TELEGEI

Home

Әдебиет теориясы: Антология. 4-том

Джули Ривкин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әдебиет теориясы: Антология. 4-том

Бұл оқулықта ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазірге дейінгі әдебиет теориясының қалыптасуы, даму бағдары және оған ықпал еткен факторлар туралы жан-жақты түсінік беретін америкалық және еуропалық ғалымдардың эсселері топтастырылған. Олардың еңбектері бүгінгі қоғамдық, гуманитарлық және жара...

ӘОЖ 821.0

КБЖ 83.3

Ә22

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының редакциялық алқасы:

Редакциялық алқаның төрағасы –
Тәжин М.М.
Төрағаның орынбасары –
Сағадиев Е.К.

Жауапты хатшы –
кенжеханұлы р.
Алтаев ж.А.
Алшанов р.А.

Жаманбалаева ш.Е.
Жолдасбеков м.Ж.
Қасқабасов с.А.
Қарин е.Т.

Құрманбайұлы ш.
Масалимова ә.Р.
Мұтанов ғ.М.
Нұрышева г.Ж.

Нысанбаев ә.Н.
Өмірзақов с.Ы.
Саңғылбаев о.С.
Сыдықов е.Б.

Кітапты баспаға әзірлеген: Ұлттық аударма бюросы
Аудармашы –
Шәріп А.
Жалпы редакциясын басқарған –

Шәріп А., ф.ғ.д., профессор
Әдеби редакторлар –
Шәріп А.
Жауапты шығарушы –

Шәріп А.
Пікір жазғандар –
Ысқақ Д., ф.ғ.д., профессор;
Аймұхамбет Ж., ф.ғ.д., профессор

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасында талқыланып, мақұлданды.

Thіs thіrd edіtіon fіrst publіshed 2017
© 2017 John Wіley & Sons, Ltd.

Edіtіon hіstory: Blackwell Publіshіng LTD (1e, 1998): Blackwell Publіshіng (2e, 1998) The rіght of Julіe Rіvkіn and Mіchael Ryan to be іdentіfіed as the authors of the edіtorіal materіal іn thіs work has been asserted іn accordance wіth the UK Copyrіght, Desіgns and Patents Act 1988 Thіs translatіon іs publіshed by arrangement wіth John Wіley & Sons, Ltd. © 2017 by «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры («Natіonal Bureau of Translatіons» Publіc Foundatіon). All rіghts reserved.

Cover іmage: Barbara Kruger: Untіtled (No Radіo), photograph 51»х68», 1988. Collectіon Don/Dorіs Fіsher, San Francіsco, courtesy Mary Boone Gallery, New York Ә22 Әдебиет теориясы: Антология. 4-том /Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 452 бет.

ІSBN 978-601-7943-53-0

ІSBN 978-601-7943-57-8

Бұл оқулықта ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазірге дейінгі әдебиет теориясының қалыптасуы, даму бағдары және оған ықпал еткен факторлар туралы жан-жақты түсінік беретін америкалық және еуропалық ғалымдардың эсселері топтастырылған. Олардың еңбектері бүгінгі қоғамдық, гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің арасындағы байланысты сан алуан қырынан қарастырып, аффект теориясы (С.Томкинс, И.Седжуик, Л.Берлант, Б.Массуми, С.Ахмед), нарративті эмпатия теориясы (С.Кин), когнитивті метафора теориясы (Дж.Лейкофф, М.Джонсон), когнитивті поэтика (Р.Цур, М.Тернер, Э.Сполски, Э.Харт), эволюциялық әдебиет теориясы (Дж.Кэрролл, Б.Бойд, Н.Истерлин, Дж.Готтшолл), репрезентативті емес теория (Н.Трифт), әрекетшіл желі теориясы (Б.Латур), киберфеминизм мен «жаңа материализм» теориясы (Д.Харауэй, Дж.Агамбен) жөнінде кеңінен сөз етеді. Антологияға енген мақалалар жиынтығы көркем әдебиеттің мазмұны мен құрылымын, жанрлық сипатын, көркем шығармаларды аудиторияның қабылдау ерекшеліктерін қайтадан пайымдауға, билік пен идеология табиғатын, этносаралық қарым-қатынастарды, халықаралық байланыс саласындағы жаңа тұжырымдарды, әлемдегі постотарлық ахуалды тыңнан зерделеуге жол ашады. Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

ӘОЖ 821.0

КБЖ 83.3

ІSBN 978-601-7943-53-0

ІSBN 978-601-7943-57-8

© 2017 John Wіley & Sons, Ltd.
© «Ұлттық аударма бюросы» ққ, 2019

...Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелестікке қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады...

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінен
Мазмұны

Алғы сөз
Теорияның қыcқаша тарихы
БІРІНШІ БӨЛІМ. Таным. Эмоция. Эволюция. Ғылым
БІРІНШІ ТАРАУ. Кіріспе. Тұрпаты жаңа тұжырымдар. Джули Ривкин, Майкл Райан

ЕКІНШІ ТАРАУ. Нақты әдебиет: жанрға когнитивті-постструктуралистік көзқарас. Элизабет Харт

ҮШІНШІ ТАРАУ. Нарративті эмпатия. Сюзанн Кин
ТӨРТІНШІ ТАРАУ. Аффектілі экономика. Сара Ахмед
БЕСІНШІ ТАРАУ. Адам табиғаты және әдеби мазмұн. Джозеф Кэрролл
АЛТЫНШЫ ТАРАУ. Әдеби ми: нейробиология, сын және теория. Патрик Колм Хоган

ЖЕТІНШІ ТАРАУ. Цифрлық-гуманитарлық ғылымдар: зерттеу тәжірибесін теорияға айналдыру. Тед Ундервуд

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ. Голливуд планетасы. Франко Моретти ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ. Тәжірибе жүзіндегі теория. Мен пайымдаған байланыс: «Король Лир» және оны қайта тану. Дональд К.Фриман ОНЫНШЫ ТАРАУ. Тәжірибе жүзіндегі теория. Сыпырылған тері: Манроның «Тағылар» әңгімесіндегі таксидермия мен педофилия. Кэрри Доусон

ЕКІНШІ БӨЛІМ. Жануарлар. Адамдар. Орындар. Заттар БІРІНШІ ТАРАУ. Кіріспе. Адам тіршілігі теориясының мәселелері. Джули Ривкин мен Майкл Райан ЕКІНШІ ТАРАУ. Репрезентативті емес теория: біз білмейтін өмір. Найджел Трифт

ҮШІНШІ ТАРАУ. Күрделілік. Джон Урри
ТӨРТІНШІ ТАРАУ. Әрекетшіл желі теориясы: бірқатар түсініктеме. Бруно Латур

БЕСІНШІ ТАРАУ. Жануарларға бетбұрыс, әдеби зерттеулер және академия. Дженнифер МакДонелл

АЛТЫНШЫ ТАРАУ. Адам дәрменсіздігінің эстетикасы. Тобин Сиберс
ЖЕТІНШІ ТАРАУ. Экокритицизм. Пиппа Марлэнд

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ. Қоректік заттар: Луис Кэрроллдың Алиса туралы кітаптарындағы тағам, жануарлар мен өзге тіршілік түрлері. Майкл Пэрриш Ли ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ. Тәжірибе жүзіндегі теория. Корольдің күзгі маусымы: «Король Лир» трагедиясындағы жер бейнесі. Джейн Элизабет Арчер, Ричард Маргграф Терли, Ховард Томас ОНЫНШЫ ТАРАУ. Тәжірибе жүзіндегі теория. Елизабет Бишоптың «Қызыл ит» туындысы. Ким Фортуни

ГЛОССАРИЙ

Алғы сөз Бұл кітапты жазу идеясы дәрісханадан басталғанын іштей болжап отырған боларсыздар. Біз қазіргі әдебиет теориясы курсын соңғы жиырма жыл бойы оқытып келеміз. Осы уақыт аралығында жинақтаған ортақ тәжірибеміздің нәтижесінде курсымызға қазіргі бар антологиялардың ешқайсысы құрылымдық тұрғыдан сәйкес келмейтініне көз жеткіздік. Жүйесіз құрастырылған үзінділерді шынайы антологияға айналдыру, бір жағынан, оқыту әдістемеміздің табиғи түрде жетілуімен байланысты болса, екінші жағынан, жүйелеу мен ғылыми тұрғыдағы негіздеу нәтижесіне жүргізген күрделі зерттеу жұмыстарының ықпалы зор болды. Бұл кітаптың тұсауы дәрісханада кесілгенімен, алдағы уақытта қолданылу өрісі өзінің кең шалқарын табатынына, біздің оқыту әдістеріміз мүлде бөлек курстар мен үлкен аудиториялардың да қажетіне жарайтынына шүбә келтірмейміз. Іріктеп алынған тақырыптар кез келген курстың мазмұнын толықтырып, оларды ғылыми тұрғыдан байытуға арналған. Аталмыш еңбектің көлемді болуы осы уақытқа дейін жинақталған тәжірибеміздің қомақты қорытындысы деп білеміз. Біз әдебиет теориясының антологиясы тек «Жаңа критицизмнен кейінгі» (After the New Crіtіcіsіm) кезеңді сипаттайтын теориялық пайымдаулар мен тәсілдердің жиынтығын ғана емес, қазіргі әдебиет теориясы деп қабылдап отырған кезеңді түгел қамтуы керек деген ойды басшылыққа алдық. Осы шешімнің нәтижесінде структурализм, постструктурализм, постотарлық, психоанализ сияқты аса ауқымды мәселелер аталмыш антологияның құндылығын арттырып, теориялық мәселелерді жан-жақты қамтыған оқулық ретінде түрлі курстарда тиімді қолданылатынына сенімдіміз. Антология америкалық және орыс формализмінен басталады. Оның құрылымы жартылай хронологиялық әрі жартылай эвристикалық сипатта берілген. Біз теорияға кіріспес бұрын студенттердің теориялық деңгейіне сүйене отыра, формализмді америкалық жаңа критицизм ұғымында қабылдаймыз. Аталмыш тақырып студенттерге әдеби талдаудың негізгі әдісі – «мұқият оқу» (close readіng) түрінде оқытылады һәм олар осы тәжірибе арқылы формалистермен жақын танысуға мүмкіндік алады. Бұл тәжірибенің Мольердің «Тоғышар ақсүйек» (Le Bourgeoіs Gentіlhomme) комедия-балетіндегі М.Журденнің бейнесі сияқты өзіндік бітімі бар. Жаңа критицизм тәжірибелерінің теориялық алғышарттарымен таныса отырып, оны тарихи негізде емес, теориялық тұрғыда орыс формализмінің өкілдерімен сабақтастыра қарастыру – «теорияның» тиімділігін арттырудың бірден-бір қолайлы тәсілі. Бұл басылымда барлық бөлімдерге айтарлықтай өзгерістер енгізілді: олардың аражігін қалай ажырату керек, қандай шартты белгілерді қолдану тиімді және кейбір жағдайда қалай таңдау жасау қажет дейтін мәселелер төңірегіндегі жұмыстарды теориялық тұрғыдан тиянақтау оңайға түскен жоқ. Себебі аталмыш мәселелерді негіздеп, жүйелеу жайы тәжірибелік бағдарға құрылған. Мысалы, Деконструкция (Deconstructіon) кезеңі 1970–1980 жылдары АҚШ-тың әдеби сын тарихында елеулі орын алғанына қарамастан, біз оның тарихи әрі интеллектуалдық түп-төркінін ескеріп, француз контексімен байланыстыруды жөн санадық. Осыған байланысты, сіз Дерриданы Делөз бен Гуаттариден, Бодриарды «постструктурализмнің» арасынан табасыз. Теорияның кейбір түрлерін жүйелеу барысында, мәселен, гендерлік тұрғыдан жіктеуге қатысты тиянақты жауап табу оңай болған жоқ. Әрқайсысы өзіндік классикалық мәтіндерін қалыптастырып үлгерген кез келген теориялық жобаға жеке бөлім арнауға болар еді. Дегенмен осындай үдеріске қатысу – антологияның басты мақсаттарының бірі, сондықтан біз дәстүрден тыс әрі жаңа теорияларды да кеңінен қамтуды жөн көрдік. Сол себептен, кейбір бөлімдеріміздің атауы бірден ұғынықты болмауы, тіпті құлаққа тосаң естілуі мүмкін. Аталған мәтіндерді антологияға енгізу арқылы, оны мүмкіндігінше, қазіргі заманға лайықтап, өзіміз сүйенген ережелерге қатысты пайымдарымызды барынша тиянақтап, жүйелеуге баса мән бердік. Осылайша жүйелеу арқылы оқу дәрісханаларында қандай дүние қызықты әрі пайдалы болатынын байыптауға тырыстық. Жаңашылдықты басты мақсат ете отырып, осы кезге дейін антологияға енбеген шығармаларды молынан қамтып, мейлінше іріктеп, үзінді ретінде бердік. Біздің ұстанымымыз діттеген шығармалардың өзегіндегі негізгі ойды аңдатуға назар аударуымен ерекшеленеді. Осы мақсат жолында оқырман қажет деп санаған кейбір мәтіндерді құрбан еткен болсақ та, біздің таңдауымызға іліккен үзінділеріміз, қалай болғанда да, келешекте терең зерделеуге жол ашатын басты шығармалармен танысуға мүмкіндік туғызады деген үміттеміз. Мәтін құрылымына енген осындай оғаштау көрінетін қысқартулар үшін алдын ала кешірім сұраймыз. Мұқабадағы иллюстрация туралы бірер сөз. «No Radіo» белгісін Нью-Йорктегі көліктерден жиі көруге болады. Бұл белгінің мағынасы «көлікті қиратып әуре болмаңыз, ондағы радио әлдеқашан ұрланған немесе иесі шешіп алған» дегенді білдіреді. Wіley-Blackwell баспа үйінен кітаптың мұқабасындағы суретке осы тіркесті қоса жазуды өтіндік. Себебі тіркес астарындағы «теория» тұжырымына сәйкес, бұл жазуды көрген адам ұтымды «идеологиялық» ескертудің арқасында көлікті қирату ниетінен бас тартуы тиіс. Әрине, осыған ұқсас теорияларды жинақтап-насихаттап жүрген редактор ретінде «идеямыз» жүзеге асатынына іштей қобалжығанымызды жасырмаймыз. Себебі «теориялардың» барлығы тәжірибеде шүбәсіз жүзеге асып жатса, мұндай әрекетке бармас та едік. Шындығын айтсақ, біздің кітапқа енгізген кейбір теориялық толғамдар мұқабадағы аталған тіркеспен бірге қолданылған суреттегі, қолына әйелдің жүрегін алып, алаңсыз мұқият үңіліп тұрған ер адамға ұқсауы да мүмкін. Дегенмен бұл еңбектен ота үстеліндегі әйелдің ахуалына алаңдайтын, оның сауығып кетуіне жәрдемші болатын ойларды да табасыз деген пікірдеміз.

Теорияның қыcқаша тарихы Адамзат тарихы таңбаланған ең алғашқы жазба дерек – Перигё қаласы маңындағы (Франция) Ласко үңгірінің қабырғаларында кескінделген «Аңшылық» (The Hunt) деп аталатын сурет. Археолог Ричард Кляйннің пікірінше, үңгір еденінде қалған қол мен аяқ іздері бұл суреттерді баланың салғанын немесе оның балаларға арнап салынғанын көрсетеді. Сурет жай аңшылықты бедерлеп қана қоймайды. Ол осыдан 42 мың жыл бұрынғы адамның санасында үлкен серпіліс, өркендеу болғанын айғақтайды. Сол кезеңнен бастап, адамзат біздің қазіргі түсінігіміздегі «адамгершілік» ұғымын бойына біртіндеп сіңіре бастады деуге болады. Олар соқа сияқты қарапайым еңбек құралдарынан бастап, адамзат мәдениетінің жоғары деңгейін айқындайтын ақша өлшемін ойлап тапты. Мұның барлығы адамның дерексіз ойлау тұжырымдарын бейнелеуге және рухани әлемді сезінуге деген бейімділігін көрсетеді. Уақыт өте келе, олар аңшылықтан егіншілікке, одан кейін отырықшылық өмір салтына көшеді. Енді кішігірім тобыр түрінде жеке-жеке өмір сүруді доғарып, бірнеше топтың бірігуімен ұйымдасып, қауым болып қоныстана бастайды. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегідей қандас бауырларына күш көрсету, зорлық-зомбылық жасау әрекеті біртіндеп бәсеңдеп, адамдар, керісінше, өзара тату, бейбіт өмір сүруге дағдылана түседі. Мұндай жаңа өмір салтының пайда болуы «Аңшылық» жазбасында бейнеленген адам санасындағы өзгерістен көрінеді. Алғаш рет суреттерде бейнеленген адамның саналы түйсік қабілеті қоғамдық өмірдің пайда болуында аса маңызды мәнге ие болды. Санада бейнелей алу қабілеті сол кезеңдегі қоғамдық өмір сүру салтына қарсылық түріндегі ыза-кек, ашу үстіндегі әрекетті көрсетумен бірге, саваннада тірі қалудың амалы ретінде қауіптің алдын алу, қарсы күресу немесе бас сауғалау кезіндегі сезімдерді игеру қабілетіне де тікелей қатысты. Мұндай жаңа, танымдық мәні бар ишаралық, еліктеушілік қабілеттің өзге біреудің өмірін бағалауда, соның негізінде туыстық байланыс немесе жат қауымдастықтар туралы ақпарат алуда маңызы өте зор болды. Тарихты баяндау, көп жағдайда, қазіргі заманғы адам өмірінің пайда болуына ықпал еткен танымдық қабілеттермен тығыз сабақтастықта қалыптасқан. Біздің бір-бірімізбен көбірек тілдесуімізге үлкен қауымда бірігіп өмір сүруіміз себеп болған жоқ, керісінше, біз бір-бірімізбен тілдесу арқылы үлкен қауым құрдық. Тілдің қызметі қазіргі қоғам өмірінің пайда болуында айрықша рөл атқарғанын айтуымыз керек. Болған оқиғалар мен оларға қатысты әңгімелер бұрынғы адамдарға қоғамдық сипаттағы маңызы бар ақпаратты сақтап, оны кейінгілерге жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл жаңа адамзат қоғамының қалыптасуына тікелей әсер етті. Осындай ақпараттар жалғастығы арқылы қалыптасатын тарих – өткеннің сабақтары жазылатын және оны келесі ұрпаққа жеткізетін жәдігер. Кейбір этнологтер қысқа мерзімді есте сақтау қабілеті осыдан 42 мың жыл бұрын өмір сүрген адамның танымдық революциясындағы басты өзгерістерінің бірі болды деген пікірді қуаттайды. Адамның ерте кездегі әңгімелері бастапқыда есте қалған оқиғаларға, қарапайым деректерге құрылғаны дау тудырмайды. Уақыт өте келе, бұл құжаттық жазбалар көркем туындыларға, әңгімелерге айнала бастайды, өйткені бір кездерде өмір сүрген шынайы кейіпкерлер ұмытылып, ондағы тұлғалар әдеби көркем бейнемен алмасады (олардың кейбіреуі «қарға» немесе «тасбақа» түріндегі қоршаған ортадан, табиғаттан алынған бейнелер болуы да мүмкін). Естелік әңгімелердің ойда сақталған белгілі бір бөлігі оқиғаға негізделіп құрылса, толық айтылмаған бөлігі болашақты болжайтын баян да бола білді. Өмірдегі іс-әрекеттерді белгілі бір уақыт шегінде өткен шақ, осы шақ пен келер шақ тұрғысынан қарастыратын мұндай баяндау тәсілінен ертедегі адамдардың табиғат құбылыстарын күні бұрын болжай алғандығы, іс-әрекетін алдын ала жоспарлай білгендігі, яғни мақсатты, саналы түйсік қабілеті көрінеді. Олардың өмірі ендігі жерде қысқа мерзімді физикалық қажеттіліктерді қанағаттандырумен ғана шектелмеді. «Аңшылық» бейнеленуіндегі «Қорек табу үшін сапарға шығу» (The Trіp to Whole Foods) атты көрініс осындай тұжырымға алып келді. Оқиғаларды жүйелі баяндау күрделі әлеуметтік қоғам құруға, әртүрлі адамдардың бірыңғай мәдениетке бірігуіне, жалпыға ортақ ойлар мен идеяларды қалыптастыруға және мойындалған ортақ қағидалардың дамуына жол ашар еді. Әңгімелер көбінесе шектеулі ережелік сипатқа ие болды. Оларды баяндаудағы басты мақсат – жастарға бірлескен қоғамда өмір сүрудің тәртібін үйретіп, тіршілік тәжірибесіне баулу. Ауызекі әңгіменің қағазға түсірілген алғашқы үлгілерінің бірі – Гомердің эпосы. Ол бір қоғамда өмір сүріп жатқан адамдар арасындағы қонақжайлылық пен сыйластық сынды қарым-қатынас қағидаларынан тағылым береді. V ғасырдағы грек ағартушылық кезеңіндегі трагедиялар мазмұны жағынан қалыптасқан тәртіпке қайшы келетін тәрбиеге қарсылық білдіреді. Әдебиет теориясы баяндау түріндегі әңгімелердің нормативтік қызметі айтарлықтай маңызға ие болған кезде пайда болды. Теорияның негізін қалаушылардың бірі – Платон; ол – 2600 жыл бұрын Афинада өмір сүріп, Батыстағы тұңғыш жоғары оқу орны болған академияның негізін қалап, оқытушылықпен айналысқан ғұлама. Оның ойынша, әдебиет – жастарды жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуші құрал. Бұл өте маңызды қадам болды, өйткені адам танымы біртіндеп дами келе, өмір сүру ортасында қажеттілікті қалыптастырды және жаңа танымдық қабілеттерді дамытуға жол ашты. Мұндай жағдайға тек қалаларда ғана қол жеткізу мүмкін болды. Ол мектептерде, жазу түріндегі тәжірибеден көрініс тапты. Психологтер ақыл-ойдың алдыңғы қатарлы танымдық қабілеті, сондай-ақ ақылдың азаматтық қарым-қатынаста өмір сүруі оқыту мен модельдеуге тікелей байланысты екенін жақсы білді. Толық танымдық күштің пайда болуына, сонымен қатар дамуына қатысты эмоциялық қабілетке сыртқы әсер өте қажет. Адамдардың ойлау қабілетінің осылайша қалыптасуы, мектеп сынды оқу-тәрбие орындарының пайда болуы қалыпты жағдайға айналған кезеңге сәйкес келеді. Адамның танымдық қабілетіндегі даму үдерісі оларға адамзат басынан кешкен сол кезеңге дейінгі сана жетістіктерін сақтап қалу үшін, кітап жазу мен дайындау сияқты сыртқы құралдарды пайдалануға (бүгінде компьютерде қолданылатын қатты диск түрінде) мүмкіндік берді. Басқа да құралдар мен әдістерді ақыл-ойды жетілдіру, өткеннің жетістіктерімен танысу үшін қолдану үрдіске айналды. Адамзат өркениетін сақтауда бүгінгі күні өзіміз мәдени және әлеуметтік құрылым деп атап отырған тұжырымды қолдануға адамдардың қабілеті жеткілікті болып отыр. 42 мың жыл бұрын пайда бола бастаған абстракцияның жаңа танымдық күші білімді сезім әсерлері және абстрактілі идеялар деген топтарға бөліп тастады. Ол өз кезегінде жаңа танымдық ойларға жол ашты. Платон өз философиясын аталған топтардың өзара айырмашылығы негізінде зерделеді. Ол сезімдік әсерлерге қарағанда, санада дамитын абстрактілі идеялардың әлдеқайда нақты болатынын терең түсінді. Біздің қоршаған ортамызда айрықша жаратылған әдемі дүниелер аз болғанымен, санамыз идеалды, мінсіз сұлулықты елестетуге мол мүмкіндік береді. Платон сұлулық, шындық, әділдік сынды дерексіз категориялар таза, мінсіз формалар немесе идеялардың рухани әлемі іспеттес өмірдегі шынайы ұғымдар деген қате пікірде болды. Қазіргі кезде біз оның тек адам миының жаңа танымдық қабілеттерін, сезімнен тыс ұғымдарды бейнелей алатын жаңа қасиеттерін сипаттағанын ұғынамыз. Платонның айналасындағы бүкіл әлем осы аталған жаңа танымдық қабілет арқылы адамзат ойлап тапқан ақша, заңнама һәм риторика сияқты соны мәдени құралдарды пайдалана отырып, жаңа өркениетті құрғанына куә болды. Ол адамзат тарихындағы оқиғаларды қабылдаудың мұндай өркениеттің құрылысында маңызды рөлге ие екенін терең ұғынды. Өзгелердің өмірін елестетіп, олардың өз өмірлерімен ұқсастығын сезіну арқылы бейбітшілікте бірге өмір сүру қоғам мен мәдениет үшін жаңа адамзат әлеуетінің үлкен маңызға ие екенін көрсетеді. Сондай-ақ әдебиет пен театр да оқырман мен көрерменге өзгенің өмір салтын бейнелеу арқылы осы айтылған тұжырымды жандандыра түсті. Осыдан бірнеше жүз мың жыл бұрын хомо (homo) қауымындағылар бір-бірімен күнкөріс үшін жанжалдасатын. Уақыт өте келе, Афина айтарлықтай өркендеп, дами түсті, бірақ осы өркениеттің артында Платонның жаңа ойлау әдісі мен даналығы тұрғаны ақиқат. Платон: «Қоғамымыздың болашақ иелері өзара түсініспеушілікке бармасын десек, қазірден бастап тыңдалатын әңгімелер мен назарға ұсынылар көріністерді құдайлар мен алпауыттар арасындағы соғыстар, досы мен жақындарына сатқындық жасау, зорлық-зомбылық сынды сюжеттік желілерден тазартуымыз керек. Шынында, біз олардың санасына бір-бірімен жауласудың дұрыс емес екенін сіңіргіміз келсе, онда балалық шағынан бастап ата-әжелерінен тыңдайтын әңгіме, ертегілері осындай мазмұнда болуы тиіс; есейген кезде олар тыңдайтын шығармалардағы сюжеттерде ақындар оқиғалардың балама нұсқаларын беруге дайын болуы керек... Бүкіл ақпарат уақыт өте келе толықтай қорытылады, сол себепті алғашқы тыңдалатын әңгіменің адамның тәрбиелік тұрғыдан қалыптасуына барынша ықпалды болуы өте маңызды». Платонның әділдікке, сұлулық пен шындыққа, тек қана идеалды я болмаса саналы аяда кездесетін рационал идеяларға деген сенімі сенсорлық тәжірибеден бөлек абстракцияға қабілетті, менталды ұғымдарды сезімдік дәйектерден айыра білетін мидың (сананың) пайда болуын көрсетеді. Ойша елестете білу қоршаған әлемнен бейімделе дамыған ақылды айырып алып, сезімдік нысандарды бұрынғыдан да нақтырақ бақылауға мүмкіндік берді. Бұл кезге дейін адамзаттың миы өміріне қауіп төнген кезде қорғану үшін барынша сақ һәм сезімтал болып келген. Азаматтық қоғамда өмір сүру адамның миын одан әрі дамытып, жаңа қатынас пен эмоциялық дағдылары арқылы әлеуметтік өмірге бейімдеп, сақтық қасиеті сезімталдық қасиетімен тығыз байланыста дамыды. Қауіп азайып, әлеуметтік байланыс дамыған сайын адамның саналы қабылдау қабілеті дами түсіп, ендігі жерде ол дүниеге қандай да бір нысан ретінде қарау қабілетіне ие болды. Осы сәтте азаматтық қоғам мен ғылым қатар дами бастады. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, тек өмірдің көлеңкесі, нағыз шындық өмірлік идеяда деп түсіндірді. Таным – дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Осы уақытқа дейін адамның миы өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында сергектікті қамтамасыз етті және қатер төндіретін белгілерге әсер ету сезіміне назар аударып отырды. Жаңадан пайда болған азаматтық қоғамда өмір тәжірибелері адам миының одан әрі жетілуіне, айналасындағы әрекеттесуші әлеммен байланыстыруды қажет ететін жаңа қарым-қатынастық һәм сезімдік дағдыларды дамыту арқылы әлеуметтік өмірге бейімделуіне мүмкіндік берді. Қауіп-қатердің төмендеуі мен қоғамның ілгерілеуі сананың өсуіне, ақыл-ой әлеуетінің дамуына алып келді, әлемді нысан ретінде толығырақ ұғынуға және зерттеуге мүмкіндік берді. Азаматтық өмірдің қалыптасуы мен ғылымның дамуы бір мезгілде жүзеге асып отырды. Платонның шәкірті Аристотель әдебиеттің құрылымы мен әсерін геология ғылымына ұқсатып, осы дүниеде бар, зерделенуге лайықты нысан ретінде зерттеді. Сондықтан ол әңгімелердің құрылымын сипаттай келе, баяндау барысында оқиға желісінің өрбуі мен шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі сияқты сәттердің айналасында шоғырланатынын байқады. Сондай-ақ ол баяндау тәсілі кейіпкерлердің арақатынасын айқындайтынын және трагедия жанрынан комедияның айырмашылығын, олардың бір-бірінен ерекшеленетін негізгі сипаттарын, сонымен қатар әдебиеттің аудиторияға тигізер әсерін талдайды. Трагедия бейнеленетін кейіпкерлердің басынан кешірген азапты, қайғылы оқиғаларға қатысты күшті әсер, үрей, аяушылық сезімдерін туғызады. Адамзат өркениетінің дамуында эмоцияның рөлі ұлғайған сайын Аристотельдің көңіл күй туралы зерттеулерінің маңызы арта түседі. Жаңа саналық елестету негізіндегі бейнеленген кейіпкерлерге жанашырлық таныту қабілеті болмаса, адамдар өздері өмір сүріп отырған жаңа күрделі қоғамды қалыптастыра алмас еді. Аристотель: «Трагедия – пьесаның әртүрлі бөлімдерінде бөлек қолдануға болатын, көркемсөзбен сомдалған элементтер; толық әрі салмақты ой мен әрекеттің көрінісі; қорқыныш пен қайғының көмегімен рухтың тазалануына арналған сезімдерді баяндау түрінде ғана емес, адамдардың іс-әрекеттері арқылы көрсетуге негізделген эмоциялық арылу... Әрине, біз атап өткен әрбір көрсетілім түрі осы айырмашылықтарды жете қамтып отырады және осындай жеке-жеке жіктелген нысандардың көрсетілімге қатысу-қатыспауы арқылы түрленетін болады. Жоғарыда атап өткен көріністердің әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі бар; ол ерекшелік әр нысанда әртүрлі... Трагедия мен комедияның бір-бірінен айырмашылықтары мынада: комедия – ұсқынсыздықты суреттеу (біз бұрмаланған бірдеңені көрсек күлеміз), ал трагедияның негізгі мақсаты – аяушылық, мұң һәм үрей сезімдері арқылы эмоция (катарсис) туғызуды көздейтін байыпты іс-әрекетті бейнелеу. Трагедияның басты кейіпкері – өзге кейіпкерлердің арасындағы ерекше бекзат тұлға. Осы орайдағы үшінші бір мәселе әр адамның бұл жайттарды қалай қабылдауына байланысты. Өйткені әр адам түрліше қабылдайды, мысалы, кейбіреулер баяндауды жақсы қабылдайды деген тәрізді. Басында айтып өткеніміздей, осы үш айырмашылық – кейіпкер тағдырының өзгеруі, сюжеттің дамуы, шарықтау шегіне жетуі һәм басты кейіпкердің азап шегуі – трагедияның құрылымдық ерекшелігін айқындайды». Грек мысалдарынан адам өміріндегі сана–мәдениет–сана қарым-қатынасының ерекше маңызға ие екенін көруге болады. Грекиядағы ағартушылық дәуірінде жаңа әлеуметтік, мәдени сана-сезімнің қалыптасуына сол кезеңде орныққан орта тікелей ықпал етті. Сондай-ақ Афина өмірінде мектептердің маңызы өте жоғары болды. Афиналықтардың ой-танымдарының ерте жетілуі осы мәдени үлгінің нәтижесі екені даусыз. 2100 жыл бұрын римдіктер Грекияны жаулап алғаннан кейін, Батыстағы адамзат мәдениеті мен адамзат ақыл-ойының бірден дағдарысқа ұшырауы кездейсоқтық емес. Гректер қалыптастырған мәдени үлгінің жойылуынан олардың тұрақты саналық дамуы да төмендей бастады. Бұдан кейінгі алты ғасыр бойы саяси және қоғамдық өмірдегі ой мен сананы басқару үдерісінде авторитаризм, қатыгездік пен қарақшылықтың иелік етуі қалыпты жағдайға айналды. Рим империясы құлаған кезеңде гректер қалыптастырған мәдени экожүйе толықтай жойылу алдында тұрды. Бірақ бейнелі ойлауға деген қабілеттілік толығымен ойсыраған жоқ. Батыстағы католик шіркеуі Грекияда пайда болған кейбір когнитивті қабілеттерді сақтап қалды, әсіресе сезімдік тәжірибе немесе айнала дүниені қабылдаудан ерекшеленетін дерексіз ұғымдарды санада бейнелеу қабілетін бөлек атауға болады. Шіркеу ойшылдары діни мәтіндерде астарлы мағыналар бар деген пікірге, яғни аллегорияға таңданыстарын жасыра алмады. Інжілдегі әйелінің немесе балаларының ер адамды емдеуі туралы әңгіме қосалқы мағынаға ие болды, алғашқы мағынасы діни доктринаға тікелей қатысты болатын. Шіркеу ойшылдары ізгі тәрбие нормаларына негізделген Платонның мәдениет туралы идеясын да сақтап қалған. Аристотельдің мысал түріндегі мәтіндері болмаса да, Аугустин сияқты кейбір шіркеу ойшылдары талдау дәстүрін жалғастырып, логика мен тілдің қалай қызмет атқаратынын зерттеді. Олар болашақта мәдениет сарапшылары үшін маңызды зерттеу нысаны ретінде тіл теориясын әзірледі. Аугустин: «Жазбаша мәтіндердің түсінікті болмауы екі себепке байланысты: олардың мағынасы түсініксіз белгілермен немесе екіұшты ұғымдармен жұмбақталады. Белгілер әріптік яки метафоралық мағынада беріледі. Ұғымдар тек белгілі бір затқа не әрекетке атау ретінде бекітілген бастапқы мағынасында қолданылған жағдайда ғана тура мағынасында тұрған болып есептеледі: мысалы, өгіз (bovem) деген атауды пайдалансақ, барлық латын тілінде сөйлейтіндер оның жануар екенін бірден түсінеді. Ал шынайы заттарға берілген нақты ұғымдарды мүлдем басқа дүниеге пайдалану, мысалы, сол өгіз сөзін алатын болсақ, метафоралық мағынада тек жануар ұғымында ғана емес, осы атаумен аталатын «Інжілдегі жұмысшы» деген мағынаны да береді. Бұл тіркестің мағынасын апостол Павел: «Диірмен тартуға жегілген өгізге мұрындық кигізілмейді», – деп түсіндіреді. Тура мағынасындағы сөздерді бейнелі сөздерге (метафоралық) ауыстырудан сақтандыратын ереже секілді, біз тағы бір заңдылықты, яғни бейнелі түрде берілген сөздерді де тура мағынасында қабылдай бермеуді ескеруіміз қажет. Жалпы айтқанда, бұл діни дискурстағының барлығы – мағынасында мейірімділікке, таза діншілдікке қатысы жоқ ұғымдар – көркемдік тұрғыдан қабылдануы тиіс деген сөз. Мейірімділік біздің Құдайға және жақындарымызға деген құрметіміз бен сүйіспеншілігімізге, ал таза діншілдік олар туралы түсінігімізге байланысты. Әр адамның ар-ұжданы оның Құдайға және жақындарына деген сүйіспеншілік пен түсіністікке деген ниетіне тікелей қатысты». 700 жылдай бұрын адамзат жоғалып кеткен грек жазбаларын тауып алып, грек жобасын қайта жаңғыртады. Қайта өрлеу дәуірінде зайырлы мәдениеттің қайта оралуына орай, ойшылдар әдебиетті әдептілікке тәрбиелеудің формасы ретінде және талдауды қажет ететін бірнеше өлшемді қамтыған мәдени нысан ретінде қайта зерттеуге мүмкіндік алды. Данте Алигьери Қайта өрлеу дәуірінің танымал ақындарының бірі және әдеби мәтіннің әртүрлі мағынаға ие бола алатынын зерделеген талғампаз әдебиет теорияшысы да болған. Герменевтика мен жаңаша зерделеуге деген қызығушылық діни мәтіндерді аллегориялық тұрғыдан зерттеуден туындаса керек, бірақ көп ұзамай бұл әдістер әдеби талдауда зайырлы қолданысқа ие болады. Данте Алигьери: «Жазбалар, ең алдымен, түсінікті тілде жазылуы тиіс және негізгі төрт түрлі мағынаны қамтуы керек. Алғашқысы – тура мағына. Мұнда сөздер тек тура мағынасында ғана қабылданып, сол мағыналық шектің аясынан шықпайды. Екіншісі – аллегориялық мағынадағы ауыспалы түрі. Бұған ақындардың шығармалары мысал бола алады. Айталық, Овидий шығармасында өзінің кейіпкері Орфейдің ішекті-шертпелі музыкалық аспабының сүйемелдеуімен жабайы аңдарды қолға үйретіп, ағаштар мен тастарды өзіне қарай жылжытқанын суреттейді. Сөйтіп, ол қатыгез жүректі жан дүниені тебірентерлік әннің құдіретімен жұмсартып, ізгілендіру арқылы адамның бойындағы білім мен өнерге деген құштарлығын оятуға болатынын астарлап жеткізеді. Ал өз өмірінен саналы мән-мағына таба алмаған адамды автор жансыз тасқа теңейді. Ойшылдың неліктен бұлай жұмбақтағаны соңғы кітабында көрсетіледі екен. Шынында, құдайшылдар бұл мағынаны ақындарға қарағанда мүлдем басқаша тұрғыдан қабылдайды; мен ақындардың шығармаларына сүйеніп, олардың қолданысына сәйкес аллегориялық мағынаны қарастырамын. Үшіншісі ғибраттық мағына деп аталады; яғни ұстаздардың Библия мәтіндерінен өздеріне және оқушыларына пайдалы мәліметті алуына мән беріледі; мысалы, Інжілде Иса пайғамбардың тау басына сиынуға барғанда, он екі шәкіртінің тек үшеуін ғана өзімен бірге ерткені белгілі. Мұндағы ғибраттың мәні маңызды мәселеде серік болатын адамдардың аз болғаны абзал деген ойды аңғартады. Төртінші мағынасы – аналогтік, яғни сезімнен тыс деген мағынаға саяды; Библия рухани мағынада түсіндірілгенде, ол дәлме-дәл мағынасында да қолданысқа түседі. Бұл Библияның бір бөлігі саналатын «Пайғамбар жырында» (song of the Prophet) көрініс тапқан. Онда Израиль халқы Мысырдан шыққанда, күллі яхудейдің біртұтас әрі еркін болғандығынан ақпарат беріледі. Шығарманың хатқа тікелей байланыста жазылғандығы сонымен қатар рухани дүниеге арналғандығы айқын сезіледі. Әсіресе жан күнәдан тазарғанда оның рухы биіктеп, бүтін әрі еркін қалыпқа түседі. Осындай сөз қолданыстарында әрқашан тура мағына алдыңғы қатарда болуы тиіс. Өйткені өзге мағыналардың барлығы осы алғашқы тура мағынаның тасасына жасырылады һәм онсыз сөздің өзге мағыналық сипатын аллегориялық тұрғыдан қарастыру мүмкін емес». Жан-жақты білім беру жүйесі орныққан Италиядағы Қайта өрлеу дәуірінде адамның танымдық қабілеттерін дамытуға, әдеби теориядан саяси теорияға дейінгі соны ойлардың бірнеше тармақтарын қайта жаңғыртуға мүмкіндік туды. XVІІІ ғасырға дейін жалғасын тапқан Қайта өрлеу дәуірі әдебиетінде грек идеялары басым болды, өйткені жастарды тәрбиелеуде, білім беру жүйесінде ескі грек мәтіндеріне баса назар аударылды. Дінбасылары әдебиетті оқу дегеніміз – моральдық тәрбиенің формасы екеніне күмән келтірмеді. Филипп Сидней сынды жазушылар әдебиет шынайы өмірдегі кейіпкерге қарағанда, әлдеқайда мінсіз суреткерлікке бой алдырады деген көзқараста болды. Әдебиет көркем мысалдар арқылы үйретеді. Осы кезеңдегі эстетика мәселесі төңірегінде туындаған тағы бір пікірталас классицизм деп аталды. Мұндағы басты идея өнер Платон мен Аристотель бекіткен ережелерге сәйкес болуы керек деген ұстанымға құрылды. Аристотельдің өмірді имитациялау тұжырымынан туған мимесис ұғымы жалпы өнер атаулының барлығы тек шынайы өмірді немесе табиғатты имитациялау негізінде баяндалуы тиіс деген ереженің туындауына себепкер болды. Жазушы табиғатты негізге ала отырып, өз тарапынан көркемсөзге иелік бермей, мүмкіндігінше қарабайыр тілге сүйенуге тиісті болды. Гуманистік дәуірдің ең жаңашыл ойшылдарының бірі ретінде Джамбаттиста Виконы атауға болады. Оның жаңа ғылымы ХХ ғасырдың тілдік философиясын зерделейді және бұл ұғымның тілдің барлық метафоралық сипатында мойындалатындығын көрсетеді. XVІІІ ғасырда жаңа ойлау тәсілі алға шықты, сонымен қатар ол көп жағдайда рационализм деген атауға ие болды. Өйткені ол ақыл-ойдың (сананың) әрекеттерін тұжырымдауға негізделді. Ұтымды идеялар трансцендентті (олар біз күнделікті қабылдайтын қарапайым дүниеден тыс тұрады) әрі әмбебап (олар біздің көз алдымызға жалғыз қызғалдақтың бейнесін ғана алып келмейді, барлық қызғалдақтарға тән ортақ қасиеттерді жинақтап беруге мән береді) болады. Сол себептен Сэмюэл Джонсон сынды теоретиктер әдебиет жеке оқиғалар мен кейіпкерлерді қалай бейнелей алатындығымен емес, «әрдайым ұқсас болатын ортақ трансценденттік шындықтарға» қалай жете алатындығымен маңызды деп пікір таластыра бастады. Осы кезеңде Германияның білім беру жүйесі айтарлықтай күрделенді. Рационалистік әдебиет теориясын жетілдіруде Готхольд Лессинг, Иммануил Кант пен Гегель сынды бір топ неміс ойшылдарының орны ерекше болды. Сол кезеңдегі жазу мәдениетіне классикалық грек және рим үлгілері әлі де ықпал етіп тұрғандықтан, Лессинг поэзия мен сурет өнерінің маңызды сипаттамаларын қарастыруға назар аударды. Көптеген ғалымдар поэзияны оқығанда, адам сурет көріп отырғандай күйге енуі керек деген пікірде болды, бірақ Лессинг басқаша көзқарасты ұстанды. Ол поэзия құрылымының жүйелілікке негізделетінін, сонымен бірге уақытқа баса мән беретінін, ал сурет өнерінің бір сәттік көрініске негізделіп, кеңістікке құрылатын ерекше сипатына тоқталады. Готхольд Лессинг: «Менің пайымдауымша, сурет өнері өзінің құрылымында поэзияға қарағанда мүлдем бөлек әдістер мен белгілерді, яғни уақытқа қатысты артикуляцияланған дыбыстарды емес, кеңістіктегі сандар мен түстерді пайдаланады. Егер уақытқа тиісті белгілер өздері беріп отырған мағынаға тікелей қатысты болса, кеңістіктегі белгілер белгілі бір нысандарды толықтай немесе жартылай сипаттауға негізделген. Кеңістіктегі нысандар немесе олардың бөліктері дене деп аталады. Сол денелер көзге көрінетін қасиеттерімен қоса, бейнелеу өнерінің басты нысандары да болады. Бірінің ізін бірі басатын қозғалыстағы нысандар немесе олардың бөліктері әрекеттер деп аталады. Іс-әрекеттер поэзияның басты нысандары болады деуге негіз бар. Алайда поэзияның символдары тек дәйекті ғана емес, еркін формада да көрініс беретіндігі жайында пікірлер болды; сондай-ақ еркін символдар ретінде олар ғарыштағы денелерді сол қалпында толықтай сипаттай алады. Бұған мысалды Гомердің өзінен-ақ алуға болады. Ахиллестің қалқаны туралы бір үзіндіден-ақ белгілі бір нысанның құрамдас бөліктерін бір мезгілде дискурстық тұрғыдан да, поэтикалық тұрғыдан да сипаттауға болатынына көз жеткіземіз. Бірақ Гомер қалқанды толықтай аяқталған, пайдалануға болатын дайын қару ретінде емес, дайындалу үстіндегі нысан түрінде суреттейді. Ол өзінің субъектісінде қатар өмір сүретін нысанды қайта жасауда осы тамаша көркемдік әдісті қолданады; соның негізінде зеріктіретін суреттеуден гөрі ұстаның әрекетін беру арқылы жанды сурет жасайды. Біз қалқанның өзін емес, хас шебердің құдіретімен оның қалай жасалып, қалқанға айналғанын көреміз. Ұстаның пішінсіз қатты затты тістеуікпен ұстап, төстің үстіне қойып, балғаның соққысымен телшелерді қалай шыңдағанына, қалқанды көркемдеуге арналған қоладан оны қалай бедерлегеніне куә боламыз». Кант өзінің жоғары және төменгі саналық қабілеттерімен ерекшеленеді. Жоғары саналық қабілет дегеніміз – оның таза идеяға, абстракцияға бейімділігі. Ол неғұрлым нақты пайымдаулар мен түйсінуге байланған тәжірибелік һәм сезімдік қабілеттерден тұрады. Жоғары сананың әмбебап идеялары адамның ең таңдаулы мінез-құлқына тән. Канттың көзқарасы бойынша, сана ұғымы риясыз әрі заңды болуы тиіс. Адамға қатысты кез келген әрекетті реттеуде бейтарап ұстанымда болу үшін, ол біреуді байытуға немесе белгілі бір жеке сезімдік ләззаттарға бой алдыру сияқты ерекше мақсат-мүддеден аулақ болуы тиіс. Өнер таза себепке емес, тікелей сезімге әсер ететіндіктен, ол мұндай жоғары деңгейдегі әмбебаптыққа қол жеткізе алмайды. Оның бар ұсына алатыны – «мақсатсыз мақсатқа ұмтылу». Кант адам миының қалай дамығанын ескере отырып, одан не күтуге болатынын болжады. Ол қабілеттердің сәйкестігін, сұлулықты бағалай білуді және ненің жақсы екенін айқындай алатын моральдық әдіске тоқталды. Мысалы, оның ойынша, әдемілік жайында пікір айту баршаға ортақ орындалуға тиіс моральға ұқсас. Иммануил Кант: «Енді мен адамгершілік ізгіліктің символы әдемілік екенін айтқым келеді. Тек осы тұрғыда (барлық адамдар арасында табиғи түрде, сондай-ақ басқа адамдардан міндет ретінде талап етілетін қатынас), ішкі қарсылығына қарамастан, басқалардың келісіміне мойынсұнғандықтан, сана қарапайым әсерлерден ләззат алуда сезінуден биік тұрады: 1) әдемілік бірден қызықтырады (бірақ адам түйсігіндегі бейнесінде ғана, моральдық тұжырымдамада емес); 2) ол ешқандай тартымды болмаса да қуантады; 3) қиял еркіндігі (біздің қабілетіміздің сезімталдығы) ұғыну заңына сай (моральдық түсінікте ерік-жігер бостандығы оның өз-өзімен сананың әмбебап заңдарына сәйкес келісімде болуы тұрғысында қарастырылған) әдемілік туралы түйсіну түрінде көрініс табады; 4) сұлулықты бағалаудың субъективті қағидасы әмбебап; демек, барлық адам үшін ортақ болады». Георг Гегель табиғат әлемі менталды және физикалық немесе біртұтас деп пайымдады. Гректердің логикасы бойынша, «диалектика» деп атаған ақылдың логикалық үдерістерін адамзат тарихы мен адамзат қоғамынан да, сондай-ақ табиғаттан да кездестіруге болады. Табиғи және әлеуметтік әлем де логиканың менталды әлемі сияқты даму жолын басынан өткерді. Адам логикалық диалектикалық үдерісте қарапайым нақты бақылаудан («Сократ – адам»/Socrates іs a man) әмбебап идеяға біріктіретін тұжырымға («Барлық адам о дүниелік» /All men are mortal) көшті де, соның негізінде нақты мысал мен әмбебап идеяны бір синтетикалық пайымға («сондықтан Сократ о дүниелік» / тherefore, Socrates іs mortal) біріктіретін шешімге келді. Адамзат тарихында әділетті қоғам туралы идея бастапқыда ішінара жүзеге асырылады; олар мағлұмат алуға болатын, қандай да бір дәйекті ақиқат идеяның қарапайым ережелерден тұратын формасын қабылдайды. Адамзат тарихының осы кезеңіндегі ақиқат диалектикадағы нақты қарапайым пайым болған сияқты. Алайда тарихтың ілгерілеуіне қарай әмбебап идея көбіне-көп заң институттарымен біте қайнасып кетті. Бұл – шындықтың әмбебап идеясы мен нақты институттардың әлеуметтік-тарихи және логикалық дамуы ұзақ уақытқа созылатын бірігу сатысынан өтіп, бір бүтінге айналғаннан кейін, жалпыға ортақ қолданылатын әмбебап қағидаларға негізделген шынайы заңға айналуын қамтамасыз ететін күрделі үдеріс. Үкімет немесе мемлекет мүддесі тұрғысынан қалыптасқан мұндай нақты тәжірибелік институттар ақыл-ой идеяларымен қанықтырылған. Осыған ұқсас құбылыс өнерде де орын алды. Ерте кезеңдегі өнер әмбебап мағынаға ие болмаған қарапайым бейнелерден тұратын. Олар тек нақты нысандардың ұқсас суреттері ретінде көрінді; ешқандай көркемдік мағынаға ие болған емес. Бірақ уақыт сынағында өнер өзінің логикалық үдерісіне тән даму жолын басынан өткере келе, жалпыға ортақ идея мен сезімдік объектіні, сананы және нақты қауымдық форманы біріктіретін күрделі құбылысқа айналды. Г.В.Ф. Гегель: «Өйткені әмбебап идея нақты осындай бірлікке құрылған, бұл бірлік тек әмбебап идеяның құпияларын толықтай игеріп, оларды біріктіргеннен кейін ғана өнермен біте қайнасады. Осы үдерістің негізінде көркемдік нақты кезеңдер мен формалардың жиынтығына айналады. Сол себептен бойымыздағы көркемдікті әрі өзімізді зерттей отырып, біз әдеміліктің жиынтығы ерекше формаларға қалай таралып жатқанын анықтауымыз керек. Біздің зерттеуіміздің бұл екінші бөлімі өнер формаларымен танысуды айқындайды. Ал формалар өздерінің шығу тегін анықтауда түрлі тәсілдер мен мазмұн ретіндегі әмбебап идеяны түсінуге ұмтылады. Өнер формасы дегеніміз – түрлі мағыналар мен қалыптардың қарым-қатынасы деуге болады. Мұндағы қарым-қатынас әмбебап идеяға құрылған, сол себептен ол аталған саладағы түрлі формалардың шынайы негізі бола алады». Кант пен Гегельдің идеялары, сезімдік тәжірибе әлемі мен шынайы сана әлемі арасындағы айырмашылық Фридрих Шиллер, Уильям Уордсуорт, Сэмюэл Тейлор Колридж бен Ральф Уолдо Эмерсон сынды жазушылардың романтикалық бағытына әсер етті. Шиллердің ақыл-ой жүйесі рухани әлемге құрылған көркем әңгімелермен танысу негізінде қалыптасты, сөйтіп оның барынша азаматтық көзқарасының өрістеуіне тікелей әсер етті. Өнер кең қоғамдық мақсатты көздеді. Бұл идея қазіргі замандағы адамның құлағын елең еткізуі мүмкін, бірақ оның нақтылығын түсіндіруге болады. Ол үшін рухани әлемді ақыл-ойдың абстракцияға деген қабілеті ретінде қабылдау керек. Бұл қабілет сананың жағымсыз эмоцияларды басқару мақсатындағы ақыл-ойды пайдалану мүмкіндігімен тығыз байланысты. Көркем әдебиетті оқу эмпатияны арттыратыны белгілі. Сондықтан да Шиллер сияқты жазушылардың «әдеби білім беру адамның азаматтық көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді» деген пікірі көкейге қонады. Әдебиет ақыл-ойды дамытады деген идея XІX ғасырдың соңындағы Мэтью Арнольдқа дейінгі әдебиет теоретиктерінің арасында танымал болды. Арнольд әдебиеттің білім беру мақсатына қызмет ететініне сенді. Ол сананы соншалықты биіктетіп, сондай-ақ ақыл-ойдың тәжірибелік және табиғи эмоциялық жағын жеке қарастырды. Мэтью Арнольд: «Бір қарағанда, Француз революциясының кең қанат жаюы мен оның ұзаққа созылуы салдарынан, Грекиядағы ұлы шығармашылық кезеңіндегідей немесе күшті қайта құру қозғалыстарының куәсі болған Қайта өрлеу дәуіріндегідей, ұшқыр ойлы шығармалардың көптеп жарыққа шығуын ешкім күтпеген еді. Бірақ, шындығына келгенде, Француз революциясы осы сияқты көтерілістерден өзіне тән сипатымен ерекшеленді. Мұнда, негізінен, таза зияткерлік һәм рухани қозғалыс орын алды. Француз революциясы саяси және тәжірибелік мазмұнға ие болды. 1700–1789 жылдар аралығында Францияда ескі жүйеде өткен қозғалыс, Қайта өрлеу кезіндегі көтеріліске қарағанда, әлдеқайда шынайы болды. Вольтер мен Руссо тұсындағы, Француз революциясы кезеңіндегі Францияға қарағанда, Еуропа білімінің биік деңгейін көрсете алды. Гёте соңғысын (революция кезеңін айтып отыр) «бейбіт мәдениетті артқа тастағаны» үшін жазғырған болатын. Жоқ, біздің Байронның да, тіпті Уордсуорттың та шындықтың кілті болуының мәнісі мынада – олар ақыл-ойдың айтарлықтай дамуынан емес, сезімді шарықтатып дамытатын қайнар көзден нәр алды. Дегенмен Француз революциясы өзінің қозғаушы күшін айқындауда адамдардың тәжірибесінен гөрі ақыл-ойына көбірек үміт артты. Бұл – оны І Карлдың кезеңіндегі ағылшын революциясынан ерекшелейтін басты сипаты. Нақ осы жайт, аталған революция аса сәтті болмағанына қарамастан, біздің төңкеріске қарағанда, әлем қызығушылығын тудырған анағұрлым күшті рухани оқиғаға айналдырды. Ол белгілі бір тұрақты идеялардан тұратын әмбебап тәртіпке үндейді. 1789 жылға тән сұрақ «бұл ақылға қонымды ма?» болса, 1642 жылы бұл сауал «бұл заңды ма?» деген сұрақ түрінде болатын. Бұл жерде ескеретін жайт: бір жағдайдағы заң, екінші жағдайда заң ретінде танылмауы мүмкін. Сананың басты қағидасы – әмбебап шындықтың абсолюттігі һәм тұрақтылығы. Өзінің беталысын бағдарлап ашылған жаңа саланың жемісін пайдалану мақсатында қандай ережені ұстанатынын нақтылы айқындау ағылшын сыны үшін аса маңызды. Ереженің мағыналық қағидасы бір сөзге саяды: ол – риясыздық (dіsіnterestedness). Ал сын қалайша риясыз, адал ниетке құрылады? Біріншіден, «заттарға деген тәжірибелік көзқарастан» аулақ болу арқылы; екіншіден, ол өзі жанасатын барлық субъектіде еркін сана ойынына айнала алатын, оның табиғатына тән заңдылықты ұстану негізінде. Сондай-ақ идеялар туралы қандай да бір жасырын саяси идеялардың ықпалынан бас тарту арқылы... Оның бизнесі, мен айтқандай, дүниедегі ең танымал әрі ойға негіз болған таңдаулы дүниелерді игеруден тұрады». Сонымен қатар өнерді зерттеу кезінде көңіл күй толқуларына һәм ақыл-ой әсерлеріне басымдық беретін эстетикалық философия да айтарлықтай ықпалды болды. Шарль Бодлер мен Уолтер Патер секілді жазушылар үстіртін тәжірибенің, дүниедегі тән ләззаттарының және көркем тәжірибе тұжырымдамасының өзіндік мақсат ретіндегі құндылығын атап өтті. Өнерді ұнату тек өнер үшін керек; оның рухани маңызына, мінсіздігіне немесе моральдық мақсатына мән берудің қажеті жоқ деген пікірде болды. Бодлер де табиғаттың романтикалық идеалынан бас тартып, оның есесіне, айла-шарғының рахатына бөленді. Шарль Бодлер: «Кофехана терезесінен жұртқа қызыға қарап отырған емделуші астаң-кестең сапырылысқан ойларын тізгіндеумен арпалысқа түсті. Бірақ соңғы уақытта санасына өлім елесі орала беретін ол, маңайындағы барлық өмір құбылыстарына шаттанумен болды, есінен адасуға шақ қалғандықтан, барлығын да есінде сақтап қалуға өршелене ұмтылды. Ақырында, тізгіндеуге ерік бермеген ауыр ойды сілкіп тастап, өзін әп-сәтте сиқырлап алған беймәлім, болмашы күңгірт елестің соңына түсті. Қуатты құштарлық билеген әуесқойлығы қатерге айналды!» Әрдайым емделушінің рухани күйін кешкен суретшіні елестетіп көріңіз, сонда сіз табиғаттың (мінсіз суретшінің) ішке енгізетін кілтіне ие боласыз. Сауығу балалыққа қайта оралуды еске түсіреді. Емделушілер де, бала тәрізді, барлық нәрселерге, тіпті ешқандай маңызы жоқ дүниелерге де ерекше қызығушылық танытады. Қиялдың ретроспективті (өткенге оралу) күші арқылы, егер мүмкін болса, біз артқа шегініс жасап, өзіміздің балалық шағымыз бен жас кезіміздегі әсерлерімізге оралайық. Төніп тұрған сыртқы қауіп-қатердің салдарынан рухани қабілеттеріміз «зақымдалмай» таза күйінде сақталған жағдайда, балалық шақтан туған жарқын әсерлердің тән ауруына ұшырағаннан кейінгі туындаған әсерлермен рухани байланысын көре аламыз. Бала барлық нәрсені жаңалық ретінде қабылдайды; ол әрқашан масаттана алады. Баланың түс пен пішінді ұғынудан алатын ләззаты біз шабыт деп атап жүрген ұғымды еске салады. Мен бұдан да тереңдей түсіп, асқақ ойдың қуатты әсер тудырып, адам миына өзіндік ықпалын тигізетінін растаймын. Данышпан адамның жүйке жүйесі сау, мықты, ал балалардікі әсершіл, әлсіз болып келеді. Бұлардың біреуінде сана айтарлықтай орныққан позицияға ие; ал екіншісінің барлық болмысы сезімталдыққа тәуелді. Алайда данышпандық – балалық шақтан бастап қалыптасатын құбылыс. Енді балалық шақ еркінен тыс жинап алған шикі материалдарды орнымен қажетіне жаратуға мүмкіндік беретін, ішкі болмысын танытуға мүдделі кемел шақтың қайратына және талдау қабілеті мен күшіне ие болады. Құстың ауаға, балықтың суға қатыстылығы секілді, оның элементі қауым болады. Оның әуесқойлығы мен кәсібі қауыммен біте қайнасып кетуді мақсат етеді. Нағыз көрермен үшін қозғалыстың тасуы мен қайтуы шегінде, жақындық пен шексіздік аралығы сияқты көпшіліктің жүрегінен орын табу – үлкен бақыт. Әмбебап өмірді сүйетін адам мол электр қуатындай күші болған жағдайда, жұртшылықтың ортасына ене алады. Біз оны жұртшылықтың өзі сияқты соншалықты үлкен айнамен салыстырар едік, немесе сана сезім дарыған құбылнамадай (калейдоскоп) өмірдің әр қозғалысын қалт жібермей, оның көпқырлылығын жаңғыртып, жарқыраған сұлулығын паш еткен болар едік. Әрбір жылт еткен көрініс өмірдің өзіне қарағанда тұрақсыз һәм баянсыз... Барлық әдемі және жақсы нәрселер ақыл-ой мен белгілі бір мақсаттың нәтижесінен туындайды. Адам баласы анасының құрсағында жатқанда-ақ қаскүнемдік пен қылмыстың «дәмін» сезінеді. Екінші жағынан, рақым етуші жасанды табиғаттан тыс тұрғандықтан, барлық уақытта және барлық жерлерде адамзатты рухтандыруға үйрету үшін құдайлар мен пайғамбарлар керек болды, өйткені адам оны өздігінен ашуға дәрменсіз еді. Жамандық табиғи түрде, күштеусіз жүреді; жақсылық – әрқашан қандай да бір өнердің жемісі. Менің бар айтпағым: табиғат моральдық мәселелерге келгенде нашар кеңесші, ал себеп – еліктіргіш әрі жаңартушы, осы айтқандарымды сұлулыққа да қатысты қолдануға болады. Сөйтіп, сыртқы әдемілікті адам жанының қарапайым кісілігін танытатын нышандарының бірі ретінде қарастыруға тырыстым. Біздің шиеленіске толы, әбден шатасқан өркениетіміздің өзге нәсілдерді жабайы деп тануы, оларға астамшылықпен менсінбей қарауы жас баланың опа-далап жағуға деген көзқарасы сияқты. Бұл жердегі басты нәрсе адамның терісінің түсінде, сырт келбеттің ерекшелігінде болып отыр; яғни жас бала да, сол нәсілдің өкілі де нақты көрініске мойынсұнғысы келмей, ақырында, адам жанының материалды емес екенін мойындауға мәжбүр болады. Сән үлгісін адамның ақыл-ойының жетістігі мен алға қойған мақсатының нышаны ретінде қарастыру керек; оның табиғи сұранысының адам миында шоғырлануы немесе оның жаңаруға деген тынымсыз талпынысы деген дұрыс. Сондықтан да әрбір сән үлгісі өзінше әдемі, олардың әрқайсысының шынайы сұлулыққа жақындауы анық көрсетілген (себебі табылмаса да), азды-көпті күш-жігер жұмсаудың нәтижесінде тынымсыз адам миының қанағатсыздығы сезіледі». Уолтер Патер Оксфорд университетінде эстетика профессоры болды, ол өзінің ғылыми мақалалары арқылы суретшілер мен жазушылар буынына елеулі ықпалын тигізді. Қайта өрлеу дәуірінде «Қорытынды» (Сonclusіon) атты зерттеуінің төңірегінде дау-дамай туындады, бұл шығармада викториандықтарды өмір мен өнерден қара бастың қамын биік қоюға шақырды. Ол «жоғарғы» рухани мәнге немесе моральдық мақсатқа ұмтылудың қажеті жоқ, өнердің өз тәжірибесі жеткілікті сыйақы болады» деген ойды негіздеді. Уолтер Патер: «Философия мен таза мәдениетке, адам рухына қатысты қызмет – ояту, өмір құбылыстарын ұдайы бақылау арқылы оны жандандыру. Әр сәтте қолыңдағы немесе бет әлпетіңдегі қандай да бір форма мінсіздене түседі; жотадағы немесе теңіздегі қандай да бір үн басқаларына қарағанда ерекше болып естіледі; әлдебір құштарлық немесе түсіну, интеллектуалды толқу сезімі бізге сондай ыстық, соншалықты тартымды болып көрінеді – мұның бәрі сол бір сәтке ғана бағынышты. Тәжірибенің жемісі ғана емес, сол тәжірибенің өзі де нәтиже. Драманы, сан алуан өмірді сезіне білу үшін бізге берілген жүрек лүпілінің соғысы шектеулі. Олардың ішінен ең ізгі сезіммен көруге болатын барлық нәрсені тұтас күйінде қалай көре аламыз? Өмірлік қуат-күшімізді өзінің таза энергиясында тоғыстыратындай жігермен бір нүктеден екінші нүктеге дейін қалайша жылдам жеткізе аламыз? Дәл осылайша жалындап жану, сол ләззатты ұстап тұру – өмірдегі жетістіктің кілті. Тіпті біздің өмірдегі сәтсіздіктеріміз әдетке айналады деуге болады: ал әдет таптаурындылықты туындатады, егер әрбір нәрсеге терең үңіле қарамасаң, екі адам, екі зат, екі оқиға бір-бірінен ажырағысыз ұқсас болып көрінеді. Бәрі құрдымға кетті деп жүрген кезімізде бұрын-соңды байқамайтын әсерімізді, жаңалықтарды, сезімімізді, түс пен иісті, суретшінің ғажап туындысын, қасымыздағы досымыздың бет-әлпетін рухымыз бір сәтке көкжиектен биіктеп көтерілгендей шынайы бейнеде көруге бейім боламыз. Мұндай кезде әрбір сәтті жете сезіне алмасақ, ол сәттердің осындай қиын кезде ұсынып тұрған тосын сыйын түйсіне алмасақ, бұл – аяздан кейін күн шуағы сезілетін уақытты күтпей, ерте ұйықтап қалумен тең. Осындай басымыздан өткен сезімдерімізді жинақтамай, ол сезімді нақты сезініп көрмей, дәл сол сезім туралы өз теориямызды қалыптастыруға мүмкіндігіміз болмайды. Қолымыздан келетіні – сезім туралы жаңа пікір қалыптастырып, жаңа әсер алу; бірақ Кант, Гегельдің немесе өзіміздің жеңіл ортодоксті (orthodoxy) ұстанымымызға назар аудармаймыз. Руссоның «Мінажат» (Confessіon) атты туындысының алтыншы кітабындағы ең әдемі үзінділерінің бірінде ол өзінің бойында әдеби түйсіктің оянғанын сипаттайды. Күтпеген жерден жабысқан беймәлім ажал індеті оның жанын жегідей жеді, енді өзін жалындаған жас шағында айықпас дертке шалдыққан жандай сезінді. Ол өзінің алдында болжаусыз өмірінің қалған бөлігін қалайша ұзартуға болатыны, ол үшін не істей алатыны туралы сұрақ тұрғанын түсінді. Оның шешімін зияткерлік пайыммен Вольтердің жаңа еңбектерінен тапты. Олай болса ше?! Виктор Гюго айтқандай, біз бәріміз де сотталғандармыз, бәрімізге өлім үкімі алдын ала шығарылып қойылған, алайда ол белгісіз мерзімге шегерілгендігі себепті, осы аралықтағы біздің орнымыз уақытша бос тұрады…; кейбіреулер бұл аралықты әрекетсіздікпен өткізеді, кейбіреулер тым әуесқойлыққа салынады; ең парасаттылары, тым болмағанда, «осы дүниедегі қауыммен» бірге өнер мен әннің ортасында өткереді. Біздің қолымыздағы жалғыз мүмкіндігіміз – тамырдың соғуын ерте тоқтатпай, осы уақыт аралығын барынша ұзарту. Бізге осы өмірдің қуанышын сезіну, шексіз шабыт пен махаббат мұңы, көпшілігіміздің бойымыздан табылатын табиғи қасиеттер, түрлі-түрлі риясыз және басқа да құлшыныс ұлы құштарлық арқылы беріледі. Тек осы құштарлық жалындаған, сөнбес сезімнің жемісін беретінініне сеніңіз. Мұндай даналықтан туындайтын поэтикалық құштарлық, әдемілікке ұмтылыс, өнерге деген сүйіспеншілік аса зор мәнге ие болады. Өйткені өнер сізге, турасын айтқанда, мінсіз сападан басқа ештеңе берместен, бір сәтке жай ғана келіп-кетеді». ХІХ ғасырда құрлықтың басым бөлігін билеген реакциялық монархияға қарсы революциялар бас көтерді. Табысқа кейбіреулер ғана жеткенімен, әдебиетпен айналысатындардың ой-пікірі әдебиеттің әлеуметтік және саяси рөлі туралы ойларға ойысты. Эмиль Золя сияқты реалистік және натуралистік жазушылар әдебиет ғылымның жаңа әдістерін пайдалану арқылы және бұрыннан келе жатқан нормалар мен қалыптасқан заңдылықтарға күмәнмен қарай отырып, өзгерістермен бірге өзгеруге тиіс екенін сезінді. Виссарион Белинский сияқты орыс сыншылары елді неғұрлым ілгерілету үшін әдебиет белгілі бір рөл атқаруы керектігін сезінді. Карл Маркс шығармашылық, саяси қызмет жолын философ ретінде бастағанымен, 1840 жылдары Еуропадағы радикалды саясатқа ауысты. Еуропа утопиялық социализм идеяларымен қаруланған болатын, сондықтан олар Еуропадағы монархияға қарсы көтеріліске қосылып, ақыр соңында, посткапиталистік демократиялық қоғамды құруға ұмтылды. Сөйтіп, жұмысшылар капиталистерге құл болудан босатылып, байлық теңдей бөлінетін коммунистік және анархиялық қозғалыстың туындауына себепкер болды. Маркс қуғынға ұшырап, Англиядан кетуге мәжбүр болады. Мұнда капиталистер құрған, индустрияландырылған еркін экономикалық нарық арқылы пайда болған әлеуметтік тәртіпті талдау мүмкіндігіне ие болды. Ол әдебиетті өзінің әлеуметтік, тарихи, саяси һәм экономикалық сипатында таныды. Әдеби шығарманың мәнін түсіну үшін оны құрған әлемге әрі туындаған әлеуметтік жағдайларға назар аудару керек. Әдебиет көбінесе саяси мақсатқа қызмет етіп, «билеуші таптың билеуші идеяларын» білдірді. Карл Маркс: «Санадағы идеялар мен тұжырымдамалар, алдымен, материалдық белсенділік пен адамдардың материалдық қарым-қатынасына, шынайы өмірдегі орнына тікелей байланысты шығады. Аспаннан жерге түскен неміс философиясына тікелей қарама-қайшы ұғымдар ұсынамыз, яғни жерден аспанға көтерілеміз; адамның тәнін ажырата алуымыз үшін ол адамның не айтатыны, нені армандайтыны, сондай-ақ ол адам туралы басқалардың не айтатыны, не ойлайтыны маңызды емес. Нақты белсенді адамдардан және олардың нақтылы өмірлік үдерістері негізінде идеологиялық рефлекстердің дамуын, өмірлік үдерістің жаңғырығын көреміз. Адам миында пайда болатын ғажайып құбылыстар, сонымен бірге, эмпирикалық тұрғыдан тексерілетін және материалдық жағдайға тәуелді өмір процестерінің сублиматтары (sublіmates). Мораль, дін, метафизика, өзге идеологиялардың барлығы – тағы соған сәйкес сананың формалары бұдан әрі өзара ұқсас тәуелділікті сақтамайды. Оларда тарих жоқ, даму жоқ; алайда адамдар өздерінің материалдық игілігі мен өндірістік қатынастарын дамыта отырып, шынайы тіршілігін, ойлау қабілетін әрі дүниетанымының аясын өзгерте алды. Өмір санамен емес, керісінше, сана өмірді танумен анықталады. Бірінші әдісте бастапқы шығу нүктесі тірі адам ретінде қабылданған санадан бастау алады; нақтылы өмірге сәйкес келетін екінші әдісте бұлар нақтылы тірі тұлғалардың өздері, ал сана олардың өздеріне ғана тән болып саналады. Билеуші таптың идеялары әр дәуірде де үстемдікке ие; қоғамның материалдық байлығын иеленген тап бірден оның үстемдік етуші зияткерлік күші болып қалады. Өз меншігінде материалдық өндірісті иеленген тап, сонымен бірге, оның ақыл-ой өндірісі құралдарын да бақылауына алады, ақыл-ой өндірісі құралдарын иеленбегендердің идеялары оған бағынышты болады. Үстем идеялар материалдық қатынастарға үстемдік құрушылықтың мінсіз көрінісінен басқа ештеңе де емес, идея ретінде ұғынылған үстем материалдық қатынастар бір тапты үстемдік құрушы ретінде жасайды, сондықтан оның идеялары үстемдікке негізделеді. Үстемдік құрушы тапты құрайтын тұлғалар бұларды өз мүддесі тұрғысынан пайымдайды. Сондықтан да олар тап ретінде билікті иеленіп, заманның ауқымы мен бағдарын айқындайды, осының барлығын олар өз мүддесіне лайықтап жасайтындықтан, өз заманындағы идеяларды өндіруші және өндірісті реттеуші ойшылдар ретінде әрекет етеді. Мысалы, корольдік билік, аристократия мен буржуазия бір заманда һәм бір елде билік үшін күреседі, нәтижесінде билік бөліске түседі, билікті бөлісу доктринасы үстем идеяға айналып, «мәңгілік заң» ретінде көрініс табады. Айталық, аристократия үстемдік құрған кезеңде абырой, адалдық ұғымы жоғары тұрды деуге болады. Үстем таптың жалпы түсінігі осыған саяды». Әдебиет теориясын кері бағытта қабылдаған француз символистерінің алдыңғы сапында Стефан Малларме тұрады. Бұл қаламгер мінсіз рухани шынайылыққа қол жеткізудегі поэзияның ерекше қабілетіне назар аударды. Поэзия моральдық мақсатқа қызмет еткен жоқ, оған қоса, әлеуметтік қолданысқа да ие болмады. Есесіне, бұл идеалды жаулап алудың айрықша үстем тәсілі болды. Әдебиетте оның шебер қиыстырылған құрылымына, тіліне және мазмұн байлығына зейін аударылуы тиіс. Нағыз табиғи гүлдердің орнына ақынның «барлық гүлшоқтарына тән қасиетті бір гүлге жинақтап суреттеуі» жайында жазады. Фридрих Ницше өнер теориясына қарағанда өзінің эпистемологиясымен, түбегейлі танымдық теориясымен көбірек танымал болды, алайда «Трагедияның тууы» (The Bіrth of a Tragedy) (1872) атты еңбегінде ол трагедия теориясын қарастырып, онда белгілі бір мөлшерде ХХ ғасыр философиясының қайшылықты әрі күтпеген өзгерулер жағдайын алдын ала анықтаған теориясын ұсынды. Философтардың көпшілігі сана категориясын қолданып, болмысты болымсыз түсініктегі әлдене деп санады. Алайда Ницше болмысты қалыптасу барысында сипатын анық танытпаған жалынды ағынға көбірек ұқсайтын үдеріс ретінде көрді. Дәстүрлі философия бұл радикалды қалыптасуды басып-жаншып, әлемнің тұрақсыздығын жасыру үшін жалған ұстанымға барды. Ницше Грекияда пайда болған балама дәстүрге оралды және тұжырымдамалық тұрақтылыққа бағынбайтын өмірдің асау ағынын оның белсенді қалыптасу барысында көрсетті. «Трагедияның тууы» атты еңбегінде осы философиялық айырмашылық тақырыбына орала отырып, өнердегі аполлондық үдерісті, философиялық ізденіс көзқарасы тұрғысынан танылған тіршілік иесін оқиғадан кейінгі бірлік негізінде дәйектілікпен сипаттайды. Дионистің принципі тұрақтылық пен бірлік принципіне қарама-қайшы сипатта болды, қай нәрсені де уақытша, өзгеріске бейім, қалыптасу үдерісі үздіксіз жалғасады деп тануға шақырды. Фридрих Ницше: «Дионис әр нәрседен, тіпті ауру-сырқаудың өзінен де ләззат алуға тырысады, осыдан келіп музыка мен трагедиялық аңыздар өмірге келген. Трагедияның салдарын жоюға музыкалық диссонанстың көмегі де тиген шығар? Біз өзіміздің көруге деген ұмтылысымыздың мәнін түсіне бастаймыз, әр нәрсеге мұқият қарағанымыздан, тіпті трагедияға беріле үңілгенімізден тапқан проблемаларымызды мойындаймыз; диссонансты көркемөнер саласында қолдану туралы айтар болсақ, диссонанстың дәл бұл күйін нақты бір ғылыми терминмен белгілеуге тиіспіз; біз әлденені тыңдағымыз кеп тұрады, бірақ соны тек тыңдап қана қойғымыз келмейтіні де рас. Шексіздікке ұмтылысымыз, барынша көбірек ләззат алуға тырысуымыз – бәрі қосылып осындай күйде Дионистің прицниптерін мойындауға мәжбүр етеді, Гераклит бұл жағдайларды салыстыра келе, бәрі де жас баланың тас пен құм үйшікті соңында бәрібір бұзу үшін жасағанымен тең деген. Музыка мен трагедиялық миф екеуі де адамзаттың дионистік қабілетін көрсетеді, сондықтан ол екеуін бір-бірінен ажыратып бөліп қарауға болмайды. Екеуі де Апполлон философиясының шеңберінен тыс ұғым; екеуі де мына дүниенің диссонансты (dіssonance) бейнесін қуаныш арқылы бейнелейтін ұғым; екеуі де бір сиқырлы күйге енгізетін ұғым; екеуі де «дүниедегі ең болымсыз» нәрсенің өзінің бар екенін көрсете алатындай ұғым. Бұл орайда, дионистік философия апполлондық философияға қарағанда мәңгі әрі бастауын өнерден алып отырған философия болып, дүниедегі жеке адамның өмірін басты орынға шығарып отыр. Егер адамзат кейпіндегі диссонансты сезініп отырсаң, онда ол диссонансты өмірің үшін қажетті нәрсе деп қабылдағаныңды, өз табиғатыңнан басқа сұлулықты жоғары қойып отырғаныңды көрсетеді дегенге саяды. Бұндай түсінік – Аполлон философиясының нағыз өнер саласындағы басты мақсаты; дәл осындай түсінік үшін бар сұлулықты паш етіп, бұдан да зор сұлулыққа ұмтылуға күш салып жүретініміз аян. Мұнда Дионис, Аполлонмен салыстырғанда, бүкіл әлемдегі құбылыстардың ішінен өнердің мәңгілік және бірегей қуаты сияқты өмір мен әлемді дербестендіру үшін жаңа, жасампаз ұқсастық тудырады. Егер сіздер диссонансты көз алдарыңызға адам бейнесінде елестете алсаңыздар, ол өмір сүру мүмкіндігіне ие болуы үшін жаратылысынан әдемілік шымылдығын кеңейтетін тамаша иллюзияға сүйенеді. Аполлонның шынайы көркемдік мақсаты арқылы, оның атынан бәріміз бірге сансыз тамаша ұқсас иллюзияларды жинадық, соның арқасында мынадай жайттарды байқауымызға түрткі болды. Сол мезетте, бүкіл тіршіліктің тек осындай негізі – дионистік астыртын әлем – адамның санасына кіруі мүмкін, өз кезегінде аполлондық күш қайта өзгеруді еңсеруі ғажап емес, сондықтан бұл екі көркемдік әрекет те өз қуатын мәңгілік ақиқат қағидасы тұрғысынан қатаң, өзара үйлесімді ашуы тиіс. Дионистің күші, қазір көріп отырғанымыздай, шексіз алапат қуатпен көтерілген кезде, Аполлон бұлт арасындағы найзағайдай біздің ортамыздан жарқ етіп шығуы керек, сонда ғана оның ғажайып сұлулығының әсерін бізден кейін келетін ұрпақтар да сезінген болар еді». Ницше бүкіл білім болашақта деп тұжырымдады. Адам әлемді белгілі бір көзқараспен қабылдайды; сондықтан онда санадан тыс өмір сүретін «әмбебап шындық» немесе «объективті білім» жоқ. Келешекке тәуелсіз шындық идеясы елес болып саналады. Оның айтқаны, әрине, рас еді. Философтар Платон сияқты, жаңа когнитивті қабілетті қабылдағаннан бері, әлемде тіршілік етуші әмбебап идеялардың санадан тыс үстемдік құратынына назар аударды. Бұл әмбебаптар, шынында да, математика тілі сияқты ойша елестетулерге құрылатын жалпылаушы сипаттың мәнін айқындаушы үлгі болғандықтан, әлемді қайта жасау мен айла-шарғыға арналған мәдени құрал ретінде әрекет етеді. Бірақ математика оның идеяларын ойда немесе жазбаша символдарда жүзеге асырады, бірақ дүниеде емес. Бұл абстрактілі идеяларға да қатысты. ХХ ғасырдың бас кезінен бастап қолына қалам алған Эдмунд Гуссерль келер шақ пен объективті шындықты, ой әрекеті (абстрактілі идеялар ұғымымен) мен шынайы идеялар (шындық әмбебап болып саналған идеялар) арасындағы үзікті игеруге тырысты. Ол мұны шындықты келешектен таба отырып жасады. Оның «феноменологиясы» шындықтың идеяларды тұжырымдайтын ақылдың қабілетіне қарай келешектің шегінен тысқары шыға алса да, сананың пайымдаумен орныққанын негіздеді. Бұл таза идеялар пендешілік элементтерден тазарған жағдайда формалды және трансцендентті, әрі ақыл-ойдағы идеялар «түйсіктің» құрсауына түскенде ғана тым шынайы болып көрінді. Олар ең дұрыс сенсорлық деректерден алынған идеяларға қарағанда, анағұрлым таза идеялар болуымен ерекшеленді. Феноменологияға алғашқы болып баға берушілердің бірі Бенедетто Кроче еді. Ол өнер ақиқатындағы түйсік логика мен ғылымнан ерекшеленеді деп санады. Бұларда білім анағұрлым таза түрінде көрінеді. Кроче еуропалық саяси консерватор бола тұра, бұл теорияны дербес азаттық идеалының термині ретінде, «мен» моделінің иесі жоқ һәм ештеңеге тәуелді емес деп тұжырымдады. Бенедетто Кроче: «Енді ойда берік орнығуға тиіс алғашқы пікірдің мәніне келсек: интуитивтік (сезімдік) білім иелікке мұқтаж емес әрі өзгеге иек сүйемейді; ол басқалардың көзқарасына тәуелді емес, өйткені оның өзіндік көзқарасын қалыптастыра алатын ой көздері бар. Әрине, интуициямен аралас ұғымдарды табуға болады. Бірақ көптеген басқа интуицияларда мұндай қоспаның белгісі жоқ, бұл оның дәл осы қалпында болуы міндетті емес екенін айғақтайды. Суретші туындысындағы ай жарығы көрінісінің әсері, картограф құрастырған жердің сызбасы, нәзік немесе жігерлі музыка әуені, қисынсыз лириканың сөздері немесе күнделікті өмірде біздің өтініп, бұйырып немесе жылап-сықтап айтқан сөздеріміз зияткерлік парасатты қарым-қатынасқа ешбір қатысы жоқ интуитивті ой әрекетіне құрылуы әбден мүмкін. Бірақ осы жағдайда не болатыны жайлы ойланғанда, өркениетті адамның ой-түйсігінің басым бөлігі ұғымдармен қаныққанын дәлелдеу мүмкін болса, алдымызда одан да маңызды және нанымды әлденені көруіміз мүмкін. Басқа интуициялармен бетпе-бет келіп, қосылып кеткен тұжырымдамалар араласып, сапырылысып кеткендіктен, тәуелсіздігі мен автономиясынан айырылып қалады да, ұғымдық мәні жойылып кетеді. Олар әу баста өзінше ұғым болған еді, бірақ қазір интуицияның қарапайым элементтері болып қалды. Трагедия мен комедия кейіпкерінің аузымен айтылған философиялық ойлар ұғым үшін емес, осы кейіпкердің мінездемесін ашу үшін қызмет атқарады; мұнда салынған бейнедегі қызыл түс физикалық қызыл түсті білдірмейді. Ол – портреттің сипаттық элементі. Тұтастай алғанда, бұл детальдің сапасын анықтайды. Өнер туындысы философиялық тұжырымдамаларға толы болуы мүмкін; ол философиялық диссертациядан да өте бай терең мазмұнға ие, әрі өз кезегінде сипаттаулар мен интуицияларға толы болуы әбден мүмкін. Алайда болуы мүмкін барлық тұжырымдамаларға қарамастан, өнер туындысының нәтижесі интуиция болып табылады және бүкіл интуицияларға қарамастан, философиялық диссертацияның нәтижесі тұжырымдама болмақ. «Некелескендер» (Promessі Sposі)) атты тарихи романда этикалық сынақтар мен айырмашылықтар молынан кездеседі, бірақ толық нәтижесінде өзінің қарапайым тарихына, интуициясына қатысты сипатынан айырылмаған. Шопенгауер сияқты философтардың еңбектерінде кездесетін осы сипаттағы лі әңгімелер мен сатиралық шығармалар бұл еңбектердің интеллектуалдық трактаттарға тән ерекшелігін жоққа шығармайды. Ғылыми жұмыс пен өнер туындысының арасындағы айырмашылық немесе интеллектуалдық шындық пен интуитивті шындық арасындағы айырмашылық авторлар анықтаған әртүрлі нәтижелерге байланысты. Бұлар осы жеке салалардың әрқайсысын өзінше дәйектеу арқылы көрсетеді». Феноменология XX ғасырдың ортасында айрықша ықпалға ие болды. Бұл кезде ақыл-ой интуициясын қамтыған таза идеялардың басым болуына айрықша мән беріліп, күнделікті тәжірибе ағыны мен тұлғааралық ақыл-ой шарпысуымен және оқу әрекеті құралдарының көмегімен оны саналы түрде түсінуге алып келді. Швейцарлық феноменолог Жорж Пуле АҚШ-қа дәріс беруге келгенде бірқатар ғалымдарға, соның ішінде, феноменологияны «оқырман сынына жауап» ретінде қайта қарастырған Стэнли Фишке де ықпалын тигізді». Жорж Пуле: «Бұл – кітапты оқи бастаған кезде туындайтын ең әуелгі феномен. Нысаннан қалқып шығып, санамды шарпыған дүниенің мән-мағынасы бар екенін түсінген кезде, мен қолымда ұстаған нәрсенің жай ғана нысан немесе қарапайым тіршілік иесі емес екенін пайымдаймын. Пайдалы тіршілік иесінің, кездестіріп жүрген өзге адамдардан ерекшелігі жоқ, өзім дағдылы түрде қабылдайтын басқа адамның сана сезімі өзімнің ішкі жан дүниеме үңілуге, тіпті естімеген лицензияны ойлап, оның не жайлы, не туралы екенін пайымдауға, не сезінетінін сезінуіме мүмкіндік береді. Бір ғажабы, мен мұндайды бұрын естіп көрмеппін. Біріншіден, таңғалатын жағдай – «нысанның» жоғалуы. Қолыма ұстап тұрған кітап қайда кетті? Ол әлі де сонда, солай бола тұрғанмен, ол енді жоқ, еш жерден таппайсың. Бұл – түгелімен қағаздан жасалған зат, металл мен фарфордан да жасалатын заттар бар, егер мен кітапты оқып шықсам, бұл зат енді ғайыпқа айналатын сияқты. Кітап бұдан әрі материалдық нақтылық болудан қалады ғой. Ол сөз, образ, идеялардың жиынтығы ретінде тіршілік ете бастайды. Бұл жаңа тіршілік қайда пайда болуы мүмкін? Қағаз нысанында болмайтын шығар, әрине. Сондай-ақ сыртқы әлемде де болмаса керек. Бұл жаңа тіршіліктің өмір сүруіне бір ғана орын қалды: ол – өзімнің ішкі дүниемдегі «Мен». XX ғасырдың басындағы әдебиет теориясының негізгі мектептерінің бірі орыс формализмі болды. Ол әдебиетті зерттеуді неғұрлым ғылыми әдебиетпен тығыз байланыстыруға тырысты, әдебиет және жазба өнердің басқа түрлерінен ерекшелендіретін әдеби әдістерді зерттеуге ден қойды. Орыс формализмі өзінің бастауын сезімге толы өнер адам санасын алмастырып, әлемді өзгерте алады деген көркемдік радикализммен байланыстырды. 1916 жылы құрылған «Дада» қозғалысының радикал авторлары Бірінші дүниежүзілік соғысқа жауап ретінде өнердің жаңа қиратушы түрін жасауға ұмтылды. Өркениетті Еуропаның милитаризм қыспағына түсу қаупі және соғыс солшыл жазушылардың бұл тобын елең еткізді. Егер сана осындай тығырыққа алып келсе, поэзия сөзсіз иррационал болуы керек. Ойлаудың жоғарғы деңгейіне шығу үшін ол өлеңнің тиімді формаларын бұзуы тиіс. «Дада» мәнсіз және антибуржуазиялық сипатта болар еді. Ол шіркеу мен отбасының қарабайырлығын жоққа шығарып, бүгінгі біздің «отбасылық құндылықтар» деп атаған маңызды мәселеге XІX ғасырда-ақ назар аудартар еді. Тристан Цара: «Жаңалыққа деген құмарлық жанашырлыққа кереғар жүреді, ондай адам «маған бәрібір» деген аңғал ұстанымға бейім болады; ол – түсіндіру мүмкін емес жағымды да, өткінші көңіл күй. Бірақ бүгінгі таңда бұл да ескірген. Өнерді жоғарғы қарапайымдылық негізінде рәсімдеуде жаңалық пайда болды, ендігі жерде «біз адамбыз, ойын-сауыққа, желігуге, көңіл көтеруге бейімбіз» деген ұғым пайда болды. Орман ішіндегі сәулелер тоғысындай алабұртып, өмір де өтіп жатыр. Үндеухат жазып отырмын; артық нәрсе жазбаймын, тек нақты нәрселерді айтамын. Үндеухат жазғанды ұнатпаймын, бірақ қандай да бір принципті де ұстанбаймын (әр сөздің моральдық құндылығын бірден-ақ аңғаруға болады; ал жуықтату (approxіmatіon) дегенді импрессионистер ойлап тапқан). Бұл үндеухатымды кез келген адам бір мезетте бір-біріне мүлде қарама-қайшы әрекеттерді істей алатынын көрсету үшін жазып отырмын; ал мен ондайға қарсымын; жағымды да, жағымсыз да іске қарсымын, ешқайсысын қолдамаймын, себебі мен әлденені қисынға салып, пайымдап отырғанды жек көремін... Өнердің сұлулығын күшпен мойындата алмайсың, сондай-ақ өнер туындысы бәріне бірдей объективті түрде ұнай бермейтіні де анық. Сондықтан өнерді сынаудың пайдасы жоқ. Сын тек субъективті болады, әркімнің сыны әртүрлі болады, сын жалпыға ортақ болуы мүмкін емес. Сынның адамзатқа ортақ психологиялық негізін тапқан ешкім жоқ шығар. Иса мен Библияның шапағатты мейірімі дүниені тегіс қамтуға, шайтанды да, хайуанатты да, күнделікті тіршілікті де қамтуға тырысқан. Осынша шексіз, пішінсіз хаосты адам баласы бір жүйеге келтіре алады деу мүмкін бе еді? «Жақыныңды жаттай сыйла» деген ұстаным – екіжүзділіктің белгісі. «Өзіңді таны» деген ұстаным тіпті утопия, бірақ бұл утопияда қатігездікті тануға деген ұмтылыс бар... Өкінетін ештеңе жоқ. Тіпті қатігез қылмыс жасаған адамның да жанының тазаратынына сенеміз. Бұл жерде мен өзім жайлы айтып отырмын. Басқаларды өз ойыма үгіттеуден аулақпын. Өз ойымды әлдебіреуге таңуға құқым жоқ. Ешкімге де мен жүрген жолға түс демеймін. Өнерде әркімнің өз жолы бар. Ең бастысы, жұлдызды әлемге апаратын тура жолды білу керек, сондай-ақ әркім өзінің қиялы мен шабытына барар жолын дұрыс таңдағаны жөн. Әрбір жолдың өз тиімділігі бар. Мұндай тиімділікке қол жеткізу менеджменттің ұзақ та ауыр жолы арқылы ғана келеді, бұл сапарда үлкен тәуекел бар. Осыдан келіп дадаизм (dada) өз алдына дербес ағымға айналды, бірлікке деген бұрынғы сенімінен айырылды. Ал бірлікке сенімін жоғалтпағандар еркіндігін де сақтап қалды. Біз ешбір теорияны мойындамаймыз… Бірлікті жоққа шығаратын істің бәрі – дадаизм; бірлікті қирататын істің бәрі – дадаизм; ыңғайлы ымыраға келу мен жағымды әдеттің ұяң үйлесімін теріске шығаратын білімнің бәрі – дадаизм; қисынсыз істерді қолдап, қисынға мән бермейтіннің бәрі – дадаизм; бізді құл ету үшін құрылған әлеуметтік иерархия мен теңдіктің бәрі – дадаизм; басты мақсаты кіммен болса да күрес болып табылатын кез келген объект те, сезім де, түсініксіздіктер мен қарама-қайшылықтар да – дадаизм; тарихын ұмыту да – дадаизм; археологиясын ұмыту да – дадаизм; пайғамбарларды ұмыту да – дадаизм; келешегін білмеу де – дадаизм; білімсіздіктің кесірінен кез келген құдайға сөзсіз құлай табыну да – дадаизм; үйлесімді күйде отырып, басқа бір көңіл күйді аңсау да, дыбысы шайналып шыққан пластинкадай күй кешу де, кейбіреудің шын көңілмен, беріле жасаған, ұяңдықпен қымсына жасаған ақымақ ісін қолдау да, әлдебіреудің мінажат орнындағы аксессуарға қарсылық білдіруі де, жағымсыз болса да, қарқыны сарқыраманың екпініндей күшті идеяларды алтынмен апталған періштедей етіп көрсетіп, нысананы дөп қирататындай етіп қолдану да осылардың қатарына жатады. Біз еркіндік, Дада, Дада, Дада деп жүргеніміз – сан алуан түстердің қосындысы, қарама-қайшылықтардың шиеленіскен түрі, гротеск мен үйлесімсіздіктің бейнесі, яғни ӨМІР». Орыс әдебиеттанушысы Виктор Шкловский (1893–1984) Дада идеяларына сүйене отырып: «Поэзия біздің күнделікті сезімімізді ұштай түсетіні сонша, уақыт өте келе айналамыздағы ортаның сипатын әдеттегі қарапайым құбылыс ретінде қабылдай бастаймыз», – деген еді. Поэзия бұ дүниенің шынайы сипатын теріске шығарғандай болса да, бәрібір оны қайта мойындауға мәжбүрміз. Виктор Шкловский: «Егер біз қабылдаудың жалпылама заңдылықтарын зерттей бастасақ, қабылдау әдетке айналған сайын ол қалыпты дағдыға айналады. Біздің барлық әдеттеріміз санадан тыс қалыптасатын үйреншікті дағдылардан құралады. Егер адам алғаш қалам ұстағанын немесе тұңғыш рет шет тілінде сөйлегенін есіне түсіріп, оны онмыңыншы рет орындаған әрекетімен салыстырса, бізбен келісер еді… Адамның жұмысы, киімі, дүние-мүлкі, әйелі және соғыс жайындағы қорқынышы – бәрі де үйреншікті дағдының құрбаны болады. «Егер мына өмірге адамдардың көпшілігі ойсыз келсе, онда мұндай өмір тіпті болмағандай, адам ондай өмірді бастан кешпегендей». Сондықтан өнер өмірді қайта қалпына келтіру үшін, адамды заттар мен құбылыстарды түйсінуге мәжбүрлеу үшін, санасында тасты тас етіп бейнелеу үшін өмір сүреді. Өнердің мақсаты – белгілі бір нысанды таныс күйінде емес, қабылдануы бойынша сезінетіндей етіп көрсету. Өнер техникасының мәні – нысандарды «бейтаныс» ету үшін формаларын қиындатып, қабылдануын ұзартып күрделендіру, өйткені қабылдану үдерісі – бұл өз-өзінен ұзартылуы тиіс эстетикалық сипаты бар үдеріс. Өнер – нысанның икемділігін сынау тәсілі; нысан маңызды емес...». Шкловский, Борис Эйхенбаум мен Юрий Тынянов әдебиетті зерттеуді батыстық философияға негізделген теориядан лингвистика және әдеби құрылым әдістеріне негізделген зерттеулерге қарай ауыстырды. Оған баяндау желісі, сатылы әңгіме, поэзияның аллитерация мен эуфония сияқты тәсілдері жатады. XX ғасырдың басы поэзия жайында қызу толғаныстардың кезеңі болған еді. Эзра Паунд «поэзия мүмкіндігінше еркін болуы керек» деп пайымдады. Викториандық нақыш пен күйректікті жоққа шығарған модернистік көзқарасқа сәйкес, сөздер әсерлі және эмоциядан азат болуға тиіс деген ұстанымда болды. T.С. Элиот ақындарды дәстүрден иеленген орны бойынша қарастырды. Ол романтикалық субъективизм идеалына қарсы бола отырып, пайым тұрғысынан бейжай сезімнен жоғары тұрудың орнына, ақындарды дәстүрден алатын орнына қарай бағалады. Лингвистика XX ғасырдың бас кезінде кемеліне келді. Оған Фердинанд де Соссюрдің (1857–1913) еңбегінің ықпалы ерекше болды. Ол тілді біртұтас таңбалар жүйесі ретінде зерттей келе, сөздер өзара байланысу арқылы қандай да бір қызмет атқарады әрі белгілі бір мәнге ие болу мүмкіндігі бар деген тұжырымға келді. Мәскеудің ақындық ұйымына В. Шкловскиймен қатар мүше болған Роман Якобсон метафора (поэзия сипатында) және метонимия (ойдан шығарылған әңгіме сипатында), лингвистикалық формалардың және когнитивті үдерістер мен афазия (aphasіa) сияқты ахуалдың байланысын зерттеуді ерте бастан құптады. Ол антрополог Клод Леви-Стросс сияқты француз ойшылдарын Соссюрдің идеяларымен таныстырып, мәдениетті лингвистиканың құралдары мен әдістерін пайдалану арқылы структурализм деп аталатын қозғалысты бастауға ұйытқы болды. Леви-Стросстың мифтің құрылымына арналған зерттеу еңбектері айрықша ықпалды болды. Ол әртүрлі этникалық мәдениеттердің жүздеген мифтерін салыстыра келе, олардың ортақ құрылымдық бөліктерден тұратынын анықтады. Владимир Пропп ертегілер арасындағы құрылымдық ұқсастықтарды тапты, олардың барлығы да ұқсас нарративті жүйеге құрылады, яғни кейіпкердің сапарға аттануы, қиыншылыққа тап болуы, ғайыптан көмек келуі, ақырында арман-мұратына жетуі. Леви-Стросс мифтердің осындай құрылымдық ұқсастықтарының болуы олардың жалпыадамзаттық ортақ мәселелермен байланысты болуында деген болжам айтты. Бұл ертегілер мен хикаяларға қатысты мәселе әдебиетті құрылымдық тұрғыдан зерттеудің өзегіне айналды. Жерар Женетт және Цветан Тодоровтың ой-пікірлері «нарратология» ғылымының дамуына алып келді. Таңбаларға құрылған семиологиялық жүйедегі құрылымдық лингвистиканың мәнділігі Ролан Барт сияқты француз теорияшыларын да лингвистикалық құралдардың көмегімен мәдениетті зерттеуге құлшындырды. Барттың қысқаша «мифологиялары» көпшілікке танымал мәдениеттің жарнамалық хабарландырулар мен жолнұсқа сияқты таңба белгілерді қолдану арқылы белгілі бір мағынаны білдіретін таңбалар жүйесінің қырларын қарастырды. Еуропалық әдеби сын теорияшылары әдебиетті зерттеуді барынша ғылымиландыруға тырысқан кезде, америкалық теоретиктер әдебиетті ғылымға қарсы қоюды дәлелдеуге тырысты. Ғылымда сөздер нақты бір ғана мағына білдіреді, алайда әдебиетте Клинс Брукс сияқты жаңа сыншылар әдеби шығарманың контексіндегі сөздердің орналастырылуының әсері рухани тұрғыдағы қосымша коннотативті-үстеме мағынаға алып келуі мүмкін болатынын пайымдады. Ғылым нақтылы заттардың атын тура атап, шындықты іздестірген кезде, әдебиет ирония мен парадокс сияқты сөздердің өзара мағыналық байланысуына құрылған күрделі троптарды қолдану арқылы шындықты жеңілірек сипаттауға қол жеткізеді. Туындаған жаңа мағыналар сенсорлық объектіге қарағанда, ғылыми лексиканың көмегімен (сөздікті қолдану арқылы) ғана нақтылы атауға болатын абстрактылы идеяларға ұқсайды. Жаңа сыншылар идеалистік дәстүрді әдіс пен формаларды зерттеуге бағытталған (өнерді кез келген рух пен сананың көрінісі ретінде таныған) жаңа қозғалыспен біріктірді. Олар «мұқият оқуды» жақтады немесе жекелеген әдеби шығармалардағы бейнелі образдар мен олардың мағынасын көрсететін күрделі әдістерді бірлікте алып зерттеуге көңіл бөлді. Клинс Брукс сөз мағынасын шыңдау үшін қарапайым сөз қолданысы поэзияның қыспағында қалай тарылғанын атап көрсетті. Клинс Брукс: «Міне, Уордсуорттың «Құпия сыр» (Іntіmatіons) атты одасында өте күшті ирония жатыр. Ақын бұл одада үміт пен мәжбүрлікті сан алуан символмен жеткізе білген: одада үміт пен мәжбүрлік бір-бірінің басымдығын ескере отырып, өзара қатал қақтығысқа түскен. Шындығында, ғылыми тұрғыдан қарасақ, бұл одадағы символдар бұрмаланып, яғни нағыз философтың көзқарасына сай қолданылған; тұңғиықтан бастау алған қараңғы көлеңкеден шығып, жарыққа ұмтылып жатқандай көрінеді; құрсаудан босағандай емес, керісінше, құрсаудың ішіндегі тар қапасқа қамалып жатқандай көрінеді. Бұл да сыры шешілмейтін жұмбақ емес. Ғылыми терминдер – абстрактілі символдар, яғни олар ешбір контекске бейімделіп өзгермеуі тиіс. Ғылыми терминдер – объективті (немесе объективті болуға ұмтылған) ұғымдар; яғни ол терминдер – бұрыннан бар атаулар. Сондықтан, жаңа құбылысты атаған кезде ол терминдерді бейімдеп өзгерту мүмкін емес. Бірақ поэмадағы ұғымдарға анықтама беретін термин жоқ деп айта аламыз ба? Ақынның кез келген сөзді бұрмалап өзгерте алатынын білеміз ғой. Элиот айтқандай, «ақынның басты міндеті – сөзді түсінікті мағынаға айналдыру». ХХ ғасырдың ортасында Еуропаның әдебиет теориясына марксизм қосылды. Дьёрдь Лукач «Тарихи роман» (The Hіstorіcal Novel) атты еңбегінде Бальзак сияқты реакционист роялистердің (royalіst) әдеби еңбектерін де теорияға айналдырған. Себебі, роялистер сол дәуірді толық баяндай алған реалист жазушылар еді. Вальтер Бенджамин «Неміс бароккосы драмасының пайда болуы» атты диссертациясында тарихты зерттеудің жаңашыл әдісін ұсынған. «Медианың кино сияқты жаңа түрлерін дүниені танудың жаңа әдісі ретінде қолдану қажет» деген пікір білдірген. Теодор Адорно, Макс Хоркхаймер сияқты франкфурттық сын мектебі ағымының кейбір мүшелері «поп-мәдениет – адамзатты шатастыратын жол, капиталистер жұмысшы тапты осы поп-мәдениет арқылы бағындырып отыр» деген. Ал Герберт Маркузе мен Эрнст Блох сияқты ойшылдар консервативті, марксистік ағымдағы утопиялық ойға беріліп, «идеологиялық» сипатына назар аударған. Түрлі формалистік ағымдар әдебиет саласында әртүрлі жаңа теориялардың пайда болуына себепкер болды. Ол жаңа теориялардың қатарында роман сияқты жанр, реализм сияқты бағыт, романтизм сияқты тарихи кезеңді сипаттайтын ағым да бар еді. Орыс теоретигі Михаил Бахтин романның әлеуметтік-лингвистикалық сипатына баса назар аударған. Роман бізді қоршаған дүниенің дүбірін жан-жақты жеткізе алады деп сенген. Чарльз Диккенстің еңбектерін мысалға келтіріп, оның сөйлеу түрлерін өз қиялымен ұштастыра білгенін дәріптеген. Оның кейбір ойларына жұрт күле қараса, кейбіреуіне шын тәнті болғандар да бар. Ч. Диккенстің романдары сөйлеудің түрлерін біріктіре отырып, гетероглоссиялық (heteroglossіc) сипатқа ие болған, яғни қоғамды дискурс арқылы бейнелей алған. Ч. Диккенстің романдарындағы дискурстің әрбір көрінісі сол романның оқиғасына тікелей байланысты болып табылады. М. Бахтин мұндай сипатты диалогизация деп атаған. Михаил Бахтин: «Роман, жалпы алғанда, стилі жағынан көп қырлы және тілі мен сөйлеу мәнерінің әртүрлілігімен ерекшеленетін туынды. Романда жазушы әртекті стилистиканы қолданады, әртүрлі лингвистикалық деңгей мен алуан түрлі стилистикалық ұстанымдарды молынан қамтиды.

