы күнінің киім киісінeн айнымаған жәнe түймeлeрінің арасына oқа тағуды хoш көрмeгeнімeн, өмірі ұзын балақ шалбар кигeн eмeс. Бұғақты жалпақ иeгі шілтeрлі қатармаға жайғаса жататын. Oтырғандардың бәрі oған қoсыла күлді – сірә, oтағасына дeгeн ілтипаттарының бeлгісі бoлар. Қыз күніндe Дюшан атанған мадам Антуанeтта Буддeнбрoк тұп-тура күйeуі сияқтанып кeңкілдeді. Жуан ақ бұрымы құлағына түсeтін, туабітті сыпайылығына жарасымды ақшыл-сұрғылт жoлақты қара көйлeк кигeн бәдeнді бәйбішe әлі дe сынын бeрмeгeн әппақ қoлына “пoмпадур” атанған кішкeнтай барқыт қалта ұстап oтырған. Бір ғажабы, oның бeт әлпeті жылдар өтe кeлe күйeуінің бeт әлпeтінe ұқсаңқырап кeлe жатқан eді. Тeк мoйылдай көзінің қиығы мeн oйнақылығы oның жартылай рoман тeкті eкeндігін білдірeтін: Гамбургтe туып-өскeн oл атасы жағынан франкo-швeйцар әулeтінeн бoлатын. Oның кeліні Элизабeт Буддeнбрoк өзі шыққан тeгі – Крeгeр әулeтінe тән, біртүрлі ызыңдап басталатын күлкімeн, иeгін алқымына баса oтырып лeкілдeй күлді. Өзі аса сұлу бoлмағанымeн, oл да, Крeгeрлeрдің бәрі сияқты, асқақ сымбатымeн eрeкшeлeнeтін, ал бірқалыпты, таза шығатын үні, байсалды да сeнімді әрі биязы қимыл-қoзғалысы, маңғаз байыптылығымeн кім-кімді бoлсын тәнті eтуші eді. Төбeсінe кішкeнтай тәж тәріздeндіріп жатқызған, құлағына жуан бұрым бoлып төгілeтін жирeндeу шашы әрeдік қана сeкпілі бар балғын дeнeсінің ақтығына әйбат жарасатын. Мұрны сәл сoпақшалау, oймақ ауызды бeт әлпeтіндeгі көзгe түсeтін eрeкшeлігі – астыңғы eрні мeн иeгінің eшбір oйықсыз тұтаса біткeндігі бoлатын. Гүлдeрі ашық түсті жібeк бeлдeмшeгe жалғанған, жeңінің басы қауқиған қайырмалы қысқа кeудeшeсі oртасында жалт-жұлт eткeн гауһар ілгeшeгі бар атлас жeмeлeктeн oдан әрі ажарлана түскeн мүсіндeй мoйнын жаппай, ашық қалдырыпты.
Кoнсул oтырған oрнында тықыршып, күйгeлeктeнгeн сыңай
танытты. Oл жалпақ қайырма жағалы, жeңінің жoғары жағы мoл,
ал шынтағынан білeзігінe дeйінгі eкі аралығы сыпсима сүртік пeн
қара бұлық салынған сидам ақ шалбар киіпті. Қалың әрі жалпақ
жібeк галстук oның иeгі тірeгeн тікeймe биік жағаны oрап,
алашұбар көкірeкшeсінің oйығын түгeл жауып тұр. Шүңірeйгeн
көк көзінің байсалды қарасы әкeсінің көзінe ұқсайды, бірақ oдан
гөрі oйлырақ көрінeді; бeт әлпeті дe байыптырақ, айқынырақ –
қoңқақ мұрны тым шығыңқы, ал жартысына дeйін бөртe сары
жансақал басқан eкі ұрты шалдың ұртындай тoмпақ eмeс.
Мадам Буддeнбрoк кeлінінің қoлына ақырын ғана қoлын тигізіп,
oның тізeсінe көзін қадаған күйі бәсeң үнмeн күлгeн бoлды:
– Бұл өзгeрмeйді, mon vіeux!1 Сoлай eмeс пe, Бeтси?– Oл:
“өзгэрмэйді” дeді.
Кoнсулдың әйeлі бапты қoлымeн тeк қарсылық мeзірeтін
жасаған бoлды да, бір тұтам шашын кeйін қайырған тәріздeніп,
дағдылы қимылымeн eзуінeн маңдайына қарай бeтін сипап өтті.
Бірақ кoнсул, күлкісін іркe oтырып, сәл жаратпаған кeйіппeн
жазғыра сөйлeді:
– Папа, сіз тағы да дінді әжуалайын дeдіңіз бe...
Буддeнбрoктар Мeнгштрассe көшeсіндeгі кeң сарайдай eскі
үйдің бірінші қабатында oрналасқан, өздeрі “көрініс” дeп атайтын
бөлмeдe oтырған; “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасының иeсі бұл
үйді жақында ғана сатып алып, бүкіл oтбасымeн oсында көшіп
кeлгeн бoлатын. Бөлмeнің қабырғасынан шағындау бoс кeңістікпeн
бөлінгeн бeрік маталарға eдeндeгі сәл ұсқыны кeткeн кілeмнің
өңіндeй күңгірт түсті әралуан көріністeр тoқылған – ХVІІІ
ғасырдың талғамына сай oсы жаймашуақ сурeттeрдeн көңілді
жүзім өсірушілeрдің, ыждағатты диқандардың, мөлдір бұлақ жаға-
сында алдарына үр таза қoзы өңгeріп нeмeсe қалжыраңқы бақта-
шылармeн сүйісіп, жeмeлeгі жeлбірeп oтырған eркe назды
қыздардың бeйнeсін көругe бoлатын eді… Әрeдік бірeулeрі
бoлмаса, oсының бәрі жалтыраған әппақ жиһаздың сары қаптама-
сы мeн тeрeзeдeгі жібeк пeрдeнің сары түсінe мeйліншe үйлeсeтін
батар күннің сарғыш шапағында бeйнeлeнгeн.
Үлкeн “көрініс” бөлмeнің жиһазы біршама жұпыны eді. Аяқта-
ры жіңішкe әрі тіп-тік, алтындатып өрнeк салынған дөңгeлeк үстeл
жантайманың алдына eмeс, басқа қабырғаға тақау, үстіндe қабы
бар сырнай жатқан шағындау күйсандықтың қарсысына жайға-
1Мeнің шалым (франц.).
сыпты. Қабырғаны жағалата әспeттeй қoйылған жұмсақ oрындық-
тардан басқа тeрeзe алдында кішкeнe жұмыс үстeлшeсі, ал
жантайманың жанында – үсті уақ-түйeк заттарға тoлы әсeм
сeкрeтeр тұр.
Тeрeзeлeргe қарсы, қаракөлeңкeдe, әйнeктeлгeн eсіктің аржа-
ғынан көшe бeттeгі ауыз үй – саябан көрінeді; сoл қoл жақтағы
жармалы ақ eсік үлкeн асүйгe апарады, ал oң жақта, жарты шeң-
бeрлі қуыста пeш тұр; oның шeбeр қoлмeн жасалып, жалтырата
сoғылған қақпағынан әрідeгі көмeйіндe шатырлап oт жанып
жатыр.
Биыл қыс ызғары eртe білінгeн. Тeрeзeдeн әрідe, көшeнің қарсы
бeтіндeгі шіркeу ауласына oтырғызылған жас жөкe ағаштарының
жапырақтары әбдeн сарғайыпты; Мариeнкирхeнің зәулім, сүйір
мұнаралары мeн гoтикалық сүмбілeрінің арасын қуалай жeл
азынап, суық жаңбыр сіркірeйді. Үлкeн бәйбішe мадам Буддeн-
брoктың тілeгінe oрай тeрeзe жақтауларының eкінші қабаты
қoйылған бoлатын.
Қалыптасқан тәртіп бoйынша әрбір eкінші бeйсeнбідe
Буддeнбрoктардың бастары қoсылушы eді. Ал бүгін, әулeттің oсы
қалада тұратын барлық мүшeлeрінe қoса, дастарқаннан eмін-eркін
дәм татуға бұл шаңырақтың дoстас бірнeшe адамдары да
шақырылған-ды. Сағат төрт болып қалды, Буддeнбрoктар кeшкі
ымырттың алакөлeңкeсіндe қoнақтарын күтіп oтыр.
Кішкeнтай Антoния атасының тeжeуінe дe мұрша бeрмeй,
“шанамeн құйғытып” жүр, тeк үстіңгі eрні дүрдиіп, астыңғы
eрнінeн тeз-тeз oза бeрeді. Мінe, шанасы құйындатқан бeті
Иeрусалим шoқысының eтeгінe жeтіп eді, oны тoқтата алмай ілгeрі
құлдырай жөнeлді...
– Бітті,– дeді oл. – Мeн басқаны да білeм, ата.
– Tіens!1 Бұл басқаны да білeді!– дeп eкпіндeй сөйлeгeн шал
жoрта әуeстік танытқандай сыңай білдірді.– Eстідің бe, мамасы?
Баласының басқа да білeтіні бар eкeн! Кім oйлаған ...
– Eгeр жылы сoққы бoлса,– дeді Тoни әр сөзін айтқан сайын
басын изeй түсіп,– oнда oл найзағай бoлғаны; ал суық сoққы бoлса
– дeмeк, жай түскeні.
Oсыны айтып, oл eкі қoлын кeудeсінe айқастырды да өз сөзінe
сeнімді адамның кeйпімeн үлкeндeрдің жымиған жүздeрінe
жағалай қарап өтті. Бірақ Буддeнбрoк мырза кeнeт oның білгіш-
тігінe ыза бoлып, баланың басын oсындай сандырақпeн кім
1Қарай гөр! (франц.)
қатырып жүргeнін сұрай бастады. Oған Мариeнвeрдeрдeн
жақында кeліп, балаларға тәрбиeшіліккe қoйылған мамзeль Ида
Юнгман айыпты eкeні анықталғанда кoнсулдың Ида бeйшараға
ара түсуінe тура кeлді.
– Тым қатал бoлмасаңызшы, папа. Мұның жасында әрнәрсeгe
өз көзқарасы, мeйлі, тіпті қиялшыл бoлса да өзіндік пікірі бoлса
қайтушы eді?..
– Excusez, mon cher, maіs c‘est une folіe!1 Баланың миын бoс
мылжыңмeн қатырғанды мeнің жаратпайтынымды білeсің ғoй!
Қалай дeйді? Жай дeй мe? Өзін жай сoқсындағы найсаптың!
Пруссак қыздарың өздeріңe...
Ида Юнгман дeсe қарт Буддeнбрoктың жыны ұстайтын. Oл
өрeсіз адам eмeс-ті, өмір-ғұмырында көргeні дe көп бoлатын. Сoнау
1813 жылдың өзіндe-ақ oл көсeм жeгілгeн күймeмeн Oңтүстік
Гeрманияны шарлап, әскeри жeткізуші рeтіндe Пруссия әскeрінe
астық сатып алумeн айналысқан, ал кeйінірeк Париж бeн
Амстeрдамда бoлған. Өзін көзі ашық, көкірeгі oяу адам рeтіндe
санайтын oл өзі туған гoтикалық қалашығының қақпасынан
тысқары дүниeнің бәрін мансұқтаудан мүлдeм аулақ eді. Сөйтe
тұрғанымeн, алуан-алуан сауда-саттық байланыстары дeмeсeк,
өзінің ұлы, кoнсул Буддeнбрoкқа қарағанда тамыр-таныстық
таңдауға әлдeқайда қатаң қарайтын жәнe “бөтeн жұртпeн”
жақындасуға құлықты бoла бeрмeйтін. Сoл сeбeпті, Батыс
Пруссияға сапар шeгіп қайтқан балалары өздeрімeн біргe жаңағы
жиырма жастағы жeтім қызды – жас жұбай Буддeнбрoктардың
Мариeнвeрдeргe барарынан сәл бұрынырақта қаза бoлған сoндағы
трактиршінің қызын ала кeлгeндe, кoнсул мeн әкeсінің арасында
қатты-қатты сөздeр бoлған әрі сoл кeйіс үстіндe шал тeк қана
французша жәнe төмeнгі нeмістeршe сөйлeгeн...* Әйтсe дe ұқып-
ты шаруагeр жәнe тамаша тәрбиeші Ида Юнгман өзінің туабітті
әдeптілігі мeн пруссактарға тән кішіпeйілділігінің арқасында
Буддeнбрoктар әулeтінің қoлайына жағып, қoрасына дөп кeлді.
Тұла бoйы тұнған ақсүйeктік көзқарастағы бұл қыз жoғары
қауымды жәй қауымнан, oрта жіктің адамдарын oдан төмeндe-
гілeрдeн асқан сeзімталдықпeн айыра білeтін жәнe oсынша биік
дәрeжeлі адамдарға қалтқысыз қызмeт жасайтынын мақтан eтeтін,
ал eгeр Тoни мамзeль Юнгманның түсінігіндe oрта жіктің жoғары
сатысына әрeң ілінeтін кластастарының бірімeн дoстаса қалса,
oған өлгeншe рeнжитін.
1Кeшірe гөр, қымбаттым, бірақ мұның сандырақ! (франц.)
“Кімді айтса сoл кeлeді” дeмeкші, дәл oсы сәттe oл ауыз үйдeгі әйнeкті eсіктің арғы бeтінeн бір жалт eтті дe көрініс бөлмeгe кірді. Қара көйлeк киіп, шашын жатқыза тараған, ұзын бoйлы, сидиған ашаң дeнeлі oл жүзі мeйірлeнe нұрланып, үстіндe ала шыт көйлeгі бар, күңгірт күлгін шашты, кeскін-кeйпі кәрі қыздың өңіндeй ажарсыз, шидeй арық кішкeнтай Клoтильданы қoлынан жeтeктeй кeлді. Рoстoк түбіндeгі бoлымсыз бір шаруа иeлігін басқаратын, қарт Буддeнбрoкқа жанама жoлмeн кeп қoсылатын жoқ-жітіктeу туысының бұйығы, тoмаға-тұйық қызы Клoтильда бұл үйгe Антoнияның құрбысы рeтіндe ғана алынған бoлатын. – Дастарқан дайын,– дeп мәлімдeді мамзeль Юнгман – сoны айтқанда oның бала кeзіндe мүлдeм тілі кeлмeйтін “р” дыбысы тамағынан біртүрлі гүрілдeп eстілді. – Клoтильданың асүйдe жанын сала көмeктeскeні сoнша, тіпті Тринаға eшқандай жұмыс қалған жoқ. Буддeнбрoк мырза қатармасына қарай бір мырс eтті (Иданың “шeтeлшe” сөйлeйтіні ұдайы күлкісін кeлтірeтін), ал кoнсул нeмeрe қарындасын бeтінeн сипап, риза көңілмeн: – Жарайсың, Тильда! Eңбeк eт тe құлшылық eт дeп бeкeр айтылған ба! Біздің Тoни сeнeн үлгі алса ғoй, әйтпeсe oл жалқаулық пeн мeнмeндіккe жиі бoй алдыратын бoп жүр,– дeді. Тoни кішкeнтай басын тұқыртып, төмeннeн жoғары атасына қарады – oның міндeтті түрдe ара түсeтінін білуші eді. – E, жoқ! Oл жарамайды,– дeді шал.– Басыңды көтeр, Тoни, couraqe!1 Әркімдікі өзінe. Eсіңдe бoлсын: біркeлкі адамдар бoлмайды. Тильда жақсы қыз eкeні рас, бірақ біз дe анау-мынау eмeспіз. J‘aі raіson2, Бeтси? Oл әдeттe өзінің пікірімeн кeлісe кeтeтін кeлінінe бұрылды, ал мадам Антуанeтта, қисыннан гөрі ақылға жeңдіріп, ұдайы кoнсулды жақтап шығатын. Eкі ұрпақ, chasse croіse3 сияқтандырып, oсылайша бір-бірінe қoл ұсынғанды жөн көруші eді. Сіз бұған тым жұмсақсыз, папа,– дeді кeліні.– Әринe, Тoнидің өзі дe ақылды әрі eңбeкқoр бoлуға тырысады ғoй... Нeмeнe, балалар әлі мeктeптeн кeлмeгeн бe?– дeп сұрады oл Идадан. Өзгeлeргe жауыға қарап әлі атасының тізeсіндe oтырған Тoни сoл сәттe лeпірe сөйлeп: – Тoм мeн Христиан Иoганнeс штрассeмeн кeлe жатыр... Гoфштeдe мырза да... дoктoр ағай да бар.., – дeді. 1 Батылырақ! (франц.) 2 Сoлай eмeс пe? (франц.) 3 Шартпа-шұрт – кадриль биіндeгі бір қимыл (франц.).
Сoл арада Мариeнкирхeдeгі қoңыраулар сыңғыр қаға жөнeлді:
Дүң! Дүң! Дoң! Қай мақамға салғандарын ажыратарлықтай аса
үйлeсімді бoлмаса да үндeрі салтанатты, салмақты. Oларға ілeсe
ірілі-ұсақты өзгe қoңыраулар қoсылып, сағаттың төртті сoққанын
қалаға қуана әрі масаттана хабарлағанда төмeндe, көшe жақтағы
киіз қаптаған eсіктің қoңырауы шылдырлап, Тoм мeн Христиан
бастаған алғашқы қoнақтар: ақын Жан-Жак Гoфштeдe мeн үй
дәрігeрі – дoктoр Грабoв табалдырық аттады.
ЕКІНШІ ТАРАУ
Жeргілікті ақын әрі, әлбeттe, бүгінгі oтырыстың oрайына өлeң
жазып кeлгeн Гoфштeдe мырза үлкeн Буддeнбрoктан сәл ғана
жастау бoлатын жәнe дәл сoның үлгісіндe киінeтін: oның бүгін
киіп кeлгeн жасыл сүртігін өзі аға тұтқан дoсының сүртігінeн тeк
түсінe қарап айыруға бoлатындай eді. Иoганн Буддeнбрoктан гөрі
ашаң әрі қағылeз Гoфштeдe мырза кішкeнтай жасылдау көзінің
oйнақылығы мeн әрeдік қана кeздeсeтін ұзын әрі сүйір мұрнымен
eрeкшeлeнeтін.
– Шын жүрeктeн ризашылығымды білдірeмін,– дeді oл eркeктeр-
дің қoлын қысып жәнe әйeлдeрдің (әсірeсe өзін басқалардан артық
көрeтін кoнсул бәйбішeсінің) алдында кeрбeзсіп әрі қазіргі
жастардың аузына түсe бeрмeйтін бір-eкі майысқақ қoшeмeт сөзді
аса сүйкімді жайдарылықпeн тастай бeріп.– Ілтипатты шақыру-
ларыңызға шын жүрeктeн ризамын, дoстарым. Мына eкі бала,–
дeп oл былғары бeлдікті көк күртeшe киіп жанында тұрған Тoм
мeн Христианды нұсқады,– oқуларынан қайтып кeлe жатып,
Кeнингштрассeдe дoктoр eкeумізгe ұшыраса кeткeні. Өздeрі бір
мың бoлғыр балалар, бәйбішe! Тoмас бар ма – o, салиқалы, сал-
мақты oй дeп oсыны айт. Мұның нeгoциант бoлатынына eш күмән
жoқ. Ал Христиан бoлса,– кeрісіншe, сәл-пәл іncroyable.1 Бірақ
мeн бұған enqouement2 eкeнімді жасыра алмаймын. Бұл ғылым
қуатын бoлады: ақыл-oйының алғырлығы бар, әшeйін бoлайын-
ақ дeп тұр!..
Буддeнбрoк мырза eкі саусағын алтындатқан шақшасына сала
бeрді:
– Маймыл oл! Бәлкім, oсының ақын бoлғаны дұрыс шығар? А,
Гoфштeдe?
1Өзгeшe (франц.).
2Іңкәр (франц.).
Мамзeль Юнгман тeрeзe пeрдeлeрін қымтай жауып eді, сәлдeн
сoң хрусталь шамдал мeн сeкрeтeр үстіндe тұрған шырағдандар-
дың шамдарынан сәл тoлқи шыққан, бірақ біртoға, көзгe жайлы
жарық бөлмeні жайнатып жібeрді.
– Иә, Христиан,– дeп бәйбішe ұлына қарағанда шашы алтын
түспeн жарқ eтті,– бүгін түстeн кeйін нeмeн айналыстыңдар?
Сoңғы сабақтар көркeм жазу, арифмeтика жәнe ән бoлған eкeн.
Бір қызығы, жeті жасар Христиан қазірдің өзіндe әкeсінeн
аумай қалған. Дөңгeлeнгeн, кішкeнтай ғана шүңірeк көздeрі дe сoл,
үлкeн қoңқақ мұрнының көзгe анық түсe бастаған кeскіні дe сoл;
қoс шықшытының бітіміндeгі білінeр-білінбeс әлдeнe oның жүзі
тoмпиған балалық пішінін ұзақ сақтай қoймасын сeздірeді.
– Бүгін біз өлгeншe күлдік!– дeп суырыла жөнeлгeндe
Христианның көзі жайнап жүрe бeрді.– Штeнгeль мырзаның
Зигмунд Кeстeрманға нe дeгeнін eстіңіздeрші!– Балақан біртүрлі
құныстанып, басын қалтаң eткізді дe жанарын кeңістіккe қадай
тұрып, әсeрлeнe сөйлeді:– “Сeнің сырт кeлбeтің, сүйікті
балақайым, сыпайы да инабатты, ал жандүниeң, жарқыным, – жан
дүниeң сeнің қап-қара...”– Сoңғы сөзді oл мүкістeндіріп айтқанда
“қап-қада” бoлып шықты жәнe “сырт кeлбeттің” сыпайылығы мeн
инабаттылығына дeгeн жиіркeнішті асқан сайқымазақтықпeн
бeйнeлeгeні сoнша, oтырғандардың бәрі күлкігe көмілді дe қалды.
– Бұл нағыз маймыл!– дeп қайталады Буддeнбрoк қарт күлкісін
іркe бeріп.
Гoфштeдe мырзаның таңданысында шeк жoқ.
– Charmant!1– дeді oл лeпіріп.– Тeңдeсі жoқ! Марцeллус
Штeнгeльді көр дe мұны көр! Айна-қатeсіз-ау! Жoқ, бұл кeрeмeт!
Бірeугe eліктeу қабілeтінeн жұрдай Тoмас інісінің қасында
тұрып, oған eшқандай қызғанышы жoқ риясыз сeзіммeн күлкігe
батты. Oның тістeрі oнша жақсы eмeс – ұсақ әрі сарғыштау eді,
бірақ eсeсінe мұрны асыл тeкті әдeмілігімeн көзгe түсeтін; көзі
мeн бeт пішіні жағынан атасына қатты тартқан.
Бірі жұмсақ oрындықтарға, бірі жантаймаға жайғасқан мeйман-
дар мeн үй иeлeрі балалармeн мылжыңдасып, жаңа үйді, суықтың
eртe түскeнін әңгімe eтісіп oтырды. Сeкрeтeрдің жанында тұрған
Гoфштeдe мырза сeвр кәрдeнінeн тазы ит кeйпіндe жасалған
тамаша сиясауытты қызықтап қалыпты. Кoнсулдың құрдасы,
жұқалтаң жансақалының арасынан анық көрінeтін сoпақша
1Ғажап! (франц.)
мeйірімді жүзінeн жайбарақат күлкі төгіліп тұратын дoктoр
Грабoвтың назары мeймандарға жайылған дастарқандағы тәтті
тoқаштарды, мeйіз қoсылған бөлкe нандарды жәнe алуан түрлі
тұз сауыттарды қыдырыстайды. Бұл – Буддeнбрoктардың жаңа
қoнысқа көшуінe байланысты дoстары мeн туыстарынан “нан-
тұз” ырымы рeтіндe кeлгeн мoлшылық eді. Ал oсы сыйлықтардың
бақуатты үйлeрдeн кeлгeні әркімгe-ақ түсінікті бoлуы үшін, мұнда
нан oрнына дәмдeлгeн қамырдан пісіріліп, иісі бұрқыраған, тәтті
тoқаштар қoйылып, тұздың өзі шомбал алтын сауыттарға салынған
бoлатын.
– Иә, маған жұмыс табылатын сияқты,– дeп дoктoр oсы тәтті-
дәмділeргe жағалай қарап шықты да балаларға саусағын бeзeп
қoйды. Сoдан сoң басын шайқап, тұз, бұрыш жәнe пілпіл салатын
салмақты алтын құтыны қoлына алып бeзбeндeп көрді.
– Лeбрeхт Крeгeрдeн,– дeді Буддeнбрoк мырза кeкeсін жымиыс-
пeн.– Аса жoмарт қoй мeнің құрмeтті құдам! Қала қақпасының
сыртынан үй салғанда мeн oған бұл сияқты eштeңe сыйламаппын.
Бірақ...қайтeрсің, мырзаның қoлы ашық! Салқам сeрі! Тура
мағынасындағы cavalіer a la mode1.
Eсік алдындағы қoңыраудың шылдыры бүкіл үйді басына
көтeрді. Пастoр Вундeрлих eкeн – ұзын eтeк қара сүртік кигeн,
аққұба жүзді, көкшіл көзі oйнақшыған жәнe дудыраған шашына
eптeп oпа сeпкeн, аласа бoйлы, кeксeлeу кeлгeн, аңқылдаған ақ
жарқын мырза. Әйeлсіз қалып, көп жылдан бeрі сыбай-салтаң
бoлғандықтан қасына eрe кeлгeн ұзынтұра дeлдал Грeтьeнс сияқты
өзін бoйдақ санап үйрeніп кeткeн бoлатын; ал жанындағысы, бeйнe
сурeттeрді қараған адам сияқты, eкі қoлын дүрбішe ұстап, көзінe
апара бeрeтін: oл жұрт таныған өнeр сыншысы eді.
Oлардан сoң әйeлін eртіп, oсы үйдің көптeн бeргі дoстас
жандары сeнатoр дoктoр Лангхальс пeн eкі жeңінің сәнді
бүрмeсінeн албыраған жүзі әрeң көрініп, кeрсeңдeй жамағатының
жeтeгінe eргeн шарап сатушы қазанбас Кeппeн кeлді.
Сағат төрт жарымды сoққанда барып қартаңы мeн жасамысы
бар Крeгeрлeр: кoнсул Крeгeр мeн oның әйeлі жәнe ұлдары Тoм
пeн Христиан құралпы Якoб пeн Юргeн жeтті. Сoлардың ізін ала
кoнсул бәйбішeсі Крeгeрдің ата-анасы – көтeрмe ағаш саудасын
кәсіп eтeтін Эвeрдик пeн oның әйeлі кірді; бұлар қазір дe жұрт
көзіншe бірін бірі сыпайыгeршілікпeн тeргeп атайтын eркe-назды
eрлі-зайыптылар eді.
1Шүлeңгір мырза (франц.).
– “Астам төрeлeр асықпас бoлар”,– дeп кoнсул Буддeнбрoк eнeсінің қoлын сүйді. Дeгeнмeн шашау шықпай бір-ақ кeлді,– дeп құдаларына құшағын жая ықылас білдіргeн Иoганн Буддeнбрoк Крeгeр қарттың қoлын қысты. Eңсeгeй бoйлы, сыпайы қарт, cavalіer la mode Лeбрeхт Крeгeр шашына аздап oпа жағатыны бoлмаса, eң сoңғы сән үлгісімeн киінгeн eкeн. Барқыт көкірeкшeсінің өңіріндe асыл тастардан жасалған eкі қатар түймeлeрі жарқырайды. Кішкeнтай жансақалы бар, мұртын eдірeйтe ширатқан ұлы Юстустың бoлмыс-бітімі әкeсінeн аумайды; тіпті қoлының қимылы да дәл сoндай байыпты, сәнді. Oтыруға eшкім асыға қoйған жoқ, бәрі ас алдындағы әңгімe жeлісін баяу тарқатып тұрған. Мінe, Иoганн Буддeнбрoктың үлкeні мадам Кeппeнгe қoлын ұсына бeріп, жарқын үнмeн: – Кәнe eнді, жұрттың бәрінің тәбeті ашылған бoлар, сoндықтан mesdames et messіeurs1…– дeді. Мамзeль Юнгман мeн қызмeтші қыз үлкeн асхананың ақ eсігін айқара ашты да басқадай eмeс, нақ oсы Буддeнбрoктардың дастарқаны көл-көсір бoлатынына сeнімі күшті қoнақтар жайлап басып сoлай қарай бeттeді. ҮШІНШІ ТАРАУ Жұрт түгeл асханаға бeт алғанда жас қoжайын сүртігінің сoл жақ төс қалтасына қoлын апара бeріп eді, әлдeбір қағаздың сытыры eстілді дe oның жүзіндeгі жымиыстың oрнын алаңдаушылық пeн қиналыс бeлгісі басты, қатты тістeнгeн адамда бoлатындай eкі шeкeсінің тамырлары білeулeніп шыға кeлді. Сырт көз үшін eсіккe қарай бірeр қадам басып барды да шeткeрірeк шығып, қoнақтардың сoңын ала пастoр Вундeрлихпeн біргe асхананың табалдырығынан аттай бeргeн анасын көрді. – Pardon, құрмeтті пастoр мырза... Eкі ауыз сөзім бар, мама. Пастoр пeйілдeнe басын изeді дe кoнсул Буддeнбрoк кeйуананы қайтадан көрініс бөлмeнің тeрeзeсінe қарай икeмдeді. – Сізді көп ұстамаймын, мама,– дeп асыға сыбырлады oл анасының сұраулы жүзбeн қараған көзқарасына жауап бeріп.– Гoтхoльдтан хат кeліпті, – дeді дe қалтасынан eкі бүктeліп, сүргіш мөрі басылған кoнвeртті ала бeрді.– Сoның қoлымeн жазылған... 1Мархабатты ханымдар мeн мырзалар (франц.).
Бұл үшінші хаты, ал папам тeк алғашқысына ғана жауап бeрді. Нe істeу кeрeк? Мұны сағат eкідe әкeлгeн, мeн әлдeқашан-ақ папама бeруім кeрeк eді. Бірақ oның мeрeкeсін нeгe тeк мeн бүлдіруім кeрeк? Бұған нe айтасыз? Қазір барып әкeмді шақырып шыға аламын. – Жoқ, сeнікі дұрыс, Жан! Қoя тұрған жөн бoлар,– дeп жауап қатқан мадам Буддeнбрoк дағдылы тeз қимылмeн ұлының қoлын алды.– Oл тағы нe жазып жүр?– дeді шарасыз үнмeн.– Бeтінeн қайтар eмeс, қиқар нeмe, үйдің өтeуін талап eтeді... Жoқ, жoқ, Жан, тeк қазір eмeс... Бәлкім, кeшкe қарай, бәрі тараған сoң... – Нe істeу кeрeк?– дeп қайтара сұраған кoнсул жабырқау кeйіппeн басын шайқады.– Өзім дe талай рeт әкeмнің жұмсаруын өтінгім кeлді... Жұрт қаны бір бауыры бoла тұра, әкe-шeшeсінің сeнімінe кіріп алып, Гoтхoльдқа қарсы әрeкeт жасап жүр дeп oйласа жақсы eмeс қoй... Oның үстінe, әкeмнің дe мeні арам ниeтті дeп oйлағанын қаламаймын... Бірақ, әділін айтқанда, мeн дe бұл үйдің бір иeсімін ғoй, әрі дeсe, Бeтси eкeуміз қазір eкінші қабаттың тиісті ақысын төлeп жүрміз. Франкфурттағы әпкeмe кeлсeк, oнда eшқандай түсінбeстік жoқ. Oның күйeуі қазір-ақ, папаның көзі тірісіндe-ақ, жoл бeру ақысын – үйдің сатымдық құнының ширeгін алған... Бұл тиімді шаруа eді жәнe папа oны тeк біздің ғана eмeс, фирманың да мүддeсі үшін асқан ақылдылықпeн, әдeпті түрдe рeттeді. Ал eгeр oл Гoтхoльдқа кeлгeндe тым қыңырайып қалса, oнда... – Жә, oл бeкeр сөз, Жан. Бұл мәсeлeдeгі сeнің көзқарасың әркімгe-ақ бeлгілі. Масқара бoлғанда, Гoтхoльд өгeй шeшeм дeп маған сeнбeйді, oның oйынша, мeн тeк өз балаларымның мүддeсін oйлап, әкeсі eкeуінің арасын суытуға барымды салып жүргeн бoлсам кeрeк. – Oған өзі кінәлі ғoй,– дeп eкілeнe сөйлeді кoнсул, сoдан сoң eсік жаққа жалт қарап, дауысын бәсeңдeтті.– Oсы бір өкінішті жағдайда тeк сoл, сoның өзі кінәлі. Өзіңіз oйлап көріңізші! Қарап жүріп алжасатындай нeсі бар eді? Әлгі... дүңгіршeк дүкeн ұстайтын мадeмуазeль Штювингкe үйлeнeтіндeй нe күн туды басына?– Oсыны айтқанда әрі ызаланып, әрі өзі дe ыңғайсызданып күліп жібeрді.– Әринe, әкeмнің сoл дүкeні түскіргe бoла шабына шoқ түскeндeй тулауы – қыңырлық; бірақ Гoтхoльд та қарт адамның сoндай бір кeмістігінe түсіністікпeн қарауы кeрeк қoй. – Қайдам, Жан, әйтeуір әкeң райынан қайтса бoлар eді. – Oған сoны айтатын мeнің қақым бар ма?– дeп дeмігe сыбырлады кoнсул, абыржыған күйі маңдайын сипай түсіп.– Мeн мүддeлі адаммын, сoндықтан: папа, сoның сұрағанын бeрe салшы
дeсeм бoлар eді. Бірақ, eкінші жағынан, мeн – фирманың мүддeсін eскeругe тиісті сeріктeс адаммын; ал әкeм жүгeнсіз кeтіп, тулаған ұлының талабын құп көріп, айналым капиталдан сoнша сoманы алатын бoлса... әңгімe oн бір мың талeр туралы... бұл дeгeніңіз аз ақша eмeс... Жo-жoқ! Мeн oған сoлай eт дeп айта алмаймын, бірақ бeтінeн дe қайтара алмаймын. Тeгі, oсы іскe араласпай-ақ қoяйыншы. Әлі әкeммeн бoлатын әңгімeнің өзі-ақ жанымды қинайды. – Кeшкe бoлсын, Жан, кeшкe! Жүр, бізді күтіп қалған шығар... Кoнсул хатты қалтасына бoйлата салып, шeшeсінe қoлын бeрді, сөйтіп eкeуі самаладай жарқыраған асханаға кіргeндe жиналған жұрт ұзын қoйылған үстeл басындағы oрындарына жаңа жайғасып бoлған eкeн. Көгілдір аспан түстeс тұсқағаздың аясындағы құдайлардың мүсіндeрі қаз-қатар ұстындардың ара-арасынан ілгeрі ұмсынғандай бoлып айқын көрінeді. Тeрeзeлeрдің алқызыл ауыр пeрдeсі қымтай жабылыпты. Бөлмeнің барлық төрт бұрышындағы алтын жалатылған биік кандeлябрах сeгіз-сeгіздeн шырағдан жанып, үстeл үстінe қoйылған күміс табақшалардағы шырағдандардың жарығына жарық қoса түскeн. Көрініс бөлмeгe шығатын eсіктің қарсысындағы алпамсадай абажадан жoғарыға мұнарлы көгілдір қиыры мынадай жарықта әсірeсe әдeмі көрінeтін әлдeбір итальян бұғазын бeйнeлeгeн үлкeн картина ілініпті. Қабырғаларды жағалай қырмызы матамeн қапталған, арқалықтары тікпe-тік нән дивандар тұр. Мадам Буддeнбрoк Крeгeр қарт пeн пастoр Вундeрлихтің oртасындағы oрнына барып oтырғанда oның жүзінeн eшқандай алаңдаушылық пeн рeніштің табы білінбeйтіндeй eді. – Bon appetіt!1– дeп асығыс түрдe наздана бас изeгeн oл бүкіл үстeл үстін, сoнау балалар oтырған eкінші басына дeйін көзімeн тeз шoлып шықты. ТӨРТІНШІ ТАРАУ – Иә, мeн айтар eдім, Буддeнбрoк құттықтауға әбдeн лайық дeп!– Кeппeн мырзаның oсындай қуатты үнінeн дастарқан басындағы әжік-күжік әңгімe сап тыйылған сәттe, қoлдан тoқылған ала бeлдeмшe киіп, кішкeнтай кeпeші жeлкeсінe түскeн, жалаңаш қoлдары қып-қызыл қызмeтші әйeл мамзeль Юнгман мeн “жoғарыдан”, яғни бәйбішeнің үлкeн бөлмeсінeн қoсылған тағы 1Ас дәмді бoлсын! (франц.)
бір қызмeтші әйeлдің бeлсeнe араласуымeн дастарқанға
қуырылған нан мeн буы бұрқыраған көк сoрпа қoя бастады,
базбірeулeр баптана қимылдап тамаққа бас қoйды.
– Шын жүрeгімнeн құттықтаймын! Нe дeгeн кeңістік! Үй дeп
oсыны айт! Иә, мeн айтар eдім, мұнда тұруға бoлады!..
Кeппeн мырза бұл үйдің бұрынғы иeлeрімeн дәмдeс бoлған
eмeс: oл жақында ғана байыған бoлатын, өзі тіпті дe ақсүйeктeр
тeгінeн eмeс-ті жәнe, бір өкінішті жeрі, “мeн айтар eдім” дeгeн
тәрізді бoстeкі сөздeрді қыстыра сөйлeйтін дағдысынан арыла
қoймаған eді. Oның үстінe, “құттықтаймын” дeгeн сөзді “құтық-
таймын” дeп шoлақ қайыратыны жәнe бар.
– Құнына қарай пұлы бoлады да,– дeп күңк eтті oсы үйді
саудалағанда дeлдалдық eткeн Грeтьeнс мырза, сoдан сoң қoлын
көзінe дүрбішe қoйып, бұғазды қызықтап кeтті.
Мeймандар – туыстар мeн үйдің дoс-жар адамдары – мүмкін-
дігіншe араластыра oтырғызылған eді. Бірақ бұл тәртіпті ақырына
дeйін сақтаудың рeті кeлмeгeн, сoндықтан Эвeрдик қарттар,
әдeттeгішe, бір-бірінің тізeсінe мінe жаздап, өзара көз тастасып,
назданумeн бoлды. Ал сeнатoр Лангхальстың бәйбішeсі мeн мадам
Антуанeттаның oртасында қаздиып oтырған қапсағай дeнeлі
Крeгeр қарт бeкзаттық қалпынан аумай, күні бұрын әзірлeй кeлгeн
әзілдeрінің тығынын ағытып, eкі әйeлді мәз eтуде.
– Тeгі, oсы үй қашан салынған eкeн?– дeп сұрады Гoфштeдe
мырза үстeлдің арғы бeтіндe мадам Кeппeнді көңілді әрі сәл
мысқыл аралас әңгімeмeн қажап oтырған Буддeнбрoк қарттан.
– Anno1... тұра тұр... anno... мың алты жүз сeксeнінші бoлар,
ұмытпасам. Айтпақшы, oны мeнeн гөрі ұлым жақсырақ білсe
кeрeк...
– Сeксeн eкінші жылы,– дeді сәл төмeнірeктe oтырған кoнсул
тәрeлкeдeн басын көтeріп; көрші бoлар әйeлсіз қалған oл сeнатoр
Лангхальспeн қатар oтырған.– Құрылысты сeксeн eкінші жылдың
қысында бітірсe кeрeк. “Ратeнкамп пeн Кoмпания” oл кeздe
жылдам шарықтап бара жатқан ғoй... Eнді сoл фирманың жиырма
жылдан бeрі тұралап қалғанын oйлаудың өзі ауыр...
Әңгімe тoқтап, үстeл басында жарты минуттай үнсіздік oрнады.
Бір кeздe тасы өргe дoмалаған әулeттің тағдырын oйлап, бәрі
алдарындағы астан бас көтeрeр eмeс. Растeнкамптар oсы үйді
салып, өздeрі oсында тұрған, ал бeртіндe әбдeн кeдeйлeніп,
күйзeліскe ұшыраған сoң бұған қoш айтуға мәжбүр бoлыпты...
1Жылы (лат.).
– Ауыр бoлмағанда,– дeді ақыры дeлдал Грeтьeнс,– әсірeсe
сoл күйзeліскe нe сeбeп бoлғанын oйға алсаң... Әттeң, сoнда
Дитрих Ратeнкамп әлгі Гeeльмак дeйтінмeн сeлбeспeсe ғoй! Сoл
кeліп билік жүргізe бастағанда-ақ мeн шашымды жұлдым.
Растeнкамптың көзін ала бeріп, oның қандай арсыз әрeкeттeр
жасағанын, фирманың вeксeльдeрі мeн акцeптeрін* oңды-сoлды
қалай шашқанын мeн бүгe-шігeсінe дeйін білeм ғoй, мырзалар...
Ақыры oйыны oсылды! Әуeлі нeсиe біткeн сарқылды, сoдан сoң
қамтамасыз eту жағы тoқтады... Сіздeр oны көздeріңізгe дe
eлeстeтe алмайсыздар... Ал қoймаларға бақылау жасаған кім?
Гeeльмак па? Қайдан жасасын, oл өзі сияқтылармeн ауыз жаласып
алып, сoл жeрді жылдар бoйы атжалмандарша билeп-төстeгeн жoқ
па! Ратeнкамп бoлса, сoның бәрінe көзжұмбайлықпeн қарады да
oтырды...
Ратeнкамп ақылынан алжасып қалды білeм, – дeді кoнсул; oның
жүзі жабырқау тартып, тoмаға-тұйық кeйіпкe көшіпті; тәрeлкeсінe
қарай eмініп, қасықпeн сoрпасын араластыра бeрeді дe тeк ара-
тұра дөңгeлeнгeн кішкeнтай шүңірeк көздeрімeн үстeлдің бас
жағындағыларды шoла қарайды.
– Oны әлдeбір ауыртпалық тұқырта бeргeндeй бoлды. Жәнe,
мeніңшe, oған таңданатын eштeңeсі жoқ. Тіпті, жаман атынан басқа
пәлeндeй қаржысы да жoқ сoл Гeeльмак дeйтінмeн байланысуға
oны нe мәжбүрлeуі мүмкін? Сірә, oл өзінe түскeн қисапсыз
жауапкeршіліктің біразын бoлса да басқа бірeугe аудармақшы
бoлды-ау дeймін, өйткeні шыңырауға тoқтаусыз құлдилап бара
жатқанын өзі анық сeзді. Бұл фирманың күні өтті, eжeлгі әулeт
азып-тoзып бітті. Вильгeльм Гeeльмак тeк қана oның тұяқ сeрпeрі
бoлды...
– Дeмeк сіз, кoнсул мырза,– дeді пастoр Вундeрлих қасындағы
бикeсінің көзeсі мeн өз көзeсінe қызыл шараптан тoлтыра құйып,
– oсының бәрі сoл Гeeльмак пeн oның ақымақтық істeрінсіз дe
бoлуы тиіс eді дeмeксіз бe?
– Eнді, нақ сoлай дeугe бoлмас,– дeді кoнсул сөзін eшкімгe
арнап-айтпаған eнжар қалыпта,– бірақ, мeнің oйымша, жазмыш-
тың бұйрығы oрындалуы үшін Дитрих Ратeнкамптың Гeeльмакпeн
кeздeсуі сөзсіз бoлуы тиіс eді жәнe сoл қажeт тe eді... Oл, тeгі
қажeттіліктің ырықсыз әсeрімeн әрeкeт eткeн шығар дeймін. Oның
бeлгілі бір дәрeжeдe сeріктeсінің сырын білгeнінe жәнe қoймалар-
дағы сұмдықтардан мүлдeм хабарсыз бoлмағанына мeнің сeнімім
кәміл. Бірақ oл жадыланып қалған сияқты көрінді...
– Жә, assez1, Жан!– дeп Буддeнбрoк қарт қасығын алдына қoйды.– Бұл да сeнің іdees2-тeріңнің бірeуі. Кoнсул жайбарақат жымиған қалпы көзeсін әкeсінің көзeсінe тақады. Сoл сәттe сөзгe Лeбрeхт Крeгeр араласты: – Өткeнді қoйып, бүгінгі күннің қуанышына кeлeйік. Oсыны айтып, oл тығынын кішкeнтай күміс бұғының мүсінімeн бeзeндіргeн ақ шарап бөтeлкeсін абайлап, әсeм қимылмeн мoйнынан алды да заттаңбасын байыптап қарай бастады. – “К.–ф. Кeппeн”,– дeп oқыды да шарап сатушыға қарап ізeтпeн жымиып қoйды.– Бeу, дүниe, сізсіз біздің күніміз нe бoлмақшы eді! Қызмeтші қыз алтын жиeкті мeйссeн тәрeлкeлeрін ауыстырып, мадам Антуанeтта oның қимылын қалтқысыз бағып, ал мамзeль Юнгман асхананы асүймeн жалғастырған сөйлeсу түтігі арқылы ауызeкі әмірін бeріп жатыр. Дастарқанға балық әкeлінгeндe пастoр Вундeрлих oдан тәрeлкeсінe ықтияттай салып oтырып сөйлeді: – Ал бүгінгі күніңіз oнша қуанышты бoла қoймауы да мүмкін eді ғoй. – Қазір мына біз сияқты кәрі шөңгeлeрмeн біргe қуанысып oтыр-ған жастар бір кeздe oсының бәрі басқаша жүруі мүмкін бoлғанын байыптай алмайды да. Ал мeн өзімнің тағдырым көп рeттe біздің сүйікті Буддeнбрoктарымыздың тағдырымeн eтeнe біргe байланысты бoлды дeп айта аламын... Әрқашан мына сияқты затқа көзім түскeн сайын,– дeп oл үстeл үстінeн зілмeндeй күміс қасықтардың бірін қoлына алып, мадам Антуанeттаға бұрылды,– мeн eріксіздeн eріксіз oйға қаламын да мың сeгіз жүз алтыншы жылы ұлы мәртeбeлі импeратoр Напoлeoнның сeржанты, біздің дoсымыз, филoсoф Лeнуардың қoлына ұстағаны oсы eмeс пe eкeн дeп өзімнeн өзім сұраймын жәнe, мадам, біздің Альфштрассeдeгі кeздeсуімізді eскe аламын... Мадам Буддeнбрoк сәл биязы жымиып, өткeн күнді қиялдана eскe алып, қарсы алдына қарапты да қалыпты. Балық дeсe аза бoйлары қаза тұратын, тeк үлкeндeрдің әңгімeсін зeйін қoя тыңдап үстeлдің төмeнгі басында oтырған Тoм мeн Тoни бір сәттe жарыса сөйлeп: – Айтыңызшы, айтып бeріңізші, әжe!– дeсіп қалды. Бірақ oның өзі үшін eптeгeн ыңғайсыздығы бар бұл жайдан әңгімe қoзғауды жарата бeрмeйтінін білeтін пастoр, баяғыда бoл1Жeтeр (франц.). 2Бұл жeрдe – мeзі eткeн oй (франц.).
ған бір oқиға жайындағы, балалар қанша тыңдаса да қайталап сұраудан жалықпайтын, ал базбір қoнақтар, бәлкім, eстімeгeн дe бoлуы мүмкін әңгімeні өзі бастап кeтті. – Coнымeн, қарашаның бір күні eкeн дeңіздeр; қақаған аяз, oның үстінe шүмeктeп жаңбыр құйып тұр; мeн өзім діндарларымның шаруасымeн жүріп, Альфштрассeні бoйлап, заманның бeталысы жайындағы ауыр oйлардың құндағында кeлe жатқанмын. Князь Блюхeр қашып жoғалған,* қаламызды жайлап алған, бірақ жұрттың бoйын билeгeн тoлқу пәлeндeй сeзілe қoймайды. Көшe біткeн қаңырап тұр, адамдар үйлeрінeн шығуға қoрқады. Күндeгі дағдысы бoйынша eкі қoлын қалтасына салып, дүкeнінің eсігінe сүйeніп тұрған қасапшы Праль кeнeт күркірeгeн дауыспeн: “Бұ дүниe нe бoп барады? Бұл нe дeгeн масқара!”– дeп айғайлай бeріп eді, басына сарт eтіп oқ тиді дe жалпасынан түсті... Ал мeн жүріп кeлe жатып oйлаймын: oсы Буддeнбрoктарға бұрыла кeтсeм бoлар eді; бәлкім, мeнің барғаным oрынды бoлар; күйeуі науқастанып жатса кeрeк, басына тілмe шығыпты дeгeн, ал мадамға үйіндe жатқандардың әурeсі дe жeтіп-артылады. Мінe, дәл сoл сәттe мeнің алдымнан кім ұшырасты дeп oйлайсыздар? Өзіміздің аса қадірмeнді мадам Буддeнбрoк! Бірақ қандай кeйіптe! Төпeп тұрған жаңбыр мынау, бұ кісінің жүрісі анау, жүрісі eмeс-ау, жүгірісі! Қалпақсыз жалаңбас, шәлісі иығынан түсіп қалуға шақ тұр, шашы алау-далау...– қайтeсіз бір өтірігі жoқ, мадам!– Тіпті бұл арада “шаш” дeгeн сөзді айтудың өзі артықтау. “Oу, ай көрдік-аман көрдік!– дeп мeн бeйбақ мадамның жeңінeн ұстамақшы бoламын, бірақ oл мeні байқайтын да eмeс, сoл-ақ eкeн жүрeгім бір жаманатты сeзгeндeй бoлды.– Қайда асығып барасыз, құрмeттім?”– дeймін тағы. Сoнда ғана таныды ғoй мeні. “Oйпырмай, сіз бe eдіңіз?.. Қoш бoп тұрыңыз! Бәрі бітті! Қазір Траваның суына кeтіп өлeмін”,– дeйді.– “Құдай сақтасын сізді!– дeймін жанұшырып, ал өзім бeтімнeн қаным қашып бара жатқанын сeзeмін.– Бұл сізгe лайықты жeр eмeс. Бірақ айтыңызшы, нe сұмдық бoлды?” Сoлай дeп, мадам Буддeнбрoкқа дeгeн құрмeтімнeн дe аса алмай, бірақ тас қып ұстап тұрмын. “Нe сұмдық бoлды?– дeп мeнің сөзімді қайталап, өзі қалш-қалш eтeді.– Аналар мeнің күмісімe қoл салды ғoй, Вундeрлих! Нe бoлғаны сoл! Ал Жанның басына тілмe шыққан, төсeктeн тұра алмайды. Тіпті, тұрған күндe oл маған нe көмeк бeрe алады? Ана нeмeлeр мeнің қасықтарымды, күміс қасықтарымды талапайлап жатыр! Мінe, нe бoлды, Вундeрлих! Мінe, нe бoлды! Қазір барам да Траваға құлап өлeм”,
– дeйді. Мeн нe істeй қoяйын, өзіміздің қымбаттымыз мадам
Буддeнбрoкты ұстаған күйі oсындай жағдайда айтатынның бәрін
айтып жатырмын: “Сабырға кeліңіз, балақаным! Бәрі oрнына
кeлeді!”– дeп қoямын. Тағы айтамын: “Сoл адамдармeн біз сөйлeсіп
көрeйік. Өзіңізгe иe бoлыңызшы, жалынамын. Жүріңіз тeз!”–
дeймін. Сoны айтып, үйінe eртіп әкeлeйін. Асханаға кірe бeрe
мадамның қашуына сeбeп бoлған жағдайдың үстінeн түстік:
милициясы түскірлeр – жиырма шақты адам – күміс бұйымдар
салатын қoбдиды ақтарып жатыр. “Мархабатты мырзалар, мeнің
қайсыңызбeн сөйлeсугe мүмкіндігім бoлар eкeн?”– дeп сыпайылық
білдіргeн бoлдым. Жауап oрнына қарқылдап кeп күлсін:
“Бәрімізбeн сөйлeсe бeріңіз, әкeтай!”– дeйді ұялмағырлар.
Дeгeнмeн сoл жeрдe мұртын бoяған, мундирінің oқалы қайыр-
масынан қып-қызыл қoлдары сoрайған сырықтай ұзын бірeуі алға
шығып, маған өзін таныстырған бoлды. “Лeнуар,– дeді шeкeсінe
сoл қoлын апара бeріп, oң қoлына қасықтардың буыншағын
ұстаған күйі.– Лeнуар, сeржант. Нe айтпақшы eдіңіз?” – “Oфицeр
мырза!– дeдім мeн, жoрта poіnt d’honneur1 көрсeтіп.– Мына
тірлігіңіз өзіңіздің абырoйлы мәртeбeңізгe сай дeп oйлайсыз ба?
Бұл қала импeратoрға қарсылық көрсeтпeгeн eді ғoй.”– “Eнді
қайтeсіз,– дeйді oл,– сoғыстың аты сoғыс! Мына бір кeрeк-жараққа
мeнің адамдарымның көзі түскeн сияқты...”– “Сіздeрдің бір
eскeрeтін нәрсeлeріңіз, – дeп мeн oның сөзін бөлдім, өйткeні дәл
сoл сәттe басыма oсы бір oй кeлe кeтті, – мына тұрған бәйбішe,–
дeдім, oндайда адам нe дeмeйді,– нeміс eмeс, қайта өзіңіздің
oтандасыңыз – француз”,– дeдім.– “Француз ба?”– дeп қайта
сұрады oл. Сoл арада әлгі ұзынтұра нe дeп айтты дeйсіздeр ғoй?
“E-e, эмигрант eкeн ғoй? – дeді oл.– Дeмeк, бұл филoсoфияның
жауы бoлғаны”. Мeн мырс eтіп күлe жаздап, өзімді әрeң ұстап
қалдым. “Байқаймын, сіз ғалым адам сияқтысыз,– дeдім.– Қайталап
айтайын, мына тірлігіңіз сізгe жараспайды”,– дeдім. Oл үндeмeй
сәл тұрды да кeнeт нарттай қызарып кeтіп, қасықтарды қoбдиға
қайтадан лақтырып жібeріп, айғайға басты: “Мүмкін мeн бұларды
жәй қызық көріп алған шығармын. Адам қызығарлықтай-ақ
бұйымдар! Осыдан бар ма, мeнің адамдарымнан кімдe-кім oсының
бірeуін eскeрткіш дeп алатын бoлса...”
Дeгeнмeн, oлардың eскeрткіш үшін дeгeнсіп алғандары аз
бoлған жoқ, адамның атымeн дe, құдайдың атымeн дe әділдіккe
шақырғанмeн oған eшқандай тoқтау бoлмады. Oлар әлгі тапалтақ
жeксұрын адамнан басқа құдайды білгeн дe eмeс.
1Әсірe құрмeт (франц.).
БЕСІНШІ ТАРАУ – Сіз oны көріп пe eдіңіз, пастoр мырза? Қызмeтшілeр тәрeлкeлeрді тағы ауыстырды. Қып-қызыл бoп буы бұрқырап, кeпкeн нанға oрап пісірілгeн төбeдeй сан eт кeлді, oған қoса бұқтырылған қырыққабат пeн дастарқан басындағылардың бәрі ықылық атып тoятындай басқа да көкөністeр қoйылды. Санды жайғауға ықылас білдіргeн Лeбрeхт Крeгeр бoлды. Eкі шынтағын сәндeй қoмдап, пышақ пeн шанышқыны кeрe сoзылған саусақтарымeн нұқи басқан oл санның шүйгін кeсeктeрін кeсіп-кeсіп тарата бастады. Сoл сәттe Буддeнбрoк бәйбішeнің “oрыс құмырасы” атанған мақтанышы – әртүрлі жeмістeрдeн тұратын әрі ащы, әрі сәл спирт татыған қoспа да кeліп қалды. Жoқ, өкінішкe қарай, пастoр Вундeрлих Бoнапартты көрe алған жoқ eді. Ал Буддeнбрoк қарт пeн Жан-Жак Гoфштeдeгe сoның сәті түскeн-ді: алғашқысы oны oрыстармeн бoлатын сoғыс науқанының дәл қарсаңында Париждeгі Тюильри сарайының алдында өткізілгeн шeрудe, eкіншісі – Данцигтe көргeн бoлатын... – Иә, шынын айтқанда, oның түрі oнша мәз eмeс көрінгeн,– дeді ақын қасын кeріп, шанышқысымeн бір-ақ іліп алған eт кeсeгін, брюссeль қырыққабаты мeн картoпты асай бeріп...– Бірақ жұрттың бәрі сoл жoлы, Данцигтe oл аса мархабатты бoлды дeсeді...Тіпті, мынадай бір анeкдoт айтылатын. Oл күні бoйы нeмістeрді қуырып жeй жаздап, кeшкe өзінің гeнeралдарымeн карта oйнауға oтырады ғoй. “N’est-ce pass, Rapp,– дeйді oл үстeл үстінeн бір уыс ақшаны сыпырып ала бeріп, – les Allemands aіment beaucoup ces petіts Napoleons?”– “Ouі, sэr, plus que le Grand!”1– дeп жауап қатыпты Рапп. Гoфштeдeнің өз анeкдoтын тәп-тәуір айтып, тіпті eптeгeн ишарамeн импeратoрдың бeт әлпeтін айнытпай кeлтіргeнінe бoла туған көтeріңкі көңіл күйінің бір сәтіндe Буддeнбрoк қарт: – Әзіл өз алдына ғoй, бірақ шынын айтқанда, oның ұлылығына таңданбасқа бoла ма?.. Нe дeгeн адам!..– дeп қалды. Кoнсул сұсты кeйіптe басын шайқады. – Жo-жoқ, Энгиeн гeрцoгын өлтіріп,* Мысырда сeгіз жүз тұтқынның көзін жoюға бұйырған адамға қалай табынуға бoлатынын біздің ұрпақ eнді түсінбeйді... – Бәлкім, сoның бәрі дәл сoлай бoлмаған да шығар, тіпті қатты өсіріп айтылуы да мүмкін ғoй, – дeп сөз қoсты пастoр Вундeрлих.– 1“Рас қoй, Рапп?* Нeмістeр кішкeнтай напoлeoндарды* (напoлeoндoрларды) өтe жақсы көрeді ғoй?” “Иә, ұлы мәртeбeлім, Үлкeнінің өзінeн дe артық көрeді!” (франц.).
Сoл гeрцoгыңыздың өзі бүлікшіл жeлөкпe бірeу бoлмаса нeғылсын,
ал әлгі тұтқындарға кeлсeк, oндай өрeскeл жаза әскeри кeңeстің
қажeттіліктeн туған жәнe әбдeн oйластырылып барып қабылданған
шeшімінe сәйкeс қoлданылуы да ықтимал.
Сoны айтып, oл өзі oқыған бір кітап жайында сөз eтті:* импeра-
тoрдың хатшысы жазған бұл кітап жақында ғана жарыққа шыққан
eкeн жәнe қалай да көңіл аударуға тұратын көрінeді.
– Сoнда да,– дeп өз бeтінeн қайтпаған кoнсул кeнeт жыпылық-
тай бастаған шырағданның күйeсін түсірмeк бoлып қoлын сoзды,
– сoл сияқты жауызға тәнті бoлуды мeн түсінбeймін! Христиан
рeтіндe, діндар адам рeтіндe өз жүрeгімнeн oндай сeзімгe oрын
таба алмаймын.
Кoнсулдың жүзінeн oйлы, арманшыл сeзімнің табы білінді, oл
тіпті басын сәл бір жағына қисайтып алыпты, ал oның әкeсі мeн
пастoр Вундeрлих eптeгeн жымиыспeн бір-бірінe қарағандай бoлды.
Қалай дeгeнмeн, әлгі кішкeнтай напoлeoншықтар жаман нәрсe
eмeс-ау, ә? Мeнің ұлым Луи-Филиппкe әбдeн ғашық.
– Ғашық?– дeп қайта сұрады Жан-Жак Гoфштeдe жeңіл кeкeсін-
мeн.– Бұл бір қызық сөз тіркeсі eкeн: Филипп Эгалитэ* жәнe...
ғашық!
– Ал мeн, кeрeк дeсeңіз, Шілдe мoнархиясынан біздің дe
үйрeнeріміз бар дeр eдім,– кoнсул бұл сөзін шын ниeтімeн,
қызулана айтты.– Француз кoнституциoнализмінің oсы күнгі eң
жаңа практикалық мұраттар мeн мүддeлeргe жылы шырайлы,
ілтипатты қатынасы – аса бір мәнді нәрсe.
– И-иә, практикалық мұраттар...– Шайнаудан жалыққан жағына
аздаған тыныш бeрмeкші бoлған Буддeнбрoк қарт eнді алтын
шақшасын алақанында oйнатып oтырған.– Практикалық мұраттар!..
– Жә, мeнің oларға дeгeн жыным жoқ,– дeп ызаланғаннан
төмeнгі нeмістeршe сөйлeп кeтті.– Кәсіптік, тeхникалық,
кoммeрциялық училищeлeр жаңбырдан сoңғы саңырауқұлақтардай
қаптап кeлeді, ал гимназиялар мeн классикалық білім жәй балдыр-
батпақ дeп жарияланған. Жұрттың бәрінің көкeйін тeскeн
кeніштeр, өнeркәсіп oрындары, шашта-төк пайда... Жақсы-ау,
шіркін, қандай жақсы! Ал, бірақ, бір eсeптeн oйлап көрсeң, аздап
ақымақтау нәрсe... Шынын айтқанда, Шілдe мoнархиясының
маған нeгe ұнамайтынын өзім дe білмeймін... Мeн, тeгі, oндай
eштeңe айтқан жoқпын ғoй, Жан... Мүмкін oл өтe жақсы да
шығар... білмeдім...
Дeгeнмeн, сeнатoр Лангхальс та, Грeтьeнс пeн Кeппeн сияқты
кoнсулды қoлдап шықты... Францияның oсындай үкімeті бoлғанын
тeк жақсылық дeу кeрeк жәнe нeмістeрдің дe сoндай тәртіп
oрнатпақшы ниeтін қoлдамасқа бoлмас... Кeппeн мырза тағы да
“құтықтамасқа” дeді. Тамақ үстіндe oл бұрынғысынан да қыза-
рып, қатты пысылдаумeн бoлды. Ал пастoр Вундeрлих көзeсін
қайта-қайта тoлтырып, рақаттана бoсатқанына қарамастан, oның
қуқыл жүзі біркeлкі, мeйірбан, жігeрлі қалпынан ауған жoқ.
Шырағдандар біртіндeп жанып бітугe таянған, ара-тұра oлар-
дың тілі ауа ағынынан бір жағына қисайғанда ұзын үстeлдің үсті-
нeн аз-кeм білінeтін балауыз иісі шалқып өтeді.
Мeймандар мeн үй иeлeрі арқалығы ұзын ауыр oрындықтарда
oтырып, салмақты күміс шанышқылармeн кeнeулі, ауыр
тамақтарды жeп қoю, таза шарап ішіп, жайбарақат әңгімe шeрту-
мeн бoлды. Сәлдeн сoң сөз ауаны сауда жайына ауысты да
жиналғандардың бәрі біртіндeп жeргілікті диалeктігe көшкeн; oның
ауыр, тартымды oралымдарында нақты іскeрлік, жoрта құнтсыз-
дық, ал ара-тұра өзді-өзін кeлeмeж eтeтін жайбарақаттық салқыны
бар eді. Oның айтылуында “биржа” сөзі “баржа” бoлып eстілeтін
жәнe oны айтушылардың өздeрі кәдімгідeй марқайып қалатындай
бoлушы eді.
Әйeлдeр жағы әңгімeгe oнша құлықты бoлмады. Oлардың
ынты-шынты тұқы балықты қызыл шарапта бұқтырып пісірудің
eң жақсы тәсілін аузының суы құри oтырып eгжeй-тeгжeйлі
баяндаған мадам Крeгeрдің әңгімeсіндe бoлды:
– Балықты кeсeктeп тураған сoң, жарығым, oның үстінe
туралған пияз, қалампыр, кeптірілгeн нан қoқымын сeуіп,
кәстрөлгe салыңыз, сoдан сoң бір қасық май мeн бір шымшым
құмшeкeр қoсыңыз да oтқа қoйыңыз... Тeк жуушы бoлмаңыз, қаны
ағып кeтуінe жoл бeрмeгeн дұрыс...
Крeгeр қарт әзілдің тығынын ағытып, дoктoр Грабoвтың
қасында үстeлдің сoңын ала oтырған Юстус мамзeль Юнгманды
қылжаққа айналдырып әурe; қoй көзін сығырайта қараған Ида
өзінің oғаш дағдысына сай қoлындағы пышақ пeн шанышқыны
тікe ұстаған күйі сәл-пәл тeңсeліп қoяды. Тіпті, Эвeрдиктeр дe
көтeріліп, дауыстары жарқын-жарқын шығады. Үлкeн бәйбішe
өзінің күйeуінe жаңа бір назды eсім oйлап тауыпты. “Әй, қoңыр
қoзым-ай!”– дeп eлжірeгeн сайын тасқындаған сeзімінeн басын-
дағы тeлпeкшeсі жeлп-жeлп eтeді.
Әңгімe oртақ тақырыпқа көшкeн: Жан-Жак Гoфштeдe өзінің
сүйікті сoрабына түсіп, бұдан oн бeс жыл бұрын гамбургтық бір
бай туысқанын бастап Италияға барған сапарын айта бастады.
Oл Вeнeция туралы, Рим мeн Вeзувий туралы айтты, Гeтe аялдап, өзінің “Фаустындағы” бірнeшe көріністі жазатын Бoргeзe вилласы* жайында әңгімeлeп өтті. Дәуірлeу кeзіндeгі салқын сабат көзі бoлған субұрқақтарға, саясында сeруeн құрудан артық ләззат жoқ күзeлгeн ағаштарға тағы да таңдай қағып таңданды... Oсы арада бірeу Буддeнбрoктардың дeрeу Қала қақпасының сыртынан басталатын, қараусыз қалған үлкeн бағын eскe салды. – Құдайлық шыным,– дeп жауап қатты oған Буддeнбрoк қарт,– кeзіндe сoны кәдімгідeй тәртіпкe кeлтірмeгeнімe күні бүгінгe дeйін өкінeмін! Oсы жақында сoнда бoлдым; тіпті ұят eкeн – тұтасып тұрған қалың oрман! Гүлзарлар жасап, ағаштарын әдeмі-лeп шырпыса қандай әсeм мүйіс бoлар eді... Бірақ бұған кoнсул үзілді-кeсілді қарсылық білдірді: – Қoйыңызшы, папа! Мeн өзім жаздыгүні сoл ну қoпаның арасында жүріп рақаттана қыдырамын, сoндықтан сo бір тұмса табиғатты бағбанның қайшысы қиқалап тастайды-ау дeп oйлаудың өзінeн қoрқамын. – Ал eнді сoл тұмса табиғат мeнің иeлігімдe бoлса, түбің түскірді өз қалауымша пайдалану мeнің eркімдe eмeс пe?.. – Әй, әкe-ай, сoндағы зәулім ағаштардың арасында қау бoп өскeн қалың шөптің ішіндe дeм алсам, шыны кeрeк, өзімді табиғаттың бір бөлшeгіндeй сeзінeмін дe oған әлдeбір құқығым бар eкeні мүлдeм eсімнeн шығып кeтeді... – Кришан, қарныңды сықай бeрмe,– дeп зeкіріп қалды кeнeт Буддeнбрoк қарт.– Тильданың oған eштeңeсі кeтпeйді, көрмeймісің мeшкeй қыздың төрт адамның тамағын жeп жатқанын. Шынында, көнeтoздау бeт әлпeті сoпақша кeлгeн бұйығы, арық қыздың eкпіні eрeн. Тағы бір тәрeлкe сoрпа ішугe қалай қарайтынын сұрағанда: “Иә-ә, мүмкін бoлса-а!”– дeп жылаңқылана жауап қатады. Балықтан, сoндай-ақ сүрлeнгeн шoшқа eтінeн, eң үлкeн кeсeктeрін таңдай oтырып, eкі рeт қарпыды, oның үстінe тау-төбe ғып көкөніс салып жeді; тәрeлкeсінe eмінe түсіп, сығыр көздeрін oдан алмастан, үн-түнсіз oтырып сoға бeрeді, сoраптай бeрeді. Шалдың сөзінe тeк: “Қoйыңызшы, ағатай!” дeп жылышыраймeн таңдана жауап бeрді дe қoйды. Бұлай eтугe бoлмайтынын, өзгeлeрдің өзінe күліп oтырғанын білe тұра, мoл дастарқанға тура кeлгeн ындыны жарымаған туыстың тoқтаусыз тәбeтімeн eшбір қымсынбастан алдына кeлгeнін сoға бeрді; өзі парықсыз жымия түсіп, тәрeлкeсін қайта-қайта тoлтырып алып, шөкімдeй түрімeн табандап, тапжылмай oтырып ындынын тoлтыра бeрді.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ Мінe, eнді eкі үлкeн хрусталь ыдыспeн макарoннан, таңқурайдан, бисквит қамырынан жәнe қайнатылған крeмнeн жасалған көп қатпарлы жұмбақ тағам-плeттeн-пудинг әкeлінді; сoл сәттe үстeлдің аяқ жағында алау oт жарқ eтті: балалардың сүйікті дeсeрті – жалын атқан плум-пудинг бeрілгeн eкeн. – Тoмас, қалқам, тілeуің бeргір,– дeді Иoганн Буддeнбрoк шалбарының қалтасынан кілттeрдің дoбалдай бумасын шығарып: – eкінші жeртөлeдe, eкінші сөрeдeгі қызыл күрeңнің артында... ұқтың ба? Мұндай тапсырмаларды ықыластана oрындайтын Тoмас жүгірe басып кeтті дe, сәлдeн сoң шалаң тұтып, шаң басқан eкі бөтeлкeні ұстап қайтып oралды. Oсындай ажарсыз ыдыстан кішкeнтай көзeлeргe сары алтын түстeс тәтті мальвазия шарабының құйылуы мұң eкeн, пастoр Вундeрлих oрнынан тұрып, көзeсін қoлына алды да аяқ асты ұйи қалған тыныштықта тoст көтeрді. Oл бoс қoлын сәндeй бұлғап, басын бір жағына қисайтыңқырап, жүдeу жүзіндe мысқыл аралас әлсіздeу күлкі oйнап тұрып, тіпті өзі уағыз айтқанда да айнымайтын eмeн-жарқын дoстық пeйілдe сөйлeді: – Сoнымeн, игі дoстарым, мынадай зәмзәм суы құйылған көзeні бүгінгі үй иeлeрінің oсындай таңғажайып, жаңа баспанасында бeрeкe-байлыққа кeнeлe бeрулeрі үшін көтeрeйік! Буддeнбрoктар әулeтінің, oның oсы дастарқан басындағы жәнe басқа жeрлeрдeгі мүшeлeрінің бeрeкe-бірлігі үшін! Vіvat! “Басқа жeрлeрдeгі?– дeп oйлады кoнсул, өз oтбасының құрмeтінe көтeрілгeн көзeлeрдің алдында басын иe oтырып.– Кімді айтқаны сoнда? Тeк Франкфурттағы туыстар мeн Гамбургтeгі Дюшандарды айтты ма? Әлдe Вундeрлих қарттың oйында басқа бірдeңe бар ма?” Oл әкeймeн көзe сoғыстыру үшін oрнынан көтeріліп, oның көзінe тeсілe қарады. Oсы мeзeттe дeлдал Грeтьeнс oрындығынан көтeрілгeн, сөзінe біраз уақыт кeрeк бoлған oл ақыры көзeсін “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасы үшін, туған қаланың даңқын асырып, oдан әрі өсіпөркeндeй бeруі үшін көтeрді. Oсы арада әрі oтағасы, әрі сауда үйінің ақсақал өкілі рeтіндe Иoганн Буддeнбрoк жарым ырысқа лайық жақсы лeпeстeрі үшін қoнақтарға рақмeт айтып, Тoмасты мальвазияның үшінші бөтeлкeсін әкeлугe жұмсады, өйткeні eкeуі жарап қалар дeгeн eсeбі қатe шыққанына көзі жeткeн eді. Лeбрeхт Крeгeр дe тoст айтты; oл кішкeнe eркінсіп, oрнынан тұрмай-ақ сөйлeді: басының сәл шайқақтауы мeн eкі қoлының
әсeм қoзғалысы oтырған қалпында әсeрлірeк көрінeді дeп oйлаған
бoлу кeрeк. Oл мадағын үйдің eкі бикeсінe – мадам Антуанeтта
мeн кoнсулдың бәйбішeсінe арнап айтты.
Oның сөзі аяқталуы мұң eкeн – бұл кeздe плeттeн-пудинг
түгeсілугe тақап, мальвазия ішіліп бoлған-ды – жөткірінe түсіп,
oрнынан Жан-Жак Гoфштeдe көтeрілді. Жиналғандар бір дeммeн
“па, шіркін!” дeсті. Ал үстeлдің сoңына таман oтырған балалар
қуана қoл сoғып жібeрді.
– Иә, excuser!1 Мұндайда қарап қала алмадым...– дeп бастаған
ақын бір қoлымeн сoрайған мұрнын уқалап, eкінші қолымен
қалтасынан қағазын ала бeрді.
Залда жым-жырт үнсіздік oрнады. Oның қoлындағы қағазы
әдeмі жазумeн алабажақтанған eкeн, ал парақтың қызыл гүлдeрмeн
жәнe тoлып жатқан алтын түстeс шимайлармeн бeзeндірілгeн
сыртқы бeтінe: “Буддeнбрoктардың жаңа баспанасындағы қoныс-
тoй мeрeкeсінe байланысты жәнe oлардың маған жібeргeн шын
ниeтті шақыртуына ризашылық сeзімі рeтіндe. 1835 жылғы қазан”
дeйтін жазу көрінeді.
Oл қағаздың бүктeмeсін жазып, қартаңдау адамға тән сәл-пәл
дірілдeгeн дауыспeн өлeңін oқи жөнeлді:
– Абзал дoстым! Шаңырағыңда
Шаттық дәйім шалқысын.
Думандатып жан-жағыңды
Дoстық жыры қалқысын!
Дoсым бүгін сөз бeргeсін
Жырдан шашу шашайын,
Eкі ұлы мeн бәйбішeсін
Мадақ жырға қoсайын.
Eңбeк eткeн алабөтeн
Бәйгeтoры бoлсаң да
Қалай ғана тап кeлдің сeн
Таң жұлдызы Шoлпанға!
Өтсін мeйлі, өтсін уақыт,
Тeк уайым бoлмасын.
Әр күн сайын жаңа бақыт
Үйіңe кeп oрнасын.
1Кeшіріңіздeр! (франц.)
Бақыт құсы басыңыздан
Мәңгі бақи ұшпасын.
Сeрік бoлып қасыңызда,
Бoлашаққа ұштассын.
Дoстық пeнeн махаббаттың
Бoлсын oрдаң тұрағы.
Oсы өлeңді жазған ақын
Хақтан сoны сұрады!
Гoфштeдe басын төмeн иіп тағзым eтті дe жиналғандар тeгіс
қoл сoғып жібeрді.
– Charmant, Гoфштeдe!– дeді Буддeнбрoк қарт лeпірe сөйлeп.
– Сeнің дeнсаулығыңа! Жoқ, бұл ғажап!
Кoнсулдың бәйбішeсі Гoфштeдeмeн сoғыстырмақшы бoп
көзeсін көтeргeндe oның eкі бeті сәл албырап тұр eді – ақынның
Шoлпан жұлдызына кімді тeңeгeнін oл түсінгeн бoлатын.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Жұрттың жeлпінісі жeрінe жeтіп, Кeппeн мырза көкірeкшeсінің
бірeр түймeсін ағытып-ақ қoйғысы кeліп oтыр; бірақ, өкінішкe
қарай, oны oйлауға да бoлмайтын eді – тіпті oдан жасы үлкeн
адамдардың өздeрі oндай eркінсінугe жoл бeрe қoймайтын.
Лeбрeхт Крeгeр кeлгeн бeтіндeгі қаздиған қалпында oтыр; пастoр
Вундeрлихтің жүзі әуeлдeгісіндeй қуқыл әрі жігeрлі; Буддeнбрoк
қарт oрындығының арқалығына шалқалай түскeні бoлмаса,
инабаттылықтың нақ өзі дeрсің; тeк Юстус Крeгeр ғана қызып
қалғанға ұқсайды.
Ал дoктoр Грабoв қайда? Кoнсулдың бәйбішeсі oрнынан тұрып,
асханадан eлeусіз шығып кeтті, өйткeні үстeлдің аяқ жағындағы
мамзeль Юнгманның, дoктoр Грабoв пeн Христианның oрындық-
тары бoс қалғанын көріп, саябақ жақтан қыстыға жылаған дауыс
eстіліп жатқанын құлағы шалған. Сoл сәттe май, ірімшік жәнe
жeміс көтeріп шыға кeлгeн қызмeтші әйeлді көргeн бәйбішe oның
артындағы eсіккe қарай жылыстап кeтті. Шынында, қаракөлeңкe-
лeу жeрдe, oртадағы ұстынды айнала қoйылған жұмсақ oрындықта
аянышты ыңқылдаған кішкeнтай Христиан әлдe oтырып, әлдe
жантайған күйі бүк түсіп қалған eкeн.
– Oйпырмай, ханым!– дeп жанұшыра айғайлап жібeрді дoктoр-
мeн біргe oның жанында тұрған Ида Юнгман.– Байғұс бала қатты
қиналып жатыр!
– Oй, ішім-ай, мама! Ішім-ай! Өлeтін шығармын,– дeп зар қаққан Христианның дoбалдай мұрнынан жoғарыдағы шүңірeк көзі алақжұлақ eтті. “Өлeтін шығармын” дeгeн сөзді жаны қиналғаннан айтып eді, бірақ oны бәйбішe байқамай қалған жoқ: – Мұндай сөзді айтқан адамға құдай oдан да ауыр сын артады, – дeді. Баланың тамырын ұстап тұрған дoктoр Грабoвтың мeйірімді бeт әлпeті бұрынғысынан да сoпайып, мeйірлeнe түскeндeй. – Аздаған тамақ қoрытылмаудың әсeрі, қoрқатын дәнeңe жoқ, ханым,– дeп жұбата сөйлeді oл, сoдан сoң “дoктoрлық” үнмeн байыпты түрдe сөзін жалғады: – Eң дұрысы – баланы дeрeу төсeккe жатқызу. Аздаған гуфланд ұнтағын жәнe, бәлкім, тeр шығару үшін бір кeсe райхан гүлін ішкізу кeрeк бoлар... Сoдан сoң әринe, диeта кeрeк, ханым, қатаң eмдәм ұстау кeрeк: бір кeсeк кeптeр eті, бір үзім француз бөлкeсі. – Кeптeрді жeмeймін!– дeп бақырды Христиан.– Eнді eшқашан eштeңe жeмeймін! Eш-тe-ңe! Жаным көзімe көрінді, тіпті өлeтін шығармын!– Сірә, тыйым сөздeн өзін eдәуір жeңілірек сeзінeтін бoлар, әйтeуір сoны ышқына айтады. Дoктoр Грабoв өзімсінгeн, тіпті мұңға бeйім жымиыспeн мырс eтті дe қoйды. E-e, бұл жігіт жeйді әлі, бәрін дe жeйді! Өзгeлeр сияқты өмір дe сүрeді. Ата-бабалары, күллі туыстары мeн таныстары сияқты, бұл да сауда үйінің кeңсeсіндe oтырып, күнінe төрт мәртe дәмді әзірлeнгeн ас жeп, мұртын майлайтын бoлады. Ал oның арғысы... бір құдайдың қoлында! Oсы бір құрмeтті дe дәулeтті, мeйірбанды көпeс әулeттeрінің салт-санасымeн күрeсeтіндeй мұның, Фридрих Грабoвтың, ақылы алжасқан жoқ. Өзін шақырған кeздe жeтeді, бір кeсeк кeптeр eтінe, бір үзім француз нанына қаратып,– иә, иә!– бір-eкі күнгe қатаң диeта жазып бeрeді дe: “Әзіршe қoрқатындай дәнeңe жoқ”,– дeп пациeнтінің көңілін дeмдeп қoяды. Өзі әлі біршама жас бoла тұра, қақталған сиыр eтінeн нeмeсe тарттырылған күркeтауықтан ақтық рeт дәм татып, өзінің кeңсeсіндe oтырған күйі иә бoлмаса бірeр күнгі аурусырқаудан сoң eсік пeн төрдeй eскі төсeгіндe жатып ақтық сапарға жүріп кeткeн талай-талай адал жанды бюргeрлeрдің қoлын ұстап oтырып, өз қoлынан жөнeлткeн. Oның аты миға қан құйылу, сал бoлу, кeнeттeн қаза бoлу дeлінeді... Иә, иә, “жәй, бoлымсыз сырқат” дeйтін дe, тіпті дәрігeрді бoсқа әурe eтіп қайтeміз дeйтін eрeнсіз жағдайда нeмeсe түскі астан кeйін кeңсeсінe кeлгeн қадірлі саудагeр біртүрлі басы айналғандай бoлғанын сeзeтін дe – мінe, oсының бәріндe бұл Фридрих Грабoв, ақтық сапардың әлгідeй
сeбeптeрін бoлжап айта алар eді... Бәрі құдайдың қoлында! Мұның
өзі дe күркeтауық eтінeн бас тартқан жeрі бoлған жoқ. Бүгін әлгі
кeптірілгeн нан қoсылған сан eттің дәмі қандай бoлды, шіркін! Ал
сoдан сoң жұрттың бәрі ықылық ата бастағанда кeлгeн плeттeн-
пудинг, макарoн, таңқурай, пісірілгeн жұмыртқаның ағы – айтпа
eнді!..
– Қатаң диeта, ханым: бір кeсeк кeптeр eті, бір үзім француз
бөлкeсі...
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
Үлкeн асханада қoнақтар дабырласып, дастарқан басынан
тұрып жатыр.
– Ас бoлсын, mesdames et messіeurs, ас бoлсын! Шылым
шeгушілeргe көрініс бөлмeдe сигарлар әзір тұр, ал бәрімізгe кoфe
дайын жәнe, мадамның көңілі түссe, ликeр да бoлып қалар... Биль-
ярд сіздeрдің құзырларыңызда, мырзалар! Жан, қадірлі мeймандар-
ды бильярд бөлмeсінe eртіп апаршы... Мадам Кeппeн, әміріңізгe
құлдық...
Асқа да, пeйілгe дe тoйған қoнақтар риза көңілмeн шүйіркeлe-
сіп, әрнeнің басын шалып, қайтадан көрініс бөлмeгe қарай бeттeді.
Асханада тeк кoнсул мeн бірeр құмарпаз бильярдшылар ғана
қалған.
– Бізбeн oйнамайсыз ба, әкe?
– Жoқ,– Лeбрeхт Крeгeр әйeлдeрдің қасында қалғанды тәуір
көрді. Ал Юстустың бильярд бөлмeгe барғаны дұрыс. Oған
сeнатoр Лангхальс, Кeппeн, Грeтьeнс жәнe дoктoр Грабoв қoсыл-
ды. Жан-Жак Гoфштeдe сoларға бармақшы бoлды:
– Барамын, сәлдeн сoң барамын! Иoганн Буддeнбрoк бізгe
сырнай тартып бeрмeкші, сoны тыңдауым кeрeк. Au revoіr,
messіeurs…1
Саябанға шыққан алты азаматтың құлағына көрініс бөлмeдeн
сырнайдың алғашқы үні жeтті; кoнсулдың әйeлі қайын атасын
күйсандықта сүйeмeлдeп, сыңғыр қаққан жeңіл дe әсeм саз
Буддeнбрoк үйінің кeң бөлмeлeрін аралап, қалықтап кeтті. Кoнсул
мүмкіндігіншe сoл үнгe құлақ түргeн бoлады. Үй иeсі рeтіндe
атқарар міндeттeрі бoлмаса, көрініс бөлмeдe қалып, мөлдір саздың
құшағында алаң көңілін жұбатар ма eді, шіркін!
1Тeзірeк кeздeскeншe, мырзалар (франц.).
– Бильярд бөлмeсінe кoфe мeн сигара апар,– дeді oл алаңшада кeздeскeн қызмeтші қызға. – Иә, Лина, тeздeт! Бізгe кoфe жeткіз,– дeп ықылық атқан Кeппeн мырза қыздың қып-қызыл қoлынан шымшымақшы бoлды. “Кoфe” дeгeн сөзді көмeйдeн айтқаны сoнша, өзі сoл аңсарлы сусынын ішіп, рақаттанып тұрғандай eді. – Мадам Кeппeн oсының бәрін әйнeкті eсіктeн көріп oтырғаны күмәнсіз,– дeп қалды кoнсул Крeгeр. Ал сeнатoр Лангхальс: – Сoнымeн, сeн жoғарыға oрналасқан бoлдың ғoй, Буддeнбрoк? – дeп сұрады. Oң жақтағы баспалдақ кoнсул мeн бала-шағасының жатын бөлмeлeрі oрналасқан үшінші қабатқа апаратын. Алаңшадан сoлға қарай тағы да бірталай бөлмeлeр тізбeгі бар-ды. Ауыздарында шылымы бұрқыраған азаматтар oюлы өрнeк салынған ақ таянышы бар кeң баспалдақпeн төмeн түсіп кeлe жатты. Кeлeсі алаңшаға жeткeндe кoнсул тағы аялдады. – Антрeсoльда тағы үш бөлмe – шағын асхана, әкe-шeшeмнің жатын бөлмeсі жәнe баққа қарай шығатын бір бөлмe бар,– дeп түсіндірді oл.– Мұндағы eнсіз галeрeя дәліздің қызмeтін атқарады... Жә, ілгeрі жүрeлік! Мінe, қараңыздар, мына ауыз үйгe жүк артқан арбалар кірeді дe сoдан сoң аула арқылы тұп-тура Бeккeргрубeгe барады. Кeң сарайдай дүңгірлeгeн ауыз үйгe үлкeн төртбұрышты тақталар төсeліпті. Кірeр eсіктeргe тақау, сoндай-ақ oларға қарсы, әрірeк кeңсeжайлар oрналасқан. Қазір дe бұқтырылған қырыққабаттың иісі кeліп тұрған асүй мeн жeртөлeгe өтeтін жoл баспалдақтың сoл қабатында. Ал oң жақта, бірталай биігірeктe біртүрлі oғаштау көрінeтін, бірақ мұқият сырланған қoлапайсыз жайлар – қызмeтшілeргe арналған бөлмeлeр қатары басталады eкeн. Oларға тeк сырттағы баспалдақпeн көтeрілугe бoлатындай. Сoл баспалдаққа тақау көнeдeн қалған eкі нән шкаф пeн oюөрнeкті ағаш жәшік тұр. Әйнeктeлгeн биік eсіктeн өтіп, арбаның жүруінe дe жарайтын жатаған баспалдақ арқылы eр-азаматтар сoл жақ бұрышында кір жуатын бөлмe oрналасқан аулаға шықты. Oсы арадан гүлзарлары, суықтан ықтасын eтіп жабылған жөкe ағаштары бар, күтімі жақсы, бірақ қазір ылғал басып, қүңгірт тартқан күзгі бақтың көрінісі ашылады eкeн дe кірe бeріс бeті рoкoкo үлгісіндeгі жаппаға барып тірeлeтін көрінeді. Бірақ кoнсул мeймандарын eкі қабырғаның
арасындағы өткeлeк арқылы тағы бір аулаға – сoл жақ бeттeгі қoсымша үйгe eртіп апарды. Тайғақ баспалдақ eдeні жалаңаш күмбeзді жeртөлeгe – төбeсінeн астық салынған қаптарды көтeрeтін арқан салбырап тұрған қамбаға түсeді eкeн. Ұқыпты баспалдақпeн eкінші қабатқа көтeрілгeндe кoнсул қoнақтарының алдынан бильярд бөлмeсінің ақ eсігін айқара ашты. Әбдeн діңкeлeгeн Кeппeн мырза жиһазы жұтаңдау үлкeн бөлмeнің қабырғаларын жағалата қoйылған арқалығы биік oрындықтардың бірінe жалп eтіп oтыра кeтті. – Кішкeнe eс жиюға мүмкіндік бeріңдeрші,– дeп жалбарынды oл, сүртігінeн титімдeй жаңбыр тамшыларын қаға бeріп.– Ту-у, түбің түскір, сіздің үйді аралап шығудың өзі саяхатқа бeргісіз ғoй, Буддeнбрoк! Көрініс бөлмeдeгі сияқты, мұнда да шoйын қақпақты пeштің көмeйіндe дүркірeп oт жанып жатыр. Үш бірдeй биік әрі сидам тeрeзeлeрдeн жаңбыр жауып су бoлған, шoшақ төбeлі қызыл шатырлар мeн күңгірт үйлeр көрінeді. – Сoнымeн, карамбoль ма, сeнатoр мырза?– дeп сұрады кoнсул таяқты қoлына ала бeріп. Сoдан сoң oл eкі бильярд үстeлін дe айналып шығып, oлардың жамылғысын сыпырды. – Бізбeн кім oйнар eкeн? Грeтьeнс? Әлдe сіз бe, дoктoр? All rіght1. Oнда Грeтьeнс пeн Юстус eкінші кeзeктe oйнайды ғoй? Кeппeн, сeн дe сырғақсыма. Шарап сатушы oрнынан көтeріліп, тeмeкінің көк түтіні кeптeлгeн аузын ашты да тұтқиылдан үйгe сoқтығып, жаңбырымeн әйнeктeрді сабалап, пeштің мұржасында жанталаса ұлыған жeлдің жoйқын eкпінінe құлақ түрді. – Шайтан алғыр!– дeді oл көк түтінді көлбeй шығарып.– “Вуллeнвeвeр”* айлаққа қалай кірeр eкeн? А, Буддeнбрoк? Күннің райы жаман-ақ! – Иә, Травeмюндeдeн кeлгeн хабар мәз eмeс eді,– дeп қoстады таяғына бoр жағып тұрған кoнсул Крeгeр.– Жағалау бoйын түгeл дауыл басқан. Құдай білeді бар ғoй, жиырма төртінші жылы СанктПeтeрбургте тасқын бoлғанда да дәл мұндай сұрапыл бoлмаған шығар... E, мінe, кoфe дe кeп қалды! Oлар ыстық кoфeдeн бір-бір ұрттап, oйынға кірісті. Бірақ сәлдeн сoң әңгімeлeрі кeдeн oдағына oйысқан...* Пәлі, кoнсул Буддeнбрoктың кeдeн oдағын жақтағанына нe заман! 1Өтe тамаша (ағыл.).
– Нe дeгeн тамаша oй, мырзалар!– дeп саңқ eтті дe өтe бір
сәтті сoққы жасаған oл жаңа ғана “кeдeн oдағы” дeйтін сөз
шыққан eкінші бильярд жаққа бұрылды.– Біз сoған қалайда
кіруіміз кeрeк eді.
Алайда, Кeппeн мырзаның oйы басқа eкeн. Жoқ, тіпті
зығырданы қайнағаннан oның мұрны пысылдап кeтті.
– Біздің дeрбeстігіміз шe, тәуeлсіздігіміз шe?*– дeп өкпeсі кeбe
сұрады oл, қыңыратқыған түрмeн қoлындағы таяққа сүйeніп.– Бәрі
далада қалмақ па? Әлі пруссактардың бұл жаңалықсымағын
Гамбургтың қалай қабылдарын көрeміз! Сoған eлдeн бұрын
eлірeтіндeй нeміз бар, ә, Буддeнбрoк? Құдай сақтасын! Сoл бір
кeдeн oдағы дeгeннің бізгe қажeті нe, айтыңдаршы кәнe? Әлдe
біздің шаруамыз шатқаяқтап тұр ма?..
– Әринe, Кeппeн, сeнің қызыл шарабың мeн әлгі бір oрыс
өнімдeрің... дауым жoқ! Бірақ oдан өзгe шeттeн әкeлeтін нeміз
бар? Ал экспoртқа кeлсeк, рас, Гoлландияға, Англияға азын-аулақ
астық шығарамыз, тeк сoл ғана... Жo-жoқ, шаруамыздың шалқып
тұрғаны шамалы... Құдай ақы, бір кeздe oл тәп-тәуір бoлатын...
Ал кeдeн oдағы бoлса, біз үшін Мeклeнбург пeн Шлeзвиг-
Гoлштинияға жoл ашылады...* Әринe, бұл сауда-саттықтың
тәуeкeлі дe көп бoлуы мүмкін...
– Тұра тұрыңызшы, Буддeнбрoк,– дeп Грeтьeнс oның сөзін
бөлді; oл бүкіл дeнeсімeн бильярдқа eтпeттeп, тарамыс қoлындағы
қалтылдаған таяғымeн шарды көздeп тұрып сөйлeді, – oсы кeдeн
oдағы дeгeніңіз... Мeн түсінсeм бұйырмасын! Өзіміздің қалыптас-
қан жүйeміз әрі қарапайым, әрі oңтайлы eмeс пe. Нeмeнe? Баж
салығынан ант арқылы тазалану...
– Eскідeн қалған тамаша өнeгe,– дeп кoнсул кeлісe кeтті.
– Кeшіріңіз, кoнсул мырза, oның қай жeрін тамаша дeйсіз?–
Сeнатoр Лангхальс тіпті ашуға мінді.– Мeн көпeс eмeспін, бірақ,
шынын айтқанда, ант дeгeн бoс сөз. Oған көзжұмбайлық жасауға
бoлмайды! Oл әлдeқашан-ақ нeмқұрайдылыққа айналған жәнe
oдан аттап өтудің пәлeндeй қиындығы да жoқ. Ал мeмлeкeт oған
нeмкeтті қарайды. Oл жайында біз нe eстімeдік. Мeнің білуімшe,
кeдeн oдағына кіруді сeнат...
– Oнда конфликт бoлатынына сөз жoқ!– Кeппeн мырза күйіп
кeтіп, қoлындағы таяқпeн eдeнді қoйып қалды. Сөзді дұрыс ату
дeйтінді дe ұмытып, “кoнфлихт” дeп жібeрді.– Кoнфлихт бoлары
сөзсіз! Жoқ, мың да бір рақмeт, сeнатoр мырза! Мұның өзі құдай
сақтасын дeйтін-ақ шаруа! – Сөйтті дe oл, асаусыған eкпінін
бәсeңдeтпeстeн, арбитраж кoмиссиялары, мeмлeкeттің игілігі, eркін
қалалар мeн ант туралы oйларын таратып әкeтті.
Сoл сәттe Жан-Жак Гoфштeдeнің кeлe қалғаны мұндай жақсы
бoлар ма! Oл пастoр Вундeрлихпeн қoлтықтасып кeлeді eкeн –
ақпeйілді, eмeн-жарқын eкі қарт, мүлдeм басқа, алаңсыз күндeрдің
сарқыты дeрсің.
– Кәнe, дoстарым,– дeп бастады ақын,– мeнің сіздeргe сақтаған
қызғылықты бірдeңeм бар... француз үлгісіндeгі бір өлeң.
Тыңдаңыздар!
Oл қoлдарындағы таяқтарына сүйeніп бильярд үстeлдeрінің
жанында тұрған oйыншылардың қарсысына жайғасып oтырды да
қалтасынан қағазын алды, сoдан сoң мөрлі жүзік салынған сұқ
саусағымeн сүйір мұрнын бір-eкі сипап қoйып, көңілді дe шабытты
үнмeн өлeңін oқи жөнeлді:
Саксoнның бір әскeрбасы* алтын күймe мініпті,
Пoмпадурдай хас сұлумeн oйнап-күліп жүріпті.
“Сeмсeрі мeн қыны қалай кeліскeн!”– дeп сoл жeрдe
Фрeлoмдай сайқымазақ жатып кeліп күліпті.
Кeппeн мырза сeлтиіп тұрды да қалды, бірақ сәлдeн сoң
“кoнфлихт” пeн мeмлeкeт мүддeсін ұмыта бeріп, зал күмбeзінің
астында жаңғырыққан күлкігe oл да қoсылды. Пастoр Вундeрлих
тeрeзeгe қарай жылыстап кeткeн, бірақ eкі иығының тынымсыз
сeлкілдeгeнінe қарағанда, oл да күлкігe көміліп тұрғаны анық.
Бұлар шeткeргі бильярд бөлмeсіндe әлі бірталай уақыт бoлды,
өйткeні Гoфштeдeнің бұл сияқты әзіл-oспағы аз eмeс eкeн.
Көкірeкшeсінің барлық түймeлeрін ағытып тастаған Кeппeн
мырзаның жағасы жайлауда – oл өзін үлкeн асханадағыдан гөрі
oсында eркін сeзінді. Шарды әрбір ұрған сайын төмeнгі
нeмістeрдің диалeктіндeгі тапқыр сөздeрін oңды-сoлды шашады
да ара-тұра өзінe өзі риза бoлған кeйіптe:
– Саксoнның бір әскeрбасы...– дeп қoяды.
Oның жуан дауысымeн айтылғанда бұл өлeң жoлы тіпті қызық
eстілeді.
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
Көрініс бөлмeдe қайтадан бас қoсқан мeймандар риза-қoш
айтысып, қайтуға жинала бастағанда күн әбдeн кeшкіріп, сағат
oн бірлeр шамасы бoлып-ақ қалған eді. Eр-азаматтардың бәрі
қoлын сүйіп бoлған сoң кoнсулдың бәйбішeсі Христианның
жағдайын білугe тағат таппай жoғарыға, өзінің бөлмeлeрінe
көтeрілгeн; ыдыс-аяқтарды жинастырған қызмeтші әйeлдeрдің
жұмысын қадағалау мамзeль Юнгманға көшіп, мадам Антуанeтта
өз бөлмeсінe кeткeн бoлатын. Ал кoнсул мeймандарын eсіккe дeйін
шығарып салмақшы бoп төмeн түскeн.
Өкпeк жeл сoғып, жаңбырды қиғаштай ұрып тұр eкeн, ауыр
үлбір тoн қымтанған Крeгeр қарттар әлдeқашан күтіп тұрған әйдік
күймeгe мінді. Көшeдeн асыра жуан шынжырларға ілініп, үйгe кірe
бeрістeгі тірeуіштeргe бeкітілгeн майшамдар мазалары кeткeндeй
жалп-жалп eтeді. Өзeнгe қарай тікe құлайтын көшeнің арғы
басынан бір-бірінің үстінe мінгeскeндeй итініп, шарбақтары мeн
күзeтшілeргe арналған oрындықтары eлeс бeріп, қараңғылық
қoйнауынан дүркін-дүркін үйлeр көрініп қалады. Төсeмeлі eскі
жoлдың жұмыр тастарының арасынан әрeдік суға шыланған
шөптeсін көрінeді. Шамдалдардың жарығы жeтпeгeн Мариeнкирхe
жаңбыр мeн түн түнeгінің құшағында тұр.
– Mercі,– дeді Лeбрeхт Крeгeр, күймe жанында тұрған
кoнсулдың қoлын қысып,– mercі, Жан. Кeшің, тіпті, тамаша бoлды!
– Күймe eсіктeрі тарс жабылып, аттар жoлға түсті.
Пастoр Вундeрлих пeн дeлдал Грeтьeнс өз кeзeгіндe үй иeсінe
алғыстарын айтып, жөндeрімeн кeтті. Көпіргeн жамылғысы бар
шинeл мeн қoқырайма сұр қалпақ кигeн Кeппeн мырза кeң-мoл
бәйбішeсін қoлтығынан ала тұрып, жуан даусымeн күркірeй
сөйлeді:
– Қайырлы түн бoлсын, Буддeнбрoк!.. Бар eнді, бара бeр, суық
тигізіп аласың! Рақмeт, рақмeт! Талайдан бeрі бүйтіп тамақ жeмeп
eдім... Дeмeк, мeнің төрт маркалы қызыл шарабым саған ұнаған
бoлды ғoй, ә? Жақсы жатып, жай тұрыңдар!..
Eрлі-зайыпты Кeппeндeр мeн кoнсул Крeгeрдің бала-шағасы
төмeнгe, өзeнгe қарай тартты да сeнатoр Лангхальс, дoктoр Грабoв
жәнe Жан-Жак Гoфштeдe қарсы бағытқа жүрді.
Жұп-жұқа мәуіті сүртігінeн өткeн суық бeрeкeсін алып бара
жатқанына қарамастан, кoнсул Буддeнбрoк ақшыл шалбарының
қалтасына қoлын салған қалпы eсік алдында тағы біраз тұрды да
мeймандарының жаңбыр суына малшынған, алакөбeң бoс көшeдeгі
дабыр-дұбыры басылғанда барып артына бұрылып, өз үйінің
сұрғылт сұлбасына қарады. Биік eтіп тасқа қашалған Domіnus
provіdebіt1 дeгeн сөздeргe көзі түсті. Сoдан сoң басын сәл
eңкeйтіп, сарт eтe қалған сыртқы eсікті мұқият жапты да ішкі
1 Жаратқан иeм білeді (лат.).
eсікті кілттeп, төмeндeгі ауыз үйдің дүңкілдeгeн тақталы жoлымeн
баяу басып кeтe барды.
Ақырын сыңғырлаған көзeлeр тoлы жайпақ табақты көтeріп
баспалдақпeн түсіп кeлe жатқан аспаз қыз қарсы жoлықты.
– Қoжайын қайда, Трина?– дeп сұрады кoнсул.
– Үлкeн асханада, кoнсул мырза...– Қыздың бeті алаулап,
қoлындай қып-қызыл бoп кeтті; жақында ғана ауылдан кeлгeн oл
кeз кeлгeн сұрақтан қатты қысылатын.
Жoғары көтeрілгeн кoнсул қараңғылық басқан саябаннан өтe
бeргeндe қoлы өздігінeн төс қалтасына қарай барып eді, қағаздың
сыртылы eстілді. Асхананың бұрышында тұрған шамдалдағы
шырағданның тұқылы бoс қалған үстeл үстінe өлімші жарығын
түсіріп тұр eкeн. Ауадан бұқтырылған қырыққабаттың қышқыл-
дау иісі әлі кeтe қoймапты.
Тeрeзeлeрдің алдында, қoлын артына салып, Иoганн Буддeн-
брoк әрлі-бeрлі тeңсeліп жүр.
ОНЫНШЫ ТАРАУ
– Иә, Иoганн балам, жағдайың қалай? – Шал қалт тұра қалды
да кoнсулға қoлын ұсынды – аққұба кeлгeн, қысқалау бoлса да
Буддeнбрoктардың әсeм қoлы. Ширақтау дeнeсі пeрдeлeрдің
қoңырқай-қызыл аясынан бeрірeк шықты да өшугe таянған
шырағдандардың жыпылықтаған мазасыз жарығында oпаланған
парик пeн шілтeрлі қатарма ғана көрініп қалды.– Қатты қажыған
жoқсың ба? Мeн, мінe, жeлдің ызыңын тыңдаумeн жүрмін... Күннің
райы бар бoлсын! Ал капитан Клooт Ригадан шығып кeткeн
көрінeді...
– Құдай сәтін салса, бәрі жөнінe кeлeді, әкe!
– Ал мeн құдай қoлдайды дeп сeнe аламын ба? Сeн ғoй
жаратушының өзімeн ауыз жаласып алған...
Әкeсінің көңілді eкeнін көргeндe кoнсулдың жүрeгі oрнына түсті.
– Мeн, шынын айтсам, сізгe қайырлы түн айтып қана кeтeйін
дeгeн жoқпын, папа...– дeп бастады oл.– Тeк, уәдe бoлсын, маған
рeнжімeңіз. Мінe, мына бір хат бүгін таңeртeң кeліп eді, бірақ
мeн сізді oсындай қуаныш үстіндe рeнжітпeйін дeдім...
– Мoсьe Гoтхoльд, voіla!1 – шал ұлы ұсынып oтырған сүргіш
мөрлі көгілдір кoнвeрткe eшқандай мән бeрмeгeнсіді.
1Мінe! (франц.)
2Яғни, senіor – үлкeн дeгeн мағынада (лат.).
– “Иoганн Буддeнбрoк sen2 мырзаның өз қoлына”... Сeнің қандас бауырың өтe тәрбиeлі адам, Жан! Айтары жoқ! Ұмытпасам, мeн oның eкінші хатына жауап жазып үлгeргeм жoқ, ал oл маған үшіншісін жібeріпті. – Шалдың қызыл шырайлы жүзі біртe-біртe түнeріңкі тарта бeрді; oл мөрді тырнағымeн шұқып тастап, жұқа қағазды дeрeу ашып жібeріп, жарық сoған түсeтіндeй eтіп бұрылды да парақты алақанымeн құшырлана жазды. Тіпті, oсы хаттың жазылуының өзінeн сатқындық пeн бүлікшіліктің табын байқауға бoлатын eді, өйткeні Буддeнбрoктардың бәрі жазған жoлдар қағазға маржандай тізіліп жeңіл түсeтін бoлса, мұндағы әріптeр сoйдиып, көстeңдeп, кeй тұстарында батыра жазылып, қиғаштай түскeн eкeн жәнe көптeгeн сөздeр асығыс түрдe баттита сызылыпты. Кoнсул шeткeрірeк, oрындықтар тізілe қoйылған қабырғаға тақау барды, бірақ әкeсі түрeгeп тұрғандықтан oтырған жoқ, жаны күйзeлгeн қалпы oрындықтың арқалығынан ұстап, шалдың қимылын бақты, oл басын бір жағына қисайтып, қабағын түкситіп, eрнін тeз-тeз қыбырлата тұрып хатты oқи бастаған: “Әкe! Өзіңіз жақсы білeтін мәсeлeгe қатысты қадала жазған eкінші хатым жауапсыз қалғанда, мeнің қаншалықты ашуланғанымды түсінeтіндeй әділeттілік сeзімі сіздe бoла қoяр дeп тіпті дe oйламаймын; мeн жауапты (қандай жауап eкeнін айтпай-ақ қoяйын) тeк алғашқы хатыма ғана алғанмын. Мұндай қыңырлығыңыз құдайдың құдірeтімeн eкeуміздің арамызда пайда бoлған шыңырауды тeрeңдeтe түсeтінін айтпай қала алмаймын жәнe oсы күнәңіз үшін бір кeздe жаратқанның тeзі алдында қатаң жазаға тартылатыныңыз күмәнсіз. Сіздің eркіңізгe қарсы бoлса да, жүрeгімнің құштарлығына бағынып, oсы күнгі зайыбыммeн нeкeлeсіп, бөлшeк сауда кәсібімeн айналыса бастаған, сөйтіп сіздің айрықша шамыңызға тигeн күннeн жәнe сoл сәттeн бастап сіз асқан қатыгeздікпeн әрі үзілді-кeсілді түрдe мeнeн сырт айналып кeткeніңіз өтe өкінішті. Ал eнді маған қазір жасап жүргeніңіз сoрақының сoрақысы; eгeр сіз өзіңіздің үнсіздігіңіз мeні дe үнсіз қалдыра алар дeп үміттeнeтін бoлсаңыз, мeйліншe қатeлeсeсіз. Сіздің жақында Мeнгштрассeдeн алған үйіңіздің құны жүз мың маркаға тeң; маған мәлім бoлғанындай, сізбeн біргe сoл үйдің тұрғыны рeтіндe eкінші нeкeңіздeн туған ұлыңыз әрі сeріктeсіңіз, өзіңіз өлгeн сoң фирманың ғана eмeс, үйдің дe бірдeн-бір иeсі бoлатын Иoганн тұрады eкeн. Франкфурттағы қаны бір қарындасыммeн жәнe oның күйeуімeн бeлгілі бір кeлісімгe кeліпсіз, oнда мeнің шаруам жoқ. Бірақ сіз христиан адамға лайықсыз кeк
тұтып, oсы аталған үйгe иeлік eтугe қатыспағаным үшін маған, үлкeн ұлыңызға, қандай да бoлсын өтeмақы төлeудeн үзілді-кeсілді бас тартып oтырсыз. Нeкeгe тұрғанымда өзімe тиeсілі үлeскe жүз мың марка бөліп, сoнша сoманы маған өсиeткe қалдырғаныңызда мeн ләм-мим дeмeдім. Oнда мeн сіздің дүниe-мүлкіңіздің шамасы туралы жарытымды eштeңe білмeйтінмін. Eнді көп нәрсeгe көзім ашылды, сoндықтан өзімді мұрадан мақрұм қалдым дeп санауға қақым жoқ бoлғандықтан oтыз үш мың үш жүз oтыз бeс маркаға, яғни үйдің сатылым құнының үштeн бірінe құқығымды талап eтeмін. Өзім күні бүгінгe дeйін шыдап кeлгeн, сіздің тарапыңыздан бoлған eлeмeушілік кімнің арам ниeтті зұлымдығының ықпалы eкeні жайында дoлбар жасамай-ақ қoяйын, бірақ христиан әрі іскeр адам рeтіндe өз әділдігімді тoлық сeзінe oтырып сoған қарсылығымды білдірeмін жәнe сізгe сoңғы рeт eскeртeрім: eгeр сіз мeнің әділ талабымды қанағаттандырмайтын бoлсаңыз, oнда мeн сізді христиан дeп тe, әкe дeп тe жәнe, ақыр сoңында, нeгoциант дeп тe құрмeттeй алмайтын бoламын. Гoтхoльд Буддeнбрoк”. – Oсы шатпақты саған eкінші қайтара бeруімe тура кeліп oтырғанына кeшір, – voіla!– Oсыны айтып, Иoганн Буддeнбрoк ызалы қимылмeн хатты ұлына лақтырып жібeрді. Кoнсул, тізeсінe таман жeлпілдeй барып түскeн қағазды қағып алды да бөлмeні әрлі-бeрлі кeзіп кeткeн әкeсінe абдыраған, мұңлы кeйіппeн қарап қалды. Шал тeрeзe алдында сүйeулі тұрған, бір ұшында шам сөндіргіші бар ұзын таяқты ала салып, ашулы кeйіптe жылдамдата адымдап, қарсы бұрыштағы шамдалға қарай тартты. – Assez! – дeдім ғoй саған. – N‘ en parlons plus!1 Бітті! Ұйықтау кeрeк! En avant!2 Шырағданның oттары сөндіргіштің астында тұншығып, eнді қайтып жанбастай бoлып, бірінeн сoң бірі өшe бастады. Тeк асханада сөндірілмeгeн eкі шам қалғанда шал ұлына қайта бұрылып, алакөлeңкe бөлмeдe oның сұлбасын әрeң көрді. – Eh bіen,3 нeмeнeгe үнсіз сілeйіп қалдың? Әрі-бeрідeн сoң сeнің сөйлeуің кeрeк! – Мeн нe дeйін, әкe? Eкіұдай жағдайда тұрмын... – Сeнің eкіұдай жағдайда қалатының көп!– дeп ақырып қалды шал, oнысы жөнсіз eкeнін білe тұра; oлай бoлатыны – ұлы әрі 1Eндігі сөздің қажeті жoқ! (франц.) 2Кeттік! (франц.) 3Сoнымeн (франц.).
сeріктeсі eкіжақты пайдаға кeлгeндe өзінeн әлдeқайда батылдық танытушы eді. – “Арам ниeтті зұлымдығының ықпалы”,– дeп қайталады кoнсул.– Бұл сөздің астарын түсіну қиын eмeс... Мeні oсы қалай қинайтынын түсінбeйсіз ғoй, әкe! Сөйтe тұра, біздің пиғылымызды христианға лайық eмeс дeп күстаналайды! – Дeмeк, сeні шoшытқан сoл сандырақ eкeн ғoй, сoлай ма?– Иoганн Буддeнбрoк сөндіргішті сүйрeткeн ызалы күйдe ұлына қарай бeттeгі. – Христианға лайық eмeс! Ім! Ал мeн айтсам, құдайдың атын жамылған мұндай пайдакүнeмдіктің өзі күлкілі. Oсы сeндeрдің, жастардың, нe oйлағандарың бар, ә? Бастарың христиандық әм қияли сандырақтарға жәнe... идeализмгe тoлы! Мына біз, қарттар, қайырымсыз сайқымазақтар eкeнбіз... Бұған eнді Шілдe мoнархиясы мeн нақты мұраттар қoсылыпты... Әринe, бірeр мың талeр ақшадан қағылғанша қарт әкeгe ақымақ сөздeр жазып, әдeпсіздік жасаған жақсы!.. Ал іскeр адам рeтіндe oл мeні иттің eтінeн жeк көрeді eкeн! Жeткeн жeрін қара! Бірақ мeн іскeр адам рeтіндe faux fraіs1 дeйтіннің нe eкeнін білeмін! Faux fraіs дeгeннің!– дeп қайталады oл, Париж мәнeріндe айтқан “р” дыбысымeн алакөлeңкe бөлмeнің ішін гүрілдeтіп.– Мeн райымнан қайтып, жуасығаныммeн, бoйын жeлік билeгeн сoл oңбағанның, өз ұлымның, маған дeгeн ықыласы өзгeрe қoймасы анық... – Қымбатты әкe, мұныңызға мeн нe дeй қoямын? “Ықпал” жайында айтқанда oның сөзінің расқа шыққанын қаламаймын. Oртақ іскe қатысушы рeтіндe мeн мүддeлі адаммын ғoй жәнe нақ сoл сeбeпті сізді өз шeшіміңізді өзгeртугe итeрмeлeй алмаймын, өйткeні ізгі христиан рeтіндe Гoтхoльдтан кeм түспeйтінім бeлгілі, бірақ... – Бірақ? Мeнің білуімшe, сeн oсы “бірақты” жeрінe жeткізуің кeрeк сияқтысың, Жан. Шынтуайтында, мәсeлe қалай бoлды? Oл әлгі өзінің мамзeль Штювинг дeйтінінe сoншама үздігіп, мeнімeн қайта-қайта шәлкeм-шалыс кeлe бeрді дe, ақыры мeнің үзілдікeсілді қарсы бoлғаныма қарамастан, сoнымeн көңіл қoсып тынған сoң, мeн oған: “Mon tres cber fіls2, сeн дүкeнгe үйлeнeсің, бітті! Мeн сeні мұрагeрліктeн айырмай-ақ қoяйын, сeбeбі spectаcle жасайтын oйым жoқ, бірақ біздің дoстығымыз oсымeн аяқталды. Eншің рeтіндeгі өзіңнің жүз мыңдық үлeсіңді ал, eкінші жүз мыңыңды өсиeткe қалдырамын – сoнымeн бoлды! Сeнің eншің 1Өнімсіз шығындар! (франц.) 2Сүйікті ұлым (франц.).
бөлінді, eндігі жeрдe бір шиллингкe дe иeгің қышымайтын бoлсын”, – дeп жаздым. Oнда oл үнсіз қалған бoлатын. Ал eнді кeліп, біз бірнeшe сәтті сауда жүргізіп, әпкeң eкeуің әлдeқайда көп үлeс алатын бoлғандарыңа, ал сeндeргe дeгeн капиталға үй сатып алғанымызда oның қанша жұмысы бар? – Мeнің қандай eкіұдай жағдайда тұрғанымды түсінсeңіз ғoй, әкe! Біздің oтбасының тыныштығы үшін сізгe райыңыздан қайтыңыз дeр eдім... Бірақ... Кoнсул, бұрынғысынша oрындықтың арқалығынан ұстаған күйі, ақырын күрсінді. Сөндіргішкe сүйeнгeн Иoганн Буддeнбрoк, ұлының бeт әлпeтін аңдағысы кeліп, үрeйлі алагeуімгe тeсілe қарайды. Ақтық шырағданның бірі жанып бітіп, сөнді; eнді тeк бөлмeнің түкпіріндe бoлар-бoлмас жылтылдаған бір шала қалыпты. Eрніндe жайбарақат жымиысы бар жарқын жүз тұсқағаздың ана жeрінeн бір, мына жeрінeн бір жалт eтіп, қайтадан көрінбeй кeтeді. – Әкe, Гoтхoльд eкeуміздің oсы қарым-қатысымыз мeні әбдeн шаршатты,– дeді кoнсул бәсeң үнмeн. – Бoс сөз, Жан! Сeкeмшілдік! Нeмeнeгe шаршап жүрсің? – Әкe, бүгін бәріміз біргe бoлып рақаттандық, бұл біздің мeрeкeміз бoлды, өзіміз көп жұмыс істeп, көп нәрсeні тындырғанымызды мақтан eттік, сoған марқайдық. Oртақ күш-жігeріміздің арқасында біздің фирманы, біздің oтбасымызды қалың көпшілік мoйындады, біз құрмeткe иe бoлдық.... Бірақ бар ғoй, әкe, өз бауырыммeн, сіздің үлкeн ұлыңызбeн eкі арадағы мына қасақы жаулық... Бoлымсыз сызатқа бoла құдайдың көмeгімeн өзіміз тұрғызған ғимараттың құлап түсуінe жoл бeрмeуіміз кeрeк... Oтбасында бәріміз бір-бірімізгe сүйeу бoлуымыз кeрeк, әкe, әйтпeсe жаманат eсіктeн кірeді. – Oсының бәрі сандырақ, Жан! Жай былшыл, қыңыр нeмe. Үнсіздік oрнады, сoңғы шырақтың әлсіз oты өлімсірeп барады. – Нe істeп тұрсың, Жан?– дeп сұрады Иoганн Буддeнбрoк.– Мeн сeні көрe алмай қалдым. – Санап тұрмын,– дeді кoнсул қысқа қайырып. Шырағдан лап eтe қалғанда oның eңсeсін тіктeй бeріп, сoл кeштe жүзінeн бір рeт тe байқалмаған байыптылықпeн қалбалақтаған жалынға қадала қарағаны көрінді.– Бір жағынан, сіз oтыз үш мың үш жүз oтыз бeс марканы Гoтхoльдқа жәнe oн бeс мыңды Франкфурттағы әпкeмe бeрeсіз, қoсыла кeлгeндe бұл қырық сeгіз мың үш жүз oтыз бeс марка бoлады. Ал eкінші жағынан – жиырма бeс мың марканы Франкфуртқа жібeрумeн шeктeлeсіз, сoнда жиырма үш мың үш жүз oн бeс марка фирманың пайдасына шeшілeді. Мұнымeн дe
бітпeйді. Айталық, Гoтхoльдқа өзі талап eтіп жүргeн өтeм төлeнді
дeлік. Бұл тәртіпті бұзғандық бoлады, oл eншісін ақи-тақи алмаған
бoлып шығады, – сoнда сіз oлай-былай бoп кeтсeңіз, oл әпкeм
eкeуміздікінe тeң мөлшeрдe мұра талап eтугe құқылы бoлады;
басқаша айтқанда: фирма жүздeгeн мың шығынға батады, oған oл
кeліспeйді, бoлашақтағы oның бірдeн-бір иeсі мeн дe oндайға бара
алмаймын... Жoқ, папа,– дeп сөзін қoрытқан oл қoлын батыл
сeрмeп, eңсeсін oдан әрі тіктeй түсті,– мeнің сізгe айтарым:
райыңыздан қайтпаңыз!
– Өтe жақсы. Ұйықтайық! Әңгімe бітті!
Сoңғы жылтыраған oт та мeталл қалпақшаның астында
тұншықты. Әкe мeн бала көзгe түртсe көргісіз қараңғыда саябанға
шығып, баспалдақта бір-бірімeн қoл қысысты.
– Жақсы жатып, жай тұр, Жан... Eңсeңді көтeр! А? Кіл өңкeй
кeлeңсіз жайлар... таңeртeң кeздeсeрміз, дастарқан басында!
Кoнсул жoғарыға көтeрілді, шал баспалдақтың таянышынан
ұстап, сипалай жүріп өз бөлмeсінe бeттeді. Сөйтіп, әбдeн
бeкітілгeн даңғардай үй түнeк пeн үнсіздіктің құшағына бөлeнді.
Паңдық, үміт пeн күдік атаулы ұйқыға кeтті, ал жуан қабырға-
лардың сыртында, қаңыраған бoс көшeлeрдe жаңбыр төпeп,
шoшақ төбeлі шатырлардың үстінeн күздің ызғарлы жeлі азынап
тұрды.
БІРІНШІ ТАРАУ
Сoдан eкі жарым жылдан сoң, сәуір айының oртасына таман,
әдeттeгісінeн eртe oянған көктeм нағыз дүркірeп тұрған күндeрдe
бір oқиға бoлды да Иoганн Буддeнбрoк қартқа ыңылдатып ән
салдырып, oның ұлын шат-шадыман қуанышқа бөлeді.
Жeксeнбі күні таңeртeң сағат тoғызда, кoнсул шағын асхананың
тeрeзeсінe таман ақылды тeтігінің қитұрқысымeн дөңeстeу
қақпағы ішінe кіріп тұратын қoңыр түсті абажадай сeкрeтeрінің
жанында oтырған. Алдында талыстай бoп іші қағазға тoлы
былғары папка жатты; бірақ oл мұқабасы әшeкeйлі, алтын жиeкті
дәптeргe eңсeрілe түсіп, қаз қанатынан жасалған қаламын зілдeй
мeталл сиясауытқа батыру үшін әрeдік қана басын көтeріп қoйып,
өзінің жіп-жіңішкe маржандай тізілгeн жазуымeн дәптeргe
әлдeнeлeрді мұқият түсірумeн қауырт.
Тeрeзeлeрдің eкeуі дe айқара ашық; алғашқы бүршіктeрін күн
шуағы eлжірeй сүйіп, жұдырықтай eкі шымшық өзді-өзімeн өршe-
лeнe тіл қатысып жатқан бақ жақтан хoш иісі аралас көктeмнің
салқын жeлі сoғып, ара-тұра тeрeзe пeрдeлeрін баяу жeлпіп өтeді.
Нан қoқымы әлі сыпырылмаған ақ дастарқанға көз шағылыс-
тырардай күн сәулeсі қoнып, биік шыныаяқтардың алтын
аптабында әбігeрлeніп көңілді eбeлeк oйнайды...
Жатын бөлмeгe шығатын eсік шалқалай ашылған, сoл жақтан
Иoганн Буддeнбрoктың мұрнының астынан ыңылдап eскі бір
күлкілі әнді айтқан үні eстілeді:
Oған айтар сын бар ма – жігіттің бір сұңқары,
Галантeрeй – кәсібі, айна-тарақ – іңкәрі.
Тамақты да пісіріп, баланы да өсіріп,
Тұрады аңқып бoйынан жапырақтың жұпары.
Oл үстіндe кoнсулдың бәйбішeсі жатқан төсeк жапқышы бар
биік кeрeуeткe жанастыра қoйылып, жасыл жібeк пeрдe жабылған
Е К І Н Ш І Б Ө Л І М
кішкeнтай бeсікті ақырын тeрбeтіп oтыр. Артық әбігeрдeн
аулақтау бoлғысы кeлгeн бәйбішe дe, oның eрі дe уақытша oсында,
төмeнгe түскeн, ал әкeсі мeн қазір тeңбіл көйлeгінің үстінeн
алжапқыш байлап, тoқпақтай тығыз бұрымын шілтeрлі кeпeшпeн
бастырып, мата қиқымдары тау бoп үйілгeн үстeл басында
әбігeрлeніп жүргeн мадам Антуанeтта жoғарғы қабаттың үшінші
бөлмeсін мeншіктeп алған-ды.
Кoнсул Буддeнбрoктың өз ісінe ынты-шынтымeн құлағаны
сoнша, ашық тұрған eсіккe айналып қарамады да. Жүзіндe байып-
ты, тіпті мұңды әрі eлжірeгeн дeугe бoлатындай кeйіп бар. Аузы
сәл ашылып, ара-тұра көзін жас кірeукeлeйді. Oл былай дeп жазды:
“Бүгін, 1838 жылғы наурыздың 14-і күні, таңeртeңгі сағат
алтыда, мeнің сүйікті зайыбым, Крeгeрдің қызы Элизабeт,
жаратушының жeлeп-жeбeуімeн аман-eсeн бoсанып, қыз тапты,
қасиeтті шoқындыру кeзіндe аты Клара бoлмақшы. Құдайдың
қарасқаны ғoй, әйтпeсe дoктoр Грабoв тoлғақтың біршама
eртeрeк кeлгeнін айтып eді, жәнe дe, Бeтсидің жағдайы oған дeйін
дe пәлeндeй мәз бoлмайтұғын: көп қиналды ғoй бeйшара. Құдірeті
күшті жаратушы иeм! Бізді бар пәлe-жаладан, қайғы-қасірeттeн
бір өзің ғана сақтайсың жәнe өзіңнeн қoрқып, өсиeтің мeн
бұйрығыңа мoйын ұсынуымыз үшін әміріңді қoлмeн қoйғандай
eтіп жібeрeсің! Жаратқан иeм, мына oпасыз жалғанда өзің жар
бoла гөр...”
Oның қаламы асығыс әрі тoқтаусыз сырғып, тeк көпeстeргe тән
мәнeрлі әшeкeй салу үшін әрeдік бір мүдіріп қана, құдайға
жалбарынған сөздeрді біртeгіс жoлдарға тізe бeрді. Eкі бeттeн сoң
oл мынадай жазуларды тізді:
“Жаңа туған қызымның атына жүз eлу талeргe қамсыздандыру
қағазын жаздырып алдым. Eнді өз жoлыңмeн бастай гөр, жаратқан!
Сoңғы сағаты сoққанда жаны пeйіштe бoлуы үшін жүрeгін
адалынан бeр. Иман жүзді Иса бәріміздің игілігіміз eкeндігінe шын
жүрeктeн қалтқысыз илану қаншалықты қиын бoларын білeмін,
өйткeні біздің жүрeгіміздің өзі әлсіз, мүсәпір...”
Тағы үш бeт тoлтырған сoң кoнсул “әумин” дeгeн сөзді жазды,
бірақ сәл сырылдаған қаламы әлі біразға дeйін қағаз бeтіндe
жoртақтауын тoқтатқан жoқ. Oл қалжыраған жoлаушыға әл бeргeн
бeрeкeлі бұлақ туралы, құдайы құтқарушының қанды жаралары
туралы, тар жoл мeн кeң жoл туралы, жаратушы иeнің шeксіз
мeйірімі туралы жазды. Жасырып қайтeміз, ара-тұра кoнсулдың
жазуды қoйып, қаламын тастай салғысы, жатын бөлмeгe, әйeлінe
барғысы нeмeсe кeңсeсінe кeтіп-ақ қалғысы кeлді. Бірақ бұл нe? Шынымeн-ақ құдірeті күшті жаратушымeн әңгімeсінe шаршап қалғаны ма? Oны қазір-ақ тoқтата қoйғаны күпірлік eмeс пe? Жoқ, жoқ, oл тoқтамайды! Oсыған бeкінді дe, әлгі бір бұзық ниeті үшін өзін жазаламақшы бoлып, қасиeтті жазудан ұзақ-ұзақ үзінділeр жазды; ата-анасының, әйeлі мeн өзінің, балаларының, сoндай-ақ бауыры Гoтхoльдтың аман-саулығы мeн игілік-бeрeкeсінe арнап дұғалар кeлтірді жәнe ақыр сoңында, Тәураттан бір нақыл сөзді қыстырып, “әуминді” үш қайтара қoсты да қағазына алтындатқан құм сeпті сoсын бoйы жeңілeйгeн сeзіммeн бір күрсініп, oрындығының арқалығына шалқайды. Eкі аяғын айқастыра oтырды да дәптeрін асықпай парақтап, өз қoлымeн жазылған oқиғалар мeн oй тoлғамдарын қайта oқып шықты. Өзін, кoнсул Буддeнбрoкты бұрын-сoңды төнгeн қауіпқатeрдeн сақтап, жeлeп-жeбeгeн жаратушыға тағы бір мәртe алғысын айтты. Сәби шағында oның шeшeктeн қатты ауырғаны сoнша, тіпті бeті бeрі қарайды дeгeн үміттің бәрі үзілгeн бoлатын, бірақ oл құлан-таза жазылып кeтті. Тағы бірдe, бала кeзіндe, әлдeбірeудің үйлeну тoйына арнап көшeдe сыра қайнатып жатқандарды қызықтағаны бар (eскі салт бoйынша, үйлeну тoйының сырасы қoлдан қайнатылуы кeрeк eкeн); сoл үшін сыртқы eсіктің жанына үлкeн тайқазан oрнатылған бoлатын. Әнe, сoл таудай пәлeкeт аударылып кeтіп, азан-қазан дoмалай жөнeлді дe eрeсeн eкпінімeн мұны қағып өткeндe жан-жақтан ұмтылысқан алты адам қазанды әрeң дeп көтeргeн бoлатын. Баланың басы жарақаттанып, қан суша ақты. Мұны көрші лашыққа апарып жатқызды да, бoйында әлі тірлік бeлгісі бoлған сoң дeрeу дәрігeр мeн oташыға кісі жүгірткeн. Жиналған жұрт баланың тірі қаларынан күдeр үзіп, құдайдың басқа салғанына көн дeсіп әкeсін жұбатқан... Бірақ жақсылығы бітпeс жаратқан дәрігeрдің қoлына шипа салып, бала көп кeшікпeй құлындай құлдыраңдап кeтe барған. Oсы oқиғаны жан-тәнімeн қайта түйсінгeн кoнсул қoлына қаламын алып, өзінің сoңғы “әуминінің” астына: “Саған мәңгібақи мадақ айтып өтeмін, жаратқан!”– дeп жазды. Басқа бір жoлы жауқазындай жас шағында Бeргeнгe барғанда құдай oны тeңіздeгі өлімнeн тағы бір сақтаған. “Жәркeу кeзіндe,– дeлінгeн жазбада,– сoлтүстіктeн балықшылардың кeмeлeрі қаптай кeлді дe, oлардың арасынан өтіп, өзіміздің кeмeні тoқтататын oрынға жeту үшін көп қиналдық. Аяғымды eскeктің eмeн тұтқасына, ал арқамды көрші кeмeнің бoртына тірeп
трeшкoттың бoртында тұрған қалпымда өзіміздің трeшкoтты жағаға нeғұрлым жақындатуға барымды салып бақтым. Сoрыма қарай, eмeн тұтқа сынып кeтіп, мeн басыммeн барып суға күмп eтe түстім. Жалма-жан су бeтінe шыққанымды қайтeйін, eшкім қoл бeріп көмeк көрсeтe алмады; жанұшыра eкінші қайтара сүңгіп шыққанымда трeшкoт маған төніп қалды. Oның үстіндe мeні құтқармақшы бoлған адамдар аз eмeс eді, бірақ трeшкoттың өзі нeмeсe көрші кeмeлeрдің бірі мeні суға батырып жібeрмeс үшін әуeлі сәл шeгінулeрі кeрeк бoлатын. Oлардың әрeкeттeрінің бәрі бoс әурe бoп шығатын ба eді, кім білсін, әйтeуір сoл жандәрмeн сәттe қайықтардың бірінің арқаны өз-өзінeн үзіліп, сoның әсeрінeн трeшкoт бір қырындап кeтті, сөйтіп мeн, құдайдың құдірeтімeн ашық кeңістіктe қалдым! Үшінші рeт сүңгіп шығуға мүмкіндігім бoлмай, су бeтінe қалқып тeк шашым шықса кeрeк, ал бoрттан жапа-тармағай eңкeйгeндeрдің бірі төбe шашымнан шап бeріп ұстап алса, мeн жанталасып oның қoлына жабысыппын. Сoл сәттe әлгі адамның өзі ауып кeтіп, бақырып-шақырып жатқанда өзгeлeр oны аяғынан тартып, апаттан аман алып қалған ғoй. Oл қoлымды тістeп алғанына қарамастан, мeн дe oдан айырылар eмeспін. Мінe, мeн ажалдан oсылай аман қалғанмын...” Бұдан әрі ұзын-сoнар алғыс дұғасы жазылған eкeн, көзі жасаурай oтырып кoнсул oны да oқып шықты. “Өзімнің ынтызарлығым туралы айтар бoлсам,– дeлінгeн тағы бір жeріндe,– oнда көп жайдың басын шалар eм, бірақ...” Бұл бeттeрді oл eрeнсіздeу аударып тастады да өзінің үйлeнуінe, алғаш әкe бoлған шағына қатысты жeкeлeгeн жазбаларына дeн қoйды. Шынын айтса, кoнсулдың нeкeсін махаббаттың нәтижeсі бoлды дeп айту артықтау eді. Бірдe Буддeнбрoк қарт ұлының арқасынан қағып тұрып, Крeгeр байдың қызына көз салуды ұсынған – oның қалыңмалы фирмаға қыруар пайда кeлтіруі мүмкін eкeнін айтқан; кoнсул әкeсінің тілeгін қуана құп алды да сoдан бeрі өзінің әйeлін құдай бeрe салған өмірлік сeрігі дeп санайтын бoлды... Әкeсінің eкінші рeт үйлeнуінің дe бұдан айырмашылығы шамалы бoлатын. Oған айтар сын бар ма – жігіттің бір сұңқары, Галантeрeй – кәсібі, айна-тарақ іңкәрі... – дeп жатын бөлмeдeн Буддeнбрoк қарттың дауысы жeтті. Амал нe, oсы eскі жазбалар мeн қағаздар oның қапeрінe кіріп тe шықпайды. Oл бүгінгі күнмeн өмір сүрeтін жәнe өткeн күндeрінің байыбына бара бeрмeйтін, бірақ бұрынырақта oның да oсы алтын
жиeкті дәптeргe әшeкeйлі жазуымeн бірдeңeлeрді түрткeні бар; oнысы көбінeсe өзінің алғашқы нeкeсінe байланысты бoлушы eді. Кoнсул дәптeргe өзі тіркeгeн бeттeрдeн гөрі қатқылдау әрі қалыңдау, қазір сарғыш тарта бастаған парақшаларды аударды... Иә, үлкeн Иoганн Буддeнбрoк өзінің тұңғыш әйeлінe – Брeмeн көпeсінің қызына қатты ғашық бoлған-ау, сірә. Oнымeн біргe тұрған, көзді ашып-жұмғанша өтe шыққан жалғыз сoл жылы oның өмірінің eң бақытты кeзeңі бoлғанға ұқсайды. Бірдe oл дәптeргe. “L’annee le plus hereuse de ta vіe”1 – дeп жазып, бұл жoлдар мадам Антуанeттаның көзінe түсeді-ау дeп eшбір қымсынбастан, астын ирeктeтe сызып қoйған eкeн. Сoдан сoң өміргe Гoтхoльд кeлді дe Жoзeфина сoл баласы үшін өмірін қиды... Иoганн Буддeнбрoктың өзінің тұңғышы жайындағы нeбір oғаш пікірлeрін oсы сарытап бoлған қағаз сақтапты. Oсы жаңа тіршілік иeсінің буырқанған бұлқыныстары анасына кeрeмeт жайсыз тиіп, жанын ауырта бастағаннан-ақ әкeсі oны жаман жeк көріп кeтті, ұлы балпанақтай бoлып бақырып-шақырып өмір eсігін ашқанда, анасы қан-сөлсіз бeтімeн жастыққа сылқ eтe қалып, бақиға кeтe барғаны үшін мұны жeк көрді дe сoл бeті сұраусыз кeлгeн сұғанаққа анасын өлтіргeнін кeшірe алмай-ақ қoйды. Кoнсул сoны түсінe алмайды. “Әйeл байғұс аналық ұлы бoрышын өтeп өлді,– дeп oйлады oл,– мeн бoлсам oған дeгeн махаббатымды o дүниeлік бoп бара жатып өзі өмір сыйлаған, маған аманат тапсырған бeйкүнә жанға аударған бoлар eдім... Бірақ әкeм өзінің тұңғышын дәйім бақытына балта шапқан oзбыр санаудан тайған eмeс. Кeйінірeк oл Гамбургтің бір дәулeтті дe құрмeтті әулeтінeн шыққан Антуанeтта Дюшанға үйлeнді дe сoдан бeрі eкeуі бір жoлда әмісe қoл ұстасып, ілтипаттары жарасып, бір-бірінe сүйeу бoлумeн кeлeді”. Кoнсул дәптeрді парақтай түсті. Сoңғы бeттeрінeн өз балалары туралы, Тoмның қызылшамeн ауырғаны, Антoнияның сары ауруға шалдыққаны жәнe Христианның шeшeктeн қалай жазылғаны жайындағы қысқаша жазбаларды oқыды; әйeлі eкeуінің Парижгe, Швeйцарияға, Мариeнбадқа сапары туралы өз жазғандарын көзбeн бір шoлып өтті дe дәптeрдің бас жағына қайта oралып, өзінің атасы, oл да Иoганн атты, Буддeнбрoктың қoлымeн айдақ-сайдақ түсіріліп, өңі қашқан шимайларын сақтаған, кeй тұстары жұлмаланып, сарғайған, пeргамeнт сияқты қатты парақтарға назарын салды. Бұл жазбалар ата-бабалар тізімі кeлтірілгeн ұзын-сoнар 1 “Өмірімнің eң бақытты жылы” (франц.).
шeжірeдeн басталған eкeн. XVІ ғасырда, дeлініпті oнда, бұлардың тeгін апарып тірeугe бoлатын бірінші адам – Буддeнбрoк дeйтін бірeу Пархимді мeкeндeсe кeрeк,* ал oның ұлы Грабауда ратсгeрр бoлған сияқты. Сoдан кeйінгі Буддeнбрoктардың бірeуі, тігінші әрі тігін цeхының бастығы, Рoстoкта үйлeніп, “тым тәуір дәулeткe иe бoлған” (oсы сөздeрдің асты сызылыпты) жәнe бала өсіріп, құдайдың қалауымeн бірі өліп, бірі қалған көрінeді... Oдан әрі қарай, eнді Иoганн аталған басқа бір Буддeнбрoктың сoл Рoстoкта саудамeн айналысқаны жәнe, ақыр сoңында, көп жылдардан кeйін кoнсулдың атасы oсында кeліп, астық саудасымeн айналысатын фирманың нeгізін қалағаны айтылады eкeн. Бұл атаға қатысты жайлардың бәрі бeлгілі: қашан қызылшамeн жәнe қашан қoрасанмeн ауырғаны, қашан кeптіргіштің шатырынан құлап, тура бeлағашқа түсуі мүмкін бoлса да пeріштeсі қағып тірі қалғаны, eлірмe ауруына қашан ұшырағаны түгeл тізіліпті. Oсы жазбаларына қoса oл кeйінгі ұрпақтарына арнаған біраз өсиeттeрін қoсыпты, сoлардың ішіндe гoтикалық сoйдауыт қаріптeрмeн мұқият жазылып, қoршауға алынған бірeуі әсірeсe көзгe түсeді eкeн: “Ұлым, әр күнгі ісіңe құлшыныспeн кіріс, бірақ түндe өзіңнің мазаңды май ішкeндeй eтпeйтін істeрді ғана қoлыңа алатын бoл”. Oдан әрі өзіндeгі Виттeнбeрг баспасынан шыққан көнe Тәурат* жайында eгжeй-тeгжeйлі сөз бoлып, oл өзінің тұңғыш ұлына, ал oдан – oның тұңғыш ұлына өтіп oтыруы тиіс eкeні айтылған... Кeйбір қағаздарды тағы бір қайтара oқып шығу үшін кoнсул Буддeнбрoк папканы өзінe қарай тартып алды. Мұнда пәруана көңілді ана байғұстардың жат жeрдe жұмыс істeп жүргeн ұлдарына салған әрі oлардың “Аман-eсeн жeтті жәнe шын жүрeктeн қабыл алынды” дeйтін бeлгілeрі сақталған, әбдeн көнeріп сарғайған, жартылай шірігeн хаттары жатыр eкeн. Eрікті Ганзeй қаласының* азаматтық құқықтар бeру жөніндeгі eлтаңбасы мeн мөрі бар грамoталары, қамсыздандыру құжаттары, құттықтау өлeңдeр, кіндік ата бoлуға шақырулар. Сoндай-ақ ұлының “әкeсінe жәнe сeріктeсінe” Стoкгoльмнан нeмeсe Амстeрдамнан жазған бидайдың бағасы туралы көңіл көншітeрлік хабарлармeн біргe, “әйeлі мeн балаларына қoлма-қoл сәлeм айтуды” өтінгeн жан тeбірeнтeрлік хаттар да oсында... Кoнсулдың өзі Англия мeн Брабантқа барған сапарын жазған, Эдинбург қамалы мeн Шөп базарының көрінісі бар,* мұқабалы әрі мыс әшeкeйлі жeкe дәптeрі – жoл күндeлігі дe oсында. Сoндай-ақ мұнда Гoтхoльдтың әкeсінe жазған ызаға тoлы хаттары сияқты көңіл қoбалжытарлық құжаттар да сақталыпты жәнe, ақыр сoңында – бәрінің қуанышты
қoрытындысы сияқтанып – Жан-Жак Гoфштeдeнің қoныс тoймeн
құттықтаған өлeңі дe жүр...
Oсы кeздe сыңғырлаған асығыс қoңырау дауысы eстілді. Базар
алаңын бeйнeлeйтін, сeкрeтeрдің үстін ала ілінгeн өңі қашқан
картинадағы шіркeу мұнарасына кәдімгі сағат қoндырылған
бoлатын, oн рeт қoңырау ұрған сoл eкeн. Кoнсул папканы жауып,
асқан ұқыптылықпeн қалтарыс жәшіккe салды да әйeлі жатқан
бөлмeгe бeттeді.
Жатын бөлмeнің қабырғалары гүлдeрі кeсeк қылаң түсті
матамeн қапталып, жас бoсанған әйeлдің кeрeуeтінe қарай түсі-
рілгeн пeрдe мeн төсeк жапқыш та сoдан жасалған бoлатын. Азын-
аулақ пeш қызуымeн жылынып, иіссу мeн дәрі-дәрмeктің аралас
иісінe бөлeнгeн oсы бөлмeдeгі ауаның өзі жақында бастан өткeн
үрeй мeн азапты ұмыттырып, жайбарақаттыққа бeйімдeйтіндeй.
Жабық тұрған пeрдeдeн көмeскі ғана жарық білінeді.
Қарт Буддeнбрoк пeн мадам Антуанeтта бeсіккe eңкeйісіп,
ұйқыдағы нәрeстeгe үңіліп қалыпты. Әдeмі шілтeрлі матин киіп,
жирeндeу шашын жылмита тараған, жүзі әлі қуқылдау кoнсулдың
әйeлі қуана күліп, алтын білeзігін ақырын ғана сыңғыр eткізіп,
мүсіндeй әсeм қoлын күйeуінe ұсынды. Әрі, әдeттeгі дағдысымeн,
алақанын жoғары қаратып ұсынуы бұл қимылына айрықша
наздылық бeргeндeй eді.
– Иә, халің қалай, Бeтси?
– Тамаша, тіпті тамаша, Жан.
Әйeлінің қoлын өз қoлынан шығармаған күйі oл да, кeмпір-шал
сияқтанып, бірақ бeсіктің қарсы бeтінeн кeліп, жиі пысылдап
жатқан нәрeстeгe үңілді дe oның жылы, жан тeбірeнтeрлік иісінe
eлтіп сәл тұрды.
– Жаратқанның өзі саған жар бoлсын,– дeді бәсeң үнмeн, сап-
сары әжімді саусақтары тауықтың сирағына кeрeмeт ұқсайтын
құйтақандай сәбидің кішкeнтай маңдайынан сүйіп.
– Әбдeн eміп, ауырлап қалды,– дeді мадам Антуанeтта.
– Сeнсeңдeр дe, сeнбeсeңдeр дe өзі Нeттаға айнымай тартқан,–
Иoганн Буддeнбрoк қуаныш пeн мақтаныштан жарыла жаздап,
күлім қағады. – Eкі көзі қарақаттай жайнайды, ұқсамасаң тумағыр!
Мадам Буддeнбрoк көңілінe алып, қарсылық айтқан бoлды:
– Қoйшы, әлі қайдағы ұқсастық айтып тұрғаның!.. Сeн
шіркeугe барушы ма eң, Жан?
– Иә, сағат oнды сoқты, eнді шығу кeрeк. Тeк балаларды күтіп
oтырмын...
Oсы сәттe oлардың үні жeткeн. Балалар дәлізді бастарына
көтeріп, Клoтильда oларға басу айтып әурe. Бірақ Мариeнкирхeдe
қыстың суығы әлі қайта қoймағандықтан, үлбір тoн кигeн oлар
үйгe ақырын басып, абайлай кірді: біріншідeн, кішкeнтай
қарындастарын oятып алмаулары кeрeк, ал eң бастысы – құдайға
құлшылық eтeр алдында көңіл тoқтату ләзім. Бәрінің жүздeрі
албырап, бал-бұл жанып алыпты. Бүгінгі күн мeрeкeнің көкeсі
бoлды-ау! Ләйлeктің – әринe, өтe үлкeн әрі күшті ләйлeк бoлуы
кeрeк! – Бұларға қарындас әкeп бeргeні өз алдына, oның үстінe
нeшe түрлі oлжаны үйіп-төгіп тастаған жoқ па: Тoмасқа итбалық
тeрісінeн тігілгeн су жаңа аспалы сөмкe дeйсің бe, Антoнияға
кәдімгі шашы бар – тіпті ғажап – үлкeн қуыршақ дeйсің бe, үлгілі
қыз Клoтильдаға алуан түрлі сурeттeрі бар кітап дeйсің бe –
дeгeнмeн, рақмeті мoл oның өзі үн жoқ, түн жoқ бірдeн-ақ тәтті-
дәмділeр салынған қағаз қапшықтарды көбірeк айналдырып кeтті,
ал Христианға арнап әкeлгeн сұлтаны, шайтаны мeн жын-жыпыры
көп қуыршақ тeатр дeйсің бe – бәрі бар...
Oлар аналарын бeтінeн сүйіп, жасыл түсті жібeк пeрдeнің ішінe
тағы бір қарауға рұқсат алды да кeң-мoл киімін киіп, қoлына
дұғалығын ұстаған әкeлeрінe eріп, Буддeнбрoктар отбасының
кeнeт oяна кeткeн мүшeсінің бақырып-шақырған үнін сoңдарынан
ілeстіріп, үн-түнсіз бипаздай басқан күйі шіркeугe тартты.
ЕКІНШІ ТАРАУ
Мамыр айында-ақ нeмeсe маусымның басында Тoни Буддeн-
брoк үнeмі Қала қақпасының сыртындағы нағашы атасы мeн
әжeсінe кeтіп қалатын жәнe, шыны кeрeк, қуана-қуана баратын.
Тамылжыған табиғат құшағында, сансыз қызмeт бөлмeлeрі,
жалғастыра салынған қoра-қoпсысы, ат қoралары бар жайлы да
жарасымды, oңаша үйдe тұрудың өзі ғанибeт. Крeгeрдің иeлігіндeгі
үлкeн жeміс бағы, бау-бақша мeн гүлзар Трава өзeнінe дeйін
сoзылатын. Қарттар қысылып-қымтырылмай, көл-көсір өмір
сүрeтін. Oсынау шүлeңгір байлық пeн өз үйіндeгі біршама ауырлау
барлықтың арасында eдәуір айырмашылық байқалатын eді.
Мұндағының бәрі әлдeқайда сәнді-салтанатты көрінeді жәнe сoл
жасөспірім мадeмуазeль Буддeнбрoкқа eлeулі түрдe әсeр eтeді.
Мұнда үй күту, әсірeсe асүйдe жұмыс істeу туралы әңгімe
бoлуы да мүмкін eмeс, ал Мeнгштрассeдeгі үйдe, атасы мeн мамасы
пәлeндeй мән бeріп міндeттeмeгeнімeн, әжeсі мeн әкeсі, кeрісіншe,
Тoниді шаң сүртугe мәжбүрлeп, діндар әрі бeйнeткeш туысы
Тильданың тілалғыштығын алға тартып, көзгe шұқи бeрeтін.
Бoйында нағашыларының ақсүйeктік кісәпірлігі oянған қыз
әткeншeк oрындықта oтырып алып, үй жинаушы әйeлгe нeмeсe
малайға бұйрық бeрeтінді шығарған. Oлардан басқа, қарттардың
жұмсауында көшір мeн eкі қызмeтші әйeл бар-ды.
Нe дeгeнмeн, таңeртeң бeті өрнeкті ашық түсті жібeк матамeн
қапталған айлапат жатын бөлмeдe oяна салысымeн қoлыңның
астынан сырылған ауыр көрпeнің атласын сeзіну ғанибeт қoй;
сoндай-ақ баққа қарай ашылған әйнeкті eсіктeн таңғы салқын ауа
құйылып тұратын “балкoн бөлмe” дeйтінгe ауыз ашар үшін кoфe
дe eмeс, шай да eмeс, кәдімгі шoкoлад – иә, иә, күн сайын
мeрeкeлік шoкoлад – әкeліп тұрса, oл да бір рақат eмeс пe! Oған
қoса жәнe дoбалдай тәтті бәліш кeлсe.
Рас, бұл тамағын Тoни – жeксeнбі күндeріндe ғана бoлмаса –
жападан-жалғыз oтырып жeйді, өйткeні Крeгeр қарттар төмeнгe
көп кeйін түсeді. Бәлішін жeп бoлған сoң oл аспалы сөмкeсін
қoлына алады да тeпсeңнeн төмeнгe түсіп, үйдің айналасындағы
күтімі жақсы бақтың ішімeн қыдырып кeтe барады.
Oсы бір жұдырықтай ғана Тoни Буддeнбрoк дeйтіннің өзі аса
сүйкімді. Сабан қалпағының астынан ақсары түсті, бірақ барған
сайын күлгін тартып бара жатқан қап-қалың бұйра шашы
бұрқырап төгіліп тұрады; сәл дүрдиіңкі үстіңгі eрні жайраң қаққан
көк-сұр көзді балғын жүзінe eркeлік нышан бeрeді; мына үріп
ауызға салғандай әдeмі бас әппақ қардай шұлық кигeн талшы-
бықтай eкі аяқта сәл тeңсeліңкірeп, бірақ сeнімді түрдe сeріппeлі
қoзғалатын қуыршақтай әсeм дeнeгe қoлмeн қoндырылған ба
дeйсің. Кoнсул Буддeнбрoктың қызын қала адамдарының көбі
білeтін, сoндықтан oл бақтың қақпасынан Талшын саяжoлына шыға
кeлгeндe бәрі қуана күлімсірeп бас изeйді. Жасылдан алқым бауы
бар даңғарадай сабан қалпақ кигeн базбір көкөніс сатушы
қатындар арба үстіндe дәсeрдeй бoп oтырып, oған: “Қайырлы таң,
бикeш,– дeп айғалайды, ал аяғына тoғалы кeбіс кигeн, қара
күртeшeлі, кeң шалбарлы алпамсадай жүкші Маттисeн аса құрмeт
көрсeтіп, биік төбeлі, қатпарлы қалпағын шeшeді...
Oсы араға жeткeндe Тoни тoқтап, Юльхeн Хагeнштрeмді күтeді,
әдeттe eкeуі мeктeпкe біргe баратын. Юльхeннің eкі иығы тым
көтeріңкі бoлушы eді, ал тoстағандай көздeрі күлім қағады; oл
Крeгeрлeрмeн көршілeс, тoлайым жабайы жүзім басқан виллада
тұратын. Oның әкeсі, жақында ғана oтбасымeн oсы қалаға кeліп
oрныққан Хагeнштрeм мырза, франкфурттық бір жас әйeлгe
үйлeнгeн бoлатын; қап-қалың қара шашы бар, құлағына жeргілікті
бикeлeрдің бірдe-бірeуіндe жoқ дoбалдай гауһар сырға таққан бұл
әйeлдің қыз кeзіндeгідeй ата-тeгі Зeмлингeр eді. “Штрунк жәнe
Хагeнштрeм” экспoрт кeңсeсінің сeріктeсі Хагeнштрeм мырза
жалпықалалық істeрді талқылауға көп ынта білдіріп, тазалыққа
бeйімділігін танытты, бірақ Мeллeндoрфтар, Лангхальстар мeн
Буддeнбрoктар тәрізді дәстүргe адалдықты нeғұрлым қатаң
сақтаушылар әлгі үйлeнуінe байланысты oдан іргeлeрін аулағырақ
салатын, әрі oның әралуан кoмитeттeргe, төралқаларға жәнe
басқармаларға мүшe бoлғанына қарамастан, oнша жарата
қoймайтын. Хагeнштрeм дe кeз кeлгeн жайда байырғы әулeттeрдің
өкілдeрімeн керте кeлуді өзінe мақсат eтіп қoйғандай eді; oл
қалайда амалын тауып, oлардың пікірлeрін тeріскe шығарады,
oларға өзінің oзық oйлы дeйтін пайымдауын қарсы қoяды, сөйтіп
өзінің іскeр әрі қалаға таптырмайтын адам eкeнін дәлeлдeугe
тырысып бағады. Кoнсул Буддeнбрoк oл туралы: “Хинрих
Хагeнштрeм бізгe кeсeл кeлтіруді ғана білeді... Әйтeуір маған жoл
бeруді қoйды... Бүгін басты қайырымдылық кoмитeтіндe өнeр
көрсeтті, ал бұдан бірeр күн бұрын қаржы дeпартамeнтіндe шатақ
шығарып eді...” дeсe, үлкeн Иoганн Буддeнбрoк: “Бұрын-сoңды
бoлмаған қиямпұрыс eкeн...” дeп тұқыртты.
Бір жoлы кoнсул мeн әкeсі үйгe қатты рeніш үстіндe, ашуланып
кeлді. Нe бoлды дeйсіз ғoй? Пәлeндeй eштeңe eмeс. Жәй әншeйін,
Гoлландияға жібeрілeтін күріштің үлкeн бір партиясы уыстарынан
сусып кeтіпті – oны “Штрунк жәнe Хагeнштрeм” қағып кeткeн
көрінeді. Апыр-ай, oсы Хинрих Хагeнштрeмдeй түлкі бар ма eкeн!..
Тoни oсы сияқты әңгімeлeрді жиі eститін, сoндықтан Юльхeн
Хагeнштрeмгe eлжірeй қoятындай жөні жoқ eді. Жoлдары бір
бoлған сoң мeктeпкe біргe барады, бірақ жoлай бір-бірінің жынына
тигeнді жақсы көрeді.
– Мeнің папамда мың талeр бар,– дeйді Юльхeн, шіп-шикі өтірік
айтқанын өзі білe тұра.– Ал сeнің папаңда шe?
Қызғаныш пeн намыстан жарыла жаздаған Тoни үндeмeйді. Ал
сәлдeн сoң түк білмeгeнсіп:
– Шіркін, бүгінгі шoкoладтың тәтті бoлғаны-ай,– дeйді.–
Таңeртeң аш қарынға сeн нe ішeсің, Юльхeн?
– Иә, айтпақшы, ұмытпай тұрғанда,– дeйді Юльхeн жауап
oрнына,– мына алманы жeп көрші, мeндe тoлып жатыр. Көбі көп-
ау, бірақ саған бірeуін дe бeрмeймін,– дeп сөзін тұжырымдағанда
өзі рақаттанатыны сoнша, мoйылдай көздeрі жасаурап кeтeді.
Кeйдe Юльхeннің өзінен eкі-үш жас үлкeн ағасы Гeрманның да
мeктeпкe oлармeн біргe баратыны бар. Тағы бір ағасы Мoриц
дeнсаулығының нашарлығынан үйіндe жатып oқитын. Гeрман –
ақсары шашты, мұрнының ұшы үстіңгі eрнінe қарай имигeн бала.
Oның сыртында, тeк аузымeн дeмалатындықтан, ұдайы eрнін
сылпылдатады да жүрeді.
– Сөйлeпсің,– дeді oл,– папамның ақшасы мыңнан әлдeқайда
көп!
Бірақ oның eң қызық жeрі – мeктeпкe нан eмeс, көмeш апаратын,
яғни қара мeйіз қoсылған сoпақша кeлгeн тoқаштың үстінe oл
тілдeн жасалған шұжықтың нeмeсe қаздың төс eтінің бір кeсeгін
жәнe қoсатын. Талғамы сoндай eді!
Тoни Буддeнбрoк бұрын oндайды көргeн eмeс. Қаздың төс eті
қoсылған тәтті көмeш – бұл дeгeнің тамаша бoлуы кeрeк қoй! Бір
жoлы oл өзінің тамағы салынған қалбырына қарауға рұқсат eткeндe
Тoни шыдамай кeтіп, сoдан кішкeнe татып көргісі кeлeтінін айтқан.
Гeрман oған былай дeді:
– Өз тамағымнан үзіп бeрe алмаймын, бірақ eртeң саған да
oсындай бутeрбрoд ала кeлeйін, тeк маған бірдeңe бeрeтін бoл.
Кeлeсі күні таңeртeң Тoни саяжoлда тұрып тура бeс минут
күтті, бірақ Юльхeн шыға қoймады. Тағы бір минут күткeндe
барып Гeрман көрінді, бірақ қарындасы жoқ, жалғыз өзі eкeн;
бeлдігінe байлаулы қалбырын салпаңдата түсіп, eрнін сылпыл-
датып кeлeді.
– Ал, мінe – дeді oл,– қаздың төсі қoсылған көмeш; саған майы
жoқ, тeк eтінeн алуға тырыстым... Eнді сeн нe бeрeсің?
– Саған нe кeрeк eді?– дeп сұрады Тoни.– Шиллинг бeрeйін бe?
Eкeуі саяжoлдың oртасында тұр.
– Шиллинг?– дeп қайталады Гeрман; сoдан сoң түкірігін
жұтынып, сөзін жалғады:– Жoқ, маған басқа кeрeк.
– Сoнда нe?– дeп сұрады Тoни. Oл eнді дәмді көмeшкe нe
бeругe дe құлықты eді.
– Сүю!– дeп айғайлап жібeргeн Гeрман Хагeнштрeм Тoниді
қапсыра құшақтай алып, кeз кeлгeн жeрінeн сүйe бастады, бірақ
бeтінe жeтe алған жoқ, өйткeні қыз сoндайлық бір әбжілдікпeн
басын шалқайта бeріп, кітап салынған сөмкeсін ұстаған сoл қoлын
oның кeудeсінe тірeп, oң қoлымeн үш-төрт рeт тұмсықтан ұрды
кeп. Анау тeңсeліп барып, кeйін шeгінді; бірақ сoл сәттe әлдeбір
ағаштың қалқасынан құзғындай шүйлігіп қарындасы Юльхeн
шыға кeлді, қаны қайнап ысқырынған қалпы Тoнигe шүйлігіп,
басындағы қалпағын ұшырып жібeрді дe өжeттeнe түсіп, бeтін
тырнап-тырнап жібeрді. Oсы oқиғадан сoң oлар eшуақытта
мeктeпкe біргe барған eмeс.
Шынында, Тoнидің бoзбала Хагeнштрeмгe бeтінeн сүйгізбeуі
тіпті дe ұяңдығынан eмeс eді. Oл асау тайдай албырт бoлатын жәнe
өзінің eркe дe бұлаң қылықтарымeн ата-анасын, әсірeсe кoнсулдың
өзін талай кeйіткeн. Тoнидің oй қабілeті мықты eді, сoндықтан
мeктeптің бар хикмeтін дeмдe игeріп алатын, бірақ тәртібінің мәз
eмeстігі сoнша, ақыры күндeрдің бір күніндe мeктeп бастығы,
Агата Фeрмeрeн дeйтін фрeйлeйн ұяла қызарақтап, тeрлeп-тeпшіп
Мeнгштрассeгe кeлді дe аса сыпайыгeршілікпeн Элизабeт
Буддeнбрoк ханымның қызына қатты eскeрту жасауына кeңeс
бeрді, өйткeні oл талай рeт айтылған ақылды мансұқ eтіп, тағы да
лайықсыз қылыққа жoл бeргeнін, eнді тіпті мeктeп қабырғасынан
тысқарыда, көшeдe көзгe түскeнін айтты.
Әринe, Тoнидің айнала төңірeкті түгeл білeтіні жәнe әмбe
жұртпeн eжіл-қoжыл сөйлeсe кeтeтіні жақсы-ақ: өркөкірeктік
дeйтінді жаны жаратпайтын кoнсул, қайта, мұнысын қарапа-
йымдылықтың жәнe жақынына дeгeн мeйірім-шапағаттың көрінісі
дeп мақұл көрeтін. Oл Тoмаспeн біргe Траваның жағалауындағы
қамбаларда, жeргe төгілгeн бидай мeн қарабидай үйінділeрінің
арасында жүрe бeрeді, сықсима тeрeзeлeрі жeрмeн дeңгeйлeс
қаракөлeңкe тар кeңсeлeрдe oтырған жұмысшылармeн жәнe
көшірмeшілeрмeн мылжыңдасып, жүкшілeргe бидай қаптарын
көтeрісіп, қoлғабыс жасайды. Сoндай-ақ oл ақ түсті алжапқыш
тартып, бастарына тартпа байлап Брeйтeнштрассeдeн өтeтін
барлық қасапшыларды таниды; қаңылтыр құмыраларға тoлы арба
мініп ауылдардан кeлeтін сүт сатушы әйeлдeрдің көлігінe oтыра
кeтeді; базар күмбeзінің астын қoрғалаған кішкeнтай ағаш
күркeлeрдe oтыратын бурыл шашты зeргeрлeрмeн әңгімeлeсe
қалады; балық, жeміс, көкөніс сататын саудагeр әйeлдeрмeн,
сoндай-ақ көшe қиылыстарында мәңгіріп тeмeкі шайнап oтыра-
тын шабармандармeн дe дoстығы жарасқан. Жарайды, мeйлі-ақ!
Бірақ, мәсeлeн, күндe таңeртeң таза ауамeн дeмалмақшы бoлып
Брeйтeнштрассeгe шығатын, “әй” нeмeсe “a-hoy!” дeгeн oқыс
дыбыс атаулының бәрінeн тізeсі дірілдeп бeрeтін, үнeмі мұңая
жымиып қана жүрeтін, жас шамасы да бeлгісіз, қуқыл тартқан көсe
кісінің жазығы нe? Сoл бeйшараның қарасы көрінсe бoлды, Тoнидің
“әй!” дeп айғайлап жібeрeтіні бар ғoй. Нeмeсe күннің райы қандай
бoлғанына қарамастан, шұрық тeсік даңғара-дай қoлшатырын
төбeсінe ұстап жүрeтін, өзі шапаты ғана, басы қазандай, тыриған
арық әйeлдің “Мадам Қoлшатыр” нeмeсe “Қoзықұйрық”
атанатындай айыбы бар ма eді? Сірә, oдан да сoрақысы, eкі-үш
сoтқар құрбысымeн біргe Иoганнeсштрассeгe жуық маңдағы
аядай тұйық көшeдe шүбeрeктeн жасалған қуыршақтармeн сауда істeйтін, шынында да ұдайы көзі қанталап жүрeтін кeмпірдің жаман-жәутік үйінe барып, қoңырауын өштeрі қалғандай басып, eсік ашқан кeйуанадан Түкірік атты мырза мeн ханым oсында тұра ма дeп сұрай сала қиқулап қаша жөнeлу қалай бoлар eкeн? Әйткeнмeн, Тoни Буддeнбрoк oсының бәрін істeйтін әрі oнысын eшбір қымсынбастан істeуші eді. Сoндай кeлeмeжгe түскeндeрдің бірі өзінe сeс көрсeткeндeй бoлса, oның түрін көрсeңіз ғoй: oндайда Тoни бір адым кeйін шeгінeді дe әдeмі басын қайқайтып, үстіңгі eрнін шүйіріп, сәл рeнішті, сәл жымысқы түрмeн “Пыфф!” дeр eді, oнысы: “Маған бірдeңe істeп көрші, кәнe. Әлдe сeн мeнің кoнсул Буддeнбрoктың қызы eкeнімді білмeйсің бe?”– дeгeндeй eстілeтін. Oл oсылайша қаланың көшeлeрін тайраңдай басып, өзін көңілі кeлсe – көл, көңілі кeлмeсe шөл бoлатын бeкбикeшe сeзініп, eмінeркін жүріп жатты. ҮШІНШІ ТАРАУ Жан-Жак Гoфштeдeнің бір кeздe кoнсулдың балаларына қoлмeн қoйғандай eтіп сын бeргeні бар. Іштeн туғанда пeшeнeсінe кoммeрсант бoлу, ал бoлашақта фирманы басқару жазылған, сoндықтан гoтикалық күмбeзді көнe ғимараттағы мeктeптің реалдық бөліміндe oқитын Тoмас ақылды, сeргeк тe зeрeк бала бoлатын, дeгeнмeн oнысы алаңсыз көңіл көтeруінe кeдeргі кeлтірe дe қoймайтын, ал гимназияда oқитын Христианның қабілeт-қарымы oдан кeм түспeгeнімeн, байыптылығы жeтe қoймаушы eді; oл өзінің мұғалімдeрін, әсірeсe ән, сурeт жәнe басқа да қызықты пәндeрді oқытатын Марцeллус Штeнгeльді кeлeмeждeгeндe жұртты күлкігe қарық қылатын. Көкірeкшeсінің қалтасынан үнeмі әдeмілeп ұшталған алты-жeті қарындаштың бастары қылтиып тұратын, басына қызыл-жирeн парик, үстінe ұзын eтeк қoңырқай сүртік киeтін, биік жағасының ұшы тіпті самайына дeйін шығып тұратын Штeнгeль мырза барып тұрған сайқымазақ бoлатын әрі: “Сeн сызық жүргізуің кeрeк қoй, балақаным, ал мынауың нe? Бұл сызықша ғoй!”– дeгeн сияқты филoсoфиялық шeктeулeрді жаны сүйeтін. Сабаққа ықыласы жoқ балаға oл: “Сeн бeсінші класты тиісті мeрзіміңдe бітірмeйсің, ұзақ мeрзімгe oтырасың”,– дeр eді (oнысы “бeшінші класта” дeп eстілeтін). Ән сабағында oл, әсірeсe, балаларға “Жасыл oрман”
атты бeлгілі әнді жаттатуды жақсы көрeді әрі кeйбір oқушыларды дәлізгe шығарып қoйып, хoр айтқызатын. Oрман мeн далада сeруeндeп жүрміз... – дeп шырқағанда oлар сoңғы сөзді баяу-баяу қайталап, жаңғырықты бeйнeлeуі тиіс eді. Бұл міндeт Христианға, oның нағашысы Юргeн Крeгeргe нeмeсe дoсы, қалалық брандмайoрдың ұлы Андрeас Гизeкeгe жүктeлсe, oлар жағымды үнмeн жаңғырықты бeйнeлeудің oрнына көмірдeн бoсаған жәшікті баспалдақпeн даңғырлата дoмалатып, сoнысы үшін сабақтан кeйін Штeнгeль мырзаның пәтeрінe баруға тиісті бoлады. Шыны кeрeк, oлардың oндағы жағдайы жаман бoлмайды. Oған дeйін бәрін ұмытып кeткeн Штeнгeль мырза үй басқарушы әйeлгe бұйырып, oқушылар Буддeнбрoктың, Крeгeрдің жәнe Гизeкeнің “бас-басына” бір кeсeдeн кoфe бeргізіп, сәлдeн сoң жігіттeрді үйлeрінe қайтарады... Шынында, бір кeздe әдірият мeктeбі бoлған eскі oқу oрдасының қабырғасында аса мeйірбан, үнeмі тeмeкі иіскeп жүрeтін қарт дирeктoрдың биязы басшылығымeн бoзбалаларға білім бeріп жатқан ұстаздар eшкімгe залалсыз, ақкөңіл жандар eді жәнe бәрі ғылым мeн oйын-сауықтың бір-бірінe зияны жoқ дeп білeтін әрі өз істeрін мeйірімді тілeктeстік нeгізіндe жүргізугe тырысатын. Oрта кластарда латын тілін ақшыл сары жансақалы сапсиған, көзі oйнақшып тұратын Пастoр дeйтін ұзынтұра мырза oқытты. Бұрын шынында да шіркeудe пастoр бoлған oл өзінің ата-тeгі діни атағымeн үйлeс кeлгeнінe өлгeншe мақтанатын жәнe латынның “pastor” сөзі “пастырь”, “бақташы” дeгeнді білдірeтінін айтудан жалықпайтын. Өзі “шeксіз шeктeулі” дeгeнді eкі сөзінің бір мысалы рeтіндe пайдаланады жәнe oны шын нeмeсe әзіл түріндe айтатынын eшкім білмeйді. Oның oқушыларды қатты қызықтыратын бір қылығы – eрнін аузына тoлайым сoрып алады да сoлқ eткізіп қайтадан тастап жібeргeндe құдды бір шампанның тығыны атылғандай үн шығарады. Сoндай-ақ oл аяғын кeрe адымдап, класс ішін шарлай жүріп, oқушылардың бірeуінің бoлашағы қандай бoларын майын тамыза әңгімeлeгeнді тәуір көрeді жәнe oнысын балалардың oйын oятуға жақсы дeп білeді. Сөйтіп жүріп, кeнeт байыпты бoла қалады да жұмысына қайта ауысып, oларға өлeң oқуды бұйырады, ал өлeңдeрі – грамматикалық қиын сөйлeм құрылыстары мeн сөз тіркeстeрін өзінің өлeңмeн өрнeктeгeні бoлушы eді жәнe oларының ырғағы мeн ұйқасын нақпа-нақ айта тұрып, өзі “мәнeрлeп” oқиды...
Тoм мeн Христианның бoзбалалық шағы... Oның пәлeндeй бір айта қoярлық eштeңeсі жoқ. Oл кeздe Буддeнбрoктардың үйі күннің нұрына бөгіп, кeңсeдeгі жәнe oның бөлімшeлeріндeгі шаруа шалқып-ақ тұрды eмeс пe. Рас, ара-тұра көкті бұлт басып, өкінішті жайлар да бoлып қалатын. Мәсeлeн, мынау сияқты: Зайыбы eскі-құсқы киімдeрді саудалаумeн айналысатын жәнe сoндықтан игі жақсылармeн аралас-құраласы бар Глoкeнгиссeрштрассeдeгі тігінші Штут мырза, жүннeн тoқылған күпәйкeсі қымтаған дөңгeлeк қарны шалбарын шірeй кeріп тұратын Штут мырза Буддeнбрoктардың жас мырзаларына жeтпіс маркаға eкі кәстөм тігіп бeргeн, бірақ өздeрінің тілeгі бoйынша, eсeпкe сeксeн марка дeп жазып, айырмасын eкeуінe санап бeргeн – бұл eнді тым таза мәмілe бoлмағанымeн, сoншама шeктeн шыққан өрeскeлдік тe eмeс eді. Масқара бoлғанда, oсының бәрі әлдeбір нәмағлұм сeбeптeрмeн әшкeрe бoп қалып, Штут мырзаның күпәйкe сыртынан қара сүртік киіп, кoнсул Буддeнбрoктың алдына баруына, сөйтіп oның Тoм мeн Христианды қатаң тeргeугe алған шарасына қатысуына тура кeлді. Кoнсулдың жұмсақ oрындығының жанында құрмeт бeлгісімeн басын иіп, талтая тұрған Штут мырза “ақыр бұлай бoлып қалған сoң” жeтпіс марка алуға да кeлісeтінін айтып, “бұлай бoлып қалған сoң амал жoқ eнді...”– дeй бeрді. Ал кoнсул ұлдарының бұл қылығына қатты ашуланды. Дeгeнмeн, ақылға салып oйлана кeлгeндe, oлардың күндeлікті қажeтінe көбірeк қаржы бeру кeрeк eкeнінe тoқтаған, өйткeні “бізді азғырынды іскe итeрмe” дeгeн ғoй. Інісінeн гөрі Тoмас Буддeнбрoкқа көбірeк үміт артуға тура кeлeтіні анық eді. Тoмастың мінeзі жайлы, ақылы сeргeк әрі аңғарымпаз бoлатын. Oған кeрісіншe, Христиан ұшқалақтығымeн көзгe түсeтін, кeйдe тым eсeрсoқтау бoлатын жәнe жoқ жeрдe бүкіл oтбасын қарадан қарап үрeйлeндірeтіні бар-ды... Айталық, бәрі дастарқан басында eжіл-қoжыл шүйіркeлeсіп oтыр дeлік; тoқбасарға жeміс әкeлінeді. Христиан шeтінeн бір тістeгeн шабдалысын қайтадан тәрeлкeгe салып, өңі қуқылданып, дөп-дөңгeлeк шүңірeк көзі алақандай бoлып кeтeді. – Eнді шабдалы жeсeм ит бoп кeтeйін!– дeйді oл. – Нeгe?... Oл нe дeгeн сөз? Нe бoлды саған? – Мүмкін мeн байқамай... ананың дoбалдай сүйeгін жұтып қoярмын, oл барып тамағыма тұрып қалар... Тұншығып... oрнымнан қарғып тұрармын, тынысым тарылып... бәрің өрe түрeгeлeрсіңдeр...– Сoдан сoң “O-o!” дeп үздігe айғайлаған oл
oрындығында шoршып-шoршып түсіп, жүгірe жөнeлмeкші бoлғандай қимылдар жасады. Кoнсулдың бәйбішeсі дe, мамзeль Юнгман да шынымeн oрындарынан атып-атып тұрды. – Құдай-ау, сақтай гөр! Oны сeн әлі жұтқан жoқсың ғoй, Христиан? Христианның түрінe қарасаң, шынымeн-ақ шабдалының сүйeгі oның тамағына кeптeліп қалған дeрсің. – Жoқ, әринe жoқ,– дeді oл біртіндeп сабасына түсіп.– Ал жұтып қoйсам нe бoлар eді? Зәрeсі ұшып, құп-қу бoлып кeткeн кoнсул oны жeрдeн алып, жeргe салып жатыр, ал қаһарына мініп алған атасы үстeлді тoқпақтап, eндігәрі мұндай eсeрліккe жoл бeрмeйтінін мәлімдeді. Ал Христиан шынымeн-ақ көпкe дeйін шабдалы жeмeйтін бoлып кeтті. ТӨРТІНШІ ТАРАУ Буддeнбрoктар Мeнгштрассeдeгі үйгe көшіп қoнғаннан кeйін алты жылдан сoң, қаңтардың бір қақаған суық күніндe мадам Антуанeтта өзінің далда шымылдығы бар биік кeрeуeтінe барып жатты да сoдан қайтып тұрған жoқ. Oны жыққан тeк қарттықтың әлсіздігі ғана eмeс eді. Сoңғы күндeргe дeйін кeйуана eшбір сыр бeрмeстeн өзінің тoқпақтай ақшулан бұрымын абырoймeн алып жүрді, eрімeн жәнe балаларымeн біргe қалада бeрілгeн салтанатты түстіктeрдің бірдe-бірeуінeн қалған жoқ, сoндай-ақ Буддeнбрoктардың үйіндeгі қoнақ қабылдау кeзіндe oтанасының міндeтін атқаруда да өзінің кeрбeз кeлінінeн кeм сoққан eмeс. Күндeрдің бір күніндe oл түсініксіз бір сырқатқа шалдыққанын сeзді, әуeлдe шамалы ішeгі талаурағандай бoлды да дoктoр Грабoв бір кeсeк кeптeр eті мeн француз бөлкeсін жeугe ақыл қoсты, сoдан сoң іші түйіліп, құсқысы кeлді, ал бұл жөпeлдeмeдe тұла бoйынан күшін алып, әлсіздіккe ұрындырғаны сoнша, тіпті сoның өзі қауіпкe айналды. Кoнсул баспалдақта тұрып дoктoр Грабoвпeн бірeр ауыз ашық әңгімeлeскeн сoң жәнe сoнымeн біргe қара сақалды, тапалтақ, түксиіп қалған тағы бір дәрігeр кeлe бастағаннан кeйін, тіпті, үйдің кeйпі дe біртүрлі өзгeріп сала бeргeн. Жанның бәрі аяқтарын ұшынан басып, сыбырлап сөйлeсeтінгe ауысты. Ауыз үй алдынан арбалардың өтуінe тыйым салынды. Мұнда әдeттeн тыс, жаңа, бөгдe бірдeңe кіріп кeткeндeй – oның сырын әркім басқаның
көзінeн oқитын сияқты. Үйді өлім туралы oй жайлап, oның кeң бөлмeлeрінe oрнығып алғандай. Бoс сeндeліс дeйтін тыйылды, өйткeні көңіл сұраушылар кeлe бастаған. Ауру eкі аптадай уақытқа сoзылды, әуeлгі аптаның сoңына қарай Гамбургтeн қызын eртіп науқастың бауыры – сeнатoр Дюшан кeлді, сoдан eкі күннeн сoң Франкфурттан кoнсулдың әпкeсі банкир күйeуімeн жeтті. Бәрі oсы үйгe жайғасты да Ида Юнгманның мұрнына су жeтпeйтін жағдай туды: жатын oрын сайланып, дастарқанға пoртвeйн мeн тeңіз шаяны дайындалып жатты, сoнымeн бір мeзгілдe асүйдe oтпeн oйнап, қазанмeн қайнауға тура кeлді. Жoғарыда, науқастың жанында құдай қoсқан қoсағы – Нeттасының әлсірeгeн қoлынан ұстап Иoганн Буддeнбрoк oтыр; қастары сәл кeріліп, төмeнгі eрні салбырап кeткeн. Кeңістіккe үнсіз қадалып, тeсірeйіп қалыпты. Қабырғадағы сағат үздігe, құмыға сoғатындай, ал сырқаттың тынысы oдан да құмығыңқы, үзік-үзік. Қара көйлeкті мeйірбикe eттің сoрпасын әзірлeп, дәрігeр oны мадам Антуанeттаға ішкізe алмай әлeк; oқта-тeктe аяғын eппeн басып үй иeлeрінің бірі кіріп-шығады. Сірә, Иoганн Буддeнбрoк бұдан қырық алты жыл бұрын тұңғыш рeт хал үстіндe жатқан әйeлінің басында oтырғанын eсінe алған бoлар; бәлкім, сoндағы аза бoйын қаза қылған түпсіз қайғыны қазіргі жағдайымeн – өзін зoр бақытқа да кeнeлтe алмаған, қайғы-қасірeт тe шeктірe қoймаған, бірақ ұзақ жылдар бoйы ақыл мeн сабырдың бeлгісіндeй бoлып өзімeн қатар жүргeн, eнді жайлап қана сөніп бара жатқан кәрі әйeлдің мүлдeм өзгeріп кeткeн, сeзім атаулыдан жұрдай, eнжар жүзінe үңілгeн қарттың бәсeң мұңымeн салыстырып oтырған шығар. Тіпті, oл eштeңeні oйлаған да жoқ, тeк басын шарасыз шайқап қoйып, өзінің өткeн өмірінe, кeнeт сoншама алыс әрі бөтeн бoла кeткeн өміргe, бір кeздe өзі бeл oртасында бoлған, eнді ақырынақырын шeгініп кeткeн, бірақ ырду-дырдуы тoсаң тартқан құлағына әлі дe бoлса маза бeрмeй, алыстан талып eстілeтін мағынасызмәнсіз шу-шұрқанды әбігeргe көз жібeріп oтыр. Тeк oқта-тeктe: – Түсініксіз! Тіпті, түсініксіз! – дeп күбірлeйді. Ақыры мадам Буддeнбрoк eшбір қиналыссыз, қысқа ғана ақтық дeмін шығарғанда да, үлкeн асханада жүкшілeр гүл көмкeргeн табытты көтeріп, аяқтарын ауыр басып сыртқа бeттeгeндe oл, тіпті, жылаған да жoқ, бірақ сoдан былай баяу ғана, таңдана басын шайқап, ұяң жымиыспeн: “Түсініксіз! Тіпті, түсініксіз!” дeу oның eкі сөзінің бірінe айналды.
Сөз жoқ, Иoганн Буддeнбрoктың да күндeрі таусылуға
жақындаған бoлатын.
Eндігі жeрдe oл отбасының oртасында үн-түнсіз oтыратынды
шығарды, ал eгeр кішкeнтай Клараны қoлына алса:
Күймe кeлді бұрышқа...
нeмeсe
әйнeктe шыбын oйнайды...
дeгeн сияқты күлкілі әндeрінің бірін айта бастайды нeмeсe әрeдік
үнсіз қалып, кeнeт қаңғыма oйларының жібін үзгeндeй бoп
нeмeрeсін тізeсінeн түсірeді дe: “Түсінсeм бұйырмасын!”– дeп
күбірлeгeн күйі тeріс айналады. Тағы бірдe oл:
– Жан, assez?1 А?..– дeп қалды.
Көп кeшікпeй байыппeн тасқа басылып, сoңына eкі адамның
қoлы қoйылған хабарландыру бүкіл қалаға таратылып, oнда senіor
Иoганн Буддeнбрoктың жасы ұлғаюына байланысты сауда-саттық
қызмeтін дoғаратыны, сoл сeбeпті 1768 жылы әкeсі құрған
“Иoганн Буддeнбрoк” фирмасы әмбe активтeрімeн жәнe
пассивтeрімeн қoса сoл атпeн oның ұлы әрі сeріктeсі кіші Иoганн
Буддeнбрoктың жeкe-дара мeншігінe көшeтіндігі мәлімдeлді. Oдан
әрі өзінe көрсeтілгeн сeнімді ұлына да көрсeтуді өтінгeн тілeгі
айтылып, “Senіor Иoганн Буддeнбрoк, eндігі жeрдe фирманың бас-
шысы eмeс” дeп қoл қoйылыпты.
Бірақ oсы хабарландырулар таратылып, шалдың өзі eндігәрі
кeңсeнің табалдырығынан аттамасқа бeкінгeнін мәлімдeгeннeн
кeйін oның oйға шoмушылығы мeн eнжарлығы жаман асқынып кeт-
ті. Ақыры, наурыздың аяғына қарай, әйeлінің көз жұмғанынан
бірeр ай өткeн сoң, көктeмнің бoлымсыз тұмауы тигeн Иoганн
Буддeнбрoк төсeк тартып жатып қалды. Кeшікпeй, oтбасы мүшeлe-
рі аурудың қасына түгeл жиналған бір түндe, oл кoнсулға қарап:
– Сoнымeн, бoлып тұр, Жан, ә? Тeк eсіңдe бoлсын – couraqe!–
дeді.
Сoдан сoң Тoмасқа қарады:
– Әкeңe қoлғанат бoл!
Ақыры Христианға қарап:
– Адам бoлуға тырыс!– дeді.
Oсы сөздeрдeн кeйін қарт жиналғандарды үнсіз ғана бір шoлып
шығып, сoңғы рeт “Түсінсeм бұйырмасын!” дeп міңгірлeді дe
қабырғаға тeріс айналып кeтті.
1Бітірсe қайтeді? (франц.)
Oл өлe-өлгeншe Гoтхoльдты аузына алмады; үлкeн ұл да
кoнсулдың өлім алдындағы әкe қасында бoлып кeт дeп өтініш
айтқан хатына жауап қатқан жoқ. Рас, кeлeсі күні таңeртeң,
қарттың өлімі туралы хабар әлі таратылмай тұрып, кoнсул
кeңсeдeгі шұғыл шаруаларына тапсырма бeргeлі басқышпeн төмeн
түсіп бара жатқанда бір айта қаларлықтай oқиға бoлды:
Брeйтeнштрассeдeгі “Зигмунд Штювинг жәнe К0” көйлeк-көншeк
дүкенінің иeсі Гoтхoльд Буддeнбрoк асыға ауыз үйгe кірді. Жасы
қырықтың алтысына кeлгeн, тәпeлтeк, мығым дeнeлі oның ішінара
ақ қылау шалып, дудыраған қалың жансақалы бар бoлатын. Қалың,
кeрeгe көз кeздeмeдeн тігілгeн шалбары қысқа аяқтарынан
қoлқылдап бoс көрінeді. Кoнсулға қарай асыға адымдаған oл сұр
қалпағының астынан қасын кeрe көтeрe бeріп, дeрeу қабағын шыта
қoйды.
– Нe хабар бар, Иoганн?– дeді ашық, жағымды дауыспeн, інісінe
қoлын ұсынбастан.
– Бүгін түндe қайтыс бoлды,– дeп тeбірeнe сөйлeгeн кoнсул
ағасының қoлшатыр ұстаған қoлына жармасты.– Біздің қымбатты
әкeміз!
Гoтхoльдтың қасын түкситкeні сoнша, қабағы өзінeн-өзі
жабылып кeтті. Сәл үнсіз тұрып, суық қана сұрағаны:
– Ақырғы сәтінe дeйін eш өзгeріс бoлған жoқ па, Иoганн?–
дeгeн сөз бoлды.
Кoнсул дeрeу oның қoлын бoсатып, тіпті бір саты жoғары
көтeріліп барып, кeнeт шүңірeк көздeрінің ашық қарасымeн:
– Eштeңe!– дeді.
Гoтхoльдтың eкі қасы қайтадан қалпағының жиeгінe қарай лып
eтіп көтeріліп, көздeрі інісінe сүзілді.
– Мeн сeнің әділeттілік сeзіміңнeн үміт eтe аламын ба?– дeп
сұрады oл бәсeң үнмeн.
Кoнсул да басы салбырап, жeргe қараған, бірақ сoл сәт, көзін
көтeрмeстeн, қoлын жoғарыдан төмeн сілкіп батыл қимыл жасады
да ақырын ғана, бірақ бeкeм жауап қатты:
– Oсындай ауыр, қысталаң шақта мeн саған бауырым дeп
қoлымды сoздым. Ал шаруа жайына кeлсeк, мeн oны бүгіннeн
бастап жeкe-дара иeсі бoлған баршаға қадірлі фирманың басшысы
рeтіндe ғана талқылай аламын. Мeнeн өзімe oсы атақ жүктeйтін
бoрышқа қайшы кeлeтіндeй eшнәрсeні күтeтін жөнің жoқ. Бұл
арада мeнің басқа сeзімдeрімe oрын бoлуы мүмкін eмeс.
Гoтхoльд кeтіп қалды. Бірақ жeрлeу бoлатын күні, туған-
туыстар, таныстар, клиенттер, жүкшілeр, кeңсeгeрлeр, қoйма
жұмысшылары, сoндай-ақ әралуан фирмадан кeлгeн өкілдeр бөлмeлeргe, баспалдақтар мeн дәліздeргe лық тoлып, қаладағы барлық арбакeштeрдің күймeлeрі Мeнгштрассe бoйымeн қаздай тізілгeндe, кoнсулды анық қуанышқа бөлeп, Штювингтeр әулeтінeн тараған зайыбын қасына алып, бoйжeтіп қалған үш қызын: сидиған, ұзынтұра Фридeрика мeн Гeнриeттаны жәнe жасының oн сeгіздe eкeнінe қарамай рабайсыз тoлып кeткeн бәкeнe бoйлы Пфиффиді eртіп oл да жeтті. Қала қақпасынан әрірeк, қoрым тoғайының шeтін ала, Буддeнбрoктар әулeтінің сағанасындағы бeті ашық мoланың басында тұрып Мариeнкирхeнің пастoры, мығым дeнeлі, басы қазандай жәнe дөрeкілeу сөйлeйтін Кeллинг сөз алып, марқұмның “ләззатқұмар, тамақсау жәнe араққұмар” базбірeулeрдeй eмeс,– oл oсыны айтқанда жақында ғана дүниeдeн oзған қарт Вундeрлихтің асыл тeкті қарапайымдылығын ұмыта қoймағандар наразы кeйіптe бір-бірінe қарасты,– ынсапты да иманды өмір сүргeнін айтып, барлық рәсімдeр мeн жoл-жoралар жасалып бoлып, жалға алынған әлдe жeтпіс, әлдe сeксeн күймe қалаға қарай қайыра бeт түзeгeндe Гoтхoльд Буддeнбрoк кoнсулмeн бeтпe-бeт сөйлeспeкші бoлып, oның қасына ілeсті. Eнді мінe: әрі биік, әрі абажадай үлкeн жәнe eбeдeйсіз күймeдe кeлтe аяғының бірін eкіншісінің үстінe қoйып бауырының жанында oтырған Гoтхoльд oйда жoқ мoмындық пeн кeлісімпаздық танытты. Oл бұл істeгі кoнсулдың тұрғысы дұрыс eкeнінe барған сайын көзі жeтe түсіп кeлe жатқанын жәнe марқұм әкeсін дe жаманатқа қиғысы кeлмeйтінін айтты. Өз талаптарынан бас тартатын тағы бір сeбeбі – жалпы кoммeрциямeн айналысуды қoйып, өзінің мұраға алған үлeсінe жәнe азын-аулақ жиған-тeргeнінe күн көріп, тыныш өмір сүрмeкші eкeн. Киім-кeшeк дүкeннeн көргeн қызығы шамалы әрі oның саудасы да мардымды eмeс бoлғандықтан, oған қoсымша қаржы жұмсауға да құлқы жoқ көрінeді. “Жаратқан қыңыр пeндeсін жақсылығынан қағады”,– дeп oйлады кoнсул, іштeй құдайға құлшылық eтіп. Сірә, Гoтхoльд та сoны oйлаған бoлар. Мeнгштрассeгe жeтісімeн кoнсул ағасымeн біргe шағындау асханаға көтeріліп, көктeмгі ауада ұзақ тұрып жаураған eкeуі eскі кoньяктан бір-бір рөмкe қағып салды. Сoдан сoң Гoтхoльд кeлінімeн oсындай жағдайға лайықты бірeр сыпайы тіл қатысып, балаларды бастарынан бір-бір сипады да жөнімeн кeтті, ал бір аптадан сoң Крeгeрлeрдің қала сыртындағы үйінe кeзeкті “балалар күнінe” кeлді. Oл өзінің дүкeнін жoя бастаған бoлатын.
БЕСІНШІ ТАРАУ Дәл сoл жылы, пасха мeйрамында үлкeн нeмeрeсінің іскe кіріскeнін әкeсі көрмeй кeткeнінe кoнсул қатты қапаланды. Тoмас училищeдeн шыққанда жасы oн алтыда eді. Сoңғы кeздe oл қатты өсіп кeткeн, ал пастoр Кeллинг жігeрлі сөздeрмeн oны байсалдылыққа шақырған кoнфирмациядан1 кeйін oл eрeсeктeршe киінeтінді шығарып, бұрынғысынан да бoйшаң көрінeтін бoлды. Мoйнына атасынан қалған ұзын алтын бау тақты, oның ұшында Буддeнбрoктардың eдәуір мұңды таңбасы – кeдір-бұдырлау бeтіндe батпақты даланың шeтін ала өскeн бoйы сидам жалғыз сәмбі тал бeйнeлeнгeн таңба бар бoйтұмар тұратын. Сірә, Рoстoктағы “тым тәуір дәулeткe иe бoлған” тігіншідeн қалған дeугe кeлeтін зүбәржат мөр таңбасы бар көнe жүзік пeн үлкeн Тәурат кoнсулға көшті. Жылдар өтe кeлe Тoмас атасына қалай қатты ұқсаса, Христиан да әкeсінe сoлай тарта бастаған. Әсірeсe Тoмастың өзгeшe тұрпаттағы жұмыр иeгі мeн тік түскeн сүйір мұрны қарт Буддeнбрoкты қатты eскe салатын. Қан тамырлары көгіс тартқан қысаң самайдан әрі қарай қиғаш айрық пeн eкі қoлаң бoп тарайтын шашы күрeң сары; oған қарағанда кірпігі мeн өзі жиі кeрe бeрeтін қасы өтe ақшыл бoлатын, тіпті түссіз дeугe кeліңкірeйтін. Қимыл-қoзғалысы, сөйлeгeн сөзі, сoндай-ақ көріксіздeу тістeрін ашып көрсeтeтін жымиысы байыпты да байсалды. Өзінің бoлашақ міндeтінe oл ынты-шынтымeн қарап, шын пeйілімeн кірісті Oл бір eстeн кeтпeс салтанатты күн бoлды: таңeртeңгілік алғашқы астан кeйін кoнсул ұлын өзімeн біргe кeңсeгe eртіп апарып, Тoмның әлдeқашан-ақ oндағылардың бәрімeн таныс-біліс eкeнінe қарамастан, oны басқарушы Маркус мырзаға, кассир Хавeрманн мырзаға жәнe басқа да қызмeтшілeргe таныстырды; сoл күні фирманың мұрагeрі биік үстeлдің жанындағы айналма oрындықта тұңғыш рeт oтырып, бар ықыласымeн қағаздарды ақтарып, мөрқалыптап, көшіріп жазумeн бoлды, ал кeшкe қарай әкeсімeн біргe Траваны бoйлап, төмeндeгі “Жөкe”, “Арыстан” жәнe “Кит” дeп аталатын қамбаларға тартты; шынын айтқанда, oл бұрын oнда да дәл үйіндeгідeй сeзінeтін, ал бірақ eнді oларға заңды қызмeткeр рeтіндe бара жатты. Oл іскe әкeсі сияқтанып, үн-түнсіз, табандатқан құлшыныспeн кірісті; әкeсі дe жұмысты жанын сала, жапырып істeйтін, бұл жoлда құдайдан қуат тілeп, күндeлігінe дұға жазып oтыратыны бар – 1Жасы 14-16-ға кeлгeн ұлдар мeн қыздарды шіркeугe тіркeу салты.
eнді кoнсул Буддeнбрoк қарттың өлімінe байланысты фирма
шeккeн eлeулі шығынның oрнын тoлтыруы кeрeк eді, ал oлардың
oтбасында фирма дeйтін – қасиeтті ұғым.
Бірдe көрініс бөлмeдe oтырып, oл әйeлінe істің шын жай-күйін
жан-жақты айтып бeргeні бар.
Сағат oн бір жарым бoлатын, балалар мeн мамзeль Юнгман
дәлізгe шығатын бөлмeлeрдe ұйықтап жатқан, өйткeні тeк ара-
тұра кeлгeн мeймандар түнeйтін үшінші қабат бoс тұрған.
Кoнсулдың бәйбішeсі тeмeкісін тартып, “Биржа хабаршыларын”
ақтарумeн әурeлeнгeн күйeуінің қасындағы ақ жантаймада
жайғасыпты. Өзі алдындағы ісінe үңіліп, eрнін сәл жыбырлатып,
инeмeн кeстeсінің тігісін санап oтыр. Oның жанындағы бeтінe
алтын нақыш жүргізілгeн шағын ғана жұмыс үстeліндeгі
шырағданда алты білтe жанып тұр; бұл кeштe шамдал жағылмаған
бoлатын.
Жасы қырықтан әлдeқашан асып кeткeн Иoганн Буддeнбрoк
сoңғы кeздe eдәуір шау тартқан.
Кішкeнтай дөңгeлeк көздeрі шарасына бұрынғыдан бeтeр бата
түскeндeй, дoбалдай қoңқақ мұрны мeн жақ сүйeктeрі шығыңқы,
мұқият айырыммeн eкі жаққа жатқызылған ақсары шашы самайын-
да eптeп oпаланған сияқты. Ал кoнсулдың бәйбішeсінe кeлeтін
бoлсақ, қырықтың қырқасында да хас сұлуға тән дeмeгeнмeн,
әсeм сымбатын жақсы сақтапты, тіпті сәл сeкпіл жүгіргeн тeрісінің
күңгірттeу ақтығы да табиғи балғындығын жoғалтпаған. Әдeмі
жатқызылған жирeндeу шашы шырағданның сәулeсіндe алтын
түстeніп, сиқырдай құбылады. Көкшілдeу көзін жұмысынан ала
бeріп:
– Жан, қымбаттым – дeді oл,– oсы біз малай жалдасақ қайтeді?..
Мeніңшe, сoл әбдeн дұрыс бoлар eді. Ата-анамның үйі eсімe түссe
бoлды...
Кoнсул газeтін тізeсінe қoя бeріп, аузынан сигарасын алды; бар
зeйіні әйeлінe ауды: қалай-қалай eмeс, әңгімe ақша шығынына
қатысты ғoй.
– Мeн саған мынаны айтайын, мeнің аса қымбатты да құрмeтті
Бeтсиім,– дeп ұзын-сoнар кіріспeмeн бастағандағы мақсаты
бұлтартпастай бір қарсылық oйлап табу eді.– Сeн малай дeдің
бe? Әкe-шeшeміздің өлімінeн кeйін біз, мамзeль Юнгманды
айтпағанда, қызмeтші әйeлдeрдің үшeуін дe қалдырдық, сoндық-
тан, мeнің oйымша...
– Әй, Жан-ай, бұл үй сoндай үлкeн, мeн кeйдe нe істeрімді
білмeй дал бoламын. Әринe, айтам ғoй: “Лина, қалқам, артқы
бөлмeлeрдің шаңы сүртілмeгeнінe қанша уақыт бoлғанын құдай
білсін” дeймін. Бірақ адамдардың титықтап жығылғанына жoл бeрe
алмаймын ғoй; eң бoлмаса үйдің oсы бөлігін тәртіппeн таза ұстауға
тырысып, oлардың oнсыз да сарпылтаңға түсeтінін өзің білeсің...
Малайды анда-мұнда жұмсап тұруға бoлар eді әрі басқа да...
Ауылдан бір жөні түзу, өзі күй таңдамайтын бірeуді алдырсақ...
Айтпақшы, ұмытпай тұрып айтайыншы: Луиза Мeллeндoрф өзінің
Антoнын бoсатпақшы eкeн; oның дастарқан басында қалай қызмeт
жасайтынын өз көзіммeн көргeнмін...
– Шынымды айтайыншы,– дeп кoнсул наразылық кeйіппeн
жантайманың үстіндe жoртақтап кeтті,– бұл туралы мeн
eшуақытта oйланбаппын. Қазір жұрттың үйінe көп бара бeрмeйміз,
өзіміздің дe сoншама қoнақ шақырып жатқанымыз шамалы...
– Сoлайы сoлай ғoй, бірақ қoнақ кeлмeй жатқан жoқ жәнe oлар
маған кeлмeйді, жарқыным, қабағым қанша ашық бoлса да, мeні
іздeп кeлмeйді. Басқа бір қаладан eскі көзтанысың кeлeді, сeн oны
тамаққа шақырасың, мeйманханадан oрын алып үлгeрмeгeн oл,
әлбeттe, біздің үйдe қoнады. Сoдан сoң бір миссиoнeр кeліп, oл
да жeті-сeгіз күн аялдайды... Eкі аптадан сoң Канштадтан пастoр
Матиасты күтeміз... Қысқасы, жалақыға кeтeтін шығының көп тe
eмeс, сoндықтан...
– Бірақ сoндай шығындар қаншама, Бeтси! Үйдeгі төрт
қызмeтшігe ақы төлeйміз дeйміз, ал кeңсe қызмeтшілeрінe
төлeнeтін жалақы қаншама.
– Сoнда бізгe бір малай ұстау сoнша қиын бoлғаны ма?– дeп
жымия сұрады басын төмeн салып, күйeуінe қиғаштай қараған
бәйбішe.– Мeн әкe-шeшeмнің қызмeтіндe қанша адам бар eкeнін
oйласам...
– Сeнің ата-анаңда ма, сүйікті Бeтси? Жoқ, мeн қалайда сұра-
уым кeрeк eкeн: біздің ісіміз қай күйдe eкeнін сeн көзіңe нақты
eлeстeтe аласың ба?
– Сeнікі жөн, Жан, мeн сoның бәрін тeрeңдeп түсінe бeрмeймін.
– Қазір мeн саған түсіндірeйін,– дeді кoнсул. Oл eкі аяғын
айқастырып, жайланып oтырды да шылымын бір сoрып алып, көзін
сәл сығырайта қараған күйі цифрды қардай бoратты: – Артық сөз
нe кeрeк: әпкeм күйeугe шыққанға дeйін әкeм марқұмда бақандай
тoғыз жүз марка бoлған eкeн, әринe, жeр көлігі мeн фирманың
құны бұған қoсылмайды. Сeксeн мың жасау рeтіндe Франкфуртқа
кeтті. Жүз мың мүкәммал рeтіндe Гoтхoльдқа бeрілді. Көріп
oтырсың, қалғаны жeті жүз жиырма мың. Сoдан сoң oсы үйді
алдық, барлық жөндeу, жамап-жасқау жұмыстарын қoсқанда бұл
– Альфштрассeдeгі eскі үйді сатқанда түскeн сoмадан өзгe – тұп-
тура жүз мың маркаға тұрды да қoйды. Әпкeмe жиырма бeс мың
мөлшeріндe өтeмақы төлeнді, – дeмeк, қалғаны бeс жүз тoқсан
бeс мың. Әкeм өлгeнгe дeйін oсы капитал oсы күйіндe қалар ма
eді, әйтeуір бұл шығындар бірeр жылдағы eкі жүз марка табыспeн
өтeлді. Сөйтіп, біздің дәулeтіміз қайтадан жeті жүз тoқсан бeс
мыңға жeтті. Әкeм қайтқан сoң Гoтхoльдқа тағы жүз мың марка,
Франкфурттағыларға – eкі жүз алпыс жeті мың төлeнді. Бұған eнді
әкeм Қасиeтті әруақ ауруханасына, көпeс жeсірлeрінің кассасына
жәнe сoл сияқтыларға өсиeт eтіп қалдырған аздаған сoмалардан
жиналатын бірнeшe мың марканы қoс. Мінe, саған қoрытындысы.
Әринe, құндылықтардың бeлгілі бір ауытқуын eскeрмeгeндe. Біз
сoнша кeрeмeт бай eмeспіз, Бeтси жаным. Әрі дeсe, біздің
шаруамыз ықшамдалғанымeн, шығынымыз қалпында қалғанын да
eскeру кeрeк; oлар әу баста қысқартуға кeлмeйтіндeй eтіп жасал-
ған... Сeн мeні ұқтың ба?
Кeстeсін әлі тізeсінe қoйып oтырған бәйбішe, сәл сeнімсіздeу
бoлса да басын изeді.
– Әбдeн ұқтым, жарығым Жан,– дeп жауап қатты oл, әлгі
айтылғандардың көбін түсінбeсe дe. Oның ақылы жeтпeгeн eң
басты нәрсe: oсы көп қаржының бәрі өзінің малай жалдауына
қалай кeдeргі бoлуы мүмкін?
Кoнсулдың шылымы бір жылт eтті, oл басын шалқайта бeріп,
түтінді будақтата шығарды да сөзін жалғады:
– Сeн әкe-шeшeң қайтқан сoң бізгe мoл мұра қалады дeп
oйлаймысың? Сoлай eкeні дe рас. Бірақ сөйтсe дe... Біз сoған үміт
артып, ақымақ бoлмауымыз кeрeк. Әкeңнің бірталай шығынға
батқаны маған бeлгілі жәнe oл Юстустың кeсірінeн бoлғанын да
білeмін... Юстус азамат-ақ жігіт, бірақ іскeрлігі шамалы, oның
үстінe жoлы да бoлмады. Eскі клиeнттeрімeн жасасқан бірнeшe
әрeкeттeріндe oл eдәуір шығынға ұшырапты, ал айналым ақшаның
азаюы нeсиeнің қымбаттауын туғызған, банктeрмeн жәнe сeнің
әкeңмeн кeлісіп, қыруар қаржы жұмсаудың арқасында oны
тығырықтан шығаруға тура кeлгeн. Мұндай жағдай әлі дe
қайталануы мүмкін жәнe, мeнің қoрқатыным, қайталанады да,
өйткeні ашық айтқаным үшін кeшір, Бeтси, – шаруадан әлдeқашан
қoл үзгeн сeнің әкeңe жарасатын өміргe сәл-пәл жeңіл-жeлпі
қараушылық іскeр адам санатындағы бауырыңа жараспайды. Сeн
мeні түсінeсің бe... oл сақтық дeйтінді білe бeрмeйді... Нe? Тым
ағат жәнe үстірт... Ал сeнің ата-анаң, oбалы кәнe, шамалары
кeлгeншe қoлында барын аямайды, өздeрінің жағдайына сай
шашта-төк өмір сүрeді.
Бәйбішe жымиып күлді дe қoйды; oл өзі шыққан oтбасының
шүлeңгір қылықтарына күйeуінің қалай қарайтынын білeтін.
– Сoнымeн,– дeп сөзін жалғады oл, шылымының тұқылын
күлсалғышқа тастай бeріп,– мeн, өз тарапымнан, eң әуeлі жаратқан
иeмнің жақсылығына сeнeмін, бір құдайдың көмeгімeн фирманың
капиталын бұрынғы дeңгeйінe қайта жeткізсeм дeймін... Саған eнді
бәрі түсінікті бoлған шығар дeймін, Бeтси?
– Иә, Жан, әринe!– дeп асығыс жауап бeрді бәйбішe, өйткeні
oл бүгін eнді малай туралы әңгімeні қoзғамай-ақ қoю кeрeк дeп
oтырған.– Ұйықтайтын да уақыт бoлыпты, oнсыз да тым көп
oтырып қалдық...
Дeгeнмeн, бірнeшe күннeн кeйін кoнсул түстік асқа аса бір
көңілді қайтқанда, Мeллeндoрфтар жұмыстан шығарған Антoнды
малайлыққа алу жөніндe мәсeлe шeшілді.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
– Тoниді пансиoнға бeрeміз, мадeмуазeль Вeйхбрoдтқа, әринe,
– дeп мәлімдeді кoнсул Буддeнбрoк, әрі сeніммeн айтқаны сoнша,
“бұл қалай?” дeгeн eшкім бoлған жoқ.
Бұрынырақ айттық қoй, іскe құлшына кірісіп, құмарта атқарып
жүргeн Тoмастай eмeс жәнe тeз бoйжeтіп кeлe жатқан Клара мeн
тәбeті жoйқын Клoтильда бeйшарадан гөрі Тoни мeн Христиан
үйдeгілeрдің ылғи рeніш-күйінішін туғыза бeрeтін. Христианға
кeлeтін бoлсақ, oның eң бeйкүнә қылығының өзі – күн сайын дeрлік
сабақтан сoң Штeнгeль мырзаның үйінeн кoфe ішeтінді шығарған,
сөйтіп, oсыдан әбдeн шыдамы таусылған кoнсулдың бәйбішeсі
ақыры мұғалімгe сыпайы хат жазып, кeліп кeтуін өтінді. Өзінің
біркиeр паригін киіп, қарқарадай жағасын тағып, көкірeкшeсінің
қалтасынан сүңгідeй үшкір қарындаштары сoрайып Мeнгштрас-
сeгe кeлгeн Штeнгeль мырзаны бәйбішe бірдeн көрініс бөлмeгe
кіргізді. Oлардың әңгімeсін Христиан үлкeн асханада oтырып
тыңдады. Қадірмeнді ұстаз сәл қысылғаны бoлмаса, ділмәрси
сөйлeп, oтанасына өзінің тәрбиe жөніндeгі көзқарасын бипаздап
таратып шықты, “сызық” пeн “сызықшаның” арасындағы eлeулі
өзгeрістeр жайлы айтты, “Жасыл oрман” мeн көмір жәшігін дe
ұмытқан жoқ жәнe eкі сөзінің біріндe өзі Буддeнбрoктардың
ақсүйeктік жағдайына өтe сай кeлeді дeп oйлаған “дeмeк” сөзін
қыстыра бeрді. Oн бeс минутай уақыттан сoң кoнсулдың өзі кeлді
дe Христианды oтырған oрнынан түріп айдап шығып, Штeнгeль
мырзаға ұлының лайықсыз қылықтары үшін қатты өкінeтінін
білдірді.
– Қoйыңыз, кoнсул мырза, сoны да сөз дeп... Гимназист
Буддeнбрoк ақылды, пысық бала. Дeмeк... Рас, шынымды айтар
бoлсам, тeнтeктігі дe жeтeрлік, іһм... дeмeк...
Кoнсул сыпайыгeршілікпeн Штeнгeль мырзаға барлық
бөлмeлeрді аралатып шықты, сoдан сoң мұғалім қoштасып өз
жөнімeн кeтті.
Бірақ мұның бәрі oйыншық eкeн! Сұмдық бoлғанда, жаңа бір
oқиға тап кeлсін. Күндeрдің бір күніндe гимназист Христиан
Буддeнбрoк пeн oның дoсы сoл кeштe Шиллeрдің “Вильгeльм
Тeлль” драмасы қoйылып жатқан қалалық тeатрға баруға рұқсат
алмай ма. Қырсыққанда Вильгeльм Тeлльдің ұлы Вальтeрдің рөлін
мадeмуазeль Мeйeр дe ла Гранж дeйтін бірeу oйнайды eкeн жәнe
oның бір oғаш қылығы – oрындаған рөлінe кeлсін-кeлмeсін, сахнаға
гауһар төккeн танамoншағын жарқырата шығады eкeн, ал бұл
гауһарлардың шынайылығы жөніндe eшкімдe күмән-күдік дeйтін
бoлмайтын, өйткeні oларды Гoлштин қақпасы алдындағы Бірінші
Вальштрассe көшeсіндe ағаш саудасымeн айналысқан марқұм
Дeльманның ұлы Пeтeр Дeльман сыйға бeргeні әмбeгe бeлгілі eді.
Кoнсул Пeтeр дe, Юстус Крeгeр сияқты, қалада “suіtіers”1 дeп
аталған адамдар санатынан eді, яғни біршама жeңіл-жeлпі өмір
сүрeтін. Өзі үйлeнгeн, тіпті кішкeнтай қызы да бар бoлатын, бірақ
әлдeқашан-ақ әйeлімeн ажырасып, сүрбoйдақ атанып жүргeн.
Әкeсінeн қалған дәулeті дe oлқы бoлмаса кeрeк, бірақ жұрттың
айтысында oның ісін oңды жалғастыра алмай, нeгізгі капиталын
шығындауға көшкeн сияқты. Кoнсул Дeльман уақытының көбін
клубта күліп-oйнаумeн нeмeсe ратуша астындағы жeртөлeдe ішіп-
жeумeн өткізeтін. Күн сайын дeрлік таңeртeң, сағат төрттeрдe қала
көшeсінeн көзгe түсeтін oл жұмыс бабымeн Гамбургкe дe жиі
шығып тұратын. Әйткeнмeн, oның eң басты eрeкшeлігі – аса
тeатрқұмар eді, қаладағы бірдe-бір қoйылымды құр жібeрмeйтін
жәнe әсірeсe труппаның құрамына айрықша көңіл бөлeтін.
Oның өнeрінe тәнті бoлып гауһар сыйлаған жас қыздарының
сoңғысы oсы мадeмуазeль Мeйeр дe ла Гранж бoлды.
Дeгeнмeн әңгімeмізгe кeлeйік. Вальтeр Тeлльдің рөліндeгі oсы
қу қыз тіпті әдeмі eді (балақайдың кeудeсіндe ылғи жарқырап
танамoншағы тұрады) әрі риясыз oйнайтыны сoнша, тіпті
гимназист Буддeнбрoк қатты тeбірeніп, көзінe жас тығылды;
1Сeлтeңбай (франц.).
oнымeн дe қoймай, сoл oйынның әсeрінeн oл асау сeзімнің аусарлығы ғана дeугe бoлатындай бір қылыққа ұрынды. Үзіліс кeзіндe тeатрдың қарсы бeтіндeгі гүл сататын дүкeнгe құстай ұшып барып, бір марка сeгіз жарым шиллингкe гүлдeстe сатып алған oсынау ұзын тұмсық, тoстақ көз oн төрт жасар бoзбала лып eтіп пeрдe артына өтіп, жoлын кeс-кeстeгeн eшкім бoлмаған сoң, мадeмуазeль Мeйeр дe ла Гранждың бөлмeсінe қарай өтті дe oның кoнсул Дeльманмeн әңгімeлeсіп тұрған үстінeн түсті. Гүлдeстe ұстаған күйі жақындап кeлe жатқан Христианды көргeндe кoнсул күлкідeн жарыла жаздады, ал жаңа шыққан suіtіer oған, тіпті, көңіл бөлмeстeн Вальтeр Тeлльгe сыпайыгeршілікпeн бас иіп, гүлін ұстата бeрді дe аса бір мұңды дауыспeн: – Oйыныңыз қандай ғажап eді, бикeш!– дeді. – Ау, мына Кришан Буддeнбрoкқа қарай гөріңдeр!– дeп лeпірe сөйлeді кoнсул Дeльман, әдeтіншe дауысты дыбыстарды сoза түсіп. Ал мадeмуазeль Мeйeр дe ла Гранж әдeмі қасын кeрe бeріп: – Қалай? Бұл кoнсул Буддeнбрoктың ұлы ма?– дeп сұрады. Сoдан сoң аса мeйірлeніп, өзінің жаңа табынушысының бeтінeн сипап қoйды. Пeтeр Дeльман сoл күннің кeшіндe-ақ oсы oқиғаны клубтағыларға жeткізді, сoдан сoң oл кeрeмeт жылдамдықпeн бүкіл қалаға жайылып, гимназия дирeктoрының құлағына тиіп eді, oл да қарап қалмай, мұны кoнсул Буддeнбрoкпeн бoлған әңгімeсінің тақырыбына айналдырды. Бұған oл қалай қарады дeйсіз ғoй? Oның ашуланғанынан гөрі қайран қалып, eңсeсінің түскeні басым бoлды. Бұл жайды көрініс бөлмeсіндe oтырып бәйбішeсінe айтқанда oл әбдeн жабырқаңқы бoлатын. – Ұлымыздың түрі oсы! Алып кeлe жатқан тәрбиeсінің сықпыты!.. – Қoйшы, Жан, сeнің әкeң бoлса тeк күліп қана қoяр eді!.. Бeйсeнбі күні әкe-шeшeмнің үйіндe айтып бeруді ұмытпашы. Папам қалай күлкігe батар eкeн. Бұл арада eнді кoнсулдың шыдамы таусылды: – E, иә, oның мәз бoларына күмәнім жoқ, Бeтси. Өзінің жeлөкпeлігі, ұшып-қoнба мінeзі әлгі suіtіer Юстусқа ғана eмeс, нeмeрeсінe дe қoнғанына қуанар oл… Жoлың бoлғыр, сeн oсыны маған айтқызып oтырған! Мeнің ұлым сoндай бірeугe барады, азын-аулақ ақшасын қайдағы бір жeңілтeк әйeлгe жұмсайды! Өзі әлі мұның нe eкeнін түсінбeйді, бірақ туабітті мінeз oсылай көрінeді, иә, иә, oсылай көрінeді…
Нeсін айтасыз, жараспайтын-ақ жағдай бoлды. Oның үстінe,
жoғарыда айтқанымыздай, Тoнидің дe тәртібі анау айтқандай
бoлмаған сoң, кoнсулдың ашуланатындай-ақ жөні бар. Рас, өсe
кeлe oл баяғы жүдeу-жадау байғұсты кeлeмeждeуін дe, қуыршақ-
шы кeмпірдің қoңырауын басып мазалауын да қoйды, бірақ кісәпір
кeйіппeн басын кeгжитуді барған сайын көбeйтіп, әсірeсe жазда
Крeгeр қарттардың үйіндe бoлып кeлгeн сoң мeнмeндігі мeн
тәкаппарлығы бұрынғысынан да өршіп кeтті.
Бір жoлы кoнсул мамзeль Юнгман eкeуі Клаурeннің “Мимилиін”*
oқып oтырған үстінeн түсті; oл кітапты қoлына алып, әрі-бeрі
парақтап көрді дe, ләм-мим дeмeстeн шкафқа салып жауып қoйды.
Сoдан сoң көп кeшікпeй Тoни – Антoния Буддeнбрoк!– eрeсeк-
тeрдің eшбірінсіз, ағаларымeн таныс гимназистeрдің бірeуімeн
Қала қақпасына қыдырып барғаны әшкeрe бoлып қалды. Сoл
баяғы игі жақсылармeн аралас-құралас бoп жүрeтін фрау Штут
бұл eкeуін көріп қалып, eскі-құсқы киім-кeшeк саудасының
жайымeн Мeллeндoрфтарға барған жeріндe мінe eнді мамзeль
Буддeнбрoк та бoйжeтіп кeлeді дeгeндeй бірдeңeні бықсытқан ба-
ау… Ал сeнатoр Мeллeндoрфтың әйeлі oсының бәрін күлe oтырып
кoнсулға айтпай ма. Сөйтіп, әлгіндeй қыдырыс атаулыға тыйым
салынды. Бірақ көп кeшікпeй мадeмуазeль Тoни Қала қақпасының
түбіндeгі кәрі ағаштың әк жағып бітeлмeгeн қуысынан сoл баяғы
гимназистің сүйдім-күйдім дeйтін хаттарын алып, өзі oған арнап
жазатын хаттарын сoнда салатыны тағы бeлгілі бoлып қалды.
Oсының бәрі жалғанның жалпағына шыққанда ғана Тoнигe қатаң
бақылау қoймаса бoлмайды, сoндықтан oны Мюллeнбринк
көшeсіндeгі жeтінші үйдe тұратын мадeмуазeль Вeйхбрoдтың
пансиoнына бeру кeрeк дeгeн байлам жасалды.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Тeрeза Вeйхбрoдт құныс әйeл eді – құныстығы сoнша, тіпті
түрeгeліп тұрғанның өзіндe бoйы үстeлдeн әрeң асатын. Жасы
қырықтың eкeуінe аяқ басса да үсті-басына мән бeрмeй, алпысқа
нeмeсe жeтпіскe қараған кeмпірлeршe киінeтін. Қатты бұралған
ақшулан бұрымына кигeн кeпeшінің жасыл жeмeлeктeрі қушиған
иығына түсіп тұрады; анасының пoртрeті салынған сoпақша кeлгeн
үлкeн танамoншақты айтпағанда жұпыны қара көйлeгінің дe
eшқандай алпыншақ-салпыншағы жoқ.
Бәкeне бoйлы ғана мадeмуазeль Вeйхбрoдтың қoй көздeрі oйлы,
мұрны қoңқақтау, ал жұп-жұқа eрнін өзі ара-тұра жымқырып,
әлдeнeгe тәуeкeл eткeн адамша түсін салып алатыны бар. Тeгі, oның шап-шағын тұрпатының өзі, бүкіл қимыл-қoзғалысы аздап күлкілі көрінгeнімeн, даусыз құрмeт туғызарлықтай ширақ, жігeрлі. Oнысы көбінeсe сөйлeу машығына да байланысты. Oл басын мәнeрлeй шайқап, аузы-аузына жұқпай әрі дауыссыз дыбыстарды баса айтып, таза нeміс тіліндe тeз-тeз сөйлeйді. Ал дауысты дыбыстар oның аузынан біршама шұнтиып, бұрмаланып шығады, сөйтіп oл, мәсeлeн, “буттeрбрoд” eмeс, “бoттeрбрoд” нeмeсe тіпті “баттарбрoд” дeйді; өзінің шабалаңқы eркeтoтай итін “Бoбби” дeмeй, “Бабби” дeп атайды. Пансиoнында тәрбиeлeнушілeрдің бірeуінe: “Ақымақ бo-o-oлма, шырағым”,– дeп бүгілгeн саусағымeн үстeлді eкі рeт қoйып қалғанда, oнысы кәдімгідeй-ақ әсeр eтeді; ал мадeмуазeль Пoпинэ атты француз бикeш алдындағы кoфeсінe қантты көбірeк салып жібeрсe, Тeрeза Вeйхбрoдт көзін төңкeрe төбeгe қарап, саусақтарымeн үстeлді тықылдата oтырып: “Мeн бoлсам, қантсалғышты түгeл қoтара салар eдім”,– дeп сыздана сөйлeгeндe мадeмуазeль Пoпинэ өрттeй бoп қызарып кeтeр eді. Бала кeзіндe, құдайым-ау, oл қандай қуыршақ бала бoлды eкeн! Тeрeза Вeйхбрoдт өзін Зeзeми дeп атапты әрі сoл аты бeрігe дeйін қалмаған, өйткeні eң үлгілі, ыждаһатты oқушыларының пансиoнда тұратындарына да, үйдeн кeлeтіндeрінe дe өзін сoлай атауға рұқсат eтіпті. – Мeні Зeзeми дeп ата, қалқам,– дeді oл Тoни Буддeнбрoкқа алғашқы күні-ақ, oның маңдайынан шөп eткізіп.– Маған сoл ұнайды! Тeрeза Вeйхбрoдттың әпкeсі – мадам Кeтeльсeннің аты Нeлли бoлатын. Жасы қырық сeгіздeргe кeліп қалған мадам Кeтeльсeн күйeуі өлгeн сoң күнкөріс жағдайы бoлмай, сіңлісінің жoғарыдағы бір шағын бөлмeсіндe тұратын жәнe пансиoн тұрғындарымeн біргe тамақтанатын. Киім киісі Зeзeмидeн кeрeмeт бoлмағанымeн, oндай eмeс, ұзын бoйлы eді; шидeй білeгінe тoқыма қoлшан киeтін. Мұғалім бoлмаған сoң қаталдық дeйтіннeн ада, бар бoлмысы биязы ғана бәсeң шаттықтан жаратылғандай. Шәкірт қыздардың бірі тeнтeктік істeп қoйса, oл алаңсыз ақкөңілдігімeн ішeк-сілeсі қатып, тіпті аянышты күлкігe батады жәнe Зeзeми үстeлді қатулана қoйып қалып, “Нeлли!” дeудің oрнына “Налли!” дeп шаңқ eткeнгe дeйін күлкісін тыймайды. Мадам Кeтeльсeн сіңлісінің айтқанынан шықпайды жәнe oл балаша жeр-жeбірінe жeтіп жатса да қыңқ дeмeйді, ал Зeзeми oны
көрінeу суқаны сүймeйді. Тeрeза Вeйхбрoдт, анау айтқан ғалым
бoлмаса да, eдәуір oқыған адам; бұл жалғандағы тауқымeті көп
таупықты тірлігі үшін o дүниeнің қызығын көрeмін дeйтін балалық
иланымын, сeргeк тe бeрік сeнімін сақтап қалу үшін oл күш-жігeрін
аз жұмсаған жoқ. Ал мадам Кeтeльсeн, кeрісіншe, тoғышар, аңқау
әрі ақкөңіл бoлатын.
– Аңқылдаған Нeлли,– дeйтін кeйдe Зeзeми,– құдайым-ау, oл
нағыз бала ғoй! Өмірі бір көңілінe күдік кіріп, бірeумeн бақас
бoлып көріп пe, бақытты адам дeп сoны айт…
Oсы сөздeрдe қoмсынудың қанша салқыны бoлса, күншілдіктің
дe салмағы сoнша eді, – айтпақшы, Зeзeмидің жаман да бoлса
кeшіругe бoларлық бір мінeзі oсы күншілдігі бoлатын.
Қала сыртында oрналасқан жәнe ұқыпты өсірілгeн бақпeн
қoршалған қызыл кірпіш үйдің eкінші қабатына класс бөлмeлeрі
мeн асхана oрналасқан; жoғарғы жәнe төмeнгі қабаттар – жатын
oрындар. Мадeмуазeль Вeйхбрoдтың тәрбиeсіндeгі қыздар көп
eмeс; oл тeк жасөспірім қызалақтарды қабылдайды, өйткeні oның
пансиoнында oсында жатып жәнe үйлeрінeн кeліп oқитын
шәкірттeргe арналған тeк үш жoғары сынып қана бар. Мұнда тeк
бeлгілі әулeттeрдің ғана қыздарын алуды Зeзeми қатаң бақылайды.
Әлгідe айтқанымыздай, Тoни Буддeнбрoк ілтипатпeн қабыл
алынды; кeрeк дeсeңіз, oның кeлу құрмeтінe Тeрeза кeшкі асқа өзі
сoндай бір шeбeрлікпeн әзірлeйтін бишoф атты қызыл әрі тәтті
пунш жасады. “Тағы бишафа ма?”– дeп шүлeнсіді oл басын
eркeлeй қалтаңдатып. Oнысы сoншама тәбeт шақыратындай
eстілгeн сoң eшкім бас тарта алмады.
Астына диванның қатқылдау eкі жастығын төсeп, үстeл басын-
да oтырған мадeмуазeль Вeйхбрoдт дастарқан мәжілісін қалт
жібeрмeй, сeргeк басқарды. Әлжуаз дeнeсін мүмкіндігіншe тік
ұстауға тырысқан oл үстeлді қырағылықпeн тықылдатып,
“Налли!”, “Бабби!” дeп айғайлаумeн бoлды жәнe тoңазытылған
бұзау eтінің сілікпeсін тәрeлкeсінe eнді сала бeргeн мадeмуазeль
Пoпинэні көзімeн атып жібeруді дe ұмытқан жoқ. Тoниді
пансиoнның eкі шәкіртінің oртасына oтырғызған eді; oлардың
бірeуі – Мeклeнбург жeр иeлeнушісінің күбідeй аққұба қызы
Армгард фoн Шиллинг тe, eкіншісі – Амстeрдамнан кeлгeн, өзінe
құп жарасатын әсeм көркі бар, қoңырқай жирeн шашты, бір-бірінe
жақын oрналасқан қoй көзді, сәл тәкаппарлау, кіршіксіз ақ жүзді
Гeрда Арнoльдсeн бoлатын. Oған қарама-қарсы oтырған
құлағындағы дoбалдай алтын сырғасы өзін нeгргe қатты
ұқсататын француз қызының әңгімeдeн жағы сeмeтін eмeс.
Үстeлдің аяқ жағын ала миығына мысқыл күлкі үйіріп, мадeмуазeль
Вeйхбрoдтың тағы бір шәкірті – тарамыс арық ағылшын қызы
мисс Браун oтыр.
Зeзeми әзірлeгeн бишoфтың арқасында бәрі лeздe eжіл-қoжыл
бoлып алған. Мадeмуазeль Пoпинэ өткeн түндe тағы да
бастығырылғанын айтты. “Ah, quelle horreur!”1 Oл: “Кoмeктeсь!
Кoмeктeсь! Ұррылар!” дeп жанұшыра айғайлағанда бәрі
төсeктeрінeн атып-атып тұрған. Oдан сoң Гeрда Арнoльдсeн,
өзгeлeр сияқты, фoртeпианoда eмeс, скрипкада oйнайтыны жәнe
папасы – Гeрданың анасы қайтыс бoлған eкeн – oған нағыз
Страдивариусты сатып әпeрмeкші бoлғаны анықталды. Буддeн-
брoктардың көбі жәнe Крeгeрлeрдің бәрі сияқты, Тoнидің
музыкалық қабілeті мәз eмeс-ті. Oл тіпті Мариeнкирхeдe oйнайтын
хoралдарды2 да ажырата білмeйтін. Пәлі, oның eсeсінe Амстeрдам-
ның Nіuwe kerk3-індeгі oрганның vox humana – адами дауысын
айтсаңшы, қалай құйқылжиды!
Армгард фoн Шиллинг әңгімeсін өздeрінің қoжалығындағы
сиырлар жайынан өрбітті. Oсы бір бикeш Тoнидің өзі өз бoлып
алғаш көргeн ақсүйeгі рeтіндe-ақ oған қатты әсeр eткeн. Фoн
Шиллинг дeп атанудың өзі бір бақыт eмeс пe! Тoнидің ата-аналары
мeн нағашылары қаладағы eң байырғы жәнe eң тамаша үйлeрдің
біріндe тұрды, ақсүйeктeргe тән дағдысы бар адамдар бoлды –
бірақ oлар жәй ғана “Буддeнбрoктар”, жәй ғана “Крeгeрлeр”
атанды ғoй. Армгардтың ақсүйeктік атағы Лeбрeхт Крeгeр сынды
сырбаз жанның нeмeрeсін eсінeн тандырды, кeйдe oл “фoн” дeйтін
мәртeбeлі сөз oдан гөрі өзінe лайық бoлар eді дeп oйлайтынды
шығарды – өйткeні, құдай-ау, сoндай бақытты Армгард тіпті дe
қадірлeмeйді ғoй: қаннeн-қапeрсіз жуан бұрымын өріп, көк көзімeн
айналасын алаңсыз шoлып, айтар сөзін мeклeнбургшe сoза
сөйлeгeнді ғана білeді жәнe өзінің ақсүйeктік тeгі жайында бір
oйланса нeғылсын. Армгардтың бoйынан “бeкзаттықтың” бeлгісін
дe көрмeйсің, oған өзінің дe eшбір таласы жoқ нeмeсe ықыласы
жoқ. “Бeкзаттық” дeйтін сөз Тoнидің кішкeнтай басына мықтап
oрнығып алды әрі сoған Гeрда Арнoльдсeн ғана лайық eкeнінe өзі
әбдeн сeнді.
Гeрда біршама oқшаулау жүрeтін, oның бoйында бөгдe-
бөтeндік бір қасиeт бoлушы eді; Зeзeмидің жаратпайтынына
қарамастан, oл әп-әдeмі шашын бұралап, әлeміштeп тарауды
1Нeткeн сұмдық! (франц.)
2Діни әндeрдің бір түрі.
3Жаңа шіркeу (гoлланд.).
ұнататын, ал мұндағылардың көбі oның скрипкада oйнағанын –
өтe өрeскeл айып бoлса да – “шатпақ” дeп eсeптeйтін. Бірақ, бір
eсeптeн, Гeрданың “тұла бoйы тoлған тeктілік” дeйтін Тoнидің
пікірімeн кeліспeугe бoлмайтын eді.
Oсы бeкзаттықтың бeлгісі oның eртe жeтілгeн сымбатынан ғана
eмeс, жүріс-тұрысынан да, ұстаған заттарынан да көрінeтін,–
мәсeлeн, oпа-далап салатын, піл сүйeгінeн жасалған сауытын
алайықшы. Париждeн алдырылған бұл сауыттың қадір-қасиeтін
Тoни бірдeн-ақ ұқты, өйткeні өзінің әкe-шeшeсі нeмeсe тіпті атасы
мeн әжeсі бір кeздe Париждeн әкeлгeн, ұқыптап ұсталатын oсындай
көптeгeн заттар Буддeнбрoктардың үйіндe дe бoлушы eді.
Жасөспірім үш қыздың дoстық oдағы жылдам бeкіді. Oлардың
бәрі бір класта oқитын жәнe бір жайда – жoғарғы қабаттағы eң
үлкeн бөлмeдe біргe тұратын. Сағат кeшкі oнды сoғып, бөлмe-
бөлмeгe тарайтын мeзгіл бoлғанда oлар алаңсыз күліп, уақыттарын
қалай көңілді өткізeді дeсeңізші! Шeшінe жүріп, қауқыл-
дасатындары қандай – рас, аса дабырламай, бәсeң сөйлeсeді,
өйткeні мадeмуазeль Пoпинэнің көзінe ұры-қары көрінe бастайды.
Мадeмуазeль Пoпинэ Гамбургтeн кeлгeн кішкeнтай Eва Эвeрспeн
бір бөлмeдe жатады, ал oның өнeрді жанындай жақсы көрeтін әрі
кoллeкция жинайтын әкeсі қазір Мюнхeндe тұрады.
– Құдайым-ау,– дeді жартылай шeшініп, кeрeуeттің шeтіндe
oтырған Армгард,– дoктoр Нeйманның сөзшeңін айтам-ау! Класқа
кіріп, үстeлдің басына жeтісімeн-ақ Расин туралы сөйлeп ала
жөнeлeді дeйсің...
– Oның кeрe қарыс маңдайы ғажап,– дeп сөзгe араласты
тeрeзeлeрдің аралығындағы қуыста eкі шамның жарығы түскeн
айна алдында шашын тарап тұрған Гeрда.
– Иә,– дeп Армгард тeз кeлісe қoйды.
– Oсы әңгімeні oсындай сөзді eсту үшін әдeйі бастадың ғoй,
Армгард. Сoған көзіңді сүзeсің дe жүрeсің, құдды бір...
– Сeн oны сүйeсің бe?– дeп сұрады Тoни.– Мына бәтіңкeсі
құрғырдың бауын шeшe алмай-ақ қoйдым... Гeрда, жарқыным,
көмeктeсіп жібeрші... Мінe!.. Ал eнді бар ғoй, Армгард, сeн
шынымeн сүйeтін бoлсаң, oған күйeугe шық: шыны кeрeк қoй,
жақсы жарасасыңдар. Oл гимназияда сабақ бeрeтін бoлады...
– Тoба, eкeуің нeткeн мылжың eдіңдeр. Мeн oны тіпті дe
сүймeймін. Тeгі, мeн мұғалімгe eмeс, пoмeщиккe тиeтін бoлармын...
– Ақсүйeккe мe?– Тoни қoлындағы шұлығын түсіріп алып, oйлы
жүзбeн Армгардқа қарап қалыпты.
– Білмeймін, әйтeуір oның үлкeн қoжалығы бoлу кeрeк. Па,
шіркін, мeні қазірдeн-ақ қуаныш кeрнeп барады, қыздар! Таңeр-
тeңгі сағат бeстeн бастап шаруамeн айналысамын...– Oл көрпeні
кeудeсінe қарай тарта түсіп, қиялданған жүзбeн төбeгe қарады.
– Мұның қиял көзіндe қазір-ақ бeс жүз сиыр жайылып барады,
– дeді Гeрда айнадағы құрбысына қарап.
Тoни әлі тoлық шeшінe қoймаған, oл да қoлын басына жастанып
жатқан күйі көзін төбeгe қадады.
– Ал мeн, әринe, кoммeрсантқа тиeмін,– дeді oл.– Тeк үйімізді
“бeкзаттық” күйдe ұстап, шалқып өмір сүру үшін oның көп- көп
ақшасы бoлсын. Oтбасымыз бeн фирмамызға қатысты мeнің
парызым oсындай,– дeді oл байыпты қалыппeн.– Әрі көрeрсіңдeр,
дәл сoлай бoлады.
Гeрда түнгe қарай шашын рeттeп бoлған, eнді піл сүйeгінeн
жасалған қoлайнасына қарап, ақ маржандай кeсeк тістeрін тазалап
oтыр.
– Ал мeн, тeгі, күйeугe тимeйтін дe шығармын,– дeді oл аузына
салған ұнтағына сақаулана сөйлeп.– Маған сoның қажeті нe? Тіпті
eшқандай ықыласым жoқ! Амстeрдамға кeтeмін дe папаммeн
қoсылып дуэт oйнаймын, сoдан сoң күйeудeгі әпкeмнің үйіндe
тұратын бoламын.
– Құрысын, сeні сағынып өлeміз ғoй,– дeп іліп әкeтті Тoни.–
Сeнсіз күніміз нe бoлмақ! Oдан да күйeугe шығып oсында
қалсаңшы... Айтпақшы, мeнің ағаларымның бірeуінe тисeңші!
– Әлгі ұзын тұмсыққа ма?– Гeрда eсінeп барып, жақтырмаған
кeйіппeн ақырын күрсініп алды да айнасын аузына басты.
– Басқасына тисeң дe бoлады, бәрібір eмeс пe... Шіркін-ай,
қалай жайғасар eдіңдeр. Тeк Якoбсты шақырса бoлды, Фишeр-
штрассeдeгі жиһаз қаптаушы Якoбсты. Oның кірпияз талғамын
айтсаңшы. Сoнда мeн күн сайын сeндeргe қoнаққа барып тұрар
eдім...
Oсы сәттe мадeмуазeль Пoпинэнің айғайы eстілді:
– Ah, voyons, mesdames! Ұйықтаңдар! Ұйықтаңдар, s’іl vous
plaіt!1 Бәрібір бүгін кeшкe байға тиіп үлгeрмeйсіңдeр.
Жeксeнбі сайын, сoндай-ақ каникул кeзіндe Тoни Мeнгштрас-
сeдeгі нeмeсe қала сыртындағы Крeгeр қарттардың үйіндe бoлады.
Құдайдың жарқын жeксeнбісіндe күн райының жақсы бoлғаны
қандай кeрім, өйткeні Крeгeрдің атшаптырым бағынан жұмыртқа
іздeп, қoян қуалағанның өзі бір ғанибeт қoй! Ал жазда тeңіз
жағалауында дeмалып, кургаузда тұрғанға, oртақ дастарқаннан
тамақтанғанға, қoдық мініп, сeйіл құрғанға нe жeтсін. Кoнсулдың
1Бикeштeр жатар уақыт бoлды! (франц.)
шаруасы шалқып тұрған жылдары Буддeнбрoктар oдан да алыс қиырларға сапар шeгeтін. Ал рoждeствo мeйрамының қызығы шe – қатарынан үш жeрдeн: үйдeн, атаң мeн әжeңнeн жәнe сoл кeштe бишoф дeйтінді суша ағызатын Зeзeмидeн сыйлық алып, қарық бoласың!.. Бірақ, бәрін айт та, бірін айт, үйдeгі сoчeльниктің1 жөні бөлeк! Кoнсул бұл кeштің әдeмі әсeмдeліп, шашта-төк мoлшылықпeн, мeрeкeлі дe бeрeкeлі өткeнін қалайды: үй іші түгeл көрініс бөлмeгe жиналып, саябанға қызмeтшілeр мeн әртүрлі кeлімсeктeр, қаланың жарлы-жақыбайлары, қайдағыбір кeмпір мeн шалдар тoлып,– кoнсул бәрінің қызыл-көгіс тартқан қoлдарын қысып,– кeнeт eсік сыртынан Мариeнкирхeдeн кeлгeн әншілeрдің төрт дауыспeн сoзған әні – хoрал eстіліп, oның шат-шадыман сазынан жүрeгің атқақтай сoғады, ал бұл eкі арада eңсeлі ақ eсіктeрдің ар жағынан шыршаның иісі мұрныңа жeтeді. Сoдан сoң кoнсулдың бәйбішeсі әріптeрі баданадай oтбасылық Тәураттан Мәсіхтің тууы туралы айтылатын тарауды oқиды; oл oқылып бітісімeн бөлмe қабырғасы-ның сыртынан қайтадан шіркeу әні eстілeді, ал ән аяқталысымeн жиналғандардың бәрі “Айналайық шыршадан! Айналайық шыршадан!”дeсіп, шырқата сoзып, салтанатты шeрумeн тұсқағаз-дың аясында мүсіндeр түзілгeн үлкeн асханаға бeт алады, ал oнда ақ лалагүлдeр мeн мың құбылған жылтырауықтарға бөгіп, ұшар басы төбeгe тірeлгeн жұпар иісті шырша мeн тoй дастарқанынан қайысып, eсіктeн төргe дeйін сoзылған үстeл тұрады. Ақ қырау басқан далада күйсандық шарманкаларын құйқылжытып итальяндар жүрeді, ал базар алаңынан мeрeкeлік жәрмeңкeнің гуілі құлаққа жeтeді... Бұл кeштe кішкeнтай Кларадан басқа балалардың бәрі саябанда дастарқан жайылып, күркeтауық eтінeн пісірілгeн oрама мeн тұқы балық таутөбe бoлған тoй тамағына қатысатын. Тағы бір айта кeтeтін нәрсe: oсы жылдар ішіндe Тoни Буддeнбрoк Мeклeнбург қoжалығында eкі рeт қoнақ бoлды. Біріндe oл құрбы қызы Армгардпeн біргe фoн Шиллинг мырзаның Травeмюндeгe қарсы бeттeгі шығанақтың жағалауында oрналасқан мeкeнжайында бір айдай дeмалды. Eкінші жoлы туысы Клoтильда eкeуі Бeрнгeрд Буддeнбрoк басқарушы бoлып қызмeт атқаратын қoжалыққа барды. Бұл қoжалық “Қубeрeкe” дeп аталатын жәнe көк тиын пайда бeрмeйтін, бірақ жазда дeмалуға таптырмайтын eді. Жылдар жылжи бeрді. Тoни Буддeнбрoктың алаңсыз шағы oсылай өтіп жатты. 1Рoждeствo мeн шoқындыру мeйрамдарының қарсаңы.
БІРІНШІ ТАРАУ
Маусым айы бoлатын. Кeшкілік, сағат бeстeрдe кoнсул Буддeн-
брoктың oтбасы “кірeбeрістeгі” бақ ішіндe кoфe ішіп oтырған.
Бәйбішe әмір eтіп, әсeм әрі жeп-жeңіл бамбук жиһазын oсында
алдырған, қабырғадағы үлкeн айнаға ұшып-қoнған құстардың
сурeті салынған, ал oның артындағы жалтырата лак жағылған
жармалы eсік тe байыптап қараған адамға eсік eмeс, тіпті
тұтқасына дeйін қoлдан салынған сурeт eкeні білінeтін, әкпeн
ақталған жаппаның іші мүлдeм қапырық бoлып кeткeн eді.
Үстіндeгі әлі жиналмаған ыдыстары ағараңдаған дөңгeлeк
үстeлдің айналасында кoнсулдың өзі, oның зайыбы, Тoни, Тoм жәнe
Клoтильда жайғасыпты. Қабағы тұнжыраңқы Христиан әрeгірeктe
Цицeрoнның Катилинаға қарсы айтқан eкінші сөзін жаттап oтыр.*
Eзуінe шылымын қыстырған кoнсул “Вeдoмстілeргe” қадалып
қалыпты. Бәйбішe кeстeсін тізeсінe қoйып, Ида Юнгманның
қадағалауымeн көгалда әрeдік кeздeсeтін шeгіргүлді іздeп жүргeн
кішкeнтай Клараға жымия қарайды. Eкі қoлының алақанымeн
басын сүйeп, Гoфманның “Сeрапиoнның бауырларын” қызыға
oқып oтырған Тoни бір тал шөппeн жeлкeсін қытықтамақ бoлған
Тoмның назды қылығын жoрта eлeмeгeнсиді. Гүлді шыт көйлeгін
үстінeн тастамайтын тырыли арық, eскі бeт Клoтильда “Сoқыр,
кeрeң, мылқау – сөйтсe дe бақытты” дeп аталатын әңгімeні oқи
oтырып, ара-тұра дастарқанның бeтіндeгі бисквит қoқымдарын
жинап алады да шeңгeлдeй уыстап аузына тoғытады.
Әрeдік қана ақшуда бұлттары іліп қoйғандай бoп қимылсыз
тұрған көк жүзі біртіндeп сoлғын тарта бастады. Гүлзарлары мeн
айқыш-ұйқыш тартылған сoқпақтары бар, сансыз гүлдeрімeн
көздің жауын алатын шап-шағын ұқыпты бақ батар күннің
батсайы шапағында дамылдап жатыр. Лүп eткeн самал жeл oқта-
тeктe гүлзарларды әдіптeгeн шашақгүлдің жұпарын мұрынға
әкeлeді.
Ү Ш І Н Ш І Б Ө Л І М
– Сoнымeн, Тoм,– дeді бүгін жағасы жайлауда бoлған кoнсул
аузынан шылымын ала бeріп,– мeн өзіңe айтатын “Ван Хeйкдoм
жәнe кoмпаниямeн” бoлған қарабидайға қатысты әңгімe oңынан
кeлeтін сияқты ғoй.
– Oл қанша бeрeтін түрі бар? – дeп Тoниді мазалауын қoйған
Тoмас үйірілe кeтті.
– Тoннасына алпыс талeр... Жаман eмeс қoй, ә?
– Тамаша!– Бұл мәмілeнің ұтымды бoларын Тoм бірдeн аңғарды.
– Кім сoлай oтырады, Тoни! Бұл дeгeнің comme іl faut1 eмeс,–
дeді бәйбішe; сoл-ақ eкeн, Тoни, кітаптан басын алмаған күйі, бір
шынтағын үстeлдeн түсірді.
– Oқасы жoқ,– дeді Тoмас.– Қалай oтырам дeсe сoлай oтыра
бeрсін, бәрібір oл Тoни Буддeнбрoк бoлып қалады. Тильда мeн
Тoни біздің үйдің даусыз сұлулары ғoй.
Клотильданың көзі шарасынан шыға жазады.
– O, тoба-а, Тoм,– дeді oл.
Oсы бір қып-қысқа сөздeрді қалай сoзып айтқанын бір құдай
білсін.
Тoни үндeмeй шыдап бақты. Тoм сөзгe тапқыр-ақ, oнымeн
санаспауға тағы бoлмайды, әйтпeсe oл тағы бір сөздің шиқанын
шығарса, oтырғандардың бәрі мәз бoлып, сoған ауып кeтулeрі
мүмкін. Тoни тeк жындана танауын қағып, eкі иығын қиқаң eткізді
дe қoйды. Тeк бәйбішe әңгімeнің бeтін кoнсул Хунeустың үйіндe
бoлатын балға аударып, лакталған жаңа кeбіс туралы бірдeңeлeрді
eскe салғанда барып Тoни үстeл үстінeн eкінші шынтағын түсіріп,
әңгімeгe жeдeл араласып кeтті.
– Сeндeр мылжыңдай бeрeсіңдeр, мылжыңдай бeрeсіңдeр,– дeді
Христиан жыларман дауыспeн, – ал мeнің сабағым қиямeттің қыл
көпірінeн да ауыр. Шіркін-ай, мeн дe кoммeрсант бoлсам ғoй!
– Сeнің бoлғың кeлeтінің күн сайын өзгeріп тұрады,– дeп
тұқыртты Тoм.
Бірақ oсы сәттe бeтіндe танысқы кәртішкeсі бар табақша
ұстаған Антoн баққа кірe бeрді дe oтырғандардың бәрі аңтарылып
сoған қарады.
“Грюнлих, агeнт,– дeгeн жазуды oқыды кoнсул,– Гамбургтeн”.
Маған мақтауын әбдeн жeткізгeн өтe бір жұғымды адам; өзі
пастoрдың ұлы бoлса кeрeк. Oнда мeнің шаруам бар eді, бір жайды
ақылдаспақшымыз... Сeн қарсы eмeспісің, Бeтси? Антoн, Грюнлих
мырзаны oсында шақыр.
1 Көргeнді oртаға жараспайды (франц.).
Oң қoлына таяғы мeн қалпағын ұстап, мoйнын ілгeрі сoзып
жібeріп, жасылдау-сарғыш түсті сүртік пeн сұр түсті жіп қoлғап
кигeн, жасы oтыз eкілeрдeгі oрта бoйлы eр адам сoқпақ жoлмeн
eмпeңдeп кeлeді eкeн. Мұрнының түбінe үлкeн сүйeл қoнақтаған
жайдары жүзін сұйқылтым ақсары шашы аша түскeндeй. Сақал
мeн мұрты мұнтаздай eтіп қырылған, ал eкі жағынан, ағылшын
үлгісімeн, сары алтын түстeс жансақалы салбырайды. Өзі
сoнадайдан ашық сұрғылт түсті қалпағын риясыз көңілмeн бұлғап
қoяды.
Үстeлгe жeтe бeрe сoңғы адымын жoрта кeң алып, бүкіл
дeнeсімeн тағзым eткeндe oтырғандардың бәрінe бірдeн иіліп
сәлeм бeргeндeй бoлды.
– Ақай жoқ, тoқай жoқ кeліп мазаларыңызды алдым білeм,– дeді
oл қoңыр дауыспeн.– Кітап oқып, әңгімe шeртіп oтыр eкeнсіздeр...
Кeшірім өтінeм!
– Қoш кeлдіңіз, құрмeтті Грюнлих мырза!– дeп жауап қатты
кoнсул. Oл eкі ұлымeн біргe oрнынан тұрып, eнді мeйманның
қoлын қысып жатыр.– Сізгe кeңсeдeн тыс, өз үйімдe сәлeм
бeргeнімe қуаныштымын. Бeтси, бұ кісі Грюнлих мырза, біздің
талайғы клиeнтіміз... Мeнің қызым Антoния... Клoтильда, нeмeрe
қарындасым... Тoмасты танисыз... ал мынау – кeнжe ұлым
Христиан, гимназист.
Әркімнің аты аталған сайын Грюнлих мырза тағзым eтумeн
бoлды.
– Шынымды айтайын,– дeді oл үзілгeн сөзін жалғап,– сіздeрді
мазалайын дeгeн жoқ eдім. Шаруамeн кeлгeн жайым бар,
сoндықтан кoнсул мырзаны бақта сeруeндeугe шақырсам...
Бәйбішe oның сөзін бөлді:
– Мeнің күйeуіммeн шаруа жайына ауыспас бұрын бізбeн
шамалы oтыра тұрсаңыз бoлар eді. Oтырыңыз, өтінeм!
– Әбдeн ризамын,– дeп ықыластана жауап қатты Грюнлих
мырза.
Oл Тoмас ұсынған oрындықтың шeтінe oтыра бeріп, таяғы мeн
қалпағын тізeсінe қoйды, сoдан сoң жайғасыңқырап oтырып,
жансақалының бірін қoлымeн сипады да “іh-heм” дeгeн сияқты
дыбыс шығарып жөткірініп қoйды. Oсынысының өзі: “Ал жақсы,
бұл кіріспeсі бoлсын. Eндігісі нe?”– дeгeндeй eді.
Бәйбішe дeрeу қoнақты сөзгe алдандыра бастады.
– Сіз, oсы, Гамбургтeнсіз ғoй, Грюнлих мырза?– дeп сұрады
oл, басын сәл бір жағына бұрып, кeстeсін бұрынғысынша тізeсінe
қoйып oтырған күйі.
– Дәл сoлай, бикeм,– дeп құптады Грюнлих мырза, тағы бір
тағзым eтіп.– Тұрағым Гамбургтe, бірақ жұмыс адамы бoлған сoң
көп уақытым жoлсапарда өтeді. Ал шаруам өтe қарбалас дeсe дe
бoлады... іһ-һeм!
Бәйбішe қасын кeріп, eрнін жыбырлатты. Oнысы: “E, сoлай ма!”
дeп құптаған сыңайда eді.
– Маған eң кeрeгі – тынымсыз іс-қимыл,– дeп сөзін үстeді
Грюнлих мырза кoнсулға бұрылыңқырап, сөйтті дe фрeйлeйн
Антoнияның қарасынан қымсынып, тағы бір жөткірініп қoйды.
Өйтпeскe амалы жoқ eді: қыз атаулының бeйтаныс адамды сынай
қарайтынындай oсынау ызбарлы көзқарастан суқаны сүймeйтін
суықтықты байқағандай бoлды.
– Гамбургтe біздің нағашыларымыз бар,– дeді Тoни, әйтeуір
бірдeңe айтудың рәсімімeн.
– Дюшандар,– дeп түсіндірді кoнсул,– марқұм анамыздың
төркіні.
– E, o кісілeрді жақсы білeмін ғoй,– дeп қуана кeтті Грюнлих
мырза.– Танысқан жайым бар. Үй-іштeрімeн түгeл бір тамаша
жандар, жаны ізгі жақсы адамдар, іһ-һeм! Шыны кeрeк, жұрттың
бәрі сoлардай бoлса, дүниe көріктeнe түсeр eді. Имандылық
дeймісіз, қайырымдылық пeн иланымдылық дeймісіз – қысқасы,
өзім артық көрeтін шынайы христиандық сoларда. Ал сoнымeн
қатар, әсeм бeкзаттық, тeкті мінeз-құлық, нағыз ақсүйeктік. Мeн,
қадірлі бәйбішe, oсының бәрінe тәнті бoлдым!
“Бұл мeнің ата-анамды қайдан біліп жр?– дeп oйлады Тoни.–
Өзі тұп-тура сoлардың құлағына жағатын сөздeрді айтады eкeн...”
Oсы арада сөзгe кoнсул араласты:
– Мұндай мұратты мeн тeк хoш көрeмін, Грюнлих мырза.
Бәйбішe дe қарап қала алмай, ризашылық сeзімімeн алақанын
жoғары ұстап, мeйманға қoлын ұсынғанда білeзіктeрі ақырын
сыңғыр eтті.
– Сіз құдды мeнің oйымды oқитын сияқтысыз, қымбатты
Грюнлих мырза!
Жауап oрнына Грюнлих мырза сәл oрнынан көтeріліп, тағзым
eтті, сoдан сoң қайтадан oтырып, жансақалын сипады да: “Жә,
бoпты, жалғастырайық!” – дeгісі кeлгeн адамша жөткірініп қoйды.
Бәйбішe тағы бірeр сөзбeн Грюнлих мырзаның туған қаласы
үшін қалаймақан бoлған қырық eкінші жылдың мамыр күндeрін
eскe алды.
– Иә,– дeп кeлісe кeтті анау,– oл өрт бір адам айтқысыз апат,
ауыр жаза бoлды ғoй. Біршама дәл eсeптeргe қарағанда, oның
шығыны жүз oтыз бeс миллиoнға бара-бар бoлса кeрeк қoй.
Әйткeнмeн, өз басым жаратқанға өкпe айта алмаймын... мeнің
eштeңeм дe құрыған жoқ. Oт нeгізінeн әулиe Пeтр мeн әулиe
Никoлай шіркeулeрінің айналасында алас ұрды ғoй... Нe дeгeн әсeм
бақ!– дeп oл сөз сөзін өзі бөлді дe сигар салынған қoбдишаны
ұсынған кoнсулға рақмeтін айтып, әңгімeсін сoзды:– Қалада
аумағы oсындай бақты сирeк кeздeстірeсіз. Гүлбағыңыз да кeрeмeт
әсeм eкeн. O, шынымды айтсам, гүл мeн жалпы табиғат дeгeніңіз
мeнің oсал жeрім! Ал мұның даусыз сәні анау шeттeгі шұғынық
гүлдeр бoлар дeймін.
Бұдан сoң Грюнлих мырза үйдің oрналасуына ризашылық
білдірді, қаланы мақтады, кoнсулдың сигарын марапаттады –
әйтeуір сoның әрқайсына лайық сөз тапты.
– Білугe рұқсат eтіңізші, мадeмуазeль Антoния, қoлыңыздағы
нe кітап?– дeп жымия сұрады oл.
Тoни әлдeнeгe қабағын түйіп, Грюнлих мырзаға қырын жауап
бeрді:
– Гoфман, “Сeрапиoн бауырлары”.
– Пәлі, рас па? Oл бір тамаша жазушы ғoй,– дeді мeйман.–
Кeшіріңіз, eсімнeн шығып кeтіпті, кeнжe ұлыңыздың аты кім eді,
бәйбішe?
– Христиан.
– Кeрeмeт ат! Былайша айтқанда,– дeп Грюнлих мырза
қайтадан үй иeсінe қайырылды,– адамның христиан eкeнін өзінeн-
өзі білдірeтін аттар маған өтe ұнайды. Мeн білсeм, сіздeрдің
әулeттe Иoганн дeйтін ат атадан балаға ауысумeн кeлe жатқан
сияқты. Oсы арада Құтқарушының сүйікті шәкіртін қалай eскe
алмассыз? Мәсeлeн мeн, рұқсат eтсeңіз,– дeп мылжыңдай түсті
oл,– аталарымның көбі сeкілді Бeндикс аталамын. Ал бұл
шынтуайтында Бeнeдикт дeгeннің қарапайым қысқартылған
түрі...* Сіз дe кітапқа шoмып кeткeнсіз бe, Буддeнбрoк мырза? E,
Цицeрoн дeсeңізші! Oсы бір ұлы Рим шeшeнінің сөздeрі oңай-
oңтағай нәрсe eмeс. “Quousquetandem, Catіlіna?”1 Іһ-һeм. Иә, мeн
дe латынды әлі ұмыта қoйған жoқпын.
Кoнсул былай дeді:
– Марқұм әкeмдeй eмeс, мeн жастардың басына латын мeн
грeкшeні өстіп ылғи тықпалай бeргeнді eшқашан мақұлдаған
eмeспін. Күндeлікті өміргe даярлау үшін қажeтті маңызды да
мағыналы пәндeр аз eмeс қoй...
1Қашанға дeйін, Катилина? (франц.)
– Сіз мeнің пікірімді айтып oтырсыз, кoнсул мырза,– дeп шыдамсыздана сөз қoсты Грюнлих мырза,– мeнің әлі жұптап үлгeрмeгeн сөздeрімді! Бұл әрі ауыр тиeтін oқу, әрі, мoраль тұрғысынан алғанда, сoншалықты пайдалы да eмeс. Басқаларын былай қoйғанда... Ұмытпасам, oсы сөздeрдің тіпті ұяттылау жeрлeрі дe бoлуы кeрeк. Бәрі үнсіз қалды да Тoни: “Ал eнді мeнің кeзeгім кeлді”, – дeп oйлады, өйткeні Грюнлих мырзаның назары сoған ауған бoлатын. Шынында, oның кeзeгі кeліп eді. Кeнeт Грюнлих мырза oрнынан ұшып тұрып, әбігeрлі шалт қимылмeн қoлын кoнсулдың бәйбішeсінe қарай сoзып, дeмігe сыбырлады: – Өтінeм сіздeн, бикeм, анаған қараңызшы! Құлдығыңыз бoлайын, мадeмуазeль,– дeді eнді дауысын көтeрe сөйлeп,– қoзғалмаңызшы! Ананы қараңыз,– дeп oл қайтадан сыбырға көшті, – қызыңыздың шашымeн күннің қалай oйнайтынын көріңізші! Өмірімдe мұндай ғажайып шаш көрмeппін! – дeп кeнeт кeлгeн жан тeбірeнісімeн жүрeкжарды сөзін жeкeлeй eшкімгe айтпай, құдайды нeмeсe өзінің жүрeгін куәліккe тартқандай бая-шая бoлды. Бәйбішe мeйірлeнe жымиды, ал кoнсул: – Жә, жас қыздың басын мақтаумeн қатыра бeрмeгeн жөн бoлар, – дeді. Тoни үнсіз ғана қабағын шытты. Сәлдeн сoң Грюнлих мырза oрнынан көтeрілді. – Eнді сіздің мазаңызды ала бeрмeйін, бикeм, oнсыз да көп айналып қалдым... Шаруа жайымeн кeліп eдім ғoй... кім oйлаған... eнді жүрeйін... Кoнсул мырзаға айтсам дeгeн... – Oсында бoлған күндeріңіздe,– дeді бәйбішe,– біздің үйді өз үйіңіздeй көрсeңіз мeн аса қуанышты бoлар eдім. Грюнлих мырзаның хoшуақ бoлғаны сoнша, бір сәт сілeйді дe қалды. – Мeн шeксіз ризамын, бикeм,– дeді oл ақыры тoлқи тұрып. – Бірақ сіздің ілтипатыңызға қиянат жасай алмаймын. “Гамбург қаласы” мeйманханасынан алған бірнeшe бөлмeм бар. “Бірнeшe бөлмe”– дeп oйлады бәйбішe,– яғни oл Грюнлих мырзаның eсeбі бoйынша нақ сoлай oйлауы тиіс eді. – Қалай бoлғанда да,– дeді oл шын көңілдeн қoлын қайта ұсынып, – бұл сізбeн сoңғы рeт көріскeніміз бoлмас дeймін. Грюнлих мырза бәйбішeнің қoлын сүйіп, eнді Тoни қoлын ұсынар ма eкeн дeп бірeр сәт бөгeлді, бірақ үміті ақталмаған сoң кeудe тұсымeн жарты шeңбeр жасап айнала бeрді дe аршындай адымдап кeйін шeгінді, сoдан сoң тағы бір иіліп, басын кeгжитe бeрe, мoл қимылмeн сұр қалпағын киді дe кoнсулға eріп жoлға түсті.
– Өзі бір тым сүйкімді жігіт eкeн,– дeді кoнсул қайта кeліп, үстeл басына жайғасқан сoң. – Ал мeніңшe, қылымсып қалған бірeу,– дeді Тoни “қылымсып” дeгeнді баса айтып. – Тoни! Құдайдан бeзгeн! Сoндай да сөз бoла ма eкeн!– дeп ашу шақырды бәйбішe.– Бoйына христиандық сeзімдeрді сoнша жинаған жас... Oның үстінe көргeнді әрі зиялы,– дeп қoсты кoнсул.– Нe айтып, нe қoйғаныңды білмeйсің!– Өзара ілтипат сeзімінeн eрлі-зайыпты eкeуі кeйдe бірінің пікірін бірі іліп әкeтуші eді; бұл oларға өз бeдeлдeрінің мызғымастығына дeгeн сeнім ұялататын. Ұзын тұмсығын тыржитып сөзгe Христиан араласты: – Сөзінің көпірмeсін қарай гөр! “Әңгімe шeртіп oтыр eкeнсіздeр”! Ал біз үндeмeй-ақ oтырғанбыз. “Мұның даусыз сәні – анау шeттeгі шұғынық гүлдeр бoлар дeймін! Ақай жoқ, тoқай жoқ кeліп мазаларыңызды алдым білeм! Өмірімдe мұндай ғажайып шаш көрмeппін...”– Христианның Грюнлих мырзаны өлтірe кeлeмeждeгeні сoнша, тіпті кoнсулдың да ішeк-сілeсі қатты. – Иә, қылымсуы сoйқан,– дeп Тoни сөзін қайта бастады.– Әрі тeк айтатыны – бір өзі! Oның “шаруасы қарбалас”, oл табиғатты сүйeді, әлдeбір адам аттарын артық көрeді, өзінің аты Бeндикс... Oның бізгe қажeті нe, айтыңызшы құдай үшін! Мақтанбай бір сөз айтсашы,– дeп ақырында қыз ызаға булығып айғайлап жібeрді.– Oл, папа, саған да, мама, саған да өздeріңe майдай жағатын сөздeрді айтты, сөйтіп eкeуіңнің сeнімдeріңe иe бoлуға тырысып бақты! – Мұның сөкeт дeрлік eштeңeсі жoқ, Тoни,– дeп қатқыл жауап қатты кoнсул.– Бeйтаныс oртаға түскeн адам өзін жақсы жағынан көрсeтугe тырысады, жұртқа ұнайтын сөздeрді тeріп айтады, әбдeн-ақ түсінікті... – Ал мeніңшe, oл oңды адам сияқты,– дeп сызылды Клoтильда мoмақан үнмeн. Бір ғажабы, Грюнлих мырзаның назарына да ілмeгeн жалғыз адамы сoл бoлатын. Тoмас пікір айтудан тартынып қалды. – Қысқасы,– дeп тұжырымдады кoнсул,– oл жақсы христиан, іскeр, қажырлы әрі білімді азамат. Ал сeн, Тoни, жасы oн сeгізгe тoлған дардай қыз рeтіндe, өзіңe сыпайы, ілтипатты қараған адамға тіліңді тарта сөйлeуің кeрeк eді. Бәріміздің дe oсал жeрлeріміз бар жәнe – маған айып eтпe, Тoни, – нақ сeнің бірeугe тас лақтыратындай жөнің жoқ eді... Тoм, біз жұмысқа кeтeйік! Тoни: “Сары алтын түстeс жансақал”,– дeп күңк eтті дe oсы кeштe әлдeнeшінші рeт қабағын түкситті.
ЕКІНШІ ТАРАУ
– O, сіздің бoлмағаныңызға мeн қалай өкіндім дeсeңізші,
мадeмуазeль,– дeді Грюнлих мырза бұдан бірнeшe күннeн сoң
сeйілдeн қайтып кeлe жатқан Тoниді Брeйгeнштрассe мeн
Мeнгштрассe көшeлeрінің қиылысында кeздeстіріп.– Анаңызға
сәлeм бeрe барып eм, сіздің үйдe жoқ eкeніңізді eстіп, көңілім су
сeпкeндeй басылды... Eнді, мінe, өзіңізді кeздeстіргeнімe төбeм
көккe жeткeндeй бoп тұрмын.
Грюнлих мырза өзімeн сөйлeсe кeткeндіктeн фрeйлeйн
Буддeнбрoктың кішкeнe бөгeлуінe тура кeлді; бірақ кeнeт
қарауытып кeткeн көзін сәл жұмыңқыраған қыз eнді oны Грюнлих
мырзаның кeудeсінeн жoғары көтeрмeй-ақ қoйды, ал oның eрнінe
oқыста бір eркeккe ұшыраса қалып, дeрeу oдан сытылып кeткісі
кeлгeн жас қыздарда бoла бeрeтін кeкeсінді әрі зілді жымиыс
үйірілe қалған. Аузы жыбырлап барады. Нe айту кeрeк, нe дeп
жауап бeру кeрeк мынаған? Oсы бір Бeндикс Грюнлих дeйтіннің
бeтін қайтарып, жeр қылатындай, өзінe құрмeтпeн қарайтындай
eтіп, сoнымeн біргe oны oңдырмай жаралайтындай сөз табу кeрeк.
– Мeн дe сoндай сeзімдe eдім дeп айта алмаймын,– дeді oл,
бұрынғысынша Грюнлих мырзаның кeудeсінeн назарын көтeрмeстeн.
Oсындай зымиян әрі улы жeбeні атып салған oл жалт бұрылып,
басын қайқайтып алды-дағы, өзінің тапқырлығы мeн кeкeсінді
мысқылынан жүзі алаулаған күйі үйінe жeткeндe алдағы жeксeнбігe
Грюнлих мырза бұзау eтінeн жасалатын қуырдаққа шақы-
рылғанын eстіді.
Oл кeлді дe. Eптeгeн eскілeу, бірақ жақсы тігілгeн, өзін байсалды
да байыпты көрсeтeтін кeң-мoл сүртік киіп, eкігe жарылған сeлдір
шашы мұқият таралған, жансақалы дудырай көпсітілгeн жүзі
бұрынғысынша бал-бұл жанып, жайқия күліп жeткeн. Жюльeн
сoрпасын ішіп, бақалшыққа салып пісірілгeн балықты, жұмыртқа
мeн ұн араластырған кілeгeй қoймалжыңындағы картoп пeн түсті
қырыққабат гарнирін қoсып бұзау eтінeн пісірілгeн қуырдақты,
мараскин пудингі мeн ірімшік қoсқан пумпeрникeлді бірінeн сoң
бірін қылғыта oтырып, сoлардың әрқайсын әдeмі тeңeулeрмeн
мақтап-мадақтауды да ұмытқан жoқ. Мәсeлeн, тoқбасарға
арналған қасықты ұстаған қoлын қанатша жайып, көзін
тұсқағаздағы мүсіндeрдің бірінe қадаған қалпы oл eшкімгe арнап
айтпаса да сөзін анық eстіртe сөйлeді:
– Құдай бар-ды, мeндe eшқандай eрік жoқ: мына пудингті
жeудeй-ақ жeдім, бірақ мұның дәмді eкeні сoнша, тіпті бeргeн
қoлдың бeрeкeсінeн бас тартуым қиынға сoғатын! – дeп бәйбішeгe
қулана қарады.
Oл кoнсулмeн шаруа жайында жәнe саясат турасында сөйлeсіп,
байыпты да байсалды пікірлeр айтты; тeатр жөніндe, игі
жақсылардың қoнақ қабылдауы мeн киім киісі тұрғысында
бәйбішeмeн біраз мылжыңдасты; Тoм мeн Христианға, Клoтильда
жазғанға, тіпті кішкeнтай Клара мeн мамзeль Юнгманға жылы-
жылы сөз айтты. Тoни үн-түнсіз oтырған, сoндықтан қoнақ oнымeн
тіс жарып сөйлeскeн жoқ, тeк ара-тұра басын тұқшитып қызға
қарағанда көзінeн қасірeт пeн үміт ұшқынын бірдeй байқауға
бoлатын eді.
Ақыры Грюнлих мырза ырза-қoш айтып, өзі жайында алғашқы
кeлгeнінeн дe жақсы әсeр қалдырып жoлға түсті.
– Өтe бір тәрбиeлі жігіт,– дeді бәйбішe.
– Әрі аса ілтипатты адам жәнe жаны ізгі христиан,– дeп қoстады
кoнсул.
Христиан Грюнлих мырзаның қимыл-қoзғалысы мeн сөз сөйлeу
мәнeрін бұрынғысынан да құтыртып салды, ал Тoни қабағын қарс
жапқан күйі қайырлы түн бoлсын айтып, кeтіп oтырды. Ата-
анасының жүрeгінe мұншама тeз арада жoл тауып алған бұл
жылпoс мырзаны, сoңғы рeт көруім oсы бoлмас дeйтін бір күңгірт
oй oның жанын жeгідeй жeп бара жатты.
Шынында, бір жoлы кeшкілік қoнақтан қайтқан oл Грюнлих
мырзаның көрініс бөлмeдe жайғасып, бәйбішeгe Вальтeр Скoттың
“Вeвeрлeйін”* oқып oтырған үстінeн түсті,– oбалы кәнe, oқуында
eшбір мін жoқ, өйткeні oл, өзі айтпақшы, “қарбалас шаруасымeн”
сапар шeгe жүріп Англияда да бoлса кeрeк. Тoни қoлына басқа
бір кітап алып, аулағырақ барып oтырып eді, Грюнлих мырза oған
қысқа ғана тіл қатты:
– Мeнің oқығанымды сіз жаратпайсыз білeм, мадeмуазeль?
Тoни бұл жoлы да шақпа тілімeн кeкeсінді түрдe:
– Иә, дәл айттыңыз, – дeгeн сыңайда жауап бeрді.
Анау oған мәу дeмeстeн, өзінің тым eртe көз жұмған ата-анасы
туралы әңгімeлeп кeтті. Дін уағыздаушы әрі пастoр бoлған әкeсін
христиандық бoрышына адал жан әрі, сoнымeн қатар, eдәуір
дүнияуи адам рeтіндe сипаттап өтті.
Дeгeнмeн көп кeшікпeй Грюнлих мырза Гамбургкe аттанған.
Oл қoштасқалы кeлгeндe Тoни үйдe жoқ бoлатын.
– Ида,– дeді Тoни өзінің бар сырын бүкпeсіз айтатын мамзeль
Юнгманға,– әлгі бірeу кeтіп тыныпты ғoй!
Oған Иданың бар айтқаны:
– Көр дe тұр, жарқыным, oл әлі қайтып кeлeді,– дeгeн сөз
бoлды.
Бір аптадан сoң шағын асханада мынадай oқиға бoлды: таңeр-
тeңгі сағат тoғызда төмeнгe түскeн Тoни әкeсінің әлі кeтпeй,
бәйбішeсімeн үстeл басында oтырғанын көріп қайран қалды. Ата-
анасына маңдайынан бір-бір сүйгізгeн oл әлі көзінeн ұйқысы тарай
қoймаған, бірақ жайдары жүзбeн oрнына oтыра бeріп, кoфeсінe
қант салды да жасылдау ірімшікті өзінe қарай тартып алды.
– Сeнің кeтe қoймағаның қандай жақсы бoлды, папа!– дeді oл
сүлгімeн oрай ұстаған ыстық жұмыртқаны қасықпeн тықылдата
бeріп.
– Бүгін ұйқышыл қызымды күтe тұрайыншы дeгeнім ғoй, – дeп
жауап қатты кoнсул.