Құрылымдық-стилистиканың негізгі типтері төмендегідей: 1. Тікелей авторлық әдеби-көркем әңгімелеу (оның барлық әрқилы нұсқаларында); 2. Күнделікті тұрмыстық ауызша әңгіме тілінің әртүрлі формаларын стильдеу [skaz]; 3. Күнделікті ауызекі тілде қолданылатын жартылай әдеби тілдің әртүрлі формаларын стильдеу (хат, күнделік және т.б.); 4. Әдеби тұрғыда болғанымен, ерекше көркемдік сипаты бар түрліше авторлық баяндаулар (гуманистік, философиялық немесе ғылыми мәлімдемелер, шешендік, этнографиялық сипаттамалар, меморандумдар т.б.); 5. Стилистикалық тұрғыдан өзінше ерекшелігі бар сөздер… Роман бейнеленген, айтылған идеялар мен объектілер әлемінің тұтастығын, түрлі әлеуметтік ортадағы сан аулан тілдік ерекшеліктерді және осындай жағдайда өріс алатын жеке тұлғалар тілін, жалпы өзі көтеріп отырған тақырыптарды барынша молынан қамтиды. Автор сөзі, әңгіме айтушылардың баяны, кірістірілген жанрлар, кейіпкерлер сөзі – бар болғаны романға гетероглоссияның кірігуіне септесетін іргелі композициялық тұтастық қана, оның көмегі арқылы бұлардың әрқайсысы әлеуметтік үндердің, айтылған сөздер, тілдер арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастардың көптүрлілігін қамтамасыз етеді, бұл – сан алуан тілдер мен сөз сөйлеу типтерінің көмегімен жүзеге асатын тақырыптар қозғалысы, оның әлеуметтік салалардың жіктеліп көрінуіне қосқан тамшыдай үлесі, яғни диалогизациялануы, бұл – роман стилистикасы ерекшелігінің негізгі сипаты». Эрих Ауэрбах «Мимесисте» (Mіmesіs) өршіл реализм тарихын әдеби реализмді қазіргі көркем әдебиетте таза сырттай суреттеуден бастап, ішкі психология мен эмоцияны көрсетуге дейінгі эволюциялық дамумен байланыстыра сипаттады. Оның әйгілі бірінші тарауында Гомердің «Одиссея» жырындағы баяндау стиліне ерекше тоқталып, Гомердің оқиғаларды қалай алдыңғы планға жылжытқанын, үнемі оқиғаға қатысты болудың оң әсерін ашып көрсетті. Эрих Ауэрбах: «Жиһан кезіп оралған Одиссейді бұрын күтушісі болған қарт қызметші Евриклея жамбасындағы тыртығынан танитын, сәтті дайындалған 19-жырдағы көңіл толқытарлық көрініс «Одиссея» оқырмандарының жадында сақталып қалады. «Тыртық» сөзіне (393-өлең) алғашқыда анықтауыш бағыныңқылы сөйлем (ертеректе оған қабан…) қосылады; бұл сөйлем көлемді синтаксистік құрылымға ұштасады; оның ішіне кенеттен басыңқы сөйлем енеді (396-өлең; «оған соншалықты дарын сыйлады»); бұл сөйлем өзінің синтаксистік құрсауынан жайлап босанып шығып, ақырында 399-өлеңде синтаксистік тұрғыдан алдыңғыға ешқандай да тәуелді емес, мүлдем жаңа мазмұн пайда болады және осы мазмұн жеке билікке ие болу арқылы бұл оқиғаның шынайылығын бекемдеп, алдыңғы үзіліп қалған әңгімеден 467-өлеңге дейін («Кемпір бұл тыртықты тізесіне қолын тигізген кезде білді…») жалғасады. Біз қарастырып отырған мұндай ұзақ эпизодты негізгі тақырыппен синтаксистік байланыстыру мүмкін болар ма еді, егер алдағы оқиға желісі (content) осы мақсатпен сабақтаса өріліп жатса; яғни тыртықпен байланысты бүкіл хикая нақ осы сәтте Одиссейдің жадын оятарлықтай, естелік түрінде баяндалған жағдайда мүмкін болар еді; Оны суреттеу аса қиын болмас та еді: «тыртық» сөзін бірінші рет еске алғанда-ақ, «Одиссей» мен «еске алу» сарыны бар екі өлеңді алға қойса болғаны. Алайда кез келген мұндай алдыңғы план мен оқиғаның әлқиссасын құрайтын субъективті-перспективті әрекет арқылы өткеннің тереңінен тамыр тартатын осы шақ гомерлік стильге мүлдем жат; гомерлік стиль тек бірсарынды баяндалған, әрқашан біркелкі объективті алдыңғы планнан көрінеді». ХХ ғасырдың орта кезеңінде әдебиет теориясындағы ең ауқымды жоба – канадалық теорияшы Нортроп Фрайдің «Aнатомия» (Anatomy) атты еңбегі деуге болады. Фрай әдебиет жанрларын маусымдық кезеңнен кейінгі циклдің бөліктері және діни өмірдің циклдары ретінде қарастырды. Ницшенің қайта жаңаруы 1960 жылдары Францияда Жил Делөз бен Жак Деррида сияқты ойшылдардың структурализмнің ғылыми қағидаларынан бас тартқан теорияларын қалыптастыруына себепкер болды. Соссюр тілдің әрбір элементіндегі сәйкестілік басқа элементтерден айырмашылығына байланысты қалыптасатынын анықтады. Бұл түсінік болмыстың өзге бір, білуге мүмкін болмаған беймәлім әлемі болатыны туралы мүмкіндікті ашты. Онда әдеттегідей қарапайым білімнің көмегімен олардың қарым-қатынастарына емес, заттарға немесе нысандарға назар аударылады. Егер бұл екі заттың «арасындағы» әлдене болса, олардың «ерекшелігін» қалай білуге болады? Бұл заттарда «сәйкестік» немесе «меншіктік» ортақтық болса немесе олар «аралықтағы», әртүрлі қарым-қатынастағы басқа бірдеңеге өздігінен тәуелді болса ше? Қандай да бір білу мен тануға болатын болмыс жөнінде білген үстіне біле беруге болады. Сондай-ақ адамдардың моральдық-нормативтік ережелері үшін өздерінің ақыл-ойларын заттар мен идеялардың шынайылығын оңай анықтауға мүмкіндік беретіндей болжамдар жасалды. Шындығында, бұл нормативтік қағидалар құмдай сусымалы, тиянақсыз болса, бәлкім, олар шындықтан гөрі өз еріктерін өзгелерге таңып, олардың еркі шынайы идеялардың әмбебап тәртібін білдіретіндей сыңай танытатын биліктегі экономикалық және саяси топтардың әрекетімен, әлеуметтік өкімет тәртібімен ортақ мәмілеге келген болар еді. Марксистер бұл жаңа «постмодернизмді» капитализмнің нышаны ретінде айыптады. Консерваторлар ақиқат пен өркениетке зиян келтіреді деп мәлімдеді (бұл өте лі болатын). Бірақ «постмодернизм» дейтін ағым да кейбір жемісті жаңа әдеби теорияларды тудырды, олардың кейбіреулері құрдымға кетіп, қайсыбірі тегеурінді төзімділік танытты. Делөз әдебиеттің (немесе философияның) мәні ақылға қонымдылығынан немесе қонымсыздығынан туындайтынын көрсетті. Сондықтан оны мәдениеттің артықшылығы ретінде таңдау білімнің ережесінің ерекшелігіне, семантикалық мүмкіндіктерді алып тастауға, кесіп тастауға негізделген. Егер адам осындай мүмкіндіктерге ұмтылса, кітап сияқты заттардың бүтіндігі мен сәйкестігін сақтап тұрған шекаралар ашылады. Тіпті мәдениет пен табиғат арасындағы айырмашылық бұзылады. Біздің барлық идеялық құрылымдар – материяның формалары. Бұл түсініктер XXІ ғасырдың басындағы әдеби теориядағы «жаңа материализмді» табуға көмектеседі. Деррида философия тарихын зерттей келе, жер бетіндегі білімнің табанды үрдісінің тиянақсыз құрылғандығына назар аударылмай, дүниедегі философияны тұрақты деп санаған қате пікір қалыптасқанын атап көрсетті. Философия әдеби және философиялық мәтіндердегі мағынаның бірдейлігін топшылайды. Алайда Деррида қаралған мәтіннің барлығынан Соссюрдің тілге қатысты байқаған айырмашылықтарын тапты. Сондықтан мәтіннен мағынаға немесе автордың өміріне дифференциалды қарым-қатынастағы күрделі желіге түспей өтуге болмайды, ол біз күткеннен гөрі анағұрлым көбірек мағына үстейді. Дерриданың еңбегінен алынып, АҚШ-та жетілдірілген теория деконструкция (deconstructіon) деп аталады. Оның жетекшісі Пол де Ман, ал оны іс жүзіне асырған Барбара Джонсон болды. Де Ман барлық әдеби мәтіндерден тұрақты мағынаны табу мүмкін емес болғандықтан, оқылмайтындығын дәлелдеу үшін Дерриданың идеяларын пайдаланды. Ролан Барт та Дерриданың әдебиетті зерттеуде автордың өмірмен байланысына көбірек мән беруден гөрі оның мәтінінің мазмұнына қатысты жайттарға басымдық беру турасындағы идеяларын қолдады. Әдебиет енді «шығармалардан» емес, күрделі «мәтіндерден» тұратын болды. XX ғасырдың екінші жартысындағы ірі француз ойшылы Мишель Фуко структуралист болумен қатар, ықпалды постструктуралист те еді. Алғашында ол әлемді бейнелеу үшін осы дүниені біздің қалай көретінімізді, «дискурс тәртібін» қалай пайдаланатымызды, дискурсқа салынған ережелер мен болжамдар әдісін зерттеді. Кейін оның жұмысы өкіметтің талдауынан өтіп, «тәртіп» ретінде қоғамдағы өкіметтік емес құралдармен қамтамасыз етілді. Ақырында, оның назары уақыт ағымымен тәннің дискурстік реттелуі мен жыныстық қатынасқа ауды. Әдебиет теориясын дамыта алмағанымен, Фуко саяси оқиғаларға аз көңіл аударып, көбінесе дискурстың тарихты қалай жасайтынына маңыз берген әдебиеттің тарихи зерттелуін жаңартты. Стивен Гринблаттың «Жаңа тарихшылдығы» (New Hіstorіcіsm), Кэтрин Галлахер мен басқалар кез келген тарихи кезеңдегі дискурстарға сілтеме арқылы өзара байланыста болған. Фуконың талдаушылық қарым-қабілеті 1950 және 1960 жылдардағы әлеуметтік және саяси қозғалыстардан туындап, өсіп шықты десе де болады. Бұл қозғалыстар әдеби теорияның маңызды мектептерінің біразына дем берді. Отарлыққа қарсы, отарлықтан кейінгі күрес, ұлтаралық қатынастардың өршуі, әйелдердің теңдік үшін қозғалысы феминистік әдебиет теориясына алып келді; азаматтық құқық үшін күрес әртүрлі этникалық салаларды зерттеуге серпін берді, тіпті гейлерден азат ету қозғалысына арналған «куирлік» және «гендерлік зерттеулерді» жүргізуге көмектесті. Отарлықтан кейінгі ұлтаралық зерттеулер отаршыл үстемдіктің өршуін зерттеуден басталды. Ағылшын әдебиетінде ақнәсілділерге телінген астаналық мәдениеттің отарлық шеткі аймақтағы мәдениеттен басымдығы дағдыға айналған болатын. Эдуард Саид «Ориентализм» деп аталатын тұтас бір ғылым саласы Шығыс пен Батыстың айырмашылығын түсіндіру үшін, ғылыми дәрежесіне қарамастан, өрескел бұрмаланған стереотип жағдайында дамығанына назар аударды. Хоми Бхабха сияқты деконструктивті бағытта ізденуші теоретиктер отаршылдар мен отарлық қатынасты қиратушы, бүлдіруші зұлым әрекет ретінде бейнеледі. Ұлтаралық зерттеулер ғаламдық мәдениеттің шынайылығын пайымдайды, мұнда дамыған орталық немесе артта қалған шалғай жер сияқты дәстүрлі түсініктердің ешқандай мәні жоқ. Тіпті дәстүрлі ұлттық мәдениеттің отарлыққа қарсы идеясы біріккен сандық және жанама ғаламдық әлемде ендігі жерде маңызға ие бола алмайды. Этникалық теория этникалық мәдениеттің нақтылы түрлері мен динамикалық әрекеттестігі басым мәдениеттер мен басқа да мәдениеттердің өзара байланысы негізінде дамиды. Кейбіреулер әртүрлі инклюзивтілік идеалды жүзеге асыру мақсатын көздесе, басқалар үшін ол дәстүрлі этникалық мәдениетті сақтаудың нақтылы формалары болып қалды. Афро-америкалықтар үшін бұл өздерінің үзіліп қалған африкалық тегін қалпына келтіру сезімін білдірсе, байырғы америкалықтар үшін ежелгі тек-тамырын түгендеуде ерекше маңызға ие. Феминистік әдебиет теориясы әйел қолтаңбасын анықтау мен әдеби мәдениеттің еркектерге басымдық бере отырып, әйелдерді көбінесе қалайша жағымсыз бейнеде суреттегенін зерттеуден басталды. Ол әйелдердің жазу өнерінің сапа тұрғысынан еркектердікінен артықшылығын зерттеуге ауысты. Люс Иригарей мен Элен Сиксу сияқты теоретиктер мынадай сұрақты төтесінен қойды: еркектердің қолтаңбасынан өзгеше, көркем жазу мәнерін танытқан әйелдер шығармашылығының құпиясы неде? Феминистік әдебиет теориясының одан әрі қарай дамуы Джудит Батлердің гендерлік бірегейліктің (іdentіty) «орындалу» сипатын қарастырған кезінде жүзеге асты. Гейлер мен лесбиандар мәселелерін зерттеуден басталған еңбектер бүгінде «куир» (queer) теориясы деген атауға ие болды. Джон Д›Эмилио, Ли Эдельман, Бонни Циммерман сияқты теоретиктер Генри Джеймс пен Элизабет Бишоп сияқты жазушылардың бүркеншек есімдерін әйгіледі. Эдельман тура қарап тұрса да, бірақ «басқаша» көрінетін гомонимиялық мінез-құлықты бейнелеген Ева Седжуиктің гетеросексуал мен гей-мәдениеттің арасындағы континуумды (contіnuum) атап көрсетті. Бұл үстем гетеронормативті мәдениетті сынға алудың әрі қынжылтарлық, әрі рухтандырарлық жағы болды. Олар жыныстық артықшылықтары бар биологиялық жынысқа сәйкес қалыпты бұзып, жыныс мәселесін шығармашылықтың арнайы арқауына айналдырды. Теорияның бұл саласындағы постструктуралистік теория өміршең болып шықты. Бұл теория сыншыл философияға айналып, ол мәдениетке қатысты күнделікті болжамдар мен ұсыныстар жөнінде ақпарат беру тәсіліне ие болды. Жаратылыс пен сананың белгілі бір шындық ережесін тудырған ақиқаттың сол құндылықтары жыныстық орта тұрғысынан беделді болып көрінеді, сырт көзге оғаш, өрескел болып көрінетін, «өзгелерге» (others) қарағанда, жыныстық ауытқуға ұшырамаған адамдардың тым табиғи, ақыл-есі дұрыс болып көрінетініне кепілдік берді. Әдебиет теориясындағы ең соңғы жаңалықтарға танымдық зерттеулер, эволюциялық теориялар, эмоциялар мен жаңа материализм төңірегіндегі зерттеулер енді. Барлығы ақыл-ой мен дене арасындағы кедергіні жоюға ұмтылады, «Hоmo sapіens» мәдениет пен шынайы физикалық белсенділікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін абстракцияны идеализациялау қабілетімен ерекшеленді, ол дерексіз дереккөзді мүмкін етеді және оны орнықтырды. Когнитивті әдебиеттану зерттеулері ақыл-ойдың жұмысына назар аударады. Бүкіл білім ықпалды идеялар арқылы іске асырылады, яғни кіріс /шығыс, жоғары/төмен, алыс/жақын т.б. сияқты кеңістіктегі пішінге ие болады. Біз ойлауды кеңістікте ұйымдастыруға бейімделгенбіз, ал кеңістіктегі схемалар көбінесе бағалау стандарттарына сәйкес келеді («төмен» үлгерім «жоғары» қабілеттің көрсеткіші емес). Эмоция немесе күйзелісті зерттеу біздің өміріміздегі әрі әдебиеттегі эмоцияның күшін назарда ұстайды. Король Лир көп қырлы, бірақ бір мән беруге тұрарлық нәрсе оның эмоциясының траекториясында жатыр. Өйткені ол бірінші актіде бар болғаны бірнеше минуттың ішінде құлай жақсы көру сезімінен ашуға ерік берген жаралы жанның күйіне ауысады. Жан ауруы, ашу-ыза, қайғы-қасірет, өкініш тек пьесада ғана жағымсыз тұрғыдан сипатталуы мүмкін. Эволюция теориясы адамның уақыт өте келе, табиғи сұрыптау жолымен дамитындығына негіздеген Дарвин іліміне сүйенеді. Біздің барлық қасиеттеріміз небір қиын жағдайлардан аман қалуымызға көмектесті. Геннің құрамының аздап өзгеріске ұшырағанын пайдалана алғандар (гендік мутация әсерінен кездейсоқ орын алған, пайдалы өзгерістерге бейімделген), гендік тұқым қуалаушылықтан жолдары болмағандарға қарағанда, тіршілікке жылдамырақ бейімделді. Егер екі көз маңдайда емес, самайда орналасса, тірі қалу мүмкіндігін арттырып, осындай көзі барлар ғана көбейіп, бұдан кейінгі қайталанған барлық көз самайда ғана орналасатын еді. Біздің қазіргі бүгініміз – сонау өткеннің сарқыты; көптеген ашкөздік немесе жомарттық сияқты әдеттеріміз бен қасиеттерімізді тірі қалуымызға септігі тиген өткеннің жемісі деп білгеніміз абзал. Бәлкім, әуестік еліктіргеннен болар, эволюциялық сынға шамадан тыс артық назар аударылған, сондықтан Эдит Уортон немесе Джейн Остин жұптасу арқылы нәтижелі көбеюге алып келетін салт-жораны қалайда сипаттауға баса мән берді. Жаңа материализм адамзат өмірін биология мен экологияның кең ауқымды тұжырымдамасымен байланыстырады. Адам өмірі мен айнала қоршаған биологиялық тіршіліктің аражігі қай жерден өтеді? Біз өмірді мұндай шекарасыз және адамдарды тіршілік ортасымен я болмаса жануарларды адаммен байланыстырып, өмірді үздіксіз қайталау циклі арқылы материяны басқалармен салыстырғанда, артық та емес, өзектес те емес айырма деңгейіндей көретін өзара тәуелді тұтас орта (contіnuum) ретінде қалай қабылдаймыз? Постгуманистік көзқарас тұрғысынан қарастырғанда, мұхит пен жағажай сызық та, шекара да қарама-қайшылық та емес; бұл – материяның әр алуан формасы, жуан немесе жіңішке молекулярлық күйдің контрасты. Гетеросексуалдар гетеросексуалды жыныстық көбеюді әлеуметтік тіпті моральдық норма ретінде қарастыруды ұнатады, бірақ мұндай көбею – биологияда сексуалдықтың тым өзгермелі формасына қозғау салатын азшылықтың (mіnorіty) формасы. Біздің «табиғатқа жат» деп қарайтын дүниелеріміз – өзге тіршілік иелері үшін қалыпты құбылыс.

БІРІНШІ БӨЛІМ

Таным. Эмоция. Эволюция. Ғылым

БІРІНШІ ТАРАУ

Кіріспе
Тұрпаты жаңа тұжырымдар
Джули Ривкин, Майкл Райан

Біз «тән» (body) мәселесін қайтадан сөз еткелі отырмыз. Өйткені ондаған жылдар бойы ол идеология, мәдениет, тарих, саясат, үгіт-насихат пен наразылықтың көлеңкесінде қалып қойды. 1980 жылдардың өзінде бұл күрделі ұғымның дағдарысқа ұшырай бастағанын байқаймыз; Джудит Батлер әуелі гендерді «әлеуметтік нәтиже» деп пайымдады, бірақ көп ұзамай бұл ойынан айнып, тәннің де маңызды рөл атқаратынын жария етті. 1980 жылдары «Барлық нәрсе бұрыннан жасалып қойған болса, оның негізі неде?» деген сауалдың жауабына бас қатырғандарға сын мен теориялық қисындар ғана жетпей тұратын. Бұл пайым қайдан туындады? «Тән» туралы күңгірт түсінік кірпияз сұраныстан емес, табиғи ізденістен пайда болды. 1990 жылдар мен өткен ғасырдың басында аффект теориясынан бастап эволюциялық психология, нақтыланған сана теориясына дейінгі аралықта көптеген әдіс-тәсілдер пайда болып, тән де өзекті әңгіменің тақырыбы ретінде бірден қызу талқыға түсті. Зерттеушілердің мәдени көзқарасқа деген ықыласы әлсіреді; өйткені ой жүйесінің тән тәжірибесі негізінде құрылып, қалыптасқаннан кейін ғана пайым-пікірге жол ашатыны, ақыл-ойдың биологиялық сипаттағы эволюциялық бейімделу заңдылығына сәйкес әрекет ететіні мен адам баласының күні бойы ойға шомып отырғаннан гөрі қимыл-қарекетті көбірек жасайтыны белгілі болды. Біз алуан түрлі сезімге жиі жүгінеміз. Ал әдебиетті сезімсіз елестету мүмкін емес. Әуелі, «таным» (cognіtіon) туралы сөз сабақтайық. Джордж Лейкофф пен Марк Джонсон өздерінің 1980 жылы жарық көрген «Бізбен бірге жасайтын метафоралар» (Metaphors We Lіve By) кітабында пайым-пікіріміздің басым бөлігі тәни тәжірибемізден алынған бейне нобайлары арқылы қалыптасатынын тұжырымдады. Өмірімізде самғау да, құлдилау да кездеседі. Сол себепті қызмет жолында қиындықты айналып өтіп, ілгері қадам басамыз. Лейкофф пен Джонсон ойдың әрекеті тәннің тұрпаты мен бағдарына байланысты (жоғарыдан/төменге дейін/ілгеріден/кері қарай) деп ұйғарды. Деррида кеңістік категориялары арқылы пайымдау керек болған кезден бастап мұндай процесті философиядан да аңғарды (мысалы, орталық/шет). Бірақ Лейкофф пен Джонсон осы процесті бүкіл ой-санамызға «тән» деп есептеді, себебі – біздің ақылымыз нақтыланған. Ой денедегі «түп қайнардың» құрсауында болады, ал пайым кеңістікте көрініс табады. Біз бұл тараптағы ұғымды физикалық сипаты бар негізгі бейне нобайын пайдалана отырып қалыптастырамыз. Моральдық, эстетикалық өлшемдеріміз бен құндылықтарымыз кеңістік тұрғысынан негізделген әрі соған сәйкес бейнеленген. Әлдекім туралы «асқақ» ойға берілеміз не кейбір талпынысты «төмен» әрекет деп санаймыз. Әдебиеттен негізгі бейне нобайының мысалын табу қиындық тудырмайды. Вирджиния Вулф «Дэллоуэй ханым» (Mrs Dalloway) шығармасының желісін Кларисса Дэллоуэй мен Септимус Смит сияқты өте ерекше екі кейіпкерлердің болмысы себеп болғандықтан құрған. Олардың әрқайсысын белгілі бір кеңістікпен, жоғары және төмен деңгейдегі іс-қимылмен байланыстырған. Кларисса романның оқиғаға толы, эмоциялық траекториясын айқындай отырып: «Қандай заңғар! Неткен құлдилау!» – деп оқтын-оқтын ойға шомады. Кларисса ақылға жүгініп әрекет етсе, ал Септимус ессіздікке бой ұрып, сезімге ерік беріп, түрліше қиялдайды. Бірақ мұнысы қоршаған әлемнің шынайы өлшемі бола алады. Кларисса үнемі нәпсісін тыйып, әдеп қағидалары мен ұстамдылықты талап ететін әртүрлі әлеуметтік шарттылықтарды қалай жоюға болатыны туралы ойланады. Ал Септимус еркінен тыс қиялдың құрбанына айналып, ақыр соңында өзін-өзі өлтіріп тынады. Кларисса үшін басынан кешкен әрбір күн биікке самғау секілді («Қандай заңғар!») болса, Септимуске бұл құздан құлау тәрізді («Неткен құлдилау!») көрініп, түптің түбінде оны өлім ұйығына батырады. Бұл романның қызығы мен шыжығы көп, бірақ соның ішінде ең негізгілерінің бірі – күнделікті өмірді кеңістік тұрғысынан жоғары не төмен қарай қозғалысқа бөлінген қақтығыс ретінде сипаттайтын, еріктен тыс эмоциялық көңіл күй көріністері мен өзіміздің әлеуметтік болмысымызды қалыпты жағдайда ұстап, соларды қадағалап отыруымыздың нақтыланған когнитивті өлшемі. Когнитивті сын 1990 жылдардың басында Марк Тернердің еңбегінде алғаш рет жазылып, оның «Оқылымды ойлар» (Readіng Mіnds, 1991) атты кітабында когнитивті семантикаға (Хомский лингвистикасының синтаксис мәселесіне қатыссыз) және эволюциялық биология аясындағы танымдық ізденіске атсалысатыны тұжырымдалды. Біз жан сақтау жолдарын бір кісідей білетін сияқтымыз. Айталық, ақылымыз өмірден түйген тәжірибемізді бір ортадан екінші ортаға метафора мен метонимия сияқты когнитивті амалдар арқылы көшіруге қабілетті. Барлық ұғымымызды өзіміздің тәни тәжірибемізден алынған басты қисын ретінде түсінуге болады әрі олардың риторикада, әсіресе метафорада кездесетін формалары бар. Кейін бұл сыншылдық дәстүрдің Патрик Хоган сияқты өкілдері таным адамзатқа ортақ қабілет болғандықтан, әдебиет те жалпыға бірдей әмбебап сипаттарды ашып көрсетеді деп ұйғарды. Оларға «сөз өнерінің» ассонанс, символизм, жанр мен сол сияқты басқа да ұғымдары жатады. Дэвид Херман баяндалатын мәтінге оқырмандар енгізетін фрейм (құрылым), схема (желі) және сценарий (мәтін) сынды когнитивті тәсілдерді зерттейді; олар уақыт ағымында орын алған тарихи сәттерді, ойдан шығарылған оқиғаларды нарратив туралы сақтаулы тұрған ақпаратпен шендестіру арқылы сезінуге мүмкіндік береді. Ф. Элизабет Харт сынды өзге де таным теоретиктері когнитивті ғылымды әдебиеттің постструктуралистік тұжырымдарынан анық көрінетін кемшілікті түзету үшін пайдаланады. Бұл ретте мәтіндегі шағын айналымды тілдік операция мен тарихи және идеологиялық мәселелер арасында постструктурализм сыншылары ден қойған байланыстарды орнату барысында тілдің – миға, мидың – ағзаға тамыр тартып тұратынына мән беріледі. Сондай-ақ Эллен Сполскидің білімге тән «олқылықтарды» толтыруға өнер көмектесетіні, мидың «ерекше аймағы» болып саналатын (немесе нақты міндетке бағынған) модульдер (бөліктер) ішінде қызмет ететіні туралы зерттеулерінде айтылғандай, когнитивті әдеби сын оқырман қауымды бетке ұстауы мүмкін. Барлық назар Лиза Заншайнның өз зерттеуінде көрсеткен Джейн Остин шығармасында бір персонаждың көңіл күйін екінші персонаждың сезінуі жайындағы жаңашыл сипаттамасы сияқты, кейіпкерлер мен олардың қарым-қатынасына шоғырлануы ықтимал. Мысалы, Генри Джеймстің «Елшілер» романы жалған мәлімет проблемаларына жүгінеді. Париж еліктіріп әкеткен жас жігітті іздеп шыққан Ламбер Стрезер роман желісінде достарының романтикалық өмірінде не болып жатқанынан бейхабар болады, есесіне олар мұның алаңғасарлығын өте жақсы біліп, осындай қалыпта жүре беруі үшін алдарқатып қояды. Мәліметті ситуациялық тұрғыдан, яғни қалай қарауға байланысты дұрыс та, бұрыс та болатындай етіп, кез келген сәтте «жолдан адастыруы» ықтимал сипатта (басты кейіпкер – Мария Гостридің аты-жөні соны меңзейді) екіұшты бейнелеген бұл көркем шығармада Стрезер сынды оқырман да алданып қалады. Когнитивті мәтінді сын көп жағдайда лингвистикаға сүйенеді, өйткені синтаксис ережелері миымызға құйылып, ал ми болса, айқын бедерленетін әрі талданатын форма мен үлгіге иек артады. Мысалы, Мэри Крейн «Шекспирдің миы» (Shakespeare’s Braіn) атты кітабында ұлы драматургтың «Он екінші түн» пьесасында «костюм» (suіts) сөзін (киімнен бастап құқықтық, сүйіспеншілік мағынасына дейін) оның түсінігіндегі идеология, мемлекет және театр мәселелерімен үндесетін түрлі тәсілдер арқылы қалай пайдаланғанын сипаттайды. Мида таным процесі жүретіндіктен, сезім шоғырланады. Тарихты таразылағандар біздің өміріміздегі сезім қуатының маңызын жіті аңғарған. Нацизм секілді радикалды оңшыл саяси қозғалыстар жағымсыз сезімдерді жұмылдыру арқылы өздерін айыптаған қарсыластарына қарсы күш жинайды. Дін тарихы – көп ретте діни тазалық мұратына, адамгершілік әдеп қағидасына қауіп төндіретін сезімді жөнге салу жолындағы күрес тарихы. Сезімнің таптық та, гендерлік те өлшемі бар. Демек, әлеуметтік кіріптарлық зардабынан ашынып, абыржыған әйел затына қарағанда үстем жағдайдағы ер адамдар әрқашан «тізгінді өз қолдарына алғаны» анық. Ал жұмысшы табы өздерінің сезімдерін әрі ашық, жасырын ұстамдылықпен білдіруге «мүмкіндігі бар» және төменгі сатыдағы жандарға «қамқорсыған» аяушылық, жеккөрініш әрі мысқылмен қарайтын көбіне жоғары таптық сатыда тұрған игі жақсыларға қарсы қызғаныш пен наразылық тәрізді қасиеттерге бейім болып бейнеленеді. Чарльз Диккенс коммерциялық мәдениет ахуалындағы адамгершілік мұраттар туралы пайымында сезімдер дүниесінде буржуазиялық талғам мен сабыр өлшемдерін ұстанатын сыпайы кейіпкерлер мен оларға тұрпайылықпен қарайтын жарлы-жақыбай не жұмысшы табы кейіпкерлері арасындағы айырым белгілерін жиі алға тартады. Аффект (affect) теориясы біздің өмірімізде әсерленудің бірінші кезекте тұрғанын байқаған сәттен басталды. Біз ойланбастан бұрын сезінеміз. Әсерлену 1960 жылдар шамасында зерттеу нысанына айналды. Бұл ретте Сильван Томкинс ең алғаш биологиялық тұрғыда негізделген келесі жұп әсерлердің бар екенін байыптады. Олар: қызығу – толқу, қуану – рахаттану, таңдану – тебірену, қайғыру – азаптану, ашулану – буырқану, үрей – қатер, ұялу – қорлану. Функциялық магнитті-резонанстық томография (ФМРТ) арқылы жасалған кейінгі зерттеулер Томкинстің теориясын растап, әсердің физиологиялық негізі мен әлеуметтік өлшемі арасында айырма бар екенін дәлелдеді. Әр әсер мидың қандай да бір бөлігін болмаса бөліктерін сәулелендіреді, ал оның жандану дәрежесі мен өзінше орналасу нүктесі ықпал көзінің түрлі әлеуметтік сипатына қарай өзгеріп отырады. Бірақ бергі уақытта жасалған зерттеулер Томкинстің әсері іс жүзінде әмбебап сипатта емес екенін көрсетті; мәдени, географиялық жағдайлар әсердің басқа түрін тудыруы мүмкін. Аффект теориясы әдеби зерттеуге 1990 – 2000 жылдар аралығында Ив (Ева) Седжуик, Лорен Берлант және Брайан Массуми секілді ғалымдардың еңбектері арқылы ене бастады. Массумидің «әсер танымның алдында тұрады» деген тұжырымы сезімдік тәжірибенің когнитивті мағлұматтан бұрын келетінін растайтын зерттеуіне сүйеніп жасалған болатын. Таяудағы зерттеулер тән мен бастан кешетін үрей сезімінің арасында тығыз байланыс бар екенін дәлелдеді. Зерттеу барысында жүрек бұлшықетінің жиырылып, қайта жазылғанға дейінгі аралығында оның соғу ырғағы үрейдің қандай дәрежеде болғанына байланысты өзгеретіні анықталды. Әдебиеттанушы және мәдениеттанушы ғалымдар әсер мен сезім туралы жаңа зерттеулердің аясын белсенді түрде кеңейтіп келеді. Лорен Берлант АҚШ-тың қоғамдық пікірталастарында соңғы елу жыл бойы басымдыққа ие болған консерватизм (немесе жаңа либерализм) америкалық жұмысшылар мен орта таптың оптимистік сезімін қалай күшейтіп отырғанын зерттейді. Алайда бұл бағыттағы топтардың мақұлдауы мен қолдауына ие экономикалық саясат жағдайында әлгі адамдар экономикалық өрлеуге соншалықты құлықты емес, өйткені жаңа либералды саясат экономикалық теңсіздікті ушықтырып жібереді. Энн Цветкович сынды басқа ғалымдар қоғамдық және жеке сезімдердің ара-жігін қарастырады. Нгай Сианне қазіргі басқару аясында түйіткілі көп, өзі «тұрпайы сезімдер» деп атайтын қызғаныш пен наразылық сияқты сезімдердің сипатын ашып берді. Сара Ахмедтің нәсілдік және ұлттық қозғалыстар барысында өшпенділік сезімін мақсатты түрде пайдалану жайындағы зерттеулерінен көрінетіндей, бұл сезімдер елеулі саяси зардаптарға апарады. Сондай-ақ аффект туралы зерттеулердің пайда болуы барлық әлеуметтану мен мәдениеттану ғылымдарын тұтастырған, әлдеқайда ауқымы кең методологиялық жаңғырудың бір бөлігін қамтиды. Біз мұны методологиялық өзгерісті сипаттаудың бір тәсілі ретінде мәдениеттану ғылымы зерттеудің шағын өлшемді бірліктеріне ден қоя бастағанынан байқаймыз. Олар көбінесе болмыстың нақтылығы мен тұрақтылығы жоқ, өне бойына белгісіздік, ықтималдық, көмескілік, шалағайлық, кездейсоқтық, дерексіздік пен күрделілік тән жекелеген «нысандарымен» не қырларымен ғана емес, сонымен қатар қайталанбас даралығымен, тұтас бітімімен, материалдар жиынтығымен сипатталады. Бағдары болжаусыз, өзара ықпалдасуы кездейсоқ қимыл-қозғалыс үстіндегі оқиғалар алаңы бүгінгі күні іс жүзінде құрлықтан гөрі мұхиттың көрінісін еске жиі салады. Әсерлер мен сезімдер – таным нысандарын қамтыған ескі ғылыми әлемнің іргесін шайқайтын маңызды факторлар. Олар өміріміздің физиологиялық сипатына біз арқылы төңірегімізде әрекет етіп, жеке әсер аймағын дерексіз құрылымдардың, шарттылықтар мен символдардың қоғамдық сипатынан бөлетін шекарасы жойылған объективті әлемге қатысты жеке тұлғаның орнын айқындау үшін қажетті танымымыздың төменгі сатысы мен айналасын бағдарлап жөңкілетін сезімдер тасқынына назар аудартады. Эволюциялық әдебиет сыны «барлық тірі мақұлық уақыт өте келе қоршаған ортаның ықпалымен өзгереді» деген идеядан бас тартады. Күллі ағза айналаның өзгермелі жағдайларына гендік мутация түзілісі арқылы бейімделу қабілетіне ие. Ағзаның кейбір мутациялық нұсқалары тіршілігін жоймайды, көбейеді, ағзаның келесі буынының генетикалық құрамының заңды бөлігі ретінде сақталатын жаңа сипатты дарытады. Сірә, өзімізден тараған биологиялық түріміздің сипатын түсіну үшін қажетті ең елеулі мутация/бейімделу шамамен 70-90 мың жыл бұрын болса керек. Біздің африкалық бабаларымыздың миметикалық дерексіз танымға қабілеті жеткен. Ұзақ уақыт бойы эволюцияшыл ғалымдар жаңа сипаттар туғызатын гендік мутацияларды мүлде тосын әрі кездейсоқ нәрселер деп есептеді. Алайда қазір кейбір генетиктер «қоршаған орта әсерінен туатын мутациялану қабілеті бейімделуден жетіліп шығуы мүмкін» деп санайды. Мысалы, тұмау өзіне қауіп төнген кезде бірнеше нұсқада түрлену қабілетіне ие. Вирус бір-бірінен аздаған ғана айырмашылығы бар көшірмелерін өзі тудырады. Бұл мутацияланған көшірмелердің бірқатары тіршілігін сақтап, кең таралады. Тей-Сакс синдромы сияқты кейбір тұқым қуалайтын аурулар әуелде қолайсыз жағдайларға бейімделуден өрбіген. Бұдан «адамдардың мутациялану қабілеті де күйзелісті жағдайларға икемделу барысында жетілуі мүмкін» деген ой түюге болады. Мысалы, біздің қорғанысты генетикалық жүйеміз генді қалпына келтіру үшін балама нұсқалар түзе отырып әрекет етеді, ал бұл оның құрамын өзгертеді. Ендеше, кейбір мутациялар «түсіндірмеші» міндетін атқарушы немесе генетикалық құрамымызды өзгертіп, жаңа жағдайларға бейімделуіміздің ықтималын арттыратын қоршаған орта ықпалының нәтижесі болуы мүмкін. Бәлкім, енді генетиктердің біразы адамдардың күйзелісі тіршілігін сақтау үшін өздерінің бірнеше рет мутацияланған көшірмесін жасап шығаратын вирустардың күйзелісіне ұқсайды деп топшыласа керек. Ертедегі адамдар жүздеген мың жыл бұрын танымның ортаға сай, әлдеқайда қуатты жаңа түрін қалыптастыру үшін вирустар тәрізді мутацияға жүгінген. Соның арқасында олар аман қалып, ұрпақ таратты. Көп ұзамай homo sapіens-тің барлығы болмағанымен, көпшілігі танымдық қуаттың жаңа түріне ие болды. Сол себепті эволюциялық биологияны әдебиеттану мен мәдениеттануға телу адам өмірі туралы қуатын зая жұмсаған детерменистік көзқарасқа адалдықты талап етпейді. Гендер – жасампаз, бірақ олар белгілі бір дәрежеде қоршаған ортаның ықпалына мойынсұнады. Сондықтан біз қоршаған ортаны өзгерте отырып, өзіміздің генетикалық құрамымыздың даму бағдарын түрлендіре аламыз. Қолайлы орта геннің жандануына септігін тигізеді (мысалы, өзара ықпалдастықтың барынша өскелең формасына жол ашады), ал тіршілікке қолайсыз орта – бәсекелі мінез-құлыққа бейім гендерді жандандырады. Бұл түрлі сипат әрі қарай берілетіндіктен, біз homo sapіens-тің қай нұсқасын дамытқымыз келетінін таңдай аламыз. Бұл әлемнің бітімі туралы пікірталастардың маңызын арттыра түседі. Эволюциялық теория – түсіндірудің қуатты құралы. Өйткені ол барлық нәрсенің функциялық сипаты бар екені айқын деп есептейді. Бұрын жан сақтауға көмектеспеген болса, бұл сипаттың тіршілігі жойылар еді. Осы ой біздің өміріміздің мағынасыз, адамгершілікке жат, тіпті ұятқа қалдыратын астарын түсіндіруге керемет мүмкіндіктер ашады. Мысалы, нарциссизм – адам баласына тән әмбебап белгі; ол эволюция тұрғысынан қарағанда біздің сыртқы болмысымыздың қажетті сипаты ретінде көрініс табады. Ол өз-өзіне қамқорлықты адамның негізгі арқауы ете отырып, жан сақтауға септігін тигізеді. Біз өмір жайында кемел түсінікке жеткіміз келіп, нарциссизмді адамның психологиялық тіршілігіндегі ауытқушылық белгісі деп санасақ, лаканиандық психоанализ шетке ығысып қалуы мүмкін. Қарапайым нарциссизм бәріміз үшін тамаша сипат болуы ықтимал. Сайып келгенде, мұнсыз, біз алысқа ұзап кетпес едік. Сол сияқты Schadenfreude немесе басқаның бақытсыздығынан ләззат алу, шамасы, ежелгі адамдар әдетінше бір-біріне зорлық-зомбылық жасап, өзгенің азап шегуін жетістік деп санаған сол замандағы бабалардан қалса керек. Тіпті көпшіліктің мәдени өмірінде үлкен орын алған «Жаздың 500 күні» (500 Days of Summer) секілді фильмдердің Manіc Pіxіe Dream Gіrl іспетті стереотип не «Тірі өліктер» (Іn the Flesh) сияқты телевизиялық шоулардың даңғазалығы қарым-қатынас мүмкіндігі тұрғысынан ерлер мен әйелдер миының арасындағы айырмашылықты түсіндіріп береді. Ерлердің миы аңшылықпен айналысып, баласын баққан әйелдермен бірге өмір сүрген кезеңде қалыптасқан дағдыларын қайта жаңғыртса, әйелдер бір-бірімен шағын ортада ұзақ мезгіл өзара сұхбат құруға қажетті қарым-қатынас жоралғыларымен байланысады. Ерлер визуалды (көрнекі) мәдениеттің дамуында басымдыққа ие. Сондықтан эволюция тұрғысынан ерлер жасаған мұндай мәдениетте әйелдер бейнесі мен келбеті мүлде «басқа» бір тұрпатты, яғни ер адамға тән қиялды бейнелейтіні таңғаларлық жайт емес. Бұл «біртүрлі» байланыс күйзеліске ұшырататын мономаниакалды байланыстардан азат болуды, қашуды білдіруі мүмкін не болмаса адам міндеттерінің өте байырғы жіктелісі мен өзі тудырған евгеника (тұқымды жақсарту) жөніндегі әсерлерден мұраға қалуы ықтимал. Біздің адамгершілік мінез-құлқымызды да сәтті эволюция үшін қажетті бейімделгіштік (адаптация) тұрғысынан түсіндіруге болады. Барлық адамдар әлдекім әлеуметтік ережелерді бұзғаны үшін тиесілі «жазасын» алған кезде қуанышқа кенеледі. Біздің мәдени тарихымыз – өтемі еселене қайтқан жағдайлар туралы мысалдарға толы. Неліктен? Эволюцияшыл сыншы ұйымдасқан ірі қоғамда бейбіт өмір сүру үшін адамдар әлеуметтік ережелер арқылы бекітілген мінез-құлық шектеулерін қабылдауға лайық қасиеттерді бойға сіңіруге тиіс болды. Бұл қасиеттерді ұстану туабітті түйсікке айналып, ережелерді бұзу жазаға лайық деп саналды. Сондай-ақ адам баласына тән барлық сипаттар мен қасиеттерді оның жер бетіндегі қауіп-қатерлі жағдайларға қарамастан, тіршілігін сақтап қалуға мүмкіндік берген ұзақмерзімді эволюциялық процестің нәтижелері деп пайымдаған жөн. Соңғы бірнеше онжылдық ішінде эволюциялық әдебиет теориясы сын пікірталастарға елеулі үлес қосты. Джозеф Кэрролл, Брайан Бойд, Нэнси Истерлин мен Джонатан Готтшолл маңызды кітаптар жазды. Бойд «Тарих бастауында» (On the Orіgіn oj Storіes, 2010) кітабында әңгіме айту адамның мәдени тәжірибесі ретінде қандай жолмен пайда болғанын баяндап, дамуды мидағы қажеттілікпен байланыстырады, оның дерексіз оқиға желісін қалай ойдан шығаруға дағдыланғаны туралы айтады. Кэрролл «Әдеби дарвинизм» (Lіterary Darwіnіsm, 2004) кітабында Дарвиннің эволюциялық теориясын пайдалана отырып, әлеуметтік-биологиялық талдау жүргізу үшін оңтайлы бағыт белгілеп берді. Истерлиннің «Әдебиет теориясы мен түсіндірмесіне биомәдени көзқарас» (A Bіocultural Approach to Lіterary Theory and Іnterpretatіon, 2012) еңбегі Эмили Бронте мен Джин Рис сияқты жазушылардың шығармалары негізінде эволюция, таным және қоршаған орта (экология) теорияларын өзара ұштастырған. Ал Готтшолл «Трояны қорлау» (The Rape of Troy, 2008) зерттеуінде Дарвиннің жыныстық сұрыптау теориясын таласқа түсіріп: «Зорлық жасау – жыныстық жарамдылыққа қол жеткізудің әрі тұқым таратудың амалы», – деп тұжырымдайды. Әлеуметтік биологияның «көбею жетістігі», «инклюзивті жарамдылық» секілді қарама-қайшы идеяларына жөн-жосықсыз жүгінген кезде эволюциялық әдебиет теориясы бірқатар қателіктерге жол беріп алуы мүмкін. Ол жаратылыстың тарихи, тіпті саяси сипатын көзге ілмейді, біртұтас әмбебап «адам табиғаты» бар деп қателеседі. Субъектіні (өзімшіл генді) табиғатқа жасанды түрде жегіп қойған «көбею жетістігі» сияқты мақсаты мен қисыны жоқ, кездейсоқ сәтіне қарай әрекет ететін субъектісіз процеске телиді. Әлеуметтік биологтер «табиғат – жаратылыс» деп айтатын тарихи және саяси ұғымдарды түсіну үшін тек қана жыныстық сипаттарды қарастыру керек тәрізді. Әйелдердің денесі шағынырақ, ал ерлердің тұрпаты ірірек қалыпта жетілген болса, бұл процестің жай ғана «табиғи түрде» жүзеге аспағанын білуге болады. Ежелгі адамдар қауымында ер адам үстем тұрғандықтан (бәлкім, күш ірі денелі әйелдерге қарсы жұмсалған шығар), шағын денелі әйелдердің жан сақтау мүмкіндігі көбірек болған секілді. Сірә, евгеника (тұқым жақсарту) әркез адам эволюциясының ерекшелігі ретінде көрінген. Әлеуметтік биология сыншылары мұндай тарихи түсінікке жолағысы келмейді. Табиғаттың қазіргі қалпын өзгермеген, өзгеруі мүмкін де емес әмбебап нәрсе деп қарастырады. Бұл – бәрін айқындап қойған қалыпты түсінік, «біз кімбіз?», «неден жаралғанбыз?» деген сұрақты анықтауға өкілеттік алып қойған ескі ұғымды білдіреді. Бірақ бұл үшін олар өздері жүгінетін беделді адамдардың Дарвин мен әлеуметтік биологтер қатарын шектеуі қажет және ағымдағы ғылыми зерттеуге, әсіресе, жыныстық сұрыптау мен жарамдылық туралы әлеуметтанушылық теология пайымдарына күмән келтіретін зерттеуге қатысудан бас тартуы тиіс. Әлеуметтік-биологиялық әдеби сын да Hото Sapіens-ті жіктелмеген деп санайды. Бірыңғай «адам табиғаты» болғанымен, түр мутация мен бөліну арқылы дамуын тоқтатады. Бірақ кейінгі зерттеулер біздің арамызда елеулі физикалық айырмашылықтар бар екенін көрсетті. Мысалы, консерваторлардың либералдармен салыстырғанда, оң жақ ми бадамшасы ірірек, ал соңғыларының алдыңғы ирек белдеушелі ми қыртысы үлкенірек болады. Осы физиологиялық ерекшеліктер екі топ арасындағы көптеген идеологиялық айырмашылықтарды түсіндіріп береді. Онтотеологиялық емес, ғылыми тұрғыдан қарағанда Hото Sapіens-те барлық түрлер сияқты өз-өзінің балама нұсқаларын тудыру арқылы дамиды. Біздің барлығымызға ортақ «адам табиғаты» жоқ. Эволюциялық теория терминологиясын пайдалансақ, біздің айырмашылықтарымыздың фенотиптік қана емес, генотиптік те негіздері бар. Олар геніміз қалай әрекет ететініне, қалай таралатынына, сондай-ақ біздің қандай биологиялық нұсқаларымызды жарататынына байланысты болады. Заманауи ғылым эволюция жолының сан алуан көрінісін ұсынып, социологиялық әдеби сын мұны сөзсіз кәдесіне жаратады. Бұл нәрсе уақыт ағымындағы өзгерістердің кездейсоқ сипатын және кез келген тіршілік жағдайларының беймәлім, түрленгіш, тосын әрі күрделі бітімін танытатын постструктурализм мен постмодернизмнің концепцияларымен, теорияларымен көбірек ұштасады. Архетип үстемдігінің мұраттарына берілгені соншалық, социобиолог сыншылар эволюцияның беймәлім, тосын сипаттарын ұғына қоймайды. Мұндай белгісіздік пен тосындықтан арылу үшін олар жаратылыстану ғылымы қарапайым физикалық сипаттама ұсынатын табиғи процестің метафизикалық пайымдарын жасап алған. Мысалы, 1970 жылдары дүниеге келген әлеуметтік-биологиялық генетикалық теория генді «көбею жетістігі» арқылы өзін-өзі ілгері жеткізудің өзімшіл ұмтылысы деп қарастырады. Ген – тұқым қуалаудың тасымалшысы, ген жеткізілімінің субъективті мақсатта әрекет ететін белсенді дәнекері ретінде түсіндіріледі. Мақсат – басқа бәсекелес геннен басым болу мен тұқым қуалау арқылы берілетін сипаттарды мүмкіндігінше көп тарату. Негізінен, мұнда ер адамдардың гендері шоғырланған болса керек. Өйткені Готтшоллдың «Трояны қорлау» атты зерттеуіне қарағанда, әйел заты генетикалық материалдың біршама салғырт қабылдаушысы болып, бұл бәсекеге қабілетті ерлердің құлшынысын әрі «көбею жетістігін» қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл идеологиялық бағыттағы ойлар экономикалық өмірдің бәсекелік сипаты жөніндегі «либералдық» ұғым мен кейбір нәсілдің басқаларға қарағанда ілгері болуға бейімі туралы жаңа нәсілдік теориялар сияқты, ХІХ ғасыр басында кең тараған дарвиндік пайымдардан туындайды. Дарвиннің жыныстық сұрыптау теориясы бойынша еркектер өздерімен көбею тұрғысынан басымырақ сәйкес келетіндерді таңдайтын әйелдер үшін бәсекеге түседі. Тауыстың айшықты қауырсыны «көбею жетістігін» қанағаттандыруға лайықталған. Ендеше, сексуалды бәсекелі мінез-құлық үшін өзін-өзі көрсету мақсатымен қаруланған ген бар. Дарвин үшін табиғи сұрыптау теориясына жол ашып берген Альфред Рассел Уоллес жыныстық сұрыптау теориясының қателігін байқап, кейінгі ғылыми зерттеулерінде тауыстың айшықты үдірейген қауырсындары оның өзін-өзі қорғау қажеттігінен пайда болғанын жете дәлелдеп берді. Бұл теориялар жасалып біткен соң, геномның сыры ашылды, ал генетика кемелденген ғылымға айналды. Бұдан былай ген тұқым қуалаудың тасымалшысы ретінде қарастырылмайтын болды. Енді ол қиыншылықпен реттелетін, қоршаған ортамен белсенді байланыста болатын, жанды сипатта көрінуі ықтимал құрылымды бөлшек ретінде түсіндірілді. Ева Яблонка мен Мэрион Лэмб өздерінің «Төрт өлшемдегі эволюция» (Evolutіon іn Four Dіmensіons) еңбегінде геннің сипаттарды жеткізуін «қоршаған орта мен жағдайға байланысты қалыптасатын өте шартты процесс» деп тұжырымдады. Геннің белгілі бір нәтижеге апаратынына кепілдік болмағандықтан, 1970 жылдары кеңінен тараған «ген өзіндегі нәрсені көбейтіп, әрі қарай ұластырады» деген идея күмән тудырады. Оған қоса, бұл теория нәтижені (жеткізілетін генетикалық материал) себеп (генетикалық материалды жеткізсем деген ұмтылыс) деп қателесіп, дәнекершіні байланысы жоқ процеске енгізеді. Бұл Готтшоллдың зерттеуінде айтылғандай, ерлер ұрпақ таратып, өздерінің генетикалық материалының басқа ерлерден үстемдігін қамтамасыз ету үшін зорлыққа барады деген сияқты әлсіз тұжырымдарды қалыптастырады. Табиғи әрекеттің жай ғана физикалық жүйесіз сипатын ескергенде, сәтті көбею белгілі бір уақытта қайталама кездейсоқ мутация арқылы жыныстық ләззатпен байланыстырылған және аяқ астынан болған байланыс желісі сақталып, әрі қарай ұласқан сияқты. Өйткені бұл ерлерді көбею белсенділігінің барынша жоғары қарқынына итермелеген, сол кездейсоқтық нәтижесінде құштарлықтың биік деңгейін ұрпақ тарату өнімділігімен жалғастырған ген адамзатпен бірге жасай беретінін дәлелдеген. Басқа сөзбен айтқанда, әлеуметтік биологтер метафизикалық себеп, яғни «көбею жетістігіне ұмтылыс» деп қарастыратын нәрсе мүлде кездейсоқ, таза физикалық процестің түзілімді нәтижесін қате түсінген болуы ықтимал. Әлеуметтік биология теориясында жыныстық ләззатты геннің жеткізілуімен байланыстыратын бұл физикалық кездейсоқ процесс сәтті әрекет пен мақсаттың метафизикалық сипаттамасына айналады. Алайда ерлердің зорлығы ұрпақ жалғасуын көксегендіктен емес, жыныстық ләззат алуы үшін жасалуы мүмкін. Жай физикалық табиғат әлеуметтік биологиядағы дәнекерлік метафизикасына қайшы келеді. Кейінгі кездегі зерттеулер де әлеуметтік-биологиялық арнадағы эволюциялық әдебиет теориясының негіздеріне күмән туғызады. Зерттеушілер табиғатта жыныстық сұрыптаудың дәлелі өте аз деп есептейді. Бейтман заңын туғызған (жұп таңдаудағы гендерлік айырмашылықты ескерген) эксперимент өнімді болмай шықты. «Инклюзивті жарамдылықтың» (геннің жеткізілімін қамтамасыз еткендіктен, туыстыққа қатысты альтруистік мінез-құлықты ақтап алатын) математикалық модельдері терістелді. Бұған қоса, жыныстық сұрыптау теориясы бойынша гені «жақсы» ерлер болса, әйелдер мұны визуалды ишаралар арқылы білдіруі тиіс. Алайда зерттеулер көрсеткендей, іс жүзінде визуалды ишаралар негізінде ген «сапасының» қандай екенін айтып беру мүмкін емес. Эксперимент мәліметтері жыныстық сұрыптау теориясын жеткілікті негіздей алмайды. Кейбір жануардың өз жұбының назарын аудару үшін істейтін әртүрлі емеуріндері мен қимылдары Дарвиннің «жақсы» болмаса «нашар» гені бар жоғары не төмен тұрған этностық топтар туралы нәсілшіл пайымдарын ақтап алғаннан гөрі, шамадан тыс көбею мен аурудан сақтануға көмектесетінін растайды. Эволюциялық әдебиет теориясына қатысты кейбір ғалымдар көбею мен жұптасудың «дөрекі дегбірсіздігі» деп атаған нәрсені ысырып қойып, оның орнына әдебиет пен өнердің қызметін зерттейтін болса, нұр үстіне нұр болар еді. Өнер әлеуметтік қызмет атқарады; көркем әдебиетті оқу эмпатияны, басқаның жан дүниесін сезіне білуді арттырады деседі. Адамның уақыт өткен сайын үлкен қауымда бірлесіп өмір сүруіне тура келді, ал өнер адам санасы мен өмірін өзіне ұқсататындай қиялдау қабілетін дамытып, бұл процеске септігін тигізді. Сөйтіп, үрей мен зорлық-зомбылықты туғызған бөгделік сезімі әлсіреді. Сондай-ақ өнер ықтимал оқиғаларды немесе өмірлік жағдайларды қиял арқылы елестету мен болашақты жоспарлау секілді, тіршілікті сақтау үшін пайдалы ой әрекеттерінің ойындық моделін (үлгісін) ұсынды. Әдебиеттанудағы танымдық, эволюциялық, әсерлік бетбұрыс гуманитарлық және басқа да ғылымдарды өзара байланыстыратын зерттеулердің жаңа бағыттарын қалыптастыру үмітін оятады. Адамның мінез-құлқы мен миы арасындағы байланыс айқын, сондай-ақ биологиялық «меніміз» бен табиғи не жасанды ортамен арадағы өзара қарым-қатынастың адамзат мәдениетінде де, біздің мәдениет аясындағы биологиялық дамуымызда да шешуші маңызы бар. Сондықтан ғылымға бет бұру мәдениеттің, қоғамның, шын мәнінде, тарих пен саясаттың маңызын сезінуден бас тарту емес. Сондай-ақ бұл ғылымнан мәдениет үшін беделді лексикон табу үшін жасалмауы тиіс. Расында да, адам баласы биологиялық әлем туралы көп білген сайын, ғылым да мұхиттың терең ағысын соғұрлым бедерлеп беретін сияқты. Тоқырау мен болжамды нәрселерге қарағанда, өзгеріс пен түрлену жиі кездеседі. Бұл Homo Sapіens-ке қатысты алғанда да шындықтан ауытқымайды. Уақыт өткен сайын адамзат тіршілігінде пайда болған биологиялық өзгерістің мәдениеттен айқын көрінетін тарихи сызбасы ғылыми ізденістің жаңа қызықты саласына айналатын тәрізді. Гуманитарлық, басқа да ғылым салаларын цифрландыру бұл жұмысқа септігін тигізеді. Қазір университеттердің кітапхана порталы арқылы ғылыми журналдарды оңай табуға болады. Сіздер оларды қарастырған кезде гуманитарлық ғылым өкілдері секілді, басқа сала ғалымдарының да әралуандыққа, пікірталасқа бейім екенін сезінесіздер. Олар физикалық құбылыстарды зерттейді, бірақ сол физикалық құбылыстар түрліше түсіндірілуі мүмкін. Сондықтан ғылым әлемінде оп-оңай табыла қоятын ақиқат жоқ. Мысалы, физикалық та, мәдени салада да ғалымдар үшін бақыланатын құбылыстар мен эмпирикалық мәліметтерді олар туралы идеялармен, сөздермен байланыстыратын үздіксіз процесс сынды. Екі сала терең жалғасқан арналар арқылы біте қайнасып, өзара қарым-қатынасқа түседі. Мысалы, генетиктер символдық тұқым қуалаудың қуаты мен генетикалық нәтижелерді анықтаған кезде қоршаған ортаның ықпалы туралы көбірек хабардар бола бастады. Тіпті біздің өзіміз ми құрылымындағы генетикалық негіздері бар айырмашылықтар мәдени қызмет түрлеріндегі елеулі өзгешеліктерді түсіндіріп бере алатынын көреміз. Бұл қоспаларды зерттеудің алдағы уақыт ішінде әдебиет пен мәдениет туралы түсінігімізді дамытудағы рөлі арта береді. Келесі қадамды әдебиеттану мен мәдениеттанудағы «ғылыми бетбұрыс» деп атауға болады. Ол әдебиет пен адамзаттың мәдени өмірінде маңызды орын алатын таным, эмоция, жалған сенім мен эмпатия секілді өрісті сипаттар неврология салалары бойынша ғылыми зерттеулерден құралады. Әдебиеттанушылар мидың қызметіндегі әсерлер биохимиясын толық игере алмайды, бірақ танымның кейбір түрлерінде кейбір гормондардың белсенді екені, мидың белгілі бір құрылымында көбірек кездесетіні туралы зерттеулердің қорытындыларын (мысалы, адамзат мәдениетінің, яғни адам миы қызметінің нәтижелерін) өзара байланыстыруына болады. Мұндай зерттеулердің болжамдары мен қажетті түйіндері біздің мәдени қиялымыздың, дамыған биологиялық табиғатымыздан тікелей шығатынын көрсетеді. Олар сыртқы, биологиялық емес, мәдени, әлеуметтік немесе риторикалық формалары, әйтпесе жиынтықтары тұрғысынан қарағанда, өздерінің болмысы жөнінен еріксіз, шартты, кездейсоқ яки айқын емес. Олардың идеологиялық емес, биоидеологиялық сипаты басым. Біз мәдениеттің материямен байланысын айтқанда, енді мәдениетті материя «анықтайды» деген идея аясынан шығып кетуге тиіспіз. Мидың өзі – мәдениеттің бөлшегі. Сондықтан ол әрі «семиотикалық», әрі «мәдени» деп қарастыратын жолдармен әрекет етеді. Дамыған нейробиологияның маңызды ерекшелігінің бірі – менталды түсініктер тудыра алатындығында. Мұндай менталды бейнелер біздің бабаларымызға әлеуметтік өмірдің қалыптасуы барысында үрей мен жалған сенім сынды жағымсыз әсерді (эмоцияны) тізгіндеп отыруына мүмкіндік берген. Бейнені жалған сенім секілді жағымсыз әсерлердің орнына қойып, бабаларымыз сезімін бақылауда ұстауға дағдыланған. Мұндай қасиет олардың туыстас не кірме адамдардан құралған үлкен қауымдастықта бірлесіп өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Белгілі бір тұрғыдан алғанда, жағымсыз сезімдерді ауыздықтау қабілеті дерексіз миметикалық қабілеттермен, теріс әсерлерді тізгіндеудің зор қуатымен қаруланған әрі өздігінен туатын жағымсыз әсерлер қатерінің құрбанына айналған ертедегі адамның ескі моделінен ұзап шығып, тың өркениетті қалыптастырудың жоғары мүмкіндігіне ие болған жаңа адамның үлгісін ерекшелеп берді. Бұл біздің (менталды түсініктерді тасымалдайтын) мәдени тарихымыздың әртүрлі эволюциялық жағдайда белгі беретін түрлі нейробиологиялық қабілеттермен тікелей байланысын көрсетеді. Біздің әдеби, мәдени тарихымыз гормондардың белгілі бір теңгерімін, мидың ерекше құрылысын, эпигенетикалық өзгерістердің құрамын, даму барысындағы сан алуан биологиялық жетістіктерді және ықтимал эволюциялық кезеңдер тізбегіндегі түрлі сәттерді уақыт пен кеңістік тұрғысынан сипаттайды. Біз – эволюциялық арнадағы биологиялық тарихтың жазбалары әрі архивіміз. Нейробиология – әдебиеттің бір бөлшегі. Себебі ол әдебиетпен етене; H. Erectus сияқты қатыгез бабаларымыз бізге мұраға қалдырған, өздігінен туатын жағымсыз әсерлерді көрсететін, жаныштайтын күрделі ішкі сипаттар мен менталды түсініктерді бәсеңдетіп, барынша тиімді әрекет етеді. Жаратылыстану ғылымдарына жүгінген уақытта белгілі бір мәдени ұғымдар туралы пайымымыз секілді интерпретациялық тұжырымдарымыз да өзгеріске ұшырайды. Ғылыми-зерттеулер орнықты, айқын нәтижелерге бейім, ал ғылыми-теория мұны әртүрлі қарама-қарсылықты парадигмаларға жүктеуі мүмкін болғанымен, олардың өзі талассыз сипатқа жақын тұрады. Гормондық НМДА (N-метил-D-аспарагин қышқылы) жалған сенімдермен байланысты болғандықтан, мишық бадамшасының қызметіне көбірек қатысады; ол «тайталасу немесе қашу» сынды жағымсыз әсерлі реакциялармен ұштасқан, өздерін саяси консерваторлармыз деп санайтындардың бойында жиі ұшырасады. Көптеген тест осы нәтижені растайды. Бұған күмән жоқ, ендігі мәселе орнықты білімге қатысты. Герменевтика нәтижесінен бөлек осындай білім бізге идеологияны биологияға қатысты тереңірек тануға мүмкіндік береді. Жалған сенімге құрылған «Бүгінгі Апокалипсис» (Apocalypse Now) немесе «Құлдырау» (Fallіng Down) секілді фильмдерді ми қыртысының белгілі бір құрылымдық формасы, болмаса неврологиялық гормоналды бөліністің көрінісі ретінде физикалық тұрғыдан түсінуге болады. Әрі қарай қарастырсақ, олар мишық бадамшасы тәрізді мидың ең ескі түкпірінің қызметі адамзат тарихының ерте бастауында болғанын айтып беретін эволюциялық архивтің бір бөлімі деп қабылданады. Басқаша айтқанда, «Құлдырау» (Fallіng Down) сынды фэнтэзи қазіргі замандағы нәсілдік қарым-қатынас мәселелеріне ғана қатысты емес. Айқынырақ білінген НМДА (N-метил-D-аспарагин қышқылы) мен ұлғайған мишық бадамшасы сипаттарын таныта отырып, ол эволюциялық тарихты меңзейді әрі жүз мыңдаған жыл бұрын мишық бадамшасы адам миының жас, жаңа бөлшегі болған (омыртқаның басына енді ғана жайғасып үлгерген) кезде нәсілдік қатынастардың қандай болғанын көрсетеді. Мұндай тарихи талдау түрлі сипаттағы «ұзақ тарихқа» жол ашып, мыңдаған жылдар бұрын түзілген өз бойымыздағы сезім қабілеттері бізге қарағанда қаншалықты «егде» екенін сезінуге итермелейді. Бұл жаңа ғылыми сын эстетикалық айырмашылықтарды, мысалы, қым-қиғаш сапырылысқан бітімі, басқалардан айрықша көрінісі, мейірбандықтың шым-шытырық ережесі бар «Хиросима» (Hіroshіma), «Менің махаббатым» (Mon Amour) фильмдеріндегі сөзсіз ізгілікті кейіпкерлерді нарцисстік қаһармандарға айналдырады, дараланбаған нәсілдік қарапайым сипаттарды бейнелейді. Қарсыластарына қарсы жалған сенімнің төңірегіне берік ұйысқан топтың қарадүрсін сезімдерін суреттейтін «Арго» (Argo) немесе «Нөмірі бірінші нысана» (Zero Dark Thіrty) фильмдеріндегі әдеби, мәдени түсініктердің сан қилы әрі күрделі түрінен бастап өте қарапайым, жіктелмеген түрлеріне дейінгі аралықта неліктен әр алуан болатынын түсіндіріп беруі тиіс. Ой көрінісінің күрделі формасы жағымсыз әсерді жіті бақылауда ұстаумен теңестіріледі, ал психологтер мұны басқаға жұтылып кетуден азат жеке «мен» сезіміне сәтті қол жеткізумен байланыстырады. Күрделілік, жіктеліс пен бейнелілік психикалық ахуалға толы әдебиет пен кинематография туындыларының репрезентативті формасын сипаттайды. Аса күрделі емес формаларға – өзіне-өзі ие болудың әлсіз сипаты мен қарсыластарын өз қуатымен ықпалына тартуға қауқарлы тұлғаға қарай ұмтылыс тән. Бұл жаңа биоэстетикалық бағыт әдеби формаларды жанрға жіктеуі үшін біздің заманауи әдісімізді күшейтуі әрі ми қызметін менталды ұғымдар арқылы қоғамдық мәдени ортаға жеткізуге қатысты тың пайымдар ұсынуы мүмкін.

ЕКІНШІ ТАРАУ

Нақты әдебиет: жанрға когнитивті-постструктуралистік көзқарас
Элизабет Харт

Постструктурализм назарды жанрдан дискурсқа қарай аударады, бірақ Элизабет Харттың тұжырымынша, ол әдеби жанр секілді, барлық мәдени түзілімнің санамен арақатынасын есепке алмайды. Жанрға когнитивті көзқарас «жанрлық категория-лар – нақтыланған адам санасының сипаты» екеніне ден қойып, біздің жанр туралы түсінігіміз арқылы таным ерекшеліктерінің дәлірек сипатталуын талап етеді.

І

Әдебиеттің басқа сыртқы сипаттары сияқты жанр да постмодернизмнің соңғы үш онжылдық ішіндегі дамуы барысында егжей-тегжейлі талдауға түсті. Бір кездері жанрлық тұрғыда әуестенген Жаңа сындарлы әлемнің көзқарасындай емес, енді әдебиетті поэзия, проза, драма, лирика, роман, трагедия деп түрлер бойынша жүйелеп қарастыру міндетті болып саналмайды. Постмодернизмде постструктуралистік жанр сыны дәстүрлі жанрлар теориясын сипаттамалық (дескриптивті) немесе одан да сорақысы – қасаң қалыпқа салынған (прескриптивті) түрде қарастырып, әдебиеттегі мәтіндер тоғысы құбылысын түсіндіруге шамасы жетпегендіктен оған ықылас танытпады. Біз мұны әдебиет терминдерінің типтілік идеясына таңылған күрделі мәселелерді мойындайтын, әдеби «тек» пен «түр» ұғымдарына сүйене отырып, жанрдың өміршеңдігін жоймаған, формалистік анықтамаларын ұсынып келе жатқан, әртүрлі сөздіктерден көреміз.1 Дегенмен жанрдың формализммен ұштастырылуына қарамастан, ол әдебиет сыншыларының гуманитарлық ғылымдарда өздерін даралап көрсететін құралдарының бірі болып қызмет етіп келеді. Тереңірек үңілсек, сыншы еңбегі әдеби мәтіндердің мәдениет үшін маңыздылығын айқындап берсе, олардың бір-бірімен кездейсоқ емес, табиғи түрде байланысуы бұл мақсат жолындағы қажетті заңдылықты қамтамасыз етуі мүмкін. Осы тұрғыда жанрдың өз жарамдылығын сақтап отырғанының нәтижесінде ол туралы пікірталастар дәстүрлі немесе формалистік сын мен заманауи (әсіресе, постструктуралистік теорияның арасындағы) алшақтықты қамтиды. Постструктурализмнің мәтінтануға қосқан үлесін ескерсек, постструктуралист сыншылардың жанрды өзінің байырғы формалистік сипатынан арылтуды жөн санайтындары жетерлік. Олардың формалистік көзқарас туралы сыны бірнеше тақырыпта өрбіді. Біріншіден, кез келген жанр үшін мән немесе тұрақты сәйкестік туралы болжамды жоққа шығарып, постструктуралистер дәстүрлі теорияның классификаторлық ұмтылыстарынан бас тартып, мұны қалыптан тыс нәрсе емес, ереже деп қабылдайды. «Әр (әдеби) туынды оның тегіне жатқызылуы мүмкін сипаттардың кез келген жиынтығынан өзгешеленеді» (J. Snyder, 1). Бұған байланысты айтылатын екінші ескертпенің мәні мынада: таксономиялық (жүйелі) белгілерге (бұл жалпылық мәннің бар екенінен көрінеді) мұқият зер салмастан, мәтіннің көпшілігі жанрдың бір, ал кейде көп түрінің сипаттамасын алға тартады. Сыншы Дебора Мэдсен айтқандай, «эссенциалистік жанрлар теориясы алдын ала белгіленіп қойған жинақтаушы қағиданы түсіндірме (интерпретация), жіктеліс (классификация) пен бағалау үшін жеткілікті негіз болады» деп санайды. Мұндай жанрлар теориясы көп қырлы мәтіннің өмір сүру мүмкіндігін жай ғана жоққа шығарады (8). Қағида ретінде таксономия тұрақтылық пен тоқырау бейнелеріне сүйенеді. Осыған орай, сыншылар «таксономиялық эссенциализм жанр тарихына тән даму мен түрленуді мойындағысы, түсіндіргісі келмейді» деген пікірді барынша құптайды. «Уақыт өте келе, – дейді Мэдсен, – басқалармен азды-көпті ұқсас сипаттары арқылы бірігетін әр туынды жанр тарихын алға тартады, сөйтіп, жанр дегеніміз – жеке үлгілер тарихы» (9). Күткендей-ақ, постструктуралистік жанр сыншыларының барлығы дерлік «мәнінен айырылған» жанрға барар жол деп оны дискурс терминіне сәйкес қайта құруды ойластырады.2 Әдеби типтерді жаңғырту процесін шектеп, оның орнына дискурс қалыптастыру процесіне ден қоюға шақырғандықтан, бұл қадам біршама ілгерілеу болып шықты. Мұндай көзқарас мәтін мен мәдениет арасындағы диалектикалық алмасуға мән бере отырып, неліктен мәтін ішіндегі қалыптар (шаблондар) жиі өзгеретіндей көрінетіні, не себепті сол мәтін басқа мәтіндермен белсенді түрде тоғысатыны туралы мәселені шешуге көмектеседі. Бірақ ең маңыздысы, жанрдың дискурс пен диалектикалық алмасу терминдері арқылы нышан көрсетуі оны идеологиямен бұрынғыдан бетер байланыстыруға мүмкіндік береді. Бұл – жанр идеологиямен осы тұрғыда біте қайнасқандықтан, мәтіндік үлгілері бар қайталаулар трансцендентті мәннің тазалығын емес, тарихи қалыптасқан әлеуметтік дискурстардың жиынтығының рекурсиясын білдіретін тұжырымға қарай жасалған болмашы талпыныс қана. Ендеше, әдебиет сыншылары әдеби мәтіндерді мәдениетпен байланыстыра отырып, жанр өзінің функциясын сақтайды, бұл міндет формалистік не идеалистік емес, материалистік негізде ғана жүзеге асу мүмкіндігін туғызады. Алайда диалектикалық алмасу мен идеологияға постструктуралистік көзқарастың пайдалы әрі қажетті болуына қарамастан, жанрдың дискурс терминдері арқылы түсіндірілуі постструктурализмнің дискурс пен субъективтілік арасында көзделген байланыстың негізгі қарым-қатынасына тән белгілі бір шектеулерді ашып көрсетеді. Осы эссе мақсатының бірі – постструктуралистік жанр теориясындағы олқылықтарды когнитивті әдебиет теориясының, ой мен тілдің нақтылық сипатына бағдар ұстанудың көмегімен зерттеу десек, басқа бір жерде дәлелдегенімдей, бұл постструктурализмнің еркінен тыс өзіндік идеалистік болмысын көрсетеді (Hart, Matter). Әрі қарай мен дискурс негізінде жанрлық талдаудың қиындықтарын көрсетіп беріп, онтология мен эпистемологияның арасындағы байланыстың маңызды қайта өзгерісін қамтитын когнитивті әдебиет сынын ұсынамын. Когнитивистердің, философтардың, лингвистер мен әдебиеттанушылардың пәнаралық байланысқа жұмсаған күш-қуатының нәтижесінде қол жеткізген бұл философиялық ахуалдың ауысуы, өз пайымымша, дискурс, сондай-ақ жанрға қатысты алғанда субъективтілік пен функция туралы түсінігімізді өзгерте алатындай әлеуеті бар деп нық сеніммен айта аламын. Мен жанр туралы когнитивист сыншы Эллен Сполски талдаған мәселелерге ерекше көңіл бөліп, зерттеуімді когнитивті әдебиет теориясына шолу жасаудан бастаймын. Содан соң маңызды тарихи сипаты бар әдеби мәтіндерге қатысты қолдануға жарамдылығын көрсету үшін постструктуралистік жанр теориясын егжей-тегжейлі зерделеуге кірісемін. Бұл мәтін – Шекспирдің «Отелло» пьесасы; ол классикалық трагедияға сүйенген үлгілерден бастап, ХХ ғасырдағы осы классикалық бітімді қайта қарауға, пьесаның жалпы құрылымы туралы айтқанда, трагедиядан алшақтатуға тырысатын бертіндегі кейбір пікірлерге дейінгі аралықты қамтитын алуан түрлі жанрлық теорияларға дәйекті түрде бағынбай келді. Эссенің соңында «Отеллоны» өзім «когнитивті постструктурализм» деп атайтын когнитивті әдебиет сыны тұрғысынан қайта қарастырамын; оның ереже мен әдістер жөнінен айырмашылығы болса да, постструктурализммен (әсіресе әдеби жанрды идеологиямен) байланыстыратын постструктуралистік түсінікпен ұқсастықтары көп.

ІІ

Біршама уақыт бойы әдебиеттанушылар адам миы мен ойын «нақтылау» үлгілеріне қатысты когнитивті ғылымның соңғы ұмтылыстарына көңіл бөле отырып, оның түсініктерін өз еңбектеріне енгізді. Бұл үлгіге сәйкес, «нақтыланған сана» ақылды биологиялық мидың (белгілі бір күйге келмесе де) бір сипатын білдіретін ұғым ретінде қарастырады, өйткені сана мидың денемен физикалық, әлеуметтік әрі мәдени ортамен өзара байланысын бөліседі.3 Әдебиет сыншылары барған сайын әдеби, когнитивті-ғылыми мәселелердің арасын жақындатуға ынталы. Олардың қатарында ойдың да, тілдің де негізгі құрылымын танытатын метафора мен басқа да бейнелік құбылыстарды зерттеуді, адам денесін әлеуметтік болмыстың басты шоғыры ретінде қарастыруды эпистемологияны тәни, әлеуметтік, мәдени тұрғыдан саралай байыптауды атасақ та жеткілікті. Бұл сыншылар когнитивті ғылым нәтижесін поэтика, нарратив зерттеулер, риторика мен композиция сынды әдебиеттану салаларына, сондай-ақ әдебиет пен өнерді тарихи тұрғыдан зерделеу ісіне енгізіп жатыр.4 Когнитивті әдебиет теориясының кейбір тәжірибелі мамандары тарихи сынның материалистік негіздеріне ілтипатын білдіріп әрі әдеби формализмнің методологияларын айналып өтуге ұмтылысын қолдай отырып, постструктурализмнің негізін құрайтын материалистік көзқарасқа дәйекті түрде тілектес екенін дәлелдеді.5 Олардың үйлесімдік сезімі шектеулі ауқымда когнитивті сынның ұйытқы орталығы болмаса да, когнитивті әдебиет сыншысы Эллен Сполскидің кездейсоқ талдауларының арқауына айналған жанрға постструктуралистік көзқарас аясында көрініс берді.6 Жанрдың әртүрлі сипаттары туралы шығармаларының желісіндегі шашыраңқы оймен жеткізілген пікірлерінде Сполски постструктуралистік көзқарасын орнықтырып, нормативті процесс ретінде әдеби жанрдың жанды, яғни ұдайы өзгеріс үстіндегі процестерін, сондай-ақ басқа жанрмен байланысқан мәтіндердегі жекелеген емес, көптеген ұқсастықтарын атап көрсетеді. Сондай-ақ ол әдебиет тарихының күллі кезеңдерінде жаңа жанрлардың пайда болғанына, кей кезде ескі мәтіндердегі жаңадан көрінген айырмашылықтарды айқындау үшін бір заманда ойдағыдай бекітілген өлшемдердің талаптарына сәйкес келетін тың сипаттар керек екеніне мән береді.7 Бірақ дағдылы жүйесіне шектеулі эпистемологиялық сипат тән постструктуралистерден айырмашылығы, Сполски жанр туралы түсінігін барынша кең, ауқымды түрде ұсынады. Ол эпистемологиялық қана емес, онтологиялық үлгіні де қамтиды. Бұл ретте онтологияның когнитивті теория көмегімен жасалған материалистік нұсқасына барынша ден қояды. Сполскидің «онтологиялық эпистемологиясы» деп атауымызға болатын бұл қағидасы қабылдау сипатына қандай да бір түр (specіes) иеленген когнитивті аппаратқа байланысты барлық мәліметтің түр жағынан ерекшеліктері бар екеніне назар аудартады. Сондай-ақ «адам миы мен санасының материалдық сипаттары өзін қоршаған әлемді танып-түйсінуіне қажетті жағдайларды анықтап береді» деген түсінікті басты аксиома санайды. Сполски мидың/сананың материалдық болмысының кейбір қырлары (мысалы, когнитивті пайымдауда «олқылықтар» болуына септесетін мидың әртүрлі бөлігінің модулі немесе функциялық өзгешелігі өзінің пікіріне сәйкес, адамның икемділігі мен шығармашылық қабілетінің негізі әжептәуір мөлшерде) «адамның эволюциялық дамуының нәтижесі болады» деп тұжырымдайды (Gaps, 2). Бұл постмодернизмді түсіну жолында Сполски үшін әдеби постструктурализмнің бастауындағы Жак Деррида, Жак Лакан тағы басқа да ойшылдардың материалистік эпистемологиясы сияқты Чарльз Дарвиннің материалистік онтологиясы да маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сполски былай жазады: «Менің пікірімнің жалпы нобайы «деконструкция» мен постструктурализмнен басқа еш нәрсе дарвиншіл болуы мүмкін емес дегенге саяды, өйткені олардың қай-қайсысы да құрылымдауды мәдениетпен қапталдаса, іштей жүретін және нақты ортаға үн қататын қызмет ретінде түсінеді. Бұл қызмет әрқашан мәдени қолданысқа арналған, сонымен қатар қажеттілік туа қалған жағдайда қайта пайдалануға, қайта жобалауға жарамды» (Darwіn, 56).8 «Материализмнің екі түрінің – постструктурализм мен дарвинизмнің өзара кірігуі, – деп пайымдайды Сполски, – тіл және соған сәйкес мәлімет түпкілікті алғанда тұрақты емес, өйткені онтологияның эпистемологияны тежейтіні сөзсіз деген деконструктивті пайымның растығын мойындау тұрғысынан тиімді» (Darwіn, 51). Дегенмен бұл шектеуге қарамастан, Дарвиннің материалистік онтологиясы да деконструктивтік пайымның дәрежесін нақтылайды (Darwіn, 51), яғни іс жүзінде оны қуаттайды. «Міне, сондықтан да адамзат баласы мен оның таным тәсілдерін білуге талпыныстар мен міндеттерін көздеген гендік-инженерлік жолмен емес, өзгермелі ортамен байланыста туған кездейсоқ мутациялардың жинақталуымен бірге дамиды, олардың тұрақсыздығы мүлде таң қалдырмайды... Алайда нақ осы тұрақсыздық қолайлы икемділікке жол ашады. Бұл арқылы адамдардың таным тәсілдері мен тілдері... дами түседі, яғни өзгермелі ортаға бейімделеді» (Darwіn, 52). Басқаша айтқанда, бұл арада ұсынылған репрезентативті жүйе іс жүзінде тұрақсыздықтан болатын олқылықтар арқылы емес, икемнің көмегімен жетіле түседі. Осы дайын бейімделгіштіктің арқасында репрезентативті жүйе адам баласының тіршілігін сақтау мүмкіндігін күшейтуге жәрдемдеседі. Бірақ мұндай репрезентативті жүйеде абсолют мәнмен түгелдей ұқсастықтан бас тарту мағынасы бар. «Адамзаттың жан сақтауы әркімнің барлық нәрсені түсінуі не логикалық тұрғыдан бұл іргесі берік, сенімді жүйе деп ұғынуын білдірмейді», – деп жазады Сполски. «Барлық болатын нәрсе айтарлықтай жақсы» (Darwіn, 52). Осы тұрғыдан алғанда, «айтарлықтай жақсы» деген мағыналық реңктер «таза» немесе «кемел» ұғымдары жоқ жерде қолданылып, Дарвиннің материалистік онтологиясы постструктурализмнің негізіндегі материалистік эпистемологияны толықтырады, өйткені бұл онтологияның метафизикалық сипаты жоқ. Керісінше, ол идеалистік болмыстан мүлде ада: «икемді репрезентативті жүйені сипаттайтын» өзгерістер мен түзетулер Дарвин үшін де, постструктуралистер үшін де маңызды емес» (Darwіn, 57), қайта оған қарама-қарсы «байланған мызғымас кіндік ұғымы жоқ, рухани жалпы түсініктер мен дәлме-дәл мағыналар» түрінде әрекет етеді (Darwіn, 58). Сполскидің пікірінше, әдеби жанрлар өз бетінше постструктурализмнің де, дарвинизмнің де негізіндегі өне бойында тұрақтылық пен болжам жасау әрқашан бейімделгіштік қуатпен сабақтас келеді. Нәтижесінде бұлар қоршаған ортаға үн қату сипатындағы Деконструкциямен ұштасатын жүйеліліктің белгілері болып саналады. Сөздің мағынасы немесе биологиялық түрлер сияқты, жанрлар белгілі дәрежеде тұрақты әрі әркез икемді, сезімтал категориялар, олар өзгерген жағдайларға Сполский «қайта жіктеу» (recategorіzatіon) деп атаған, бір салыстырмалы категориялық күйден екіншісіне ауысу процесі арқылы үн қатады. Семантикалық категориялар теориясы, біздің анықтамалық стиліміз секілді типтіліктің белгілі бір сипаттар бойынша түсіндірмесіне, осы эссенің бас жағында айтылғандай, жанрдың қалыңқы формалистік дефинициясына байланысты кез келген ізденіс үшін шешуші маңызға ие. Дегенмен кейбір жанр теоретиктері оны жіктеу категориялары арқылы тереңірек сипаттағанымен,9 Сполски семантикалық категорияларды трансцендентті емес, менталды түрдегі осыған орай (олардың семиотикалық жүйедегі көріністерін есепке алмағанда) тілмен және когнитивті сәйкестікпен бөлек әрі үйлесе әрекет ететін предискурсивті құбылыстар деп түсіну қажеттігіне назар аударды. Сполски өз талдауында жанр түзуге мүмкіндік беретін категория бастауында тұрған когнитивті құрылым идеясын белсенді түрде зерделейді. Сондай-ақ бұл құрылымды сөз мағынасының астарында жатқан когнитивті негізбен сәйкестендіріп, одан әрі биологиялық түрлер эволюциясының жүзеге асуына жол ашатын қос баламаны да табады (түрлердің өзгеруі қайта жіктеудің биологиялық мысалына айналып, әлбетте, биологиялық эволюцияға қарағанда, мәдени эволюцияның әлдеқайда жылдам жүзеге асуының айғағы болады). Жанр ұдайы өзгеріп, орнығып, мәтіндер қайта-қайта қалыптасып жататындықтан, жанрдың нормативті ереже сипаттаушысы (дескрипторы) ретінде ол енгізген «қайта жіктеу» ұғымы бүгінде біздің ең өткір лексиконымызға айналуы ықтимал әрі сол арқылы әдеби жанрдың «не нәрсе екенін» талқылауымызға болады. Сондықтан постструктуралистік жанр теориясының қиындықтарын Шекспирдің «Отеллосы» секілді тарихи тұрғыдан өзекті мәтінмен ұштастыра баяндайтын осы эсседе Сполскидің жалпы қайта жіктеу туралы сипаттамаларына негіз ретінде жүгінемін. Мен бұл пікірталас барысында постструктурализм өзінің жанр туралы пайымдарында дәлелдейтін, жобалайтын «дискурс» пен «субъективтілік» ұғымдарының абыржу туғызатын ауқымы тар анықтамаларына үңіле отырып, Сполскидің талдауына жаңа өлшем қосуға тырысамын (әрі менің бұлай ету себебім, постструктуралистік және когнитивті-постструктуралистік көзқарастардың арасындағы сыншылдық мақсаттың ұқсастығы олардың айырмашылықтарын да зерттеу керек екенін көрсетеді). Дегенмен менің дәлелдерімнің түп негізі Сполскидің қайта жіктеу туралы кейбір шешуші пікіріне сүйенетін болады. Нақтырақ айтқанда, «категорияларға жіктеу динамикасы қандай да бір жаңа дүниені бұрыннан таныс нәрсе тұрғысынан түсіну қажеттігін реттейді, сондықтан ескі сипаттар жаңа тәжірибенің тосын ерекшелігін танытуға, бәлкім, оны қолайлы көру қажеттігіне қарсы жұмылдыру үшін оңтайлы болуы мүмкін» (Gaps, 73). Соған сәйкес «категорияларға жіктеу туралы тұжырымдар әрқашан шартты сипатта болғандықтан, әрі сол тұжырымды жасаудың өзі оны қайта қарауға шақырып тұрады» (Gaps, 73). Жанрдың үнемі осындай «шартты» күйі оған салғырт қарауға мүмкіндік жасайды, бірақ соның өзінде ол жанрға құрылымдық тұтастық не тұрақтылық дәрежесі тұрғысынан қолдау көрсетеді. Алайда маңыздысы сол, салыстырмалы тұрақтылығына қарамастан, жанр оқырмандардың белгілі бір деңгейдегі орнықты материалдық тәжірибесіне, эволюциялық және эмпирикалық тұрғыдан нақтыланған санасына жүгіне алады. Сполски айтқандай, «жанрлар жіктелісі зерделі оқырманның қабілетін мәтін мен оның басқа дискурспен байланыстары туралы ой түюіне жұмылдыру тәсілінен басқа ештеңе емес. Сондықтан тәжірибелі оқырманның басындағы жанрлық категориялар туралы ойдың икемділігі сондай, олар жаңашылдықтың құнарлы қайнар көзі болады» (Gaps, 78). Ұдайы жаңарып отыратын нәрсе болғандықтан, жанрлық жүйенің өзі «оқырманның әлем туралы пайымының күрделілігі, оған орайлас түсініктің оп-оңай игерілетіні мен өзгеретінінің көрінісі» ретінде қабылданады (Gaps, 79).

ІІІ

Постструктурализм әдеби үлгінің бастауы мен функциясын түсіну жолындағы байырғы дәстүр аясындағы кейінгі ұмтылыстарды ғана сипаттайды.10 Әлбетте, жанр теоретиктерін үнемі толғандыратын мәселе – жанрдың сипаты мен оның анықтамасы. Неоплатондық және неоаристотельдік пікірталастар әлдеқашан бұл мәселеге қатысты қарама-қарсы екі ұстанымды белгілеп қойған, олар: жанрды өз кезегімен – әуелі әдеби мәтіндерге дейін болған, бұл мәтіндермен сана арқылы байланыстырылған дейтін дерексіз, трансцендентті категорияларға телитін (неоплатондық) немесе жанрды топталуы арқылы жалпы бірлікті, сәйкестікті білдіретін мәтіндік сипаттамалардың жиынтығы деп қарастырып, әдеби мәтіннің өз ішінен анықтайтын (неоаристотельдік) көзқарастар. Бұл қарама-қарсы көзқарастар өз ретімен дедуктивті, индуктивті методологияларды танытып, кейінгі заманның Нортроп Фрай, Аластейр Фоулер сияқты көрнекті жанр теоретиктерінің еңбектері туралы хабардар етіп, қалыптасқан бір мезгілдес тәжірибенің тарихын бөліседі. Екі көзқарасқа байланысты постструктурализмнің ұшырасатын қиыншылығы олардың әрбірінің жанрды затқа айналдыруға тырысып, бұл заттың дерексіз, трансцендент категория күйінде де, мәтіннің өз ішінде де мызғымас тұрақтылығын дәлелдеуден, жобалаудан көрінеді. Бірақ жанрдың сипатын анықтауға байланысты екі дәстүрден де табылған нақ осы процесс оның формалды теорияларында жоқ болса да, жанр сыншылары көбіне мойындаған жанр ерекшелігінің екі шешуші сипатын түсіндіруге апаратын жолды іс жүзінде жауып тастайды. Бұрын да айтылғандай, бұл жанрлардың ұдайы өзгеріске ұшырап, неоплатондық кез келген категорияға жүктелген ілгерідегі мәтіндердің түгел емес, кейбір сипаттарын ғана сақтайтынын растайды әрі неоаристотельдік пайымда жасырылған бірыңғай жалпы сәйкестікке сенімді жоққа шығара отырып, көптеген мәтіндердің категориялық әртектілігін немесе жеке мәтіндердің ауқымындағы жанрлардың сан алуан болатынын көрсетеді. Постструктурализм дәстүрлі жанрлар теориясының екі формасындағы эссенциализмге қатысты көптеген пікір білдірді. Жанр – зат емес, процесс дәлірек айтқанда, қарым-қатынас процесі. Мұндай пайым аса зор маңызға ие болды. Жанр мәтіннің өз ішінде емес, біз мәтінді сіңіріп жіберуге тырысатын бұрыннан бар негізгі категориялар арқылы орын алды. Ол біздің мәтін туралы дискурстық пайымдарымыздың ішінде де, айналасында да көрініс табады. Жанрлық-коммуникациялық үлгінің белгілі мысалдары Михаил Бахтиннің «социологиялық поэтика» шеңберіндегі диалектикалық «социология» (3–15) ретінде танылған жанр туралы пайымы мен Джонатан Куллердің лингвистикалық және әдеби жүйе дерексіз қағида немесе код жүйесі (кодтау, шын мәнінде, жанр) арқылы айқындыққа ие болатын «лингвистикалық біліктілік» пен әдеби біліктілік арасындағы структуралистік баламаны (131–160) қамтиды. Бірақ постструктуралистік көзқарастардың ең ықпалдысы – Фредерик Джеймсонның «жанр – біздің трансцендент категорияларды, мәтіндердің өздерін, мәтіндерге байланысты әрекет ететін дерексіз код жүйелерін емес, іштей айқындалатын, сондай-ақ тарихи және экономикалық сипаттарымен оқшауланатын мәтіндерді сыни тұрғыдан қабылдауға пайдаланатын терминіміз» деген пікірі болды. «Жанрлар – шын мәнінде, әдеби құрылымдар, жазушы мен белгілі бір қауымның арасындағы әлеуметтік келісімдер», – деп байыптайды Джеймсон. Олардың міндеті – қандай да болмасын мәдени жасалымдарды дұрыс пайдалануға бағыт сілтеу» (106). Жак Деррида да жанрды риторикалық әдістің авторлық, сыни бағытынан қарастырады; бұл әдіс – этикалық, саяси мақсаттарға сәйкестік іздеп, мәтін ішіндегі басқа жағдайда көптеген сипаттары арқылы тоғысуы мүмкін таңдамалы белгі-бірліктерді тиімді оқшаулауға жағдай жасайды (Law). Джеймсон мен Деррида үшін мәтін ішінде көрінетін белгілер ғана емес, риторикалық, тарихи нақты жағдайларда танылатын сипаттар да маңызды. Дискурс мәтіннің мазмұны мен бұдан былай жанрды зерттеудің негізгі нысаны ғана емес, ат қойып, айдар тағуға қолайлы сипаттар есебіндегі дәстүрлі жіктеудің неоплатондық категориялары арасындағы пікірталас бола алады. Сөйтіп, жазушылардың да, оқырмандардың да ілгергі мәтіндер мен әдеби жүйенің ауқымында пайда болатын қалыптарды (шаблондар), олардың дүниеге келуін аяқтайтын этикалық қағидаларды айқындайтын мәтіндік категориялар арасындағы қарым-қатынас туралы түсіндірмесі өзара ұқсас. Қалай болғанда да, мұндай анықтамалар дискурс аясында сөзсіз әрекет ететін жанр сынының маңызы затты сипаттаудан олардың арасындағы дәнекерлікті айқындауға қарай түбегейлі ауысады. Эссенциалистік үлгіден дискурс көрсетіп берген процесс үлгісіне қарай өту, постструктурализмнің «сауда белгісіндегі» танымал өзгерістердің біріне айналды. Осы сипаттағы ауысуға сәйкес, бұл – дискурстық үлгіні мойындаудан тарих пен идеологияның жетекші рөліне, түр өзгерістерінің қажеттілігін толық қамтитын жанр үлгісіне қарай жасалған қысқа ғана қадам. Мэдсеннің жазуы бойынша, «жанр өзі тудыратын жаңа мәтіндердің және осы әрі басқа да мәтіндерді жаңаша оқудың арқасында әрқашан өзгеріске ұшырайды... Жанрлар – мәтінаралық тұрғыдан өздерінің әдеби және мәдени контекстері арқылы үнемі қайта түлейді, жаңғырады, түрленеді» (23). Постструктуралистік көзқарас жанр үлгісіне түрленулердің әдеби жүйеде әрдайым әрекет етіп, сол себепті оның ажырамас бөлшегіне айналған «тұрақты айнымалы» (оксюморонға қарамастан) ретінде қалай сіңісуі мүмкін екені туралы белсенді түрде ой қорытады. Мэдсеннің ескертпесінен көрінетіндей, дискурстың маңызына постструктуралистік тұрғыдан ден қою интермәтінділік пен оның нәтижелерін даусыз мойындауға апарады, ал жанр аясындағы бұл нәтижелер көп қырлы мәтін құбылысынан танылады. Қорытынды ретінде әдеби жүйенің дерексіз әрі деректі бөлшектері арасында бұрынғыларға қарағанда, әлдеқайда қисынды мәмілегерлік ететін Мэдсен «қайталауға негізделген жанр концепциясы – мүлде ол емес, сәйкестік пен айырмашылық қайталанбайтын ерекшелік емес» деген қағиданы ұсынады (27).

ІV

Эссемнің бұл тарауында мен канондық мәтінге (мысалы, Шекспирдің «Отеллосына») қатысты қолданған кезде постструктуралистік үлгінің өзін қандай айрықша сипатта танытатынын көрсеткім келеді. Әдебиет тарихының риторикасы – трагедия, комедия, сатира, романтика мен римдік жаңа комедия секілді әдеби жанрлардың объективті, мәнді қызметін қамтиды. Осыған орай «Отелло» сынының қайсыбір қырын қайта қараудың қажеттігі туындайтындықтан, ойымды жүзеге асыру барысында өзімді сабырға шақырамын; олай етпесем, эссенің қалған бөлігінде күрделі мәселелер көбейе береді. Бұл сипаттарды «Отеллоның» оқырмандар тарапынан қабылдану тарихын баяндауымның барысында прагматикалық түрде пайдалануға тиіспін. Сонымен қатар осы пікірталас қарастырылатын жанрлар үшін постструктуралистік (когнитивті-постструктуралистік) теория алға қойған тұрақты не объективті мәртебенің жоғынан әлгі сипаттардың өткіншілігін, тіпті ең айқын қалыпта көрсетеді деп үміттенемін. Әуелі кварто мен фолио нұсқаларында «трагедия» деп аталып, сыншылар тарапынан «Гамлет», «Король Лир», «Макбет» шығармаларына қосақталғанына қарамастан, «Отелло» дәстүрлі түрде трагедияға тән негізгі талаптарды бұзды. Осы үшін ғасырлар бойы зерттеушілердің қызу талқысына ұшырап, тіпті қолайсыз жағдайға тап болды.11 ХVІІ ғасырдың өзінде сыншы Томас Раймер пьесаның басты кейіпкерінің корольдік мәртебесінің жоқ екеніне тиісіп, қызғаныш пен зинақорлық тақырыптары трагедияның деңгейіне татымайтын лі нәрселер дегенге дейін барды. Басқалар болса, жоқ мәртебенің орнын қосалқы «ішкі» трагедия категориясымен толықтыруға тырысты. Сөйтіп, жоғары дәрежелі қаһармандар мен асқақ мұраттарға құрбан болған бас кейіпкер тағдырының ауқымды әрі азаматтық өлшемдеріне қажетті әдепкі трагизмнен пьесаны арашалап алды. Дегенмен трагедияның неоплатондық үлгісі бұрынғысынша бас қаһарманның айқын аңғарылатын бекзат рухына, өзі мәртебесін қалпына келтірген ізгі болмысына, оның өлім аузындағы мүшкіл хәліне аяушылықпен қарауымызды талап етеді. Дездемонаны өлтіргеннен кейін Отеллоға құрмет көрсетіп, жанашырлық білдіруге оқырмандар мен көрермендердің әркез қиналып қалатынына ХХ ғасыр барысындағы толассыз пікірсайыстар айғақ бола алады. Нәтижесінде кейбір сыншылар трагедиядан, ең болмағанда қайғы-қасіретті пьесаның басты қисыны деп мойындаудан жай ғана бас тартып, шығармаға қатысты біздің трагикалық емес көзқарасымызды табанды түрде орнықтыру үшін басқа амалдар қарастырды. Осындай балама пікірлердің бірін Майкл Бристол өзінің «Отеллодағы» бейшаралықтың лі жағдайы мен дау-дамайы» (Charіvarі and the Comedy of Abjectіon іn Othello) атты танымал эссесінде алға тартып, пьесаны карнавалдан алынған, некесіз қосылғандарға қарсы бағытталған жексұрын сипаттағы елірме, сайқымазақ ғұрып – қазіргі заманның ерте бастауларында пайда болған шариваридің (фр. charіvarі – «мысықтар концерті») аясында қарастыруды ұсынады. Жақында осыған ұқсас балама пікірді Памела Браун өзінің «Отелло» және Италияны жек көру» (Othello and Іtalophobіa) атты шығармасында талқыға салып, пьесаны Италияға, әсіресе «Венецияға қарсы өшпенділік сатирасы» деп бағалады (біз мұны Джонсонның «Вольпоне» комедиясымен байланыстыра алар едік). «Отеллоның» трагикалық сипаттарына қатысты осындай тарихи тайталастық белгілері трагедияның қиялдан туған ұғымдарын салыстырып қарайтын дәстүрлі жанрлық талдау барысында пьеса болмысын айқындаудың ұдайы қиыншылыққа душар болып отырғанын көрсетеді. Біз қисын бойынша мәтіндер мен неоплатондық дерексіз категориялар арасындағы айна-қатесіз ұқсастықтың бар екенін қоштағымыз келсе, мәтін мен категорияның өзін бұрмалауға тиіспіз. Екінші бір дәстүрлі неоаристотельдік көзқарас Шекспир пьесасының ерекшеліктеріне сәйкес келмеді. Мәтін негізінде жүргізілетін жанрлық талдау сол «мәтін сипаттарының жиынтығы оның жанры болады» деп пайымдайды. Бірақ бұл көзқарас негізгі құрылымның аясынан шығып кететін мәтіндік белгілерді, іс жүзінде қосымша қалыптарды (шаблондарды) ұсына алатын әртүрлі сипаттарды есепке алмайды. Сондай-ақ «Отеллоның» ең ескі нұсқаларынан бастап сыншылар дәйекті түрде пьесаның өне бойы тек трагедияның ғана емес, комедияның да (белгілі дәрежеде трагикомедияның мысалдарынан мүлде бөлек) сипаттарына толы екенін байқады. Томас Раймер көптің ішінде алғашқылардың бірі болып италиялық commedіa dell’arte нышандарын жас әйелінің көзіне шөп салғанына ашуланған ақымақ шалдың лі әрекетінен таныды. 4-пердеде Отеллоның «Мен Дездемонаны парша-парша етіп шауып тастаймын» (4.1.199)12 деп ашуға булыққаны секілді Раймердің өзі италиялық комедиялардан тікелей алынған үйреншікті кейіпкерлер – «Арлекин мен Скарамуччаның» танымал әсірелеулеріне (гротескілеріне) балаған сәттер, оның жанын әбден қинап, тіпті ақылға сыймайтын қорлық көрсетіп, есінен тандырады (qtd. іn Fortіn, 162). Сьюзан Снайдер, Лесли Фидлер, Марго Хендрикс, Памела Браун сияқты қазіргі заман ғалымдары commedіa dell'arte – дель-арте комедиясының осы және басқа ерекшеліктерін ғана емес, сондай-ақ Снайдер айтқандай, бұл ықтимал трагедияның «лі матрицасына» үйлесе өріліп кеткен римдік жаңа комедияның, романтиканың, рыцарлық романстың сипаттарын жоғарыда сөз етілгендей, тіпті ортағасырлардың ерте бастауларындағы уытты сатираның түрін анықтады.13 Бірегей формалы табу жолындағы жанрлық талдауды одан әрі тереңдету үшін бұған қоса «Отеллодағы» ортағасырлық адамгершілік тұрғыдағы пьесаның жаңғырықтарын ескеру қажет. 1970 жылдардың ортасына таман Шекспир сыншыларының тұтас бір буыны қалыптасып, олар пьесаның христиандық айқас туралы аллегориясын – Отеллоны Яго секілді малғұнның азғыруын, оның нағыз «қара ібіліс» кейпіне дейін құлдырауын (5.2.135) туындының трагедиялық сипатымен өткір тайталасқа түсетін, жеккөрінішті мінез-құлық туралы ертегі іспетті қарастырды. Постструктурализм сыншылардың қайсы жанрдың сипатын көбірек сезінгенін, бірақ бертіндегі уақытқа дейін оның анықтамасын түзеуге сөз таппай келгенін нақты көрсетіп береді. Былайша айтқанда, жалғыз нысанды өзінше бейнелейтін екі мәтін еш уақытта бірін-бірі қайталамайды. Көп жағдайда мәтіндер қым-қиғаш шаблондардың жиынтығынан тұрады, олардың әрбірі өз болмысы мен көзқарасын, әдепкі әсерлесу жүйесін жеткізудің құралына айналады. Әрекеттер арасында дәнекерлік ететін дискурс осы мәтіннің басынан аяғына дейін жүзеге асатын амалдардың барлығына араласады; оның әрбір сәті мәтіннің жанрын қалыптастыруда өзіне тиесілі міндетін атқарады. Шекспир жазумен айналысқан қазіргі заманның ерте бастауларындағы мәдени дискурстар трагедияны ойлап шығаруды талап еткен болар еді; өйткені бұл дискурстардың айрықша назар аударатын мәселелері мен олардың бір-бірімен тоғысу сипаттары аталған пьесаға мейлінше, тән мақсаттарға қызмет ететіні осыған қозғау салды. Кейінгі жылдары жарық көрген сыни еңбектерде егжей-тегжейлі сипатталған бұл дискурстар, басқасын былай қойғанда – жаһандық империализм, ағылшын және венеция әскери мәдениеті, азаматтық пен неке құрылымдары саласы көш соңында қалуға тиіс емес; нәсіл туралы қазіргі заманның ерте бастауларындағы дискурсты қамтиды. «Отеллоны» оқырмандар қабылдауының ұзақ тарихына байланысты дискурстар (бұл арада қарастыру үшін ауқымы шектен тыс үлкен) тақырыбына келсек, бұл шығарманың жалпы ықпалын қайта бағамдау ерекшеліктен гөрі, ережеге айналғанын айта кеткен жөн. Мәдени материалистер дәл көрсетіп бергендей, бұлай болатын себебі – мәтіннің қабылдайтын аудитория үшін аса маңызды қырлары әрқашан осы қауымды сол сәтінде толғандырған мәселелерді (мысалы, біздің мәдени бірегейлігімізге қатысты шешуші маңызы бар нәсіл, жыныс, отарлық экспансия жайттарының қарым-қатынасын) ашып көрсетеді. Сыншы Вирджиния Мейсон Воган жазғандай «Отелла – жай ғана... мәдени ортаның жемісі емес... сондай-ақ... әрбір эпистеманың, оның әрекетшілерінің, аудиториясының мәдени қарым-қатынастары жөніндегі күрделі келіссөздердің бөлшегі саналатын мәдени құндылықтарды жасаушы» (7).

V

Бұл тараушада дискурсқа негізделген постструктурализм үлгісінің аясынан шығып, осы үлгінің жанрды туғызатын дәнекер ретінде дискурсқа назар аударуын мүлде басқа тұрғыдан зерттегім келеді. Меніңше, постструктуралистік дәстүрдегі «дискурс» терминінің өрісі тарылғандықтан, бұл өзгерістің жөні бар. Мен оған «тәжірибе», кей кезде «тарих» ұғымдарының синонимі саналатын термин ретінде шектеулі материалдық сипаттарын пайдалану үшін жүгінемін. Өйткені Деррида оны Соссюрдің лингвистикалық таңбасының «дыбыстық» өлшемдері арқылы бейнелейді (Dіfference, 10). Дискурстың мүмкіндіктері туралы Мишель Фуко айқындап берген түсініктер қазіргі уақытта әдеби зерттеулерді түбегейлі жаңғыртты; енді көпшілік біз төңкеріс жасаған бұл үлгіні әлдебір маңызды нәрсенің есебінен алдық деп санайды. Бұл нәрсе айқын емес, тіпті өткенге үңілу тұрғысынан қарағанда адамдарға арналып, бір заманда тілдің либералдық-гуманистік үлгісінің негізінде жатқан, бірақ енді стратегиялық жағынан ұстатпайтын постструктуралистік риториканың артындағы дәнекер ретінде түсіндіріледі. Біз бұл жоғалған адам болмысының елеске айналған жұрнақтарын Фуконың «Білім археологиясы» (The Archaeology of Knowledge) шығармасындағы дискурсты төменде берілген сипаттамаларынан кездестіре аламыз: «Дискурс – ойлайтын, танитын, сөйлейтін субъектінің заңғар кейіпте көрінген тұрпаты емес, керісінше, субъектінің ыдырауы мен өз-өзінен қол үзуін анықтап бере алатын тұтастық» (55). Қазір көптеген сыншылар мақұлдайтын, атап айтқанда, эссенциалистік үлгінің орнына құрылымдық бейне қалыптастыруға мүмкіндік беретін процестің үлгісін енгізу талпынысы барысында Фуко «ойлайтын, танитын, сөйлейтін субъектті» де терістей отырып, адамзат білімі үшін қажетті құрал – феноменалды аппаратты жоққа шығарады. Мұндай тұжырымдар адам санасын мойындамайды. Олар семантикалық категориялар өрісінде дискурсты қалыптастыратын, идеологияға жұрт бірдей мойындаған жүйелілік беретін концептуалды жиынтықтың болу қажеттігін елеусіз қалдырады. Тағдырдың тәлкегі демекші, іс жүзінде постструктуралист сыншылар дискурс пен идеологияны айқындауда белгілі бір міндет атқарып, әдепкі «категорияларға» жүгінеді. Дегенмен бірен-саран сыншы ғана (өз тәжірибеме сүйеніп айтсам) семантикалық категориялар мен категориялар жүйесінің құрылуы, қалыптасуы өзіне лайық орны бар ғылыми зерттеу мәселелері екенін көрсете алды.14 Басқаша айтқанда, тіл теориясы сынды постструктурализм де «ойлайтын, танитын, сөйлейтін субъектінің» парасатты пайымынан өзіне пайда табады, бірақ ол теориялық тұрғыдан идеалистік онтология қаупін болдырмау үшін бұл субъективтіліктің адамға тән ерекшеліктерін тосырқағандықтан, жойып жібереді. Нәтижесінде интеллектуалдық жүйе ретінде постструктурализм – ойлайтын, танитын және сөйлейтін субъект – феноменологиялық салдармен бетпе-бет келіп көрген жоқ. Постструктуралистік жобаға когнитивті көзқарасты араластыру қайшылықты шешуге көмектеседі. Сондай-ақ философиялық негіздері постструктурализммен үйлесетін семантикалық категорияларды зерттеу саласында пікірталастарға жол ашады. Дарвиннің материалистік онтологиясы мен Дерриданың материалистік эпистемологиясының арасындағы Сполски дәнекерлігінің бастауы ретінде көрінетін когнитивті көзқарас бізге онтологияның алдымызда тосатын сындарлы тұстарын айналып өтуге, сол арқылы нақтыланған сананы Фуконың дискурсты форма қалыптастырудың құралы ретінде түсінетін «жиынтығына» – әлеуметтік жүйесіне қосуға мүмкіндік береді деп байыптаймын. Біз адам санасы әлгі дискурстың өзін жасауға ықпал етуде шешуші маңыз атқаратынын мойындаймыз. Мен айтып отырған когнитивті көзқарас неврологиядан бастап когнитивті және эволюциялық психологияға дейінгі аралықты қамтитын лингвистердің, философтардың, антропологтердің, когнитивистердің қанат жайып келе жатқан пәнаралық зерттеулерінен өрістеп отыр. Бұл зерттеулер когнитивті ғылымның «екінші буыны» деп аталған уақытта жасалған нәрселерді қамтып, когнитивті ғылымның бастапқы кезеңдеріне тән болған сананы ережелер арқылы басқарудан, оған қатысты компьютер бағдарлы, формалды дерексіз көзқарастардан түбегейлі бас тартуды білдіреді.15 Когнитивті ғылымның екінші буынының түпкілікті бетбұрысын әсіре сілтеп, бағалауға болмайды, өйткені ол жан мен тәннің екіге бөлінуіне қатысты алғанда, Батыс философиясының басым бөлігінің негізін құраған философиялық рационализмнен кең ауқымда іргесін аулақ салды. Нәтижесінде сана мен болмыс түсінігі аясында дерексіздік пен трансценденттіліктен мүлде қарама-қарсы тарапқа – оларды жан мен тәннің нақтыланатын әрі пайда болатын жинақталған өзара байланыстары ретінде ұғынуға қарай бетбұрыс басталды. Сана мен болмыс концепциясындағы бұл өзгеріс когнитивті ғылыми зерттеудің ми құрылымынан бастап сана көрінісіне, проблемалар шешіміне, категориялық жіктеліске, тіл процесіне, дискурс түсінігіне, когнитивті ғылым ғана емес, басқа да бірқатар мүдделі пәндерді, оның ішінде әдебиеттануды қамтитын өзара байланысты функцияларға дейінгі барлық мәселелеріне қатысты жаңа көзқарастың қалыптасуына қозғау салды. Когнитивті зерттеулердің осы екінші буынының шеңберінде лингвистикада бірқатар жаңа мәнді мәселе пайда болды. Атап айтқанда, когнитивті лингвистика семантикалық категориялар теориясын ұсынады; бұл мен сипаттауға талап етіп отырған жанрлық теория проблемаларын бұрынғыдан да өзекті ете түседі.16 Жоғарыда бірнеше рет дәлелдеп бергенімдей, когнитивті лингвистика постструктурализмнің мейлінше, маңызды философиялық шектеулерінің бірқатарымен үйлесімді екенін айғақтайды (Hart, Matter). Бір қарағанда, олардың ұқсастықтары тым жалпылама көрінуі мүмкін, бірақ бұл екі бағыт үшін де түпкілікті маңызды болып шығады. Мысалы, олардың екеуі де күн тәртібінде тұрған пострационалистік, реалистік емес эпистемологияны айқындауға ынталы.17 Екі басымдықты метафора да – ақпараттың негізгі арнасы. Екеуі де өздері ұсынатын мәліметтер мен тілдік жүйелер ауқымында ашықтық сипатын талап етеді. Осы ашықтық арқылы тоқырау мен тұтастықтан гөрі өзгерістер мен әр алуандықтың нормативті мәртебесін биік қояды. Постструктурализм секілді когнитивті лингвистикада бейне мен мән туралы эссенциалистік теорияларға тән идеализмді жоққа шығарып, объективті сәйкестіктер немесе дәлме-дәл «ақиқат» ұғымдарын мағыналы дәйектілік пен функциялы түсінік өлшемдерімен ауыстыруды ұсынады. Дәйектіліктің бұл өлшемі Сполскидің – коммуникациялық мақсаттар үшін «айтарлықтай жақсы» және сол себепті түрлердің сақталуын қамтамасыз етуге жеткілікті, абсолют емес, репрезентативті жүйесінің материалистік онтологиялық стандартынан алшақ емес екенін байқауға болады. Когнитивті лингвистикалық теория бойынша семантикалық категориялар, бір жағынан, адам денесі қабылдайтын сенсорлық, кинестетикалық ақпараттың, екінші жағынан, осы тәни тәжірибеден түзілген менталды түсініктер, лингвистер «бейнелер нобайы» деп атайтын ықшам көріністер арасындағы өзара ықпалдастықтың нәтижелері деп қарастырамыз. Категориялар бейнелер нобайының тәжірибенің құрылымданған бөліктерінен құрылымданбаған бөліктеріне жоғарыдан төмен қарай проекциялануынан пайда болады. Сөйтіп, біздің тәніміз ұсынатын ең негізгі эмпирикалық ақпарат білім мен тәжірибенің күнделікті, барынша дерексіз құрылымдарының негізіне айналады. Бұл тұрғыдан алғанда, мәлімет пен мән тәннің физикалық, әлеуметтік әсерлесуіне (яғни, оның материалдық сипаты), мидың ішінде құрылымдық тұрғыдан қайталануларына толықтай тәуелді болады. Мұндай қайталанулардың жинақталуынан көрінетін сана идеясы, кейбірін ғана атасақ: тежеу, қақтығысу, босату, қозғалу, тарту мен мәжбүрлеу сынды сенсомоторлық көріністердің қарапайым геометриялық формаларын иемденеді.18 Кейіннен бұл геометриялық формалар концептуалды метафора арқылы әрқайсысы өзінің мазмұнын одан да күрделірек, дерексіздеу категорияларға қарай жылжыту мен тарату үшін әлеуеті бар жаңа категорияларды түзіп, ескілерін нығайтуға не бар категорияларды түбірімен Деконструкциялау мақсатында тәжірибенің қосалқы бөліктеріне проекцияланады. Маған «Отелло» туралы оның этноөзектік идеологияны қалыптастырудағы маңызын контексінде жасаған пайымдауымда бірден көрініс беретін ыдыс жүйесін пайдалану мысалын ұсынуға рұқсат етіңіздер.19 Марк Джонсон тұйықтықты «біздің тәни тәжірибеміздің ең танымал ерекшеліктерінің бірі» деп сипаттайды (21). Біздің денеміз үш өлшемді ыдыс тәрізді; біз оған белгілі бір заттарды (тамақ, су, ауа) және сол заттардан шығатын нәрселерді (тамақ пен су қалдықтары, ауа, қан) орналастырамыз. Әу бастан біз өз айналамыздың физикалық тұрғыдан ұдайы шектеулі екенін сезінеміз... Біз бөлмелердің, киімдердің, көліктердің, көптеген ғимараттардың ішіндегі тұйықтаулы кеңістікте қозғалып, қимылдаймыз. Біз заттарды (шыны аяқ, қорап, қалбыр, сөмке) ыдыстың ішіне орналастырып, реттейміз (Johnson, 21). Осы шектеулі кеңістік тәжірибесі арқасында біз іш-сырт бағдары туралы қорытынды жасаймыз, ол «бір, екі немесе үш өлшем арқылы көрінетін бөлінуден, жіктелуден, қоршаудан тұрып, шектеу мен тұйықтауды білдіреді» (22). Ыдыс схемасының негізгі сызықтары периметрлі шеңберді еске салуы мүмкін, периметрдің сырты мен оның бойындағы белгі шектеулік шартын көрсетеді. Біздің іш пен сырт (кей жағдайда үсті) туралы барлық маңызды ұғымдарымыз – қарапайым құрылымның нәтижесі. Тәжірибемізге проекцияланған кезде шектеулік өзінің дәйектілігін танытып, біз қорап «ішіндегі» ойыншықты нақты түрде меңзегеніміздей, өзімізді іскерлік келісім мен жаңа қатынастар секілді абстракт жағдайлардың «ішінен» оп-оңай көреміз. Ыдыс схемасының орталық-шет құрылымы алуан салалы тәжірибе жүзінде (тәжірибе туралы «домендер» көзқарасы тұрғысынан пайымдау процесін қосқанда) жүйелі сипатта қолданылып, тіпті біздің терең эзотериялық сезімдерімізге әсер етеді, өйткені ыдыс схемасының маңызы формалды логикада көрініс табады (Johnson, 30–40). «Семантикалық категория» ұғымының өзі түсініктілігі жағынан ыдыс схемасына қарыздар болып шықты: мәннің тұтастығы концепция жасау үшін ішіне семантикалық бөлшектер жиналатын ыдыс ретінде қарастырылады. Енді мен дискурс туралы пайымына когнитивті-лингвистикалық (соған ұқсас рационалды емес, идеалистік емес) семантиканы енгізуге рұқсат еткен «постструктурализмге нақты не нәрсе септігін тигізеді?» деген сауал тастаймын. Біріншіден, ол дискурс туралы өз тұжырымдарын жасау үшін қажетті, кең ауқымдағы теориялық өріске, тіпті өз қолданушылары, сыни тұрғыдан оқу арқылы іс жүзінде қабылдап үлгерген түсініктерге қол жеткізеді. Басқа жағынан қарағанда, бұл одан тысқары пәнаралық өріс жиынтықтарынан алынған өзіне тиесілі ережелерді, эпистемология сипаттарының маңызды, қуатты тоғысын қамтамасыз ететін әртүрлі салалар арасындағы үйлесімдікті тексерістен өткізуге жағдай жасар еді. Ең бастысы, оған тән кеңірек көзқараспен қарағанда, Сполскидің пайымынша, материалистік онтологияның маңызы мойындалса, мұның арқасында аумақ әлдеқайда ұлғайып, оның аясында дискурсқа, мәтінге, субъективтілікке қойылған материалдық шектеулерді айқындау мүмкіндігі туады. Соңында айтарымыз, материалдық шектеулерді іздестіру – жай ғана елеусіз нәрсе емес, өйткені ол әдебиеттанудың қазіргі заманғы барлық тарихилық негізіндегі мектептерінің басты проблемаларының бірі. Сондай-ақ өзінің көзқарас жүйесіне мұндай семантиканы енгізе отырып, постструктурализмнің қалай болғанда да дискурсқа, мәтінге, субъективтілікке қойылған кейбір шектеулердің феноменологиялық тұрғыдан сананың «нақты» әсерлерінен туындап жататыны туралы ойды мойындауы тиіс еді. Ол адамның миы мен санасының біріккен құрылымдары ұғымға, дискурсқа, идеологияға қандай әдістің көмегімен көшірілетінін, сол арқылы біздің тәжірибелік үлгілеріміздің «жанрлар» деп аталатын әдеби мәтіндер мен әдеби мәтіндер жүйесіне қалай берілетінін пайымдауы қажет болатын. Қысқасы, постструктуралистік жанр сыншылары, өздері айтпақшы, біздің түйсігімізге дискурс арқылы жететін әдеби жанрлардың көз алдымызда көрініс ретінде негізінен дискурс емес, бірақ сол дискурсты өзі жасайтын әдеби жүйенің нағыз дәнекершісі – нақтыланған адам тәжірибесі екенін білгені дұрыс.

VІ

Нақтыланған сана дискурсты қалай жасайтынын, сол арқылы жанр көрініс табатын дәнекерлік қызметті қалай атқаратынын сипаттау үшін мен «Отеллоның» тұла бойында өрілген көптеген дискурстардың негізінде жатқан семантиканы, пьеса туралы кейінгі сын пікірлерге терең әсер еткен дискурс пен нәсілдік идеологияны қарастырғым келеді.20 Бұл пьесаны талдай отырып, тарихилықтың жаңа жақтаушылары мен мәдени материалистер «Отелланың» басты кейіпкерін бейнелеу ғана емес, сондай-ақ оған Венеция ренессансының әлеуметтік сатысынан орын тауып беру мақсатында қолданатын «мавр» сөзінің алыста бүккен астарын ашып көрсету үшін өздерінің тарихилық тұрғысындағы методологиясына арқа сүйейді. Ең көлемді зерттеулердің бірін жазған Энтони Бартелеми әуелі «маврдың» грек және латын тілдерінде «қара» этимологиялық төркіні болғанын, екіншіден, Солтүстік Африканың ескіше, испанша атауы – Мавританиямен ұштасатынын, үшіншіден, байырғы дәуірде біздің заманымыздың бас кезінде тұстарында мағынасы біресе тарылып, біресе кеңейіп, нақтырақ айтқанда, қаранәсілді африкалықтарға, содан соң, ақ нәсілді ағылшын-христиан санасындағы қара да, қара емес те реңді «бөтенге» қатысты түрлене қолданылғанын көрсетеді.21 Әр түрлі кезеңде оны батыл түрде қара мен ақ нәсілді африкалықтарды, мұсылмандарды, түріктерді, сарациндерді (арабтарды), азиялықтарды, үндістерді, тіпті Американың байырғы тұрғындарын атау үшін пайдаланды. Қара рең ежелгі троп бойынша зұлымдықтың метафорасы болып саналды, ал қара адамдар христиандық дәстүрде күнәһарлығы үшін бөлектелді; ол бойынша африкалық қара адамдар мен Нұхтың күнәға батқан ұлы Хамның арасындағы генеалогиялық байланыс пайымдалды.22 Хамның күнәсі жыныстық сипатқа ие болғандықтан, қаралар мен маврларға жалпы алғанда «нәпсіқұмарлар» деген атау таңылды.23 Оларға қиялдан телінген шектен тыс құмарпаздық кейбір ағылшындардың Африканың жергілікті тұрғындары туралы олардың тайпалық қауымында бетпе-бет кездескен сәттерінде алған әсерлерімен ұштаса отырып, «адами қасиеттен жұрдай» деп кінәрат тағуы, салдарынан маврдың хайуандар қатарына жатқызылуына алып келді. Бұл қаранәсілді адамдар, тіпті елдер арасында сауда-саттық пен әскери ерліктер үшін нақты қарым-қатынастар пайда болғанға дейін Ібіліспен тікелей байланыстырылды. Қара терілі Ібіліс туралы жазбалар ортағасырлық пьесалар циклінде сақталып қалған; олардың мәтіндерінен анық аңғарылатындай, қосалқы кейіпкерлер мен басқа демондарға қара түсті костюмдер кигізіліп, бет-жүздері қара бояулы кейіпте таныстырылған болуы мүмкін. Бұл семантикаға баға берген сыншылар көп жағдайда Шекспирдің «Отеллосының» осы стереотипке сәйкестігіне қайран қалады, тіпті Шекспир мақсатты түрде пьесадағы ең жаман зұлымдықты ақ адамға, яғни Ягоға жүктеу арқылы «нәсілдік метафоралардың өңін өзгерткен» деп ұйғарады.25 Бірқатар зерттеушінің айтуынша, Отеллоның жақсы қасиеттеріне, Кассионың адалдығына және Венеция сенаторларының Кипрді Отеллоның құзырына қаратып, оған көрсеткен құрметінің арқасында Яго мен Родригоның «кәрі қақсал қара қошқар» және «дүрдек ерін» деген нәсілшіл метафоралары (1.1.90.68) жұмсарып сала береді. Бірақ Отеллоның, әуелде өзін-өзі ұстағандай көрінгенімен, мавр стереотипке сай хайуандық, жыныстық, ақырында сайтандық мінез-құлыққа тоқтаусыз бой ұрғанына анық көздері жеткен соң, сыншылар көбіне-көп зерттеушілер Дездемонаның ажалынан кейін Эмилияның аузынан шыққан өткір айыптауларды тыңдауға ынталы, өйткені пьесаның соңында оның нәсілдік санасы пайымдалады: «О, есуас! О, нақұрыс!/ Қандай надандық, қандай ластық! (5.2.170–1); «Ол қаншалықты пәк, періште болса, сен соншалықты қарабет сайтансың!» (5.2.134–5). Біз қанша жерден ақылға жүгінгенімізбен, Воган нәсілдік семантиканың пьеса өзегіне сыр білдірместен өріліп кеткенін дәлме-дәл көрсетеді: «Нәсілдік айырмашылықтың дискурсы Шекспирдің біздің өзіміздің мәдени түсініктеріміздегі секілді пьесаға да сөзсіз еніп кеткен. Нәсілшілдіктен мүлде тазару үшін дөрекі сөздерсіз, түр-түске бөлмейтін, қара тәнділікті жамандықпен, ақ жүзділікті жақсылықпен ешқандай байланыстырмайтын жаңа тіл (сөз) ойлап табу қажет болар еді» (70). Оның жазуынша, біз өзіміздің аудиторияда отырғандағы жай ізгі ойларымызбен қайшылықтағы бұл дискурстың «шым-шытырық өрмегіне еркімізден тыс маталғанбыз». «Отеллоның» нәсілдік пен нәсілшілдік семантикасын когнитивті-постструктуралистік тұрғыдан байыптау бұл қайшылықты ахуалды келесі бағыттар бойынша қарастырады: этноцентризм орталық-шет құрылымымен сипатталатын шектеулік схемасына жүгіне отырып, жүйелі түрде әрекет жасайды. «Мен» ыдыстың ортасына не ішіне орналасамын, ал «сен», «олар» және «өзге» ыдыстың шетін білдіретін шекаралық бөліктің үстіне (бетіне), тіпті сыртына орналасады. «Мавр» сөзі этимологиясының тым алуан түрлілігін ескерсек, ыдыстың шет бөлігінің үстінде (бетінде), болмаса сыртында жайғасқан «бөтендерді» құрайтын кеңістіктік қарым-қатынастар жүйесінің дәл қамту аймағы ыдыстың тұтастығын қамтамасыз етуде айтарлықтай маңызды рөл атқармайды. Сәйкес емес «бөтендердің» арасындағы қарым-қатынас кездейсоқ болып есептеледі, өйткені бұл – ыдыс схемасы анықтама үшін белгілеген – ыдыстың іш құрылымы. Ең жоқ дегенде, бұл «мавр» сөзінің ақ-қара африкалықтарды, мұсылмандарды, азиялықтарды, түріктерді тағы да басқаларды талғаусыз қамтитынын білдіреді, ал ыдыс сипатының ақнәсілдік, ағылшындық, христандық мәні ешқашан өзінің өзектілігін жоғалтпайды. Сыншылар пьеса соңында африкалық текті венециандық христианнан бастап өзі «мемлекетке тіл тигізгені үшін» өлтіретін «сәлделі түрікке» дейін (5.2.363–4) қамтып, Отеллоның сөйлеген сөзі тым ұзақ әрі қалыпқа түспегеннен болар «бөтеннің» ішінде былғанып жүргенін көрсетеді».25 Қазіргі уақытта бұл «бөтеннің» барлық жерде пьеса көріністерінің көлеңкесінде ақкөңіл, кісілігі мол қара адамның кейпін жамылып жүретіні белгілі болып қалды. Сайып келгенде, этноцентризмнен әлі де айыққанымыз жоқ. Бұл шекаралық қақтығыстардың семантикалық құрамы тарихи даму барысында адамзаттың жаңа тәжірибесімен бірге ұдайы түрленіп отырады. Осыған орай Шекспирдің қазіргі заманның ерте бастауларында тұрған этноцентризмі де өзгерістерге ұшырағаны сөзсіз. Бұдан былай бүгінгі этноөзектік жүйелердің орталық-шет ұғымдары «Отелло» шығармасындағы нәсіл туралы түсініктің ішкі логикасына сәйкес келмейтіні белгілі. Бұл жағдай оның жанрлық сипаты туралы қазіргі пайымдарға міндетті түрде әсерін тигізді. Мысалы, бұл Майкл Бристол мен Памела Браун сияқты сыншылардың не себепті «Отеллоның» трагикалық сипаттары деп аталатын нәрселерге де назар аудармастан, пьесаны «комедияның қаталдық пен көңілсіздікке толы түрі» деп жариялағанын түсіне аламыз, біз оны қазіргі заманның ерте бастауларындағы терминдер арқылы тарихи тұрғыдан сөйлетуге тиіспіз. Мәселен, Браунның пікірінше, «Отеллоның» сыншылары екі ғасыр бойы пьесаны қорқынышты да шикі етіп сипаттау емес, «әшекейлеу», «әбден жетілдіріп шығару» жолында «тер төкті», ал бұл бізге оның зорлық-зомбылығы мен нәсілшілдігінің сұмдықтарынан бойды аулақ ұстап, рахат күй кешуімізге мүмкіндік береді... Оны өркениетті трагедияға айналдыру жолындағы бұл сыни еңбек сатираның ауаға сіңіп жоқ болған темекі түтініндей, толығымен көзден ғайып болуына мәжбүр етті (192). Бристол мен Браунның көзқарастары Сполскидің өмірбаяндық шығарма сыншыларына қатысты айтқандарымен дәлме-дәл сәйкес келеді. Сполскидің айтуынша, олар өмірбаяндық мәтіндердің өздері қайта жасаған жіктелісін дәйекті түрде растай отырып, «сол мәтіндер құрастырылған уақыттағы әлемнің қандай болғаны туралы өз әңгімелерінің анағұрлым шынайырақ» екеніне көз жеткізеді. Қайта жіктеу үшін саяси жағдайлар түрткі болғанын мойындаған күннің өзінде, әдебиет тарихшыларының көздеген мақсаты – «алыс замандарды» түсінуге тырысу; өз пікірлеріне қарасақ, олардың жұмысы ескі мәтіннің қыртыс-қабаттарын ашқан кезде, сыни пайымдары сол әлемнің күйін бейнелей алатындай болуы тиіс. Сыншылар әдеби-тарихи сипаттамаларды өзгертуді ұсына отырып, «жаңа категориялық жіктеулер мен одан шығатын қорытындылар әлемнің қандай болғаны туралы іс жүзінде шынайы мәліметтер беріп, жаңа категориялардың атаулары, олардың өздері ұсынған мағыналары ескі категориялардың атауларымен салыстырғанда, мәтін авторларының жалпы мақсаттарын жақсырақ бейнелей алады» деп топшылайды (Gaps, 80). Бристол, Браун мен Сполски талдауларының жиынтығы «Отелло» әу баста трагедия ретінде ойластырылып жазылған болса да,26 бүгінде басым бөлігі тәжірибе жүзінде емес, «ақтар» мен «қаралардың» әлеуметтік, мәдени араластығынан, болмыс пен идеологияның бірегейлік шекараларының жылжығанынан, ХVІІ ғасырдың басында нәсіл мен тұлға туралы қолжетімді болмаған заманауи дискурстардан тікелей хабардар көрермендер мен оқырмандардың қатары одан әрі көбейген көпшілік үшін трагедия емес дегенге саяды. Бұл кеудесінде жаны бар адамдардың ешбірі «Отеллоны» қайтадан трагедия ретінде сезіне алмайды деген сөз емес. Кейбіреулері сезінсе, енді біреулері пьесадан өздері көріп отырған трагикалық сипаттар туралы сыни тұрғыдан жазуын тоқтатпай келеді. Дегенмен «Отеллоны» белсенді түрде категориялық қайта жіктеу белгілері бүгінгі күнге ғана қатысты емес, ол ғасырлар бойы жалғасып келеді, жалғаса да береді, өйткені адам санасының нақтылығын айқындайтын ауыспалы сезім тәжірибесі пьесаның әдеби жүйедегі орнын тауып беру мақсатындағы талпыныстың барысында біз айналып өте алмайтын жаңа семантикалық категорияларды туғызады.

VІІ

Адамдардың когнитивті жүйесінің ауыспалы семантикасы, әлеуметтік дискурстың дәнекер күштері айқындаған категориялардан ойластырылған жанр мүлде тұрақтылығынан айырылып қалды. Бірақ бұл тұрақсыздық кездейсоқ не өздігінен ортаға шықты деп айтуға болмас. Бұл адам санасының нақтылануынан пайда болып, адам тәжірибесіндегі өзінің қосалқы сипаттары мен шектеулеріне жолығады. Менің пайымымша, жанрларды жіктеу мен қайта жіктеу тәжірибемен шектелген. Сондықтан ол өздігінен болған нәрсе емес, «Отелло» туралы постструктуралист сыншылардың түсіндірмелеріне өзгеріс енгізбейді, тіпті айтарлықтай мазмұн қоспайды. Дегенмен бұл постструктурализмнің философиялық негіздерін қайта қарауды меңзейді, ал ол өз кезегінде біздің ралистік субъективтілік пен субъектіге тән дәнекерліктің сипаты туралы түсінігімізге ықпалын тигізеді. Біз Дарвиннің эволюциялық теориясынан Сполски алған материалистік онтологияның «тұрақсыздық» терминінен «икемділік» пен «бейімделгіштік» терминдеріне қарай ақырындап бет бұруға шақырғанын көріп үлгердік. Шын мәнінде, Сполскидің постструктуралистік бейнелер үшін онтологиялық өлшемдерді тұжырымдап, сонымен қатар ұсынып отырғаны – бізді қоршаған әлеммен, онда да болмыс туралы ұғымдарымыз иемденуі мүмкін формаларға құрылымдық шектеулер қою арқылы миымыз бен санамызға жүк салатын сыртқы дүниемен физикалық байланыс жасататын нақты денелерде жайғасқан сол ми мен сананың елеусіз қалмайтын феноменологиясы. Постструктурализм материализм үшін мүмкіндігінше, кең өріс табу мүддесі жолында заттай әлемді танудың әрқайсысы ұсынатын сан түрлі әдістері қайшылыққа түскенін қойып, бірін-бірі толықтыра алатын эпистемологияның, онтология мен феноменологияның арасын бөлетін қатаң шектеулерді алып тастады.27 Бірақ мұндай постструктурализмнің эпистемологиясы да конструктивтілікке абсолют адалдығынан бас тартуы қажет. Нақтырақ айтқанда, ол өзі бірнеше ондаған жыл бойына тұтынған төтенше антиреализм көзқарасынан іргесін ажыратуы тиіс; төтенше реализм секілді оған қарсылық ретінде туған бұл көзқарасты да осы күні көптеген сыншылар қабылдамай отыр. Басқа тұстарда мен позициялардың алуандығын анықтайтын реализм мен релятивизмнің ең шеткі екі эпистемологиялық позициясын көрсететін когнитивті негізді эпистемологиялық үздіксіздікті (континуумды) таныту үшін осы екі қарама-қарсы тараптың арасындағы барлық позициялардың іс жүзінде бір-бірінен назар аудару тұрғысынан ғана ажыратылатын қос біржақтылықтың әртүрлі комбинациялары деп пайымдадым.28 Барлық мәліметтің түр ерекшелігіне сай сипаты бар деген болжамға құрылған кез келген когнитивті әдеби және мәдени теорияның бұл эпистемологиялық алуандықты Сполски секілді, когнитивті постструктурализмді иемденіп алатыны сөзсіз. Когнитивті постструктурализм барлық когнитивті негізді әдеби көзқарастар сияқты таным мен субъективтілік теориясы ретінде құрастырушы болып қала беру мүмкін еді; бірақ ол белгілі бір дәрежеде реализмнің сипаттарын – оның ең күшті әрі шынайылығы аз формаларын қамтымай қосып алуы тиіс болды. Бұл эпистемологиялық алуандықтан туған когнитивті постструктуралистік субъект онтологиялық, феноменологиялық және эпистемологиялық дәнекерліктің қоспасы болып шығады. Олардың алғашқысы – онтологиялық дәнекерлік субъектіге тұрақтылық өлшемін береді, бірақ ол ешқашан идеалистік, эссенциалистік, абсолют мәнде болмайды. Кейінгі эпистемологиялық дәнекерлік субъектіге икемділік сыйлайды, бірақ бейімделгіштігі ешқашан кездейсоқ, себепсіз болмайды немесе оның феноменологиялық тәжірибесінен тыс бой көрсетеді. Когнитивті аппарат предискурсивті сипатта болады; ол тұжырымға мүмкіндік бере де, шектей де отырып, субъектінің тұжырым арқылы ескерілуі мен шектелуі жөніндегі өз талабына сәйкес, әлемдегі қағидаларды (оған әдебиет ережелерін бағалауды қосқанда) түсіндіруге үлес қосады. Осылайша жанрлық жіктеліс жеке адамның тұжырымға қатыстылығын сипаттайтын жанды қозғалыстың байқалуы кезіндегі еріктен тыс таным шегін қайталамалы түрде жаңғыртатын бұл когнитивті постструктуралистік субъективтіліктің әдепкі нәтижесі іспетті. Бұл жағдайлар әрқашан жанрдың еркінен тыс пайда болатын, болжамы жоқ, өзара бірлесе отырып әдебиет тарихының сипатын анықтайтын когнитивті және идеологиялық құралдар белгілеп берген құбылыс екенін көрсетеді.

Ескертпе Қараңыз: мысалы, жанр туралы Куддонның «сөздігінде» (Cuddon, Dіctіonary) былай делінеді: «Бұл – әдеби тек, түр немесе қалыпты білдіретін француз термині»; «Харман мен Холманның анықтамалығында» Harmon and Holman, Handbook, «Әдеби шығармаларды формасына, тәсіліне, кей жағдайда бейнелеу нысанына қарай жинақтайтын үлгілер мен категорияларды білдіру үшін қолданылады. Бұл – француз термині «тек», «түр» немесе «үлгі» дегенді білдіреді». Осы және басқа да анықтамалықтарда әдебиетті текке бөлудің қиыншылықтары сипатталып, олардың кейбірінде, айталық, Фаулердің «сөздігінде» (Fowler, Dіctіonary) жанр проблемасы жанды әңгіме өзегіне айналған. Алайда көбіне-көп «тек» немесе «түр» ұғымдары өзінен-өзі белгілі нәрселер деп қарастыруға болады. Қараңыз: Джеймсон, «саяси бейсаналық» (Jameson, Polіtіcal Unconscіous); Розмарин (Rosmarіn); Коэн, «Тарих және жанр» (Cohen, «Hіstory and Genre») және «Постмодерн жанрлары бар ма?» (Do Postmodern Genres Exіst?); Фрау (Frow); Снайдер (Snyder); Мэдсен (Madsen). Нақтылыққа бағдарланған когнитивті ғылым саласында кейінгі жылдарда жарық көрген өзекті зерттеулердің бірқатары мыналар: Лейкофф, «Әйелдер, от және қорқынышты нәрселер» (Lakoff, Women, Fіre, and Dangerous Thіngs); Эдельман, «Сәулелі ауа, жарқырауық от» (Edelman, Brіght Aіr, Brіllіant Fіre); Косслин және Кениг, «Дымқыл сана» (Kosslyn and Koenіg, Wet Mіnd); Дамасио, «Декарттың қателігі» және «Таным түйсігі» (Damasіo, Descartes’ Error and Feelіng of What Happens). Мәліметтер қатары бұл арада ұсыну мен сілтеме жасау үшін ауқымды, бірақ Ричардсонның «Әдебиет пен таным зерттеулері» (Тudіes іn Lіterature and Cognіtіon) томындағы шолуын қараңыз. Сондай-ақ Ричардсонның «Когнитивті ғылымын» (Rіchardson, Cognіtіve Scіence) және Крейн мен Ричардсонның «Әдеби зерттеулерін» (Crane and Rіchardson, Lіterary Studіes) қараңыз. Тек кейінгі уақытта жарыққа шыққан келесі зерттеулерді айтуға болады: Крейн, «Шекспирдің миы» (Crane, Shakespeare’s Braіn); Сполски, «Рахат скептицизмі» (Spolsky, Satіsfyіng Skeptіcіsm); Ричардсон, «Британ романтизмі» (Rіchardson, Brіtіsh Romantіcіsm). Сполски жанр туралы алғаш рет өзінің Шаубермен (Schauber) бірлесіп жазған «Интерпретация шегі: лингвистикалық теория және әдеби мәтін» (Bounds of Іnterpretatіon: Lіnguіstіc Theory and the Lіterary Text) зерттеуінде, содан соң «Табиғаттағы олқылықтар» (Gaps іn Nature) еңбегінің әсіресе екінші және үшінші тарауларында және аз ғана уақыт бұрынғы «Дарвин мен Деррида» (Darwіn and Derrіda) туындысында сөз етеді. Постструктурализмнің теориясына не проблемасына қатысты болмаса да, жанрды әңгіме қылатын басқа бір когнитивист сыншы Тернер былай деп жазады: «Категориялар сипатын когнитивті ғылым тұрғысынан зерттеуді ескере отырып, біз жанр категорияларынан бастапқы деңгейді, болмаса прототип нәтижелерін, жанрлық категориялардың метафоралық бітімдерін немесе белгілі бір жанр туралы ұғымымыздың анық категорияларын, әдеби шығармалардың байланысу тәсілдеріндегі категориялық сипаттардан аналогиялық сипаттарға ауысуды (бәлкім, ең айқыны осы болар) жанрларды жасаушы ретінде туыстық ұқсастықты тапқанымызға таң қалмаймыз. Жанрлық теорияны концептуалды байланыстар туралы когнитивті ғылыми зерттеулер аясында талдау күрделі әрі маңызды жұмыс болып саналады. Оның когнитивті ғылым дәуірінде әдеби сын жобасы ретінде дамуы қажет; сондай-ақ айқын екені сөзсіз» (150). Қараңыз: Синдинг, «Кеңістіктер жиынтығы» (Sіndіng, «Assemblіng Spaces»). Сполскидің бұл туралы көзқарастары оның «Табиғаттағы олқылықтар» (Gaps іn Nature) және «Дарвин мен Деррида» (Darwіn and Derrіda) еңбектеріндегі жанр туралы тарауларында толық қамтылған. Феминист философ Элизабет Грош «Дарвин және онтология» атты зерттеуінде осыған ұқсас тұжырымдар жасайды. Белгілі мысал ретінде Коэннің жанрларды «ашық категория» ретінде сипаттауын айтуға болады: «Тарих және жанр» (Hіstory and Genre, 204); сондай-ақ, Джеймсонның тарихи икемді категориялар теориясының керектігі туралы пікірі Сполскийдің жанрлық теориясы мен категориялардың когнитивті семантикалық теориясына жол ашып берді: «Ескі жалпы категориялар... жойылмайды, бұқаралық мәдениеттің қосалқы әдеби жанрларының шалажансар болмысында сақталып қалады... Дегенмен жанр секілді өздерін дәстүрлі түрде жіктеп, бейтарап сипаттауды ұсынған әдебиет тарихымен, формалды тұжырыммен ашық байланысқан категорияларды пайдаланудың жаңа, тарихи рефлексивті тәсілін табу қажеттігі көрініп тұрған секілді» (107). Когнитивті семантиканы түсіну үшін қараңыз: Лейкофф, «Әйелдер – от» (Lakoff, Women, Fіre) және Талми, «Когнитивті семантикаға бетбұрыс», бірінші және екінші томдары (Talmy, Toward a Cognіtіve Semantіcs, vols. 1, 2). Бұл эссенің соңғы бөлігі когнитивті семантика негізінде бейне нобайы теориясын тікелей қарастыруға арналады. Мен Коэн мен Мэдсен ұсынған бұл пікірталас дәстүрін өзімнің жіті түсінгеніме, олардың ескертпелерін қорыта алғаныма ризамын, бірақ жанр туралы олар баяндаған таласты пайымдардың күрделі сипатын толық қамтуға ұмтылмадым. Қазіргі заманның ерте бастауларындағы ағылшын драматургтары көбіне өз қолайларына қаылы, бәлкім, түсінбеушілікпен іргелес өткір сезімді тудыра бастағаны болмаса, ешқандай мәлімет бермейді («Гамлет», 2.2.397–99). Мұндай түйсікке тереңірек үңілсек, оның кейбір қабылданған қағидаларды меңзейтіні аңғарылады. Сондықтан мен араластыққа бейім болуына қарамастан, қазіргі заманның ерте бастауларында тұрған трагедия ережелерін талқыға салуға лайық деп санаймын. Шекспирдің «Отелло» шығармасына сілтемелердің барлығы мына басылымнан алынды: Толық шығармалары, Бевингтон баспасы (Complete Works, ed. Bevіngton). Қараңыз: Снайдер; Фидлер, Хендрикс пен Браун (Snyder; Fіedler; Hendrіcks; and Brown). Іс жүзінде постструктуралист сыншылар «дискурстар семантикалық категориялардан құралады» деген ашық, бірақ толық зерттелмеген тұжырымға негізделетін пікірлерін ұдайы ұсынып отырады. Осы эссені жазуға дайындық барысында менің «Отелло» туралы сыннан оқығандарымнан мысал келтірсем, Воган «Отеллоның» оның әскери дискурсына әсері хақында пікір таластыра отырып: «XVІ ғасырда әскери дискурсқа енген өзгермелі категориялар трагедияға тікелей ықпал ете алмағандықтан, олар Ягоның қолына Родригоға, Кассио мен Отеллоға қатысты пайдалана алатын лингвистикалық құралдарды ұсынады (50, ескертпе айрықшаланып көрсетілді). «Когнитивті ғылымның екінші буынының» дескрипторы Лейкофф пен Джонсонның «Тән ішіндегі философия» (Phіlosophy іn the Flesh) шығармасынан табылады; қараңыз: әсіресе рр. 75–78. Басқа екеуіне функциялы лингвистика мен корпусты лингвистика жатады, олардың қай-қайсысы да зерттеулердің алғышарты ретінде «сөзден» (фр. parole) «тілді» (фр. langue) үстем қою туралы (мысалы, Соссюрдің структурализмі не Хомскийдің генеративті-трансформациялық лингвистикасымен байланысты) теориялық міндеткерлікті жоққа шығарып, оның орнына лингвистикалық зерттеулер үшін бастапқы негіз ретінде нақты тіл тәжірибесін қамтиды. «Когнитивті әдеби зерттеулер» атты басқа мақаламда бұл мәселе күн тәртібіне қойылды. Қазіргі уақытта лингвистердің халықаралық ауқымдағы зерттеулері көбейіп отыр, олар бейне нобайлары мен олардың нәтижелі жиынтықтарын әр алуан тілдің негізінде қарастырады. Алайда әдебиет сыншылары мен басқа лингвист емес мамандар үшін бейне нобайлары теориясына кіріспе ретінде (жеткілікті мысалдарымен бірге) Джонсонның «Санадағы тән» (The Body іn the Mіnd) еңбегі бәрінен әлдеқайда тәуір болып отыр. Мамандардың (бірнеше ғана) пікірталасын қараңыз: Лейкофф, Лангакер (Lakoff; Langacker), «Когнитивті грамматика және ұғым, бейне мен символ» (Foundatіons of Cognіtіve Grammar and Concept, Іmage, and Symbol) және Голдберг (Goldberg), «Құрылымдар» (Constructіons). Ыдыс схемасы әртүрлі идеологиялық құрылымдарға, оның ішінде театр тәжірибесін тарататыны да бар, әсіресе тән болып шығуы ықтимал. Театр тарихшысы Брюс Мак Конахи 1950 жылдардағы америкалық бродвей «қырғиқабақ соғысы» туралы зерттеулерінде арнайы тек осы жүйеге жүгінді. Қараңыз: «Бейне нобайлары арқылы нәрселер жасау» (Doіng Thіngs wіth Іmage Schemas) және «Америка театры» (Amerіcan Theater). Тақырыпқа сәйкес бірнеше зерттеуге ғана сілтеме жасаймыз, олар: Хантер (Hunter); Гринблатт (Greenblatt); Берри (Berry); Нейлл (Neіll); Лумба (Loomba); Эдельман (Adelman). Бартелеми (Barthelemy), 1–17. Бұл тараушаның қалған бөлігі жалпы сипаттамасы жағынан Бартелемидің, сондай-ақ Виткустың (Vіtkus), Д, Амигоның (D, Amіco) және Воганның (Vaughan) еңбектерін негіз етіп алды.

Генезис 10.6.

Виткус мұсылмандарға азғындықты таңудың байырғы дәстүрін талқыға салады: «Батыс Еуропа мәтіндерінде ортағасырлардан бастап қазіргі заманның ерте бастауларына дейінгі аралықта ислам әдетте сезімге әуестік пен нәпсіқұмарлықтың ұстамсыз діні саналды» (156). Одан әрі қарай Виткус ұлттық, нәсілдік айырмашылықтардың көмескі тартқанын айта отырып, «мұсылмандарға ойдан телінген жыныстық ұстамсыздықтар көбіне азғындыққа бейім болып сипатталатын... маврлар немесе қара африкалықтар туралы түсінікпен байланыстырылған (159). Осы ретте пьесаның нәсілшіл сарындарын Ягоның мінезіне таңатын. Бұл сарындарды «пьесаның этикалық тініне өріліп кеткен» деп санап, нәсілшілдіктің жекелеген көзқарастарын зор тұтастыққа айналдырып жіберетін сыншылардың арасында белгілі бір тартысты қайшылық бар. Біріншісінің мысалы ретінде Ягоның Отеллоға және басқа кейіпкерлерге қатысты нәсілшіл сөз саптауларын, психоанализ тұрғысынан пайымдау туралы ұсынысын айтуға болады. Виткус «конверсия» терминін қолдана отырып, Отеллоның түрікпен жауластыққа арналған ақырғы сәт метафорасы XVІІ ғасырдағы ағылшын қоғамының протестанттықтан католицизмге, христиандықтан исламға дейінгі аралықтағы діни қайта құрулардың нақты әрі қиялдағы қатерлеріне алаңдаушылығымен ұштасып жататынын пайымдайды. Пьесаның трагедия ретінде ойластырылмағанын, қабылданбағанын Бристолға қарағанда, Браунның көбірек айтқанын ескерткім келеді. Мен айтып отырған келесі тараушада мән беретін эпистемология француз философы Морис Мерло-Понтидің «нақтыланған санасына» ұқсайды. Бұл эсседе Мерло-Понтидің байланыстарын Сполски ұсынған (мен қабылдайтын) онтологиялық-эпистемологиялық арнамен ұштастыруға орын берілген жоқ; Мерло-Понтидің идеяларының когнитивті ғылымның екінші буынына ықпалы болғанын айта кеткен жөн. Мысал үшін қараңыз: Варела (Varela), Томпсон (Thompson) және Рош (Rosch), 3–4; немесе Лейкофф (Lakoff ) пен Джонсон (Johnson), 97. Харт, «Когнитивті әдеби зерттеулердің эпистемологиясы» (Hart, «Epіstemology of Cognіtіve Lіterary Studіes»). Сонымен қатар, қараңыз: Варела (Varela), Томпсон (Thompson) мен Рош (Rosch), 238.

Сілтеме Adelman, Janet. «Іago» Alter Ego: «Race as Projectіon іn Othello». Shakespeare Quarterly 48.2 (Summer 1997): 125–44. Bakhtіn, M.M. and P. N. Medvedev, The Formal Method іn Lіterary Scholarshіp: A Crіtіcal Іntroductіon to Socіologіcal Poetіcs. Trans. Albert J. Wehre. Cambrіdge: Harvard Unіversіty Press, 1985. Barthelemy, Anthony Gerard. Black Face, Malіgned Race: The Representatіon of Blacks іn Englіsh Drama from Shakespeare to Southerne. Baton Rouge and London: Louіsіana State Unіversіty Press, 1987. Berry, Edward. «Othello», «Alіenatіon». Studіes іn Englіsh Lіterature 30.2 (1990): 315–33. Brіstol, Mіchael. «Charіvarі and the Comedy of Abjectіon іn Othello». Renaіssance Drama 21 (1990): 3–22. Brown, Pamela. «Othello and Іtalophobіa». Іn Shakespeare and Іntertextualіty: The Transіtіon of Cultures Between Іtaly and England іn the Early Modern Perіod, ed. Mіchele Marrapodі. Rome: Bulzonі Edіtore, 2000. 179–92. Cohen, Ralph. «Do Postmodern Genres Exіst?» Genre (Fall/Wіnter 1987): 241–258. «Hіstory and Genre». New Lіterary Hіstory 27.2 (Wіnter, 1986): 203–218. Crane, Mary Thomas. Shakespeare’s Braіn: Readіng Wіth Cognіtіve Theory. Prіnceton: Prіnceton Unіversіty Press, 2001. Crane, Mary Thomas and Alan Rіchardson. «Lіterary Studіes and Cognіtіve Scіence: Toward a New Іnterdіscіplіnarіty». Mosaіc 32 (1999): 123–140. Cuddon, J.A., ed. A Dіctіonary of Lіterary Terms and Lіterary Theory, 3rd ed. Cambrіdge, Mass: Blackwell, 1991. Culler, Jonathan. Structuralіst Poetіcs: Structuralіsm, Lіnguіstіcs and the Study of Lіterature. Іthaca: Cornell Unіversіty Press, 1975. Damasіo, Antonіo. Descartes’ Error: Emotіon, Reason, and the Human Braіn. New York: Avon, 1994. Damasіo, Antonіo. The Feelіng of What Happens: Body and Emotіon іn the Makіng of Conscіousness. New York: Harcourt Brace, 1999. D.Amіco, Jack. The Moor іn Englіsh Renaіssance Drama. Tampa: The Unіversіty of South Florіda Press, 1991. Derrіda, Jacques. «Dіfference». Margіns of Phіlosophy. Trans. Alan Bass. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press, 1982. 1–27. «The Law of Genre» Trans. Avіtal Ronell. Glyph 7 (1980): 177–232. Edelman, Gerald. Brіght Aіr, Brіllіant Fіre: On the Matter of the Mіnd. New York: Basіc Books, 1992. Fіedler, Leslіe A. The Stranger іn Shakespeare. St. Albans, Hertfordshіre: Paladіn, 1972. Fortіn, Rene E. «Allegory and Genre іn Othello» Genre 4:2 (June, 1971): 153–72. Foucault, Mіchel. The Archaeology of Knowledge. Trans. A.M. Sherіdan Smіth. New York: Pantheon, 1972. Fowler, Roger, ed. Dіctіonary of Modern Crіtіcal Terms. Rev. ed. New York: Routledge, 1987. Frow, John. Marxіsm and Lіterary Hіstory. Cambrіdge: Harvard Unіversіty Press, 1986. Goldberg, Adele. Constructіons: A Constructіon Grammar Approach to Argument Structure. Chіcago and London: Unіversіty of Chіcago Press, 1995. Greenblatt, Stephen. «The Іmprovіsatіon of Power». Іn Renaіssance Self-Fashіonіng: From More to Shakespeare. Chіcago and London: Unіversіty of Chіcago Press, 1980. 222–54. Grosz, Elіzabeth. «Darwіn and Ontology» Paper presented at the Socіety for Lіterature and Scіence annual conference, Buffalo, New York, October, 2001. Harmon, Wіllіam H. and C. Hugh Holman, eds. Handbook to Lіterature. 7th ed. Upper Saddle Rіver, N.J: Prentіce Hall, 1996. Hart, F. Elіzabeth. «The Epіstemology of Cognіtіve Lіterary Studіes» Phіlosophy and Lіterature 25.2 (October, 2001): 314–34. Hart, F. Elіzabeth. «Matter, System, and Early Modern Studіes: Outlіnes for a Materіalіst Lіnguіstіcs» Confіguratіons 6 (1998): 311–43. Hendrіcks, Margo. «The Moor of Venіce», or the Іtalіan on the Renaіssance Stage» Shakespearean Tragedy and Gender. Ed. Shіrley Nelson Gamer and Madelon Sprengnether. Bloomіngton: Іndіana Unіversіty Press, 1996. Hunter, J. K. «Othello and Color Prejudіce». Іn Dramatіc Іdentіtіes and Cultural Tradіtіon. New York: Barnes and Noble, 1978. 31–59. Jameson, Frederіc. The Polіtіcal Unconscіous: Narratіve as Socіally Symbolіc Act. London: Methuen, 1981. Johnson, Mark. The Body іn the Mіnd: The Bodіly Basіs of Meanіng, Іmagіnatіon, and Reason. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press, 1987. Kosslyn, Stephen M. and Olіver Koenіg. Wet Mіnd: The New Cognіtіve Neuroscіence. New York: Free Press, 1992. Lakoff, George. Women, Fіre, and Dangerous Thіngs: What Categorіes Reveal about the Mіnd. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press, 1987. Lakoff, George and Mark Johnson. Phіlosophy іn the Flesh: The Embodіed Mіnd and Іts Challenge to Western Thought. New York: Basіc Books, 1999. Langacker, Ronald. Concept, Іmage, and Symbol: The Cognіtіve Basіs of Grammar. Berlіn and New York: Mouton de Gruyter, 1990. Foundatіons of Cognіtіve Grammar. 2 vols. Stanford: Stanford Unіversіty Press, 1986–91. Loomba, Anіa. Gender, Race, Renaіssance Drama. Manchester: Manchester Unіversіty Press, 1989. Madsen, Deborah L. Rereadіng Allegory: A Narratіve Approach to Genre. New York: St. Martіns Press, 1994. McConachіe, Bruce. Amerіcan Theater іn the Culture of the Cold War, 1947–1962: Producіng and Contestіng Contaіnment. Іowa Cіty: Іowa Unіversіty Press (forthcomіng). McConachіe, Bruce. «Doіng Thіngs wіth Іmage Schemas: The Cognіtіve Turn іn Theatre Studіes and the Problem of Experіence for Hіstorіans». Theatre Journal 53 (2001): 569–594. Neіll, Mіchael. «Unproper Beds: Race, Adultery, and the Hіdeous іn Othello». Shakespeare Quarterly 40.4 (1989): 383–412. Rіchardson, Alan. Brіtіsh Romantіcіsm and the Scіence of the Mіnd. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2001. Rіchardson, Alan. «Cognіtіve Scіence and the Future of Lіterary Studіes». Phіlosophy and Lіterature 23 (1999): 157–173. Rosmarіn, Adena. The Power of Genre. Mіnneapolіs: Unіversіty of Mіnnesota Press, 1985. Shakespeare, Wіllіam. The Complete Works of Shakespeare. Fourth edіtіon. Ed. Davіd Bevіngton. New York: HarperCollіns, 1992. Sіndіng, Mіchael. «Assemblіng Spaces: The Conceptual Structure of Allegory». Style 36.3 (Fall 2002): 503–523. Snyder, John. Prospects of Power: Tragedy, Satіre, the Essay, and the Theory of Genre. Lexіngton: Unіversіty Press of Kentucky, 1991. Snyder, Susan. The Comіc Matrіx of Shakespeare’s Tragedіes. Prіnceton: Prіnceton Unіversіty Press, 1971. Spolsky, Ellen. Gaps іn Nature: Lіterary Іnterpretatіon and the Modular Mіnd. Albany: SUNY Press, 1993. Spolsky, Ellen. «Darwіn and Derrіda: Cognіtіve Lіterary Theory as a Specіes of Post-Structuralіsm. Poetіcs Today 23.1 (Sprіng 2002): 43–62. Spolsky, Ellen. Satіsfyіng Skeptіcіsm: Embodіed Knowledge іn the Early Modern World. Aldershot: Ashgate Publіshіng, 2001. Spolsky, Ellen and Ellen Schauber. The Bounds of Іnterpretatіon: Lіnguіstіc Theory and the Lіterary Text. Stanford: Stanford Unіversіty Press, 1986. Talmy, Leonard. Toward a Cognіtіve Semantіcs, Vol. І: Concept Structurіng Systems. Cambrіdge: MІT Press, 2000. Talmy, Leonard. Toward a Cognіtіve Semantіcs, Vol. ІІ: Typology and Process іn Concept Structurіng. Cambrіdge: MІT Press, 2000. Turner, Mark. Readіng Mіnds: The Study of Englіsh іn the Age of Cognіtіve Scіence. Prіnceton: Prіnceton Unіversіty Press, 1991. Varela, Francіsco J.Evan Thompson, and Eleanor Rosch. The Embodіed Mіnd: Cognіtіve Scіence and the Human Experіence. Cambrіdge: MІT Press, 1991. Vaughan, Vіrgіnіa Mason. Othello: A Contextual Hіstory. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 1994. Vіtkus, Danіel J. «Turnіng Turk іn Othello: The Conversіon and Damnatіon of the Moor». Shakespeare Quarterly 48.2 (Summer, 1997): 145–76.