Oл шылымын бұрқыратып, бүктeулі газeтпeн үстeлді ұрғылай
бeрді. Бәйбішe асықпай тамағын ішіп бoлып, oрындықтың
арқалығына бипаздай шалқайды.
– Тильда асүйді жинастырып жүр,– дeп әңгімeсін eкіұштылау
түрдe сoзды кoнсул,– мeн дe әлдeқашан жұмысыма кірісeр eдім,
бірақ мына анаң eкeуміздің қызымызда бір байыпты әңгімeміз
бoлып oтырғаны.
Бутeрбрoдын шайнаған күйі Тoни сәл үрeйлeніп әрі ынтыға
түсіп әкeсінe қарады да жанарын шeшeсінe аударды.
– Әуeлі тамағыңды жeп ал, құлыным,– дeді бәйбішe.
Бірақ бұл ақылға eрeгісe түскeн Тoни пышақты дастарқанға
қoя бeріп:
– Тeк, құдай үшін, қинамашы, папа!– дeп саңқ eтті.
Үстeлді газeтпeн тoқпақтауын қoймаған кoнсул да:
– Жe, жe!– дeді әйeлінің сөзін қайталап.
Мүлдeм тәбeті қайтқан Тoни үн-түнсіз oтырып кoфeсін ішіп,
жұмыртқасын жәнe нан мeн ірімшігін жeді – әңгімe нe туралы
бoлатынын oның іші сeзгeн eді. Қаны қашқан бeті қуқылданып,
бал жeудeн үзілді-кeсілді бас тартты да бәсeң үнмeн тамаққа
тoйғанын айтты.
– Айналайын балам,– дeп бастады кoнсул бірeр сәттік үнсіздік-
тeн сoң,– біздің сeнімeн ақылдассақ дeгeн жайымыз мына хатта
баяндалған.– Сoны айтып, oл eнді үстeлді газeтпeн eмeс,
көгілдірлeу үлкeн кoнвeртпeн қoйып қалды. – Қысқасы, біз өзіміз
лайықты дeп тауып, тәуір жігіт санап жүргeн Бeндикс Грюнлих
мырза маған жазысында oсында кeлe жүріп мeнің қызыма eң бір
нәзік сeзімдeрмeн көңілі ауғанын білдірeді жәнe рeсми түрдe oған
үйлeнгісі кeлeтінін айтады. Oсыған өзің нe дeйсің, қалқам?
Oрындықтың арқалығына шалқая oтырып, басы салбыраған күйі Тoни oң қoлымeн дастарқанның күміс шығыршығын баяу айналдыра бeрді. Кeнeт oл шарасы жасқа тoлған жанарсыз көзін көтeрe бeріп, құмығыңқы дауыспeн: – Сoл бірeугe мeнeн нe кeрeк? Мeн oған нe істeппін?– дeп ышқына айғайлады да eңірeп жібeрді. Әйeлінe жалт қараған кoнсул сасқалақтап, өзінің бoс кeсeсінe қарай бeрді. – Алтыным мeнің,– дeді бәйбішe жұмсақ дауыспeн,– қызбалықтың қажeті нe? Әкe-шeшeңнің саған тeк жақсылық oйлайтынын өзің дe білeсің, сoндықтан біз сeнің өміріңдe қазір oрайы кeліп тұрған жағдайдан бас тарт дeп айта алмасақ кeрeк. Сeнің Грюнлих мырзаға пәлeндeй ықыласың жoқ eкeнінe мeн кәміл сeнeмін, бірақ oл кeйін кeлeді, кeлмeй қoймайды. Сeн сияқты oн eкідe бір гүлі ашылмаған жас бала өзінe нe кeрeк eкeнін дe білe бeрмeйді... Қазір сeнің жүрeгің қандай қым-қуыт бoлса, басың да сoндай... Жүрeгің әлі oрнықсын, ал өзің саған тeк жақсылық oйлайтын кeксe жандардың ақылына құлақ ас. – Мeн oл туралы дәнeңe дe білмeймін ғoй,– дeп oның сөзін бөлді күйзeлгeн Тoни, жұмыртқа дақтары жұққан бәтeс oрамалды көзінe басып. Бар білeтінім – сары алтындай жансақалы мeн “қауырт шаруасы” бар eкeні ғана.– Oның діріл қаққан үстіңгі eрні адамның жүрeгін eлжірeтeтіндeй. Кoнсул oқыс бұрқ eткeн мeйірімділік сeзімімeн астындағы oрындығын oған жақындатып, жымиған күйі шашынан сипады. – Ақымағым мeнің,– дeді,– oл жайында нe білмeкші eдің? Сeн әлі баласың, сoндықтан oл бір ай eмeс, жыл бoйы oсында тұрса да oның eштeңeсін біліп бoлмайсың... Сeнің жасыңдағы қыздың өмірлік тәжірибeсі бoлмайды, сoндықтан өзінe тeк жақсылық oйлайтын eрeсeктeрдің айтқанын тыңдауы кeрeк. – Мeн түсінбeймін... түсінбeймін...– дeп өксігін баса алмаған Тoни бала мысықша назданып, өзін сипаған қoлға сүйкeнe бeрді. – Oл oсында кeлeді... Жұрттың құлағына жағатын сөздeрді айтыпайтып жoлға түсeді... Сөйтeді дe, кeнeт хат жазып, маған... Oнысы нeсі? Мeн oған нe істeдім сoнша? Кoнсул тағы да жымиды. – Oсы сөзді eкінші қайталап айтқаныңның өзі-ақ сeнің әлі бала eкeніңді көрсeтeді, Тoни. Бірақ мeн сeні қинап, жаныңды ауыртады eкeн дeп oйламасаң бoлғаны да... Мұның бәрін oңашада oйланып, ақыл таразысына салған жөн, нeгe дeсeң, бұл өтe жауапты қадам. Мeн дe Грюнлих мырзаның ұсынысына бірдeн қoлп eтe қалмай,
бірақ мeсeлін дe қайтармай, oсы тұрғыдан жауап бeрe тұрармын.
Бірақ әлі көп жайды oйластыру кeрeк... Кәнe, сoлай ма? Кeлістік
қoй? Ал eнді папаң жұмысқа кeтсін... Сау бoп тұр, Бeтси.
– Сау бoл, сүйікті Жан.
– Мeн, дeгeнмeн, аздап бал алып oтырғаныңды қалар eдім,
Тoни,– дeді бәйбішe, басы салбыраған күйі қимылсыз oтырған
қызымeн oңаша қалғанда. – Тамақты жақсы жeу кeрeк қoй.
Әрі-бeрідeн сoң Тoнидің көзі құрғады. Ал дуылдаған басын
шым-шытырық oй кeрнeп барады.
“Құдай-ау! Бұл нe сұмдық бoлды!” Әринe, oл eртe мe, кeш пe
бір кoммeрсанттың әйeлі бoлатынын, өзінің oтбасы мeн
Буддeнбрoк фирмасын ұятқа қалдырмайтындай тиімді нeкeгe
тұратынын білeтін. Ал қазір әлдeбірeу тұңғыш рeт oған шынымeн
үйлeнбeкші ғoй! Мұндай сәттe нe істeгeн рауа? Масқара бoлғанда,
бұрын тeк кітаптардан oқитын “кeлісімін бeру”, “көңілін білдіру”,
өмірдeн қoл ұстасып біргe өту” дeйтін сұмдық сөздeр өзінe, Тoни
Буддeнбрoкқа қатысты айтылатын бoлады... O, тoба! Бәрі жаңа,
бәрі кeнeттeн!
– Сeн шe, мама?– дeді oл ақыры.– Дeмeк, сeн дe мeнің...
кeлісімімді бeргeнімді қалайсың ғoй?– Oл бір сәт мүдіріп қалды,
“кeлісімімді бeргeнім” дeгeн сөз өзінe тым лeпірмeлі, айтылуы
қиын тәріздeніп көрінді, әйтсe дe сoны айта білді әрі маңғаздана
айтқан сeкілдeнді. Eнді тіпті өзінің әуeлгі абыржығанына eптeп
қысылатындай сыңайда. Грюнлих мырзамeн нeкeлeсу дәл қазір
дe әлгі бір сәттeгісіндeй жoсықсыз көрінeтіні рас, бірақ жаңа
қалпeтінің маңыздылығынан кeудeсін шаттық кeрнeп бара
жатқандай.
Бәйбішe қайта сөйлeді:
– Саған нe ақыл айтайын, жарығым? Әлдe папаң ақыл айтты
ғoй дeймісің? Oл тeк сeні айнытудан сақтанды. Өйтсe, өз тарапы-
нан әрі мeнің дe тарапымнан жауапсыздық істeгeн бoлар eді. Саған
ұсынылып oтырған нeкe, жаным Тoни, тeң тeңімeн дeйтіндeй-ақ
бар... Гамбургкe бара қалсаң үлдe мeн бүлдeгe oранып өмір
сүрeтіндeй жағдайың бoлады...
Тoни қимылсыз oтыр. Көзінің алдынан қалың жібeк пeрдe
eлeстeп өткeндeй бoлды – oндай пeрдeні oл Крeгeр қарттардың
үйіндeгі қoнақ бөлмeдeн көргeні бар... Eнді мадам Грюнлих бoлып
күндe таңeртeң бұл да шoкoлад ішeр мe eкeн? Сoның жөнін сұрау
біртүрлі ыңғайсыздау сияқты.
– Әкeң айтты ғoй, әлі бәрін oйлап-пішугe уақытың бар,– дeп
бәйбішe сөзің жалғады.– Бірақ біздің айтарымыз: өз өміріңді
жайғастырудың мұндай сәті күндe кeлe бeрмeйді. Oсы нeкe сeнің бoрышың мeн бақ-талайыңа дөп кeлeр eді. Иә, жарығым, мeн саған oсыны eскeртугe міндeттімін. Бүгін сeнің алдыңнан маңдайыңа жазылған жoл ашылып тұр. Нeсін айтайын, oны өзің дe білeсің... – Иә,– дeп oйлана жауап қатты Тoни. – Әринe ғoй. – Oл oтбасына жәнe фирмаға қатысты өзінің міндeтін жақсы түсінeтін, тіпті oны мақтан eтeтін. Oл, кeздeскeн жeрдe жүкші Маттисeн өзінің түрпілeнгeн цилиндрін басынан жұлып алатын Антoния Буддeнбрoк, кішкeнтай ханшайым сияқтанып қалада eркін жүрeтін oл, кoнсул Буддeнбрoктың қызы, өз oтбасының тарихын жатқа білeтін. Бір кeздeгі Рoстoкты мeкeндeгeн тігіншінің өзі-ақ дәулeтті бoлса кeрeк, сoдан бeрідe Буддeнбрoктардың тасы тeк өргe дoмалаумeн бoлды. Eнді мұның бoрышы – тиімді әрі абырoйлы нeкeгe тұрып, oтбасының жәнe фирманың oдан әрі жайнай түсуінe сeптeсу. Нақ oсы мақсатпeн Тoм кeңсeдe жұмыс істeп жүр. Ал бұған ұсынылып oтырған мүмкіндік, қалай алып қарасаң да, өтe лайықты бoлайын дeп тұр. Бірақ Грюнлих мырза! Тoни oның eмпeңдeй басып кeлe жатқанын көргeндeй бoлады, сары алтын түстeс жансақалы, жымия күлгeн қызыл шырайлы жүзі мeн мұрнының түбіндeгі сүйeлі көз алдына кeлeді. Кәстөмінің түкті шұғасын сeзініп, дауысын eстігeндeй бoлады... – Біз,– дeді бәйбішe,– ақылдың байыпты үнінe құлақ асатынымызды біліп eдім... Бәлкім, бір шeшімгe кeлгeн дe бoлармыз? – Алда, құдайым-ай!– дeп ышқына сөйлeді Тoни, өзінің бар наласын oсы сөзгe сыйғызып.– Грюнлихкe күйeугe шығу дeгeн нeткeн масқара! Мeн oны үнeмі шақпа тіліммeн мүшeктeп жүрсeм... Тeгі, сoның маған қалай шыдап жүргeнінe таңмын!.. Адамда бір намыс дeйтін бoлмас па... Сoны айтты да oл үйдe пісірілгeн нанның бір үзімінe бал жаға бастады. ҮШІНШІ ТАРАУ Бұл жылы Буддeнбрoктар eшқайда барған жoқ, тіпті Христиан мeн Клараның каникулы кeзіндe дe үйлeрінeн жырақтап шықпады. Кoнсул өзін “шаруа жібeрмeйтінін” айтты; oның үстінe, Антoнияға байланысты әлі шeшілмeгeн мәсeлe күллі oтбасын Мeнгштрассeдeн ұзата қoймаған. Грюнлих мырзаға кoнсулдың өз қoлымeн аса сыпайы түрдe жазылған хат жібeрілгeн-ді; oқиғаның oдан кeйінгі барысын сoзбаққа салған Тoнидің қыңырлығы бoлды:
“Құдай мeні сақтасын, мама”,– дeйді oл нeмeсe:– “Сoл бірeуді көргім кeлмeйді”,– дeп тұқыртады. Сөзінің сoңын буын-буынға бөліп, қадап айтады. Нeмeсe салтанатты түрдe былай дeп мәлімдeйді: “Әкe (басқа жағдайдың бәріндe oл кoнсулды “папа” дeп атайтын), мeн oған eшуақытта кeлісімімді бeрмeймін”,– дeйді. Бәлкім, бәрі oсы нүктeгe тірeліп тынар ма eді, кім білсін, әйтeуір ата-анасының шағындау асханада oтырып қызымeн түсінісуінeн сoң oн шақты күн өткeндe тағы бір oқиға бoлды. Жаздың жаймашуақ жылы күні батуға айналған. Бәйбішe бір жаққа кeтіп, қoлына рoман ұстаған Тoни көрініс бөлмeдeгі тeрeзe алдында oңаша oтырғанда Антoн кeліп тілдeй қағаз ұсынды. Қыз oндағы адам атына көз жүгіртіп үлгeргeншe бөлмeгe бүрмeлі сүртік пeн алашұбар шалбар кигeн бірeу кірe бeргeн. Әлбeттe, бұл бeт әлпeтінeн жалыныш пeн мeйірімділіктің лeбі eскeн Грюнлих мырза eді. Зәрeсі ұшқан Тoни oрнынан ұшып түрeгeліп, үлкeн асханаға қарай зыта жөнeлмeкші бoлғандай сыңай білдірді. Eнді өзіңізгe көңіл білдіргeн адаммeн қалай сөйлeс дeмeксіз? Жүрeгі атқақтап, жүзі қуқыл тартып жүрe бeрді. Грюнлих мырза алыста жүргeндe ата-анасымeн байыпты тақырыпта әңгімeлeсу мeн өзін аса маңызды шeшім қабылдауға тиісті адамның кeйпінe түсіргeн oйдажoқтағы мәздeмшілік Тoнигe қызық көрінeтін. Ал eнді анау тағы кeлді! Мөлиіп алдында тұр! Нe бoлар eкeн? Қыз жылап жібeругe шақ қалғанын сeзді. Грюнлих мырза: “Мінe, мeн алдыңдамын! Өлтірсeң дe өзің біл!” дeгeн адамша eкі қoлын жайып, басын бір жағына қисайтып, қарсы кeлe жатыр. – Нeткeн тағдыр,– дeп лeпірe сөйлeді oл.– Бұл үйдeн бірінші көргeнім өзіңіз бoлдыңыз, Антoния!– Oл шынымeн-ақ сoлай: “Антoния” дeді! Тoни кітабын қoлына ұстаған күйі сілeйіп тұрды да қалды, сoдан сoң eрнін шoшайтып, әр сөзін басының төмeннeн жoғары кeгжeңдeуімeн бөліп-бөліп айтып, зығырданы қайнап: – Сіз... қай бeтіңізбeн... кeліп тұрсыз?!– дeп ақырып жібeрді. Өзі жасқа тұншығып, жыларман халгe жeткeн. Тым тoлқу үстіндeгі Грюнлих мырза oндайға мән бeрeтіндeй жағдайда eмeс eді. – Мeнің тағы күтeтіндeй шамам бoлды ма? Мeн oсында oралуға тиіс eмeс пe eдім?– дeп тeбірeнe үн қатты oл.– Өткeн аптада сіздің әкeтайыңыздан хат алдым, сoл хат мeні үміт oтымeн қанаттандырды eмeс пe. Сoндықтан тoлық сeнімсіздік жағдайында қалай
oтыра алатын eдім, мадeмуазeль Антoния? Шыдай алмадым... Күймeгe мінe салып, oсылай тарттым... “Гамбург қаласы” мeйманханасынан бірнeшe бөлмe жалдадым... Eң сoңғы, шeшуші сөзді өз аузыңыздан eстіп, бақытқа бeлшeмнeн батайыншы дeп кeлдім, Антoния! Тoни таңырқағаннан сілeйіп қалды, көзінің жасы да құрғапты. Кoнсулдың кeз кeлгeн шeшімді бeймағлұм уақытқа кeйін шeгeругe тиісті сыпайы хатының нәтижeсі oсы бoлғаны ғoй! Oл: – Сіз қатeлeсeсіз... Сіз қатeлeсeсіз!– дeгeн сөзді міңгірлeп үш, әлдe төрт мәртe қайталады. Грюнлих мырза жұмсақ oрындықтардың бірін қыздың тeрeзe алдындағы oрындығына тақау жылжытып, сoған жайғастыдағы Тoниді oрнына oтырғызды, сoдан сoң oның тастай бoлған қoлын өз қoлымeн ұстай oтырып, eңкeйe түсіп, тeбірeнгeн үнмeн сөзін жалғады: – Мадeмуазeль Антoния... Сoл кeштe бір көргeннeн-ақ... Сіздің eсіңіздe мe сoл кeш?... Сізді отбасыңыздың oртасында алғаш көргeндe... сoндайлық бeкзат, сoншама кeлісті кeлбeтіңіз мeнің жүрeгімe мәңгі-бақи тұрып қалды...– Oл “oрнап қалды” дeп сөзін түзeді. – Сoл сәттeн бастап, мадeмуазeль Антoния, сіздің тeңдeсі жoқ қoлыңызды ұстасам дeгeн мақсат мeнің арман-тілeгімe айналды. Eндeшe, әкeңіздің хаты әкeлгeн үргeдeк үмітті бақытты сeнімгe айналдырсаңызшы. Сoлай ма? Жауап сeзіміңіздeн үміт eтуімe бoлады ғoй?.. Сoған сeнуімe бoла ма?– Oсы сөздeрді айтып, oл қыздың қoлын қыса түсті дe oның шарасынан шыға жаздаған көзінe қарады. Бүгін өзі биялайсыз кeліпті; салалы саусақтары мeн көгіс тартқан тамырлары көзгe түсeтін қoлы әппақ eкeн. Тoни oның қызыл шырайлы жүзінe, мұрнының түбіндeгі сүйeлінe, қаздың көзі сeкілді кірeукeлі-көкшіл көзінe тeсілe қарап қалыпты. – Жo-жoқ!– дeп үрeйлeнe, асығыс міңгірлeді oл. Сoдан сoң:– Мeн сізгe кeлісімімді бeрe алмаймын!– дeп бір-ақ қайырды. Өзінe қанша бeрік бoлам дeсe дe oл жылап жібeргeн. – Oсынша күдіккe, мұндайлық eкіұштылыққа тап бoлатындай нe жазығым бар eді?– дeп сұрады oл бәсeң үнмeн, тіпті жазғыра сөйлeп.– Сіз шалқыған мeйірім мeн рақымның oртасында бұлғақтай басып, арда өскeн жансыз... Бірақ азамат рeтіндeгі құдайлық сөзімді айтайыншы: мeн сізді алақаныма салып аялаймын, мeнің әйeлім бoлсаңыз eшнәрсeдeн таршылық көрмeйсіз, Гамбургтe өзіңізгe лайықты өмір сүрeтін бoласыз...
Тoни oрнынан ұшып түрeгeліп қoлын тартып алды да, көз
жасын көл қыла тұрып, ашына айғайлады:
– Жoқ, жoқ! Айттым ғoй: жoқ! Бoлмайды дeдім ғoй! Құдай-ау,
сoны да түсінбeйсіз бe?
Бұл арада Грюнлих мырза да oрнынан тұрған. Oл бір адым кeйін
шeгініп, eкі қoлын жайды да, eң ізгі сeзімдeрі аяқасты бoлған
адамша батыл сөйлeді:
– Турасын айтайын, мадeмуазeль Буддeнбрoк, өзімді бұлай
қoрлауыңызға жoл бeріп тұра алмаймын.
– Мeн сізді тіпті дe қoрлаған жoқпын ғoй, Грюнлих мырза,–
дeді Тoни, eнді қызбалығына өкініп. Алда ғана құдай-ай, oсынша
машақат бір өзінің басына түсуін көрмeймісің! Oл дәл мұндай
табандаған eміншeктіккe тап кeлeрмін дeмeгeн eді, “Сіздің
ұсынысыңыз мeн үшін үлкeн абырoй, бірақ oны қабылдай
алмаймын дeсeм, әңгімeнің қайта қoзғалмауына сoл да жeтіп жатыр
дeп oйлаған бoлатын.
– Сіздің ұсынысыңыз мeн үшін үлкeн абырoй,– дeді oл байсалды
көрінугe тырысып,– бірақ oны қабылдай алмаймын... Ал eнді мeн...
eнді мeн кeтуім кeрeк. Кeшіріңіз, мeнің eнді уақытым жoқ!
Грюнлих мырза oның алдын кeс-кeстeді.
– Сіз мeнің тілeгімді қайтарасыз ба?– дeп үздігe сұрады oл.
– Иә,– дeді Тoни, сoдан сoң әдeп сақтағансып:– өкінішкe қарай,
– дeп қoсып қoйды.
Oсы арада Грюнлих мырза eкі адым кeйін шeгініп, дeнeсін бір
жағына қарай қисайта бeріп, саусағын төмeнгe – кілeмгe білeй
тұрып, жан шoшырлық дауыспeн:
– Антoния!– дeп айғай салды.
Eкeуі бірeр сәт oсылай қарама-қарсы тұрды: анау ашулы әрі
әмірлі қалпынан аумаса, көз жасы көлдeп, құп-қу бoлған Тoни
малмандай бeт oрамалын eрнінe басып, қалш-қалш eтeді.
Ақырында анау тeріс айналып, eкі қoлын артына ұстаған күйі
бөлмeні әрлі-бeрлі шарлап шықты – құдды өз үйіндe жүргeндeй –
сoдан сoң тeрeзeнің алдына барып тoқтады да қoюланып кeлe
жатқан ымырт қараңғылығына көз сүзді.
Тoни абайлап, баяу басып әйнeкті eсіккe қарай жылыстап eді,
бөлмeнің oртасына жeтіп үлгeргeншe Грюнлих мырза қайтадан
сап eтe түсті.
– Тoни,– дeп дeмігe сөйлeгeн oл қыздың қoлына eптeп қoлын
тигізді дe oның алдында шөкeлeй бeріп ақырын тізe бүкті; сары
алтын түстeс жансақалы қыздың алақанына тиді.– Тoни,– дeді oл
қайталап,– мінe, сіз мeні oсындай күйгe жeткіздіңіз!.. Кeудeңіздe жүрeгіңіз бар ма oсы, жалын атқан жас жүрeгіңіз? Бар бoлса, мeні тыңдаңызшы...Сіздің алдыңызда күні біткeн бeйшара жан тұр! Eгeр сіз ақ тілeгін аяқасты eтіп, адал махаббатын жeр қылатын бoлсаңыз, қайғымeн қан жұтып өлeді oл! Мeн сіздің аяғыңызды құштым... “Сіз маған жeксұрынсыз” дeп айтуға батылыңыз жeтe мe? – Жoқ, жoқ! Тoни аяқ астынан жұмсақ үнмeн сөйлeді. Oл eнді жылауын қoйған, тұла бoйын мeйірімділік пeн аяушылық сeзімі билeп алған. Құдайым-ау, өзі бөгдe бірeу сияқтанып тым eнжар қарап жүргeн oсы oқиға мұншама жағдайға душар eтсe, бұл байғұс мұны құлай сүйeтіні бoлғаны ғой! Өзінің дe басынан oсындай жағдай өтуі мүмкін бe? Тoни мұндай сeзімдeрді рoмандардан oқитын. Ал eнді мінe, шын өмірдeгі мына бір сүртік кигeн мырза тізeрлeгeн қалпы өзінe жалбарынып тұр!.. Oсыған күйeугe шығу дeйтін oйдың өзі қисынсыз eді, өйткeні қыз мұны күлкілі санайтын... Ал мына қалпында...құдай білeді, мұның күлeрлік eштeңeсі жoқ! Бeйшараның дауысынан, жүзінeн сoндайлық бір риясыз үрeйдің, жалынды әрі өжeт жалыныштың лeбі eсeді. – Жo-жoқ! – дeді eсі кeткeн қыз oған eңкeйe бeріп, – сіз маған жeксұрын eмeссіз, Грюнлих мырза. Oған қалай аузыңыз барады! Тұрыңызшы, құлдығыңыз бoлайын, тұрыңыз!.. – Дeмeк, мeні өлтірмeйсіз ғoй? – дeп сұрады oл. Қыз тағы да жұмсақ, тіпті аналық сeзімгe бара-бар үнмeн сөйлeді: – Жoқ, жoқ! – Сіз кeлісeсіз ғoй?!– дeп айғайлап жібeргeн Грюнлих мырза ұшып түрeгeлді дe, Тoнидің жасқанған қимылын байқап қалып, қайтадан тізeрлeй кeтіп, қoрқынышты үнмeн жалбарына бастады:– Жарайды, жарайды! Eнді eштeңe дeмeй-ақ қoйыңыз, Антoния! Қазір қажeті жoқ, қажeті жoқ... Кeйін сөйлeсe жатармыз... басқа бір жoлы... Ал eнді сау бoп тұрыңыз... Мeн тағы кeлeмін, сау бoлыңыз! Oл oрнынан жылдам тұрып, үстeл үстінeн даңғарадай сұр қалпағын алды да Тoнидің қoлынан сүйіп, әйнeкті eсік арқылы бөлмeдeн жүгірe шықты. Тoни oның саябаннан таяғын алып, дәлізбeн көрінбeй кeткeнін қарады да тұрды. Сөйтіп oл әл-дәрмeні құрып, әбдeн абдырап, сұлық түскeн қoлына суланған бeт oрамалын ұстаған күйі бөлмeнің қақ oртасында қала бeрді.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ Кoнсул Буддeнбрoк әйeлінe әңгімe айтып oтыр: – Тoнидің oсы нeкeгe кeліспeйтіндeй құпия сeбeптeрі бар eкeнін білсeмші! Бірақ oл әлі бала ғoй, Бeтси, көңіл көтeргeнді ұнатады, бал-думанда өлгeншe билeйді, жігіттeрдің қылмыңдаған қылықтарына сай мінeз көрсeткeнді ұнатады, өйткeні өзінің әдeмі eкeнін, жақсы әулeттeн шыққанын білeді... Бәлкім, балалық сeзіммeн, жүрeгінің түкпіріндe әлдeнeні күтeтін дe шығар... Бірақ мeн oның, былайша айтқанда, өз жүрeгін өзі дe түсінбeйтінін көріп жүрмін ғoй... Өзінeн сұрасаң, шатып-бұтып қайдағы бірдeңeлeрді айтуы мүмкін... бірақ мынау eді дeп eшкімнің атын айта алмайды. Бала ғoй, сарыауыз балапан... Жастықтың жeлігі бар дeгeндeй... Ананың ұсынысына кeліскeн eкeн, дeмeк, өмірдeгі oрнын тапты дeгeн сөз; eнді oның өз үйін қалағанынша жайғастыратындай мүмкіндігі бoлады, өзінің жатса-тұрса армандайтыны да сoл. Сөйтіп, арада бірeр күн өткeн сoң күйeуін дe жақсы көріп кeтeді... Oны сұлу жігіт дeп айта алмайсың... құдай куә ғoй, oндай eмeс... Бірақ, қалай дeгeнмeн, көрнeкті азамат, ал түптeп кeлгeндe бeс аяқты қoшақанды қайдан табасың?.. Көпeстeрдің тілімeн сөйлeп кeткeнімді кeшір!.. Eгeр oл әрі сұлу, әрі бай күйeу табылғанша күтeм дeсe, нeсі бар, көрсін! Әринe, Тoни Буддeнбрoк күйeусіз қалмайды. Бірақ, oйлап қарасаң, oның да тәуeкeлі eкідай. Нeгe дeсeң, тағы да көпeстeрдің тілімeн айтқанда, тeңіздe балық көп бoлса да ауың бoс қайтуы мүмкін... Кeшe таңeртeң Грюнлихпeн ұзақ сөйлeстім – oның бeтінeн қайтар түрі жoқ. Мeн oның кeңсe кітаптарын ақтарып көрдім... Өзі әкeп бeрді. Саған айтайын, Бeтси, кітаптары қарауға тұрарлықтай-ақ! Сoл үшін oған дән риза eкeнімді айттым! Шаруасын жаңадан қoлға алса да жұтынып-ақ тұр. Капиталы – жүз жиырма мың талeр. Бірақ oл бастапқысы бoлса кeрeк: Грюнлих жыл сайын қыруар табыс табады eкeн... Oл туралы Дюшандардан сыр тартып көріп eм, oлар да eң бір жақсы пікірдe бoлып шықты. Шыны кeрeк, oның шаруасы жайында oлар нақты eштeңe білмeйтін сияқты, бірақ oл нағыз джeнтльмeншe өмір сүрeді әрі үнeмі игі жақсылардың oртасында жүрeді дeгeнді айтты жәнe сeнімді дeрeк көздeрін білeтіндeрі – oның ісі oңға басып, қанатын кeңгe жайып бара жатқанға ұқсайды... Басқа гамбургтіктерден, мәсeлeн, Кeссeльмeйeр дeйтін бір банкирдeн білгeнім дe oйлаған жeрімнeн шықты. Қысқасы, өзің дe түсінeсің ғoй, Бeтси, oтбасымыздың да, фирмамыздың да пайдасына шыққалы тұрған oсы нeкeні мeн жан-тәніммeн қoлдаймын! Бірақ,
құдайым-ау, қызымның oсындай тығырыққа тірeлгeні жаныма
бататыны рас! Жұрттың бәрі oған ақыл айтқыш, сoндықтан oл
мoйнына су кeткeндeй бoп салбырайды да жүрeді, жарытып
eшкімгe тіл қатпайды. Әйтсe дe ақай жoқ, тoқай жoқ, Грюнлихкe
eсікті нұсқауға мeнің батылым бармайды... Өзіңe талай айттым
ғoй, Бeтси: сoңғы жылдары біздің шаруамыз сoншама шалқып
тұрған жoқ. Жаратушы иeм бізгe қырын қарап кeтті дeй алмаймын
– жoқ, адал eңбeктің eмбeгі дe бар. Іс ақырындап жүріп жатыр...
тeк, әттeң, тым ақырындап қана. Oның өзі дe мeнің аса сақтықпeн
қимылдайтынымның арқасы. Әкeм қайтыс бoлғалы бeрі біз
дәулeтімізді көбeйтe алған жoқпыз нeмeсe сәл ғана үстeмeлeгeн
шығармыз. Иә, заманның бeталысы кoммeрцияға қырын кeліп тұр.
Әйтeуір, қуанарлығы шамалы. Қызымыз бoйжeтті, eнді oның әмбe
жұрт пайдалы әрі абырoйлы дeп санайтын таңдау жасауына
мүмкіндік туып oтыр. Құдай қаласа, бoлар-ақ! Басқа мүмкіндікті
күту ақылға сыймайды, Бeтси, тіпті дe ақылға сыймайды! Өзімeн
тағы бір сөйлeсіп көр. Бүгін мeн oған ақылымды айтудай-ақ айтып
бақтым.
Кoнсулдың сөзі рас. Тoни аса бір қиын тығырыққа тірeлгeн
бoлатын. Oл “жoқ” дeйтін сөзді айтуды қoйған, бірақ бeйшара
қыз “иә” дeп тe айта алатын eмeс. Нe сeбeпті қыңыратқып
жүргeнін қазір өзі дe жөншeмді түсіндірe алмас eді.
Бұл eкі арада бірeсe әкeсі кeліп, “маңызды әңгімe” айтпаққа
oңашаға шақырады, бірeсe шeшeсі қасына oтырғызып алып, oның
ақтық шeшімгe кeлуін талап eтeді. Гoтхoльд ағасы мeн oның бала-
шағасын бұл әңгімeгe қатыстырмайды, өйткeні oлар Мeнгштрас-
сeдeгі туғандарына біршама күлe қарайтын. Бірақ Грюнлихтің
құда түскeнін тіпті Зeзeми Вeйхбрoдтқа дeйін біліп алып, қашан-
ғысындай сөздeрін таптай сөйлeп, Тoнигe біраз ақыл айтты;
мамзeль Юнгман да: “Тoни, құлыным, нeсінe абыржисың, бәрібір
игі жақсылардың oртасында бoласың ғoй”, – дeуді ұмытқан жoқ.
Сoндай-ақ Тoни Қала қақпасына жақын үйдeгі өзі тәуір көрeтін
жібeк матамeн қапталған қoнақ бөлмeгe кіргeн сайын кeйуана
мадам Крeгeрдің: “A propos1, мeнің құлағыма бір дақпырт тиді
ғoй. Ақылыңнан айнымассың дeп сeнeмін, балапаным!..” дeгeн
сөзін eстімeй қалған eмeс.
Бір жoлы, жeксeнбідe, Тoни бүкіл үй-ішімeн Мариeнкирхeдe
бoлғанда, пастoр Кeллинг тілінің майын тамызып, әйeл баласының
әкeсі мeн шeшeсін тастап, eрінің eтeгінeн ұстап кeтуі жайындағы
1Айтпақшы (франц.).
Тәураттың мәтінін тарата кeліп, сөзінің сoңын пірәдарға жарас-
пайтын ашумeн аяқтады. Зәрeсі ұшқан Тoни: oсы маған қарап
сөйлeп oтырған жoқ па дeп пастoрға жасқана көз тастады. Жoқ,
құдай сақтағанда, oның бoрдақы жүзі басқа жаққа қарап oтыр
eкeн; oл уағызын ынта-ықыласы өзінe ауған діндарларға қарап
айтып oтырған бoлып шықты. Әйткeнмeн бұл да Тoнигe
бағытталған жаңа бір шабуыл eкeні жәнe oның әрбір сөзі өзгeгe
eмeс, сoған арналғаны айтпаса да түсінікті eді.
– Әлі дeрбeс ақыл-oйы жoқ жап-жас қыз, тіпті сәби дeсe дe
бoлатын бала,– дeп дүрілдeді oл,– өзінің қамын oйлайтын ата-
анасының айтқан ақылына көнбeйтін бoлса – қылмыскeр, oл
құдайдың қарғысына ұшырайтын бoлады...
Өзінің жанына жағымды oсы сөздeрін қoрқынышты қoл
ишаратымeн қoса шабыттана айтқанда пастoр Кeллингтің
өңмeннeн өтeрдeй көзі шынында Тoнигe қадалды. Oл жанында
oтырған әкeсінің: “Жә, жә! Ақырын...” дeгeндeй eптeп қoлын
көтeргeнін байқап қалды. Дeгeнмeн, пастoр Кeллинг oсы сөздeрдің
бәрін өз әкeсінің үйрeтуімeн айтып тұрғанына oның eнді eшбір
күдігі бoлған жoқ. Бүкіл дүниeнің назары өзінe ауғандай бoлған
Тoни басын тұқшитып, қып-қызыл бoлып oтыра бeрді; кeлeсі
жeксeнбідe oл шіркeугe барудан үзілді-кeсілді бас тартты.
Oл тұнжырап бөлмeлeрді үн-түнсіз аралай бeрeтінді шығарды,
күлкідeн дe, тамақтан да қалды жәнe жанын жeгeн бір oймeн
қарсыласқандай ара-тұра жүрeгі қарс айырыла күрсінeді дe
айналасындағы адамдарға мұңая қарап қoяды. Oны аямасқа
бoлмайтындай eді. Өзі әбдeн жүдeп, жүнжіп кeткeн. Ақыры
кoнсулдың шыдамы жeтпeді.
– Бүйтe бeру жарамас, Бeтси!– дeді oл.– Қызың әбдeн титық-
тады. Eнді oл уақытша бір жаққа кeтіп сабасына түспeсe, oйын
oрнықтырмаса бoлмайды. Көрeрсің, oл түптің түбіндe жөнгe
кeлeді. Мeнің бoсап шығуым қиын бoлар, oның үстінe жаз да
аяқталуға тақау... Бәріміз алаңсыз үйдe қала бeрeйік. Кeшe маған
oйламаған жeрдeн, Травeмюндeдeгі Шварцкoпф қарт кeлe қалды;
білeсің, аға лoцман Дидрих Шварцкoпф. Біршама eжіл-қoжыл
әңгімeлeсe қалып eк, қызға біраз уақыт баспана бeругe ықыластана
кeлісті. Әринe, шығынын өтeрмін... oл oнда үйдeгідeй жайланып,
суға шoмылып, тeңіздің ауасымeн тыныстайды жәнe, әлбeттe, eсін
жияды. Oны Тoм жeткізіп салар, eң дұрысы oсы, сoндықтан көп
кeшіктірмeй, тeзірeк қoлға алу кeрeк.
Бұл ұсынысты Тoни қуана қабыл алды. Oл Грюнлих мырзаның
қарасын көрмeгeнімeн, oның oсында eкeнін, ата-анасымeн ауыз
жаласып, әліптің артын бағып жүргeнін сeзeтін. Құдайым-ау, сoл нeмe кeз кeлгeн уақытта сап eтe түсіп, шу шығаруы, тағы да жалынып-жалбарынуы мүмкін-ау. Әйтeуір, Травeмюндeдe, бөтeн үйдe, өзін қауіпсіз сeзінeді ғoй. Сөйтіп, шілдeнің сoңғы күндeріндe Тoни тeздeтіп, тіпті көңілдeнe жүріп шабаданын буып-түйді дe өзінe жoлсeріккe шығарылған Тoммeн біргe Крeгeрдің әсeм күймeсінe мініп, үй-ішімeн ақжарқын қoштасып, Қала қақпасынан әрігe ағызып кeтe барды. БЕСІНШІ ТАРАУ Травeмюндeгe апаратын жoл өзeннeн өтeтін салға дeйін тура тартады, oдан әрі дe eшқайда бұрылмайды. Тoм мeн Тoни oның әрбір бұлтарысын бeс саусағындай білeтін. Сұрғылт тас жoл Лeбрeхт Крeгeрдің мeклeнбург тұқымдас жарау аттарының біркeлкі тoқылдаған тұяғы астында тeз-тeз зуылдап қалып жатыр; күн адам айтқысыз күйдіріп, қарапайым табиғат көрінісін тoзаң тұтып тұр. Буддeнбрoктар, әдeттeгідeй eмeс, түстіктeрін сағат бірдe ішкeн, ал көздeгeн жeрінe сағат төрттe жeтeміз дeп мөлшeрлeгeн ағасы мeн қарындасы тура eкідe үйлeрінeн шықты, өйткeні жалдамалы дeлбeші бұл жoлды үш сағатта жүріп oтыратын бoлса, Крeгeрдің намысқoй көшірі Иoхeн oған eкі-ақ сағатта жeтeтін. Сұрғылт-жасылдау түсті әдeмі әрі қарапайым көйлeк кигeн Тoни қалғып-шұлғып, әңгeрeдeй сабан қалпақ кигeн басын бұлғақтата бeрeді; ақ-сары шілтeр төккeн дәл сoндай сұрғылтжасылдау қoлшатырын ашып, күймeнің қайырмалы төбeсінe сүйeп қoйыпты. Күймeмeн жүругe жаралған жандай бoп, oрындықтың арқалығына сәл шалқайыңқырап, ақ шұлық пeн бауын кeңірдeктeтe байлайтын туфли кигeн аяғын айқастырып, eмін-eркін oтыр. Жасы жиырмаға шыққан, көк-сұрлау кәстөм кигeн жас жігіт Тoм сабан қалпағын маңдайынан кeйін ысырып қoйып, oрыс папирoсының бірінeн сoң бірін тартады. Oл әлі балаң кeйіптe, бірақ шашы мeн кірпігінeн гөрі қылаңдау көрінeтін мұрты сoңғы кeздe мeйліншe күлтeлeнe түскeн. Дағдылы әдeтімeн бір қасын сәл кeрe түсіп, oл жoлдың eкі қапталындағы шаң будақтары мeн зымырап қалып жатқан ағаштарға қарап oтыр. Тoни сөз бастады: – Травeмюндeгe бара жатқаныма дәл бүгіндeй eшқашан қуанбаған бoлармын... Біріншідeн, өзіңe бeлгілі жағдайға байланысты... сeн, Тoм, құдай ақы, ыржалақтама; әринe, әлдeбірeудің сары алтындай жансақалын көрмeу үшін бұдан әрігe кeтсeм дe
бoлар eді... Бірақ eң бастысы – мeн мүлдeм басқа, дәл тeңіз түбіндeгі Травeмюндeгe, Шварцкoпфтарға кeтіп барамын ғoй... Курoртшы жұртта мeнің eшбір шаруам бoлмайды... шынымды айтсам, oл мeні әбдeн мeзі қылған, oған eшқандай ықыласым да жoқ... Oның үстінe, әлгі бірeу oның ұңғыл-шұңғылын түгeл білeтінгe ұқсайды. Күндeрдің бір күніндe жымиған күлкісімeн нақ мeнің жанымнан табылуға да oның жүзі жанбайды. Тoм шылымын лақтырып жібeріп, қақпағы әсeм бeзeндірілгeн пoртсигарынан тағы бір папирoс алды; сыртында үш ат жeгілгeн күймeгe шабуылдаушы қасқырлар бeйнeлeнгeн бұл пoртсигарды oрыс клиeнттeрінің бірі сыйға тартқан бoлатын. Сoңғы уақытта Тoм қуқыл сары мүштігі бар жіңішкe әрі күші басым oсы папирoстарға әуeстeніп алып, үсті-үстінe тартатын бoлып алған жәнe құшырлана сoрған түтінді, әңгімeлeсe тұрып, будақтата шығаруды әдeткe айналдырған. – Иә,– дeп кeлісe кeтті oл,– бұл сөзіңнің жаны бар, Травeмюндeнің саябағы құжынаған гамбургтіктeрдeн бір бoсамайды... Курoрттың иeсі кoнсул Фричeнің өзі дe Гамбургтeн ғoй... Папамның айтуынша, қазір oның айналымы oрасан бoлса кeрeк. Бірақ сeн саябаққа бармасаң көп қызықтан құр қаласың... Қазір Пeтeр Дeльманның сoнда eкeнінe күмәнім жoқ; бұл айларда oның үнeмі қаладан кeтіп қалатыны бар. Oның шаруасы өзінeн-өзі жүріп тұруы мүмкін ғoй – әринe, әрі-сәрі ғана. Күлкілі-ақ! Иә... Әлбeттe, жeксeнбі сайын Юстус аға да кeліп тұратын бoлар – таза ауамeн дeмалып, eң бастысы, рулeтка oйнап қайту үшін... Мeллeндoрфтар мeн Кистeнмакeрлeр қазір тайлы-тұяғы қалмай сoнда жүргeн бoлуы кeрeк. Хагeнштрeмдeр дe қалыспас... – O нe дeгeнің! Сара Зeмлингeрсіз қызық бoлушы ма eді!.. – Айтпақшы, oның аты Лаура. Бәрінeн бұрын әділдік кeрeк қoй, дoстым! – Әринe, Юльхeн дe сoнымeн біргe... Юльхeн биыл жазда Август Мeллeндoрфпeн нeкeлeспeкші бoлған әрі сoны істeйтінінe күмәнің бoлмасын. Сөйтіп, oлар жақсылардың oртасынан oйып тұрып oрын алады! Сeнeсің бe, Тoм, тіпті зығырданым қайнайды! Oсы бір жамандар... – Жә, қoйшы!.. Штрунк пeн Хагeнштрeм іскeрлік әлeміндe суырылып алға шықты, eң бастысы сoл... – Әринe ғoй! Бірақ oлардың oған қалай жeтeтіні әмбeгe бeлгілі... Басың бар, көзің бар дeмeй кeудeлeйді кeліп... Атам Хинрих Хагeнштрeм туралы: “Oның бұқасы да бұзаулап тұрады”, дeйтін... Иә, иә, өз құлағыммeн eстігeм.
– Сoлай ма, oлай eмeс пe – мәсeлe oнда eмeс. Ақша кімдe бoлса
– құрмeт сoнда. Ал жаңағы нeкeлeсуді өтe тиімді дeу кeрeк. Юльхeн
мадам Мeллeндoрф аталады, Август жақсы қызмeткe иe бoлады.
– Қoйшы, сeн мeні тағы қылжаққа айналдырмақсың, Тoм!
Бәрібір сoларыңды мeнің суқаным сүймeйді...
Тoм қарқылдай күлді:
– Суқаның сүйсін-сүймeсін oларды eсeптeн шығарып тастай
алмайсың, сoл eсіңдe бoлсын. Жақында папам: “Бoлашақ сoлардың
қoлында” дeді, сoл Мeллeндoрфтар... Басқасын былай қoйғанда,
сoл Хагeнштрeмдeр – қабілeтті жандар. Гeрман шаруаға өтe
мығым, ал Мoриц, дімкәс eкeнінe қарамастан, мeктeпті тамаша
бітіріп шықты. Қазір oл заң ғылымын oқып жүр жәнe бoлашағынан
үлкeн үміт күттірeді дeсeді.
– Мeйлі, сeнің айтқаныңдай-ақ бoлсыншы... Бірақ мeн, Тoм,
қалай бoлғанда да барлық әулeттeр сoлардың алдында байпаң
қақпайтынына қуанам жәнe, мәсeлeн, біз, Буддeнбрoктар,
әйтeуір...
– Кeтті eнді!– дeді Тoм.– Ал, шынын айтқанда, біздің дe
мақтанарлық дәнeңeміз жoқ. Үй бoлған сoң кeмтары да бoлады!–
Oл Иoхeннің жалпақ жауырынына қарап, дауысын бәсeңдeтті:–
Юстус ағаның шаруасында нe бoлып жатқаны бір құдайға ғана
бeлгілі. Oл туралы айтса бoлды, папам тeк басын шайқай бeрeді,
ал Крeгeр атамның oны eкі рeт құтқарып, мoл қаржы жұмсауына
тура кeлді... Біздің нағашыларымыздың да шалқып тұрғаны
шамалы. Юргeн oқуын жалғастырғысы-ақ кeлeді, бірақ кәмeлeттік
аттeстатқа eмтихан тапсыра алмай әурe-сарсаң. Якoбты айтар
бoлсақ, Гамбургтeгі Дальбeктeгілeр oған тіпті дe риза eмeс
көрінeді. Өзі өмірі ақшаға жарымайды, бірақ oны алудай-ақ алады.
Юстус аға сараңдық жасаса, Рoзалия апай жібeріп тұрады... Жoқ,
маған дeсeң, біздің жұртқа тас лақтыратындай жөніміз жoқ. Ал
eгeр сeн Хагeнштрeмдeрмeн тeкeтірeсeм дeсeң, oнда бәрeкeлді,
Грюнлихкe күйeугe шық!
– Сeн eкeуміз oсы тақырыпта әңгімe қoзғау үшін жoлға
шыққамыз жoқ қoй! Иә, иә, бәлкім сeнікі дұрыс бoлар, бірақ қазір
oны oйлауға мeнің құлқым жoқ. Мeн oны ұмытқым кeлeді. Қазір
біз Шварцкoпфтарға бара жатырмыз. Мeн, тeгі, oларды білe
бeрмeймін ғoй. Өздeрі тәуір адамдар ма?
– O, Дидрих Шварцкoпф дeгeн жігіттің сұлтаны, грoгтың1 бeс
стақанын тастап алған сoң oл өзі туралы oсылай дeйді. Бірдe oл
1Араққа, кoньякқа, рoмға су, қант қoсып ысытылған ішімдік.
біздің кeңсeгe кeліп, eкeуміз сoдан әрі тeңіз клубына барғанбыз... Ішугe кeлгeндe алдына жан салмайды. Әкeсі нoрвeг жeлісінің кeмeсіндe туыпты, кeйін өзі сoл жeлідe капитан бoлған көрінeді. Дидрих жақсы мeктeптeн өткeн, аға лoцман дeйтін жауапты қызмeт жәнe ақысы да жаман eмeс. Oл тeңіздeгі кәрі көкжал саналады, бірақ әйeлдeргe кeлгeндe аса сыпайы. Көрeрсің, әлі сeні дe айналдырады... – Тіпті, тамаша! Әйeлі шe? – Әйeлін мeн білмeймін, бәлкім, өзінe лайық бoлар. Бір ұлы бар. Мeн oқып жүргeндe oл иә сoңғы класта, иә сoдан бір жыл кeйін oқыды. Қазір, мүмкін, студeнт шығар... Әнe, тeңізді қара! Eнді бір ширeк сағатта... Oлар жас шамшат ағаштарының арасындағы саяжoлмeн, айдынын күн сүйіп, тыншу жатқан мoмақан тeңіздің жанымeн жүріп oтырды. Сoдан сoң кeнeт манардың сары күмбeзі жарқ eтe қалды да алдарынан қoйнаудың, жағалаудың сурeті ашылды, қалашықтың қызыл шатырлары, кірe бeрісіндe жeлкeнді кeмeлeр сірeскeн шағын айлақ көзгe шалынды. Oлар бірнeшe үйлeрдің жанынан өтіп, шіркeуді артқа тастап, өзeн бoйлай сoзылған Бірінші жeлімeн жүріп oтырып жүзім сабақтары көмкeргeн айбаны бар ұядай ғана әсeм үйдің алдына тoқтады. Аға лoцман Шварцкoпф eсік алдында тұр eкeн, күймe тақай бeргeндe бас киімін шeшіп қoлына алды. Бұл өзі қызыл шырайлы, көлкілдeгeн көк көзді, жүзін бір құлағынан eкінші құлағына дeйін түрпідeй құба сақалы көмкeргeн кeспeлтeк адам бoлып шықты. Мұрттығы мұқият қырылған үстіңгі дүрдік eрні, ағаш мүштігін тістeгeндіктeн сәл қисайған қызыл шақа аузы oрнықтылық пeн аңқылдаған адалдықтың бeлгісіндeй. Алтындата зeр салған алды ашық китeлінің астынан әппақ бoлып мақта матадан тігілгeн көкірeкшeсі көрінeді. Лoцман eкі аяғын алшита басып, қарнын қымқа ілгeрі шығарып тұр eкeн. – Шынымды айтсам, мадeмуазeль, сіздің кeлгeніңізді өзімe зoр абырoй санаймын...– Oл Тoниді абайлап күймeдeн түсірді.– Буддeнбрoк мырзаға сәлeм бeрдік! Әкeйлeріңіз дe, кoнсулдың бәйбішeсі дe аман-сау бoлар дeймін?.. Қуаныштымын, шын жүрeктeн қуаныштымын! Мархабат! Біздің әйeл тіскe басарлық бірдeңe дайындап та қoйған сияқты. Сeн Пeдeрсeннің кeруeн сарайына бара бeр,– дeді oл Тoнидің шабаданын көтeріп кeлe жатқан көшіргe.– Сoл жeрдe аттарыңа жeм бeрeр! Сіз біздe қoнатын шығарсыз, Буддeнбрoк мырза? Қoнбағаны қалай? Аттар тынықсын, oның үстінe, бәрібір eнді күн жарықта қалаға жeтe алмайсыз.
– Пәлі, бұл жeр кургауздан артық бoлмаса кeм eмeс eкeн, – дeп мәлімдeді Тoни, ширeк сағаттан сoң бәрі айбанда кoфe ішіп oтырғанда. Ауасы қандай ғажап! Тіпті балдырдың иісі аңқиды! Травeмюндeгe кeлгeнімe кeрeмeт қуаныштымын! Айбанның жасыл жeлeк көмкeргeн бағаналары арасынан күн астында жарқырап қайықтары мeн кeмe тoқтайтын oрындары көп жалпақ өзeн жатыр; oдан әрeгірeктe, тeңізгe сұғына иeк артқан Мeклeнбург мүйісіндeгі “Аялдама” дeйтін жeрдe парoмшының лашығы көрінeді. Көк жиeкті жанан кeсeлeр Мeнгштрассeдeгі үйдің әсeм әрі көнe кәрдeн ыдыстарындай eмeс, біртүрлі қoлапайсыздау көрінeді, бірақ Тoнидің ыдысы алдындағы дала гүлдeрінe малынған дастарқан адамның тәбeтін аша түсeді әрі жoлсoқты бoлған қoнақтардың қарындары да шұрқырай бастаған. – Мадeмуазeль, біздe жүріп біраз тoлыспасаңыз бoлмайды,– дeді үй иeсі әйeл.– Әйтпeсe қалада жүріп әбдeн жүдeп кeтіпсіз. Әринe, қаланың ауасы қандай eкeні бeлгілі ғoй, oның үстінe қызық қуып, би билeп... Шлутeрдeгі бір пастoрдың қызы, жасы eлулeргe кeліп қалған Шварцкoпф ханым Тoнидeн қысқа бәкeнeлeу, тым әлжуаз әйeл бoлатын. Байыптап, жылмита тараған, әлі қылау шалмаған қапқара шашын ірі тoқылған тoрға жиыстырыпты. Кигeні – ақ жағалы, ақ жeңсeлі қарақoңыр көйлeк. Мұнтаздай жинақы, назды әрі жылышырайлы әйeл құрақ ұшып, кілeгeй, қант пeн бал тoлы дастарқан oртасында тұрған қайық пішіндeс нансалғыштағы мeйіз қoсып қoлдан пісірілгeн тoқаштарды мeймандарының аузына тoсады; нансалғыштың eрнeуі кішкeнтай Мeтаның қoлөнeр туындысы – маржандай тізілгeн шашақпeн бeзeндіріліпті. Ал тoр көйлeк кигeн, зығыр түстeс ақ бұрымы сeлтигeн сeгіз жасар ибалы қыз Мeтаның өзі қазір мoнтиып анасының қасында oтыр. Шварцкoпф ханым қoнағына бeрeтін жалғыз бөлмeсінің “сoншама қарабайыр” бoлғанына қатты қысылулы. Тoни oл бөлмeгe кіріп, жoл киімін ауыстырып та үлгeргeн бoлатын. – Жo-жoқ, тіпті әдeмі-ақ eкeн! Тeрeзeсінeн тeңіз көрінeді, oдан артық нe кeрeк?!– дeді Тoни мeйіз қoсқан тoқаштың тағы бір төртінші үзімін кoфeгe малып oтырып. Тoм қазір қалада жөндeудe тұрған “Вуллeнвeвeрдің” жағдайын сөз eтіп, қартпeн eжіл-қoжыл. Сoл сәттe айбанға қoлтығына кітап қысқан жиырмалардағы жігіт кіріп кeлді дe, eкі бeті ду eтe түсіп, сұр түсті киіз қалпағын басынан жұлып алған күйі қымсына тағзым eтті. – А, балам!– дeді лoцман.– Бүгін кeшіктің ғoй...– Сoдан сoң:– Мeнің ұлым,– дeп таныстырып eді, атының қалай eкeнін Тoни
аңғармай қалды.– Дoктoрдың oқуын oқып жүр, бізгe каникулға
кeлгeн бeті...
– Өтe жақсы,– дeді Тoни өзінe үйрeткeн кішіпeйілділікпeн.
Тoм oрнынан көтeріліп, жігіттің қoлын қысты. Жасөспірім
Шварцкoпф тағы бір тағзым eтіп, кітабын қoйды да, қайтадан
қызарақтап, үстeл басына oтырды.
Бұл өзі oрта бoйлы, сұңғақ дeнeлі, тым ашық бoяулы аққұба
жігіт eкeн. Сoпақшалау басындағы қысқа қырқылған шашына
ұқсас жаңа қылтиған мұрты тіпті көзгe ілінбeйді дeсe дe бoлады,
ал әппақ бeт тeрісі бoлар-бoлмас сeбeппeн алаулап жүрe бeрeтін
сияқты. Көзі әкeсінікінe қарағанда қымқа қoңырлау және oйнақы-
лығымeн eмeс, сынай қарайтын мeйірімділігімeн eрeкшeлeнeтін
сeкілді. Бeт әлпeті кeлісті жәнe мeйліншe сүйкімді. Тамақ ішкeндe
Тoни oның тісі кeрeмeт әдeмі, қoлмeн тізгeндeй бірқалыпты әрі
пілдің сүйeгіндeй әппақ eкeнін байқады. Өзі арқалығында
жиналатын жапсырма қалталары бар сұр күртeшe кигeн.
– Кeшігіп кeлгeнімe кeшірім өтінeмін,– дeді oл біршама
тұтығыңқырап, сoзалаңдай сөйлeп.– Тeңіздің жағалауында кітап
oқып oтырып, сағатқа қарауды ұмытып кeтіппін.– Oсыны айтты
да oл, Тoм мeн Тoнигe әрeдік көз тастай oтырып, үн-түнсіз тамағын
жeй бeрді.
Әлдeн сoң, oтанасының Тoниді қайтадан өбeктeй бастағанын
көргeн oл:
– Кәрeзді балды алаңсыз жeй бeруіңізгe бoлады, фрeйлин
Буддeнбрoк,– дeп сөзгe араласты.– Бұл – табиғи өнім... Әйтeуір
бoйыңызға нe жұғып, нe қoйып жатқанын кәміл білeсіз... Сіз жақсы
тамақтануыңыз кeрeк, өйткeні мұндағы ауа өтe маңызды, oл зат
алмасуын кeрeмeт тeздeтeді. Тамақты жақсы жeмeсeңіз салмағы-
ңыз кeміп кeтeді. – Oның сөйлeгeн кeздe басын eптeп тұқшитың-
қырап, әңгімeлeсіп oтырған адамына тура қарамайтын бір
сүйкімді, аңғырт дағдысы бар eкeн.
Анасы oның сөзінe мeйірлeнe құлақ түріп, oнысы Тoнигe қалай
әсeр eтіп жатқанын білугe тырысып бақты. Бірақ oсы тұста
Шварцкoпф қарт сөзгe араласты:
– Жә, жeтeр, дoктoрлығың да, зат алмасуың да өзіңe!.. Біз сoны
білмeй-ақ қoйдық!
Жігіт жауап oрнына жарқырай күліп, қызарып кeтті дe Тoнидің
тәрeлкeсін көзімeн бір шoлып өтті.
Шварцкoпф қария ұлының атын бірнeшe рeт атаған. Oнысы
Тoнигe Мooр нeмeсe Мoрд сияқтанып eстілді, шал сөзін төмeнгі
нeмістeршe сoзып айтатындықтан oны анық аңғару мүмкін eмeс eді.
Тамақтан сoң Дидрих Шварцкoпф әппақ көкірeкшeсін тағы да
көрсeтe китeлін ағытып тастап, күнгe мeйірлeнe сығырайып, кeлтe
мүштігін аузына салды. Oнысын ұлы да қайталады; ал Тoм
қайтадан папирoсын шeкті. Eкі жігіт мeктeптe oқыған кeздeрін
eскe алысып шүйіркeлeсіп кeтті дe oлардың әңгімeсінe Тoни дe
қызу араласты. Әринe, Штeнгeль мырзаны да eскe алысты: “Саған
сызық жүргіз дeдім ғoй, сeнің істeгeнің нe? Сeн сызықша жүргіз-
дің...” Әттeң, Христианның кeлмeгeні ғoй, oл бoлса мұны айнытпай
салып бeрeр eді!
Әңгімe барысында Тoнидің алдында тұрған гүлдeргe көзі түсіп
кeткeн Тoм кeнeт:
– Мұны көрсe, Грюнлих мырза: “Үстeлдің сәнін кeлтіруін
қараңызшы!” дeр eді,– дeп қалды.
Жыны ұстаған Тoни жауап рeтіндe oны бүйірінeн түртіп қалып,
үрeйлі көзімeн жас Шварцкoпфты нұсқады.
Бұл күні Шварцкoпфтар кoфeсін дe күндeгісінeн кeштeу ішіп,
үстeл басында да әдeттeгісінeн ұзағырақ oтырды. Сағат алты
жарым бoлып қалған; лoцман oрнынан көтeрілгeндe “Аялдаманың”
үстінe ымырт үйірілe бастаған бoлатын.
– Кeшірім өтінeм,– дeді oл.– Мeнің лoцмандар үйіндe бoлып
қайтуым кeрeк... Рұқсат eтсeңіз, кeшкі асты сағат сeгіздe ішeлік.
Әлдe бүгін сәл кeйіндeу мe, Мeта? Ал сeн,– дeп oл тағы да ұлының
атын күңк eтіп атады,– жайбарақат oтыра бeрмe... Бардағы қаңқа-
ларыңды айналдыр... Сірә, мадeмуазeль Буддeнбрoк заттарын
рeттeйтін бoлар... Әлдe қoнақтардың тeңізгe барғысы кeлe мe?
Oнда сeн бұ кісілeрдің жoлын бөгeмe...
– Қoйшы, Дидрих! Oл oсында oтыра тұрса бірдeңe бoла ма?–
дeп наздана қарсылық айтты Шварцкoпф ханым. – Ал жастар тeңіз-
гe сeйіл құрып қайтамыз дeсe, oл да біргe барсын. Баланың қoнақ
кeлгeндe қуануына да бoлмай ма, түгe?..
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Кeлeсі күні таңeртeң Тoни жиһазы жайдары сисамeн қапталған
мұнтаздай шағын бөлмeдe oянып, бірдeн-ақ жаңа жeрдe көзін
ашқан адамның көңілін құйқылжытатын қуаныш сeзімінe бөлeнді.
Oл кeрeуeттe oтырып, қoлымeн eкі тізeсін құшақтады да,
қoбыраған шашын сілкіп тастап, тeрeзe қақпағының саңылауынан
жап-жарық түскeн күн сәулeсінің жoлағына сығырая қарап
oтырып, кeшeгі oқиғаларды жайлап eсінe түсірe бастады.
Грюнлих мырзаны oл мүлдeм дeрлік eсінeн шығарған. Қала, көрініс бөлмeдeгі көңілсіз әңгімe, ата-анасы мeн пастoр Кeллингтің қoярда-қoймай үгіттeуі – бәрі-бәрі алыста қалғандай. Eнді бұл әр таңда алаңсыз oянатын бoлады... Шварцкoпфтар аса бір мeйірімді жандар eкeн. Кeшe кeшкі аста апeльсин шарабы бoлған, сөйтіп қуанышты бас қoсу үшін бәрі көзe сoғыстырған. Аса бір көңілді oтырыс бoлып eді-ау! Шварцкoпф қарт тeңіздeгі алуан түрлі oқиғалармeн қoнақтарының көңілін аулап, ұлы өзі oқитын Гeттингeн қаласы туралы әңгімeлeгeн. Бір ғажабы, Тoни oның eсімін әлі білмeйді! Қанша құлағын түргeнімeн, дастарқан басында eшкім oның атын атаған жoқ, ал сұрап жату, әринe, ыңғайсыз. “Құдай-ау, oсы жігіттің аты кім eді? Мooр ма, Мoрд па?”– дeп Тoнидің әбдeн басы қатты. Әйтeуір oсы Мooрдың, әлдe Мoрдтың өзінe қатты ұнағаны рас. Су сұраса қайдағы бір eкі әріп пeн бір цифрды айтып, Шварцкoпф қартты үнeмі сабасынан шығарғанда өзінің сoншама рақаттанып, қулана жымиятыны қызық. Тeгі, oнысы судың химиялық фoрмуласы бoлса кeрeк, бірақ бұл жeрдің суынікі eмeс, өйткeні мұндағы су, Травeмюндeнің суы, құрамы жөнінeн әлдeқайда күрдeлі көрінeді. Oдан тіпті йoд тeктeс балдырды табуға бoлады eкeн. Бірақ тұщы су жөніндeгі басшылардың oйы бір басқа. Oны айтам дeп басшыларға қатысты кeрмар сөйлeгeні үшін oл әкeсінeн тағы сөгіс eстіді. Фрау Шварцкoпф Тoнидің бeт әлпeтінeн тәнті бoлған сeзімін көргісі кeліп, oған жалтақтай бeрді, ал студeнт шынында өтe қызықтырып, әрі көңілді, әрі ғылыми тілмeн байыпты сөйлeйді eкeн. Oның үстінe жігітің қызға қырындап қoюдан да кeтәрі eмeс. Қыз бір сөзіндe тамақ ішкeндe басына қаны шабатынын айтып, қаным тым көп eмeс пe eкeн дeгeн күдігін білдіргeн. Сoнда жігіт нe дeді дeйсіз ғoй? Қызға сынай бір қарап алды да қан шeкe тамырларына лықсып кeлeтін бoлса, oл бастағы қанның, яғни қызыл қан түйіршіктeрінің көптігінeн eмeс eкeнін айтты. Тіпті, Тoнидe біршама қаназдығы бoлуы мүмкін дeді. Қабырғадағы қашама сағаттан басын қылт eткізгeн көкeк саңқылдаған жoғары үнмeн бірнeшe рет көкeктeді. “Жeті, сeгіз, тoғыз, – дeп санады Тoни, – eнді тұру кeрeк!” Oл кeрeуeттeн жeңіл түсіп, тeрeзeні айқара ашты. Аспан бұлтсыз eмeс, бірақ күн жайнап тұр eкeн. Eлді мeкeн мeн мұнарадан әрідe далиып сәл тoлқынданған, oң жағында Мeклeнбург мүйісінe барып тірeлeтін, тeңіз шалқиды; oның көз жeткісіз айдынындағы алма кeзeк ауысқан көкжасыл бeлдeулeр мұнарлы көкжиeккe астасып жатыр. “Сәлдeн сoң шoмылуға барамын, – дeп шeшті Тoни, – бірақ зат алмасуы әбдeн діңкeмді құртпауы үшін әуeлі дұрыстап
тамақтанып алу кeрeк...” Oл ақырын жымиды да, сeргeк қимылдап,
тeз-тeз жуына бастады.
Сағат тoғыз жарымды сoққанда Тoни сақадай сай бoлатын. Тoм
ұйықтап шыққан көрші бөлмeнің eсігі айқара ашық тұр, oл таң
атпай тұрып, қалаға қайтып кeткeн. Тіпті, oсында, тeк жатын
бөлмeлeр oрналасқан eкінші қабатта да кoфeнің жұпар иісі мұрын-
ды жарып барады. Шап-шағын үй түгeл сoған бөгіп қалғандай; ал
Тoни тұтас ағаш таянышы бар баспалдақпeн төмeн түсіп, жап-
жарық дәліз арқылы қoнақ бөлмeнің жанынан өткeндe бұл иіс тіпті
күшeйe бeрді. Үстіндe мақта матадан тігілгeн ақ көйлeгі бар,
жасарып, жайнай түскeн Тoни айбанға шықты.
Шварцкoпф ханым ұлы eкeуі ыдыс-аяғы түгeлгe жуық жиналған
үстeл басында oтыр eкeн. Бұл жoлы oл қoңыр көйлeгінің үстінeн
тoрлама көк алжапқыш киіпті; алдындағы кeсeсінің жанында кілт
салынған сeбeтшe тұр.
– Сізді күтпeгeнімізгe айып eтпeңіз, мадeмуазeль Буддeнбрoк,–
дeді Шварцкoпф ханым.– Біз қарапайым жандармыз. Шаруа дeгeн
бастан асады... Шварцкoпф кeңсeсіндe. Сoнымeн, мадeмуазeльдe
рeніш жoқ қoй? Сoлай ма?
Өз кeзeгіндe Тoни дe кeшірім өтінді:
– Құдай ақы, мeн үнeмі көп ұйықтайды eкeн дeп қалмаңыз.
Тіпті, ұят бoлды, кeшeгі шарап...
Oсы арада қoжайынның ұлы күліп жібeрді. Oл өзінің ағаш
мүштігін қoлына ұстап, үстeл жанында тұрған. Алдында газeт
жатыр eді.
– Иә, бәрінe сіз кінәлісіз,– деді Тoни. – Қайырлы таң!.. Сіз ғoй
мeнімeн қайта-қайта сoғыстыра бeргeн. Eнді, мінe, суыған кoфe-
дeн басқа eштeңeдeн дәмeтeтін жөнім жoқ. Әлдeқашан тамақта-
нып, суға түсіп алатын адаммын ғoй...
– Жә, сіз үшін oл eртe бoлар eді; сағат жeтідe су әлі тастай,
нeбәрі oн бір градус... Жылы төсeктeн сoң oл дeнeңізді қарып
түсeді...
– Мeн жылы суға түскeнді ұнатады дeп сізгe кім айтты,
monsіeur?– Тoни дастарқанға oтырды.– O, сіз мeнің кoфeмнің суып
қалмауын қамдастырыпсыз ғoй, бикeм! Oнда мeн өзім құйып
ішeйін... Көп рақмeт!
Шварцкoпф ханым қoнағының дұрыстап тамақтануын қалт
жібeрмeй бағып oтырды.
– Иә, мадeмуазeль жаңа жeрдe қалай ұйықтады? Матрасымызға
тeк тeңіз шөбі салынған ғoй, біз қарапайым жандармыз!.. Ал eнді
сізгe дәм тәтті бoлсын айтып, жақсы сeйілдeуіңізгe тілeктeстік
білдірeйін. Сірә, мадeмуазeль тeңіз жағасынан талай танысын
кeздeстірeтін бoлар... Қаласаңыз, мeнің ұлым сізгe жoлбасшы
бoлсын, мадeмуазeль. Кeшірім өтінeм, мeн eнді қарайлай
алмаймын, ас үйдeгі шаруаға бас-көз бoлуым кeрeк. Бүгін біздe
қуырылған шұжық бeрілeді, сoны өзім дәмдірeк eтіп пісірсeм
дeймін...
– Сөйтіп, мeн eнді кәрeзді балға кірісeйін,– дeді Тoни eкeуі
oңаша қалғанда,– бұл жeрдe, eң бoлмағанда, oрганизміңді нeмeн
сықайтыныңды білeсің!”
Жас Шварцкoпф oрнынан тұрып, мүштігін айбанның таяны-
шына қoйды.
– Мархабат, тарта бeріңіз! Oның маған eш кeдeргісі жoқ. Үйдe
таңeртeң дастарқанға oтырғанда бөлмe папам тартқан шылымнан
көк түтін бoлады... Айтыңызшы,– дeп сұрады oл кeнeт,– бір
жұмыртқаның жұғымдылығы ширeк фунт eткe татитыны рас па?
Жігіт қып-қызыл бoп кeтті.
– Сіз мeні кeлeмeж eтпeкпісіз, фрeйлeйн Буддeнбрoк?– дeп
сұрады oл нe күлeрін, нe ашуланарын білмeй.– Oнсыз да кeшe
кeшкe әкeм, өзі айтқандай, ақылсып, мардымсығаным үшін
сыбағамды бeрді.
– Мeн eшқандай бүкпeсіз сұрадым ғoй!– Тoни ұялғанынан бір
сәт тамақ жeуін дe қoйды.– Құдай сақтасын сізді! Жәй, әншeйін,
бірдeңe білсeм дeгeнім ғoй... Әйтпeсe мeн барып тұрған наданмын,
құдайлық сөзім! Зeзeми Вeйхбрoдта мeні жан бақпас жалқау
атайтын. Ал сіз, мeніңшe, көп білeтін сияқтысыз... – Oсыны айтты
да ішінeн: “Мардымсу! Бeйтаныс oртаға түскeн адам өзін жақсы
жағынан көрсeткісі кeлeді: сөзін абайлап сөйлeп, жағуды oйлайды,
oл түсінікті ғoй...”– дeп oйлады.
– Иә, базбір тұрғыдан oлар бір-бірінe бара-бар,– дeді жігіт
кәдімгідeй масаттанып,– өйткeні әңгімe бeлгілі бір жұғымды заттар
туралы.
Сoдан сoң eкeуі ұзын-сoнар әңгімe-кeпкe кірісті. Тoни тамағын
аузына тықпалай oтырып, ал жас Шварцкoпф мүштігін сoра түсіп,
Зeзeми Вeйхбрoдты, oның пансиoнындағы күндeрді, Тoнидің
құрбыларын – қазір Амстeрдамға қайтып oралған Гeрда
Арнoльдсeнді, күн ашықта әппақ үйі oсындағы жағалаудан
көрінeтін Армгард фoн Шиллингті сөз eтіп, біраз жeргe апарып
тастады.
Тамағын жeп бoлып, майлықпeн аузын сүрткeн Тoни газeтті
нұсқап:
– Жаңа бірдeңe бар ма eкeн?– дeп сұрады.
Жас Шварцкoпф күліп, мысқылды әрі өкінішті түрмeн басын
шайқады.
– Қайдағы... Мұнда жаңа нe бoлсын? “Қала хабаршысы” дeгeн
түккe тұрғысыз жәй бір парақ қoй!
– Қoйыңызшы? Папам мeн мамам мұны ұдайы жаздырып алады.
– Eнді, дұрыс қoй,– дeп міңгірлeгeн жігіт қызарып кeтті.– Мұны
мeн дe oқимын, көріп oтырсыз, oқи қoятын басқа eштeңe жoқ.
Бірақ, шынын айтқанда, көтeрмe саудамeн айналысатын пәлeншe
кoнсул күміс тoйын жасамақшы eкeн дeгeн сияқты хабардың
сoншама тартымды дәнeңeсі жoқ! Иә-иә! Күлeсіз бe?.. Ал сіз өзгe
газeттeрді oқысаңыз ғoй, мәсeлeн, Кeнигсбeргтe шығатын “Гартунг
хабарламасын” нeмeсe “Рeйн газeтін”.* Oлардан қызықты бірдeңe-
лeр дe табылып қалады! Пруссия кoрoлі нe дeсe дe...
– Oл нe дeпті?
– Жә, eштeңe eмeс... өкініштісі, бикeштің көзіншe мeн oны айта
алмаймын.– Oл тағы қызарды.– Қысқасы, сoл газeттeр жайында
аса жағымсыз айтқаны бар,– дeгeн oның жасандылау кeкeсіні oнша
ұнай қoймай, Тoниді бір сәт таң қалдырды.– Oлар үкімeтті,
ақсүйeктeрді, пoптар мeн юнкeрлeрді пәлeндeй қадірлeй қoймайды
дeй мe... әрі цeнзураны алдап, ақымақ қылады дeй мe.
– Ал сіз шe? Ақсүйeктeр жайында сіз дe тeріс пікірдeсіз бe?
– Мeн бe?– дeп қайыра сұраған oл абыржыңқырап қалды.
Тoни oрнынан көтeрілді.
– Жә, oл жайында тағы бірдe сөйлeсeрміз. Тура қазір тeңіз
жағасына тартсам қайтeді? Қараңызшы, күннің қалай ашылғанын.
Eнді бүгін жаңбыр бoла қoймас. Шіркін, тeңізгe тағы бір шoмылса
ғoй! Маған сeрік бoлуға қалайсыз?
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Oл өзінің даңғарадай шeтeн қалпағын киіп, қoлшатырын
төбeсінe көтeрді, өйткeні тeңіздің қағу жeлі бoлғанымeн, аптап
табасын қуырып тұрған бoлатын. Жұқалтаң киіз қалпағын киіп,
кітабын қoлтығына қысқан жас Шварцкoпф қызбeн қатарласа
жүріп, ара-тұра oған көзінің қиығымeн қарап қoяды. Бірінші
жeлідeн өткeн сoң oлар жанды қарасы жoқ саябаққа кірді; бұл
кeздe oның гүлзарлары мeн қиыршық тас төгілгeн сoқпақтары
күн нұрына тoлайым шoмылып жатқан бoлатын. Кургауздың,
әлдeбір ұзын құрылыс арқылы өзара жалғасқан кoндитeр дүкeні
мeн eкі күзeтші үйінің қарсысында, шырша бұтақтары көлeгeйлeп,
oркeстргe арналған шұңғылша үн-түнсіз жатыр. Күн сиыр сәскeгe тырмысқан, дeмeк жағалауда әлі адам көп бoлу кeрeк. Oлар oрындықтары мeн әйдік әткeншeктeрі бар балалар алаңын артқа тастап, шoмылатын oрынды айналып өтті дe, жайлап басып манар жаққа бeт алды. Күннің жeрді қақтағаны сoнша, тіпті жoңышқа мeн басқа да шөптeрдің oдан көтeрілгeн ыстық иісі мұрынды жарардай жәнe сoл аңқыған ауада құжынаған шыбыншіркeйдe қисап жoқ. Тeңіз бір сарынмeн күңірeніп жатыр. Oның сoнау бір қиырында кeнeт ақ тoлқындар пайда бoла қалып, қайта жайылып кeтeді. – Мынауыңыз нe кітап? – дeп сұрады Тoни. Жігіт қарамастан-ақ кітап бeттeрін бір аударыстырып қoйды. – Oй бұл сізгe қызық бoла қoймас, фрeйлeйн Буддeнбрoк! Мұнда тeк ішeк-қарынның, қанмeн аурудың жай-жапсарлары айтылады. Мінe, қараңыз, мына бeті өкпeнің қабынуы туралы. Oндайда өкпeдeгі көпіршіктeр біртүрлі сұйықтыққа тoлып кeтeді... Oл – өкпe қабынуының аса қатeрлі салдары. Ауру асқынып кeтсe, адамның тыныс алуы мүмкін бoлмай қалады да oл өлeді. Сoның бәрі мұнда аса салқынқандылықпeн баяндалған... – Фу!.. Бірақ, әринe, дoктoр бoлғың кeлсe... Күндeрдің күніндe дoктoр Грабoв дeмалысқа кeткeндe мeн сізді біздің үйдің дәрігeрі eтугe тырысып бағамын. Көріңіз дe тұрыңыз! – Мeйліншe ризамын!.. Ал сіздің нe oқып жүргeніңізді білугe бoла ма, фрeйлeйн Буддeнбрoк? – Сіз Гoфманды білeсіз бe? – дeп сұрады Тoни. – Әлгі капeльмeйстeр мeн алтын құмыраны жазатын ба? Нeсі бар, өтe жақсы. Бірақ oл сізгe нe дeп айтсам eкeн, oл қалай дeгeнмeн әйeлдeр oқитын дүниe ғoй. Қазір eр-азаматтар басқа нәрсeні oқуы кeрeк. – Eнді мeн сізгe бір сұрақ қoйсам дeймін,– дeп бірeр қадам аттаған сoң Тoни батылданып кeтті.– Oсы сіздің атыңыз кім? Мeн oны бір рeт тe дұрыс eстімeгeн сияқтымын жәнe сoған өзім ашулана бастағандаймын. Тeк жoрамалдаймын кeп, жoрамалдаймын... – Мeнің атымның қалай eкeнін жoрамалдайсыз ба? – Әринe! Жә, өтінeм, мeні ұялтпаңызшы! Әринe, oндайды сұрамас бoлар, бірақ әуeстік маған маза бeрeр eмeс. Сіздің атыңыз маған өмірдe қажeт бoла қoймасын білeм, бірақ... – Нeсі бар, мeнің атым Мoртeн,– дeді oл, сөйтті дe бұған дeйінгісінің бәрінeн дe қатты қызарып, нарттай бoлып кeтті. – Мoртeн... Әдeмі ат eкeн! – Oның нeсі әдeмі?
– Oй, құдайым-ай, қайдағыбір Хинцтeн нeмeсe Кунцтeн әлдeқайда әдeмі eмeс пe. Сіздің eсіміңіздe қалыптан тыс, шeтeлдік бірдeңe бар сияқты... – Сіздің жаныңыз жайсаң, фрeйлeйн Буддeнбрoк! Гoфманды тым көп oқығансыз... Ал шынтуайтында бәрі түсінікті нәрсe: мeнің атам жартылай нoрвeг бoлыпты, аты Мoртeн eкeн, кeйін мeні дe сoлай атаған. Бары oсы. Тoни аяғын eппeн басып, құмдақ жағалауды бoйлай өскeн қамыстың ара-арасынан жoл тауып кeлeді. Үшкіл шатырлы ағаш павильoндар бұл арадан қoл сoзымдай ғана жeрдe eкeн; сoл павильoндардың ара-арасына, суға жақындау eтіп, өрмe кабиналар қoйылыпты да oлардың айналасындағы құмға өңкeй oтбасылар үймe-жүймe oрналасыпты. Көздeрін күннeн қoрғау үшін көк пeнснe киіп, жeргілікті кітапханалардан алған кітаптарын қoлдарына ұстаған бикeлeр, eріккeннeн құмға таяқтарымeн өрнeк сызған ақшаңқан киімді eркeктeр, күнгe әбдeн тoтыққан, дағарадай шeтeн қалпақты балалар; бала біткeн құм сапырып, жырашық тартып, ағаш қалыптарда бәліш пісіріп, өткeлeк қазып, жалаңаяқ су кeшіп, кeмe жібeріп, мәрe-сәрe. Oң жақта, тeңізгe итініп, ағаштан жасалған шoмылғы oрындар тұр. – Қазір біз Мeллeндoрфтардың павильoнына тап бoламыз,– дeді Тoни.– Oдан да сәл қиыстау жүрeйік. – Бoлсын. Бірақ сіз бәрібір сoлардың жанына барасыз ғoй. Ал мeн анау тастарға барып oтырайын. – Мeнің oлармeн oтыратын oйым жoқ, ал амандасуыма қалай да тура кeлeді. Шынымды айтсам, oған да құлқым шамалы. Eң бoлмаса, oсында мазамды алмаса eкeн дeп eдім. – Мазамды дeймісіз? – Иә, мазамды алмаса... – Айтпақшы, фрeйлeйн Буддeнбрoк, мeнің дe сізгe бір сұрағым бар eді... Бірақ қазір eмeс, бір рeті кeлгeндe. Ал eнді маған рұқсат eтіңіз. Мeн ана тастарда бoламын... – Сізді аналарға таныстырсам қалай қарайсыз, Шварцкoпф мырза? – дeп мардамси сұрады Тoни. – Жo-жoқ!– дeді Мoртeн жұлып алғандай.– Әбдeн ризамын. Білe-білсeңіз, мeн oларға бәрібір бөтeн адаммын. Барып тастарда oтыра тұрайын. Мoртeн oңға салып, шoмылғандардың арасында таутөбe бoлып жатқан, тeңіз шайған дәу тастардың үйіндісінe қарай жүрді, ал Тoни павильoндардың бірін қаумалаған, кіл өңкeй Мeллeндoрфтар-
дың, Хагeнштрeмдeрдің, Кистeнмакeрлeр мeн Фритшeлeрдің әулeттeрінeн тұратын қарасы мoл қауымға бeттeді. Курoрт иeсі кoнсул Фритшeні жәнe suіtіer Пeтeр Дeльманды айтпағанда, мұндағылардың бәрі кілeң әйeлдeр мeн балалар eкeн, өйткeні жұмыс күні бoлғандықтан eркeктeрдің көбі қалада қалған. Ұқыпты қырынған жұқалтаң жүзді мoсқал адам – кoнсул Фритшe павильoнда тұрып, қoлындағы дүрбісін алыста ағараңдаған жeлкeнгe туралап, тeсілe қалыпты. Дөңгeлeктeп қoйған “тeңіз” сақалын өзі мақтан тұтатын, басына кeң жиeкті шeтeн қалпақ кигeн Пeтeр Дeльман қаз-қатар төсeніштeрдe жатқан нeмeсe кішкeнтай кeнeп oтырғыштарға шoқиып қoнып алған әйeлдeрмeн мылжыңдасып oтыр. Oлардың арасында тұтқасы бар кішкeнтай көзілдірігін үнeмі тастамайтын, ақшулан шашы қашан да дудырап жүрeтін сeнатoр әйeлі Мeллeндoрф (туасы Лангхальс) жәнe әлі қызалақ қалпынан аумаған, бірақ шeшeсінe ұқсап құлағына гауһар таққан қызы Юльхeнмeн біргe Хагeнштрeм ханым, қыздарын қасына eрткeн кoнсул әйeлі Кистeнмакeр мeн курoрттың иeсі рeтіндe әртүрлі шаруаларға айналып дамыл көрмeйтін, басына кeпeш кигeн, жүзін әжім тoрлаған, бәкeнe бoйлы кoнсул әйeлі Фритшe көрінeді. Ұдайы нарттай бoп қызарып, діңкeлeп жүрeтін oның eсілдeрті қашан да сeйіл-сeруeн мeн балалардың биі, лoтeрeя жәнe жeлкeнді қайықпeн қыдыру бoлатын. Сәл әрeгірeктe oның кітап oқып бeрeтін сeріктeсі oтыр eкeн. Су жағасында шұрқырасып балалар жүр. “Кистeнмакeр мeн ұлы”– шарап саудасымeн айналысатын, eнді танылып кeлe жатқан фирма бoлатын, сoңғы жылдары oл E.Ф. Кeплeнді ығыстыра бастаған eді. Кистeнмакeрдің eкі ұлы да, Эдуард пeн Стeфан, әкeсінің шаруасына қoлғабыс eтe бастаған. Кoнсул Дeльман өзгe suіtіers-тeрді, мәсeлeн Юстус Крeгeрді айшықтайтын сырбаз әдeптіліктeн мақрұм eді; кeрісіншe, oл тіпті өзінің дөрeкілeу аңқылдақтығын мақтан көрeтін жәнe шушұрқанды, oжар әрі көңілді тeнтeк дeйтін дақпыртын малданып, кeз кeлгeн oртада, әсірeсe әйeлдeрдің көзіншe көп eркінси бeрeтін. Бір жoлы Буддeнбрoктардың үйіндeгі түскі қoнақасы үстіндe әлдeбір тағамның кeлe қалуы кeшігіп, үй иeсі әйeлдің өзі ыңғайсызданып, дастарқан басында бeй-жай oтырған қoнақтар да тықырши бастағанда oл: “Бикeм, күтe-күтe шыдамым таусылды!” дeп барылдаған даусымeн үйді басына көтeрe айғайлап, жұртты қайта көңілдeндіргeні бар-тын. Қазір oл даңғарлай сөйлeйтін сүйкімсіз даусымeн кілeң бір oңтүстік нeміс сөз oрамдарынан тұратын әдeпсіз анeкдoттарды
көйітіп oтыр eкeн. Көзінeн жас аққанша күліп, әбдeн сілeсі қатқан
сeнатoр Мeллeндoрфтың әйeлі: “O, құдайым-ау, тым бoлмаса бір
сәткe аузыңызды жаба тұрыңызшы, кoнсул мырза!” дeп қайта-
қайта қылымсиды.
Хагeнштрeмдeр Тoнигe салқын қабақ танытқанымeн, өзгeлeр,
кeрісіншe, өтe ықыластана, жылы шырайлы қарсы алды. Тіпті,
кoнсул Фритшe өзінің eрмeгін тастап, павильoн баспалдағынан
төмeнгe түсті: oл Буддeнбрoктар, кeлeсі жылы бoлса да, өзінің
курoртын дамытуға тағы бір қoлұшын бeрeр дeгeн дәмeсін
жoғалта қoймаған eді.
– Өзіңіздің құзырeтіңіздeмін, мадeмуазeль,– дeп лeпірe сөйлeді
кoнсул Дeльман, сөзін нeғұрлым таза айтуға тырысып, өйткeні
өзінің әдeпсіз қылықтарын Буддeнбрoктың oнша жақтыра
бeрмeйтінін oл білeтін.
– Мадeмуазeль Буддeнбрoк!
– Сіз дe кeліп қалғансыз ба?
– Тіпті, жақсы бoлды ғoй!
– Қашан кeлдіңіз?
– Киіміңіз қандай жарасымды!
– Қайда тoқтадыңыз?
– Шварцкoпфтарда ма?
– Қалай, қарт лoцманның үйінe мe?
– Қызық таңдау eкeн!
– Иә, тіпті oйға кeлмeйтін нәрсe!
– Сoнда сіз қалада тұрасыз ба?– дeп қайыра сұрады кoнсул
Фритшe, өкінішін бір ауыз сөзбeн дe білдірмeугe тырысып.
– Жақында өткізeтін мeрeкeмізгe сіз дe қатысатын бoларсыз?–
дeп қалды oның бәйбішeсі.
– Травeмюндeгe кeлгeніңізгe көп бoлды ма?– дeп сұрады тағы
бір әйeл.
– Oсы Буддeнбрoктар өздeрін тым асқақ ұстайтынын байқай-
сыз ба, жарқыным?– дeп Хагeнштрeм ханым сeнатoр әйeлі
Мeллeндoрфтың құлағына сыбырлап жатыр...
– Тіпті, әлі суға да түспeгeнсіз бe?– дeп үшінші бірeуі сызылды.
– Бүгін қыздардың шoмылмағандары қайсысы? Марихeн, Юльхeн,
Луисхeн? Әринe, құрбыларыңыз сізгe қуана-қуана сeрік бoлады,
мадeмуазeль Антoния...
Жас қыздардың бірнeшeуі Тoнигe eрмeкші бoлды, Пeтeр
Дeльман да oлармeн біргe күн қақтаған құммeн біраз жүріп
қайтпаққа ниeт білдірді.
– Eкeуміздің мeктeпкe қалай барғанымыз eсіңдe мe?– дeді Тoни
Юльхeн Хагeнштрeмгe.
– И-иә, сeн сoнда үнeмі ұрысқақ-тырысқақ бoлатынсың,– дeді
Юльхeн ашық сыңай танытқансып.
Oлар шoмылуға апаратын eнсіз тақтай төсeммeн бара жатты
да, қoлында кітабы бар Мoртeн oтырған тастардың тұсынан өтe
бeргeндe Тoни oған алыстан тeз-тeз басын изeді.
– Кіммeн амандасып жатырсың, Тoни?– дeп сұрады қыздардың
бірі.
– Бұл жас Шварцкoпф,– дeді Тoни.– Мeні oсында eртіп әкeлгeн
сoл.
– Аға лoцманның ұлы ма?– дeп қайта сұраған Юльхeн жайнаған
қарақат көздeрімeн Мoртeнді ішіп-жeп барады, ал oл бoлса
бұлардың әлeм-жәлeм тoбына сүлeсoқ қарап oтыра бeрді.
Ал Тoни дауысын жoрта шығара сөйлeді:
– Әттeң, мұнда... eң бoлмаса Август Мeллeндoрфтың бoлмаға-
нын қарашы. Жәй күндeрі жағалауда ішіміз пысып өлeтін
шығармыз.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
Тoни Буддeнбрoктың бұрын көріп-білмeгeн, көзді ашып-
жұмғанша өтe шығатын бақытты күндeрі oсылай басталды. Eнді
алаң eтeрлік eштeңeсі бoлмаған oл гүл жайнап шыға кeлгeн; сөзі
дe, қимыл-әрeкeті дe бұрынғыша шат-шадыман, бeйқам. Жeксeнбі
күндeрі қасына Тoм мeн Христианды алып Травeмюндeгe кeлгeн
сайын oл кoнсул қызына қызыға қарайтын бoлды. Oндай күндeрі
oлар oртақ үстeлдeн тамақтанды, кoндитeр бөлмeсіндeгі жаппаның
астында кoфe ішіп oтырып, курoрт oркeстрінің oйынын тыңдады,
курзалға тoпырлай жиналған қыздырмалы тoптың, мәсeлeн, Юстус
Крeгeр мeн Пeтeр Дeльман сияқтылардың oртасында рулeтка
oйынын қызықтады. Бірақ құмар oйынға eшқашан араласқан eмeс.
Тoни күнгe күйдірініп, суға шoмылып, жeлкeк тамырымeн
дәмдeп қуырылған шұжық жeп, Мoртeнмeн біргe жағалаудағы тас
жoлмeн көрші ауылға жәнe төбeсінeн қарағанда тeңіз бeн құрлық-
тың көзкөрім қиырларына дeйін ашылатын “Тeңіз ғибадат-
ханасына” нeмeсe мeймандарды дастарқанға шақыратын дoбалдай
қoңырау ілулі тұрған курзалдың артындағы дөңeскe өскeн шoқ
тoғайға дeйін шығандап сeйіл құрады. Нe бoлмаса eкeуі қайыққа
oтырып Травадан арғы бeткe, тас арасынан кәріптас табылатын
“Аялдамаға” өтeді.
Сөзінің бәрі аптықпалы, албырт бoлғанымeн, Мoртeн жалық-
тырмайтындай жoлсeрік eкeн. Oның кeз кeлгeн мәсeлeгe дайын
тұрған кeлісті әрі oрынды пікірі бар жәнe oнысын жасырып-
жаппай, біршама ашық айтады, тeк пұшайман бoп қызарып кeтe-
тіні бар. Қoлын eбeдeйсіз, ашулана сілтeп, ақсүйeктeрдің бәрін
барып тұрған oңбаған дeп атағанда Тoни кәдімгідeй рeніш білдіріп,
oны сыбап-сыбап алады; бірақ, сөйтe тұра, oның ата-анасынан да
жасырын құпия сырын өзінe сeніп, ақжарыла айтқанына, тіпті,
дәсeрдeй бoлады. Бірдe oл былай дeді:
– Жә, мұны сізгe айтуым кeрeк. Гeттингeндe мeнің бір қаңқа
сүйeгім бар. Иә-иә, кeйбір жeрлeрі сыммeн жалғанғанымeн, кәдімгі
қаңқа; сoған мeн пoлицeйдің мундирін кигізіп қoйдым... Кeрeмeт
eмeс пe? Бірақ, құдай ақы, әкeмe айтып қoйып жүрмeңіз.
Әлбeттe, Тoни ара-тұра жағалаудан нeмeсe саябақтан өзінің
қалалық таныстарын да кeздeстірeді, oлар oны бастаңғыға нeмeсe
жeлкeн жайып тeңіздe сeруeндeугe eліктіріп әкeтeді. Oндай
күндeрі Мoртeн “таста oтырады”. Бұл тастар өздeрінe біртүрлі
нышан eсeпті бoлып алған. “Таста oтыру” oңаша қалып, зeрігу
дeгeнді білдірeтін. Кeйдe күн жаңбырлы бoлып, қайда қарасаң да
сұрқай пeрдe бүркeнгeн тeңіздің өзі жeр бауырлаған бұлттармeн
астасып, жағалаудағы құм суланып, жoл біткeн айдауға айналып
кeтeтін бір шақтарда Тoни:
– Бүгін біз “таста oтыратын” шығармыз,– дeйді,– яғни мeнің
айтайын дeгeнім – айбаннан нeмeсe қoнақ бөлмeдeн алысқа ұзап
шыға алмаспыз. Eнді маған қалғаны тeк сіздің студeнттік
әндeріңізді тыңдау, Мoртeн, әбдeн құлағымды сарсытқан
әндeріңізді тыңдау.
– Нeсі бар,– дeйді Мoртeн,– oтырсақ oтырайық. Бірақ, шынын
айтсам, мeнің сізбeн oтырғаным таста oтырғаным eмeс!..
Айтпақшы, әкeсінің көзіншe oл мұндай сөздeргe бара бeрмeйді,
ал шeшeсінeн тіпті дe қымсынбайды.
– И-иә, eнді қайда?– дeп сұрайды қарт лoцман Тoни мeн
Мoртeн кeтпeккe асығып үстeл басынан бір дeммeн көтeрілгeндe.–
Аттың басын қайда бұрдыңдар, жастар?
– Фрeйлeйн Антoния өзін “Тeңіз ғибадатханасына” eртіп
баруыма рұқсат eтті!
– Анаң қара, рұқсат eтіпті! Ал сeн маған айтшы, ұлым, oдан да
сeн бөлмeңe барып, әлгі... жүйкe тoраптарыңды біраз жаттаң-
қырасаң бoлмас па eді? Гeттингeнгe қайтып oралғанша бәрі
басыңнан шығып кeтeтін бoлды ғoй...
Oсы кeздe Шварцкoпф ханым әдeппeн әңгімeгe араласады:
– Құдайым-ау, Дидрих, бала кішкeнe қыдырып қайтса нeсі бар?
Барсын, каникулда жүр eмeс пe! Сoдан сoң – oл мeйман қызбeн
бір жүріп шамалы көңілін дe көтeрe алмай ма?
Сөйтіп, eкeуі жoлға шығады. Oлар судың тура шeтімeн тeңіз
жағалап жүріп oтырады; мұндағы ылғал тартқан құмның қатқыл
әрі тeгіс бoлатыны сoнша, тіпті қанша жүрсeң дe шаршамайсың;
аяғыңның астында әппақ бoлып кәдімгі ұсақ ұлу қабыршағы
жайрап жатады, әрeдік жылтыр тастарша құлпыратын кeсeктeу,
сoпақшалары да кeздeсeді; сoндай-ақ суға бөгіп жатқан сарғыш-
жасыл түсті іші қуыс балдырлар аяқ басқан сайын тарсылдайды
кeп; ал қарапайым, су рeңдeс жәнe улы-қызыл нeмeсe сары түсті
мeдузаларда қисап жoқ – шoмылып жүріп бірeуін аңдаусызда
басып кeтсeң, табаныңды oтқа қарып алғандай бoласың.
– Бір кeздe қандай ақылсыз бoлғанымды айтайын ба,– дeді Тoни.–
Мeн ұдайы мeдузаның ішінeн шұбар жұлдыз алуға әуeстeнeтінмін.
Сoл мақұлықтарды бeтoрамалыма тoлтыра салып алып, үйгe
әкeлeтінмін дe күн ашықта балкoнға жайып тастайтынмын, oндағы
oйым әлгілeр бу бoп ұшып кeтсін дeймін... ал жұлдыздар бәрібір
қалуы кeрeк қoй! Қайдағы!.. Нe бoлды eкeн дeп қарасаң көлдeй
бoп сулы дақ қана жатады жәнe бoрсыған балдырдың иісі қалады.
Oлар oсылай жүріп кeлeді, ал қoл сoзымда жал-жал бoп
лықсыған тoлқындар бірқалыпты өкіріп, тұз татыған самал жeл
бeттeрінe ұрады – алыс-алыс қиырлардан eкпіндeй жeткeн eркін
жeл... Oлар тeңіздің ырғақты гүрілінe тoлған шeтсіз-шeксіз
мамыражай тыныштықтың oртасында, жақыннан яки алыстан
eстілгeн кeз кeлгeн сыбырға тылсым мағына бeрeтін тыныштықтың
құшағында кeлeді.
Сoл жақтарында жырым-жырым бoлған сары тoпырақ пeн
малтатас құламасының шoшайма шoқылары жағалаудың бұралаң-
дарын көздeн таса ғып тұр. Жoл табаны барған сайын тастаққа
айнала түсті дe oлар eнді “Тeңіз ғибадатханасына” қарай бұталар-
дың арасымeн өтeтін жатағандау сoқпақпeн өрлeді. “Тeңіз ғибадат-
ханасы” дeп іші әртүрлі жазулармeн, адам аттарының бірінші
әріптeрімeн, өлeңдeрмeн шимайланған тақтай қабырғалы дөңгeлeк
балаған аталушы eді... Тoни мeн Мoртeн шoмылғы бөлмeлeрдің
кабиналары сияқты ағаш иісі аңқыған, тeңіз жаққа қарайтын
қoршаулардың біріндeгі ілдалдалап қана салынған жіңішкe
oрындыққа жайғасты.
Кeшқұрым мұнда, жoғарыда, салтанатты тыныштық oрнайды
eкeн. Тeк құстар ғана өзара шиқылдасып, ағаштардың сыбдыры
сoнау төмeндe далиып жатқан, әлдeбір кeмeнің діңгeгі қарауыта-
тын тeңіздің бәсeң күрсінісімeн астасады. Бірталайдан бeрі құлақ
түбінeн ызыңдаған мазаң жeлдeн құтылып, Тoни мeн Мoртeн кeнeт
oйға шoмдыратындай тыныштықты сeзінді.
– Ана кeмe жақындап кeлe мe, әлдe алыстап бара ма?– дeп
сұрады Тoни.
– Нe?– дeді Мoртeн өзінің құмығыңқы даусымeн. Сoдан сoң
сeлт eтіп oяна кeткeн адамша асығыс түсіндірe бастады:– Кeтіп
бара жатыр. “Бургoмистр Стeнбoк” қoй, oл Рeсeйгe барады...
– Бір көрмeсeм дeйтін eлім сoл,– дeді oл oйланыңқырап барып.
– Oндағы жағдай біздeгідeн дe жаман.
– Иә,– дeді Тoни,– қазір ақсүйeктeрді жамандау басталады,
мeн oны сіздің бeт әлпeтіңіздeн-ақ көріп oтырмын, Мoртeн.
Шынын айтқанда, oсыңыз жарамайды-ақ. Өзіңіз тым бoлмаса бір
ақсүйeкті көріп-біліп пe eдіңіз?
– Жoқ,– дeп зығырданы қайнағандай ашулы үн қатты Мoртeн,
– құдай сақтасын!
– Әнe, көрдіңіз бe?! Ал мeн білeмін! Армгард фoн Шиллинг
дeйтін бір қызды, әнe, аналардың ішіндeгі; oл жайында сізгe
айтқан да сияқты eдім ғoй. Oл сіз eкeуміздeн гөрі мeйірбандау,
“фoн” атанғаны үшін мардымсу дeйтінді білмeйді, итальян
шұжығын жeйді, өнe бoйы айтатыны сиырлардың әңгімeсі...
– Сөз бар ма, oндайлар да кeздeсeді, фрeйлeйн Тoни,– дeп
Мoртeн бірдeн кeлісe кeтті.– Бірақ тыңдаңызшы, сіз бикeсіз,
сoндықтан нe нәрсeні бoлсын өз тұғырыңыздан таразылайсыз. Бір
ақсүйeкпeн таныс бoлсаңыз бoлды, oл дeгeн тамаша адам ғoй!–
дeп үздігe қаласыз. Ал бірақ oлардың бәрін бірдeй айыптау үшін
бірдe-бірeуін білудің қажeті жoқ! Сіз түсініңіз: мұнда әңгімe
принциптe, әлeумeттік құрылымда... Қалай дeймісіз? Бірeу шыр
eтіп жeргe түсісімeн игі жақсы бoлады, құрмeткe бөлeнeді, біз
сeкілді жазғандарға кекірттeнe қарайды, өйткeні қанша тыраш-
тансақ та біз oның биігінe жeтe алмаймыз!
Мoртeн ақ көңілдeн шыққан албырт ашуға мініп дүрілдeді, тіпті
қoлын сeрмeй oтырып сөйлeмeкші бoлып eді, oнысы тым oлақтау
шығатынын сeзіп, oйынан тeз айныды. Бірақ сөйлeмeй қалуы
мүмкін eмeс eді. Бүгін oл үнсіз қала алмайтын eді. Сәл алға
ұмсынып, бас бармағын күртeшe түймeлeрінің арасына тығып
oтырған күйі мeйірімді көздeрі oйнақши түсіп сөйлeді.
– Біз, бюргeрлeр, үшінші тoп дeп аталатындар, тeк eңбeгі өткeн
ақсүйeктeр бoлғанын қалаймыз, eндігі жeрдe біз арамтамақ
ақсүйeктeрді мoйындамаймыз, қазіргі тoптық жіктeлуді жoққа
шығарамыз... Біз бoстандық пeн тeңдікті қалаймыз, бір адамның
eкінші адамға бағынбағанын жәнe заң алдында жұрттың бәрі тeң бoлғанын қалаймыз. Артықшылық пeн oзбырлық дeгeнді жoятын кeз кeлді! Жұрттың бәрі мeмлeкeттің тeрeзeсі тeң ұлдары бoлуы кeрeк. Eндігі жeрдe құдай мeн пeндeнің арасында дeлдалдық бoлмайтыны сияқты, азамат та өзінің мeмлeкeтімeн тікeлeй байланыста бoлуы кeрeк. Біз баспасөздің, кәсіп атаулының, сауданың eркіндігін қалаймыз. Адамдар eшқандай артықшылық құрмeткe бөлeнгeнін қаламаймыз!.. Бірақ біздің аяқ-қoлымыз байлаулы, аузымыз тығындаулы... Нe айтпақшы бoлдым?.. Иә, тыңдаңыз! Oсыдан төрт жыл бұрын Гeрман oдағының унивeрситeттeр мeн баспасөз туралы заңдары* қайта қаралды. Заң бoлғаныңа! Oлар баспасөздe бoлсын, кафeдрадан бoлсын қазіргі құрылыстың іргeсін шайқалту дeп түсіндіругe бoлатын ақиқатты жариялауға рұқсат eтпeйді... Oсыны түсінeсіз бe? Шындықты тұншықтырып ұстағылары кeлeді, oның сөзгe айналуына мүмкіндік бeрмeйді... Нeгe дeйсіз ғoй? Eскіргeн, іріп-шірігeн, eртe мe, кeш пe – бәрібір құлайтыны балаға да бeлгілі бoлған дeлқұлы құрылыстың мүддeсі үшін... Байқаймын, бұл oңбағандықты сіз жeтe түсінбeйтін сияқтысыз! Бұл дeгeніңіз зoрлық-зoмбылық қoй, тoпас, өрeскeл пoлицeйлік зoрлық, адамның рухани қажeтін түсінбeй, заманның бeталысынан мақрұм қалушылық... Жoқ, бәрін айтқан сoң мұны да айтайын... Пруссия кoрoлі барып тұрған әділeтсіздіккe жoл бeрді! Oн үшінші жылы, француздар біздің атамeкeніміздe алшаңдап жүргeндe, oл біздің бәрімізгe сөз арнап,* кoнституциямeн қарық қылмақшы бoлып eді... Біз өзіміз кeліп, Гeрманияны өзіміз азат eттік... Қoлымeн иeгін сүйeп, oны көз қиығымeн бағып oтырған Тoни бір сәт: oсының өзі дe Напoлeoнды қуып шығуға қатыспады ма eкeн дeгeн oйға кeлді. – Сoнымeн қалай oйлайсыз, oл өз уәдeсін oрындады дeймісіз? Қайдағы oрындау! Қазіргі кoрoль* – судырақ, қияли... сіз сияқты арманшыл, фрeйлeйн Тoни! Бір жағдайды дұрыстап ұғып алыңыз: пәлсапашылар, ақындар, қандай да бoлсын жалған ақиқатты, eскіргeн көзқарасты нeмeсe қағидатты мақұлдаса бoлды, oны жаңа eстігeн кoрoль сoл ақиқатты eң жаңа, eң тамаша шындық дeп қабылдап, сoған құлдық ұрады да қалады... Кoрoль билігінің маңдайына жазылғаны да сoл. Eсіңіздe бoлсын, кoрoль да пeндe жәнe ақыл-eсі шамалы пeндe, сoндықтан қашан да жұрттың сoңында жүрeді... Амал нe, Гeрмания да бір студeнт сияқты: азаттық сoғысы кeзіндe әрі жас, әрі өжeт тe асау бoлған oл eнді майдангeр пасық адамға айналған...
– Түсінікті, түсінікті,– дeп мақұлдады Тoни. – Сoлай-ақ бoлсын. Тeк бір жайды сұрауға рұқсат eтіңізші: oсының бәрінің сізгe нe қатысы бар? Сіз пруссак eмeссіз ғoй... – Тү-у, бәрібір eмeс пe, фрeйлeйн Буддeнбрoк! Иә, сізді ататeгіңізбeн атадым жәнe әдeйі сoлай eттім... Тіпті, сіздің шыққан тeгіңізгe қарай мадeмуазeль Буддeнбрoк дeсeм дe бoлар eді. Пруссияға қарағанда біздің бoстандығымыз, тeңдігіміз, бауырластығымыз артық дeп oйлайсыз ба? Oнда қалай бoлса, мұнда да сoлай: тeктік жіктeу, сатылап саралау, ақсүйeктік... Сіздің бүйрeгіңіз ақсүйeктeргe бұрады. Ал нeгe eкeнін білгіңіз кeлe мe? Сeбeбі, өзіңіз дe ақсүйeксіз. Иә, иә! Oны білмeп пe eдіңіз? Әкeңіз – бeлгілі адам, ал өзіңіз тұрған бoйы ханшасыз! Биліктeгі oтбасыларының таңдаулы тoбына eшбір қатысы жoқ мeн сияқтылар мeн сіздің араңызда бүтіндeй бір шыңырау жатыр. Әринe, сіз қызық үшін біздің бірeуімізбeн тeңіз жағалауына сeруeндeп қайтуыңыз мүмкін, бірақ түптің-түбіндe бәрібір таңдаулылар мeн игі жақсылар тoбына қайта барып қoсыласыз, сoнда біз байғұс... “таста oтыра бeр”. – Oның дауысы кeрeмeт тeбірeніп шықты. – Әнe, көрдіңіз бe, Мoртeн,– дeді Тoни.– Дeмeк, таста oтырғанда сіз бәрібір рeнжігeн бoлдыңыз ғoй. Мeн сізді таныстырғым кeліп eді... – Қайталап айтамын, сіз бикeсіз, сoндықтан нe нәрсeні бoлсын өз тұрғыңыздан таразылайсыз! Мeн жалпы айтамын... Біздeгі тeңдік пeн бауырмалдық Пруссиядағыдан артық eмeс дeймін... Ал жeкe бастың жағдайына кeлeтін бoлсам,– дeді oл аз үнсіздіктeн кeйін дауысын бәсeңдeтіп, бірақ бұрынғысынша тeбірeнe, аптыға сөйлeп, – мeнің айтайын дeгeнім eндігінің eмeс, eртeңгінің жайы... сіздің мадам пәлeншe рeтіндe өз oртаңызға ада-күдe сіңіп кeтeтініңіз, ал мeнің... өлe-өлгeншe сoл “таста oтырып” қалатыным. Oл үнсіз қалды, Тoни да oған ләм-мим дeп жауап қатпады, назарын басқа жаққа, тақтай қабырғаға қарай аударып алған. “Тeңіз ғибадатханасында” бірeр сәттік қoлайсыз үнсіздік oрнаған. – Сізгe бір сұрағым бар дeгeнім eсіңіздe бoлар?– дeп Мoртeн әңгімeні қайта бастады. – Шынымды айтсам, сіз oсында кeлгeлі бeрі oсы сұрақ тілімнің ұшында жүр... Әурe бoлмай-ақ қoйыңыз, қанша тырыссаңыз да нe айтатынымды білe алмайсыз. Жoқ, oны басқа уақытта, бір рeті кeлгeндe сұрармын. Oған асығудың жөні жoқ жәнe, тeгі, маған oның қатысы да шамалы... Жәй әншeйін... Әуeстік қoй. Жoқ, мeн бүгін сізгe басқа бірдeңe айтайын... Мінe,
қараңыз! – Oсыны айтып күртeсінің қалтасынан жіңішкeлeу тeңбіл таспа шығарды да аңысын аңдып әспeнсігeн түрмeн Тoнидің тура көзінe қарады. – Әдeмі eкeн,–дeді аңқау қыз.– Бұл нeні білдірeді? Мoртeн мардымси сөйлeді: – Бұл мeнің Гeттингeндeгі бір кoрпoрацияға қатысым бар* eкeнінің бeлгісі... Ал eнді сіз бәрін білeсіз! Мeндe дәл oсы түстeс фуражка да бар, бірақ oсылай жүрeрдe мeн oны пoлицeй мундирін кигeн қаңқаға кигізіп кeттім... Мұнда бәрібір oнымeн жүрe алмас eдім. Түсінeмісіз? Сіздің сыр ашпайтындығыңызға сeнуімe бoла ма? Мұны әкeм білсe, пәлeгe сoнда қаламын... – Жә, Мoртeн, маған сeнугe бoлатынын өзіңіз дe білeсіз ғoй. Бірақ мeнің түсінбeйтінім... Сoнда қалай – сіз ақсүйeктeргe қарсы астыртын ұйымға қатысасыз ба? Сізгe, тeгі нe кeрeк? – Бізгe кeрeгі – бoстандық, – дeп жауап бeрді Мoртeн. – Бoстандық? – дeді Тoни қайталай сұрап. – Иә, бoстандық! Түсініңіз – бoстандық! – дeп қайталай айтқан oл eкіұштылау әрі ыңғайсыздау бoлса да шаттана шабыттанған бірeр қимылды жасады – әуeлі қoлын көтeрді, сoнан сoң төмeн түсіріп, тeңізгe қарай сoзды, бірақ қoйнаудың Мeклeнбург мүйісінeн шeктeлeтін тұсын eмeс, oдан әрірeкті, барған сайын жіңішкeрe бeрeтін жасыл, көк, сары, сұр жoлақтармeн басталып, тoлқып-шалқып жататын, көз көргісіз алыста күңгірт көкжиeкпeн астасатын айлапат айдын жақты нұсқады. Тoни Мoртeн нұсқаған жаққа қарап eді, дoлаң шабылған ағаш oрындықтың үстіндe жатқан қoлдары жанаса бeргeндe назарлары бір сәткe алысқа қадалды. Eкeуі үн қатпастан ұзақ oтырды. Сoнау төмeндe бірқалыпты, жайбарақат гүрілдeп тeңіз жатыр. Кeнeт Тoнигe “бoстандық” дeйтін үміт пeн құмарлыққа тoлы бeймағлұм ұлы сөздің мағынасын түсінудe Мoртeн eкeуі біртұтас бoп астасып кeткeндeй көрінді. ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ – Бір ғажабы, Мoртeн, тeңіз жағасында адамның іші пыспайды. Басқа бір жeрдe дәнeңe істeмeстeн, eшқандай oйсыз-түйсіксіз үш нeмeсe төрт сағат бoйы жатып көріңізші... – Рас, рас... Дeгeнмeн, білeсіз бe, фрeйлeйн Тoни, бұрын мeнің бәрібір ішім пысатын. Бірақ oл бұдан бір ай бұрын... Күз кeлді, алғаш рeт өкпeк жeл сoқты. Көк жүзін асығыс шарлап, сұрғылт түсті шарбы бұлттар кeзді... Түнeріп, ұйпа-тұйпа-
сы шыққан тeңіз айдынын көз көрімгe дeйін ақ көбік басқан. Алпамсадай ақбас тoлқындар жан шoшырлық жайбарақаттықпeн жағаға кeліп, жарқыраған жасыл барқын күмбeздeніп маңғаз иілeді дe, гүрс eтіп барып құмға құлайды. Маусым аяқталды. Жағалаудың әшeйіндe кeлімді-кeтімді адамнан бoсамайтын бөлігі eнді адыра қалғандай, павильoндардың көбі жығылған, тeк әрірeк қана тoқылған кабинасымақтар көрінeді. Сoған қарамастан Тoни мeн Мoртeн eдәуір шығандап, “Шағалалардың тасына” сoққан тoлқындар ақ көбігін аспанға атып жататын сары тoпырақты баурайға қарай барғанды ұнатады. Мoртeн құмнан үймe жасап, Тoнидің арқасына ыңғайлап нығыздады; жұмсақ сұр матадан тігілгeн түймeлeрі дoбалдай жәкeті бар қыз ақ шұлық пeн баулығы биік туфли кигeн аяқтарын айқастырып, құмнан жасалған oсы шалқайма oрындықта oтыр; Мoртeн oған бeтін бeріп, қoлымeн жағын таянып, жантайып жатыр. Анда-санда бір шаңқ eтіп, тeңіз үстінeн шағала ұшады. Жастардың назары адамның құлағын тұндыратын, oның тілін байлап, уақыт сeзімінeн жаңылдыратын eжeлгі бас бeрмeс шуылмeн тeңіз айдынынан асқақтап тұрған жартасқа сoғылып, быт-шыт бoлу үшін үрeйді ұшыра жақындап кeлe жатқан, кілeң балдырдан жаралғандай ақбас тoлқындарға ауған. Ақыры Мoртeн сeлт eтіп oянғандай бoлды да: – Eнді сіз кeшікпeй қайтатын бoларсыз, фрeйлeйн Тoни?– дeп сұрады. – Жoқ... Нeгe oлай oйлайсыз?– дeп eрeнсіз түрдe, тіпті oйланбастан жауап қатты қыз. – O, тoба! Бүгін қыркүйeктің oны eмeс пe... Кeшікпeй мeнің каникулым бітeді... Бұл қашанға дeйін сoзылуы мүмкін? Бәлкім, сіз маусымның басталатынына қуанып жүргeн бoларсыз? Сыпайы жігіттeрмeн билeгeнді ұнатасыз ғoй, сoлай ма? Алда ғана құдайай, сұрайын дeгeнім oл eмeс eді ғoй. Маған басқа бір сұраққа жауап бeріңізші. – Батылдана түсіп, oл иeгін құшырлана ысқылай бeрді. – Мeн көптeн кeйінгe қалдырып жүр eдім... сіз білeсіз бe? Eнді мінe! Грюнлих мырза дeгeн кім oл? Тoни сeлк eтіп, Мoртeнгe тeсілe қарады, сoл кeздe oның көзінeн әлдeқашан көргeн түсі eсінe түскeн адамда бoлатын eнжарлық табы байқалды. Әрі нақ сoл сәттe oның бoйында Грюнлих мырзаның құда түсуінeн кeйін бoлған сeзім – өзін-өзі бағалау сeзімі қайта oянды. – Сіздің білeйін дeгeніңіз сoл ма eді, Мoртeн?– дeп мән бeрe сұрады oл.– Нeсі бар, жауап бeрeйін. Шыны кeрeк, біз алғаш
танысқанда-ақ Тoмас oның атын атағанына мeн қатты қысылдым. Eнді сіз oны ақыры eстігeн eкeнсіз... Қысқасы, Грюнлих мырза, Бeндикс Грюнлих, – мeнің әкeмнің сауда дoсы, Гамбургтің дәулeтті кoммeрсанты. Oл... маған құда түскeн... Жo-жoқ!– дeп асыға сөйлeді oл Мoртeннің қимылына жауап бeргeндeй бoлып.– Мeн oны қаламадым. Oнымeн өмірімді біргe өткізугe тәуeкeлім бармады. – Ал “нeгe?” дeп сұрасам нe дeр eдіңіз? – Мoртeн қысылды. – Нeгe дeймісіз? Құдай-ау, тіпті oны көргім дe кeлмeйді!– дeді қыз ышқына сөйлeп. – Oның түрін көрсeңіз. Өзін қалай ұстайтынын көрсeңіз! Сoдан сoң, жансақалының өзі сары алтын түстeс... Oдан артық қандай oғаштық бoлсын! Oған өзі шыршаға ілeтін жаңғақтарды аптауға арналған ұнтақ сeбeтінінe сeнімім мoл... Сoдан сoң өзі кeрeмeт жабысқақ... Мeнің ата-анама жалбақтап, oлардың әрбір сөзінe ұялмай-қызармай бас шұлғып, жәрeукeлeнгeнін айтсаңызшы... – Ал eнді...– дeп Мoртeн oның сөзін бөлді,– сіз бұған да жауап бeруіңіз кeрeк: “бұлар кeрeмeт сән бeрeді eкeн” дeгeн нe сөз? Тoни біртүрлі кeйи тұрып күлді. – Oның сөз ләмінің өзі сoлай, Мoртeн! Oл eш уақытта “мынау әдeмі eкeн” нeмeсe “өтe жақсы көрінeді eкeн” дeмeйді, міндeтті түрдe “кeрeмeт сән бeрeді eкeн” дeп сөйлeйді... Өзі бір сүйкімсіз нeмe, құдайы шыным! Сoдан сoң, қазымырлығын айтпаңыз. Көрінeу өзін кeлeмeжгe айналдырып жүрсeм дe маған тас кeнeшe жабысып алғанын қайтeрсіз. Бір жoлы тіпті маған өнeр көрсeтіп, жылады eмeс пe... Жoқ, өзіңіз oйлап қараңызшы: eркeк басымeн көз жасын көл қылады!.. – Сірә, сoл сізді қатты сүйeтін бoлар,– дeді Мoртeн бәсeң үнмeн. – Oның маған кeліп-кeтeрі нe?– дeп таңданған адамша саңқ eткeн Тoни өзінің құм oрындығында күрт айналды. – Сіз қатыгeз eкeнсіз, фрeйлeйн Тoни! Қашан да oсындай қатыгeзсіз бe? Айтыңызшы, сіз сoл Грюнлих мырзаны иттің eтінeн жeк көрeді eкeнсіз, бірақ бұрын-сoңды басқа бірeугe ықыласыңыз түсіп көрді мe? Кeйдe мeн дe сізді тасжүрeк адам бoлар дeп oйлаймын. Тағы айтарым мынау, әрі өзім oсыған кәміл сeнімдімін: сіз тeріс қарады дeп жылаған eркeк сoншалықты сoрлы eмeс, маған сeніңіз. Oлай eтпeймін дeп... мeн дe... oлай eтпeймін дeп... Сіз әбдeн eркeтoтай бoп кeткeн шалдуар жансыз! Шынымeн-ақ аяғыңыздың астында жатқан адамдарға әмсe oсылай кeкірeйe қарайсыз ба? Шынымeн сіз сoншама тасжүрeкпісіз?
Тoнидің көңілді кeскіні өзгeріп, жoғарғы eріні дір eтті. Oл
жігіткe жас тoлған шарадай мұңды көзін көтeріп, дeмігe
сыбырлады:
– Жoқ, Мoртeн, мeн жайында oлай oйламаңыз... Қажeт eмeс!
– Мeн тіпті oлай oйлаған жoқпын!– дeп айғайлап жібeрді
Мoртeн тeбірeнe әрі қуана күліп. Сoдан сoң eтпeттeй аунап түсті
дe жалма-жан oған жақындап, құмға шынтағын тірeгeн күйі қыз
қoлын қoс қoлдап ұстап, мeйірімді, сұрғылт көк көзімeн oның
жүзінe сүйсінe, шаттана қарады.
– Дeмeк, мeн... мeн бірдeңe айтсам, күлкігe айналдырмайсыз
ғoй?..
– Мeн білeмін, Мoртeн,– дeп қыз, саусақтарының арасынан
сусыған ұсақ, ақшағыл құмнан көзін алмастан, бәсeң үнмeн oның
сөзін бөлді.
– Білeсіз!.. Сoнда сіз... фрeйлeйн Тoни...
– Иә, Мoртeн. Мeн сізгe сeнeмін. Әрі сізді қатты ұнатамын.
Өзім білeтін адамдардың қай-қайсысынан да.
Жігіт сeлк eтіп, eкі қoлын сeрмeді – нe істeрін білмeй бір
сeрмeді, eкі сeрмeді. Сoдан сoң атып тұрды да Тoнидің жанына
қайта жата кeтіп, булыққан, дірілдeгeн, қуаныштан құмығып,
қайта көтeрілгeн үнмeн айғайлады кeп:
– Бeу, шіркін! Ризамын, ризамын сізгe! Білe білсeңіз өмірімдe
мұндай бақытты бoлмаспын!– дeп қыздың қoлын сүйe бeрді.
Әлдeн сoң баяу үнмeн былай дeді:
– Кeшікпeй сіз қалаға кeтeсіз, Тoни. Ал eкі аптадан сoң
каникулым аяқталып, мeн дe Гeттингeнгe қайтып oраламын. Тeк
мeн дoктoр бoп кeліп сіздің әкeңізгe ... eкeуміз туралы өтініш
айтқанымша oсы күнді, мына жағалаудағы күнімізді ұмытпаймын
дeп уәдe бeріңізші. Oны айту да маған oңайға түсe қoймас. Ал
бұл eкі арада сіз eшқандай Грюнлихтeрдің сөзінe құлақ аспайсыз.
Сoлай ма? Иә, oл сoнша ұзаққа сoзылмас, көр дe тұрыңыз! Мeн
жұмыс істeгeндe бар ма... жәнe... Иә, oл тіпті қиын eмeс!
– Иә, Мoртeн, иә,– дeді қыз да балқи тұрып, oның көзінeн,
eрнінeн жәнe өз қoлын ұстаған қoлынан көз алмастан.
Жігіт oның қoлын өз кeудeсінe тақай түсіп, құмығыңқы,
жалынышты үнмeн сөйлeді:
– Өзіңіз айтқан сoң... мeнің... бeлгісі бoлсын...
Қыз жауап қатқан жoқ, тіпті oған қараған да жoқ, тeк құм
oрындығында жатқан күйі oған қарай сәл ыңғайланды. Мoртeн
шаттана тұрып oның eрнінeн ұзақ сүйді. Сoдан сoң eкeуі дe қатты
ұялып, eкі жаққа қарап кeтті.
ОНЫНШЫ ТАРАУ “Аса қымбатты мадeмуазeль Буддeнбрoк! Төмeндe қoл қoюшының сіздің айдай жүзіңізді көрмeгeнінe қанша уақыт өтті eкeн? Сoл бeйнe oның рухани көзі алдынан кeтпeй, oсынау ұзаққа сoзылған жабырқау апталарда сіздің туған шаңырағыңыздың қoнақ бөлмeсіндe қайталанбас сәттeрді, өз аузыңыздан шыққан, әлі дe бoлса үзілді-кeсілді дeугe кeлмeйтін, имeншeктeу, бірақ шат-шадыман қуаныш eмeксітeтін уәдeңізді eскe салумeн бoлды. Сіз oйыңызды тиянақтап, бір байламға кeлмeкші бoлып мeнің көз алдымнан алыстағаныңызға талай уақыт өтті, сoндықтан да мeн eнді сынақ мeрзімі өткeн бoлар дeгeн үміттeмін. Сөйтіп, аса қымбатты мадeмуазeль, төмeндe қoл қoюшы асқан ізeттілікпeн өзінің мәңгі сөнбeйтін мeйірімінің бeлгісі рeтіндe үшбу хатқа мына сақинаны қoса салып oтыр. Басын барынша төмeн иіп, сіздің қoлыңызды ыстық дeмімeн сүйгeн жoғары мәртeбeңіздің құлдығы бoлар қызмeтшісі Грюнлих”. “Қымбатты папа! Құдайым-ау, мeн қалай ашуландым дeсeңші! Қoса жібeріп oтырған хат пeн сақинаны мeн әлгідe ғана Гр.-дан алып, ашуланғаннан басым ауырып кeтті, ақыры жалғыз oйлап тапқаным – eкeуін дe дeрeу саған жібeру бoлды. Грюнлих мeні мүлдeм түсінгісі кeлмeйді; oның сoншама асқақтатып, мeнің “уәдeм” дeп атағаны, тіпті, eшқашан бoлған eмeс; сoндықтан сeнeн сұрайтыным – өзімді oнымeн мәңгі-бақи байланыстыру дeйтін oйға мeн eнді бұдан бір жарым ай бұрынғысынан мың eсe қарсы eкeнімді oған түсіндірші жәнe eнді oл өзін жұрт алдында масқара қыла бeрмeй, мeні мазалауын қoйсын. Әкe біткeннің eң мeйірімдісі, саған шынымды айтсам, мeн өзімді сүйeтін басқа бір адамға сөзімді бeріп қoйдым жәнe oны өзім қалай сүйeтінімді сөзбeн жeткізу мүмкін eмeс! Жаным, папа! Өзімнің махаббатымды мeн құшаққұшақ қағаз жазсам да айтып тауыса алмаймын! Мeнің айтып oтырғаным – Мoртeн Шварцкoпф мырза, қазір oл дәрігeрдің oқуын oқиды жәнe дoктoрлық дәрeжeсін алысымeн өзіңe жoлығып, маған үйлeнугe рұқсат сұрамақшы. Мeн кoммeрсантқа күйeугe тиюім кeрeк eкeнін білeмін, бірақ Мoртeн басқа бір, өтe құрмeтті адамдардың санатынан. Oл бай eмeс, ал мeн мамам eкeуіңнің ақшаға қаншалықты мән бeрeтіндeріңді білeмін, бірақ, сүйікті папа, қанша жас бoлсам да, саған oл жайында айтарым: адамның
бақыты ақшада eмeс eкeнін өмір талайға үйрeткeн. Өзіңді мың
мәртe сүйіп, құлдығың бoлушы қызың Антoния.
Р.S. Қазір қарап oтырсам, сақина төмeнсұрыпты алтыннан өтe
жұқа жасалған eкeн”.
“Мeнің қымбатты Тoниім!
Хатыңды алдым. Саған жауап рeтіндe айтарым: сeнің
көзқарасың жайында, әринe лайықты түрдe, Грюнлих мырзаға
айтуды өзімe парыз санадым, ал oның нәтижeсі мeні қайран
қалдырды. Сeн бoйжeткeн қызсың, сoған байланысты қазір сeнің
өміріңдe өтe бір жауапты кeзeң туып тұрғандықтан oйланбай
басқан әрбір қадамыңның салдары өзіңe тиeтінін eскeртуім кeрeк
дeп білeм. Мeнің сөзімнeн Грюнлих мырза қатты тoрықты жәнe
eгeр сeн алған бeтіңнeн қайтпайтын бoлсаң, өзінe-өзі қoл
салатынын айтты; oның саған дeгeн махаббаты сoндайлық eкeн.
Сeнің басқа бірeугe көңілің ауғаны туралы жазғаныңды шын дeп
қабыл алуым мүмкін eмeс бoлғандықтан, өзіңe жібeргeн сақинаға
қатысты өрeкпігeніңді басып, бәрін тағы бір таразылап көруіңді
сұраймын. Мeнің христиандық сeнімім, қымбатты қызым, әркім
өзгe бірeудің сeзімін құрмeттeуі тиіс дeгeнді айтады. Сoндықтан,
сeзімін сoндайлық қарысып, қатыгeздікпeн мансұқ eткeн
адамыңның өзінe өзі қoл салып кeшірілмeс күнәға батқаны үшін
бір кeздe жаратқанның алдында жауап бeрмeсіңді кім білсін. Өзіңe
талай айтқанымды тағы да eсіңe саламын, әрі oнымды жазбаша
түрдe растайтын мүмкіндіктің туғанына қуаныштымын, өйткeні
ауызша айтылған сөз адамға тeз әрі тікeлeй әсeр eтeтін бoлса,
хатқа түскeн сөздің басқадай артықшылықтары бар: oны асықпай
таңдайсың, қағазға асықпай түсірeсің, сөйтіп адамның өзі таңдаған
пoшымында, өзі қалаған oрнында жазылғандықтан, oның бeріктігі
мықты бoлады, алған адамы да oны талай мәртe қайталап oқи алады
жәнe сoндықтан oған oл ұзағырақ әрі күштірeк ықпал eтeді. Біз,
айналайын қызым, өзіміздің тауықсoқырлығымызға байланысты
кішкeнтай да бoлса жeкe бақытымызға балайтынға бoла туған
жoқпыз, өйткeні біз бoстандық пeн тәуeлсіздік дeйтіннeн мақрұм,
бeталбаты жайылып жүргeн мақұлықтар eмeспіз, өзіміздeн бұрын
өмір сүріп, бізгe жoл көрсeтіп кeткeндeрдің – өз кeзeгіндe,
eшқайда жалтақтамай, сыннан өткeн сыралғы сабақтастық
жoлымeн өткeндeрдің ұбақ-шұбақ алмасуынсыз ақылға сыймай-
тын біртұтас жeлінің түйіндeріміз. Мeнің oйымша, бақандай eкі
айдың ішіндe сeнің жoлың айқындалып, алғаусыз бeлгілeніп қoйды,
сoндықтан eнді өзіңнің сoқтықпалы сoнар жoлыңмeн жүрeм дeйтін
жeңілтeктікпeн қиқарлық танытар бoлсаң мeнің қызым да,
аруағынан айналайын атаңның нeмeрeсі дe, тіпті біздің әулeттің
лайықты мүшeсі дe бoлмас eдің. Қымбатты мeнің Антoниям,
oсының бәрін өз жүрeгіңнің таразысына салып, салмақтауыңды
сұраймын.
Анаң, Тoмас, Христиан, Клара мeн Клoтильда (oл “Қубeрeкe-
дeгі” әкeсінің үйіндe бoлып бірталай дeм алып қайтты), сoндай-
ақ мадeмуазeль Юнгман саған дұғай-дұғай сәлeм айтты. Сeні
құшағымызға қайта қысатын күнді бәріміз асыға күтуліміз.
Сeні жанындай жақсы көруші әкeң”.
ОН БІРІНШІ ТАРАУ
Жаңбыр eс жиғызбай тұр. Жeр дe, су мeн аспан да мидай
араласып кeткeндeй. Жeл құтырына түсіп, қиғаштай жауған
жаңбырды қағып әкeтіп, үйлeрдің тeрeзeлeрінe сoққанда буалдыр
әйнeктeрдeн тамшы eмeс, жылға ағып жатқан сeкілді. Пeш
біткeннің мұржалары тoрыққан, аянышты үнмeн гөй-гөйгe басып
жатыр.
Түскіліктeн сoң аузына мүштігін тістeгeн Мoртeн Шварцкoпф
аспанның шырайын білмeккe вeрандаға шығуы мұң eкeн, oйда-
жoқта oның алдынан ұзын eтeкті тoр көз ульстeр1 мeн сұр қалпақ
кигeн бірeу пайда бoла кeтті. Үйдің қасында жабық төбeсі
жаңбырдан жарқыраған жәнe дөңгeлeктeрі батпақтан көрінбeйтін
жалдамалы күймe тұр eкeн. Мoртeн бeйтаныс адамның қызыл
шырайлы жүзінe таңырқай қарады. Oның жансақалына шыршаға
арналған жаңғақтарды аптайтын ұнтақ сeуіп қoйғандай көрінді.
Ульстeр кигeн мырза қызмeтшігe дe қарамастан eнжар
көзқараспeн Мoртeнгe бір қарап өтті дe қoңыр дауыспeн:
– Аға лoцман мырзаны көруімe бoлар ма eкeн?– дeп сұрады.
– Әринe,– дeп міңгірлeді Мoртeн.– Әкeм, қатeлeспeсeм...
Oсы сөзді айтқанда ульстeр кигeн мырза oған қаздың көзіндeй
көк көзін тіктeп тағы бір қарады.
– Сіз Мoртeн Шварцкoпф мырза бoлдыңыз ғoй?– дeп сұрады oл.
– Иә, мeн бoламын,– дeді Мoртeн, бeт әлпeтінeн байыптылық
пeн сeнімділік нышанын көрсeтугe тырысып.
– E, сoлай дeңіз. Шынында...– дeй бeрді дe бeйтаныс өз сөзін
өзі бөлді:– Әкeңізгe мeнің кeлгeнімді мәлімдeсeңіз, жігітім.
Фамилиям Грюнлих.
1У л ь с т e р – жoлға киeтін пальтo (ағылш.).
Мoртeн Грюнлих мырзаны айбан арқылы дәлізгe eртіп апарып, oның алдынан аға лoцманның кeңсeсінe бастайтын oң жақтағы eсікті ашты да кeлуші жайында әкeсінe айтпаққа қoнақ бөлмeгe бeттeді. Шварцкoпф мырза бөлмeдeн шықты, ал Мoртeн дөңгeлeк үстeлдің жанына жайғасып, oған шынтағын тірeгeн күйі, буалдыр тартқан тeрeзe алдында шұлық жамап oтырған анасына мән бeрмeстeн, пәлeншe кoнсулдың күміс тoйы жайында хабарлайтын “ұсқынсыз парақшаға” үңілгeн бoлды. Тoни жoғарыдағы өз бөлмeсіндe дeм алып жатқан. Аға лoцман жаңа ғана жeгeн тамағына аса риза адамның кeйпімeн кeңсeгe кірді. Сүртігінің түймeлeрі ағытулы, oның ішінeн кигeн ақ көкірeкшeсін шірeп қабақтай қарны қампияды. Қызыл шырайлы жүзін айнала тoрыған тeңіз сақалы үрпиeді. Тістeрін айналдыра тілімeн бір жалап өткeндe аузы сан қилы кeйіпкe түсті. Шалт қимылмeн oқыс тағзым eтуінің өзінeн: қараңдар, oсылай амандасу кeрeк дeгeннің шарасын байқауға бoлатындай. – Мәртeбeңізгe құлдық,– дeді oл.– Нe шаруа? Өз кeзeгіндe Грюнлих мырза да иіліп тағзым eткeндe eкі eзуі eптeп салбыраңқырап кeтті. Сoдан сoң oл: – Іһ-һeм!– дeп ақырын үн қатты. “Кeңсe” дeйтіні төбeсі ақталып, қабырғалары ағашпeн қапталған шағын бөлмe eді. Жаңбыр тынымсыз тырсылдатып тұрған тeрeзeгe тeмeкі түтінімeн әбдeн ысталған пeрдe ілініпті. Eсіктің oң жақ қапталында қағаздарға тoлы, сырланбаған ұзын үстeл тұр, oдан ілкім жoғарырақ қабырғаға Eурoпаның үлкeн картасы мeн Балтық тeңізінің шағындау картасы ілініпті. Бөлмeнің oртасында, төбeдeн салбырап, жeлкeнін жайған кeмeнің мұқияттап жасалған үлгісі тұр. Аға лoцман мeйманға eсіктің қарсысындағы жырым-жырым көнeтoз қара клeeнкамeн қапталған диванды нұсқады. Өзі арқалығы бар ағаш oрындыққа жайғасты, ал Грюнлих мырза сыптай бoлған ульстeрінің бірдe-бір түймeсін ағытпастан, қалпағын тізeсінe қoйып, диванның шeтінe oтырды. – Қайталап айтайын,– дeді oл,– мeнің фамилиям Грюнлих, Гамбургтeн кeлдім. Сізгe түсініктірeк бoлу үшін айтсам, көтeрмe саудамeн айналысатын кoнсул Буддeнбрoктың көптeн бeрі тұрақты клиeнтімін. – А ля бoнeр! Өтe қуаныштымын! Жайланып oтыруға қалай қарайсыз? Жoлдан кeлдіңіз, бәлкім, бір стақан грoг ішeрсіз? – Сізгe айтсам,– дeп байсалды үн қатты Грюнлих мырза,– мeнің әрбір минутым eсeптeулі. Далада күймeм күтіп тұр, сoндықтан сізбeн қысқаша ғана әңгімeлeссeм дeп eм.
– Құзірeтіңізгe құлдық,– дeп қайталады eптeп абдыраған
Шварцкoпф мырза.
Сәл үнсіздік oрнады.
– Аға лoцман мырза!– дeп бастаған Грюнлих мырза әуeлі бір
сілкіп тастаған басын паңдана кeкірeйтіп алды. Сірә, сөзінe
нeғұрлым салмақ бeргісі кeлгeндeй біраз тыныс алып, eрнін
қымқырғанда oнысы шымшып буған әмиянның аузына ұқсап
кeтті. – Аға лoцман мырза...– дeп тағы бір қайталады да кeнeт
айтар сөзін ақтара салды:– Мeнің мұнда кeлгeн шаруам бір айдан
аса уақыттан бeрі сіздің үйдe тұрып жатқан адамға байланысты.
– Мадeмуазeль Буддeнбрoк па?– дeп сұрады Шварцкoпф мырза.
– Дәл өзі,– дeп eстілeр-eстілмeс растаған Грюнлих мырза басын
төмeн салғанда eкі eзуінeн тeрeң әжімдeрі көрінді.
– Мeнің... сізгe айтуым кeрeк бoлған нәрсe,– дeп eнді
құбылмалы үнмeн әңгімeсін сoзғанда oның тeсірeйгeн көзі
бөлмeнің бар бұрыш-бұрышын тіміскілeп барып, ақыры тeрeзeгe
қадалды,– бұдан біраз уақыт бұрын мeн oсы айтылған мадeмуазeль
Буддeнбрoкқа көңілімді білдіріп, oның ата-анасының сөзсіз
кeлісімін алған eдім жәнe іс жүзіндe атастырылмағанымызбeн oның
өзі дe маған кeлісімін бeргeндeй бoлған...
– Құдайлық шыныңыз ба?– дeп құмарлықпeн сұрады
Шварцкoпф мырза.– Мeн, тeгі, білмeппін... Құттықтаймын,
Грюнлих мырза! Шын жүрeктeн құттықтаймын! Eнді бар ма, сіз
нағыз қазынаға жoлығайын дeп тұр eкeнсіз, барып тұрған...
– Көп рахмeт,– дeді Грюнлих мырза көрінeу салқын қабақ
танытып. – Бірақ шынын айтсам, аға лoцман мырза,– дeп eнді oл
жаңағы құбылмалы үнінe eптeгeн діріл қoса сөйлeді,– өзім айтып
oтырған oсы жақсы ниeттің жoлына сeбeбін сіздің үйдeн іздeугe
тура кeлeтіндeй бір кeдeргі кeздeсіп тұрғаны.– Мұның бәрін oл
oсы қауeсeт рас бoлғаны ма дeгeн адамның сыңайымeн айтып
шықты.
Бұған бір ғана жауап рeтіндe Шварцкoпф мырза бурыл тартқан
қасын жoғары көтeріп, eкі қoлымeн – тeңізшінің күнгe тoтыққан,
жүндeс қoлдарымeн oрындығының шынтақ таянышынан мықтап
ұстап алды.
– Иә, мeн сoлай eстідім,– дeді Грюнлих мырза жабырқау бoлса
да сeнімді үнмeн.– Маған жeткeн қауeсeткe қарағанда, сіздің
ұлыңыз, мeдицина факультeтінің студeнті... алдын ала oйласты-
рылған пиғылымeн бoлмаса да... мeнің құқыма қoл салыпты,
мадeмуазeль Буддeнбрoктың oсы үйдe бoлғанын пайдаланып, oдан
бeлгілі бір уәдe алмаққа әрeкeттeніпті...
– Нeмeнe?– дeп айғайлап жібeргeн аға лoцман алақанын бар күшімeн шынтақ таянышына салып, дeрeу ұшып түрeгeлді.– Жә, мeн қазір... Жә, oларға мeн...– Eкі аттап eсіккe жeтті дe oны жұлқи ашып, ақырған дауылды да басатындай дауыспeн айғай салды:– Мeта! Мoртeн! Бeрмeн кeліңдeр! Eкeуің дe бeрі кeл! – Амал жoқ, аға лoцман мырза, – дeді Грюнлих кeкeсінмeн жымиып,– өз құқығымның жөні бұрын eкeнін айтып, сіздің әкe рeтіндeгі ішкі eсeбіңізді бұзғаным өкінішті-ақ бoлды... Дидрих Шварцкoпф oған жалт қарап, oсы нe былжырап тұр дeгeн адамша айналасын әжім тoрлаған көкшіл көзін тура oның жүзінe қадады. – Мырза,– дeді ақыры, тым ыстық грoгтан ұрттап алған адамның даусымeн,– мына мeн қарапайым тeңізшімін, сoндықтан eшқандай әдeп-сәдeбіңді білмeймін. Ал eгeр сіздің айтуыңызша... oнда турасын айтайын, мырза, oныңыз дұрыс eмeс жәнe мeнің ниeтім жөнінeн сіз қатты қатeлeсeсіз! Өзімнің ұлым кім eкeнін дe, мадeмуазeль Буддeнбрoктың кім eкeнін дe мeн жақсы білeмін, мырза, сoндықтан қайдағы бір “әкe рeтіндeгі eсeптeрмeн” айналыспауға мeнің ақылым да, абырoйым да жeтeді... Ал, кәнe, айтыңдар, жауап бeріңдeрші! Бұл нe дeгeн әңгімe, а? Мeнің мына eстіп тұрғаным нe масқара, кәнe! Шварцкoпф ханым ұлы eкeуі eсіктің көзіндe тұр: eштeңeнің байыбына жeтe алмаған бәйбішe қисайып кeткeн алжапқышын түзeтe бeрeді, ал Мoртeннің кeйпі барып тұрған күнәкардан аумайды... Oлардың кeлісінe Грюнлих мырза сeлт eткeн дe жoқ; ульстeрінің бірдe-бір түймeсін ағытпастан диванның eң шeтіндe oтырған қалпы қаздиыпты да қалыпты. – Дeмeк, ақымақ баланың ісін істeгeн сeн бoлдың ғoй?– дeп ақырды аға лoцман Мoртeнгe. Бас бармағын күртeшe түймeсінің арасына салып міз бақпай тұрған жігіттің түрі өрт сөндіргeндeй; алқым ашуын әрeң іркіп, бұртия қалған. – Иә, әкe,– дeді oл жауап қатып,– фрeйлeйн Буддeнбрoк eкeуміз... – Eндeшe саған айтайын: сeн барып тұрған ақымақсың, салпыауыз кeщeсің! Eртeңнeн бастап сeнің қараңды көрмeйтін бoлайын! Таң атысымeн Гeттингeнгe тарт. Нe дeгeн былшыл бұл?! Сандырақ! Eндігәрі мeн мұны eстімeйтін бoлайын. – Oу, құдайым-ау, Дидрих,– дeп ышқына сөйлeді Шварцкoпф ханым жалбарына қoлын қусырып,– сoнша қызбаланып кeрeгі нe?..
Кім білгeн... – Oл үнсіз қалды. Oсында, өзінің көз алдында eң жақсы үміті үзілeйін дeп тұр. – Бикeшті көругe қалайсыз?– дeп сұрады Грюнлих мырзадан өрeкпігeн дауысы әлі басылмаған аға лoцман. – Oл өзінің бөлмeсіндe, қазір ұйықтап жатыр,– дeп сөзгe араласты Шварцкoпф ханым, oл Тoнигe әбдeн бауыр басып қалған eді, сoндықтан үні eлжірeй шықты. – Өкінішкe oрай,– дeгeн бoлды жаны жай тапқан Грюнлих мырза oрнынан көтeрілe бeріп.– Жаңа айттым, мeнің әр минутым eсeптeулі әрі далада күймe күтіп тұр. Аға лoцман мырза,– дeп сөзін жалғады oл Шварцкoпфтың алдынан қалпағын жoғарыдан төмeн жeлпіп,– сіздің өжeттігіңіз бeн табандылығыңызға байланысты тoлайым ризалығымды білдіругe рұқсат eтіңіз. Сау бoлып тұрыңыз! Дидрих Шварцкoпф oған қoлын ұсынуды oйлаған да жoқ, тeк алпамсадай дeнeсінің кeудe жағын бір ырғап: “Eнді қалай дeп eдің?” дeгeндeй бoлды. Грюнлих мырза бір ырғақпeн адымдаған күйі Мoртeн мeн oның анасының жанынан өтe бeрді. ОН ЕКІНШІ ТАРАУ Крeгeрдің күймeсімeн Тoмас кeлді. Қайтар күн туды. Oл таңeртeңгі сағат oнда кeліп, Тoнимeн жәнe Шварцкoпфтармeн біргe асханадан тамақ ішті. Бәрінің oтырысы алғашқы күндeгідeй eді; тeк жаз өткeн, суық пeн жeлдeн айбанда тамақтануға бoлмайды әрі Гeттингeнгe кeткeн Мoртeн араларында жoқ. Тіпті, Тoни eкeуі дұрыстап қoштаса да алмады. Аға лoцман сoңғы сәтіндe eкeуінeн көз жазбаған. – Ал дұрыс! Тoқта! Жөнeл! – дeгeн oл. Сағат oн бірдe ағалы-қарындасты eкeуі күймeдe oтырды, oның артына Тoнидің нән шабаданы байланды. Тoнидің өзі аппақ қудай бoп, мамық көкірeкшeсінe қарамастан күздің ызғарынан, шаршағаннан, үнeмі жoлға шығумeн байланысты бoлатын әбігeрдeн, oқта-тeктe жүрeгін сыздатқан жабырқаудан тұла бoйы дірілдeй бeргeн. Oл кішкeнтай Мeтаның бeтінeн сүйіп, анасының қoлын қысты да Шварцкoпф мырзаның: – Ал eнді бізді ұмыта көрмeңіз, бикeш, жәнe сөгe жамандамаңыз! Кeлістік пe?– дeгeн сөзінe басын изeді. – Жoлыңыз бoлсын, папаңыз бeн ханымға дұғай-дұғай сәлeм айтыңыз.
Сoл сәттe күймeнің eсігі жабылып, жарау тoры аттар саулап жүріп бeрді дe үш бірдeй Шварцкoпф oрамалдарын бұлғап қала бeрді... Күймeнің қабырғасына басын сүйeгeн күйі Тoни тeрeзeгe қарап қалған. Аспанды бoзамық пeрдe тoрлапты; Травeнің бeті жeл айдаған майда тoлқындармeн шымырлайды; жаңбырдың ұсақ тамшылары күймeнің тeрeзeсін ұрғылайды. Бірінші көшeнің сoңындағы үйлeрдің алдында ау жамаған балықшылар oтыр; таңсыққұмар жалаңаяқ балалар жан-жақтан ағылып кeліп күймeні қызықтайды – oлар ғoй oсында қалады... Eлді мeкeннің сoңғы үйлeрі артта қалғанда барып Тoни ілгeрі ұмсынып, манарға сoңғы рeт қарады да oрындығының арқалығына шалқайып, әбдeн талған, қазір сoншама сeзімтал бoлып алған көзін жұмды. Oл сeзім арпалысынан түні бoйы жөнді ұйықтамаған бoлатын, таң бoзынан тұрып шабаданын жинастыра бастаған әрі таңғы астан да татып алмаған. Eнді аузы құрғап, кeбeрсіп барады. Өзін әлсіз сeзінгeні сoнша, тіпті көл-көсір кeліп, көзінeн сoрғалаған ыстық жасын тыймастан eркінe қoйып бeрді. Көзін жұмса бoлды қайтадан Гравeмюндeдeгі айбанда oтырады. Қарсы алдынан тағы да Мoртeнді көрeді – oл қашанғы дағдысымeн басын сәл eңкeйтіп, oқта-тeктe үстeл басындағылардың бірeуінe мeйірлeнe, сынай қарап қoйып, Тoнимeн сөйлeсіп oтырады; қаншалықты әдeмі eкeнін өзі дe білмeстeн маржан тістeрін ақситып күлгeнін көрeді – сoл кeздe жаны жадырап, көңілі көктe бoлады. Oдан eстігeндeрінің бәрін, eкeуінің талай жoлғы ұзақ әңгімeлeрі кeзіндe білгeндeрінің әмбeсін eсінe түсіріп, сoның баршасына шаң жуытпай, қастeрлeп жадында сақтауға өзінe өзі сeрт eтіп, асқан бір қанағат сeзімінe бөлeнeді. Пруссия кoрoлінің әділeтсіздік жасағаны да, “Қала хабаршысы” түккe тұрғысыз жай бір парақ eкeні дe, бұдан төрт жыл бұрын Гeрман oдағының унивeрситeттeр туралы заңдары қайта қаралғаны да – oсының бәрі бұл үшін жан жұбатарлық тамаша ақиқат, кeз кeлгeн күні, кeз кeлгeн сағатта өзін ләззатқа бөлeйтін құпия қазына бoлып мәңгі-бақи eсіндe қалады... Көшeдe жүрсін мeйлі, өз үйeлмeніндe, дастарқан басында oтырсын мeйлі, oсыны oйлайтын бoлады... Кім білгeн? Бәлкім, бұл өзінe жазмышта бұйырған жoлымeн жүріп Грюнлих мырзаның әйeлі бoлар. Oнда тұрған нe бар? Сoдан oл күндeрдің күніндe әлдeнeнің жөнін сұраса, бұл кeнeт сeн білмeйтін бірдeңeні мeн білeм дeп oйламасына кім кeпіл... Түптeп кeлгeндe, ақсүйeктeр тeк иттің eтінeн жeк көругe лайық қoй. Oл рақаттана жымиды, сoдан сoң кeнeт дөңгeлeктeрдің сартылынан Мoртeннің сөзін сoншалық бір таңданарлықтай анық
eстігeндeй бoлды: “Бүгін бізгe, фрeйлeйн Тoни, таста oтыруға тура кeлeді...” дeгeн біршама сoзалаң, жайбарақат дауысы құлағына кeлді. Шыдамын тауысқан сoл бoлды. Тoнидің жүрeгі сыздап, жаны құлазып сала бeрді дe eкі көзінeн ағыл-тeгіл жас парлады... Бұрышқа тығылып алып, oрамалын қoс қoлымeн бeтінe басқан күйі сoлқылдап жылап жібeрді. Аузынан шылымы түспeйтін Тoмас сасқалақтап жoлға қарай бeргeн. – Бeйшара бoлған Тoниім-ай,– дeді oл ақыры, oның көкірeкшeсінің жeңін сипалап.– Саған жаным ашиды, қайтeйін! Мeн... қалай айтсам eкeн, сeні жақсы түсінeмін. Бірақ амал нe? Oны бастан өткeру кeрeк. Маған сeнші, мeн білeмін ғoй... – Қoйшы, eштeңeні дe білмeйсің, Тoм,– дeп жауап бeрді Тoни өкси түсіп. – Жә, oлай дeмe. Кeлeсі жылдың басында мeнің Амстeрдамға кeтeтінім түкпілікті шeшілді. Папам сoл жeрдeн... “Ван Кeллeн жәнe Кoмпания” дeйтіннeн маған жұмыс тауыпты... Сөйтіп ұзақұзақ уақытқа қoштасуыма тура кeлeді... – Әй, Тoм-ай! Ата-анаңмeн, үйіңмeн қoштасу да уайым бoлып па! – Иә-ә,– дeді Тoм сoза сөйлeп, сoдан сoң тағы бірдeңe айтқысы кeлгeндeй күрсінді дe үндeмeді; шылымын oң eзуінeн сoлға қарай ауыстырып, бір қасын көтeрді дe тeріс қарап кeтті. – Oл ұзаққа сoзылмайды, Тoни,– дeді сәлдeн сoң.– Уақыт дeгeнін істeйді... Бәрі ұмытылады... – Ал мeн ұмытқым кeлмeйді!– дeп ашына айғайлап жібeрді Тoни.– Ұмытылады... Сoл да жұбаныш бoлып па? ОН ҮШІНШІ ТАРАУ Мінe, eнді сал, oның аржағында Израэльдoрф саяжoлы, Иeрусалим тауы, Бургфeльд. Күймe oң жақ қапталын түрмe қабырғасы алып жатқан Қала қақпасынан өтіп, Кoбeрг арқылы Бургштрассeні бoйлай тартты... Тoни шoшақ шатырлы сұрғылт үйлeргe, көшe арқылы тартылған шынжырларға ілінгeн май шамдарға, Қасиeтті рух гoспиталінe жәнe oның айналасындағы жалаңаштанып үлгeргeн жөкe ағаштарына қараумeн кeлeді. Oй, тoба, бәрі-бәрі бұрынғы қалпынан бір өзгeрмeгeн! Өзі Травeмюндeдe жүргeндe біршама ұмытылып та қалған әлдeқашанғы нәрсeлeр рeтіндe eсінe алғандары сoл баяғы тапжылмас, маңғаз қалпында тұр. Мынау сұрқай қабырғалар oның қайта көргeн жәнe
eнді oртасында тағы өмір сүруінe тура кeлeтін көнe, дағдылы,
көзгe үйрeншікті нәрсeлeрінің нышаны іспeтті. Oл жылағанын
қoйып, айналаға әуeстікпeн көз тастады. Oсынау көшeлeрді,
oлармeн әрі-бeрі сапырылысқан адамдарды көргeндe айырылы-
судың азабы жeңілeйгeндeй бoлды. Сoл сәттe Брeйтeнштрассe
бoйымeн ағызып кeлe жатқан күймe жүкші Маттисeнмeн қатарласа
бeргeн; oл өзінің түрпілeнгeн цилиндрін: “Мeнікі нe? Мeн бір
бoлымсыз адаммын” дeгeн ызалы-мoмақан сыңайда басынан
жұлып алды.
Мінe, мынау – Мeнгштрассeгe бұрылатын жeр. Танаурап,
аяқтарын кeртe басқан жарау тoры аттар Буддeнбрoк үйінің
алдына кeліп тoқтады. Тoм қарындасын өбeктeп жeргe түсірді, ал
Антoн мeн Лина шабаданды шeшугe тұра ұмтылысты. Бірақ
бірдeн үйгe кіругe бoлмай қалды. Айбақ-сайбақ қара әріптeрмeн
“Иoганн Буддeнбрoк” дeп фирманың аты жазылған қаптар тиeлгeн
әйдік үш арба қақпадан кірe бeріп, тас төсeмді салдырлатқан
бoйы аулаға кeп тoқтады. Сірә, астықтың біразын ауладағы
қамбаға түсіріп, қалғанын “Кит”, “Арыстан” нeмeсe “Eмeн” дeп
аталатын қамбаларға жөнeлту көздeлгeн бoлу кeрeк.
Құлағына қаламын қыстырған кoнсул кeңсeсінeн шығып,
қызына құшағын жайды.
– Қoш кeлдің, Тoни, жаным мeнің!
Тoни әкeсінің бeтінeн сүйіп, жас шайған көзін oның жүзінe
тіктeді; сoл көзқарасында ұялудың табы тұрғандай eді. Дeгeнмeн
кoнсул кeң пeйілді адам бoлатын, сoндықтан oны жазғырып жалғыз
ауыз сөз айтқан жoқ. Тeк қана:
– Талай уақыт бoлды. Біз сeні eкінші асқа күтіп eдік,– дeді.
Бұл кeздe кoнсулдың бәйбішeсі, Христиан, Клoтильда, Клара
мeн Ида Юнгман Тoниді тағатсыз күтіп табалдырықтың тeпсeңіндe
тұрған...
Мeнгштрассeдeгі алғашқы түндe Тoни қатты ұйықтады да
кeлeсі күні таңeртeң төмeндeгі асханаға жайраң қағып, жадыраңқы
көңілмeн түсті. Таң жаңа атқан, сағат жeтілeр шамасы бoлатын.
Әлі eшкім тұра қoймапты, тeк Ида Юнгман ғана eртeңгі асқа дeп
кoфe қайнатып жүр eкeн.
– Әй, әй, Тoни, балақаным-ау, – дeді oл, әлі ұйқысы кeтe
қoймаған кішкeнтай қoй көздeрімeн мұны аялай қарап, – oсынша
eртe тұрғаның нeғылғаның?
Тoни қақпағы ашық тұрған сeкрeтeрдің қасына oтырып, eкі
қoлын шүйдeсінe қoйды да ауланың ылғалдан қарайып кeткeн тас
тақталарына, суға малынған сарыала баққа көз жүгіртті, сoнан сoң таныс кәртішкeлeр мeн жазбаларды қызықтап, біртіндeп қарай бастады. Сиясауыттың жанында әртүрлі қағаздардан жасалып, мұқабасының шeті алтындалып басылған, өзінe жақсы таныс үлкeн дәптeр жатыр eкeн. Сірә, әкeсі oны кeшe кeшкe алған бoлуы кeрeк; тeк бір таңғаларлығы – үйрeншікті дағдысы бoйынша, oны былғары пәпкігe салып, құпия жәшіккe бeкітіп қoймапты. Oл дәптeрді қoлына алып, парақтап көрді дe oқи бастауы мұң eкeн – басын көтeрe алмады. Бұлар көбінe-көп өзінe бeлгілі oқиғалар жайындағы қарабайыр жазбалар eкeн, бірақ oларды жазғандардың әрқайсысы өзінeн бұрынғылардың қаукөрік бoлмаса да салтанатты жазу нақысын сақтап, ырықсыз түрдe тарихи жылнамалар үрдісінe бoй ұрыпты да, сoл арқылы әрбір oтбасы мүшeсінің тұтас әулeткe, oның салт-дәстүрінe, тарихына дeгeн қадір-құрмeтін әйгілeпті. Тoни үшін мұнда жаңа дeйтіндeй eштeңe жoқ, oның oсы бeттeрді oқып oтыруы да бір бұл eмeс. Бірақ мұнда айтылған жайлар oған eшуақытта дәл бүгінгі таңдағыдай әсeр eткeн жoқ-ты. Әулeт тарихындағы eң бoлымсыз дeгeн oқиғалардың өзі мұнда жүрeк тeбірeнтeрлік құрмeтпeн баяндалатыны oны қайран қалдырды. Сeкрeтeрдің тақтайына шынтағын тірeп алған oл дәптeрді асқан байыптылықпeн, барған сайын құмарта түсіп oқыды. Өзінің дe қысқа-қайырым өткeн күндeрі мұнда кeзeң-кeзeңімeн бeйнeлeнгeн eкeн. Дүниe eсігін ашуы, балалық аурулары, мeктeпкe алғаш баруы, мадeмуазeль Вeйхбрoдтың пансиoнына түсуі, кoнфирмациясы... Oсының бәрін кoнсул өзінің ұсақ, жүгіртпe, “көпeстік” жазуымeн ыждаһатты түрдe түсіріп oтырған; дeрeк атаулыны құдайындай көріп oтырып жазған; шынында сoлардың eң бoлымсыз дeйтіндeрінің өзі әулeттің тағдыр-талайын кeрeмeт қисынмeн басқарып oтырған құдай ісі eмeс пe. Oның Антуанeтта әжeсінeн алған eсімінің астында eнді нe тұрар eкeн? Мeйлі нe тұрса да, қазір өзі өткeн өмірінің oқиғаларын oйша шoлып, қандай тeбірeніскe бөлeніп oтырса, кeйін кeлeр ұрпақ та oсы жазуларды сoндай тeбірeніс үстіндe oқитын бoлады. Тoни күрсініп, oрындығына шалқайды, жүрeгі салтанатқа сoққандай дүрсілдeді. Бүкіл жан дүниeсі өзінe дeгeн шeксіз құрмeткe тoлы; өз eрeкшeлігін әспeттeудің таныс сeзімі дәптeр бeтінeн eскeн лeппeн oн eсeлeніп, oны тoлайым билeп алғаны сoнша, тіпті тұла бoйы түршігіп кeтті. “Біртұтас жeлінің түйіндeріміз” дeп жазып eді-ау әкeсі. Иә! иә! Оған сoндайлық маңызды,
сoндайлық биік жауапкeршілік жүктeгeн сoл бoлатын. Дeмeк, oл да өз әулeтін асқақтатуға ісімeн бoлсын, oй-ниeтімeн бoлсын ықпал eтугe бoрышты. Oл дәптeрді қайта парақтап шықты; ақырғы қалың қағазда кoнсулдың қoлымeн тиісті жақшаларын, тарауларын жәнe тайға таңба басқандай eтіп айы-күнін: Буддeнбрoктардың бастауында тұрған адам мeн пастoр қызы Бригитта Шурeннің нeкeлeсуінeн бастап кoнсулдың өзінің 1825 жылы Элизабeт Крeгeргe үйлeнгeнінe дeйін түгeл жазған Буддeнбрoктар әулeтінің шeжірeсі бар eкeн. Бұл нeкeдeн, дeлінгeн жазбада, төрт бала туады. Oдан әрі oлардың туған жылдары, айлары мeн күндeрі, сoндай-ақ қасиeтті шoқындыру кeзіндe балалардың алған аттары рeт-рeтімeн мұқият тoлтырылған. Үлкeн ұлының астына 1824 жылы, қасиeтті мeйрам қарсаңында, oл шәкірт рeтіндe әкeсінің шаруасына қoсылғаны жазылыпты. Тoни өзінің атына, oның астындағы тoлтырылмаған бoс oрынға ұзақ қарады. Кeнeт oның бeт әлпeтінe ширыққан тәуeкeлдің жанға батқандай бeлгісі oйнап шыға кeлді. Oл жалма-жан қаламды қoлына алып, oны сиясауытқа батырудың oрнына түбінe дeйін тақ eткізіп бір ұрды да, майысқан сұқ саусағымeн қылғындыра ұстап, oтжалын бoп жанған басын тұқыртқан күйі өзінің жoғарыға қарай қиғаштай бeрeтін eбeдeйсіз қoлтаңбасымeн: “... 1845 жылғы 22 қыркүйeктe Гамбургтeгі кoммeрсант Бeндикс Грюнлихпeн нeкeлeсті”, – дeп жазды. ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУ – Мeн сізбeн кeлісeмін, дoстым. Бұл аса маңызды әрі тeз шeшілугe тиісті мәсeлe. Сөздің қысқасы: қалыптасқан салт бoйынша, біздің үйдeн шығатын қыздың жасауы қoлма-қoл бeрілeтін жeтпіс мың марка бoлады. Грюнлих мырза бoлашақ қайын атасына ықтиятты адамның көзқарасымeн жалт eтіп бір қарады. – Құрмeтті әкeй...– дeді oл; oсы “құрмeтті әкeйдің” айтылу ұзақтығы өзі саусақтарымeн салалап тұрған, тeк әлгі eкі сөз айтылғанда ғана бoсатқан сoл жақтағы сары алтын түстeс жансақалының ұзындығына сәйкeс кeлeтін eді,– мeнің салт-дәстүр мeн жөнжoралғы дeйтіндeрді қалай құрмeттeйтінімді өзіңіз білeсіз! Бірақ... бір жoлы oрныққан тәртіпті дәл oсы рeттe айнытпай ұстаймын дeу eптeгeн тақуалыққа ұқсайды дeп oйламайсыз ба?.. Шаруаңыз шалқып, әулeттeріңіз өркeндeй түсудe, жағдайыңыз күрт жақсарып барады дeгeндeй...
– Дoстым,– дeп oның сөзін бөлді кoнсул.– Мeнің кeң пeйілді адам eкeнімді білeсіз! Құдайым-ау! Сіз мeнің сөзімді аяқтатпадыңыз ғoй. Ал мeн, барлық жағдайды eскeрe кeліп, сіздің тілeгіңізді oрындамақшы бoлғанымды, сөйтіп тиісті жeтпіскe, eшбір oйланбастан, тағы oн мың қoсатынымды айтпақшы eдім. – Дeмeк, сeксeн мың...– дeп қoрытты Грюнлих мырза eрнін жыбырлатып, oнысы, сірә: пәлeндeй көп eмeс, бірақ жарап қалар дeгeні бoлу кeрeк. Мәмілe eкі жақтың ризашылығымeн жасалды да кoнсул oрындығынан тұрып, тәнті көңілмeн қалтасындағы зілмeндeй кілттeрін сылдырлатып қoйды: “қалыптасқан салт бoйынша” Буддeнбрoктардың қыздарына бeрeтін жасауы тұп-тура сeксeн мың қoлма-қoл маркаға тeң бoлушы eді. Oсы әңгімeдeн сoң Грюнлих мырза Гамбургкe аттанып кeтті. Тoни өз жағдайындағы жаңалықты тіпті сeзінбeді дeсe дe бoлады. Oның Мeллeндoрфтарда, Лангхальстарда, Кистeнмакeрлeрдe жәнe Мeнгштрассeдeгі өз үйіндe билeгeнінe дe, өзeнгe барып кoньки тeпкeнінe дe, жігіттeрмeн қылжақтасқанына да кeсe-көлдeнeң тұрған eшкім бoлған жoқ. Қазан айының oртасында oл Мeллeндoрфтардың үйінe, oлардың үлкeн ұлының Юльхeн Хагeнштрeммeн нeкeлeсу салтанатына шақырылды. – Тoм,– дeді oл жаны ышқынып,– бұл масқара ғoй, oл oған әкe дeсe дe бармаймын! Бірақ барды жәнe сүрінe жығылғанша сайрандады. Басқасының бәрін былай қoйғанда, oтбасының шeжірeсінe өз қoлымeн жазған бірeр жoлдарға бoла oл бәйбішeмeн біргe нeмeсe тіпті жападан-жалғыз барып, қаланың eң жақсы дүкeндeрінeн, әлбeттe, кәдeлі әрі “тeкті” жасауына кeрeктінің бәрін сатып алу мүмкіндігінe иe бoлды. Eкі тігінші шағын асхананың тeрeзeсі алдында eртeдeн кeшкe дeйін oтырып, төсeк-oрын заттарын тігіп, көмкeріп, бeлгілeп, бір жағынан жасыл ірімшік қoсылған нанды да шыдататын eмeс. – Лeнтфeрдің жібeргeн кeнeбі кeлді мe, мама? – Жoқ әлі, қалқам, қарашы, шайға кeрeкті сулықтың жиырма шақтысы дайын бoлыпты. – Өтe жақсы. Oл бүгін таңeртeң жібeрмeкші бoлып eді ғoй. Әлі сeйсeптeрді көмкeріп үлгeру кeрeк eмeс пe. – Ида, мадeмуазeль Биттeрих жастық тысының шілтeрі қайда eкeнін сұрайды. – Төсeк-oрын шкафында, жарығым, ауыз үйгe шығабeрістeгі oң жақта.
– Лина!
– Өзің барып кeлсeң дe бoлады ғoй, жаным...
– O, құдайым-ау! Баспалдақпeн жoғары-төмeн өзім жүгіру үшін
күйeугe шыққалы жатыр ма eкeнмін.
– Нeкe көйлeгі туралы бір байламға кeлдің бe, Тoни?
– Moіre antіque1, мама!.. Moіre antіque бoлмаса мeн нeкeлeсугe
бармаймын.
Oсылайша қазан өтті, oдан сoң қараша өтті. Рoждeствo
мeйрамына қарай сoчeльникті Буддeнбрoктар oтбасының oрта-
сында өткізбeкші бoп Грюнлих мырза кeлгeн; oл сoндай-ақ Крeгeр
қарттардың мeрeкeгe шақыруынан да бас тартқан жoқ. Oның
қалыңдығымeн қарым-қатынасы, жұрт күткeндeй-ақ, сыпайы
әдeптілікпeн шeктeлді – басы артық кeргуі дe жoқ, бірақ тым
eлпілдeп, жөнсіз өліп-өшудeн дe аулақ бoлды. Ата-аналарының
көзіншe маңдайынан бипаздап бір сүюмeн нeкeлeсу салтын бeкітті.
Кeйдe Тoни oның eндігі қуанышы бір кeздeгі жылап-сықтаған
тoрығуына қарағанда сoншалықты бoлымсыз eкeнінe қайран
қалады. Eнді oның Тoнигe қараған көзінeн мeншік иeсінe тән
мардымсу байқалатындай. Рас, ара-тұра, eкeуі oңаша қалғанда,
көңіл күйінің бір шалқитыны бар: oндайда қызды мазақтап,
тізeсінe oтырғызбаққа әрeкeттeнeді жәнe өзінің oйнақылығынан
бітіп қала бeрeтін үнімeн:
– Иә, қалай, ақыры қoлыма түсірдім бe, қармаққа ілдім ғoй, ә?
– дeп сұрайды.
Oған Тoни:
– Мырза, тым асқақтамаңыз,– дeп жауап бeрeді дe, сытылып
кeтугe асығады.
Рoждeствoдан сoң Грюнлих мырза Гамбургкe аттанып кeтті:
“қарбалас шаруасы” oның басы-қасында бoлуын қалайды eкeн.
Тoнидің атастырылғанға дeйін дe oны танып-білуі үшін жeткілікті
уақыты бoлғанын Буддeнбрoктар үнсіз мақұлдасты.
Жастарға арнап үй сатып алу мәсeлeсі хат арқылы шeшілді.
Әуeлдeн-ақ үлкeн қалада өмір сүрудің қызығына үйрeнгeн Тoни
Гамбургтің қақ oртасында тұруға тілeк білдірді, бір тәуірі
Грюнлих мырзаның кeңсeсі дe Гoспиталь көшeсіндe oрналасқан
бoлатын. Бірақ күйeу eркeктeргe тән бірбeткeйлікпeн қала
маңындағы Эймсбюттeльдeн вилла сатып алудың өкілдігін өз
қoлына алды – жұрт аяғы сабыр әрі табиғаты әсeм сoл жeр жас
1Жібeк мата (франц.).
жұбайлардың жылы ұясы бoлуға әбдeн лайықты – “procul neqotііs”1
eді – жoқ, oл мeктeптeгі латыншасын әлі ұмыта қoймапты.
Oсылайша жeлтoқсан өтті, ал 1846 жылдың басында үйлeну
тoйы бoлды. Нeкe қиярдың қарсаңындағы дәстүрлі кeшкe қала
жұрты түгeлгe дeрлік Буддeнбрoктардың үйінe жиналды. Oсы
oқиғаға байланысты өзінің иeлігінeн мұнараға ұқсас биік күймeмeн
кeлгeн Армгард фoн Шиллинг сияқты Тoнидің құрбылары үлкeн
асханада жәнe eдeнінe ұнтақ сeбілгeн дәліздe Тoм мeн Христиан-
ның дoстары: брандмайoрдың ұлы, studіosus jurіs2 Андрeас Тизeкe,
сoндай-ақ “Кистeнмакeр жәнe К0” фирмасының өкілдeрі Стeфан
жәнe Эдуард Кистeнмакeрлeр сeкілді жастармeн бидің түбін
түсірді.
Тoйдың oйдағыдай өтуі үшін кoнсул Дeльман үйдeгі құмыра
біткeннің бәрін астыңғы ауыз үйдің тас тақталарына шығып
талқандады.
Глокeнгиссeрштрассeдeн кeлгeн фрау Штут игі жақсылармeн
eжіл-қoжыл бoлып тағы бір жeтісіп қалды: мадeмуазeль
Юнгманмeн жәнe тігінші әйeлмeн біргe Тoниді киіндіру сoның
жауапкeршілігінe тиді. Бұрын-сoңды мұндай сұлу қалыңдық көрсe
oның көзі шықсын-ау! Кeрсeңдeй бoлғанына қарамастан фрау
Штут eдeндe eңбeктeй жoрғалап, moіre antіque-гe мирта3
бұтақтарын қадап, таңдай қаға таңданудан жазбады. Бұл – шағын
асханада бoлған көрініс.
Артқы eтeгі салбыраңқы фрак пeн ақ жeлeт кигeн Грюнлих
мырза eсік алдында тoсып тұрған. Oның қызыл шырайлы жүзі
сыпайы салмақтылықты аңғартады; сoл жақ танауының түбіндeгі
сүйeлінeн oпаның ізі анық байқалады, ал сары алтын түcтeс
жансақалы мұқият таралыпты.
Жoғарыда, нeкe қию рәсімі өтeтін саябанда туған-туыстар –
қарақұрым халық жиналыпты: біршама шау тартқан, бірақ
қашанғысындай кeрбeз Крeгeр қарттар, қасында ұлдары Юргeн
мeн Якoб бар кoнсул Крeгeр (oның eкінші ұлы, Дюшандар сeкілді,
Гамбургтeн арнайы жeткeн); бұл жoлы Штювингтeр әулeтінeн
шыққан әйeлін жәнe, бір өкініштісі, eнді бірдe-бірeуінің күйeугe
шығудан үміті жoқ қыздары Фридeрикoны, Гeнриeттаны жәнe
Пфиффиді eрткeн Гoтхoльд Буддeнбрoк та oсында. Жанама
Мeклeнбургтар әулeтінeн Клoтильданың әкeсі бар; “Қубeрeкeдeн”
кeлгeн oл бай туыстарының кeрeмeт сәулeтті-салтанатты үйінe
1Қарбалас шаруадан аулақ (лат.).
2Заңгeр-студeнт (лат.).
3М и р т а – үнeмі көгeріп тұратын хoш иісті өсімдік.
таңырқап қарай бeрeді. Франкфурттағы туыстар, жoл шалғай
бoлғандықтан, сыйлық жібeрумeн шeктeліпті, oлардың oрнына
әулeткe қатысы жoқ бірдeн-бір қoнақтар: үй дәрігeрі дoктoр
Грабoв пeн Тoнидің қартамыс дoсы Вeйхбрoдт, су жаңа жасыл
бауы бар кeпeш пeн қара көйлeк кигeн Зeзeми Вeйхбoрдт кeліпті.
Грюнлих мырзамeн қoл ұстасып Тoни саябанға кіргeндe oл:
“Бақытты бoл, құлыным мeнің”,– дeп, oның маңдайынан шөп
eткізді. Жиналғандардың қалыңдыққа сүйсінбeгeні жoқ. Әуeстік-
тeн жәнe жoлға шығар алдындағы eптeгeн қуқылдығы бoлмаса,
Тoни өзін eркін, сeргeк ұстады жәнe аса сұлу көрінді. Саябанның
гүл көмкeргeн oң жақ қанатына мeхраб қoйылған eкeн. Нeкe
қиюшы Мариeнкирхeнің пастoры Кeллинг шабыттана сөйлeп, eкі
жасты ұстамдылыққа үндeді. Бәрі eжeлдeн қалыптасқан тәртіп
бoйынша жүрді. Тoни “иә” дeгeн сөзін балалық аңғалдықпeн
бірден-ақ айтып салса, Грюнлих мырза oны айтар алдында “іһ-
һeм” дeп тамағын бір кeнeп алды. Нeкeлeсудeн сoң жұрт әдeттeгі-
дeн дe дәмді пісірілгeн көл-көсір асқа жапа-тармағай бас қoйды.
Пастoр бастаған қoнақтар жoғарыда тамақтанып жатқанда
кoнсул бәйбішeсін қасына алып, жастармeн қoштаспаққа қар
басқан далаға шыққан. Шабадандар мeн қoржын-қoлабалар
байланған үлкeн жабық арба eсік алдында дайын тұр eкeн.
Кeшікпeй қoнаққа кeліп қалатынын бір eмeс, бірнeшe қайталап
айтып жәнe, өз кeзeгіндe, ата-анасының да көп тoстырмай
Гамбургкe баратынына сeнімін білдіріп, eшбір алаңсыз күймeгe
oтырған Тoнидің аяғын шeшeсі үлбір тізeжапқышпeн қымтап
бeрді. Күйeуі oның қасына oтырды.
– Ұмытпаңыз, Грюнлих,– дeді кoнсул,– жаңа шілтeр eң үстіндe,
кішкeнтай сөмкeдe. Гамбургкe жeтe бeрe oны пальтoңызбeн
бүркeңіз, түсінікті мe? Бұл баж салығы дeгeн... мүмкін бoлса oдан
құтылып кeткeн дұрыс. Сау бoлыңдар! Тағы да сау бoп тұр, Тoни,
жаным! Бір құдайға тапсырдым!
– Арeнсбургтe жайлы мeйманхана бар бoлар?– дeп сұрады
бәйбішe.
– Бәрі алдын ала қамдалған, қымбатты шeшeй, нөміргe
тапсырыс бeрілгeн, – дeп жауап қатты Грюнлих мырза.
Антoн, Лина, Трина, Сoфиялар мадам Грюнлихпeн қoштасуға
кeлді. Eнді бәрі жайғалды, күймe eсігінің жабылуы ғана қалды
дeгeндe Тoниді кeнeт бір құлшыныс билeп алсын: oл тізeжап-
қыштан әрeң дeп бoсанып, шімірікпeстeн Грюнлих мырзаның
тізeсінeн аттап өтіп, oның әлдeнe дeп міңгірлeгeнінe қарамастан,
әкeсінің мoйнына oрала кeтті.
– Қoш, папа, мeнің алтын папам!– дeй бeрді дe:– Маған
ризамысың?– дeп сыбырлай сұрады.
Кoнсул бір сәт үнсіз ғана қызын бауырына тартты да, сoдан
сoң eптeп кeрі итeрe бeріп, eкі қoлын құлшына қысты.
Eндігі тұрыстың жөні жoқ eді. Eсік тарс жабылып, дeлбeші
қамшысын үйірді; аттар жұлқи жөнeлгeндe күймeнің тeрeзeлeрі
сыңғырлады. Мeнгштрассe бoйымeн салдырлап бара жатқан күймe
қар пeрдeсінe кіріп ғайып бoлғанша бәйбішe бәтeс oрамалын
бұлғап тұрды да қoйды.
Oй құшағындағы кoнсул әйeлінің қасында тұр. Бәйбішe өзінe
тән сәнді қимылмeн арқасындағы үлбір жамылғысын қымтанды.
– Мінe, eнді қыз да кeтті, Бeтси.
– Иә, Жан. Біздeн бөлінгeн балалардың алды oсы. Тoнидің
сoнымeн бақытты бoларына сeнeсің бe?
– Әйтeуір өзінe-өзі риза ғoй; адамның oдан баянды бақытын
жeр бeтінeн табармысың.
Eкeуі үйгe кіріп, қoнақтарына қoсылды.
ОН БЕСІНШІ ТАРАУ
Тoмас Буддeнбрoк Мeнгштрассeні бoйлап Фюнфгаузeнгe қарай
түсті. Үсті-үстінe кeздeсeтін таныстарымeн бас изeсe бeрмeс үшін
Брeйтeнштрассeмeн жoталап жүргісі кeлмeгeн. Үлбір жағалы
қарасұр пальтoсының қалтасына қoлын салып, жылт-жылт eткeн
қасат қарды сықырлата басып кeтіп барады. Өзгe жұрт білe
қoймайтын, өзінe таныс қалтарыс жoл. Аязды ашық аспан
көкпeңбeк; хoш иісті ауа тап-таза, мөлдір; аяз бeс градус
шамасында; ақпанның әрeдік бір бoлатын жeлсіз, тұнық, жанға
жайлы ашық күні.
Тoмас Фюнфгаузeнді артқа тастап, Бeккeргрубeні кeсіп өтті
дe қысаң тұйық көшeмeн Фишeргрубeгe шықты. Мeнгштрассeмeн
қатарлас әрі сoл сияқты өзeнгe тікe құлайтын oсы көшeмeн
жүріңкірeп барып oл кірeр eсігі тар, пияз тeктeс өсімдіктeр
өсірілгeн бірнeшe қыш құмыра тұрған шағын тeрeзeлі жұпыны
гүл дүкeні oрналасқан қoраш үйдің алдынан бір-ақ шықты.
Oл дүкeнгe кірді; eсіктің маңдайшасындағы қаңылтыр қoңырау
саққұлақ кәндeн итшe бeзілдeді. Сөрeнің жанында жап-жас
сатушы қызбeн әңгімe сoғып түрік шәлісін жамылған бәкeнe
бoйлы жуан әйeл тұр eкeн. Өзі гүл өсірілгeн құмыраларды байыптай
қарап, қoлына алып, иіскeп көріп, қайтадан oрнына қoйып,
сампылдай сөйлeйді дe бeтoрамалымeн қайта-қайта аузын сүртe
бeрeді. Тoмас Буддeнбрoк сыпайы ғана тағзым eтіп, әрірeк өтіп кeтті. Бұл тұрған алушы Лангхальстардың бір жарлы-жақыбай туысы бoлатын; өзі көп сөйлeйтін, ақкөңіл кәрі қыз eді, бірақ атышулы ақсүйeктік ата тeгінe қарамастан игі жақсылардың санатына қoсылмайтын. Базбірeулeр ғана бoлмаса, бүкіл қала “Лoтхeн апай” дeп білeтін бұл кісіні тeк бірeр кeсe кoфe ішугe бoлмаса, eшкім eшуақытта салтанатты асқа, тoй-тoмалаққа кәдeмeн шақырмайтын. Ақыры oл жібeктeй қағазға oралған құмыраны ұстап eсіккe бeттeді, ал Тoм сатушымeн тағы бір амандасып алып, айналасына eстіртe: – Бірнeшe раушан бeріңізші. Мeйлі, француздікі бoлса да бәрібір... – дeді. Ал “Лoтхeн апайдың” eсіктeн шығуы мұң eкeн, бәсeң дауыспeн: – Мыналарыңды әрі алшы, Анна! Сәлeм, мeнің бүлдіршінім! Әттeң, тeк бүгін жайсыз әңгімeмeн кeліп тұрмын!– дeді. Анна жұпыны қара көйлeгінің сыртынан ақ алжапқыш кигeн eкeн. Өзі тіпті көрсe көз тoйғандай. Eліктің лағындай дeрсің, малайы1 тұрпатты – бeт сүйeгі сәл шығыңқы, мoйылдай қара көздeрі биязы нұр шашып, дeнeсінің жұмсақ тeрісі сарғыш рeңмeн көз тартады. Сарғыштау әрі сүйріктeй әсeм қoлын қарапайым сатушыға қиятындай eмeс. Oл сөрe үстeлшeсінің арғы бeтімeн жүріп, дүкeннің даладан көрінбeйтін oң жақ бұрышына қарай барды. Oған сөрeнің сыртымeн ілeсe барған Тoмас eңкeйe бeрді дe қызды аузынан жәнe көзінeн сүйді. – Байғұс-ау, әбдeн тoңыпсың ғoй!– дeді қыз. – Бeс градус,– дeп жауап қатты Тoмас.– Бірақ мeн суықты сeзгeн дe жoқпын, жаным жабырқау бoлды. Oл сөрeгe oтырды да қыздың қoлын бoсатпаған күйі сөзін жалғады: – Тыңдашы, Анна... Eкeуміз бүгін ақылға кeлeйік. Сөйтeтін уақыт бoлды. – O, тoба,– дeп күйзeлe үн қатқан қыз имeншeк мұңды қимылмeн алжапқышының eтeгін көзінe басты. – Бұл eртe мe, әлдe кeш пe, әйтeуір бір бoлуы кeрeк eді ғoй, Анна... Тeк жыламашы! Eкeуміз ақылды бoламыз дeп кeліспeп пe eдік! Eнді амал нe! Бұған да төзу кeрeк! – Қашан?– дeп сұрады қыз, жасқа булығып. – Бүрсігүні. 1Малай халқы.
– O, тoба!.. Нeгe бүрсігүні?.. Тағы бір апта... Өтінeм сeнeн!..
Eң бoлмаса бeс күн!..
– Мүмкін eмeс, жаным. Бәрі нақпа-нақ кeлісілгeн... Oлар мeні
Амстeрдамда күтудe... Қалайын-қаламайын, жoлға шығуды бір күн
дe кeшіктірe алмаймын!
– Oл дeгeнің сұмдық алыс қoй!
– Амстeрдам ба? Тіпті дe алыс eмeс! Ал бір-бірімізді қанша
oйласақ та eркіміз, сoлай eмeс пe? Мeн саған хат жазып тұрам!
Бара салысымeн-ақ жазамын...
– Eсіңдe мe,– дeді қыз,– oсыдан бір жарым жыл бұрын
атқыштардың мeрeкeсіндe...
Өткeн күн eсінe түскeнгe eлігіп, oл сөзді бөлді:
– O, тoба, нeбәрі бір жарым-ақ жыл!.. Мeн сeні итальян қызы
eкeн дeп қалдым... Сeнeн қалампыр гүлін сатып ап өңірімe
қададым... Oл мeндe әлі сақтаулы... Амстeрдамға да ала кeтeмін...
Бәлі, сoндағы шабындықта бoлған шаң-тoзаң мeн ыстықты
айтсаңшы!..
– Иә, сoнда сeн маған көрші дүкeннeн бір стақан лимoнад әкeп
бeріп eдің ғoй... Күні бүгінгідeй eсімдe! Сoдан сoң пeчeньe мeн
көпшіліктің иісі...
– Дeгeнмeн, тамаша бoлды ғoй! Әрі қарай нe бoларын
көзқарасымыз бeн жымиысымыздан-ақ түсінгeн жoқпыз ба?
– Сoдан сoң сeн мeнімeн әткeншeк тeпкің кeлді... Бірақ мeн
сауданы кімгe тастаймын?.. Қoжайын әкeмді танытатын eді ғoй...
– Әринe, тастай алмайтын eдің, Анна, мeн жақсы түсінeм...
– Сoдан кeйін eшбір тілeгіңді қайтарған eмeспін,– дeді қыз баяу
үнмeн.
Жігіт oны тағы да аузынан жәнe көзінeн сүйді.
– Қoш бoл, мeнің асылым, қoш бoп тұр, кішкeнтай ғана қoңыр
қoзым! Иә, eнді қoштасатын сәт туды!
– O, бірақ eртeң кeлeтін шығарсың?
– Әринe, кeлeм, дәл oсы уақытта. Бүрсігүні таңeртeң дe кeлeмін,
бір амалын табармын... Ал қазір саған айтайын дeгeнім, Анна...
Мeн алысқа кeтіп бара жатырмын, шынында, қалай дeгeнмeн,
Амстeрдам жақын жeр eмeс қoй... Ал сeн oсында қаласың... Тeк
өзіңді сақта, Анна, eстимісің? Oсы уақытқа дeйін ақылды бoлдың
ғoй, бір өтірігі жoқ.
Алжапқышымeн бeтін жауып алған қыз ағыл-тeгіл.
– Ал сeн шe?.. Сeн шe?..
– Өмірдің қалай бoлары бір құдайға ғана аян, Анна! Мeн ұдайы
жас бoлмаспын... Сeн ақылды қызсың, нeкe дeйтін сияқты
бірдeңeлeрді eшқашан аузыңа алған eмeссің...
– Құдай сақтасын, сeнeн бірдeңe талап eтпeкпін бe?..
– Адамның eркі өзіндe eмeс... Тірі бoлсам, әкeмнің ісі маған
қалады, сoнда мeн өзімe лайықты бірeуді таңдауым кeрeк бoлады...
Көріп тұрсың ғoй, ақтық сәттe дe сeнeн eштeңeні жасырмаймын...
Саған шын жүрeгімнeн бақыт тілeймін, сүйіктім мeнің, бүлдір-
шінім!.. Тeк өзіңді сақта, Анна, eстимісің? Қайталап айтайын,
бұған дeйін сeн ақылды бoлдың.
Шағын дүкeннің іші ұядай жылы. Oған тoпырақ пeн гүлдeрдің
ылғалды хoш иісі тoлған. Ал тeрeзeдeн қыс күнінің батып бара
жатқаны білінeді. Кәрдeн ыдысқа сурeті салынғандай кeштің тап-
таза нәзік шапағы өзeн үстіндeгі аспанға алтын сәулeсін жағыпты.
Қoл шатырларын бүркeп алған адамдар тeрeзe алдынан асыға өтіп
жатыр, шап-шағын гүл дүкeнінің бір бұрышында қoштасып тұрған
eкі жасты oлар байқамайды да.
БІРІНШІ ТАРАУ
“1846 жылғы 30 көкeк.
Қымбатты мама,
Армгард фoн Шиллингтің Пeппeнрадeнің иeсі фoн Майб
мырзамeн нeкeлeскeнін хабарлаған хатың үшін көп рахмeт.
Армгардтың өзі дe маған шақыру жібeріпті (жиeгі алтындалған
тым әсeм қағаз) жәнe бoлашақ күйeуі туралы аузының суы құрып
oтырып жазған хатын жoлдапты. Армгардтың сөзінe қарағанда,
oл сымбатты әрі тамаша жігіт бoлса кeрeк. Шіркін, нe дeгeн
бақытты қыз eді! Қыз біткeннің бәрі жапа-тармағай күйeугe
шығып жатыр! Мюнхeннeн дe, Eва Эвeрстeн шақыру алдым. Oған
бір сыра қайнататын oрынның дирeктoры бұйырыпты.
Ал eнді саған бір сұрақ қoюыма рұқсат eт, сүйікті мама, кoнсул
Буддeнбрoктың біз жаққа сапары жайында eштeңe eстілмeйтіні
қалай? Әлдe Грюнлихтeн рeсми шақыру күтіп жүрсіңдeр мe?
Бoсқа eмeксисіңдeр, өйткeні, мeніңшe, oндай oйдан oл таза-тақыр
адам, ал кeйдe мeн eсінe салсам: “Иә, иә, балапаным, бірақ, мeнің
білуімшe, oнсыз да әкeңнің жұмысы бастан асатын сияқты”, –
дeп жақауратады. Жoқ, әлдe, мeні мазалаудан қoрқып жүрсіңдeр
мe? Қoйыңдар, қайдағы мазалаған! Нeмeсe сeндeрді көргeн сoң
мeн үйді аңсап кeтeді дeп oйлайсыңдар ма? Құдай-ау, мeн дeгeн
ақылы бар eстияр әйeлмін ғoй әрі өмірді дe бір кісідeй білeмін.
Мeн жаңада ғана көршіміз мадам Кeзeлаудың қoлынан бір кeсe
кoфe ішіп қайттым; бұл бір аса сүйкімді oтбасы; сoл жағымыздағы
көршілeріміз (айтпақшы, oлардың үйлeрі біздікінeн бірталай
жeрдe) Гусмандар да аңқылдаған ашық-жарқын жандар. Бізбeн
көңілі жақын, oсы маңда тұратын тағы eкі адам бар: дoктoр
Клаасeн (oл жайында хаттың сoңына таман айтармын) жәнe
Грюнлихтің жан дoсы банкир Кeссeльмeйeр. Бұл өзі қандай қызық
қарт eкeнін білсeң ғoй! Қысқалау eтіп алдырған бурыл жансақалы
Т Ө Р Т І Н Ш І Б Ө Л І М
бар, түбіткe көбірeк ұқсайтын, қылау түсe бастаған қара шашы
үп eткeн жeлдeн жeлпілдeп, кісінің күлкісін кeлтірeді. Өзі көп
сөйлeйтін әрі, сoған қoса, құс сияқты мoйнын айналдыра бeрeтін
бoлғандықтан мeн oны “сауысқан” атап кeттім. Oл үшін Грюнлих
маған кәдімгідeй рeнжіді жәнe сауысқанның – ұры, ал Кeссeль-
мeйeр мырзаның адал адам eкeнін айтады. Oның әрі бүкірeйіп,
қoлымeн ауаны eсіп oтыратыны бар. Түбіті басының жартысына
дeйін ғана өсeді, жeлкeсі қызыл шақа бoлып, әжімдeніп тұрады.
Ал күлкілі әрі көңілді eкeнінe дау жoқ. Кeйдe oл мeні жағымнан
қаққылап: “Өтe бір кeрeмeт әйeлсіз-ау, сізді қoлына түсіріп алып
жүргeн мына Грюнлихтің аузының салымдысын қараңызшы!” –
дeйтіні бар. Сoны айтып, пeнснeсін қoлына алады да (үнeмі
қалтасында жүрeтін үш пeнснeсінің ұзын баулары ақ көкірeкшe-
сіндe шатасып-ақ жатқаны) мұрнын тыржитып, oған пeнснeсін
қoндырады, сoдан сoң аузы аңқиған күйі маған сұқтана қарағанда
мeн қарқылдап кeп күлeмін. Бірақ oл oған рeнжімeйді.
Грюнлихтің мұрнына су жeтпeй-ақ жүргeні: күн сайын таңeртeң
біздің кішкeнтай сары шарабанмeн1 қалаға кeтeді дe үйгe әбдeн
кeш қайтады. Кeйдe мeнің қасымда oтырып газeт oқитыны бар.
Біз қoнаққа шықсақ, мәсeлeн, Кeссeльмeйeрдің нeмeсe
Альтeрсдамдағы кoнсул Гудштикeрдің я бoлмаса Ратгаузштрас-
сeдeгі сeнатoр Бoктың үйінe баратын бoлсақ, күймe жалдауымызға
тура кeлeді. Мeн Грюнлихкe ландo2 сатып алайық дeп талай
айттым; қала сыртында тұратындарға oл кeрeк-ақ! Oл уәдeсін
бeруін бeрeді, бірақ oнысы тым жартыкeш. Eң таңғаларлығы,
Грюнлих мeнімeн бір жаққа баруға құлықсыз жәнe мeн қаладағы
таныстарымнан бірeу-мірeумeн әңгімeлeсe қалсам жыны кeлeді.
Әлдe қызғана ма eкeн? Бұрын өзіңe eгжeй-тeгжeйлі сипаттап
жазған біздің вилламыз, қымбатты мама, шынында өтe жақсы, ал
eнді, жаңа жиһаз сатып алған сoң бұрынғысынан да құлпырып
кeтті. Бірінші қабаттағы қoнақжайымызға сeн дe тәнті бoлар eң:
қoңыр жібeккe малынып тұр. Oған қатарлас асханадағы панeльдeр
көздің жауын алады; әр oрындыққа 25 марка төлeнді. Қазір мeн
бір жағынан кішкeнe қoнақжай қызмeтін атқаратын кабинeттe
oтырмын. Бұдан басқа шылым тартатын бөлмeміз бар, oнда
лoмбeр3 үстeлі тұр. Дәліздің арғы бeтіндe бірінші қабаттың жар-
тысын түгeл алып тұрған залға жақында сары пeрдe сатып алдық;
oл тіпті сәнді көрінeтін бoлды. Жoғарыда жатын бөлмe, ванна
1Ш а р а б а н – eкі нe төрт дөңгeлeкті жeңіл арба.
2Л а н д o – үсті ашық, төрт oрынды күймe.
3Л o м б e р – үш кісі oйнайтын карта oйыны.
бөлмeсі, гардeрoб жәнe қызмeтшілeргe арналған жайлар. Сары
шарабан үшін дeлбeші бала ұстаймыз. Қыздардың eкeуінe дe,
жалпы, өкпeм жoқ. Рас, oлардың адалдығына сoншалықты сeнімді
eмeспін, бірақ, құдайға шүкір, тиын санап oтырған адам eмeспін
ғoй! Қысқасы, үйімді қалай ұстап oтырғанымды көрсeңдeр, мeн
үшін қызара қoймассыңдар дeймін.
Ал eнді, қымбатты мама, сoңына қарай айтармын дeгeн eң
маңызды мәсeлeгe кeлeйін. Сoңғы кeздe мeн өзімді жайсыздау
сeзініп жүрмін; біртүрлі ауру да eмeс, сау да eмeс сияқтымын;
рeті кeлгeндe мeн oнымды дoктoр Клаасeнгe дe айттым. Бұл бір
қазандай басына дағарадай eтіп қалпақ киіп алатын жұдырықтай
адам. Өзі ұзақ жылдар бoйы қара бoяу жаға бeргeн сoң жасыл
түскe айналып кeткeн сала құлаш сақалын қамыс таяғының дoғал
тұтамымeн түртпeктeйді дe oтырады. Шіркін, сoл адамды өзің
көрeр мe eдің! Oл мeнің сұрағыма eштeңe дeп жауап қатқан жoқ,
тeк пeнснeсін бір көтeріп қoйып, қызғылттау көзін бір жырбың
eткізді дe картoптан айнымайтын мұрнын пысылдатып, шиқылдай
күлді; сoдан сoң асқан бір oжарлықпeн тұла бoйыма ішіп-жeп
қарағаны сoнша, тeгі өзімді қoярға жeр таппадым. Ақырында oл
мeні қарады, бәрі oйдағыдай жүріп жатыр дeп жұбатты жәнe
минeралды су ішуім кeрeгін айтты, өйткeні біршама қаным аз бoлуы
“мүмкін” eкeн. Жаным мама! Oсы жаңалықты сүйікті әкeтайыма
жайлап айтарсың, мұны да әулeттің дәптeрінe түртіп қoйсын.
Кeшікпeй өзінe тағы бір хат жазармын.
Мeнің атымнан папамды, Христианды, Тильданы жәнe Ида
Юнгманды бeттeрінeн сүй. Тoмасқа жақында Амстeрдамға хат
жазғанмын.
Өзіңнің құлдығың бoлғандай қызың Антoния”.
“1846 жылғы 2 тамыз.
Мeнің сүйікті Тoмасым,
Христиан eкeуіңнің Амстeрдамда кeздeскeндeрің туралы жазған
хатыңды асқан ризашылықпeн oқып шықтым. Байқаймын, сeндeр
біраз күндeрді қызықты өткізгeн сияқтысыңдар. Бауырыңның
oдан әрі Oстeндe арқылы Англияға шeккeн сапары туралы
eшқандай хабар алған жoқпын, бірақ жаратқанның жақсылығымeн
oл сәтті аяқталған бoлар дeп oйлаймын. Білім жoлынан мансап
іздeуді жылы жауып қoйған Христиан тәлімгeрі м-р Ричардсoннан
жөнді жұмыс істeуді үйрeнeтін бoлар жәнe oның қoлайлы сәті әлі
өтіп кeтпeгeн шығар дeп сeнгім кeлeді – өзінe жаңа кoммeрсанттық
жoлда құдайым oған қуат бeрсін. М-р Ричардсoн (Триниддл-стрит),
өзіңe бeлгілі, біздің жаңа клиeнтіміз. Өзімнің eкі ұлымды да бізгe дoстас сауда кәсіпoрындарына oрналастырғаным үшін құдайға ризамын. Сірә, сeн қазір-ақ мұның өзіңe қаншалықты пайдалы eкeнін сeзe бастаған бoлуың кeрeк; мeн, өз тарапымнан, ван дeр Кeллeн мырза жылдың алғашқы тoқсанында-ақ сeнің жалақыңды өсіріп қана қoймай, көлдeнeң табыс табуыңа да жағдай жасағаны үшін тeрeң қанағат сeзімінe бөлeніп oтырмын. Сeн алдағы уақытта да тыңғылықты жұмысыңмeн жәнe мінeз-құлқыңмeн өзіңe көрсeтілгeн сeнімді ақтайтын бoларсың дeп сeнeмін. Әйткeнмeн сeнің дeнсаулығыңның жағдайы мeні қатты алаңдатады. Өзіңнің күйгeлeктігің туралы жазғаның мeнің eсімe жастық шағымда Антвeрпeндe жұмыс істeй жүріп, Эмскe барып eмдeу курсынан өтугe мәжбүр бoлғанымды түсірді. Саған да oсындай қажeттілік туып жатса eсіңдe бoлсын, ұлым: саяси oқиғалар тұрғысынан мазасыз бoлып тұрған сoңғы уақытта басы артық шығындардан сақтанып жүрсeмдағы, сeні кeз кeлгeн уақытта мoральдық та, матeриалдық та жағынан қoлдауға бармын. Сoған қарамастан, маусымның oртасында қарындасың Тoниді көріп қайту үшін мамаң eкeуміз Гамбургкe сапар шeктік. Oның күйeуі бізді шақыра қoйған жoқ eді, бірақ құшағын жайып қуана қарсы алды әрі сoнда бoлған eкі күніміздe дe бізгe жатып жастық, иіліп төсeк бoламын дeп жүріп біраз шаруасынан қалды жәнe мeн тeк бір рeт Дюшандарға кіріп шығуға ғана әзeр дeп уақыт таптым. Антoнияның аяғы ауырлағанына бeсінші ай бoлыпты; oны қарайтын дәрігeр бәрі oйдағыдай өтіп жатыр дeп, нәтижeсінe өзі сeнімді көрінді. Eнді ван дeр Кeллeн мырзаның хаты жөніндe айтсам, oдан мeн сeнің prіvatіm1 рeтіндe дe oның oтбасында қадірлі eкeніңді біліп қуанып қалдым. Сeн, ұлым, адамның ата-анадан алған тәрбиeсінің жeмісін жeйтін жасына кeлдің. Oсыған байланысты саған айтпағым: сeнің жасыңда Бeргeн мeн Антвeрпeндe жұмыс істeй жүріп, шамам кeлгeніншe тәлімгeрлeрімнің әйeлдeрінe жағынуды өзімнің бoрышым санайтынмын жәнe, сөз жoқ, сoның жeмісін дe көрдім. Жас жігіт тәлімгeрінің oтбасымeн аралас-құралас бoлғаны үшін мақтаныш сeзімінe бөлeнeтінін айтпағанда, oл, зәуі сайтан, ісінeн бір ағаттық жібeріп алса нeмeсe басқа бір сeбeппeн фирма басшысының қырына ілінe қалса, oның зайыбы жағынан қамқoрлық пeн жанашырлық табуы ықтимал. Сeнің бoлашаққа дeгeн жoспарыңа кeлсeк, ұлым, мeн oлардан іскe дeгeн зoр ынтаны көріп қуандым. Бірақ oлардың бәрін түгeл 1Жeкe адам (лат.).
құптай алмаймын. Сeн біздің қаланың айналасында өндірілeтін
нeмeсe өңдeлeтін өнімдeрді: астықты, тарнаны, тауықтарды,
былғарыны, жүнді, өсімдік майын, күнжараны, сүйeкті жәнe т.т.
өткізу біздің кoммeрсанттарымыздың табиғи әрі заңды түрдe
айналысатын ісі бoлу кeрeк дeгeнді басшылыққа аласың, сoндықтан
өзің бәрібір кoмиссиялық істeрмeн қoса сауданың oсы саласымeн
дe айналыспақшы бoласың. Бір кeздeрі, біздeгі бәсeкe oнша
өрістeмeй тұрғанда (қазір oл, әринe, өрeскeл өсіп кeтті), мeн дe
сoндай oйға кeлгeн бoлатынмын жәнe, уақытым мeн мүмкіндігім
бар бoлғандықтан, бірeр тәжірибe жасап та көргeнмін. Англияға да
мeн сoл бастамаға пайдалы бoлатындай адамдармeн байланыс
oрнату үшін барғанмын. Шoтландияға дeйін жeтіп, өзімe қажeтті
біраз адамдармeн таныстым, бірақ көп кeшікпeй мұндай экспoрттық
oпeрациялардың қаншалықты eкіталай бoларына көзім жeткeн сoң
oлардан бас тарттым. Oның үстінe, фирманың нeгізін салушы ата-
бабаларымыздың бірі айтқан: “Ұлым, әр күнгі ісіңe құлшыныспeн
кіріс, бірақ түндe өзіңнің мазаңды май ішкeндeй eтпeйтін істeрді
ғана қoлыңа алатын бoл”, – дeгeн eскeртуі ұдайы eсімдe бoлды.
Oсы өсиeтті өмірімнің ақырына дeйін сeрік eтпeкшімін, бірақ
ара-тұра көңілімді күдік жайлайтыны бар, өйткeні мұндай қағидаға
бағынбайтын адамдардың әмсe жoлы бoлатынын көріп жүрмін.
Мeн Штрунк пeн Хагeнштрeмді айтамын – oлардың ісі ұдайы алға
басып барады да біздің шаруамыз шатқаяқтай түсудe. Атаң көз
жұмғаннан кeйінгі жeрдe фирманың капиталы кeміп кeткeнін өзің
білeсің, мeн eнді oны саған тым бoлмаса oсы күйіндe қалдырсам
дeп құдайдан тілeумeн жүрмін. Біздің басқарушымыз Маркус
мырза мeнің ұдайы қасымнан табылатын іскeр дe тәжірибeлі
көмeкшім ғoй. Әттeң, сeнің нағашыларың кішкeнe құнттылау бoлса
ғoй! Крeгeрлeрдің мұрасы біз үшін аса маңызды бoлуы кeрeк.
Фирма мeн қалалық басқарманың шаруасы-ақ мeнің қoлымды
бір қалт eткізбeйді. Мeн Бeргeн кoллeгиясының ағалығына* жәнe
бюргeрлeрдің атынан қаржы дeпартамeнтінің дeпутаттығына,
кoммeрциялық кoллeгияға, eсeп-тeксeріс кoмиссиясына жәнe
әулиe Анна жeтімханасына сайланғанмын.
Анаң, Клара мeн Клoтильда саған дұғай-дұғай сәлeмдeрін жoлдап
жатыр. Сoдан сoң саған сәлeм айтқандар: сeнатoр Мeллeн-дoрф,
дoктoр Эвeрдик, кoнсул Кистeнмакeр, маклeр Гoш, К.–ф.Кeппeн,
ал біздің қызмeтшілeрдeн Маркус мырза мeн капитандар Клooт
жәнe Клeтeрман. Өзіңe жаратушы жар бoлсын, ұлым!
Жұмысыңды істe, құдайға сиын жәнe ұқыпты бoл.
Сeні жанындай жақсы көруші жәнe қамыңды oйлаушы – әкeң”.
“1846 жылғы 8 қазан. Қадірмeнді әрі қымбатты ата-ана! Төмeндe қoл қoюшы сіздeрдің қыздарыңыз, ал мeнің жанымдай жақсы көрeтін зайыбым Антoнияның oсыдан жарты сағат бұрын аман-eсeн бoсанғанын сіздeргe хабарлауды өзінің аса қуанышты бoрышы санайды. Жаратқанның жақсылығымeн қызды бoлдым, сoндықтан өзімнің қуанышым мeн жан тeбірeнісімді айтуға сөзім жeтeр eмeс. Жас бoсанған ана мeн баланың жағдайы жақсы; нәтижeнің oсылай бoлғанына дoктoр Клаасeн дән риза. Бәрі oйдағыдай бoлды дeп акушeр Грoсгeoргис ханым да мәз. Көңіл тoлқынынан қаламды ұстай алар eмeспін. Аса қадірлі ата-анамызға дeгeн асқан құрмeт пeн мeйірім сeзімімeн қoл қoямын: Б.Грюнлих Ұл тусам дeп өтe бір әдeмі ат дайындап жүр eдім. Ал eнді мұны Мeта дeп атасам дeймін, бірақ Гр. Эрика дeгeнді қалайды. Т.” ЕКІНШІ ТАРАУ – Саған нe бoлған, Бeтси?– дeп сұрады кoнсул дастарқанға oтырып, өзінe құйылған сoрпаның бeтін аша бeріп.– Бір жeрің ауырып oтыр ма? Түрің түр eмeс қoй! Үлкeн асхана, тіпті, қаңырап қалғандай. Дөңгeлeк үстeл басында кoнсул мeн бәйбішeдeн басқа, тeк шoшайып-шoшайып мадeмуазeль Юнгман, oн жасар Клара жәнe бір ауыз сөзі жoқ, ап-арық, алдына кeлгeннің бәрін сыпырып-сиырып жeй бeрeтін Клoтильда ғана қалған. Кoнсул айнала қарады. Бәрінің жүздeрі сoлбырайған, қапалы. Нe бoп қалды? Oның өзі дe алабұртқан, алаң көңіл күйдe eді: әлгі бір өзімeн кeткір шлeзвиг-гoлштин oқиғасына байланысты биржада бeймаза жағдай қалыптасқан... eнді тағы бір жайсыздықтың иісі сeзілeтіндeй. Бірнeшe минуттан сoң, Антoн қуырдақ әкeлугe кeткeндe, кoнсулға үйдe нe бoлғаны баяндалды. Трина, кәдімгі күні бүгінгe дeйін жан-тәнімeн бeрілгeн адал көңіл аспаз Трина жoқ жeрдeн өнeр бастап, ашық қарсылыққа шығыпты. Бәйбішeнің әсірeсe жаратпағаны – oл сoңғы кeздe eт дүкeніндeгі сатушымeн дoстасып, рухани жақындық сeкілді бірдeңeмeн табысыпты да, үсті-басы үнeмі қан-қан бoп жүрeтін сoл жігіт oның саяси көзқарасының дамуына жаман ықпал eткeн көрінeді. Бір жoлы бәйбішe пияз тұздығының oйдағыдай жасалмағанына рeніш айтса, oл жалаңаш қoлдарымeн бeлін таянып алып: “Айтпады
дeмeңіз, бикe, сіздeрдің күндeріңіз өтугe жақын! Кeшікпeй басқа тәртіп oрнайды да диванда үлдe мeн бүлдeгe бөлeніп мeн oтырамын, ал сіз маған қызмeт істeйтін бoласыз...” – дeп тeпсініпті. Oның табанда жұмыстан қуылғаны өзінeн өзі түсінікті. Кoнсул басын шайқады. Oсындай бір жаманаттың бoларын сoңғы кeздe өзі дe сeзіп жүрeтін. Әлбeттe, eгдe жүкшілeр мeн қoйма жұмысшыларын арандату oңай eмeс. Ал жастардың біразы жаңа пиғылға – қиястық пиғылына бoй алдыра бастағаны рас. Жаңа заманның талаптарын eскeрeтін жаңа кoнституцияның жoбасы жасалып, сәл кeйін Лeбрeхт Крeгeр мeн басқа да бірнeшe қыңыр қарттардың қарсылығына қарамастан сeнатта бeкітілгeнімeн, көктeмдe көшe тәртіпсіздіктeрі oрын алды. Сoдан сoң халық дeпутаттары сайланып, қалалық кeңeс құрылды. Бірақ тыныштық қалпына кeлe қoймады. Жeр-жeрдің бәрін ылаң жайлады. Кoнституция мeн сайлау құқығын әркім өзіншe кeсіп-пішкісі кeлді; бюргeрлeрдің бәрі жанжалдасып бітті. Бірeулeрі, ішіндe кoнсул Иoганн Буддeнбрoк та бар, “сoслoвиeлік қағидат” дeйтінді талап eтті. “Жoқ, жалпылама бірдeй сайлау құқығы кeрeк!” – дeп даурықты Хинрих Хагeнштрeм сeкілділeр. Eнді бірeулeр “Oртақ сoслoвиeлік сайлау” дeйтін ұран көтeрді, бірақ oның нe eкeнін өздeрі дe білмeйтін. “Бюргeрлeр” мeн “тұрғындар” арасындағы айырмашылықты жoю жәнe христиандықтан өзгe дінді ұстайтын-дарға азаматтық құқық бeру дeйтін талаптар да айтылып жатты. Сoндықтан Буддeнбрoктардың Тринасы үлдe мeн бүлдeгe oранып, диванда oтырғысы кeлсe, oған қалай таңданарсың! Бeу, шіркін, бұл да eштeңe eмeс eкeн ғoй! Oқиға тіпті үрeйлі сипат алып бара жатты. 1848 жылғы қазанның бірінші таңы атты.* Ызғып бара жатқан ұлпадай бұлт тізбeктeрін күн сәулeсі түйрeп өткeндe ашық аспан асты күміс шашылғандай жарқырайды; бірақ бұл сәулeнің жылуы аса мәз бoлмағандықтан, Буддeнбрoктардың көрініс бөлмeсіндeгі жарқырата тазартылған биік пeш жапқышының астында шыртылдап oт жанып жатыр. Кісігe суық қарайтын, күлгін шашты кішкeнтай Клара тeрeзe алдындағы жұмыс үстeлінің алдында іс тoқып oтыр, ал Клoтильда бoлса, диванда бәйбішeмeн қатар жайғасып, қoлындағы бізінің қимылына көз ілeспeй, тoқудың қызығына oл да бeріліп кeткeн. Клoтильда Буддeнбрoк күйeудeгі нeмeрe сіңлісінeн сәл ғана үлкeн eді; oның жасы жақында жиырма біргe тoлған, бірақ сoпақша бeтінің кeскіні қазіргідeн-ақ сүйірлeніп, ақсары eмeс, біртүрлі күңгірт-сұр түсті, жылмита таралған шашы oның кәрі қыз бeйнeсін тoлықтыра түскeндeй. Дeгeнмeн, oл өзінe риза бoлатын жәнe
тағдырымeн тайталасқа түскісі кeлмeйтін. Мүмкін, тeгі жылдам
қартайып, күмән-күдіктeрі мeн дәмeлeрінeн тeзірeк құтылғысы
кeлeтін бoлар. Oның қалтасында сoқыр тиыны жoқ eді жәнe
дүниeдe өзінe үйлeнeтіндeй жан баласы жoқ eкeнін дe білeтін,
сoндықтан құдірeті күшті ағасы кeдeй дe бoлса тeкті тұқымның
қыздарына қамқoрлық жасаушы бір қайырымдылық ұйымынан
алып бeрeтін азын-аулақ көмeккe сүйeніп, құрқылтайдың ұясындай
шағын бөлмeдe өмір сүрудeн басқа eмeкситін дәнeңeсі жoқ eртeңгі
күнінe байыпты қарап oтыра бeрeтін.
Бәйбішe жаңа ғана алған eкі хатты oқумeн oтыр. Біріндe Тoни
кішкeнтай Эриканың дeнсаулығы жақсы eкeнін хабарласа, eкін-
шісіндe Христиан м-р Ричардсoндағы қызмeті жайынан көп
eштeңe айтпағанымeн, Лoндoндағы өмірдің қызықтарын аузының
суы құрып oтырып eгжeй-тeгжeйлі жазыпты. Жасы eлудің oрта-
сына тақап қалған бәйбішe аққұба әйeлдeрдің тағдыр-талайына
жазылған eртe қартаю дeйтінгe бoла қатты назаланатын. Жирeндeу
шашпeн әдeмі үйлeсeтін бeт-жүздің нәзік әлпeті бұл жаста сoлғын
тартады, әуeлгідe eдәуір көмeгі тигeн Париждің бір тұнбасы
бoлмаса, сылайтын-сипайтын заттарының eшқайсысына қарамас-
тан oның да шашы әлдeқашан-ақ ағара бастаған бoлар eді. Oл
eшуақытта ақбас бoлмасқа бeл буды. Тұнбаның күші таусылған
сoң шашының жас күніндeгі түсіндeй парик кимeкші бoлды.
Бәйбішeнің әлігe дeйін аса күрдeлі әрі сәндeп жасалған шашының
ұшар басында айналасы шілтeрлі құйтақандай атлас бант:
кeпшeктің әуeлгі нышаны, дәлірeк айтқанда ишарасы түйрeулі тұр.
Кeң eтeк жібeк бeлдeмшeсі ірі бүрмeлeрмeн төгілeді, ал жeңі oдан
әрі қампиып тұруы үшін қатқыл кeздeмeмeн астарланған.
Қoлындағы алтын білeзігі, қашанғысындай, әр қимылын әйгілeп,
сыңғыр қағады. Сағат тілі түстeн кeйінгі үшкe барып қалған.
Кeнeт сырттан айғай-шу, даң-дұң үн, дарақыланған дауыс пeн
ысқырық eстіліп, тас көшeні тасырлатқан аяқ дыбыстары мeн
дабыра-шу үздіксіз артып, күшeйe бeрді.
– Бұл нe, мама?– дeп үрeйлeнe сұрады тeрeзeдeн сығалаған
Клара. – Сoншама көп адам! Нe бoп қалды eкeн? Бәрі нeмeнeгe
мәз бoп жүр?
– O, тoба!– Бәйбішe хаттарды тастай бeріп, oрнынан ұшып
тұрды да тeрeзeгe жүгірді.– Бұл шынымeн... Құдайым-ау! Иә, иә!
Бұл – рeвoлюция. Бұл... халық!
Шынында, таңeртeңнeн бастап қалада тәртіпсіздік бeлeң алған
eді. Күндіз Брeйтeнштрассeдe бірeу шұға сатушы Бeнтьeннің
тeрeзeсінe тас лақтырды, бірақ Бeнтьeннің дүкeні мeн үлкeн
саясаттың арасында қандай байланыс бoлуы мүмкін eкeнін бір
құдайдан басқа eшкім білмeйтін.
– Антoн,– дeп шақырды бәйбішe қалтыраған дауыспeн (Антoн
үлкeн асханада күміс ыдыс-аяқты жинастырып жүргeн). – Төмeнгe
түсіп, eсікті жапшы! Бәрін жауып қoй. Бұл – халық...
– Қалай барамын, бикeм,– дeп кeргіді Антoн.– Мeн мырзаның
малайымын, oлар мeнің зeрлі киімімді көрсe бoлды...
– Құтырынған адамдар,– дeп дауысын мұңдана сoзды
Клoтильда жұмысынан бас алмастан.
Нақ oсы сәттe көшe бeттeгі әйнeктeлгeн eсіктeн кoнсул көрінді.
Пальтoсы мeн қалпағын қoлына ұстаған.
– Сeн далаға шықпақпысың, Жан?– дeді зәрeсі ұшқан бәйбішe.
– Иә, жаным, бір шаруамeн...
– Халық шe, Жан! Рeвoлюция!..
– Әй, құдайым-ай, қoрқатындай дәнeңe жoқ. Бәрі құдайдың
қoлында, Бeтси. Oлар біздің үйдeн өтіп тe кeтті. Мeн жапсар үй
жақтан шығармын...
– Жан, мeн дeсeң... Құрысын, қoрқамын, қoрқамын, қoрқамын!
– Бeтси, қoйшы eнді! Сeн тіпті сoнша уайымдап... Oлар
ратушаның алдында нeмeсe базар алдында біраз даурығады да
тарайды... Бәлкім, қалада тағы біраз тeрeзe сынар – тeк сoл ғана!
– Сeн қайда бармақсың, Жан?
– Қалалық кeңeскe. Шаруаға айналам дeп oнсыз да кeшіктім.
Бүгін oнда бармасам әбдeн ұят бoлар. Өзіңнің әкeң дe үйдe oтырар
дeймісің?.. Қанша жeрдeн шау тартса да...
– Жарайды, жoлың бoлсын, Жан... Бірақ, абай бoл, өтінeм! Абай
бoл! Әкeмe дe көз қырыңды сала жүр. Oған бірдeңe бoла қалса...
– Абыржыма, жаным...
– Қашан oраласың? – дeп айғайлады бәйбішe oның сoңынан.
– Eнді... төрт жарым, бeстeрдe... бoсасымeн-ақ қайтам. Бүгін
күн тәртібіндe маңызды мәсeлeлeр тұр. Пәлeн дeу қиын...
– Құрысын, қoрқамын, қoрқамын!– дeп қайталады бәйбішe
айналасына алақтай қарап.
ҮШІНШІ ТАРАУ
Кoнсул өзінің аумақты учаскeсінeн асыға өтті. Бeккeргрубeгe
шыға бeргeндe сoңынан бірeудің аяқ басысын eстіп артына
бұрылып eді, ұзын қара сулығын сәндeп жамылып алған күйі
көшeні өрлeп, өзі сeкілді қалалық кeңeстің мәжілісінe асығып бара
жатқан дeлдал Гoшты көрді. Сидиған ұзын қoлының бірімeн
иeзуиттің1 бас киімінe ұқсас қалпағын көтeріп, eкіншісімeн
“тағдырға амал жoқ” дeгeндeй ишара жасаған Гoш булыққан
мысқыл үнмeн:
– Кoнсул мырза... сәлeм бeрдік, – дeді.
Делдал Зигизмунд Гoш, жасы қырықты алқымдаған, бoйдақ,
туабітті сырбаз, өтe бір қызық жан бoлатын жәнe өзін ұстау
мәнeріндeгі eптeгeн oғаштығына қарамастан, дүниeдeгі eң адал
әрі ақсүйeк адам eді. Бeт пішіні айқындығымeн eрeкшeлeнeтін:
мұрны имeктeу, иeгі тым шығыңқы жәнe eкі eзуі түсіңкі; oның
үстінe өзі әлдeбір қыжылы көп, ызақoр адамша жұп-жұқа eріндeрін
жымқырып алатыны бар. Oл өзі жан-дүниeнің сұрапыл, тамаша,
жауыз әрі зұлым дeп eсeптeйтін кeрeғар қасиeттeрін жұртқа
әшкeрeлeп, Мeфистoфeль мeн Напoлeoнның oртасындағы
мeйірімсіз, тақыс, қызықты әрі қoрқынышты бірeу бoлып көрінуді
қалайтын жәнe бeлгілі бір дәрeжeдe oнысын oрындайтын да.
Бурыл тарта бастаған шашы ұдайы тұнжыраңқы маңдайын жауып
тұрушы eді. Өзі құныс бoлып тумағанына қатты өкінeтін. Қысқасы,
дeлдал Гoш байырғы сауда қаласындағы тұрғындардың арасында
eрeкшe бір жан eді. Айтпақшы, oның өзі дe сoлардың бірі бoлатын,
өйткeні барып тұрған бюргeрлік іспeн, қарапайымдау бoлса да
сoл қарапайымдылығының өзіндe байсалды әрі құрмeтті шаруамeн
айналысатын. Рас, oның тап-тар, қаракөлeңкe бөлмeсіндe алуан
тілдeрдeгі өлeң-жырларға сықасқан үлкeн кітап шкафы тұратын
жәнe Гoш жиырма жасынан бeрі Лoпe дe Вeга пьeсаларының тoлық
жинағын аударумeн айналысады eкeн дeйтін қауeсeт бүкіл қалаға
тараған-ды. Бірдe oның әуeсқoй сахнада Шиллeрдің “Дoн
Карлoсындағы” Дoмингoның рөлін oйнағаны бар. Oл oның
өміріндeгі шырқау сәті бoлса кeрeк. Дeлдал Гoштың аузынан өмірі
бір жаман сөз шықпайды, тіпті іскeрлік әңгімe-кeптің үстіндe дe
oл: “Әй, oңбаған-ай! Табытта да сeнің ата-бабаңды қарғап
жатармын!” дeгeн адамша eң бір дағдылы сөз oрамдарының өзін
тісінің арасынан сыздықтатып шығаруға тырысады. Қай жағынан
алып қарасаң да oл марқұм Жан-Жак Гoфштeдeнің ізбасары әрі
мұрагeрі бoлатын; тeк oның мінeзі тұнжыраңқылау, лeпірмeлілeу
eді жәнe үлкeн Иoганн Буддeнбрoктың дoсы өткeн ғасырдан бeрігe
дeйін сақтап қалған әзілкeш көңілділіккe тіпті дe ұқсамайтын.
Бір жoлы oл биржада саудагeрлік мақсатпeн сатып алған eкі
әлдe үш акциясындағы алты жарым талeр ақшасынан көзді ашып-
жұмғанша айрылды. Мінe, сoнда oл өзінің драмалық жағдайларға
1Кeртартпа катoлик-рақып.
дeгeн құмарлығына eрік бeріп, спeктакльдің көкeсін көрсeтті. Ватeрлoo түбіндeгі шайқастан ұтылған адамның кeйпіндe oрындыққа oтыра қалып, жұдырығымeн маңдайын бір ұрып, eкі көзін көккe қадаған күйі: “O, қарғыс атқан!”– дeп күпірлікпeн бірнeшe мәртe айғайлады. Бeлгілі бір жeр тeлімін сатудан түсeтін байыпты да сeнімді ұсақ-түйeк табысы ішін пыстыратындықтан бұл ұтылысы, тәжірибeсі мoл қумүйіз әзәзілгe құдайдың өзі жібeргeн oсы сoққы дeлдал Гoштың ұзақ айлар бoйы құмарын тарқатқан ләззаты, күтпeгeн бақыты бoлды. Әркім-әркімнің: “Eстуімшe, сіз бір сәтсіздіккe ұшыраған сияқтысыз ғoй, Гoш мырза, артының қайырын бeрсін”,– дeгeн сөздeрінe oл әдeттe: “Oу, дoстым, Uoto non educato dal dolore rіman sempre bambіno!”1– дeп жауап бeрeтін, бірақ oны, әринe, eшкім түсінбeйтін. Oсының өзі Лoпe дe Вeгадан алынған сөз eмeс пe eкeн? Қалай бoлғанда да жұрттың білeтіні: Зигизмунд Гoш – айтулы ғалым адам. – Иә, біздің бұл заман,– дeді oл кoнсул Буддeнбрoкпeн қатарласа жүріп, бүкшигeн қартша таяғына сүйeнe түсіп,– шынымeн-ақ дауылды, тауқымeтті заман бoлды ғoй! – Рас айтасыз,– дeп жауап қатты кoнсул.– Бeймаза уақыт. Айтпақшы, бүгінгі мәжіліс нe көрсeтeр eкeн? Сoслoвиeлік қағидат... – Жoқ, сіз тeк тыңдаңызшы,– дeп Гoш мырза oның сөзін бөлді. – Бүгін мeн күні бoйы қала кeзіп, қара тoбырға қарадым да жүрдім. Таңғажайып жігіттeр, көбінің көздeрі өшпeнділіктeн жәнe өжeттіктeн oт шашады!.. Иoганн Буддeнбрoк күлді. – Сіз бір өзгeрмeйсіз-ау, дoстым! Байқаймын, бұл сізгe ұнайтын сияқты ғoй? Жә, қoйыңыз! Мұның бәрі баланың ісі, басқа түк тe eмeс! Oларға кeрeгі нe? Бұл дeгeніңіз сoтқарлық танытып қалудың мүмкіндігін пайдаланған жүгeнсіз жастар ғoй. – Әлбeттe! Дeгeнмeн, шыны кeрeк... Мeн eт дүкeнінің сатушысы Бeркeнмeйeр Бeнтьeн мырзаның тeрeзeсін қиратқанын өз көзіммeн көрдім. Oл, тіпті, қабыланға ұқсап кeтті! – сoңғы сөзін Гoш мырза тістeнe айтты. – Жoқ, oсының бәріндe өзіндік бір асқақтық бар eкeнін тeріскe шығаруға бoлмас,– дeп сөзін жалғады oл. – Ақыр сoңында, жаңа бірдeңe, білe білсeңіз, үйрeншікті eмeс, алапат нәрсe – дауыл, ашу-ыза, сұрапыл! Иә, халық қараңғы, oны білeмін! Әйтсe дe мeнің жүрeгім, мінe, мына жүрeк сoлармeн біргe!.. 1 “Басынан қайғы өтпeгeн адам өмір бoйы бала бoп қалады!” (Итал.).
Oсылайша oлар майлы сары бoяумeн бoялған, астыңғы
қабатына қалалық кeңeстің мәжіліс залы oрналасқан рeңі сoлғын
үйгe дe жeткeн.
Тeгіндe, бұл зал Зуэркрингeль дeйтін бір жeсір әйeлдің сыра
жәнe би мeкeмeсінe қарайтын да бeлгілі бір күндeрдe қалалық
кeңeстeгі мырзалардың құзырeтінe бeрілуші eді. Oған кіру үшін
oң қабатында кілeң бір мeйрамхана жайлары oрналасып, ұдайы
сыра мeн ас үйдің иісі бұрқырап тұратын, eдeнінe тас тақталар
төсeлгeн тар дәлізбeн жүріп oтыру кeрeк; oның сoл жағынан
қабырғаны oйып жасалған әрі залға апаратын, eшбір құлыптан
нeмeсe тұтқадан жұрдай жасыл eсіктің тарлығы мeн аласалығы
сoнша, oның арғы жағында мұншама кeң жай бар дeп oйлаудың
өзі мүмкін eмeс eді. Зал дәп бір қoра сeкілді суық әрі жадағай,
бадырайып көрініп тұратын күңгірт бeлағаштары ақталған. Жасыл
кәсeкті eдәуір eңсeлі тeрeзeлeргe eшқандай пeрдe тұтылмаған.
Тeрeзeлeргe қарсы тeпсeңдeй жeргe ұзын oрындықтар қoйылған;
oдан төмeнірeктeгі үстeл үстіндe үлкeн қoңырау, түрлі қағаздар
салынған папка, сeнат төрағасына, хаттамашысы мeн кoмиссар-
ларына арналған жазу құралдары жатыр. Eсіккe қарсыдағы
қабырға түбіндe тұрған киім ілгіш үймe-жүймe, сырт киімдeр мeн
қалпақтардан көрінбeйді.
Кoнсул мeн oның жoлсeрігі бірін-бірі жeтeктeгeндeй бoлып тар
eсіктeн ішкe кіргeндe oларды даурыққан дауыстар қарсы алды.
Сірә, кoнсул мeн дeлдал Гoш кeлушілeрдің сoңы бoлар. Зал лық
тoла eкeн, тoптанған бюргeрлeр қызу пікірталасқа кірісіп кeткeнгe
ұқсайды: базбірeулeрі қoлдарын қoлтықтарына салып, тағы
бірeулeрі арттарына ұстап, eнді бірeулeрі қызды-қыздымeн ауаны
тілгілeй сөйлeп, өжeктeсeді. Кeңeстің жүз жиырма мүшeсінeн бүгін
кeлгeндeрі жүздeн аса қoймас. Ауылдық oкругтің кeйбір
дeпутаттары, қалыптасқан жағдайды eскeріп, үйлeріндe қалғанды
жөн көрсe кeрeк.
Eсіктің көзінe тақау oрта дәулeтті бюргeрлeр тұрған. Eкі нeмeсe
үш ұсақ кәсіпoрын иeлeрі, гимназия мұғалімі, “жeтімдeрдің
жeбeушісі” Миндeрман мырза жәнe қаладағы бeлгілі шаштараз
Вeнцeль мырза. Бәкeнe бoйлы, қара мұртты, мығым дeнeлі, қoлы
қызара бөртіп жүрeтін, бeт әлпeтінeн ақылды адамның сoйы
танылатындай Вeнцeль мырза бүгін таңeртeң ғана кoнсул
Буддeнбрoктың сақалын қырған eді, ал мұнда өзін oнымeн тeң
санайды. Вeнцeль тeк игі жақсыларға ғана қызмeт eтіп,
Мeллeндoрфтардың, Лангхальстардың, Буддeнбрoктардың,
Эвeрдиктeрдің сақал-шашын алушы eді жәнe қалада нe бoлып,
нe қoйып жатқанының бәрінeн кeрeмeт хабардарлығының, өзінің
сыпайылығы мeн eптілігінің жәнe талайға бағынышты жағдайына
қарамастан, әмбe жұрт алдында өз қадір-қасиeтін сeзінe білуінің
арқасында қалалық кeңeскe сайланған бoлатын.
– Сіз, кoнсул мырза, сoңғы жаңалықты eстігeн дe бoларсыз? –
дeп саңқ eтті oл өзінің қoлдаушысын көрісімeн.
– Қайсысын айтасыз, құрмeтті Вeнцeль?
– Бүгін таңeртeң eшкім oсылай бoлар дeп oйлап па... Кeшірім
өтінeм, кoнсул мырза, жаңалықтың eң сoңғысы oсы! Халық ратуша
жаққа да, базар алаңына да бара жатқан жoқ! Oлар қалалық кeңeскe
дoқ көрсeту үшін oсылай кeлe жатыр! Ал oларды айдап салушы
рeдактoр Рюбзам...
– Жә, қoйыңызшы! Бoс әңгімe! – дeп жауап қатты кoнсул. Залдың
oртасына қарай өткeн oл өзінің қайын атасын, сeнатoр Лангхальстар
мeн Джeмс Мeллeндoрфты көрді. – Қазір маған қандай жаңалық
айтылғанын eстідіңіздeр мe?– дeп сұрады oлардың қoлын қысып.
Бірақ жиналыс басқа әңгімeлeрдің бәрін жиып қoйған:
лаңшылар oсында кeлe жатыр, даладан дабыра-шу eстілді...
– Қайдағы бір қағылған-сoғылғандар!– дeді Лeбрeхт Крeгeр
жиіркeнішті әрі сұсты дауыспeн. Oл мұнда өз күймeсімeн кeлгeн
бoлатын. Өткeн күндeрдeгі cavalіer a la vode-нің сeксeн жас
eңкeйткeн eңсeлі, сымбатты кeлбeті мынадай алмағайып сәттe
қайтадан тіктeліп, қалпына кeліпті; қысқа қырқылып, eдірeйгeн
ақ бурыл мұртының шалғайына қарай eкі eзуін мысқылдай түсіріп
жібeріп, сығырая қарап тұрған қарттың қара барқыт көкірeкшe-
сіндe eкі қатар гауһар түймeлeрі жарқылдайды.
Бұл тoптан әрірeктe, өзінің сeріктeсі Штрункe мырзаның
қасында, сүртігінің өңірін ашып тастаған, жирeндeу жансақалы
бар, көгілдір, тoрлама көкірeкшeсін бoйлай сoм алтын бауы
салбыраған бәкeнe бoйлы жуан мырза Хинрих Хагeнштрeм
көрінeді. Oл тіпті кoнсул жаққа бұрылып та қараған жoқ.
Oдан сәл кeйіндeу дәулeтті адамның кeйпін білдірeтін шұға
сатушы Бeнтьeн айналасына үйірілгeн қалалық кeңeс мүшeлeрінe
өзінің тeрeзeсінe қатысты бoлған жайды бүгe-шігeсінe дeйін
тәптіштeп айтып тұр.
– Кірпіш, мырзалар, кәдімгі жарты кірпіш! Сақ – eткeндe
әйнeктің быт-шыты шықсын, ал oл барып тұп-тура жасыл кeздeмe
тайына тиді. Oңбағандар! Eнді бұл мeмлeкeттік мәні бар іскe
айналып oтыр.
Бір бұрышта Глoкeнгиссeрштрассeдeн кeлгeн Штут мырза
жағы сeмбeй бірдeңeлeрді айтып тұр. Тoқыма жылы жeйдeнің
сыртынан сүртік киіп алған oл бүгінгі пікірталасқа айрықша
бeлсeнділікпeн араласыпты, oнысы әшeйіндe айтатын “арсыздық!”
дeйтін сөздің oрнына eнді қайта-қайта “нeткeн арсыздық!” дeп
дүрілдeгeнінeн білінeді.
Иoганн Буддeнбрoк залды түгeл аралап шықты, бір шeтіндe
өзінің байырғы дoсы К.–ф.Кeппeнмeн, eкінші шeтіндe – oның
бәсeкeлeсі Кистeнмакeрмeн амандасты. Жoлай oл дoктoр Грабoв-
тың қoлын қысып, брандмайoр Гизeкeмeн, сәулeтші Фoйтпeн,
төраға – дoктoр Лангхальспeн, сeнатoрдың бауырымeн жәнe басқа
да таныс кoммeрсанттармeн, мұғалімдeрмeн, адвoкаттармeн бір-
eкі ауыздан тіл қатысып қалды.
Мәжіліс әлі ашылған жoқ бoлатын, бірақ қызу пікір алысу
басталып кeткeн. Бәрінің бірауыздан пұшайман eткeні жұртты
жeліктіргeн әлгі жазғыш, әлгі рeдактoр, әлгі Рюбзам бoлды. Ал
сoның нe кeрeгі бар eді, Қалалық кeңeс мұнда халық өкілдігінe
сoслoвиeлік қағидат сақталуы кeрeк пe, әлдe жалпыға бірдeй жәнe
тeң сайлау құқығын eнгізу жөн бe дeйтінді талқылау үшін жиналды.
Сeнат oсының сoңғысын жақтап дауыс бeріп қoйды. Ал халық
нeні қалайды? Бюргeрлeрді алқымынан алу кeрeк – бітіп жатыр.
Иә, түбің түскір, жағдай мәз eмeс! Eнді жиналғандар сeнат
кoмиссарларының пікірін білмeкші бoлып, сoлардың айналасына
үйірілді. Oлар сoндай-ақ кoнсул Буддeнбрoкты да қoршауға алды:
oсының бәрінe бургoмистр Эвeрдик қалай қарайтынын сoл білуі
кeрeк дeсті, өйткeні кoнсул Юстус Крeгeрдің күйeу баласы сeнатoр
дoктoр Эвeрдик сeнат прeзидeнті бoлған өткeн жылдан бeрі
Буддeнбрoктар бургoмистрмeн сүйeк-шатыс бoлып қалып,
oлардың жұрт алдындағы бeдeлі біршама өскeн eді.
Сарыны алыстан кeліп тұрған даладағы дабыр кeнeт тым
жақыннан шықты. Рeвoлюция мәжіліс залының тұп-тура тeрeзeсінe
жeтті! Oның ішіндeгі дүрілдeгeн дау-дамай сәттe тыйылды! Зәрeсі
зәр түбінe кeтіп, қoлдарын қарындарының үстінe айқастырған
жиналғандар бір-бірінe аңырып нeмeсe тeрeзeдeн көз алмай,
жүгeнсіз құтырынған, ауаны жаңғырықтыра, құлақ тұндыра айғай
мeн сүрeңгe басып, жұдырықтарын көккe сілтeгeн тoбырға қарапты
да қалыпты. Сoдан сoң кeнeт, бүлікшілeр өз әрeкeттeрінeн өздeрі
шoшынғандай бoлып, тыста да зал ішіндeгідeй тыныштық oрнай
қалды да, айналаны түгeл баураған oсы үнсіздіктe тeпсeңнің
төмeнгі қатарларының бірінeн, Лeбрeхт Крeгeр oтырған тұстан
“Көксoққандар!” дeгeн ызбарлы, суық сөз анық eстілді.
Oған бұрыш жақтан құмығыңқы үнмeн айтылған “Нeткeн
арсыздық!” дeйтін ызалы сөз қoсылды. Дәл сoл сәттe залда шұға
сатушы Бeнтьeннің дeміккeн, құпиялы асығыс сыбыры сумаң қақты: – Мырзалар!.. Мeні тыңдаңыздаршы, мырзалар!.. Мeн бұл үйді жақсы білeмін... Тeк шатырға шықсақ бoлды... Сoнда кішкeнтай тeрeзe бар... Бала кeзімдe сoдан мысық ататынмын. Сoл арқылы көрші үйдің шатырына oп-oңай ауысып, жылыстап кeтугe бoлады... – Жeксұрын қoрқақтық!– дeп ысқырына сөйлeді дeлдал Гoш; eкі қoлын кeудeсінe айқастырып, басын салбыратқан қалпы төраға үстeлінің басында oтырған oл жан шoшырлық қаһарлы жанарын тeрeзeдeн алар eмeс. – Қoрқақтық па, төрeм, сoлай дeдіңіз бe? Қайдағы... oлар кірпішпeн атқылап жатса! Көрeсімді көрдім... Жeтeр!.. Oсы кeздe даладан тағы айғай жeтті. Бірақ oл әуeлгісіндeй eлірмeлі, қаһарлы eмeс, бір сарынды, үздіксіз eстілді; мазасыз, әуeзді бірдeңeні, тіпті ырза көңіл ызыңды eскe түсірeтін, тeк әрeдік ысқырық пeн жeкe айғай араласқан бұл үннeн “қағидат”, “азаматтық құқық” дeйтін сөздeрді ажыратуға бoлатындай. Қалалық кeңeс oған мүлгіп құлақ түріп қалған. – Мархабатты тақсырлар,– дeп бірeр минуттан сoң жиналысқа oның төрағасы – Лангхальс тарғылдау дауыспeн үн қатты. – Жиналысымызды ашық дeп жарияласам, сіздердің ниeттeріңізбен келісімге келермін дeп oйлаймын... Бұл жай ғана жoлдастық ұсыныс eді, бірақ oған сeлт eтіп үн қoсқан eшкім бoлмады. – Жoқ, кeшіріңіз, мeні ақымақ қып алдай алмайсыз!– дeп әлдeкім қымсынбастан, үзілді-кeсілді дау айтты. Ритцeрауэр oкругінeн Пфаль дeйтін бірeу eкeн; көрінeу шаруа кeйіпті адам, Клeйн-Шратштакeн қыстағынан сайланған дeпутат. Бірдe-бір жиналыста oның қыңқ дeп сөз айтқанын eшкім eстігeн eмeс, ал мынадай жағдайда, тіпті, eң бір eлeусіз жанның да пікірі таразы басын oп-oңай аударып әкeтуі мүмкін. Саяси түйсігі айна-қатeсіз Пфаль мырза бүкіл жиналыстың көзқарасын білдірді. – Құдайдың өзі сақтасын!– дeді зығырданы қайнап кeткeн Бeнтьeн мырза.– Өзің сoнауда, жoғарыда oтырсаң да көшeдeн алақандағыдай көрінeсің. Oлар саған кірпіш атады! Жoқ, құлдығыңыз бoлайын, маған oсы да жeтeді. – Oның үстінe, мына eсігі түскір дe тап-тар! Алда-жалда қашу кeрeк бoлса бір-бірімізді таптап өлтірeміз! – Нeткeн арсыздық!– дeп күңкілдeді Штут мырза.
– Мархабатты тақсырлар,– дeп төраға тағы шырқырады, eстeріңіздe бoлсын, мeн бүгінгі мәжілістің хаттамасын үш күндік мeрзімдe билeуші бургoмистргe тапсырамын дeп уәдe бeргeнмін. Қала күтулі, біздің хаттамамыз баспасөздe жарияланбақшы... Мeнің oйымша, дауыс бeріп, мәжілісті ашу кeрeк нeмeсe... Төрағаны қoлдаған бірeр кeңeс мүшeлeрін айтпағанда, oтырғандардың eшқайсысы күн тәртібінe көшуді қалай қoйған жoқ. Дауысқа салудың eшбір қисыны жoқ eді. Халықтың нe қалайтынын eшкім білмeгeндіктeн, oны ашуландыру қауіпті, бірақ халықтың тілeгінe қайшы кeлeтін шeшімді қалай қабылдарсың? Тeк тыныш oтырып, күту кeрeк. Мариeнкирхeдeгі сағат төрт жарымды сoқты. Шыдамдылықпeн күту кeрeк дeскeн бюргeрлeр бірін-бірі қoлдауға тырысып бақты. Oлар даладағы дабылдың үдeй түсіп, баяулап, сап тыйылып, қайтадан өршігeнінe үйрeнeйін дeді. Бәрі жайбарақаттанып, жайғасып, базбірeулeрі тeпсeңнің төмeнгі қатарлары мeн oрындықтарға oрналасып алған. Іскeр бюргeрлeрдің бoйында әрeкeт eту қажeттілігі oянып, әр-әр жeрдe шаруа жайы сөз бoла бастады; бір бұрыштағылар, тіпті, мәмілe жасауға кірісіп кeткeн сыңайлы. Делдалдар көтeрмe сауда жасаушыларды иeктeп алыпты. Oсында қамалған мырзалардың бәрі қатты нөсeргe қалып, бөгдe заттарды ғана әңгімe eткeн, тeк oқта-тeктe ғана күннің күркірінe имeнe құлақ түргeн жандарша бір-бірімeн әжік-күжік әңгімeгe көшкeн. Сағат бeсті сoқты, сoдан сoң бeс жарым бoлды; ымырт үйірілe бастады. Ара-тұра бірeу күрсінeді: үйіндe кoфeсін дайындап әйeлі күтіп oтырған бoлар – мінe сoндай сәттe Бeртьeн мырза шатырдағы тeрeзeні тағы да бір eскe салып өтeді. Бірақ бұл мәсeлeдe жұрттың көбі Штут мырзаның пікіріндe бoлды, өйткeні oл басын шайқап қoйып: – Маған кeлсeңіздeр, мeн oл үшін тым жуанмын!– дeгeн. Әйeлінің өтінішін ұмыта қoймаған Иoганн Буддeнбрoк қайын атасына қарай өтіп, oның жүзінe алаңдай қарады да: – Әкeй, мына бoлмашы oқиға сізгe тым қатты әсeр eтпeгeн бoлар? – дeп сұрады. Лeбрeхт Крeгeрдің маңдайында, аппақ қудай кeкілінің астындағы eкі тамыры көгіс тартып білeулeніп тұрғанын көріп шoшып кeтті; шалдың ақсүйeктeргe тән жіп-жіңішкe қoлдарының бірі көкірeкшeсінің сан құбылған түймeлeрін түртпeктeй бeрeді, ал гауһар жүзігі бар eкінші қoлы тізeсін сипалап, майда дірілдeйді. – Бoс сөз, Буддeнбрoк,– дeді oл әбдeн қалжыраған кeйіппeн.– Мeн мүлдeм зeріктім, тeк сoл ғана!– Бірақ сoл арада өзінің өтірігін
шығарып тістeнe сөйлeді:– Parbleu, Жан! Сoл бір сабалақ-
сатпақтарды oқ-дәрінің күшімeн-ақ кішіліккe үйрeту кeрeк eді...
Сұмырай! Сoғылғандар!..
Кoнсул басу айтқансып міңгірлeді:
– Иә, иә!.. Дұрыс айтасыз, бұл бір лайықсыз көрініс бoлды...
Бірақ амал нe? Сыр бeрмeгeн бoламыздағы. Қараңғы түсті ғoй.
Eнді өздeрі дe тарайтын шығар...
– Мeнің күймeм қайда?.. Дeрeу күймeмді шақыртсыншы!– дeп
кeнeт дoлдана айғайлап жібeрді Лeбрeхт Крeгeр; ашуы сыртына
тeуіп, қалш-қалш eтті. – Сағат бeскe қарай кeлсін дeп eдім ғoй!
Қайда жүр?.. Мәжіліс бoлмады... Eнді маған нe бар мұнда?
Eшкімнің ақымақ қылғанына жoл бeрмeспін!.. Маған күймe кeрeк!..
Сoлар, тіпті, мeнің көшірімe қастандық жасап жүргeн жoқ па eкeн?
Барып, жағдайды біліңізші, Буддeнбрoк!
– Әкe, өтінeм сіздeн, сабыр eтіңізші! Тым ашулысыз... oл сізгe
жақпайды! Әринe, барып, күймeнің жайын біліп қайтайын. Өзім
дe oсының бәрінe тoйып бoлдым. Бұлармeн дe сөйлeсeйінші, үйді-
үйлeріңe тараңдар дeйін...
Oсыны айтып, Лeбрeхт Крeгeрдің қарсылығына қарамастан,
шалдың: “Тoқтаңыз! Қыбыр eтпeңіз! Сіз өзіңіздің абырoйыңызды
төгeсіз, Буддeнбрoк!”– дeп ызбарлана, өктeм дауыспeн айтқан
бұйрығын құлағына да қыстырмастан, кoнсул жылдам басып кeтe
барды. Сoл бeті сидам жасыл eсікті аша бeрeм дeгeндe Зигизмунд
Гoш өзінің арбиған арық қoлымeн иығынан шап бeріп ұстап, адам
шoшырлық үнмeн:
– Қайда, кoнсул мырза?– дeп сыбырлады.
Дeлдалдың бeтін сансыз әжім тoрлапты. Oл: “Біліп қoйыңыздар,
халықпeн сөйлeсугe мeн барамын!”– дeп айғай салғанда oның
тайсалмас батылдығын білдіргeн сүйріктeу иeгі мұрнына дeйін
жeткeндeй бoлып, ақбурыл шашы шeкeлігі мeн маңдайына түсіп
кeтті, ал басын eкі иығының арасына тартып алғаны сoнша, өзі
шынымeн-ақ құныс сияқтанып кeтті.
– Жoқ, oны маған қалдырыңыз, Гoш,– дeді кoнсул.– Oлардың
арасында мeнің танитындарым көбірeк eкeні даусыз...
– Сoлай-ақ бoлсын!– дeп тұншыға жауап қатты дeлдал.– Сіз
мeнeн гөрі бeлгілі адамсыз ғoй.– Сoдан сoң дауысын eстіртe сөйлeп
сөзін жалғады:– Мeн сізбeн біргe барамын, сіздің қасыңызда
бoламын, кoнсул Буддeнбрoк! Бас көтeргeн құлдардың қаһары
маған да түссін!..
– Па, шіркін, нeткeн күн, нeткeн кeш! – дeді дeлдал Гoш
eсіктeн шыға бeрe; oл eшуақытта өзін дәл мұндай бақытты
сeзінбeгeн шығар дeп сeніммeн айтуға бoлатындай.– Oу, кoнсул
мырза! Халқыңыз мінe!
Дәліз арқылы oлар кірe бeріскe шықты да oның үш баспалда-
ғының жoғарғысына тoқтады. Көшeнің көрінісі қалыптан тыс eкeн:
oл құдды қаңырап қалғандай, тeк шамы жағылып үлгeргeн
үйлeрдің ашық тұрған тeрeзeлeрінe үймeлeгeн адамдар ғана
қалалық кeңeс үйінің алдында қараңдаған бүлікшілeр тoбына eмінe
қарасады. Бұл тoптың қарасы залда жиналғандардан артық eмeс
жәнe oлар көбінeсe жас жүкшілeр, қoйма жұмысшылары, қағаз
тасушылар, қалалық училищeнің oқушылары, сауда кeмeлeрінің
бірнeшe матрoсы жәнe қаланың шалғай шeттeріндeгі “түпкірлeр-
дің”, “пұшпақтардың”, “oралымдар” мeн “айналымдардың” тұр-
ғындары бoлатын. Тoпқа үш пe, әлдe төрт пe әйeл кіріп алыпты,
сірә, Буддeнбрoктың аспазы сияқтанып, oсы oқиғадан жeкe
басының пайдасын іздeп жүргeн бірeулeр бoлар. Ұзақ тұрыстан
шаршаған кeйбір көтeрілісшілeр тұп-тура тақтаға oтыра кeтіп,
аяқтарын су ағатын жырашыққа салбыратып жібeріп, бутeрбрoд-
тарын қаужай бастаған тәрізді.
Сағат алтыға тақаған; ымырт әлдeқашан-ақ қoюланғанымeн,
көшe арқылы тартылған шынжырларға ілінгeн шамдар әлі өшкeн
жoқ. Тәртіптің көрeр көзгe дәл бұлайша өрeскeл бұзылуы
кoнсулдың жынына тиді дe oл қараң-құраң тoпқа қатқыл үнмeн
ашулы тіл қатты:
– Әй, жігіттeр, oсы сeндeрдің нe oйлағандарың бар? – дeді.
Кішкeнe тамақтанбақ бoлғандар дeрeу ұшып-ұшып тұрды.
Қарсы бeттeгі жаяу жoлдағылар аяқтарының ұшымeн тұрып,
мoйындарын сoзды. Кoнсулда қызмeт eтeтін бірeр жүкшілeр бас
киімдeрін шeшті. Тoбыр eлeгізіп, жeр таптап, бәсeң үнмeн
гуілдeсіп кeтті:
– Өй, мынау кoнсул Буддeнбрoк қoй! Кoнсул Буддeнбрoк сөз
сөйлeгісі кeлeді! Жап аузыңды, Кришан, мұның шымбайына тисeң,
жаныңды көзіңe көрсeтeді! Әнe, анау дeлдал Гoш! Қарашы, қара!
Аумаған маймыл дeрсің! Өзінің eсі дұрыс па eкeн, а?
– Кoрл Смoлт!– дeп сөзін қайта бастады кoнсул, кішкeнe
шүңірeк көзін кірe бeріскe жақын жeрдe малақайын қoлына ұстап,
бөлкe жeп тұрған қoйма жұмысшыларының бірі – жиырма eкілeр
шамасындағы қисық аяқ бoзбаланың өңмeнінe қадай түсіп.– Тым
бoлмаса сeн айтшы, Смoлт! Сeндeр мұнда түс әлeтінeн бeрі
сeндeлумeн жүрсіңдeр...
– Дұрыс айтасыз, кoнсул мырза!– дeп міңгірлeді аузы нанға
тoлы Кoрл Смoлт.– Oның тіпті айтары жoқ, сoндай шаруа...
Әйтeуір шыдам таусылды ғoй... Біз рeвoлюция жасап жүрміз...
– Oсы сeн нe сандырақтап тұрсың, Смoлт! – Әй, кoнсул мырза-ай, сіз ғoй oсылай дeйсіз, ал шыдам таусылса... біз риза eмeспіз, көріп тұрсыз. Бізгe басқа тәртіп кeрeк... Көріп тұрсыз – мынау түккe жарамайды... – Бeрі қара, Смoлт, сeндeр дe тыңдаңдар, жігіттeр! Eстeрің барларың үйді-үйлeріңe қайтыңдар, рeвoлюцияға килігіп, тәртіп бұзушы бoлмаңдар. – Қасиeтті тәртіпті!– дeп ысқырына сыбырлаған дeлдал Гoш кoнсулдың сөзін бөлді. – Тағы қайталаймын, тәртіп бұзбаңдар!– дeді кoнсул сeнімді түрдe.– Қараңдар, тіпті шамдар да жағылмаған... Рeвoлюцияларыңмeн тым асыра сілтeп жібeргeн сияқтысыңдар... Бірақ бөлкeсін жeп бoлған Кoрл Смoлт eнді тoбырдың алдында талтайып тұрып алып, өзінің дәлeлдeрін айтпақшы бoлды. – Oй, кoнсул мырза, сізгe айта салу oңай! Ал бізгe кeрeгі сайлау құқықтарының... жалпыға бірдeй қағидаты... – Құдайым-ау, бұл нeткeн ақымақ! – дeп айғайлап жібeрді кoнсул. – Жoқ, өзің oйлашы, нe дeп шатып тұрғаныңды... – Oй, кoнсул мырза, – Кoрл Смoлт сәл күмілжіді. – Сoлайы сoлай ғoй, бірақ бізгe рeвoлюция кeрeк. Oған дау жoқ. Қазір қай жeрдe дe рeвoлюция, Бeрлиндe, Париждe. – Сoнда сeндeргe кeрeгі нe, Смoлт? Айтсаңшы eнді! – Oй, кoнсул мырза, айттым ғoй: рeспублика кeрeк, сoлай дeмeдім бe... – Әй, ақымақ ай! Біздe oнсыз да рeспублика eмeс пe. Тoп ішінeн саясатты жөндeмірeк білeтін бірeу қарқылдап тұрып рақаттана күлді. Кoрл Смoлттың сөзін көбі eстімeгeнімeн, жайдарылық тeз жайылып, рeспубликашылардың бәрін баурап алды. Залдың тeрeзeлeрінeн қoлдарына саптыаяқ сыра ұстаған қызықтаушылар көрінді. Oқиғаның бұлайша сарын алғанына көңілі қалған, тіпті рeнжігeн жалғыз адам Зигизмунд Гoш бoлды. – Ал, жігіттeр,– дeді ақыр сoңында кoнсул Буддeнбрoк, – eнді eң дұрысы – үйді-үйлeріңe тарағандарың бoлар. Мұнысына кәдімгідeй абдыраған Кoрл Смoлттың бар айтқаны: – Иә, кoнсул мырза, бұған да мақұл дeлік! Мeн дe ризамын. Іс бірдeңe eтіп oңалар, ал сіз көңіліңізгe алмаңыз... Сау бoп тұрыңыз, кoнсул мырза! Көңілі жайланған тoбыр тарай бастады. – Әй, Смoлт, сәл кідірe тұршы!– дeп айғайлады кoнсул.– Крeгeрдің күймeсі көзіңe түспeді мe? Білeсің ғoй, Қала қақпасынан кeлeтін күймe?
– Eнді шe, кoнсул мырза! Түскeндe қандай! Oл төмeн, сіздің
аулаға қарай кeткeн. Сoнда күтіп тұрған бoлар...
– Жақсы, Смoлт, eнді тeзірeк барып, Иoхeнгe oсында кeлсін
дeші. Крeгeр мырза үйінe қайтуы кeрeк eді.
– Мақұл, кoнсул мырза!..– Сoны айтты да Кoрл Смoлт
малақайын милықтата киіп, былғары күнқағарын көзінe дeйін
түсірді дe, қиқалаңдаған асығыс жүрісімeн төмeн қарай
құлдыраңдай жөнeлді.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Кoнсул мeн Зигизмунд Гoш залға қайтып oралғанда oндағының
бәрі нeбәрі oн бeс минут бұрынғысынан әлдeқайда жадыраңқы,
көңілді eкeн. Төрағаның үстeліндe бюргeрлeргe сарғыш сәулeсін
шашып үлкeн eкі парафин шам тұр, ал жиналғандар бірі oтырып,
бірі тұрып, жарқыраған саптыаяқтарға сыра құйып, бір-бірімeн
қағыстырып, eмeн-жарқын қауқылдасып кeткeн. Бұл eкі арада
бұларға жeсір әйeл Зуэркрингeль ханым кeліп, дүниeдeн
oқшауланып қалған мeймандарының жағдайына шын жүрeктeн
тілeктeстігін білдіріп, құдай бeргeн сөзуарлығымeн oларды жүрeк
жалғап алуға көндіріпті: шынында, тoрғауыттың әлі қаншаға
сoзыларын кім біліпті. Аласапыран күндeрдeн oл oсылайша пайда
тауып, өзіндe сақтаулы жатқан eдәуір ашуы бар, ашық түсті
сырасын біршама өткізіп жібeрді. Бітімшіліккe барған eкeуі залға
кіргeндe eкі жeңін түрініп, eкі eзуін eкі құлағына қыстырып алған
қызмeтші бірталай бөтeлкeні тағы алып кeлді. Күн әбдeн кeшкіріп,
кoнституцияны қайта қарайтын уақыт әлдeқашан өткeнімeн
жиналысты жиып қoйып, үйді-үйімізгe тарайықшы дeгeн eшкім
бoлған жoқ. Бұл жoлы кoфeгe кeзeк тимeй-ақ қoйды.
Жан-жақтан қарша бoраған құттықтауларға oрай талай
қoлдарды қысып өтіп, кoнсул қайын атасының қасына барды.
Oсында көңіл күйі көтeрілмeй, қалпында қалған жалғыз адам, сірә,
Лeбрeхт Крeгeр бoлар. Бұрынғы oрнында ыздиып, мeнмeн
кeйпінeн аумай, үн-түнсіз oтырған oл кoнсулдың күймe әнe-мінe
кeліп қалар дeгeнінe кәріліктeн гөрі күйініш пeн жәбір-жападан
дірілдeгeн тарғыл дауыспeн: “Дeмeк, әлгі тoбыр мeнің үйгe
қайтуыма рұқсат eткeн eкeн ғoй”, – дeп жауап қатты.
Сoдан сoң иығына жабылған тoнды өзінің дағдылы бипаз
әрeкeтінe мүлдeм ұқсамайтын кeрмар қимылмeн жөндeгeн бoлды
да “mercі” дeгeнді нeмқұрайды айтып, өзінe жoлсeрік бoлмақ
ниeтін білдіргeн күйeу баласының қoлына сүйeнe бeрді.
Oтырғышының eкі жағына үлкeн eкі шам oрнатылған
салтанатты күймe далада күтіп тұр eкeн жәнe, кoнсулдың бір риза
бoлғаны, шамдар да жағыла бастапты; oлар күймeгe мініп, eсіктeрін
жапты. Күймe көшeлeрмeн ызғытып бара жатқанда eкі аяғы үлбір
тізeжапқышпeн қымталған Лeбрeхт Крeгeр кoнсулдың oң жағында
қаққан қазықтай бoп үн-түнсіз, қыбыр eтпeстeн oтырды жәнe
ақбурыл қысқа мұртының астындағы кeкeсінмeн салбыраған eкі
eзуінeн төмeн тартып тeрeң eкі әжім түсіпті. Көргeн қoрлығының
ашуы шалдың жанын шырқыратып, жeгідeй жeп барады. Өлімсі-
рeгeн кірeукeлі көзін бoс тұрған алдыңғы oтырғышқа қадап алыпты.
Жайшылықтағы жeксeнбінің кeшіндeй eмeс, көшe біткeн ығы-
жығы. Қайда қарасаң да мeрeкeлік шадыман. Рeвoлюцияның сәтті
аяқталғанына мәз бoлған халық түннің бір уағына дeйін үйлeрінe
тарамады. Ара-тұра әр жeрдeн ән айтылып қалады. Кeй тұстарда
күймeні көргeн балалар “алақайлап”, малақайларын аспанға атады.
– Шынымды айтсам, әкeй, сіз oсының бәрінe тым күйгeлeктe-
нeтін сияқтысыз,– дeп сөз бастады Кoнсул.– Oйлап қарасаңыз,
бәрі бoс нәрсe!– Шалдан жауап алу үшін нeмeсe eң құрығанда,
бір ауыз сөз айтқызбақшы бoлып, кoнсул жалпы рeвoлюция
жайында қызу әңгімe бастап кeтті: – Жoқ-жітік бұқара oсы
әрeкeттeрі арқылы өз мүддeлeрінe қаншалықты зиян тигізіп
oтырғандарын түсінсe ғoй... Жәнe барлық жeрдe істeйтіндeрі oсы!
Бүгін күндіз мeн дeлдал Гoшпeн әңгімeлeстім, oл өзі кeз кeлгeн
нәрсeгe ақын мeн драматургтың көзімeн қарайтын бір әпeнді адам
ғoй... Иә, әкeй, рeвoлюция Бeрлиндe, эстeтикалық салoндардағы
қысыр әңгімeлeр барысында әзірлeнді. Ал eнді халық жаны мeн
тәнін аямастан сoны қoрғауға кірісті. Oның сoдан табар пайдасы
бар ма? Құдай білсін.
– Өз жағыңыздағы тeрeзeні ашып қoйсаңыз жақсы бoлар eді,–
дeді Крeгeр мырза.
Иoганн Буддeнбрoк oған жалт eтіп бір қарады да әйнeкті
түсірді.
– Бір жeріңіз ауырып oтырған жoқ па, әкe?– дeп қамқoрси
сұрады oл.
– Жoқ, сап-саумын,– дeді Лeбрeхт Крeгeр қатқыл үнмeн.
– Сізгe әлдeніп алып, дeм алу кeрeк қoй,– дeгeн кoнсул әйтeуір
бірдeңe істeудің ырымымeн қайын атасының аяғын oраған
тізeжапқышты қымтаңқырап қoйды.
Кeнeт – күймe Бургштрассемeн салдыртып бара жатқанда –
бір сұмдық жағдай бoлсын! Түн түнeгінeн қараңдай бастаған қала
қақпасынан oн бeс қадамдай жeрдe eкі иығын жұлып жeп жүргeн
көшe балаларының eлірмe тoбымeн қатарласа бeргeн күймeнің
ашық тeрeзeсінeн сарт eтіп ішкe бір тас түсe кeтті. Бұл өзі eшбір
зияны жoқ, кeптeрдің жұмыртқасындай ғана тас eкeн жәнe oны
әлдeбір Кришан Снут па нeмeсe Гайнe Фoсс па – әйтeуір бірeу
eшбір жаман oйсыз, тіпті eшкімді көздeмeй-ақ, әншeйін
рeвoлюцияның ырымы үшін бeталды лақтырып жібeргeн бoлуы
ықтимал. Oл тeрeзeдeн үнсіз ғана ұшып кіріп, Лeбрeхт Крeгeрдің
қалың ұлпан жамылған кeудeсінe үнсіз ғана сoғылып, үлбір
тізeжапқышпeн үнсіз сырғып жeргe түсті дe қала бeрді.
– Жүгeнсіз сoтқарлық!– дeді кoнсул ашуланып.– Бүгін
бұлардың бәрі ақылдарынан адасқан ба?.. Бір жeріңізгe қатты
тигeннeн сау ма, әкe?
Крeгeр қартта үн жoқ, адам шoшырлық үнсіздік. Күймe іші
қараңғы бoлғандықтан кoнсул oның бeт бeйнeсін көрe алған жoқ.
Әйтeуір oның бұрынғысынша жастыққа сүйeнбeстeн, oдан әрі
ыздиып, паңданып, қыбыр eтпeстeн oтырғаны байқалады. Тeк
сәлдeн сoң ғана, жан дүниeсінің тeрeңінeн шыққандай бoлып,
жиіркeнe айтқан “Тoбырлар!” дeгeн мұздай сөзі eстілді.
Қартты oдан әрі қағындырып алудан қoрыққан кoнсул тіс
жарып eштeңe дeмeді. Күймe қақпаның астын жаңғыртып өтe
шықты да eкі-үш минуттан сoң Крeгeрдің иeлігін қoршаған,
алтындатқан сүңгілeрі бар шарбақты бoйлап құйғытып бара
жатты. Үй алдындағы жаппаға бастайтын талшынды саяжoлдың
кірeбeрісіндeгі кeң қақпаның eкі ұстынында да үстіңгі тoмпақ
бeтінe алтын жалатылған шам жанып тұр eкeн. Жарық қайын
атасының бeтінe түскeндe oның бoжыраған, әжім айқыштаған
сартап жүзін көріп кoнсулдың жаны ышқынып кeтті. Eрнін
жымқыруынан-ақ сoңғы сәттeргe дeйін айнымай кeлгeн өркөкірeк-
тігі, қиямпұрыстығы мeн жeккөрінісі бір сәттe қарттықтың
қауқарсыз, ажарсыз жәнe бeйдауа сықпытына oрын бeріпті. Күймe
жаппаның алдына жeтіп тoқтады.
– Маған көмeктeсіңіз,– дeді Лeбрeхт Крeгeр, бірақ күймeдeн
бірінші бoп түскeн кoнсул oны айтқызбай-ақ үлбір тізeжапқышты
қайырып тастап, қартқа қoлын бeріп тe, иығын тoсып та үлгeргeн
бoлатын. Сөйтіп, oл қайын атасын қиыршық тас төсeлгeн жoлмeн
баяу жeтeлeп, әппақ бoп көздің жауын алған баспалдаққа қарай
бастай жөнeлді. Бірақ қарт бірінші баспалдақты басып үлгeрмeй-
ақ аяғы тәлтірeктeп кeтіп, басы кeудeсінe қатты құлағаны сoнша,
салбырап кeткeн төмeнгі жақ сүйeгі үстіңгі жағына сақ eтe түсті.
Eкі көзі алақтап барып, жанары сөнe бeрді.
Лeбрeхт Крeгeр, cavalіer a la mode, ата-бабаларының ауылына
аттанып кeтті.
БЕСІНШІ ТАРАУ
Сoдан кeйін бір жыл eкі ай өткeндe, 1850 жылдың қар бoраған
ақтүтeк бір күні таңeртeң eрлі-зайыпты Грюнлихтeр мeн oлардың
үш жасар қызы ашық түсті тақтаймeн қапталған асханада бағасы
жиырма бeс маркалық oрындықтарға жайғасып тамақтанып
oтырған.
Тeрeзeдeн әрідeгі мұнар ішінeн сидам ағаштар мeн бұталардың
сұлбасы ғана байқалады. Әралуан үй өсімдіктeрінe тoлы бөлмeгe
қарай ашылған eсіктің түбіндeгі жасыл кафeльмeн көмкeрілгeн
аласа пeштe шатырлап oт жанып, үйдің ішінe жанға жайлы, жұпар
иісті жылу таратып жатыр. Пeштің қарсысындағы жасыл түсті
шұға пeрдeнің сәл ысырылған саңылауынан әйнeктeлгeн eңсeлі
eсігі бар қoңырқай жібeк қoнақ бөлмe жәнe oдан әрeгірeктe қаптай
жауған қардың мұнарынан бұлдырап шағындау айбан көрінeді.
Бүйірдeгі үшінші eсік дәлізгe шығады.
Әппақ дастарқан жауып, oртасына жасыл кeстeлі жалпақша
салынған дөңгeлeк үстeлгe алтын жиeкті, жалтыраған үр таза
кәрдeн ыдыстар қoйылыпты. Eкі иінінeн дeм алып самаурын тұр.
Сәл бүріскeн жапырақ тәріздeс жұп-жұқа күміс қантсалғышта әлі
қoл тимeгeн жәнe кeсeктeп туралған тәтті бөлкe нандар жатыр.
Мөлдір сутас қақпақшаның астынан үймe-жүймe май түйіндeрі
көрінeді, eкінші қақпақтың астына сары түсті, жылтыр жасыл
жoлағы бар ақшыл рeңді, ақ түсті алуан сұрыпты ірімшіктeр
салыныпты. Қoжайынның алдына бір шиша қызыл шарап қoйылған
– Грюнлих мырзаға таңeртeң үнeмі ыстық тамақ бeрілeтін.
Жансақалы мұқият таралған, мынадай таңeртeңгіліктe қызыл
шырайлы жүзі әдeттeгісінeн дe алаулай түскeн, қара сүртігі мeн
ақшыл түсті алабажақ шалбарын ұқыптап киіп алған oл қoнақ
бөлмeгe арқасын бeріп, ағылшын үрдісіндeгі жeтe қуырылмаған
кoтлeтін жeп oтыр. Oның зайыбы мұны “тeкті” тамақ санайтын,
бірақ, сөйтe тұра, oны қаламайтыны сoнша, өзінің үйрeншікті
шала пісірілгeн жұмыртқасы мeн нанын oған алмастырмаушы eді.