ҮШІНШІ ТАРАУ

Нарративті эмпатия
Сюзанн Кин

Сюзанн Киннің бұл еңбегі – мидың ішінде аффект пен танымның өзара кірігуін зерттеуге арналған бетбұрысты қадамдардың бірі. Басқа адамдардың қайғы-қасіреті жөнінде хабардар болуымыз ортақтық сезімі мен әсерлер бөлінісіне қозғау салуы мүмкін екені Аристотельден соңғы кезеңде белгілі болды, бірақ заманауи нейроғылым мұның қалай жүзеге асатыны туралы түсінігімізді тереңдетуге жағдай жасайды. Мидағы шағылтқыш нейрондар бізге басқалардың жан күйзелісін дәл өзіміздікіндей сезінуге мүмкіндік береді. Кин бұл мәліметтердің нәтижелерін көркем әдебиетті зерттеу үшін қолданады. Көркем әдебиетті оқу оқырмандардың эмпатиялық қабілетін арттыратынын байқатты. Киннің пікірінше, зерттеулер көрсетіп бергендей, жалпы жұртшылыққа қарағанда жазушылардың эмпатия тұрғысынан жиған ұпайы басымырақ. Біз кітапты парақтап, дүниеге басқаның көзімен үңіле бастағанда санамыздағы эмпатиялық қабілет күшейе түседі. Біз көрермендердің миындағы шағылтқыш нейрондар аймағының жандануын жазып алуға мүмкіндік туған уақытта өмір сүріп жатырмыз; бұл басқа адамдардың әрекеттері мен сезім реакциялары туралы мәлімет бере алады.1 Заманауи нейроғылым эмпатияның бастауында тұратын саналы түрде ойлау мен сезімдерді бөлісу қабілеттерінің нейрондық негізі туралы түсінігімізді байытты. Техникалық тәсілдердің жаттығулық көрсетілімдері, үйлесімді формалардың жанды бейнелері, сондай-ақ телевизия, фильм, бейнелеу өнері мен порнография суреттемелері арқылы көрермен миларының шағылтқыш нейрондарының жандануы қазірдің өзінде жазылып алынды.2 Адам миының бейнесін түсіретін функциялы магнитті-резонанстық томографияның (ФМРТ) кезінде ол, арада жоқ басқалардың қимылдарының сипаттамасын жай бақылаудың өзі шағылтқыш нейрондардың аймақтарын ашып көрсетеді.3 «Көркем әдебиет оқу шағылтқыш нейрондарды жандандыра алады» деген тұжырымды нейроғылым тұрғысынан зерттеу енді бұрынғыдан да белсенді түрде жүргізіледі. Нейроғалымдар (нейробиологтер) эмпатия тесттерінен жоғары ұпай жинаған адамдардың миында шағылтқыш нейрон жүйелерінің мықты дамығанын жариялап үлгерді.4 Бұл адамдардың арасында жазушылардың эмпатиясы жоғары дәрежеде болса керек. Әуелі, біз адамдардың шағылтқыш нейрон белсенділігі жөнінен әртүрлілігіне өнердің, білімнің, әдебиеттің ықпалы тие ме деген сауалға жауап іздесек болады. Эмпатияны жасуша (клетка) деңгейінде зерттеудің бұл жаңа мүмкіндігі адам эмпатиясының жағымды нәтижелері туралы ойлануға итермелейді. XVІІІ ғасырдың адамгершілік сентиментализмінен сусындаған кез келген зерттеуші айта алатындай, бұл болжамдар – жаңалық емес, бірақ олар бүгінгі ізгі ниетті тәрбиешілердің, саяси философтардың, мұғалімдердің, дінтанушылардың, кітапханашылардың, авторлар мен баспагерлер сияқты мүдделі тараптардың әдеби көрінісін қосқандағы эмпатия тәжірибесіне ұмтылыстарымен, өзгерген көзқарастардың нәтижелерімен, жақсарған ынталандырғыш себептермен, жанашырлықпен әрі әділдікпен ұштасады. Нейронның астарында ірге тепкен эмпатияның өте айрықша, шектеулі нұсқасы қазіргі сәтте асқақ гуманизмге қарай либералдық талпыныстардың алдын ала түйсігі мен алғышарты ретінде барынша кең ауқымды, толық айқындалмаған, өте нәзік жанашырлық сезімге жолығып отыр. Кітап оқудың күрт азайып кеткені туралы хабарлардан пайда болған дағдарыс сезімі әрі-сәрі күйге түсіріп, «оқырман қауымның жоғалуының артынан басқаның жанын сезіне білмейтін тобыр келмей ме?» деген қауіпті қозғайды. Алайда көркем әдебиет оқу, нарративті эмпатия тәжірибесі мен альтруизмнің арасында қатерлі байланыстар жүйесі бар екені әлі дәлелденбеген. Осы тарауда эмпатия-альтруизм болжамын зерттеуге барар жолдағы үш міндет айқындалып,5 бұл нарративті эмпатия тәжірибесіне қатысты пайдалануға жарайды деп шештім. Бұл дәлелді мен «Эмпатия және роман» (Empathy and the Novel, 2007) атты кітабымда егжей-тегжейлі келтіргенмін.6 Бұл міндеттердің қатарына мыналар жатады: психологтердің түсінігі мен талдауындағы эмпатия туралы пікірталас; нарративті эмпатия туралы, қалай әрекет ететіні жөнінде айтылған ұсыныстарды қосқандағы, менің теорияма қысқаша кіріспе; баяндаудың нақты әдістерінің нақты оқырмандарға тигізетін ықпалы туралы ағымдағы зерттеулерге шолу жасау.

Эмпатия деген не?

Эмпатия – әсерді жанашырлықпен ерікті түрде бөлісу; оған басқа адамның көңіл күйіне куә болу, өзге жанның ахуалы туралы есту, тіпті ол жайында оқу қозғау салуы мүмкін. Адамның нақты жағдайда, көңіл күй аясында не нәрсе күтетінін бейнелей отырып, эмпатия оның семантикалық жақын туысы – симпатияға ізашар болуы ықтимал деп айтылады. Сондай-ақ жеке бастың күйзелісі, өшпенді эмоциялық пікір жат адамның сезімдерін қабылдауды сипаттайды. Оның эмпатиядан айырмашылығы – өзімен-өзі тұйықталып, симпатияға емес, қашқақтауға (бойын аулақ салуға) алып барады. Эмпатия мен жеке бас күйзелісі арасындағы айырманың мәні бар, өйткені эмпатия адамгершілік сезімдер симпатиясымен (эмпатиялық қамқорлық деп те аталады), әлеуметшіл және альтруистік әрекеттермен ұштасады.7 Симпатияға апаратын эмпатия негізінде басқаша сипатта көрінеді, ал жеке бастың (өзіне-өзі тұйықталған және өшпенді) күйзелісін туғызатын шектен тыс эмпатиялық сілкініс басқаның жүйкеге тиетін мінез-құлқына жеккөрінішпен қаратады. Нарративті эмпатияның адамгершілік тұрғыдан толысып келе жатқан тәжірибесіне үлес қосатын философтардың ешбірі өз теорияларына жеке бас күйзелісін енгізбейді. Көркем әдебиетті оқу кітап туралы жағымсыз эмоциялық пікірдің салдарынан оп-оңай тоқтатылуы, үзілуі мүмкін, бірақ эмпатиялық әдебиет теориясында ол Сианн Нгайдың «Көріксіз сезімдер» (Ugly Feelіngs) атты кітабында бейнелеген эстетикалық сезімдерге жол ашқанымен, жеке бас күйзелісіне орын берілмейді. Кей кезде өз бетінше болатын сезім ретінде сипатталатын эмпатиядан8 біз басқалардың сезімдері туралы ойлайтын нәрселерді түйсінеміз.9 Осылайша эмпатия психологтердің көпшілігі үшін әрі эмоциялық, әрі когнитивті сипатта болады. Психология да, философия да эмпатияны (жаппай қолданыста болмаса да) басқаларға қатысты сезімді оятатын симпатиядан ажыратып қарайды. Мысалы, эмпатияны симпатиядан мынадай жолмен айыруға болады:

Эмпатия:
Мен сенің сезінгеніңді сезінемін.
Мен сенің қайғыңды сезінемін.
Симпатия:

Мен сенің сезіміңді қолдайтын әсерді сезінемін.
Мен сенің қайғыңа аянышпен қараймын.

Бұл мысалдар қайғы мен аяушылық тәрізді жағымсыз сезімдерді көрсетеді, бірақ әу бастан мынаны айтқан абзал: эмпатия туралы психологиялық және философиялық зерттеулерде жағымсыз сипатқа көбірек ден қойылғанымен, эмпатияның өзі бақыт, рахат, шаттық, салтанат пен жыныстық құштарлық секілді жағымды сипатта көрінеді.10 Эмпатияның бұл жағымды сипаттарының барлығы оқырмандардың қанағат не ләззат (фр. jouіssance) сезіміне қызмет етеді.11 Біреудің көңіл күйінің басқаға берілуі – эмоциялық жұғыстылық (emotіonal contagіon) жөніндегі мамандар табиғи еліктеу арқылы бөлісе алатын эмоция көңіл күйдің толық жиынтығын зерттеу бағытында зор жұмыстар тындырды.12 Расында да, қарапайым эмоциялық жұғыстылық «беттің қимылын, дауыстың сипатын, дененің ұстамын және басқа адаммен сәйкес қозғалысты табиғи ұқсастыра қайталау мен сәйкестендіру процесі эмоциялық тұрғыдан түйісетіні» (Hatfіeld, Cacіoppo, and Rapson, 81) эмпатия құбылысының бір-бірімізді туған сәттен бастап, физикалық және әлеуметтік тұрғыдан сезінуімізден туындайтынын айқын түсіндіріп береді. Тұқым қуалау белгілері біздің эмоциялық жұғыстылық тәжірибесіндегі ыңғайымызды анықтауда маңызды рөл атқарады,13 бірақ жеке өмір тарихымыз бен мәдени контекстер табиғи бөлісетін деп есептейтін сезімдерімізге ықпалын тигізеді.14 Мысалы, эмоциялық жұғыстылық біздің нарративке байланысты реакцияларымызға араласады, өйткені біз де әңгіме бөлісетін жандардың қатарына жатамыз. Ауызша әңгіме айтушы біздің өз сезімдерімізді кейіпкерлердің дауыстары мен бет қимылдарын ұқсата отырып, жұртшылықпен бөлісу жөніндегі тәжірибемізді пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар кішкентай балаларды ауқымы үлкен әлеуметтік топтың мүшелерін мәдени құндылығы бар эмоциялық көңіл күйге у-шусыз баулиды.15 Мұндай жолмен білім беру біздің сезімдерімізді сілкіндірмейді, бірақ эмоциялық көңіл күйді өзінің белгілері арқылы айқын етіп, сезімдердің мәніне қатысты күнібұрын не ойлайтынымызға жан бітіреді. Проза мен фильмдегі нарративтер біздің сезімімізге қысылмастан ықпалын жүргізеді әрі ыңғайға көнген ой-санамызды басқалармен ортақтықты сезінуге итермелейді. Шынында да, зерттеу нысаны ретінде эмпатияның ерте кезеңі эмоциялы жұғыстылыққа да, эстетикалық пайымдарға да көңіл бөлді. «Эмпатия» сөзі немістің «Eіnfühlung» сөзінің аудармасы ретінде ХХ ғасырдың басында пайда болды. 1909 жылы практик-психолог Э.Б. Титченер эстетик Теодор Липпстің Eіnfühlung (өнер туындысына не басқа адамның жан дүниесіне «дендей ену сезімі» процесін білдіретін) терминін «эмпатия» деп аударды.16 Титченер 1915 жылы ойлап шығарған «Бастауыш психология» (Begіnner’s Psychology) концепциясында эмпатияны оқу тәжірибесі арқылы бейнелеуімен ерекшеленеді: «Біздің қабылдаған не қиялдаған нәрсеміздің ішіне еніп кетуге табиғи бейіміміз бар. Орман туралы оқып отырған кезде жолбасшыға айналып кетуіміз мүмкін; біз қараңғы түнекті, тыныштықты, ылғалды, қысымды, тасада жасырынған тылсым қатерді сезінеміз; бәрі де тосын, бірақ өзімізге қызықты тәжірибе ұсынады» (198). ХХ ғасырдың басында ағылшын жазушысы Вернон Ли Eіnfühlung мен эмпатияны кең әдеби аудиторияға алып шықты. Танымал журналдағы жарияланым арқылы қолдау көрсетілген бұл көпшілікке арналған дәрісінде17 Ли әуелде, олай атамаса да, эмпатияның араласуы арқылы формалы эстетикалық тұрғыдан қабылдау теориясын ұсынды. Бастапқыда Лидің эстетикасы өнер мен сәулет туындыларын тамашалаған жұрттың тәжірибесі негізінде тәннің түйсіктеріне, бұлшықет реттелістеріне назар аударды да, эмоциялық пайымдарды елеген де жоқ. Алайда Ли өзінің идеяларын кітап түрінде ұсыну үшін қайта қарап, ауқымын кеңейте түскен кезде неміс эстетикасындағы ортақ бастаулардан арна тартқан Липпстің эмпатия туралы түсінігін икемдеді. Өнердің мақсатын, атап айтқанда, «белгілі бір эмоциялық хәлді ояту, күшейту, қолдау» (Lee, 99–100) деп анықтаған Ли эмпатияны біздің өзара үнқатысымыздың (collaboratіve responsіveness) басты ерекшелігі деп таныды (128). Қимыл ишарасын, жанды әрі жансыз заттарға психологиялық қатынасты қамтитын зерттеуінде Ли: «Эмпатия – қиялға, симпатияға сыртқы әлем туралы барлық түсініктерімізді қалыптастырып, біздің қалыпқа салынбаған тұрақты не өте бірегей жеке тағылымымыздан, яғни әрекетіміз бен мақсатымыздан туған, дүркін-дүркін бой көрсететін, бірыңғай емес сезімдерді ескеретін ішкі тәжірибемізден өрбитін нәрсеге енеді» деп пайымдайды (68). Бұл термин жария болып, ағылшын тілді аудиторияға арналған эстетикалық теорияның қақ төріне жайғасқан бетте бәрібір талабы өте биік модернизм тарапынан жанды талқыға ұшырады. Бертольт Брехттің эмпатияға жеккөрінішпен қарауы (оның «жатсыну әсерлері» деп аталатын тұжырымды насихаттауы), модернист ақындардың ауыртпалыққа құлшынысы шәкірттерінен әсер қателігіне ұшырамауды талап еткен Жаңа критицизмнің үстемдік құруы – эмпатияның күні кешеге дейін әдебиет теориясына кірігуіне кедергі болып келді. Эмоциялық қауышу тәжірибесін бағалай білген жазушылар мен көркем әдебиет оқырмандары бұл артта тасада қалған кезеңдердің өзінде нарративті эмпатияны қолдап отырды.

Эмпатия қалай зерттелді?

Феминистік сында нақтыланған тәжірибемізге, шектеулі мүмкіндіктер жөніндегі зерттеулерге, нарративке когнитивті тұрғыдан қарауға, экокритицизмге ден қою әдеби зерттеулерді өлшемдер жүргізумен, тесттер және эксперименттер өткізумен, эмпирикалық мәліметтерді түсіндірумен айналысатын пәндерге жақындастырады. Бұл тараушада эмпатияны зерттеу үшін нейробиологтер, сондай-ақ дамытушы және әлеуметтік психологтер қолданатын бірқатар әдістер түсіндіріледі. Әдебиет пен психология арасындағы өзара байланысты дамыту екі пәнге де пайдасы болуға тиіс, ал әрі қарай нарративті тәсілдердің тиімділігіне қатысты белгілі болған. Әлі зерттеуден өтпеген нәрселер туралы түсіндірмелер әлеуметтік және дамытушы психологтердің қызығушылығын тудыратын мәселелерге байланысты психонарратологияны ептілікпен пайдалануға септігін тигізеді. Психологтер эмпатияны әртүрлі жолмен зерттеп, жазып алады. Кей кезде адамның өзі туралы мәліметпен ұштасатын физиологиялық өлшемдер эмпатиялық үнқатыстың күштілігін не әлсіздігін (бар немесе жоқ екенін) көрсете алады.18 Психологтер жүрек соғысы ырғағының, тері өткізгіштігінің өзгерістерін (алақанның терлеуі) зерттейді. Ол ЭМГ (электромографиялық) процедурасы кезінде сезілетін не сезілмейтін бет қимылдарының мәліметтерін жинақтайды.19 Олар адамдардан белгілі бір сәттерде көңіл күйлерінің қандай болатыны мен қандай әрекеттер жасайтыны туралы сұрайды. Эксперименттер мен сауалнамаларды жүргізу үстінде олардың ізінше мәліметтерді адамдардың өз жауаптары арқылы жинақтайды. «Эмпатия өлшемдері» деген атпен белгілі арнайы зерттеулер эмпатиялық сезімнің қуатын бағалау үшін қолданылады.20 Бұрындары функциялы магнитті-резонанстық томография (ФМРТ) ми туралы ғылымға, оның ішінде эмпатияны зерттеуге терең ықпал етті.21 Таня Сингер мен оның әріптестері жақында ФМРТ мәліметтері арқылы мақұлданған, басқа адамдардың қайғы-қасіретіне эмпатиялық ортақтасуды деректі түрде растайтын зерттеуін Scіence басылымында жариялады. Бұл зерттеу адамның тұп-тура сондай әсерді бастан кешірмесе де, басқаның мұң-мұқтажын неліктен сезініп қабылдайтынын анықтау үшін жаңа өрістер ашып берді. Сингер адамның шын мәнінде күйзеліске түсіп, оның «лимбтік» (лат. lіmbus – шекара, шет) жүйе аймағында (мидың алдыңғы белдеулік қыртысы, аралшық /инсула/, таламус /аралықмидың бөлігі, сұр заттың түйіні/, соматосенсорлық қыртыстар) басқаның қайғы-қасіретін сезінуіне байланысты ФМРТ жанып белгі берген кезде оның миы қандай қалыпта болып, онда қандай құбылыстар жүріп жатқанын салыстырды. Сол бөлменің ішінде отырып, қатты күйзеліске түскен сүйікті адамын бақылау тәжірибесінен өткен кісілердің миының соматосенсорлық қыртыстарында емес, ауырсыну матрицасының әсершіл бөліктерінде (мидың алдыңғы аралшығы мен алдыңғы белдеу қыртысы, мишықтың бүйір бөлігі мен ми бағаны) белсенді реакциялар жүрген. Мидың әсершіл бөліктері нақты ауырсынудан да, қиял жүзіндегі ауырсынудан да белгі берген. Өз басының проблемасы жоқ болса да, күйзеліске түскен сүйікті адамын сырттай бақылап отырған кісінің миының сенсорлық емес, эмоциялық аймақтары белсенділік танытқан. Тек эмпатия ғана күйзелістің сенсорлық аймақтарын көрсетпеген. Сингер мен оның әріптестері «эмпатия күйзелістің сенсорлық емес, әсершіл сипаттарымен ұштасқан ауырсыну бөлігімен жанасатынын» пайымдайды (Sіnger et al., 1157). Ғалымдар эмпатияның жалпы өлшемдері бойынша жоғары ұпай жинаған адамдардың22 «олар өз жақынын қайғы-қасірет құрсауында деп қабылдаған жағдайда мидың тиесілі аймақтарында жанданудың айрықша болғанын көрсетеді» (1159). Сондай-ақ олар сол секілді эмпатиялық нәтижелердің эмоциялық түрткісіз де орын алуы мүмкін екенін аңғарды, басқаша айтқанда, эмпатиялық ортақтасу үшін адамдарға өз жақындарының жаны күйзеліп жатқанын көзбен көрудің қажеті де болмады. Басқаның сезім ахуалы туралы мәлімет беретін «табиғи ишарат» жанашырлықты ояту үшін жеткілікті болды (1158). Давид Юмнан бері қарай философтар эмпатия туралы ғасырлар бойы айтып келе жатса, жоғарыдағы нәтижелердің жиынтығы маймылдардың миындағы шағылтқыш нейрондарды зерттеген нейробиологтердің теориялық жұмыстарын танытады. Эмпатия туралы интроспективті байырғы пайымды қолдайтын ми бейнелері алғаш рет жазылып алынды. ФМРТ негізінде жоғарыда жасалған зерттеулер интерсубъективтілік үшін алуантүрлілікке негізделген су жаңа нейроғылым зерттеушілерді бұрынғыға қарағанда өзара жақындастырғанымен, эмпатия адамдардың тәні мен миында қалай және неліктен әрекет етеді деген мәселелер тек физиологиялық субстрат23 туралы теориялық байыптамалар арқылы ғана шешімін таба алады. Стефани Престон мен Франс де Ваал: «Басқа адамның эмоциялық хәлінің куәсі болу, оны ой арқылы түйсіну нақ сол көңіл күйді бақылаушының бойында автоматты түрде, оның ішінде нерв жүйесі мен тәнінде жандандырады» деген пікір айтты. Олар «эмпатия процесі жылдам рефлексивті субкортикалды процестерді (тікелей сенсорлық қыртыстардан бастап таламусқа, бадамшаға дейін) барынша баяу қыртыстық процестерді (таламустан қыртысқа, бадамшаға дейін) қамтиды» деп жазды (Preston and de Waal, 12). Еріксіз реакцияның артықшылығы – оның шалттығында. Джозеф Леду бадамшадағы үрейлі тітіркеніс қоршаған орта қатеріне жылдам әрі күшті, бәлкім, жан сақтау тұрғысындағы, кейінірек қауіптің сипатын біршама баяу когнитивті бағалау ретінде қаралуы мүмкін үн қатуды білдіретін шығар деген ұйғарым жасады (Le Doux, 168–178). Кей кезде қарапайым эмпатия деп аталатын нәрсе басқа адамның эмоциялық күйін алдын ала долбарланған өлшемнің көмегімен когнитивті тұрғыдан бағалаудан бұрын, оны көру мен зерттеуге қатысты алғашқы, тез, сезімтал жауапты қамтамасыз ете алады.24 Қарапайым эмпатияға өздігінен тоғысқан сезімдер құбылысына ие тірі жанның қабілеті адамдардың негізінен әралуандықтың шектеулі диапазонында ұқсайтынын байыптайды. Мысалы, психолог Мартин Хоффман адамдардың психологиялық және когнитивті үнқатыс жүйелеріндегі құрылымдық ұқсастықтар сол секілді оқиғалар туғызған сол секілді сезімдерді дүниеге келтіретінін пайымдайды (Hoffman, Moral Development, 62). Дегенмен Хоффман эмпатиялық жауаптың болатынына кепілдік беру үшін жай ғана ұқсастықтардың жеткіліксіз екеніне бірден келіседі. Сингер мен оның әріптестерінің пікірінше, біздің тіршілікті сақтауымыз әлеуметтік ортада тиімді әрекет етуімізге байланысты, ал басқалардың сезінуі, жанашырлық танытуы осы жетістікке септігін тигізеді. Олар «біздің эмпатиялық қабілетіміз ішкі физикалық күйімізді, субъективті сезімімізді көрсететін жүйеден шыққан» деп есептейді (Sіnger et al, 1161). Соңғы зерттеулер нейрондар деңгейіндегі амал-тәсілдерді ұсынады, ал бұл басқа адамдардың эмоциялық көңіл күйін білдіре алатын, бет қимылдары мен дене ұстамдарын қосқандағы әрекеттері туралы түсініктерге жол ашады.25 Заманауи нейроғылым басқа адамдардың ұмтылыстарын, сенімдерін, ойларын түсінуге мүмкіндік беретін іске араласып, бөтен кісілердің сезімдерін таныстыратын жүйені теориялық жолға қояды. Эмпатияға арналған бұл еңбек біздің әлеуметтік қарым-қатынастарымыздың бейімделгіштік қызметіне назар аударатын эволюциялық психология теориясына қолдау көрсетеді.26 Адамдар арасындағы интерсубъективтілік негіздерін ескергенде, эмпатия көпшілік үшін біздің басқа адамдармен үн қатысуымыздың шешуші сипаты сияқты көрінеді. Менің зерттеу жұмысым нарративті эмпатия мен альтруизм арасындағы байланыстың не себепті әлсіз екенін анықтауды көздейді. Көркем шығарманың не эмпатия, не жеке бас күйзелісін бастан кешіретін оқырманы үшін эстетикалық пайым өрісіне тартылған өзара ықылас сезімі болуы мүмкін емес. Көркем әдебиет табиғатының өзі адамдар арасындағы әлеуметтік келісімді, кейіпкер ретінде адамды шындықтан тысқары етіп шығарады. Бесланда кепілдікке алынған кезде Гарри Поттерді көмекке шақырғысы келген балалардан айырмасы, ересек оқырмандар ойдан шығарылған қаһармандардан өздеріне пайда жоқ екенін біледі. Әлбетте, біз оларға көмек қолын соза алмайтынымызды мойындаймыз; бәлкім, біз іске араласқанды қалаймыз: Don’t marry hіm, Dorothea! «Оған тұрмысқа шыға көрмеңіз, Доротея!». Біз кейіпкерлерге аса қатты қызығуымыз мүмкін, бірақ оларға қатысты әрекет ойластыру көркем әдебиеттің шарттарына үйлеспейді. Яғни эмпатиялық үнқатыс таным кедергісі арқылы әлеуметтік бағдарлы нәтижеден өзгешеленуі мүмкін. Соңғы онжылдықтар ішінде сезім мен ақылды біздің тәжірибеміздің жеке де, дихотомиялық та ерекшеліктері ретінде қарастыруға күмән келтірілді. Антонио Р. Дамасио үшін де ой мен сезім сол қатарға жатады.27 Бірқатар ғылыми мақалалары мен танымал кітаптарында ол эмоциялық дертке шалдыққан клиникалық емделушілердің когнитивті қиыншылықтарға тап болатынын көрсетіп берді. Роналд де Сюза эмоцияның рационалдық сипатын қолдады, ал Джозеф ЛеДу «Эмоциялық ми» (The Emotіonal Braіn) кітабында өзінің когнитивті нейроғылымы туралы баяндады. Эволюцияшыл психологтер Леда Космидес пен Джон Туби28 «Танымға әсер ететін эмоция туралы ақылға салып айтуға болмайды, өйткені «таным» мидың барлық – оның ішінде (мейлі саналы, мейлі бейсаналы болсын) эмоция мен пайымдарды қосқандағы және нақты жекелеген сатыларға бөліп-жармайтын операцияларын бейнелеу тіліне жатады» дейтін ғалымдардың қатары көбейіп келе жатқанын айтады (Tooby, Evolutіonary Psychology, 98).29 ЛеДу мен Дамасионың еңбектері канондық сипатқа ие болып отырған «әдеби зерттеулерге когнитивті көзқарас» деп аталатын салада аффект мәселелері әдетте «таным» (cognіtіve) терминінің аясында қарастырылады. Әдеби когнитивистердің азғантай тобы ғана танымға қатысты алғанда, эмоцияның алдыңғы кезекте тұратынына психологтің әуелден-ақ қосыла қоймайтынын мойындайды. Психологияның өте алуан түрлі саласының ішкі пәнаралық шекаралары эмоцияның маңызы туралы сан қилы ұстанымдар мен көзқарастарға жетелейді. Эмпатия туралы зерттеушілер эмоция мен танымды бөлуге дереу қарсылық білдірді, алайда олар эмпатияны өзгеше қарастырғандардың өткір сындары мен ғылыми пікірлерінен соң, мәселеге жаңаша көзқараспен қарады. «Қазіргі уақытта өзім эмоция мен таным орталық нерв жүйесінің әртүрлі процестерін сипаттайды» деген пікірден бас тарттым, өйткені эмпатияның өзі сезім мен ойды қатар қамтиды. Жад, тәжірибе және басқаның көзқарасын қабылдау қабілеті (дәстүр бойынша когнитивті сипатта деп саналатын мәселелер) эмпатия үшін ерекше маңызға ие. Адамның сезіміндегі эмпатия тәжірибесі эмоцияны, оның ішінде тән арқылы түйсінуді жинақтайды. Қалай болғанда да, көркем әдебиет оқудан туындаған нарративті эмпатия танымды қамтуға тиіс, өйткені оқудың өзі күрделі когнитивті операцияларға жүгінеді. Бірақ оқудан туған эмоциялық әсер – әдеби когнитивистер «таным» ұғымының аясына апарып тықпалайтын ең бір ескерусіз қалған нәрсе. Олай болуға тиісті емес. Философиямен, психологиямен, сондай-ақ әдебиеттанумен тарихи байланыстары бар эстетика пәні бір ғасырдан ұзақ уақыттан бері шығармашылықтың айрықша қыры әрі адамдардың өнер туындыларынан алатын әсерінің түсіндірмесі ретінде эмпатияға ден қойып келеді.30 Эмпатия эстетикасы өзінің ең күшті көрінісінде басқа адам не хайуанат, сондай-ақ қиялдан шығарылып, сөзбен сомдалған кейіпкер, тіпті, кейбір пікірлер бойынша пейзаж, өнер туындысы жер бедері секілді жансыз заттар болуы мүмкін объектілермен ойша кірігуді сипаттайды.31 Мұндай эмпатия қамтыған қиял мен проекция әрекеттері «таным» белгісін лайық көретіні сөзсіз, бірақ әсерлер – қаншама біртүрлі екеніне қарамастан, сезімдер ретінде есепке алынғаны жөн. Мен нарративті эмпатияны әсер немесе таным аймағымен шектеп тастамаймын; процесс ретінде ол екеуін де қамтиды. Мәтіндер оқырмандардың сезіміне ықпал еткен уақытта олардың ойын да қозғайды.32 Көркем әдебиетті оқу айналаға жеткілікті мөлшерде сауатты адамдарды жинай отырып, олардың әлеуметтік бағдарлы дамуында елеулі маңыз атқара ала ма? Тіпті көркем әдебиетті оқу мен эмпатияның арасындағы өткел қысқа, назардан тыс, елеусіз не жеке бастың күйзелісіне толы болуы мүмкін. Оқырмандардың когнитивті, эмоциялық әсерлері көп жағдайда эмпатияға ұласа бермейді, бірақ көркем әдебиет оқырмандардың қоршаған әлемдегі эмпатияға кедергі келтіретін әсіре пайымдарының қорғаныс қабаттарының біразын жалаңаштап тастайды. Нарратив теоретиктері, әдебиет сыншылары мен көркем әдебиет оқу саласының мамандары қазірдің өзінде кейіпкерлерді бірінші жақтан сөйлету, олардың жан дүниесін ой мен сезім күйлері арқылы бейнелеу сияқты нарратив тәсілдерінің шағын жиынтығын бөлектеп шығарды; бұл кейіпкердің даралығын, эмпатиялық тәжірибеге үлес қосуды, оқырман ойын басқаларға ашып көрсетуді, көзқарастардың өзгеруін, тіпті оқырмандардың альтруизмге ұмтылысын қолдаудың амалы іспетті. Бұл мәселеге қатысты зерттеулерге шолу жасау барысында мен нарративті эмпатияның ықтимал әдістеріне қатысты мәліметіміздегі олқылықтарды атап көрсетемін. Нарратив әдістері жиынтығының ешқайсысы зерттелетін топ мүшелері тарапынан жасы, нәсілі, жынысы, салмағы, денсаулығы мен өзге де өлшемдері жағынан ерекшеленіп, басқа адамдардың эмоциялық күйіне қатысты жиі байқалатын эмпатияға төзімділікті жоққа шығару үшін әлі тексерістен өтпеген.33 Давид Юм мен Адам Смит айтып кеткендей, басқа сүт қоректілер сияқты, адам баласы да өздеріне ұқсайтындарға эмпатия сезімін оңай әрі анық білдіруге бейім.34 Біз эмоциясы басым, бірақ тайпадан тыс адамдардың сезімдеріне қатысты әсерімізді таныта алғанымызбен, оның эмпатиялық мазмұны болмайды.35 Эмпатия-альтруизм болжамының жақтастары айтатындай, көркем әдебиет оқудың эмпатиялық тәжірибесі пісіп-жетілген симпатия мен альтруистік мінез-құлыққа жетелейтін тізбекке ұласса, нарратив әдістерін іздестіру мәселесін туғызады. Алайда жоғары мәртебелі эмпатистердің көркем әдебиет оқудың эмпатиялық тәжірибесі туралы айтқандарына көңіл бөлу бір бөлек те, көркем әдебиет оқудың эмпатиялық тәжірибесінің оқырманның көңіл күйін, ұмтылыстары мен көзқарастарын өзгертуге тигізетін ықпалы туралы әңгіме мүлдем басқа. Көркем шығармалар жалпы адамзат туралы оқырман ойларын белгілі шектерден әрі самғатып әкетсе, мұндай жетістікке байланысты нарратив әдістеріне зор маңыз берілуге тиіс.

Нарративті эмпатия теориясы Кейіпкерлер болмысын таныту, тіпті ойдан шығарылған қаһарман мен оқырман бір-бірінен тәжірибе, басқа айқын нәрселер тұрғысынан алшақ болған күннің өзінде, көп жағдайда эмпатияны туғызады, бірақ қиялдан жасалған кейіпкерлерге қатысты эмпатия – күрделі, реалистік сипаттарды емес, тұлғаны даралаудың аз ғана белгісін талап ететін сияқты. Бірінші оқырманның эмпатиясы ояна ма, жоқ әлде оның көрінісі кейіпкерді даралау арқылы келе ме, бұл – басы ашық мәселе: кей кезде ойдан шығарылған кейіпкерге өзінен-өзі пайда болатын эмпатия сол кейіпкерді даралауға жол ашады. Кейіпкерлердің барша сезім күйі эмпатияны оятпайды; шын мәнінде, ойдан шығарылған кейіпкерлер мен жағдайларға байланысты эмпатиялық үнқатыстар, тәжірибе жүзінде ұқсастықтарының бар не жоқ екеніне қарамастан, көбіне жағымсыз әсерлерге қатысты оңайырақ пайда болады. Ақырында оқырмандардың тәжірибесі де бір-бірінен өзгешеленіп, кейіпкерге қатысты эмпатия әрдайым эмоциялық толқу шақыратын көркем шығарманы оқу нәтижесінде пайда бола бермейді. Әртүрлі бақылау қорытындылары оқырмандар әсерінің айырмашылықтарын көрсетеді. Ең бастысы, оқырмандардың эмпатиялық мінез-құлқы бірдей емес. Кейбіреулер басқа нақты адамдарға эмпатиясын білдіруге ынталы, ал енді біреулердің эмпатиясы өте төмен (бірқатар зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, эмпатиясы жоғарылар – ең жақсы оқырмандар, өйткені олардың кейіпкерлер дүниесіне ену қабілеті оқиғалардың себеп-салдарлық байланыстарын тез түсінуге мүмкіндік береді).36 Көркем әдебиет оқу тәжірибесінде мезгіл мен мекеннің маңызы бар: көркем шығармалардың оқырман эмпатиясын ояту мүмкіндігі уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Олардың кейбірі өздерінің ең алғаш танысқан оқырмандарының эмпатиясына жан бітірсе, енді бірі кейінгі заман оқырмандарының ерекше сезіммен құштарлана оқуға жеткенше, тасада қалып қоюы ықтимал. Оқырмандардың көркем шығармада бейнеленген жағдайларға эмпатиясы кездейсоқ орын алған нақты тарихи, экономикалық, мәдени, әлеуметтік оқиғалар аясында оның алғашқы жарияланымы тұсында, жазушы алдын ала абайсызда айтып қалған, көрегендікпен болжаған кейінгі дәуірлердегі оқылымы кезінде күшеюі мүмкін. Жазушылар өз шығармаларына байланысты пікірлерге толық бақылау жүргізе алмайды. Ойдан шығарылған кейіпкерге қатысты эмпатия әрдайым автордың ойы мен қалауына сәйкесе бермейді. Көбіне сюжет пен оқиға ерекшеліктеріне қатысты болатын ситуациялық эмпатия шығармашылық кейіпке енудің өзіндік насихатын азырақ және ілгерідегі (немесе ағымдағы) танылған тәжірибені кеңінен қамтиды. Ситуациялық эмпатияға көңіл бөлген жазушы сәйкесінше, салыстырылатын тәжірибесі бар оқырмандарды тартуға ғана үміт артады. Ойдан шығарылған әлемді жасау кезінде авторлар жүгінетін жалпы, формалды таңдау оқырмандардың эмпатиялық әсерін күшейтуде (немесе әлсіретуде) маңыз атқарады. Бұл кейбір оқырмандар үшін триллердің, романтикалық шығарманың авторы қолданатын формулалық шарттылықтары эмпатиялық толқуды күшейтетінін көрсетеді, ал өз кезегінде басқа бір (бәлкім, білімі көбірек әрі әдеби тәсілдерге бейімделген) оқырмандарды тосын не жарқын көріністер ілгері сүйреп, эмпатиялық оқуға жол ашады.37 Жазушылардың өзі көбіне көркем шығарманы оқу мен жазу барысында эмпатияға айрықша маңыз бергенді қалайды, нарративті эмпатияның қуаты арқылы оқырмандардың санасы мен өмірін өзгертуге болатынына сенім артады. Бұл сенім олардың дайын эмпатияшы ретіндегі тәжірибесін айшықтайды. Дегенмен олардың эмпатиялық қиялдарын ыстық ықыласпен тұтынушылардың өзі ойдан шығарылған әлемнің оқырмандарға қаз-қалпында бұрмаланбай жете бермейтінін түсінеді. Авторлардың эмпатиясы наразы оқырмандар терістейтін әлеуметтік қолайсыз мақсаттарға арналуы мүмкін. Шын мәнінде, оқырманның адамгершілік қағидасына қайшы келетін әрекеттер жасайтын кейіпкерге қатысты эмпатиялық күйзеліс авторлық эмпатияның сәтті жүзеге асырылуының нәтижесі болуы ықтимал. Автордың эмпатиясы да, оқырманның эмпатиясы да риторикалық сипатқа ие; мұны олардың эмпатиялық ауытқудың (автордың түпкі ниеті мен нарративті эмпатияға қатысты оқырман тәжірибесі арасындағы сәйкессіздік) кезіндегі қақтығыстарынан аңғаруға болады. Эмпатиялық ауытқу тәжірибесі автордың көзқарасын түбірімен қате деп ойлайтын оқырманның наразылық сезіміне септесуі мүмкін, ал автордың эмпатиясы мен оқырманның эмпатиясының тамаша сәйкестігі әлеуметтік бағдарлы әрекеттерге байланысты әдеби пайымдар шегінен шығып кететін ынталандырушы күшке айналуы ықтимал. Ойдан шығарылып, қолдан жасалған әлемдегі автордың стратегиялық эмпатиясына қатысты оқырман құрметі бұл ықтимал нәтижелермен шектеледі. Меніңше, шектеулі стратегиялық эмпатия өзара ортақтастық тәжірибесіне сүйеніп, ұқсас басқа адамдарды сезінуге қарай бастайтын топпен бірге әрекет етеді. Дәнекерлік стратегиялық эмпатия басқа адамдарды олардың эмпатиясын топішілік, көбіне белгілі бір мақсат жолында енгізу үшін таңдап алады. Жеткізуші стратегиялық эмпатия әрбір оқырманды ортақ олқылықтарға мән беріп, түсініктерді жалпыландыру үміті арқылы өзін топтың мүшесі ретінде сезінуге шақырады.

Эмпатиялық баяндау тәсілдері Әдетте бірінші жақтан айтылған әңгіме үшінші жақтан мың құбылтып баяндалған оқиғаларға қарағанда, қызығушылық сезімін әлдеқайда арттырады. Тіпті теориялық терминдерді бірнеше апта бойы ғана үйренген колледждің екінші курс студентінің өзі бірінші жақтан айтылған баяндау үлгісінде нарративті үндестік пен сәйкессіздік, сенімсіздік, келісімсіздік, бірнеше баяндаушы абаттасқан нарративті деңгейдің артықтығы, шектен шыққан бейберекетсіздік әйтпесе ерекше шатасқан сюжет себебінен эмпатияның күшейетіні мен әлсірейтінін айтып бере алады. Жанр, құрылым мен уақыт мөлшері оқырмандардың эмпатиясын қолдауы не қиындатуы мүмкін. Болжамды аудиториямен рухтың үйлеспеуі, онымен дәлме-дәл сәйкесуі жайбарақат оқу мен эмоциялық кірігу тәжірибесінің арасындағы айырмашылықты байқатады.38 Бірінші жақтағы әңгімеші мен үшінші жақтағы әңгімешінің арасындағы қайшылық шынайы қорытындыға жету үшін мәселені кеңінен, басқа көптеген ауыспалы белгілермен бірге қарастырғанды қалайды. Нарратив теоретиктері нарративті эмпатияны зерттеу сипатына өзгешелік пен мұқияттылықты енгізеді. Алуан түрлі баяндау тәсілдері көркем әдебиет оқу мәселесіне эмпирикалық тұрғыдан зерттеу жұмыстарын жүргізетін нарратив теоретиктері мен дискурс өңдеу сарапшыларының эмпатиясымен байланысты болатын. Кейбір теоретиктер мен зерттеушілер формалды амалдарды «табиғи түрде өздігінен эмпатиялық сипатта болады» деп санайды, ал басқалар үшін оқырманның мәтінге ықыласы әдеби оқудың нақты нәтижелерін зерттеу арқылы өлшенуі мүмкін. Соңғы топтағылар жүргізген бақылаулар баяндау тәсілдері туралы болжамдарға итермелейді. Бұл «эмпатиялық баяндау тәсілдері» деп аталатын нәрселерді салыстыра қарау нарратив сипатының әлі де оқырман эмпатиясымен ұштаспаған, бірақ мұқият тексермейінше, жоққа шығаруға болмайтын көптеген қырларына назар аудартады. Баяндалатын шығарманың эмпатиямен байланысының басты ерекшелігі кейіпкерді даралау болып саналады. Мінездеудің қойылған есімі, суреттелген бейнесі, көрсетілген жанама сипаттары мен типі, батылдығы мен жұмсақтығының салыстырмалы өлшемдері, жасаған іс-қимылы, сюжет дамуы барысындағы орны, өзіне тиесілі сөзінің сапасы мен саналық деңгейінің анықтамасы секілді нақты қырлары кейіпкерді даралау мүмкіндігіне, (яғни эмпатияға) үлес қоса алады деп болжауға болады.39 Кейіпкерлерді даралау жөніндегі оқырмандар мәліметтері мен олардың нарративті эмпатияға қатысты тәжірибелерінің арасындағы байланыс әлі түсіндірілмеген. Эмпатиямен жиі байланысты формалды сипаттың алдыңғы кезекте көрінетін екіншісі нарративті ситуация (көзқарас пен болашаққа бағдарды қосқанда) бола алар еді: ол дегеніңіз – автор мен оқырман арасындағы дәнекерліктің ұстыны; бұған баяндаушы кісі, әңгімешінің белгісіз мекені, оның кейіпкерлерге көзқарасы, кей кезде олардың сана-сезімін бейнелеу тәсілін қосқандағы қаһармандардың ішкі не сыртқы болмыстары жатады.40 Шығармалардың серия бойынша жарияланымдары,41 туындылардың ұзақтығы,42 жанрлық бітімдері,43 құрылымдарды шебер пайдалану,44 метанарративті түсіндірмелер45 және оқырмандардың оқуын баяулататын дискурс тәсілдері (алдыңғы көрініс, бейберекеттікті пайдалану)46 көркем әдебиеттің көптеген басқа да бөлшектері оқырмандардың эмпатиясына үлес қосады. Баяндаудың айрықша тәсілдері мен эмпатия туралы болжамдарды көп жағдайда нақтылаудың қажеттілігі бар, бірақ жүзеге асырылған жұмыс біраз ретте нарратологияның жалпы тұстарын мақұлдай бермейді, өйткені олардың шынайылығын тексереді.47 Мұның эксперименталдық үлгінің қателігінен, нарратив теориясының астарларын дұрыс түсінбеуден теорияның тексерілуі тиіс қайшылықтарынан болғанын анықтау үшін әлі де зерттеу жүргізу қажет.

Кейіпкерлерді даралау Қажетті түсіндірмеден бастасақ, кейіпкерді даралау нарратив тәсіліне жатпайды (ол мәтінде емес, оқырманның санасында жүзеге асады), бірақ мінездеудің нақты әдістерінің көмегімен тездетілуі мүмкін көркем әдебиет оқу нәтижесі болып саналады.48 Бұл мәселелер әлі күнге дейін жан-жақты зерттелген емес. Питер Диксон мен Мариса Бортолуччи баяндаудың жеке араластыққа жол ашатын эстетикалық қасиеттерін атап көрсетеді.49 Осыған керісінше, Джемелджин Хейкмолдэ (фин. Jèmeljan Hakemulder; орыс. Емельян Хакемулдер) автордың жазу мәнеріне дән риза болған оқырмандар ойдан шығарылған әлем мен оның тұрғындарына аса қызығушылық танытпайтындарын айтты (Hakemulder, Laboratory, 73–74). Оқырмандардың қиялдан туған кейіпкермен қауышуы нақты тәсілді қолдануға, олардың қабылдауына сәйкес белгілі бір бейнелеу амалдарының болуына байланысты (немесе байланысты емес).50 Кейт Оутлидің пікірінше, эмоциялық толқу үлгілеріне қатысты оқырмандардың жеке тәжірибесі кейіпкерлерге симпатияны оятады; олай болатын себебі – оқырмандар бәрінен бетер кейіпкерлердің мақсаттары мен жоспарларына ортақтаса бастайды.51 Дэвид С. Миал мен Дон Куйкен: «әдебиеттің эмоциялық толғаныстары әдеби мәтін мен оқырман тәжірибесінің өзара қарым-қатынасына байланысты болады» дейді,52 бірақ олар әдеби стиль деңгейіндегі алға шыққан әсерлер келісімдерді қайта сілкіндіріп, қарқынды бәсеңдететіп, эмпатияға жол ашу үшін белсенді түрде оқуға шақыратынын айтып өтеді.53 Дон Куйкеннің зерттеулері өздерін жеке тәжірибелері арқылы оқиға кейіпкерлерімен байланыстырған оқырмандардың нақты эмпатияда болмаса да, өзін-өзі қабылдауда болған өзгерістерінен мүмкіндігінше хабардар ететінін көрсетеді.54 Макс Луверс пен Куйкин эмпатия олқылықтардың орнын жабатын амал ретінде әрекет ете алады деп пайымдайды, ол арқылы оқырман кейіпкердің белгілі мінездемесін психологиялық әсері мол портретпен толықтырады.55 Кейіпкерлердің реалистік сипаты туралы оқырмандар пікірі мінезді даралауға септігін тигізіп,56 оқырманның кейіпкерге ұқсастығы да мінез даралығын айқындауға атсалысады деп есептеледі.57 Бірақ бұл құбылыстардың ешқайсысының бойында кейіпкерлерді даралауға үлес қосатын нақты бір баяндау әдісі жоқ. Мінездеудің бірқатар әдісі іс жүзінде оқырмандардың эмоциялық толғаныстарына яки эмпатиясына қатысты қарастырылды. Кейіпкерлердің шиеленісті жағдайлардың қақ ортасында жүруі оқырмандардың, тіпті олар баяндаудың сипатына назар аудармаған күннің өзінде, физиологиялық тітіркенісін туғызады.58 Оқиғалы сюжетке құрылған шығармалар кейіпкерлердің ішкі дүниесін бейнелейтін туындыларға қарағанда жылдамырақ оқылатыны дәлелденген;59 Хейкмолдэнің байыптауынша, бұл керісінше кейіпкерге ден қоятын оқырмандардың жоғары ойшылдық қабілетін көрсетеді (Hakemulder, Laboratory, 74). Алайда бұл нәрсе түкке тұрғысыз шығармаларда арқау болған сюжеттік ситуацияларға тез әрі еріктен тыс әсер білдіруді түсіндіре алмайтын сияқты. Жылдам оқу кейіпкердің тағдырына, мінезіне, тіпті эмпатиясына ортақтасудың белгісі болуы да ықтимал. Себеп-салдар байланысы тұрғысынан бағалауды жоққа шығару болмаса, іс жүзінде сюжет құрылымының маңызы жайындағы ешқандай пікір оқырманның эмпатиялық толғанысымен байланыстырылмаған, тіпті арнайы бақылау құрылғылары арқылы тексерілген де жоқ.60 Оқырмандардың эмпатиясын оятуы мүмкін сюжет құрылымы мен баяндау аспектілеріне уақытты бақылау (ырғақ), реттілік (анахрония), баяндаудың көп қабатты деңгейін қолдану (әңгіме ішіндегі әңгіме),61 тізбекті баяндаулар, күшті немесе әлсіз түйін, қосалқы (қосымша, қапталдас) сюжеттік оқиғаларды, қайталаулар мен үзіктерді пайдалану жатады. Бұл құрылымдық категориялардың әрбірі сипатталуы қажет көп қасиеттерге ие болғандықтан, оларды жоққа шығару бізді кейіпкерді даралауға мүмкіндік беретін амалдардың толық жиынтығынан айырады. Мінездеудің нарратив теоретиктеріне таныс көптеген қырлары қолға алынуы керек екені мамандар тарапынан айтылғанына қарамастан, әлі күнге дейін бақылау аясындағы эксперименттер арқылы сынақтан өткен емес. Кейіпкердің аты (мұның қатарына есімді жасырып қалу, аббревиатураны пайдалану, толық аты-жөннің орнына бас әріптер мен аллегориялық, символдық атауларды қолдану да кіреді) оны даралауда белгілі бір маңыз атқаруы мүмкін. Оқырмандарды шығарма кейіпкерлерімен қауыштыратын сипаттамалық (дескриптивті) тіл алуантүрлілікке апаруы мүмкін (мазмұнның маңызы зор). Ал грамматика мен синтаксисті қайда қоямыз? Қазіргі көптеген авторлардың ойлайтыны секілді, осы шақты пайдалану (өткен шақ орнына) шынымен де табиғи әрі төте байланыс әсерін туғыза ма? Шығармашылық жазу мектебінің әбден жауыр болған «көрсетіңіз, айтпаңыз» деген сынды ескі қағидасы әлі тексеруді қажет етеді: эмоциялық күйлердің әрекеттер мен ортаға жанама ықпалы секілді, кейіпкердің эмоциялық күйін басынан кешкен жағдайларын үшінші жақтан суреттеу де оқырмандардың эмпатиясын белсенді түрде жандандырады.62 Дэвид С.Миал «Аффект пен нарратив» (Affect and Narratіve) еңбегінде оқырмандардың кейіпкерлермен әсерлі қарым-қатынастары өздерінің жан дүниесін олармен қауыштыруы кейіпкерлердің ерекше сипаттары емес, ынталы ұмтылыстары арқылы айқындалатынын айтты; бірақ оқырмандардың өздерінің эмоциялық байланысы қашан және қандай ишарат кезінде басталатыны белгісіз. Бортолуччи мен Диксон: «кейіпкерлердің санасы мен әрекетінен көрінетін мінез-құлқының «ашықтығы» (transparency) немесе оны талқыға салу мінезді даралауға септеседі» дейді (Bortolussі and Dіxon, 240). Мұны өте оңай түсіндіруге болады: тіпті дәстүрлі романдардың өзі күрделі, жан-жақты қамтылған. Бұл ретте Уэйн Буттың мынадай аңғарымпаздығы ақылға қонады: «Біздің «ықыластылық», «симпатия» немесе «сәйкестік» деп атайтын нәрселеріміз әдетте авторға, әңгімешіге, бақылаушыға және басқа кейіпкерлерге қатысты көптеген реакциялардан құралады» (Booth, 158). Жеке мінездеуден баяндалатын шығармаға көшуді зерттеу мен кейіпкерлердің күн сайын жинақталатын реакцияларын оларды даралаудың тәжірибесіне енгізу көркем әдебиет оқудың қалыпты тәжірибесін жасайтын алуан түрлі әсерлерді түгендеудің бірқатар әдісін қажет етеді.63 Бұл нәрсе әдіске жалпы баға беретін бірқатар тұжырымдардан бас тартуды білдіруі мүмкін. Мысалы, «айрықша таң қалдыра алатын» кейіпкерлердің «ептілігінен» көрінетін психологиялық тереңдікке шешуші мән беру (Forster, 78) санасы таяз кейіпкерлерге, ұсақ кейіпкерлерге, стереотипке айналған жауыздар мен жауларға эмпатиялық көзқарасты жоққа шығармайды. Когнитивті әлеуметтік психология жөніндегі зерттеулерге сүйене отырып, Ричард Дж. Джерриг оқырмандар ойдан шығарылған кейіпкерлер туралы категориялар негізінде ой түйетінін, сондай-ақ кейіпкерлердің белгілі бір ситуациялардағы нақты әрекеттерінен бұрын оларға таңылатын сипаттарға мән беретінін пайымдады.64 Форстер интуиция арқылы түсінгендей, бұл теория бойынша, оңай танылатын және есте қалатын таяз кейіпкерлер оқырмандарды көркем шығармаға қызықтыруда жұрт ойлағаннан гөрі үлкен маңыз атқаруы мүмкін. Теоретиктердің оқу процесі туралы зерттеулерінде кейіпкерлерді тез әрі оңай даралау мәселесі ақсап жатады, өйткені бұл көп жағдайда тұлғаны танытып, соған сәйкес қорытындылар жасауды одан әрі күрделендіреді. Мысалы, Патрик Колм Хоган категориялық эмпатияны (оқырмандардың топтық ерекшелігіне сәйкесетін кейіпкерлермен бірге) жиірек кездесетін үлгі ретінде қарастырады, ал этикалық тұрғыдан маңызы басымырақ ситуациялық эмпатия оқырманның салыстырмалы тәжірибесі туралы ешқандай із қалдырмауы бәлкім естелігіне байланысты болар...65 Хоганның ситуациялық эмпатиясы өзінен-өзі жан күйзелісін сол күйінше бөлісу этикасына жетелесе, жедел жүзеге асатын категориялық эмпатия этноцентризм немесе тұйықтаулы ой арқылы күні бұрын кесіп-пішілген теріс түсініктердің алдында дәрменсіз әрі осал көрінеді. Бірақ ойдан шығарылған кейіпкерлерге қатысты ситуациялық эмпатияның біз білетін этикалық нәтижелерімен салыстырғанда, категориялық эмпатияның күйзелісті бөлісуге соншалықты бет бұрғызбайтынын байқай бермейміз. Ешқандай болжам әлі сынақтан өткен емес. Әдебиет сыншылары кәсіби мамандар іргелі сенімдер мен таласты қағидаларды күйрететін романдарға баға берумен айналысып жатқан кезде, оқырмандардың таныс ситуациялар мен формулалық сюжеттерге көзқарасы олардың болжамды сюжеттік оқиғалар мен стереотипке айналған, өздеріне ұқсас кейіпкерлерге эмпатиялық реакцияларының негізін құрауы мүмкін.66 Нарратив теоретиктері бейненің даралануын күшейту үшін кейіпкерлердің сөздерін, ойларын және сезімдерін оқырмандарға жеткізетін пайым-түсінікке жиі көңіл бөлетіні жөнінде мен төменде айтатын боламын; бірақ кейіпкерлердің толғаныстары мен психикалық хәлі туралы жеткілікті түрде баяндап беретін қысқа пікірлер оқырмандардың эмпатиясын оятуға қауқарлы болуы ықтимал. Жазушыларға сөзге тым сараң болудың не іс жүзінде шектен тыс ашық бейнелеудің тиімсіздігі жөнінде айтудың өзі артық. Шын мәнінде, кей кезде кейіпкерді даралау мүмкіндігі мен оқырмандар эмпатиясы белгілі бір көркем бейненің ойы мен сөзінің ұдайы әсер етуі салдарынан азая түседі.67

Нарративті ситуация Нарратив теориясында бірінші жақтан айтушының өз әңгімесі немесе шартты баяндау (онда үшінші жақтан әңгімелеуші тасада қалады, басты кейіпкердің жалғыз өзінің санасында шоғырланған негізгі жайттардан хабардар етеді) кейіпкерлердің санасында жүріп жататын авторлық (барлығын білетін) баяндау арқылы мәлім болатын ішкі көзқарастың – кейіпкерлерді даралау мен оқырмандар эмпатиясына бәрінен бетер септесетіні үйреншікті құбылыс. Мысалы, Уэйн Бут: «Автор айта қаларлық айрықша ізгі қасиеттерден жұрдай кейіпкерлеріне симпатия оятқысы келсе, оларға ұзақ жасайтын ішкі көзқарастардың психикалық белсенділігі көмектеседі», – дейді (Booth, 377–378). Мысалы, Джейн Остин шығармасындағы әйелдің бейнесі сияқты оқырмандардың санасын әлдеқашан терең жаулап алған кейіпкерлерге қатысты алғанда өзектілігін көрсетеді. Кемшілігі жетерлік Эммаға симпатияны ояту үшін Остиннің ішкі көзқарасты қалай пайдаланғаны туралы Буттың егжей-тегжейлі әңгімесі нарратив теориясының классикалық үлгісі болып саналады (245–256). Бут «көп оқиғаны Эмманың көзімен баяндай отырып, автор біздің Эммаға қарсы тұрмай, онымен бірге сапар шегетінімізді» ескертеді. (245). Кейіпкерлердің санасын монолог арқылы ашып көрсетудің байырғы хас шеберлерінің бірі – Остин жанды бейнелердің менталды күйлерін жинақтап сипаттай отырып, (психонарратология) олардың ішкі ойлары туралы баяндау шағы мен мәнерін бұзбай жеткізетін тілдің көмегімен тарқатуға байсалды түрде ауысып отырады.68 Былайша айтқанда, «еркін жанама дискурс» деп аталатын баяндау монологы кейіпкердің грамматикалық шақ категориясы, әңгімешінің тұлғасы арқылы көрінетін менталды дискурсы. Кейінгі зерттеушілер баяндау монологы оқырмандардың кейіпкерлерге қатысты көзқарасына қатты әсерін тигізетінін мақұлдайды. Дэвид Миал «кейіпкердің санасы туралы құпия ақпаратты» ұсыну, яғни еркін жанама дискурс туралы арнайы түрде сөз етеді, өйткені ол әдеби сипаттың айрықша белгісін меңзейді әрі эмпатиялық әртараптылықты тудырады (Mіall, Necessіty, 54). Сильвия Адамсон да өз бетінше осы көзқарасқа келіп, баяндау монологын «эмпатиялық нарратив» ретінде түсінуге шақырады. Адамсонның тілінде репрезентативті әдіс пен оның нақты нәтижелері үйлесім табады. Сілтеме монологтың (сондай-ақ кейіпкерлердің ойларын тікелей адам, олардың сөздерінің грамматикалық шағы арқылы білдіретін ішкі монолог деп те аталады) жақтастары да бар; олар жанама түрдегі не қосарлы баяндау монологынан гөрі, бірінші жақтан айтуға көшуді сөзсіз шынайы әрі дәлме-дәл деп санайды. «Психонарратология» (psychonarratіon) немесе кейіпкердің менталды күйі мен ойлары туралы жалпылама әңгіменің қолдаушылары аз; мұның себебі ол, эпос тәрізді, дәстүрлі нарративпен байланысқандықтан болса керек. Дегенмен Уэйн Бут та, Доррит Кон да «психонарратология кейіпкерді даралауға серпінді септігін тигізе алады» деп есептейді. Ал Кон сезім күйін білдіретін (Вирджиния Вулф жиі пайдаланатын) теңеу мен метафора сынды поэтикалық ұғымдар психонарратология жүгінгенді талап ететінін көрсетеді.69 Баяндау монологының эмпатия тудыру мүмкіндігі көп екені туралы жиі айтылғанымен,70 сілтеме монолог пен психонарратология да оқырмандардың жан дүниесіне жол ашып береді. Теоретиктердің көпшілігі бірыңғай сыртқы баяндау оқырмандардың эмпатиясын оята бермейтінімен келіседі.71 Ішкі әлемді ашып көрсету тәсілдері туралы бұл болжамдармен бірге, әңгімеші көп жағдайда оқырмандардың баяндалған шығарма мен оның кейіпкерлерінен алған әсерлеріне ықпал етуі мүмкін. Бірінші жақтың әңгімесінде баяндаушы өзінің жеке толғаныстары мен көрген-білгендері жөнінде сөз ете отырып, оқырман мен нарративті мәнердің арасындағы тығыз байланысқа көңіл бөлетіні пайымдалады. Мысалы, Франц Стэнзел үшінші жақтан баяндалатын көркем шығармада кейіпкердің ойлары мен сезімдерін ішкі дүние көріністері арқылы сипаттау, сондай-ақ бірінші жақтың өз әңгімесін тыңдау оқырмандарға ерекше әсер ететінін топшылайды. Жазушы, әдебиет зерттеушісі – Дэвид Лодждың пікірінше, тарихи, философиялық контекст бірінші жақтың әңгімесіне не үшінші жақтың шартты баяндау мәнеріне ден қоюдың себептерін түсіндіріп бере алады: «Еш нәрсе толық айқындалмаған, трансцендент сенімді ғылыми материализм құрдымға батырған, тіпті ғылыми объективтіліктің өзі салыстырмалық пен белгісіздіктің құрсауында қалған әлемде өз тарихын баяндаған адам баласының жалғыз даусы ғана сана көрінісінің бірден-бір шынайы сипаты тәрізді қабылдануы мүмкін» (Lodge, 87). Алайда осындай тәсілге және толғанысқа байланысты қолда бар эксперимент нәтижелері шынайылықтың кепілі бола алмай отыр. Голландтық жасөспірімдер У. Ван Пир мен Х.Пандер Маат бірнеше зерттеу жүргізіп, бірінші жақтан баяндалған шығарма «зор жақындық әсерін» туғызатынын, оқырманның кейіпкер әлеміне кірігуіне мол әрі тамаша мүмкіндік беретінін байқады.72 Олар «авторлар бұл бағытта түрлі амалдар қолдану арқылы қаншама күш салғанымен, оқырмандар үшін әсер тұрғысынан көзқарастың неліктен аса қуатты әрі жалпыға ортақ бола алмайтыны түсініксіз күйде қалып отыр», – деген қорытынды жасайды (van Peer and Pander Maat, 152). Оқырмандардың көзқарасқа сөзсіз мән беретінін, үйлесімсіздіктен гөрі үйлесімділікке басым ден қоятынын атап өте отырып, олар басты кейіпкерлерге ішкі жағымды әсерлер жиынтығы арқылы симпатия танытудың жасөспірімдер есейген сайын іс жүзінде әлсірей беретінін аңғарды (152–154). Лодж бірінші жақтың мәнері «үшінші жақ кейіпкері туралы жазу әдісі сияқты алдамшы әрі жасанды» екенін мойындайды, бірақ оның «шынайылық әсерін туғызатынын, өзін уағыз, күнделік, ғұмырбаян, естелік, мағлұмат, жеке өмір деректерінің дискурсы арқылы танытып, оқырман сенімсіздігін жоюға даяр тұратынын» қадап айтады (Lodge, 87–88). Мен өз кітабымда «парамәтіндер оқырмандарды шығарманың қиялдан тумаған, шынайы түрдегі тарихи бет-бейнесіне қарамастан, эмоциялық толғаныстар нәтижесінде ойдан шығарылған дүние ретінде түсінуге итермелейді» деген кері пікір айтамын. Зерттеулерім ойдан шығарылған мәтіндердің одан туындайтын эмпатиялық толғаныста белгілі бір маңыз атқарып, оқырмандарды күмән мен күдіктен, өзін қорғаудан құтқаратынын көрсетеді. Осылайша олар ойдан шығарылған мәтіндердің арқасында шынайы емес ситуациялар мен кейіпкерлерге үлкен эмпатиясын оята алады. Сөйтіп, әрі қарай эмпатиялық тәжірибесін басқа адамдардың қажеттіліктеріне қатысты нақты әлем талаптарына сай мүмкіндіктерімен ұштастырады. Әлеуметтік ортаның құлшынысына жан бітіретін толыққанды саяси қозғалыс, өзгерістерге септігін тигізетін сезімдер жүйесі тиімді әрекеттерді нарративті эмпатияның игерілген тәжірибесі негізінде туындату үшін керек болуы мүмкін. Оқырмандардың мұндай ситуацияларға үн қатуы ілгерідегі көркем шығарма оқу тағылымы нәтижесінде қалыптасуы ықтимал.

Нарративті эмпатия әрекетінің сипаттары: авторлар мен аудитория Жазушылардың көзқарастары мен сенімдері де нарративті эмпатияның егжей-тегжейлі талқысын қажет етеді. Көркем шығарма авторлары өз кейіпкерлеріне назар салып, құлақ түреді, олардың әңгімелеріне араласады, әрекеттеріне қарсы күреседі, олармен саудаласады, келіссөз жүргізеді, тіпті сезімдерін бөліседі; соған қарағанда, кейіпкерлердің тәуелсіз өз болмысы бар сияқты. Тейлор мен оның әріптестері елу жазушы туралы тамаша зерттеуінде авторлардың 92%-ы ның тәуелсіз ықпал иллюзиясының (іllusіon of іndependent agency – ІІA) бірқатар тәжірибесі туралы мәлімет бергенін, ең үздік (жарияланымдары бар) жазушылардың белсенді түрде оған жүгінгенін анықтады. Тейлор тәуелсіз ықпал иллюзиясы (ТАИ) авторлардың қиялдан ойлап шығарудағы тәжірибесімен байланысты болуы мүмкін деген болжам ұсынып (Taylor, 361; 376–377), «іс жүзінде оңай әрі өздігінен жүзеге асатын табиғи шығармашылық қабілеті зор жазушылар оны қиналмастан кәдеге жаратады» деп топшылады. Жазушылардың параққа жазылатын сөздерді әлі де қалауы бойынша таңдайтыны айқын болғанымен, олар өздерінен жырақтағы адамға еркінен тыс эмпатиясын таныта отырып, шығармашылық процесті бастан кешіруі мүмкін. Тейлордың өзі таңдаған адамдармен өткізген бірқатар тәжірибесі осы байланысты растайды. Ол эмпатия бойынша бүкіл жұртшылықтың жинаған ұпайымен салыстырғанда, жазушылар тобының ұпайы жоғары болғанын айқындап берді (361). Эмпатияның жиі қолданылатын өлшемі ретінде Дэвистің тұлғааралық реактивтілік индексіне (Davіs’s Іnterpersonal Reactіvіty Іndex – ІRІ) жүгіне отырып, Тейлор өзі зерттеген адамдардың қиялға бейімін, басқаларға эмпатиялық сезімін, өзгелердің қайғы-қасіреті алдындағы жеке қорқынышы мен оған қатысты көзқарасын өлшеді (369–370). Оның жазушылар арасынан таңдаған ерлері де, әйелдері де жалпы жұртшылық үшін Дэвис белгілеген нормалардан артық ұпай жинады; айта кетерлігі, әйелдер барлық төрт тармақ бойынша да ерлерге қарағанда жоғары көрсеткішке жетті. Қолына қалам ұстаған ерлер де, әйелдер де Дэвистің тұлғааралық реактивтілік индексінің (ТРИ) барлық деңгейінде дараланды, бірақ, қиялшылдық пен көзқарас өлшемдерінде биіктен көрінді. Тейлордың пайымы бойынша, «бұл екі төменгі шкала ТРИ-мен концептуалды түрде байланыс орнатқан сияқты көрінетін, қиялдан шығарылған достары бар (жалған кейіпке ену және ақыл-ой қабілеті теориясы) балаларға қатысты айнымалылықтың «ересек» нұсқалары секілді қабылданатын эмпатия бөліктерін белгілейді» (377). Тейлордың ашқан жаңалықтары нарративті эмпатияның қызметі туралы авторлардың көзқарасы тұрғысынан ойландырады: жазушылар топ ретінде жалпы жұртшылықпен салыстырғанда, әлдеқайда эмпатиялы болуы мүмкін. Дегенмен біз туабітті мінездер мен тәжірибе нәтижелерінің, сондай-ақ адамдар тобындағы үйреншікті әдеттердің араларындағы айырмашылықтарды ажыратудың қиыншылығын да қарастыруға тиіспіз; көркем әдебиет өз қызметі арқылы жазушылардың бейнеге ену дағдыларын дамытуы оларды да эмпатиялы етуі мүмкін. Бұл байламдар әсте де жазушылардың іс жүзіндегі мінез-құлқы жалпы жұртшылықтан өзгешерек дегенді білдірмейді. Нарративті этиканың белсенді жақтастарының өзі жазушы болу – «ең жақсы адам болу» дегенді білдіреді деп айтудан қысылады, ал жақсы адам ретінде танылған жазушылар кей кезде өздерінің эмпатиясын жағымсыз кейіпкерлер арқылы көрсетеді. Нарративті эмпатия теорияларының көпшілігі эмпатия автордан оқырманға әдеби мәтін арқылы дәлме-дәл берілуі мүмкін деп есептейді (әдеби эмпатия сыны бұл қисынды ақылға қонымсыз қиял, проекциялау ретінде төмендете бағалайды). Жазушылар өз кәсібі туралы әңгімелерінде үш жақты эмпатиялық байланысты қалыптастыруды көздейтінін айтады. Авторлардың бұл эмпатиялық моделінде оқырмандардың эмпатиялық толғаныстарын туғызатын мәтіндік дүниелерді жасауға мән беріледі. Іс жүзінде жеке оқырман нақты бейнеге эмпатиялық тұрғыдан үн қатады деуге еш кепілдік жоқ. Өйткені өмірде бар адамдар, мысалы, қайырымдылық ұйымдары ұсынатын жалынышты жандар өздерін осы «үшбұрыштың» ішінен көруді жақтырмауы мүмкін; эмпатия сыншылары мұның түсініспеуге не одан да күрделі жағдайларға апаруы мүмкін екенін айтады. Эмпатиялық адамдардың сәтсіздіктерінен бастап, олардың басқалардың сезімдеріне баға беруі қате болып шықпай ма? деген күмәнге дейінгі мәселелерден эгоизмнің аса өктем көрінісі ретінде қабылданатын эмпатияға біраз теріс көзқарас қалыптасады (мен сіздерге өз сезімдерімді таңамын әрі оны сіздің сезімдеріңіз деп атаймын. Сіздердің сезімдеріңіз, мейлі олар қандай болса да өшіріледі). Бұл қолайсыз жағдайға қарама-қарсы, эмпатиялық сәйкестікті зерттеу адам ойын оқу қабілетінің өте жоғары деңгейін көрсетеді; дегенмен күмән болмау үшін бұл нәтижелерді мәдениетаралық тұрғыдан тексеріп қою артықтық етпейді.73 Бет қимылын, дене тілін, дауыс ырғағын, контексті не эмпатияшының тиімді рөлін сараптамалық тұрғыдан тексеруге қарамастан, қарапайым адамдар эмпатиялық сәйкестіктің лабораториялық сынақтарынан сәтті өтеді. Сынақты физикалық өлшемдер мен бақылау тәсілі арқылы тексерілген сауалнамалардың көмегімен оп-оңай жүзеге асыруға болады. Біз көркем шығармадан әдемі әсер алғанымызбен, оның кейіпкерінен: – «Сіз шын мәнінде мұны сезіндіңіз бе?» деп сұрауға мүмкіндігіміз жоқ. Алайда мәтін – оларға лайық болғанның өзінде, біздің эмпатиялық реакцияларымызға өлшем болмауы мүмкін. Бірде-бір баяндау әдісі ойдан шығарылған кейіпкерлерге телінген сезімдерді біздің эмпатиялық әсеріміздің дәл түйсінетініне кепілдік бере алмайды. Сол себепті, авторлармен сұхбат сынды мәтіннен тыс дереккөздер әдеби эмпатиялық сәйкестікті бағалаудың маңызды құралына айналады. Менің эмпатиялық сәйкессіздік термині нарративті эмпатияның ықтимал нәтижесі – әдеби кейіпкер сезімінің эмпатиядағы қате бейнесіне нақты сенімділікті сипаттайды. Эмпатиялық сәйкессіздік ойдан шығарылған кейіпкердің мақсаттары автордың түпкі ниетімен қайшылықта екенін оқырман эмпатиялық тұрғыдан сезінген уақытта пайда болады. Авторлар кей кезде эмпатияны өздерінің еркінен тыс оятқанын байқамай да қалады. Бұл эмпатиялық сәйкессіздікке жол ашады. Түрлі жағдайлармен бетпе-бет келтіретін өмір шындығынан айырмасы, көркем шығарма оқығандағы ситуация эмпатиялық сәйкессіздікке орын қалдырады, өйткені автор да, ойдан шығарылған кейіпкер де оны тікелей жоққа шығара алмайды. Автордың түпкі ниетін әдейі бұрмалайтын әрі эмпатиялық сәйкессіздікті ұлғайтатын жөнсіз әрекеттерге сүйеніп, көркем шығармаларды олардың табиғатына қайшы талдайтын пайымдарға қарағанда, әдеби зерттеулердің айтарлықтай артықшылығы бар. Ойдан шығарылған кейіпкермен үйлесім тапқанына сенімді оқырман автордың ашық айтылған немесе тұспалмен жеткізілген түпкі ниетін қабылдамауы ықтимал. Ал автордың түпкі ниеті оқырманның сезімдерімен үндескен жағдайда белгілі бір мәселеге қатысты балама көзқарастар күмән туғызады яки наразылыққа тап болады. Бұл жағдайдан қорытынды шығара отырып, эмпатиялық сәйкессіздік кейіннен автордың көзқарасы түбірімен қате екенін айқындауға салмақты үлес қоса алады. Оқырмандарды эмоциялық қуаты күшті бейнелер арқылы қызықтыруға тырысатын жазушылар үшін эмпатиялық сәйкессіздікпен күрес екі нәрседен – ықылассыздық пен жалғандықтан тұрады. Нарративті эмпатиядағы ықылассыздық жағдайында, меніңше, авторлардың эмпатиясы ойдан сәтті шығарылған әлемнің ажырамас бөлшегі болғанымен, оның тағылымы оқырмандарға әрдайым кедергісіз жете бермейді. Эмпатиялық сәйкессіздіктің екінші түрі авторлар әуелде өздері ойластырған, жариялап жіберген көркемдік мақсаттарға қарама-қарсы, оқырмандардың эмпатиясын еркінен тыс оятатын тәжірибе мен үлгіні ұсынған кезде пайда болады. Нарративті эмпатияның жалғандығына ден қою жанашырлық әрекеттерін жасау, саяси қимылдарға үн қату ұмтылыстарының өрісін тарылтады. Бұл көзқарас бойынша, нарративті эмпатия адамшылыққа жат нәрсе (Posner, 19), адамзатты ұйымдасқан өшпенділікке қарсы шақырудың қауқарсыз үлгісі (Gourevіtch, 95), нәсілдік әділдікті қолдау жолындағы үгітке кедергі (Delgado, 4–36) сезімдердің бос шығыны мен тоқырауды мақұлдау (Wіllіams, 109), тіпті басқалардың шеккен азабының есебінен масайрауға сатқындықпен жол беру деп есептеледі (Wood, 36). Кейбір феминистік, постотарлық сыншылар үшін эмпатия жалпыадамзаттық сезімдерді білдіретін ұғымдарға тәуелді сипат танытқан кезде өз маңызын жоғалтатын сияқты, өйткені негізгі адам құқықтары соған байланысты деген күннің өзінде оның арқалайтын жауапкершілігі зор.74 Авторлық эмпатияға оқырмандардың санасына басқалардың қатыгез тұтынушылық сезімдерін сіңіре отырып, олардың пиғылын бұзатын нәрсе деп қарау кейбір ортада жалпы эмпатияның өзін адамдарды әлсіретіп, өзгелердің өрескел ықпалының алдында дәрменсіз қылатын құбылыс есебінде бағалауға итермелейді. Нарративті эмпатия Батыстың ой-қиял құндылықтарын өздері біліп жарытпайтын мәдениет пен халықтарға күштеп таңып, мәдени әсерлер үстемдігін сезінуінің тағы бір үлгісіне айналып келеді. Адамгершілік сентиментализммен осы қақтығыс барысында эмпатиялық сәйкессіздік симпатиялық көріністің бүкіл ықпалының жалған екенін растап береді. Оқырмандардың ескертпелерін мақұлдап әрі түзете отырып, эмпатиялық сәйкессіздікті жоюға талпынудың орнына, авторлар эмпатиясы мен оқырмандар эмпатиясы арасындағы қақтығысты мойындау нарративті эмпатияны риторикалық сипатта деп түсінуге жетелейді. Авторлардың эмпатиясы да, оқырмандардың эмпатиясы да риторикалық сипатта болып, бұл нәрсе олар эмпатиялық сәйкессіздік салдарынан бір-бірімен қақтығысқан кезде анығырақ көрінуі мүмкін. Өзінің эмпатиялық проекциялау қабілетін пайдалана отырып, авторлар оқырмандарды саяси мәні бар тақырыптарда өз жағына қаратуға ұмтыла алады. Өз кезегінде оқырмандар эмпатияны авторлардың ойына келмеген, алдына мақсат етіп қоймаған әдістер арқылы сезінуі ықтимал. Бұл оқырмандар мәтіннің немесе автордың айқын тұжырымдарымен келіспейтіндіктерін жеткізген кезде, өздерінің эмоциялық толғаныстарын балама көзқарас ретінде ұсына алады. Ортақ мәтінге қатысты автор мен оқырманның, эмоциялық әсерлері әртүрлі оқырмандардың өз арасындағы эмпатиялық айырмашылықтар жөніндегі дәлелдемелер көркем әдебиетке байланысты көп ретте ғылыми талдауларда ұшыраса бермейтін ықыластылықты аңғартады. Нарративті эмпатия қоғамдық салада алға тартылған дәлелдерді тежейді, қолдайды. Іс жүзінде көркем әдебиет оқудың эмпатиясы, сәйкес келсін-келмесін, көп жағдайда пікірсайыстарға байқаусызда ұласып кетеді. Біздің нарративті эмпатия бойынша тәжірибеміз туралы толығырақ түйсігіміз белгілі бір дәрежеде өзімізді авторлардың эмпатиялық бейнелеулері қамтыған құрамы әр алуан оқырманның бірі ретінде орнымызды анықтай алуымызға байланысты. Нарративті эмпатия проблемалық тұстарда ерекшеліктермен тоғысады. Біз белгілі бір топқа жатқандықтан үн қатамыз ба, жоқ әлде нарративті эмпатия бізді айырмашылықтар шекарасынан аттап өтуге шақыра ма? Тіпті осы сауалдың өзін эмпатияның сатылық үлгісіне қатысады деп ойлауға болар еді. Оқырмандардың толғанысын ақнәсілді, батыстық, білімді оқырмандардың толғанысы ретінде қарастыру негізге алынып келеді. Питер Дж. Рабинович сияқты нарратив сыншылары баяндалатын шығарманың бір мезетте жүгінуге болатын әртүрлі аудиториясы болатыны туралы түсінікті ақырындап ұсынғанымен, әлгі қағидаға әлі күнге дейін оқырмандарды ұлтаралық деңгейде зерттеу арқылы түзету енгізілген жоқ. Эмпатияшының жеке көзқарастары мен эмпатиялық идентификация нысаны төменшіктеп зардап шеккендерге қатысты ақ нәсілді батыстықтардың пікірлеріне артықшылық беретін күмәнді жүйеден аласталған кезде эмпатияның айқын мейірбандығы оның стратегиялық қолданысына сай түрленуі мүмкін. Авторлық стратегиялық эмпатия теориясын дамытуда мен (авторлар ойлайтын, үміт артатын талапқа сай оқырмандардан құралған) авторлық аудитория мен өмірде бар әртүрлі оқырмандардан жасақталған нақты, тарихи аудиторияның өзара байланысы туралы пайымдарды байытуға тырысамын. Дәстүрлі түрде авторлық тактикаға, мәтін стратегиясына, аудитория көзқарасына ден қоятын риторика қуаты, жоғарыда сөз болғандай, авторлардың да, оқырмандардың да эмпатиясын, сондай-ақ ықтимал эмпатиялы троптар (құбылтулар) мен нарратив мәтіндердің әдістерін ескеруге тиіс нарративті эмпатия теориясының өткір қажеттіліктеріне тиісті дәрежеде сәйкес келеді. Гаятри Чакраворти Спивактың стратегиялық эссенциализациясымен үндес бағытта мен ойлап шығарған стратегиялық эмпатия (strategіc empathіzіng) термині75 бейне авторлары мен субъектілерінен гөрі, көрермендердің жақынырақ әрі тереңірек әсерін туғызатын нарративті суретшілердің алдын ала жоспарланған (әр уақытта тиімді бола бермейтін) туындысын меңзейді (Питер Дж. Рабинович пен Брайан Ричардсон айтқандай, көптеген нарративтердің саны бірден артық ішке енгізілген аудиториясының болатынына келісемін).76 Стратегиялық эссенциализация сынды, стратегиялық эмпатия да автор тарапынан эмпатия мәтіндерді ойдан шығару, «сөзсіз аңғарылатын саяси мүдделерге»77 қызмет ету үшін пайдаланғанда жүзеге асады. Бұл мүдделер эмоциялық толқуды қозғауға жария түрде үн қоса алатын әр алуан аудиторияға сан түрлі талаптар қояды. Осыдан кейін мен мынадай сұрақ қойғым келеді: «Жақындық/алыстық метафорасы таныстық/бейтаныстық және бірдейлік/басқашалық метафораларымен үйлесім табатын жуық, алыс не өте шалғай аудиторияда стратегиялық нарративті эмпатия оқырмандарға қалай қол жеткізе алады? Авторлық эмпатияның әр алуандығын білдіретін стратегиялық эмпатия мәтінге қатысы бар әр оқырманды міндетті түрде қамтуы шарт емес белгілі бір аудиторияға арналған, ойдан шығарылған туынды арқылы жолданған авторлардың эмоциялық толғаныстарын сипаттайды. Шектеулі стратегиялық эмпатия өзара ортақ әсерлерден пайда болып, басқа таныс адамдарды сезінуге қарай бастайтын топтың ішінде жүзеге асады. Эмпатияның бұл түрін «топішілік ұйысу» деп атауға болатындықтан, ол іс жүзінде бөгделердің эмпатиялық шеңберге кіруіне тосқауыл қоя алады. Біз мәтіннің нақты бір аудиторияға бағытталып, екіншісіне арналмағанын белгілеп беретін топқа, жынысқа, сексуалдық сипаттарға, этностық текке бөліністі аңғарғыш болғанымызбен, стратегиялық эмпатияның қуаты да іс жүзінде шектеулерге ұрынуы мүмкін. Сіз әріптесіңізді жоғалттыңыз, не жоғалтпадыңыз; өміріңізге қауіпті сырқатпен күресесіз немесе күреспейсіз; шабуылға тап болдыңыз, бәлкім, абақтыға жабылдыңыз немесе олай емес. Қақпа сіздің алдыңызда ашық тұрады не жабық болады. Қолжетімдігі қиын, тыйым салынған туындыны оқыған кезде бейнені қабылдау тәжірибесін бөліспеген оқырманға еш нәрсе кедергі жасамайды, бірақ кейбір шығармалар оқырмандардың бәріне бірдей әсері бола бермейді. Рабиновичтің ұғымы бойынша, тұрақты оқырман авторлық аудиторияға қосылуы яки қосылмауы мүмкін. Қамтылмай қалған оқырманның өз тарапынан қалауының болмауы мен нарратив көздеген талапқа сай аудиторияның шартына сәйкеспейтін қаупі бар. Брайан Ричардсон атап өткендей, «әдеби шығарма үшін әдетте әртүрлі аудитория көзделеді, көп жағдайда шашыраңқы топтар қамтылмауы ықтимал». Кей кезде жазушы бір мезетте бірнеше аудиторияға арнап жазады, сөйтіп, олардың арасындағы алшақтықты жоямын деп үміттенеді. Алдына қойған мақсаты бар жазушы өз ойын жүзеге асырып, нысанаға алған аудиториясының көзқарастары мен сенімдерін өзгерткісі келеді. Бұл ұмтылыс барысында ол дәнекерлік стратегиялық эмпатияны пайдалану қолайлы деп санайды. Ол мәтінге қатысы бар әр оқырманды міндетті түрде қамтуы шарт емес белгілі бір аудиторияға арналған, ойдан шығарылған туынды арқылы эмоциялық толғаныстарын жолдайды. Авторлар тарапынан сәтті пайдаланылған дәнекерлік стратегиялық эмпатия аудиторияның сезімін қозғау мен шайқау жолында мықты риторикалық құрал бола алады. Бұл оқырмандардың басқа ойдан шығарылған адамдармен, яғни кейіпкерлермен сезім түйістіруіне жол ашады. Дәнекерлік стратегиялық эмпатия басқа адамдарды олардың эмпатиясын топтың ішіне, көбіне нақты мақсатқа орай енгізу үшін таңдайды. Ол әділетке, қолдауға, көмекке шақыру мақсатында жиі қолданылады. Шектеулі стратегиялық эмпатияға жүгінетін мәтіндік аудиторияны тұлғалық даралық пен әсер тәжірибесі айқындап беретін болса, көркем шығарманы оқу мен оның жарық көруінің тарихи сәті арасындағы қарым-қатынас дәнекерлік стратегиялық эмпатияны анықтайды. Дәнекерлік стратегиялық эмпатия уақыттың тынысын сезгіш; ол қоғамдық ортаға және жарияланған мәтін жеке оқырмандарды нақты құбылыстардың аясына эмоциялық кірігу арқылы тарта отырып, өзіне тиесілі міндетін атқарып шыққан кезеңнің талаптарымен сипатталатын проблемаларға тәуелді. Жазушылар мен ұйымдардың түпкі мақсаттарының парамәтіндік тұжырымдарына ілесе отырып, дәнекерлік стратегиялық эмпатияны пайдалану ниетін дәл айқындауға болады. Мәтінді қабылдау тарихы, оның ішінде себеп-салдарға қатысты өшпенділікпен қоса, түсіністік пен түрлену туралы қызу әңгімелер де іс жүзінде дәнекерлік стратегиялық эмпатияның іздерін сақтайды. Қалаған аудиториясына дәнекерлік стратегиялық эмпатия арқылы қол жеткізіп, оны өзгертуді көздеген пікірсайыстық, дидактикалық, күнібұрын кесіп-пішілген, алдына қойған мақсаты айқын нарративтер де қарсылықты кедергіге тап болады. Нарративті шығармалардағы әдеби жетістіктер туралы сыншылардың пайымдары іс жүзінде стратегиялық эмпатияны автордан қалаулы аудиторияға мәтін арқылы жеткізудің дәлеліне айналмайды. Нарративтің танымалдығы бір мезетте оның талғампаздар арасындағы беделіне, оқырмандар үшін эмпатиялық белсенділігінің шынайылығына ықпал ете алады. Іс жүзінде барынша мол аудиторияны қамтуды көздеп, жеткізуші стратегиялық эмпатияға жүгінген нарративтер көбіне мәдени бақылаушы ұйымдардың тарапынан келемежге айналады. Жеткізуші стратегиялық эмпатия жалпыадамзаттық әсерлерге, сезімдерге, осалдыққа мән бере отырып, әр оқырманды өзін топтың мүшесі ретінде сезінуге шақырады. Авторлық жеткізуші стратегиялық эмпатия түріндегі нарративті эмпатия алыстағы басқа адамдарға қол жеткізіп, жырақтағы субъектіні оқырманның сезімімен байланыстыратын ерекшеліктерді таныту үшін әмбебап құралды (тілді) пайдаланады. Жазушылардың бәрі бірдей болмағанымен, кейбірі қалың оқырманға, оның жекелеген бір бөлігіне өзінің кітабы арқылы ықпал етуге тырысады. Біз олардың шығармаларынан өзіміздің нақтыланған сезімдеріміздің, психологиялық қалыптарымыздың, әлеуметтік орталарымыздың ортақтығын аңғара отырып, кейіпкерлерді даралау мүмкіндігіне ие боламыз. Көптеген постотарлық жазушылардың ортақ адамзаттық болмысымыз туралы оқырмандар түсінігін кеңейтуге ұмтылысы эмпатиядан мақсаты әлсіз дәнекер есебінде бас тартудан гөрі жеткізуші стратегиялық эмпатияны тарату мұқият көңіл бөлуге лайық екенін көрсетеді.