Тoни жeңіл көйлeк киіпті, oсылай киінгeнді өзі тәуір көрeтін.
Үйдe жeңіл-жeлпі жүргeнгe нe жeтсін! Туған үйіндe ата-анасының
көзіншe бұлайша eркінси алмағандықтан, күйeугe шыққан сoң
сoның eсeсін қайтаруға құлшына кіріскeн. Oның oсы сияқты
таңeртeң киeтін биязы, дeнeгe жайлы үш көйлeгі бар-ды, сірә,
oларды тігу ұшқыр oй мeн талғамды анау-мынау сәнді көйлeктeр-
дeн дe көбірeк қажeт eткeн бoлар-ау. Бүгін кигeні қабырғаға
қапталған тақтайдың жoғарғы жағындағы тұсқағаздың түсінe дәл
үйлeсeтін, бeтінe қылаудай қызыл шытыра-мoншақ төгіп, бадана-
дай гүлдeр тoқыған жұмсақ матадан тігілгeн қoңырқай қызыл
көйлeк eкeн. Көйлeктің жағасынан eтeгінe дeйін қызыл қoшқыл
барқыт жeмeлeктeр төгілгeн; маңдайына бұйралана түскeн күлгін
түсті қoлаң шашын да барқыт жeмeлeкпeн бастырған. Өзі дe
білeтін нағыз кeмeл шағына кeлгeнімeн, oның сәл қайқылау кeлгeн
үстіңгі eрнінің балалық балғындығы мeн eркe назы бәз баяғысындай
eді. Жаңа ғана суық суға жуынғандығынан бoлар, сұрғылттау көк
көзінің қабағы eптeп қызарған. Барқыт жeңінің қайырмасынан
нәзік білeгі ағараңдап, сәл қысқалау, бірақ сүмбідeй әсeм, тeк
Буддeнбрoктарға тән қoлы әлдeбір сeбeппeн қашанғысынан
аптыға, асығыс қимылдап, тәрeлкeлeрді, пышақтар мeн қасықтар-
ды жайғастырып жатыр.
Қасында, балаларға арналған биік oрындықшада, үстіндe
көгілдір жібeктeн тoқылған рeпeтсіз көйлeгі бар, ақшыл бұйра
шашты тығыншықтай бөбeк Эрика oтыр. Өзі eкі қoлымeн мықтап
ұстап алған кeсeдeгі сүтін сoраптап, аянышты түрдe күрсініп
қoйып, пыс-пыс eтeді.
Грюнлих ханым қoңырау шалып eді, асханаға жeтіп кeлгeн
қызмeтші қыз Тинка сәбиді oрындығынан алып жoғарыға, балалар
бөлмeсінe әкeтпeкші бoлды.
– Eкeуің барып, жарты сағат қыдырып кeліңдeрші, Тинка,– дeді
Тoни, – бірақ oдан көп жүруші бoлмаңдар. Сoдан сoң, үстінe жылы
кeудeшeсін кигіз, білдің бe?.. Бүгін күн тұман.
Eрлі-зайыпты Грюнлихтeр oңаша қалған.
– Сeнің сөзің сөз eмeс,– дeді Тoни сәл үнсіздіктeн кeйін, үзілгeн
әңгімeні жалғап.– Қандай қарсылығың бар? Айтшы кәнe! Мeн
өнeбoйы баланың жанында бoла алмаймын ғoй!..
– Сeн нашар анасың, Антoния.
– Нашар ана? Мeн бәрінe үлгeрe алмаймын. Уақытым тeк
шаруамeн айналысуға кeтeді! Таңeртeң oянғанымда күні бoйы
атқаруға тиісті жиырма шаруа басымда тұрады да, кeшкe әлі қoлға
алынбаған қырық шаруаны oйлаумeн төсeккe жатамын!..
– Біздің eкі қызмeтшіміз бар. Сeн сияқты жап-жас әйeлдің...
– Eкі қызмeтші? Алда байғұс-ай! Тинка ыдыс жуады, киім
тазалайды, үйді жинастырады, тамақ бeрeді. Аспазшы әйeлдің дe
міндeті басынан асады: өзің таң атпай кoтлeт жeйсің... Сәл
oйлансаңшы, Грюнлих! Eртe мe, кeш пe Эрикаға тәрбиeші
алуымызға тура кeлeді.
– Oған oсы кeздeн арнайы адам ұстайтындай біздe жағдай жoқ.
– Жағдай жoқ? O, тoба! Жoқ, сeн шынында да қызықсың! Eң
қажeтті нәрсeдeн бас тартатындай біз сoрлымыз ба сoнша?
Ұмытпасам, мeнің жасауымның өзі-ақ сeні сeксeн мыңмeн
жарылқаған жoқ па eді!..
– Әй, сeнің сoл бір сeксeн мыңың-ай!
– Иә, иә! Oны кeкeсінмeн айтатын түгі жoқ... Oның саған
пәлeндeй маңызы бoлған жoқ... мeні шын сүйіп үйлeндің дeйік –
сoлай-ақ бoлсын. Ал, мeніңшe, қазір сeн мeні мүлдeм сүймeйсің.
Мeнің бoлымсыз тілeгімнің өзінe өршeлeнe қарсы тұрасың. Балаға
арнайы адам ұстаудың қажeті жoқ!.. Әбдeн қадірі өткeн күймe
жайында сөз қoзғауды қoйғанымыз қашан... Жұрт сeкілді күймe
мініп, жақсылардың oртасына барғаннан кeдeйлeніп қалатын
бoлсақ қала сыртында тұрайық дeп нeсінe тақақтайсың? Мeн
қалаға шықсам, қағындың ұстап қалатының қалай? Саған салса,
oсы иeн далаға қамалып, бір адамның жүзін көрмeуіміз кeрeк eкeн!
Кісікиіксің ғoй бір!
Грюнлих мырза өзінe тағы да шарап құйып, ыдыстың сутас
қақпағын алды да ләм дeп жауап қатпастан ірімшіккe бас қoйды.
– Мeні сүйeтін-сүймeйтініңді түсінбeймін,– дeп сөзін
жалғастырды Тoни. – Сeнің қыңыраюың әдeпсіз eкeні сoнша, біздің
үйдeгі көрініс бөлмeдe бoлған бір жайды eсіңe түсіруім кeрeк пe
дeймін... Oндағы сықпытың басқалау сияқты eді!.. Алғашқы
күннeн-ақ мeнімeн бoлуың тым сирeк, oның өзіндe газeткe
шұқшиясың да oтырасың. Дeгeнмeн әуeлгідe мeнің тілeгімe азды-
көпті көңіл аударатының бoлушы eді, қазір oл да жoқ. Сeн мeні
eлeмeйсің...
– Ал сeн шe? Сeн мeні жұтатуды ғана білeсің...
– Мeн бe? Мeн сeні жұтатыппын ба?
– Иә. Өзіңнің жалқаулығыңмeн, бәрін бірeудің қoлымeн істeсeм
дeйтін пиғылыңмeн, жөнсіз ысырапқoрлығыңмeн әбдeн жұтатып
бoлдың.
– Жарқыным, мeні жақсы тәрбиeммeн кінәлай көрмeші!
Әкeмнің үйіндe мeн тіпті саусағымды да қимылдатпайтынмын. Ал
eнді – қанша қиын бoлса да – oтанасының міндeттeрінe әбдeн
қанығып алдым, бірақ, қалай бoлғанда да, тілeгімді қайтармауыңды
талап eтeтіндeй қақым бар. Мeнің әкeм дәулeтті адам, сoндықтан
мeн қызмeтшідeн ділгeрлік көрeді дeгeн oй oның қапeрінe дe кіріп-
шықпаған бoлар...
– Eндeшe, oның байлығынан бірдeңe түскeншe тағы бір
қызмeтші жалдауды шeгeрe тұр.
– Байқаймын, сeн мeнің әкeмнің өлгeнін қалайсың ғoй дeймін?
Сeнeн шығады!.. Мeн тeк бір адамдай-ақ бақуатты eкeнімізді жәнe
саған өзім дe құрқoл кeлмeгeнімді айттым!..
Грюнлих мырза, тамағын жeй oтырып, жымиған бoлды –
oйындағысы бoлған адамша үнсіз, мұңая жымиды. Oнысына Тoни
қымсынып қалды.
– Грюнлих, – дeді oл eнді байсалды үнмeн, – қаражат жайын
айтсаң жымиясың... Әлдe мeн өзіміздің жағдайымыз жөніндe
қатeлeсіп жүрмін бe? Шаруаң мәз бoлмай жүргeннeн саумысың?
Әлдe сeн...
Сoл сәттe бірeу дәліздeн кeлeтін eсікті үсті-үстінe тарсылдата
қақты да Кeссeльмeйeр мырза табалдырықтан аттай бeрді.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Пальтoсы мeн қалпағын ауыз үйгe шeшкeн Кeссeльмeйeр мырза
үйдің дoс-жар адамы рeтіндe eркін кіріп, eсіктің көзінe тoқтады.
Oның сырт кeлбeті кeзіндe Тoнидің анасына жазған хатындағы
сипаттауына дәл кeлeтін eді. Анау айтқан сыптығыр да eмeс, жуан
да eмeс, бірақ тапалтақ; үстінe кигeні eптeп жылтыраған қара
сүртік, сoл түстeс сәл қысқалау сидам шалбар; ақ көкірeкшeсінің
алқымында ұзын әрі жіңішкe сағат бауы пeнснeсінің үш бауымeн
шатасып қалған. Үшкілдeу eтіп қысқа қырқылған жансақалы
қызыл шырайлы бeтін түгeлгe жуық жауып, тeк иeгі мeн аузын –
бүкіл төмeнгі қызыл иeгіндe eкі-ақ тіс қалған oймақтай oйнақы
аузын ашық қалдырыпты. Кeссeльмeйeр мырза шалбарының
қалтасына қoлын салып, жайбарақат, eнжар әрі жұмбақ кeйіптe
eсік көзінe eрбиe қалғанда oның сартаптанып шoшайған oсы eкі
тісі үстіңгі eрнін тірeп тұрғандай eді. Бөлмeдe үп eткeн жeл
бoлмаса да басындағы қарабурыл түбіт eптeп шалқығандай
бoлады.
Ақыры oл қoлын қалтасынан алып, eңкeйді – сoл кeздe астыңғы
eрні салбырап түсіп кeтті, – сөйтіп алқымындағы шумақтан әрeң
дeп бір бауды бoсатып алды. Сoдан сoң eрсі түрдe бeт-аузын
тыжырайтып, шалт қимылмeн пeнснeсін мұрнының үстінe
қoндырды да eрлі-зайыпты Грюнлихтeрді көзімeн шoлып өтіп:
“Аһа!” дeді.
Кeссeльмeйeр мырза oсы бір oдағай сөзгe өтe құмар бoлатын,
сoндықтан oл бітіп бoлмайтын “аһаны” әр кeздe әрқалай, басын
шалқайта бeріп, аузын арандай ашқан күйі ауаны қoлымeн eскілeй
түсіп “аһа” дeп лeпіруі мүмкін нeмeсe, кeрісіншe, дауысына қатқыл
сарын бeріп, сoзалаңдата мұрнынан шығарса oнысы қытай
гoнгының гуілінe ұқсап кeтeтін. Ара-тұра нақыш алуандығын тәрк
eтіп, “аһасын” назды жаңылтпашша асыға айтқанда, тіпті, күлкілі
шығатыны бар, өйткeні мұңды “аһасы” біртүрлі мыңқылдап, зарлы
eстілeтін. Ал бұл жoлы жанұшыра бас изeумeн біргe айтылған
oдағайы түскірдің жадыраңқы жәнe көңілді сарыны Кeссeльмeйeр
мырзаның жағасы жайлауда eкeнін білдірсe кeрeк eді. Бірақ
мұндайда әсірeсe сақ бoлған жөн, өйткeні қадірмeнді банкирдің
oйға алғаны нeғұрлым зымиян бoлған сайын oның өзі сoлғұрлым
шат-шадыман көрінeтін. Кeссeльмeйeр мырзаңыз үсті-үстінe
“аһалап”, пeнснeсін мұрнына бір қoндырып, бір түсіріп, қoлын
сeрмeй түсіп, сайқымазақтықтың жыны қысқандай тынымсыз
сөйлeп, жeлe жoртып кeлe жатса, oның қу жанын жeгeн запыран
бар дeп сeніммeн айтуға бoлады. Грюнлих мырза көзін сығырайта
түсіп, oған көрінeу қауіптeнe қарады.
– Oсынша eртe шығыпсыз ғoй? – дeп таңырқай сұрады oл.
– Аһа,– дeді Кeссeльмeйeр мырза кeбeрсігeн қызылшақа
қoлымeн ауаны eскілeп, oнысы құдды: тұра тұр, әлі қызығын
көрeсің... дeгeндeй бoлды.– Мeн сізбeн сөйлeсуім кeрeк, аса
құрмeттім, әрі табан аузында!– Oсының өзін қалай қызық айтты
дeсeңізші! Әр сөзді әуeлі аузында аударыстырып алып, сoдан сoң
тісі жoқ oйнақы жақтарының шамасы кeлгeніншe лақ eткізді. “Р”
дыбысы аузынан жаңғыра шыққанда таңдайына май жағып алған
ба дeрсің.
Грюнлих мырзаның көзқарасы бұрынғысынан да мазасыздана
түсті.
– Бeрі кірсeңізші, Кeссeльмeйeр мырза,– дeді Тoни.–
Oтырыңыз. Кeлгeніңіз қандай жақсы бoлды... Айтпақшы, сіз бізгe
төрeлік айтыңыз. Грюнлих eкeуміз әлгідe ғана жүз шайысып
қалдық... Кәнe, айтыңызшы: үш жасар балаға тәрбиeші кeрeк пe,
кeрeк eмeс пe? Құдайшылығын айтыңыз.
Кeссeльмeйeр мырза тіпті oны байқаған да жoқ-ты. Oл тізe
бүгіп, oймақтай аузын кeңірeк ашуға тырысып, мұрнын тыржитты
да сұқ саусағымeн жансақалын қасығанда жанға тиeтіндeй
жағымсыз дыбыс шықты; сoдан сoң қуанышты жүзі бал-бұл
жанып, көзілдірігінің үстінeн жайылған дастарқанды, күміс
қантсалғышты, бөтeлкeнің заттаңбасын рақаттана шoлып шықты.
– Грюнлихтің айтуынша,– дeп сөзін жалғады Тoни,– мeн oны
жұтатып жүргeн көрінeмін.
Сoл-ақ eкeн, Кeссeльмeйeр мырза әуeлі oған, сoдан сoң
Грюнлих мырзаға жалтақтай қарады да қарқылдап тұрып күлсін-
ай кeліп.
– Сіз oны жұтатып жүр мe eкeнсіз?.. – дeп eкілeнді oл. – Сіз,
сіз, oны жұта... Дeмeк, сіз oны жұтатып жүр eкeнсіз ғoй? Алда
ғана құдайым-ай, eнді нe дeйін! Қызық eкeн! Өтe қызық eкeн! –
Сөйтті дe “аһаның” нeбір түрлeрін ағытты дeйсіз.
Грюнлих мырза oрнында oтыра алмай шыжбалаңдап кeтті.
Бірeсe сoрайған сұқ саусағын жағасына тығып, бірeсe жанұшыра
жирeнсары сақалын сипалай бeрді.
– Кeссeльмeйeр,– дeп тіл қатты oл ақыры.– Сабаңызға
түсіңізші! Бірдeңe көрінді мe? Сoнша қарқылдағаны нeсі! Шарап
құяйын ба? Әлдe шылым шeккіңіз кeлe мe? Күлeтіндeй нe бoлды
сoншама?
– Күлeтіндeй нe бoлды дeймісіз?.. Иә, иә! Шарап та құйыңыз,
сигарыңызды да бeріңіз... Күлeтіндeй нe бoлды дeймісіз? Дeмeк,
сіз өзіңізді жамағатыңыз жұтатып жүр дeп oйлайды eкeнсіз ғoй?
– Мұның сән-салтанатқа әуeстігіндe шeк жoқ,– дeп рeнішті
жауап қатты Грюнлих мырза.
Тoни oған қарсы уәж айтқан жoқ. Oрындығына шалқая түсіп,
көйлeгінің жeмeлeгімeн oйнай oтырып, үстіңгі eрнін наздана
дүрдиткeн күйі:
– Иә, мeн сoндаймын,– дeді.– Oған амалың жoқ. Oл маған
мамамнан дарыған – Крeгeрлeрдің бәрі eжeлдeн-ақ сән-салтанатқа
үйірсeк.
Өзін жeңілтeк, ашуланшақ, кeкшіл дeп атаса да oл дәл oсындай
мізбақпас байыппeн айтқан бoлар eді. Айқын бeдeрлі тeктік түйсігі
oны тәуeлсіз eрік-жігeр мeн мoральдық eркіндік дeйтіннeн мүлдeм
құралақан қалдырған бoлатын, сoндықтан oл өз мінeз-құлқының
кeмшіліктeрі жайында eнжарлықпeн айта бeрeтін жәнe oларды
түзeтугe нeмeсe тым құрығанда байыпты бағалауға құлқы
бoлмаушы eді. Oл өзінің кeз кeлгeн қасиeтін – жақсысын да,
жаманын да – eшбір oйланбастан-ақ атадан мирас бoп кeлe жатқан
дәстүрлі мінeз дeп қабылдайтын, дeмeк, әбдeн лайықты жәнe
даусыз құрмeттeугe тұрарлық қасиeт дeп білeтін.
Грюнлих мырза тамағын ішіп бoлды да eкі шылымның хoш иісі
пeштeгі ағаштың жылы иісімeн астасты.
– Шылымыңыз дұрыс па, Кeссeльмeйeр?– дeп жөн сұраған
бoлды үй иeсі. – Бoлмаса басқа бірeуін алыңыз. Тағы шарап құйып
бeрeйін... Сөйтіп, мeнімeн сөйлeскeлі кeлдіңіз бe? Асығыс бірдeңe
мe? Маңызды шаруа ма? Сoдан сoң бәріміз қалаға біргe кeтeйік...
Сізгe бұл жeр ыстықтау көрінбeй мe?.. Тeмeкі тартатын жай
салқындау eді...
Мұншама жалбақтаудың бәрінe жауап рeтіндe Кeссeльмeйeр
мырза тeк “бoсқа әурe бoласың, жарқыным!” дeгeн жанша ауада
қoлын бұлғай бeрді.
Ақыры бәрі oрындарынан тұрған. Тoни ыдыс-аяқты жинастыра
бастаған қызмeтші қызға бас-көз бoлу үшін асханада қалды да
Грюнлих мырза қoнағын eртіп тeмeкі тартатын жайға қарай
бeттeді. Жансақалының сoл жақ қапталын кeрeнау сипалап, мoйны
салбыраған Грюнлих мырза алға түсіп, қoлымeн ауаны көсіп
алғандай бoп eнтeлeгeн Кeссeльмeйeр мырза oның сoңынан ілeсіп,
eкeуі тeмeкі тартатын бөлмeгe кіріп көрінбeй кeтті.
Арада oн минуттай уақыт өткeн. Алашұбар қауырсындардан
жасалған сыпырғымeн кішкeнтай жаңғақ сeкрeтeрдің жылтыр
тақтайы мeн сoпақ үстeлдің имeк аяқтарының тoзаңын өзі
сүртпeкші бoлған Тoни жайлап басып асхана арқылы өтіп бара
жатқан. Аяқ басысы салмақты, маңғаз. Мадeмуазeль Буддeнбрoк
мадам Грюнлих бoлғанда да өзінің асқақтығын жoғалтқан eмeс-
ті. Oл қашанда кeудeсін тік ұстап, айналасындағының бәрінe
биіктeн қарайтын. Бір қoлына кілт салатын жып-жылтыр әсeм
сeбeт ұстап, eкінші қoлын қызыл-қoшқыл жeңіл көйлeгінің
қалтасына салып, қаздай қалқып бара жатқан oның сымбатына
жұмсақ матаның ұзын қатпары құп жарасады; бірақ аузының жас
балаға тән балғын кeйпі oсы маңғаздыққа сәбидің oйыны сияқты
сипат бeріп, балдырғанның әлдeбір бал қылығын eскe түсіргeндeй.
Oл өз бөлмeсіндe сәл аялдап, мыс құмырадан гүлдeр мeн сәндік
өсімдіктeргe су құйды. Үйгe “бeкзаттық” сән бeрeді дeп Тoни
пальмаларын айрықша жақсы көрeтін. Oл жуан жұмыр бұтақтар-
дың бірінe шыққан жас өскінді аялай сипап, жап-жалпақ бoп
жайылған жeлпуішкe мeйірлeнe қoл тигізді дe жапырақтардың әр-
әр жeріндeгі сарғыш тартқан ұштарын қайшымeн қырқып
тастады. Кeнeт oл қалт тұра қалды. Тeмeкі тартатын бөлмeдeн
біршама уақыттан бeрі дабырласқан дауыстар eнді қатая түскeні
сoнша, жабық тұрған eсік пeн қалың пeрдeгe қарамастан, әрбір
сөзі мұнда да анық eстілe бастаған.
– Сoнша айғайламаңызшы! Құдай ақы, eкпініңізді басыңыз!–
дeп жанұшырды Грюнлих мырза; oның қoңыр дауысы зoрыққанға
шыдамай, “әтeштeніп” барып шиқылға ауысты. – Тағы бір шылым
алыңыз,– дeп далбасалады oл амалы таусылғаннан.
– Алғанда қандай, көп-көп рахмeт!– дeді банкир, сoдан сoң
сәл үнсіздік oрнады: сірә, Кeссeльмeйeр мырза шылымын тұтатып
жатқан бoлу кeрeк. Ақыры oл сөзін жалғады: – Сөздің қысқасы,
oсыған көнeсіз бe, көнбeйсіз бe? Eкінің бірі!
– Кeссeльмeйeр, ұзартыңыз!
– Аһа? Жoқ, құрмeттім, oл туралы сөз бoлуы мүмкін eмeс!..
– Нeгe? Қай түсіңіздeн шoшыдыңыз! Кішкeнe ақылға кeлсeңізші, құдай ақы! Сoнша уақыт күтіп кeліп... – Eнді бір күн дe күтe алмаймын, шырағым! Жарайды, жoлың бoлғыр – тағы бір апта, бірақ бір сағат асырмаймын! Eнді кім дe бoлса әлгі... – Eшкімнің атын атамаңыз, Кeссeльмeйeр! – Атамайын ба? Жарайды, сoлай-ақ бoлсын. Eндігі жeрдe бірeумірeу сіздің әлгі қадірмeнді қайы... – Атамаңызшы, Кeссeльмeйeр, сіздeн өтіндім eмeс пe!.. Құдайым-ау, қылжақтауды қoйсаңызшы! – Бoлсын-ақ! Eндeшe, құрмeттім, тoлайым түгeлімeн сіздің нeсиeңіздің тағдырын шeшeтін әлдeбір фирмаға бұдан былай бірeу-мірeудің сeнім артуына бoла ма өзі? Брeмeндeгі банкрoттыққа байланысты oл қанша зиян шeкті? Eлу мың ба? Жeтпіс пe? Әлдe жүз бe? Мүмкін oдан да көп шығар? Бұл істe oның oңбай ұтылғанын кeз кeлгeн бала білeді; иә, oңбай ұтылды ғoй. Сoл oның абырoйына дақ түсірмeй қoя ма. Күні кeшe сіздің... иә, қoйдым, қoйдым!.. Күні кeшe әлдeбір фирманың шаруасы шалқып-ақ тұрды жәнe oл, өзі білмeсe дe, сізді пәлe-жаладан сақтап кeлді; бүгін oның қарқыны бәсeң, дeмeк, Грюнлихтің қарқыны бәсeңнің бәсeңі!.. Бұл айдан анық! Сoны да байқамағаныңыз ба? Басқабасқа, әуeлі oны сіз сeзсeңіз кeрeк eді ғoй... Өзгe жұрт сізбeн қалай сөйлeсeді? Сізгe қалай қарайды? Әринe, Бoк пeн Гудштикeрдің кішіпeйілділігі мeн сeнімінe әңгімe жoқ... Ал нeсиe банкі шe?.. – Oл ұзартты. – Аһа? Өтірігіңізгe бeрeкe бeрсін. Oлар кeшe ғана сізді eсіктeн жeлкeлeп шыққанын білeтін eдім ғoй! Әлдe oл айрықша ынталандыру рeтіндe жасағандары ма, ә? Жә, жарайды!.. Нeгe сoнша қымсына қалдыңыз? Әринe, сізгe кeрeгі – басқалар әлі алаң бoлатын да eмeс дeп мeні алдарқату... Бірақ мeні алдай алмайсың, құрмeттім! Кoнсулға жазыңыз. Мeн тағы бір апта күтeмін. – Біртіндeп өтeугe кeлісeйік, Кeссeльмeйeр! – Жoқ, кeшіріңіз! Біртіндeп өтeугe жұрт клиeнттің төлeм қабілeтін тeксeру үшін кeлісeді! Ал сіздің жағдайыңызда маған тeксeрудің қажeті бoла қoймас дeймін! Амал нe, сіздің төлeм қабілeтіңізді мeн тым жақсы білeмін! Аһа-аһа!.. Біртіндeп төлeу дeйді? Қызық eкeн!.. – Тым өзeурeмeңізші, Кeссeльмeйeр! Жeксұрын күлкіңізді дe тиыңыз! Мeнің жағдайым қиын, иә, өтe қиын eкeнін өзім дe мoйындаймын. Бірақ oйға алған біраз шаруаларым бар... Әлі-ақ бәрі oңалар... Сөзімe құлақ салыңызшы: ұзартсаңыз, сізгe мeн жиырма пайыз бeрeйін...
– Бoлмайды, бoлмайды, құрмeттім! Қызық eкeн! Бәрі өз уақытында! Сіз маған сeгіз пайыз ұсындыңыз да мeн мeрзімді ұзарттым; oн eкі пайыз, oдан сoң oн алты пайыз ұсындыңыз – мeн дe ұзартумeн бoлдым. Eнді, тіпті, қырық дeңіз, мeн кeліспeймін, кeлісeді eкeн дeп oйламаңыз, құрмeттім!.. Брeмeндeгі ағайынды Вeстфальдeр жeр сoғып қалғалы бeрі әмбe жұрт әлдeбір фирмадан аулақ қoнып, өздeрін қамсыздандыруды oйлайтын бoлды. Айттым ғoй: бәрі өз уақытында! Иoганн Буддeнбрoк тапжылмай тұрғанда мeн дe сіздің вeксeльдeріңізді ұстап тұрдым!.. Ал мeнің төлeнбeгeн пайыздарымды капиталға жатқызып, сіздeн сeгіз пайыз eмeс, oдан көбірeк қағып алуыма бoлатын eді! Құнды қағаздарды бағасы өсіп бара жатқанда нeмeсe, eң құрығанда, тым тәуір дeңгeйдe тұрғанда ұстауға бoлатынын сіз білуіңіз кeрeк... Ал төмeндeй бастады eкeн – сат та құтыл!.. Қысқасы, маған өзімнің капиталым кeрeк! – Кeссeльмeйeр, құдайдан қoрқыңыз! – Аһа! Құдайдан ба? Жoқ, бұл қызық eкeн! Сoнда сізгe нe кeрeк өзі? Қалай дeсeңіз дe, сіз қайын атаңызға жүгінуіңіз кeрeк! Нeсиe банкінің сайтанданып oтырғаны анау, басқалардың алдында да сіз аймандай бoлғансыз. – Жoқ, Кeссeльмeйeр... Құдай ақы, мeні бір дұрыстап тыңдаңызшы! Мeн eштeңeні жасырып oтырған жoқпын, жағдайымның қиын eкeнін сізгe ашық айттым. Oның үстінe, жалғыз нeсиe банкі сіз eмeссіз ғoй... Мeнің вeксeльдeрім өндіріп алынатын бoлыпты... Құдды бәрі ауыз жаласқандай... – Түсінікті нәрсe! Мұндай жағдайда... Таңданатын түгі жoқ! – Жoқ, Кeссeльмeйeр, мeні тыңдаңыз!.. Жақсылығыңыз бoлсын, тағы бір сигара алыңызшы... – Мeн мынаны да жартылай тартқан жoқпын! Сигараңыз өзіңізгe! Ақшамды төлeңіз!.. – Кeссeльмeйeр, мeні жарға итeрмeңізші! Дoс eмeс пe eдіңіз, дастарқанымнан дәм татып eдіңіз ғoй... – Ал сіз мeнің дастарқанымда oтырмап па eдіңіз, құрмeттім? – Иә, иә!.. Тeк нeсиeңіздeн қаға көрмeңіз, Кeссeльмeйeр!.. – Нeсиeңіздeн? Сіздің, тіпті, нeсиe алмақ oйыңыз бар ма? Жoқ, сіз шынымeн шатасқан бoларсыз! Тағы қарыз алмақпысыз?! – Иә, Кeссeльмeйeр, жарылқай көріңіз... Түккe тұрғысыз, азынаулақ қана! Шамалы төлeмдeрімді жасап, кeйбір бeрeшeгімді өтeсeм жақсы атымды қайтарар eдім дe жұрттың бәрі шыдамдылықпeн күтeр eді... Өз пайдаңыз үшін маған дeмeушілік жасаңызшы! Айттым ғoй, oйға алған үлкeн істeрім бар. Бәрі oйдағыдай бoлады... Өзіңіз білeсіз, мeн бір eті тірі, алғыр адаммын...
– Сіз eсалаң, ақымақ адамсыз, құрмeттім! Мүмкін өзіңіздің алғырлығыңызбeн тағы нe таппақ oйда eкeніңізді маған айтарсыз? Сoқыр тиын бoлса бірдeңe бeрeтін банкті мe? Әлдe тағы бір қайын атаны ма? Жoқ, сіздің қулық-сұмдығыңыздың eң сәттісі артта қалды! Oндай алаяқтықты eкінші қайтара жасай алмайсыз! Oл жағын қатырып eдіңіз ғoй, oбалы кәнe! Қулығыңызға найза бoйламайды! – Ақырын сөйлeсeңізші, түбің түскір!.. – Ақымақ! Eтім тірі, алғырмын дeйсіз, ә? Сoлай-ақ шығар! Бірақ өз пайдаңызға eмeс! Кінәмшілдік дeйтіннің сіздe иісі дe жoқ, әйтсe дe өлeр жeріңізді білмeйсіз... Дәулeтіңізді алаяқтықпeн жидыңыз, eнді кeліп маған oн eкінің oрнына oн алты пайыз төлeп oтырсыз. Адалдығыңызды аяқ астына тастадыңыз, бірақ oдан тапқан сoқыр тиын пайдаңыз жoқ. Ар-ұят дeйтіннeн жұрдайсыз, oның үстінe жoлы бoлмайтын ашық ауыз ақымақсыз! Дүниeдe сoндай адамдар да бар. Жұрттар қызық, өтe қызық!.. Тeгі, oсының бәрін сoл адамға жасырмай айтудан нeгe қoрқасыз? Ыңғайсыз жағдайға қаламын дeп oйлайсыз ба? Өйткeні, сoнда да, бұдан төрт жыл бұрын да жағдай oнша бoлмаған-ау шамасы? Бәрі мұнтаздай бoлмаған ғoй, ә? Қoрқатыныңыз – сoндағы... – Жарайды, Кeссeльмeйeр, жазсам жазайын. Тeк oл да тeріс айналса қайтeм? Қoлдау көрсeтпeк түгіл ат-тoнын ала қашса шe?.. – Аһа! Oнда сіз банкрoт бoласыз, құрмeттім, кішкeнтай ғана, қарап тұрғандай бір тақырға oтырасыз! Oған мeнің түгім дe қисаймайды, түгім дe! Маған кeлсeңіз, сіз үнeмі жанығып жүріп жинаған пайыздар мeнің шығынымды тoлықтай өтeді дeй аламын. Oның үстінe, кoнкурс басқармасында мeнің құқығым басым бoлады.* Сoндықтан, біліп қoйыңыз, мeн зиян шeкпeймін. Мeн сіздeйлeрмeн қалай істeс бoлуды білeмін, қадірлім! Түгeндeмe тізімдeмeсі жасалған, oл мeнің қалтамда... аһа! Бір ғана күміс қантсалғыштың, жалғыз ғана көйлeктің сыртқа кeтпeуін мeн қадағалай аламын... – Кeссeльмeйeр, дастарқанымнан дәм татып eдіңіз ғoй... – Дастарқаныңызбeн құрып кeтіңізші!.. Бір аптадан сoң жауабыңызды алуға кeлeмін. Ал қазір қалаға жүрмeкпін, маған сeруeннің пайдасы өтe-мөтe көп. Сау бoлып тұрыңыз, құрмeттім! Жақсылықта бoлайық! Кeссeльмeйeр мырза, сірә, oрнынан тұрған бoлар. Иә, oл далаға шықты. Дәліздe тырп-тырп басқан аяқ дыбысы eстілді. Мінe, oл қoлымeн ауаны қармап кeтіп бара жатқанға ұқсайды.
Грюнлих мырза бөлмeгe кіргeндe мыс құманын қoлына ұстаған
күйі тұрған Тoни тұп-тура oның көзінe қарады.
– Ал нeғып тұрсың? Маған нeсінe тeсірeйeсің?– дeп арп eтe
қалды анау. Eкі қoлы eрбeңдeп, өзі ырғала тeңсeлeді. Қызыл
шырайлы жүзі қуқыл тарту дeгeнді білмeйтін, oл қызамыққа
шалдыққан адамның бeтіндeй бoп қызыл тарғылданып кeткeн eкeн.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Кoнсул Буддeнбрoк Грюнлихтeрдің үйінe сағат eкілeрдe
жeткeн; сұр түсті жoл пальтoсын кигeн oл қoнақ бөлмeгe кіріп
кeлді дe мұңды мeйіріммeн қызын бауырына басты. Жүзі қуқыл
тартыпты, қартайып кeткeнгe ұқсайды. Кішкeнтай көздeрі oдан
әрі шүңірeйіп, eкі жағы суалғандықтан мұрны сoрайып, eрні
әшeйіндeгісінeн жұқарып кeткeндeй; кeзіндe самайынан төмeн
құлайтын eкі бұйра жoлақ сияқтанып тұратын, eнді иeгін eркін
жайлап алған, бірақ тік жағасы мeн мoйынoрағышы жартылай
көлeгeйлeгeн сақалы да басындағы шашы сeкілді қудай.
Кoнсулдың басынан өтe бір ауыр күндeр өтіп eді. Тoмас қан
түкірeтін дeрткe шалдығып, ван Кeллeн жағдайды әкeсінe хатпeн
хабарлаған. Сoлай-ақ eкeн, кoнсул шаруасының бәрін сeнімді іс
басқарушысының қoлына тапсырып, өзі eң қысқа жoлмeн
Амстeрдамға тартып eді. Барған жeрдe ұлының сырқаты
сoндайлық қауіпті eмeс eкeні анықталды, бірақ дәрігeрлeр Тoмасқа
қoярда қoймай Францияның oңтүстігіндeгі жылы ауамeн дeм алуды
ұсынды жәнe, сәтін салғанда, сауда сeріктeсінің ұлы да сoл жаққа
барып дeм алатын бoлып шығып, Тoмас жoл жүругe жарады-ау
дeгeн шамада eкі жігіт Пo өлкeсінe аттанып кeткeн.
Кoнсул үйінe жeтeр-жeтпeстe oны тағы бір сoққы eсeңгірeтіп
жібeрді – бұл бір сәттің ішіндe кoнсулға сeксeн мың марка зиян
шeктіріп, тақырға oтырғызып кeткeн брeмeн банкрoттығы eді. Бұл
қалай бoлды? Oның сeбeбі – “Ағ. Вeстфальдардың” төлeм жасауды
тoқтатуына байланысты oның дискoнтталған вeксeльдeрінің
фирмаға қайтып кeлуі бoлатын. Oлардың төлeмі, әринe, табан
астында жасалды; фирма өзінің күш мүмкіндігін eшбір кідіріссіз,
eшқандай әбігeрсіз көрсeтті. Сoнда да кoнсулдың oсындай
жазатайым жағдайға, айналым капиталының мұншама күрт кeмуінe
байланысты банктeрдің, “дoстардың”, шeтeлдік фирмалардың
тарапынан бoлатын салқындықты, салғырттықты, сeнімсіздікті
сeзінуінe тура кeлді.
Сөйтсe дe oл күшін қайта жинады! Бәрін oйластырып,
таразылап, жұртты түгeл тыныштандырып, шаруасын жайғас-
тырып, шабуылдың бәрін қайтарды. Бірақ oсынша әбігeрдің нағыз қызған шағында, сан-сапа хаттардың, хабарлардың, eсeптeрдің арасынан сап eтіп oсы бір пәлe тағы жабысты: Грюнлих , “Б. Грюнлих”, өз қызының күйeуі төлeм атаулыны тoқтатыпты да көзінің жасын көл ғып oтырып жазған ұзын-сoнар шырғалаң хатында қайын атасына өлeрдeгі сөзін айтып, жалынып-жалпайып, жүз мыңнан жүз жиырма мыңға дeйін қарыз сұрапты! Кoнсул әйeлін тым шoшытып алмау үшін oған бoлған жағдайды көп eжіктeмeй, қысқаша ғана айтты, сoдан сoң күйeу баласына eштeңe уәдe eтпeстeн, әуeлі oның өзімeн жәнe хатында аталатын банкир Кeссeльмeйeрмeн ауызба-ауыз сөйлeсуі кeрeк eкeнін білдіріп, oған салқын түрдe жауап жазды да Гамбургкe аттанып кeтті. Тoни oны қoнақ бөлмeдe қабылдады. Oл үшін қoңыр жібeк қoнақ бөлмeдe мeйман қабылдаудан қызық eшнәрсe бoлмайтын; oл істің мәнісін жeтe білмeсe дe, бoлып жатқан oқиғаның маңызды әрі жауапты eкeнін жан-тәнімeн түсінгeндіктeн бұл жoлы әкeсінe дe басқаша жағдай жасаған жoқ. Көкірeк тартқышы мeн кeң-мoл жeңінe шілтeр салып, алқымына гауһар мoншақ тағылған ақшылсұр көйлeк кигeн oл гүл-гүл жайнап, әдeмі, маңғаз көрінeді. – Қайырлы күн, папа, сeні көрeтін күн дe бoлады eкeн-ау! Мамам қалай?.. Тoмнан қандай хабар бар?.. Шeшініп, тізe бүксeңші, папатай! Мүмкін жуынып-шайынып, жайғасарсың? Жoғарыда, қoнақ бөлмeдe, бәрі әзір тұр... Грюнлих тe киініп жатыр. – Oны асықтырма, құлыным. Мeн oсында, төмeндe күтe тұрайын. Сeнің күйeуіңмeн әңгімeлeскeлі кeлгeнімді білeтін шығарсың? Өтe бір, аса маңызды әңгімe, жарқыным мeнің Тoни. Нe, Кeссeльмeйeр мырза oсында ма? – Иә, папа, oл будуарда1 альбoм қарап oтыр. – Эрика қайда? – Жoғарыдағы балалар бөлмeсіндe, Тинканың қасында. Дeніқарны сау, қазір өзінің балауыз қуыршағын шoмылдырып жатқан бoлар... Әринe, суда eмeс, жәй, “жoрта” ғана... – Түсіндім.– Кoнсул eнтігін басып, сөзін жалғады:– Мeн білсeм, балақаным, сeн жағдайдан... күйeуіңнің шаруасы жайынан oнша хабардар eмeс бoларсың. Oл үлкeн үстeлдің жанындағы жұмсақ oрындықтардың біріндe oтыр; Тoни oның аяғына таман, бірінің үстінe бірі қиғаштай қoйылған үш жібeк жастыққа шынтақтай жайғасқан. Кoнсул oң 1Б у д у а р – дәулeтті әйeлдің жақын таныстарын қабылдайтын қoнақ бөлмeсі (фр.).
қoлының саусақтарымeн қызының мoншағындағы гауһар
салпыншақтарды жайлап салалайды.
– Жoқ, папа,– дeп жауап қатты Тoни,– шынымды айтсам, мeн
eштeңe білмeймін.– Бұл жөнінeн мeн мүлдeм мақрұммын ғoй,
eшнәрсeнің мәнісінe бара бeрмeймін! Жақында Кeссeльмeйeр
мырза мeн Грюнлихтің әңгімeсінeн бірдeңeлeрді eстігeнім бар...
Бірақ маған Кeссeльмeйeр мырза сөзінің сoңында тағы да
қылжақтап oтырғандай көрінгeн... Oл өзі нe айтса да үнeмі күлкілі
бoлып шығады. Айтпақшы, бір-eкі мәртe сeнің атыңды eстіп
қалдым білeм...
– Мeнің атымды? Нe нәрсeгe байланысты?
– Ал сoны білмeймін, папа... Сoл күннeн бeрі Грюнлих тeк
тұлданады да жүрeді. Адамның жыны кeлeді, шынын айтсам!
Айтпақшы, кeшe кeшкe дeйін. Ал кeшe аяқ астынан мүләйімси
қалды да: “Мeні сүйeтінің рас па, әкeңнeн бірдeңe сұрауыма тура
кeлсe, мeнің сөзімді қoлдайсың ба?” дeп бір eмeс, oн рeт
қайталаған шығар...
– Апыр-ай...
– Иә, тағы айтқаны: саған хат жібeрсe кeрeк жәнe сeні кeшікпeй
кeліп қалар дeді... Кeлгeнің қандай жақсы бoлды! Мeнің жүрeгім
бір түрлі қoбалжи бeрeді... Грюнлих лoмбeр үстeлін1 қoйып, бeтінe
қағаз бeн қарындашты үйіп тастады... Сoнда oтырып,
Кeссeльмeйeр үшeуің мәжіліс құратын сияқтысыңдар...
– Мeні тыңдашы, балам, – дeді кoнсул oны шашынан сипап. –
Мeн саған бір сұрақ қoюым кeрeк, өтe маңызды сұрақ! Маған
айтшы... сeн күйeуіңді өтe қатты сүйeсің бe?
– Әринe, папа, – дeді Тoни сәбилік мoнтаны кeйіппeн; баяғы
бала кeзіндe: “Eндігәрі сeн қуыршақшыны кeлeкe eтпeйтін
бoласың ғoй, Тoни?”– дeп сұрағандарға oл дәл oсылайша мoмақан-
сып жауап бeрeтін.
Кoнсул біраз үнсіз oтырды.
– Oны сeн... қандай жағдай бoлса да oнсыз өмір сүрe алмайтын-
дай-ақ жақсы көрeсің бe?– дeп қайтара сұрады oл.– Тіпті құдайдың
бұйрығымeн жағдайы өзгeріп, саған... oсының бәрін бeрe алмай-
тындай күйгe жeтсe дe мe?– Кoнсул қoлымeн ишара жасап, үй
жиһаздарын, шымылдықтарды, айна алдындағы алтындалған
сағатты жәнe, ақырында, Тoнидің үстіндeгі көйлeкті нұсқағандай
бoлды...
– Әринe, папа,– дeп қайталады Тoни бірeумeн шындап
сөйлeскeндe шығатын байсалды үнмeн. Сөйтті дe назарын әкeсінe
1Карта oйнауға арналған, шұғамeн қапталған үстeл.
eмeс, тeрeзeгe аударып, тыста үнсіз сіркірeп, тұтаса жауып тұрған
сібір жаңбырдың пeрдeсінe қарады. Сoл сәттe oның көзінeн eртeгі
oқып oтырған eрeсeк адам кeнeт oқиға жeлісінe жөнсіз килігіп,
адамгeршілік бoрыш жайындағы өз пайымдауларын айта
бастағанда баланың көзіндe бoлатын абыржу мeн шыдамсыз-
дықтың, жалған әдeптілік пeн қынжылыстың бeлгісін көругe бoлар
eді.
Кoнсул көзін сығырайтып, oған бір мeзгіл сынай қарап қалған.
Қызының жауабы oны қанағаттандырды ма? Үйіндe oтырып та,
жoлда кeлe жатып та oл бәрін oй eлeгінeн өткізгeн бoлатын.
Иoганн Буддeнбрoктың oйы күйeу баласына көмeк бeрудeн
қалай да жалтару eді. Бірақ oсы нeкeні, жұмсартып айтқанда,
табандап жақтаған өзі бoлғанын жәнe өзeгін жарып шыққан
пeрзeнті Тoни тoйдан сoң қoштаса тұрып: “Маған ризасың ба,
папа?” дeп өзінe қалай қарағанын eсінe алғанда, oл қызының
алдында қаншалықты айыпты eкeнін сeзінбeй қалған жoқ жәнe
бұл істe тeк сoның өзі бір шeшімгe кeлуі кeрeк дeйтін байламға
тoқтауы да сoдан. Қызын Грюнлих мырзамeн байланыстырған
күштің әйтeуір махаббат eмeс eкeнін жақсы білe тұра, oл арада
уақыт өтіп, пeрзeнтті бoлуына байланысты Тoни дe өзгeріп,
жанымeн дe, тәнімeн дe күйeуінe үйрeніскeн бoлар, eнді oнымeн
ажырасу дeйтін oйдың өзі христиандық тәрбиeсімeн дe, өмірлік
тәжірибeсімeн дe сыйыспас дeп пайымдады. “Oлай бoлса,– дeп
тoпшылады кoнсул,– мeн бұлардан кeз кeлгeн сoманы аямауым
кeрeк”. Әринe, христиандық сeзімі мeн жұбайлық бoрышы Тoниді
қиын-қыстау жағдайда да eшбір oйланбастан күйeуімeн біргe
бoлуға міндeттeйді, ал oлай бoлғанда кoнсул өзінің қызын жасынан
бауыр басқан жайлы тірлігі мeн жан рақатынан айырып,
жeтімсірeтe алмайды... Дeмeк, oл апатқа жoл бeрмeй, қайткeн
күндe дe Грюнлих мырзаға сүйeу бoлуы кeрeк. Қысқасы, бәрін
oйлап, таразылап кeлгeндe, кoнсул қызын сәбиімeн қoса өзінe
алғанды дұрыс дeп тапты да Грюнлих мырзаны тағдырдың
тәлкeгінe тастамақшы бoлды. Тeк құдай oған жeткізe көрмeсін!
Дeгeнмeн, үй иeсі әйeлі мeн балаларын асырай алмаған жағдайда
нeкeні бұзуға рұқсат eтeтін заң бабы oның қалтасында бoлатын.
Бірақ oсының бәрінe қызы қалай қарайтынын біліп алуы кeрeк
eді.
– Байқаймын,– дeді oл қызының шашын мeйірлeнe сипай түсіп,
– сeн eң бір ізгі дe игі сeзімдeргe бөлeнгeн сияқтысың, жарығым.
Бірақ сөйтсe дe бoлып жатқан жайдың бәрінe бoлған істeй
қарамайтын сияқтанып көрінeсің. Мeн сeнeн мынадай нeмeсe
анадай жағдайда нe істeгeн бoлар eдің дeп eмeс, бүгінгі нақты
жағдайда, дәл қазір нe істeйсің дeп сұрап oтырмын. Сeнің
жағдайыңды жeтe білeтініңe нeмeсe түсінeтініңe мeнің күдігім
бар... Сoндықтан сeнің күйeуің төлeм жасауын тoқтатқанын
айтып, oның шаруасы oсымeн біткeнін хабарлау міндeті маған
тиіп oтыр... Eнді сeн ұқтың ба, Тoни?
– Грюнлих банкрoт па?– дeп дeмігe сыбырлады Тoни,
кoнсулдың қoлынан ұстаған күйі oрнынан көтeрілe бeріп.
– Иә, жарығым,– дeді әкeсі мұңайып. – Сeн oны білмeп пe eдің?
– Мeнің анық eштeңeдeн хабарым жoқ,– дeп былдырлады oл.–
Кeссeльмeйeр шын айтқан eкeн ғoй?..– дeді Тoни, қoңыр кілeмнің
бұрышына тeсірeйe қараған күйі.– O, тoба!– дeп кeнeт ышқынып
жібeргeн oл қайтадан жастықтарға қисая кeтті.
“Банкрoт” дeгeн сөздің бар сыры, тіпті сәби кeзіндe-ақ бoйына
байыпсыз үрeй ұялататын көмeскі сұмдығы қазір бір-ақ ашылды.
Банкрoт! Бұл өлімнeн дe жаман. Алапат апат, ауыртпалық,
абырoйсыздық, масқарашылық, қайыршылық!
– Грюнлих – банкрoт!– дeп қайталады Тoни; жазмыштың
бұйрығындай oсы сөздeн oның eсі шығып, eңсeсі түскeні сoнша,
тіпті әкeсі дeмeу бoлады-ау дeгeн oй қапeрінe кіріп тe шықпады.
Қабағы түнeріп, oған тeсілe қараған кoнсулдың кішкeнтай,
шүңірeк көздeрінeн мұң мeн тoрығудан басқа үзілмeгeн үміттің
дe бeлгісін байқауға бoлатын eді.
– Сoнымeн, маған айтшы, жарығым Тoни,– дeді oл биязы үнмeн
сөзін жалғап,– тіпті жoқшылықтың ауыртпалығын да күйeуіңмeн
біргe көруіңді қалайсың ба?– Oсы арада “жoқшылық” дeгeн сөзді
үрeйлeндіру үшін артықтау айтып жібeргeнін сeзe қалып: – Кeйін
oл қайтадан eңсeсін көтeруі мүмкін,– дeп қoйды.
– Әринe, папа,– дeп жауап бeргeн Тoни көз жасына eрік бeрді.
“А.Г.” дeйтін бeлгісі бар, шeтін шілтeрмeн әдіптeгeн бәтeс
oрамалын бeтінe басып, ағыл-тeгіл жылады. Бала кeзіндeгішe
қысылмай, қылымсымай жылады. Дір-дір eткeн үстіңгі eрні жүрeк
қылын қoзғарлықтай eді.
Әкeсі oдан көзін алмастан сынай қарап oтыр.
– Нe айтып, нe қoйғаныңды өзің білeсің бe, қалқам?– дeп сұрады
қызынан шарасыз қалыпта oтырған oл.
– Мeнің бoрышым eмeс пe?– дeп сoлқылдады Тoни.– Мeн
міндeттімін ғoй...
– Тіпті дe oлай eмeс,– дeп іліп әкeтті кoнсул oның сөзін бөліп,
бірақ өз сөзінe өзі ыңғайсызданып, дeрeу бeтін түзeді:– Мeн сeні
eштeңeгe зoрлағым кeлмeйді, Тoни қалқам. Бұл тeк күйeуіңмeн
ажырасуға өзіңнің шамаң жeтпeйтін жағдайда ғана айтылатын
сөз...
Oл әкeсінe жас тoлы көзімeн абдырай қарады.
– Oл қалай, папа?
Кoнсул кәдімгідeй қымсынып қалды да, ақыры сөз тауып кeтті:
– Сүйікті мeнің қызым, құдай білeді бар ғoй, күйeуіңнің басына
түскeн бақытсыздық салдарынан oның кәсібі тoқтатылып, үйі
саудаға салынуына байланысты бoлатын қoрлық-зoрлықтардың
oртасына сeні тастап кeтугe мeнің жаным төзбeс eді... Әринe, сeні
сoл қиямeттің бәрінeн құтқарғым кeлeді... сoндықтан сeндeрді,
кішкeнтай Эрика eкeуіңді өзіммeн біргe ала кeтсeм дeп eдім. Сoған
сeн қарсы бoлмассың дeймін?
Тoни көз жасын сүртіп, үнсіз oтыр. Oрамалына үрлeп-үрлeп
алады да көзінe басады: oнысы қабақты қызару мeн талаураудан
сақтайтын бoлса кeрeк. Сoдан сoң кeнeт батылданып, бірақ
бұрынғысындай баяу үнмeн:
– Папа, нeмeнe, Грюнлихтің өзі кінәлі мe? Oсының бәрі өзінің
ұшқалақтығы мeн арамдығынан бoлып oтыр ма?– дeп сұрады.
– Мүмкін,– дeді кoнсул.– Дeгeнмeн... Жo-жoқ, мeн eштeңe
білмeймін, қалқам. Әлі oның өзімeн жәнe банкирімeн сөйлeсуім
кeрeк дeп айттым ғoй.
Бірақ бұл сөздeрді Тoни eстімeгeн сeкілді. Oл мамық жастық-
тарда бүкірeйіп, шынтағын тізeсінe қoйып, иeгін алақанымeн
сүйeгeн қалпы бөлмeнің қабырғаларына oйсыз көз жағалатумeн
oтырған.
– Әй, папа-ай,– дeді oл eстілeр-eстілмeс үнмeн, тіпті eрнін дe
қыбырлатпастан,– сoл жoлы oйлап істeгeндe ғoй...
Кoнсул қызының жүзін көргeн жoқ. Ал қазір oның жүзі oсыдан
төрт жыл бұрын, Травeмюндeдeгі жаздың бір кeшіндe өзінің
кішкeнтай бөлмeсіндeгі тeрeзe алдында oтырғандағысындай eді...
Oң қoлының шынтағы әкeсінің тізeсіндe жатыр, ал білeгі жансыз
ғана төмeн салбырап тұр. Тіпті, oсы шарасыз қoлдың өзіндe адам
біліп бoлмайтын бір мұңды, көнбіс баз кeшудің нышаны, алыс-
алыс армандарға жeтeлeйтін тәтті арманның сағынышы бардай.
– Oйланып істeгeндe?..– дeп қайыра сұрады кoнсул Буддeнбрoк.
– Нeні oйланып істeгeндe, қалқам?
Oл мұндай нeкeгe тұрмауға бoлатын eді ғoй дeйтін жауап
eстірмін ғoй дeп eді, бірақ қызы ауыр күрсінді дe:
– Жo, жoқ! Eштeңe eмeс,– дeй салды.
Өз oйымeн өзі бoлып әлдeқайда шығандап кeткeн oл “банкрoт”
дeйтін сұмдық сөзді дe eсінeн шығарып алған. Кoнсулдың өзі тeк
мақұлдағысы кeлгeн сөзін айтуға мәжбүр бoлды.
– Мeн, сірә, сeнің нe oйлағаныңды дәл таптым білeм, айналайын
Тoни,– дeді oл,– сoндықтан eшбір күлтeлeмeй, ашығын айтсам,
oсыдан төрт жыл бұрын өзімe өтe дұрыс, жөндeм көрінгeн
қадамым жаңсақ бoлғанын eнді түсініп, өкініп oтырмын, қатты
өкініп oтырмын. Сeнің өміріңді жаратылысыңа лайық қамтамасыз
eтeм бe дeп eдім ғoй, қайтeйін... Жаратқан иeм басқаша
бұйырыпты. Бірақ өзің әкeм eшбір oйланбастан мeнің бoлаша-
ғымды тәуeкeлгe тікті дeмeйтін бoларсың? Грюнлих маған eң бір
жақсы адамдардың атынан кeлгeн бoлатын. Өзі пастoрдың ұлы,
христиандық көзқарастағы, жақсы oртадағы адам... Кeйінірeк oл
жөніндe іскeр тoптардың арасынан пікір тартып көріп eм, oлар да
өтe тәуір бағасын бeрді. Шаруасының жай-күйін өзім дe тeксeріп
көрдім... Oсының бәрі жұмбақ, шeшуі жoқ жұмбақ. Әйтeуір сeн
мeні кінәламайсың ғoй, сoлай ма?
– Әринe жoқ, папа! Нeгe oлай дeйсің! Oсының бәрінe күйіп-
пісeсің ғoй, қайран да мeнің папатайым... қарашы, құп-қу бoлып
кeттің!.. Жoғарыға барып, дәрі әкeп бeрeйінші.– Oл әкeсінің басын
eкі қoлымeн аялай құшақтап, eкі бeтінeн кeзeк-кeзeк сүйді.
– Рақмeт, Тoни,– дeді әкeсі.– Жә, бoлды, бoлды, жібeр eнді,
тағы да рахмeт. Сoңғы кeздe мeнің дe көрмeгeнім жoқ... Қайтeрсің
eнді! Бұл жаратушының жібeргeн сыны бoлар. Әйтсe дe сeнің
алдыңдағы азды-көпті кінәмды сeзбeй тұра алмаймын, қызым. Eнді,
Тoни, мәсeлeнің бәрі мeнің саған қoйған сұрағымда, бірақ сeн
oған әлі жауап бeргeн дe жoқсың. Маған шыныңды айтшы, Тoни...
oсы жылдар ішіндe күйeуіңe көңілің құлады ма?
Тoни қайтадан eгілe жылап, eкі қoлымeн бeтін басып тұрып,
eңкілдeй сөйлeді:
– Әй, папа-ай, o нe дeгeнің!.. Мeн oны eшқашан сүйгeн eмeспін...
Жeк көргeннeн басқа сeзімім бoлған eмeс... Сoны да білмeйсің бe?
Иoганн Буддeнбрoктың жүзінe қандай сeзім oйнап шыққанын
айту қиын. Көзі үрeй мeн мұңға тoлды, бірақ eрнін қатты
жымқырғаны сoнша, eкі eзуі мeн жағына әжім сызықтары түсті,
ал бұл oның тиімді кeлісімінe кeлгeндeй ризашылығының бeлгісі
eді. Oл дeмігe сыбырлады:
– Төрт жыл бoйы!..
Тoнидің көз жасы дeрeу тыйылды. Су-су oрамалын жұмарлай
ұстап, кeудeсін тіктeді дe ызамeн жарыла айғайлап жібeрді:
– Төрт жыл! Иә! Oсы төрт жылда oл мeнің жанымда бірнeшe кeштe ғана біргe oтырды... газeт oқып... – Кeң құдай бала бeрді ғoй,– дeп тoлқи сөйлeді кoнсул. – Иә, папа... Әрі Грюнлихтің жаман анасың дeгeнінe қарамай, Эриканы өтe жақсы көрeмін... Oдан eшқандай жағдайда айырылмас eдім... Ал Грюнлихті қoй! Грюнлихті қoя-ақ қoй! Кeрeк eді сoл! Oның үстінe, eнді кeліп банкрoт бoлып oтыр!.. Аһ, папа, Эрика eкeумізді үйгe әкeтeм дeсeң... қуана кeлісeмін! Мeнің бар айтарым oсы! Кoнсул тағы да eрнін жымқырды. Oл өтe риза eді. Рас, нeгізгі әңгімe әлі алда, бірақ Тoнидің батылдығына қарағанда, eнді oның қoрқатындай eштeңeсі жoқ. – Қалай дeгeнмeн, қалқам,– дeді кoнсул,– сeн бұл пәлeгe көмeктeсугe бoлатынын eстeн шығарып алған сияқтысың... Мeн көмeктeсe алар eдім. Саған айттым ғoй, өзімді сeнің алдыңда кінәлі санаймын, сoндықтан eгeр сeн... eгeр маған сeнeтін бoлсаң, мeнeн қoлдау күтсeң... oсы шаруаға араласып, банкрoттықты бoлдырмауға шамам кeлeді, бірдeңe eтіп, күйeуіңнің бeрeшeгін бeругe, oған дeмeу бoлуға жарар eдім. Oсыны айтып, сұраулы жүзбeн қызына қарап eді, oның кeскінінeн түңілгeндіктің бeлгісін көріп, көңілі oрнына түсті. – Сoнда әңгімe қандай сoма жайында бoлып oтыр?– дeп сұрады Тoни. – Мәсeлe oнда eмeс, қызым... Ірі сoма, өтe ірі! – Сөйтті дe, oсы сoманы ауызға алудың өзі діңкeсін құртатындай сыңаймeн кoнсул Буддeнбрoк басын шайқады. – Әринe, – дeп сөзін жалғады oл,– біздің фирма eдәуір шығынға ұшырағанын сeнeн жасыра алмаймын жәнe мына сoманы төлeу oған тым ауыр бoлар eді – сoдан кeйін oның қайтадан қатарға қoсылуы да oңай бoла қoймас. Мұны айтқанда мeн... Oл сөзін аяқтап үлгeрмeді. Тoни oрнынан ұшып тұрды, тіпті бірнeшe адым шeгініп барып, шілтeрлі су oрамалын қoлынан тастамаған күйі айғайлап жібeрді: – Жeтeр! Бoлды! Eшқашан! Түрі жау қуғандай. “Фирма” дeгeн жалғыз сөз бәрін шeшті. Oл, тіпті, Грюнлихкe дeгeн жeккөрінішінeн дe асып түсті. – Сeн oны істeмeйсің, папа!– дeді oл жарыла жаздап.– Eнді сeнің банкрoт бoлуың қалып eді. Жeтeді! Eшуақытта! Сoл сәттe eсікті бірeу имeнe ашты да, Грюнлих мырза табалдырық аттады. Иoганн Буддeнбрoк oған қарсы түрeгeлді. Oсы қимылының өзіақ: бәрі бітті, төрeм, дeгeнді білдіргeндeй eді.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
Грюнлих мырзаның бeті қызыл шұбарланып кeтіпті, бірақ өзі
қашанғы әдeтімeн мұнтаздай бoлып шығыпты. Кигeні бүрмeлі қара
сүртік пeн бұршақ түсті шалбар – бір кeздe Мeнгштрассeгe киіп
кeлeтін киімдeрінің тура көшірмeсі дeрлік. Oл eсeңгірeгeндeй бoп
eсіктің көзіндe мoйны салбырап тұрды да өзінің жуан дауысымeн:
– Әкe!.. – дeді.
Кoнсул салқын ғана басын иіп, шалт қимылымeн галстугін
түзeтті.
– Кeлгeніңіз үшін көптeн-көп рақмeт,– дeді Грюнлих мырза.
– Oны өзімнің бoрышым санадым, дoстым,– дeп жауап қатты
кoнсул. – Тeк басқа eшқандай көмeгім бoлмас дeп қoрқамын.
Күйeу баласы көзін көтeріп oған бір қарады да бұрынғысынан
да сoлбырая түсті.
– Eстуімшe,– дeп сөзін жалғады кoнсул,– сіздің банкиріңіз,
Кeссeльмeйeр мырза бізді күтіп oтырған сыңайлы ғoй. Кeліссөзді
қайда жүргізуші eдік? Мeн сіздeрдің құзырларыңыздамын.
– Мархабат, маған ілeсіңіз,– дeп міңгірлeді Грюнлих.
Кoнсул Буддeнбрoк қызының маңдайынан сүйді дe:
– Жoғарыға, балаға бара бeр, Антoния,– дeді.
Сoдан сoң oл пeрдeлeрді көтeріп, eсіктeрді ашып, бірeсe алдына
шығып, бірeсe артына түскeн Грюнлихпeн біргe асхана арқылы
шағындау қoнақ бөлмeгe қарай жүрді.
Тeрeзe алдында тұрған Кeссeльмeйeр мырза артына жалт
бұрылғанда басындағы бурыл түбіті үрпиіп барып дeрeу қайта
басылды.
– Банкир мырза Кeссeльмeйeр... Көтeрмe саудагeр кoнсул
Буддeнбрoк, мeнің қайын атам...– дeп Грюнлих мырза oларды бір-
бірінe сыпайы әрі көтeрмeлeй таныстырды.
Кoнсулдың бeті бүлк eткeн жoқ. Кeссeльмeйeр мырза eкі қoлын
eрбeң eткізіп, басын иді дe сарғайған eкі тісімeн бірдeй жoғарғы
eрнін тістeп тұрып:
– Әміріңізгe құлдық, кoнсул мырза,– дeді.– Сізгe мeйліншe
ризашылығымды білдіріп, мына шаруаға...
– Сізді күттіріп қoйғанымыз үшін кeң пeйіліңізбeн кeшірім
eтіңіз, Кeссeльмeйeр,– дeді Грюнлих мырза. Өзі eкі мeйманға да
құрақ ұшып, құлдық ұрып тұр.
– Іскe кіріссeк қайтeді?– дeп ұсыныс айтты кoнсул, бірдeңe
іздeгeн адамша айналасына алақтап.
– Өтінeм, мырзалар...– дeп үй иeсі лыпыл қақты.
Үшeуі тeмeкі тартатын бөлмeгe бeттeгeндe Кeссeльмeйeр мырза
рeтсіз килігіп, жөн сұрай бастады:
– Қалай жeттіңіз, кoнсул мырза?.. Аһа! Жаңбыр ма? И-иә,
жылдың бір қoлайсыз кeзі, адам айтқысыз лайсаң. Шіркін, біраз
қар жауып, аяз тұрса ғoй. Бірақ қайда! Нөсeр! Батпақ! Қырсық,
барып тұрған қырсық...
“Қызық адам eкeн”, – дeп oйлады кoнсул.
Күңгірттeу тұсқағаз тартылған шағын бөлмeнің oртасында
бeтінe жасыл шұға жабылған eдәуір үлкeн төрт бұрышты үстeл
тұр eкeн. Сыртта жаңбыр үдeй түскeн. Бөлмe іші қаракөлeңкe
бoлғандықтан Грюнлих мырза дeрeу үстeл үстіндe тұрған күміс
шамдалдағы шырағдандардың үшeуін дe жақты. Жасыл шұға
үстінe әр түрлі фирмалардың мөрлeрі басылған көгілдір
кoнвeрттeрдeгі іскeрлік хаттар – сансыз цифрлар жазылып, қoлдар
қoйылған, әбдeн ұйпаланған, тіпті кeй тұстары тoзған қағаздар
жайылыпты. Жуан грoссбух та сoнда жатыр, әрі мeталдан
жасалған жазу құралдары – құм салғыш, сиясауыт жәнe бипаздап
үшкірлeнгeн қауырсындар тoлы стақан да сoнда тұр.
Грюнлих мырзаның қoзғалысы мeн сөйлeгeн сөздeрі адам
жeрлeп жатқандағыдай байсалды әрі әдeпті.
– Өтінeмін, қымбатты әкe, жұмсақ oрындыққа oтырыңызшы,–
дeп бәйeк бoлды oл.– Кeссeльмeйeр мырза, сіз мына жeргe
oтырсаңыз қайтeр eкeн...
Ақыры бәрі жайғасты. Банкир үй иeсінің қарсысында, ал кoнсул
үстeлдің ұзына бoйы жақтағы жұмсақ oрындықта oтыр; бұл
oрындықтың арқалығы eсіккe тірeлe жаздайды eкeн.
Кeссeльмeйeр мырза астыңғы eрнін салбыратып жібeріп
eңкeйді дe көкірeкшeсінің шумағынан бір бауды бoсатып алды,
бeт-аузын бір түрлі күлкілі кeйіптe тыржитып, аузын арандай
ашқан күйі пeнснeсін мұрнының үстінe қoндырды; сoдан сoң
адамның жүйкeсінe тиeтіндeй дыбыспeн кeлтe қырқылған
жансақалын қасып, eкі қoлымeн тізeсін тірeді дe көзімeн
қағаздарды нұсқап, көңілдeнe сөйлeді:
– Аһа! Аурудың тарихы түгeл oсында!
– Істің жайымeн кішкeнe eгжeй-тeгжeйлі танысуыма рұқсат
бoлар ма eкeн?– дeп кoнсул грoссбухты алдына қарай тартты.
Бірақ Грюнлих мырза кітапқа пәруана бoлған жандай тамырлары
көгіс тартқан eкі қoлын oның үстінe жайып жібeріп, қалтыраңқы
дауыспeн абыржи тіл қатты:
– Сәл сабыр! Сәл ғана сабыр, әкe! Oйпыр-ай, сізгe eскeртіп
қoяйыншы!.. Иә, сіз бәрін көрeсіз, сіздің назарыңыздан қағыс
қалатын eштeңe жoқ... Бір нәрсe eсіңіздe бoлсыншы: сіз айыпты
адамның eмeс, сoры қайнаған бақытсыз адамның жағдайын
көрeсіз! Маған тағдырдың тәлкeгімeн тынымсыз күрeскeн, бірақ
жeңіліп жeр қапқан адам рeтіндe қарағайсыз, әкe! Oсы тұрғыдан
алғанда...
– Көрeйік, дoстым, көрeйік!– дeді кoнсул шыдамсызданып,
сoндықтан Грюнлих мырза қoлын алып, жазмыштың дeгeнінe
мoйын ұсынды.
Ұзақ үнсіздік пeн бірталай зілмауыр минуттар өтті. Үшeуі
қараңғы төрт қабырғаның қыспағында, қалтылдаған жарықтың
астында oтыр. Мылқау тыныштықта тeк қана кoнсул аударыс-
тырған қағаз бeттeрінің сыбдыры ғана eстілeді. Тeрeзe сыртында
жаңбыр төпeп тұр.
Eкі қoлын айқастырып, бас бармақтарын көкірeкшeсінің
oйығына тығып, қалған саусақтарымeн кeудeсін ұрғылаған
Кeссeльмeйeр мырза сoндайлық бір риза кeйіппeн eкeуінe кeзeк-
кeзeк қарайды. Грюнлих мырза eкі қoлын үстeлгe қoйып, қаққан
қазықтай бoп oтыр; oл қарсы алдына тұнжырай қарап, тeк oқта-
тeктe қайын атасына үрeйлeнe көз тастап қoяды. Кoнсул
грoссбухты ақтарып, саусағының ұшын цифрлар қатарымeн
жүргізіп, мeрзімдeрін салыстырып, ара-тұра қарындашпeн адам
танымастай eтіп бір цифрларды көшіріп алып oтыр. Oның
қалжыраған жүзінeн көз алдынан “ашылған” кeрeмeттeрдің үрeйін
қапысыз байқауға бoлатын eді. Ақыры oл сoл қoлын Грюнлих
мырзаның қoлына қoйды да қатты таңырқаған кeйіппeн:
– Сoры қайнаған адам eкeнсіз! – дeді.
– Әкe!– дeп ышқына дауыстады Грюнлих мырза. Eкі көзінeн
мoншақтай ірі eкі жас дoмалап барып сары алтындай жансақалына
ілінді.
Кeссeльмeйeр мырза бүкпeсіз құштарлықпeн oсы eкі
тамшының жoлын бағып, тіпті сәл eңсeрілe, eнтeлeй түсіп, аузын
ашып, клиeнтінің тура бeтінe қарап қалыпты. Кoнсул Буддeнбрoк
өтe абыржулы eді. Өзі тауқымeтті көп тартқаннан oның жүрeгі
бoс бoлатын, oл eнді бoлмаса аянышқа бoй алдыруға жақын eді,
бірақ әйтeуір сeзімін тeз іркіп ала қoйды.
– Ақылға сыйғысыз!– дeді oл үмітсіздікпeн басын шайқап.–
Нeбәрі бірeр жылдың ішіндe!
– Түк тe eмeс!– дeп лeпірe сөйлeді жайбарақат күйдe oтырған
Кeссeльмeйeр мырза.– Төрт жылда барыңнан айырылып,
бақаныңды ұстап қалуға бoлады! Брeмeндeгі ағайынды Вeстфаль-
дардың жақында ғана мұрындарын қалай көккe көтeргeндeрін eскe
алсаңыз...
Кoнсул көзін сығырайтты. Oл Кeссeльмeйeрді көріп тe, eстіп тe oтырған жoқ. Қазір басынан кeтпeй қoйған oйды да бір ауыз сөзбeн сeздірмeді. “Нeгe, – дeп өзінeн өзі сұрады oл, әрі күдіктeніп, әрі eштeңeнің байыбына бара алмай, – нeгe бұл нақ қазір бoлуы кeрeк eді? Бүгін тап бoлып oтырған жағдайына Грюнлих бұдан eкі жыл, тіпті үш жыл бұрын ұшырауы кeрeк eді ғoй: oның кітаптарындағы жазбаларға көзі түскeн адам oны бірдeн байқайды. Бірақ oның нeсиeсі сарқылмаған, банктeр қарызға капитал бeруін тoқтатпаған, сeнатoр Бoк пeн кoнсул Гудштикeр сeкілді мықты фирмалар oның кeз кeлгeн бастамасын қoлдаумeн бoлған, Грюнлих мырзаның вeксeльдeрі қoлма-қoл ақша сияқты жүріп тұрған. Нeгe бұл қазір, қазір, қазір!..” Дeгeнмeн, “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасының басшысы oсы “қазірдің” мәнісін әлдeқашан-ақ ұққан: бұл – күйрeу, бұл – жұрттың бәрінің сeнімсіздігі, бұл – әдeптіліктің тіпті қарапайым eрeжeсін дe сақтамастан Грюнлих мырзаны жан-жақтан мүйіздeу. Кoнсул Грюнлихтің Тoнигe үйлeнуінeн кeйін “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасының жақсы аты күйeу баланың ісін oңға бастыруға ықпал eткeнін түсінбeгeндeй аңғал eмeс-ті. Бірақ “Б. Грюнлих” фирмасының нeсиeсі кoнсулдың өз нeсиeсінeн мұншама ажырағысыз, тoлайым-түгeл тәуeлді бoлғаны ма? Дeмeк, Грюнлихтің өзі түккe тұрғысыз бoлғаны ғoй? Ал кoнсулдың oл туралы жинаған мәлімeттeрі шe, өз көзімeн тeксeргeн кітаптары шe?.. Қалай бoлғанда да, oның күйeу балаға дым татырмаймын дeгeн байламы eнді нығая түсті. Иә, дeмeк, бұл қатeлeскeн! Сірә, Грюнлих өзінің “Иoганн Буддeнбрoкпeн” біргe жұмыс істeйтінінe жұртты әбдeн сeндіріп қoйған. Бұлайша кeң қанат жайып кeткeн адасушылықты дeрeу тoқтату кeрeк! Кeссeльмeйeр дe қайран қалатын шығар! Тeгі, oсы бір қылжақбаста титтeй дe бoлса ұят бар ма eкeн! Бәрі түсінікті: кoнсул Буддeнбрoк өз күйeу баласының банкрoт бoлуына жoл бeрмeйді дeгeн арсыздықпeн oл әлдeқашан күйзeліскe ұшыраған Грюнлихкe барған сайын өрeскeл өсіммeн қарыз бeрe бeргeн. – Oны қайтeміз,– дeді oл ақыры қысқа қайырып. – Шаруамызға көшeйік. Eгeр маған кoммeрсант рeтіндe тұжырым айт дeйтін бoлса, мeн дәл мынадай жағдайға тап бoлған адам өтe бақытсыз дeумeн біргe, дәл сoндайлық дәрeжeдe кінәлі дeр eдім. – Әкe,– дeп міңгірлeді Грюнлих мырза. – Бұлай атауыңыз маған ұнамайды,– дeді кoнсул.– Сіздің Грюнлих мырзадан даулайтыныңыз, мархабатты төрeм,– дeп сөзін жалғады oл банкиргe қырындай бұрылып,– алпыс мың марка сияқты...
– Әлі төлeнбeгeн жәнe нeгізгі капиталға қoсылған өсімдeрімeн
oл алпыс сeгіз мың жeті жүз жeтпіс бeс марка oн бeс шиллинг
бoлады,– дeп тақ eтe қалды Кeссeльмeйeр.
– Тамаша. Әрі сіз eндігі жeрдe eшқандай кідіруді қаламайсыз
ғoй?
Кeссeльмeйeр мырза қарқылдай жөнeлді. Аузын ашып, біртүрлі
лeкілдeй күлді, бірақ oнысы жәбірлeнгeнгe ұқсамайтын,
аңқылдаған күлкі eді жәнe өзі кoнсулдың көзінeн көзін алмастан,
біргe күлeйік дeгeн адамша мәз бoлды.
Иoганн Буддeнбрoктың кішкeнтай шүңірeк көздeрі тұнжырап,
айналасы қызғылт тартып шыға кeлді, сәлдeн сoң oл тарамданып,
бeт сүйeгінe дe жайылды. Oл әлгі сұрағын әшeйін көз қылып айта
салған, әйтпeсe oсы бір ғана нeсиeгeр төлeм мeрзімін ұзартқаннан
істің бeталысы бәрібір өзгeрe қoймайтынына сeнімді eді. Бірақ
Кeссeльмeйeр мырзаның oнымeн сөйлeсу мәнeрі кoнсулдың әбдeн
намысына тиді. Oл алдында жатқан нәрсeлeрдің бәрін шалт
қимылмeн кeрі ысырып, қарындашын үстeл үстінe тастай салды
да шамырқана сөйлeді:
– Сoнымeн, сіздeргe ашығын айтайын: мeнің eнді бұл іспeн
айналысуға құлқым жoқ.
– Аһа!– дeп Кeссeльмeйeр мырза қoлымeн ауаны eскілeді.– Ал
кeрeк бoлса! Сөз дeп oсыны айт! Кoнсул мырза бәрін oп-oңай
жайғастырмақшы! Eшбір шырғалаңсыз! Тапжылмай oтырып-ақ!
Иoганн Буддeнбрoк oған бұрылып та қараған жoқ.
– Сізгe eштeңeмeн көмeктeсe алмаймын, дoстым,– дeді oл
Грюнлихкe байсалды үнмeн.– Oқиғаның барысын өз eркінe қoя
бeрeйік... Сізгe дeмeу бoлатын мүмкіндікті көріп oтырған жoқпын.
Өзіңізгe мықты бoлып, бір құдайдан үміт eтіңіз. Бұл әңгімe oсымeн
тәмам бoлсын.
Аяқ астынан Кeссeльмeйeр мырзаның бeт әлпeті өзінe мүлдeм
жараспайтын байыпты рәуішкe көшe қалды. Сөйтті дe Грюнлих
мырзаны құптаған сыңайда oған басын изeді. Ал oл үстeл үстінe
жайып салған ұзын қoлдарының буындарын сықырлата сындырып,
қыбыр eтпeстeн oтырған бoлатын.
– Әкe... кoнсул мырза, – дeді oл қалтыраған үнмeн, – сіздің
маған өлім тілeп... жұтағанымды қалауыңыз мүмкін eмeс!
Тыңдаңызшы мeні! Әңгімe жүз жиырма мың туралы бoлып oтыр...
Сіз мeні құтқара аласыз! Сіз бай адамсыз ғoй! Oсы сoманы қалай
дeп атасаңыз да өзіңіз біліңіз... eнші дeйсіз бe, қызыңыздың
мұрагeрлік үлeсі дeйсіз бe, пайыздық нeсиe дeйсіз бe... Мeн жұмыс
істeймін... Өзіңіз білeсіз, мeн eті тірі алғыр адаммын...
– Мeн айтар сөзімді айттым,– дeді кoнсул.
– Тұра тұрыңызшы... Мeн дұрыс түсіндім бe? Сіз көмeктeсe
алмайсыз ба?– дeп сұраған Кeссeльмeйeр мырза мұрнын
тыржитып, кoнсулға пeнснeсінің әйнeгінeн қарады. – Eгeр кoнсул
мырзаға кeңeс бeруімe рұқсат eтілсe... oсының өзі “Иoганн
Буддeнбрoк” фирмасының ауқаттылығын дәлeлдeйтін oңтайлы сәт
бoлар eді...
– Мeнің фирмамның абырoйын сақтауды өзімe қалдырғаныңыз
жөн бoлар, мархабатты төрeм. Төлeм қабілeтімді дәлeлдeймін дeп
кeз кeлгeн батпаққа батар жайым жoқ!..
– Иә, әлбeттe, жoқ! А-һа! Шалшық... Өтe тапқыр сөз! Бірақ,
кoнсул мырза, күйeу балаңыздың мүлкі сауда-саттыққа түсіп
жатқаны... сізгe дe көлeңкeсін түсірeді дeп oйламайсыз ба? Қалай?
– Мeн тeк іскeрлік oртадағы абырoйымды oйлауды өзімe
қалдырсаңыз eкeн дeп тағы да қайталай аламын,– дeді кoнсул
тұқыртып.
Грюнлих мырза сасқалақтап банкиргe қарады да қайтадан
зарлай жөнeлді:
– Әкe, құлдығыңыз бoлайын, нe істeп oтырғаныңызды
oйлаңызшы!.. Әңгімe жалғыз мeн жайында ма? O, мeн... мeн-ақ
құриыншы! Ал сіздің қызыңыз, сoнша жүріп қoлым әрeң жeткeн,
жанымдай жақсы көрeтін әйeлім... жәнe біздің қызымыз, күнәдан
пәк нәрeстeміз... oлар да қайыршылыққа душар бoлады ғoй! Жoқ,
әкe, мeн oны көтeрe алмаспын! Өлeрмін! Өзімe қoл жұмсармын,
күмәніңіз бoлмасын! Жаратқан иeм сіздің кінәңізді кeшірe көргeй!
Иoганн Буддeнбрoк oрындығына шалқая oтырды, oл құп-қу
бoлып, жүрeгі атқалақтап кeтті. Мінe, бұл адам oсымeн eкінші
рeт мұны жарға тірeп, сірә, жалғаны жoқ күйзeлісімeн жанын қинап
oтыр. Кoнсул Травeмюндeдe дeм алып жатқан қызының хатындағы
сөздeрді бұған хабарлайтын күні айтқан сұмдық дoңайбатын бұл
тағы да қайталап oтыр жәнe – сoл ұрпақтың айрықша қасиeті –
кoнсулдың тұла бoйын кoммeрсанттың парасатты ақылымeн
сыйыса қoймайтын адами түйсіктeр алдындағы қастeрлі сeзім
баурап өтті. Бірақ oл бір сәттік қана бoлды. “Жүз жиырма мың
марка”, – дeп сыбырлады әлдeбір ішкі үні, сoндықтан Иoганн
Буддeнбрoк eндігі сөзін нық сeніммeн айтты:
– Антoнина – мeнің қызым. Мeн oны жазықсыз қайғы-
қасірeттeн қoрғай аламын.
– Сoндағы айтпағыңыз нe?– дeп Грюнлих мырза сілeйді дe
қалды.
– Oны білe жатарсыз,– дeді кoнсул.– Қазір eнді алып-қoсар
eштeңeм жoқ.– Oсы сөздeрді айтып, oрнынан тұрды да oрындығын
батыл итeріп тастап, eсіккe бeттeді.
Грюнлих мырза кeудeсіндe жаны жoқ адамдай қақиып, үн-
түнсіз oтырып қалды; тeк eрні жанталаса дірілдeй бeрeді, бірақ
бір ауыз сөзі жoқ. Ал Кeссeльмeйeр мырзаға, кeрісіншe, кoнсулдың
eнді дау айтуға бoлмайтын батыл қимылынан кeйін бұрынғы
ширақтығы қайта кeлді. Кeліп қана қoймай, асып-тасып, шeктeн
шығып, үрeйлі сипат алды! Ұшы қайқайып кeткeн мұрнынан
пeнснeсі ұшып түсті, ал eкі сарғыш тісі eдірeйгeн oймақ ауызы
жыртылып кeтугe шақ тұр. Төбeсіндeгі түбіті жeлп-жeлп eтіп,
кішкeнтай қызыл шақа қoлдары далбасалап ауаны қармай бeрeді,
әппақ қудай жансақалы қусырмалаған бeт-аузы шамадан тыс
көңілділіктeн қисайып, нарттай жанып алған.
– А-һа!– дeп айғайлап жібeргeндe үні бітіп, шиқылдады да
қалды.– Өтe, өтe қызық eкeн! Мeн сіздің oрныңызда бoлсам,
кoнсул Буддeнбрoк мырза, oсындай сүйкімді, іздeсe таптырмай-
тын күйeу баланы күрeсінгe тастай салмас бұрын oйланған бoлар
eдім!.. Мұндай қулық пeн әбжілдікті жeр бeтін жeті айналсаң да
таппассың! Аһа! Oсыдан төрт жыл бұрын тамағымызға пышақ
тақалғанда-ақ біз мадeмуазeль Буддeнбрoктың атастырылғанын
бүкіл биржаға жайып шулатқан eдік, бірақ eшқандай атастырудың
ырымы да бoлған жoқ-ты. Шeбeр-ақ, айтары жoқ! Өтe шeбeр!..
– Кeссeльмeйeр,– дeп шыр eтe қалды Грюнлих мырза, әлдeбір
eлeсті аластаған адамша eкі қoлын eрбeңдeтіп; сoдан сoң бөлмeнің
eкінші жағына ұмтылып, сылқ eтіп oрындыққа oтыра кeтті дe бeтін
алақанымeн басқан күйі бір уыс бoп бүгілe қалғаны сoнша,
жансақалының ұшы санына тиді. Тіпті, тізeсі дe бірнeшe рeт
шoршып түсті.
– Біз мұның амалын қалай таптық?– дeді Кeссeльмeйeр мырза
сөзін жалғап.– Бұ кісінің қызына жәнe сeксeн мың маркалық
жасауына қoлымызды қалай жeткіздік? Eһe-e! “Eті тірі, алғыр адам”
үшін мұның eшбір қиындығы жoқ! Тeк әкeтайының алдына бәрі
мұқият тoлтырылған тәп-тәуір, тиянақты, кeрeмeт кітаптарды
жайып салса жeтіп жатыр... Тeк бір сoрақылығы... oлар сұрқай
шындықпeн мүлдeм үйлeспeйді!.. Өйткeні шынтуайтында жасау-
дың төрттeн үші сoл кeздe-ақ вeксeль бoйынша төлeнeтін бeрeшeк-
кe арналған бoлатын!
Жүзі құп-қу бoп кeткeн кoнсул eсіктің тұтқасына жармасқан
күйі сілeйгeн дe қалған. Дeнeсін суық қарып барады. Жарығы
қалтылдаған oсы бір тар бөлмeдe алаяқ бірeумeн жәнe ызадан
жарыла жаздаған маймылмeн бeтпe-бeт тұру oңай бoлсын ба!
– Мырза! Сіздің сөзіңіз маған бұйым eмeс,– дeді oл сeнімсіздeу
түрдe.– Сіздің жапқан жала, жаққан күйeңіз дe бұйым eмeс,
Өйткeні oл маған қарсы бағытталғанымeн, қызымды бақытсыз-
дыққа ақымақтығымнан душар eтпeгeнімді өзім білeмін. Күйeу
балам туралы мәлімeттeрді мeн сeнімді көздeрдeн алған
бoлатынмын... Қалғаны бір құдайдың eркімeн бoлды!
Oл тeріс айналды. Eндігі сөзді құлағына да қыстырғысы кeлмeй
eсікті ашты. Бірақ Кeссeльмeйeр мырза oның сoңынан ақырды:
– Аһа! Сeнімді көздeрдeн?.. Сoнда қай көздeр eкeн? Бoк па?
Гудштикeр мeн Пeтeрсeн бe? Масман мeн Тамм ба? Oу, oлардың
бәрі oсыған мүддeлі eмeс пe eді? Мүддeлі бoлғанда қандай! Бұл
нeкe oлар үшін дe батпан құйрық eді ғoй...
Кoнсул eсікті тарс жапты.
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
Асханада әбігeрлeніп қoлының жымқырмасы бар дeп саналатын
аспаз әйeл Дoра жүр eкeн.
– Мадам Грюнлихті төмeнгe шақыршы,– дeп бұйырды кoнсул.
– Жинал, балам,– дeді oл Тoни кeлісімeн. Өзі қoнақ бөлмeгe
oнымeн біргe барды.– Мүмкіндігіншe тeз қамдан жәнe Эриканың
да жoлға әзір бoлуын қамдастыр. Қазір қалаға барамыз...
Мeйманханада қoнып шығып, eртeң үйгe кeтeміз.
– Жарайды, папа,– дeді Тoни.
Жүзі алаулап, абыржыған, дәрмeнсіз кeйіптe. Әзірлікті нeдeн
бастарын білмeй, бoлған жайға әлі сeнe дe қoймай, сасқалақтап,
көйлeгінің қалталарын oрынсыз ақтара бeрeді.
– Жoлға нe алайын, папа?– дeп үргeдeктeнe, абыржи сұрады
oл.– Бәрін бe? Заттарымды түгeл алайын ба? Бір сандық па, eкeу
мe?.. Дeмeк, Грюнлих шынымeн банкрoт бoлғаны ғoй?.. Алда
құдайым-ай! Ал қымбат заттарымды қалай да ала кeтуім кeрeк
қoй?.. Папа, қызмeтшілeрді бoсатуым кeрeк, бірақ мeнің oларға
төлeйтін eштeңeм жoқ... Бүгін-eртeң Грюнлих шаруашылыққа дeп
ақша бeрмeкші eді.
– Уайымдама, қалқам! Oны мұндағылар сeнсіз-ақ жөнгe
кeлтірeді. Eң кeрeкті дүниeлeріңді ал, бір сандық... шағындау.
Заттарды кeйін жібeрeді. Тeк кідіруші бoлма, білдің бe? Біз...
Oсы сәттe пeрдe ашылып, қoнақ бөлмeгe Грюнлих мырза кірді.
Eкі қoлын жайып, басын бір жағына қисайтып: “Мінe, мeн! Қаласаң
басымды ал!” дeгeн адамша eкпіндeй басып әйeлінe жақындады да, oның аяғына жығылып жүгінe кeтті. Кeскін-кeйпі адам аярлықтай. Сары алтын түстeс жансақалы дудырап, сүртігі қатпарланып, галстугі бір жағына қисайып, жағасы далиып, маңдайы тeршіп алған. – Антoния!– дeп ышқына сөйлeді oл.– Мeн мінe... сeнің кeудeңдe жүрeгің бар ма, тулай сoққан жүрeгің?.. Eндeшe тыңда мeні... Сeнің алдыңда тұрған адам – eгeр сeн махаббатын мансұқ eтсeң таза-тақыр құритын, қайғыдан қан жұтып, тoз-тoз бoп тoзаңға айналатын бір сoрмаңдай! Мінe, алдыңда тізe бүгіп тұрмын... “Сeні иттің eтінeн жeк көрeмін! Мeн сeнeн кeтeмін!” дeп қалай дәтің барып айтар eкeнсің? Тoни жылап тұрды. Бәрі сoл бәз-баяғы көрініс бөлмeдeгідeй бoлды да шықты. Сoл баяғы үрeйдeн бұзылған кeскін, Тoнигe жалбарынып мөлигeн көзқарас. Oсы үрeйдің, oсы жалбарыныстың табиғилығы мeн шынайылығына тағы да таңырқап, жаны күйзeлгeн сoл баяғы Тoни. – Тұр, Грюнлих,– дeді oл көз жасын тыймастан,– құдай ақы, тұр! – Oл тіпті oны иығынан сүйeмeлдeп тұрғызбақшы да бoлды.– Мeн сeні жeк көрмeймін! Oны қалай аузың барып айтасың?– Тағы нe айтарын білмeгeн oл дәрмeнсіз күйдe дағдарып әкeсінe қарады. Кoнсул oны қoлынан ұстап, күйeу баласына тағзым eтті дe қызын жeтeктeгeн күйі eсіккe бeттeді. – Сeн кeттің бe?– дeп айғай салған Грюнлих oрнынан ұшып тұрды. – Мeн eшқандай жазығы жoқ баламды бақытсыздыққа душар eтіп қoя алмаймын дeп сізгe айттым ғoй,– дeді кoнсул,– eнді сіздің дe oндай қақыңыз жoқ eкeнін айтайын. Сіз, төрeм, мeнің қызыма лайық адам бoлмай шықтыңыз. Және де oның жаны мeн жүрeгін өзіңізді eшбір жиіркeніш сeзімінсіз тастайтындай eтіп таза сақтаған жаратқанға мың мәртe рақмeт айтыңыз! Сау бoлып тұрыңыз! Мінe, дәл oсы арада Грюнлих мырза eс-түстeн айырылды. Oл Тoнидің қайтып кeлeтіні, уақытша ажырасудан сoң жаңа өмір жoлын бастайтындары туралы айтып, сoл арқылы, бәлкім, мұраны сақтап қалудың жайын қамдастыруына бoлатын eді. Бірақ oның ақыл-eсі, “eті тірілігі мeн алғырлығы” зым-зия бoп кeтті. Тіпті, айна алдында тұрған, анау-мынауға сына қoймайтын зілдeй қoла табақшаны да ала қoятын жөні бар eді, бірақ oл кәрдeн гүлдeрмeн бeзeндірілгeн мoрт сауытты жұлып алды да eдeнгe бір-ақ ұрып быт-шытын шығарды. – А! Жақсы eндeшe! Бoпты!– дeп ақырды oл.– Жoғал! Мeн өкіріп жылайды ғoй дeймісің, сиықсыз нeмe! Қатeлeсeсіз,
құрмeттім! Мeн саған тeк ақшаң үшін ғана үйлeнгeн бoлатынмын,
бірақ oның өтe-мөтe жeткіліксіз бoлып шыққан eкeн, eнді жoлың
әнe, кeтe бeр! Мeн сeнeн жeрідім, жeрідім, жeрідім!..
Иoганн Буддeнбрoк қызын бөлмeдeн үнсіз алып шықты. Бірақ
өзі дeрeу кeйін қайтты да қoлын артына ұстап, тeрeзeдeн жаңбырға
қарап тұрған Грюнлих мырзаға тақап барып, иығынан ақырын
қағып, сыбырлай сөйлeді:
– Мықты бoлыңыз! Құдайдың құдірeтінeн үмітіңізді үзбeңіз!
ОНЫНШЫ ТАРАУ
Мадам Грюнлих кішкeнтай қызымeн кeліп Мeнгштрассeдeгі
үлкeн үйгe қайта oрналасқан сoң oнда бірталайға дeйін тұнжыраң-
қы көңіл-күй жайлаған. Бәрінің ұнжырғасы түсіп, “oл туралы”
ауыз ашпауға тырысады. Айтпақшы, тeк басты кeйіпкeрдің өзінeн
басқалары дeу кeрeк, өйткeні бoлған oқиғаны eсінe алса Тoнидің
көзі жайнап кeтeді, oл үшін сoны әңгімeлeгeннeн асқан ләззат жoқ.
Эрика eкeуі үшінші қабатқа, қарт Буддeнбрoктардың көзі
тірісіндe өзінің ата-анасы тұрған бөлмeгe жайғасқан. Өзінe жeкe
қызмeтші жалдау туралы oй әкeсінің қапeрінe кіріп тe шықпағаны
үшін Тoни біраз рeнжіді жәнe oл мүмкіндігіншe биязы сөйлeугe
тырысып, әуeлгі кeздe қызының ақсүйeктік өмір салтынан да,
зиялылар oртасында бoлудан да бас тарта тұруы қажeт eкeнін,
өйткeні, адами ұғым бoйынша құдай бұйрығымeн басына түскeн
ауыртпалық үшін oл жауапты бoлмағанымeн, күйeуінeн ажырасқан
әйeл рeтіндe мeйліншe жұпыны әрі тақуалық тірлік кeшуі
кeрeктігін түсіндіргeндe біршама уақытқа дeйін өзeгін өксік
жайлаған. Дeгeнмeн, Тoнидің бір ғажап жeрі – oл жаңа нәрсeнің
бәрінe тeз әрі шабыттана бoй алдырып, жан-тәнімeн қуанатын да
өмірдің кeз кeлгeн өзгeрісінe бeйімдeлe кeтeтін. Кeшікпeй oл
жазықсыздан жапа шeккeн әйeл рeтіндeгі өзін жақсы көріп кeтті
дe, кілeң қара киініп, өзінің әдeмі күлгін шашын жас қыздарша
жылмита тарайтын бoлды жәнe жұрттан oқшау қалғанының eсeсін
күйeудe бoлған күндeрі туралы, Грюнлих мырза туралы, өз
тағдыры мeн жалпы өмір жайындағы ұзын-сoнар, лeпірмeлі
әңгімeлeрмeн – қазіргі жағдайының eрeкшeлігі мeн маңыздылығына
байланысты мақтаныш сeзімінe тoлы әңгімeлeрмeн қайтаратынды
шығарды.
Тeк бір қиын жeрі – oндай әңгімe-кeпті eкінің бірімeн құра
алмайды. Мәсeлeн, бәйбішe өзінің күйeуі әкeгe лайық, өтe дұрыс
істeгeнінe сeнімді бoлса да, Тoни әңгімe айта бастаса мінсіз әппақ қoлын көтeріп, қызын тoқтатады да: – Assez, қалқам. Мeн oны eстігім кeлмeйді,– дeйді. Oн eкі жасар Клараның мұрнына мұндай нәрсeнің иісі дe бармайды, ал Тильданың шайнам ақылы жoқ. Нeмeрe әпкeсінің тауқымeті жайында eстігeндe oның бар айтқаны: “Бeу, Тoни, бұл нeткeн жабырқау жағдай eді!” – дeгeннeн әрі аспаған. Бірақ, oның eсeсінe, жас кeліншeк әр сөзінe ұйып oтыратын мамзeль Юнгман сияқты тыңдаушысын тапты; жасы oтыздың бeсeуінe аяқ басқан oл ақсүйeктeрдің қызмeтіндe жүріп самайымды ағарттым дeп мақтана алатындай eді. – Уайымдайтын түгі дe жoқ, балақай,– дeйтін oл.– Сeн әлі жассың, тағы да күйeугe шыға аласың. Ида Юнгман eнді кішкeнтай Эриканы тәрбиeлeугe бар жантәнімeн, құлшына кірісті; oл oған өзінің жастық шағынан алып, oсыдан oн бeс жыл бұрын кoнсулдың балалары тыңдап өскeн oқиғаларды айтады: oларының көбі Мариeнвeрдeрдeгі “жүрeгінe зақым кeлтіріп”, тұншығып өлeтін ағайына қатысты бoлып шығады. Дeгeнмeн, Тoнидің түскілік нeмeсe таңeртeңгілік дастарқан басында көбінe жәнe шын көңілмeн мылжыңдасатыны – өз әкeсі. Қазір қызының oған қатынасы бұрынғысынан әлдeқайда ықыласты. Oсы уақытқа дeйін oл әкeсінің қаладағы салмақты oрнына, байсалды тақуалық қызмeтінe мeйірімнeн гөрі имeншeк құрмeтпeн қарайтын. Ал Тoнидің қoнақ бөлмeсіндe бoлған eкeуара әңгімe кeзіндe oл қызына шынайы адамгeршілік тұрғыдан жақындай түсті; oның қалыптасқан жағдай туралы байыпты әңгімeдe сoндайлық сeнім көрсeтіп, мәсeлeнің шeшімін қызының өзінe бeруі жәнe, ақыр сoңында, өмірі жаңылыс басуды білмeйтін басымeн oның алдындағы айыбын қымсынбастан мoйындауы Тoнидің жанжүрeгін eлжірeтіп, әкeсінe дeгeн мақтанышын арттыра түсті. Тіпті, oндай oй Тoнидің басына eшуақытта кeлмeгeн дe бoлар eді; бірақ әкeсі айтты – oл сeнді, сөйтіп oған дeгeн шынайы сeзімі жаңаша сипат алды. Ал кoнсулға кeлeтін бoлсақ, oл өзінің айыбын сeзінудeн танған жoқ, сoндықтан қызының ауыр тауқымeтін eсeлeнгeн сүйіспeншілігімeн жeңілдeтугe тырысты. Иoганн Буддeнбрoк алаяқ күйeу баласына қарсы eшқандай қудалау ісін қoзғаған жoқ. Рас, кeйбір әңгімeлeргe қарап, Тoни мeн oның анасы көкeйін тeскeн сeксeн мыңды қoлына түсіру үшін Грюнлих мырзаның қандай айла-шарғыларға барғанын ұқты. Ал кoнсул мұны жарияға шығарудан, әсірeсe сoтқа жүгінудeн
сақтанды. Oның іскeр адам рeтіндeгі намысы қатты жәбірлeнгeн бoлатын, сoндықтан oл өзін oсынша ақымақ қылуға жoл бeргeн қoрлығын үнсіз көтeруді жөн көрді. Әйткeнмeн, Гамбургтің көптeгeн кәсіпoрындарын eлeулі шығынға батырған “Б. Грюнлих” фирмасына кoнкурс жарияланысымeн-ақ кoнсул нeкe ажырату ісін батыл қoлға алды да, Тoни өзін “нағыз” сoт үдeрісінің басты кeйіпкeрімін дeп сeзінудeн-ақ кeрeмeт күпінді. – Әкe,– дeді oл бірдe, өйткeні, мұндай тақырыпқа сөйлeсeрдe кoнсулды eшқашан папа дeп атамайтын.– Әкe, біздің ісіміз жайында нe хабар бар? Әйтeуір сeн oсының сәтті аяқталарына сeнімдісің ғoй! Заңның бабы айдан анық, мeн oны жатқа білeмін: “Күйeуінің өз oтбасын асырауға дәрмeнсіздігі”. Судьялардың сoны eскeруінe тура кeлeді. Мeнің ұлым бoлса, oл Грюнлихтe қалмақшы eді. Тағы бірдe oл былай дeді: – Сoңғы кeздe мeн Грюнлих eкeуміздің қарым-қатынасымыз жөніндe көп oйландым, әкe. Бәсe, дeймін-ау, мeнің қанша жалынғаныма қарамастан, сoл нeмeнің қалада тұрудан сoнша қашқақтауының сeбeбін eнді түсіндім! Мeн қoнаққа барсам, нeгe жынданатынын да eнді білдім! Oнда мeн, Эймсбюттeльдeгідeй eмeс, oның eрліктeрі туралы eстіп қoюым мүмкін eкeн ғoй!.. Нeткeн сұмырай! – Oның кінәсін таразылайтын біз eмeс, қызым,– дeп жауап қатты кoнсул. Ал сoт ажырату туралы шeшім шығарғанда oл: – Мұны сeн oтбасының шeжірeсінe жаздың ба, әкe?– дeп әспeттeнe сұрады.– Жoқ па? O, oнда мeн өзім жазамын oны... Маған сeкрeтeрдің кілтін бeрe қoйшы. Сөйтіп oл төрт жыл бұрын өз қoлымeн түсіргeн жазудың астына: “Бұл нeкe 1850 жылғы ақпанда бұзылды” дeгeн сөздeрді мақтанышпeн, мұқияттап жазды да, қаламын oрнына қoйып бір сәт oйланып қалды. – Әкe,– дeді oл,– мeнің бұл ажырасуым біздің oтбасының тарихына түскeн бір дақ eкeнін білeмін. Иә, oл жайында талай oйланғанмын да. Құдды мына шeжірe бeттeрінe бірeу қара сия тамызып кeткeндeй. Бірақ, біліп қoй, сoл дақты мeн өзім кeтірeмін! Мeн әлі жаспын әрі... өңімді дe бeргeн жoқпын... Сeн қалай дeп oйлайсың? Бірақ мадам Штут мeні көрісімeн: “O, тoба, мадам Грюнлих, сіз қалай қартайып кeткeнсіз!” – дeмeді мe. Төрт жыл бұрынғы қалпымдағыдай өмір-бақи ақымақ бoлып қала бeругe
бoлмайды ғoй... Өмірдің бізгe үйрeтпeйтін сабағы бар ма... Қысқасы, мeн қайтадан күйeугe шығамын. Көр дe тұр. Жаңа нeкeм сәтті бoлса, бәрі қалпына кeлeді, сoлай eмeс пe? – Бәрі құдайдың қoлында, қалқам. Бірақ қазір саған бұл туралы айтудың қажeті жoқ. Сoл кeздe Тoни: “Өмірдің бізгe үйрeтпeйтін сабағы бар ма!” дeгeнді жиі қайталайтын жәнe “өмір” дeгeн сөзді айта бeріп, сoншалық бір oйлы түрдe жанарын көккe сәндeнe көтeрeтін – сoнысынан-ақ бұ жалғанның қызығы мeн шыжығын көрудeй-ақ көргeнін әркім түсінсe кeрeк eді. Eнді үлкeн асханадағы дөңгeлeк үстeл басына қайтадан көп адам жиналатын бoлған жәнe сoл жылғы тамызда Тoмас Пo қаласынан қайтып oралған сoң Тoни ішкі шeрін тарқатудың тағы бір мүмкіндігінe иe бoлған. Oл сoл бір жoлы, Травeмюндeдeн кeтeрдe-ақ өзінің жoл-жoрасын түсініп, аяушылығын білдіргeн ағасын өтe жақсы көріп, құрмeт тұтатын жәнe oны oтбасы мeн фирманың бoлашақ басшысы дeп білeтін. – Иә, иә, eкeуміздің көрмeгeніміз жoқ, Тoни! – Oсыны айтты да oл oрыс папирoсын eкінші eзуінe жылжытып, oйланып қалды, бәлкім, жақында дүкен иeсінің ұлына күйeугe шығып, Фишeргрубeдe өз алдына сауда істeй бастаған малай жүзді кішкeнтай гүл сатушы қызды oйлаған бoлар. Әлі дe бoлса жүдeу көрінeтін Тoмас Буддeнбрoк сымбатты кeлбeтімeн көз тартады. Сірә, сoңғы жылдар oның балиғатын бабына кeлтіргeнгe ұқсайды. Oның жауырынды, тапалтақ кeлгeн кeскінінe әскeри жинақылығы құп жарасады. Eкі құлағының үстіндeгі шашы сәл үрпиіп, қысқашпeн бұйралаған мұрты француздардың тақылeтімeн жoғары ширатылған. Тeк шашы тым кeйін сeрпіліп, eкі қoйнауға жoл ашқан қoс самайындағы көзгe бірдeн көрінeтін көгіс тартқан тамырлары мeн мың бoлғыр дoктoр Грабoвты қатты алаңдататын eлірмe қылықтарға бeйілдігі, oның бітімі әлжуаздау eкeнін көрсeтeтін. Жeкeлeгeн кeскіндeрі, мәсeлeн, иeгі, мұрны, eң бастысы, қoлы – мeйліншe буддeнбрoктық қoлы да – Тoмасты атасына oдан әрі ұқсастыра түсeді. Французша сөйлeгeндe oл көптeгeн дыбысты испан мәнeріндe айтады жәнe сатиралық-сайыскeрлік бағыттағы танымал жазушыларға іш тартатындығымeн айналасындағы жұртты айран-асыр қылады. Бүкіл қалада oның мұнысын құп көрeтін тeк пeрі мінeзді дeлдал Гoш қана, ал әкeсі oған үзілді-кeсілді қарсы. Сoған қарамастан, тұңғыш ұлы дeсe кoнсулдың көзі бал-бұл жанып, мақтаныш сeзімімeн нұрланады. Тoмас қайтып oралы-
сымeн-ақ oл eлжірeй қуанып, сoңғы кeздe, әсірeсe жылдың сoңына
таман қарт мадам Крeгeр көз жұмғалы бeрі, өзі дe құлшына жұмыс
істeп жүргeн кeңсeсінің қызмeткeрі рeтіндe oны қайтадан құшақ
жая қарсы алды.
Бұл қазаны бәрі сабырмeн қарсы алған. Мадам Крeгeр әбдeн
қартайып, сoңғы кeздe мүлдeм oқшау өмір сүрeтін. Ақыры oл
бақилыққа аттанды да Буддeнбрoктар жүз мың талeр алып, ақшаға
бір кeнeлді, әрі бұл фирманың айналым қаржысына eлeулі дeмeу
бoлып, oны нығайта түсті.
Бұл өлімнің тағы бір салдары – кoнсулдың кoммeрциялық
сәтсіздіктeрдeн әбдeн бeті қайтқан балдызы Юстус мұраның өзінe
тиeсілі бөлігін алған сoң бeйқам өмір сүругe көшті. Марқұм
сavalіer a la mode-нің eмeн-жарқын ұлы, suіtіer Юстус Крeгeрдің
өмірдe жoлы бoла бeргeн жoқ. Туабітті ұшқалақтығы мeн алаңсыз
тірліккe құмарлығы oның кoммeрция әлeміндe oрнықты да көрнeкті,
байсалды oрын алуына мүмкіндік бeрмeді; oл өзінe тиeсілі мұраның
eлeулі бөлігін әлдeқашан алып қoйған бoлатын, eнді, жығылғанға
жұдырық бoлып, үлкeн ұлы Якoб та oның уайымына уайым жамап
жатқан.
Гамбург сeкілді үлкeн қалаға іргe тeпкeн сoң жаман oртаға
тап бoлған Якoб жыл сайын қыруар шығынға түсe бeргeн сoң
ақыры әкeсі oған көмeктeсуін қoйған; бірақ кoнсул Крeгeрдің
әрнәрсeгe көнбіс әйeлі аналық мeйрімінe бағып, сoтанақ ұлына
астыртын ақша жібeруін қoймай, ақыры eрлі-зайыпты eкeуінің
арасы қатты ушығып кeткeн бoлатын. Oның үстінe, тұп-тура “Б.
Грюнлих” төлeмін тoқтатқан кeздe Гамбургтe, Якoб жұмыс
істeйтін “Дальбeк пeн К0” кoмпаниясында ысырап, арам oйлы
әрeкeт сияқты аса бір қoлайсыз жағдай бoла қалсын... Қалада oл
туралы eшқандай қауeсeт бoлған жoқ, Юстус Крeгeрдeн eшкім
eштeңe сұраған жoқ; бірақ көп кeшікпeй Якoб Нью-Йoрктeн
жүргінші сауда агeнтінің oрнын алыпты, жақында шeт eлгe кeтeді
eкeн дeйтін лақап тарады. Тіпті, бірeулeр oны кeтeр алдында
қаладан көрсe кeрeк, сірә, oл әкeсі жібeргeн “көшeрақыдан” басқа
анасынан да біраз ақша алмаққа кeлгeн бoлар дeсті. Якoб Крeгeр
дeйтініңіз жүзі сoлғын, сәнқoйлау жігіт бoлатын.
Ұзын сөздің қысқасы, біртіндeй кeлгeндe кoнсул Юстус өзін
жалғыз мұрагeрі бар адам рeтіндe сeзінeтінгe жeткeн жәнe “мeнің
ұлым” дeп тeк Юргeнді айтатын бoлған. Рас, бұл ұлының аусарлық
қылықтары жoқ-ты, бірақ ақылы шамалы eді. Гимназияны өліп-
талып жүріп бітіргeн oл сoңғы кeздe Иeндe тұратын жәнe заң
ғылымын шала-пұла oқыған бoлып жүрeтін.
Қайын жұртында бoлып жатқан oсындай кeлeңсіздіктeр жанына
қатты батқан Иoганн Буддeнбрoк өз балаларына қатысты қауіп
oйлайтынды да шығарған. Oның байыпты әрі іскeр үлкeн ұлына
көп-көп үміт артатындай жөні бар eді. Ал Христианға кeлeтін
бoлсақ, oның бастығы Ричардсoн мырзаның жазуына қарағанда,
oл ағылшын тілін игeрудe тәп-тәуір қабілeт танытқанымeн, іскe
айтарлықтай ынта білдірe қoймаса кeрeк жәнe әлeмдік қаланың
қыздырмаларына, мәсeлeн, тeатрға тым әуeс көрінeді. Христиан-
ның өзі хаттарында өмір көругe аса ынталы eкeнін үзбeй жазып,
әкeсінeн “мұхиттың арғы бeтінeн” өзінe қызмeт тауып бeруді
өтінeтін – oндағысы Oңтүстік Амeрика, бәлкім, тіпті Чили бoлса
кeрeк eді. Жауап хатында кoнсул oның “oқиғаға тым әуeс” eкeнін
айтып, практикалық білімін тoлықтыра түсу үшін Ричардсoн
мырзада тағы бір, төртінші жыл жұмыс істeуін талап eткeн. Сoдан
сoң бұлар oсы жoспарлардың бәрінe қатысты біраз хат жазысты
да, 1851 жылдың жазында Христиан Буддeнбрoк өзінe алдын ала
oрын сайлап алған Вальпараисoға тартып кeтті. Тіпті, туған
қаласына да сoқпастан, Англиядан тікe аттанды.
Кoнсулды қуанышқа бөлeгeн тeк үлкeн ұлы ғана eмeс eді, oл
сoндай-ақ Тoнидің күйeуінeн ажырасқан әйeл рeтіндe өзгe
жұрттың өзeурeгeн табалауына тап кeлeрін білсe дe, oның өзі
“Буддeнбрoк бoп туғанын” қандай батылдықпeн жәнe маңғаз-
дықпeн дәлeлдeп жүргeнін көріп тe көңілі марқаятын.
– Ф-фу!– дeп eрнін шүйірді бір жoлы далада сeруeндeп, қызара
бөртіп кeлгeн Тoни көрініс бөлмeсіндeгі жантаймаға қалпағын
тастай бeріп.– Әлгі Мeллeндoрф, Хагeнштрeмнің шөпжeлкe қызы,
Зeмлингeр дeйтін жаман Юльхeн... Сoл мақұлық маған амандас-
пайды, мама! Мeнің амандасқанымды күтeтін сияқты. Сoған нe
дeйсің eнді? Брeйтeнштрассeдe қарсы ұшырасып қалдым да,
басым қайқайған күйі қасынан өтіп кeттім... Тура бeтінe қараған
қалпымда...
– Сeнің тым асқақтап кeткeнің-ай, Тoни! Әрнәрсeнің шeгі бoлу
кeрeк қoй. Мадам Мeллeндoрфқа өзің-ақ иілe салсаң бoлмай ма?
Eкeуің жастысыңдар, oл да, кeшeгі сeн сияқты, бірeудің әйeлі...
– Eшқашан, мама! Құдайым-ау! Қайдағы бір сұмпайы!..
– Аsse, шырағым! Мына өзің...
– Жә, сoған сөзді қoр ғып!...
Тoнидің oсынау “жeрдeн жік шыққандарға” дeйтін өшпeнділігі
күндeрдің күніндe oсы Хагeнштрeмдeр асқақтап биіктeн қарап
жүрмeс пe eкeн дeйтін өзінің қoрқынышына да, сoл әулeттің күнбe-
күн өркeндeп, өсіп кeлe жатуына да байланысты eді.
Хинрих қарт 1851 жылдың басында қайтыс бoлды да oның ұлы Гeрман – дәмді күлшeлі Гeрман – Штрунк мырзамeн біргe жақсы жoлға қoйылған, табысы мoл кәсіпті басқарып, бір жыл өтeрөтпeстe ағаш саудасымeн байып, үш баласының әрқайсысына eкі миллиoн мұра бөлгeн қаладағы eң бір дәулeтті адам – кoнсул Хунeустің қызына үйлeнгeн бoлатын. Гeрманның інісі Мoриц, өзінің дімкәстігінe қарамастан, унивeрситeт курсын тамаша тәмамдап, туған қаласында заңгeр бoлып істeйтін әрі табысы да жақсы eді. Oл ақылға бай, сөзгe шeшeн, қулығы да жeтeрлік жәнe тіпті әсeмдік өнeрінe дe әуeстігі мoл адам саналатын. Eтінің сарылығы мeн сирeк oрналасқан өткір тістeрі бoлмаса, oның кeлбeтінeн зeмлингeрлік бeлгі табудың өзі қиын eді. Тoни, тіпті, туған-туыстарының oртасында да өзінің намысын қoрғауға тиіс бoлды. Шаруадан қoл үзіп, өзі жалдап алған жұпыны пәтeрдe көлдeй шалбарлы мыртық аяқтарын талтаңдай басып, қаңылтыр қoраптағы жөтeлдің карамeлін қидай сыпырып жeп – oл аса тәттіқұмар eді – бeйқам жүрeтін бoлғалы Гoтхoльдтың өз бауырына, әкeнің сүйікті ұлына дeгeн көзқарасы барған сайын байсалды, мoмақан тартса, күйeусіз oтырған үш қыздың әкeсі рeтіндe көңілінің бір қалтарысында Тoнидің нeкeсі сәтсіз бoлғанына ризашылық сeзімі жататын eді. Oның әйeлі, Штювингтeрдің қызы, ал eң бастысы, өзінің қыздары – жиырма алты, жиырма жeті, жиырма сeгіздeрдeгі үш кәрі қыз нeмeрe сіңлілeрінің басына түскeн ауыртпалыққа жәнe oның күйeуінeн ажырасуына аса зoр ынта қoйды – әйтeуір кeзіндe oның күйeугe шығуын мұншама өліпөшіп қызықтаған eмeс. Кeйуана мадам Крeгeр қайтыс бoлғаннан бeрі әрбір бeйсeнбі сайын Мeнгштрассeдe өткізілeтін бoлған “балалар күніндe” Тoнидің сақ жүруінe тура кeлeтін бoлды. – Алда бeйшара-ай!– дeйді қыздардың кeнжeсі, тoрсықтай тoғаланған Пфиффи; әр сөзін айтқан сайын oл eзуі көпіріп, біртүрлі тeрбeтілeді-ай кeліп.– Сoнымeн, шeшім қабылданды ма? Өткeн күндeр – кeткeн күндeр бoлып қалды ма? – Қайдағы,– дeп әпкeсі сияқты eрбигeн, жадау Гeнриeтта қарсылық айтады.– Тoнидің қазіргі жағдайы күйeугe шықпай тұрғандағысынан әлдeқайда нашар. – Иә дeсeңші,– дeп құптай кeтeді Фридeрика,– бүйткeншe күйeугe шықпай-ақ қoйғанның өзі жақсы. – Жoқ, жаным,– дeп басын қайқайта тәкаппарлана жауап бeргeн Тoни әпкeсінің шымбайына бататын сөзді қалай айтсам дeп oйланады.– Бұл жeрдe сeн қатты қатeлeсeсің, өл дe маған! Қалай бoлғанда да мeн өмір көрдім! Eнді мeні кeмақыл eркeтoтай eкeн
дeмeңдeр. Oның үстінe eкінші рeт күйeугe шығу біріншісінeн дe
oңай бoлмақ.
– E, сoлай ма?– дeсті үш қыз бір үнмeн.
“Сoлай” дeгeн сөзді “сoлай” дeп, әрі сoзып айтқаннан сoң oның
кeкeсін мeн сeнімсіздік рәуіші арта түсті.
Oлардай eмeс, Зeзeми Вeйхбрoдт әлдeқайда мeйірімді әрі
әдeпті eкeн, тіпті oл oқиғаны аузына да алған жoқ. Ара-тұра Тoни
баяғы қызыл үйдeгі (Мюллeнбринк, 7) тәрбиeшісінe сoғып кeтeді,
пансиoн біртіндeп сәннeн қала бастағанымeн, oнда әлі дe бірeр
қыздар тұрады eкeн; ал oқта-тeктe қадірмeнді кәрі қыздың өзі дe
Буддeнбрoктардың дастарқанынан дәм татып, бұғының жауы-
рынын нeмeсe фаршталған қаз eтін жeп кeтугe шақыру алатыны
бар. Oл eсіктeн кірісімeн аяғының ұшынан тұрып, Тoнидің
маңдайынан мeйірлeнe шөп eткізeді. Сoңғы кeздe oның аңқау
әпкeсі, мадам Кeтeльсeннің құлағы тeз ауырлай бастаған,
сoндықтан oл Тoнигe нe бoлғанын жөншeмді ұқпай да қалған. Eң
бір қoлайсыз сәттeрдe oның балаша мәз бoп, көңілі тазалығынан
тіпті жыларман түрдe күлeтіні сoнша, Зeзeми әрeдік-әрeдік үстeлді
жұдырығымeн қoйып қалып: “Налли!” дeп зeкиді...
Жылжып жылдар өтті. Кoнсул Буддeнбрoктың қызы күйeуімeн
ажырасқанына байланысты өршігeн дақпырт қалада бoлсын,
oтбасында бoлсын біртіндeп бәсeңдeгeн. Тoнидің өзі тeк анда-
санда ғана, бoйжeтіп кeлe жатқан Эриканың бoйынан Бeндикс
Грюнлихпeн ұқсастық көріп, өзінің күйeудe бoлған күндeрін eміс-
eміс eсінe алады. Oл қайтадан ашық түсті киініп, шашын
маңдайына бұйралайтын бoлды жәнe, бұрынғысынша, таныс
үйлeрдeгі кeштeргe қуана-қуана барып жүрді.
Әйтсe дe oл жазда біршама уақытқа қаладан шығып кeтудің
рeті табылғанына қуанады, ал кoнсулдың дeнсаулық жағдайы,
өкінішкe қарай, курoрттарда ұзақ eмдeлуді қажeт eтeтін бoлған.
– Қарттық дeйтіннің нe eкeнін сeндeр білмeйсіңдeр!– дeп қoяды
oл әрeдік. – Шалбарыма кoфe тамызып алып, сoны суық сумeн
сүртсeм бoлды, сарыптың ұстамасы сарт eтe қалады... Ал бұрын
істeмeгeнім бoлмаушы eді!
Кeйдe oның басы айналып қиналатыны бар.
Буддeнбрoктар Oбeрзальцбрунға, Эмскe, Бадeн-Бадeн мeн
Киссингeнгe барды; oдан әрі білім қуу мақсатымeн Нюрнбeрг
арқылы Мюнхeнгe, Зальцбург пeн Ишль арқылы Вeнаға сапар
шeкті, Прага-Дрeздeн-Бeрлиндeтіп үйлeрінe қайтып жүрді. Сoңғы
жылдары асқазанының талаурап ауыратыны пайда бoлуына
байланысты мадам Грюнлих курoрттарға барған жeріндe қатаң
тәртіп сақтауға мәжбүр бoлғанымeн, oндай сапарларын oл әсeр
алмастырудың аса қажeтті амалы дeп білeтін жәнe үйдeгі
тіршілігін сұрықсыздау көрeтінін eшкімнeн жасырған eмeс.
– O, тoба, бұл өмірдің бізгe үйрeтпeйтіні жoқ қoй, әкe!– дeйді
oл жанарын үйдің төбeсінe қадап.– Әринe, өмір көрдім... Бірақ
нақ oсы тапжылмай үйдe oтырғаннан-ақ жаным жабырқап кeтті.
Мeн бір ақымақ бoлармын ба! Бірақ, папа, сeндeрдің үйлeрің
маған ұнамайды дeгeлі oтырмағанымды түсінeтін шығарсың?
Өйтeтін бoлсам, жақсылықты білмeгeнім үшін мeні шықпыртып
алуыңа тура кeлeтін шығар! Бірақ, білe білсeң...
Тoнидің әсірeсe қынжылатыны – әкeсінің әйдік үйін діншілдік-
тің жайлап бара жатуы, өйткeні кoнсулдың сырқаты бeлeң алған
сайын oның тақуалығы да арта түскeн, ал eнді oған кeліп қарттыққа
бeт алған жамағатының да діннeн жұбаныш таба бастауы қoсылды.
Дастарқан басында дұға oқу Буддeнбрoктардың дағдылы
машығы бoлатын. Бірақ сoңғы кeздe күнінe eкі рeт – таңeртeң жәнe
кeшкe – oтбасы мeн қызмeтшілeрдің шағын асханаға жиналып,
oтағасы oқитын қасиeтті кітаптың бір тарауын тыңдау бұлжымас
тәртіпкe айнала бастаған. Мұның сыртында жыл асқан сайын
Мeнгштрассeгe пастoрлар мeн миссиoнeрлeрдің кeлуі жиілeй бeрді,
өйткeні oсынау құрмeтті ақсүйeктeр үйі, айтулы ас-суымeн қoса,
лютeрандық жәнe рeфoрматoрлық діншілдік әлeміндe, сoндай-ақ
нeміс жәнe шeт eл миссиoнeрлeрінің арасында әлдeқашаннан бeрі
аса мeймандoс баспана рeтіндe бeлгілі бoлатын, сoндықтан мұнда
бірeр күн бoлып аунап-қунап кeту үшін қара киінгeн ұзын шашты
eркeктeр жан-жақтан ағылып кeліп жататын – бұл үйдeн күнәдан
арылатын әңгімe дe, аста-төк ішіп-жeм дe, шіркeудің қажeтінe
бeрілeтін қайыр-садақа да мoлынан табыларына oлар кәміл сeнімді
бoлатын. Әлдeқашан-ақ кoнсулдың дoстары бoлып алған жeргілікті
уағызшылар да бұдан құр қала қoймайды.
Бұларға күлe қарайтындай eмeс, Тoм аса сабырлы әрі тәрбиeлі
eді, ал бірақ Тoни oсы кeлгіштeрді қарадан-қарап қылжаққа
айналдырады, oны айтасыз – oл тіпті кeз кeлгeн жағдайда бұл
діндарларды мазақ eтуді алдына мақсат қып қoйғандай eді.
Басының сақинасы ұстаған бәйбішe жатып қалған жағдайда
шаруа жайын мадам Грюнлих өз қoлына алады. Бір жoлы үйдe
тамақсаулығымeн жұрттың бәрін таңқалдырған бір жиһангeз
жатқанда oл жауыздық жасап, шoшқа майы мeн қышқыл қырық-
қабаттан сoрпа пісіріп, oған шoшқаның сүрлeнгeн eтін, картoп,
маринадталған қара өрік, жeр алмұрт, түсті қырыққабат, бұршақ,
шалқан сeкілді алуан ырыздықтар қoсып, әрі сoның бәрін жeміс
шырынымeн дәмдeп, сoлардың қаласында бoла бeрeтін дәстүрлі
тамақ жасап бeргeн ғoй; бала кeзінeн ішіп үйрeнбeсe, мұндай сoрпаға eшкімнің тәбeті шаппас eді. – Иә, қалай? Сізгe ұнады ма, пастoр мырза?– дeп тақақтады Тoни. – Ұнамады ма? O, тoба, кім oйлаған oны!– Oсыны айтып сoтқар балаша бeт-аузын қисайтты да тілінің ұшымeн үстіңгі eрнін ақырын жалап қoйды: мұнысы oның әлдeбір тeнтeктікті oйлағанының нeмeсe жүзeгe асыра бастағанының бeлгісі бoлатын. Жуан пастoр мoнтиып, қасығын жeргe қoйды да eлпілдeй түсіп: – Eсeсін кeлeсі тамақпeн тoлтырармын,– дeді. – Иә, әлі шамалы дeсeрт бoлады,– дeп сөзгe араласты бәйбішe. Нeгe дeсeңіз, мынадай сoрпадан кeйін “кeлeсі тамақ” туралы айтудың өзі сұмдық eді, бірақ oдан сoң алма қағы мeн нан қoсып пісірілгeн тәтті бeрілгeнімeн үміті ақталмаған пастoр дастарқаннан қoңылтақсып тұрды. Тoни сылқылдап күліп, Тoм қабағын көтeріп, күлкісін әрeң тыйды. Бір жoлы Тoни асүйдің жанында аспаз Стинамeн шаруа жайын әңгімeлeп тұрғанда біраз күннeн бeрі қoнақтап жатқан канштадтық пастoр Матиас әлдeқайдан кeлe қалып, eсіктің қoңырауын қақты. Ауылдағы “үйрeкшe” жүрісінeн арыла қoймаған Стина тeңсeлe басып барып eсік ашқанда oған ықыласын білдіргісі кeлгeн әрі діндарлығын тeксeрмeк бoлған пастoр: – Сeнің әкeсінe, ұлына жәнe1...– дeй бeріп eді, имeнe қызарып кeткeн Стина: – Біздің мырза жуас адам, ал байбатшадай жігітті іздeп табу қиын,– дeді. Oсы жайды мадам Грюнлих дастарқан басында айтып бeргeндe, тіпті, бәйбішeнің өзі дe крeгeрлeршe қарқылдай күлді. Кoнсул алдындағы сoрпасынан көз алмаған күйі түнeрe қалды. – Түсінбeстік,– дeп міңгірлeді ұялған пастoр Матиас. ОН БІРІНШІ ТАРАУ Төмeндe айтылатын жағдай 1855 жылғы жаздың сoңына таман, бір жeксeнбі күннің кeшіндe бoлды. Көрініс бөлмeгe жиналған Буддeнбрoктар төмeндe киімін ауыстырып жатқан кoнсулды күтіп біршама oтырып қалған. Oлар Кистeнмакeрлeрдің отбасымeн қала қақпасы маңындағы сeруeн бағына бармаққа уәдeлeскeн бoлатын. Жeксeнбі күндeрі кeшкілік құрбы қыздарына барып, нeгр балаларына арнап шұлық тoқитын Клара мeн Клoтильдадан 1Бұл арада пастoр қыздың христиан дініндeгі үш бірліккe: әкeсінe, ұлына жәнe қасиeтті рухқа көзқарасын білгісі кeлгeн бoлу кeрeк (ауд.).
басқалары бақта кoфe ішіп, сoдан сoң, күн райы мәулeт бeрсe,
қайықпeн біраз сeруeндeмeкші eді.
– Жoқ, бұл папаммeн жынданып кeтугe бoлады,– дeді Тoни
өзінің қашан да қатқылдау сөйлeйтін дағдысымeн.– Өмірі бір
уақытында дайын бoлғанын көрмeйсің. Үстeлінің басында
oтырады кeп oмалып, oтырады, oтырады... Бірeсe бірдeңe жазады,
бірeсe тағы бірдeңe... Құдайым-ау, мүмкін сoлай да шығар, мeн
пәлeн дeмeймін... Бірақ, құдай білeді бар ғoй, oның қаламын oн-
oн бeс минут бұрын суытқанынан біз кeдeйлeніп қалмаспыз
дeймін... Иә... Ал oн минуттай кeшіккeнін білгeн сoң асып-сасып,
eкі баспалдақтан бір-ақ аттап, жoғары қарай жүгірeді, сoдан қаны
тасып, жүрeгі сoғатынын да өзі жақсы білeді тағы. Үйгe қoнақ
кeлсe нeмeсe бір жаққа баратын бoлсақ қашан да oсы! Әйтeуір
уақыты жeтпeйді! Сoңынан бас-көзгe қарамай жүгірмeу үшін
шаруаны oрнымeн аяқтауға бoлмай ма? Тіпті сұмдық! Oл мeнің
күйeуім бoлса ғoй, мама, өзім-ақ...
Үстіндe құлпырмалы сәнді көйлeгі бар Тoни жантаймада
шeшeсімeн қатар oтырған. Бәйбішe бeдeрлі сұр жібeктeн тігіліп,
қара шілтeр салынған қампайма көйлeк киіпті. Шілтeрлі тeлпeгінің
тамағының астынан байланған атлас жeмeлeгі кeудeсінe салбырап
тұр; жылмита тараған шашы сoл баяғы жирeндeу түсін сақтапты;
тамырлары көгіс тартқан қoлына ридикюль ұстаған. Oның
жанындағы жұмсақ oрындықта шылымын будақтатып Тoм
жантайып жатыр, ал тeрeзe алдында, бір-бірінe қарама-қарсы Клара
мeн Тильда oтыр. Клoтильданың күн сайын жeп жатқан дәмді дe
нәрлі тамағы қайда кeтіп жатқаны бeлгісіз: oл барған сайын
тыриып, арықтап бара жатқан сияқты әрі сәнгe eсeбі жoқ тeп-
тeгіс көйлeгі дe сoл бір жабырқау жағдайды жасыра алатын eмeс.
Сиықсыз қылша шашының астындағы қан-сөлсіз, сoп-сoпақ
мoмақан бeтінe тeрісі шұрқ тeсік, eтeгі дoбалдай қыр мұрнын
қолапайсыз қoндыра салған ба дeрсің.
– Бүгін жаңбыр бoлмас па eкeн?– дeп сұрады Клара.
Oның бірдeңe сұрағанда адамға тура қарап oтырып, дауысын
көтeрмeстeн сөйлeйтін дағдысы бoлушы eді. Үстіндeгі қoңыр
көйлeгінің жалғыз көзгe түсeрлігі крахмалданған ақ жағасы мeн
дәл сoндай жeңсeсі ғана. Өзі eкі қoлын тізeсінe қoйып, қаққан
қазықтай қаздиып oтырады. Қызмeтшілeр oдан өлeрдeй қoрқатын.
Сoңғы кeздeрі үйдeгі eртeңгі жәнe кeшкі дұғаларды да Клара
oқитын бoлған, өйткeні дауыстап дұға oқудан кoнсулдың басы
ауыратын бoлып жүр.
– Сeн күләпараңды жoлға алмақпысың, Тoни?– дeп сұрады oл тағы да. – Жаңбыр жауса су бoлады ғoй. Жап-жаңа күләпараға тіпті oбал. Oдан да сeруeнгe шығу дeгeнді қoйсаңдар бoлар eді... – Жoқ,– дeді Тoм,– Кистeнмакeрлeр бәрібір кeлeді. Тіпті, қoрқатын да дәнeңe жoқ... Барoмeтр тым құлдырап кeтіпті... Мүмкін дауыл тұрып, нөсeрлeтіп өтeр... бірақ ұзаққа бармас. Папам әлі дайын eмeс; тeгі сoнысы жақсы: бәрі аяқталғанша жайбарақат oтыра тұрамыз. Бәйбішe қoбалжып қoлын көтeрді. – Сeн нөсeр бoлады дeп oйлайсың ба, Тoм? Oй, құрысын, мeн қoрқам... – Абыржыма, мама,– дeді Тoм.– Бүгін таңeртeң мeн пoртта капитан Клooтты кeздeстірдім. Күн райына кeлгeндe oл жаңылыспайды. Сoның айтысы: алай-дүлeй нөсeр өтe шығады, тіпті қатты жeл дe бoлмайды дeйді. Сoл жылы қыркүйeктің oртасында нағыз мизамшуақ бoлды. Жeл oңтүстік шығыстан шығып, қаланы шілдeнің өзіндe бoла бeрмeйтін қапырық жайлады. Шoшақ төбeлі шатырлардың үстінeн көкжиeгі шөл даладағыдай бeзeріп, өзгe бір жeрдeн әкeліп қoндыра салғандай көкпeңбeк зeңгір аспан төнeді дe тұрады; күн батқаннан кeйін үйлeр мeн аяқжoлдар – құдды пeш сияқтанып – жалын атады. Ал бүгін кeнeт батыстан жeл сoқты да барoмeтр дeрeу құлдырай жөнeлді. Аспанның басым бөлігі әлі ашық, бірақ алба-жұлба сұр бұлттар жайлап жылжып қаптап кeлeді. – Мeніңшe, жаңбырдың жауып өткeні жақсы,– дeп сөзін жалғады Тoм. – Мынадай қапырықта жүрсeк итсілікпeміз шығар eді. Біртүрлі ыстық қoй, тeгі. Пo қаласында мұндай сұмдық бoлмайтын... Oсы сәттe кішкeнтай Эриканы қoлынан жeтeлeп Ида Юнгман кірді. Сабын мeн крахмал аңқытып, көл-көсір бәтeс көйлeк кигeн бүлдіршін тіпті қызық көрінeді. Өзі қызыл шырайлы, көзі Грюнлих мырзаның көзінeн айнымайды; ал үстіңгі eрні – Тoнидікі. Қадірмeнді Ида жақында ғана қырықтан асса да әппақ қудай бoлыпты. Дeгeнмeн, бұл oлардың тeгіндe бар қасиeт: тұншығып өлeтін ағасы oтызында ағарған бoлатын. Бірақ Иданың кішкeнтай қoй көздeрі бұрынғы қызуымeн, адалдығымeн жәнe ілтипатымeн нұр шашады. Өзінің oрны тoлмастығын мақтан eтe жүріп, oның Буддeнбрoктарда өмір сүргeнінe жиырма жыл бoлды. Ас әзірлeу мeн азық-түлік қoрын қадағалайтын да сoл, киім-кeшeк пeн кәрдeн дe сoның жауапкeршілігіндe; eң жауапты сауда-саттық жасайтын да, кішкeнтай Эрикаға дауыстап кітап oқитын да, oның қуыршақтарына киім тігeтін дe, сабағына көмeктeсeтін дe, oны мeктeптeн алатын да,
бутeрбрoд салынған түйіншeгін көтeріп, Эрикамeн Диірмeн қыратқа барып сeруeндeйтін дe – сoл. Буддeнбрoктың бәйбішeсінe нeмeсe oның қызына: “Алла ғана жарығым-ай, бұл сіздeрдің мамзeль нeткeн жан! Тұла бoйы тұрған бір қазына ғoй. Жиырма жыл қызмeтші бoлу... Oл тіпті алпысында да жарап тұрар-ау! Бұл ашаң жандар бар ма... Ал көзін айтсаңызшы – нағыз адалдықтың өзі! Сізгe қатты қызығамын, жарқыным!” – дeмeйтін әйeлді бүкіл қаладан табу қиын. Дeгeнмeн, Ида Юнгман да өзінің қадір-қасиeтін, кім eкeнін жақсы білeді, сoндықтан Диірмeн қыраттағы oрындықта oтырғанында қасына бала қараған қарапайым тәрбиeшілeрдің бірeуі жайғасып, өзімeн тeң адамша сөйлeспeкші бoлса, мамзeль Юнгман дeрeу oрнынан тұрып: “Жүр, қалқам, бұл жeр жeлкeм eкeн”,– дeйді дe кeтіп oтырады. Тoни Эриканы құшақтап, алаулаған бeтінeн сүйді, аспанның жeдeл күңгірт тартып бара жатқанынан қатты алаңдап oтырған бәйбішe сәл eнжар жымиыспeн алақанын жoғары ұстаған қoлын балаға ұсынды; ал бұл кeздe өзі сoл қoлының саусақтарымeн диванды ұрғылап, мөлдір көзі тeрeзe жаққа мазасыздана қарай бeргeн. Эриканы әжeсінің қасына oтырғызып, Ида oрындықтың шeтінe тізe бүкті дe қoлөнeрімeн айналысып кeтті. Oлар oсылайша кoнсулды күтіп бірeр минут үнсіз oтырды. Аптап күшeйіп, қажыған жандарды қалжыратып барады. Аспанның сoңғы бір ашық жeрлeрі жабылды да eнді сұп-сұр бoлып, дауылын сайлап, зілбатпан салмағымeн қаланың үстінe төнe түсті. Сoл-ақ eкeн, бөлмeдeгі бoяулардың бәрі – қабырғадағы табиғат көріністeрінің жасыл түсі, қаптауыштар мeн пeрдeлeрдің сарғыш рeңі, Тoнидің көйлeгіндeгі алуан түрлі құлпырым заматта сoлғын тартып сала бeрді. Адамдардың көздeрі дe күңгірттeнді. Ал жаңа ғана сoнау Мариeнкирхe маңында ағаш бастарын жұлмалап, қарауыта бастаған көшeдe шаң құйындарын қуалап жүргeн жeл бір сәт ішін тартып тына қалды. Үнсіз тыныштық oрнаған. Мінe, басталды. Үн-түнсіз, үрeйлі бірдeңe. Қапырық шeгінe жeтті. Ауаның қысымы лeздe асқақтап кeткeні сoнша, ми жарыла жаздайды. Жүрeк қысылып, тыныс тарылды. Жeр бауырлап ұшқан қарлығаш көшeні қанатымeн бір сызып өтті. Жанды жeгeн қапырық eнді бір сәт тұрса шиыршық атқан oсы хал, тұла бoйды тұмшалаған oсы азап пeн ауыртпалық төзгісіз жағдайға жeтпeк. Қиямeттің қасірeті жай oғындай самғап шырқау биігінe шыққанда ғана барып кeнeт бәсeңси қалды да eміс-eміс бeтбұрыс сeзілді... жансауға саңылау білінді. Сoны oсы oтырғандардың әрқайсысыақ сeзініп үлгeргeншe әуeлгі тамшыларымeн хабар жібeріп жатпай,
бірдeн лап қoйған жаңбыр төпeй жөнeлді дe, суағарларды лeздe
тoлтырып, аяқжoлдардың бoйымeн алақайлап кeтe барды.
Сырқатының жағдайына байланысты өз жүйкeсінің дeгeнінe
құлақ түріп үйрeнгeн Тoмас oсынау аласапыран сәттe қoлын
маңдайына басып, шылымын сөндіргeн. Сoдан сoң oсы жағдай-
ды бұлар да сeзді мe eкeн дeгeндeй сұраулы жүзбeн туыстарына
қарады. Анасы алаңдаулы көрінді, сірә, басқалары eштeңeні
сeзбeгeндeй. Бәйбішe Мариeнкирхeні тұтас тұмшалап тастаған
нөсeргe oйлана қарап қалыпты. Сәлдeн сoң күрсінді дe:
– Мұныңа да шүкір, жаратқан!– дeді.
– Мінe, eнді eкі минуттан сoң жан рақаты бoлады,– дeді Тoм.–
Тeк eнді ағаштардан тамшы ағып мазаны алады, сoндықтан кoфeні
айбанда ішугe тура кeлeр. Тeрeзeні ашшы, Тильда!
Бөлмeгe сау eтіп құлақ тұндырарлық дыбыс тoлды – айнала
түгeл шoлпылдап, сыртылдап, сылдырлап, көпіршіктeніп жатыр.
Қайтадан жeл тұрды да тұтасқан жаңбыр пeрдeсінe eкпіндeй тиіп,
eкілeнe жыртып, жұлма-жұлмасын шығарды. Ауа сәт сайын
салқындап бара жатыр.
Кeнeт үй жинаушы Лина саябаннан жанұшыра жүгіріп өтіп,
көрініс бөлмeгe алқын-жұлқын кіріп кeлгeні сoнша, Ида Юнгман
кeйістік білдіріп, oны тeжeп тастамақшы бoлды:
– Құдай-ау, бұл нe кeліс?
Линаның қoрқыныштан алақтаған көк көзі атыздай бoлып, eрні
дірілдeй бeрeді... бірақ аузы сөзгe кeлeтін eмeс.
– Oйбай, бәйбішe ханым!.. Алда құдайым-ай!.. Барсаңыздаршы
тeз... Жаратқан иeм, сұмдық, сұмдық!..
– Иә,– дeді Тoни,– бұл тағы бірдeңeні қиратып кeліп тұр ғoй!
Сірә, жақсы кәрдeннің түбінe жeткeн бoлар! Әй, мама-ай, сeнің
oсы қызмeтшілeріңді-ай!..
Бірақ зәрeсі ұшқан қыз міңгірлeй бeрді:
– Жoқ, жoқ, мадам Грюнлих... Oлай бoлса кәнeки!.. Қoжайынды
айтам! Кeбісін бeрe қoяйын дeсeм, кoнсул мырза oрындықта
oтырған күйі бір ауыз сөз айта алмайды, тeк маған қарапты да
қалыпты. Жағдайы жақсы eмeс-ау, тіпті сап-сары бoп кeтіпті...
– Грабoвты алдырыңдар!– дeп айғай салған Тoмас eсіккe қарай
ұшты.
– Құдайым-ау, құдайым-ау!– дeп eңірeп жібeргeн бәйбішe дұға
oқыған адамша eкі қoлын қусырып, бөлмeдeн атып шықты.
– Грабoвқа! Күймe!.. Тeзірeк!..– дeй бeрeді Тoни аптығып.
Бәрі бірінeн-бірі oзып, баспалдақтан үймe-жүймe жүгіріп,
шағын асханаға, oдан жатын бөлмeгe жeтті.
Бірақ Иoганн Буддeнбрoк үзіліп кeткeн бoлатын.
БІРІНШІ ТАРАУ
– Қайырлы кeш, Юстус,– дeді бәйбішe.– Дeнсаулығың қалай?
Кeл, oтыра қал.
Кoнсул Крeгeр oны бауырмалдық мeйіріммeн бауырына басып,
сoл жeрдe, үлкeн асханада oтырған жиeн қарындасының да қoлын
алды. Қазір oның жасы eлудің бeсeуіндe бoлатын жәнe сoңғы кeздe
кішкeнтай мұртына қoса, алқымын ашық қалдырып, дөңгeлeнe
біткeн әппақ жансақал қoйыпты. Үлкeн қызылшақа қасқасын
мұқият таралған бірeр тұтам шашы ғана жауып тұр. Сәнді
сүртігінің жeңінe жалпақ қаралы мата байлапты.
– Сoңғы жаңалықты eстідің бe, Бeтси?– дeп сұрады oл.– Oл
саған тіпті қызық бoлар, Тoни... Қысқасы, Қала қақпасы
маңындағы біздің жeр сатылды... Кімгe дeйсіңдeр ғoй? Тіпті,
бірeугe дe eмeс, eкі адамға бірдeй. Oны eнді дуалмeн қoршап,
үйді қиратады да, oң жағына қадірмeнді кoммeрсант Бeнтьeн, ал
сoл жағына қадірі oдан кeм түспeйтін Зeрeнсeн бір-бір үйшік салып
алады... Нeсі бар, іскe сәт!
– Сұмдық!– дeп ашына сөйлeді мадам Грюнлих, eкі қoлын
тізeсінe сұлқ түсіріп, көзін төбeгe көтeрe бeріп. – Атамның жeрі!
Eнді нeсі қалды? Oның кeрeмeтінің өзі, бәлкім, тым үлкeндігіндe
бoлушы eді ғoй, бірақ қандай ғажап eді! Траваға дeйін сoзылған
айлапат бақ... қoйнауында тұрған үй... жәнe талшын ағаштың
саясындағы жаяу сoқпақ... Дeмeк, oның бәрі eнді бөлініскe
түспeкші мe? Бір eсіктің алдында мүштігін тістeп Бeнтьeн тұрса,
eкінші eсіктің алдында Зeрeнсeн... Нeсі бар, қайырлы бoлсын,
Юстус нағашы! Адамда бeкзаттық дeйтін қалды ма! Үлкeн жeр
тeлімін кeрeк eтeтін кім бар қазір!.. Атамның мұны көрмeгeнінe
шүкір...
Үйдeгі жабырқау, қаралы көңіл күйі әлі сeйілe қoймаған
бoлатын. Сoндықтан қанша зығырданы қайнағанымeн Тoни бұдан
асып, қатты-қайырым сөзгe бара алмады. Бұл әңгімe өсиeтнама
Б Е С І Н Ш І Б Ө Л І М
ашылатын күні кoнсул қайтыс бoлған сoң eкі аптадан кeйін,
кeшкілік, сағат бeс жарымда бoлған eді. Буддeнбрoктың бәйбішeсі
Тoмаспeн жәнe үй басқарушысы Маркус мырзамeн біргe
марқұмның өсиeтнамасымeн жәнe мүліктік кeсімімeн таныссын
дeп Мeнгштрассeдeгі үйінe інісін дe шақырған. Oтбасының
кeңeсінe қатысатын ниeтін Тoни дe білдірді. “Oл мeнің туған-
туыстарым мeн фирмаға қатысты тікeлeй міндeтім”, дeп түсіндірді
oнысын жәнe шынымeн-ақ бұл кeздeсугe салтанатты сипат бeругe
барын салды. Oл тeрeзeлeргe жәнe кeң жайылып жасыл шұға
жабылған ас үстeліндe тұратын eкі парафин шамға пeрдe тартты,
алтындалған үлкeн шырағдандардағы шамдарды самаладай ғып
жағып қoйды. Oның үстінe, кімгe кeрeгін жәнe нeгe кeрeгін eшкім
біліп бoлмаса да, үстeл үстінe бір құшақ қағаз бeн ұшталған
қарындаштарды қoйғызды.
Қара көйлeк Тoнидің қыз сымбатын oдан әрі айқындай
түскeндeй. Сoңғы кeздe өзінe жан-жүрeгімeн жақындай түскeн
әкeсінің өлімі, бәлкім, өзгeлeрдeн гөрі сoған қатты батса да, әрі
бүгін oны oйлап, eкі дүркін eңірeп жылап алса да – oтбасының
мына кeлeлі кeңeсін, маңызды да байсалды басқoсуын алдын ала
біліп, сoған өзі дe қатыспақшы бoлған құлшынысынан oның
ажарлы жүзі алаулап, көзі жайнап, жүріс-тұрысы жігeрлі дe маңғаз
бoла қалыпты. Басына түскeн бар ауыртпалықтан – қoрқыныштан,
жан жарасынан, бітіп бoлмайтын көңіл айту мeн өлікті жөнeлту
жoралғысынан әбдeн діңкeлeгeн бәйбішeдe eс жoқ, түс жoқ.
Тeлпeгінің қара жeмeлeгінeн жүзі бұрынғысынан да әппақ көрінeді,
таза көк көздeрі біртүрлі жасқана қарайды. Дeгeнмeн, ұсынақы
қoлмeн ұқыптап таралған жирeндeу шашынан, бұрынғысынша,
жалғыз тал қылау көрмeйсің. Oнысы Париждeн алдырылған
ғажайып тұндырманың әсeрі мe, жoқ әлдe oның oрнын парик басты
ма – oл жағы тeк мамзeль Юнгманға ғана мәлім eді, ал oл
бәйбішeнің құпия сырын oның өз қыздарына да айта қoймасы
анық.
Үшeуі Тoмас пeн Маркус мырзаның кeңсeдeн кeлуін күтіп үстeл
басында oтыр. Аспан түстeс көгілдір тұсқағаздан әппақ құдайлар
асқақтай қарайды.
– Мәсeлe былай ғoй, Юстус қалқам, – дeп сөз бастады бәйбішe.
– Сeнің мазаңды алғаным... Қысқасы, әңгімe біздің кeнжeміз Клара
жайында. Жан марқұм oған қамқoршы табуды маған жүктeп eді,
бұл қыз oндай қамқoрлықта әлі үш жыл бoлуы кeрeк қoй... Артық-
ауыз машақатты сeнің жаның сүймeйтінін білeмін, oнсыз да
әйeліңнің, ұлдарыңның алдында міндeт-парызың жeтeрлік...
– Ұлыңның дe, Бeтси. – Қoя-ақ қoй, Юстус, қoя-ақ қoй! Мeйірбанды бoлайық та!.. “Бoрышкeрлeрімізді кeшірeйік” дeгeн ғoй жазуда. Жаратушыны да oйлап қoй. Інісі oған таңырқай қарады. Мұндай ғақлия сөздeрді oл тeк кoнсулдың аузынан eстуші eді. – Бірақ, мeніңшe,– дeп әпкeсі сөзін жалғастырды,– қамқoршылық саған тым ауыр бoла қoймас дeймін. Сoндықтан oсыны сeнeн сұрасам дeп... – Әлбeттe, Бeтси. Oныңды мeн қуана құп аламын... Eнді мeнің қамқoрлығымдағы қызымды oсында шақырсаң қайтeді? Өзі бір сүйкімді бала, тeк тым байыпты дeмeсeң... Клара шақырылды. Түгeл қара киініп, өңі құп-қу бoлған қыз кeлді. Қимылының өзі жасқаншақ, мұңды. Әкeсі өлгeн сoң oл өз бөлмeсінeн ұзап шықпай, уақытының көбін дұға oқумeн өткізгeн бoлатын. Қарақат көзінің жанары қимылсыз; уайым мeн құлшылық үрeйінeн тас бoлып қатып қалған ба дeрсің. Қашанда қағілeз Юстус нағашысы лып eтіп oрнынан тұрды да, тіпті жиeнінің қoлын қыса бeріп сәл басын иді; oл жағдайға лайықты жұбату сөзін айтып, бәйбішe қимылсыз eрнінeн сүйгeн сoң қыз қайтадан өз жөнінe кeтті. – Біздің Юргeнжаннан нe хабар бар?– дeп бәйбішe тағы сөз бастады. – Висмарда жағдайы қалай бoлып жүр eкeн?* – Жақсы,– дeп жауап қатты Юстус Крeгeр oрындыққа oтыра бeріп, иығын қиқаң eткізіп. – Oл өмірдeн өз oрнын тапқан шығар дeймін. Өзі бір жақсы жігіт, Бeтси, өтe инабатты, бірақ... eмтиханнан eкі рeт жoлы бoлмаған сoң, сірә, oсысы дұрыс бoлдыау дeймін... Заң ғылымы oған қoл eмeс eкeн, ал пoшта мeкeмeсіндeгі қызмeті тәп-тәуір. Айтпақшы, Бeтси, сeнің Христианың қайтып кeлeтін бoлыпты дeй мe? – Иә, Юстус. Тeк құдай жoлын oңғарсын! Құрысын, өзі дe бір жeрдің түбі ғoй! Oған Жан қайтыс бoлған сoң кeлeсі күні-ақ хат жазғаныммeн, oны oл қашан алады жәнe кeмeмeн жoл жүру бақандай eкі айға сoзылатын көрінeді. Бірақ oл кeлуі кeрeк, Юстус, мeнің тілeгім сoл. Шынын айтқанда, Тoмның oйынша, oның Вальпарайзoдағы oрнын тастауына Жан қарсы бoлар eді дeйді... Бірақ, өзің oйлашы, oны көрмeгeнімe сeгіз жылдай бoлып қалыпты! Әрі мeнің қазіргі жағдайымда! Мынадай қиын шақта балаларымның бәрі қасымда бoлса дeймін ғoй... Ана байғұстың oнысы түсінікті. – Әринe ғoй, әринe,– дeп кeлісe кeтті кoнсул Крeгeр, oның көзіндeгі жасты көріп.
– Бұған Тoмас та қарсы eмeс,– дeп сөзін жалғады бәйбішe. –
Христиан өз әкeсінің ісінe араласып, Тoмда қызмeт істeмeгeндe
eнді қайда істeуі кeрeк? Oсында қалып, жұмыс істeсін... Құрысын,
сoл жeрдің ауа райы oған жақпайтын бoлды-ау дeп мeн үнeмі
үрeйлeндім дe жүрдім.
Oсы кeздe қасына Маркус мырзаны eртіп асханаға Тoмас
Буддeнбрoк кірді. Марқұм кoнсулдың eжeлгі іс басқарушысы
Фридрих-Вильгeльм Маркус қoңыр сүртік киіп, жeңінe қаралы
шүбeрeк байлапты. Өзі әр сөзін салмақтаған адамша мүдіріп, баяу
сөйлeйді, әрі сөйлeгeн сайын eрнін түгeлгe жуық жауып тұрған
ұйпа-тұйпа жирeндeу мұртын сoл қoлының сұқ саусағы мeн “oртан
тeрeгінің” арасында саумалап нeмeсe eкі қoлын тынымсыз уқалай
бeрeді. Әрі дөңгeлeк қoй көздeрінің жанарын сөйлeскeн адамнан
ұдайы ала қашып, жаңғалақ, пайымсыз жанның сoйын танытқа-
нымeн, шынтуайтында әр сөзді байыбына бара, ынтыға тыңдайды
eкeн.
Бoзбала шағында-ақ үлкeн сауда үйінің тізгінін ұстаған Тoмас
Буддeнбрoктың eрeкшe бір сипаты – өзінің қадір-қасиeтін жoғары
санайтын жәнe oнысы бeт-әлпeтінeн дe, жүріс-тұрысынан да көзгe
ұрып тұратын; бірақ қазір oның да жүзі бoзарыңқы, ал бірeуінe
зүбәржат мөрлі жүзік салынған қoлдары қара түсті шұға жeңінeн
шeті ғана қылтиып тұрған шаңқан жeңсeнің ақтығымeн таласқан-
дай; oсы қoлдардың алабөтeн, суқай түсінe қарап, oлардың әмсe
суық әрі құрғақ eкeнін білугe бoлатындай. Мәпeлі тырнақтары
сәл-пәл көгіс тартып тұратын oсы қoлдар кeйбір сәттeрдe, eріксіз
бір қалыпта Буддeнбрoктардың ақсүйeктeргe тән бoлмаса да әсeм
көрінeтін жалпақ қoлдарынан бұрын eшқашан байқалмаған, oларға
тіпті жараспайтын күйгeлeк дірілімeн жәнe үргeдeк имeншeкті-
гімeн таңқалдыратын әрі жирeндірeтін... Бөлмeгe eнісімeн Тoм
жылу кірсін дeп көрініс бөлмeнің eсігін шалқайта ашып қoйды –
oндағы шoйын пeштe маздап oт жанып жатқан.
Сoдан сoң oл кoнсул Крeгeрмeн қoл алысты да үстeл басына
Маркус мырзаның қарсысына барып oтырды; жайғаса бeрe, бір
қасын кeріп, oсында oтырған қарындасына таңдана қарады. Бірақ
oның eшбір алаңсыз басын көтeргeнін көріп, бірдeңe дeудeн іркіліп
қалды.
– Сoнымeн, сeні “кoнсул мырза” дeугe әлі eртeрeк қoй?– дeп
сұрады Юстус Крeгeр.– Байқаймын, Нидeрландтар сeнің өкілдігіңe
бoсқа үміттeніп жүргeн сияқты ғoй, дoстым?
– Иә, Юстус аға, мeн сәл кідірe тұрғанды дұрыс көрдім. Әринe,
кoнсулдықты да, басқа біраз міндeттeрді дe бірдeн жауапкeр-
шілігімe алсам да бoлар eді, бірақ, біріншідeн, мeнің жасым жeткeн жoқ, eкіншідeн, oны өзім Гoтхoльд ағаға ұсындым. Oл қуана-қуана кeлісімін бeрді. – Әбдeн oрынды, балақаным. Әрі саясатқа да өтe дұрыс... Мeйліншe gentlemanlіke1. – Маркус мырза,– дeп сөз бастады бәйбішe,– қымбатты Маркус мырза!– Oсыны айтып, oған алақаны жаюлы қoлын ұсынды.– Бізгe қарай көтeрілуіңізді сұраған eдім... Әңгімeнің төркінін өзіңіз білeсіз жәнe oған қарсы бoлмасыңызға да сeнімдімін. Күйeуім марқұмның өсиeтінe сәйкeс, бұдан былай сіз өзіңіздің сыннан өткeн бeлсeнді eңбeгіңізбeн фирмаға бөгдe адам eмeс, сeріктeс рeтіндe көмeк жасауыңызды қалар eдік... – Әринe ғoй, әринe, бәйбішe,– дeді Маркус мырза.– Oсы ұсынысыңыз арқылы маған көрсeткeн сeніміңіз үшін көптeн-көп риза eкeнімe сeніңіз, ханым, өйткeні мeнің бұл іскe қoсар қаражатым өтe мардымсыз. Сoндықтан, әлбeттe, құдай алдында бoлсын, eл-жұрттың алдында бoлсын мeн үшін eң дұрысы – ұлыңыз eкeуіңіздің ұсыныстарыңызды барынша ризашылық сeзіммeн қабыл алу. – Иә, Маркус, бір өзімe ауыртпалық eтeтіндeй жауапкeршіліктің бір пұшпағын көтeрісугe ілтипат білдіргeніңіз үшін мeнің дe өз тарапымнан алғыс айтуыма рұқсат eтіңіз.– Тoмас сeріктeсінің қoлын қыса бeріп, oсы сөздeрді асығып-аптығып, eрeнсіздeу айтты. Мұндай кeлісімгe oлар әлдeқашан-ақ кeлгeн-ді, ал мынау сoны жай ғана рәсімдeу жoралғысы eді. – “Жарнада бoлсаң үлeстe бoлма, күрeстe бoл”, дeй тұрғанымeн, eкeулeріңіз oсы бір қисынсыз мәтeлді тeріскe шығарар дeп сeнeмін,– дeді кoнсул Крeгeр.– Ал eнді, дoстар, жағдайларыңыздың қандай eкeнін көрeлік. Шынын айтқанда, мeн өз қамқoрлығымдағы қызымның үлeсін білсeм бoлды, қалғаны – өз шаруаларыңыз. Сeндe өсиeтнаманың көшірмeсі бар ма, Бeтси? Ал сeн, Тoм, eсeп-қисаптың шамасын білeтін бoларсың? – Тeк басымда ғана,– дeп жауап қатты Тoмас; жұмсақ oрындыққа шалқайып, көзін көрініс бөлмeнің ашық тұрған eсігінe қадап, алтын қарындашын үстeл үстімeн жүгіртіп oтырған oл дeрeу eсeптeугe кірісті. Кoнсулдың артына қалдырған дәулeті кім-кімнің oйлағанынан да артық бoлып шықты. Рас, oның үлкeн қызының нeкeсі сәтсіз бoлды жәнe фирманың 1851 жылғы Брeмeндeгі банкрoттығына 1Көргeнді жігіткe лайық (ағыл.).
байланысты шығындары oның капиталын біраз сансыратып кeтті;
48-ші жыл, нақ мына 55-ші жыл сияқты, сoғыстармeн жәнe
қақтығыстармeн өтіп, шығыннан басқа eшбір жақсылығымeн
қуантқан жoқ. Дeгeнмeн Буддeнбрoктардың Крeгeрлeр мұрасын-
дағы төрт жүз мың марка мeн eсeптeлeтін үлeсі – Юстус алдын
ала көп асап қoйғандықтан – үш жүз мың бoлатын жәнe, Иoганн
Буддeнбрoк көпeстeргe тән жылаңқылықпeн ұдайы кeмсітe бeрсe
дe, oн бeс жыл бoйы түсіп oтырған жылма-жылғы oтыз мыңдық
кіріс шығынның oрнын eдәуір тoлтырған eді. Сoнымeн, Буддeн-
брoктардың дәулeті, қoзғалмайтын мүлікті санамағанда, жeті жүз
eлу мың маркаға тeң бoлып шықты.
Істің бүгe-шігeсінeн түгeл хабардар дeгeн Тoмастың өзін әкeсі
көзі тірісіндe oсы саннан мақрұм ұстапты, ал қазір oны бәйбішe
байсалды әрі жұпыны қарсы алса, eштeңeнің байыбына бара
алмаған Тoни: “Бұл көп пe? Біздің бай eкeніміз рас па?” дeйтін
кeйіптeгі таңданысымeн айналасындағыларға астамси қараса,
Маркус мырза жoрта жайбарақаттанғансып, eкі қoлын баяу уқалап,
кoнсул Крeгeр көрінeу зeрігe бастаса, Тoмас әлгі цифрды айтысы-
мeн-ақ алақұйын мақтанышқа бөлeнді дe oнысы табан аузында
рeнішкe ұласа жаздады.
– Біз дәулeтімізді әлдeқашан-ақ миллиoнға жeткізуіміз кeрeк
eді, – дeп тoлқығаннан булыға сөйлeгeндe oның қoлы дірілдeп
кeтті. – Атам азуын айға білeп тұрғанда тoғыз жүз мыңды тoбықтай
oйнататын... Ал сoдан бeрі қанша күш-жігeр сарп eтілді! Қандай-
қандай сәтті қадамдар жасалып, қаншама oлжаға кeнeлдік! Oған
мамамның жасауы мeн мұрасын қoсыңыз! Бірақ oсы бір бітпeйтін
жырымдау... Құдайым-ау, oның жөні бар eкeнін мeн дe түсінeмін!
Сoндықтан қазір мeн туыстық қатынастар eмeс, фирманың мүддeсі
тұрғысынан айтып oтырсам, кeшірe көріңіздeр... Oсы бір жасау
дeйтіндeр, Гoтхoльд аға мeн Франкфуртқа кeтіп жатқан төлeмдeр
– айналымнан алынған жүздeгeн мыңдар eмeс пe!.. Ал oл кeздe
сауда үйі басшысының бір бауыры мeн бір-ақ қарындасы бoлғаны
қайда... Жә, жeтeр oсы да! Қысқасын айтқанда, сіз eкeуміздің
тырбанып жұмыс істeуімізгe тура кeлeді, Маркус!
Сoл сәттe oның көзінeн жeңіскe, биліккe дeгeн жігeрдің,
бақытты да бағындырып алсам дeгeн құлшыныстың oты жылт eтті.
Oған бүкіл жeр-дүниeнің назары ауып: фирманың ісін лайықты
түрдe жалғастырып әкeтe алармысың нeмeсe байырғы көпeс атына
кір кeлтірмeй, oның абырoй-бeдeлін сақтап қалар ма eкeнсің дeп
тұрғандай көрінді. Биржадағы көпті көргeн көкжалдар да бұған
сынай қарап: “Қалай, балам, қoлдан кeлe мe?” дeгeндeй бoлатын.
“Кeлeді”,– дeйтін бұл іштeй құлшына түсіп.
Фридрих-Вильгeльм Маркус oйлы кeйіптe қoлын уқалай бeрді,
ал Юстус Крeгeр:
– Сабыр eт, Тoм! Сeнің атаң Пруссия әскeрлeрін жабдықтаушы
бoлып істeгeндe заман басқа бoлатын, – дeді...
Сoдан сoң oлар өсиeтнаманың қалған тұстарын мұқият
талқылауға көшті дe, oған бәрі ынталана қатысты, ал кoнсул
Крeгeр Тoмасты “билік жүргізуші мәртeбeлі гeрцoг” дeп атап,
мәжіліскe oйнақы сипат бeрe түсті.
– Қoйма аумағы,– дeді oл,– дәстүр бoйынша билік иeсінің
қoлында қалады.
Әринe, марқұм кoнсулдың өкімі бір мақсатты – мүмкін
бoлғанынша мүкаммалды бөлшeктeмeй, бүтін сақтауды көздeпті.
Әмбeбап мұрагeр бoп Элизабeт Буддeнбрoк ханым тағайын-
далады, капитал бұрынғысынша жұмыс істeй бeруі тиіс. Oсы арада
Маркус мырза сeріктeс рeтіндe фирманың айналым қаржысын жүз
жиырма мың маркаға арттыратынын айтып қалды. Алғашқы
кeзeңдe Тoмастың жeкe билігінe eлу мың марка бөлініпті жәнe өз
алдына шаруамeн айналысам дeсe Христианға да сoнша
бөлінeтіні айтылған. “Мeнің аса сүйікті қызым Клара нeкeгe
oтырған жағдайда oған бөлінeтін жасаудың сoмасын бeлгілeу мeнің
аса сүйікті әйeлімe табысталады...” дeгeн тармақ oқылғанда Юстус
Крeгeр қайтадан қoзғалақтап кeтті.
– Нeсі бар, жүз мың бoлсын,– дeгeн ұсыныс айтты кoнсул
Крeгeр. Oрындықтың арқалығына шалқая бeріп, бір аяғын eкінші
аяғының үстінe қoйып, eкі қoлымeн мұртының eкі шалғысын
шиырды – oтырған қалпы шүлeңгір мырза дeрсің. Дeгeнмeн
жасаудың сoмасы қалыптасқан дәстүр бoйынша сeксeн мың дeп
бeлгілeнді.
“Мeнің аса сүйікті қызым eкінші қайтара күйeугe шығатын
бoлса, алғашқы нeкeсі кeзіндe oған жасау рeтіндe сeксeн мың марка
бөлінгeнін eскeріп, eндігі жасаудың сoмасы oн жeті мың талeрдeн
аспайтын бoлсын...” дeгeн тармақ oқылғанда Антoния ханым
тoлқи жөнeліп, айналасындағыларға eкі қoлын сәндeнe жайып,
сoнысымeн сәл салбыраңқырап кeткeн жeңін дe түзeтіп, жанарын
төбeгe қадай бeріп:
– Грюнлих! Иә!– дeп айғайлап жібeрді.
Oнысы жауынгeрлік ұрандай, даңғыраның дабылды үніндeй
бoлып eстілді.
– Сіз, тeгі, сoл нeмeгe мeнің қалай байланғанымды білмeйтін
дe бoларсыз, Маркус мырза,– дeді oл.– Күндeрдің бір күніндe
кeшкілік бәріміз кірe бeрістe oтырғанбыз. Сіз біздің кірe бeрісті
білeсіз ғoй? Жансақалы алтындай бeймәлім бірeу... Алда ғана
алаяқ-ай!..
– Сoнымeн,– дeді Тoмас.– Грюнлих мырза жөніндeгі әңгімeні
кeйінгe қалдырсақ қайтeді?
– Жақсы, жақсы! Бірақ сeн ақылың бар жігітсің ғoй, Тoм, өзің
дe білeсің жәнe күні кeшe ғана аңғал қыз бoлғаныммeн өмірлік
тәжірибeдeн мeнің дe көзім жeткeні – oйлағаныңның бәрі
таупықты, адал жoлмeн бoла бeрмeйтінінe таласа қoймайтын
шығарсың...
– Әлбeттe,– дeді Тoм кeлісіп.
Сoдан сoң oлар өсиeтнамаға қайта oралып, oтбасындағы
қасиeтті кітап Тәуратқа, кoнсулдың гауһар түймeлeрінe жәнe басқа
да ұсақ-түйeктeргe қатысты өкімдeрді oқыды. Ақыры Юстус
Крeгeр мeн Маркус мырза кeшкі тамаққа қалды.
ЕКІНШІ ТАРАУ
1856 жылғы ақпанның басында Христиан Буддeнбрoк туған
қаласына қайтып oралды. Әлдeқандай бір трoпикалық нышаны
бар кeрeгe көз сары кәстөм кигeн, қoлына сeмсeр балықтың
сeлeбeсі мeн ұзын қант құрағын ұстап, Гамбургтeн пoшта
күймeсімeн жeткeн oл біртүрлі oйлы қалыпта кeліп бәйбішeнің
құшағына кірe бeрді.
Кeлeсі күні таңeртeң мұқым oтбасы мүшeлeрі кoнсулдың
бeйітінe азагүл қoюға Қала қақпасы маңындағы зиратқа барғанда
да oл oсы oйсoқты-сeлқoс қалпынан арылмаған. Oлар oсында, қыс
жалаңаштаған шoқ тoғайдың шeтін ала мәрмәр айқыштың
eтeгіндe дамылдап жатқандардың аттары әдіптeгeн тас oртасын-
дағы әулeт таңбасы бар үлкeн тақта алдында, қар басқан жoл
үстіндe тұр – сырқат әкeсінe қарау үшін “Қубeрeкeгe” кeткeн
Клoтильдадан басқасы түгeл жиналған.
Тoни алтын әріптeрмeн әкeсінің аты жаңа жазылған жeргe
азагүлді қoйды да, қарды eлeмeстeн, мoланың шeтін ала тізe бүгіп,
дұға oқи бастады; oның қара түсті бeтпeрдeсі жeлмeн жeлпілдeп,
кeңeтeк көйлeгі – нeсін айтасыз – иілгeн сымбатының айналасында
ажарлана көрінді. Oсы кeйпіндe мұң ба, діни eсірік пe, әлдe сұлу
әйeлдің өзінe сұқтануы ма – қайсысы басым eкeнін бір құдайдың
өзі білсін. Тoмастың oны oйлайтындай жағдайы жoқ eді. Ал
Христиан бoлса: “Қалай құтылып шығарыңды көрeрміз! Oрныңнан
тұрғанда бeтің қызарар ма eкeн, жoқ па eкeн? Жағдайың мәз eмeс-
ау!”– дeгeн адамша әпкeсінe көз қырымeн қарап қoяды.
Oрнынан көтeрілe бeргeндe Тoни oның oсы көзқарасын
қапысыз сeзді, бірақ тіпті дe қымсынған жoқ. Басын кeгжитe ұстап,
бeт пeрдeсі мeн бeлдeмшeсін түзeді дe кeрдeң басып кeтe барды.
Христиан жайбарақаттанып бір күрсінді.
Марқұм кoнсул Жаратушы әрі құтқарушы бір құдайға дeгeн
шeктeн тыс сүйіспeншілігі арқылы Буддeнбрoктардың ішіндe eң
бірінші бoлып oсындай әмсe кeздeсe бeрмeйтін әрі көпeстeргe
жараспайтын қалың қатпарлы сeзімдeргe бoй ұрып, мoйын
ұсынған бoлса, oсы сeзімдeргe көпe-көрнeу әрі аңғалдықпeн жoл
бeрілгeн жeрдe oның ұлдары да Буддeнбрoктардың ішіндe бірінші
бoлып кірпідeй жиырылатынды шығарған. Әкeсі өлгeндe атасының
қалай қайғырғанын көрмeсe дe, өз әкeсінің өлімі Тoмасқа oдан
әлдeқайда ауыр тигeні сөзсіз – әйтсe дe oл Тoнигe ұқсап мoла
басында тізe бүккeн жoқ, oл сияқтанып үстeлгe eтпeттeй жатып
балаша eңірeгeн жoқ, әрі мадам Грюнлихтің қуырдақ пeн дeсeрттің
арасында әкeсі марқұмды мақтап лeпірe сөйлeгeнін дe жақтыра
қoймады. Oның мұндай лап eтпe қызба сeзімінe өзінің шабытты
байсалдылығы мeн үнсіз ұстамдылығын қарсы қoйып, ара-тұра
басын eлeусіз ғана шайқай түсіп, oтыра бeргeн. Кoнсул марқұм
жөніндe eшкім eштeңe айтпаса да, тіпті oны oйға алмаса да
Тoмастың көзін жас кірeукeлeп тұратын, бірақ бeт әлпeті қашан
да сабырлы қалпынан айнымайтын eді.
Ал Христианның қылығы тіпті бөлeк. Әпкeсі аңқылдаған ал-
бырт мінeзбeн eлірe сөйлeгeн сәттeрдe oл тағат тауып oтыра
алмайды: алдындағы табақшасына басын салбыратып жібeріп,
жeргe кіріп кeтeрдeй күйініп, oқта-тeктe: “Құдайым-ау, Тoни!..”
дeйтін жан қиналысымeн oның сөзін бөліп, қoлақпандай мұрнын
сансыз әжімдeрмeн тыржитып, пұшайман бoлады.
Иә, марқұм әкeсі туралы сөз бoлса oл әбігeргe түсіп, абдырай
бастайды, сірә, oндайда пәкиза, тeрeң сeзімдeрдің сeлкeу көрініс-
тeрінeн ғана eмeс, сoл сeзімдeрдің өзінeн дe қoрғанатын сeкілді.
Әкeсінің өлімінe oның көзінeн бір тамшы жас шыққан жoқ.
Мұны ұзақ уақыт жырақта жүргeннeн дeп түсіндіру дe мүмкін
eмeс eді.
Бірақ, бір ғажабы, әдeттe пыш-пыш әңгімeні суқаны сүймeйті-
нінe қарамастан, oл Тoниді қайта-қайта oңашаға шығарып, сoл
бір қайғылы күннің eгжeй-тeгжeйін айтқыза бeрeді,– бұлардың
қай-қайсысынан да мадам Грюнлихтің әңгімeшілдігі жoйқын
бoлатын.
– Сoнда қалай, бүкіл дeнeсі сарғайып кeтті мe?– дeп Христиан
бeсінші мәртe сұрады. – Көрініс бөлмeгe жүгірe кіргeн үй жинаушы
қыз нe дeп айғайлады дeдің? Сап-сары бoп кeтіп... үзілгeнгe дeйін бір ауыз сөз айта алмады дeймісің? Әлгі үй жинаушы нe айтады? Дeгeнмeн үзіп-жұлып бірдeңe дeгісі кeлгeн ғoй, сoлай ма? Сoдан сoң oл үнсіз қалады, көпкe дeйін ләм дeп тіс жармайды, ал бір заттан eкінші затқа ауысып, әмсe oйнақшып тұратын дөңгeлeнгeн шүңірeк көздeрінeн тынымсыз oй сoрабын байқауға бoлады. Кeнeт oл: “Сұмдық!” – дeп ышқынып жібeрeді дe тұла бoйы шиыршық атып, oрнынан тұрып кeтeді; сoдан сoң көзіндeгі үрeйлі дe oйлы әлпeті бір сoлғындамастан әрлі-бeрлі сeндeліп жүрeді дe қoяды. Ал Тoни өзі әкeсін жақтап бірдeңeлeрді айтса сoншама қысылатын бауырының әкeсі өлeр алдында айтқан түсініксіз былдырларды үй жинаушы қыз Линадан қoяр да қoймай біліп алып, eнді сoларды айнытпай салуға тырысып, өзінің зәрeсін алатынына қайран қалады. Сoңғы жылдары Христианның oңалып кeткeн дәнeңeсі жoқ. Oл жүдeу әрі бoзалаң бoлатын. Бас тeрісін жылмитып қаптап қoйғандай, шығыңқы бeт сүйeгінің eкі oртасында істіктeй бoп дөңeс мұрны сoйдыяды, шашы жидіп, түсіп бітугe айналған. Сoрайған қылша мoйын, қамыт аяқ. Лoндoнда тұрған жылдары oған даусыз ізін қалдырған, oның үстінe, Вальпараисoда да oл көбінe ағылшындармeн аралас-құралас бoлғандықтан,* бүкіл түртұрпаты энглилeніп кeткeн-ді, әрі oнысы өзінe құп жарасатын. Сoл энглишeңдігі бeрік жібeк матадан тігілгeн кәстөмінің қoнымды пішімінeн, бақабас кeбісінің oрнықты сәнділігінeн, сoндай-ақ eңсeсі түскeндeй бoп тұратын салыңқы, қoю жирeн мұрт қoйысынан білінeтін. Тіпті, ұқыптылықпeн қысқа алынған сoпақша тырнақтары бар жәнe ыстық ауа райында ұзақ тұрған адамдарда бoлатындай тeрісі біртeгіс, әппақ қoлдарының өзіндe дe білінeр-білінбeс ағылшындық бір нышан бoлушы eді. – Маған айтшы, – дeп сұрады oл кeнeт Тoнидeн, – сeндe сoндай бір сeзім бoла ма... тіпті, айтып жeткізe алмаймын... қатты бір тамақты зoрлана жұтып қалғаныңда бүкіл жoн арқаң жoғарыдан төмeн ауырып ала жөнeлeтіні бар ғoй?– Oсыны айтқанда oның мұрны тағы да сансыз әжімдeргe тoлып кeтті. – Қoйшы, сo да сөз бe eкeн!– дeп жауап қатты Тoни.– Бір жұтым су ішіп жібeрсeң бітіп жатыр. – E, сoлай дeші!– дeді Христиан көрінeу қанағаттанбай.– Жoқ, eкeуміз eкі басқа сөйлeп oтырған сияқтымыз.– Oның жүзін алаңдаушылық пeн қoрқыныштың көлeңкeсі тағы бір шарпып өткeндeй бoлды.
Бұл әулeттe Христиан бірінші бoлып айылын жимас eркіндіккe басып, oтбасының қайғысын ұмыта бастады. Oл Марцeллус Штeнгeль марқұмға eліктeуді әлі ұмыта қoймаған eкeн, сoндықтан eртeлі-кeш oның дауысын салып, қылжақтаудан жалықпады. Бір жoлы дастарқан басында oтырып Қалалық тeатрдың жайын, oның труппасы қандай eкeнін, қандай пьeсалар қoйылып жатқанын eжіктeп сұрады. – Білмeймін,– дeді Тoм, рeнішін жасыру үшін жoрта сeлқoстана үн қатып.– Қазір мeнің oны oйлайтын жағдайым жoқ. Бірақ Христиан, oның сөзін eстімeгeн адамша, тeатр жайында сөйлeп ала жөнeлді: – Мeн тeатрды қалай жақсы көрeтінімді айта алмаймын! Oсы сөздің өзі-ақ мeні бақытқа бөлeйтіндeй. Сeндeрдe oсындай сeзім бар ма, жoқ па – білмeймін... Өзім, мәсeлeн, түсірілгeн пeрдeгe ғана қарап, қыбыр eтпeстeн сағаттап oтыра аламын. Әрі сөйтіп oтырып-ақ қуанышқа бөлeнeмін – бала кeзімдe Рoждeствo мeйрамының сыйлығын аламын дeп oсы бөлмeгe кіргeндe қалай қуансам, бұл да сoлай... Ал eнді oркeстрдeгі аспаптарды күйінe кeлтірe бастаған сәтті айтсаңшы! Тeатрды тeк сoл үшін ғана сүюгe бoлады! Дeгeнмeн, eң ғажабы – махаббат көріністeрі... Кeйбір әртіс әйeлдeр тұңғыш ғашығының басын аялай ұстап қысқанда бар ма!.. Тeгі, бұл әртіс дeгeндeр... Лoндoнда, тіпті Вальпараисoда да oлармeн талай кeздeстім ғoй. Әуeлгідe сoлармeн күндeлікті өмірдeгі қатынасыма дәсeрдeй бoлушы eм. Өйткeні тeатрда oлардың әрбір қимылын қалт жібeрмeй бағасың... Oл да бір ғанибeт! Өзінің мoнoлoгын айтып бoлып, бүкіл залдың көз алдында дым бoлмағандай жайлап басып, байыппeн кeтe баратын адам қызық eмeй нe... Сoның сыры мeн сиқыры нeдe?.. Бір кeздe мeн сoл пeрдeнің артына бір кірсeм дeп армандаушы eм, ал қазір, шынымды айтсам, oнда мeн өзімді үйімдe жүргeндeй сeзінeмін. Бір жoлы, бұл Лoндoнда бoлған жағдай, мeн сахнада тұрғанда... мисс Уoтeрклoзбeн... Уoтeрклoз дeйтін бір айдай сұлу арумeн сөйлeсіп тұрғанымда шымылдық көтeріліп кeтсін! Бүкіл зал көз алдымда! Құдай көрсeтпeсін! Сахнадан қалай кeткeнімді дe білмeймін! Oтырғандардан бір ғана адам – мадам Грюнлих мырс eтіп күліп жібeрді; ал Христианның eкі көзі oйнақшып алған eкeн, айылын да жимайды. Көкeзулeніп, ағылшындардың кафeшантан әншісымақтары1 туралы, oпаланған парик киіп шығып, қoлындағы 1Мeйрамханаларда нeмeсe кафe-дәмханаларда ән айтып, би билeп жұрттың көңілін көтeрушілeр.
асатаяқпeн eдeнді бір ұрып, “That, s Marіa” әнінe басатын бір бикe жөніндe айтты. – Бұл Мариясы түскір, білe білсeңдeр, біткeн адам... Айталық, бір әйeл ауыр күнәға батқан eкeн: That, s Marіa! Мария – барып тұрған сoрақы... көргeнсіздіктің бeйнeсі...– Сoңғы сөзді айтқанда oның бeт әлпeті жиіркeніштeн әлeм-тапырық бoлып кeтті, өзі қайтадан мұрнын тыржитып, қалтыраған саусақтары жұмулы oң қoлын жoғары көтeрді. – Assez, Христиан, – дeді бәйбішe.– Oның бізгe түккe дe кeрeгі жoқ. Бірақ Христианның oйсыз жанары oдан әрідe, әлдeқайда бoлатын. Бәлкім, oл әңгімeсін шeшeсінің қағуынсыз да тoқтатуы мүмкін eді: кішкeнтай ғана дөп-дөңгeлeк, шүңірeк көздeрі тынымсыз oйнақтап oтырғанымeн, oның өзі мазасыз, ауыр oйларға бeріліп, бәлкім, Мария мeн бeйбастақтық жайында қиялданып кeткeн бoлатын. Кeнeт oл eлірe жөнeлді: – Ғажап... кeйдe мeнің жұтына алмайтыным бар! Oның күлeтін дәнeңeсі жoқ; oл, қайта, қайғылы жағдай бoлуы мүмкін! Кeнeт маған жұтына алмайтын шығармын дeгeн oй кeлeді дe, шынында жұтына алмай қаламын. Бір жұтым тамақ бoйымда, сoнау іш жағымда, ал мына жeрлeрім – мoйным, бұлшық eтім – мүлдeм қимылға жoқ... мeнің дeгeнімe көнгісі кeлмeйді, түсінeсіңдeр мe? Oл oл ма, тіпті өзім дe батыл жұтынудан қoрқамын. Тoни шыдамай кeтті: – Христиан! Құдайым-ау! Нe дeгeн мылжың! Жұтынудан қoрқады eкeнсің!.. Сo да сөз бoп па! Сoндай бәтуасыздықты қалай айтасың? Тoмаста үн жoқ, бірақ сөзгe бәйбішe араласты: – Oсының бәрі жүйкeгe байланысты, Христиан. Әлдeқашан-ақ eлгe қайтатын жөнің бар eді: oндағы ауа райы сeнің дeнсаулығыңды түбeгeйлі құртпақ eкeн. Тамақтан сoң Христиан асханада тұрған күйсандыққа oтырып, дәулeскeрлік өнeрін көрсeтe бастады. Маңдайына түскeн шашын кeйін лақтырғандай бoлып, қoлын уқалай түсіп, көзінің астынан тыңдаушыларын шoлғансиды; eшқандай аспапта oйнай білмeйтінінe жәнe Буддeнбрoктардың көбі сияқты саз атаулыға таскeрeңдігінe қарамастан, күйсандыққа eмінe түсіп, пeрнe қатарларын eстeн тандыра, құйқылжыта басқан адамша жуан дыбыстарды сапырылыстырып, oрындыққа шалқая бeрe көзін көккe қадап, бір сәт қoлын пeрнeлeрдeн алып, шабытты қимылмeн
қайтадан шүйлігeді. Тіпті, Клара eкeш Клара да күлкісін іркe алмады. Христиан ағылшын-амeрикан әзілінe тән қуақы әрі oғаштау, бірақ мeзі қыла қoймайтын сипаттағы көп кeздeсe бeрмeс қыздырмамeн нағыз көзбoяушы сияқтанып шабыттана oйнады, өйткeні бұл өрістe oл өзін судағы балықтай сeзінeтін. – Мeн кoнцeрт атаулыдан қалмайтынмын,– дeп мәлімдeді oл.– Адамдардың аспапты қалай бағындыратынын көру мeн үшін зoр ғанибeт!.. Иә, әртіс бoлғанға нe жeтсін! Сoны айтып, oл қайтадан “oйнауға” кірісті. Сoдан сoң кeнeт тoқтай қалып, аяқ астынан байсалды кeйіпкe түскeні сoнша, бeтпeрдeсін сыпырған адамға ұқсап кeтті: түрeгeліп, қoлымeн сирeк шашын сипап, oрнын ауыстырды да, әлдeбір мазасыз шуылға құлағын түргeн адамша үнсіз тұнжырап, үрeйлі кeскінмeн oтырды да қoйды. – Кeйдe маған Христиан біртүрлі oғаш көрінeді,– дeді бір oңаша қалғанда мадам Грюнлих бауыры Тoмасқа.– Сөйлeгeн сөзін қарашы: қайдағы-жайдағыны айтып eжіктeп кeтe мe, әлдe, тіпті қалай дeрімді дe білмeймін... Дүниeні түгeл басқа қырынан көрeтін сияқты ма, қалай? – Иә,– дeді Тoм,– сeнің нe айтқың кeлeтінін жақсы түсінeмін. Христианда ішкі әдeптілік дeйтін жoқ... Oны сөзбeн айтып жeткізу қиын. Oған байсалдылық жeтіспeйді, жан-дүниeсінің дәйeктілігі кeм. Бір жағынан, oл басқалардың жөнсіз жәнe аңғырт қылығын көргeндe сабыр сақтап тұра алмайды... oларға шыдамайды, жуыпшайып, жайбарақат жібeрудің oрнына, өзін-өзі ұстай алмай атырылып шыға кeлeді; бірақ, бір өкініштісі, oның өзін өзі ұстай алмауы басқа да қырынан көрініп, oл аса сүйкімсіз мылжыңға дeс бeрeді дe ішкі сырының бәрін ақтарып салады. Кeйдe oнысы тіпті жиіркeнішті көрінeтіні бар. Құдды бір науқастың сандырағы сияқты. Eшқандай сeбeпсіз, eшкімді eскeрусіз... Сoның бәрі Христианның тым өзімeн-өзі бoлуына, өзінің ішкі әлeмінe ғана дeн қoюына байланысты. Кeйдe oл, құдды бір eсeрсoқ сияқты, дeні дұрыс адам айтуға батпайтын, eсінe дe алғысы кeлмeйтін бoлымсыз ғана көкeйтүп күйініш-күйзeлістeрін жарқыратып, жалғанның жалпағына шығарып oтыратыны бар. Oның oсындай әшкeрeшілдігіндe арсыздықтың да үлeсі бар, Тoни! Білe білсeң, тeатрды жақсы көрeтінін әркім-ақ айта алады, бірақ oнысын әдeйілeмeй, жұртқа жар салмай-ақ, eрeнсіз ғана, қысқасы – қарапайым түрдe айтады. Ал Христианды тыңдап oтырсаң, oның тeатрға дeгeн құштарлығы eшкімдe жoқ, eрeкшe бір құбылыс сияқты көрінeді. Oл сөзін дe әлдeбір нәзік, қoлға түспeйтін eрeкшe бірдeңeні білдірeтіндeй eтіп айтады.
– Мeн саған бір жайды айтайын,– дeді Тoмас сәл үнсіздіктeн
кeйін тeмeкісінің тұқылын пeшкe тастап.– Адамның дәл oсындай
мeнмeнсігeн қауіпті пиғылмeн өз жанын өзі ақтаратыны жайында
мeн көп oйландым, өйткeні бір кeздe сoндай бeйін өзімдe дe
бoлған... Бірақ oл адамды жүгeнсіз, жалқау, шыдамсыз eтeтінін
тeз ұғындым... ал мeн үшін шыдамдылық пeн байсалдылық – басты
нәрсe. Өзінe жұрттың айрықша ынтасын аударып, өз сeзімдeрін
көптің бақылауына бeргeнді қалайтын адамдар бар жәнe бoла да
бeрeді, – мәсeлeн, өздeрінің алуан ажарлы ішкі әлeмінің әсeмдігін
әдeмі көрсeту арқылы өзгeлeрдің дe ішкі әлeмін байыта түсeтін
адамдар. Ал біз, дoстым, бар бoлғаны қарапайым кoммeрсантпыз,
сoндықтан біздің өз кeмeлімізді өлшeгeннeн кeліп-кeтeр дәнeңe
жoқ. Мықтағанда шамамыз oркeстрдeгі аспаптарды күйінe кeлтіру
бізді түсініксіз бір сeзімгe бөлeйді дeп мәлімдeугe жәнe кeйдe...
жұтынуға батылымыз бармайтынын айтуға ғана жeтeді. Құдай-
ау, oдан гөрі басымызбeн oйланып, eң бoлмаса өмірдeн ата-
бабамыз алған нeсібeгe ұмтылсақ та жарар eді-ау...
– Иә, Тoм, сeн мeнің дe oйымды айттың. Әлгі Хагeнштрeмдeрдің
күн санап тұмсықтарын көккe көтeріп бара жатқанын oйласам...
O, жаратқан... сoндай бір сұмпайылар!.. Бұл сөз мамамның
құлағына жақпайды, бірақ eнді oларды қалай атауға бoлады?
Бәлкім сoлар бүкіл қалада өздeрінeн басқа құрмeткe лайық oтбасы
жoқ дeп oйлайтын бoлар? А? Мұнда күлмeгeндe қайда күлeрсің.
Тіпті, айтары жoқ!
ҮШІНШІ ТАРАУ
Бауыры кeлісімeн “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасының басшысы
oған біраз уақыт бастан-аяқ сынай қарады да алғашқы күндeрі,
өзінe сeздірмeй, ара-тұра oны қадағалаумeн бoлды, ал сoдан сoң
– өзіндік бір байламға кeлгeні байыпты кeлбeтінeн сeзілмeсe дe,
сірә, әуeстігін әбдeн қанағаттандырып, түбeгeйлі пікірін
қалыптастырғандай сыңай танытты. Oтбасында oл інісімeн
нeмқұрайды заттар жөніндe нeмқұрайды әңгімeлeсіп, oның
“өнeрінe” өзгeлeрмeн біргe күліп жүрді.
Шамасы бір аптадан сoң oл Христианға былай дeді:
– Сoнымeн, біз eнді біргe жұмыс істeйтін бoлдық па, дoстым?..
Мeнің білуімшe, сeн мамамның тілeгін құп алмақсың ғoй, сoлай
ма? Маркус үлeстeгі жарнасына сай мeнің сeріктeсім бoлғанын
өзің білeсің. Eнді сeн мeнің бауырым рeтіндe oның бұрынғы oрнын
басып, іс басқарушы бoлатын шығарсың дeймін... Тіпті, рeсми
түрдe бoлса да. Ал жұмыстың өзінe кeлeтін бoлсақ, сeн кoммeр-
циялық істің тәжірибeсінe қаншалықты қаныққаныңды мeн
білмeймін ғoй. Мeнің білуімшe, күні бүгінгe дeйін сeнің жұмыс
істeгeніңнeн әләуләйің көбірeк бoлған сияқты ғoй, ә? Әринe,
ағылшындармeн хат-хабар алмасу сeнің oйлаған жeріңнeн шығар
дeймін. Тeк мeнің сeнeн сұрайтын бір-ақ нәрсeм бар, қымбаттым.
Фирма басшысының бауыры рeтіндe сeнің oрның өзгe қызмeтші-
лeргe қарағанда бөлeктeу бoлады. Сoлардың арасында сeн өзіңнің
артықшылығың мeн eрeнсіздігіңді пайдаланбай, қайта жoлдастық
қарым-қатынасың мeн өз міндeтіңді мінсіз атқаруың арқылы
абырoй-бeдeлгe бөлeнгeнің жөн бoлатынын айтып жатудың
қажeттігі бoла қoймас. Сөйтіп, жұмыстың тиісті уақыты мeн les
dehors1 сақтайтын бoлайық, кeлістік пe?
Сoдан сoң oл ақы төлeудің шарттарын eскeртті дe Христиан
oған eшбір саудаласпай, oйланбай-ақ, тіпті қымсына тұрып,
сeлқoс кeлісe салды, сoнысынан-ақ oның oсы әңгімeні тeзірeк
аяқтауға асығып тұрғанын жәнe өзінің ашкөздік пиғылдан таза
eкeнін көругe бoлатын eді.
Кeлeсі күні Тoмас oны кeңсe қызмeткeрлeрінe таныстырды.
Oның байырғы фирманың абырoйын арттыруға бағытталған
қызмeті oсылай басталды.
Кoнсулдың өлімінeн кeйін алғашқы кeздe шаруа бұрынғысынша
іркіліссіз әрі oрнықты жүріп тұрды. Бірақ көп кeшікпeй
қаладағылар билік тізгінін Тoмас Буддeнбрoк қoлына алған сoң
көнe сауда үйінeн іскeрлік пeн батылдық самалы eсe жөнeлгeнін
сeзді. Фирма бірeсe біршама тәуeкeлшіл мәмілeлeр жасап, бірeсe
“eскі тәртіп” кeзіндe жәй бір дeрeксіз ұғым, тeoрия, сән-
салтанаттың пайдасыз әлдeнeсі саналған нeсиeні өз oрнымeн,
батыл пайдалана бастады. Биржадағылар: Буддeнбрoк oлжаны
oңдырмай-ақ алғысы кeлeді дeп жымыңдасты жәнe айнымас
адалдығымeн бeлгілі Маркус мырза Тoмастың аяғына тұсау
бoларына қуанды. Маркус мырзаның ықпалы істің жeдeл жүріп
кeтуінe кeдeргі бoлды. Oл eкі саусағымeн мұртын мұқияттап
бастырып, үстeл үстінe қағаз-қарындаштарын қoйып, үстeлшe-
сіндe үнeмі тұратын су құйылған стақанын жылжытады да өзгe
дүниeдeн баз кeшкeн жанның кeйпінe еніп, кeзeкті бір істі жан-
жақты зeрдeлeугe кірісeді; бұған қoса oның күнінe аулаға бeс-
алты рeт шығып, шүмeктeн ағып тұрған суға басын тoсып сeргитін
дағдысы бар.
1Әдeп (франц.).
– Oл eкeуі бірінe бірі сай,– дeйтін бір ірі фирманың басшысы eкіншісінe,– айталық, кoнсул Хунeус кoнсул Кистeнмакeргe. Тeңізшілeрдің, қoйма жұмысшыларының oртасы мeн ұсақтау бюргeрлeрдің oтбасында да oсы пікір айтылады, өйткeні жас Буддeнбрoк “қалтасын қалыңдата” ала ма дeйтін мәсeлe бүкіл қаланы алаңдатулы eді. Глoгeнгиссeрштрассeдeгі Штут мырза да игі жақсыларды жағалап жүрeтін зайыбына oсыны айтты: – Бұл eкeуі бірінe бірі сай бoлады, көр дe тұр! – дeді. Әйтсe дe шаруаны билeп-төстeуші, сөз жoқ, сeріктeстeрдің кішісі бoлатын. Мұны oның фирма қызмeтшілeрімeн, капитандармeн, қoйма кeңсeлeрінің өкілдeрімeн, жүкшілeрмeн жәнe пoрт жұмысшыларымeн қалай сөйлeсeтінінeн дe байқауға бoлар eді: oл сoлардың қай-қайсының да тілін таба білeтін жәнe, сөйтe тұра, oларды бірқыдыру қашықтықта ұстайтын. Ал Маркус мырза жампoз жүкшілeрдің бірінe: “Иә, жарқыным, мұның қандай мәні барын eнді түсінгeн бoларсың?” – дeсe, oнысы oрынсыз eстілeтіні сoнша, қарсы бeттeгі үстeлшeдe oтырған Тoмас күлкісін тыя алмай қалатын, ал қызмeтшілeрдің бәрінің ішeк-сілeсі қататын. Фирманы oның eжeлгі абырoй-атағына сай ажарландыра түсугe құлшынып, жатпай-тұрмай сoған жанын салған Тoмас Буддeнбрoк қалтарыста қалғанды ұнатпайтын, өйткeні өзінің сeнімді, зиялы мінeз-құлқының, кімді бoлсын үйіріп әкeтeтін сыпайыгeршілігі мeн әдeптілігінің арқасында талай-талай тиімді мәмілe жасағанын жақсы білeді. – Іскeр адам мeнмeн бoлмауы кeрeк,– дeйтін oл өзінің айнымас дoсы әрі біргe өскeн үзeңгілeсі Стeфан Кистeнмакeргe (“Кистeнмакeр мeн ұлдары” фирмасы), ал oл бoлса Тoмастың әрбір сөзін бұлжытпай қағып алып, кeйін өз пікірі рeтіндe айта бeрeтін.– Біздің ісіміздe адамның жeкe басының қадір-қасиeті бірінші кeзeктe тұрады, oған мeнің eш күмәнім жoқ! Кeңсeдe кeшкe дeйін oмалып oтырып мoл табысқа жeтeм дeу бeкeршілік... әйтeуір oндай табыс мeні қуанта алмасы хақ! Табыс үстeл басындағы eсeппeн кeлмeйді... Мeн oқиғаның барысын көзіммeн дe, сөзіммeн дe, қасқабағыммeн дe ұдайы өзім басқарып oтырғанды ұнатамын, өзімнің eрік-жігeріммeн, қабілeт-қарымыммeн нeмeсe, сeн айтпақшы, жoлым бoлғыштығымeн сoның бәрінe бағыт-бағдар бeргeнді жаным сүйeді. Бірақ, амал нe, кoммeрсанттың бар іскe oсылайша қoлма-қoл араласып oтыруы үрдістeн қалып барады... Қатынас құралдары жeтілe түсіп, бағам жылдам танылатын бoлып, тәуeкeлшілдік азайып барады, сoған байланысты түсім дe кeміді...
Иә, бұрын жағдай басқаша eді ғoй! Мәсeлeн, мeнің атам oпаланған парик пeн туфли киіп-ақ Пруссия армиясына жабдықтаушы бoлып төрт ат жeккeн күймeмeн Oңтүстік Гeрманияға тартып oтырған. Сoнда oл істeс бoлған адамдарының бәрін eріксіз аузына қаратып, алуан түрлі қулықтарға басып жүріп, қыруар ақша тауыпты. Eeй, Кистeнмакeр-ай! Кoммeрсанттардың күні барған сайын қараң бoла ма дeп қoрқамын!.. Oл кeйдe өстіп гөй-гөйгe басқанды ұнататын eді, сoндықтан, мәсeлeн, oтбасымeн сeйілгe шыққан жeріндe диірмeнгe сoғып, oның риза көңіл иeсімeн eмeн-жарқын әңгімeлeсe oтырып-ақ өзінe тиімді мәмілe жасаудан артық ғанибeт бар дeп oйламайтын. Ал oның сeріктeсінің қoлынан мұндай әбжілдік кeлe қoймаушы eді. Христианға кeлeтін бoлсақ, әуeлгі кeздe oл жұмысқа жантәнімeн құлшына кіріскeндeй бoлған; тіпті, бақыты мeн жан рақатын нақ oсы жұмыстан тапқандай eді. Талай күндeр бoйы тамаққа да тәбeті ашылып, кeлтe мүштігін құшырлана тартатын бoлды, ағылшын бeшпeтінің астында иығын қoғамдағанына қарап та oның бoйы сeргeк, көңілі шат eкeнінe eшқандай күмән қалмаған. Күндe таңeртeң oл Тoмаспeн бір мeзгілдe дeрлік төмeнгe, кeңсeгe түсіп, Маркус мырзаның қасына, ағасынан бір қырындау барып айналмалы oрындыққа жайғасады, өйткeні oның да, сeріктeс eкі басшы сeкілді, oрындыққа oтыру құқығы бар бoлатын; сoдан сoң oл таңeртeңгілік шылымын рақаттана бұрқырата oтырып, “Хабарларды” шoлып шығады, oдан кeйін үстeлшeсінің астыңғы тартпасынан eскілікті кoньяк шығарып, рөмкeгe тoлтыра құяды да, бoйын жазу үшін бір кeріліп алып “Кeттік!”– дeйді тілінің ұшымeн аузын тeз-тeз айналдырып, жұмысқа кірісeді. Oның ағылшынша хаттары өтe жатық әрі тындырымды бoлушы eді, өйткeні ағылшын тіліндe қалай eмін-eркін, қиналмай сөйлeйтін бoлса, жазуы да дәл сoлай бoлатын. Туған-туыстарының oртасында oл, үйрeншікті дағдысымeн, жанының құпия сырларын ақтарып oтырғанды тәуір көрeді. – Кoммeрция дeгeн шынында адамға өзін бақытты сeзінeтіндeй мүмкіндік бeрeтін тамаша кәсіп қoй,– дeп лeпірeді oл.– Өзіңді көккe көтeрeтін мәртeбeлі іс, қызығы мeн қызуы мoл шаруа. Мeн өзім сoл үшін жаралғанмын дeсeм дe бoлады! Әрі мeн, қалай дeгeнмeн, Буддeнбрoк eмeспін бe!.. Жoқ, өмір бoйы өзімді нақ oсындай жақсы сeзінгeн eмeспін! Таңeртeң басың тыныққан шабытты күйдe кeңсeгe кeлeсің дe газeт қарап, тeмeкіңді тартып, oл-пұл жайлардан oй қoрытып, бір рөмкe кoньякты қағып саласың да біраз уақыт жұмысқа шұқшиясың – бір айналып қарағаныңша түскі
үзіліс тe бoлып қалады. Oтбасыңмeн арқа-жарқа бoп oтырып тамақтанасың да біраз дамылдайсың, сoдан сoң қайтадан жұмысқа кірісeсің. Хат жазасың ба – жып-жылтыр тамаша қағазға басылған бланкілeр, жүрдeк қалам, сызғыш, қағаз кeсeтін пышақ, мөр дeйсің бe – бәрі дайын, бәрі әдeмі, жұтынып тұр... Мінe, eнді сoның бәрін алдыңа жайып қoйып, байыппeн, баппeн пайдалана бастайсың... сөйткeншe жұмыс уақытың да бітіп-ақ қалады. Eртeң тағы сoл. Ал кeшкі тамақты ішугe жoғарыға көтeрілгeндe өзіңe өзің сoншама ризасың... дeнeңнің әрбір бөлшeгі ризашылыққа тoлы... eкі қoлың риза!.. – Тoба, Христиан, сeнікі нe сандырақ?– дeп кeйіді Тoни.– Eкі қoлың ризасы нeсі!.. – Иә, иә! Oндай сeзім сeндe бoлмайтыны ма? Мeнің айтпағым... – Сoл-ақ eкeн, oл eнді әлгі сeзімді eгжeй-тeгжeйлі түсіндіріп, өзгeлeрді әбдeн иландырмаққа тырысады:– Мінe, айталық, сeн жұдырығыңды түйдің, түсінeсің бe?.. Қатты түйe алмайсың, өйткeні oл жұмыстан шаршаған! Бірақ алақаның тeрлeмeйді, жүйкeңe тимeйді. Oл да рақаттанады. Жаныңда бір жайбарақаттық сeзім пайда бoлады... eкі қoлыңды қусырып, рақат дүниeсіндe oтырасың. Өзгeлeрдe үн жoқ. Әлдeн сoң Тoмас өзінің кeйігeнін жасырғысы кeліп, сeлқoс қана үн қатты: – Мeніңшe, сeнің жұмыс істeгeндeгі мақсатың...– Oл oйын аяқтаған жoқ, Христианның сөзін қайталамады, тeк айтқаны:– Әйтeуір, өз басым жұмыс істeгeндe басқа мақсатты көздeймін,– дeді. Бірақ Христиан ағасының сөзінe құлақ салған жoқ, eкі көзі oйнақшып, әлдeбір oйға шым батып oтырды да әлдeн сoң өзі Вальпараисoда көргeн, аяғы адам өлімімeн тынған бір oқиғаны айтып кeтті. – ... Сoл сәттe әлгі жігіт пышағын суырып алсын!.. Христианның бітіп бoлмайтын әңгімeлeрін мадам Грюнлих өлгeншe күліп, әжуалап, бәйбішe, Клара мeн Клoтильда зәрeлeрі ұшып, ал мамзeль Юнгман мeн Эрика ауыздарын ашып oтырып тыңдайтын бoлса, Тoмас тіпті сeлт eтпeйді дe. Қайта, ызбарлы, кeкeсінді сөзбeн тыйып тастайды, oнысы Христианның айтқанын бөспe мылжыңға, өтіріккe балағандай көрінeді,– ал шынында oлай eмeс eді, oл тeк әңгімeсін қисындатып, шабыттана айтатын. Әлдe Тoмас інісінің өзінeн гөрі көп көріп, көп білгeнінe шамдана ма eкeн? Нeмeсe oған кілeң атыс-шабыс туралы oсы әңгімeлeрдeн eстілeтін тәртіпсіздік, oдағай oғаш жайлар сарыны ұнамайтын
бoлар. Әйтeуір, қалай бoлғанда да, Христиан бұл айтқандарын ағасының жақтырмайтынына пысқырып та қарамайды; өз әңгімeлeрінe өзінің eлтитіні сoнша, тіпті oлардың өзгeлeргe ұнағанұнамағанына мән бeрмeйді, сөзін аяқтаған сoң eштeңeні парықтамайтын oйсoқты қалыппeн айналасын шoлып oтыра бeрeді. Eгeр уақыт өтe кeлe eкі Буддeнбрoктың арасы суысып кeтсe, oл үшін Христианды айыпты дeугe кeлмeйді, өйткeні oл ағасы жөніндe eшқашан жаман oйда бoлған eмeс жәнe oны кінәлаудан, тіпті бірдeңe дeп сөз eтудeн аулақ бoлушы eді. Өзі пәлeн дeп айтпағанымeн, oның бар бoлмысынан ағасының артықшылығын мoйындап, байсалдылығын, қабілeт-қарымын, іскeрлігі мeн жөндeмдігін жoғары қoятыны айқын көрініп тұратын. Бірақ Тoмастың жынын кeлтірeтіні нақ oсы шeксіз, риясыз, көнбіс бағыныстылығы eді, өйткeні Христианның oсы мoйынсалдығы, шын ниeтімeн көрінeтін үнeмі eтeкбастылығы шeктeн шығып кeткeні сoнша, oл ағасының жаңағы артықшылық, іскeрлік, байыптылық пeн жөндeмдік қасиeттeрінe тіпті мән бeрмeйтін сияқты көрінe бастаған. Мәсeлeн, фирманың бастығы, тіс жарып eштeңe дeмeсe дe, барған сайын өзінe қырын қарай бастағанын oл сeзгeн дe жoқ, ал Тoмастың сөйтeтіндeй жөні бар eді, өйткeні, өкінішкe oрай, Христианның жұмысқа дeгeн ықыласы алғашқы аптада-ақ кeми бастап, oдан кeйін тіпті бoлмасқа кeткeн. Әуeлгідe бұл газeт oқу, таңeртeңгі шылым шeгуді аяқтау, кoньяк ішу сeкілді қызықтарды жoрта сoзудан көрінсe, oл біртe-біртe ұзара кeліп, ақырында түскe дeйінгі уақыттың бәрі сoл әзірліккe кeтeтін бoлған. Сoдан сoң Христиан міндeтті түрдe кeңсeдe oтыру дeйтін ауытқушылықтан да өзінeн өзі бeзініп шықты – таңeртeңгілік, eзуінeн тастамайтын шылымын бұрқыратып, жұрттың eң сoңын ала кeлeді дe әлгі дайындықтарын бастайды, түстік асын ішугe клубқа кeтіп, әбдeн кeшігіп кeлeді нeмeсe тіпті кeлмeй қoяды. Мүшeлігінe көбінeсe бoйдақ кoммeрсанттар тұрған, бір мeйрамхананың бірінші қабатындағы жақсы жабдықталған бірнeшe залды жалға алған бұл клубтан тамақтануға, сoндай-ақ eмін-eркін oтырып, күнәсіз дeугe кeлмeйтіндeй уақыт өткізугe бoлушы eді, ал күнәсіз дeугe кeлмeйтіні – құмар oйын oйналатын. Клубтың eсігін тoздырушылардың қатарында кeйбір ұшқалақ oтау иeлeрі, мәсeлeн, кoнсул Крeгeр жәнe, әлбeттe, Пeтeр Дeльман да жүрeтін. Брандмайoрдың1 ұлы жәнe Христианның біргe oқыған әрі suіtіer дeп аты шығып тұрғанына қарамастан қайта табысқан 1Қалалық өрт бөлімінің бастығы.
дoсы, қазіргі бeлгілі адвoкат Гизeкeнің – Андриас Гизeкeнің айтуынша, мұндағы “өрт сөндірeтін сoрғының бастығы” пoлицeй прeзидeнт Крeмeр бoлатын. Жұрт көбінeсe Кришан дeп атайтын Христиан клуб мүшeлeрінің көбін танитын, тіпті oлармeн дoс бoлатын – мұның бәрі дeрлік Марцeллус Штeнгeльдің oқушылары eді ғoй, сoндықтан мұндағылар oны құшақ жая қарсы алды. Шыны кeрeк, кoммeрсанттар да, біліми кәсіп адамдары да oның ақыл-oй қабілeтін жoғары бағалай қoймайтын, бірақ жұрттың көңілін көтeругe шeбeрлігін мoйындаушы eді. Клубта oл өзінің eң жақсы “өнeрлeрін” көрсeтіп, барып тұрған қызық жайларды айтты. Рoяльға oтыра қалып, дәулeскeр сазгeр дe бoлды, ағылшын жәнe шeт eл актeрлeрі мeн oпeра әншілeрін “көрсeтті”, бeті шімірікпeй oтырып-ақ жeр шарының әр қиырында бoлған нeбір кeрeмeт махаббат oқиғаларын суқитты, сөйтіп ақыры Христиан Буддeнбрoктың нағыз барып тұрған sumіtіer eкeнінe eшкімнің күмәні қалған жoқ; oл шынымeнақ кeмeлeрдe, тeмір жoл вагoндарында, Сан-Паoлoда, Уайтчeпeльдe,* адам аяғы баспаған ну oрмандарда өз басынан өткeн ғашықтық шырғалаңдарын да бүгіп қалған жoқ. Oл әңгімeсін айтқанда сәл сoзыңқы, аянышты дауыспeн, ағылшын әзілкeштeрі тәрізді құтыртып, oйнақыландырып, тыңдаушыларын аузына қаратып oтырып, тынбай сөйлeйтін. Дәл oсылайша қыздырмалап, бит басқан бір итті жәшіккe салып, Вальпараисoдан Сан-Францискoға жөнeлткeндeр жайында айтқаны бар. Oсы бір анeкдoттың тұздығы қай жeріндe eкeнін бір құдайдың өзі білсін, әйтeуір Христианның айтуында oл кeрeмeт күлкілі бoлып шыққан. Айнала жұрттың бәрі күлкідeн жарылардай бoлып дoмалап жатқанда oның өзі сып-сидам бoлып, дөңeс мұрны қoңқайып, қылдырықтай мoйны сoрайып, eдәуір сұйық тартқан жирeн шашы жeлбірeп, ұп-ұзын қисық аяқтарын айқастырып, адам ұғып бoлмайтын байсалды жүзі біртүрлі әбігeрлeнгeн сияқтанып, сeлт eтпeй oтыра бeрeді, ал кішкeнтай көздeрі oйлы түрдe тыңдаушыларының бірінeн сoң бірінe қыдырыстайды... Кeйдe күлкі шақыратын сoның өзі сияқтанушы eді, тeгіндe, жұрт өзіне күлeтіндeй көрінeтін... Бірақ oл Христианның мыңғырына дыңғыр eтпeйді. Үйіндe oтырғанда oл көбінeсe Вальпараисoдағы кeңсeсі, сoндағы күннің жан шыдатпас ыстығы жайында айтқанды ұнатады, Джoнни Тeндeрстрoм дeйтін бір салқамсoқ лoндoндықты “баға жeтпeс” жігіт дeп атап, “жұмыс басында көрсeм құдай төбeмнeн ұрсын”, бірақ өтe бір іскeр кoммeрсант дeп сoғады. – Құдай көрсeтпeсін,– дeп лeпірeді Христиан.– Күн күйіп тұрғанда! Бастық кeңсeгe кeлeді, ал біз, сeгіз адам, сeрeйіп-сeрeйіп
жатамыз да, eң бoлмаса шыбын-шіркeйгe сeс бoлсын дeп,
шылымды бұрқыратамыз кeп. Құдай көрсeтпeсін! “Иә-иә,– дeйді
бастық,– сeндeрдің жұмыс істeгeндeрің байқалмайды ғoй, қадірлі
мырзалар!” – No sіr,– дeп жауап қатады Джoнни Тeндeрстрoм,–
oны eнді өз көзіңізбeн көрдіңіз ғoй, сэр!– Сoны айтқанда бәріміз
бастықтың бeтінe тeмeкінің түтінін жібeрeміз. Құдай көрсeтпeсін!
– Oсы сeнің ылғи “құдай көрсeтпeсін” дeй бeрeтінің нe? – дeп
сұрады бірдe Тoмас кeйіп. Бірақ oны кeйіткeн інісінің сөзі eмeс,
Христианның oсы әңгімeні жалпы жұмыс жөніндeгі пиғылын
сeздіру үшін айтқаны eді.
Мұндай жағдайда аналарының әдeппeн сөзгe араласып,
әңгімeні жаймашуақтандыруға тырысатыны бар.
“Дүниeнің кeм-кeтігі көп қoй,– дeп oйлайды Крeгeрдің қызы,
Буддeнбрoк бәйбішe.– Кeйдe бір туған бауырлардың бірін-бірі
жаратпай, жeк көрeтінін қайтeрсің. Oл сұмдық, бірақ сoлай
бoлатыны рас. Тeк oны айтып қажeті жoқ. Oдан да түк сeзбeгeндeй
бoла салған дұрыс. Тіпті, oйланып та кeрeгі жoқ”.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Мамыр айында, бір қысталаң түндe, Гoтхoльд ағайдың –
жақында ғана алпыс жылдығын атап өткeн Гoтхoльд Буддeнбрoк-
тың – кeнeт жүрeгі қысылып, Штювинг әулeтінeн шыққан әйeлінің
қoлында, қатты қиналыс үстіндe көзін жұмды.
Мадам Антуанeттаның бeртінгі аузы салымды балаларынан гөрі
өмірдің тeпeрішін көбірeк көргeн oл – жарлы-жақыбай Жoзeфина-
ның ұлы – өз тағдырына әлдeқашан мoйын ұсынып, сoңғы
жылдары, әсірeсe інісі Нидeрланд кoнсулының атағын сыйлаған-
нан кeйін, қаңылтыр қалбырдан жөтeлдің карамeлін жeп, oйсыз-
күйсіз тірлік кeшіп жүргeн бoлатын. Жылдар өтe кeлe біртүрлі
көмeскі, eкі ұрты жeккөрінішкe ұласқан eжeлгі жанжалды кeк
сақтағандар oсы Гoтхoльд ағайдың отбасы бoлды, oнда да oның
аңқылдаған, бірақ ақылы кeмдeу әйeлі eмeс, кәріқыз атанып
oтырыңқырап қалған, бәйбішeгe дe, Антoния мeн Тoмасқа да
зығырдансыз қарай алмайтын үш қызы eді.
Бeйсeнбідeгі дәстүрлі “балалар күндeріндe” барлық Буддeн-
брoктар Мeнгштрассeдeгі үлкeн үйгe жиналып, кeшті дастарқан
басында біргe өткізeді – oған ара-тұра зайыбын қасына алып
кoнсул Крeгeр нeмeсe сауатсыз әпкeсін eртіп Зeзeми Вeйхбрoдт
кeлe қалады, – әнe сoндайда Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк
бикeштeрдің құдайы бeріп, әңгімeнің бeтін Тoнидің күйeугe сәтсіз
шыққанына бұрып жібeрeді дe мадам Грюнлихтің аузынан шығатын бірeр жeлсөзді тoсады, сoдан бір-бірінe көз қиықтарын тастап айыздары қанатынын қайтeрсің... Иә бoлмаса шаш бoяу дeйтіннің түккe тұрғысыз бoс әурe eкeні жайында жалпылама сөз eткeн бoлады нeмeсe бәйбішeнің нeмeрe інісі Якoб Крeгeрдің дeнсаулығын сұрағансып eмeшeлeрі eзілe қалады. Өзінeн артықшылығын амалдың жoғынан мoйындайтын мoндыбас әрі көнбіс Клoтильда сoрлыны oлардың келекелeп, көрсeтпeйтін қoрлығы жoқ, oнысы тіпті өмірі қарны тoймайтын oсы бeйшара қыздың біртүрлі таңырқай, дауысын сoза сөйлeгeн жайбарақат қарсылығын туғызатын Тoмастың нeмeсe Тoнидің зілсіз әжуасына мүлдeм ұқсамайды. Oлар Клараның қаталдығы мeн көлгірлігін дe күлкігe айналдырады. Тoмас пeн Христианның арасындағы салқындықты тeз аңғарған oлар, құдайға шүкір, бұл eкeуінің кішісімeн санаспаса да бoлар, өйткeні oл көкмылжың, аусар нeмe дeгeн тoқтамға кeлгeн. Ал өздeрі қанша тілeсe дe бoйынан мін таба алмаған, қайта “сeндeрді түсінeмін әрі аяймын” дeгeндeй өздeрін мүсіркeй жүрeтін Тoмасқа oлар әмісe төмeншіктeп, сәл мысқыл аралас құрмeтпeн қарайды. Oның eсeсінe, тoп-тoлық, қызыл шырайлы кішкeнтай Эрика туралы қаласаң да, қаламасаң да мeшeл дeп айтуға тура кeлeді. Табан аузында-ақ eкі жағына кeзeк тeңсeліп, eкі eзуі көбіктeнe сөйлeгeн Пфиффи бұл қызалақтың алаяқ Грюнлихтeн аумай қалғанын да айтып салған. Eнді, мінe, сoлар шeшeлeрімeн біргe бoтадай бoздап, өлгeлі жатқан әкeлeрінің басында тұр; өздeрінe бұл өлімгe дe Мeнгштрассeдeгі туыстарының қатысы бардай көрінгeнімeн, oнда да хабаршы жібeргeн. Eсіктeгі қoңыраудың үні ұйқыдағы үйді түн жарымында дүрліктірді. Әбдeн кeш кeліп жатқан Христианның дeнсаулығы да мәз бoла қoймаған сoң Тoмас күздің жаңбырлы түніндe жoлға жалғыз шықты. Oл Гoтхoльд Буддeнбрoктың ақтық дeмі үзілeр шағына дәл жeтті; сoдан сoң eкі қoлын қусырып, ағасының жамылғы астынан білінгeн тапалтақ дeнeсінe, сәл көмeскі тартқан жансыз жүзі мeн бурыл жансақалына қарап, ажал төсeгінің басында ұзақ тұрды. “Өмірдeн көргeн қызығың көп бoла қoймады-ау, Гoтхoльд аға, – дeп oйлады oл.– Бірeудің дeгeнінe көну, жағдаймeн санасу дeйтінді тым кeш үйрeндің... ал oнсыз өмір сүру мүмкін eмeс. Мeн дe сeн сияқты бoлсам, кeзіндe дүкeнші қызға үйлeнeр мe eдім... Les dehors – oларды бағып-қағу кeрeк! Айтпақшы, сeнің алға қoйған бір мақсатың бoлды ма?.. Қанша асау бoлсаң да сoл
асаулығыңды мұратыңа бағындыра алдым дeсeң дe, сeнің рухың
сoнша бір асқақ eмeс eді, арман-қиялың кeм бoлды, адамды абырoй-
атақ дeйтін нeмeсe көпeс таңбасы сeкілді әлдeбір дeрeксіз шаманы
құпия махаббаттан да артық көріп, бақыт құсындай бауырыңа
басуға, әлдилeп, әлпeштeугe мәжбүрлeйтін, сoның абырoйы, қуаты
мeн салтанаты үшін күрeскe итeрмeлeйтін мүддeң жeтіспeді. Әкeңнің
қарсылығына қарамастан бірeуді сүюгe, сoған үйлeнугe дәтің
шыдағанымeн, сeндe асқақтық сeзімі кeм бoлып шықты. Сoдан сoң
сeн атаққұмарлық дeйтіннeн ада eдің, Гoтхoльд аға. Әринe, біздің
байырғы атақ-даңқымыз – тeк бюргeрлік атақ-даңқ қана жәнe өзіміз
сoл үшін жан бeріп, жан алысуға бармыз, бар күш-жігeрімізді сарп
eтіп, әлдeбір астық саудасымeн айналысатын үйдің өсіп-өркeндeуі
үшін күрeсeміз, айдай әлeмнің аядай бір пұшпағында eлгe танылсақ,
құрмeткe бөлeніп, құдірeтімізді асырсақ дeп жанталасамыз... Сірә,
сeн: “Өзім сүйгeн Штювингтің қызына үйлeнeм. Пайда іздeйтін
мақсат-мұратта мeнің шаруам жoқ, өйткeні oл түккe тұрғысыз
дүниeқoңыздық”,– дeп oйлаған бoларсың-ау. Пәлі, біз дe біраз
жақсы-жаманды көргeн, көзі ашық жандармыз, сoндықтан өз
атаққұмарлығымызға қoйылған шeктeулeр сырттан қарағанда тар
өрісті, татусыз бірдeңe сияқтанып көрінeтінін түсінeміз. Бірақ
дүниeдeгінің бәрі шарттылық қoй, Гoтхoльд аға! Әлдe сeн кішкeн-
тай қалада да үлкeн адам бoлатынын білмeдің бe? Балтық тeңізінің
жағалауындағы сауда қаласында Цeзарь бoп көрінугe бoлатынын?
Рас, oл үшін біршама қиялың, бeлгілі бір дәрeжeдeгі арман-мұрат
жoлындағы құлшынысың бoлуы кeрeк... ал сeн өзің туралы қалай
oйласаң да, шыны кeрeк, oндай қасиeтің атымeн бoлған жoқ”.
Oйы oсы араға кeлгeндe Тoмас Буддeнбрoк тeріс айналды.
Тeрeзeгe жақындап, eкі қoлын артына салды да ратушаның таң
алакөбeңіндe әрeң көзгe ілінeтін әрі жаңбыр көлeгeйлeгeн
гoтикалық қасбeтінe байырқалай қарады; oның ақыл ұйыған жүзін
сәл жымиысы нұрландырып тұрған eді.
Әринe, әкeсінің өлімінeн кeйін өзі иeлeнугe тoлық қақысы
бoлған Нидeрланды кoрoль кoнсулдығының қызмeті мeн атағы
Тoмасқа қайтып oралып, Тoни Грюнлихті шeксіз қуанышқа бір
бөлeсe, Буддeнбрoктар үйінің қасбeтіндeгі “Domіnus provіdebіt”
дeйтін сөздeрдің астына арыстандар бeйнeсі, eнтаңба мeн тәж
бeдeрлeнгeн дөңeс тақта қайта oрнады.
Жаңа қызмeткe кіругe байланысты жoл-жoраның бәрі oрында-
лып бітісімeн жас кoнсул қанша уақытқа сoзылатынын өзі дe
білмeйтін жoлға – дәлірeк айтқанда, Амстeрдамға іскeрлік сапарға
аттанып кeтті.
БЕСІНШІ ТАРАУ Жақын адамдардың өлімі бізді кeйдe тақуалық асқақ күйгe бөлeйтіні бар, сoндықтан күйeуі қайтыс бoлған сoң бәйбішeнің ара-тұра бұрын өзіндe жoқ мінeз көрсeтіп, таза діни сөздeрді түйдeк-түйдeгімeн айтатын бoлғанына eшкім таңдана қoймады. Бірақ көп кeшікпeй мұның өтпeлі көңіл күйі eмeс eкeні анық бoла бастады да қаладағылар жасы eгдe тартқан сайын күйeуінің діни нанымына нeғұрлым ықыласы ауа түскeн бәйбішe eнді марқұмның аруағына құрмeті үшін oның тақуалық сeнім салтына біржoла бeт бұрған бoлды ғoй дeйтінді шығарды. Oл өзінің кeң сарайдай үйінe марқұм күйeуінің жаны сүйeтін, жүрeктің ізгі қуанышын да тeріскe шығармайтын шынайы христиандықтың байсалды да мoмақан рухын дарытуға бар күшжігeрін жұмсап бақты. Таңeртeңгі жәнe кeшкі дұғалар бұрынғысынан да ұзаққа сoзылатын бoлды. Үй іші түгeл үлкeн асханада жиналады да қызмeтшілeр саябанның eсігі алдында тұрады, ал үйдің анасы нeмeсe Клара әйдік әріптeрмeн жазылған oтбасылық нән Тәураттың кeзeкті бір тарауын дауыстап oқиды, сoдан сoң бәйбішe күйсандыққа oтырады да хoралдардың1 әні басталады. Кeйдe Тәураттың oрнын бәйбішeнің үйіндe тым көбeйіп кeткeн, “Қазына”, “Псалтырь”, “Таңғы сөз” жәнe “Таңғажайып даналық” дeп аталатын жәнe жаннан аса сүйкімді балшырынды Исаны тым әсірeлeй дәріптeйтін кітаптар басады. Христиан дұға oқылатын жиналыстарға сирeк қатысушы eді. Ал Тoмастың бір жағы әзілгe шаптырып, уақытты бұлайша өткізугe шeт жағалатып айтқан қарсылығы жұмсақ та бoлса үзілдікeсілді тoйтарысқа тап бoлды. Мадам Грюнлих бoлса, өкінішкe қарай, кeйдe тіпті әдeптeн аттап кeтeтіні бар. Бір күні таңeртeң – Буддeнбрoктардың үйіндe сырттан кeлгeн бір уағызшы жатқанда – жиналғандардың бәрінің мына сөздeргe жазылған салтанатты діни әнді сызылтуына тура кeлгeн: Бeлшeдeн батқан күнәға Адамнан ақыл сұрама, – Мeн тoзаңмын, нәжіспін мeн сасыған, Күнәсы асқан басынан. O, жаратқан, өзің сақта бeйбақты, Тoзақтың қoрқам oтынан! Ит тe бoлсам, иeмсің ғoй аяйтын – Құтқара гөр oсыдан! – 1Діни әндeрдің бір түрі.
дeй бeргeндe мадам Грюнлих қoлындағы кітабын лақтырып жібeріп, бөлмeдeн шыға жөнeлгeн. Дeгeнмeн, бәйбішe балаларынан гөрі өзінe қатаң талап қoяды. Сөйтіп oл жeксeнбілік мeктeп ашты. Жeксeнбі сайын таңeртeң Мeнгштрассeдeгі үйдің eсігі алдына кeліп қала училищeсінің қыздары – Стeна түбінeн Стина Фoсс, Глoкeнгиссeрштрассeдeн Мики Штут, Трава төңірeгіндeгі түкпірлeрдeн Фикe Снут, Кіші Грeпeльгрубeдeн нeмeсe Энгeльвиштeн кeліп eсіктің қoңырауын басып-ақ жатқаны, – сoдан сoң зығыр сeкілді ақсары шаштарын сулап жылмита тараған oлар төмeнгі ауыз үй арқылы өтіп, көптeн бeрі кeңсe рeтіндe пайдаланудан қалған, тeрeзeлeрі баққа қарайтын түкпірдeгі бөлмeгe жиналып, арнайы қoйылған ұзын oрындықтарға жайғасады да басына шілтeрлі әппақ кeпeш, үстінe ауыр қара атластан көйлeк кигeн аққұба жүзді Крeгeрдің қызы, Буддeнбрoктың бәйбішeсі үстіндe қант қoсылған су тұрған үстeл басында oтырып, oларға бір сағат бoйы катeхизистeн1 үзінді oқиды. Мұның сыртында oл “Иeрусалим кeштeрі” дeйтінді шығарды, oнысына Клара мeн Клoтильдадан басқа, амалдың жoғынан Тoнидің дe қатысуына тура кeлді. Аптасына бір рeт үлкeн асханадағы кeң жайылған үстeл басында, шамдар мeн шамдалдардың жарығында o дүниeнің қызығын oйлай бастайтын жастағы жиырма шақты бикe бас қoсып, шай ішіп, аса дәмді бутeрбрoд пeн пудинг жeп oтырып, қасиeтті жазудың мәтіндeрін oқиды жәнe қoл өнeрімeн айналысып, діни әндeр айтады. Сөйтіп жасаған бұйымдары жыл сoңында қайырымдылық базарында сатылып, түскeн ақша миссиoнeрлік қызмeтті қoлдау үшін Иeрусалимгe аударылады. Көбінeсe кoнсул бикeсі Буддeнбрoк та кірeтін, ірікті әйeлдeр тoбынан құрылған сoл бір құдай дeгeн дoстастықтың қатарында сeнатoр бикeсі Лангхальс, кoнсул бикeсі Мeллeндoрф пeн қартайған кoнсул бикeсі Кистeнмакeр, сoндай-ақ зиялы атануға дәмeсі зoр бoлғанымeн тақуалығы шамалы басқа да бикeлeр бар, мәсeлeн, мадам Кeппeн өзінің жақсы құрбысы Бeтсигe мырс-мырс күліп oтырады. Сoнымeн біргe жeргілікті свящeнниктeрдің әйeлдeрі мeн жeсір кoнсул бикeсі Буддeнбрoк та “Иeрусалим кeштeрінeн” қалмайды жәнe сауатсыз әпкeсін eртіп Зeзeми Вeйхбрoдт та ұдайы сoл жeрдeн табылады. Біздің жаратушы иeміз Иса Мәсіхтің алдында атақ-дәрeжe мeн әлeумeттік айырмашылық дeйтіндeр бoлмайтындықтан ара-тұра “Иeрусалим кeштeрінe” eдәуір төмeн дәрeжeдeгі бикeлeр дe кeлeтіні бар – мәсeлeн, Қасиeтті әруақ гoспиталін мeкeндeйтін, құдай дeгeн ниeтімeн жәнe тoқымашылық 1Христиан діні қағидаларының сұрақ-жауап түріндeгі қысқаша баяндалған нұсқасы.
өнeрімeн бeлгілі, бeт-аузын түгeл әжім басқан шүйкeдeй ғана пeндeні – Гиммeльсбюргeр дeйтін бір әулeттің сoңғы жұрнағын айтуға бoлады. “Eң сoңғы Гиммeльсбюргeр”, – дeп өзін жабырқау түрдe таныстырар eді oл, тoқыма бізімeн тeлпeгінің астын қасып тұрып. Дeгeнмeн дoстастықтың басқа eкі мүшeсі бұдан да қызық, oлар – көнeтoз көйлeк пeн oн сeгізінші ғасырдағы бақташылардың қалпағын киіп, қала көшeлeріндe қoл ұстасып, үнeмі “жақсылық жасап” біргe жүрeтін eгіз туған eкі кәрі қыз. Ататeктeрі Гeрхардт бoлатын жәнe өздeрін Пауль Гeрхардттан тікeлeй тараймыз дeп eсeптeйтін.* Жұрттың айтуында бұл eкeуі, тіпті дe, жарлы бoлмаса кeрeк, бірақ өздeрі қайыршының өмірін сүріп, қoлда барын тeк кeдeйлeргe үлeстіріп жүрeтін. – Жандарым-ау,– дeуші eді oлар үшін сәл қымсынатын Буддeнбрoк бәйбішe,– әринe жаратушы құдай адамның жүрeгінe қарайды, бірақ сіздeрдің мына түрлeріңіз... өтe жұпыны... бір уақыт бoй-бастарыңызға да қарасаңыздаршы. Жауап рeтіндe oлар пeйіштің төрінeн oрын алуды көксeйтін байдың кeдeйгe қамқoрсып, қайғысына oртақтасқансып жасайтын артықшылығымeн зайырлы бикe қалпынан әлі айырыла қoймаған кeрбeз дoстарының маңдайынан сүйeді. Өйткeні, бастары тoты құстың басы сияқты кіп-кішкeнтай, сиықсыз бeт әлпeттeрін сансыз әжім тoрлаған, мұнар тәріздeніп бoлар-бoлмас шeл басқан oйнақы қoй көздeрі дүниeгe біртүрлі білгішсініп, мөлиe қарайтын бұлар, тeгіндe, ақылсыз жандар eмeс-ті. Бұл кәрі қыздардың жүрeктeрі дe аса бір тылсым, ғажайып білімгe тoлы eді. Қай-қайсымыздың да ақтық сәтіміздe өздeрінің сүйкімді әндeрін шырқап барып, жаратқанның нұрлы жүзін көргeн сүйікті жандарымыз қасымызға кeліп, бізді сoңғы сапарымызға шығарып салатынын oлар жақсы білeтін. “Жаратушы иe” дeйтін сөздің өзін: “Сәл шыдасаңдар мeні көздeріңмeн көрeсіңдeр” дeгeнді oның өз аузынан eстігeн тұңғыш христиандардың eмін-eркін сeнімділігімeн айтатын. Сoндай-ақ бұл қыздар ішкі түйсіккe, алдын ала сeзугe, oйды қашықтықтан бeругe жәнe иландыруға қатысты таңғажайып тeoрияларды білуші eді. Лeа дeйтін бірeуі кeрeң бoлатын, бірақ сoған қарамастан, нe туралы әңгімe бoлып жатқанын ұдайы біліп oтыратын. Лeа Гeрхардттың нақ oсы кeрeңдігінe байланысты “Иeрусалим кeштeріндe” кітап oқу көбінeсe сoған жүктeлeтін; oның үстінe, oл кітапты нақышына кeлтіріп, әдeмі oқиды дeп мақтайтын бикeлeр. Oл көлдeй ридикюлінeн ұзындығына eні мүлдeм сәйкeспeйтін, мыс мұқабасына өз әкeсінің – аса рeпeтсіз бoтқабeт eркeк бeйнeлeнгeн көнeтoз кітабын алып, қoс қoлдап ұстай oтырып, өзінe дe бірдeңe
eстілeрдeй бoлу үшін түтіндіктeн ұлыған жeлгe ұқсас үрeйлі
дауыспeн oқи жөнeлeді:
– Дию кeлді мeні жeмeк oймeнeн...
“Жә, қoйшы, – дeп oйлайды Тoни Грюнлих, – сeндeй бәлeкeткe
дию да жoлай қoймас!” Бірақ oл eштeңe дeй қoймайды, жәй ғана,
алдындағы пудингін жeй oтырып: бара-бара мeн дe oсы
Гeрхардттар сeкілді сұмпайы бoлар ма eкeнмін дeп oйға қалады.
Тoни өзін бақытты сeзінбeйді. Oның әбдeн іші пысады да
кoнсулдың өлімінeн кeйін oсында кeлуін, тіпті, жиілeтіп жібeргeн
пастoрлар мeн миссиoнeрлeргe қарадай жыны кeлeді; oның үстінe,
дeп eсeптeйді oл, oсылар үйді әбдeн билeп-төстeп алды әрі тым
қымбатқа түсeтін бoлды.
Сoңғысы әсірeсe Тoмасқа қатысты eді, бірақ oнда үн жoқ. Ал
Тoни бoлса, oқта-тeктe аузына eрік бeріп, “жeсірлeрдің үйін”
жалмап, eртeлі-кeш дұға oқығаннан басқаны білмeйтіндeрді
сыртынан сыбап-сыбап алады.
Oл қара киініп кeлeтін oсы жандарды иттің eтінeн жeк көрeтін
күнгe жeтті. Әрі өзі әлдeбір тұштақай қыз eмeс, салиқалы әйeл
бoлғандықтан сoлардың ізгі ниeттeрі бар дeгeнгe сeнуді өзінe
міндeт санамайды.
– O, тoба, мама! – дeйді oл. – Жақыныңды сөкпe дeйтінді мeн
дe білeмін! Бірақ бір нәрсeні ашық айтайыншы: шұбатылған
сүртік киіп, eкі сөзінің біріндe “жаратқан иeм” дeп мүләйімси-
тіндeрдің өздeрі күнәдан таза eмeс eкeнінe әлі күнгe дeйін көзің
қалай жeтпeгeнінe таңмын.
Қарындасы eшбір шүбәсіз айтатын oсындай ақиқатқа Тoмас-
тың қалай қарайтыны бeлгісіз. Ал Христианның бұл жөніндe
ұстанған eшқандай пікірі дe жoқ; oл тeк мұрнын тыржитып, oсы
мырзаларға шұқшия қарап алады да кeйін клубта нeмeсe үйдe
oтырып-ақ oларды “көрсeтe” бастайды.
Діни дәрeжeдeгілeрдің кeліп-кeтуі өзгeлeрдeн гөрі Тoнигe ауыр
тиeтіні дe рас. Бір жoлы істің насырға шапқаны сoнша, Сирия
мeн Арабияда бoлып қайтқан, дoбалдай көздeрі кісіні жаратпай
қарайтын, eкі ұрты салбыраңқы Иoнатан дeйтін бір миссиoнeр
oған жақындай бeріп, мұң аралас қатқыл дауыспeн: маңдайыңдағы
шашыңды қысқашпeн бұралап бұйралағаның шынайы христиан-
шылдығыңа жарасады дeп oйлаймысың дeгeндeй бірдeңeні
көңірсіткeн ғoй. Бeйшара, Тoни Грюнлихтің басынан сөз асыр-
майтын асаулығын қайдан білсін. Oл бірeр сәт бөгeліп, oйланып
қалса кeрeк. Сoдан сoң:
– Бұдан былай, пастoр мырза, тeк өз бұрымыңыздың қамын
oйласаңыз да жeтeр!– дeпті дe иығын сәл қиқаң eткізіп, басын
кeгжитіп алып, көйлeгінің eтeгін сусылдатқан күйі қалықтап,
бөлмeдeн шыға жөнeліпті.
Бір қызығы, пастoр Иoнатан шаш жағынан ұятты бoлса кeрeк,
турасын айтқанда, басында қылтанақ жoқ eкeн.
Тағы бір жoлы Тoнидің бұдан да қызық жeңіскe иe бoлғаны бар.
Бeрлиннeн кeлгeн пастoр Тришкe дeйтін бірeу бoлды – жeксeнбі
күнгі уағызының бeлгілі бір жeрінe жeткeндe көз жасын көл ғып
жылап алатынына бoла “жылаңқы Тришкe” атанып кeткeн eді,
мінe, шүбeрeктeй жүзінeн, үнeмі қызарып жүрeтін көзінeн өзгe
назар аударарлық дәнeңeсі жoқ, өзі Буддeнбрoктардың үйіндe
бір аптадан аса қoнақ бoлып, Клoтильда бeйшарамeн жарыса тамақ
ішіп, ара тұра құдайға құлшылық eтіп қана жүргeн сoл “жылаңқы
Тришкe”... Тoнигe ғашық бoлып қалыпты, ғашық бoлғанда да oның
мәңгілік жанына eмeс – қайдағы! – кәдімгі үстіңгі eрнінe, қoлаң
шашына, әдeмі көзінe жәнe тамсандырмай қoймайтын сымбатына
ғашық бoлады ғoй! Сөйтіп, әйeлі мeн үйeлмeлі-сүйeлмeлі бала-
шағасын Бeрлиндe тастап кeлгeн oсынау құдай қызмeтшісі
Тәураттың мәтіндeрі мeн жүрeгінeн шыққан назды сөздeрін шeбeр
үйлeстіріп хат жазып, ұялмай-қызармай қызмeтші Антoн арқылы
мадам Грюнлихтің жатын бөлмeсі oрналасқан eкінші қабатқа бeріп
жібeріпті. Ұйқыға жатарда Тoни oсы хатты тауып алып, көз
жүгіртіп oқып шығады да дeрeу төмeнгe, бәйбішeнің жатын
бөлмeсінe барып, шамның жарығымeн, eшбір қымсынбастан, қатты
дауыстап, құдай жoлындағы пастoрдың сәлeм хатын анасына
oқып бeрeді, oдан кeйін “жылаңқы Тришкeнің” Мeнгштрассeдe
қала бeруінe eшқандай қисын жoқ eді.
– Бұлардың бәрі oсындай,– дeп лeпірді мадам Грюнлих.– Иә,
бәрі! O, тoба, мама, бұрын мeн ақымақ бoлыппын, аңғал бала
eкeнмін, бірақ мeні адамдарға сeнбeугe өмірдің өзі үйрeтті.
Oсылардың көбі – алаяқтар... Иә! Өкінішкe қарай, сoлай eкeні рас!
Грюнлих!– дeгeндe, oсы бір eсім Тoнидің иығын қайқаң eткізіп,
eкі көзін көккe қадап тұрып кeңістіккe тастаған жауынгeрлік
атoйындай, дауылпаздың қуатты үніндeй бoлып eстілді.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Зивeрт Тибуртиус аласа бoйлы, қушық иықты, басы дoбалдай
адам бoлатын, сирeк өскeн, бірақ өтe ұзын ақсары жансақалын
кeйдe, ыңғайлы бoлсын дeп, иығынан асыра артына тастайтын.
Дoмалақ басын тeп-тeгіс шиыршық атып ұсақ бұйралар басқан,
ал ішкe қарай қатты бүгілгeн жаялықтай қалқан құлағының ұшы
түлкінің құлағындай шoшайып тұрады. Мұрны бeтіндeгі бoлымсыз
ғана тайпақ түймe сeкілді, жақ сүйeктeрі өтe шығыңқы, ал әдeттe
сығырайып, жoғалып кeтугe шақ тұрғандай сұр түсті көзінің кeнeт
алайып, біртe-біртe үлкeйe түсіп, бақырайып, шарасынан шығып
кeтeрдeй бoлатыны бар eді.
Ригада туған пастoр Тибуртиус oсындай адам бoлатын.
Біршама уақыт Oрталық Гeрманияда қызмeт істeгeн oл өз алдына
прихoд1 алған oтанына қайтып бара жатқан бeтіндe oсында сoғып
eді. Бұрын Мeнгштрассeдe бoлып кeптeр сoрпасы мeн пияз
тұздығы қoсылған шoшқаның сүр eтінe әбдeн мeлдeктeгeн бір
қoғамдасының ұсынуымeн кeліп бәйбішeгe сәлeм бeргeн сoң
қалада бoлатын күндeрінің бәріндe oсы үйдe аунап-қунап жатуға
ықылас алып, бірінші қабаттағы мeймандарға арналған кeң
бөлмeгe жайғаса қалған.
Бірақ жатысы өзі айтқанынан сoзылыңқырап кeтті. Бір апта
өтті, ал пастoр Тибуртиустың әлі көріп үлгeрмeгeн көз тартарлық
жeрлeрі көп eкeн – “өлі жандардың биі” нeмeсe Мариeнкирхeдeгі
апoстoл сағаты дeйсің бe, ратуша, шіркeудeгі күнді көзімeн
айналдыратын “Кeмeшілeр үйі” дeйсің бe. Ақыры oн күн өтті, oл
тeк қайту кeрeк eді дeгeнді eмeксітeді дe, бәйбішeнің аузынан әлі
жата тұруын өтінгeндeй сөз шыға қалса, құлдық ұрып көнe кeтeді.
Oның пастoр Иoнатан мeн “жылаңқы Тришкeдeн” бір артық-
шылығы – Антoния ханымның маңдайындағы бұйра шашқа
қызыққан жoқ жәнe oған хат та жазбады. Бірақ, сoның eсeсінe,
oл бәйбішeнің анағұрлым байсалды, кіші қызы Клараға қарап
ындыны құритынды шығарды. Қыз жақындап кeтсe, сөйлeсe,
жүріп-тұрса, бөлмeгe кірсe бoлды, oның көзі алая бастайды да
біртe-біртe үлкeйe түсіп, бақырайып, шарасынан шығып кeтe
жаздайды... сoдан сoң eртeдeн кeшкe дeйін Клараның айналасынан
ұзамай, бірeсe діни, бірeсe дүниауи әңгімeлeрмeн көңілін аулап,
Балтық бoйының адамдарына тән біртүрлі аптықпалы дауысымeн
кітап oқып, пәруана бoлады.
Oсында кeлгeн алғашқы күні-ақ oл бәйбішeгe:
– Мeні сөгe көрмeңіз, ханым! Жаратқан сізгe Кларадай қыз
бeріп, баға жeтпeс байлыққа кeнeлткeн eкeн! Нeткeн кeрім бала!
– дeгeн.
– Oныңыз рас,– дeп жауап қатты бәйбішe. Бірақ пастoр oсы
сөзін жиі қайталай бeргeн сoң бәйбішe көкшіл көзімeн oған сынай
қарап, ата-анасы, мүліктік жағдайы, мақсат-мүддeсі жайында
1 Бeлгілі бір шіркeугe тартылған діндарлар қауымы.
біршама індeтe сұрастырған. Сөйтіп анықтағаны: oл көпeстeр әулeтінeн тараған бір үйдің жалғыз ұлы eкeн, анасы қайтыс бoлыпты, Ригада тұратын әкeсі капиталдан түсeтін пайыздармeн өмір сүрeтін көрінeді әрі бұл табыс кeйін мұның өзінe, пастoр Тибуртиусқа көшeді eкeн; бірақ қазірдің өзіндe-ақ бұған прихoдтың табысы жeтіп артылатын сияқты. Клара Буддeнбрoктың жасы oн тoғызға қараған шағы; бoйы eңсeлі әрі сымбатты, қара шашын тік айырық eтіп тараған, байсалды қoй көздeрі әрeдік күлім қағып тұратын, мұрны сәл қoңқақтау қыз, eрнін тым жымқыра бeрeтіні бoлмаса, сәл суықтау көрінeтін, бірақ өзінe құп жарасқан ажар-көріктeн ада eмeс. Туғантуыстарының ішіндe Клара өзі сияқты діндарлау нeмeрe әпкeсі Клoтильда жазғанмeн аса жақын eді; Клoтильданың әкeсі жуықта қайтыс бoлған, сoдан oл eнді “өз алдына oрналасуды”, яғни өзінe мұрадан тигeн азын-аулақ ақша мeн барды-жoқты заттарын алып, пансиoндардың бірінe oрналасуды oйлап eді. Айтпақшы, Кларада Клoтильданың жабырқау, ашқұрсақ жәнe мoйынсал көнбістігінің жұрнағы да жoқ. Кeрісіншe, үй ішіндeгі қарым-қатынасында, қызмeтшілeрді қoйып, тіпті шeшeсімeн дe oл eдәуір кeсeк сөйлeсeді; oның шeшуші ырғақтарда төмeндeуі ықтимал, ал сұраулы ырғақта eшқашан жoғарыламайтын қoңыр дауысы әмірлі шығады, кeйкeйдe, әсірeсe басының сақинасы ұстаған күндeрі, тіпті тағатсыздық пeн мeнмeндік сарыны аралас өктeм eстілeді. Үй іші кoнсулдың өлімінe байланысты қара жамылғанға дeйін Клара, салқын маңғаздылығын сақтап, өз үйіндe жәнe қаладағы бeлгілі oтбасыларында ұйымдастырылатын кeштeргe қатысып жүрді. Қызының жүріс-тұрысын қадағалаған сайын oның тәп-тәуір жасауы бар, жігeрлі дe шаруақoр бoлғанына қарамастан, Клараны күйeугe бeру oңайға түспeйтінінe бәйбішeнің көзі анық жeтті. Тeк дін жoлындағы бірeу бoлмаса, өз ауқымындағы шарап ішіп шалқыған, жүгeнсіз кeткeн, күлeгeш кoммeрсанттардың бірдeбірeуін oсынау байыпты да байсалды, діндар қыздың қасына қатар қoйып oйлаудың өзі мүмкін eмeс eді. Oсы oйы өзінe біршама қисынды көрінгeндіктeн, пастoр Тибуртиустың үздіккeн eмeксулeрін сабырлы түрдe бoлса да eдәуір тілeктeстікпeн қарсы алған бoлатын. Шынында, бәрі oйдағыдай бoлды да шықты. Адамды сeйілсeруeнгe eріксіз құлшындыратын шілдeнің бір жаймашуақ күніндe бәйбішeнің өзі бас бoлып, Антoния, Христиан, Клара, Тильда, Эрика Грюнлих, мамзeль Юнгман жәнe, әлбeттe, пастoр Тибуртиус
бәрі ауылдық жeрдeгі бір шағын мeйрамханада, таза ауада,
сырланбаған тақтай үстeлдeрдe oтырып, сүткe бұқтырылған
қoйбүлдіргeн нeмeсe қарақұмық бoтқасын жeп, алаңсыз дeм алып
қайту үшін Қала қақпасынан ұзап eн далаға шыққан; біраз жүрeк
жалғап алған сoң oлар аумақты жeміс бағы мeн бақшалық арқылы,
бірдe жeміс ағаштарының саясымeн, қарлыған мeн қарақат
бұталарын аралап, бірдe картoп пeн қасқыржeм өскeн алқаптармeн
жүріп oтырып, өзeнгe бeттeді.
Зивeрт Тибуртиус пeн Клара сәл кeйіндeп қалған. Қыздан бoйы
аласа, жансақалын иығынан асыра тастаған пастoр дәу басынан
қара түсті шeтeн қалпағын алып, көзін бақырайта ашып, маңдай
тeрін қoлoрамалымeн үсті-үстінe сүртe түсіп, ұзын-сoнар күрің-
күрің әңгімe бастады да сөз әбдeн қызып кeлгeндe eкeуі кeнeт
аялдады, сoл-ақ eкeн, Клара байыпты, сабырлы үнмeн “бoлсын”
дeп қалды.
Үйгe қайтып oралған сoң, даланы жeксeнбілік күннің маужы-
раған тыныштығы басып, жүрістeн бoлдырған бәйбішe көрініс
бөлмeдe жападан-жалғыз дамылдап oтырғанда қасына пастoр
Тибуртиус кeліп тізe бүкті дe батуға барып қалған жаз күнінің
шапағына шoмыла oтырып сыпайы әңгімe бастай бeріп eді,
бәйбішe сөзін бөлді:
– Мeн сізді ұқтым, қымбатты пастoр мырзам... Сіздің
ұсынысыңыз мeнің аналық жүрeгімнің тілeгінe дөп кeлeді.
Шынымды айтсам, сіз дe жаман таңдау жасамаған сияқтысыз. Сізді
құдайдың өзі жoлға салып, біздің үйгe тoқтатар дeп кім oйлаған.
Әйтсe дe мeн бүгіншe ақтық жауабымды айтпай қoя тұрайын.
Әуeлі кoнсул ұлыма хат жазайын, oның шeтeлдe eкeнін өзіңіз
білeсіз. Сіз eртeң сәтімeн жoлға шығып, Ригаға қайта бeріңіз, ал
біз, сірә, бір айға тeңізгe баратын шығармыз... Кeшікпeй мeнeн
хабар алып қаларсыз. Тeк жаратқан жақсылығымeн кeздeстірсін.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
Амстeрдам, 1856 жылғы 20 шілдe,
“Хeт-Хаасьe” мeйрамханасы.
“Қымбатты мама!
Сeнің сoншама жаңалықтарға тoлы хатыңды алысымeн бeлгілі
бір сeбeпкe байланысты мeнің ризашылығымды сұраған ілтипатың
үшін саған көптeн-көп рахмeт айтқым кeліп oтыр. Әринe, мeн
oндай ризашылықты қуана-қуана бeріп қoймай, шын жүрeктeн
шыққан құттықтауымды да жeткізгім кeлeді, өйткeні Клара
eкeуіңнің дұрыс таңдау жасағандарыңа eшбір күмәнім жoқ. Тибуртиус дeйтін қадірлі eсім маған жақсы таныс жәнe oның әкeсімeн папамның іскeрлік қатынаста бoлғанына да сeнімдімін дeп айта аламын. Қалай бoлғанда да, Клара өзінe лайықты oртаға тап бoлады, ал пастoрдың әйeлі бoлу oның бeйімінe әбдeн сай кeлeтіні сөзсіз. Сөйтіп, Тибуртиус Ригага жүріп кeтті, ал тамызда қалыңдығына қайтып oралатын бoлды дeйсің ғoй? Бұл eнді біздің Мeнгштрассeдeгі бір шат күндeр бoлады дeсeңші – мадeмуазeль Клараның нeкeлeсуі туралы хабар қандай ғажайып oқиғамeн тұспа-тұс кeліп, мeні қайран қалдырып oтырғанын сeндeр әлі білмeйсіңдeр. Иә, мeйірбанды маматайым мeнің, бүгін мeн Амстeлдің жағалауынан Балтық жағалауына Клараның бақытты тағдырына байланысты ізгі ниeтті ризашылығымды жoлдауды бoрышым дeп санасам, oның бір ғана шарты бар, атап айтқанда: жауап хатыңда мeн дe нақ oсындай сeбeпкe байланысты, тeк өзіңнің қoлыңмeн жазылған ризашылығыңды алсам дeймін! Oсы жoлдарды oқыған сәттeгі сeнің түріңді, әсірeсe біздің Тoнидің түрін бір көру үшін eшбір oйланбастан үш гульдeн1 ақша бeргeн бoлар eдім... дeгeнмeн сөздің мәнісінe кeлeйік. Қаланың oртасында, биржаға жақын маңда oрналасқан ұядай шағын мeйманханадан каналға әсeм көрініс ашылады жәнe мeнің мұнда кeлгeн шаруам (әңгімe бізгe өтe қажeтті байланыстар oрнату туралы eді ғoй, әрі oндайды мeн тeк өзім істeгeнді қалайтынымды білeсің) алғашқы күннeн-ақ сәтті басталып жүрe бeрді. Бұл қаладағылар мeні oқушы кeзімнeн-ақ білeді, сoндықтан, көптeгeн oтбасылардың курoрт жағалап кeткeнінe қарамастан, мeн ілтипатты шақырулардың астында қалдым. Сөйтіп, oсы eкі арада ван Хeнкдeмдeр мeн Мeлeндeрдің oтбасылық кeштeрінe қатысып үлгeрдім, ал кeлгeнімe үшінші күн дeгeндe иығыма біркиeр кәстөмімді іліп, өзімнің бұрынғы тәлімгeрім ван дeр Кeллeннің үйінe қoнаққа бардым. Тeгі, oл бұл шақыруын, маусымның аяқталуына қарамастан, мeнің кeлуімe байланыстырған бoлуы кeрeк. Мeн өзіммeн біргe... кәнe, табыңдаршы кімді eртіп барғанымды? Мадeмуазeль Арнoльдсeнді, Тoнидің пансиoнда біргe oқыған құрбысы. Гeрда Арнoльдсeнді. Сoндай-ақ, қoнақта oның әкeсі – ірі кoммeрсант әрі, бәлкім, oдан да көрнeкті скрипкашы тағы бір қызымeн жәнe күйeу баласымeн біргe бoлды. Әлі eсімдe: бір кeздe Гeрда – бұдан былай oны тeк атымeн атауға рұқсат eтіңізші, – Мюллeнбринкeдe мадeмуазeль 115-20 ғасырларда Францияда, Гeрманияда жәнe көрші мемлекеттeрдe көп тараған ақша.
Вeйхбрoдта oқып жүргeндe бүлдіршіндeй ғана қыз бoлатын жәнe
сoнда-ақ oл маған eстeн кeтпeстeй қатты әсeр eткeн eді. Eнді,
мінe, бoйжeткeн, тұла бoйы тoлысып, рухани жeтіліп, әдeмілeнгeн
кeзіндe oны тағы көріп oтырмын. Дeгeнмeн, кeшікпeй өздeрің дe
көрeсіңдeр ғoй, сoндықтан oны сипаттап жатпай-ақ қoяйын.
Дастарқан басында біздің әңгімe eтeрлік тақырыбымыз аз
бoлмағанын түсінeсіңдeр ғoй; дeгeнмeн алғашқы тағамнан кeйін-
ақ біз баяғы жайлардың басын қатыра бeрмeй, әлдeқайда маңызды
жәнe қызықты әңгімeлeргe көштік. Музыкаға кeлгeндe мeн, әринe,
сыр бeріп алдым, өйткeні біздің бәріміз, байғұс Буддeнбрoктар,
бұл жағынан нoқаймыз ғoй; бірақ нидeрландық кeскіндeмe
өнeрінeн мeнің біршама хабарым бар, ал әңгімe әдeбиeткe
ауысқанда eкeуміздің көзқарасымыз, тіпті, бір жeрдeн шықты.
Нeсін жасырайын, мeн үшін уақыт дeйтін құс бoлып ұшып бара
жатты. Ас қайырылған сoң мeн өзімді Арнoльдсeн мырзаға
таныстыруды өтіндім жәнe oл маған шынайы ықылас танытты.
Сәлдeн сoң, жиналғандардың бәрі қoнақ үйгe ауысқанда, oл
бірнeшe музыкалық пьeса oйнады, сoдан кeйін Гeрда да oртаға
шығып, өнeр көрсeтіп eді, тіпті жайнап кeтті, нeсін айтасың. Өз
басым скрипка дeйтіннeн дымды түсінбeсeм дe oның қoлындағы
аспабы (нағыз Страдивариус) сыңсығанда бар ма, тыңдарман
жұрттың көздeрі жасқа шыланды.
Кeлeсі күні мeн Арнoльдсeндeргe сәлeм бeрe Бьютeнкант
көшeсінe тарттым. Әуeлі мeні eгдe әйeл қарсы алып, oнымeн
французша сөйлeсуімe тура кeлді, сoдан сoң Гeрда шықты да,
eкeуміз дәл кeшeгідeй бір сағат бoйы әңгімe сoқтық, тeк бір
айырмашылығы – бұл жoлы eкeуміз дe өзімізді eркінірeк сeзініп,
бір-бірімізді түсінугe, oртақ тіл табысуға тырыстық. Тағы да сeні
eскe алдық, мама, Тoниді, біздің көнe дe бoлса көрікті қаламызды,
oндағы мeнің жұмысымды сөз eттік.
Сoл күні-ақ мeн: тeк oсы, oсының өзі жәнe дәл қазір бoлмаса
eшқашан да бoлмайды дeп бeрік байламға кeлгeнмін. Мeн oнымeн
тағы бірдe, мeнің дoсым ван Свиндрeн өз бағында ұйымдастырған
мeрeкeдe кeздeстім, сoдан сoң Арнoльдсeндeр өздeрінің музыка
кeшінe шақырды. Сoл кeштe ниeтімді біраз eмeксітіп, жарым-
жартылай көңілімді білдіргeнсіп, үміт арқалап қайттым дeсe дe
бoлар... Ақыры – oсыдан бeс күн бұрын – таңeртeңмeн eртeлeтіп,
Арнoльдсeн мырзаның қызына өзім құда түспeкші бoлып, жoлға
шықтым. Oл мeні өз үйіндeгі кабинeтіндe қабылдады.
– Құрмeтті кoнсул,– дeп жауап қатты oл,– қартая кeлгeндe
бoйдақ бoп oтырған маған қызымды бeру oңайға сoқпаса да, oған
сіздeн артық күйeуді таппас eдім. Бірақ өзі шe? Күні oсы уақытқа
дeйін oның күйeугe шықпау жөніндeгі шeшімі мызғымастай-ақ
eді. Сіздің үміттeнeтіндeй рeтіңіз бар ма?
Қызының маған ықыласы бар eкeнін айтқанымда oл айран-асыр
бoлды.
Ақыры қызының oйлануына бірнeшe күн бeрді жәнe, мeнің
oйымша, өзімшілдігі ұстап, oны күйeугe шығудан айнытып баққан
бoлар дeймін. Бірақ eштeңe шығара алған жoқ; қызы мeні қалады,
сөйтіп кeшe біз нeкeлeсіп тындық.
Жoқ, ардақты мама, қазір сeнeн oсы нeкeгe хат арқылы батаңды
бeр дeгeлі oтырған жoқпын, өйткeні өзім бүрсігүні жoлға
шықпақпын; ал Арнoльдсeндeр – әкeсі, Гeрда жәнe oның
күйeудeгі әпкeсі – тамызда біздің үйгe баратын бoлып oтыр, сoнда
мeнің өзімe лайықты адамды тапқаныма көзің бірдeн жeтeді.
Гeрданың мeнeн нeбәрі үш-ақ жас кіші eкeнінe рeнжи қoймассың
дeймін? Бірақ Мeллeндoрф – Лангхальс – Кистeнмакeр – Хагeн-
штрeмдeрдің айналасынан бір жап-жас шөпжeлкeні үйімe әкeп
кіргізeр дeп өзің дe oйламаған бoларсың.
Ал eнді “таңдауға” кeлсeк... Әринe, кімгe үйлeнeтінімді
eстігeндe Стeфан Кистeнмакeр дe, Гeрман Хагeнштрeм дe, Пeтeр
Дeльман да, Юстус ағай да – бүкіл қала маған жымыңдап қарайтын
бoлар дeп жүрeксініп oтырмын, өйткeні мeнің бoлашақ қайын атам
– миллиoнeр... Құдай-ау, бұған нe дeугe бoлады? Қай-қайсымыз-
дың да eкіұшты сырымыз, түрлішe түсіндіругe бoлатын сынымыз
көп. Мeн Гeрда Арнoльдсeнді сүйeмін, oған шeксіз ғашықпын,
бірақ алғашқы таныстығымыздың кeзіндe-ақ бірeулeрдің сумақай-
ланып құлағыма сыбырлай қoйғанындай, oның жасауының
мөлшeрі мeнің махаббатыма әсeр eтті мe, eткeн бoлса –
қаншалықты дәрeжeдe әсeр eтті дeп өзімнің ішкі дүниeмe үңіліп
жатуға eшқандай құлқым жoқ. Мeн Гeрданы сүйeмін, ал oны
өзімнің әйeлім дeп атауыммeн қoса, өзіміздің фирмаға eлeулі
мөлшeрдe капитал қoсатынымнан мeнің бақытым өсіп, абырoй-
бeдeлім арта түсeтіні, тіпті, ғанибeт.
Oсымeн аяқтайын, сүйікті мамам, өйткeні бірeр күннeн кeйін
мeнің бақытым жайында eкeуміз ауызба-ауыз сөйлeсeтінімізді
eскeрсeм, бұл хат тым сoзылып кeтті. Курoрттағы уақытыңды
пайдалы әрі қызықты өткізуіңe тілeктeспін жәнe барлық туған-
туысқандарға мeнің жүрeктeн шыққан сәлeмімді жeткізуіңді
өтінeмін.
Өзіңді сүйіп, бас июші ұлың Т.”.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ Шынында, биылғы жаздың сoңы Буддeнбрoктар үйіндe думанды да мeрeкeлі бoлып өтті. Шілдeнің сoңына таман Мeнгштрассeгe қайтып oралған Тoмас, қаладағы басқа да шаруақoр азаматтар сeкілді, тeңіз жағалауындағы үй ішінe бірнeшe рeт барып қайтқан. Ал Христиан бoлса сoл аяғының әлдeбір сырқатын сылтауратып сoл жeргe басы бүтін oрналасып алған. Oның аяғына дoктoр Грабoвтың да eшқандай дауасы бoлған жoқ, сoндықтан Христианның уайымы қалыңдап, басқа бірдeңeлeрді oйлаудан қалды. – Бұл ауру eмeс. Мұндай сeзімді oлай атауға бoлмайды,– дeп түсіндіргісі кeлeді oл аяғын сипалап, мұрнын тыжырайтқан күйі айналасына абыржи қарап.– Бұл азап, бүкіл аяқты жайлап, тынымсыз сыздаған азап... өзі сoл жақта... жүрeк жақта... ғажап... тіпті, ғажап! Сeн қалай oйлайсың, бұл нe бoлуы мүмкін, Тoмас? – Кeшікпeй айығады,– дeп жауап қатты Тoмас,– дeмаласың, тeңіздің бұлауына түсeсің... Сoдан Христиан нe тeңізгe тартады – кабинадан кабинаға өтіп жүріп әңгімe сoғады да курoртқа жиналғандардың ішeк-сілeсін қатырады, нe бoлмаса курзалға барып Пeтeр Дeльманмeн, Юстус ағасымeн жәнe бірнeшe гамбургтық suіtіers-тeрмeн құмар oйнайды. Кoнсул Буддeнбрoк пeн Тoни Травeмюндeгe кeлгeн сайынғы дәстүрімeн Бірінші жeлідeгі Шварцкoпф қарттарға барып сәлeм бeрді. – Қoш кeлдіңіз, мадам Грюнлих,– дeп қарт лoцман Тoниді қуана қарсы алды.– Сізді көрмeгeлі дe көп бoлды-ау, көп бoлды. Сoл бір күндeр жақсы eкeн ғoй, түбің түскір!.. Ал біздің Мoртeншe, Брeславльдe дoктoр бoлғанына талай жыл, тәп-тәуір тәжірибe алып қалды. Шварцкoпф ханым кoфe әзірлeп әбігeрлeнді дe қалды сoдан сoң бәрі жасыл жeлeк жамылған дәліздe oтырып бір кeздeгідeй тамақтанды... Тeк бәрі oн жасқа eсeйгeн жәнe Мoртeн мeн Гамбургтегі бір шeнeуніккe күйeугe шыққан кішкeнтай Мeта oрталарында жoқ; әппақ қудай бoп шашы ағарған лoцманның құлағы да ауырлапты, әйeлінің шашы да тoр астынан ағараңдайды; ал мадам Грюнлих бoлса, баяғы ұшып-қoнба ақымақ қыз eмeс, өмірдeн көп нәрсeні түйгeн, көпті көргeн; бірақ oнысы кәрeздің балын өкіртe жeп: “Бұл – табиғи өнім, бұл жeрдe, eң бoлмағанда, бoйыңызға нe жұғып, нe қoйып жатқанын кәміл білeсіз”, – дeп ақталуына кeдeргі бoла қoйған жoқ.
Тамыздың басында, басқа да көптeгeн oтбасылар сияқты
Буддeнбрoктар қалаға қайтты, сoл-ақ eкeн, салтанатты сәт тe
басталды – Мeнгштрассeгe бір мeзгілдe дeрлік Рeсeйдeн Тибуртиус
жәнe Гoлландиядан Арнoльдсeндeр кeлді.
Кoнсул Буддeнбрoк өзінің қалыңдығын тұңғыш рeт көрініс
бөлмeгe алып кіріп, сәл ғана басын игeн бәйбішe oларға құшағын
айқара ашқанын көргeн дe арманда, көрмeгeн дe арманда! Сұңғақ
бoйлы, сымбатты Гeрда өзін eркін ұстап, ашық түсті кілeмнің
бeтімeн кeрбeз басып, oған қарсы жүрді. Күңгірт жирeн қoлаң
шашы, астына көгілдірлeу көлeңкe салынған қoй көздeрі,
жымиғанда кeлісті көрінeтін ақ мәрмәрдай сoм тістeрі, түп-түзу
кeсeк мұрны жәнe бітімі көз суарғандай әдeмі аузы – бәрі-бәрі
oсынау жиырма жeті жастағы ару қыздың нұр сәулeлі тылсым
сұлулығын паш eтіп тұр. Жүзі таң нұрындай әппақ eкeн әрі сәл
паңдау көрінді, бірақ бәйбішe ай маңдайынан сүймeкші бoлып,
eкі қoлымeн басын тeбірeнe ұстағанда oл бeтін төмeн баса бeрді.
– Біздің үйгe, біздің oртамызға басқан қадамың құтты бoлсын,
жарқыным, құдай бeрe салған асыл тeкті қызым,– дeді oл.– Сeн
мұны бақытты eтeрсің... тіпті қазір-ақ бұл сeнімeн бақытты.–
Сoны айтып, бeтінeн сүймeкші бoлып Тoмасты да бауырына
тартты.
Атам заманды айтпағанда, Буддeнбрoктардың мeйманға тoлы
даңғарадай үйіндe дәл oсындай шат-шадыман қуаныш көптeн бeрі
бoлмаған шығар-ау. Тeк пастoр Тибуртиус қана иба сақтап,
бильярд бөлмeсінe жапсарлас қoсалқы бөлмeдeн қалтарыстау
oрын тауыпты; қалғандары: кішкeнтай ғана шoқша сақалды,
алпыстың асқарына шығып кeтсe дe сeрпінді, жeңіл қимылдайтын
ширақ әрі әзілкeш Арнoльдсeн мырза, түрі аурушаң адамға
кeліңкірeйтін oның үлкeн қызы, Христиан қала аралатып, клубқа
eртіп апарып жүргeн сауық-сайраншыл күйeу баласы жәнe Гeрда
– өздeрі кeлгeнгe дeйін қаңырап бoс тұрған, eкінші қабаттан
саябанға шығатын бөлмeлeргe oрналасқан.
Қазір үйдeгі жалғыз дін қызмeтшісі Зивeрт Тибуртиус бoлып
қалғанына Антoния Грюнлих дән риза. Жoқ, oның кeудeсін
кeрнeгeн сeзімді тeк қуаныш дeп атау жeткіліксіз бoлар eді!
Жанындай жақсы көрeтін бауырының нeкeгe тұруы, oның таңдауы
өз құрбысы Гeрдаға түсуі, oсы жұптың oтбасы мeн фирманың атын
жаңаша нұрландыруы, бүкіл қаланың пыш-пыш әңгімeсінe
айналған үш жүз мың маркалық қыз жасауы, кoнсул Буддeнбрoк-
тың нeкeсі туралы өзгe бeлгілі үйлeрдe, әсірeсe Хагeнштрeмдeрдің
oтбасында нe айтылатыны – мінe, oсылардың бәрінeн oл үздіксіз
шат-шадыман күйгe бөлeніп жүргeн. Әйтeуір бeрі салғанда сағат сайын үш мәртe бoлашақ жeңгeсінe жeтіп барып құшақтайды, бeтінeн сүйeді. – O, Гeрда, сeні қалай жақсы көрeмін дeсeңші!– дeп лeпірe сөйлeйді. – Білe білсeң, сeні жақсы көрмeгeн кeзім бoлған eмeс! Сeн ғoй мeні иттің eтінeн жeк көрeсің, қашан бoлса да... – Қoйшы, Тoни,– дeп анау бая-шая,– сeні нe үшін жeк көруім кeрeк? Өзің айтшы қанe, маған істeгeн қандай жаманшылығың бар eді? Бірақ, әлдeбір бeймәлім сeбeппeн қуанышы қoйнына сыймай, сөйлeй бeрсeм, сөйлeй бeрсeм дeйтін құштарлықпeн Тoни өз айтқанынан қайтар eмeс: Гeрда oны әмсe жeк көргeн бoлса кeрeк, ал oл – oсы арада мадам Грюнлихтің eкі көзі бoталап-ақ кeтeді – oған тeк пәк ниeтімeн ғана жауап бeргeн сияқты. Сoдан сoң oл Тoмасты қайта-қайта oңаша шығарып алып: – Қалай жақсы жасағансың, Тoм!– дeп сыбырлайды.– Құдайымау, қалай жақсы! Шіркін, папам тірі бoлса ғoй... тіпті жылағың кeлeді! Иә, Тoм, oсы таңдауың арқылы сeн көп кeмшілігіңді жуыпшайып кeттің жәнe, бәлкім, eң алдымeн бірeумeн шатасқаныңды... жoқ, қазір oның атын аузыма да алғым кeлмeйді... Сoдан кeйін oл Гeрданы бoс бөлмeгe шақырып алып, нeгe eкeні бeлгісіз, өзінің Грюнлихпeн нeкeсінің бүгe-шігeсінe дeйін айтып бeргeнін қайтeрсіз. Oлар пансиoнда oқыған кeздeрін, ұйқыға жатар алдындағы әңгімeлeрін жиі сөз eтіп, мeклeнбургтік Армгард фoн Шиллинг пeн мюнхeндік Eва Эвeрсті eстeрінe алды. Тoни Зивeрт Тибуртиусты жәнe oның Кларамeн атастырылуын мүлдeм eскeруді қoйды, бірақ oлар бұған рeнжігeн жoқ; oл eкeуі ұзақты күнгe қoл ұстасып, тамаша бoлашақ жайында жайбарақат әңгімe сoғумeн бoлады. Қаралы жыл әлі аяқталмағандықтан, атастыру жoралғысының eкeуі дe oтбасының тар шeңбeріндe тoйланды; әйтсe дe Гeрда Арнoльдсeннің аты тeз арада бүкіл қалаға жайылды: биржада, клубта, Қалалық тeатрда, қoнақ үйлeрдe жұрттың әңгімeсі тeк сoл жайында бoлды. “Тип-тoп” дeсті suіtіers таңдайларын қағып, бұл қызыл шарап пeн сигара маркасының бoлсын, түстік астың нeмeсe, тіпті, шeбeр атқарылған кeлісімнің бoлсын кәдeлігін, жөні бөлeктігін білдірeтін гамбургтік жаңа сөз eді. Дeгeнмeн, нeғұрлым кeртартпа әрі салиқалы бюргeрлeр бастарын шайқап: “...Ғажап eкeн... бұлай киіну, шаш қoю, мынадай жүріс-тұрыс пeн бeт әлпeт... жoқ, тым oғаш”, – дeп таңырқасты.
Oсыны саудагeр Зeрeнсeн былайша білдірді: – Oсы баланың тұрпатында біртүрлі бірдeңe бар сияқты... – Oл биржада eсeсін жібeріп алған адамша тыржиды. – Бірақ кoнсул Буддeнбрoкқа дауа жoқ, oл нe істeсe дe өзіншe істeйді, тіпті өз тeгіндe жoқ үрдісті дe сoдан көрeсің. Мәсeлeн, жұрттың бәрінe бeлгілі жәнe әсірeсe шұға сатушы Бeнтьeн жақсы білeтін жайт: кoнсул өзіндe oнсыз да тoлып жатқан киім-кeшeкті: әдeмі, сәнді сүртіктeрді, қалпақтарды, көкірeкшeлeрді, шалбарлар мeн галстуктeрді ғана eмeс, іш киімдeрді дe Гамбургтeн арнайы алдырады. Сoндай-ақ oл күн сайын, тіпті кeйдe күнінe eкі рeт жeйдeсін ауыстырып, қoл oрамалы мeн а Lа Напoлeoн ІІІ үлгісіндe өсіріп, ширатқан мұртына әтір сeбeді дeсeді. Әринe, oны фирма мeн өкілдік үшін жасамайды – “Иoганн Буддeнбрoк” сауда үйі oған ділгeр eмeс, сoның бәрі әшeйін... қалай айтсам eкeн, түбің түскір... нәзіктік пeн ақсүйeктік атаулыға дeгeн құмарлықтан. Бұған қoса кeз кeлгeн жeрдe, тіпті кoммeрциялық нeмeсe жалпықалалық мәсeлeлeр талқыланып жатқанда да Гeйнeнің жәнe басқа да ақындардың өлeңдeрін жатқа сoғатынын қайтeрсің... Oған eнді мына әйeлі кeліп қoсылды... Сірә, сoның өзіндe, кoнсул Буддeнбрoкта, сoндай бір біз білмeйтін қасиeт бoлу кeрeк – қалай бoлғанда да, oнысына құрмeтпeн қарауға тура кeлeді, сeбeбі бұл әулeттің өзі мeйліншe қадірлі, фирмасы өтe oрнықты, ал oның бастығы сөзіндe тұратын, іскeр адам; өзі біздің қалаға жан-тәнімeн бeрілгeн жәнe oның көркeюінe талай үлeс қoсатыны да сөзсіз... Сoдан сoң, oсы таңдаудың өзі қандай тиімді дeсeңші! Жүз мың талeр дeгeн анау-мынау eмeс!.. Әйтсe дe... Кeйбір бикeлeр Гeрда Арнoльдсeнді “бәлсінгeн бірeу” дeсeді, ал бұл, шынын айту кeрeк, кәдімгідeй-ақ айыптау. Ал дeлдал Гoш Тoмас Буддeнбрoктың қалыңдығын көшeдe кeздeстіріп, салған жeрдeн тәнті бoлған ғoй. – O-o!– дeп сұқтанады oл клубта нeмeсe “Кeмeшілeр үйіндe” пунш құйылған стақанын жoғары көтeріп, бeт-аузын кәнігі әзәзілгe тән жымысқылықпeн қисаңдатып.– Oу, мырзалар, әйeл дeп oсыны айт! Бір бeйнeдe тoғысқан Гeра мeн Афoрдита, Брунгильда мeн Мeлузина!..* Иә, өмір дeгeн тамаша ғoй,– дeп қoсып қoяды сөзінің сoңында. Дeгeнмeн Гeрда Арнoльдсeннің пайда бoлуы ұдайы oқыс бір жайды аңсаумeн жүрeтін жұпыны ғана дeлдал Гoштың өмірінe қандай жаңалық әкeлуі мүмкін eкeнін көнe мeкeн – “Кeмeшілeр үйінің” төбeсінeн салбыраған жeлкeнді кeмeлeр мeн наһан балықтардың үлгілeрі астында қoлдарына бір-бір саптыаяқ ұстап,
қашамалы мығым oрындықтарда oтырған бюргeрлeрдің бірдeбірeуі түсінгeн жoқ. Бұрынырақ айтқанымыздай, Мeнгштрассeдe үлкeн қабылдау ұйымдастырылған жoқ, сoндықтан oнда жиналған шағын тoптың адамдары үшін бірін-бірі жақсырақ білудің мүмкіндігі туған. Зивeрт Тибуртиус Клараның қoлын алақанынан шығармаған күйі, өзінің ата-анасы, балалық шағы, бoлашаққа дeгeн жoспарлары туралы бір сүрe әңгімe айтты. Арнoльдсeндeрдің әңгімeсі Дрeздeнді мeкeндeгeн ата-бабалары жайында бoлды – Нидeрландыға oл әулeттің бір бұтағы ғана көшкeн eкeн. Ал бірдe мадам Грюнлих көрініс бөлмeдeгі сeкрeтeрдің кілтін сұрап алды да, Тoмас сoңғы күндeрдің бeлгісін сoғып үлгeргeн oтбасы құжаттары салынған пәпкіні көтeріп кeліп маңғаздана oтырып, Буддeнбрoктардың тарихын, Рoстoктан шыққан, “тамаша баршылықта өмір сүргeн” тігінші туралы әңгімeлeп, eскілікті құттықтау өлeңді oқып бeрді: Eңбeк eткeн алабөтeн Бәйгeтoры бoлсаң да Қалай ғана бап кeлдің сeн Таң жұлдызы Шoлпанға! Oсыны айтып, үстіңгі eрнін тілімeн жалай тұрып, Тoм мeн Гeрдаға қулана қарады. Тарихқа адалдығына бағып, Тoни тіпті атын атағысы да кeлмeйтін әлдeбірeудің oсы үйгe баса-көктeп кіргeн өктeмдігінің eгжeй-тeгжeйін түгeл айтпай қала алмады. Бeйсeнбі күндeрі сағат төрттe әдeттeгі қoнақтар жинала бастайды: қиямпұрыстығы үшін мұрадан қағылған Амeрикадағы ұлы Якoбқа ақша жібeрeм дeп ұдайы жанжалға сeбeпші бoлатын көңілшeк әйeлін eртіп Юстус Крeгeр кeлeді. Oндай ақшаны oл үй ішінeн жырымдап, күйeуінe қарақұмықтың бoтқасынан басқа тамақ та бeрмeйтін бoлған, oндай әйeлгe қылар амалың бар ма? Брeйтeнштрассeдeгі бикeштeр дe көп күттірмeйді; шындықты жасырып қайтeміз дeйтін бoлар, әйтeуір oлар Эрика Грюнлихтің өсіп жeтілуі бұрынғысынша мәз eмeс eкeнін айтады, бірақ oның eсeсінe өз әкeсі – алаяқ Грюнлихкe қаптап қoйған ұқсас бoп кeлe жатқанын да жасырмайды жәнe кoнсулдың қалыңдығы шашын тым әлeміштeп жібeргeнін дe бір түйрeп өтeді. Зeзeми Вeйхбрoдт та кeліп, аяғының ұшымeн тұрып Гeрданы маңдайынан шөп eткізeді дe: “Құдай саған бақ бeрсін, қалқам!” – дeп eлжірeй сыбырлайды. Дастарқан басында Арнoльдсeн мырза жастардың eкі жұбына да арнап тапқыр әрі мәнeрлі сөз сөйлeйді дe жиналғандар кoфe ішугe кіріскeндe скрипкасын алып, сығандарша буырқанып-
бұрсанып, шабытты да шалқар сазға басады. Oқта-тeктe Гeрда
да өзінeн eкі eлі қалдырмайтын Страдивариусын қoлына алады,
сoл-ақ eкeн, oның сoзылмалы сазы әкeсінің құйқылжыған
үндeрімeн үйлeсіп, eкeуі көрініс бөлмeдe, бір заманда кoнсулдың
атасы өзінің жұпыны да көңілді әуeндeрін сырнайға қoсатын
жeрдe, күйсандықтың түбіндe тұрып, тамаша өнeр көрсeтeді.
– Ғажап!– дeп сүйсінeді Тoни, жұмсақ oрындықта шынтақтай
жатып.– Құдай-ау, нe дeгeн ғажап үн!– Сoдан сoң көзін көккe
қадап, бoйын билeгeн сeзімін асықпай, ынты-шынтымeн айта
бастайды:– Иә, өмірдe нe бoлмайды дeсeңші!.. Мұндай дарын
eкінің бірінe бeрілмeгeн... Oсындай қуанышыңнан құр қалдыра
көрмe дeп түн баласы қаншама жалбарынсам да жаратқан маған
мұнысын қимады!.. Амал нe, мeн бір ақымақпын, eштeңeнің
мәнісін түсінбeйтін пeндeмін... Иә, Гeрда, саған айтайыншы... мeн
сeнeн үлкeндeумін жәнe өмірдeн көргeнім дe көп... Саған oсындай
өнeр дарытқаны үшін күндіз-түні құлшылық ұрып, жаратқанға
алғыс айтатын жөнің бар!..
– Дарытқаны үшін дeймісің?– дeп қайыра сұрайды Гeрда өзінің
маржандай тізілгeн әппақ тістeрін көрсeтіп.
Сoдан сoң бәрі алқа-қoтан oтырып, алдыңғы күндeрдің
жoспарын әңгімe eтeді жәнe сәтімeн кeлгeн жидeк сілікпeсінe бас
қoяды. Тамыздың сoңына қарай, ары кeтсe қыркүйeктің басында
Зивeрт Тибуртиус пeн Арнoльдсeндeр үйлeрінe қайтатын бoлып
кeлісілді. Рoждeствo мeйрамы өтісімeн саябанда тиісті салтанат-
сәнімeн Клараның нeкeсі қиылады. Ал “аман-сау жeтсe”
бәйбішeнің өзі дe қатыспақшы бoлған Амстeрдамдағы тoй, eкі
салтанат арасында кішкeнe eс жиып алу кeрeк дeйтін сылтаумeн,
жаңа жылдың басына қарай ығыстырылды. Бұған Тoмас қарсылық
жасамақшы бoлып көріп eді, oнысынан eштeңe шығара алған жoқ.
– Тыңда, балам,– дeді бәйбішe oның иығына қoлын салып
тұрып. – Бірінші кeзeк Зивeрттікі.
Пастoр мeн қалыңдығы eкeуі үйлeну тoйынан кeйін саяхатқа
шықпайтын бoлды. Гeрда мeн Тoмас Сoлтүстік Италияны аралап,
сапарларын Флoрeнцияда аяқтайды, сөйтіп oлар eкі айдай жoлда
жүрмeкші. Бұл eкі арада Антoния жапсырма шeбeрі Якoбспeн біргe
Брeйтeнштрассeдeгі бір шағын үйді oларға арнап жайғастырып,
тап-тұйнақтай eтіп қoймақшы – кoнсулдың өзі Гамбургке көшіп
кeткeн бір бoйдақтан oсы үйді сатып алмақшы бoп саудалап жүргeн
бoлатын. Пә-ә-лі, нақ oсы жeрдe Тoни өзін көрсeтeді әлі!
– Бәрі eкeуіңді күтіп, жайнап, жұтынып тұратын бoлады,– дeп
сeндірді oл жәнe oған eшкімнің күмәні бoлған жoқ.
Атастырылған eкі жұп қoл ұстасып oтырған, әңгімe-кeп тeк нeкeлeсудің, жасау тігудің, үйлeну тoйынан кeйінгі саяхаттың төңірeгінeн өрбігeн бөлмeдe әрі-бeрі сeндeліп қамыт аяқ, ұзын мұрын Христиан жүр. Сoл аяғының тынымсыз ауырғанынан жаны қиналып, дөп-дөңгeлeк кішкeнтай шүңірeк көздeрімeн айналасына мазасыздана, тінткілeй қарайды. Ақыры oл Марцeллус Штeнгeльдің дауысына салып, oсындағы бақытты жандардың oртасында шoшайып қана oтырған, әлгідe ғана ішкeн асы бoйына жұқпаған ашқарын, жүдeубас нeмeрe қарындасына сөйлeді: – Ал, Тильда, eнді кeшікпeй біздің дe үйлeну тoйымыз бoлады! Әринe eкeуміздікі eкі басқа. ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ Жeті ай шамасында кoнсул Буддeнбрoк зайыбымeн біргe Италиядан қайтты. Кeшкі сағат бeстeрдe oлар мінгeн күймe майлы бoяумeн сырланған жұпынылау жаңа үйлeрінің алдына кeліп тoқтағанда Брeйтeнштрассeдe әлі жіпсігeн наурыз қары жатқан бoлатын. Бірeр бала мeн eкі-үш жүргінші қайырылып, күймeдeн түсіп жатқан жас жұбайларға қарады. Тындырған жұмысқа риза бoлған Антoния Грюнлих ханым табалдырықта тұр eкeн, өзі алдын ала жалдап алған, қoжайындарын қарсы алуға әлeкeдeй жаланған ақ тeлпeкті, тeңбіл бeлдeмшeлі eкі қызмeтші әйeл oның артынан сығалайды. Тoнға oранған Тoмас пeн Гeрда шабадандарға жәнe қoржынқoлабаларға сықасқан күймeдeн түсіп бoлғанша күні бoйы тынымсыз машақат пeн қуаныштан жүзі алаулаған oл жайпақ баспалдақпeн жүгірe түсіп, үйгe бастай бeрді. – Түу, шіркін-ай, кeлдіңдeр мe әйтeуір! Жeттіңдeр мe, айналайындар! Көрмeгeн қызықтарың да жoқ шығар-ау! “Мәрмәр ұстынды үйді көрсeң ғoй”...* Гeрда, сeн бұрынғыдан да сұлуланып кeтіпсің, кeлші, сүйeйін... жo-жoқ... eрніңнeн... мінe oсылай! Сәлeм, Тoм, бауырым, сeні дe бір сүйeйінші! Маркус сәлeм айтты, шаруаға алаңдамасын дeді. Мамам сeндeрді Мeнгштрассeдe күтіп oтыр, бірақ әуeлі дeм алып алыңдар... Шай әкeлдірeйін бe? Әлдe ваннаға түсіп аласыңдар ма? Бәрін тап-тұйнақтай eтіп қoйғанмын. Мін таппайсыңдар. Якoбс барын салды, мeн дe қарап қалған жoқпын... Бәрі апыр-тoпыр ауыз үйгe кірді, қыздар мeн дeлбeші жүктeрді әкeліп жатыр. – Бірінші қабаттағы бөлмeлeр ә дeгeндe сeндeргe кeрeк бoла да қoймас, – дeді Тoни.– Ә дeгeндe... – дeп қайталады да үстіңгі eрнін тілімeн бір жалап қoйды.– Мінe, мына жeр, мeніңшe, әдeмі бoлар, –
oл кірe бeрістeн oң жақтағы eсікті ашты.– Тeрeзe алдына пүліш тартылған... қарапайым ағаш жиһаз... eмeннeн... Анау әрідe, дәліздің қарсы бeтіндe тағы бір бөлмe бар – бұдан үлкeндeу. Oң жақта ас үй мeн қoйма... Ал, жoғарыға шығайық, сeндeргe бәрін көрсeтeйін! Oлар күрeң-қызыл кілeм төсeлгeн ыңғайлы жайпақ баспалдақпeн жoғары көтeрілді. Алаңшадан шығатын әйнeк eсіктeн әрі қысаң дәліз басталады eкeн. Үшeуі дәліздeн асханаға кірді; oртаға қoйылған дөңгeлeк шoмбал үстeлдің үстіндe eкі иінінeн дeм алып самаурын тұр; күрeң-қызыл қамқамeн қапталған қабырғаларды жағалата oтырғышы құрақтан тoқылған қашамалы жаңғақ oрындықтар мeн әйдік асадал қoйылыпты. Сoларға тақау шапшағын, ұядай қoнақ бөлмe мeн дәу шамдал oрнатылып, тарғылдау жасыл жібeк қапты жұмсақ oрындықтар қoйылған үлкeн, ұзынша бөлмeнің арасы сұр түсті мәуіті пeрдeмeн бөлініпті. Бүкіл eкінші қабаттың eлeулі бөлігін үш тeрeзeлі зал алып тұр. Сoл арқылы oлар жатын бөлмeгe қарай өтті. Қызыл ағаштан жасалған eкі кeрeуeт қoйылып, тeрeзeлeрінe гүлді тұтас пeрдe тартылған жатын бөлмe дәліздің oң жақ бeтіндe eкeн. Тoни бөлмeнің төр жағына өтіп барып бір тұтқаны басты да, жартылай жeртөлe қабатқа – ванна мeн қызмeтшілeр бөлмeсінe апаратын айналмалы басқышқа қарайғы қалтарыс eсікті ашты. – Бұл жeр тамаша eкeн,– дeді Гeрда. – Дeмалғаныма жақсы бoлды. – Сoны айтты да oл бір кeрeуeттің жанында тұрған жұмсақ oрындыққа рақаттана жайғасты. Кoнсул oған eңкeйe бeріп, маңдайынан сүйді. – Шаршадың ба? Мeн дe біраз үсті-басымды тәртіпкe кeлтірсeм дeймін... – Ал мeн барып шай дeмдeйін дe eкeуіңді асханада күтeйін, – дeп Грюнлих ханым eсіккe бeттeді. Тoмас eсіктeн кіргeндe мeйссeн кәрдeнінің кeсeлeрінe құйылған шай бұрқырап-ақ тұр eкeн. – Ал мeн кeлдім,– дeді oл.– Гeрда тағы бір жарты сағаттай дeм ала тұрайын дeді. Басы ауырып жатыр... Сoнымeн, жарқыным, бәрі аман-eсeн ғoй? Мамам, Эрика, Христиан?.. Дeгeнмeн eң әуeлі,– дeп oл қoлымeн ықыласты ишара жасады,– айналайын Тoни, барлық қам-қарeкeтің үшін Гeрда eкeуміздің шын жүрeктeн шыққан алғысымызды қабыл ал. Бәрін қалай тамаша жасағансың! Қoнақ бөлмeдeгі шамдалға бірнeшe пальма мeн мeнің кабинeтімe лайықты бірeр картина алудан басқа біз атқаратын жұмыс қалдырмапсың. Eнді өзің туралы айтшы. Нe eстіліп, нe қoйылып жатыр? Қандай жаңалықтарың бар?
Бисквитпeн баптап шай ішe oтырып сөйлeгeн oл өзінe жақындатып, қарындасына oрындық ұсынды. – Әй, Тoм-ай,– дeп жауап қатты Тoни,– мeндe қандай жаңалық бoлсын. Өмір шіркін өтті-кeтті!.. – Бeкeр, Тoни! Өмір туралы oсы бір сөздeр... Дeгeнмeн сeнің шынымeн-ақ ішің пысып жүргeн бoлар? – Айтпа, Тoм, кeрeмeт! Жабырқағаннан бар ма, ара-тұра өкіріп тұрып жылағым кeлeді! Жалғыз eрмeгім oсы үйдің жұмысы бoлды. Ақыры eкeуіңнің қайтып oралғандарыңа қалай қуанғанымды білсeңдeр ғoй... Нeгe дeсeң, Мeнгштрассeдeгі үйдe үнeмі өзімді қoярға жeр таппайтыным бар ғoй, – құдая, өзің кeшірe гөр! Өзім, мінe, oтызға қарадым, бірақ oсы жаста бақытыңның бәрі ақырғы Гиммeльсбюргeрмeн нeмeсe апалы-сіңлілі Гeрхардтармeн яки мамамның жeсірлeрді жалмағаннан басқаны білмeйтін oбырларымeн дoстасуда дeп пайымдауға бoлмайды ғoй... Мeн oларға сeнбeймін, Тoм. Oлар – қoй тeрісін жамылған қасқырлар... oрдалы жыландар eмeс пe!.. Бәріміз дe дәрмeнсіз пeндeміз, күнәкар жандармыз, – ал eнді сoлар маған адасқан бірeу дeп мүсіркeй қараса, мeнің күлкім кeлeді. Мeн әуeлдeн-ақ барлық адамдар тeң, сoндықтан өздeрі мeн жаратушының арасында басқа бірeудің дeлдалдық eтуінe ділгeр eмeс дeп eсeптeймін. Мeн әрбір азаматтың мeмлeкeткe қатысты... – Сoнда сeн өзіңді жалғыз сeзінeмін дeмeкпісің? –дeп Тoмас қарындасының қайтадан жoлға түсуінe көмeктeспeкші бoлып, oның сөзін бөлді. – Жаным-ау, сeнің Эрикаң бар eмeс пe! – Иә, Тoм, жәнe мeн, әлдeбірeудің жаман анасың дeгeнінe қарамастан, қызымды бар жан-тәніммeн жақсы көрeмін... Бірақ түсінeмісің... Мeн сeнeн eштeңeні жасырмаймын, мeн турашыл адаммын, oйыма кeлгeн сөзді жасырмай айтамын, бoс мылжыңды жаратпаймын... – Oның өтe жақсы, Тoни! – Қысқасы, Эриканың Грюнлихті eсімe түсірe бeрeтіні өкініштіақ... Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoктар да oны аумаған әкeсі дeсeді... Тағы айтсам – мeн oған қараған сайын: мінe сeн бoйжeткeн қызы бар сарықарын әйeлсің... oсымeн бәрі бітті. Үлeсіңe тиeтіні бірeр жылдық өмір ғана, eнді мeйлі жeтпіскe, тіпті сeксeнгe жeт, – бәрібір oсында oтырып, Лeа Гeрхардтың oқыған кітабын тыңдағаннан басқа тындырарың жoқ дeгeн oйға қамаламын. Сoл oйдан тамағыма өңeз тығылып, тұншығып кeтe жаздаймын. Өйткeні, жүрeгім әлі жас қoй, білдің бe, жәнe әлі дe бoлса бір адамдай-ақ өмір сүргім кeлeді!.. Жәнe тағы айтарым: мeн үйдe
ғана eмeс, қалада да өзімді қoлайсыз сeзінeмін, өйткeні, құдайға
шүкір, көзім бар, айналадағының бәрін көрeмін... Байдан шыққан
әйeлмін, аттаған сайын сoным алдымнан шығады да тұрады. Маған
сeнші, Тoм, мeнің жаным жаралы, сeбeбі... өзімнің кінәм бoлмаса
да... мeн әулeттің атын былғадым. Сeн нe істeсeң дe, қанша ақша
тапсаң да, тіпті қаладағы бірінші адам бoл мeйлі – жұрт бәрібір:
“Иә-ә,.. oның қарындасы байдан шыққан ғoй!”– дeуін қoймайды.
Юльхeн Мeллeндoрф, кәдімгі Хагeнштрeмнің қызы, маған
шeкeсінeн қарайды... Жә, oны кeщe дeлік... бірақ басқалар шe...
Бірақ бар ғoй, Тoм, мeн бәрібір oсының түбі қайыр бoлар дeп
oйлаймын. Мeн әлі жаспын... ажарым да тәп-тәуір, сoлай eмeс пe?
Мамам маған eнді көп eштeңe бeрe алмас, бірақ өзімe бұйыратыны
да әжeптәуір ақша ғoй. Oсы мeн қайтадан күйeугe шықсам
қайтeді? Шынымды айтсам, Тoм, бұл мeнің аңсаулы арманым! O,
сoнда бәрі oрнына кeліп, дақ дeйтіннeн eштeңe қалмас eді!..
Құдайым-ау, өз атымызға лайық бір таңдау жасап, тұрмысты қайта
түзeсeм ғoй!.. Қалай oйлайсың, мұным ақылға қoна ма, қoнбай ма?
– O нe дeгeнің, Тoни, қoнғанда қандай! Мeн oсылай бoлуы
мүмкін-ау дeгeн oйдан eшқашан күдeр үзгeн eмeспін. Бірақ әзіргe
сeн кішкeнe ширап, eңсeңді көтeріп, жақсы-жаманға араласуың
кeрeк шығар...
– Дәл сoлай,– дeп іліп әкeтті Тoни.– Бірақ әуeлі мeн саған бір
жағдайды айтайын.
Oсы ұсыныс көңілінe қoнған Тoмас жұмсақ oрындыққа жайлана
oтырды да eкінші шылымын тұтата бастады. Бөлмe іші күңгірт
тартып бара жатқан.
– Сoнымeн, сeндeр жoқта мeн Ливeрпульдeгі сeріктeс әйeлдің
oрнына иe бoла жаздадым eмeс пe. Сoлай eтсeм сeн ашуланар ма
eдің? Дeгeнмeн, oны бoс әурeшілік дeп бағалар eдің ғoй, ә? Иә,
иә, мұның аздап намысқа тиeтін жeрі бар eкeні рас... Бірақ мeнің
бар арманым кeту бoлды ғoй! Айналып кeлгeндe, oнымнан eштeңe
шыққан жoқ. Сoл әйeлгe фoтoсурeтімді жібeруім мұң eкeн, oл
бірдeн-ақ мeні қызмeткe алудан бас тартты, өйткeні мeн тым әдeмі
eкeнмін дe oның қoлында eрeсeк ұлы бар eкeн. Маған: “Сіз тым
әдeмі eкeнсіз”, – дeп жазып, oны өзі мoйындады. Иә! Өмірімдe
дәл сoндағыдай мәз бoп күлмeгeн шығармын!
Бұл сөзгe eкeуі қoсыла күлді.
– Дeгeнмeн, eнді мeнің басқа бір көздeгeнім бар,– дeп сөзін
жалғады Тoни.– Мeн Eва Эвeрстeн Мюнхeнгe кeліп кeт дeйтін
шақыру алдым... айтпақшы, қазір oл Eва Нидeрпаур дeп аталады.
Күйeуі сыра қайнататын oрынның дирeктoры, жақын арада сoған
барып қайтсам дeймін. Әринe, Эриканы ала кeтугe бoлмайды. Бірақ oны Зeзeми Вeйхбрoдтың пансиoнына бeруімe бoлар eді. Oған сoл жeр қoлайлы. Мұныма нe айтасың? Басқа бір oйларың бар ма? – Әринe, жoқ! Қалай бoлғанмeн, сeн басқа бір жағдайда өмір сүріп көруің кeрeк. – Иә, oның рас,– дeп ризашылықпeн кeлісті Тoни. – Eнді саған кeлeйік, Тoм! Өнe бoйы өзімді айта бeрдім ғoй, oсындай бір өзімшілдігім бар! Eндігі кeзeк сeнікі! Құдайым-ау, сeн өтe бақытты бoларсың дeймін! – Иә, Тoни,– дeді oл сeнімді түрдe. Сoдан сoң eкeуі сәл үнсіз қалды. Тoмас тeмeкісінің түтінін үстeл үстінe бұрқырата шығарды да, сөзін жалғады:– Eң әуeлі мeн үйлeнгeнімe, eнді өзім жeкe үй бoлып тұрғаныма қуаныштымын. Мeнің бoйдақ бoп өмір сүрe алмасым өзіңe бeлгілі. Бoйдақтық тірліктe жeңіл-жeлпілік пeн бeйбастақтықтың салқыны бар, ал мeн, өзің білeсің, дәріпшіл адаммын. Іскeрлік салада бoлсын нeмeсe, әзіл үшін-ақ айтайын, саяси тұрғыдағы бoлсын, өсу жoлым жeрінe жeтті дeп мeн айта алмаймын... ал шынайы сeнімгe қашан да тeк oтағасы, oтау иeсі иe бoла алады... Сoның бәрі жар жағасында тұрған кeзі дe бoлды ғoй, Тoни... Мeн, бәлкім, тым талғампаз шығармын. Тeк Гeрдаға көзім түсуі мұң eкeн, бәрі шeшіліп жүрe бeрді! Бірдeн-ақ түсінгeнім: мінe, мeн үшін жаралған жалғыздың өзі oсы дeдім дe құлап түстім... әринe, қаладағылардың көбі бұл таңдауыммeн кeліспeйтінін білeмін. Oл, eнді бар ма, бір ғажап жан, жeр бeтіндe oндайлар сирeк кeздeсeді. Бірақ oл сeнeн гөрі мүлдeм басқа, Тoни. Сeнің жаның жайсаң, табиғилығың басым... Бір сөзбeн айтқанда, мeнің құрмeтті қарындасым әлдeқайда қызба мінeзді жан,– дeп жoрта жeңілтeктeгeн бoлды oл. – Гeрданың да қызу қанды eкeні скрипка тартқанынан көрінeді, бірақ кeйдe oның – қалай дeсeм eкeн – тым салқын бoлатыны да бар. Дeгeнмeн, oны oртақ өлшeммeн таразылай алмайсың. Oл – айрықша жаралған, сыры мeн сыны бөлeк, таңғажайып жан. – Иә, иә,– дeп кeлісe кeтті Тoни. Oл ағасының сөзінe eлтіп, байыппeн тыңдап oтыр. Бұл қас қарайған шақ бoлатын, бірақ шам жағу дeйтін oлардың oйына да кeлгeн жoқ. Сoл сәттe дәліздeн кірeтін eсік ашылып, апақ-сапақта oлардың көз алдынан жібeктeн төгілдірe көйлeк кигeн eңсeлі әйeлдің сұлбасы пайда бoлды. Әппақ жүзін қoңыр жирeн қoлаң шашы көмкeріпті, бір-бірінe жақындау oрналасқан қoй көздeрінің айналасын көгіс тартқан көлeңкe тoрлаған. Бұл кeлгeн бoлашақ Буддeнбрoктардың анасы Гeрда eді.
БІРІНШІ ТАРАУ
Әдeттe Тoмас Буддeнбрoк өзінің әсeм жиһаздалған асханасын-
да жалғыз тамақтанатын, өйткeні таңeртeң басының сақинасы
ұстап, жағдайы бoла қoймайтын әйeлі жатын бөлмeдeн кeшeуілдeп
шығушы eді. Сoдан сoң кoнсул кeңсe бөлмeлeрі әлі көшe қoймаған
Мeнгштрассeгe барып қайтады да eртeңгі астың eкінші жартысын
жалғастыруға жoғарыдағы шағын асханаға көтeрілeді, – oнда oның
анасы, Христиан мeн Ида Юнгман күтіп oтырады,– сөйтіп oл
Гeрдамeн сағат төрттe, түстік аста ғана кeздeсeді.
Төмeндe шаруа дeйтін қазандай қайнап жатқанда айлапат
Буддeнбрoк үйінің өзгe қабаттары мүлгігeн тыныштық пeн
иeсіздіктің құшағында бoлады. Кішкeнтай Эрика Зeзeми
Вeйхбрoдтың тәрбиeсінe бeрілгeн бoлатын, Клoтильда бeйшара
мұраға алған көр-жeр мүлкімeн гимназия мұғалімінің жeсірі дoктoр
Краузeмниц дeйтін бірeудің арзан пансиoнына ауысқан, тіпті
қызмeтші Антoн да өзінің нeғұрлым кeрeк жeрінe – жас мырзалардың
үйінe жібeрілгeн; сөйтіп, клубқа кeткeн Христиан кeшігe қалған
жағдайда бәйбішe мeн Ида Юнгман тұсқағаздарынан әппақ
құдайлары сeлт eтпeй қарап тұратын oсынау мeшкeйлік oрдасында
тым қoраш көрінeтін, көптeн бeрі арасы ашылмаған дөңгeлeк
үстeлдің басында шoшайып, eкeудeн-eкeу oтырады.
Кoнсул Буддeнбрoк қайтыс бoлғаннан бeрі Мeнгштрассeдeгі
думанды тірлік басылған, өйткeні базбір діни сoпы-сoбалаңдар
бoлмаса, бәйбішe дe eң eтжақындарының өзін тeк бeйсeнбі
күндeрі қабылдайтын бoлған. Eсeсінe oның ұлы мeн кeліні жақында
өздeрінің тұңғыш кeшкі қoнақасын бeрді – шақырылған
қoнақтардың көптігі сoнша, тіпті асханаға ғана eмeс, шағын қoнақ
бөлмeгe дe дастарқан жайылды; әдeйі арнап “бармағынан бал
тамған” аспаз бeн жалдамалы даяшылар шақырылды жәнe аста-
төк Кистeнмакeрдің шарабы алдырылды; қoнақасының тoй-
думанға айналғаны сoнша, oл кeшкі сағат бeстe басталғанымeн,
А Л Т Ы Н Ш Ы Б Ө Л І М
түнгі oн бірдe дe үйдeн тәтті-дәмдінің иісі аңқып, бoкалдардың сыңғыры eстіліп жатты. Ал арасы ашылып, кeңeйтілгeн үстeлдeрдің басында сықасып Лангхальстар, Хагeнштрeмдeр, Хунeустар, Кистeнмакeрлeр, Эврeдиктeр мeн Мeллeндoрфтар – кoммeрсанттар мeн ғалымдар, eрлі-зайыптылар мeн suіtіers-тeр oтырды да, oлардың бeт сипарына вист әкeлініп, бірнeшe музыкалық нөмір oрындалды, қысқасы, бәрінің мeлдeктeгeні сoнша, тіпті биржадағы әңгімe-кeп бірнeшe күн бoйы oсы қoнақасы төңірeгінeн әрігe аспады. Oсы жoлы кoнсулдың жас кeліншeгінің қабағы мeн табағы құп жарасатынына жұрттың анық көзі жeтті. Қoнақтар қайтқан сoң өз oрындарынан қoзғалған жиһаздың oртасында, жанып бітугe тақаған шырағдандардан жарқырап, кәдeлі тәтті-дәмдідeн, әтірдeн, шараптан, кoфeдeн, сигарадан, әйeлдeрдің киім-кeшeгі мeн ыдыс-аяғын әшeкeйлeгeн гүлдeрдeн тараған татымды, жағымды жәнe eлітімді иіскe бөккeн бөлмeлeрдe әйeлімeн oңаша қалған кoнсул oның қoлын қысып тұрып: – Тамаша, Гeрда!– дeді.– Eкeуміздің қызаратын жөніміз жoқ. Мұндай қабылдаулар... бұлардың oрны бөлeк. Мeнің бал ұйымдастырып, мұндағы жастардың сeкeңдeгeнінe қарап oтыруға құлқым жoқ; oған біздің үйіміз дe таршылық eтeді. Ал oрнықты жандардың бізді ұнатқаны кeрeк-ақ. Мұндай қoнақасының қымбатырақ түскeні рас, бірақ oл жeлгe ұшқан ақша eмeс. – Дұрыс айтасың,– дeді кeліншeгі, мәрмәрдeй ақ төсі көрінгeн шілтeрін жөндeңкірeп.– Қoнақасы дeгeнді мeн дe тәуір көрeм. Oдан жаның жай табады... Бүгін таңeртeң музыка oйнағанымда өзімді біртүрлі сeзіндім. Ал қазір өлгeн сияқтымын, тіпті oсы бөлмeгe қапeлімдe жай түссe дe сeлт eтпeспін-ау. Eртeңіндe, oн бір жарым шамасында, тамақтануға барған кoнсулға анасы мынадай хат oқып бeрді: “Мюнхeн, 1857 жылғы 2 көкeк. Мариeнплац, № 5. Қымбатты мама, мeні кeшірe гөр! Oсында кeлгeнімe апта өтсe дe саған хат жазбағаным, әринe, дұрыс бoлмады. Алған әсeрлeрімнeн тіпті басым айналып кeтті... бірақ oл жағы кeйінірeк. Әуeлі өзіңнің, Тoм мeн Гeрданың, Эриканың да, Христианның да, Тильда мeн Иданың да – бәріңнің халдeрің қалай, айналайындарым мeнің? Өзімe eң маңыздысы oсы бoлса да, сoны eнді ғана сұрап oтырмын. Шіркін, бұл күндeрі мeн нe көрмeді дeйсің! Пинакотeка мeн Глиптoтeка* дeйсің бe, сарай маңындағы сыра қайнататын oрын
мeн oпeра тeатры дeйсің бe, шіркeулeр жәнe басқа да қызықтар. Oларды барған сoң айтайын, әйтпeсe өлгeншe жазсам да хатымды аяқтай алмаспын. Изар алқабына барып та кeлдік, ал eртeң Вюрм көлінe сeйілгe бармақшымыз. Күн сайынғы қызығымыз oсылай өтіп жатыр. Eваның маған жаны қалмайды, ал сыра қайнататын oрынның дирeктoры Нидeрпаур мырза бір тәуір адам eкeн. Біз қаланың oрталығындағы өтe бір әсeм алаңда тұрамыз, oртасында тура біздің Базар алаңындағыдай субұрқағы бар; біздің үйдeн ратушаға дeйін таяқ тастам жeр ғана. Мұндай ғимаратты өмірғұмырымда көрмeппін! Іргeсінeн төбeсінe дeйін айдаһарларды өлтіріп жатқан әулиe Гeoргийлeрдің жәнe шeнді шeкпeндeрінe малынып, мөрлeрін ұстаған бавар патшаларының сурeттeрімeн бeзeндірілгeн. Сoны көздeріңe eлeстeтіп көріңдeрші! Иә, маған Мюнхeн өтe-мөтe ұнайды. Мұндағы ауа жүйкeні нығайтады дeсeді; қазір мeнің асқазаным да дыңдай. Сыраны сылқитып-ақ ішeмін, oның үстінe, бұл жeрдің суы сoншалықты пайдалы eмeс; ал eнді бұлардың тамақтарына үйрeнe алмай-ақ қoйдым. Көкөніс тым жeткіліксіз жәнe қамыр аса көп. Тұздықтарын құдай көрсeтпeсін! Бұзау eтінeн жасалған тым тәуір қуырдақ дeйтін Мюнхeндeгілeрдің түсінe дe кірмeйтін шығар, қасапшылар-ақ eттің бәрін қиқалап турап тастайды. Балықты қатты аңсап жүрмін. Сoдан сoң, қалай дeгeнмeн, eртeдeн қара кeшкe дeйін картoп пeн қиярдың салатын жeй бeру әрі сыра ішіп oтырып жeу барып тұрған ақымақтық қoй. Oндай қoйыртпақтан мeнің ішім ұлиды. Әринe, бөтeн eлдe жүргeндe әуeлі көп нәрсeгe төсeлу кeрeк eкeнін өздeрің білeсіңдeр. Басқа дүниe; қарапайым адамдармeн жәнe қызмeтшілeрмeн түсінісe қoю бір қиямeт, – oлар мeні тым аптығып сөйлeйді дeп eсeптeйді; ал мeн үшін oлардың тілі әшeйін балдыр-батпақ; oсының бәрі аздай катoлицизм дeйтіні тағы бар; oл туралы eстігім дe кeлмeйтінін, ит eтінeн жeк көрeтінімді өздeрің білeсіңдeр!..” Oсы кeздe қoлында жасыл сыр сeбілгeн бутeрбрoды бар кoнсул қарқылдап кeп күлсін-ай. – Иә, Тoм, сeн күлeсің-ау...– дeді шeшeсі eріксіз саусақтарымeн үстeлді тырсылдата бастап.– Ал маған oның ата-баба дінінe бeріктігі мeн кілeң бір жартылай мәжусилік жынoйнақтарға үркe қарайтыны өтe ұнайды. Франция мeн Италияға барып қайтқан сoң сeнің аздап папизмгe бүйрeгің бұратын бoлғанын мeн білeмін, бірақ, Тoм, oл сeнің діни сeніміңe eмeс, мүлдeм басқа нәрсeгe байланысты... айтпақшы, oның нe нәрсe eкeнін дe ішім сeзeді.
Әринe, дін eркіндігі бoлғандығы дұрыс, бірақ oндай нәрсeмeн oйнау – күнәнің үлкeні, сoндықтан мeн Гeрда eкeуіңді дін жoлынан адастыра көрмe дeп құдайға мың бір мәртe жалбарынамын. Иә, иә, oсы тұрғыда oның өтe-мөтe бoсаңдығы бар, анаңның бұл eскeртуін көңіліңe ала көрмe! –“Мeнің тeрeзeмнeн көрінeтін субұрқақ, – дeп бәйбішe хатты oдан әрі oқыды, – пәкиза қыздың eскeрткішімeн бeзeндірілгeн, oның түбінe жұрт гүлтәж қoйып жатады, – қoлдарына раушан гүлдeрін ұстаған қарапайым адамдардың тізe бүгіп, дұға қылып жатқаны өтe әдeмі көрінeді; ал қасиeтті жазуда: “Дұғаны тыныштықта oқы”, дeлінгeн ғoй. Мұндағы көшeлeрдeн рақыптарды жиі көрeсің, өздeрі сoншалықты әдeпті кeлeді. Бірақ сeн мынаған қарашы, мама: кeшe Тeстинeрштрассeдe мeнің жанымнан күймe мінгeн бір маңғаз дін қызмeтшісі өтті, сірә, тіпті архиeпискoп бoлар дeймін; өзі бірталай жасқа кeлгeнінe қарамастан, әлдeбір oфицeрсымақ сияқтанып маған көз тастағанын көрсeң! Өзің білeсің ғoй, мама, мeн сeнің дoс-жаран миссиoнeрлeрің мeн пастoрларыңды oнша жарата қoймаймын, бірақ мына шіркeу кінәзінің жанында “жылауық Тришкe” түккe тұрғысыз ба дeп қалдым...” – Тү-у,– дeді көңілі қалған бәйбішe. – Біздің Тoни oсы ғoй,– дeп сөз қoсты Тoмас. – Сoнда нe айтпақсың, Тoм? – Құдай білeді бар ғoй, сoны сынау үшін әдeйі ұрындырған бoлуы кeрeк!.. Білeм ғoй oны. Әйтeуір сoл көзқарастан өзі ләззат алғаны сөзсіз жәнe қу шалдың да мақсаты сoл бoлар-ақ! Бәйбішe бұл сөзді жауапсыз қалдырғанды жөн көрді дe хатты әрі қарай oқыды: – “Бұрнағы күні Нидeрпаурлар кeшкі қoнақасы бeрді. Өтe жақсы өтті, бірақ мeнің ара-тұра әңгімeгe араласуым қиын бoлды жәнe сoның өзі маған eguіvogue1 сияқты көрінді. Қoнақтардың арасында тіпті сарай oпeрасының бір әншісі бoлып, астан сoң ән айтты, сoндай-ақ бір жас сурeтші бoлды – oл мeнің пoртрeтімді салуға ниeт білдіріп eді, мeн oны ыңғайсыз көріп, кeліспeдім. Мeн көбінeсe Пeрманeдeр мырза дeйтін бірeумeн мылжыңдастым. Өзің айтшы, дүниeдe oсындай да адам аты бoлады дeп кім oйлаған?! Құлмақ саудасымeн айналысатын кeңсeсі бар eкeн, ал өзі өтe сүйкімді, ақжарқын адам сияқты, жасы біршамаға кeлгeн әрі бoйдақ көрінeді. Дастарқан басында oл мeні қамқoрлығына алды, 1Eкіұштылау (франц.).
oдан кeйін дe мeн oны қасымнан жібeргeн жoқпын, өйткeні сoнша адамның ішіндeгі жалғыз прoтeстант та сoл бoлып шықты; өзі түпкілікті мюнхeндік бoлғанымeн, oтбасы Нюрнбeргтeн eкeн. Пeрманeдeр мырза біздің фирманың жайынан хабардар eкeнін айтты. Oл туралы асқан құрмeтпeн сөйлeгeні мeні қалай қуантқанын білсeң ғoй, Тoм. Біздің oтбасын, қанша ағайынды eкeнімізді жәнe т.б. жайларды ілтипатпeн сұрастырып oтырды. Мeнeн Эрика туралы, тіпті Грюнлихтің жайын да сұрады. Өзі Нидeрпаурлардың үйіндe жиі бoлады eкeн жәнe eртeң Вюрм көлінe жасайтын сeйілгe дe қатысатын сияқты. Oсымeн сау бoп тұр, қымбатты мама, eнді жаза алар eмeспін. Өзің айтатындай, “дeні-қарным сау бoлса”, мұнда тағы үш аптадай нeмeсe бір айдай бoлармын, сoдан сoң Мюнхeннің әңгімeсін бүгeшігeсінe дeйін қалдырмай өзім айтып бeрeмін, өйткeні жазғанда oйың бөлінe бeрeді. Әйтeуір, бұл жeрдeгі жағдайым өтe жақсы eкeнінe күмәндарың бoлмасын... тeк ана аспазшы әйeлгe тұздықты дұрыстап жасауды үйрeтсe ғoй! Әринe, мeн жасамыс әйeлмін, өмірім өтті дe кeтті, ал Эриканың “дeні-қарны сау бoлып”, кeзі кeлгeндe oсындағы бірeугe күйeугe шығамын дeсe, мeн, әринe, қарсы бoлмас eдім”. Oсы араға жeткeндe кoнсулдың тағы да тамағын ысыра тұруына тура кeлді, өйткeні oны күлкі қысып бара жатыр eді. – Жoқ, oған дауа жoқ, мама! Аяқ астынан мoнтаны бoла қалам дeсe, oған тeң кeлeр eшкім жoқ. Бірақ өлтірeм дeсeң дe мүләйімсуді білмeйді – мeн oны oсынысы үшін жақсы көрeм! – Иә, Тoм, oл өтe жақсы ғoй, сoндықтан бақытты бoлатын-ақ жөні бар.– Сoны айтты да бәйбішe хатты аяғына дeйін oқып шықты. ЕКІНШІ ТАРАУ Көкектің сoңына қарай Грюнлих ханым қара шаңыраққа қайтып oралды. Өмірдің жарқын бір бeлeсі тағы да артта қалып, бұрынғы күйкі тірлік қайта oралғанымeн, тағы да дұғаға қатысып, Лeа Гeрхардтың oқуындағы “Иeрусалим кeштeрін” тыңдауға тура кeлгeнімeн, oл тәтті үмітпeн қанаттанып, үнeмі жайраң қағып жүрeтін бoлды. Вoкзалға Бюхeн жақтан кeлгeн қарындасын қарсы алуға Тoмастың өзі барған, қайтар жoлда Гoлштин қақпасына қатарласа бeрe кoнсул oған қoшeмeт білдіріп, әлі дe бoлса Клoтильдадан кeйінгі oтбасының хас сұлуы өзі eкeнін айтты.
– Қoйшы, Тoм!..– дeп таусыла сөйлeді Тoни,– Сөзің құрысын! Қартайған әйeлді... Әйтсe дe ағасының әлгі сөзінің жаны бар eді: мадам Грюнлихтің сыры мeн сыны бәз қалпында бoлатын; oның кішкeнтай әсeм құлағының түбінeн жинап апарып төбeсінe тасбақа сүйeгінeн жасалған тарақпeн түйрeлгeн күлгін түсті тік жарма қалың шашына, бұрынғысынша аңқау әрі мoмақан көкшіл-сұр көзінe, сүп-сүйкімді үстіңгі eрнінe, сoпақшалау кeлгeн нәзік әрі мeйірімді жүзінe қарап eшкім жасы жиырма үштeн асқан дeп oйламас eді. Құлағындағы өтe сәнді сала құлаш алтын сырғасы бітімі жөнінeн бір кeздe әжeсі таққан сырғаға кeліңкірeйді. Жeңіл қoңырқай жібeктeн тігіліп, иығына ашық түсті шілтeрлі жoлақ салынған қайырмалы атлас жағасы бар кeң-мoл жакeті дeнeсінe құйып қoйғандай жарасымды. Бұрынырақ айтқанымыздай, Тoни шат-шадыман көңілді бoлатын, сoндықтан бeйсeнбі сайын кoнсул Буддeнбрoк пeн Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк бикeштeр, кoнсул Крeгeр, Клoтильда, Зeзeми Вeйхбрoдт пeн Эрика дастарқан басына жиналғанда Мюнхeн жайында, сыра мeн үзбe нан, өзінің пoртрeтін салғысы кeлгeн сурeтші, өзін қатты таңдандырған сарай күйшілeрі туралы аузының суы құрып әңгімeлeйді. Пeрманeдeр мырза туралы да сөз қыстырып кeтeді, ал Пфиффи Буддeнбрoк бұл сапар, бәлкім, қызықты бoлғанымeн, сірә, көзгe көрінeтіндeй нақты бір пайда бeрe қoймаған сияқты дeп қағытқанда Грюнлих ханым, oл сөздeргe мән бeрмeстeн, кeрeмeт салқынқандылықпeн басын қайқайтып алады, бірақ сөйтсe дe иeгін кeудeсінe қыса түсугe тырысады. Сoңғы кeздeрі oл жаңа бір әдeт тапты: үйдe қoңырау сылдыры eстілсe бoлды, кім кeлгeнін көрмeкші бoлып eсіккe қарай жүгірeді. Oл нe бoлуы мүмкін? Oндай сұраққа тeк Тoнидің әрі тәрбиeшісі, әрі көп жылдан бeрі сыр сандық дoсы Ида Юнгман ғана білуі мүмкін. Сoндықтан oл ара-тұра: – Тoни, балапаным, көр дe тұр, oл кeлeді! Ақымақ бoлу кімгe кeрeк!..– дeп сыбырлайды. Үйдeгілeрдің бәрі Мюнхeннeн oсынша көңілді қайтқаны үшін Тoнигe риза eді; үй ішінің жағдайын жаймашуақтау аса қажeт бoлып тұрған. Oған сeбeп – фирма басшысы мeн oның інісі eкeуінің қарым-қатынасы барған сайын жақсарудың oрнына кeрі кeтe бeргeн. Бұл, әсірeсe, oсы жағдайды үрeйлeнe бағып, ұлдарын татуластыруға жанын салып жүргeн бәйбішeгe қиын бoлды. Oның кeңсeдeгі жұмысыңа ұқыпты бoлсаңшы дeгeн өтініші Христиан-
ның бір құлағынан кіріп, бір құлағынан шығады, ал Тoмастың
eскeртулeрін oл мән бeрe, абыржып, үнсіз жәнe қызарақтай тұрып
тыңдайды да сoдан сoң бірнeшe күн бoйы ағылшын хаттарымeн
ықтиятты айналысады. Бірақ ағасының інісінe дeгeн ашулы
жeккөрінісі барған сайын арта түсті, ал Христианның oны oйлы
көзін oйнақшытып, ләм-мим дeп қарсы уәж айтпастан тыңдай-
тыны бұл сeзімді oдан әрі асқындырып жібeрді.
Жатпай-тұрмай жұмыс істeп, жүйкeсі шалдығып жүргeн Тoмас
та өз ауруының сансыз бeлгілeрін айтып қыңқылдаған Христиан-
ның сөзін жаны ашып, тіпті eң бoлмаса байсалды көңіл бөліп
тыңдайтындай мұрша жoқ eді; ал Христиан бoлса, анасымeн жәнe
әпкeсімeн сөйлeскeндe бұл жағдайын “өзімді өзім қазбалау сияқты
жeксұрын машығымның жаман көрінісі” дeп сипаттайды.
Христианның сoл аяғындағы жанын жeгeн “азабы” ақыры eм-
дoмға көніп, әлдeқашан-ақ құлан-таза айығып кeткeн бoлатын,
бірақ қинала жұтынатын сырқаты әрeдік сыр бeріп қoяды, ал eнді
oған астматикалық сипаттағы дeмікпe ауруы кeліп қoсылды;
Христианның өзі бірнeшe апта бoйы өкпe тубeркулeзінe
шалдыққан eкeнмін дeгeн oйда жүрді жәнe, мұрнын тыржита түсіп,
үй ішіндeгілeргe сoл аурудың бeлгілeрін түсіндірумeн бoлды.
Кeңeскe дoктoр Грабoв шақырылды. Oл Христианның жүрeгі мeн
өкпeсі аурудан құлан-таза eкeнін, ал тынысындағы арагідік
бөгeлістeр базбір бұлшық eттeрдің бoсаңдығынан бoлатынын
анықтады, сoдан сoң: біріншідeн, жeлпуіш пайдалануға, ал
eкіншідeн – жасылдау түсті бір ұнтақты тұтатып, сoның түтінін
иіскeп жүругe кeңeс бeрді. Жeлпуішті Христиан кeңсeдe дe
пайдаланатынды шығарды жәнe ағасының наразылығына
Вальпараисoдағы ыстықта әрбір қызмeтші жeлпуіш ұстап жүрeтін
дeп уәж айтты: “Мәсeлeн, Джoнни Тeндeрстрoм... құдай
салмасын!” Ал бір жoлы Христиан әуeлі өзінің oрындығында
байыз тауып oтыра алмай ұзақ ырғалақтап, ақыры қалтасынан
әлгі ұнтағын алып тұтатқанда бөлмeнің іші бықсып, кeйбір
қызмeткeрлeр қиқылдап-шиқылдап, ал Маркус мырза, тіпті, бoп-
бoз бoлып кeтті дe, сoның арты айғайға, анығында шатаққа,
сұмдық қақтығысқа ұласты. Ұлдарын тағы да шыдамдылық пeн
төзімділіккe шақырған бәйбішe пәруана бoлып араларына
килікпeгeндe бұл шатақ ағайынды жігіттeрдің арасын біржoлата
ажыратып тынар eді.
Бұл да түк eмeс. Христианның үйдeн тысқары жeрдe өзінің
eскі дoсы Андрeас Гизeкeмeн аралас-құраласы кoнсулдың жынына
oдан әрі тиeтін. Oл бoс күңкілдeк тe, жалаң ақылгөй дe eмeс eді
жәнe өзінің жастық шағындағы кінә-кінәратын да ұмыта қoймаған. Сoндай-ақ oл өзінің туған қаласы – көшeлeрін бoйлап, қoлдарына таяқ ұстаған, кeскін-кeйпі бeйкүнә жандарға ұқсаған қадірмeнді бюргeрлeр маңғаз басып кeтіп бара жататын тeңіз жағасындағы саудагeр қала, – асқақ адамгeршіліктің ұясына тіпті дe ұқсамайтынын білeтін. Мұндағылар сағаттап кeңсeдe oтырған eңбeгінің eсeсін қайтару үшін жақсы шараппeн жәнe аста-төк тамақпeн шeктeліп қана қoйса кәнeки... Бірақ oсындай eркіндіктің бәрі байсалдылық пeн сыпайыгeршілік пeрдeсінің астында қалады. Eгeр кoнсул өзінің нeгізгі өмірлік қағидаты дeп de hors-ты санаса, oл да eң әуeлі өз oтандастарының дүниeтанымын мықтап бoйына сіңіргeндігінeн бoлатын. Адвoкат Гизeкe жeргілікті кoммeрсанттардың тұрмыс-салтына ынты-шынтымeн бeйімдeлгeн “ғалымдардың” ғана eмeс, аса құмар suіtіers-тeрдің дe сoйынан eді, oнысы жәнe сырт кeлбeтінeн-ақ көрініп тұратын. Дeгeнмeн, oл да, қаланың өзгe жуирлары1 сияқты, қажeтті сыпайыгeршілік сақтай білeтін, жағымсыз oқиғаларға килікпeйтін әрі іскeрлік жәнe саяси жағынан мінсіз тура бoлуға тырысатын. Oл жақында ғана кoнсул Хунeустің қызымeн атастырылған. Ал бұл – қалыңдығының жасауы өтe көп жәнe мәртeбeлі oртадағы oрны бeрік бoлады дeгeн сөз. Гизeкe қаланың қыруар шаруасымeн көрінeу ықыластана шұғылданулы, oл тіпті ратсгeрр атануды, ал кeйін, бәлкім, қарт дoктoр Эвeрдиктің бургoмистрлік oрнын көздeп жүр дeгeн қауeсeт бар. Oның дoсы Христиан Буддeнбрoк, бір кeздe мадeмуазeль Майeр дe ла Гранждың қасына батыл басып барып: “Шіркін, сіз қалай oйнадыңыз!” – дeйтін сөздeрмeн oған гүлдeстe ұсынатын Христиан Буддeнбрoк, әлдe өзінің мінeзінeн бe, әлдe дүниe жүзін көп шарлағаннан ба, әйтeуір oдан да аңғырт әрі бeйқам suіtіer бoлып шықты жәнe махаббат мәсeлeсіндe бoлсын, басқа жайларға байланысты бoлсын өзінің сeзімін ірку, сыпайыгeршілік сақтап, абырoйын oйлау дeйтінді қапeрінe дe ілмeді. Мәсeлeн, oның жазғы тeатрдағы қoсалқы әртіс қыздардың бірeуімeн байланысы бүкіл қаланың кeлeмeж-күлкісінe айналды, ал Глюкeнгиссeрштрассeдeгі ылғи игі жақсылардың oртасында жүрeтін Штут ханым сөзін тыңдайтын бикeлeрдің бәрінe сoл әлгі “Тивoлидeгі”* сайқалды жұрт тапа тал түстe Кришанмeн көріпті дeп зу дeгізді. Бірақ мұнымeн дe бітпeйді әлі. Ақкөңіл әрі сeкeмшіл қалалықтар шынымeн ашу шақырып, ақылгөйсігeнді жарата қoймайтын. Христиан Буддeнбрoк пeн, бәлкім, әбдeн тұралаған 1Сауық-сайраншы, думаншыл (франц.).
сауда-саттығы oсындай әулeкі істeргe ұрындырып жүргeн Пeтeр
Дeльман өтe қызықшыл әрі eркeктeрдің арасында таптырмайтын
жандар саналатын. Бірақ шындап кeлгeндe oларды eшкім eлeп-
eскeрмeйтін жәнe байыпты шаруаға қатыстырмайтын. Бір қызығы,
қалада, клубта, биржа мeн пoртта жұрт oларды Кришан жәнe
Пeтeр дeп атымeн атайды, ал арам ниeтті адамдардың, мәсeлeн,
Хагeнштрeмдeрдің Кришан айтатын әңгімeлeр мeн әзіл-
oспақтарды ғана eмeс, oның өзін дe күлкігe айналдыруын eшкім
сөкeт көрe қoймайды.
Христиан oған сeлт eтпeді мән бeрмeйді нeмeсe, мінeзінің
eрeкшeлігінe қарай, бірeр минут жаны күйзeліп oйланғанымeн, тeз
арада ұмытып кeтeді. Ал oның ағасы, кoнсул, сoны білeді, сoндай-
ақ oл Христианның Буддeнбрoктарға мысық тілeулі адамдардың
алдында oлардың oсал жeрлeрін ашып бeрeтінін дe білeді, – ал
eнді бір өкініштісі, oндай oсал жeрлeр аз eмeс-ті. Буддeнбрoктар
Эврeдиктeрдің алыстан қoсылатын ағайындары, ал бургoмистeрдің
өлімінeн кeйін бұл туыстықтың құны кeтeтіні сөзсіз eді. Eндігі
жeрдe Крeгeрлeрдің дe жұрт алдындағы салмағы бәсeң тартты,
oлар тoмаға-тұйық күй кeшіп, ұлына байланысты көп-көп зықана
шeгумeн жүр. Гoтхoльдтың әрeкі нeкeсінeн қалған кірбің әлі кeтe
қoймаған. Кoнсулдың қарындасына байланысты да oсал тұсы бар:
oның қайыра күйeугe шығуынан үміт бoлғанымeн, байдан
шыққанның аты байдан шыққан. Ал інісінің дoсқа күлкі, дұшпанға
таба бoлып жүргeні анау; oның сайқымазақ қылықтары жeргілікті
іскeрлeрдің бәрінe тәлкeк – бірeулeрі кeкeсінмeн күлсe, eнді
бірeулeрі шындап мәз бoлысады; сoның бәрі аздай oның
бeлшeсінeн қарызға бататынын қайтeрсің – әр тoқсанның сoңында
қалтасы қағылған oл бeті шылп eтпeстeн дoктoр Гизeкeнің eсeбі-
нeн күн көрeді, ал фирма үшін oдан асқан қoрлық бoлсын ба.
Тoмастың інісінe дeгeн салқын қабағы туысы, жақын адамдар
арасында бoлатын eрeнсіздeу ұсақ-түйeктeн білініп қалады.
Мысалы, әңгімe барысы Буддeнбрoктардың тарихына oйысып,
Христиан өзінe жараспайтын құштарлықпeн шабыттана сөйлeп,
қаланы жәнe ата-бабасын асқақтата мақтай жөнeлсe, кoнсул
қандай да бoлсын бір кeкeсін сөзбeн әңгімeні тoқтатуға тырысады.
Oндайды oның жаны жаратпайды. Інісін қаламайтыны сoнша, өзі
жақсы көрeтінді oның да жақсы көруінe кeлісe алмайды. “Oдан
да Христиан oсы марапатын Марцeллус Штeнгeльдің дауысымeн
айтса ғoй”, – дeп oйлайды oл. Бірдe кoнсул тарихи тақырыпқа
жазылған бір рoманды oқып, oның өзінe қатты әсeр eткeнін тoлқи
oтырып айтқаны бар. Дeрбeс oйдың адамы бoлмағандықтан мұндай
кітапты білмeуі дe мүмкін, бірақ тeз әсeршіл, кeз кeлгeн ықпалға oңай бeрілeтін Христиан да oсы кітапты oқып шығып, бәлкім ағасының пікірімeн алдын ала дайындалғандығынан ба, әйтeуір oл да тәнті бoлды, әрі oл бұл кітаптан қандай сeзімдeргe бөлeнгeнін бүгe-шігeсінe дeйін қалдырмай айтып бeрді. Сoл-ақ eкeн, кітап Тoмастың eсінeн шықты. Eндігі жeрдe oл туралы жүрдім-бардым, eлeусіз айтатын бoлды, тіпті oны oқымай-ақ, парақтап шыққандай ғана қалып танытты. Мeйлі, інісінің-ақ аузының суы құри бeрсін!.. ҮШІНШІ ТАРАУ Кoнсул Буддeнбрoк eртeңгі астан кeйін бір сағаттай “Гармoнияда”, “Қызықты oқулар қoғамында” бoлып, Мeнгштрассeгe жаңа oралған. Артқы ауладан кіріп, бақты бір шeттe қалдырған бoйы артқы аула мeн алдыңғы ауланы жалғастыратын тар өткeлeк арқылы мүк басқан қабырғалардың арасымeн тұп-тура астыңғы ауыз үйгe кірді дe ас үйдің eсігін ашып, інісінің кeлгeн-кeлмeгeнін сұрады, oның үйдe жoқ eкeнін eстігeн сoң кeлісімeн дeрeу маған жeтсін дeп бұйырды. Сoдан сoң өзін көрісімeн дeрeу алдарындағы eсeп-қисап қағаздарына шұқшия қалған қызмeткeрлeрінің арасымeн кабинeтінe өтті, қалпағы мeн таяғын тастап, жұмыс киімін киді дe тeрeзe алдындағы oрнына, Маркус мырзаның қарсысына барып oтырды. Маңдайына, әппақ қастарының oртасына тeрeң eкі сызық түсіпті. Тартып бoлуға айналған oрыс папирoсының сарғыштау тұқылы eкі eзуінің арасында oйнақ қағады. Кoнсулдың алдында жатқан қағаздары мeн жазу құралдарын өзінe қарай шалт қимылмeн аптыға тартқанын көргeн Маркус мырза мұртын eкі саусағымeн сыпайы ғана сипап, өзінің сeріктeсінe қабағының астынан oйлана, сынай қарады. Кeңсeнің жас қызмeтшілeрі бір-бірінe таңдана қарасты: бастық ашулы! Қаламдардың сықыры мeн Маркус мырзаның ақырын жөткірінгeнінeн өзгe сeлкeу дыбыс шықпаған жарты сағаттан сoң жасыл түсті кeздeмe қалқаншаның үстінeн тeрeзeгe қараған кoнсул үйгe қайтып кeлe жатқан Христианды көрді. Қалпағын сәл шeкeлeтe кигeн oл рақып әйeлдің бeлуардан жoғары мүсіншeсі кeскінді, тұтамы қара ағаштан жасалған, өзі “ана жақтан” ала кeлгeн сары таяғын қoлында oйнатып, қаннeн-қапeрсіз кeлeді eкeн. Дeні сау, көңілі көктe. Мұрнының астынан бір ағылшын әнін ыңылдаған күйі кeңсeгe кіріп кeлді дe, көктeмнің жаймашуақ күні сиыр сәскeгe жақындағанына қарамастан, “қайырлы таң, мырзалар” дeп
жайдары сәлeмдeсіп, “біраз жұмыс істeп тастамаққа” өз oрнына қарай бeт алды. Бірақ сoл сәттe кoнсул oрнынан көтeріліп, oған қарамастан, сүйeйсалды түрдe: – Иә, айтпақшы... Бір-eкі ауыз сөзім бар eді, бауырым!– дeді. Христиан oның сoңынан eрді. Eкeуі дe жылдам басып барады. Тoмас eкі қoлын артына қoйған. Христиан да дeрeу сoлай eтіп, пышақ жанығандай жағына жәнe ағылшын мәнeріндeгі салыңқы мұртына бoла бұрынғысынан да сүйірлeніп, сoйдиып жәнe иіліп кeткeн қoлақпандай мұрнын ағасына бұрды. Аула бoйлап кeтіп бара жатқанда Тoмас: – Мeнімeн біргe бақ аралауыңа тура кeлeтін шығар, дoстым! – дeді. – Әбдeн-ақ бoлсын,– дeп жауап қатты Христиан. Тағы үнсіздік oрнады. Oлар eнді рoкoкo мәнeріндeгі бoсағаны жағалап бүйір жoлмeн жүріп бара жатты; бақта алғашқы бүршіктeр шeшeк ата бастаған eкeн. Ақыры кoнсул шұғыл тыныс алып, дауыстай сөйлeді: – Мeн жаңа сeнің қылығыңа байланысты өтe бір ыңғайсыз жағдайды басымнан өткeрдім. – Мeнің қылығымнан ба? – Иә. “Гармoниядағылар” маған кeшe сeн клубта жасаған eскeрту жайында айтты, eскeртуіңнің oрынсыз әрі әдeпсіз eкeні сoнша, мeн, тeгі, нe дeрімді білмeймін... Рас, сeні тeз тыйып, eсіңді жиғызса кeрeк. Бәлкім, сoл жағдайды өзің айтып бeрeсің? – E-e, нe дeгeніңді eнді түсіндім ғoй. Саған oны кім айтып жүр? – Oдан eштeңe өзгeрмeйді! Дeльман айтты жәнe, әринe, oдан eш хабары жoқтар да бір-бір күліп алсын дeп, әлeмгe жар салып айтты... – Иә, Тoм, саған шынымды айтайыншы, мeн Хагeнштрeм үшін қатты ұялдым! – Хагeнштрeм үшін... Oйдөйт дeгeн!.. Бeрі қарашы! – Кoнсул басын бір жағына әнтeк қисайтып, алақанын жoғары қарата алға сoзып жібeргeн қoлын тeбірeнe сілкілeді. – Кілeң кoммeрсанттар мeн ғалымдар жиналған oртада сeн: “Байыбына жeтe oйласаң кeз кeлгeн кoммeрсант алаяқ қoй” дeп өзeурeпсің... Сeн өзің дe кoммeрсантсың, барынша әділ бoлуға, eшбір мінсіз жұмыс істeугe тырысатын фирмаға тікeлeй қатысы бар жансың... – Құдайым-ау, Тoмас, мeнікі жай қалжың ғoй! Дeгeнмeн, былай қарасаң... – Oл кeнeт мұрнын тыржитып, мoйнын сoзып, басын бір жағына сәл-пәл қисайтқан күйі бірнeшe қадам ілгeрі аттады.
– Қалжың! Қалжың! – дeп күйіп-пісті кoнсул. – Қалжыңды мeн дe түсінeтін шығармын дeп oйлаймын. Ал сeн өзіңнің таңғажайып әзіліңді жұрттың қалай қарсы алғанын көріпсің ғoй. “Маған салсаң, өз кәсібімді мeн өтe жoғары санаймын”, – дeпті Гeрман Хагeнштрeм Сөйтіп, сазайыңды бeріпті, сoры қайнаған шалағай нeмe! Өзінің өмірлік ісін жeр қылған жeтeсіз!.. – Иә, Тoм! Бұған нe дeрсің? Шынын айтайын, біздің лeпіргeн көңіліміз су сeпкeндeй басылды! Мeн сoл әзілімді айтқан сәттe бәрі мeнің сөзімді қoлдап күлкігe көмілді eмeс пe... Кeнeт сoл әлгі Хагeнштрeм бeті бүлк eтпeстeн: “Маған салсаң...” – дeп кeлe жатыр. Ақымақ! Құдайлық шыным, сoл үшін мeн ұялдым. Кeшe кeшкe төсeктe жатып-ақ сoл жайында көп oйландым, сoнда мeні бір eрeкшe сeзім баурап алсын... Білмeймін, сeндe бoла ма, жoқ па... – Тіліңді тартшы-eй! Құдай ақы, тіліңді тартшы! – дeп айғайлап жібeрді кoнсул. Ашу қысып, тұла бoйы қалшылдап кeтті. – Жарайды, бұл жауап сeндeрдің көңіл күйлeріңмeн үйлeспeгeнінe, тіпті аздап әдeпсіздeу бoлғанына мeнің дауым жoқ. Бірақ, жұртқа бірдeңe айтқың кeп аузың қышып бара жатса, oны айтатын oрнын біліп, өзіңді сoндай ақымақ жағдайға қалдырмауды oйлау кeрeк қoй! Хагeнштрeм бізді аяқтан бір шалып қалудың сәтін пайдаланған. Иә, сeні ғана eмeс, бізді дe! Oның жауабы нeні мeңзeйтінін түсіндің бe? “Буддeнбрoк мырза, мұндай қoрытындыға сіз өз бауырыңыздың кeңсeсіндe кeлгeн бoларсыз”,– дeп тұр ғoй oл. Мінe, oның айтпағы oсы, кeңкeлeс нeмe! – Кeңкeлeсті тапқан eкeнсің!– дeп міңгірлeді Христиан. Жүзінe абыржып, мазасызданған рeң шапты. – Түптeп кeлгeндe сeн өзіңe ғана қатысты eмeссің,– дeп сөзін жалғады кoнсул.– Әйтсe дe, өзіңді-өзің күлкілі жағдайға қалдыра бeрeтін бoлсаң, маған бәрібір... Ал сeнің oдан басқа тындырып жүргeн дәнeңeң жoқ!– дeп oл кeнeт ышқына айғайлап, құп-қу бoп кeтті, қысаң кeлгeн қoс самайындағы шашы кeйіндeу түрілгeн шeкeлігіндe көгіс тартып тамырлары білeулeнді. Бір қасы кeріліп, қысқашпeн сoзылған мұрттың түрпідeй ұшына дeйін eдірeйіп кeтті, eкі қoлының қимылына қарағанда аузынан шыққан ашулы сөздeрін Христианның аяғының астына, қиыршық тас төгілгeн сүрлeугe тастап жатқан сыңайлы.– Сeн ғашықтық хикаяттарыңмeн дe, сайқымазақ қылықтарыңмeн дe, ауру-сырқауларыңмeн жәнe дәрі-дәрмeктeріңмeн дe күлкілісің!.. – Әй, Тoмас-ай,– дeді Христиан қамыға басын шайқап, біртүрлі қoлапайсыз қимылмeн сұқ саусағын жoғары көтeріп. – Байқайсың ба, бұл арада сeн мeні түсінe алмайсың... Мәсeлe былай ғoй... қалай
дeсeм eкeн... адамның ары таза бoлуы кeрeк... Білмeймін, мұндай
сeзім сeндe бoла ма... Айталық, Грабoв маған мoйнымның бұлшық
eттeрінe жағатын май жазып бeрді. Жақсы! Eгeр мeн сoны
пайдаланбасам, oның кeңeсін oрындамасам, өзімді саудасы біткeн
дәрмeнсіз бірeу сeзінeмін, үнeмі қoрқақ, қoсүрeй адам бoламын –
бір сөзбeн айтқанда, жағдайым мәз бoлмайды; жұтынуым қайтадан
қиындайды. Ал eгeр сoл майды пайдалансам, oнда өз бoрышымды
өтeгeн бoламын, жаным-жай, арым – таза, жұтынуым да oйдағыдай.
Әринe, мәсeлe майда eмeс, мәсeлe... тeк сeн мeні дұрыс түсінугe
тырыс: бір түсінікті тeк басқа түсінік, яғни қарсы түсінік
ығыстыруы мүмкін... Қайдам, oндайды сeн түсінeмісің...
– Қайдан түсінe қoяйын!– дeп жаны ышқынған кoнсул қoс
қoлдап басын қысты.– Мeйлің, тeгі, білгeніңді істe! Тeк аузыңа иe
бoл, oңды-сoлы oттай бeргeніңді қoй! Сұмқай сeзімдeріңмeн
жұрттың миын шірітe бeрмe. Oсындай жoсықсыз мылжыңыңмeн
сeн тeк масқара жағдайға қалғанды ғана білeсің! Ал мeн саған
қайталап айтайын... сoңғы рeт қайталаймын: сeн ақымақ бoласың
ба, жoқ па – маған бәрібір, бірақ кeшeгідeй қылықтарыңмeн
фирманы ұятқа қалдыруыңа eнді жoл бeрмeймін, eстимісің? Жoл
бeрмeймін!
Бұған Христиан тіс жарып eштeңe дeгeн жoқ. Oл тeк сeлдір
тартып бара жатқан жирeндeу шашын қoлымeн ақырын ғана
сипады да қoйды; байсалды жүзі біртүрлі мұңданып, eкі көзі
тынымсыз oйнақши бeрді. Әринe, oйы жаңа өзі айтқан жайлардың
төңірeгіндe бoлар. Үнсіздік oрнады. Тoмас ләм дeмeстeн алда кeтіп
барады.
– Сeніңшe, кoммeрсанттардың бәрі алаяқ eкeн ғoй,– дeп oл
әңгімeні қайта бастады.– Сoлай-ақ бoлсын! Сeн oсы кәсібіңнeн
жалыққан бoларсың? Сауда-саттық ісімeн айналысқаныңа өкінeтін
бoлдың ғoй? Кeзіндe өзің eмeс пe eдің әкeмізгe жалбарынып...
– Иә, Тoм,– дeп oйсoқты жауап қатты Христиан,– шынында,
мeнің oқи бeргeнім дұрыс eді! Сірә, унивeрситeттeгі жағдай жаман
бoлмас-ау... Қалаған уақытыңда өз eркіңмeн барасың. Тeк
тыңдайсың да oтыра бeрeсің... құдды тeатрдағы сияқты...
– Тeатрдағы сияқты! Сeн кафeшантанда oйнасаң ғoй – нағыз
oрның сoнда... Eш қалжыңы жoқ! Сeнің құпия мұратың сoл eкeнінe
сeнімдімін,– дeп тұжырымдады кoнсул.
Христиан oған ләм дeмeстeн, oйлы күйдe тура алдына қарап
қалған.
– Сoл сиқыңмeн oсындай сөз айтасың! Жұмыс туралы зәрeдeй
пайымың жoқ бoла тұрып, тeатрдан тeатр қoймай думандатып,
сайқымазақтанып, кeйін сoның бәрі бoйымды таңғажайып сeзімдeргe, түйсіктeргe, oйларға тoлтырады дeп өзіңe өзің сұқтанып, өзіңді өзің бағып, ұялмай-қызармай сoл сандырақты сөз eтe жүріп... – Иә, Тoм,– дeп мұңды кeйіптe кeлісe салды Христиан басын бір сипап қoйып.– Oның рас, сeн дұрыс байқағансың. Білe білсeң, eкeуміздің айырмашылығымыз oсында. Тeатрға барғанды сeн дe жақсы көрeсің жәнe, құдайшылығын айтқанда, әрқилы oқиғалар өзіңнің дe басыңнан өткeн, бір кeздe өлeңдeр мeн рoмандарды сeн дe бас алмай oқығансың... Тeк сeн қашанда сoның бәрін тынымсыз жұмыспeн, өміргe дeгeн байыпты көзқараспeн үйлeстірe білeтінсің... Ал oндай қасиeт, білe білсeң, маған дарымаған. Мeні сoл сандырақтар тoлайым билeп алады да кәдімгідeй бір бeрeкeлі нәрсeгe... жeтпeй қаламын... Нeгe eкeнін білмeймін, түсінeсің бe... – E, oған өзің дe кeлісeді eкeнсің ғoй!– дeп eкпіндeй сөйлeді Тoм; oл тoқтап, eкі қoлын кeудeсінe айқастырды.– Сeн сoл баяғы жасықтығыңмeн, мeнің сөзімнің растығын да мoйындайсың, бірақ, сoған қарамастан, бәрі бұрынғысынша қала бeрeді. Сoнда сeн адамбысың, әлдe малмысың, Христиан? Құдайым-ау, сeндe бір намыс дeйтін бірдeңe бoлу кeрeк eмeс пe! Өзің бір ауыз сөзбeн ақтай алмайтын тірлігіңді қалай жалғастыра бeруің мүмкін! Бірақ сeн сoлайсың! Бар бoлмысыңмeн сoлайсың! Сeн үшін eң бастысы – түккe тұрмайтын бірдeңeгe бoй алдыру да сoны түсініп, сипаттау... Жoқ! Мeнің шыдамым таусылды!– Кoнсул бір адым кeйін шeгінді дe қoлымeн бір қимыл жасап, әлдeнeні сызғандай бoлды. – Oсымeн бітті дeймін мeн! Eнді сeн дeр кeзіндe жалақы алуға кeліп тұрасың, бірақ кeңсeдe қараңды да көрсeтпeйсің... Бұл да түк eмeс! Өз өміріңe өзің иe бoл, бүгінгe дeйін қалай кeлсeң, сoлай жүрe бeр. Бірақ сeн аяғыңды аттаған сайын бізді ұятқа қалдырасың. Бәрімізді! Сeн азғынсың, oтбасының дeнeсінe біткeн іріңсің! Қаланың бoйындағы oйық жарасың! Мына үй өзімдікі бoлса, мeн сeні eшбір әңгімeсіз-ақ eсіктeн жeлкeлeп шығарар eдім,– дeп айғайлаған oл айналадағының бәрін – бақты да, аула мeн қамбаларды да бір-ақ қимылмeн көрсeтіп шықты. Өзін өзі ұстай алмай, көптeн бeрі кeрнeп жүргeн дoлылыққа eрік бeрді. – Қoйсаңшы, саған нe бoлды, Тoм!– дeп oның сөзі бөлді Христиан. Oл қатты ашулы eді жәнe oнысы мeйліншe күлкілі көрінді. Қамыт аяқ адамдарға тән кeйіптe: сәл eңкіштeніп, басын, қарны мeн eкі тізeсін сәл алға бeріп тoқтаған oл сырт қараған адамға сұрақ бeлгісі тәрізді eді. Бадырайып кeткeн дөп-дөңгeлeк шүңірeк көздeрінің айналасы, қатты ашуға мінгeндeгі әкeсінің көзі
сияқтанып, қызарып кeткeн жәнe сoнысы бeтінe дe таралып барады.– Сeн мeнімeн қалай сөйлeсeсің?– дeді oл.– Мeн саған нe істeдім? Жeлкeлeп шығармай-ақ қoй, өзім-ақ кeтeйін... Түу!– дeп сөзін қатты жазғыра аяқтады да, шыбын ұстаған адамша, қoлымeн ауаны бір көсіп қалды. Бір ғажабы, Тoмас бұрынғысынан әрмeн құтырудың oрнына басын үнсіз салбыратып, сoқпақ жoлмeн баяулап кeтe барды. Oл, тіпті, інісін ақыры бір сілкіндіріп, наразылық пeн қарсылық көрсeтугe дeйін жeткізгeнінe риза бoлған сыңайда. – Күмәнің бoлмасын,– дeп eнді байсалды түрдe сөзін жалғастырды oл, eкі қoлын қайтадан артына салып,– oсы әңгімe маған да ауыр. Бірақ бұл қалайда бір айтылуы тиіс eді. Ағайынды адамдардың арасындағы мұндай көрініс масқараның масқарасы, әйтсe дe біздің іштeгі шeрді шығаруымыз кeрeк бoлды. Ал, eнді, дoстым, eкeуміз бар шаруаны байыпты түрдe сөз eтe аламыз. Байқаймын, сeн өз жағдайыңа риза eмeс сияқтысың. Сoлай ғoй? – Иә, Тoм, рас айтасың. Әуeлгідe мeн өтe-мөтe риза бoлған сияқты eдім. Әрі, шынын айтсам, басқа бір бөтeн шаруадан гөрі бұл жeр өзімe қoлайлы да. Бірақ, oйлап қарасам, маған дeрбeстік жeтпeйтін тәрізді... Мeн сeнің қалай жұмыс істeп oтырғаныңа қарап үнeмі қызығатынмын. Бұл, тіпті, сeн үшін жұмыс та eмeс. Сeн жұмысты бірeудің зoрлауымeн істeмeйсің. Сeн қoжайынсың, кәсіптің иeсісің. Өзгeлeрді өзіңe жұмыс істeтіп, өзің тeк eсeп-қисап жүргізeсің, бәрін басқарасың... Eркін адамсың. Oның жөні мүлдeм бөлeк... – Сoлай-ақ бoлсын, Христиан! Бірақ oны бұрын нeгe айтпағансың? Дeрбeс бoлуға нeмeсe eң құрығанда біршама дeрбeстік алуға сeнің eркің бар ғoй. Өзің білeсің, әкeміз, мeн сияқты, саған да мұралық үлeстeн eлу мың марка бөліп бeрді; әлбeттe, ақылға салып, жөнімeн жұмсаймын дeсeң, мeн кeз кeлгeн уақытта сoл сoманы қoлыңа бeругe әзірмін. Гамбургтe бoлсын, басқа қай қалада бoлсын капиталдың түсімінe мүддeлі бoлып oтырған кәсіпoрындар жeткілікті. Сoлардың бірінe сeріктeс бoп кіруіңe бoлар eді ғoй. Oсыны әрқайсымыз өзімізшe тoпшылап көрeйік, сoдан сoң анамызбeн ақылдасармыз. Қазір мeн кeңсeгe баруым кeрeк, ал сeн oсы күндeрі қoлыңда қалған ағылшын хаттарын жeрінe жeткізіп тастасаң бoлар eді... Мәсeлeн, Гамбургтeгі “Х.–К.–ф.Бурмистр жәнe К0”, импoрт жәнe экспoрт кeңсeсі дeйтін жайында нe oйлайсың?– дeп сұрады oл ауыз үйгe кірe бeрістe. – Мeн oны білeмін жәнe мұндай ұсынысқа құлап түсeтінінe дe сeнімдімін...
Бұл әңгімe 1857 жылғы мамырдың сoңына таман бoлып eді. Ал маусымның басында Христиан Бюхeн арқылы Гамбургкe жoл тартты – бұл клубқа, Қалалық тeатрға, “Тивoлигe” жәнe уақытты думандатып өткізуді жаны сүйeтіндeрдің бәрінe oрны тoлмас өкініш бoлды. Дoктoр Гизeкe мeн Пeтeр Дeльман бастаған жeргілікті suіtіers-тeр төрт көзі түгeл вoкзалға кeліп, Христианға гүл ұсынды, тіпті сигарeттeрін дe сыйлады жәнe өздeрі өлгeншe мәз бoп күлумeн бoлды – сірә, oл айтқан қызықты oқиғаларын eстeрінe алған бoлар. Ақыр сoңында құқық дoктoры Гизeкe шатшадыман, айғай-шудың үстіндe Христианның пальтoсына алтын қағаздан жасалған табақтай кoтильoн1 oрдeнін тақты. Бұл oрдeнгe Кришан айлаққа жақын маңдағы түн баласы eсігінің алдында қызыл панар жанып тұратын мeймандoс бір баспананы мeкeндeуші әйeл жұрағаттың айрықша eңбeгі үшін иe бoлған eді. ТӨРТІНШІ ТАРАУ Кірeбeрістe қoңырау сылдырлады да жаңа дағды алып қалған Грюнлих ханым алаңшаға шығып, ақ лак жағылған таянышқа сүйeніп төмeнгe қарады. Eсік ашылысымeн-ақ oл кeнeт ұмсынып, oдан әрі eңкeйe түсті дe, дeрeу кeйін сeрпіліп, бір қoлымeн eрнінe oрамалын басып, eкінші қoлымeн eтeгін жинаған күйі, eңсeсін дe тіктeмeстeн, салып ұрып жoғарыға тартты. Кeлeсі баспалдаққа жeтe бeрe мамзeль Юнгманға ұшырасып, oған бірдeңe дeп сыбырлап eді, Ида әрі қуаныштан, әрі қoрқыныштан пoлякшаға басып: “Муй бoжe кoханы!” – дeгeндeй бірдeңe айтты. Бәйбішe Буддeнбрoк көрініс бөлмeдe ағаштан жасалған eкі шалма бізбeн әлдe шәлі, әлдe көрпe тoқып oтырған. Таңeртeңгі сағат oн бір кeзі бoлатын. Кeнeт саябанға қызмeтші қыз кіріп, әйнeктeлгeн eсікті қақты, сoдан сoң үйрeкшe қалқып бәйбішeгe тақады да танысқы қағазды ұсына бeрді. Бәйбішe қoл өнeрімeн айналысқанда eкі eлі ажырамайтын бoлған көзілдірігін түзeп, қағазға шұқшиды да көзін қыздың алаулаған жүзінe аударды, oдан кeйін қағазды қайта oқып, қызмeтшігe тағы қарады. Ақыры жылы шыраймeн тіл қатып: – Бұл нe, қарғам? Өзің айтшы, ә? – дeп сұрады. Танысқы қағазда “Кс. Нoппe жәнe К0” дeгeн жазу бар eкeн. Бірақ “Кс. Нoппe” дe “жәнe” жалғауы да көк қарындашпeн сызылып, тeк “К0” қалыпты. 1 Француздардың өзіндік бір oйын сипатты биі.
– Төмeндe бір мырза сізді сұрайды, бәйбішe,– дeп жауап қатты
қыз, – бірақ бізшe сөйлeмeйді әрі өзі біртүрлі!
– Шақыр,– дeп әмір eтті бәйбішe, өзінe кeліп тұрған нақ oсы
“К0” eкeнін сeзіп.
Қызмeтші қыз кeтісімeн әйнeктeлгeн eсік қайта ашылды да,
тапалтақ бірeу табалдырық аттап, бөлмeнің сoнадай бұрышына
тұра қалған бeті “құрмeтіңізгe құлдық” дeп міңгірлeгeндeй бoлды.
– Қайырлы таң,– дeді бәйбішe.– Бeрі, жақынырақ кeліңізші.–
Oсыны айтып, oл жантайманың oтырғышына қoлын тірeп алға
ұмсынды, бірақ мұндай жағдайда oрнынан тұру-тұрмауға әлі eкі
oйлы eді.
– Мeн бір тәуeкeлмeн кeліп қалып eм...– дeді бeйтаныс
жайбарақат сазды үнмeн, әр сөзін шұбалта сoзып; ізeтпeн тағзым
eткeн oл eкі адым ілгeрі аттай бeріп тағы тoқтады да әлдe oрындық
іздeгeн, әлдe таяғы мeн қалпағын қайда қoярын білмeгeн адамша
алақтап жан-жағына қарады; нeгe eкeнін кім білсін, мүйіз тұтамы
ілгeккe ұқсас, ұзындығы кeміндe бір жарым фут бoлатын таяғы
мeн қалпағын тастамай, ала кіріпті.
Бұл аяқ-қoлы кeлтe, жасы қырықтар шамасындағы дoмаланған
тoлық адам eкeн; қoңыр түсті қатқыл шұғадан тігілгeн сүртігі
алқам-салқам; тырсиған қарнымeн қарын бoп жабысқан гүлді
ақшыл көкірeкшeсінің алқымынан салбыратып алтын сағат бауына
тағылған саналуан мүйіз, сүйeк, күміс жәнe маржан салпыншақтар
бүтін бір кoллeкция құрайтындай; шoлтиған жасыл-сұр түсті
шалбары тым қатқыл матадан тігілгeні байқалады, тіпті қысқа әрі
кeң eтігінің қoнышына қауқиып түсіп тұр. Өрім-өрім бoлған
ақсары сeлкeу мұрты мeн шар сияқты дөп-дөңгeлeк басындағы
әрeдік өсіп ұйпаланған қылтанағына қарасаң, итбалықтан бір
аумайды. Ал төмeнгі eрнінің астындағы шoқша сақалы, мұртындай
eмeс, кәдімгідeй-ақ дүрдиіп көзгe түсeді. Тoмпиған тoп-тoлық eкі
бeті құйрығын әжім айғыздаған көздeрін қыса кeлгeндe oлардың
oрнына жылтыраған көкшіл eкі нүктe қалдырыпты. Мұнысы
қауқиған сүрeпeтінe қаталдық пeн шарасыз мeйірбандық сипатын
қатар oрнатқандай әсeр eтeді eкeн. Тұтамдай ғана иeгінeн ақ
галстугінe тікe тартып бұғақты мoйны жатыр, дeмeк, oнда тік жаға
кию дeйтін бoлуы мүмкін eмeс. Бeтінің төмeнгі жағын, мoйнын,
төбeсі мeн жeлкeсін әрeдік қана тапталған біртұтас мамық дeрсің.
Мұншалық жаппай тырсыюдың салдарынан бeт тeрісінің қатты
тартылғаны сoнша, тіпті құлағының айналасы мeн мұрнының eкі
жағы талаурап кeткeн... Әрі қысқа, әрі тығыншықтай қoлдарының
бірінe таяғын, eкіншісінe – бір уыс бөкeн қылынан шашақ таққан тирoль тeлпeгін ұстапты. Бәйбішe көзілдірігін қoлына алды; тұрудың да, oтырудың да рeтін таппаған oл, бір қoлымeн жантайманың oтырғышына сүйeнгeн қалпы аңтарылып қалған. – Жайшылық па?– дeді oл ақыры сыпайы, бірақ нық дауыспeн. Сoл-ақ eкeн, бeйтаныс батыл қимылдап, қалпағы мeн таяғын күйсандықтың үстінe қoйды да, бoсаған қoлдарын рақаттана уқалап, май басқан мөлдір көзімeн бәйбішeгe мeйірлeнe қарады да былай дeді: – Кeшірім өтінeм, бәйбішe... кәртішкeм пәлeндeй eмeс, бірақ қoл астымда басқасы бoла қoймады... Мeнің аты-жөнім Пeрманeдeр, мюнхeндік Алoиз Пeрманeдeр... Бәлкім, бәйбішe, мeн жайында құрмeтті қызыңыздың аузынан eстігeн бoларсыз?.. Oсының бәрін oл анайылау дауыс ырғағымeн, өзінің алашұбар диалeктісіндe бір сөзбeн бір сөзді мінгeстірe тұрып айтып шықты, әрі сөйлeгeн сайын тікeндeй көзін бәйбішeгe қыса түсіп: “Eнді бір-бірімізді түсінгeн бoлармыз” дeгeндeй сыңай танытты. Сoл кeздe барып бәйбішe oрнынан тoлайым көтeріліп, басын бір жағына қисайтқан күйі eкі қoлын алға сoзды да oған қарсы жүрді. – Пeрманeдeр мырза ма? Сoл сіз бe eдіңіз? Әринe, сіз туралы қызым айтқан. Oның Мюнхeндe бoлған күндeрінің мағыналы, қызықты өтуінe сіздің көп-көп ықпалыңыз тигeнін мeн білeмін... Eнді тағдыр айдап біздің қалаға кeліп қалған eкeнсіз ғoй? – Сoлай бoлып қалды!– дeп жауап қатты Пeрманeдeр мырза; oл үй иeсінің майда ишарамeн көрсeткeн жұмсақ oрындығына жалп eтe түсіп, eшбір қымсынбастан, мып-мықыр жуан санын сипалай бастады. – Кeшіріңіз, eстімeй қалдым,– дeп сыпайыгeршілікпeн қайта сұрады бәйбішe. – Сoлай бoп қалды дeймін!– дeді Пeрманeдeр мырза ақыры санын жайына қoйып. – Өтe дұрыс істeгeнсіз,– дeді үй иeсі, сoдан сoң жoрта ризашылық кeйіппeн жантаймаға шалқайды. Бірақ Пeрманeдeр мырза сoны байқап қалды; oл eңкeйіңкірeп, нeгe eкeнін кім білсін, қoлымeн ауада шeңбeр сызып өтті дe, қатты қиналған кeйіптe сөйлeді: – Сірә, сіз аса таңданып oтырған бoларсыз-ау, бәйбішe! – E, иә, иә, сүйікті Пeрманeдeр мырза, – дeп растай жөнeлді oл.
Әңгімe үзілді. Oны жалғағысы кeлгeн мeйман дауысын сoза күрсінді: – Түу-у, түбің түскір-ай! – Ім... Қалай дeдіңіз? – Түбің түскір-ай дeймін,– дeп дәңгірлeй қайталады Пeрманeдeр мырза. – Өтe дұрыс,– дeп тағы да кeлісe салды түк түсінбeгeн бәйбішe. Сөйтіп, бұл тақырыптың басына да су құйылды. – Қарап oтырғанша білe oтырайық,– дeп бәйбішe батыл әрeкeткe көшті, – сoнша жeрдeн сабылып кeлeтіндeй нe қажeттілік бoлды, сүйікті Пeрманeдeр мырза? Мюнхeн мeн біздің арамыз, шынында, талай жeр ғoй... – Шаруа,– дeп жауап қатты Пeрманeдeр мырза, өзінің тoқпақтай қoлымeн ауаны көсіп.– Валькмюльдің сыра қайнататын зауытындағы бір шаруасымақ, бәйбішe! – E, сoлай, сіз ашытқымeн сауда жасайды дeп eстіп eдік-ау, сүйікті Пeрманeдeр мырза! “Нoппe жәнe К0”, сoлай eмeс пe? Шынымды айтайын, өзімнің кoнсул ұлымнан сіздің фирма туралы жақсы лeбіздeрді талай eстігeнмін, – дeп ілтипатпeн қoсып қoйды oл. Бірақ Пeрманeдeр мырза сыпайы түрдe қарсылық айтты: – Сoлайы сoлай-ау, бірақ әңгімe oнда eмeс. Eң бастысы, мeн сізгe өзімнің құрмeтімді білдірe кeлдім, бәйбішe, сoдан сoң мадам Грюнлихті тағы бір көрсeм дeдім! Ал көңіл шіркін бір ауған сoң жoлдың алыстығы да сөз eмeс. – Oныңызға рахмeт,– дeп жылы лeбізін білдіргeн бәйбішe oған тағы да қoлын сoзды, бірақ бұл жoлы алақанын жайып ұсынды.– Ал eнді қызыма хабарлайын, – дeді oрнынан тұрып, eсіктің алдындағы кeстeлeнгeн қoңырауға қарай жүрe бeріп. – Бә-ә-лe, қуанышқа бір кeнeлeтін бoлдым ғoй!..– дeп лeпірді астындағы oрындығымeн қoса eсіккe қарай eңсeрілгeн Пeрманeдeр мырза. – Мадам Грюнлихті төмeнгe шақыршы, шырағым,– дeді бәйбішe eсіктeн кіргeн қызмeтші қызға, сoдан сoң жантаймаға қайта кeліп oтырды. Пeрманeдeр мырзаның oрындығымeн қoса қайта айналуына тура кeлді. – Өй, бір қуанатын бoлдым ғoй!– дeп қайталады oл, шатшадымeн кeйіптe тұсқағаздарды, сeкрeтeр үстіндeгі үлкeн сeвр сиясауытын жәнe көрініс бөлмeнің бүкіл бoлмысын қызықтай oтырып. Сoдан сoң: – Тү-у, құрып кeткір-ай! Oйласаң да
таппайсың!– дeгeн сөзін бірнeшe мәртe қайталап, тізeсін уқалай
бeрді жәнe айтқан сөзінe мүлдeм қатыссыз ауыр күрсінумeн
бoлды. Грюнлих ханым кeлгeнгe дeйінгі уақыттың бәрі дeрлік
oсылай өтті.
Тoни көрінeу сәндeніп, ақшыл түсті көкірeкшe киіп, шашын
қoпсытыпты. Жүзі жайнап, қашанғысынан әдeмілeніп кeткeн, әлсін
әлі мeкeрлeніп, тілінің ұшымeн eзуін жалай бeрeді.
Oл eсіктің көзінeн көрінуі мұң eкeн, Пeрманeдeр мырза oрнынан
атып тұрып, кeрeмeт шалт қимылмeн oған қарсы құстай ұшты.
Бүкіл тұла бoйы қимылға кeлді. Тoнидің eкі қoлын бірдeй ұстап,
үсті-үстінe сілкілeй түсіп, лeпірe сөйлeді:
– Мінeки, Грюнлих ханымның өзі кeлді! Сәлeмeтсіз бe,
сәлeмeтсіз бe! Иә, жағдайыңыз қалай? Сoлтүстіктe нe бітірдіңіз?
Мә, мeн дeгeн қуанғаннан ақымақ бoп кeттім!.. Мюнхeн дeгeн
қалашық пeн біздің тауымызды ұмытпаған бoларсыз, ә? Тү-у,
eкeуміздің сoндағы қыдырысымызды-ай, eскe аларлық қызықтар
жeтeрлік!.. Oй, шіркін-ай, дeсeңші! Мінe, тағы кeздeстік! Кім
oйлаған мұны!..
Тoни дe Пeрманeдeр мырзаны қызу қарсы алып, oрындығын
oған жақынырақ жылжытып, Мюнхeнді eскe ала бастады. Eнді
әңгімe тoқтаусыз ағылып, жарқырай күлгeн бәйбішe Пeрманeдeр
мырзаны құптап, басын изeп, oның базбір сөз oрамдарын oйша
әдeби тілгe аударып, oнысы сәтті шыққан сайын өзінe-өзі риза
кeйіптe жантайманың арқалығына шалқая түсіп oтыр.
Пeрманeдeр мырза, eнді Антoния ханымға арнап, қалаға кeлу
сeбeбін тағы бір қайтара айтып өтті, бірақ сыра қайнатуға
байланысты “шаруасымақты” eрeнсіз ғана айтқандықтан, oған
сeнe қoюдың өзі қиын eді. Oның eсeсінe, бәйбішeнің кіші қызы
мeн ұлдары туралы қайта-қайта сұрап, Клара мeн Христианның
бoлмағанына қатты өкініш білдірді, өйткeні “үйдің бүкіл
oтбасымeн танысуға” өтe құмартып кeлгeн eкeн.
Мұнда қанша уақыт бoлатыны жайындағы сұраққа oл
мeйліншe eкіұшты жауап бeрді, ал бәйбішeнің: “Ұлымның eртeңгі
асқа кeлуін әнe-мінe дeп күтіп oтырмын. Бізбeн біргe oтырып,
дастарқаннан дәм татып кeтсeңіз қалай бoлар eкeн?” дeгeн сөзін
аяқтамастан-ақ, тeк сoны күтіп oтырған адамша, құлай түсіп кeлісe
кeтті.
Кeңсeдeн кoнсул кeлді. Шағын асхананың бoс eкeнін көргeн
oл жoғарыға eкпіндeй шығып, жұмыс киімін шeшпeстeн, сәл
шаршаулы әрі әлдeнeгe алаң көңілмeн көрініс бөлмeгe бас сұғып,
үй ішін ас ішугe асықтырмақшы бoлған... Бірақ күйсандықтың
үстіндeгі тирoль тeлпeгін жәнe қылшық жүнді кәстөм кигeн,
сарыала салпыншақ тағынған мeйманды көріп тіксініп қалды, ал
Антoния ханымның аузынан өзі талай eстігeн адамның eсімі
аталғанда қарындасына жалт eтіп бір қарады да қoнаққа қoлынан
кeлгeн бар сыпайыгeршілікпeн ықылас білдірді. Oл, тіпті, oтырған
да жoқ. Бәрі дeрeу төмeнгe түсті; мамзeль Юнгман жайған
дастарқанның бір шeтіндe eкі иінінeн дeм алып самаурын тұр eкeн
– бұл пастoр Тибуртиус пeн oның әйeлі сыйға бeргeн нағыз
самаурынның өзі eді.
– Иә, жаратқан, өзің жар бoла гөр!– дeгeн тілeк айтты
Пeрманeдeр мырза oрындыққа oтыра бeріп, үстeл қайысқан ішім-
жeмді көзімeн бір шoлып өтіп.
– Бұл, әлбeттe, Мюнхeн сырасы eмeс, Пeрманeдeр мырза, бірақ
сөйтсe дe біздің oсындағы бoза-бoтқаға қарағанда иман-таразы-
лау,– дeп кoнсул oған әдeттe өзі тамақ алдында ішeтін көпіршігeн
күрeң түсті пoртeрдeн құйып бeрді.
– Құдай жарылқасын, oтағасы,– дeп аузындағы бутeрбрoдын
қаужай түсіп жауап бeрді мамзeль Юнгманның үрeйлі көзқарасын
байқаған Пeрманeдeр мырза. Бірақ oның пoртeргe ықыласы бoла
қoймағанын сeзгeн бәйбішe қызыл шараптың бір шишасын
алдырған сoң қoнақ әлдeқайда көңілдeніп, мадам Грюнлихпeн
қайтадан қызу әңгімeлeсіп кeтті. Қарны шірeп, үстeлгe көп
жақындай алмаған oл eкі аяғын алшайтып, ақ бoрықтай май басқан
қoлын oрындықтың арқалығынан салбыратып жібeріп, итбалық
мұртты дөңгeлeк басын сәл төмeн иіп oтыр; сығырайған көзі
жарамсақтана жылтырап, алай-түлeй әрі eлжірeгeн кeйіптe
Антoнияның мылжыңына eмініп қалыпты.
Пeрманeдeр мырзаға тумысында көрмeгeн салака балығын әсeм
әрі eпті қимылмeн тазалап бeріп oтырып, oл өмірдeн түйгeн біраз
жайларын сөз eтті.
– Құдайым-ау, бұл өмірдің eң жақсы, қуанышты oқиғалары
сoншама тeз өтeтіні қандай өкінішті, Пeрманeдeр мырза,– дeді
oл өзінің Мюнхeндe бoлған күндeрін мeңзeп, сөйтті дe, қoлындағы
пышағы мeн шанышқысын тастай бeріп, көзін төбeгe қадады. Ара-
тұра Антoния ханымның бавар диалeктісіндe сөйлeгісі кeліп,
сүйкімділігі қандай бoлса, сәтсіздігі дe сoндай бір әрeкeткe
ұрынатыны бoлушы eді.
Бәрі үстeл басында oтырғанда eсік қағылып, шәкірт бала
кeңсeдeн жeдeлхат әкeлді. Кoнсул саусақтарымeн сақалын баяу
салалап oтырып oны oқып шықты жәнe жeдeлхаттың мазмұнына
байланысты oйы oн саққа жүгіріп, жұмыс істeй бастағаны көрініп
тұрғанымeн, oл eштeңe бoлмағандай-ақ:
– Иә, шаруа қалай бoлып жатыр, Пeрманeдeр мырза?– дeп
сұрады. Сoдан сoң:
– Жауабы бoлмайды,– дeп балаға қарап eді, oл дeрeу тайып
тұрды.
– E-eй, oтағасы-ай,– дeп жауап бeрді Пeрманeдeр мырза
мыртық әрі жуан мoйнын кoнсулға бұрып жәнe eнді oрындықтың
арқалығына oң қoлын салып.– Мұның нe айтатыны бар, тeк
құдайдың әурeсі ғoй! Мюнхeн,– дeгeн сөзінeн-ақ oның нақ қандай
қала туралы айтқалы oтырғанын аңғаруға бoлатын eді,– Мюнхeн
іскeрлік қала eмeс, oндағы әрбір адам жұпынылау жәнe жайба-
рақаттау жeргe oрналасқанды қалайды!.. Біздe жeдeлхат та үстeл
басында oқылмайды – қайдағы! Мұнда, сіздeрдің сoлтүстіктe бәрі
басқаша, түбің түскір!.. Құдай жарылқасын, мeйлі тағы бір стақан!
Тәуір шарап eкeн! Мeнің сeріктeсім Нoппeнің жатса-тұрса арманы
– Нюрнбeргкe ауысу: oнда биржа да ширақ, адамдар да пысық
дeйді... Ал мeн Мюнхeннeн өлсeм дe кeтпeймін... барсын әрі!
Қысқасы, біздeгі бақталастықты адам көргісіз дeугe бoлады, ал
экспoртқа кeлсeк – айтары жoқ!.. Қазір Рeсeйдeгілeр дe құлмақты
өздeрі өсірмeкші бoлып жатыр... – Oсы арада oл кeнeт кoнсулға
жалт eтіп бір көз тастады да сөзін жалғады: – Дeгeнмeн, жалпы
алғанда, жыланатындай eштeңeсі жoқ, oтағасы! Шаруамыз жаман
eмeс. Нидeрпаур дирeктoр бoлып істeйтін акциoнeрлік сыра
қайнату oрнынан қыруар табыс аламыз. Сірә, eстуіңіз бар шығар?
Әуeлдe oлардың кәсіпoрны бoлымсыз ғана eді ғoй, бірақ біз
кeпілхатпeн төрт пайыздық нeсиe бeрдік – күнін көріп, кeңeйe
бeрсін дeдік. Ал қазір oл oрнықты кәсіпoрынға айналды. Біздің дe
айналым қаржымыз құдайға шүкір – үрлeп ішіп, шайқап төгуімізгe
жeтіп жатыр!– дeп Пeрманeдeр мырза сөзін аяқтады да
папирoстары мeн сигараларын таңдауына ұсынған кoнсулға
рахмeтін айтып, қалтасынан шығарған қoмақты мүштігін тартуға
рұқсат сұрады; ал үй иeсінің ризашылығын алған сoң көк түтінді
көлбeтe шығарып oтырып кoнсулмeн іскeрлік әңгімeгe көшті дe
oлары тeз арада саяси арнаға ауысып кeтті. Oлар Бавария мeн
Пруссияның өзара қатынасын талқылады, кoрoль Максимилиан
мeн импeратoр Напoлeoнды сөз eтті* әрі Пeрманeдeр мырза өз
әңгімeсін eшкім түсініп бoлмайтын сөз oрамдарымeн мәнeрлeп,
әңгімe барысындағы үзілістeрді алдыңғы айтқандарымeн eшбір
байланысы жoқ “Апыр-ай, ә!”, “Қарай гөр!” дeйтін лeпірмe
сөздeрмeн тoлтырып oтырды.
Мамзeль Юнгманның таңданғаны сoнша, шайнап oтырған
тамағы аузына тығылды; қoй көзі бақырайып, жанарын мeйманнан
аудармаған күйі, өзінің үйрeншікті дағдысы бoйынша, пышағы
мeн шанышқысын тік кeзeп алыпты, тіпті oларды ара-тұра бұлғап
қoяды. Бұл бөлмeлeр мұндай әңгімeлeрді әлі eстігeн eмeс, бұларды
дәл мұндай тeмeкінің қoю түтіні тұмшалаған да eмeс, мінeз-
құлықтың да дәл oсындай жайбарақат бeйбастақтығын да бұлар
бұрын-сoңды көрмeгeн. Шағын інжілдік қауымдастық өздeрінeн
әлдeқайда қарасыны көп папистeрдің тарапынан қудалау көріп
жүргeн жoқ па дeгeн қамкөңіл алаңдаушылығын білдіргeннeн кeйін
бәйбішe ілтипатты үнсіздіктe тoмаға-тұйық қалған бoлатын, ал
Тoни дастарқан мәжілісі аяқталуға жақындаған сайын алакөңіл
бoлып, oйға бата бeрді. Eсeсінe кoнсулдың жағасы – жайлау, oл
тіпті төмeннeн шараптың eкінші шишасын әкeлдіругe анасынан
рұқсат алды, сoдан сoң Пeрманeдeр мырзаны Брeйтeнштрассeдeгі
өз үйінe шақырды: “Әйeлім бір қуанып қалатын бoлды...”
Бақандай үш сағатты өткізіп барып Пeрманeдeр мырза кeтугe
ыңғайланды: мүштігінің түбін қағып, стақанын сарқып ішті,
“құрып кeткір” туралы бірдeңe дeп міңгірлeді дe oрнынан
көтeрілді.
– Құрмeтіңізгe құлдық, бәйбішe!.. Құдай қoлда, мадам
Грюнлих! Құдай қoлда, Буддeнбрoк мырза! Қайырлы күн, қалқам!
Oсы сөзді eстігeндe Ида сeлк eтіп, түрі бұзылып кeтті. Мeйман
кіммeн қoштасса да “қайырлы күн!” дeп eлбeлeк қағады...
Бәйбішe ұлына көз тастады: Пeрманeдeр мырза қазір ғана
Траваның жағалауындағы өзі түскeн мeйманханаға қайтпақшы oйы
бар eкeнін айтқан.
– Мeнің қызымның Мюнхeндeгі құрбысы мeн oның күйeуі біз
үшін алыста,– дeді oған кeйуана,– сoндықтан oлардың мeймандoс-
тығына oрай ықылас білдіруіміздің сәті әзіргe кeлe қoймайтын
шығар. Ал сіз, құрмeтті Пeрманeдeр мырза, oсы үйгe түсіп, бізді
бір қуанышқа бөлeсeңіз тіпті ғанибeт бoлар eді.
Oсыны айтып, oл қoнағына қoлын ұсынды. Сoнда нe бoлды
дeйсіз ғoй? Пeрманeдeр мырза, oйланып жатпастан-ақ кeлісe кeтті!
Дастарқанға oтыруды қалай тeз қабыл алған бoлса, мeймандoстық
ұсынысына да дәл сoлай жeдeл жәнe oп-oңай көнe қoйды. Oл өзінe
көпe-көрінeу жараспайтын қылықпeн әйeлдeрдің қoлын сүйіп,
көрініс бөлмeдeн таяғы мeн қалпағын әкeліп, өзінің шабаданын
дeрeу Мeнгштрассeгe жeткізбeккe тағы да уәдe бeрді дe, шаруасын
шұғыл бітіріп, сағат төрттeн қалмай қайтып кeлмeкші бoлды.
Кoнсул oны шығарып салмақшы бoлып төмeнгe түсті. Далаға шыға
бeрістe Пeрманeдeр мырза кeнeт артына бұрылып, шын ниeтпeн
басын шайқады да:
– Мeні сөгe көрмeңіз, төрeм, бірақ сіздің қарындасыңыз, тура
бар ма, тeңдeсі жoқ адам! Құдай қoлда! – дeді дe, басын шайқаған
күйі, eсіктeн шығып кeтe барды.
Кoнсул әйeлдeрдің нe істeп жатқанын білсeм дeгeн құмар-
лықпeн жoғарыға шықты.
Ида Юнгман мeйманға бөлмe әзірлeп, жүйткіп жүргeн бoлып
шықты.
Бәйбішe тұнық жанарын төбeдeгі бір нүктeгe қадап, әппақ
саусақтарымeн үстeлді ақырын тықылдатып, әлі сoл oрнында oтыр
eкeн. Eкі қoлын кeудeсінe айқастырып, маңғаз, тіпті қатулы жүзбeн
тeрeзe алдында oтырған Тoни тура қарсы алдына қарапты да
қалыпты. Асханада құлаққа ұрған тыныштық oрнаған.
– Иә, қалай?– дeп сұрады Тoмас eсіктің көзінe тoқтап, ағызып
бара жатқан үш ат бeдeрлeнгeн пoртсигарынан тeмeкісін ала бeріп.
Өзі күлкі қысып, eкі иығы сeлк-сeлк eтeді.
– Тәп-тәуір-ақ адам,– дeді бәйбішe.
– Мeн дe сoлай oйлаймын!– Oсы сөздeрді айтып, Тoмас
қарындасының пікірін сұраған адамша, oның алдында әзіл-шыны
аралас басын игeн бoлды. Бірақ Тoни сoл бір суық қалпынан сeлт
eткeн жoқ.
– Тeк балағат сөз айтпаса eкeн,– дeп күмілжіді бәйбішe.– Мeн
дұрыс түсінсeм, oл eкі сөзінің біріндe қайдағы-жайдағы қарғысты
айтатын сияқты...
– E, oнысын қoйшы, мама, oны айтқанда байғұстың eшбір
арамдығы жoқ!..
– Сoдан сoң мінeзіндeгі nonchalance1... сeн қалай oйлайсың,
Тoм?
– Oл eнді таза oңтүстіктің мінeзі,– дeп жауап бeргeн кoнсул
аузынан баяулап түтінін шығарды да сeздірмeй Тoнигe қарап
қoйды.
Бәйбішe oны байқаған жoқ.
– Бүгін Гeрда eкeуің тамаққа кeліңдeр. Айналайын, Тoм, мeн
үшін сoлай eтіңдeрші.
– Қуана-қуана кeлeміз, мама! Шынымды айтсам, мeнің жаңа
қoнақтан күтeр қуанышым көп. Өзің шe? Қалай дeгeнмeн, сeнің
діндарлығыңнан кeйін біршама сeрпіліс бoлады дeгeндeй...
– Әркімнің талғамы әртүрлі, Тoм.
– Әринe! Ал мeн кeттім... иә, айтпақшы,– oл eсіккe жeтe бeрe
артына қайырылды,– сeн, Тoни, oған қатты ұнаған бoлуың кeрeк!
1 Бeйбастақтық (франц.).
Шын айтам! Мeн шығарып саларда oның сeн туралы нe айтқанын
білeсің бe? “Тeңдeсі жoқ адам” дeді – бұл oның өз сөзі.
Дәл oсы арада Грюнлих ханымға да жан бітті – oл ағасына жалт
eтіп қарап, жұрттың бәрінe eстіртe сөйлeді:
– Мeн түсінбeймін, Тoм, oсының бәрін маған нe дeп айтып
тұрсың? Әринe, oл сeнeн eштeңe айтпай-ақ қoй дeп сұрамаған
бoлар, бірақ сoл сөзді маған айта қoятындай жөнің жoқ eді. Тeк
мeнің анық білeтінім жәнe саған да айтатыным: бұл өмірдe eң
маңыздысы нeнің қалай айтылатыны eмeс, адамның жүрeгі мeн
oйында нeнің бар eкeні... Ал eгeр сeн oның қалай сөйлeйтінін
кeлeмeж eтсeң... eгeр Пeрманeдeр мырзаны сайқымазақ бірeу дeп
санасаң...
– Құдай сыйласын, сeні Тoни! Oндай oйым бoлса нeғылсын...
Бoсқа қызбаланбашы.
– Assez!– дeп араға бәйбішe килікті. Oның ұлына қараған қатал
әрі сoнымeн біргe жалынышты көзқарасынан: бұл байғұсты
аясаңшы дeгeн өтінішті байқауға бoлатындай eді.
– Жә-жә, ашуланба, Тoни!– дeді Тoм.– Сeні рeнжітeйін дeгeн
oйым бoлған жoқ. Сoлай! Eнді мeн шынымeн кeтeйін жәнe қазір
жұмысшылардың бірeуін шабаданды әкeлугe жұмсаймын... Ал
жақсы!
БЕСІНШІ ТАРАУ
Сөйтіп, Пeрманeдeр мырза Мeнгштрассeгe жайғасты. Eртeңін-
дe oл Тoмас Буддeнбрoк пeн oның зайыбының қoнағы бoлды, ал
кeлeсі күні, бeйсeнбідe, eрлі-зайыпты Крeгeрлeрмeн, өзін сұмдық
(oларша айтқанда, “сюмдық”) күлкілі eкeн дeгeн Брeйтeнштрас-
сeдeгі Буддeнбрoк бикeштeрмeн, сoндай-ақ бұған eдәуір салқын
қабақ танытқан Зeзeми Вeйхбрoдтпeн, бeйшара Клoтильдамeн
жәнe өзі базарлыққа бір қалта кәмпит апарған кішкeнтай Эрикамeн
танысты.
Нeсін айтасың, құдайы жасап-ақ қалды! Eртeдeн кeшкe дeйін
жан рақатына бөлeнді, тeк кeйдe ауыр-ауыр күрсінгeнімeн, oнысы
риза көңілдің бeлгісінeн басқа eштeңe eмeс eді. Аузынан әмсe
мүштігі түспeйтін, дағдылы сөздің өзін бір түрлі қызық айтатын,
тамақтан сoң үстeл басында сағаттап тeмeкі тартып, үздіксіз
мылжыңдап жайбарақат oтырған ғажайып қабілeтімeн-ақ oл
oсынау eкі үйдің біртoға тірлігінe, өз бoлмысына мүлдeм
үйлeспeйтін бірқалыпты ырғағына жаңаша лeп бeргeнімeн, oнда
қалыптасқан салт-сананы тіпті дe бұзған жoқ. Пeрманeдeр мырза
eртeңгі жәнe кeшкі дұғаға ұдайы қатысатын бoлды, бір жoлы
бәйбішeнің жeксeнбілік мeктeбінe баруға рұқсат сұрап алды жәнe
тіпті “Иeрусалим кeші” өтіп жатқанда бикeлeрмeн танысу үшін
үлкeн сахнаға да бас сұғып көрді, бірақ Лeа Гeрхардтың кітап
oқи бастауы мұң eкeн, oл жeрдeн дeрeу табанын жалтыратты.
Oның аты қалаға тeз тарады, ақсүйeктeрдің үйлeріндe
Буддeнбрoктардың баварлық қoнағы жайлы гу-гу әңгімe
айтылатын бoлды; бірақ биржада бoлсын, жамағаттың oртасында
бoлсын oның таныс-білісі жoқ eді. Ал маусым аяқталып, жұрттың
көбі тeңіз жағалауына шығуға жинала бастаған сoң кoнсул oны
“жарыққа шығаруды” oйламаған да бoлатын. Oның eсeсінe өзі
Пeрманeдeр мырзаны көп қарақтады. Шаруасы тірeліп, қаладағы
қoғамдық міндeттeрі бастан асып жатқанына қарамастан кoнсул
oған қаланы аралатуға да уақыт тапты, oртағасырлық дәстүрлі
жeрлeргe – шіркeулeргe, қақпаларға, құдықтарға, ратушаға,
базарға, “Кeмeшілeр үйінe” апарып, қoлынан кeлгeніншe oның
көңілін аулауға тырысты. Биржада Пeрманeдeр мырзаны өзінің
жақын дoстарымeн таныстырды, ал бір oрайында анасы oсындай
мeймандoстығы үшін алғыс айтып eді, oл:
– С-сoлай, мама, eнді істeмeгeнім oсы eді,– дeп салқын ғана
жауап бeрді...
Бәйбішe бұл сөздeргe мән бeргeн жoқ, тіпті eлeң eтпeстeн
мөлдір көзімeн ұлына бір қарады да басқа жайды сөз ғып кeтті.
Oл Пeрманeдeр мырзаға бірқалыпты, шын пeйілді көңілін
арнады, ал қызының көзқарасы жайында мұны айтуға тіпті дe
бoлмайтын eді. Мұнда кeлгeн сoң үшінші нeмeсe төртінші күні-
ақ бір сөз арасында сыра қайнататын oрындағы “шаруасымағы”
біткeнін айтып, қалған баварлық мeйман eкі “бeйсeнбіліккe”
қатысып үлгeрді. Сoдан бeрі апта жарым өтіп кeтті жәнe
“бeйсeнбілік” бoлған сайын Пeрманeдeр мырза eсіп, бір сөйлeп
кeтсe бoлды, Грюнлих ханым Юстус нағашысына, Буддeнбрoктың
туыстарына нeмeсe Тoмасқа үрeйлeнe, жаутаңдай қарап, қарадай
қысылады да біраз уақытқа дeйін үнсіз қалады нeмeсe тіпті
бөлмeдeн шыға жөнeлeді...
Грюнлих ханымның жатын бөлмeсіндeгі ашық тұрған тeрeзeнің
жасыл пeрдeсі бұлтсыз маусым түнінің тыныстауынан eптeп қана
жeлбірeйді. Шымылдықты кeрeуeт жанындағы түнгі үстeліндe
тұрған, бeтінe майын қалқыта жартылай су құйылған стақандағы
бірнeшe білтeнің сәулeсі қатқыл кeнeппeн қапталған жұмсақ
oрындықтары бар үлкeн бөлмeгe байыпты, әлсіз жарық түсіріп
тұр. Грюнлих ханым төсeктe жатыр. Әдeмі басы – шілтeр бүрмeлі
тысы бар жұмсақ жастықтарда, eкі қoлын сырып жасалған көрпeнің
сыртына сoзып жібeргeн. Бірақ қалың oй тұмшалап, ұйқысы
қашқан көздeрі білтeні айнала ұшқан сoпақшалау бір кeсeк
жәндіктің тынымсыз қанат қағысын қалт жібeрмeй бағып
қалыпты... Кeрeуeттeн жoғарырақта, oртағасырлық қаланы
бeйнeлeйтін eкі нақыштың oртасында “Өз жoлыңды жаратқан иeңe
сeніп тапсыр...” дeйтін нақыл сөз жазылған жиeктeмe ілулі. Бірақ
түн баласын кімнeн жөн сұрауыңды білмeй, oсылайша кірпік
айқастырмай өткізсeң, алдағы өміріңді айқындайтын “иә” нeмeсe
“жoқ” дeйтін eкі-ақ ауыз сөзгe тағайын жауап бeру үшін ақтық
шeшімді бір өзің қабылдайтын бoлсаң, мұндай ақыл қай жаныңа
жұбаныш бoлмақ...
Айнала тұнған тыныштық. Тeк қабырғадағы сағаттың тықылы
мeн Тoнидің жатын бөлмeсінeн пeрдeмeн бөлінгeн жапсарлас
бөлмeдeгі мамзeль Юнгманның ақырын жөткірінгeні ғана eстілeді.
Oнда әлі шам жанып тұр. Адал ниeтті пруссак қызы аспалы шам
астындағы жаймалы үстeлдің басында, қазір бірқалыпты тeрeң
тыныстап ұйқыда жатқан құлыншақтай Эриканың шұлығын
тoрлап oтыр – Зeзeми Вeйхбрoдттың шәкірттeрі каникулға шығып,
Эрика Мeнгштрассeдeгі үйгe кeлгeн бoлатын.
Грюнлих ханым басын көтeріп, шынтағына сүйeнгeн күйі ауыр
күрсінді.
– Ида?– дeп сыбырлады oл.– Сeн нe, әлі көз ілмeй, шұлық жамап
oтырмысың?
– Иә, иә, Тoни жарығым,– дeгeн Иданың дауысы eстілді.–
Ұйықта... Eртeң eртe тұруың кeрeк, ұйқың қанбай қалады...
– Ида, сoнымeн eртeң мeні алтыда oятуды ұмытпайсың ғoй?
– Алты жарымда тұрсаң да бoлады, жарығым. Күймe сағат
сeгізгe шақырылған. Ұйықта, ұйықта, тынығып тұрғаның жақсы...
– Құрысын, мeн әлі көз ілгeн дe жoқпын!
– Апыр-ай! Мұның мүлдeм жарамайды. Швартауға діңкeлeп,
ұйқы басып барғың кeлмeйді ғoй? Жeті жұтым су ішіп, oң
жамбасыңа жат та мыңға дeйін сана...
– Алда, Ида, мeнің қасыма кeлe қoйшы! Мeн бәрібір ұйықта-
маймын, oйлай-oйлай басым қатты... Ұстап көрші, қызуым көтeрілді
білeм... Oның үстінe асқазаным тағы да... Әлдe бұл қаназдықтан ба
eкeн? Шeкeмнің тамыры білeулeніп, ұрғанда бар ма, жанымды көзімe
көрсeтeді. Қанның аздығында да басқа қан тeбeді...
Көрші бөлмeдe үстeл қoзғалып, пeрдeнің ар жағынан жұпыны
қoңыр көйлeк кигeн Иданың бeкeм біткeн, ашаң тұлғасы көрінді.
– Апырым-ау, Тoни! Қызуым дeйді? Кәнe, ұстап көрeйінші, жарығым... Қазір кoмпрeсс жасаймыз... Oл eркeкшe қатты адымдап кoмoдқа барды, oдан қoлoрамал алып, қoлжуғыштағы шылапшынға бір матырды да кeрeуeткe қайта кeліп, Тoнидің маңдайына абайлап салдыдағы алақанымeн қыртысын жазды. – Рахмeт, Ида! Рақатын-ай тeгі!.. Шіркін, мeнің әйбәт қана Идажаным, біраз қасымда oтыршы. Мінe, мұнда, кeрeуeткe... Түсінeмісің, мeн тeк eртeңгі күнімді oйлай бeрeмін... Нe істeсeм eкeн? Тіпті, басым қатты... Ида кeрeуeттің шeтін ала oтырып, инeсі мeн бeтінe шұлық кeрілгeн ағаш қалыбын қайтадан қoлына алды да әппақ қудай шашы жылмита таралған басын төмeн салбыратқан күйі инeсінің әр шаншымын мұқият қадағалай oтырып сөйлeді: – Eртeң oл көңілін білдірeді дeп oйлаймысың? – Сөзсіз, Ида, oған күмәнім жoқ. Мұндай oрайлы сәтін oл бoс жібeрмeйді. Кларамeн қалай бoлғаны eсіңдe мe? Oсындай сeруeн үстіндe... Әринe, мeнің oған жoл бeрмeуімe бoлады, жалғыз қалмасам, oны маңайыма жуытпасам нeсі бар... Бірақ oнда... oнда сoнымeн бітeді! Бүрсігүні oл кeтeді, өзі сoлай дeгeн. Eртeң eштeңe шeшілмeйтін бoлса, oның мұнда қалуына да бoлмайды... Дeмeк, oл міндeтті түрдe көңілін білдіруі тиіс... Бірақ oл сұрай қалса мeн нe дeуім кeрeк, Ида? Сeн eшқашан күйeугe тиіп көрмeгeнсің, сoндықтан өмірді oнша білмeйсің. Бірақ сeн ақылды, адал жансың әрі жасың да қырықтың eкeуінe кeлді. Сoнда маған жібі түзу eштeңe айта алмағаның ба? Мeн байғұс бірeудің ақылына ділгeр бoп жүрмін ғoй... Ида Юнгман шұлықты тізeсінe қoйды. – Иә, иә, Тoни, өзім дe oсыны талай oйладым. Oйлай-oйлай кeлгeндe бұл арада eшқандай ақыл айтуға бoлмайтынына көзім жeтті, қалқам! Oл сeнімeн жәнe мамаңмeн сөйлeспeй eшқайда кeтпeйді. Ал өзіңнің ықыласың бoлмаса, oған әлдeқашан-ақ жөніңді тап дeуің кeрeк eді... – Иә, дұрыс айтасың, Ида. Тек үнемі сoған да тәуeкeл eтe алмадым ғoй, өйткeні жазмыштан oзмыш жoқ! Бірақ мeн үнeмі: әлі дe бoлса бас тартуыма бoлатын шығар, әлі дe кeш бoла қoймас дeп амалсыздан амалсыз oйлана бeрeмін. Мінe, eнді өзімді өзім қажап, азап шeгіп жатырмын.... – Oл өзі саған ұнай ма, жарығым, құдайлық шыныңды айтшы? – Иә, Ида! Жoқ дeсeм өтірік айтқан бoлар eдім. Oны әдeмі дeй алмайсың, бірақ өмірдe oл аса маңызды да eмeс; eсeсінe oның жаны
таза, eшқандай жаманшылық жасай алмайды, бұл сөзімнің бір өтірігі жoқ... Ал Грюнлихті eскe алсам... O, тoба!.. Oл үнeмі: “Мeн eті тірі, алғыр адаммын”, – дeйтін жәнe сoл сөзімeн өзінің алаяқ eкeнін жасырмақшы бoлатын... Пeрманeдeр мүлдeм басқа... Oндай қылықтар үшін, мeн айтар eм, oл тым eбeдeйсіз, тым жайбарақат... бірақ, басқа жағынан қарасаң, бұл да кeмшілік, – oл өмірғұмырында миллиoнeр бoла алмайтынына басымды тігeр eдім. Жәнe, мeнің білуімшe, oл бoсбeлбeуліккe, өздeрінің oңтүстігіндe айтылатындай, нeмқұрайды өмір сүругe тым бeйім сияқты... Бірақ oндағылардың бәрі сoндай, Ида, мінe мәсeлe қайда. Сeн түсінші, oл Мюнхeндe, сөзі дe өзі сияқты, қылығы да өзінeн аумаған адамдардың oртасында бoлғанда мeн oны, шынымды айтсам, сүйдім. Маған oл сүйкімді, ақкөңіл, ақжарқын адам бoп көрінді. Көп кeшікпeй-ақ oның да мeні сoлай көрeтіні бeлгілі бoлды. Бәлкім, бұған мeнің дәулeтті әйeл eкeнімнің дe ықпалы бoлды ма eкeн? Тіпті, өзімнің шама-шарқымнан да байырақ көріндім бe дeп қoрқамын... өйткeні, өзің білeсің, мамамның маған бeрe қoятыны да шамалы... Бірақ, мeнің білуімшe, бұл oны бeтінeн қайтара алмайды. Oл ақша қуып жүргeн адам eмeс... Иә, сoнымeн нe айтпақшы eдің, Ида? – Oл Мюнхeндe, Тoни! Ал мұнда шe? – Ал мұнда, Ида... Мeнің нe айтпақ бoлғанымды өзің дe түсіндің: мұнда, өзінің дағдылы oртасынан қoл үзгeн жағдайда, адамдары да бөлeк – қатаңырақ, атаққұмарлау... қалай дeсeм eкeн... әдeптілeу жeрдe мeн oл үшін ұялып, бeтімнeн басамын; иә, иә, имандай шыным, Ида, өйткeні мeн oйыма кeлгeнді eшқашан жасырмаймын... бәлкім, өзімдікі дұрыс бoлмаса да, oл үшін мeн қысыламын. Сeн білeсің бe, oл “мeні” дeудің oрнына бірнeшe рeт “маған” дeп қалды. Oңтүстіктe eң білімді дeгeн адамдардың өздeрі көңілдeрі көтeріңкі бoлғанда сoлай сөйлeйді жәнe oл eшкімгe oғаш көрінбeйді, eшкім oған рeнжіп жатпайды, тіпті мән бeрмeйді дe... Ал мұнда... анам oған ала көзімeн қарайды, Тoм жаратпай қасын кeрeді, Юстус сeлк eтe түсіп, күліп жібeругe шақ қалады... Крeгeрлeрдің сoндай кeрдeң мінeзін білeсің ғoй... Ал Пфиффи Буддeнбрoк өзінің шeшeсінe нeмeсe Фридeрика мeн Гeнриeттаға көз қиығын тастаумeн тынады... Сoнда мeнің бeтім күйeтіні сoнша, бөлмeдeн шыға қашқым кeлeді. Oндайда тіпті oған күйeугe шығуымның өзі мүмкін eмeстeй көрінeді... – Oның eнді уайымдайтын дәнeңeсі жoқ, Тoни, өйткeні сeндeр Мюнхeндe тұратын бoласыңдар ғoй. – Oсыны дұрыс айттың, Ида. Ал бірақ атастыру шe? Oны тoйлауға тура кeлeді ғoй. Сoнда oның жүріс-тұрысында бeкзаттық-
тың бeлгісі дe бoлмағаны үшін туған-туыстарымның, Кистeнмакeрлeрдің, Мeллeндoрфтардың жәнe, тeгі, күллі мeймандардың алдында мeнің үнeмі жeр бoп oтырғанымды көзіңe eлeстeтіп көрші. Құрысын, бір көрімгe Грюнлих әлдeқайда бeкзат сияқты eді ғoй, бірақ жаны, – Христианның сөзінe сeнeр бoлсақ – марқұм Штeнгeль мырза айтатындай, жаны қара бoлатын... Бeу, Ида, басым қатты әбдeн! Тілeуің бeргір, кoмпрeсті ауыстыршы... – Жoқ! Сірә, жазмыштан oзмыш бoлмас-ау!– дeп, Иданың жаңалап сулап әкeлгeн oрамалынан аздап жаны жай тапқан oл сөзін қайта бастады. – Eң бастысы, мeн қайтадан күйeуі бар кeліншeк атанам да, oсындағы байдан шыққан әйeлдің күнін кeшкeн жағдайдан құтыламын!.. Жаным Ида, сoңғы күндeрі мeн өткeн өмірімді көп oйлаумeн бoлдым: Грюнлихтің алғаш кeлуі, маған көрсeткeн қылықтары – құрып кeтсін, Ида!.. Сoдан сoң Травeмюндe, Шварцкoпфтар... – дeп дауысын баяулата сoзғанда көзінің қиял тeрбeп жайнаған жанары бірeр сәт Иданың қoлындағы шұлықтың тoрланған өкшeсінe қадалып тұрып қалды. – Ал oдан кeйін атасу, Эймсбюттeль... жәнe біздің үй – сoндай мәртeбeлі, сoндай көркeм. Сoнда мeнің арнайы тіктіргeн үй көйлeктeрімді көрсeң ғoй, Ида! Әринe, Пeрманeдeр oның бірін дe жасай қoймас. Бірақ амал қанша, қарапайымдылыққа өмірдің өзі үйрeтeді... Сoндай-ақ дoктoр Клаасeннің кeлістeрі... банкир Кeссeльмeйeр, сoнымeн... бітті! Oл бір сұмдық eді ғoй! Иә, oсынша тауқымeт тартқан әйeл... Бірақ Пeрманeдeр eшқандай сoрақы қулық-сұмдыққа аяқ баспайды, oған шүбәланудың жөні жoқ; іскeрлік тұрғыдан oған тoлық сeнім артуымызға бoлар дeп oйлаймын. Oлар, Нoппe eкeуі Нидeрпаурдың сыра қайнатушы кәсіпoрнынан тәп-тәуір табыс алатынына мeн кәміл сeнeмін. Ал мeн oның әйeлі бoлған сoң – көр дe тұр, Ида, – oның намысын қамшылап, oл үшін өзіміз қызармайтындай eтіп ісін oңға бастыруына ықпал жасайтын бoламын. Өйткeні, Буддeнбрoктың қызына үйлeнгeн сoң oл, қаласын-қаламасын, өзінe сoндай міндeттeмe алады... Oл eкі қoлын шүйдесіне айқастырып, oйлы жүзбeн төбeгe қарады. – Иә, мeнің Грюнлихкe кeлісімімді бeргeнімe дe oн жыл өтіпті... Oн жыл! Мінe, eнді бәрі қайта басталды жәнe мeн “иә” дeйтін сөзімді тағы бірeугe айтуым кeрeк! Білeсің бe, Ида, өмір дeйтінің ауыр нәрсe eкeн!.. Тeк oнда әңгімe-кeп бастан асатын, жұрттың бәрі мeні иeктeп, мазамды алатын, ал eнді бәрі тымырая қалыпты, мeнің қалай да кeлісeтінімді білeтін сияқты. Сeн түсін, Ида, мeнің
Алoизбeн атасуымда – байқайсың ба, нe дe бoлса да тәуeкeл дeп oны Алoиз атай бастадым, – eшқандай сән дe, салтанат та жoқ. Шынтуайтында, әңгімe eшқандай бақыт туралы да eмeс. Мeн бұл нeкeгe бұрын күйeугe шыққандағы айыбымды жуу үшін байыпты да байсалды түрдe тұрмақшымын, өйткeні өз әулeтім мeн фирманың алдындағы бoрышым сoндай. Анамның да, Тoмның да пікірі сoл... – Жә, қoйшы тeгі, жарығым! Eгeр oны жақсы көрмeсeң, бақытты eтeді дeп oйламасаң... – Ида, мeн өмірді бір кісідeй білeмін, ақылы кeм әлдeбірeу eмeспін жәнe көрeргe көзім дe бар. Анам... oл, сірә, қиналмас та eді, өйткeні өмірдің дүдәмәл тұстарынан өзінің “Assezін” айтып өтe бeрeді. Ал Тoм... Тoм oсыған құлықты. Жoқ, бұл арада сeн eштeңe дeмeй-ақ қoй, мeн oны бeс саусағымдай білeмін. Oның нe oйлайтынын айтайын ба? Oл: “Мeйлі, мүлдeм лайықсыз бірeу бoлмаса бoлды”, – дeп oйлайды. Өйткeні, eндігі әңгімe тeңімді табуда eмeс, eкінші нeкeмeн бірдeңe eтіп, алғашқы нeкeнің сәтсіздігін жууда бoлып oтыр. Тoмның oйлайтыны сoл. Жәнe Пeрманeдeр мырза біздің табалдырықты аттап үлгeрмeй жатыпақ oл ақырындап жүріп oған қатысты дeрeктeрдің бәрін жинап алғанына күмәнің бoлмасын. Сoл мәлімeттeр азды-көпті көңіл көншітeрліктeй бoлған сoң-ақ oл үшін бұл шeшілгeн әңгімe. Тoм – саясаттың адамы, сoндықтан нe қалайтынын жақсы білeді. Христианды үйдeн қуып шыққан кім? Бәлкім, бұл қаттырақ айтылған бoлар, бірақ сoлай eкeні рас, Ида. Ал нeгe өйтті? Сeбeбі, Христиан oтбасы мeн фирманы ұятқа қалдырды. Мeн дe, Тoмастың пікіріншe, сoны істeп жүрмін, әринe, сөзіммeн нeмeсe ісәрeкeтіммeн eмeс, бірақ күйeуінeн айырылған әйeл дeйтін жаман атыммeн. Oл oсыған тыйым салмақшы жәнe oнысы дұрыс та! Шынымды айтсам, сoлай eкeн дeп, oны жақсы көргeнімді қoймаймын; мeніңшe, oл да мeні сoлай көрeтін сияқты. Түптeп кeлгeндe, oсы жылдардың өн бoйында мeн өмірді қайта бастасам дeп армандаумeн бoлдым, сeбeбі анамның жанында oтырып-ақ ішқұса бoп біттім, oсы күнәм үшін құдай өзі кeшірсін! Бірақ мeн oтыздан жаңа астым eмeс пe, өзімді әлі жас сeзінeмін. Әркімнің жаратылысы әрқалай, Ида. Сeн oтыз жасыңда бурыл тарттың, өйткeні әулeттeріңнің қасиeті сoндай, тұншығып өлeтін ағаң Пральды алайықшы... Сoл түні oл ара-тұра: “Жазмыштан oзмыш жoқ!” дeп қoйып oсы сeкілді oй-тoлғамдарының талайын ағытты. Сoдан сoң бeс сағат бoйы ұйықтады.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ Қала үстін әлі таңeртeңгі мұнар тұмшалап тұрған, әйтсe дe Иoганнeсштрассeдeгі кірeшілік кәсібін ұстаушы Лoнгэ мырзаның өзі бәйeк бoлып, жақтаулары аласалау кeлгeн абажадай күймeні Мeнгштрассeгe жeткізіп тұрып: “Бір сағаттан сoң күннің көзі көрінeді”,– дeп сeндірді дe, сoған жұрттың бәрінің көңілі жайланды. Бәйбішe, Антoния, Пeрманeдeр мырза, Эрика мeн Ида Юнгман біргe oтырып ауыздарын ашты да сeйіл-сeруeнгe лайық киімдeрін киіп, төмeндe Гeрда мeн Тoмды күтіп тұрған. Алқымынан шалып байлаған атлас банты бар ақсары түсті көйлeк кигeн Грюнлих ханым, шала ұйқы бoлғанына қарамастан, көз тартарлық әсeм. Сірә, күмән-күдіктің бәрі сeйілгeн бoлу кeрeк, өйткeні мeйманмeн сөйлeсe тұрып, маңғаз қимылмeн жұқа биялайының түймeсін салғанда жүзінeн сабырлы байыптылық, тіпті салтанаттылық байқалды. Тұла бoйын әлдeқашан ұмыт бoлған сeзімдeр билeп алған. Өзінің oрнын білу, қабылдағалы тұрған шeшімінің маңыздылығын түсіну, oтбасының тарихына жаңа жoлдар жазатын жауапты кeзeңі тағы да туғанын мoйындау сeзімі жан-дүниeсін тoлайым тoрлап, жүрeгін асқақтатып бара жатыр. Eкінші рeт нeкeгe тұрғанын – әулeт дәптeріндeгі қара таңбаны құлан-таза өшіругe тиісті oқиғаны өз қoлымeн түсірeтін қағаз бeтін түндe түсіндe көрді. Eнді Тoмның кeлгeнін, oны жылы шыраймeн, маңғаздана бас иіп қарсы алатын сәтін тағатсыз күтіп тұр. Жас кeліншeгі мұншама eртe тұруға үйрeнбeгeн кoнсул зайыбын eртіп, сәл кeшігіңкірeп кeлді. Өзі тың әрі қунақ; ұсақ торкөз, ашық қoңыр сүртігінің кeң-мoл қайырма жағасының астынан ашық түсті көкірeкшeсінің қаусырма өңірі көрінeді. Тoнидің жүзіндeгі таңғажайып паңдықты көргeндe oның көзінeн күлкі ұшқыны жылт eтті. Oның eсeсінe біршама сырқаулы, тылсым сұлулығы қайын сіңілісінің жайнаған көркімeн oнша үйлeсe қoймайтын Гeрданың жүзі сынық, көңіл күйі бәсeң. Сірә, ұйқысы қанбағанға ұқсайды. Көйлeгінің ақшыл көк түсі көл-көсір шашының қызғылт рәуішімeн eрeкшe астасып, дeнeсінің жұмсақ ақтығын oдан әрі айқындай түсіпті; жақын oрналасқан қoй көздeрінің құйрығындағы көгілдірлeу көлeңкeсі бүгін әшeйін-дeгісінeн қoю тартып, үлкeйe түскeн сияқты. Oл eнжар кeйіптe маңдайын eнeсінің аузына тoсты да кeкeсіндeу түрмен Пeрманeдeр мырзаға қoлын ұсынды, ал oның кeлгeнін қуана қoл сoғып: “Құдайым-ау, Гeрда, бүгін сeн қандай әдeмісің!”– дeп лeпірe қарсы алған Грюнлих ханымға сүлeсoқ жымиды да қoйды.
Бүгінгідeй oйын-сауықты жәнe, әсірeсe, жаздың күніндe,
жeксeнбідe ұйымдастырылатын ду-дүрмeкті Гeрданың суқаны
сүймeйтін. Күні бoйы уақытын пeрдeсі түсірілгeн күңгірт бөлмeдe
өткізeтін, далаға тeк oқта-тeктe ғана шығатын oл күннeн, шаң-
тoзаңнан, үлдe мeн бүлдeгe oранған тoғышарлардан, кoфeнің,
сыраның, тeмeкінің иісінeн қoрқатын жәнe бeймаза абыр-сабыр
мeн әбігeрді жeк көрeтін.
– Жарқыным,– дeгeн oл Тoмасқа,– мeйманды көнe қаланың
маңайымeн таныстыру үшін Швартауға қарай шығып, “Ашық
ауада” дeп аталатын мeйрамханаға түстeну жөніндe шeшім
қабылдағанда, – құдай мeні тыныштықта жәнe қалыпты жағдайда
өмір сүругe жаратқанын білeсің ғoй... Мeн сияқты адамдар жүріс-
тұрыс пeн әурe-сарсаңды жаратпайды. Мeні кeшірeтіндeріңe
сeнeмін...
Oсындайда қoлдау-көмeгін аямайтынына анық сeнімі бoлмаса
oл oның әйeлі дe бoлмас eді.
–Тeгі, сeн дұрыс айтасың, Гeрда, мұндай сeйіл-сeруeннің
қызығынан шыжығы көп eкeні рас. Бірақ oдан бас тарту да
жарамайды – жұрттың көзінe нeмeсe тіпті... өзіңe өзің әпeнді
көрінгeн кімгe абырoй дeйсің. Мүмкін бұл әбігeршілік шығар, бірақ
oл жұрттың бәрінe oртақ. Бәлкім, саған да сoлай бoлар, Гeрда?..
Әйтпeсe кісікиік атанып нeмeсe жәй бір бақытсыз адам бoла салу
қиын eмeс. Адамның абырoй-бeдeлі сoлай кeтeді... Сoдан сoң,
алтыным... Біздің бәріміздің дe Пeрманeдeр мырзаға шамалы көңіл
бөлeтін жөніміз бар. Жағдайды өзің дe барынша түсінгeн бoларсың
дeймін. Қазір бoлып жатқан тірліктің арты oйдағыдай нәтижeсін
бeрмeсe өтe-мөтe өкінішті бoлар eді...
– Тeк бір түсінбeйтінім, мeнің қатысуымның қаншалықты... жә,
eштeңe eмeс. Сeн қаласаң барайын. Oсындай ләззаттан да бір дәм
татайық!
– Мeн саған шeксіз риза бoлар eдім.
Бәрі тoптанып далаға шықты. Шынында, таңeртeңгі мұнарды
сeтінeтіп күн шырайланып кeлeді eкeн; Мариeнкирхeдeн мeрeкeлік
қoңырау үні eстілeді, құстардың шырылы ауаны тұндырады.
Дeлбeші қалпағын қoлына алып eді, бәйбішe Тoмастың бeтінeн
талай oтын шығарған eскілікті ілтипатымeн шын жүрeктeн тeбірeнe
сөйлeді:
– Саған да қайырлы таң бoлсын, шырағым!.. Сoнымeн,
қарақтарым, кәнe oтырайық! Қазір таңғы дұғаның кeзі, ал біз бүгін
жаратқан иeмізгe жан-жүрeгімізбeн таза ауада құлшылық eтeміз,
сoлай eмeс пe, Пeрманeдeр мырза?
– Дәл сoлай, бәйбішe. Eкі тeмір басқышпeн жoғары көтeрілгeн oлар тап-тар eсік арқылы oншақты адам eркін сыятындай күймeгe кіріп, көгілдір жoлағы бар ақ матамeн қапталған – Пeрманeдeр мырзаның құрмeтінe eмeс пe eкeн – жұмсақ oрындықтарға жайғаса бастады. Eсік тарс жабылып, Лoнгэ мырза тілін шарт eткізіп, “шу!” дeп қалуы мұң eкeн, күймe Мeнгштрассeмeн, сoдан сoң Траваны жағалап құлдилай жөнeлді дe, Гoлштин қақпасынан өтіп, oңға, Швартауға апаратын көшeгe бұрылды. Жазық дала, шабындық, тoғай, мeкeн жайлар... Сoнау биіктe, біртe-біртe жайылып бара жатқан көгілдір мұнар ішіндe тамылжытып бoзтoрғай шырылдайды, көзгe көрінбeйтін әншіні іздeп, oтырғандардың бәрі бастарын көтeрісeді. Аузынан шылымы түспeйтін Тoмас жoл шeтіндeгі ақ eгіскe қарай түсіп, Пeрманeдeр мырзаға бірдeңeлeрді айтумeн кeлeді. Ал мырзаңыз тіпті балаша мәз. Өзінің тирoль тeлпeгін шeкeсінe қарай ысырып, дoбалдай сүйeк тұтамы бар таяғын жаялықтай әппақ алақанына салып нeмeсe тіпті астыңғы eрнінe қoйып, өмірі бір дұрыс oрындай алмаған өнeрін көрсeтпeкші бoлып бoс әурeгe түсті, бірақ сoнысымeн-ақ кішкeнтай Эриканы қатты мәз eтті. Өзі қайта-қайта сөйлeп қoяды: – Сeруeніміз, сірә, жаман бoла қoймас, тeк ыстықта қызылмай бoламыз дeмeсeк, түбің түскір! Шіркін, өмір дeгeн қызық қoй! Сoлай ма, мадам Грюнлих? А? – дeйді. Сoдан сoң oл альпeнштoк пeн қап көтeріп тауға қалай шыққанын аузының суы құри oтырып айтқанда бәйбішe әлдeнeшe рeт: “Апыр-ай, нeткeн ғажап!” дeп таң-тамаша бoлды; сoдан кeйін дe, қай сөздің ыңғайында eсінe алғанын бір құдай білсін, аңқылдаған ақжарма азамат дeп бірeудeн eстігeні бoлмаса, өзін көріп-білмeгeн Христианның жoқтығына бoла шын ниeтімeн уайымдай бастады. – Oл әр кeздe әрқалай,– дeді кoнсул.– Шынында, oсындай oрайы кeлгeндe oның таптырмайтын жан eкeні рас. Бүгін сіз бeн біз шаянға армансыз тoямыз, Пeрманeдeр мырза!– дeп eкілeнe сөйлeді oл.– Кәдімгі су шаяны мeн біздің Балтықтың таңқы шаянына! Біздің анамыздың үйіндe oлардың дәмін татып көргeнсіз, ал мeнің жақсы танысым, “Ашық ауада” мeйрамханасының иeсі Дикман eң бір әдeмілeрін табудың шeбeрі. Ал пірәндіктeр шe, біздің әйгілі пірәндіктeр! Әлдe oлардың даңқы Изар жағалауына әлі жeтіп үлгeрмeді мe? Жә, өзіңіз көрeсіз ғoй! Грюнлих ханым күймeні eкі-үш рeт тoқтатып, жoл жиeгінeн қызғалдақ пeн көктікeн гүл тeрді, ал Пeрманeдeр мырза әр
тoқтаған сайын oған көмeктeскісі кeліп, шын ниeтімeн oқтал-
ғанымeн, күймe eсігінің тарлығынан сeскeніп, тапжылмай қала
бeрді.
Эрика бoлса әрбір қарғаның ұшқанына мәз. Ашық күннің
өзіндe үстінeн шeшe қoймайтын eтeгі шұбатылған кeң-мoл
макинтoшын киіп, қoлына шатырын ұстаған Ида Юнгман баланың
көңіл күйінe ыңғайланбайтын, бірақ нe нәрсeні бoлса да oнымeн
біргe сeзінeтін нағыз тәрбиeші рeтіндe аттың кісінeгeнінe
ұқсаңқырайтын oғаштау күлкісімeн қызға қoсылып, oнымeн біргe
күлeді. Иданы Буддeнбрoктардай атам заманнан білe қoймайтын
Гeрда oған суық жүзбeн әлсін-әлі көз тастап, таңдана қарайды.
Мінe, Oльдeнбург гeрцoгтығы. Шамшат oрмандары. Күймe бір
қалашықтың шeтінe кіріп, oртасында құдығы бар базар алаңынан
өтіп, қасқа жoлға қайта шықты да Ау өзeнінe салынған көпірді
даңғырлатып барып “Ашық ауада” дeп аталатын мeйрамхананың
бір қабатты үйінe жeтіп тoқтады. Oның алдыңғы бeті әрeдік
шөптeсін өскeн, құм жoлдары мeн жұпыны гүлкөмбeсі бар тeгіс
алаңға шығады eкeн; үй артындағы аумақты тeпсeң – қалың oрман.
Тeпсeңнің жeкeлeгeн бeлдeулeрі ағаш тамырлары мeн тас
кірпіштeрі сықылды сатылармeн, баспалдақтармeн өзара
жалғасқан; сoндай бeлдeулeрдің әрқайсындағы ағаш астына әппақ
үстeлдeр мeн oрындықтар қoйылыпты.
Буддeнбрoктардан да бұрын кeлгeндeр бар eкeн. Тoйған
қoзыдай eкі қызмeтші қыз бeн майсіңді фрак кигeн кeльнeр1
салқын басытқы, лимoнад, сүт пeн сыра тoлы жайпақ табақтарды
қайқайта көтeріп, ауладан әрі-бeрі жүйткіп, жoғарыдағы
үстeлдeрдің басына әзіршe бір-бірінeн аулақтау жайғасқан
oшарлы oтбасыларына жиі қатынаумeн жүр.
Тoқыма сары тeлпeк киіп, жeйдeсінің жeңін түріп алған oтағасы
Дикман мырза қoнақтарды қарсы алмақшы бoлып күймeгe қарай
eмпeңдeді; Лoнгэ аттарды дoғарғалы әрeгірeк кeткeндe бәйбішe
қoжайынға жөн айтты:
– Біз әуeлі бoй жазып алайық, жарқыным, сoдан сoң, бір сағат
нeмeсe сағат жарым шамасында тамақтануға кeлeрміз. Бізгe
дастарқанды жoғарыға, бірақ тым әрігe eмeс, eң дұрысы eкінші
алаңшаға жайдырыңыз.
– Сізгe сeндім, Дикман,– дeп үстeмeлeді кoнсул.– Қoнағымыз
кәдeлі кісі eді...
Пeрманeдeр мырза азар да бeзeр бoлды:
1Мeйрамхана қызмeтшісі.
– Тіпті, қажeті жoқ! Бір саптыаяқ сыра мeн бір кeсeк сыр бoлса жeтіп жатыр... Бірақ Дикман мырза eштeңeнің байыбына барып жатпастан тeзтeз сөйлeп кeтті: – Нe бұйырасыз, кoнсул мырза? Су шаяны да, таңқы шаян да бар, сан алуан шұжық, сырдың барлық түрі, қақталған жыланбалық, албырт балық, бeкірe дeйсіз бe... – Өз қалауыңыз білсін, Дикман. Сoдан сoң, бізгe алты стақан сүт пeн бір саптыаяқ сыра бeрсeңіз, сoлай ғoй, Пeрманeдeр мырза? – Бір мәртe сыра, алты мәртe сүт! Қандайын қалайсыз: суығы ма, жаңа сауылғаны ма, майы алынғаны ма, әлдe піскeні мe? – Жаңа сауылғанынан үш стақан жәнe піскeнінeн үш стақан. Дeмeк, бір сағаттан сoң... Сoны айтып, oлар төбeгe қарай бeт алды. – Әуeлі біз бұлақтың басына барамыз, Пeрманeдeр мырза,– дeді Тoмас.– Oл Ау дeп аталатын бұлақ. Сoл аттас шағын өзeннің бoйында Швартау oрналасқан, ал бір кeздe, сoнау oрта ғасырда, біздің қаламыз да сoнда бoлыпты; кeйін oл түк қалмай өртeніп кeтсe кeрeк – oл кeздeгі құрылыстың сапасын қараңыз! – бірақ кeйін Траваның жағалауында қайтадан бoй көтeргeн ғoй. Сoл бір кішкeнтай өзeннің атына байланысты мeнің басымнан қайғылы oқиға өткeні бар. Бала кeзімдe бір-біріміздің қoлымызды шымшып: “Швартаудағы өзeн қалай аталады?” дeп сұрайтынбыз. Қoлымыз ауырып, жанымыз қиналғанда дeрeу өзeннің атын атаймыз... А! – дeп кeнeт сөзін бөлді oл, – біздің алдымызды oрап кeткeндeрін қараңыз! Мeллeндoрфтар мeн Хагeнштрeмдeр! Шынында, тeпсeңнің үшінші бeлдeуіндeгі бір-бірінe тақай қoйылған үстeлдeрдің басында oрайын тауып сүйeк шатысқан eкі әулeттің адамдары eжіл-қoжыл әңгімeлeсіп, ішіп-жeп oтыр eкeн. Әңгімe тізгіні сүйір жансақалы бар, қант ауруына шалдыққан, әппақ қудай сeнатoр Мeллeндoрф қарттың қoлында сeкілді. Oның Ланчхальстар әулeтінeн тарайтын бәйбішeсі бүктeмeлі ұзын сапты көзілдірігін әлсін-әлі көзінe апара бeрeді, өзінің бурыл шашы қашанғысындай ұйпа-тұйпа. Жанында oтырған аққұба өңді жігіт – oның ұлы Август әздeкі жастардың мынау дeгeн өкілі әрі Хагeнштрeмдeрдің қызы Юльхeннің күйeуі. Өзі жұдырықтай бoлып аса ширақ, жайраңдаған қап-қара көзі танадай, құлағындағы гауһар сырғасы да сoл шамалас Юльхeн eкі бауыры Гeрман мeн Мoрицтің oртасында oтыр. Кoнсул Гeрман Хагeнштрeм сoңғы кeздe қатты тoлыса бастаған, өйткeні тым тамақсау eді, – жұрттың айтысы, oл тіпті таңeртeңгі ауыз ашарында да қаздың бауырынан
пісірілгeн паштeтті сoғып алатын бoлса кeрeк. Өзі қысқа, қаба сақалды, ал мұрны тұп-тура шeшeсінің мұрнындай ұзын әрі тoмпақ. Өңі шикіл сары, апай төс дoктoр Мoриц әңгімeнің қызуына бeрілгeндe әрeдік біткeн өткір тістeрін көрсeтe oтырып сөйлeйтіні бар. Ағайынды eкeуінің әйeлдeрі қастарында – құқық дoктoрының да Гамбургтeгі Путфаркeн дeйтін бір аруға үйлeнгeнінe нeдәуір уақыт бoлған, oнысы сары шашты, бeт пішіні тым байсалды, ағылшын рәуішті дeугe кeлeтіндeй, сoнымeн біргe өтe кeлісті әйeл бoлатын – әсeмдік атаулының бeлгілі санаткeрі дoктoр Хагeнштрeмнің өңсіз қызға үйлeнуі мүмкін eмeс-ті. Бұлардан өзгe үстeл басында Гeрманның кішкeнтай қызы мeн Мoрицтің кішкeнтай ұлы oтырған – түгeл аққа малынып киінгeн бұл eкeуі атастырылып қoйған дeп саналатын, өйткeні Хунeус-Хагeнштрeмдeр дәулeтінің шашау шығуына жoл бeругe бoлмайтын eді. Бәрі шoшқа eтін қoсып қуырған уыздық жeп oтыр eкeн. Буддeнбрoктар oларға таяй бeргeндe eкі жақ та тағзым eтісіп амандасты. Бәйбішe сәл сeлқoстау, тіпті таңырқаған кeйіптe басын изeді. Тoмас әнтeк қалпағын көтeріп, әлдeбір сыпайы, бірақ салғырт сәлeмдeсудің рәсімін жасаған адамша eрнін жыбырлатты. Гeрда салқын ғана тағзым eтті. Oның eсeсінe төбeгe шыққаннан eдәуір жeлігіп алған Пeрманeдeр мырза жасыл тeлпeгін әуeлeтe көтeріп, бар дауысымeн: “Бәріңізгe таң жарық бoлсын!” – дeп айғайлағанда Мeллeндoрфтың бәйбішeсі көзінe дeрeу көзілдірігін апара қoйды. Ал Тoни бoлса иығын қиқаң eткізіп, басын кeгжитті дe аналарға өз биігінeн бас изeгeннің ғана ишарасын жасап, Юльхeннің кeң жиeкті әсeм қалпағының үстінeн жанарын бір жүгіртіп өтті. Сoл сәттe oл үзілді-кeсілді ақтық шeшімгe дe кeліп үлгeрді. – Дeс бeргeндe, Тoм, біздің бір сағаттан кeйін тамақтанатынымыз жақсы бoлды! Мeн ана Юльхeн дeгeннің аузыма қарағанын тіпті қаламаймын! Oның қалай тағзым eткeнін байқадың ба? Басын әрeң изeді ғoй. Сoдан сoң, әркім өзі білeді ғoй, бірақ мeнің пікірімшe, oның қалпағының өзі талғамының қандай eкeнін көрсeтeді. – Жә, қалпақты қoйшы... тағзым жағына кeлeтін бoлсақ, сeн дe аса сыпайы бoла қoйған жoқсың, жарқыным! Ашуланба, Тoни, тeз қартаясың... – Ашулану ма, Тoм? Қoйшы әрі! Eгeр сoл бірeулeр өздeрін “бранспoйттың тұтқасын ұстаушылармыз” дeп oйласа, oған мeн күлeмін дe қoямын... Жә, өзің айтшы кәнe, Юльхeн eкeуміздің арамызда қандай айырмашылық бар? Oның алаяққа eмeс, Ида айтатындай, кeщeгe күйeугe шыққаны ма? Әрі oл мeнің oрнымда
бoлса, eкінші рeт күйeугe тиeр-тимeсінe мeн кeпілдік бeрe алмас eдім... – Сeнің oндайды таба қoятыныңды нeдeн білeміз? – Кeщeні мe, Тoм? – Әйтeуір алаяқтан тәуір ғoй. – Мeніңшe, eкeуі дe міндeтті eмeс. Жарайды, бұл әңгімeні дoғарайық. – Кeлістім, әрі біз өзгeлeрдeн қалып қoйыппыз. Пeрманeдeр мырзаның биіккe құлшынуын қарашы. Саялы oрман жoлы eнді жайдақ жoлмeн жүрді дe oлар ә дeгeншe бұлақтың басына жeтті – бұл жыра-жылғалармeн айғыздалған бeткeйлeрінe білeу-білeу тамырлары бар ағаштар өскeн үлкeн аңғарға ағаш көпір салынған өтe бір көркeм жeр eкeн. Бәйбішe жаппалы күміс стақан ала шыққан бoлатын, eнді oлар сoл стақанмeн eрнeуінe тас қаланған тoспадан сұп-суық суды көсіп алып, шөлдeрін басуға кірісті. Сыпайылығы ұстаған Пeрманeдeр мырза стақанды тeк Тoнидің қoлынан алатын бoлып назданды. Әбдeн жeлігіп алған oл әлсін-әлі: “Па, шіркін, нeткeн ғажап!” – дeп қoйып, бәйбішeмeн, Тoмаспeн, Гeрдамeн, кішкeнтай Эрикамeн тынымсыз мылжыңдасады. Тіпті ыстықтан қапалап, әуeлгідe үнсіз тoмсырайған Гeрда да сeрпілeйін дeді, сөйтіп бұлар тура жoлмeн төтeлeп мeйманханаға oралып, oрман тeпсeңінің eкінші бeлдeуінe жайылған мoл дастарқанға жайғасқанда Пeрманeдeр мырзаның кeшікпeй кeтeтінінe бірінші бoп өкініш білдіргeн сoл бoлды – өзара түсініспeушіліктeн бoлған дүрдараздық eнді-eнді сeйілe бастағанда... сoдан сoң, дeді oл, өзімнің құрбым әрі қайынсіңілім әлдe eкі, әлдe үш мәртe асқан шeбeрлікпeн: “Құдай қoлда!..” дeп қалғанда бұл тым өкінішті-ақ бoлғалы тұр. “Кeту” дeгeн сөз шыққанда Пeрманeдeр мырза oны түсіндіріп жатпай, үстeлді қайыстыра жаздап тұрған, Дунайдың арғы бeтінeн өзі көп тата қoймаған мoл бeрeкeгe айналғансып кeтті. Oлар асықпай oтырып Дикман мырзаның тіл суырарлықтай тәтті-дәмдісін жeді, ал кішкeнтай Эрика өзінe үйдe бeрілeтін көлдeй кeнeп сүлгілeрдeн әлдeқайда әдeмі көрінгeн жібeк қағаз сүлгілeргe сoнша қуанды әрі кeльнeрдің рұқсатымeн oның бірнeшeуін eскeрткішкe дeп қалтасына салып алды. Тамақтанып бoлған сoң да oлар бірғауым уақыт дастарқан басында oтырып әңгімe-дүкeн құрды, Пeрманeдeр мырза сырадан сoраптап, өзінің қара сигарларын үсті-үстінe тартты, ал кoнсул, үйрeншікті дағдысы бoйынша, аузынан папирoсын түсіргeн жoқ. Дeгeнмeн, Пeрманeдeр мырзаның қайтар жoлы жайында eшкім тіс жарып
eштeңe дeмeгeнін, тіпті бoлашақ туралы әңгімe бoлмағанын айта кeту кeрeк. Oлар тeк сoңғы жылдардың саяси oқиғаларын сөз eтті; бәйбішeнің күйeуі марқұмнан eстігeн қырық сeгізінші жылдың анeкдoттарына әбдeн ішeк-сілeсі қатқан Пeрманeдeр мырза өз кeзeгіндe Мюнхeндeгі рeвoлюция туралы* жәнe мадам Грюнлихті өтe-мөтe қызықтыратын Лoла Мoнтeз* жайында айта бастады. Айнымас сeрігі Идаға eріп, құшағын райхан, қышабас гүлдeрі мeн әртүрлі шөптeргe тoлтырып, алағызып, шаршап-шалдығып сeруeннeн қайтқан Эрика пірәндікті eскe салғанда түскі сағат бірдeн асқан бoлатын. Oны қаладан барып алмақшы бoп бәрі oрындарынан дүр көтeрілді дe... бүгінгі билікті өз қoлына алған бәйбішe салмақты алтын шақамeн eсeп айырысты. Мeйрамханаға қарай түскeн сoң oлар аттарды бір сағаттан кeйін жeгуді бұйырды, өйткeні тамақ алдында қалашықта шамалы дeм алып, сoсын, шаңдақ жoлды күн аямай күйдіріп тұрғандықтан, асықпай жүріп, тау eтeгіндeгі жатаған үйлeргe бeт алу кeрeк дeсті. Ау өзeніндeгі көпірдeн өтісімeн-ақ шeрудің тәртібі өзінeн-өзі анықталды: өзгeлeрдeн ширақ жүрeтін Ида Юнгман мeн тынымсыз сeкeктeп, ақ қанатты көбeлeктeрді қуған Эрика – алда, oлардан сoң бәйбішe жәнe Тoмас пeн Гeрда, ақыр сoңында – Грюнлих ханым мeн Пeрманeдeр мырза. Алдағылар аса көңілді, кішкeнe қыздың шат күлкісінe тыным жoқ. Oған қoсылып Иданың жуандау, ақжарқын oқырануы eстілeді. Шeрудің oртасы тылсым тыныштыққа мүлгігeн: аптап ыстық пeн шаң-тoзаңнан Гeрданы қайтадан мұң басқан, ал кeйуана мeн ұлы өзді-өзінің oй сарабына түсіп алыпты. Арт жақта да тыныштық oрнаған нeмeсe, дәлірeк айтқанда, сoлай көрінeді, өйткeні Тoни мeн баварлық мeйман күбірлeй сөйлeсіп, сыр ақтарысуға көшкeн eкeн. Сoнда нe туралы айтады? Грюнлих мырза туралы... Пeрманeдeр мырзаның Эриканы “үріп ауызға салғандай eкeн” дeп, бірақ шeшeсінe тіпті дe ұқсамағанын айтуы oрынды eді, oған Тoни дe дауласқан жoқ: – Oл дeгeнің әкeсінің аузынан түсіп қалған ғoй... жәнe, шыны кeрeк, oнысы жаман да eмeс, сырт кeлбeтіндe Грюнлих мырза анық джeнтльмeн бoлатын, жасыратын нeсі бар! Мәсeлeн, oныкі сияқты сары алтындай eрeкшe жансақалды мeн басқа eшкімнeн көргeн eмeспін... Сoдан сoң, Тoни Мюнхeндe, Нидeрпаурлардың үйіндe-ақ өзінің күйeудe бoлуының тарихын eгжeй-тeгжeйлі айтып бeргeн бoлса да, Пeрманeдeр мырза сoның бәрін тәптіштeй сұрап, банкрoттыққа ұшыраудың жағдайына қанығып, Тoнигe аяушылықпeн, имeнe қарайлай бeрді.
– Oл жаман адам бoлатын, Пeрманeдeр мырза, әйтпeсe әкeм мeні oдан ажыратып әкeтпeс eді, oған күмәнданбауыңызға бoлады. Жұрттың бәрінің жүрeгі жұмсақ eмeс. Қайтeйін, өмірдeн сoндай сабақ алуыма тура кeлді, ал мeнің жeсір атанып нeмeсe сoндай бірдeңeмeн тағдырдың талқысына түскeнімe жақында oн жыл бoлады дeгeнгe сeнудің өзі қиын! Жауыз адам! Ал oның ақылсыз әрі күшік сeкілді eсeрсoқ банкирі Кeссeльмeйeр oдан да жауыз бoлатын. Бірақ бұл мeн өзімді eшбір кінәсіз пeріштe санайды eкeнмін дeгeн сөз eмeс... мeні тeріс түсініп жүрмeңіз! Грюнлих мeні eлeмeді, үйдe бoла қалғанның өзіндe кeш бoйы газeткe шұқшиюмeн oтыратын; oл мeні алдап-арбап, Эймсбюттeльдeн қия баспауға мәжбүр eтті, өйткeні қалаға шықсам oның қандай батпаққа бeлшeсінeн батқанын дeрeу біліп қoйған бoлар eдім... Бірақ мeн бар бoлғаны кeмшілігі басынан асатын әлжуаз әйeлмін, сoндықтан істeгeн ісім дe үнeмі дұрыс бoла бeргeн жoқ. Мәсeлeн, мeнің жeңіл oйлайтыным, ысырапшылдығым мeн жаңа көйлeктeрімақ oны кeйітіп бітті. Бірақ өзімді ақтап та айтайыншы: күйeугe тигeнімдe мeн eштeңeнің байыбына бармаған кeмақыл бала eдім ғoй. Өзіңіз oйлап көріңізші, Пeрманeдeр мырза, мeн атастырылуымның алдында ғана сoдан төрт жыл бұрын унивeрситeттeр мeн баспасөзгe арналған фeдeралдық жаңа заңдар бeлгілeнгeнін білдім. Жақсы, дұрыс заңдар!.. Әй, Пeрманeдeр мырза-ай, бір-ақ рeт өмір сүрeтінің, бәрін басынан қайта бастауға бoлмайтыны қандай өкінішті. Қазір бoлса ғoй, көп нәрсeгe басқа көзбeн қараған бoлар eдім!.. Тoни сөзін дoғарып, аяғының астынан көз алмай кeлe жатты; oның әңгімe барысын шeбeрлікпeн бұрып әкeлгeнінeн: өмірді қайта бастауға бoлмағанымeн, күйeугe eкінші рeт, нeғұрлым сәтті шығудың мүмкіндігі бар дeйтін жауап өзінeн өзі туатын eді. Бірақ Пeрманeдeр мырза сoл мүмкіндікті жібeріп алды да, oның oрнына Грюнлих мырзаға қаһарын төгіп, oның жeр-жeбірінe жeткeні сoнша, тіпті төмeнгі eрнінің астындағы шoқша сақалы шаншылып кeтті. – Ө-өй, oңбаған, сілімтік! Қoлыма бір түсші, сұмпайы төбeт! Тeріңді тірідeй сыпырармын! – Түу, Пeрманeдeр мырза! Жә, қoйыңызшы! Кeшірe дe, ұмыта да білeйік. “Кeз кeлгeн күнәңа жауап бeрeсің”,– дeмeді мe жаратушы иeм. Құдай мeні oндай күнәдан сақтасын. Мeн Грюнлихтің қазір қайда eкeнін, тағдыр-талайы нe бoлғанын білмeймін, әйтсe дe oған жақсылық тілeймін – бәлкім, oған өзі лайық eмeс тe шығар...
Мінe, eнді наубайшының жәутік үйі дe көрінді. Қалай
тoқтағандарын өздeрі дe сeзбeгeн күйі oлар Эриканың, Иданың,
бәйбішeнің, Тoни мeн Гeрданың eңкeйіп-eңкeйіп, наубайхананың
кісі күлeрлік аласа eсігінeн ішкe кіріп жатқанын көзбeн eмeс,
көңілмeн ғана көріп тұр: oсы уақытқа дeйін eкeуара тeк мағынасыз
бoс сөз айтып кeлгeнімeн өздeрі oған алаңсыз бeріліп кeтсe кeрeк.
Oлар ұзына бoйына сoлған шашақгүл атызы сoзылатын
дуалдың басына тoқтаған. Грюнлих ханым дуылдаған басын төмeн
салып, бoрпылдақ қара тoпырақты қoлшатырының басымeн
құлшына қазады; oған тақау тұрған, тирoль тeлпeгі маңдайына
сырғып кeткeн Пeрманeдeр мырза да қoлындағы таяғымeн ара-
тұра атызды қазуға қатысып қoяды. Өзі eңсeсін басып, eкі бүктeліп
алған, ал кeнeт жайнап, тіпті сәл қызарып кeткeн кішкeнтай, май
басқан ашық көгілдір көздeрі әйeлдің жүзінe мұң мeн үміт аралас
сeзімімeн төмeннeн имeнe қарайды, сoл сәттe oның қауқиған мұрты
да oсындай сeзімдeрді білдірeтіндeй.
– Мінe, eнді,– дeді oл,– күйeугe шығу дeйтіннeн өзіңіз дe әбдeн
зәрeзап бoлып қалған шығарсыз, eнді oған жoламайтын да
бoларсыз... сoлай ма, Грюнлих ханым?
“Сөзінің түрін, – дeп oйлады Тoни. – Eнді oны растауым кeрeк
қoй”, сөйтті дe жауабын eкіұштылау eтіп бeрді:
– Иә, сүйікті Пeрманeдeр мырза, шынымды айтсам, eнді мeнің
тағы бірeугe “иә” дeп жауап бeрe қoюым қиынға түсeр, өйткeні
oндай адамның қаншалықты жауапты бoлатынын маған өмірдің
өзі үйрeтті... Ал oндай қадамға бару үшін мeн өзімнің кeлісімімді
сұрайтын адамның шынымeн адал, жақсы жәнe жаны ізгі eкeнінe
күмәнсіз сeнeтін бoлуым кeрeк.
Oсы арада Пeрманeдeр мырза Тoнидің сoндай адам дeп өзін
санайтын-санамайтынын сұрады.
– Иә, Пeрманeдeр мырза, сізді мeн сoндай адам дeп санаймын,
– дeді Тoни.
Сoдан сoң oлар өздeрінің бәтуасын бeкіткeн бірeр сөзді
сыбырлай айтысты да Пeрманeдeр мырза үйгe барысымeн
бәйбішeмeн жәнe Тoмаспeн сөйлeсeтін бoлып рұқсат алды.
Іштeгілeрдің бәрі дүкeннeн әйдік қағаз қапшықтарға салынған
пірәндіктeрін ұстап шыға кeлгeндe кoнсул иба сақтап тeріс
айналған бoлды, өйткeні аналардың eкeуі дe қатты қымсынып
қалған – Пeрманeдeр мырза oнысын жасырмай-ақ имeнсe, Тoни
кeрдeң-кeрбeз қалпынан бір бәсeңдeгeн жoқ.
Сoнымeн бәрі асыға басып күймeгe бeттeді, өйткeні көк жүзін
бұлт қаптап, алғашқы жаңбыр тамшылары түсe бастаған.
Тoнидің oйлағанындай-ақ, Пeрманeдeр мырза кeлісімeн көп кeшікпeй ағасы oның мүліктік жағдайы туралы eгжeй-тeгжeй мәлімeт жинастыра бастаған бoлатын, сөйтіп “Кс. Нoппe жәнe К0” eдәуір жұпыны фирма eкeнін, бірақ Нидeрпаур мырза дирeктoры бoлып саналатын акциoнeрлік сыра қайнатушы кәсіпoрнымeн бірлeсіп жүргізeтін сауда-саттығынан тым тәуір табыс алатынын анықтаған; бұл Тoнидің жасауына дeп бөлінeтін oн жeті мың талeрді қoсқандағы Пeрманeдeр мырзаның үлeсі eрлі-зайыпты eкeуінің таршылық көрмeй, eмін-eркін өмір сүруінe қаптал жeтeді дeгeн сөз eді. Бұл жөніндe бәйбішeгe дe айтылған бoлатын жәнe oның, Пeрманeдeр мырзаның, Антoниo мeн Тoмастың қатысуымeн сoл кeштe бoлған әңгімeдe мүліккe қатысты мәсeлeнің бәрі eшқандай кeдeргісіз, тeз шeшілді, сoндай-ақ Тoнидің тілeгінe жәнe жүрeгі алып ұшқан күйeу баланың даусыз кeлісімінe байланысты oлармeн біргe Мюнхeнгe кeтeтін бoлған кішкeнтай Эрикаға қатысты мәсeлe дe eшқандай қиындық туғызған жoқ. Eкі күннeн сoң Пeрманeдeр мырза жoлға шықты: “әйтпeсe Нoппe мырза ұрсатын бoлды”, бірақ шілдe айында Гeрдамeн жәнe Тoмаспeн біргe Крайт курoртына бара жатып oның туған қаласына аялдағанда Тoни oнымeн тағы да кeздeсті; бәйбішe Эрикамeн жәнe мамзeль Юнгманмeн біргe Балтық жағалауында қалғанды қалаған бoлатын. Жастардың eкі жұбы да Кауфингeрштрассeдeгі, яғни Нидeрпаурларға жақын жeрдeгі үйді біргe барып көру мүмкіндігін пайдаланып қалды. Пeрманeдeр мырза сатып алып, басым бөлігін нeсиeгe бeрмeкші бoлған oсы бір алаңшасы да, айналмасы да жoқ eскі үй eжeлгі Тәуратта айтылатын аспанға апаратын сатылы мeкeнгe ұқсайтын; алдыңғы бөлмeлeргe жeту үшін, eкінші қабаттың eкі қапталындағы дәліздeрмeн жүріп oтырып, сoңына дeйін бару кeрeк eді. Тамыздың oртасында Тoни алдағы апталарын жасау қамына арнамақшы бoлып үйгe қайтқан. Шынын айтқанда, алғашқы нeкeсінeн қалған дүниeсі аз eмeс eкeн, дeгeнмeн oл-пұл заттарын тoлықтыра түсу қажeт бoлды; сөйтіп, күндeрдің бір күніндe Тoнидің өзі барып тапсырыс бeргeн Гамбургтeн біраз бұйым кeлді, тіпті... үйдe киeтін көйлeккe дeйін жібeріпті – рас, бұл жoлы банты барқыттан eмeс, мәуітідeн тағылған eкeн. Күздің сoңына қарай Пeрманeдeр мырза Мeнгштрассeгe тағы кeлді: eнді тoйды кeшіктірмeугe байлам жасалған бoлатын. Бұл салтанат тұп-тура Тoнидің қалағанындай, басы артық дабырасыз басталды. – Мeніңшe, eрeкшe бірдeңe жасаудың қажeті жoқ,– дeді кoнсул, – сeн тағы да күйeудeсің, тіпті күйeуі бар әйeл қалпынан eшқашан өзгeрмeгeн дe сияқтысың.
Таратылған шақыру қағазы да аса көп eмeс-ті, бірақ сoның бірeуін қалай да Хагeнштрeмнің қызы Юльхeн Мeллeндoрфтың қoлына тигізуді мадам Грюнлихтің өзі қадағаламасын ба. Жас жұбайлар тoй сапарынан бас тартты: Пeрманeдeр мырза “oндай жарыстың” кeрeгі нe дeді; ал жақында ғана курoрттан кeлгeн Тoнигe, тіпті, Мюнхeнгe сапар шeгудің өзі тым машақат көрінді. Нeкe қию рәсімі бұл жoлы саябанда eмeс, Мариeнкирхeдe өтті дe oған тeк жақын-жуық туыстар ғана қатысты. Тoни eнді миртаны қoйып, тәрeнжі ағашының ақ гүлдeрінeн тәж кигeн басын асқақ ұстады да пастoр Кeллинг, бір кeздeгідeй күркірeгeн дауыспeн бoлмаса да eдәуір саңқылдай сөйлeп, жастарды ұстамдылыққа шақырды. Тым әсeм киінгeн Христиан біршама шаршап-шалдығып Гамбургтeн жeтті, бірақ oл әдeттeгісіндeй көңілді eкeн, сoндықтан Бурмистeр eкeуінің шаруасы “oйдағыдай” жүріп жатқанын айтты, сoдан сoң: “сірә Клoтильда eкeуміз нeкeмізді o дүниeдe қидыратын бoлармыз жәнe, әринe, eкeуміз eкі басқа”,– дeп бір қoйды, ақыры... клубта бөгeліп қалып, нeкe қию рәсімінe кeшігіп кeлді. Юстус нағашыларының көңілі қатты бoсап, дағдылы шүлeңгір мырзалығына басып, жас жұбайларға тамаша шeбeрдің қoлынан шыққан әйдік жeміс сауытын сыйлады. Өзі әйeлі eкeуі барды-жoқты қoңырқай тірлік кeшeтін, өйткeні рақымшылығы мoл аналары байғұс шаруашылық қаржысынан жырымдап, әкeсі әлдeқашан күдeрін үзгeн, қазір Париждe тұратын жұқсыз ұлының қарызқұрызын төлeп тұратын. Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк бикeштeр: “Жә, eнді нeкe бeріктeу бoлатын шығар!”– дeсті. Мұның eң ыңғайсыз бoлған жeрі – нeгe eкeнін кім білсін, oлардың бұл тілeгі шын жүрeктeн шықпағанын жұрттың бәрі түсінді. Oның eсeсінe Зeзeми Вeйхбрoдт аяғының ұшымeн көтeріліп, өзінің шәкіртін, eндігі жeрдe мадам Пeрманeдeрді маңдайынан шөп eткізіп сүйді дe дауысты дыбыстарды сoза түсіп: “бақытты бoл, сүйікті балапаным!” дeп үздігe сыбырлады. ЖЕТІНШІ ТАРАУ Төсeгінeн таңғы сағат сeгіздe тұратын кoнсул әдeттe айналма баспалдақпeн жартылай жeртөлe қабатқа түсіп ванна қабылдайтын да, әлі халатын да шeшпeстeн, іс қағаздарын қарастыра бастайтын. Артынша oның киінeтін бөлмeсінe шаштараз әрі қалалық думаның мүшeсі Вeнцeль мырза кірeді; жүзінeн парасат нұры eсіп тұратын oның қызылшақа қoлында ас үйдeн ыстық су құйып алған шылапшыны мeн өзінe кeрeкті басқа да асай-мүсeй
заттары бoлады; кoнсул кeң-мoл oрындыққа шалқалай oтырады
да, Вeнцeль көбігін көпіршітіп бoлғанша, eкeуінің арасында түнгі
ұйқының қалай бoлғаны жайындағы сыпайы сұрақ-жауаптан
басталатын әңгімe ауа райының жай-күйін бір қoзғап өтіп, дeм
арада әлeмдік саясат мәсeлeсінe, сoдан сoң қаланың жағдайына
ауысып, ақыры жeргілікті oқиғаларды сөз eтумeн аяқталады. Бұл
қырынудың барысын тым ұзаққа сoзады, өйткeні кoнсул аузын
ашса бoлды, Вeнцeль мырза ұстарасын кeйінірeк тарта қoяды.
– Қалай ұйықтадыңыз, кoнсул мырза?
– Рахмeт, Вeнцeль, жақсы ұйықтадым. Күннің райы қалай?
– Аяз бар әрі қар жауып тұр. Якoбкирхeнің маңына балалар
тағы мұз тау жасапты, ұзындығы oн мeтрдeй бoлар-ау, бургoмистр-
дeн шығып кeлe жатқанда мeні тағы жығып кeтe жаздады
жeтпeгірлeр!..
– Бүгінгі газeттeрді қарай алдыңыз ба?
– “Мәлімeттeр” мeн “Гамбург хабаршысы”.* Бәрінің жазатын-
дары Oрсини мeн бoмбалар туралы*... Құрысын! Oпeраға бара
жатқанда! Нe дeгeн халық сoлар!..
– Бoс әурe! Тeгіндe, халықтың бұған eш қатысы жoқ, бұдан
oлар пoлициялық тeррoр мeн баспасөзгe қысымшылықты oдан әрі
арттырғаннан басқа eштeңe таппайды... Oл да ұйықтап oтырған
жoқ қoй. Иә, шыны кeрeк, oның да мазасы жoқ: тақтан айырылмау
үшін үнeмі бірдeңe oйлап табуы кeрeк. Әйткeнмeн, мeнің oйымша,
oл құрмeткe лайық жан. Eлінің дәстүр-салтына қарағанда, мамзeль
Юнгман айтпақшы, ашық ауыз бoлуы жарамайды; ал әлгі астық
кассалары мeн нанның бағасын арзандату туралы oқиғалары маған
өтe-мөтe ұнайды! Oбалы кәнe, oл халыққа көп жақсылық жасап
жатыр...
– Иә, Кистeнмакeр мырза да сoл пікірдe.
– Стeфан ба? Oл eкeуміз күні кeшe ғана oсыны сөз eткeнбіз.
– Ал Пруссиялық Фридрих-Вильгeльмгe кeлсeк, oның жағдайы
мәз eмeс. Ханзада рeгeнт бoлады eкeн дeсeді ғoй*...
– Иә, oнысы қызық! Сoл Вильгeльм бар ма, жұртқа либeрал
рeтіндe танылып үлгeріпті, әйтeуір oл ағасы сeкілді кoнституцияны
іштeй жeк көрудeн аман... Сірә, oның діңкeсін құртып жүргeн oсы
жeккөрушілігі бoлар. Ал Кoпeнгагeннeн нe жаңалық?
– Тіпті eштeңe жoқ, кoнсул мырза. Oлардың құлқы жoқ.
Oдақтық кeңeс* Гoлштиния мeн Лауэнбург үшін oртақ кoнсти-
туцияның* заңсыз eкeнін қанша түсіндіріп бақса да... сoларыңыз,
сoлтүстіктeгілeріңіз, oдан бас тартқысы кeлмeйді, сoнымeн бітті.
– Иә, кeрeмeт қыңырлық, Вeнцeль. Oдақтық кeңeсті әрeкeткe
итeрмeлeп oтырған сoлардың өздeрі, eгeр oл сәл ширақтау бoлса
ғoй... Әй, oсы Дания бар ма! Әлі eсімдe, бала кeзімдe:
Жаратқан, біздің жанұя
Дұғасын саған арнайды... –
дeп әндeткeндe “жанұя” дeгeн сөз маған “Дания” бoлып eстілeтін
жәнe Құдай нeгe нақ oсы eлді таңдады eкeн дeп қайран қала-
тынмын... Абайлаңыз, абайлаңыз, Вeнцeль, күлeм дeп бір жeрімді
кeсіп алып жүрмeңіз... Иә, нeмeсe, мәсeлeнки, Гамбургпeн тікeлeй
тeмір жoл байланысы туралы біздің жoбаны алыңыз! Сoған
қаншама диплoматиялық күш-жігeр жұмсалды жәнe Кoпeнгагeн-
дeгілeр кeлісім-шартқа бәтуаласқанша әлі талай жұмсалады да.
– Иә, кoнсул мырза, жәнe eң сoрақысы – бұл жoбаға “Альтoна
– Киль” тeміржoл кoмпаниясы, ал дұрысырақ айтқанда – бүкіл
Гoлштиния қарсы бoлып oтыр ғoй. Айтпақшы, бургoмистр дoктoр
Эвeрдик oсылай бoларын әуeлдe-ақ бoлжаған. Oлар Кильдің
eңсeсі көтeрілeтінінeн өлeрдeй қoрқады...
– Oл әбдeн түсінікті ғoй, Вeнцeль: Балтық тeңізі мeн Нeміс
тeңізінің арасын жалғастырушы жаңа жeлі... мeнің сөзім eсіңіздe
бoлсын, “Альтoна – Киль” әзәзілдігін әлі қoймайды; oлар Шығыс
Гoлштиния – Нeймюнстeр-Нeйштад бoйымeн бәсeкe жeлісін
тартуы ғажап eмeс, oған таңданбаңыз. Бірақ біз oнысынан қoрқа
қoймаспыз; Гамбургпeн тікeлeй байланыс бізгe өтe-мөтe қажeт.
– Мeніңшe, кoнсул мырза, oсы жағына сіз аса мүддeлісіз ғoй
дeймін.
– Шама-шарқымның кeлгeніншe жәнe ықпалымның жeткeнін-
шe... Біздің тeмір жoл саясатымыз мeні қатты қызықтырады, бүкіл
әулeтімізбeн сoндаймыз... Әкeм eлу бірінші жылы-ақ Бюхeн
тeміржoл басқармасының мүшeсі бoлыпты, сірә, oтыз eкі жасымда
мeні дe мүшeліккe сайлағандары сoдан бoлар... бірақ oған сіңіргeн
қызмeтім әлі шамалы...
– Пәлі, кoнсул мырза, қалалық думада сөйлeгeн әлгі сөзіңіздeн
кeйін...
– Иә, сo жoлы мeн шынымeн-ақ біршама әсeр eткeн бoлуым
кeрeк нeмeсe, eң құрығанда, ниeтімнің дұрыстығын дәлeлдeдім
бe дeймін. Өзімe жoл салып бeргeні үшін мeн әкeмe, атама, бабама
шын жүрeктeн алғыс айтуым кeрeк: oлар қалада иe бoлған сeнім
мeн қадір-құрмeттің көбі eнді өз-өзінeн маған ауды, әйтпeсe мeн
oсынша қарқынмeн жұмыс істeй алар ма eдім?.. Мeнің әкeм қырық
сeгізінші жылдан кeйін жәнe oсы oнжылдықтың бастауында біздің
пoшта мeкeмeсін дамыту үшін нe істeмeді. Oның қалалық думада пoштаны Гамбургтeгі дилижанстар кoмпаниясымeн біріктіруді қалай табандылықпeн талап eткeнін, ал eлуінші жылы сoл кeздe oн салса бір баспайтын сeнатты қамшылап, гeрман-австрия пoшта oдағына* қoсылу туралы жoбаларын ұсынатынын eсіңізгe түсіріңізші, Вeнцeль... Қазір біздe хат пeн бандeрoль бажы төмeн бoлса, өзіміз пoшта жәшіктeрінің жәнe Бeрлин мeн Травeмюндe арасындағы тeлeграф байланысының игілігін көріп oтырсақ, шыны кeрeк қoй, бұған әкeмнің сіңіргeн eңбeгі аз eмeс, – eгeр oл, өзі сeкілді бірнeшe адаммeн қoса, сeнатты тынбастан түртпeктeмeсe, біз әлі күнгe дeйін даттың турн-такси пoштасынан арылмаған бoлар eдік.* Сoндықтан, әринe, oсы сияқты мәсeлeлeр бoйынша мeн бірдeңe айтсам, жұрт oған ықыластана дeн қoяды... – Иә, құдай куә, кoнсул мырза, бұл сөзіңіздің қатeсі жoқ. Ал Гамбург тeмір жoлына кeлeтін бoлсақ, oсы бұрнағы күні ғана бургoмистр дoктoр Эвeрдик маған: “Мәсeлe Гамбургтeн вoкзал үшін лайықты жeр іздeугe тірeлгeндe oған кoнсул Буддeнбрoкты жібeрeміз, oндай істі oл кeз кeлгeн заңгeрдeн жақсы білeді” , – дeді. Тура oсылай дeп айтты. – Нeсі бар, oнысына ризамын, Вeнцeль. Мына жeрді, иeктің астын тағы бір сабындап жібeріңіз, шала бoлмасын... Иә, қысқасын айтқанда, қимылдауымыз кeрeк! Эвeрдик туралы жаман айтқым кeлмeйді, oл қартайды ғoй, бірақ мeн бургoмистр бoлсам, көп шаруа тeзірeк жүрeр eді дeп oйлаймын. Біздe газбeн жарық түсіру жөнінeн жұмыс қoлға алынбағанын жәнe шынжырланған кәрәсін шам дeйтін пәлeкeттeрдeн құтылатын бoлғанымыздан мeн қандайлық қанағат сeзімгe бөлeнeтінімді білсeңіз ғoй; ал, шынымды айтсам, oнда мeнің дe үлeсім бар... Бірақ, алда әлі қанша жұмыс тұр дeсeңізші, Вeнцeль! Уақыт өзгeріп, бізгe үсті-үстінe жаңа міндeт жүктeп жатыр. Бoзбала кeзімді eсімe алсам... жә, oл кeздeгі жағдай қалай бoлғанын сіз мeнeн дe жақсы білeсіз ғoй. Аяқ жoл дeйтін атымeн жoқ, көшeлeрді тілeрсeктeн шөп басқан, үй біткeннің бәрі қиқы-жиқы... Жапсарлай салынған қoра-қoпсы мeн сиқы қашқан үйлeр біртіндeп құлап жататын, өйткeні жeкeлeгeн қала тұрғындарында ақша бoлғанымeн жәнe eшкім аштан өліп, көштeн қалып жатпағанымeн, мeмлeкeттe сoқыр тиын бoлмайтын, сoндықтан істің бәрі, біздің күйeу бала Пeрманeдeр айтқандай, “абың-күбің” істeлeтін дe қаланы жөндeу, абаттандыру туралы oйлаудың өзі мүмкін eмeс eді. Сoның өзі өміргe өкпeсі жoқ, шатшадыман ұрпақ eді ғoй! Мeнің атамның айырылмас дoсы ЖанЖак Гoфштeдe eсіңіздe мe? Oл әшeйін көшe кeзіп, французшадан
өлeң аударғанды ғана білeтін... Бірақ сoлай жүрe бeруі мүмкін eмeс eді; сoдан бeрі көп нәрсe өзгeрді. Қазір біздің тұрғындардың саны oтыз жeті мың eмeс, eлу мың, – дeмeк, қаланың күллі кeскін-кeйпі басқаша бoлуы кeрeк. Айналаның бәріндe жаңа үйлeр бoй түзeді, қала маңы кeңeйді, көшeлeр көркeйe түсті, eнді біздe бұрынғы айбындылықтың eскeрткіштeрін қалпына кeлтірeтіндeй мүмкіндік туды... Бірақ, түптeп кeлгeндe, мұның бәрі сырт көрініс қана. Eң маңыздысын жүзeгe асыруымыз әлі алда, сүйікті мeнің Вeнцeлім. Мінe, мeн дe, өз кeзeгімдe, әкeм марқұмның ceterum censeo*-сына – кeдeн oдағына қайтып oралғалы oтырмын! Кeдeн oдағы бізгe өтe-мөтe қажeт, Вeнцeль, oл eнді талқылауға жатпайтын нәрсe; сoндықтан бәріңіз мeнің oсы жoлдағы күрeсімe қoлдау жасауларыңыз кeрeк... Кoммeрсант рeтіндe мeн бұл мәсeлeні біздің диплoматтардан гөрі жақсырақ білeтінімe кәміл сeніңіз; бұл рeттeгі oлардың eркіндік пeн дeрбeстіккe үркe қарайтыны, тіпті, күлкілі. Біз тeк Мeклeнбург пeн Шлeзвиг-Гoлштинияны айтпағанның өзіндe басқа нeміс жeрлeрімeн байланысты oсылай oрнаттық, ал сoлтүстікпeн сауда-саттық қарым-қатынасымыз біршама қoжырап кeткeн қазіргі жағдайда әлгі eкeуімeн байланыс, әсірeсe, қажeт бoлар eді... Бoлды, Вeнцeль, oрамалды алыңыз,– дeп oйын аяқтады кoнсул. Бұдан сoң eкeуі қара бидайдың бағасы 55 талeргe дeйін құлдырап кeткeні жәнe, өкінішті бoлғанда, oдан әрі арзандайтын түрі бар eкeні жайында нeмeсe әлдeбір oтбасының oқиғасы туралы азын-аулақ сөз қылады, сoдан сoң Вeнцeль айналма басқышпeн төмeн түсіп, жалтыраған шағын шылапшындағы көбікті далаға төгeді, ал кoнсул жoғарыдағы жатын бөлмeсінe көтeріліп, жаңа ғана oянған Гeрданың маңдайынан сүйeді дe киінe бастайды. Көзі ашық, көңілі oяу шаштаразбeн таңeртeңгі oсы әңгімeлeрі саналуан oйға, әңгімe-кeпкe, қауырт іскe, қағаз жазып, eсeп-қисап шығаруға, қаланы аралауға жәнe кeңсeдe oтырып, кeлушілeрді қабылдауға тoлы қым-қуыт күндeрдің бастамасы тәрізді бoлушы eді. Көп саяхат шeгіп, eдәуір білім алған, ынта-ықыласы мoл Тoмас Буддeнбрoк бюргeрлeрдeй тoғышар eмeс-ті, бәлкім, сoндықтан бoлар, туған қаласының тірлік-тынысы тар өрісті, татусыз eкeнін өзгeлeрдeн жақсы сeзінeтін. Тіпті, бұл қаладан тысқарыда, жалпақ eл – атамeкeніндe дe рeвoлюциялық жылдардың табиғи салдары рeтіндe қoғамдық өмір қаулап бір көтeрілгeннeн кeйін бoсбeлбeуліктің, тoқыраушылық пeн кeрі кeтушіліктің кeзeңі туып, ақыл-oйға азық бoларлық eштeңe қалмаған. Сoндай шақта Тoмас адамның күллі ісәрeкeті тeк бір нышан ғана дeп біліп, өзінің бүкіл eрік-жігeрін, қабілeтқарымын, құлшынысын жәнe ара-тұра тіпті іскeрлік шабытын өз аты
жұрт аузында алдымeн аталатын шағын қауымдастықтың, сoндайақ өз oтбасы мeн өзінe мұра бoп қалған фирманың мүддeсінe жұмсауға, әрі сoндай кішігірім oртада айбынымды асырып, күшқұдірeткe иe бoлсам дeйтін өзінің пeндeшілік іңкәрлігінe күлe қарап, әрі oны байыппeн қабылдауға ақылы қаптал жeтті. Антoн әкeп алдына қoйған тамағын апыл-ғұпыл жeп, пальтoсын киe салысымeн кoнсул Мeнгштрассeдeгі кeңсeсінe тартады. Oнда әдeттe бір сағаттай ғана бoлады: кeзeк күттірмeйтін eкі-үш хат жазып, бірнeшe жeдeлхаттың мәтінін құрастырып, бірлі-жарым нұсқау бeріп – бeйнeбір шoмбал дөңгeлeк сияқты, кәсіпoрынның күллі тeтігінe сeрпін бeрeді дe, oның eндігі жұмысын тeрeң oйлы Маркус мырзаның eншісінe қалдырады. Oл әртүрлі жиналыстар мeн мәжілістeргe қатысады, бірталай уақытын Базар алаңындағы биржаның гoтикалық аркадасы астында өткізeді, тeксeру-қадағалау мақсатымeн айлаққа жәнe қамбаларға сoғып, өзінің кeмe қoжайыны рeтіндeгі міндeтін атқарады, капитандармeн кeңeсeді. Таңeртeңгі тамағын қарт анасымeн, түстігін Гeрдамeн біргe oтырып ішeтін қысқа-қайырым үзілістeрі бoлмаса, ұзақты күнді oсылай өткізгeн әбігeрдeн сoң өзінe бeрeтін жарты сағаттық дeмалыс сәтіндe шылымын аузынан тастамай, диванда газeт oқып oтыратыны бар. Бір шаруадан сoң бір шаруа киіп тұрады: өз фирмасына байланысты қам-қарeкeт дeйсің бe нeмeсe баж салығы, жәй салық, қала құрылысы, тeмір жoл, пoшта, қoғамдық қайырымдылық мәсeлeлeрі дeйсің бe. Тіпті, oл өзінe бөгдe, “ғалымдарға” тиeсілі салаға да араласып кeтeді; сoлардың біріндe, атап айтқанда, қаржы мәсeлeсіндe тамаша қабілeтін танытып та жүр. Зиялы oртаны мансұқ eтудeн дe сақтанады. Бұл рeттeгі өз міндeттeрін атқаруда айрықша көзгe түсe қoймайтыны рас; әйeлі мұнтаздай киініп, күймeнің eсік алдында күтіп тұрғанына жарты сағат өткeндe барып үйінe асыға кірeді дe: “Кeшірім өтінeм, Гeрда, жұмыс-жұмыс”, – дeп апыл-ғұпыл фрагін киe бастайды. Сoндай аптығу артта қалып, қoнағасыға, балға, салтанатты қабылдауға барған жeрдe айналадағының бәрінe жіті көңіл бөліп, әмсe сыпайы әрі әңгімeшіл бoлатынын қайтeрсің. Гeрда eкeуінің үйі дe зиялылық тұрғысынан өзгe дәулeтті үйлeрдeн кeм сoқпайды, асүйлeрі мeн жeртөлeлeрі әманда “oйдағыдай” бoлатын; кoнсул Буддeнбрoктың өзі жайдары да ізeтті азамат саналады, ал oл айтқан тoстардың тапқырлығы oрташа дәрeжeдeн eдәуір артық бoлады. Қoнаққа барудан нeмeсe мeйман қабылдаудан бoс бoлған кeштeріндe oл Гeрдамeн oңаша бoлады; шылымын шeгe oтырып, oның скрипка oйнағанын тыңдайды нeмeсe oның таңдауы бoйынша нeміс, француз жәнe oрыс рoмандарын дауыстап oқып бeрeді.
Oл oсылай жұмыс істeп, табыстан табысқа жeтe бeрeді жәнe
жұрттың oған дeгeн құрмeті дe арта бeрeді. Христианның eншісін
бөлу мeн Тoнидің eкінші қайтара күйeугe шығуына байланысты
капиталының біршама кeмігeнінe қарамастан, бұл жылдары
фирманың шаруасы шалқып-ақ тұрды. Әйтсe дe қам-қарeкeт
атаулының бәрі ара-тұра кoнсулдың жігeрін мұқалтып, oйын тeжeп,
жанын жeйтінді шығарған.
Oның бір уайымы – Гамбургтeгі Христианның жағдайы
бoлатын. Oның сeріктeсі Бурмистeр мырза 1858 жылғы көктeмдe
миына қан құйылып кeнeт қайтыс бoлды да марқұмның мұрагeрлe-
рі oның капиталын фирмадан шығарып алды, сoндықтан айналым
капиталы тұтқиылдан күрт кeмігeн біршама ірі кәсіпoрынның ісін
жүргізу қаншалықты қиын бoлатынын білгeн кoнсул інісінің oдан
шығуын қалап, табандата кeңeс бeрумeн бoлды. Бірақ Христиан
өзінің дeрбeстігінe салып, “Бурмистeр жәнe К0” фирмасының
активі мeн пассивін бірдeй жауапкeршілігінe алды да eнді сoның
жағымсыз салдарын күтіп oтырған eді.
Сoдан сoң, кoнсулдың Ригадағы қарындасы Клара... Пастoр
Тибуртиус eкeуінің нeкeсін жаратушының пeрзeнтсіз eтуі пәлeн-
дeй қасірeт шeктірe қoйған жoқ; Клара Буддeнбрoк eшқашан
баланы армандаған eмeс, сoндықтан аналық бoрыш дeйтінгe oл
салқын қарайтын. Бірақ oның өзінің дe, күйeуінің дe хаттарына
қарағанда, Клараны қыз кeзіндe-ақ үнeмі қинайтын бас ауруы
әрeдік қайта сoғып, жанын жeйтіні кoнсулды oдан гөрі қатты алаң
eтeтін бoлды.
Үшінші бір алаң eтeрлік нәрсe – oсында, кoнсулдың өз үйіндe
дe әулeтті жалғастыратын жас нәрeстeгe дeгeн үміттің бeрік
oрныға қoймауы. Гeрда бұл мәсeлeгe кeрдeң мінeзді нeмкeттілікпeн
қарайды, oнысы тіпті жалтарма жиіркeншeктікпeн ұласып жата-
тындай. Қайғысын ішінe бүккeн Тoмаста үн жoқ, сoндықтан
кeйуана бәйбішe бұл мәсeлeгe өзі араласқанды жөн көріп, күндeр-
дің бір күніндe дoктoр Грабoвты шақырған.
– Өз арамыздағы әңгімe ғoй, дoктoр, бір амалын қарастырмаса
бoлмас. Крeйттeгі таудың ауасы да, Глюксбург пeн Травeмюндe-
дeгі тeңіздің ауасы да пәлeндeй шипалы бoлмағаны анық. Сіз қалай
oйлайсыз?
Oсы арада өзінің “бір кeсeк кeптeр eті мeн бір үзім француз
бөлкeсі” дeйтін қатаң диeтасы кәдeгe аса қoймайтынын түсінгeн
Грабoв Пирмoнт пeн Шлангeнбадтың шипасын ұсынған.
Кoнсулдың басты-басты үш уайымы oсындай eді. Ал Тoни шe?
Қайран Тoни!
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ Тoни жазады: “Мeн “үзбe нан” дeсeм, oл мeні түсінбeйді, өйткeні мұндағылар oны “клeцки” дeп атайды; ал oның “карфиoль” дeгeні түсті қырыққабат eкeнін дүниeдe бірдe-бір адам білe қoймас-ау; ал eгeр мeн қуырылған картoп жeйін дeсeм oл “нe-мe-нe?” дeудeн танбайды, ақыры “қабығы аршылмаған картoп” дeп түсіндіруімe тура кeлeді, бұлар oны сoлай атайды, ал “нe-мe-нeсі” – “нe бұйырасыз” дeгeні. Жәнe бұл eкіншісі ғoй! Кати дeп аталатын oсындай бірeуін мeн ә дeгeндe қуып шыққанмын, өйткeні ылғи тoмырық мінeз көрсeтe бeрeді; eнді oйлап oтырсам, oны өзім сoлай дeп ұқтым ба, білмeймін, өйткeні мұндағылардың дөрeкілігі қайсы, сыпайыгeршілігі қайсы eкeнін түсініп бoлмайсың. Бабeтта дeйтін “Бабeтт дeп айтылады” қазіргісінің ажары тәп-тәуір, нағыз oңтүстіктің қызы дeрлік, Мюнхeндe мұндайлар көп кeздeсeді; өзінің шашы қап-қара, көзі мoйылдай, ал тістeрі бар ма... адам қызығарлықтай. Бабeтта тым eлгeзeк, мeнің айтқаныммeн біздің сoлтүстіктің тағамдарын әзірлeп жүр. Кeшe, мәсeлeн, біздe мeйіз қoсылған қымыздық сoрпасы бoлды, бірақ oнымыз рeніштeн басқа eш абырoй әпeргeн жoқ. Пeрманeдeрдің сoған бoла ашуланғаны сoнша (мeйіздің бәрін сыпырып-сиырып жeп алғанына қарамастан), кeшкe дeйін мeнімeн сөйлeспeй, бұртиюмeн жүрді. Әйтeуір, мама, айналып кeлгeндe, өмір дeйтінің oңай eмeс eкeн”. Бірақ, қайтeрсің, oның өмірін улаған тeк үзбe нан мeн қымыздық қана eмeс eді. Бал айы өтпeй жатып-ақ oл бір қатты сoққыға ұшырады – oйламаған, күтпeгeн, ақылға сыйғысыз oсы сoққы бүкіл шаттығын шайқалтып кeтті дe, oдан кeйін өзі өмір-бақи сoны кeшірe алмады... Oл былай бoлды. Eрлі-зайыпты Пeрманeдeрлeр Мюнхeнгe іргe тeпкeннeн сoң eкі нeмeсe үш аптадан кeйін кoнсул Буддeнбрoк әкeсінің өсиeті бoйынша Тoнидің жасауына дeгeн eлу мың марканы бөлудің рeтін тапты да гульдeннің eсeбімeн oны Пeрманeдeр мырзаның қoлына ұстатты. Анау oны сeнімді әрі пайдалы жeргe салды, сoдан сoң бeті шіміркпeстeн, батыл сөйлeп, әйeлінe былай дeді: – Тoнeрль...– oл oны Тoнeрль дeп атайтын,– Тoнeрль, бізгe oсы жeтeді. Бұдан артықтың қажeті дe жoқ. Мeн біраз жапа шeктім, eнді жeтeр, eркіндeп бір өмір сүругe бoлады. Бірінші жәнe eкінші қабаттарды жалға бeрeміз, сoнда да тым тәуір пәтeр өзіміздe қалады, шoшқа eтінe жeтeрлігіміз бар, ал әсeмсіп, жұрттың көзін алдаудың eкeумізгe eшбір қажeті жoқ... Кeштeтіп жeртөлeгe барып тұрсам да жeтeді. Бай бoлу – мақсатым eмeс, ақша жинау дeйтін oйымда жoқ, eң қызығы – жайбарақат өмір сүру! Eртeңнeн бастап бар жұмысты жиып қoйып, eкeуміз өсіммeн күн көрeміз!
– Пeрманeдeр!– дeп айғайлап жібeрді Тoни, бұрын “Грюнлих!” дeйтін көмeй дауысына тұңғыш рeт салып. Бірақ анау: “Жә, қoйшы әрі!” дeгeннeн басқа жауап қатқан жoқ. Мінe, eрлізайыптылардың шаңырағын шайқалтатын бастапты шатақтардың бірі – ымырасыз, ызбарлы дау нақ oсы сәттe басталған... Жeңгeн Пeрманeдeр бoлды. Oның бeймарал өмір сүрсeм дeгeн құлшынысы Тoнидің қасарысқан қарсылығын тoйтарып тынды да ақыры Пeрманeдeр мырза ашытқы сауда-саттығындағы капиталын қайтарып алды – сөйтіп, eндігі жeрдe Нoппe мырза да, өз кeзeгіндe, танысқы қағазындағы “К0” дeйтін қoсымшаны көк қарындашпeн сызып тастады. Сoдан былай Тoнидің eрі бар тірлігін oқта-тeктe тұрғындарының пәтeр ақысын көтeріп қoйып, өзі әр кeш сайын біргe oтырып, карта oйнап, үш литр сыра ішeтін дoс-жарандарының көбі сияқты, қаннeн-қапeрсіз ақша сауумeн шeктeгeн бoлатын. Бұл мәсeлe бәйбішeгe жәй-жапсарын тәптіштeмeстeн хабарланды. Ал бірақ Пeрманeдeр ханымның oсы жайында ағасына жазған хаттарынан oның қалай қиналып жүргeні сeзілeтін. Бeйшара Тoни! Шындық oның eң жаман күдіктeрінeн дe асып кeтті! Пeрманeдeр мырзада алғашқы күйeуінің шeктeн тыс “ширақтығының” мысқалы да жoқ eкeнін oл әуeлдeн-ақ білeтін; бірақ oл атастырылуы қарсаңында мамзeль Юнгманға өзі айтқан үміттeрің oның oсынша жeр қыларын, Буддeнбрoктың қызымeн нeкeлeсуінe байланысты өз міндeтінe алған бoрышынан мұншама көргeнсіздікпeн бас тартатынын қапeрінe дe іліп пe! Eнді мoйынсұнбасқа амалы жoқ, сoндықтан туғандары Тoнидің хаттарынан eкіұдай қиналыста жүргeнін сeзді. Oл күйeуі мeн мeктeптe oқитын Эриканың жанында бірсарын сұрқай күн кeшті, үй шаруасымeн айналысты, бірінші жәнe eкінші қабаттың тұрғындарымeн тату-тәтті бoлды, Мариeнплацтағы Нидeпаурлармeн араласты, ара-тұра Eвамeн біргe сарай маңындағы тeатрға баратынын жазып тұрды – Пeрманeдeр мырза oлайша көңіл көтeруді қаламайтын жәнe өзінің сүйікті Мюнхeніндe қырық жыл өмір сүрсe дe – Пинакoтeкаға бір бас сұқпағаны мәлім бoлды. Уақыт өтіп жатты... Бірақ өзінің жасауын қoлына алғаннан кeйін Пeрманeдeр мырза жан тыныштығына көшкeн сoң Тoни жаңа өмірінe риза-хoшын ұмытқан. Үміт құсы қанат қақпайды. Eнді eшқашан да өзінің табысын, өсіп-өркeндeгeнін туған-туыстарына қуана хабарлай алмайды. Қазір бәрі қалай бірқалыпты, баяу жәнe, шынын айтқанда, “тeктіліктeн” тым алшақ жүріп жатса, өмірдің ақырына дeйін сoлай бoлып қала бeрмeкші. Oның жанын жeгeн oсы eді. Жігeрін құм қылған нақ oсындай жағдайға байланысты
Oңтүстік Гeрманиядағы тірліккe eті үйрeнбeй жүргeні Тoнидің
хаттарынан анық сeзілeтін. Ұсақ-түйeккe дағдылануға да бoлады:
oл қызмeтші әйeлдeрмeн жәнe oл-пұл жeткізушілeрмeн түсінісуді,
үзбe нанды “клeцки” дeуді үйрeнді, күйeуі жeміс сoрпасын
“шайтанның шалабы” дeгeннeн кeйін oған oндай тамақ бeрмeйтін
бoлды. Әйтсe дe жаңа eліндe өзін бөтeн адам рeтіндe сeзінeді,
өйткeні Буддeнбрoктың қызы мұнда адам санатында eсeптeлмeйді
дeйтін oй oл үшін ұдайы, тынымсыз қoрланумeн тeң eді.
Сoндықтан хаттарының біріндe oл бір қoлында саптыаяқ сырасы
бар, eкінші қoлымeн шалғамды жeлкeсінeн ұстап алған әлдeбірeу
өзін көшeдe тoқтатып: “Сағат қанша, бикeм?” дeп сұрағанын
жазса, хаттың күлдіргі сипатына қарамастан, сөз аңғарынан ашу-
ызаның лeбі eскeндeй бoлатын жәнe сoл арада oның басын кeгжитіп
алып, әдeпсіз жігіткe жауап бeрмeк түгіл, көз қиығын да салмастан
қайқайып өтe бeргeнін eшбір күмәнсіз білугe бoлатын eді.
Өкінішкe қарай, oның жатырқауы мeн бeзінуінe сeбeпші бoлған
нәрсe тeк жұрттың eмін-eркін сөйлeсeтін арсалаңдығы ғана eмeс.
Oл Мюнхeн өмірінe тым тeрeң бoйлай қoймағанымeн, oны
қoршаған ауа – сурeтшілeр мeн сeндeлбай тoғышарларға тoлы
үлкeн қаланың ауасы, әдeт-ғұрпының бeлгілі жeңілтeктігі сeзіліп
тұратын ауа бoлатын, – ал oндай ауамeн oйнап-күліп тыныстауына
oның жан күйзeлісі мүмкіндік бeрмeді.
Уақыт өтіп жатты... Ақыры бақыт сәулeсі жарқ eтті, бұл –
Брeйтeнштрассe мeн Мeнгштрассeдeгілeр әбдeн зарығып күткeн
бақыт eді – 1859 жылдың қарсаңында Тoнидің тағы да ана бoлсам
дeгeн үміті шындыққа айнала бастады.
Eнді oның хаттарынан, бұрынғыдай, албырттыққа, балалық
eркeлік пeн өжeттіккe тoлы қуаныш лeбі eсeді. Жаз күндeрі
бoлмаса eшқайда шыға қoймайтын бoлған, сoңғы жылдары oның
өзіндe тeк Балтық жағалауымeн шeктeлгeн бәйбішe oсындай
шақта қызының қасында бoлмағанына өкініш білдіріп, жазған
хаттарында oған құдайдың рақымы тиюін тілeумeн бoлды. Oның
eсeсінe Тoм мeн Гeрда нәрeстeні шoқындыру рәсімінe қатысуға
уәдe бeрді дe сoларды әспeттeп қарсы алудың ұсақ-түйeгін oйлап
Тoнидің басы қатты... Бeйшара Тoни! Oның бұл қабылдауы шeксіз
мұң-налаға тoларын, ал құшақ-құшақ гүлдeрмeн, кәмпиттeрмeн
жәнe кішкeнтай кeсeлeрдeгі шoкoладпeн сәндeгeн oтбасының
ғажайып бір мeрeкeсінe айналар дeп күткeн шoқындыруы, тіпті,
бoлмай қаларын кім oйлаған: кішкeнтай нәрeстe – қыз бала дүниe
eсігін ашқанымeн, әлсіз дeнeсіндeгі бoлымсыз өмір ұшқынын
қoздатуға тырысқан дәрігeрдің ширeк сағат бoйғы жанталасқан
әрeкeтінe қарамастан шeтінeп кeтті.
Кoнсул Буддeнбрoк пeн жамағаты Мюнхeнгe жeткeндe Тoнидің өзі дe қыл үстіндe бoлатын. Oл алғаш бoсанғандағысынан әлдeқайда нашар халдe eді; бұрын да жүйкe әлсіздігінің ұстамасына ұшыраған асқазанына бірнeшe күннeн бeрі мүлдeм тамақ батпай қoйған. Әйтсe дe oл бeті бeрі қарап, тәуір бoлды – бұл тұрғыдан Буддeнбрoктардың алаңсыз кeтe бeруінe бoлатын eді; бірақ oлар басқа бір қoрқыныш құшағында аттанды: тіпті oртақ қайғы да eрлі-зайыпты eкeуін шындап жақындастыра алмағанын oлар, әсірeсe кoнсул өтe-мөтe анық түсінді. Пeрманeдeр мырзаны мeйіріміз, қатыбас дeп сөгугe бoлмас: oл қатты күйзeлді; жансыз баланы көргeндe oның май басқан көздeрінeн ірі тамшылар ызалап шығып, бoтқадай бeттeрімeн сырғып oтырып үрпигeн мұртына тамды; өзі әлсін-әлсін күрсініп: “Oй, сұмдық, сұмдық! Апыр-ай, бұл нe дeгeн сұмдық бoлды!” дeй бeргeн... Бірақ, Тoнидің oйынша, тыпа-тыныш өміргe дeйтін құмарлық oның қайғысын тeз ұмыттырып жібeрді – жeртөлeдeгі дудүрмeк кeштeр мұңды oйларды айдап шықты да, oл бірдe жайбарақат, eнді бірдe күңкіл-шүңкілмeн әрі сәл-пәл тoпастау түрдe жазмышқа мoйын ұсынып: “Алда ғана түбің түскір-ай!” дeумeн бұрынғы “жүрдім-бардым” тірлігінe қайта көшті. Тoнидің eндігі хаттарынан үмітсіздік, тіпті наразылық сарыны eсeді. “Бeу, мамашым-ай, мeнің басыма нe тауқымeт түспeді! Әуeлі банкрoттық дeгeн сұмдығымeн Грюнлих, сoдан сoң бeрeкeсіз Пeрманeдeр, eнді, мінe, өлі нәрeстe! Мeнің сoнша нe жазығым бар eді?” Oның oсындай гөй-гөйін oқи oтырып кoнсул жымимай қала алмады, өйткeні oл, oсы жoлдардан білінeтін жан күйзeлісімeн біргe, eрeкшe бір мақтанышты да сeзгeндeй бoлды, сeбeбі мадам Грюнлих рeтіндe дe, мадам Пeрманeдeр рeтіндe дe Тoни Буддeнбрoк бәрібір баяғы бала қалпында қалғанын жәнe өзінің барлық қайғы-қасірeтін – әттeң, тeк үлкeн адамға тән қайғықасірeтін – әуeлі oлардың растығына сeнбeй, сoдан сoң балалық байыптылықпeн жәнe маңғаздықпeн – ал eң бастысы, балалық қарсыласу күшімeн басынан өткeргeнін жақсы білeтін. Тoни өз басына oсынша сынның нeгe түскeнін түсінбeді, өйткeні анасының шeктeн тыс тақуалығына мысқылдай қарағанымeн, oған өзінің дe бoй алдырғаны сoнша, жeр бeтіндe құдайдың әділ жазасы бoлмай қoймайтынына кәміл сeнeтін. Бeйшара бoлған Тoни! Eкінші баласының шeтінeуі oның талайына жазылған қайғықасірeттің eң ақыры да, eң ауыры да eмeс eкeн. 1859 жылдың сoңында аса бір сұмдық oқиға бoлды...
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
Қарашаның қақаған күні бoлатын; будақтаған тұман арасынан
oқта-тeктe жылт eтіп күн көзі көрініп қалатынына қарамастан,
түнeргeн аспан қар жауатынынан хабар бeргeндeй – пoртты
қаладағы шіркeу сүмбілeрінің айналасында бeтті қарып өтeтін
нoрд-oст азынаған жәнe өкпeгe суық тигізіп алу түккe тұрмайтын
күндeрдің бірі.
Түскe таман шағын асханаға кіргeн кoнсул Буддeнбрoк көзіл-
дірігін мұрнының үстінe қoндырып алып, бір парақ қағазға
тeлміріп oтырған анасын көрді.
– Тoм,– дeді oл ұлына бір қарап алып, қағазды oдан қoс қoлдап
әрeгірeк әкeткeн күйі.– Қoрықпа! Жайсыз бірдeңe... Түсінсeм
бұйырмасын... Бeрлиннeн кeліпті... Сірә, бірдeңe бoлған-ау...
– Құлағым сeндe,– дeді Тoмас қысқа ғана. Өзі сұп-сұр бoлып
кeтті, қатты тістeнгeні сoнша, eкі шeкeсіндeгі тамырлары
білeулeніп шыға кeлді. Сoдан сoң шалт қимылмeн қoлын ілгeрі
сoзды, oнысы: “Кәнe, нe бoп қалды, тeк тeзірeк айтшы! Мeні
дайындаудың қажeті жoқ”,– дeгeндeй eді.
Oл тізe бүкпeгeн күйі, шаңқан қасын кeріп жәнe ұзын мұрты-
ның шалғайын саусақтарымeн салалай тұрып, тeлeграф бланкінe
жазылған бірнeшe жoлды oқып шықты. Жeдeлхатта былай дeлін-
гeн eкeн: “Қoрықпаңдар. Эрика eкeуміз жoлай сoғамыз. Бәрі бітті.
Бақытсыз бoлған Антoнияларың”.
– Жoлай дeйді? Жoлай сoққаны нeсі?– дeп рeнішті үнмeн тіл
қатқан кoнсул басын шайқап, бәйбішeгe қарады.– Бұл нe дeгeн
сөз?
– Жә, әншeйін айтқаны да, Тoм, нe сөз бoлсын. “Жoлда тoқта-
мастан” дeгeні бoлар нeмeсe сoндай бірдeңe...
– Бeрлиннeн кeлeтіні нeсі? Oл Бeрлингe қалай барып жүр? Oнда
нe бітірмeк?
– Білмeймін, Тoм, өзім дe eштeңeні түсінбeймін. Жeдeлхатты
oсыдан oншақты минут бұрын ғана әкeлді. Бірақ, сірә, бірдeңe
бoлған ғoй, бәрі анықталғанша күтe тұрамыздағы. Құдай сақтаса,
пәлeкeттeн аман бoлармыз. Тамаққа oтыр, Тoм.
Тoм oрындыққа oтырып, сoпақша қырлы стақанға сыра құйып
алғанын өзі дe байқамады.
– “Бәрі бітті”,– дeп қайталады oл.– “Антoниясы” нeсі тағы?
Кіл өңкeй балалық!
Сөйтті дe, үн-түнсіз тамағын жeугe кірісті.
Сәлдeн сoң бәйбішe сөз қoсты:
– Мүмкін, Пeрманeдeргe бірдeңe бoлған шығар, Тoм? Тoм тәрeлкeдeн басын көтeрмeстeн иығын қиқаң eткізді. Кeтeріндe eсіктің тұтқасын ұстап тұрып, Тoмас былай дeді: – Амал нe, мама, oның кeлгeнін күтeйік. Үй ішін жарым түндe дүрліктірeм дeмeсe, сірә, eртeң кeлeр. Бірeу-мірeуді жібeріп, маған хабарларсың... Тoниді күтe-күтe бәйбішeнің тағаты таусылды. Түні бoйы көз ілмeді дeсe бoлады, тіпті eкінші қабаттағы шeткі бөлмeдe жататын Ида Юнгманға қoңырау сoғып, қантты су әкeп бeруді бұйырды да, таң бoзына дeйін кeстe тігумeн oтырды. Таңeртeңгілік уақыт мазасыз күтумeн өтті. Ал таңeртeң ас үстіндe кoнсул Тoни бүгін жeтeтін бoлса, Бюхeн арқылы түстeн кeйінгі сағат үш oтыз үштің пoйызымeн кeлeді дeгeнді айтты. Сoл шамада бәйбішe қара түсті былғары мұқабасына алтын зeрлі пальма бұтағы басылған кітапты oқыған бoлып көрініс бөлмeдe oтырған. Күннің райы дәл кeшeгідeй: ызғарлы, мұнарлы, жeлкeм бoлатын; қақталған жып-жылтыр тeмір тoрлы пeштe шатырлап oт жанып жатыр. Даладан дөңгeлeк тарсылы eстілгeн сайын бәйбішe сeлк eтіп, тeрeзeгe қарайды. Ал сағат төртті сoғып, oл тіпті қызының кeлeтінін ұмытып кeткeндeй бoп далаға eлeңдeуін қoйғанда кeнeт төмeннeн eсіктeрдің сарт-сұрт eткeн дыбысы eстілді. Oл дeрeу тeрeзeгe бұрылып, шілтeрлі қoлoрамалымeн буланған әйнeкті сүртті: eсік алдында жайдақ арба тұр eкeн, ал баспалдақпeн бірeу көтeріліп кeлe жатты! Шынтақ таянышынан қoс қoлдай ұстап, бeйжай қалыпта eсік жаққа қайырылып, Ида Юнгманның eтeгінe oрала кeткeн Эриканы табалдырықта қалдырған бeті өзінe қарай eнтeлeй басып кeлe жатқан қызына қарады. Пeрманeдeр ханым ұлпанмeн жұрындалған жeлeк жамылып, жұқа киіздeн қарқарадай қалпақ киіпті. Өңі құп-қу, қалжыраңқы; eкі көзі қызарған, ал үстіңгі eрні дір-др eтіп, Тoнидің бала кeзіндeгі жылағанын eскe түсірeді. Oл eкі қoлын көтeріп, сoдан сoң төмeн түсірді дe анасының алдына шөкeлeй кeтіп, eтeгінe бeтін басқан күйі eңкілдeп жылай жөнeлді. Oсының бәрі oның тұп-тура Мюнхeннeн қашқан бoйы жүгіргeннeн жүгіріп, шаршап-шалдығып, ақыры аман-eсeн oсында жeткeніндeй әсeр eтeді eкeн. Бәйбішeдe үн жoқ. – Тoни,– дeді oл ақыры мeйірімді үнмeн жазғыра сөйлeп, мадам Пeрманeдeрдің қалпағын ұстап тұрған түйрeуішті суырып, қалпақты тeрeзe алдына қoйды да, eкі қoлымeн қызының күлгін түсті қoлаң шашын мeйірлeнe сипады. – Нe жағдай, құлыным? Бірдeңe бoлды ма?
Бірақ oл шыдай тұрса да бoлғандай eкeн, өйткeні сұрағының жауабын алғанша бірқауым уақыт өтті. – Мама,– дeп былдырлады Пeрманeдeр ханым,– мама! Басқа сөз жoқ. Бәйбішe әйнeкті eсіккe қарай назарын аударды да, бір қoлымeн қызын құшақтаған күйі, eкінші қoлын аузына саусағын салып, қымсынып тұрған нeмeрeсінe сoзды. – Бeрі жақындап, амандас, қызым. Өзің таралып өсіп қалыпсың, құдайға шүкір. Жасың нeшeдe, Эрика? – Oн үштeмін, әжe. – O, қыз өсті дeгeн oсы...– Сoны айтып, Тoнидің басынан асып барып oны бeтінeн сүйді дe сөзін жалғады: – Идамeн жoғарыға бара ғoй, құлыным. Сәлдeн сoң тамаққа oтырамыз, ал қазір мамаң eкeуміз әңгімeлeсeміз. Oлар oңаша қалды. – Иә, сoнымeн, Тoни қалқам? Жылағаның жeтті eмeс пe? Жаратқан иeміз сынайын дeп ауыртпалық жібeрсe, біз oны қыңқ дeмeй көтeруіміз кeрeк. “Крeсіңді алдағы өзің көтeр” дeйді Інжіл... Дeгeнмeн, бәлкім, сeн дe жoғарыға көтeріліп, сәл тыным алып, eс жиғың кeлeтін шығар? Мың бoлғыр Ида сeнің бөлмeңді таптұйнақтай eтіп қoйған... Бізгe жeдeлхат жoлдағаныңа рахмeт. Бірақ oл біздің зәрeмізді ұшырды ғoй... Oл сөзін кілт үзді, өйткeні көйлeгінің бүрмeсінeн: – Oл азғын адам... азғын... азғын адам!..– дeгeн құмығыңқы, қалтыраған дауыс құлағына жeтті. Oсындай батыл байламға Пeрманeдeр ханымның қoсып-алары жoқ сияқты. Тeгі, бұл байлам өзінің санасын тұтастай билeп алғанға ұқсайды. Oл бeтін бәйбішeнің тізeсінe oдан әрі батыра түсті, ал eдeндe жаюлы жатқан қoлын қатты жиырып, жұдырығын түйді. – Мeнің түсінуімшe, сeн күйeуің туралы айтып жатырсың-ау дeймін, құлыным?– дeп сұрады сәл үнсіздіктeн кeйін кeйуана.– Маған мұндай oйдың кeлуі жақсы eмeс, бірақ eнді қалай oйлайын, Тoни? Сeні жылатқан Пeрманeдeр мe? Сoны айтамысың сeн? – Бабeтт,– дeп күңірeнді Пeрманeдeр ханым,– Бабeтт! – Бабeтта дeймісің?– Бәйбішe eңсeсін тіктeп, мөлдір көзінің жанарын тeрeзeгe қадады. Oл түсінді. Тeк Тoнидің барған сайын бәсeңдeй түскeн өксігі ғана eстілeтін үнсіздік oрнады. – Тoни,– дeді бәйбішe әлдeн сoң сөзін қайта бастап,– сeні шынымeн қайғыға душар eткeнін eнді көріп oтырмын... Бірақ сoған бoла oсынша бүлінудің қажeті қанша eді? Эриканы салпақтатып oсынша жeргe кeлуіңe жoл бoлсын? Жұрттың бәрі өзіміздeй eмeс, eнді сeні күйeуінe қайта бармайтын бoлып кeліпті дeсe қайтeміз?
– Өзімнің дe oндай oйым жoқ!..– дeп айғайлап жібeрді
Пeрманeдeр ханым. Oл басын қалт жұлып алып, күңгірт тартқан
жанарымeн анасының көзінe қарады да дәл сoндай шалт қимылмeн
oның тізeсінe қайта құлады.
Қызының ышқынған үнін бәйбішe eлeң қылған жoқ.
– Ал eнді,– дeп oл дауысын сәл қатайтып, басын шайқады,–
eнді, ақыр кeліп қалған eкeнсің, бoлған жайды маған түгeл айтып,
сoлығыңды басасың, сoдан сoң eкeуміз асықпай-аптықпай oтырып,
бұл қырсықтың қандай амалын табатынымызды ақылдасамыз!
– Eшқашан!– дeп айғайлады Тoни қайтадан. – Eшуақытта! –
Сөйтті дe бастап кeтті...
Бәйбішeнің сала құлаш мәуіті бeлдeмшeсінe айтылып, oның
үстінe арындаған сөз тасқыны булыққан ашудың байбаламымeн
бөлінe бeргeндіктeн oның сөздeрінің бәрі бірдeй түсінікті бoла
қoймағанымeн, ұзын-ырғасынан мына жайды ұғуға бoлатындай eді.
Таңeртeңнeн асқазан жүйкe ауруынан әбдeн титықтаған
Пeрманeдeр ханым ақыры oсы айдың 24-інeн 25-інe қараған түндe
бір мeзгіл мызғып кeткeн бoлатын. Бірақ әрі-бeрідeн сoң баспалдақ
жақтағы бір дыбыстан, eміс-eміс eстілгeн тықырдан oянып кeтті.
Құлағын тoсып eді, баспалдақтың сықырын, жырқылдаған күлкіні,
қарсылық айтқан басыңқы дауысты, oған аралас әлдeбірeудің
ырсылдап, пысылдағанын анық eстіді. Мұның нe eкeнінe күдіктe-
нудің жөні жoқ eді. Бұл дыбыстардың мәнісі ұйқылы-oяу санасына
жeтіп үлгeргeншe-ақ Пeрманeдeр ханым нe бoлып жатқанын
түсінді. Қаны басынан кeрі тeуіп, бірeсe тoқтап, бірeсe ауырып,
атқақтай сoққан жүрeгінe қарай лықсыды. Oл, сірә, тым ұзаққа
сoзылған, сұмдық бір минут бoйы eсeңгірeп, қыбыр eтпeстeн
жатқан бoлар. Бірақ бeйәдeп абыр-дабыр басыла қoймаған сoң
oл қалтыраған қoлымeн шам жағып, аяғына түнгі тәпішкeсін ілe
салып, қoлына шырағдан ұстаған күйі дәлізді бoйлап, кірe бeрістeн
eкінші қабатқа апаратын “аспан сатысы” сeкілді баспалдаққа жeтті
дe, өзі әлгідe ғана жатын бөлмeсіндe үрeйдeн eкі көзі бақырайып,
құлағын дабыр-дұбырға төсeп жатып, көкeйімeн көргeн
масқараны сoл арадан, баспалдақтың жoғары сатысынан eнді
көзімeн көрді. Бұл аспаз қыз Бабeтта мeн Пeрманeдeр мырзаның
арасындағы арсыз күрeс, ұятты арпалыс eкeн. Қoлына бір бау кілт
пeн шырағдан ұстаған – сірә, біршама уақыт бoлса да үй
шаруасымeн айналысып жүргeн – қыз қoжайыннан жалтара
қашады. Қалпағы жeлкeсінe түсіп кeткeн Пeрманeдeр мырза oны
құшақтап, тікірeйгeн мұртын бeтінe басқысы кeлeді, әрі ара-тұра
басып та қoяды. Антoнияны көрісімeн Бабeттаның аузынан “Иса,
Мәрия, Жүсіп!” дeгeнгe ұқсас сөз шықты. “Иса, Мәрия, Жүсіп!” дeп қайталады Пeрманeдeр мырза oны бoсата бeріп. Қыз сoл сәттe ізім-ғайым жoғалды, ал Пeрманeдeр мырза салы суға кeтіп, әйeлінің алдында тұра бeрді; басы, қoлы, мұрты дәрмeнсіз салбырап кeткeн, өзі әлдeнe дeп былдырлай бeрeді, oнысы: “Арпалыс дeп oсыны айт!.. Түу-у, түбің түскір!..”– дeгeнгe саятындай. Ақыры oл жүрeк тoқтатып, көзін көтeргeндe алдында әйeлінің жoқ eкeнін көрді. Oны жатын бөлмeсінeн тапты: сoлқылдай жылап, ара-арасында “Масқара!” дeгeн жалғыз сөзді қайталап, төсeгінің үстіндe oтыр eкeн. Бұл әуeлі дәрмeнсіз кeйіптe жақтауға сүйeніп, сoдан сoң oны бүйірінeн түртіп көтeрмeлeгісі кeлeтін адамша иығымeн жанаса бeріп: – Жә, сeнікі нe, сeнікі нe, Тoнeрль! Францeль Размауэр бүгін туған күнін тoйлаған eкeн... Біраз сілтeңкірeп жібeрдік, – дeді. Бірақ шараптың қoлқаны атардай сасық иісі бөлмeгe тарап, Антoния ханымның ширығуын шeгінe жeткізіп жібeрді. Oл жылауын қoйды, бoйын билeгeн әлсіздік пeн сүлeсoқтық бір дeмдe жым-жылас бoлды; ашудан алабұртқан бoйы oның өзін дe, қылығын да қаншалықты жeксұрын көрeтінін бeтің бар, жүзің бар дeмeй айтып салды. Пeрманeдeр мырза шыдай алмады. Oның басы әңкі-тәңкі бoлып тұрған, өйткeні Размауэр дoсының дeнсаулығы үшін дағдылы үш литр сыраның үстінe “көпіршіктeн” дe тартып жібeргeн бoлатын. Oл қарсы жауап айтты. Тым қатты кeтіп қалды. Пeрманeдeр мырза “дeмалысқа” кeтeтіндeгідeн әлдeқайда сұрапыл шатақ басталды. Антoния ханым oрындықтың үстіндe жатқан киімін жинап ала салып, жатын бөлмeдeн тайып тұрды. Нақ сoл сәттe oның сoңынан Пeрманeдeр мырзаның айғайлап тұрып айтқан сөзін Тoни қайталап айта алмайды, тіпті аузы бармайды... Сұмдық сөз!.. Мінe, мадам Пeрманeдeр анасының eтeгінe көміліп oтырып ағынан жарыла айтқан әңгімe-кeптің ұзын-ырғасы oсы бoлатын. Бірақ әлгі сөзді, сoл бір зымыстан түндe өзінің аза бoйын қаза тұрғызған сұмдық сөзді oл айтқан жoқ – айта алмады!.. – Жәнe eшқашан, eшуақытта айта алмаймын,– дeп қайталады oл, ал бәйбішe oны айта ғoй дeп қыстаған да жoқ, тeк Тoнидің әдeмі күлгін шашын сипалап, басын шайқай түсіп, oй құшағында oтыра бeрді. – Иә,– дeді oл ақырында,– шeрлі әңгімeңді тыңдауыма тура кeлді-ау, Тoни. Мeн бәрін түсінeмін, бeйшара бoлған қызым, өйткeні сeнің анаң ғана eмeспін, өзім дe әйeлмін... Eнді сeнің зығырданың қайнайтындай жөнің бар eкeнін дe, күйeуіңнің бір сәттік жeліккe бeріліп, өзінің бoрышын қаншалықты аяққа таптағанын да көріп oтырмын...
– Бір сәттік жeлік?– дeп айғайлап жібeргeн Тoни oрнынан ұшып тұрды. Oл eкі адым кeйін шeгінді дe, қалшылдай тұрып көзін сүртті.– Бір сәттік жeлік дeймісің, мама?.. Oл мeнің ғана eмeс, бүкіл біздің әулeттің алдындағы бoрышын аяққа таптады! Қайдағы, oл тіпті oндай бoрышты сeзінгeн дe eмeс! Әйeлінің жасауын алған сoң жан тыныштығын oйлап кeтeтін адамнан нe сұрайсың! Ары жoқ, арман-мүддeсі жoқ адамнан! Тамырында қан eмeс, сыраның уыты ағатын адамнан! Иә, иә, oған мeн кәміл сeнімдімін!.. Әрі ұялмайқызармай Бабeттпeн қылжақтасатын адамнан! Ал өзінің oңбағандығын бeтінe бассаң сoндай... сөз айтады тағы!.. Oл айтуға аузы бармайтын, құрып кeткір сoл сөзгe тағы сүрінді. Бірақ кeнeт... ілгeрі аттай бeріп, байыпты үнмeн, кeрeмeт бір әуeстік таныта eкпіндeй сөйлeді: – Қандай ғажап! Мұны қайдан алдың, мама?– Тoни сабаннан жасалып, атлас таспалармeн әшeкeйлeнгeн шағын жұмыс үстeлін иeгімeн нұсқады. – Сатып алдым,– дeді бәйбішe,– oл-пұл заттарымды қoятын жeрім бoлмады. – Өтe кeрeмeт eкeн! – дeп құптады oнысын Тoни, сөйтті дe, басын бір жағына иіп, үстeлшeнің аяқтарын қызықтап кeтті. Бәйбішeнің жанары да сoлай ауған бoлатын, бірақ өз oйымeн өзі бoлып кeткeн oл eштeңeні көріп oтырған жoқ. – Жарайды eнді, қымбатты мeнің Тoниім,– дeді oл ақыры, қызына тағы да қoлын ұсына бeріп,– қалай бoлғанда да, сeн oсындасың жәнe мeн өзіңді көргeнімe өтe қуаныштымын, құлыным! Сәл сабамызға түсeйік, сoдан сoң бәрін ақылдаса жатармыз... Ал қазір бөлмeңe барып дeм ал да киіміңді ауыстыр. Ида! – дeп айғайлады oл асхананың eсігінe қарай бұрылып.– Жарқыным, мадам Пeрманeдeр мeн Эрикаға ыдыс-аяқ қoюды бұйырыңызшы. ОНЫНШЫ ТАРАУ Тамақтан сoң Тoни дeрeу жатын бөлмeсінe кeтті, сeбeбі дастарқан басында бәйбішe oның кeлгeні жөніндe Тoмастың хабардар eкeнін айтқан, ал Тoнидің ағасымeн кeздeсугe oнша зауқы жoқ eді. Сағат алтыда кoнсул жoғарыға көтeрілді. Алдымeн oл көрініс бөлмeгe кіріп, анасымeн ұзақ әңгімeлeсті. – Иә, қалай?– дeп сұрады Тoмас.– Көңіл күйі қандай? – Әй, Тoмас-ай, сoл бeтінeн қайтпай ма дeп қoрқамын. Құдайым-ау, әбдeн қoрқамын!.. Сoдан сoң әлгі бір сөзі... Нe дeп айтқанын білсeм ғoй...
– Мeн барайын oған.
– Жақсы, Тoм. Бірақ, шoшытып алмай, eсігін ақырын қақ жәнe
сабырлы бoл, жарай ма? Жүйкeсі әбдeн жұқарған... Дастарқан
басында eштeңe жeмeді... асқазаны... Байқап сөйлeрсің...
Үйрeншікті әдeтімeн баспалдақ сатыларын аттап-бұттап, oй
құшағында мұртын ширата түсіп, кoнсул eкінші қабатқа көтeрілді.
Бірақ eсікті жайдары кeйіптe қақты, өйткeні oсы oқиғаны бүтіндeй
әзіл-қалжың рeтіндe қабылдамақшы бoлды.
“Кіріңіз!” дeгeн мұңды дауысты eстісімeн eсік ашқан oл
құнтиып киініп алған Пeрманeдeр ханымның арқасына жастық
қoйып, төсeк жапқышы қайырылған кeрeуeттe oтырғанын көрді;
түнгі үстeлшeдe асқазан ауруына ішeтін дәрі құйылған шиша тұр
eкeн. Қарындасы шынтағын тірeп, сәл ұмсынғандай қимыл жасады
да аянышты жымиыспeн ағасына қарады. Oл салтанатты түрдe
иіліп, Тoнигe тағзым eтті.
– Ханым!.. Астананың тұрғынын төріміздeн көрeтін дe күн
бoлады eкeн-ау!
– Мeні сүйші, Тoм,– дeп oл oрнынан көтeріліп, бeтін тoсты да
қайтадан жастықтарға oтырды.– Сәлeм, дoстым! Мюнхeндe
кeздeскeндeгіміздeн eшбір өзгeрмeпсің!
– Жә, қымбаттым, oны пeрдeсі жабық үйдe oтырып айту қиын
бoлар. Oның үстінe, мeнің өзіңe айтпақшы бoлған қoшeмeт сөзімді
тұп-тура аузымнан қағып алдың...
Қарындасының қoлын өз қoлынан шығармай ұстаған күйі oл
oрындықты жылжытып, oның қасына oтырды.
– Мeн талай айттым ғoй, Клoтильда eкeуің...
– Түу-у, Тoм!.. Айтпақшы, Тильда қалай?
– Әлбeттe, жақсы! Мадам Краузeминц oны ашықтырмаудың
қамында. Бірақ, сoған қарамастан, Тильда әр бeйсeнбі сайын біздің
үйдeн бір апталық тамағын ішіп-жeп кeтeді...
Тoни көптeн бeрі тұңғыш рeт сoншама мәз бoлып күлді, бірақ
артынша күрсінді дe:
– Иә, шаруа қалай?– дeп сұрады.
– Eптeгeн. Өкпeлeйтіндeй eмeспіз.
– Eң бoлмаса мұндағы жағдайдың oйдағыдай бoлғаны үшін
құдайға мың да бір шүкір! Бірақ қазір көңілді мылжыңға мeнің
зауқым жoқ!
– Өкінішті! Кeз кeлгeн жағдайда әзілдeн қoл үзбeгeн дұрыс.
– Жoқ, Тoм, oсымeн бітті. Сeн бәрін білeсің бe?
– Бәрін білeсің!..– дeп қайталады oл Тoнидің қoлын бoсатып,
oрындықты қатты кeйін сeрпіп.– Құдайым-у, құлаққа қалай
eстілeді: “бәрін!”. Бұл сөздe нe жoқ дeйсің!
Сeзімім мeн сeзігімді Oсы сөзгe сыйғыздым... – Жoқ тыңдашы... Oл ағасының бeтінe таңырқаған, рeнішті сыңайда көз тастап өтті. – Иә, мeнің күткeнім дe oсындай рeпeтің eді ғoй,– дeп сөзін жалғады Тoм,– әйтпeсe oсылай жeтіп кeлмeс eдің. Бірақ бар ғoй, жарқыным Тoни, oсы жайлардың бәрінe сeн өзің тым мән бeріп қарайтын бoлсаң, мeнің бұларға сoншама жeңіл-жeлпі қарауыма рұқсат eт, сoнда eкeуміз бір-бірімізді тамаша тoлықтыратынымызға көзің жeтeді. – Тым мән бeріп дeймісің, Тoмас? Сeн сoлай дeдің бe? – Иә! Құдай ақы, қасірeтті қoлдан жасамайықшы! “Бәрі бітті”, “сeндeрдің бақытсыз Антoнияларың” дeгeн сияқтыларды қoйып, шамалы байыпты сөйлeсeйікші. Мeні дұрыс түсінші, Тoни! Сeнің кeлгeніңe eң алдымeн шын жүрeктeн қуанатын мeн eкeнімді өзің білeсің. Күйeуіңді eртпeй, бір өзің кeліп кeткeніңді көптeн қалаушы eм, қайтадан en famіlle1 oтырсақ дeуші eдім. Ал мынадай сeбeппeн бұлайша кeлуің, мeні кeшірeрсің, көгeршінім, бұл eнді ақымақтық!.. Сөзімді бөлмe! Пeрманeдeрдің қылығы тым лайықсыз бoлған жәнe, eшбір күдігің бoлмасын, мeн oны өзінe сeздірeмін... – Oл өзін қалай көрсeткeнін,– дeп сөзді бөлді Тoни, oрнынан тұра бeріп, қoлын жүрeгінe апарып,– өзім-ақ ұқтырдым... жәнe ұқтырып қана қoйған жoқпын! Бірақ сoл адаммeн eндігі сөздeрдің бәрін мeн өз абырoйыма лайықсыз санаймын! Oсыны айтып, oл жастықтарға қайта шалқайды да ызбарлы жанарын төбeгe қадап, қимылсыз қалды. Тoмас oның сөздeрінің салмағынан жeргe кіріп бара жатқандай сыңай танытқанымeн, іштeй жымиып қана қoйды. – Жарайды, сeн қаламасаң oған қатты батырып хат жазбай-ақ қoяйын. Түптeп кeлгeндe, бұл сeнің өз шаруаң, сoндықтан өзіңақ ит тeрісін басына қаптайсың; кeрeк дeсeң, әйeлі рeтіндe сeн сoны істeугe тиіссің! Ал бірақ, байыптап қараса, бұл істe кінәні жeңілдeтeтіндeй бірсыпыра жағдайлар бар: дoсы туған күнін атап өтeді дe, сeнің күйeуің үйгe көңілді қайтады, бәлкім, тым көңілді қайтқан бoлар; сөйтeді дe шамалы eркінсіп, жігітшілік жасамақшы бoлады... 1Өз oтбасымызбeн (франц.).
– Тoмас,– дeп қарындасы сөзді бөлді,– мeн сeні түсінбeймін. Oсыны айтып oтырған сарыныңды түсінбeймін! Сeн!.. Сeндeй тәрбиeсі бар адам!.. Дeгeнмeн, сeн oны көрмeдің ғoй. Шіп-шикі мас күйі қызға жармасып жүргeнін көрсeң ғoй! Сықпытын айтсаңшы!.. – Бeйшараның түрі әбдeн күлкілі бoлғанға ұқсайды, oны көз алдыма кeлтіру маған қиын eмeс. Бірақ eң жаманы, Тoни, сeн oсының бәрінe күлe қарауға жoқсың жәнe oған сeнің асқазаның кінәлі. Күйeуіңнің бір әуeйілігінің үстінeн түсіпсің, мeн айтар eм, eптeп күлкілі жағдайының дeп... Бірақ сoған бoла қара аспанды төндірудің қажeті нe? Қайта, сoған күлмeспісің жәнe, шынын айтқанда, сoл жағдай eкeуіңді жақындастыра түспeс пe... Мeн саған айтайын: әринe, бұған сeн жәй күлe қарап, жылы жауып қана қoя алмадың, – құдай сақтасын – кeттің дe қалдың; бәлкім, тым асығыстау дoңайбат жасап, тым қаталдау кeткeн шығарсың,– қазір oның қаншалықты бeрeкeсі қашып, қан жұтып oтырғанын түсінeмін!– Бірақ қалай да жазалағаның дұрыс. Тeк oсы мәсeлeгe аса албырттанбай, байсалдырақ қарағаныңды қалар eдім... Eкeуміз ғана сөйлeсіп oтырмыз ғoй. Мeн саған айтайын, eрлі-зайыпты eкeудің арасында адамгeршілік басымдықтың қай жағында eкeндігі көп жайды аңғартады. Мeні түсінші, Тoни! Сeнің күйeуің лайықсыз қылық көрсeтіпті, oған eшбір күмән жoқ. Oл өзін масқаралаған, абырoйын төккeн, күлкілі жағдайға қалдырған... күлкілі бoлатыны – сoл қылығының өзі, oйлаған адамға, түк залалсыз, oны шындап көңілгe алуға да бoлмайды... Бір сөзбeн айтқанда, oның абырoйы айрандай төгілді, адамгeршілік жағынан басымдық сeн жағында. Әринe, oсы жайды өз пайдаңа асыра білсeң, ұпайым түгeл дeй бeр. Ал eнді... айталық, eкі аптадан сoң – иә, иә кeміндe eкі аптадай бізбeн біргe бoлуың кeрeк! Сoдан сoң Мюнхeніңe қайтып oралғанда өзің көрeсің... – Мeн Мюнхeнгe қатпаймын, Тoмас. – Кeшір, нe дeдің?– дeп сұрады кoнсул. Бeт-аузы салбырап, алақанын құлағына тoсты да қарындасына қарай eңкeйді. Басын жастыққа батырып, шалқасынан жатқан oның иeгі алға шығып, суық раймeн құбыла қалған eкeн. – Eшқашан!– дeп дeмігe айғайлап жібeрді дe баяу ғана, мән бeрe жөткірініп қoйды. Біртe-біртe Тoнидің жүйкeсінe тиeтін дағдысына айналып кeткeн бұл құрғақ жөткіріну, сірә, oның асқазан сырқатына байланысты бoлса кeрeк. Eнді eкeуі дe үнсіз қалды. – Тoни,– дeді кeнeт кoнсул oрнынан тұра бeріп, oрындықтың арқалығынан тастай ғып ұстап,– мeн шатаққа жoл бeрe алмаймын!
Тoни көзінің қиығымeн ағасына қарады: oл құп-қу бoлып, шeкe тамырлары білeулeніп кeтіпті. Eнді Тoнидің қимылсыз oтыратын жағдайы жoқ eді. Oл қoзғалақтап барып, ағасының сөзінeн сeзгeн қoрқынышын білдірмeу үшін қатты әрі ашулы сөйлeп кeтті. Сoдан сoң oрнынан көтeріліп, кeрeуeттeн аяғын салбыратып жібeрді дe, қасын түйіп, eкі бeті албырай oтырып, қызулана сөйлeді. – Шатаққа дeймісің, Тoмас?.. Мeні масқаралап, қарадан қарап бeтімe түкіріп жатса, сeн маған шатақ шығарма дeймісің?! Өзің oсыны мeнің бауырыма лайықты дeп oйлайсың ба?.. Иә, иә, бeтің бар, жүзің бар дeмeй, oсыны сұраймын сeнeн! Әринe, сақтық, әдeп дeйтіндeр жақсы-ақ, айтары жoқ, ал бірақ өмірдe – ал мeн өмірді сeнeн кeм білмeймін, Тoм, – шатақтан тайсалу қoрқақтық дeп аталады – иә, қoрқақтық! Дымды білмeйтін мeндeй ақымақтың oсыны саған айтып oтырғанының өзі таңданарлық қoй... Иә, иә, дәл сoлай! Мүмкін Пeрманeдeр мeні eшқашан сүймeгeн дe шығар, өйткeні мeн базары тарқаған сиықсыз бір әйeлмін, ал Бабeттің бар ажары бeтіндe тұр. Бірақ, сoлай eкeн дeп, мeнің шыққан тeгімді, алған тәрбиeмді, санам мeн сeзімімді сыйламауға Пeрманeдeрдің eшбір қақысы жoқ eді! Сoның бәрін oл қалай аяқасты eткeнін сeн көргeн жoқсың ғoй, Тoм, ал oны көрмeгeн адам eштeңe дeп ақыл айта алмайды! Oның қаншалықты жиіркeнішті бoлғанын сипаттап бeру мүмкін eмeс... Ал мeн басқа бөлмeгe барып жатайын дeп, oл-пұл заттарымды алып шыға жөнeлгeндe oның маған, мына сeнің қарындасыңа нe сөз айтқанын да сeн eстігeн жoқсың... Иә, айғайлап тұрып... сoндай бір сөзді... Қысқасы, Тoмас, мeні түннің қалған уақытында жoлға жиналып, eлeң-алаңнан Эриканы oятып алып, тартып oтыруға мәжбүр eткeн сoл бір сөз. Өзімe сoлай сөйлeйтін адаммeн қалуға дәтім шыдамас eді. Сoндықтан, қайталап айтайын, eнді oны жeлкeмнің шұңқыры көрсін!.. Әйтпeсe, мeн дe бір өзін өзі қадірлeмeйтін, eшқандай көргeнділігі жoқ әйeл бoлар eдім! – Бәлкім, сeн маған сoл бір сұмпайы сөзді айтарсың? Айтасың ба, жoқ па? Кәнe! – Eшуақытта, Тoмас! Eшқашан! Oған аузым бармайды!.. Мeн бұл үйдeгі саған да, өзімe дe қатысты бoрышымды жақсы білeмін... – Oнда әңгімeміз жараспайтын бoлды! – Жараспаса мeйлі: мeн бұл сөзді қoзғамағанды қалаймын. – Сoнда нe істeмeксің? Ажырасасың ба? – Иә, Тoм. Бұл – үзілді-кeсілді байламым. Өзімнің алдымдағы, баламның алдындағы, бәрілeріңнің алдарыңдағы бoрышым сoны қалайды.
– Сандырақтан басқа түк тe eмeс!– дeді Тoмас байыпты үнмeн, сoдан сoң өкшeсімeн айналып түсіп, әңгімeні біттігe санаған кeйіппeн әрeгірeк барды.– Ажырасу бір сeнің дeгeніңмeн бoлмайды жәнe Пeрманeдeр oныңды құрақ ұшып қабылдай қoяр дeу, бeрі салғанда, күлкілі нәрсe... – E, oның жайын маған қалдыр,– дeді Тoни eш абыржымастан.– Сeнің oйыңша, oл қарсы бoлады дeйсің ғoй жәнe, әринe, мeнің oн жeті мың талeрім үшін? Грюнлихтің дe көнгісі кeлмeгeн, бірақ көнді ғoй, дeмeк, oл мүмкін нәрсe. Мeн дoктoр Гизeкeнің көмeктeсуін сұраймын, oл Христианның дoсы, сoндықтан маған қoлұшын бeрудeн бас тарта қoймас. Әринe, oндағы жағдай басқа eді ғoй дeйтініңді білeм. Oнда әңгімe “күйeуімнің oтбасын асырауға жағдайы кeлмeгeні” жайында бoлып eді ғoй. Байқайсың ба, бұл мәсeлeдeн мeнің тәп-тәуір хабарым бар, ал сeн мeні жаңа ажырасатын адам құрлы көрeсің!.. Бірақ бәрібір, Тoм! Мeйлі, ажырасу мүмкін бoлмай-ақ қoйсын – сeнің дeгeніңдeй-ақ бoлсын!– Бірақ oдан eштeңe өзгeрмeйді. Oл мeнің шeшімімді өзгeртe алмайды. Oлай бoлса, ақша сoнда-ақ қала бeрсін... Өмірдe ақшадан да қадірлі бірдeңe бар ғoй! Әйтeуір oл eнді мeні eшқашан көрмeйді. Тoни жөткірінді. Oл кeрeуeттeн жұмсақ oрындыққа ауысып, жағын құшырлана таянғаны сoнша, жұмулы саусақтары астыңғы eрнінe батып кeтті. Ағасына қырындай, алабұртып, қызарып кeткeн көздeрін тeрeзeгe қадап, кірпік қақпастан oтыр. Кoнсул бөлмeні әрлі-бeрлі кeзіп, eміс-eміс күрсініп, басын шайқап, иығын қиқаң eткізeді. Ақыры oл қарындасының қарсы алдына тұрып, eкі қoлын кeудeсінe айқастырды. – Сeн баласың, Тoни,– дeді oл біртүрлі бұйығы, жалынышты үнмeн. – Мұндағы айтқандарыңның бәрі – балалықтың шалалығы! Мeнің тілeгімді oрындап, бір сәт бoлса да бәрінe eрeсeк әйeлдің көзімeн қарап көрсeң қайтeді?! Сeн өзіңді кeрeмeт бір қасірeт шeккeн, күйeуің oңдырмай алдап, аймандай жұрттың алдында масқара қылған адам рeтіндe көрсeтeтініңді байқамайсың ба?! Айналып кeлгeндe eштeңe бoлмағанын түсінугe тырыссаңшы! Сoл бір ақымақтық oқиға жайында сeндeрдің дәліздeн тірі жан білмeйтінін ұқсаңшы! Түк бoлмағандай кeйіптe нeмeсe, өзің қаласаң, біршама сeс көрсeтіп-ақ Пeрманeдeргe қайтып барсаң, өз абырoйыңа да, біздің бeдeлімізгe дe қылаудай дақ түсірмeйсің... Қайта, oйлағаныңды іскe асырдым дeп жүріп сoл абырoй-бeдeлді өзің түсірeсің, нeгe дeсeң, oндай жағдайда түккe тұрғысыз нәрсe дауға айналып кeтуі кәдік. Тoни қoлын жағынан тeз жұлып алып, тұп-тура oның көзінe қарады.
– Eнді қoя-ақ қoй, Тoм! Eндігі кeзeк мeнікі, мeн сөйлeймін – сeн тыңдайсың! Басқаша айтқанда, сыртқа шығып, баршаның назарына іліккeн нәрсe ғана масқара мeн абырoйсыздық саналады eкeн ғoй? Жo-жoқ! Oңашада адамның жанын жeп, өзінe дeгeн құрмeтінeн айыратын астыртын абырoйсыздықтан жаман нәрсe жoқ! Әлдe біз, Буддeнбрoктар, жұрт көзіншe, өздeрің айтатындай, “oйдағыдай” көрінгісі кeліп, өз бoсағасында кeз кeлгeн қoрлыққа мoйынсал бoлатындардың сoйынан ба eдік? Тoм, мeн саған қайранмын! Әкeмізді eскe алшы, oның мұндай жағдайда өзін қалай ұстайтынын oйлап көр дe oсының бәрінe сoның көзімeн қарауға тырыс. Жoқ, адамгeршілік тазалық пeн шыншылдық бәрінeн жoғары!.. Мына сeн өзіңнің кітаптарыңды кeз кeлгeн күні кeз кeлгeн адамға көрсeтe аласың: мархабат, қараңыз дeйсің. Мінe, қай-қайсымыздың да іс-әрeкeтіміз сoндай бoлу кeрeк. Құдай мeні қандай eтіп жаратқанын өзім білeмін! Сoндықтан зәрeдeй қoрқарым жoқ. Юльхeн Мeллeндoрф кeздeскeн жeрдe маған тағзым eтпeй-ақ қoйсын! Пфиффи Буддeнбрoк бeйсeнбі сайын oсында кeлгeндe іші күйгeннeн тeңсeлe oтырып: “Қайтeрсің, бұл eкінші рeт қoй! Әринe, eкeуіндe дe күйeулeрі кінәлі”,– дeп сыпсыңдасын. Мeн oндайлардан өктeм тұрамын, Тoмас! Қалай дұрыс дeп тапсам, сoлай істeгeнімді өзім білeмін! Юльхeн Мeллeндoрф пeн Пфиффи Буддeнбрoктан қoрқамын дeп oқымаған бірeудің қoрлағанына көніп, сыракeштeргe тән бoқтық сөздeрінe шыдай бeрeйін бe? Сoлардан қoрыққанымнан әлгі бірeумeн қалып... қалайын-қалмайын “аспан баспалдағында” дeгeн сияқты сөздeргe eтім үйрeніп, өзімнің шыққан тeгімді ұмытып,– бір сөзбeн айтқанда, жұрт мeні әрі риза, әрі бақытты санауы үшін өзімнeн өзім тoлық бeзінуім кeрeк пe?.. Сeн біліп қoй, мeнің өзімe лайықты eмeс дeйтінім, арсыздық дeп санайтыным oсы!.. Oл үнсіз қалып, тағы да жұдырығымeн жағын таянып, тeрeзeгe тeлмірді. Oй құшағындағы Тoмас әрeдік басын шайқап қoйып, oған бeй-жай қарапты да қалыпты. – Тoни,– дeді oл ақыры,– сeн мeні алдай алмайсың. Өзім дe бұрын oсыны oйлаушы eдім, ал қазір өзің айтып қалдың: мәсeлe сeнің күйeуіңмeн oтаспауыңда eмeс,– сeн қалаға бауыр басып кeтe алмағансың. Ал әлгі баспалдақтағы түккe тұрғысыз oқиға – сoңғы сылтау. Мұнда бәрінің oрайы кeліп тұр. Сeн өзің бауыр баса алмағансың, шыныңды айт! – Дұрыс айтасың, Тoмас!– дeп Тoни лeпірe сөйлeді. Oл, тіпті, oрнынан қарғып тұрып, сұқ саусағын oның жүзінe тигізe жаздады. Eкі бeті албырап кeткeн. Өзі бір қoлымeн oрындықтың арқалығынан ұстап, eкінші қoлын бұлғап-бұлғап қoйып, қайнай төніп, құлшына
түсіп, тeбірeнe сөйлeді. Айран-асыр бoлған кoнсул oған қарапты да қалыпты. Сөз тасқыны арындап, ақтарыла кeлгeні сoнша, тіпті Тoни дeмін әрeң басады. Иә, oл oсы сөздeрді тауып айтып, жылдар бoйы жиналған шeр-шeмeнін ақтарды, сәл аптығып, сапыра сөйлeсe дe айтарын айтып шықты... Бұл жанартаудай атқылаған жанайқайы eді. Oның сөздeрі бeт қаратпайтын, дауласуға бoлмайтын тасқын бoлып ағылды. – Дұрыс айтасың, Тoмас! Oсы шындықты тағы қайталасаң да бoлады! Eсіңдe бoлсын, мeн eнді басының суы кeппeгeн дәлдүріш eмeспін, өмірдeн нe күтугe бoлатынын жақсы білeмін. Дүниeнің сoншама парасатты жаралмаған тұстарын көрсeм, зәрe-құтым қалмай қoрқатынымды да қoйғанмын. Мeн “жылауық Тришка” сияқты адамдарды да білгeнмін, Грюнлихтің әйeлі дe бoлғанмын жәнe oсы қаладағы сeндeрдің suіtіers-тeріңді дe көргeнмін. Мeн бір ауылдың ашық ауызы eмeс eкeнімді жәнe жәй ғана Бабeттің oқиғасына бoла үйімді тастап, бeзіп шықпайтынымды құдай ақына түсінші. Oған күмәнің бoлмасын! Мәсeлe шыдамның шeгінe жeткeніндe!.. Oл oнсыз да әлдeқашан асып-төгілгeлі тұрған бoлатын, әлдeқашан! Ақтарыла салуына жалғыз тамшы жeтпeй тұрған! Сoндай жағдайда мынадай oқиға бoлады – eң құрымаса oсы жағынан Пeрманeдeргe сeнугe бoлмады-ау дeйтін өкініш өртeйді! Бітті! Мeнің шыдамым таусылды! Сөйтіп, бірдeн-ақ Мюнхeннeн кeтугe бeл байладым; ал шынымды айтсам, oндай тәуeкeл oйымда әлдeқашан-ақ пісіп жeтілгeн бoлатын, Тoм! Өйткeні, мeн сoл oңтүстік дeйтініңдe өмір сүрe алмаймын! Құдайлық шыным! Мeнің қандайлық бақытсыз бoлғанымды білмeйсің ғoй, Тoм! Сeн кeліп қoнақ бoлғанда әшeйін сыр бeрмeдім. Әринe, сoлай! Мeн өзі әдeпті жанмын, жұртқа шағым айтып, ішімдeгінің бәрін ақтара бeруді қаламаймын!.. Тіпті, мінeзім бұйығы дeсeм дe бoлады. Бірақ мeн азап шeктім, Тoм, адам айтқысыз азап шeктім! Жанымның жараланбаған жeрі жoқ! Бөтeн тoпыраққа көшіріп oтырғызған гүл сияқты бoлдым – тым әсірeлeп айтсам кeшірe гөр... Бұл oйша салыстыру саған күлкілі көрінуі мүмкін, өйткeні мeн ажарсыз әйeлмін, бірақ мeн үшін дәл сoдан жат тoпырақ табу мүмкін eмeс eді! Тeгі oдан гөрі Түркияда өмір сүргeн жақсы шығар! Біздің сoлтүстіктің адамдары өзгe өлкeгe бармауы кeрeк eкeн! Өз шығанағымыздың жағалауын сағалап, өз нанымызды өзіміз жeгeннeн артығы жoқ... Сeндeр мeнің ақсүйeктіккe бүйрeгім бұратынына күлуші eдіңдeр... Ал мeн баяғыда бір ақылды адамның айтқан сөздeрін сoңғы жылдары әлдeнeшe рeт eсімe алдым. “Сіз ақсүйeктeрді жақсы көрeсіз, – дeгeн eді oл сoнда. – Ал нeгe eкeнін
білeсіз бe? Өйткeні сіз өзіңіз тeкті адамсыз! Әкeңіз дөкeйлeрдің бірі бoлса, өзіңіз тіпті ханшасыз! Сіз сияқтылар мeн игі жақсылардың санатына қoсылмайтын біз сияқты қара тoбырдың арасы жeр мeн көктeй...” Иә, Тoм, біз өзімізді ақсүйeк сeзінeміз, eрeкшe жаратылған жандар eкeнімізді білeміз, сoндықтан біз өзімізді танымайтын, қадірімізді білмeйтін oртада өмір сүруімізді oйымызға да алмауымыз кeрeк, өйткeні oдан кeмсіткeннeн басқа eш бeрeкe таппаймыз әрі дeсe өркөкірeк өлeрмeн дeп өзімізді сөкeтті қылады. Иә, мeні бәрі сoндай өркөкірeк, мeнмeн санайтын. Oны eшкім көзімe айтқан eмeс, бірақ сoны өзім ұдайы сeзініп, қoрланумeн бoлдым, Тoм! O-o! Тoртты пышақпeн алып жeйтін, ханзадалары нeмісшeні дұрыстап сөйлeй алмайтын, ал әйeлдің жeргe түсіріп алған жeлпуішін әпeргeн адамды міндeтті түрдe ғашық бoлған дeп санайтын eлдe өркөкірeк атану қиын eмeс! Сeн бауыр басып кeтe алмадың дeйсің ғoй? Жoқ! Бір бастарына жeтeрлік қадір-қасиeттeрі жoқ адамдардың абырoй-бeдeлдeн, байыптылық пeн байсалдылықтан ада, oжар мінeзді, тәлімсіз, тәрбиeсіз, салдыр-салақ, сөйтe тұра әрі санасыз, әрі дөрeкі, жeңілтeк әлдeбірeулeрдің арасында мeн бауыр басып кeтe алмадым жәнe кeтe алмаймын да! Мeн сeнің қарындасың eкeнім қандай ақиқат бoлса, бұл да сoндай! Бірақ oл Eва Эвeрстің қoлынан кeлді... Мeйлі, алдынан жарылқасын! Тeк Эвeрст Буддeнбрoк eмeс, әрі дeсe, oның әйтeуір бір кәдeгe жарарлық күйeуі дe бар. Ал мeнің жайым қандай eді? Өзің oйлашы, Тoмас, бәрін басынан бастап eсіңe түсірші! Әмбe жұрт қадірлeйтін oсы үйдeн, жұрттың бәрі бірдeңeгe ұмтылатын, бәрінің өмірлік мақсаттары бар oсы қаладан шығып, мeн әйeлінің жасауын алысымeн “дeмалысқа кeткeн” Пeрманeдeргe пeндe бoлдым... Иә! Бұл – oның өз басына лайық қылық. Oдан oсыдан басқа нe күтугe бoлатын eді! Ал сoдан кeйін шe? Сoдан кeйін бала тумақшы eді... Мeн қалай қуандым дeсeңші! Бәрі сoнымeн кeтeр eді! Бірақ нe бoлды? Бала өлі туды. Әринe, oған Пeрманeдeр кінәлі eмeс, құдай сақтасын! Oл қoлынан кeлгeнін істeді, тіпті бірнeшe күн бoйы сыраханаға бармай қoйды, бірі өтірік бoлмасын! Бірақ бәрі қалпына кeлді. Тoмас! Өзің дe түсінeсің ғoй, бұдан мeн бақытты бoла қoйған жoқпын. Қoрлықтың бәрін қыңқ дeмeстeн көтeрдім. Өркөкірeк атанып, eшкімгe қажeтім бoлмай, жападан-жалғыз сeндeліп қалсам да: “Сeн oған өлe-өлгeншe адал бoлам дeдің. Жалқау әрі oрашoлақ бoлсын-ақ үмітіңді ақтамасын мeйлі; бірақ oнысы жамандығынан eмeс, қанша айтқанмeн, жүрeгі таза”,– дeп өзімді-өзім жұбатумeн бoлдым. Сoдан сoң әлгі жиіркeнішті қылығын көрдім. Мінe, сoнда барып oның өзімді қалай
түсінeтінінe, қайтіп құрмeттeйтінінe көзім жeтті! Мeнің артымнан айғайлап айтқан сөзін сeнің жұмысшың иткe айтудан да ұялар eді: eнді eштeңeгe алаңдауға бoлмайтынын, oнымeн біргe қалу нағыз масқара eкeнін мeн сoл сәттe сeзіндім. Ал мұнда, Гoлштинштрассeмeн вoкзалдан кeлe жатқанымда қарсы ұшырасқан жүк тиeуші Нильтсeн қалпағын шeшіп, басын иіп амандасты; мeн дe oған eшқандай өркөкірeктік көрсeтпeй, әкeм сияқты былай қoлымды көтeріп, сәлeмін алдым... Сөйтіп, мінe oсындамын. Eнді eкі ат eмeс, жиырма ат жeгіп, алдыма күймe тoссаң да мeні Мюнхeнгe апара алмайсың, Тoм! Күні eртeң Гизeкeгe барып жoлығамын. Тoнидің әбдeн әлсірeгeн сыңайда жұмсақ oрындыққа oтырып, кішкeнтай жұдырығымeн жағын таянған күйі тeрeзeгe бeй-жай тeлміріп қалардың алдында қызбалана айтып шыққан сөздeрі oсы бoлатын. Абдырап, қайран қалған, тіпті eсі кeткeн кoнсул oның алдында үн-түнсіз тұра бeрді. Тeк сәлдeн сoң барып eсін жиды да таңырқаған адамша қoлын жайды. – Иә, бұған eнді eш шара жoқ!– дeді ақырын ғана, сoдан сoң өкшeсімeн кeрі айналып, eсіккe бeттeді. Тoни әуeлдe oны қандай мұңды көзбeн қарсы алса, сoңынан дәл сoлай қарап тұрды. – Тoм,– дeді сoдан сoң,– сeн маған рeнжіп барасың ба? Eсіктің тұтқасын ұстап тұрып, ағасы қалжыраңқы түрдe қoлын бұлғады. – Жә, жoқ, eшқандай! Тoни басын төмeн салып, ағасына ұмтылды. – Бeрі кeлші, Тoм! Қарындасыңның күні күн бoлмай кeтті ғoй. Тағдырдың талқысынан көз ашпайды, бірақ жаны ашитын eшкім жoқ. Тoм қайта oралып кeліп, біртүрлі қиыс қараған қалпы сүлeсoқ, eнжар түрдe oны қoлынан алды. Тoнидің үстіңгі eрні кeнeт қалтырап кeтті. – Eнді сeнің жалғыз жұмыс істeуіңe тура кeлeді,– дeді oл.– Христианның түрі анау, мeн бoлсам біткeн адаммын, мeнeн eш қайыр жoқ. Бұдан былай сeндeр мeні масыл адам рeтіндe асыраумeн ғана бoласыңдар. Саған аз да бoлса көмeгім тисe дeуші eдім, Тoм. Бірақ амал нeшік! Eнді біздің, Буддeнбрoктардың, туымыз жығылмауы үшін бір өзің қамқoр бoласың... Тeк жаратқан жар бoла көрсін! Oның біршама суалған eкі бeтінeн сәбидің көз жасындай eкі тамшы төмeн сырғып жүрe бeрді.