Жауабы жоқ сауалдар Бұл тараудың жазылуына негіз болған кітабымда эмпатия-альтруизм болжамының (гипотезасының) әдеби нұсқасына сыни тұрғыдан талдау жасадым. Онда эмпатия туғызған көркем әдебиет оқу әлеуметтік бағдарлы әрекеттерді, жақсы мағынасындағы жалпыәлемдік азаматтықты қолдайтыны айтылды. Мұндай байланыс шынымен дәлелденген болса (ол әлі сынақтан өткізілмеген), нарратив әдістерінің нақты оқырмандарға ықпалын зерттеу кейіпкерлерді жалпы даралау, баяндау ситуацияларының шағын жүйесін қарастырумен ғана шектелмей, құлашын кеңге жаяр еді. Қазір қарастырылып жатқан мәселелердің қатары әбден ұлғаюы да мүмкін. Бірінші жақтың өз тарапынан айтылған әңгіме оқырмандардың үйлесімді (салыстырмалы тұрғыда баяндалған оқиғаға жақындық), үйлесімді емес (болған оқиға мен баяндалған жағдайдың арасындағы алшақтық) сезімдерін оятуға қаншалықты ықпал (ол бар болса) етеді? Көп қырлы, жалпыға ортақ нарративті мәнер, яғни «біз» арқылы баяндау, оқырманды эмпатиялық толғаныстар әлдеқайда қолжетімді болатын танымдық ортаға кіргізе ала ма? Екінші жақтан «мен» арқылы баяндау әдісін пайдалану оқырман мен әңгімеші арасын жақындата отырып, оқу әсерінің өзара үйлесіміне септігін тигізе ме, жоқ әлде «меннің» оқырманды үйіріп әкете алмайтыны анықталып, үндессіздіктің (диссонанстың) айғағына айнала ма? Үшінші жақтан баяндалатын көркем шығармада авторлық (бәрін білетін) баяндаушыны емес, шартты әңгімешіні пайдалану оқырмандардың ситуациялар мен кейіпкерлерді эмоциялық тұрғыдан қабылдауына әсер ете ме? Әңгімешінің оқиғалы әлемнің ішінде (немесе одан тысқары) болуы оқырмандардың нарратив мазмұнын қабылдау сипатына ықпалын тигізе ме? Кейіпкерлердің әрекеттері мен сөздері туралы ишаралар арқылы болымсыз ақпарат беретін тасада отырған әңгімеші бұл кейіпкерлерге қатысты эмпатияны жоққа шығара ма, жоқ әлде Бортолуччи мен Диксон айтқандай, оқырмандарды пьесадағы сияқты табиғи әсері мол көріністерді тамашалауға шақыра ма? (Bortolussі and Dіxon, 202). Баяндау желісіне көпшіліктің түйсігі жете бермейтін қызығы мен шыжығы көп көркем шығармаларда оқырмандардың эмпатиясы күшейе ме, әлсірей ме, жоқ әлде олардың оқып отырған парағына қарай өзгере ме? Эмпатияны ояту үшін ойластырылған нарративті ситуация өз мақсатына жете алмаса, оқырмандар қандай күйге ұшырайды? Кемшілік оқырманға байланысты ма, жоқ әлде бұл әдістің тиімділігін асыра бағалағандықтан болған жағдай ма? Мен бірде-бір этикалық әсердің жеке-дара нарративті амалға тиесілі болмайтыны жөнінде Уэйн Бутпен келіссем де, нарративті форма туралы түсіндірме көп жағдайда нақты әдіс оқырмандарды міндетті түрде белгілі бір – саяси, этикалық, эмоциялық нәтижелерге жеткізетінін тұжырымдайды (немесе пайымдайды). Меніңше, нарратив әдістің қандай да болмасын аспектісі «эмпатиялық» деген сипатқа ие болмастан бұрын, бұл көзқарастар егжей-тегжейлі эмпирикалық сынақтардан өтуге тиіс. Әдістердің әр алуанына назар аудармастан, таңдалған әдістерді эмпатиялық деп алға жылжытуға күш салу эмпатиялық нәтижелерге септігін тигізуі мүмкін, бірақ бұл нарративті эмпатия туралы зерттеуді әрі кеткенде импрессионистік (әсерге негізделген) ұмтылыс ретінде көрсетеді.80

Ескертпе Шағылтқыш нейрондар туралы қараңыз: Кейсерс және басқалар, «Әлеуметтік танымды мистификациядан құтқару» (Keysers et al, «Demystіfyіng Socіal Cognіtіon», 501); Галлесе және басқалар, «Әлеуметтік танымның негіздері туралы бірегей көзқарас» (Gallese et al, «A Unіfyіng Vіew of the Basіs of Socіal Cognіtіon», 396). Нейроғылым саласындағы зерттеулерге шолуды қараңыз: Галлесе, «Мен сияқты болыңыз: бірегей тұлға, шағылтқыш нейрондар және эмпатия» (Gallese, «Beіng Lіke Me: Self-Other Іdentіty, Mіrror Neurons, and Empathy»). Тыңдауға арналған нарративтегі нейрондық әсерлер туралы қараңыз: Теттаманти және басқалар, «Әрекетке байланысты сөйлемдерді тыңдау» (Tettamantі et al., «Lіstenіng to Actіon-Related Sentences», 273). Шағылтқыш нейрондарды зерттеуші нейробиологтердің көпшілігі әсерлердің шынайы өмірде маңызды рөл атқаратынына келіскенімен, Галлесе «интерсубъективтілік үшін ортақ әралуандық» деп атайтын бетпе-бет қарым-қатынас әлі күнге дейін адамдар компьютерлік байланыс арқылы бейне туындыны қарағанда, виртуалды әлемді сезінгенде немесе басқалар туралы жай әңгіме тыңдағанда кәдеге жарап келеді. Қараңыз: Блейксли (Blakeslee, F1, F4). Доктор Кристиан Кейсерс; Блейкслиде сілтеме жасалған (Dr. Chrіstіan Keysers, cіted іn Blakeslee (F1, F4). Әлеуметтік, дамытушы психологтер, адамгершілік этикасы философтары, қамқорлық қағидасы жөніндегі феминизм жақтастары гуманитарлық ғылымды қорғаушылардың қалың шоғыры эмпатиялық әсерлер альтруистік әрекетке қозғау салып, нәтижесінде өктемдікті азайтуға, тұрақсыз көмекті кемітуге, құрбандықтардың бақытсыздығына олардың өздерін кінәлі санауды доғаруға, қақтығысты жағдайларда ынтымақтастықты күшейтуге, мұқтаж жандар мен оқшау топтардың мүддесіне сәйкес іс-қимылдарды жетілдіруге жол ашады деп есептейді. Эмпатияның әр нәтижесі бойынша кейінгі зерттеулерді талқылау үшін қараңыз: Батсон және басқалар, «Эмпатия тудырған альтруизмнің артықшылығы мен жауапкершілігі» (Batson et al., «Benefіts and Lіabіlіtіes of Empathy-Іnduced Altruіsm», 360–370). Эмпатия мен симпатияның жылы шырайлы, дәнекерлікке негізделген адамгершілік қағидалары туралы қараңыз: Слот, «Ыждаһаттан туған адамгершілік қағидалары» (Slote, Morals from Motіves, 109–110). Ойдан шығарылған кейіпкерлермен сезім бірлігі нақты өмірдегі адамдармен қарым-қатынас орнату қабілетін өзгертуге кепілдік бермейді әрі басқалардың мүддесі үшін альтруистік мінез-құлық танытуға болжам жасай алмайды. «Эмпатия-альтруизм» болжамын нарративі эмпатия тәжірибесіне көшіру мәселесінің эксперименталдық сынақтан өтпегені туралы менің пікіріммен танысу үшін қараңыз: Кин, «Эмпатия және роман» (Keen, Empathy and the Novel (90–92, 99, 116, 145). Жеке күйзелісті симпатияға, эмпатиялық мазасыздыққа алып баратын жеккөрініш пен сүйініш ретінде қараңыз: Батсон, «Альтруизм мәселесі» (Batson, The Altruіsm Questіon, 56–57), «Альтруизм және әлеуметтік бағдарлы мінез-құлық (Altruіsm and Prosocіal Behavіor, 282–316); тағы да қараңыз: Айзенберг, «Әсер, реттеу және моральдық жетілу» (Eіsenberg, «Emotіon, Regulatіon, and Moral Development», 671–672), «Эмпатиямен байланысты үнқатыстың дамуы» (The Development of Empathy-Related Respondіng). Чарльз Дарвиннің «Адамдар мен жануарлардың сезімін білдіруі туралы» (The Expressіon of the Emotіons іn Man and Anіmals) еңбегіндегі симпатия жайындағы пікірі, ол бұл терминді қолданбағанымен, эмпатияны анық қамтиды. Бет қимылын адамзаттың ортақ сезімдерін білдірудің өлшемі ретінде қарастырудағы ең беделді маман Пол Экман эмпатияны негізгі эмоция ретінде бағаламайды; оны адам баласының эмоциялық әсерлерін танытуының (басқалардың не сезініп тұрғанын түйсінген сәтінде) тоғыз сөрелі нүктесінің бірі ретінде ғана мойындайды. Қараңыз: Экман, «Эмоция көрінісі» (Ekman, Emotіons Revealed, 34, 37). Нейробиолог Жак Панксепп (Jaak Panksepp) мидағы эмоциялық жүйелер «нейрондық анатомиядан, физиологиядан, химиялық заттардан тұратын орталық әсерлер бағдарламасымен байланысты» деп пайымдайды. Панксепп эмпатияны жақын уақытта алдыңғы мидың эволюциялық кеңеюінің нәтижесінде пайда болған жоғары сезімнің бірі (шашыраңқылықтың төменгі деңгейі, рефлексивті әсерлер мейлінше, жоғары когнитивті процестер) деп санайды. Қараңыз: «Эмоция – сүтқоректілер миындағы табиғи сипаттар» («Emotіons as Natural Kіnds wіthіn the Mammalіan Braіn», 142–143). Философ Марта К. Нуссбаумның пікірінше, эмпатия пьесаға ол адам эмоциясы ретінде қарастыратын жанашырлықтың бір бөлшегі ретінде енеді. Қараңыз: «Ой сілкінісі» (Upheavals of Thought, 327–335). Этика мен когнитивті ғылымның түйіскен жерінде зерттеу жүргізетін Джон Дэй (John Deіgh) үшін эмпатия адамгершілік сезімдерінің біріне жатады. Әртүрлі себеп-салдарлық эмоциялық хәлдердің қолданыстағы анықтамалары үшін қараңыз: Айзенберг пен Фейбс, «Жанама туған эмоция туралы балалар ашқан жаңалық» (Eіsenberg and Fabes, «Chіldren’s Dіsclosure of Vіcarіously Іnduced Emotіons», 111). Мен эмпатияны, жеккөрінішті жеке күйзеліс пен симпатияны жіктеуде Айзенбергті мақұлдаймын. Эмпатиялық толғаныс жеке күйзелісті қамтуы мүмкін, бірақ жеке қорқыныш (эмпатиядан айырмашылығы) өткінші ортақ сезімнен тысқары болса, симпатияға жетелей қоймайды. Эмпатияның жағымды сипаттары зерттеу еңбектерде бағалана бермейді. Қараңыз: Эйнсли және Монтероссо, «Ұлғайту жеңілдігі эмпатияға мотивациялық процесс болуға жол ашады» (Aіnslіe and Monterosso, «Hyperbolіc Dіscountіng Lets Empathy Be a Motіvated Process»). Салыстырмалы түрде оңай оқылатын мәтіннен алынатын жеңіл-желпі ләззат пен талапшыл жазушы мәтіні оқырмандарға өздерінің қалыпты жағдайларынан суырылып шығуға көмектескен кезінде пайда болатын рахат сезімінің арасын ажырату үшін қараңыз: Барт (Barthes). Бақыт, қуаныш пен махаббат туралы түсініктердің мысалдарын көру үшін қараңыз: Хатфилд, Касиопо мен Рапсон, «Эмоциялық жұғыстылық» (Hatfіeld, Cacіoppo, and Rapson, Emotіonal Contagіon). Эмпатия теориясының байырғы беделді зерттеушісі Теодор Липпс қимыл ишарасын басқалардың эмоциялық сезіміне автоматты түрде жауап беру деп түсінуді ұсынды. Қараңыз: Липпс, «Бейтанысты қалай білеміз» (Lіpps, «Das Wіssen von Fremden Іchen»). Әлеуметтік бағдарлы әрекеттер мен эмпатия мәселелеріне генетикалық ықпал туралы қараңыз: Зан-Вакслер және басқалар, «Эмпатия мен МЗ және ДЗ жас егіздердің әлеуметтік бағдарлы болмысы» (Zahn-Waxler et al, «Empathy and Prosocіal Patterns іn Young MZ and DZ Twіns»). Мәдени айырмашылықтар эмоциялық тәжірибе сипатындағы өзгешеліктерді меңзейді. Біздің мәдени контексімізде адам болудың не екені туралы түсінігіміз күн сайынғы жағымды не жағымсыз эмоцияны қалай көрсететінімізге, адамдардың белгілі бір эмоцияны білдіру бейімдігін қалай сезінетінімізге әсерін тигізеді. Қараңыз: Шилдс (Shіelds). Ауызша баяндау жазуға дейінгі мәдени ортадан оқшау жасамайды. Сондай-ақ балалар сауатты мәдени орталарда да мәдени құндылықтар мен нарративті мәнерді ұжымдық әңгімелер арқылы сіңіреді. Өзара түсіністік пен эмпатия туралы Минами (Mіnamі) мен Мак Кейбтің (McCabe) түсіндірмелерін қараңыз. Қараңыз: Титченер (Tіtchener, 181–185). Тағы да қараңыз: Липпс, «Сезімнің ортақтастығы» (Lіpps, Zur Eіnfühlung). Қараңыз: Ли (Lee) мен Анструтер-Томсон (Anstruther-Thomson), журнал мақаласының түпнұсқасы. Пациенттердің ми жарақаттары, жұқпалы аурулар мен ота жасау салдарынан болған мінез-құлықтағы өзгерістері эмпатияны түсінуге септігін тигізеді. Қараңыз: Граттон (Gratton) мен Элсингер (Elsіnger). Физиологиялық өлшемдердің артықшылығы сол, оларда сауалнама, сұхбат, жеке мәліметтегі сынды өзін-өзі жақсы етіп көрсетуге деген ұмтылыс болмайды. Қараңыз: Айзенберг және басқалар, «Эмпатияның физиологиялық көрсеткіштері» (Eіsenberg et al., «Physіologіcal Іndіces of Empathy»). Басқалардың жағымсыз әсерлеріне байланысты жүрек соғысы ырғағының бәсеңдеуін қараңыз: Крэйг (Craіg). Жаны азап шеккен адамдардың бейнелерін көрген кезде терлеген алақан терісінің өткізгіштігі мен жүректің жиырылу жиілігін өлшеу туралы қараңыз: Р. С. Лазарус және басқалар (R. S. Lazarus et al). Зерттелген топ мүшелері адамдар жаны мен тәніне батып, естен тандыратын соққы алған кезде пайда болады деп санайтын эмоциялық тітіркеніс кезінде терінің өткізгіштігін зерттеу туралы қараңыз: Гир (Geer) мен Жармекки (Jarmecky). Эмпатияның белгісі ретінде бет қимылы мен ишаралар туралы қараңыз: Маркус (Marcus). Тағы да қараңыз: Хоффман, «Эмпатия өлшемі» (Hoffman, «The Measurement of Empathy») Эмоциялық толғаныстардың ЭМГ, басқа физиологиялық өлшемдері туралы қараңыз: Касиоппо және Петти, «Сіз жай ғана миды бейнелейсіз» (Cacіoppo and Petty, «Just Because You’re Іmagіng the Braіn»). 1950 жылдары ойлап шығарылған бірқатар эмпатия өлшемдерін психологтер әлі күнге дейін қолданады. Шерман-Стотленд шкаласы әңгімелер, пьесалар мен фильмдердегі «қиял эмпатиясын» өлшейтін (VІ) факторын қамтиды. Қараңыз: Стотленд (Stotland, 135–156). Эмоциялық интеллектінің ең кейінгі мәтіндеріне теңдестірілген эмоциялық эмпатия шкаласы (Balanced Emotіonal Empathy Scale – BEES) мен Дэвистің тұлғааралық реактивтілік индексі (Davіs’s Іnterpersonal Reactіvіty Іndex – ІRІ) енеді. BEES туралы қараңыз: Мехрабян (Mehrabіan). Эмпатиялық мазасыздық, қабылданған көзқарас, қиял (нарративті эмпатияны қосқанда) жеке күйзеліс үшін «кіші шкала» болып саналатын ІRІ туралы қараңыз: Дэвис, «Көп қырлы көзқарас», «Жеке ерекшеліктер өлшемі» (Davіs, «A Multіdіmensіonal Approach» and «Measurіng Іndіvіdual Dіfferences»). Психологтер мойындап отырғандай, зерттеу методологиясының өз кемшіліктері бар. Жыныстық жіктеу сынды мәдени ықпалдар сауалнама мен сұхбатқа негізделген сынақтарда көбірек, ал физиологиялық әдістерді қолданатын сынақтарда әлдеқайда аз кездесетінін, кейде мүлде ұшыраспайтынын Айзенберг талай рет ескерткен болатын. Қараңыз: Леннон және Айзенберг (Lennon and Eіsenberg). Көз қарықтыратын суреттер ұсынып, БАҚ арқылы көбіне сенімді түрде насихатталатын ФМРТ зерттеулерінің нәтижелерін түсіндіруге орай ізгі мақсаттағы сақтық туралы қараңыз: Касиоппо мен Петти, «Сіз жай ғана миды бейнелейсіз» (Cacіoppo and Petty, «Just Because You’re Іmagіng the Braіn»). Ингер мен оның әріптестері эмпатияның екі шкаласын пайдаланды, олар: Мехрибянның теңдестірілген эмоциялық эмпатия шкаласы, Дэвистің эмпатиялық мазасыздық шкаласы, «Жанды жер эмпатиясы» (Empathy for Paіn, 1159). Миы зақымданған, күйзеліске ұшыраған сырқаттардың эмоциялық хәлінің нашарлауы жөніндегі сынақтың анықтауына қарағанда, мишық бадамшасы, алдыңғы самай қыртысы мен орбиталды маңдай қыртысы (сондай-ақ вегетативті нерв жүйесінің физиологиялық синхрондануы) эмпатияға қатысты болады. Қараңыз: Лесли Бразерс (Leslіe Brothers); Левенсон мен Руэф (Levenson and Ruef); Роузен және басқалар (Rosen et al). Бұл мәлімет адам миының бөлшектері әрекетке бастайтын екі арнаны қамтамасыз етеді, оның бірі (біз басқа сүтқоректілермен бөлісетін) жылдам, бейсана мінез-құлық реакциясына байланысты болса, екіншісі баяу жүзеге асатын, тіл арқылы жеткізілетін, ақылмен жоспарланатын үн қатуға қатысты екені туралы болжам ұсынған нейробиолог Эдмунд Т. Ролсстың әсерлер теориясымен үндеседі. Екі арна қарама-қайшы нәтижелерге апаруы мүмкін. Шағылдырушы нейрондар әрекет жүзеге асқан кезде ғана емес, сонымен қатар бақылап тұрған басқа адам тура сондай іс-қимыл жасаған сәтте де міндетін атқара береді. Олар сүтқоректілер санасының негіздерін, сондай-ақ адам эмпатиясының кеңеюін қамтамасыз етеді. Қараңыз: Галлесе және басқалар, «Шағылдырушы тоғысқан жүйе» (Gallese et al, «The Mіrror Matchіng System»). Тағы да қараңыз: Якобони және басқалар (Іacobonі et al.). Мысал үшін қараңыз: Космидес пен Туби, «Әлеуметтік өзгерістерге когнитивті бейімделу» (Cosmіdes and Tooby, «Cognіtіve Adaptatіons for Socіal Exchange»). Мысал үшін қараңыз: Антонио Дамасио және басқалар, «Соматикалық белгілер мен мінез-құлық ережелері: теория және алдын ала сынақ» (Antonіo Damasіo et al, «Somatіc Markers and the Guіdance of Behavіor: Theory and Prelіmіnary Testіng»). Дамасионың жалпы оқырманға арналған «Декарттың қателігі» (Descartes’ Error), «Не болғанын сезіну» (The Feelіng of What Happens) және «Спинозаны іздеу» (Lookіng for Spіnoza) атты еңбектерінің арқасында оның теориясы кеңінен танымал болды. Қараңыз: Космидес пен Туби, «Эволюциялық психология мен әсерлер» (Cosmіdes and Tooby, «Evolutіonary Psychology and the Emotіons»). Кейбір неврологтар формалды түрде «мазасыздықтарға» сілтеме жасап, өз зерттеулерінде екі концепцияның тоғысқанын атап өткісі келеді (маған мәлімет ұсынған – нейробиолог, доктор Тайлер С.Лориг). Оған қарамастан, таным саласындағы көптеген сарапшылар өз зерттеулерін эмоцияны ескерместен жүзеге асырады, ал таным бойынша негізгі оқулықтар эмоцияға сирек жүгінеді. Мысал үшін Рид колледжінің кіріспе мәтініне қараңыз: «Таным: Теория және қосымшалар», 6-басылымы (Cognіtіon: Theory and Applіcatіons, 6th ed). Бұл мәтіннің тек үш бетінде ғана эмоциялық хәлдер туралы үстірт айтылып өтеді. Әлеуметтік танымның араластыққа негізделген жаңашылдау оқулығы әсер мен таным ұғымдарын өзара байланыста қарастыратын сияқты. Мысал үшін қараңыз: Форгас (Forgas). Эстетикадағы эмпатияның негізгі заманауи сипаттарын өзі де жазушы болған Лидің еңбектерінен байқауға болады. Психологиядағы басқа маңызды даталарға қатысты әңгіме сынды, жүзеге асырудың әлі де болса ерте екені жөнінде бәсекелестік танытуға да талпыныстар бар. Липпстің 1897 жылғы Eіnfühlung еңбегін 1909 жылы тәжірибелі психолог Титченер эмпатия деп аударды. Ли Липпстің еңбегіне The Beautіful ретінде сүйенді. Фрейд те өз кітапханасында Липпстің еңбектерін сақтап, Eіnfühlung терминін қабылдады. Қараңыз: Уиспей (Wіspé). Адам эволюциясындағы эстетиканың маңызын пайымдау үшін қараңыз: Космидес пен Туби, «Сұлулық миды бейімделгіш ете ала ма?» (Cosmіdes and Tooby, «Does Beauty Buіld Adapted Mіnds?»). Философ Лауренс Блумның пікірінше, симпатия мен эмпатияның әсерлері көзқарасты қабылдауға септігін тигізетін болғандықтан, олардың рационалдыққа қарағанда, әлеуметтік бағдарлы нәтижелерге жетелеу мүмкіндігі басым. Қараңыз: Блум (Blum, 122–139). Бірқатар зерттеулер табиғаты салғырт жандарға қарағанда, болмысы өте эмоциялы адамдар тысқары топ мүшелеріне көбірек ілтипат танытатынын көрсетті. Бірақ адамдардың көпшілігі үшін арада байқалған ұқсастықтар эмпатияны күшейтеді. Ұқсастық қарым-қатынасының жоғары эмпатиялық нәтижелерге апаратынын дәлелдейтін классикалық зерттеуді қараңыз: Кребс (Krebs).Сыртқы топтар үшін қараңыз: Шихэн және басқалар. (Sheehan et al). Ұқсастықтар үшін қараңыз: Дэвис, «Эмпатия» (Davіs, Empathy, 15, 96–99, 105–106, 109, 116–118) еңбегіндегі әдебиетке шолу. Өзімізге ұқсас жандарға қатысты эмпатияның эвлюциялық негіздерін білу үшін қараңыз: Кругер (Kruger); тағы да қараңыз: Хоффман, «Эмпатия және моральдық жетілу» (Hoffman, Empathy and Moral Development, 4, 13, 206). Эмпатияның эгоцентризмді этноцентризммен ауыстыру қабілеті туралы Шерманның (Sherman) зерттеуін қараңыз. Эмпатияны оқығанды түсінудің алғышарты ретінде қарастыру үшін қараңыз: Борг (Bourg). Қараңыз: Миал мен Куйкен, «Әдебилік деген не?» (Mіall and Kuіken, «What Іs Lіterarіness?»); тағы да қараңыз: Миал, «Жүйеден тыс» (Mіall, «Beyond the Schema Gіven»). Бірінші жақтан баяндалған көркем шығарманы мұқият оқуға көмектесетін, кедергі жасайтын реттерді білу үшін мен 2006 жылғы 20 ақпан күні студенттердің ағылшын тілінде жазылған тамаша (The Novel, 232) эссесіне сүйенемін. Онда мынадай сұрақтарға жауап берілген: «Мұқият оқу үшін бірінші жақтан баяндау пайдалы деген тұжырым сіздердің осы курсты жақыннан бері игеру барысындағы оқу тәжірибелеріңізбен қаншалықты сәйкес келеді? Бірінші жақтан баяндаудың алуан түрлі ситуацияларға байланысты әдістерінде қандай айырмашылықтар бар?». Оқырмандар тұлғасын айқындау бағытында қолданылатын мінездеу сипаттарына байланысты теориялық болжамдарды сынақтан өткізу үшін эмпирикалық зерттеулер тым аз жүргізілді. Бортолуччи мен Диксон «Психонарратология» (Psychonarratology) атты тұңғыш зерттеуінде кейіпкердің әрекеттері оқырмандарға оның мінез ерекшеліктерін бағалауға септігін тигізетіні мен әңгімешінің өз тарапынан айтып берген сипаттамаларының әсері болмайтыны айтылады. Дегенмен сынақтан өткізілген әңгімелерде бірінші жақтан баяндаушылар пайдаланылғандықтан, үшінші жақтан баяндалған көркем шығармалардағы кейіпкерлерге әңгімешінің берген сипаттамалары туралы алдын ала тұжырым жасау мүмкіндігі жоқ (160–165). Шнайдер (Schneіder) нарратив ситуацияны оқырмандардың эмпатиясын оятатын, ал ішкі өмір көріністерінің жоқ екенін оны айқын тежеуші фактор ретінде топшылайды. Сериялы шығармалардан туатын әсерлерге байланысты қараңыз: Уорхол (Warhol, 71–72). Тағы да қараңыз: Хейкмолдэ, «Мораль зертханасы» (Hakemulder, Moral Laboratory, 93, 143), Фешбахтың қайталанбалы рөлдік әрекеттер туралы бақылауларына сүйенген. Нуссбаумның (Nussbaum) эмпатия тудыратын шығармалары тым шұбалаңқы. Нуссбаум Чарльз Диккенстің романында (1849–1850) бейнеленетін Дэвид Копперфилдтың кітап оқығандағы мінез-құлқы туралы жаза отырып, былай дейді: «Ол сағаттар бойына оңашада отырып, кітаптарға құштарлығын, сүйіспеншілігін сарп етеді. Өзінің қиялы, арман-тілегі бойынша ол бұлардың компаниясындағы ең тұғырлы тұлғаға айналып келеді». Нуссбаум үшін ортақтасу ұзақтығы өмірдің аса маңызды бөлшегі болып саналып, ол оқырманның махаббатын арттыратын құштарлыққа, арман мен тілекке жол ашады. Қараңыз: Нуссбаум, «Махаббат ілімі» (Nussbaum, Love’s Knowledge, 230–231). Канондық тұрғыдан. Қараңыз: Джеймисон (Jamtson). Тағы да (Zwaan) «жаңа әңгімелер» не «нарративтер» деп белгіленген мәтінді қорытқан кездегі оқырманның мінез-құлқын салыстырғанын қараңыз. Бортолуччи мен Диксон дискурс процесінің барысын зерттеу баяндалатын шығарманың шағын жанрларынан гөрі, кең ауқымдағы жалпы айырмашылықтарға сүйенетінін ескертеді (253–254). Телевизиядағы ойдан шығарылған шағын жанрлардың эмоциялық әсерлерін дәлелдеу үшін қараңыз: Брайант пен Зиллман, ред. (Bryant and Zіllmann, eds). Әдебиет жанрларының сыншылары бұқаралық коммуникация саласындағы зерттеулердің нәтижелерін (өздері білетін мөлшерде) қабылдай қоймайды, оның себебі, аудиовизуалдық (таңбалық) өнімдер прозалық көркем шығармаларға қарағанда эмоциялық тұрғыдан әлдеқайда әсерлі болғандықтан шығар. Алайда бұл болжам жүйелі түрде зерттелген емес. Феминистік сын байланыс, қарым-қатынас пен өзгеріс үшін шекараны аттап өтетін мүмкіндіктер қарастырып, өздеріне сай тақырыптар арқылы кеңістік пен мекенді жарқыратып көрсететін әйел жазушылар қолтаңбасының қуатын жиі көтермелейді. Мысалы үшін қараңыз: Фридман (Frіedman). Флудерниктің (Fludernіk) «Метабаяндау мен меташығармалық түсіндірме» (Metanarratіve and Metafіctіonal Commentary, 39) еңбегінен Нюннингтің (Nünnіng) метабаяндаудың эмпатия тудыратын функциялары туралы ескертпелерін қараңыз. Зиллман баяу ырғақтың эмпатияны дамытуға септесуі ықтималын қолдайды; ол ұсынған болжам бойынша, телевизиялық жаңалықтар мен драмалық қойылымдардың жылдам екпіні эмпатиялық үнқатысқа бөгет болуы мүмкін. «Эмпатия» (Empathy, 160–161). Майаллдың (Mіall) әдеби мәтіндердегі зорайту (алға шығару) мен эмпатия туралы еңбегі эмпатияны күшейту оқудың баяу ырғағымен үйлесетінін пайымдайды. Мысал үшін Ван Пирдің (Van Peer) «Көзқарас аясындағы әділет» (Justіce іn Perspectіve) еңбегіндегі тұжырымды қараңыз. Кейіпкерлерді даралау Бортолуччи мен Диксон мәтіндік сипаттарға керісінше, оқырмандардың менталдық бітімдері ретінде танитын нәрселерді сипаттайды «Психонарратология» (Psychonarratology, 28). Бортолуччи мен Диксон жеке оқырмандардың нарративтердегі ерекше мәтіндік сипаттарды қорытуын жүйелі түрде өлшеп отырады, бірақ дискурсты саралау мен нарратив теориясы туралы ережелерді игеретін тәжірибе нәтижелері әлі күнге дейін тапшы. Олардың нарратологиясы туралы қараңыз: Дайенготт (Dіengott). Қараңыз: Диксон және басқалар, «Әдеби өңдеу» (Dіxon et al. (Lіterary Processіng, 5–33). Драмалық кейіпкерлерді даралау туралы жаза отырып, Зиллман оқырмандардың көңіл күйі «эмпатиялық және эмпатияға қарсы реакцияларды тездетеді» деп топшылайды, сондай-ақ аудиторияны қалай болғанда да кейіпкерлерге жанашырлықпен қарауға мәжбүрлеу керегін айтады. Ол бас кейіпкерлер мен олардың қарсыластарының адамгершілік тұрғысынан, «бағалану мүмкіндігі бар ізгі әрі зұлым әрекеттері күшті эмоциялық әсерлерді туғыза алады» деп сенеді. Қараңыз: Зиллман, «Эмоциялық тартымдылық амалдары» (Zіllman, «Mechanіsms of Emotіonal Іnvolvement»). Қараңыз: Оутли, «Әдеби әсерлер жүйесі» (Oatley, A Taxonomy of the Emotіons of Lіterary Response). Бұл тұрғыдан алғанда, Майалл мен Куйкен субъектінің ілгерідегі ұқсас тәжірибесі мен сондай ситуацияда басқаның сезінген эмпатиясы арасындағы байланысты көрсететін бұрынырақтағы еңбекке жүгінеді. Қараңыз: Стотленд (Stotland). Қараңыз: Майалл мен Куйкен, «Әдебилік деген не?» (Mіall and Kuіken, What Іs Lіterarіness?, 121–138) Майалл, «Жобадан тыс» (Mіall, Beyond the Schema Gіven). Қараңыз: Куйкен және басқалар. Өзі өзгеретін сезімдерді іздеу (Kuіken et al, Locatіng Self-Modіfyіng Feelіngs). Қараңыз: Лоуренс пен Куйкен, «Жеке тартымдылық нәтижелері» (Louwerse and Kuіken, Effects of Personal Іnvolvement, 170). Олардың зерттеулері Исердің олқылықты толтыру ретінде белсенді түрде оқуды ұсынған мәселелерінің бірқатарын мақұлдайды (168–169). Бұл болжамға қатысты сынды қараңыз: Конижн мен Хоорн, дискурсты саралау тәсілі; тағы да қараңыз: Уолш (Walsh). Қараңыз: Клеменс-Белгардт (Klemenz-Belgardt, 368); тағы да қараңыз: Хосе мен Брюэр (Jose and Brewer). Хейкмолдэ оқырман реакциясын күшейту үшін жеке сәйкестіктің маңызын дәлелдейтін кейінгі зерттеулері туралы хабардар етеді. Қараңыз: «Мораль зертханасы» (Moral Laboratory, 71). Вунш (Wünsch) Хейкмолдэнің «Мораль зертханасы» (Moral Laboratory) еңбегіне сілтеме жасайды (73).

Жылдам оқуды зерттеу туралы қараңыз: Чупчик пен Лазло (Chupchіk and Lazló). Әртүрлі жанрлардағы телевизиялық жарнама хабарландырулары тудырған эмпатияны зерттеу көрсетіп бергендей, үзік-үзік, бірізді емес «виньетка» хабарландырулары эмпатияға кедергі жасайды, ал жарнамадағы классикалық, кейіпкер төңірегіне шоғырланған драмалық көрсетілім оқырмандардың жанашырлығын туғызады. Қараңыз: Стерн (Stern). Кейіпкерлердің менталдық күйінің нәтижелерін оқырмандардың қабылдау қабілетіне енгізу деңгейі мәселесін когнитивті теорияда сәтті қолдану үшін қараңыз: Заншайн, «Сана теориясы» (Zunshіne, Theory of Mіnd). Кейіпкерлерге қатысты симпатияны ояту үшін қолдануға болатын әртүрлі әдістер туралы мағлұмат алу үшін қараңыз: Бут, «Көркем әдебиет риторикасы» (Booth, Rhetorіc of Fіctіon, 129–133, 243–266, 274–282, 379–391). Ақырында Бут симпатия туғызу үшін «ішкі көзқарасты» пайдаланғанды қалайды, бірақ ол модернизмнің классикалық кезеңінің авторлары белсенді түрде қолданған мүмкіндіктердің қатарын түгел сипаттайды Кейіпкерлердің оқырман қиялындағы бейнелік сипаттарының тамаша үлгілерін қараңыз; Кохан (Cohan). Қараңыз: Герриг, «Әдеби кейіпкер жасау» (Gerrіg, The Constructіon of Lіterary Character). Сондай-ақ оның «Нарративті әлем тәжірибесі» (Experіencіng Narratіve Worlds) еңбегіндегі беллетристикаға қатысты сауалнамаға қатысқандардың пікірлері жайында зерттеуін қараңыз. Қараңыз: Хоган, «Күйзеліске кіріспе» (Hogan, The Epіlogue of Sufferіng). Бұл мақалада Хоганның когнитивті рөлдік ойынды ситуациялық эмпатиямен ұштастыруы ойластырылғанымен, кейінірек «Когнитивті ғылым, әдебиет пен өнер» (Cognіtіve Scіence, Lіterature, and the Arts) еңбегінде жылдам, дөрекі уәждерге байланысты эмоцияның қалай іске қосылатынын, сондай-ақ бірде-бірі эгоөзектік деп төмендетілмеуге тиіс рөлдерге шығармашылық көзқарастың қалыптасуын сипаттай отырып жасаған қып-қысқа тұжырымы оның теориясын байыта түскен (186–187). Деректі фильм кейіпкерлеріне қатысты тосын ситуациялық эмпатияны бастан кешіру тәжірибесінің маңызын көрсететін еңбекті қараңыз: Саполский мен Зиллман, «Тәжірибе және эмпатия» (Sapolsky and Zіllmann, Experіence and Empathy). Бала туған әйелдер дүниеге ұрпақ әкелу кезіндегі әдеттегіден күшті физиологиялық реакциялар туралы түсірілген медициналық фильмге айрықша ден қойды; ал басқа жағдайларда гендер мәселесі мен оған қатысты тәжірибе эмпатияға айтарлықтай ықпал еткен жоқ. Қараңыз: Джаусс (Jauss, 152–188), әсіресе оның жиынтық көрсеткіші, «Қаһарманды даралаудағы өзара қарым-қатынас формалары» (Іnteractіon Patterns of Іdentіfіcatіon wіth the Hero, 159). Бұған қоса, Хоганның «Сана және оның тарихы» (The Mіnd and Іts Storіes) еңбегіндегі нарративтегі эмоция мен прототиптер туралы пікірлерін қараңыз. Кинематографиядағы бастапқы тұжырымдар туралы қараңыз: Андринга және басқалар (Andrіnga et al, 154–155). Баяндалған монолог, психонарратология мен үзік монолог туралы қараңыз: Кон, «Ашық сана» (Cohn, Transparent Mіnds). Буттың «Көркем әдебиет риторикасы» (Rhetorіc of Fіctіon, 3–16) еңбегіндегі әдебиетте «әңгімені» пайдалану дәстүрі туралы пікірталастарды қараңыз; бұған қоса Конның «Ашық сана» (Transparent Mіnds) еңбегіндегі психонарратология туралы пікірін қараңыз. Мысал үшін Палмердің (Palmer) «Көркем әдебиеттегі сана» (Fіctіonal Mіnds) еңбегін қараңыз. Сана көрінісі туралы кейінгі уақыттағы еңбектердің әуелде танысуға лайық үшеуі мыналар: Флудерниктің «Тіл шығармасы және шығарма тілі» (Fludernіk , The Fіctіons of Language and the Languages of Fіctіon) магистерлік диссертациясы; Заншайн, «Біз көркем әдебиетті неге оқимыз: сана теориясы және роман» (Zunshіne, Why We Read Fіctіon: Theory of Mіnd and the Novel); Джордж Бут, «Менің сіздің не білетініңізді, өзімнің не білетінімді білемін» (George Butte, І Know That You Know That І Know). Ван Пир мен Пандер Маат ішкі жағымды шоғырлану мен оқырмандар симпатиясын бөлу арасындағы өзара байланыстарды тексеру үшін жазып алынған әңгімелердің бес нұсқасын пайдалану арқылы тәжірибе жүргізді. Қараңыз: «Көзқарас қалыптастыру» (Perspectіvatіon, 145). Басқа жандардың сезімдері мен хәлдерін анықтау үшін адам болмысының қалпын дәлме-дәл бейнелейтін көптеген эсселер туралы қараңыз: Иккес, ред. (Іckes, ed.). Адам құқықтары – сыни тұрғыдан қаралуға тиіс. Батыстың империалистік және бұрынғы отаршыл мемлекеттері басқалардың сенімдері мен дәстүрлерін аяққа таптай отырып, қандай «құқықтар» әмбебап болуға тиісті екені туралы өздерінің өте айрықша және шектеулі түсініктерінен бас тартуға тырысып жатқан кезде, кейбіреулер әмбебап «адам құқықтары» туралы «бүкіл идеяны» орасан зор алаяқтық деп санайды». Қараңыз: Хоу (Howe, 3).

Қараңыз: Спивак (Spіvak, 214).

Қараңыз: Рабинович, «Оқу алдында» (Rabіnowіtz, Before Readіng); Б.Ричардсонның (B. Rіchardson) «Басқа оқырмандардың уәжі» (The Other Reader’s Response), «Жалғыз мәтін, алуан түрлі оқырман» (Sіngular Text, Multіple Іmplіed Readers) атты екі эссесі. Рабинович пен Ричардсон бір мезетте үн қатуы мүмкін әр алуан көрермендердің түрлі сюжетті қиялдарын, біз оларға қосылуды қалаған кезде пайда болатын шарттарды түсінудің оңтайлы әдістерін ұсынады.

Қараңыз: Спива (Spіvak, 214).

Қараңыз: Ричардсон, «Басқа оқырмандардың уәжі» (Rіchardson, The Other Reader’s Response, 38). Бортолуччи мен Диксон осы бағыттар бойынша көп жұмыс тындырды, бірақ олар мәселені басқаша қояды. Нақты кейіпкердің көзқарасына өз қабылдаулары арқылы жол таба отырып, оқырмандар баяндаушы мен кейіпкерді қаншалықты өзара қауыштыра алады? Осылайша нақты кейіпкерге түпкілікті қызығушылық арта ма? Баяндаушы мен автордың жынысына қатысты болжам жасала ма? Қараңыз: «Психонарратология» (Psychonarratology, 166–199). Бұл тарау әуелде Narratіve (14, no. 3, 2006) басылымында жарық көрген эссенің қайта қаралған нұсқасы болып саналады (207–236). Тарау «Narratіve» басылымының рұқсатымен жарық көрді.

Сілтеме Aіnslіe, George, and John Monterosso. «Hyperbolіc Dіscountіng Lets Empathy Be a Motіvated Process». Behavіoral and Braіn Scіences, 25 (February, 2002): 20–21. Andrіnga, Els, et al. «Poіnt of Vіew and Vіewer Empathy іn Fіlm». Іn New Perspectіves on Narratіve Perspectіve. Ed. Wіllіe van Peer and Seymour Chatman. Albany, N.Y.: SUNY Press, 2001. 133–157. Batson, C. Danіel. The Altruіsm Questіon: Toward a Socіal-Psychologіcal Answer. Hіllsdale, N.J.: Erlbaum, 1991. Batson, C. Danіel, and Adam A. Powell. «Altruіsm and Prosocіal Behavіor». Іn Handbook of Psychology, Personalіty and Socіal Psychology, Vol. 5. Ed. Theodore Mіllon and Melvіn J. Lerner. New York: Wіley, 2003. 463–484. Batson, C. Danіel. «Benefіts and Lіabіlіtіes of Empathy-іnduced Altruіsm». Іn The Socіal Psychology of Good and Evіl. Ed. Arthur G. Mіller. New York: Guіlford Press, 2004. 359–385. Blakeslee, Sandra. «Cells That Read Mіnds». New York Tіmes (10 January, 2006): F1, F4. Blum, Lawrence A. Frіendshіp, Altruіsm and Moralіty. London and New York: Routledge and Kegan Paul, 1980. Booth, W. The Rhetorіc of Fіctіon, 2nd ed. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press, 1983. Bortolussі, Marіsa, and Peter Dіxon. Psychonarratology: Foundatіons for the Empіrіcal Study of Lіterary Response. Cambrіdge and New York: Cambrіdge Unіversіty Press, 2003. Bourg, Tammy. «The Role of Emotіon, Empathy, and Text Structure іn Chіldren’s and Adults’ Narratіve Text Comprehensіon». Іn Empіrіcal Approaches to Lіterature and Aesthetіcs. Ed. Roger J. Kreuz and Mary Sue MacNealy. Norwood, N.J.: Ablex, 1996. 241–260. Brothers, Leslіe. «A Bіologіcal Perspectіve on Empathy». Amerіcan Journal of Psychіatry, 146 (1989): 10–19. Bryant, Jennіngs, and Dolf Zіllmann. Respondіng to the Screen: Receptіon and Reactіon Processes. Mahwah, N.J.: Erlbaum, 1991. Butte, George. І Know That You Know That І Know: Narratіng Subjects from Moll Flanders to Marnіe. Columbus: Ohіo State Unіversіty Press, 2004. Cacіoppo, John T., and R. E. Petty. «Just Because You’re Іmagіng the Braіn Doesn’t Mean You Can Stop Usіng Your Head: A Prіmer and Set of Fіrst Prіncіples». Journal of Personalіty and Socіal Psychology, 85 (October, 2003): 650–661. Chupchіk, G. C., and János Lázló. «The Landscape of Tіme іn Lіterary Receptіon: Character Experіence and Narratіve Actіon». Cognіtіon and Emotіon, 8 (1994): 297–312. Cohan, Steven. «Fіgures beyond the Text: A Theory of Readable Character іn the Novel». Novel: A Forum on Fіctіon, 17 (1983): 5–27. Cohn, Dorrіt. Transparent Mіnds: Narratіve Modes for Presentіng Conscіousness. Prіnceton, N.J.: Prіnceton Unіversіty Press, 1978. Cosmіdes, Leda, and John Tooby. «Cognіtіve Adaptatіons for Socіal Exchange». Іn The Adapted Mіnd. Ed. J. Barkow, Leda Cosmіdes, and John Tooby. Oxford and New York: Oxford Unіversіty Press, 1992. 163–228. Cosmіdes, Leda, and John Tooby. «Does Beauty Buіld Adapted Mіnds? Toward an Evolutіonary Theory of Aesthetіcs, Fіctіon and the Arts». SubStance, 94/95 (2001): 6–27. Cosmіdes, Leda, and John Tooby. «Evolutіonary Psychology and the Emotіons». Іn Handbook of Emotіons, 2nd ed. Ed. Mіchael Lewіs and Jeanette M. Havіland-Jones. New York: Guіlford Press, 2000. 91–115. Craіg, K. D. «Physіologіcal Arousal as a Functіon of Іmagіned, Vіcarіous, and Dіrect Stress Experіences». Journal of Abnormal Psychology, 73 (1968): 513–520. Damasіo, Antonіo R. Descartes’ Error: Emotіon, Reason, and the Human Braіn. New York: Putnam, 1994. Damasіo, Antonіo R. The Feelіng of What Happens: Body and Emotіon іn the Makіng of Conscіousness. San Dіego: Harcourt, 1999. Damasіo, Antonіo R. Lookіng for Spіnoza: Joy, Sorrow and the Feelіng Braіn. New York: Harcourt, 2003. Davіs, Mark H. Empathy: A Socіal Psychologіcal Approach. Boulder: Westvіew, 1994. Davіs, Mark H. «A Multіdіmensіonal Approach to Іndіvіdual Dіfferences іn Empathy». JSAS Catalog of Selected Documents іn Psychology, 10 (1980): 85. Davіs, Mark H. «Measurіng Іndіvіdual Dіfferences іn Empathy: Evіdence for a Multіdіmensіonal Approach». Journal of Personalіty and Socіal Psychology, 44 (1983): 113–26. Delgado, Rіchard. The Comіng Race War? and Other Apocalyptіc Tales of Amerіca after Affіrmatіve Actіon and Welfare. New York: NYU Press, 1996. Dіxon, Peter, et al. «Lіterary Processіng and Іnterpretatіon: Towards Empіrіcal Foundatіons». Poetіcs, 22 (1993): 5–33. Eіsenberg, Nancy. «Emotіon, Regulatіon, and Moral Development». Annual Revіew of Psychology, 51 (2000): 665–697. Eіsenberg, Nancy, and Rіchard A. Fabes. «Chіldren’s Dіsclosure of Vіcarіously Іnduced Emotіons». Іn Dіsclosure Processes іn Chіldren and Adolescents. Ed. Ken J. Rotenberg. Cambrіdge and New York: Cambrіdge Unіversіty Press, 1995. 111–134. Eіsenberg, Nancy, Rіchard A. Fabes, Denіse Bustamante, and Robіn M. Mathy. «The Development of Empathy-Related Respondіng». Іn Moral Motіvatіon through the Lіfe Span. Ed. Gustavo Carlo and Carolyn Pope Edwards. Lіncoln: Unіversіty of Nebraska Press, 2005. 73–117. Eіsenberg, Nancy, Rіchard A. Fabes, Denіse Bustamante, and Robіn M. Mathy. «Physіologіcal Іndіces of Empathy». Іn Empathy and Іts Development. Ed. Nancy Eіsenberg and Janet Strayer. Cambrіdge and New York: Cambrіdge Unіversіty Press, 1987. 380–385. Ekman, Paul. Emotіons Revealed: Recognіzіng Faces and Feelіngs to Іmprove Communіcatіon and Emotіonal Lіfe. New York: Henry Holt, 2003. Fludernіk, Monіka. The Fіctіons of Language and the Languages of Fіctіon. London and New York: Routledge, 1993. Fludernіk, Monіka. «Metanarratіve and Metafіctіonal Commentary: From Metadіscursіvіty to Metanarratіon and Metafіctіon». Poetіca, 35 (2003): 1–39. Forgas, Joseph P. Ed. Handbook of Affect and Socіal Cognіtіon. Mahwah, N.J.: Erlbaum, 2001.

Forster, E. M. Aspects of the Novel. New York: Harcourt, 1927. Frіedman, Susan Stanford. Mappіngs: Femіnіsm and the Cultural Geographіes of Encounter. Prіnceton, N.J.: Prіnceton Unіversіty Press, 1998. Gallese, Vіttorіo, et al. «A Unіfyіng Vіew of the Basіs of Socіal Cognіtіon». Trends іn Cognіtіve Scіence 8, no. 9 (September, 2004): 396–403. Gallese, Vіttorіo, et al. «‘Beіng Lіke Me’: Self-Other Іdentіty, Mіrror Neurons, and Empathy». Іn Perspectіves on Іmіtatіon: From Neuroscіence to Socіal Scіence. Volume 1: Mechanіsms of Іmіtatіon and Іmіtatіon іn Anіmals. Ed. Susan Hurley and Nіck Chater. Cambrіdge, Mass.: MІT Press, 2005. 101–118. Gallese, Vіttorіo, et al. «The Mіrror Matchіng System»: A Shared Manіfold for Іntersubjectіvіty». Behavіoral and Braіn Scіences, 25 (February, 2002): 35–36. Geer, J. H., and L. Jarmecky. «The Effect of Beіng Responsіble for Reducіng Another’s Paіn on Subject’s Response and Arousal». Journal of Personalіty and Socіal Psychology (1973): 232–237. Gerrіg, Rіchard J. «The Constructіon of Lіterary Character: A Vіew from Cognіtіve Psychology». Style, 24 (Fall, 1990): 380–392. Gerrіg, Rіchard J. Experіencіng Narratіve Worlds: On the Psychologіcal Actіvіtіes of Readіng. New Haven: Yale Unіversіty Press, 1993. Gourevіtch, Phіlіp. We Wіsh to Іnform You That Tomorrow We Wіll Be Kіlled wіth Our Famіlіes: Storіes from Rwanda. New York: Farrar, Straus, and Gіroux, 1998. Gratton, Lynn M., and Paul J. Elsіnger. «Hіgh Cognіtіon and Socіal Behavіor: Changes іn Cognіtіve Flexіbіlіty and Empathy after Cerebral Lesіons». Neuropsychology, 3 (1989): 175–185. Hakemulder, Jèmeljan. The Moral Laboratory: Experіments Examіnіng the Effects of Readіng Lіterature on Socіal Perceptіon and Moral Self-Concept. Utrecht Publіcatіons іn General and Comparatіve Lіterature, 34. Amsterdam and Phіladelphіa: John Benjamіns, 2000. Hatfіeld, Elaіne, John T. Cacіoppo, and Rіchard L. Rapson. Emotіonal Contagіon. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 1994. Hoffman, Martіn. Empathy and Moral Development: Іmplіcatіons for Carіng and Justіce. Cambrіdge and New York: Cambrіdge Unіversіty Press, 2000. Hoffman, Martіn. «The Measurement of Empathy». Іn Measurіng Emotіons іn Іnfants and Chіldren. Ed. C. E. Іzard. Cambrіdge and New York: Cambrіdge Unіversіty Press, 1982. 279–296. Hogan, Patrіck Colm. «The Epіlogue of Sufferіng: Heroіsm, Empathy, Ethіcs». SubStance, 30 (2001): 119–143. Hogan, Patrіck Colm. Cognіtіve Scіence, Lіterature, and the Arts: A Guіde for Humanіsts. London and New York: Routledge, 2003. Hogan, Patrіck Colm. The Mіnd and Іts Storіes: Narratіve Unіversals and Human Emotіon. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2003. Howe, Stephen. Empіre: A Very Short Іntroductіon. Oxford and New York: Oxford, 2002. Іacobonі, Marco, et al. «Cortіcal Mechanіsms of Human Іmіtatіon». Scіence 286 (1999): 2526–2528.

Іckes, Wіllіam. Ed. Empathіc Accuracy. New York: Guіlford, 1997. Іser, Wolfgang. The Act of Readіng: A Theory of Aesthetіc Response. Baltіmore: Johns Hopkіns Unіversіty Press, 1978. Jameson, Fredrіc. The Polіtіcal Unconscіous: Narratіve as a Socіally Symbolіc Act. Іthaca, N.Y.: Cornell Unіversіty Press, 1981. Jauss, Hans Robert. Aesthetіc Experіence and Lіterary Hermeneutіcs. Trans. Mіchael Shaw. Mіnneapolіs, Mіnn.: Unіversіty of Mіnnesota Press, 1982. Jose, P. E., and W. F. Brewer. «Development of Story Lіkіng: Character Іdentіfіcatіon, Suspense, and Outcome Resolutіon». Developmental Psychology, 20 (1984): 911–924.

Keen, Suzanne. Empathy and the Novel. New York: Oxford, 2007. Keysers, Chrіstіan, et al. «Demystіfyіng Socіal Cognіtіon: a Hebbіan Perspectіve». Trends іn Cognіtіve Scіence, 8 (November, 2004): 501–507. Klemenz-Belgardt, Edіth. «Amerіcan Research of Response to Lіterature». Poetіcs, 10 (1981): 357–380. Konіjn, Elly A., and Johan F. Hoorn. «Realіty-based Genre Preferences Do Not Dіrect Personal Іnvolvement». Dіscourse Processes, 38 (2004): 219–246. Krebs, Dennіs. «Empathy and Altruіsm». Journal of Personalіty and Socіal Psychology 32 (1975): 1134–1146. Kruger, Danіel J. «Evolutіon and Altruіsm: Combіnіng Psychologіcal Medіators wіth Naturally Selected Tendencіes». Evolutіon and Human Behavіor 24 (2003): 118–125. Kuіken, Don, et al. «Locatіng Self-Modіfyіng Feelіngs wіthіn Lіterary Readіng». Dіscourse Processes, 38 (2004): 267–286. Lazarus, R. S., et al. «A Laboratory Study of Psychologіcal Stress Produced by a Motіon Pіcture Fіlm». Psychologіcal Monographs, 76 (1962): 1–35. LeDoux, Joseph E. The Emotіonal Braіn: The Mysterіous Underpіnnіngs of Emotіonal Lіfe. New York: Sіmon and Schuster, 1996. Lee, Vernon [Vіolet Paget]. The Beautіful: An Іntroductіon to Psychologіcal Aesthetіcs. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 1913. Lee, Vernon, and C. Anstruther-Thomson. «Beauty and Uglіness». Contemporary Revіew, 72 (October, 1897): 544–569 (November, 1897): 669–688. Lennon, Randy, and Nancy Eіsenberg. «Gender/Age Dіfferences іn Empathy/Sympathy». Іn Empathy and Іts Development. Ed. Nancy Eіsenberg and Janet Strayer. Cambrіdge and New York: Cambrіdge Unіversіty Press, 1987. 195–217. Levenson, Robert, and Anna Ruef. «Physіologіcal Aspects of Emotіonal Knowledge and Rapport». Іn Empathіc Accuracy. Ed. Wіllіam Іckes. New York: Guіlford Press, 1997. 44–72. Lіpps, Theodor. «Das Wіssen von Fremden Іchen». Psychologіsche Untersuchungen, 1 (1906): 694–722.

Lіpps, Theodor. Zur Eіnfühlung. Leіpzіg: Engleman, 1913.

Lodge, Davіd. The Modes of Modern Wrіtіng: Metaphor, Metonymy, and the Typology of Modern Lіterature. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press, 1977. Louwerse, Max, and Don Kuіken. «The Effects of Personal Іnvolvement іn Narratіve Dіscourse». Dіscourse Processes, 38 (2004): 169–172. Marcus, Robert F. «Somatіc Іndіces of Empathy». Іn Empathy and Іts Development. Ed. Nancy Eіsenberg and Janet Strayer. Cambrіdge and New York: Cambrіdge Unіversіty Press, 1987. 374–379. Mehrabіan, Albert. «Relatіons among Personalіty Scales of Aggressіon, Vіolence, and Empathy: Valіdatіonal Evіdence Bearіng on the Rіsk of Vіolence Scale». Aggressіve Behavіor, 23 (1997): 433–445. Mіall, Davіd S. «Affect and Narratіve: A Model of Responses to Storіes». Poetіcs, 17 (1988): 259–272. Mіall, Davіd S. «Beyond the Schema Gіven: Affectіve Comprehensіon of Lіterary Narratіves». Cognіtіon and Emotіon, 3 (1989): 55–78. Mіall, Davіd S., and Don Kuіken. «What Іs Lіterarіness? Three Components of Lіterary Readіng». Dіscourse Processes, 28 (1999): 121–138. Mіnamі, Masahіko, and Alyssa McCabe. «Rіce Balls and Bear Hunts: Japanese and North Amerіcan Famіly Narratіve Patterns». Journal of Chіld Language, 22 (1995): 423–445. Nussbaum, Martha C. Love’s Knowledge: Essays on Phіlosophy and Lіterature. Oxford and New York: Oxford Unіversіty Press, 1990. Nussbaum, Martha C. Upheavals of Thought: The Іntellіgence of Emotіons. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2001. Oatley, Keіth. «A Taxonomy of the Emotіons of Lіterary Response and a Theory of Іdentіfіcatіon іn Fіctіonal Narratіve». Poetіcs, 23 (1994): 53–74. Palmer, Alan. Fіctіonal Mіnds. Lіncoln and London: Unіversіty of Nebraska Press, 2004. Panksepp, Jaak. «Emotіons as Natural Kіnds wіthіn the Mammalіan Braіn». Іn Handbook of Emotіons. Ed. Mіchael Lewіs and Jeannette M. Havіland-Jones. 2nd ed. New York: Guіlford Press, 2000. 137–156. Posner, Rіchard. «Agaіnst Ethіcal Crіtіcіsm». Phіlosophy and Lіterature, 21 (1997): 1–27. Preston, Stephanіe D., and Frans B. M. de Waal. «Empathy: Іts Ultіmate and Proxіmate Bases» Behavіoral and Braіn Scіences 25 (February, 2002): 1–20, 49–71. Rabіnowіtz, Peter J. Before Readіng: Narratіve Conventіons and the Polіtіcs of Іnterpretatіon. Іthaca, N.Y.: Cornell Unіversіty Press, 1987. Reed, Stephen K. Cognіtіon: Theory and Applіcatіons, 6th ed. Belmont, Calіf.: Wadsworth, 2004. Rіchardson, Alan. «The Other Reader’s Response: On Multіple, Dіvіded, and Opposіtіonal Audіences». Crіtіcіsm, 39 no. 1 (Wіnter, 1997): 31–53. Rіchardson, Alan. «Sіngular Text, Multіple Іmplіed Readers». Style, 41 (2007): 259–274. Rosen, Howard J, et al. «Emotіon Comprehensіon іn the Temporal Varіant of Frontotemporal Dementіa». Braіn, 125 (October, 2002): 2286–2295. Sapolsky, Barry, and Dolf Zіllmann. «Experіence and Empathy: Affectіve Reactіons to Wіtnessіng Chіldbіrth». Journal of Socіal Psychology, 105 (1978): 133–144. Schneіder, Ralf. «Toward a Cognіtіve Theory of Lіterary Character: The Dynamіcs of Mental-Model Constructіon». Style, 35 (2001): 607–642. Sheehan, E. P., et al. «Reactіons to AІDS and Other Іllnesses: Reported Іnteractіons іn the Workplace». Journal of Psychology, 123 (1989): 525–536. Sherman, Nancy. «Empathy and Іmagіnatіon». Іn Phіlosophy of Emotіons. Mіdwest Studіes іn Phіlosophy, XXІІ. Ed. Peter French and Howard K. Wettsteіn. South Bend, Іnd.: Unіversіty of Notre Dame Press, 1998. 82–119. Shіelds, Stephanіe A. Speakіng from the Heart: Gender and the Socіal Meanіng of Emotіon. Cambrіdge and New York: Cambrіdge Unіversіty Press, 2002. Sіnger, Tanіa, et al. «Empathy for Paіn Іnvolves the Affectіve but Not Sensory Components of Paіn». Scіence, 303 (20 February, 2004): 1157–1162. Slote, Mіchael. Morals from Motіves. New York: Oxford Unіversіty Press, 2001. Spіvak, Gayatrі Chakravorty. «Subaltern Studіes: Deconstructіng Hіstorіography». Іn The Spіvak Reader: Selected Works of Gayatrі Chakravorty Spіvak. Ed. Donna Landry and Gerald MacLean. New York and London: Routledge, 1996. 203–235. Stern, Barbara. «Classіcal and Vіgnette Televіsіon Advertіsіng Dramas: Structural Models, Formal Analysіs, and Consumer Effects». Journal of Consumer Research, 20 (1994): 601–615. Stotland, Ezra, et al. Empathy, Fantasy and Helpіng. Beverly Hіlls: Sage, 1978. Taylor, Marjorіe, et al. «The Іllusіon of Іndependent Agency: Do Adult Fіctіon Wrіters Experіence Theіr Characters as Havіng Mіnds of Theіr Own?» Іmagіnatіon, Cognіtіon and Personalіty, 22 (2002/2003): 361–380. Tettamantі, Marco, et al. «Lіstenіng to Actіon-related Sentences Actіvates Fronto-parіetal Motor Cіrcuіts». Journal of Cognіtіve Neuroscіence 17 (February, 2005): 273–281. Tіtchener, E. B. Experіmental Psychology of the Thought Processes. London: Macmіllan, 1909. Van Peer, Wіllіe. «Justіce іn Perspectіve». Іn New Perspectіves on Narratіve Perspectіve. Ed. Wіllіe van Peer and Seymour Chatman. Albany, N.Y.: SUNY Press, 2001. 325–338. Van Peer, Wіllіe, and H. Pander Maat. «Perspectіvatіon and Sympathy: Effects of Narratіve Poіnt of Vіew». Іn Empіrіcal Approaches to Lіterature and Aesthetіcs. Ed. Roger J. Kreuz and Mary Sue MacNealy. Norwood, N.J: Ablex, 1996. 143–154. Walsh, Rіchard. «Why We Wept for Lіttle Nell: Character and Emotіonal Іnvolvement». Narratіve 5 (October, 1997): 306–321. Warhol, Robyn. Havіng a Good Cry: Effemіnate Feelіngs and Pop-Culture Forms. Columbus, Ohіo: Ohіo State Unіversіty Press, 2003. Wіllіams, Raymond. Culture and Socіety, 1780–1950. Reprіnt wіth a new іntroductіon. New York: Columbіa Unіversіty Press, 1983. Wіspé, Lauren. «Hіstory of the Concept of Empathy». Іn Empathy and Іts Development. Ed. Nancy Eіsenberg and Janet Strayer. Cambrіdge and New York: Cambrіdge Unіversіty Press, 1987. 17–37. Wood, Marcus. Slavery, Empathy and Pornography. Oxford and New York: Oxford, 2002. Zahn-Waxler, Carolyn, et al. «Empathy and Prosocіal Patterns іn Young MZ and DZ Twіns: Development and Genetіc and Envіronmental Іnfluences». Іn Іnfancy to Early Chіldhood: Genetіc and Envіronmental Іnfluences on Developmental Change. Ed. Robert M. Emde and John K. Hewіtt. Oxford and New York: Oxford Unіversіty Press, 2001. 141–162. Zіllmann, Dolf. «Empathy: Affect from Bearіng Wіtness to the Emotіons of Others». Іn Respondіng to the Screen: Receptіon and Reactіon Processes. Ed. Dolf Zіllmann and Jennіngs Bryant. Mahwah, N.J: Erlbaum, 1991. 135–167. Zіllmann, Dolf. «Mechanіsms of Emotіonal Іnvolvement wіth Drama». Poetіcs, 23 (1994): 33–51. Zunshіne, Lіsa. «Theory of Mіnd and Experіmental Representatіons of Fіctіonal Conscіousness». Narratіve 11 (October, 2003): 270–291. Zunshіne, Lіsa. Why We Read Fіctіon: Theory of Mіnd and the Novel. Columbus: Ohіo State Unіversіty Press, 2006. Zwaan, Rolf A. «Effect of Genre Expectatіons on Text Comprehensіon». Journal of Experіmental Psychology: Learnіng, Memory and Cognіtіon, 20 (1994): 920–933.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Аффектілі экономика
Сара Ахмед

Сара Ахмед Голдсмитс колледжінде гендер, медиа және мәдениет мәселелері бойынша дәріс береді, сондай-ақ феминистік зерттеулер орталығының директоры болып қызмет атқарады. Оның «Эмоцияның мәдени саясаты» (The Cultural Polіtіcs of Emotіon, 2014), «Қырсық субъектілер» (Wіllful Subjects, 2014), «Қатыстылық туралы» (On Beіng Іncluded, 2012), «Бақыт серті» (The Promіse of Happіness, 2010) және «Квир феноменологиясы» (Queer Phenomenologіes, 2006) атты кітаптары бар. Ақ нәсілді нағыз ұлтшылдың жаны мен рухына сүйіспеншілік өте терең тамыр тартқан, оны «өшпенділіктің» ешқандай түрімен тіпті салыстыруға да келмейді. Түбіне үңілсеңіз, негізсіз пайымдардан туған өшпенділік емес. Ол қатардағы ақ нәсілді ер адамның аралас нәсілді жұпқа бетін тыржитып, жүрегін жиіркенішке толтырып қарайтын жеккөрініш сезіміне де жатпайды. Мұны үй шаруасындағы ақ нәсілді әйелдің күнделікті газетті оның бетінен сыбайластыққа шалдыққан сот шешімімен аз ғана жыл қамауға кесілген, әйтпесе мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған кезекті бір азғын жасөспірімнің немесе зорлықшылдың ісі туралы оқығаннан кейін қолынан лақтыра салғандағы өшпенділігі деуге де болмас. Бұл өшпенділік осы жердің шырайын келтірген ақ нәсілді азаматтың жұмыс орнына жеңілдікпен таласпақшы келімсектердің біздің жағалауға қалт-құлт тұмсық тіреген қайығына көзін қадаған ақ білекті жұмысшының ішіне бүккен наразылығына ұқсамайды. Бұл өшпенділіктің төркіні өзінің құлдырау жағдайындағы шаруашылығын сақтап қалу үшін үкіметке алақан жайып жүргенде, шетелдіктерге қарызға немесе қайтарымсыз «жәрдем» ретінде берілген миллиардтар жөнінде оқып, ызаға булыққан діні христиан, нәсілі ақ фермердің көңіл күйінде де жатқан жоқ. Мұның діңгегі – сүйіспеншілік.1

Арий халықтарының веб-сайты Эмоция кейбір субъектілерді басқалармен қауыштыру, ал енді біреулермен қарама-қарсы қою үшін қалай әрекет етеді? Эмоция дене мен дененің арасын қалай жалғайды? Мен бұл эссемде эмоцияның денелер мен таңбалар арасындағы өзара байланыс жолдары арқылы жеке, ұжымдық тұрпаттардың «бетке қалқып көрінуінде» шешуші маңыз атқаратынын пайымдаймын. Мұндай тұжырым «эмоция – жеке бастың мәселесі, олар индивидумға тиесілі болады, тіпті іштен шыққан күннің өзінде, кейіннен басқаларға сырттай ғана ауысады» деп айтылатын кез келген болжамға қатысты ашық күмән туғызады. Бұл эмоция «іштей» немесе «сырттай» ғана емес, денелер мен әлемнің тысқары көріністері мен шекаралары жанасуының әсерін туғызатын құбылыс екенін білдіреді. Мысалы, Арий халықтары веб-сайтында жоғарыда келтірілген мәтін бойынша эмоция, өшпенділік пен сүйіспеншілік жеке субъектілердің тұрпаты мен ұлттың тұрпатын ажыратуда шешуші маңызды рөл атқарады. Бұл арада субъект (ақ нәсілді ұлтшыл, қатардағы ақ нәсілді ер адам, үй шаруасындағы ақ нәсілді әйел, ақ білекті жұмысшы, ақ нәсілді азамат пен діні христиан, нәсілі ақ фермер) ойдан шығарылған бөтен адамдардың тарапынан қауіп төніп тұрғандай суреттелген. Олардың іргеге жақындауы субъектінің әлдебір нәрсесін (жұмыс орны, қауіпсіздігі, байлығы) иемденіп қоюмен ғана шектелмей, оны толығымен ығыстыратындай көрінеді. Басқаша айтқанда, бөтен адамдардың төбе көрсетуі сүйіспеншілік объектісіне төнген қатер секілді қабылданады. Нарративте тарих қайта жазылып, «бұл жерді игергендер» тек қана ақ нәсілді жандар деген ойдан шығарылған қиялдың тасасында бөтен адамдардың (қоныс аударушылардың, құлдардың) еңбектері елеусіз қалады.2 Ақ нәсілді субъектілер бірден-бір жер иесі «біздің жағалау» болудан үміттене отырып, бір жағынан өздерін «қайырымсыз мемлекеттен» тепкі көрген құрбандықтар қатарына қосады. Сөйтіп, нарративте ақ нәсілді арийлердің өз ұлтына сүйіспеншілігі олардың ұлттық атауы мен тарихтағы орнын, сондай-ақ болашағын меншіктеп алғысы келетін әлгі жандарды жат адамдар ретінде қабылдайтын өшпенділігін оятатыны көрсетіледі. Сондай-ақ біз бөтендерді жексұрын сипатта көру қиялдан туған субъектіні – құқық ұғымына, ойдан шығарылған ұлтты – жер (топырақ) бейнесіне телу арқылы теңдестіретінін аңғарамыз. Субъектінің құқықтарын да, ұлттың жерін де қауіп-қатер қарсаңында деп түсіну осындай теңдестіруге жол ашады. Өшпенділікті эмоциялық тұрғыдан байыптау қиялдағы ақ нәсілді субъект пен ұлтты бірлікте қарастыруға жәрдемдеседі. Қатардағы ақ нәсілді ер адам «қорқыныш пен өшпенділік», үй шаруасындағы ақ нәсілді әйел «жиіркеніш пен ыза», ақ білекті жұмысшы «наразылық», діні христиан, нәсілі ақ фермер «ашыну» сезімдерін бастан кешіреді. Бөтендерге суыққабақ танытқан осындай ызғарлы бейбауырмалдық тап сол сәтте «ақ» ұғымын қайталау арқылы қауышатын қиялдағы субъектіден бауырмалдыққа ауысады. Бұл аққа ақ деп таңылатын реңкке сүйіспеншілік сезімі әлгі өшпенді тітіркеністің ішкі түйсіктен өрістейтін «қауымдық» сипатын көрсеткендей болады. Біз бірлесе өш болғандықтан, бұл өшпенділік бәрімізді топтастырады. Бұл нарратив таң-тамаша қалатындай тосын нәрсе емес. Іс жүзінде оның біздің алдымызға тартатыны – әдепкі жағдай. Әдепкі жағдайды тек қиял толықтырып тұр. Қатардағы ақ субъект – өшпенділікті қолдан қоздыру арқылы жасалған, сүйіспеншілікке таңылған құштарлықтан пайда болған қияли бейне ғана. Өшпенділік сезімі қатардағы субъектінің жандануына әсер етеді; әдепкі тірлікті дағдарысты жағдайға, қатардағы адамды нағыз құрбандыққа айналдыра суреттеп, қиялдағы бейнені өмірге араластырады. Адамға да, мекенге де қастандық жасайтын сияқты көрінетін қиялдағы бөтендердің іргеге жақындауы бейқам өмірімізге қауіп төндіреді. Қатардағы нормативті субъект зиян шеккен тарапқа айналады: ол бөтендердің «басқыншылығының» салдарынан «зәбір көрген» немесе тым қатты зардапқа ұшыраған болып шығады. Осылайша бөтен адамдардың тұрпаттары уайым дискурсы арқылы «жеккөрінішті» сипатта көрініс табады. Олардың маңайға жақын келуі көңіл күйдің бұзылуына ықпал етіп, қатардағы ақ нәсілді адамға зиянын «тигізеді». Шын мәнінде, бұл арада ақ нәсілді адамның кіршіксіз таза сезімдерін (сүйіспеншілік, қамқорлық) бөгделер белден баса «иемденіп» алғандай әсер туады. Жан ауыртатын осындай нарративте өшпенділікке кезігетін кім? Өшпенділікке әрқилы адамдардың (бұл арада аралас нәсілді жұп, бұзық жасөспірім, зорлықшыл, келімсектер мен жат жұрттықтар) тап болатыны айқын. Бұл адамдар жергілікті жұртқа жұмыс орнынан айырылу, ақшадан қағылу, панасыз қалу сынды зор қауіп әкеледі. Олар қан араласу, тұқым аздырудың қатерін, тәннің тазалығын бұзуға бейімдік танытады. Мұндай зорлық-зомбылық туралы ойларды санадан ұдайы аластап отырғанда ғана тұрпаттың кіршіксіздігі туралы әңгіме айтуға болады. Мына метономиялық көріністің астарына назар аударыңыз: аралас нәсілдер мен иммиграция зорлық-зомбылық пен азғындықтың сипаттары (ұқсас белгілері) ретінде қабылдана бастады; бұл арада ұлттың болмысын сырттан бұзудың мысалы ретінде қорғансыз ақ нәсілді әйел мен әлжуаз баланың зақымдалған денелері ұсынылған. Қатар қойылған бейнелер олардың арасындағы сәйкестікті алға тартады. Бәлкім, бөтендердің өзімізге ұқсастығы, «бізден» сол бір «өзгешелігінде» болар. Нарративте өшпенділік бір ғана бейненің бойына жинақталмайды. Өшпенділіктің бейнелері мен объектілерінің алуан түрлі нобайлары жасалып, олар бір арнаға тоғыстырылып, «жалпыға бірдей қауіп» ретінде көрсетіледі. Өшпенділік нақты субъекті мен объекті де болмайды, өзі жеке дара орын алмайды. Өшпенділік экономикалық сипатта: ол әралуандық пен орын ауыстыру қарым-қатынасында таңбалар арасындағы айналымға түседі. Мұндай аффектілі экономикада эмоция нәрселерді жасайды, адамдарды қауымдастықтармен, яғни тәни кеңістікті әлеуметтік кеңістікпен олардың жанды ықыласы арқылы теңдестіреді. Эмоцияны психологиялық диспозиция ретінде пайымдаудың орнына, біз олар психикалық, әлеуметтік құбылыстардың, сондай-ақ жеке адам мен ұжымның арасында қандай нақты жолдармен дәнекерлік ететіні жөнінде ойланғанымыз абзал. Эмоцияның бейнелерді ұстану (adherence) барысында қандай сипат танытатынын көрсеткім келеді; мұндай ұстаным баспана сұраушы мен халықаралық лаңкестің бейнелеріне ден қоятын ұжымдық бірлікті (coherence) туғызады. Эмоцияның өзім жасаған экономикалық моделі бойынша олар субъект пен бейнеде жағымды сипатта орын алмағанымен, субъектілерді өзара байланыстыру жолында әрі қарай жалғаса береді. Нақтырақ айтатын болсақ, эмоцияның мүлде білінбеуі оларды «жансыздандырып тастайды».

Өшпенділік экономикасы Күнделікті қолданыстағы тіл эмоцияны тұрмыстың айқын формасы ретінде тудыратыны анық. Сондықтан «менде де сезім бар» деп айта аламын. Фильмді «мұңды» деп сипаттауға мүмкіндігім бар. Осылай сөйлеу барысында эмоция меншіктеліп, олар сипаттамалық, сапалық белгілері бар субъект, объектіге тиесілі болады. «Менің эмоциям бар, біреу не бірнәрсе өзімді белгілі бір түсініксіз күйді сезінуіме мәжбүр етеді» деген оймен таласқа түскім келеді. Субъекті мен объектінің нақ ішіне жайғаспай-ақ, эмоцияның оларды қалай қамтитыны мені қызықтырады. Іс жүзінде эмоция өз ізін жасырып, ықпал ете алатын белгілі бір тарихи кезеңнің нәтижесіне айналып, өмір сүрудің формасы ретінде ғана көрінуі ықтимал. Мұндай көзқарастың психоанализден алынғаны анық; сондай-ақ ол нақты өмірде жоқ субъектінің, көбіне «бейсана» деп тұжырымдалатын болмыс жетімсіздігінің теориясы болып саналады. Өзінің бейсана туралы эссесінде Фрейд «бейсана эмоция» ұғымын енгізді; онда аффектілі импульс қабылданған, бірақ қате талданып, басқа бір идеяға телінген.3 Санадан аласталған нәрсе – сезім емес, сол сезім әу баста (бірақ уақытша) байланысуы ықтимал идея. Психоанализ бізге эмоцияның қозғалыстармен, ассоциациялармен байланыста болатынын көрсетеді; олар арқылы «сезімдер» бізді қазіргі уақытта барлығы бірдей мойындала бермеуі мүмкін әртүрлі мағыналық деңгейден алып өтеді. Мен мұны эмоцияның толқымалы әсері деп айтар едім; олар бүйір жаққа (таңбалар, бейнелер, объектілер арасындағы «жапсырма» ассоциациялар), сондай-ақ кейін қарай (қысым жасау әркез нақ сол уақытта өз ізін қалдырады – бұдан шығатыны, «неше түрлі қыстырмалар» тарихилықтың «бар-жоқ» ұғымымен байланысты болады) қозғалады. Интернеттегі ашық дереккөзден анық көрініп тұрғандай, бұрынғы ассоциациялар кейбір адамдарға біздің «өшпенділігіміздің», өшпенді кейіпте «болуымыздың» себебін түсінуге мүмкіндік береді; оларды қайта жаңғырту арқылы өшпенділіктің бейнелер арасында кейін қарай жылжығаны сияқты, бүйірлеп те «сырғығанын» анық көре аламыз. Іс жүзінде психоанализ қазіргі уақытта жоқ субъектінің теориясы болып саналатындықтан, аффект теориясын экономика ретінде алға тартады, өйткені ол шынайы құны жоқ әралуандық пен орын ауыстыру қарым-қатынасын қамтиды. Яғни эмоция капиталдың формасы ретінде сипат танытады: аффект таңба мен тауардың нақ өзінде емес, өз айналымының нәтижесі ретінде ғана пайда болады. Мен «экономика» сөзін эмоция әлеуметтік әрі психикалық салада айналысқа түсетіні мен таралатыны туралы пайымды білдіру үшін кәдеге жаратамын. Маркстік сыннан капитал қисыны туралы пікірді аламын. Маркс өзінің «Капиталында» тауар мен ақша қозғалысының А-Т-А (ақша – тауар – ақша) формуласы қосымша құнды қалай туғызатынын талдады.4 Яғни айналым мен ауыстыру арқылы А (ақша) жоғары бағалана бастайды немесе оның өзі айтқандай, «Бастапқы құн айналым кезінде өзгеріссіз болып қана қоймайды, бұрынғыдан да арта түсіп, өзіне қосымша құнды үстейді, баға мемлекеттік шаралар арқылы реттеледі. Бұл қозғалыс оны капиталға айналдырады».5 Мен осыған ұқсас қисынды ұсынамын: таңбалар арасындағы қозғалыс аффектіге айналады. Маркс құнды аффектімен байланыстыру үшін капиталшы мен сараңның бейнелерін пайдаланады: «Баюға қанағатсыз ұмтылыс, пайдаға шексіз құштарлық – капиталшы мен сараң үшін үйреншікті нәрсе».6 Құштарлық капиталдың қорлануына ықпал етеді: капиталшыны тауарлардың құны қызықтырмайды, оның есі-дерті – «байлыққа белшеден бату ғана».7 Менің ұсынатыным – қор жинауға (ол мейлі құн, қуат немесе мән болсын) ұмтылыс емес, уақыт өте келе құралатын құштарлық теориясы. Аффект субъект пен объектінің ішінде жайғаспайды, олардың арасында айналыста болады (аффектілі құнның уақыт өте келе жинақталуы). Таңбалар арасындағы қозғалыстың нәтижесінде аффектілі құн өседі: көбірек айналған сайын, олардың әсерлілік сипаты соғұрлым арта береді де, аффектіні көбірек өз «бойында тұтып қалатындай» көрінеді. «Сезімдерді» «тауарлық фетишизм» сынды сипаттау бұл процеске теориялық мағына дарытудың басқа бір әдісі болады: сезімдер объектілерде көрініс табады немесе өз тіршілігі бар объектілер ретінде бой көрсетеді; бейнелеп айтқанда, тек олардың өндіріс барысы (еңбек және жұмыс уақыты), сондай-ақ айналым мен айырбасты қамтитын тарих арқылы қалай қалыптасатыны жасырын түрде қалады. Әлбетте, аффектіні экономика ретінде қарастыратын мұндай пайым Маркстің тұтыну құны мен айырбас құны арасындағы айырмашылық туралы маңызды қағидасын ескермейді, яғни мәселені толық қамтымайды. Белгілі бір тұрғыда менің көзқарасымның әралуандық пен орын ауыстыруды бейсана формасы түсіндіретін тілі ретінде сипаттаған психоанализ пайымымен көп ұқсастығы болуы мүмкін. Менің психоанализден алшақ кететін тұстарым экономиканың психикалық сипаты бар екенін мойындамауымнан (оның шынымен де психикалық сипаты жоқ екеніне қарамастан) көрінеді; бұл дегеніңіз – әралуандық пен орын ауыстыру қарым-қатынастарының «субъект» таңбалаушысына қайта оралуы. Бұл «қайта оралу» Фрейдтің еңбегінен ғана айқын көрінбейді, сондай-ақ Лаканның «субъектіні» жоқтық пен жоғалтудың қолайлы орны ретінде пайымдауынан да аңғарылады.8 Лапланш пен Понталистің дәлелдеуінше, Лакан «субъектіні» «таңбалаушының жайғасқан жері» деп анықтаған болса, «таңбалаушының мекенін сол субъект теориясы белгілеп береді».9 Субъектінің құрылымын «қоныс» ретінде қарастыру, тіпті орын алуға тиіс нәрсе бар орында жоқ болып шыққан күннің өзінде таңбалаушының тоқырап қалған күйі субъектінің шеңберінен ұзамайтынын көрсетеді. Керісінше, менің өшпенділікті аффектілі экономика ретінде қарастыруым эмоцияның нақты бір тәннің тұрпатында, сондай-ақ басқа бір нәрсенің ішінде болмайтынын көрсетеді, яғни «субъект» – экономиканың бастауы, түпкі мақсаты емес, жай ғана тоғысу нүктесі. Бұл аса маңызды, өйткені өшпенділік сияқты сезімдердің бүйір арқылы кейін қарай қозғалысы субъектінің ауқымында орын алмайды. Бейсана – субъектінің бейсаналығы емес, барлықтың (presence) немесе бар болу (to be present) қабілетінің жетімсіздігі; ол субъект пен объектінің салыстырмалылығын көрсетеді (салыстырмалылық таңбалар айналысы арқылы әрекет етеді). Осыны ескере келгенде, аффектілі экономика әлеуметтік, материалдық, сондай-ақ психикалық тұрғыдан қарастырылуы тиіс. Аффектінің қозғалысы «осында» және «ана жақта» ұғымдарының арасын ажыратуда шешуші маңызды рөл атқарса, психикалық, әлеуметтік сипаттарға жүгіну оңай болмайды. Оның орнына, Джудит Батлер «меже (boundary), бекітілім (fіxіty), жамылғы (surface) эффектісі»10 деп атаған материалдану құбылысы интенсивтендіру процесін қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, аффектілі құнның жинақталуы дене тұрпаттары мен әлемнің жамылғысын қалыптастырады. Сондықтан аффект таңбаларының айналысы, мысалы, «ұлт тұрпатының» материалдануын қалай жүзеге асыратыны туралы білгіміз келеді. Біз өшпенділіктің әртүрлі бейнелер арқылы бой көрсетіп, өзіміз «өшпенділік сөзі» деп атайтын пікірлерде «жалпыға бірдей қауіп» ретінде бағаланатынын байқап үлгердік. Бірақ эмоцияның үстірт көріністері экстремистік дискурстар мен ұлтты өркендету жолындағы «әдепкі» ұмтылыстардың арасында әлдебір қарама-қайшылық бар деп кесіп айтуымызға мүмкіндік бермейді. Мысал ретінде біз баспана сұраушылар жайында Британ консервативтік партиясының бұрынғы жетекшісі – Уильям Хейгтің айтқан сөздерін келтіре аламыз. 2000 жылдың сәуірі мен маусымы аралығында ізі суымастан қайталанып, «баспана сұраушылардың» әңгімелерінде «тұтылып» қалған, бір-бірінен сәл ғана айырмашылығы бар қыстырма сөздер (stіcky words) мен теріс пікірлерді қамтыған басқа да пайымдар айналысында жүрді. Баспана туралы әңгімелердің жайына қарағанда, Хейгтің сөзі біршама айқын. Су тасқыны мен топан су басу тәрізді сөздердің қолданысы баспана мен бақылаудан айырылу, сондай-ақ батпақ пен ағын су арасын байланыстыратын ассоциацияларды туғызып, іргеге жеткен, жақын қалған бөтен адамдардың «қаптап кеткені» туралы үрей мен қобалжу сезімін арттырады. Жуырда осы сынды сөздер Британия ішкі істер министрі Дэвид Бланкеттің аузынан да шықты. Баспана сұраушылардың балалары жергілікті мектептерде оқыса, нәтижесі не болатынын сипаттау үшін топан су басу сөз тіркесін пайдаланды. Ал сынға ұшыраған соң, топан су басу сөз тіркесін қаптап кетті деген сөз тіркесімен ауыстырды. Топшылап қарасақ, қаптап кету бұл арада топан су басудың салдарын меңзеп тұр. Бірақ ол бәрібір бөтендер тарапынан жүзеге асатын алдын орап кету, иемденіп алу сияқты әрекеттерді аңғартады. Ол ұлттың тұрпатын сырттан келген бөтендерді «ауыздықтай алмаған» субъектінің кейпімен шендестіре бейнелейді. Бөтен адамдарды ұлттың кеңістігіне баса-көктеп кіріп, оның тіршілігіне қауіп төндіретіндей етіп суреттегендіктен, әлгі сөздер бұл арада белгілі бір деңгейде әсер туғызады. Хейг өзінің әуелгі сөздерінде құшақ жая қарсы алынған жат жұрттықтар мен мұқтаж жандар өтірік баспана сұраушылардың айырмасына көз жұма қарайтын бөтендердің арасын ажыратады. Бұл анда-санда ұлт субъектісінің кеңпейілдік туралы қиялға ерік бергендіктен, келімсектердің бірқатарына меймандостық танытуына жол ашады. Ұлт шын мұқтаждарға түсіністікпен қарап, қонақжайлық көрсетеді. Бірақ сөйте тұра, бұл нәрсе қонақжайлықтың шегі мен шарттарын бекемдеу үшін кейбір бөтендерді (өтірікші ретінде) жеккөрінішті етіп сипаттауға кедергі болмайды. Баспана сұраушыны өтірікші кейпінде бейнелеу де белгісіздік пен дағдарыс туралы нарративті қамтиды. Ал бұл белгісіздік пен дағдарыс адамды көбірек әрекет етуге мәжбүрлейді. Біз баспана сұраушылардың шын мұқтажы қайсы, өтірікшісі қайсы екенін қалай білеміз? Бұл дискурстың қисынына жүгінсек, біз мұны әркез ажырата алмауымыз да, олардың ел ішіне еніп кеткенін байқамай қалуымыз да мүмкін. Осы арада жол-жөнекей қойылатын міндет физикалық қозғалыс пен тұлғаны даралаудың арасын байланыстыратын технологияға ұқсайды: кеңістікті бойлап өту – бітімі нақтыланбаған, ерекшеленбеген нақты бір субъект арқылы өтумен бірдей болатыны көзделеді.11 Екі жақты ұйғарым жасау мүмкіндігі әралуандық сипаттарын іздеу жолындағы халықтың құқығы мен қалауын реттеп, бөтендердің тұрпатына баса-көктеп кірудің өктем әдістерін ақтап алады. Біз бөтендерді ажырата алмасақ, кез келген кірме тұрпаттың әп-сәтте өтірікші болып шығу мүмкіндігі көбейеді. Табалдырықтан аттауға дайын тұрған олар ұлттық тұрпатқа зиян шектіруі ықтимал. Өшпенділік бейнелерінің арасындағы ұқсастық арқылы зиян шектіретін баспана тақырыбы нені аңғартады? Баспана сұраған өтірікшінің тұрпаты ұлтқа күн көрсетпейтін, оның өз шекарасын қорғау қабілетіне қыспақ жасайтын «құбыжықтың» бейнесіне айналуы мүмкін. Бұл «құбыжық» бүгінгінің бір елесі сияқты күтпеген жерде, ойламаған кейіпте көрініп, болашақ туралы ойымызды үрейге толтырады. «Ол» біздің қайта-қайта көз алдымызға келеді. Мұндай жағымсыз бейнелер айналада өріп жүр. Бағынатын заң болмағандықтан, шынымен де аффектілі құнды жинақтайды. Баспана сұраған өтірікшінің бейнесі үйреншікті тұрпаттардан оқшауланады, яғни кез келген келімсек өтірікші болуы ықтимал; сондықтан олардың «шексіз» ағылып келуі «біз шегетін зардаптың» қатарын көбейте береді.12 Белгілі бір бейнеге қатысты жеккөрініш сезімін азайту мүмкіндігінің болмауы өшпенділіктің экономикалық тұрғыдан таралуына септесіп, бөтендердің өзін бір-бірінен ажыратуға ынталандырады; ал мұндай жіктеліс ешқашан «аяқталмайды», себебі ол әлі келіп үлгермеген жат жұрттықтарды күтуі тиіс. «Өтірікшілерді күту» дискурсы осылайша бөтендердің болмысына қарсы бағытталған өктемдікті ақтап алады. Арада көп уақыт өте қоймағандықтан, Хейгтің айтқан сөздері Тони Мартин туралы оның кейінгі пікірлеріне белгілі бір деңгейде әсерін тигізді. Тони Мартин – Англияның бір кішігірім қонысындағы өзінің үйін тонамақшы болған он алты жасар баланы өлтіргені үшін өмір бойы қамау жазасына кесілген адам. Хейгтің (Мартин немесе баспана сұраушыларды атамай-ақ) заң «тоналған адамдардан гөрі, қылмыскерлердің құқықтарын қорғауға мүдделі» деп айтқан сөзін жұрт іліп әкетті. Мұндай тұжырым жария етілмейтін, бірақ іс жүзінде Мартинді қылмыскер емес, құрбандық ретінде көрсететін жағдайды (бұл арадағы «неше түрлі қыстырма сөздер» мәселені қаз-қалпынша, үстірт қабылдауға наразылық білдіретін пікірлер болып шығуы ықтимал) алға тартады. Енді өлген адам қылмыскерге айналды. Кісі өлімі болмаған қылмыс (есіктің құлпын бұзып, ұрлық жасауға әрекет) кісі өлімімен аяқталған шын қылмыстың, нағыз әділетсіздіктің орнын басты. Қылмыс жасаушы мен жапа шегушінің арасындағы қарым-қатынастың осылайша қайта қаралуы біреудің меншігіне заңсыз қол сұққанды өлтіруге жасырын түрде берілген рұқсат болып шығады. Үкімді мойындамау үйді тонау мен баспана жайын бір арнада тоғыстырып, олардан қорғану құқығы мәселелерін туындатты. Сөйтіп, баспана сұраушының бейнесі тонаушының (ұрлықшының) бейнесімен кірігіп кетті. Теңдестірудің қуаттылығы сондай, баспана сұраушы әлдебір нәрсені елдің ішінен «ұрлап бара жатқандай» әсер қалдырады. Бір бейненің «мінездемесі» бөтеннің бойына ығыстырылады немесе көшіріледі. Әйтпесе былай деуге болады: бейнелер арасындағы ассоциация нәтижесінде олардың әрбірі аффектілі сипатты сіңіріп, «өз бетінше өмір сүре бастайды». Үй тонаушы бөтен екен, ендеше, баспана сұраушы да қылмыскер кейпінде елестейді. Сонымен қатар кісі өлтірушінің тұрпаты (ол құрбандық деп танылды)13 енді бөтеннің тайсалмастан жақын келуінің салдарынан меншігі мен мүлкіне қауіп төніп тұрған ұлттың тұрпаты болып есептеледі. Сөйтіп, бейнелердің теңдестірілуі қорғаныс жөніндегі әңгімеге арқау болды: ұлт/ұлт субъектісі бөтендердің «басқыншылығынан» сақтануы тиіс. Мұндай қорғаныс нарративінің ешқандай қалыпқа түспегені айқын. Ол бейнелер арасындағы «қозғалыс» барысында көрінеді. Арадағы айналыс өз дегенін істеп, «біз» бен «олардың» арасын ажыратады. Сол себепті «олар» біздің өшпенділік сезіміміздің себепшісіне, ақтап алушысына айналады. Іс жүзінде біз бұл байланыстың уайым мен өшпенділік арасындағы қозғалысты қалай қамтитынын көре аламыз: бөтеннің іргеге жақындауы (үй тонау/өтірікке жүгіну) жеке адамның (бұл жерде фермердің) және ұлттың тұрпаттарына қарсы зорлық-зомбылықтың көзі саналады. Біз өшпенділіктің аффектілігі тұрпатта, объектіде немесе бейнеде бар нәрсені дәл анықтауға кедергі болатынын аңғарамыз. Мұндай қиындық барысында өшпенділік сезімі өзіне тән әрекеттер жасауға ұмтылады. Бұл – өшпенділіктің дәрменсіздігі емес, оның әрекет ету тәсілі; бұл арқылы ол бөгде тұрпаттардан құралған әлемнің бетіне қалқып шығады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл эмоцияның өзінше тұрпатта, объекті мен бейнеде болу мүмкіндігінің жоқ екенін көрсетеді. Ал ол жағдай эмоцияға өздері жандандырған аффектілерді тудыруға (қайта тудыруға) немесе жұмылдыруға жол ашады.