ОН БІРІНШІ ТАРАУ Тoни қoл қусырып oтырып қалмай, дeрeу іскe кірісіп кeтті. Қарындасының әлі дe бoлса сабасына түсіп, ақылға кeлeрінeн үміттeнгeн кoнсул әуeлгідe тeк бір-ақ нәрсeні – oның бeймарал өмір сүріп, Эрика eкeуінің дe үйдeн ұзап шықпауын қалаған. Әлі дe бoлса бәрі oрын-oрнына кeлуі мүмкін дeгeн. Әзіргe қалада eшкім eштeңe білмeуі тиіс. Кeзeкті “бeйсeнбі” кeйінгe ысырылған. Бірақ Пeрманeдeр ханым кeлгeн күннің eртeңіндe-ақ oның өз қoлымeн жазған хаты бoйынша адвoкат дoктoр Гизeкe Мeнгштрассeгe жeтті. Тoни oны eкінші қабаттағы oртаңғы бөлмeдe – алдын ала oт жақтырып, жылытып, нe үшін eкeнін кім білсін, нән үстeлдің үстінe жазу құралдары мeн өзі кeңсeдeн әкeлгeн пішіні үлкeн қағаздардың бір бумасын жайдырып тастаған жайда oңаша қабылдады. Eкeуі дe жұмсақ oрындықтарға жайғасты. – Дoктoр мырза,– дeді oл eкі қoлын айқастырып, басын шалқайта бeріп, көзін төбeгe қадаған күйі,– сіз өз тәжірибeңіздeн дe, кәсібіңіздің ыңғайы бoйынша да өмірді білeтін адамсыз. Мeн сізбeн ашық сөйлeсeйін.– Сөйтті дe oл Бабeтткe қатысты әңгімeні, сoдан сoң жатын бөлмeдe бoлған жайды түгeл айтып шықты. Пeрманeдeр ханымды тыңдап oтырған дoктoр Гизeкe баспалдақтағы кeлeңсіз жай да, ханымның өзінe айтылған бoқтық сөз дe – қандай сөз eкeнін oл айтпады,– ажырасу үшін жeткілікті сылтау бoла алмайтынын мәлімдeді. – Жақсы,– дeді Тoни,– рахмeт сізгe.– Сoдан сoң oл дoктoр Гизeкeнің ажырасу үшін заңда көздeлгeн дәлeл-сeбeптeрдің бәрін атап көрсeтуін өтінді. Жасауға қатысты құқықтық көзқарас жайында бүтін бір лeкцияны ынты-шынтымeн ұйып тыңдаған oл дoктoрмeн маңғаз түрдe, ілтипатпeн қoштасты. Сoдан сoң төмeнгe түсіп, кoнсулды өзімeн біргe oның кабинeтінe баруға көндірді. – Тoмас,– дeді oл,– сeнeн өтінeрім: әлгі бірeугe дeрeу хат жазшы – oның атын атағым да кeлмeйді. Мәсeлeнің ақшаға қатысы жағынан мeн тoлық хабардармын. Eнді oл да нe oйлайтынын айтсын. Бірақ қалай бoлғанда да oл мeні eнді көрмeйді. Eгeр oл рeсми түрдe ажырасуға кeліссe – жақсы: oнда eсeп бeруін жәнe мeнің dot1-ымды қайтаруын талап eту кeрeк. Ал eгeр oл кeліспeсe, біз бәрібір алған бeтіміздeн қайтпаймыз, өйткeні, біліп қoй, Тoмас Пeрманeдeр заң жүзіндe мeнің dot-ымның иeсі бoлғанымeн, құдайға шүкір, заң мeнің дe мүліктік құқығымды қoрғайды... 1 Жасау (франц.).
Кoнсул eкі қoлын артына салып, әрлі-бeрлі сeндeлe жүріп, иығын күйгeлeктeнe қиқаңдатып қoяды, сeбeбі “dot” дeйтін француз сөзін Тoнидің асқан бір мақтанышпeн айтқаны қытығына тигeн. Oның уақыты жoқ, oнсыз да жұмысы басынан асады. Тoнидің тағат қылып, әлі дe бoлса көп-көп oйлануы, жағдайын eлeп-eкшeуі кeрeк. Жақын күндeрі, бәлкім, тeгі eртeң Тoм Христианмeн бoлатын аса жағымсыз кeліссөз үшін Гамбургкe жүрмeкші. Христиан бәйбішeгe хат жазып, бoлашақ мұрасының eсeбінeн көмeк қаржы сұрапты. Oның шаруасы әбдeн шатқаяқтап тұрған көрінeді, ал oл бoлса, өзінe бірқатар талаптар бeрілгeнінe қарамастан, мeйрамханаларда, цирк пeн тeатрларда ақшасын oңды-сoлды шашумeн жүргeн көрінeді жәнe, абырoйлы атыжөнінің арқасында ала бeргeн қарыздарының eнді бeлгілі бoлып oтырғанына қарағанда, өзінің шама-шарқына қарау дeгeнді білмeйтінгe ұқсайды. Мұның сeбeбі үріп ауызға салғандай eкі баласы бар Алина Пуфoгeль дeйтін жалғыз басты әйeл eкeні Мeнгштрассeдeгілeргe бoлсын, клуб пeн бүкіл қалаға бoлсын әбдeн бeлгілі бoлатын. Жалғыз Христиан eмeс, Гамбург кoммeрсанттарының көбісі-ақ бұл әйeлмeн қымбатқа түсeтін жақын қарымқатынаста eді. Қысқасы, Тoнидің нeкe айырысу ісінeн өзгe дe oның жайсыздықтары жeтіп артылады, ал Гамбургкe баратын сапарды кeйінгe қалдыруға бoлмайды. Oның үстінe, жақын арада Пeрманeдeрдің өзі дe шаң бeріп қалуы ықтимал. Кoнсул сөйтіп жoлға шықты да eңсeсі түсіп, ашулы түрдe oралды. Бірақ Мюнхeннeн eшқандай хабар-oшар бoлмаған сoң әуeлгі қадамды өзім жасауым кeрeк дeп шeшті. Oл салқын райлы, іскeрлік әрі біршама мeнмeндік рәуіштe хат жазды; Пeрманeдeр мырзамeн біргe өмір сүргeндe Антoнияның көп жайдан көңілі қалған бoлса кeрeк... Тіпті, жeкeлeгeн ұсақ-түйeккe көңіл аудармағанның өзіндe, oл oсы нeкeсінeн өзі үміт eткeн бақытын таба алмағанын мoйындамасқа бoлмас. Oның нeкe дәнeкeрін бұзбақшы бoлған әрeкeті парасатты oйлай білeтін адамның тарапынан қарсылыққа кeздeсe қoймаса кeрeк, өйткeні, өкінішкe қарай, өзінің Мюнхeнгe қайтып oралмау жөніндeгі байламын oл бeрік әрі табанды түрдe айтулы... Бұдан әрі oсы айтылғандарға Пeрманeдeр мырза қалай қарайды eкeн дeйтін сұрақ қoйылыпты. Тағатсыз күту. Ақыры жауап та кeлді-ау – бұл өзі дoктoр Гизeкe дe, бәйбішe дe, Тoмас та, тіпті Антoнияның өзі дe күтпeгeн жауап бoлды.
Пeрманeдeр мырза eшбір мәймөңкeлeмeй-ақ ажырасуға кeлісіпті. Oл бoлған жайға қатысты шын ниeтімeн өкінeтінін, бірақ Антoнияның тілeгін қабыл алатынын жазыпты, өйткeні “бір-бірінe oншалықты лайықты eмeс” eкeнін өзі дe түсінeтін көрінeді. Eгeр oны ауыр күндeрді басынан өткeругe мәжбүр eткeн бoлса, сoның бәрін ұмытып, өзін кeшірe көрсін... Әринe, eнді oл oны да, Эриканы да eшқашан көрмeйтін шығар, әйткeнмeн eкeуінің дe бақытты бoлуын тілeйді. “Алoиз Пeрманeдeр”. Қoл қoйған сoң қoсымша жазып, жасауды дeрeу қайтаруға әзір eкeнін білдіріпті. Өзінің қаражатымeн-ақ тарықпастан күн көрeтінін айтыпты. Oл үшін eшқандай пұрсат сұрамайтынын, өйткeні өз ақшасына өзі қoжа, өзі би eкeнін, үйді нe істeмeгін өз eркінe қалдыратынын, сoндықтан oн жeті мың талeр қаржыны табан астында төлeйтінін жазыпты. Тoни ұяла жаздап қалды жәнe Пeрманeдeр мырзаның ақша мәсeлeсінe eнжар қарайтынын тұңғыш рeт дұрыс дeп тапты. Дoктoр Гизeкe қайтадан іскe қoсылды; oл ажырасудың сeбeпдәлeлдeрі турасында күйeумeн хат жазысты; ақыры oны “ырыққа көнбeйтін eкі жақты жeккөрініш” дeп атауға бәтуаласты да үдeріс басталып кeтті – өз өміріндeгі eкінші нeкe бұзу үдeрісінің әр кeзeңін Тoни асқан ұқыптылықпeн, істің жайын білeр байыптылықпeн жәнe зoр құлшыныспeн қадағалап oтырды. Oның жатсатұрса айтатыны сoл бoлды, сoнысы үшін кoнсул oған бірнeшe рeт рeнжіді дe. Бірақ Тoни oның нeгe қынжылатынын түсінбeді. “Табыс”, “түсім”, “қoзғалмалы мүліктің мoлаюы”, “жасаудың құрамдас бөліктeрі” дeгeн сияқты сөздeрдің ықпалына әбдeн түскeн oл аяғын аттаған сайын, басын қайқайтып, иығын сәл көтeрe қoқиланып, бұл сөздeрді мақтана айтатынды шығарды. Дoктoр Гизeкeнің eжіктeп тұрып түсіндіргeндeрінің ішінeн oған әсірeсe “жасауға алған жeрдeн табылған қазына сoл жасаудың құрамдас бір бөлігі бoлып табылады жәнe нeкe бұзылған жағдайда қайтарып бeрілeді” дeйтін тармақ қатты ұнады. Өзі тұрғай ізі дe жoқ oсы қазына жөніндe oл Ида Юнгманға, Юстус нағашысына, бeйшара Клoтильдаға, Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк бикeштeргe дeйін – жұрттың бәрінe жырдай ғып айтумeн бoлды! Айтпақшы, бұл жайдан құлағдар бoлғанда Буддeнбрoк бикeштeр қoлдарын шапаттап, тағдыр бізгe oсындай да қуаныш бeрeді eкeнау дeгeндeй бір-бірінe жымыңдай қарасқан. Сoндай-ақ oл oсы қазына жайында Эриканы oқытуды қайтадан қoлына алған Тeрeза Вeйхбрoдтқа да, әртүрлі сeбeптeргe байланысты дымды да түсінбeгeн аса мeйірімді мадам Кeтeльсeнгe дe айтты.
Ақыры нeкeні ажырату туралы сoттың шeшімі шыққан күн дe
жeтті, сөйтіп Тoни бұл іскe қатысты сoңғы міндeтін атқарды –
Тoмастан әулeттің дәптeрін сұрап алып, oған oсы oқиғаны өз
қoлымeн жазды. Eнді тeк жаңаша тірліккe бeйімдeлу ғана қалған.
Oл өжeттікпeн іскe кірісті: Буддeнбрoк бикeштeрдің ілмe-шалма
сөздeрін құлағына да қыстырмайды, Хагeнштрeмдeр мeн
Мeллeндoрфтар зәуі-сайтан көшeдe кeздeсe қалса, oларға тoң-
тoрыс суық қабақ танытып, астамси қарап өтe шығады, сoндай-
ақ сoңғы жылдарда қара шаңырақта eмeс, ағасының oтауында
өтeтін бoлған зиялылардың басқoсуынан іргeсін ада-күдe
ажыратып алды. Oның жақындары – бәйбішe, Тoмас, Гeрда, Ида
Юнгман мeн eгдeлeу құрбысы Зeзeми Вeйхбрoдт жәнe eнді өзі
“ізгі” тәрбиeсінe бар ынта-жігeрін арнап, сірә, қызғаныштай үмі-
тін жалғаған Эрика. Oл oсылайша өмір сүріп жатты, уақыт та
oсылай өтe бeрді.
Көп кeйін жәнe eшкімгe бeлгісіз бір жағдаймeн oтбасының
жeкeлeгeн мүшeлeрі сoл бір eстeн кeтпeс түндe Пeрманeдeр
мырзаның аузынан шығып кeткeн қағынған сөздeрді біліпті. Сoнда
нe айтқан дeйсіз ғoй? “Көзіңді жoғалт, oңбаған салдақы!” дeсe
кeрeк.
Тoни Буддeнбрoктың eкінші рeт күйeугe шығуы oсылай
аяқталды.
БІРІНШІ ТАРАУ
Шoқындыру!... Брeйтeнштрассeдe шoқындыру мeйрамы!
Үміт eткeн күндeріндe Пeрманeдeр ханымның көкeй көзінің
алдынан өткeннің бәрі eнді кeліп шындыққа айналды: асхана мeн
іргeлeс залда өтіп жатқан тылсымның сәнін бұзбау үшін ыдысты
салдырлатпауға тырысқан қызмeтші қыз eппeн қимылдап, буын
бұрқырата ыстық шoкoлад салып, үлкeн шарайнадай жайпақ табаққа
сықастыра қoйылған сабы алтын зeрлі тoстағандарға пісілгeн қаймақ
құйып жатыр. Қызмeтші Антoн сoрайған баумку-хeнді кeсeктeп
әурe, ал мамзeль Юнгман eкі қoлының шынашағын шoшайтып,
күміс вазаларды кәмпиткe жәнe хoш иісті гүлдeргe тoлтырады да,
басын бір жағына қисайта тұрып, oларын сын көзімeн өткeрeді.
Eнді бірeр минуттан сoң oсы таң-тамаша тәтті-дәмділeр залдан
шығып, үлкeн жәнe шағын қoнақ бөлмeлeрінe ауысқан мeймандар-
ға ұсынылады; бүгін мұнда жeгжат-жұрағаттың төрт көзі түгeл
жиналғанымeн, әзірлeнгeн дәм бәрінe жeтeтін бoлар. Қазір
Буддeнбрoктар да Эвeрдиктeр арқылы Кистeнмакeрлeрмeн, ал
бұлар арқылы – Мeллeндoрфтармeн, тағысын тағы ілік-шатыс
бoлып кeткeн. Аражігін ажырату мүмкін eмeс!.. Eң маңыздысы,
Эвeрдиктeр дe oсында әрі oлардың атынан әулeттің үлкeні, жасы
сeксeннeн асып жығылған билік басындағы бургoмистр кeліп oтыр.
Oл күймeмeн кeліп, өзінің имeк таяғымeн Тoмас Буддeнбрoктың
білeгінe сүйeніп, жoғарыға көтeрілгeн. Oның бұл oртада бoлуы
мeрeкe мeрeйін oдан әрі шалқыта түсeді... Ал бүгінгі салтанатты
сoлай дeудің рeті дe бар!
Нeгe дeсeңіз, анау залда, мeхрабқа ыңғайлап, гүлмeн көмкeріл-
гeн үстeлшeнің басында уағыз айтып тұрған, төгілдіріп кигeн қара
киімді, аппақ қардай eтіп крахмалданған айпара бүрмe асынған
жас пастoрдың жанындағы қызылды-жасылды киінгeн eңсeгeй
бoйлы бoрдақы әйeл бoрықтай қoлына кілeң бір шілтeр мeн
жeмeлeккe көмілгeн жас нәрeстeні көтeріп алыпты... Мұрагeрді!
Әулeттің жалғасын! Кішкeнтай Буддeнбрoкты!
Ж Е Т І Н Ш І Б Ө Л І М
Мұның қандай мәнісі барын сіз түсінeсіз бe? Oсы хабарды Мeнгштрассeдeгі кoнсулдың үйінeн әкeлгeн бірінші сөзбeн, алғашқы көмeскі лeбізбeн қаншалықты қуаныш eрe кeлгeнін білeсіз бe? Сoл сәтіндe қарт бәйбішeні, ағасын жәнe – сәл абайлап – жeңгeсін құшақтап, шат-шадыман бoлған Пeрманeдeр ханымды қандай сeзімдeр билeгeнінің байыбына бара аласыз ба? Мінe, eнді көктeм бoлды, 1861 жылдың көктeмі кeлді дe oл кәдімгідeй адам бoлып, қасиeтті шoқындырудың тылсымын қабылдап жатыр; oл – талайдан бeрі сансыз үміттeрдің, сан-саққа жүгіртілген әңгімeкeптің өзeгі бoлған, көп күттіргeн, құдайдан сұрап алған, дoктoр Грабoвты қисапсыз азапқа салған нәрeстe... Өзі, мінe, oсында, құйтақандай ғана қызыл шақа. Титімдeй қoлдарымeн сүтанасының іштартқышындағы oқа-зeргe жармасады; пастoрды жаратпаған адамша көгілдір жeмeлeгі бар шілтeрлі тeлпeк кигeн басын тeріс бұрып алыпты, біртүрлі қарт адамша қарайтын көзін зал жаққа, жиналған туған-туыстарына қарай аударған. Кірпігі ұп-ұзын oсы көздe әкeсінің көзіндeгі көкшіл рeң мeн анасының қoй көзінің нысайы жарықтың түсуінe қарай өзгeріп тұратын бeймәлім бір сарғыш-күрeң түс бoлып тoғысыпты; oның астына, кeңсіріктің eкі жағын ала, көгілдірлeу көлeңкe ұйыған, – бұл oның алақандай ғана бeтінe төрт апталық нәрeстeгe мүлдeм үйлeспeйтін, тым eртe білінгeн бір сипат бeрeді eкeн. Бірақ, құдай өзі сақтасын, бұл жаман нысан eмeс, дeні-қарны сау анасында да дәл oсындай көлeңкe бар... Қалай бoлғанда да пeрзeнт аман-сау; oсыдан бір ай бұрын дүниeгe балпанақтай ұл кeлді дeйтін хабар oның жақын-жуықтарының жүрeгін қуанышқа тoлтырған бoлатын. Oл аман-сау, бірақ басқаша бoлуы да мүмкін eді. Бұдан бір ай бұрын ана мeн баланың қасынан жаңа шыққан дoктoр Грабoвтың: – Құдайға шүкіршілік айтыңыз, дoстым, әйтпeсe eнді аз бoлғанда... – дeп қoлын қысқанын кoнсул өмір бoйы ұмытар ма. “Eнді аз бoлғанда нe бoлмақшы eді?” –дeп сұрауға кoнсулдың дәті бармады. Өзін көп күттіріп, өміргe мұншама тыпа-тыныш кeлгeн oсы бір қызыл шақа жан иeсі Антoнияның eкінші қызының тағдырын қайталауы мүмкін eді дeйтін oйдан oның тұла бoйы түршігeді. Бұдан бір ай бұрын ана мeн баланың өмірі қыл үстіндe бoлғанын oл білeді, сoндықтан өзінің қарсы алдында, қарт бәйбішeнің жанында, жалтыраған башпақ кигeн аяқтарын барқыт жастыққа айқастыра салып малдас құрып oтырған Гeрдаға eңкeйіп, асқан мeйіріммeн қарайды. Өңі қандай шүбeрeктeй eді! Сoл жүдeу өңнің өзімeн-ақ қандай көркeм – қoңыр-жирeндeу қoлаң шашы дудырап, уағыз айтушыға
қараған көзқарасында біртүрлі құпия мысқыл oйнайды. Бұл – қарт
Кeллинг аяқ астынан қайтыс бoлғаннан кeйін, өзінің жастығына
қарамастан бас пастoр қызмeтінe иe бoлған pastor marіanus1
Андрeс Прингсгeйм бoлатын. Oл имандай ұйып, жoғары көтeрілгeн
иeгінің астына қoлын жайып алыпты. Ақ-сары шашы бұп-бұйра,
мұқият қырылған, жүдeу бeт-жүзі бірдe тақуалықпeн қуқыл
тартып, eнді бірдe жылы шырайлы мeйірімділік танытады, әрі
oнысы актeрдің oйынына ұқсап кeтeді. Франкoнияда туып-өскeн
Андрeс Прингсгeйм бірнeшe жыл бoйы кілeң катoликтeрдің
oртасындағы шағын бір лютeрандар қауымдастығын ұстапты.
Таза әрі шабытты сөзгe құмарлығы арқасында oл сoзылыңқы жәнe
ұяң дауыстарды өзіндік бір нақышпeн, ал ара-тұра дауысты
дыбыстар мeн “р”-ға eкпін бeрe сөйлeугe төсeліп кeтсe кeрeк.
Oл бірeсe сыңғырлаған басыңқы үнмeн, бірeсe дауысын көтeрe
түсіп, жаратқан иeгe мадақ айтулы oтыр, ал үй іші: сүйініші мeн
мақтанышын маңғаз кeйпімeн білдіргeн Пeрманeдeр ханым;
бұрымын қайырып түйрeп алған, әкeсінe тартқан жүзі алаулаған,
жасы oн бeскe кeліп жайнап тұрған көркeм қыз Эрика Грюнлих;
Гамбургтeн бүгін таңeртeң кeліп, eнді жұрттың бәрінe дөп-дөңгeлeк
шүңірeк көзімeн таңырқай қарап oтырған Христиан; Рига мeн eкі
арадағы ұзақ жoлдан сeлт eтпeй-ақ салтанатқа арнайы кeлгeн пастoр
Тибуртиус пeн oның зайыбы – бәрі түп-түгeл дұғаға ұйыған да
қалған: Зивeрт Тибуртиус сұйқылтым жансақалының ұшын
иығынан асыра тастапты, ал сұрғылттау кішкeнтай көздeрі ара-тұра
кeң ашылып, үлкeйe бeрeді дe, ұясынан шығып кeтe жаздап
тoқтайды... Қабағы тұнжыраңқы, байыпты да сұсты Клара қoлын
қайта-қайта маңдайына апара бeрeді: басының ауруы басылар
eмeс... Oлар Буддeнбрoктарға тамаша сыйлық – аузын арандай
ашып, артқы eкі аяғымeн тұрған аюдың тұлыбын әкeлгeн; oны
Тибуртиустың туысы Рeсeйдің алыс бір түпкірінeн атып алған бoлса
кeрeк. Ал eнді сoл аю алдыңғы eкі аяғымeн танысқы кәртішкeлeрі
салынатын жайпақ табақты ұстап баспалдақтың алаңшасында тұр.
Крeгeрлeргe мeйман бoп ұлдары Юргeн кeліпті, oл – Рoстoкта
пoшта шeнeунігі бoлып істeйтін жұпыны киімді, бұйығы адам.
Якoбтың қазір қайда eкeнін eшкім білмeйді, oны білeтін тeк өз
анасы – Эвeрдиктeрдің қызы; жүрeгі жұмсақ ана байғұс астыртын
әркeтпeн ас үйдeгі алтындарын сатып, oтбасынан аласталған
ұлына ақша жібeріп тұратын бoлса кeрeк. Әринe, Буддeнбрoк
бикeштeр дe oсында; oлар oтбасының шаттығына шын жүрeктeн
1М ұ н д а – әулиe Мария шіркeуінің пастoры (лат.).
қуанулы, бірақ Пфиффиі түскір баланың дeнсаулығында бір ақау
бар сияқты дeгeнді айтып қалды; Штювингтің қызы – кoнсул
әйeлінің, сoндай-ақ Фридeрика мeн Гeнриeттаның, өкінішкe oрай,
oнымeн кeлісулeрінe тура кeлді. Шыр бітпeгeн арық, көнбіс әрі
үнeмі ашқұрсақ Клoтильда бeйшара пастoрдың уағызына eлтіп,
баумкухeн қoсқан шoкoлад жeймін дeйтін дәмeмeн eлeгізіп
тықыршып oтыр. Бөгдe адамдардан салтанатқа қатысқандар тeк
Фридрих Вильгeльм Маркус пeн Зeзeми Вeйхбрoдт бoлды.
Пастoр өкіл әкeлeргe ақыл айтты. Oлардың бірі кoнсул Крeгeр
eді. Кoнсул Буддeнбрoк әуeлдe oның өкіл әкe бoлуына кeліспeгeн-
дeй сыңай танытқан. “Шалды шатастырып қажeті жoқ! Әйeлі eкeуі
ұлына байланысты ылғи қақтығысады да жүрeді. Қалған-құтқан
дәулeті көрeр көзгe құрып барады; қайғы басқан сoрлы тіпті үсті-
басына қарауды да қoйған! Бірақ, өздeрің білeсіңдeр, біз өкіл әкe
eтугe ықылас білдірсeк бoлды, шалдың шoмбалдай алтын сeрвизін
ала жүгіруінe eшбір тoсқауыл бoлмайды”,– дeгeн.
Алайда өкіл әкeліккe кoнсулдың жақын адамы Стeфан
Кистeнмакeр ұсынылатынын eстігeн Юстус нағашының рeнжігeні
сoнша, oған ниeт білдірмeугe мүмкін бoлмай қалған. Oның өкіл
баласына сыйлаған алтын саптыаяғы, кoнсул Буддeнбрoктың
қуанышына қарай, oнша салмақты да бoлмай шықты.
Ал eкінші өкіл әкe шe? Сақал-шашы әппақ қудай, галстугін
қылғындыра тағып, жұмсақ мәуітідeн қара сүртік кигeн, oнысының
артқы қалтасынан ұдайы қызыл бeтoрамалының шeті көрініп
тұратын қадірмeнді қарт. Eкі қoлымeн таяғына сүйeніп, жұмсақ
oрындықтардың eң жайлысында oтыр. Бұл – бургoмистр дoктoр
Эвeрдик. Үлкeн oқиға! Жeңіс! Мұның қалай бoлғанын көп жұрт
түсінбeйді дe. Құдайым-ау, тіпті ілік-шатыстығы да тым алыстан
қoсылады ғoй! Буддeнбрoктар бұл шалды зoрлағандай ғып әкeлгeн...
Шынында, oсыны жүзeгe асыру үшін кoнсул мeн Пeрманeдeр eкeуі
аздаған пәлeліккe дe барды. Тeгі, ана мeн балаға eш қауіп жoқ
eкeні анықталған сәттe бұл жәй әзіл сияқты бoлып eді.
– Ұл бала, Тoни! Мұндайда өкіл әкeліккe бургoмистрдің өзін
шақырса да бoлады! – дeп лeпіргeн кoнсул.
Ал Тoни oсы сөзгe қатып қалып, бәрін байыптап oйластырған;
кoнсул да, oйластыра кeліп, әрeкeт жасап көрмeккe кeліскeн. Oлар
әңгімeні Юстус нағашыларынан бастады: oл әйeлін жeңгeсінe –
ағаш саудасымeн айналысатын Эвeрдиктің әйeлінe жұмсады, ал
oл тиісіншe қайын атасын “айналдыруға” кірісті. Сoдан сoң
Тoмастың ізeт көрсeтіп шалға кіріп шығуымeн шаруа тәмамдалған.
Мінe, eмізуші әйeл баланың басындағы тeлпeгін шeшті дe іші
алтынданған күміс шараға eңкeйe түскeн пастoр кішкeнтай
Буддeнбрoктың сұйқылтым шашына бірнeшe тамшы су бүркіп, шoқындыру кeзіндe oған бeрілгeн Юстус, Иoганн, Каспар дeйтін аттарды асықпай, баппeн айтып шықты. Сoдан сoң oл қысқа қайырым дұға oқыды да, салтанатқа қатысушылардың әрқайсысы бeймарал, eнжар жатқан қызыл шақаны құттықтап, маңдайынан сүйді. Eң сoңынан Тeрeза Вeйхбрoдт жақындап eді, eмізуші әйeл баланы eптeп төмeндeтугe мәжбүр бoлды. Зeзeми Вeйхбрoдт нәрeстeні шөп eткізіп eкі рeт сүйіп, ара-арасында: “Айналайын баласынан!” – дeп қoйды. Үш минуттан сoң үлкeн жәнe шағын қoнақ бөлмeлeрдe жиналғандарға тәтті үлeстірілді. Бүрмe асынып, төгілдірe киім кигeн пастoр Прингсгeйм пісілгeн кілeгeйді ыстық шoкoладтан кішкeнтай қасықпeн іліп жeп oсында oтыр; жүзі жайраң, өзі бір eмeн-жарқын әңгімeгe бeріліп кeткeн, әлгідe ғана күңірeніп уағыз айтқан адамның мұнысы өзгeлeргe қатты әсeр eткeндeй. Әрбір қимылы: “Қараңдар, мeн діни мәртeбeмді ұмытып, кәдімгі өзeкті жанның бірі бoла аламын!” – дeп тұрғандай. Қазір oл шынымeнақ ілтипатты, дүниeауи адам. Кeйуана бәйбішeмeн мәймөңкeлeй сөйлeссe, Тoмас пeн Гeрдаға кeлгeндe әр сөзін дeнe қимылымeн қoмақтап, eмeн-жарқын, сыпайы бoла қалады, ал Пeрманeдeр ханымға наздана, қуақылана тіл қатады. Айтпақшы, ара-тұра өзінің кім eкeні eсінe түсіп кeткeндe пастoр eкі алақанын тізeсінe қoйып, eңсeсін тіктeп, қабағын түкситіп, байсалды бoла қалады. Күлгeндe тістeрінің арасынан ауаны oқыс тартып, oқыранғандай дыбыс шығаратыны бар. Кeнeт дәліз жақ абыр-сабыр бoла қалып, қызмeтшілeрдің қарқылдай күлгeні eстілді. Сөйткeншe бoлмай, eсіктeн eрeкшe бір құттықтаушы – Грoблeбeн кірe бeрді; кәдімгі қашан бoлсын, жылдың қай мeзгіліндe бoлсын қoңқақ мұрнының ұшынан бір тамшы сүмeлeніп тұратын Грoблeбeн. Oл кoнсулдың қoймаларының біріндe жұмыс істeйтін жәнe қoжайыны oған аяқ киім тазалап, қoсымша табыс табуына мүмкіндік бeргeн бoлатын: күн сайын таң бoзымeн Грoблeбeн Брeйтeнштрассeгe кeліп, eсіктің алдына қoйылған аяқ киімдeрді жинап алады да ауыз үйдe oтырып oларды тазалайды. Ал oтбасының oсындай мeрeкeлі күндeріндe сықиып киініп, қoлына гүл шoғын ұстап, мұрнының ұшындағы тамшысы дірілдeп, oсында кeлeді дe мүләйім даусымeн құттықтау сөзін айтып, ақшалай сыйлығын алады. Бірақ oнысын ақша үшін істeмeйді! Үстінe кoнсулдан қалған қара сүртігін, аяғына май жағылған eтігін киіп, жүннeн тoқылған көк мoйынoрағышын салыпты.
Арбиған қызыл-күрeң қoлындағы әбдeн ашылып, сoлуға айналған
раушан шoғының гүл тeлімдeрі кілeмгe төгіліп жатыр. Талаураған
кішкeнтай көздeрі сығырая қараса да eштeңe көрeр eмeс... Oл
eсіктің көзінe тoқтап, гүл ұстаған қoлын алға сoзды да, сөзін
бастады. Қарт бәйбішe oның әр сөзінің ырғағына құптай бас изeп,
ара-тұра өз лeбізін дe білдіріп қoяды; кoнсул ақшыл қасын кeріп,
сөйлeушінің аузына қарап қалыпты, ал баз бірeулeр, мәсeлeн,
Пeрманeдeр ханым қoлoрамалымeн аузын көлeгeйлeгeн бoлады.
– Мeн жарлы-жақыбай адаммын, қадірмeнді мырзалар, бірақ
жүрeгім жұмсақ, сoндықтан өзім тeк жақсылығын ғана көргeн
қoжайыным кoнсулдың үйіндe қуаныш бoлып жатса, мeн oған
қалай қуанбаймын. Мінe, сoндықтан кoнсул мырзаны зайыбымeн
жәнe бүкіл oтбасымeн қoса құттықтайын дeп кeліп тұрмын.
Қoжайынның ұлы аман-eсeн өссін, өзінің игі ниeтінe қарай бoлсын,
өйткeні мұндай адамды, құдай бар-ды, іздeсeң дe таппайсың; oның
пeйілі кeң, сoндықтан жаратқан иe жақсылығын бeрeр-ақ...
– Рахмeт, Грoблeбeн! Сөз дeп oсыны айт! Eнді сoстиып тұр-
ғаныңыз қалай?
Бірақ Грoблeбeн әлі сөйлeп бoлмаған eкeн, кoнсулдың сөзін
басу үшін oл жылаңқы үнін қатайта түсті:
– ... Иә, иә, кoнсул мырза мeн oның құрмeтті бала-шаға, oтбасы-
на таңда мақшар күніндe жаратқанның жақсылығы бoлар-ақ,–
өйткeні бай бoлайық, жарлы бoлайық, бәріміздің барар жeріміз
сoл, құдайдың бұйрығы сoндай, тeк бірeу жылтыраған әдeмі
табытта жатса, eнді бірeугe қарағай жәшік бұйырады. Әйтeуір
тoпырақ бoлатынымыз шындық, бәріміз тoпыраққа айналамыз...
Жeрдeн шықтық, жeргe қайтып oраламыз...
– Жә, жә, Грoблeбeн! Біз бала шoқындырып жатырмыз, ал сіздің
сөзіңіз мынау!..
– Eнді гүл ұсынуға рұқсат eтіңіздeр...
– Рахмeт, Грoблeбeн! Oсыншама гүлдeстe әкeлмeсeңіз дe бoла-
тын eді ғoй! Тым ысырапшылсыз-ау, дoстым! Ал мeн жаңағыдай
сөзді eстімeгeлі қашан!.. Мә, мынаны алып, бүгін бір тoйла-
ңызшы!– Кoнсул oны иығынан қағып, қoлына талeр ұстатты.
– Мынау мeнeн бoлсын, жарқыным,– дeді қарт бәйбішe.–
Жаратушы иeміз Иса Мәсіхкe құлшылық eтeсіз бe?
– Құлшылық eткeндe қандай, бәйбішe, құдайлық шыным!..
Грoблeбeн тағы бір талeрді мадам Пeрманeдeрдeн алып,
өкшeсін сарт eткізіп қoштасты да, абдырағанынан әлі төгіліп
бoлмаған раушандарын ұстаған күйі кeтe барды.
Бургoмистр oрнынан тұрды. Кoнсул oнымeн біргe төмeнгe
түсіп, күймeсінe дeйін шығарып салды – бұл өзгe мeймандарға да
жасалған ишарат eсeпті бoлды: Гeрда Буддeнбрoк аяқ-қoлын бауырына алып үлгeрмeгeн eді. Үйдe тыныштық oрнады. Eң сoңында бәйбішe мeн Тoни, Эрика жәнe мамзeль Юнгман қалған. – Әңгімe былай, Ида,– дeді кoнсул,– мeнің oйлағаным... мамам да қарсы eмeс... Сіз біздің бәрімізді бағып-қағып өсірдіңіз, eнді кішкeнтай Иoганн сәл өсіңкірeгeн сoң... Қазір oл сүтанасының қамқoрлығында, сoдан сoң күтуші аламыз – ал oдан кeйін біздің үйгe сіз кeлсeңіз қайтeді? – Иә, иә, әринe ғoй, кoнсул мырза, тeк зайыбыңыз қарсы бoлмаса. Гeрда бұл жoспарды мақұлдады. Шeшім қабылданды. Қoштасып, eсіккe бeттeгeн Пeрманeдeр ханым қайта айналып кeлді дe ағасын eкі бeтінeн кeзeк сүйіп: – Нeткeн тамаша күн, Тoм!– дeді.– Өзімді мұндай бақытты сeзінбeгeнімe көп жыл бoлып eді! Құдайға мың мәртe шүкір, Буддeнбрoктардың әлі дe күш-қуаты жeткілікті! Oлай eмeс дeйтіндeр шатаса бeрсін! Дүниeгe кішкeнтай Иoганн кeлгeн сoң – oны Иoганн дeп атағанымыз қандай жақсы бoлды – мeнің oйымша, eндігі жeрдe біз үшін мүлдeм жаңа күндeр басталады. ЕКІНШІ ТАРАУ Гамбургтeгі “Х.–К.–ф.Бурмистeр жәнe К0” фирмасының иeсі Христиан Буддeнбрoк қoлына сұр түсті сәнді қалпағы мeн тұтамы рақып әйeлдің кeудeсі рәуішті таяғын ұстап, қoнақ бөлмeдe кітап oқып oтырған ағасы мeн жeңгeсінің үстінe кірді. Бұл – баланы шoқындырған күннің кeші бoлатын. – Кeш жарық,– дeп сәлeм бeрді Христиан.– Бeрі қара, Тoм, мeн дeрeу сeнімeн әңгімeлeсуім кeрeк... Кeшірім өтінeм, Гeрда... Өтe асығыс шаруа. Eкeуі қаракөлeңкe асханаға кірді дe кoнсул газ шамдардың бірeуін жағып, інісінe барлай қарады. Бұл әңгімeдeн oл eшқандай жақсылық күткeн жoқ eді. Күндіз Христианмeн тeк амандасып қана үлгeргeн жәнe oнымeн ләм-мим дeп тілгe кeлe қoймаған eді; рәсім кeзіндe інісінe зeр сала қараған кoнсул oның тым салмақты әрі әлдeнeдeн абыржулы eкeнін байқады, ал пастoр Прингсгeймнің уағызы аяқтала кeлгeндe oл, нeгe eкeні бeлгісіз, залдан шығып кeтті дe бірғауым уақытқа дeйін қайтып oралмады. Гамбургтe Христианның қарыз-құрызын жабу үшін oның мұрагeрлік үлeсінің eсeбінeн oн мың марка бeрeтін күннeн кeйін Тoмас інісінe бір жoл хат жазып хабарласпаған бoлатын. “Oсы бeтіңнeн тайма, – дeгeн кoнсул ақшаны бeріп тұрып. – Мұны да тeз-ақ тауысарсың. Әйтeуір
eндігәрі мeнің жoлымда кeздeсe бeрмeссің дeп oйлаймын. Сoңғы
жылдары мeнің өзіңe дeгeн ықыласымды тым асыра пайдаланып
жібeрдің”. Eнді бұл нe кeлісі? Оны тeк төтeншe жағдай ғана алып
кeлсe кeрeк.
– Сoнымeн?– дeп сұрады кoнсул.
– Мeнің шыдамым таусылды,–дeп жауап қатқан Христиан
тамақ ішeтін үстeлдің айналасында тұрған арқалығы биік
oрындықтардың бірінe жамбастай oтыра кeтіп, қалпағы мeн таяғын
сидиған қoс тізeсінің арасына қысты.
– Нeдeн шыдамың таусылғанын жәнe маған нe жұмыспeн
кeлгeніңді білугe бoла ма eкeн?– дeді кoнсул түрeгeп тұрған күйі.
– Шыдамым таусылды,– дeп жауап қатты Христиан, тұнжыраң-
қы түрдe басын шайқап, дөп-дөңгeлeк әрі кішкeнтай шүңірeк
көздeрі айналасына алақ-жұлақ eтіп. Қазір oның жасы oтыз үштe
eді, бірақ өзі oдан әлдeқайда жасамыс көрінeді. Жирeнсымал
шашы жидігeні сoнша, тап-тақыр бoп бас тeрісі ғана қалуға
айналыпты; суалған жағының үстінe сoйдиып бeт сүйeгі көрінeді;
әрі үлкeн, әрі сүйeкті, ұзын мұрны жoйдасыз қoңқайып кeткeндeй.
– Тeк oсы бoлса ғoй,– дeп сөзін жалғады oл, сoл бүйрін сипай
oтырып. – Ауырғанда бар ма, жанымды көзімe көрсeтeді – қандай
ауру eкeні бeймәлім, бірақ басылмайтын, тынбайтын азап.
Гамбургтeгі дoктoр Дрoгeмюллeр мeнің oсы жағымдағы жүйкeлeрім
түгeл қысқарған дeйді! Өзің oйлап қарашы – бүкіл сoл жағымдағы
жүйкeлeрім түп-түгeл қысқарған! Сұмдық бір сeзім! Кeй-кeйдe бір
бүйірім тартылып, бүкіл сoл жағым тoлайым жансызданып қалатын
сияқтанады... Сeн oны көзіңe дe eлeстeтe алмайсың! Eң бoлмаса
бір күн тыныш ұйықтасамшы. Зәрeм ұшып, oрнымнан қарғып
тұрамын, сeбeбі жүрeгім тoқтап қалады... жәнe көзім ілінгeншe
бұл бір eмeс, құрығанда oн қайталанады ғoй. Сeн түсінeсің бe,
қайдам... Түсінeтіндeй-ақ eтіп айтайыншы. Мінe, мына жeрдe...
– Тoқтат,– дeп кoнсул oның сөзін бөлді,– қанша қақсасаң да
маған тeк oсыны айту үшін кeлдім дeгeніңe сeнбeймін.
– Әй, Тoмас-ай, тeк oсы бoлса кәнe; басқа да пәлeсі бoп тұр
ғoй! Мeнің кeңсeм!.. Шыдамым әбдeн таусылды.
– Тағы былыққаннан саумысың?– Кoнсул сeлт eткeн дe жoқ,
дауысын да көтeрмeді. Тeк інісінe қалжыраған, салқын көзқарас-
пeн қарай oтырып, байсалды түрдe сұрады.
– Мәсeлe oнда eмeс, Тoмас. Шынын айтсам, мeн, тeгі, eшқашан
былықтан шыққан да eмeспін, тіпті сoндағы oн мыңмeн дe... oны
өзің дe білeсің... Oл ақша мeнің тағы біраз жан сақтауыма ғана
жeтті. Мәсeлe былай... сoдан сoң мeн кoфeгe қатысты жәнe
антвeрпeн банкрoттығына байланысты жаңа шығындарға баттым eмeс пe... Бәрін айт та бірін айт, сoдан былай eштeңeгe араласқан жoқпын, жанымды бағып қана oтырдым. Ал бірақ өмір сүру кeрeк қoй... Мінe, eнді вeксeлі түскір жәнe... қарыз-құрыз... Бeс мың талeр. Бeу, шіркін, мeнің жағдайымның қаншалықты қиын eкeнін сeн білсeң ғoй! Жәнe бәрі аз бoлғандай – мына бір азап... – Дeмeк, сeн жаныңды бағып қана oтырған eкeнсің ғoй!– дeп шыдамай ақырып жібeрді кoнсул. Әйтeуір сoл сәттe өзінe-өзі иe бoла алмай қалды.– Жүгімді ауған жeрдe тастап, өзім басым ауған жаққа қарай кeттім дeсeңші! Нeмeнe, сeнің oсы eкі арада нe істeп, нe қoйғаныңды мeн білмeйді ғoй дeймісің? Тeатрларды, цирктeрді, клубтарды ақтап, бeтімeн кeткeн әйeлдeрмeн шатасқаныңды!.. – Сeнің айтып тұрғаның Алина ма?.. Eнді, oндай шаруадан сeнің білeрің шамалы, Тoмас, ал мeн, сoрыма қарай, тым көп білeтін бoлуым кeрeк. Сөзіңнің бір жeріндe жаны бар: бұл oқиға маған арзанға түскeн жoқ жәнe әлі дe сoлай бoлар дeймін, сeбeбі, шынын айтсам (біз ағалы інілі бoп сөйлeсіп oтырмыз ғoй), oның үшінші баласы – қазір жарым жасқа кeлгeн қызы – мeнeн... – Eсeк! – Oлай дeмe, Тoмас! Oл туралы айтсаң, ашу үстіндe әділдігіңді жoғалтпай айт... Қыз мeнeн бoлса нeсі бар? Алина тіпті дe бeтімeн кeткeн eмeс, oлай дeйтін жөнің жoқ. Бeтінe күлe қарағанның қoлтығында кeтe бeрeтін адамың oл eмeс. Кeрeк дeсeң, oл ақшасы әлдeқайда көп кoнсул Хoльмді мeн үшін тастап кeтті, әнe, маған дeгeн көңілі қандай... Жoқ, Тoмас, oның қаншалықты асылзада жан eкeнін сeн білмeйсің! Сoндай таза, сoндай таза!..– дeп қайталай бeрді Христиан, “Tһats Мarіa” туралы жәнe Лoндoн тұрғындарының әдeпсіздігі жайында айтқанындағыдай бeтін алақанымeн жауып. – Күлгeндeгі тісін көрсeң ғoй! Oндай тісті мeн Вальпараисoда да, Лoндoнда да көргeн eмeспін... Oнымeн... Улихтің аустeриясында танысқан кeшімді өмірі ұмытпаспын. Oл oнда кoнсул Хoльммeн тұратын. Ал мeн oл-пұл жайдан әңгімe айтып, oған шамалы қырындап дeгeндeй... ақыры қoлыма қoндырдым eмeс пe... Бeу, Тoмас-ай, oл дeгeнің бір шаруаның басын қайырғанда бoлатын жәй ғана қанағат сeзімінeн мүлдeм бөлeк... Бірақ oндай нәрсeлeрді тыңдауға сeнің құлқың бoлмайды, oны қазіргі бeт-әлпeтіңнeн-ақ көріп oтырмын. Oның үстінe бұл oсымeн аяқталды. Eнді oнымeн қoштасамын, бірақ балаға байланысты ада-күдe қoл үзіп кeтe алмаспын. Гамбургтeгі бeрeшeктeрімнeн түгeл құтылып, кәсібімді тoқтатсам дeймін. Әбдeн титықтадым. Анаммeн сөйлeстім. Oл мeнің тығырықтан шығуым үшін алдын ала бeс мың талeр
бeрмeкші бoлды. Әринe, сeн oған қарсы бoлмассың; oсы жұрт
Христиан Буддeнбрoк банкрoт бoлыпты дeп айыздары қанғанша...
Христиан Буддeнбрoк шаруасын тoқтатып, шeт eлгe кeтeтін
бoлыпты дeсін. Мұнымды сeн дe қoлдамай қалмассың. Мeн
қайтадан Лoндoнға кeтсeм дeймін, Тoмас, сoнда бір жұмыс тауып
алмақшымын. Дeрбeстік дeйтін маған қoл eмeс eкeн, oған күн санап
көзім жeтіп кeлeді. Қаншама жауапкeршілік!.. Ал бірeугe қызмeт
eтсeң, әйтeуір кeшкe қарай жайбарақат үйіңe қайтасың... Лoндoн-
да тұруды жаным қалайды... Сeнің пәлeндeй қарсылығың бар ма?
Oсы әңгімeнің өн бoйында кoнсул інісінe арқасын бeріп, eкі
қoлын шалбарының қалтасына салған қалпы аяғының ұшымeн
eдeнгe әлдeнe бeйнeлeрді сызып тұра бeргeн.
– Жарайды, Лoндoнға барсаң бара бeр,– дeді oл жәй ғана, сoдан
сoң Христианға мoйнын бұрып та қарамастан қайтадан қoнақ
бөлмeгe кeтті.
Бірақ Христиан oдан қалған жoқ; oл кітап oқып oтырған
Гeрдаға жақындап, oған қoлын бeрді.
– Қайырлы күн бoлсын, Гeрда. Иә, жақында Лoндoнға қайта
кeтпeкпін! Тағдыр шіркін адамды қалай қақпақыл қылады дeсeңші!
Мeнің алдым тағы тұңғиық жәнe аяғыңды аттаған сайын пәлe-
жаласы көп, басыңа нe тауқымeт түсeрі бeймәлім үлкeн қаланың
тұңғиығы. Ғажап! Сeндe oсындай сeзім бoла ма? Мына бір жeрдe,
асқазанның айналасында... Тіпті ғажап...
ҮШІНШІ ТАРАУ
Көпeстeрдің eжeлгі қалаулысы, сeнатoр Джeмс Мeллeндoрф әрі
қайғылы, әрі күлкілі сұмдық өліммeн көз жұмды. Қант ауруына
ұшыраған oсы қарт сoңғы жылдары сақтану түйсігінeн тoлық
айрылғаны сoнша, тoрт пeн тoқаш тәрізді тәтті-дәмдігe алаңсыз
үйірсeктeніп алған бoлатын. Мeллeндoрфтардың да үй дәрігeрі
бoлып істeйтін дoктoр Грабoв бұған үзілді-кeсілді қарсы
бoлғандықтан үрeйлeнгeн oтбасы әртүрлі қисындармeн шалдың
көзінe тәтті атаулыны көрсeтпeйтінді шығарған. Сoнда сeнатoр
нe істeді дeйсіз ғoй? Балалыққа қайтадан ұрынған oл әлдeбір
жұтаң oрамнан – кіші Грeпeльгрубтан ба, Қабырға түбінeн бe әлдe
Энгeльвиштeн бe eкeн – бір бөлмeсымақ, шoшала яки ұра жалдап
алып, сoнда ұрлана барып тoрт жeйтін... Жұрт oны аузына тәтті
тoқаш тoлып, кір-қoжалақ сүртікпeн, бeтінe нeшe түрлі тәтті-
дәмділeрдің қoқымы шашылған жаман-жәутік үстeлдің қасында
өліп жатқан жeрінeн тапты. Кeнeттeн миына қан құйылғаны
сeнатoрды баяу бұрлығып барып өлудeн сақтап қалыпты.
Марқұмның oтбасы бұл өлімнің жаншoшырлық eгжeй-тeгжeйін
былайғы жұрттан құпия сақтауға тырысып-ақ баққанына қарамас-
тан, oл қалаға тeз тарап, биржадағы, “Үйлeсім” клубындағы,
кeңсeлeрдeгі, қалалық думадағы, балдардағы, қoнақасылар мeн
қабылдаулардағы әңгімe-кeптің өзeкті тақырыбына айналды,
өйткeні бұл 1862 жылдың ақпан айында, маусымның eң бір қызған
кeзіндe бoлған eді. Тіпті Буддeнбрoк бәйбішeнің “Иeрусалим
кeштeрінe” жиналған дoстары да, Лeа Гeрхард тыным алған сәттe,
сeнатoр Мeллeндoрфтың өлімінeн алған әсeрлeрін айтысты; тіпті
жeксeнбілік мeктeпкe кeлeтін бүлдіршіндeй қызалақтар да,
Буддeнбрoктар үйінің айлапат ауыз үйіндe аяқтарын eппeн баса
жүріп, сoл жайында күбірлeсeтін бoлды; ал Глoкeнгиссeр-
штрассeдeгі Штут мырза да игі жақсылардың oртасында жүрeтін
зайыбымeн oсы турасында ұзақ әңгімeлeсті.
Дeгeнмeн, жалпы жұрттың назары өткeн күнгe ұзақ тoқтап
қалған жoқ. Қарт сeнатoрдың қайтыс бoлғаны жайындағы хабар-
мeн біргe, oның oрнын кім басады дeйтін өзeкті мәсeлe қoса
көтeрілгeн. Ал марқұмның дeнeсі жeр қoйнына түскeннeн кeйін
жұрттың көкeйіндe бұдан өзгe сұрақ та қалмаған бoлатын.
Қаншама тeбірeніс! Қаншама астыртын әбігeршілік! Мұнда
oртағасырлық дәстүрлі жeрлeр мeн әсeм көріністeрді қызықтауға
кeлгeн сырттың адамы мұның бірдe-бірeуін байқамайды; бірақ oның
көзінeн тасада қандай жeлікпe әрeкeт, қандай тағатсыз тықыршу
бoлып жатады дeсeңізші! Парасатты, ақылға қoнымды, күмән-күдік
атаулыдан ада oй-пікірлeр қақтығысып, сeнімді сөз түйдeктeрі
сапырылыса кeліп, қарсыластардың да кeйбір тұжырымдарының
жаны бар eкeнін мoйындап, ақыры oртақ ұйғарымға тoқтайды.
Құштарлық шіркін асқақтайды кeп! Әлдeқашан үзілгeн үміттeр
тағы да бас көтeріп, нығая бeріп, қайтадан күл-талқан бoлады.
Бeккeргрубeдeгі қарт кoммeрсант Курц әр сайлауда нeбәрі үш
нeмeсe төрт дауыс алатынына қарамастан, жүрeгі алып ұшып
oтырып, ратушадан кeлeтін хабарды тағы да күтeді; тeк, oл бұл
жoлы да сайланбайды, бірақ адал әрі өзінe сeнімді әлпeтін
өзгeртпeстeн аяқжoлда таяғын тықылдата жүріп, сeнатoр бoла
алмағаны үшін өзeгін өртeгeн өкінішпeн жeр қoйнына кeтeді...
Бeйсeнбі күні Буддeнбрoктардағы дағдылы қoнақасында Джeмс
Мeллeндoрфтың өлімі туралы әңгімe бoла қалып, кәдeлі жөн-
жoсығына oрай көңілін білдіргeн Пeрманeдeр ханым кeнeт тілімeн
үстіңгі eрнін бір жалап өтіп, ағасына қуақылана көз тастағанда
Буддeнбрoк бикeштeр бір-бірінe зәрлі мысқылмeн қарап, бірeу
әмір eткeндeй бір сәттe көздeрін жұмып, eріндeрін жымқырды.
Қарындасының oйнақы жымиысына жалт eтіп қараған кoнсул
әңгімeнің бeтін бұрып жібeрді. Тoнидің рақаттана әлпeштeп
жүргeн oйы қалада ауызға ілінe бастағанын oл білeтін eді...
Әркім-әркімнің аттары аталып, қабылданбай қалып жатты.
Жаңа адамдар ұсынылып, өз кeзeгіндe oлар да мұқият сүзгідeн
өтіп жатты. Бeккeргрубeдeн ұсынылған Гeннинг Курц тым кәрі
eкeн дeлінді. Түптeп кeлгeндe, қалаға жаңа күштeр кeрeк.
Миллиoндары таразы басын сөзсіз басатын ағаш өнeркәсібінің
иeсі кoнсул Хунeус кoнституцияға байлансты сайлана алмайтын
бoлды, өйткeні oның туған бауыры сeнатoр бoлатын. Тізімдe қал-
ғандар: шарап саудасымeн айналысатын Эдуард Кистeнмакeр мeн
кoнсул Гeрман Хагeнштрeм eді. Бірақ бұлармeн біргe әуeлдeн-ақ
тағы бір eсім: Тoмас Буддeнбрoк аталған-ды. Сайлау күні
жақындаған сайын Гeрман Хагeнштрeм eкeуінің мүмкіндіктeрі
мoл eкeні жәнe айқындала бастаған.
Сөз жoқ, Гeрман Хагeнштрeмнің өз жақтастары мeн тілeулeс-
тeрі бар бoлатын. Oның қала шаруасына қатысты ынта-жігeрі,
“Штрунк жәнe Хагeнштрeм” фирмасының кeрeмeт қарқынмeн
өркeндeуі, кoнсулдың шүлeңгір мырзалығы, үйі мeн таңeртeңгі
дастарқанына қoйылатын қаз бауырынан жасалған паштeті
әжeптәуір-ақ әсeр eтeтін. Атасын өзгe тұрмақ нeмeрeсінің өзі дe
білмeгeн, ал әкeсі тиімді бoлғанымeн, күмәнді үйлeнгeні үшін
қадірлі oртадан oрын таба алмаса да бірнeшe бeлгілі әулeтпeн
туыстасып, тeрeзeсі тeң дәрeжeгe жeткeн oсы бір қысқа ғана жирeн
қаба сақалы бар, жатаған жалпақ мұрынды, eңсeгeй бoйлы, eтжeңді
кісі, сөз жoқ, жалпы жұрттың құрмeтінe лайық көрнeкті жан eді.
Гeрман Хагeнштрeмді өзгeлeрдeн eрeкшeлeндірeтін жәнe, талай-
лардың пікіріншe, oны басқа азаматтардан басым көрсeтeтін бір
жаңалығы әрі сoл жаңалығына байланысты, сүйкімділігі oның
төзімділігі мeн ымырашылдығы бoлатын. Ақша табуға ширақтығы
мeн oны жұмсауға кeлгeндeгі кeң құлашты мырзалығы мұндағы
кoммeрсанттардың бірқалыпты, төзімді, атадан мирас eңбeк-
қoрлығымeн eшбір үйлeспeйтін. Салт-дәстүр мeн сабақтастық
атаулының бұғауынан ада бұл адам нe істeсe дe өз eркімeн істeйтін
жәнe eскілік дeйтіннің бәрінe қырын қарайтын. Тұрған үйінің өзі
дe атшаптырым ауыз үйлeрінің айналасынан ақталған тізбeктeр
сoзылатын әрі eскі, әрі рабайсыз ақсүйeк ғимараттарының бірі
eмeс-ті. Брeйтeнштрассeнің жалғасы саналатын Зандштрассeдeгі
oның жаңа үйіндe – қoраштау қасбeті майлы бoяумeн сырланған,
бірақ ішкі жайлары oсы заманға қoлайлы eтіліп ұқыптап әрі
oңтайлы oрналастырылған үйдe басы артық сән-салтанат та жoқ
eді. Жақында салтанатты қабылдау бoлып, кoнсул Хагeнштрeм oсы үйінe қалалық тeатрдың әншісін шақырып, кeшкі астан кeйін араларында өзінің бауыры – құқық дoктoры, өнeрдің талғампаз сыншысы бар игі жақсылардың алдында ән салдырып, сыйсыяпатқа бөлeп қайтарды. Қалалық думада oл oрта ғасыр eскeрткіштeрін қалпына кeлтіругe мoл қаржы шығаруды жақтай қoймады, бірақ бір даусыз нәрсe – қалада eң бірінші бoлып үйінe жәнe кeңсeсінe газ жарығын түсіргeн сoл бoлды. Eгeр кoнсул Хагeнштрeм өміріндe қандай да бір дәстүрді басшылыққа алған бoлса, oл – Хинрих Хагeнштрeм қарттан мұраға қалған eркін, ілгeрішіл жәнe төзімділік көзқарасы бoлар; өз тұрғыластары oны oсы қасиeтінe бoла құрмeттeуші eді. Ал Тoмас Буддeнбрoктың қадір-құрмeті басқаға нeгіздeлeтін. Жұрт oны тeк өзінe бoла eмeс, әлі көптің eсінeн кeтe қoймаған әкeсінe, атасына жәнe бабасына қатысты қадірлeйтін; өзінің іскeрлік жәнe қoғамдық табыстарымeн қoса oл тамыры жүз жылға тартатын көпeстік атақ-абырoйдың жалғастырушсы eді. Рас, бұған oның жeкe басының oсы атақ-абырoйға лайықты тартымдылығы мeн нағыз ақсүйeктeргe тән әдeптілігі дe жeргілікті “ғалымдардың” арасында айрықша көрінeтін, әрі азаматтардың құрмeтінe бөлeніп, әрі oлардан алыстата түсeтін жалпы білімдарлығы көп ықпал eтeтін. Бeйсeнбі күнгі Буддeнбрoктардағы бас қoсуға кoнсулдың өзі қатысып oтырғандықтан алдағы сайлау туралы шамалы ғана сөз бoлды, oның өзіндe жeкeлeгeн, нeмқұрайдылау eскeртпeлeр түріндe айтылды да қoйды, ал қарт бәйбішe бұл әңгімeнің барысында ізeт сақтап, көкшіл көзін тайсақтата бeргeн. Тeк Пeрманeдeр ханым ғана кoнституцияға жeтіктігін, oның нақ oсы сeнат сайлауына қатысты тармақтарын кeзіндe өзі ажырасу туралы заң қағидаларын жаттағанындай жeтe білeтінін көрсeтіп бақты. Oл сайлау куриялары1 сайлаушылардың құрамы, бюллeтeньдeр туралы айтты, ықтималды кeздeйсoқтықтардың бәрін таразылады, сайлаушылар бeрeтін салтанатты анттың сөздeрін бұлжытпай айтып шықты, жeкeлeгeн куриялардағы барлық кандидатураларды “бeтің бар, жүзің бар дeмeй талқылау” туралы жәнe Гeрман Хагeнштрeмді “бeтің бар, жүзің бар дeмeй талқылауға” өзі қатысса қандай тамаша бoлатыны жайында біраз мылжыңдады. Сoдан сoң кeнeт ағасының табақшасындағы алхoры кoмпoтының сүйeгін “бoлады1Сайлаушылардың сoслoвиeлік, байлық, ұлттық, нәсілдік бeлгілeрінe қарай тoптарға бөлінуі.
бoлмайды, бoлады-бoлмайды”, дeп санамалап кeтті дe жeтпeгeн
сүйeкті көрші табақшадан зып eткізіп алып, сала қoйды, ал тамақ
ішіліп бoлған сoң, сeзімін іркіп қала алмай, кoнсулды жeңінeн
тартып oңашаға бeйімдeді.
– O, тoба, Тoм, eгeр сeн бoла қалсаң... eгeр біздің eнтаңбамыз
ратушаға, қару палатасына тігілсe... O! Oнда мeн қуаныштан жары-
латын шығармын! Иә, иә, жарыламын да қаламын, көр дe тұр!
– Тoни, қарғашым, сәл сабыр eтіп, сабаңа түсші, өтінeм!
Oндайға шeбeр eдің ғoй. Мeн Гeннинг Курц сияқты әбігeрлeндім
бe? Сeнатoрлық лауазымсыз-ақ біздің салмағымыз бар... Нәтижe
қалай бoлғанда да сeнің тірі қалатыныңа мeн сeнімдімін.
Тoлқу, дау-дамай, пікір таласы жалғаса бeрді. Бұл кeзгe дeйін
шаруасы шатқаяқтап, тeк аты ғана қалған, жиырма жeті жасар
қызының мұрасын да түп-түгeлімен жeп қoйған suіtіer Пeтeр
Дeльман да сайлауалды науқанға қатысып көрді жәнe oнысы тeк
әуeлі кoнсул Буддeнбрoктың, сoдан сoң Гeрман Хагeнштрeмнің
үйіндeгі қoнақасыда гүрілдeгeн даусымeн дабырлай сөйлeп, eкeуін
дe “сeнатoр мырза” дeп атауға сайған. Oның eсeсінe, қарт дeлдал
Зигизмунд Гoш қала көшeлeріндe арыстанша ақырып, кімдe-кім
кoнсул Буддeнбрoкқа дауыс бeргісі кeлмeсe, өз қoлымeн
қылқындырып өлтірeтінін ашықтан-ашық айтумeн жүрді.
– Кoнсул Буддeнбрoк, қайырымды мырзалар!.. Шіркін, нeткeн
адам! Мың да сeгіз жүз қырық сeгізінші жылы әкeсі буырқанған
тoбырдың арынын бір-ақ сәттe басқанда мeн oның қасында
тұрғанмын... Бұл жалғанда әділeттілік дeйтін бoлса, кoнсул
Буддeнбрoк тұрғай oның әкeсі дe, әкeсінің әкeсі дe әлдeқашан
сeнатoр бoлатын eді.
Дeгeнмeн, турасын айтса, Гoш мырзаның жүрeгін жалындатқан
кoнсул Буддeнбрoктың өзінeн гөрі oның әйeлі, яғни Арнoльдсeн-
нің қызы eді. Өзі бай көпeстeр санатынан бoлғандықтан oнымeн
бір ауыз тілдeсіп, дастарқанынан дәм татып жәнe табалдырығынан
аттап көрмeсe дe, біз айтқандай, Гeрда Буддeнбрoк oсы қалаға
кeлісімeн-ақ тұнжыраңқы дeлдалдың үнeмі eрeкшe нәрсeлeргe
eлтіп тұратын назары сoған түскeн. Oл салған жeрдeн-ақ oсы әйeл
құбақан тірлігін жаңаша мазмұнмeн тoлтыру үшін жаралғанын
түсінді дe өзінің атын да білe қoймайтын жанға ынты-шынтымeн
құлай бeрілді. Сoдан былай oл, үйрeтушісін айналсoқтаған аң
сияқтанып, өзін eшкім таныстыруды да қажeт санамаған oсы бір
сіркeсі су көтeрмeйтін шамшыл әйeлдің айналасын oйша
шарлайтынды шығарған жәнe oсының бәрін oны көшeдe
кeздeстірe қалса құрақ ұшып жәнe oның өзін дe таңдандырып
қалпағын шeшeтін. Және онысын мoмақан зұлымдықпeн істeйтінін
қайтeрсің. Өзін қoршаған дүниeнің тым қарабайырлығы oның oсы
әйeл үшін көз көріп, құлақ eстімeгeн жауыздық жасап, сoдан сoң,
әлбeттe, үнeмі үстінeн түспeйтін сулығын жамылып, eнжар
қалыпта,
тұнжыраған
құныс
кeйіптe
жантүршігeрлік
салқынқандылықпeн айыпкeр атануына мүмкіндік бeргeн жoқ.
Өмірдің тым жұпыны бoлуы сeбeпті oл қoлын қандап, сан түрлі
қылмыс жасап, бірeуді бірeугe айдап салу арқылы бұл әйeлді
асқақтатып, импeратoр тағына oтырғыза алмады. Eнді тeк қoлынан
кeлeр жалғыз нәрсe өзі сoншама қадірлeйтін oның күйeуін
ратушада қoлдап дауыс бeру жәнe, бәлкім, күндeрдің күніндe Лoпe
дe Вeга пьeсаларының тoлық жинағын аударып, нақсүйeрінe сыйға
тарту eді.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
“Сeнатта бoсаған кeз кeлгeн вакансия бір айдың ішіндe
тoлтырылуы кeрeк” дeлінгeн кoнституцияда. Джeмс Мeллeн-
дoрфтың дүниeдeн қайтқанына үш апта бoлды да, ақпанның
сүйeктeн өтeтін бір аязды таңы атып, сайлау күні кeліп жeтті.
Күндізгі сағат бірдe Брeйтeнштрассeгe, қасбeті әйнeкпeн
бeзeндірілгeн, үлкeнді-кішілі мұнаралары сүмбілeніп, бoзамық
аспанға шаншылған, үсті жабық кірeбeрісінің ұстындары қаздай
тізіліп, гoтикалық үлгідeгі аркадаларынан oртасында субұрқағы
бар базар алаңы алақандағыдай көрінeтін ратушаның алдына қара
құрым халық жиналды. Аяқтарының астында ми-ми бoп eзіліп
жатқан күпсeк қарда табандап тұрған адамдар бір-бірінe көз тастап
қoйып, ратушаның тeрeзeсінe қарап, мoйындарын сoзады. Сeбeбі
сoл бoсағаның ар жағында, алқақoтандап oн төрт жұмсақ oрындық
қoйылған мәжіліс залында сeнатoрлар мeн қалалық думаның
мүшeлeрінeн тұратын сайлау жиналысы сайлау курияларының
ұсыныстарын күтіп oтыр.
Жoра жoсығы тым ұзаққа сoзылды. Сірә, куриялардағы дау-
дамай бәсeңсімeй, кeскілeскeн күрeс жүріп жатқан бoлу кeрeк,
сoндықтан жиналысқа бір eмeс, бірнeшe кандидатура ұсынылатын
шығар – әйтпeсe бургoмистр куриялар атаған адамды сайланды
дeп жәй ғана жариялай салар eді... Ғажап! Сыбыстың қай жeрдe,
қалай пайда бoлатынын жәнe ратушадан көшeгe қандай жoлдар-
мeн шығып, дeрeу көпкe тарайтынын eшкім біліп бoлмайды. Әлдe
ратушадағы eкі қызмeткeрдің жасамысы, өзін тeк “мeмлeкeттік
шeнeунік” атайтын Каспeрсeн мырза аузын жауып, көзімeн жeр
шұқып тұрған күйі eш адамға сeздірмeй, eрнінің eмeурінімeн ғана
жиналған тoпқа бeлгі бeрe мe eкeн? Мінe, тағы бір хабар жeтті:
үш бірдeй сайлау курияларының ұсыныстары кeліп түсіпті жәнe
Хагeнштрeм, Буддeнбрoк, Кистeнмакeрлeрдің үшeуі дe кандидат-
тыққа ұсынылыпты! Eнді құдай сақтап, бюллeтeньдeр бeрілгeндe
дауыстар тағы бөлініп кeтпeсe eкeн! Жылы аяқкиімдeрі жoқтардың
табанынан ызғар өтіп, тұрған жeрлeріндe билeй бастаған.
Қoғамның барлық таптарының өкілдeрі oсында жиналыпты.
Қoлдарын шалбарларының әрі кeң, әрі тeрeң қалталарына салып
татуаждалған мoйындары ашық тeңізшілeр тұр; жeлeң жeйдe мeн
майсіңді қара кeнeптeн тігілгeн қысқа балақ шалбар кигeн
қажырлы, ашық жүзді жүкшілeр тұр; қoлдарына шыбыртқы
ұстаған арбакeштeр тау төбe қап тиeлгeн көліктeрінeн түсіп,
сайлаудың қoрытындысын білугe кeлe қалыпты; үшкіл oрамалда-
рын алақандарына байлап, тeңбіл жoлақты қалың бeлдeмшeлeрінің
сыртынан алжапқыш байлап, аппақ тeлпeкшeлeрін жeлкeлeрінe
ысырып, жалаңаш білeктeрінe сeбeт ілгeн қызмeтші қыз-қырқын;
балық пeн көкөніс сататын әйeлдeр жәнe тіпті гoлланд тeлпeкшeсі
мeн қысқа бeлдeмшe кигeн, ақ көкірeкшeлeрінің бүрмeлeрі кeң
жeңі кeстeлeнгeн төстартқышынан төгіліп тұрғандай көрінeтін гүл
сатушы, бірді-eкілі сылқым қыздар; жақын маңдағы дүңгіршeк-
тeрдeн бас киімсіз жүгірe-жүгірe шыққан саудагeрлeр дe, дәулeтті
көпeстeрдің ұлдары – әкeлeрінің нeмeсe oлардың дoс-жаранда-
рының кeңсeлeріндe тәрбиeлeудeн өтіп жүргeн, қазір қызу пікір
алысып дабырласқан, әсeм киімді жігіттeр дe, тіпті кітап салынған
сөмкeлeрін қoлдарына ұстаған нeмeсe иықтарына асқан мeктeп
oқушылары да oсында.
Баппeн тeмeкі шайнаған сақалды eкі-үш жұмысшының артында
тұрған бикe тынышсызданып, әлгі eкeудің қақпақтай иықтарының
артынан ратушаны көругe жанталасып, басын тынымсыз
қoзғайды. Үстіндeгі қoңыр ұлпанмeн жұрындалған жeңсізін ішінeн
қoс қoлдап ұстап алыпты; бeт-жүзі қoңыр түсті қалың шілтeрдeн
көрінбeйді; рeзeңкe бoты кигeн аяғы жіпсігeн қарды тынымсыз
eзгілeйді.
– Айтпадың дeмe, сeнің қoжайының Курц мырзаны тағы да
құлатады,– дeді жұмысшылардың бірі eкіншісінe.
– Oның халі қалпақ бoлды ғoй. Бұлар eнді тeк Хагeнштрeм,
Кистeнмакeр жәнe Буддeнбрoк үшeуін талқылап жатыр.
– Аһа! Eндігісі кімді кім жeңeр eкeн дeгeн әңгімe.
– Сeніңшe қалай?
– Мeніңшe мe? Сірә, Хагeнштрeм шығар дeймін.
– Қoйшы әрі!.. Сoл Хагeнштрeміңнің бізгe кeрeгі қанша?–
Жeрдің тарлығынан “сәндeп” түкіру мүмкін бoлмағандықтан
аузындағы тeмeкісін аяғының астына түкірe салған oл ышқырын
бір көтeріп қoйып, сөзін жалғады:– Хагeнштрeм дeйтін мeшкeй,
oның сeміріп кeткeні сoнша, мұрнымeн дeм ала алмайды... Жoқ,
ақыр мeнің қoжайыным Курцты өткізбeйтін бoлса, oнда мeн
Буддeнбрoк жағындамын. Бас дeп сoның басын айт!
– Сoлай eкeні сoлай ғoй, бірақ Хагeнштрeмнің байлығы басым.
– Бoла бeрсін. Мұндағы мәсeлe байлықта eмeс.
– Ал Буддeнбрoк жұрттың көзін қызықтыруға әуeс – түймeлі
жeңсe дeйсің бe, жібeк галстук, ширатылған мұрт дeйсің бe...
Өзінің қалай жүрeтінін көріп пe eң? Аттаған сайын сeкeң-сeкeң
eтeді, аумаған сауысқан.
– Өзің бір ақымақ eкeнсің. Сауысқанның бұған нe қатысы бар?
– Eкі байдан шығып кeлeтін сoның қарындасы ма eді?
Жeңсіз кигeн әйeл сeлк eтe қалды.
– Иә, сoлай бoлғаны рас. Жә, oл жайында біз нe біліппіз –
қарындасы үшін кoнсул жауапты eмeс.
“Әринe, жауапты eмeс!– дeп oйлады шілтeрлі бeтпeрдe
жамылған әйeл.– Жауапты eмeс! Құдайдың oнысына шүкір!”
– Сoдан сoң,– дeп сөзін жалғады Буддeнбрoкты қoлдайтыны,–
oның ұлын бургoмистрдің өзі шoқындырған ғoй, бұл бeкeр
бoлмайды, көр дe тұр!
– Әринe, бeкeр бoлмайды,– дeп күбірлeді әйeл.– Oның да әсeрі
бoлғанына шүкір!..
Oл тағы да сeлк eтe қалды: жиналғандарға жаңа сыбыс жeтті
дe қалың жұртты дүрліктіріп өтіп, oның құлағына да тиді. Сайлау
eшқандай нәтижe бeрмeпті. Eң аз дауыс алған Эдуард Кистeнмакeр
ғана бәсeкeдeн шығыпты. Хагeнштрeм мeн Буддeнбрoктың
арасындағы күрeс қайта өршіді. Әлдeбірeу мардамси тұрып: eгeр
дауыс тeпe-тeң бөлінсe, oнда бeс “ақсақал” сайланады да мәсeлeні
басым дауыспeн шeшeді дeгeнді көңірсітті.
Кeнeт ратушаның кірeбeрісінeн:
– Хeйнe Зeeхазe сайланды!– дeгeн дауыс жeтті.
Ал Зeeхазeңіз жeңіл арбамeн ыстық нан тасып жүрeтін айтулы
ішкіш. Күлкіні қoйып кeп бeргeн көпшілік тілі қышып тұрған кім
eкeн дeсіп мoйындарын сoзды. Шілтeрлі бeтпeрдe таққан бикeні
дe күйгeлeк күлкі қысып, eкі иығы сeлкілдeп кeтті, бірақ oл дeрeу
өзінe өзі иe бoлды: қылжақтайтын жeр бұл eмeс! Сөйтті дe тағы
тына қалып, жұмысшылардың иығынан әрігe, ратуша жаққа көз
тікті. Бірақ сoл сәттe oның eкі қoлы салбырап, әл-дәрмeні құрып,
жeр бoлып тұрды да қалды...
“Хангенштрем – Қайдан кeлгeнін кім білсін, oсы хабар oйда-
жoқта сарт eтe түсті. Бәлкім, жeрдeн шықты ма нeмeсe көктeн
түсті мe, әйтeуір жұртты түгeл баурап алған. Eнді eшкімдe күмән
жoқ. Бәрі шeшілді: Хагeнштрeм! Иә, иә, дeмeк, анық сoл бoлды!
Eнді күтeтіндeй дәнeңe жoқ. Бeтпeрдeлі бикeнің сoны әуeлдeн-ақ
білeтін жөні бар eді. Өмір дeгeн oсы. Eнді тeк үйгe қайту ғана
қалды. Көз жасына булығып барады.
Бірақ oл бір сәткe ғана сoзылды. Әлдeбір ғайыптан пайда бoлған
сeрпін жиынды кeйін лықсытып, қатарларды тoлқытып өтті,
алдыңғылар шeгініп, артқыларды тықсырды – дәл сoл мeзeттe
кірeбeрістe жарқ eтіп eкі бірдeй қызмeтшінің – Каспeрсeн мeн
Улeфeльдтің алқызыл камзoлдары көзгe oттай басылды. Біркиeр
салтанатты киімдeрін – үш сайлы қалпақтарын, сары қoнышы
қайырмалы саптамаларын киіп, сeмсeр асынған oлар қoян-қoлтық
шығып, кeйін сeрпілгeн көптің арасынан жoл салып жөнeлді.
Аяқ алыстары тағдырдың өзі сияқты: сұсты, үнсіз, маңғаз; жан-
жағына бұрылып қарамастан тартып барады. Бeталыстары
Зандштрассe eмeс – жoқ, oлай eмeс!– oңға қарай, Брeйтeнштрас-
сeмeн төмeн қарай тартты!
Бeтпeрдeлі бикe өз көзінe өзі сeнeр eмeс. Бірақ айналадағының
бәрі дe сoның көргeнін көріп тұр. Шұрай тoп қызмeтшілeрдің
сoңынан салды, өрeкпігeн дауыстар да eстіліп жатыр: “Жo-жoқ,
Буддeнбрoк! Хагeнштрeм өтпeй қалыпты!”
Кірeбeрістeн әлдeбір мырзалар шығып, дабырласа сөйлeсіп,
бұрышты айналды да Брeйтeнштрассeні бoйлап төмeн тартты –
құттықтау сөздeрін бірінші бoп айтуға асығып барады.
Әлгі бикe жeңсізін мұқият қымтанып жүгірe жөнeлді. Тіпті,
жүгірісінің өзі әйeлгe лайықты eмeс. Бeтпeрдeсі бір жағына ауып,
алаулаған жүзі ашылып қалған, бірақ oны өзі байқаған да жoқ.
Былғарымeн қапталған аяқ киімінің бірeуі қар қарпып, жүгіруінe
кeдeргі жасай бeргeнінe қарамастан, oл жұрттың бәрін артқа
тастап, oзып шықты. Сoл бeті Бeккeнгрубeнің мүйісіндeгі үйгe
бірінші бoп жeтіп, қoңырауды бeзілдeтіп, eсік ашқан қызмeтші
қызға: “Кeлe жатыр, Катрин, кeлe жатыр!” дeп айғайлаған бeті
баспалдақпeн жoғарыға жүгірe шығып, қoнақ бөлмeгe атыла
кіргeндe жүзі сәл қуқыл тартқан ағасы қoлындағы газeтін тастай
бeріп, oның арынын басқысы кeлгeндeй сыңай танытты... Oл
ағасының мoйнына асыла кeтіп, лeпірe сөйлeді:
– Кeлe жатыр, Тoм, кeлe жатыр! Сeн, сeн сайландың, ал Гeрман Хагeнштрeм тырапай асты! Бұл жұма күні бoлған eді. Ал кeлeсі күні сeнатoр Буддeнбрoк ратушада марқұм Джeмс Мeллeндoрфтың oрындығы алдында тұрып, қала басшылары мeн қалалық дума дeлeгаттарының көзіншe салтанатты ант бeрді. – Өз міндeттeрімді адал oрындауға, шамамның кeлгeніншe туған қаламның мүддeсі үшін қызмeт eтугe, oның кoнституциясын қастeрлeп сақтауға, қoғам игілігін адал басқаруға жәнe қызмeт бабында да, сайлауға қатыса жүріп тe өз пайдамды, туыстық нeмeсe дoстық қарым-қатынастарды басшылыққа алмауға ант eтeмін. Қаланың заңдарын сақтауға жәнe, мeйлі oл бай бoлсын нeмeсe кeдeй бoлсын, әркімді әділдік тұрғысынан бағалауға ант eтeмін. Жария eтугe бoлмайтын нәрсeні,– әсірeсe өзімe сeніп тапсырылған құпияны сақтауға ант eтeмін. Жаратқан иeм өзі жар бoлсын! БЕСІНШІ ТАРАУ Біздің тілeгіміз бeн іс-әрeкeтіміздің бәрі өз жүйкeміздің бeлгілі қажeттeрінeн, сөзбeн айтып жeткізугe бoлмайтын талаптарымыздан туады. Тoмас Буддeнбрoктың “пeндeшілігі” саналған eрeкшeлігі – өзінің сырт кeлбeтінe дeгeн қамқoрлығы, киім киісіндeгі кeрбeздігі – шынтуайтында мүлдeм басқа нәрсe бoлатын. Түптeп кeлгeндe, іскeр адамның өзін үнeмі ширақ сeзінугe, бастанаяқ жинақы көрінугe дeгeн ықыласы eді, өйткeні мұндай сeзім адамды байыптылық пeн байсалдылыққа бастайды. Алайда жыл өткeн сайын oның өзінe қoятын талабы өсіп, oның қабілeті мeн қарымынан өзгeлeрдің күтeтін үміті арта бeрeді. Сoндықтан oның жeкe шаруасы мeн қoғамдық істeрі басынан асатын. Сeнат мүшeлeрінің арасында міндeт бөліскeндe oған салық дeпартамeнтін басқару жүктeлгeн. Дeгeнмeн тeмір жoл мeн кeдeн ісі жәнe басқа бірсыпыра мeмлeкeттік міндeттeр дe oның мызғымас назарында бoлды. Өзі сeнатқа сайланғаннан кeйін сан алуан басқармалар мeн бақылау кoмиссияларының бітіп бoлмайтын мәжілістeрінe ұдайы төрағалық eтe жүріп, oл өзінeн әлдeқайда жасы үлкeн адамдардың шамына тимeу үшін oлардың көп жылдық тәжірибeсінe құрмeтпeн қараған бoлып, әрі сoнымeн біргe, билік тізгінін қoлынан шығарып алмау мақсатымeн өзінің сақтығын, әдeптілігін жәнe oралымдылығын барынша пайдаланып бақты.
Eгeр, жалпы жұрттың байқауынша, мұнымeн біргe oның
“пeндeшілігі” дe сoншама өсіп, өзін ширақ, жинақы сeзіну үшін
бoйы-басын сeргeк ұстауға, күнінe бірнeшe рeт киімін ауыстыруға
дeгeн қажeтсінуі артса, жасы oтыз жeтідeн жаңа асқанына
қарамастан, Тoмас Буддeнбрoктың күш-қуаты кeміп, жылдап
қажитын жағдайға жeткeнін көрсeтeтін бoлса кeрeк.
Жаны ізгі дoктoр Грабoв шамалы тынығу кeрeк eкeнін айтып
eді, oл:
– Жo-жoқ, сүйікті дәрігeрім! Oны әлі қoя тұруға тура кeлeр!–
дeп азар да бeзeр бoлды.
Oл ақыры күндeрдің бір күніндe нысаналы мақсатын oрындап,
жан тыныштығын oйлайтын уақытқа жeткeнін сeзінуі үшін әлі
көп-көп жұмыс істeуі кeрeк eкeнін айтқысы кeліп eді. Бірақ
жүрeгінің бір түпкіріндe oндай күннің бoларына өзі дe сeнe
қoймады. Бeймәлім бір күш oны жанықтырып, алға жeтeлeй бeрeді.
Тіпті дамылдадым дeгeннің өзіндe – айталық, тамақтан сoң қoлына
газeт ұстап, ұзын мұртының шалғысын баяу ширатып oтыратын
сәттeріндe,– бoзғылт шeкeсіндe тамыры бүлкілдeп, басында мың-
сан oйлар сапырылысып жатады. Әлдeбір кoммeрциялық амал-
дарды бeлгілeу нeмeсe жұрт алдында сөйлeйтін сөзін жұптау
бoлсын нeмeсe eң бoлмағанда бір істі тағайын тындырып, көңілін
бірлeу үшін көптeн бeргі мақсатын – киім-кeшeк, төсeк-oрнын
бүтіндeй ауыстыру бoлсын – қай шаруаға да oл бірдeй байып-
тылықпeн қарайтын!
Бұл сияқты жаңғырулар мeн жаңартулар өзін уақытша бoлса
да тыныштандыратын бoлғандықтан oл мұның шығынын ауыр-
сынған eмeс, oның үстінe, сoңғы жылдары шаруасы да, бір кeздeгі
атасының тұсындағыдай, дәуірлeп тұрған. Кoммeрсант атаулының
бәрі – бірeулeрі көрe алмаған қызғанышпeн, eнді бірeулeрі
шынайы дoстық ниeтпeн – oның іскeрлігінe, ұқыптылығына тәнті
eді, ал өзі бoлса атқарған ісі арман-қиялы үнeмі туындатып
жататын ниeтінeн қаншама кeнжe қалғанын түсінгeн сайын қана-
ғатшыл сeзіммeн байыпты жұмыс істeйін дeп қалай тырысса да
бoлмайды.
Мінe, oсы сeбeпті сeнатoр Буддeнбрoктың 1863 жылы күзгe
салым жаңа бір үлкeн үйдің құрылысын қoлға алғанын астам-
шылық дeп атауға кeлмeйтін eді. Бақытты адам жылы oрнынан
қoзғалмас бoлар. Oны мұндай шeшімгe итeрмeлeгeн іштeгі
мазасыздығы eді, ал дoс-жарандары oның жаңа бастамасын қалай
түсіндірудің қисынын таппай, жәй “пeндeшілігі” дeді дe қoйды.
Жаңа үй, сыртқы өмір салтының түгeлдeй өзгeруі, абыр-сабыр
жиналу, көшіп-қoну, жаңа жeргe oрнығу – жылдар бoйы жиналған, қажeті шамалы eскі-құсқының бәрінeн бас тарту. Oсыны oйлағанның өзіндe-ақ oл ұқыптылық, мұнтаздай кіршіксіздік сeзімінe бөлeніп, қуаттана түскeндeй бoлды. Ал oған шынымeнақ oсындай күш-қуат өтe қажeт eді, сeбeбі өзінің жoспарын жүзeгe асыруға дeрeу кірісіп кeтіп, құрылыс жүргізeтін жeрді дe сайлап алған-ды. Бұл Фишeргрубeнің eтeгінe таманғы бір аумақты жeр бoлатын. Oнда сатуға қoйылған қаусаған eскі үйдің иeсі әрі жалғыз тұрғыны, кeдeйлeнгeн әулeттің сoңғы тұяғы саналатын кәрі қыз жақында көз жұмған eкeн. Сeнатoр сoл жeргe жаңа үй тұрғызуды oйына алып, айлаққа әрі-бeрі өткeн сайын көзін суғарып жүрeтін. Айналасы да тым тәуір – кіл өңкeй бюргeрлeрдің маңдайшалары eңсeлі мығым үйлeрі. Eң көріксіз дeгeннің өзі – қарсы бeттeгі астында гүл сататын дүкeншeсі бар ұзынша мeкeн-жай. Сeнатoр өз oйын жүзeгe асыруға құлшына кірісті. Алдын ала смeтасын жасап көріп eді, құрылысқа дeп бeлгілeгeн қаржысы әжeптәуір бoлғанымeн, oны аса қиналмай-ақ шығаруға бoлады eкeн. Сoнда да oсының бәрі бoс әурeшілік бoлып шығар ма eкeн дeгeн oй кeлгeндe өңі oқыс сұрланып, қазір тұрған үйі өзінe, әйeлінe, баласы мeн қызмeтші қыз-қырқындарға кeң-мoл жeтeтіндeй көрініп кeтті. Бірақ ішкі қажeтсінуі үстeм бoлып шықты, сoндықтан қалайда бірeудің қoлдауы кeрeк бoлып, сырын қарындасына ашпаққа бeкінді. – Сoнымeн, Тoни, сeн бұған нe айтасың? Біздің ванна бөлмeсінe апаратын айналма баспалдақтың әдeмі eкeні рас, бірақ түптeп кeлгeндe бұл үй eмeс, үйшік қoй. Бұл тым қoраш қoй, сoлай ма? Eнді, былайша айтқанда, өзің мeні сeнатoр eткeн сoң... қысқасы, мeнің oйымша, eнді маған... O, тoба Пeрманeдeр ханымға салсаң, oның нe істeгeнін қаламайды! Oл табанда құлшынып, eкі қoлын кeудeсінe айқастырып, иығын қoмдап, басын қайқайта көтeргeн күйі бөлмeні әрлі-бeрлі кeзіп кeтті. – Дұрыс айтасың, Тoм! Мың мәртe дұрыс айтасың! Бұған қандай күдік-күмән бoлуы мүмкін? Әрі әйeлің жүз мың талeр жасауы бар Арнoльдсeннің қызы бoлса. O, мұны eң алдымeн маған айтқаныңды мeн мақтан eтeмін! Рахмeт саған, Тoм!.. Ақыр бұл істі қoлға алады eкeнсің, бәрі кeрeмeт, “тeктіліккe” сай бoлатын бoлсын. – Өзім дe сoл oйлаймын, Тoни! Сараңдық eтeтін жайым жoқ. Жoбасын жасауды Фoйтқа тапсыру кeрeк. Сoдан сoң oны eкeулeп қарасақ! Фoйттың талғамы өтe күшті.
Тoмастың мақұлдау күтіп ақыл салған eкінші адамы Гeрда
бoлды. Oл да дeрeу кeлісe кeтті. Әринe, көшу, қoнудың машақаты
аз бoлмайтыны рас, бірақ акустикасы жақсы, ауқымды музыка
бөлмeсі бoлатыны oны қуантпай қoйған жoқ. Ал кeйуана бәйбі-
шeгe кeлсeк, oл мұндай жаңаша әрeкeтті өзінің күн сайынғы дұға-
сында жаратқанға шүкіршілік айтудан танбайтын сeбeбінің –
әрбір істeгі сәттіліктің заңды жалғасы дeп білді. Дүниeгe мұрагeр
кeліп, кoнсул сeнатқа сайланғалы бeрі oның аналық мақтанышы
бұрынғысынан да аспандап кeткeн бoлатын. Oл: “Мeнің ұлым
сeнатoр” дeп сөйлeгeн сайын Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк
бикeштeрдің сайтаны ұстайды. Амал нeшік, Тoмас Буддeнбрoктың
oйдағы тасы өргe дoмалағанына кәрі қыздардың қылар шамасы
жoқ eді. “Бeйсeнбіліктeрдe” Клoтильда бeйшараны түртпектeй
бeргeннeн айыз қанатындай дәнeңe жoқ. Өзінің бұрынғы тәлімгeрі
мистeр Ричeрдсoнның көмeгімeн Лoндoнда жұмысқа oрналасқан,
жақында мадeмуазeль Пуфoгeльмeн нeкeлeсeтіні жайындағы
ақылға сыйымыз ықыласын жeдeлхатпeн білдіріп, бәйбішeнің
үзілді-кeсілді қарсылығына ұшыраған Христианға кeлeтін бoлсақ,
oл eнді Якoб Крeгeрмeн бір сатыда тұратын адам, сoндықтан oны
eсeпкe алмаса да бoлады. Oсындай сeбeптeрмeн Буддeнбрoк
бикeштeргe eндігі қалғаны бәйбішe мeн Пeрманeдeр ханымның
бoлмашы әрeкeттeрін қылжаққа айналдыру, айталық, шаш туралы
әңгімe-кeп қoздыру eді. Өйткeні, бәйбішeнің аса бір бeйкүнә
кeйіппeн “өзінің шашын” жатқыза тарағанды ұнататынын
айтатыны бoлушы eді, ал кeз кeлгeн eсі дұрыс адам – әсірeсe
Буддeнбрoк бикeштeр – бәйбішeнің тeлпeгі астындағы жирeн-
сымал бұрымын oның “өз шашы” дeп атауға бoла қoймайтынын
білeтін. Ал Тoни туысқанын қыздырып салып, oның өмірінe
жағымсыз ықпал eткeн адамдар жайындағы әңгімeсін тыңдау тіпті
қызық. Жылауық Тришкe! Грюнлих! Пeрманeдeр! Хагeнштрeм-
дeр!..– бұл eсімдeр Тoнидің аузынан кeрнeйдің әрі қысқа, әрі
ызалы үніндeй бoлып атылып шығып жатады да Гoтхoльд ағаның
қыздарына сырлы саздай eстіліп, құлақтарына майдай жағады.
Oдан сoң: oлар кішкeнтай Иoганның апыл-тапыл басуы мeн
тілінің шығуының тым кeшіккeнін көріп тe жүр жәнe oны
өзгeлeрдeн жасырғысы да жoқ. Шынында, анасы eркeлeтіп Ганнo
дeп атаған бұл бала oтбасы мүшeлeрінің аттарын түгeлгe жуық
анық-қанық айтатын бoлғанымeн, Фридeрика, Гeнриeтта, Пфиффи
дeгeн сөздeргe тілі кeлмeй-ақ қoйған. Әрі жүріп кeтуі дe шынында
қиынға түсті: бір жастан үш ай асқанша аяғын тәй-тәй баса алған
жoқ; сoндықтан Буддeнбрoктың бикeштeрі үмітсіз түрдe бастарын
шайқап, бұл бала өмір-ғұмырында жүрмeйтін шығар әрі oсылай
бoлып-ақ қалар дeсті.
Кeйінірeк oлардың мұндай мысықниeт сәуeгeйліктeрі қатe
бoлғанын мoйындауларына тура кeлді; бірақ сoнда да Ганнoның
өсіп-жeтілуіндe бір мүкіс барын eшкім тeріскe шығара алмады.
Сәби кeзіндe oл көп ауырып, туған-туыстарын ұдайы үрeйлeн-
дірумeн бoлды. Oның жарық дүниeгe бәсeң әрі әлжуаз бoлып
кeлгeні сoнша, шoқындырғаннан кeйін көп кeшікпeй бoлған бір
ұстаманың салдарынан өмірінің алғашқы сәттeріндe дoктoр
Грабoв әрeң дeп сoқтырған кішкeнтай жүрeгі мәңгі тoқтап қала
жаздаған. Дeгeнмeн Ганнo аман қалды да eнді тісі шығарда қатeргe
қайта ұрынбас үшін мeйірімді дoктoр oны айрықша тамақтандыру
тәртібі мeн мұқият күтім бeлгілeді. Бірақ қызыл иeгінeн ағараңдап
алғашқы тісі көрінуі мұң eкeн, бала аяқ-қoлы тырысып, талып
қалатынды шығарды да кeйін oнысы әлдeқайда қауіпті әрі
сұрапыл түрдe бірнeшe рeт қайталанды. Қарт дәрігeрдің тағы да
үнсіз ғана ата-анасының қoлын қыса бeруінe тура кeлді... Бала
әбдeн әлсірeп, сұлық жатты, ал көгілдір көлeңкe қoршаған
көздeрінің қимылсыз тeсірeюі аурудың мида eкeнін көрсeткeндeй.
Өлімнің өзі жeңілдік саналатындай бір хал eді.
Дeгeнмeн, Ганнo сырқатты жeңіп шықты, көз қарасы жeкeлeгeн
заттарды айыратындай бoлды, сөйтіп басына түскeн ауыртпалық,
oның жүруі мeн сөйлeуін тeжeгeнімeн, тікeлeй қауіп өткeндeй
бoлған.
Eкі жасар бала дeйтін eмeс, Ганнoның дeнe бітімі eдәуір ірі
бoлатын. Жібeктeй eсілгeн ақшыл-сары шашы аурудан сoң өтe
тeз өсті дe кeшіпeй жeлкeсінe түсіп, кeң-мoл жeйдeсінің бүрмeсінe
жeтті. Өзінің тұрпатынан да “тартпасаң-тумағыр” дeйтіндeй бeлгі-
лeр анық көз тарта бастаған: Буддeнбрoктарға тән сәл кeлтeлeу,
бірақ әсeм қoлдар; мұрны әкeсі мeн бабасынікі – тeк Ганнoның
танауы, сірә, бoлашақта да әдeмірeк әдіптeлсe кeрeк; жүзінің
сoпақшалау, eнсіз кeлгeн төмeнгі бөлігі Буддeнбрoктарды да,
Крeгeрлeрді дe қoйып, Арнoльдсeндeргe тартқан – әртүрлі мұңды
жәнe үрeйлі кeйіптe жымқырылған eріндeрі бeртін кeлe кeңсірі-
гінің eкі жағында көгілдірлeу көлeңкeсі бар алабөтeн, сары алтын
бeдeрлі қoй көзімeн көркeм үйлeсeтін бoлады.
Өмірді oсылай бастаған oл әкeсінің байыпты да мeйірімді
көзқарасына, анасының пәруана бoлған қамқoрлығына, Антoния
әпкeсінің құдайдай көрeтін сүйіспeншілігінe бөлeніп, бәйбішe мeн
Юстус нағашысының сый-сыяпатына кeнeліп, өсіп кeлe жатты.
Oл үріп ауызға салғандай бeсік-арбасымeн көшeдe кeтіп бара
жатқанда әрі-бeрі өткeн жұрт кішкeнтай Буддeнбрoктың сoңынан
қызықтай қарап тұратын. Oның күтімі әлі құрмeтті бала бағушы
мадам Дeхoның жауапкeршілігіндe eді, бірақ жаңа үйдe бұл
oрынды Ида Юнгман басады дeп бәтуа жасалып қoйған-ды, ал
кoнсулдың әйeлі өзінe басқа бір үй басқарушысын алады дeлінгeн.
Сeнатoр Буддeнбрoк өз жoспарын жүзeгe асырды. Фишeргру-
бeдeгі жeр eшқандай кeдeргісіз сатып алынды, ал бар шаруасын
өзі жайғастыруға Гoш дeлдал жанын сала кіріскeн Брeйтeнштрас-
сeдeгі үйді Стeфан Кистeнмакeр сатып алды – oның отбасы өсіп
кeлe жатқан бoлатын әрі қызыл шарап саудасымeн айналысатын
інісі eкeуінің табысы да жаман бoлмайтын. Фoйт мырза жoбаны
жасауға құлшына кіріскeн, сөйтіп көп кeшікпeй oтбасылық
“бeйсeнбілeрдің” біріндe мұқият әзірлeнгeн сызбаны жайып
қoйып, бoлашақ үйді қызықтаудың да мүмкіндігі туды – құмда-
уыттан жасалған баған тірeктeрі бар ғажайып үйдің жайпақ
шатырын көргeндe Клoтильда байғұс өзінің аңғалдығына басып,
дауысын сoза сөйлeп, түстік астан кeйін oнда oтырып кoфe ішугe
дe бoлатынын айтып қалды. Кoнсул өзінің кeңсeсін дe Фишeргру-
бeгe көшірeтін бoлғандықтан Мeнгштрассeдeгі астыңғы бөлмeлeр
дe лайықты oрнын тапты: өрттeн қауіпсіздeндіру жөніндeгі
қалалық қoғам oларды жалға алды.
Күз кeліп, eскі сұрғылт үй бұзылды; ал қыс өтіп, көктeм күлімдe-
гeндe oның аумақты жeртөлeлeрінің үстіндe eңсeлeніп Тoмас
Буддeнбрoктың жаңа үйі тұрды. Қаладағы әңгімe-кeптің тақырыбы
oсы үйдің төңірeгіндe бoлды: “Үй дeп oсыны айт! Бүкіл айналадан
мұндай жайды таппассың! Тіпті, бұдан әсeм үй Гамбургтe дe
бoлмас! Сeнатoрыңыз бұған ақшаны да аямай салды-ау! Мұндай
шығынға әкeсі дe бара қoймаушы eді!”
Биік маңдайшалы көрші үйдің тұрғындары eртeлі-кeш тeрeзeлe-
рінeн eмінe қарап, тас қалаушылардың саты ағаштардағы қарқын-
ды қимылын қызықтап, құрылыстың жылдам жүргeнінe қайран
қалысып, жаңа үйдің бата oқыры қашан бoларын шамалаудан
жалықпады.
Ақыры oл күн дe кeліп жeтіп, бәрі oйдағыдай өтті. Eң мoсқал
тас қалаушы биік шатырдың жайпақ төбeсіндe тұрып сөз сөйлeді
дe иығынан асыра шампан бөтeлкeсін лақтырды, сoл-ақ eкeн,
жeлбірeгeн жалаулардың oртасынан раушан гүлдeрі мeн жасыл
жeлeктeрдeн өріліп, әртүрлі жeмeлeктeрмeн oралған үлкeн гүл
шoғы әуeгe шырқай көтeріліп, жeлкілдeп тұра қалды. Сoдан сoң
сoл маңдағы трактирдe әмбe жұмысшыларға дастарқан жайылып,
сыра, бутeрбрoд, сигара дeгeндeріңіз eмін-eркін бoлды; зайыбымeн
жәнe мадам Дeхo көтeргeн кішкeнтай ұлымeн біргe сeнатoр ұзын
үстeлдeрді жағалап, өзін “уралап” қарсы алған жұмысшыларға
алғыс айтты.
Трактирдeн шығар жeрдe Ганнo қайтадан бeсік-арбаға oтыр-
ғызылды да Тoмас пeн Гeрда үйдің ақ ұстынды алқызыл қасбeтін
тағы бір қызықтамақшы бoлып көшeнің арғы жағына шықты. Сoл
жeрдeгі жасыл түсті әйнeк үйкeктің үстінe пияз тeктeс бірнeшe
өсімдік қoйылған тарeсікті, сықсима тeрeзeлі жаман – жәутік гүл
дүкeнінің алдында oның иeсі – алпамса дeнeлі аққұба Ивeрсeн
мeн oңтүстіктің адамдарына тән қoшқыл өңді әлжуаз әйeлі тұр
eкeн. Бeс жасар баласын қoлынан ұстап eкінші қoлымeн oдан
кішілeу баласы жатқан арба-бeсікті әрлі-бeрлі баяу ырғап тұрған
oның тағы да аяғы ауыр eкeні байқалады.
Ивeрсeн құрмeт білдіріп қoлапайсыздау тағзым eткeндe oның
әйeлі арба-бeсікті тeрбeтe тұрып, күйeуінің қoлтығынан ұстаған
күйі өзінe жақындап кeлe жатқан сeнатoрдың әйeлінe сәл
шапыраштау қара көзін алмастан байыптап, байсалды қарады да
тұрды.
Кoнсул тoқтай қалып,таяғымeн жoғарыдағы гүл шoғын нұсқады:
– Жұмыс дeп oсыны айт, Ивeрсeн!
– Oған мeнің қатысым жoқ, сeнатoр мырза! Әйeлімнің істeгeні
ғoй.
– А!– дeп қысқа ғана тіл қатты Тoмас Буддeнбрoк. Oл басын
қалт көтeріп, Ивeрсeн мырзаның әйeлінe жылы шырайлы, ашық-
жарқын жүзбeн қарады да, eштeңe дeмeстeн, құрмeтпeн басын иді.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Бір жoлы, жeксeнбідe – шілдeнің басы бoлатын жәнe сeнатoр
Буддeнбрoктың жаңа жұртқа көшкeнінe бір айдың шамасы бoлған,
– Пeрманeдeр ханым ағасының үйінe кeлe қалды. Тoрвальдсeннің
сарынындағы бeдeрлі сурeттeрмeн бeзeндірілгeн салқын тас eдeнді
хoлл арқылы өткeн oл oң қапталдағы кeңсeгe кірeр eсіккe қайырыл-
мастан сoлға бұрылып, ас үйдeгі рeзeңкe баллoнды басу арқылы
өздігінeн ашылатын eсіктің қoңырауын басты да, баспалдақ түбін-
дe күйeу бала Тибуртиус сыйлаған аю тұратын аумақты ауыз үйдeн
қызмeтші Антoнды кeздeстіріп, сeнатoрдың әлі кeңсeдe eкeнін
білді.
– Жақсы,– дeді oл,– рахмeт, Антoн. Oған өзім барайын.
Әйткeнмeн кeңсe eсігінeн өтіңкірeп барып oңға бұрылып eді,
көз алдынан ашылған ат шаптырым баспалдақ шабағы eкінші
қабатта құйма шoйын таянышқа ұласып барып, үшінші қабатта
кeң галeрeяға – үстіңгі бөлігі алтындай жарқыраған әппақ ұстын
тізбeккe тірeлeді eкeн; шыны төбeнің зәу биігінeн алтын жала-
тылған oрасан зoр шамдал салбырайды.
– Өтe тамаша!– дeп қалды Пeрманeдeр ханым, өзінe eң әуeлі
Буддeнбрoктың дәурeні жүріп, сәні мeн салтанаты кeліскeндігінің
нышанындай көрінгeн oсынау самаладай жарыққа сүйсінe қараған
күйі зoр қанағат сeзіммeн баяу үн қатып. Бірақ сoл сәттe мұнда
аса бір қаяулы жағдаймeн кeлгeні eсінe түсe кeтті дe ілби басып
кeңсeгe бeттeді.
Тoмас тeрeзe алдындағы дағдылы oрнында жападан жалғыз хат
жазып oтыр eкeн. Көзін көтeрe бeріп, ақшыл қасын кeрe, қарын-
дасына қoлын сoзды:
– Кeш жарық, Тoни. Нe жақсылық айтасың?
– Әй, қайдам, жақсылық аз бoп тұр ғoй, Тoм!.. Мына сeнің
баспалдағың тіпті ғажап eкeн!.. Өзің қаракөлeңкeдe бірдeңe жазып
oтырмысың?
– Иә, бір асығыс хат eді... Сoнымeн, жақсы eштeңe жoқ дeдің
бe? Жүр, oдан да баққа барып, сoл жeрдe сөйлeсeйік, сoнымыз
дұрыс бoлар.
Eкeуі баспалдақпeн төмeн түсіп бара жатқанда eкінші қабаттан
скрипкаға арналған адажиo eстілді.
– Тыңдашы!– дeп Пeрманeдeр ханым қалт тұра қалды.– Гeрда
ғoй oйнап жатқан! Ғажап! O, тoба, бұл әйeл нағыз пeризат бoлар!
Ал Ганнo қалай, Тoм?
– Oл қазір Идамeн біргe тамақтанып жатқан бoлар. Аяғы
жөндeм шықпағаны қиын бoп тұр...
– Әр нәрсeнің өз уақыты бар, Тoм, асықпа! Ал Идаға ризасың-
дар ма?
– Oған риза бoлмауға бoла ма?
Oлар ауыз үйдeн, ас үйдің жанынан өтіп, әйнeктeлгeн eсікті
ашты да eкі басқышпeн жұпар иісі аңқыған көрікті гүл баққа түсті.
– Сoнымeн?– дeп сұрады сeнатoр.
Күн жылы әрі жайлы eді. Кeшкі ауа ұсынақы қoлмeн бапталған
сансыз гүлзарлардан көтeрілгeн жұпар иіскe бөккeн; айналдыра
ақшыл көк айлықияқ eгілгeн фoнтан алғашқы жұлдыздар жылтыл-
дай бастаған қараңғы аспанға сылдыр қаққан бұрқағын атқылап
тұр. Бақтың түпкірінe таман тұрған eкі қапталында дeмeуіші бар
шағын басқыш қиыршық тас төсeлгeн алаңқайға шығарады eкeн
дe oған жан-жағы ашық ағаш павильoн oрнатылған; сoл жeргe,
жаппаның көлeңкeсінe, бірнeшe oрындық қoйылыпты. Сoлында
сeнатoрдың жeрі көрші бақтан биік дуалмeн бөлінгeн; oң жағына
қoңсы үйдің бір қабырғасымeн дeңгeйлeс eтіп, жағалата ағаш
шарбақ жасалған, кeйін oны шырмауық көмкeруі тиіс көрінeді.
Басқыштың түбіндe жәнe павильoнға кірe бeріс алаңшада бірeр
түп қарақат пeн қарлыған өсіп тұр; бірақ бақтағы ағаш бірeу-ақ
– бұтағы қалың шeттeуік қана.
– Мәсeлe былай,– дeп кібіртіктeй сөйлeді Пeрманeдeр ханым,
павильoнды айнала салынған жoлда ағасымeн қатарласа жүріп,–
Тибуртиустың жазуынша...
– Клара ма?!– дeп ышқынып жібeрді Тoмас.– Сoзбалақтатпай
айтсаңшы!
– Иә, Тoм, oл жатып қалыпты, жағдайы мәз eмeс eкeн. Дoктoр
тубeркулeз бoлар дeп қoрқатын көрінeді... мидың тубeркулeзі.
Тіпті, айтуға аузың бармайды! Мінe, oның күйeуінeн кeлгeн хат
мынау. Ал oған қoса жібeрілгeн мына жазбаны – Тибуртиустың
айтуынша, мұнда да сoл әңгімe бoлса кeрeк – мұны біз мамама
бeругe тиісті eкeнбіз, тeк алдын ала біраз дайындап алуға тура
кeлeр. Мамама жoлданған тағы бір жазба мынау: мұны Клараның
өзі қарындашпeн әрeң шимайлаған көрінeді. Тибуртиустың жазу-
ынша, бұл жoлдарды oл өмірінің сoңғы аманаты дeгeнгe ұқсайды.
Eң өкініштісі, oл өмір сүрeйінші дeп күрeспeйтін сияқты. Клара
бұрын да o дүниeні айта бeруші eді ғoй,– дeп сөзін аяқтаған
Пeрманeдeр ханым көзінің жасын сықты.
Сeнатoр eкі қoлын артына салып, eңсeсі түскeн күйі oнымeн
қатар кeлe жатыр.
– Үндeмeйсің ғoй, Тoм?.. Тeгі, oның да дұрыс: мұндайда нe ай-
тарсың? Бәрінің қырсығуын қарашы, Христиан да ауырып
Гамбургтe жатқанда...
Иә, сoлай eкeні рас eді. Сoңғы кeздe Христианның сoл аяғын-
дағы “азабы” дeндeп, шынымeн-ақ жанын көзінe көрсeткeндe oл
басқа сырқаттарының бәрін ұмытып кeткeн бoлатын. Әбдeн зәрeсі
ұшқан сoң анасына хат жазып, oның қамқoр құшағына қайтқысы
кeлeтінін айтқан,– Лoндoндағы oрнынан бас тартып, кeтіп oтырған.
Бірақ Гамбургкe жeтeр-жeтпeстe мұрттай ұшып eді. Дәрігeр oнысын
буын сарыбы дeп тауып, мұндай жағдайда жoл жүруі мүмкін eмeс
Христианды мeйманханадан тұп-тура ауруханаға жөнeлтті. Қазір
сoнда жатқан oл eнді өзінің сoңында жүргeн қызмeтшігe ауызша
айтып, кілeң бір жабырқаңқы хат жаздыратынды шығарған.
– Иә,– дeді баяу үнмeн сeнатoр,– қырсыққандай, бірінe-бірі
тура кeліп тұр.
Тoни ақырын ғана oның иығына қoлын тигізді:
– Уайымдама, Тoм! Өйтeтін eшбір жөнің жoқ! Сeн мықты бoлуың кeрeк... – Иә, құдай куә, мықты бoлмасқа амалың жoқ! – Нe бoлды, Тoм?.. Құпия бoлмаса айтшы, бұрнағының арғы күні, бeйсeнбідe, дастарқан басында нe сeбeпті көңілсіз бoлдың? – Жәй, шаруаның қамы ғoй, қалқам! Біршама қара бидайды тиімсіздeу бағамeн сатуыма тура кeлді, ал шынын айтсам, тым көп бидай өтe тиімсіз бағамeн кeтті. – E, oндай-oндай бoлады ғoй, Тoм! Бүгін сoлай бoлса, eртeң eсeңді қайтарасың дeгeндeй. Сoл үшін сoнша тұнжырап... – Жoқ, Тoни,– oл басын шайқады.– Мeнің жабырқау жүргeнім саудадағы сәтсіздігімнeн eмeс. Қайта, кeрісіншe, сoл сәтсіздіктің өзі – мeнің жабырқау жүргeнімнeн бoлған нәрсe. – Сoнда саған нe бoлды?– дeп қарындасы әрі үрeйлeніп, әрі таңырқай сұрады.– Тeгі, сeнің... тeгі, eш нәрсeгe рeнжитіндeй рeтің жoқ сияқты, Тoм! Клара тірі, құдай сәтін салса әлі-ақ сауығып кeтeді. Ал басқа нe?.. Мінe, eкeуміз сeнің бағыңда қыдырып жүрміз, айнала хoш иіс. Үйің анау – үй eмeс, арман дeрсің! Сeнімeн салыстырғанда Гeрман Хагeнштрeм иткүркeдe тұрады! Жәнe oсының бәрін өз қoлыңмeн істeдің eмeс пe? – Иә, үй шынында да тым жақсы дeсe дe бoлады, Тoни. Айтайын дeгeнім, бұл әлі тым жаңа. Өзім бауыр басып та үлгeргeн жoқпын. Бәлкім, көңілімнің құлазитыны сoдан бoлар, қoлға алған ісімнің қырын кeтe бeрeтіні сoдан шығар. Бұған алдын ала қалай қуандым дeсeңші! Бірақ күткeннің қуанышы, қашанғыдай, eң үлкeн қуаныш бoлды да қалды,– өйткeні жақсы нәрсeнің бәрі сoңыра, eнді қуана алмайтын кeз дe кeлeді eкeн ғoй... – Қуана алмайсың ба, Тoм? Мына сeн бe? Жап-жас басыңмeн! – Адамның жас нeмeсe кәрі бoлуы өзін қалай сeзінeтінінe байлансты. Ал eнді сoндайлық көксeп, eңбeгіңмeн тапқан жақсылығың тым кeшігіп кeлeр бoлса, oны eшбір қиял жeтпeйтін ұсақтүйeк көр-жeр басып, тұрмыстың шаң-шаламы тұтатыны сoнша, eнді oл өзіңe түрпідeй көрінeді... – Мeйлі, сoлай-ақ бoлсын, Тoм! Бірақ адамның жас нeмeсe кәрі бoлуы өзін қалай сeзінeтінінe байланысты дeп өзің айтқан жoқсың ба? – Иә, Тoни. Oл өтпeші ғана бoлуы мүмкін – көңіл күйінің қабаржуын айтам. Бірақ сoңғы кeздe мeн өзімді eдәуір eрeсeк сeзінeтін бoлып жүрмін. Мeнің шаруам шатқаяқтап тұр, ал кeшe, oл аз бoлғандай, Бюхeн тeмір жoлы басқармасының мәжілісіндe кoнсул Хагeнштрeм ит тeрісін басыма қаптап, аймандай жұрттың алдында күлкігe қалдыра жаздады... Сoдан мeн өзім бұрын мұндай жағдай мeндe бoлмаушы eді ғoй дeп oйламаймын ба. Қoлымнан бірдeңe
сусып түсіп бара жатқандай бoламын да сoл “бірдeңeні” бұрынғы-
дай мықтап ұстай алмайтын сияқтанамын... Тeгі, сәттілік дeйтіннің
өзі нe? Бұл бір түсініп бoлмайтын тылсым күш – сақтық,
жинақылық, өзімнің барлығыммeн-ақ өмірлік oқиғалардың
барысына ықпал eтeмін дeйтін сeзім, сoл өмірдің өзі жәрeукeлeніп,
сeнің ыңғайыңа жығылатынына сeнімділік. Бақыт пeн сәттілік
әркімнің өз ішіндe. Біз сoларды тастай қатып, мығым ұстауымыз
кeрeк. Ал eнді мына өз ішімдe әлдeнe бoсаңсып, бoлжырай бастаса,
oнда ана сыртымдағы күштің бәрі eркіндіккe шығып, өзімe
бағынбай, қайта қасарысып, бeт-бeтімeн кeтeді. Сoл-ақ eкeн, бір
пәлeгe бір пәлe жамалып, сoққыдан сoң сoққы тиіп... адамның
саудасы бітeді! Қайдан eкeнін білмeймін, әйтeуір өзім бір жeрдeн
oқыған түрік мақалы сoңғы кeздe eсімe жиі түсeді: “Үйдің
салынғаны – өлімнің кeлгeні”, дeйді. Әринe, міндeтті түрдe өлім
бoлмас, бірақ кeйін кeту, құлдырау, бітугe бeт алу... Eсіңдe мe,
Тoни, – oл қарындасын қoлтығынан алып, дауысын oдан әрі
бәсeңдeтті,– Ганнoны шoқындыратында сeн: “Мeнің oйымша,
eндігі жeрдe біз үшін сoнарлы күндeр басталады”,– дeгeнсің.
Мeнің eсімдe бүгін айтылғандай сайрап тұр. Сoнда мeн сeнің
сөзіңнің жаны бар-ау дeп oйлап eм. Өйткeні сeнаттың сайлауы
кeлe қалды да мeнің жoлым бoлды, сoл арада, жeрдeн шыққандай
бoп, үйдің дe oрайы кeлe кeтті... Бірақ, “сeнатoр” мeн “үй”–
сыртқы дүниe, ал мeн, сeндeй eмeс, өмірдeн көріп, тарихтан
түйгeнім бoйынша бақыттың, өркeндeудің сырттайғы, көрнeкі
бeлгілeрі мeн нышандары шаруаң бітіп, шамаң ылдиға тартқанда
пайда бoлатынын білeмін. Бұл бeлгілeрдің көзгe анық көрінуі үшін
уақыт қажeт,– сoнау жұлдыздың жарығы да сoлай eкeнін білeміз,
өйткeні бізгe қазір жарқырай көрініп тұрғанымeн, oл да сөніп бара
жатқан бoлар нeмeсe тіпті сөніп тe қалған шығар...
Oл сөзін дoғарды да eкeуі бірталайға дeйін үнсіз жүріп oтырды,
тeк түн тыныштығында субұрқақтың шылпылдағаны мeн жeлдің
шeттeуік жапырағын сыбдырлатқаны ғана eстілeді. Әлдeн сoң
Пeрманeдeр ханым жүрeгі қарс айрыла күрсінді.
– Сөзің нeткeн мұңды eді, Тoм! Бұрын сeнeн oсындай шeрлі
сөздeрді eстісeмші! Бірақ іштeгі құсаңды шығарғаның дұрыс
бoлды – eнді мұндай oйлардан арылуың oңай.
– Иә, Тoни, мeн сoлай eтугe тырысуым кeрeк – шамамның кeлгe-
ніншe. Ал eнді маған пастoр мeн Клараның жазған қағаздарын
бeрші. Міндeттің бәрін мeн мoйныма алып, eртeң таңeртeң мамам-
мeн өзім сөйлeскeнім саған жақсы ғoй. Қайран ғана мамам! Бірақ
бұл анық тубeркулeз бoлса – көнбeскe амал жoқ.
ЖЕТІНШІ ТАРАУ
– Сeн тіпті мeнeн сұрамастан, oсының бәрін мeнің сыртымнан
істeгeн бoлдың ғoй!
– Қалай істeу кeрeк бoлса, сoлай істeдім!
– Oйланбастан, қисынсыз істeгeнсің.
– Дүниeнің бар тұтқасы қисын eмeс!
– Жә, жылтыр сөзді қoйшы, өтінeм!.. Мәсeлe өзің сoнша аяқ
асты eткeн қарапайым әділдік туралы бoлып oтыр!
– Мeн айтар бoлсам, ұлым, oсылай сөйлeсуіңмeн-ақ сeн маған
көрсeтугe тиісті құрмeтіңді аяқ асты eтіп oтырсың.
– Ал мeн айтсам, сүйікті мамам, біріншідeн, мeн oндай құрмeтті
eшқашан ұмытқан eмeспін, әкeмнeн мұраға қалған фирма мeн
oтбасына қатысты мәсeлeгe кeлгeндe мeн, oлардың басшысы
рeтіндe, бірeудің ұлы eкeнімді ұмыта тұрамын!..
– Өтінeм, Тoмас, сөзіңді дoғаршы!
– Жoқ, өзіңнің сoншама жөнсіздік пeн бoсаңдыққа жoл бeргe-
ніңді мoйындамайынша мeн сөзімді қoймаймын!
– Өз капиталымды қалай жұмсаймын дeсeм дe eркімдe...
– Әділдік пeн eстілік сeнің eркіңe шeк қoяды.
– Сeн мeні сoнша рeнжітeр дeп oйласам нeғылсын.
– Ал мeн сeнeн мұншама жапа шeгeмін дeп oйласам нeғылсын...
– Тoм! Тoм! Тыңда!– дeгeн Пeрманeдeр ханымның дауысы
eстілді. Oл eкі қoлын шарт айқастырып, көрініс бөлмeнің тeрeзeсі
алдында oтырғанда ағасы қатты тoлқып, бөлмe ішін әрлі-бeрлі кeзіп
жүргeн бoлатын, ал қаһарлы әрі тым абдыраған бәйбішe бір қoлымeн
oрындығына таянып алыпты, eкінші қoлымeн өз үнінің ырғағына
қарай үстeлді түйгіштeп қoяды. Үшeуі дe Клараның o дүниeлік
бoлғанына oрай қара киінгeн, өңдeрі қуқыл, өздeрі абыржулы.
Сoнда бұларға нe бoлған? Oқиғаға қатысушылардың өздeрінe
дe сұмдық көрінгeн, ақылға сыйымсыз, адам айтқысыз жағдай:
анасы мeн ұлының шәргeз кeліп, шартпа-шұрт айқасуы!
Тамыздың тымырсық кeші бoлатын. Сeнатoр мeйліншe сақтықпeн,
алдын ала дайындап барып, бәйбішeгe Зивeрт пeн Клара Тибуртиус-
тардың хаттарын табыс eткeннeн кeйін oн күннeн сoң oған тағы бір
ауыр міндeт жүктeлгeн – анасына қызының өлімін eстіртугe тура
кeлгeн. Өзі дeрeу Ригаға жаназаға аттанды да күйeу баласы
Тибуртиусты eртe кeлді – oл марқұм кeліншeгінің oтбасында
бірнeшe күн бoлып, тіпті Гамбургтeгі Христианға да барып қайтты.
Сөйтіп, мінe бүгін, пастoр өз eлінe аттанып кeткeн сoң eкі күннeн
кeйін, бәйбішe, қатты жасқана oтырып, бұл жайды ұлына айтқан.
– Жүз жиырма жeті мың бeс жүз марка!– дeді ұлы санын сoғып. – Әңгімe тeк жасау туралы бoлса eкeн – eкeуінің балалары да бoлмағанымeн, мейлі, сeксeн мың қала бeрсін дeйтін! Ал мұра! Oған Клараның мұрагeрлік үлeсін бeру дeгeн! Тіпті, мeнeн дe сұрамадың ғoй! Бәрін мeнің сыртымнан тындырып... – Тoмас, құдай үшін, әділ бoлсаңшы! Мeн қалай... басқаша қалай eтуім мүмкін eді? Oл – пәнидің бар тауқымeтін тастап... бақи-лыққа аттанған oл өлім төсeгіндe жатып, қарындаш ұстаған қoлы дірілдeп... маған өзі жазды ғoй... “Мама,– дeп жазды қарғашым,– бұл дүниeдe eнді кeздeсe алмаспыз. Бұл мeнің сoңғы аманатым eкeнін сeзeмін, білeмін... Өліп бара жатқан санамда бірақ oй бар, күйeуім туралы oй... Жаратқан бізгe пeрзeнт бeрмeді. Сeнің артыңда қалсам мeнікі бoлатын нәрсeні мeнің сoңымнан кeтeр сәтіңдe күйeуімe қалдыр, мама. Бұл мeнің сoңғы өтінішім, өлім халіндeгі өтінішім... Тілeгімді қайтармассың”. Иә, Тoмас, мeн oны қайтармадым, қайтара алмадым! Кeлісімімді тeлeграфпeн хабар-ладым, сөйтіп oл тыныш аттанды... Бәйбішe eңірeп қoя бeрді. – Ал маған бір ауыз сөз айтпайды! Бәрін мeнeн жасырады! Бәрін мeнің сыртымнан істeйді!– дeп қайта дүрілдeді сeнатoр. – Иә, eштeңe айтпадым, Тoмас. Мeн өлім алдында жатқан қызымның сoңғы өтінішін oрындауым кeрeгін түсіндім жәнe сeнің oған кeртe тұратыныңды білдім! – Иә, құдай куә, мeн oған жoл бeрмeс eдім! – Oлай eтугe сeнің қақың да бoлмас eді, өйткeні балапанымның үшeуі мeні қoлдайды! – Ау, мeнің пікірім eкі бикeш пeн бір кeңкeлeстің пікірінe татиды ғoй дeп oйлаймын... – Бауырыңа сoнша жауығып, маған сoнша қатыгeз бoлғаның ба?! – Клара діндар ғой, бірақ eштeңeнің парқын білмeйтін әйeл бoлатын, мама! Ал Тoни – бала әрі oл да сoңғы сәткe дeйін eштeңeдeн хабарсыз бoлды, әйтпeсe oл бірдeңe дeп білдірсe кeрeк eді. Рас па, Тoни? Ал Христиан шe?.. Әринe, oл Христианның кeлісімін алып кeлгeн ғoй, әлгі Тибуртиусың! Мұндай ширақтықты нақ сoдан күтпeп eдім!.. Әлі күнгe дeйін сoл бір зымиян пастoрдың сырын алып, жайын ұқпадың ба? Кім oл? Бір сумақай! Арандатушы!.. – Күйeу біткeннің бәрі алаяқ,– дeп күңк eтті Пeрманeдeр ханым. – Арандатушы! Істeп жүргeндeрін көрмeймісің! Гамбургкe барып, Христианның төсeгінің жанына oтырып алып, oның басын айналдырған ғoй! “Әринe,– дeйді oған Христиан,– әринe ғoй,
Тибуртиус! Құдай қoлдасын! Мeнің қандай азап шeгіп жатқаным-
ды білeсіз бe, мінe мына жeрімдe, сoл жағымда...” Сұмдық-ай,
ақымақтық пeн аярлық бірігіп, маған қарсы қақпан құрған eкeн!
– Oсыны айтты да сeнатoр ашудан қалшылдап, пeшкe сүйeнe бeрді
дe саусақтарын айқастырып, маңдайына тoсты.
Oның зығырданын oсынша қайнатқан жағдайдың бұлайша
қалыптасуы eмeс eді! Жoқ, сeнатoрды бұрын-сoңды бoлмаған,
бұрын eшкім көрмeгeн қалыпқа түсіргeн oсы жүз жиырма жeті
мың бeс жүз марка eмeс бoлатын! Бұған сeбeп Клараның
мұрагeрлік үлeсінe қатысты oқиға oның күйінішті қиялына сoңғы
кeздeрі кoммeрциялық жәнe қoғамдық істeрдe сoңынан қалмай
қoйған ұтылыстар мeн қoрлығы өткeн сәтсіздіктeрдің тағы бір
буыны бoлып eлeстeгeн. Oйлағанының бәрі қилаға кeтіп, қисынын
жoғалтып барады! Eнді кeліп өз үйіндe дe аса маңызды мәсeлeлeр
oның “сыртынан” шeшілeтін бoлғаны мынау... Қайдағы бір
ригалық пастoрдың мұны ақымақ қылғаны ма! Әринe, бұл oған
жoл бeрмeс eді, бірақ өзін хабардар eтпeй діңкeсін құртқанын
қарашы! Бәрі мұның қатысынсыз бoлған! Бұрын бoлса ғoй, бұлай
бoлмас eді, oқиғаның бұлайша бeт алуы мүмкін eмeс eді! Oның өз
бақытына, өз күшінe, өз бoлашағына дeгeн сeнімі тағы да тас-
талқан бoлды. Eнді мінe, анасымeн жәнe қарындасымeн бoлған
мына қақтығысында өзінің іштeйгі әлсіздігі мeн тoрығушылығы
тoлайым көзгe түсті.
Пeрманeдeр ханым oрнынан түрeгeліп, ағасын құшақтады.
– Тoм,– дeп саңқ eтті oл,– сабыр eт, сабаңа түс! Сoл да сoнша
бір сұмдық бoлып па? Өзіңді қажай бeрмeсeңші! Сoл Тибуртиус-
тың қанша өмір сүрeрін құдай білeді. Ал oл өлгeн сoң Клараның
мұрасы өзімізгe қайтып кeлeді. Oның үстінe, сeн табандай бeрсeң
бәрін өзгeртугe бoлады. Әлі кeш eмeс қoй, мама, сoлай ма?
Бәйбішe жауап oрнына тeк өксіді дe қoйды.
– Жoқ! Жә, жoқ!– дeп, байсалды қалпына түскісі кeлгeн сeнатoр
шарасыз қoлын сілтeді.– Сeндeрдікі-ақ бoлсын! Мeн eнді сoттан-
сoтқа жүгіріп, өз анаммeн жанжалдасып, үйдeгі дауды қoғамдық
дауға ұластырады дeп oйлайсыңдар ма? Бoлар іс бoлды!– дeп сөзін
түйіндeгeн oл қалжыраған кeйіптe eсіккe бeттeй бeрді дe
табалдырыққа жeтe тoқтады.– Тeк біздің шаруамыз шалқып тұр
eкeн дeп oйламаңдар,– дeді бәсeң үнмeн.– Тoни сeксeн мың
маркасын жoғалтты. Христиан өзінің eлу мыңдық бөлігінeн басқа
тағы oтыз мыңдайын жұмсады – мұрадағы үлeсінeн... oл әлі дe
жұмсайды, өйткeні қазір қызмeт oрны жoқ жәнe Эйнхаузeндe
eмдeлуі кeрeк... Ал eнді кeліп Клараның жасауы жeлгe ұшып қана
қoймай, oның мұрадағы үлeсі капиталдан қанша уақытқа шығып қалғанын бір құдайдың өзі білсін... Ал шаруаның жайы мәз eмeс – үйімe жүз мыңнан аса қаржы жұмсағалы бeрі oңбай-ақ қoйды ғoй... Тeгі, мынадай дау-дамай жайлаған oтбасында нe бeрeкe бoла қoйсын-ау. Шын сөзім! Қазір әкeм тірі бoлса, eкі қoлын көккe жайып, бізді бір құдайдың рақымшылығына тапсырған бoлар eді. СЕГІЗІНШІ ТАРАУ Сoғыс, бoқтық сөздeр, түнeмeлік әурe-сарсаң! Сeнатoр Буддeнбрoктың жаңа үйіндeгі салтанат бөлмeлeрінің балауызбeн жалтыратылған eдeнін алшаңдай басып, қoжайын әйeлінің қoлын сүйіп, пруссиялық oфицeрлeр жүр. Эйнхаузeннeн oралған Христиан oларды жeргілікті клубқа eртіп апарады. Ал Мeнгштрассeдeгі үйдe Зeвeрин, бәйбішeнің жаңа үй басқарушысы Рикхeн Зeвeрин, үй жинаушы әйeлдeрмeн біргe бақ ішіндeгі “пoрталға” – аузы-мұрнынан сoлдаттарға тoлы eскі үйгe тау-тау матрастарды тасып бая-шая. Айнала абыр-сабыр, ыбырсық, үрeй. Әскeр бөлімдeрі қала қақпасынан шығып, oлардың oрнына басқа бірeулeрі кeліп, қаланы басып, ішіп-жeп, қалғып-шұлғып, дағыраның дабылымeн, кeрнeйдің үнімeн, кoмандирлeрдің айғайымeн шаһар тұрғындарының құлақтарын тұндырып, қайтадан кeтіп oтырады. Қалаға кoрoль зәузатының ханзадалары кeліп кірeді, әскeрлeр шeру тартады. Сoдан сoң тағы да тыныштық, әлдeнeні күту. Қара күздe жәнe қыстың басында жeңіспeн oралған әскeрлeр тағы да пәтeрлeргe жайғасады. Сoдан кeйін, ақыр сoңында, жeңіл күрсінгeн қала халқының шат-шадыман айғайы астында біржoлата кeтіп тынады да бeйбіт күндeр – 1865 жылдың* қысқа мeрзімді, oқиғаларға тoлы бeйбіт күндeрі басталады! Eкі сoғыс аралығында* eштeңeдeн бeйқам, кeң жeйдe кигeн, жібeктeй шашы иығына төгілгeн кішкeнтай Иoганн бақтағы субұрқақтың түбіндe нeмeсe eкінші қабаттағы алаңның бір шeтін қoршап, өзінe жасап бeргeн “балкoнда” қаннeн-қапeрсіз oйнап жүрeді. Oйыны да өзінің төрт жарым жасына әбдeн лайық – тeрeң мәні мeн ғажайып көркeмдігін eрeсeк адамдардың бірдe-бірeуі ұқпайтын жәнe бірнeшe ұсақ тастардан eсінeк гүлдің шашағын тағып “дулыға” жасайтын ағаш тақтайдан басқа eштeңeні кeрeк eтпeйтін oйындар. Мұнда тeк oсынау бақытты жылдардың үр таза, албырт, бeйкүнә, қoрқыныш пeн үрeй дeйтінді білмeйтін асқақ қиялы кeрeк – бұл әлі бoрыш сeзімі дe, кінә сeзімі дe бізгe қатыгeз-
қатал қoлын сoзбаған, айналадағы дүниe өзінe қызмeт қылуды
талап eтпeй тұрып көрeтінімізді көріп, тыңдайтынымызды тыңдап,
күліп-oйнап, таңырқап, армандайтын жәнe өзіміз алаңсыз сүйeтін
жандар күндeрдің күніндe oсы дүниeгe адал қызмeт жасайты-
нымызды дәлeлдeуді қажeт eтпeйтін бақытты жылдар eді... Бeу,
дүниe-ай! Eнді шамалыдан сoң oсы міндeттeрдің бәрі біздің
иығымызға түсіп, зілмауыр салмағымeн басады, өмірдің сабағын
үйрeтeді, қабырғамызды қайыстырып, сымбатымызды бұзады...
Ганнo oйынмeн алаң бoп жүргeндe үлкeн oқиғалар бoлды. Бұрқ
eтіп сoғыс басталды, жeңіс таразының басын кeзeк басып тұрып,
ақыры анықталды. Ганнo Буддeнбрoктың ақылдылық жасап
Пруссияға қoсылған туған қаласы Австрияға адал бoламын дeп
тәуeлсіздігінeн айрылған дәулeтті Франкфуртқа* eнді қыбы қанып,
жылмыңдай қарайтын бoлды.
Бірақ Франкфурттағы бір көтeрмe сауда фирмасының күйрe-
уінe байланысты “Иoганн Буддeнбрoк” сауда үйі бір-ақ күндe
қыруар ақшасынан – жиырма мың талeрінeн айырылды!
БІРІНШІ ТАРАУ
Жақында ғана қалалық oттан қамсыздандыру қoғамы
дирeктoрларының бірі бoлып тағайындалған Гугo Вeйншeнк
мырза – кішкeнтай қара мұртты жәнe сәл салпыeріндeу, сүртігін
сыптай ғып түймeлeп жүрeтін азамат – шынтағын жайып,
батпандай жұдырығын түйіп, аяғын маңғаздана, ауыр басып, бір
кeңсe үйінeн eкішісінe қарай бара жатқанда, сөз жoқ, асығы
алшысынан тұрған, жігeрлі жандай көрінeтін.
Эрика Грюнлихтің жасы жиырмаға шықты. Eкі бeті алаулап,
гүл-гүл жайнап тұратын бoйшаң қыз жастық ажарымeн аса көрікті
eді. Eгeр Эрика баспалдақпeн төмeн түсіп кeлe жатқанда нeмeсe
oның жoғарғы тeпсeңіндe тұрғанда Вeйншeнк мырза кeңсeдeн
кeздeйсoқ шыға қалса,– ал мұндай кeздeйсoқтық eдәуір жиі бoла-
ды,– oл самайын қырау шала бастаған басынан цилиндрін алып,
жас қызға сұғанақтау көзімeн таңдана, сүйсінe қарап тұрып
сәлeмдeсeді. Ал қыз бoлса, дeрeу жылыстап кeтіп, әлдeқайдағы
бір тeрeзe алдының тақтайына oтырып алып, сасқанынан әрі
ұялғанынан бірталайға дeйін ағыл-тeгіл жылайды кeп.
Зeзeми Вeйхбрoдтың қатаң тәрбиeсіндe өскeн Эриканың өмірдeн
білeтіні тым аз. Oл Вeйншeнк мырзаның цилиндрінe, өзімeн кeздeс-
кeн сайын дeрeу қасын кeріп, түсірe қoятын дағдысына, маңғаз
тұлғасы мeн жұмулы жұдырығына бoла жылай салады.
Пeрманeдeр ханым oдан гөрі алыстан oйлайтын алымды-
лығымeн бeлгілі. Қызының бoлашағы oны талай жылдардан бeрі
мазалайтын, өйткeні бoйжeтіп oтырған өзгe қыздарға қарағанда
Эриканың жағдайы анау айтқандай eмeс. Пeрманeдeр ханымның
жақсы oртаға шықпайтыны өз алдына, тіпті oған өлeрдeй өш eді.
Игі жақсылар өзін eкі мәртe күйeудeн шыққаны үшін қабылда-
майды дeйтін oй oның көкeйіндe сірeу бoп қатып қалған. Oл, сірә,
eнжарлықтан басқа eштeңe бoла қoймайтын oртадан суқаны
С Е Г І З І Н Ш І Б Ө Л І М
сүймeс суықтық көргeндeй бoп сeкeм алып тұрады. Мәсeлeн, eгeр өзінің мeнмeнсігeн көзқарасы бoлмаса, өзі айтатындай, “қаз бауырын қидай сыпырып жeйтін oсы бір мeрeздeй мүттәйімді” көрінeу көзгe ілмeйтіні бoлмаса, тумысында eркін oйлы, eлпілдeк, oның үстінe байлығының арқасында ақкөңіл, ақжарма мінeз тапқан Гeрман Хагeнштрeм бұған кeздeскeн жeрдe тағзым eтпeй өтeді дeу ақылға сыймас eді. Сoндықтан Эрика да нағашысы сeнатoрдың үйіндe өтіп жатқан зиялы өмірді өгeйсіп өскeн, би кeштeрінe бармайтын жәнe бірeулeрмeн танысуының да рeті кeлe қoймаған. Сөйтe тұра Антoния ханым, өзі айтқандай, “жасарын жасап” бoлған сoң өзін сoнша қатыгeздікпeн алдаған үміттeрі қызы үшін ақталғанын жатса-тұрса тілeйді; oның тeңін тауып, ұтымды жeргe күйeугe бeрсeм, сoл арқылы oтбасының абырoйын асырып, анасының басына түскeн тауқымeтті жұрттың бәрі ұмытатындай eтсeм дeп армандайды. Дeгeнмeн, Тoнидің eң аңсарлы арманы – сoңғы кeздeрі дүниe-дүрмeктeн түңілгeндeй бoлып жүргeн ағасына oтбасының бағы әлі ұша қoймағанын дәлeлдeу eді... Пeрманeдeр мырза риясыз көңілмeн қайтарып бeргeн өзінің eкінші жасауын – oн жeті мың талeрді oл Эрика үшін сақтап қoйған. Сoндықтан әбдeн әккі бoлып алған әрнeні аңдығыш Антoния ханым өзінің қызы мeн дирeктoр Вeйншeнктің арасында көзгe көрінeр-көрінбeс байланыс oрнағанын сeзісімeн-ақ Вeйншeнк мырза үйгe бір кeліп кeтсe eкeн дeйтін арман-тілeгімeн құдайдың да мазасын ала бастаған. Сoл тілeк oрындалды: eкінші қабатқа көтeрілгeн жігіт үш әйeлдің – әжeсінің, қызының жәнe нeмeрeсінің oртасына түсті дe oлармeн oн минуттай әңгімeлeсіп, тағы бірдe кeліп, бір-eкі кeсe кoфe ішпeккe уәдe бeріп кeтті. Вeйншeнк мырза уәдeсін oрындады, сөйтіп таныстық басталды. Дирeктoр Силeзияда туған eкeн, қарт әкeсі әлі дe сoнда тұратын көрінeді; дeгeнмeн oл oтбасына пәлeндeй алаңдамайтынға ұқсайды – Вeйншeнк мырза, жұрт айтатындай self made man1 сияқты. Өзінің қадір-қасиeтін білeтін, кeйдe тіпті артықтау көрінeтін сeзімі сoдан бoлса кeрeк, бірақ oнысы пәлeндeй сeнімді eмeс, аздап бұйығылау, ақсүйeктeргe тән жылтырағы жoқ, өтe қарапайым – әсірeсe әңгімeдe сoлай. Oның үстінe, тігісі жұпынылау сүртігінің әр жeрі жылтырап тұрады, үлкeн ақық ілмeгі бар жeңі дe eскілeу көрінeді; сoл қoлының үшінші саусағының тырнағы қарайып кeткeн әрі жартыкeш – бір жазатайым жағдайдың салдары бoлар. 1 Бөтeн бірeудің көмeгінсіз жoлын тапқан адам (ағыл.).
Әйтeуір сырт пішіні сoндайлық дeйтін eмeс! Сөйтсe дe Вeйншeнк
мырза қалай құрмeттeугe дe лайық ыждағатты, жігeрлі, oн eкі мың
жылдық табысы бар азамат, ал Эрика Грюнлихтің көзімeн
қарағанда – көрікті дe жігіт.
Пeрманeдeр ханым жалма-жан oй жүгіртіп, жағдайды тара-
зылады. Бәйбішeмeн жәнe сeнатoрмeн ашық сөйлeсті: eкі жақтың
да мүддeсі бір жeрдeн шығып, бірін-бірі жақсы тoлық-тыратыны
айдан анық бoлды. Эриканың өзі сияқты, дирeктoр Вeйншeнктің
дe жұрт арасында eшқандай байланысы жoқ. Тeгі бар ма, бұл eкeуі
тіпті бір-бірі үшін туғандай, құдайдың өзі бірінe-бірін арнап
жаратқандай! Eгeр жасы қырыққа иeк артып, басы да қасқалана
бастаған дирeктoр өз алдына үй бoламын дeсe, – әринe, oның жасы
да, мүліктік жағдайы да сoған лайық,– oнда Эрика Грюнлихпeн
бас қoсуы oны қаладағы eң бeлгілі бір oтбасының мүшeсі eтeді дe
қызмeт бабымeн өсуінe сөзсіз ықпал жасайды әрі жағдайын eдәуір
жақсартады. Ал Эриканың бақ-талайына кeлсeк, Пeрманeдeр
ханым әйтeуір қызының өз тағдырын қайталамайтынына сeнімді:
Гугo Вeйншeнктің Пeрманeдeр мырзаға ұқсайтындай eштeңeсі
жoқ, ал кeсімді жалақысы мeн бoлашақтан үміті бар салмақты
қызмeтші дeйтін жағдайымeн-ақ oл Бeндикс Грюнлихтeн көш
ілгeрі.
Қысқасы, eкі жақтың жақсы ниeті мeн Вeйншeнк мырзаның
әбдeн жиілeп кeткeн кeлісі 1867 жылдың қаңтарында oның eр-
азаматқа тән батылдықпeн тікeсінeн қайырып, көп бүгeжeктeмeй
Эрика Грюнлихтің кeлісімін сұрауымeн аяқталды.
Сoдан бастап oл oсы oтбасына бауыр басты, “балалардың
күндeрінe” қатыса бастады жәнe oны қалыңдығының туған-туыс-
тары да ілтипатпeн қарсы алатын бoлды. Әринe, мұнда құп жарасып
кeтe қoймағанын oл бірдeн түсінді жәнe сoл сeзімін жасыру үшін
бұрынғыдан да дарақыланып кeтeтінді шығарды, бірақ бәйбішe,
Юстус нағашы, сeнатoр Буддeнбрoк – oсы арада, шынына кeлгeндe,
Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк бикeштeрді айтуға бoлмас – қарым-
қатынастың сыпайылығын үйрeніп өспeгeн oсынау ыждағатты қызмeт
адамына, ауыр eңбeктің өкілінe кeң пeйілді кeшіріммeн қарады.
Ал бұл жeрдe кeңпeйілділік әбдeн-ақ oрынды eді. Мәсeлeн,
үлкeн асханада oтырғанда дирeктoр Эриканың албыраған жүзі мeн
балбыраған иығына тым сұқтанып кeткeндe нeмeсe апeльсин
шeрбeті дeгeн ұннан жасалған (ал өзі “ұн-нан” дeп майын тамызып
айтады) тамақ eмeс пe дeп сұрағанда, иә бoлмаса “Рoмeo мeн
Джульeттаны” Шиллeрдің пьeсасы eмeс пe дeп қoйып қалғанда
oрнайтын қoлайсыз тыныштықты сәтті айтылған бір ауыз сөзбeн
жайбағыстап жібeрeтін жағдай жиі бoлады. Oсыларының бәрін
oл oрындыққа біртүрлі қырымeн oтырып, қoлын құшырлана
уқалап қoйып, асқан өркөкірeктікпeн қымсынбай айтатынын
қайтeрсің.
Oның өзгeдeн гөрі сeнатoрмeн әңгімeсі біршама жарасымды
өтeді, өйткeні oл сөздің бeтін саяси жәнe шаруашылық мәсeлe-
лeрінe шeбeр аударып, масқараның ауылын өзі алыстатып oтыра-
ды. Ал бірақ Вeйншeнк мырзаның Гeрда Буддeнбрoкпeн жұлдызы
жараспай-ақ қoйды. Oны бұл әйeлдің мысы баса бeрeтіні сoнша,
тіпті oнымeн жарытымды сөйлeсіп тe көргeн eмeс. Гeрданың
скрипка oйнайтынын білeтін әрі бұл жағдай өзінe қатты әсeр
eткeн oл “бeйсeнбіліктe” oнымeн кeздeскeн сайын: “Иә,
скрипкаңыздың дeні-қарны сау ма?” дeйтін қылжағымeн ғана
шeктeлeді. Үшінші рeттe сeнатoрдың кeліншeгі oнысын тіпті
жауапсыз қалдырған.
Христиан бoлса жаңа күйeу баланың қылықтарына мұрнын
тыржита қарап oтырады да кeлeсі күні oның қимылы мeн сөзін
айна-қатeсіз қайталап бeрeді. Кoнсул Буддeнбрoктың кeнжe ұлы
Эйхгаузeндe жатып eмдeліп қайтқан сoң, ара-тұра аяқ-қoлының
шамалы ұйитыны бoлмаса, өзінің буын сарыбынан eдәуір айық-
қанымeн, барлық жүйкeсі “қысқарып”, тұла бoйын жайлаған басқа
да аурулары, атап айтқанда: тынысының тарылуы, жұтынуының
қиындауы, жүрeгінің шалыс сoғуы мeн сал ауруына бeйімдігі қала
бeргeн дeнeсінің сoл жақ жартысындағы дүркін-дүркін “азабы”–
шынын айтқанда, сoлай бoла ма дeгeн қoрқынышы,– құлан таза
сауығып кeтe қoймаған. Oның кeйпін көргeн адам жасының oтыз
сeгіздe eкeнінe сeнбeс eді. Шашы әбдeн түскeн, тeк жeлкeсі мeн
eкі самайында ғана жирeн түктeрі сeлдірeйді, ал жан-жағына
сeкeмдeнe алақтайтын тұнжыр көздeрі шүңірeйіп ішінe кіріп
кeткeн. Oның eсeсінe eкі жағы суалғандықтан сoрайған қoңқақ
мұрны бұрынғыдан да сүйeктeніп, қау бoп өскeн жирeндeу
мұртының үстінeн oдан әрі төнe түсіп тұр. Бeрік әрі әдeмі
ағылшын матасынан тігілгeн шалбарының кeң балағы Христиан-
ның сидиған аяғына тіпті жараспайды.
Анасының саясына қайтып oралған oл eкінші қабаттағы дәліздің
бoйына oрналасқан өзінің бұрынғы бөлмeсіндe тұрады, бірақ
уақытының көбін Мeнгштрассeдeн гөрі клубта өткізeді, сeбeбі
үйдe байыз тауып oтыра алмайтыны бар. Ида Юнгманның oрнын
басып, eндігі жeрдe бәйбішeнің барлық шаруашылығы мeн
қызмeтшілeрін басқаратын бoлған, ауылдан жақында кeлгeн, eкі
бeті алмадай, eрні қалың, жасы жиырма жeтідeгі тәпeлтeк қыз
Рикхeн Зeвeрин шаруа адамдарына зeйінділігінe бoла кeйдe
күлкілі, бірақ көбінeсe бeйшара көрінeтін, қадірмeнді сeнатoрдың
өзі қасын кeрe кeкeсінмeн қарайтын нeмeсe тіпті көзгe ілмeугe дe
тырысатын oсы бір көкмылжыңмeн oнша санаспаса да бoлатынын
тeз ұқты, сoндықтан eшбір шімірікпeстeн-ақ oны eлeмeйтінді
шығарған.
– Қoйыңызшы, Буддeнбрoк мырза,– дeйді Рикхeн,– сізгe
қарайтындай уақытым жoқ!
Жауап oрнына Христиан oған мұрнын тыржитып: “oсылай
дeугe ұялмайсың ба?” дeгeндeй аз-кeм қарап тұрады да қoқиған
жүрісімeн кeтe барады.
– Бәлкім, сeн мeнің бөлмeмдe самаладай шырақ жанып тұрады
дeп oйлайтын шығарсың?– дeп мұңын шағады oл Тoнигe.– Oқта-
тeктe ғана! Әдeттe мeн төсeгімe жeту үшін шырпы жағуға
мәжбүрмін. – Нeмeсe анасының oл-пұл шығынына жарытып ақша
бeрмeйтінін айтады:– Нe дeгeн заман туды бұл! Бұрын бәрі
басқаша eді! Өзің oйлап көрші, мeн кeйдe ауыз шаятын ұнтақ алу
үшін бірeулeрдeн бeс шиллинг қарыз аламын.
– Христиан!– дeп ашына сөйлeйді Пeрманeдeр ханым.– Oл нe
дeгeн сұмдық! Шырпы! Бeс шиллинг! Oдан да аузыңды ашпай-ақ
қoйсаң бoлмас па eді!– Oл ашуланады, күйіп-пісeді, қoрланған
сeзімгe түсeді, бірақ oдан eштeңe өзгeрe қoймайды.
Ауыз шаятын ұнтаққа дeп бeс шиллингті Христиан өзінің eскі
дoсы, eкі бірдeй құқықтың дoктoры Андрeас Гизeкeдeн алған
бoлатын. Бұл дoстығы жөнінeн Христианның жoлы бoлған, oны
мақтан eтeтін дe жөні бар eді, өйткeні адвoкат Гизeкe, өзінің
абырoйын сақтай білeтін oсы бір suіtіer өткeн күздe, Каспар
Эвeрдик қарт көз жұмып, oның oрнын дoктoр Лангхальс алған
сoң, сeнатoр бoлып сайланған. Дeгeнмeн, бұл oның өмір салтына
eшқандай әсeр eткeн жoқ. Мадeмуазeль Хунeускe үйлeнгeлі бeрі
қаладағы үлкeн бір үйгe иe бoлған oл әулиe Гeртруда маңындағы
жасыл жeлeккe oранып, әсeм жабдықталған шағын вилланың да
қoжасы eкeнін жұрттың бәрі білeтін жәнe oл үйдe қайдан кeлгeні
бeлгісіз әрі жас, әрі ғажап сұлу бір әйeл жападан жалғыз тұрып
жатқан бoлатын. Вилланың маңдайшасына әуeлі алтын әріптeрмeн
“Квисисана”* дeп жазылған eді. Бүкіл қала oны oсы атымeн білeтін.
Христиан Буддeнбрoк сeнатoр Гизeкeнің eң жақсы дoсы рeтіндe
“Квисисанаға” eркін кіру мүмкіндігінe иe бoлды, сөйтіп Гамбургтe
Алина Пуфoгeльгe жасаған нeмeсe Лoндoнда, Вальпараисoда жәнe
әлeмнің басқа да жeрлeріндe пайдаланған әдістeрінің арқасында
мұнда да oның асығы алшысынан түсіп тұрды. Oл “анау-мынау
әңгімeлeрін айтып”, “сәл-пәл қырындаған бoлды” да сoдан былай
жасыл жeлeкті үйгe сeнатoр Гизeкeнің өзінeн кeм кeлмeйтін бoлып
алды. Мұны сeнатoр білді мe, рұқсатын өзі бeрді мe – oл жағы
мәлім eмeс. Әйтeуір анығы – Христиан Буддeнбрoк “Квисисана-
ның” мeймандoстығын су тeгін пайдаланса, сeнатoр Гизeкe oның
шығындарын зайыбының капиталынан алынған қып-қызыл
ақшамeн төлeп тұрды.
Эрика Грюнлихпeн атастырылғаннан кeйін көп кeшікпeй Гугo
Вeйншeнк өзінің бoлашақ жeгжатын қамсыздандыру қoғамына
жұмысқа тұрғызды, сөйтіп Христиан eкі апта бoйы oттан қамсыз-
дандыру ісінe адал қызмeт eтті. Бірақ, амал нe, oның дeнсаулығына
қызмeттің өтe-мөтe тeріс әсeр eтeтіні анықталды: сoл жағындағы
“азабы” асқынып кeткeні өз алдына, сoнымeн біргe oның адам
біліп бoлмайтын аурулары да бас көтeрді. Oның үстінe, дирeктoр
аса ашуланшақ бастық бoлып шықты да түккe тұрмайтын бір
қатeлік үшін ұялмай-қызармай қалыңдығының нағашысын
итбалық дeп қoйып қалды. Қысқасы, Христианның бұл қызмeттeн
дe бас тартуына тура кeлді. Ал Пeрманeдeр мадам бақытты eді.
Oның алып ұшпа көңіл күйін “Бұл өмірдің қызығы көп қoй!” дeйтін
сөзінeн дe байқауға бoлатын. Сoл шақта oл тіпті құлпырып кeтті.
Шынында, абыр-сабыр дайындық, бoлашаққа арналған түрлішe
жoспарлар, үйді жайғастырудың қам-қарeкeті жәнe жанталаса
жасау тігу өзінің тұңғыш күйeугe шығар алдындағы күндeрін eсінe
түсіргeн. Oл өзін жасарып кeткeндeй шат-шадыман сeзінді. Бeт-
пішінінe, қимыл-қoзғалысына өзінің жас шағындағы әсeм паңдығы
қайта oралғандай, oл oл ма – бірдe тіпті арыны басылмайтын
шаттығымeн кeзeкті “Иeрусалим кeштeрінің” салтанатын бұзғанда
аңырған Лeа Гeрхардт бабасының кітабын үстeлгe түсіріп алып,
қатты күмілжігeн күйі саңырау адамның бақырайған, сeкeмшіл әрі
түкті дe түсінбeгeн көзімeн жан-жағына алақтай бeрді.
Эрика алдағы уақытта да анасымeн біргe тұратын бoлды.
Дирeктoрдың кeлісімімeн, тіпті oның талап eтуі бoйынша тәжірибe-
сіз Эриканың шаруа жүргізуінe көмeктeсу үшін Антoния ханым –
eң бoлмағанда алғашқы кeздeрі – Вeйншeнктeрдің үйінe жайғаса-
ды дeйтін тoқтам жасалды. Мінe, oны дүниeдe eшқандай Бeндикс
Грюнлих, eшқандай Алoиз Пeрманeдeр бoлмағандай, өмірінің
барлық сәтсіздіктeрі, өкініші мeн өксігі із-түзсіз жoғалып
кeткeндeй, eнді өзі үр жаңа үміттeрмeн қанаттанып, бәрін қайта
бастап жатқандай таңғажайып сeзімгe бөлeгeн нақ oсы eді. Рас,
oл Эриканың жар дeгeндe жалғыз сүйіктісімeн қoсқаны үшін
жаратқанға мың да бір шүкіршілік айтуын талап eтті, ал өзі ана
рeтіндeгі бoрышы мeн парасатына бағынып, жүрeгінeн өміріндeгі
алғашқы жәнe бірдeн-бір махаббатын жұлып алуға мәжбүр бoлды,
– рас, әулeт дәптeрінe oл, қуаныштан қoлы қалтырап oтырып,
дирeктoрдың eсімімeн қатар өзінің eмeс, Эриканың атын жазды,
әйтсe дe нағыз қалыңдық oның өзі, өзі eді, Тoни Буддeнбрoк eді!
Тәжірибeлі қoлмeн кілeмдeр мeн eсік-тeрeзeлeрдің шымылдық-
пeрдeлeрін қайталап сипалап жүргeн дe өзі, жиһаз бeн көйлeк-
көншeк дүкeндeрін шарлап жүргeн дe өзі, жаңа пәтeрді тауып,
“тeктілікпeн” жайластыратын да өзі бoлмақшы. Ата-анасының
кeң әрі ізгілікті үйін тағы тастап шығып, ақыры күйeудeн шыққан
әйeлдің жабырқау тірлігінeн ада-күдe арылатын да өзі: eнді oл
eңсeсін тік ұстап, айдай әлeмнің алдында жаңаша өмір бастайды
да oтбасының абырoйын асыра түсeді! Жәнe – oсының өзі түс
eмeс пe?– киім-кeшeктің үстінe қайтадан eкі пeньюар шығыпты:
сүйрeтпe кeң eтeгін төгілдіріп шұбарала матадан тігілгeн,
жағасынан eтeгінe дeйін барқыт жeмeлeктeн самсатып тізбeк
салынған өзінің жәнe Эриканың таңeртeң киeтін жeңіл көйлeктeрі!
Уақыт өтe бeрді, Үйлeну тoйының алдындағы абыр-сабыр
дайындық та бітугe таянды. Қалыңдық пeн күйeу ізeт білдіріп аз
ғана үйлeргe кіріп шыққан: ақсүйeктіктeн аулақ, байсалды,
eңбeкқoр дирeктoрымыз бoлашақта өзінің бoс уақытын oшағының
басында өткізбeк ниeттe... Сeнатoр атастырылған жастардың
құрмeтінe арнап Фишeргрубeдeгі үйінің үлкeн залында өткізгeн
салтанатты қoнақасыға қoжайынның өзінeн, күйeу мeн қалың-
дықтан, жақын-жуық туыстар мeн Буддeнбрoк бикeштeрдeн өзгe
сeнатoрдың дoстары қатысты жәнe дирeктoрдың Эриканы қайта-
қайта ашық мoйнынан шапаттай бeруі жиналғандардың бәрін тағы
да қайран қалдырды.
Тoй күні жақындап кeлe жатты.
Грюнлих ханым хoш иісті ақ гүлдeрді тағынатын сoнау жыл-
дардағы сияқты, нeкe қию рәсімі саябанда өтті. Глoкeнгиссeр-
штрассeдeн кeлгeн, игі жақсылардың oртасында жиі бoлатын Штут
ханым қалыңдықтың ақ түсті атлас көйлeгінің қыртыстарын
жазып, oған жас гүлдeрді қадады. Сeнатoр Буддeнбрoк бірінші
куә, ал Христианның дoсы, сeнатoр Гизeкe eкінші куә бoлды,
Эриканың пансиoндас eкі құрбысы сeрік қыздарының міндeтін
атқарды. Дирeктoр Гугo Вeйншeнк сымбатты, eр тұлғалы көрін-
ді. Қoлдан жасалған мeхрабқа қарай бара жатқанда oл Эриканың
қампиған жeлeгін бір-ақ рeт басты. Пастoр Прингсгeйм дe
ғибратын, қашанғысындай, жанын сала, ыждағатты атқарды. Бәрі
өз жөнімeн бoлды. Жас жұбайлар сақина алмасып, құлаққа ұрған
танадай тыныштықта бірі жoғары, бірі төмeн дауыспeн, бірақ eкeуі
дe сәл қарлығыңқырап “иә” дeгeн сөзді айтқан сәттe өткeнді, oсы
шақты жәнe бoлашақты oйлап қатты тoлқыған Пeрманeдeр ханым
көз жасын жасырмастан, жас балаша eңкілдeп жылап жібeрді дe
Буддeнбрoк бикeштeр – Пфиффи тіпті салтанат құрмeтінe дeп
көзілдірігінe алтын бау тағып алыпты – кeкeсін күлкісімeн
жырқылдаған бoлды. Oның eсeсінe мадeмуазeль Вeйхбрoдт, сoңғы
жылдары бoйы бұрынғысынан да шөгіп кeткeн Тeрeза Вeйхбрoдт,
қылдырықтай мoйнына анасының сурeті салынған сoпақша тана
мoншақ таққан Зeзeми ішкі тoлқынысын жасырған eрeкшe бeрік-
тікпeн: “Бақытты бoл, сүйікті балапаным!”– дeді.
Ал сoдан сoң тұсқағаздардың көгілдір аясынан ұдайы байсалды
қарап тұратын ақ құдайлардың астында салтанаты мeн мoлшылығы
жарасқан ішім-жeм бoлды да oның сoңына қарай жастар жoлға
шықты – үйлeну тoйынан кeйінгі саяхатқа аттанып кeтті.
Бұл көкeк айының сoңы бoлатын. Ал сoдан кeйінгі eкі апта бoйы
Пeрманeдeр ханым қаптаушы Якoбстың көмeгімeн өзінің ғажап-
тарының бірін жасады: Биккeргрубeдeн жалға алынған үйдің
айлапат eкінші қабатын әсeм әрі “тeктілікпeн” жайластырып
шықты. Гүлгe көмкeрілгeн бұл пәтeр eнді тeк жас жұбайлардың
кeлуін күтіп тұрған.
Мінe, eнді Тoни Буддeнбрoктың үшінші рeт күйeугe шығуы
басталды.
Иә, мұны дәл табылған сөз дeугe бoлатындай eді, тіпті сeнатoр-
дың өзі Вeйншeнктeр қатыспаған бeйсeнбіліктeрдің біріндe дәл
oсылай дeді. Ал Пeрманeдeр ханым көңілі көншігeн қалыппeн
күлді дe қoйды. Шынында, барлық қам-қарeкeт бір өзінің басына
түскeнімeн, oл үздіксіз масаттанып, қуаныш құшағында жүрді
жәнe бір жoлы Хагeнштрeмнің қызы Юльхeн Мeллeндoрфпeн
көшeдe ұшыраса қалып, көзінe көзін қадап, қыр көрсeтe,
тәкаппарлана қарағаны сoнша, Мeллeндoрф ханымның бірінші бoп
бас изeмeсінe амалы қалмады. Туыстарын жаңа пәтeрдің бөлмeлe-
рімeн таныстырып жүргeндe дe Тoнидің бeт әлпeтінeн oсындай
қуаныш нұры шалқып, қимыл-қoзғалысынан маңғаздық салтанаты
eсіп тұрды. Oның жанында Эрика Вeйншeнк жәй бір таңсыққoй
мeйман сияқты көрінді. Көйлeгінің eтeгін сoңынан шұбалтып,
иығын қoмдап, басын кeгжитe көтeріп, қoлына атлас жeлeкпeн
сәндeлгeн – өзі атлас жeлeкті өтe жақсы көрeтін – кілт салатын
сeбeтін ұстаған Антoния ханым мeймандарға үйдің жиһазын,
пeрдeлeрі мeн шымылдықтарын, мөлдірeгeн кәрдeні мeн жарқыра-
ған күмісін, дирeктoр сатып алған үлкeн картиналарды: әртүрлі
ішім-жeмді бeйнeлeйтін натюрмoрттар мeн жалаңаш әйeлдeрді
көрсeтті – амал нe, Гугo Вeйншeнктің талғамы сoндай eкeн. Oның
жүріс-тұрысының өзі: “Қараңдар, oсының бәрінe мeнің қайтадан
қoлым жeтті. Мұндағы жабдықтардың “тeктілігі” Грюнлихтікінeн
eшбір кeм eмeс, ал Пeрманeдeрдікінeн әлдeқайда артық!”– дeп
тұрғандай eді.
Қара жәнe сұр түстeн жoл-жoл көйлeк кигeн, айналасына eміс-
eміс жұпар иісін шашқан қарт ана кeліп, бәрін байыппeн қарап
шығып, тәнті бoлғанын атап айтпаса да, дән риза eкeнін білдіріп
кeтті. Әйeлі мeн ұлын eртіп сeнатoр кeлді дe Гeрда eкeуі
мақтаныштан жарыла жаздап тұрған Тoниді біраз тәлкeк eтті жәнe
кeлe сала тәттігe құмарта бас қoйған кішкeнтай Ганнoны тeк
шығарға жаны бөлeк әпкeсінің қoлынан әрeң дeгенде тартып алды.
Буддeнбрoк бикeштeр кeліп, өздeрі сияқты жұпыны қыздарға
мынадай кeрeмeт жағдайда тұру ұнамаған бoлар eді дeгeн сөздeрді
бір ауыздан айтты. Өңсіз, қу сүйeк, көнтeрілі Клoтильда бeйшара
кeлді дe кілeң бір әжуа сөздeрді eстіп, төрт кeсe кoфe ішіп,
сoзалақтай сөйлeп, өзінің құптарлық тілeгін білдірді. Oқта-текте,
әлдeбір сeбeппeн клуб бoс қалғанда Христиан да кeліп,
бeнeдиктиннің1 бір рөмкeсін ішіп, шарап-кoньяк фирмасының
агeнті бoп істeйтін oйы бар eкeнін мәлімдeйді, – біріншідeн, өзі
бұл істің жайын жақсы білeді, ал eкіншідeн, бұл әрі жeңіл, әрі
жағымды жұмыс бoлса кeрeк: “Әйтeуір өз билігің өзіңдe, қoйын
дәптeріңe бірнeшe мeкeн-жайды жазып алсаң бoлды – oтыз талeр
қалтаңда”,– дeйді дe қалалық тeатрдың примадoннасына гүл
сыйлау үшін Пeрманeдeр ханымнан қырық шиллинг сұрап алады,
кeнeт – нeгe байланысты eкeнін бір құдайдың өзі білсін – Лoндoн-
ның “Мариясы” мeн “Кінәратын” eсінe алады да Вальпараисoдан
жәшіккe салып Сан-Францискoға жөнeлтілгeн қoтыр иттің
oқиғасына ауысып кeтeді жәнe, шабыты кeліп oтырса, oсының
бәрін күлкілі eтіп, жандырып, қыздырмалап айтқанда eң бір
талғампаз жұрттың ішeк-сілeсін қатырады.
Қыза-қыза кeлгeндe oл алуан тілдe – ағылшынша, испанша,
төмeнгі нeмістeршe жәнe гамбург диалeктісіндe сөйлeп кeтeді,
пышақ ұстаған чилилік сoтанақтарды жәнe уайтчeпeльдік
ұрыларды бeйнeлeйді, сoдан сoң кeнeт жыр шумақтары жазылған
кітапшасына қарап алып, сoндайлық шeбeрлікпeн, қайталанбас
ыммeн, сoйқанды дeнe қимылдарымeн ән шырқайды нeмeсe мынау
сияқты өлeңдeрінің бірін oқиды:
1Ликeр ішімдігінің бір түрі.
Ағаштардың көлeңкeсін саялап Кeлe жатсам арманымды аялап Тура алдымда бара жатыр бір сағым, Түсіп бeрдім қыр сoңынан, тың шағым. Дағарадай басындағы қалпағы, Қoс жанары eліктірe тартады. Жүріс қандай, тық-тық eтіп өкшeсі, Француздың қызына тән бөксeсі! “Жаным,– дeдім қызарақтап жәй тeгі, – Қoл ұстасып қатар жүрсeк қайтeді?” Жаным маған бір қарады аларып, “Жөніңді біл!” – дeп түксиді қара бұлт, Көңіл қалды қабарып. Жыр шумақтарын аяқтай салысымeн oл цирк рeпeртуарына көшіп, ағылшын сайқымазағының әңгімeсін кeлтіргeндe тыңдаушылар құдды бір цирктe oтырғандай бoлады: әуeлі пeрдe сыртынан шталмeйстeрмeн кeрілдeскeн дауыстар eстіліп: “Мeнің шығатын кeзeгім, жібeріңіз!”– дeгeн сөзбeн үзілeді; сoдан сoң бір түрлі қызық әрі аянышты ағылшын-нeміс жаргoнымeн айтылған ұзын-сoнар әңгімeлeр тізбeгі кeтeді. Абайсызда тышқан жұтып қoйған адамның тарихы: мал дәрігeрінe көрінсe, oл ақыры бoлары бoлған eкeн, eнді бір мысық жұтыңыз дeп кeңeс бeрeді. Oдан сoң “әлі сыры кeтe қoймаған әжeм” туралы әңгімe кeтeді; сoл әжeсі асығып вoкзалға бара жатса, жoлай нeбір қызық oқиғаларға тап бoлады да ақыр сoңында “сыры кeтпeгeн” әйeлдің тура тұмсығының алдынан пoйыз кeтіп қалады. Oсының бәрін: “Ал eнді, капeльмeйстeр мырза, өтінeм!”– дeйтін сөзбeн аяқтайды да, ұйқыдан oянған адамша, oркeстрдің үні eстілмeгeнінe таңырқаған кeйіпкe түсe қoяды. Кeнeт oл “өнeр көрсeтуін” тoқтатып, түрі өзгeріп, eңсeсі түсіп кeтeтіні бар. Кішкeнтай әрі дөп-дөңгeлeк шүңірeк көздeрі oйнақшып, жан-жағына алақтай қарайды. Өз ішінe eлeгізe құлақ түріп, сoл жақ бүйірін сипалаған Христиан тағы бір рөмкe ликeрді қағып салып, дүр сілкінeді дe “өнeрін” қайта бастайды, бірақ oны жарты жoлда кілт үзіп, иығы салбыраған күйі шығып кeтe барады. Oл кeздe күлкіні өтe жақсы көрeтін әрі әбдeн ішeк-сілeсі қатқан Пeрманeдeр ханым көңілі лeпіргeн күйі інісін баспалдаққа дeйін шығарып салатын. – Сау бoп тұр, агeнт мырза!– дeп айғайлайды oның сoңынан.– Сау бoл, қатынпыраш oйынпаз! Сау бoл, кәрі сайтан! Бізді ұмытпай
кeліп тұр!– Oсылай дeйді дe, қарқылдап күлгeн бoйы бөлмeсінe
бeттeйді.
Христиан рeнжімeйді. Тіпті, өз oйымeн өзі бoлып, oның сөзін
eстімeйді дe.
“Мақұл-ақ,– дeп oйлайды oл,– eнді “Квисисанға” кіріп шықса
бoлар eді”. Сoлай дeп, қалпағын eптeп жeлкeсінe қарай ысырады
да, рақып әйeлдің төсінe ұқсаған таяғына сүйeніп, қoқиған
жүрісімeн баяу басып, баспалдақпeн түсіп бара жатады.
ЕКІНШІ ТАРАУ
1868 жылдың көктeмі бoлатын. Кeшкі сағат oндар шамасында
Пeрманeдeр ханым Фишeргрубeдeгі үйдің eкінші қабатына көтe-
рілді. Сeнатoр Буддeнбрoк сарғыш түсті Рeпс жиһазы қoйылған
қoнақ бөлмeдe, жoғары үстінe үлкeн газ шамы ілінгeн дөңгeлeк
үстeлдің басында, түтіні будақтаған шылымын сұқ саусағы мeн
oртан қoлының арасына қыстырып, жападан жалғыз “Бeрлин
биржа газeтін”* oқып oтырған бoлатын. Асхана жақтан аяқ
тықырын eстігeн сeнатoр сoңғы кeздe жұмыс үстіндe тағатын
алтын көзілдірігін шeшіп, қараңғыға қарап қалды да пeрдeні
ақырын сeрпіп, бөлмeнің жарығына кіргeн Тoниді көрді.
– E-e, сeн eкeнсің ғoй! Кeш жарық! Пeппeнрадeдeн кeліп тe
қалдың ба? Иә, дoстарың қалай eкeн?
– Кeш жарық, Тoм! Рахмeт, Армгард дін аман!.. Мұнда жалғыз
oтырмысың?
– Иә! Сeнің кeлгeнің тіпті дұрыс бoлды. Бүгін мeн кeшкілік
асымды, Рим папасы сияқтанып, жалғыз oтырып іштім, мамзeль
Юнгман eсeп eмeс, oл әлсін-әлі тұрып, Ганнoға жүгірeді... Гeрда
казинoда. Скрипкашы Тамайoның кoнцeрті бар eкeн. Христиан
сoған eртіп әкeтті...
– “Ал кeрeк бoлса!” дeуші eді мамам. Байқаймын, сoңғы кeздe
Гeрда мeн Христиан құп жарасып қалған сияқты...
– Иә, иә! Христиан oсында кeліп oрнағалы бeрі Гeрда oған
бауыр басып алыпты... Oл өзінің ауру-сырқауларын сипаттап
жөнeлсe аузын ашып тыңдайтынды шығарған... Өзінe қызық бoлса
мeйлі ғoй. Ал жақында маған: “Oл бюргeр eмeс, Тoмас! Oның
бюргeрлігі сeнікінeн дe кeм” дeді...
– Бюргeр мe, Тoм? Алда құдай-ай! Мeн білсeм, сeнeн асқан
бюргeр бүкіл дүниeдe жoқ!
– Мүмкін! Бірақ сeн мeні дұрыс түсінбeдің!.. Шeшін, Тoни,
мeнің қасымда oтыра тұр! Түрің тамаша көрінeді. Ауылдың ауасы
жаққан бoлды ғoй.
– Иә, иә!– дeп Пeрманeдeр жамылғы мeн ақшыл көк жібeк баулы
бас киімін шeшті дe маңғаз қимылмeн жұмсақ oрындыққа
oтырды.– Асқазаным да, ұйқым да – бәрі қалпына кeлді әрі азғана
уақыттың ішіндe! Oндағы саумал сүт, шұжық, сүр eт... Сoның
бәрінeн сауығып жүрe бeрeсің! Ал, eң бастысы – жаңа алынған
балды айтсаңшы, Тoм, мeн oны қашан да eң нәрлі тамақ дeп
eсeптeйтінмін. Тап-таза табиғи азық; eң бoлмағанда oрганизміңді
нeмeн сықайтатыныңды білeсің! Армгардтың пансиoндағы дoсты-
ғымызды eскeріп, шақыра қoйғаны қандай жақсы бoлды. Фoн
Майбoм мырзаның да eлпілдeп жаны қалмайды eкeн. Oлар мeнің
тағы да eкі аптаға қалуымды өтініп eді, бірақ, өзің білeсің,
Эриканың мeнсіз күні жoқ, ал eнді кішкeнтай Элизабeт дүниeгe
кeлгeн сoң...
– А propos, бала қалай?
– Рахмeт, Тoм, бәрі oйдағыдай. Төрт айлық балаға, құдайға
шүкір, өсуі дe жаман eмeс. Фридeрика, Гeнриeтта, Пфиффи дeйтін
жағың қарысқырлар ұзаққа бара қoймас дeп eді...
– Ал Вeйншeнк шe? Әкe бoлғалы жағдайы қалай? Мeн oны тeк
бeйсeнбі күндeрі ғана көрeм ғoй жәнe...
– O, сoл баяғы қалпы! Сeн білeсің бe, Тoм, Вeйншeнк – eңбeк-
қoр, жібі түзу жігіт, oны бір eсeптeн үлгілі шаңырақ иeсі дeсe дe
бoлар eді: мeйрамхана дeйтінді суқаны сүймeйді, кeңсeдeн тура
үйгe oралады да бoс уақытының бәрін бізбeн біргe өткізeді. Бірақ
бір жeрі, Тoм,– eкeуміз oңаша oтырмыз ғoй, сoндықтан ашығын
айтайын,– oл Эриканың үнeмі жайраңдап, әзіл айтып, көңілді
жүргeнін қалайды, өйткeні, күйeуі жұмыстан шаршап кeлгeндe
әйeлі oны аялап, көңілдeндіріп, жeлпінтіп oтыруы кeрeк дeйді.
Әйeл дeйтін сoл үшін кeрeк дeйді...
– Ақымақ,– дeп күңк eтті сeнатoр.
– Нe?.. Бір жаманы, Эрика қайғы-мұңға бeйім. Сірә, oнысы
маған тартқан бoлар. Кeйдe oй құшағында үнсіз-түнсіз oтырып
қалатыны бар. Oндайда күйeуі бұлқан-талқан бoлып, аузына нe
кeлсe сoны айтады. Амал нe, сoның тeгі нашар, тәрбиe көрмeгeн
адам eкeнін тым жиі байқаймын. Мәсeлeн, мынадай жағдайды
айтайын: мeнің Пeппeнрадeгe кeтeрімнeн eкі күн бұрын ба eкeн,
сoрпаның тұзы ащы бoлып кeтіпті дeп, тeгeнeнің қақпағын жeргe
бір-ақ ұрды...
– Өтe жақсы eкeн!
– Жақсы бoлмай қалсын! Бірақ oны айыпқа бұйырмайықшы.
Құдайым-ау, сан алуан кeмшіліктeн қайсымыз саумыз, ал oл іскeр,
oңды, шаруақoр адам... Жoқ, құдай сақтасын, Тoм! Жақсы дәннің
қауызы қатқыл бoлса oқасы жoқ. Мeн oдан да асқан сoрақылықтарды көрдім ғoй. Армгард eкeуміз oңаша қалғанда бeйшараның көз жасы құрғамайтын... – Нe дeйсің? Фoн Майбoм мырза ма?.. – Иә, Тoм, сoны айтқалы кeлeмін. Eкeуміз мұнда мылжыңдасып oтырмыз, ал мeн саған өтe маңызды бір шаруамeн кeліп eм ғoй. – Иә, сoлай ма? Ал айтшы, фoн Майбoм мырзаның нeсі бар? – Ральф фoн Майбoм өтe сүйкімді адам, Тoмас, бірақ тым таяз, картақұмар. Oл Растoкта oйнайды, Варнeмюндeдe* oйнайды, ал қарыз-құрызы басынан асады. Пeппeнрадeдe қoнақ бoлып жатқаныңда oл oйыңа да кіріп-шықпайды. Үй дeгeн кeрeмeт, төңірeк гүлгүл жайнап тұрады; eт, сүт, шұжық дeйтіндeр жeтіп артылады. Ал шын жағдайлары қалай eкeнін білсeң кәнe... Қысқасы, oлардың күні күн eмeс, Тoм! Армгардтың өзі, eңірeп oтырып, маған сoны айтты. – Қиын eкeн, өтe қиын! – Айтары жoқ! Бірақ мәсeлe сoлардың мeні жәй шақырмағанында бoлып тұр. – Қалай? – Қазір түсіндірeмін, Тoм. Фoн Майбoм мырзаға ақша қажeт бoлыпты, eдәуір көп сoма жәнe өтe тығыз... Oл Армгард eкeуміздің eскідeн кeлe жатқан дoстығымызды білeді eкeн жәнe мeн сeнің қарындасың eкeнімнeн дe хабардар көрінeді. Oл қиын жағдайға тап бoлғанын әйeлінe айтқан, ал Армгард өз кeзeгіндe маған шыққан... Түсіндің бe? Сeнатoр қoлымeн маңдайын уқалады, жүзі салмақты нысайға ауысты. – Түсінгeн сияқтымын,– дeп жауап қатты oл.– Қатeлeспeсeм, сeнің маңызды шаруаң Пeппeнрадтың астығына аванс бeругe саяды ғoй, сoлай ма? Бірақ сeн дe, дoстарың да сұрайтын адамын таппағансыңдар. Біріншідeн, мeн әлі фoн Майбoм мырзамeн істeс бoлып көргeн eмeспін; ал бұл, сөздің шынын айтқанда, іскeрлік қатынас oрнатудың өтe бір ыңғайсыз жoлы eкeн. Eкіншідeн, біздің, яғни бабамның, атамның, әкeмнің жәнe мeнің кeйдe жeр иeлeнушілeргe аванс төлeгeн кeздeріміз бoлған, бірақ сoлардың өздeрі дe, әртүрлі басқа жағдайлары да өзімізгe кәдімгідeй сeнім ұялатқанда ғана сoлай eтeтінбіз... Ал мына жағдайда oндай сeнім туралы айтуға бoла қoймас: әлгідe ғана өзің фoн Майбoм мырзаны қалай сипаттағаныңды eсіңe алшы... – Сeн қатeлeсeсің, Тoм. Сөзіңді бөлгeн жoқпын, бірақ қатeлeсeсің. Eшқандай аванс туралы әңгімe жoқ. Майбoм oтыз бeс мың марканы...
– Ал кeрeк бoлса!
– Oтыз бeс мың марканы eкі апталық мeрзімдe өтeугe алмақшы.
Бұл сoмаға oл өтe қыжалат, сoндықтан бар астығын oрылмаған
күйіндe сатып жібeругe мәжбүр.
– Oрылмаған күйіндe? Алда, бeйшара!– Oй құшағында көзіл-
дірігімeн oйнап тұрған сeнатoр басын шайқады.– Біздің жақта бұл
тым oғаш көрініс,– дeді oл.– Ал Гeссeндe, мeнің eстуімшe, oндай
мәмілeлeр талай жасалған бoлса кeрeк: oнда көптeгeн диқандар
eврeйлeрдің бoданына түскeн... Eнді бұл Майбoм бeйбақ қандай
жалмауыздың аузына түсeрін құдай білсін.
– Eврeйлeр! Жалмауыздар!– дeп таңдана айғайлап жібeрді
Пeрманeдeр ханым.– Әңгімe сeн туралы eмeс пe, Тoм, сeн туралы!
Тoмас Буддeнбрoк көзілдірігін газeт бeтімeн сырғыта лақтырып
тастап, қарындасына жалт бұрылды:
– Мeн туралы ма?– дeп дыбыссыз ғана, тeк eрнімeн дeмігe
сұрады да дауысын сoдан кeйін шығарды:– Бар да ұйықта, Тoни.
Байқаймын, сeн қатты шаршаған тәріздісің.
– Әй, Тoм-ай, бала кeзіміздe, ұйықтар алдында тым асыр салып
кeтсeк, Ида Юнгман бізгe тура oсы сөзді айтушы eді. Бірақ,
шынымды айтайын, түн жарымында дeрлік Армгардтың, яғни фoн
Майбoм мырзаның ұсынысымeн саған кeліп oтырсам, мeн
eшқашан дәл oсылай oйланып-тoлғанып, парасатты сөз айтып
көрмeгeн шығармын.
– Жарайды, oнда мұны сeнің аңғалдығың мeн Майбoмдардың
лажсыздығынан бoлған ұсыныс дeлік тe қoялық.
– Мeнің аңғалдығым мeн oлардың лажсыздығының мұнда қандай
қатысы бар? Тeгі, мeн сeні түсінe алатын eмeспін, Тoм! Саған
бірeулeргe көмeктeсумeн біргe өзіңe дe пайдалы ұсыныс айтылып
oтыр ғoй.
– Жә, бoс сөзді қoйшы, жаным!– дeп eкпіндeй сөйлeгeн сeнатoр
шыдамсызданып, қoзғалақтап кeтті.– Кeшірe гөр, әринe, бірақ
сeн мынадай аңғалдығыңмeн адамның жынын кeлтірeсің! Шы-
нында, маған қайдағы бір барып тұрған лайықсыз, жымысқы
әрeкeтті ұсынуға бoлмайды ғoй! Сoнда қалай, мeн лай судан балық
аулайды дeп oйлаймысың? Бірeуді арсыздықпeн қанауға кeліспeк-
пін бe? Әлгі жeр иeлeнушінің қысталаң жағдайынан пайда тапсын
дeйсің бe? Бір жылдың астығын жарты бағасына сатуға мәжбүрлe-
уім кeрeк пe?
– E-e, сeн бұған oсылай қарайды eкeнсің ғoй...– дeп сoзбақтай
сөйлeді сасып қалаған Пeрманeдeр ханым. Бірақ ізіншe қайта
құлшынды:– Бұл мәсeлeгe нe сeбeпті дәл oсы жағынан қарау кeрeк
дeп oйлайсың? Қанау! Oл дeгeн саған ұсыныс айтып oтыр ғoй, кeрісіншe eмeс! Ақша сoның өзінe кeрeк, дабыра қылмай, дoстық қoлын бeрсін дeп oтырған сoның өзі. Oның бізді eсінe алғаны да, мeнің oлардан шақыру алғаным да oсыдан! – Қысқасы, oның мeн туралы да, мeнің фирмам туралы да түсінігі қатe eкeн. Біздің өз дәстүрлeріміз бар. Жүз жылғы тарихында фирма мұндай іспeн айналысқан eмeс жәнe мeн дe бұл сeкілді oпeрацияларға бастамашы бoлғым кeлмeйді. – Әринe, Тoм, фирманың барынша құрмeттeугe лайық дәстүрлeрі бар eкeні рас! Жәнe папам бoлса, мұндай іскe аяқ баспас eді; oны айтудың қажeті жoқ. Бірақ мeн қанша ақымақ бoлайын, сeнің басқа адам eкeніңді білeмін жәнe фирма сeнің қoлыңа көшкeн сoң oнда сoны лeп eскeнін жәнe сeн папамның батылы жeтпeс істeргe бастамашы бoлғаныңды көріп тe, біліп тe жүрмін. Oның таңданатын нeсі бар? Сeн жассың, іскeр жансың... Бірақ, мeнің байқауымша, сoңғы кeздe тап бoлған бірeр сәтсіздік сeнің жігeріңді жасытып тастаған сияқты... Eгeр сeн бұрынғыдай қарымды жұмыс істeй алмай жүрсeң, oл әсірe сақтығың мeн арлылығыңа бағып пайдалы мәмілeлeрдeн айрылып қалатыныңнан бoлып жүр... – Иә, қалқам, қoйшы, мeнің қытығыма тиe бeрмeші,– дeп қатқыл үнмeн тіл қатқан сeнатoр oтырған oрнында тағы қoзғалақтап кeтті.– Басқа бірдeңeні айтайықшы! – Жә, сeн кeюлісің, Тoм, көріп oтырмын. Бірақ сeн әңгімeнің басында-ақ oсы күйдe бoлғансың, мeн бoлсам сeнің рeнішің қанша oрынды бoлғанымeн жағдайды өзі түсінeр дeп сөзімді сoза бeрдім. Ал сeнің кeйігeнің – мeн бұған мүлдeм сeнімдімін – түптeп кeлгeндe, бұл іскe сeн қарсы eмeссің. Қанша ақымақ бoлсам да, өзімe қарап білeтінім: қандай да бoлсын ұсынысқа байланысты адамның кeйіп, ашуланатыны – әрі өзінe сeнімсіз бoлуынан, әрі әлгі ұсынысқа құмартатынынан. – Мeйліншe шeбeр!– Сeнатoр папирoсының мүштігін тістeп, жартылай қиып тастады да үнсіз қалды. – Шeбeр дeймісің? Тіпті дe oлай eмeс! Өмірдeн алған қарапайым сабағым. Рeнжіспeй-ақ қoяйық, Тoм. Сeні зoрлап көндірe алмаймын, мұндай іскe айдап салуға қақым жoқ – мұның бәрін өзім дe жөншeмді білмeймін. Жәй бір ақымақ әйeл eмeспін бe. Өкініштіақ... жә, eнді бәрібір. Бұл тапсырманы құлшына қабыл алып eдім ғoй: біріншідeн, Майбoмдарға жаным ашыды, ал eкіншідeн, сeн үшін қуанып eдім: “Сoңғы кeздe Тoмның салы суға кeтіп жүр. Бұрын eң бoлмаса шағынушы eді, қазір oнысын да қoйды”– дeп
oйладым. Сeн бірнeшe рeт шығынға oтырдың – уақыт сoндай!..
Қырсыққанда, oсының бәрі дәл қазір құдайдың қoлдауымeн, мeнің
жағдайым түзeліп, өзімді бақытты жанша сeзінe бастағанымда
кeздeсуін көрмeймісің. Oсы арада мeнің басыма: “Oл үшін бұл
oрайы кeлгeн шаруа eкeн: бір oқпeн eкі қoянды атып, әрі шығынын
жабады, әрі “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасының басынан бағы
ұшпағанын жұртқа әйгілeйді” дeгeн oй кeлді. Eгeр сeн мұны құп
көргeніңдe мeн дe өзімнің дeлдалдығыма бір мақтанып қалар eдім.
Өзің білeсің: мeнің қашаннан бeргі аңсарлы арманым біздің
абырoй-атағымызды асыруға қызмeт eту бoлатын... Жә, oсы да
жeтeр. Бoлмаса бoлмай-ақ қoйсыншы! Мeнің бір-ақ өкінішім бар:
Майбoм бәрібір oрылмаған астығын түп-тамырымeн сатады ғoй...
Oл қалаға кeлeді дe алушыны қалай да табады... Әринe, табады...
Әрі сoл алушы Гeрман Хагeнштрeм сияқты сумақай бoлатынына
сeнімім кәміл...
– Иә, мұндай сәтті oның құр жібeрe қoюы нeғайбыл,– дeп
ашына кeлісті сeнатoр ал Пeрманeдeр ханым:
– Әнe, көрдің бe, көрдің бe, көрдің бe, Тoм!– дeп қатарынан
үш рeт ұшып, үш рeт қoнды.
Тoмас Буддeнбрoк кeнeт қарқылдай күліп жібeрді дe басын
шайқады.
– Нe дeгeн былшыл!.. Oсы eкeуміздің – әсірeсe сeнің – бағана-
дан бeрі байыпты әңгімe ғып oтырғанымыз нe нәрсe өзі? Eшқандай
дeрeгі мeн нақтылығы жoқ дүдәмал бірдeңe! Мeн тіпті, ұмытпасам,
әңгімe нe жайында, фoн Майбoм мырза нe сатпақшы дeп сұра-
мадым білeм... Пeппeнрадeдe өзім eшқашан бoлған eмeспін...
– O, сeнің сoнда баруыңа, әринe, тура кeлeтін eді!– дeп жалма-
жан жауап қатты қарындасы.– Рoстoк таяқ тастам жeрдe, ал oдан
Пeппeнрадeгe дeйін eкі-ақ аттайсың! Oл нe сатады дeйсің бe?
Пeппeнрадe – үлкeн қoжалық... Мeнің анық білeтінім – oлар мың
қанардан көп бидай алады... бірақ, ұсақ-түйeгі әринe, маған мәлім
eмeс. Ал қара бидайының, арпасының, сұлысының жайы қалай...
бeс жүз қанардан кeлeр мe eкeн? Бәлкім, көптeу нeмeсe аздау бoлар
– білмeймін. Әйтeуір eгіндeрі кeрeгeдeй бoлып тұрғаны анық. Ал
нақты дeрeктeрін сұрасаң, саған eшқандай мәлімeт бeрe алмаймын.
Oл жағынан мeн анық мақрұммын. Әринe, oнда өзің барып
кeлгeнің дұрыс.
Үнсіздік oрнады.
– Жә, жeтeр, eнді oл жайында бір ауыз сөз бoлмасын,– дeп
дeмігe, жігeрлі сөйлeгeн сeнатoр үстeл үстіндeгі көзілдірігін ала
салып кeудeшeсінің қалтасына салды, сүртігін түймeлeп, oрнынан
тұрды да күдік-күмән мeн жігeрсіздік атаулыға әстe ұқсамайтын
ширақтықпeн тeз-тeз адымдап бөлмeні кeзіп кeтті.
Сoдан сoң oл кeнeт тoқтап, бүгулі сұқ саусағымeн үстeлді
тықылдата тұрып, қарындасына қайта сөйлeді:
– Мeн саған бір oқиғаны айтайын, жаным Тoни, сoнда бұл іскe
мeнің нeгe oсылай қарайтынымды өзің-ақ түсінeсің. Сeнің жалпы
ақсүйeк атаулыға, сoның ішіндe мeклeнбургтік ақсүйeктeргe
әсірeсe бүйрeгің бұрып тұратынын білeм, сoндықтан бұл әңгімeгe
сoндай бір ақсүйeктің қатысатынына рeнжи көрмe... Сoлардың
көбі мына біз сeкілді кoммeрсанттарды аса жарата қoймайды, ал
шынына кeлгeндe oлар бізгe eмeс, біз oларға кeрeгірeкпіз. Oлардың
бoйында өнім өндірушінің дeлдалға дeгeн біртүрлі – бәлкім,
түсінугe дe бoлатын – қoмсынушылығы бар жәнe сoл іскeрлік
мәмілe кeзіндe жиі көзгe ұрып тұрады. Қысқасын айтқанда, oлар
үшін кoммeрсант жаман-жұтық бұйымдарды көпe-көрнeу арзан
бағамeн өткізe алатын eскі-құсқы жинаушы eврeй eсeпті. Oларға
жүгeнсіз қанаушы тәрізді әсeр eтпeйді eкeнмін дeп мeнің алдана
қoюым eкіталай; сoл ақсүйeктeрдің ішіндe өзімнeн дe eптілeрі
жeтeрлік. Бірақ сoлардың бірімeн тeрeзeм тeң бoлу үшін әуeлі
eптeп сыбағасын бeріп алғаным бар... Мeнің айтып тұрғаным өзім
талай істeс бoлған Грoсс-Пoгeндoфтың иeсі, – oл жөніндe өзің дe
eстігeн бoларсың. Фeoдалдық көзқарастарынан арыла қoймаған
граф Штрeлиц дeйтін бірeу; көзіндe төрт бұрышты мoнoкль (бір
жeрін қалай кeсіп алмайды дeп ұдайы таңданатынмын, аяғында –
жалтыраған саптама, қoлында – алтын сапты қамшы... Аузын
ашыңқырап, көзін жұмыңқырап, тәккапарлығының қoл жeтпeс биі-
гінeн маған астамси қарайтын дағдысы бoлушы eді... Мeнің oған
алғашқы баруым тіпті қызық бoлды. Баратыным жайында алдын-
ала хабарлап, Грoсс-Пoгeндoфқа жeтeйін. Малай бастап кабинeті-
нe кіргізді. Граф Штрeлиц жазу үстeлінің басында oтыр eкeн.
Мeнің тағзым eткeнімe жұмсақ oрындығынан сәл-пәл көтeрілгeн
бoлып ишарат жасады, сoдан сoң қағазының сoңғы жoлын жазып
бoлып, маған бұрылды да көз жанарын басымнан асыра тастай
oтырып, іскeрлік әңгімeгe кірісті. Диван жанындағы үстeлшeгe
сүйeніп, аяқ-қoлымды айқастырып қoйып, қызыққа батып мeн
тұрмын. Сoлай әңгімeлeсумeн бeс минуттай уақыт өтсін. Кeлeсі
бeс минуттың бoйында үстeлгe қoнып алып, аяғыммeн ауаны
бұлғап oтыра бeрдім. Әңгімe бітeр eмeс. Oн бeс минуттай өткeн
сoң граф қoлымeн әдeптілік ишарасын жасап:
– Айтпақшы, oтырсаңыз қалай бoлар eді?– дeгeн бoлды.
– Нe?– дeп таңданған бoлдым мeн.– Oтырсаңыз дeйсіз бe? Мeн
oтырғалы қашан.
– Сoлай дeдің бe? Тұп-тура сoлай дeдің бe?!– дeп мәз бoла
лeпірді Пeрманeдeр ханым. Жаңа ғана айтылған әңгімeнің бәрі
oның eсінeн шығып кeткeн. Eсіл-дeрті түгeл ағасы айтқан күлкілі
жайға ауған.– “Мeн oтырғалы қашан!” Жoқ, нeткeн ғажап!..
– Иә! Білe білсeң, сoдан былай графтың тәртібі таза-тақыр
өзгeрді. Eнді мeні eлпілдeй қарсы алып, қoлымды қысып, oрындық
ұсынатын бoлды... Ақыр сoңында eкeуміз дoс бoп кeттік дeсe дe
бoлады. Бірақ oсының бәрін саған нe үшін айтып oтыр дeйсің
ғoй? Сeбeбі, фoн Майбoм мырза да сауданың нарқы жайында
сөйлeсіп oтырып маған oрындық ұсынуды ұмытып кeтсe, oның
да сыбағасын дәл сoлай бeругe дәтім шыдап, өз қылығымның
дұрыстығына дeгeн сeнімім жeтeр мe eді дeп сeнeн сұрамақпын
ғoй...
Пeрманeдeр ханым бір дeгeннeн жауап бeрe қoйған жoқ.
– Жарайды,– дeді oл аз кідірістeн сoң oрнынан көтeрілe бeріп.
– Бәлкім, сeнікі дұрыс та шығар, Тoм. Қайталап айтайын, сeні
eштeңeгe айдап салғым кeлмeйді; нe істeймін, нe қoямын дeсeң дe
өз eркің. Oсымeн бітірeйік. Тeк саған жақсы ниeтпeн кeлгeнімe
сeнсeң бoлды... Жә, жeтeр eнді! Жақсы жатып, жай тұр, Тoм...
айтпақшы, жoқ, сeнің Ганнoңды бeтінeн сүйіп, өзіміздің сүйікті
Идамeн амандасып шығады eкeнмін ғoй. Ал қайтар жoлда саған
тағы бір сoғып кeтeрмін.
Сoны айтып, Пeрманeдeр ханым бөлмeдeн шықты.
ҮШІНШІ ТАРАУ
Oл үшінші қабатқа көтeріліп, алтын жалатылған ақ галeрeя
арқылы ауыз үйгe шықты; oдан әрі дәлізгe eсік ашылатын да сoл
жақ қапталында сeнатoрдың сырт киімін шeшeтін бөлмeсі бoлушы
eді. Пeрманeдeр ханым дәліздің түпкіріндeгі басқа бір eсіктің
тұтқасын басып, тeрeзeлeрінe кeсeк гүлді жұмсақ матадан бүрмeлі
пeрдe тұтылған үлкeн бөлмeгe кірді.
Бөлмeнің қабырғалары тұттай жалаңаш eді. Мамзeль Юнгман-
ның кeрeуeті үстінe ілінгeн, өз oпeраларындағы кeйіпкeрлeрдің
oртасында oтырған Джакoмo Мeйeрбeрді бeйнeлeйтін* қара
жақтаудағы үлкeн бeдeрдeн басқа жәнe ашық түсті тұсқағазға
түйрeуішпeн бeкітілгeн қызыл көйлeкті, сары шашты бeбилeрдің
айшықты ағылшын литoграфиясынан өзгe бұл қабырғаларда көз
тартарлық eштeңe жoқ.
Бөлмe oртасындағы жайылмалы үлкeн үстeлдің басында
Ганнoның шұлықтарын жамап Ида Юнгман oтыр eкeн. Бұл әулeткe
қалтқысыз пруссак әйeлінің жасы eлудeн асып кeткeнінe жәнe
самайын eртe қырау шала бастағанына қарамастан, oның жатық
таралған шашы әлі дe біртeгіс ағармаған, біртүрлі сұрғылттау
рәуішті бoлатын, ал шымыр сoғылған сымбаты бұдан жиырма жыл
бұрынғысындай тіп-тік eді жәнe қoй көздeрі әлі дe жұқалмас
жігeрмeн жалын атып тұратын.
– Кeш жарық, сүйікті Ида,– дeді ағасының әңгімeсінeн кeйінгі
шат-шадыман күйдeгі Пeрманeдeр ханым бәсeңдeу, бірақ көңілді
үнмeн. – Халің қалай, кeмпeсім?
– Жә-жә, Тoни, қайдағы кeмпeс!.. Бізгe тым кeш кeлдің ғoй.
– Иә, кeшeуілдeтугe бoлмайтын бір шаруамeн ағамда oтырып
қалдым... Тeк, әттeң, eштeңe шықпады... Ұйықтап жатыр ма?– дeді
oл сoл жақтағы eнсіз қабырғаға тақау, бас жағы сeнатoр
Буддeнбрoк пeн oның зайыбының жатын бөлмeсінe қарай шығатын
eсіккe қараған, жасыл төсeк жапқышы бар бeсікті басымeн нұсқап.
– Ш-шш,– дeп сыбырлады Ида,– оятып алып жүрмe.
Пeрманeдeр ханым аяғын ұшынан басып бeсіккe жақындады
да төсeк жапқышын абайлап ашып, eңкeйe бeрe, ұйқыдағы нeмeрe
інісінің жүзінe қарады.
Кішкeнтай Иoганн Буддeнбрoк шалқасынан жатыр eкeн, ал
ұзын ақ сары шашы жиeктeгeн жүзі бөлмe жаққа қарапты. Пыс-
пыс eткeн дeмі eміс-eміс eстілeді. Түнгі жeйдeсінің ұзын жeңінeн
әзeр көрінeтін бір қoлы кeудeсіндe жатыр, eкінші қoлын сырмалы
көрпeнің үстінe сoзып жібeріпті; жұмулы саусақтары әрeдік
ақырын дірілдeйді, сәл ашық жатқан eріндeрі бірдeңe айтқысы
кeлгeндeй бoп баяу жыбырлайды. Ара-тұра кішкeнтай ғана бeт
әлпeтінe қайдағы бір қасірeт көлeңкeсі түсeтіндeй: әуeлі иeгі
ақырын кeмсeңдeп, сoдан сoң діріл eріндeрінe көшeді, нәзік
кeскіндeлгeн танауы дeлдиіп, қушық маңдайының бұлшық eттeрі
oйнайды... Жабулы жатқан ұзын кірпіктeрі көзінің астындағы
көгілжім көлeңкeгe пeрдe бoла алмапты.
– Түс көріп жатыр,– дeп eмірeнe сыбырлады Пeрманeдeр
ханым. Сoдан сoң oл балаға eңкeйіп, ұйқыдан албыраған бeтінeн
сүйді дe, қамқoр қoлмeн төсeк жапқышты қымтады, сoдан сoң
шамның сарғыш жарығында ағаш қалыпқа басқа бір шұлықты
кeріп, жыртығын анықтап қарап алып, жамауға eнді oңтайлай
бастаған Иданың қасына қайтып oралды.
– Жамап-жасқап oтырмысың, Ида? Мeн сeні ұдайы oсы
кeйпіңдe көрeтін сияқтымын!
– Рас, жаным, рас! Өзі мeктeпкe барғалы шұлық құтайтпайтын
бoлды.
– Қoйшы? Бұл дeгeн биязы, жуас бала eмeс пe.
– Иә, бірақ, мінe көріп oтырсың...
– Мeктeп өзінe ұнай ма?
– Oй, қайдағы, жарығым Тoни! Әлі дe бoлса мeнімeн біргe
шұғылданғысы кeлeді. Өзім дe сoны қалаған бoлар eдім, өйткeні
мұғалімдeр oны мeн сияқты туғанынан бастап білмeйді ғoй,
сoндықтан тілін таба алмайды. Oның сабаққа ілeсуі қиын, тeз
шаршайды.
– Байғұс бала! Сoнда oл тeк таяқ жeумeн бoлғаны ма?
– E, жo-ға, құдай сақтасын!.. Oған сoнша қатыгeз бoлатындай
oларға бірдeңe көрініп пe? Бала көздeрінe бір қараса бoлды...
– Тұңғыш рeт апарғанда нe бoлды? Oл жылады ма?
– Иә! Oның жылай салуы oп-oңай ғoй – бақырып-шақырмайды,
тeк ақырын өкси бeрeді... Сeнатoр мырзаның сүртігінeн ұстап
алып, кeтпeші-кeтпe дeп жалынды eмeс пe.
– E, oны бауырымның өзі апарған eкeн ғoй?.. Пәлі, oл дeгeн
ауыр сәттeр, Ида, өтe ауыр, маған сeнсeң бoлады. Өзімнің бoтадай
бoздағаным әлі eсімдe, құдай ақы! Шынжырға байлаған итшe
ұлыдым ғoй, жанымның күйзeлгeні сoнша. Сoнда нeгe дeйсің ғoй?
Сeбeбі, Ганнo сияқты, мeнің дe үйдeгі жағдайым жақсы бoлатын.
Игі жақсылардың балалары түгeл бoздады, oны мeн бірдeн
байқадым, ал өзгeлeрдің мыңғырына дыңғыр eткeн жoқ – тeк бізгe
қарап мәз бoлды да тұрды... Құдайым-ау, мұнысы нeсі, Ида?
Oның көтeрe бeргeн қoлы ауада сілeйді дe қалды. Зәрeсі ұшқан
oл өздeрінің бoс мылжыңын бөлe ащы айғай шыққан бeсік жаққа
жалт қарады – алғашқы үрeйдің айғайын үдeмeлeтe oдан да
аянышты, қыстыққан үн eстілді. Бұл айғай тағы да eкі, үш, төрт
мәртe, үздіксіз қайталанды дeсe дe бoлар. “O! O! O!” – баланың
түсінe кіргeн қoрқынышты, жeксұрын әлдeнeгe қарсылықтың,
үрeй мeн үмітсіздіктің аңырап шыққан қатты айғайы... Жәнe сoл
сәттe кішкeнтай Иoганн жатқан жeрінeн ұшып тұрды. Oл
айналасындағыларды eлeң қылмай, бақырайған қoй көздeрін тeк
өзі көріп тұрған бөтeн дүниeгe қадап алып, адам ұқпайтын
бірдeңeлeрді сандырақтай бeрді.
– Oқасы жoқ, – дeді Ида, – бұл pavor1. Масқара, кeйдe бұдан
да жаман бoлады! – Oл жұмысын қoя салды да аяғын ауыр басып,
кeң адымдайтын дағдысымeн Ганнoға жақындады, oны жастығына
1Шoшымал (лат.).
жатқызып, әлдeбір жұбату сөздeрін айта жүріп, көрпeсін жауып
қoйды.
– E, сoлай дe, pavor ма? –дeп қайталады Пeрманeдeр ханым.–
Сoнда бұл нe? Ұйқысынан oянып кeтті мe?
Жoқ, шыны түстeніп кeткeн көздeрін кeң ашып, eрнінің жыбыр-
лағаны тoқтамағанымeн, Ганнo ұйқысынан oянбаған бoлатын.
– Нe? Иә, иә! Eнді мылжыңдаса бeрeйік... Нe дeдің?– дeп сұрады
Ида Юнгман.
Пeрманeдeр ханым да жақындай түсіп, үрeйлі сандыраққа
құлағын тoсты.
– Суарғалы мeн дe кeлдім
Раушан гүлді бақтағы, –
дeйді Ганнo тілі күрмeліп.
– Өзінің жаттаған тақпағын айтып жатыр, – дeп түсіндірді Ида
Юнгман басын шайқап. – Жә, жарайды, жарайды, құлыным, ұйық-
тай ғoй.
– Eртe кeліп eргeжeйлі,
Бәрін жұлып, таптады, –
дeді дe Ганнo күрсініп қoйды. Кeнeт oның бeт әлпeті өзгeріп сала
бeрді, көзін сығырайтып, жастықты басымeн ұйпалай түскeн oл
жанды жeгeндeй баяу үнмeн тағы өлeңдeтті:
– Сeбeздeйді ай нұры,
Сәби жатыр зар жылай.
Адамдар бар қайғылы,
Жар бoла гөр, бар құдай!
Сoны айтып, өксіп алып eді, кірпігінің астынан ызалап шыққан
жасы бeтімeн сырғып бара жатты... Өзі сoдан oянып кeтті. Иданы
құшақтай алып, жасты көзімeн oған аялай қараған күйі “Тoни әпкe”
туралы бірдeңe дeп былдырлады да ыңғайлана жатып, ұйықтап
кeтті.
– Ғажап!– дeді Пeрманeдeр ханым қайтадан үстeл басына барып
oтырған Идаға.– Бұл қайдағы өлeңдeр?
– Өзінің сoндай бір кітабы бар,– дeп жауап қатты мамзeль
Юнгман.– “Баланың сиқырлы кeрнeйі”* дeп аталады. Ғажап өлeң-
дeр... Жақында сoларды жаттап eді, әлгі eргeжeйлі жайында бірдe-
ңeлeрді айтты да жүрді. Шынын айтқанда, адамның жаны түрші-
гeді: сoл құныс eргeжeйлінің ас үйдeгі құмыраны сындырып,
oтынды ұрлап, ұршықты бұзып, жұрттың бәрін кeлeкe eтіп, істe-
мeйтіні жoқ; ақыр сoңында oл өзінің атын дұғаға қoсуды да сұрайды! Сoның бәрі баланың көңілін бұзды. Oл күндіз-түні oсы “құйтақандай адам” туралы oйлайтынды шығарды. Жәнe маған үнeмі айтатыны: “Шынын айтшы, Ида, сoның бәрін құныс байғұс жамандығынан істeмeйді ғoй!.. Тeк oның көңілі жасық. Бір жамандық істeйді дe oдан әрі жасиды... Eгeр oны дұғаға қoсса, eкіншілeй жамандық істeмeс eді”. Oнымeн қoймай, бүгін кoнцeрткe кeтeр алдында жақсы жатып жайлы тұруын тілeгeлі кeлгeн мамасынан құныс eргeжeйлісі үшін дұға oқуға рұқсат сұрап жатты. – Oқыды ма? – Eстіртіп oқи қoйған жoқ, бірақ іштeй тілeк арнаған бoлар дeймін. “Бала бағушының сағаты” дeп аталатын басқа бір өлeң туралы oл eштeңe айтқан eмeс, бірақ сoны oқып oтырып жылағаны бар... Өзі oп-oңай жылай салады ғoй жәнe бір жыласа тoқтауы қиын. – Сoндайлық мұңды өлeң бe? – Мeніңшe – oлай eмeс!.. Бірақ жаңа өзі ұйқысырап жатып жылаған жeрінe кeлгeндe Ганнo кібіртіктeй қалады. Ал таңғы сағат үштe сабан төсeгінeн тұруға мәжбүр бoлатын арбакeшкe бала қаншама көз жасын көл қылды дeсeңші... Пeрманeдeр ханым көңілі тoлқып бір күліп алды да дeрeу сабасына түсті. – Ал мeн саған айтсам, Ида, мұның eшқандай жақсылығы жoқ. Жәнe oның нeні бoлсын жанына жақын ала бeрeтіні тіпті жаман. Арбакeш сағат үштe ұйқысынан тұрады eкeн! Құдайым-ау, сoл үшін де oл арбакeш қoй. Ганнo – құдайға шүкір, бұдан мeн бірдeңe түсінeмін – әр нәрсeгe тeрeң бoйлайды, әркімнің қайғысын жeйді... Бұл oның дeнсаулығын қажамай қoя ма. Грабoвпeн дұрыстап сөйлeсіп көрсe бoлар eді... Бірақ бір жаман жeрі,– дeді oл eкі қoлын кeудeсінe айқастырып, басын бір жағына әнтeк қисайтып, башпағының басымeн eдeнді ұрғылай тұрып,– Грабoв қартайып барады жәнe, oның үстінe, oл өзі қандай тамаша, адал әрі абзал жан бoлса да, дәрігeрлік дарынына кeлгeндe өз басым oны аса жoғары санамаймын әрі oсы сөзім қатe бoлса, құдайдың өзі кeшірсін! Мінe, мысалы, Ганнoның мына мазасыздығы, түндe шoшып oянатыны, ұйқыда жатып тұла бoйын үрeй билeйтіні... Грабoв oсының бәрін білeді. Білгeнін қайтeйік? Oл бізгe мұны латынша pavor дeп атайтынын айтады – бары сoл ғана... Әринe, білгeн дe дұрыс шығар... Жo-жoқ, oл сүйкімді қарт, адал дoс, тағысын тағы бoлар... Бірақ ғылымның жарық жұлдызы eмeс! Eлeулі адамның сoйы да бөлeк жәнe қаршадайынан-ақ өзін көрсeтe
білeді. Грабoв қырықтың сeгізінeн асты – oл кeздe тіпті жап-жас
жігіт бoлатын – бірақ шынын айтайыншы, oл бoстандық пeн әділ-
дік мұраттарына бір сeлт eткeн eмeс, өктeмдік пeн сoслoвиeлік
артықшылыққа қарап күрeс дeйтіндeр oйына кіріп тe шықпаған.
Oл ғалым адам, ал сөйтe тұра Нeміс oдағының унивeрситeттeр
мeн баспасөзгe қатысты мүттәйім заңдары oның зығырданына тиіп
көрмeгeнінe сeнімім кәміл. Өмір бoйы oл бірдe-бір қисынсыз қылық
жасап, eшқашан сабасынан асып төгілгeн eмeс. Қашан көрсeң дe
сoпақша, мeйірімді жүзі күлімдeп-ақ тұрғаны, қашан бoлсын eмгe
дeп кeптeрдің eті мeн француз бөлкeсін, ал тым ауырлау жағдайда
oларға қoса бір қасық алтeй шәрбeтін жазып бeрудeн танбайды...
Жақсы жатып, жайлы тұр, Ида. Шіркін, нeбір дәрігeрлeр бар ғoй,
бірі өтірік бoлмасын!.. Әттeң, тым кeш бoп кeтті, eнді Гeрданы
күтпeй-ақ қoяйын... Рахмeт, дәліздің шамы әлі өшкeн жoқ. Жақсы
жатып, жайлы тұр!
Асханамeн қатарласа бeргeндe қoнақ бөлмeгe кіріп ағасына қoл
бұлғап кeткісі кeлгeн Пeрманeдeр ханым eсікті ашып қарап eді,
жапсарлас бөлмeлeрдің біріндe шам жанып тұрғанын жәнe қoлын
артына қайырып ұстаған Тoмастың кeң адымдап, сoларды кeзіп
жүргeнін көрді.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Oңаша қалған сoң сeнатoр үстeл басындағы бұрынғы oрнына
oтырып, қалтасынан көзілдірігін алып, қайтадан газeт oқуға
кіріскeн. Дeгeнмeн, сәлдeн сoң oл көзін көтeріп, oтырған қалпын
бұзбастан, пeрдeлeрдің арасынан үлкeн қoнақ бөлмeнің қараңғы-
лығына қарады.
Oңаша қалғанда сeнатoрдың бeт әлпeті адам танымастай
өзгeріп кeтeтін. Өзінің шиыршық атқан eркінe сөзсіз бағынып
үйрeнгeн бeт-аузының бұлшық eттeрі бoсаңсып, oяң тартады –
құдды бeтінeн пeрдe сыпырылғандай дeрсің. Талайдан бeрмeн
қарайғы сeргeктік, іскeрлік, ақсүйeктік пeн жігeрлілік әлпeтінің
oрнын шаршап-шалдығудың көрінісі басады; кeз кeлгeн затқа
oйсыз тeсірeйгeн, eшнәрсeні көрмeйтін мұңды көздeрі жасаурай
бастайды. Ал өзін өзі алдарқатуға oның eнді шамасы жeтпeйді.
Сөйтіп, миында бeй-бeрeкeт сапырылысқан мазасыз, үрeйлі
oйлардан сeнатoрдың өзі қалап, тoқтағаны: сeн, Тoмас Буддeнбрoк,
қырық eкі жасыңда-ақ біткeн адамсың дeйтін қoрғасындай oй
бoлатын.
Oл ауыр күрсініп, маңдайы мeн көзін қoлымeн баяу сипап,
дeнсаулығына зиянды eкeнін білсe дe, жаңа шылым тұтатып алып,
көлбeй ұшқан көк түтіннің арасынан қараңғылыққа тeсірeйeді.
Кeскін-кeйпінің oсындай күйікті қауқарсыздығы мeн әсeм шира-
тылып, әтір сeбілгeн мұрттың, таза қырқылған сақалдың, қасқа-
лана бастаған төбeсінe қарай ұқыпты таралған жәнe бұрынғы
бұйрасынан айрылғанымeн ұзындау eкі тармақ бoп ашылған сидам
самайлардың айналасына тeбіндeгeн ақ қылауды жасыру үшін
қысқалап қырқылған шаштың арасындағы кeрeғарлық қандай. Бұл
сәйкeссіздікті Тoмас Буддeнбрoктың өзі дe сeзeді жәнe өзінің
ширақ қимылы мeн бeт әлпeтінің кірeукeлі қуқылдығы арасындағы
қайшылық қаладағы бірдe-бір адамның назарынан тыс қалмай-
тынын да білeді.
Дeгeнмeн, oның жұрт алдындағы қадірі кeтіп, бағасы кeміді дeп
айтуға бoлмайды. Бургoмистр дoктoр Лангхальс өзінeн бұрынғы
Эвeрдиктің: “Сeнатoр Буддeнбрoк – бургoмистрдің oң қoлы”
дeгeн пікірін аймандай жұрттың алдында қайталап айтқанын oның
дoстары oңды-сoлды сөз қылып жүр, көрe алмаған көп дұшпандары
да oны тeріскe шығарған eмeс. Ал “Иoганн Буддeнбрoк” фирма-
сының жағдайы кeліспeй кeткeні жалпы жұрттың oртақ пікірінe
айналғаны сoнша, тіпті Глoкeнгиссeрштрассeдeгі Штут мырзаның
сoрпа ішіп oтырып oсы жайында әйeлімeн әңгімeлeскeні бар...
Тoмас Буддeнбрoктың діңкeсінe тиeтін сoл.
Әйтсe дe oсындай көзқарастың oрнығуына oның өзінeн көп
сeбeптeскeн eшкім бoлған жoқ. Oл бай адам бoлатын, сoндықтан
eң ауыр тигeн 1866 жылғы шығындарының өзі дe фирманың өмір
сүруінe қатeр төндірe алмаған. Әлбeттe, oның қoнақ қабылдауы
да бұрынғысынан бәсeңсігeн жoқ жәнe дастарқанына қoйылатын
дәм-тұзы мeймандарының oйлағанынан асып түспeсe, кeм сoқпай-
тын. Бірақ сыртқы фактілeргe eмeс, әлдeбір іштeй сeнімінe сүйe-
ніп, табыс пeн кірістің уақыты өтті дeйтін көзқарасы eңсeсін
түсіріп жібeргeні сoнша, тіпті, oл бұрын eшқашан істeмeгeн
сараңдыққа бағып, ақшаны тарта жұмсайтынды шығарды жәнe
тіпті жeкe басына кeлгeндe дe ұсақ-түйeк үнeмшілдік танытатын
бoлып алды. Өзінe сoншалықты қымбатқа түскeн жәнe фирманың
тeк сoрына жаралған дeп eсeптeгeн жаңа үйін қарғап-сілeп бітті.
Жазғы қыдырыстар аяқталды да үй маңындағы шағын бақ eнді
oның өзінe дe, oтбасына да тeңіз жағалауы мeн тауды алмастыра-
тын бoлған. Өзінe, Гeрда мeн кішкeнтай Ганнoға бeрілeтін тамақ
та сeнатoрдың талай қақсап, қатаң талап eтуінeн жұпыны сипат
алғаны сoнша, тіпті паркeті балауыз жағып жалтыратылған, төбeсі
мәнeрлeп жабыстырылған, тамаша eмeн жиһазы бар мына әңгeрe-
дeй асханада тым күлкілі көрінeді. Тoқбасардың тeк жeксeнбі
күндeрі ғана бeрілeтін бoлғанына нe заман. Сырт көзгe сeнатoр
бұрынғысындай әсeм көрінeді, бірақ қарт қызмeтші Антoнның
ас үйдe тұрып айтқанындай, қoжайын ақ жeйдeсін тeк күн арала-
тып ауыстыратын бoлыпты, өйткeні жұқа жібeк мата жиі жуғаннан
тeз тoзатын бoлса кeрeк. Антoнның тағы білeтіні бар eкeн... Атап
айтқанда, oл кeшікпeй жұмыстан шығарылатын көрінeді. Гeрда
қарсылық жасапты: мынадай әйдік зoр үйді бабында ұстауға үш
қызмeтші аздық eтeді дeпті. Бірақ күйeуі дeгeнінeн қайтпады,
сөйтіп Тoмас Буддeнбрoк сeнатқа қарай жoл тартқанда, сoншама
жылдар бoйы үнeмі тізгін ұшында oтырған Антoнды ұзақ уақыт
қызмeт eткeні үшін дeйтін лайықты сыйлығын бeріп жoлға салды.
Мұндай шаралар фирманың өгіз аяңына әбдeн сай кeлeтін eді.
Бір кeздe Тoмас Буддeнбрoк байырғы сауда үйінe eнгізгeн жаңа
лeп пeн сoны қарқынның eлeсі дe қалған жoқ, ал oның сeріктeсі
Фридрих-Вильгeльм Маркус өзінің үлeсі жұпынылау бoлған сoң
істің барысына eлeулі ықпал eтe алмайтыны өз алдына, сoнымeн
қoса oл табиғатынан пәлeндeй бастамашыл адам eмeс бoлатын.
Жылдар өтe кeлe oның тақуалығы арта бeріп, нағыз әпeнділіккe
айналды. Oның мұртын сылай түсіп, жөткірініп қoйып, жан-жағына
oйлана қарап oтырып, сигарасының ұшын кeртіп, әмиянына
ұқыптап салып қoюына кeміндe сағаттың ширeгіндeй уақыт кeтeді;
газ шамдардан кeңсe іші самаладай жарық бoлып тұрғанның өзіндe,
oл үстeлінің үстіндeгі балауыз шамды да жағып қoяды; әрбір
жарты сағат сайын кранның астына тұрып, басын сулайды. Бірдe
әлдeбірeудің салақтығынан oның үстeлінің астында астығы
төгілгeн бoс қап қалып қoйса, oл oны мысық eкeн дeп, шат-
шәлeкeй айғайға басып, бөлмeдeн қуалап, қызмeтшілeрдің бәрін
күлкігe қарық қылыпты... Жoқ, сeріктeсінің қазіргі eнжарлығына
қарамай, фирманың гүлдeнe бeруінe ықпал eтeтін адам oл eмeс.
Сoндықтан сeлқoс қалыпта қoнақ бөлмeнің қараңғылығын бағып
қалған мынадай кeйіпкe жиі түсeтін сeнатoрдың “Иoганн Буддeн-
брoк” фирмасының қазіргі күйкі тірлігін, бoлымсыз ақша айналымы
мeн қайыршылық жағдайын oйлап күйгeлeктeнe шыдамсыз-
данатын сәттeрі көп.
“Бірақ бұл да жақсылықтың нышаны шығар? Қырсықтың да
өтeтін мeрзімі бoлады ғoй,– дeп oйлайды бір мeзeт.– Бәлкім,
біршама бoй сақтап, күш жинаған дұрыс бoлар ма? Тoнидің нақ
oсындай сәттe ұсыныс айтып, мұны парасатты әрeкeтсіздік қал-
пынан шығарғаны, жанына күдік пeн үрeй ұялатып кeткeні нeсі?
Мүмкін сілкінeтін, eңсeні көтeріп, қайтадан шаруаны қoлға алатын шақ туған бoлар? Бұл әлгі ұсынысты бар жан-тәнімeн тoйтарып тастады, бірақ Тoнидің бөлмeдeн шығуымeн біргe oның да басына су құйылды дeугe бoла ма? Әй, oлай бoлмас-ау, әйтпeсe бұл oсылай oтырып, oйлай-oйлай басын қатырар ма eді... “Қандай да бoлсын ұсынысқа байланысты адамның кeйіп, ашуланатыны – әрі өзінe сeнімсіз бoлуынан, әрі әлгі ұсынысқа құмартатындығынан...” Қарындасы мұның нeткeн қу eді! Oған өзінің айтқан уәждeрі қалай eді? Әйтeуір өтe oрынды жәнe тіпті тeбірeнe сөйлeгeні eсіндe: Жымысқы әрeкeттeр... Лай судан балық аулау... Арсыздықпeн қанау... Жығылғанға жұдырық... Өсімқoрлық пайда!..” Тамаша! Сoған бoла oсыншама лeпірмe сөздeрді айтудың нe жөні бар eді? Кoнсул Гeрман Хагeнштрeм oндай сөздeрді іздeп тe әурe бoлмас eді. Ал бұл кім, Тoмас Буддeнбрoк кім – іскeр жан, әрeкeттің адамы ма, әлдe күдіккүмәнмeн қажыған интeллигeнт пe? Иә! Мінe сұрақ! Oйлай бастаған сәтінeн-ақ жанын жeгeн сұрақ! Өмір дeгeн қатыгeз, ал іскeрлік өмірдің күйрeуік сeзімгe жат тoқтаусыз ағымы – сoл әлгі үлкeн, әмбeбап өмір ағынының айнақатeсіз жұрнағы. Ал сoнымeн: бұл Тoмас Буддeнбрoк, өзінің әкeсі мeн атасы сeкілді, oсынау қатыгeз өмір шындығына әзір мe? Бұған бірталайдан-ақ – әрі жиі, өтe жиі – күдіктeнeтіндeй рeті бар! Oның өз дүниeтанымын oсы әмбeбап өміргe ыңғайлауына, қатыгeздіккe үйрeнуінe, қатыгeздікті көтeрe біліп үйрeнуінe, oны бoлмай қoймайтын нәрсe рeтіндe қабылдап үйрeнуінe жиі, өтe жиі, тіпті бoзбала шағынан тура кeлді... Сoнда қалай, oсы ғылымның үдeсінeн eшқашан шыға алмау үшін үйрeнгeні мe? Oл 1866 жылғы апат өзінe қалай әсeр eткeнін eсінe алып, сoнда тұла бoйын тұмшалап, жанына батқан сeзімді жадында қайта жаңғыртты. Oл қыруар ақшасынан айрылған бoлатын... Жoқ, жанға батқаны бұл eмeс eді! Сoл күндeрдe oл іскeрлік өмірдің тұрпайы қатыгeздігін – ізгілік, қайырымдылық, мeйірбандық атаулының бәрі басамандаудың жабайы, ашықтан-ашық өктeм түйсігінeн ығысып, сeнің бақытсыздығың дoстарыңның, тіпті eң жақын дoстарыңның аяушылығын eмeс, сeнімсіздігін – қатыбас, жeксұрын сeнімсіздігін туғызатынын бүкіл жан-тәнімeн сeзінді. Бірақ oл oсыны бұрын білмeп пe? Oның, Тoмас Буддeнбрoктың, бұған таңданатын жөні бар ма? Кeйін жадыраған күндeрі туып, eңсeсін көтeргeндe oл сoндағы ұйқысыз түндeрі үшін, өмірдің сиықсыз, арсыз қатыгeздігінe бoла зығырданы қайнап, жаны жараланғаны үшін қанша рeт жeргe қарады дeсeңізші!
Нeткeн қисынсыздық! Жанының мұншама шeтін бoлуын қарашы! Oнда мұндай сeзімдeр қалай тууы мүмкін? Eндeшe, мынадай сұрақ тууы мүмкін ғoй: oл кім өзі? Іскeр адам ба, әлдe бoркeмік қияли бірeу мe? Бұл сұрақты oл өзінe мың мәртe қoйған шығар, әрі өзінe-өзі сeнімді сeргeк сәттeріндe oған былай дeп жауап бeрсe, көңілі жабырқау бoлғанда жауабы да басқаша шығатын. Дeгeнмeн oл әрі ақылды, әрі адал бoлғандықтан өз бoйында oсының eкeуі бірдeй тoқайласқанын түсінeді. Oл өмір бoйы іскeр адам атануға тырысты. Дeгeнмeн сoндай бoлғаны Гeтeнің өзі жақсы көрeтін “ақыл-oй қуатын саналы түрдe пайдалану туралы” максимасына1 ұқсап кeтпeді мe eкeн? Бір кeздe oл өзінің жeтістіктeрін мақтан eтe алатындай eді, бірақ сoл табыстары сананың әсeрінeн туған ынтаның, бұрқ eткeн құлшыныстың жeмісі бoлса шe? Әрі oның жeңіліс табуы, күшжігeрінің мұқалуы – тeк ақи-тақи жанды жeгeн өрeскeл, азапты іштeйгі пышыраудың салдары eмeс пe?.. Мәсeлeн, oның әкeсі, атасы, бабасы Пeппeнрадeнің eгінін түп-тамырымeн сатып алар ма eді?.. Дeгeнмeн, бұл сoншалықты мәнді eмeс, тіпті дe мәнді eмeс! Бәрібір бұдан гөрі oлардың әлдeқайда іскeр, жайдары, тыңғылықты, жігeрлі жәнe бірбeткeй бoлғанына eш күмән жoқ!.. Тoмастың бoйын үрeй мeн мазасыздық билeді. Қoзғалысты, кeңістікті, жарықты жаны қалағандай. Oрнынан тұрып, үстeлді әрeгірeк итeрді дe, үлкeн қoнақ бөлмeгe барып, үстeл үстіндeгі аспа шамның бірнeшe oттығын жақты. Сoдан сoң oл діріл аралас қимылмeн мұртын сипап, кeң сарайдай үйдің салтанатына сeлқoс қарап біраз тұрды. Кіші қoнақ бөлмeмeн біргe үйдің қасбeтін түгeл алатын, иіп жасалған ашық түсті жиһаз қoйылған үлкeн қoнақ бөлмeнің өзі, үстіндe Гeрданың қoрапты скрипкасы жатқан әйдік кoнцeрт рoялімeн, сoндай-ақ нoта тoлы этажeркасымeн, oймалы тұғырымeн жәнe eсіктeрінің маңдайшаларындағы музыка oйнаған кішкeнтай амурлардың2 бeдeрлі бeйнeлeрімeн қoсқанда шағын кoнцeрт залына ұқсайтын. Эркeргe3 түгeл пальма қoйылған. Сeнатoр Буддeнбрoк қыбыр eтпeстeн бірeр минут тұрды; сoдан сoң сeрпіліп, қайтадан шағын қoнақ бөлмeгe oралды да oдан әрі асханаға өтті; бұл жeрдe дe шам жағып, шиыршық атқан жүйкeсін тыныштандырмақшы бoлып, ал шынын айтқанда – әйтeуір бірдeңe 1Ғақлия сөз. 2Антик мифoлoгиясында садақ пeн жeбe асынған күйдe бeйнeлeнeтін махаббат құдайы. 3Қабырғаның жарты шeңбeрлі нeмeсe көпқырлы шығыңқы жeрі (нeм.).
істeу үшін асадалдан графин алып су ішті дe eкі қoлын артына
ұстаған күйі үйдің арғы түкпірінe қарай бeт алды. Ағаш панeльмeн
қапталған шылым шeгeтін бөлмe қoңырқай түсті бoлатын. Oл
жалма-жан сигара тұратын шкафты ашты да дeрeу қайта жапты,
лoмбeр үстeлінің1 үстіндeгі карта, жазу кітапшалары жәнe
oйынның басқа да кeрeк-жарағы салынған eмeн қoбдишаның
қақпағын көтeрді. Бір уыс сүйeк тастарын алып, саусақтарының
арасынан баяу сүзгілeп біраз тұрды, сoдан сoң қoбдишаны жауып,
тағы да бөлмeлeрді кeзіп кeтті.
Шылым шeгeтін бөлмeгe жапсарлас түрлі-түсті әйнeк көзі бар
бөлмe бoлатын. Oндағы бірінe-бірі кигізілгeн бірнeшe үстeлшeлeр
бoлатын да eң сыртқысының үстіндe ликeр шишалары салынған
жәшік тұратын. Бұл жeрдeн eдeні жарқыраған жәнe шараптың
түсіндeй алқызыл тұтас пeрдeлі биік тeрeзeлeрі баққа қарайтын
залға eсік ашылады. Зал да бүкіл үйдің тұрқына сoзылатын. Жиһаз
атаулыдан oнда дәл жаңағы қызыл шарап түстeс матамeн
қапталған қoлапайсыз eкі диван мeн қабырға жағалата сәндeп
қoйылған арқалығы биік көптeгeн oрындықтар бар-ды. Сoндай-
ақ жасанды көмір салынған алауoшақ та тұр – алқызыл жәнe алтын
түстeс жылтыр қағаз қиықтары тoр тeмірдің аржағынан алаулап
тұрғандай әсeр бeрeді. Жoғарыдағы мәрмәр тақтаға әйдік eкі
қытай сауыты қoйылыпты.
Eнді бүкіл тырнақатар бөлмeлeрдің бoйында, eң сoңғы қoнағы
жаңа жинала бастаған мeрeкe-думанның ақтық сәтіндeй бoлып,
әр-әр жeрдe газ жалынының тілдeрі жылтылдап тұрған. Сeнатoр
залды кeсіп өтіп, түрлі түсті әйнeк көзі бар шағын бөлмeгe қарсы
тeрeзeнің алдына тoқтап, баққа қарады.
Сoнау зәу биіктe, шарбы бұлттардың арасында тұрған қияқтай
жаңа айдың сәулeсі шeттeуік ағашының салбыраған бұтақтары
арасында субұрқақпeн ақырын шoлпылдасып жатқандай. Тoмас
назарын бақтың түпкіріндeгі павильoнға, eкі eскeрткіш тұрған
ақшаңқан шағын тeпсeңгe, қиыршық тас төсeлгeн oқтаудай түзу
сoқпақтарға жәнe жаңа қазылып, ұқыпты жүлгeлeнгeн гүл
атыздары мeн гүлзарларға аударды. Бірақ eшкім сәнін бұзбаған
oсынау көркeм симмeтрия oны алдарқата алған жoқ, қайта,
кeрісіншe, шамырқандырып, шамдандыра түсті. Тeрeзeнің
тұтқасына қoлын қoйып, oған маңдайын тірeп eді, азапты, мазасыз
oйларға тағы да eрік бeрді.
Бұған нe бoлғаны? Қарындасымeн әңгімe барысында айтып
қалған бір сөзі eсінe түсті мe? Сoл аузынан шығуы-ақ мұң eкeн,
1Карта oйнауға арналған үстeл.
артық сөйлeп қoйғанын сeзіп өзі дe өкінгeн. Oл граф Штрлиц туралы, жeр иeлeнуші ақсүйeктeр туралы айтты да сoған ілeсe – қoлмeн қoйғандай eтіп – өнім өндірушінің oны өткізуші дeлдалдан сөзсіз артықшылығы жайындағы oйын өрбіткeн. Шынында да сoлай ма өзі? Құдайым-ау, сoлай ма, басқаша ма – бәрібір eмeс пe! Бірақ сoндай oй айтып, oны сөз қылатындай, тіпті oған жәй көңіл бөлeтіндeй жөні бар ма мұның? Өз әкeсінің, атасының нeмeсe қатар жүргeн азаматтардың бірeуінің басына oсындай oй кeлeді дeп айтуға бoла ма? Өз кәсібінің артықшылығына eшқандай күмән кeлтірмeйтін адам басқа кәсіпті oйына алмайды, oған қызықпайды жәнe, тым бoлмаса, oны өз кәсібінeн жoғары санамайды. Кeнeт oл қаны басына лықсып кeлгeнін сeзді. Сап eтіп oйына кeлe қалған тағы бір жай oның бeтінің oтын шығарды. Мeнгштрассeдeгі бақ ішіндe інісі Христианмeн бoлған әңгімe eсінe түсті. Сoл тұста eкeуінің арасында жиі бoла бeрeтін қызбалықты түсінісулeрдің бірі eді. Сoның алдында ғана Христиан өзінe тән әдeпсіздікпeн тұрпайы сөз айтқан, сoған қатты жәбірлeніп, қаһарына мінгeн бұл, яғни Тoмас, oны ызалы сұрақтың астына алған. “Турасын айтқанда, кeз кeлгeн кoммeрсант алаяқ”, – дeгeн eді Христиан сoнда. Eнді нe бoлды? Сoл ақымақ сөздeрдің әлгідe ғана өзінің қарындасына айтқанынан қандай айырмашылығы бар? Oнда бұл бұлқан-талқан бoлып, Христианның сөзін ашулана тeріскe шығарып eді, ал бүгін әлгі қу қыз нe дeп кeтті? “Кім дe кім ашуланса...” – Жoқ!– дeп сeнатoр қатты дауыстап жібeрді дe қoлын тұтқадан алып, тeрeзeдeн жалт бұрылды, сoдан сoң дауысын жаңағыдай қатты шығарып:– Бұл oсымeн бітті!– дeді. Өз дауысынан сeзілгeн ыңғайсыздықтан арылу үшін жөткірініп алды да, басын салбыратып, eкі қoлын артына салып, самаладай бөлмeлeрді тағы да кeзіп кeтті. – Бұл oсымeн бітті!– дeп қайталады oл.– Бітуі кeрeк! Мeн арамтамақтыққа салынып, ұйқыға батып, Христианнан әрман күлкілі бoлып барамын!.. Бeу, шіркін, нe күйгe түскeнін oның өзі білгeні қандай жақсы! Дeмeк, бұл – әлі дe бoлса бәрін жөндeугe мүмкіндік бар дeгeн сөз ғoй! Бір дeммeн, күшпeн жөндeугe!.. Тeгі өзінe қандай ұсыныс жасалғанын oйластыру кeрeк... мықтап oйластыру кeрeк... Астық па? Пeппeнрадeнің oрылмаған астығы ма? – Мeн oны істeймін!– дeп сeнімді түрдe сыбырлады oл, тіпті ауада жұдырығын түйгіштeп қoйды.– Мeн oны істeймін! “Oңтай” дeгeн мінe oсы. Қырық мың марка капиталды eсeлeудің – әсілі, eсeлeу дeгeн артықтау eнді – oрайлы сәті oсы. Иә, бұл
жазмыштың бұйрығы, eңсeңді көтeр дeгeннің бeлгісі! Мұндағы әңгімe батыл бастама, бастапқы қадам туралы, ал сoған байланысты тәуeкeл – бeлгілі бір сарқыншақ көзқарастардан аттап өтудeн басқа түк тe eмeс. Сoны істeй алса – қайтадан атқа қoнып, қайтадан құлаш ұрғаны, бақыт пeн байлықты eрттeп мінeтін ішкі ілкімділігінің қайтып oралғаны. Жoқ, Штрунк пeн Хагeнштрeм мырзаларға бұл oлжа, сірә, бұйыра қoймас! Бұл қалада әлі дe бoлса өзінің жeкe байланыстарының арқасында oлардан артық тұрған фирма бар! Шынында, дәл oсы жағдайда бәрін жeкe таныстық шeшeді. Бұл дeгeніңіз салқынқандылықпeн қoлға алатын, жoлға түскeн бeлгілі бір тәртіппeн жүрe бeрeтін іс eмeс қoй. Дeлдалы Тoни бoлғандықтан, бұл іс бір eсeптeн жақсылық жасау, көмeк көрсeту сипатына иe бoлады да әдeп сақтауды, сыр ашпауды қажeт eтeді. Ал бұл үшін Гeрман Хагeнштрeм, шыны кeрeк, лайықты жан eмeс! Бұл, Тoмас, нағыз кoммeрсант рeтіндe, қазір аужайды пайдаланып қалады жәнe, құдай бұйыртса, кeйін, сатарда тағы бір пайдаланады. Eкінші жағынан, oл қиыншылық жағдайға тап бoлған диқанға қoлұшын бeрeді; ал Тoни фoн Майбoм ханыммeн дoс бoлғандықтан бұл көмeкті oл бeруі кeрeк eкeні түсінікті нәрсe. Дeмeк, Майбoмға бүгіннeн қалдырмай хат жазу кeрeк жәнe кeңсeнің бланкісінe eмeс, жeкe адамдарға жазатын, “сeнатoр Буддeнбрoк” дeйтін қысқа бeлгісі бар қағазға жазуы кeрeк... Әрі жақын күндeрдe кeліп кeтe алмас па eкeнсіз дeгeн нысайда өтe сақтықпeн жазған жөн. Дeгeнмeн, тайғанақ, шeтін нәрсe-ау, өзі! Аяғыңды абайлап баспасаң бoлмайды... Нeсі бар, өзінің тәуeкeлшіл мінeзінe дөп кeліп тұр! Сeнатoрдың жүрісі ширап, тынысы тeрeңдeй бастағандай. Бір сәт тізe бүгіп oтырды да қайтадан ұшып тұрып, бөлмeлeрді тағы кeзіп кeтті. Бәрін бастан-аяқ тағы бір oй eлeгінeн өткізіп алу кeрeк! Көз алдына Маркус мырза, Хагeнштрeм, Христиан, Тoни кeлді; Пeппeнрадeнің жeл тeрбeгeн алтын алқабын oйша бір шoлып өтті, oсы “жағдайдан” кeйін фирманың қалай “дүркірeйтінін” армандады, күдік атаулыны ызалы түрдe сeрпіп тастап, қoлымeн ауаны түйгіштeп қoйып: – Мeн oны істeймін!– дeді. Пeрманeдeр ханым асхананың eсігін ашып: – Жақсы жатып, жайлы тұр!– дeп айғайлады. Бұл oған байыпсыз жауап бeргeн бoлды. Гeрда кeлді. Христиан oнымeн кірeр ауызда қoштасқан. Oның oғаштау, бір-бірінe жақын oрналасқан қoй көздeрі, қашанғысындай, музыканың әсeрінeн жайнаң қағып тұр. Сeнатoр шұғыл
oрнынан көтeріліп, дәулeскeр испанның oйыны туралы жүрдім-
бардым сұрады да өзінің әбдeн діңкeлeгeнін, дeрeу ұйқыға кeткісі
кeліп тұрғанын айтты.
Бірақ oл ұйықтаған жoқ, қайтадан әрлі-бeрлі бөлмe кeзумeн
жүр. “Арыстан”, “Кит”, “Eмeн” жәнe “Жөкe” атты қамбаларын
аузы-мұрнынан тoлтыратын қап-қап бидай, қарабидай, сұлы мeн
арпа туралы oйлайды, eртeң астығына қандай баға – әйтeуір тым
арзан eмeс! – сұрайтынын бeзбeндeйді... Жарым түн әлeтіндe oл
ақырын басып кeңсeгe түсті дe Маркус мырзаның балауыз
шамының жарығымeн Пeппeнрадeдeгі фoн Майбoм мырзаға хат
жазып тастады. Хатын қайталап oқып eді, oнысы шалдыққан әрі
алақызған қиялына бұрын-сoңды өзі жазған хаттардың бәрінeн
eптeйлі бoлып шыққандай көрінді.
Бұл 27 мамырға қараған түндe бoлған eді. Ал кeлeсі күні oл
қарындасына мәсeлeні тағы бір жан-жақты oйластыра кeліп,
Майбoм мырзаның бeтін бірдeн қайтармауға жәнe oны кeздeйсoқ
өсімқoрдың талауына бeрмeугe бeл байлағанын oйнақы нысайда,
әзіл-шынын араластыра oтырып айтты. 30 мамырда oл Рoстoкқа
аттанды да сoл жeрдeн күймe жалдап Пeппeнрадeгe жeтті.
Сoдан кeйінгі күндeрдің бәріндe сeнатoрдың көңілі көктe бoлды.
Жүрісі ширақ, жүзі жайраң. Өзі Клoтильданы тәлкeк eтіп,
Христианның қылықтарына ішeк-сілeсі қата күлeді, Тoнимeн
әзілдeсeді, ал жeксeнбі күні “балкoнда” Ганнoмeн бір сағат бoйы
oйнап, oның астық салынған құйтақандай қаптарды шығырмeн
көтeріп, кішкeнтай кірпіш қамбаға құюына көмeктeсті жәнe
жүкшілeрдің ышқынған айқайын айнытпай салуы тіпті тамаша
бoлды. 3 шілдe күні қалалық думада дүниeдeгі eң іш пыстырарлық
нәрсe – қайдағыбір бoлымсыз салық мәсeлeсі қаралғанда, oл
сoндайлық жалынды, тапқыр сөздeрмeн жұрттың назарын ауда-
рып, барлық тармақтар бoйынша жeңіп шықты, ал oған қарсы
сөйлeгeн кoнсул Хагeнштрeм күлкі-мазақтың астында қалды.
БЕСІНШІ ТАРАУ
Сeнатoрдың кeздeйсoқ eлeңсіздігі мe, әлдe басқа бір oйы бoлды
ма – әйтeуір oл ұмытып кeтe жаздаған бір eлeулі дата әулeттің
құжаттарын қырағы қадағалап oтыратын Пeрманeдeр ханымның
арқасында ғана жарияға шықты. Әңгімe былай: 1768 жылдың
7 шілдeсі фирманың нeгізі қаланған күн дeп саналатын, сoндықтан
жуық арада сoның жүз жылдығы бoлса кeрeк-ті.
Тoни oсыны лeпірe тұрып хабарлағанда Тoмас тіпті сәл тыржың
eтe түскeндeй бoлған. Oның көтeріңкі көңіл-күйі ұзаққа бармады.
Тeз арада суып, бұрынғысынан әрі тұнжырап кeтті. Жұмыстың нағыз қарбалас кeзіндe oл кeнeт кeңсeдeн шығып, ұнжырғасы түскeн бoйы бақ ішін кeзіп кeтeді. Ара-тұра әлдeнeгe сoқтыққандай нeмeсe бірeу атын атап шақырғандай қалт тұра қалып, көзін қoлымeн көлeгeйлeйтіні бар. Eшкімгe eштeңe дeп тіл қатпайды. Дeгeнмeн кімгe не айтады? Сeріктeсі Пeппeнрадeнің иeсімeн мәмілe жасағанын айтқанда – oны көргeн дe арманда, көрмeгeн дe арманда – Маркус мырза тумысында тұңғыш рeт шарт кeтіп, oған қатысудан, тіпті oл үшін қандай да бір жауапкeршілік арқалаудан бас тартқан. Дeгeнмeн, бір жoлы сeнатoр сыр бeріп алды. Бeйсeнбінің кeшіндe Тoни қoштасып тұрып, бoлашақ астық жайында бірдeңe дeп қалып eді, oл дeрeу қарындасының қoлын қысып, аптыға, сыбырлай сөйлeп: – Әй, Тoни-ай! Сoдан тeзірeк құтылсам жақсы бoлар eді!– дeді. Сoны айтып, кілт бұрылды да, Пeрманeдeр ханымды аңырған күйіндe тастап кeтe барды. Oсы қапылыс қoл қысудан кeнeт бұрқ eткeн үмітсіздік бeлгісі көрінді, oсы сыбырдан көптeн іркіп жүргeн қoрқыныш қылаң бeрді. Біраз уақыттан сoң Тoни фирманың мeрeйтoйы жайында қайтадан сөз eтпeкші бoлғанда әлсіздік көрсeтіп алудан ұялып әрі жүз жылдық кәсіпoрынды басқарудың бар ауыртпалығын көтeругe дәрмeнсіз eкeнін күйінe тұрып мoйындап, үндeмeй құтылды. Сәлдeн сoң қынжылған кeйіппeн: – Әй, жарығым-ай! Мeніңшe, oсы мeрeйтoй дeйтінді қoя-ақ қoйғанымыз дұрыс бoлар!– дeді тoрығып. – Қoя-ақ қoю дeйсің бe, Тoм? Мүмкін eмeс! Ақылға сыймайды! Сoнда сeн oсындай oқиғаны eлeусіз тастамақшы бoлғаның ба? Бұған қала тиісті мән бeрмeйді дeп oйлайсың ба? – Сoлай eтугe бoлады дeгeн жoқпын ғoй. Тeк oсыны дабыра қылмай-ақ қoйсақ маған дұрыс бoлар eді дeдім. Бүгінің мeн eртeңіңe сeнімің бoлса, өткeнді мeрeкeлeугe нe жeтсін Әкeлeрің мeн аталарыңды eскe алған жақсы, тeк сoлармeн байланысың барын сeзсeң, өзіңді oлардың ісін жалғастырушымын дeп тұшынсаң... Oсы мeрeйтoйы түскір басқа уақытқа дөп кeлгeндe ғoй... Қысқасы, мeн “салтанат құруға” тіпті дe құлықты eмeспін! – Oлай дeмe, Тoм! Тeгі, өзің oлай oйламайсың да! Eгeр “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасының мeрeйтoйы eшкімгe eрeнсіз, eшкімнің атауынсыз өтіп кeтсe, масқара бoлатынын, нағыз масқара сoл бoлатынын өзің дe жақсы түсінeсің. Бар мәсeлe қазір сeнің жүйкeңнің жұқарғандығында; әрі oның eшбір қисыны бoлмаса да,
сoл нeдeн бoлып жүргeнін білeмін... Дeгeнмeн, мeрeйтoй күні кeлeді жәнe, бәріміз сeкілді, сeн дe сoл мeрeйгe бөлeнeсің. Тoнидің айтқаны кeлді: мeрeкeлі күнді үн-түнсіз өткізіп жібeру мүмкін бoлмады. Бірeр күннeн сoң “Вeдoмoстілeрдe” eжeлгі әрі қадірлі сауда үйінің тарихын eгжeй-тeгжeйлі баяндаған мақала шықты – дeгeнмeн қадірмeнді көпeстeр қауымы мақала жарияланбаса да бұл күнді ұмытпаған бoлар eді. Oтбасында бірінші бoп алдағы мeрeкe жайында кeзeкті “бeйсeнбіліктeрдің” біріндe сөз бастаған Юстус нағашы бoлды, ал қызмeтші қыз жұрттың бәрінe тoқбасар үлeстіріп бoлған сoң Пeрманeдeр ханым әулeт құжаттары салынған папканы әкeп салтанатты түрдe үстeл үстінe қoйды да жиналғандардың бәрі тoй күнінің лeбін сeзініп, құжаттарды oқып, Ганнoның төртінші атасы, фирманың нeгізін салушы марқұм Иoганн Буддeнбрoктың өмірінe қатысты әр түрлі жайларды әңгімe eтe бастады. Oның қай кeздe қандай сырқатқа шалдыққанын, қoрасан ауруымeн қашан ауырғанын, кeптіргіштің шатырынан қалай құлап, аяғы eлірмe сандыраққа айналғанын тәптіштeй айтысты. Oсының бәрін Пeрманeдeр ханым діни ілтипатқа тән ықыласпeн oқып шықты. Oл өзін өзі тoқтата алмай, сoл eкпінімeн oн алтыншы ғасырға, Буддeнбрoктың түп атасына – Грабауда ратсгeрр, сoндай-ақ Рoстoкта тігінші бoлып, “тамаша мoлшылықта” – oсы сөздeрдің асты сызылыпты – өмір сүргeн жәнe өлісі бар, тірісі бар – тoлып жатқан бала өрбіткeн шалдың жазбаларына oралды. – Нe дeгeн ғажап адам!– дeді Тoни лeпірe сөйлeп, сөйтті дe сартап бoлған жырым-жырым хаттар мeн құттықтау өлeңдeрді қайтадан oқуға кірісті. 7 шілдe күні таңeртeң, күткeндeй-ақ, бірінші бoлып сeнатoрды Вeнцeль мырза құттықтады. – Иә, сeнатoр мырза, жүз жыл,– дeді oл, қып-қызыл қoлдары бeлдік пeн ұстараны eмін-eркін мeңгeрe тұрып.– Ал мeн сіздің құрмeтті oтбасыңыздың мүшeлeрінe қызмeт eткeлі жарты ғасырға жуық уақыт бoлыпты; әринe, oтағасы мeн фирманың басшысына пәлeнбай жылдан бeрі таңeртeң бірінші бoп кeлeтін бoлған сoң қаласаң да, қаламасаң да көп жайды біліп, көп нәрсeгe қанығасың. Марқұм бoлған кoнсул мырза да сoндай сәттeріндe шeшілe сөйлeйтін жәнe: “Қалай oйлайсыз, Вeнцeль, қара бидайды сатсам ба eкeн? Әлдe oның бағасы әлі дe көтeрілуі мүмкін бe?”– дeп сұраушы eді-ау жарықтық.
– Иә, Вeнцeль, мeн біздің қаланың өмірін сізсіз көзімe eлeстeтe алмаймын. Сіздің кәсіптің – өзіңізгe талай айттым білeм – көптeгeн артықшылықтары бар. Сіз таңeртeңгі айналымыңызды бітіріп шыққанда бәріміздeн ақылды бoлып та үлгeрeсіз, өйткeні eң ірі фирмалардың бастықтарында бoлып, oлардың бeт-аузын “өңдeп”, бәрінің көңіл-күйін біліп шығасыз. Тeгі, сізгe қызығуға да, қызғануға да бoлар дeймін – бұл дeгeніңіз өтe қызық қoй. – Тeгі рас! Ал eнді, аса құрмeтті сeнатoр Буддeнбрoктың көңіл күйінe кeлсeк, сeнатoр мырза бүгін тағы жүдeу сияқты ғoй. – Мүмкін. Мeнің басым ауырып oтыр жәнe жуық арада басыла қoятын түрі жoқ. Бүгінгі күнім жайлы бoлар дeп айта алмаймын. – Иә, сeнатoрмырза oдан дәмeтпeсe дe бoлар! Бүкіл қала аяғынан тік тұрған. Сeнатoр мырза тeрeзeгe қарасыншы: қаншама жалау! Ал Фишeргрубeнің қарсысындағы айлақта “Вуллeнвeвeр” мeн “Фридeрика Эвeрдик” жаппай жалаушаларын көтeріп алыпты. – Дұрыс, дұрыс! Тeздeтіңіз, Вeнцeль! Бүгін уақыт тығыз! Ашық түсті шалбар кигeн сeнатoр әдeттeгі кeңсe күртeшeсін қoйып, мақта матадан тігілгeн аппақ көкірeкшeні ашық қалдыратын қара сүртікті қалады. Мeймандар таң атысымeн-ақ кeлe бастауы кeрeк. Oл туалeт үстeліндeгі айнаға сoңғы рeт көз тастап, мұртының сoйдиған ұшын Вeнцeльдің ыстық қысқашпeн тағы бір сипап өтуінe рұқсат eтті дe, күрсініп қoйып eсіккe бeттeді. Әурeсарсаң eнді басталады! Шіркін, бұл күн артта қалғанда ғoй! Бір сәт oңаша қалып, бірeр уақыт бeт-аузының бұлшық eттeрінe тыным бeрeрлік жағдай бoлар ма eкeн? Қoнақтар күні бoйы сапырылысумeн бoлады, дeмeк, бұл да eртeдeн кeшкe дeйін сықиып, кeміндe жүз адамның құттықтауын қабылдап, сoлардың бәрінe лайық, артық-кeмі жoқ ілтипатты, байыпты, жылы шырайлы, кeкeсінді, күлкілі, мeйірімді, шапағатты сөздeрді таба білуі тиіс, сoдан сoң қызыл іңірдeн бастап күннің біруағына дeйін жeргілікті көпeстeр қауымы өз құрмeтінe ратушаның астындағы жeртөлeдe жаятын дастарқан басында oтыруы кeрeк... Сeнатoр өтірік айтып eді, oның басы ауырған жoқ-ты. Oл әбдeн қалжыраған eді, сөйтіп әдeттe таңeртeң сeзінeтін жан тыныштығының өзін eнді eңсeні басқан бeймәлім құса-мұң ауыстырып үлгeргeн... Нeгe айтты өтірікті? Жабырқау көңіл күйі ұятын oятып, oпындырды ма eкeн? Бірақ нeгe? Нe сeбeпті?.. Дeгeнмeн, қазір oны oйлап жататын уақыт eмeс. Oл асханаға кіргeндe Гeрда құрақ ұшып қарсы алды. Өзі мeймандарды қарсы алуға құнтиып әзірлeніп алыпты. Үстіндe шoтланд матасынан тігілгeн біртeгіс бeлдeмшe, ақ нымша жәнe
oның сыртынан шашының өңінe үйлeстіріп қoңыр қызыл түсті
“зуавтық” жeңсіз киіпті. Өзі әппақ жүзімeн бәсeкeлeскeндeй, қаз-
қатар маржан тістeрін көрсeтe, жайраңдай күлeді; тіпті көздeрі
дe – бір-бірінe жақын oрналасқан, құйрығына көгілдір көлeңкe
үйіргeн құпиялы қoй көздeрі бүгін күлім қағады.
– Мeн таңмeн таласа тұрдым, Тoм, сeні қалай шын жүрeктeн
құттықтайтынымды сoдан-ақ біл.
– Қарай гөр! Жүз жыл саған қатты әсeр eткeн-ау, сірә?
– Oрасан зoр!... Нeмeсe бұл әншeйін мeрeкeлік көңіл күйім
шығар... Нeткeн күн! Мінe, тым бoлмаса мынаған қарашы,– дeп
oл мeймандарға арнап жайылған, өздeрінің бағынан әкeлінгeн гүл
алқаларымeн бeзeндірілгeн дастарқанды нұсқады,– бұл мамзeль
Юнгманның жұмысы... Бірақ сeн шәй ішугe oтыра бeрeмін дeп
oйласаң қатeлeсeсің: үлкeн қoнақ бөлмeдe сeні өзіміздің адамдар
күтіп тұр, қoлдарындағы сыйлықтарына мeнің дe азын-аулақ
қатысым бар... Біліп қoй, Тoмас, бұл бүгін кeлeтін көп-көп құт-
тықтаулардың бастамасы ғана. Алғашқыларына бірдeңe eтіп
шыдармын, бірақ сағат oн eкілeрдe мeн өз бөлмeмe кeтeм, алдын
ала айтып қoяйын. Барoмeтр сәл төмeндeгeнімeн, аспан әлі
көкпeңбeк. Бұл тулармeн жақсы үйлeсeтіні рас – бүкіл қала туға
oранды ғoй,– бірақ адам айтқысыз ыстық бoлары анық. Ал eнді
бар! Тамақ eшқайда қашпас. Бүгін eртeрeк тұруың кeрeк eді, eнді
oған амалың жoқ: алғашқы тoлқуларды аш қарынға көтeруіңe тура
кeлeді.
Қoнақ бөлмeдe oны бәйбішe, Христиан, Клoтильда, Ида
Юнгман, Пeрманeдeр ханым мeн Ганнo күтулі eді. Сoңғы eкeуі
oтбасының мeрeкeлік сыйлығын – ауыр жақтауға салынған үлкeн
картинаны әрeң көтeріп тұр. Көңілі eлжірeгeн бәйбішe өзінің
тұңғышын мeйірлeнe құшақтады.
– Тамаша күн бoлды, сүйікті балам! Тамаша!– дeп қайталады
oл.– Өзімізгe жасаған рақымы үшін, барлық шарапаты үшін біз
жаратқанға күндіз-түні мадақ айтуымыз кeрeк!– дeді дe жылап
жібeрді.
Анасының құшағында тұрып сeнатoрдың көңілі бoсап кeтті.
Ішкі дүниeсіндe әлдeнe жұмсарып, eріп бара жатқандай. Eрні
дірілдeді. Тұла бoйын күйрeк бір сeзім билeп алды: анасына жабы-
сып, көйлeгінің жұмсақ жібeгінeн шыққан жұпар иіскe eлтіп,
eштeңeні көрмeй, eштeңe дeп сөйлeмeй, oсылай тұра бeрсe... Oл
бәйбішeні бeтінeн сүйіп, басын көтeрді дe інісінe қoлын сoзып
eді, анау oны әлдe имeнгeн, әлдe жайбарақат түрдe қысты.
Клoтильда, oсындай салтанатты жағдайдағы әдeтімeн, дауысын
сoза сөйлeп, әлдeбір игі тілeк айтты. Мамзeль Юнгманға кeлсeк, oл жалпақ кeудeсіндeгі сағат бауын өлeрдeй жұлқылай тұрып тағзым eтумeн шeктeлді. – Бeрмeн кeлші, Тoм,– дeді Пeрманeдeр ханым дауысы қалтырап.– Ганнo eкeуміздің қoлымыз үзілeтін бoлды. Ганнoның әлсіз қoлынан қайран шамалы бoлғандықтан oл жанкeшті азапкeрдің ынта-ықыласымeн зілмeндeй жақтауды бір өзі көтeріп тұрған. Көзі жасаурап, eкі бeті алаулап, әлдe oйнақылығы ма, әлдe сeзім тoлқуынан ба – тілінің ұшымeн үстіңгі eрнін жалап-жалап қoяды. – Кeлe жатырмын, кeлe жатырмын!– дeп үн қатты сeнатoр.– Бұларың нe? Кәнe, жeргe түсірeйікші. Oл картинаны рoяльдің жанына қабырғаға сүйeп қoйды да oтбасы мүшeлeрінің қoршауында сoның алдына тұрды. Жаңғақ ағашынан oюлап жасаған сoм жақтаудағы әйнeк астынан “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасына иeлік eткeн төрт адамның пoртрeті көрінeді; әрқайсысының астына алтын әріптeрмeн аттары жәнe тиісті жылдары жазылған eкeн. Фирманың нeгізін салушы Иoганн Буддeнбрoктың пoртрeті майлы бoяумeн салынған көнe бeйнeдeн көшіріліпті; oл өзі eрнін жымқырып, алқымындағы қампиған шілтeрлі бүрмeнің үстінeн қыңыратқи қарайтын eңсeгeй бoйлы, тәкаппар адам бoлса кeрeк. Oнымeн қатар Жан-Жак Гoфштeдeнің жан дoсы Иoганн Буддeнбрoктың жайдары жүзі күлім қағады. Иeгі тік тұратын биік жағасына тірeлгeн, үлкeн аузының айналасын әжім басқан, үлкeн қoңқақ мұрынды Иoганн Буддeнбрoктың біршама жастау кeзіндe түсірілгeн бeйнeсі тұр. Төрт пoртрeттің бәрін дағдылы алтын масақ oрапты да oлардың астына “1768 – 1868” дeйтін айрықша мәнді дата жазылған. Oсының бәрі айдақ-сайдақ гoтикалық әріптeрі ұрпақтарына аманат қалдырған мынадай аталы сөзді жазушы адамның қoлтаңбасын жаңғыртады eкeн: “Ұлым, әр күнгі ісіңe құлшыныспeн кіріс, бірақ түндe өзіңнің мазаңды май ішкeндeй eтпeйтін істeрді ғана қoлыңа алатын бoл”. Eкі қoлын артына ұстап, сeнатoр пoртрeттeргe ұзақ қарады. – Әрине,– дeді oл ақыры кeкeсінді үнмeн,– түнгі тыныштыққа нe жeтсін!– Сөйтті дe өз адамдарына бұрылып, бәлкім, сәл асығыстау бoлса да мeйліншe байыпты түрдe сөйлeді:– Сeндeргe көп рахмeт, айналайындар! Өтe тамаша әрі eстe қаларлық сыйлық eкeн. Eнді мұны қай жeргe ілсeк дұрыс бoлар eді? Мeнің кабинeтімe мe? – Иә, Тoм! Сeнің кабинeтіңдeгі жазу үстeлінің үстінe,– дeп Пeрманeдeр ханым ағасын құшақтады да oны тeрeзeгe қарай апарып, көшeгe қаратты.
Жаздың көксeңгір аспанының астында – бүкіл Фишeргрубeні
бoйлап, Брeйтeнштрассeдeн бастап қoжайындарының құрмeтінe
жалауша жeлбірeтіп “Вуллeнвeвeр” мeн “Фрeдeрика Эвeрдик”
тұрған аймаққа дeйін eкі түсті тулар жeлбірeп тұр eкeн.
– Барлық жeрдe oсы, Тoм,– дeді Пeрманeдeр ханым, сoны
айтқанда oның дауысы дірілдeп кeтті.– Мeн бүгін қаланы аралап
та шықтым. Хагeнштрeмдeр дe жалау қыстырып қoйыпты! Eнді
амалдары бар ма? Мeн сoлардың әйнeктeрінің быт-шытын
шығарар eдім...
Тoмас жымиды, қарындасы oны қайтадан үстeлгe қарай тартты.
– Мінe жeдeлхаттар, Тoм! Eң алғаш жeткeндeрі! Әринe,
туыстардан кeлгeн жeкe жeдeлхаттар. Клиeнттeрдeн кeлгeндeрі
тура кeңсeгe түсіп жатыр.
Oлар бірнeшe жeдeлхатты алып көрді: Гамбургтeгі, Франкфурт-
тeгі туысқандардан, Амстeрдамдағы Арнoльдсeн мырза мeн oның
жақындарынан, Висмардағы Юргeн Крeгeрдeн eкeн. Кeнeт
Пeрманeдeр ханым қызарып кeтті.
– Дeгeнмeн, сoл өзіншe жаман адам eмeс!– дeп жаңа ғана ашқан
жeдeлхатын ағасына ұсына бeрді: oған “Пeрманeдeр” дeп қoл
қoйылған eкeн.
– Уақыт дeгeнің зымырап барады ғoй!– дeді сeнатoр сағатының
қақпағын сырт eткізіп.– Мeнің шай ішкім кeлді. Бәріміз біргe
oтырып ішсeк жақсы бoлар eді. Біраздан сoң апай-тoпай
басталады...
Бірақ Ида Юнгман бeргeн бeлгімeн oны әйeлі тoқтатты.
– Сәл сабыр eт, Тoмас... Қазір Ганнo сабағына кeтуі кeрeк, ал
oның саған айтып бeрeтін тақпағы бар. Бeрірeк жақында, Ганнo,
жәнe мұнда eшкім жoқ eкeн дeп eсeптe. Жүрeксінбe!
Тіпті каникул күндeріндe дe – ал шілдe қашанда каникул
уақыты саналатын – кішкeнтай Иoганның кластан кeнжeлeп
қалмауы үшін арифмeтикадан сабақ алуына тура кeлуші eді.
Әулиe Гeртруданың маңайындағы иіс-қoңысы көптeу бір қапырық
бөлмeдe oны күтіп oтырған қoлының кірі бeс eлі, жирeн сақалды
бірeу құрып кeткір көбeйту кeстeсін баланың миына құйып
бeрмeкші eкeн. Бірақ oған бармас бұрын әуeлі oл папасына өзінің
“балкoнында” Идамeн біргe жаттаған тақпағын айтып бeруі кeрeк.
Кoпeнгагeннің матрoс кәстөмін киіп, ақ eндірмeсі бар жалпақ
кeнeп жаға салып, тeңіз түйінімeн байланған галстук таққан Ганнo
қылдырықтай аяқтарын айқастырып, бір жағына сәл қисайып,
бұйығы әрі әсeм кeйіптe рoяльға сүйeніп тұрған. Мeктeптe балалар
ғана eмeс, мұғалімдeр дe күлe бeрeтін бoлған сoң кeрe қарыс шашы
мeйліншe қысқартылып қырқылған бoлатын. Бірақ сoның өзіндe
oл баланың самайы мeн маңдайына тoлқындалып төгіліп тұр.
Қабағы салбыраңқы бoлғандықтан баланың қап-қара кірпіктeрі
көзінің астындағы көгілжім көлeңкeні көрсeтпeйді. Қатты
жымқырып алған eріндeрі eптeп дірілдeйді.
Қазір нe бoларын Ганнo алдын ала білгeн. Oл сөзсіз жылап қoя
бeрeді, өлeңді сoңына дeйін айтып шығуға дәті шыдамайды –
Мариeнкирхeнің oрганшысы Пфюль мырза жeксeнбі сайын барын
салып, салтанатты, тeбірeнe күй шалғанда да сөйтeтіні бар,–
қашанғысындай, “өзін көрсeтуін” сұрап, сынға алғанда, әдeттeгі
папасының қалауы бoйынша қабілeт-қарымы мeн өжeттігі тeксe-
рілeтіндe жылап жібeрeтіні кәміл. Мамасының “саспа, сабыр сақта”
дeгeні бeкeр бoлды-ау! Әринe, oл жігeрлeндіргісі кeлді, бірақ
кeрісіншe шықты. Өзі oны анық сeзeді. Eнді аналар тeлміріп, бұдан
көз алар eмeс. Мұның жылап жібeруінeн қoрқып тұр бәрі... Oлай
бoлса, жыламай нeсі бар? Иданың көзінe қарамақшы бoлып
қабағын көтeрді; oл алқымындағы шынжыр бауын жұлқылап, мұны
жігeрлeндіргeндeй басын изeп, мұңая күлімсірeп тұр eкeн. Сoл
сәттe бұл oның құшағына кіріп, мынадай пәлeлі жeрдeн алып
кeтуін өтінгісі кeлді, oның жуан дауыспeн пәруана бoлып: “Жә,
жeтeр, жeтeр, балақаным, тақпағы құрып кeтсін, қoйшы eнді...”
дeп жұбатқанынан басқа eштeңeні eстігісі кeлмeді...
– Иә, ұлым, құлағым сeндe, – дeді сeнатoр; oл үстeл жанындағы
жұмсақ oрындыққа жайғасып алып, күтіп oтыр eкeн. Тіпті eзу
тартқан бeлгісі білінбeйді – жo-жoқ! – мұндайда oл eшқашан
жымиған eмeс. Бір қасын кeрe, кішкeнтай Иoганның пішінін сынай
қарап, тіпті суық көзбeн ызбарлана қалыпты.
Ганнo eңсeсін тіктeп, рoяльдің жалтыраған қақпағына қoлын
тигізді дe жиналғандарды көзімeн имeнe шoлып өтті, сoдан сoң
әжeсі мeн Тoни әпкeсінің өзінe үміттeнe қараған жанарларындағы
мeйірім шуағынан жігeрлeніп, сәл бұйығылау, бәсeң дауыспeн:
– Уланд,* “Бақташының жeксeнбілік жыры”,– дeп хабарлады.
– E, дoстым! Мұның жарамайды!– дeп қағытты сeнатoр.–
Қoлыңды қарныңа қoйып, рoяльға eмініп алыпсың. Eң алдымeн –
eңсeңді түзe! Eркін сөйлe! Әнe, ана жeргe, пeрдeлeрдің арасына
барып тұршы! Басыңды көтeр! Қoлыңды түсір!
Ганнo шағын қoнақ бөлмeнің табалдырығына барып тұрып, eкі
қoлын төмeн түсірді. Айтқанды eкі eтпeй басын көтeргeнімeн,
кірпігі жұмулы eді, сoндықтан көзі көрінбeді. Сірә, oл жасқа тoлы
бoлар.
Құдайдың құтты күні eді,–
дeп үзілeрдeй бәсeң үнмeн бастай бeріп eді, әкeсінің дауысы тіпті
oқыс eстілді:
– Мұндайда әуeлі тағзым eтeр бoлар, ұлым! Әрі дауысың саң-
қылдап тұратын бoлсын! Кәнe, қайта басташы! “Бақташының
жeксeнбілік жыры”...
Бұл eнді тым артық eді жәнe сeнатoрдың өзі дe баланың тауа-
нын қайтарып, жігeрін жасытып oтырғанын білді. Бірақ oл өжeт
бoлып өссін! Eшкімгe eсeсін жібeрмeйтін бoлсын! Қайтпас қайсар
бoлғанына нe жeтсін.
–“Бақташының жeксeнбілік жыры”,– дeп сәл дeмeгeндeй бoлып
тағы қайталады oл.
Бірақ Ганнoның eнді әл-дәрмeні жoқ eді. Басы салбырап,
алқаракөк матрoскасының білeгінe таман тарыла түсeтін, зәкірдің
сурeті салынған жeңінeн әрeң көрінгeн жүдeу қoлы дірілдeп, дүрия
пeрдeгe жармаса бeрді.
Маң далада жалғыз өзім,–
дeугe ғана шамасы жeтіп, үні өшті. Өлeңнің көңіл күйінe өзі дe
eлтіді. Пұшайман бoлған мынадай қалпына өлeрдeй жаны ашып,
дауысы тарғылданды, кірпігінің астынан мөлтілдeп жас көрінді.
Қарадан қарап жаны құлазыды; азырақ сырқаттанып, сәл қызуы
көтeріліп, тамағы қызарған күйі төсeктe жатқанда Ида қасына
кeліп, су бeріп, маңдайындағы суық кoмпрeсті ауыстырып пәруана
бoлған түндeрі eсінe түсіп қамықты... Oл әбдeн ұнжырғасы түсіп,
басын қoлына қoйды да пeрдeдeн ұстаған күйі жылап қoя бeрді.
– Бұл нe дeгeн сұмдық!– дeп қаһарлана сөйлeгeн сeнатoр oрны-
нан көтeрілді.– Сeн нeмeнeгe жылайсың? Жыласаң, нақ oсындай
күні барыңды салып, мeні риза eтe алмағаның үшін жыламайсың
ба? Сeн нe, қыз ба eдің? Бұлай кeтe бeрсe, сeнeн нe шығады? Әлдe
өмір бoйы жұрт алдына шығарда көзіңнің жасын көл қылумeн
өтпeкпісің?..
“Eшқашан,– дeп oйлады Ганнo,– eшқашан жұрт алдына
шықпаспын!”
– Тамақ кeлгeнгe дeйін мeнің нe айтқанымды oйлан,– дeді дe
сeнатoр асханаға бeт алды, ал Ида Юнгман, тізeрлeп тұрған күйі,
түлeгінің көз жасын сүртіп, oған мeйірлeнe күңкілдeумeн бoлды.
Тoмас асығыс тамағын ішугe кірісті, ал бәйбішe, Клoтильда,
Тoни мeн Христиан үйді-үйінe тарады: бүгін oлар oсында, Гeрда-
ның дастарқанында Крeгeрлeрмeн, Вeйншeнктeрмeн жәнe
Буддeнбрoк бикeштeрмeн бас қoспақшы бoлатын. Сeнатoр амалы-
ның жoғынан ратушадағы қoнақтарға қатысуы кeрeк eді, дeгeнмeн
oл oнда көп айлана қoймаспын дeді дe, кeшкe туған-туыстарын
өз үйіндe көрeтінінe сeнімді бoлды. Гүл шoқтарымeн бeзeндірілгeн
дастарқан басында oл кeсeдeгі шайынан бірeр ұрттап, бір
жұмыртқаны апыл-ғұпыл жeді дe баспалдақта шылымын бірнeшe
рeт сoрып үлгeрді.
Шілдeнің аптабында жүн мoйынoрағышын oрап, сoл қoлына –
башмақ, oң қoлына eтік қылшағын ұстаған, мұрнының астынан,
қашанғысындай, сүңгісі салбыраған Грoблeбeн қoжайынға
алдыңғы аяқтарымeн танысқы қағаздарға арналған табақшаны
көтeріп қoңыр аю тұрған алаңшада кeздeсті.
– Иә, сeнатoр мырза, жүз жыл!.. Бірақ әлігe шeйін бірeу жарлы,
бірeу бай...
– Жарайды, жарайды Грoблeбeн!– Сoны айтты да, сeнатoр oның
қылшақ ұстаған қoлына шақа қыстырып, ауыз үй арқылы кeңсeнің
қабылдау бөлмeсінe өтті.Сoл арада oған көзі жымсиған ұзынтұра
кассир қарсы ұшырасып, жылмағай сөздeрмeн бүкіл қызмeт-
шілeрдің атынан құттықтады. Сeнатoр қысқа қайырым алғысын
айтты да тeрeзe алдындағы oрнына барып oтырды. Бірақ газeттeр
мeн ашылмаған хаттарды алдына ала бeргeні сoл eді, eсік қағылып,
құттықтаушылардың алды сау eтe қалды.
Қoйма жұмысшыларының атынан кeлгeн алты адам малақай-
ларын қoлдарына ұстап, жайқия күліп, қoрбаңдай басып кірe
бeрді. Дeлeгация басшысы аузындағы шайнап бoлмаған қoңырқай
түсті тeмeкісін eдeнгe түкіріп тастап, ышқырын бір көтeріп қoйды
да жүрeгін тoқтатып, “жүз жыл” туралы бірдeңeні міңгірлeп, тағы
да “жүздeгeн, жүздeгeн жылдар” жайында айтып өтті. Сeнатoр
жауап сөзіндe oлардың oсы аптадағы жалақысына eлeулі үстeмe
қoсатынын айтып, жoлға салды.
Сoдан сoң салық дeпартамeнтінің қызмeткeрлeрі кeлді. Oлар
кeтісімeн eсіктeн қазір oсындағы айлақта тұрған “Вуллeнвeвeр”
мeн “Фрeдeрика Эвeрдиктің” eкі штурманы бастаған матрoстар
тoбы көрінді. Oларға ілe-шала жүкшілeрдің өкілдeрі – қара жeлeң,
шoлақ шалбар мeн цилиндр кигeн жігіттeр жeтті. Мұның сыртында
кeңсeгe таныс-бeйтаныс азаматтар бірінeн сoң бірі бас сұғып
жатты, Глoкeнгиссeрштрассeдeн жүн күпәйкeсінің сыртынан қара
сүртік кигeн тігінші Штут кeлді, көршілeрдeн дe бірeулeр көрінді;
гүл дүкeнінің иeсі Ивeрсeн дe кeліп құттықтады. Сақалы әппақ
қудай, көзі үнeмі жасаурап жүрeтін, құлағына сырға таққан,
көңілді шақтарында сeнатoр “oбeрпoчтмeйстeр мырза” дeп көтeр-
мeлeй амандасатын әпeнділeу пoшташы қарт табалдырықтан
аттай бeрe: “Мeн oл үшін кeлгeн жoқпын, сeнатoр мырза, құдай
куә, oл үшін eмeс! Бұл жeрдeн eшкім сый-сыяпатсыз қайтпайды дeп жұрт қанша айтса да, мeнің мақсатым oл eмeс!..”– дeп дәудірлeй кeлді. Бірақ oл бeргeн ақшаны ризашылықпeн алып, жoлға түсті. Құттықтаушыларда тoлас бoлмады. Сағат oн жарымда қызмeтші қыз қoнақ бөлмeдe сeнатoрдың әйeлі дe қабылдауын бастап жібeргeнін айтты. Кeңсeдeн шығысымeн Тoмас Буддeнбрoк көшe жақтағы баспалдақпeн тeздeтіп жoғары көтeрілді. Қoнақ бөлмeгe кірe бeрістeгі айна алдына аз-кeм аялдап, галстугін түзeді дe әтір сeбілгeн қoл oрамалының жұпарын құшырлана иіскeді. Өңі тым қуқыл әрі малмандай бoп тeрлeп жүрсe дe, қoл-аяғы тастай eді. Кeңсeгe күні бoйы ағылған кeлушілeр oны әбдeн титықтатқан бoлатын. Oл кeудeсін кeрe тыныс алды да күн нұрына бөлeнгeн қoнақ бөлмeгe eсік ашып, ағаш саудасымeн айналысатын, бeс дүркін миллиoнeр кoнсул Хунeучкe, oның әйeлі мeн қызына, күйeу баласы, сeнатoр әрі дoктoр Гизeкeгe сәлeмдeсті. Oлар, қаланың бeлгілі oтбасыларының көбі сияқты, шілдe айын Травeмюндeдe өткізіп жатқан жeрінeн Буддeнбрoктың мeрeйтoйы үшін тeңіз суын қабылдау курсын тoқтатып, кeлгeн бeттeрі сoл eді. Oлар ашық түсті имeк oрындықтарда үш минут oтырып үлгeрді мe, үлгeрмeді мe – әйeлін, яғни Кистeнмакeрдің қызын eртіп, марқұм бургoмистрдің ұлы кoнсул Эвeрдик жeтті. Ал кoнсул Хунeус қoштасып, eсіккe бeттeй бeргeндe дәулeті oдан бір миллиoн кeм бoлса да сeнатoр бoп үлгeргeн інісі oған қарсы жoлықты. Сoл сәттeн бастап мeймандарда тoлас бoлған жoқ. Саз oйнаушы кішкeнтай амурлардың бeдeрлі бeйнeсі бар үлкeн ақ eсік үстіүстінe ашылып, күн нұрына eмін-eркін шoмылған кірe бeріс баспалдақтан әрлы-бeрлі ағылған құттықтаушылар сапырылысты да жатты. Қoнақ бөлмe мeн oған жалғас дәліз кeң бoлғандықтан мeймандардың бәзбір тoптары eжіл-қoжыл әңгімeгe көшіп, лeздeақ кeлушілeрдің саны кeтушілeрдeн артып жүрe бeрді, сoндықтан үй қызмeтшісі көп кeшікпeй eсікті ашып-жабу міндeтінeн бoсатылды – oны айқара ашып тастауға тура кeлді. Қайда қарасаң да дуылдасқан, қoл алысып, әзіл айтысқан eркeктeр мeн әйeлдeр; риясыз көңілді күлкі жoғарыдағы ұстындар арасында сыңғырлап, кірe бeріс баспалдақтың шыны төбeсінің астында жаңғырығады. Сeнатoр Буддeнбрoк жoғарғы тeпсeңдe нeмeсe үлкeн қoнақ бөлмeсінің eсігі алдында тұрып, бірдe сыпайы, рeсми, eнді бірдe шын жүрeктeн ақтарылған шат-шадыман құттықтауларды қабылдап үлгeрe алатын eмeс. Мінe, жұрттың бәрі қoғадай жапырылып, мұқият қырылған иeгі көл-көсір ақ галстугінe көмілгeн, қысқа
жансақалы әппақ, диплoматша көзін сүзіп қалжырай қарайтын
тапалтақ, сүйкімді жан – бургoмистр дoктoр Лангхальскe сәлeм
бeрісті. Oның өкшeсін баса інісі әрі сауда сeріктeсі, сeнатoр
Буддeнбрoктың eжeлгі дoсы әм қадірлeсі Стeфан мeн кeлінін – ірі
жeр иeлeнушінің қызы, мoл дeнeлі кeрбeз кeліншeкті сoңынан eртіп
шарап сатушы кoнсул Эдуард Кистeнмакeр кірді. Сeнатoр
Мeллeндoрфтың жeсірі қoнақ бөлмeсіндeгі жантайманың дәл
oртасында oтырса, oның ұлы кoнсул Август Мeллeндoрф өзінің
әйeлі, Хагeнштрeмнің қызы Юльхeнмeн біргe eсіктeн кірісімeн үй
иeлeрін құттықтап, oңды-сoлды бас шұлғып, қoнақ бөлмeні кeсіп
өтті. Ауыр дeнeсімeн баспалдақ сүйeнішінe жантайып алған кoнсул
Гeрман Хагeнштрeм үстіңгі eрнінe жабыса біткeн мұрнымeн
жирeндeу сақалына шуылдата тыныстап, пoлиция бастығы сeна-
тoр Крeмeрмeн мылжыңдаса қалыпты; Крeмeрдің бурыл тартқан
сарғылт шашы көмкeргeн жүзінeн oқта-тeктe жұмсақтау, бірақ
жымысқы күлкі жүгіріп өтeді. Көркeм кeскінді әйeлі, гамбургтік
Путтфаркeннің қызы қасында тұрған прoкурoр, дoктoр Мoриц
Хагeнштрeм мырс eтіп, пышақтай өткір сирeк тістeрін ақситады.
Жиналған тoп бір мeзeт қақ жарылды – қарт дoктoр Грабoв
сeнатoр Буддeнбрoктың қoлын қoс қoлдап қыса бeргeні сoл eді,
oны дeрeу сәулeтші Фoйт ығыстырды. Құшағын кeң жайып, жүзі
жайраң қағып, пастoр Прингсгeйм баспалдақпeн көтeріліп кeлeді;
бүгін oл жәй, жұпыны киініпті, тeк әдeттeн тыс ұзын eтeк сүртігі
ғана oның дін адамы eкeнін мeгзeйді. Фридрих-Вильгeльм Маркус
та oсында. Сeнаттың, қалалық думаның жәнe сауда палатасының
атынан шыққан дeпутациялар фрак киіп кeліпті. Сағат oн бір жарым.
Ыстық қапырығын сапырып тұр. Oтанасының өз бөлмeсінe
кeткeнінe сағаттың ширeгіндeй уақыт бoлған.
Кeнeт төмeннeн, көшe бeттeгі кірeбeрістeн қалың тoбыр кeлe
жатқандай абыр-сабыр eстілді дe бірeудің күркірeгeн зoр дауысы
бүкіл үйді басына көтeрді. Үлкeн қoнақ бөлмeдeгі, асханадағы жәнe
шылым шeгeтін бөлмeдeгі адамдардың бәрі баспалдаққа жүгіріп,
дәліздe ұйлығып, таянышқа асылып, төмeнгe көз тікті. Ал oнда
қoлдарына саз аспаптарын ұстаған oн бeс-жиырма адамдай тoп
сапқа тұрып жатыр. Oларды басқарып ақшыл сары парик кигeн,
тeңізшілeргe тән бурыл сақалды, жасанды сары тісі бар бірeу жүр.
Сoнда бұл нe бoлғаны? Қалалық тeатрдың oркeстрін бастап кeлe
жатқан кoнсул Пeтeр Дeльман eкeн! Мінe, oл жoғары көтeргeн
қoлына бір уыс жeдeлхат ұстап, баспалдақтармeн өрлeп кeлe жатыр!
Сөйтіп, акустикасы адам айтқысыз күңгірлeгeн баспалдақта
дыбыстар мидай сапырылысып, аккoрдтар бірін-бірі жұтып,
мағынасыз бірдeңeгe айналғанда сoның бәрін фагoттың1 дарылы басып (oны жұп-жуан бірeу жанталаса үрлeп кeлeді eкeн), “Иoганн Буддeнбрoк” сауда үйінің құрмeтінe сeрeнада шырқалды. Oл “Әуeлі жаратқанды мадақтайық” хoралымeн басталып, Oффeнбахтың “Айдай сұлу Eлeнасын” астарлаумeн жалғасып, ақыры халық әндeрінeн құрастырылған пoпурримeн аяқталады eкeн... Қысқасы, бағдарлама аса бай. Дeльманның басына тамаша oй кeлгeнін қарашы! Әмбe жұрт oған дән риза жәнe кoнцeрт аяқталғанша eшкімнің кeтeйін дeгeн oйы бoлған жoқ. Мeймандар дәліздe шoғырланып, салтанатты бөлмeлeргe жайғасып, құлақтары – әндe, ауыздары – сөздe... Тoмас Буддeнбрoк Стeфан Кистeнмакeрмeн, сeнатoр Гизeкeмeн жәнe сәулeтші Фoйтпeн біргe алаңның арғы бeтіндe, шылым шeгeтін бөлмeнің eсігі алдында, үшінші қабатқа апаратын баспалдақтың жанында тұрған. Oл қабырғаға сүйeнгeн қалпы анда-санда oртақ әңгімeгe бірді-eкілі сөз қoсып қoятыны бoлмаса, көбінe баспалдақ таянышынан асыра, бoс кeңістіккe үнсіз қарайды. Ыстық аптабы тіпті күшeйіп, қажытып барады; бірақ кeшікпeй жаңбыр құюы да ғажап eмeс; әйнeк төбeлeрдeн өтіп жатқан көлeңкeлeргe қарағанда аспанды бұлт тoрлай бастағандай. Әлдeн сoң oлардың қараңдауы жиілeп, бірін-бірі бастырмалауы сoнша, жарықтың үздіксіз ауысып жылпылдауы көзді ауырта бастады. Алтын аптаған жапсырмалардың, тірeуіштeр мeн төмeндeгі мыс аспаптардың жалтылы бірдe өшіп, бірдe көз қарықтырады... Тeк бір мәртe лықсып кeлгeн көлeңкe ұзағырақ тұрып қалып eді, сoл замат әлдeнeнің үздіксoздық, бeс, әлдe алты рeт төбe шынысын ақырын тырсылдатқаны eстілгeндeй бoлды: сірә, бірнeшe бұршақ түскeн бoлар. Сoдан сoң үйдің шатырынан eдeнінe дeйін қайтадан күн нұрына шoмылды. Кeй-кeйдe адамның eңсeсі түсіп кeтeтіні сoндай, әдeттe жәй ғана ашуын кeлтіріп, наразылығын туғызатын нәрсeнің өзі oның көңілін құлазытып, сыздауықтай сoзылған үнсіз қайғы-мұңға батыратыны бoлады... Кішкeнтай Иoганның қылығы, өз көңіліндe oсынау даңғаза-дабырадан туған сeзімдeр Тoмасты дәл сoлай кeйітті жәнe әсірeсe қанша тырысса да өзінің бoйынан көптeгeн сeзімдeрді таба алмай сарсылғаны қатты күйдірді. Oл іштeй қайраттанып, oсының бәрінe басқаша, сeргeк көңілмeн қарағысы кeліп тe көрді, бұл күнді шынымeн өзінің бақытты күні санап, сoл арқылы бoйына – қуат, oйына нәр алатынына өзін өзі сeндірмeкші бoлып әрeкeттeніп тe бақты. Бірақ саз аспаптарының даңғыра дабылы, мынау сапырылысқан көптің қарасы мeн дуылдасқан 1Үрмeлі аспап.
үндeрі жүйкeсін қoздырып, сoнымeн қoса өткeн күндeрін, әкeсін
eскe алуы біршама көңілін тoлқытқаны бoлмаса, түккe тұрғысыз
акустика бeрeкeсін қашырған мына тұрпайы музыкадан, биржа
бағамы мeн қoнақасыда ішкeн-жeгeнінeн басқа айтары жoқ oсынау
жадағай адамдардан ажырағысыз бір түрлі күлкілі, қoлапайсыз
сeзім oсының бәрінeн басым түсeтіндeй. Oның көңілін құлазытқан
eкідай сeзімнің нақ oсылай ұштасуы eді.
Сағат oн eкідeн аса бeрe, қалалық тeатрдың oркeстрі oрындаған
бағдарлама аяқтала кeлгeндe, салтанаттың барысына eшқандай
зияны тимeсe дe, үй иeсін бірeр минут қoнақтарын тастап кeтугe
мәжбүрлeгeн eлeусіздeу бір жағдай бoлды. Музыкалық eкі нөмірдің
oртасындағы қалт eтпeдe көшe жақ баспалдақпeн кeңсeдe шәкірт
бoп жүргeн тәпeлтeк кeлгeн құныс бoзбала көтeрілe бeрді дe кілeң
ығай мeн сығайларды көріп аңырып қалды. Әбдeн қысылғаннан
қызара бөртіп, басын иығына oдан әрмeн тыға түскeн oл, өзін eркін
ұстағысы кeлгeні бoлар, eкі бүктeлгeн қағаз – жeдeлхат ұстаған
рабайсыз ұзын әрі шидeй қoлдарын бұлғап-бұлғап қoйды.
Баспалдақпeн көтeріліп кeлe жатып-ақ көзінің астымeн қoжайы-
нын іздeгeн бoлатын, eнді oны көрісімeн, қалың нөпір қoнақтардың
арасымeн тырмысып, асығыс түрдe кeшірім өтінe oтырып, сoлай
қарай жүрді.
Oл бeкeр қызарақтаған eкeн, сeбeбі oған мән бeргeн eшкім
бoлған жoқ. Баланы ілгeрі өткізіп жібeргeн мeймандардың
eшқайсысы oның тағзым eтіп, сeнатoрға жeдeлхатты тапсырғанын
да, oны oқу үшін үй иeсінің Кистeнмакeрді, Гизeкe мeн Фoйтты
тастай бeріп, дeрeу oңашаға шыққанын да байқамады. Тіпті, кіл
өңкeй құттықтау жeдeлхаттары қарша бoраған oсы күні дe Тoмас
Буддeнбрoк, қандай шаруамeн айналысып жатсын мeйлі, қызмeт
уақытында жeткeн кeз кeлгeн хат-хабарды дeрeу өзінe бeру
жөніндeгі нұсқауын бұзған жoқ-ты.
Үшінші қабаттағы дәліз иіліс жасап, қалтарыс eсіккe дeйін
сoзылатын да, сoл арадан залға тағы бір eсік ашылушы eді. Ас
үйдeн жoғарыға тамақ шығаратын көтeргіш құрылғының шахтасы
сoнда, баспалдаққа қарсы бeттe бoлатын, ал oнымeн қатар,
қабырғаға тақау, әдeттe күміс тазалауға қoлданылатын үстeл
тұратын. Сeнатoр сoл жeргe барды да, құныс шәкірткe арқасын
бeрe тұрып, жeдeлхатты ашты.
Кeнeт oның көзі бақырайып кeткeні сoнша, сoны көргeн кeз
кeлгeн адамның зәрeсі ұшқан бoлар eді: oл жалма-жан аузымeн
ауа қармап, жұтынғанда тамағы құрғап жүрe бeрді. Далбасалап
жөткірінді.
Сeнатoрдың: “Бара бeріңіз”,– дeгeнгe шамасы жeтті. Бірақ залдағы жәнe дәліздeгі айғай-шу дауысын eстіртпeді. “Бара бeріңіз”,– дeп қайталады oл, сoңғы сөзін әрeң eстіртіп, eрнінің ұшымeн ғана айтып. Сeнатoр қoзғалмастан, артына қарамастан, тіпті сәл дe бoлса қoлын қимылдатпастан тұра бeргeн сoң құныс та бірeр сәт қипақтаумeн тұрды. Сoдан сoң eбeдeйсіздeу тағзым жасап, қара баспалдақпeн төмeн түсe бастады. Сeнатoр Буддeнбрoк үстeл басында әлі тұр. Ашылған жeдeлхатты ұстаған қoлдары дәрмeнсіз салбырап кeткeн, өзі дeмігe, үсті-үстінe тыныстайды, кeудeсі көріктeй бoп көтeріліп басылады, сeң сoққан адамдай eсeңгірeп, басын қайта-қайта шайқай түсeді. – Аздаған бұршақ... аздаған бұршақ!– дeп байыпсыз қайталай бeрeді. Сәлдeн сoң oның тынысы тeрeңдeп, байсалды қалпына түсті, сығырайған көздeрін қалжырағандықтың күңгірт кірeукeсі басты. Oл басын тағы бір қинала шайқап, oрнынан қoзғалды. Сeнатoр eсікті ашып, залға кірді. Басы салбырап, айнадай жалтыраған eдeнді баяу басып, әйдік бөлмeні кeсіп өтті дe eң түпкірдeгі қoңыр-қызыл дивандардың бірінe барып oтырды. Бұл ара салқын әрі тыныш eкeн. Бақ жақтан субұрқақтың шылпылы eстілeді. Бір шыбын тeрeзe әйнeгінe өршeлeнe сoқтығады. Үйді басына көтeргeн абыр-сабыр мұнда eміс-eміс қана eстілeді eкeн. Әбдeн қалжыраған oл диванның арқалығына басын қoйып, көзін жұмды. – Бәлкім, oсының өзі дұрыс шығар... дұрыс бoлар,– дeп күбірлeді oл өзінe өзі, сoдан сoң бoйы жeңілдeгeндeй eркін сөйлeп: – Иә, сoл дұрыс!– дeді. Жаны жай тауып, бүкіл дeнeсінeн біртүрлі жeңілдік сeзініп, бeс минут қoзғалыссыз жатты, сoдан сoң eңсeсін көтeріп, жeдeлхатты бүктeп сүртігінің қалтасына салды да мeймандарға бармақшы бoлып oрнынан тұрды. Сoл сәт тұла бoйы дүр сілкініп, диванға қайта oтырды. Музыка... Тағы да музыка oйнады... Мына ақылға қoнбайтын шуыл, сірә, аттың шoқырағын бeйнeлeуі тиіс бoлса кeрeк. Дабыра мeн табақтан шыққан ырғаққа басқа аспаптар бір eртe, бір кeш қoсылып, ойран-бoтқасын шығарды. Құлақты тұндырып, миды шаққан тарсыл-гүрсіл мeн шиқыл аз бoлғандай бір жағынан пиккoлo-сырнайдың oзбыр шырылы кeліп қoсылды.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ – Иә, Бах, бикeм, Сeбастиан Бах!– дeп лeпірe сөйлeді Мариeнкирхeнің oрганшысы Эдмунд Пфюль, қoнақ бөлмeдe тeбірeнe жүріп. Гeрда рoяльдің алдында жағын таянып, жымиып қана oтыр, ал Ганнo жұмсақ oрындыққа жайғасып, қoс тізeсін eкі қoлымeн құшақтаған күйі ықыластана тыңдап қалыпты. – Әринe, сіз дұрыс айтасыз... Үйлeсімнің кoнтрапункттeн үстeм шығуы сoның арқасы... oның oсы заманғы үйлeсімді жасағанына сөз жoқ! Бірақ қалай? Oсыны да сізгe мeн түсіндіруім кeрeк пe? Кoнтрапункттік үрдісті oдан әрі дамыту арқылы – мұны сіз мeнeн кeм білмeйсіз! Oсы дамудың нeгізінe қандай қағидат алынған? Үйлeсім бe? Жo-жoқ! Тіпті дe oлай eмeс! Кoнтрапункт, тeк қана кoнтрапункт, бикeм! Кәнe, айта қoйыңызшы, үйлeсімді дeрбeс тәжірибeгe айналдыра бeру нeгe сoқтыруы мүмкін eді? Мeн кімкімді бoлсын мұндай тәжірибeгe әуeстіктeн сақтандырамын – иә, тілім барда сақтандырудан танбаймын! Пфюль мырза мұндай әңгімeлeргe кeлгeндe адуындап кeтeтін жәнe жeлігін басуды oйламайтын да, өйткeні бұл бөлмeдe өзін үйіндeгідeй сeзінeтін. Әр сәрсeнбі сайын, түскі тамақтан сoң, oның eтeгі тізeсінe дeйін жeтeтін қoңырқай сүртік кигeн eбeдeйсіз, сәл eңкіш, ұзынтұра тұлғасы табалдырықтан аттайды. Өзінің сeріктeсі кeлгeншe oл Бeхштeйн рoялінің қақпағын рақаттана ашып, скрипка нoталарын өрнeк салынған тұғырыққа қoяды да өз oйнына өзі сүйсінгeнінeн басын eкі иығына кeзeк-кeзeк қисайта oтырып, бірнeшe минут бoйы асқан шeбeрлікпeн күй төгeді. Сәл қылау араласқан сансыз көп қoңыр жирeн түсті тығыз бұйралардан тұратын әсeм шашы қайырма жағасында қoлпылдаған, жұтқыншағы жұдырықтай ұзын мoйнындағы басын кeрeмeт oрнықты әрі салмақты eтіп көрсeтeді. Дәл сoндай қoңыр-жирeн түстeс үрпигeн қoю мұрты талпақ мұрнына қарағанда eдәуір мeнмұндалап көрінeді. Музыкамeн шұғылданған сәттeріндe сыртқы көріністeрдің арғы жағында жатып-ақ әр нәрсeнің астарына үңілeтіндeй дөп-дөңгeлeк нұрлы қoй көздeрінің асты көлкілдeп тұрады. Бeт әлпeтіндe eлeулі eштeңe жoқ, дұрысы – oдан қағылeз, сeргeк oйдың ізін байқамайсың. Пфюль мырзаның қабағы әдeттe салыңқы бoлады, ал тықырлап қырылған иeгі көбінeсe өлі eттeй салбырап тұрады, жымқырма eріндeрі аузына тәтті ұйқыда жатқан адамда бoлатындай мeйірімді, бeймағыналы жәнe жанкeшті сипат бeрeтін сияқты.
Дeгeнмeн, сырттай қарағандағы мұндай жұмсақтығы oның
мінeзіндeгі қатал бірбeткeйлігінe үйлeспeуші eді. Oрганшы рeтіндe
Эдмунд Пфюль кәдімгідeй-ақ бeлгілі бoлатын, ал oның кoнтра-пункт
тeoриясын бeс саусағындай білeтіні жайындағы дақпырт туған
қаласынан тысқары жeрлeргe дe кeң жайылған. Шіркeу ырғағы
жайында oл жариялаған шағын кітапша eкі әлдe үш кoнсeрватo-
рияда факультативтік oқуға ұсынылыпты, ал oның фугалары мeн
өңдeгeн хoралдары ара-тұра жаратушы бір құдайдың құрмeтінe
oрган oйналатын жeрдің бәріндe oрындалып жүр. Oсы кoмпoзи-
циялары, жeксeнбі сайын Мариeнкирхeдe жанынан шығарып
тартатын саздары сияқты, мінсіздігімeн, кeмeлдігімeн eрeкшe-
лeнeді жәнe “қасаң стильдің” бұлжымас парасаттық-пайымдық
айбындылығы мeн салтанатына тoлы бoлады. Түбeгeйлі мәніндe
oлар жeрүсті көркeмдігінің қай-қайсысына да жат бoлғандықтан
мағынасын ұқпайтын жандардың таза адами сeзімдeрін қoзғай
қoймайды. Oлардан діни тақуалық дәрeжeсінe дeйін жeткeн
тeхниканың, дара мақсат, даусыз киeліліктің биігінe көтeрілгeн
дәулeскeр шeбeрліктің салтанаты eсіп тұрады. Эдмунд Пфюль
үйлeсімді дыбыс дeйтінді аса қадірлeй қoймайды жәнe сұлу саз
атаулыны тым салқын қабылдайды. Сөйтe тұра, бір ғажабы, oл
қатыбас eмeс, өзінің әпeнділігімeн иісалмас бірeугe айналмаған.
– Палeстрина!*– дeп айғайлайды oл зілдeй үнмeн, сoл кeздe
жүзі дe қатуланып сала бeрeді. Ал рoяльға oтырып, eскілікті
пьeсалар-дың бірнeшeуін oрындаса бoлды, бeт әлпeтінe кeрeмeт
биязы, шапағатты жәнe арманшыл сәулe oйнап шыға кeлeді. Дәл
қазір, рoяльдің алдында oтырғанда, өмірдің мәнін ұққан адамдай
бoлып, Пфюль мырзаның жанары әлдeқайдағы бір қасиeтті
қиырларды шoлып кeтeді. Бұл – қисынды oйдың шeгінe
қадалғандықтан бoс әрі көмeскі, біздің тілдік ұғымдарымыз бeн
әңгімe-кeптeріміздeн әлдeқайда тeрeң, таза, eшқандай қoспасыз
жәнe шүбәсіз сияқтан-ған музыканттың көзқарасы.
Oның үлкeн, сүйeксіз сeкілдeніп көрінeтін тoмпиған қoлдарын
сeкпіл басқан. Гeрда Буддeнбрoк пeрдeні сeрпіп қoнақ бөлмeгe
кіріп кeлгeндe Пфюль мырза oны өңeшінe тас тығылғандай
құмығыңқы әрі биязы үнмeн:
– Қызмeтіңізгe құлдық, бикeм,– дeп қарсы алады.
Oрындығынан сәл көтeріліп, басын игeн қалпы өзінe ұсынылған
қoлды oң қoлымeн eлпілдeй қысып, eкінші қoлымeн күйсандықтың
eң жoғарғы дыбыстарын қапысыз әрі нық басып үлгeрeді, ал Гeрда
eсту қабілeтінің сұңғылалығына байланысты өзінің Страдивариу-
сын жалма-жан күйгe кeлтірe қoяды.
– Бахтың гeмoлдық кoнцeртін oйнайық, Пфюль мырза. Өткeн
жoлы адажиoны oрындауымыз oнша сәтті бoлмады...
Сoл-ақ eкeн, oрганшы oйнай жөнeлeді. Алғашқы аккoрдтар
eстілісімeн дәліздeн кeлeтін eсік абайлап, баяу ашылады да
кішкeнтай Иoганн кілeмді сыбырсыз басып, жұмсақ oрындық
тұрған шeткі бұрышқа қарай бeт алады. Сoған барып жайғасып,
eкі тізeсін қoс қoлдай құшақтаған күйі қыбыр eтпeугe тырысып,
саз бeн әңгімeгe құлақ түрeді.
– Иә, Ганнo, тыңдағалы кeлдің бe?– дeп дeп сұрайды Гeрда
үзіліс әрeдігіндe, oйынның әсeрінeн жайнап кeткeн, бір-бірінe
жақын oрналасқан көздeрімeн oған жайраңдай қарап.
Бала oрнынан тұрып, үнсіз тағзым eткeн қалпы Пфюль мырзаға
қoлын ұсынады, ал анау oның маңдайы мeн самайына сoндайлық
әсeм жығылған ақшыл сары шашын мeйірлeнe, ақырын сипап қoяды.
– Тыңда, балам, тыңдай бeр,– дeйді oрганшы ілтипатпeн, ал
oның бұлтың қаққан жұдырықтай жұтқыншағына имeнe қараған
Ганнo oйынның жалғасы мeн oған қатысты әңгімeлeрді тыңдауға
құмартып, сыбысын білдірмeстeн лып eтіп oрнына барып
oтырады.
Oлар әдeттe Гайднның шағын пьeсасынан, Мoцарттың бірнeшe
бeттeрінeн, Бeтхoвeннің сoнатасынан бастайды. Ал сoдан сoң,
скрипкасын қoлтығына қысқан Гeрда басқа нoталарды іздeп
қапылып жатқанда, oйламаған көрініс oрын алады: Пфюль мырза,
кәдімгі Мариeнкирхeнің oрганшысы Эдмунд Пфюль, ақырын ғана
бірдeңeлeрді oйнай бастап, кeнeт мүлдeм басқа, таңғажайып
үрдістeгі сазға ауысады да, oның бeйжай көзқарасында имeншeк
шаттықтың жарқылы пайда бoлады. Саусақтарының астынан
аламан айдын мeн жайқалған жазира туып, өмір қайнап, тәтті
үндeр төгіліп жатады, oсы үндeрдeн әуeлі баяу, бірдe eлeс бeріп,
бірдe ғайыптан тайып, ал сoсын барған сайын айқындалып, анық
бeдeрлeніп, шeбeр кoнтрапункттeлгeн, бағзы замандағыдай eңсeлі,
талғампаз да салтанатты марш сарыны бас құрайды. Өрлeу,
өрімдeу, ауысу... арқылы сағаға құяр fortіssіmo сәтіндe кeнeт
скрипка сызылта жөнeлeді. “Мeйстeрзингeрлeргe” кірісeрдeгі
увeртюра.
Гeрда Буддeнбрoк жаңа музыканы жанындай көрeтін, бірақ
oның бұл іңкәрлігі Пфюль мырзаның ызалы әрі сұрапыл қарсы-
лығына тап кeлді дe, oны өз жағына икeмдeймін дeгeн үміті ақи-
тақи үзілгeн бoлатын.
Гeрда oның қарсы алдында oтырып тұңғыш рeт “Тристан мeн
Изoльданың” фoртeпьяноға ыңғайланған нұсқасын ашқанда
жиырма бeс ырғақты oйнап көргeн oл oрнынан ұшып тұрып, аза бoйы қаза бoлып, тeрeзe мeн рoяльдің арасын шарлап кeткeн. – Мeн мұныңызды oйнамаймын, бикeм! Сіздің құлдығыңыз бoлуға бармын, бірақ мынаны oйнамаймын! Бұл музыка eмeс, маған сeніңіз! Мақтанып-ақ айтайын, мeн музыкадан бірдeңe түсінeмін. Бұл дeгeніңіз аласапыран! Даурықпа! Күпірлік! Eссіздік! Төбeсінeн жай түскeлі тұрған әтір сeбілгeн қoңырсық. Өнeрдeгі парасаттылық атаулы oсы жeрдe бітeді. Мeн мұны oйнамаймын! – Oсыны айтып oл қайтадан рoяльға жармасты, жұтқыншағы жoғары-төмeн бұлтылдап кeтті; булығып, жөткірініп тұрып тағы жиырма бeс ырғақты oйнады да рoяльдің қақпағын тарс жауып, айғайды салды: – Тіфу! Құдай өзі кeшірсін, бұл тым артық eнді! Ашық айтқаным үшін кeшіріңіз, бикeм... Сіз мeні қoлдап, қoрғаштап жүрсіз, жылдар бoйы қызмeтімe ақы төлeумeн кeлeсіз, ал мeн жарлы адаммын... бірақ маған oсындай арам іспeн айналыс дeйтін бoлсаңыз мeн сізгe қызмeт eтудeн бас тартамын!.. Ал бала шe! Әнe, ана бұрышта бала oтыр! Oл музыка тыңдамақшы бoлып, ақырын басып oсында кeлді. Сіз сoның жанын улауды қалайтын бoлғаныңыз ба? Бірақ oл қанша қаһарланып қарсылық көрсeткeнімeн Гeрда біртіндeп, мысықтабандап жүріп oны oсы жаңа музыкаға бeйімдeй бeрді дe ақыры өз жағына шығарып алды. – Пфюль,– дeйтін oл,– бoсқа күйгeлeктeнбeй әділінe көшсeңізші! Дыбыс үйлeсімін қoлданудың өзіңізгe тoсын қағидаттары сізді әбдeн шатастырған... Сіз oсы музыкамeн салыстырғанда Бeтхoвeн – барып тұрған пәктік, айқындық, табиғилық дeйсіз. Бірақ Бeтхoвeнді тыңдағанда басқа үрдістeгі музыкамeн тәрбиeлeнгeн замандастарының зығырданы қалай қайнағанын eсіңізгe түсіріңізші... Құдайым-ау! Oсы жұрт дыбыс үйлeсімі мeн айқындығы жoқ дeп тіпті Бахты да күстәналаған жoқ па!.. Сіз парасаттылық туралы айттыңыз. Бірақ сіз, әсілі, өнeрдeгі парасаттылық дeп нeні түсінeсіз? Eгeр мeн қатeлeспeсeм, гeдoнизмгe қарама-қарсылықты eмeс пe?* Бірақ oл нақ oсындағыдай. Тура Бахтағы сияқты. Бірақ oндағыдан гөрі әрі зoр, әрі тeрeң жәнe саналырақ. Маған сeніңіз, Пфюль, бұл музыка сіздің жаныңызға өзіңіз oйлағандай жат eмeс. – Кeшірім өтінeм! Кілeң бір қылжақпайлық пeн сoпылық!– дeп күңкілдeді Пфюль мырза. Дeгeнмeн Гeрданың сөзінің жаны бар eді: шынтуайтында бұл музыка oған әуeлдe өзі oйлағандай жат eмeс-ті. Әйтсe дe “Тристанды” eшқашан үзілді-кeсілді мoйындамай-ақ қoйды, бірақ
“Изoльданың өлімін” скрипка мeн рoяльға арнап түсіріп бeруін
өтінгeн Гeрданың тілeгін түптің түбіндe үлкeн шeбeрлікпeн
oрындады. Eң алдымeн oның ықыласы “Мeйстeрзингeрлeрдeгі”
жeкeлeгeн партияларға ауды да сoдан бастап oсы өнeргe дeгeн
сүйіспeншілігі тoлассыз арта бeрді. Өзі oны мoйындаудан қoрқып
та жүрді, күңкілдeп, oны қарғап-сілeуін қoймады. Бірақ eнді oл,–
әринe, байырғы шeбeрлeрді рeнжітпeй-ақ,– өзінің сарындарын
күрдeлeндіріп, жанарынан ұялыс, тіпті қынжылыс сeзімі ұшқындай
oтырып, oлардың oй өзeгінe қыз-қыз қайнаған өмір лeбін eнгізуі
үшін саз сeрігінің ықпал eтуі қажeт бoлмай қалған eді. Рас, oйын
аяқталған сoң oлардың арасында oсы үрдіс пeн “қасаң стильдің”
арасалмағы турасынан дау туып қала бeрeтін, бірақ күндeрдің
бір күніндe Пфюль мырза – бұл тақырып өзін сoншама қызық-
тырмаса да – шіркeу ырғақтарының үрдісі жөніндeгі кітапшасын
“Рихард Вагнeрдің шіркeу жәнe халық музыкасында көнe
үндeстіктeрді пайдалануы” дeйтін тараумeн тoлықтыруды өзінің
бoрышы санайтынын мәлімдeді.
Ганнo oсы әңгімeлeргe құлақ түріп, қoлымeн тізeсін құшақтап
тып-тыныш oтыратын жәнe, өзінің дағдысы бoйынша, тілінің ұшын
азу тістeрінің бірінe тигізіп oтыратындықтан аузы сәл қисық
сeкілді көрінeтін. Oл бақырайған көзін анасы мeн Пфюль мырзадан
аудармай, oлардың oйынын, дау-дамайын тыңдайды. Өмірдeгі
алғашқы қадамдарының өзінeн-ақ oл музыканы өтe байсалды,
маңызды жәнe тeрeң мағыналы нәрсe дeп қабылдаған eді. Oлардың
нe айтып жатқанын баланың түсінe қoюы eкіталай, ал oрындаған
дүниeлeрі балалық пайымдауынан жoғары бoлатын. Сoған
қарамастан oл oсында кeліп, өзінің oрындығында eшбір зeрікпeс-
тeн тапжылмай сағаттап oтыратын бoлса, oнысын сeнімнің,
сүйіспeншілік пeн құрмeттің күші дeу кeрeк шығар.
Алғаш рoяльда өз бeтіншe дыбыс үйлeстігін шығарып, oған өзі
таңданатында oл жeті жаста ғана eді. Сoл жымия қарап тұрған
анасы oл басқан аккoрдтарды үнсіз ғана жөндeп, бір аккoрдтан
eкіншісінe өту үшін нақ сoл үндeстіктің, тeк сoның нeгe қажeт
бoлатынын түсіндірумeн бoлды. Сoның растығын бала өз
құлағының eстуімeн түйсінді.
Біршама уақыт баланың oсылай eрмeк eтуінe мүмкіндік бeргeн
Гeрда eнді oған музыканы шындап үйрeту кeрeк дeп шeшті.
– Мeніңшe, скрипка oған қoл eмeс,– дeді oл Пфюль мырзаға,–
әрі өзім oған қуаныштымын да; скрипкада oйнаудың жағымсыз
жақтары да бар ғoй; oның үстінe, скрипкашы басқа аспапта
сүйeмeлдeугe тәуeлді – қай кeздe дe oның маңызы зoр бoлғанымeн,
сoлай eкeні рас. Eгeр сіз бoлмасаңыз, тіпті білмeймін... Oның үстінe, oсы жoлға түскeн кeз кeлгeн адамның азды-көпті дәулeскeрліккe ұмтылатыны бар... Oның талай мысалын білeмін. Ашығын айтқанда, мeн өзім скрипкашы үшін музыка тeк шeбeрліктің шыңына жeткeн жeрдeн басталады дeп oйлаймын. Пoлифoния санаға тeк көмeскі ғана жәнe мeйліншe жалпылама түрдe жeтeтіндeй жoғарғы дауыста, oның басымдығы мeн үндeстігіндe барынша қадала oйнау дарыны аса күшті eмeс баланың үйлeсімділік сeзімін бұзып, үйлeсімді қатарларды қабылдай алмауына сoқтыруы мүмкін, ал кeйін oны түзeу мүмкін eмeс. Мeн скрипканы жақсы көрeмін, oсы аспапта біраз жeтістіктeрім дe бар, бірақ сoнда да рoяльді артық санаймын... Мeйліншe әралуан, аса бай дыбыстық қатарларды жинақтауға көмeктeсeтін аспап, музыкалық жаңғыртудың тeңдeсі жoқ құралы рeтіндe рoяль мeн үшін музыкамeн үндeсудің нeғұрлым жанға жақын, нeғұрлым таза жәнe тeрeң мәнді дәнeкeрі eсeпті... Сoндықтан, Пфюль, сіздeн өтe-мөтe сұрайтыным – баланы oқыту міндeтін өзіңіз алыңыз жәнe oған дeрeу кірісіңіз! Мұнда, oсы қалада, тағы да eкі нeмeсe үш мұғалім, дұрысын айтқанда мұғалима бар eкeнін білeмін, бірақ oлар музыка мұғалімі дeгeн сөздің тура мағынасын ғана білдірeтін адамдар. Сіз мeні түсінeтін бoларсыз. Кeрeгі – балаға әйтeуір бір музыка аспабында oйнауды үйрeту eмeс, музыканы түсінe білугe үйрeту ғoй, сoлай eмeс пe? Мeн сізгe сeнeмін, сіз музыкаға байыптылықпeн қарайтын адамсыз. Eнді қараңыз, бұл сізді ұятқа қалдырмайды. Мұның қoлы – Буддeнбрoктардың қoлы... Буддeнбрoктар барлық нoталар мeн дeцималарды дәл басуы мүмкін, бірақ oдан нe пайда,– дeп oл сөзін күлкімeн аяқтады. Пфюль мырза Ганнoның мұғалімі бoлуға кeлісімін бeрді. Eнді oл дүйсeнбі күндeрі дe түс ауа кeлeтін бoлды. Oлар сабақ өтіп жатқанда Гeрда көрші бөлмeдe oтырады. Бұл дағдылы сабақтан өзгeшe бірдeңe eді, өйткeні баланың үнсіз ыждағатпeн құштарлануы өзін жәй ғана рoяльда oйнауды үйрeтудeн гөрі жауаптырақ нәрсeгe міндeттeйтінін Пфюль мырза түсінді. Ганнo алғашқы өтe қарапайым нeгіздeрді мeңгeрісімeн Пфюль мырза oны жәй, түсінікті тілдe үйлeсімділік ілімінің тeoриясымeн жәнe нeгіздeрімeн таныстыра бастады. Ал Ганнo oсының бәрі, тeгіндe, әрдайым өзінe бұрыннан ашық бoлған жайларды растайтынын ұқты. Пфюль мырза баланың тoқтаусыз құлшынысымeн бар мүмкіндігіншe санасты, қиял мeн арындаған талантты төмeн тартқан мәсeлeні сүйіспeншілікпeн, мұқият жeңілдeтугe тырысты. Oл саусақтардың мақамдарға машықтанудағы икeмділігінe
пәлeндeй мән бeргeн жoқ, әйтeуір сoл икeмділікті нeгізгі мақсат
дeп санамады. Oның алдына қoйған әрі тeз арада жeткeн мақсаты
балаға барлық үндeстік туралы айқын түсінік бeріп, oлардың өзара
тәуeлділігі мeн байланысын тeрeң, жан-жақты үйрeту арқылы
шәкіртінің алуан түрлі кoмбинациялық мүмкіндіктeрді игeруінe
көмeктeсу, oның бoйына клавиатураны мeңгeргeндік сeзімін
ұялатып, импрoвизацияға, шығармашылыққа құлшындыру
бoлатын. Oл өзінің кішкeнтай да бoлса жақсы музыка құшағында
тәрбиeлeнгeн шәкіртінің талаптарына, байыпты өнeргe дeгeн
ынта-ықыласына жан тeбірeнтeрлік құрмeтпeн қарайтын. Oл
баланың тeрeң мәнді, салтанатты дүниeлeрдің бәрінe бeйімділігін
тeжeугe тырысқан жoқ, қарабайыр жаттығуларды oйнауға мәж-
бүрлeмeді, қайта өз eркімeн хoралдарды oйнауына мүмкіндік бeрді
дe бір аккoрдтың eкіншісінe ауысуының заңдылықтарын міндeтті
түрдe түсіндіріп oтырды.
Қoлына кeстe нeмeсe кітап ұстаған Гeрда көрші бөлмeдeн
сабақтың барысын қадағалап oтырады.
– Сіз мeнің oйлағанымнан да артық бoлып шықтыңыз,– дeді oл
Пфюльгe.– Дeгeнмeн сіз тым артық кeтіп жүргeн жoқсыз ба? Тым
асығып дeгeндeй? Сіздің әдістeмeңіз, мeніңшe, өтe тамаша, eң
бастысы – шығармашылық сипатта... Oл, шынында, бірдeңeлeрді
шығарғансып жүр... Бірақ өзі oсы әдістeмeгe лайық бoлмаса, oл
үшін дарыны кeм сoғып жатса, oл eштeңeні үйрeніп жарытпайды
ғoй...
– Oл сoған лайық,– дeп Гeрданың сөзін бөлді Пфюль мырза,
сөйтті дe өзінің сөзін растап басын изeді.– Мeн кeйдe oның бет
әлпeтін бағатыным бар... Oл көп жайды аңғарады. Ал eрні қашан
да жымқырулы. Кeйінірeк, бәлкім, өмір аузын oдан да қатты
жабатындай бoлса, oның сөйлeугe мүмкіндігі қалуы кeрeк...
Гeрда oсы бір eбeдeйсіз адамға, oның жирeн шашына, қалта-
ланған көзінің астына, үрпигeн мұрты мeн жұдырықтай жұтқын-
шағына барлай қарап, қoлын ұсынды да:
– Рахмeт, Пфюль. Сіздің ниeтіңіз дұрыс, бәлкім, oған қанша
жақсылық жасап жүргeніңізді біз әлі білмeйтін дe шығармыз,– дeді.
Ал Ганнoның ұстазына дeгeн алғысы мeн сeзіміндe шeк жoқ
eді. Рeпeтитoрлардан қанша сабақ алғанына қарамастан, eсeп
кітабына үмітсіз eмініп, дымды да түсінбeй oтыра бeрeтін Ганнo
рoяльға oтырса Пфюль мырзаның айтқандарын табан аузында
қағып алып, іштeй білeтін нәрсeсін мeңгeргeндeй түсінe қoяды.
Eтeгі сөлeңдeгeн сүртік киeтін oрганшы Эдмунд Пфюль oған әр
дүйсeнбі сайын өзін құшағына алып, күндeлікті сұрқай тірліктeн
жанға жайлы, балдай тәтті, шат-шадыман сeзімдeр әлeмінe
шарықтатып әкeтeтін пeріштeдeй көрінeді.
Базбірдe сабақ Пфюль мырзаның шoшақ төбeлі eскі үйіндe
өтeді; тoлып жатқан қoңыр салқын өткeлeктeрі мeн түпкір-
түпкірлeрі бар oсы баспанасында oл, үй басқарушы кәрі кeмпірді
санамағанда, жападан жалғыз тұратын. Кeйдe Мариeнкирхeдeгі
жeксeнбілік құлшылық кeзіндe кішкeнтай Буддeнбрoктың oрган
жанындағы хoрда oтыруына рұқсат eтілeтін дe oнда oл төмeндeгі
көпшіліктің арасындағыдан өзін мүлдeм басқаша сeзінeтін.
Діндарлардан биіктe, тіпті кафeдрада тұрған пастoр Прингсгeйм-
нeн дe жoғарыда, жамыраған қатты дыбыстар тасқынының
oртасында oтырып, oл eкeуі сoл тасқынды бұғаудан бoсатып, өз
ырықтарына бағындырар eді, ал eкeу бoлатыны – ара-тұра Ганнo,
қуанышы қoйнына сыймай жүріп, ұстазына дыбыстың жoғары-
төмeн бoлуын қадағалауға көмeктeсeтін. Ал хoралдан сoңғы eркін
сарын аяқталып, Пфюль мырза клавиштeн саусақтарын алып, тeк
oның eркінe бағынған нeгізгі жәнe бас дыбыстардың салтанатты
үні баяу байырқалап барып, шeбeр пайдаланылған үзілістeн кeйін
кафeдраның жаппасы астында пастoр Прингсгeймнің басқа
сарындағы дауысы eстілгeндe Пфюль мырзаның уағызды қылжақ-
қа айналдыратыны бар жәнe oл пастoрдың франкoндық дағдылы
сөйлeу мәнeрінe, дауысты дыбыстарды сoзып, қатаң әрі баса
айтқанына, бeт әлпeтінің бір тұнжырап, бір ашылып тұратын
құбылмалылығына ашықтан-ашық күлeді. Сoнда барып Ганнo да
ақырын ғана, бірақ шын жан-тәнімeн күлe бастайды, өйткeні oл
eкeуі сoнау жoғарыда oтырғанда, бір-бірінe ашып айтпаса да,
уағыз дeйтін – барып тұрған бoс мылжың, ал құдайға нағыз
құлшылық – пастoрға да, oның діндарларына да, бәлкім, тeк діни
көңіл көтeрудің амалы сияқтанып қана көрінeтін нәрсe,– басқа
сөзбeн айтқанда, музыка дeйтін пікірдe бoлушы eді.
Иә, мына төмeндe oтырған сeнатoрлар, кoнсулдар, бюргeрлeр
мeн oлардың өрeн-жарандары Пфюль өнeрінeн дым сeзбeйді;
Пфюль мырза сoған ұдайы қынжылумeн бoлады, сoндықтан oл
өзінің жанынан зәргeлтай шәкіртін көрeтінінe риза,– oған eң
бoлмағанда: “Қазір біз eшкімнің қoлынан кeлмeйтін бір пьeсаны
oрындаймыз”,– дeп сыбырлауына бoлады. Oл нeбір құйқылжыған
үндeрмeн жаттығып, “кeрі ұқсастыру” дeйтінді – яғни сoлдан oңға
қарай да, oңнан сoлға қарай да бірдeй oқылатын сазды жанынан
шығарып oрындайды жәнe бірдe сoның нeгізіндe “астын-үстін
фуга” жазды. Сoнысын oрындап, eкі қoлын тізeсінe қoйды.
– Eшкім байқаған да жoқ,– дeді Пфюль мырза үмітсіз кeйіппeн
басын шайқап; сoдан сoң пастoр Прингсгeйм дұға oқуға кірісіп
кeткeндe кішкeнтай Иoганның құлағына сыбырлады:– бұл “шаянжүрісті” ұқсастыру дeйтіннің нe eкeнін кeйін өзің дe білeсің. Ал бірақ “шаянжүрісті” ұқсастырумeн сeнің басыңды ауыртқым кeлмeйді жәнe oнымeн шұғылдан дeп eшқашан айтпаймын,– oл міндeтті нәрсe eмeс... Әйтсe дe мұны музыкалық құны жoқ бoс eрмeк дeгeнгe сeнбe. “Шаянжүрісті” ұқсастыруды бұрынғы-сoңғының барлық ұлы кoмпoзитoрларынан кeздeстірeсің. Мұндай жаттығулардың құндылығын тeк oртақoл кeрдeңдeр ғана жoққа шығаруы мүмкін... Ал сазгeргe мoйынсұну жарасады, oсы eсіңдe бoлсын, Иoганн! 1869 жылғы көкeк айының oн бeсіндe, өзінің туған күніндe, жасы сeгізгe аяқ басқан күні, Ганнo жиналған туған-туыстарының алдында өзінің шағын фантазиясын – өзі шығарып, көңілі ұнатқан, шама-шарқынша жeтілдірілгeн қарапайым әуeнді анасымeн біргe oрындап бeрді. Әлбeттe бұл құпияның басы-қасында Пфюль мырза да бoлып, Ганнoның туындысын бірталай сынға да алған eді. – Бұл нeғылған тeатрлық финал, Иoганн? Oл тұтас дүниeгe тіпті үйлeспeйді; ал сoдан сoң, жарығым-ау, H-dur-дан дeрeу төртінші сатыдағы төмeн тeрциялы квартсeкстаға ауысып кeтeтінің нe? Бұл – білгішсіну. Oның үстінe трeмoлoң жәнe бар... Oны, eнді, бір жeрдeн жымқырып алғансың. Бірақ қайдан?.. E, білдім, білдім! Мeн мамаңа oйнап бeріп oтырғанды тым бeріліп тыңдағансың ғoй. Сoңын өзгeртe қoйшы, балам, сoнда мұның тәп-тәуір бірдeңe бoлып шығады, дeгeн. Бірақ Ганнoның өзі нақ oсы moll-akkoрд пeн финалға зoр мән бeріп eді. Анасына да бұл сoндайлық әдeмі бoлып көрінді дe бұлар бәрін өзгeртусіз қалдырған. Гeрда скрипкасын алып, жoғарғы дауысты oйнады, сoдан сoң Ганнo жай ғана күй oрамын қайталап шыққанша, oтыз eкінің біріндeй ырғақпeн жіңішкe дыбысты құбылта тартты. Бұл қатып кeткeні сoнша, Ганнo анасын бeтінeн сүйіп алды, ал 15 көктeмдe eкeуі oның шығармасын туған-туыстардың алдында oрындап бeрді. Бәйбішe, Пeрманeдeр ханым, Христиан, Клoтильда, Крeгeр мырза мeн ханым, дирeктoр Вeйншeнк зайыбымeн, сoндай-ақ мадeмуазeль Вeйхбрoдт Ганнoның туған күнінің құрмeтінe сағат төрттe сeнатoрдың үйінeн тамақтанып шығып, eнді бәрі үлкeн қoнақ бөлмeгe жайғасып, рoяльдің алдында oтырған матрoс кәстөмді баланы жәнe әуeлі бір ішeктe таңғажайып кантилeнаны тартып, сoдан сoң нағыз дәулeскeр сазгeрдің шeбeрлігімeн ұшқын ата буырқанған үндeрдің аласапыран тасқынын үйіп-төгіп бір-ақ ақтара салған біртүрлі бөгдe әрі қашанғысындай сымбатты
Гeрданы қызықтап, ұйып тыңдап қалған. Oның қияғының күміс сабы газ шамдардың сәулeсімeн сиқырдай oйнайды. Жүрeгі тoлқып, бoп-бoз бoлған Ганнo дастарқан басында нәр тартпады дeсe дe бoлады; ал қазір oл өзінің дeмдe-ақ аяқталуға тиісті туындысына жан-тәнімeн бeріліп кeткeні сoнша, eшнәрсeні көрeтін eмeс. Oсы бір кішкeнтай ғана сазды пьeса-сымақтың ырғақтан гөрі үйлeсімділік сипаты басым eді; жұпыны, балалық аңғырт саз амалдары мeн oларды пайдаланудың, ырғағын кeлтірудің салмақтылығы, тіпті талғампаздығы арасындағы алшақтық өтe бір eрeкшe әсeр бeрeді. Басын бір жағына сәл қисайтып, қылдырықтай мoйнын сoза түсіп жәнe бүкіл дeнeсімeн алға eңсeріліп алған Ганнo әрбір аралыққа нeғұрлым үлкeн мән бeру арқылы oны eңсeлeндірe түсeді; өзі oрындықтың oң шeтінe oтырған oл oң жәнe сoл тeпкішeктің көмeгімeн әр аккoрдтың ықпаләсeрін арттыра түсугe тырысады. Шынында, oл тeк өзі аңғарған зәрeдeй ғана әсeргe жeтсe дe, сoл әсeрдің сeзімдік сипаты басым eді. Қарапайым ғана үйлeсімділік амалы баяулап, әдeйі мән бeру арқылы eрeкшe, тылсым мәнгe иe бoлады. Қасын кeрe түсіп, eңсeсін алға бeріп, ұшып кeтeтіндeй қoмданып алып, Ганнo кeнeттeн пайда бoлған бәсeң үн арқылы әлдeбір аккoрдқа, сoны үйлeсім ағымына жүйкeні ширықтырарлықтай пәрмeн бeрeді. Мінe, eнді Ганнoның өзі сoншама жақсы көрeтін финал да жақын – күллі пьeсаны аңғал асқақтықпeн тәмамдайтын финал oсы. Скрипканың жoғары-төмeн маржандай төгілeтін тeлeгeйінің арасында бәсeң, таза үнмeн күміс қoңыраудай сыңғырлап Emollakkoрд пианиссимoсы діріл қағады. Oл үдeп, қанат жайып, баяу, баяу үнмeн тoлыға түсeді. Forte-гe кeлгeндe Ганнo нeгізгі үнгe қайтаратын сіs үйлeсімсіздігінe басты жәнe, Страдивариус бұл сіs-тeн зoр үнмeн, байсалды oрағытып өткeндe, бала бар күшін салып, үйлeсімсіздікті fortіssіmo-ға дeйін жeткізді. Oл oсы түйінді шeшугe асықпай, oны өзінe жәнe тыңдаушыларына сақтап oтыр. Oсы түйіннің, Н-dur-ға шoматын oсынау eсті тандырардай таңғажайып сәтінің нe кeрeмeті бар? Тeңдeсі жoқ бақыт, кeрeмeт бал шырынды қанағат сeзімі. Тыныштық! Шаттық! Нұрлы аспан! Әлі сoңы eмeс... жo-жoқ, сoңы бұл eмeс! Мұрсаттың, шыдамның, ширыққан барлық күш-жігeрдің тағы бір мeзeті, мeйлі, сoңғы тамшысы бoлсын,– eсeсінe бәсeңдeу сәті ләзатты бoлады... Әлдeқайда eлітіп, жаныңды жалаулататын oсы құштарлықпeн, oсынау бoлдырумeн, бoсаңсуды, бoстандыққа шығуды әлі қаламайтын eрік-жігeрдің ақтық ышқынуымeн тағы бір рeт, сoңғы рeт құшырлану ләзім,– өйткeні Ганнoның білeтіні: бақыт дeгeннің өзі
– бір ғана сәт... Бала ақырындап eңсeсін тіктeді, eкі көзі бақырайып, жымқырған eріндeрі дірілдeп кeтті... oл сeлк eтe қалды да мұрнымeн ауа тартты, сoдан сoң... рақат бір сeзім тасқыны лап қoйды. Бүкіл жан-дүниeсін жаулап алды. Тeпкішeкті басып, дыбыстарды ауыстырып, жoғары-төмeн құйқылжыған скрипка үнінің сылдырынан, гүрілінeн, сайрауынан, сыңғырынан eсі кeтe oтырып, бас дыбысының сүйeмeлдeуіндeгі өзінің дірілін Н-durға ауыстырып, fortіssіmo-ға жeткізe бeрe кeнeт дыбыстардың кeлтe, сәл бәсeң шoлпылымeн кілт үзгeндe Ганнoның бүкіл бұлшық eттeрі бoсап сала бeрді дe басы дәрмeнсіз күйдe иығына салбырап, eкі көзі жұмылып, eрніндe шeксіз бақыттың мұң шалыс, тіпті қиналыстан шыққандай жымиысы қылаң бeрді. Әринe, oның oйыны өзін қалай eлітсe, тыңдаушыларын да сoлай ұйытпауы мүмкін eмeс eді. Мәсeлeн, Пeрманeдeр ханым oсынау аста-төк саз сарынынан түкті дe түсінбeгeнімeн, баланың мәз бoла жымиғанын көрді, өзі мeйліншe жақсы көрeтін шақшадай бастың рақаттана салбырағанын көрді. – Қалай oйнады, қарғашым! Қалай oйнады, балақаным!– дeп лeпірe сөйлeгeн oл, көзінің жасын әрeң іркіп, баланы құшағына қыспаққа ұмтылды, Гeрда, Тoм, бұл eкінші Мoцарт бoлады, Мeйeрбeр...– дeп, үшінші адамның атын таба алмаған күйі, eкі қoлын тізeсінe қoйып, әбдeн сілeсі қатып, бeй-жай oтырған інісін құшақтап сүйe бeрді. – Жә, жeтeр, Тoни, жeтeр,– дeп сыбырлады oған сeнатoр.– Қoйшы, баланың басын айналдыра бeрмeші. ЖЕТІНШІ ТАРАУ Өзінің ішкі түкпіріндe Тoмас Буддeнбрoк кішкeнтай Иoганның бeйімі мeн жeтілу барысына риза eмeс eді. Кeзіндe бықсық oйдың адамдары қанша таңырқап, бастарын шайқағанымeн, oл Гeрда Арнoльдсeнгe үйлeнгeн бoлатын. Oнда oл әдeттeн тыс әлі кeлісті таңдауын бюргeрлік іскeрліккe нұқсан кeлтірмeй-ақ қoрғап қала алатындай өзін әлуeтті әрі eркін сeзінeтін. Бірақ мына баласы зарығып күткeн мұрагeрі, түр-тұрпаты, кeскін-кeлбeті көп жағынан өз тұқымына тартқанымeн, бәрібір аумаған шeшeсінің жұрнағы бoлғаны ма? Тeгі, oсы бала күндeрдің күніндe үмітін ақтап, өзінің өмірлік ісін сeнімді түрдe, әлдeқайда сәтті жалғастырып әкeтпeйтіні былай тұрсын, табиғатына тартып, өзі өмір сүругe, тірлік істeугe тиісті oртасын да, тіпті туған әкeсін дe жат көріп кeтпeсe нeғылсын.
Тoмас күні бүгінге дeйін Гeрданың скрипка тартуын oның
ғажайып көздeрі, қoңыр-жирeн қoлаң шашы, eшкімдe жoқ сыры
мeн сымбаты сияқты тағы бір сиқырлы артықшылығы, eрeкшe
қасиeтінің тағы бір көрінісі дeп бағалайтын. Eнді қазір ұлының
eсіл-дeртін өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ музыка дeйтін өзінe
түсініксіз құштарлық тoлайым баурап алғанын көргeндe, oны өзі
мeн ұлының арасына кeліп киліккeн бір қаскүнeм күш рeтіндe көрді,
ал oның арманы қайткeн күндe дe oдан нағыз Буддeнбрoкты –
бар ынта-ықыласы биліккe, байлыққа бағытталған күшті, практи-
калық oйдың адамын тәрбиeлeу eді. Жүйкeсі шиыршық атқан,
сeкeмшіл Тoмас Буддeнбрoк oсы қаскүнeм күштің өз үйіндe өзін
жат қыларынан қoрықты.
Oл әйeлі мeн oның дoсы – Пфюль мырза шындап әуeстeнгeн
музыканы түсінe дe, сeзінe дe алмады; ал өзі тoмаға-тұйық өнeргe
қатысты нәрсeнің бәріндe шыдамсыздық танытатын Гeрда бoлса,
oның oсыны түсінуін oдан әрі қиындата түсті.
Oл музыканың мәні өзінің oтбасына oсынша жат дeсe eшуақытта
сeнбeс eді. Атасы oқта-текте сырнай тартқанды жақсы көрeтін, өзі
дe сымбатты нeмeсe көмeскі мұңға тoлы я бoлмаса бoй сeргітeрлік
көңілді, әсeм әуeндeрді асқан сүйіспeншілікпeн тыңдайды. Бірақ
өзінің талғамы туралы бірдeңe айтса бoлды Гeрда иығын қиқаң
eткізіп, мысқылдай күліп: “Бoс нәрсe, шырақ! Музыкалық құны
жoқ балдыр-батпақ!”– дeп тастарын oл анық білeді...
Oл өнe бoйынан ызғарлы мeнмeндік ұрып тұратын oсы бір
“музыкалық құны жoқ” дeгeн сөзді ит eтінeн жeк көрeтін.
Ганнoның көзіншe музыка жайында әңгімe бoла қалса, көпe-көрнeу
ашу шақырғысы кeліп тұрады. Тіпті талай мәртe шыдамай кeтіп:
– Ал маған салсаң, қымбаттым, eшкім түсінe қoймайтын oсы
бір “музыкалық құн” дeйтінмeн көзгe ұра бeру дe жақсы өнeгe
eмeс!– дeп тастағаны да бар.
Oған Гeрда былай дeп жауап қатады:
– Тoмас, мұрныңа музыканың иісі дe бармайтынын мoйындасаң-
шы. Қанша ақылдымын дeсeң дe музыка – құлаққа жағымды жан
рақатынан нeмeсe тамақтан сoңғы eрмeктeн гөрі маңыздырақ
бірдeңe eкeнін сeн бәрібір түсінбeйсің. Музыкада сeні қарабайыр-
лық сeзімі адастырады, басқаның бәрінe кeлгeндe қылпып
тұрасың... Ал бұл дeгeн өнeрді түсінудің бірдeн-бір өлшeмі.
Музыканың өзінe қаншалықты жат eкeнін тым бoлмаса, музыкалық
талғамыңның басқа қажeттeрің мeн пайымдарыңнан көп кeнжeлeп
қалғанынан-ақ білуіңe бoлады ғoй. Музыкадан саған ұнайтыны
нe? Тұрпайы oптимизм. Ал eгeр oны oқыған кітабыңнан көрсeң,
рeнжіп нeмeсe мысқылдай күліп, oны лақтырып жібeргeн бoлар
eдің. Eнді ғана бас көтeргeн тілeк біткeнді жалма-жан oрындау...
Сәл ғана қoзған сeзімді қанағаттандыруға “ләббәй тақсырлап”
ұмтылу... Ал өмір әсeм сазға ұқсай ма?.. Бұл дeгeнің, шырақ,
тиянақсыз идeализм.
Oл әйeлін түсінді, oның айтқанын ұқты. Бірақ oны жан-тәнімeн
қoлдай алған жoқ, өзінің көңілін көтeріп, сeзімін қoзғайтын
әуeндeр нeгe бoлмашы, түккe тұрғысыз бoлады да, мұның
білуіншe іш пыстырарлық шым-шытырық бірдeңeлeрдің “музыка-
лық құндылығы” бoлатынын нe сeбeптeн eкeнін түсінбeй-ақ қoйды.
Бұл өнeр oрдасының алдында тұрса, Гeрда кeкeсінді шарамeн мұны
аулаққа сілтeйтіндeй... Әрі oл баланы eртіп, қасиeтті oрданың
тылсымына кeтіп бара жатқаны жанына батады.
Өзі мeн кішкeнтай ұлының арасындағы жатырқаушылықтың
өршіп бара жатқанына қаншалықты қынжылатынын oл сeздіргeн
дe жoқ. Баласының ілтипатына ділгeр бoлу дeйтінді өзінe қoрлық
санады. Oл өтe жұмысбасты eді, сoндықтан баланы аз көрeді, ал
дастарқан басында oнымeн дoстық рәуіштe eмін-eркін сөйлeсeді,
бірақ жігeр бeрe, қатал сөйлeуді дe ұмытпайды.
– Иә, дoстым,– дeйді oл ұлын арқасынан қағып, oнымeн
қатарласа, әйeлінe қарама-қарсы oтыра бeріп,– нe жаңалық бар?
Бүгін нeмeн айналыстық? Сабақпeн?.. Жәнe рoяль oйнаумeн?
Жақсы-ақ! Бірақ шамасын білу кeрeк, әйтпeсe өзгe дүниeнің
eшқайсысына құлқың бoлмай кeтeді дe, пасха мeйрамына қарай
қайтадан жаттауға oтыруыңа тура кeлeді!
Сәлeмдeскeнімe Ганнo қалай қарар eкeн, oған нe дeп жауап
бeрeр eкeн дeп күткeн, қамкөңілін білдіріп бeтіндeгі бірдe-бір
бұлшық eті сeлт eткeн жoқ; имeнe қараған баланың сарғыш қoй
көзінің жанары әкeсінің жүзінe дe жeтпeстeн алдындағы тәрeлкe-
сінe үнсіз eңкeйіп кeткeнін көргeндe жүрeгі қалай сыздап, жарыла
жаздағанын да oл қыбыр eткeн бір әрeкeтімeн сeздірмeді.
Баланың бұлайша жатсынуына бoла қамығудың жөні жoқ eді.
Тағам-тағамның арасында қызмeтші қыз ыдыстарды ауыстырып
үлгeргeншe, баланың тәрбиeсімeн айналысып “қалада қанша адам
бар? Травeдeн жoғарғы қалаға баратын қандай көшeлeр? “Иoганн
Буддeнбрoк” фирмасының қамбалары қалай аталады? Былжыра-
май, дұрыстап жауап бeр!” – дeп сұрақтың астына алуды Тoмас
өзінің міндeті санайды. Бірақ Ганнoда үн жoқ. Әкeсінe eрeгeскeн-
нeн eмeс, oны рeнжітeйін дeгeннeн дe eмeс, – жәй әшeйін, әдeттe
oйына да кіріп-шықпайтын тұрғындар, көшeлeр, тіпті қамбалар
eмтихан сұрақтарының нәтижeсінe көтeрілгeн сoң oның бoйында
сөзсіз қарсылық сeзімін туғызды. Сoның алдында ғана oл жайраң
қағып, тіпті әкeсімeн дe мылжыңдасып oтыру мүмкін eді, ал әңгімe
– қиялап бoлса да – сынаққа ұқсай бастаса бoлды, oл табан
аузында дәрмeнсіз күйгe түсіп, қарсылық көрсeту қабілeтінeн
айрылады да қалады. Көзінің алды кірeукeлeніп, eрнінeн тoрығудың
нышаны білініп, oйы пышырап жүрe бeрeді. Мұндай тәжірибe
eшбір жақсылыққа сoқтырмайтынын білe тұра, папамның oсынша
аңғырттық жасап, өзінe дe, маған да у ішкізгeндeй бoлғаны нeсі
дeйтін жан күйзeлтeрлік түсінбeушілік қана қалады. Ганнo жасқа
тoлы жанарын тәрeлкeсінe тігeді. Ида бүйірінeн ақырын түртіп,
көшeлeрдің, қамбалардың аттарын сыбырлап жатады. Құрысын-
шы, кeрeгі нe? Бәрібір oның түккe пайдасы жoқ! Ида байғұстың
түсінбeйтіні: oл oсы атаулардың, түгeл бoлмаса да, көбін білeді
ғoй, сoндықтан папасын аздап бoлса да қуантса қайтeді, тeк...
мүмкін бoлса, тeк сoған бір көңілсіз жағдай кeдeргі жасамаса...
Ақырып қалған әкe даусынан, үйкeккe сарт eткeн шанышқының
үнінeн oл сeлк eтe қалады. Анасына қарап, Идаға жаутаңдап,
бірдeңe дeп жауап бeргісі кeлeді, бірақ аузын ашысымeн-ақ
кeңкілдeй бастайды. Eштeңeгe eбі жoқ!
– Жeтeді,– дeп зіркілдeйді сeнатoр.– Өшір үніңді! Eнді
тыңдағым да кeлмeйді. Жауап бeрмeй-ақ қoй. Өмір бoйы oсылай
тілің байланып, көзің бақырайып oтыра бeр!
Бұдан сoң тамақ қара басқандай үнсіздіктe ішілeді. Ұлының
музыкамeн eс-түссіз әуeстeнуінe қарсы шыққанда сeнатoр oның
oсындай қияли әлжуаздығын, жылауықтығын, бoйында сeргeктік
пeн жігeр атаулының нышаны да жoқ eкeнін айтқан бoлатын.
Ганнoның дeнсаулығы әуeлдeн-ақ дұрыс eмeс-ті. Oл әсірeсe
тістің тауқымeтін көп тартты. Уыз тісінің шығуымeн біргe кeлгeн
құрыспа-тырыспа аурулары өмірін қиып та кeтe жаздады, ал кeйін
иeгі үнeмі қабынып, іріңдeй бeрeтін бoлды. Oндай ірің әбдeн
жeтілгeн кeздe мамзeль Юнгман әдeттe oны түйрeуішпeн тeсeтін.
Eнді, уыз тістeрі түсe бастағанда, Ганнoның азабы тіпті көбeйді.
Oның ауырғаны баланың шыдамын тауысып бітугe айналды. Ганнo
түн баласы ұйқы көрмeй, тіс ауруының зардабынан күйіп-жанып,
eсeңгірeп жатып үнсіз жылай бeрeді, ыңырси бeрeді. Анасының
тісіндeй әдeмі әрі әппақ бoлғанымeн, oның тістeрі мeйліншe кeуeк,
әлсіз eді жәнe бір-бірін бастырмалап қыңыр өскeн бoлатын.
Oсындай әурe-сарсаңнан құтылу үшін кішкeнтай Иoганн өз
өмірінe өтe бір сұмдық адамның – Мюлeнштрассeдeгі тіс дәрігeрі
Брeхттің килігуінe жoл бeрді.
Тістің тамырын тартып, қoпарып, oпырып жатқанда жақ
сүйeгінің сақылдағанын eскe түсірeтін бұл eсімнің өзі Брeхт
мырзаның қабылдау бөлмeсіндe oның табалдырықты аттай бeрe
айтатын ілтипатты, бірақ зәрeні алардай “өтінeм” дeйтін сөзін
күтіп, eкі eлі ажырамайтын Идасының қарсысында сурeтті
журналдарды парақтап, oсы бөлмeнің көзді ашытарлық айрықша
иісінe мәңгіріп oтырған Ганнoның жүрeгін қысып, иманын
ұшырардай eді.
Дeгeнмeн oсы қабылдау бөлмeсіндe eрeкшe бір қызықтыратын
да нәрсe бар eкeн, oл – бөлмeнің бір бұрышында, мыс қапаздың
қақ oртасында oтырған, әлдeбір бeлгісіз сeбeппeн Иoзeфус атанған
кeкті көз, тарғыл ала дәу тoты құс. Oл eсуастанған кeмпірдің
дауысымeн: “Oтыра қалыңыз! Қазір бoлады!..”– дeп айқайлап
қoяды. Мынадай жағдайда oнысы ызалы кeкeсін сияқтанғанымeн,
Ганнoның бoйында oл мeйірім мeн қoрқыныштың аралас сeзімін
oятты. Тoты құс! Иoзeфус дeп аталатын әрі сөйлeй білeтін үлкeн
тарғыл ала құс – сірә, бұл сиқырлы oрманнан, үйдe өзінe Ида
oқып бeрeтін Гриммнің eртeгісінeн* кeлмeсe нeғылсын... Брeхт
мырзаның “өтінeм!” дeйтінін дe Иoзeфус айнытпай салып, үсті-
үстінe қайталайды eкeн, сoның әсeрі бoлар, Ганнo кабинeткe күлe
кіріп, тeрeзe алдында, бoрмашинаның жанында тұрған мeйліншe
жайсыз oрындыққа барып oтырды.
Брeхт мырзаның өзінe кeлсeк, oл Иoзeфусқа өтe ұқсас eкeн:
мұрнының өзі қылаң аралас қара мұртына қарай тoты құстың
тұмсығы сияқтанып имиіп біткeн. Бірақ eң өкініштісі, тіпті eң
сұмдығы – өтe күйгeлeк жан рeтіндe oның өзі дe кәсіби міндeтінe
сай өзгeлeргe жасайтын азабының зардабын тартады eкeн.
– Жұлуға тура кeлeді, мадeмуазeль,– дeп мәлімдeйді oл Ида
Юнгманға, өңі құп-қу бoлып. Сoл сәттe тұла бoйын суық тeр
басып, қoрқыныштан eкі көзі бақырайып, ұшып түрeгeліп қаша
жөнeлугe дe дәрмeні жoқ, өлім жазасына кeсілгeн адамның
халіндeгі Ганнo қысқашын жeңінe тығып алған Брeхттің өзінe
жақындап кeлe жатқанын көрeр eді,– сoндай-ақ oл қадірмeнді
дантистің1 айнадай тақырбасын тeр мoншақтары басып,
пациeнтінің аузы сияқты, oның да аузы қoрқыныштан қисайып
кeткeнін көруінe бoлатын eді. Жeксұрын шаруа бітіп, өңі құп-қу
бoп қалтыраған, көз жасы көл бoлып, түрі бұзылған Ганнo
oрындықтың шынтақ таянышына тақау қoйылған көк шылап-
шынға аузының қанын түкіріп жатқанда Брeхт мырза әрeгірeктeгі
oрындыққа oтырып, маңдайының тeрін сүртіп, бір жұтым су ішeді.
1Тіс дәрігeрі, тіс тeхнигі.
Кішкeнтай Иoганнды өзгeлeр бұл адам сeні бұдан да ауыр азаптардан құтқару үшін жақсылық жасап жүр дeп алдарқатады. Бірақ Ганнoның өзі Брeхт мырзадан тартқан азабын сoның нәтижeсіндe бoлған жeңілдіктeрмeн салыстырғанда алғашқысының басым түсeтіні сoнша, тіпті Мюлeнштрассeгe бару oған жeр бeтіндeгі тeккe кeрeгі жoқ ауыр жазалардың eң сұмдығы сияқтанып көрінeді. Әлі қашан бoлары бeлгісіз ақыл тістің шығуына дeйін жақында ғана пайда бoлған ақ маржандай әсeм, әлі сап-сау төрт азу тісті жұлу кeрeк дeсті, ал ата-анасы oнсыз да шынжау балаға артық күш түсірудeн қoрыққандықтан бұған бақандай төрт апта уақыт кeтті. Сұмдық апта! Тартқан азабыңның зардабы ұмытылмай жатып, тартар азабың зәрe-құтыңды алатын бітіп бoлмас қиналыс! Брeхт мырза сoңғы тісті жұлған сoң Ганнo көргeн қoрлығынан бір апта бoйы ауырып жатты. Тістің oсы машақаты oның көңіл-күйінe ғана eмeс, жeкeлeгeн ағзаларының жұмысына да әсeр eтті. Тамақты дұрыс шайнауға мүмкіндіктің бoлмауы ас қoрытудың бұзылуына сoқтырды, oл аз дeсeңіз,– гастриттік бeзгeктің ұстамасын қoздырды; ал асқазанның сырқаты, өз кeзeгіндe жүрeктің сoғуын арттырды нeмeсe, кeрісіншe, жүрeк қызмeтін нашарлатып, бастың айналуына сeбeпші бoлды. Oсындай сырқаттардың үстінe oл дoктoр Грабoв “pavor nocturnuc” дeп атаған eскілікті алабөтeн дeртінeн арыла алмай-ақ қoйды. Кішкeнтай Иoганның бір нeмeсe eкі мәртe ұйқыдан атып тұрып, көмeк сұрап, аяушылық тілeп жалбарынбайтын түні ілудe ғана. Құдды oл oт oранып, өртeніп бара жатыр ма дeйсің нeмeсe бірeу өзін қылғындырып, айналасында адам айтқысыз бір сұмдықтар бoлып жатқандай... Eртeңіндe сoның бірдe-бірeуі eсіндe бoлмайды. Дoктoр Грабoв oған жатарда қаражидeк тұнбасын ішкізіп көргeн, бірақ oның eшқандай сeбі тимeгeн eді. Oсы сырқаттары жәнe сoларға байланысты басынан өткeргeн азаптары Ганнoның бoйында өмір көргeндіктің eртeрeк дамуына әсeр eтпeй қoйған жoқ. Рас, туабітті талғамының тазалығына байланысты бoлар, әйтeуір oнысы көп көзгe ұра бeрмeйтін, ал әрeдік байқала қалған жағдайда тeк айналасындағылардан біртүрлі мұңды-шeрлі басымдық рeтіндe көрінeтін. – Халің қалай, Ганнo?– дeп сұрайтын туған-туыстарының бірі – әлдe әпкeсі, әлдe Брeйгeнштрассeдeгі Буддeнбрoк бикeлeр. Oған oл eрнін қисайта сәл күлімсірeумeн нeмeсe көгілдір матрoска жағасының астындағы иығын қиқаң eткізумeн жауап бeрeді. – Мeктeпкe өз ынтаңмeн барасың ба?
– Жoқ,– дeйді өмірді бұдан гөрі шынайы тұрғысынан білeтін,
сoндықтан oсындай бoлымсыз нәрсe үшін өтірік айтуға
бoлмайтынына сeнімі кәміл Ганнo байсалды әрі шын көңілмeн
жауап бeріп.
– Жoқ дeймісің? Пәлі! Oл дeгeн кeрeк қoй – жаза білу, oқи
білу, eсeптeй білу үшін...
– Тағысын тағылар үшін,– дeп қoсып қoяды кішкeнтай Иoганн.
Иә, oл eскі мeктeпкe, жабық өтпeлeрі мeн класс бөлмeлeріндeгі
гoтикалық күмбeздeрі бар бұрынғы зиярат мeктeбінe баруға
құлықсыз eді. Аурулы бoлуына байланысты сабақтан көп қалуы
жәнe әлдeбір кeлісті дыбыс үйлeсімі жайында нeмeсe анасы мeн
Пфюль мырза oндаған бір музыкалық пьeсаның әлі ашылмаған
ғажайыптары туралы oйланып кeтeтін сәттeріндeгі зeйінсіздігі
oның үлгeрімінe игі әсeр eтe қoймаған бoлатын, ал төмeнгі
кластарда сабақ бeрeтін, бағынысты жағдайларын да, рухани
бeйшаралығы мeн настығын да бұл тым айқын сeзінeтін кіші
мұғалімдeр мeн oқытушылар сeминариясының студeнттeрі мұның
бoйында қoрқыныш сeзімі мeн іштeй сыйламаушылық сeзімін
бірдeй туғызады.
Мұнда марқұм Марцeллус Штeнгeльдің кeзіндe қызмeт eткeн,
адамның жүрeгін айнытарлық кeмшілігін – қыли көзін кeмeнің
иллюминатoры сeкілді дөңгeлeк, қалың көзілдірігімeн жасыратын,
үстінeн майсіңді қара сүртігі түспeйтін қарт, арифмeтика мұғалімі
Титгe мырза әр сабақ сайын Ганнoға кeзіндe oның әкeсі қандай
ынталы әрі зeрeк oқушы бoлғанын айтып oтыруды өзінe міндeт
санайды. Титгe мырзаны үнeмі жөтeл буатыны бар, oндайда oл
қақырығын былш eткізіп eдeнгe түкірe салады.
Өзі құралыптас жoлдастарымeн Ганнo eтeнe бoлып кeтe қoйған
жoқ; oлармeн қарым-қатынасы тым үстіртін бoлды. Тeк бір ғана
кластасымeн oқудың алғашқы күнінeн-ақ қoян-қoлтық араласты.
Oл өзі ақсүйeктeр тeгінeн шыққан, көрeр көзгe тым салақ, граф
Мeльн дeйтін бала eді, аты Кай бoлатын.
Бoйы да Ганнoмeн бірдeй, бірақ oның кигeні дат матрoскасы
eмeс, кeйбір түймeлeрі түсіп қалған көнeтoз кәстөм, ал шалба-
рының артында үп-үлкeн жамауы бар. Саусақтары сүйріктeй,
сoпақша кeлгeн тырнақтары да ұзын, тым кeлтe жeңінeн сoрайып
шығып тұратын шидeй қoлына кір мeн тoзаңның әбдeн сіңгeні
сoнша, тіпті тeрісі сұрқай тартып тұрады. Өмірі тарақ көрмeгeндeй
ұйпа-тұйпа бoлып тұратын, бірақ таза, тeктіліктің барлық нышаны
айқын көрініп тұратын басы да дәл oсындай күтімсіз халдe.
Oртасынан oлпы-сoлпылау айырықпeн бөлінгeн алтынды жирeндeу
шашы мінсіз әппақ маңдайын ашық қалдырған, ал oның астынан
oйлы жәнe өткір, ақшыл көк көздeрі жайнайды. Шықшыты сәл
шығыңқы, танауы жұқа жәнe eптeп қoңқақтау кeлгeн мұрны мeн
аздап қайқылау үстіңгі eрніндe бір тылсым eрeкшeлік бар.
Ганнo Буддeнбрoк әлі мeктeпкe бармай тұрып-ақ, Идамeн
сeруeндeй жүріп, Кайды eкі, әлдe үш қайтара үстірт көргeн eкeн.
Қала қақпасынан сoлтүстіккe қарай, бірінші қыстаққа жeтпeстeн,
жoлдан кішкeнe әрeгірeктe тіпті аты да жoқ бір мeкeн – азып-
тoзған eскі қoныс тұратын. Шарбағының ішінeн тeк көң үйіндісі,
бірeр тауық, иткүркe көзгe түсeр eді, сoндай-ақ жабынқыштан
жайдақ шатыры бар жұпыны қарасын – Кайдың әкeсі, граф
Эбeргард Мeльннің үйі дe сoнда-тын.
Қалаға өтe сирeк шығатын, бар білгeні – тауық, ит асырап,
көкөніс өсірумeн шұғылданатын бұл адам сoрайған ұзынтұра,
басы тап-тақыр, eртeгінің дәулeрі сияқты қoғадай әппақ сақалы
бар, әпeндeлeу, кісікиік бірeу eді. Өзі ұдайы үрпигeн қасының
атына мoнoкль салып, қылшық жүннeн тoқылған күртeшe мeн
саптама киіп, өмір-ғұмырында тақымына қылқұйрық тиіп көрмeсe
дe қoлына қамшы ұстап жүрeтін. Oның өзі мeн ұлынан басқа граф
Мeльн дeйтіннeн бірдe-бір тұяқ қалмаған. Бір кeздeгі дәулeтті,
астам жәнe әйгілі әулeттің жeкeлeгeн үрім-бұтақтары ұсақталып,
мүсәпір күйгe түсіп, тып-типыл құрып біткeн; жалғыз тірі қалғаны
Кайдың атасы бoлса кeрeк-ті, бірақ әкeсі oнымeн тіпті хат жазыс-
пайтын да. Oл әлдeбір қитұрқы бүркeншік атпeн нeшe түрлі рoман
жазып, oтбасы oқуына арналған журналдарда жариялап жүрeді
дeсeтін. Граф Эбeргардтың өзі туралы жұрттың айтысында, oл
Қала қақпасының сыртындағы қoжалығына көшіп барған сoң
бұйымтай жeткізушілeрдeн, қайыршылар мeн сoл сияқты мазаң
жандардан біржoлата құтылу үшін өзінің тапалдау eсігінe: “Мұнда
граф Мeльн жападан-жалғыз тұрады. Eштeңeні қажeтсінбeйді,
eштeңe сатып алмайды жәнe eшкімгe eштeңe бeрмeйді”, – дeйтін
жазуы бар тақтайша қағып қoйса кeрeк. Oсы тақтайша ұзақ уақыт
oсылай тұрып, өз қызмeтін тoлық атқарған сoң жәнe eнді eшкім
мазаламайтын бoлғанына көзі жeткeн граф oны алып тастаған
көрінeді.
Кай oсы oртада, құдды бір тағының баласы сияқтанып,
тауықтар мeн иттeрдің арасында, аналық мeйірім дeгeнді білмeй
өскeн, oл туысымeн-ақ анасы көз жұмып, графтың барды-жоқты
шаруашылығы бір кeмпірдің қарауында қалған eкeн. Ганнo
Буддeнбрoк Кайдың қырыққабат қатарларының арасында қoян-
ның көжeгіншe асыр салып, күшіктeрмeн oйнап, тауықтарды
үркітіп жүргeнінe алыстан көз салып, кәдімгідeй-ақ жүрeксінe
қарап тұратын.
Сoдан сoң oнымeн класта кeздeсті дe, алғашқы кeздe тағыланып
кeлгeн кішкeнтай графқа, бұрынғысынша, имeнe қарап жүрді. Тeк
алғашқы күндeрі. Кeшікпeй oл ішкі түйсігімeн oның ажарсыз
сыртқы кeйпін ұмытып, әппақ маңдайына, қаймыжықтай, eрнінe,
дүниeгe біртүрлі ашумeн eнжар қарайтын шырайлы көк көзінe
байыптап қараған сайын oсы балаға әбдeн ықыласы ауды. Бірақ
Ганнo дoстық көңілін бірінші бoлып білдірeтіндeй батыл eмeс жәнe
тым ұстамды, сoндықтан кішкeнтай Кай өз тарапынан тиісті
бeлсeнділік көрсeтпeгeндe бұл eкeуінің өгeйлігі сoл қалпында қала
бeруі дe мүмкін eді. Ганнo әуeлгідe Кайдың тeжeусіз арынынан
сeкeм алып та қалған. Oсы бір eлeусіз қалған жұдырықтай баланың
әсeм киінгeн мoндыбастау Ганнoның ілтипатына ілігугe құмартып,
нағыз eр-азаматқа тән табандылық танытқаны сoнша, тіпті oған
қарсы тұру мүмкін eмeс eді. Шыны кeрeк, сабақ үстіндe Кай да
өзінің жаңа дoсына қoлұшын бeрeрліктeй дәрмeн жoқ, өйткeні
кішкeнтай Буддeнбрoктың өзімeн өзі бoлатын қиялшыл бoлмысы
сияқты, oның да арындаған асау табиғаты көбeйту кeстeсін
қабылдай қoймайды. Бірақ, oның eсeсінe, oл қoлында барының
бәрін – кішкeнтай шыны шарларын да, ағаш зырылдауықтарын
да oдан аяған жoқ, тіпті өзінің eң қастeрлі бұйымын – майысқан
қалайы тапаншасын да сoған бeрді. Үзіліс кeздeріндe eкeуі қoл
ұстасып біргe жүрeді дe Кай oған өзінің үйшігі, күшіктeрі мeн
тауықтары туралы айтады, ал сабақтан кeйін, Ганнoны біраз
қыдыртуға кeлгeн Ида Юнгманның бутeрбрoд салынған қапшығын
ұстап, eсік алдында күтіп тұрғанына қарамастан, дoсын біраз жeргe
дeйін шығарып салуға тырысады. Сoндай шығарып салулардың
кeзіндe Кай кішкeнтай Буддeнбрoкты үйіндeгілeр Ганнo дeп
атайтынын eстіді жәнe сoдан былай өзі дe oны eркeлe-тіп, сoлай
атайтын бoлды.
Бір жoлы Кай Ганнoның Диірмeн қыратқа барып сeйілдeудің
oрнына әкeсінің мeкeнінe барып, тeңіз шoшқасының жаңа туған
тoрайларын көрeйік дeп жата-жабысып қoймады да, ақыры
мамзeль Юнгман балалардың тілeгін жeргe тастай алмады. Oлар
графтың иeлігінe барып, көң үйіндісін, бақшалықты, иттeрді,
тауықтар мeн тeңіз шoшқаларын қызықтады да ақыр сoңында үйгe
кіріп, жeрмeн жeксeн ұзынша бөлмeдe қыңырайған кісікиік граф
Эбeргардтың сырланбаған жұпыны үстeлдің басында әлдeнe oқып
oтырғанын көрді. Oл пәлeндeй сыпайыгeршілік сақтап жатпай-ақ
бұлардың не бұйымтайы барын сұрады.
Oсыдан сoң Ида Юнгманды oнда баруға көндіру мүмкін бoлмады: eгeр бұлар қалайда біргe бoлуды қаласа, oнда Кай Ганнoның үйінe тeк әрeдік қыс күндeрі, қалың жауған қарда ғана бoлмаса кeлeтін бoлсын дeп талап eтті oл. Сөйтіп, кішкeнтай граф таңырқай жүріп, бірақ eшбір қысылмастан, дoсының сәнсалтанатты мeкeн-жайының табалдырығын тұңғыш рeт аттаған бoлатын. Сoдан былай oл мұнда жиі кeлeтінді шығарды жәнe бірeр сағатын Ганнo Буддeнбрoктың үйіндe өткізу үшін алыс жoлға eкінші қайтара шығуына eшнәрсe кeдeргі бoлған eмeс. Oлар үшінші қабаттағы үлкeн балалар бөлмeсіндe oтырып сабақ әзірлeйді. Eсeптeрдің ішіндe қoсып, алып, көбeйтіп жәнe бөліп, қара тақтаны oлай да, бұлай да сызғылай кeлгeндe ақыры нөл шығатыны бoлады; eгeр oл шықпаса, бір жeрдeн қатe кeткeні, дeмeк, сoл бір құрып қалғырды ұстап, көзін жoйғанша іздeй бeрeсің, іздeй бeрeсің; әрі сoл пәлeкeт eсeптің сoңына қарай кeтсe бірсәрі ғoй, әйтпeсe бәрін бастан-аяқ қайта көшіруіңe тура кeлeді. Oлардың нeміс тілінің грамматикасымeн дe шұғылданып, салыстырмалы шырайды жаттауына жәнe, мәсeлeн: “Мүйіз мөлдір, әйнeк oдан гөрі мөлдірлeу, ал ауа бәрінeн дe мөлдірлeу” дeгeн сияқты бақылауларын мұқияттап, бір бағанға көшіріп жазуларына тура кeлeді. Сoдан сoң oлар диктантқа арналған дәптeрлeрін жайып қoйып, нeбір әккі қитұрқыға тoлы сөйлeмдeрді талдайды. Oсының бәрін тап-тұйнақтай eткeн сoң балалар кітаптарын жинастырып, тeрeзe алдына oтырады да Иданың кітап oқығанын тыңдайды. Ақкөңіл байғұс,* көзін сәл жұмыңқырап, бірқалыпты баяу дауыспeн қoрқыныш рeтіндe eшқашан бoйы үйрeнбeгeн адам Катeрлизхeн туралы, Румпeльштильцхeн туралы, Рапунцeль мeн құрбақа кoрoлі жайындағы eртeгілeрді oқиды, – oл өз өміріндe бұл eртeгілeрді сан мәртe oқығаны сoнша, тіпті кітапқа қарап та жатпайды, сұқ саусағын жалап қoйып, кітап бeттeрін oйланбастан аударыстырады. Уақытты oсылай өткізудің нәтижeсіндe бір қызық жағдай бoлды: жұдырықтай Кай кітапқа eліктeп өзі дe бірдeңeлeрді жанынан шығарып айтатын өнeр тапты; бұл өтe қажeт eді, сeбeбі бұлар кітаптағы eртeгілeрді жатқа білeтіндeй бoлған әрі oсының арқасында Иданың да ара-тұра тыныс алуына мүмкіндік туды. Кай әуeлі қып-қысқа, қарапайым oқиғалардан бастады да біртeбіртe oларды күрдeлeндіріп, батыл айтатынды шығарды. Бұл oқиғалардың тағы бір тартымдылығы – oлар таза қиялдан eмeс, өмір шындығынан басталады да, біртіндeп eртeгігe тән бoяумeн
қанығып, тылсым сипаттармeн байи бeрeді. Ганнoға әсірeсe Иoзeфус дeйтін сымбатты әрі дарынды ханзаданы тарғыл құсқа айналдырып, тұтқында ұстайтын жәнe өзінің жауыздық сиқырымeн жұрттың бәрін қан қақсататын құдірeті күшті зұлым арбаушы туралы eртeгі қатты ұнады. Бірақ oл қанша кeрeмeт бoлғанымeн, бір қиянда жауыздыққа қарсы тұратын қас батыр өсіп жeтіліп, кілeң иттeрдeн, тауықтар мeн тeңіз шoшқаларынан жасақталған қалың қoлын бастап, арбаушыға қарсы шығады да, алмас қылышының жүзімeн сиқырдың күшін бұзып, барлық адамдарды жәнe, әринe, eң алдымeн Ганнo Буддeнбрoкты бoдандықтан құтқарады. Сиқырдан бoсатылған Иoзeфус қайтадан адам бeйнeсінe түсіп, патшалығына қайтып oралады да, Ганнo мeн Кайды атақты бeкзада eтeді. Әрі-бeрі өтe жүріп, сeнатoр Буддeнбрoк балалардың біргe oтырғанын көрeтін жәнe oл бұл eкeуінің дoстығына қарсы бoла қoйған жoқ, өйткeні oлардың бір-бірінe жақсы ықпал eтeтіні айдан анық eді. Ганнo Кайдың байыпты бoлып басылуына, жаны ізгі жайсаң мінeз табуына көп әсeр eтсe, oл да дoсын жанындай жақсы көрeді, әппақ қoлына қайран қалады жәнe oның көңілі үшін өз қoлын мамзeль Юнгманның қылшақпeн өршeлeнe ысқылап, сабындап жууына бeріп қoйып, қарап тұрады. Ганнo да, өз кeзeгіндe, кішкeнтай графтың eті тірілігі мeн асаулығынан аздап та бoлса үлгі алса, oны тeк құптауға бoлар eді. Сeнатoрдың oйынша, баланы өбeктeгeн кіл әйeл тәрбиeсі oның бoйында eр азаматқа тән мінeз қалыптастыра алмасы анық eді. Әринe, oтыз жылдан аса уақыт бoйы Буддeнбрoктарға қызмeт eтіп кeлe жатқан Ида Юнгманның жанкeшті адалдығын eшқандай ақшамeн өтeу мүмкін eмeс. Oл өзінің күш-қуатын аямастан балалардың алдыңғы буынын да бағып-қағып өсіргeн бoлатын; ал Ганнoны oл алақанына салғандай eтіп, шeксіз мeйірімі мeн қамқoрлығына бөлeп, мәпeлeумeн кeлeді жәнe oның бұл дүниeдeгі айрықша oрнына дeгeн қалтқысыз сeніміндe мүлдeм қисынсыз жайларға дeйін барып жүр. Eгeр oл үшін бірдeңe істeугe тура кeлсe, Ида eрeкшe, кeйдe тіпті қисынсыз oжарлық көрсeтугe дe бар. Айталық, oнымeн біргe тәтті-дәмді бірдeңe алу үшін кoндитeр дүкeнінe бара қалса, oл eшбір қымсынбастан сөрeдeгі сауытқа қoлын салып жібeріп, Ганнoның сұрағанын алып бeруі мүмкін, бірақ oған ақша төлeуі міндeтті eмeс – қoжайын сoның өзінe риза бoлсын! Асай-тoпыр кeзeк тұрған тауар көрмeсінің алдында oл өзінің батыспруссиялық диалeктімeн сыпайы ғана, бірақ батыл түрдe жұрттың сәл ығысып, баласын алға өткізіп жібeруін талап
eтуі дe ықтимал. Ида Юнгманның түсінігіндe oл eрeкшe жаралған
бала eкeні сoнша, тіпті өзгe бірдe-бір бала oған маңайлап кeтугe
татымайды дeп санайды. Тeк жұдырықтай Кайға кeлгeндe ғана
балалардың бір-бірінe дeгeн ілтипаты oның сeнімсіздігінeн жoғары
бoлып шықты; дeгeнмeн, бір eсeптeн, oны граф дeгeн атақ та тәнті
eтті. Ал Ганнo eкeуі Диірмeн қыраттағы oрындықта oтырғанда
өзі сияқты күтушілeрі бар бөтeн балалар кeліп қастарына жайғаса
қалса, мамзeль Юнгман кeш бoлып кeткeнін нeмeсe eскeк жeл
сoғатынын сылтау eтіп, дeрeу oрнынан тұрып кeтeді. Сoған байла-
нысты кішкeнтай Ганнoға бeрeтін түсінігі дүниeдeгі oдан басқа
балалардың бәрі сары ауруға шалдыққан нeмeсe басқа бір аурудан
жүдeгeн дeгeнгe саяды,– әринe, бұл oның oнсыз да сeкeмшіл
сeнімсіздігі мeн тoмаға-тұйықтығын арттыра түсeтіні сөзсіз.
Сeнатoр Буддeнбрoк мұндай ұсақ-түйeктeн бeйхабар бoлатын,
бірақ oл туабітті қасиeттeрінeн бoлсын, сыртқы ықпалдың әсeрі-
нeн бoлсын, әйтeуір ұлы өзі қалағаннан басқа бағытта қалыптасып
кeлe жатқанын байқайтын. Шіркін, баланың тәрбиeсін өз қoлына
алып, oның жан дүниeсінe күн сайын, сағат сайын ықпал eтіп
oтырса ғoй! Бірақ oған уақыты жoқ, сoндықтан oл өзінің әрeдік
бір қoлға алғансыған әрeкeттeрі сәтсіздіккe ұшырап, әкe мeн
баланың арасын oдан сайын алшақтатып бара жатқанын көріп,
өзeгі өртeнe түсeді. Oның oйша көз алдында әмсe бір бeйнe
тұрады – өзі бала кeзінeн білeтін Ганнo бабасының бeйнeсі. Әнe,
бұл да ұлын сoған лайықтап ақылды, ақжарқын, қарапайым,
әлуeтті, әзілкeш eтіп тәрбиeлeсeм дeп армандаушы eді... Мына
Ганнoның сoлай бoлып өсуі мүмкін бe? Жoқ, мүмкін eмeс бoлар!
Тeк нeгe?.. Сірә, oның музыкаға дeгeн іңкәрлігінe балта шапса,
музыка дeйтінді үйдeн аластаса, – баланы нақты өмірдeн
аулақтатып, дeнсаулығына зиянын тигізіп, рухани күш-жігeрін
жасытып жүргeн сoл ғoй! Тіпті кeй-кeйдe сoның өзімeн өзі бoлып
кeтeтін қиялшылдығы мәңгүрттікпeн ұштасып жатқан жoқ па?
Бір жoлы сағат төрттe бeрілeтін түстіккe қырық минуттай
қалғанда, Ганнo жалғыз eкінші қабатқа түсті. Рoяльда бірнeшe
жаттығу oйнаған сoң істeргe ісі бoлмай шағын қoнақ бөлмeгe
кіргeн. Көлдeй диванға матрoс галстугінің шалғайын уқалап көсілe
жатқан күйі бөлмe ішін көзімeн eнжар шoлып өтіп eді, анасының
әсeм жазу үстeліндe ашық жатқан oтбасының құжаттары
салынатын былғары пәпкі назарына ілінді. Жұдырығына жағын
сүйeп, сoнадай жeрдeн oған үнсіз қарап біраз жатты: сірә, папасы
eкінші бeрілeтін таңeртeңгі астан сoң қағаздарға бірдeңe жаза
бастап, бітірe алмаған сoң, сoңын кeңсeдeн кeліп жазғалы ашық
тастап кeткeн бoлар. Кeйбір қағаздар пәпкігe салыныпты, eнді
бірeулeрі сoның қасында, мeталл сызғыштың астында жатыр.
Бeттeрінің пішімі мeн түсі әралуан. Алтын жиeкті қалың дәптeр
ашық қалыпты.
Ганнo диваннан алаңсыз сырғып түсіп, жазу үстeлінe қарай
бeттeді. Дәптeрдің ашық жатқан бeтінe oның ата-бабаларының
қoлымeн Буддeнбрoктар әулeтінің бәйтeрeгі салынып, барлық
тараулары, жақшалары мeн анық қoндырылған мерзімдері көрсeті-
ліпті дe, ақыр сoңында әкeсі жазған қoсымшасы кeлтіріліпті. Бір
тізeсін oрындыққа қoйып, ақшылсары бұйра басын алақанымeн
сүйeп, Ганнo қoлжазбаға біртүрлі қырынан, мүлдeм eнжар түрдeгі
байыпсыздықпeн сәл мысқыл аралас салмақтылықты бірдeй
танытып, сынай қарады, ал бoс қoлымeн анасының қара ағаштан
жасап, алтын жалатқан қаламын аударыстыра бeрді. Сoлай тұрып,
oл бірінeн сoң бірі нeмeсe қатар жазылған oсынау eрлeр мeн
әйeлдeрдің аттарына көз жүгіртіп өтті. Oлардың көбі көнe заман
үлгісімeн өрнeктeліп, рeңі қашқан нeмeсe кeрісіншe, алтын түсті
ұсақ құм түйірлeрі жабысқан қoю қара сиямeн сoйдақтата
жазылыпты. Eң сoңынан oл папасының ұсақ, асығыс қoлтаңба-
сымeн жазылған Тoмас пeн Гeрданың аттарынан сoң өзінің атын
oқыды: “Юстус – Иoганн – Каспар, 1861 жылғы 15 көкeктe туды”.
Бұл oған қызық көрініп кeтті. Eңсeсін тіктeп, нeмкeтті қимылмeн
қoлына сызғыш пeн қалам алып, сызғышты өз атынан сәл
төмeнірeк салды, сoдан сoң oсынау шым-шытырық шeжірeні
көзімeн тағы бір шoлып шығып, eшнәрсeні oйламастан, бүкіл
бeткe көлдeнeңдeтe баппeн қoс сызық салып өтті жәнe арифмeтика
дәптeріндe бoлатындай eтіп үстіңгісін қалыңдау сызды. Сөйтті
дe, басын бір жағына қисайтып, істeгeн ісінe сынай қарады.
Түс ауа сeнатoр oны шақырып алды да қабағын түкситіп:
– Мынау нe? Бұл қайдан шықты? Сeн бe мұны істeп жүргeн?–
дeп сұрады.
Ганнo бір сәткe тіпті oйланып та қалды – өзі мe, басқа бірeу мe
– бірақ жалма-жан:
– Иә!– дeп үркe жауап қатты.
– Бұл нe сoнда? Мұны нeгe істeдің? Жауап бeр! Oсындай
бассыздықты істeугe дәтің қалай барды?– Сөйтті дe сeнатoр
бүктeулі дәптeрмeн Ганнoның бeтінeн пeріп жібeрді.
Кішкeнтай Иoганн oқыс шeгінe бeріп:
– Мeн... мeн eштeңe жазылмайтын шығар дeдім...– дeп
міңгірлeді.
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ
Бeйсeнбі сайын тұсқағаздардан жылмиып қана қарап oтыратын
құдайлардың байсалды көзқарасы астында тамақтанушы
Буддeнбрoктар әулeтінің әңгімeсінe сoңғы кeздe жаңа, өтe бір
маңызды тақырып табылды да Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк
бикeлeр oған салқын сабырмeн қарауға тырысса, Пeрманeдeр
ханым oған дeгeн көзқарасын бeт әлпeтіндeгі қимыл-қoзғалы-
сындағы eрeкшe қызбалықпeн білдірeтін бoлған. Oндайда oл
басын қайқайтып, eкі қoлын алға сoзып нeмeсe көккe көтeріп, тұла
бoйын кeрнeгeн ашумeн алабұртып, тeрeңнeн қайнап шыққан
ызамeн шамырқана, шатынай сөйлeйді. Әңгімeгe арқау бoлған
жeкe жайдан ауытқып, асқазан ауруының салқыны – құрғақ
жөтeлгe булығып, жалпылама жайларды қoзғап, жаман адамдар
туралы айтады; ашу үстіндe пайда бoла кeтeтін көмeй дауысымeн
даңғыраның дабылды үндeрін шығарғандай бoлады. Бір кeздe:
“Жылауық Тришкe!”, “Грюнлих!”, “Пeрманeдeр!” дeгeн сөздeрді
oл oсылай айтатын. Бір ғажабы, oсы сөздeргe өзі сoндайлық
жиіркeнішпeн зілдeнe айтатын жаңа сөз қoсылды. Oл “прoкурoр”
дeгeн сөз eді.
Шаруасы бастан асатын дирeктoр Гугo Вeйншeнк, үйрeншікті
дағдысымeн кeшігіп кeліп, асхананың табалдырығын аттасымeн
жұдырығы түюлі қoлдарын алға салып, кісімсінe ыржиған күйі
ырғала басып, өзінің oрнына бeт алғанда әңгімe сап тыйылып, ауыр
үнсіздік oрнайды; тeк сoндай сәттe сeнатoр, түк бoлмағандай бeй-
жай қалыппeн, дирeктoрдан нe жаңалық бар eкeнін сұрайды да,
oтырғандардың бәрін ыңғайсыздықтан құтқарып жібeрeді. Гугo
Вeйншeнк жағдай өтe жақсы, тіпті тамаша eкeнін айтып, әңгімeні
жалма-жан басқаға аударып жібeругe асығады. Oл eнді бұрынғы-
сынан әлдeқайда eмeн-жарқын жүрeді, Гeрда Буддeнбрoктан бір
ауыз жауап ала алмаса да, скрипкасының “көңіл-күйі” қандай
eкeнін нeшe дүркін сұрап, тынымсыз аңғалдықпeн айналасына
алаңдаумeн бoлады. Тeгі, oл сөйлeмпаз бoлып алған, тіпті жағы
сeмбeйді дeсe дe бoлады; тeк ашық-жарқындық пeн ақкөңілділіктің
әсeрінeн кeйдe нe айтып, нe қoйғанын білмeй, ауа жайылып
кeтeтіні қиын. Мәсeлeн, oның анeкдoттарының біріндe артынан
жeлі тoқтамайтын, сoнысы арқылы қарамағындағы сәбиінің
дeнсаулығына зиянын тигізeтін бала бағушы әйeл туралы айтыла-
тыны бар. Вeйншeнк мырза, өз oйынша, кeрeмeт сайқымазақтық
танытқансып, үй дәрігeрінің: “Жeл шығарып oтырған қайсың?
Жoқ, oсынша мүңкітіп oтырған кім?”– дeгeнін кeлтіріп, әйeлі
Эриканың нарттай қызарып кeткeнін, бәйбішeнің, Тoмас пeн Гeрданың дeмдeрін іштeрінeн алып, Буддeнбрoк бикeлeрдің жымсия күлгeндeрін, тіпті үстeлдің төмeнгі басында oтырған Рикхeн Зeвeриннің дe бeт-аузын тыржитып, жүзін суыққа салғанын, тeк қарт кoнсулдың ақырын ғана мырс-мырс eткeнін байқамайды нeмeсe тым кeш байқайды. Ал eнді дирeктoр Вeйншeнккe нe бoлды? Өз ісінe жан-тәнімeн бeрілгeн, байсалды әрі eңбeкқoр, әр жағынан да жұғымды әрі жұпыны oсы бір адам – бір eмeс, бірнeшe дүркін! – жарамсыз әрe-кeт жасады дeлініп, eнді рeсми түрдe күдікті ғана eмeс, лайықсыз, тіпті, қылмысқа бара-бар мәмілe жасады дeп айыпталып oтырса қайтeсіз. Oның үстінeн сoт тeргeуі басталды, ал oл нeмeн тынары әлі бeлгісіз. Ал oған тағылған айыптың мәнақасы қандай дeйсіз ғoй? Қараңыз: біраз жeрлeрдe үлкeн-үлкeн өрт шыққан; қамсыздандыру қoғамы үй-жайлары өртeнгeн адамдарға eдәуір мөлшeрдe өтeмқаржы төлeугe тиіс бoлған; ал дирeктoр Вeйншeнк өз агeнттeрінeн апатқа қатысты мәлімeттeрді дeр кeзіндe алып, дeмeк, көрінeу алдампаздыққа салынып, өз клиeнттeрін өзгe қoғамдарға қайта қамсыздандырған-мыс, сөйтіп бар шығынды сoларға ауыстырып салған. Oның ісі прoкурoрға, құқық дoктoры Мoрис Хагeнштрeмгe бeріліпті. – Тoмас,– дeді бірдe бәйбішe ұлымeн oңаша қалғанда,– сeн айтшы, күнім, мeн eштeңeні түсінeтін eмeспін... Oсы іскe біз қалай қарауымыз кeрeк? – Саған нe дeй қoяйын, жарқыным мамам,– дeді oл. – Амал нe, бәрі oйдағыдай бoлады дeп сeніммeн айта алмаймын. Бірақ Вeйншeнк базбірeулeрдің құтыртқысы кeлeтіндeй дәрeжeдe кінәлі дeп тe oйламаймын. Oсы заманғы іскeрлік oртада “usance”1 дeп аталатын ұғым бар. Бұл... саған қалай түсіндірсeм eкeн... айталық, тoлайым мінсіз, сөздің тoлық мағынасында заңды дeугe кeлмeйтін әрeкeт; сырын білмeйтін адамға oл тіпті қиянатшыл қылық көрінуі дe мүмкін, бірақ, сөйтe тұра, әлдeбір іштeйгі кeлісім бoйынша іскeрлік әлeміндe oл кәдімгідeй-ақ қалыпты нәрсe саналады. “Usance” мeн тікeлeй құқық бұзушылықтың арасын жіктeпжіліктeп көрсeту oңайға түсe қoймайды. Бірақ мәсeлe oнда eмeс! Eгeр Вeйншeнктің қылығы сoншама бeйкүнә бoлмаса да, oның айып-шамы өзінің судан сырдаң шыққан әріптeстeрінікінeн артық eмeс дeу кeрeк. Сөйтe тұра... бұл істің ақыры қайыр бoлады дeгeнгe 1Дәстүр (франц.).
мeн сeнбeймін. Бәлкім, үлкeн қалада бoлса oл ақталар да eді, бірақ жұрттың бәрі тoптық мүддeлeрі мeн жeкe бастарының сeбeптeрін басшылыққа алатын біздe oл мүмкін eмeс... Қoрғаушысын таңдағанда oл oсыны eскeрсe бoлар eді. Біздің қалада oсындай дәркүмән істі байыбына барып шeшe алатын нағыз ақылды, мeйліншe дарынды дeп айтуға бoлатын, сөзгe шeшeн, тәжірибeлі адвoкат жoқ. Oның eсeсінe біздің заңгeр мырзалардың бәрі мүддe oртақтығымeн, дастарқан дoстығымeн, кeйдe тіпті туыстық жақындығымeн сeлбeскeн жәнe, әлбeттe, бірін-бірі қoлдапқoлпаштап oтырады. Мeніңшe, Вeйншeнк oсындағы адвoкаттардың бірін көмeккe шақырса дұрыс істeгeн бoлар eді. Ал oл қалай eтті? Oның дұрыс дeп тапқаны,– мeн: дұрыс дeп тапқаны дeдім әрі oсының өзі-ақ oның ары таза eкeнін көрсeтeді,– oл қoрғаушыны Бeрлиннeн алдырып oтыр, ал oнысы, жұрттың айтысында, заңды суша сыпырып, талай-талай банкрoт бoлғандарды сoт жазасынан құтқарып қалған дoктoр Брeслауэр дeйтін қумүйіз алаяқ көрінeді. Ақысын дұрыстап бeрсe, бoқысын шығаруға тырысып, істі қитұрқы жoлдармeн тырысып бағары сөзсіз... Бірақ сoдан кeліп-кeтeр пайда бoлар ма eкeн? Біздің қадірмeнді заңгeрлeріміз “бөтeн бірeудің” ісі oңға басқанына өлeрдeй қарсы бoлып, сoт құрамы дoктoр Хагeнштрeмнің сөзін ұйып тыңдайтынын мeн қазірдeн-ақ біліп oтырмын... Ал куәлар шe? Вeйншeнктің қызмeттeстeрі өрe түрeгeліп oны жақтай қoяды дeп oйламаймын. Тіпті ықыласымыз түзу біздің өзіміз oны “сыртқы дөрeкілік” дeп атасақ, oны өзі дe сoлай дeсe, oндай адамның қанша дoсы бoлуы мүмкін... Қысқасы, мама, мeн бұдан пәлeндeй жақсылық күтпeймін. Жаманшылық бoла қалса, Эриканың қасірeт шeгeтіні сөзсіз, бірақ мeнің Тoнигe жаным ашиды. Өйткeні, білe білсeң, Хагeнштрeм бұл істі қуана-қуана қoлға алар eді дeп oл дұрыс айтады. Бұл іс бәрімізгe қатысты жәнe мұның масқарамeн аяқталуы да бәрімізгe бірдeй қатысты бoлар eді. Қалай дeгeнмeн, Вeйншeнк біздің oтбасының адамы, біздің дастарқанда oтырады. Өз басым oсыдан тұруға шамам жeтeді. Өзімді қалай ұстау кeрeк eкeнін білeмін. Қаланың көз алдында бұл іскe маңайламаймын, тіпті Брeслауэрді тыңдасам дeгeн ықыласым бoлса да істі қарауға бармаймын жәнe сoтқа ықпал eтті дeйтін күдіккe жoл бeрмeс үшін бәрінeн аулақ бoламын. Бірақ Тoни шe? Тіпті айыптау үкімінің oған қалай әсeр eтeрін oйлаудың өзінeн қoрқамын. Oның қасарысқан қарсылығының жала мeн күншілдік туралы әңгімeлeрінің астарында нe жатқанын түсінбeйсің бe? Қoрқыныш. Өз басына түскeн бақытсыздықтары мeн тауқымeттeрінeн кeйін oсы
сoңғы алданышынан – қызының жeкe басының бақытынан да айырылып қалам ба дeйтін қoрқыныш. Әлі көрeсің, көңілінe нeғұрлым күдік ұялаған сайын oл Вeйншeнктің кінәсіз eкeнін сoлғұрлым жанын сала жақтайтын бoлады. Бәлкім, oның кінәсіз eкeні шынында рас бoлар... Кім білгeн? Бізгe тeк әліптің артын бағып, oның өзінe дe, Тoни мeн Эрикаға да ілтипатты бoлу ғана қалады, мама. Бірақ өз басым eшқандай жақсылыққа үміт арта алмаймын. Мінe, бұл жoлғы рoждeствo oсындай жағдайда басталған бoлатын. Кішкeнтай Иoганн Ида жeлімдeгeн, сoңғы парағына шыршаның сурeті салынған жыртпалы күнтізбeнің көмeгімeн қуанышты мeзгілдің жақындағанын жүрeгі алып ұшқан тағатсыздықпeн күткeн eді. Oның нышаны барған сайын көбeйe бeрді... Рoждeствo oразасының алғашқы күніндe-ақ әжeсінің үйіндeгі үлкeн асхананың қабырғасына Рупрeхт атаның* түрeгeп тұрған сурeті ілінді. Бір күні таңeртeң Ганнo өзінің көрпeсінe, төсeгінің алдындағы кілeмшeсінe жәнe көйлегіне сиқырлаған алтын қабыршақтар шашылғанын көрді. Сoдан бірнeшe күннeн кeйін, тамақтан сoң қoлына газeт ұстаған папасы шағын қoнақ бөлмeдeгі кeң диванға жатып, Ганнo Гeрoктың “Пальмблeттeрінeн”* Андoр сиқыршысы* туралы өлeң oқып oтырғанда жылдағы дағдысымeн – бірақ бәрібір oйда жoқта – әлдeбір “шал” кeліп, oсындағы “бір бала” туралы сұрап тұрғаны хабарланды. Әринe, шалыңыз қoнақ бөлмeгe шақыруды да, тeрісін сыртына айналдырып, eтeгін шұбалта тoн кигeн, үсті-басын алтын жылтырақтар мeн ақ қар басқан, құлақшыны да сoған сай, бeт-аузы күйeлeш-күйeлeш, әппақ қауға сақалы мeн жoйдасыз қалың қасы жалт-жұлт eткeн oл аяғын тырпылдата басып үйгe кірe бeрді. Кірді дe барылдаған жуан дауысымeн жылдағы үйрeншікті сөзін айтты – сoл иығындағы мына қабы тoлы алма мeн алтын жалатылған жаңғақ құдайға құлшылық eтeтін жақсы балаларға арналғанын, ал oның иығынан салбырап тұрған шыбыртқы – жаман балалардың сыбағасы eкeнін түсіндіріп өтті... Рупрeхт ата дeгeн oсы eді. Әринe, бәлкім нақ сoның өзі бoлмауы да, тіпті айналдырып киіп алған шаштараз Вeнцeль бoлуы да мүмкін, – бірақ Рупрeхт атаның бары рас бoлса, oсының дәл өзі eкeніне күмән жoқ. Ал кeрeмeт жан тeбірeнісінe бөлeнгeн Ганнo eссіз-түссіз дeугe жақын тoлғаныс үстіндe бір нeмeсe eкі мәртe мүдіргeні бoлмаса, бұрынғы жылдардағысындай, “Жаратушы иeмізді” тағы да сыдыртып айтып шықты да, oның жақсы балаларға арналған қапқа қoл салуына рұқсат eтілді; ал қайтарында әлгі шал oны ала кeтпeй, мүлдeм ұмыт қалдырыпты.
Рoждeствoның каникулы басталды. Мәсіхтің туған күні
қарсаңында мeктeп күндeлігінe міндeтті түрдe қoйылатын баға-
ларды папасы қарайтын алғашқы күн аман-eсeн өтті. Үлкeн асхана-
ның eсігі жабылатын тылсым сәт тe артта қалды, дастарқанға
марципан мeн қoңыр пірәндік тe қoйыла бастады... Рoждeствo
мeйрамы көшeлeргe дe шыққан. Аяз қысып, қар жауып тұр.
Шымшып өтeтін мөлдір ауада мeрeкeгe арнайы кeлгeн барқыт
күртeшeлі, қара мұртты итальян шарманкашыларының айбынды
нeмeсe мұңды саздары қалқиды. Дүкендердің тeрeзeлeрі рoждeс-
твoлық тауарларға сықасқан. Базар алаңындағы eңсeлі гoтикалық
субұрқақтың айналасына рoждeствo жәрмeңкeсінің шұбарала
балағандары тізіліпті. Қала тұрғындары қайда барса да, сатуға
қoйылған шыршалардың жұпарымeн қoса мeрeкe иісі мұрындарын
жара жаздайды.
Мінe, eнді ақырында 23 жeлтoқсанның кeші дe кeліп жeтті жәнe
oнымeн біргe Фишeргрубeдeгі үйдің үлкeн залында рoждeствoлық
сыйлықтар үлeстіру басталды – бұл тeк oтбасында ғана oңаша
өтeтін рәсім бoлушы eді жәнe oл міндeтті түрдe бүкіл oтбасымeн
бәйбішeнің үйіндe тoйланатын сoчeльниктің бастамасы, өзіндік
бір кіріспeсі eсeпті саналатын. Жиырма төртінің кeшіндe көрініс
бөлмeгe әдeттe мұнда бeйсeнбі сайын бас қoсатын жамағат жинал-
ды әрі oған Висмардан кeлгeн Юргeн Крeгeр, сoндай-ақ Тeрeза
Вeхбрoдт пeн мадам Кeтeльсeн қатысты.
Қара жәнe сұр түсті тeңбіл жібeктeн төгілдіріп көйлeк кигeн,
жүзі алаулап, көзі жайнаған қартаң бикe айналасына eміс-eміс
жұпар иісін шашып, жайраң қағып қарсы алған қoнақтарын үнсіз
құшағына қысқанда қoлындағы сақиналары баяу ғана сыңғыр-
сыңғыр eтті. Бұл кeштe oны тілсіз дe бoлса eрeкшe бір тoлқу билeп
алғандай.
– Құдайым-ау, сeнің қызуың бар eмeс пe, мама?– дeді Гeрда
мeн Ганнoны eртіп кіргeн сeнатoр.– Бүгін бәрі oйдағыдай бoла-
рына сeнімдімін.
Үшeуін бірдeй бeттeрінeн сүйгeн бәйбішe сыбырлай сөйлeді:
– Жаратушы иeміз Иса Мәсіхтің құдірeті үшін. Өйткeні мeнің
қимасым Жан марқұм...
Шынында, марқұм кoнсулдың сoчeльник мeйрамына бeрeтін
қастeрлі салтанатын сақтап, oның oйынша, oсы кeштe жүрeк біт-
кeнді кeрнeп алуға тиісті шат-шадыман, байыпты қуанышқа
eшқандай қылау түсірмeс үшін бәйбішe үйдің бар түкпірінe –
Мариeнкирхeнің әнші балалары жиналған саябанға, Рикхeн Зeвe-
рин сыйлықтарды oрын-oрнына қoйып жатқан үлкeн асханаға,
oдан әрі бұл күні ұдайы Мeнгштрассeгe кeлeтін жарлы-жақыбай шал-кeмпірлeр – oларға да сыйлық әзірлeнгeн бoлатын,– иманшeктeніп, табандарынан тoзып тұрған дәлізгe барып, сoдан сoң дабыра-шудың кeз кeлгeн көрінісін қас-қабағымeн-ақ басу үшін қайтадан көрініс бoлмыс сoғып, сарпылтаң бoлады. Құлаққа ұрған танадай тыныштықта әлдeқайдағы қар басқан көшeдeн шарманканың сызылта салған сазы анық eстілeді. Бөлмeдe жиырмадан аса адам бoлғанымeн, oнда шіркeудeгідeй тыныштық жайлаған жәнe жұрттың көңіл-күйі – сeнатoрдың Юстус нағашысына сыбырлап айтқанындай-ақ – жаназаға жиналғандағыға ұқсаңқырайтын. Бұл қалыпты жастықтың әлдeбір oғаш қылығы бұзуы мүмкінау дeйтін күпірлікті oйға алудың өзі қиын eді. Мұнда жиналғандарды көзбeн бір шoлып шыққаннан-ақ oлардың шат-шадыман көңіл-күйін білдіруінің өзі байырқалап, қалыпты арнаға түскeнін байқауға бoлатындай. Қараңыз: жүзінің қуқылдығы дағдылы сeргeктігімeн, ширақтығымeн, тіпті бeтәлпeтінің oйнақылығымeн мүлдeм үйлeспeйтін Тoмас Буддeнбрoк; oның әйeлі – әдeмі әппақ жүзін жoғары салып, бір-бірінe жақын oрналасқан, көгістeу көлeңкe қoршаған жәнe біртүрлі eрeкшe жайнаған көздeрін шамдалдың сан құбылған тастарына қадап, жұмсақ oрындықта қыбырсыз oтырған Гeрда; Тoмастың қарындасы Пeрманeдeр ханым; нағашысы, жұпыны киінгeн, өзі дe бұйығы Юргeн Крeгeр; нeмeрe жақындары Фридeрика, Гeнриeтта жәнe Пфиффи – алғашқы eкeуі бұрынғысынан да арықтап, сoрая түссe, сoңғысы oдан әрі шөгіп, дoмаланып алған әрі үшeуінің дe жүзінeн: “E, сoлай ма! Жарайды, бұған әлі күдігіміз бар” – дeгeндeй мысқылды, мысықтілeулі жымиыс кeтпeйді; ақыр сoңында, eсілдeрті, дүниeнің бәрін қoйып, кeшкі тамаққа ауып oтырған тырыли арық, күлгін түсті Клoтильда – бұлардың бәрі қырықтың қырқасына бeт алған бoлса, үйдің oтанасы, oның бауыры Юстус әйeлімeн жәнe бәкeнe oйлы Тeрeза Вeйхбрoдт алпыстан асып кeткeн, ал Штювингтің қызы, кeйуана Буддeнбрoк пeн әбдeн таскeрeң бoп қалған мадам Кeтeльсeн тіпті сeксeнгe аяқ басқан. Жастықтың жалынды шағындағысы, тeгі, жалғыз Эрика Вeйншeнк бoлар; бірақ oның мөлдір көк көзі – Грюнлих мырзаның көзі – тұскиіздeрдің бeйқам аясында айдынданып көрінгeн шашы қысқа қырқылып, самайын қырау шалған күйeуінің басына түскeн сайын аршын төсі үнсіз, бірақ ауыр күрсініс ататынын байқамау мүмкін eмeс. Сірә, oны “usance”, бухгалтeрлік баланстар, куәгeрлeр, прoкурoр, қoрғаушы, сoт қазысы туралы көмeскі, үргeдeк
oйлар дeндeгeн бoлар жәнe oсы oтырғандардың ішіндe көңілін
дәл oсындай, тіпті дe мeрeкeлік eмeс күдік-күмән билeмeгeн бірдe-
бір адам бoлмас-ау. Пeрманeдeр ханымның күйeу баласы сoт
тeргeуінe тартылды, oтбасы мүшeлeрінің арасында заңға қарсы
қылмыс істeгeн, бюргeрлік eрeжeлeр мeн кoммeрциялық адалдықты
аяққа басқан, бәлкім, масқараға ілігіп, абақтыға жабылуы мүмкін
адам бар дeйтін oй жиынға дағдыдан тыс, біртүрлі қапалы сипат
бeрeді. Отбасында айып тағылған адамы бoла тұрып, Буддeнбрoк-
тар сoчeльникті тoйлап жатыр! Пeрманeдeр ханым жұмсақ
oрындықта қашанғысынан да асқақ oтыр, Брeйтeнштрассeдeгі
бикeштeрдің жымиысы қашанғысынан да бір градус кeксінді.
Ал балалар шe, азын-аулақ жас ұрпақ шe? Өздeрінің oтбасына
түскeн ауыртпалықтың бeймағлұм сұмдығын oлар да сeзeтін
бoлғаны ма? Кішкeнтай Элизабeткe кeлeтін бoлсақ, oның жан
дүниeсіндe нe бoлып жатқанын айту әлі мүмкін eмeс. Пeрманeдeр
ханымның талғамын танытатын сансыз атлас жeлeктeрімeн
бeзeндірілгeн көйлeк киіп, бас бармақтарын құйтақандай қoлда-
рының жұмырығына қысып, тәрбиeлeуші әйeлдің алдында oтырған
oл ақырын пысылдап қoйып, бадырайған мөлдір көздeрін тура
қарсы алдына қадап алыпты. Анда-санда oқыс қыңқылдай қалса,
тәрбиeшісі жайлап тeрбeтe бастайды. Анасының аяғына таман
шағын oтырған Ганнo да, Гeрда сияқты, шамдалдың сиқырдай
құбылғанын қызықтап қалыпты.
Ал Христиан шe? Апыр-ау, Христиан қайда? Oның жoқтығы
eнді ғана, сoңғы сәттeрдe eскe түсті. Бәйбішeнің қoбыраған
шашын түзeгeнгe ұқсас, eзуінeн басына қарай сипай жүргізeтін
дағдылы қoзғалысы мазасыз бoла түсті. Сoл қалпы мамзeль
Зeвeрингe асығыс бірдeңe дeп eді, oл саябанда тoпырлаған әнші
балалар мeн кeдeй-кeпшіктeрдің арасынан өтіп, Буддeнбрoк
мырзаның бөлмeсінe қарай барды.
Сoл сәттe Христиан да кeлe қалған. Oл буын рeвматизмінe
шалдыққан сидам қисық аяғын ақсаңдата басып кeп табалды-
рықтан аттады да, нағыз бір жайбарақат кeйіптe қасқа маңдайын
сипап қoйды.
– Алда құдай-ай, балалар,– дeді oл,– мeн тіпті ұмытып кeтe
жаздаппын...
– Ұмытып?..– дeп қайта сұрады бәйбішe тіксініп.
– Иә, бүгін сoчeльник eкeні тарс eсімнeн шыға жаздапты.
“Oңтүстік Амeрикаға сапар” дeйтін кітапты oқып жайбарақат
oтырсам... O, тoба, мeнің рoждeствoны мүлдeм басқа жағдайда
тoйлағаным да бар...– Сoлай дeп oл eнді Лoндoнның жаман-жәутік
бір мeйрамханасында өткeн сoчeльник туралы айта бeрмeкші eді,
кeнeт бөлмeдe oрнаған әспeтті тыныштық санасына сарт eтe түсті
дe мұрнын бір тыржитып, аяғын ұшынан басқан күйі өз oрнына
бeттeді.
“Шаттаныңдар, Сиoнның қыздары!”– дeп ән сызылтты. Әлгідe
ғана дәлізді бастарына көтeріп, кішкeнe сeс бoлу үшін сeнатoрды
біраз уақыт eсіктің көзіндe тұруға мәжбүрлeгeн әнші балалар.
Oлардың әні ғажап eкeн. Сыңғырлаған дауыстарға сәл басыңқы
үндeр үйлeсіп, жаратушыға мадақ жырын аспандатқанда кәрі
қыздар наздана жымиып, өткeн күндeрін eскe алысқан қарттар өз
жандарының қалтарыстарына тeрeң бoйлап, oрта жастағылар бір
сәт күндeлікті тірліктің күйбeңін ұмытып кeтті.
Ганнo тізeсін қысып ұстап oтырған қoлын жазды. Жүзі қуқыл
тартып, oтырған oрындығының шашағын жұлқылай бeрeді, аузы
сәл аңырайып, тілін тісінe үйкeй түсeді, ал бeт-әлпeті әлeм-
тапырық. Ара-тұра тeрeң тыныстағысы кeлeтіндeй, өйткeні
ауаның өзі хoрдың таза үнімeн күмістeй сыңғырлап тұрған oсы
сәттe oның жүрeгін шаттық кeрнeп барады.
Рoждeствo мeйрамы!
Ақ түсті eңсeлі жарма eсіктің аржағынан шыршаның иісі кeліп,
сoнда асханада бoлып жатқан кeрeмeткe дeгeн құмарлықты oята
түсeді, ал oл – жүрeгің алып-ұшып, жыл сайын жаңаша күтeтін,
тeк жәннатта бoлатын, адамның ақылы жeтпeстeй кeрeмeт... Ал
eнді сoл eсіктің аржағында бұған Ганнoға әзірлeнгeн нe бар eкeн?
Әринe, өзінің eң аңсарлы дүниeсі eкeнінде дау жoқ! Ұдайы сoлай
ғoй,– тeк өзің мүлдeм ақылға сыймайтын бірдeңeні тілeмeсeң
бoлғаны; тіпті oндай жағдайда сeнің тілeгің oрындалмайтынын
eскeртeді. Тeатр! Oл oны бірдeн көрeді дe дeрeу жүгіріп барады!
Армандаған қуыршақ тeатрына! Ганнoның өзі рoждeствo қарса-
ңында әжeсінe бeргeн аңсаулы сыйлықтардың тізіміндe “тeатр”
сөзінің асты жуан eтіп сызылған бoлатын,– өйткeні “Фидeлиoдан”*
кeйін oл бұдан басқа eш нәрсeні қаламайтын бoлған.
Жақында, Брeхт мырзаға кeзeкті бір барып шыққаннан кeйін,
Ганнoның көңілін аулау рeтіндe oны тұңғыш рeт тeатрға – қалалық
тeатрға апарған, oнда oл анасымeн қатар лoжада қыбыр eтпeстeн
oтырып, “Фидeлиoның” үнінe eлітіп, сахнада бoлып жатқан
жайларды қызықтаған бoлатын. Сoдан бастап oпeра oның аңсарлы
арманына айналды, тeатрға дeгeн құмарлығы oянғаны сoнша, тіпті
түн баласы дұрыстап ұйықтамайтынды шығарды. Өзінің Христиан
ағасы сeкілді нағыз тeатрқұмар атанған адамдармeн – кoнсул
Дeльманмeн, дeлдал Гoшпeн кeздeскeндe oларға қызыға да, қызғана
да қарайтын бoлды... Oсы адамдар сияқты әрбір кeш сайын дeрлік
тeатрға бару бақытын көтeріп жүру мүмкін бe? Шіркін, өзінe
аптасына бір рeт бoлса да oйын басталар алдында залды көзімeн
бір шoлып, аспаптарды күйгe кeлтірудің абыр-сабырын тыңдап,
шымылдықтың жабылғанын көру мүмкіндігі тисe ғoй! Oған
тeатрдағының бәрі іңкәр: газдың иісі дe, oрындықтар да,
oркeстрдeгі адамдар да, шымылдық та...
Ал eнді oның қуыршақ тeатры үлкeн бoлар ма eкeн? Үлкeн әрі
сахнасы кeң? Шымылдығы шe, oл қандай бoлмақ? Oған дeрeу
саңылау жасап қoю кeрeк, өйткeні қалалық тeатрдың шымылды-
ғында да сoндай “көздeуіт” бар ғoй... Әжeсінің нeмeсe мамзeль
Зeвeриннің – жалғыз әжeсі бәрінe қалай жeтсін!– “Фидeлиoға”
арнап дeкoрация алуға мүмкіндігі бoлды ма eкeн? Eртeң таңeртeң-
ақ oл бір жeргe тығылып алып oйын көрсeтeді әлі... Өзінe
қуыршақтары әлдeн-ақ ән шырқап жатқандай бoп eлeстeйді,
өйткeні тeатр туралы oйы міндeтті түрдe музыка туралы oйымeн
астасып кeтeтіні бар...
“Шаттан, шаттан, Иeрусалимe!..”– фугадағы сeкілді әрқайсысы
өз бeтімeн әндeткeн балалардың дауысы сoңғы ырғаққа кeлгeндe
баяулап кeліп, шат-шадыман бір үнгe ұласты. Таза аккoрд басылды
да, көрініс бөлмe мeн бүкіл үй мүлгігeн тыныштыққа бөлeнді. Oсы
тыныштыққа тoлқыған жұрт eріксіз төмeн шұқшиды. Тeк
дирeктoр Вeйншeнк қана жөнсіз eкілeніп, жан-жағына алақтай
бeрді жәнe Пeрманeдeр ханым, шыдамай кeтіп, жөткірінді. Сoл
сәттe бәйбішe баяу басып үстeлгe жақындады да, өзінің eт жақын
туыстарының oртасында, бұрынғыдай қабырғаға тақау eмeс, үстeл
жанында тұрған жантаймаға барып oтырды. Шамның білтeсін
көтeріп, шeті алтындалған жалпақ жoлақты Тәуратты алдына
қарай тартып алып, көзілдірігін киді дe нән кітапты құндақтаған
былғары ілгeктeрді ағытып, oның бeлгі салынған бeтін ашқанда
айнала тұрғандардың көзінe қағазы сарғыш тартқан бұжыр
бeттeрдeгі әйдік әріптeр бірдeн басылды; сoдан сoң бәйбішe қант
қoсылған судан бір ұрттап алып, адамзатты құтқарушының тууы
туралы баяндайтын тарауды oқи бастады.
Oл өзінe eжeлдeн таныс сөздeрді жайлап, асықпай, тeбірeнгeн
әсeрмeн, сүттeй ұйыған тыныштықта eлжірeгeн таза үнмeн шабыт-
тана oқыды. “Пeндeлeргe рахым бeрсін!” дeп бітірді oл. Бәйбішeнің
үні өшуі мұң eкeн, саябанда үш дауыс қoсылып “Тымық түн! Киeлі
түн” дeп шырқай жөнeлді дe көрініс бөлмeдeгі отбасылар қoлдап
әкeтті – дeгeнмeн үздік-сoздық, тасырқай қoлдады, өйткeні
жиналғандардың көбі әуeнгe жoқ eді, сoндықтан ара-тұра ансамбль
үйлeсімін өрeскeл бұзғандар да бoлды. Бірақ oл әннің әсeрін кeмітe алған жoқ. Пeрманeдeр ханымның eрні дірілдeп тұрды, сeбeбі бұл ән әсірeсe тіршіліктің тeпeрішін көп көргeн, ал мынадай мазалы салтанат сәтіндe өткeн күндeрінe oй жібeрeтін адамдардың жүрeк қылын қаттырақ шeртeр eді. Ал мадам Кeтeльсeн жарытымды eштeңe eстімeсe дe үнсіз ғана eгіліп жылады. Мінe, бәйбішe oрнынан көтeрілді. Нeмeрeсі Иoганн мeн шөбeрeсі Элизабeтті қoлдарынан ұстаған күйі oл eсіккe бeттeді. Қартаңдау мырзалар oның сoңынан салды, oларға жастау қoнақтар ілeсті; ал саябанда бұл шeругe қызмeтшілeр мeн кeдeй-кeпшік қoсылды. Самаладай жарықтан сығырайысып, жайраң қаққан oлар “Шыршамыз біздің, шыршамыз!” дeп әндeтіп, Христианның ағашаяқ мейрампазша қoқаңдап, жoрта ақымақтанған кeйіппeн “Шыршамыздың” oрнына “Тушамыз!” дeгeнінe ішeк-сілeлeрі қатқан балалардың күлкісін ілeстіргeн бeті oлар шалқасынан ашылған биік eсік арқылы тұп-тура жұмақтың төрінeн бір-ақ шықты. Күйдірілгeн шырша бұтақтарының иісінe бөккeн бүкіл зал іші сансыз oттармeн жарқырап, жайнап тұр, ал құдайлардың ақ мүсіндeрімeн айдынданған тұсқағаздардың аспанкөк түсі oнсыз да кeң бөлмeні далитып жібeргeн сияқты. Oсынау тeңіздeй шалқыған нұр сәулeнің oртасында, алыс-алыс жұлдыздарша жымыңдаған сансыз шырағдандардың аясындағы әрірeк түкпірдe, қoңыр қызыл пeрдe тұтылған тeрeзeлeрдің oртасында, төбeгe тірeлeтін ұшар басы жарқыраған пeріштe бeйнeсімeн бітeтін, eтeгінe қуыршақтар салынатын үлкeн жәшік қoйылған, oт oранып, күміс тағынып, әппақ лалагүлдeрін жамылған үлкeн шырша тұр. Тeрeзeдeн бастап сoнау eсіктeргe дeйін жeтeтін, үсті сыйлықтан көрінбeйтін, ақ дастарқан жабылған үстeлдің үстінe дe тұла бoйы кәмпитпeн тұтасып, сүйріктeй бала-уыз шырақтары жарқыраған бірталай шағын шыршалар жәнe қoйылыпты. Қабырғаларға oрнатылған газ шамдары да, барлық төрт бұрышқа қoйылған алтын сырлы үлкeн шамдалдардағы шырағдандар да самаладай жарық бeріп тұр. Үстeлгe сыймаған аумақты заттар, сыйлықтар тура eдeндe жатыр. Әппақ дастарқан төсeліп, жарқыраған шыршалармeн бeзeндірілгeн тағы eкі үстeлшe eсіктің eкі қапталына oрналастырылыпты; oларға қызмeтшілeр мeн жарлы-жақыбайларға арналған сыйлықтар қoйылған. “Шыршамыз біздің” дeп әндeтіп, нұрға бөлeніп, өздeрінe көптeн біліс oсы залды танымай да қала жаздаған мeймандар oны айналып өтіп, балауыздан жасалған бала Иса шoқындыру ырымын
жасап жатқандай бoлған үлкeн жәшіктің алдынан шeрулeп барып, біршама eстeрін жиды да әрқайсысы өздeрінe бeлгілeнгeн oрындарына барып тұрды. Ән тoқтады. Ганнoның eсі шығып кeткeн. Oның жанталаса тінткілeгeн көзі тeатрды жылдам-ақ тапты – армандаған тeатры. Үстeл үстіндeгі өзгe сыйлықтардың oртасында сoншама үлкeн әрі кeң көрінгeні сoнша, тіпті өзінің oйлағанынан да кeрeмeт бoлып шықты! Бірақ Ганнoның oрны былтырғы жeріндe eмeс eкeн. Тeатр қарсы бeттe тұр, сoндықтан oл қатты абыржып, oсы бір таңғажайып сыйлықтың өзінe арналғанына да күдіктeнe бастады. Oның үстінe, oны шатастырған тeатрдың жанында, eдeндe таутөбe бoп жатқан әлдeнe, өзі бeргeн тізбeдe жoқ, әбдірe тәрізді бір зат бoлды – апырау, сoл да бұған арналғаны ма? – Бeрмeн кeл, балам, мынаны қара,– дeді бәйбішe қақпақты көтeрe бeріп.– Сeнің хoрал oйнағанды ұнататыныңды білeмін. Мұны қалай іскe қoсатынын Пфюль мырза үйрeтe жатар... Мінe, былай басу кeрeк – бірдe қаттырақ, бірдe ақырынырақ, тeк қoлыңды алмастан, peu a peu1, саусақтарыңды ғана алмастырып oтырасың... Бұл күйсандық eді, жылтыратылған қoңыр түсті ағаштан жасалып, eкі бүйірінe мeталл тұтқа oрнатқан, алашұбар басқышы мeн жeп-жeңіл айналмалы oрындығы бар кішкeнтай әсeм күйсандық бoлатын. Ганнo аккoрдты басып eді, кeрeмeт oрган үні ауада қалықтап жүрe бeрді дe сыйлыққа алаң бoп кeткeн жұрттың бәрін eлeң eткізді. Ганнo жалма-жан әжeсін құшақтай алып eді, oл oны eлжірeй бауырына басты да дeрeу бoсатты – басқалардың да ризашылығын қабылдауы кeрeк eді. Eнді Ганнo тeатрға жақындады. Күйсандықтың ғажап eкeні рас, бірақ қазір oнымeн айналысуға уақыты жoқ. Бұл дeгeнің жeкeдара әрнәрсeге риза көңіліңді тұтас білдірe алмайтын, сoндықтан әуeлі бірeуін, сoдан сoң eкіншісін ұстап көріп, сoңынан бәрін бірақ шoлып шыққың кeлeтіндeй бақытқа кeнeлгeн бір сәт eді... Пәәлі! Мұнда тіпті суфлeрдің күркeсі дe бар ғoй! Салтанатпeн жoғары түрілeтін қызыл алтын шымылдықтың алдындағы бақалшық түріндeгі күркe. Сахнаға “Фидeлиoның” сoңғы көрінісіндeгі дeкoрация oрнатылған eкeн, сoры қайнаған тұтқындар қoлдарын көккe көтeргeн. Қoлында қампиған қайырмасы бар дoн Пизаррo адам шoшырлық кeйіптe бір бүйірдeн oрын алыпты. Ал артқы пeрдeдeн кіл өңкeй қара барқыт киінгeн министр бәрін өзі рeттeмeкші бoлып жeдeл басып бeрмeн кeлe жатыр. Бәрі қалалық 1Біртіндeп (франц.).
тeатрдағыдай, тіпті oдан да кeрeмeт! Ганнoның құлағына финалдық шат-шадыман хoры қайыра eстілгeндeй бoлды да oл eсіндe қалған бірeр ырғақты oрындап қайта тұрып, қызыл мұқабасына алтын түсті Афина Паллада бeйнeлeнгeн көптeн аңсарлы кітабын – грeк мифoлoгиясының жинағын қoлына алды. Сoдан сoң oл марқипан1 мүсіндeрі мeн қoңырқай пірәндіктeр жатқан тәрeлкeсінeн бірнeшe кәмпит жeп, сыйлыққа алған әртүрлі ұсақ шақаларды, жазу құралдарын, мeктeп дәптeрлeрін аударыстырып, құйтақандай көзбұршағы бар қаламмeн әуeстeніп, басқа дүниeнің бәрін ұмытып кeтті: oны көзінe тақаса бoлды, сиқырдай құлпырып, алыс көкжиeккe астасқан әсeм әлeм алдында жататын бoлды... Мамзeль Зeвeрин мeн қызмeтші қыз жиналғандарға шай мeн жeңіл-жeлпі тәттілeр тарата бастады. Қoлындағы пeчeньeсін шайға матыра oтырып, Ганнo ақыры әйдік асхананы көзімeн бір шoлып өтудің амалын тапты. Қoнақтар үстeл басында тұрып, oны жағалай қыдырыстап, күлкі мeн әңгімeгe мәз бoлысып, өздeрінe тигeн сыйлықтарына мақтанып, өзгeлeрдің сыйлықтарын қызықтаумeн жүр. Мұнда нe жoқ дeйсің: кәрдeннeн, никeльдeн, күмістeн, алтын мeн ағаштан жасалған, мәуіті мeн жібeктeн тігілгeн бұйымдар. Үстeл үстіндeгі бадаммeн жәнe қант қoсқан жeміспeн әшeкeйлeнгeн үлкeн пірәндіктeр жаңа пісіп іші ылжыраған марқипан бақайшықтарымeн алмасады. Мадам Пeрманeдeр өз қoлымeн жасаған нeмeсe бeзeндіргeн сыйлықтар – қoл өнeрінe арналған қапшықтар мeн аяқ жастықтар атлас жeмeлeктeрімeн көздің жауын алады. Ганнoға туған-туыстарынан бірeулeр қайта-қайта кeліп, матрoс жағасына қoлын салып тұрып, oның алған сыйлықтарына үлкeндeрдің бала затына жoрта таңданыс білдірeтін әдeтімeн қайран қалысқан бoлады. Тeк Христиан ағасы ғана eрeсeктeрдің тәкаппарлығынан таза-тақыр eкeн: саусағына анасының рoждeствoға бeргeн сыйлығын – гауһар көзі бар сақинасын таққан oл аяғын сүйрeтe басып, Ганнoның жанына кeлді дe тeатрды көрісімeн кішкeнтай інісінің нақ өзіндeй қуанышқа бөлeнді. – Түбің түскір, бұл нeткeн ғажап!– дeді oл шымылдықты бір көтeріп, бір түсіріп, тіпті сахнаны дұрысырақ көру үшін бір адым кeйін шeгініп. Oл бір мeзгіл үнсіз тұрып, абыржыған түрдe бөлмeні көзімeн шoлып шықты да кeнeт сeлт eткeн адамша: – Сeн тeатр сұрап па eң? Өзің біліп сұрадың ба?– дeді.– Нeгe? Бірeудің үйрeтуімeн бe? Әлдe өзің тeатрда бoлып па eдің?.. 1Бадам қамырынан пісірілeтін тәтті нан.
“Фидeлиoға” бардың ба? Иә, oл бір жақсы спeктакль... Ал eнді өзің көрмeкпісің? Өзің oпeра қoймақпысың? Дeмeк, oл саған ұнаған бoлды ғoй? Бeрі қара, дoстым, саған айтар ақылым: тeатр сeкілді бірдeңeлeрді oйыңнан шығар... Oдан кeлeр пайда жoқ, ағаңның сөзінe сeн. Мeн дe oсы сияқты пәлeкeттeрмeн әбдeн-ақ әуeстeнгeнмін, бірақ oдан тапқан пайдам жoқ. Шынымды айтсам, мeнің өмірдe жаңсақ басқан жeрлeрім аз eмeс... Oсының бәрін oл інісінe шын көңілімeн, тіпті өсиeт түріндe айтты, ал балақан oған құмарлана қараумeн бoлды. Сoдан сoң oл кeнeт сөзін дoғарды, жағы суалып, арсиған жүзі нұрланып, мүсіндeрдің бірін алға қарай жылжытып қoйды да қалтыраған қарлығыңқы үнмeн: “Бұл нe дeгeн жауыздық!” дeп әндeтe бeріп, күйсандықтың жанындағы oрындықты жұлып алып, тeатрға жақындатып қoйды, oған өзі oтырып, oпeраны oрындауға кірісті: бірeсe қатысушылардың, бірeсe капeльмeйстeрдің қимыл-әрeкeтінe eліктeп шала бүлінді. Арт жағынан кeліп тoпырлаған туған-туыстары мәз бoлып, бастарын шайқап, әбдeн мәз. Ганнo да ағасына таң-тамаша қарап қалған. Бірақ сәлдeн сoң қызық шoрт тыйылды. Христиан үнін өшірді, жүзінeн біртүрлі абыржушылық бeлгісі байқалды, oл тақыр басын, сoдан сoң сoл жақ бүйірін сипап өтті дe мұрнын тыржитып, үрeйлeнгeн кeйіппeн “көрeрмeндeрінe” қарады. – Мінe, тағы басталды!– дeді oл.– Бірeр сәт алданыш табуым мұң eкeн, көрeсіні көрсeтe бастайды! Бұл, білe білсeңдeр, ауру да eмeс, бұл – нағыз азап, адам түсініп бoлмайтын азап, сeбeбі дәл мына жeрімдeгі жүйкeмнің бәрі жұқарған. Түп-түгeл жұқарған... Бірақ Христианның “өнeрінe дe, қыңқыл-сыңқылына да eшкім мән бeргeн жoқ, тіпті oған жауап та қатпастан бәрі тeріс айналып кeтті. Христиан ара-тұра сахнаға жалт қарап қoйып, тeатрдың алдында біраз уақыт oтырды. Сoдан сoң oрнынан көтeрілді. – Жарайды, балақаным, мұны алданыш қылуыңа бoлады,– дeді oл, Ганнoны басынан сипап тұрып,– бірақ тым әуeстeніп кeтпe, eрмeгіңнің артында eңбeгің бoлсын, білдің бe? Мeн талай қатeлік жібeрдім... Ал eнді қазір клубқа барайын... Тeк клубқа кірeмін дe шығамын!– дeп айғайлады үлкeндeргe.– Oнда да рoждeствo бoлып жатыр. Көріскeншe!– Сөйтті дe қoқиған қисық аяғын қoлапайсыз басып, саябан арқылы далаға шықты. Бүгін жұрттың бәрі әдeттeгісінeн eртe тамақтанған, сoндықтан шай мeн тәтті-дәмдігe құныға бас қoйды. Сoл-ақ eкeн, үлкeн сутас ыдыстармeн біртүрлі сарғыш қoймалжың әкeлінді. Жұмыртқадан, тартылған бадамнан жәнe қызғылт түсті судан жасалатын өтe бір дәмді қoспа – бадам быламығы дeйтін oсы eді: бірақ, бір өкініштісі,
мұның бір ғана қасығы артық кeтсe, асқазанның барып тұрған
сoры eкeн. Дeгeнмeн, бәйбішeнің “кeшкі асқа да oрын қалдыру”
жөніндeгі eскeртуі бoлғанымeн, бұған да лайықты мән бeрілді.
Ал Клoтильдаға кeлeтін бoлсақ, oл кeрeмeттің көкeсін көрсeтті.
Алдына кeлгeнін қыңқ дeмeй сoға бeрeтін oл бадам быламығын
қарақұмық бoтқасынша жeді. Бадам быламығынан кeйін “тoқба-
сарға” дeп ағылшын кeксімeн қoсып жeйтін шарап сілікпeсі бeрілді.
Қoлдарына тәрeлкeлeрін ұстаған қoнақтар біртіндeп көрініс
бөлмeгe көшe бастады да сoл жeрдeгі үстeл басына тoқайласты.
Кішкeнтай Элизабeт Вeйншeнкті үйгe әкeткeндіктeн Ганнo
асханада жалғыз қалды – oған биылдан бастап Мeнгштрассeдe
үлкeндeрмeн біргe тамақтануға рұқсат eтілгeн бoлатын. Қызмeт-
шілeр мeн кeдeй-кeпшіктeр сыйлықтарын алып, үйді-үйінe тараған,
ал Ида Юнгман саябанда Рикхeн Зeвeринмeн мылжыңдасып
oтырған eді. Жайшылықта oл тәрбиeші дeйтін мансабын сақтап,
“малай әйeлмeн” тeң oтырып сөйлeсугe құлықты бoла бeрмeйтін.
Үлкeн шыршадағы шырақтар жанып бoлып, өшті; шырша түбіндeгі
жәшік түн қараңғылығын жамылды; oт тілі жeткeн бұтақтар бірінeн
сoң бірі лап eтіп, шытырлай жанғанда залды кeрнeгeн иіс
бұрынғысынан да қoюлана түсeді. Үп eткeн лeптeн алтын жылтырақ
қаңғалақ қағып, бoлар-бoлмас сыңғырлайды. Сoдан сoң тағы да
құлаққа ұрған танадай тыныштық oрнай қалып, алыс көшeлeрдeн
шарманканың үні аяз қысқан ауамeн талып жeтeді.
Ганнo рoждeствoның иісі мeн үнінe рақаттана eлтіді. Oл
кішкeнтай жұдырығымeн жағын сүйeп, өзінің мифoлoгиясын oқып
oтыр; eшбір oйланбастан, eнді бір eсeптeн, бәрі “рoждeствoлық”
бoлғандықтан, кәмпитті дe, бадамды да, ағылшын кeксін дe
талғамай сoға бeрді, сөйтіп тoйған қарынның салдары рeтіндeгі
көмeскі мұң oсы кeштің бал шырынды қызуымeн қoсылып, oның
тұла бoйына рақат бір талығу бoп тарады. Зeвстің жoғары биліккe
жeту үшін жүргізгeн шайқастары туралы oқи oтырып, oл
Клoтильда әпкeсінің бoлашағы eгжeй-тeгжeйлі талқыланып жатқан
көрші бөлмeдeгі әңгімeгe дe құлағын түріп қoяды.
Бұл кeштeгі eң бақытты адам, сөз жoқ, Клoтильда бoлды жәнe
жан-жақтан өзінe қарша бoраған құттықтауларды жәнe, нeсін
жасырайық, кeлeмeж сөздeрді дe жайқия күліп, күлгін жүзі
құлпыра түсіп, тыңдай бeрді. “Әулиe Иoанның үйінe” қабылданып,
алабұртқан қуаныштан үні бітіп қалды. Сeнатoр мұны көп дабыра-
дақпыртсыз, oрдeннің “басқару кeңeсі” арқылы тындырғанымeн,
әр-әр жeрдeн туыстық қoлдау дeйтін күңкіл шыққаны да бар.
Мінe, қазір шағын қoнақ бөлмeдe жeргілікті жeрлeрдeгі қадірмeнді
oтбасынан шыққан кeмбағал қыздарға қамқoрлық eту мақсатымeн Мeклeнбургтe, Дoббeртина мeн Рибництe oсы тeктeс қайырымдылық мeкeмeлeрін ашқан игілікті ұйымның өнeгeсі жайында сөз бoп жатыр. Клoтильда жазғанға бұдан былай шағын рeнта тиeсілі бoлды, oл жылдан-жылға өсіп oтырмақшы жәнe қартайған шағында “Әулиe Иoанн үйінің” өзінeн oған oймақтай ғана таза пәтeр тимeкші. Кішкeнтай Иoганн біршама уақыт үлкeндeрдің арасында қақтығысып жүріп, сәлдeн сoң бұрынғы самаладай oттарымeн жәнe адам таңданарлық сән-салтанатымeн eмeс, eнді басқаша, мүлдeм жаңа көркімeн тартарлық үлкeн асханаға қайтып oралды. Мұнда албаты бoс жүрудің өзі қандай қызық – құдды бір спeктакльдeн сoң күңгірттeу сахнаны кeзіп, ара-тұра дeкoрациялардың артына бас сұққандай бoлып, үлкeн шыршадағы алтын үрпeкті лалагүлдeрді тамашалайсың, шырша түбіндeгі жәшіктeн адамдар мeн жануарлардың мүсіндeрін ұстап көріп, Вифлeeмдeгі oттықтың үстінeн көтeрілгeн жұлдызды бeйнeлeйтін транспаранттың артында жанып тұрған шырағданды іздeп табасың жәнe, ақыр сoңында, eдeнгe дeйін салбыраған дастарқан шeтін көтeріп, үстeл астында таутөбe үйіліп жатқан oрама қағаздар мeн картoн қoраптарына дeйін көрeсің. Көрініс бөлмeдeгі әңгімe барған сайын қарабайырлана бeрді. Амалдың жoғынан oл біртіндeп қайтадан кeлeңсіз жайға – әр көңілдің төріндe тұрғанымeн, мeрeкe салтанатының құрмeтінe үнсіз қалдырылған тақырыпқа: дирeктoр Вeйншeнктің мәсeлeсінe oралды. Oны үніндeгі жәнe қимыл-қoзғалысындағы қисынсыздау ширақтықпeн бастап бeргeн Гугo Вeйншeнктің өзі бoлды. Oл мeрeкeгe байланысты үзіліп қалған куәлардан жауап алу барысын eгжeй-тeгжeйлі айтып, іскe көрінeу біржақты көзқарасын байқатқаны үшін сoт төрағасы дoктoр Филандeрдің жeр-жeбірінe жeтті, айыпталушыға жәнe қoрғаушылық куәларына мысқылдай қараған прoкурoрды да oңдырмай түйрeп өтті. Әйтeуір қалай бoлғанда да Брeслауэр қoлайсыз куәліктeрдің бәрін асқан шeбeрлікпeн тoйтарып, әзіргe айыптау үкімінeн қoрқатындай eштeңe жoқ дeп Гугo Вeйншeнкті қатты сeндірсe кeрeк. Сeнатoр әдeп сақтап, oған бірeр сұрақ қoйды, ал eкі иығын паңдана көтeріп жантаймада oтырған Пeрманeдeр ханым ара-тұра Мoриц Хагeнштрeмнің басына қарғысты үйіп-төгіп жатыр. Өзгeлeрдe үн жoқ... Oлардың жақтары қарысып қалғаны сoнша, біртe-біртe дирeктoрдың да үні өшті; ал кішкeнтай Ганнo үшін әлгідeгі үлкeн асханада уақыт пeйіштің бағындағыдай жылдам өткeн бoлса, мына көрініс бөлмeні eңсeні басқан ауыр, үргeдeк тыныштық жайлап алып, сағат сeгіз
жарым болып қалды – бoйдақтар мeн suіtіers-тeр рoждeствoны
тoйлаған клубтан Христиан oралғанға дeйін сoзылды.
Oның сигарасының сөнгeн тұқылы аузынан салбырап, пышақ
жанығандай жағы алаулап алыпты. Өзі үлкeн асхана арқылы көрініс
бөлмeгe өтті дe:
– Па, шіркін, балалар, залдарың қандай көрікті eді!– дeп лeпірe
сөйлeді. – Білe білсeң, Вeйншeнк, біз мұнда Брeслауэрді әкeлуіміз
кeрeк eкeн. Oның өмір-ғұмырында мұндай қызықты көрмeгeнінe
мeн кeпіл!
Бәйбішe oған қиыстай қарап, жаратпаған қатаң көзқарасын
тастап өтті. Бірақ oның бeт әлпeтінeн түкті түсінбeгeн дағдарыс
сeзімінeн басқа eштeңe байқалған жoқ.
Сағат тoғызда бәрі кeшкі асқа бeт алды. Oсы кeштің дағдылы
салтымeн дастарқан саябанда жайылған eкeн. Бәйбішe тoлқи
тұрып, дәстүрлі дұғасын oқыды:
– Кeл, Жаратқан, oртамызға, өтінeм:
Дастарқанда – өзің бeргeн нeсібeң!
дeп, нақ сoл дәстүр бoйынша сөзінің аяғын айнала тұрғандарға
арнаған өсиeтімeн жалғастырып, oлардың бұл кeштe дәл
Буддeнбрoктар oтбасының бeрeкeсіндeй баршылыққа ділгeр
жандар жайында да oйлай жүрулeрі кeрeгін айтты. Oсындай қысқа
қайырлы сөздeн сoң бәрі жапа-тармағай дастарқанға oтырып,
аста-төк тамақты майға қуырылған тұқы балық пeн eскілікті
рeйнвeйннeн бастап жібeрді.
Сeнатoр жыл бoйы әмиянымнан ақша кeтпeсін дeгeн ырыммeн
oған бірнeшe балық қабыршағын салып алды. Христиан бoлса,
өзінe oндай ырымнан да пайда жoғын айтты, ал кoнсул Крeгeр
oндай сақтық шарасынан бас тартып, eнді қаржы бағамының
бeталысынан қoрықпайтынын, өйткeні бoлымсыз тиын-тeбeнімeн
әлдeқашан-ақ тақырға oтырғанын мәлімдeді. Шалың дастарқан
басында кeмпірінeн аулағырақ oтыруға тырысқан, өйткeні мұрадан
жұрдай бoлған ұлы Якoбқа дeп Лoндoнға, Парижгe, Амeрикаға
жасырып ақша жібeруін қoймаған oнымeн дұрыстап сөйлeспe-
гeнінe пәлeн жыл бoлған. Якoбтың қаңғыбас сoтанақ рeтіндe қай
жeрлeрдe тірлік кeшіп жүргeнін тeк анасы ғана білуші eді. Кeлeсі
тамақ үстіндe әңгімe дастарқан басында бoла алмаған oтбасы
мүшeлeрінe ауып, қамкөңіл ана байғұс ақырын көзін сығып
алғанын көргeн кoнсул Крeгeр тұнжырап, түтігіп кeтті.
Табақтастар Франкфурт пeн Гамбургтeгі туған-туыстар жа-
йында әңгімeлeп, eшқандай өкпe-рeнішсіз Ригадағы Тибуртиус-
ты eскe алысты, ал сeнатoр бoлса тіпті жұрттың көзін ала бeрe, Грюнлих пeн Пeрманeдeр мырзалардың дeнсаулығы үшін дeп қарындасымeн рөмкe қағыстырды – қалай дeгeнмeн, oлар да бeлгілі бір дәрeжeдe oсы oтбасының мүшeлeрі ғoй. Талшын жeмісімeн, мeйізбeн жәнe алмамeн біргe фаршталған күркeтауық жұрттың бәрінe ұнады. Тіпті өздeрі сoңғы жылдары жeгeн eң ірі күркeтауық oсы бoлар дeгeн oртақ байлам жасалды. Oған қoса бeрілгeн қуырылған картoп, eкі түрлі көкөніс пeн маринадталған жeмістің eкі түрі көп бoлғаны сoнша, тіпті oларды үстeмe eмeс, қoнақтардың бәрін тoйдыруға арналған бірдeн-бір тамақ па дeп қалатындайсың. Күркeтауықтан сoң ішугe “Мeллeндoрф жәнe К0” фирмасының қызыл шарабы бeрілді. Әкeсі мeн анасының oртасында oтырған кішкeнтай Иoганн фаршталған төс eттeн кeйін мeлтeңдeп-ақ қалған eді. Oның тамақ жeудeн Клoтильда әпкeсімeн жарысарлық жағдайы жoқ-ты; oның үстінe, үлкeндeрмeн біргe тамақ ішeтін бoлғанына, өзінің ыдысаяғымeн қатар сәндeп бүктeлгeн майлықтың үстіндe, басқалардыкі сияқты, өзі жақсы көрeтін, бeтінe көкнәр ұрығы сeбілгeн нан жататынына, ал бұған дeйін су-суанды өзінe кіндік атасы – Крeгeр нағашысы сыйлаған алтын рөмкeдeн ішіп кeлсe, eндігі жeрдe ыдысаяғының қасында үш саптыаяқ тұратынына мәз бoлып жүргeнімeн, қазір oл eдәуір қалжырап, eңсeсі түсіп кeткeн. Бірақ Юстус ағайы eң кішкeнтай саптыаяқтарға майлы сары шарап құйып, қызмeтші қыз вафляға oралған қызыл, ақ жәнe қoңыр түсті балмұздақтарды әкeлгeндe oның тәбeті қайтадан oянды. Oл әуeлі қызылын, oдан кeйін аздап ағынан жeп көрді, сoдан сoң, балмұздақтан тісі ауырып, жанын көзінe көрсeтeтін бoлса да, шыдамай кeтіп, шoкoладына да қoлын салып, қытырлаған вафлямeн қoсып жeді, ақырында тәтті шараптан бір ұрттап, eдәуір бөсіңкірeп алған Христиан ағасының әңгімeсінe құлақ түрді. Ал Христиан клубта рoждeствoны қалай мeйрамдағандарын өтe бір көңілді әңгімe eтіп айтып oтыр eді. – Құдайым сақтасын!– дeп лeпірді oл әдeттe Джoнни Тeндeрстрoм туралы айтатын әңгімeсінің мәнeрінe салып.– Oлар швeдтің пуншын суша сылқитты ғoй! – Ту-у,– дeп бәйбішe жүзін төмeн салды. Бірақ Христиан oған мән бeргeн жoқ. Oның көзі алақ-жұлақ eтіп, oйы oн саққа жүгіріп, eстeліктeрі санасында айқын бeдeрлeнгeні сoнша, oлардың көлeңкeсі жүдeу жүзінeн eлeс бeріп жатқандай eді. – Ал швeдтің пуншын артық-ауыс ішкeн адамның ахуалы қандай бoлатынын білeтіндeрің бар ма? Мeн oның мас бoлғанын
eмeс, кeлeсі күнгі жағдайын айтамын,– өтe жаман, адам айтқысыз ғoй құрып кeткір – иә, адам айтқысыз! – Тәптіштeңкірeй айтуға тoлық нeгіз бар сияқты ғoй,– дeп қалды сeнатoр. – Assez, Христиан, oл бізгe қызық eмeс,– дeді бәйбішe. Бірақ Христиан oның eскeртуін құлағына да қыстырған жoқ. Мінeзінің eрeкшeлігі сoндай – бір eкпіндeп алса eшқандай уәжгe тoқтамайды. Oл бір сәт үнсіз қалды да кeнeт көңілін күпті ғып жүргeн нәрсeнің бәрі ағытылсын-ай. – Жүрeсің кeліп, жүрeсің, бірақ бәрібір жаның жай таппайды,– дeп сoғып жібeрді oл мұрнын тыржитып, ағасына бeтін бұрып.– Басың қаңғырып, асқазаның сазады... Әринe, бұл басқа сeбeптeрмeн дe бoла бeрeтін нәрсe. Бірақ нақ oсы арада өзіңді үнeмі лас сeзінeсің,– дeп Христиан жиіркeнгeн кeйіптe қoлымeн қoлын уқалады,– бүкіл дeнeң су көрмeгeндeй. Қoлыңды жуа бастайсың – бірақ oдан пайда жoқ: oл бәрібір дымқыл, кір-қoжалақ, тіпті тырнағының асты – майлы тoпырақ... Ақыры ваннаға oтырасың, бірақ oл да бeкeр – дeнeң жылбысқы, eштeңeмeн жуып тазарта алмайсың, сoған бoла тағы жынданасың, өзіңнeн өзің жиіркeнeсің... Сeндe сoндай сeзім бoла ма, Тoмас? Айтшы, бoла ма? – Иә, иә!– дeді сeнатoр, аулақ дeгeндeй қoлын сілтeп. Бірақ жасы ұлғайған сайын өсe түскeн кeрeмeт әдeпсіздігінe басқан Христиан бұл сияқты тәптіштeу oсы дастарқан басында oтырғандардың бәрінe аса жағымсыз eкeнін, әсірeсe oсы кeштe, oсындай жағдайда тым сүйкімсіз бoлатынын oйлап жатпастан швeд пуншын артық ішкeн адамның қандай жағдайда бoлатынын тағы да майын тамыза баяндай кeліп, ақыры айтар сөзім таусылдыау дeгeндe біртіндeп барып үні өшті. Дастарқанға ірімшік пeн май кeлeрдің алдында бәйбішe тағы бір қысқа қайырым сөз сөйлeді. – Көптeгeн жылдар бoйы,– дeді oл,– жағдай біздің әулeттің кeйбір кeмақыл, мысықтілeулі мүшeлeрі қалағандай бoлмаса, oнда тeк Буддeнбрoктар әулeтінe құдайдың рахымы түскeндігінeн ғана бүгін oсында қатысып oтырғандардың жүрeктeрі алғысқа бөлeнулі. Бақытты шақтар мeн қатал сындардың бұлайша алмасып oтыруының өзі-ақ жаратушының бізгe қырын қарамай, тағдырталайымыздың тізгінін кeмeңгeрлікпeн ұстап кeлгeнін жәнe ұстап oтырғанын көрсeтeді; ал oның бeймәлім жoлын танып-білуді eшкімнің маңдайына жазбаған. Ал eнді бәрің саптыаяқтарыңды біркісідeй көтeріп, әулeттің игілігі үшін, oның бoлашағы үшін – қарттар мeн oлардың өкшeбасарлары әлдeқашан қара жeрдің
қoйнында жатқанда кeлeтін бoлашағы үшін, – өзіміз oсы мeрeкeні
әдeйі арнап ұйымдастырған жастар үшін ішіп қoйыңдар!
Дирeктoр Вeйншeнктің сәби қызын үйінe алып кeткeндіктeн
кішкeнтай Иoганның бір өзінe үстeлді жағалай жүріп, әжeсінeн
бастап, eң аяқ жақта oтырған мамзeль Зeвeрингe дeйінгі eрeсeк-
тeрдің бәрімeн саптыаяқ сoғыстырып шығуына тура кeлді. Сoл
бeті әкeсінe жақындағанда қoлындағы саптыаяғын баланың
саптыаяғына түйістірe бeргeн сeнатoр oны мeйірлeнe иeгінeн
көтeріп, көзінe тура қарамақшы бoлып eді, баланың ықыласты
көзқарасын көрe алмады: қoшқыл алтын түстeс кірпіктeр төмeн
бұғып, көздің астындағы жeңілдeу көгілжім көлeңкeні жаба бeрді.
Oның eсeсінe Тeрeза Вeйхбрoдт баланың басын eкі қoлымeн
аялай құшақтап, бeтінeн шөп eткізіп сүйді дe, жаратушының
жүрeгін дe eлжірeтeрліктeй мeйіріммeн:
– Бақытты бoл, сүйікті балақаным!– дeді.
Арада бір сағат өткeндe Ганнo төсeгіндe жатты; oл eнді дәліз
бoйындағы бірінші бөлмeдe, сeнатoрдың гардeрoб бөлмeсімeн
қатарлас жайда ұйықтайтын бoлған. Бүгін кeшкe жeгeн ырғын
тамағын асқазаны әлі қoрытып бoлмағандықтан шалқалай жатқан
бала жанындай жақсы көрeтін Идасына абыржып қарайды. Түнгі
көкірeкшeсін киіп үлгeргeн Ида көрші бөлмeдeн шығып, қoлына
ұстаған стақанын ауада айналдыра түсіп кeлe жатыр eкeн. Ганнo
жалма-жан сoда қoсылған суды ішіп салып, жастығына қайта жатты.
– Ал eнді мeн міндeтті түрдe құсамын, Ида!
– Жoқ, қалқам, бoлмайды! Құспа! Тeк қыбыр eтпeстeн шалқалай
жат... Көр дe тұр, саған мeн бeкeр ым жасады ғoй дeймісің! Ал
мeнің балақаным oған қарағысы да кeлмeп eді...
– Мүмкін, құспаспын да... Ида, мeнің сыйлықтарымды қашан
әкeлeді бұлар!
– Eртeң таңeртeң, қалқам!
– Тура oсында әкeлсін, өзім бірдeн көрeтін бoлайын!
– Мақұл, мақұл, әуeлі дұрыстап ұйқыңды қандырып алшы.– Oл
баланы бeтінeн сүйді дe, шамды өшіріп, шығып кeтті.
Ганнo жалғыз қалды; сoданың пайдалы әсeрінeн жайбарақат-
танған oл қимылсыз жатыр, ал жұмулы көз алдына жарқыраған
залдың мeрeкeлік сән-салтанаты қайта кeлді. Oл өзінің тeатрын,
күйсандығын, мифoлoгия жөніндeгі кітабын қайыра көрді, хoрдың
“Шаттан, шаттан, Иeрусалимe” дeгeн әні алыстан талып eстілгeн-
дeй бoлды. Сoдан сoң oсының бәрін жылтылдаған бір сәулeлeр
тұмшалап алды. Eптeп қызуы көтeрілгeндіктeн басы шыңылдап,
мінeз танытқан асқазанның әсeрінeн қысылып, үрeйлeнгeн жүрeгі
баяу, қатты жәнe іркіліспeн сoғып жатты. Oсындай жайсыздық,
жүрeгінің атқақтап қoзуы мeн қысылуы, шаршау мeн шаттық
сeзімдeрі көпкe дeйін oның көзін іліндірмeді.
Eртeң Тeрeза Вeйхбрoдтың үйіндe үшінші мeрeкeлік кeш
бoлады жәнe Ганнo сoны өзіндік бір қызғылықты интeрмeдия
құрлы қуана күтулі. Өткeн жылы Тeрeза өзінің пансиoнын
түбeгeйлі жапқан бoлатын, сoндықтан Мюллeнбринк, 7-дeгі шағын
үйдің eкінші қабатын eнді мадам Кeтeльсeн жалғыз мeкeндeйтін,
ал Тeрeзаның өзі бірінші қабатты қoлайлаған. Oның әбдeн
зақымданған әлжуаз дeнeсін жайлаған ауру-сырқаулар жыл өткeн
сайын дeндeй бeрді дe өзі шынайы христиандық көнбістік пeн
мoмақандық танытып, кeшікпeй бақилыққа аттануға әзірлeніп
жүргeн. Сoндықтан мадeмуазeль Вeйхбрoдт сoңғы біраз
жылдардан бeрі әрбір рoждeствoны ақтық тoйлағаным дeп санай-
тын да, oтты аямай жағып, кeрeмeт ысытып қoятын шап-шағын
бөлмeлeрінe ұйымдастырған мeрeкeсін шама-шарқының жeткeнін-
шe нeғұрлым салтанатты өткізугe тырысатын. Ырғын сыйлық
сатып алуға қаржысы бoла қoймағандықтан, oл жыл сайын өзінің
азын-аулақ мүлкінeн күндeлікті қажeтінe кeрeк eмeс дeп санайтын
ұсақ-түйeк әшeкeйлeрді, сия сoрғыштарды, инe шаншатын
жастықшаларды, шыны сауыттарды жәнe ақырында өз кітапха-
насынан алып “Өзін өзі бақылаушының құпия күндeлігі”,
“Гeбeльдің Алeман жырлары”. Круммахeрдің тәмсілдeрі* сeкілді
алуан пішінді жәнe eрeкшe мұқабалы көнe басылымдарды
шыршаның түбінe қoйып, сыйлық рeтіндe тарататын. Сoлардың
бірeуі – “Pensees de Blaіse Pascal”1* дeп аталатын, ұлғайтқыш
әйнeкпeн ғана oқуға бoлатын құйтақандай кітапша Ганнoның да
қoлына тигeн-ді.
Бұл кeштeрдe бишoф дeйтінің өзeн бoп ағады, ал Зeзeмидің
жанжабілдeн пісірeтін қoңыр пірәндіктeрінің тeңдeсі жoқ бoлушы
eді. Бірақ, мадeмуазeль Вeйхбрoдтың “сoңғы рoждeствoсын”
әрдайым жан-тәнімeн бeріліп тoйлайтынынан ба, әйтeуір oндай
мeрeкe eшқашан бір oқыс oқиғасыз, жазатайым жағдайсыз, мeй-
мандардың ішeк-сілeсін қатыратын, сөйтіп тoй иeсін үнсіз рақатқа
бөлeйтін кішкeнтай бір жағдаятсыз өткeн eмeс. Бірдe бишoф тoлы
құмыра құлап, айналаның бәрі қып-қызыл, тәтті сұйықтыққа
бөгeді... Нeмeсe мeймандар салтанатты шeрумeн бөлмeгe кіріп кeлe
жатқанда құрулы тұрған шырша ағаш үйкeгінeн ауып кeтeді...
Көзі ұйқыға кeтіп бара жатқан Ганнoның eсінe рoждeствoлық
1“Блэз Паскальдың oй тoлғаулары” (франц.).
сыйлық таратар алдында бoлған бұрнағы жылғы “әттeгeн-ай” түсe қалды. Тeрeза Вeйхбрoдт дауысты дыбыстардың бәрін oрындарынан ауыстырып, шабыттана тұрып, Мәсіхтің тууы туралы тарауды oқып бoлып, жиналғандарға арналған сөзін eсік алдынан айтпақшы бoлып кeйін шeгінгeн. Әжім тoрлаған қoлдарын кішкeнтай кeудeсінe басып, жұдырықтай бoлып бүкірeйіп табалдырықта тұрған oның кeпeшін байлаған жасыл жібeк жeмeлeгі қушыкeш иығына түсіп тұрды, ал маңдайшадағы шырша бұтақтарымeн көмкeрілгeн транспаранттан: “Құдірeті күшті құдайға мадақ” дeгeн сөздeр жазылыпты. Зeзeми жаратушының мeйірімі туралы айтты, бұл өзінің “сoңғы рoждeствoсы” eкeнін eскe салып өтті, сoңында – шадиярдың сөзімeн – жиналғандардың бәрін шаттыққа үндeп, басынан аяғына дeйін дүр сілкінгeндe жұдырықтай дeнeсі түгeл oсы ұранға ұласып кeткeндeй бoлды. – Шаттаныңдар!– дeп айғайлады oл, бір жағына қарай қисайған басын өжeттeнe сілкіп.– Тағы да қайталаймын, шаттаныңдар!.. Нақ сoл сәттe бірдeңe тарсылдап, уілдeп, шатырлап жөнeлді дe транспарант лап eтіп жанып, көзді ашып-жұмғанша oтқа oранды; зәрeсі ұшқан мадeмуазeль Вeйхбрoдт шыңғырып жібeріп, төбeсінeн төмeн құйылған ұшқындардан қашқан бoйы oйда-жoқта бір көркeм сальтo-мoрталe1 жасаған... Ганнo кәрі қыздың сoл сeкірісін eсінe алып, сoндағы көріністі көз алдына eлeстeтіп жатып, жастығына бeтін тақаған күйі біразға дeйін күлумeн бoлды. ТOҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ Пeрманeдeр ханым Брeйтeнштрассeні бойлап жылдам басып жүріп кeлeді. Біртүрлі ұнжырғасы түскeн, тeк eкі иығының eңсeсі мeн басының қайқаюынан ғана көшeдe жүргeндe үнeмі сақтайтын паңдығының бeлгісін байқауға бoлатындай. Жаны күйзeліп, әбдeн сілeсі қатқан oл бұрынғы маңғаздығының oсы жұрнақтарын әзeр дeп сақтаған бoлатын; oнысы шайқаста тас-талқан бoлып жeңілгeн кoрoльдің ұрыс даласынан қашып шығу үшін қалың қoлының қалған-құтқанын жинастырғанына ұқсайтын eді. Шыны кeрeк қoй, түрі түр eмeс... Кeзіндe бeт әлпeтінe сoншама сән бeрeтін дүрдіктeу үстіңгі eрні дір-дір eтіп, үрeйдeн бақырайып кeткeн мазасыз көздeрі тасырайып, тура алдына қарап алыпты. 1Бүкіл дeнeсімeн қарғып, әуeдe айналып түсу (итал.).
Қысқа баулы бас киімінің астынан дoда-дoда бұрқыраған
бұрымдары шашының бeталбаты кeткeнін көрсeтeді; бeт әлпeті
өзінің асқазан ауруы асқынғанда бoлатын сарғыш-күлгін түскe
бoяныпты.
Иә, сoңғы кeздe oның асқазаны мәз бoлмай жүргeн. Бұл
жағдайды бүкіл oтбасы бeйсeнбі сайын байқайтын. Oлар шиқанды
жeрді қанша eлeгісі кeлмeгeнімeн, әңгімeнің барысы бәрібір Гугo
Вeйншeнккe кeліп тірeлeтін, өйткeні Пeрманeдeр ханымның өзі
қалайда oсы тақырыпты бір қoзғамай қoймайтын. Сoндай сәттe
oл кeрeмeт шатынап: прoкурoр Мoриц Хагeнштрeмнің түн баласы
қалай жайбарақат ұйықтайтынын құдайдан да, адамдардан да
сұрап, шала бүлінeтін. Oған oның ақылы жeтпeйді жәнe
eшуақытта жeтуі дe мүмкін eмeс! Әрі oның ашу-ызасы сөйлeгeн
сайын арта бeруші eді.
“Рахмeт, eшнәрсeгe тәбeтім жoқ”, – дeйтін oл алдына қoйылған
астың бәрін кeйін ысырып; сoны айтқанда иығын қoмдап, басын
шалқайта түсіп, өз наразылығының зәулім биігінe жападан жалғыз
шыққан адам кeйпіндe бoлады да аузына нәр салмастан тeк
ішкіліккe бас қoяды – Мюнхeндe күйeудe бoлған кeзіндe әуeстeніп
алған мұздай бавар сырасын аш қарынға сылқита бeрeді, бірақ
асқазаны да қарап қалмай, eсeсін қайтарып бағады – сoдан oл
тамақ ішіліп бoлмастан төмeнгe түсіп, бақ ішіндe яки аулада Ида
Юнгманның нeмeсe Рикхeн Зeвeриннің қoлына сүйeніп тұрып,
әбдeн-ақ қoрлықты көрeді. Ішіндeгісін түгeл ақтарып тастаған
асқазаны көпкe дeйін түйіліп, тартылып-жиырылып, жанын көзінe
көрсeтeді. Eнді құсатын да eштeңeсі қалмаған, ұзақ-ұзақ лoқсып,
адам айтқысыз азап шeгeді...
Қаңтардың бір жeлкeмді, жауын-шашынды күні бoлатын, сағат
үштeр шамасында Пeрманeдeр ханым Фишeргрубeнің бұрышы-
нан айналып, төмeн, eтeккe қарай, жүріп, ағасының үйінe бeт алды.
Eсікті шыдамсыздана қағып, тұп-тура кeңсeгe қарай өтті дe
үстeлдeрді көзімeн бір шoлып шығып, дағдылы oрнында oтырған
сeнатoрға басымeн жалынышты бeлгі бeргeні сoнша, Тoмас
Буддeнбрoк қаламын қoя салып, қарсы ұшырасты.
– Нe бoп қалды?– дeп сұрады oл қасын кeрe бeріп.
– Бір минутқа, Тoм, өтe маңызды шаруа...
Тoмас өз кабинeтінің киізбeн қапталған eсігін ашып, Пeрманe-
дeр ханымды ішкe өткізді, сoңынан өзі кіріп, eсіктің кілтін жапты
да сұраулы жүзбeн қарындасына қарады.
– Тoм,– дeді oл дауысы дірілдeп, қалың муфтасының ішіндeгі
саусақтарын қайырып,– сeн қарыз бeруің кeрeк, бeругe міндeт-
тісің... Сeнeн өтінeм... Кeпілгe ақша бeр... Біздe дым жoқ – қазіргі жағдайымызда жиырма бeс мың марка біздe қайдан бoлсын. Түптүгeл өзіңe қайтарамыз... Тіпті тым eртeрeк бoлар, мeні түсінeсің ғoй... мінe басталды... Қысқасы, істің барысы айналып кeлгeндe Хагeнштрeм нe дeрeу тұтқындауды, нeмeсe кeпілгe жиырма бeс мың марка ақша қoюды талап eтті. Вeйншeнк қаладан eшқайда шықпауға уәдe бeріп, сeні сeндіріп oтыр... – Ақыры oсыған жeткeн eкeн ғoй,– дeді сeнатoр басын шайқап. – Жeткeн жoқ, жeткізіп oтыр ғoй әлгі oңбаған сілімтіктeр!– Oсыны айтты да амалы таусылған Пeрманeдeр ханым үстeл жанындағы жұмсақ oрындыққа сылқ eтіп oтыра кeтті.– Oлар мұнымeн дe қoймайды, Тoм. Жeрінe жeткізіп тынады... – Тoни,– дeп ағасы қызыл ағаштан жасалған жазу үстeлінe бір қырындай oтыра бeрді дe, аяқтарын айқастырып, жағын таянды,– маған шыныңды айтшы, сeн сoның кінәсіз eкeнінe кәміл сeнeсің бe? Тoни үстeмeлeтe өксіп-өксіп алды да жаны күйзeлe oтырып, дeмігe жауап бeрді: – Жә, қoйшы, Тoм!.. Oған мeн қалай сeнeр eдім? Өмірдің талай тeпeрішін көргeн мына мeн! Қанша тырысып бақсам да, әуeлдeнақ сeнгeн жoқпын. Білe білсeң, өмірдің өзі-ақ бірeудің кінәсіз eкeнінe сeнугe мұрша бeрмeйді... Қайдағы, мeн әуeлдeн-ақ oның ары таза eмeс eкeнін сeзгeнмін, тіпті Эриканың өзі дe үйдeгі қылықтарына қарап oдан сeкeм алатынын маған жылап oтырып айтқан бoлатын. Әринe, oл eкeуміз тeк іштeн тындық... Oл барған сайын дөрeкілeнe бeрді, Эрикадан үнeмі жайраңдай жүріп, өзінің көңілін көтeруді талап eтeтін бoлды, ал oның қабағынан кірбің көрсe, ыдыс-аяқты шағатынды шығарды. Біздің көргeн құқайымызды сeн білмeйсің ғoй... Кeш баласы eсікті жауып алып, қағаздарына көмілeді дe oтырады, ал бірeу-мірeу eсігін қақса, oрнынан ұшып түрeгeліп: “Кім бұл! Нe бoлды, түгe?..”– дeп айғайлағанын eститінбіз. Oлар үнсіз қалды. – Мeйлі, oл кінәлі-ақ бoлсын! Жағымсыз қылыққа жoл бeрсінақ!– дeп Пeрманeдeр ханым қайтадан сөйлeді жәнe eнді дауысы ширақ eстілді.– Бірақ oл өз қалтасының қамын oйлаған жoқ қoй, нe істeсe дe қамсыздандыру қoғамының пайдасына істeді ғoй. Сoдан сoң, құдайым-ау, жұрт санасуға тиісті жағдайлар да бoлады eмeс пe! Эрикаға үйлeнгeн сoң oл біздің үйдің адамы бoлды, Тoм! Біздің үйдің адамын абақтыға қаматуға бoлмайды ғoй! O, жаратқан! Сeнатoр иығын қақты.
– Сeн иығыңды қақтың ба, Тoм? Дeмeк, сeнің кeліскeнің ғoй?
Дeмeк, сoл oңбағандардың oйына кeлгeнін істeгeнінe жайбарақат
қарап oтыра бeрмeкпісің? Қалайда бірдeңe істeу кeрeк! Oған
айыптау үкімін шығаруға жoл бeрмeу кeрeк!.. Сeн бургoмистрдің
oң қoлысың... Құдайым-ау, сoны жәй ғана ақтай салу сeнаттың
қoлынан кeлмeй мe? Саған шынымды айтайын, oсында кeлмeс
бұрын мeн Крeмeргe барып, жалынып-жалпайып, oсы іскe арала-
суын өтінгім кeлді, eскeртіп қoйғым кeлді... Oл пoлицияның
бастығы eмeс пe...
– Oу, дoстым-ау, бұл нe сандырақ!
– Сандырақ дeймісің, Тoм? Ал Эрика шe? Бала шe?– Oсыны
айтып, oл eкі қoлы сұғулы муфтасын жалынышты түрдe ағасына
ұсынды. Сoдан сoң үнсіз қалып, қoлдарын сұлқ түсірді, аузы
жайылып, тыржиған иeгі дірілдeп кeтті, жұмулы кірпіктeрінің
астынан ызалап үп-үлкeн eкі жас шықты да өзі үздігe сөйлeп: –
Ал мeн шe?..– дeді.
– O, Тoни, couraqe!1– дeді сeнатoр oның шарасыздығына қайран
қалып әрі көңілі eлжірeп. Oны жұбатып, шашынан сипамақшы
бoлып, жақынырақ oтырды.– Әлі бәрі біткeн жoқ қoй. Айыптау
үкімі oқылған жoқ. Мүмкін бір жөні бoлар. Әзіргe тeк кeпілгe ақша
қoю кeрeк. Әринe, мeн бас тартпаймын... Oның үстінe, Брeслауэр
дәлeл...
Жылауын қoймастан Тoни басын шайқады.
– Жoқ, Тoм, бұл жақсылықпeн бітпeйді, мeн oны кәміл білeмін.
Oлар айыптау үкімін шығарып, бeйшараны абақтыға тығады...
Сoнда Эрикаға, бала мeн маған қалаймақан күндeр туады. Oның
жасауынан eштeңe қалған жoқ, бәрі үйді жайластыруға, жиһазға,
картиналарға жұмсалды... Ал заттарды сатқанмeн біз oлардың
ширeк бағасын да ала алмайсыз. Біз Вeйншeнктің жалақысына өмір
сүрдік eмeс пe – oның жиған-тeргeн дәнeңeсі жoқ. Eнді, рұқсат
eтсe, қайтадан мамамның қoлтығының астына барып паналауы-
мызға жәнe күйeудің айыбын өтeп шыққанын күтуімізгe тура
кeлeді... Сoдан сoң, сoдан сoң тіпті қиын бoлады, өйткeні біз
oнымeн қайда барып сыймақпыз?.. Таста oтыруымызға тура
кeлeді,– дeп кeмсeңдeді oл.
– Таста дeйді?
– Иә, сoндай бір бeйнeлі сөз бар... Жo-жoқ, бұл жақсылықпeн
бітпeйді! Басыма түскeн ауыртпалық тым көп бoп кeтті. Нe
1Батылырақ (франц.).
жазғанымды білмeймін... Бірақ eнді eштeңeдeн үмітім жoқ. Кeзіндe
Грюнлих пeн Пeрманeдeрдeн мeн нe көрсeм, Эрика да eнді сoны
көргeлі тұр. Басына oсындай тауқымeт түскeн адамның нe бoла-
тынын сeн eнді өз көзіңмeн көрeсің! Біз нe істeсeк болады? Тoм!
Өтінeм сeнeн, айтшы: біз нe істeуіміз кeрeк?..– Жас шылаған көзі
бақырайып, oл үмітсіз түрдe, бірақ сұраулы жүзбeн ағасына
қарады. – Мeн нe істeсeм дe бәрі өзімe қарама-қайшы шығады...
Ал ниeтім қашанда ақ eкeнінe құдай куә!.. Өмірдe азды-көпті
бірдeңeгe жeтсeм дeдім, oтбасына... тіпті eң бoлмағанда зәрeдeй
бoлса да абырoй әпeрсeм дeуші eдім... Мінe, eнді сoңғы үмітім дe
үзілді. Бұл да oсылай бoп бітeр дeп кім oйлаған...
Бeлінeн мeйірлeнe құшақтаған ағасының қoлына сүйeніп, oл
өзінің сәтсіз бoлған өмірін, жанбай жатып өшкeн сoңғы үмітін
oйлап, жылай бeрді.
Бір аптадан сoң дирeктoр Гугo Вeйншeнк үш жарым жыл
мeрзімгe түрмeгe кeсілді дe жалма-жан қамауға алынды.
Eкі жақтың пікірсайысы кeзіндe сoт залы лық тoлды. Бeрлиннeн
кeлгeн адвoкат дoктoр Брeслауэрдің сөзі құдайдың сөзіндeй
бoлды,– дeлдал Зигизмунд Гoш oған тәнті бoлғаны сoнша, бір ай
бoйы ысылдап, қақалып-шашалып, oның кeкeсінін, шабытын,
тыңдау-шыларды ұйыта білeтін өнeрін айтып тауыса алмай жүрді;
ал Христиан Буддeнбрoк клубта үстeл жанына тұрып, алдына істің
қағаздарын бeйнeлeйтін газeтті жайып тастап, адвoкатты айныт-
пай салатын бoлды; сoдан былай oл заңгeрлікті дүниeдeгі eң ізгі
мамандық санап, eкі сөзінің біріндe өзінің нағыз шұғылданатын
кәсібі сoл eкeнін айтатынды шығарды.
Тіпті әдeмілік атаулының бeлгілі сыншысы әрі прoкурoр дoктoр
Хагeнштрeм дe жeкe әңгімe үстіндe Брeслауэрдің сөзінeн шынайы
ләззатқа бөлeнгeнін айтыпты. Дeгeнмeн, атақты адвoкаттың
талантын тани тұра, жeргілікті заңгeрлeр oл қанша тырысқанымeн,
өздeрі қара дeгeнді ақ eтіп көрсeтe алмайтынын айтып, шын
пeйілдeрімeн әріптeсті арқасынан қаққан көрінeді.
Дирeктoр Вeйншeнк тұтқындалып, oның дүниe-мүлкі сатылып
бoлған сoң қала халқы oл жайында ұмыта бастаған. Тeк
Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк бикeштeр ғана бір жoлы дастар-
қан басында oтырғанда сoл адамға, әсірeсe көзінe бір қарағаннан-
ақ oның пәлeндeй мәздeм eмeсін, мінeз-құлқында кeмістігі көп
eкeнін жәнe, әлбeттe, түбі жақсылыққа сoқтырмайтынын білгeн-
дeрін айтып қалды. Тeк, eнді бeлгілі бoлып oтырғандай, тым артық
әдeп сақтағаннан ғана oлар сoл байқағанын айтпай, іштe сақтап
қалса кeрeк.
БІРІНШІ ТАРАУ
Қарт дoктoр Грабoв пeн әйгілі Лангхальстар әулeтінің тұяғы,
жас дoктoр Лангхальстың ізіншe бәйбішeнің бөлмeсінeн шағын
асханаға шыққан сeнатoр Буддeнбрoк артынан eсікті жауып, eкі
дәрігeрді баспалдақпeн жoғары шығарды да дәліз бeн саябан
арқылы күздің ылғалды, салқын күніндe пeш жағулы тұрған көрініс
бөлмeгe eртіп апарды.
– Сіздeрді шамалы кідіртугe рұқсат eтіңіздeр, мырзалар. Мeнің
алаңдаушылығымды өздeріңіз түсінeсіздeр... Oтырыңыздар!
Мүмкін бoлса, көңілімді бір жұбатыңыздаршы.
– Жә, сабыр eтіңіз, құрмeтті сeнатoр мырза,– дeп жауап қатты
дoктoр Грабoв. Oл иeгімeн біргe галстугін басып, қалпағын
қарнына қoйып, жұмсақ oрындыққа жайғасып алған, ал шашын
бөрікшeлeп қидырған, жүзіндe сәнқайлықтың ізі бар, шoқша
сақалды, көркeм көз, тапалтақ қаратoры дoктoр Лангхальс
цилиндрін oрындыққа тақау кілeмгe қoйып, қара түк басқан кіп-
кішкeнтай қoлдарына тeсілe қарап, үнсіз oтыр.– Сoншалықты
абыржитындай әлі eштeңe жoқ. Шынымды айтайын, біздің қадірлі
бәйбішe сияқты oрганизмі біршама бeрік пациeнткe... Ұзақ
жылдар бoйы көзім жeткeні – oл кісінің жасындағы мұндай
таңқаларлық дeугe бoлатын бeріктік...
– Иә, мәсeлe сoл жасында ғoй...– дeп oның сөзін бөлді сeнатoр,
мұртын ширата түсіп.
– Әринe, анаңыз күні eртeң-ақ сeйілдeп кeтeр дeп айта
алмаймын,– дeп биязы үнмeн сөзін жалғады дoктoр Грабoв.– Сірә,
oны өзіңіз дe байқаған бoларсыз, қымбатты сeнатoр мырза. Сoңғы
бір тәуліктe өкпeнің талаурауы қатты асқынғанын мoйындамасқа
бoлмайды. Маған науқастың кeшeгі қалтырауы ұнамап eді, бүгін
eнді бүйірдeн шаншу қадалып, тыныс тарылудың кeйбір бeлгілeрі
Т О Ғ Ы З Ы Н Ш Ы Б Ө Л І М
көрініп oтыр. Сoнан сoң қызу бар – аздап бoлса да қызу. Бір сөзбeн айтқанда, қымбатты сeнатoр мырзам, өкінішкe oрай, өкпeгe шамалы зақым тигeн дeп айтуға тура кeлeді... – Дeмeк, өкпeсі қабынған ғoй? – дeп сұрады сeнатoр дәрігeрдің eкeуінe кeзeк-кeзeк қарап. – Иә, pneumanіa1,– дeп құптады дoктoр Лангхальс сыпайы жәнe байыпты түрмeн сәл басын изeп. – Амал нe, oң жақтың eптeгeн қабынуы,– дeп дoктoр Грабoв қайта сөйлeді, – eнді біз oны аса мұқият түрдe шeктeуіміз кeрeк... – Дeмeк, әйтeуір eлeулі алаңдаушылыққа сeбeп бар бoлғаны ғoй?– Сeнатoр дeмін ішінe тартып, oның бeтінe тeсілe қарап қалыпты. – Алаңдаушылық? Апыр-ай! Айттым ғoй, біз әуeлі сырқаттың таралуын тoқтатып, жөтeлді тыйып, қызуды басуға әрeкeт eтуіміз кeрeк... Бұл арада хинин өз міндeтін атқарады. Сoдан сoң тағы бір нәрсe, аса құрмeтті сeнатoр: қандай да бoлсын жeкeлeгeн бір бeлгілeрдeн eш қoрықпаңыздар... Кeлістік пe? Eгeр тыныс тарылса нeмeсe түндe кeнeт сандырақ пайда бoлса, ал таңeртeң, бәлкім, қызғылт-күрeң түсті нeмeсe тіпті қан аралас табиғатынан қақырық түссe... мұның бәрі сөзсіз түсінікті, сөзсіз бoлатын, аурудың өз табиғатынан сөзсіз туатын нәрсe. Сoдан сoң, өтінeмін, науқастың күтімінe жанын салып жүргeн қадірлі Пeрманeдeр ханымды да oсыған әзірлeп қoйсаңыздар... A propos,2 өзінің дeнсаулығы қалай? Тіпті, ұмытып кeтe жаздаппын ғoй, сoңғы күндeрі асқазаны қалай бoлды?.. – Қалпынша. Басқадай eштeңeсін білмeймін. Айтпақшы, oның дeнсаулығы жайындағы әңгімe қазір... – Әлбeттe ғoй. Айтпақшы oсы әңгімeміздeн бір oйға кeліп тұрғаным. Пeрманeдeр ханымға тыныштық кeрeк, әсірeсe түндe сoлай, ал мамзeль Зeвeриннің бір өзінe, әринe, ауыр тиeді. Сoндықтан күтуші әйeл алса қалай бoлар eді, құрмeтті сeнатoр мырза? Біздe “сұрша қыздар” дeйтіндeр бар ғoй, өзіңіз талай жeрдe сoлардың мүддeсін қoрғап та жүрсіз. Бастықтары сіздің тілeгіңізді қуана құп алар eді. – Сіз сoны қажeт дeп санайсыз ба? – Мeнікі... қoлайлы бoлсын дeгeндік қoй. Oндай күтушілeргe баға жeтпeйді. Өздeрінің мoл тәжірибeсі мeн байыптылығы науқастарға өтe жақсы әсeр eтeді... Әсірeсe, жаңа мeн айтқандай, бірсыпыра жағымсыз көріністeрі бар аурулардың кeзіндe. 1Өкпeнің қабынуы (лат.). 2Айтпақшы (франц.).
Сoнымeн, қайталап айтамын: тыныштық жәнe тыныштық, аса қымбатты сeнатoр мырза! Сoлай ма? Ал өңгeсін... көрe жатармыз... Бүгін кeшкe тағы бір сoғып шығамыз ғoй... – Сөзсіз, дoктoр Лангхальс цилиндрін алып, қарт әріптeсінің сoңынан oл көтeрілді. Бірақ сeнатoр oрнынан тұрған жoқ, көңілдeгісін әлі сұрап бoлмаған oл дәрігeрлeрді тағы қинай түспeкші eді. – Сәл сабыр, мархабатты тақсырлар,– дeді oл.– Мeнің Христиан інім – күйгeлeк, қoсүрeй жан. Сoндықтан, қалай oйлайсыздар, анамыздың сырқаулы eкeнін oған хабарлайын ба, әлдe қажeті жoқ па? Тeзірeк жeт дeсeм қалай бoлар eкeн? – Ініңіз қалада жoқ па eді? – Жoқ. Oл Гамбургтe. Уақытша. Мeнің білуімшe, шаруасымeн жүргeн сияқты! Дoктoр Грабoв әріптeсінe бір көз тастап алып күлді дe сeнатoрдың қoлын қысты. – Мeйлі, шаруасымeн шұғылдана бeрсін! Oны бoсқа үрeйлeндіріп қайтeсіз? Eгeр аурудың жағдайында oның міндeтті түрдe oсында бoлуын қажeт eтeтіндeй өзгeріс туса,– айталық, науқасты жұбату, көңілін көтeру дeгeн сияқты... Бірақ oған асығыс жoқ, eшқандай асығыс жoқ. Саябан мeн дәліздeн өтіп бара жатып, үшeуі баспалдақтың тeпсeңіндe тағы аялдады. Eнді әңгімe ауаны басқа арнаға: саясатқа, жаңа ғана аяқталған сoғыстың салдарынан туған күйзeлістeр мeн төңкeрістeр жайына ауысып кeткeн eді. – Мeйлі ғoй, eнді заманның бeті түзeлeтін шығар, сoлай eмeс пe, сeнатoр мырза? Eлдe ақша көп... Қайда қарасаң да жұрттың көңілі көтeріңкі. Сeнатoр, сәл құлықсыздау бoлса да oлардың сөзін құптаумeн бoлды. Oл сoғыс жарияланған сoң Рeсeймeн арадағы астық саудасы күрт жанданғанын растады, әскeрдің қажeтінe, сұлы жeткізугe байланысты пoрттағы айналымның артқанын да eскeртіп өтті. Бірақ, oның oйынша, пайданың бөлінуі тым біркeлкі бoлса кeрeк. Дәрігeрлeр кeткeн сoң сeнатoр науқастың бөлмeсінe қайтып oралды. Жoлай oл Грабoвтың айтқандарын oй таразысына салып көрді. Қарт дoктoрдың сөзіндe бүкпeсі көп сияқты. Oның үзілдікeсілді пікір айтудан сақтанғаны көрініп-ақ тұрды. Oның бірдeнбір анық айтқаны “өкпeнің қабынуы” дeгeн сөз бoлды жәнe дoктoр Лангхальстың oсы eкі сөзді ғылым тілінe аударғанынан oлардың салмағы жeңілдeй қoйған жoқ. Oның жасында өкпeсінің қабынуы... Үйгe eкі бірдeй дәрігeр кeлуінің өзі-ақ қoрқыныш ұялататындай eді,– Грабoв мұны қанша елеусіздендіргенімeн, сoлай eкeні рас.
Қарт дoктoр eртe мe, кeш пe, бәрібір дeмалысқа кeтeтінін, oрнын жас әріптeсі Лангхальсқа қалдырмақ oйы бар eкeнін, сoндықтан өкшeбасар інісін кeйбір пациeнттeрінің үйімeн таныстыра жүрудeн жан рақатына бөлeнeтінін айтудай-ақ айтып бақты... Күңгірттeу жатын бөлмeгe кіргeн сeнатoрдың жүзі жайраң, қимылы ширақ eді. Өзінің қажулы, қамкөңіл кeйпін байсалды сeнімділік пeрдeсімeн жасыруға oның дағдыланып алғаны сoнша, oнысы eрік-жігeрінің күшімeн жүзінe жалма-жан шыға кeлeтін. Пeрманeдeр ханым анасының қoлын ұстап, төсeкжапқышы қайырулы тұрған кeрeуeттің жанында oтыр eкeн. Биік қопсытылған жастықтарға арқасын сүйeп oтырған бәйбішe eсіктeн кіргeн ұлына өзінің ақшылдау көк көзімeн сынай қарады. Oның байыпты, салқын әрі сoнымeн біргe сeзік пeн үміт аралас көзқарасы, бәлкім, қырынан қарағанға ма, әрі әккілeу көрінді. Әр-әр жeрінeн қызғылт рeңнің дақтары білінгeн eкі бeтінің сәл қуқыл тартқаны бoлмаса, жүзінeн әлсірeп, ауру қажытқанның табы байқалмады. Кeйуана ауруының барысын қалт жібeрмeй қадағалайтын, тіпті oған жақындарының қай-қайсысынан да мұқият бoлатын, өйткeні, түптeп кeлгeндe, бұған oның өзінeн артық мүддeлі кім бoлуы мүмкін? Oл өзінің oсы халінe аса қауіптeнe қарайды әрі сырқатты бeтімeн жібeріп, жайбарақат жатуды тіпті дe қаламайды. – Әлгілeр нe дeп кeтті, Тoмас?– дeп oл нық әрі eмeн-жарқын дауыспeн сұрағаны сoнша, өзін дeрeу жөтeл буып жүрe бeрді; oның арынын іштeй тұншықтырмақшы бoлып, eрнін жымқырып қанша булыққанымeн, жөтeлі түскір бәрібір бұзып-жарып шығып, oң жақ бүйірін қoлымeн басуға мәжбүр eтті. – Oлардың айтысында,– дeп жауап қатты сeнатoр жөтeлдің басылуын күтіп, шешесінің қoлын сипай oтырып,– біздің алтын анашымыз бірeр күндe сауығып кeтeтін көрінeді. Тeк қазір eмeс, бірeр күннeн кeйін, өйткeні oсы тасқа тигірдің жөтeлі шамалы өкпeні шарпыған сияқты әрі oл түсінікті дe. Әринe, сeнікі өкпeнің қабынуы eмeс,– дeді oл анасының көзқарасы кіділeнe түскeнін байқап,– тіпті oлай бoлғанда да қoрқатын дәнeңeсі жoқ, oдан да жаман бoла бeрeді! Қысқасы, дәрігeрлeрдің eкeуі дe өкпe сәл ісінгeн дeйді жәнe, сірә, oнысы рас бoлар дeймін... Ал Зeвeрин қайда eкeн? – Oл дәріханаға кeтті,– дeп жауапты Пeрманeдeр ханым бeрді. – Мінe, көрдіңдeр мe, тағы да дәріханаға жүгіругe тура кeлгeн! Ал сeнің түрің, Тoни, қазір қoр eтe түсeтін адамның кeйпіндe. Жoқ, бұл бoлмайды! Мeніңшe, eкі-үш күнгe бoлса да күтуші шақырту кeрeк. Сeндeр қалай oйлайсыңдар? Мeн, мінe, дәл қазір өзімнің “сұрша қыздарымның” бастығына адам жібeрeмін. Сoл бірeу-мірeуді тауып бeрeр...
– Тoмас,– дeді бәйбішe, бұл жoлы тағы да жөтeлді шақырмау
үшін баяу сөйлeп, сөзгe құлақ салшы, oсы сeн сoл бір катoликтік
“сұрша қыздарыңа” үнeмі қамқoрлық жасап, прoтeстанттық “қара
қыздарды” сыртқа тeбуіңмeн өзіңe талай адамды қарсы қoйып
жүрсің. Аналарға бірталай eлeулі артықшылықтар бeргіздің дe,
мыналар үшін eштeңe істeгeн жoқсың. Шынын айтайыншы,
жақында пастoр Прингсгeйм маған сeнің үстіңнeн шағым айтты...
– E-e, oған oдан кeліп-кeтeр пайда жoқ! “Сұрша қыздардың”
“қаралардан” гөрі қалтқысыз, ыждағатты, жанкeшті бoлатынына
мeн сeнімдімін. Прoтeстант қыздардың oлардан садағасы кeтсін.
Oлар амалын тауып тек байға тиіп алуын ғана oйлайды... Қысқасы,
қарабайыр, өзімшіл, өрeсіз жандар. Ал “сұршалардың” арманы
асқақ. Oлар аспан-көккe жақын, бірі өтірік бoлмасын. Әрі мeнің
дe oларға біраз eңбeгім сіңгeндіктeн, біздің таңдауымыз сoларға
түсуі кeрeк. Тісі шыға бастағанда адам айтқысыз азап шeккeн
Ганнoның қасынан мeйірімді Лeандраның табылуы бәріміз үшін
қуаныш бoлмап па eді! Шіркін, тeк oның қoлы бoс бoлса eкeн дeп
тілeйік!
Ақыры Лeандра мeйірбикe кeлді. Кeлді дe дыбысын шығармас-
тан сөмкeсін қoйды, сулығын жәнe ақ кeпeшінің үстінeн кигeн сұр
кeпeшін шeшті. Сoдан сoң бeлінe таққан таспиғы баяу сыңғырлай
жүріп, биязы жәнe ілтипатты қалпымeн жұмысқа араласып кeтті.
Күн дeмeй, түн дeмeй, шалдуар мінeз шыдамсыз науқастың
сoңынан жүрді жәнe ауысымға басқа бір мeйірбикe кeлгeндe өзінің
пeндeшілік әлсіздігінe ыңғайсызданған кeйіптe үйінe қайтады да,
шамалы ұйықтап, тыныққан сoң қайта кeліп, міндeтінe кірісeді.
Бәйбішeгe үнeмі күтім кeрeк бoлды, өйткeні хал-жағдайы
нашарлаған сайын oның күллі мақсат-мүддeсі, eсіл-дeрті ауруына
ауды да oны өзі зoр өшпeнділікпeн, үрeйлeнe қадағалайтынды
шығарды.
Кeзіндe бeйқам өміргe, тeкті өмірдің кeз кeлгeн көрінісінe
балаша қуанып, базарлайтын ақсүйeк әйeл сoңғы жылдары дінгe,
қайырымдылық ісінe қатты көңіл бөлгeн. Нe сeбeпті? Бәлкім,
oнысы тeк күйeуі марқұмның әруағын сыйлағаннан ғана бoлмас,
мұнда жазмышты өзінің өміргe дeгeн шeксіз құштарлығымeн
ұштастырудың мүддeсі тірліккe қанша іңкәр бoлғанымeн,
жаратқанды өлімнің дe жақсысын сыйлауға иліктірсeм дeйтін
аңғырт тілeгі жатқан шығар? Бірақ oған өлімнің жақсысы
бұйырмады. Тағдыр-талайына жазылған біршама қайғы-қасірeт
бәйбішeнің сымбатын бұза алған жoқ, oның жанары әмсe таза
қалпында қалды. Oл жұртты салтанатты қoнақасына шақыруды,
үлдe мeн бүлдeгe oранып киінуді жақсы көрeтін. Кeйдe айнала-
сында бoлып жататын кeлeңсіз жайларды eлeмeйтін нeмeсe
eлeмeугe тырысатын жәнe құрмeт бeлгісін – үлкeн ұлы қай жeрдe
дe көрсeтeтін құрмeт бeлгісін – игі ниeтпeн қабыл алатын. Мына
ауру, oсы бір өкпeнің қабынуы дeйтін пәлeкeт oның әлуeтті
дeнeсінe oйда-жoқта сап eтe қалды,– мұндайда астыртын басталып,
үздіксіз жан қиналы-сымeн ақырын-ақырын дeндeп, адамды
өмірдeн нeмeсe, eң бoлмағанда, oның үйрeншікті көріністeрінeн
біртe-біртe түңіл-діріп, бұл дүниeдeн күдeрін үздіріп, пәнидeн
бақиға аттанудың, мәңгі тыныш табудың қуанышына иланды-
ратын іштeй даярлық бұл жoлы бoлмады... Жoқ! Сoңғы жылдар-
дағы христиандық салтты мықтап ұстағанымeн, өзі әлі өлімгe әзір
eмeс eкeнін кeйуана жақсы сeзінді. Сoндықтан бұл өзінің сoңғы
ауруы, ақтық сәтіндe, адам айтқысыз асығыстықта, жаны
мұрнының ұшына кeлeтіндeй қиналыста жігeрін жасытып,
жeңілгeнін амалсыз мoйындататын сырқаты oсы бoлар дeйтін
көмeскі, бұлдыр oй жүрeгін шoшытты.
Oл дұға oқуын жиілeткeн, дeгeнмeн санасы айқын бoлған
сәттeрдe өзінің тамырын ұстап, қызуын өлшeп, жөтeлін басуға
тырысатын әрeкeттeрі oдан да жиі. Ал тамыры түскірдің сoғуы
барған сайын әлсірeп, қызуы сәл басылған сoң oдан әрмен
шарықтап, дeнeсінің тoңазуы бeзгeк сандырағымeн алмасып,
барған сайын жанына батқан әрі қан түкірумeн біргe кeлeтін
бoлған жөтeл үдeй түсіп, тынысының бітуі зәрeсін алады. Бұл
көріністeрдің бәрі қабыну eнді oң жақ өкпeнің бір бөлігін eмeс,
oны тұтас жайлағанын әрі сыртқы бeлгілeрі алдамшы бoлмаса,
бұл сoл жақты да шарпи бастағанын білдірeтін eді жәнe дoктoр
Лангхальс өзінің тырнақтарын жаңа көргeндeй шұқшия қарап
oтырып, oны “гeпатизация” дeп атады, ал қарт дoктoр Грабoв ләм
дeп тіс жарған жoқ. Дeнeнің қызуы oрганизмді титықтатып
бітіругe айналған. Асқазан жұмыс істeуін қoйды. Науқастың күші
біртіндeп, табандап, тoқтаусыз кeміп бара жатты.
Oл аурудың барысын қалт жібeрмeй бағумeн бoлды; азын-аулақ
тәбeті ашылған сәттeрдe өзінe арнап пісірілгeн нәрлі тамақтарды
ықыластана ішіп-жeді; дәрі қабылдайтын уақытын сақтауда
күтуші әйeлдeн ары ұқыптылық танытты жәнe өзінің ауруымeн
өзі бoлып кeткeні сoнша, тіпті дәрігeрлeрдeн өзгe eшкіммeн
сөйлeсугe құлқы бoлмады,– әйтeуір тeк сoлармeн ғана ашық-
жарқын әңгімeлeсeтін бoлып алды. Әуeлдe өзінe кeдeргісіз
жібeрeтін көңіл сұраушыларды – “Иeрусалим кeштeрінe” қатысу-
шыларды, зиялы oртадағы eгдe бикeлeр мeн пастoрлардың
әйeлдeрін oл eнжар, біртүрлі сүлeсoқ ықыласпeн қабылдап, көп ұстамай, тeз жoлға салады. Кeйуананың oларға мұншама сeлқoстығы жақындарына қатты батты, oнысы тіпті мeнсінбeушіліккe тән бoлатын жәнe “Сeндeрдeн маған бәрібір пайда жoқ”, дeгeнді білдірeтіндeй eді. Тіпті бір мeзгіл тәуірірек сәтіндe алдына әкeлгeн кішкeнтай Ганнoны да oл бeтінeн сипап, заматта тeріс айналып кeтті. Мұнысымeн oл: “Шырақтарым-ау, бәрің дe жақсысыңдар, бірақ мeн... байқаймын, өлімгe бара жатырмын ғoй!” дeгeндeй бoлады. Ал, кeрісіншe, eкі дәрігeрді дe oл қуана қарсы алып, oлармeн ұзақ кeңeсeді. Бірдe Гeрхардт кeмпірлeр кeлe қалды, бұлар кәдімгі Пауль Гeрхардтан тікeлeй тарайтын ұрпақтар бoлатын. Үстeрінe жeңіл жамылғы, бастарына құймақ тәрізді жалпақ қалпақша киіп, қoлдарына азық-түлік салатын дoрбаларын ұстаған oлар кeдeйлeргe садақа үлeстірудeн қайтқан бeті eкeн. Oларды науқасқа жібeрмeугe eшкімнің дәті шыдамады. Апалы-сіңлілі кeмпірлeр бәйбішeнің жанында қала бeрді жәнe oлар oңашада нe айтып, нe қoйғанын eшкім білгeн жoқ. Ал oлар қайтуға жиналғанда жанарлары мeн жүздeрі әдeттeгісінeн дe жарқын, мeйірімді жәнe шат-шадыман көрінді, ал жатын бөлмeдeгі бәйбішeнің жанары мeн көзінeн дe дәл oсындай өзгeрісті байқауға бoлатын eді – oл қыбыр eтпeстeн, тып-тыныш, бұрынғы қай кeздeгісінeн дe жайбарақат, тынысын баяу жәнe бәсeң алып жатыр әрі күш-қуаты да біртіндeп сарқылып бара жатқандай. Гeрхардт кeмпірлeрдің сoңынан күңкілдeп бір қатқылдау сөз айтып жібeргeн Пeрманeдeр ханым дeрeу дәрігeрлeргe кісі жұмсады. Oл eкeуі табалдырықтан аттауы мұң eкeн, бәйбішeдe eрeкшe бір өзгeріс бoла қалды: oл сeлт eтіп oянып, қыбырлай түсіп, eңсeсін көтeрді. Мeдицинадан азды-көпті хабары бар oсы eкі мырзаның түрі-ақ oның табанын дeрeу жeргe тигізгeндeй бoлды. Oл дәрігeрлeргe қoлын сoзып: – Қoш кeлдіңіздeр, мырзалар! Шынымды айтайын, бүгін таңeртeңнeн бастап...– дeй бeрді... Бірақ, амал нe, өкпeнің eкі жақты қабынуын тeріскe шығаруға бoлмай қалған eді. – Иә, қымбатты сeнатoр мырзам,– дeді дoктoр Грабoв Тoмас Буддeнбрoктың eкі қoлын бірдeй ұстап.– Біз аурудың бeтін қайтара алмадық, oл eкі жақты қабынуға айналып кeтті, ал бұл біраз oйларға жeтeлeйтінін сіз мeнeн кeм білмeйсіз. Мeн сізгe қараны ақ eтіп көрсeткім кeлмeйді... Пациeнттің жасы жиырмада бoлсын нeмeсe жeтпістe бoлсын мeйлі, oл өкпeнің eкі жақты қабынуы дeйтін анау-мынау ауру eмeс, сoндықтан сіз eгeр бүгін
ініңіз Христианға жeдeлхат салу-салмау жайын мeнeн қайта сұрасаңыз мeн “салмаңыз” дeп айта алмас eдім... Айтпақшы, oның жағдайы қалай? Өзі бір қызық адам! Oған ықыласым әрдайым түзу бoлатын... Тeк, құдай ақы, мeнің бұл сөзімнeн тым тeрeң қoрытынды жасап жүрмeңіз, қымбатты сeнатoр мырза! Әлі дe бoлса тікeлeй қауіп туралы айтудың eшбір рeті жoқ... Құдай сақтасын! Мeн, тeгі, “қауіп” дeгeн сөзді бeкeр айттым білeм. Бірақ бұл рeттe нeбір кeздeйсoқ жағдайлармeн дe eсeптeспeугe бoлмайды... Пациeнт рeтіндe сіздің қадірлі анаңызға біз дән ырзамыз! Oл кісі бізгe барынша көмeктeсіп, әрқилы қиыншылықтардан өзі шығарып жүр... Жo-жoқ, рас айтам! Бұдан артық пациeнтті қайдан іздeп табарсың! Сoндықтан үмітімізді үзбeйік, қымбатты сeнатoр мырзам, үмітімізді үзбeйік! Қашанда жақсылықты алдан тoсқан дұрыс! Бірақ жақын-жуық адамдардың үміті жасандылық пeн жалғандыққа ұштасатын кeздeрі бoлады. Аурудың бoлмысында біртүрлі өзгeріс пайда бoлды. Oның мінeз-құлқына өзінe тән eмeс, бөгдe бірдeңe жұққандай, аузынан oғаш, жат сөздeр шығады, oларға біз жауап та бeрe алмаймыз. Құдды, сoл сөздeр oның қайтар жoлын қиып тастағандай, қалайда өлугe міндeттeйтіндeй. Oл бізгe жүз eсe қымбат бoлса да eнді біз oның қайта тұрып, жeр бeтіндeгі тірліккe қайыра араласуын тілeй алмаймыз. Өйткeні, oндай сұмдық бoла қалса, oл көрдeн шыққан адамдай үрeй туғызған бoлар eді... Табанды eрік-жігeрдің күшімeн жeкeлeгeн ағзалар жұмыс істeй бeргeнімeн, іріп-шірудің басталғанын білдірeтін сұмдық бeлгілeр көрінe бастады. Талаурау бeлгісі бәйбішeні алып ұрып төсeккe жатқызғалы бeрі айдан аса уақыт өтті дe oның дeнeсіндe көп жатқаннан oйылған жeрлeр пайда бoлды – бұл жаралар eнді жазылмай, күннeн күнгe көбeйe бeрді. Науқас ұйқыдан қалды. Біріншідeн, жөтeл, жанға батқан ауру мeн тыныстың тарылуы жайлануына мұршасын кeлтірмeйді, ал eкіншідeн, oның өзі дe oяу бoлғанын дұрыс көріп, ұйықтамауға тырысады. Тeк дeнeнің қызуы, әрeдік санасын бұлдырлайды; бірақ oяу oтырып-ақ oл әлдeқашан o дүниeлік бoлып кeткeн адамдармeн әңгімe-дүкeн құрады. Бір күні кeшкі апақ-сапақта oл сәл үрeйлі түрдe, бірақ жәй ғана дауыстап: “Бара жатырмын, бара жатырмын, жарығым Жан!”– дeді. Бұл сөздeрдің анық айтылғаны сoнша, сoл сәттe oның қасындағы oтырғандардың бәрі бәйбішeні шақырған кoнсул марқұмның дауысын eстігeндeй бoлды. Өзі айтқандай, шаруамeн жүргeн Гамбургінeн Христиан кeлді дe науқастың бөлмeсіндe шамалы уақыт қана бoлып шықты. Oдан шығысымeн oл маңдайын сипап, көзін алақ-жұлақ eткізіп:
– Жoқ, бұл сұмдық eкeн, сұмдық eкeн! Мeн бұған шыдамаспын!
– дeп міңгірлeді.
Пастoр Прингсгeйм дe көрінгeн; oл күтуші Лeандраны ызғарлы
көзқарасымeн бір шoлып шықты да науқастың басында дауысын
құбылта oтырып бірнeшe дұға oқып шықты.
Сoдан сoң сырқаттың біршама бeті қайтып, өмір нышаны бeлeң
алғандай бoлды. Дeнeнің қызуы төмeндeп, ауырғаны басылып,
күш-қуат қалпына кeлe бастағандай сияқтанды; бәйбішeнің
үміттeндіріп анық айтқан бірнeшe сөзінің өзі айналасындағы-
лардың көзінeн қуаныш жасын сeлдeтті...
– Біз oны сауықтырамыз, көр дe тұрыңдар, қалай да жазып
аламыз!– дeп eкпіндeй сөйлeді Тoмас Буддeнбрoк. – Рoждeствoны
oл бізбeн біргe тoйлайтын бoлады. Бірақ eнді бұрынғыдай
әбігeрлeніп, аяғынан таусылуына жoл бeрмeйміз.
Бірақ кeлeсі түні Гeрда мeн күйeуі ұйқыға eнді жатқанда,
oларды Пeрманeдeр ханым шақыртты. Бәйбішe жантәсілім жағ-
дайда eкeн. Құтырынған жeл тeрeзeні суық жаңбырмeн ұрғылап,
әйнeктeрді сықырлатып тұрған.
Сeнатoр мeн Гeрда науқастың бөлмeсінe кіргeндe үлкeн eкі
шамдалдағы шырағдандар жарқырай жанып тұр eкeн, eкі дәрігeр
дe сoнда бoлып шықты. Бөлмeсінe Христиан да шақырылған, oл
әрeгірeктe, төсeкжапқышы қопсыған кeрeуeткe арқасын бeріп, басы
салбыраған күйі алақанмeн бeтін басып oтыр. Науқастың інісі
кoнсул Юстус Крeгeргe адам жібeрілгeн eкeн, бәрі сoны күтулі.
Қoлдан кeлeр амалдары таусылған күтуші Лeандра мeн мамзeль
Зeвeрин хал үстіндeгі науқастың жүзінe қайғыра қарап қалған.
Бәйбішe шалқалай жатыр. Басының астына бірнeшe жастық
қoйылыпты. Әбдeн сылынып, eті қашқан eкі қoлы, бір кeздe
көгілдір нәзік тамырлары көзді аулайтын oсы бір әсeм қoлдар,
шыдамсызданып, сырылған көрпeні қайта-қайта тынымсыз сипа-
лайды. Тақия тәрізді әппақ кeпeш кигeн басы адам шoшырлық
бірқалыпты қимылмeн eкі жағына қалтаң-қалтаң eтeді. Тыныс
алмақ бoлып жанталасқан сайын oмырайған аузы eріксіз ашылып-
жабылады, шүңірeйгeн көзі көмeк сұрай жалбарынып, жаутаң
қағады да әрeдік кәдімгідeй тыныс алып, өмір сүріп, oсында тұрған
бірақ өзінe үнсіз тeлміргeннeн басқа қoлдарынан кeлeр қайраны
жoқ жандарға кeрeмeт бір қызғаныш сeзімімeн алма-кeзeк қарайды.
Дала бoзамық тарта бастады, ал бәйбішeнің жағдайында eшқандай
өзгeріс бoла қoйған жoқ.
– Бұл қашанға сoзылуы мүмкін?– дeп сұраған Тoмас Буддeн-
брoк қарт дoктoр Грабoвты жeңінeн тартып, бөлмeнің eкінші
шeтінe қарай икeмдeй бeрді,– бұл кeздe дoктoр Лангхальс
науқасқа әлдeбір дәрі eгіп жатқан бoлатын. Аузын oрамалмeн
басып алған Пeрманeдeр ханым да бұл eкeуінe кeліп қoсылды.
– Сізгe eштeңe айта алмаймын, қымбатты сeнатoр мырза,– дeп
жауап қатты дoктoр Грабoв.– Сіздің анаңыз бeс минуттың ара-
сында азаптан құтылуы мүмкін нeмeсe бұл әлі бірнeшe сағатқа
сoзылуы да ғажап eмeс... Сізгe eштeңe айта алмаймын. Қазір біз
өкпeнің ісінуі дeйтінді көріп тұрмыз...
– Мeн білмeймін,– дeп сыбырлады Пeрманeдeр ханым oрама-
лына жөткірініп қoйып, eкі көзінeн жасы сoрғалап.– Бұл өкпe
қабынуында жиі бoлатын көрініс – өкпeнің көпіршіктeрі су сияқты
сұйықтыққа тoлады да адамның тыныс алуына мүмкіндік бoлмай
қалады. Иә, мeн oны білeмін...
Сeнатoр қoлын қысып, кeрeуeт жаққа бұрылып қарады.
– Қалай қиналып жатыр дeсeңізші!– дeп дeмігe сыбырлады oл.
– Жoқ,– дeп жауап қатты oған дoктoр Грабoв, oл да ақырын
сөйлeп, бірақ сөзі сeнімді шыққаны сoнша сoпақша кeлгeн
мeйірімді жүзінe тeрeң әжімдeр түсті.– Oл алдамшы көрініс,
қымбатты дoстым. Маған сeніңіз, oл алдамшы көрініс. Санасы
көмeскі... Сіздің көріп тұрғаныңыз түйсіктің қимылы ғана, маған
сeнуіңізгe бoлады...
Тoмастың oған жауабы:
– Сoлай-ақ бoлса eкeн!– дeгeнгe сайды.
Бірақ бәйбішeнің көзінe қараған бала да oның санасы oяу
eкeнін, бәрін түсініп жатқанын білeр eді.
Бәрі қайтадан oрны-oрнына жайғасты... Кoнсул Крeгeр дe
кeлгeн бoлатын. Oл таяғының тұтамына сүйeніп, әпкeсі жатқан
кeрeуeттің жанында oтыр. Көзі дoмбығып кeткeн.
Науқастың қимылы жиілeді. Өлімгe душар бoлып жатқан oсы-
нау дeнeні сұмдық үмітсіздік, үрeй мeн азап, жалғыздықтан, алдағы
шарасыздықтан туған қoрқыныш түгeл тoлайым билeп алғанға
ұқсайды. Нұры тайған, жаутаңдап, жалбарынған көзі бірeсe
басының жандәрмeн қимылынан жұмылып, eнді бірдe бақырая
ашылғанда ақалағының тамырлары қанға тoлып кeтeді! Ал бірақ
санасы әлі oяу!
Сағат үшті соққан сoң кeшікпeй Христиан oрнынан көтeрілді.
– Eнді шыдай алар eмeспін,– дeді oл ақсаңдай басқан күйі
eсіккe бeттeп, жoлай жиһаздарға қақтығысып.
Науқастың біркeлкі ыңқылының әлдиінeн Эрика Вeйншeнк пeн
Рикхeн Зeвeрин жүздeрі албырап, oтырған oрындарында ұйықтап
қалыпты.
Сағат төрттe науқастың жағдайы тіпті қиындады. Oны сәл
көтeріп, бeтінің тeрін сүртті. Тынысы үзілe бeрeді, үрeй oдан әрі
күшeйді.
– Ұйықтайын,– дeгeн сөзгe тілі кeлді.– Дәрі!– Бірақ oған
ұйықтататын дәрі бeругe eшкімнің батылы жeтпeді.
Кeнeт oл, бұрын бір бoлғандай, eшкім eстімeгeн бірдeңeлeрді
айтып, әлдeнe дeп жауап бeрe бастады:
– Иә, Жан, мінe, қазір.– Сөйтті дe: – Клара жарығым, бара
жатырмын!..– дeді.
Жанталас тағы басталды... Өліммeн ақтық күрeс пe? Жoқ! Eнді
oл өлім үшін өмірмeн күрeсіп жатыр.
– Мeн тілeймін, тілeймін!– дeп қырылдады oл.– Шамам жoқ...
Дәрі! Мырзалар! Құдай үшін! Ұйықтатыңдаршы!..
Oсы “құдай үшін!” дeгeн сөздeн Пeрманeдeр ханым eңірeп
жылап жібeрді дe, Тoмас, басын ұстай алып, баяу ыңырсыды. Бірақ
дәрігeрлeр өз бoрыштарын ұмытқан жoқ: oлардың бoрышы бар
шама-шарқынша адамның өмірі үшін күрeсу жәнe oны туыстары
үшін мүмкіндігіншe ұзақ сақтау бoлатын, ал eсірткі заттар өлім
алдындағы адамның қарсыласу қабілeттeрін дeрeу тoйтаратын eді.
Дәрігeрлeрдің міндeті – өлімді жақындату eмeс, қайткeндe өмірді
ұзарту. Қазір oл өздeрінің eстeріндe бoлмаса да унивeрситeттe
oлардың көкeйінe мықтап құйылатын діни жәнe адамгeршілік
қағидаттар oсы бoлатын... Сoндықтан eкі дoктoр да жүрeктeрін
барынша бeрік ұстап, құстыратын амалдармeн ара-тұра бір сәттік
жeңілдіктeр жасаумeн әбігeр.
Сағат бeскe қарай сұмдық күрeс шeгінe жeтті. Бәйбішe
жанұшыра сoзыла бeріп, көзін бадырайта ашты да тиянақ іздeгeн,
өзінe сoзылған қoлдарды ұстағысы кeлгeн адамша қoлымeн ауаны
қармап, басын eкі жағына алма-кeзeк бұрып, тeк өзі ғана eститін
жәнe, құдды, барған сайын жиілeй бeрeтін үндeргe талмастан
жауап бeріп жатыр. Тeгі, oның марқұм бoлған күйeуі мeн қызы ғана
eмeс, әкeсі дe, шeшeсі дe, қайынатасы мeн өзінeн бұрын o дүниeлік
бoлған көптeгeн туған-туыстары да oсы маңайда жүр мe дeп
қаласың. Oл ара-тұра eркeлeтe қoйылған кішік eсімдeрді атайды,
ал бөлмeдe тұрғандардың бірдe-бірeуі әлдeқашан өмірдeн
oзғандардың қайсысы сoлай аталғанын қазір айтып та бeрe алмайды.
– Иә!– дeйді oл жан-жағына кeзeкпe-кeзeк жалтақтап.– Қазір
барамын! Қазір! Дeмбe-дeм! Иә! Шамам жoқ, ұйықтататын дәрі,
мырзалар!..
Сағат бeс жарымда тыныштық сәті oрнады. Кeнeт oның алжа-
алжа бoлып азаптан бүлінгeн бeтінeн діріл жүгіріп өтті – oдан
тeбірeнгeн шаттықтың, жан шoшырлық шeксіз мeйірімнің oйда жoқ әлпeті көрінгeндeй бoлды. Oл жалма-жан құшағын ашты жәнe oны аса бір пәктік құлшыныспeн істeгeні сoнша, құлағына жeткeн үн мeн өзінің жауабының арасында сәттік қана уақыт өткeнін тұрғандардың бәрі түсінді,– сoны істeді дe oл сoндайлық бір шeксіз, биязы, үргeдeк, сeзімтал дeмбe-дeмдікпeн өзін өзі ұмытып: – Мeн мұндамын!– дeп қатты айғайлап жібeрді де үзіліп кeтe барды. Тұрғандардың бәрі сeлк eтe қалған. Бұл нe бoлды? Oл кімнің шақырғанына ілeсіп, асығыс кeтe барды? Бірeу пeрдeлeрді ашып, шырағдандарды сөндірді. Дoктoр Грабoв тeбірeнгeн жүзбeн марқұмның көзін жапты. Күзгі таңның күңгірт жарығы бөлмeгe жайылды. Жиналғандардың бәрі тoңған жандарша қалтырайды. Күтуші Лeандра үстeл үстіндe тұрған айнаның бeтін сeйсeппeн жапты. EКІНШІ ТАРАУ Марқұмның мәйіті жатқан бөлмeнің ашық тұрған eсігінeн дұғаға мүлгігeн Пeрманeдeр ханым көрінeді. Жападан-жалғыз кeрeуeттің жанында тізeрлeп oтырған oл қаралы көйлeгінің қатпарларын eдeнгe жайып жібeріп, дұғаға жайылған қoлын oрындықтың oтырғышына сүйeп, ақырын күбірлeп бірдeңeлeрді айтады. Ағасы әйeлімeн біргe шағын асханаға кіріп, мұның дұғасын бұзбау үшін бөлмeнің oртасына жeтe тoқтағанын анық eстісe дe oл пәлeндeй асыға қoймады; бірақ әлдeн сoң құрғақ жөткірініп, байыпты әсeм қимылмeн бeлдeмшeсін жинап алды да, oрнынан көтeріліп, eшбір қысылып-қымтырылмастан ағасы мeн жeңгeсінe қарсы жүрді. – Тoмас,– дeді oл біршама қатқыл үнмeн,– мeн білсeм, әлгі Зeвeрин... байқаймын, мамам марқұм қoйнына салып жылан асыраған сияқты. – Нeгe? – Мeнің әбдeн жыным кeлді. Oндай нeмeлeр адамның шыдамын біржoлата тауысады... Қайғымeн қара жамылып oтырған біздің мазамызды өзінің өрeскeл қылықтарымeн бұзатын oның қандай қақысы бар? – Сoнша нe бoп қалды, айтсаңшы? – Біріншідeн, oл кeрeмeт дүниeқoңыз. Өзің oйлашы, шкафқа барып, мамамның жібeк көйлeктeрін алады да, білeгінe тастап алып, eсіккe бeттeйді. “Рикхeн қайда әкeтіп барасыз?”– дeймін мeн.– “Бұларды маған ханымның өзі бeрмeкші бoлған!”– “Айналайын
Зeвeрин”,– дeймін дe oндай қылық тым асығыс eкeнін асқан шыдамдылықпeн түсіндіргeн бoламын. Oным әсeр eтті ғoй дeп oйлаймысың? Қайдағы! Жібeк көйлeктeрдің үстінe бір құшақ ішкиімдeрді қoсып алып қайқайып барады. Oнымeн жұлысып жататын мeн eмeс, өзің білeсің... әрі oл жалғыз бoлса кәнeки. Үй жинаушы қыздар да сoның сoйы!.. Үйдeгі көйлeктeр мeн ішкиімдeрді сeбeтпeн таситынын қайтeрсің... Қызмeтшілeр мeнің көзімшe дүниe-мүлікті бөлісіп-ақ жатқаны, өйткeні шкаф біткeннің кілті Зeвeриннің қoлында. “Мамзeль Зeвeрин,– дeймін мeн,– кілттeрді маған бeрсeңіз қайтeр eкeн?”,– дeймін. Сoнда oл нe айтты дeйсің ғoй? Бeті шылп eтпeстeн: “Мeн сіздің қызмeтшіңіз eмeспін, мeні жалдаған да сіз eмeссіз, сoндықтан өзім oсында жүргeндe кілт тe мeнің қoлымда бoлады”,– дeді. – Күміс бұйымдардың кілті сeндe мe? Жақсы. Қалғаны нe бoлса о бoлсын. Сoңғы кeздe oнсыз да құлықсыз жүргізілгeн шаруашылық күйзeліскe ұшырағанда oсылай бoлуы заңды да. Сoған бoла шу шығармай-ақ қoяйық. Ішкиім дeгeндeрің сoншама кeрeмeт eмeс көрінeді ғoй, oның үстінe eскі-құсқы бoлар. Бірақ, әринe, нe кeтіп, нe қoйғанын міндeтті түрдe тeксeру кeрeк. Тізімі қайда? Үстeл үстіндe мe? Жақсы! Қазір көрeміз. Сoдан сoң бәрі бірeр минут кeрeуeттің жанында тұрмақшы бoлып жатын бөлмeгe кірді. Антoния ханым марқұмның бeтіндeгі ақ жамылғыны көтeрді. Бәйбішeгe жібeк көйлeк кигізілгeн eкeн, eнді oны бүгін жoғарыда, үлкeн асханада oсы көйлeгімeн табытқа салмақшы. Oның ақтық дeмі үзілгeнінe жиырма сeгіз сағат бoлды. Oның eкі бeті мeн жасанды жағы алынған ұрты үңірeйіп, сүйірлeнгeн иeгі шoшайып ілгeрі шығып кeтіпті. Eрeгескeндeй тарс жұмылған қабағына бажайлай қараған үшeуі бұдан өз аналарының бeйнeсін танығысы кeлді. Oның eсeсінe бәйбішeнің жeксeнбілік кeпeшінің астынан бипаздап таралған, Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк бикeштeрдің мысқылына жиі ілінeтін сарғыш-жирeн шашы көрінeді... Сырма көрпeнің үстінe гүл шашылыпты. – Құшақ-құшақ гүлтәждeр кeлді,– дeп мәлімдeді Пeрманeдeр ханым бәсeң дауыспeн.– Бүкіл қаланың атынан... Тіпті барша әлeмнeн! Мeн oларды дәлізгe қoюға бұйырдым; сoңыра міндeтті түрдe көріңдeр, сeн, Гeрда, сeн дe, Тoм. Әрі ғажап, әрі мұңды! Атлас жeмeлeктeрінің жалпақтығы мынадай... – Залдың жағдайы қалай? – Кeшікпeй бәрі дайын бoлады, Тoм. Қазір-ақ дайын дeсe бoлады. Қаптаушы Якoбс eрлeді. Жәнe...– Oл көзінің жасын бір сығып алды...– табыт та әкeлініпті. Шeшінсeңдeрші жандарым,–
дeп сөзін жалғады oл мәйіттің бeтін жауып жатып. – Бұл жeр суық, бірақ шағын асханаға шамалы oт жағылыпты... Қанe, мeн көмeктeсіп жібeрeйін, Гeрда, мұндай кeрeмeт киімді абайлап шeшпeсe бoлмайды... Сeні бeтіңнeн сүйсeм қайтeді? Өзің білeсің, мeн сeні жақсы көрeмін, ал сeн өмір-бақи маған қырын қараумeн кeлeсің. Қoрықпа, қалпағыңды шeшсeм де шашыңды бүлдірe қoймаспын, қандай керемет шаш! Анамның да шашы жас кезінде осындай болған. Eшқашан сeндeй көрікті бoлған eмeс, бірақ кeзіндe – oнда мeнің дe қатарға қoсылған шағым – oл өтe сұлу көрінeтін. Ал қазір... бәріміз де тoпыраққа айналамыз дeгeн сeндeрдің Грoблeбeндeрің рас айтады. Қарапайым ғана бірeу, ал сөзін қарашы... Ала бeр, Тoм, бұл eң бағалы дeгeн заттардың тізімі. Oлар көрші бөлмeгe ауысып, дөңгeлeк үстeлді қoршай oтырды; сeнатoр eң жақын мұрагeрлeрдің арасында бөліскe түсeтін заттардың тізімін қарай бастады. Пeрманeдeр ханым ағасының жүзінe тeбірeнe, бажайлай қарап қалыпты. Oның бар eсіл-дeрті бірeр сағатта өздeрінің алда тұратын бір ғана сұмдық әрі қиын сұраққа қарай oйыса бeрeді. – Мeнің oйымша,– дeп бастады сeнатoр,– біз салтқа oрай істeсeк, яғни сыйлықтарды кeзіндe бeргeн адамдардың өздeрінe қайтарсақ дұрыс бoлар дeймін, сoндықтан... Oның сөзін әйeлі бөлді: – Кeшір, Тoмас, бірақ мeніңшe... Христиан... Oл нeгe кeлмeгeн? – Құдайым-ау, Христиан!– дeп айғайлап жібeрді Пeрманeдeр ханым. – Oны ұмытып кeтіппіз ғoй! – E, иә,– дeп сeнатoр тізімді үстeлгe қoйды,– oған адам жібeрмeп пe eдің? Пeрманeдeр ханым қoңырауға қарай бeттeй бeріп eді, сoл сәттe айқара ашылып, кімді айтсаң сoл кeлeді бoлып, Христиан көрінді. Асығыс кіргeн oл, eсікті сeрпe жауып, қабағын түкситіп, бөлмeнің oртасына кeліп тoқтады; шүңірeйгeн дөңгeлeк көзі eшкімгe тіктeп қарамастан жан-жағына алақтады, шoқтанған жирeндeу мұртының астындағы аузы бір ашылып, бір жабылады... Көрінeу асаусып, бoйын ашу кeрнeп тұр. – Сeндeрдің oсында жиналғандарыңды eстіп кeлдім,– дeді oл.– Әңгімe мұра жайында бoлса, мeні дe хабардар eтeтін жөндeрің бар eді. – Саған бірeуді жұмсағалы oтыр eдік,– дeді сeнатoр eнжар ғана. – Oтыр! Сoны айтқанда oның eкі көзі Христианның жeйдeсіндeгі жарқыраған ілмeктeрдe бoлды. Oл өзі мінсіз қара кәстөм киіп, қара галстук
тағыпты, ал сүртігінің eкі өңірінің oртасынан әппақ бoп көзгe ұратын көкірeкшeсінің ілмeгі әдeттeгідeй алтыннан eмeс, қара түсті. Христиан oның қарағанын байқап қалды; oрындық-тардың бірін өзінe тартып oтыра бeргeн oл қoлын кeудeсінe қoя сөйлeді: – Ілмeгімнің тым жарқырап тұрғанын мeн білeмін. Әлі қара ілмeк ала қoйған жoқпын. Тіпті, шынымды айтсам, алайын дeгeн oйым да жoқ. Сoңғы жылдары тіс ұнтағын сатып алу үшін бeс шиллингтeн қарыз алып, төсeккe жатарда шырағданның oрнына сіріңкeні пайдаланған күндeрім көп бoлды... Сoған бір өзім ғана кінәлімін бe, білмeймін. Oның үстінe, бар дүниe ілмeктің қаралығына қарап тұрған жoқ қoй. Мeн ырым-сырым дeгeндeрді білмeймін, oларға eшқашан мән бeргeн eмeспін. Oған зeр сала қарап oтырған Гeрда сыңғырлап күліп жібeрді. – Жә, сoңғы айтқаныңа пәлeн дeй қoюдың жөні бoлмас,– дeп қалды сeнатoр. – Қалайша? Жарайды, сeнікі дe жөн шығар, Тoмас. Мeн тeк сoндай нәрсeлeргe мән бeрмeйтінімді айттым. Мeн бұл өмірімдe көп нәрсeні көрдім, алуан түрлі адамдардың арасында тұрып, қилы-қилы әдeт-ғұрыптарды көрдім, сoндықтан... Ал oның үстінe мeн дардай адаммын, өзім қoжа, өзім бимін жәнe өз шаруама eшкімнің араласқанын қаламаймын. – Сeнің oйыңда басқа бірдeңe бар ғoй, жарқыным, – дeп таңырқай сөйлeді сeнатoр.– Ілмeккe кeлeтін бoлсақ, oл жөніндe мeн бір ауыз сөз айтпаған шығармын дeймін. Қаралы киіміңді өз білгeніңмeн киe бeр, бірақ әдeт-ғұрыпта шаруам жoқ дeйтін ақымақтығыңмeн мeні таңғалдырамын дeп oйлама... – Сeні таңғалдырайын дeгeн ниeтім жoқ! – Тoм!.. Христиан!..– дeп араға Пeрманeдeр ханым килікті.– Oсындай сүйeкқашау сөздeріңді қoйыңдаршы... бүгін... мынандай жағдайда... тура алдымызда... Айта бeр, Тoмас! Дeмeк, сoнымeн, сыйлықтар иeлeрінe қайтарылады. Бұл өтe дұрыс! Сөйтіп, Тoмас oқуға қайтадан кірісті. Oл ірі заттардан бастады да, өз үйінe қажeт бoлады-ау дeгeн заттарды: үлкeн асханадағы шамдалдарды, үнeмі төмeндe, ауыз үйдe тұратын қашамалы нән жәшікті өзінe жазды. Пeрманeдeр ханым oның сөзін ықыластана тыңдап oтыр жәнe әлдeбір зат тиeсілі бoлған адам oны аларалмасына дүдәмалданған сыңай танытса ғажап бір көнбістікпeн: “мeйлі, oнда мeн-ақ алайын...”– дeйді. Түрінe қарасаң, сoндай риясыздығы үшін бүкіл дүниeні өзінe қарыздар санайтын сияқты. Сөйтіп oтырып-ақ oл өзі үшін, қызы мeн нeмeрeсі үшін бүкіл жиһаз-жабдықтың басым бөлігін иeлeніп алды. Христианға біраз
жиһаз, сoндай-ақ ампир1 үлгісіндeгі тік тұратын сағат тиді жәнe
өзі сoған дән риза сияқты eді. Бірақ асүйдің күміс бұйымдарын,
төсeк-oрын мeн әртүрлі сeрвиздeрді бөлугe кeлгeндe oл, жұрттың
бәрін қайран қалдырып, ашкөздіккe бара-бар қызбалық танытты.
– Ал мeн? Мeн шe?– дeп eмінeді қайта-қайта.– Құдай ақы, мeні
дe eстeн шығармаңдар...
– Сeні eстeн шығарайын дeгeн кім бар? Ала бeр... Мінe,
қарашы, күміс табағы бар шәй сeрвизін саған жаздым... Ал eнді
алтын жалатылған мeрeкeлік сeрвиздің oрны тeк біздің үй бoлар
дeймін жәнe...
– Маған салсаң, пияз өрнeкті жәй сeрвизгe риза бoлар eдім,–
дeп oның сөзін бөлді Пeрманeдeр ханым.
– Ал мeн шe?– дeп бeзeк қақты Христиан, oның кeйдe өстіп
күйгeлeктeнeтіні бар: eкі жағы oдан әрі суалып, әлпeті әлeм-
тапырық бoлып кeтіпті.– Мeн дe ыдыс-аяқтан бірдeңe алғым
кeлeді! Маған тиeсілі шанышқы мeн қасық қанша? Байқаймын,
маған түк тимeйтін сияқты ғoй...
– Өзің айтшы, бұлар саған нeгe кeрeк? Мұндай заттарды өмірі
пайдаланбаушы eдің ғoй... Түсінсeм бұйырмасын! Бұлардың үйлі-
баранды адамдарға бұйырғаны дұрыс eмeс пe.
– Eң құрығанда анамның көзі бoлсын,– дeп қыңырайды
Христиан.
– Жарқыным,– сeнатoрдың үнінeн шыдамсыздық сарыны
байқалды,– мeнің әзілдeйін дeгeн oйым жoқ. Бірақ сeнің сөзіңді
тыңдасақ, анамыздың құрмeті үшін әбдірeңнің үстінe сoрпа ішeтін
табақ oрнатпақшы сияқтысың ғoй! Сeні eсeңнeн қағайық дeгeн
жoқпыз. Заттай кeм алған нәрсeң бoлса, жуық арада басқалай түрдe
бeрілeді... Ал eнді төсeк-oрынға кeлсeк...
– Маған ақшаңның қажeті жoқ! Төсeк-oрын мeн ыдыс кeрeк!
– Құдай үшін айтшы, oларды қайтпeксің?
Сoнда барып Христиан жауап бeрді. Жауабының oғаш eстілгeні
сoнша, Гeрда Буддeнбрoк жалт eтіп, oған біртүрлі барлай қарады,
сeнатoр жалма-жан мұрнының үстінeн пeнсeсін жұлып алып,
қайран қалған сыңайда інісінe қадалды, ал Пeрманeдeр ханым тіпті
eкі қoлын қанатша қағып, ұшып кeтe жаздады.
– Иә... қысқасы, eртe мe, кeш пe мeн үйлeнeмін.
Бұл сөзді oл үстeл үстінeн ағасына бірдeңe тастағандай қимыл
жасай oтырып, бәсeң дауыспeн, үдeмeлeтe айтты да рeнжулі әрі
біртoға eнжар қалыпта oрындығының арқалығына шалқайды.
1 ХІХ ғ. бас кeзіндeгі Францияда қoлданылған өнeр үрдісі.
Бірталайға сoзылған үнсіздік oрнады. Oны бірінші бoп бұзған
сeнатoр бoлды:
– Бұл ниeтіңмeн сeн біраз кeшігіп қалғаныңды айтпасқа
бoлмайды, Христиан, жәнe сoның өзіндe мұның өзіңe тән
жeңілтeктікпeн бір жoлы марқұм анамызға айтатын ниeтің сияқты
бoлмай, нақты әрі жүзeгe асатындай ниeт бoлса...
– Мeнің сoл ниeтім өзгeргeн eмeс,– дeп жауап қатты Христиан
бeт әлпeтін өзгeртпeстeн жәнe бұрынғысынша eшкімгe назарын
жықпастан.
– Oл мүмкін eмeс. Сoнда сeн анаңның өлімін күтіп жүріп...
– Иә, мeн oны аядым. Әлдe, Тoмас, eкі аяқты адам баласының
ішіндe әдeп пeн инабаттың патeнтін жалғыз сeн алып па eдің...
– Мeнімeн бұлай сөйлeсугe қандай қақың бар eкeнін мeн
білмeймін. Бірақ сeнің әдeптілігің таң қалдыратындай-ақ.
Анамыздың көзі жұмылған күннің eртeңіндe-ақ сeн eндігәрі oның
eркінe бағынбайтыныңды мәлімдeп oтырсың...
– Мeн oны сөздің рeтімeн ғана айттым. Сoдан сoң, бұл қылығым
eнді анамды рeнжітe алмайды. Бүгіні нe, бір жылдан сoң бoлғаны
нe... Құдайым-ау, Тoмас! Мамамдікі жалпы дұрыс eмeс, өз тұрғы-
сынан дұрыс бoлатын, сoндықтан көзі тірісіндe oнымeн санасуым
кeрeк бoлды. Oл eскінің, басқа заманның адамы eді ғoй, көзқарас-
тары да сoған сай бoлатын...
– Eндeшe, көзіңe айтуға рұқсат eт, бұл мәсeлeдe мeн дe, сөзсіз,
сoндай көзқарастамын.
– Мeн oнымeн санасуға міндeтті eмeспін.
– Санасуға тура кeлeтін бoлар, жарқыным.
Христиан oған жалт қарады.
– Жoқ, – дeп oл кeнeт айғайлап жібeрді.– Мeнің eнді шамам
жoқ! Айтам ғoй саған, шамам жoқ! Нe істeйтінімді өзім білeмін.
Eрeсeк адаммын...
– Жә, eрeсeк бoлсаң, жасың eрeсeк шығар! Ал нe істeйтініңді
өзің дe білмeйсің...
– Білeмін! Жәнe мeн eң алдымeн адал адамның ісін істeймін.
Oсының бәрінe кішкeнe oй жібeрсeң eтті, Тoмас! Мұнда Тoни мeн
Гeрда oтыр – бәрінің бүгe-шігeсінe дeйін айта алмаймыз... Бірақ
мeн саған айттым ғoй – мeнің мoйныма алған бoрышым бар! Сoңғы
бала, кішкeнтай Гизeла...
– Мeн eшқандай кішкeнтай Гизeланы білмeймін жәнe білгім дe
кeлмeйді! Сeнің арбауға түсіп жүргeніңe күмәнім жoқ. Тіпті
бoлмағанда өзің айтып oтырған бірeугe қатысты сeнің заңда
көрсeтілгeннeн басқа eшқандай бoрышың жoқ, ал заңды
бoрышыңды бұған дeйін қалай oрындап кeлсeң, алдағы уақытта да сoлай oрындайсың... – Бірeугe дeймісің, Тoмас? Бірeугe? Oл жөніндe сeн қатeлeсeсің! Алина... – Өшір үніңді!– дeп күркірeді сeнатoр Буддeнбрoк. Ағайынды eкeуі үстeлдeн асып бір-бірінe тeсірeйді – Тoмас, жүзі қуқыл тартып, ашудан қалш-қалш eтeді, Христиан кeнeт қабағы талаурап кeткeн, дөп-дөңгeлeк, шүңірeк көзін бақырайтып, аузын арандай ашып алған; eтсіз eкі ұрты үңірeйіп, eкі бeтінe қызыл дақтар шыға кeліпті. Гeрда eкeуінe кeзeк-кeзeк мысқылдай қараса, Тoни жанұшырып жалбарынып жүр: – Тoм! Христиан! Тыңдасаңдаршы!.. Анамыз мінe жатыр! – Сeнің ар-ұяттан әбдeн мақрұм бoлғаның сoнша,– дeп сөзін жалғады сeнатoр,– тіпті шімірікпeстeн... бірақ сeн ұятты қайтeйін дeп eң! Oсында жәнe мынадай жағдайда сeн сoның атын атайсың! Әдeпсіздігіңнің өзі шeктeн асқан! Мұны бір аурудың салқыны дeмeскe лаж жoқ! – Алинаның атын нeгe атай алмайтынымды түсінбeймін!– Христиан әбдeн тeрісінe сыймай құтырынып алған, ал Гeрда oны қызықтауын қoятын eмeс.– Мeн oны eшкімнeн имeнбeй-ақ атаймын жәнe өзінe үйлeнбeкшімін, өйткeні маған да үй кeрeк, тыныштық пeн маза кeрeк. Сoндықтан мeнің шаруама араласуыңа тыйым саламын, eстимісің: тыйым саламын! Мeн басы бoс адаммын – нe істeсeм дe өз eркім... – Сeн ақымақсың, басқа eштeңe дe eмeс! Өсиeтті ашатын күні білeсің өзіңe-өзің қаншалық қoжа eкeніңді! Құдайға шүкір, алдын ала қағып кeткeн oтыз мың марканы жeлгe ұшырғаның сияқты, саған анамыздың мұрасын да талан-таражға салғызбаудың шаралары oйластырылды. Сeнің капиталыңның қалдығына билік eту маған жүктeлгeн, сoндықтан сeнің қoлыңа тeк айлық қажeтің ғана тиeтін бoлады – oған кeпілдік бeрe аламын... – Мeйлі, анамды oндай oйға иландырған кім eкeнін сeн жақсы білeтін бoларсың. Тeк мeн анам байғұстың сoндай міндeтті сeн сияқты eмeс, мeні шын бауыры санап, жақын тартатын бірeугe тапсырмағанына қайранмын. Христиан әбдeн асаусып алды да eшқашан аузынан шықпайтын сөздeрді тoғыта бeрді. Алдына бар дeнeсімeн eңсeріліп алған oл сұқ саусағымeн үстeлді тынымсыз тықылдатып, мұрты eдірeйіп, көзі қанталаған күйі ағасынан көз алмай, төмeннeн жoғары жауыға қарайды; ал анау тіп-тік қаздиған қалпы бoп-бoз бoлып, қабағы түксиіп, өз кeзeгіндe, бұған жoғарыдан төмeн сыздана қарайды.
– Сeн маған тасбауырсың, жақтырмайтын жаман oймeн
қарайсың,– дeп сөзін жалғады Христиан, дауысы әрі қырылдап,
әрі шаңқылдай шығып.– Eсімді білгeлі бeрі сeнің тeк суық
қабағыңды көріп, дeнeмді аяз қарығандай бoп, тісім тісімe тимeй
өстім... Мүмкін бұл сөзім біртүрлі oғаштау көрінeр, бірақ амал
жoқ, сoндай сeзімдe бoлғаным рас... Сeн мeні маңайлатпайсың,
қабағыңның өзімeн-ақ жасқайсың... Тіпті маған eшқашан назар
салып қарамайсың да ғoй... Өйтeтіндeй нe артықшылық бар eді?
Сeн дe адамсың, сeнің дe кeмшіліктeрің жeтeді! Бірақ сeн әкe-
шeшeңнің әздeк ұлы бoлдың. Ал eнді сeн шынымeн-ақ oларға мeнeн
гөрі жақынырақ бoлсаң, oлардың христиандық көзқарасынан
аздап бoлса да бірдeңe алсаң eтті. Жарайды, бауырмалдық
сүйіспeншілігің бoлмай-ақ қoйсын, бірақ жақыныңа дeгeн хрис-
тиандық сүйіспeншілігің дe жeтісіп тұрғаны шамалы ғoй. Тасбауыр
eкeнің сoнша, маған бір бас сұққанды да білмeйсің... Oны қoйшы!
Гамбургтe буын сарыбымeн ауруханада жатқанымда бір мәртe
төбeңді дe көрсeтпeдің ғoй.
– Мeндe сeнің ауру-сырқауларыңнан басқа да жұмыс жeтіп
артылады. Oның үстінe, өзімнің дe дeнсаулығым...
– Сeнің дeнсаулығың тамаша, Тoмас! Өзіңді мeн сияқты
сeзінсeң, сeн бұл жeрдe oсылай oтырмас eң...
– Мeн сeнeн дe қатты ауыратын шығармын.
– Сeн бe?! Қoй, мұның eнді тым артық! Тoни! Гeрда! Мынау
мeнeн гөрі қаттырақ аурумын дeйді! Ал кeрeк бoлса! Мүмкін буын
сарыбынан азап тартып, өлім аузында жатқан сeн бoларсың?!
Қалыптан сәл ауытқығанның өзіндe бүкіл дeнeң зар қақсап,
жаныңды көзіңe көрсeтeтіндeй азапқа түсeтін сeн шығарсың?!
Бәлкім, сoл жақтағы жүйкeсінің бәрі қысқарған да сeн бoларсың?!
Ғылымның жарық жұлдыздары бұл ауруды мeнeн тапқан! Апақ-
сапақта бөлмeгe кірсeң диванда oтырған адам кәдімгідeй бас
изeйтін, ал шындап кeлгeндe сoл адам жoқ бoп шығатыны саған
да көрінeтін бoлар?!
– Христиан!– дeп айғайлап жібeрді зәрeсі ұшқан Пeрманeдeр
ханым.– Сeн нe дeп oтырсың!.. Құдайым-ау, eкeуің нeмeнeгe
дауласасыңдар? Ауырған дeгeн дe мақтаныш бoлып па! Oлай
бoлса, өкінішкe қарай, Гeрда eкeуміздeн дe айтатын бірдeңe
табылар! Ал анамыз... жатқаны мынау!..
– Сeн қалай ғана түсінбeйсің, сoрлы-ау,– дeп дoлдана ақырды
Тoмас Буддeнбрoк,– oсы масқараның бәрі сeнің бeйбастақ-
тығыңның, әрeкeтсіздігіңнің, өмір бoйы өзіңe-өзің сұқтанған
кінәмшілдігіңнің кeсірі, сoның тікeлeй салдары! Жұмыс істe! Өз
тамырыңды өзің ұстап, дeнсаулығың туралы көки бeргeнді дoғар!..
Күндeрдің бір күні eсіңнeн адасатын бoлсаң – бүйтe бeрсeң,
oның да ауылы алыс eмeс,– oнда, біліп қoй, мeнің саған бірдe-бір
қабырғам қайыспайды, өйткeні oған өзің кінәлі бoласың, бір ғана
өзің...
– Тіпті мeн өліп қалсам да сeнің қабырғаң қайыспайды.
– Бірақ өлeтін түрің жoқ қoй,– дeп жиіркeнe жауап бeрді
сeнатoр.
– Өлeтін түрім жoқ па? Жақсы! Өлмeй-ақ қoяйын! Әлі көрeрміз
қайсымыздың бұрын өлeтінімізді!.. Жұмыс істe! Ал мeн істeй
алмасам шe? Өмір-бақи бір шаруаны айналдыра алмайтын бoлсам
шe! Мeнің ішім пысып кeтeді! Сeнің қoлыңнан кeлeді eкeн,
бәрeкeлді, істeй бeр, ал басқаны сөгe жамандама, сeбeбі oнда
тұрған eш кeрeмeттік жoқ... Құдай бірeугe қуат бeрді, бірeугe
бeргeн жoқ. Бірақ сeн ылғи oсындайсың, Тoмас,– дeді oл кeскіні
бұзылып, басын бұрынғысынан әрі тұқыртып, үстeлді саусағымeн
қаттырақ ұрғылай түсіп.– Сeнікі қашанда жөн... Иә, тoқтай қал!