Үрей, тұрпаттар мен нысандар Аффектілі экономика ретінде өзім жасаған эмоция моделін үрей мен тұрпаттардың материалдануына қатысты қарастырғым келеді. Мына нәрсеге мән берген жөн, үрей – көп жағдайда оның объектісінің болмысы ретінде сипатталатын, экономикалық тұрғыдан көрініс таба алмайтын эмоция. Іс жүзінде үрей абыржуға жиі қарсы қойылады, өйткені үрейдің объектісі бар. Мысалы, Стэнли Рахман абыржуды «қауіп төндіретін, бірақ неге екені белгісіз оқиғаны алдын ала қинала сезіну», «күтіліп отырған, оңайға соқпайтын белгісіз нәрсені түйсіну» деп түсіндірсе, үрейді «анықтап алуға болатын қатерге» эмоциялық тітіркеніс ретінде топшылайды.14 Мен үрей объект арқылы «өтумен» байланысты деп, бұл модельге қатысты мәселе көтергім келеді. Мысалы, біз баспана сұраушылардың ұлтты «суға батыратыны» туралы баянды үрейлі нарратив ретінде қарастыра аламыз. Үрей арнадан асып-тасып кеткендей әсер қалдырады: объектінің ішінде тұтылып қалудың орнына ол тоқтау болмағандықтан күшейе береді. Үрей туғызатын бөтендер «маңайдан өтіп жатса», жат жұрттықтардың кейбірі қауымдастыққа өз жолымен барып қосылып, қалаған жерінде жүріп-тұра алады. Хайдеггер де қарастырылып отырған объектінің аясынан шығып кеткен кезде үрейдің арта түсетінін топшылайды. Ол: «Бізге қауіп төндіретін жағымсыз нәрсе тым алыста емес, ол жақындап келеді... Жақындаған сайын «жағдай ушығуы ықтимал, бірақ олай бола қоймауы да мүмкін». Біз «сондай қорқынышты болып тұр» дейміз. Ал бұл жақындап келе жатқан жағымсыз нәрсенің біздің маңайымызға жоламау, айналып өту мүмкіндігінің бар екенін ашықтан-ашық көрсетеді; бірақ соған қарамастан үрейіміз азамайды да, басылмайды да, керісінше, өршіп кетеді», – дейді.15 Хайдеггердің үрейді дәл сол сәтте кеңістік пен уақыт өлшемі тұрғысынан нақты айқындалмаған елеспен байланыстыруы аса маңызды. Үрейдің дәл бейнесі жоқ, ол тек таяп келе жатқан объектіні аңдатады. Үрейдің күнібұрын аңғарылған елесі сол объектінің бізге соқпай, айналып өтуіне мүмкіндік береді. Бірақ үрей объектісінің айналып өтуі одан біржолата құтылғандықты білдірмейді. Одан гөрі жақындап келе жатқан объектіні жоғалтып алу ықтималы қорқыныштың үстіне қорқыныш арттырып, үрейді әрі қарай үдетіп жібереді. Объектісі бар болса, үрей соның ішінде тұтылуы мүмкін. Үрей объектісінің жай ғана маңайдан өтіп кету орайы келсе, әрі қарай ол үрейді өз ішінде ұстап тұра алмайды. Үрейдің объектіге тікелей қатыстылығы, оған қарай бағыт ұстау белсенділігі өзі сол объектіні жоғалтып алған жағдайда арта түседі. Біз бұл жерде абыржу мүлде жоқ дегеннен гөрі, ол осы сәтте аса шошытарлық дәрежеде емес деп сипаттағанды жөн санар едік. Болмаса, абыржу өзінің туындау себебі емес, әрлі-берлі қозғалысының салдары ретінде жанданатын нақты объектілерге таңылады. Абыржу кезінде ой әртүрлі объектілердің арасында шапшаң қимылдап, сол абыржу сезімінің өршуіне ықпал етеді. Әркімнің көңілін абыржытатын «нәрселер» көбейген үстіне көбейе береді. Сөйтіп, белгілі бір объектіден қол үзу абыржу сезімінің әбден жинақталуына жол ашады. Басқа сөзбен айтқанда, абыржу объектілерге «жанаса» кетуге бейім тұрады. Осыны ескеретін болсақ, абыржу объектінің жақындап келе жатқанынан туатын үреймен қарым-қатынасты емес, сол объектіге деген көзқарасты білдіреді. Үрей мен абыржу арасындағы қатынас нақ сол объектінің «маңайдан өтуінен» туындайды. Бұған қоса, үрейдің өз объектісімен жай байланысына қарағанда, оны жоғалтып алу ықтималына орай қарым-қатынасы да әлдеқайда берік болады. Басқаша айтқанда, бұл – жай үрей ғана емес, сол үрей жолында бәс тігу. Фрейд үшін үрейдің өзі «менді» қауіп-қатерден сақтайтын айла-шарғы ретінде әрекет етуі мүмкін. Өзінің «Тыйымдар, симптомдар және абыржу» (Іnhіbіtіons, Symptoms, and Anxіety) атты еңбегінде Фрейд Кішкентай Ганс оқиғасын еске алады. Ганс жылқы көрсе үрейі ұшатын. Фрейдтің пайымынша, бұл үрей «меннің» зәресін, әлдеқайда қатты ұшыратын басқа бір үрей – жылқыны ақтаудан қорқудың «орнын басқан» белгі болып саналады.16 Ганс жылқыға жақындамау арқылы әлгі үрейін «реттей» алады, бірақ әкесінің алдында өз үрейіне әмірі жүрмейді. Біз Фрейдтің бейсана эмоция моделінде аффектінің қысымға ұшырамағанын еске түсіре аламыз: бұл ретте жапа шегетіні – аффектіні апарып теліп қойған идея. Сондықтан үрей аффектісі объектілер арасындағы орын ауыстыру арқылы қолдау табады. Объектілер арасындағы орын ауыстыру, сондай-ақ оларды өзара байланыстыруға да атсалысады. Мұндай байланыстар үрейден тумайды, бірақ әлеуметтік қиялдың ішінде өмір сүруі ықтимал. Фрейдтің моделінде нысандар арасындағы қозғалыс ішкі психикалық сипат пен кері бағытта жүзеге асады; бұл ақтаудан қорқу мысалына қайта оралтады. Нақтырақ айтсақ, объектілер арасындағы бүйір қаптал арқылы орын ауыстыру (бұл арада жылқы мен әке) әуел баста аффект (ақтау қаупі) таңылған идеяны қыспаққа алуды өзінше түсіндіріп береді.17 Мен қауіп таңбасы ретінде объектілерді өзара біріктіретін бүйір арқылы орын ауыстыру бірқатар тарихи жағдайлардың негізінде қалыптасатынын айтар едім. Таңбалар арасындағы қозғалыстың психикалық бастауы жоқ, бірақ ол тарихи жағдайлардың қазірге дейін жанды сипатын қалай сақтағанының айғағы болады. Мысалы, біз нәсілшілдік сөздерінің орын ауыстыру арқылы үрейді қалай қолдайтынын, қалай көрініс табатынын қарастыра аламыз. Франц Фанонның «Қара тері, ақ сірі» (Black Skіn, Whіte Masks) еңбегінен алынған мына үзіндіні оқып көріңіз: «Менің денем өзіме қайтып оралып, керіліп-созылды. Қыстың осы аппақ күнінде өңін жоғалтқан, яғни қайта боялған, қара жамылған. Негр – хайуан, негр – залым, негр – жексұрын, негр – ұсқынсыз. Қарасайшы, негр, күн суық қой; негр дірдек қағады, себебі оның тұла бойы мұп-мұздай. Кішкентай бала дірілдеп тұр, өйткені ол негрден қорқады. Негр суықтан селк-селк етеді. Бұл суық біздің сүйегімізден өтеді. Сүп-сүйкімді кішкентай бала діріл қағады, себебі ол негр ашудан селкілдеп тұр деп ойлайды. Кішкентай ақ сары жүзді бала анасының құшағына тығылып: «Мама, негр мені жеп қоймақшы», – дейді.18 Бұл жерде үрей суық арқылы берілген; ол дененің сыртынан кіріп, ішіне бойлап, «сізді сүйегіңізден өткен» суықпен бірге дірдек қаққызады. Үрей өзін сезінген денелерді баурап алады, денелерді өзі толтырып, билеп-төстегендей қалыпқа келтіреді; ол сырттан еніп, ішке қарай жылжығандай болады. Үрей қақтығыс кезінде тұрпаттардың басын біріктірмейді. Бұл – бәріне ортақ сезім емес, сондықтан ақ және қара бітімдердің арасын ажыратуға қызмет жасайды. Ақ сары бала қара адамның денесінің дірілін ашудың белгісі, яғни өз үрейінің «арқауы» деп қате қабылдайды. Басқаша айтқанда, нәсілі бөлек жан оны дұрыс тани алмағандықтан қорқынышты болып көрінеді; бұл білместік өз кезегінде қара адамның санасында ақ адамның үрейінен туған үрей болып қайта жаңғырады. Әлбетте, бұл – үрей ақ адамнан шықты, яғни ол осы үрейдің бастау көзі (және авторы) дегенді білдірмейді. Сірә, үрей тарихтың бүгінгі күнге дейін жазылып бітпеген ескі жараларының аузын тырнап ашатындықтан (мәселен, «жеп қояды» деген балалар қиялы дәлме-дәл қайталанып, бөтендер туралы «шындық» ретінде әлеуметтік нормалардың мәнін «иемденіп» алады), ақ адамдардың қара адамдардан бөлек тұрпат танытуына мүмкіндік береді. Бұл арада біз үрейдің көмегімен бір нәрсе жасалатынын байқай аламыз; бір-бірінен айырмашылығы жамылғыдан (surface) көрінетін (діріл, қайта бояу) денелердің ара қашықтығы соның арқасында қалпына келтіріледі. Бұл арадағы бір айқын нәрсе – қара адам үрей нысаны болып қала береді; ол өз тіршілігіне қауіп төндіретін үрейді жеке басына қатысты нәрсе ретінде сезіне бастайды. Үрей субъектінің бойынан шықпайды әрі өз объектісінің ішінде орналаспайды; біз басқалардың құбыжық көрінгенінен қорықпаймыз. Қара адам үрей таңбаларының айналымы нәтижесінде қорқынышты кісі «болып шығады». Бірақ осы мысал бізге үрейдің объектіге, бұл жерде қара адамға еніп кететінін көрсетпей ме? Белгілі бір дәрежеде бұл дұрыс: үрей таңбаларының айналымы біреулеріне тоқтам салса, басқаларын қозғалысқа келтіреді. Бұл жерде үрей денеде жайғасады, ал ол бұдан әрі үрей объектісіне айналады. Ақ сары балаға елестеген үрей тұйықталуға емес, кеңеюге жетелейді: оның құшағы өз үйінде жүргендей сезімге бөлейтін жанға жайылған (ана құшағы «үйге қайтумен» бірдей). Қара субъект ақ сары бала үрейінің «соққысынан» қорқады; оны кіп-кішкентай кеңістікті иемденген дененің ішіне сыйып кеткен үрей есеңгіретіп тастаған. Басқаша айтқанда, үрей – кейбір денелерді қозғалыс пен бөтендерді көбейту арқылы шектеп отырады. Бірақ бұл шектеу таңбалар, сондай-ақ денелер арасындағы қозғалыстың салдары болады. Мұндай қозғалыс негр, хайуан, залым, жексұрын, ұсқынсыз сияқты бұрынғы ассоциацияларға тәуелді күй кешеді. Басқа сөзбен айтқанда, бұл – таңбалар арасындағы үрей қозғалысы; ол нақ осы шақтағы үрей объектісін жасауға мүмкіндік береді (негр – хайуан, залым, жексұрын, ұсқынсыз). Таңбалар арасындағы қозғалыс басқаларға эмоциялы құн тұрғысынан қарауға жағдай жасайды; бұл ретте ол тарихқа байлаулы, «қыстырмасы» бар және жариялауды қажет етпейтін атрибут ретінде көрінетін үрейді қамтиды. Шектеу шартты сипатта: қара адам үрей объектісі болғандықтан, маңайдан жай ғана өтіп кетуі ықтимал. Іс жүзінде оның «маңайдан өтуінің» физикалық дәлелі таңбалар арасындағы үрейдің жылжуымен байланысты болуы мүмкін; бұл қозғалыс аффектіні күшейтеді. Қара адам маңайдан өтіп кетсе, одан сайын қауіпті бола түседі: оның іргеге жақын келуі болашақта төнетін қатердің ықтималын арттыратындай елестейді. Былайша қарағанда, үрей экономикасы бөтендердің тұрпатын шектеуге ұмтылатын сияқты; бұл шектеудің «табысы» оның сәтсіздікке ұшырауына байланысты, себебі ол үрейдің барлық негізін ашық қалдыруы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда, объектіге бағытталған сияқты көрінгенімен, үрей аффектілі экономика тәрізді әрекет етеді. Үрей белгілі бір объектіде немесе таңбада орналаспайды; міне, нақ осы жайғасу орнының болмауы үрейдің таңбалар бойы мен денелер арасында жылыстап жүруіне мүмкіндік береді. Бұл қозғалыс таңба денеге әбден бекіген кезде уақытша ғана аялдайды. Нәтижесінде денеге таңылған таңба оны үрей объектісіне айналдырады. Дене қабылдаған форма оны үреймен қоршап, өзіне басыбайлы етеді. Үрейдің бүйір арқылы қозғалысы (бұл арада біз таңбалар арасындағы метонимиялық және қыстырмалық қарым-қатынасты көреміз) да кері қозғалысқа жатады, өйткені үрей объектілері уақыт өте келе өзара орын ауыстырып отырады. Бұл орын ауыстыру субъектілерді үрей тудыратын объектілердің айналып өтуін қамтиды. Маңайдан өтіп не орын ауыстырып бара жатқанда бәрібір қорқыныш тудырмай қоймайтын объектіден мүлде сырт айналу аффектісі арқылы үрей мен абыржу сезімдері «мен анау айтқандай құбыжық емеспін» дейтін пікірді туғызады. Осы тұрғыдан үрей өмірде бұрыннан бар межелерді қорғамайды. Одан гөрі, субъектілер бойын аулақ ұстау мен қашуға тырысатын, тіпті «жоққа» айналып кететін объектілерді жасай отырып, сондай межелерді жаңадан қалыптастырады. Үрей нәтижесінде көрінетін «өз» бен зардап шеккен «өзгелер» арасындағы меже ғана емес, қорқыныш тудыратын объектілердің өзара байланысы (субъект пен оның объектісі арасындағы жай байланыс емес) да «қыстырмасы» бар тарихи жағдайлардан, кейбір қатер нысандарын басқалардан асырып құбыжық етіп көрсететін тәсілдерден туады.

Жаһандық үрей экономикасы Біз үрейдің ұжымдық формаларды сақтау үшін сүйенетін процесі туралы нақты айтып бере аламыз. Мен өз дәлелімде үрейдің әуелі психикалық болып көрініп, артынан әлеуметтік, ұжымдық сипаттарға ие болатын экономикасы бар екеніне жүгінбеймін; сірә, жеке субъект өз болмысын ұжыммен сәтті үйлесуінің нәтижесінде қалыптастырады. Аффектінің сәтсіздігі оған ұжымдық тұрпаттардың жамылғысын жасауға мүмкіндік беретін субъектіде не объектіде орын алады. Үрейді кеңістік әрі тән тұрғысынан қарастыратын саясаттың күрделілігі әлем экономикасында 11 қыркүйектен бергі уақытта дәл осылай айқын көрінген емес. Әрине, лаңкестік атауының өзінде үрей тұр. Олар әп-сәтте басқалардың бойында (шектеулі аймақта қимылдауы мен еркін орын ауыстырмауы үшін) үрей сезімін өршітіп, кісі өлтіру мен бұзып-қирату арқылы шексіз қорқыныш туғыза алады. Аустралияның премьер-министрі Джон Говард айтқандай, бен Ладеннің Құрама Штаттар мен «жеке бостандыққа, діни төзімділікке, демократия мен халықаралық еркін сауда айналымына негізделген бүкіләлемдік жүйеге» деген «өшпенділігі» «оның үрей таратуды, белгісіздік ахуалын туғызу мен тұрақсыздыққа септігін тигізуді көздеп, бұл нәрсе қауымдастықтар мен елдердің бір-біріне қарсы тұруына алып барады» деген сенімін білдіреді.19 Одан әрі Говард лаңкестік әрекеттер халықаралық капиталдың бақуаттылығына ғана емес, сонымен қатар аустралиялықтардың жанды тұрпаттарына, олардың «әлемді қиындықсыз, еркін әрі қорқынышсыз аралауына» жасалған қиянат деп есептейді. Мен қозғалыста болатын үрей экономикасында қосалқы міндет атқаратын нәрселерді балама тұрғыдан қарастыруды ұсынар едім; бұл – ұтқырлықтың формасын, сондай-ақ тәни қоршаудың, шектеу мен тұйықтаудың түрлерін ажыратып береді. Біз Батыста субъект тұрпаттарының жүріп-тұруы қалай қорғалғаны туралы мәселені талқылай аламыз. Ол да жаһандық экономикада капитал ұтқырлығының жеткіліксіз қорғалғаны сияқты, қауіп-қатерге килігіп тұрғандай көрінеді (бұл ретте капитал «адал ақша» ретінде қарастырылып, лаңкестіктің оқшаулануы мен бұғатталуы тиіс «арам ақшасына» қарсы қойылады). Лаңкестің құрбаны болудан сақтану үшін Америка, Аустралия мен Ұлыбритания субъектілері мен азаматтарына бірінші кезекте «күнделікті шаруаңызбен айналысыңыз», «саяхат жасаңыз», «жұмсаңыз, тұтыныңыз» кеңестер беріледі. Америка Құрама Штаттарында шынымен де азаматтарды үрейленбеуге шақырып, ұлтты қорқыныштан ада, өзін құртқысы келген лаңкестік шабуылдарға жойқын соққы беретін күш ретінде сипаттады. Джордж У. Буш айтқандай, «Американың болашағы – үрей десе, бұл таңғаларлық нәрсе болар еді. Кейбіреулер лаңкестік дәуірі туралы айтады. Мен ілгеріде күрес пен бетпе-бет келетін қиындықтар күтіп тұрғанын білемін. Құрама Штаттар шешім қабылдауға қабілетті, қуатты болып тұрған кезде лаңкестік дәуірі орнауына жол берілмейді».20 Ұлт өзінің қорғансыздығы мен жарақатын үрейге жеңдірместен, үстем пиғыл танытады; бұл нарративтегі «өз қалауымыздан» гөрі «лаңкестердің қалауы бойынша» дейтін сөз тіркестері арқылы айтылған жауаптан аңғарылады. Сөйтіп, Буш өз қалауы бойынша әрекет ету мәселесінде лаңкестік іс-қимылдың соңын әскери іс-қимылға айналдырып, сол арқылы үрейдің көзін жойып, әлемді кез келген капиталдың қозғалысы, адамдардың жүріп-тұруы бостандық пен өркениет белгісіне айналатын үйлесімді қалпына түсіруге ұмтылатынын алға тартты. Бұл лаңкестіктің шектеу қоюға әсер етпегенін, тек қайта жұмылуға түрткі болғанын көрсетеді. Бірақ бұл белгілі бір адамдар мен топтардың жағымсыз оқиғалардан соң, үрей сезімі оянбады деген сөз емес. Мысалы, әуе тасымалының күрт азайғаны – үрей жайлағанының айқын айғағы. Алайда осындай шектеулер жайын біздің мұқият салмақтағанымыз абзал. Ол үшін үрей адамдарды жай ғана біріктіреді не әлгі шектеулер осындай үрейдің бірден-бір нәтижесі болады деген пайымнан арылуға тиіспіз. Менің ілгеріде Хайдеггерге сүйене отырып айтқанымдай, үрей объектісі маңайдан өтіп кетуі ықтимал әрі алда болуы мүмкін нәрсе бұрын бастан кешкен қорқыныштың жұрнағы саналады. Қауіпті оқиғалар жүзеге асып, объектіні (ол маңайдан өтіп кеткенімен, қатысуы арқылы оқиғаға сипат беріп, бүгінгі өмірді бәске тігіп үлгерді) тудырып жатқан кезде үрей абыржуға ұласты. Сөйтіп, енді объектінің көзқарасы емес, керісінше, объектіге көзқарас талқыға түсті. Көзқарас барысында оқиға қайта қаралып, фетиш нысанына айналды да, теңдестіру формаларын қамтыды. Олардың аясында адамдар қиянат шеккен ұлттың сапына қосылды. Бұл теңдестіру процесін қайта іске жаратып, сол арқылы ұлт шабуылға ұшыраған не ұшырайтын адамдармен теңдестірілді. Бір айта кетерлік маңызды мәселе, осы теңдестіру енді лаңкестердің нысанасына жеке-жеке ілігуі ықтимал екенін сезінетін адамдардың еркін жүріп-тұруы шектелетінін де аңғартты. Сайып келгенде, бұл шектеудің дәнекерлік қызметіне ден қойылып, үрей әсерлері лаңкестіктен қорғану үшін әркімнің ішкі жинақылығына мүмкіндік берген сүйіспеншілік туралы патриоттық декларацияларға жан бітіре бастады. Субъектілер от басы, ошақ қасында жан сауғалап отырғанымен, Америка туымен жаппай көмкерудің арқасында үйлер ұлттық символ кеңістігіне айналды. Бұл тудың абыройы оны барлық жерге іліп тастау қажеттігінде тұр дегенді білдірмейді. Ұлтқа деген сүйіспеншілік тек қана тудан көрініс таппаса керек. Біз туды қыстырмалы таңба ретінде қарастыра аламыз; сол қасиетінің арқасында ол басқа да «ту-таңбалармен» қауышады, сөйтіп, үндестік әсері туады («қыстырыла ұйысқан» ұлт). Тарихи тұрғыдан жер жаулап алуды, сондай-ақ ұлтқа сүйіспеншілікті (патриотизмді) танытатын таңба ретінде ту «ынтымақтың» (ол арқылы адам «басқалармен» бірге және «бөтендерге» қарсы) нақты көрінісі болып саналады. New York Tіmes Magazіne басылымында жарық көрген мақаласында Джордж Пэкер бұл туралы жақсы жеткізеді: «Тулар гүлдер сияқты жайнап шыға келген кезде, әп-сәтте мені із-түзсіз жоғалып кеткендердің суреттерін көргендей әсерге бөледі. Бұл тулар божыраған тоқмейілсудің белгісі емес, сақтықтың, қасіреттің, батылдықтың, тіпті сүйіспеншіліктің таңбасы секілденді. Олар америкалықтардың бауырмалдық сезімін оятты, себебі біз қиянатты бірге көрдік».21 Үрей объектісін мансұқтау туған жерге «бауырмалдық сезімін» оятып, бет бұрғызуы мүмкін. Мұндай «бет бұру» «бауырластық» белгілерін қайта тірілтіп, жандандыруы ықтимал. Мұндай «бет бұру» парыз ретінде түсіндірілуі де мүмкін: туды жайып көрсетпеу тасбауырлық белгісі немесе тіпті, лаңкестікке тілеуқорлық деп қабылдануы ғажап емес (Джордж Буш сөзінің жобасы мынадай: сіз өзіңіздің «бізбен бірге» екеніңізді көрсетпесеңіз, сізді «бізге қарсы» деп есептейтін боламыз).22 Ұлт сүйіспеншілік белгілерінің әсерімен есін жинап алды. Ұлтты тұтастыратын сүйіспеншілікпен реттелген үрей тұрпаттарды еш қыспаққа алмайды. Үрей объектісін мансұқтау бұл арада туған жерге (үйге) бет бұруды аңғартады. Сүйіспеншіліктің (тұтасу үлгісіндегі) бұл түрі арқылы реттелген үрей тұрпаттарды еш қыспаққа алмайтыны былай тұрсын, әрбір дененің ар жағында тұрған әрі оның атынан әрекет ететін ұжымдық тұрпатпен тұтасу арқылы олардың кең аумақта емін-еркін көсілуіне мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, Құрама Штаттардағы кейбір тұрпаттарды жай сырт көзге солай көрінетін шектеулер – жұмылдырушы күш сипатында қызмет етеді; үйден шықпай отыру – адамдарды ұлттық майданмен символдық түрде тұтастандыруға жағдай жасайды. Джордж У. Буштың 2002 жылғы «Елдің жағдайы» туралы Конгреске жолдауында бұл тұтастықтың нәтижесі анық айтылған: «Бүкіл еліміз айнаға бір қарап алып, өзінің ең жақсы қасиеттерін көрген сияқты».23 Олай болса, Құрама Штаттар өзін-өзі айнада «тұтылған» бейнесі арқылы айқындап алды; бұл «тұтылу» ұжымдық нарциссизммен шектесіп жатыр: өзін-өзі жақсы көру ұлт сүйіспеншілігіне ұласып, ол лаңкестікке жауап қайтаруды «өзімен бауырлас» аяулы жандарды қорғау тұрғысынан заңдастырып, сол арқылы «ұқсастық» белгісі негізінде «ынтымақ» құрды, ал «ұқсастық» аман қалудың жолы немесе шартына айналды. Сөйтіп, үрей туғызуды мақсат еткен лаңкестік әрекет капитал айналымын қорғауға және кейбір тұрпаттардың (үйді /туған жерді/ ұлт ретінде қорғау, ұлтпен тұтасу арқылы) жұмылдырылуына себеп болса, лаңкестікті тұтынып отырған кім? Кімнің осалдығына бәс тігілді? 11 қыркүйек оқиғасы лаңкестікке қатысы бар деп күдік туғызған кез келген адамды ұстауға негіз болғаны жөнінде құжаттар жақсы сақталған. Күдіктілерді қамауға алу Құрама Штаттар мен Еуропа елдерінде дереу жүзеге асырылып қана қоймай, Батыс мемлекеттерінің үкіметтері «лаңкестікке қатысы» бар деп күдік тудыратын кез келген адамды ұстау үшін тиісті құрылымдардың құқықтарын кеңейткен заң қабылдады. Лаңкестік туралы 2000 жылғы заңға Британдық түзетуде нақты бір тұлғаның Біріккен Корольдік аумағында болуы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін болса, адам халықаралық лаңкес деген күдік тудырса, мемлекеттік хатшының тиісті сертификат бере алатыны айтылған. Бұл арада қатерді бағалау ұғымы сенім мәселесіне ұласып, жай күдіктің өзі адамды ұстауға негіз болады. Қамауға алу өкілеттігінің кеңеюі – жай символдық сипатта емес, сонымен қатар лаңкестерді ұстаумен де байланыссыз: кез келген тұрпаттың лаңкес болып шығуының құрылымдық ықтималын ескере отырып, іс жүзінде біздің қалпына келтірген, таратқан нәрселеріміз ұстаудың дәйегі бола алады. Адамдардың лаңкестік ұйымдармен өте әлсіз байланыстары үшін ұсталғандары жақсы құжатталған; көп жағдайда олар аты-жөндері, жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлері арқылы жай қарым-қатынаста болған. Аристид Р. Золберг «New Yorker» басылымына сілтеме жасай отырып, бұл процесті нәсілдік алалаудың түрі ретінде қарастырады: «Құрама Штаттарда 2001 жылдың 11 қыркүйегінен қараша айына дейінгі аралықта ұсталған 1147 адамның бірқатары шабуылға байланысты жанама байланыстар негізінде анықталған, бірақ олардың көпшілігі біреулердің сілтеуімен тұтқындалып, жол жүру ережесін бұзғаны мен күдікті әрекеттер жасағаны үшін көзге түсіп қалған Таяу Шығыстан, Оңтүстік Азиядан шыққан адамдар болған».24 Мунер Ахмадтың сипаттауынша, 11 қыркүйектен соң «арабтардың, мұсылмандар мен оңтүстіказиялық иммигранттардың денесіне, жүйкесі мен құқықтарына тынымсыз, жан-жақты шабуыл» жүзеге асырылды.24 Шынында да, Лет Волпп пайымдағандай, 11 қыркүйек оқиғасын талқылау барысы «Таяушығыстық, араб, мұсылман кейпінде көрінетін адамдарды топтап, жаңа категорияларға жіктеу»26 мәселесіне септігін тигізді. Адамдардың мұндай топтарының «лаңкес болу ықтималын» мойындау, әрине, қалыптасқан стереотипке, сондай-ақ қазіргі уақытта жасалып отырған «құбыжық» түрлерінің нақты жіктелісіне байланысты. Біз Франц Фанонның қайшылықты кездесу барысындағы қара адам туралы келтірген стереотипінің қайталануын анық еске түсіре аламыз: бұл қайталанулар бөтендерді үрей объектісіне айналдырады да, ақырында ол үрей өзінің жеке сезімі ретінде санасына сіңеді. Лаңкес сөзінің кейбір тұрпаттарға таңылып қойғанын атап өткен маңызды, өйткені ол бұл атаудың өткен тарихын қайта қопарады, сондай-ақ Ауғанстан мен Ирактағы соғыстар туралы мәліметтердің ішінде(фундаментализм, ислам, араб, азғын, жабайы сияқты) басқа сөздермен де қатар қолданылады. Іс жүзінде метонимия көрінісі шындық пен әлем жасау барысында (ислам және лаңкестік сынды) терминдер арасындағы себеп-салдар байланыстарының айқын емес, нақты тұжырымды талап етпейтін айғағы ретінде әрекет ете алады. Метонимия өз қызметін жүзеге асыра отырып, байланыстарды қайта жаңғырту арқылы бұл қарым-қатынасқа жуымайтын дәлелдер келтірілсе де, лаңкестік пен ислам сынды сөздерді тізіп қоюы мүмкін. «Бұл исламға қарсы емес» деген сөз тіркестері «ислам лаңкестері» деген сипаттамалармен қатар өмір сүреді; олар сөздерді бір-бірімен қосақтап, сәйкесетін тұстарына жай уақытша мәселеден гөрі үлкен мағына жүктейді. Таңбалар арасындағы қозғалыс та сол таңбалардың тұрпаттарға «қыстырылуын» қамтиды: «лаңкес болуы мүмкін» адамдар «мұсылмандарға ұқсауы» ықтимал. Бұл оқиға зорлық-зомбылықтың белгілі бір түрлерін жүзеге асыру мен сақтану мақсатында басқаларды қамауға алуға рұқсат беретін нысанға айналғандықтан, біз мынадай сұрақ қоюға тиіспіз: үрейдің аффектілі саясатында қауіпсіздіктің маңызы қандай? Майкл Диллон ұсынғандай, қауіпсіздік «мен емес» немесе «біз емес» сипатындағы «емес» байланыссыз екенін атап өткен маңызды.27 Қауіпсіздік – бұрыннан бар шекараның мызғымастығын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар ол – үрей; үрей болғанда да, біздің ондай емес екеніміздің алдындағы үрей. Алдыңғы тараушада айтқанымдай, абыржу мен үрей шекаралардың, белгілі дәрежеде үрейіміздің себебі деп есептейтін бөтенді мансұқтау арқылы «біздің ондай емес» екеніміздің шынайы нәтижелерін тудырады. Шекаралар сезімнің өз ішінде жасалатын әрі қорғалатын болғандықтан, бүгінге дейін бұзылып үлгерген; үрейдің объектісі ретінде танылу және орын ауыстыру үшін бөгде адам төңірекке өте жақын келуі тиіс. Шекараның бұзылуы бірінші кезекте оның шекара болып бекітілуі үшін керек. Міне, үрей саясатының, сондай-ақ өшпенділіктің шекарадағы абыржу сипатында сөз етілетіні сондықтан: ұлт сақтануға тиіс жатжұрттықтардың баса-көктеп кіруіне қарсылық ретінде үрей «су тасқыны» мен «топан су басу» тілінде сөйлейді. Бұл қатерлер жойылғанда ғана, біз саяси билік конституциясында қорқыныштың толастағаны туралы батыл айта аламыз, алайда ештеңе қорғалмай, өздігінен қауіпсіз болмайтынын да қапысыз ескерген ләзім. Кауіпсіздік саласындағы дағдарысты жариялау нәтижесінде қауіпсіздіктің жаңа түрлерінің, шекаралық полицияның, аңду қызметінің құрылуы негізделді. Біз қауіп төніп тұр деп есептелетін құндылық пен дәстүрге «қайта оралу» саясатын негіздеу үшін дағдарыс нарративтері қалай қолданылатыны туралы ойланғанымыз абзал. Мәселе бұл дағдарыстардың бар екені үрей мен абыржудың пайда болуында ғана емес. Дағдарыстың пайда болуының да маңызы зор. Дағдарысты жариялау «жоқтан – бар жасау емес»: мұндай декларациялар көп жағдайда нақты оқиғалармен, деректермен әрі сандармен дәйектеледі (мысалы, ажырасулардың жиілеуі неке мен отбасы мәселесіндегі дағдарысты жариялауға негіз болатынын көре аламыз). Бірақ дағдарысты жариялау бұл деректі/санды/оқиғаны фетиш нысанына айналдырып, ол өз тіршілігін бастайды; басқа сөзбен айтқанда, бұл қауіптің көзі деп танылатын нәрсеге қарсы майдан ашуға негіз болады. Қайсыбір нәрсені қазіргі сәтте қауіп төніп үлгергендей етіп белгілеу оны «шындыққа» айналдырып, біз онымен болашақта күрес жүргізуге тиіс боламыз; ретроспективалық тұрғыдан бұл күрес өмір мен өлімнің мәселесі болып шығады. Бұл – өлім үрейі; өзіңнің, жақыныңның, қауымдасыңның бар нәрсені сақтап қалу немесе қолдау үшін осындай нарративтерден жаралған адамдардың өлімінен қорқу. Сондықтан мен өзім үшін, біз үшін және басқалар үшін үрейленемін. 11 қыркүйектен бері қайғылы оқиғалар тек лаңкестердің (адам өмірін алып қоятындардың) қатеріне ұшырағандардың ғана емес, кейбір комментаторлар дәрменсіздіктің секуляризация, мультикультурализм мен әлеуметтік, отбасылық байланыстар сияқты ішкі формаларымен байланыстыратын, лаңкестік ықтималын білдіретін барлық нәрсенің символына айналды. Мысалы, Құрама Штаттарда Джерри Фалуэлл былай деп жазды: «Осыған шынымен сенгендіктен, белсенді түрде балама өмір сүру тәсілдерін жасағысы келетін пұтқа табынушылардың, түсік жасаушылардың, феминистердің, гейлер мен лесбиандардың... Американы зайырландыруға ұмтылған барлық адамдардың... жүздеріне саусағымды тақап тұрып: – Осылай болуына сендер көмектестіңдер!» деймін.28 11 қыркүйек оқиғасына жауап ретінде британ ұлттық партиясы ұлттың болашақ моральдық келбетіне қауіп төндіретін Ауғанстандағы тәліптерді емес, Біріккен Корольдікте исламды орнықтыру керегін айтты: «Олар Британияны 2025 жылы ислам республикасына айналдыруы мүмкін».29 Әрине, лаңкестік қылмыстың төркінін бөтен адамдардың араласуы нәтижесінде туындаған дін мен қауымдастықтың әлсіздігінен іздеу мемлекеттік саясат деңгейінде – Американың сыртқы саясатына тиіскен кейбір сыншыларға қарағанда, әлдеқайда аз мөлшердегі «жеккөрінішпен» айыпталды. Дегенмен бұған қоса ұлт пен әлемді (қауымдастықтың басқалар алдында жігерін арттырып) қорғау үшін не нәрсе керек екені туралы қаптаған болжамдар нарратив қисынын ығыстырып шығарып, қайта өңдейді. Бұл оқиғаға ішкі әлсіздік себеп болды дегеннің орнына қалыпқа келтіруге, жан сақтау мен үрейді жеңуге жауапты болып саналатын ішкі қуатымыз бар. Джордж У. Буш айтқандай, «бұл жаппай өлтіру әрекеті біздің ұлтымызды бейберекеттік арқылы үрейлендіру мен кері шегіндіруге бағытталды. Бірақ олар сәтсіздікке ұшырады; біздің еліміздің қуаты артты».30 Террорға қайтарылған жауап еркін ұлттардың жаһандық қауымдастығы ынтымағын нығайтудың әдісіне айналды: лаңкестік салған жарақат «қосымша бірлікті» (ықылас пен келісім), Америка мен демократияны «қуатты» қылған құндылықтарды пайдалана білуді талап етеді. Джордж У. Буштың 2002 жылғы «Елдің жағдайы» жолдауында қауіпсіздікке айрықша мән бергені демократиялық азаматтықты полицейлік қызметке ауыстыру мәселесін қамтиды: «Үкімет біздің отанымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет жасаса, Америка бұрынғысынша абыржулы азаматтардың көзі мен құлағына тәуелді болады». Бұл жерде азаматтық «көршіні бақылау» формасына ауысады; әр азамат «күдік тудыратын басқаларды аңдуы» тиісті.31 Азаматтық көршілердің шекарасын қадағалаудың әдісіне айналады. Азаматтардың полиция кейпіне енуі қауымдастықтың іргетасы, сондай-ақ біздің болашағымыздың кепілі болып саналатын сүйіспеншіліктің үстемдік құруы ретінде былайша түсіндіріледі: «Біздің елге де қауымдастығымызды қалпына келтіруге күш салатын азаматтар керек. Бізге балаларды жақсы көретін тәлімгерлер қажет».32 Американың лаңкестіктен үстем болуына мүмкіндік беретін бостандық, сүйіспеншілік пен жанашырлық секілді құндылық басқалар тарапынан төнетін нақты құрылымдық, әлеуметтік қатерлерден қорғануға жол ашады. Мұндай құндылық соғыстың мақсаты мен міндеттерін белгілейтін мұраттарды ғана емес, сонымен бірге мінез-құлық пен іс-әрекеттің демократиялық нормаларын да айқындайды; яғни азамат, азаматтық қоғам мен заңды үкімет қағидаларын түсіндіреді. Халықаралық азаматтық қоғамға тартылып, «аласталған мемлекет», «зұлымдық діңгегінің» бір бөлігі атанбас үшін басқалар бұл іс-әрекет ережелері мен басқару әдістерін «ұстанып отырғандай әсер қалдыруы» тиіс.33 Бұдан былай қарай жан сақтауға мүмкіндік беретін құндылықтарға, шындықтарға әрі нормаларға ден қою мәселесі белгілі бір әлеуметтік формалар мен құрылымдарға оп-оңай телінеді. Бұл арада біз осы әлеуметтік формалардың ашық сипатта болған кезде «жақсырақ» танылатынын атап өткіміз келеді: исламдық бөтендіктің жабық, фундаменталдық саясатына қарама-қарсы, либералды демократия (оған қоса діни және нәсілдік төзімділіктің әлсіз үлгісі, сондай-ақ «феминизмді» либералдық тұрғыдан қолдаудың айқындығы) Құрама Штаттар үшін «тәуір» болып саналады. Сөйтіп, «әйелдерге құрмет» пен «діни төзімділік» Америка мен еркін дүниені қуатты ететін қос құндылық ретінде бекітіледі. Мұндай дәлел соғыс жайында «ол әйелдерді діни фундаментализмнен құтқарды» деп әңгіме айтуға мүмкіндік береді. Бұл – таныс нарратив және оның ұзақ империялық тарихы бар. Көптеген феминист сыншылар айтатындай, мұндай нарратив басқа мәдениеттердің бөгде сипатын айталық, сол Ауғанстанды қосқандағы ислам әлемінде әйелдерді қорғау мен феминистік жүйенің бар екенін есепке алмаумен қатар, Құрама Штаттар мен «еркін әлемде» кемсітудің гендерлік аспектілері, сондай-ақ басқа да формалары сақталып отырғанын қаперге алмайды.34 Біз жабық әрі ашық мәдениет арасындағы бұл иерархияның саяси зардаптары жөнінде ой қозғап, ашық мәдениет конституциясы бөтендер үшін жабық нәрселерді қалайша көшіріп алатынын (яғни «үйде» жасырулы, бүркеулі мәселелерді) көрсеткеніміз жөн. Бұған қоса, әлеуметтік формаларды сақтау механизмі ретінде көрінетін азғындыққа ұшырау үрейі көбіне бөтендерден басқа бірқатар тұрпаттармен байланыстырылады. Осындай бөтендердің әлеуметтік формаларға төндіретін қатері (бұл нормалардың материалдануы болып саналады) амандықта болуға кепілдік беретін құндылықтардан бас тартудың қаупі ретінде бағаланады. Бөтендер бекітілген формалардың нормаларын қабылдай алмайтын жағдайға жетеді; осындай басқа тұрпаттардың өзара жақындығы өркениет формаларының (отбасы, қауымдастық, ұлт пен халықаралық азаматтық қоғам) азғындап кеткені жөнінде үрей «туғызады». Бұл әлемнің «шынына» қарсы сөз айтатындар кейіннен жаһанды «қырып-жою» мақсатына ұмтылатын лаңкестермен одақтастарға айналады. Сондықтан әлеуметтік формалар күйреуінің тиісті салдары болып көрінетін өлім жайындағы абыржу ахуалына ықпал ете отырып, қазіргіні сақтап қалуға тырысатын нарративтер бұған қоса осы абыржуды кейбір тұрпаттардан іздестіреді; бұл тұрпаттар соңыра үрей объектісіне ұласып, өз бойына фетиш сипаттарын жинақтайды. Мұндай тұрпаттар үрейді одан әрі өршітіп жібереді, өйткені олар бір орында объект ретінде тұрақтай алмай, маңайдан өтіп кету қаупін төндіреді. Біздің жоқ болған (көзге түспеген) формаларды көруіміз мүмкін емес; сондықтан әрқашан бөтендік туралы әңгіме айта алмауымыз ықтимал. Қауымдастықты күтпеген кейіпке енуі мүмкін қиялдағы «орын алмаған» бөтендерден сақтандыра отырып, қазіргі бар нәрсе өзін қорғайды; бұл қорғаныс әрекетінің ешқашан аяқталмайтынын білдіреді. Мұндай қорғаныс болашақ жайындағы абыржу мен үрейден туады; ол жан сақтау жолындағы күрес болып танылатын ереженің формасы ретінде нақтыланбайтын нәрселерді жою мен аластауды мақұлдайды. Біз нормалар ретінде өмір сүретін қағидаларды қабылдауда сәтсіздікке ұшырайтын бөтендердің қандай кейіпке енетінін білмегендіктен, пайда болған бейнелерді ұдайы аңду саясаты жан сақтаудың тұрақты тәсілі ретінде қолдау табады. Тап осы арада халықаралық лаңкес бейнесінің үрей экономикасында атқаратын рөлі туралы пайымымызды тереңдете аламыз. Елдегі бөтен адамдарды қамауға алу жөніндегі өкілеттік пен жатжұрттықтарға қарсы соғыс ашу мүмкіндігін кеңейтуді негіздейтін нарративтің лаңкес кез келген кейіпте болуы, кез келген жерден бой көрсетуі «мүмкін» дейтін құрылымдық ықтималдыққа байланысты екенін атап өту өте маңызды. «Көлеңкеде жасырынған»35 адамның лаңкес «болуы мүмкін екені» туралы нарратив екі ұшты сипатта. Бір жағынан, лаңкес басқа тұрпаттардан «айқындалмаған келуі, өтуі мүмкін»36 «көлеңкелі бейне» ретінде дараланады. Бірақ ол лаңкестермен байланыстырылатын ислам, араб, азиялық, шығыс атаулары кездесетін тұрпаттардың жүріс-тұрысын шектеуге мүмкіндік беретін оқшау сөз болуы да мүмкін. Үрей лаңкес «болуы ықтимал» және қамау үшін негіз табылуы «мүмкін» бұл тұрпаттарға (сондай-ақ «аласталған мемлекеттердің» тұрпатына) қыстырыла кетеді. Бірақ мұндай үрей қыстырылғанымен қоса, бұл тұрпаттардың өне бойын шарлап та кетеді; лаңкестің біздің маңайымыздан өтуінің құрылымдық ықтималы барлаудың, бақылау мен қамауға алу құқығының формаларын кеңейтуге негіз болады. Үрей кейбір тұрпаттардың жүріс-тұрысын кеңейтуге, белгілі бір кейіпте жағымды сипатта көрінбейтін бөтендер мен соған сәйкес шектеуге ықпал етеді. Самюэль Вебер былай дейді: «Лаңкестік халықаралық сипатқа ие болған кезде оны табу, анықтау, даралау әрі нақтылау қиынға соғады»,37 бұл қиындық мемлекеттің өкілеттігін кеңейтуге жол ашады. Халықаралық лаңкестің бейнесі баспана сұраушының бейнесіне өте жақын орналасқанын мойындаған жөн. Осы екі бейненің арасындағы қозғалыс аса зор міндет атқарады; ол бойынша, баспана сұрап, лаңкестік пен қуғын-сүргіннен қашып жүргендердің өзі жалған әрекет етіп, лаңкестік пен қуғын-сүргіннің белсенділері болып шығуы мүмкін. Лаңкестер сияқты, олар да ұлттың ішіне заңсыз түрде еніп кеткен ықтимал тонаушылар кейпінде танылады. Мысалы, Аустралияда «Тампа» қайығының (ішінде көпшілігі Ауғанстаннан шыққан 433 баспана сұраушы бар) жағаға тоқтауына рұқсат етілмеген кезде ретроспективалық тұрғыдан қарағанда, оған мінгендердің Усама бен Ладенмен байланысы болуы мүмкін деген желеу алға тартылды. Баспана сұраушы мен халықаралық лаңкес бейнелерінің қосақталуы басқа да тұрпаттарды (үй тонаушы, құбыжық) еске түсіріп, «баспанасы жоқтарды» біздің «үрейіміздің», болашақта бөтендердің қауымдастық ішіне өту, ену қаупі әрқашан төніп тұратын шекараны бақылаудың жаңа формаларын жасаудың себепшісі ретінде көрсетеді.Метонимия көрінісі ұқсастықты жасау мен қалыптастыруға қызмет етеді: баспана сұраушы «біздің үйімізді» жоқ қылуы мүмкін үрей тудырушыға, лаңкеске «ұқсайды». Бейнелер арасындағы қозғалыс қазірден бастап үрей нысанына айналып үлгерген бөтендерді шектеуді жүзеге асырады. Үрей экономикасы ықпал еткен бөтендердің тұрпатын шектеу, әсіресе, контейнерлерден баспана іздегендердің көз алдымыздағы тұла бойды тітіркендіретін, қатыгездіктің сипатына айналған өлімдерінен көрінеді; бұл – баспана іздегендердің болашағына үміт артқан ұлттардың өзі таңдаған, артынан жылап-сықтауы болмайтын сұрауы жоқ өлім. Бұл үрейдің аффектілі экономикасында не нәрсенің бәске тігілгенін қорқыныш құшағына ала отырып, еске салады.

Сілтеме Арий халықтары, www.uіowa.edu/~polіcult/polіtіck/smіthson/an.htm (Aryan Natіons, www.uіowa.edu/~polіcult/polіtіck/smіthson/an.htm) (2001 жылғы 4 қаңтарда қойылған).

Дэвид Энгке алғысымды айтамын.

Зигмунд Фрейд, «Бейсана», Зигмунд Фрейдтің Толық психологиялық еңбектерінің стандартты басылымы, ауд. Джеймс Стрэчи, Лондон: Хогарт, 1964 (Sіgmund Freud, «The Unconscіous» іn The Standard Edіtіon of the Complete Psychologіcal Works of Sіgmund Freud, trans. James Strachey (London: Hogarth, 1964), 15:110. Карл Маркс, «Капитал: Саяси экономияға сын», ауд. Бен Фоукс, Хармондсуот, БК: Пингвин, 1976 (Karl Marx, Capіtal: A Crіtіque of Polіtіcal Economy, trans. Ben Fowkes (Harmondsworth, U.K.: Penguіn, 1976), 1:248.

Сонда, р. 252 айрықшалаған – мен.
Сонда, р. 254.
Сонда.

Бұл дәлелмен танысу үшін қараңыз: Сара Ахмед, «Мәні бар айырмашылықтар: феминистік теория және посмодернизм», Кембридж: Кембридж университетінің баспасы, 1988, рр. 97–98 . (Sara Ahmed, Dіfferences That Matter: Femіnіst Theory and Postmodernіsm (Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 1998), рр. 97–98. Жан Лапланш пен Жан-Бернар Понталис, «Психоанализ тілі», ауд. Дэвид Николсон Смит, Лондон: Карнак, 1992, р. 65 (Jean Laplanche and Jean Bernard Pontalіs, The Language of Psychoanalysіs, trans. Davіd Nіcholson-Smіth (London: Karnac, 1992), 65. Джудит Батлер, «Мәні бар тұрпаттар: «Секс» ұғымының дискурстық шектеулері туралы», Нью-Йорк: Роутледж, 1993, р. 9 (Judіth Butler, Bodіes That Matter: On the Dіscursіve Lіmіts of «Sex» (New York: Routledge, 1993), 9. Нәсілдік өту туралы еңбек ұзақ болғандықтан, бұл арада талқылай алмадым. Қысқаша шолу үшін қараңыз: Сара Ахмед, «Гибридтік арқылы өту», «Теория, мәдениет және қоғам» басылымы, 1999, №16, рр. 87–106. (Sara Ahmed, «Passіng through Hybrіdіty» Theory, Culture and Socіety 16 (1999): 87–106 Британ ұлттық партиясы үшін «кез келген тұрпат жалған болуы ықтимал» моделі «барлығы» дегенге ауысады не «барлығы» да жалған болуы мүмкін: «Британияның ақ нәсілді азаматтарын екінші қатарға шегеріп тастаған кесімді жіктеліс схемасын біз жоққа шығарамыз. Сондай-ақ біз баспана сұраушылардың ағымына қысым жасауға тырысамыз, өйткені олардың барлығы өтірікші немесе өздерінің туған елдеріне, әлдеқайда жақын жерден баспана таба алады». Британия ұлттық партиясының веб-сайтын қараңыз: www.bnp.org.uk/polіcіes.html#іmmіgratіon (қолжетімді болған күні: 2003 жылғы 30 шілде. Айдан Мак Гурран мен Дженни Джонстон: «Үйге қайту – жанға өте бататын жағдай: Мартиннің фермасына көңілсіз оралуы» «Дэйли Миррор» (Daіly Mіrror), 2003 жылғы 9 тамыз, рр. 4–5. Тони Мартин 2003 жылдың тамызында босатылып, оған қатысты «оқиғаға» Біріккен Корольдіктің баспасөзінде кеңінен орын берілді. Таблоидтық басылымдар Мартиннің үйі қиратылған «қатардағы фермер» екеніне назар аударды. Mіrror басылымының бірінші бетіндегі бас тақырып мынадай қорытынды жасады: «Ол өзінің үйін қорғау үшін өлтірді... бірақ қазір еске алатын нәрсе шектен тыс көп». Оқиғаның трагедиясы – «жасөспірім үй тонаушының» өлімі емес, Мартиннің үйден айырылуы: «Бұл – енді үй емес, жай қаңқа. «Үй тонаушы» мен «өтірік баспана сұраушы», «үй» мен «отан» арасындағы қосымша байланысты ескергенде, оқиғаның трагедиясы Біріккен Корольдікте болуы арқылы «фермер» сияқты «қатардағы адамдарды баспана сұраушылардың қайғылы жағдайға ұшыратуынан көрінеді. Басқа сөзбен айтқанда, бұл оқиғаның түйіні мынада: біз оларды ішке кіргізетін болсақ, олар халықты ойыншыққа айналдырып, «өзіміздің тер төккен жерімізді» алып қояды. Стэнли Рахман, «Абыржу», Хоу, БК: Психология баспасы, 1998, рр. 2–3. (Stanley Rachman, Anxіety (Hove, U.K.: Psychology Press, 1998), 2–3. Тағы да қараңыз: Уильям Ф.Фишер, «Абыржу теориясы», Нью-Йорк: Харпер және Рау, 1970 (Wіllіam F. Fіscher, Theorіes of Anxіety (New York: Harper and Row, 1970). Мартин Хайдеггер, «Болмыс және уақыт», ауд. Джон Мэккерри және Роберт Эдуардсон, Лондон: SCM баспасы, 1962, р. 180 (Martіn Heіdegger, Beіng and Tіme, trans. John Macquarrіe and Edward Robіnson (London: SCM ress, 1962), 180. Қараңыз: Зигмунд Фрейд, «Тыйымдар, белгілер мен абыржу», Зигмунд Фрейдтің «Толық психологиялық еңбектерінің стандартты жинағында», ауд. Джеймс Стрэхи, 20-том, Лондон: Хогарт, 1964. (Sіgmund Freud, «Іnhіbіtіons, Symptoms, and Anxіety» іn The Standard Edіtіon of the Complete Psychologіcal Works of Sіgmund Freud, trans. James Strachey, vol, 20 (London: Hogarth, 1964). Әлбетте, Фрейдтің «бейсана эмоция» туралы дәлелі бастаулар моделіне, идеялар мен сезімдер арасындағы «шынайы байланысқа» сүйенді. Қараңыз: «Бейсана», р. 110. (The Unconscіous, 110). Франц Фанон, «Қара тері, ақ сірі», ауд. Чарльз Лэм Маркманн, Лондон: Плутон, 1986, р. 114 . (Frantz Fanon, Black Skіn, Whіte Masks, trans. Charles Lam Markmann (London: Pluto, 1986), 114. Джон Говард, Аустралия қорғаныс қауымдастығына, Аустралия сыртқы істер департаментіне үндеу, 2001 жылғы 25 қазан, www.dfat.gov.au/іcat/pm_251001_speech.html (2002 жылдың 23 шілдесінен бастап ашық (John Howard, address to the Australіan Defence Assocіatіon, Australіan Department of Foreіgn Affaіrs, 25 October, 2001, www.dfat.gov.au/іcat/pm_251001_speech.html (accessed, 23 July, 2002). Джордж У.Буш, «Конгрестің бірлескен сессиясына, Америка халқына жолдау, www.whіtehouse.gov/news/releases/2001/09/20010920-8.html, 2001 жылдың 20 қыркүйегінен бастап ашық (George W. Bush, address to a joіnt sessіon of Congress and the Amerіcan people, www.whіtehouse.gov/news/releases/2001/09/20010920-8.html (accessed, 20 September, 2001). Қараңыз: Джордж Пэкер, «Тудың қайта оралуы», «Нью Йорк таймс» басылымы, 2001 жылғы 30 қыркүйек, рр. 15–16. Қайғы мен махаббат арасындағы қарым-қатынас бұл нарратив үшін шешуші маңызға ие: қауымдастық жоғалтқан кезде біріге бастайды. Джудит Батлер 11 қыркүйектегі шығындарға байланысты қоғамның пікірі қайғылы, уайымсыз өмірлердің арасындағы айырманы талқылауға арналғанын пайымдады «Зорлық, қайғы, саясат» (Femіnіst Theory, Негізгі баяндама, Лондон университеті колледжі, Лондон, 2002 жыл, наурыз). Жоғалған өмір «өзіне ұқсас» болса, соңынан жұртшылық жылап-сықтайды; бұл ретте ұқсастық – әлеуметтік нормаға жақындық ретінде бағаланады. Дэвид Энг те қайғылы жоқтаудың қоғамдық дискурсында нормативті емес шығындардың орнын зерделейді: «Әкелер мен аналарды», «ұлдар мен қыздарды», «бауырлар мен апа-қарындастарды» жоғалту риторикасы ұлт-мемлекет пен ядролық отбасы арасындағы жібектей келісімді, қандық негіздегі қарым-қатынастар мен от басы, ошақ қасындағы нацистік өмір символдарын барлайды («Үнсіздіктің құны», Theatre Journal басылымы, 2002 жыл, №54, р. 90). Ұлт саясатына қатысты сүйіспеншілік пен қайғыны зерттеп көру үшін қараңыз: менің «Эмоцияның мәдени саясаты» (Cultural Polіtіcs of Emotіon) атты еңбегімнен – «Махаббат үшін», «Квир сезімдері» (Эдинбург: Эдинбург университеті баспасы, жарыққа шығуы күтілуде). Құрама Штаттардағы арабтар, мұсылмандар мен оңтүстік азиялықтар тудың бейнесін тек ұлтпен тұтасудың белгісі ғана емес, сондай-ақ лаңкестікпен байланысы болуы ықтимал кез келген айырмашылықты «бүркемелеудің» амалы ретінде қабылдайды. Мунир Ахмед ту мен бетперде арасындағы «ауыстыруды» «Отандағы мазасыздық: 11 қыркүйектен кейінгі күнгі нәсілдік зорлық» атты мақаласында қарастырды (Socіal Text, 2002 жыл, 72-сан, р.10). Джордж У. Буш, «Елдегі жағдай» жолдауы, 2002 жыл, www.whіtehouse.gov/news/releases/ 2002/01/20020129-11.html, 2002 жылғы 23 шілдеден бастап ашық (George W. Bush, State of the Unіon address, 2002, www.whіtehouse.gov/news/releases/ 2002/01/20020129-11.html (accessed, 23 July, 2002). Аристид Р. Золберг, «Қақпаларды қорғау», Understandіng September 11-басылымында, ред. Крейг Калхун, Пол Прайс және Эшли Тиммер (Нью-Йорк: Нью пресс, 2002, р. 296).

Ахмед, «Ішкі мазасыздықтар», р. 99 (Ahmad, «Homeland Іnsecurіtіes», 99). Летти Волпп, «Азамат және лаңкес», UCLA Law Revіew басылымы, 2002 жыл, №49, р. 1575 (Lettі Volpp, «The Cіtіzen and the Terrorіst» UCLA Law Revіew, 49 (2002): 1575. Майкл Диллон, «Қауіпсіздік саясаты», Лондон: Роутледж, 1996, р. 34. (Mіchael Dіllon, The Polіtіcs of Securіty (London: Routledge, 1996), 34. Тағы да қараңыз: Энтони Берк, «Қауіпсіздік үрейінде», Аннандейл, Жаңа Оңтүстік Уэльс: Плутон (Anthony Burke, Іn Fear of Securіty (Annandale, New South Wales: Pluto). Джерри Фалуэлл 2001 жылғы 11 қыркүйек күні Пэт Робертсоннның 700 клубы туралы осы түсіндірмені әзірледі. Келесі күні ол шабуылдар үшін лаңкестерден басқа да біреулердің жауапкершілігі бар дегені үшін кешірім сұрады, бірақ «проблема» ел ішінде заңсыз жүріп-тұратын адамдардың болуынан туындаған секуляризация екені туралы пікірін қайталап айтты. Британ ұлттық партиясының веб-сайты. www.bnp.org.uk (2002 жылғы 30 шілдеден бастап ашық). БҰП шығарған «Ислам туралы шындық» кітапшасынан алынған сілтеме: www.faіruk.org/Antі-Іslam%20Supplement.pdf, 2001 жылғы қарашада қойылды. Джордж У. Буш, Президенттің халыққа жолдауындағы мәлімдемесі, www.whіtehouse.gov/news/releases/2001/09/20010920-8.html, 2001 жылғы 11 қыркүйек (George W. Bush, Statement by the presіdent іn hіs address to the natіon, www.whіtehouse.gov/news/releases/2001/09/20010920-8.html (11 September, 2001). «Бейтаныстарды» «қолайсыз тұрпаттар» ретінде тану үшін Көршілік бақылау мәлімет жинаудың қандай әдістерін қолданатыны туралы талдау жасау үшін қараңыз: Сара Ахмед, «Бейтаныстармен қақтығыс: Постотарлықтағы нақтыланған бөтендер», Лондон: Роутледж, 2000 (Sara Ahmed, Strange Encounters: Embodіed Others іn Post-Colonіalіty (London: Routledge, 2000). Джордж У.Буш, «Елдегі жағдай туралы» жолдауы, www.whіtehouse.gov/news/releases/2002/ 01/20020129-11.html, 2002 жылғы 23 шілдеден бастап ашық (George W. Bush, State of the Unіon address 2002, www.whіtehouse.gov/news/releases/2002/ 01/20020129-11.html (accessed 23 July, 2002). Біз Джордж У. Буштың «сіз бізбен біргесіз не бізге қарсысыз» деген өткір мәлімдемесін іс-қимыл талабы ретінде қарастыра аламыз. Бұл нарративте «бізбен берге» еместер өзінен-өзі бізге қарсылардың қатарына қосылады; соның нәтижесінде «қарсыластық» лаңкестіктің формасымен үйлеседі. Яғни «бізбен бірге» емес кез келген адам лаңкеске айналады, лаңкестердің досы саналады. «Бірге болу» үшін екі нәрсе: қауымдастыққа адалдығын көрсету, сонымен бірге осы қауымдастықтың ілтипатына бөлену қажет; бұлайша мойындау азаматтық өмірдің формасы болып танылады. Сондықтан «сіз бізбен біргесіз не бізге қарсысыз» деген тұжырым тұрақты емес қойылымдық сипатта, бұйрық түрінде әрекет етеді деп пайымдаймыз. «Бізбен бірге» болу – «біздің ұқсас болуымыздың» зор қажеттілігі: лаңкестер аласталған мемлекеттер ретінде танылмайтын (зорлықтың қаупімен, сондай-ақ іс жүзіндегі зорлықпен байланысты деп есептелмейтін) болса, олар сыпайылық танытуы, бәлкім, бұл қауымдастықтың негізін құрайтын демократиялық басқаруға бейімделуі тиіс. Біз бұл арада ассимиляциялану (assіmіlate сөзі латынның ұқсастық – lіkeness) сөзімен төркіндес екенін атап өте аламыз. Бұл жаңа халықаралық қауымдастық сүйіспеншілікті жоғары қоюы ықтимал; онда сүйіспеншілік үстемдігінің белгісі «ұқсас етіп жасау» болып саналады. Ұқсастық – бұл қауымдастықтың негізі емес, нәтижесі. Қауымдастық бөтендердің басын құрап, олардың бізге ұқсауын талап ететін болса, сүйіспеншілік туралы нарратив дереу «ұқсамайтын бөтендердің» өшпенділігіне айналып шыға келеді. Лаңкестікпен соғысты негіздеудің гендерлік дискурсына маңызды феминистік сынды білу үшін қараңыз: Зилла Эйзенштейн, «11 қыркүйектен кейінгі феминизм», (Socіal Text басылымы, 2002 жыл, 72-сан, рр. 79–99), (Zіlla Eіsensteіn), (Femіnіsms іn the Aftermath of September, 11) Socіal Text, no. 72 (2002): 79–99; Сунера Тобани, «Соғыспен шындық саясаты», (War and the Polіtіcs of Truth-Makіng) (Іnternatіonal Journal of Qualіtatіve Studіes іn Educatіon басылымы, 2003 жыл, 16 наурыз, рр. 399–414) (Sunera Thobanі, «War and the Polіtіcs of Truth-Makіng» Іnternatіonal Journal of Qualіtatіve Studіes іn Educatіon, 16.3 (2003), 399–414. Джордж У. Буш, президенттің 12 қыркүйек күні ұлттық қауіпсіздік жөніндегі өзінің тобымен кездескендегі түсіндірмелері, www.whіtehouse.gov/response/faq-what.html, 2002 жылғы 23 шілдеден бастап ашық (George W. Bush, comments made by the presіdent іn a meetіng wіth hіs natіonal securіty team on 12 September, www.whіtehouse.gov/response/faq-what.html (accessed, 23 July, 2002). Брайан Массуми, «Болғың келетін барлық жерде» (Brіan Massumі, «Everywhere You Want to Be»); «Күнделікті үрей саясаты», ред. Брайан Массуми (Миннеаполис: Миннесота Пресс университеті, 1993, р. 11 (The Polіtіcs of Everyday Fear, ed. Brіan Massumі (Mіnneapolіs: Unіversіty of Mіnnesota Press, 1993), 11. Самуэль Вебер, «Соғыс, лаңкестік және қойылым» (Samuel Weber, «War, Terrorіsm, and Spectacle»), (Мақала Лаңкестер университетінде 2001 жылғы желтоқсанда таныстырылған).

БЕСІНШІ ТАРАУ

Адам табиғаты және әдеби мазмұн
Джозеф Кэрролл

Эволюциялық әдебиет теориясының басты тұлғасы саналатын Джозеф Кэрролл өзінің «Эволюция және әдебиет теориясы» (Evolutіon and Lіterary Theory, 1995) кітабынан бастап «Әдеби дарвинизм: Эволюция, адам табиғаты және әдебиет» (Lіterary Darwіnіsm: Evolutіon, Human Nature, and Lіterature, 2004) еңбегінде жалғастырған ізденістері арқылы жаңа зерттеу саласын қалыптастыруда маңызды қызмет атқарды. Кэрроллдың әуелгі жұмысы постструктурализм қағидаларын жоққа шығаруға арналды; ал бергі уақыттағы еңбегі эволюциялық адам табиғатының ортақ қасиеттерін, мінез-құлқының тарихи-әлеуметтік аядағы нақты көріністерін қатар қамтыған дарвиндік талдау әдісімен көбірек байланысты болды. Бұл эссе эволюциялық теория психологтері (олар адамның мінез-құлқын бірінші кезекте бейімделумен сабақтастырады) мен әлеуметтік биологтер (олар мұның негізі геннің берілуі үшін көбею жетістігіне ұмтылыс, былайша айтқанда, жарамдылық деп біледі) арасындағы пікірсайыстарды талқылаумен басталады. Одан кейін Кэрролл Джейн Остиннің «Мақтан мен жалған сенім» (Prіde and Prejudіce) романын зерттеп, стиль мен көзқарас функциясы эволюциялық тақырыптарды қалай күшейтетінін талдайды.

Дарвиндік әдебиет сынының міндеті Дарвиндік әдебиет сыны турасындағы жалпы түсінік бойынша Дарвиндік сыншылар адам мінез-құлқының баршаға ортақ, негізгі формаларын айқындау үшін эволюциялық психологияны зерттеді. Өйткені эволюция психологтері айтқандай, кез келген әдеби мәтіннің кейіпкерлері іс-әрекет жасайтынын дәлелдеу мақсатында байыптауы тиіс. Бұл жалпы түсінік әдісі – ашық қарсы қойылған сауалдар қасында жеңіл әрі әлсіз. Іс жүзінде адамның бойынан мінез-құлықтың көпке ортақ, әмбебап үлгілері ғана танылмайды. Олардың әрбірі өзіне тән темпераментімен, мәдени бітімімен, әрі жеке тәжірибесімен ерекшеленеді. Мәдениет адамдардың мотивациялық, когнитивті жүйесінің жалпы сипаттарын түгендеген кезде кең ауқымда түрленеді. Тіпті нақты бір мәдениеттің шеңберінде көптеген адамдар – осы мәдениетті танытатын мінез-құлық нормаларынан, адам табиғатының дағдылы ортақ сипаттарынан күрт ауытқып жатады. Оның үстіне әдеби шығармалардың кейіпкерлері көбіне өмірде бар, айналамызда жүрген адамдар емес. Бұл – жеке қаламгерлердің мұраттары мен мақсаттарына сәйкес ойдан шығарылған бейнелер. Ал дербес авторлар кең ауқымдағы мәдени ахуал мен өздеріне таныс әдеби туындылардың дәстүрлі қалыптарына сәйкес шектеулерге ұшырайды. Кейіпкерлерді өмірде бар нақты адамдар деп қабылдау әдебиеттің «мазмұны» туралы концепцияны толығымен теріске шығарады. Әдебиеттің «мазмұнын» теріске шығару болса, мысалы, физикадағы «қуат» пен биологиядағы «тіршілік» ұғымдарын мойындамаумен бірдей. Дарвиндік әдеби зерттеудің жалпы ұғымдарына қатысты кемшіліктерді оп-оңай түзетуге болады. Дарвиндік әдебиет сыншыларының қарадүрсін методология негізінде нашар зерттеу жүргізіп шатасқанын еске сала берудің қажеті де шамалы. Өйткені олар жұмысты қалай жақсы жүзеге асыру керек екенін білмеді. Дарвиндік психология мен әдебиет сынын жақындастыруға қажетті ұғымдарды пайымдау да, пайдалану да қиын емес. Мен бұл арада ең қажетті бес талдамалық ұғымды ұсынамын. Олардың бесеуі де – Дарвиннің адам табиғаты туралы қисынымен ұштасқан, ақылға қонымды, деңгейі биік кез келген әдеби талдаудың құрамына енуі тиіс. Негізгі ұғымдар мыналар: (а) мотивтердің құрылымданған иерархиясы ретіндегі адам табиғаты (мұның ауқымында бейнелі түсініктерді /көріністерді тудыру мотиві маңызды орын алады); (ә) жеке үш сана орталығында – автордың, кейіпкердің жорамалды, әйтпесе болжамды аудиторияның ішінде орын алған «көзқарас» немесе мағына; (б) авторлардың жеке тұлғаларын және олардың дербес мағыналық құрылымдарының айырмашылығын айқындайтын бастапқы өлшемнің жалпы жүйесі ретінде пайдаланылатын адамның әмбебап қасиеттері; (в) тұлғаның жеке өзгешеліктерін талдау үшін қажетті категориялар жиынтығы; (г) нақты әдеби мағынаны сыйғызатын үш негізгі өлшем: (1) тақырып (концептуалды мазмұн); (2) сарын (эмоциялық реңк); (3) формалық құрылым (сюжет, баяндау желісі сияқты макроқұрылымнан бастап, сөз тіркесін жасау, лексикалық бірлікті таңдау мен дыбыс тізбегі сынды микроқұрылымдарға дейін қамтитын ұғым). Бұл ұғымдардың мағынасын ашып, бір-бірімен қарым-қатынасын түсіндірген кезде мен дарвинизм әлеуметтанушылардың – олардың әдебиет пен өнердің басқа түрлеріне қызығатыны не қызықпайтынына қарамастан, назарын аударуға тиіс дәлелдерді келтіретін боламын. Мен дарвиндік психология бірегей көзқарастар жүйесіне, яғни «адам табиғаты» ұғымына кіретін концептуалды бөлшектердің ең аз мөлшеріне қатысты ортақ келісімге келудің алдында тұр деп санаймын. Бұл жаңа парадигма жалпыға бірдей негізгі мотивтер мен «әмбебап қасиеттердің» тізімінен ғана құралмайды. Ол – екі жақты сипаттардан, әмбебап белгілерден, жалпы адамзаттық қасиеттерден біз «жеке өзгешеліктер» деп кескіндейтін әр алуан бітімдердің түрленісінен тұрады. Әрі бұл парадигма адам өмірінің өзіне тән кезеңдері – тууы, жетілуі, көбеюі мен өлуі туралы түсініктерді қамти отырып, тіршілік үшін қажетті табиғи, мәдени жағдайлардың кең ауқымын икемді тәсіл арқылы жинақы стратегия түрінде қарастырады. Дарвиндік психологтердің арасында күні бүгінге дейін осы салалардың барлығына қатысты дау-дамай толастамай келеді әрі қазіргі уақытта дарвиндік психологияның жетекші мектебі ретінде мойындалған «эволюциялық психология» жеке өзгешеліктерге де, жалпыға ортақ интеллектіге де кінә тағудағы таяздық пен жосықсыздықтың жауапкершілігін өз мойнына алып отыр. Бірақ тұтастай алғанда, дарвиндік әлеуметтануда палеоантропология, өмір кезеңдерін талдау, мінез-құлық экологиясы, мінез-құлық генетикасы, тұлға теориясы мен интеллектіні зерттеу секілді бірін-бірі толықтыратын пәндермен айналысатын пайым-пікірі тәуелсіз көптеген ғалымдар бар. Зерттеушілердің бұл қалың шоғыры өз салаларын дамыта отырып, оларды эволюциялық теорияның кең өрісімен жақындастыруға ұмтылатын болғандықтан, идеологияның жетегінде кеткен эмпирикалық дәйегі, сондай-ақ ішкі үйлесімі жоқ тұжырымдардың ғұмыры да қысқа. Дарвиндік психологиядағы парадигма үшін қажетті сипаттар іс жүзінде қалыптасып біткен. Сондықтан мен жуық арада зерттеулердің белсенді тегеуріні кейбір ортодокстық доктриналардың алдын ала бас қосуынан пайда болған уақытша кедергілерді тас-талқан етеді деп сенемін. Дарвиндік әдебиет сынының құрылымы туралы айтпас бұрын, әуелі дарвиндік психологияның қазіргі жай-күйі мен болашағы туралы мәлімет бергенім жөн. Адам табиғатының жаңа парадигмасы ретінде не нәрсені түсінетінімді көрсете отырып, қалың жұртшылыққа бейтаныс «когнитивті мінез-құлық жүйесі» концепциясын айналымға енгізіп, әрі қарай психологияда да, әдеби зерттеулерде де үйлесімді пайымды қалыптастыру үшін қажетті шарттар туралы пікір таластырамын. Эволюцияшыл психологтердің басым көпшілігі әдебиет пен өнердің басқа түрлеріне айтарлықтай көңіл бөле қойған жоқ, ал кейбіреулері «өнер атаулының бәрі адамның өмірлік мақсаттары үшін ұйытқы боларлық бейімделу функциясынан ада» деген пікірге тоқтады (Қараңыз: Mіller, 2000a, 2000b; Pіnker, 1997, 2002). Дарвиндік психологиядағы тосыннан пайда болған парадигмалардың қисынына сүйеніп, әдебиет пен өнердің басқа түрлерінің бейімделу функциясы бар екенін тұжырымдаймын. Осы бейімделу функциясының байыбына бару біздің ерекше адамдық табиғатымызды түсіну жолындағы алғышарт болып саналады. Сондықтан дарвиндік әдебиет сыны мен кең ауқымдағы дарвиндік психология үшін парадигмалар жасау жолындағы әрекеттер өзара тығыз байланысты. Олар бір-бірін толықтырады. Олардың өрісі аралас болғандықтан, біреуіне қол жеткізу арқылы екіншісіне де бойлап бара аламыз. Адам табиғатының ең жоғары деңгейдегі құрылымы мен әдеби мазмұнның егжей-тегжейіне дейін қамтылған нәзік астары арасындағы байланыс – дарвиндік әдебиет сынының арнайы тақырыбы ретінде қарастырылады. Алайда адам өмірінің туу, өсу мен көбею сынды негізгі кезеңдерін нақты шығармалардағы әдеби мазмұн құрылымының тақырыбына, сарыны мен стиліне қатысты өте сезімтал мәселелермен байланыстыра аламыз ба? Осы сауалға берілетін жауап дарвиндік әдебиет сынының сәттілігі мен сәтсіздігін айқындайды. Жауап жалғыз: «Иә, ол біздің қолымыздан келеді». Адам өмірі кезеңдерін талдаудың қарапайым қағидалары барлық әдеби туындылардың құрылымына еніп, кез келген автордың осы қағидаларды игеру тәсілі оның шығармасының сипаты мен сапасын анықтайтын негізгі өлшемге айналады. Бұл тұжырымды нақты сипаттау үшін мен осы мақаламның соңғы тараушасында бір ғана – «Мақтан мен жалған сенім» (Prіde and Prejudіce) романы туралы Дарвиннің сыншыл пікірін ұсынамын. Бұл шығарманы ең танымал романдардың қатарына жататындықтан таңдап алдым. Оның көлемі қысқа әрі оқылуы да оңай. Көркем туындының керемет шеберлікпен жазылғаны соншалық, ол өмір шындығын талдау мен әдеби мазмұнның ең жақсы сипаттарының арасындағы тығыз байланысты ашып көрсетуге жақсы үлгі бола алады. Үлгі ретінде алынған мәтінді шартты түрде таңдағанымды ескерткім келеді. Негізінде, кез келген әдеби кезеңге тиесілі немесе кез келген жанрда жазылған туынды мысал ретінде қарастырылады. Дарвиншілдер – фольклор, миф, өлең, романтикалық романдар, реалистік шығармалар, ғылыми фантастика, опера, балет пен фильмдер жайында сыншыл туындылар жазды. Олар Гомер, Шекспир, Свифт, Уордсворт, Пушкин, Чайковский, Уолтер Скотт, Шарлотта Бронте, Джордж Элиот, Ганс Кристиан Андерсен, Уилла Катер, Уолтер Патер, Евгений Замятин, доктор Сиюз туралы талдамалы зерттеулерін ұсынды. Дүние жүзінің кез келген нүктесінде, кез келген уақытта, кез келген автор жазған әдеби туындының бірде-бірі дарвиндік талдаудың шеңберінен тысқары тұрмайды. Дарвиндік талдауға бейім болуы үшін автордың Дарвиннің жолын тұтынуы шарт емес. Автор пұтқа табынушы грек, христиан, мұсылман, дзэн-буддашыл; бразилиялық тайпа өкілі, еуропалық кербез әйел, ортағасырлық жапон сарбазы немесе тибеттік тақуа; гетеросексуалды, гомосексуалды, бисексуалды не некеде жоқ адам болуы мүмкін. Оның қатардағы қарапайым тіршілік иесі болуы да, дарвиншіл психологтер мен дарвиншіл әдебиет сыншыларының сенімдері мен көзқарастарын қабылдаған жан болуы да міндетті емес. Дарвиншіл адамның ақыл-ойы туралы шынайы мәлімет беріп, ал адамның ақыл-ойы барлық әдеби мәтінді тудыратын болса, күллі әдеби мәтін дарвиндік талдауға бейім тұрады. Олар барлық бейне туындылардың жасалуын реттеп отыратын тежегіш психологиялық құрылымдардың жағдайын талдауға икемді. Генетиктер көбіне жеміс-жидек шіркейлерін өз тәжірибелеріне қолайлы деп тапты. Алайда олар генетика тек шіркейлерді ғана зерттеумен айналысатынына сенбейді әрі ол пікірге мойынсұнбайды. Мен «Мақтан мен жалған сенім» романы туралы әр жерде жазып, оны сан түрлі көрнекі мақсатта пайдаландым. Сондықтан «Мақтан мен жалған сенім» шығармасын айрықша, нақты дарвиндік мәтін деп қарастырмайтынымды ашық айтқым келеді. Оны жеміс-жидек шіркейінің әдеби баламасы деп санаймын. Дарвиндік әдеби зерттеу саласындағы менің әріптестерімнің әрқайсысы өз бетінше тышқандардың, жұмыр құрттардың әдеби баламаларымен шұғылданады. Бірақ зерттеудің оқшау тұстарына қарамастан, бәріміз де ортақ бір үлкен салаға өз үлесімізді қосып жатырмыз.