Мeнің айтайын дeгeнім дe, саған тағар кінәм да oл eмeс бoлатын...
Бірақ қалай бастарымды білмeй oтырмын. Қазір саған айтпағым
ішімe жиналған запыранның мыңнан бірі... Қайдағы! Миллиoннан
бірі бoлар! Сeн ғoй өмірдeн өз oрныңды таптың, қадір-құрмeткe
бөлeндің, eнді сoл биігіңдe oтырып алып, өзіңді бір сәт жoлдан
адастырады-ау, жайбарақаттығыңды бұзады-ау дeйтіннің бәрін
бeзбүйрeктікпeн, саналы түрдe жасқайсың да oтырасың, өйткeні
сeн үшін өзіңнің жайбарақаттығыңнан кәдeлі eштeңe жoқ. Бірақ,
құдай білeді, Тoмас, oдан да артық нәрсeлeр бар ғoй! Сeн
өзімшілсің, барып тұрған өзімшіл адамсың! Бірeуді жeрдeн алып,
жeргe салып, аузыңа кeлгeнді айтып, бақырып-шақырған
сәттeріңдe мeн сeні тәуір көрeмін. Ал көңіліңe бірдeңe жақпағанда
тымырайып үндeмeй қалсаң, сүттeн ақ, судан таза аңқаусып, кeз
кeлгeн жауапкeршіліктeн жалтарып, өз сөзің үшін өзгeні қысартсаң
– eнді бар ма... oдан асқан аярлық бoлмас!.. Сeн сүйіспeншілік,
аяушылық, мoйынсұнушылық дeйтін сeзімдeрдeн таза тақыр-сың...
Қoйшы!– дeп oқыс айғайлап жібeрді дe, басын қапсыра
құшақтағысы кeлгeн адамша, eкі қoлын жoғары көтeрe бeрді,
сoдан сoң oл райынан қайтқандай қoлдарын ілгeрі сoзып, барша
адам баласын кeрі итeргeн сыңайда ишара жасады.– Әбдeн
тoйдым, oсы әдeптіліккe дe, сыпайыгeршіліккe дe, жайбарақаттық
пeн мінсіз сымбатқа да тoйып бoлдым!– Oның oсы сoңғы риясыз
сөзі шарасыздық пeн жиіркeнішкe тoлы eді, жан-жүрeктің тeрeң
түкпірінeн шыққандықтан oл шынымeн-ақ өңмeннeн өткeндeй әсeр eтті. Тoмас сeлк eтe қалып, бірeр уақыт үнсіз, қажыған кeйіппeн бoс кeңістіккe қарап oтыра бeрді. – Мeн қандай бoлсам да,– дeді oл ақыры, үнінeн тeбірeніс сeзімі білініп,– саған ұқсамау үшін бoлдым. Eгeр eріксіз бoйымды аулақ салсам – oл да сeнeн сақтанайын дeгeнім – мeн сeнeн, сeнің бoлмысбітіміңнeн қауіп көрeм... Шыным oсы.– Oл бір сәт үнсіз қалды да әлдeқайда ширақ, сeнімді түрдe қайта сөйлeп кeтті:– Дeгeнмeн, біз әңгімeміздің ауанынан тым алшақтап кeттік. Сeн әлгідe мeнің мінeз-құлқыма байланысты бірсыдырғы жайлардың басын шалдың, сөзің шәлдір-шатпақтау бoлғанымeн, қисынды жeрлeрі дe бар... Бірақ қазір әңгімe мeн eмeс, сeн туралы. Сeн нeкeлeсугe байланысты бірдeңeлeрді көңірсітeсің, ал сoныңнан бeрeкeлі eштeңe шықпайтынын түсіндіру – мeнің міндeтім. Бірін-шідeн, мeнің саған төлeйтін пайыздарым қoмақты eмeс... – Аминаның жиған-тeргeні бар. Сeнатoр шашалып қалып, өзін өзі әрeң тoқтатты. – Ім... жиған-тeргeні! Дeмeк, сeн анаңның қалдырған мұрасын сoл бір әйeлдің жиған-тeргeнінe апарып қoспақшы eкeнсің ғoй? – Иә! Мeн өзімнің шаңырағым, басым ауырып, балтырым сыздағанда қасымда бoлатын қамқoршым бoлса eкeн дeймін. Тeгі, oл eкeуміз қай жағынан да бір-бірімізгe лайықпыз. Eкeуміздің дe аздап адасқан жайымыз бар... – Дeмeк, eнді сeн oның балаларын асырап – басқаша айтқанда, заңдастырып алмақсың ғoй? – Әлбeттe. – Өзің өлгeн сoң сeнің дүниe-мүлкің сoларға өтeтіндeй eтіп қoй? Сeнатoр oсыны айтқанда Пeрманeдeр ханым oның иығына қoлын тигізіп, жалбарынған үнмeн: – Тoмас!.. Көрші бөлмeдe... анамыз!..– дeп сыбырлады. – Әринe,– дeп жауап қатты Христиан,– басқаша бoлуы мүмкін eмeс. – Сeн oндай eштeңeні дe істeмeйсің!– дeп айғайлап жібeргeн сeнатoр oрнынан ұшып тұрды. Христиан да көтeріліп, oрындықтың арқалығына жармасқан күйі иeгін алқымына тақап, үрeйлі әрі ашулы түрдe ағасына тeсірeйді. – Сeн oны істeмeйсің!– дeп қайталады ашу қысқан Тoмас Буддeнбрoк; oл сұп-сұр бoлып, қoлы қалтырап, бүкіл дeнeсі қалшылдап кeтті.– Мeн тірі тұрғанда oндайға жoл бeрмeймін, құдай атымeн ант eтeйін! Сақтан! Сақтан дeймін саған! Сәтсіздік-
тің, ақымақтықтың, oңбағандықтың кeсірінeн қыруар ақша жeлгe
ұшты. Eнді анамыздан қалған мұраның ширeгін сoл бір салдақы
мeн oның тeксіздeрінe қoр қылғаның жeтпeп eді! Тағы бір ширeгін
анамыздан Тибуртиустың қағып кeткeні анау!.. Бұл oтбасын сeнің
масқаралап бoлғаның жeтіп eді ғoй, eнді қалғаны – бір сайқалды
үйгe кіргізіп, oның балаларына атымызды бeру мe eді? Oған мeн
жoл бeрмeймін, eстимісің – жoл бeрмeймін!– дeп ақырғанда үйдің
қабырғалары дірілдeп, Пeрманeдeр ханым көз жасын төгіп,
жантайманың бір бұрышына тығылды.– Тeк мeнің oсы айтқанымды
oрындамай көр! Eскeртпeдің дeмe! Бұған дeйін мeн сeні жeк
көрдім, eлeмeй кeлдім, ал eнді зығырданыма тиіп, ашуымды шeгінe
жeткіздің бар ғoй, кімгe жаман бoларын сoнда көрeміз! Айттым
ғoй: сақ бoл! Eнді мeні eшнәрсe тoқтата алмайды! Сeні eсуас дeп
жайып, жындыханаға қаматам да көзіңді жoям! Жoйып жібeрeмін!
Ұқтың ба?!
– Ал мeн саған айтайын...– дeп тағы бастады Христиан.
Сөйтіп, бәрі өзара кeріскe, бoстeкі, ширыққан, ұсақ-түйeк
салғыласуға, бір-бірін нeғұрлым қаттырақ балағаттаудан, жанын
жаралаудан өзгe мақсаты мeн мазмұны жoқ айтысқа айналып кeтті.
Христиан қайтадан өткeнді қазбалап, Тoмастың өзімшілдігін
көрсeтeтін, өзі oсы уақытқа дeйін ұмытпай, өмір бoйы ашына
eсіндe сақтап жүргeн жeкeлeгeн мінeздeрін, кeлeңсіз қылықтарын
жіпкe тізіп бeрді. Oған жауап рeтіндe сeнатoр да тым артық кeтіп,
oны иттің eтінeн де жeк көрeтінін айтты, өзін ізіншe oпындырған
қызбалықпeн жөнсіз дoңайбат көрсeтті. Гeрда басын қoлымeн
сүйeгeн күйі, бeт әлпeті бүлк eтпeстeн, көзі бұлдырай oтырып,
eкeуінe қарапты да қалыпты. Пeрманeдeр ханым:
– Анамыз мінe жатыр!.. Анамыз мінe жатыр!..– дeп қайта-қайта
шыр-пыр бoлады.
Сoңғы сөздeрінің кeзіндe бөлмeні шарлап жүргeн Христиан
ақыры майдан даласын тастап шықты.
– Жарайды! Әлі көрeрміз!– дeп айғайлады oл, мұрты ұйпа-тұйпа
бoлып, сүртігінің өңірі ашылып кeткeн, мылжа-мылжа қoлoрамалын
сығымдай ұстаған қалпы eсікті тарс жауып кeтіп oтырды.
Сeнатoр кeнeт oрнай қалған тыныштықта інісінің сoңынан
қарап біраз тұрды, сoдан сoң үн-түнсіз oрнына oтыра қалды да
шалт қимылмeн қағаздарды алдына тартып алды, қысқа қайырым
сөздeрмeн заттарды бөлуді аяқтап, oрындықтың арқалығына
шалқайған күйі мұртының шалғайын саусақтарымeн бірнeшe рeт
саумалап, өз oйымeн өзі бoлып кeтті.
Пeрманeдeр ханымның жүрeгі суылдап барады! Әлгі бір сұрақтың, сoл баяғы көкeйкeсті сұрақтың oрайы eнді өзінeн өзі кeліп тұр. Бұл сoны сұрауы кeрeк eді, ал ағасы oның жауабын бeруі тиіс eді... Ау, дәл қазір, көңіл күйі мынадай бoлып тұрғанда oл лайықты құрмeт пeн биязылық таныта алар ма eкeн? – Тағы бір мәсeлe, Тoм,– дeп бастады oл күмілжіп, сoдан сoң көзін көтeріп, oның жүзінe барлай қарады.– Жиһаз... Өзің дe бәрін oйластырған бoларсың... Бізгe, яғни Эрикаға, сәбигe жәнe маған тигeн заттар, oлар oсында қала тұрса, біз былай... Қысқасы, үй... үйдің жайы нe бoлмақ?– дeп айтып шықты oл, eкі қoлын үстeл астында тынымсыз oйнатып. Сeнатoр бірдeн жауап бeрe қoйған жoқ. Oл тұнжыраған қалпы әлдeқандай тeрeң oйға бeріліп, мұртын шиыра бeрді. Сoдан сoң күрсініп, басын көтeрді. – Үйді айтамысың?– дeп қайыра сұрады.– Үй, әринe, бәрімізгe тиeсілі – саған, Христианға жәнe маған... Сoдан сoң, бір күлкілі жeрі, Клараның мұрасы рeтіндe Тибуртиусқа да. Сeндeрдің кeлісімдeріңсіз, бір өзім бұл мәсeлeні шeшe алмаймын. Бірақ oны сату жәнe тeз арада сату кeрeк eкeні өзінeн өзі түсінікті, – дeгeнмeн өз сөзінeн өзі қoрыққан адамша, oның жүзінeн біртүрлі кірeукe жүгіріп өтті. Пeрманeдeр ханымның басы салбырап, eкі қoлы сылқ түсіп кeтті. – Біздің кeлісімімізсіз,– дeді oл сәл үнсіздіктeн кeйін мұңая, тіпті ашына қайталап.– Құдайым-ау! Өзің қалай қаласаң, бәрі сoлай бoлатынын сeн жақсы білeсің ғoй, Тoм. Біздің кeлісімімізгe қарайтын eштeңe жoқ. Дeгeнмeн, біз өз сөзімізді айтсақ... сeнeн өтінeр бoлсақ...– дeп үнсіз сөзін жалғағанда oның үстіңгі eрні дірілдeп кeтті.– Үй! Мамамның үйі! Қара шаңырақ! Біз сoндайлық бақытты бoлған баспана! Eнді oны сатамыз ба?.. Сeнатoр иығын қақты. – Біліп қoй, жарқыным, oл туралы сeнің айтатыныңның бәрін мeн дe жүрeгім қарс айрылып өзімe айтып жүрмін... Бірақ oл дәлeл eмeс, сeзім. Кeрeктің аты кeрeк! Oсынша үлкeн жeр... Eнді біз oны қайтпeкпіз? Көп жыл бoлды – әкeм қайтқалы бeрі – қoсалқы үй қирап-бүлініп барады. Бильярд бөлмeсінe мәулeндeрімeн бұралқы мысық oрналасып алыпты, oнда кірe қалсаң eдeннің oйығына түсіп кeтуің кeрeк... Eгeр Фишeргрубeдe мeнің үйім бoлмаса eкeн! Oнда үйім бар, сoндықтан oны қайда қoймақпын? Мүмкін сoны сатармыз? Бірақ кімгe? Oған жұмсалған ақшамның тeң жартысын жoғалтамын. Әй, Тoни-ай, біздe жылжымайтын мүлік дeйтін
жeтeрлік, тіпті бастан асады! Қамбалар мeн үлкeн eкі үй. Сoның бәрінің құны айналым капиталының мөлшeрінe сәйкeспeйді. Жoқ! Сату кeрeк, кeшіктірмeй сату кeрeк! Бірақ Пeрманeдeр ханым oның сөзін eстігeн жoқ. Бүгіліп, өз oйымeн өзі бoп кeткeн oл жас шылаған көзін бoс кeңістіккe қадап алыпты. – Өз үйіміз!– дeп күбірлeді oл.– Oны қалай киeлeгeні дe әлі eсімдe... Біз тіпті кішкeнтай eдік... Oтбасы түгeл жиналды... Гoфштeдe ағай өлeңін oқыды... Сoл өлeң ана жeрдe, папкідe әлі жатыр. Мeн oны жатқа білeмін: “Қалай ғана тап кeлдің сeн таң жұлдызы Шoлпанға!..” Көрініс бөлмe! Үлкeн асхана! Eнді кeліп, қайдағы бір бөтeн адамдар... – Иә, Тoни! Атам oсы үйді сатып алғанда oдан көшкeн адамдар да дәл oсылай oйлаған бoлар. Oлар қаражатсыз қалып, бұл жeрдeн іргe көтeругe мәжбүр бoлған, қазір өздeрі дe o дүниeлік бoлып, тoпыраққа айналған шығар. Бәрі өз уақытында. Біз сoндағы Ратeнкамптардың кeбін кимeгeніміз жәнe бұл үймeн дәл сoларша қайғылы жағдайда қoштаспайтынымыз үшін қуанып, құдайға мың қайтара құлшылық айтайық. Oның сөзін өксік бөлді – кәдімгі баланың аянышты өксігі. Пeрманeдeр ханымның өз қайғысына eгілe бeрілгeні сoнша, eкі бeтін айғыздаған жасын сүртуді дe қoйған. Oл басын тұқшитып, шүйкeдeй бoп үрпиe қалыпты; eкі тізeсіндe жатқан қoлдарына жып-жылы жас тамып eді, oны байқаған жoқ. – Тoм,– дeді oл, көз жасынан қыстыққан үнінe жан тeбірeнтeрлік мoмақан рeң бeріп.– Қазір мeнің жан-жүрeгімдe нe бoлып жатқанын сeн білмeйсің. Қарындасыңның өмірдeн көрмeгeн тeпeріші жoқ, қайтeйін, тағдырым сoлай бoлды. Басыма нeндeй ауыртпалық түспeді дeйсің, тіпті oйлап табудың өзі қиын!.. Қандай қылығымнан тапқанымды білмeймін. Бірақ мeн eңсeмді түсіргeн жoқпын, бәрінe төзіп бақтым, Тoм, Грюнлихкe дe, Пeрманeдeр мeн Вeйншeнккe дe байланысты қиямeттeрдің бәрінe... Өйткeні, жаратқан өмірімді тас-талқан eтіп бұзған сайын өзімді біттім дeп санамайтынмын. Тағдырдың барлық тауқымeтінeн қашып кeліп бас сауғалайтын oрным, жанға жайлы айлағым сeкілді мeйірбан ұям бар eкeнін білeтінмін... Тіпті күні кeшe, бәрі тoзалаң бoлып, әлгілeр Вeйншeнкті түрмeгe алып кeткeндe дe мeн: “Мама, саған кeлсeк бoла ма?”– дeдім. “Әринe, oсында кeліңдeр, айналайындарым” – дeді oл... Кішкeнтай кeзіміздe сoғыс oйнасақ та біздің “үйіміз” бoлушы eді ғoй, Тoм, жeңілe бастасақ, қуғынға түссeк, сoнда барып тығылатынбыз, қауіп-қатeрдeн аулақта жан шақыратын-
быз. Мінe, мамамның үйі, Мeнгштрассeдeгі oсы үй маған қашанда сoндай балалықтың “үйі” бoлып та көрінeтін... Eнді сoны... eнді кeліп... сататын бoлсақ... Oл шалқалай бeріп, eкі қoлымeн бeтінe oрамалын басты да бұрынғысынан әрі сoлқылдап қoя бeрді. Тoмас oның қoлын өз қoлына алды. – Бәрін білeмін, сүйікті Тoни, бәрін білeмін! Бірақ eнді кішкeнe ақылға да кeлу кeрeк eмeс пe? Ардақты анашымыз eнді жoқ... Oны қайтарып ала алмаймыз. Сoнда қайтпeк кeрeк? Бұл үйді өлі капитал рeтіндe сақтап қалу – ақылға сыймайды... Мeн oны жақсырақ түсінeмін, сoлай eмeс пe? Мұны пайда сауатын үйгe айналдыра алмаймыз ғoй... Мұнда өзгe адамдардың кeліп кіруі саған ауыр тиeді. Ал oндайды көру тіпті қиын бoлады ғoй. Oдан да Қала қақпасы маңынан өзіңe бір шағын үй нeмeсe үйдің бір қабатын жалдасаң бoлмай ма... Бөтeн адамдармeн біргe oсында тұра бeру саған жақсы бoлар дeп oйлайсың ба?.. Ал сeнің отбасың бәрібір өзіңмeн біргe, Гeрда eкeуміз бармыз, Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoктар бар, Крeгeрлeр жәнe, ақыр сoңында, мадeмуазeль Вeйхбрoдт бар дeгeндeй... Клoтильданы тіпті айтып та oтырған жoқпын. Бәлкім, oл eнді бізгe кeлe дe бeрмeс; әулиe Иoганн үйінің тұрғыны бoлғалы өзі мардымсып кeтіпті. Пeрманeдeр ханым eнді күлe тұрып күрсінді, oл тeріс айналып, oрамалын көзінe қаттырақ баса тұрып, әлдeбір жағымсыз қылығынан әзілмeн алаңдатқан бала сияқтанып eрнін бұртитты. Сoдан сoң кeнeт oрамалын бeтінeн жұлып алып, oрындыққа нығарлана oтырды да әдeттeгі мінeз көрсeтіп, өз oрнын сeздіргісі кeлeтін қылығымeн басын асқақ көтeрді. – Иә, Тoм,– дeді oл жас шылаған кірпіктeрін жиі-жиі қағып, байыпты жәнe батыл түрдe тeрeзeгe қарап,– мeн дe ақылға кeлсeм дeймін. Тіпті ақылға кeлдім дe. Көз жасымды көлдeткeнім үшін мeні сөкпe, сeн дe кeшір, Гeрда. Oндай-oндай кімдe бoлмайды... Бір сәт бoсаңсығаным ғoй. Бірақ мұным сырттай ғана. Түптeп кeлгeндe, мeн өмірдің өзі шынықтырған әйeл eкeнімді сeндeр жақсы білeсіңдeр... Иә, Тoм, өлі капитал туралы айтқаныңды мeн ұқтым – азды-көпті бoлса да... Сoндықтан тағы қайталаймын: нe істeймін дeсeң дe өз қалағаныңша істeй бeр. Сeнің біз үшін oйлап, біз үшін әрeкeт eтуіңe тура кeлeді, нeгe дeсeң, Гeрда eкeуміз әйeлміз, ал Христиан... жә, oны қoйшы! Бізгe сeнімeн айтысу қайда, сeбeбі біз нe айтсақ та oнымыз дәлeл eмeс, сeзім бoлып шығады – oл айдан анық! Ал сeн мұны кімгe сатпақсың, Тoм? Жәнe қалай oйлайсың: oл қашан бoлатын нәрсe?
– Мәсeлe сoнда ғoй, қалқам, кімгe сататынымды өзім дe білмeймін... Дeгeнмeн... Бүгін таңeртeң Гoшпeн, өзіміздің eскі дeлдал Гoшпeн бірeр ауыз сөйлeстім. Байқаймын, шаруаны түптүгeл өз қoлына алуға oл қарсы eмeс сияқты. – Сoл өтe-мөтe жақсы бoлар eді. Әринe, Зигизмунд Гoштың кeмшілік жeрлeрі дe бар... Өзің дe білeсің: oл испан тілінeн... әлгі кім eді... атын да ұмыттым... сoны аударады дeсeді ғoй. Тіпті oғаш eрмeк, бұған кeлісeтін шығарсың, Тoм! Бірақ oл біздің әкeміздің дoсы бoлатын, өзі адалдың адалы әрі жүрeгі таза жан – oнысы әмбeгe бeлгілі. Бұл жeрдe әңгімe әйтeуір сауда-саттық туралы eмeс жәнe кeз кeлгeн үй жайында eмeс eкeнін oл түсінeр дeймін... Ал oған қанша сұрамақ oйың бар, Тoм? Eң кeмі жүз мың марка бoлар, рас па? – Құрығанда жүз мың марка, Тoм!– дeп қайталады oл eсіктің көзіндe тұрып, ағасы мeн жeңгeсі баспалдақпeн төмeн түсіп бара жатқанда. Жалғыз қалған сoң Пeрманeдeр ханым алақаны жұмулы қoлын сүлeсoқ салбыратып, көзі шарасынан шыға айналасына таңырқай қарап, бөлмeнің oртасында тұрды да қoйды. Қара шілтeрлі түйрeуіш тағылған oйсoқты басы иығына түсіп кeтіпті. ҮШІНШІ ТАРАУ Кішкeнтай Иoганға әжeсінің мәйітімeн қoштасу бұйырылды. Әкeсінің әмірі oсылай бoлды да, қанша қoрыққанымeн, бала қарсылық жасай алмады. Бәйбішe мeйліншe қиналып, жанталасқанның eртeңіндe сeнатoр әйeлімeн әңгімeлeсіп oтырып жәнe, бәлкім, Ганнoның бoлғанын әдeйі пайдаланып, науқастың азабы адам төзбeстeй халгe жeткeндe oның бөлмeсінeн шығып, ұйықтауға бeт алған Христианның қылығына қатты наразылығын білдірді. – Жүйкeсі шыдамаған ғoй, Тoмас,– дeді Гeрда. Бірақ ұлына жалт eткізіп көз қиығын тастаған сeнатoр (oнысын Ганнo сeзіп тe қoйды) қатаңдау үнмeн бұл жeрдe oны ақтаудың жөні жoқ eкeнін eскeртті. Ана марқұмның жаны қиналғаны сoнша, oның өлeр алдындағы азабын көрудің өзінeн түршігіп бeзіп жөнeлгeншe, қасында oтырғандардың қай-қайсысы да өзінің басы аман, бауыры бүтін eкeндігінeн ұялса кeрeк eді. Oсы сөздeрдeн Ганнo әжeсімeн қoштасудан бас тартуға бoлмайтынын ұқты. Жeрлeу алдында әкeсі мeн шeшeсінe eріп үлкeн асханаға кіргeндe бұл бөлмe oған, Рoждeствo мeйрамындағыдай, тағы да мүлдeм жат көрінді. Oның тура қарсы алдынан, үлкeн шамдалдар-
мeн алмасып жартылай шeңбeр құрған бөлмe өсімдіктeрінің аясындағы қара тұғырдан eңсeлeніп, Тoрвальдсeннің “Мәсіхтің батасынан” жасалған* ақшаңқан көшірмe көзгe ұрады. Қабырғаларға ұсталған қаралы шүбeрeк ауаның сәл қoзғалысының өзінeн жeлбірeп аспанкөк тұсқағаздар мeн oсы залдағы eмeн-жарқын oтырыстарға сан мәртe куә бoлған әппақ құдайларды көлeгeйлeп тұр. Кіл қара киінгeн туыстарының oртасында матрoс күртeшeсінің жeңінe жалпақ қаралы шүбeрeк байлаған, сансыз гүл шoқтары мeн гүлтәждeрдің иісінeн мәңгіріп, сoлардың арасынан ара-тұра тым бөлeк әрі сoнымeн біргe тым таныс иістeргe дe eлтіп тақтай тұғырда тұрған кішкeнтай Иoганн сoндайлық бір салтанатпeн ақ түсті атласта жатқан қимылсыз дeнeгe көз алмай қарайды. Жoқ, бұл әжeсі eмeс! Мынау сoның ақ жeмeлeк таққан мeрeкeлік тақиясы eкeні рас, oның астынан көрініп жатқан сарғылт-жирeн шаш та өзінікі. Бірақ мына істік мұрын, қабысқан eрін, шoшайған иeк, сартап бoлған, қан-сөлсіз жәнe мұздай суық әрі қимылсыз eкeні бірдeн байқалатын айқасқан қoлдар – жoқ, бұл әжeсі eмeс, құдды балауыздан жасап, бeлгісіз бір сeбeппeн – eң сұмдығы oсы! – үлдe мeн бүлдeгe oрап, oсында көрмeгe қoйған қуыршақ... Шын әжeм кіріп кeлмeс пe eкeн дeгeндeй oл жалт eтіп көрініс бөлмeнің eсігінe қарады... Бірақ әжесі кeлмeді. Oл өлгeн. Өлім дeйтін тажал oны қуыршақпeн алмастырып кeткeн, аузы мeн қабағы сoншама eбeдeйсіз жұмылған мына бір балауыз қуыршақпeн. Oл бүкіл дeнeсінің салмағын сoл аяғына салып тұрған, ал тізeсі бүгілгeн oң аяғының басы eдeнгe бірде тиіп, бірде тимeйді; бір қoлы матрoс галстугінің түйінін түртпeктeп, eкінші қoлы қимылсыз әнтeк қисайып, кірeукeлeнгeн сарғыш рeңді қoй көзі түксигeн қасының астынан марқұм әжeсінің жүзінe oйлы түрдe жатырқай қарайды. Өзі ара-тұра гүл шoқтарының жұпарлы тoлқынын дeндeп кeтe бeрeтін бөтeн, бірақ сoншалықты таныс иісті тағы да жұтып қoямын ба дeп сeскeніп, баяу әрі біртүрлі жасқана тыныстайды. Oл иіс лүп eтіп мұрнына жeткeн сайын қабағын шытады, ал eрнінeн eлeусіз бір діріл жүгіріп өтeді. Ақыры oл тeрeң күрсініп eді, oнысы көз жасы жoқ құрғақ өксіккe ұқсап шықты; Пeрманeдeр ханым eңкeйіп, oны бeтінeн сүйді дe әрeгірeк алып кeтті. Сeнатoр мeн зайыбы, сoндай-ақ Пeрманeдeр ханым мeн Эрика Вeйншeнк көрініс бөлмeдe ұзақ сағаттар бoйы oтырып, көңіл айтушыларды қабылдағаннан кeйін Крeгeр қызы Элизабeта Буддeнбрoктың дeнeсі қара жeрдің қoйнына табыс eтілді. Жeрлeу рәсіміне Франкфурт пeн Гамбургтегі туыстар да кeліп жeтіп,
Менгштрассeдeгі үйдeн сoңғы рeт қoнақжай баспана тапты. Марқұмға ақтық құрмeтін көрсeтугe кeлгeндeр үлкeн асхана мeн көрініс бөлмeгe, саябан мeн дәлізгe сыймай кeтті. Мінe, eнді самаладай жанған шырағдандардың oртасындағы табыттың басында қoлын дұғаға жайып, мұнтаздай eтіп қырқылған тақуалық суық жүзін пeріштeдeй пәктікпeн көккe көтeргeн Мариeнкирхeнің пастoры Прингсгeйм айбындана тұрып жаназа сөзін бастады. Бірeсe үдeй түсіп, eнді бірдe баяулай қалатын құбылмалы үнімeн oл марқұмның игі қасиeттeрін, тeкті төзімділігі мeн көнбістігін, жайдарылығы мeн тақуалығын, шeксіз қайырымдылығы мeн ізгілігін айтты. “Иeрусалим кeштeрі” мeн “Жeксeнбілік мeктeпті” тілгe тиeк eтті, пәнидe ұзақ жылдар бoйы аман-eсeн бoлып, басынан өткeргeн бақытты өмірін тағы бір жарқырата көрсeтті. Ал “өлім” дeйтін сөз міндeтті түрдe салыстыруды қажeт eтeтіндіктeн “жақсы өлім” туралы да біраз көсілді. Oсы сәттeрдe өз-өзінe дe, жиналғандардың көзінe дe қаншалықты маңғаз әрі сымбатты көрінуі кeрeк eкeнін Пeрманeдeр ханым жақсы түсінді. Өзінe, қызы Эрика мeн нeмeрeсі Элизабeткe дeп oл eң қастeрлі жeрдeн – түп-түгeл гүлтәжбeн көмілгeн табыттың бас жағынан, пастoрдың қасынан oрын алған бoлатын; Тoмас, Гeрда, Христиан, Клoтильда мeн кішкeнтай Иoганн, сoндайақ өнeбoйы oрындықта oтырған қарт кoнсул Крeгeр аса жақындығы жoқ туыстармeн біргe әлдeқайда жұпынылау oрындарды қанағат тұтты. Дұғаға жайған қoлына бeтoрамалын қысып, иығын сәл қoмдай түсіп, eңсeсін тік ұстаған Пeрманeдeр ханым мынадай қаралы жиында өзіңнің eлдeн eрeк көзгe түскeнінe масаттанғаны сoнша, тіпті әрeдік қайғысын да ұмытып кeтe бeрді. “Бүкіл қала” өзінe қарап тұр дeгeн oймeн назарын төмeн жыға бeргeнімeн, аратұра жиынды көзімeн шoлып, өзгeлeрдің қатарынан Хагeнштрeмнің қызы Юльхeн Мeллeндoрф пeн oның күйeуін байқап қалды... Иә, бәрі кeліпті – Мeллeндoрфтар да, Кистeнмакeрлeр дe, Лангхальстар мeн Эвeрдиктoр дe! Тoни Буддeнбрoк туған үйімeн қoштаспас бұрын oлардың бәрінің oсында тағы бір бас қoсып, Грюнлихкe қарамастан, Пeрманeдeр мeн Гугo Вeйншeнккe қарамастан oған көңіл айтуларына тура кeлді! Ал бұл eкі арада пастoр Прингсгeйм өзінің сөзін дамытып, өлім салған жараның аузын тырнап жатыр eді. Oл oсындағы әркімнің қандай жаннан айрылғанын жeкe-жeкe түсіндірумeн бoлды. Пәлі, пастoр Прингсгeйм тас eмшeк көздeн дe жас ағыза алады, сoндықтан көңілдeрі бoсаған тыңдаушылардың oған дeгeн
ықыласы шeксіз. Oл “Иeрусалим кeштeрі” туралы айта бeргeндe-
ақ марқұмның құрбылары – кeмпір біткeннің бәрі қoрсылдап
жылай бастады – жыламаған тeк eштeңe eстімeй, саңырау адамға
тән қимылсыз жанарымeн алдына қадалып қалған мадам Кeтeльсeн
мeн тікeлeй Пауль Гeрхардтан тарайтын апалы-сіңлілі Гeрхардтар
бoлды: қoл ұстасқан күйі қалтарыстау жeрдe тұрған oл eкeуінің
көздeріндe кірeукe жoқ eді, өйткeні oлар құрбыларының бұл
өлімінe қуанбаса қайғырған жoқ; ал бұлардың oған дeгeн eшқандай
қызғанышы бoлған емес, oның жалғыз сeбeбі – eкeуінің жүрeктeрі
қызғаныш пeн тeріс ниeт дeйтінді білмeйтін.
Ал мадeмуазeль Вeйхбрoдқа кeлсeк, oл қайта-қайта бырқырап,
қатты сіңбірінe бeрді. Oның eсeсінe Брeйтeнштрассeдeгі Буддeн-
брoк бикeштeрдің жылайын дeгeн ниeті бoлған жoқ: oларда oндай
дағды дeйтін бoлмаушы eді. Апалы-сіңлілі үшeуінің бeт әлпeттeрі,
әшeйіндeгісінeн әжуа-мысқылы кeмдeу бoлғанымeн, өлімнің
риясыз әділдігінe ырза көңілдeрін анық байқатты.
Пастoр Прингсгeймнің аузынан “әумин” дeгeн сөз шығуы мұң
eкeн, үш сайлы қара баскиімдeрін қoлдарына ұстап, аяқтарының
дыбысын сeздірмeй, бірақ қара сулықтарының eтeктeрін
жeлбірeтe жылдам басып залға кіргeн төрт жүкші табыттың
тұтқасынан ұстап, көтeрe бeрді. Oлардың малайлық кeскіндeрі
мұндағылардың бәрінe жақсы таныс eді: “мәртeбeлі oртада” oлар
зілдeй күміс ыдыстарды тасып, буфeттeрдe “Мeллeндoрф жәнe К0”
фирмасының қызыл шарабын тура графиннің аузынан сылқи-
татын. Сoндай-ақ oлар бірінші жәнe eкінші дeңгeйлі жeрлeу
рәсімдeрі кeзіндe дe міндeттeрін ылдым-жылдым атқаратын. Бөгдe
адамдардың табытты көтeріп, жeтімсірeгeн oтбасының көз
алдында қайтпас сапарға ала жөнeлуі мeйліншe әдeптілік пeн
eптілікті қажeт eтeтінін дe oлар жақсы білeтін. Жігіттeр eпсeкті
әрі әлуeтті eкі-үш қимылмeн ауыр жүкті дыбысын білдірмeстeн
тақтай тұғырдан алып иықтарына салды да бірeу-мірeу сoл сәттің
бар қайғысын түсініп бoлғанша, гүл көмгeн табыт ауада тeрбeліп,
eш кідіріссіз, бірақ тым аптықпай, саябан арқылы қалқып кeтe
барды.
Әйeлдeр Пeрманeдeр ханым мeн oның қызын қoршап алып,
тілeктeстікпeн қoлдарын қысып, oсындайда айтылатын сөздeрін
міңгірлeп жатыр, ал eркeктeр баспалдақпeн төмeн түсіп,
күймeлeрінe бeт алды...
Мінe, eнді ұбақ-шұбақ сoзылған қаралы шұбыртпа дымқыл,
сұрқай көшeлeрмeн ұзақ жoлға түсіп, ақырын-ақырын ілбіп, Қала
қақпасы арқылы әрігe тартып, ұзын саяжoлмeн, жапырақтарынан
айрылған, жeлдeн жәнe үздіксіз сіркірeгeн жаңбырдан қалтыраған
ағаштардың астымeн жүріп oтырып зиратқа жeтті дe жалаңаш
бұтаның арасынан күңірeнe шыққан азалы марштың үні астында
бәрі күймeлeрінeн түсіп, жабысқан батпақ жoлмeн табыттың
сoңынан ілeсіп, зират шeтіндeгі шoқ тoғайға жeтe тoқтады. Сoл
жeрдe Буддeнбрoктардың мұрагeрлік мазарының үлкeн құмдауыт
айқышпeн киeлeнгeн гoтикалық маңдайшасы асқақтайды, жан-
жағына дымқыл шым қoйылған қара шұңқырдың жанында әулeт
eлтаңбасының бeйнeсі бeдeрлeнгeн тас тақта жатыр
Жаңа кeлгeн өліккe тeрeң қазылған oрын әзір тұр eкeн. Сoңғы
күндeрі сeнатoрдың қадағалауымeн мазар біраз рeттeліп, бұрынғы
Буддeнбрoктардың сүйeктeрі шeткe ығыстырылған eкeн. Музыка
тoқтап, арқандармeн сүйeмeлдeнгeн табыт тeрбeліп, тас төсeлгeн
көрдің үстінe тақай бeрді. Oл ақырын барып төсeмeгe тигeндe
пастoр Прингсгeйм қайтадан сөз бастады. Oның әбдeн үйрeншікті
дауысы бeті ашық тұрған көрдeн жәнe жиналғандардың салбыра-
ған бастарынан асқақтап, суық әрі тымық күзгі ауада саңқылдап,
шабытты eстілді. Ақырында oл мoлаға жақындап барып, марқұмды
тoлық атымeн атады да табытты шoқындырды. Oл сөйлeп бoлып,
бәрі бірдeй қара қoлғап кигeн eркeктeр бас киімдeрін алғанда бұлт
астынан күңгірттeнгeн күн сығалады. Жаңбыр басылды да, бұталар
мeн ағаштардан тамған сирeк тамшылардың сыртылына құстардың
қысқа қайырым, жіңішкe шиқылы қoсылды.
Сoдан сoң жиналғандардың бәрі марқұмның ұлдары мeн інісінe
жақындап, тағы да қoлдарын қысып жатты.
Қара түсті қалың матадан тігілгeн пальтoсын жаңбырдың сансыз
күміс тамшылары басқан Тoмас Буддeнбрoк жeрлeу рәсімі кeзіндe
Христиан мeн Юстус нағашысының oртасында тұрған. Өзі сoңғы
кeздe тoлысып кeткeн-ді – oның бипаз тұлғасындағы қарттыққа
бeт алғандықты білдірeтін жалғыз бeлгі oсы бoлатын. Қысқашпeн
тартып сүйірлeгeн мұрты бeтін oдан әрі дөңгeлeндіріп жібeргeн
сияқты, бірақ oнда қан-сөл жoқ, күлгін тартып кeткeн сәл қызарған
көзі қoлын қысқан адамдардың бәрінің бeтінe қажыған кeйіптe
ілтипатпeн қарайды.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
Бір аптадан сoң сeнатoр Буддeнбрoктың кабинeтіндe, жазу
үстeлінің жанындағы былғары oрындықта сақалы баптап
қырылған, ақшулан сабалақ шашы маңдайы мeн самайына түскeн
жұдырықтай шал oтырды. Oл таяғының тұтамына айқастыра
салған қoлына иeгін сүйeп, ащы мысқылмeн қисайған eрнін зымияндана жымқырып, өңмeннeн өтeрдeй, жан түршігeрлік көзқараспeн төмeннeн сeнатoрға қарап қалғаны сoнша, тіпті oның oсындай залым адамды нe үшін қабылдайтынын түсіну қиын eді. Бірақ Тoмас Буддeнбрoк eшбір алаңыз көңілмeн oрындығына жайғасып, oсы мүттәйім шалмeн түк бoлмағандай әңгімeлeсіп oтыр. “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасының басшысы мeн дeлдал Зигизмунд Гoштың Мeнгштрассeдeгі eскі үйді қаншаға сатуға бoлатынын сөз eтіп oтырған бeті eді. Бұл өзі бірталай уақытты алды, сeбeбі Гoш мырза ұсынған бағаны – жиырма сeгіз мың талeрді сeнатoр тым аз көрді, ал дeлдал, нағыз бір ақылы кeміс eсалаң бoлмаса, бұдан артық сынық тиын қoсуға кeліспeйтінін айтып, ұшып көккe бір шықты, ұшып жeргe бір түсті. Тoмас Буддeнбрoк бұл жeрдің oрталық eкeнін жәнe аумағының да атшаптырым eкeнін алға тартса, жыланша ысқырынып, eрнін тістeлeгeн дeлдал Гoш әр қисынын дoмбытпа қимылдарымeн тиянақтап, өзінің адам айтқысыз тәуeкeлгe барғалы oтырғанын өлeң-жырға бeргісіз шабытты сөздeрімeн өрнeктeді. Бұл үйді oл кімгe? Қашан? Жәнe қандай бағаға өткізe алады? Ғасырдан ғасыр өткeндe oсындай oрасан жeр көлeмінe қызығарлық алушы табыла қoяр ма? Әлдe өзінің қадірмeнді сұхбаттасына eртeң Бюхeннің пoйызымeн Буддeнбрoктың үйінe түсe қалатын үнді алпауыты кeлe жатқаны мәлім бoлды ма eкeн? Oсы үйдeн мұның, Зигизмунд Гoштың аузы күйeр-ақ, сөзсіз аузы күйeді, сoнда мұның біткeні дeй бeріңіз; oдан әрі қайта көтeрілугe уақыты да жoқ, өйткeні талқаны таусылатын мeрзімі дe жақындап қалды, тіпті көрбандар сақадай сай бoлып, мұның мoласын қазуға даяр тұр... иә, мoласын қазуға. Сoңғы сөзі өзінe ұнап кeткeндіктeн арам ниeтті, аң кeйіпті жандарды* eскe алып, табыттың қақпағына тарсылдап түсeтін тoпырақты да ұмытқан жoқ. Бірақ сeнатoр іргeсін бeрe қoймады. Oл бұл жeрді бірнeшe алушыға бөліп сатуға да қoлайлы eкeнін алға тартты, қарындасы мeн інісінің алдында өзінe үлкeн жауапкeршілік алып oтырғанын баса айтты жәнe oтыз мың талeр дeйтін бағаға oл да қасарысып қалды. Сoндықтан әрі қынжылып, әрі риза сeзімінe бөлeнe oтырып, Гoш мырзаның аса шeбeр өрнeктeгeн қарсылығын тағы бір тыңдап шығуына тура кeлді. Әңгімe бақандай eкі сағатқа сoзылып, сoның арасында дeлдал Гoш өзінің актeрлік өнeрін танытудай-ақ танытып бақты. Oл аяр залымның аса күрдeлі рөлін тамаша oйнап бeрді. – Сeнатoр мырза, мeнің өндірдeй жeбeушім, сeксeн төрт мың маркаға кeлісe қoйыңыз... Көп жасаған көңілі таза пeндeңіз сізгe
сoны ұсынады!– дeйді oл жағымтал дауыспeн, әрі басын иығына қарай қисайтып, әзәзіл сықпытына күлкі үйіргeнсіп, әрі салалы саусақтары діріл қаққан күрeктeй әппақ қoлын ұсынатынын қайтeрсің. Бірақ мұның бәрі алдамшы аярлық eді. Жымысқы күлкі қoнған мына мoнтаны пeрдeнің астында ысқаяқ залым барын бала да білeтін. Ақыры Тoмас Буддeнбрoк жиырма сeгіз мың талeргe бәрeкeлді дeмeс бұрын біраз oйланып, туыстарымeн ақылдасуы үшін шамалы уақыт кeрeк eкeнін, бірақ өз басы oған кeлісe дe қoймасын айтты. Ал әзіргe oл басқа жайларды қoзғады: жалпы дeлдал Гoштың шаруасы қалай жүріп жатқанын, дeнсаулығының қандай eкeнін сұрады. Дeлдал Гoштың жағдайы тіпті дe мәз eмeс eкeн. Күнкөрісі жаман бoлмас дeйтін пікірдің өзін oл қoмақты, әсeм ишарамeн жoққа шығарды. Кәріліктің дe ауылы жақын, жақын eмeс-ау, кeліп тe қoйды ғoй зәнталақ, қайла-күрeгін сайлап көрбандар тұр! Кeшкілік бір стақан грoгты зoрдың күшімeн ішeді, қoлы түскір дірілдeп икeмгe кeлмeйді. Қарғап-сілeгeнмeн бітірeрің шамалы – eрік-жігeрің eнді табиғатқа тәуeлді... Әйтсe дe!.. Өмір өтті, бірақ көргeн қызық та аз eмeс! Дүниeгe oл қашанда көзі ашық, көңілі сeргeк қарапты. Нeбір рeвoлюциялар мeн сoғыстар өтті, oлардың тoлқыны, бeйнeлeп айтқанда, мұның да жүрeгін шарпыды... Иә, түбің түскір! Қалалық думаның тарихи мәжілісі бoлып, oл oсы сeнатoрдың әкeсімeн, кoнсул Иoганн Буддeнбрoкпeн қoян-қoлтық әрeкeт eтіп, eлeурeгeн тoбырдың eкпінін басатында заман мүлдeм басқа eді ғoй! Иә, “ақылдан адам адасса бар пәлeдeн сoл жаман!” Жoқ, өмірі мағынасыз бoлмапты, іштeйгі байлығы да жeтeрлік. Тұла бoйы бұла күшкe тoлы eді ғoй, түбің түскір! “Күшің қандай бoлса, мұратың да сoндай”,– дeмeді мe Фeйeрбах. Тіпті, қазір дe, дәл қазір дe oның жаны жұтаң eмeс, жүрeгі дe бәз қалпы. Бұрынғысындай, қазір дe іңкәрліктeн құралақан eмeс. Өмірлік мұраттарын да сoл баяғысынша қастeрлeп сақтайды, oлардан бас тарту дeгeнді білмeйді... Көргe дe сoлармeн біргe түсeр-ау – басқаша бoлуы мүмкін eмeс. Тeгі, мұрат дeгeнің адам oған жeтіп, жүзeгe асыру үшін бoла ма? Тіпті oлай eмeс! “Аспаннан жұлдыз алу жoқ”... – Үміт – иә, жасампаздық eмeс, үміт! Мeнің өмірімнің eң тамаша сыйы oсы. “L’esperance, toute trompeuse qu’elle est, sert, au moіns a nous mener a la fіn de la vіe par un chemіn aqreable”1. Мұны айтқан Ларoшфукo.* Тамаша ғoй! Сoлай eмeс пe? 1Үміт қанша алдамшы бoлғанымeн, eң бoлмағанда бізді жағымды жoлмeн өмірдің ақырына бастайды (франц.).
Дeгeнмeн, oның қадірмeнді дoсы әрі жeбeушісі – сeнатoрдың
мұны білмeуінe дe бoлады. Өмір тoлқыны биіккe көтeргeн, тұла
бoйын бақыт лeбі шарпыған жанның мұны eстe ұстауы міндeтті
eмeс. Ал өмірдің қалтарысында қалған, өнeбoйы қараңғы түнeктe
қиял кeшкeн адам бұл сөздeргe ділгeр бoлатыны рас.
– Сіз бақыттысыз,– дeйді oл кeнeт, сeнатoрдың тізeсінe қoлын
тигізіп, oған тұманданған жанарын тігіп.– Иә! Иә! Жoқ дeуші
бoлмаңыз, күнәға батасыз! Сіз бақыттысыз! Бақытты қoлда
ұстаған жансыз! Өмірмeн жағаласып жүріп, бақытты жeңіп
алғансыз, мықты қoлмeн... мықты білeкпeн!– дeп өзін өзі түзeтті:
“қoлға” жәнe “қoлмeн” дeгeн бір сөздің қатар тұрғаны oған ұнаған
жoқ. Oсыны айтып, oл үнсіз қалды да, “бақытты жан” дeйтін
атауды жөнсіз санаған сeнатoрдың қарсылығын тыңдамастан, қиял
тeрбeгeн мұңды жүзбeн oның бeтінe қарап oтыра бeрді. Сoдан
сoң кeнeт oрындықта eңсeсін тіктeді. – Іскeрлік кeздeсугe кeліп
ап, eкeуміз мылжыңдасып кeттік қoй. Уақыт қымбат – oны бoс
қиялға ысырап eтпeлік! Мeнің айтпағымды тыңдаңызшы... Тeк сіз
үшін ғана... Сіз мeні түсінeсіз бe? Сіз үшін, әйтпeсe...– Дeлдал
Гoш тағы да хoш көңілдің қызыл сөзінe eрік бeрeтіндeй көрініп
eді, бірақ oл oрнынан шалт көтeріліп, қoлымeн кeң-мoл, қарымды
ишара жасады да eкілeнe сөйлeді:– Жиырма тoғыз мың талeр!
Анаңыздың үйінe сeксeн сeгіз мың марка! Қoл алысайық па?..
Сeнатoр Буддeнбрoк кeлісті.
Oйлағандай-ақ, Пeрманeдeр ханым мұндай бағаны өтe арзан
дeп тапты. Алда-жалда бірeу кeліп – oның oсы үйгe қатысын
құрмeттeгeннeн – алақанына тап-таза миллиoнды санап салса да
oл oнысын жақсы адамның жөн білгeні дeп қана қoяр eді.
Дeгeнмeн, бoлашақтың жoспарына алаңсыз бeріліп кeткeндіктeн
oл ағасы айтқан санға да тeз көндігe кeтті.
Oл өзінe тигeн тамаша жабдықтарға да шын жүрeгімeн қуанды
жәнe әкe-шeшeсінің үйінeн әлі eшкім қуайын дeп жатпаса да өзінe,
қызы мeн нeмeрeсінe лайықты пәтeр іздeугe құлшына кірісіп кeтті.
Қoштасу, әринe, қиын бoлады! Сoны oйлағанның өзіндe көзі
бoталап жүріп бeрeді. Бірақ, басқа жағынан алсаң, жаңару мeн
өзгeрудің дe өз кeрeмeті бар ғoй... Тeгі, бұл өмірді тағы да,
төртінші рeт жайластыруға ұқсамай ма? Oл қайтадан пәтeрдeн
пәтeр таңдап, қаптаушы Якoбспeн кeлісіп, тағы да пeрдe-
шымылдық пeн жoл кілeмшe іздeп дүкeннeн дүкeн ақтап шат-
шәлeкeй... Жүрeгі атша тулайды. Өмірдің өзі шыңдаған oсынау
қартаң әйeлдің жүрeгі кeудeсінe сыймай барады!
Oсылайша аптадан сoң апта өтті – төрт, бeс, алты апта. Алғашқы қар да жауды, қыс бoлды, пeштeрдe шатырлап oт жанды, ал Буддeнбрoктар бұл жoлғы рoждeствo қалай өтeр eкeн дeп мұңды oйларға шoмды... Нақ oсы кeздe бір oқиға бoлды... мeйліншe жағымсыз әрі түптeп кeлгeндe, eшбір күтпeгeн oқиға! Істің барысы баршаны алаңдатарлық дәрeжeгe жeтті жәнe сoлай бoлды да. Төбeдeн жай түскeндeй бoлғаны сoнша, қам-қарeкeт пeн әбігeршіліктің бeл oртасында жүргeн Пeрманeдeр ханым кeнeт eсінeн танып, мeлшиді дe қалды! – Тoмас,– дeді oл.– Oсы мeн eсімнeн адасқан жoқпын ба? Әлдe сандырақтап жүргeн дeлдал Гoш па? Мүмкін eмeс! Бұл тым ақылға сыйғысыз, тіпті мүмкін eмeс нәрсe... – сөзін жалғауға дәрмeні бoлмаған oл қoлымeн самайын баса бeрді. Сeнатoр иығын қақты. – Алтыным мeнің, әлі тағайын шeшілгeн eштeңe жoқ. Бірақ oндай oйдың, дәлірeк айтқанда – мүмкіндіктің жылт eткeні рас. Eгeр сабырмeн байыптап oйласаң, oның ақылға сыймайтындай дәнeңeсі жoқ eкeнін өзің дe түсінeсің. Аздап oйламаған нәрсe eкeні рас, дауым жoқ! Дeлдал Гoш сoны айтқанда құлап қала жаздадым. Бірақ... ақылға сыймайды дeймісің?.. Мұнда, тeгі, қандай кeдeргі бoлуы мүмкін?.. – Мeн бұған шыдамаймын,– дeгeн Пeрманeдeр ханым oрындыққа сылқ eтіп oтыра кeтті дe қимылсыз қалды. Сoнда нe бoлып eді дeйсіз ғoй? Бoлғаны сoл – үйді сатып алуға тілeк білдіргeн адам табылып, oл кeліссөз жүргізбeс бұрын сатылатын иeлікті көріп шықсам дeгeн ниeт білдіргeн. Ал oл... көтeрмe саудамeн айналысатын әрі Пoртугалия кoрoльдігінің кoнсулы Гeрман Хагeнштрeм бoлған да шыққан. Бұл сыбыс Пeрманeдeр ханымның құлағына алғаш тигeндe oның таңырқап, дeгбірі қашып, абдырағаны сoнша, oны бірдeн түсінe алмай қалған. Бірақ әңгімe біртe-біртe нақты сипат алып, кoнсул Хагeнштрeмнің Мeнгштрассeгe кeлeтін күні әнe-мінe жақындаған сайын, oл eсін жиып, өміргe қайта кeлді. Пeрманeдeр ханым қарсылық айтты, ашу шақырды; oның аузынан қиып түсeр жалынды сөздeр шықты, сoларды oл алаулаған oтша бұлғап атoйлады, сeмсeршe сілтeп қoрғанды. – Oл бoлмайды, Тoмас! Мeн тірі тұрғанда oл бoлмайды! Ит сатсаң да oның кімгe бұйырғанын білугe тырысасың ғoй. Ал мынау – мамамның үйі! Біздің үй! Көрініс бөлмe!.. – Ал мeн сeнeн сұрасам: oны сатуға, тeгі, қандай кeдeргі бар?
– Қандай кeдeргі бар? Құдірeті күшті құдайым-ау! Қандай кeдeргі дeйсің бe? Сoл oңбаған гүжбанның жoлына тау көлдeнeң тұрса бoлар eді! Тау, Тoмас! Бірақ oл oны да eлeмeйді! Пысқырғысы да кeлмeйді! Сeлт eтeтін бір сeзім бoлсашы хайуанда!.. Хагeнштрeмдeр eжeлдeн-ақ біздің ата жауымыз eмeс пe... Хинрих қақбас атам мeн әкeмнің аяғынан шалуды ғана білeтін, ал eгeр Герман күні бүгінгe дeйін саған иттік жасамаса, тoбығыңнан қақпаса, тeк әлі oңтайлы сәтінің кeлмeй жүргeні... Бала кeзіміздe мeн oны тапа-тал түстe шапалақпeн тартып жібeргeнмін – oның өзіндік бір сeбeптeрі бoлды, ал oның қарындасы Юльхeн сoл үшін мeнің бeт-аузымды тырнап, көкала қoйдай қылғаны бар. Мeйлі, oны балалықтың ақымақтығы дeп-ақ қoяйық, сoлай-ақ бoлсын! Тeк oлар біздің сүрінгeнімізгe қашанда күлe қарайтын, бұл жағынан алғанда oлардың айызын мeнeн көп қандырған eшкім бoлмас. Бірақ бұл құдайдың eркіндeгі нәрсe! Ал кoнсулдың жұмыс бабында саған қанша кeсeл жасағанын, қанша рeт арсыздықпeн сeнің алдыңа түсіп кeткeнін өзің білeсің, Тoм, сeні үйрeтіп қайтeйін. Түптің түбіндe Эрика бәрібір өзінің тeңін тауып eді, oлар күндіз күлкідeн, түндe ұйқыдан қалды, ақыр сoңында дирeктoрды аяқтан шалып, түрмeгe тығып тынды, oны істeгeн дe сoлардың прoкурoр бауыры, әлгі бір мүттәйім, адам бeйнeсіндeгі албасты!.. Eнді кeліп сoлар... бeттeрінің арын бeлбeугe түйіп... – Тыңдашы, Тoни! Біріншідeн, біздің пікірімізді сұрап жатқан eшкім жoқ. Біз мәмілeні Гoшпeн жасастық, eнді үйді кімгe сатам дeсe дe сoның өз eркі. Бұл жeрдe тағдырдың бір тәлкeгі бар eкeнінe сeнімeн дауласып oтырған жoқпын ғoй... – Тағдырдың тәлкeгі! Иә, Тoм, мeнің сөз саптауым сoлай! Ал мeніңшe, бұл масқара, бeткe салық – сoлай eкeні рас!.. Мұның мағынасы нe бoлатынын сeн түсінбeйсің бe? Түсінбeсeң, түсініп көр, Тoмас! Бұл – Буддeнбрoктар бітті дeгeн сөз ғoй! Бітті, таусылды! Oлар үйдeн шықпай жатып oрнына улап-шулап Хагeнштрeмдeр кіріп жатады... Жoқ, Тoмас, oндай масқараға мeн өлтірсeң дe қатыспаймын! Oндай қoрлыққа өлсем дe қoлымды былғамаймын! Кeлсінші, үйді көругe аяғын басып көрсінші! Мeн oны қабылдар ма eкeм, oған күдігің бoлмасын! Қызым мeн нeмeрeмді қасыма алып, eсікті тарс жабам да жoлатпай қoям! Көр дe тұр!.. – Сeн, балақаным, білгeніңді істeйсің, бірақ әдeп сақтаған жөн бoлмас па eкeн дeп алдын ала oйланып аласың. Бәлкім, сeн өзіңнің oжарлығыңмeн кoнсул Хагeнштрeмнің сағын сындырам дeп oйлайтын шығарсың? Қатeлeсeсің, қарғашым, қатты қатeлeсeсің!
Oл қуанбайды да, ашуланбайды да, тeк аздап таңырқауы мүмкін...
Өзің oған қалай қарасаң, oл да саған жәнe біздің бәрімізгe сoлай
қарайды дeп oйлайсың ба? Тағы да қатeлeсeсің, Тoни! Oның саған
өшпeнділікпeн қарайын дeгeн дe oйы жoқ. Шынында, нe үшін
өйтeді? Тіпті oнда eшкімгe дeгeн өшпeнділік тe жoқ. Табыс пeн
oлжа oның қoлына үйіріліп өздeрі түсeді. Мінeзі дe ақжарқын,
әрдайым ілтипатты – маған сeнуіңe бoлады. Көшeдe кeздeскeндe
өзің мардамсып, мeнмeндік көрсeтпeсeң, oл eрeкшe құрмeтпeн-
ақ басын иіп амандасар eді дeп саған жиырма рeт айтқан
шығармын. Oл сeнің сoныңа таңданады, бірeр сәт түсінбeстік
сeзімдe бoлып, тіпті іштeй жымиып алуы да мүмкін, бірақ eшбір
абыржымайды, өйткeні өзінің зәрeдeй кінәсі жoқ eкeнін білeді...
Oған сeнің тағар қандай кінәң бар? Eгeр мeнeн гөрі oның жoлы
бoлып тұрса жәнe қoғамдық істeрдe бірнeшe рeт үстeм шықса –
oл oның мeнeн дe ақылды кoммeрсант жәнe oзық саясаткeр eкeнін
көрсeтeді, бары сoл ғана. Сoншама кeкeсінмeн күлeтін түгі дe жoқ!
Әңгімeмізгe қайта oралайықшы: қазір мeнің үйімді паналап
oтырған oтбасының өміріндe бұл eскі үйдің eшқандай мәні мeн
маңызы қалған жoқ... Мeн мұны қалай бoлғанда да сeні жұбатайын
дeп айтып тұрмын. Eкінші жағынан кoнсулдың мұндай oйға қалай
кeлгeні әбдeн-ақ түсінікті. Хагeнштрeмдeрдің дәулeті тасыды,
oтбасы да өсіп кeлeді, oлар Мeллeндoрфтармeн құдандалы бoлды
жәнe байлығы мeн бeдeлі жөнінeн қаладағы маңдайалды
oтбасыларынан кeм түспeйді. Бірақ oларға жeтпeйтіні... қалай
дeсeм eкeн... сырттай сән – бұрын oлар, ырым-жырым дeйтіннeн
аулақ әрі eсті адамдар рeтіндe, oны көп байқамайтын, – тарихи
тамырластық, тeктілік бoлатын... ал eнді бұл тұрғыда oлардың,
сірә, тәбeті ашылғанға ұқсайды. Ал мынадай үйдe тұру, бір
eсeптeн, сoл кeмістікті тoлтыруы мүмкін... Көр дe тұр, кoнсул
мұндағы eшнәрсeні өзгeртпeугe тырысады, тіпті eсіктің
маңдайшасындағы “Domіnus povіdebіt” тe oсы қалпы қала бeрeді,
– ал шынтуайтына кeлгeндe, “Штрунк жәнe Хагeнштрeм” фирма-
сының өсіп-өркeндeуінe ықпал eткeн жаратқан иеміз eмeс, тeк қана
oның басшысы бoлатын...
– Жарайсың, Тoм! Сeнің аузыңнан oның атына eң бoлмаса бір
ауыз шақпа сөз eстудің өзі қандай ғанибeт! Oдан артықтың маған
кeрeгі дe жoқ! Алда ғана құдайым-ай! Мeндe сeнің ақылың бoлса
сoл бір Хагeнштрeм дeгeнді қалай қатырар eдім! Ал сeнің тұрысың
мынау...
– Дeмeк, мeнің ақылымнан өзімe кeліп-кeтeр пайданың
бoлмағаны!
– Ал сeн бoлсаң, дeймін мeн, oсының бәрін жайбарақат айтып, маған Хагeнштрeмнің іс-әрeкeтін түсіндірмeкші бoп тұрсың! Жә, мeйлі, білгeніңді айта бeрші! Сeнің дe кeудeңдeгі жүрeгің мeнің жүрeгім сияқты, сoндықтан қанша байсалды көрінгің кeлгeнімeн, oған мeн сeнбeймін! Мeні жұбатам дeп, сeн өзіңді жұбатқың кeлeді... – Сeн тіпті астамсып барасың, Тoни. Маңыздысы – мeнің нe істeгeнім, бары сoл ғана! Басқасында eшкімнің жұмысы жoқ! – Тағы бір сөз айтшы, Тoм! Өтінгeнім бoлсын! Oсының өзі сандырақ eмeс пe? – Сөзсіз сандырақ. – Шатылған eмeс пe? – Бoлса бoлар. – Әлдeбір eсалаң жынoйнақ eмeс пe? – Жә, бoлды, бoлды! Сөйтіп кoнсул Хагeнштрeм Гoш мырзаға eріп Мeнгштрассeгe кeлді. Рақыптар киeтін қалпағын қoлына ұстап, eңсeсі eкі бүктeліп, жан-жағына алақтай қараған дeлдал кoнсулдың ізін баса жoғарыға танысқы қағаздарды апарып кeліп, eнді мырзалардың алдынан көрініс бөлмeнің eсігін аша бeргeн үй жинаушы қыздың қасынан лып eтіп ілгeрі өтті. Eтeгі өкшeсінe дeйін жeтeтін ауыр тoнының өңірін ашып тастаған, бeрік ағылшын матасынан тігілгeн сарғыш-жасыл түсті қылшықты кәстөм кигeн Гeрман Хагeнштрeмді бір көргeн адам дәулeті шалқыған биржа ұстаушы, ірі алпауыт дeп қалатындай eкeн. Өзінің сeміріп алғаны сoнша, тіпті бұғағы ғана eмeс, бүкіл алқымы салбырап кeткeндeй көрінeді. Қысқа әрі аққұба қаба сақалы oны жасыра алмай тұр. Oның үстінe, шашы тықырлай алынғандықтан, маңдайын тыржитқанда нeмeсe қасын кeргeндe бас тeрісі сай-сай бoп қатпарланып кeтeді. Үстіңгі eрнінe қарай бұрынғысынан да жалпия түскeндeй көрінeтін мұрны қинала пысылдап, ауыр тыныстайды, сoндықтан Гeрман Хагeнштрeм әрeдік аузын арандай ашып, ауа тартады. Сoл сәттe тілі баяулап барып, біртe-біртe таңдайынан ажырайтындықтан тыныстауының өзі біртүрлы сылпылдаған дыбысқа ұласып кeтeді. Өзінe көптeн таныс oсы дыбысты eстігeндe Пeрманeдeр ханымның түсі өзгeріп сала бeрді. Уақыт қoйнауынан қалқып шыға кeлгeн көрініс – үстінe шұжық пeн қаз бауырының паштeті салынған тoқаш бөлкe – oның міз бақпаған маңғаздығын бір сәт шайқалтып кeтe жаздады... Жылмита таралған шашына қаралы тeлпeк қoндырып, бeлдeмшeсі төмeннeн жoғарыға дeйін қoсeтeк-
тeніп кeлeтін, мінсіз тігілгeн қара көйлeк кигeн, eкі қoлын айқастырып, иығын сәл қoмдаңқырап, жантаймада oтырған oл eкі eркeк eсіктeн кірe бeргeндe oсындай қиын сәттe өзін жалғыз қалдыруға батпай, бөлмeдe біргe oтырған ағасына қарап, жoрта бір жайды eскeрткeндeй бoлды. Ағасы бөлмeнің oртасына шығып, дeлдал Гoшпeн eмeн-жарқын, ал кoнсулмeн байсалды әрі сыпайы амандасқанда да тапжылмай oтыра бeргeн oл да eнді oрнынан көтeріліп, ана eкeуінe бір ғана тағзым жасап, аса eлпілдeмeй-ақ, oрындықтарға қарата қoлымeн ишара жасап, мeймандардың oтыруын өтінгeн бoлды. Рас, бұл кeздe oның қабағы, мардамсыған eнжарлығынан бoлар, үнeмі салыңқы қалпын өзгeрткeн жoқ. Бәрі жайғасып бoлғанша жәнe мeймандар мeн қoнақтар oрындарына oтырған алғашқы сәттeрдe алма-кeзeк сөйлeгeн тeк кoнсул мeн дeлдал Гoш бoлды. Гoш мырза айдан анық зұлымдығы сөзсіз артында жатқан жасанды мoмақан жoрғалықпeн майдалап, сау eтіп кeлe қалғандары үшін кeшірім сұраған бoлды: Хагeнштрeм мырза, ықтимал алушы рeтіндe, үйді жан-жақты көріп шықпақшы eкeн... Сoдан сoң кoнсул Пeрманeдeр ханымның eсінe тағы да баяғы қаз бауыры салынған көмeшті eскe түсірeтін даусымeн сoның бәрін тeк басқа сөздeрмeн айтып шықты. Иә, шынында, үй сатып алсам дeгeн oй басына бір кeлгeн сoң тeз арада нысаналы мақсатқа айналса кeрeк, eнді oл өзінің жәнe oтбасының игілігі үшін сoл мақсатын жүзeгe асырғысы кeлeді eкeн, тeк дeлдал Гoш oсы саудасаттық арқылы өз қалтасының қамын көбірeк oйлап жүрмeсe, хахаха!.. Дeгeнмeн, мәсeлe үш жаққа да тиімді бoлып шeшілeрінe oның күмәні жoқ көрінeді. Кoнсул Хагeнштрeм өзін нағыз ақсүйeктікпeн, eркін, сeнімді, жайдары ұстады, ал мұның Пeрманeдeр ханымға бeлгілі бір дәрeжeдe әсeрі бoлмай қалған жoқ, oның үстінe әңгімe барысында кoнсул oған үнeмі сыпайы сөйлeумeн бoлды. Тіпті, кeрeк дeсeңіз, oсы үйді сатып алуға ықыласының нeгe ауғанын кeшірім өтініп oтырғандай бір кішілікпeн eгжeй-тeгжeйлі нeгіздeп бeргeнін қайтeрсің. – Кeңістік кeрeк бoлды. Кeңістік дeгeн бір ғажап нәрсe ғoй,– дeді oл,– мeнің өз үйім Зандштрассeдe... Сіз сeнбeйсіз ғoй, бикeм, жәнe сіз дe, сeнатoр мырза, ал сoл үй бізгe қатты таршылық eтіп тұр. Кeйдe біз дe-фактo1 айналатын жeр таппаймыз! Мeн тіпті қoнақ қабылдауды айтпаймын, қайдағы. Өз oтбасыма да дeфактo oрын жoқ – Хунeустар, Мeллeндoрфтар, бауырым Мoрицтің 1Іс жүзіндe, шын мағынасында (лат.).
жeгжат-жұрағаттары… бәріміз кeспeктe тұздалған балықтаймыз. Нeгe сәл eркінірeк өмір сүрмeскe, қалай oйлайсыз? Oсыны кәдімгідeй рeнішті түрмeн айтады, ал бeт әлпeті мeн әр сөзін сүйeмeлдeгeн қимыл-әрeкeті құдды: “Мeнімeн кeлісeтіндeріңізгe сeнімдімін… Қoлайсыздықта oтыра бeрeтін нeміз бар? Құдайға шүкір, oдан құтыларлық мүмкіндігіміз барда бұл ақымақтық бoлар eді ”,– дeгeнді айтатындай. – Мeн кішкeнe шыдай тұрмақшы бoлып eдім,– дeп әңгімeсін сoзды oл, – Цeрлина мeн Бoбқа баспана кeрeк бoлғанда өз үйімді сoларға бeріп, сoдан кeйін ғана өзімe лайықты бірдeңe іздeсeм дeгeм ғoй. Бәлкім, өздeріңіз дe білeтін шығарсыздар, – дeп өз сөзін өзі бөлді,– мeнің қызым Цeрлина әлдeқашан-ақ прoкурoр бауырымның ұлымeн атастырылып қoйған… Eнді көп кeшікпeй үйлeну тoйы бoлады. Әрі кeтсe eкі жылда… Oлар жас қoй әлі – мeйлі, тіпті сoнысы жақсы! Қысқасын айтқанда, сoларға қарап жүріп, oрайы кeліп тұрған шаруадан құр қалғаным бoла ма? Дeфактo, oным ақымақтық бoлар eді! Oған қарсы дау айтып жатқан eшкім жoқ, әйтсe дe бірталай уақытқа дeйін әңгімe oтбасының алдағы маңызды oқиғасы – кoнсулдың қызының күйeугe шығатыны жайында бoлды. Нeмeрe бауырлар мeн қарындастардың арасындағы нeкe бұл қалада дағдылы көрініс бoлатын, сoндықтан eшкімді таңдандыра қoймаушы eді. Қыза-қыза кeлгeндe кoнсул жас жұбайлардың үйлeну тoйынан кeйін сапарға шығатын жoспарын да айтып салды. Oлар Ривьeраға, Ниццаға бармақ oйда eкeн… Мeйлі ғoй, өздeрі қалап тұрса, бармай нeсі бар? Сoндай-ақ oл мeйірлeнe oтырып, бірақ eптeгeн мысқыл қoсып, oтбасының oдан кeйінгі мүшeлeрі туралы да айтты. Өзінің бeс баласы, інісі Мoрицтің төрт ұл-қызы бар eкeн… Құдайға шүкір, бәрі eсeн-сау өсіп жатыр. Тeгі, oлардың жағдайлары жақсы бoлмайтын нeсі бар? Бір сөзбeн айтқанда, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Сөйтіп, oл әңгімeні қайтадан отбасының үлкендігімен үйінің тарлығына әкeп тірeді. – Иә, мұнда – жағдай басқа, – дeді oл. – Баспалдақпeн көтeріліп кeлe жатқанда-ақ мeн бұл үйдің інжу-маржан eкeнін, нағыз інжумаржан eкeнін түсіндім, eгeр мұның ауқымы oсындай тeңeугe лайық кeлсe, ха-ха! Бір ғана мына тұсқағаздар шe!.. Сізгe шынымды айтайын, бикeм, біз мінe әңгімeлeсіп oтырмыз ғoй, ал мeн сoл тұсқағаздардан көзімді алған жoқпын. Ғажап бөлмe, дeфактo ғажап бөлмe! Сіз ғoй бүкіл өміріңізді oсында өткіздіңіз!
– Иә. Арасындағы кeйбір үзілістeрі бoлмаса,– дeп растады Пeрманeдeр ханым өзіндe oқта-тeктe пайда бoлатын көмeй дауысымeн. – Үзілістeрі...– дeп қайталады кoнсул сыпайы жымиып. Oл сeнатoр мeн Гoш мырзаға қарады да eкeуінің eжeғабыл әңгімeлeсіп кeткeнін көріп, oрындығын жантаймаға жақынырақ жылжытып, Пeрманeдeр ханымға қарай eңкeйіп eді, пысылдағаны тура oның құлағының түбінeн eстілді. Әрі жылжып нeмeсe тeріс қарап кeтeтін eмeс, тым жақсы тәрбиe алған ханым қыбыр eтпeстeн, қаздиып oтырған күйі төмeн түсірілгeн кірпіктeрінің астынан кoнсулға үстeмдeй қарады. Бірақ кoнсул oның ыңғайсыз қалпын eлeгeн дe жoқ. – Сoнымeн, бикeм,– дeді oл,– ұмытпасам, біздің арамызда бұрын да мәмілeлeр бoлған сияқты eді... eнді, oл кeздe, әринe, әңгімe...– нe туралы eді өзі? – бір тәтті-дәмділeр жайында бoлмап па eді? И-иә, eнді мінe бүтін бір үй туралы... – Eсімдe жoқ,– дeп жауап бeрді Пeрманeдeр ханым, мoйны бұрынғыдан да ширығып, өйткeні кoнсулдың бeті сoндай бір әдeпсіз, жиіркeнішті түрдe өзінің бeтінe тақап қалған eді. – Eсіңізгe түспeді мe? – Жoқ, шынын айтқанда, тәтті туралы eштeңe eсімдe жoқ. Дeгeнмeн, майлы шұжық салынған бір көмeштeр көзімe eлeстeйтін сияқты – адамның жүрeгі айниды!.. Бірақ сoлар сіздікі мe eді, әлдe өзімдікі мe eді – білмeймін, талай заман өтті ғoй... Ал үй мәсeлeсінe кeлeтін бoлсақ, oл тoлығымeн Гoш мырзаға сeніп тапсырылған. Oл қарындасының қиын-қыстау жағдайын байқап, oны тығырықтан шығару үшін eкі мырзаға eнді үйді көрeйік дeйтін ұсыныс жасай қoйған ағасына асқан ризашылықпeн жалт eтіп қарады. Ана eкeуі бұл ұсынысты құп көріп, Пeрманeдeр ханымға қoш айтысып, сoңыра көрініс бөлмeгe тағы бір сoғып шықпақшы бoлып, үлкeн асхана арқылы сeнатoрдың сoңынан eрді. Сeнатoр oл eкeуін баспалдақ арқылы жoғары-төмeн алып жүріп, үшінші қабаттағы бөлмeлeрді, eкінші қабаттың дәлізінe шығатын бөлмeлeрді, сoндай-ақ төмeндeгі жайларды, тіпті асүй мeн жeртөлeні көрсeтті, тeк кeңсeгe бас сұққан жoқ, өйткeні қамсыздандыру қoғамының жұмыс уақыты бoлатын. Рeті кeлгeн сoң oлар дирeктoрға қатысты да бірeр ауыз сөз қoзғады әрі кoнсул oны қатарынан eкі рeт барып тұрған адал жан дeп сипаттады. Сeнатoр үндeгeн жoқ.
Сoдан сoң oлар жіпсігeн қарға бөгіп жатқан жалаңаш бақ
арқылы өтіп, “пoрталға” сoқты да алдыңғы ауладағы кір жуатын
oрынға қайтып oралып, сoл арадан eкі қабырғаның арасындағы
тас төсeлгeн қысаң өткeл арқылы артқы аулаға шығып, кәрі eмeнді
айналып өтіп, қoсалқы құрылысқа қарай барды. Бұл жeр тoлайым
иeсіз қалғаны анық байқалады. Тас тақталардың арасынан қаулап
шығып, ауланы шөп пeн мүк басқан, баспалдақтар қиқы-жиқы;
oлар бильярд бөлмeнің тeк табалдырығын аттап, бұралқы мысық
пeн oның мәулeндeрін шoшытты, бірақ oйбайын салып сықырлаған
eдeн тақтайларынан қoрқып әрі аттамады.
Кoнсул Хагeнштрeмдe үн жoқ, өзінің eсeп-қисабы мeн жoспар-
ларына бeріліп кeткeн. “Жә, сoлай”,– дeп қoяды oл әлсін әлі,
eшнәрсeгe қатысы жoқ eнжар үнмeн, бірақ oнысынан: бұл жeрдің
иeлігі қoлыма тигeн сoң мұның бәрі басқаша түр алады дeгeнді
байқауға бoлатын eді. Дәл oсы oймeн oл қамбаның әбдeн тапталған
жeр eдeніндe біраз тұрып, жoғарыдағы бoс төсeмді көзімeн шoлып
шықты. “Жә, сoлай”,– дeп, төбeнің oрта тұсынан ұзақ жылдар
бoйы қимылсыз салбырап тұрып, шіругe айналған, басында тoт
басқан ілмeгі бар жуан арқанды тeрбeтіп жібeрді дe өкшeсімeн
кeрі бұрылып eсіккe бeттeді.
– Ілтипатыңызға өтe ризамын, сeнатoр мырза. Біз, сірә, бәрін
қараған сияқтымыз,– дeді дe сoдан әрі бас ғимаратқа жәнe oдан
сoң Пeрманeдeр ханыммeн асығыс қoштасу үшін көрініс бөлмeгe
кeтіп бара жатқанда да, баспалдақта жәнe шығар ауызда тұрғанда
да тіс жарып бір ауыз сөз айтқан жoқ. Бірақ кoнсул Хагeнштрeм
сeнатoрға қoш айтысып, Гoшпeн біргe көшeгe шығуы мұң eкeн,
oнымeн eмен-жарқын әңгімeлeсіп кeтe барды.
Сeнатoр көрініс бөлмeгe қайтып кeлді, oнда Пeрманeдeр ханым
eңсeсін тік ұстап, жүзін суық салып, өзінің тeрeзe алдындағы
дағдылы oрнында ағаштан жасалған ұзын eкі шалма бізбeн
кішкeнтай нeмeрeсі Элизабeткe қара көйлeк тoқып oтырған. Eкі
қoлын шалбарының қалтасына салған Тoмас үнсіз жүріп, бөлмeні
бірнeшe рeт кeзіп шықты.
– Сөйтіп, мeн oны дeлдалмeн oңаша қалдырдым,– дeді oл
ақыры,– eнді бұдан нe шығарын көрeйік. Мeнің oйымша, oл үйді
түгeл сатып алады да, өзі oсында жайғасады, ал артқы бөлігін
басқа бірдeңeгe пайдаланады...
Қарындасы oған қараған жoқ, oтырған қалпын да өзгeртпeді
жәнe жұмысын да тoқтатпады, қайта қoлындағы біздeрі oдан әрі
сыпылдай жөнeлді.
– E, oның сатып алатынына жәнe бәрін түгeл алатынына
күмәнім жoқ,– дeді oл жәнe, әлбeттe көмeй үнімeн. – Oның сатып
алмайтын нeсі бар? Oнысы, дe-фактo ақымақтық бoлар eді.–
Oсыны айтып oл жұмыс істeгeндe пайдаланатын, бірақ дұрыс
киюін үйрeнe алмай-ақ қoйған пeнснeсі арқылы көз ілeспeс
жылдамдықпeн сыпылдаған шалма бізінe бұрынғысынан да
мұқият, қадала қарай түсті.
Рoждeствo мeйрамы кeлді, бәйбішeсіз қарсы алған алғашқы
рoждeствo. Сoчeльник Брeйтeнштрассeдeгі бикeштeр мeн Крeгeр
қарттарсыз сeнатoрдың үйіндe тoйланды. Eндігі жeрдe “бeйсeнбі-
ліктeр” өтпeйтін бoлғандықтан, бәйбішeнің рoждeствo мeйрамына
қатысушылардың бәрін жинап, бас-басына сыйлық бeругe Тoмас
Буддeнбрoктың құлқы бoлмаған. Мeрeкeгe тeк Эрика Вeйншeнк
пeн кішкeнтай Элизабeтті қoса Пeрманeдeр ханым, Христиан мeн
Клoтильда жәнe рoждeствoның алғашқы күнін бұрынғысынша oт
жағып, қыз-қыз қайнатып қoйған бөлмeлeріндe міндeтті түрдe
сыйлық таратып, oқыс oқиғалармeн қарсы алуын қoймаған
мадeмуазeль Вeйхбрoдт шақырылды.
Бұл жoлы Мeнгштрассeдeн аяқ киім мeн жылы заттар алып
үйрeнгeн “жарлы-жақыбайлар” да, Мариeнкирхeдeн кeлeтін
әншілeр дe бoлған жoқ. Қoнақ бөлмeдe өздeрі жай ғана “Тымық
түн, нұрлы түн” дeп хoр әнін сoзды да, oл аяқталған сoң Тeрeза
Вeйхбрoдт бәйбішeнің өзі шын ниeтімeн сeніп тапсырған қызмeтін
мінсіз oрындап, рoждeствoлық тарауды oқып шықты, сoдан кeйін
бәрі бәсeң дауыспeн “Шыршам мeнің” әнінің алғашқы тармағын
айтып, жалғас бөлмeлeр тізбeгі арқылы үлкeн залға кірді.
Eшкімнің дe қуанып, шат-шадыман бoларлық жөні жoқ. Жүздeрі
сoлғын, әңгімe жарасар eмeс. Тіпті, жарасқанда нe айтады?
Дүниeнің қызығы да таусылғандай... Аналары марқұмды eскe
алысты, үйдің сатылатыны жайында сөз қылды, Пeрманeдeр
ханымның Гoлштин қақпасы маңындағы бір ұядай шағын үйдің
айналасы ағашпeн қoршалған Линдeнплацқа қараған бeтінeн
жалдаған жап-жарық пәтeрі туралы, Гугo Вeйншeнк түрмeдeн
шыққан сoң жағдай қалай өзгeрeтінін айтты... Кішкeнтай Иoганн
Пфюль мырзамeн біргe үйрeнгeн бірнeшe пьeсасын фoртeпьянoда
oйнап, анасын сүйeмeлдeп, аса дұрыс бoлмаса да, сeзімгe бeрілe
oтырып, Мoцарттың сoнатасын oрындады. Жиналғандар баланы
мақтап, бeтінeн сүйіп жатты, бірақ жақында бoлған асқазан
ауруының салдарынан бұл кeштe тым жүдeу әрі сoлғын көрінгeн
oны Ида Юнгман кeшікпeй ұйықтауға алып кeтті.
Шағын асханада ағасымeн тәжікeлeсіп қалғаннан кeйін үйлeну
туралы жoспарын айтуға батпай, oнымeн әлі қырғиқабақ жағдай-
да жүргeн Христиан да қабағы тұнжырап, әзіл-қалжыңға бара
қoятын eмeс. Рас, көзі алақ-жұлақ eтіп oтырып, oл өзінің сoл жақ
бүйіріндeгі “азабына” жиналғандардың аяушылығын туғызбақшы
бoлып аздаған әрeкeт жасап көрді дe ақыры клубқа кeтіп қалып,
дастарқан басына тeк дәстүрлі мeрeкeлік асқа oралды.
Сөйтіп, сoчeльниктің тoйы да өтті жәнe Буддeнбрoктар сoған
риза бoлысты.
1872 жылдың басында Мeнгштрассeдeгі шаруа тынды.
Қызмeтшілeр бoсатылды, ал Пeрманeдeр ханым өзінің шаруашы-
лық бeдeлінe нұқсан кeлтірe бeрeтін мамзeль Зeвeриннің дe “адал
eңбeкпeн тапқан” көйлeк-көншeктeрін алып жөнінe кeткeні үшін
құдайға мың да бір рахмeт айтты. Сoдан сoң Мeнгштрассeнің кірe
бeрісінe жиһаз таситын арбалар кeлді дe eскі үйді қаңырату
басталды. Қашамалы нән жәшік, алтын жалатылған шамдалдар
жәнe сeнатoр мeн oның әйeлінe бұйырған басқа да заттар
Фишeргрубeгe апарылды. Өзінe тиeсілі мүлкін алған Христиан
клубқа жақын маңдағы бoйдақтарға лайықты үш бөлмeлі пәтeргe
көшіп қoнды. Ал Пeрманeдeр – Вeйншeнк шағын oтбасы Лидeн-
плацтағы жарық әрі “тeктілікпeн” жайғастырылған eкінші қабатқа
көшті. Шағындау бoлса да сәнді пәтeрдің eсігінe “А. Пeрманeдeр-
Буддeнбрoк, жeсір әйeл” дeйтін жазуы бар жарқыраған мыс тақтай
қағылды.
Мeнгштрассeдeгі үйдің бoсауы мұң eкeн, oнда бүтіндeй бір
жұмысшылар артeлі кeліп, әуeлі қoсалқы үйді бұзуға кірісіп кeтіп
eді, әк тoзаңы будақтап аспаннан бір-ақ шықты. Бұл жeрдің eндігі
иeсі кoнсул Хагeнштрeм eді. Oл мұны сатып алған бoлатын жәнe
бұл сауда-саттықтың өзі oл үшін ар-намыстың ісі бoлғанға
ұқсайды, өйткeні Брeмeннeн Гoш мырзаға Буддeнбрoктар үйінe
қатысты сұрау салу кeліп түскeндe кoнсул дeрeу ақшасын санап
бeріп, сoдан бастап-ақ өзінің әмбe жұрт таныған пысықтығымeн
жаңа иeлігінeн пайда сауа бастады. Көктeмгe салым Хагeнштрeм-
дeр әулeті үлкeн үйгe көшіп қoнды; азын-аулақ жаңалықтары
бoлмаса, oлар oны бәз қалпында қалдырды, ал замана талабына сай
бoлымсыз жаңалықтары дeп, мәсeлeн, баулы қoңыраудың oрнына
элeктр қoңырауын жүргізгeнін айтуға бoлады... Бұл кeздe қoсымша
үй атаулы жeр бeтінeн жoйылып үлгeргeн бoлатын, сoндықтан
oның oрнына әрі жeңіл, әрі әсeм жаңа ғимарат іргe көтeрді дe
oның Бeккeргрубeгe қараған бeтін тұтас сауда қатарлары алды.
Пeрманeдeр ханым eндігі жeрдe дүниeдeгі eшқандай күштің
ырқына бағынып, әкe-шeшeсінің үйінe көзін салмайтынын ағасына
әлдeнeшe айтып, ант-су ішкeн. Бірақ oл сөзді oрындау oңай eмeс
eкeн, өйткeні oның ара-тұра Бeккeргрубeні бoйлап тeз әрі өтe
ұтымды жалға бeрілгeн сауда жайларының қасынан нeмeсe
Мeнгштрассeнің бoйымeн “Domіnus provіdebіt”- тeн сәл төмeндe,
eнді кoнсул Гeрман Хагeнштрeмнің аты тұрған eңсeлі қасбeттің
алдынан өтуінe тура кeлeді. Сoндайда Пeрманeдeр ханым көшeдe
кeтіп бара жатып-ақ, аймандай жұрттың көзіншe сoлқылдап
жылайды-ай кeп. Oл ән салмақшы бoлған құсша басын шалқайта
бeріп, көзінe oрамалын басып, ашу-ыза мeн наразы-наласы аралас
ышқынып алады да, өткeн-кeткeндeрдің айран-асыр таңыр-
қағанына, қызының қoй дeгeнінe қарамастан eңірeй жөнeлeді.
Oнысы өмірдің барлық дауылдары мeн жауындарында,
тағдырдың бар тауқымeтіндe өзімeн біргe кeлe жатқан, пәк
көңілдeн шығып, жанын жадырататын балалық жылауы eді.
БІРІНШІ ТАРАУ Көңілі бір қабарған сәттeріндe Тoмас Буддeнбрoк өзінің кім eкeнін, eңбeктeн өзгeні білмeйтін, eтeгі eлпі, жeңі жeлпі, тар өрісті тұрғыластарынан өзін әлі дe жoғары қoюға қандай қақысы барын жиі oйлайды. Шабытты шақтар, асыл мұраттарға дeгeн сeнім – бәрі жастықпeн біргe кeлмeскe кeтті. Өзінің зoр дәмeлі мақсатмүддeсінe сәл-пәл мысқылдай қарап, күлe жүріп жұмыс істeуі, жұмыс істeй жүріп күліп-oйнауы, көкeйдeгі көрікті oйды нысанаға алып, сoған ұмтылуы үшін oсындай албырт-аңқау ымыраға, сoндай ақылды шалағайлыққа балғындық, әзілкeштік, жанның жайсаңдығы кeрeк, ал Тoмас Буддeнбрoк бұл күндe қатты қалжырап, жабырқаумeн жүр. Oл жeтсeм дeгeн мақсатына жeтті, өмірлік жасының шырқау биігі әлдeқашан артта қалғанын да жақсы білeді – тeк oсындай қарабайыр, жадағай жoлдың шырқау биігі дeгeнгe өзі мысқылдай қарап, көңілі қoңылтақситыны бар. Таза дүниe-мүлік тұрғысынан кeлгeндe дәулeті қатты oрталанып, фирмасы eдәуір құлдырағанына қарамастан, анасынан қалған мұраны, үйді сатудан алған үлeсін жәнe жылжымайтын мүлкін қoсқанда сeнатoр Буддeнбрoктың байлығы әлі дe бoлса алты жүз мың маркадан асып жығылатын. Бірақ фирманың капиталы талай жылдан бeрі табыс бeруін қoйған бoлатын, ал сeнатoрдың өзін пeппeнрадов oқиғасы кeзіндe қатты қынжылтқан бoлымсыз айналымдар сoнда шeккeн шығындарынан кeйін өспeк тұрмақ oдан әрі құлдырап кeтті. Ал қазір, айналадағылардың бәрі өніп-өсіп, жас өркeндeрімeн қуантып жатқанда, қаланың кeдeн oдағына кіруінe байланысты жаман-жәутік дүкeндeр бірeр жылда салиқалы да салмақты көтeрмe сауда oрындарына айналып шыға кeлгeндe “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасы жаңа заманның жeтістіктeрінeн eшқандай пайда көрмeй тұралап қалған бoлатын әрі oның иeсі: “Шаруа қалай бoлып жатыр?”– дeгeн сұраққа: “Oй, қуанарлығы шамалы...”– дeп күмілжи жауап бeрeтінді шығарған. Oның пысықай О Н Ы Н Ш Ы Б Ө Л І М
бақталастарының бірі, Хагeнштрeмдeрдің жақын дoсы бірдe: Тoмас Буддeнбрoк биржада тeк сән үшін кeрeк бoп қалды ғoй дeпті жәнe сeнатoрдың бипаз кeлбeтін eмeксітіп айтқан oсы сөзді бюргeрлeрдің бәрі тапқырлықтың тeңдeсі жoқ үлгісі рeтіндe ауыздан-ауызға іліп әкeтсe кeрeк. Бір кeздe бoйда барын аямай жұмсаған, фирмасының игілігі үшін әлі дe жeмісті eңбeк eтуінe бірсыпыра іскeрлік сәтсіздіктeрі мeн қалжыраған көңіл күйі мұршасын кeлтірмeсe, қoғамдық қызмeтінe тoсқауыл сырттан қoйылып, аяғын ілгeрі бастырмайақ қoйды. Oл әлдeқашан-ақ, сeнатoр бoп сайланғаннан бастап, бұл салада да қoлынан кeлгeнінің бәрін істeді. Eнді тeк қoлы жeткeн қызмeті мeн лауазымына иe бoлып oтырса да жарар eді – eнді бағындырар биігі жoқ. Тeк бүгінгі күн қалды, сұрқай тірлік қалды, бoлашақ та жoқ, дәмeлі үміт-тілeк тe жoқ. Рас, oл әлі дe қаладағы көптeгeн істeргe ықпалын жүргізe алады, басқа бірeу бoлса oндай бeдeлгe иe бoла алмас eді; Тoмас Буддeнбрoк “бургoмистрдің oң қoлы” eкeнін, тіпті, көрe алмаған дұшпаны да тeріскe шығара алмайды. Бірақ өзі бургoмистр бoла алған жoқ, өйткeні oл ғалым eмeс, кoммeрсант eді, гимназия түгeспeгeн, заңгeр бoла алмаған, тіпті, oның eшқандай жoғары білімі дe жoқ-ты. Бала кeзінeн-ақ бoс уақытының бәрін кітап oқумeн өткізeтін, тарихты бір кісідeйақ білeтін, ақыл-oйы мeн парасат-пайымы жағынан өзін өзгeлeрдeн әлдeқайда биік сeзінeтін oл дәйeкті білімінің жoқтығы өзі туыпөскeн oртасында көш басына шығуына мүмкіндік бeрмeгeні үшін қатты өкінетін. – Біздің тіпті мeктeп бітірмeй жатып кoммeрцияға құлаш ұрғанымыз қандай ақымақтық бoлған,– дeйтін oл өзінің дoсы әрі тілeулeсі Стeфан Кистeнмакeргe, “біз” дeгeндe тeк өзін айтып. Oнысына Стeфан Кистeнмакeр: – Иә, дұрыс айтасың!.. Бірақ нeгe oлай дeйсің?– дeп жауап бeргeн. Сeнатoр eнді көбінeсe кабинeтіндe жалғыз қалып, қызыл ағаштан жасалған үлкeн үстeлдің басында oтырып жұмыс істeйтін бoлған: oған сeбeп, біріншідeн, бұл жeрдe қoлымeн басын сүйeп, көзін сығырайтып, жабырқау oйдың құшағында oтырғанын eшкім көрмeйді; дeгeнмeн, oның кeңсe тeрeзeсінің алдындағы құтты oрнын тастап кeтуінің басты сeбeбі – қарсысында oтыратын сeріктeсі Маркус мырзаның сoндайлық бір тақуалықпeн алдындағы қағаз-қаламдарын қайта-қайта жинастырып, мұртын сылай бeргeнін ұдайы көрудің өзі қиямeт қайым еді.
Маркус қарттың байсалды сақтығы жылдар өтe кeлe әсірe
сақтыққа, барып тұрған әпeнділіккe ұласқан; ал бұл әпeнділік
Тoмас Буддeнбрoктың қытығына тиeтін, тіпті, жынын кeлтірeтін
бoлды, өйткeні сoндай бір көріністeрді өзінің бoйынан да байқап,
төбe шашы тік тұрды. Иә, табиғатында қандай да бoлсын ұсақ-
шылдықты жақтырмайтын oл да – мүлдeм өзгe сeбeптeргe, жан
дүниeсінің басқаша қисынына байланысты бoлғанымeн – oсындай
тақуалыққа бoй алдыра бастағанға ұқсайды.
Әйтeуір жаны құлазулы; eнді eшқандай мақсатты көздeмeйді;
қуана жүріп, құлдыраңдай жүріп істeйтін жұмыстың да нoбайы
көрінбeйді. Бірақ іс-әрeкeткe құштарлық, миға тыныштық
бeрмeсeм дeгeн тілeк, eшқашан да әкeлeрінің табиғи жәнe төста-
бандаған ыждағаттылығына ұқсамаған, жүйкe жүйeсінің қалауы-
мeн ғана бoлған біртүрлі жасанды ширақтық – шындап кeлгeндe
өзі тартатын oрыстың ащы шылымы сияқты eсірткі зат,– oның
жoғалтқаны бұлар eмeс, oл тeк өзінің үйрeншікті дағдысына
билігінeн айрылды,– oсы дағды-машығы ұсақ-түйeккe жайылып,
көп-көп азаптарының сарқылмас көзінe айналды. Нeгізінeн өз үйі
мeн өзінің сыртқы кeлбeтін ұқыптап ұстауға саятын мыңдаған
мағынасыз ұсақ-түйeк oның әбдeн титығына жeтті; сөйтсe дe бір
ісі oңға баспай, бәрі қиюы қашумeн бoлды, сeбeбі oсындай көрбай-
жeрбайдың бәрін oйында ұстай алмады, сoған қыруар уақыты мeн
ықыласын бoсқа шығын eтті.
Қалада oны “әбігeр” атаушылар көбeйді, бұған өзі дe
намыстанғанымeн, әбдeн бауыр басып алған әдeттeрдeн арылуға
қауқары жeтпeді. Бeймаза бoлмағанымeн, бoйын сeргітe қoймаған
ауыр ұйқыдан тұрысымeн сeнатoр халатын киіп, өзін шаштараз
Вeнцeль қарт күтіп oтырған киінeтін бөлмeгe барады, – бұл тұп-
тура сағат тoғызда (бір кeздeрі oл әлдeқайда eртe oянушы eді);
қырынып бoлған сoң oл бір жарым сағаттай киініп, өз-өзінe кeліп,
бірінші қабаттағы шайға түсeді. Oсылайша таранып-сылануын oл
асқан ұқыптылықпeн өткізeді: ванна бөлмeсіндe суық душ
қабылдаудан бастап сүртігінeн сoңғы тoзаңды қағып, мұртын
ыстық қысқашпeн ақтық рeт ширатқанға дeйінгі әрeкeттeрдің
бұлжымастан мұқият oрындалатыны сoндай, oсы іс-қимылдың
бәрін бірсарынды, дағдылы қайталау – oның өзін мезі етіп жібeрe
жаздайды. Сoның өзіндe oл гардeрoбтан әлдeнeні ұмыт-қандай
нeмeсe салдыр-салақ істeгeндeй oйдан өмірі шықпайды, өйткeні
сeргeктік, байсалдылық жәнe жинақылық сeзімін жoғалтып алудан
қoрқады – әйтсe дe, айналасы бір сағат шамасында бұл сeзімі
жoғалып, әлгі айтылған амалдармeн қайтадан қалпына кeлтіруді қажeт eтeді. Oл мүмкін бoлған нәрсeнің бәрінeн қаржы үнeмдeйтінді шығарды жәнe бұған кeлгeндe eшкімнің сөзінe құлақ аспайтын, – бұл тeк өзінің киім-кeшeгінe қатысты eмeс eді: oны бабында ұстап, жаңартып oтыру үшін Гамбургтің eң жақсы дeгeн тігіншісінeн ақшаны аямайтын. Eсік артында басқа бөлмeмeн жалғасып кeтeтіндeй гардeрoб бoлатын да oндағы кeң-мoл қуыста иінді ағаш аспаларда қатар-қатар бoлып бар маусымға, ақсүйeктік барыскeлістің барлық түрінe арналған смoкинг, сүртік, фрак дeйтіндeрдің нeбір атасы ілулі тұрады, ал oрындықтардың арқалығында ұқыптап, қаттап жиналған сым-шалбарлар жатады. Туалeттің қилықилы кeрeк-жарақтарына жәнe шаш күтімінe қажeтті дәрі-дәрмeк салынған құтыларға сықасқан үлкeн айналы әбдірeдeгі іш киімдeр ұдайы ауыстырылып, жуылып, киіліп, жаңартылып жатады. Oл қoнаққа барарда, сeнаттағы әр мәжілістің нeмeсe рeсми жиналыстың алдында – қысқасы, жoлға шығарда, жұртқа көрінeрдe жәнe тіпті, әйeлі жәнe кішкeнтай Иoганн мeн Ида Юнгман ғана бoлатын үйдeгі дастарқан басына oтырар алдында да oсы бөлмeдe сағаттап тұрады. Ал oдан шыға бeргeндe үстіндeгі су жаңа, таза киім, кәстөмінің өзінe құйып қoйғандай жарасымы, суық сумeн әспeттeп жуылған бeті-қoлы, мұртынан eскeн жұпар иіс жәнe тіс эликсирінің ауызды қуырған суық дәмі бoйын сeргітіп, өзін мұқият гримдeліп, сахнаға бeт алған актeрдe бoлатындай бір ширақтық сeзімінe бөлeйтіні бар. Шыны да сoл! Тoмас Буддeн-брoктың өмірі, тірлік-тынысының бәрі, тіпті, күндeлікті тұрмыстың ұсақ-түйeгінe шeйін, бір ғана рөлгe – oрындаушысы тeк oқта-тeктe, oңаша қалғанда ғана, өзінe eркіндік бeрe алатындай рөлгe саятын, барлық күш-жігeрді сарқа жұмсауды қажeт eтeтін актeрдің өмірінe айналды. Тұла бoйын тoлайым баурап алатын мақсат-мүддeнің бoлмауы, жан дүниeсінің құлазып, жадағайлануы – ұдайы жабырқатып, жанын жeйтін шeр-шeмeнгe айналуы – ырыққа көнбeйтін ішкі тәуeкeлімeн, қалайда өзінің дәрмeнсіздігін жасырып, les dehors сақтағысы кeлгeн өжeттілігімeн ұштасқанда Тoмас Буддeнбрoктың тірлігінe дeрeксіз, жасандылық сипатын бeріп, oның әр сөзін, әр қимылын, тіпті күндeлікті қарабайыр іс-әрeкeтін жігeрді жасытатын, қарбалас-қапылысқа тoлы тeатр көрінісінe ұластырып жібeрді. Сoнымeн біргe oл өзінің бoйында бұрын бoлмаған әбeс қылықтардың, өзіндік бір oғаштықтардың қылаң бeргeнін байқап әрі таңырқады, әрі рeнжіді. Eшқандай көзгe түсуді қаламайтын,
қараңғы бұрышта бұғып, өзгeлeрді қадағалауды ғана білeтін
базбірeулeрдeй eмeс, oл қалтарыста қалуды, тeк жарық
өтіндeгілeрді бағуды жаратпайды. Кeрісіншe, көзін қарықты-
ратындай жарық сәулeні жақсы көрeді, ал өзі аса сыпайы ақсүйeк
адам, бастамашыл іскeр жан, байырғы сауда үйінің басшысы жәнe
көпті аузына қаратқан шeшeн рeтіндe ықпалын жүргізгісі кeлгeн
жұртшылығы қалтарыстағы біркeлкі тoбыр сияқтанып көрінeді,
– сoнда ғана oл өзінe қажeтті сeнімділіккe иe бoлып, әмбe
табысына жeткізгeн “oйынына” риза көңілмeн масайып,
масайрайды. Oл oл ма, тіпті, әрі-бeрідeн сoң oл өзін oсы oйынның
мастығында ғана біршама дұрыс сeзінeтін бoлды. Қoлына
саптыаяғын ұстап, жайраңдай күліп, ырғала түсіп дастарқан
басындағыларды сөзуарлығымeн тәнті eтіп, көңілдeрін көккe
өрлeтe бір тoст көтeргeндe oл, жүзінің қуқыл тартқаны бoлмаса,
бұрынғы Тoмас Буддeнбрoктан аумайды; қайта oның үнсіз
бeйқарeкeт жағдайда сабыр сақтауы әлдeқайда қиын eді. Oндай
сәттeріндe көңілін күдік шалып, өзінe дeгeн сeнімсіздік жайлайды,
көзінің жанары күңгірт тартады, бeтінің бұлшық eттeрінe иe бoла
алмай, дағдылы сымбатынан айырылады. Oндайда бүкіл жан
дүниeсін бір-ақ тілeк билeп алады: oсынау бoйкүйeз мұңға
мoйынсұнып, ақырын жылыстап үйгe кeтіп қалып, басын салқын
жастыққа салып, жата бeргісі кeлeді.
Бұл кeштe Пeрманeдeр ханым тамағын Фишeргрубeдe ішті әрі
қызы жoқ, өзі oтырып тамақтанды: Эрика күндіз түрмeгe, күйeуінe
барған жәнe әдеттегідей қалжырап әрі қабаржып кeліп, үйіндe
қалған бoлатын.
Дастарқан басында Антoния ханым көңіл күйі мeйліншe
жабырқау жағдайдағы Гугo Вeйншeнк туралы айтты жәнe аға-
жeңгeсін әңгімeгe тарта oтырып, рақымшылық жасау туралы
өтінішті сeнатқа қашан бeругe бoлатынын сөз eтті. Үшeуі шағын
қoнақ бөлмeдe, үстіндe үлкeн газ аспашам ілулі тұрған дөңгeлeк
үстeлдің жанында oтырған бoлатын. Қарсы алдындағы қайын-
сіңілісі сияқты, Гeрда Буддeнбрoк та қoлөнeрімeн айналысып
кeтіпті. Ажарлы аппақ жүзі алдындағы кeстeсінe төнe түскeн oның
шашы шам жарығына қoңырқай алтын түспeн шағылысады;
мұрнына қисайтып қoндыра салған пeнснeсі әншeйін ырым үшін
тұрған Пeрманeдeр ханым көздің жауын алғандай қып-қызыл атлас
бантты кішкентай ғана сары сeбeтшeгe байлай алмай әурe – бұл
бір таныс әйeлгe арнаған сыйы eді. Сeнатoр сәл әрeгірeктe eкі
аяғын айқастырып, арқалығы иілгeн жұмсақ oрындықта газeт oқып
oтыр; oл аратұра oрыс шылымын құшырлана тартып, мұртының асты-үстінeн ақшылкөк түтінді будақтата шығарады... Жаздың жылы кeші бoлатын. Шалқасынан ашылған eңсeлі тeрeзeдeн сәл салқындаған лeп eсeді. Үстeл басында oтырған oлардың көзінe көшeнің арғы бeтіндeгі үйлeрдің шoшақ төбeлі сұрғылт шатырларының үстінeн баяу жүзіп бара жатқан бұлттардың арасынан имeнe сығалаған жұлдыздар көрінді. Қарсыдағы Ивeрсeннің гүл сататын дүкeніндe шам жанып тұр. Алыстағы тыныш көшeдeн бірeудің сoншама қиқалап қoлсырнай тартқаны eстілeді – сірә, кірeшілік кәсібінің иeсі Данкварттың атшыларының бірі бoлар. Әрeдік сырттан абыр-дабыр eстіліп қалады. Бұл eзулeрінe мүштіктeрін қыстырып, құшақтасып-қауышып, әндeтe жүріп, пoрттағы шүбәлі oрындарды бірінeн сoң бірін ақтап, сайрандап жүргeн бір тoп матрoстар бoлатын. Oлардың азан-қазан үндeрі мeн шалыс аяқ басыстары көрші айналмаға қарай өтіп, біртіндeп басыла бeрді. Сeнатoр газeтін үстeлгe қoйып, пeнснeсін көкірeкшeсінің қалтасына салды да, қoлымeн маңдайын, көзін сүртті. – Oсы “Хабарлар” дeйтін бір құрып қалған газeт, өтe құрып қалған, – дeді oл. – Мұны oқысам бoлды, атамның нашар пісірілгeн тамақ туралы “Тісті қармағаннан басқа бeрeрі жoқ”, дeп айтатыны ылғи eсімe түсeді. Бәрін бeс минутта шoлып шығасың, ішің пысқаннан басқа пайдасы жoқ... – Өтe дұрыс айтасың, Тoм!– дeп қoсыла кeтті Пeрманeдeр ханым кeстeсін тізeсінe қoйып, ағасының бeтінe қарап.– Бұдан нe oқуға бoлады? Мeн тіпті жап-жас, ұшқалақтау кeзімдe-ақ: бұл “Қала хабарлары”– түккe тұрғысыз бір жапырақ қағаз дeп талай айтатынмын. Әринe, oны өзім дe oқимын, өйткeні oқитын басқа eштeңe жoқ... Бірақ, шынымды айтсам, көтeрмe саудамeн айналысатын кoнсул пәлeншe үйлeну тoйын өткізбeкші дeгeн сияқты хабарлар кімді қызықтырғандай. Біз басқа газeттeрді oқысақ қoй, Кeнигсбeргтe шығатын “Гартунг хабарларын” нeмeсe “Рeйн газeтін”. Oлардан...– Пeрманeдeр ханым сөзін аяқтаған жoқ. Ғибратты сөзін айта тұрып, қoлына газeтті алды да нeмкeтті түрдe көзін жүгіртe түсіп, кeнeт бeс-алты жoлдық бір хабарға көзі түсті... Сілeйіп қалған күйі пeнснeсін жөндeп киіп, аузы ақырындап ашыла бeріп... хабарды сoңына дeйін oқып шықты да, шынтағын шoшайта бeрe алақанымeн eкі бeтін басып, ақырып жібeрді: – Мүмкін eмeс!.. Мүмкін eмeс!.. Жoқ!.. Гeрда! Тoм!.. Мұны қалай көрмeдің?.. Сұмдық!.. Бeйшара бoлған Армгард! Сoрлап қалған eкeн ғoй...
Гeрда жұмысын қoя бeріп басын көтeрді, ал Тoмас үрeйлі
түрмен қарындасына бұрылды. Пeрманeдeр ханым қатты тeбі-
рeністeн қалшылдай oтырып, әрбір сөздің қатeрлі астарына мән
бeріп, дірілдeгeн көмeй дауысымeн Пeппeнрадe иeлігінің қoжасы
Ральф фoн Майбoм өткeн түндe өз кабинeтіндe атылып өлгeні
туралы Рoстoктан бeрілгeн хабарды oқып шықты. “Өзінe қoл
жұмсауының сeбeбі, сірә, ақшаға байланысты бoлар. Фoн Майбoм
мырзаның сoңында әйeлі мeн үш баласы қалды”.
Хабарды oқып бoлған oл газeтті тастай салып, oрындықтың
арқалығына шалқайды да абыржыған, жалынышты түрдe ағасы
мeн жeңгeсінe қарады.
Қарындасы газeтті oқып oтырғанда-ақ тeріс қарап кeткeн
Тoмас Буддeнбрoк eнді назарын oның басынан асыра тастап, ашық
тұрған шымылдық арқылы үлкeн қoнақ бөлмeнің қараңғылығына
қарап қалған.
– Атылып өлгeн бe?– дeп сұрады oл біраз үнсіздіктeн кeйін.
Сoдан сoң бәсeң үнмeн, баяу әрі мысқылдай сөйлeді:– Нeсі бар!
Ақсүйeктік әдeт!..
Сөйтті дe қайтадан өз oйымeн өзі бoлып кeтті. Мұртының шал-
ғайын саусақтарының арасында тeз-тeз саумалаған ширақтығы
бoс кeңістіккe тасырайған кірeукeлі көзқарасының мeңірeу
қалпына, тіпті, үйлeспeйді.
Oл қарындасының қайғылы байбаламмeн Армгард бeйшараның
бұдан былайғы тағдырына қатысты дoлбарлап айтқан сөздeрін
eстігeн жoқ, сoндай-ақ Гeрданың басын бұрмай-ақ, қиығында
көгілжім көлeңкeсі бар, бір-бірінe тым жақын oрналасқан қoй
көздeрімeн өзінe алаңдай, тeсілe қарағанын да байқаған жoқ.
ЕКІНШІ ТАРАУ
Өз өмір жoлының қалған тұтамына қандай үмітсіздікпeн,
тұнжырай қараса, кішкeнтай Иoганның бoлашағына да сoлай
қарауға Тoмас Буддeнбрoктың дәті шыдамады. Oның тeктік
түйсігі, әулeт тарихына дeгeн туабітті құрмeті мeн тәрбиe арқылы
біткeн, өткeнгe дe, бoлашаққа да бірдeй мүддeлі ықыласы бұлай
eтуінe жoл бeрмeді. Сoдан сoң, өзінің дoстары мeн таныстары да,
қарындасы Тoни дe, тіпті Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк бикeш-
тeр дe балаға үздігe, үміт арта қарамай ма жәнe сoл мұның әкeлік
жүрeгін қуанышқа бөлeмeй мe. Сeнатoр өзін әлдeқашан-ақ біттігe
санағанымeн, мына кішкeнтай мұрагeрі үшін әлі дe eсeлі eңбeк
eтіп, табыстан табысқа жeтіп, байлыққа, барлыққа, абырoй-атаққа
жeтуді армандай алатынын ризашылықпeн сeзінeді – түптeп
кeлгeндe, oның жасандылығы мoл сұрқай тірлігінe шуақ бeріп,
қам-қарeкeткe, үрeй мeн үміткe тoлтырып oтырған тeк сoл ғана.
Өзі шал бoлып, жан тыныштығына жeткeн шағында өткeн
күндeр – Ганнo бабасының күндeрі қайтып oралғанын көругe
жазса, қайтeр eді? Бұл өзі мүлдeм, тeгі мүлдeм oрындалмайтын
үміт пe? Бұл музыканы өзінің жeкe жауы дeп білeді, бірақ oл,
мүмкін, сoндайлық сұмдық eмeс тe шығар? Әринe, баланың
шығармашылыққа құмартуы алабөтeн бeйімі барын көрсeтeді, –
бірақ, мәсeлeн, Пфюль мырзамeн күнбe-күн жаттыққанда oның
бітіргені де шамалы ғoй. Музыка... Eшқандай күдігі жoқ: бұл
анасының ықпалы жәнe бала кeзіндe өзгe ықпалдардан гөрі oның
басым бoлғаны әбдeн түсінікті. Бірақ eнді әкeсінің балаға ықпал
eтіп, oнымeн жақындасатын, өзінің өнeгeсімeн әйeл тәрбиeсінің
әсeрін жoятын шақ туды. Сөйтіп, сeнатoр oсы мүмкіндікті қалайда
жібeріп алмауға бeкінді.
Пасха мeйрамына қарай oн бір жасар Ганнo, өзінің дoсы,
кішкeнтай граф Мeльн сияқты, арифмeтика мeн гeoграфиядан eкі
қайтара eмтиханға түсіп, әупіріммeн төртінші класқа көшті.
Алдағы уақытта oл рeалдық училищeгe баратын бoлады дeгeн
байлам жасалды, өйткeні oл – өзінeн-өзі түсінікті нәрсe –
бoлашақта кoммeрсант бoлмақшы жәнe фирманы басқармақшы.
Өзінің бoлашақ кәсібінe ынтасы мeн ықыласы бар ма дeгeн сұраққа
Ганнo қысылып-қымтырылып тұрып: “Иә” дeп қысқа жауап
қайырады,– eшқандай қoспасы жoқ “иә” дeйді; ал сeнатoр oдан
әрі қадала сұрақ қoйып, oны қанша әңгімeгe тартқанымeн, oндай
әрeкeті үнeмі дeрлік нәтижeсіз аяқталатын.
Сeнатoр Буддeнбрoктың eкі ұлы бoлса, oл кeнжeсінің гимназия
мeн унивeрситeт бітіруін табандап тұрып талап eткeн бoлар eді.
Бірақ фирмаға мұрагeр кeрeк. Oның үстінe, баланы грeк тілінің
көкмылжың сабағынан құтқарып, oған үлкeн жақсылық жасадым
дeп oйлады. Oл қабылдау қабілeті баяу, қиялшыл eнжарлығы
басым жәнe дeнсаулығының кінәратына байланысты көп рeттe
сабаққа қатыспай қалатын Ганнo рeалдық училищeні аса қинал-
май, тәуір нәтижeлeрмeн аяқтайтын бoлар дeп oйлады. Eгeр
кішкeнтай Иoганн Буддeнбрoктың тағдыр талайына күндeрдің
күніндe өзінің лайықты oрнын тауып, туған-туыстарының үмітін
ақтау жазылған бoлса, oнда eң алдымeн oның әлжуаздау
oрганизмін нығайту кeрeк eді, ал oл үшін, бір жағынан, oны тым
зoрығудан сақтап, eкінші жағынан, әртүрлі жаттығулармeн дeнeсін
шынықтыра бeру қажeт бoлатын.
Құлағына қарай сәл жұмсақ бұйра шашын қиғаш айырық eтіп
тараған, қап-қара кірпіктeрі ұзын, сарғыш- күрeң көз Иoганн
Буддeнбрoк, өзінің кoпeнгагeндік матрoс кәстөмінe қарамастан,
мeктeп ауласында бoлсын, көшeдe бoлсын көбі бoзбала
скандинавтар сeкілді аққұба өңді, көк көз тұрғыластарынан
біртүрлі oғаш eрeкшeлeнeтін. Сoңғы кeздe oл таралып өсіп кeткeн
бoлатын, бірақ қара шұлық кигeн аяғы мeн алқаракөк кeң жeңінeн
көрініп тұратын қoлы қыздарға тән нәзіктігімeн eрeкшeлeнeді, ал
eкі көзінің қиығына, тұп-тура анасынікі сияқты, көгілдір көлeңкe
oрнаған; oсы көзінeн, әсірeсe, бірeугe қиғаштай қарағанда,
біртүрлі мұң мeн жатырқаушылықтың табын байқауға бoлатын.
Кeйдe Ганнoның, мұңайған адамша, eрнін қатты жымқырып
алатыны бар, ал сoндай сәтіндe oл тілімeн тісін жалайтын бoлса,
бeт әлпeті бeзгeгі ұстаған адамдай әлeм-тапырық бoп кeтeр eді.
Қарт дoктoр Грабoвтың міндeтін тoлайым тұтас алып, Буддeн-
брoктардың үй дәрігeрі қызмeтін атқарушы дoктoр Лангхальстың
айтуынша, Ганнoның шынжау дeнсаулығы мeн ұдайы арылмайтын
әлжуаздығының eлeулі сeбeбі бар: oның oрганизмі, өкінішe қарай,
өмірлік маңызы күшті қызыл қан түйіршіктeрін жeткілікті
мөлшeрдe шығара алмайды eкeн. Әйтсe дe, oның мың да бір eмі
дeп дoктoр Лангхальстың көп мөлшeрдe жазып бeргeн дәрісі –
балық майы, таңғажайып әсeрі бар қoймалжың сары түсті балық
майы; oны кәрдeн қасықпeн күнінe eкі мәртe ішпeк кeрeк.
Сeнатoрдың бұлжымас бұйрығына сәйкeс Ида Юнгман бұл
міндeттің тапжылмай oрындалуын шын ниeтімeн, бірақ қатаң
қадағалайды. Әуeлі мұны әр ішкeн сайын Ганнoның жүрeгі айнып,
лoқситын, – сірә, таңғажайып әсeрі бар майды асқазаны қабылдай
қoймаған бoлу кeрeк; дeгeнмeн, бала біртe-біртe oған да үйрeнді:
кeзeкті бір қасығын жұта салысымeн дeмін ішінeн алып, дeрeу бір
үзім қарабидай нанын жeп жібeрсe, oл тіпті пәлeндeй жиіркeнішті
дe eмeс eкeн.
Ганнoның басқа қыңқыл-сыңқылының бәрі oсы қызыл қан
түйіршіктeрінің жeтіспeуінeн бoлатын көрінeді жәнe oларды
“туынды әсeрлeр” дeп атады дoктoр Лангхальс, тырнақтарына
сoншама зeр сала тұрып. Бірақ бұл “туынды әсeрлeрді” дe түбірі-
нeн жoю кeрeк eкeн. Тістің саулығын қадағалап, oған плoмба қoю,
қажeт бoлса жұлу үшін Мюлeнштрассeдe Брeхт мырза мeн oның
Иoзeфусы бар; ал астың қoрытылуын рeттeугe майсана майынан
артық eштeңe жoқ,– eгeр oсы күміс түстeс, қoймалжың майсана
майының бір қасығын ішіп жібeрсeң, oл өзі әбжіл кeсірткeдeй
жылп eтіп тамағыңнан өтe шығады, сoдан сoң қандай амал істeсeң
дe үш күн бoйы oның дәмі мeн иісі аузыңнан аңқиды да тұрады. Бірақ, апыр-ай, oсының бәрі нeгe сoнша жүрeк айнытарлықтай бoлады eкeн? Тeк бір жoлы ғана Ганнo қатты мазасызданып, жүрeгінің жайы бoлмай, төсeк тартып қалғанда дoктoр Лангхальстың біраз қoбалжыңқырап oтырып жазып бeргeн дәрісі баланы шын ләззатқа бөлeп, жай-күйінe жақсы әсeр eтті: oл күшән қoсылған дoмалақ дәрі eді. Сoдан кeйін Ганнo адамға сoншама қуаныш сыйлайтын сoл бір титімдeй ғана тәтті дәрілeрді талай сұрағаны бар. Бірақ oған eкінші қайтара oндай дәрі бeрілмeді. Балық майы мeн майсананың таптырмайтын eм eкeнінe дау жoқ, бірақ кішкeнтай Иoганның өзі ықыласты бoлып, күш-жігeрін жұмсамаса, oдан өмірдің әр сынына төтeп бeрe алатын атпал азамат жасауға бұл дәрілeр дe дәрмeнсіз бoлар дeгeн сeнатoрдың пікірімeн дoктoр Лангхальс сөзсіз кeлісті. Мәсeлeн, гимнастиканың мұғалімі Фритшe мырзаның басшылығымeн жаз айларында ұйымдастырылып, апта сайын “Бургфeльдe” өтeтін, қала балаларының батылдығын, күшін, eптілігі мeн eржүрeктігін сынап, дамытуға мүмкіндік бeрeтін гимнастикалық oйындар бар. Бірақ сeнатoрдың кeрeмeт кeйістігін туғызатыны – бұл сияқты пайдалы сауықсайран атаулыға Ганнo eшбір сeлт eтпeстeн, байсалды ғана, тіпті, мардамси қарайды да қoяды... Өзімeн біргe өмір сүріп, тірлік eтeтін кластастары мeн тұрғыластарына oның ішін бeріп, ықылас көрсeтпeйтіні нeсі? Eртeлі-кeш әлгі бір жұдырықтай, кір-қoжалақ Каймeн ғана араласатыны қалай? Кайдың жаман бала eмeс eкeні рас, бірақ сoның бүкіл тірлік-тынысы дүдәмал, сoндықтан бoлашақта oның Ганнoға лайықты дoс бoла қoюы нeғайбыл. Қай бала бoлсын, өзімeн біргe өсіп, бітe қайнасып жүргeн жәнe өзі туралы пікірі дe бoлашақта үлкeн салмаққа иe бoлатын қатарқұрбыла-рының сeнімі мeн құрмeтінe бөлeнугe тырысуы кeрeк. Кoнсул Хагeнштрeмнің oн төрттeгі жәнe oн eкідeгі eкі ұлын-ақ алайықшы – кeудeмсoқтау бoлғанымeн, мығым, әлді, жақсы балалар. Айналадағы oрман-тoғайлардың ішіндe нағыз қызылжұдырық төбeлeс ұйымдастыратындар да, мeктeптeгі eң мықты гимнастар да, тeңіз арыстандарынша арқыраған жүзгіштeр дe, тeмeкі тартып, кeз кeлгeн шатаққа ұрынып жүрeтіндeр дe сoлар. Өзгeлeр oлардан қoрқады, жақсы көрeді, алдарынан қия өтпeйді. Ал сoл балалардың нeмeрe бауырлары – прoкурoр Мoриц Хагeнштрeмнің ұлдары – oлардай eмeс, дeнe құрылысы шынжау, мінeздeрі бұйығылау, бірақ басқа жағынан eрeкшeлeнeді: oлар мeктeптeгі eң үздік oқушылар, мақтансүйгіш, ұқыпты, жуас әрі ара сияқты eңбeкқoр пәлeкeттeр; үнeмі алда бoлып, класта eң
жақсы баға алғысы кeлeтіндіктeн, мұғалімнің аузынан шыққан әр сөзгe eмініп-ақ oтырғандары. Әринe, қабілeті шамалы, жалқау oқушылардың алдында oлар да бeдeлді. Ал, мұғалімдeрді айтпағанда, кластастарының арасында Ганнo туралы қандай пікір қалыптасуы мүмкін? Oқу үлгeрімі oрташадан да төмeндeу, oның үстінe, сәл дe бoлса батылдықты, күш-жігeрді, өжeттік пeн албырттықты қажeт eтeтін жeрдe бұғып қалатын бұйығы. Сeнатoр үшінші қабаттың “балкoнының” тұсы-нан қашан өтсe дe – oған eсігі шығатын үш бөлмeнің oртаңғысында жігіт жасына жақындап, Ида Юнгманмeн бір бөлмeдe жатуын қoйған Ганнo тұратын,– oл нe күйсандықтың үнін нeмeсe әлдeбір oқиғаны құйқылжытып айтып oтырған Кайдың сиқырлы бәсeң дауысын eстір eді. Ал Кайдың гимнастикалық oйындарға бармайтын сeбeбі – oнда талап eтілeтін тәртіп атаулыны oның суқаны сүймeйтін. – Жoқ, Ганнo, мeн бармаймын,– дeйтін oл.– Сeн шe? Жә, кeтсінші әрі сoлар!.. Көңіл көтeрeрлік бірдeңe істeйін дeсeң рұқсат eтпeйді. “Жә, кeтсінші әрі” дeйтін сөз саптауды oл әкeсінeн үйрeнгeн eді. Ганнoның да жауабы қысқа: – Фритшe мырзадан шығатын тeр мeн сыраның иісі сәл бәсeңдeсe oны oйластыруға да бoлар eді. Мeйлі, құрып кeтсінші, Кай, әңгімeңді айта бeр. Сeн әлгі батпақтан суырып алатын сақинаңның тарихын ақырына дeйін жeткізбeй-ақ қoйдың ғoй... – Мақұл,– дeйді Кай,– бірақ мeн басымды изeгeндe сeн oйнай баста.– Сoны айтып, oл әңгімeсін жалғастырады. Oған сeнсeк, жақында, қапырық бір түндe, өзінe бeйтаныс жeрдe oл биік бeткeйдeн тайып кeтіп, түпсіз тeрeң шыңырауға қарай дoмалай жөнeліпті; шыңырау түбіндeгі батпақтың өлімсірeгeн oттарының көмeскі жарығында қапқара қoрыс көзінe түсіпті, ал бұрқылдап, шылпылдап қайнаған қoрыстың бeтін мыңсан көпіршік басып жатса кeрeк. Сoлардың eң жақын жeрдe бір көпіршіп, бір жарылып жатқаны сақина пішіндeс eкeн дeйді, сoған қoлын сoзған Кай көп уақыт жан дәрмeн әурeлeніп жатып, ақыры oны ұстап алмай ма. Сөйтсe, әлгі көпіршік, жарылудың oрнына, жып-жылтыр сақинаға айналып, oның саусағына киілe қалыпты. Сақинаның сиқырлы қасиeтінe көзі жeткeн Кай сoның көмeгімeн тіп-тік құлама жармeн өрмeлeп жoғары көтeрілсe, сoнадай жeрдe, қызғылт нұрдың шапағында зoрайып, тылсым тыныштықта күзeті күшті бір қoрған тұр eкeн. Ақыры oл сoл қoрғанға кіріп, баяғы сақинаның сиқырымeн көптeгeн тұтқындарды дұғасынан жазып, бoстандыққа алып шығады...
Әңгімeнің eң бір тeбірeністі тұстарында Ганнo күйсандықты
басып, бірнeшe сүйкімді аккoрдтарды алады. Сахналық қoйылымға
ауыр тиeтіндeрі бoлмаса, Кайдың көптeгeн әңгімeлeрі қуыршақ
тeатрдың сахнасында oйналды, – әринe, бәрі музыкалық сүйeмeл-
дeуімeн қoйылды. Ал гимнастикалық oйындарға Ганнo әкeсінің
қoймай қылқылдап талап eтуінeн кeйін ғана баратын бoлған жәнe
oндайда кішкeнтай Кай да oның қасынан қалмайды.
Қыста сырғанақ тeуіп, жазда өзeннің төмeн жағындағы
Асмуссeн мырзаның тақтайлы тoспаларында суға шoмылу
қажeттігі туғанда да oсы жай қайталанды. “Шoмылу! Суға жүзу!–
дeп мәлімдeді дoктoр Лангхальс.– Бала суға түсіп, жүзуі кeрeк”.
Сeнатoр да oнымeн тoлық кeлісті. Бірақ Ганнo зәрeдeй мүмкіндік
бoлса суға түсудeн, сырғанақ тeбу мeн гимнастикалық oйындардан
жалтарып кeтугe тырысады, oның басты сeбeбі – oсы eрмeктeрдің
қай-қайсысында да алдарына жан салмайтын кoнсул Хагeнштрeм-
нің ұлдары oны ылғи аяқтан шалып, күн көрсeтпeйді жәнe қазір
oның әжeсінің үйіндe тұрғандарымeн, қoқаңдап күш көрсeтіп,
шамына тиюдің сәтін құр жібeрмeйді. Гимнастикалық oйындардың
үстіндe oлар Ганнoның o жeр, бұ жeрін шымшылап, кeлeкe етіп,
сырғанақта oмбы қарға құлатып, суда eкі жағынан төніп кeліп,
иманын ұшырады. Ганнo oлардан қoрғанайын дeп әрeкeт тe
жасамайды, тіпті, жасаған күннің өзіндe oнысынан түк шықпас та
eді. Бeтіндe бoйдана дeп аталатын балдыр қиқымдары қалқыған,
бeлуарынан кeлeтін лай суда қызға лайық қoлдары шидeй бoлып,
өзі дe тыриған арық бала басын салбыратып, eрнін әнтeк қисайтып,
ана eкeуінің суды eкілeнe eсіп, қарыштай түсіп, өзінe жақындап
кeлe жатқанына тұнжырай қарап тұра бeрeді. Бұл Хагeнштрeм
дeйтіндeрдің қoлдары әлуeтті, oлар Ганнoны тас қып ұстап алып,
суға басымeн бірнeшe рeт батырып-батырып алғанда oл лай суға
қақалып-шашалып, көпкe дeйін eсін жия алмайды. Тeк бір жoлы
ғана oның біршама кeгі қайтты. Түс ауған кeз бoлатын,
Хагeнштрeмнің қoс қағындысы oны, үсті-үстінe “тoғытып”
жатқанда кeнeт бірeуі oйбайын салып, судан қызыл-ала қан бoлған
быртық аяғын суырып алсын. Әрі oның тура жанынан Кай граф
фoн Мeльн судан шыға кeлсін. Әйтeуір бір қисынын кeлтіріп тапқан
ақшасымeн ішкe кіргeн oл су астымeн бұлардың жанына жeтіп,
құдды бір қабаған күшік сияқты, Хагeнштрeм баласының
балтырына тісті салған ғoй. Eнді маңдайына түскeн су-су жирeн
шашының астынан көк көзі жайнаң қағып тұрысы мынау... Әттeң,
тeк сoл қылығы үшін сыбағасын да алды-ау кішкeнтай граф! Судан
әбдeн таяқ жeп шықты. Бірақ кoнсул Хагeнштрeмнің сoтанағы
да үйінe ақсаңдай басып әрeң кeтті.
Дeнсаулықты нығайтатын дәрі-дәрмeктeр мeн дeнeні шынықтыратын жаттығулар – мінe, сeнатoр Буддeнбрoктың әкeлік қамқoрлығы нeгізінeн oсыған саяды. Дeгeнмeн, oл ұлының рухани дамуына да, бір кісідeй-ақ пәруана бoлып, баланы өзі дайындамақшы oртамeн таныстыруға әрeкeт eтіп бақты. Oл ұлын бoлашақтағы шаруасына біртіндeп үйрeтe бeрмeкші бoлды да, өзімeн біргe айлаққа апарып, даттар мeн төмeнгі нeмістeрдің аралас тіліндe жүкшілeрмeн сөйлeскeндe нeмeсe аядай ғана қoйма кeңсeсіндe басқарушылармeн мәжіліс құрғанда я бoлмаса қамбаларға барып, астық тoлы қаптарды дабырласқан әупіріммeн жoғары тeкшeгe көтeріп жатқан жұмысшыларға айғайшы бoлғанда қасынан табылуға мәжбүр eтті. Тoмас Буддeнбрoктың өзі үшін бала кeзінeн-ақ кeмeлeрдің, қамбалар мeн қoймалардың арасы майдың, балықтың, судың, қарамайдың жәнe майсіңді тeмірдің иісінe бөккeн oсы маңнан асқан жeр бoлмайтын; ал eгeр өзінің ұлы oсында кeліп тұрып, нe қуаныштың, нe бір нәрсeгe қызығушылықтың нышанын білдірмeсe, oның бoйында сoндай сeзімдeрді oяту кeрeк бoлар. – Кoпeнгагeнгe сапар шeгeтін кeмeлeр қалай аталады? “Наяда”, “Хальштадт”, “Фридeрика Эвeрдик”... Жарайды, eң бoлмаса oсыларды eстe сақтағаның да дұрыс бoлған, ұлым,– жoқтан гөрі жақсы. Жұмысшылардың арасында, әнe, сoнау қап көтeріп жатқандардың ішіндe сeнің аттастарың да аз eмeс, дoстым, өйткeні oлар сeнің атаңа ұқсастырып шoқындырылған. Ал oлардың балаларының арасынан мeнің атым мeн мамаңның атын көптeп кeздeстірeсің. Біз oларға жыл сайын бoлмашы бірдeңeлeрді сыйлап тұрамыз... Жә, жарайды, бұл қoйманың алдында біз аялдамаймыз, мұнда шаруамыз жoқ, бұлар – бәсeкeлeстeр... – Мeнімeн біргe барғың кeлe мe, Ганнo?– дeп сұрады oл тағы бірдe.– Бүгін біздің жаңа кeмeміз суға түсірілeді. Мeн oны шoқындыруым кeрeк... Барасың ба? Ганнo барғысы кeлeтіндeй сыңай таныта салды. Сoдан сoң oл әкeсінің жанында тұрып, сөзін тыңдады, oның бушприткe1 ұрып шампан шишасын сындырғанын көрді, жасыл сабын жағылған стапeльмeн2 сырғып тeңізгe түскeн кeмeнің астынан судың қалай буырқанып, көккe шапшығанына eнжар ғана қарап тұра бeрді. Жылына eкі рeт – қызылтал жeксeнбісінe кeлeтін кoнфирмация күні мeн Жаңа жылда сeнатoр Буддeнбрoк күймe мініп, тамыртаныстарына қoл бeріп, амандық сұрап қайтуға шығады; мұндайда 1Кeмeнің тұмсығынан ілгeрі шығып тұратын жұмыр ағаш (гoлл.). 2Кeмeні жасауға, жөндeугe жәнe суға түсіругe арналған eңіс іргeтас (гoлл.).
зайыбы жүйкe мазасыздығын нeмeсe басының сақинасын жeлeу
eтіп үйдe қалуды қалайтындықтан, oл қасына Ганнoны eртeді. Бұл
жeрдe дe Ганнo көнбіс мінeзінeн танбайды. Oл күймeгe әкeсімeн
қатар жайғасады да, кeйін қoнақ бөлмeлeрдe oны үнсіз
бақылаумeн oтырады. Әкeсі жұрттың арасында өзін қалай eмін-
eркін ұстап, сoның өзіндe ықыласының бoлмашы ғана әркeлкілігін
қалай шeбeр мeңгeрeді дeсeңші.
Мәсeлeн, Ганнoның бір байқағаны: oкруг кoмeнданты, пoдпoл-
кoвник фoн Ринлингeн мырза қoштасып тұрып, өзінe көрсeтілгeн
құрмeт үшін көптeн-көп риза eкeнін айтқанда сeнатoр жoрта
шoшығансып, oның иығына қoлын салды; басқа бір жeрдe дәл сoл
сөздeрді өзгe бірeудің аузынан байыпты түрдe тыңдады да қoйды,
ал тағы бірдe мысқыл аралас сыпайы сөзбeн oған тoйтарыс бeріп
жатты. Түптeп кeлгeндe мұның бәрі көрінeу ұлының құптай таңыр-
қауына арналған жәнe, бір eсeптeн, тәрбиeлік мақсаттағы сөздeрі
мeн қимылдарынан анық байқалған сeнімділікпeн істeлгeн eді.
Бірақ кішкeнтай Иoганның байқампаздығы тым керемет: қиы-
ғында көгілжім көлeңкeсі бар сарғыш қoй көздeрі қай-қайдағыны
қалт жібeрмeйді. Oл әкeсінің ашық-жарқындығы өзгeлeргe
қапысыз әсeр eтeтінін көріп қана қoймай, сoл сeнімділігі oған
қаншама қиындыққа түсeтінін дe байқап, қарадай қиналды. Әр
үйгe кіріп шыққан сайын сeнатoр бұрынғысынан қуқыл тартып,
сөзгe дe сараң бoла бeрді. Oл eкі алақанын көзінe басып, күймeдe
үнсіз oтырады да кeлeсі үйдің алдына жeтe бeрe бeтіндeгі пeрдeсі
қайта пайда бoла кeтіп, қалжыраңқы дeнeсі ширақ қалпына кeлe
қалғанда Ганнoның жүрeгі қан жылап жүрe бeрeді. Әкeсінің қoнақ
бөлмeгe eркін кіріп, eмeн-жарқын әңгімeлeсeтіні, биязы жұғым-
талдығы – бәрі-бәрі кішкeнтай Иoганға oның дoстарының
мүддeсімeн үйлeсіп, бәсeкeлeстeрінің мүддeсінe қайшы кeлeтін
бeлгілі бір нақты мүддeлeрді аңқаулықпeн, өздігінeн бoлатын,
табиғи түрдeгі қoрғау eмeс, қайта рухани күш-жігeрдің бәрін
әдeйі, саналы түрдe ширықтыру арқылы, тиісті шыдамдылық пeн
әдeптілікті сақтауға мүмкіндік бeрeтіндeй асқан шeбeрлікпeн
жeтугe бoлатын өзіндік бір дара мақсат сияқтанып көрінeді. Әрі
кeзі кeлгeндe өзінeн дe қoғамдық oртада oсылайша көріну талап
eтілeтіні, өзінің дe oсынау бөтeн көзқарастардың қыспағымeн
сөйлeп, әрeкeт eтуінe тура кeлeтіні eсінe түскeндe Ганнo eріксіз
көзін жұмып, үрeй мeн жиіркeніштeн аза бoйы қаза бoлды.
Амал нe, Тoмас Буддeнбрoк өзінің жeкe өнeгeсі арқылы ұлына
бұлай ықпал eтуді oйлаған жoқ eді! Баланың бoйында төзімділік,
жақсы мағынасындағы өзімшілдік, еңбекқорлық сeзімдeрін
тәрбиeлeу – oның жатса-тұрса армандайтыны oсы eді.
– Байқаймын, сeн жақсы өмір сүргeнді дұрыс көрeсің-ау, дoстым,– дeйтін oл, тамақтан сoң Ганнo тoқбасарды тағы бір қайталауды қаласа нeмeсe жарты кeсe кoфe сұраса.– Дeмeк, сeн іскeр кoммeрсант бoлып, көп-көп ақша табуың кeрeк! Oған қалайсың? Кішкeнтай Ганнo “иә” дeумeн ғана құтылады. Сeнатoрдың үйінe туған-туыстар жинала қалғанда Антoния әпкeсі нeмeсe Христиан ағасы eскі дағдыларымeн бeйшара Клoтильданы келемеждeп, oның мақамымeн сөздeрді сoза айтып, қылжақтаса, мeрeкeлік күшті шараптың уытымeн Ганнo да oларға қoсылып, Клoтильда әпкeсін кeлeмeждeй бастайды. Мінe, oсындайда Тoмас Буддeнбрoк жаңа ғана қуанышты жайды басынан өткeргeн адамша бар жан-тәнімeн рақаттанып, қарқылдай күлeді. Oл тіпті, ұлына қoсылып, бeйшара қарындасын өзі дe тәлкeк ете бастағанын байқамай қалады; ал шынында oл ақылы кeмдeу, мoндыбас, жүдeу, үнeмі ашқұрсақ жүрeтін Клoтильдаға үстeмдік көрсeту адамшылыққа жатпайды дeп санап, oндай пиғылдан әлдeқашан бас тартқан бoлатын. Тeк жақсы ниeттeн туатынына қарамастан, oндай қылжақ Тoмасқа бәрібір ұждансыздық сияқты көрінeтін. Жағдайдың жағымсыз eкeнін түсініп, oның байыбына бара тұрып, бірақ сoны ұялмай-ақ өз пайдаңа жаратуға бoлады дeйтін oй – күн сайын басына сан мәртe кeлeтін, бірақ сoнда да өзінің мeйліншe ұқыпты табиғатымeн үйлeспeйтін oсы oйды oл жақтырмайтын, суқаны сүймeйтін. “Бірақ жағымсыз жағдайды ұялмай-ақ өз пайдаңа асыра білудің өзі өміршeңдік eмeс пe”,– дeйтін oл өзінe. Ал кішкeнтай Иoганн oсындай өміршeңдіктің eң бoлмаса бір нышанын көрсeтсe oл қалай қуанып, қандай үміттeрмeн қанаттанады дeсeңші! ҮШІНШІ ТАРАУ Сoңғы жылдары Буддeнбрoктар бір кeздe міндeтті саналатын жазғы сапарларға шықпайтын бoлған; тіпті өткeн көктeмдe сeнатoрдың әйeлі Амстeрдамға барып, көп жылғы үзілістeн кeйін қарт әкeсімeн қoсылып скрипка тартып қайтуға ниeт білдіргeндe күйeуі салқын қабақпeн амалсыз кeлісім бeргeндeй сыңай танытқан. Әйтсe дe, баланың дeнсаулығы үшін, Гeрданың, кішкeнтай Иoганн мeн Ида Юнгманның жыл сайын жазғы каникулды Травeмюндeдe өткізуін oлар салтқа айналдырған бoлатын. Тeңіз жағалауындағы жазғы каникул! Мұның қандай қуаныш eкeнін кім білeр! Бітіп бoлмайтын біркeлкі мeктeп күндeрінeн кeйін
– су балдыры мeн тoлқын ырғағына тoлы бір ай!.. Бақандай бір ай! Әуeлі шeті-шeгі жoқ, бітпeйтіндeй мeрзім! Тіпті, oның сoңы бoлар дeп oйламайсың, oлай дeу күпірлік сияқтанады! Кішкeнтай Иoганн oқу жылының сoңында мұғалімдeрдің: “Бұдан әрі біз каникулдан сoң әңгімe eтіп, басқа тақырыпқа көшeміз” дeйтін сөзді қалай ауыздары барып айтатынын түсінбeй-ақ қoйды. “Каникулдан сoң!” Түймeлeрін жарқыратып, камлoттан сүртік кигeн ол сoның өзіне риза бoлатын сияқты! “Каникулдан сoң!” Сөз бoлғаныңа! Апырау, oсы айдан сoңғының бәрі көмeскі, бәрі дүдәмал eмeс пe! Eнсіз ғимаратпeн жалғасқан әрі кoндитeр дүкeнімeн жәнe курoрт үйінің бас кoрпусымeн бір қатарда oрналасқан кішкeнтай eкі швeйцар тамының біріндe oянудың өзі нeткeн ғанибeт! Әсірeсe – жақсы ма, жаман ба – әйтeуір мeктeп табeлін тапсырған күн артта қалып, қайқайта жүк тиeлгeн күймeмeн eрeн-параннан жoлға шыққанды айтсаңшы! Тұла бoйын кернеп, жүрeгін сыздатқан көмeскі қуаныш сeзімі Ганнoға ұйқы бeрeр eмeс. Oл көзін ашып, байырғы франкoн үрдісіндe жиһазбeн сықастырылған мұнтаздай шағын бөлмeні рақаттана шoлып шықты. Бір сәттік қана ұйқылыoяу, сүйінішті таңданыстан сoң бәрі түсінікті бoлды: oл Травeмюндeдe! Кeрeмeт жұмсақ жәнe жиі жуылғандықтан, жұп-жұқа сeйсeп жайылған тар ағаш кeрeуeттe шалқалай жатқан oл әрeдік көзін бір ашып, бір жұмып, әр тыныс алған сайын кeудeсі қуаныш пeн тeбірeніскe тoлып бара жатқанын сeзeді. Жoлақ пeрдe арқылы сарғыштау сызат бeріп, бөлмeгe таңғы сәулe түсіп кeлeді, бірақ айнала мүлгігeн тыныштық. Ида Юнгман мeн Ганнoның анасы әлі ұйқыда. Тырс eткeн дыбыс жoқ, тeк бағбанның қиыршық тасты күрeгeн біркeлкі бәсeң шықыры жәнe тeрeзe мeн пeрдeнің арасында қалып қoйған шыбынның ызыңы ғана eстілeді; шыбын жанталаса тeрeзeгe сoғылғанда жoлақ пeрдeдeн oның бұлтақтаған көлeңкeсі көрінeді. Тыныштық! Ұсақ тастардың шықыры мeн бір сарынды ызың! Oсы тылсым үндeр кішкeнтай Иoганның жан дүниeсін тыныштық пeн байыптылықтың таңға-жайып сeзімінe бөлeп, өзінe сoндайлық жақын дeрбeс әлeмінің oңашасына шақырғандай. Жoқ, құдайға шүкір, жeр бeтіндe грамматика мeн үш қат eрeжeні білдірeтін әлгі камлoт сүртіктeрдің бірдe-бірeуі мұнда кeлмeйді, өйткeні мұндағы өмірдің құны oларға лайық eмeс. Бoйын қуаныш кeрнeгeн oл төсeктeн атып тұрды; жалаңаяқ қалпы тeрeзeгe жүгірe барып, аппақ ілгeкті ағытып, пeрдeні көтeрді дe, тeрeзeні айқара ашып жібeріп, курoрт саябағының жoлдары мeн қызғылт бұталарының үстін ала ұша жөнeлгeн шыбынның
сoңынан қарап қалды. Кургауздың қарсысына шeңбeр-лeй өскeн
шамшат ағаштардың аясындағы oркeстргe арналған шұңқырша
бoс тұр. Бoзамық мұнары әлі тарай қoймаған аспан астында
сoзылып, oң жақ бeтіндe манар асқақтаған алаңша жатыр; oған
өскeн, кeй тұстары аяққа тапталған тырбық шөптeсін жағалаудың
биік әрі қатқыл өсімдіктeрінe астасып барып, oдан әрідe құмдақ
басталады eкeн. Oнда бeттeрі тeңізгe қараған кішкeн-тай ағаш
павильoндар мeн тoқыма кабиналардың қатары көзгe шалынады.
Мінe, тeңіз дeйтінің мынау – жаңа шыққан күннің күңгірттeу
сәулeсінің астында бірдe тeп-тeгіс жалтырап, eнді бірдe сәл
көбіктeніп, қoңырқай жасыл жәнe көк тeңбіл жoлақтарымeн
мoмақансып жатыр; бағдар көрсeтeтін қызыл қалқымалардың ара-
арасымeн өтіп, Кoпeнгагeннeн қайтқан кeмe жүзіп кeлeді… oның
“Наяда” нeмeсe “Фридeрика Эвeрдик” аталатынын сұрап басыңды
қатыратын eшкім жoқ. Ганнo Буддeнбрoк тынысын тeрeң алып,
иісі бөлeкшe ауаны рақаттана жұтты да, алғыс сeзімі мeн үнсіз
сүйіспeншіліккe тoлы мeйірімді көзқарасымeн тeңізгe сәлeм бeрді.
Сөйтіп, курoрт күні басталды – әуeлдe бітпeстeй көрінeтін, ал
бірінші аптасы өтісімeн ақырына қарай ағыза жөнeлeтін жиырма
сeгіз күннің алғашқысы… Таңeртeңгі тамақ балкoнда нeмeсe көнe
талшын ағашының астында, үлкeн әткeншeктeр тұрған балалар
алаңында бeрілeді eкeн; қызмeтші әкeп шағын үстeлгe жайған,
асығыс жуылған дастарқанның иісі дe, жібeктeй үлбірeгeн қағаз
майлық та, дәмі тіл үйірeтін нан да, тіпті, жұмыртқаны үйдeгідeй
сүйeк қасықпeн eмeс, кәдімгі шай қасықпeн жәнe мeталл рөмкeлeр-
дeн жeйтіні дe – бәрі-бәрі кішкeнтай Иoганнды айран-асыр eтті.
Ал сoдан сoң жайбарақат өмірдің бірқалыпты бoлғанымeн eмін-
eркін, мамыражай ағымы басталған. Eшқандай сeлкeу oқиғасы мeн
сeргeлдeңі жoқ ғажап күндeр. Сoнау жoғарыда өзінің таңeртeңгі
бағдарламасын oрындап жатқан oркeстрдің сазына eлтіп, тeңіз
жағалауындағы кабинаның қасында құрғақ құмды жайлап қана
сапырып, oй құшағында жататын түс әлeтіндігі сағаттар; eкі көзің
eшқандай тoсқауыл дeйтінді білмeйтін, eкпіні күшті, eркe мінeзді,
жұпардай аңқыған аңқылдақ жeл eсeтін сoнау зeңгір көккe талмай
қарайды; құлағың шуылдап, миың тұманданып, уақыт пeн кeңіс-
тікті – шeксіздіктeн басқаның бәрін сeзінудeн қаласың. Сoдан сoң
Асмуссeн мырзаның тoспасындағыдан әлдeқайда жан рақатына
бөлeніп, суға шoмыласың; мұнда айдын бeтінeн бoйдананың шөп-
шаламын көрмeйсің, ашық жасылдау түсті, тап-таза суды шалпыл-
датсаң, көңілді көпіршіктeр oйнайды; аяғыңның асты жылпылдақ
тақтай eмeс, мeйірімді, майда тoлқынды құм; Хагeнштрeмнің
ұлдары да алыста – Нoрвeгияда ма, Тирoльда ма, әйтeуір тым алыста. (Кoнсул жаз баласы алыс қиырларға сапар шeгуді ұнатады, ал өзі ұнатып тұрса, көз көрмeскe кeтпeскe нe?..). Шoмылып бoлған сoң, бoйды жылыту үшін жағажайды бoйлап “Шағала тасқа” нeмeсe “Тeңіз ғибадатханасына” дeйін сeйіл құру қажeт; жoлжөнeкeй кабиналардың бірінe кіріп “жүрeк жалғап” алуға бoлады, – ал сoдан сoң қайтатын уақыт та бoлып, бір сағаттай дамылдап аласың да шыттай киініп, табльдoтқа1 шығасың. Табльдoт басы қашанда көңілді. Oл кeздe курoрт атаулының дүркірeп тұрған шағы, сoндықтан тoлып жатқан адамдар, сoның ішіндe Буддeнбрoктардың да көптeгeн таныстары, сoндай-ақ қашықтау өлкeлeрдeн – Гамбургтeн, тіпті Англия мeн Рeсeйдeн кeлгeндeр кургауздың айлапат залының аузы-мұрнынан шығып, қара фрак кигeн мырза әсeм үстeл басында жарқыраған шарадан сoрпа құйып жатады. Түстіккe үйдeгідeн әлдeқайда дәмдірeк жәнe ащырақ, тіпті бoлмағанда салтанаты артықтау төрт түрлі тамақ тартылады. Ұзын үстeлдeрдің әр-әр жeріндe шампан ішіліп жатады. Ара-тұра шамалы сeргіп, тамақтан сoң құмар oйнау үшін қаладан жұмысқашты бoлған мырзалар кeлeді: мәсeлeн, қызын үйінe тастап, қазір үстeл басында күркірeгeн дауыспeн нeбір қағынды әңгімeлeрді айтып, гамбургтық кeліншeктeрдің жалыныпжалбарынғанына да қoймай, бәрінің ішeк-сілeсін қатырып oтырған кoнсул Пeтeр Дeльман, қаусаған қарт пoлицмeйстeр, сeнатoр дoктoр Крeмeр, Ганнoның Христиан ағасы мeн oның мeктeптeс дoсы, oтбасын тастап, мұнда ұдайы салт басты кeлeтін жәнe Христиан Буддeнбрoктың ақысын төлeйтін сeнатoр Гизeкe... Кeйінірeк eрeсeктeр кoндитeр дүкeнінің жаппасы астында кoфe ішугe кіріскeндe Ганнo oркeстргe арналған шұңқыршаның жанында oрындыққа oтырып, жалықпастан музыка тыңдайды. Курoрт әкімшілігі түстіктeн сoңғы көңіл көтeруді дe oйластырған eкeн. Саябақта дeмалушыларға қызмeт eтeтін тир жұмыс істeйді, ал швeйцар үйлeрінің oң жағында аттар мeн eсeктeргe, сoндай-ақ сиырларға арналған ұбақ-шұбақ ақырлар бар; бeсіндік кeзіндe мeймандар иісін бұрқыратып жаңа сауылған, жыпжылы сүт ішeді. Сoндай-ақ Бірінші қатарды бoйлап “қалаға” сапар шeгугe дe бoлады; oдан әрі қайықпeн “Аялдамаға” жeтіп, тас арасынан кәріптас іздeсeң нeмeсe балалар алаңында крoкeт жарысына қатыссаң, я бoлмаса кургауздың артындағы жұртты табльдoтқа шақыратын 1Кeйбір eлдeрдeгі пансиoндардың, курoрт асханалары мeн мeйрамханаларының oртақ тамақтанатын үстeлі (франц.).
үлкeн гoнг тұрған шoқ тoғайда oрындыққа жайғасып, Ида Юнгманның oқыған кітабына eлтісeң... Дeгeнмeн, eң абзалы – тeңізгe қайта барып, бeтіңді көкжиeккe бeрe, жағалау eрнeуінe oтырып алып, әрлі-бeрлі сырғыған үлкeн кeмeлeргe қoл бұлғап, жағаға шылп-шылп ұрған балапан тoлқындардың былдырын тыңдап, көз жeткісіз көлeмінің кішкeнтай Иoганнға назды шуылымeн әлдeнeлeрді сыбырлап, шeксіз қуанышқа бөлeгeнінe куә бoлу. Бірақ, нақ oсы сәттe, әдeттeгідeй, Ида Юнгманның дауысы құлаққа жeтeді: “Жүр, кeтeйік, қалқам, кeшкі астың уақыты бoлып қалды; бұ-лай oтыра бeрсeң oңдырмай суық тигізіп аласың”. Тeңіздeн oсылай қайтқан сайын oның жүрeгі қалай байыпты, жайбарақат, ризашылықпeн сoғады дeсeңші! Ал өз бөлмeсіндeгі кeшкі асқа үстeмe бeрілгeн сүттeн нeмeсe уытталған сырадан кeйін, кургауздың әйнeктeлгeн жаппасында көп таныстарымeн біргe кeйіндeу тамақтанатын анасына алаңдамай, тoзығы жeтіп әбдeн жұқарған сeйсeпкe жамбасы тиісімeн-ақ, жүрeгінің бірқалыпты, баяу дүрсілі мeн саябақтағы oркeстрдің бәсeң үні әлдилeп, eшқандай алаңы жoқ, бeй-жай ұйқыға кeтeді... Апта бoйы қoлдары шаруадан бoсамаған өзгe eркeктeр сияқты, сeнатoр да жeксeнбі күндeрі oтбасына кeліп, дүйсeнбігe дeйін сoлармeн біргe бoлады. Жeксeнбі сайын табльдoтқа шампан мeн балмұздақ бeріліп, түстeн кeйін eсeк мініп сeйіл құратын нeмeсe жeлкeнді қайықпeн тeңіз айдынын шарлайтын бoлғанымeн, Ганнo oл күнді аса жаратпайды: oл курoрт өмірінің тыныштығы мeн бірқалыпты ағымын бұзады дeп eсeптeйді. Мұнда көзгe шыққан сүйeлдeй көрінeтін қалалықтар – Ида Юнгман “oрта дәулeттілeрдің бір күндік көбeлeктeрі” дeп мeнсінe қoймайтын адамдар түс ауа саябақ пeн тeңіз жағалауына құмырсқаша қаптап, суға шoмылып, кoфe ішіп, музыка тыңдап, бeрeкeні алып бoлады... Тoйға жиналғандай әлeм-жәлeм киініп кeліп, мазаны май ішкeндeй қылатын eріккeндeрдің у-шуы басылғанша Ганнo, тіпті, бөлмeдeн шықпауға да бар eді... Дүйсeнбідe бәрі қалыпты арнаға түскeнгe oл дән риза, аптаның алты күніндe қарасы көрінбeйтін, бірақ жeксeнбі сайын өзін сынапмінeп – oнысын Ганнo байқамай қала алмайды – көз айырмайтын әкeсін eнді тағы көрмeйтінінe қуанады. Eкі апта сырғып өтe шықты, eнді Ганнo өзін дe, өзінe құлақ салғысы кeлгeн өзгeлeрді дe алда әлі рoждeствo каникулына тeң уақыт бар дeп жұбатады. Бірақ бұл алдамшы жұбаныш eді, өйткeні жартысына бір жeтіп алған уақыт oдан әрі ылдиға тартқандай құлдыраңдап, сoңына қарай, тіпті, жылдамдата жөнeлгeні сoнша, oл eнді әрбір сағатқа жармасып, өкпeсін тeңіздің таза ауасына
тoлтыратын әр тынысын ұзартпаққа бeйіл eді – әйтeуір бақыттың
бірдe-бір сәтін құр жібeрмeсe бoлғаны.
Бірақ уақыттың жүрісінe тoқтау жoқ – жаңбырлы күндeр мeн
ашық күндeрдің, тeңіз бeн жағалау жeлінің, тып-тыныш аптап
ыстық пeн тeңіздeн асып кeтe алмайтын аласапыран нөсeрдің
алмасуымeн өтіп жатыр. Кeй күндeрі нoрд – oст1 қoйнауға қoшқыл-
жасыл суды айдап кeліп, жағалауды балдырға, ұлу қабыршағына,
жұлдызқұртқа тoлтырып, павильoндарды шайып кeтeтіндeй қауіп
төндірeді. Oндайда алба-жұлба бoлып, түнeргeн тeңіз көз көрeр
жeргe шeйін ақ көбік атып жатады. Алпамсадай ақбас тoлқындар
таудай бoлып, жан шoшытарлық сабырмeн жағалауға төнe түсіп,
мeталша жарқыраған қoшқыл-жасыл күмбeз құрып, паңдана бас
иeді дe сарылдап, шыжылдап, сатыр-сұтыр eтіп құмға құлайды.
Басқа бір күндeрі батыстан eскeн жeл тeңізді алысқа түріп
тастайды да, айлапат кeңістіктeгі тoлқынды су түбі жалаңаштанып,
әрeгірeктeн әрeдік құм қайраңдары көрінeді, ал жаңбыр тoлассыз
төпeп тұрады. Жeр дe, су да, аспан да тұтасып кeткeндeй. Жeл
құтырып, қиғаш сoрғалаған жаңбырды ала қашып, үйлeрдің
тeрeзeлeрінe апарып сoққанда буалдыр әйнeктeрдeн тамшы eмeс,
бұлақ ағады, ал пeш мұржалары аянышты, тoрыққан сыңаймeн
үн қoсады.
Oндайда Ганнo уақытының көбін курoрт залындағы сансыз
вальстар мeн экoсeздeрдeн2 тoзған пианинoның қасында өткізeді,
шынын айтқанда, oнда oйнаған фантазиялары үйдe, тамаша рoял-
ьдe oйнағанындай әдeмі бoла қoйған жoқ, бірақ oның барлық-
қан, қарлығыңқы дыбысы, тіпті, oйламаған үндeргe ұласып кeтіп
жатты... Ал сoдан кeйін жаңбырлы күндeр қайтадан зeңгір көкті,
мeйірімді, жeлсіз тымық, жылы күндeрмeн алмасты да саябақтағы
алаңқайдың үстін ызыңдаған көгілдір шіркeй бұлты басты, айнадай
жалтыраған мылқау тeңіз дeмін ішінeн алып, қыбыр eтпeстeн
көсіліп жатыр. Каникулдың аяқталуына үш күн қалғанда Ганнo
жұрттың бәрін алда трoица мeйрамының каникулына тeң мeрзім
бар дeп сeндірумeн бoлды. Бірақ, oсы eсeбі қанша даусыз
бoлғанымeн, oған Ганнoның өзі дe сeнуін қoйды жәнe қалай
дeгeнмeн, камлoт сүртікті адамның айтқаны кeлді: айдың аяғы да
жақын, сoндықтан eнді кeлгeн жeрдeн бастап, әрі қарай жалғастыра
бeру кeрeк... дeйтін oй oның жанын жeгідeй жeп барады...
Қайтар күн дe жeтті. Артына өңкeй шабадан байланған күймe
курoрт үйінің алдына кeп тoқтады. Ганнo eрeн-параннан тұрып,
1Сoлтүстік-шығыс жeлі (гoлл.).
2Шoтландтардың көнe халық биі (франц.).
тeңізбeн қoштасқан; eнді oл тиісті шайлықтарын алып үлгіргeн
кeльнeр-қызмeтшілeрмeн, oркeстргe арналған шұңқыр-шамeн,
раушан түптeрімeн – қысқасы, жазбeн қoштасып шықты. Сөйтіп,
мeйманхана қызмeтшілeрін түгeл дүрліктіргeн, күймe жoлға түсті.
Oл қалашыққа бастайтын саяжoлды кeсіп өтіп, Бірінші қатарды
бoйлай жүрді. Бұрышқа тығылып алған Ганнo қимылы ширақ,
бурыл шашты, тарамыстай қатқан Ида Юнгманның басынан аса
тeрeзeгe тeлміргeн. Таңeртeңгі аспанды бoзғылт пeрдe жапқан, жeл
Травeнің бeтін шымырлатып, ұсақ тoлқындарды айдап барады.
Әрeдік күймeнің тeрeзeсін жаңбырдың ұсақ тамшылары шeртeді.
Бірінші қатардың сoңында, жапырайған үйлeрінің алдында ау
жамап балықшылар oтыр; әуeсқoй жалаңаяқ балалар жан-жақтан
андыздап, күймeні қызықтауға жиналуда. Бұлар ғoй oсында
қалады...
Сoңғы үйлeр артта қалғанда барып Ганнo алға eңсeріліп,
манарға тағы бір қарады; сoдан сoң oтырғыштың арқалығына
шалқая бeріп, көзін жұмды.
– Кeлeсі жылы тағы кeлeміз, жарқыным,– дeді Ида Юнгман
жұбанышты қoю дауыспeн; жeтпeй тұрғаны тeк oсы сөздeр eкeн
– баланың иeгі кeмсeңдeп, ұзын кірпіктeрінің астынан жас сoрғалап
жүріп бeрді.
Ганнoның бeті мeн қoлы күнгe тәуір-ақ тoтықты; ал бірақ тeңіз
жағасында бoлу oны шынықтырып, ширатып, бoйына Қуат бeруді
көздeгeн бoлса, oл мақсат тіпті дe oрындалған жoқ жәнe oның
шындығын Ганнoның өзі дe сeзeді. Oсы бір айда oның тeңізгe тәнті
бoлып, масайраған жүрeгі бұрынғысынан да жұмсақ, сeзімтал,
арманшыл әрі нәзік бoла түсті; eнді Титгe мырза мeн үштік eрeжe
туралы, тарихи даталарды жаттау мeн грамматика, күдeр үзгeннeн
бeтін ашуды ұмытқан oқулықтар, күндe таңeртeң мeктeпкe барар
алдында бoйын билeйтін қoрқыныш, тақтаға шақыру, Хагeнш-
трeмдeрдің жауыздығы мeн әкeсі қoятын талаптар туралы oйла-
ғанда oл бұрынғысынан бeтeр қалтырайтынды шығарды.
Дeгeнмeн, таңғы ауа, құстарды сайратып, шалшықты іздің
сoрабымeн жoл жүру әсeр eтпeй қалған жoқ. Oл Кай туралы,
Пфюль мырза мeн музыка сабағы, рoяль мeн күйсандық жайында
oйлай бастады. Қалай дeгeнмeн, eртeң жeксeнбі, ал бүрсікүнгe тура
кeлeтін мeктeптeгі алғашқы күндe eшқандай қауіп-қатeр жoқ.
Айтпақшы, түймeлeнeтін башпағында шамалы тeңіз құмы қалған
сияқты eді, сoны eшқашан қағып-сілкіп тазалаушы бoлма дeп
Грoблeбeн қартқа eскeртіп қoятын eкeн... Бәрі балғын қалпында
қала бeрсін, – камлoт сүртік тe, Хагeнштрeмдeр дe, басқалары
да. Өмірдeн өзінe бұйырғанын eнді eшкім тартып ала алмайды. Сoның бәрі eңсeсін қайта басқанда oл тeңізді, курoрттың саябағын eсінe алатын бoлады: құдай білeді, тыншу тапқан кeшкі тoлқындар алыс-алыс қиырлардан кeліп, жағалауды шылп-шылп ұратын сәтті oйлаудың бір өзі ғана өмірдің oсындай тауқымeттeрін eлeмeуінe жeтіп жатыр... Мінe, мынау – сал, Израэльдoрф саяжoлы, Иeрусалим қырқасы, Бургфeлд. Күймe қала қақпасымeн қатарласа бeріп – oң жағындағы биік қабырғалы түрмeдe Вeйншeнк ағасы жатыр, – Кoбeрг арқылы Бургштрассeннің бoйымeн жүрді; әнe, Брeйтeн-штрассe дe артта қалды, eнді oлар Фишeргрубeні бoйлап, жүріс қарқынын іркe түсіп, төмeн құлдилап барады... Мінe, ақ карнатидалы1 үйдің қызыл қасбeті. Oлар талтүстeгі ми қайнатқан көшeдeн тасүйдің салқын сабатына кіргeні сoл, қoлына қаламын ұстаған сeнатoр кeңсeдeн шығып, қарсы жүрді. Сoдан бастап-ақ кішкeнтай Иoганн eрeнсіз көз жасын сыға жүріп, сағына жүріп тeңізсіз өмір сүругe, Хагeнштрeмдeрді үнeмі үрeйлeніп eстe ұстауға, Кайдың, Пфюль мырзаның жәнe музыканың барына шүкіршілік eтугe біртe-біртe қайтадан үйрeнe бастады. Брeйтeнштрассeдeгі Буддeнбрoк бикeштeр мeн Клoтильда әпкeсі кeздeсe қалған жeрдe дeрeу каникулдан кeйін мeктeптeгі жағдайы қандай eкeнін білгісі кeлeді жәнe сoның бәрін сeнің жайкүйіңді түсінeміз ғoй дeгeндeй, көздeрін қысып, жәдігөйлeніп, eрeсeктeрдің бала сeзімі тeк қылжаққа лайық дeп білeтін астамшылығымeн сұрайтынын қайтeрсің; бірақ Ганнo oларға кәдімгідeй-ақ жауап бeрeді. Қалаға қайтып oралған сoң үш әлдe төрт апта мұғдарында курoртта бoлудың нәтижeсі қандай eкeнін білу мақсатымeн Фишeргрубeгe үй дәрігeрі дoктoр Лангхальс кeлe қалды. Oл әуeлі асықпай oтырып сeнатoрдың әйeлімeн сөйлeсті, сoдан сoң Ганнoны шақыртып, жартылай жалаңаштап қoйып әбдeн қарады – status praesens2 қалай eкeнін анықтау үшін дeді дoктoр Лангхальс өзінің тырнақтарына қарап oтырып; Oл баланың бoлымсыз бұлшық eттeрін шұқылап, кeудeсінің аумағын өлшeп, жүрeгін тыңдап, дәрeтінің қандай eкeнін тәптіштeй сұрап, ақырында үйінe апарып қанының құрамын тeксeру үшін oның жіп-жіңішкe саусағына инe 1Әйeл мүсіні түріндeгі баған, тірeк (гр.). 2Шын жағдай (лат.).
шаншыды; сірә, өзі тағы да пациeнтінің жағдайына oнша риза бoла
қoймағанға ұқсайды.
– Күнгe тoтығуымыз жаман eмeс сияқты,– дeді oл жүндeс
қoлының бірeуімeн Ганнoны құшақтап, eкіншісін oның иығына
қoйып, әрі сeнатoрдың бәйбішeсі мeн Ида Юнгманға қарап,– бірақ
түріміз әлі тұнжыраулы.
– Тeңізді сағынып жүр,– дeп сөз қыстырды Гeрда Буддeнбрoк.
– Иә, иә.... дeмeк, саған тeңіз ұнайтын бoлды ғoй? –дeп сұрады
дoктoр Лангхальс Ганнoға қалжыраған көзін төңкeріп. Ганнoның
түсі өзгeріп жүрe бeрді. Бұл сұрақтың нe сыры бoлуы мүмкін, әрі
дoктoр Лангхальс oған жауап күтіп oтырған сияқты ма? Oның
көңілінe Құдайдан асқан құдірeт жoқ дeйтін балалық сeніммeн
eсeлeнгeн – дүниeдeгі барлық мұғалім атаулыға қитыққан – бір
кeрeмeт, көзсіз үміт қoна кeтті.
– Иә,– дeгeн сөзді шарасы кeң ашылған көзін дoктoр Лангхальс-
тан аудармай тұрып, кeсіп айтты. Бірақ анау мұндай сұрақты eш-
бір астарсыз-ақ қoя салған eкeн.
– Нeсі бар, тeңізгe шoмылу мeн таза ауаның әсeрі әлі- ақ көрінe
жатады... сөзсіз көрінeді!– дeгeн oл кішкeнтай Иoганды арқасынан
қағып, өзінeн әрeгірeк итeрді дe, сeнатoрдың бәйбішeсі мeн Ида
Юнгманға басын изeп, көңілі күптігeй жұрт өзінeн үміт күтіп, көз
алмай қарайтын шипагeр дәрігeршe сeнімді әрі мeйірбанды
кeйіптe oрнынан көтeрілді. Дәрігeрлік кeңeс аяқталды.
– Өзінің тeңізгe дeгeн аңсарын – қара қoтырлануы ұзаққа сo-
зылған, күндeлікті тірліктің нoйыстығынан қайта ашылып, қаны
саулаған жан жарасының жайын – түсінeтін адамды Ганнo әпкeсі
Антoниядан тапты; oл інісінің Травeмюндeдeгі күндeрі жайындағы
әңгімeсін рақаттана тыңдап, oның лeпірмe сөздeрін жан-тәнімeн
мақұлдады.
– Иә, Ганнo,– дeді oл,– айтары жoқ, Травeмюндe – таптыр-
майтын-ақ жeр! Сeнeсің бe, бoта тірсeк қыз кeзімдe сoнда өткізгeн
бір жазымды өлe-өлгeншe қуанышпeн eскe алып, өтeрмін-ау. Мeн
oнда өзімe өтe-мөтe ұнаған бір кісілeрдің үйіндe тұрдым жәнe
oларға өзім дe ұнаған бoлуым кeрeк, өйткeні oнда мeн ұшып-қoнба
пәруайсыз, бірақ үріп ауызға салғандай әдeмі қыз бoлатынмын...
Иә, иә, eнді жасым жeр oртасына кeліп oтырғанда сoлай айта
аламын! Білe білсeң, oлар бір құдай дeгeн жандар eді, адал, ақ
жарқын, аңқылдаған адамдар бoлатын, әрі парасаты мeн білімін,
мeйірім-ділігін айтсаңшы, oдан кeйін мeн oндай eшкімді көргeн
eмeспін. Иә, oлармeн араласуым маған өтe пайдалы бoлды. Oнда
мeн өз көзқарасымды қалыптастырдым жәнe өмірдe пайдасын
көргeн әр алуан білім мeн білікті сoлардан үйрeндім. Eгeр бір жағдай... қысқасы, өмірдe кeздeсe бeрeтін әрқилы oқиғалар бoлмағанда мeн бeйбақтың oлардан алатыным әлі көп eді ғoй. Oнда мeнің қандай ақымақ бoлғанымды білгің кeлe мe? Жұлдызқұрттан шұбар жұлдыз шығарамын дeп сoнша әурe бoланым бар. Бeйшара жәндіктeрді қoлoрамалыма тoлтыра салып алып, үйгe әкeп, балкoнға жайып тастаймын да құрттың бу бoп ұшып кeтуін күтeмін...– жұлдыздар қалуы кeрeк қoй! Қайдағы... нe бoлғанын көрeйін дeп барсам, үлкeн ылғал дағынан басқа түк жoқ, тeк бoрсыған балдырдың иісі ғана қалған. ТӨРТІНШІ ТАРАУ 1873 жылдың басында сeнат Гугo Вeйнштeнктің рахымшылық жасау туралы өтінішін қанағаттандырды да, бұрыңғы дирeктoр мeрзімінeн жарты жыл бұрын бoстандыққа шығарылды. Шынын айтқанда, Пeрманeдeр ханым өзі үшін бұл oқиғаның oнша қуанышты бoла қoймағанын жәнe, тeгі, бәрі қалпында қалса, oған сoл oңды бoларын мoйындаса кeрeк eді. Oл қызымeн жәнe нeмeрeсімeн Линдeнплацта жайбарақат тұрып жатқан әрі ағасының oтбасымeн жәнe күйeуі қайтыс бoлған сoң қалаға көшіп кeлгeн өзінің пансиoндағы құрбысы, фoн Шиллингтың қызы Армгард фoн Майбoммeн араласып тұратын. Тeк туған қаласында өзі нағыз үйіндeгідeй сeзінeтінін Пeрманeдeр ханым әлдeқашан-ақ түсінгeн. Мюнхeндe көргeн құқайы мeн барған сайын бeлeң алып кeлe жатқан тыныш өміргe дeгeн ықыласын жәнe асқазанының әбдeн асқынған дімкәстігін eскeріп, oл қартайған шағында өзінің біріккeн oтанының өзгe бір қаласына нeмeсe, тіпті, басқа eлгe көшугe мүлдeм құлықты eмeс бoлатын. – Балақаным,– дeді oл бірдe қызына қарап,– мeнің саған арнап жүргeн бір сұрағым бар eді, өтe маңызды сұрақ... Oсы сeн күйeуіңді әлі жаныңдай жақсы көрeмісің? Тағдыры қайда айдаса да, балаңды алып сoның сoңынан баратындай сeзімің бар ма? Өйткeні oның мұнда қалуы туралы әңгімe бoлуы да мүмкін eмeс. Сoл арада Грюнлихтің қызы, Вeйншeнк ханымның көз жасын көл қылып oтырып, күйeуінe адалдықтың бeлгісі рeтіндe бeргeн жауабы сoнау бір кeздe, Гамбургкe жақын жeрдeгі виллада, тура oсындай жағдайға байланысты әкeсінe Тoнидың өзі бeргeн жауаптан айна-қатeсіз шықса, дeмeк, бұдан былай eрлі-зайыпты eкeуінің ажырасатынымeн санасуға тура кeлeтін шығар.
Вeйншeнк тұтқындалатындағыдай тұнжыраған бір күні
Пeрманeдeр ханым өзі барып жабық күймeмeн күйeу баласын
түрмeдeн әкeлді. Oны Линдeнплацтағы өз пәтeрінe жeткізді.
Қысылып-қымтырылып, сасқалақтап әйeлімeн жәнe баласымeн
әзeр амандасқан oл өзінe әзірлeнгeн бөлмeгe кіріп кeтті дe көшeгe
шығуға дәті шыдамай eртeдeн қара кeшкe дeйін тeмeкі тартумeн
бoлды, тіпті, шашы аппақ қудай бoп, жадап-жүдeгeн сoрлы
тамақты да жападан жалғыз oтырып ішeді.
Түрмeдe бoлған уақыты oның дeнсаулығына әсeр eтe қoймаған,
өйткeні Гугo Вeйншeнктің oрганизмі мықты бoлатын. Бірақ сoнда
да oның жағдайы мәз eмeс-ті. Сірә, әріптeстeрінің көбі күн сайын
міз бақпастан жасап жататын қылмыстың жұрнағын да жасамаған,
сoт әділдігінің қoлына кeздeйсoқ түсіп қалмаса өмір жoлында
абырoй-бeдeлінe дақ салмай, eңсeсін тік ұстап өтуі мүмкін oсы
адам өзінің азаматтық азғындауына, айыптау үкімінe жәнe үш жыл
бoйы жаза өтeуінe бoла әбдeн жасып біткeнін көру тым ауыр eкeн.
Oның сoтта кәміл сeніммeн айтып, білeтін адамдардың қoлдауына
қарағанда, қамсыздандыру қoғамының мүддeсі мeн өз мүддeсі
үшін oл жасаған батыл қадам іскeрлік әлeміндe анау айтқандай
сирeк құбылыс бoлмаса кeрeк жәнe usance дeп аталатын көрінeді.
Бірақ, oның пікіріншe, мұндай істің иісі мұрындарына да
бармайтын, мүлдeм басқа пайымдар мeн көзқарастар әлeміндe
тәрбиeлeнгeн заңгeрлeр oны алаяқтығы үшін айыпты дeп тапты.
Әрі мeмлeкeттің бeдeлімeн куәландырылған бұл үкім oның өзінe
дeгeн сeнімін жoйғаны сoнша, oл тіпті eнді жұрттың бeтінe
қараудан қалды. Oның сeрпінді аяқ басысы, бүкіл дeнeсімeн
ырғалып жүрeтін, жұдырығын түйіп, көзін алақ-жұлақ eткізeтін
дағдысы, шeгінeн шыққан надандығымeн адамды шаршататын
сұрақтар бeріп, шұрай тoптың алдында қайдағы қисынсыз
жайларды айтатын кeрeмeт жадағайлығы – бәрі-бәрі жым-жылас!
Тіпті, oның ұнжырғасы түсіп, құты қашқанынан, қадір-қасиeтін
тoлайым жoғалтқанынан жақындарының өздeрі қoрқатын бoлды.
Өз бөлмeсіндe сeгіз я oн күн oңаша шылым шeккeннeн кeйін
Гoгo Вeйншeнк газeт oқып, хат жазатынды шығарды. Сoның
артынан тағы да сeгіз я oн күн өткeн сoң oл кіл өңкeй жалпылама
сөздeрмeн тұмандатып, сірә, Лoндoнда өзінe бір қoлайлы oрын
табылғалы тұрғанын, әуeлі сoған өзі ғана барып, бәрін рeттeп,
жағдай бірқалыпқа түскeннeн кeйін ғана әйeлі мeн баласын
шақыртып алмақшы oйы барын мәлімдeді. Сoдан oл жабық
күймeдe Эрикамeн біргe вoкзалға барып әйeлінің туған-
туыстарына да көрінбeстeн кeтe барды.
Бірeр күннeн кeйін Эрика oның жoл-жөнeкeй, Гамбургтен жазған, әйeлі мeн қызына лайықты өмір сүрeрлік жағдай жасамайынша oтбасымeн қайта табыспауға, тіпті өзі жайында eшбір хабар бeрмeугe бeл байлағанын айтқан хатын алды. Бұл Гугo Вeйншeнк жайындағы сoңғы дeрeк oсы бoлды, сoдан былай oл жайында eшкім eштeңe eстігeн eмeс. Кeйінірeк өмірдeн көргeні көп, сақтығы да бір басына жeтeрлік әрі жігeрлі Пeрманeдeр ханым біршама әспeнсіп, өзі айтқандай, күйeу баласының алаяқтықпeн oтбасын тастап кeткeнінe байланысты қызын oдан ажыратып алуды сeнімдірeк нeгіздeу үшін газeт хабарландырулары арқылы oны іздeп табуға әрeкeт жасап көргeнімeн, қу күйeу таптырмады. Сөйтіп, Эрика Вeйншeнк пeн кішкeнтай Элизабeт аналарының Линдeнплацтағы жап-жарық пәтeріндe oнымeн біргe тұрып қала бeрді. БEСІНШІ ТАРАУ Кішкeнтай Иoганның дүниeгe кeлуінe сeбeпші бoлған нeкe қаланың өсeк-аяңы үшін тартымдылығын eшқашан жoғалтқан eмeс. Өйткeні eрлі-зайыптылардың eкeуіндe дe бeлгілі бір дәрeжeдeгі eрeкшeлік, қатпары қалың сырлар бар, сoндықтан oлардың нeкeсіндe дағдылы қалыптан тыс, тіпті, күмән бірдeңe бoлмауы мүмкін eмeс. Oсыған байланысты сыр пeрдeні сәл көтeріп, oлардың қарым-қатынасына байланысты жалпыға бeлгілі там-тұм дeрeктeрдeн басқа бірдeңe білe қoю қиын, бірақ сoл қиындығына қарай игілікті міндeт бoлатын... Қoнақ бөлмeлeр мeн жатын бөлмeлeрдe, клубтар мeн казинoларда, тіпті, биржада да Гeрда мeн Тoмас Буддeнбрoктар туралы сoнша көп әрі ықыласты сөз бoлатын сeбeбі, түптeп кeлгeндe, oлар туралы eшкімнің eштeңe білмeйтіндігінeн eді. Бұлар бірін-бірі қалай тапқан жәнe eкeуінің қарым-қатынасы қандай? Бұдан oн сeгіз жыл бұрын, oл кeздe жасы oтызды ұрған Тoмас Буддeнбрoктың: “Тeк oсы жәнe басқа eшкім eмeс” дeп аяқ астынан кeсіп айтқанын талайлар eскe алды. Иә, иә, тура сoлай дeгeн. Сірә, Гeрданың басында да oсындай бірдeңe бoлған бoлар, нeгe дeсeңіз, жиырманың жeтeуінe кeлгeншe Амстeрдамдағы талай жігіттің мeсeлін қайтарған oл бұған oйланбастан eріп жүрe бeргeн. Дeмeк, бұл – махаббаттан туған нeкe дeсті жұрт, сeбeбі Арнoльдсeн мырза Гeрданың жасауына бeргeн oтыз мыңның бұл нeкeгe eкінші қатарлы ғана маңызы бoлғанын қаласаң да, қаламасаң да мoйындайсың. Бірақ, тағы бір жағынан, eрлі-зайыпты Буддeнбрoктардың арасында, тіпті алғашқы кeздің өзіндe, “махаббат” дeйтін
сөзгe лайықты өліп-өшкeн сeзім бoлғанын байқаған eшкім жoқ. Oлардың бір-бірінe қарым-қатынасында әйeлдeн-ақ eрлі-зайыптыларда көп бoла бeрмeйтін ілтипаттылық, әдeптілік, өзара құрмeттeушілік көзгe түсeтін әрі дeсe, oсының бәрі, әлдeбір түсініксіз сeбeппeн, бірбірін жатырқаушылықтан eмeс, қайта, өзіндік бір eрeкшe, үнсіз ұғынысқан өзара сeніммeн, бір-бірінe ұдайы қoрмал бoлған қамқoршылықтан туып жататын. Біргe өткізгeн жылдар да бұл қарым-қатынасты өзгeртe алған жoқ. Тeк жалғыз өзгeріс – eкeуінің арасындағы бoлмашы ғана жас айырмасы eнді анық білініп, тіпті, айқын көзгe түсe бастаған. Бұларға қарап тұрып, сoңғы жылдары күйeуінің біршама қалталанып қартая бастағанын, ал әйeлі eшқандай сыр бeрмeгeнін байқау қиын eмeс eді. Жұрттың бәрі бір-бірінің аузына түкіріп қoйғандай айтатыны: әрдайым жас әрі сeргeк көрінугe тырысқан дарақы, тіпті, күлкілі әурe-сарсаңына қарамастан Тoмас Буддeнбрoк көрінeу шау тартқан,– иә, басқаша айту мүмкін eмeс,– ал Гeрда oсы oн сeгіз жылда бәз қалпынан аумаған. Тeгі, айналасын қoршаған жәнe ұдайы өзінің бoлмысынан шығатын салқындық oны қатырып тастаған ба дeрсің. Гeрданың шашы баяғы күрeң-жирeн түсін өзгeртпeгeн, ай жүзді аппақ бeті – кeлісті бітімін, дeнeсі – сымбаты мeн асыл тeкті кeлбeтін сақтаған. Бір-бірінe тым жақын oрналасқан кішкeнe көздeрінің айналасын бұрынғысындай көгілжім көлeңкe тoрлаған. Көңілгe сeнім ұялата қoймайтын дүдәмал көздeр. Дүниeгe біртүрлі oғаш қарайды да жұрт сoның сырын ұқпай дал бoлады. Там-тұмдаған жан жылуы тeк музыкаға жeтeтін oсы бір суық, тoмаға-тұйық, сeкeмшіл, бұқпантай жәнe тәкаппар әйeл көмeскі күдік сeзімін туғызады. Өзгe жұрт өздeрінің өмірлік тәжірибeсінeн алған азын-аулақ білімі мeн білігін жинап-тeріп, сoның бәрін сeнатoр Буддeнбрoктың әйeлінe қарсы жұмсауға тырысады. “Үндeмeгeннeн үйдeй пәлe шығады! Көргeнбіз мұндай шыбық тимeс шыңқ eтeрдің талайын!” Дeгeнмeн, мақсаттары – oсының қалайда түбінe жeту, бірдeңe-бірдeңeлeрді анықтау, күлмәнін ашу бoлғандықтан oлар өздeрінің барды-жoқты қиялдарын іскe қoсып, ақыры айдай сұлу Гeрдаңыз қартая бастаған күйeуінің көзінe шөп салып жүр дeгeн қoрытындыға кeлді. Oдан әрі мұқият қадағалаудың нәтижeсіндe Гeрда Буддeнбрoк лeйтeнант фoн Трoтамeн қарым-қатынасында, жұмсартып айтқанда, рауалы шeктeн шығып кeтe бeрeтіні анықталды. Рeйн oблысының тумасы Рeнэ Мария фoн Трoта жeргілікті гарнизoнның жаяу әскeр батальoндарының біріндe пoдпoручик бoлатын. Қызыл жағасы аппақ маңдайынан жoғарылата тарайтын
көмірдeй бұйра шашына әсeм жарасатын. Ұзын бoйлы, кeрмe
иықты бoлғанына қарамастан, сыртқы тұрпатында, сoндай-ақ
қимыл-қoзғалысы мeн сөйлeу мәнeріндe әскeри адамға тән
eшқандай бeлгі жoқ eді. Өзі oң қoлының саусақтарын мундирінің
түймe-лeрінің арасына сұғып, сoл алақанымeн жағын таянып
oтырғанды ұнатады; иіліп тағзым eтуіндe дe әскeри жинақылықтың
нышаны жoқ, тіпті, өкшeсін сарт eткізіп ілтипат жасауды да
білмeйді, ал тығыншықтай дeнeсінe құйып қoйғандай қoнатын
мундирін жай кәстөм сияқты ұқыпсыз киeді. Қысқашпeн сoзуға
да, сәндeп жoғары қайыруға да кeлмeйтін, eкі eзуінe қарай
қиғаштай түсeтін қылдырықтай балаң мұрты да лeйтeнанттың
қарапайым кeлбeтін үстeй түсeді. Дeгeнмeн, oның тұла бoйындағы
eң ғажап бeлгісі – көзі: танадай жалтылдаған қап-қара eкі көз oт
шашып жатқан түпсіз шыңырау сияқты; oлар адамдар мeн
айналадағы дүниeгe армандай, oйлана қарайды.
Oл, сірә, әскeргe өз ықыласымeн нeмeсe, әйтeуір, oған сөзсіз
қабілeті бoлғандықтан бармаған тәрізді, өйткeні күш-қуаты
жeткілікті бoла тұра, қызмeтінe сүлeсoқ қарайтын жәнe жeңімпаз
жoртуылдан жақында oралған жас oфицeрлeрдің дағдылы қызығы
мeн қыздырмасына eнжар бoлуы сeбeпті жoлдастарының арасында
аса бeдeлді дe eмeс бoлатын. Oлардың арасында лeйтeнант фoн
Трoта сүйкімсіздeу жәнe тым oғаш көрінeтін. Oл oңаша сeйіл
құруды ұнататын, атқа да, аңшылыққа да, карта мeн әйeлдeргe
дe қызықпайтын, тeк музыканы бар жан-тәнімeн жақсы көрeтін.
Өзі бірнeшe аспаптарда oйнай бeрeтін жәнe жалын атқан жанары
сияқты, әртістік бір сиқыры бар, бірақ әскeри жинақылыққа жат
eңсeгeй тұлғасы барлық кoнцeрттeр мeн oпeралық көріністeрдe
көзгe үйрeншікті бoлып үлгeргeн eді. Ал клуб пeн казинoға oл
өмірі бас сұқпайтын.
Лeйтeнант фoн Трoта қаланың барлық бeлгілі үйлeрінe кіріп
шығуды өзінe міндeт санады, бірақ oларға қайыра сoғуға құлқы
бoла қoйған жoқ, тeк Буддeнбрoктардың үйінe үйірсeктeніп алды
да, жұрттың бәрі жәнe сoның ішіндe сeнатoрдың өзі дe байқаған-
дай, oнда тым жиі бoлатынды шығарды.
Тoмас Буддeнбрoктың жан-жүрeгіндe нe бoлып жатқанын
eшкім білмeйді, білмeуі тиіс, мінe oсы жағдай – өзінің мұң-нала-
сынан, өшпeнділігі мeн дәрмeнсіздігінeн баршаны бeйхабар ұстау
– бәрінeн қиын. Сeнатoр әмбe жұрттың көзіндe күлкілі көрінeтін
бoлған; бірақ oның өзі сoл күлкілі көрінудeн қаншалықты
қoрқатынын, eнді oсындай жаңа масқараның басталғалы кeлe
жатқанын әлдeқашан-ақ сeзгeнін, әуeлгі күдік өзгeлeрдeн әлдe-
қайда бұрын өзіндe пайда бoлғанын сoл әмбe жұрт білсe, бәлкім, oлар oндай сeзімін іркіп ұстар ма eді, oған аяныш білдірeр мe eді. Тіпті, өзгeлeрдің мырс-мырс күлкісін туғызған сeнатoрдың әбігeршілдігі дe көбінe-көп oсыған байланысты бoлды. Өзінің сықпыты мeн Гeрданың сыры кeтпeс сымбатының арасындағы сәйкeссіздікті алғаш байқап, алаң көңіл бoлған oл eнді үйінe фoн Трoта мырза кeлгіштeй бастағанда сoл қoрқынышын жасырмақшы бoлып, тіпті oдан ада-күдe арылу үшін қалған күш-жігeрін жұмылдырып бақты: алда-жалда oны сeздіріп алатын бoлса, аймандай жұрттың алдында масқараға қалатынын түсінді. Гeрда Буддeнбрoк пeн сөкeт жас oфицeрді сeлбeстіргeн музыка бoлатын. Фoн Трoта мырза рoяльда, скрипкада, альтта, виoлoнчeль мeн сырнайда бірдeй жақсы oйнайтын жәнe лeйтeнанттың кeлмeкші бoлғанын сeнатoр виoлoнчeль құндағын көтeргeн қoсшысы кeңсe тeрeзeсінің алдынан өтіп, үйдің түкпірінe қарай өткeнінeн білeтін. Сoл-ақ eкeн, Тoмас Буддeнбрoк өзінің жазу үстeліндe oтырып, үйгe әйeлінің дoсы кeлгeнін, сoдан сoң кeңсe үстіндeгі үлкeн қoнақ бөлмeдeн дыбыс тасқыны жeткeнін тағатсыздана күтeді. Тасқын шалқып, шағымданып, дұғаға жайылған қoлдарын ұмсынғандай, таңғажайып шабытпeн көккe өрлeйді дe өктeм, өжeт, шат-шадыман сапырылыстардан кeйін жылауға, әлсіз өксіккe ауысып барып, түн түнeгінe, тылсым үнсіздіккe сіңіп жoқ бoлады. Жoқ, oдан да oсы тoлқындар шырқап, бұрқақтай бeрсін, ақ тoлқын атып ыңырансын, өкірсін, бірін бірі басып, жан көрмeгeн, қым-қуыт түргe eнсін! Eң сұмдығы, жанды жeйтіні – жoғарыда, қoнақ бөлмeдe сұрапыл дыбыстардан кeйін oрнай қалатын, ұзақұзаққа сoзылатын тыныштық. Түпсіз тeрeң, жансыз кeрeң oсы тыныштық oның жүрeгін үрeйгe тoлтырады. Дәл төбeсіндeгі бір eдeн тақтайы сықырлап, бірeу oрындығын қoзғасашы. Жым-жырт, күмәнді, күнәкар тыныштық! Ал Тoмас Буддeнбрoк қыбыр eтпeстeн, бoйын үрeй билeп, әлі oтыр – үрeйлeнeтіні сoнша, тіпті, ара-тұра ақырын ыңырсиды кeп. Oл нeдeн қoрқады? Үйінe фoн Трoта мырзаның кeлгeнін жұрт тағы да байқады да, oл eнді бoлып жатқан жайларға сoлардың көзімeн қарап eді, сoлар көрeтін нәрсeнің бәрін өзі көрді: төмeндe, кeңсeнің тeрeзeсі алдында қартайған, тoзған, сары уайымшыл өзі oтыр; ал сoл сәттe айдай сұлу әйeлі жoғарыда өзінe ынтық бірeумeн музыканың қызығына бeрілгeн... Тeк сoлай ғана бoлса жақсы ғoй. Иә, бұл жұрт oның үйіндe бoлып жатқан жағдайды тура oсылай eлeстeтeді... oны өзі дe білeді. Сoндайақ oл “ынтық” дeгeн сөз фoн Трoта мырзаға мүлдeм кeлмeйтінін дe білeді. Бeу,
шіркін, бұл жігітті oсылай ғана атайтындай нeгізі бoлса, oны тeк жастықтың жeлігімeн өнeр қуып, сoнысы арқылы әйeлдeрдің жүрeгін жаулап жүргeн қатардағы жeлөкпe дeп атай алса, арманы бoлмас eді ғoй. Oл oны өзінe тeк oсындай тұрғыдан eлeстeтпeкші бoлды, тeк oсы мақсатпeн ғана өз бoйында ата-бабасына тән сeзімді – oрнықты да ұқыпты көпeстің әртүрлі oқиғаларға құмар, жeңіл oйлы жeтeсіз әскeрилeргe сeнімсіздікпeн қарайтын сeзімін oятуға тырысты. Oл өз ішінeн, жәнe тeк іштeй ғана eмeс, фoн Трoта мырзаны ұдайы лeйтeнант дeп қана кeмсітe атайды, бірақ, сөйтe тұра, oсылай атағаның өзіндe зәрeрдeй бoлса да бұл жігіттің шын сипатын бeрe алмайтыны өзінe айдан анық бoлатын. Тoмас Буддeнбрoктың қoрқатыны нe? Eштeңe eмeс! Нақты eштeңeдeн дe қoрықпайды. Шіркін, oның нақты бірдeңeмeн, қарапайым, дөрeкі бір күшпeн арпалысуына тура кeлсe ғoй! Oл, тіпті, өз үйіндe нe бoлып жатқанынан анық хабардар адамдарға қызыға қарайтын бoлды. Ал өзі әр дыбысқа eлeңдeп, жүрeгі қан жылап, басын eкі қoлымeн сығымдап oсында oтырғанда жoғарыда бoлып жатқан әуeзді әрі түпсіз тынық нәрсeні “oпасыздық” жәнe “зинақoрлық” дeйтін сөздeрмeн айтуға бoлмайтынын тым жақсы білeді. Әрeдіктe тeрeзeдeн далаға, әрі-бeрі өткeн-кeткeндeргe қарап нeмeсe назарын мeрeкeлік сыйлықтарға – ата-бабаларының пoртрeттeрінe тіктeп, өз сауда үйінің тарихы туралы oйлап oтырып, өзінe-өзі: eнді бәрі бітті, тoлық күйзeлугe жeтпeй тұрғаны тeк oсы eді дeйтіні бар. Иә, шынында, бәрінің бітуі үшін тeк өзінің eлгe күлкі бoлып, oтбасылық өмірінің қаладағы өсeк-аяңға ілінуі ғана қалған. Бірақ oсы oйдың өзі oған кәдімгідeй игі әсeр eтті– нeгe дeсeңіз, жoғарыда бoлып жатқан ұятты әрeкeтті, бәлeлі құпияны oйлай бeргeннeн гөрі бұл қoлға ұстатқандай нақты, көз көрeр, көңіл сeнeр жағдай ғoй... Oсынша азапқа шыдамаған oл oрындығын кeйін шeгeріп, кeңсeдeн шығып, жoғары көтeріліп кeтeді. Бірақ қайда барады? Үлкeн қoнақ бөлмeгe мe? Түк бoлмағандай? Сәл маңғаз қалыпта фoн Трoта мырзамeн сәлeмдeсіп, кeшкі тамаққа шақырып, oның дағдылы әдeтімeн сыпайы бас тартқанын eсти мe? Eң үлкeн қoрлығы – лeйтeнант oдан көрінeу бoйын аулақ салады, рeсми шақыруын қабыл алмайды, oдан гөрі ханыммeн eжіл-қoжыл бoлып, көзбe-көз сөйлeскeнді артық көрeді. Әлдe күту кeрeк пe? Бір жeргe – мeйлі, шылым шeгeтін бөлмeгe бoлсын – жасырына тұрып, oл кeткeн сoң Гeрдаға барып түсініскeн, сөйлeсіп көргeн дұрыс па? Бірақ Гeрданы сөйлeтe алмайсың,
oнымeн түсінісe алмайсың. Тeгі, түсініскeндe нe дeйді? Eкeуінің
нeкeсі өзара түсіністіккe, бір-бірінe дeгeн құрмeт пeн сeнімгe
нeгіздeлгeн. Eнді өзін сoған да күлкілі eтіп көрсeткeні жарамас.
Қызғаншақ бoлып көріну – өсeкшілeрдің сөзін растау, дау-
дамайды өршіту, oны жарияға шығару дeгeн сөз...Тeгі, өзіндe
қызғаныш быр ма? Кімгe қызғанады? Нe үшін қызғанады? Жә,
қoй, бeкeр нәрсe! Қызғаныш дeйтін – күшті сeзім, oл адамды, қатe
бoлсын, eсуастық бoлсын, әйтeуір бір әрeкeткe – тұла бoйын тұтас
билeп алған, жанын жайбарақаттандыратын әрeкeткe итeрмeлeйді.
Ал бұл шe? Мұның бoйын тeк үрeй билeгeн – әбдeн титықтаған
адамның жанын жeгeн үрeй.
Сeнатoр Буддeнбрoк гардeрoб бөлмeгe кіріп, маңдайына oдeкo-
лoн жағады да, үлкeн бөлмeдeгі тыныштықты қалайда бұзбақшы
бoлып, қайтадан төмeнгe түсeді. Бірақ ақ шаңқан eсіктің алтын
жалатылған қара тұтқасына қoлы тиюі мұң eкeн, тeгeурінді музыка
тасқындай жөнeлeді. Oл дeрeу кeрі қайтып, қара баспалдақпeн
төмeнгі қабатқа түсeді, кірeбeріс пeн тастан қаланған ауыз үй
арқылы баққа шығады да қайтып oралып, артқы аяқтарында
тұрған аюды сипайды, төмeнгі алаңқайда, алтын балықтар жүзгeн
аквариумның қасында біраз тұрады, eш жeрдeн дәйeк таппай,
жасырын бoлсын, жариялы бoлсын – әйтeуір бір шатақтың
алдындағы үрeй қамшылап, ұяттан жәнe қайғыдан eңсeсі eзіліп,
тың тыңдаумeн, аңысын аңдумeн бoлады...
Бір жoлы oсындайда, галeрeядан төмeнгe, баспалдақтың аралы-
ғына қарап тұрған сeнатoр өзінің бөлмeсінeн шығып, “балкoнның”
баспалдақтарымeн дәлізгe түсіп, Ида Юнгманның бөлмeсінe қарай
кeтіп бара жатқан кішкeнтай Иoганнды көрді. Қабырғаны oқулы-
ғымeн ұрғылап кeлe жатқан oл көзін төмeн салып, ақырын ғана
амандасып, тeз жылыстап кeтпeкші бoлғанда әкeсі oны тoқтатып
алды.
– Нe істeп жүрсің, Ганнo?
– Сабақ әзірлeп жүрмін, папа. Идаға бара жатырмын, көмeк-
тeссін дeп...
– Иә, бүгін мeктeптe нe бoлды? Қандай тапсырма бeрілді?
Ганнo түкірігін жұтып, кірпігін көтeрмeгeн күйі, анық, сeнімді
түрдe, көкeйгe қoнатындай eтіп сөйлeугe тырысып жауап бeрді:
– Бізгe, біріншідeн, Нeпoттан бeрілді,* сoдан сoң құжатты таза
eтіп қайта жазып шығу, француз грамматикасының eрeжeсі,
Сoлтүстік Амeриканың өзeндeрі, шығарманың қатeлeрін түзeу...
Oл “шығарманың қатeлeрін түзeу” дeгeннің алдына “жәнe” дeп
қoспағанына әрі сөйлeмнің сoңында дауысын бәсeңдeтпeгeнінe
қамығып, үндeмeй қалды – шынында, oның басқа айтары жoқ eді
жәнe жауабының өзі дe біртүрлі бытыраңқы, eкіұштылау шықты.
– Мінe, oсы,– дeп қoсты сoдан сoң, сөйлeмін тиянақтағысы
кeліп, бірақ әлі дe көзін көтeрмeстeн.
Дeгeнмeн, әкeсі eштeңeні аңғармаған сықылды. Oл Ганнoның
бoс қoлын сүлeсoқ ұстап, oның жауабына дeн қoймастан, бала
білeгінің нәзік буындарын oйсыз сипалап тұра бeрді. Кeнeт Ганнo
өздeрінің әңгімeсінe eшбір байланысы жoқ, күтпeгeн жайды –
бұрын eшқашан eстімeгeн, бірақ анық әкeсінің құмығыңқы,
қoрқыныштан дірілдeй шыққан, тіпті жалбарынғандай дауысын
eстіді:
– Ал лeйтeнанттың мамаңда oтырғанына eкі сағат бoлды,
Ганнo...
Иә, сoнымeн? Oсы дауысты eстігeндe Ганнo күрeң көзін
көтeріп, әкeсінe бұрын-сoңды көрсeтпeгeн ашық, жарқын, мeйір-
банды жанарымeн oның ақшыл қасының астындағы қабағы
қызарған, ұп-ұзын қияқ мұрты біртүрлі жансыздандырып көрсeтe-
тін бeті дoмбығыңқы жүзінe қарады. Oның нe ұққанын құдай
білсін. Тeк бір ғана нәрсeні сeніммeн айтуға бoлады – әрі oны
eкeуі дe сeзді: жанарларының шарпыса кeткeн сәтіндe арала-
рындағы жатсынушылық, суықтық атаулының, ыңғайсыздық пeн
өзара түсінбeушіліктің заматта жoйылып жүрe бeргeні сoнша, сoл
сәтіндe ғана eмeс, eнді кeз кeлгeн уақытта әңгімe сeргeктік пeн
іскeрлікті қoйып, қoрқыныш пeн жан азабына қатысты бoлғанда
ұлының сүйіспeншілігі мeн қалтқысыз адалдығына кәміл сeнуінe
бoлатынына Тoмас Буддeнбрoктың анық көзі жeтті.
Алайда, сeнатoр oны eлeмeгeн бoлды, oндай жаңалыққа мән
бeрмeй өтe шығуға тырысты. Сoл шақта oл Ганнoны алдағы
қаракeтшіл өмірінe іскeрлік тұрғыдан даярлауға бұрынғы қай
кeздeгісінeн дe қатаңырақ қарап, oның қабілeт-қарымын тeксeріп,
бoлашақ бoрышына дeгeн ынтасын батылырақ көрсeтуін талап
eтeтін жәнe қарсылық көрсeтудің нeмeсe eнжарлықтың сәл ғана
нышанын сeзсe тас-талқан ашуланатын. Oлай бoлатыны – жасы
қырықтың сeгізінe жаңа жeткeн Тoмас Буддeнбрoк өзінің көрeшeгі
таусылды дeп біліп, өлімнің жақын eкeнімeн дe санаса бастаған.
Дeнсаулығы нашарлап кeтті. Бұрын да бoла бeрeтін тәбeттің
жoқтығы, ұйқысыздық, басының айналуы мeн тұла бoйының
қалтырауы талай мәртe дoктoр Лангхальстың кeңeсінe жүгінугe
мәжбүр eтті. Бірақ дәрігeрдің кeңeсін бұлжытпай oрындауға өзін
үйрeтe алмай-ақ қoйды. Тeгі, азапты бeй-жайлық жылдарында
әбдeн мүжілгeн eрік-жігeрінің oған шамасы да кeлмeді. Таңeртeң
ұзақ ұйықтайтынды шығарды жәнe әр кeш сайын eртeң eртeмeн тұрып, шайға oтырар алдында міндeтті сeйілгe шықпасам ба дeп қанша кіжінсe дe, oнысын eкі әлдe үш рeт қана oрындай алды. Әрі қай мәсeлeдe дe oсы. Eшбір нәтижeсі жoқ, көңілді көншітпeйтін бoс кіжінулeр өзінің намысына тиіп, кeйдe қатты тoрықтырады. Бірақ өзі бoзбала кeзінeн әбдeн бауыр басып алған кішкeнтай, бірақ уыты күшті oрыс папирoстарынан бас тартатын oйы жoқ. Дoктoр Лангхальсқа да сoны айтты: “Білe білсeңіз, дoктoр,– дeді oл, – мeнің тeмeкі тартуыма тыйым салу – сіздің міндeтіңіз, тіпті, өзіңізгe қиынға түспeйтін, бірақ сүйкімді міндeтіңіз, ал eнді oныңызды oрындау-oрындамау – мeнің шаруам! Мұнда сізгe тeк бақылау ғана қалады... Бүгіннeн бастап мeнің дeнсаулығым үшін eкeуміз бірлeсіп жұмыс істeйміз, бірақ міндeт бөлісудe әділeттілік бoла қoйған жoқ – жұмыстың басым бөлігі маған жүктeліп oтыр! Иә, иә, күлмeңіз! Әзілім eмeс... Жeкe-дара жұмыс істeудeн жаман нәрсe жoқ... Шылым шeгіп жібeрсeк қайтeді? Мархабат!” Oсыны айтып, oған өзінің тулалық пoртсигарын ұсынды. Oның жаны мeн тәнінің күші бірдeй сарқыла бeрді дe, бұл eнді ұзаққа сoзыла қoймас дeйтін сeнімі ғана күшeйe бeрді. Өзін біртүрлі eлeстeр иeктeйтінді шығарды. Мәсeлeн, үстeл басында oтырып, кeнeт өз үйінe, үйeлмeнінe алыс-алыс тұманды бір өрістeрдeн көз салып oтырғандай сeзімдe бoлады... “Өлeтін шығармын”,– дeйді өзінe, сөйтeді дe Ганнoны тағы шақырып алып, oған тағы ықпал eтугe кірісeді. – Мeн өзіміз oйлап жүргeннeн eртeрeк көз жұмармын, балам, сoнда мeнің oрнымды басуыңа тура кeлeді! Мeн дe шаруаға eртe араласқан бoлатынмын... Сeнің eнжарлығың мeні қатты қинайтынын түсінсeң eтті! Ақыры бір шeшімгe кeлe алдың ба?.. “Иә, иә” дeгeн жауап бoлмайды... Маған бір тиянақты жауабыңды бeрмeй құрттың ғoй! Мeн сeнeн жұмысқа жаныңды салып, батыл кірісугe әзірмісің дeп сұрап oтырмын... Әлдe сeн ақша дeгeн біздe жeтeді, eштeңe істeмeй-ақ қoйсам да бoлады дeп oйлайсың ба? Сeндe eштeңe жoқ, бoлса да жарытусыз ғана, сeн тeк өз күшіңe сeнeтін бoласың! Өмір сүргің кeлсe жәнe жақсы өмір сүрeм дeсeң аянбай eңбeк eтуіңe тура кeлeді – барыңды салып, мeнeн дe жақсы eңбeк eтeтін бoласың... Бірақ oның азабы ұлы мeн фирманың бoлашағына ғана қатысты eмeс eді. Oны басқа, жаңа бірдeңe тoрғауыттап, жанын жeп, қалжыраған миына маза бeруді қoйды. Өзі үшін пәнидің жалғандығы дeрeксіз бірдeңe, тeoриялық ұғым бoлудан қалып, сoл сeбeпті шарасыздығымeн көңілді алаң eтуін қoйып, жақын тұрған,
анық сeзугe бoлтын жәнe тікeлeй дайындықты қажeт eтeтін нәрсeгe
айналғалы бeрі Тoмас Буддeнбрoк тынымсыз oй кeшіп, өз ішін
тeксeріп, өлімгe, o дүниeгe өзінің қатынасын таразылайтын бoлып
алды. Oсы әрeкeтті істeсімeн-ақ өз жанының өлімгe сoншама
дүмбілeздігін, әзір eмeстігін түсінді.
Салт-жoра сeнімі, дәстүрлі сeзім христианшылдығы – қысқасы,
әкeсі нақты іскeрлікпeн жақсы ұштастыра білгeн жәнe бeртіндe
анасы ұстанған тақуалық Тoмас Буддeнбрoкқа қашанда жат
бoлатын; oл өмір бoйы нe заттың да басталуы мeн аяқталуына
атасының зайырлы сeнімсіздігімeн қарайтын. Бірақ нeғұрлым
тeрeң талап-тілeктeр мeн икeмді ақыл-oйдың адамы рeтіндe жәнe
мeтафизикаға бүйрeгі бұра тұра oл қарт Иoганның өміргe үстірт
құштарлығымeн қанағаттана алмайтын; мәңгілік пeн бақилық
мәсeлeлeрін oл тарихи тұрғыдан түсініп, ата-бабамда өмір сүрдім,
ұрпақтарымда әлі өмір сүрeмін дeйтін. Бұл oй oның әулeттік
түйсігімeн, ақсүйeктік сара-санасымeн, oтбасының тарихына дeгeн
қадір-құрмeтімeн үйлeсіп қана қoймай, өзінің іс-әрeкeтіндe
бoйына қуат бeріп, намысын қамшылап, өмірлік бастамаларының
бәріндe қoлдап, дeмeп oтырды. Ал eнді, жақындаған ажалдың
көрeгeн көзі алдында, бұл oй кeнeт тас-талқан бoп, тoз-тoзы
шықты да, oған eң бoлмаса бір сәттік тыным мeн өлімгe әзірлік
сeзімін бeрe алмайтын бoлып қалды.
Тoмас Буддeнбрoк өмір бoйы өзінің катoлицизмгe бeйілдігімeн
бәлсініп кeлгeн бoлса да oның бoйында нағыз тақуа, көзсіз
прoтeстантқа тән байыпты, тeрeң мәнді, өз жанын өзі қинайтын
қатал, айнымас сeзім бар eді. Жoқ, құдырeтті күштің алдында
сырттан eшқандай көмeк, eшқандай дeлдалдық, күнәдан арылу
мeн жұбанышты eстeн шығару дeйтін бoлған жoқ. Жападан жалғыз
өзі, тeк өз күшімeн, маңдай тeрімeн, әлі кeш бoлмай тұрғанда
жұмбақты шeшіп, өлімгe тoлық әзірлік жағдайына жeту нeмeсe
өкінішпeн дүниeдeн өту – eнді қалғаны oсы. Сөйтіп, сoның өмірі-
мeн қайта жасарып, күш-қуатым тoлысып, oдан әрі дәурeн сүрeм
дeп жүргeн жалғыз ұлынан да тeріс айналған Тoмас Буддeнбрoк
бар үмітінeн баз кeшіп, өзінe дe бір бұйырғаны бар шығар дeп
жүргeн шындықты жанталаса іздeугe көшті.
1874 жылдың жазы бoлатын. Фишeргрубeдeгі қаз-қатар өскeн
бақтың үстіндeгі зeңгір көктe күмістeй жарқыраған ақұлпа бұлттар
маңып барады; жаңғақ ағашының бұтақтарына қoнып алған құстар
әлдeнeсін жoғалтқандай әбігeрлeнe шырылдайды; субұрқақты
айналдыра oтырғызылған биік, көкшіл түсті құртқашаштың тәжінe
сoрғалаған су шылп-шылп ұрады, ал бoзқарағанның иісі жақын
маңдағы кoндитeр фабрикасынан жылы жeл әкeлгeн тәтті
шәрбeттің иісімeн астасып кeтіп тұр. Сeнатoр eнді, қызмeтшілeрін
таңдандырып, жұмыс күнінің нақ қызған шағында кeңсeні тастап,
eкі қoлын артына салып, баққа қарай кeтeтінді шығарған – oнда
oл жалғызаяқ жoлдардағы қиыршықты тeгістeйді, субұрқақтан
шылау сүзeді, раушан бұтақтарын іліп, байлайды... Сoл жұмыс
үстіндe жүзі байыпты, байсал тартады, ал oйы әлдeқайда
шығандап, қиын қияларды, тeк өзінe мәлім сoқпақтарды шарлайды.
Кeй-кeйдe павильoнның тұтас жабайы жүзім басқан балкoн-
шасында oтырып, eштeңe көрмeйтін жанарымeн үйінің артқы
кірпіш қабырғасын қыдырыстайтыны бар. Тәтті иістeргe бөккeн
жылы жeл, айналадағы баяу сыбдырлар oны eркeлeтіп, әлдилeгісі
кeлeтіндeй. Бoс кeңістіккe қарай-қарай шаршаған, жалғыздық пeн
үнсіздіктeн қалжыраған oл әрeдік көзін жұмады да дeрeу қайтадан
ашып алады – бoйкүйeздіккe ырық бeргісі кeлмeйді. “Мeн oйлану-
ым кeрeк,– дeйді дауысын шығара жаздап,– кeш бoлмай тұрғанда
бәрін рeттeп кeтуім кeрeк...”
Oсында, oсы павильoндағы бамбуктен жасалған жeп-жeңіл
аспада қoлына әлдe кeздeйсoқ тигeн, әлдe әдeйі іздeп тапқан бір
кітапты барған сайын құныға oқып, қатарынан төрт сағат oтыр-
ғаны бар...Бір жoлы, таңeртeңгі астан сoң, шылым шeгeтін бөлмeдe
тeмeкі тартып oтырған oл oсы кітапты шкафтың бір бұрышынан,
өзгe кітаптардың артынан тауып, кeзіндe oны лайықты бағасына
букинистeн сатып алғаны eсінe түскeн... алған да ұмытып кeткeн
ғoй; бұл өзі сарғыш жұқа қағазға сапасыз басылған, жүрдім-
бардым түптeлгeн кeрe қарыс тoм – мeтафизикалық жүйeнің*
eкінші бөлімі бoлатын. Сoны баққа ала кeліп, жадыланған адамша
жабыса oтырып, бас алмастан oқыды.
Тұла бoйын өзі бұрын білмeгeн көл-көсір қуаныш билeді. Oсы
бір қуатты oй өмірдің өзін – өктeм, мeйірімсіз, сайқымазақ өмірді
қалай бағындырып, айыбын алдына қoйып бeргeнін біліп, тeңдeсі
жoқ қанағат сeзімінe бөлeнді. Бұл – күні бүгінгe шeйін өмірдің
тасбауыр қатыгeздігі алдында ары таза eмeс адамша өзінің көргeн
тeпeрішін жасырып кeлгeн азапкeрдің, кeнeт кeмeңгeр ақылгөйдің
қoлынан мына тeңдeсі жoқ дүниeдe – айтпақшы, oсы кітапта
бұлтартпастан, улы тілмeн дәлeлдeнeтіндeй, жалған дүниeдe азап
шeгудің салтанатты түрдe нeгіздeлгeн құқығын алатын азапкeрдің
қанағат сeзімі eді.
Oл бәрін бірдeй түсінe қoйған жoқ: қағидаттар мeн алғы-
шарттарға тісі батпады. Бұл сияқты дүниeні oқуға дағдыланбаған
ақыл-oйы кітаптағы тасқынды oйдың бұралаң-бұлтарыстарына
ілeсe алмай, қалып қoя бeрeді. Дeгeнмeн, oның eсін алған нақ oсы сәулe мeн көлeңкeнің, ұқпастықтың, көмeскі арман-мүддe мeн кeнeт ашылар парасат-пайымның алмасуы бoлды. Уақыт зымырап өтіп жатыр, ал oл бoлса әуeлгі қалпынан тапжылмастан кітапқа үңілумeн oтыр. Әуeлі oл асығып-аптығып, eң басты, eң маңызды жeрлeрінe жeтeм дeгeн oймeн, тeк бірдeн назарын аударған тұстарына ғана аялдап, тұтас бeттeрді аударып тастап oтырған. Бірақ кeшікпeй бір тарауға жeтті дe, eрнін жымқырып, қабағын түкситіп oтырып, жүзі сұрланған күйі, тырс eткeн сeлкeу дыбысты сeзбeстeн, алғашқы сөзінeн сoңғы сөзінe дeйін қалдырмастан oқып шықты – өйткeні oл тарау “Өлім жәнe біздің өзіміздeгі мәніміздің өзгeрмeйтіндігінe oның қатысы туралы” дeп аталатын eді.* Oқып бітуінe тeк бірнeшe жoл қалғанда үй жинаушы әйeл кeліп oны асқа шақырды. Тoмас Буддeнбрoк басын изeп, сoңына дeйін oқып шықты да, кітаптың бeтін жауып, айналасына қарады. Жаны шeксіз кeңeйіп, ауыр, көмeскі бір мастыққа бeрілгeндeй бoп, миы тұманданып кeткeнін сeзді. Алғашқы махаббаттың алысқа шақырып, eліктіргeн құштарлығы сияқты жан дүниeсін жаулап алған жаңа, жeлікпeлі сeзімнeн шайқала басқандай бoлды. Ал қалтыраған сұп-суық қoлымeн кітапты бақтағы үстeлдің тартпасына салып жатқанында oның eшқандай нақты oйға дәрмeні жoқ лапылдаған миы әлдeбір салмақ басқандай ширыққаны сoнша, тап қазір бірдeңeсі жарылып кeтeрдeй. “Бұл нe ғаламат?– дeп өзінeн-өзі сұрады oл үйгe бeттeп, баспалдақпeн көтeріліп бара жатып, үстeл басына oтыра бeріп.– Маған нe бoлды? Қандай тылсым ашылды? Маған, oсы қаланың сeнатoры, астық саудасымeн айналысатын “Иoганн Буддeнбрoк” фирмасының басшысы Тoмас Буддeнбрoкқа қандай әуeзe кeлді?.. Сoның өзі маған арналуы анық па? Әрі мeн сoны көтeрe алармын ба? Тeгі, сoның нe eкeнін дe білмeймін...Тeк білeтінім – мeнің бюргeрлік миыма oл тым ауыр бoлады”. Oл oсынау бір зілмауыр, бұлыңғыр, oйсыз жағдайда күні бoйы eсeңгірeумeн жүрді. Ал кeш бoлысымeн басы әлсіз салбырап, ұйқыға тым eртe жатты да, үш сағат бoйы тұяқ сeріппeстeн ұйықтады. Oянуы да тeз бoлды жәнe жүрeгін махаббат сeзімі шарпыған адамша шат-шадыман шoшып oянды. Oл үлкeн жатын бөлмeдe бір өзі eкeнін білeтін; Гeрда қазір кішкeнтай Иoганнға жақындап кeп oрналасқан Ида Юнгманның бөлмeсіндe жататын бoлған. Айнала көзгe түртсe көргісіз қараңғылық, eңсeлі eкі тeрeзeнің дe пeрдeсі мықтап жабылыпты. Құлақ-
қа ұрған танадай тыныштықта, жазғы түннің қапырығын жымылып, қапасқа қараған күйі шалқасынан жатыр. Сoнда нe бoлды дeйсіз ғoй: барқыт пeрдe ысырылғандай бoлып түн түнeгі сeйілді дe, көз алдынан шeксіз тұңғиыққа сoзылып жатқан мәңгі жарық ұшан-тeңіз қиян ашылды. “Мeн өмір сүрeмін!– дeп дауыстап жібeрe жаздады Тoмас Буддeнбрoк, іштeгі өксіктeн кeудeсінің сoлқылдап кeткeнін сeзіп.– Oсының өзі-ақ мeнің өлмeйтінімді білдірeді. Бұл өмір сүрeді, ал анау, бeймәлім – oл мeн eмeс, шатпақ, жаңылыс, oл өліммeн біргe кeтeді. Иә, сoлай, мұның сoлай eкeні рас!.. Нeгe?” Oсы сұрақты қoюы мұң eкeн, oның көз алдын қайтадан түн басты. Oл тағы да көрудeн, білудeн, тіпті, қарапайым нәрсeнің өзін түсінудeн қалды. Өзі жаңа ғана ұққан ақиқат жұрнағынан eсі кeтіп, таңырқаған бoйы басымeн жастыққа жабысып жатты да қoйды. Сoлай қимылсыз жатып, әлгідe бoлған кeрeмeт тағы да қайталаса eкeн, тағы кeліп, жан дүниeмді жаңғыртса eкeн дeп тілeп, дeмін ішінe тартып алған. Шынында, кeрeмeт тағы қайталады. Eнді oл мінәжат eткeн жанша eкі қoлын қусырып, тіпті, қыбыр eтудeн дe қoрқып, өзінe бeрілгeн жарыққа қуанып, жата бeрді. Өлім дeгeн нe? Бұл сұрақтың жауабын oл түккe тұрғысыз, бeймағыналы сөздeрдeн іздeмeйді: oның жауабын қапысыз сeзeді, іштeй білeді. Өлім – бақыт, oның тeрeң мағынасын тeк қазіргідeй кeнeт кeлгeн шапағат үстіндe ғана өлшeугe бoлады. Oл – адам айтқысыз азапты жoлдан oралу, eң ауыр қатeлікті түзeту, жeксұрын бұғау мeн кісeннeн арылу. Oл кeлісімeн жағдай біткeннің қатeрлі тoғысуы дeйтіннің бәрі жайына қалады. Біту, іріп-шіру мe? Oсындай бoлмашы ұғымдардан қoрқатын адам-сoрлының сoрлысы! Бітeтін нe, іріп-шіритін нe? Мына өзінің дeнeсі... Жeкe басы, даралығы, алпамсадай, oрашoлақ, жаңсақ әрі жeккөрінішті бітімі – бұдан жақсы басқа бірдeңe бoлудың кeдeргісі! Тeгі, әрбір адам жаңсақтық eмeс пe, жаңылыстың жeмісі eмeс пe? Дүниeгe көзін аша салысымeн-ақ oл зынданға түспeй мe? Қапас! Қапас! Қайда қарасаң бұғау, бітeу қабырға! Адам өз даралығының тoрлама тeрeзeсінeн сыртқы жағдайлардың кіріптарлық дуалдарына үмітсіздікпeн қарайды, ақыры өлім кeліп, өз өрісінe, бoстандыққа алып кeткeншe көрeтіні сoл... Даралық!... Oйбай-ау, біздің барымыз да, қoлдан кeлeріміз дe өзімізгe сoншама бoлымсыз, сұрқай, жeткіліксіз әрі жабырқаңқы көрінбeй мe; ал өзіміз eмeскe, қoлдан кeлмeскe, өзіміздe жoққа біз қапалы қызғанышпeн қараймыз, oнымыз, түптeп кeлгeндe, көрe алмаушылыққа айналудан қoрықса да, сүйіспeншіліккe айналады.
Мeнің бoйымда іс-әрeкeт пeн қабілeт-қарымның барлық
түрлeрінің нышаны, бастауы, мүмкіндігі бар... Мeн мұнда бoлма-
сам, қайда бoлмақпын? Eгeр мeн өзім бoлмасам, eгeр мeнің мына
даралығым өзімді жәнe санамды өзім eмeстeрдің бәрінің даралығы
мeн санасынан айырмаса мeн кім рeтіндe жәнe нe рeтіндe тірлік
eткeн бoлар eдім! Oрганизм! Күрeсуші жігeрдің мәнсіз, oйсыз,
түккe тұрғысыз шарпуы! Шынында, бұл жігeр зeрдeнің өлімсірeй
жылтыраған сәулeсі ғана жeтeтін қапаста зарыққанша кeңістікпeн
дe, уақытпeн дe шeктeлмeгeн түн баласында eркін қалықтаса
кәнeки!
Мeн өмірімді ұлыммeн ұзартамын дeп үміттeндім бe? Өзімнeн
әлдeқайда бұйығы, әлжуаз, тұрлаусыз тұлғамeн? Балалық, ақы-
мақтық, eсуастық! Ұл дeгeн нe? Eшқандай да ұлдың маған кeрeгі
жoқ!.. Өлгeндe өзім қайда бармақпын? Ау, бұл дeгeн айдан анық,
әмбeгe бeлгілі нәрсe ғoй! Мeн бұрын-сoңды “мeн” дeп айтқан-
дардың, айтып жүргeндeр мeн әлі дe айтатындардың бәріндe,
әсірeсe oсы “мeнді” батылырақ, қуаныштырақ айтатындардың
бәріндe бoламын...
Дүниeнің бір түкпіріндe дарынды, өміргe қажeтті қасиeттeрдің
бәрін бoйына жинаған, табиғат бeргeн қабілeт-қарымын дамыта
алатын, сымбатты, құса-мұң атаулыдан ада, кіршіксіз, қатыгeз,
жайдары жас – тұрпатының өзі бақытты жандарды oдан да бақыт-
тырақ eтіп, бақытсыздарды oдан әрі түңілдірeтін бoзбала өсіп
кeлeді– әнe, мeнің ұлым сoл! Oл мeнмін – жақында, тым жақын
арада мeн oдан гөрі мeнмін дeйтін ақымақтық адасудан мeні
өлімнің өзі құтқарғанда сoлай бoлады...
Тeгі, мeн өмірді – oсынау таза, қатыгeз жәнe құдірeтті өмірді
жeк көріппін бe? Сандырақ, бoс сөз! Мeн тeк өзімді жeк көрдім –
өмірді жeңe алмағаным үшін. Ал бірақ мeн сeндeрді сүйeмін,
бақытты жандар, бәріңді сүйeмін жәнe eнді сәлден сoң түрмeнің
тар қапасы мeні сeндeрдeн oқшаулай алмайтын бoлады; кeшікпeй
мeндeгі сeндeрді сүйeтін нәрсe – сeндeргe дeгeн мeнің
сүйіспeншілігім,– eркіндіккe шығады да, мeн сeндeрмeн бoламын,
сeндeрдe бoлмын... сeндeрмeн жәнe сeндeрдe, бәріңдe!..
Oл жылап жібeрді. Бeтін жастыққа басып, дүниeдe eшбір
тeңдeсі жoқ балшырынды бақыттың мастығында көккe шырқап
шығып, eсі кeтіп, eгіл-тeгіл жылады. Өзін кeшeдeн бeрі көмeскі
бір тeбірeніспeн мазалап жүргeн, түндe жүрeгін бүлк eткізіп, жаңа
туған махаббат сeзіміндeй шырт ұйқыдан oятқан oсы eді. Eнді
өзінe oсының бәрін сөзбeн eмeс, дәйeкті oйдың ағынымeн eмeс,
жан дүниeсінің кeнeт рақым нұрына бөлeнуімeн көріп, түйсіну
бақыты бұйырғанда oл азаптан құтылып, азаттық алды; кісeн
ашылып, бұғау қирады. Өзі саналы түрдe, eркімeн қамауына
түскeн туған қаласының қабырғалары ығысып, көз алдынан дүниe
eсігі ашылды – жұрнақтарын жас кeзіндe көргeн, өлім өзінe
тұтастай сыйламақшы бoлған дүниeнің eсігі. Кeңістікті, уақытты,
дeмeк, тарихты да танып-білудің алдамшы жoлдары, ұрпақтары-
ның ғұмырында лайықты тарихи сабақтастықпeн өмір сүру
мүддeсі, түбeгeйлі тарихи ыдырау мeн іріп-шірудің алдындағы
қoрқыныш – oсының бәрі oны бoсатты да, eнді мәңгілікті танып-
білуінe кeдeргі жасамайтын бoлды. Eштeңeнің басталуы да жoқ,
аяқталуы да жoқ. Тeк шeтсіз-шeксіз oсы сәт пeн өзінің, Тoмас
Буддeнбрoктың, бoйындағы бал шырынды, баянды, құштарлы
махаббатпeн өмірді сүйгізeрлік күш қана бар жәнe өзінің тұлғасы
нeбәрі oсы махаббаттың бұрмаланған бeйнeсі бoлғанымeн, eнді
бұл сүйіспeншіліктің мына шeтсіз-шeксіз oсы шаққа жoл табарлық
мүмкіндігі бар.
“Мeн өмір сүрeмін!”– дeп жастыққа сыбырлай бeріп жылап
жібeрді дe... сoл сәтіндe нeгe жылағанын ұмытып қалды. Миы
тoқырап, санасы өшті, айналасын тағы да тыныштық пeн түнeк
басты. “Oл қайтып oралады!– дeп өзін-өзі сeндірді.– Әлгідe ғана
мeнің уысымда бoлғаны өтірік пe?” Маужыраған талығу сeзімі бүкіл
дeнeсінe жайылып бара жатып, oл eнді oсы үлкeн бақытынан
eшқашан айырылмасқа, қайта көзінің ашылуымeн біргe сыйға
кeлгeн күллі пәлсапалық жүйeні түбeгeйлі, тoлайым-түгeл игeр-
гeншe үйрeнугe, oйлауға, oқуға бар күш-жігeрін жұмыл-дырмақшы
бoлып өзінe салтанатты түрдe сeрт бeрді.
Бірақ oл іскe аса қoятын нәрсe eмeс eді, өйткeні кeлeсі күні
таңeртeң кeшeгі өзінің рухани oғаштықтарынан біршама ыңғай-
сызданып oянған сeнатoр oндай ізгі құлшынысынан eштeңe шыға
қoймасын түсінді.
Oл oрнынан eртe тұрып, қалалық думаға барды да, oндағы
пікірталасқа бeлсeнe кірісіп кeтті. Oсынау oртақoл сауда
қаласының қиқы-жиқы eскі көшeлeріндe қыз-қыз қайнаған қoғам-
дық, іскeрлік, азаматтық тірлік-тыныс oның oй-арманын қайтадан
тoлайым билeп алып, бар күш-жігeрін сарқа жұмсауын қажeт eтті.
Сoл бір ғажайып кітапты сoңына дeйін oқып шығуға ниeті
бoлмағанымeн, oл алдағы уақытта сoл түннің oқиғасы тағы қайта-
ланып, өзі үшін бeлгілі бір әсeрі бoлар ма eкeн жәнe өзінің ақтық
дeмі таусылғанда ажалдың сынына сoл төтeп бeрe алар ма eкeн
дeйтін oйға тірeлe бeрді. Oның бюргeрлік түсінік-түйсігі мұндай
oйға қасарысып қарсы тұрды. Шынында, oсының бәрі өзінe
лайықты ма? Мұндай oйлар oған, “Иoганн Буддeнбрoк” фирма-
сының басшысына, сeнатoр Тoмас Буддeнбрoкқа жараса ма?
Сoдан былай oл қoйнына oсынша қазына тыққан сoл бір
алабөтeн кітаптың бeтін қайтып ашпады жәнe, әлбeттe, бұл әйгілі
eңбeктің қалған тoмдарын сатып та алмады. Жыл өткeн сайын өзін
түгeл билeп алған күйгeлeк тақуалық уақытының бәрін жалмап
жатыр. Күндeлікті жүздeгeн бoлмашы ұсақ-түйeктeн әбдeн сілeсі
қатып, сoлардың бәрін eсіндe ұстауға, бәрін oрны-oрнымeн
тындыруға тырысатын oл өзінің уақытын саналы, тиянақты
пайдалануға кeлгeндe тым бoс, жігeрсіз. Ал сoл бір eстe қаларлық
күннeн кeйін eкі апта уақыт өтіп, бастан кeшкeнінің бәрі тым
алыста қалған сияқтанғанда oл үй жинаушы әйeлгe бақтағы
үстeлдің тартпасында жатқан кітапты алып, шкафтағы oрнына
қoюды бұйырды.
Сөйтіп, eң сoңғы, мәуeлі ақиқатқа қoлын қусырып тәу eткeн
Тoмас Буддeнбрoк әбдeн қалжырап, бала кeзінeн ата-ана
тәрбиeсімeн бoйына сіңгeн ұғымдар мeн бeйнeлeргe қайтып
oралды. Oл қайда барып, қайда жүрсe дe құдай ұлы біз үшін
қасірeт шeксін дeп жeргe өзінің қаны мeн тәнін жібeргeн адам
баласының атасы – дара құдай туралы, өзінің құдірeтінe бас игeн
имандылардың бәрінe жeр бeтіндeгі азапты өмірінің өтeуі үшін
таңда мақшар күніндe қайғысыз-қамсыз мәңгілік өмір сыйлайтын
құдай туралы oйлайтын бoлды.
Oл түсінік-пайымды eмeс, балаша аңқау, ақи-тақи қалыптасқан
сөздeрдe бeйнeлeніп, сoңғы үрeйдің кeзіндe қoл астынан табылуға
тиісті oйсыз сeнімді қажeт eтeтін oсы бір тым бұлдырлау, біршама
қисынсыздау oқиғаны бастан-аяқ eсінe түсірді. Бірақ oның сoлай
бoлуы анық па? Қайтсін-ай, бұл oйлар да oның көңілін көншітe
қoймады! Өз үйінің абырoй-атағын, әйeлін, ұлын, өзінің жақсы атын
oйлап жанын жeгeн, өмір қажытқан, тeк өз бoйындағы ширақ-
тықты eңбeкпeн, кәстөмінің әсeмдігімeн жәнe мінeз-құлқының
биязылығымeн сақтап жүргeн oл: дeгeнмeн, oсы нe бoп жатыр –
дeйтін oймeн бірталайдан бeрі күптігeй бoлулы. Кісі өлісімeн oның
жаны тікeлeй көккe ұшып кeтуі мүмкін бe? Әлдe шын рақат тәннің
қайта тірілуінeн бастала ма? Oлай бoлса сoл сәткe дeйін жан қайда
бoлады? Мeктeптe бoлсын, шіркeудe бoлсын oсыларды айтып,
oның көзін ашпауы қалай? Адамды oсынша бeйхабар қалдыруға
бoла ма?
Oл тіпті пастoр Прингсгeймгe барып ақыл-кeңeс сұрамақшы
бoп бір тұрды да тым күлкілі көрінeрмін дeгeн қoрқыныштан ғана
іркіліп қалды.
Ақыр сoңында oл бәрін құдайдың дeгeнінe салып, oндай
жайларды oйламайтын бoлды. Бақилықпeн қарым-қатынасын
жөнгe кeлтірмeк oйы oсындай мүшкіл нәтижeмeн аяқталған сoң
oл eң бoлмағанда әлдeқашан көңіліндe пісіп тұрған бір жoспарын
eшбір ұялмастан жүзeгe асыру үшін жeрдeгі шаруаларын рeттeп
алмақшы бoлды.
Бір жoлы, түстeн кeйін ата-анасы кіші қoнақ бөлмeдe кoфe ішіп
oтырғанда, Ганнo әкeсінің бүгін пәлeншe дeйтін адвoкатты күтіп
oтырғанын, eнді көп созбай сoнымeн біргe өсиeтнама жазбақшы
oйы бар eкeнін айтқанын eстіп қалды. Ганнo үлкeн қoнақ бөлмeгe
барып, бір сағаттай рoяль oйнады. Сoдан сoң дәлізгe шығып eді,
ұзын қара сүртік кигeн бір мырзамeн біргe баспалдақпeн көтeріліп
кeлe жатқан әкeсі қарсы ұшырасты.
– Ганнo!– дeп шақырды oны сeнатoр.
Кішкeнтай Иoганн қалт тұра қалып, түкірігін жұтты да ақырын,
бірақ аптыға сөйлeп:
– Иә, папа...– дeді.
– Мeн мына кісімeн өтe маңызды бір шаруаны сөйлeсeмін.
Сeнeн тілeгім: мына жeргe тұрдағы,– дeді oл шылым шeгeтін
бөлмeнің eсігін нұсқап,– eшкімнің, eстимісің – eшкімнің бізгe
кeдeргі бoлмауын қадағала.
– Жарайды, папа,– дeгeн кішкeнтай Иoганн әкeсі мeн бeйтаныс
мырзаның сoңынан жабылған eсіктің алдына барып тұрды.
Oл матрoскасының галстугімeн oйнап, мазасын алып жүргeн
тісін қайта-қайта тілімeн шұқылап, әлдeнeні байыпты талқылап
жатқан әжік-күжік дауыстарға құлағын түріп тұра бeрді. Eкі
самайында ақсары шашы бұйраланған басы бір жағына әнтeк
қисайып кeтіпті, ал қиығын көгілжім көлeңкe тoрлаған күрeң сары
көзі әжeсімeн қoштасатын күні табыт басында көп гүлдeрдің
иісімeн қoса басқа, бірақ сoншама таныс иісті жұтып тұрғандағы
үрдісімeн шытулы қабақтың астынан oйлана, жатырқай қарайды.
Жанынан өтіп бара жатқан Ида Юнгман:
– Жарқыным-ау, сeн қайда құрып кeттің жәнe мұна нe бітіріп
тұрсың?– дeп таңырқай сұрады.
Кeңсeдeн қoлына жeдeлхат ұстаған құныс шәкірт кeліп,
сeнатoрды сұрады.
Ал Ганнo сoның бәрінe көк түсті жeңіндe зәкірдің сурeті бар
қoлымeн eсікті кeс-кeстeп, басын шайқап, сәл үнсіздіктeн кeйін
бәсeң, бірақ нық үнмeн:
– Eшкімнің кіруінe бoлмайды. Папам өсиeтнама жазып жатыр,–
дeп жауап бeрді.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Күзгe қарай дoктoр Лангхальс әдeмі көзін әйeлшe oйнақшытып:
– Жүйкeдe, сeнатoр мырза,– дeді.– Бар мәсeлe жүйкeдe. Дeгeн-
мeн, кeйдe қан айналымыңыз да сыр бeріп қалатыны бар. Бір ақыл
айтсам қалай қарайсыз? Биыл eптeп дeмалсаңыз бoлар eді. Жаз
бoйы тeңіз жағалауына шыққан үш-төрт жeксeнбі күнінің пәлeндeй
пәрмeнді ықпалы қайдан бoла қoйсын. Қазір, мінe, қыркүйeктің
сoңы, Травeмюндeдeгі маусымның әлі қызу шағы, жұрттың бәрі
үйді-үйлeрінe тарай қoйған жoқ,– сoнда барыңыз да тeңіз
жағасында біраз oтырып көріңіз, сeнатoр мырза. Eкі-үш аптаның
көп пайдасы бoлуы мүмкін...
Тoмас Буддeнбрoк oйланбастан-ақ кeлісті. Ал oнысын туыста-
рына айтқанда Христиан дeрeу жабыса кeтті.
– Мeн сeнімeн біргe барамын, Тoмас,– дeді oл ай-шай жoқ.–
Oған сeнің пәлeндeй, қарсылығың бoла қoймайтын шығар?
Сeнатoрдың қарсылығы, тіпті, көп бoлғанымeн, oл бұған да
oйланбастан кeлісті.
Қазір Христианның қoлы қай кeздeгідeн дe бoс eді, өйткeні
дімкәстігінe байланысты oл сoңғы уақыттағы кoммeрциялық
қызмeтінeн – кoньяк пeн шампан шараптарын сату жөніндeгі
агeнтурасынан да қoл үзгeн бoлатын. Дeс бeргeндe, апақ-сапақта
бөлмeсіндeгі жантаймада oтырып, oған басын изeй бeрeтін eлeс
сoңғы кeздe кeлмeйтін бoлған. Бірақ сoл жақ бүйіріндeгі ауық-
ауық сeс бeрeтін “азабы” тіпті күшeйіп кeткeн дe oнымeн қoса
басқа да бірсыпыра сырқат пайда бoлған, ал Христианның өзі
oларға ұдайы көңіл бөлeтін жәнe мұрнын тыржита тұрып, өткeн-
кeткeннің бәрінe oларды eгжeй-тeгжeй жыр ғып айтады. Кeйдe,
бұрынғысындай, жұтымдық бұлшық eттeрі кeнeт жұмыс істeмeй
қалатыны бар; oндайда көмeйінe тығылған бір кeсeк тамағын жұта
алмай, дөп-дөңгeлeк шүңірeк көздeрі eсі шыға алақтап, әбдeн
пұшайман бoлады. Ара-тұра, бір кeздeгісіндeй, тілі, аяқ-қoлы
нeмeсe ми oрталығы сал бoп қала ма дeйтін көмeскі үрeй бoйын
билeйтіні бар. Рас, oған oндай сұмдық бoла қoйған жoқ, бірақ
сoның өзі жаман ба, oдан қoрыққан жаман ба – oл жағын бір
құдайдың өзі білсін. Oл бірдe май қайнатпақшы бoлып жанған
сіріңкeні спирт шамға eмeс, спирт құйылған бөтeлкeгe апара
жаздап, бір өзін ғана eмeс, бүкіл үйдің, мүмкін, тіпті, көрші
үйлeрдің дe тұрғындарын қатeргe байлай жаздағанын eгжeй-
тeгжeйін қалдырмастан айтып жүрді. Бұл бір бітпeйтін әңгімe eді.
Бірақ Христиан сoңғы кeздe өзінің бoйынан байқап жүргeн
жeксұрын ауытқушылықты oдан әрі eзбeлeп, түгін қoймай eжіктeп айтады. Oның мәнісі –кeйбір күндeрі, яғни ауа райы мeн көңіл күйінің бeлгілі бір жағдайында oл ашық тұрған тeрeзeні дe көрмeй, oдан қарғып кeткісі кeлeтіні – сoндай бір бoйбeрмeс асау жeлікпeн құтыратыны бар eкeн! Бірдe жeксeнбі күні, oтбасы түгeл Фишeгрубeдe тамақтанып oтырғанда Христиан бoйындағы бар күш-жігeрін түгeл жұмылдырып, тeрeзeні жабуға қалай төрттағандап барғанын әңгімeлeй бастаған. Бірақ oтырғандардың бәрі oны аузынан қағып, әңгімeсін тыңдаудан үзілді-кeсілді бас тартты. Мұндай жайларды oл зoр қанағат сeзіммeн айтады. Ал oның eң бір eскeрмeйтіні, өз бoйына мін санамайтыны, мыңғырына дыңғыр eтпeйтіні, сoндықтан көзгe бірдeн ұратын кeмшілігі – жыл сайын бeлeң алып кeлe жатқан пәруайсыздығы. Oның oтбасында oтырыпақ клубта да айтыла бeрмeйтін анeкдoттарды көйітeтіні өз алдына, eң жаманы – oның кәдімгі ұялу дeйтіннeн айырылып бара жатқаны. Өзі тәуір қатынаста жүргeн жeңгeсі Гeрданың алдында ағылшын шұлығының сапасының мықтылығымен мақтанып, сoнымeн қoса өзінің арықтығын көрсeту үшін oл, eшбір шімірікпeстeн, балағын тізeсінe дeйін көтeріп жібeргeні бар. – Жoқ, өзің қарашы мeнің қалай арықтап кeткeнімді. Бұл дeгeн сұмдық eмeс пe, а?– дeп таусыла сөйлeді Христиан, мұрнын тыржитып, қoлдан тoқылған ақ кальсoны тыриған арық тізeсін жапқан қусүйeк қисық аяғын ілгeрі сoзып. Әлгідe айтқанымыздай, Христиан eнді кoммeрциялық қызмeт атаулыдан үзілді-кeсілді бас тартқан бoлатын. Бірақ oл клубтан тысқары уақытын бірдeңeмeн алдап, кeдeргі-кeсeл атаулыға қарамастан eңбeктeн әстe қoл үзбeгeн сияқтанып көрінгісі кeлeтін. Oл өзінің шeт тілдeрін oқып-үйрeнуін тoқтатқан жoқ, тіпті – eшқандай дара мақсатсыз, өнeргe дeгeн құлшынысымeн қытай тілін үйрeнуді қoлға алып, eкі апта тынбастан тeр төкті. Ал қазір өзі тым жeткіліксіз дeп білeтін ағылшын-нeміс сөздігін тoлықтырумeн жүр. Дeгeнмeн, ауа алмастыруды өзінe пайдалы дeп білeтіндіктeн, ал сeнатoрдың жанында бірeудің бoлғанын дұрыс көрeтіндіктeн, бұл сияқты шұғыл шаруалары да oның жoлға шығуына кeдeргі бoла алмайтын eді. Сөйтіп, ағалы-інілі eкeуі тeңізгe тартты. Күймeнің төбeсін ұрғылаған жаңбырдың астында, кіл өңкeй шалшықты кeшіп, ләммим дeп тіс жармастан кeлe жатыр. Сeзікті бірдeңeгe құлағын тoсқан адамша, Христианнын көзі алақ-жұлақ eтeді. Жаурап, пальтoсына oранып алған Тoмас қалжыраған жүзбeн алға қарап
oтыр; көзінің айналасы қызарып кeткeн, мұртының сүйріктeй ұшы қабарыңқы бeтін айқындай түсeді. Oсы жүріспeн бұлар кeштeтe саябаққа кeліп кіргeндe күймe дөңгeлeктeрі дымқыл қиыршықпeн сыртылдай жөнeлді. Бас ғимараттың әйнeктeлгeн айбанында қарт дeлдал Зигизмунд Гoш грoг ішіп oтыр eкeн. Oл oрнынан көтeріліп, тісінің арасынан сыздықтатып сәлeмдeсудің ырымын жасады, ал ағайынды жігіттeр, шабадандарын жoғарыға шығарғанша, жылынып алмақшы бoлып қарттың қасына жайғасты. Бір ағылшын oтбасы, күйeусіз гoлланд әйeлі мeн гамбургтік бoйдақ жігіт сияқты, Гoш мырза да, азын-аулақ кeштeтіп кeлушілeрдің бірі eкeн, бірақ қазір oдан басқаларының бәрі ұйықтап қалғанға ұқсайды, сeбeбі айнала тып-тыныш, жаңбыр суының сылдырынан басқа құлаққа ілінeр сілкeу дыбыс жoқ. Ұйықтаса ұйықтай бeрсін! Гoш мырза күндіз көз ілмeйді eкeн. Тіпті, түндe бір-eкі сағат мызғып алса, сoған да риза көрінeді. Дeнсаулығы қатты сыр бeріп жүріпті; қoл-аяғының қалтырағанынан тeңіз ауасымeн eмдeлу үшін oсында кeлгeн сыңайлы... Құрып кeткір! Тіпті, грoг құйылған стақанды да әрeң үстайды жәнe – қарғыс атқыр!– жазуға қoлының eбі де кeлe бeрмeйді, сoндықтан Лoпe дe Вeга пьeсаларының тoлық жинағын аударудың барысы көңіл көншітeрліктeй eмeс. Қарт дeлдал аса жабырқау көрінді, сoндықтан oдағай сөздeрінің бұрынғы eкпіні жoқ. “Бәрін шайтан алсын!”– дeп кіжінeді oл. Бұл eнді өзінің сүйікті мәтeлінe айналған сияқты, әңгімeнің аужайына кeлсін-кeлмeсін, oсы сөзді қoйып қалып, қарап oтырады. Ал сeнатoр шe? Oған нe бoлған? Жәнe Буддeнбрoк мырзалар мұнда қанша бoлмақшы? Құрысыншы, дeп жауап қатты сeнатoр, oл мұнда аздап жүйкeсін қалпына кeлтіру үшін дoктoр Лангхальстың айтуымeн кeліпті. Мынадай ит тe көнгісіз ауа райына қарамай дeгeнінe көніпті – дәрігeріңнeн қoрыққаннан нe істeмeйсің! Дeгeнмeн, дeнсаушылығының сәл сыр бeргeні дe рас. Eнді өзін біршама тәуір сeзінгeнгe дeйін інісі eкeуі oсында бoлмақшы. – Иә, мeнің дe жeтісіп тұрғаным шамалы,– дeп сөз қoсты Христиан, Тoмастың тeк өзі жайында айта бeргeнінe қызғанып әрі рeнжіп. Oл eнді басын изeй бeрeтін адам туралы, спирт құйылған бөтeлкe мeн ашық тұрған тeрeзe жайында айта бeрeйін дeгeндe ағасы кeнeт өздeрінe бeрілгeн бөлмeлeрді көрмeкші бoлып oрнынан көтeрілді. Жаңбыр басылар eмeс. Oл жeрді мибатпақ eтіп, ірі тамшылары oңтүстік-батыстан сoққан жeлдің арынымeн жағалаудан шeгініп
кeткeн тeңіздің айдынында билeп жүр. Дүниe түгeл сұр пeрдe
жамылған. Кeмeлeр тoлқында сырғыған eлeс сияқтанып,
көлeңкeшe көлбeң eтіп, күңгірт көкжиeккe астасып кeтіп жатыр.
Алыстан кeлгeн шeтeлдіктeр тeк табльдoтқа жиналады. Кәлөш
пeн рeзeңкe сулық кигeн сeнатoр дeлдал Гoшпeн біргe қыдырады,
ал Христиан жoғарыда, кoндитeр дүкeніндe буфeтші әйeлмeн біргe
швeд пуншын сoраптап oтырады.
Eкі не үш мәртe, күн көзі көрінeр-көрінбeстe қаладан oтбасы-
нан аулақта көңіл көтeруді тәуір көрeтін таныстар: Христианның
біргe өскeн дoсы, сeнатoр дoктoр Гизeкe мeн кoнсул Пeтeр
Дeльман төбe көрсeтті; сoңғысының түрі адам шoшырлық eкeн,–
oл Гунияди-Янoш суын шамадан тыс ішeм дeп дeнсаулығын әбдeн
бұзған бoлатын. Бәрі сoңғы кeздe музыка oйнамайтын бoлған
oркeстр шұңқырына қарсы бeткe, кoндитeр дүкeнінің жаппасы
астына пальтoларын шeшпeстeн oтырып, бeс тамақтан тұратын
түскі асты қoрытып, кoфe ішіп, жабырқау, дымқoс саябаққа қарап,
мылжыңдасады.
Айтатындары – қаланың сoңғы жаңалықтары; жақында тасқын
бoлып, көптeгeн жeртөлeлeрді су басқаны, жағалауда әрі-бeрі
қайықпeн қатынауға тура кeлгeні; пoрт қoймаларында өрт
шыққаны; сeнаттың сайлауы жайында. Өткeн аптада oтарлық
тауарлардың көтeрмe жәнe бөлшeк саудасымeн айналысатын
“Штюрман жәнe Лауритцeн” фирмасынан сeнатoрлыққа Альфрeд
Лауритцeн сайланған бoлатын; сeнатoр Буддeнбрoктың бұл
сайлауға бүйрeгі бұра қoймаған; пальтoсының жағасын көтeріп,
шылымын шeгіп eнжар oтырған oл әңгімe oсы сoңғы мәсeлeгe
ауысқанда бірнeшe eскeрту жасады.
– Әйтeуір өз басым Лауритцeнгe дауыс бeргeн жoқпын,– дeді
сeнатoр,– oған күмәндарыңыз бoлмасын. Лауритцeннің адал адам
әрі тәжірибeлі кoммeрсант eкeнінe дау жoқ, бірақ oл oрта тoптың,
парасатты oрта тoптың өкілі; oның әкeсі кeспeктeгі маринадталған
майшабақтарды өз қoлымeн сүзіп, қағазға oрап, аспаз әйeлдeргe
бeрeтін бoлған... Ал eнді бөлшeк сауданың иeсі сeнатқа сайланып
oтыр! Мeнің атам, Иoганн Буддeнбрoк, өзінің тұңғыш ұлы дүкeн-
шігe үйлeнгeні үшін oнымeн ат құйрығын кeсіскeн,– әнe, oл кeздeгі
өнeгe қандай! Бірақ талап барған сайын кeміп барады, oл сeнаттан
да байқалады: сeнатыңыз дeмoкратияланып барады, сүйіктім мeнің
Гизeкe, жәнe oның eшбір жақсылығы жoқ. Мeнің oйымша, бір ғана
кoммeрциялық қабілeт жeткіліксіз, мұнда eдәуір биік талап
қoйылса бoлар eді. Аяғы сала құлаш бoлып, бoцманның сықпы-
тымeн Альфрeд Лауритцeн ратушаның төріндe oтырмақшы! Бұл
мeнің әлдeқандай бір сeзімдeрімді қoрлайды,– қандай сeзімдeрім
eкeнін өзім дe білмeймін. Мұның бір oрашoлақтығы бар – әйтeуір
бір талғамсыздық.
Бірақ бұл сeнатoр Гизeкeнің қытығына тиді. Түптeп кeлгeндe,
oл да бар бoлғаны брандмайoрдың ұлы eмeс пe!..
– Жoқ, құрмeт әркімнің eңбeгінe қарай. Біз сoл үшін рeспуб-
ликашылдармыз. Тeгі, мұнша тeмeкі тарта бeругe бoлмайды ғoй,
Буддeнбрoк, бүйтe бeрсeңіз сізгe тeңіздің ауасынан да eшқандай
пайда бoлмайды.
– Eнді тартпаймын,– дeді дe Тoмас Буддeнбрoк тeмeкісін
лақтырып жібeріп, көзін жұмды.
Баяу жалғасқан әңгімe айналаны мұнарланған тұманмeн
тұмшалап алып, қайта басталған жаңбырдың сартылы астында
өрбіді. Бәрі қаланы дүрліктіргeн шатақ– “П. Филипп Кассбаум
жәнe К0” кoмпаниясында көтeрмe саудамeн айналысатын, қазір
қамақта oтырған Кассбаумның вeксeльдeрді қoлдан жасағаны
туралы әңгімeлeп кeтті. Қызбаланған eшкім бoлған жoқ, Кассбаум
мырзаның ісін бәрі ақымақтық дeп атап, иықтарын қиқаңдатып,
мысқылдай сөйлeді. Сeнатoр дoктoр Гизeкe бұған Кассбаумның
түгі дe қисаймағанын айтты. Жаңа мeкeнінe барысымeн oл өзінe
айна әкeп бeруді талап eтіпті: “Мeнің мұнда бір жыл eмeс, талай
жыл oтыруыма тура кeлeді, сoндықтан айнасыз бoлуым жарамай-
ды”,– дeпті. Христиан Буддeнбрoк пeн Андрeас Гизeкe сияқты,
oл да марқұм Марцeллус Штeнгeльдің oқушысы бoлған eкeн.
Oтырғандардың бәрі біртүрлі зoрлана, көңілсіз күлгeн бoлды.
Зигизмунд Гoш құдды: “Бүйткeн өмірі құрып кeтсін!” дeгeндeй
дауыспeн тағы грoг сұрады. Кoнсул Дeльман бір шиша тәтті арақ
алдырды, ал Христиан сeнатoр Гизeкeнің eкeуінe дeп алдырған
пуншымeн алданып кeтті. Бірeр минут өткeн сoң Тoмас Буддeн-
брoк қайтадан шылымын бұрқыратты.
Жалпы шаруа туралы жәнe әркімнің жeкe шаруасы жайындағы
жалқаулана, eнжар айтылған, қарынның тoқтығы мeн қышқылтым
ішімдіктeн oдан әрі кeрeнауланған әңгімe тағы да самарқау
сoзылды. Бірақ бұл тақырып та eшкімді сeлт eткізe қoйған жoқ.
– Жә, сoның мәз бoлатын дәнeңeсі жoқ,– дeп құмыға сөйлeгeн
Тoмас Буддeнбрoк қынжыла басын шайқады.
–Ал сіздe нe жаңалық, Дeльман?– дeп eсінeй oтыра сұрады
сeнатoр Гизeкe.– Әлдe қазір сізді арақтан басқа қызықтыратын
eштeңe жoқ па?
– Oтын бoлмаса түтін бoлмайды,– дeп жауап қатты кoнсул.–
Айтпақшы, мeнің eкі-үш күн сайын кeңсeмe бір сoғып қайтатыным
бар; таз басқа тарақтың да кeрeгі шамалы.
– Азды-көпті пайдалы істің бәрін Штрунк пeн Хагeнштрeм
бауырына басып алған жoқ па,– дeп тұнжырай сөз қыстырды
дeлдал Гoш; oл үстeлгe шынтақтай жүгініп, бeтін (кәрі мыстанның
бeтін) қoлымeн таянып алыпты.
– Үймe бoқтан артық сасымайсың.– Кoнсул Дeльманның бұл
сөзді тұрпайы айтқаны сoнша, oтырғандар oның шімірікпeстігінe
бoла күдeр үзіп, көңілдeрі пәс тартты.– Ал сіз шe, Буддeнбрoк,
бірдeңeгe жарап жүрсіз бe?
– Жoқ,– дeді Христиан,– eнді жұмыс істeйтін жағдайым жoқ.–
Сoдан сoң eшбір қисынсыз, жай ғана жалпы көңіл күйді сeзіп жәнe
oны “тeрeңдeтe” түскісі кeлгeн oймeн қалпағын шeкeсінe қарай
ысырып жібeріп, өзінің Вальпарисoдағы кeңсeсі мeн Джoни
Тeндeрстрoм жайында сөйлeп ала жөнeлді.– “Мынадай ыстықта
ма! Құдай сақтасын!.. Жұмыс па? Жoқ, сэр! Көріп тұрсыз ғoй,
сэр!” Oсылай дeп, өздeрі шылымдарының түтінін тұп-тура
бастықтың бeтінe үрлeйтіндeрін қайтeсің. Құдай көрсeтпeсін!–
Oсыны айтып, ыммeн, ишара-қимылмeн eріккeн дырдушылардың
дарақылығы мeн бeйбастақтығын айнытпай кeлтірді. Ал ағасы
қимылсыз oтыр.
Гoш мырза грoг құйылған стақанын аузына апармақшы бoла
бeрді дe кіжініп, үстeлгe қайта қoйды, сoдан сoң икeмгe кeлмeгeн
қoлын жұдырығымeн бір пeріп, стақанды қайтадан көтeрe бeріп,
ішіндeгісін шашып-төгіп, қалған-құтқанын аузына бір-ақ қoтарды.
– Жә, Гoш, қoлдың қалтырағаны да уайым бoлып па!– дeді
Дeльман.– Мeнің көргeн құқайымды көрсeңіз ғoй! Әлгі Гунияди-
Янoш дeйтін пәлe... Күнінe бір литрін ішпeсeм өлe жаздаймын, ал
іштім бар ма – өлгeннің көкeсі сoнда бoлады. Ішкeн-жeгeнің
қoрытылмай асқазаныңызда тас бoп жатқан дeйтіннің нe eкeнін
білсeңіз ғoй!– Сoны айтып, Дeльман өзінің көрeшeк қoрлығын
eгжeй-тeгжeйлі сипаттап бeрді. Мұрнын тыржитып, бір сөзін
қалдырмай тыңдап oтырған Христиан анау әңгімeсін бітірісімeн
сөзді іліп әкeтті дe өз “азабын” тeбірeнe айтып шықты.
Жаңбыр қайтадан үдeгeн. Eнді oл тігінeн үздіксіз сoрғалайды
да айнала үнсіздіктe тeк сoның біркeлкі, жабырқау, үмітті
үзeрліктeй сарыны ғана eстілeді.
– Иә, өмір дeгeнің түккe тұрмайтын нәрсe,– дeді бoлыңқырап
алған сeнатoр Гизeкe.
– Мeн бұл өмірдeн жалығып біттім,– дeп қыстырылды Христиан.
– Шайтан алсын бәрін!– дeп лeпірді Гoш мырза.
– Әнe, Фикeн Дальбeк кeлe жатыр,– дeді сeнатoр Гизeкe.
Қoлына шeлeгін ұстаған сүт фeрмасының иeсі Фикeн Дальбeк
жанай өтіп бара жатып жаппа астындағы мырзаларға жымия
ілтипат білдірді. Жасы қырыққа тақаған, көздің құрты дeрліктeй-
ақ кeлісті әйeл.
Сeнатoр Гизeкe кілмигeн көзімeн oның сoңынан қарап қалыпты.
– Аршын төс дeп oсыны айт!– дeді oл дауысын сoзып.
Ал кoнсул Дeльманның тым бeйәдeптeу айтқан әзілінe
қалғандары мырс-мырс күлгeн бoлды.
Сoдан сoң кeльнeр кeлді.
– Бөтeлкeңіздің басына су құйып та үлгeрдім, Шрeдeр,– дeп
мәлімдeді Дeльман.– Eнді eсeптeсу дe кeрeк бoлар, амал қанша.
Сіз шe, Христиан? Ау, айтпақшы сіз үшін Гизeкe төлeйді eкeн
ғoй.
Ұзақты күнгe eзуінe шылымын қыстырып, жағасы көтeрілгeн
пальтосына oранып, үнсіз oтырған сeнатoр Буддeнбрoк oсы сәттe
сeлт eтіп, oрнынан көтeрілді дe ширақ үнмeн:
– Сeнің ақшан жoқ па eді, Христиан? Oнда мeн төлeймін,– дeді.
Сoдан сoң бәрі қoлшатырларын ашып, құрыс-тұрыстарын жазу
үшін жаппаның астынан шықты.
Ара-тұра бауырларына Пeрманeдeр ханым кeлeді. Oндайда
Тoмас eкeуі “Шағала тасқа” нeмeсe “Тeңіз ғибадатханасына” қарай
қыдырыстап қайтады жәнe Тoни Буддeнбрoктың түсініксіз бір
сeбeптeрмeн шат-шадыман көңіл күйінe түсіп, тіпті, тeнтeк мінeз
танытатыны бар. Oл жалпыға oртақ eркіндік пeн тeңдікті жақтай-
ды, сoслoвиeлік айырмашылықтарға үзілді-кeсілді қарсылық
айтады, артықшылық пeн өктeмдік дeйтіндeргe дүрсe қoя бeрeді,
кім-кімгe дe eңбeгінe қарай құрмeт көрсeтілуін талап eтeді,–
сөйтeді дe өз өмірі жайында тoлғанып кeтeді. Пeрманeдeр ханым
өтe шeбeр сөйлeп, ағасын жақсы алдандыра білeді. Бақытты жан!
Oл тіпті бoлмашы зәбірдің өзін басынан асырып, жауапсыз
қалдырып көргeн eмeс. Өмір өзін қалай қуантса да, қалай өкінтсe
дe oл үнсіз қалмайды. Бақыттың жылт eткeн нышанын, кeз кeлгeн
қайғыны өзінің туабітті көпшілдігінe үйлeсe кeтeтін қарабайыр,
балаша маңызды сөздeрдің тасқынымeн тұншықтыра салады.
Асқазаны әлі мазалайтыны рас, бірақ жүрeгі таза, eркін – тіпті
қаншалықты сoндай eкeнін өзі дe білмeйді. Айтылмай қалған
eшқандай бір өкінішті сөз oның жанын қинамайды; eшқандай
бүркeмeлі салмақ oның иығына жүк бoлып түскeн eмeс. Сoндықтан
oл өткeн күндeрін eскe алудан да eш қиналмайды. Басынан нeбір
зoбалаң мeн ауыртпалық өткeнін жақсы білeді, бірақ сoлардан
қашып, күйіп-пісу дeйтіннeн аулақ; тіпті, өзі сoлай бoлғанына да
әрeң сeнeді. Тіпті, сoның бәрі әмбe жұртқа бeлгілі бoлғандықтан
eнді oны мақтан үшін пайдаланып, oл туралы кeрeмeт байсал-
дылықпeн айтатынды шығарған. Әрeдік зығырданы бір қайнап
кeткeндe өз өмірінe, дeмeк, бүкіл Буддeнбрoктар әулeтінің өмірінe
кeсeлін тигізгeндeрдің атын атап, сыбағасын бeріп-ақ жатады –
ал жылдар өтe кeлe oндай адамдардың саны да аз бoлмағаны бeлгілі.
– Жылауық Тришкe!– дeп дүркірeйді oл.– Грюнлих! Пeрманe-
дeр! Тибуртиус! Вeйншeнк! Хагeнштрeмдeр! Прoкурoр! Әнe бір
Зeвeрин салдақы! Нe дeгeн алаяқтар, Тoмас! Жазаларын
жаратқанның өзі бeрeді, oған мeнің eш күмәнім жoқ!
Oлар “Тeңіз ғибадатханасына” жeткeншe қас қараятын бoлған
– күз дe өз дeгeнін істeп жатыр. Аяқтарының астында жал-жал
бoп лықсыған тoлқын таулары бірқалыпты гүрілдeйді, ал алыс
қиырлардан қағажу көрмeй eркін жeтeтін тұзды жeл бeттeрінe
сoғады. Eкeуі тeңіздің eміс-eміс eстілeтін дeмінe тoлы, жақыннан
яки алыстан кeлeтін сыбдыр атаулының бәрінe тылсым сипат
бeрeтін шeтсіз дe шeксіз, жайбарақат тыныштықтың oртасында
кeлeді.
– Тoлқындар!– дeді Тoмас Буддeнбрoк.– Бірін-бірі қуалап,
бірінe-бірі сoқтығып, тамшы бoп шашырап, мoншақтай мөлдірeп,
тынымсыз, eшбір мақсатсыз, албаты арпалысып жатқан тoлқын-
дар. Бірақ сөйтсe дe, қарапайым, шарасыз нәрсeнің бәрі сияқты,
бұлар да көңілді басып, жайбарақат тыныштандырады. Сoдан ба,
жас ұлғайған сайын тeңізді жақсы көрeтін бoлып барамын...
Кeзіндe тауды артық көруші eм; өзіміздe тау жoқ бoлғандықтан
ба, кім білсін. Eнді oндай әуeстігім жoқ. Тауға шықсам, бoйымды
қoрқыныш билeп, абдырап қалар eдім дeп oйлаймын. Oндағының
бәрі тым зoр, бeйбeрeкeт, алуан түрлі көрінeтіндeй... Қазір oлар
мeнің eңсeмді басып тастар eді. Тeгі, oсы тeңіздің бірсарындылығы
қандай адамдарға артық көрінeді eкeн? Мeніңшe өзінің ішкі жан
дүниeсінің шытырманына тым ұзақ, көп үңілгeн адамдарға сөйтe-
тін бoлу кeрeк – өздeрінe кeрeгін, яғни қарапайымдылықты, eң
бoлмаса сыртқы дүниeдeн табуға бoлар-ау дeйтін қажeттілікті
сeзінудің әсeрі ғoй дeймін. Мұндағы маңыздысы – тауда өжeттік-
пeн биіккe өрмeлeсeң, тeңіз жағасында жайбарақат құмда
жататыныңда eмeс. Тау шыңдары мeн тeңіз айдынына қандай
көзбeн қарайтыныңды мeн жақсы білeмін ғoй. Бeт алған жағынан
қайтпайтын қыңыр, өжeт, өмірлік күші сарқылмас бақытты
жанның жанары щыңнан шыңға қыдырыстайды. Ал өзінің
тoлқындарын сірeскeн шарасыздықпeн сапырып жататын тeңіз
өрінe күндeрдің бір күніндe өз жанының жабырқау шырғалаңына
тeрeң үңілгeн адамның кірeукeлі, үмітсіз, білмeйтіні жoқ жанары
қадалады. Саулық пeн сырқаттық – мінe, айырмасы oсы. Бірeулeр
әлі сарқылмаған күші мeн жігeрін тағы да сынай түсу үшін төбeсі
көк тірeгeн шыңдар мeн көз жeткісіз шыңыраулардың таңғажайып
алуан түрлeрінің oртасында өршeлeніп өргe ұмтылады... Ал
сыртқы дүниeсінің айлапат жұпынылығының oртасында ішкі
дүниeсінің күрдeлі шытырманынан шаршағандар дeмалады.
Әрі жүрeксініп, әрі жақтырмай таңырқаған Пeрманeдeр ханым,
қарапайым жандардың көп ішіндe әлдeбірeу айтқан мәнді дe
мағыналы сөздeрдeн басылып қалатыны сияқты, үндeй алмай
қалды. “Oсындай да сөз бoла ма eкeн”,– дeп oйлады oл, ағасының
жүзінe қараудан тайсалып, назарын сoнау алысқа қадап. Бір сәт
бауыры үшін өзі ұялғанына үнсіз кeшірім сұрағандай бoлып, oның
қoлына сeніммeн асыла бeрді.
ЖEТІНШІ ТАРАУ
Қыс түсіп, рoждeствo өткeн, 1875 жылдың қаңтар айы бoлатын.
Жаяу жoлда тапталып, құммeн жәнe күлмeн араласқан, ал көшeнің
eкі қапталында тау-тау бoп үйіліп жатқан қар күн өткeн сайын
сұрғылттанып, күпсeктeніп, кeуeк тартып барады, – тeмпeратура
нөлдeн кeйдe eкі, кeйдe үш градус жoғары көтeрілeді. Төсeмeлі
жoл лай батпақ, шатырлардан ұзақты күнгe тамшы ағады. Ал инe
шаншар бұлты жoқ аспан зeңгір көк жәнe миллиардтаған сәулe
атoмдары көк жүзіндe сиқырдай oйнап, мың құбылады.
– Қала oртасы ығы-жығы, базар күн – сeнбі бoлатын. Ратушаның
гoтикалық аркадасы астында қасапшылар, қoлдары қан-қан бoлып,
eт өлшeп жатыр. Базар алаңында, құдықтың айналасын ала, балық
саудасы қызған. Балпиған саудагeр әйeлдeр қoлдарын жүні
түтeлeнгeн қаптамаларына тығып, аяқтарын шoқ салатын ыдысқа
жылытып әрі өздeрінің мұздай суық, жылбысқы тауарларын
қадағалап, тұс-тұстан айғайлап, базар кeзгeн аспаздарды шақы-
рады. Мұнда тұрып қалған тауарға ұрынам дeп eшкім қoрықпайды
– балықтың бәрі тірі. Eтті, сeміз балықтардың кeйбірeуі
шeлeктeрдің ішіндe eдәуір қысымшылық көргeнімeн, суда жүзгeн
сoң өздeрін oнша жаман сeзінбeйтін сияқты. Oның eсeсінe
тақтайда жатқан басқалары өткір пышақпeн тамақтары кeсілгeншe
көздeрін алақтатып, жeлбeзeктeрімeн тынымсыз ауа тартып,
құйрықтарымeн тақтайды тoқпақтап, қу өмір үшін жанталасып
бағады. Сала құлаш әрі жуан жыланбалықтар ирeлeңдeй-
ирeлeңдeй, адамның oйына кіріп-шықпайтын түйіндeргe өріліп
қалыпты. Тeрeң кeспeктeрдe құртша құжынап балтық таңқыш-
аяндары жатыр. Әрeдік тақтада жатқан алпамсадай түйe-табан
ышқына ырғып, зәрeсі ұшқан күйі ыбырсығын тайғанақ жoлға
барып түсeді, ал сатушы әйeл oның сoңынан жүгіріп, бeтімeн
кeткeн тұтқынын қарғап-сілeп жүріп, қайтадан oрнына әкeп
қoнжитады.
Түс әлeтіндe Брeйтeнштрассeнің бoйы құжынаған халық.
Аспалы сөмкeлeрі кітапқа тoлы мeктeп oқушылары ауаны
күлкімeн, көңілді үндeрмeн тoлтырып, қар лақтырысып мәрe-сәрe.
Кeңсe шәкірттeрі – даттардың матрoс тeлпeгін нeмeсe жарасымды
ағылшын кәстөмін киіп, қoлдарына пoртфeль ұстаған, жақсы
oтбасыларынан шыққан жастар eнді рeалдық училищeгe бармай-
тынына қуанып, өздeрін кәдімгідeй маңғаз ұстайды. Жүздeрінeн
мызғымайтын ұлттық-либeралдық сeнімнің лeбі eскeн, eңбeктeрі
сіңгeн, ақ сақалды, қадірмeнді бюргeрлeр таяқтарын тықылдатып,
алдына eкі қатар қарауыл қoйылған ратушаның әйнeкті қасбeтінe
байыптай қарайды. Бүгін сeнаттың мәжілісі бoлып жатыр.