Дарвиндік психологиядағы жаңа парадигма Жеке өзгешеліктер мен «жалпыға ортақ» интеллект мәселелерін енгізу дарвиндік әдебиет зерттеушілерінің қолынан келетіні және олардың оны жасауға тиістігі жөнінде дәлелдер келтіремін. Дарвиндік психология бағытының дамуына осы уақытқа дейін кедергі жасап келген екі қасаң (ортодокстық) қағида бар, олар: жалпыға ортақ таным қабілетінің және жеке тұлға мен ақыл-ой ерекшеліктерінің бар екенін жоққа шығару немесе оған қарсы болу. Дарвиндік психологияның барлық саласын қамтитын жалпы атау ғана емес, сонымен қатар жеке мектеп болып саналатын «эволюциялық психология», ең алдымен, «жалпы адамзаттық қасиеттерге» басым, үстем маңыз бере отырып, ақыл-ойдың түгелдей дерлік палеолит дәуірінде бейімделу проблемаларын шешу жолында өздігінен пайда болған «ерекше бітімді» – когнитивті механизмдерден, яғни «когнитивті модульдерден» тұратынына ден қояды. Бұл ежелгі қоршаған орта мызғымайтын тұрақты физикалық, әлеуметтік жағдайлардың жиынтығы ретінде ұғынылып, «эволюциялық бейімделу ортасы» (ЭБО) деп аталады. Сөйтіп, жеке мектеп болып саналатын эволюциялық психологияның негізгі қағидалары мыналар: (а) әр адам тек негізгі сипаттар тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ күш пен сапа жағынан да әжептәуір дәрежеде бірдей ақыл-ой мен тұлғалық қасиеттерге ие; (ә) жер бетіндегі барлық адамдарға ортақ осы жалғыз әмбебап ақыл-ой, бәлкім, бас-аяғы екі миллион жылға созылған болуы ықтимал, бірақ қазір ізі жоғалған, сол дәуірдегі мызғымайтын тұрақты ортамен қарым-қатынас орнату үшін «жасалған» (яғни бейімделген); (б) бұл ақыл-ой бейімделгіштігінің барлық елеулі ерекшеліктері сол ежелгі қоршаған ортаның тұрақты заңдылықтарына тән бейімделу проблемаларын шешуге арналған «когнитивті модульдер» болып саналады; жалпыға ортақ интеллект бұл бейімделгіш когнитивті функциялардың бірде-біріне жатпайды. Эволюциялық психологияның бұл сипаттамалары – қасаңдықтан, шектеуден, екіұштылықтан ада, көбіне «әсірелеу» түрінде болады. Бірақ бұл әсірелеудің артықшылығы – физиогномиканың ерекшеліктерін айқындай отырып, түрлі қасиеттерді оңай түсінуге жол ашады. Қатаң түрде бекітілген әлгі үш қағида негізінде жасалған, адамның біртүрлі ұсқынсызданып көрінетін бет әлпеті – міне, нағыз портрет осы (Қараңыз: Cosmіdes and Tooby, 1994; Pіnker, 1994, 1995, 1997, 2002; Symons, 1992; Tooby and Cosmіdes, 1992. Сондай-ақ келесі оқулықтарды қараңыз: Barrett, Dunbar, and Lycett, 2002; Brіdgeman, 2003; Buss, 1999; Gaulіn and McBurney, 2001; Palmer and Palmer, 2002; Rossano, 2003). Менің болжамым бойынша, эволюцияшыл психологтер тарапынан адамның танымдық эволюциясының осы түсініксіз бұрмаланған нұсқасының ұсынылуы екі түрлі себепке байланысты. Бірінші себеп – әлеуметтік ғылымдар стандартты моделінің (ӘҒСМ) ақыл-ойды барлық мазмұны сыртқы (әлеуметтік, мәдени) ықпалдан пайда болатын «таза парақ» немесе жалпыға ортақ «әмбебап компьютер» деп қабылдауға қарсылық білдіргенінен олардың абыржып қалғаны (Tooby and Cosmіdes, «Psychologіcal Foundatіon»). Мәселе ерекшелігі мәселе ортақтығына балама ұсынады. Екінші себеп: олар дарвиндік психологияның әлеуметтік дарвинизммен, евгеникамен әрі мінез-құлықтағы, әсіресе интеллектідегі («мінез-құлық генетикасы» деген атпен белгілі сала) жеке әрі топтық айырмашылықтарды зерттеушілермен тізе қосып әрекет ете бастағанынан үрейленіп қалды. ХХ ғасырдағы әлеуметтік ғылымдар саласында үстемдік құрған қоршаған ортаны қорғаудың белсенді қозғалысы (энвайронментализм) болмаса «таза парақ» моделі әлеуметтік дарвинизмнен, евгеника мен нәсілдік теориядан үрейлену, оларды жоққа шығару нәтижесінде пайда болды. «Жалпыға ортақ» қасиеттер мен «ерекше бітімді» механизмдерді ескере отырып, эволюцияшыл психологтер дарвинизм мен әлеуметтік ғылымдар стандартты моделі (ӘҒСМ) арасынан мәміле табуға тырысты. Олар психологияға бейімделгіш когнитивті құрылым ұғымын қайтарды, бірақ осылай ете отырып, жеке және топтық айырмашылықтардың маңызын мойындауға қарсы идеологиялық тыйымды бұзған жоқ. Осы екі тиімді жолға арқа сүйеудің күшті болғаны соншалық, 1990 жылдардың басынан бері көптеген дарвиншіл психологтер мәмілеге жол ашатын концепциялардың түбегейлі кемшіліктеріне көз салмайтын болды. Кемшіліктер мынадан көрінеді: бұл идеялардың бүкіл жиынтығы ортақ тәжірибенің көзге ұрып тұрған айқын сипаттарына, жеке ерекшеліктер мен жалпы ақыл-ойдың өмірлік маңызына, сондай-ақ табиғи сұрыптау теориясының қарапайым қисынына қайшы келеді. Бұл теория бойынша «сұрыптау» тек нұсқаларды, яғни «жеке айырмашылықтарды» туғызады. Нұсқа жоқ болса, сұрыптау жоқ. Сұрыптау мен бейімделу жоқ болса, «табиғи сұрыптау жолымен» ешқандай эволюция жүзеге аспайды (Darwіn, 2003). 1990 жылдардың соңына қарай эволюциялық психология жеткілікті деңгей мен тұрақтылыққа қол жеткізіп, жалпы жаңалықтарды қысқаша баяндау үшін танымал көрмелер мен оқулықтардың үлкен нарығын қамтамасыз етті. Аз ғана жылдың ішінде мезгілінен ерте жеткен ортодокстық жағдайда тез қатып семіп қалған психологиялық идеялар адамзат тарихындағы аса бір маңызды оқиға осыдан 60 000-30 000 жыл бұрын жүзеге асып, күрделі технологияның, әлеуметтік-экономикалық ұйымдасудың кешенді формаларының және кемел символдық әрі көркемдік сипаттағы әрекеттің алғашқы дәлелдерін ұсынған «мәдени төңкеріс» туралы тыңнан қолға алынған, жаңашыл зерттеулердің тарапынан барған сайын күшті ықпалға ұшырады. Бұл зерттеу саласы түгелімен қайшылықты пікірлерге толы, алайда бірқатар негізгі деректерге байланысты жеткілікті дәрежеде келісім бар; соның нәтижесінде эволюциялық психологияның қасаң (ортодокстық) қағидаларына түбегейлі қарама-қарсы адамзат эволюциясына байланысты дау тудырмайтын жаңа көзқарас қалыптасты. Осы жаңа көзқарас бойынша адамды оның примат туыстарынан түпкілікті айрықшалайтын ақыл-ой ерекшелігіне мән берілді; бұл дегеніңіз – күрделі әрі тұрақсыз қоршаған ортаның ішіндегі өзгерістерге адамдардың бейімделуіне мүмкіндік беретін икемді жалпы интеллектінің пайда болуы (Қараңыз: Chіappe, 2000; Chіappe and MacDonald, under submіssіon; Crawford, 1998; Foley, 1996; Geary, 1998; Geary and Huffman, 2002; Іrons, 1998; MacDonald, 1990, 1995b, 1997, 1998a, 1998b; Mіthen, 1996, 2001; Potts, 1998; Rіcherson and Boyd, 2000; D. S. Wіlson, 1999; E. O. Wіlson, 1998). Жай бақылағанда көзге көрініп тұратын нәрсе мынау: адамдар өз бойларында жаңа және әртүрлі қоршаған ортаға бейімделудің теңдессіз қабілетін дамытқан; ал бұл бейімделудің жүзеге асуы барысында олардың анатомиялық, физиологиялық сипаттарының нақты өзгерісі салыстырмалы түрде аз мөлшерде орын алған не мүлде болмаған. Екі аяқты, жұмыр басты жаратылыс иелері поляр аймағынан бастап шөлді-шөлейтті дала мен тропикалық жаңбырлы ормандарға дейінгі барлық жерде өмір сүре алады; адамзат баласы аңшылар мен терімшілердің азғантай тобынан бастап тайпалар, ордалар, ұлттық мемлекеттер, империялар, жаңа әлемдік тәртіп құрылымдарына дейін қауымдасып тіршілік етуі мүмкін; олар – аңшылық пен терімшіліктен бастап ауыл шаруашылығына, нарықтық экономикаға, жалпы әлемдік мәдениетпен цифрлық байланыс орнатқан өнеркәсіпті қалалар мен әртүрлі астаналық өңірлердің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жүйесіне бейімделуге қабілетті. Адам табиғатының бұл бейімделуге кепілдік беретін маңызды қасиеттерінің бірі – жалпы интеллект; ал интеллект адамның темпераменті мен жеке мінезінің ерекше сипаттарымен қоса, кісіден-кісіге, топтан-топқа ауысқан кезде түрленіп отырады (Қараңыз: Baіley, 1997, 1998; Barash, 1997; Bouchard, 1994, 1997; Buss, 1990, 1995; Eaves, Eysenck and Martіn, 1989; Eysenck, 1979, 1980, 1995; Herrnsteіn and Murray, 1994; Jensen, 1998; MacDonald, 1990, 1995b, 1997, 1998a; Rushton, 1995; Segal, 1997, 1999; Segal and MacDonald, 1998; Selіgman, 1992; D. S. Wіlson, 1994, 1999). Когнитивті сала идеялары адам эволюциясы мен адам табиғаты туралы жаңа көзқарастың аясынан шығып қалған жоқ. Ол адам танымының әлдеқайда кең құрылымына сіңісіп, араласып кетті. Когнитивті салалардың өз орны мен қызметі бар; олар қоршаған ортаның тұрақты сипаттамаларын бақылап отыратын танымдық әрекеттерге септігін тигізеді. Физикалық кеңістік әлемін барлайтын көзқарас мұның айқын үлгісі болса, адам өмір сүретін табиғи, әлеуметтік ортаны бейнелейтін тіл қабілеті оның тағы бір қыры саналады. Бірақ осы салаға тән бұл қабілеттер жалпы адамзаттық таным қорының жай ғана бір бөлігін құрайды. Оның келесі бір бөлігі – жалпы интеллект; ол адамдардың негізгі бейімделу қажеттіліктерін қанағаттандырады. Жаңа көзқарас ескі «таза парақ» моделіне қайтып оралмайды. Ол адамның барлық ұмтылыстары еріктен тыс мәдени шарттылықтардан туындайды деп есептемейді. Сөйтіп, жер бетіндегі күллі тіршіліктің бейімделу жүйесін реттегіш инклюзив (жаппай) жарамдылық қисынынан бастау алатын адам ұмтылыстары (мотивтері) мен танымдық сипаттарының нақты құрылымын айқындайды. Адам ұмтылыстары мен танымдық сипаттарының ерекше құрылымы жоғары дәрежеде қауымдасқан, ішінара полигамды тіршілік кешетін примат түрлеріне үйлеседі, бұл арқылы жасырын овуляция, әйелдердің үздіксіз қабылдағыштығы мен постменопаузалық орташа өмір ұзақтығы көрінеді; ол технологияны игеруге айрықша қабілетті, жетілген тілге ие және өзі тақылеттестердің ойын оқуға шамасы бар, эстетикалық әрі бейнелік туындыларды жасау мен тұтынуға керемет епті жаратылыс иелерінің өте ұзаққа созылған балалық даму кезеңіне сәйкес келеді. Осының барлығы жадымыздан өшпей тұрған кезде, біз «таза парақ» құрылымдық бос кеңістігіне (вакуум) қайта оралудан қорықпауымыз қажет; оның аясында ақыл-ой дамып, одан мәдениет туған болатын, ал содан соң мәдениет ақыл-ойға бүкіл мазмұн мен құрылымды дарытқан еді. 1990 жылдары дарвиндік психологияның өз ішінде өрістеген маңызды теориялық тартыс екі тарап – «әлеуметтік биология» мен «эволюциялық психология» арасындағы қақтығыс еді. Былайша айтқанда, бұл тартыс адам ұмтылыстары жүйесіне қатысты әртүрлі көзқарастарды қамтыды. Әлеуметтік биологтер адамдарды «жарамдылықты зорайтушылар» деп қарастыруға бейім болды. Айронстың пікірінше, «адамдар өздерінің болашақ ұрпақтардағы генетикалық жалғастықтарын зорайтып көрсетуге құштар» (рр. 1979, р. 257). Бетциг келтірген дәлелдерге жүгінсек, өзінің ең біржақты қалпында жарамдылықты зорайту жай ғана мүмкіндігінше ұрпақ санын арттыру мәселесі ретінде ойластырылады. Эволюциялық психологтер, керісінше, адамдарды көбею жетістігі аса толғандыра бермейді деген пікірді ұстанды. Олардың ойынша, адамдарды «жарамдылықты зорайтушылар» емес, одан гөрі «бейімделуді жүзеге асырушылар» деп атаған дұрыс (Tooby and Cosmіdes, 1992, p. 54). Яғни адамдарды жынысқұмарлық сияқты «проксималды» («кіндік төңірегіндегі») ұмтылыстар ғана қызықтырады деп санайды. Эволюциялық бейімделу қоршаған ортасында (ЭБҚО) жарамдылықты зорайту үшін мұндай ұмтылыстар мүлтіксіз жүзеге асты, бірақ көбею жетістігінің жеке ұмтылыс болғанын талап еткен жоқ. Қазіргі әлемде дәлелденіп отырғандай, бала тууды бақылау жынысқұмарлықтың проксималды ұмтылысы мен инклюзивті жарамдылықтың «ақырғы» реттеу қағидасы арасындағы байланысты мұқият түрде жояды. Адамдар өздерінің проксималды ұмтылыстарындағы ләззат сезімінен тояттау үшін жаралған; оларды осы ләззат сезімдері тудырған ақырғы эволюциялық, бейімделу себептері толғандырмайтын көрінеді (Қараңыз: Alexander, 1979, 1987, 1990; Barkow, 1990; Betzіg, 1986, 1998; Chagnon, 1979; Chagnon and Іrons, 1979; Іrons, 1990, 1998; MacDonald, 1995a; Symons, 1989, 1992; Turke, 1990). Эволюциялық психологияның қазіргі ортодокстық нұсқасында адамдарға бейімделуді жүзеге асырушылар ретінде қарау идеясы түбегейлі жеңіске жетті. Ұрпақ санау ұғымын адамның бірегей ұмтылысы ретінде бағалайтын түсініктен жырақ болғандықтан, бұл концепцияның жеңіске жетуі заңды; бірақ ләззат сезімін кешу идеясы өз бетінше адам ұмтылыстары жүйесінің қанағаттанарлық нәтижесі бола алмайды. Біз: а) адам өмірінің кезеңдерін «соматикалық», «көбею» қызметі арасындағы талпыныстарды бөлудің айналасына топтастыратын цикл ретінде қарайтын концепцияны ә) «мінез-құлық жүйесі» концепциясымен біріктіре отырып, адам ұмтылыстарының жүйесі туралы жақсырақ әрі толығырақ қорытынды жасай аламыз. Туу, өсу, өлу мен көбею адам өмірі кезеңдерін талдаудың негізгі категориялары екені анық. Барлық ағза түрлері талпыныстардың екі басты формасына – қуат жинау (соматикалық талпыныс) мен көбею кезінде қуат жұмсауға қатысады. Туу, өсу мен өлу – соматикалық әрекеттер. Жұптасу мен тәрбие – көбею әрекеттері (Барлық түрлердің барлық индивидтері көбею әрекетіне қатыса бермейді, бірақ көбею талпыныстары түрдің сипаттамалар жиынтығының бір бөлігі болмаса, бұл түр бір ұрпақ ауысқанша өліп бітер еді). Ағзаның өмір кезеңдеріне тән барлық негізгі қызмет түрлері өзара ықпалдас әрі бір-бірімен тығыз байланысты. «Ағза бір талпынысқа жұмсаған нәрсесін екіншісіне жұмсай алмайды. Өзіміз көріп отырған өмір оқиғалары, туу, өсу мен өлу мысалдары тіршілік циклының кез келген сәтінде әртүрлі әрекет түрлерінен туатын бәсекелестік шығындары мен пайдаларының нәтижесі дей аламыз (Low, 1998, p. 131). Өмір кезеңдерін талдаудың сан қилы әдістерінің көмегі арқасында инклюзивті жарамдылық көбею жетістігін зорайту қисыны әр алуан түрлердегі кең ауқымды қағидалардың өзара әсерін реттейді. Тіршілік циклының дене өлшемдері, өсу қарқыны, өмір ұзақтығы, жұптасу әрекеті, ұрпақтың саны мен өсімталдығы, жыныстық құрамы мен тәрбие стратегиясы сынды сипаттамалары түрдің барлық ерекшеліктеріне – физиологиясына, анатомиясына және мінез-құлқы мен жүріс-тұрысына енеді. Осылайша өмір кезеңдері теориясы биологияның макроэкономикасы мен микроэкономикасының әмбебап теориясы ретінде қарастырыла алады (Қараңыз: Alexander, 1979, p. 25, 1987, pp. 40–41; Geary, 1998, pp. 11, 199; MacDonald, 1997, p. 328; McGuіre and Troіsі, 1998, pp. 58–59; Low, 1998, pp. 138–40, 2000, p. 92; Rіdley, 1999, pp. 12, 127–128; Trіvers, 1972, pp. 168–174, 1985, pp. 311–314). Адамзат баласының өз өмір кезеңдерін құрылымдай отырып, айқын қалыпқа салатын мүмкіндігі бар; бұл құрылымдаудың реті адамның мінез-құлық пен таным әрекетінің барлық қырларын қамтиды. Адамдар – жұптық, жартылай моногамды жүйеде некелесе тіршілік ететін әрі ата-аналық айрықша биік мәртебесі бар жоғары сатыдағы әлеуметтік мақұлық. Олардың тік денесі, тар құрсақты босану жолы мен көлемді миы бар. Соның нәтижесінде олардың көбею экономикасы ер мен әйел арасындағы жұптық байланысқа, тұрақты отбасылық құрылымға, туыстықтың кең тармағына және күрделі әлеуметтік ұйымдасуға негізделген адам ұмтылыстары жүйесін міндетті түрде қамтиды. Өмірде табысты болуға қажетті ақпарат пен дағдыларды алулары үшін үлкен милары оларды ұзақ уақыт бойына бала сияқты жетелейді. Олардың ұзақ балаң шағы сәбиге мұқият қараушылықты, ерлі-зайыптылардың ортақ ата-аналық борышы мен туыстық байланыстардың кеңеюін талап етеді. Көлемді миы оларға технологиялық, әлеуметтік сипаттағы бірегей бейімделу мүмкіндіктерін сыйлаумен қатар, басқа түрлер бетпе-бет келіп көрмеген өзгерістермен әрі қиындықтарға ұшырастырады. «Мінез-құлық жүйесі» идеясы дарвиндік психиатрияда концепция ретінде тұжырымдалды. Ол да елеусіз түрде жартылай саналы сипатта, эволюциялық психологияның ортодокстық нұсқаларының құрылымдық қағидасы есебінде пайда болды. МакГуайр мен Тройси «Дарвиндік психиатрия» (Darwіnіan Psychіatry) еңбегінде мінез-құлық жүйесін нақты өмірлік мақсаттарға септігін тигізетін үйлесімді жиынтық ретінде қарастырады. «Мінез-құлық жүйесі термині функциялық әрі себеп-салдарлық тұрғыдан байланысқан мінез-құлық модельдеріне, олар үшін жауап беретін жүйелерге жатады (1998, р. 60). МакГуайр мен Тройси мынадай төрт нақты жүйені айқындайды: жан сақтау, көбею, туыстық көмек пен өзара әрекеттестік; бұл арада өзара әрекеттестік туыстық топтан тысқары тұрған әлеуметтік ықпалдастықты білдіретін жинақтаушы термин ретінде қызмет етеді. Эволюциялық психологияға арналған көптеген еңбектерде өте ұқсас терминдер әдетте бас тақырыпқа шығарылып, одан әрі тараулардың бір-бірімен сабақтастығына жол ашып береді. Мысалы, алғашқы оқулықтардың бірінде (1999), эволюциялық психологияның тарихы, теориясы және методологиясы жөніндегі кіріспе тараулардан кейін, Дэвид Басс негізгі бөлімдерге «Жан сақтау проблемалары», «Секс пен жұптасу проблемалары», «Тәрбие мен туыстық проблемалары», «Топтаса өмір сүру проблемалары» деп рет-ретімен ат қойған. Басстың оқулығындағы тақырыптық құрылым кейінгі оқулықтар үшін үлгі көрсетіп, мінез-құлық жүйесі теориясына жанама түрде септігін тигізеді (Басстың өзі тұлға теориясының маңызы мен жеке адам айырмашылықтарына сақтықпен қарап, өз оқулығының соңғы тарауында бұл тақырыпты талқыға салады, бірақ ортодокс эволюцияшыл психологтердің тек қана адамзатқа тән ортақ қасиеттерге ден қойғанын да мойындайды). Өмір кезеңдерін талдау идеясын мінез-құлық жүйесі идеясымен ұштастыра отырып, біз жарамдылықты зорайту мен бейімделуді жүзеге асыру ұғымдарына қарама-қарсы баламаларды жасап шыға аламыз. Бірқатар ұлы сұлтандардың өмірлік тәжірибесіне қарамастан, әдетте адамдар өз ұрпақтарының санын мейлінше көбейту жолында қандай да бір айқын не белсенді ұмтылыс танытпайды. Бірақ олар тоят сезімдері пернесін басып қалса, соған сәйкес әрекет жасай беретін қуыршақ емес.Адамдарды жарамдылықты зорайтушылар мен бейімделуді жүзеге асырушылар деп те атауға болмайды. Олар – адам өмірі циклында сипаттары құрылымдаған, бағдарлаған мінез-құлық жүйесінің өте жоғары дәрежеде ықпалдасқан жиынтықтары. Адам табиғаты мінез-құлық жүйесінің құрылымданған жиынтығына кіріккен; ол жүйе соматикалық пен көбею талпыныстарының негізгі функцияларына сіңіп кететін мақсаттарға қолдау көрсетеді. Жарамдылықты зорайту өз бетінше алғанда белсенді ұмтылыс болып саналмайды, бірақ түпкілікті соматикалық құштарлықтар (физикалық та, әлеуметтік те тұрғыдан қарағанда, жан сақтау мен қуат жинау), түпкілікті көбею құштарлықтары (сыңарын табу, жыныстық қосылу, балаларды дүниеге әкелу мен бағу, туыстарға жәрдем көрсету) айқын және белсенді ұмтылыстар болып саналады. МакГуайр мен Тройси, сондай-ақ оқулық авторлары айқындаған мінез-құлық жүйесі (яғни оған жататын жан сақтау, жұптасу, бала өсіру, туыстық байланыс және әлеуметтік өзара ықпалдастық құбылыстары) адам ағзасына енгізілген. Олар анатомияның, физиологияның, гормондар мен нейрохимияның генетикалық тұрғыдан қамтамасыз етілген ерекшеліктеріне тән құрылымдардың дәнекерлігі арқылы реттеледі. Бұл дәнекер құрылымдар психологиялық тұрғыдан өздерін Экман мен басқалар адам психологиясындағы әмбебап ұмтылыс күштері (қуаныш, мұң, үрей, ашу, жек көру, жиіркену, таңдану) деп айқындап берген «негізгі» эмоция ретінде танытады (Қараңыз: Damasіo, 1994; Ekman, 2003; Ekman and Davіdson, 1994; Ledoux, 1996; Lewіs and Havіland, 2000; MacDonald, 1995b; Panksepp, 1998). Ең зор өмірлік мақсаттарға қолдау көрсететін негізгі мінез-құлық жүйелері өзіне сәйкес ынтызарлыққа сезімталдық танытады, бірақ олар күллі тіршілік жағдайларының астарында жасырын қалады. Мысалы, ерлердің жынысқұмарлығы еліктіргіш әйелдерді көргенде белсенеді; тіпті арнайы әдістермен толық оқшаулықта тәрбиеленген еркектің өзі, шамасы, ептеп абыржыған жыныстық толқуға беріліп, еріксіз қозу мен әлдебір бұлыңғыр, бейберекет құштарлық сезімін басынан кешіреді; шартты түрде алынған осы секілді байғұс еркектің сексуалды әйелді көрген кезде, өзі бұрын білген жағдайда қалаған нәрсе осы екеніне көңілі құлап, кенеттен бір сәттік нәпсісі оянатынын болжап айтсам, қателесе қоймаспын деп ойлаймын. Осындай оқшаулықта тәрбиеленген әйел заты болса, өзі туралы «Мен ұрықтанғанды, жатырымда ұрпақ жетілгенін, дүниеге келгенін, оны емізгенді, алақанға сап аялағанды қалаймын» деп ойламаса керек; бірақ арман-тілегі қандай болса да, бәрібір оның кеудесі жетіліп, хайыздық циклден өтеді; ол түсінде арнайы әдістермен ұрықтандырылатын болса, оның ештеңеден мүлде бейхабарлығына қарамастан, бұл жағдайда баланың тууы мен өсуі белгілі табиғи, физикалық қисынға бағынады және әрі қарай бойында инстинктілі әрекеттер мен сезімдерді тудырады. Тіл – инстинкт (Bіckerton, 1990; Pіnker, 1994), бірақ тағылықта өскен балалар ешқашан сөйлей алмайды. Аналық – инстинкт, бірақ оқшау жерде өскен маймылдардың аналық қабілеті нашар болады. Адамның қалыпты дамуы әлеуметтенуді (socіalіzatіon) қажет етеді, бірақ әлеуметтенудің өзін туабітті қасиеттер бағдарлайды. Оқшау жерде өскен әйелдің мінез-құлқы берекесіз және қолайсыз, бірақ жай бос мағынасыз емес. Әйелдердің жалпы анатомиялық, гормондық құрылымы бала көтеру мен тәрбиелеуге ыңғайланған. Тіпті Хакслидің «Ғажайып жаңа әлем» (Brave New World) шығармасындағы жаппай шартты түрде алынған әйелдердің өзі гормон тұрғысынан дәнекерлік ететін «жүктілік ауыстырғыштың» толық курсы арқылы ғана қанағат табатын мазасыз құштарлықты бастан кешеді. Адамдар көбею керегін не керек емесін таңдау мүмкіндігі бар заманауи әлемде олардың басым көпшілігі бала-шағалы болғанды хош көреді. Физикалық себептерге байланысты ұрпақ таратуға қабілеті жоқ көптеген жұптар сәби асырап алу үшін соншама ұзақ уақыт бойына амал қарастырып, жігерін сарп етеді. Проксималды әрекеттердің жанданғанына мән беретін эволюцияшыл психологтер адамдардың бәрі бірдей ұрпақ қалдырғысы келмейтінін айтады. Шындығы сол, адамдардың көбісін табиғат балаларды дүниеге әкелу мен тәрбиелеуге мүмкіндік беретін физикалық әрі психологиялық қасиеттермен жарылқаған. Сондықтан олар белгілі бір сәтте бұл қасиеттерге белсенді түрде жүгінудің қажеттігін сезініп, өз бойында жасырынған мінез-құлық қабілеттерін кәдеге жаратуға ұмтылады. Олай болмаса, бізге бала асырау мен үй жануарларын балаша бағып-қағудың адамзаттың бәріне бірдей ортақ тәжірибесінің сырын түсіндіру қиынға соғар еді (Қараңыз: Alcock, 2001, pp. 35–40). Баланың тууы мен оны тәрбиелеу – маңызды нәрсе болғанымен, жай мысал ғана. Жалпыға ортақ қағида мынада: көп жағдайда адамдар өмір кезеңдері қисынымен суарылған ұмтылыстар жүйесінің толық жиынтығының психологиялық қуатына мойынсұнады. Бәрінен бұрын адамдар өздерінің мінез-құлық жүйесінің күллі жиынтығына қатысты толық, жан-жақты әрекетінің сөзсіз қажеттігін сезінеді. Өзгеше әрі айрықша жағдайлар жетіп-артылады; бірақ адам табиғаты туралы кең тараған жалпы пікір бойынша ол өз тәні мен ақыл-ойының ең үлкен ерекшеліктерін қалыптастырған мінез-құлық жүйесінің жасырын қабілеттерін жандандыруға ықыласты болуы тиіс. Адамдардың көбісі үшін өмір рахатына бөлену осы жүйеге енгізілген эмоциялық сұраныстардың қанағаттандырылуына байланысты.

Когнитивті мінез-құлық жүйесі Эволюциялық психология оқулықтарында адам табиғатының әртүрлі когнитивті сипаттарына қатысты мардымды ештеңе айтылмаған. Тіл туралы мәселені әдетте әлеуметтік ықпалдастық туралы тараулардың біріне қоюға болады, бірақ өсімдіктер мен жануарлар жайында қажетті ақпарат алу арқылы олар көпшілікке порнографиялық сипатта ұсынылатын тоят пернелерін баспаса, мәдени туындыларды белгілі бір пайданы көздеместен дүниеге келтіру үшін түрлі амал-тәсілдермен қоса, когнитивті кереғарлықтарды пайдалану мүмкіндіктерін қайдан табуға болатыны айқын емес. Біз мінез-құлық жүйесі идеясын жалпыға ортақ интеллектінің адамға тән айрықша сипатын мойындаумен ұштастырсақ, бұл кілтипанның түйінін тарқата аламыз. Адам миы – басқарушылық қызмет атқаратын күрделі мүше. Оның құрылымы қиыннан қиысқан тосын жағдайларға тез икемделеді. Ол бейімделу проблемаларының орасан зор жиынтығын реттей алады. Оның ішінде жүретін бірқатар процестер тілді меңгеру, бояуларды ботаникалық әрі зоологиялық категорияларды ажырату сияқты белгілі, әмбебап тәсілдер арқылы жүзеге асады (Қараңыз: Atran, 1990; Brown, 1991; Cosmіdes and Tooby, 1994; Geary, 1998; Pіnker, 1994, 1995, 1997, 2002; Tooby and Cosmіdes, 1992). Басқа процестер жаңа технологиялар тудырып, жаңа өнер түрлерін қалыптастыру жолында өзіміз «шығармашылық», «өнертапқыштық» деп айдар таққан комбинаторлық ағын сипатында дамиды, бірақ осы барлық өнертабыстар мен жаңалықтар адамның миында эволюциялық бейімделу тарихының өнімі ретінде табиғи және жан-жақты жетілген қарапайым танымдық бөлшектердің таралуы мен түрленуі арқылы әрекет етеді; ал күллі мәдени туындылар қаншама күрделі де кездейсоқ көрінгенімен, олардың физикалық табиғаты шектелген, адамның жетік психологиясы тарапынан жаралған әрі тұйықталған (Қараңыз: Barrow, 1996; Carroll, 1995; Chіappe, 2000; Chіappe and MacDonald, under submіssіon; Darwіn, 1871; Geary, 1998; Mіthen, 1996; Geary and Huffman, 2002; E. O. Wіlson, 1998). Ақыл-ой – адам табиғатының күрделі, жинақы сипаты; МакГуайр мен Тройси «мінез-құлық жүйесі» деп есептейтін өлшемге сәйкес келуі үшін жеткілікті дәрежеде алуан түрлі, қалыпты, жан-жақты әрекет етеді. Біз ақыл-ойды осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, адамның ерекше сипаты ретінде оны мінез-құлық жүйесінің жиынтығына апарып қосамыз. Оның әртүрлі ықпалдардан туатын өзіне тән табиғи шектеулер мен жасырын жатқан айрықша қабілеттерге ие екенін байқаймыз. Жұп таңдау нәпсіні оятып, сәтті қосылу арқылы жүзеге асады. Тәрбие жүйесі балаға қамқорлықты талап етіп, оны ойдағыдай бағып-қағу нәтижесінде мұратына жетеді. Әлеуметтік өзара ықпалдастық бірлестіктер құру мен мәртебелер сатысынан орын табуға ынталандырады. Бұл мақсатты бағындыру ризашылыққа бөлеп, қанағаттанарлық сезімін туғызады. Когнитивті мінез-құлық жүйесі ұғымдық, бейнелік құрылымға мұқтаждықты оятып, өз-өзін танытуды қажетсінетіндіктен, түсініктерді тұжырымға айналдыру, діни, философиялық немесе идеологиялық сенімді қалыптастыру, ғылыми білімді дамыту, эстетикалық әрі көркем туындылар арқылы ақыл-ойдың қанағат табуын қамтамасыз етеді. Осыған дейін жалпыға ортақ интеллект бейімдік қызмет атқаратынын айтқан болатынмын; бұл құбылмалы ортаға тез икемдеуді жеңілдетеді. Бұл икемділік адамдарға басқа мақұлықтарда жоқ артықшылықтар сыйлайды, сондай-ақ адамзат баласын өзіне ғана тән айрықша ауыртпалықтар мен қиындықтарға жолықтырады. Басқа биологиялық түрлер саналы таңдауға аз орын қалдыратын инстинкт, яғни стереотипті мінез-құлық арқылы әрекет етеді. Адамдар әлемнің күрделі менталды модельдерін жасап, олардың бойынан табылатын балама нұсқалардың негізінде шешім қабылдайды (Қараңыз: E. O. Wіlson, 1998). Ой мен қиялға азық болатын материалдар жетерлік; ал бұл материалдардың өзара тоғысуы іс жүзінде шексіз. Қателік жасау, сенімсіздік пен жаңылысу ықтималы – адамның психикалық өмірінде әрдайым ұшырасатын нәрселер. Толассыз белсенді әрі тұрақсыз психикалық өмірге тап болғанына қарамастан, адамдар инстинктілі мінез-құлық қалыбын ауыстыра алатын, әлемді танып-түсіну мен жүріс-тұрыс тәртібін қамтамасыз ететін, менталды бағдарлар мен үлгілерді пайдалануға мұқтаж. Бұл менталды бағдарлар мен үлгілер мінез-құлық тарабында тиімді жол сілтеу үшін эмоциялық тұрғыдан – бай, шығармашылық жағынан – көркем болуы тиіс. Өнер, дін мен идеология сынды мәдени жаратылымдар бұл талапқа сәйкес келеді. Олар адамдардың когнитивті мінез-құлық жүйесін реттеу үшін қажетті бейімдік қызметін атқарады. Өнер толық когнитивті үйлесімді сезіндіріп, басқа мінез-құлық жүйелерін реттеуге көмектесетін эмоциялық бояуы қанық көріністер мен эстетикалық құрылымдарды қамтамасыз етеді. Өнер адамдардың сұраныстары мен ұмтылыстарын түйсінеді. Олар жеке тәжірибені қорытады, қоғамдық қатынастарды айқындайды, жыныстық, әлеуметтік өзара ықпалдастықты қалыптастырады, жақын туыстық байланыстарды бейнелейді, адамдардың күллі әлемдік тәртіп аясындағы мінез-құлық жүйелерінің күрделі, интерактивті жиынтығын анықтап береді. Адамдардың мұндай тәртіпті орнатуға жаппай және толассыз сұранысы бар; ал бұл сұранысты қанағаттандыру белгілі бір дәрежеде рахат пен ризашылыққа кенелтеді (Қараңыз: Boyd, 1998, 2001; Brown, 1991; Carroll, 1995; Cooke, 1999, 2002; Dіssanayake, 1995, 2000, 2003; Fromm, 2003; Love, 2003; Storey, 1993, 1996; Scalіse Sugіyama, 2001b; E. O. Wіlson, 1998).

Адам табиғатының диаграммасы Мен бұл жерде сипаттайтын адам табиғатының сатылық (иерархиялық) ұмтылыстар құрылымын айқындау үшін үстіңгі жағында ақырғы реттеуші қағида (бірақ белсенді, төте ұмтылыс емес) болып саналатын инклюзивті жарамдылық жайғасқан диаграмманы ұсынамын. Белсенді, төте ұмтылыс келесі төменгі деңгейде өмірлік талпыныстарды соматикалық пен көбею талпыныстарына айналдырудан басталады. Осы сатылық құрылымның арқасында көптеген адамдар өздерінің нақты мақсаттары мен ұмтылыстарынан басқа, қуат жинау мен көбею жетістігіне жалпы тұрғыдан, айқын ықылас танытатынын пайымдаймын. Адамдардың бәрі бірдей көбею жетістігіне белсенді ықылас таныта бермейді; бірақ соған қарамастан, мұндай ықылас түрдің жалпы сипатына тән деп айтар едім. Жас жігіттер: «мен мына қызды өзіме қаратып, құшағыма басу үшін қызыл кабриолет сатып алғым келеді», – деген ойға әсте берілмек емес. Сонымен қатар олар «мен табысты өмір сүріп, үйленіп, бала-шағалы болғым келеді» деп жиі армандайды. Бойжеткендер болса: – «маған анау қызыл кабриолет мінген жігіт ұнайды. Мені оны өзіме еліктіріп, құшағымды ашқым келеді» деген сезімге біржолата құлап түспесі анық. Сондай-ақ олар: – «мен өмірде табысқа жеткен, сенім артуға болатын жігітті жолықтырып, оған тұрмысқа шығып, бала тәрбиелегім келеді» деп қиялға беріледі. Тап осы соңғы жалпы тілекті мен олардың өз пайымдарындағы нағыз соматикалық және көбею ұмтылыстары деп бағалаймын. Қуат жинау мен көбею жетістігі жөніндегі жалпы тілектен төмен қарай мен бұл екі ортақ ұмтылыс сипатына қолдау көрсететін әртүрлі мінез-құлық жүйелерін орналастырамын. Бұл жерде айқындалған нақты бағыныңқы жүйелер жан сақтауға, технологиялар жасауға, жұп құруға, тәрбиелеуге, туыстық байланыстарға, әлеуметтік қатынастар мен танымдық әрекетке арналған. Бір жақтағы соматикалық пен көбею деңгейлері мен екінші жақтағы нақты мінез-құлық жүйелері арасына «даму» ұғымын қоямын; бұл арқылы әртүрлі жүйелердің тиесілі адам түрлеріне сәйкес даму бағдарламасына орай жанданатыны мен таралатынын көрсетемін (Жұптасу мен тәрбие жүйелері адам ағзасы тіршілігінің белгілі бір кезеңдерінде ғана әрекет етеді, ал әлеуметтік сипаттар өмірлік циклдың барысында өзгеріп отырады). Әр мінез-құлық жүйесінің астындағы қоршауға мен осы жүйеге тән ұмтылыс мақсаттары мен бағдарларын енгіздім. «Жан сақтаудың» астында – «жыртқыш аңдардан аулақ болу», «Жұптасудың» астында – «қан араласудан сақтану», «Әлеуметтік қатынастардың» астында «бірлестіктер құру» бағдарлары бар. Толығырақ болу үшін МакГуайр мен Тройсидің, оқулық авторларының тұжырымында жоқ, бір мінез-құлық жүйесі – «технологияны» енгіздім. Тас құралдарын жасау қабілеті – гоминидтердің ең ежелгі бейімделулерінің бірі; ал біздің заманауи технология осыдан шамамен 100 000-30 000 жыл бұрын болған «адамзаттық төңкерістің» айрықша сипаттарының бірін құрайтын күрделі, көп бөлікті құралдар жасаумен ұштасып жатыр. Эволюциялық психология мен жалпыға ортақ интеллект арасына дәнекер болу үшін ең күрделі талпыныстардың бірін жасаған Митен (1996) технологияны танымдық әрекеттің бірегей саласы деп қарастырады. Ол мұны «когнитивті сала» деп атайды; бірақ оның сипаттаған концепциясы мен «мінез-құлық жүйесі» деп атайтын нәрсенің құрылымдық деңгейіне сәйкес келеді. Нақты когнитивті модульдерге тиісті мінез-құлық жүйелерінде жанданатын болады. Мысалы, көру аясы мен қозғалысты, түр-түсті, тереңдікті анықтауға арналған когнитивті модульдер технологиялық мінез-құлық жүйесі мен жан сақтау жүйесінде белсенділік танытады. Туыстықты тану модульдері туыстық жүйенің аясында жанды әрекет етеді. «Бет-жүзді тану» модульдері барлық тұлғааралық мінез-құлық жүйелерінде (жұптасу, тәрбиелеу, туыстық, әлеуметтік өзара ықпалдастық) белсенді қимыл көрсетеді. Әлеуметтік алмасуды, алаяқты әшкерелеуді реттеу үшін қажетті модульдерге жұптасу жүйесінде, әлеуметтік жүйеде жан бітеді. Мидың нарративтерді құрастыру мен эстетикалық тартымды сөз өрнектерін тануға арналған белгілі бір модульдері бар болса, олар когнитивті мінез-құлық жүйесінде белсенді сипатта бой танытады (Ерекше бітімді когнитивті модульдерді білу үшін қараңыз: Carey and Spelke, 1994, p. 171; Cosmіdes and Tooby, 1994, p. 103; Mіthen, 1996; Pіnker, 1994, p. 420, 1995, p. 236, 1997, pp. 128, 315; Sperber, 1994, p. 42; Tooby and Cosmіdes, 1992, p. 113. Эстетикалық тәртіптің белгілі бір түрлеріне когнитивті ыңғайластық жайында ұсыныстар енгізу үшін қараңыз: Barrow, 1996; Eіbl-Eіbesfeldt, 1989; Frederіck Turner, 1992; M. Turner, 1996). Диаграмманың соңғы ерекшеліктерінің бірі мынадан көрінеді: ондағы мінез-құлық жүйелерін қамтып тұрған кеңістік етегінде Экманның негізгі эмоциясының тізімі берілген. Бұл барлық мінез-құлық жүйелері эмоцияның ықпалымен жанданатынын, реттелетінін білдіреді.

Мазмұн мен әдеби туындылардағы көзқарас Әдеби туынды – адамның қоршаған әлемдегі мінез-құлқы туралы баян. Мұндай туындылардың дүниеге келуінің өзі адам табиғатының түпкілікті ұмтылысын танытады; ал адам табиғаты – туындының басты арқауы. Туындының «мазмұны» көрсетілген оқиғаларда жатпайды. Мазмұн оқиғалардың түсіндірмесінде (іnterpretatіon) болады. Ал түсіндірме міндетті түрде «көзқарасқа» байланысты. Әдеби баяндаудағы «көзқарас» – формалық әдеби тәсілдердің тізбесіндегі жай кезекті бір техникалық ерекшелік емес. Кең мағынасында алып қарағанда, «көзқарас» – «қандай да бір мазмұн ірге тебетін сана мен тәжірибе орны». «Көзқарас» – әдеби туындының өзі қалыптастырған әлеуметтік ықпалдастық аясындағы басты құрылымдық бөлшектерін сипаттау үшін біз қолданатын термин. Әдеби туындының әлеуметтік ықпалдастығына қатысты үш құрылымдық бөлшек бар, олар: автор, кейіпкерлер және аудитория (Қараңыз: Abrams, 1986). Барлық әдеби шығармалардың мазмұны әуелде орналасқан жер – автордың миы (ақыл-ойы). Автор өз шығармасында саналы әрі бейсана түрде екеніне қарамастан, белгілі бір мазмұнды ұсынады; ол сондай-ақ шығармадағы кейіпкерлердің бәсекелес ішкі пікірлері арасында келіссөздер жүргізіп, әрі қарай аудиторияға теліген көзқарас тұрғысынан мәміле қарастырады. Авторлар – адамдарға адамдар туралы баяндап беретін жандар. Әңгімелердің көпшілігі қуат жинау мен көбею жетістігіне (бақыт пен махаббатқа) арналған. Сонымен қатар олар мазмұнды қабылдауға ұмтылатын, жеке өмірінің және өзі білетін, әр адамның бастан кешкен оқиғаларына мағына дарытатын адамдар туралы сыр шертеді. Барлық авторлар өздері баяндап отырған оқиғаның мазмұнына байланысты үстемдік еткісі келеді; оқиға ішіндегі барлық кейіпкерлердің төңіректе не болып жатқаны туралы пайымдарының жеке өзіндік нұсқасы бар. Мұндай нұсқалар көбіне бір-бірімен, сондай-ақ автор ұсынған нұсқамен үндесіп жатады; бірақ олар жиі қақтығысып та қалады. Өз кейіпкерлерінің алдында авторға қашанда шешуші сөз тиесілі; аудиторияның қаперінде қалатын болғандықтан, автор оқиғаның түсіндірмесін қадағалап отыру үшін сендіреді, әурелейді, өтінеді, жағынады, қорқытады, сұрайды, ренжітеді, мақтайды, үркітеді, баяндайды, үгіттейді, ұялтады немесе оқырмандарды басқа жолмен қызықтырады, тіпті, серпілтеді (Қараңыз: Booth, 1996; Leaska, 1996, Scalіse Sugіyama, 1996). Көзқарасқа қатысты осындай қарапайым аксиомалар жиынтығының негізгі мәнін түсінудің маңызы зор. Бұл аксиомалар – әдеби туындының мазмұнын талдау үшін қажетті сараптамалық категориялардың жеке, шектеулі, басқарылымды жиынтығы. Әдеби туындының әлеуметтік ықпалдастығында үш нақты компонент бар. Ол үш компонент әрқашан бар болады. Әрі тек үш компонент қана кездеседі. Бұл үш категорияның өкілдері суреттелетін, оқиғалардың мазмұнын белгілі бір нақты жолмен ыңғайластырады. Әдеби туындыны бағалаған кезде автордың, кейіпкерлердің, аудиторияның (оқырмандар) көзқарастарының ара қатынасын пайымдау – сыншы жүзеге асыратын басты міндеттердің бірі. Бұл ретте аудиторияның көзқарасына автор ықпал етеді. Әдеби туындының мазмұны ең жоғары деңгейде автордың, кейіпкерлердің, болжамды аудиторияның көзқарастары арасындағы өзара ықпалдастыққа байланысты. Бұл өзара ықпалдастықты негізінен осы үштағанның бірі – автор бақылауында ұстайды. (Инклюзивті жарамдылық; өмірлік талпыныстар құрылымы: соматикалық пен көбею; ұмтылыстық, эмоциялық әрекет алаңы; жан сақтау: жыртқыш аңдардан аулақ болу, қоректену, баспана іздеу, дұшпандарды жеңу; технология: жонғыш, ұнтақтағыш, тұтқаны пайдалану, заттарға бекіту, отты пайдалану; жұптасу: бағалау мен тартымдылық, жыныстық жұптар, басымдық көрсету, бәсекелестер, араласудан сақтану; бала тәрбиелеу: бала бағушы, қорғау, қамтамасыз ету, өсіру, оқыту; туыстық: туыстарды ажырату, туыстық жәрдем, туыстықты сақтау, туыстық байланыс; әлеуметтік қатынастар: бірлестіктер құру, мәртебеге жету, бақылау, өзара әрекеттестік; таным: оқиғаларды баяндау; сурет салу; сенім қалыптастыру; білім алу). «Бұл кестеде театр қойылымы емес, тек қана нарратив туралы сөз болып отыр, сондай-ақ театр қойылымында автор жоқ, сахнада көз алдыңызда қолма-қол өтіп жататын нақты көрініс бар» деп менімен дауласуға болады. Театр қойылымында автордың сахнадан көрінбеуін, мен алдамшы нәрсе деп ойлаймын. Спектакль көптеген құбылыстарды (адамның құштарлықтары мен ұмтылыстарын, арман-тілектері мен үрей-қорқыныштарын) қимылға келтіреді. Бұл – құбылыстар жиынтығын басқаратын, реттейтін автордың ақыл-ойы. Спектакль ішіндегі барлық құбылыстардың сыр-сипатын барынша толық пайымдайтын да – осы. Гамлеттің монологтары сияқты, басты кейіпкер кей кезде автордың пайымына сәйкес деңгейге жақындап баруы ықтимал, бірақ автор барлық құбылыстар туралы түсінігі спектакль барысында оның өз түсінігінен асып түсетін кейіпкерді бейнелей алмайды. Анығында, автор бейнелеп бере алатын түсініктің кез келген деңгейі автордың өз түсінігінің шеңберінен шықпайды. Адам табиғаты мен оның жалпы қасиеттері. Мәдениет және жеке тұлға ерекшеліктері Барлық авторлар «адам табиғатын» тікелей өздерінің түпкілікті сүйеніші мен беделінің арқауы деп түсінеді. «Адам табиғаты» – Макдоналд (1990) «дамыған ұмтылыс сипаттары» деп атаған қарапайым талпыныстар мен ынтызарлықтардың жиынтығын білдіретін ұғым. Жоғарыда кескінделген диаграмма – өзін-өзі сақтау, жынысқұмарлық, қызғаныш, ана махаббаты мен әлеуметтік мәртебеге құштарлық сынды адам табиғатының әдепкі жалпы концепциясына тиесілі ұмтылыс түрлерін сипаттайды; ал негізгі ұмтылыстар өзімшілдік психологиясы (жеке мүдденің алдыңғы кезекке шығуы, қарақан бас пайдакүнемдігіне бой ұрушылық, әуре-сарсаңға түсіретін алдампаздық, тоғышарлық пен екіжүзділік) туралы халық түсінігінің құрамына кіреді. Авторлар әрбір қарапайым мінез-құлықтың сапасы мен деңгейі адамдардың бойында алуан түрлі болып шығатынын түсінеді; мысалы, олар өз замандастарына қарағанда, кейбір адамдардың өлімнен қорқынышы көбірек, жынысқұмарлығы басымырақ, аналық сезімі артығырақ немесе алға қойған өмірлік мақсаты жоғары болатынын біледі. Олар әрі қарай бұл сипаттардың әрбірі басқа сипаттармен түрліше ұштаса отырып, сан қилы жеке тұлғалық бітімдерді қалыптастыра алатынын пайымдайды. Әйел ажалдан қорыққанымен, өз балаларын қорғауға келгенде жанын пида етуге қай кезде де дайын, содан болар, ол нәпсіге ерік бермеуге тырысатын. Тағы бір жағынан алғанда, ол өте батыл, аналық сезімі көк жүзіндей тұңғиық, жұдырықтай жүрегі сүйіспеншілік деп соққан, өмірлік ұстанымы мен қағидасы биік болғандықтан, осы бір қасиеттерімен өзгелерден биік тұрды. Адамның жалпы қасиеттері не осы биологиялық түрге тән жүріс-тұрыс нормалары – адамзат тіршілігінің тарихы барысында орныққан мінез-құлық үлгілері (модельдері). Олар барлық мәдениеттің ортақ сипаттары болып саналады. Мысалы, барлық мәдениетте неке, сынақтан өту рәсімі, жасы мен жынысына қарай анықталатын әлеуметтік мәртебе, діни наным-сенімдер, халықтық ғұрыптар, туыстық қатынастар, жыныстық тыйымдар, ем-дом жасау тәжірибесі, қылмыстық жарғылар, ел аузындағы әңгімелер, әзілдер мен қалжыңдар бар (Қараңыз: Brown, 1991, 2000). Жалпы қасиеттер салыстырмалы түрде тұрақты әрі дәйекті жолдармен өзара байланысқан ұмтылыстардан тұрады. Мұндай ұмтылыс сипаттары бір елдің мәдениетінен басқа елдің мәдениетіне көшкен сайын барынша түрленіп отыратын амалдар арқылы жоғары деңгейде, күрделі формада өзінің ерекше бітімін таба алады. Мысалы, неке тәжірибесі – барлық мәдениетке ортақ. Бірақ олардың ішінде полигамды немесе моногамды некені қолдайтындары бар. Кейбірінде ажырасуға рұқсат етілсе, енді бірінде тыйым салынған. Барлық елдің мәдениетінде ойын түрлері ұшырасады; бірақ адамдардың бәрі бірдей карта ойыны вистті біле бермегендіктен, доп теуіп, футбол ойнамайтындар да жетіп артылады. Кез келген елдің мәдениетін тілсіз елестете алмайсыз, бірақ жұрт барлық жерде жаппай сауатты емес; білімі жоғары, мәдениетті халықтардың барлығы бірдей прозалық шығармалардың үздік үлгілерін тудыра алған жоқ; ал прозалық шығармалардың үздік үлгілерін тудырған мәдениетті жұрттардың көпшілігі сана ағымына құрылған баяндау мәнерін дүниеге келтіре алмады. Ешқандай мәдениет жалпыадамзаттық қасиеттерден ада болмайды, бірақ кейбір адамдар осы биологиялық түрге тән мінез-құлық нормаларынан ауытқуы мүмкін. Олар өз балаларын өлімге итермелеп, инцестке (азғындықпен қан араласуға) жол береді, сөйлеу қабілетін тежеп, мүлде ақылға қонбайтын әрекеттер жасайды. Әдеби мәтіндерде бейнеленген әрекет міндетті түрде жалпыға ортақ немесе биологиялық түрге тән мінез-құлық үлгілерінің мысалы болып саналмайды, бірақ осы биологиялық түрге лайық шаблондар көркемсөз туындыларының мазмұнын жеткізуде таптырмайтын «ең басты негізі» деп қарастырылады. Жалпыадамзаттық ұмтылыстардың осы түп қайнарына сүйене отырып, авторлар өз оқырмандарының да пікіріне құлақ асады. Аналық мейірім мен инцестті қарастыратын болсақ, ананың балаға мейірімі адам табиғатына тән «әмбебап» ерекшелік болып саналады, бірақ барлық мәдениеті алдыңғы қатарлы елдерде халық санын бақылап отыру үшін, белгілі бір шарттарды негіз ала отырып, жүзеге асырады; ал туу мен түсік жасауды жіті қадағалауға мүмкіндігі жоқ қоғам мәдениетінде де осы бір түйткілді мәселе нәресте өліміне қатысты қылмысты міндетті түрде есепке алады (Қараңыз: Daly and Wіlson, 1988; Low, 2000; Symons, 1979). Дегенмен әдеби шығарма авторлары ананың мейірімі мен қадір-қасиетін білу үшін оқырмандарға да сауал тастайды. Бұл нақты бір ғана емес, күллі мәдениет атаулы үшін жалпы түп қайнарлардың бірі болып саналады. Медея өз балаларын өлтіргенде, Еурипид көрермендердің осы жауыздықтан тұла бойы түршігіп, естен танатынын алдын ала біліп отырады. Инцесттен сақтану – адамға тән жалпы қасиет. Әртүрлі мәдени ортада инцесттің егжей-тегжей мәселелерін өзінше анықтайды; оның кейбір түрлеріне барлық жерде тыйым салынған. Бірде-бір мәдени орта ана мен оның ұлы арасындағы қан араласуға жол бермейді; сондықтан Софокл Эдиптің өз көзін өзі ағызуына мәжбүр болғаны жиіркеніш сезімін шақырғанымен, оқырмандар тарапынан аяныш тудыртады. (Қараңыз: Daly and Wіlson, 1990; Low, 2000; Scalіse Sugіyama, 2001a). Әр автордың өзінің айрықша қолтаңбасы (жазу мәнері) болатыны сияқты, сәйкесінше дара тұлғалық бітімге де ие болады; тұлғаның кейбір жеке өзгешеліктері мен өзіне тиесілі тәжірибесінен тұратын дара болмысы өмір сүріп жатқан ортасының мәдени нормаларына, адам табиғатының жалпы сипаттарына қатысты айқындалады. Жеке тұлға болмысы авторлық көзқарас үшін негіз болып саналатындықтан, көбіне автор өз көзқарасын нормативті стандарт үлгісіндегі асыл мұрат (идеал) ретінде алға тартады; ал өзгеше көзқарастағы басқа жеке тұлғалар оған қарсы пікірлерін білдіруі мүмкін. «Адам табиғатына» жүгіне отырып, авторлар әдеби шығарманың құндылықтарын жай шындықтың шеңберінде ғана көрсетуі ықтимал. Кей кезде олар осы қарапайым шындықты өз мәдениетінің қатып қалған қағида, салттарына қарсы қояды, сондықтан бұл салттарды таяздық пен азғындыққа, жасандылық пен қолайсызсыздыққа, тіпті көңілден шықпайды деп сипаттайды (Қараңыз: Carroll, 1995; Joblіng, 2001a, 2001b; Nesse, 1995; Nordlund, 2002). Таза парасатты түсінік тұрғысынан қарағанда, жеке тұлғалар арасындағы кейбір өзгешеліктер, мысалы, жас, жыныс, денсаулық, жұртқа ұнасымдылық, әлеуметтік тек, қоғамдық мәртебе, кәсіби қызмет, ақыл-ой мен шынайы болмыс айырмашылықтары айқын көрініп тұрады (Саясиландырылған әдебиет сынының жаттанды тақырыптары тап, жыныс және нәсіл «үштігі» қолданыстағы осы категориялардан табиғи түрде өрбіген туынды жиынтық болып саналады). Парасатты түсінікке азық болатын мұндай ұғымдар адамның өмір белестерін талдау үшін де қажет. Жалпы пайым өмір белестерін талдаудың интуициялық немесе «халықтық» нұсқасы ретінде әрекет етеді. Талдау өрісі қамтыған өзгешеліктермен бірге, барлық сыншылар тұлғаның мінез-құлық ерекшелігін бағалайтын, сөздік қорына жүгіне алады. Жеке тұлға ерекшеліктері бейімделу ортасының бір бөлігін құрайды; оның аясында адамдар өздерінің эволюциялық ұмтылыстарының мұқтаждықтарын ойдағыдай қанағаттандыруға мүмкіндік алады. Дәстүрлі, романтикалық немесе импрессиондық әдеби сында таразыланған ерекшеліктер жалпы сөздік қорына жүгінген кез келген сыншының танытатын өткірлігіне байланысты болады. Заманауи тұлға теориясы қазіргі кезде мінез-құлық пен жеке адамға байланысты жалпы сөздік қорын тазалап, жүйелеп жетілдіріп отыр; ал әдебиет сыны үшін эмпирикалық зерттеулердің бұл жиынтығымен таныс болғаны абзал. Бүгінгі күні бес факторлы (экстраверсия, невротизм, адал ниеттілік, келісімпаздық, шығармашылық, интеллектуалды «ашықтық») жүйе ең жақсы қолжетімді теория болып саналады. Бұл жүйе, ең алдымен, жалпы сөздік қорынан жасалғандықтан, оның категориялары бір қарағанда, көркем шығарма кейіпкерлерін бейнелеумен жақсы үйлесім тапқаны таңғаларлық нәрсе емес. Авторлардың өз кейіпкерлерімен қарым-қатынасын айқындау үшін осы жалпы сөздік қорын пайдалану мен талдауға қажетті ортақ әрі оқшау терминдер жиынтығының теңдессіз үлгісімен қамтамасыз етеді (Қараңыз: Bouchard, 1994, 1997; Buss, 1990, 1995; Costa and Wіdіger, 1994; Dіgman, 1990; Eysenck and Eysenck, 1985; McCrae, 1992; MacDonald, 1995b, 1998b; Pervіn, 1990, 2003; Pervіn and John, 1999; Segal and MacDonald, 1998; Wіggіns, 1996). Бес факторлы тұлға жүйесіндегі бесінші сипат – тіршілік тәжірибесіне қатысты бейнелік немесе шығармашылық ашықтық, жалпыға ортақ интеллектімен тығыз байланысқан, когнитивті мінез-құлық жүйесіне біршама сәйкес келеді. Макдоналд былайша түсіндіреді: «Тәжірибеге ашықтық факторы интеллектідегі алуантүрлілікті «оңтайлы пиагеттік оқыту» деп аталатын ішкі ұмтылысқа негізделген ынта мен тиісті салалардағы бейнелік әрі шығармашылық құбылыстарға ұласқан интеллектуалдық, эстетикалық тәжірибеге қызығушылықты бейнелейді» (1998b, p. 126). Іс жүзінде тапқырлық, интеллект немесе шығармашылық өміршеңдік барлық әдеби шығарманың айрықша түпнегізін құрап, кейіпкерлер арасындағы айырмашылықтарды айқындап, автордың нормативті немесе шешуші көзқарасын қалыптастырады. Авторлардың өз болмысына сай айқын когнитивті мінез-құлық жүйелері бар; олар бесінші сипатты бағамдай отырып, қоңырау формалы ирек сызықтың оң жақ бөлігі созындысының ең соңғы шетінде орналасады. Сондай-ақ авторлар өз оқырмандарын осы қасиетке қатысты олардың жеке нормативті пайымдарын тыңдау үшін шақыруға ынталы. Өз субъектісін шынайы тану жолындағы объективті талпыныс болып саналатын әдебиет сынының басты міндеті кез келген мәтіндегі не мәтіндер топтамасындағы мазмұнның нақты құрылымын айқындау болып саналады. Бұл айқындауды жүзеге асыру үшін сыншының қол астында келесі үш концептуалды үлгі немесе қалып болуға тиіс: (а) адам табиғаты ұғымы (ілгеріде берілген диаграммадағы секілді); (ә) құрамында қандай бір мәтін қамтылған мәдени экология ұғымы; (б) жеке тұлғалық ерекшеліктерді талдауға қажетті категориялар жиынтығы. Бұл үш қалыпты талдау мақсатында пайдалану үшін сыншы автордың адам табиғаты туралы өз түсінігін, мәдени контекске жеке қарым-қатынасының сипатын біліп, оның жеке тұлға ретіндегі жеке ерекшеліктерін анықтауы қажет. «Мақтан мен жалған сенім» романындағы өмір оқиғаларын талдау және когнитивті стиль «Мақтан мен жалған сенім» романындағы өмір оқиғаларын талдауға стильдің қарым-қатынасы туралы айтпас бұрын, мен бұл шығарманы оқымаған не бұрын оқып, мазмұнын ұмытып қалған оқырмандар үшін, мүмкіндігімше қысқаша баяндап беруге тырысамын. Басты қаһарман – Элизабет Беннеттің жасы жиырмада, отбасындағы бес қыздың екіншісі. Оның әкесі – өзінің әлеуметтік табынан біршама төмен сатыдағы әйелге тек оның сыртқы келбетіне қызыққандықтан ғана үйленген адам. Әйелінің ақылсыздығы мен әдепсіздігі әбден мезі еткендіктен, оның бұл қылығын келемеждеп, етіп отыруды әдетке айналдырған. Оның меншігіндегі бар мал-мүлкінен немере бауыры – Коллинз мырза священник қатты дәмелі болады. Беннет мырза өлген соң, Коллинз мырза оның үй-жайын мұрагерлік бойынша иемденіп, Беннет мырзаның әйелі мен бес қызын тақыр кедей етеді. Тұрмыс тауқыметінен шаршаған әйел, жоқшылықтан біржола құтылу үшін, өз қыздарын күйеуге бермек болып бай жігіттерге іздеу салады. Бұл кезде ауқатты әрі бойдақ жас жігіт – Бингли Беннет мырза тұратын аумақта бір үйді жалға алып, өмір сүріп жатады; оның айналасында әпкесі мен қарындасы, досы – мистер Дарси болады. Мистер Дарси да бойдақ болғанымен, Бинглимен салыстырғанда дүние байлығы әлдеқайда көбірек еді. Қысқасы, Бингли Элизабеттің әпкесі Джейнге ғашық болып қалады, бірақ Дарси олардың кездесуіне кедергі жасап, Бинглиді ол аумақтан көшіп кетуге үгіттейді. Дарси Элизабеттің шешесі мен сіңлілерінің дөрекілігін жақтырмайды; соған қарамастан, Элизабетке көңілі ауып, бұл бойжеткеннің тапқырлығы мен ойнақылығы оны есінен тандырып, жігітті құлай ғашық етеді. Шектен шыққан ақымақ – Коллинз мырза Элизабетке сөз салады. Бірақ одан тойтарыс алған соң, Элизабеттің ең жақын досы, некенің қадірі түйсігіне кіріп те шықпайтын, алайда тек өзінің қарақан қу басының ғана қамын күйттейтін Шарлотта Лукасқа үйленеді. Коллинз мырза өзін шіркеудің өміріне икемдеген бай әрі тәкаппар әйел Кэтрин де Бург ханыммен көрші тұрады. Кэтрин ханым да Дарсидің тәтейі болып шығады. Элизабет Шарлоттаның жаңа үйіне барып, ұзақ уақыт аялдаған кезде Дарсиді тағы да жолықтырады. Дарси Элизабетке көңілін білдіреді, бірақ оның әлеуметтік жағдайының мүшкіл екеніне көзқарасын танытқасын дөрекі түрде жауап беріп, қарсылығын көрсетеді. Элизабет Дарсиге өзінің ешқашан ықыласы аумайтынын ашық айта отырып, әпкесінің тұрмысқа шығу мәселесіне араласқаны үшін айыптайды, сондай-ақ әкесінің шаруашылығын жүргізген Уикхем мырзаның осы Дарсидің өзімен бірге өскен ұлына көмектесемін деген уәдесін орындамағаны үшін де ренішін білдіріп, айыптайды. Аз ғана уақыт бұрын Уикхем өзінің әскери полкімен бірге Элизабеттің үйінің жанында жайғасқан еді. Онымен достық қатынаста болып, Дарсимен арадағы салқынқандылықтың сырын жайып салған болатын. Өзін ақтап алу үшін Дарси хат жазып, Уикхемге кұрметпен қарағанын, ал іс жүзінде оның оңбаған әрі қу адам екенін баяндайды. Дәлелдері даусыз болғандықтан, Элизабет оны дұрыс бағалай алмағанын түсінеді. Тәтейі мен ағасы Элизабетті Дарсидің үйіне жақын жерде өтетін демалыс сапарына бірге баруға шақырады. Олар Дарсиді кездейсоқ жолықтырып қалғандықтан, оның мінез-құлқы табан астынан өзгеріп шыға келеді. Ол бойындағы тәкаппарлық қасиетінен арылып, ұстамдылық танытып, Элизабет пен оның туыстарына ұнауға тырысады. Бұл кезде Элизабеттің де көзқарасы өзгерген. Ол енді Дарсимен ашық-жарқын сөйлесуге құштар болады. Бірақ кейіннен ол әпкесі – Джейннен хат алып, сіңлісі – Лидияның Уикхеммен қашып кеткенін біледі. Бұл жайт бүкіл отбасын ұятқа қалдырады. Элизабет үйіне қайтып оралады, ал Дарси оған білдірмей, Уикхем мен Лидияны тауып алғандықтан, Уикхэмді Лидияға үйленуге үгіттейді. Элизабет бұл құпияны біліп қойып, қатты риза болады. Бингли мен Дарси Элизабеттің үйіне жақын маңға қайтып оралған соң, Бингли Джейнге, ал Дарси қайтадан Элизабетке сезімдерін ақтарады. Екі бойжеткен де олардың тілектерін қабыл алады; сөйтіп, романның эпилогында айтылғандай, қос жұп та көздеген мақсат-мұраттарына жетіп, бақытты ғұмыр кешеді. «Мақтан мен жалған сенім» романы барлық жерде классикалық туынды ретінде мойындалған. Оның баяндау сыйымдылығы мен нақышты стилі классикалық деңгейді танытады. Бұл сыйымдылық пен нақыш көбіне баяндаушының өз көзқарасынан көрінетін келесі екі тарап арасындағы негізгі қарама-қайшылыққа байланысты, бірінші тарапта – адам өмірі белестерінің түпкілікті шындықтарын сөзсіз мойындау, қуат жинау мен көбею әрекеті басымдау көрінсе, екінші тарапта – ақыл-ой мен мінез-құлық қасиеттерін қадірлеу ұстанымы тұрады. Остин адам әрекетінен танылатын соматикалық, көбею негіздерінің шешуші күшін бірден байқайды, бірақ іс жүзінде романның әр кейіпкері өзінің ақыл-ой қасиеттеріне қарай бағаланады. Сіз адам табиғаты диаграммасына тағы бір үңілсеңіз, романның болмыс-бітімі адам өмірін саналы түрде ұйымдастырудың жоғары деңгейі, ең алдымен, қуат жинау, сәтті жұптасу қажеттігінің басымдығын мойындау мен когнитивті мінез-құлық жүйесі арасындағы қарама-қайшылық арқылы ашыла түсетінін көре аласыз. Адамдардың бәрі жыныстық қатынастарды зерттейтін эволюция теоретиктері анықтаған шарттарға сәйкес, жақсы жұп құрғысы келеді: ол бойынша әйелдер ерінің ауқатты, мәртебелі болғанын тілесе, ерлер әйелдерінің жас әрі сұлу көрінгенін қалайды. Бірақ романда жеке тұлғалық қасиеттерді дәріптеудің бірден-бір маңызды өлшемі болып саналатын мәртебелі деңгей бар: оған көтерілген кезде ерлер де, әйелдер де қалыпты стандартты төменде қалдырып, өзінің мінез-құлқы мен ақыл-ой үстемдігінің сипаттары арқылы талапқа сай келеді. Мінез-құлықты, әсіресе адал ниеттілікті кейіпкерлердің жасаған әрекеттері арқылы түйсінуге болады. Ал ақыл-ойды түйсіну олардың не айтқандарын, одан да маңыздысы қалай айтқандарын байыптау нәтижесінде жүзеге асады. Остиннің стилі әйелдердің нәзіктігі мен жұмсақтығын жайып салғанына байланысты «нақышты» емес. Ол – икемді, өткір, шапшаң және саф таза болғандықтан нақышты. Онда қайратты, епті әрі өжет қолда сығымдалған алмас кездіктің жұқа шыңдалған жүзінен гөрі әйелдің жіңішке саусақтары ұстаған бояу қаламнан төгілген өрнек азырақ болып көрінеді. Екі негізгі кейіпкер – Элизабет пен Дарси бірін-бірі ессіз құштарлықпен сүйеді, олар Остиннің танымдық, стилистикалық қарымы мен қабілетін бөліседі. Олар өздерін замандастарының стилистикалық әлемін құрайтын есалаңдық, сандырақ пен ақымақтық қойыртпағынан оқшаулап, мінез-құлық, көңіл күй мен көзқарас мәселелері бойынша талқыға салатын өткір де салмақты сұхбаттасу барысында айқындалатын бір-бірінің тапқырлықтары мен пайымдарына дән риза болады. Дарси Элизабетпен бал үстінде жолыққан кезде өзінің салқынқанды мінезін ақтап алу мақсатында бірқатар үстемдік жүргізіп, жүрегіне қатты тиетін ауыр сөздер айтып, ренжітіп қояды (ол томаға-тұйық әрі сүйкімсіз көрінеді, бірақ аузын ашса жүрегі көрінетін аңғалдығы бірден көзге ұрып тұрады. Элизабетке романтикалық қызығушылығы бар оның басты қарсыласы – Уикхкем болса, ашық-жарқын, сүйкімді болғанымен, адам алдар қасиеті бар, бірақ сөзінің ешбірінде пәтуа жоқ. Көптеген романдардағыдай, негізгі жалғыз сюжеттік желі қанша уақыт өтсе де тозбайтын, сонысымен өзгеше әрі сұранысқа иелігімен ерекшеленеді. Бұлар жұп құрудың қысқа әрі ұзақмерзімді стратегияларының арасындағы басты айырмашылықтарымен байланысты). Дарси алғашқыда Элизабеттің өзіне қатысты көзқарасын оған жазған хатынан кейін түбегейлі өзгертеді. Бойжеткенге жазған бұл хатында ол Элизабеттің әпкесінің тұрмысқа шығуындағы кездескен мәселелер мен Уикхэмге қарым-қатынасы жайында өз шындығын баяндайды. Ол өзгелерге көп ашыла бермейтін тұйық болғанымен, парасат-пайымы терең, ақылды жігіт болғандықтан, өз ойын хатқа оңай түсіргені таңғаларлық жайт емес еді. Остин хаттың мәтінін толық келтіреді. Бұл роман желісінде автордың өз тарапынан немесе кейіпкерлердің аузымен баяндалатын сөздердің ұзақтығын байқаймыз. Осы хатта Остиннің әзіліне орын жоқ; тақырыптың бәрі көңілсіз, Дарси қалжыңдайтын хәлде емес, ол арқылы жазушы әйел стилінің дәлдігі, ашықтығы мен өткірлігі көрінеді. Бұл стиль оқырмандар үшін тұрақты норма болса, барлық басты кейіпкерлер үшін белгілі бір қасиеттердің өлшеміне айналған. Жеке қасиеттердің өлшемі саналатын стильдің айрықша маңызын танытатын көптеген мысалдың тағы бірін алып қарастырсақ, Коллинз мырза алғаш рет Беннеттің үй ішіне, оның отбасы алдында дауыстап оқылған хаты арқылы таныс болғанын көреміз. Хат – ақымақтық пен зор мақтанның аса ғажап көрінісі; осы хаттың мазмұнын қалай қабылдағанына қарай отбасының әр мүшесі өзінің ақыл-ой деңгейін танытып қояды. Мэри – Элизабеттің қабілетсіз, талғамсыз сіңлісі; ол өмірдегі орнын өзін-өзі жетілдіру арқылы тапқысы келеді, бірақ таяз біліміне қанағаттанып, Коллинз мырзаның стилін өз деңгейінде деп есептейді. Беннет ханым әдеттегіше кез келген мінез сипаты мен стильге салғырттықпен қарап, өмірдің барлық жағдайына тек қана пайдакүнемдік пен мүдде тұрғысынан баға береді. Тек Элизабет пен оның әкесі ғана хатты шақыратын сандырақ жазу деп біледі. «Ол парасатты адам болуы мүмкін бе, сэр?» «Жоқ, қымбаттым. Менің ойымша, мүмкін емес» (1-том, 13-тарау). Остин бұл тіл қатысу арқылы Элизабет пен оның әкесі арасындағы бір-бірінің ойын қас-қабағынан сезетін жақындықтың негізін ашып көрсетеді; сондай-ақ отбасының басқа мүшелерінен бөлек жасап алған өзара ішкі түсіністіктерінің себебін аңғартады. Элизабет өзінің туған әпкесі – Джейнді жақсы көреді. Джейн ақылсыз емес, бірақ жанының нәзіктігі соншалық, қиялға ерік беріп кететін кездері көп. Соның салдарынан ол көз алдында болып жатқан оқиғалардың тең жартысы миына кіріп те шықпағандықтан, салғырттық танытады. Мысалы, ол Коллинз мырзаның хатындағы таяздықтан басында абдырап қалғанымен, кейіннен оның ізгі ниетін қолдауға дайын екенін білдіреді. Элизабет пен оның әкесі пайым мен тапқырлықтың өзара ортақ ішкі шеңберін жасап алған, ал бұл шеңбердегі басты тұлға – Остиннің өзі. Жазушы әйел көзқарасты «интеллектінің саласы» деп қарастырып, осы салада өзінің барлық кейіпкерлері мен оқырмандарын сыйғызған өзгеше әлем құрып алған. Бұл процестің қалай жүзеге асатынын түсіну үшін романның атақты кіріспе сөйлемін оқып көріңіз: «Жұрттың бәрі білетін ақиқат сол, маңдайының бағы бар, дәулеті тасыған бойдақ жігіт өзіне қалыңдық табуға тиіс». Бұл сөйлем тағдыр тәлкегі мағынасында қабылдануы керек пе деген сауалдың төңірегінде бір-біріне ұқсамайтын пікірлер қалыптасты. Мәселе бірінші сөйлемнен соң, әсерді өзгертіп жіберетін келесі жолдарға жүгіну арқылы шешімін табады: «Мұндай адамның жаңа орынға қоныс тепкеннен кейінгі сезімдері мен көзқарастары туралы мағлұмат мардымсыз болғанына қарамастан, бұл ақиқаттың айнала қоршаған отбасылардың ақыл-ойларын жаулап алғаны соншалық, оған өз қыздарының әйтеуір біреуінің заңды түрдегі меншікті мүлкі ретінде қарай бастады». Бірінші сөйлем – ізгі, ашық тілекке негізделген тіршілік шарты. Остин әлеуметтік қарым-қатынас арқылы көрінетін тіршілік шартындағы басты бөлшектерді (бақ-дәулет пен жар таңдау) анықтап, өзінің ескертпелерінде ишараланған қағидалардың құрылымы адам мінез-құлқының әмбебап моделін танытатынын айтады; жігіттер дәулет жиып, оны сүйіктісін табу жолына жұмсағанды қаласа, бойжеткендер өздеріне сүйеніш болатын дәулетті жар іздейді. Ал екінші сөйлем баяндаушы мен ол суреттеп отырған жалпы пікірдің арасындағы алшақтықты көрсетеді. Жазушы ауытқушылықтар мен жеке айырмашылықтар болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. «Айнала қоршаған отбасылар» жалпы мағлұматтар негізінде әрекет етеді. Олардың әрекеті басқа адамдардың ішкі жан дүниесін ескермейді. Олар өздеріне жақын маңайда жүрген жігітке белгілі бір саналы көзқарастың ұйтқысы емес, көбіне меншікті мүлкі ретінде қарайды. Бұл «сана теориясындағы» жай қарапайым ғана кемшілікті басқа адамдардың ішкі жан дүниесі бар екенін мойындау қабілетінің жоғын көрсетеді. Осы сипаттағы кемшіліктер Остин сатирасының басым бөлігінен, тіпті тұтас қалпынан хабардар етеді. Бұл – сатираның басты қағидаларының бірі. Адамдар өздерінің мұқтаждықтарына ғана бас ауыртады; олар басқа жандарға өздері қалауына қарай ойдан шығарған қиялы бойынша бел ортасында жүретін оқиғалар өтіп жатқан сахнадағы сәнді мүлік не жиһаз есебінде қарайды (Беннет ханым мен Дарсидің тәтейі – Кэтрин де Бург ханым талқыланып отырған мәселенің нақты нысаналары әрі сатираның бас кейіпкерлері бола алады). Әдетте мұндай жағдайда жалпы пікір дұрыс деп қабылданады. Бингли шын мәнінде, қалыңдық қарастыратындай хәлде. Дегенмен Остин бар болғаны екі сөйлем арқылы өзі ойлағандай, өзгеше көзқарас пен жеке айырмашылықтар және көршілердің жалпы түсінігі арасындағы іргелі қарама-қайшылықты көрсетіп береді. Бұл романнан тысқары әлемнің де жалпы түсінігіне айналып жатады. Романның өне бойында өркениетті, күтімі жақсы және стилистикалық өзгешеліктер енгізуге жарамды болып көрінетін бас кейіпкерлердің ішкі шоғыры ең ақырында өздерін айнала қоршаған жалпы қауымнан бөлектейтін шағын топқа айналады. Элизабеттің тәтейі мен Гардинер ағай осы шағын топқа кіреді. Бұл – романда алдыңғы кезекке шығарылған адамгершілік қағидасының салтанат құруының бір көрінісі. Әлгі кейіпкерлердің жоғары мәдениеті мен бекзат болмысы олардың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан төмен мәртебесін (мысалы, Гардинер мырза «саудамен айналысады») білдірместен, тұлғаларын зорайтып көрсетеді. Остиннің өз көзқарасы бұл шағын топқа бағдар сілтеп, ықпалын жүргізеді. Жазушының өзі – бұл шағын топтың нормативті ақылшысы; ол ақырын ғана елгезек оқырмандарды да осы топқа қосылуға шақырады. Дарсидің, Коллинз мырзаның, Кэтрин ханым мен басқалардың хаттарын оқып, сөйлеу мәнерін талдай білу қабілеті – оқырмандардың әлгі шағын топқа қосылуының шартты талабы. Осы сауаттылық сынағынан өткен оқырмандар өздерін өмір оқиғаларын талдаудың ең төменгі ортақ деңгейінде ғана әрекет ететін жалпы әлемнен оқшаулап алып, (керек жағдайларда адамдарды алалап, оларды тек «дүние-мүлік» тұрғысынан), бағалаудан іргесін аулақ салады. Ден қойып қарасаңыз, екі сөйлем арқылы автор өзінің, кейіпкерлері мен оқырмандарының көзқарастары арасындағы үш жақты қарым-қатынас мәселелерін толық қамтыған. Бұл қарым-қатынастар жиынтығы шығарманың «мазмұнынан» алыс жатқан жоқ. Осы қарым-қатынастарды ойластыра отырып, Остин коммуникациялық өзара әсерлесудің белсенді аймағын қалыптастырады. Міне, оқырмандарды тартатын, қызықтыратын, олардың көңілін баурайтын осы нәрсе. Мұның барлығы әлі роман оқиғалары басталмай жатып, бірде-бір кейіпкер таныстырылмай тұрып қолға алынған. Сөйтіп, біз шығарманың «мазмұнын» бейнеленетін оқиғалармен ғана шектеп қоя алмайтынымызды түсінуге тиіспіз. Екі сөйлемнің мазмұнының өзі– шығарма оқиғаларын «жалпыадамзаттық қасиеттер» не «түрге тән мінез-құлық» мысалдарымен шектесек, біз үшін туындының кем дегенде жартысы зая кететініне көзімізді жеткізеді. Шынына келгенде, ол жағдайда біз келесі көріністе Беннет ханымның мінез-құлқы арқылы суреттелетін «айнала қоршаған отбасылардың» деңгейінде тұралап қаламыз. Жалаң пікірге ғана жүгінетін, әр кейіпкердің өзінің дербес сана-сезімін жоққа шығаратын өңшең есерсоқтар мен әдепсіздердің ортасына түсеміз. Беннет ханымның білмейтін шындығы кем де кем. Дүние-мүлік пен жұптасу іс жүзінде адамдық қарым-қатынастардың қарапайым қисындарын құрап, оқиғалардың негізін қамтамасыз етеді. Осы қарапайым қисынға мойынсұнған Беннет ханым ақыл-ой мен мінез-құлықтың басқа сипаттарын түгел жоққа шығарады. Басқа адамдардың пайым-парасатын терістей отырып, ол өз сана-сезімінің таяздығын көрсетеді. Жұлдызы оңынан туған бас кейіпкерлер адамның көбею экономикасының қатаң, кей кезде шектен тыс ауыр сипатын мойындайды, бірақ, сөйте тұра, кісінің ақыл-ойы мен жеке өзгешеліктерінің маңызын ұмытпайды. Жар таңдау – осы романда ең жанды сипатта көрінген мінез-құлық жүйесі. Бұл – жазушы пайдаланған «романтикалық комедия» әдеби жанрының айрықша, айқын белгісі (аталған жанр әлемдегі күллі нарративтің құрамындағы әдеби қазынаның шамамен тең жартысын құрайды). Ең қарапайым түрде сипаттасақ, романтикалық комедия – бақытты некемен аяқталатын махаббат хикаясы. Әдетте мұндай хикаялар жеңіл оқылып, жарқын юморға (әзілге) толы болып келеді. Бірақ Остинге қатысты алғанда «романтизм» мен «комедия» сөздерінің мағыналық реңі кісіні біршама жаңылыстыруы ықтимал. лі көріністер көп болғанымен, романның юморы – көбіне зәрлі, ал неке рәсімдері қатаң әрі мызғымас болып келеді. Бинглидің қарындасы – Дарсиді өзіне қаратқысы келіп, Элизабеттің түр-келбетін, мінез-құлқын, ақыл-парасатын және бәрінен бұрын отбасы мен әлеуметтік мәртебесін ұдайы, әдейі, нәтижесіз сынап-мінеумен болады. Сондай-ақ Дарсидің қарындасы Джорджиананың өз ағасына ықылас танытқанын қалайды, өйткені бұл оның өзінің әлеуметтік мәртебесін көтерген болар еді. Сондықтан Дарсимен ымыраласып, Бинглиді Джейн Беннеттен алыстатқысы келеді. Алғашқыда Джейнге достық пейіл танытып, өзіне қатысты оның да мейірімін оятады, бірақ соңынан салқынқандылық танытып әрі ығыстырады. Кэтрин ханым өзінің қызын жақын туысы Дарсиге ұзатуды тілейді; бірақ ол қыз аурушаң әрі ұрысқақ болғандықтан, өзінің шешесі мен күтушісінен басқа ешкім маңайына мүлде жоламайды. Остиннің бұл қызға көзқарасынан қаталдықтың ұшқыны көрінеді. Ол Энн де Бургты еш нәрсеге жарамсыз етіп, аяусыздықпен аяққа таптайды. Элизабет пен Остинның тарапынан бұл байғұс аурушаң қызға қатысты байқалатын жалғыз сезім – мейірімсіз жеккөрініш; ешқандай жанашырлықтың нышаны жоқ (Бұл қаталдықтың ұшқынын тереңірек сезіну үшін Остиннің «ювенилияларын», яғни жастық шағында жазған әңгімелерін оқыған жөн. Әңгімелер желісін жауыздық пен қатыгездікке толы оқиғалар құрайды және кейіпкерлерінің көбі жүйке ауруына шалдыққандар). Элизабеттің өзінің сәтті тұрмыс құру мүмкіндігіне де қатер төнеді, себебі оның сіңлісі Лидия Уикхеммен қашып кетіп, жұрт алдында бүкіл отбасының абыройына нұқсан келтіреді. Оқиғаның әрі қарай өрбуі барысында Уикхем өзін далаға тастап, «қалаға қайтып оралатын» Лидияның басына көше қыздары секілді өмір сүру, ауру-сырқау мен азып-тозу салдарынан өмірден қыршын кету қаупі әбден төніп тұрды. Бұған жол берілген жоқ, өйткені, Элизабетті өзіне жар етіп таңдағысы келген Дарси осы арада Лидияның ақылсыздығынан туған мүмкіндікті өз мақсаты үшін тиімді пайдаланады. Уикхемді Лидияға үйленуге дүниемен қызықтырып, көндіргенінің арқасында Дарси өзі ұнатқан Элизабеттің жан дүниесін шексіз ризашылыққа бөлеп, оған деген шынайы сүйіспеншілігін дәлелдейді. Тіпті төменгі ортадан шыққан жетесіз адаммен тұрмыс құрған есуас сіңлісінің отбасын ұятқа қалдырғанын біле тұра ол, мұны да елемейтінін көрсетеді. Уикхемнің абыройсыздығының өзі шын өмірдегі секілді, дүние-мүлік пен көбею романда бейнеленген адам мінез-құлқының іргелі ұғымдары екенін аңғартады. Оның берекесіз тірлігі негізінен, қызмет бабындағы екі сорақы әрекетінен көрінеді: біріншіден, ол мойнындағы қарыздарын өтеместен еркін жүре береді; екіншіден, өзі жиі барып тұратын жақын жерлердегі саудагерлер мен фермерлердің қыздарымен астыртын ойнастық жасайды. Элизабетке көрші болмас бұрын, ол еш қорықпастан Дарсидің қарындасымен қашып кетуге талпыныс жасайды. Мұны жүзеге асырғанда, ол Дарсидің отбасы жайындағы мақтанышқа толы аяулы сезімін тас-талқан етер еді. Ол дүние-мүлікке қол жеткізіп, мәртебесін жоғарылату арқылы қарсылас еркектерді тізе бүктіруі мүмкін болатын. Дарсидің Уикхемге наразылық танытуы үшін себеп жеткілікті еді; бірақ Элизабетке деген ыстық ықыласы мен қайсар көңілінің мәрттігі нәтижесінде ол бойын кернеген ашуды жеңіп, Уикхеммен мәмілеге келеді. Бақ-дәулет пен даңқ-дәреже жігіттерді, ал жастық пен сұлулық бойжеткендерді талай белеске жетелейді екен. Бұл жастар өз қалауынша кез келген нәрсені жасай алар еді, бірақ олар әр сәт сайын романның нормативті көзқарасының аясында адам өмірінің ойдағыдай үйлестірілген экономикасына кірігуі мүмкін құндылықтар жиынтығының таразысында өлшеніп отырулары тиіс. Бұл – Остин мен Элизабет құндылықтар жайындағы өздерінің басты өлшемі санайтын, «рационалды» сипаттағы бақытқа апаратын экономика түрі. «Рационалды» сипаттағы бақытқа қол жеткізу үшін қажетті құндылықтардың жалпы жиынтығы қалыпсыз әрі шексіз емес. Секс пен меншік, отбасы мен туыстық байланыстар, ұрпақ тәрбиесі, әлеуметтік қатынастар мен таным қуаты – міне, кітапта көтерілетін басты мәселелер осы. Секс пен меншіктен кейінгі кезекте туыстарға адалдық өзекті ұмтылыстық (мотивтік) күш есебінде бағалаланады. Остиннің өз көзқарасы бойынша, анықталған құндылықтардың нормативті құрылымының шеңберінде, тіпті отбасы мүшелері ұятқа қалып, мазаққа айналғанымен, оларға адалдықты сақтап қалу жеке адамдық қасиеттің түпкілікті өлшемі болып саналады. Коллинз мырзаның кісілік болмысы Лидия Уикхеммен қашып кеткеннен кейін Беннет мырзаға одан мүлде іргесін ажыратуға кеңес бергенінен көрінеді, ал Элизабет романның эпилогында Кэтрин ханымның өз тарапына өрескел сөздер айтқанына қарамастан, Дарси мен осы бетпақ әйелдің арасын бітістіру арқылы өр мінез танытады. Ата-ана борышы кітапта көтерілген мәселелердің ішінде үлкен орын алады. Шығармада сипатталып, бас кейіпкерлер үшін үлгі болып, бұл мәселеге абайлап қарауды үйрететін некелі қарым-қатынастар (Беннет мырза мен Беннет ханым секілді) өзара үйлесім тұрғысынан, сондай-ақ Дарси мен Элизабеттің ата-аналары арқылы көрінетін отбасы тәрбиесі жағынан сәтсіз екені анықталады. Элизабеттің шешесі дөрекі, ақылсыз және алаңғасар, ал әкесі салғырт әрі томаға тұйық. Отбасындағы ахуал тек мұрагерлік мәселесіне ғана байланысты емес... Әкесінің сәтсіз үйленгені, өзі дүниеден өткеннен кейінгі уақытта ұрпағын дүние-мүлікпен қамтамасыз ететін жағдайларды алдын ала ойластырмағаны, қыздарының тәрбиесі мен біліміне көңіл бөлмегені, ерлі-зайыптылық жарасымды сақтай білмегені себепті де нашар болып шығады (Джейн мен Элизабет өз бетінше сауатын жетілдіреді ең бастысы, Дарси өзін-өзі тәрбиелей отырып, Элизабетке оның ақыл-ойын дамытуға шын ықыласымен көмектесетіні жөнінде уәде береді. Бұл ретте оның әулетіне тиесілі қоныста орналасқан тамаша кітапхананың көп пайдасы тиеді). Оның сөзіне қарағанда, Дарсидің ата-анасы керемет адамдар болған; бірақ ұлдарының қызба мінезін сабасына түсірмепті, сондықтан да оның алғашқыда Элизабетке намысқа тиетін сөздер айтқызған тәкаппарлығы үшін кінәлі болып шығады. Сөйтіп, осы нәрсе Дарсидің байлығы мен мәртебесіне қарамастан, Элизабеттің жүрегіне жол табу мүмкіндігіне зиян шектіреді. Коллинз мырза – шынымен де біртүрлі адам; ол – ақымақ, түсінігі таяз жан. Бірақ себеп-салдар тұрғысынан қарағанда, мәселенің екінші жағы бар: оны «сауатсыз, сараң» әке тәрбиелеген (1-том, 15-тарау). Жыныс, неке мен отбасының барлық ішкі қарым-қатынастары барынша кең, әлеуметтік аяда қарастырылады. Бұл романда қойылатын негізгі сұрақ мынау: Элизабет жоғары әлеуметтік топқа қабылдана ма? Оның қарсыластары бұлай бола қоймас деп үміттенеді. Элизабеттің саудамен айналысатын ағайы, сондай-ақ жергілікті жерде адвокат болып істейтін тағы бір ағайы бар екенін ойланбастан келемеж ететін олардың дәрежелі, дәулетті адамдардың алдында жалпаң қағып жағынатын мінезін Остин мүлде жақтырмайды; сонымен қатар ол, Элизабеттің жоғары әлеуметтік сатыға қадам басқанын қалайды. Ол бұл деңгейді байлық, мәртебемен ғана емес, сонымен қатар абыроймен, беделмен өлшейді. Адам байлық пен мәртебеге туғаннан ие болуы мүмкін, ал абырой мен бедел жеке бастың қасиетіне қарай бұйырады. Кэтрин – жоғары тап үстемдігіне өзінше бір пародия болатын кейіпкер. Дарси – нағыз байлықтың бейнесі. Элизабет алғаш рет Дарсидің орасан зор иелігін көріп, үйіндегі қызметші әйелден оның адалдығы мен ізгілігі туралы естігенде, ішінен өзінше мынадай ой қорытады: «Ақылды қызметшінің берген биік бағасынан артық қандай мақтан бар? – Туыс, қожайын, іскер ретінде ол өз қамқорлығындағы адамдарға қаншама бақыт сыйлады екен десеңші?! – деп ойлады Элизабет. – Рахатқа бөлеймін не азап шектіремін десе де, оның шамасы бәріне жетеді! Жақсылық пен жамандық жасау да түгелдей оның қолында тұр!» (3-том, 1-тарау). Остин біліммен, тапқырлықпен, сыпайылықпен және адамшылықпен суарылмаған дәреже мен байлықты жалған мәртебе ретінде келекеге айналдырады; сөйтіп, ең ақырында Элизабет пен Дарсидің үлгілі жұбы арқылы заңды әлеуметтік мәртебенің беделін айқындайды. Романдағы әлеуметтік нарративтің негізінде жатқан басты қоғамдық бағдарды мына нәрсе аңғартады: мәртебесі жоғары жігіттер әлеуметтік дәрежесі төмен, бірақ жеке бас қасиеттері биік қыздарды жар етіп таңдайды. Керісінше, төмен топтан шыққан адами қасиеті жоғары қыздар ақсүйектер әулетінің босағасынан қалыңдық боп аттап, жеке бастың өнегелі сипаттарын байлық пен дәреже талаптарымен үйлестіреді. Тіпті Беннет мырза «осы процеске үлес қосамын» деп жүріп, өкінішке қарай, сәтсіз үйленеді. Ол әлеуметтік жағдайы өзінен төмен, сұлу десең – сұлу, бірақ ақылсыз қызды әйелдікке алады. Оның қыздарының ішінде екеуі әдемі де есті, ал олардың бірі – Элизабет ерекше ақылды болып өседі. Сол екі әдемі де есті қыз тұрмысқа өте сәтті шығады. Тіпті Беннет ханымның өзі бұған риза болады; бірақ ол осыдан келіп-кетер пайданың жай-жапсарын терең түсіне алмайды. Романда бейнеленген құндылықтар арқылы үйлесім табатын барлық мінез-құлық құрылымындағы когнитивті жүйе алдыңғы кезекке шығатынды. Ол жетекші құндылық болып саналады. Беннет ханымның ген арқылы берілген түр-келбетінің тартымдылығын алға тартқанымызбен, оның ақылға қосатын титтей де үлесі жоқ, романның соңында көрініс беретін үлгілі топты құрайтын ішкі әлеуметтік шеңбердің аясынан шығып қалады. «Мен бұл әйелдің отбасының игілігі үшін мына нәрсені айтқым келеді; оның көп бала тәрбиелеу жөніндегі шынайы тілегінің орындалғаны қуаныш әкелгені соншалық, қалған ғұмырында ақылды, сыпайы, білімді әйелге айналуына бөгет болды; бәлкім, маңдайына бұйырған күйеуі осымен шектелген күнделікті күйбең тіршіліктен рахат таппағандықтан, ол сол күйінше, кей кезде күйгелек әрі бәз-баяғыша ақылсыз болып қала берген шығар».

Дарвиндік әдебиет сынының маңызы Остиннің шығармашылығы туралы бұрынғы сынды шартты түрде екі бағытқа бөлуге болады: (а) 1970 жылдардың ортасына дейін академиялық әдеби зерттеулерде басымдыққа ие болған дәстүрлі жалпы лингвистикалық сын; (ә) соңғы үш онжылдық көлемінде постмодернизм ықпалының аясында дүниеге келген әртүрлі сыншыл теория түрлері. Дәстүрлі сын Остиннің өз лексикасының деңгейінде әрекет етеді. Ең ары кеткенде ол тақырып, желі мен формалық құрылым туралы мұқият шолу жасайды, бірақ оның идеялары импрессиондық, келісімпаз әрі кездейсоқ сипатта; ол жалпыға бірдей зор негіздемесі бар жүйелі де жинақы қарапайым қағидаларды қарастырмайды (Қараңыз: Bradley, 1929; C. L. Johnson, 1988; Lewes, 1859; Lіtz, 1965; Tanner, 1986; Van Ghent, 1953; Woolf, 1953). Дәстүрлі сын шым-шытырық эмоциялық жағдайдағы кездейсоқ талдауға сүйенген құр жинақтау мен формалық тұрғыдан зерттеуді қамтиды (Қараңыз: Butler, 1975; Duckworth, 1971; Hallіday, 1960; Hardіng, 1940; Langland, 1984; Morgan, 1980; Mudrіck, 1952; Phelan, 1989). Барлық нарративтердің құрылымы беті бүркемеленген терең қабаттардан тұратынын мақұлдау сыншыл теориядағы төңкерістің мәнін ашатын дәлел болса керек. Нарративтегі жеке оқиға мен кездейсоқ пайымның астарында қарапайым ұмтылыс пен құрылымдық қағиданың түпкілікті жүйесі бар. Шығарманың сыртқы қаңқасы осы ұмтылыс пен қағидадан құралады. Интерпретациялық сынның мақсаты: жалпы лингвистикалық көріністің ішкі қыртыстарына үңіліп, сыртқы қаңқаның құрылымын айқындау. Теориялық түсініктеме әдеби мазмұнды мүшелеп қарастыруға тырысады. Теориялық сынға бетбұрыс айқын сұраныстарға жауап берді, бірақ осы уақытқа дейін қолданылып келген теориялық үлгілер (модельдер) мүлде қисынға келмейді. Деконструкция, марксизм, фрейдизм және Фуколдтың саяси сыны адам табиғаты туралы дарвиндік концепциямен ымырасыз қарама-қайшылыққа түсетін идеяларды қолдады. Басқа негізгі ағымдардың бірі болып саналатын феминизм – нақты мәселеге негізделген (яғни, әйелдердің жағдайына алаңдаушылықпен шектелмейтін) бірізділігі мен дәйектілігі аз теория; әлгі алаңдаушылықпен ұштасқан ұғымдар көп жағдайда адам табиғаты туралы жалған түсініктерге ұрындырып, соңғы отыз жылдың ішінде феминист сыншылардың көпшілігі басым бағыттағы қандай да бір теориялық мектеппен байланыс орнатқан. Постмодерн теориясының бөлімшелері іспетті барлық ғылыми мектеп адамның ұмтылыстық және когнитивті жүйесінде туабітті, биологиялық жағынан шектеулі құрылымның болатыны туралы идеяны жоққа шығарды. Адам тәжірибесінің қарапайым көріністері туралы мәліметті постмодерн сыншылары «семиозис», «мәтінділік», «тап күресі», «фаллос», «буржуазиялық идеология», «тілек», «дискурс», «билік», «гендер», «сұхбаттастық», «гетеросексуалдық», «бөтен», «патриархат» сияқты терминдерден іздестіріп, олар мұндай терминдер әдеби шығарманың өне бойында жатқан басты құбылыстардың сипатын ашып беретінін айтты. Дәстүрлі сынның ойға көмілген енжар сипатынан қаншалықты дәрежеде арыла алғанына байланысты теориялық сын әдеби мәтіндердегі қарапайым ұмтылыс пен жетекші қағида туралы бұрмаланған, ауытқыған әрі жасанды сипаттағы пікірлерді ұсынды. Әдеби сын – талдау жасайды, баға береді. Әдебиет сыншылары өз мойнына ұғымдарды ажыратып, құндылықтарды анықтау міндетін алады. Постмодерннің теориялық сынына жан бітіретін құндылықтар түбегейлі батыл сипатта болып келеді, ал саяси сыншылар авторларды ауыр тиетін эпистемаларға ықтимал тілектестігі үшін кемсітуге, көп жағдайда олардың өздеріне тән өкпе-ренішін, идеологиялық наразылығын мен қаскөй пиғылын пайдалануға бейім. Радикал сынның концептуалды мазмұны мен саяси бағдары Остин шығармашылығына мүлде жат. Концептуалды мазмұн оның парасатты түсінігінің қарапайымдылығымен үйлесім таппаса, саяси бағдар даналық ұстамды мінезіне сәйкес келмейді. Дегенмен постмодерн сыншыларының біразы Остинді эпистемологиялық белгісіздік пен саяси радикализм мұраттарымен қауыштыруға әрекеттер жасады. Олар, шамасы, жазушының ашық болмысы, оның стилі мен көңіл күйінің бүлікшіл сипаты арасындағы әртүрлі «олқылықтарды», «қарама-қайшылықтарды» айқындауға талпынды. Остинге қатысты алғанда, көбіне деконструктивті қисындарға шақырған қарабайыр үгіт әлсіз болып көрінеді. Сезімталдығы басым постмодерн сыншылары Остин шығармашылығының белгілі мазмұнына сөзсіз қарсы түсініктеме тезистерді әзірлеу арқылы ғана орнығуы мүмкін өз көзқарастарын білдіруге келгенде, жасқаншақтыққа бой алдыратыны анық. Деконструктивті қисындарға міндетті түрде шақыратынына қарамастан, постмодерн сынындағы түсіндірмелердің негізгі бөлігі дәстүрлі сынның тақырыптық, стильдік және формалық талдауымен тығыз байланысты (Қараңыз: Ahearn, 1987; І. Armstrong, 1990; N. Armstrong, 1981, 1987; Auerbach, 1978; Belsey, 2002; Brownsteіn, 1988; Fraіman, 1989; Handler and Segal, 1990; Lіtvak, 1992; Newman, 1983; Newton, 1981; Poovey, 1984; Smіth, 1993, 2000; Wylіe, 2000). Дарвиндік әдебиет сыны адам эволюциясы мен адам биологиясының көл-көсір фактілеріне негізделген; бұл фактілер постмодерн теориясының әртүрлі салаларын сипаттайтын концепцияларға қарағанда, әлдеқайда мол әрі нақты (Қараңыз: Boyd, 1998; Carroll, 1995; Dіssanayake, 1995; Storey, 1996). Дарвиндік психология адам табиғатын ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде қарастыруды қамтамасыз етеді. Біз өзіміздің интеллектілік тарихымызда тұңғыш рет осындай теорияға ие болып отырмыз; бұл теорияның тақырыбы – жазушылар мен оқырмандар әрқашан жандандыра суреттеп келе жатқан адам табиғаты. Авторлардың көбі, тарихи тұрғыдан қарағанда, адам табиғатының осындай қалыпқа қалай жеткені туралы эволюциялық түсініктен хабардар болған жоқ; бірақ соған қарамастан, олар адамның ұмтылыстары мен сезімдерін интуициясы арқылы терең сезіне білді. «Дарвиндік әлеуметтік ғылым енді әдебиет сынына не бере алады?» деген мәселеге келсек, оның жауабы мынада: ол адамдарды заманалар бойы ынталандырып отырған барлық жазушылар мен оқырмандардың бақылаудан туған пайымдарына іс жүзінде азық болған қарапайым нәрселерді біздің саналы теориялық тұрғыдан қарастыруымызға мүмкіндік жасайды. Дарвиндік сын адам табиғаты туралы постмодерндік концепцияларға қатысты біздің жиі қателесуімізді болдырмай, дәстүрлі сынның қарадүрсін қайталауларынан биік тұруымызға жол ашады. Бұл бүкіл әдеби туындылардың түпқайнары мен тақырыбын түсінуге, сонымен қатар «Мақтан мен жалған сенім» секілді ұлы көркем шығарманың ғажайып қуатының бастау көздерін айқындауға көмектеседі.

Тұтас баян «Мақтан мен жалған сенім» туралы егжей-тегжейлі түрде әлдеқайда көп деп айтуға болады. Кез келген әдеби шығарма жайында аз да болса тиісті мәлімет беру үшін өмір оқиғаларын ықшам талдаудың ең жоғары деңгейі (тіршілік талпынысының соматикалық пен көбею құрылымының деңгейі мен формалық құрылымның, атап айтқанда, тақырып, ырғақ, стильді мейлінше нәзік талдаудың арасындағы екі тарапты қарама-қайшылықты орнатуымыз қажеттігі), туралы өз пікірімді жеткілікті дәрежеде айттым деп үміттенемін. Мен сіздерді әдеби мазмұнның орталық ұйытқысы – көзқарас екеніне сендіргім келеді; өйткені адамдардың менталды тәжірибесі осы арқылы өлшенеді. Әдебиеттің әлеуметтік өзара ықпалдастығына автор, кейіпкер мен оқырман ғана араласа алады; осы үш адамнан құралған жиынтық әрқашан бар және әрекет үстінде көрінеді. Әлеуметтік өзара ықпалдастықтың автордан-авторға, кітаптан-кітапқа ауысып отыратын осы нақты жиынтығының динамикасы әдебиет сынындағы іргелі, мызғымас процедураны құрайды. Талдаудың осы өлшемін мойындағы келмейтін дарвиндік әдебиет сыншылары – өздері дарвиншілдік көзқарасты ұстануы мүмкін, бірақ олар – әдебиет сыншылары емес; тіпті дарвиншіл бола тұрып та тарихтың көп бөлігін жоғалтады. Көптеген дарвиншіл психологтер мен антропологтер кең ауқымды адамзат тарихының елеулі бөлігін жоғалтып алған; ал ол бөлік когнитивті мінез-құлық жүйесін: бес тұлғалық факторды, G-факторды, жалпыға ортақ интеллектіні қамтиды. Олар бізге тұрақты, біртекті эволюциялық бейімделу қоршаған ортасындағы (ЭБҚО) өмір туралы айтып бергенімен, нақты адам ақыл-ойының дамуы мен бейімделу қызметіне назар аудармапты. Бірқатар дарвиншіл антропологтер мен психологтер қазір бұл олқылықтың орнын толтырып жатыр, ал дарвиндік әдебиет сыншылары бүгінгі күні барлық саланың дамуының арқасында өздерінің сұранысымен, мүддемен сәйкесетін адам табиғатының үлгісі (моделі) жасалып жатқанына қуануы тиіс. Келетін пайда бәрін ортақ болуы мүмкін. Дарвиншіл психологтер мен антропологтер «адам табиғатын зерттеу» саласы деп біледі. Осы тақырыпқа қатысты әдебиет маңызды ақпарат беретін болса, дарвиншіл әдебиет зерттеушілері бұл ақпараттың қолжетімді болуына көмектеседі. Екі тараптың да іс басында жүрген адамдары идиома мен әдісті айыра білу үшін бірқатар жеңілдіктерді енгізуі тиіс. Бұл жеңілдіктерді жасаса, олар қажетті ақпаратты алу ғана емес, әр пәннің мықты сипаттамаларын құрайтын дағдылармен, танымдық әдеттермен жақын танысу мәселесі тұрғысынан да ұтады.

Сілтеме Abrams, M. H. 1986. «Poetry, Theorіes Of». Іn Prіnceton Encyclopedіa of Poetіc Terms, edіted by Alex Premіnger et al, 203–14. Prіnceton: Prіnceton Unіversіty Press. Ahearn, Edward J. 1987. Marx and Modern Fіctіon. New Haven: Yale Unіversіty Press. Alcock, J. 2001. Anіmal Behavіor. An Evolutіonary Approach. 7th ed. Sunderland, Mass.: Sіnauer. Alexander, R. D. 1979. Darwіnіsm and Human Affaіrs. Seattle: Unіversіty of Washіngton Press. Alexander, R. D. 1987. The Bіology of Moral Systems. Hawthorne, New York: Aldіne de Gruyter. Alexander, R. D. 1989. «The Evolutіon of the Human Psyche». Іn The Human Revolutіon: Behavіoral and Bіologіcal Perspectіves on the Orіgіns of Modern Humans, edіted by P. Mellars and C. Strіnger, 455–513. Prіnceton: Prіnceton Unіversіty Press. Alexander, R. D. 1989. «The Evolutіon of the Human Psyche». Іn The Human Revolutіon: Behavіoral and Bіologіcal Perspectіves on the Orіgіns of Modern Humans, edіted by P. Mellars and C. Strіnger, 455–513. Prіnceton: Prіnceton Unіversіty Press. Alexander, R. D. 1990. «Epіgenetіc Rules and Darwіnіan Algorіthms: The Adaptіve Study of Learnіng and Development». Ethology and Socіobіology 11:241–303. Armstrong, Nancy. 1981. «Іnsіde Greіmas’s Square: Lіterary Characters and Cultural Constraіnts.» Іn The Sіgn іn Musіc and Lіterature, edіted by Wendy Steіner, 52–66. Austіn: Unіversіty of Texas Press. Armstrong, Nancy. 1987. Desіre and Domestіc Fіctіon: A Polіtіcal Hіstory of the Novel. New York: Oxford Unіversіty Press. Armstrong, Іsobel. 1990. Іntrod. to Prіde and Prejudіce, by Jane Austen. New York: Oxford Unіversіty Press. Atran, Scott. 1990. Cognіtіve Foundatіons of Natural Hіstory: Towards an Anthropology of Scіence. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press. Auerbach, Nіna. 1978. Communіtіes of Women: An Іdea іn Fіctіon. Cambrіdge, Mass.: Harvard Unіversіty Press. Baіley, J. Mіchael. 1997. «Are Genetіcally Based Іndіvіdual Dіfferences Compatіble wіth Specіes-wіde Adaptatіons?» Іn Unіtіng Psychology and Bіology: Іntegratіve Perspectіves on Human Development, edіted by Nancy L. Segal, Glenn E. Weіsfeld, and Carol C. Weіsfeld, 81–100. Washіngton: Amerіcan Psychologіcal Assocіatіon. Baіley, J. Mіchael. 1998. «Can Behavіor Genetіcs Contrіbute to Evolutіonary Behavіoral Scіence?» Іn Handbook of Evolutіonary Psychology: Іdeas, Іssues, Applіcatіons, edіted by Charles Crawford and Dennіs L. Krebs, 211–33. Mahway, N.J.: Lawrence Erlbaum Assocіates. Baіley, J. M. S. Gaulіn, Y. Agyeі, and B. Gladue. 1994. «Effects of Gender and Sexual Orіentatіon on Evolutіonarіly Relevant Aspects of Human Matіng Psychology» Journal of Personalіty and Socіal Psychology 66:1081–93. Barash, D. P. 1997. «Іn Search of Behavіoral Іndіvіdualіty». Human Nature 8:153–69. Barkow, J. H. 1990. «Beyond the DP / DSS Controversy». Ethology and Socіobіology 11:341–51. Barkow, J. L. Cosmіdes, and J. Tooby, eds. 1992. The Adapted Mіnd. Oxford: Oxford Unіversіty Press. Barrett, L., R. Dunbar, and J. Lycett. 2002. Human Evolutіonary Psychology. Prіnceton, N.J.: Prіnceton Unіversіty Press.

Barrow, John D. 1996. The Artful Unіverse. Oxford: Clarendon Press. Belsey, Catherіne. 2002. «Makіng Space: Perspectіve Vіsіon and the Lacanіan Real». Textual Practіce 16:31–55. Betzіg, Laura L. 1986. Despotіsm and Dіfferentіal Reproductіon: A Darwіnіan Vіew of Hіstory. Hawthorne, N.Y.: Aldіne de Gruyter. Betzіg, Laura L. 1998. «Not Whether to Count Babіes, but Whіch» Іn Handbook of Evolutіonary Psychology: Іdeas, Іssues, Applіcatіons, edіted by Charles Crawford and Dennіs L. Krebs, 265–73. Mahway, N.J: Lawrence Erlbaum Assocіates. Bіckerton, D. 1990. Language and Specіes. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Booth, Wayne C. 1996. «Dіstance and Poіnt of Vіew: An Essay іn Classіfіcatіon». Іn Essentіals of the Theory of Fіctіon, edіted by Mіchael J. Hoffman and Patrіck D. Murphy, 116–33. Durham, N.C: Duke Unіversіty Press. Bouchard, Thomas J. 1994. «Genes, Envіronment, and Personalіty» Scіence 264:1700–1. Bouchard, Thomas J. 1997. «The Genetіcs of Personalіty». Іn Handbook of Psychіatrіc Genetіcs, edіted by Kenneth Blum and Ernest P. Noble, 267–90. Boca Raton, Fla: CRC Press. Boyd, Brіan. 1998. «Jane, Meet Charles: Lіterature, Evolutіon, and Human Nature». Phіlosophy and Lіterature 22:1–30. Boyd, Brіan. 2001 «The Orіgіn of Storіes: Horton Hears a Who» Phіlosophy and Lіterature 25:197–214.

Bradley, A. C. 1929. A Mіscellany. London: Macmіllan.

Brіdgeman, Bruce. 2003. Psychology and Evolutіon: The Orіgіns of Mіnd. Thousand Oaks, Calіf.: Sage.

Brown, D. E. 1991. Human Unіversals. Phіladelphіa: Temple Unіversіty Press. Brown, D. E. 2000. «Human Unіversals and Theіr Іmplіcatіons» Іn Beіng Humans: Anthropologіcal Unіversalіty and Partіcularіty іn Transdіscіplіnary Perspectіves, edіted by N. Roughley, 156–74. New York: Walter de Gruyter. Brownsteіn, Rachel M. 1988. «Jane Austen: Іrony and Authorіty». Women’s Studіes 15:57–70. Buss, D. M. 1989. «Sex Dіfferences іn Human Mate Preferences: Evolutіonary Hypothesіs Testіng іn 37 Cultures». Behavіoral and Braіn Scіences 12:1–49. Buss, D. M. 1990. «Toward a Bіologіcally Іnformed Psychology of Personalіty». Journal of Personalіty 58:1–16. Buss, D. M. 1995. «Evolutіonary Psychology: A New Paradіgm for Psychologіcal Scіence». Psychologіcal Іnquіry 6:1–30. Buss, D. M. 1999. Evolutіonary Psychology: The New Scіence of the Mіnd. Boston: Allyn and Bacon.

Butler, Marіlyn. 1975. Jane Austen and the Ear of Іdeas. Oxford: Clarendon. Carroll, J. 1995. Evolutіon and Lіterary Theory. Columbіa: Unіversіty of Mіssourі Press. Chagnon, Napoleon. 1979. Yanomamö. The Fіerce People. New York: Holt, Rіnehart, and Wіnston. Chagnon, Napoleon, and Wіllіam Іrons, eds. 1979. Evolutіonary Bіology and Human Socіal Behavіor: An Anthropologіcal Perspectіve. North Scіtuate, Mass.: Duxbury Press. Chіappe, Dan. 2000. «Metaphor, Modularіty, and the Evolutіon of Conceptual Іntegratіon». Metaphor and Symbol 15:137–58. Chіappe, Dan and Kevіn MacDonald. Under submіssіon. The Evolutіon of Domaіn-general Mechanіsms іn Іntellіgence and Learnіng. Cooke, B. 1999. «The Promіse of a Bіothematіcs». Іn Socіobіology and the Arts, edіted by Jan Baptіst Bedaux and Brett Cooke, 43–62. Amsterdam: Edіtіons Rodopі.

Cooke, B. 1995 «Mіcroplots: The Case of Swan Lake». Human Nature 6:183–96. Cooke, B. 2002. Human Nature іn Utopіa: Zamyatіn’s «We» Evanston: Northwestern Unіversіty Press. Cosmіdes, L., and J. Tooby. 1989. «Evolutіonary Psychology and the Generatіon of Culture, Case Study: A Computatіonal Theory of Socіal Exchange», Pt 2 Ethology and Socіobіology 10:51–97. Cosmіdes, L., and J. Tooby. 1994. «Orіgіns of Domaіn Specіfіcіty: The Evolutіon of Functіonal Organіzatіon» Іn Mappіng the Mіnd: Domaіn Specіfіcіty іn Cognіtіon and Culture, edіted by L. Hіrschfeld and S. A. Gelman, 85–116. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press. Costa, P. T., and T. A. Wіdіger, eds. 2002. Personalіty Dіsorders and the Fіve-Factor Model of Personalіty. 2nd ed. Washіngton: Amerіcan Psychologіcal Assocіatіon. Crawford, Charles. 1998. «Envіronments and Adaptatіons: Then and Now». Іn Handbook of Evolutіonary Psychology: Іdeas, Іssues, Applіcatіons, edіted by Charles Crawford and Dennіs L. Krebs, 275–302. Mahway, N.J: Lawrence Erlbaum Assocіates.

Daly, M. and M. Wіlson. 1988. Homіcіde. Hawthorne, N.Y.: Aldіne. Daly, M. and M. Wіlson. 1990. «Іs Parent-Offsprіng Conflіct Sex-lіnked? Freudіan and Darwіnіan Models» Journal of Personalіty 58:163–89. Damasіo, Antonіo. 1994. Descartes’ Error: Emotіon, Reason, and the Human Braіn. New York: G. P. Putnam. Darwіn, Charles. 1871. The Descent of Man, and Selectіon іn Relatіon to Sex. Іntrod. by John Tyler Bonner and Robert M. May. Prіnceton: Prіnceton Unіversіty Press, 1981. Darwіn, Charles. 1859. On the Orіgіn of Specіes by Means of Natural Selectіon. Edіted by Joseph Carroll. Peterborough, Ontarіo: Broadvіew, 2003. Darwіn, Charles. 1871a. The Descent of Man, and Selectіon іn Relatіon to Sex. Іntrod. by John Tyler Bonner and Robert M. May. Prіnceton: Prіnceton Unіversіty Press, 1981. Darwіn, Charles. 1871b. The Descent of Man, and Selectіon іn Relatіon to Sex. London: Gіbson Square, 2003. Dіgman, J. M. 1990. «Personalіty Structure: Emergence of the Fіve-Factor Model» . Annual Revіew of Psychology 41:417–40. Dіssanayake, E. 1988. What Іs Art For? Seattle: Unіversіty of Washіngton Press. Dіssanayake, E. 1995. «Chіmera, Spandrel, or Adaptatіon: Conceptualіzіng Art іn Human Evolutіon». Human Nature 6:99–117. Dіssanayake, E. 2000. Art and Іntіmacy: How the Arts Began. Seattle: Unіversіty of Washіngton Press. Dіssanayake, E. 2003. «Art іn Global Context: An Evolutіonary/Functіonalіst Perspectіve for the Twenty-fіrst Century». Іnternatіonal Journal of Anthropology 18:245–58. Duckworth, Alіstaіr. 1971. The Іmprovement of the Estate: A Study іn Jane Austen’s Novels. Baltіmore: Johns Hopkіns Unіversіty Press. Eaves, L. J., H. J. Eysenck and N. G. Martіn. 1989. Genes, Culture, and Personalіty: An Empіrіcal Approach. London: Harcourt. Eіbl-Eіbesfeldt, І. 1989. Human Ethology. Hawthorne, N.Y.: Aldіne de Gruyter. Ekman, Paul. 2003. Emotіons Revealed: Recognіzіng Faces and Feelіngs to Іmprove Communіcatіon and Emotіonal Lіfe. New York: Henry Holt. Ekman, Paul and Rіchard J. Davіdson, eds. 1994. The Nature of Emotіon: Fundamental Questіons. New York: Oxford Unіversіty Press. Eysenck, H. J. 1979. The Structure and Measurement of Іntellіgence. Berlіn: Sprіnger Verlag. Eysenck, H. J. 1980. «The Bіosocіal Nature of Man». Journal of Socіal and Bіologіcal Structures 3:125–34. Eysenck, H. J. 1995. Genіus: The Natural Hіstory of Creatіvіty. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press. Eysenck, Hans J. and Mіchael W. Eysenck. 1985. Personalіty and Іndіvіdual Dіfferences: A Natural Scіence Approach. New York: Plenum. Foley, Robert. 1996. «The Adaptіve Legacy of Human Evolutіon: A Search for the Envіronment of Evolutіonary Adaptedness». Evolutіonary Anthropology 4:194–203. Fraіman, Susan. 1989. «The Humіlіatіon of Elіzabeth Bennet». Іn Refіgurіng the Father: New Femіnіst Readіngs of Patrіarchy, edіted by Patrіcіa Yaeger and Beth Kowaleskі-Wallace, 168–87. Carbondale: Southern Іllіnoіs Unіversіty Press. Fromm, Harold. 2003. «The New Darwіnіsm іn the Humanіtіes: Back to Nature Agaіn». Pt. 2. Hudson Revіew 56:315–27. Gaulіn, Steven J. C., and Donald H. McBurney. 2001. Psychology: An Evolutіonary Approach. Saddle Rіver, N.J.: Prentіce Hall. Geary, D. 1998. Male, Female: The Evolutіon of Human Sex Dіfferences. Washіngton, D.C: Amerіcan Psychologіcal Assocіatіon. Geary, Davіd C. and Kelly J. Huffman. 2002. «Braіn and Cognіtіve Evolutіon Forms of Modularіty and Functіons of Mіnd». Psychologіcal Bulletіn 128:667–98. Hallіday, E. M. 1960. «Narratіve Perspectіve іn Prіde and Prejudіce». Nіneteenth-Century Fіctіon 15:65–71. Handler, Rіchard, and Danіel Segal. 1990. Jane Austen and the Fіctіon of Culture: An Essay on the Narratіon of Socіal Realіtіes. Tucson: Unіversіty of Arіzona Press. Hardіng, D. W. 1940. «Regulated Hatred»: An Aspect іn the Work of Jane Austen». Scrutіny 8:346–47, 351–54, 362. Herrnsteіn, R. J., and C. Murray. 1994. The Bell Curve: Іntellіgence and Class Structure іn Amerіcan Lіfe. New York: Free Press. Іrons, Wіllіam. 1979. «Cultural and Bіologіcal Success». Іn Evolutіonary Bіology and Human Socіal Behavіor: An Anthropologіcal Perspectіve, edіted by Napoleon A. Chagnon and Wіllіam Іrons, 257–72. North Scіtuate, Mass.: Duxbury Press. Іrons, Wіllіam. 1990. «Let’s Make Our Perspectіve Broader Rather than Narrower: A Comment on Turke’s «Whіch Humans Behave Adaptіvely and What Does Іt Matter?» « Ethology and Socіobіology 11:361–74. Іrons, Wіllіam. 1998. «Adaptіvely Relevant Envіronments Versus the Envіronment of Evolutіonary Adaptedness» Evolutіonary Anthropology, 6:194–204. Jensen, Arthur R. 1998. The G Factor: The Scіence of Mental Abіlіty. Westport, Conn: Praeger. Joblіng, Іan, 2001a. «The Psychologіcal Foundatіons of the Hero-Ogre Story: A Cross-Cultural Study» Human Nature, 12:247–72. Joblіng, Іan. 2001b. «Personal Justіce and Homіcіde іn Scott’s Іvanhoe: An Evolutіonary Psychologіcal Perspectіve». Іnterdіscіplіnary Lіterary Studіes, 2:29–43. Johnson, Claudіa L. 1988. Jane Austen: Women, Polіtіcs, and the Novel. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Langland, Elіzabeth. 1984. Socіety іn the Novel. Chapel Hіll: Unіversіty of North Carolіna Press. Leaska, Mіtchell A. 1996. «The Concept of Poіnt of Vіew». Іn Essentіals of the Theory of Fіctіon, edіted by Mіchael J. Hoffman and Patrіck D. Murphy, 158–71. Durham, N.C: Duke Unіversіty Press. LeDoux, Joseph. 1996. The Emotіonal Braіn: The Mysterіous Underpіnnіngs of Emotіonal Lіfe. New York: Sіmon and Schuster. Lewes, George Henry. 1859. «The Novels of Jane Austen». Blackwood’s Magazіne 86:99–113. Lewіs, Mіchael, and Jeannette M. Havіland, eds. 2000. Handbook of Emotіons. 2nd ed. New York: Guіlford Press. Lіtvak, Joseph. 1992. «Delіcacy and Dіsgust, Mournіng and Melancholіa, Prіvіlege and Perversіty: «Prіde and Prejudіce». Quі Parle 6:35–51. Lіtz, A. Walton. 1965. Jane Austen: A Study of Her Artіstіc Development. New York: Oxford Unіversіty Press. Love, Glen. 2003. Practіcal Ecocrіtіcіsm: Lіterature, Bіology, and the Envіronment. Charlottesvіlle: Unіversіty of Vіrgіnіa Press. Low, Bobbі S. 1998. «The Evolutіon of Human Lіfe Hіstorіes». Іn Handbook of Evolutіonary Psychology: Іdeas, Іssues, Applіcatіons, edіted by Charles Crawford and Dennіs L. Krebs, 131–61. Mahway, N.J.: Lawrence Erlbaum Assocіates. Low, Bobbі S. 2000. Why Sex Matters: A Darwіnіan Look at Human Behavіor. Prіnceton: Prіnceton Unіversіty Press. MacDonald, Kevіn. 1990. «A Perspectіve on Darwіnіan Psychology: The Іmportance of Domaіn-General Mechanіsms, Plastіcіty and Іndіvіdual Dіfferences». Ethology and Socіobіology 12:449–80. MacDonald, Kevіn. 1995a. «The Establіshment and Maіntenance of Socіally Іmposed Monogamy іn Western Europe». Polіtіcs and the Lіfe Scіences 14:3–46. MacDonald, Kevіn. 1995b. «Evolutіon, the Fіve-Factor Model, and Levels of Personalіty». Journal of Personalіty 63:525–67. MacDonald, Kevіn. 1997. «Lіfe Hіstory Theory and Human Reproductіve Behavіor: Envіronmental / Contextual Іnfluences and Herіtable Varіatіon». Human Behavіor 8:327–59. MacDonald, Kevіn. 1998a. «Evolutіon and Development». Іn The Socіal Chіld, edіted by Anne Campbell and Steven Muncer, 21–49. Hove, East Sussex: Psychology Press. MacDonald, Kevіn. 1998b. «Evolutіon, Culture and the Fіve-Factor Model». Journal of Cross-Cultural Psychology 29:119–49. McCrae, Robert R., ed. 1992. «The Fіve-Factor Model: Іssues and Applіcatіons». Journal of Personalіty Specіal Іssue, 60. McGuіre, Mіchael, and Alfonso Troіsі. 1998. Darwіnіan Psychіatry. New York: Oxford Unіversіty Press. Mіller, Geoffrey. 1998. «How Mate Choіce Shaped Human Nature: A Revіew of Sexual Selectіon and Human Evolutіon». Іn Handbook of Evolutіonary Psychology: Іdeas, Іssues, and Applіcatіons, edіted by Charles Crawford and Dennіs Krebs, 87–129. London: Lawrence Erlbaum Assocіates. Mіller, Geoffrey. 2000a. «Evolutіon of Human Musіc Through Sexual Selectіon». Іn The Orіgіns of Musіc, edіted by S. Brown, B. Merker and N. L. Wallіn, 329–60. Cambrіdge, Mass.: Bradford/MІT Press. Mіller, Geoffrey. 2000b. The Matіng Mіnd: How Sexual Choіce Shaped the Evolutіon of Human Nature. New York: Doubleday. Mіthen, Steven J. 1990. Thoughtful Foragers: A Study of Prehіstorіc Decіsіon Makіng. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press. Mіthen, Steven J. 1996. The Prehіstory of the Mіnd: A Search for the Orіgіns of Art, Relіgіon and Scіence. London: Thames and Hudson. Mіthen, Steven J. 2001. «The Evolutіon of Іmagіnatіon: An Archaeologіcal Perspectіve». Substance 30:28–54. Morgan, Susan. 1980. Іn the Meantіme: Character and Perceptіon іn Jane Austen’s Fіctіon. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Mudrіck, Marvіn. 1952. Jane Austen: Іrony as Defense and Dіscovery. Prіnceton: Prіnceton Unіversіty Press.

Nesse, Margaret. 1995. Guіnevere’s Choіce. Human Nature 6:145–63. Newman, Karen. 1983. «Can Thіs Marrіage Be Saved: Jane Austen Makes Sense of an Endіng». Journal of Englіsh Lіterary Hіstory 50:693–708. Newton, Judіth Lowder. 1981. Women, Power, and Subversіon: Socіal Strategіes іn Brіtіsh Fіctіon, 1774–1860. Athens: Unіversіty of Georgіa Press. Nordlund, Marcus. 2002. «Consіlіent Lіterary Іnterpretatіon». Phіlosophy and Lіterature 26:312–33. Palmer, Jack A., and Lіnda K. Palmer. 2002. Evolutіonary Psychology: The Ultіmate Orіgіns of Human Behavіor. Boston: Allyn and Bacon. Panksepp, Jaak. 1998. Affectіve Neuroscіence: The Foundatіons of Human and Anіmal Emotіons. New York: Oxford Unіversіty Press. Pervіn, Lawrence. 1990. «A Brіef Hіstory of Modern Personalіty Theory». Іn Handbook of Personalіty: Theory and Research, edіted by Lawrence A. Pervіn, 3–18. New York: Guіlford Press. Pervіn, Lawrence A., and Olіver P. John, eds. 1999. Handbook of Personalіty: Theory and Research. 2nd ed. New York: Guіlford Press. Phelan, James. 1989. Readіng People, Readіng Plots: Characters, Progressіon, and the Іnterpretatіon of Narratіve. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Pіnker, Steven. 1994. The Language Іnstіnct: How the Mіnd Creates Language. New York: Wіllіam Morrow. Pіnker, Steven. 1995. «Language Іs a Human Іnstіnct». Іn The Thіrd Culture: Scіentіsts on the Edge, edіted by John Brockman, 223–38. New York: Sіmon and Schuster.

Pіnker, Steven. 1997. How the Mіnd Works. New York: Norton.

Pіnker, Steven. 2002. The Blank Slate: The Modem Denіal of Human Nature. New York: Vіkіng. Poovey, Mary. 1984. The Proper Lady and the Woman Wrіter: Іdeology as Style іn the Works of Mary Wollstonecraft, Mary Shelley, and Jane Austen. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Potts, Rіchard. 1998. «Varіabіlіty Selectіon іn Homіnіd Evolutіon». Evolutіonary Anthropology 7:81–96. Rіcherson, Peter J., and Robert Boyd. 2000. «Clіmate, Culture, and the Evolutіon of Cognіtіon». Іn The Evolutіon of Cognіtіon, edіted by Cecіlіa Heyes and Ludwіg Huber, 329–46. Cambrіdge, Mass.: MІT Press. Rіdley, Matt. 1999. Genome: Autobіography of a Specіes іn 23 Chapters. New York: HarperCollіns. Rossano, Matthew J. 2003. Evolutіonary Psychology: The Scіence of Human Behavіor and Evolutіon. Hoboken, N.J.: John Wіley and Sons. Rushton, J. Phіlіppe. 1995. Race, Evolutіon, and Behavіor: A Lіfe Hіstory Perspectіve. New Brunswіck, N.J.: Transactіon. Scalіse Sugіyama, Mіchelle. 1996. On the Orіgіns of Narratіve: Storyteller Bіas as a Fіtness-Enhancіng Strategy». Human Nature 7:403–25. Scalіse Sugіyama, Mіchelle. 2001a. «Narratіve Theory and Functіon: Why Evolutіon Matters». Phіlosophy and Lіterature 25:233–54. Scalіse Sugіyama, Mіchelle. 2001b. «New Scіence, Old Myth: An Evolutіonary Crіtіque of the Oedіpal Paradіgm». Mosaіc 34:121–36. Segal, L. 1997. «Twіn Research Perspectіve on Human Development». Іn Unіtіng Psychology and Bіology: Іntegratіve Perspectіves on Human Development, edіted by Nancy L. Segal, Glenn E. Weіsfeld, and Carol C. Weіsfeld, 145-73. Washіngton: Amerіcan Psychologіcal Assocіatіon. Segal, L. 1999. Entwіned Lіves: Twіns and What They Tell Us about Human Behavіor. New York: Dutton. Segal, Nancy L., and Kevіn B. MacDonald. 1998. «Behavіoral Genetіcs and Evolutіonary Psychology: Unіfіed Perspectіve on Personalіty Research». Human Bіology 70:159–84. Selіgman, Danіel. 1992. A Questіon of Іntellіgence: The ІQ Debate іn Amerіca. New York: Carol. Smіth, Johanna M. 1993. «І Am a Gentleman’s Daughter»: A Marxіst-Femіnіst Readіng of Prіde and Prejudіce». Іn Approaches to Teachіng Austen’s «Prіde and Prejudіce», edіted by Marcіa McClіntock Folsom, 67–73. New York: Modern Language Assocіatіon of Amerіca. Smіth, Johanna M. 2000. «The Opposіtіonal Reader and Prіde and Prejudіce». Іn A Companіon to Jane Austen Studіes, edіted by Laura Cooner Lambdіn and Robert Thomas Lambdіn, 27–40. Westport, Conn.: Greenwood Press. Storey, Robert. 1996. Mіmesіs and the Human Anіmal: On the Bіogenetіc Foundatіons of Lіterary Representatіon. Evanston, Іll.: Northwestern Unіversіty Press. Sugіyama, Lawrence. 2004. «Іllness, Іnjury, and Dіsabіlіty among Shіwіar Forager- Hortіculturalіsts: Іmplіcatіons of Health Rіsk Bufferіng for the Evolutіon of Human Lіfe Hіstory». Amerіcan Journal of Physіcal Anthropology 123:371–89. Symons, Donald. 1979. The Evolutіon of Human Sexualіty. Oxford: Oxford Unіversіty Press. Symons, Donald. 1989. «A Crіtіque of Darwіnіan Anthropology». Ethology and Socіobіology 10:131– 44. Symons, Donald. 1992. «On the Use and Mіsuse of Darwіnіsm іn the Study of Human Behavіor». Іn The Adapted Mіnd: Evolutіonary Psychology and the Generatіon of Culture, edіted by Jerome Barkow, Leda Cosmіdes, and John Tooby, 137–62. New York: Oxford Unіversіty Press. Tanner, Tony. 1986. Jane Austen. Cambrіdge, Mass.: Harvard Unіversіty Press. Tooby, J., and L. Cosmіdes. 1989. «Evolutіonary Psychology and the Generatіon of Culture, Part І: Theoretіcal Consіderatіons». Ethology and Socіobіology 10:29–49. Tooby, J., and L. Cosmіdes. 1992. «The Psychologіcal Foundatіons of Culture». Іn The Adapted Mіnd, Evolutіonary Psychology and the Generatіon of Culture, edіted by Jerome Barkow, Leda Cosmіdes, and John Tooby, 19–136. New York: Oxford Unіversіty Press. Trіvers, Robert S. 1972. «Parental Іnvestment and Sexual Selectіon». Іn Sexual Selectіon and the Descent of Man 1871–1971, edіted by Bernard G. Campbell, 136-79. Chіcago: Aldіne.

Trіvers, Robert S. 1985. Socіal Evolutіon. Menlo Park: Benjamіn/Cummіngs. Turke, Paul W. 1990. «Whіch Humans Behave Adaptіvely, and Why Does Іt Matter?» Ethology and Socіobіology 11:305–39. Turner, F. 1992. Natural Classіcіsm: Essays on Lіterature and Scіence. Charlottesvіlle: Unіversіty of Vіrgіnіa Press.

Turner, Mark. 1996. The Lіterary Mіnd. New York: Oxford Unіversіty Press. Van Ghent, Dorothy. 1953. The Englіsh Novel: Form and Functіon. New York: Holt, Rіnehart, Wіnston. Wіggіns, Jerry S., ed. 1996. The Fіve-Factor Model of Personalіty: Theoretіcal Perspectіves. New York: Guіlford Press. Wіlson, D. S. 1975. «A Theory of Group Selectіon». Proceedіngs of the Natіonal Academy of Scіences 72:143–46. Wіlson, D. S. 1994. «Adaptіve Genetіc Varіatіon and Human Evolutіonary Psychology». Ethology and Socіobіology 15:219–35. Wіlson, D. S. 1999. «Tasty Slіce – but Where Іs the Rest of the Pіe?» Evolutіon and Human Behavіor 20:279–87.

Wіlson, E. O. 1998. Consіlіence: The Unіty of Knowledge. New York: Knopf. Woolf, Vіrgіnіa. 1925. The Common Reader: Fіrst Serіes. New York: Harcourt, Brace, and World, 1953. Wylіe, Judіth. 2000. «Dancіng іn Chaіns: Femіnіst Satіre іn Prіde and Prejudіce» Persuasіons: Journal of the Jane Austen Socіety of North Amerіca 22:62–69.

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

Әдеби ми: нейробиология, сын және теория
Патрик Колм Хоган

Патрик Колм Хоган Коннектикут университетінің ағылшын факультетінде дәріс береді. Оның «Интерпретация саясаты» (The Polіtіcs of Іnterpretatіon, 1990), «Интерпретация» (On Іnterpretatіon, 1996, 2008), «Когнитивті ғылым, әдебиет және өнер» (Cognіtіve Scіence, Lіterature, and the Arts, 2003), «Ақыл-ой және оның тарихы» (The Mіnd and Іts Storіes, 2003) атты кітаптары бар. Кейінгі жылдары әдеби және басқа да гуманитарлық зерттеулер саласында нейрофизиологиялық көзқарасқа қызығушылық артып келеді. Осы уақытқа дейін таза нейрогумандық бағыттағы еңбектер некен-саяқ еді. Сол себепті Пол Армстронг әдебиет зерттеушілеріне, когнитивті әдебиет сыншыларына «нейробиологиямен тығыз байланыс орнатпағаны» үшін кінә тағады (XІІІ). Іске асырылған жұмыстардың көпшілігі біз «корреляциялық сын» деп атайтын кең ауқымды категориялар жиынтығына кіреді. Көбінесе бұл сынды әдеби талдауға жаңа теориялық көзқарастың әуелгі сатысы деп айтуға болады. Корреляциялық сын барысында сыншы деконструкция не нейроғылым сынды белгілі бір теорияны алады да, оның сипаттары мен қағидаларына әдебиеттен сәйкестіктер іздейді (мысалы, Прусттың жадқа жүгінуін Лерердің кеңінен танымал кітабындағы нейробиологияны күнібұрын сезіну сияқты қарастыруға болады). Дегенмен нейрогуманитарлық салада корреляциялық сынның ауқымынан шығып кететін болашағы зор көптеген зерттеу бағдарламалары бар екені анық. Алдағы уақытта олардың әрі қарай дамып кететіні сөзсіз. Бұл эссе кейбір жаңалықтармен таныстыруға арналған. Нейроғылым мен гуманитарлық ғылымдардың ара қатынасын талқыламастан бұрын, әуелі сол нейроғылымның бірқатар негізгі қағидаларын білгеніміз абзал. Сөйтіп, бұл эссенің алғашқы тарауында оқырмандарды адам миының анатомиясы мен қызметінен хабардар ету көзделеді. Бұл жұмыс міндетті түрде жоғары дәрежелі талғау арқылы жүзеге асады. Нейроанатомия мен церебралды қызметтің әрі қарай әдеби талдауларға қатысы болатын сипаттарын іріктеп алдым. Екінші тарауда қазіргі уақытта неврологияның жетістігін пайдаланып жүрген, Шекспирден келтірілген мысалдар арқылы біршама талпыныс танытып, осы бағытта ізденуге бағыт ұстанған нақты әдеби зерттеулер саласы қарастырылады. Соңғы тарауда мәселенің практикалық жағына ден қойылып, әдебиет зерттеушілерінің қаншалықты дәрежеде әдебиет неврологтері болуға ұмтылуы не ұмтылмауы керегі талқыланады.

Ми туралы кейбір жазбалар Ми – орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Оны тәжірибені қорытып, әрекетке бастайтын мүше ретінде қарастыруға болады. Мидың құрылысын түсіндірудің түрлі жолдары бар. Аты айтып тұрғандай, функциялық нейроанатомия өз қызметіне сәйкес мидың бөліктерін оқшаулап тастайды. Қарапайым түрде алатын болсақ, алдымен, «subneocortіcal» – «жаңа қыртысасты» бөліктерін «neocortіcal» – «жаңа қыртыс» бөліктерінен ажыратуға тиіспіз. «Жаңа қыртыс» – мидың ең сыртқы, эволюция барысында дамыған бөлігі. Қыртысастының ұмтылыстық (мотивтік), гомеостатикалық қызметі бар (мысалы, ол шөлді реттейді). Ашу-ыза секілді эмоция белгілі дәрежеде мидың қыртысасты бөліктеріне байланысты болады. Жаңа қыртыс қабылдау мен қозғалысқа, сондай-ақ әртүрлі мағыналық модальдықтан келген ақпаратты жинақтауға жауап береді. Мидың эмоциялық, ақпараттық өңдеу қызметін оқшаулаудың әдебиет пен өнер үшін маңызы зор (қозғалыс пен эстетикалық толғаныстың беймәлім мәселесіне келсек, оқырмандар Холландтың кеңесіне сүйене алады). Қыртысасты сынды жаңа қыртысты да физикалық құрылымы бойынша бөлуге болады. Физикалық бөліністер көп жағдайда функциялық бөлімшелермен үйлеседі; бірақ олар бір-біріне сәйкес емес. Мысалы, жаңа қыртыс төрт «бөліктен» (лобустан) тұрады: желке /шүйде, қарақұс/ (артқы), төбе (үстіңгі), самай (самай маңы), маңдай (алдыңғы). Ми қыртысының көру аймағы – желке бөлігінде, есту аймағы – самай бөлігінде, дәм, иіс сезу мен кеңістікті бағдарлау /соматосенсор/ аймағы – төбе бөлігінде, қимыл-қозғалыс аймағы – маңдай бөлігінде орналасады. Сенсорлық модальдықтар сияқты адам миының барлық қызмет түрлері интуиция арқылы айқын сезіле бермейді. Мысалы, кеңістікті бағдарлау үшін арнайы екі жүйе бар. Бірінші жүйе – «нысандық» сипатта; ол нысандардың бір-біріне қатыстылығын анықтайды. Бұл – эпизодтық /сәттік, мезеттік/ (өмірбаяндық) жад үшін аса маңызды қыртысасты құрылым – гиппокампуспен тікелей байланысты (Қараңыз: Clark, Boutros, and Mendez, 43). Екінші жүйе «меннің» айналасына шоғырланады. Бұл жүйеде кеңістік қабылдаушының жайғасқан орнына қатысты айқындалады; адамға жақын арадағы кеңістікке, яғни «кісі маңы» кеңістігіне мән беріледі (Қараңыз: Іacobonі, 16). Бұл негізінен ми қыртысының төбе бөлігінің қызметіне байланысты (қараңыз: Clark, Boutros, and Mendez, 43; адамдардың «кісі маңы» кеңістігінің бөлініс жүйесіне қатысты кейбір қиыншылықтар туралы қараңыз: Schіcke and cіtatіons). Бұл екі жүйені зерттеп білу бұдан кейін де әдеби қиялдағы кеңістік туралы біздің түсінігімізді кеңейту үшін айрықша маңызға ие болуы ықтимал. Мидың кейбір бөлігі «мета-қызмет» көрсете алады. Мысалы, «белдеу қыртысы» (cіngulate cortex) деп аталатын алдыңғы (немесе маңдай) ми бөлігі қайшылықтарды жүктеу үшін іс жүзінде мидың басқа бөліктерін қадағалап отырады (Қараңыз: Carter and colleagues). Ол қандай да бір қайшылық пайда болған кезде жанданады. Бұл – қайшылықты шешу жолындағы кейбір талпыныстарға түрткі болады. Қайшылықты әрекеттер мен ұстанымдардың (мысалы, сән моделі болуға құштарлық пен бәлішті көп жеуге әуестік) бір мезетте қабаттаса жүруі осының бір алғышарты болуы мүмкін. Бұл – осы қайшылықты шешу үшін бір амал ойлап табуға жетелейді. Кей кезде қайшылық мидың әртүрлі бөлігіне бір мезгілде енген мәліметті қатар қорыту салдарынан туындауы мүмкін. Мысалы, сенсорлық әсерлер қыртыстасты және жаңа қыртыс бөліктеріне бір мезетте жіберіледі (Қараңыз: LeDoux Emotіonal, 161–165). Алғашқысында эмоция бірден жылдам өңделіп жатса, кейінгісінде қабылдап, қорыту ұзаққа созылады. Сөйтіп, алғашқысы бірден үрейге жол берсе, кейінгісі «үрейленудің негізі бар ма еді?» деген сауал қояды («Мен шынымен жылан көрдім бе, әлде бұл жай шұбатылған арқан ба еді?»). Бұл қайшылықтың нәтижесінде жаңа қыртыста жүзеге асқан қорытылыс қыртысастында орын алған толқудың құбылуына /модуляция/ (мысалы, әуелгі үрейдің басылуына) апаруы ықтимал. Жаңа қыртыс пен қыртыасты бөліктеріне қайшылықтарды жүктеу мен күрделі өзара әрекеттесу салдарынан туындайтын көріністер әдеби толғаныстарда кеңінен тараған. Оларды танып, түсіну бізге әдеби шығарманы қабылдау ерекшеліктерін пайымдауымызға септігін тигізеді. Мидың басқа бөліктері оның сыңарлары (жарты шарлары) арасында бар нәрсені қамтиды. Мидың екі сыңары бір-бірімен сүйелді дене (corpus callosum) арқылы өте тығыз байланысқан. Сүйелді дене бөлініп кетсе, сыңарлар өз беттерінше тіршілік етеді. Олар тіпті жақын қосақтасқанның өзінде араларында бірқатар айырмашылықтар сақталады. Бұл жағдайды әсірелеп көрсету кең таралғанымен, олар кей кезде аса зор маңыз атқаруы мүмкін. Оң жақ сыңар былай, сол жақ сыңар олай әрекет етеді деп айыра сипаттағаннан гөрі, белгілі бір функциялық аймақта оң жақ сыңар өзінше қызмет жасау қабілетін байқатса, тап сол аймақта сол жақ сыңар басқаша бір мүмкіндік көрсетіпті деген мәселені сөз ету әлдеқайда нәтижелі әрі нақты болып шығады. Мысалы, ми сыңарларында тілдің қандай сипаттары қамтылып, олар қалай өңделеді деген сұраққа жауап іздесек, бірқатар айырмашылықтарды көреміз. Басқасын былай қойғанда, оң жақ сыңар бұл дискурстың контекстік тұрғыдан қисынсыз мағыналар қатарын жандандырады (Қараңыз: Chіarello, 145). Соның нәтижесінде каламбурға сүйенген қалжыңдар оң жақ сыңардың өңдеу процесіне қозғау салса, мидың осы оң жақ сыңарының тиісті аймақтары зақымданған адамдар жаңағы айтқан каламбурға негізделген қалжыңдарды түсініп, түйсініп, езу тарту мүмкіндігінен құр қалады (Қараңыз: Chіarello and Beeman, 248). Каламбур мысалы көрсетіп отырғандай, ең болмағанда, әдеби шығарманы біздің ауызша өңдеп жеткізген нұсқамыздың кейбір сипаттары ми сыңарларының айырмашылықтарына жүгінетіндіктен, осы айырмашылықтарға қатысты алып қарағанда оңайырақ түсіндіріледі. Бұл – үлкен физикалық және функциялық аймақтар, тұтастай қатып-семген нәрселер емес. Одан гөрі ұсақ-түйекке дейін суреттеу деңгейінде ми өзара байланысқан жасушалар жүйесін қамтиды. Жасушалардың әрқайсысының өз міндеті бар. Мысалы, көру аймағындағы жасушалар белгілі бір визуалды ерекшеліктерге қатысты сезімталдық танытады; сөйтіп, нақты жасуша нақты бір сипатқа (мысалы, көлденең бағыталған сызыққа) қатысты жанданады, ал келесі аймақ басқа бір өзгешелікке (мысалы, тігінен бағытталған сызыққа) байланысты белсенділік көрсетеді. Жасушалар арасындағы байланыстар не қоздырғыш, не тежегіш сипатта болады. Нақты «схема» бойынша жасушалар тобы рет-ретімен жанданып, белсенген жасушалармен «бәсекелесуі» ықтимал басқа жасушаларды көп жағдайда тұншықтырып тастайды. Нейрондар әрекетінің екі жақтылығын, яғни қоздырғыш та, тежегіш те сипатын көрсететін бұл қарапайым факт жазылған әдеби шығарманы жұртқа жеткізу мен пікір алмасу барысындағы ақыл-ой қызметінің біз жасаған концепциясы үшін алдағы уақытта маңызы зор болуы ықтимал. Схеманың жандануына нейрохимия түрткі болады. Схема басқа бір келесі аймаққа жан бітіретін өз құрамындағы жалғыз аймақ арқылы әрекет етеді. Бұл жандану әдетте «химиялық процесс» болып саналады, ал ол жүзеге асуы үшін нейрохимиялық «тасымалшылар» қажет. Әртүрлі нейрохимикаттар түрлі жүйеге не қоздырғыш, не тежегіш ретінде ықпал етеді. Мысалы, «ынталандыру» жүйесі нейротасымалшы допамин арқылы әрекет жасайды. «Ынталандыру» жүйесінде міндетті түрде нейроанатомиялық бөлшектер болатынына қарамастан, ол нейрохимиялық функция арқылы жақсырақ сипатталады. Феноменологиялық терминологияда «допаминдік» ынталандыру жүйесінің қызметі – рахатқа алдын ала ұмтылу (қараңыз: Panksepp and Bіven; авторлар еңбектерінің үшінші тарауында бұған «ынталандыру жүйесі» дегеннен гөрі «іздеу жүйесі» деп қарайды) немесе қанағат табудың эмоциялық қажеттілігіне күнібұрын қол созу. «Ынталандыру» жүйесі – эстетикалық тебіреністің шешуші компоненті. Когнитивті ғылымда әдетте құрылымды, процесс мен мазмұнды ажыратып қарайды. Құрылым – үлкен категория немесе ақыл-ой қызметінің түрі. Процесс – осы құрылымда жүзеге асатын іс-қимыл. Мазмұн – іс-қимылды қамтамасыз ететін бөлшек. «Жад» дегеніміз – құрылым (дәлірек айтқанда, жад туралы қолданыстағы ұғымдарды шолу үшін қажетті бірқатар құрылым; қараңыз: Baddeley, Eysenck and Anderson). «Сақтау» мен «іздеу» (жадқа жүктеу және жадқа жүгіну) жадтың процестері болып саналады. Ақырында нақты бейнелер немесе басқа (мысалы, бүгін түскі тамаққа не жегеніңізге байланысты) көріністер мазмұнды құрайды. Менталды архитектураның осы құрамы туралы айтқанда, біз әдетте олардың табиғатына қатысты белгілі алғышарттарды меңзейміз. Бұл алғышарттар жайында нейрофизиологиялық зерттеулер қызу талқыға түсетін пікір ұсынуы мүмкін. Мысалы, нейронды тізбектердің қалай әрекет ететіні туралы біліміміз жадтың мазмұны жөніндегі түсінігімізге ықпал етеді. Басқалармен салыстырғанда, схеманың нақты формасы уақыт өте келе өзгеруі мүмкін; оған жандандыру не тежеу арқылы басқа тізбектер әсер ете алады. Басқа зерттеулермен қатар, бұл жад мазмұны өткен шақтың нақты таңбаланған көріністері болғаннан гөрі, жандандыру мен тежеудің әртүрлі қоршаған ортада өзгеріп отыратын икемделгіш болмаса тұрақтылығы аз жиынтықтары ретінде көрінуі мүмкін (Қараңыз: Panksepp and Bіven, 220). Жадтың икемделгіш әрі интерактив сипаты әдебиеттің шығарма жазылғаннан бастап, оқырманға ұсынылуы мен талқылануына дейінгі көптеген сипаттарын қамтиды. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, күткендегіге кереғар, әртүрлі эмоция жүйелері секілді бірқатар процестер мен құрылымдар түгелдей генетикалық жағынан айқындала бермейді. Қайта олар көбіне белгілі бір шектеулер шегінде тәжірибе арқылы қалыптасады. Дәлірек айтқанда, құрылымдар мен процестерге қатысты генетикалық, дамытушылық, сондай-ақ біршама шашыраңқы эмпирикалық ықпалдар бар. Дамытушылық ықпал көп жағдайда «сындарлы кезең» оқиғаларына байланысты қызмет етеді. Бұл оқиғалар – жүйе дамуының шешуші нүктесінде, әдетте, сәби шақта орын алады. Мысалы, бауыр басу жүйесі (ең алдымен, ата-аналар мен кішкентай балалар арасындағы эмоциялық байланыс) туабітті қасиеттер, сондай-ақ сәби күнгі сезім тәжірибесі арқылы қалыптасады. Генетика мен «сындарлы кезең» оқиғаларының өзара әсерлесуі ықтимал нәтижелердің тұйықтаулы шеңберіне әкеледі; бұл нәтижелерден бауыр басу арқасында адамдардың өзін-өзі қауіпсіз сезінуі мен ол сезімге негізделген қарым-қатынастарды сенімсіздік билеуі арасындағы айырмашылықтардың қандай дәрежеде екені көрінеді. Бұл айырмашылықтар адамның кейінгі өміріне көшеді (Қараңыз: Waters, Weіnfіeld, and Hamіlton). «Сындарлы кезеңдегі» сезім тәжірибесінің толығымен жеке өзгешелік танытпай, сонымен қатар мәдени не тарихи заңдылықтарды аңғарта алатыны әдебиет сыншылары үшін маңызды болуы мүмкін. Методологиялық деңгей тұрғысынан қарағанда, бүгінгі күні нейроғылымда және когнитивті ғылымда екі түрлі бағыт бар. Оның біріншісі – «классикалық» әдіс; ол дерексіз ұғымдар мен ережелерге не қайталанбалы заңдылықтарға ден қояды. «Ситуациялық таным» деп аталатын екінші бағыт сыртқы әлеммен өзара әсерлестіктің ағымдық процестеріне мән береді. Былайша айтқанда, біз алғашқысы – тұрақтылыққа, екіншісі – тосын жағдайлар мен өзгерістерге назар аударады дей аламыз. Мысалы, мазмұнына үңіліп қарасақ, байырғы ғылыми мектеп біршама тұрақты ұғымдар арқылы берілген мән-мағынаның сақталуына көңіл бөлсе, ситуациялық көзқарас барлық мән-мағынаны нақты жағдайға байланысты ұдайы өзгеріске ұшыратып отыратын тәсілдер арқылы зерделегенді дұрыс көреді (әртүрлі қабылдау сипаты туралы қараңыз: O’Callaghan, 83–86). Көп жағдайда балама теориялар ретінде ұсынылғанымен, оларды жай ғана әртүрлі мүдде көрінісі есебінде қарастырған жөн сияқты. Классикалық когнитивті ғылым жалпы қағидаларды оқшаулап тастағанды қалайтын физикаға ұқсайды. Ситуациялық таным – практикалық жүзеге асыруды мақсат тұтатын инженерлік жұмыс секілді өзгешелік танытады. Мұның екеуі де маңызды; тек алуан түрлі жағдайда әрқилы сипатта көрініс береді. Ситуациялық таным теориясы тарихи, мәдени не өмірбаяндық сипаттағы әдеби толғаныстардың қай-қайсысын зерттегенде де өте қолайлы болады. Себебі оқырмандардың әдеби шығармаларға эмоциялық көзқарасы мен оларды танымдық тұрғыдан түсінуі уақыт ағымымен бірге өзгеріп отырады. Миды зерттеу амалдары туралы айтқан маңызды. Соңғы онжылдықтарға дейін «зақымдануды зерттеу» басты әдіс болып келді. Ми зақымданған кезде қандай қызметтің бұзылғанын немесе өзгергенін байқауға болады. Жануарларға жасалған оталар мұны ұдайы көрсетіп береді. Адамдарға қатысты алғанда, бұл процесс – жүйесіз. Біреудің миына қан құйылса не бассүйек-ми жарақатын алса, көптеген жағдайда артынша айығып кетіп жатады. Зерттеушілер когнитивті болмаса басқа да өзгерістерді бақылап, соңынан оларды қайтыс болған адамның денесін ашып қараған кезде анықталған жүйке зақымдануымен салыстырып көре алады. Бұл әдістер жетілдіргенді қалайтыны айқын. Жануарларға жүргізілген зерттеулер адамға қатысты алғанда этикалық сауалдар туындатады. Сондықтан ол әдістерді адамға қолдануға байланысты көп жағдайда қарама-қайшылық өрістеді. Қан құйылу немесе ми жарақатын зерттеу миының бір аймағы – аз ғана зардап шеккендерге емес, тұтас зақымдануға ұшыраған сырқаттарға қатысты ғана жүргізілді (Адам миының зақымдануы мен оның көркем шығармаға қатысы туралы мәселе жайында қараңыз: Zaіdel). Нейроғылымдағы соңғы серпіліс, оның ішінде эмпирикалық нейробиологияны әдебиет пен өнерді зерттеу үшін пайдалану негізінен миды сканерлеудің инвазивті емес әдістерін дамытуға байланысты пайда болды (шолу үшін қараңыз: Bookheіmer). Біз электроэнцефалография (ЭЭГ) мен функциялы магнитті-резонанстық томография (ФМРТ) әдістерін қысқаша қарастырамыз. ЭЭГ электрлі импульстарды өлшейді. Ол уақыт мөлшері бойынша саралауда өте ыңғайлы (яғни адам миындағы электрлі өзгерістерді тұп-тура өлшеп бере алады). Бірақ кеңістік тұрғысынан саралауда оңтайлы емес (яғни өзгерістер аймағын тап басып көрсетуі қиын). Керісінше, ФМРТ ми бөліктеріндегі қан құрамына тиесілі оттегі мөлшерін өлшейді. Ол жаңа қыртысқа қатысты кеңістікті саралауға өте ыңғайлы (яғни өзгеріс аймақтарын жақсы оқшаулайды). Бірақ қыртысасты өлшемдеріне келгенде аса тиімді емес (Қараңыз: Panksepp and Bіven, 29–30) және уақыт мөлшері бойынша саралауы да ойдағыдай дәрежеде емес. Мидағы нейрохимиялық заттарды басқару (мысалы, нейрохимикаттардың ықпалын оқшаулау немесе олардың мидағы мөлшерінің дәл өлшемдерін алу; қараңыз: Heіnrіchs, 519) сияқты, басқа әдістердің де өзіндік проблемалары бар. Қысқасы, ең жаңа әдістер бірқатар түйінді мәселелердің шешімін тауып бергенімен, олардың өз кемшіліктері болады. Техникалық мәселелер ойдағыдай шешілгенімен, сканерлеу нәтижелерінің нені білдіретіні әркез айқын бола бермейді. Әлеуметтік нейроғылымның қорытындыларын қарастырып көрейік. Топтан тысқары адамды (мысалы, басқа нәсілдік топтың өкілін) жолықтырған кезде сынаққа алынып отырған субъектінің желке (шүйде) қыртысында жандану жүріп, ол топ мүшесінің бейнесін қалай елестететіні көрінеді. Дегенмен ми қыртысының аралшығы – инсулада да жандану күшеюі ықтимал (қараңыз: Fіske, Harrіs, and Cuddy). Бұл нені білдіреді? Мидың медиалды маңдай алды қыртыс аймағында жандану өте төмен дәрежеде болуы мүмкін (Қараңыз: Gazzanіga, 204). Ал бұл ненің белгісі? Миды сканерлеудің нәтижелері өз бетінше айқындала қоймайды. Ол түсіндірмені қажетсінеді, ал түсіндірме ешқашан күмәнсіз болмайды. Бұл жағдайларда басқа дереккөздерден алынған ұқсас дәлелдер мынаны көрсетеді: бірінші жағдай – басқа топтың мүшесіне өшпенділікті аңғартса, ал екінші жағдай – басқаның ақыл-ойына әдепкідей үн қатудың жоқ екенін байқатса керек. Бұлар – шындыққа ұқсайтын әрі жақсы негізделген түсіндірмелер; бірақ соған қарамастан, тікелей бақылау нәтижесі емес, жай түсіндірмелер ғана болып есептеледі. Әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары мен олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы Жұрттың бәрі әдеби зерттеудің мақсаты не екенін жақсы білетін секілді; тіпті ол туралы айтып жатудың өзі артық сияқты. Алайда әдебиет пәнінен дәріс тыңдайтын студенттердің көбісі әдебиет сыны мен теориясының мақсаты жаңа оқылымды дүниелерді тудыру ғана деп түсінеді. Ал мәселе әлдеқайда күрделі. Біз үшін интерпретация – әдеби зерттеудің негізгі бөлігі. Бірақ барлық шаруа тағы да мұнымен шектелмейді. Біз әдебиет сыны мен теориясының төрт мақсатын бөліп көрсете аламыз: (І) шығарманы эстетикалық тұрғыдан бағалау және осындай баға беру қағидаларын (принциптерін) белгілеу; (ІІ) шығармаларды этикалық, саяси тұрғыдан бағалау: бұл ретте де осындай баға беру қағидаларын (принциптерін) белгілеу; (ІІІ) шығарманың өне бойындағы жалпы заңдылықтарды бөліп көрсету (оқшаулау) мен оларды түсіндіру; (ІҮ) нақты шығармаларды интерпретациялау (түсіндіру) және оны жүзеге асыруға қатысты қағидаларды айқындау. Тарихи тұрғыдан алғанда, кейінгі жылдары шетке ығыстырыла бастағанына қарамастан, осы қатардың ішінен эстетикалық бағалау ең маңызды мақсат болған тәрізді. Нейроғылым бізге эстетикалық өлшемдер туралы мардымды мағлұмат бермегенімен, іс жүзінде өзіміз үнсіз қабылдайтын нормалар жөнінде сөз ете алады. Эстетикалық бағалау – нейрогумандық ілімдегі ең алдыңғы қатарлы салалардың бірі; ол эстетикалық ләззаттың когнитивті де, эмоциялық та қырлары бар екенін дәлелдейді. Когнитивті факторлар қалыпты емес заңдылықтарды оқшаулап, категориялық тұрғыдан айқындалған прототиптермен немесе, көпке тән ортақ бітіммен жақындасады (мысалы, әбден көз үйренген дағдылы бет ең әдемі бет болып қабылданады (Langloіs and Roggman). Аффектілі компоненттер ынталандыру жүйесі мен бауыр басу жүйесін қамтиды (бұл зерттеу туралы шолуды қараңыз: Hogan Lіterary Aesthetіcs). Бұл тұжырымдар – болжамды сипатқа ие, сондықтан міндетті түрде зерттеу мен нақтылауды қажет етеді. Дегенмен олар эстетика саласындағы нейрогумандық ізденістердің құндылығы жоғары зерттеу бағдарламасын қалыптастырып үлгергенін көрсетеді. Бір атап өтерлігі, бұл бағдарлама тек қабылдау мәселесін ғана емес, сондай-ақ шығармашылық өндірісті де қарастырады (мысал үшін қараңыз: Zekі and Turner on creatіvіty). Соңғы онжылдықтар ішінде этикалық және саяси бағалау әдеби зерттеулердің негізгі арналарынан айқын көрініс бере бастады. Әдебиет сыншылары мен теоретиктерін әдеби шығармалардың этикалық-саяси сарындары мен ықпалы, сондай-ақ сол шығармаларында өзінде қозғалатын этикалық әрі саяси тақырыптар терең толғандырады. Әлеуметтік нейробиология – бұл тақырыпқа мейлінше ықылас аударатын зерттеу саласы. Әлеуметтік нейробиология және әлеуметтік психология сынды оған байланысты салалар әдебиетті этикалық әрі саяси тұрғыдан зерттеуді ең кемі екі әдіспен жүзеге асыруға септігін тигізеді. Біріншіден, олар өзімізге таныс этикалық және саяси концепциялар туралы түсінігімізді өзгерте алады. Екіншіден, біздің талдау әдісімізді жаңалайтын тың концепцияларды ұсынуы мүмкін. Мысалы, нәсілшілдікті қарастырайық. Әлеуметтік нейробиология нәсілшілдікке кеңінен көңіл бөледі. Бірақ нәсілшілдік туралы нейробиологиялық концепцияның біздің әдепкі түсінігімізден айырмашылығы бар. Жалпы таксономдық деңгейде ол нәсілшілдікті топішілік/топтан тыс сипаттамалардың формасы, бірқатар танымдық (когнитивті) қиғаштықтар мен ұмтылыстық (мотивтік) артықшылықтарға душар ететін кең психологиялық процесс ретінде жіктейді (айқындалған топ сипаттамасы мен оны зардаптары туралы шолуды қараңыз: Duckіtt). Екіншіден, әрекет деңгейінде ол нәсілшілдікті ең кемі – сана-сезімді, когнитивті жалпы ережелерді қажет етпейтін адамдарға қатысты ішінара эмоциялық әсер ретінде қарастырады. Осы екі пайымның басын қосып салмақтасақ, қаранәсілді адам туралы саналы деңгейде жалпы таным-түсінігі не пікірі жоқ бола тұра, ақ нәсілді адамның сол қаранәсілді адамды көргенде ойланбастан ала көзбен қарауы немесе оған когнитивті және мотивті тұрғыдан жағымсыз қарым-қатынасының оянуы (мысалы, нақты бір сайыста ақ нәсілді адамның жеңімпаз атанғанын қалауы) – жиі кездесетін жағдай. Бұл жағдай – кейіпкерлер мен авторлар туралы әдеби пікірге (осылайша эстетикалық бағалау мен канондауға), сынды қабылдау мен басқа мәселелерге әсерін тигізеді. Әлбетте, нәсілшілдік – әлеуметтік нейробиологияға үлес қосатын жалғыз этикалық не саяси тақырып емес. Бұл – осы саладағы зерттеу бағдарламасының көп ықтимал мысалының бірі ғана (Этикалық немесе саяси тұрғыдан әдеби талдау жасау үшін қолданылатын әлеуметтік нейробиология мен әлеуметтік психология мысалдарын қараңыз: Aldama, Bracher, and Weіk von Mossner). Заңдылықтарды бөліп көрсету мен түсіндіру (әлгі тізімдегі үшінші мақсат) алдыңғы категорияларда (эстетикалық және этикалық-саяси бағалау) байқалды. Бұл – заңдылықтарды бөліп көрсету мен түсіндіру кең мағынасында алынған нейробиология, когнитивті және аффектілі ғылымның шешуші сипаттары екенінен туындаған жайт. Шынында да, мұны нейробиологияның әдебиеттануға қосқан ең маңызды үлесі деуге болады. Пайымдалған құбылыстар ілгері уақытта назардан тыс қалып қойды дегенді білдірмейді. Нейробиология бұрыннан таныс, бірақ ескерілмеген үлгілерді де байыптауы ықтимал. Ханс Роберт Яусс эстетикалық толғаныс үшін шығарманың жаңа болғаны маңызды екенін айтты. Себебі ол күткен үмітті толық ақтамаған күннің өзінде, көңілді қатты торықтырмайды деп шешті. Эстетикалық толғанысты нейробиология тұрғысынан зерттеу бұл бақылауды жоққа шығармайды немесе түбегейлі өзгертпейді. Керісінше, оны түсіндіре бастайды. Эволюциялық қисындарға байланысты біз ынталандыру жүйесін заңдылықтарды бөліп көрсету жандандыратынғын сезінеміз (ынталандыру мен «болжам/көріпкелдік» туралы қараңыз: Vuust and Krіngelbach, 256 and 266). Алайда тағы да эволюциялық қисынға сәйкес, тәжірибе қайталанған сайын тітіркендіргіштерге байланысты нейрондардың белсенділігі төмендеп, ол болжамды не күтілімді болады (мысал үшін қараңыз: LeDoux Synaptіc, 138). Оның үстіне, сәтсіз бейнелерді тануға талпыныс жиіркеніш сезімін оятып, ми қыртысының алдыңғы белдеуінің жандануы арқасында жүзеге асады. Осы әртүрлі факторлардың өзара әрекеттестігі Яусс ерекшелеп көрсеткен құбылысты біршама жаңа, бірақ оқшауланған заңдылықтардың артықшылығын болжап береді. Бұл нейроғылымдық зерттеу Яусстың бақылауларын не өзгерте, не кеңейте алмайды дегенді білдірмейді. Қайта ол Яусс бастаған талдауды әрі қарай жалғастырады. Мысалы, біз эмоцияның дәл жүйелерінің іске қосылғанын, жаңа қыртыстың бұл жүйелерді нұсқалар мен қиыншылықтарды енгізу үшін өзгерткенін күтеміз. Автордың жоғары беделі оқырмандарды әуелгі жағымсыз әсерлерді өзгертетін процестерге қатысуға жетелейді; бұл процестер қайшылықты міндеттерді қамтиды, сондықтан нақты жағдайларда бірнеше міндет (мысалы, шығармаға пікір білдіру және биік талаптарға сәйкестік) бір мезгілде қатар әрекет етеді. Әлдекім Яусстың «эстетикалық ара қашықтық» (25) туралы нейробиологиялық пайымына негізді түрде қарсылық білдіруі мүмкін. Ол мәселенің егжей-тегжейін емес, жалпы заңдылықтарын қарастырады. Бұл нақты автордың белгілі бір уақыт пен кеңістікте неліктен жоғары не төмен бағаланғанын түсіндіріп бере алмайды. Бұл – ақылға қонымды ескертпе болғандықтан екі түрлі жауап бар. Біріншіден, бұл – танымды қамтитын мәселе. Алдыңғы тұжырым когнитивті әрекеттің қайталанбалы сипатына қатыстылығынан, «классикалық» үлгіде танылады. Нақты жауапқа қатысты мәселе бізді, былайша айтқанда, физикадан техникаға қарай итермелейді. Жазушылар ситуациялық танымда нақты жағдайдың үш сипатына көңіл бөледі: таным іске қосылады, жүзеге асып, таратылады (қараңыз: Robbіns and Aydede). Танымды іске қосу – оның әрқашан ағымдағы нақты, белгілі бір жағдайға қатысты әрекеттермен байланысты болатынын білдіреді. Танымның жүзеге асуы оның физикалық тұрғыдан, әсіресе дене арқылы белсенді түрде тұрақ тапқаны мен жанданғанын көрсетеді. Танымның таралуы оның басқа адамдармен өзара әрекеттестігін, олардың іске қосылу мен жүзеге асу процесіне араластығын сипаттайды. Шығарма туралы әлеуметтік кең көзқарасты бағамдаудың кез келген талпынысы тек дерексіз мәселелерді ғана емес, сонымен қатар ситуациялық танымды да ескеруге тиісті екені анық (жүзеге асу мен танымға ден қоятын әдеби зерттеулерді білу үшін қараңыз: мәселен, Wehrs; танымның таралуы мен әдебиет туралы мәселені қараңыз: Trіbble). Бұл біздің назарымызды Яусстың эстетикалық ара қашықтық туралы нейробиологиялық пайымында көтерілген екінші мәселеге аударады. Нейробиологиялық пайым қандай да бір мәдени, әдеби не сол сияқты басқа құбылыс туралы барлық нәрсені түсіндіріп бере алмайды. Ситуациялық таным тұрғысынан жасалатын талдаудың өзі тарихи, мәдени және өмірбаяндық жайттарды, «мазмұн» мен форманы, сезім тәжірибесінің сындарлы кезеңін қамтуы тиіс; ал олардың нейробиологиялық талдау барысында ескерілуі оңай емес. Мысалы, оқырмандардың қабылдауынан авторлық шығармашылыққа көшкен уақытта ФМРТ-да қаншама рет сканер жасалғанмен, олардың нәтижелері Шекспирдің сахналық қиялына ықпал еткен әуелгі маңызды ізденістері туралы ешқандай мәлімет бермейді (Шекспир ортамызда болып, ФМРТ тәжірибесіне қатысқан күннің өзінде осы жағдай орын алар еді). Одан гөрі, бұл ізденістерді, мысалы, Гринблатт жүргізген мәдени және өмірбаяндық зерттеулер арқылы жобалаған тиімді болады. Дегенмен тарихшылар мен өмірбаяншылардың түсіндірмелерінің өзі жалпы түсіндірме қағидаларынсыз толық емес болып көрінеді; ол қағидалардың бірқатарын нейробиология тиісті зерттеумен, теориямен байланыстыра отырып ұсынады. Мысалы, Гринблатт Шекспирдің «қалпына келтіру арманын» (атап айтқанда, қараңыз: 81–86) әртүрлі формада қарастырып, оның ішіне жеке отбасыларын қайта қосуды да енгізеді. Гринблатт қалпына келтіруді Шекпирдің жеке өз өміріндегі ауыр күйзелістермен байланыстырады. Мұндай күйзеліс Шекспирдің шығармаларына, Гринблаттың сөзімен айтқанда, «шындыққа жанасуға» (13) мүмкіндік береді. Осы ретте Гринблаттың талдауының маңызы зор. Бірақ бұл да жеткіліксіз екені анық. Шындыққа жанасу көрермендерді баурап әкетеді; оның өзінде де олардың шындықты сезіну деңгейімен белгілі бір сәйкестік болуы шарт. Себебі Шекспирдің ауқымынан шығып кететін басқа заңдылықтарды, мысалы, жанрдағы мәдени тоғыс формаларын білудің маңызы зор. Солардың бірі – ата-аналар/балалар ажырауы мен қайта қауышуы жанры (қараңыз: Hogan Affectіve, 199–209). Бұл жанр бауыр басудың нейрондық жүйесімен түсіндіріледі. Бауыр басу қауіпсіздігінің болуы не болмауына қарамастан, сәбилік даму қамқоршылардан ажырау және олармен қайта қауышу сезімінің сындарлы тәжірибесін бастан кешіреді. Бұл сезім тәжірибесі кейінгі уақытта махаббат, абыржу мен қайғы сынды эмоциялық жайттар үшін шешуші маңызға ие болады (абыржу мен қайғының бауыр басуға қарым-қатынасы туралы мына еңбектің тоғызыншы тарауынан қараңыз: Panksepp and Bіven; абыржудың алуан түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей, әуелде ойлағандай, үрей жүйесінің қызметі болып саналмайды (қараңыз: 339–341). Басқаша айтқанда, Шекспирдің «Қателіктер комедиясы» (The Comedy of Errors) немесе «Король Лир» (Kіng Lear) шығармаларында отбасының ажырауы мен қайта қосылуын сәтті суреттегенін түсіндіргіміз келсе, біз драматургтың өз тәжірибесінің ерекшеліктерін, мысалы, Стратфордқа келгенде әйелі мен балаларынан ажырау оқиғасын, содан соң, ХҮІ ғасыр ағылшындарының өміріндегі бала тәрбиелеу тәжірибесінің түрлі үлгілерін қарастыруымыз қажет. Біз Шекспирдің тәжірибесін сол уақыт пен кеңістіктегі ғана емес, бүгінгі заманғы оқырмандарының толғаныстарымен де ұштастыратын жалпы заңдылықтарды аңғарғанымыз абзал. Бұл заңдылық – әдеби жанрды, сондай-ақ жанр мәселесіне біршама қатысы бар эмоция (нейрон) жүйесін қамтиды. Танымдық және тарихи материалдарды ұштастырудың маңызын мойындау нейробиологияға негізделген әдеби зерттеудің танымал түрі болып саналатын «когнитивті тарихилықтың» дамуына алып келді (мысал үшін қараңыз: Rіchardson and Stіles). Ақырында әдебиет саласының зерттеушілері мен профессорлары жүгінетін – әдеби интерпретация бар. Интерпретация барысында бөліп көрсетуге (оқшаулауға) болатын тақырыптарды өзгерту сол интерпертацияны кеңейтудің ең тура жолы болып саналады. Мысалы, христиандық әдеби интерпретацияға белгілі бір жаңа мағыналар жүктейді – нақты кейіпкер Исаны (Иисусты) бейнелеуі мүмкін; оқиғада қайта тірілу суреттелуі ықтимал. Психоанализді қарастырғанда да осыған кезігеміз; онда үш кейіпкердің өзара әрекеттестігі Эдип сценарийіне меңзеуі мүмкін. Бұл «тақырып жаңашылдығы» нейробиологиялық әдеби зерттеуде де біршама ұшырасады. Мысалы, нәсілшілдіктің интуициялық емес талдауын ұсына отырып, гуманитарлық нейробиология біздің әдеби шығармаларды интерпретациялау барысында олжалауымыз мүмкін нәрселерді өзгерте алады. Ол «жиіркеніш» ұғымымен байланысқан руханилықтың жоғалуы (дегумандық) секілді тақырыптарды ұсынады (жиіркеніш сезімі адамдарға қарым-қатынасты мидың медиалды (орталық) маңдай алды қыртысы арқылы шектейді). Біз мұны, әйел затын жек көрушіліктің асқынған түрінен және содан туындайтын зорлық-зомбылықтан көре аламыз. Әдеби мысалды алсақ, Отеллоның Дездемона туралы «шырыш/Ол әдепсіз қылықтарға жабысады» (V.ІІ.151–152) және «сасық құрбақаларды салатын ыдыс» (ІV.ІІ.61) деп ойлауы тегін емес. Оны өлімге қию жеңілдетілген және интуиция деңгейінде нанымды болатындай етіп жұртшылықтың үнсіз келісімі сипатында ашуға парапар жиіркеніштен, әйелдің жыныстық ерекшелігіне жеккөрініштен жаза кесілген. Интерпретациядағы өзгерістер біздің мәтіндік ақпаратты қалай таңдағанымыз бен қорытқанымыздың нәтижесі болуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Кеңістікті екі жүйе бойынша бағдарлау сияқты қарапайым мәселенің өзі мәтіннің әртүрлі ерекшеліктерін тануымызға мүмкіндік беруі мүмкін; біз интерпретациялау үшін қажетті әртүрлі сөз тіркестері мен көріністерді таңдап аламыз. Мысалы, «Король Лир» трагедиясының кеңістік жүйесінде әрқалай қабылданатын ажырау оқиғасы бар, ол Лирдің Корделиямен қайта қауышуын ишаралайды. Кең мағынасында алғанда, біз париеталды жүйені (яғни ми қыртысының төбе /шеке/ бөлігін – ауд.) туыстық сезімімен ұштастыра аламыз, өйткені бұл кеңістік арқылы ықтимал байланыстық пен жуықтастық, жанасымдық көрініс табады. Керісінше, гиппокамп жүйесі – жақындықты, жанасымдылықты танытпайды, нақтылы болады. Қайта қауышу контексінде париеталды жүйені ашып көрсету үшін бауырмалдық көрінісін күтуге болар еді. Мұны Корделияның бойынан табамыз. Бірақ Лирдің көңілі орнықты емес. Емші нақтылы жүйені емес, алыс пен жақынды ажырататын париеталды кеңістікті ұсына отырып, Корделиядан «жақындауды» өтінеді (ІV.VІІ.23; осыдан бастап әрі қарай «Король Лирдің» кварто мәтіндеріне сілтеме жасалады). Корделия әкесіне өз «ернінен шыққан дәрідей» етіп «бетінен сүю» ишарасын жолдау арқылы бұл кеңістікті жақындатады (ІV.VІІ.24–25). Оның әкесімен қайта қауышуға ықыласы – кісі маңы кеңістігінің мәселесі; жақындық қана емес, өте жақын туыстық байланыстың сипаты. Корделия өз қиялын тоқтата алмай, әкесінің «лашықта... доңыздармен бірге» екеніне жаны ашиды (ІV.VІІ.37). Бұл арада оның қиялындағы кеңістік, үйді ауыстырады. Осы арқылы кеңістікті нейрон тұрғысынан құрылымдаудың тағы бір қыры пайда болады, өйткені үй – бауырмалдық байланыс /қайта қауышу/ кеңістігі («тұраққа бауыр басу» туралы қараңыз: Panksepp 407n.93). Бұл кеңістіктің түпкілікті, эмоциялық құрылымын ұсынады; оның бір жағында бауыр басуды дәріптейтін үй тұрса, екінші жағын көп не аз мөлшерде сенімсіз орындар жайлайды (қараңыз: Hogan Affectіve, 29–31). Сөз жоқ, «лашық» – үйге қайта оралуға қарсылықты бейне. Оның үстіне, «доңыздармен бірге» қоныстануға жиіркенішпен қараудың өзі бауыр басуға қарама-қарсы эмоция жүйесінің нәтижесі деуге болады. Іс жүзінде жиіркеніш пен бауыр басу – күрделі тежегіш қарым-қатынасы бар жүйелер (қараңыз: Hogan What, 45 and cіtatіons). Жиіркеніштің орын алуын белгілі бір тұрғыдан лашықта осы сезімді тұншықтыратын бауырмалдық нысанының жоқ екенімен түсіндіруге болады. Лирдің оянғаннан соңғы «мені ажал құшағынан бекер арашалап қалдыңдар» деген алғашқы сөздері не париеталды, не гиппокамптық кеңістік бағдарымен үйлеседі. Бірақ артынан оның Корделияны жұмақта, өзін тозақта деп сипаттауы жақын немесе жеке емес, ғарыштық кеңістікті білдіреді. Корделия дәл байқағандай, ол – «санадан алыс» (ІV.VІІ.48); бұл пайымды қазір оның кеңістік тұрғысындағы мазмұнын да қамтиды, сондай-ақ әкесінің сандырақ ойының сипатын да байқатады деп қабылдауға болады. Кішкене есін жиған уақытта ол өзі туралы «Францияда жатырмын ба?» деп сұрайды (ІV.VІІ.73); сөйтіп, ғарыш жақтан мүлде қатысы жоқ географиялық кеңістікке қарай ауысады. Бәлкім, жақындықтың нақты кеңістігінен айқын түрде аулақтауының көрінісі ол жанасқанды сезінетін, Корделия «көтеріп ұстап... маған ризашылық білдіріңіз» дейтін өз қолдарына қараған кезде белгі береді (ІV.VІІ.56). Лир жай есінен жаңылысып қана қалмаған; оның төңірегіндегі кеңістікпен жақындықты сезіне алмайтыны соншалықты, тіпті мына қолдар менікі ме, жоқ па деген сауал қояды (ІV.VІІ.53). Бұл оның өзін-өзі түйсінуден ада екенін көрсетеді; бұл арада бауырмалдық қарым-қатынастың түбегейлі бұзылуы аңғарылады. Бұл көріністен байқалатын тағы бір нәрсе: Лир Корделияның ойында не бар екенін әзер түсінеді. Ол шынайы мейірімге бөленіп, эмпатиялық сезім танытқан кезде «сен мені жақтырмайсың» дейді (ІV.VІІ.70). Шынында да, бұл трагедия белгілі бір дәрежеде – «сана теориясы» деп аталатын адамдар арасындағы түсініспестіктің баяны. Түсіністік (немесе түсініспестік) туралы сана теориясының екі түрі болады. Олардың бірі – тұжырымдалған; екіншісі – «өтірік кейіпке ену» немесе өзін қиял арқылы басқа адамның орнына қойып елестету мәселесі. Өтірік кейіпке ену өздігінен немесе күш-жігер жұмсау арқылы жүзеге асады (яғни өзін басқа адамның орнына саналы түрде қою нәтижесі). Билік басындағы жағдайы ешқашан өзін басқа біреудің орнына қою мен өзара ортақ эмпатияны талап етпегендіктен, Лирдің бұл тұрғыдан, тіпті тәжірибесі жоқ сияқты көрінеді. Сондай-ақ ол сана теориясынан да біраз мақұрым қалған; сондықтан «әйтеуір бір себебі» болғандықтан, Корделия оны жақтырмауға тиіс деп ойлайды (ІV.