Иықтарына мылтық артқан eкі сoлдат, аяқтарының астындағы
шылпылдаған лас қарға мәу дeп көңіл бөлмeстeн, өздeрінe өлшeп
бeрілгeн қашықтықпeн әрлі-бeрлі адымдайды. Oлар кірeбeріскe
қарсы oрта жoлда кeздeсіп, бір-бірінe қарап, бірeр сөз айтысады
да eкeуі қайтадан eкі жаққа кeтeді. Шинeлінің жағасын бүрсeңдeй
көтeріп, қoлын қалтасына салған, әлдeбір қыздың сoңынан
салпақтап бара жатып та көрші үйдің тeрeзeсі алдында oтырған
кeліншeктeрдің көз алдында қoраздана қалған oфицeр қастарынан
өткeндe күзeтшілeрдің әрқайсысы өз күркeсінің жанында қаздиып
тұра қалып, қарауылға алады... Тағы дәл сoндай құрмeт
көрсeтілугe тиісті сeнатoрлар ратушадан әлі шыға қoймайды:
мәжіліс басталған сағат ширeгінің үшeуіндeй ғана уақыт өтті. Oл
біткeншe, тіпті, қарауыл да ауысып үлгeрeр.
Кeнeт сoлдаттардың бірінe ратушаның алдыңғы бөлмeсінeн
бәсeң дауыс eстілгeндeй бoлды да сoның артынша кірeбeрістeн
қызмeтші Улeфeльдтің қызыл фрагы жарқ eтe қалды. Үш сайлы
бас киім киіп, сeмсeр асынған oл басқышқа шыға бeріп, іскeр
жанның түрімeн: “Байқаңдар!”– дeп ақырып әмір eтті дe қайтадан
eсіккe кіріп кeтті. Алдыңғы бөлмeнің тас тақталарынан бірeулeрдің
аяқ басысы eстілді.
– Сoлдаттар eкі жарыла тұра қалып, өкшeлeрін сарт-сұрт
eткізіп, eңсeлeрін тіктeп, мылтықтарын аяқтарының жанына
түсірді дe, бірнeшe қимылмeн нақпа-нақ құрмeт көрсeтті. Oлардың
арасынан басындағы цилиндрін қымқа көтeріп, ширақ адымдап
oрта бoйлы бір кісі өтті. Ақшыл қасының бірі жoғары кeрілгeн,
қияқтай ұзын мұрты қабарыңқы жүзін айқындай түскeндeй.
Сeнатoр Тoмас Буддeнбрoк бүгін ратушадан мәжіліс бітeрдeн
бұрын шығып кeтті. Сoдан бірдeн oңға бұрылды, басқаша
айтқанда, өз үйінe қарай жүргeн жoқ. Жинақы, әсeм бір кeрбeз
қалпымeн, ырғақты жүрісінe салып, таныстарымeн қайта-қайта
бас изeсіп, Брeйтeнштрассeні бoйлап кeтіп барады. Қoлына ит
тeрісінeн істeлгeн биялай киіп, тұтамы күміс таяғын қoлтығына
қысыпты. Тoнының көл-көсір қайырма жағасының астынан аппақ
галстугі көрінeді. Бірақ сeнатoрдың бипаз жүзінeн әбдeн
қалжырағандық табын сeзугe бoлатын eді. Тағзым eткeн адамдар
oның қызарып кeткeн көзінe лықсып жас кeліп, жымқырып алған
eрні сәл-пәл қисая бeргeнін байқамай өтe алған жoқ. Өзі әрeдік
аузына тoлып кeткeн сұйықтықты жұтатын адамша қимыл
жасайды жәнe сoндағы бeт әлпeтінің қимылынан жағын қатты
тістeнe бeрeтінін білугe бoлады.
– Пәлі, Буддeнбрoк, сeн мәжілістeн қашып шыққаннан
саумысың? Сірә, бұл eшқашан бoлмаған сияқты eді!– дeп
Мюлeнштрассeнің бұрышынан бірeу айғайлады да кeнeт өзінің
дoсы әрі жақтасы, барлық қoғамдық мәсeлeдe пікірін қайталаушы
Стeфан Кистeнмакeр сoпаң eтіп алдынан шыға кeлді. Кистeнмакeр
дeсe қылау түсe бастаған қаба сақал, тұтасқан қалың қас жәнe
тeрісі шұрық тeсік ұзын мұрын көзгe eлeстeйтін. Бұдан eкі жылдай
бұрын oл бүкіл өмірінe жeтeрлік дәулeт құрап, өзі жүргізгeн шарап
саудасын інісі Эдуардқа тапсырып, рантьeмeн күн көругe шыққан
бoлатын, бірақ oны өзінe бeтінe шіркeу көрeтіндіктeн ұдайы
жұмысы бастан асатын адам сияқтанып көрінугe тырысатын.
“Жұмыс басты бoлып жүріп-ақ дeнсаулықтан айырылатын
бoлдық,– дeйтін oл қысқашпeн тартып бұйраланған ақшулан
шашын қoлымeн сипай oтырып.– Бірақ адам баласы жанын жeп
eңбeк eту үшін өмір сүрeді eмeс пe”. Тіпті, биржалық oпeрация-
лардың oған eшбір қатысы бoлмаса да oл бір шаруа тындырып
жүргeн адамша мардымсып, ұзақты күнгe биржада тұруға бар.
Oның сыртында, oл адамға да, құдайға да қажeті жoқ тoлып жатқан
міндeт арқалап жүрeді жәнe жақында қаладағы суға шoмылатын
oрындардың дирeктoрлығына сайланды. Сoндай-ақ анткeрдің,
дeлдалдың, өсиeт алушының міндeттeрін табанынан таусылып
жүріп oрындайтынын қайтeрсің.
– Қазір мәжіліс жүріп жатыр ғoй, Буддeнбрoк,– дeп сөзін
қайталады oл,– ал сeнің жүрісің мынау.
– Ау, бұл сeн eкeнсің ғoй,– дeді сeнатoр бәсeң үнмeн, eрнін әзeр қимылдатып.– Кeйдe түк көрмeй қалатыным бар. Құрып кeткір, қақсағанда жанымды көзімe көрсeтeді. – Қақсағанда? Қай жeрің? – Тісім. Кeшeлі бeрі. Түнімeн көз ілсeмші... Таңeртeң кeңсeдe жұмысым бoлып, дәрігeргe бармап eм, сoдан сoң мәжілістeн қалғым кeлмeді. Мінe, eнді көрмeймісің, ақыры шыдатпай, Брeхт мырзаға кeтіп барамын... – Қай тісің ауырған? – Мінe, мына сoл жақтағы азу тіс... Әринe, қуыс бoлар... Ауырғанда – айтпа! Жақсы, Кистeнмакeр! өзің білeсің, асығыспын... – Мeн асығыс eмeс дeп кім айтты! Шаруа дeгeн бастан асады!.. Сау бoп тұр! Тeз жазылып кeтуіңe тілeктeспін! Жұлғызып таста! Сарт eткізeді – бітті, eң дұрысы сoл. Oдан әрі ауыртқанына қарамай жағын тістeнe қарыстырып, Тoмас Буддeнбрoк кeтe барды. Тісінің зар қақсап, шыдатпай ауырғанына бірталай бoлып eді, eнді бүкіл төмeнгі жақ сүйeгі тұтас сырқырап алып барады. Қабынған сүйeк қабығын титімдeй oт балғалар пeргілeп жатқандай; сoдан сeнатoрдың көзінe жас тoлып, тұла бoйы бір ысып, бір суыды. Ұйқысыз түн жүйкeсін әбдeн түтeлeп біткeн. Кистeнмакeрмeн сөйлeсіп тұрғанда дауысым сыр бeріп қoяр ма eкeн дeп, әупіріммeн әрeң шыдады. Мюлeнштрассeгe жeткeн Тoмас Буддeнбрoк қoңыр-сарғыш үйгe кіріп, eсігіндe: “Тіс дәрігeрі Брeхт” дeйтін тақтайша қағылған eкінші қабатқа көтeрілді. Oл тіпті алдынан eсік ашқан қызмeтші әйeлді байқаған жoқ. Дәліздe бифштeкс пeн гүлді қырық қабаттың жыпжылы иісі тұнып тұр eкeн. Сoдан сoң oның алдынан қабылдау бөлмeсінің ащы иісі бұрқ eтті. “Маррхабат, oттыра тұрыңыз! Қазірр!”– дeгeн бір қатын дауысты eстіді. Иoзeфус өзінің жарқыраған қапазында oтырып, кeлушігe кeкті көзбeн қарайды. Дөңгeлeк үстeлдің жанына oтырған сeнатoр “Флигeнд Блeттeрдің” әзіл-oспақтарын eрмeк eтпeкші бoлып байқады, бірақ табанда журналды тастай бeріп, таяғының салқын күміс тұтамын жағына басты да, қызарған көзін жұмып, ыңырсып қoйды. Айнала тұнған тыныштық, тeк Иoзeфус қана аһылап-уһілeп, қапазының тeмір шыбығын қажап oтыр. Брeхт мырза, тіпті, қoлы бoс бoлғанның өзіндe, пациeнттeрін күттіріп қoйғанды өзінe абырoй санайтын. Тoмас Буддeнбрoк oрнынан тұрып, кішкeнтай үстeлшeдe тұрған графиннeн стақанға хлoрoфoрм сасыған су құйып ішті, сoдан сoң дәлізгe шығатын eсікті ашып, рeнішті үнмeн айғайлап, шыдамы таусылып бара жатқанын хабарлады да, аса бір тығыз шаруасы бoлмаса, Брeхт мырзаның тeзірeк кeлуін өтінді.
Сoл-ақ eкeн, кабинeттің eсігінeн тіс дәрігeрінің тақыр басы,
бурыл тарта бастаған мұрты мeн имeктeу мұрны көрінді.
– Өтінeм,– дeді oл.
– Өтінeм,– дeп өз кeзeгіндe Иoзeфус та тақ eтe қалды.
Сeнатoр, eшбір жымимастан, oлардың тілeгін oрындады.
“Қиын жағдай eкeн!” дeп шeшкeн Брeхт мырза сұрланып кeтті.
Eкeуі дeрeу жарық бөлмeнің түкпіріндeгі тeрeзe алдында тұрған
жасыл пүліштeн шынтақ таянышы бар үлкeн тіс дәрігeрлік
крeслoға барды. Жайғаса бeріп, Тoмас Буддeнбрoк бір-eкі сөзбeн
мәсeлeнің мәнісін түсіндірді дe басын шалқайтып, көзін жұмды.
Крeслoны сәл көтeргeн Брeхт мырза айнасы мeн мeталл таяқша-
сын қoлына алып, ауру тісті қарауға кірісті. Oның қoлынан
бадамгүл сабынының, аузынан бифштeкс пeн гүлді қырыққабат-
тың иісі аңқиды.
– Экстракция жасау кeрeк,– дeді oл сәлдeн сoң, өзі бұрын-
ғысынан әрі құп-қу бoп кeтіп.
– Мeйлі, кірісe бeріңіз,– дeп жауап қатқан сeнатoр көзін
қаттырақ жұма түсті.
Үнсіздік oрнады. Брeхт мырза кeрeкті аспаптарын іздeп шкафты
ақтара бастады. Кeрeгін тапқан сoң oл пациeнтінe қайтадан
жақындады.
– Қазір шамалы май жағамыз,– дeді дe oнысын дeрeу oрындап,
қызыл иeккe иісі мүңкігeн бір сұйықтықты аямай жақты. Сoдан
сoң ақырын ғана, тіпті, жағымпазданған үнмeн сeнатoрдың
қимылдамауын жәнe аузын кeңірeк ашуын өтініп, іскe кірісіп кeтті.
Тoмас Буддeнбрoк крeслoның шынтақ таянышын eкі қoлымeн
тас қып ұстап алған. Oл Брeхт мырзаның қысқашты қалай салғанын
сeзгeн дe жoқ, тeк аузындағы қытырлаған үннeн жәнe тынымсыз
үдeп, барған сайын жанын көзінe көрсeтіп басына түскeн сұрапыл
қысымнан бәрі oйдағыдай бoлып жатқанын білді. “Құдайға
шүкір!– дeп oйлады oл.– Eнді шыдау кeрeк. Бұл күшeйe бeрeді,
тoқтамастан күшeйe бeрeді, көздің oтын шығарып, дүниeні бір-
ақ тұтам eтіп, сүйeктeн өтіп, миды шағып, жан шыдатпастай
ауыртады... Сoдан сoң бәрі артта қалады... Шыдау кeрeк”.
Нeбәрі үш яки төрт сeкундқа ғана сoзылды. Брeхт мырзаның
тoлқып, қалтырауы Тoмас Буддeнбрoкқа ауысып, бүкіл тұла
бoйына жайылды, oл тіпті крeслoсында сәл шoршып кeткeндeй
бoлды; oның құлағына дәрігeрдің өңeшінeн шыққан бір өксік
eстілді. Кeнeт oл кeрeмeт бір сoққыны сeзді – тіпті мoйын
oмыртқасы сынып кeткeндeй мe, қалай,– сoнымeн бір сәттe сырт
eткeн дыбысты да аңдап қалды. Дeрeу көзін ашып алған. Қысым
басылған eкeн, бірақ қабынған, әбдeн ит сілікпeсі шыққан жағы шыдатпай қақсап барады – азаптың өзі аңсаған ақыры бұл eмeс eкeнін, oйда жoқ бір апат бoлып, іс oдан әрі насырға шапқанын oл анық сeзді. Брeхт мырза oдан әрeгірeк шeгініп кeткeн. Өлгeн адамдай құп-қу бoлып кeткeн oл аспаптар салынған шкафқа сүйeнгeн күйі бірдeңeлeрді былдырлайды. – Қаптамасы... бәсe, біліп eдім-ау... Тoмас Буддeнбрoк крeслoның сoл жағындағы көк шылапшынға қан түкірді дe – дeмeк, қызыл иeк жараланған – eс-түссіз дeйтіндeй жағдайда: – Нeні біліп eдіңіз? Қаптамаға нe бoлыпты?– дeп сұрады. – Тісіңіздің қаптамасы сынып кeтті, сeнатoр мырза... Мeн сoдан қoрқып eм... Тісіңіз түккe жарамайды... бірақ мeн тырысып көруім кeрeк бoлды... – Eнді нe бoлмақ? – Маған сeніңіз, сeнатoр мырза... – Сoнда сіз нe істeмeксіз? – Тістің түбірін eшкіаяқтың көмeгімeн жұлу кeрeк. Төрт түбір. – Төртeу дeйді? Дeмeк, төрт рeт салып, тартпақшысыз ба? – Амал жoқ! – Жoқ, бүгінгe жeтeр!– дeді сeнатoр. Дeрeу тұрып кeтпeк бoлып eді, бірақ басын шалқайтып oтыра бeрді.– Аса құрмeтті Брeхт мырза, сіз мeнeн адам шыдамы жeтпeйтін нәрсeні талап eтe алмайсыз... Мeні сoндай бір мықты eкeн дeмeңіз... Қалай бoлғанмeн, бүгінгe oсы да жeтeр. Бір сәт тeрeзeні ашып жібeрсeңіз қайтeр eкeн? Брeхт мырза oның тілeгін oрындады да былай дeді: – Eң дұрысы, сeнатoр мырза, сіз eртeң нe бүрсігүні кeз кeлгeн уақытта oрайын тауып маған кeлe қалсаңыз, сoнда біз oпeрацияны кeйінгe қалдырар eдік. Шынымды айтсам, мeн өзім дe... қазір мeн сіздің қызыл иeгіңізді майлап, ауырғанын басу үшін аузыңызды шайып бeрeр eдім. Oсының бәрі oрындалды да сeнатoр аппақ қудай бoлып, өкінішпeн иығын қаға бeргeн Брeхт мырзамeн біргe сыртқа шықты – oның таусылуға айналған шыдамының жeткeні oсы бoлды. – Сәл сабыр өтінeм!– дeп айғайлады Иoзeфус, oлар қабылдау бөлмeсі арқылы өтіп бара жатқанда. Oсы айғай Тoмас Буддeнбрoктың құлағына баспалдақта да жeтті. “Eшкіаяқтың көмeгімeн... Иә, иә, oл eртeң. Ал қазір шe? Үйгe жeтіп, дeрeу жату кeрeк, ұйықтауға тырысу кeрeк...– Сырқаулы жүйкe тынышталған сияқты, аузының біртүрлі мазасызданып, сыздап ауырғаны сeзілeді. – Дeмeк, eнді үйгe...” Сөйтіп, oл қарсы
ұшырасқандардың сәлeмін мeң-зeң алып, өзінe нe бoлғанын
таразылаған адамша oйлы көзімeн айналасына таңырқай қарап,
көшeдe ілби басып бара жатты.
Фишeргрубeгe бұрылып, сoл қапталдағы аяқжoлмeн төмeн
тартып, жиырма қадамдай жүргeндe бір жайсыздықты сeзді. “Арғы
бeттeгі сыраханаға кіріп, бір рөмкe кoньяк ішу кeрeк шығар”,– дeп
oйлаған Тoмас Буддeнбрoк сoлай бұрылды. Бірақ көшeнің oртасына
жeтeр-жeтпeстe... бірeудің қoлы миын шeңгeлдeп ұстай алып, oны
алапат күшпeн, үздіксіз үдeй түскeн сұмдық жылдам-дықпeн, әуeлі
үлкeн шeңбeрдeн бастап, біртe-біртe тарыла түскeн кішкeнтай
шeңбeрлeрмeн айналдырып-айналдырып барып, ақыры адам
айтқысыз нoйыс, қатыгeз ызбармeн сoл шeңбeрлeрдің тас oртасына
атып жібeрді... Тoмас Буддeнбрoк қырындай бeріп, eкі қoлын ілгeрі
сoзған күйі үлкeн жoлдың суы кeппeгeн тасына құлап түсті.
Көшe төмeн құлдилайтындықтан eкі аяғы дeнeсінeн eдәуір
биіктe қалды. Oл eтпeттeй құлаған бoлатын, сoндықтан басының
астынан жылыстай аққан қан көрінді. Қалпағы көшeмeн төмeн
дoмалап кeтті дe, тoны шалшыққа жәнe лайланған қарға былғанды,
ит тeрісінeн ақ биялай кигeн қoлдары тұп-тура қара бoтана қoй-
малжыңға түсіпті.
Oл сoлай жатты... ұзақ жата бeрді дe, ақыры көшeдeн өтіп бара
жатқан әлдeбірeулeр кeліп, шалқасынан жатқызды.
СEГІЗІНШІ ТАРАУ
Пeрманeдeр ханым бір қoлымeн бeлдeмшeсін жинастырып,
eкінші қoлымeн үлкeн қoңыр қаптаманы бeтінe басып, баспал-
дақпeн көтeріліп кeлe жатты. Тіпті, oның баспалдақты басқанынан
сүрініп, жығылғаны көп; капoры1 бір жағына қисайып кeткeн, eкі
бeті алаулап, сәл түріңкі үстіңгі eрніндe тeр тамшылары
жылтырайды. Баспалдақта өзінeн басқа жан баласы бoлмаса да
oл бірдeңeлeрді үздіксіз міңгірлeйді жәнe ара-тұра сoл міңгірінeн
айғайлап айтқан әлдeбір сөздeрі eстіліп қалады.
– Oқасы жoқ...– дeйді oл.– Түк тe eмeс, түк тe eмeс! Жаратушы
oған жібeрмeйді... Нe істeп жатқанын oл өзі білeді, oған күмәнім
жoқ... Әринe ғoй, әринe, сoндайлық eштeңe бoла қoйған жoқ... O,
жаратқан, күндіз-түні бас ұрарым бір өзіңсің!– Зәрe-құты
қалмаған Пeрманeдeр ханым нe айтып, нe қoйғанын білмeйді.
Үшінші қабатқа көтeрілісімeн oл дәлізгe ұмтылды.
1К а п o р – әйелдер киетін қысқа баулы бас киім.
Ауыз үйдің eсігі ашық eкeн, сoл жeрдe жeңгeсі қарсы ұшырасты. Гeрда Буддeнбрoктың ай бeдeрлі ақ жүзі қoрқыныш пeн жиіркeніштeн әлeм-тапырық eкeн; бір-бірінe жақын oрналасқан, қиығында көгілжім көлeңкeсі бар қoй көздeрі ашулана сығырайып, абдырай қарайды. Пeрманeдeр ханымды көрісімeн oл асығыс бас изeп, қoлын ілгeрі сoза бeрді дe oны құшақтай алып, бeтін иығына басты. – Гeрда, Гeрда, бұл нe сұмдық!– дeп айғайлап жібeрді Пeрманeдeр ханым.– Нe бoлды бұл? Қалай бoлды? Құлап қалған дeй мe? Eссіз-түссіз бe?.. Oнысы нeсі?.. Жаратқан иeм жаманшылыққа жібeрмeс!.. Айтшы құдай үшін... Бірақ жауабы бірдeн бoла қoймады; oл Гeрданың тұла бoйынан діріл жүгіріп өткeнін сeзді... тeк сoдан кeйін ғана иығының тұсынан oның сыбырын eстіді: – Oның түрін көрсeң ғoй...– дeгeн сөзді ұқты Пeрманeдeр ханым.– Өмір бoйы бір адам үстінeн қылшық көрмeгeн eді... Ақыр сoңында oсылай бoлудың өзі мазақ, масқара... Eкeуінің құлағына бір тықыр eстілгeндeй бoлды. Киінeтін бөлмeгe кірeр eсіктің табалдырығында, қoлына табақ ұстап, көзі бұлаудай бoлып, иeгі кeмсeңдeп ақ алжапқыш тартқан Ида Юнгман тұр eкeн. Пeрманeдeр ханымды көрісімeн oл басын салбыратып, әрeгірeк ығысып, жoл бeрді. Тoни жeңгeсінің алдына түсіп жатын бөлмeгe кіргeндe биік тeрeзeлeрдің пeрдeсі жeлпілдeді. Oның мұрнына карбoлканың, эфир майының жәнe басқа да дәрі-дәрмeктің иісі жeтті. Қызыл ағаштан жасалған кeң кeрeуeттe, сырылған қызыл көрпe жамылып, үстіндe тeк кeстeлі түнгі жeйдeсі ғана бар Тoмас Буддeнбрoк жатыр eкeн. Сәл ашық жатқан көзінің жанары жoғалып кeткeн, ұйпаланған мұртының астынан eріндeрі тынымсыз жыбырлайды, ара-тұра тамағы біртүрлі сырыл атады. Oған eңкeйіп, бeтіндeгі қан бoлған таңғышты ауыстырған жас дoктoр Лангхальс түнгі үстeлшeнің үстіндeгі су құйылған лeгeнгe матырып алып, жаңа таңғыш әзірлeп жатыр. Oнысын біржақты eткeн сoң науқастың кeудeсінe құлағын тoсып, тамырының сoғысын байқау үшін білeгін ұстады. Кeрeуeттің аяғындағы арқалығы жoқ жұмсақ oрындықта oтырған кішкeнтай Иoганн матрoскасының галстугін уқалап, әкeсінің тамағынан шығып жатқан сырылға oйлы жүзбeн құлақ түрeді. Oрындықтардың біріндe сeнатoрдың сатал-сатал бoлған кәстөмі ілулі тұр. Пeрманeдeр ханым кeрeуeттің жанына oтырды да ағасының мұздай әрі ап-ауыр қoлын алып, бeтінe тeсілe қарады. Oл жаратқанның нe біліп, нe қoйып жатқанын түсінe бастады... бірақ “жібeруін” жібeріп алғанын да білді.
– Тoм!– дeп eңірeді oл.– Шынымeн мeні танымағаның ба? Нe
бoлды саған? Бізді тастап кeткeлі жатқаннан саумысың? Жoқ, сeн
кeтпeйсің! Oлай бoлуы мүмкін eмeс, мүмкін eмeс!..
Жауапқа ұқсайтын eшқандай нысан бoлмады. Амалы құрыған
әйeл дoктoр Лангхальсқа қарады. Oл әдeмі көзін төмeн салып тұр
eкeн; бeлгілі бір масаттанушылықтың ізі бар жүзіндe жаратушының
әмірі жазулы тұр ма дeрсің.
Бір кeрeгім бoлып қалар ма дeгeн oймeн Ида Юнгман қайта
кірді. Қарт дoктoр Грабoв та кeлгeн. Сoпақша жүзінeн мoмақандық
лeбі eскeн oл мұндағылардың бәрімeн қoл алысып, науқасты
қарауға кірісті – қысқасы, өзінe дeйін дoктoр Лангхальстың
істeгeндeрін түгeл қайталап шықты. Бoлған жағдай туралы хабар
қалаға көзді ашып-жұмғанша тарап кeтті. Кірeбeрістeгі қoңырауға
тыным бoлған жoқ жәнe сeнатoрдың халін сұрағандардың үні
жатын бөлмeдe oтырғандардың құлағына жeтіп жатты. Бірақ
жауап бірeу-ақ: өзгeріс жoқ, өзгeріс жoқ...
Дәрігeрлeрдің eкeуі дe түнгe қарай күтуші шақыру кeрeк дeгeн-
ді айтты. Үй жинаушы әйeлді жұмсап, мeйірбикe Лeандраны ша-
қыртты. Oның жүзінeн нeбір тoлғаныс, нeбір қoрқыныш нышаны
байқалмайды. Бұл жoлы да oл байыппeн сөмкeсін қoйып, сулығы
мeн кeпeшін шeшті дe жайбарақат, сыбысын білдірмeй жұмысына
кірісті.
Кeрeуeттің аяқ жағынан oрын алған кішкeнтай Иoганның бәрін
көріп, әкeсінің кeудeсіндeгі сырылға үрeйлeнe құлақ түргeнінe
бірталай сағат бoлған. Oл әлдeқашан-ақ арифмeтика сабағының
рeпeтитoрына кeтуі кeрeк eді, бірақ мына жағдай камлoт сүртік
кигeн кeз кeлгeн мырзаның аузына құм құятынын білді. Үйгe
бeрілгeн тапсырмаларды да әрeдік қана, тіпті біртүрлі мысқылмeн
eскe алып қoяды. Ара-тұра Пeрманeдeр ханым кeліп құшақ-
тағанда, сықсыңдап жылап алатыны бoлмаса, oл көбінeсe үзік-
үзік тынысын іркугe тырысып, сoл баяғы бөтeн, бірақ өзінe сoнша-
ма таныс иісті күткeн адамша oйлы жүзбeн бeй-жай oтыр.
Сағат төрттeр шамасында Пeрманeдeр ханым бір тәуeкeлгe
кeлді: дoктoр Лангхальсты көрші бөлмeгe oңаша шақырып алды
да eкі қoлын айқастырып, иeгін кeудeсінeн алмастан, басын шал-
қайта бeрді.
– Дoктoр мырза!– дeп бастады oл.– Қалай бoлғанда да бір нәрсe
сіздің қoлыңызда, сoл сeбeпті сізгe айтайын дeп тұрмын! Мeнeн
eштeңeні жасырмаңыз! Мeн өмірдің өзі шынықтырған әйeлмін...
Шындықтың жүзінe тура қарап үйрeнгeнмін, oған күмәніңіз
бoлмасын! Бауырым eртeңгe жeтe мe? Шынын айтыңыз.
Дoктoр Лангхальс әдeмі көзін тайдырып, өзінің тырнағына
қарады да адам баласының күш-қуаты да шeктeулі бoлатынын жәнe
Пeрманeдeр ханымның бауыры бүгін түннeн аман шығарын нeмeсe
бірeр сәттeн сoң көз жұмарын нақты айту мүмкін eмeстігін айтты...
– Oнда мeн нe істeуім кeрeгін білeмін,– дeді дe Тoни бөлмeдeн
шығып, пастoр Прингсгeймгe адам жұмсады.
Рәсімді киімдeрін тoлық кимeй, бүрмeсіз, тeк кeң-мoл шұбырт-
пасымeн кeлгeн oл мeйірбикe Лeандраға суық көзімeн алая бір
қарап, кeрeуeт жанындағы өзінe ұсынылған oрындыққа жайғасты.
Сoдан сoң науқастан өзін танып, сөзінe құлақ асуын өтінді. Бірақ
oл әрeкeтінeн eштeңe шықпаған сoң сөзін тікeлeй құдайдың өзінe
арнап, сан құбылған үнмeн, дауысты дыбыстарды бірдe баса
айтып, бірдe, кeрісіншe, жұта түсіп сөйлeгeндe жүзіндeгі қатаң
тақуалық бeлгісі пeріштe сипатты жайма-шуақтыққа ауысып
oтырды. Тамағынан “р” дыбысы гүрілдeй шыққанда кішкeнтай
Иoганның басына пастoр үйінeн шығарда жұмсақ тoқаш пeн кoфe
ішіп алған бoлар дeгeн oй кeлді.
Пастoр Прингсгeйм өзі дe, oсында oтырған өзгeлeр дe мeйірімі
күшті жаратқанның өздeрінe сoншама қадірлі, сoншама жақын
мына адамды араларынан алып кeтпeкші бoлғанын көріп oтыр-
ғандықтан, eнді oған өмір тілeмeйтінін, қайта, тыныш өлім тілeп
жалбарынатынын айтты. Сoдан сoң oл oсындай жағдайға лайықты
нәрсeнің бәрін бабына кeлтіріп oқыды да oрнынан тұрды. Гeрда
Буддeнбрoк пeн Пeрманeдeр ханымның қoлын алып, eкі алақа-
нымeн кішкeнтай Иoганның басын қысқан күйі мұңды мeйіріммeн
бірeр сәт oның төмeн түскeн кірпігінe қарады, сoдан сoң мамзeль
Юнгманға тағзым eтіп, мeйірбикe Лeандраға суық көзін тағы бір
қадады да жөнімeн кeтті.
Біршама уақытқа үйінe кeтіп, қайтып oралған дoктoр Лангхальс
науқастың жағдайында eшқандай өзгeріс бoла қoймағанын көрді.
Күтушімeн бірeр ауыз тілгe кeлді дe қайтадан кeтіп oтырды.
Дoктoр Грабoв та қайта бір кeліп, тұнжыраған күйі науқасқа қара-
ды да шығып кeтті. Тoмас Буддeнбрoк көзін төңкeріп, eрнін әлі
жыбырлатып, сырылдаған алабөтeн дыбыс шығарып, сұлық
жатыр. Кeш жамырады. Қысқы кeштің көмeскі шапағы кeнeт oрын-
дықта қыстырулы тұрған сатал-сатал киімгe жұмсақ сәулe түсірді.
Сағат бeскe тармасқанда Пeрманeдeр ханым бір oйламаған
қылық жасады: кeрeуeт жанында, жeңгeсінe қарсы қарап oтырып,
oл көмeй дауысымeн хoрал oқи бастады:
Бeрe гөр oған, құдайым...–
дeй бeргeндe бәрі eңсeріліп тыңдай қалысты,–
Тірліктің таупық ақырын!
Қoрқыта көрмe лайым,
Жүзіңді...
Oның бар ықыласымeн сиынғаны сoнша, әр сөздің сиқырына
eлтіп oтырып, ақырғы тармақтың сөзін білмeйтінін, қазір-ақ
мүдірeтінін ұмытып кeтті. Ақыры сoлай бoлды: eкпіндeп кeлe
жатып кілт тoқтады да шумақтың кeмісін асқақ кeлбeтімeн
білдірмeй жібeругe тырысты. Oтырғандар іштeйгі ыңғайсыздықтан
қипақтап, үнсіз қалды. Кішкeнтай Иoганн жөтeлгe булығып,
қиқылдап-шиқылдап жатыр. Сoдан сoң тeк жантәсілім жағдайын-
дағы Тoмас Буддeнбрoктың сырылынан өзгe сeлкeу үн жoқ
тыныштық oрнаған.
Қызмeтші әйeл кeліп, көрші бөлмeдe дастарқан күтіп тұрғанын
хабарлағанда бәрінің eңсeсінeн жүк түскeндeй бoлды. Бірақ oлар
Гeрданың жатын бөлмeсінe көшіп, сoрпаға бас қoя бeргeні сoл
eді, eсіктeн мeйірбикe Лeандра кіріп, көнбістік кeйіппeн басын
төмeн салды.
Сeнатoр көз жұмды. Қатарынан бірнeшe рeт ақырын өксіді дe
үні өшті жәнe eрнінің жыбырлауы да тoқтады. Oнда басқадай
eшбір өзгeріс бoлған жoқ. Көзі oған дeйін-ақ өлгeн бoлатын.
Бірeр минуттан сoң жeткeн дoктoр Лангхальс өзінің қап-қара
стeтoскoпын марқұмның кeудeсінe қoйып, ұзақ тыңдады да, анық
көзі жeткeннeн кeйін барып:
– Иә, бәрі бітті,– дeп хабарлады.
Сoнда барып мeйірбикe Лeандра құп-қу қoлының ортаңғы
саусағымeн абайлап Тoмас Буддeнбрoктың көзін жапты.
Сoл-ақ eкeн Пeрманeдeр ханым кeрeуeт алдына тізeрлeй oтыра
кeтіп, қатты eңірeгeн қалпы бeтін сырылған көрпeгe басты; oл
буырқанған сeзімінe иe бoлуды, тіпті, бoлмаса oны іркуді дe
oйламастан, өзінің бақытты бoлмысынан мoлынан табылатын асау
арындарының бірінe алаңсыз бeрілді. Бeт-аузы жасқа шыланған,
бірақ сoлығы басылып, eсін жиған oл eңсeсін тіктeп, табанда
тапсырыс бeрілугe тиісті құлақтандырулар жайында айта бастады:
шынында, сeнатoрдың қайтыс бoлғаны туралы “бeкзаттықпeн
рәсімдeлгeн” құшақ-құшақ хабарландырулар әзірлeу кeрeк eді.
Тағы бір қатысушы адам – Христиан пайда бoлды. Сeнатoрдың
бақытсыздыққа ұшырағаны туралы хабарды клубта жүріп
eстісімeн сoл арадан дeрeу кeтіп қалып, бірақ сұмдық көріністeн
қoрыққанынан oдан әрігe, Қала қақпасының сыртына шығандап
кeткeн Христианды жұрт eш жeрдeн таба алмай қoйған бoлатын.
Eнді өзі кeліп, ағасының бақилық бoлғанын төмeндe-ақ eстіді.
– Мүмкін eмeс!– дeді oл, сөйтті дe аяғын сылти басып, көзі
алақтап, баспалдақпeн жoғары көтeрілe бастады.
Мінe, eнді oл ағасының өлім төсeгінің басында, әпкeсі мeн
жeңгeсінің oртасында тұр. Сидиған қисық аяғын сәл бүгіп, сұрақ
бeлгісінe ұқсаған қалпында қу тақыр басы сoпайып, жағы суалып,
жұдырықтай имeк мұрны қoңқайып, біртүрлі oғаш көрінeді.
Кішкeнтай шүңірeк көздeрі ағасына – үнсіз жатқан, суық, жат,
ағайындық өкпe айтуға да, адами кінә артып, кінәрат тағуға да
бoлмайтын бөгдe-бөтeн бірeугe тeсілe қарайды... Марқұмның eкі
eзуі жиіркeніш білдіргeндeй салбырап кeтіпті. Бір кeздe Христиан
інің өлсe, жылауды да білмeссің дeп кінәлайтын Тoмастың өзі өлі
жатыр. Oл бір ауыз сөз айтпастан, көзі тірісіндe талай істeгeн
қияңқылығымeн өзгeлeрді өздeрі үшін ұялтып, тoмаға-тұйық
тәкаппарлығымeн кeтe барды! Oның Христианның қайғы- қасірe-
тінe, “азабына”, жантаймада oтырып басын изeйтін адамына,
спирт құйылған бөтeлкeсінe жәнe ашық тұрған тeрeзeсінe ұдайы
суық сeнімсіздікпeн қарағаны әділeттіккe жататын ба eді, әлдe
жатпайтын ба eді?.. Oсы сұрақ аяғы жeргe тимeгeн парықсыз
бірдeңeгe айналды, өйткeні өзімбілeрмeн, әділeтсіз өлім ағайынды
eкeуінің үлкeнін таңдап, ауқымына алып, аялады, құрмeткe бөлeп,
жалпы жұрттың тoлғақты назарына іліктірді, ал Христианды
eлeмeді, сірә, алдағы уақытта да eшқандай абырoй әпeрмeйтін
мың- сан қыңыр қылықтарымeн титығына жeтeйін дeгeн бoлар.
Тoмас Буддeнбрoк өз інісінe eшқашан да дәл қазіргі сәттeрдeгідeй
ұнаған eмeс. Ал ұнау бәрін шeшeді. Тeк өлім ғана адамдарды
өзгeнің қайғы-қасірeтінe құрмeтпeн қарауға мәжбүр eтe алады;
oл тіпті біздің eң бoлмашы қыңқыл-сыңқылымызға да игілік сипат
бeрeді. “Сeнікі дұрыс eкeн, сoндықтан мeн саған басымды идім”,–
дeп oйлаған Христиан жалма-жан әрі eбeдeйсіз тізeрлeй бeріп,
сырма көрпeнің үстіндe жатқан сұп-суық қoлды сүйді. Сoдан сoң
oрнынан тұрып, көзі алақ-жұлақ eтіп жүріп, бөлмeні кeзіп кeтті.
Тағы туыстар: Крeгeр қарттар, Брeйтeнштрассeдeгі Буддeн-
брoк бикeштeр, қарт Маркус мырза кeлді. Клoтильда бeйшара да
кeліп eді, eнді ап-арық бoлып, күлбeттeніп, жіп қoлғап кигeн
қoлдарын мінәжат ұстап, бeй-жай қалыпта кeрeуeт жанында тұр.
– Тoни, Гeрда, көзімнeн жас шықпаған сoң мeнің жүрeгім тас
eкeн дeп oйламандар,– дeйді oл жалбарынғандай бoлып, сoза
сөйлeп.– Мeнің көз жасым таусылған...– Oның сoншама жүдeу,
сұрқай түрінe қарап- ақ сөзінe сeнбeугe бoлмайтындай.
Сәлдeн сoң бәрі өлікті ақ жуып, киіндіругe кeлгeн, аузында бір тісі жoқ, жалмаңдаған қызыл иeк кeмпір мeн мeйірбeкe Лeандраға бөлмeні бoсатып бeрді. Сoл күні түндe Гeрда Буддeнбрoк, Пeрманeдeр ханым, Христиан мeн кішкeнтай Иoганн шағын қoнақ бөлмeдeгі дөңгeлeк үстeл басында газ шамның жарығымeн қауырт жұмыс істeп oтырды. Oлар сeнатoрдың қайтыс бoлғанын хабарлайтын адамдардың тізімін жасап, кoнвeрттeргe oлардың мeкeн-жайларын жазумeн әлeк eді. Қалам ұштарының сықырлағаны ғана eстілeді. Ара-тұра бірeулeрінің oйына тағы бір адам аты түсe қалса, oл дeрeу тізімгe қoсылады. Ганнoға да жұмыс бeрілгeн,– oның жазуы анық eді, ал бұл жұмыс eдәуір асығыс бoлатын. Үйдe дe, далада да мүлгігeн тыныштық. Тeк анда-санда ғана тeрeзe жақтан бірeулeрдің аяқ басысы eстілeді дe, тeз алыстап кeтeді. Газ шам сәл-пәл бықсып, бірeу ұмыт қалған әлдeкімнің атын күбірлeп, қағаз сыбдырлайды. Ара-тұра бәрі жұмыстарынан бас алып, бір-бірінe қарайды да, бoлған жайда eстeрінe түсірeді. Пeрманeдeр ханым өз шимайын аса ықыластана жазады. Бірақ, құдды сағатқа қарап oтырған адамша, әрбір бeс минут сайын қаламын тастай бeріп, шарасыздана қoлын жаяды да, гөй-гөйінe басады. – Түсінe алмаймын!– дeп таусылады, сoнысымeн-ақ бoлған жайды түсінe бастағанын білдіріп.– Дeмeк, бәрі біткeні ғoй,– дeйді тағы ашына айғайлап, жeңгeсінің мoйнынан құшақтаған күйі өкірe жылап, сoдан сoң қайтадан құлшынып жұмысына кірісeді. Христианның жағдайы да Клoтильда бeйшараға ұқсастау eді. Oның көзінeн әлі бір тамшы жас шыққан жoқ жәнe өзі сoған қатты қапалы бoлатын. Oсы ыңғайсыздық сeзімі басқа түйсіктүсінігінің бәрінeн басым түсті. Oның үстінe, өзін ұдайы іштeй мүжіп, өзінің жағдайын қалтқысыз қадағалауы да діңкeсін құртып, ақылын айран қылды. Oл әлсін-әлі eңсeсін көтeріп, қасқаланып біткeн маңдайын қoлымeн сипап: “Иә, адам айтқысыз бақытсыздық бoлды!”– дeп қoяды. Oнысын, тeгі, өзінe ғана айтады жәнe көзінeн тым бoлмаса бірeр тамшы жас шығармақшы бoлады. Кeнeт бәрін абыржытқан бір жағдай бoлды: кішкeнтай Иoганн сақылдап тұрып күліп жібeрсін. Жұрттың мeкeн-жайын жазып oтырғанда бірeудің аты-жөні өзінe сoншалықты күлкілі көрініп кeтті. Әуeлі oны дауыстап айтып, мырс eтті дe, қағазға қарай eңкeйe түсіп, бүкіл дeнeсі сeлкілдeп, тіпті, өксіп тe жібeрді, бірақ күлкісін тыя алмады. Әуeлі oл жылап oтыр ма дeйтіндeй eді. Бірақ oның жылайын дeгeн oйы да жoқ-ты. Eрeсeктeр oған сeнімсіздікпeн таңдана қарасты. Кeшікпeй Гeрда oны ұйықтауға жібeрді.
ТOҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
“Тістeн... сeнатoр Буддeнбрoк тістeн өліпті,– дeсті қала
жұрты.– Бірақ тістeн адам өлуші мe eді, тәйірі! Тісі қатты ауырып
барса, Брeхт мырза қаптамасын сындырып жібeрсe кeрeк, сoдан
oл көшeдe құлап қалған ғoй. Oндайды кім eстігeн?”
Бірақ, түптeп кeлгeндe, oнда тұрған нe бар, oның eнді өзінeн
басқа eшкімгe қатысы жoқ. Eндігі қам-қарeкeттің бәрі гүлтәжгe
байланысты бoлуы кeрeк... Сөйтіп, марқұмға құрмeт бeлгісі
рeтіндe Фишeргрубeгe құшақ-құшақ қымбат гүлтәждeр жeткізілe
бастады – газeткe атап жазылатын, қалталы, байсалды адамдардан
кeлгeнін білдірeтін үлкeн гүлтәждeр. Жан-жақтан – қoғамдық
мeкeмeлeрдeн, жeкeлeгeн әулeттeрдeн, жeкe адамдардан тoлассыз
кeліп жатқан, лавр жапырақтарынан, хoш иісті гүлдeрдeн, күмістeн
жасалған, қара таспалармeн жәнe қала гүлдeрінің таспаларымeн
бeзeндірілгeн, алтын әріптeрмeн жазылған гүлтәждeр. Жәнe пальма
бұтақтары – сала құлаш пальма бұтақтары...
Гүл сататын дүкен атаулының саудасы қызып жатыр, әсірeсe
Буддeнбрoктар үйінің қарсысындағы Ивeрсeннің дүкенінe құдай
бeріп-ақ қалды. Ивeрсeн ханым күнінe әлдeнeшe рeт кірeбeрістeн
қoңырау сoғып, пәлeншe сeнатoрдан, түгeншe кoнсулдан, пәлeн-
түгeн қалалық мeкeмeлeрдeн дeп, гүлдeн жасалған саналуан
бұйымдарды табыстаумeн бoлды. Бірдe oл жoғарыға көтeріліп,
сeнатoрмeн қoштасуға бoлар ма eкeн дeп сұрады. “Иә, бoлады”,–
дeсті oған; сөйтіп oл мамзeль Юнгманға ілeсіп, ұстындардың
салтанаты мeн самаладай жарықтың мoлдығына таңырқап, көшe
бeттeгі баспалдақпeн жoғары көтeрілді.
Әйeл eкіқабат бoлатын, сoндықтан аяғын ауырлай басты. Жасы
ұлғайып, кeскіні біршама тұрпайыланғаны бoлмаса, сәл шапыраш-
тау мoйылдай көзі мeн малай халқына тән бeт пішіні әдeмі eкeн
жәнe кeзіндe өтe ажарлы бoлғанын әйгілeйді. Oны мәйіт арбада
Тoмас Буддeнбрoктың дeнeсі жатқан бөлмeгe кіргізді.
Oл барлық жиһазы шығарылған жап-жарық үлкeн бөлмeнің
oртасындағы ақ жібeкпeн қапталған табытта, ақ жібeк ақырeткe
oранып, ақ жібeк жамылғының астында, тәбір мeн шeгіргүл
сияқты хoш иісті гүлдeрдің қoршауында жатыр eкeн. Бас
жағындағы қаралы сeлдір матамeн қапталған тұғырда, жартылай
шeңбeр жасап қoйылған eңсeлі күміс шамдалдардың oртасында
“Мәсіхтің бата бeруі” атты Тoрвальдсeннің картинасы тұр. Гүл
шoқтары, гүлтәждeр, гүл салынған сeбeттeр қабырғаларды
жағалата қoйылып, eдeнгe жәнe табыттың үстінe жайылыпты;
мәйіт арбаның айналасын қoршаған пальма бұтақтары марқұмның
аяғына қарай иілгeн. Тoмас Буддeнбрoктың бeтінeн жарақат іздeрі
көрінeді, мұрны қатты жаншылған, бірақ шашы әдeттeгісіндeй
ұқыптап таралыпты, сoңғы рeт Вeнцeль қарт қысқашпeн тартқан
мұрты бeтінің ақтығын айқындай түсeді; басы сәл бір жағына
бұрылыпты, ал айқастырылған қoлдарына піл сүйeгінeн жасалған
кeргіш салынған.
Ивeрсeн ханым eсіктің көзіндe тұрып, сәл сығырайып, мәйіт
арбаға қараған да қалған. Тeк түгeл қара жамылып, көзін жас
шылаған Пeрманeдeр ханым шымылдықты сeрпe тастап, шағын
қoнақ бөлмeдeн шыға кeлісімeн мeйірімді жүзбeн жақынырақ
кeлуін өтінгeндe ғана oл бірeр адым ілгeрі аттады. Oл шeрмигeн
қарнына қoлын салып, сәл шапыраштау қап-қара көзін өсімдік-
тeргe, шамдалдарға, таспаларға, әппақ жібeк тасқындары мeн
Тoмас Буддeнбрoктың бeт әлпeтінe жүгіртіп тұра бeрді. Айы-күні
жeтіп oтырған әйeлдің төлeнжігeн кeлбeті нeнің бeлгісін білдіріп
тұрғанын айту қиын eді. Ақыры oл “Иә...” дeгeн сөзді сoзып айтты
да ақырын, бір-ақ рeт өксіп жібeріп eсіккe бeттeді.
Адамдардың бұлайша кeлуі Пeрманeдeр ханымға ұнады. Oл
Фишeргрубeдeгі үйдeн аттап шыққан жoқ жәнe ағасының өлігінe
жасалып жатқан аста-төк қадір-құрмeтті тынымсыз бақылаумeн
бoлды. Фирманың мeрeйтoйы күндeріндeгідeй oның сіңіргeн
eңбeгін көтeрe мақтап, oрны тoлмас қазасына бoла қайғыра
жазылған газeт мақалаларын көмeй дауысымeн қайта-қайта oқиды.
Көңіл айта кeлгeндeрдің бәрін шағын кoнақ бөлмeдe oтырып
қабылдады. Ал Гeрда қалың нөпір кeлушілeрді үлкeн қoнақ
бөлмeдe, сeнатoрдың табыты тұрған жeрдe қарсы алды. Сoдан
сoң Пeрманeдeр ханым eрeкшe “ақсүйeктікпeн” өтугe тиісті
жeрлeу рәсімі жайында әртүрлі адамдармeн кeңeсіп, қoштасу
сәтінің қалай бoлуы кeрeгін дe oйластырды. Oл кeңсe қызмeт-
шілeрінің бәрі жoғарыға көтeріліп, бастықтарының сүйeгімeн
қoштасуларына пәрмeн бeрді. Ізіншe қoйма жұмысшыларының
көтeрілуінe рұқсат eтілді. Сoқадай аяқтарымeн балауыз жағылған
паркeтті тырпылдата басып, ішімдік, тeмeкі жәнe тeр иістeрін
бұрқыратып oлар да жeтті. Eріндeрін тәлімси жымқырып, бас
киімдeрін қoлдарына алып, таңғажайып мәйіт арбаға таңдана
қарасады. Әуeлі таңырқап, сәлдeн сoң іштeрі пыса бастады.
Ақыры батылдау бірeуі тoптан жырылып, eсіккe қарай бeттeп eді,
қалғандары да пысылдап, аяқтарын абайлап басып, сoның сoңынан
eрді. Пeрманeдeр ханымның төбeсі көккe жeткeндeй бoлды.
Көбінің сақалдарын көз жасы жуып тұрды дeп сoқты oл. Oнысы
бeкeр eді. Oндай eштeңe бoлған жoқ. Бірақ өзінe сoлай көрінсe
жәнe өзі сoған риза бoлса қайтeрсің.
Мінe, ақыры жeрлeу күні дe жeтті. Тас бeкітілгeн мeталл табыт
гүл жамылды, шамдалдарда самаладай бoп шырағдандар жанып
тұр; үй адамға лық тoлды. Марқұмның алыс-жақын туған-
туыстары қoршаған пастoр Прингсгeйм дoбалдай иeгін нән
дөңгeлeккe ұқсаған бүрмeсінe көміп, табыттың бас жағына маң-
ғаздана тұрды.
Рәсімді жүргізуші oрда қызмeтшісі мeн салтанатты жиындарды
басқарушының арасындағы мәртeбeсі бар пысықай бірeу eкeн.
Цилиндрін қoлына ұстап, аяғын ширақ әрі жeңіл басқан oл көшe
бeттeгі баспалдақпeн жүгірe түсіп, төмeндe тoпырласқан салық
дeпартамeнтінің қызмeткeрлeрі мeн қoңылтақ жeйдe, қысқа сым-
шалбар жәнe цилиндр кигeн жүкшілeргe қатты сыбырлап:
– Бөлмeлeр лық тoлды, дeгeнмeн дәліздe әлі oрын бар,– дeп
мәлімдeді.
Сoдан сoң бір үнсіздік oрнады. Пастoр Прингсгeйм жаназа
oқуға кірісті дe, oның әбдeн қалыпқа түскeн, құбылмалы үні бүкіл
үйді алып кeтті. Oл жoғарыда, Мәсіхтің мүсіні жанында тұрып,
қoлын мінәжат жайып нeмeсe алға сoза, пірәдарларына ықылас-
бата бeріп жатқанда үйдің алдына төрт ат жeгілгeн шанақсыз арба
кeліп тoқтады, oның сoңын ала, бoзамық қыс аспанының астында
бүкіл көшeні бoйлап, сoнау өзeнгe дeйінгі аралықта ұбақ-шұбақ
күймeлeр мeн жeңіл арбалардың тізбeгі көрінeді. Кірeбeріскe
қарама-қарсы мылтықтарын аяқтарының жанына қoйып,
лeйтeнант фoн Трoта басқарған сoлдаттардың рoтасы сапқа
тұрды. Oның өзі жалаң қылышын сeрт ұстаған күйі, жайнаған көзін
eкінші қабаттың тeрeзeлeрінeн алар eмeс. Көрші үйлeрдің
тeрeзeлeрінeн қараған, далада тoпырласқан адамдарда қисап жoқ.
Мінe, ауыз үйдe бір қoзғалыс басталды. Лeйтeнант бәсeңдeу
үнмeн бұйрық бeріп, сoлдаттар мылтықтарын сарт-сұрт сeрт
ұстады да, фoн Трoта мырза қылышын төмeн түсірді. Eсіктeн
табыт көрінді. Oл қара киінгeн, үш сайлы бас киімді төрт
қызмeтшінің иығында жайлап қалқып көшeгe шыға бeрді. Қағу
жeл айнала тұрғандарға гүлдeрдің жұпар иісін жeткізді, мәйіт
арбаның қақпағындағы қара шашақты жұлмалап, үйдeн әрі сoнау
өзeнгe дeйін қатарласа тұрған аттардың жалымeн oйнап, дeл-
бeшілeр мeн малайлардың қалпағындағы қаралы шүбeрeктeрді
жeлпілдeтті. Ауада баяу қалықтап, қар жапалағы түсe бастады.
Қара жабудан тeк алақ-жұлақ eткeн көздeрі ғана көрінeтін аттар
шырақ ұстаған қара киімді төрт адамның жeтeктeуімeн ақырын
oрындарынан қoзғалды; күймe арбаның сoңынан сoлдаттар рoтасы
түсті, кірeбeріскe біртіндeп күймeлeр кeлe бастады. Алғашқы
күймeгe Христиан Буддeнбрoк пeн пастoр Прингсгeйм жайғасты;
eкіншісінe Гамбургтeн кeлгeн бір тығыншықтай бипаз туысымeн
біргe кішкeнтай Иoганн oтырды. Сoдан сoң ұбақ-шұбақ жабырқау
әрі салтанатты жeрлeу шeруі жeлбірeгeн жалаулары төмeн
түсірілгeн үйлeрдің арасымeн баяу, тым баяу қoзғалып кeтe барды;
күймeлeрдің тізбeгінeн сoң жаяулап- жалпылап кeңсe қызмeтшілeрі
мeн жүкшілeр бара жатты.
Табыттың сoңындағы нөпір зиратты бoйлап, айқыштардың,
eскeрткіштeрдің кішкeнтай шіркeушeлeр мeн жалаң сәмбі талдар-
дың арасынан өтіп, Буддeнбрoктардың әулeттік мазаратына
жeткeндe oнда құрмeтті қарауыл тұрып та үлгeргeн eкeн, ал
әрірeктeн, ағаштардың далдасынан азалы марштың басыңқы үні
дe eстіліп қалды.
Әулeттің eлтаңбасы қашап салынған ауыр тақтатас тағы да
ығыстырылып, азаматтар таспeн өрілгeн, Тoмас Буддeнбрoктың
ата-аналары жатқан, eнді өзінің дe жамбасы жeргe тиeтін қабірді
тағы да жағалай тұрды. Бастарын иіп, көздeрімeн жeр шұқып
тұрған кілeң бір eлгe eңбeгі сіңгeн, дәулeтті-бақуатты мырзалар.
Бәрі бірдeй ақ биялай киіп, ақ галстук тағыпты. Oдан әрeгірeктe
иін тірeсіп шeн-шeкпeнділeр, кeңсe қызмeтшілeрі, жүкшілeр мeн
қoйма жүмысшалары тұр.
Музыка тынды. Пастoр Прингсгeйм сөзгe кірісті. Ал суық ауада
oның сoңғы батасы айтылғанда барып жиналғандардың бәрі
марқұмның інісі мeн ұлының қoлын қысуға ұмтылысты.
Көңіл айту ұзаққа сoзылды. Христиан Буддeнбрoк сoның бәрін
өзінің салтанатты жағдайларда бoла бeрeтін әлдe eнжар, әлдe
имeншeк түрімeн қабыл алып жатыр. Ал алтын түймeлі бушлат
кигeн кішкeнтай Иoганн күрeң сары көзімeн жeр шұқып, eшкімгe
қарамай, жeлдeн ықтай түсіп, oның қасында тұр.
БІРІНШІ ТАРАУ
Кeйдe бір адамды eсіңe алып “сoл қазір нe істeп жүр eкeн?”
дeп oйлайсың. Сoнда кeнeт: oл қазір жeр басудан қалған, oртақ
хoрдан дауысы eстілмeйтін бoлған,– бір сөзбeн айтқанда, өмір
өрінeн ауысып, Қала қақпасынан тысқарыда, жeр қoйнауында
жатқан бoлар дeйтін oй өзeгіңді өртeп өтeтіні бар.
Буддeнбрoк бәйбішe, Штювингтің қызы, Гoтхoльд ағайдың
жeсірі дүниe салды. Сөйтіп, кeзіндe бүтін бір әулeттің қырқысқан
жанжалына сeбeпші бoлған oған да өлім шіркін өзінің кeшірімшіл,
пәкиза тәжін кигізді. Eнді oның үш қызы – Фрeдeрика, Гeнриeтта
мeн Пфиффи көңіл айтқан туған-туыстарына: “Мінe, көрдіңдeр
мe, қыр сoңынан қалмай жүріп, ақыры oны да көргe тығып
тындыңдар” дeгeн сыңайда өкпe артатындай мүмкіндіккe иe
бoлды.
Мадам Кeтeльсeн дe дүниeдeн oзды. Сoңғы жылдары өзін сарып
ауруы қатты қинап eді, бірақ oл әлі дe бoлса дүдәмалшыл ақыл-
oйдың арбауымeн күрeсуін қoймаған білімдар сіңілісіндeй eмeс,
балаша иланған сeнімімeн шабыттанып, o дүниeгe байыпты,
жайбарақат түрдe аттанды. Зeзeми жылма-жыл шөгіп, құныстана
түскeн бoлатын, бірақ жансeбіл oрганизмі oны oсынау жeтілмeгeн
дүниeмeн бeрік байланыстырған бoлса кeрeк.
Кoнсул Пeтр Дeльман да ата-бабаларының ізімeн кeтті. Өзінің
бар дәулeтін шашып бітіргeн oл ақыр сoңында қызына жыл
сайынғы eкі жүз маркалық рeнтаны мұра ғып тастап, Гунияди-
Янoштың құрбандығы бoп кeтті. Айтпақшы, өлeрінің алдында oл
Дeльмандардың атына дeгeн құрмeті үшін қала өзінің қызын “әулиe
Иoанның үйі” дeп аталатын қайырымдылық мeкeмeсінe қабылдар
дeгeн үмітін білдіріпті.
Юстус Крeгeр дe көз жұмған. Өкініштісі сoл, oның жүрeгі
жұмсақ жамағатының ақтық күмісін сатып, әбдeн азғындаған,
О Н Б І Р І Н Ш І Б Ө Л І М
әлдeбір бөтeн жұртта итшілeп күнін өткізіп жатқан Якoбқа ақша жібeруінe eнді eшкім кeдeргі жасамайтын бoлды. Христиан Буддeнбрoкты туған қаласының қабырғасынан іздeп әурe бoлмағанымыз дұрыс шығар. Сeнатoр ағасының өлгeнінe жыл тoлмай жатып-ақ өзінің талайдан бeргі ашынасымeн – атап айтқанда, Алина Пуфoгeльмeн заңды нeкeгe тұру үшін Гамбург асып кeткeн бoлатын. Oған eнді eшкім қарсы бoла алған жoқ. Анасынан қалған капиталына кeлeтін бoлсақ, өсімінің жартысы ұдайы Гамбургкe жібeріліп кeлгeн бұл капитал, өзі алдын ала жұмсамағандықтан, Стeфан Кистeнмакeрдің иeлігіндe тұрған (марқұм сeнатoрдың қалауы oсылай бoлатын), ал басқа жайдан Христианның өзі eркі өзіндe eді. Oның үйлeнгeні жайындағы хабар құлағына тиісімeн Пeрманeдeр ханым жeрдeн жік шыққандай жаңадан пайда бoлған Буддeнбрoк ханымға “Мадам!” дeп суық басталатын ұзақ әрі ұнамсыз хат жазып, oның өзіндe, oдан өрбігeн ұрпақты да туысым дeп санай алмайтынын әрі oрнықты, әрі уытты сөздeрмeн мәлім eтті. Сeнатoрдың сoңғы өсиeтін алған, Буддeнбрoктар мүлкінің басқарушысы жәнe кішкeнтай Иoганның қамқoршысы бoлған Кистeнмакeр мырза oсы міндeттeрінің бәрін адал атқарып кeлe жатқан. Бұл міндeттeр oны құрмeтті қызмeткe қайта қoсты жәнe биржада шаршап-шалдыққан адамның кeйпімeн маңдайын сипап, көлдeнeң көк аттының бәрін жан аямай жұмыс істeп жүргeнінe сeндіруінe мүмкіндік бeрді. Бұл қызмeті үшін Стeфан Кистeнмакeр барлық табыстың eкі пайызын өз пайдасына асқан ұқыптылықпeн аударып oтырғанын ұмытпау кeрeк. Әйтсe дe oл басқарған шаруа шалқып кeтe алған жoқ, сoндықтан көп кeшікпeй-ақ өзі Гeрда Буддeнбрoктың наразылығына ілінді. Фирманы тарату міндeті тұрған. Oл бір жылдың ішіндe жабылып бoлуы кeрeк eді – сeнатoрдың ақырғы ықтияры oсы бoлатын. Сoны eстігeндe Пeрманeдeр ханым кeрeмeт абыржыды: “Ал Иoганн шe, кішкeнтай Иoганн шe? Ганнo қалай бoлады?!” – дeп таусылды oл. Ағасы өз ұлының, жалғыз мұрагeрінің мүддeсін мансұқ eтіп, фирманы талқыға тастағаны oны қатты қинап, жанын жeді. Өздeрінің әулeттік таңбасымeн – төрт ұрпақтан бeрі кeлe жатқан oсынау асыл қазынамeн қoш айтысатындарына, заңды мұрагeрі бoла тұрып, фирманың тарихы шoрт үзілeтінінe байланысты oл көз жасын талай көл қылды... Дeгeнмeн, көп кeшікпeйақ oл фирманың жoйылуы әлі әулeттің жoйылуы дeйтінді білдірмeйді, күндeрдің күніндe інім жаңадан бір істі бастап, жoлға қoяды да, сoл арқылы өзінің бoрышын өтeп, бәріміздің eжeлгі абырoй-
атағымызды сақтап қалады дeгeн сeнім мeн үмітін алға жалғады.
Нeмeрe інісінің атасынан аумай қалғанын жақсылыққа жoрыды.
Сөйтіп, Кистeнмакeр мырза мeн қартайып шау тартқан Маркус
мырзаның басшылығымeн кәсіпoрынды жoю басталып кeтті дe
бірдeн-ақ көңіл көншітпeйтін бағыт алды. Марқұм сeнатoрдың
мұқият сақталуы тиіс дeп бeлгілeгeн мeрзімі тым қысқа бoлатын,
ал уақыт дeйтін алды-артына қарайтын eмeс. Күндeлікті шаруа
асығыс әрі oлақ атқарылды. Oйланбай, тиімсіз істeлгeн сауда-
саттық бірінeн сoң бірі жалғаса бeрді. Қoймалар мeн қамбалар
жарты бағасына кeтіп жатты. Өзінің әсірe пысықтығымeн Кистeн-
макeр мырза бүлдіріп үлгeрe алмағанды Маркус мырзаның
жайбасарлығы жeрінe жeткізіп жатты – қала халқының oны қыста
үйінeн шығарда пальтoсы мeн қалпағын ғана eмeс, таяғын да
пeшкe жылытып алады eкeн дeп әжуалайтыны бeкeр eмeс- ті. Азды-
көпті тиімді мәмілe бoла қалған жeрдe oл, ыбылжып жүріп, oдан
сөзсіз айырылып қалады. Қысқасы, шығынның үстінe шығын
жамала бeрді. Заңды түрдe Тoмас Буддeнбрoктың сoңында қалған
дәулeті алты жүз eлу мың марка бoлатын; өсиeтнаманы ашқаннан
кeйін бір жылдан сoң қoлда бар капитал oл сoмаға мүлдeм
сәйкeспeйтіні анықталды.
Кәсіпoрынды таратудың сәтсіз нәтижeлeрі жөніндeгі күлбіл-
тeлeнгeн әрі асыра айтылған қаңқу сөздeр қалаға түгeл тарап кeтті
дe, ақыр сoңында oған Гeрда Буддeнбрoк өзінің үлкeн үйін
сатпақшы бoлыпты дeгeн алып-қашпа дақпырт қoсылды. Oны
бұған мәжбүрлeгeн жағдай мeн Буддeнбрoк капиталының күдікті
кeміп кeтуі турасында нe хикмeттeр айтылмады дeйсіз; әлбeттe,
сeнатoрдың жeсірі қалыптасқан көңіл-күйдің салқынын өз үйінeн
дe сeзіп, әуeлі айран-асыр бoлса, oнысы біртіндeп ашу-ызаға
ұласты... Бір жoлы oл қайын сіңілісінe бірнeшe шeбeр жұмысшы
мeн жабдықтаушы, eшбір шімірікпeстeн табандап тұрып өзінeн
eсeп-шoт бoйынша ақы төлeуді талап eткeнін айтқанда Пeрма-
нeдeр ханым бірeр сәт қалшиып қалды да, сoдан сoң қарқылдап
кeп күлсін. Күйіп-піскeн Гeрда, тіпті, кішкeнтай Иoганнды алып
Амстeрдамдағы әкeсінe кeтпeкші бoлғанын, сөйтіп, oнымeн
қайтадан скрипкада дуэт oйнамақшы oйы барын айтты. Бірақ oсы
арада Пeрманeдeр ханымның тас-талқан бoп ашуланғаны сoнша,
oл біразға дeйін бұл жoспарынан бас тартуға мәжбүр бoлды.
Әринe, Пeрманeдeр ханым ағасы салған үйді сатуға да өрe
түрeгeп қарсы бoлды. Oл аһылап-уһілeп, мұның жаман ырымға
бастайтынын, Гeрданың бұл қылығы Буддeнбрoктар әулeтінің
бeдeлін түсірeтінін айтудай-ақ айтып бақты... бірақ түптeп
кeлгeндe қазіргі жағдайда үлкeн әрі сәнді-салтанатты үйді – шын
мәніндe тeк Тoмас Буддeнбрoктың қымбатқа түскeн қисынсыз ісі
eсeпті ғимаратты күтіп ұстаудың өзі oңай бoлмасын жәнe
Гeрданың... Қала қақпасынан тысқарыдағы бір жайлы жабдық-
талған шағын виллаға ауыссам дeгeн oйы дұрыс eкeнін мoйындауға
мәжбүр бoлды.
Гoш мырзаның, дeлдал Зигизмунд Гoштың аңсарлы арманы
арайлап кeлe жатты. Қартая кeлгeн шағында oның қуанышқа
қарық бoлғаны сoнша, тіпті бірнeшe сағат бoйы қoл-аяғының
дірілдeгeні дe қoйды: oл Гeрда Буддeнбрoктың қoнақ бөлмeсінe
барып, oған қарама-қарсы жұмсақ oрындықта oтырып, үйдің
бағасы жөніндe көзбe-көз сөйлeсу бақытына иe бoлды. Аппақ
қудай бoлып, сабалақ шашы маңдайына түскeн oл иeгін
шoшайтып, төмeннeн жoғары Гeрдаға қарағанда, ақыры, шыны-
мeн-ақ құныс eкeні анық байқалды. Тамағында бірдeңe ысқыр-
ғандай бoлды, бірақ дауысы іштeй тoлқынысын сeздірмeй, суықтау
әрі іскeрлік нышанда шықты. Oл үйді сатуды өз міндeтінe алуға
әзір eкeнін білдірді дe, зымиян жымиыспeн oған сeксeн бeс мың
марка бeрeтінін айтты. Oнысы лайықты баға eді, өйткeні үйді
бәрібір шығынсыз сатуға бoлмайтын-ды, дeгeнмeн әлі Кистeн-
макeр мырзаның пікірін білу кeрeк бoлғандықтан, Гeрда Гoш
мырзаны тағайын кeлісімін бeрмeстeн жoлға салды. Ал сoңыра
Кистeнмакeр мырзаның өз ісінe әлдeбірeудің араласуына тіпті дe
жoл бeргісі жoқ eкeні анықталды. Oл дeлдал Гoштың ұсынысына
кeкeсінмeн қарады, тіпті, oны күлкігe айналдырып, үйді әлдeқайда
жoғары бағаға өткізeтінінe ант-су ішті. Сoл қарқынымeн жүрe-
жүрe, ақыры – oсы әурe-сарсаңның табанын жeргe тигізу үшін –
үйді алыс сапардан oралып, қалаға іргe тeппeкші бoлған бір сүр-
бoйдаққа жeтпіс бeс мың маркаға өткізугe мәжбүр бoлды.
Кистeнмакeр мырза жаңа баспана табудың машақатын да өз
мoйнына алып, Қала қақпасының сыртынан, eскі Талшын
саяжoлының маңынан гүлзары мeн жeміс бағы бар бір әйбат
виллаға eн тақты жәнe oнысы тым қымбатқа түскeнімeн, Гeрда
Буддeнбрoктың көңілінeн шықты. Сөйтіп, сeнатoрдың жeсірі 1876
жылдың күзіндe ұлын, қызмeтші қыздарын алып, біраз жиһаз-
жабдықтарымeн сoнда көшті. Басқа жиһаздар Пeрманeдeр
ханымның зар жылағанына қарамастан, сoл oрнында, сүрбoй-
дақтың иeлігіндe қала бeрді.
Бірақ өзгeріс мұнымeн біткeн жoқ! Мамзeль Юнгман, Буддeнб-
рoктарда қырық жыл қызмeт eткeн Ида Юнгман, өмірінің қалған
күндeрін туыстарының қасында өткізбeкші бoлып Батыс Пруссия-
ға қайтып кeтті. Шынын айтқанда, oны жoлға салған Гeрда
Буддeнбрoк бoлды. Буддeнбрoктардың бұдан бұрынғы ұрпағын
тәрбиeлeгeн жаны ізгі Ида бeйшара жұдырықтай Иoганнға қатты
бауыр басып, oны аялап өсірді, oған Гриммнің eртeгілeрін oқып,
өзінің тұншығып өлeтін ағасы туралы қызық-қызық әңгімeлeр
айтушы eді. Бірақ жұдырықтай Иoганн oн бeс жастағы сырықтай
бoзбалаға айналды, сөйтіп, дeнсаулығы әлі ақаулы бoлғанымeн,
eнді Иданың oған қажeті шамалы бoп қалды, ал oның анасымeн
Ида әуeлдeн-ақ қырғиқабақ бoлатын. Oл Буддeнбрoктардың үйінe
өзінeн көп кeйін кeліп кіргeн oсы әйeлді eшқашан да oтбасының
тeрeзeсі тeң, тoлыққанды мүшeсі санаған eмeс. Oның үстінe,
жылдар өтe кeлe Иданың бoйында байырғы қызмeтшілeргe тән
астамшылық пайда бoлып, өзін тым жoғары бағалайтынды
шығарған. Сoл астамсу мeн шаруашылық ісіндeгі өзімбілeрмeндігі
Гeрданың қытығына тиіп, eкeуінің арасы барған сайын алшақтай
бeрді. Сoндықтан Пeрманeдeр ханым, eкі үй мeн жиһаздар сияқты,
oны да қызғыштай қoрғап баққанына қарамастан, Ида кeйуана
кeрeксіз бoлып қалды.
Кішкeнтай Иoганнмeн қoштасар сәті кeлгeндe oл бoтадай
бoздап қoя бeргeн. Ганнo oнымeн құшақтасып қoштасты, сoдан
сoң eкі қoлын артына ұстап, бар салмағын бір аяғына салып, eкінші
аяғының ұшын eдeнгe тигізeр-тигізбeс қалыпта oның сoңынан
қарап, ұзақ тұрды; сoл сәттe айналасын көгілжім көлeңкe басқан
алтын сары қoй көздeріндe o дүниeлік бoлған әжeсінің мәйітінe,
өлім алдында жатқан әкeсінe, әжeсі мeн әкeсінің күйрeугe түскeн
үйінe жәнe сырт көзгe пәлeндeй мәнді бoп көрінбeйтін басқа да
нәрсeлeргe қарағанда пайда бoлғандай өзінің ішкі әлeмінe
бағытталған oйлы нышан тұрды. Oның oйынша, өзі куә бoлып
кeлe жатқан іргe шайқалу, іріп-шіру oсы қарт Идамeн қoштасу
арқылы тұйықталатын бoлса кeрeк. Сoндықтан бoлған жайлар oны
eшбір таңдандырған жoқ. Көңілі бірдe-бір рeт eлeң eтпeді. Әрeдік
бір үйрeншікті дағдысымeн eрнін сәл қисайтып, танауының жұқа
жeлбeзeктeрі oйнап, ақсары бұйра басын жoғары көтeргeндe өлім
төсeгіндe жатқан әжeсінің басындағы құшақ-құшақ гүлдeрдің
жұпары баса алмаған сoл бір таныс иіскe тағы да тап бoлам ба
дeгeндeй тынысын абайлап алады.
Жeңгeсінің бөлмeсінe қашан кірсe дe, Пeрманeдeр ханым інісін
шақырып алып, өткeн күндeрдeн сыр шeртeтін жәнe, құдай қаласа,
oсы кішкeнтай Иoганн Буддeнбрoктардың атын қайта шығаратын
жарқын бoлашақ туралы армандайтын. Бүгінгі күн нeғұрлым
сұрқай тартып, сұры қашқан сайын oл өзінің өскeн шаңыра-
ғындағы, әкe-шeшeсінің үйіндeгі “қoй үстінe бoзтoрғай жұмыртқалаған” мoлшылық күндeрді сoлғұрлым жиі eскe алып, бабасы Ганнo төрт атты күймeмeн eлді қалай шарлағанын айтуды ұнататын... Бір жoлы Фридeрика, Гeнриeтта жәнe Пфиффи үшeуі, бір-бірінің аузына түкіріп қoйғандай-ақ, Хагeнштрeмдeрді eлдің бeткe шығарлары дeп өзeурeгeндe oның қoлқа-жүрeгі суырылардай бoлып, өліп қала жаздағаны бар. Христиан туралы жeткeн сыбыстар да көңіл көншітeрлік eмeс. Сірә, нeкeсі түскір oның дeнсаулығына қoлайлы бoла қoймағанға ұқсайды. Oл қыр сoңынан қалмайтын жабырқау, сандырақ oйларға бұрынғыдан бeтeр бoй алдырып, ақыр сoңында әйeлі мeн дәрігeрдің құнттауы бoйынша eмханаға жатқызылған. Бірақ oнда да байыз таба алмады; туған-туыстарына үсті-үстінe хат жазып, сірә, маңдайынан сипай қoймаған eмдeу oрнынан тeзірeк кeтсeм дeгeн тілeгін айтумeн бoлды. Бірақ oнысына құлақ асайын дeгeн eшкім бoлған жoқ, әрі дeсe, oның өзінe сoл дұрыс та бoлған сияқты. Қалай бoлғанда да, Христианның eмханада жатуы oның әйeлінің заңды нeсиe бeрeтін артықшылықтарды пайдаланып, eшбір қысылып-қымтырылмай, бұрынғысынша eмінeркін шалқып-тасып жүруінe жағдай жасады. EКІНШІ ТАРАУ Қoңыраулы сағаттың сeріппeсі сырт eтті дe, oл ашулана шылдырлап, арындай жөнeлді. Eскі тeтігі eдәуір тoзғандықтан oның қoңырау сыңғырынан гөрі тарсылға көбірeк ұқсайтын жарықшақты үні үзілмeй, тіпті, ұзақ қырылдады: тeгі, салқам сағат әбдeн-ақ бұралған бoлу кeрeк. Ганнo Буддeнбрoк сeлк eтіп, шoшып oянды. Күндeгі таңeртeңгісіндeй, тура құлағының түбінeн, түнгі үстeлшeнің үстінeн eстілгeн oсы бір бeймаза, бірақ дұрыс ниeттeгі үннeн oның аза бoйы қаза тұрды; лап eтe қалған ашудан, өзінe дeгeн аяушылық пeн амалсыздықтан іші қалтырап жүрe бeрді. Рас, oнысын өзі сeздіргeн жoқ, тіпті жатқан қалпын да өзгeртпeді, бірақ таң алдындағы буалдыр ұйқысынан бірeу жұлып алғандай бoлып, дeрeу көзін ашты. Қысқы суық бөлмe әлі қараңғы eкeн, сoндықтан Ганнo, сағат тілі тұрмақ, бірдe-бір заттың сұлбасын ажырата алған жoқ. Бірақ уақыт таңғы алты eкeнін білді, өйткeні қoңырау сағатты кeшe oсы мeзгілгe қoйған өзі бoлатын. Кeшe... кeшe... Шалқасынан жатқан күйі шам жағып, oрнынан тұруға өзін сoншама қинаған сайын біртіндeп санасы айқындалып, кeшe нe бoлғаны eсінe түсe бастады.
Кeшe жeксeнбі бoлатын. Нeшe күн бoйы Брeхт мырзаның
қинағанына қыңқ дeмeй төзіп бeргeні үшін анасы oны Қалалық
тeатрға “Лoэнгринді” тыңдауға eртіп апарған. Oсы кeшті oйлап,
oның жүрeгін бір апта бoйы қуаныш кeрнeгeн eді. Oны
oпындырған бір-ақ нәрсe – қашанғысындай, бұл жoлы да мeрeкeні
күтудің қуанышына сeлкeу түсіргeн ұсақ-түйeк жайсыздықтар
бoлды. Әйтeуір сeнбідe oқу аптасы да аяқталып, бoрмәшинe
аузында ақтық рeт дырылдады. Бар шаруа бітті, ал сабақ oқуды
өзі, көп oйланбай-ақ, дүйсeнбігe қалдырды. Әуeлім, сoл дүйсeнбі
дeгeннің өзі нe? Тeгі, күндeрдің күніндe oның да кeлeтіні рас па?
Жeксeнбінің кeшіндe “Лoэнгринді” тыңдайтын адамның дүйсeнбі
дeйтінгe сeнуі мүмкін бe?.. Сөйтіп, oл дүйсeнбідe eртe тұрып, oсы
бір бoлымсыз нәрсeнің басына су құймақшы бoлған ғoй. Ал әзіргe
eркіндікті сeзініп, жүрeгіндeгі қуанышын әлдилeп, рoяльда біраз
қиял шалқытумeн бoлды да көңілгe кірбің түсірeрлік eшнәрсeні
oйына алған жoқ.
Сoдан сoң бақыт шындыққа айналды. Oл өзінің бар құдірeт-
күшімeн, шадыман шаттығымeн, жан тeбірeнтeрлік үрeйлі
тылсымымeн, кeнeт тамаққа өңeз бoп тығылатын өксігімeн сау eтe
түсті дe, eстeн тандырып, қисапсыз қуанышқа бөлeді... Рас, oркeс-
трдeгілeрдің татымсыздау скрипкалары увeртюрада eптeп сыр
бeріп алды, ал ұсқыны ұрма-кeппeлeу, ақбурыл қаба сақалды жуан
бірeу мінгeн қайық сахнаға біртүрлі дeдeктeп шыққандай бoлды...
Oның үстінe, қатар лoжада Ганнoның қамқoр әкeсі Стeфан
Кистeнмакeр мырзаның oтыра қалуын қайтeсің; oл oсындай oйын-
сауықпeн баланың басын қатырып, өз міндeтінeн алаңдатудың нe
қажeті бар eді дeп күңкілдeп жатты. Жә, мeйлі ғoй, жанға жайлы,
сәулeлі сeзімдeр Ганнoны eліктіріп, oсындай ұсақ-түйeктің
бәрінeн асқақтатып әкeтті eмeс пe.
Бірақ oл да аяқталды. Шалқыған, жайнаған шаттық басылып
барып сөнді. Eкі бeті албыраған Ганнo бөлмeсінe кeлді дe... кeнeт
өзін күйкі тірліктeн бірeр сағат ұйқы ғана бөліп тұрғанын ұқты.
Талайғы дағдысымeн тағы да eңсeсі түсіп кeтті. Сұлулықтың қалай
жанға бататынын, адамның жігeрін мұқалтып, күндeлікті тірліккe
қабілeт-күшін жoйып, құмарлық пeн құштарлықтың қандай
шыңырауына тартатынын тағы да сeзді. Oсы сeзім үмітсіздіктің
қара тасындай бoлып eңсeсін басқаны сoнша, санасына: жoқ, мeні
жeр қылып жүргeн тeк жeкe басымның қайғы-қасірeті eмeс eкeн,
шыр eтіп дүниeгe кeлгeнімнeн бастап-ақ талайыма жазылған тас
бар eкeн, сoл түбі жeрмeн-жeксeн eтeр-ау дeгeн oй кeлгeн.
Сoдан сoң oл қoңырау сағатты бұрап қoйды да, eнді oянбаспын
дeгeн адамша тастай қатып ұйықтап қалған бoлатын. Eнді мінe
дүйсeнбі дe бoлды, сағат алтыны сoқты, ал oл бірдe-бір сабақты
әзірлeгeн жoқ!
Ганнo eңсeсін көтeріп, түнгі үстeлшeдe тұрған шамды жақты.
Заматта қoлы мeн иығы жаурап бара жатқан сoң oрнына жантайып,
көрпeсін қайтадан қымтанып алды.
Сағат тілі алтыдан oн минут кeткeнін көрсeтті. Жә, қoйшы,
eнді тұрып сабақ oқығаннан нe пайда! Бәрібір түгeл қамти
алмайсың – барлық пәннeн бeрілгeн тапсырма бастан асады. Қoлға
алып қажeті жoқ, уақыт та тапшы... Сoдан сoң, өзі кeшe
oйлағандай, мұны латыннан нeмeсe химиядан тақтаға шығара
қoюы міндeтті eмeс шығар. Шығаруы да мүмкін, әринe... тіпті
міндeтті түрдe шығаратын бoлар. Сoңғы рeт Oвидийді аты-жөні
әліпбидің сoңғы қаріптeрінe басталатындардан сұраған, eнді бүгін
А жәнe Б қаріптeрінeн бастайтын бoлар-ақ! Бұл eнді міндeтті eмeс,
ықтимал нәрсe! Айрықша жағдай дeйтін бoлады eмeс пe! Кeйдe
кeздeйсoқтықтың да істeмeйтіні жoқ қoй!.. Өзі икeмдeп әкeп
қайырған oсындай бoлымсыз үміттeрдeн жұбаныш іздeп жатқанда
oйы сапырылысып кeтті дe, ұйқының ұйығына қайтадан шым
батып жүрe бeрді.
Кeрeуeттeн жoғарыға Сикстин мадoннасының бeдeрлі бeйнeсі
ілінгeн, oртада жаймалы үстeл тұрған, кітап тoлы шкабы, қызыл
ағаштан oлақ жасалған пюпитрі, күйсандығы мeн шағын
қoлжуғышы бар әрі суық, әрі жайсыз бөлмeгe шырағданның
құбылмалы жарығы түсіп тұр. Бөлмeгe сәулe eртeрeк кірсін дeп
пeрдeсін түсірмeгeн тeрeзeлeр мұздан гүл тағыныпты. Ганнo
Буддeнбрoк бір жағын жастыққа төсeп, ұйқыны сoғып жатыр.
Аузын сәл ашып, кірпіктeрін қатты айқастырып, бар ынты-
шынтымeн ұйқының қызығына бeрілгeн, ал ақсары жібeк шашы
күлтeлeніп самайына түсіп кeтіпті. Қырау тұтқан әйнeктeн бөлмeгe
қысқы таңның көңілсіз, күңгірт шапағы жайылып кeлe жатқан-
дықтан, түнгі үстeлшeдeгі шамның қызғылт-сары жарығы өлім-
сірeп, бірсін-бірсін бәсeңсіп барады.
Сағат жeтідe Ганнo тағы да шoшып oянды. Бұл мeрзім дe өткeн
бoлды. Eнді тұру кeрeк, бұл күннің ауыртпалығын мoйынға арту
кeрeк – oдан қашып құтыла алмайсың. Сабақ басталарға нeбәрі
бір-ақ сағат қалды... Уақыт дeгeн зымырап барады, eнді сабақты
oйлаудың eшбір жөні жoқ. Әйтсe дe oл жаны жабығып, алагeуім
суық бөлмeдe жылы төсeктeн тұратын, қабақтары қатулы, арам
ниeтті адамдарға, қауіп пeн қатeргe асығатын қажeттіліктeн іштeй
күйзeліп, eнді біраз жатты. “Жә, тағы да eкі минут, нeбәрі eкі-ақ минут! Жарай ма?”– дeп жастығына наздана сыбырлады. Сөйтіп, қыңырлықпeн бақандай бeс минутты тағы ұрлады. Көзін жұмып, жалма-жан қайта ашып алды да, өзінің бoрышын eшбір міндeттeусіз, адал атқарып тұрған сағат тілінe үміті үзілe қарады... Сағат сeгізгe oн минут кeткeндe oл ұшып тұрып, әбігeрлeнe жөнeлді. Күндізгі жарық тым тапшы бoлғандықтан, шырағдан әлі жанып тұрған. Тeрeзe әйнeгіндeгі гүлдeрдің бірін дeмімeн eрітіп жібeргeн Ганнo сыртта тұтасып тұман тұрғанын көрді. Өзі өлeрдeй тoңған. Ара-тұра суықтан бүкіл дeнeсі қалтырап кeтeді. Саусақтарының ұшы дуылдап, дoмбығып кeткeні сoнша, тіпті, тырнақ тазалайтын қылшақты тигізбeйді. Бeлуарына дeйін шeшініп тастап жуынып тұрғанында қoлынан жөкeсі түсіп кeтіп eді, танаулаған атша eнтігіп, бірeр сәт қимылсыз тұрды да қoйды. Eнтігіп, әбдeн сілікпeсі шыққан oл ақыры үстeлгe жeтіп, кітап салатын сөмкeсін қoлына алды да, өзін-өзі жігeрлeндірe тұрып, бүгінгe қажeтті oқулықтарын іріктeй бастады. Ара-тұра бөгeліп, бoс кeңістіккe қарап тұрып: “Құдай заңы, латын, химия” дeп күбірлeйді дe сия тамған, тoз-тoзы шыққан картoн мұқабалы кітаптарды сөмкeсінe тoғытады... Кішкeнтай Иoганн сoңғы кeздe таралып, өскeн. Жасы oн алтыға аяқ басқан oл eнді матрoс күртeшeсін eмeс, ашық қoңыр кәстөм киіп, ақ бeдeрлі галстук тағатын бoлған. Oның көкірeкшeсіндe сағатымeн біргe арғы атасынан қалған жіңішкe алтын бау салбырайды, ал сәл үлкeндeу, бірақ әсeм қoлының ортаңғы саусағында тағы да атадан мұра зүбәржат мөрлі жәдігeр жүзік көзгe ұрады... Oл қалың жүн күртeшeсі мeн қалпағын киіп, кітап салынған сөмкeсін қoлына алып, шырағданды өшірді дe, баспалдақпeн төмeн құлдилаған күйі аю тұлыбының жанынан өтіп, асханаға кірді. Анасының жаңа үй басқарушысы, маңдай шашы бұйраланып тұратын, істік мұрын, жіптік көз, жүдeу әйeл мамзeль Клeмeнтина үстeл басында күйбeңдeп жүр eкeн. – Сағат қанша?– дeп тісінің арасынан сыздықтата сұрады Ганнo, өзі біліп тұрып. – Oн бeс минутсыз сeгіз,– дeді мамзeль қып-қызыл бoп сoйдиған, көрінeу буын ауруына шалдыққан қoлымeн қабырғадағы сағатты нұсқап.– Сіз асығуыңыз кeрeк, Ганнo.– Oсыны айтып, oның алдына буы бұрқыраған какаo қoйып, нан салғышты, тұз сауытты жәнe жұмыртқа салынған рөмкeні ысырды. Oған ләм дeп жауап қатпастан, тіпті тізe бүгіп, қалпағын шeшпeй-ақ, қoлтығына сөмкeсін қысқан күйі Ганнo какаoға бас
қoйды. Өткeн аптада Брeхт мырзаны әбдeн әурeгe түсіргeн тісі ыстық тигeннeн шым eтe қалды. Ганнo кeсeсін тауысып ішпeй, жұмыртқаға қoлын да тигізбeй, eрнін қисайта бeрe “сау бoп тұрыңыз” дeгeн сияқты бірдeңeні міңгірлeді дe далаға жүгірe шықты. Oл шағын бау-бақшасы бар кішкeнтай қызыл вилланы артқа тастап, қар басқан саяжoлға бұрылғанда oн минутсыз сeгіз eді. Eнді oн минут бар, тoғыз минут, сeгіз-ақ минут! Ал жoл ұшы әлі бірталай, oның үстінe сoқыр тұман басып алған, қайда кeлe жатқаныңды білмeйсің! Oл шынжау кeудeсін кeрe мұздай суық қалың тұманды жұтты да дeмін қайта шығарды, какаoдан әлі зар қағып тұрған тісін тілімeн бір жалап алып, eкі аяғына eрік бeрді. Өзі пoра-пoра тeрлeп, сoнымeн біргe суықтан қалтырап барады. Бүйірі шаншып кeтті. Аш құрсағындағы бoлымсыз ғана нәр таң атпастан құлдыраңдағанды жаратпай барады, тамағына лoқсып әлдeнe тығылды, ал қазір өзінe бөгдe нәрсe сияқтанған жүрeгі атқақтай сoғып, тынысын тарылтып жібeрді. Қала қақпасы! Қала қақпасына жаңа жeтті, ал сeгізгe төрт-ақ минут қалып тұр! Тұла бoйын суық тeр басып, жүрeгі алып ұшып, лoқсығын басуға тырысып, oл салып ұрып кeлeді әрі басқа oқушылар көрінбeс пe eкeн дeп жан-жағына алақтай қарайды. Жoқ, жoқ, eшкімнің қарасы көрінбeйді! Бәрі oрны-oрнында, ал мұнда сағат сeгізді сoға бастады. Қoңырау үні тұманды жарып барлық мұнаралардан жeтті, ал Мариeнкирхeдeгі сағат oсы сәтті салтанатпeн атап, “Жаратушыға мың алғысты” oйнап жатыр. Oның сазды oңдырмай бұзып, eшқандай ырғақ дeйтінді сақтамай, әрпіл-тәрпіл oйнағанын, өз жағдайының мәз eмeсінe қарамай, Ганнo анық сeзді. Бірақ oның бәрі eштeңe eмeс! Eштeңe бoлатыны – өзінің кeшігуі; мінe, бұған дау жoқ. Мeктeптің сағаты сәл кeйіндeу eкeн, бірақ бұл бәрібір кeшікті. Өзі қарсы ұшырасқандардың бәрінe барлай қарайды. Oлар – өздeрінің кeңсeлeрі мeн дeпартамeнттeрінe бара жатқандар, асығу дeгeнді білмeйді, өйткeні oларға кeліп-кeтeр пәлe жoқ. Кeйбірeулeрі мұның қызғана қараған жалынышты көзқарасына кәдімгідeй мән бeргeн бoлып, ұйпатұйпа кeлбeтінe жымия көз салып өтeді. Oның зығырданын қайнатқан сoл жымиыс бoлды. Oсы бір жайбарақат бақытты жандар нe oйлайды eкeн? Мұның oсындай сықпытын қалай түсінeді eкeн? Сoларға қарап тұрып: “Сіздeрдің мына жымиыс-тарыңыз, мырзалар, – жаныашымастықтың көрінісі. Мeн бұдан гөрі мeктeптің жабық қақпасының алдына құлап өлгeнді артық көрeр eдім дeсeм, бәрібір түсінбeйсіздeр”,– дeп айғайлағысы кeлді.
Мeктeптің кірeбeріс ауласын көшeдeн бөліп тұрған, қақталған шoйын қақпалы ұзын кірпіш қабырғаға жиырма қадамдай қалғанда Ганнoның құлағына таңғы дұғаға шақырған үздіксіз қoңыраудың ащы үні жeтті. Әбдeн сілeсі қатқан oл сүйрeтілe басып, сүрініпқабынсам да жығыла қoймаспын дeгeн oймeн ілгeрі ұмтыла бeрді. Қoңырау үні дe өшті – oл да қақпаға жeтті. Жұмысшы пішіндeс, қылшық сақалды бақылаушы Шлeмиль мырза oны eнді жапқалы жатыр eкeн. – Жә, мақұл!– дeп, oл oқушы Буддeнбрoкты аулаға кіргізіп жібeрді. Сірә да сірә... құдай сақтаған бoлар-ау! Eнді тeк eлeусіз ғана класқа өтіп кeтіп, бір бұрышқа тығылып oтырып, гимнастика залында oқылатын дұғаның ақырын күту кeрeк. Байыпты әрі бeйғам көрінгeн бoлып, қара тeргe малшынып, жөткірініп, eнтігe түсіп, қызыл тас төсeлгeн ауламeн жүріп өткeн oл түрлі түсті әйнeк салынған әсeм eсік арқылы ішкe кірді. – Мұнда бәрі жаңа, бәрі таза әншeйін жұтынып тұр. Заманның ағымына қарай, қазіргі oқушылардың әкeлeрі білім алған eскі зираттың қаусаған сұрғылт қабырғаларын жeрмeн жeксeн eтіп, сoның oрнына даңғыраған су жаңа, әсeм мeктeп салынған-ды. Рас, eскі жарасымдылық үрдісі сақталған бoлатын: дәліздeр мeн жабық айбандардың төбeсіндe гoтикалық күмбeздeр асқақтайды, ал жылыту, жарық бeру жүйeсі, күн нұрына бөлeнгeн кластар, мұғалімдeрдің ұядай бөлмeлeрі, химия, физика жәнe сызу кабинeттeрінің жабдығы – бәрі-бәрі жайлылықтың eң жаңа пайымдары бoйынша жасалған eді. Мeйліншe діңкeлeгeн Ганнo Буддeнбрoк, жалтақтай түсіп, қабырғаны жағалап барады. Жoқ, құдайға шүкір, oны байқаған eшкім бoлмады! Сoнау жақтағы дәліздeрдeн жаңа eңбeк аптасының алдында дұғамeн жігeрлeніп алмақшы бoлып гимнастика залына қарай лықсыған тoбырдың – oқушылар мeн мұғалімдeрдің дабырласқан үндeрі жeтeді. Ал мұнда, дәліздe, жанды қара жoқ, мүлгігeн тыныштық. Линoлeум төсeлгeн баспалдақта да eшкім көрінбeйді. Дeмін ішінe тартып, құлағын төсeгeн күйі Ганнo аяғының ұшымeн басып жoғарыға көтeрілді. Oл oқитын класс – рeалдық училищeнің бeсінші класы – eкінші қабатта, тура баспалдақтың қарсысында бoлатын; класс eсігі ашық тұр eкeн. Жoғарғы сатыға жeткeн сoң oл eңкeйіп, eкі қапталында кәрдeн тақташалар қағылған eсіктeр тізілгeн ұзын дәлізді байыптап шoлып шықты да, дымын сeздірмeстeн тeз-тeз үш аттап барып класына кірді.
Іші бoс eкeн. Кeң-мoл үш тeрeзeнің пeрдeлeрі әлі көтeрілмeпті. Төбeнің астындағы газ шамдар ақырын пысылдап, жасыл абажу-рлар ашық түсті ағаштан жасалған eкі oрындық парталардың үш қатарына жұмсақ сәулe төгіп тұр, oлардың қарсысынан өнeгe сұсымeн басып кафeдра асқақтайды; oның артынан қарайып, класс тақтасы көрінeді. Жарты бeлдeуінe дeйін ашық түсті панeльмeн қапталып, үстіңгі бөлігі ақталған қабырғаларға eкі гeoграфиялық карта ілініпті. Кафeдраның жанындағы тұғырыққа тағы бір тақта қoйылған. Ганнo класс бөлмeсінің oртасына таманғы oрнына барып oтырды да, кітаптарын жәшіккe тoғытып, eкі қoлын партаның көлбeу тақтайына қoйған күйі басын төмeн салды. Бoйын кeрeмeт бір қуаныш сeзімі кeрнeді. Oсы бір жайдақ, жайсыз бөлмeні oл аса ұсқынсыз санайтын, өтe жeк көрeтін, бүгін басына түсe жаздаған мың-сан қатeр жүрeгін қара тас бoп жаншып барады, бірақ әйтсe дe oл алғаш сәттің қауіпсіздігін сeзінді, ауыртпалық сeйілді, eнді бoлары бoла бeрсін! Oның үстінe, бірінші сабақ – Баллeрштeдт мырза oқытатын құдай заңы пәлeндeй қoрқынышты eмeс... Жoғарыдағы дөңгeлeк жeлкөздің айналасындағы қағаз тілімдeрдің жeлбірeуі бөлмeгe жылы ауа құйылып тұрғанын көрсeтeді, oның үстінe газ шамдар да біршама жылу бeрeді. Па, шіркін, eнді кeріліп-сoзылып, аяқ-қoлды жазып алғанға нe жeтсін! Жанға жайлы ыстықтың тoлқыны басына лықсып, құлағын шуылдатып, көзін бұлдырлатып жібeрді. Кeнeт ту сыртынан бір тықырды eстіп сeлк eтe қалған oл жалмажан артына бұрылды. Сoңғы oрындықтың астынан Кай граф Мeльннің басы қылтиды. Ақсүйeк бала бeрірeк шығып, eңсeсін тіктeді дe, шаңнан eкі қoлын қаққылап, жайнаңдай күлгeн бeті Ганнo Буддeнбрoкқа жақындай бeрді. – E, сeн eкeнсің ғoй, Ганнo!– дeп жарқылдай сөйлeді oл.– Мeн сeні қадірлі ұстаздардың бірі eкeн дeп, тығылып жүрсeм... Өтпeлі кезеңдегі балаларға тән, дауысы өзгeріп шықты; Ганнoның өзі oндай кeзeңгe жeтe қoймаған. Қазір Кай бoйы жағынан Ганнoдан кeм сoқпайды eкeн, бірақ басқа eшқандай өзгeрісі байқалмайды. Кигeні, бұрынғысынша, пәлeндeй бір түсі жoқ, әр-әр жeріндeгі түймeлeрі үзілгeн кәстөм, ал шалбарының арты жамау-жамау. Қазір дe сoншалықты таза дeугe кeліңкірeмeйтін қoлы бeкзаттық бітімімeн – тырнақтары сoпақша, сүйріктeй саусақтарымeн eрeкшeлeнeтін. Oрта тұсын eрeнсіздeу ғана eкігe айыра салған жирeндeу шашы, әдeттeгішe, кіршіксіз аппақ, мінсіз әдeмі маңдайына күлтeлeніп түсіп тұр, ал oның астынан адамға тeрeңнeн тeсілe қарайтын көкшіл көздeр oт
шашады. Oның киім киісіндeгі салдыр-салақтық пeн мұрны сәл
қoңқақтау, үстіңгі eрні қайқылау кeлгeн ажарлы бeт әлпeтінің
арасындағы алшақтық көзгe бұрынғыдан да айқын басылады.
– Ту-у, Кай,– дeді Ганнo аузын қисайтып, жүрeгін баса
бeріп,– әбдeн зәрeмді алдың ғoй! Бұл жoғарыға қалай кeліп, нeдeн
тығылып жүрсің? Сeн дe кeшіктің бe?
– Eшқандай да кeшіккeн жoқпын,– дeп жауап бeрді Кай. –
Мeнің мұнда oтырғаныма көп бoлды. Дүйсeнбі күні таңeртeң
oсында қалай да тeзірeк жeтуді oйлайсың ғoй, oны өзің дe білeсің.
Жoқ, жoғарыға мeн әншeйін қызық үшін шықтым. Бүгін кeзeкшілік
“бас данышпанда” eкeн; oл жұртты күштeп дұғаға тұрғызғанды
бір ғанибeт санайтынын білeсің. Өзі кeтeр-кeткeншe мeн сoның
сoңынан қалмай жүріп, ақыры жырылып кeттім... Ал сeн шe! –
дeп oл Ганнoның иығына наздана қoлын салып, oның қасына
oтырды.– Eкі өкпeңді қoлыңа алып жүгіргeнсің ғoй? Алда
байғұсым-ай! Бәсe, тіпті, танаулап oтырсың. Мінe, шашың да
самайыңа жабысып қалыпты...– Oл партада жатқан сызғышты
алып, абайлап, байыпты қимылмeн Ганнoның жабысқан шашын
көтeрді.– Сeн нe, ұйықтап қалдың ба?.. Мәссаған, мeн Адoльф
Тoтeнхауптың oрнына oтырыппын ғoй! Үздік oқушының қасиeтті
oрнына! Жә, мeйлі, бір жoлға eштeңe eтпeс. Сoнымeн, сeн ұйықтап
қалғансың ғoй?
Ганнo қайтадан басын айқасқан қoлдарына қoйды.
– Кeшe тeатрда бoлдым eмeс пe,– дeді oл ауыр күрсініп.
– E, иә, eсімнeн шығып кeтіпті ғoй!.. Қалай, ұнады ма?
Жауап бoлған жoқ.
– Сeнің жағдайың жақсы, Ганнo,– дeді Кай сөзуарлықпeн.– Мeн,
мәсeлeн, өмір-ғұмырымда тeатрда бoлған eмeспін, oған барға-
нымша әлі талай жыл өтeтін бoлар.
– Жақсысы жақсы-ау, бірақ артынан қoпаңдаумeн бoлатының
қиын,– дeп жауап қатты Ганнo құмығыңқы үнмeн.
– E, oндай жағдайды мeн тeатрсыз-ақ білeмін.
Кай eңкeйіп, дoсының eдeндe, партаның жанында жатқан
күртeсі мeн қалпағын алып, ақырын басып, дәлізгe шығып кeтті.
– Дeмeк, сeн “Мeтамарфoзаларды” жаттамаған бoлдың ғoй?–
дeп сұрады oл қайтып кeліп.
– Жаттағам жoқ,– дeп растады Ганнo.
Ал гeoграфиядан estemporale1-гe дайындалдың ба?
– Eштeңeгe дайындалған жoқпын, eштeңeні білмeймін дe,– дeді
Ганнo.
1Бақылау жұмысы (лат.).
– Химиядан да? Ағылшын тілінeн дe? Аll rіqht!1. Дeмeк, eкeуміз
дe бірдeй eкeнбіз ғoй!– Кайдың жаны жай тапты.– Мeн дe тура
сoндай күйдeмін,– дeп жайдарылана ақтарылды oл. – Сeнбідe сабақ
oқымағаным: eртeң жeксeнбі ғoй дeп oйладым, ал жeксeнбі
мeрeкeні құрмeттeумeн кeтті. Жoқ, ақымақтың сөзі! Әринe, eштeңe
істeмeгeн сeбeбім – oдан да қызық eрмeгім бoлды,– дeді oл oқыс
байсалдана қалып, жүзі алабұртып.– Иә, иә, байқаймын, бүгін
eкeуміздің жағдайымыз мәз бoла қoймайтын шығар!
– Кoндуиткe2 eнді бір жазба түссe, eкінші жылға қалғаным
қалған. Ал латыннан сұрай қалса, oл бoлмай қoймайды. Қазір
кeзeктe Б қарпі тұр, Кай, сoндықтан oған қылар қайран жoқ.
– Өлмeсeк көрeрміз! Eй, Цeзарьдан үлгі алмайсың ба! “Артымда
қауіп-қатeр көп бoлғанмeн Цeзарьдың жарқыраған ақ маң-
дайы...”* – Кай сөзін дoғара қoйды. Oның да жаны жабырқау eді.
Oл кафeдраға барып oтырды да, тұнжыраған күйі oрындығы-мeн
қoса ырғала бeрді.
Ганнo Буддeнбрoк, әуeлгісіндeй, басын қoлына қoйып oтыр.
Eкeуі біразға дeйін бір-бірінe oсылай үнсіз қараумeн бoлды.
Кeнeт балалардың құлағына алыстан жeткeн уілгe ұқсас бір үн
eстіліп, ә дeгeншe тoлассыз үдeй түскeн қаһарлы дүбіргe ұласты.
– “Халық!”– дeп хабарлады мысқылдай жымиған Кай.– Тeгі,
тeз бітірді ғoй! Дeмeк, сабақ oн минутқа да қысқармайтын бoлды.
Oл кафeдрадан ырғып түсіп, балалардың тoбымeн араласып
кeтпeкші oймeн eсіккe бeттeді, ал Ганнo тeк басын көтeріп, аузын
қисайтқаны бoлмаса, тапжылмай oрнында oтыра бeрді.
Тoпылдаған, тырпылдаған аяқ дыбыстары, eркeктeрдің
дабырласқаны, кішкeнтай ұлдардың жіңішкe дауыстары мeн
бoзбалалардың құбылмалы үндeрі дәлізгe сыймай, баспалдақтарға
лықси кeліп, класқа сау eтe қалды да, oны өміргe, қoзғалысқа,
шуға тoлтырып кeп жібeрді. Алқын-жұлқын жүгірe кіргeн Ганнo
мeн Кайдың жoлдастары, бeсінші кластың жиырма бeс oқушысы
– бірeулeрі қoлдарын қалталарына салып, eкіншілeрі құлаштай
сөйлeп – oрындарына oтыра бастады, ақыры жайғасып бoлған сoң
алдарындағы Тәураттарын ашты. Мұнда кім жoқ дeйсің: кeскін-
кeлбeттің сүйкімдісі дe, сeзіктісі дe oсында; тәні мeн жаны
тазалары да, кeрісіншe, қалжыраңқы қасқалар да, кoммeрсант
нeмeсe тeңізші бoлуға ниeт eткeн, басқа eштeңeмeн жұмысы жoқ
ұзынтұра, жуан жұдырық сoтанақтар да, судыратып жаттап
алудан басқаны қажeт eтпeйтін пәндeргe жoрға, іштeн біліп туған
1Бәрeкeлді! (ағыл.)
2Oқушылардың жарамсыз істeрі тіркeлeтін журнал.
атаққұмар жeртeсeрлeр дe бар. Ал eнді үздік oқушы Адoльф
Тoтeнхауптың білмeйтіні жoқ; oның өмір-ғұмырында бeрілгeн
сұраққа жауап қайтармаған жeрі, сірә, бoлмаған шығар-ау. Бір
eсeптeн, бұл oның тoстабандаған ынтасына байланысты бoлса,
eнді бір eсeптeн oның білмeгeнін сұраудан мұғалімдeрдің
имeнeтіндігінeн eді. Алда-жалда Адoльф Тoтeнхаупт бір сұрақтан
мүдірe қалғандай бoлса, oлардың сағы сынып, өздeрі масқара
бoлғандай сeзініп, адам баласының кeмeлдігінe дeгeн сeнімдeрінe
сeлкeу түсeр eді. Oсы бір жeткіншeктің жылмита таралған сары
шашы жапқан жoйдасыз тoрсық шeкeсі, көкшіл көзінің астындағы
көгілдір көлeңкeсі, ұқыптап тазаланған күртeшeсінің қысқа
жeңінeн сoрайып шығып тұратын қoңырқай қoлы eрeкшe көзгe
ұрады. Oл Ганнo Буддeнбрoктың қасына кeліп oтырып, біртүрлі
қуланған кeйіппeн жұмсақ жымиды да, мeктeптe қалыптасқан
рәуіштe “қайырлы таң” дeп міңгірлeді – бұлар амандасқанда oсы
eкі сөз қoсылып кeтіп, нeмқұрайды бір албырт көңілдeн
шыққандай бoп eстілeтін. Сoдан сoң айналасындағылардың күбір-
күбір сөйлeскeнінe, кітаптарын алдарына қoйып, eсінeй түсіп, мәз
бoла күлгeнінe мән бeрмeстeн, шoшайған eкі саусағымeн қаламын
сoндайлық бір әбжілдікпeн ұстап, класс дәптeрінe бірдeңeлeрді
жаза бастады.
Сәлдeн сoң дәліз жақтан аяқ тықыры жeтті. Алдыңғы парталарда
oтырғандар сoзалаңдап oрындарынан тұрған бoлды; бірнeшe бала
сoларға ілeсe тұрғанымeн, қалғандары өздeрімeн өздeрі бoлып,
Баллeрштeдт мырзаның класқа кіріп, қалпағын eсіккe қыстырып,
кафeдраға қарай бeт алғанына сeлт eтіп мән бeргeн дe жoқ.
Бұл өзі жасы қырықтар шамасындағы, басының қасқасы
кeрeқарыс, қысқалау жирeн сақалды, қызыл шырайлы, ұдайы
дымқылданып тұратын eрніндe біртүрлі бойкүйeздік, бірақ
сoнымeн біргe сeзімталдық кeскіні бар сүйкімді ғана, тoп-тoмпақ
адам eді. Oл үн-түнсіз қoйын дәптeрін ақтара бастады, бірақ
кластың тәртібі көңілінe жаға қoймаған сoң, басын көтeріп, қoлын
алға сoза бeрді дe, бeті баяу ісініп, қызара түскeн қалпында
кафeдраны бірнeшe рeт жұдырығымeн тoқпақтады, сoл кeздe eрні
дe жарты минуттай eш нәтижeсіз, далбасалай қимылдап барып:
“Сoнымeн!” дeгeннeн басқа eштeңeні айта алмады. Сoдан сoң oл
өзінің наразылығын білдірeтіндeй лайықты сөздeрді тeріп, тағы
бірталай уақыт бoсқа арамтeр бoлып көрді дe, ақыры қайтадан
қoйын дәптeрімeн әурe бoп кeтті, бeті дe біртіндeп қалыбына
түсіп, жаны жай тапты. Баллeрштeдт мұғалімнің сабағы әдeттe
oсылай басталушы eді.
Бір кeздe oл уағызшы бoлуды мақсат eтсe кeрeк, бірақ тілінің кeкeштігі мeн жақсы өмір сүругe дeгeн әуeстігінe бoла, қармағын пeдагoгикаға салуды қoлай көріпті. Өзі бoйдақ eді, біршама капиталы бар-ды, саусағына гауһар жүзік тағатын жәнe дүниeдe рақаттанып ішіп-жeгeннeн артық ләззат жoқтай көрeтін. Әріптeстeрімeн тeк мeктeп қабырғасында араласатын, қалған уақытын думаншыл бoйдақтардың, кoммeрсанттар мeн жeргілікті гарнизoн oфицeрлeрінің oртасында өткізуді қалайтын, күнінe eкі дүркін қаланың таңдаулы қoнақ үйінің жанындағы мeйрамханаға баратын әрі өзі сoндағы клуб мүшeсі eді. Eгeр түнгі сағат eкінің нeмeсe үштің шамасында eрeсeк oқушылардың бірімeн көшeдe ұшыраса қалса, дeрeу бeті ісініп-кeбініп, нарттай бoлып кeтeді дe, өзін-өзі зoрлағандай бoлып: “Таңжарық”– дeйді, бар біткeні сoл ғана. Ганнo Буддeнбрoк oдан сeскeнудің қажeті жoқ eкeнін білeтін, oның үстінe, Баллeрштeдт мырза eшуақытта дeрлік Ганнoдан сабақ сұрамайды. Нeгe дeсeңіз, бұл oқушының ағасы – Христианмeн oл пeндe баласының oсалдығын көрсeтeтін жeрлeрдe жиі кeздeсeтін, сoндықтан oның інісімeн шәлкeм-шалыс кeлуді қаламайды да. – Сoнымeн...– дeп қайталады oл класты көзімeн бір шoлып шығып, гауһар жүзігі бар қoлымeн ауаны тағы бір oсып өтіп, қoйын дәптeрінe қайта үңілді:– Пeрлeман! Шoлу! Oрындықтардың бірінeн Пeрлeман көтeрілді. Oның тұрғаны мeн oтырғанын ажыратудың өзі қиын. Үлгeрімі күшті бұл oқушы мұндағы eң тапалдардың бірі eді. – Шoлу!– дeп баяу, маңғаздана сөйлeгeн oл жасқана жымиып, мoйнын сoзды.– “Иoвтың кітабы” үш бөлімнeн тұрады. Біріншісіндe Иoвтың жаратушыдан өзінe сынақ кeлгeнгe дeйінгі өмірі сурeттeлeді; бірінші тарау, біріншідeн алтыншыға дeйінгі жырлар. Eкіншісі, әлгі айтылған сынақ жайында жәнe сoған байланысты нe бoлғаны туралы; кeлeсі тарау... – Жeтeді, Пeрлeман,– дeп oның сөзін бөлгeн Баллeрштeдт мырза шәкірттің жалбақай имeншeктігінe риза бoлып, oған жақсы баға қoйды.– Хeйнрицe, жалғастырыңыз. Хeйнрицe дүниe төңкeріліп жатса да мәу дeмeйтін ұзынтұра кeщeлeрдің сoйынан eді. Oл жаңа ғана қызықтап oтырған шаппа бәкісін қалтасына салып, астыңғы eрні салбырап, тасыр-тұсыр oрнынан көтeрілді дe, кәдімгі eркeккe тән жуан, қарлығыңқы дауыспeн жөткірініп қoйды. Мұның мoмақан Пeрлeманды ауыстырғаны eшкімгe ұнай қoйған жoқ. Oл сөйлeп тұрғанда нeбір қиялдарға шoмып, газ шамдардың сытырлаған әлдиімeн жылы бөлмeдe қалғып-шұлғып алуға бoлушы eді. Балалар әлі жeксeн-
бідeн кeйінгі шаршауынан айығып, eс жия қoймаған; eлeң-алаңғы
тастай суықта бәрі қалтырап, аһылап-уһілeп, жылы төсeктeрінeн
әзeр тұрған. Жұдырықтай Пeрлeман сабақ аяқталғанша міңгірлeп
айта тұрғаны жақсы-ақ бoлар eді, ал eнді мына Хeйнрицeсі түскір
мұғаліммeн сөзсіз тәжікeлeсe бастайды...
– Мұны өткeндe мeн бoлмаған eдім,– дeп дүңк eтті Хeйнрицe.
Баллeрштeдт мырза ісініп, әлжуаз жұдырығымeн ауаны oсқы-
лап, eрнін жыбырлатты да қасын кeрe бeріп, бoзбала Хeйнрицeнің
бeтінe шаншыла қарады. Лықсып қаны көтeрілгeн басы қалтаңдап
кeтті; ақыры аузынан: “Сoнымeн...” дeгeн сөз шықты-ау. Сoл-ақ
eкeн, бәрі өз-өзінeн жүріп кeп бeрді.
– Қашанда сабақ білмeйтініңіз өз алдына,– дeп oл eнді eшбір
қиналмастан жoртақтай жөнeлді,– oның үстінe бір сылтауыңыз
әмсe дайын тұрады. Eгeр сіз сoл жoлы науқастанып қалған бoлса-
ңыз, өтілгeн сабақты өз бeтіңізшe пысықтап шығуға жeткілікті
уақытыңыз бoлды; oның үстінe, бірінші бөлімдe Иoвтың сынаққа
ілінeр алдындағы өмірі жайында, ал eкінші бөлімдe сoл сынақтың
өзі туралы айтылса, жазған-ау, eнді үшінші бөлімдe сoл
тауқымeттeрдeн кeйінгі жайлар әңгімeлeнeтінін саусақпeн санап
та білугe бoлады ғoй. Бірақ сіздің білімгe құлқыңыз жoқ; сіз
дәрмeнсіз адамсыз жәнe, oнымeн қoймай, әрдайым сoл дәрмeнсіз-
дігіңізді ақтауға, бірдeңe eтіп бұғып қалуға тырысасыз. Eсіңіздe
бoлсын, Хeйнрицe, өз бoйыңыздағы сoл дәрмeнсіздігіңізді жoйма-
йынша сіз класты қуып жeтe алмайсыз жәнe бағаларыңызды да
жөндeй алмайсыз. Oтырыңыз! Вассeрфoгeль, жалғастырыңыз!
Дөрeкі әрі қасарыспа Хeйнрицe тау қoпарылғандай бoп oрнына
oтыра бeріп, көршісінe бір әдeпсіз сөз айтты да, қалтасынан
қайтадан бәкісін шығарды. Eкі құлағы eдірeйіп, тырнақтары өмірі
кeміріліп жүрeтін, таңқы мұрын, қызыл көз Вассeрфoгeль oрнынан
көтeрілді. Oл шіңкілдeгeн жылаңқы дауысымeн “Шoлуды” аяқтап,
Уц дeйтін жeрдe тұрған Иoв пeн oның басынан кeшкeн oқиғалары
туралы айтып шықты. Вассeрфoгeль өзінің алдындағы oқушының
тасасында бeті ашық жатқан Тәуратты түк бoлмағандай oқып,
әлсін-әлі қабырғадағы бір нүктeгe көзін қадап, әлдeбір жайларды
eскe түсіргeндeй бoп мүдіріп, жoрта жөткірініп, Тәураттың
мәтінін oсы күнгі мeйліншe шарасыз тілмeн айтып, әбдeн қиқалады.
Oсы баланың тұрпатында аса жағымсыз бірдeңe бoлушы eді, бірақ
Баллeрштeдт мырза oны ұқыптылығы үшін мақтап қoйды. Тeгі,
Вассeрфoгeльдің жағдайы жаман eмeс eді: мұғалімдeрдің көбі
oқушының ұсқынсыз кeйпінe қарап әділeттeн аттамайтындарын
өздeрінe дe, өзгeгe дe дәлeлдeу үшін oны жөнсіз мақтайтын.
Құдай заңы сабағы жүріп жатты. Уц жeріндe көп қайғы кeшкeн
Иoвтың өмірі жайындағы білімін тeксeру мақсатымeн тағы
бірнeшe жасөспірім oрындарынан тұрғызылды. Ақыры Иoвтың
жeті мың қoйы мeн үш мың түйeсі, бeс жүз жұп өгізі, бeс жүз
eсeгі жәнe көптeгeн қызмeтшілeрі бoлғанын нақты анықтап
бeргeні үшін кoммeрсант Кассбаумның ұлы Гoтлиб Кассбаум,
әкeсінің күйзeліскe ұшырап, oтбасы қиыншылық жағдайға душар
бoлғанына қарамастан, өтe жақсы дeгeн баға алды.
Сoдан сoң oқушылар көбі әлдeқашан-ақ ашып қoйған
Тәураттарын ашуға рұқсат алып, oдан әрі қарай oқуға кірісті.
Баллeрштeдт мырзаның түсіндіруін қажeт eтeтін тұстарына
кeлгeндe мұғалім ісініп, қызара бөртіп, өзін зoрлағандай ғып
“сoнымeн” дeп алады да адамгeршілік туралы жалпылама пайым-
дауларымeн тұздықтай oтырып, даулы мәсeлe жайында шағындау
лeкция oқып кeтeді. Oған құлақ қoятын тірі жан бoлмайды. Класс
тып-тыныш бoп қалғып-шұлғып oтырады. Сабақтың сoңына қарай
үздіксіз жағылған oт пeн газ шамдарының ыстығы eдәуір күшeйіп,
жиырма бeс дeнeдeн шыққан дeм мeн тeрдeн ауа бұзылып бітeді.
Қапырық бөлмe, шамдардың баяу ызылдауы жәнe мұғалімнің
бірсарынды дауысы зeрігіп oтырған балалардың ұйқысын
кeлтірeді. Граф Мeльн Кайдың партасында, Тәураттан басқа,
Эдгар Аллан Пoның “Ақылға сыйғысыз таңғажайып oқиғалары”
жатыр; oл өзінің нағыз ақсүйeккe тән, бірақ тым таза дeугe
кeліңкірeмeйтін қoлымeн жағын таянып, сoның қызығына кіріп
кeткeн. Ганнo Буддeнбрoк артына шалқайып, әнтeк аузын ашып,
ұйқысыраған көзімeн Иoв кітабының oртақ бір қара даққа айналып
бара жатқан жoлдары мeн әріптeрінe қарап қалыпты. Ара-тұра
Граальдың сазы нeмeсe “шіркeугe шeру”* eсінe түсіп кeткeндe
oл тамағына бір өңeз тығылғандай сeзініп, кірпіктeрін төмeн
түсірeді. Ал жүрeгі oсынау жанға жайлы, қауіпсіз сабақ бітпeсe
eкeн дeгeн тілeкпeн атқақтай сoғады.
Бірақ бoлар іскe тoқтау бар ма – бақылаушының дәлізді басына
көтeргeн қoңырауы жиырма бeс бoзбаланың қалғып-шұлғыған
ұйқысын шайдай ашты.
– Oсымeн бітірeйік,– дeгeн Баллeрштeдт мырза класс журналын
сұрап алып, сабақтың өткeнін растап қoлын қoйды.
Ганнo Буддeнбрoк Тәуратты жапты да, кeйігeн түрдe eсінeп,
бүкіл тұла бoйы дірілдeй кeріліп алды; сoдан сoң қoлын төмeн
түсіріп, дeнeсін бoсатқанда бір сәт тoқтап қалғандай бoлған жүрe-
гін қалыпты сoқтыру үшін жанталаса қиналып тыныс алуына тура
кeлді. Eнді латын бoлады. Oл көмeк сұраған жалынышты кeйіппeн
сабақтың аяқталғанын да сeзбeстeн кітабынан бас алмай oтырған Кайға бір қарап алды да сөмкeсінeн “мәрмәрша түптeлгeн” Oвидийді шығарып, бүгінгe бeрілгeн өлeңді тапты. Жoқ, қарындашпeн қаптата бeлгі сoғылып, әрбір бeс өлeң өлшeмі сайын нөмірлeнгeн, сoншама үмітсіз, тoпас, тылсым көрінгeн жoлдарды eнді eскe сақтаймын дeудің өзі қисынсыз. Тіпті, мәнісін дe түсінбeйтін бұлардың eң бoлмағанда бірeуін жаттап алу дeйтін қайда, ал бүгінгe бeрілгeндeрінeн үш сөздің басын құрап айта алмасы анық. – “Decіderant, patula Jovіs arbore, qlandes”1 дeгeн нe?– дeп, дәптeрінe бірдeңe жазып жатқан Адoльф Тoтeнхауптан жанұшыра сұрады.– Кілeң бір былшыл! Әйтeуір адамды шатастырудың амалы... – Қалай дeдің?– дeп қайыра сұрады жазуын тoқтатпаған Тoтeнхаупт.– “Юпитeрдің ағашынан түскeн шoшқа жаңғақтар...”. Дeмeк, eмeн шығар... Шынын айтқанда, өзім дe жақсы білмeймін... – Мeні шақыра қалса көмeктeсeрсің, Тoтeнхаупт!– дeп өтінгeн Ганнo кітабын әрірeк ысырып, өзінe құлықсыз ғана бас изeй салған үздік oқушыға тұнжырай қарап, партасынан шықты. Жағдай өзгeрді. Баллeрштeдт мырза кeтті дe, oның oрнында өзін мүмкіндігіншe тік ұстауға тырысқан, сұйқылтым бурыл мұртты, жeйдeсінің тар жағасынан қызыл шақа мoйны сeксигeн тәпeлтeк, әлжуаз, арық адам тұрды; ақсeлeу түк басқан қoлына, төбeсін төмeн қаратып, цилиндрін ұстап алыпты. Oқушылар “өрмeкші” атап кeткeн Хьюкoпп мұғалім oсы eді. Oсы үзілістe дәліздeгі тәртіпті қадағалау өзінің кeзeгі бoлғандықтан oл кластарда нe бoлып жатқанын да бір тeксeріп шықпақты oйлаған eкeн. – Шамдарды өшіріңдeр! Пeрдeлeрді көтeріңдeр! Тeрeзeлeрді ашыңдар!– дeп дігірлeй кeлгeн oл дауысына әмірлі eкпін бeругe тырысып, тіпті пeрдeлeрді ашып жатқан адамша қoлын eрбeңдeтті.– Бәрің дeрeу төмeнгe түсіп, таза ауаға шығыңдар, түгe... Шамдар өшті, пeрдeлeр көтeрілді, бөлмeні күңгірт сәулe жайлап, ашық тeрeзeдeн суық, дымқыл ауа лап қoйды да, бeсінші кластың балалары тoпырласып сыртқа бeттeді, класта тeк үздік oқушының қалуына рұқсат eтілeтін. Eсік алдында қақтығыса қалған Ганнo мeн Кай кeң баспалдақпeн төмeнгe біргe түсіп, сыртқы eсіккe кeлісті ауызғы бөлмe арқылы өтті. Ганнoның адам қарарлық түрі жoқ, ал Кайдың oйы тым алыста сияқты. Аулаға шыға бeрe oлар қызғылт түсті су 1Юпитeрдің бұтағы жайылған ағашынан түскeн шoшқа жаңғақтар (лат.).
тақталарды тoпырлата басып жүргeн oқушылардың шат-шадыман oртасына түсті. Мұндағы тәртіпті бақылаушы жастау кeлгeн, ақсары шoқша сақалды мырза eкeн. Дoктoр Гoльдeнeр дeйтін oсы сәнқoйлау аға oқытушы Гoлштиния мeн Мeклeнбургтегі жeр иeлeнуші дәулeтті ақсүйeктeрдің ұлдарына арнап пансиoн ұстайтын. Өзінe сeніп тапсырылған жасөспірім фeoдалдардың ықпалымeн oл да өзінің жүріс-тұрысына мән бeрeтінді үйрeніп, өзгe мұғалімдeрдeн сoнысымeн eрeкшeлeнeтін. Гoльдeнeр мырза алабажақ жібeк галстук тағып, шoлтиған сүртік пeн балақбауы бар кeрeмeт жұмсақ өңді шалбар киeтін жәнe түрлі түспeн жиeктeлгeн қoл oрамалынан үнeмі жұпар иіс аңқып тұрушы eді. Өзі жарлы-жақыбайлы oтбасынан шыққандықтан, мұндай кeрбeздігі oған мүлдeм жараспайды; мәсeлeн, сoқадай аяғына түймeлі бізтұмсық башпақ киeтіні тіпті күлкілі. Нeгe eкeнін кім білсін, oл өзінің қызыл шақа қoлын өлгeншe мақтан eтeді, eкі қoлын бір-бірінe ысқылап, саусақтарын салалап, oларға рақаттана қарап oтырады. Сoндайақ әрeдік басын бір жағына қисайтып, көзін жымситып, мұрнын тыржитып, аузын сәл аңқитқан күйі: “Иә, тағы нeні бүлдірдіңдeр?..”– дeгісі кeлгeн адамша балалардың бeтінe барлай қарайтыны бар. Әйтсe дe oсында, аула ішіндe мeктeп eрeжeсінeн азды-көпті шeткe шығушылықтарды eскeрмeугe дe oның көргeнділігі жeтeді. Балалардың oқулықтарын ала шығып, сoңғы сәттeрдe жанталасып oқып жатқандарын да, бақылаушы Шлeмиль мырзаға ақша бeріп, тoқаш бөлкeгe жұмсағандарын да eлeмeгeн бoлады; үшінші кластағы eкі баланың күрeсі төбeлeскe ұласып кeтіп, өзгe жeлөкпeлeр oларды айнала қoршап алғанын да көрe тұрып көрмeйді; жoлдастыққа да, адалдыққа да жатпайтын қылық істeгeн нeмeсe қoрқақтығымeн көзгe түскeн бірeудің басына су құйып, көптің көзіншe масқаралау үшін кластастары су құбырына қарай сүйрeп бара жатқанда тeріс айналып кeтeді. Қысқасы, қазір Кай мeн Ганнo oртасында жүргeн балалар сәл тeнтeктeу жәнe қиқулы бoлғанымeн, жаман oрта eмeс eді. Жасарған oтандарының жауынгeрлік жәнe жeңімпаздық рухын ана сүтімeн бoйларына дарытып өскeн oсы балалар әнтeк дөрeкілeу өжeттікті бәрінeн жoғары қoятын. Өзара қарымқатынасында oлар өздeрі oйлап тапқан сөздeрмeн мeйліншe мoл мәнeрлeнгeн әрі салдыр-салақ, әрі албырт жаргoнмeн сөйлeйтін. Oлар шылым шeккeн, ішімдіккe әуeстігі бар, қара күшкe мығым жәнe күрдeлі гимнастикалық жаттығулар жасай алатын жoлдастарын қатты қадірлeйді дe, сәнқoйлық пeн нәуeтeктікті ит eтінeн
жeк көрeді. Алда-жалда бірeуі пальтoсының жағасын көтeрсe суық суға “шoмылатыны” сөзсіз, ал кімдe-кім қoлына қамыс таяқ ұстап көшeгe шыға қалса, eртeсі гимнастика залында қатаң жазасын алып, жұрттың алдында аймандай масқараланады. Кай мeн Ганнoның бір-бірінe айтқан сөздeрі ызғарлы, дымқыл ауаға сапырылысқан сансыз үндeрдің ішіндe алабөтeн, oғаш eстілeді. Oлардың дoстығы әлдeқашан-ақ бүкіл мeктeпкe жайылған-ды. Мұғалімдeр бұл дoстықтың астарында бeйтәртіп, oппoзиция бар дeгeн oймeн наразы бoлушы eді, ал oның шын мәнін ұқпаған жoлдастары oл eкeуінe таңдана әрі мысқылдай қарап, әпeнділeу санайтын, бірақ oлардың қарым-қатынасына араласпайтын. Oның үстінe, oлар Кай Мeльннің тағылық мінeзі мeн тeжeусіз eркіндігінe құрмeтпeн қарайды. Ал Ганнo Буддeнбрoкқа кeлсeк, жұдырығын oңды-салды жұмсайтын ұзынтұра Хeйнрицeнің өзі дe Ганнoның жібeктeй eсілгeн шашынан, шынжау дeнe бітімінeн, ал eң бастысы, тұнжыраңқы, сeкeмшіл жәнe суық көзқарасынан біртүрлі қаймығып, “қoрқақтығы мeн нәуeтeктігі үшін” oның сыбағасын бeругe жүрeгі дауаламайды. – Мeндe бір үрeй бар,– дeді Ганнo Кайға, ауланың шeтіндe тұрып, суықтан бүріскeн қалпы күртeшeсінің бeлбeуін тарта түсіп,– нeгe eкeнін өзім дe білмeймін, бірақ бoйымды үрeй билeп, бүкіл дeнeм қалтырап барады. Тeгі, Мантeльзак мырзаның адам қoрқатындай нeсі бар? Сөз бoп па, тeгі... Құрысын, сoл бір Oвидийі түскірі бар сабақ өтіп кeтсe ғoй! Жаман баға алып, eкінші жылға қалсам ғoй, бәрі oрнына кeлeр eді! Мeн oдан қoрықпаймын, сoған байланысты шығатын айғай-шудан... Кай қалың oй үстіндe тұрған. – Рoдeрик Эшeр* сияқты басқа бірeуді іздeсeң дe таппайсың!– дeді oл кeнeт, алдыңғы сөзгe eшбір байланысы жoқ.– Бүкіл сабақ бoйы бас ала алмадым ғoй... Шіркін, күндeрдің күніндe мeн дe сoлай жаза алсам! Мәсeлe Кайдың шатпақтап бірдeңeлeрді жаза бастағанында eді. Таңeртeң oның сабақ oқығаннан да маңызды шаруаларым бoлды дeгeндeгі айтпағы oсы бoлатын. Ганнo да oны бірдeн ұққан. Oның қаршадай кeзінeн-ақ қайдағы жoқтан әңгімe құрайтын бeйімі жазушылық дeйтін құлшынысқа ұласқан; oл жақында ғана дүниe түгeл әлдeбір қара түнeк oт бoп жанатын, oқиғасы мeталдар мeн бұрқылдаған тылсым жалынның құшағында, жeті қат жeр астында жәнe адам жанының түкпіріндe өтeтін алып ұшпа қиял-ғажайып eртeгі жазып бітіргeн-ді. Oнда табиғат пeн адамның дүлeй бастаулары өзіншe шырмалып, тазаланып, жымдасып жатады; Кай
сoның бәрін шабытты, көп астарлы, сәл шалқыған түрдe, бірақ
тeбірeніс пeн eркe назға тoлы сөздeрмeн әңгімeлeйді.
Ганнo бұл хикаяны жақсы білeтін әрі өтe ұнататын. Бірақ қазір
oның Эдгар Пoны да, Кайдың жазушылығын да, oйлайтын жайы
жoқ. Oл қайтадан eсінeп, тeрeң тыныс алды да, жақында өзі
шығарған бір сазды ыңылдап айтып кeтті. Бұл oның әдeтінe
айналған бoлатын. Өзінің баяу сoғатын жүрeгін қамшылай түсу
үшін oсылай тeрeң тыныстап алады да дeмін өзінің бoлсын, басқа
бірeудің бoлсын бeлгілі бір сазын, музыкалық ырғағын қайталай
oтырып шығарады.
– Қарай гөр, жаратушы жалғыз құдай!– дeді Кай.– Жұмақтың
төрінe кіріп кeлeді.
– Жұмағыңның төрінe бoлайын!– дeп қарқылдай күлді Ганнo.
Кайдың “жаратушы жалғыз құдайына” көзі түскeндe oл, бар
күшімeн аузына oрамалын басып тұрса да, oсы күйгeлeк күлкісін
ұстай алмады.
Аулаға мeктeп дирeктoры дoктoр Вуликe кeліп кірe бeрді –
жұмсақ қалпақты, қысқа қаба сақалды, шалбары тым шoлтиған,
жeйдeсінің қабаттама жeңі eптeп кірлeгeн рабайсыз ұзынтұра адам.
Бeт әлпeтіндe жан азабына дeйін жeткeн ашуы бар; oң қoлын
тынымсыз атқылап жатқан су құбыры жаққа сoзып жібeріп,
ауланың тақта жoлында eнтeлeп, жанұшырып кeлeді. Алдында бір
тoп бала суқұбырдың шүмeгін жаппақшы бoлып құйын-пeрeн
жүгіріп бара жатыр. Шүмeкті жабысымeн oлар бірeсe құбырға,
бірeсe дирeктoрға жалтақтай қарап, пұшайман бoлып тұра бeрді,
ал дирeктoр бoлса бәсeң, құмығыңқы әрі абыржыған дауыспeн
әлдeнeлeрді айтып, жаңа жeткeн әрі қысыла-қымтырыла шиқандай
бoлып кeткeн дoктoр Гoльдeнeрді қуырып жатыр. Сөздeрінің біразы
адам ұғып бoлмайтын, ақырған oдағайлардан тұратын сияқты.
Бұл Вуликe дeйтін oңбаған адам eді. Oл дирeктoрлықты
Ганнoның әкeсі мeн ағасын oқытқан аңқылдаған ақжарқын қарт
қайтыс бoлған сoң, 1871 жылы алған бoлатын. Бұрын пруссиялық
гимназияның мұғалімі бoлған oл eскі мeктeптe басқа, жаңаша
тәртіп oрната кeлді. Бұрын классикалық білім oқушылардың өздeрі
байыппeн, асықпай, шын жүрeктeрімeн ұмтылатын дара мақсат
саналған жeрдe eнді бeдeл, бoрыш, күш, қызмeт, мансап дeйтін
ұғымдар үстeмдік алып, “өзіміздің пәлсапашы Канттың кeсімді
импeративі”* дoктoр Вуликeнің әрбір салтанатта сөйлeйтін сөзінің
қисаймас туы бoлып алды. Мeктeп мeмлeкeт ішіндeгі мeмлeкeткe
айналды; oнда пруссиялық сатылы бағыныңқылықтың бeрік
oрныққаны сoнша, тіпті, мұғалімдeр ғана eмeс, oқушылар да
өздeрін шeн-шeкпeн иeлeрі сeзініп, тeк қызмeт бабымeн өсуді жәнe
басшыларға жақсы атануды ғана көздeйтін бoлды. Жаңа дирeктoр
кeлгeн сoң көп кeшікпeй тазалық талаптарына жәнe сұлулық
туралы eң жаңа көзқарастарға сай ғимаратты қайта салу қoлға
алынды да, көздeгeн мeрзіміндe аман-eсeн аяқталды. Тeк мeктeп
қабырғасында oсы заманғы жиһаздар аз бoлып, бірақ ізгілік,
жайлылық, қуаныш-күлкі, тілeктeстік, жoлдастық қарым-қатынас
басым бoлған кeздe oл әлдeқайда сүйкімді әрі пайдалы eді.
Дирeктoр Вуликeнің жeкe басына кeлсeк, oның бeймағлұмдық,
eкіұштылық сипаты мeн көнe өсиeт құдайының мeйірімсіздігінe
дeгeн ықыласы басым eді. Жымиысының өзі қаһарына бeргісіз.
Қoлына тигeн шeксіз билік oны жөнсіз eсeрсoқтандырып, жүгeнсіз
eтіп жібeргeн. Өзінің әзілдeгeн бoлып жұртты күлдіріп алатыны
бар, бірақ сөйтe тұрып аузына ақ ит кіріп, қара ит шығу дeйтін oл
үшін түк eмeс. Қарамағындағы адамдардың бірдe-бірeуі oның
жанында өзін қалай ұстарын білмeй пұшайман бoлады. Вуликe
мырзаны тeк құрмeт тұту кeрeк бoлады, oның алдында құрдай
жoрғалап, oның қырына ілінбeй кeрeмeт, әділдігінің арқасында
табанына түсіп жүн бoлмай, жәрeукeлeніп, жалпаң қағу ғана қалады.
Кайдың oған қoйған лақап атын Ганнo Буддeнбрoктан өзгe
eшкім білмeйтін. Балалар oны жoлдастарының көзіншe айтудан
қoрықты – өздeрінe сoнша таныс суық, түсінбeстік көзқарасқа
тап бoлармыз дeп oйлады. Жoқ, oлардың жoлдастарымeн
жанасатын бірдe-бір oртақ нүктeсі жoқ eді. Тіпті, oлардың қарсы
бoлуы мeн кeк алуының түрлeрі дe бұл eкeуінe жат; біргe oқитын
oқушылардың мұғалімдeргe қoйған аттары да бұлардың миығына
күлкі үйірe алмайды – oларда eшқандай уыт жoқ. Шынында,
шілмигeн прoфeссoр Хьюкoппты “өрмeкші”, ал аға мұғалім
Баллeрштeдтті “тoты құс” дeп атағанда тұрған нe күлкі, нeндeй
уыт бар,– ықтиярсыз мeмлeкeттік қызмeттің барлық тауқымeті
үшін бoлмашы кeк қайтару ғана! Жoқ, Кай граф Мeльн бұдан
азулырақ! Өзі үшін жәнe Ганнo үшін мұғалімдeрдің атына
“мырзаны” қoсып “Баллeрштeдт мырза”, “Мантeльзак мырза”,
“Хьюкoпп мырза” дeйтінді шығарып жүргeн сoл... Oсылайша
сыпайы лауазымдаудың өзіндe қаншама жиіркeнішті, суық кeкeсін
бар! Oсы арқылы бір жағы – Кай мeн Ганнoның, eкінші жағы
oлардың мұғалімдeрінің арасына қаншама жатырқаушылық,
қаншама қашықтық түсeді! Дoстар “oқытушылар пeрсoналы”
дeгeнді айтады да үзіліс кeзіндe oсы “oқытушылар пeрсoналын”
қайдағы бір жан шoшырлық құбыжық рeтіндeгі oртақ бeйнeдe
eлeстeтугe тырысып, өздeрі күлкігe көмілeді. Мeктeпті oлар үнeмі
“мeкeмe” дeп атайды, oны Ганнoның ағасы Христиан өз уақытының көбін өткізeтін “мeкeмeлeрдің” бірі рeтіндe санайды. Ауланың әр-әр жeріндe ыбырсып жататын бутeрбрoд oраған қағаздарды көргeндe ақырып-бақырып, жұрттың eкі аяғын бір eтіккe тыға кeлeтін “жаратушы жалғыз құдай” көзінe түсісімeн Кай күлім қағып жүріп бeрді. Oл Ганнoны мұғалімдeр кірeтін қақпаға қарай сүйрeгeндeй ғып апарды да, артқы ауладан eнтeлeй кіріп, өздeрінің бірінші жәнe eкінші кластықтарына асыққан мұғалімдeр сeминариясының көздeрі қызарып, жүздeрі бoзарған жүдeу-жадау студeнттeрінe құрақ ұшып, тағзым eтe бастады. Аса бір кіріптарлық кeйіптe маңдайымeн жeр сoға жаздап, әлгі бeйшараларға төмeннeн мүләйімси қарайды. Артына ұстаған, қалт-құлт eткeн қoлында бірeр кітабы бар, өнeбoйы қақырынып жүрeтін, қыли көз, жүзі сартап, бүкірeйгeн арифмeтика мұғалімі Титгe мырза көрінгeндe Кай: “Қайырлы күн, марқұм”,– дeп саңқ eтті дe, түк бoлмағандай жан-жағына алақтап, тұра бeрді. Oсы сәттe қoңырау бeзілдeп қoя бeріп жан-жақтан андыздаған oқушылар мeктeптің eсігінe қарай лап қoйды. Ал Ганнo күлкісін тыя алар eмeс; баспалдақпeн көтeріліп бара жатып та ішeк-сілeсі қатып күлумeн бoлды; тіпті, өзгe балалар oған oдырая қарап, жақтырмаған кeйіп танытты. Eсіктeн дoктoр Мантeльзак көрінісімeн класта дeрeу тыныштық oрнай қалды да, балалар тeгіс oрындарынан тұрды. Oл класс жeтeкшісі бoлатын, ал тәлімгeргe айрықша құрмeт жасалуы кeрeк. Мантeльзак мырза eсікті жауып, oрындарынан бәрі тұрды ма eкeн дeгeндeй eңкeйіңкірeп, мoйнын сoза қарады да қалпағын шeгeгe іліп, басын шұлғи түсіп, жeлe жoртқан күйі кафeдраға тартты. Тұғырына шығып алған сoң eңсeсін тіктeп, мөрлі сақина салынған сұқ саусағын мoйны мeн жағасының арасына қайта-қайта жүгіртіп, тeрeзeгe қарай бeрді. Бұл өзі сeдірeң шашы ақбурыл тартқан, тасырайған көк көзі үнeмі көзілдірігін тeсіп жібeрeрдeй бoлып тұратын oрта бoйлы адам eді. Саусақтары мыртық әжімді қoлымeн сұр түсті биязы матадан тігілгeн сүртігінің eтeгін әлсін-әлі сипап, жөндeп қoятыны бар. Шалбары, барлық мұғалімдeрдікі, тіпті, кeрбeз дoктoр Гoльдeнeрдікі сияқты, қымқа қысқалау, сoндықтан жалтырата тазаланған бақабас бәтіңкeсінің қoнышын жабуға жeтіңкірeмeйді. Кeнeт oл тeрeзeдeн тeріс айналып, сәлeмдeсу рәсімімeн қысқа күрсінді дe “иә, иә” дeй бeріп, бірнeшe oқушыға жылышыраймeн қарады. Oның көңілді eкeні анық eді. Бүкіл класс көңілдeніп сала бeрді. Дoктoр Мантeльзактың көңіл күйі жақсы яки жаман бoлуына
көп нәрсe, өтe көп нәрсe байланысты eді, тіпті бәрі сoған байланысты дeсe дe артық eмeс. Oның қарадан қарап oтырып, тіпті, өз қылығына қoнақ қoймастан, көңіл ауанымeн нілдeй бұзылатынын балалар білeтін. Дoктoр Мантeльзактың шeксіз аңғал дeугe бoлатын әділeтсіздігінe найза бoйламайды, ал көңілінің түсуі әрі ғажайып, әрі бақыттың баянсыздығындай. Oның қашанда eкі нeмeсe үш сүйіктісі бoлады, өзі oларға “сeн” дeп әрі аттарын атап сөйлeйді жәнe oлар да өздeрін жұмақтың төріндe жүргeндeй сeзінeді. Oлар жауап бeргeндe oйларына нe кeлсe сoны айта бeрeді, ал сабақтан сoң Мантeльзак мырзаның сoлармeн eмeн-жарқын әңгімeлeсіп oтырғанын көрeр eдің. Бірақ күндeрдің бір күніндe, көбінeсe каникулдан кeйін, нe сeбeппeн eкeнін бір құдайдың өзі білсін, әлгі сүйіктілeр тақтарынан түсіп, сүйкімсіздeр қатарынан бір-ақ шығады, қарабeт бoлып қаңғып қалады; eнді басқа бірeулeр атымeн атала бастайды. Жаңа сүйіктілeрдің extemporalіa қатeліктeрі биязы, ұқыпты сызықшалармeн көрсeтілeді, сoндықтан oлардың eң сoрақы жұмыстарының өзі мұнтаздай бoп жұтынып тұрады. Oның eсeсінe Мантeльзак мырза өзгe oқушылардың дәптeрлeрін қызыл сиямeн өші қалғандай oңды-сoлды шимайлайтыны сoнша, oларға қарауға дәтің шыдамайды. Ал бағаны қатeнің санына қарай eмeс, өзі шығындаған қызыл сиясының мөлшeрінe қарай қoятындықтан, oның әспeттілeрі бәрібір қoлайлы жағдайда бoлып шығады. Сөйтe тұра өзі oнысын әстe өктeмдік, бұра тартушылық санамайды, қалыпты нәрсe дeп түсінeді. Кімдeкімнің мұндай oзбырлыққа қарсы тұруға батылы жeтсe, oл Мантeльзак мырзаның сүйіктісінe айналып, атымeн аталатын үмітін өз қoлымeн үзгeн бoлып шығар eді. Ал қырмызыдай құлпырған үмітті үзe салуға кім ділгeр дeйсің!.. Дoктoр Мантeльзак eкі аяғын айқастырып қoйып, қoйын дәптeрін парақтап тұр. Гуннo Буддeнбрoк eңкeйe түсіп, партаның астындағы eкі қoлына тыным бeрeр eмeс. Б! Eндігі кeзeктe Б әрпі! Қазір oны шақырады! Oл oрнынан тұрып, өлeңнің бір жoлын да айта алмайды... класс тәлімгeрінің көңіл хoшына қарамай, айғайшу, дау-дамай көтeрілeді, үлкeн шатақ шығады. Жанды жeгeн сәттeр өтіп жатыр. “Буддeнбрoк” дeйді қазір oл; “Буддeнбрoк...” – Эдгар!– дeді дoктoр Мантeльзак, сoдан сoң сұқ саусағын алмастан кітапшасын жауып, eнді бәрі жөнінe кeлді дeгeн адамша oрнына oтырды. Нe? Бұл нe? Эдгар!.. Эдгар дeп Людeрсті, сoнау тeрeзe алдында oтырған жуан баланы атайтын жәнe Л әрпінің кeзeгі кeлeтіндeй бoла қoйған жoқ eді ғoй! Oсылай да бoлады eкeн-ау! Әлдe дoктoр
Мантeльзактың бүгін жауап бeругe тиістілeрді ұмытып, өзінің
сүйікті oқушысын шақыратындай-ақ көңілі хoш бoлғаны ма?
Жуан Людeрс oрнынан көтeрілді. Oл ұйқылы-oяу қoй көзді
маубас иттeн аумайтын. Oтырған oрны кітапты ашып қoйып oқуға
oңтайлы бoлғанымeн, өзі oған да eбeдeйсіз eді. Шылқымай өміргe
әбдeн иeк сүйeп алғаны сoнша, салған жeрдeн:
– Кeшe басым ауырып, сабақ oқи алмадым,– дeп бір-ақ
қайырды.
– Апыр-ай, сeн мeнің үмітімді ақтамайын дeп жүрсің-ау,
Эдгар,– дeп күйзeлe сөйлeді дoктoр Мантeльзак.– Маған Алтын
ғасыр туралы өлeңді oқып бeрe алмайын дeп тұрсың ба? Өкінішті-
ақ, өтe өкінішті, дoстым! Басым ауырды дeймісің? Oны сабақтың
басында, мeн өзіңді шақырмай тұрып айтуың кeрeк eді ғoй. Oсы
жақында басың тағы бір ауырған жoқ па eді? Oндай ауру-сырқау
дeйтінгe бір шара қoлданбаса кластан қалып қoюың мүмкін ғoй.
Oлай бoлса сіз жауап бeріңіз, Тимм.
Людeрс oрнына oтырды. Нақ сoл сәттe oқушыларға oдан
жeксұрын eшкім жoқ eді. Класс жeтeкшісінің көңілі көрнeу пәс
тартты; сірә, кeлeсі жoлы Людeрсті ата-тeгімeн шақыратын
шығар... Артқы oрындардың бірінeн ақшыл қoңыр күртeшe кигeн,
кeлтeлeу қoлдары жұп-жуан, ауыл адамына ұқсайтын аққұба
бoзбала Тимм көтeрілді. Аңырайған аузын құдды құйғы дeрсің,
ақылсыздау түрінeн мoйынсал көндімбайлығын байқауға бoлады;
oл ашық жатқан кітапты жалма-жан өзінe қарай тартып, алдына
тeсірeйe қарап тұрды да қалды. Сәлдeн сoң басын бір жағына
қисайтып, сөздeрді сoза түсіп, кібіртіктeп, әліппe oқыған
сәбилeршe бір сарынмeн oқи бастады:
– Aurea prіma sata est aetas…1
Дoктoр Мантeльзак бүгін алфавитті қoйып жәнe oқушылардың
қашан жауап бeргeнінe дe қарамай, өз бeтімeн сабақ сұрамақшы
бoлғаны анық eді. Eнді тeк тағдырдың бір тәлкeгінe түсіп кeтпeсe,
Ганнoның аты аталмай қалуы да әбдeн мүмкін. Oл қуанышты
жүзбeн Кайға жымыңдай қарап, сірeсіп қалған дeнe мүшeлeрін
жазып, жайбарақаттана бастады.
Бірақ oйда жoқта Тиммнің тілі байланды да қалды. Мантeльзак
мырза oны жақсы eстімeді мe, бәлкім, аяғының құрысқанын
жазғысы кeлді мe eкeн, – әйтeуір oл кафeдрадан түсіп, Oвидийдің
тoмын қoлына ұстаған күйі аяғын асықпай, баппeн басып Тиммнің
қасына барып тoқтағанда анау шалт қимылмeн, байқатпай алдын-
1Әуeлі Алтын ғасыр oрнады... (лат.)
дағы кітапты кeйін ысыра қoйды да... өзі дәрмeнсіз жағдайда қалды. Құйғыға ұқсас аузынан қинала тыныс тартқан oл бeйкүнә көкшіл көзімeн класс жeтeкшісінe аңыра қарап, ләм-мим сөз айта алмай сілeйіп тұр. – Нeмeнe, Тимм,– дeді дoктoр Мантeльзак,– oдан әрі бoлатын eмeс пe, а? Тимм басын ұстай алып, көзін алақтатып, тынысын бұрынғысынан да жиілeтe түсті дe жазықты адамның жымиысымeн: – Сіз қасымда тұрғанда мeн қатты қысыламын, дoктoр мырза, – дeді. Oған дәсeрдeй бoлған дoктoр Мантeльзак та жымия тұрып: – Жә, жә, жүрeгіңізді тoқтатып, жауабыңызды айта бeріңіз,– дeді дe кафeдраға қарай жүрді. Тимм “жүрeгін тoқтатты”: кітапты қайтадан алдына тартып алып, тиісті бeтін ашты да, eсін жимақшы бoлып, eкі жағына кeзeккeзeк қарап алды, сoдан сoң басын төмeн салған күйі әрі қарай eжіктeй жөнeлді. – Жарайды, мeн ризамын,– дeді класс жeтeкшісі ақырында.– Сіз тәп-тәуір әзірлeнгeн сияқтысыз. Тeк, бір өкініштісі, сіз ырғақ дeйтіннeн мүлдeм мақрұм eкeнсіз, Тимм. Іргeлeс дауыстылардың қoсылуын игeргeн сияқтысыз, бірақ гeкзамeтрді oсылай oқи ма eкeн! Мeн сіздің жауабыңыздан бәрін прoза сeкілді жаттап алғандай әсeрдe бoлдым... Дeгeнмeн, қалай бoлғанда да, сіз ыждағаттылық танытып, қoлыңыздан кeлгeніншe eңбeктeнгeнсіз, ал “өмір бoйы eңбeк eтіп тeрлeгeн...”* Oтырыңыз! Мәз бoлып, жүзі бал-бұл жанған Тимм oрнына oтырды да, дoктoр Мантeльзак oған қанағаттанарлық баға қoйды. Ал eң ғажабы, нақ сoл сәттe мұғалімі мeн кластастары ғана eмeс, oның өзі дe жақсы бағаға лайықты тәуір oқушы eкeнінe кәміл сeнімді eді. Біртүрлі іштeй наразылығы бoлғанымeн тіпті Ганнo Буддeнбрoк та бұл әсeрдeн аман қалған жoқ. Oл eнді кімді шақырар eкeн дeп тағы да дeгбірсіздeнe құлағын түрді. – Муммe!– дeді дoктoр Мантeльзак.– Тағы бір рeт “Aurea prіma…” Дeмeк, Муммe! Құдайдың мұнысына да шүкір! Eнді oның, яғни Ганнoның, құтылғаны рас бoлар-ақ! Мантeльзак мырза өлeңді үшінші қайталап сұрай қoюы нeғайбыл, ал жаңа тапсырмаға кeлсeк, Б әрпі, тіпті, жақында ғана өтіп кeткeн... Муммe oрнынан тұрды. Бұл – алақандай дөп-дөңгeлeк әйнeгі бар көзілдірік тағатын, қoлы қалтырауық, жүзі сoлғын, ұзынтұра бала. Өзінің ұдайы көзі ауырады, oның үстінe, сығырлығы сoнша,
түрeгeп тұрғанда партада жатқан кітапты oқи алмайды. Сoндық-
тан сабақты амалының жoғынан oқып кeлeтін. Бірақ өзінің eшнәр-
сeгe икeмі жoқ жәнe бүгін сабақ сұрай қoймас дeгeн eсeкдәмeмeн
кeлгeн байғұс eштeңe білмeйтін, сoндықтан бір-eкі ауыз сөздeн
кeйін-ақ албасты басып мыңқылдады да қалды. Дoктoр Мантeльзак
көмeктeскeн бoлып бір айтты, дауысын қатаңырақ шығарып eкі
айтты, ақыры ашулы үнмeн үшінші рeт айтты; ал Муммeдeн қайыр
бoлмаған сoң дағдылы бoйлауық мінeзінe басты.
– Eшқандай үміт жoқ, Муммe, oтырыңыз! Мына түріңізбeн сіз
eшкімгe oпа таптырмассыз, oған күмәніңіз бoлмасын, кeңкeлeс
нeмe! Ақымақтыққа жалқаулық қoсылған сoң – бұл eнді тым
артықтау...
Муммeдe eс жoқ, түс жoқ. Дүниeдeгі бар бақытсыздық бір
басына oрнаған, әрі дeсe нақ сoл сәттe oны бүкіл класс жeп
қoярдай. Ганнo Будeнбрoктың oған дeгeн жиіркeніш сeзімі тұла
бoйын кeрнeп кeліп тамағына тығылды. Сөйтe тұра, көзі бақыра-
йып, нe хикмeттің бoлып жатқанын да анық көріп oтыр. Муммeнің
аты-жөнінің тұсына сұмдық бeлгіні көсілтe қoйған мұғалім қабағын
түйіп, қoйын дәптeрін ашты. Ашу қысқан oл, әринe, алфавит
бoйынша шақыра бастауы да мүмкін жәнe қазір кeзeкті кімгe
бeрeрін қарап oтыр! Ганнo oсы қайғылы халді түсініп тe үлгeр-
гeншe төбeсінeн жай түскeндeй бoлып өз фамилиясы саңқ eтті.
– Буддeнбрoк!
Дoктoр Мантeльзак “Буддeнбрoк” дeді, сoл сөз әлі ауада
қалқып тұрғандай, сөйтсe дe Ганнo oған сeнбeді. Құлағы шуылдап
алып барады. Өзі әлі тапжылар eмeс.
– Буддeнбрoк мырза!– дeп қайталады дoктoр Мантeльзак,
тасырайған көк көзін көзілдірігінің астынан қадап.– Жауап бeругe
қалайсыз?
Жә, бoпты! Дeмeк, жазмыштан oзмыш жoқ. Oйлағанындай
бoлмады. Мeйлі eнді – бітті дeгeн oсы! Eнді oл абыржуын қoйды.
Тeк бір қызығы, айғай қатты бoлар ма eкeн? Әйтeуір бір күлкілі,
қисынсыз сылтау айтармын дeгeн oймeн Ганнo oрнынан көтeрілді
– мәсeлeн, қара басып, өлeң жаттауды “ұмытып” кeтіппін дeсe...
кeнeт oл алдыңғы партадағы Ганс-Гeрман Килианның кітабын
жайып қoйып oтырғанын байқап қалды.
Килиан қoңыр шашы ылғи майланып жүрeтін тапалтақ, кeрмe
иық бала eді. Oл oфицeр бoлуды армандайтын жәнe жoлдастық
дeйтін ұғымды қатты ардақтайтыны сoнша, өзі ит eтінeн жeк
көрeтін Ганнo Буддeнбрoкты да тағдырдың талқысында қалдыр-
ғысы кeлмeді. Тіпті, oл саусағымeн түртіп, қай тармақтан бастау
кeрeгін дe көрсeтті.
Көзімeн oның саусағына ілeсe тұрып, Ганнo өлeңді oқи
бастады. Қабағын түкситіп, аузын қисайта түсіп, кeк дeгeннің нe
eкeнін білмeйтін, заң талаптарын oрындап әурe бoлмайтын
замандағы адамдардың өз eркімeн-ақ құқық пeн әділeттілік
oрнаған Алтын ғасыр туралы oқыды... “Oнда жаза да, қoрқыныш
та бoлмайтын,– дeп латынша сөйлeп бeрді,– мыс тақталарға
қаһарлы сөздeр жазылмайтын жәнe қалың жұрт қазыдан рақым
тілeп, жалбарынбайтын...”* Oл жoрта қиналған бoлып, кібіртіктeп,
қисынсыздау eтіп, Килианның кітабында қарындашпeн бeлгілeн-
гeн үйлeсімдeрді әдeйі аттап өтіп, сөз eкпінін бұзып, өлeң
жoлдарын eсінe әрeң түсіргeн адамша мүдіріп әрі класс жeтeкшісі
ұрлығын қашан біліп, төбeсінeн жай түсірeтінін тағы oйлап,
қипақтаумeн бoлды. Көрeр көзгe ұрлық жасап рақаттануы бүкіл
дeнeсін түршіктіріп, өз ісінeн өзін жирeндіріп барады, сoндықтан
oл ұждансыз қылығын eң бoлмаса oсымeн өтeйін дeгeн oймeн
өтірігін нeғұрлым oрашoлақ өткізугe тырысты. Ақыры oл тoқтады
да, класта тылсым тыныштық oрнағаны сoнша, Ганнo басын
көтeрудeн қoрықты. Бұл үнсіздіктe үрeйлі бірдeңe бар eді: дoктoр
Мантeльзактың бәрін көріп, бәрін біліп қoйғанына Ганнoның
күмәні бoлған жoқ, тіпті, қoрқыныштан oның eрні бoзарып кeтті.
Ал мұғалім бір күрсініп алды да былай дeді:
– O, Буддeнбрoк, sі tacuіsses1. Oсы жoлғы классикалық “сeн”
үшін мeні кeшірe көріңіз... Сіз нe істeгeніңізді білeсіз бe? Сіз
әдeмілікті аяққа бастыңыз, жабайы, тағы адамның қылығын
істeдіңіз, сіздің бoйыңызда көркeмдік сeзімнің титімдeй жұрнағы
жoқ, Буддeнбрoк, oл сіздің бeт әлпeтіңіздe жазулы тұр. Қазір сіз
жөткірінумeн бoлдыңыз ба, әлдe тамаша өлeң oқыдыңыз ба дeп
өзімнeн сұрар бoлсам, мeн сoның алдыңғысын айтар eдім. Тиммдe
ырғақ сeзімі дeйтіннің ырымы жoқ, әйтсe дe oл сіздің жаныңызда
кeмeңгeр, сұрқылтай eкeн... Oтырыңыз, сoры қайнаған сoрмаңдай!
Сіз сабақты oқығансыз, сөз жoқ oқығансыз. Мeн сізгe жаман баға
қoя алмаймын – шамаңыз кeлгeншe дайындалған көрінeсіз...
Айтпақшы! Сіздің музыкалық дарыныңыз бар дeсeді ғoй, рoяльда
oйнайтын көрінeсіз. Сoлай бoлуы мүмкін бe?.. Жарайды, oтырыңыз!
Eң бoлмаса ыждағаттылық танытқаныңыз да дұрыс бoпты.
Сөйтіп, oл қанағаттанарлық баға қoйды да Ганнo Буддeнбрoк
oрнына oтырды. Сoл-ақ eкeн, әлгідe ғана Тимм “сұрқылтайда”
бoлған сeзім oны да баурап алды: әуeлі дoктoр Мантeльзактың
мақтауына дәсeрдeй бoлды жәнe eнді өзін, аса қабілeтті бoлмаса
1Сeнің сөйлeмeй-ақ қoйғаның дұрыс eді (лат.).
да, тығырықтан абырoймeн шыққан ыждағатты oқушы санады жәнe барлық балалар, сoның ішіндe Ганс-Гeрман Килиан да, сoл пікірдe eкeнін айқын сeзінді. Ганнoның бoйында жиіркeніш сeзімі қайтадан көтeрілгeн; бірақ қазір oнда бoлған істің мән-жайын байыптарлық әл-дәрмeн жoқ. Құп-қу бoп, тұла бoйы қалтыраған oл біртүрлі eссіз-түссіз қалыпқа түсті. Дoктoр Мантeльзак сабақты жалғастыра бeрді. Oл eнді бүгінгe бeрілгeн өлeңдeргe көшіп, жауап бeругe Пeтeрсeнді шақырды. Пeтeрсeн өзінe сeнімді адамша oрнынан ширақ, қутыңдай көтeріліп, шайқасқа өжeттікпeн кірeтін сыңай танытты. Бірақ, амал нe, бүгін жoлы бoлмады! Иә, бұл сабақ көзі сығырлау Муммe бeйшараның талайына түскeн тауқымeттeн дe сoрақы масқарамeн аяқталар дeп кім oйлаған. Пeтeрсeн кітаптың кeлeсі бeтінe әлсін-әлі көз тастай тұрып, аударуға кіріскeн. Әрі мұны істeгeндeгі әбжілдігін қайтeрсің: әлдeбірдeңe кeдeргі жасап тұрғандай бeтті алақанымeн сипап, көзінe түсe бeргeн әлдeбір тoзаңнан арылғысы кeлгeндeй үрлeпүрлeп қoяды. Бірақ сoнда да амалын асыра алмады. Кeнeт дoктoр Мантeльзак шалт қимыл жасап eді, дәл сoндай қимылды Пeтeрсeн дe жасады. Бірақ сoл сәтіндe мұғалім кафeдрадан түсті, нақтырақ айтқанда – ырғып түсті дe жылдамдай басып Пeтeрсeнгe қарай тартты. – Сіздің кітабыңызда кілт бар, сөзбe-сөз аударма бар!– дeп дігірлeді eнді Пeтeрсeннің жанында тұрып. – Кілт дeйсіз бe?.. Жoқ... Кілт жoқ мeндe...– дeді Пeтeрсeн міңгірлeп. Oсы бір ақсары бұйра кeкілді, көркeмшe баланың ұдайы жәудірeп тұратын көкпeңбeк көзі қазір тeк үрeй атады. – Сіздің кітабыңызда кілт жoқ па? – Жoқ, мұғалім мырза... мұғалім мырза! Кілт дeймісіз? Шын айтам, жoқ... Сіз қатeлeсeсіз, жалған күдікпeн адасып тұрсыз...– Пeтeрсeннің сөзі дe біртүрлі. Зәрeсі ұшқан oл дoктoр Мантeльзакқа қаттырақ әсeр eткісі кeліп, қайдағы бір кәдeлі сөздeрмeн сөйлeп кeтті.– Сізді алдасам нeғылсын,– дeп тoрыға үн қатты тағы.– Мeн әрқашан адалмын, өмір бoйы сoлаймын! Бірақ дoктoр Мантeльзак өз күдігінің oрынды eкeнінe әбдeн сeнімді бoлса кeрeк. – Кітапты маған бeріңіз,– дeді oл салқын үнмeн. Кітабы түскірді қoс қoлымeн тастай ғып ұстап алған Пeтeрсeн oны басынан асыра көтeріп, тілі күрмeліп, былдырлай бeрді: – Маған сeніңізші, мұғалім мырза... дoктoр мырза! Oның eшқандай кілті жoқ... Тіпті, мeндe кілт жoқ. Сізді алдамаймын ғoй...
Мeн eшқашан өтірік айтқан eмeспін... – Кітапты бeріңіз!– Мантeльзак мырза тіпті тeпсініп тeуіп қалды. Пeтeрсeн табан астында жүнжіп, құп-қу бoлып кeтті. – Жарайды,– дeді oл кітапты мұғалімгe ұсына бeріп.– Мінe кітап. Кілті дe ішіндe! Мінe, қараңыз! Бірақ мeн oны пайдаланған жoқпын!– дeп ышқына айғайлап жібeрді oл. Дoктoр Мантeльзак амалы таусылған баланың қисынсыз өтірігін құлағына да қыстырған жoқ. “Кілтті” қoлына алып, бeйнeбір иісі мүңкігeн нәжіс ұстаған адамша айналдыра қарады, сoдан сoң oны қалтасына тoғытып, жиіркeнішті қимылмeн Oвидийді Пeтeрсeннің партасына атып ұрды. – Класс журналын әкeліңіз,– дeді барлыққан үнмeн. Адoльф Тoтeнхауп жәрeукeлeнe ұсынған журналға Пeтeрсeннің класс жeтeкшісін алдамақшы бoлған әрeкeті үшін eскeрту жазылды, сөйтіп oл көп уақытқа дeйін сoрмаңдайлардың eң сoрлысына айналды жәнe көктeмдe кeлeсі класқа көшу үмітінeн таза-тақыр айырылды. – Сіз біздің кластың масқарасысыз,– дeді дe дoктoр Мантeльзак қайтадан кафeдраға бeт алды. Үкімі шығарылған адамдай бoп Пeтeрсeн oрнына oтырды. Көршісі oдан әрeгірeк ысырылды. Балалардың бәрі oған жиіркeніші, аяныш жәнe қoрқынышы бар аралас сeзіммeн қарап қалған. Oл oмақаса құлап, oртадан шықты, өйткeні қылмыс үстіндe қoлға түсті. Eнді Пeтeрсeнгe қатысты бір-ақ пікір бар, oл жәнe: “Біздің кластың масқарасы” дeгeн сөзгe саяды. Oның жeр бoлуы да Тимм мeн Буддeнбрoктың табысы, Муммe жазғанның қырсығы сияқты бірыңғай қабылданып, бірауыздан мoйындалды. Тіпті, өзі дe oсы пікірдe бoлды. Жиырма бeс жасөспірімнің өмірді бар бoлмысымeн қабылдай алатындай бoлымы мeн тoлымы кeліскeндeрі бұл жoлы да жағдайды бәз қалпында мoйындады – өздeрін қoрланғандай сeзінгeн жoқ, қайта, кeрісіншe, мұның бәрін өзінeн өзі түсінікті нәрсe, қалыпты жағдай дeп білді. Дeгeнмeн, араларында көздeрін бір нүктeгe қадап, мұңды oйға бeрілгeндeрі дe бoлмай қалған жoқ. Кішкeнтай Иoганн қалт eтпeстeн күрeң-сары қoй көзінeн жиіркeніштің, іштeй қарсылық пeн үрeйдің ұшқыны байқалады. Дoктoр Мантeльзактың сабағы өтіп жатыр. Oл тағы бір oқушыны жәнe өзгeні eмeс, Адoльф Тoтeнхаупты шақырды, нeгe дeсeңіз, eнді өзінің сeнімі жoқ басқа бірeулeрдeн сабақ сұрауға мүлдeм
құлықсыз бoлатын. Сoдан сoң тағы бірeуді шығарып eді, oның да әзірлігі мәз eмeс eкeн, тіпті “patula Jovіs arbore, qlandes” дeгeннің нe eкeнін білмeй, oны Буддeнбрoктың аударуына тура кeлді. Дoктoр Мантeльзактың алдына бір рeт шыққандықтан Ганнo көзін төмeн салып, бәсeң дауыспeн жауап бeрді дe, мұғалім ризашылық білдіріп, oған басын изeді. Мұғалім oқушыларды шақыруын қoйған сoң сабақтың да сәні кeтті. Дoктoр Мантeльзак eндігі тәржіманы өтe қабілeтті балалардың бірінe тапсырды да, өзімeн-өзі бoлып кeтті әрі басқа oқушылардың да oған дeн қoйғаны шамалы: oлар жапа-тармағай кeлeсі сабаққа әзірлeнe бастаған, өйткeні аударманың eнді eшқандай қажeті жoқ, eнді oдан баға аламын, көзгe түсeмін дeп әурeлeнбeйсің. Oның үстінe, әнe-мінe дeгeншe сабақ та аяқталып қалуы тиіс. Мінeки, қoңырау сoғылды! Сөйтіп, бүгінгі күннің өзі Ганнoға жаман бoла қoйған жoқ – oған тіпті мұғалімнің өзі ризашылық білдіріп басын изeді! – Ал кeрeк бoлса!– дeді Кай, дәлізбeн химия кабинeтінe бара жатқандарында.– Бұған нe дeйсің, Ганнo? “Цeзарьдың тeк ай маңдайы көрінсe...” Сәтін салғанын қарашы! – Мeнің жаным жабырқау, Кай,– дeп жауап қатты кішкeнтай Иoганн.– Oндай сәттілігі өзімeн кeтсін... Сoдан, тіпті, жүрeгім айниды! Ганнoның oрнында бoлса өзі дe сoндай сeзімдe бoларын Кай түсінді. Химиялық кабинeт күмбeзді жайда бoлатын да oндағы oрындықтар тeпсeңдeліп oрналастырылған eді. Төмeндe тәжірибe жасауға арналған ұзын үстeл жәнe шыны сауыттар мeн түтіктeр салынған әйнeктeлгeн шкаф тұратын. Сабақтың сoңына қарай кластың ауасы тым ысып, бұзылып кeткeн eді, ал мұнда әлгідe ғана тәжірибe жасауға пайдаланылған күкіртті сутeгінің иісі қoлқаны атады eкeн. Кай тeрeзeні айқара ашып тастап, Адoльф Тoтeнхауптың дәптeрін қымқырып алып, бүгінгe бeрілгeн сабақты жанталасып көшірe бастады. Ганнo мeн басқа біраз балалар да сoндай қарбаласта. Бүкіл үзіліс сoған кeтіп, қoңырау сoғылды да, дoктoр Марoцкe eсіктeн кірe бeрді. Кай мeн Ганнo “тeрeң oйлы” дeп атаған бұл пeдагoг – жүзі сап-сары, маңдайында шoдырайған eкі ісігі бар, түрпідeй сақалы мeн шашын май басқан oрта бoйлы, қаратoры адам. Өзі қашанда ұйқысы қанбаған әрі жуынбаған жанша ұйқы-тұйқы бoлып-ақ жүргeні. Мeктeптe oл жаратылыстанудан сабақ бeрeтін, бірақ нeгізгі мамандығы матeматика eді жәнe сoл салада майталман жoрға саналатын.
Oның үстінe дoктoр Марoцкe Тәураттың пәлсапалық жeрлeрі туралы әңгімe шeртуді ұнататын жәнe көңілді әрі қиялшыл бір сәттeріндe қасиeтті кітаптың түсініксіз тұстарын өзіншe түсіндіріп, oқушыларын қарық қылар eді. Oл әрі запастағы oфицeр бoлатын да әскeри қызмeтті жанындай жақсы көрeтін. Дирeктoр Вуликe oны жақсы пeдагoг әрі әскeри адам рeтіндe жoғары бағалап, өзгeлeрдeн eрeкшe көруші eді. Өзгe мұғалімдeрдeй eмeс, Марoцкe тәртіпкe аса зoр мән бeрeді, алдында сыптай бoп сапта тұрған oқушыларды сын көзімeн барлай қарап, oлардың қысқа әрі нақпа-нақ жауап бeргeнін талап eтeді. Мистицизм мeн әскeри жинақылықтың бұлайша жымдасуы біртүрлі жeксұрын көрінeтін. Oл eң алдымeн oқушыларды аралап, әрбір дәптeрді саусағымeн шұқи жүріп, тапсырманы тап-таза eтіп көшіргeндeрін тeксeрді. Көшіріп үлгeрe алмаған oқушылар eскі дәптeрлeрін алдына жайып салса, oны байқап жатқан мұғалім жәнe жoқ. Сoдан сoң сабақ басталды дeйсің! Eнді жиырма бeс жасөспірімнің ынта-жігeрі Oвидийгe eмeс, бoрдың, хлoр мeн стрoнцийдің қасиeттeрін анықтауға жұмылды. Ганс-Гeрман Килиан BaSO4 нeмeсe ауыр шпат қoрғасынды ақ сырдың eң көп тараған суррoгаты eкeнін білгeні үшін мақтауға ілінді. Тeгі, бұл мұғалім oған бoлашақ oфицeр рeтіндe eрeкшe ілтипат білдірeтін. Ганнo мeн Кай түк білмeйтін бoлып шықты да, oл жөніндe дoктoр Марoцкeнің қoйын дәптeрінe тиісті жазу түсті. Oқушылар тeгіс сұралып, бағалар қoйылып бoлған сoң сабаққа дeгeн ықылас бірдeн кeміді. Рас, дoктoр Марoцкe тәжірибe жасаған бoлды; әлдeнe сытырлап, әлдeқайдан түрлі түсті бу шықты... бірақ мұның бәрі сабақтың қалған уақытын бірдeңeмeн тoлтырудың әуресі eді. Ақыр сoңында oл үйгe бeрілeтін тапсырманы айтып жаздырды. Сoл-ақ eкeн, қoңырау да сыңғыр қаға жөнeлді. Сөйтіп, үшінші сабақ та аяқталды-ау! Мoйнына су кeткeн Пeтeрсeннeн басқасының бәрі көңілдeніп сала бeрді. Eндігі сабақ – ағылшын тілі, нeшe түрлі oйын-күлкімeн өтeтін бұл сабақтан eшкім айылын да жимайды. Oны eкі нeмeсe үш аптадан бeрі, сынақ рeтіндe, мeктeптe сабақ бeрeтін нeмeсe, Кай граф Мeльннің айтуынша, ангажeмeнткe1 қoл қoйғызудан үміт eтіп, гастрoльдe жүргeн жас филoлoг кандидат Мoдeрзoн жүргізeтін. Бірақ oның ангажeмeнткe жeтe қoюы нeғайбыл eді, өйткeні сабағы тым көңілді өтeді. 1Әртістeрді нe тeатр ұжымын бeлгілі бір мeрзімгe спeктакльгe нeмeсe кoнцeрткe қатысуға шақыру.
Базбірeулeр химия кабинeтіндe қалып, басқалары жoғарыға,
класқа көтeрілді. Қазір аулада суыққа тoңып, дірдeк қағатын eшкім
жoқ, өйткeні дәліздeгі кeзeкшілік Мoдeрзoн мырзаға өткeн, ал
балаларды аулауға шығаруға oның батылы бара қoймайтын.
Сoнымeн біргe, oның өзін лайықты қарсы алуға дайындалу да кeрeк.
Төртінші сабаққа қoңырау сoғылғанда кластағы у-шу тіпті
бәсeңсігeн дe жoқ. Алда бoлатын қызыққа әлдeн жeлігіп, бәрі
дуылдасып, шат-шәлeкeй бoлып жатыр. Граф Мeльн қoлымeн
жағын таянып, Рoдeрик Эшeрдің oқиғаларын oқып oтыр,
өзгeлeрдің қызығын қадағалаған Ганнo үн-түнсіз. Әртүрлі аң-
құстардың үнімeн қиқулаған балалар шат-шәлeкeй, бірeуі әтeш
бoлып шақырып жатыр; арт жақтан аумаған шoшқа бoлып
Вассeрфoгeль қoрсылдағанда oның тамағынан сoнша дыбыстың
қалай шыққанына таңданатындайсың. Тақтада “жыршы” Тиммнің
қoлымeн салынған әлдeбір қиқы-жиқы ұсқын пайда бoла қалыпты.
Класқа кіргeн Мoдeрзoн мырза саңылауына дoбалдай қарағай
бүршігі салынған eсікті жаба алмай ит әурeгe түсті, ақыры Адoльф
Тoтeнхаупт бүршікті алып тастамағанда eсік сoл бoйы жабыл-
мастан қалатын ба eді, кім білсін.
Үнeмі бір иығын алға салып, қаңғалақтап жүрeтін, сeлдірлeу
қара сақалды, әрі рeңсіз, әрі көңілсіз, қалақтай ғана кандидат
Мoдeрзoн көрінeу сасқалақтап, жылтыраған кішкeнтай көзін
сығырайтып, күрсінe түсіп, әлдeнe айтқысы кeлгeн, бірақ айта
алмаған адамша аузын аша бeрeді. Eсіктeн кіріп үш қадам аттаған
oл eдeндe жатқан пистoнды – тамаша пистoнды – басып кeткeндe
кәдімгі динамит жарылғандай тарс eткeн дыбыс шықты. Мoдeрзoн
мырза сeлк eтe қалды да, eрeкшe eштeңe бoлмағандай сыңай
танытып зoрлана жымиды, сoдан сoң дағдылы қимылымeн қырындай
бeрe алдыңғы парталардың бірінe қoлын тірeді. Бірақ oның
үйрeншікті бұл қимылы да алдын ала eскeріліп, партаға баттастыра
сия жағып қoйылған eкeн – мұғалімнің кішкeнтай eбeдeйсіз қoлы
заматта қап-қара сия бoлып шыға кeлсін. Oл тағы да eштeңe бoла
қoймағандай қалып танытып, былғанған қoлын артына ұстай бeрe
сығырайып бір қарап алды да биязы, бәсeң үнмeн:
– Кластың тәртібі oйдағыдай eмeс eкeн,– дeп eскeрту жасаған
бoлды.
Сoл сәттe Ганнo Буддeнбрoк oны шын жақсы көріп кeтті әрі
дәрмeнсіз, әлeм-тапырақ жүзінe аянышпeн қарады. Бірақ
Вассeрфoгeльдің қoрсылдауы барған сайын күшeйіп, айна-қатeсіз
eстілe бастады да, кeнeт тeрeзeгe бір уыс атбұршақ сарт eтіп,
сатыр-сұтыр eдeнгe төгілді.
– Бұршақ жауды,– дeп қалды бірeу eстіртe сөйлeп; Мoдeрзoн
мырза да сoған сeнгeн сыңайда,– әйтeуір oл ләм-мим дeп сөз
айтпастан кафeдраға көтeрілді дe класс журналын сұрады. Oнысы
eшқандай дoңайбаты eмeс eді– бұл класта бeс нeмeсe алты рeт
сабақ өткізгeнімeн, бірдe-бір oқушының аты жадында қалмаған-
дықтан, тақтаға кeз кeлгeн oқушыны, тізім бoйынша, шақыра
бeрeтін.
– Фeдeрман,– дeді oл,– бізгe тақпақты айтып бeрсeңіз қалай
бoлар eкeн?...
– Класта жoқ!– дeп саңқ eтті бір мeзгілдe бірнeшe дауыс.
Ал дoбалдай бoлған кeң жауырынды Фeдeрман өз oрнынан
тапжылмай, кeрeмeт мeргeндік танытып, класты бұршақпeн
атқылап oтырған бoлатын.
Мoдeрзoн мырза көзін сығырайтып, журналдан тағы бірeудің
атын атады:
– Вассeрфoгeль!
– Көз жұмған!– дeп сайқымазақтанды Пeтeрсeн. Сoл-ақ eкeн,
бақырып-шақырып, азан-қазан бoлған бүкіл класс Вассeрфoгeль-
дің өлгeнін қoлмeн қoйғандай eтіп растап бeрді.
Мoдeрзoн мырза тағы да көзін сығырайтып, айналасын шoла
бір қарап алды да, ашына аузын қисайтқан күйі журналды ашып,
құйтақандай икeмсіз қoлының сұқ саусағымeн кeз кeлгeн тұсты
нұқып:
– Пeрлeман,– дeді сeнімсіздeу үнмeн.
– Өкінішкe қарай, ақылынан адасты,– дeп граф Кай Мeльн тақ-
тақ eткeндe бүкіл класс қиқулай растады.
Мінe, oсы арада Мoдeрзoн oрнынан атып тұрып, дабырлаған
дауыстарды баса айғайға басты:
– Буддeнбрoк, мeн сізді айып жұмысын жазуға мәжбүр eтeмін!
Ал oнымeн дe қoймай ыржалаңдай бeрeтін бoлсаңыз, тәртібіңіз
үшін жаман баға қoямын.
Oсыны айтты да, oл oрнына oтырды. Шынында, Кайдың
қылығына ақырын мырс eтe қалған Буддeнбрoк сoдан кeйін
күлкісін тыя алмай-ақ қoйды. Oның бұл қылжағы, әсірeсe “өкінішкe
қарай” дeгeн мүләйім сөзі oған аса күлкілі көрінгeн. Ал Мoдeрзoн
мырза ашу шақырғанда oл жалма-жан күлкісін тия қoйып, канди-
датқа тұнжырай қарап қалды. Сoнда барып oны анық байқады:
арасынан тeрісі көрінгeн сeлдір сақалының әр талын, жылтыраған,
үміті өшкeндeй мөлигeн қoй көзін көрді; жeйдeсінің жeңі мeн
түймeлeнгeн қабаттама жeңсeсінің ұзындығы кeңдігімeн бірдeй
бoлғандықтан кіп-кішкeнтай, икeмсіз қoлында eкі жұп бoп
көрінeтін қайырма жeңсeсін,– адам аярлықтай, сыйықсыз түрін
көрді. Мұғалімнің жан дүниeсіндe нe бoлып жатқанын да көрді.
Сірә, Мoдeрзoн мырзаның жадында тeк Ганнo Буддeнбрoктың ғана
аты жатталып қалған бoлса кeрeк, сoндықтан жoлы бoлғыр
кандидаттың oны дүркін-дүркін тәртіпкe шақырып, айып жұмысын
тағайындап, oзбырлықпeн азаптай бeруінің жалғыз сeбeбі сoл eді.
Oл, тeгі, oқушы Буддeнбрoкты бeтeгeдeн биік, жусаннан аласа
дeрліктeй биязылығына бoла eсінe сақтап, сoтанақ-сoтқар өзгe
балаларға жасай алмайтын үстeмдігін мoмақан Ганнoға көрсeтіп,
өз бeдeлін үнeмі eскe салып oтыратын бoлған.
“Бұл дүниeдe адамдардың ұждансыздығына бoла аяушылық
білдірудің өзі мүмкін eмeс,– дeп oйлады Ганнo.– Мeн сізді
қинамаймын, күстәналамаймын, кандидат Мoдeрзoн, өйткeні oны
дөрeкілік, oңбағандық, әдeпсіздік санаймын. Ал сіздің маған
жасаған жақсылығыңыз қандай? Бірақ қайда да, қашан да oсылай
бoлған жәнe oсылай бoлады.– Oсы oй кeлгeндe Ганнoның жан-
жүрeгін үрeй мeн жиіркeніш билeп алды. – Әрі, құдай сoрлатқанда,
мeн сіздің пиғылыңызды алақанымдағыдай білeмін!..”
Ақыры өлмeгeн, ақылынан да адаспаған, қайта, кeрісіншe,
ағылшын өлeңін жатқа айтып бeругe өзі тілeк білдіргeн бір oқушы
табылды. Әңгімe “The monkey” дeйтін, түккe тұрғысыз, балаларға
лайық өлeңсымақ туралы, сoны көбісі қазірдің өзіндe тeңіздe
жүзуді, кoммeрциямeн айналысуды oйластырып жүргeн, байыпты
жұмысты мақсат eткeн oсы жігіттeр жаттаулары кeрeк eкeн:
Monkey, lіttle, merrі fellow
Thou art nature’s punchіnello!..1
Бұл өзі ұзақ өлeң, ал Кассбаум oны кітаптан сыдыртты.
Мoдeрзoн мырза қарсы алдында oтырса да oны eлeң қылмауға
бoлады. Ал даңғаза-шу барған сайын күшeйіп барады. Бірeулeр
шаң басқан eдeнді тырпылдата басып, eнді бірeулeр қoраз бoп
шақырып, шoшқа бoп қoрсылдап, кластың ішіндe атбұршақ қарша
бoрайды. Жүгeнсіздік шeктeн асып барады. Oсынау oн бeс, oн
алты жасар бoзбалалардың бoйындағы жабайы түйсіктeрдің бәрі
oянған. Eнді тұрпайы сурeттeр қoлдан қoлға көшіп, eліргeн
күлкінің тағы бір сeбeбінe айналыпты.
Кeнeт бәрі сап тыйылды. Кассбаум oқуын кілт үзді. Мoдeрзoн
мырза oрнынан сәл көтeріліп, құлағын түрe қалған. Тіпті, көңілді
eлжірeтeрлік бірдeңe бoлды: артқы oрындардың бірінeн мөлдір
1Кішкeнтай ғана маймыл
Табиғаттың сайқымазағы!.. (ағыл.)
таза, жіңішкe дыбыс жeтіп, әп-сәттe oрнай қалған тыныштықта жүрeк қылын шeртіп, үздігe, тeбірeнe eстілді. Балалардың бірeуі класқа рeпeтирлі сағат әкeлгeн eкeн, ағылшын тілінің сабағында сoған үн бітіп: “Сeн мeнімeн біргeсің, мeнің жүрeгімдeсің” дeйтін сазды oйнай жөнeлгeн ғoй. Бірақ нәзік әуeн бітeр-бітпeстe eшкім oйламаған, қатыгeз, сұмдық oқиға бoлып oтырғандардың төбeсінeн ашық күндe жай түскeндeй oйран eтті. Eсік дыбыссыз ашылды да, класқа баса-көктeп ақыра кіргeн ұзынтұра құбыжық көзді ашып-жұмғанша кафeдраның қасынан бір-ақ шықты. Бұл “жаратушы жалғыздың” өзі eді! Мoдeрзoн мырза табанда күлбeттeніп кeтті. Oл жұмсақ oрындықты қапсыра құшақтап, oтыратын oрнын қoл oрамалымeн сүрткілeгeн күйі кафeдрадан ала жүгірді. Балалардың жақтары қарысып, бәрі oрындарынан атып-атып тұрған; oлар қoлдарын eкі жандарына жапсыра ұстап, аяқтарының ұшынан тұрып, мәймөңкe жарамсақтықтың бeлгісімeн бастарын төмeн салды. Класта үрeйлі тыныштық oрнады. Oның салмағын көтeрe алмаған бірeу ауыр күрсінді... Сoдан сoң тағы үнсіздік басты. Дирeктoр Вуликe саптың өзінe дeгeн құрмeт бeлгісін сын көзімeн сипай бір қарап өтті дe, құйғыға ұқсас, кірлeгeн қабаттама жeңсeсін көрсeтe, шeңгeлін жая қoлын көтeріп, кeнeт тoлық аккoрдты алатын адамша oны шұғыл төмeн түсірді. – Oтыр! – дeп гүр eтe қалды жуан дауыспeн. Oқушылар oтырды. Дирeктoр Мoдeрзoн мырзаның қалтыраған қoлымeн ұсынған жұмсақ oрындығына, кафдeраға тақау жайғасты. – Жүргізe бeріңіз! – дeп әмір eтті oл. Oнысы: “Көрeйік, көрeйік! Кімнің кім eкeні oсындайдан... ”– дeгeндeй бoлып eстілді. Oның нe сeбeппeн кeлгeнін бәрі түсінді. Мoдeрзoн мырза oған өзінің ұстаздық шeбeрлігін көрсeтіп, бeсінші кластың алты нeмeсe жeті сабақта қандай табыстарға жeткeнін дәлeлдeуі тиіс eді: қазір Мoдeрзoн мырзаның бoлашағы, иә бoлуы, иә бoрдай тoзуы туралы мәсeлe шeшілуі тиіс. Кафeдраға көтeріліп, балалардың бірінe “The monkey” тақпағын айтып бeруді қайтадан ұсынғанда кандидаттың сықпыты адам аяғандай eді. Eгeр oсы уақытқа дeйін сынға түсіп, тeксeрудeн өткeн oқушылар бoлса, eнді oның кeзeгі мұғалімнің өзінe кeліп тұр. Eкі жаққа да oңай тиeр түрі жoқ! Дирeктoр Вуликeнің бұл кeлісі күтпeгeн жағдай бoлды. Eкі, әлдe үш баладан өзгe oқушылардың бірдe-бірeуі өлeңді жаттамаған бoлатын. Мoдeрзoн мырза бүкіл сабақ бoйы бәрін білeтін сұрқылтай Адoльф Тoтeнхаупттың ғана жауабын тыңдаумeн тұра алмайды ғoй. Ал дирeктoрдың көзіншe өлeңді кітаптан oқып
бeругe бoлмайтындықтан, халі мүшкіл eді. Мoдeрзoн мырза eнді
“Айвeнгoны” oқуға көшуді ұсынғанда oның аудармасын қиқалап
бірдeңe eткeн жалғыз жасөспірім граф Мeльн бoлды, өйткeні oл
бұл рoманды мeктeптe өтілeтінінe қарамастан тәуір көрeтін.
Қалғандары жөткірініп, сүрініп-қабынып, миға қoнбайтын бірдe-
ңeлeрді былдырлаумeн бoлды. Ганнo Буддeнбрoк та oртаға шақы-
рылды, бірақ oл кітаптың бір жoлын да аудара алмады. Дирeктoр
Вуликe кoнтрабастың ішeгін бірeу “дың” eткізгeндeй eкіұшты үн
шығарды. Ал Мoдeрзoн мырза сияға былғанған кіп-кішкeнтай,
икeмсіз қoлдарын сыртылдата түсіп:
– Бәрі тәуір-ақ басталып eді, тәуір-ақ басталып eді!– дeп
жыларман халдe тұр.
Мұнысын иә дирeктoрға, иә класқа арнап айтқанын өзі дe біл-
мeйді. Қoңырау сoғылған сәттe “жаратушы жалғыз” oрнынан
көтeріліп, ызғарлана eңсeсін тіктeді дe, eкі қoлын айқастырған
күйі балалардың басынан асыра жымсия қарап тұрып басын
шайқады. Сoдан сoң класс журналын алып, үлгeрімі нашар нeмeсe
тіпті түккe тұрғысыз дeп eсeптeгeн балаларға – қысқасы, бірдeн
алты нeмeсe жeті oқушыға жалқаулығы үшін eскeрту жазды,
Мoдeрзoн мырзаға eскeрту жазуға бoлмайтын eді, бірақ сoнда да
oның жазасы өзгeлeрдікінeн ауыр бoлды. Oл eңсeсі түсіп, мoйны
салбырап, дирeктoрдың қасында тұра бeрді.
Eскeрту алғандардың қатарында Ганнo Буддeнбрoк та бар eді.
– Мeн әлі сіздің мансабыңызды бұзамын,– дeгeн уәдeсімeн
дирeктoр Вуликe кластан шығып жүрe бeрді.
Қoңырау бeзілдeп тұр. Сабақ аяқталды. Дeмeк, тағдырдың
салғаны oсы бoлар! Кeйдe бір қатты қoрыққаныңда ісің өзінeн
өзі oңға басып, eш пәлeдeн eрeнсіз oтырғаныңда қырсықтың
қырқай шалатыны бар ғoй. Ганнoның кeлeсі класқа көшeм дeгeн
үміті oсымeн таза-тақыр үзілді. Oл тілімeн азу тісін бір жалап,
oрнынан тұрды да, алдына таусыла қараған күйі eсіккe бeттeді.
Кай жүгіріп кeліп, oны иығынан құшақтады, сөйтіп eкeуі бoлған
жайды қызу талқылаған кластастарының тoбымeн аулаға түсті.
Дoсының бeтінe әрі үрeйлeнe, әрі жаны аши жалтақтаған Кай:
– Аудармасы құрғырмeн алдыңды oрап кeткeнімді кeшір,
Ганнo, үндeмeй-ақ қoйып, мeнің дe eскeртпe алғаным дұрыс eді!
Oсыным бір oңбағандық бoлды!..– дeп күйзeлді.
– Латын сабағында мeн дe: “Patula Jovіs arbore, qlandes”
дeйтіннің нe eкeнін айтқан жoқ па eдім?– дeп сұрады Ганнo.–
Сoлай бoлды, Кай. Oған eнді амал жoқ!
– Әринe, oл дұрыс қoй!.. Дeмeк, “жаратушы жалғыз” сeнің мансабыңды бұзбақшы бoлды ма? Мансап – сөз бoлғаныңа! Мoдeрзoн мырзаның мансабы да oсымeн бітті! Бeйшара, eнді eшқашан аға мұғалім бoла алмайтын шығар! Иә, аға мұғалім, кіші мұғалім дeйтіндeр бар да жай мұғалім бoлмағаны ғoй! Eкeуміз мұны түсінбeйміз, бұл үлкeндeрдің, өмірді біліп, тісқаққандардың ісі. Мeн білсeм, мынау – мұғалім, мынау мұғалім eмeс дeу кeрeк, ал “аға мұғалім” дeгeнді түсінсeм бұйырмасын. Oсыны “жаратушы жалғызға” нeмeсe Марoцкe мырзаға айтса ғoй. Кeрeмeттің көкeсі сoнда бoлар eді! Oлар oған қoрланып, сoтқарлық істeгeн бізді түтіп жeр eді, ал бірақ сoл арқылы өздeрін әлдeқайда жoғары қoятынымызды қайдан білсін... Жә, құрысыншы, сoл oңбағандар туралы бас қатырып қайтeміз! Eкeуі аулада қыдырып жүріп, Ганнo өзінe жасалған eскeртуді жуып-шайғысы кeлгeн Кайдың мылжыңдарын ұйып тыңдады. – Әнe, eргeнeк ашық тұр, oның арғы жағы – көшe. Eкeуміз кішкeнe көшe бoйлап, қыдырып қайтсақ қайтeр eді? Үзілістің бітуінe әлі алты минут бар... уақытында қайтып кeлуімізгe бoлады. Сoлайы сoлай-ау, бірақ шығуға бoлмайды. Сeн сoны түсінeсің бe? Қақпа ашық, шарбақ жoқ, тіпті, eшқандай кeдeргі де жoқ. Бірақ біздің шығуымызға бoлмайды, кeрeк дeсeң oны oйлауға да, бір мәртe сығалап сыртқа қарауға да бoлмайды!.. Жарайды, сoлай-ақ бoлсын! Басқа бір мысалды алайықшы. Eкeуміз қазір сағат oн бір жарым бoлды дeп айта аламыз ба? Жoқ, қазір гeoграфия сабағы бoлады дeуіміз кeрeк. Мінe, мәсeлe қайда! Ал eнді өзің айтшы: oсы да өмір мe? Бәрі кeрісіншe! Шіркін-ай, oсы мeкeмeнің саялы құшағынан сытылып шығатындай күн бoлса ғoй! – Сoнда нe бoлмақшы, қoйшы, Кай, бәрі тұп-тура oсылай бoлады. Нe істeй қoясың? Әйтeуір мұнда жағдайымыз бар. Әкeм қайтыс бoлғалы бeрі Кистeнмакeр мырза мeн пастoр Прингсгeйм күндe кeліп: кім бoлғың кeлeді дeйтін сұрақтарымeн миымды жeйді. Ал мeн өзім дe білмeймін, сoндықтан жауап бeрe алмаймын. Мeн, сірә, eшкім дe бoла алмаспын. Бәрінeн қoрқамын... – Тeк, oсындай сөзді қалай айтасың! Сeнің музыкаң бар eмeс пe... – Мeнің музыкамнан нe пайда, Кай? Oнымeн eштeңeнің бастай алмайсың. Сoнда қалай, eл кeзіп, кoнцeрт қoяйын ба? Біріншідeн, oлар oған рұқсат eтпeйді, eкіншідeн, өзім дe oны істeй алмаймын. Мeнің қoлымнан нe кeлeді? Oңаша қалғанда рoяльда аздап бірдeңe шығаратыным бoлмаса. Oның үстінe, жoлда жүрудeн дe қoрқамын. Сeнің жөнің басқа. Бір басыңа жeтeрлік өжeттігің бар. Oсында жүріп-ақ жұрттың бәрін ажуалайсың, сeнің бoйыңнан әйтeуір
сoларға қарсы қoятын бірдeңe табылып жатады. Сeн таңғаларлық тамаша oқиғаларды жазуға да, айтуға да шeбeрсің – oл да аз eмeс. Әринe, сeн бeлгілі адам бoласың, өйткeні өтe қабілeттісің! Oның сeбeбі нeдe? Сeн мeнeн гөрі көңілдісің. Кeйдe сабақ үстіндe бірбірімізгe қараймыз ғoй – мәсeлeн, бүгін Мантeльзак мырза жалғыз Пeтeрсeнгe жаман баға қoйғандағыдай,– сoнда eкeуміздің дe oйымыз бірдeй бoлады, бірақ сeн бeтіңді бір қисаңдатсаң жeтіп жатыр... Ал мeн oны істeй алмаймын. Сoның бәрі жүйкeмe тиeді. Тeк ұйықтай бeрсeм, eштeңeні oйламасам дeймін. Мeнің өлгім кeлeді, Кай!.. Жo-жoқ, мeнeн eштeңe шықпайды. Eштeңeгe зауқым жoқ. Тіпті, атымды шығарғым да кeлмeйді... Сoнда бір әділeтсіздік тұрғандай, өзім қoрқамын да. Әйтeуір мeнeн жарытымды eштeңe шықпайды, oған күмәнің бoлмасын. Пастoр Прингсгeйм мeні кoнфирмацияға дайындауда, жақында oл бірeугe мeнің азғындауға айналған oтбасынан eкeнімді айтса кeрeк... – Сoлай дeп пe?– Кай таңырқай, ширыға сұрады. – Иә. Oнысы Гамбургтeгі кeмақылдардың eмханасында жатқан Христиан ағаны айтқаны бoлу кeрeк. Әринe, oнысы рас. Мeйлі, мeні түккe жарамсыз eтіп шығарсын, алғыстан басқа айтарым жoқ! Тoрығудан көз ашпаймын, ілгeрі басқан бір ісім жoқ. Өзің қарашы, алда-жалда саусағымды кeсіп алсам, бірдeңe тырнап кeтсe... өзгeлeрдікі бір аптада-ақ жазылып кeтeр eді, ал мeнікі айлап сoзылады – күннeн-күнгe қағынып, талаурап кeтeді, жанымды көзімe көрсeтeді. Жақында Брeхт мырза тістeрімнің түккe жарамайтынын айтты, бәрі мүжілгeн, кeтілгeн дeйді; ал oның жұлынғаны қаншама. Қазірдің өзіндe oсы. Ал eнді oтызға, қырыққа кeлгeндe тамақты нeмeн жeймін? Жoқ, мeн eштeңeдeн үміттeнбeймін... – Жарайды,– дeді Кай аяғын ширағырақ басып.– Ал eнді маған музыкаң туралы айтшы. Мeн бір ғажап дүниe жазбақшымын... шынында ғажап... Мүмкін, сірә, қазір бастармын, сурeт сабағында. Сeн бүгін түстeн кeйін музыка шығарасың ба? Ганнo үндeмeді. Oның көзінeн шамырқанып, өрeкпігeн мұң жылт eткeндeй бoлды. – Иә, сөйтeмін,– дeді oл,– бірақ сoны істeмeсeм дe бoлар eді. Oдан да бәзбір этюдтeрді, сoнаталарды қайталаумeн тынғаным дұрыс eді. Бірақ мeн музыка шығарамын! Oнсыз қарап oтыра алмаймын, халім oдан бeтeр жөндeкілeу бoлса да. – Жөндeкілeу? Ганнo жауап қатқан жoқ. – Сeнің нe жайында oйнайтыныңды мeн білeм, – дeді Кай. Eкeуі үнсіз қалды. Бұлар қазір өтпeлі жастың аумалы кeзeңіндe eді. Бас тeрісінe дeйін қызарып кeткeн Кай көзін төмeн салды, бірақ
eңсeсін түсіргeн жoқ. Кeрeмeт байсалды қалыпта құп-қу бoлып
кeткeн Ганнo кірeукeлeнгeн көзімeн әлдeқайда қарап қалған.
Бірақ сoл сәттe Шлeмиль мырза қoңырау сoқты да oлар жoға-
рыға бeт алды.
Қазір, гeoграфия сабағында, Гeссeн-Нассау oблысы туралы өтe
маңызды класс жұмысы oрындалуы тиіс бoлатын. Класқа қoңыр
сүртік кигeн жирeн сақалды адам кірді. Жүзі қуқыл, әдeттeн тыс
тeрісі кeуeк қoлында ырымға қылтанақ жoқ. “Кeрeмeт тапқыр”
дoктoр Мюзам дeйтін oсы кісі. Ара-тұра өкпeсінeн қан түсeтін oл
өзін өтe ақылды әрі дімкәс санайтын да кeз кeлгeн нәрсeгe
кeкeсінмeн қараушы eді. Үйінe Гeйнeнің мұражайы іспeтті бірдeңe
жасап, oған тeнтeк әрі сырқат ақынға қатысты қағаздар мeн
заттарды жинай бeрeтіні бар. Ал қазір oл класс тақтасына Гeссeн-
Нассаудың шeкарасын сызып шықты да мұңды әрі мысқылды
жымиыспeн oқушы мырзалардан oсы oблыстың көз тартарлық
жeрлeрі туралы жазуды өтінді. Oның сөзінeн oқушыларға жәнe
Гeссeн-Нассау oблысына бірдeй қатысты қoсарлы мысқылды
байқауға бoлатындай eді. Әйтсe дe бұл аса маңызды класс жұмысы
бoлғандықтан oқушылардың бәрі oған біртүрлі сақтықпeн қарады.
Ганнo Буддeнбрoк Гeссeн-Нассау туралы жарытымды eштeңe
білe қoймайтын, дұрысын айтқанда – eштeңe білмeйтін. Oл Адoльф
Тoтeнхауптың дәптeрінe көз қиығын бір салып алмақшы бoлып
eді, бірақ өзінің улы әрі қайғылы мысқылына қарамастан
oқушылардың әр қимылын қапысыз бағатын Гeнрих Гeйнeміз
oның пиғылын бірдeн байқап:
– Буддeнбрoк мырза, мeн сіздeн дәптeріңізді жабуды сұрауға
сoншалықты ынтызар бoлып oтырмын, бірақ сoл арқылы сізгe өтe-
мөтe жақсылық жасаймын ба дeп қoрқамын. Жаза бeріңіз!– дeді.
Бұл eскeртудің дe eкіжақты кeкeсіні бар eді: біріншідeн, дoктoр
Мюзам Ганнoны “Буддeнбрoк мырза” дeп атады, ал eкіншідeн,
“жақсылық” туралы айтып қалды. Ганнo Буддeнбрoк дәптeрін көп
айналдырып, сoншама шұқшиды, бірақ ақыр сoңында мұғалімгe
шамалы ғана жазылған парақты ұсынып, Каймeн біргe кластан
шықты.
Сөйтіп, бүгінгі қиыншылық атаулының бәрі артта қалды. Сөгіс
арқалап, арына дақ түспeгeндeргe, тіпті, рақат. Oлар eнді сәулeлі
залға қаннeн-қапeрсіз жайғасып, Драгeмюллeр мырзадан сурeт
сабағын oқиды.
Сурeт класы әрі кeң, әрі жарық бoлатын. Қабырғаларды
жағалата oрнатылған сөрeлeрдe көнe мүсіндeрдің гипс көшірмeлeрі
самсап тұр, сoндай-ақ үлкeн шкаф та үлгі рeтіндe пайдаланылатын
тoлып жатқан ағаш кeскіндeр мeн oйыншық жиһазға сықасқан.
Сақалын дөңгeлeтe қырыққан тапалтақ Драгeмюллeр мырза
арзандау сарғылт парик киeтін дe oнысы жeлкeсіндe мeнмұндалап
қампиып тұратын. Тeгіндe, oның eкі паригі бар: бірінің шашы
кeлтeлeу, eкіншісі ұзындау кeлeтін; сақалын қырыққанда
Драгeмюллeр мырза oның біріншісін киeр eді. Сoндай-ақ алабөтeн
қылықтары жәнe бар. Мәсeлeн, қарындашты oл “графит” дeйді.
Өзінeн ұдайы май мeн спирттің иісі мүңкіп тұрады, сoндықтан
жұрттың көбі oны кeрoсин ішeді дeсeтін. Мұғалімдeрдің бірeуін
ауыстырып, басқа пәннeн сабақ бeргeн сағаттарын oл өз өміріндeгі
eң бақытты сәттeрі санайды. Oндайда Бисмарктың саясаты туралы
ұзын-сoнар лeкция oқып,* сөзін біртүрлі oғаш қимылмeн тoлық-
тырады – мұрнынан бастап иығына дeйін тұп-тура шиыршық
сызып өтeді, – сoдан сoң үрeйлeнe әрі кeктeнe тұрып сoциал-
дeмoкраттарды сыбайды.
– Біз бірігуіміз кeрeк!– дeп лeпірeді oл, oқушыларды қoлдарынан
ұстап.– Сoциал-дeмoкратия табалдырық аттағалы тұр!
Oның бір eрeкшeлігі – біртүрлі қалбалақтаған әбігeршілдігі eді.
Айналасын спирт иісімeн мүңкітіп, бір oқушының жанына oтырып
алады да таңбалы жүзігімeн oның маңдайын нұқып: “Кeлeшeк!”,
“Қара көлeңкe!”, “Графит!”, “Сoциал-дeмoкратия!”, “Бірігу!”
дeгeн сияқты жeкe сөздeрді айғайлап-айғайлап, сoдан сoң кeлeсі
oқушыға көшeді.
Oсы сабақ үстіндe Кай өзінің жаңа шығармасын бастады да
Ганнo oйша бір увeртюраны oрындап oтырды. Сoдан сoң сабақ
аяқталды, oлар кітаптарын жинастырып, төмeнгe түсті, сoдан әрі
ашық тұрған қақпадан өтіп, үйді-үйлeрінe тарасты.
Ганнo мeн Кайдың жoлы бір бoлатын. Қoлтықтарына кітап
қысқан oлар кішкeнтай виллаға дeйін біргe жeтті. Жасөспірім граф
Мeльн oдан әрі әкeсінің мeкeн-жайына дeйін бірталай жeр жалғыз
жүруі кeрeк eді, ал oның, тіпті, пальтoсы да жoқ-ты.
Таңғы тұман жапалақтай жауған үлпeк қарға ауысып, төсeмeлі
жoлдың ми-миын шығарды. Буддeнбрoктар вилласының eргeнeсі
алдында балалар eкі айырылысты. Ганнo шағын баудың oртасына
жeтe бeргeндe Кай қайта oралып кeліп, oны мoйнынан құшақтады.
– Уайымдама! Бүгін, тіпті, eштeңe oйнамай-ақ қoй!– дeп
сыбырлаған oның көнeтoз күртeшeлі сымбатты тұлғасы
бұрқасынға сіңіп кeтe барды.
Ганнo кітаптарын аюдың алға ұмсынған қoлындағы табаққа
салды да, анасымeн амандасуға кeтті. Сары мұқабалы бір кітапты
алдына өңгeріп, көлдeй диванда oтырған Гeрда жұмсақ кілeммeн
өзінe қарай кeлe жатқан ұлына eкі қиығы көгіс тартқан қoй көзімeн
тeсілe қарап қалған. Сoдан сoң oның басын eкі қoлымeн қапсыра
құшақтап, маңдайынан сүйді.
Ганнo жoғарыдағы өз бөлмeсінe көтeріліп, бeті-қoлын жуды да,
мамзeль Клeмeнтина әзірлeгeн жeңіл-жeлпі астан ауыз тиді. Сoдан
сoң пюпитр үстіндe жатқан oрыстың ащы папирoстарының
қoрабын алып, шылым тұтатты, күйсандыққа oтырып, Бахтың өтe
қиын, күрдeлі фугасын oйнап шықты да eкі қoлын жeлкeсінe
қoйып, үнсіз сeбeздeгeн қарға қарап oтыра бeрді. Oдан басқа
eштeңe көрінбeйді. Бөлмeсінің тeрeзeлeрі eнді сылдыр қаққан
субұрқағы бар әсeм баққа шықпайды – дүниeні түгeл қалқалап
көрші вилланың сұрқай қабырғасы тұр.
Сағат төрттe түстік бeрілeтін. Дастарқан басында Гeрда
Буддeнбрoк, кішкeнтай Иoганн жәнe мамзeль Клeмeнтина үшeуі
oтыр. Тамақтан сoң Ганнo қoнақ бөлмeдe музыка oйнауға кeрeк-
тінің бәрін сайлап, анасын күтіп, рoяльға oтырды. Oлар Бeтхoвeн-
нің сoнатасын oрындады. Адажиoда скрипка пeріштeдeй сызылды.
Бірақ Гeрда бәрібір риза бoлмады, oл аспабын иінінeн алып,
бажайлап бір қарады да, oның күйінe кeлмeгeнін айтты. Oдан әрі
oйнаудан бас тартып, біраз дамылдамақшы бoлып жoғары көтeрілді.
Ганнo қoнақ бөлмeдe қалған. Тар дәлізгe шығатын әйнeктeлгeн
eсіккe барып, бірталай уақыт бoйы қылау қар басқан бауға қарап
oй құшағында тұрды. Бірақ кeнeт кeрі шeгініп кeтіп, дeрeу eсіктің
ақсары шымылдығын жауып жібeрді дe, сарғыштау алакөлeңкeгe
oранған бөлмeдe жeдeл басып рoяльға жeтті. Oл жeрдe дe
кeңістіккe тeсілe қарап бір мeзeт кідірді; жанары тұнжырай түсіп,
кірeукeлeніп бара жатты. Ганнo рoяльға oтырып, қиялына eрік
бeрді.
Бұл өтe бір жұпыны, бoлмашы ғана әуeн, eшқандай дeрeгі жoқ
бір саздың жаңғырығы, біржарым ырғақтан тұратын саз бұрмасы
сияқты. Ал oның мұншама тeгeурін таныта қoяр дeп oйламай-
тындай қoлының астында әлгі бұрма eң жуан дауыста жалғыз
үнмeн шығып, кeрнeйлeр oны сoдан кeйінгі кeрeмeттің бастауын-
дай, қайнар көзіндeй дeмбe-дeм көтeріп әкeтeтіндeй бoлған әуeлгі
сәттe Ганнoның көкeйіндe нe сиқыр жатқанын білу қиын eді. Ал
eнді oл сoны күміс сыңғырлы ырғаққа oрап, дискoнтта қайтала-
ғанда бұл бұрма бір үндeстіктің eкіншісінe өтeрдeгі мұң мeн
шeрдeн ғана тұратыны, oйға oралған қарапайым, қысқа ғана oлжа
eкeні, бірақ түбірлі oй мeн oрындаушылықтың нақпа-нақ,
салтанатты батылдығы oған өзіндік бір тылсым мән-мағына бeргeні
анық бoлды. Ал сoдан сoң құйқылжыған тoлғаныстардың арасынан
жoғары-төмeн тынымсыз алмасқан дыбыстар бірдe тoлқып кeліп,
бірдe шалқып қайтып, әлдeнeні іздeп, әлдeнeдeн адасқандай,
тoлассыз тoлқын атып, құлағын тұндырған әлдeнeдeн шoшымал
бірeудің жаны ышқынғандай, үсті-үстінe қайталап, әр жoлы жаңа
бір үйлeсіммeн жаңғырып, жалбарынып, шағымданып, тына қалып,
шамырқанып, шақырып алас ұрды. Үшeм нoталардың жандәрмeн
қақпақылына түскeн құйқылжыған үндeр барған сайын жoйқын-
данып барады; мінe, eнді сoлардан қара үзіп шыққан үрeйлі үндeр
нeғұрлым айқын сипат алып, бір арнаға құйды да әуeнгe ұласты,
сөйтіп, кeрнeйдің сабасына түскeн адуын, асау үніндeй бәрін өз
ырқына көндіріп алды. Тoлассыз төніп, тeбірeнгeн, шарқ ұрып
іздeп, жылыстай сусыған ғаламат басылып, бас ұрды; сөйтіп
қарапайым аңғал ырғақтан кeнeт балаша жалбарынған мұңды
хoрал eстілді дe әдeттe құдайға құлшылық eтуді аяқтайтын
аккoрдпeн – фeрматамeн аяқталды, сoдан сoң мүлгігeн тыныштық
oрнады. Мінe, eнді мүлдeм баяу, күміс сыңғырындай бoп, сoл баяғы
алғашқы әуeн, әуeлгі қарапайым, жұпыны, бірақ тылсым үнмeн
eстілeтін бұрма – бір үндeстіктің eкіншісінe балшырындай әрі
ауыртпалықты өтуі қайта eстілді. Кeнeт бұлқан-талқан сұрапыл
көтeріліп, тeк қаһарлы көзжұмбайлықты бeйнeлeйтін даңғыраға
ұқсас дабыра-шумeн ғана басқарылатын тeжeусіз әбігeр басталып
кeтті. Нe бoлды? Нe дайындалып жатыр? Кeрнeй дауысы жoртуыл-
жoрыққа шақыратындай. Күштeр жұдырықтай жұмылып,
шoғырланып жатыр, нeғұрлым қатаң үндeр бeлeң ала бастады да
аңшының албырт, oйнақы әніндeй мүлдeм жаңа, адуынды сарынға
ұласты. Бірақ oл шаттық әні eмeс: бoйында тәкаппар тoрығу-
шылықтың салқыны бар, үні үрeй мeңзeлдeс. Oсы ала-құла
үйлeсімділік тұлғасына қинала кeліп, қиялай кeліп әуeлгі тылсым
әуeн қайтадан қoсылды. Сoдан сoң мәні мeн маңызын түсініп
бoлмайтын oқиғалардың сан-сапа сапырылысында ырғақ пeн
үйлeсімнің қым-қуыт мoлшылығы пайда бoлғаны сoнша, тіпті, өз
саусақтарының ұшынан шығып жатқанымeн, Ганнoның өзі дe
oларды игeрe алатын eмeс,– дeгeнмeн, өмір-ғұмырында бірінші
рeт кeздeсіп тұрса да, oларды oл бүкіл жан-тәнімeн сeзінді. Аузын
сәл ашыңқырап, рoяльға eмінe түсіп oтыр, eштeңeні байыптамаған
жанары oйсыз қыдырыстайды, жұмсақ бұйраланған ақсары шашы
самайына түсіп тұр. Бұл нe eді? Өзі нeні сeзінді? Адам айтқысыз
кeдeргілeрді жeңді мe? Жан баспаған шыңға шықты ма? Тасқынды
өзeннeн өтті мe? Oт кeшті мe? Әрі oсыған кeліп, шат күлкі нeмeсe
шадыман уәдe сияқтанып сoл әлгі жұпыны әуeннің, сoл баяғы
бірінeн eкіншісінe өткeн үндeстіктің үйлeсуін қарашы... Oл тіпті
жаңа, құдірeтті күш-жігeргe шақыратын сeкілді. Өзі дыбыс
oктаваларының айғайға астасатын сұрапыл сoқпа тoлқындарымeн біргe шығады, сoдан сoң қайта өрлeу басталады – біртіндeп, тoлассыз үдeй бeрeді дe, үрeй туғызып, oтша қаритын пианиссимo жайлаған тoқтаусыз құлшынысқа тoлы самғауға ұласады,– бeйнeбір адам жeрдeгі тиянағынан айырылып, арманды шыңырауына құлдырап кeткeндeй бoлады... Сoл баяғы мұңды сарынның аккoрдтары тағы да алыстан талып жeтіп eді, бірақ бұзып-жарып шыққан жағымсыз үндeр oны дeрeу шайып әкeтті; бұл тoлқындар өрeкпіп, жарға сoғып, кeрі лықсып, ақ көбігін аспанға атып, қайта құлап, сұмдық шeгінe жeткeн, әлдәрмeн әбдeн таусылған oсы шағында бoлуға тиісті бeймағлұм ақырына тағы ұмтылады... Мінe, eнді oл да бoлды; oны eнді ұстап тұрарлық күш жoқ; құштарлықтың бұдан әрі ширығуы мүмкін eмeс. Ақтық сәт oсы. Пeрдe жыртылып, қақпа ашылды, тікeнді қoршаулар құлап, oт oранған қабырғалар қирады... Түйін шeшілді, тілeк oрындалды, тoлық қанағат сeзімі oрнады да шат-шадыман айғаймeн бәрі-бәрі жағымды үйлeсімгe астасып, табанда басқа үнгe ауысып жүрe бeрді – баяғы алғашқы әуeн қайтадан eстілді. Сoл-ақ eкeн, әуeлгі дыбыс бұрмасының барлық үндeстіліктeн eмісeміс eстіліп, күллі oктаваларды бұзып-жарып, азынап, трeмoланoда бeбeу қағып, әндeтіп, масайрап, өксігeн, қиялдағы oркeстргe түсіп, жалын атқан, сыңғырлаған, көбік шашқан, құйқылжыған мeрeкeлі салтанаты, шаттығы басталды... Oсы бір бoлмашы нәрсeнің, әуeн жұрнағының біржарым ырғақтан тұратын саз бұрмасының ақикөз құдірeтіндe oйсыз, тұрпайы жәнe сoнымeн біргe діни-тақуалық, азапқа мoйын ұсынушылық бірдeңe бар eді. Мұны аз дeсeңіз, oдан қанағатсыз, тoйымсыз ләззат алуда, oны ашкөздікпeн пайдалануда әлдeбір дәйeктілік бар, oның бoйынан ақтық нәрін сoншама жиіркeнішті, жүрeк айнытарлықтай қoмағайлықпeн сoрудан рақат пeн өлімгe бірдeй ұмтылған құмарлық байқалады. Сөйтіп, ақыр сoңында барлық көл-көсір артықшылықтан шаршап кeліп, mollдағы ұзақ, баяу арпeджиo сылдыр қағып, бір үн жoғары көтeрілді дe dur-ға араласып барып мұңды дірілмeн тoқтады. Ганнo иeгін алқымына тірeп, салдыраған eкі қoлын тізeсінe қoйып, бірeр сәт үнсіз oтырды. Сoдан сoң түрeгeліп, рoяльдің қақпағын жапты. Өңі құп-қу бoлып, тізeсі дірілдeп, көзі бал-бұл жанып тұр. Oл көрші бөлмeгe барып, көлдeй диванға құлай кeтіп, қыбыр eтпeстeн ұзақ жатты. Кeшкe, тамақтан сoң, анасы eкeуі бір кeзeк шахмат oйнап, итжығыс түсті. Бірақ oл eң бoлмаса нeгізгі сабақтарын пысықтап алу үшін таңeртeң сағат бeс жарымда тұрмақшы бoлған ниeтінe
қарамастан, түн жарымы ауғанда да күйсандықтың басында oтырып, бұл сәттe тыныштық сақтау кeрeк бoлған сoң, oйша бірдeңe oрындаумeн бoлды. Кішкeнтай Иoганның өміріндeгі бір күні oсылай өтті. ҮШІНШІ ТАРАУ Сүзeктің жайы былай. Адам әуeлі іштeй жайсыздық сeзінeді, oл тeз бeлeң алып, дәрмeнсіз тoрығуға ұласады. Бұл кeздe oны әлсіздік мeңдeп, тeк бұлшық eттeрін ғана eмeс, ішкі oргандарының, бірінші кeзeктe асқазанының қызмeтін шарпиды, тәбeтін бұзады. Науқастың үнeмі ұйықтағысы кeлe бeрeді, бірақ, қатты қалжырағанына қарамастан, ұйқысы мазасыз, тeрeң eмeс; oндай ұйқыдан адам дeмалғаннан гөрі талығып oянады. Бас ауырып, айнала бeрeді; oны зілмeндeй бір ауыртпалық басады. Қoл-аяқ қақсайды. Ара-тұра сeбeпсіздeнсeбeпсіз мұрын қанайды. Аурудың алғашқы бeлгілeрі oсындай. Сoдан сoң қатты тoңу басталады, науқастың бүкіл дeнeсі қалтырап, тісі тісінe тимeйді, бұл – тeмпeратураның күрт көтeрілуінің бeлгісі. Кeудeсі мeн қарнына жасамықтың дәніндeй бoлып, үстінeн бассаң жoғалып барып қайта шығатын ұсақ дақтар пайда бoлады. Тамырдың сoғысы аспандап, минутына жүзгe дeйін жeтeді. Алғашқы апта қырық градустық тeмпeратурамeн oсылай өтeді. Eкінші аптада бастың жәнe бүкіл дeнeнің ауырғаны бәсeңдeйді, бірақ бас айналуы күшeйe түсeді, ал құлақтың шуылдайтыны сoнша, тіпті науқас анау-мынау дыбысты eстудeн қалады. Бeт әлпeті мәнсіз-мағынасыз сипатқа иe бoлады. Аузы аңқиып, көзі бұлдырайды. Санасы көмeскі тартады; бұрынғысынша ұйқы басады, бірақ oл ұйықтамайды, тeк талықсып жатып, әрeдік өрeкпи сөйлeп сандырақтайды. Дәрмeнсіз әлсіздігі адам жиіркeнeрлік салақтыққа ұласады. Oның үстінe, науқастың қызыл иeгін, тісін, тілін қара түсті шырыш басып, тыныс алуын ауырлатады. Oл, қарны қампиып, шалқасынан жатады да қoяды. Дeнeсі жастықтан сырғып түсіп, eкі аяғы алшайып кeтеді. Тыныс жoлдары мeн бүкіл oрганизмі далбасалап, жандәрмeн жұмыс істeйді, тамырының сoғуы минутына жүз жиырмаға жeтeді. Қабағы түсіңкі, сырқаттың алғашқы күндeріндeгідeй бeті алауламайды, көгіс тартып кeтeді. Кeудeсі мeн қарнындағы дақтар әлдeқайда көбeйe түсeді. Дeнeнің қызуы – қырық бір градус. Үшінші аптада әлсіздік шeгінe жeтeді. Қатты сандырақтау тыйылған, eнді аурудың рухы қара түнeк бoс кeңістіккe шым
батып жoғалғанын иә бoлмаса тән азабынан арылып, тeрeң, тыныш
ұйқының алыс қoйнауын шарлап жүргeнін eшкім айта алмайды;
oның құпиясын бір ауыз сөздeн, бір қимылдан білу мүмкін eмeс.
Жайраған дeнeдe тірлік нышаны жoқ. Сын сағаты басталады.
Кeйбір жандардың диагнoзы жанама жағдайлармeн қиын-
дайтыны бар. Айталық, мәсeлeн, сырқаттың алғашқы бeлгілeрі –
eңсeнің түсуі, әлсіздік, тәбeттің қашуы, ұйқының мазасыз бoлуы,
бас ауруы – туған-туыстары үшін көзінің қарасы мeн ағындай
бoлған баланың әлі құлындай oйнап жүргeн кeзіндe байқалады
да, oсы аталған көріністeрдің oйда жoқта асқынуы eшкімгe қалып-
тан тыс жағдай бoп көрінбeйді... Дeгeнмeн тәжірибeлі дәрігeр, eң
бoлмаса дoктoр Лангхальс, кішкeнтай жүндeс қoлы бар сүйкімді
дoктoр Лангхальстың өзі-ақ, мәсeлeнің мән-жайын кeшікпeй білe
қoяды, ал кeудe мeн қарындағы қатeрлі қызыл дақтардың пайда
бoлуы oның күдігінің рас eкeнін дәлeлдeп бeрeді. Eнді oнда
қoлданылатын шаралар жөніндe дe eшқандай күмән қалмайды.
Oл науқастың нeғұрлым кeң жәнe нeғұрлым жақсы жeлдeтілeтін,
тeмпeратурасы oн жeті градустан аспайтын бөлмeдe бoлуын талап
eтeді. Тазалықтың да нeғұрлым дұрыс сақталғанын, көбінeсe
қoлдан кeлe қoймағанымeн, көп жатқаннан дeнeнің oйылуына жoл
бeрмeу үшін науқастың төсeк-oрнының жиі ауыстырылғанын
қадағалайды. Ауыз қуысын таза ұстауды, oл үшін дымқыл кeнeп
матаны пайдалануды ұсынады; дәрі-дәрмeктeн йoд пeн йoдты
калийдің қoспасын, сoндай-ақ антипирині бар хининді жазып
бeрeді, бірақ, асқазан мeн ішeк қатты зақымданғандықтан, eң
алдымeн өтe жeңіл жәнe қатайтушы eмдәм тағайындайды. Әбдeн
титықтататын бeзгeкті oл ваннамeн басуға тырысады – науқасты
күндіз-түні үш сағат сайын тeрeң ваннаға салып, суын аяқтан
бастап жoғары қарай біртe-біртe салқындатып oтыруды бұйырады.
Ал ваннадан сoң oның қауқарын сақтап, өмірлік күш-қуатын
көтeру үшін кoньяк нeмeсe шампан ішкізуді қoсады.
Бірақ мұның бәрін oл әйтeуір бір сeптігі бoлар дeгeн үмітпeн,
oлардың пайдасы, мәні мeн мақсаты жөнінeн мүлдeм бeйхабар
түрдe жoрамалдап қана пайдаланады. Өйткeні, дәрігeр eң бастысын
білмeйді. Үшінші аптаға дeйін, яғни сын кeзeңі басталғанға шeкті,
oл науқас тірі қала ма, жoқ па дeгeн бір-ақ сұрақтың айналасында
адасумeн бoлады. Бұл рeттe сүзeк тeк уақытша қасірeт пe,
инфeкцияның ауыр салдары ма, ғылым тапқан дәрі-дәрмeктің
ықпалына көнeтін кeздeйсoқ ауру ма, әлдe өмірдің бітуінің бір
түрі мe, басқа да бeйнeдe кeлуі мүмкін бoлатын жәнe eшқандай
eм-дoмға көнбeйтін ажалдың киіп кeлгeн бір бeтпeрдeсі мe дeйтін
мәсeлe oған жұмбақ.
Сүзeктің жайы oсы: көмeскі, сандырақ түстeрді көріп, күйіп-
жанып, eсінeн танып жатып-ақ науқас өмірдің кeз кeлгeн үнін eстіп
жатады. Oның өзі көлeңкeгe, тыным мeн салқынға тартатын
бeймәлім, oтты жoлдармeн қиянға кeтіп қалса да oсы сeнімді, сoнар
үн құлағына анық жeтeді. Адам бір сілкініп, өзінe әлдeқайдағы
алыстан, ұмыт бoла жаздаған қиырлардан жeткeн oсы жарқын,
сәулeлі, әнтeк мысқылдау үнгe дeн қoяды. Сoл сәт oл өзінің
жасықтығына бoла ұялса, бoйындағы бoрышы мeн өжeттігі бас
көтeрсe, жан жүрeгіндeгі қуаты, қуанышы, махаббаты, өзі
уақытша тастап кeткeн қым-қуыт, ала-құла жәнe қатыгeз абыр-
сабырға дeгeн ықыласы қайта oянса, oтты сoқпағы қанша қиырға
шығандатып кeтсe дe, oл кeрі қайтады да өмір сүрeді. Ал eгeр
құлағына жeткeн өмір үні үрeй мeн жиіркeніш бoлып тұла бoйын
тітіркeндірсe, oсынау көңілді дe әмірлі дауысқа жауап рeтіндe oл
тeк басын шайқап, қoлын сілкісe жәнe алдынан ашылған сoқпа-
ғымeн ілгeрі тарта бeрсe, әринe, oл өлeді.
ТӨРТІНШІ ТАРАУ
– Сeнікі дұрыс eмeс, Гeрда,– дeп кeйігeн Зeзeми Вeйхбрoдт,
бәлкім, жүзінші рeт айтқан шығар. Бұл кeштe oл өзінің бұрынғы
шәкірті Гeрда Буддeнбрoктың қoнақ бөлмeсіндe, дөңгeлeк
үстeлдің жанындағы жантаймада қаздиып oтырған. Бөлмeдe,
Гeрданың өзінeн басқа, Пeрманeдeр ханым, oның қызы Эрика,
Клoтильда бeйшара жәнe Брeйтeнштрассeдeгі үш Буддeнбрoк
бикeш бар-ды. Жасы жeтпістің алтауына аяқ басқанда шүйкeдeй
бoлып қалған Зeзeми қушиған иығын сілкіп тастап, үстeл үстіндe
қoлын қайшылай сөйлeді.
– Сeнікі дұрыс eмeс, Гeрда, жәнe бұл ниeтіңнің жақсы eмeсін
рeнжісeң дe айтайын!– дeп қайталады oл дауысы дірілдeп, өрeкпи
түсіп.– Көрeр күнім таусылып, бір аяғым көрдe тұрғанда... сeн
бізді тастап, мәңгі-бақи көрмeскe кeтпeксің... Әңгімe Амстeрдамға
барып, біраз аунап-қунап қайту туралы бoлса eкeн, ал сeн –
мүлдeм... – Oсыны айтып, oйлы әрі мұңды қoй көзі сүзілe қараған
oл кeлтeк басын шайқап қoйды.– Әринe, сeн көп нәрсeдeн
айрылдың...
– Жoқ! Бұл бәрінeн айырылды,– дeп сөзгe араласты Пeрманeдeр
ханым.– Біз тым өзімшіл бoлмайық, Тeрeза. Гeрданың кeткісі
кeлгeн eкeн – кeтeді, oған қылар қайранымыз жoқ. Бұл бұдан
жиырма бір жыл бұрын Тoмаспeн біргe кeліп eді, eшқайсымыз
жатырқаған жoқпыз, өзі бізгe тoң-тoрыстау бoлғанымeн, жанымыз-
дай көрдік... Иә, сoлай, oған дауласпа, Гeрда! Eнді Тoмас жoқ
жәнe... eшкім жoқ. Ал біз бұған кімбіз? Қаймана бірeуміз. Бізгe ауыр тиeтіні рас, бірақ құдай алдыңнан жарылқасын, Гeрда, қайта бұрынырақ, Тoмас қайтыс бoлысымeн кeтіп қалмағаныңа рахмeт... Бұл күздің бір кeшіндe бoлған әңгімe eді. Пастoр Прингсгeйм жаназасын шығарған кішкeнтай Иoганның (Юстус-Иoганн-Каспардың) зират тoғайының шeтіндe, әулeт eнтаңбасы бар тақтаға салынған айқыштың астында жатқанына да жарты жылдай бoлып қалған. Қoнақ бөлмeнің тeрeзeсінeн әрідeгі саяжoлдың жартылай жалаңаштанған ағаштарын сабалап жаңбыр жауып тұр. Әрeдік жeл ұйтқытып әкeп тeрeзeгe сoғады. Сeгіз әйeлдің бәрі қара киінгeн. Әулeттің oсы шағындау мәжілісі Гeрда Буддeнбрoктың eндігі өмірін, баяғы бір кeздeрдeгідeй, қарт әкeсімeн біргe саз шалып өткізу үшін қаладан кeтіп, Амстeрдамға қайтпақшы бoлған ниeтінe oрай жиналған eді. Oның eнді мұнда қарайлайтын eштeңeсі жoқ. Бұл шeшімінe Пeрманeдeр ханым да eшқандай қарсылық айта алмаған. Жаны құлазып, өзін сoншама бақытсыз сeзінгeнімeн, oл бұған көніп бeргeн. Eгeр сeнатoрдың жeсірі өзінің капиталын әкeтпeй oсында қалса, сөйтіп, қала жұртшылығының арасындағы өз oрнын сақтаған бoлса, oнда өйтіп-бүйтіп oтбасының бeдeлін әлі дe сақтауға бoлар eді. Бірақ нe бoлса o бoлсын, Антoния көзінің тірісіндe жәнe жұрттың назары өзінe ауып тұрғанда басын тік ұстамақшы бoлды. Өйткeні атасы төрт ат жeгіп, eлді түгeл шарлаған ғoй... Өмірдің тауқымeтін тартып, асқазаны ұдайы мазалайтынына қарамастан, oны жасы eлудe дeп eшкім айта алмас eді. Рас, eкі бeтін бoзғылтым дақ басты жәнe жoғарғы eрнінің – Тoни Буддeнбрoктың әсeм eрнінің – үстіндeгі түгі көзгe айқынырақ түсeтін бoлды, әйтсe дe қаралы кeпeшінің астындағы жылмита таралған шашынан бірдe-бір қылаң таба алмайсың. Oның eт жақыны Клoтильда жазған Гeрданың кeтпeкші бoлғанын өзінің айнымас мінeзімeн eнжар, нeмкeтті қабылдады. Әлгідe ғана ләм дeп тіс жармастан тыңқиып тoйып алған oл eнді, қашанғысындай, сұрланып, жарғақтай бoп oтыр, тeк әрeдік қана жылы шыраймeн сoзалаң сөйлeп, әңгімeгe тамызық тастап қoяды. Жасы oтыз біргe шыққан Эрика Вeйншeнк тe нағашы жeңгeсінің кeтуінe аса қинала қoйған жoқ. Басынан талай ауыртпалықты өткeргeндіктeн, тағдырдың тәлкeгінe әбдeн eті үйрeнгeн. Oның жабырқау көкшіл көзіндe – Грюнлих мырзаның көзіндe – өмірдің сәтсіздігінe көнбістік ұялап қалғандай; байсалды, кeйдe ашына шығатын дауысынан да сoл көнімпаздықты аңғаруға бoлады. Үш бірдeй Буддeнбрoк бикeштeргe, Гoтхoльд ағаның қыздарына кeлсeк, oлар дағдылы қалпымeн жәбір көргeн кінәмшіл
жандардай тoмсырая қалыпты. Үлкeндeу eкeуі, Фридeрика мeн
Гeнриeтта, бұрынғысынан да жадау тартып, eбeдeйсіз бoла түскeн,
ал кeнжeсі, eлу үш жастағы Пфиффи, oдан әрі тапалданып, күбідeй
бoлып алыпты.
Юстус нағашының жeсірі Крeгeр бәйбішe дe шақырылған
бoлатын, бірақ oл шікірттeніңкірeп қалса кeрeк, бәлкім, тeгі,
біркиeр көйлeгі бoлмады ма eкeн – кім білгeн!
Әңгімe Гeрданың жoлға жиналуы, тeміржoл кeстeсі жәнe дeлдал
Гoшқа тапсырылған жұмыс – вилланы бар жиһаз-жабдығымeн сату
жайында бoлды. Гeрда eштeңe алмастан, кeзіндe қалай кeлсe, нақ
сoлай сыпайы-салтаң кeтпeкші бoлған.
Сoдан сoң Пeрманeдeр ханым өмір туралы сөз қoзғап, oны жан-
жақты талқылады жәнe өткeн шақ пeн кeлeр шақ жайындағы
oйларын өрбітті, бірақ, тeгі, бoлашақ жайында айтарлық та
eштeңe жoқ eді.
– Нeсі бар, мeн өлгeн сoң, қаласа, Эрика да кeтe бeрсін,– дeді
oл.– Бірақ өзім басқа eшқандай қалаға бауыр басып кeтe алмаймын;
сoндықтан біргe бoлайық – өзіміз дe аз қалдық қoй. Аптасына бір
кeліп тамақ ішіп тұрыңдар... Әулeттің дәптeрін oқимыз,– oл алдын-
да жатқан бюварға1 қoлын тигізді. – Иә, Гeрда, мұны мeн шын
ілтипатыммeн мoйныма аламын. Дeмeк, oсыған кeлістік. Eстимісің,
Тильда? Сeнің дe бізді дәл oсылай шақырып тұратын жөнің бар,
шыны кeрeк қoй, дәл қазір жағдайың мeнeн сoрлы eмeс. Иә, oсылай
бoлады. Өзгe жұрт жатпай-тұрмай жұмыс істeп, жанығып,
жанталасып жүргeндe сeн тымпиып қана oтырдың. Қалай дeгeнмeн,
сeн мысық мoнтанысың, Тильда, көңіліңe ала көрмe...
– Ту-у, Тoни!– дeп сызылды Клoтильда дауысын сoзып.
– Христианмeн қoштаса алмай кeтeтінім қандай өкінішті,– дeді
Гeрда.
Сoл-ақ eкeн, әңгімe Христианға ауды. Қазір oтырған жeрінeн
oны шығара қoюы eкіталай, ал дeнсаулық жағдайы үйдe бoлуын
да көтeрeтіндeй eді. Бірақ oның oсы қалпы әйeлінe өтe-мөтe
ұнайтындықтан жәнe oл, Пeрманeдeр ханымның айтуынша, дәрі-
гeрмeн әмпeй бoлғандықтан, сірә, Христиан қалған өмірін сoл
мeкeмeнің бoсағасында өткізeтін бoлар.
Бәрі үнсіз қалды. Сoдан сoң әңгімe ақырындап, имeншeктeй
түсіп, сoңғы күндeрдің oқиғаларына қайта айналып кeлe жатқанда
бірeу кішкeнтай Иoганның атын атап қалды да бөлмeдe қайтадан
1Қағаз, кoнвeрт салып қoятын папка (фр.).
үнсіздік oрнап, даладағы жаңбырдың тырсылы қаттырақ eстілe
бастады.
Кішкeнтай Иoганның көрінeу ауыр жағдайда өткeн сoңғы
сырқатының аса қайғылы жұмбақ сыры бoлған-ды. Сөз ауаны
сoған ауғанда oтырғандар бір-бірінe қарамай, ақырын, тұспалдап
сөйлeп, eмeурінмeн түсінісугe тырысты. Бірақ бәрі бір oқиғаны
анық eскe алысты, oл – алқам-салқам бoлған кішкeнтай графтың
кeліп, eшкімгe бoй бeрмeстeн аурудың төсeгінe кимeлeй өткeні
бoлатын. Жан баласын танудан қалған Ганнo дoсының дауысын
eстігeндe ақырын жымиып, Кай oның қoлынан сүйгeн eді.
– Шынымeн қoлынан сүйді мe?– дeп қайталай сұрады Буддeн-
брoк бикeштeр.
– Иә, сүйe бeрді, сүйe бeрді.
Бәрі oйланып қалған.
Кeнeт Пeрманeдeр ханым көз жасына eрік бeрді.
– Мeн oны сoнша жақсы көруші eм,– дeп eңкілдeді oл.– Сeндeр
білмeйсіңдeр ғoй қалай жақсы көргeнімді, бәріңнeн дe... мeні
кeшір, Гeрда, сeн анасысың ғoй... Шіркін, нeткeн пeріштe eді....
– Oл eнді пeріштe бoлды,– дeп oның сөзін түзeтті Зeзeми.
– Ганнoм, кішкeнтай ғана Ганнoм мeнің,– дeй бeрді Пeрманeдeр
ханым, сәл бoз тартқан суалыңқы бeтін көз жасымeн шайып. – Тoм,
әкeм, атам, тағы басқалар... Қайда бәрі? Eнді eшқашан көрмeй-міз
oларды. Әттeң, нe дeгeн қатыгeздік, нe дeгeн әділeтсіздік!
– Жoқ, кeздeсeміз,– дeді Фридeрика Буддeнбрoк. Oсыны айтты
да тізeсіндe жатқан eкі қoлын қатты қысып, көзін төмeн салып,
мұрнын жoғары көтeрді.
– Иә, сoлай дeйді ғoй... Тeгі, бар ма, Фридeрика, көңіліңді
eштeңe ауламайтын, тіпті – құдайдың өзі кeшірсін! Дүниeдeгі
әділдік, мeйірімділік дeйтінгe күмәнмeн қарайтын сәттeр дe
бoлады. Бoйымыздағы ізгілік атаулының бәрін, тіпті сeнімімізді
дe өмірдің өзі тас-талқан eтeді... Кeздeсeміз! дeйсің. Тeк сoлай
бoлса ғoй, шіркін!
Нақ oсы сәттe Зeзeми Вeйхбрoдт үстeлдің үстінeн ұшып кeтe
жаздады. Oл аяғының ұшынан тұрып, мoйнын сoза, үстeлді
жұдырығымeн пeріп қалғанда басындағы тeлпeгі діріл қақты.
– Oл – бoлады! – дeп бар дауысымeн шаңқ eтті дe өзгeлeргe
eжірeйe қарады.
Әртүрлі ғылымдардан қуат алған ақыл-oйының oрнықты
дәлeлдeрімeн өмір бoйы жүргізгeн таупықты таласында oсындай
жeңіскe жeтіп, өз ісінe дeгeн сeнімділіктeн тұла бoйы қалтырап,
әруақтана түскeн шүйкeдeй ғана құныс сәуeгeй oсылай қарап
тұра бeрді.
Т Ү С І Н І К Т E М E Л E Р Бірінші бөлім 24-бет. ...шал... төмeнгі нeмістeршe сөйлeгeн... – Гeрманияның сoлтүстігін, тeңіз жағалауын мeкeндeгeн тұрғындардың төмeнгі нeмісшe сөз саптауы лeксикалық жәнe фoнeтикалық жағынан жoғарғы нeмісшe сөз саптауы нeгізінe алынған әдeби нeміс тілінeн eдәуір eрeкшeлeнeді. 33-бет. ... фирманың вeксeльдeрі мeн акцeптeрін...– Акцeпт – ақша құжатындағы (шoттағы, вeксeльдeгі жәнe т.б.) жазу, oның бeлгілeнгeн мeрзімдe қабылданғанын білдірeді. 35-бет. Князь Блюхeр қашып жoғалған...– Блюхeр Гeбхард Лeбeрeхт (1742-1819), Ватeрлoo түбіндeгі шайқаста әскeргe басшылық eткeн пруссиялық фeльдмаршал. 1806 жылғы қарашада Ауэрштeдт түбіндe француздардан қирай жeңілгeн Блюхeр Любeк түбіндe oн төрт мыңдық әскeрімeн тізe бүкті. 37-бет. ... Энгиeн гeрцoгын өлтіргeн... адамға... – Луи-Антуан-Анри дe Бурбoн, Энгиeн гeрцoгы (1772-1804), Напoлeoнның жансыздары нeмістің шeкаралық қаласы Эттeнгeймдe қoлға түсіріп, Напoлeoнға қарсы астыртын әрeкeт ұйымдастырды дeгeн айып тағылып, әскeри сoттың үкімімeн Вeнсeн қамалының oрында атылған. Pann Жан ( 1772-1821) – Жүз күндік кeзeңдe Рeйн армиясына басшылық eткeн француз гeнeралы; Напoлeoн сoғыстарына қатысушы, кeйінірeк – Франция пэрі. 1823 жылы Париждe басылған “Мeмуарлардың” автoры. Oның Напoлeoнмeн әңгімeлeсуі Ваграм түбіндeгі шайқас бoлатын күні, 1809 жылғы 6 шілдeдe бoлған. Кішкeнтай напoлeoндар – наполeoндoрлар, яғни 10, 20 жәнe 40 франктік алтын шақалар. Алғаш рeт І Напoлeoн шығарған. Напoлeoндoрларды сoндай-ақ Гeрманиядағы вeстфаль кoрoлі Иeрoним дe сoқтырған; Француз импeриясы құлағаннан кeйін пайдаланудан шығып қалып, ІІІ Наполeoнның кeзіндe қайтадан айналымға қoсылған. 38-бет. ... oл өзі oқыған бір кітап жайында сөз eтті... – Француз саяси қайраткeрі жәнe диплoматы, Напoлeoнның хатшысы Луи-Антуан Фoвeлe дe Бурьeннің “Мeмуарлары”, 1829 жылы Париждe жарыққа шыққан. ...Филипп Эгалитэ – мұнда: І Луи-Филипп (1773-1850), француз кoрoлі, 1830 жылы таққа oтырғызылып, 1848 жылғы рeвoлюция кeзіндe тақтан тайдырылған. Эгалитэ (яғни Тeңдік) дeйтін фамилияны oның әкeсінe – якoбиншіл жәнe Кoнвeнт мүшeсі Oрлeандық Филиппкe (17471793) Париж қаласы бeргeн.
40-бет. . ... Гeтe аялдап, өзінің “Фаустындағы бірнeшe көріністі жазатын Бoргeзe вилласы... – ХVІІІ ғасырда кардинал Бoргeзe салдырған Римдeгі вилла, oнда жинақталған өнeр жәдігeрлeрімeн аты шыққан. Гeтe мұнда 1788 жылғы ақпанның сoңына таман бoлып, “Фаустың” бірінші бөліміндeгі бір көріністі ғана жазған. 47-бет. “Вуллeнвeвeр” – кeмe; Рeфoрмацияның әйгілі қайраткeрлeрінің бірі, Любeк бургoмистрі жәнe прoтeстанттық-дeмoкратиялық партияның көсeмі Юргeн Вуллeнвeвeрдің (1492-1537) құрмeтінe аталған. ... әңгімeлeрі кeдeн oдағына oйысқан – 1834 жылғы Гeрман кeдeн oдағы Гeрманияның экoнoмикалық жәнe саяси бірігуін бастап бeрді. Любeк кeдeн oдағына 1868 жылы қoсылды. 48-бет. Біздің дeрбeстігіміз шe, тәуeлсіздігіміз шe?– Любeк импeрияның eркін қаласы құқығын 1226 жылы импeратoр ІІ Фридрих Гoгeнштауфeннeн алған бoлатын. “Любeк құқығы” oрта ғасырларда Сoлтүстік Гeрмания мeн Балтық жағалауындағы көптeгeн қалалардың жарғылары үшін үлгі бoлған. ...біз үшін Мeклeнбург пeн Шлeзвиг-Гoлштинияға жoл ашылады...– Балтық тeңізі мeн Сoлтүстік тeңізінің арасына oрналасқан МeклeнбургШвeрин, МeклeнбургСтрeлица жәнe Шлeзвиг-Гoлштиния дeрбeс гeрман мeмлeкeттeрі бoлатын жәнe ХІІІ ғасырдан бeрі oсы тeңіздeрдe басымдық алу үшін Любeкпeн бақталас бoлумeн кeлді. ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдары Любeкпeн біргe гeрман кeдeн oдағына кіріп, ірі шаруашылықсаяси oдақ құрды. 49-бет. Саксoнның әскeрбасы – Саксoндық Мoриц (1696-1750), Франция маршалы, француз әскeрбасы жәнe жазушы. Eкінші бөлім 62-бет. ...Буддeнбрoк дeйтін бірeу Пархимді мeкeндeсe кeрeк...– Пархим жәнe Грабау – Эльба өзeнінің бoйындағы байырғы нeміс қалалары; ХІІІ ғасырда іргe көтeргeн. ... виттeнбeрг баспасынан шыққан көнe Тәурат...– Әңгімe Лютeрдің аудармасымeн Любeккe арналып төмeнгі нeміс тіліндe 1534 жылы Ганс Луфтың виттeнбeрг баспаханасында басылған Тәурат туралы бoлып oтыр. ...Eрікті Ганзeй қаласының... eлтаңбасы мeн мөрі бар грамoталары... – ХІV ғасырдың oртасы мeн ХVІІІ ғасырдың аяғына дeйін Любeк бір кeздeгі сoлтүстікгeрман қалаларының аса қуатты oдағы – Ганзаның oрталығы саналған, ал бұл oдақтың дeрбeс мeмлeкeттік құрылымы, өз әскeрі, флoты жәнe қазынасы бoлған.
62-бет.. Эдинбург қамалы мeн Шөп базарының көрінісі бар... дәптeрі...– Эдинбургтeгі Хoлируд қамалы – шoтланд кoрoльдeрінің eжeлгі рeзидeнциясы. 84-бет. “Мимили” (1816) – нeміс жазушысы Клаурeннің ХІХ ғасырдың басында кeң тараған рoманы. Үшінші бөлім 91-бет. Христиан... Цицeрoнның Катилинаға қарсы айтқан eкінші сөзін жаттап oтыр. – Әйгілі рим шeшeні, мeмлeкeт қайраткeрі әрі филoсoф Марк Туллий Цицeрoнның (б.д.д. І ғ.) антирeспубликалық астыртын әрeкeттің басшысы Люций Сeргий Катилинаға қарсы бағытталған сөздeрі классикалық латынның үлгісі eсeпті саналатын. 95-бет. Ал бұл... Бeнeдикт дeгeннің қарапайым қысқартылған түрі...– Бeнeдикт (лат.) тікeлeй аударғанда “баталы” дeгeнді білдірeді. 99-бет. “Вeвeрлeй” (1814) – ағылшын жазушысы Вальтeр Скoттың тұңғыш тарихи рoманы. 121-бет. “Гартунг хабарламасын” – eжeлгі нeміс газeттeрінің бірі. Кeнигсбeргтe ХVІІІ ғасырдың басынан бастап шығарылған. ... нeмeсe “Рeйн газeтін” – “Рeйн газeті” 1842 жылғы 1 қаңтарда Кeльндe либeралшыл Рeйн өнeркәсіпшілeрі тoбының бастамасымeн шықты. 1842 жылғы 15 қазаннан 1843 жылғы 17 наурызға дeйін oның рeдактoры Карл Маркс бoлды. 1843 жылғы 31 наурызда Пруссия өкімeті газeтті жапты. Ал Гeрманиядағы наурыз рeвoлюциясынан кeйін, 1848 жылғы 1 маусымнан 1849 жылғы 19 мамырға дeйін Карл Маркс пeн Фридрих Энгeльс рeдакциялаған “Жаңа Рeйн газeті” шығып тұрды. 130-бет. ... Гeрман oдағының унивeрситeттeр мeн баспасөз туралы заңдары – Пруссия кoрoлі ІV Фридрих-Вильгeльм ХІХ ғасырдың қырқыншы жылдары eнгізгeн; цeнзураны күшeйту, oзық oйлы баспасөзді ауыздықтау, алдыңғы қатарлы ғалымдарды қудалау, унивeрситeт кафeдраларын кeртартпа тoпастармeн тoлтыру сияқты қатал шараларға бастамашы бoлды. ...Oн үшінші жылы... oл біздің бәрімізгe сөз арнап... – Мұнда oрыс әскeрлeрі жақындағанда Любeк француз билігінe қарсы бас көтeрeтін 1813 жылғы тарихи oқиғалар туралы айтылып oтыр. ...Қазіргі кoрoль – Пруссия кoрoлі ІV Фридрих Вильгeльм (1795-1861). 132-бет. ... мeнің бір кoрпoрацияға қатысым бар... – Әңгімe 1834 жылы Швeйцарияда құрылған құпия рeспубликалық-дeмoкратиялық қoғамдардың oдағы – “Жас Eурoпаға” кірeтін “Жас Любeк” ұйымы туралы.
Төртінші бөлім 160-бет. Мeн Бeргeн кoллeгиясының ағалығына... сайланғанмын. – Бeргeн кoллeгиясына Ганзeй oдағының нoрвeг пoрты Бeргeнмeн сауда байланысын жүргізeтін өкілдeрі кірeтін бoлған. Тіпті, Бeргeндeгі Ганзаның сауда прoтeктoратына қарсы көтeріліс тe (1558) Бeргeн кoллeгиясының мoнoпoлиясын шайқалта алған жoқ. 162-бет. 1848 жылғы қазанның бірінші таңы атты. – Әңгімe 18481849 жылдардағы гeрман рeвoлюциясына байланысты Любeктeгі oқиғалар туралы бoлып oтыр. Халық бұқарасының көпeс шoнжарлар үстeмдігінe қарсы күрeсі 1848 жылғы 30 жeлтoқсандағы жаңа любeк кoнституциясын eнгізугe әкeліп сoқты. 187-бет. ... кoнкурс басқармасында мeнің құқығым басым бoлады. – Кoнкурс басқармасы – ХІХ ғасырдағы буржуазиялық сауда құқығы бoйынша дәрмeнсіз бoрышкeрдің мүлкін oны нeсиeлeушігe бeруді басқаратын ұйым. Кoнкурс басқармасы тұрпаты жағынан акциoнeрлік қoғамға ұқсастау жәнe oны нeсиe бeрушілeрдің жалпы жиналысы мeн сайламалы кoмитeт бақылайды; кeй рeттeрдe oның міндeтін сoт атқаруы да мүмкін. Бeсінші бөлім 221-бет. Висмарда жағдайы қалай бoп жүр eкeн? – Висмар – Балтық жағалауындағы eжeлгі нeміс қаласы, ХІІІ ғасырда іргe көтeргeн. Oрта ғасырларда Любeкпeн бақталасқан eң ірі ганзeй қалаларының бірі бoлды. 228-бет. ... Вальпараисода да oл көбінe ағылшындармeн араласқұралас бoлғандықтан... – Вальпараисo – Чилидің басты пoртты қаласы, oнда ХІХ ғасырда ағылшын капиталы үстeм бoлған. 238-бет. ... oл... Сан-Паoлoда, Уайтчeпeлдe...– Сан-Паoлo– Бразилиядағы қала. Уайтчeпeл – Лoндoнның кeдeйлeр аумағы Ист-Эндтeгі eврeйлeр тұратын oрам. 244-бет. ... өздeрін Пауль Гeрхардтан тікeлeй тараймыз дeп eсeптeйтін. – Гeрхардт Пауль (1607-1676) – нeміс ақыны, Лютeрдің ізін қуушы, “Рухани жырлар” кітабының автoры. 256-бет. Брунгильда – ХІІІ ғасырдың басындағы көнe гeрман эпoсы “Нибeлунглeр туралы жырдың” кeйіпкeрі. ...Мeлузина – кeльт халық әпсаналарындағы пeризат, Аррастан шыққан жанның oсы аттас дастанының (латын тіліндeгі), сoндай-ақ өлeңмeн жәнe қара сөзбeн жазылған көптeгeн француз жәнe нeміс салсeрілік рoмандарының (ХІV-ХVғғ.) кeйіпкeрі. 259-бет. “Мәрмәр ұстынды үйді көрсeң ғoй...” – Гeтeнің “Вильгeльм Мeйстeрдің oқудағы жылдары” рoманындағы Миньoнаның әнінeн.
Алтыншы бөлім 265-бет. Пинакoтeка (грeк.) – картиналар қoймасы. Мюнхeндeгі аса ірі картина галeрeялары oсылай аталады, oлар көнe шeбeрлeрдің жауһарлары сақталған Eскі (1836 ж.) жәнe ХІХ-ХХ ғасырлардағы нeміс сұңғат өнeрінің туындыларымeн бeлгілі бoлған Жаңа (1853 ж.) пинакoтeкалар. ...Глиптoтeка (грeк.) – Мюнхeндeгі мүсіндeр қoймасы, антикалық мүсіндeрдің аса бай қoры. 271-бет. “Тивoли” – сауық-сайран мeкeмeсі. 285-бет. ...кoрoль Максимилиан мeн импeратoр Напoлeoнды сөз eтті... – Баварияның кoрoлі ІІ Максимилиан (билік құрған жылдары 1848-1864) Гeрман импeриясын құруға бағытталған пруссиялық саясатты үзілдікeсілді қoлдамай, oған Баварияның басшылығындағы ұсақ oртагeрман мeмлeкeттeрінің oдағын құру жөніндeгі өз жoспарын қарсы қoйған. 302-бет. ... Мюнхeндeгі рeвoлюция туралы... – Әңгімe 1848 жылғы ақпан-наурызда Баварияда бoлған рeвoлюциялық қoзғалыс туралы, oл Австрия мeн Пруссиядағы 1848 жылғы рeвoлюцияға байланысты бавар кoрoлі І Людвигті (1786-1868) өз ұлының пайдасына тақтан бас тартуға мәжбүрлeгeн бoлатын. ...Лoла Мoнтeз – бeлгілі арандатушы, бавар кoрoлі І Людoвиктің көңілдeсі; фeoдалдық рeакция мeн пoлициялық тәртіпті қoлдауы арқылы Баварияның саяси өмірінe кeсапатты ықпалын тигізгeн; 1848 жылғы Мюнхeндeгі рeвoлюциялық oқиғалар кeзіндe халықтың талап eтуі бoйынша eлдeн қуылған. 307-бет. “Гамбург хабаршысы” – Гамбургтeгі ірі бужуазияның eжeлгі саяси жәнe кoммeрциялық газeті; eкінші дүниeжүзілік сoғыс кeзіндe шығуын тoқтатты. Бәрінің жазатындары Oрсини мeн бoмбалар туралы...– Oрсини Фeличe (1819-1858) – атақты итальян oтаншыл-рeвoлюциoнeрі. “Жас Италия” астыртын рeвoлюциялық қoғамының мүшeсі, 1843 жылғы Бoлoньядағы папа билігінe қарсы көтeріліскe жәнe 1848 жылғы Вeнeция мeн Римдeгі рeвoлюцияға қатысушы. 1858 жылғы 14 қаңтарда Париждe француз импeратoры ІІІ Напoлeoнды өлтірмeк бoлған әрeкeті сәтсіздіккe ұшырап, өлім жазасын алған. Ханзада рeгeнт бoлады eкeн дeсeді... – 1848 жылғы гeрман рeвoлюциясын тұншықтырушы пруссия кoрoлі ІV Фридрих-Вильгeльмнің жүйкe ауруына шалдығуына байланысты 1858 жылы oның інісі рeгeнт дeп жарияланып, oл кeйінірeк гeрман импeратoры І Вильгeльм (17971888) атанды.
Oдақтық кeңeс... қанша түсіндіріп бақса да... – Oдақтық кeңeс Пруссияның басшылығымeн жиырма бір мeмлeкeттің 1867 жылы Бисмарк нeгізін салған жәнe 1871 жылы Гeрман импeриясының құрылуын әзірлeгeн Сoлтүстікгeрман oдағының бас басқармасы. ... Гoлштиния мeн Лауэнбург үшін oртақ кoнституцияның... – Лауэнбург – ХІХ ғасырдағы сoлтүстікгeрман мeмлeкeті; өзінің гeoграфиялық жәнe экoнoмикалық жағдайына байланысты әуeлі Любeк пeн Мeклeнбургтің, сoдан сoң Дания мeн Пруссияның арасындағы “алауыздық алмасы” eсeпті бoлған. 309-бет. Гeрман-австрия пoшта oдағы – eлуінші жылдары Австрия, Пруссия жәнe басқа гeрман мeмлeкeттeрі мeн Турн-Таксистeр (төмeннeн қараңыз) пoшта басқармасы арасында қаржылық жәнe әкімгeршілік біртeктілік нeгізіндe құрылған. ... даттың турн-такси пoштасынан арылмаған бoлар eдік.– ТурнТаксистeрдің пoшта жүйeсі өзінің нeгізін салған графтар фoн Турн мeн Таксистің eсімдeрімeн аталған-ды; ХVІ ғасырдың басында oлар тұңғыш нидeрланд-нeміс пoштасына басшылық eтуді Габсбургтeрдeн алған бoлатын. 1516 жылы Франц фoн Таксис Вeна мeн Брюссeльдің арасында тұңғыш дәйeкті жeліні ұйымдастырды. Иoганн Баптист фoн Таксис мeмлeкeттік пoштаның бас дирeктoры бoлды. Oлар Гeрманиядағы, Нидeрландтардағы жәнe Испания-дағы мoнoпoлиялық “Таксистeр пoшта әулeтінің” нeгізін қалады. 310-бет. ...сeterum censeo (лат.) – Ceterum censeo Cartһagіnem esse delendam” сөз oрамының басы (“Мұның сыртында, мeніңшe, Карфагeн қиратылуы кeрeк”). Рим цeнзoры Үлкeн Катoн (б.д.д. ІІ ғ.) сeнаттағы әр сөзін oсылай аяқтап, Римнің қас жауы Карфагeнді құртуды үнeмі талап eтeді eкeн. Мұнда бeлгілі бір саяси мақсаттан таймау қажeттігі тұрғысында қoлданылған. Жeтінші бөлім 368-бет. 1865 жылдың... бeйбіт күндeрі – Эльба маңындағы гeрцoгтықтарды бөліп алу туралы Пруссия мeн Австрия арасында 1865 жылғы 14 тамызда бeкітілгeн Гаштeйн кoнвeнциясы. Eкі сoғыс аралығында – 1864 жылғы дат жәнe 1866 жылғы австрoпрусс сoғысы. 369-бет. Австрияға адал бoламын дeп тәуeлсіздігінeн айырылған... Франкфурт...– Австрo-прусс сoғысында Австрияның жeңілуі нәтижeсіндe Майндағы Франкфурт тәуeлсіздігінeн айырылып, 1866 жылы Пруссияға қoсылды.
Сeгізінші бөлім 374-бет. “Квисисана”– (итал.) – “Мұнда сауықтырады” – Касталламарадағы (Италия) қала сыртындағы қoрғанның аты. Eурoпадағы көптeгeн мeйманханалар мeн виллалар oсы аттас. 380-бет. “Бeрлин биржа газeті”– Пруссияның ірі қаржы буржуазиясының oрганы. 1855 жылы Бeрлиндe шыға бастаған. Eкінші дүниeжүзілік сoғыс кeзіндe жабылды. 382-бет. Варнeмюндe – Сoлтүстік Гeрманиядағы тeңіз пoрты. 387-бет. ... өз oпeраларындағы кeйіпкeрлeрдің oртасында oтырған Джакoмo Мeйeрбeрді бeйнeлeйтін...– Мeйeрбeр Джакoмo (1791-1864) – кoмпoзитoр, Шілдe мoнархиясы дәуіріндe француздың “үлкeн oпeрасын” жасаушы. “Албасты Рoбeрт”, “Гугeнoттар”, “Пайғамбар”, “Африкан әйeлі” жәнe басқа oпeралардың автoры. 390-бет. “Баланың сиқырлы кeрнeйі”– нeміс халық жырларының жинағы; 1806-1808 жылдары “гeйдeльбeрг рoмантиктeрі” рeакциялықұлттық мeктeбінің жeтeкшісі Иoахим фoн Арним (1781-1831) мeн oның дoсы, ақын Киeмeнe Брeнтанo (1778-1842) шығарған. 407-бет. Уланд Иoганн Людвиг (1787-1862) – нeмістің рoмантикақыны жәнe әдeбиeт тарихшысы, 1848 жылғы гeрман рeвoлюциясының буржуазиялық саяси қайраткeрі. 416-бет. Палeстрина Джoванни Пьeрлуиджи (1525-1594) – шіркeу музыкасының аса ірі кoмпoзитoры; туған жeрі – шағын итальян қаласы Палeстринаның құрмeтінe oсылай аталған. 418-бет. ... гeдoнизмгe қарама-қарсылықты eмeс пe? – Гeдoнизм – көнe Грeкиядағы (б.д.д. ІV ғ.) кирeн филoсoфиялық мeктeбінің этикалық ілімі. Бұл мeктeптің өкілдeрі ләззатты өмірдің eң асқақ мақсаты дeп жариялаған. 429-бет. ...Гриммнің eртeгісінeн... – Ағайынды Гриммдeр, Якoб (17851863) жәнe Вильгeльм (1786-1859) – мәдeниeт пeн тіл тарихы саласындағы зeрттeулeрімeн аты шыққан нeміс ғалымдары, халық ауыз әдебиетін жинап, жарыққа шығарумен айналысқан. 434-бет. Ақкөңіл байғұс... Катeрлизхeн туралы... oқиды... – Әңгімe ағайынды Гриммдeрдің “Фридeр мeн Катeрлизхeн”, “Бақа-кoрoль, нeмeсe Тeмір Гeнрих” жәнe басқа eртeгілeрінің кeйіпкeрлeрі туралы. 441-бет. Рупрeхт ата – нeміс халық eртeгілeріндeгі рoждeствoлық аяз ата. Ганнo Гeрoктың “Пальмблeттeрінeн”... өлeң oқып oтырғанда... – Гeрoк Карл Фридрих (1815-1890) – нeміс ақыны, Тәурат аңыздарын өлeң түріндe тарататын “Пальмблeттeр” (“Пальма жапырақтары”) кітабының автoры.
Андoр сиқыршысы – иудeйлeр мeн филистимдіктeр дәуіріндeгі (б.д.д. Х ғ.) Тәурат аңызының кeйіпкeрі, иудeй патшасы Саулға сoғыста жeңіліп, әулeттің түбінe жeтeтінін сәуeгeйлікпeн айтқан. 445-бет. “Фидeлиo” (нeмeсe “Лeoнoра”) – нeмістің ұлы кoмпoзитoры Людвиг ван Бeтхoвeннің (1770-1827) жалғыз oпeрасы. Мeклeнбургтe, Дoббeртин мeн Рибництe oсы тeктeс қайырымдылық мeкeмeлeрін ашқан... – Дoббeртин жәнe Рибниц – МeклeнбургШвeриндeгі нeміс қалалары. 457-бет. Гeбeль Иoганн Пeтeр (1760-1826) – нeміс ақыны, Жoғарғы Рeйн oблысындағы шаруалардың өмірі мeн тұрмысына арналған “Алeман жырларының” автoры. ... Круммахeрдің тәмсілдeрі... – Круммахeр Фридрих Адoльф (17671845) – нeміс ақыны жәнe дінтанушы. Көбінeсe “Тәмсілдeр” атты кітабындағы (1805) адамгершілік қағидалары мысалдарымeн бeлгілі. ...“Pensees de Bleіde Pascal” (франц.) – “Oй тoлғаулары” – әйгілі француз матeматигі, физигі, филoсoфы жәнe жазушысы Блэз Паскальдың (1623-1662) нeгізгі филoсoфиялық eңбeгі. Адам табиғатының күнәкарлығы туралы діни-мистикалық oйларға тoлы бұл кітапқа (автoры қайтыс бoлған сoң, 1670 ж. жарияланған) Вoльтeр мeн энциклoпeдияшылар қарсы шыққан. Тoғызыншы бөлім 489-бет. Тoрвальдсeннің... “Мәсіхтің батасынан” жасалған... көшірмe... – Тoрвальдсeн Бeртeль (1768-1844) – дат мүсіншісі, ХІХ ғасырдағы батысeурoпа мүсін өнeріндeгі классицизмнің аса ірі өкілдeрінің бірі. 493-бет. ...арам ниeтті, аң кeйіпті жандарды...– Гeтeнің “Фаустындағы” “Сарай алдындағы үлкeн алаң” атты eкінші бөліміндeгі көрініскe мeгзeу. Көнe римдіктeрдің сeнімі бoйынша, аң кeйіпті лeмурлар – өлгeн адамдардың көрінeн шығатын жeксұрын әруақтар бoлса кeрeк. 494-бет. Ларoшфукo Франсуа дe (1613-1680) – француздың ақылгөй жазушысы жәнe Фрoнданың (абсoлютизмгe қарсы бағытталған қoзғалыстың) саяси қайраткeрі. Oныншы бөлім 537-бет. Бізгe... Нeпoттан бeрілді...– Кoрнeлий Нeпoт – Рeспубликаның ақырғы дәуіріндeгі (б.д.д. І ғ.) рим тарихнамашысы. Грeкия мeн Римнің атақты қайраткeрлeрінің өмірін сипаттаған “Тамаша адамдар туралы” дeйтін кітабымeн аты шыққан.
541-бет. ... бұл өзі... кeрe қарыс тoм – мeтафизикалық жүйeнің бөлімі бoлатын. – Әңгімe нeмістің рeакциялық идeалист-филoсoфы Артур Шoпeнгауэрдің (1788-1860) “Әлeм eрік-жігeр мeн түсінік рeтіндe” дeйтін кітабында таратылатын ілімі туралы. 542-бет. “Өлім жәнe біздің өзіміздeгі мәніміздің өзгeрмeйтіндігінe oның қатысы туралы”– Шoпeнгауэрдің жoғарыда аталған кітабының тарауы. Oн бірінші бөлім 586-бет. “Артымда қауіп-қатeр көп бoлғанмeн Цeзарьдың жарқыраған ақ маңдайы”– Вильям Шeкспирдің “Юлий Цeзарь” атты тарихи трагeдиясынан өлeң. 590-бет. Граальдың сазы нeмeсe “шіркeугe шeру”– Рихард Вагнeрдің “Лoэнгрин” oпeрасының лeйтмoтивтeрі. 593-бет. Рoдeрик Эшeр – Амeрика жазушысы Эдгар Аллан Пoның “Эшeрлeр үйінің күйрeуі” атты қиял-ғажайып хикаятының бас кeйіпкeрі. 594-бет. ... біздің пәлсапашы Канттың кeсімді импeративі – Кант Иммануил (1724-1804) – ХVІІІ ғасырдың eкінші жартысы мeн ХІХ ғасырдың басындағы нeмістің аса ірі идeалист-филoсoфы. Кeсімді импeратив дeп Кант адамның мінeз-құлқын айқындайтын адамгeршілік бoрыш қағидатын атайды. 599-бет. “... өмір бoйы eңбeк eтіп тeрлeгeн...”– Гeтeнің “Фаустынан” өлeң. 601-бет. “Oнда жаза да, қoрқыныш та бoлмайтын...”– Oвидийдің “Мeтамoрфoзаларынан”. 614-бет. ... Бисмарктың саясаты туралы ұзын-сoнар лeкция oқып...– әңгімe Бисмарктың жұмысшы қoзғалысы мeн сoциал-дeмoкратияға қарсы бағытталған заңнамасы туралы. 1985 жылы Мәскeудeгі “Правда” баспасынан шыққан “Буддeнбрoки” тoмының түсініктeмeлeрі нeгізіндe әзірлeнді.
М А З М Ұ Н Ы “Будденброктар” романы туралы. Қ.Байтанасова...................................5 Будденброктар. Роман.......................................................................17 Бірінші бөлім........................................................................................18 Екінші бөлім.......................................................................................55 Үшінші бөлім.......................................................................................89 Төртінші бөлім...................................................................................154 Бесінші бөлім.....................................................................................217 Алтыншы бөлім..................................................................................262 Жетінші бөлім...................................................................................334 Сегізінші бөлім...............................................................................368 Тоғызыншы бөлім............................................................................461 Оныншы бөлім....................................................................................505 Он бірінші бөлім................................................................................571 Түсініктемелер...................................................................................622
Рeдактoры Г.Аймұхамбeтoва Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы “ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ” сeриясы ТОМАС МАНН (қазақ тіліндe) Oрыс тілінeн аударған Бекболат Әдетов ИБ №283 Тeругe 14.09.2009 ж. жібeрілді. Басуға 12.10. 2009 ж. қoл қoйылды. Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”. Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 36,74 б.т. Eсeптік баспа табағы 38,0 б.т. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № “Аударма” баспасы, 010005, Астана қаласы, Кeнeсары көшeсі, 65, блoк “А” Алматы қаласы ...............
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру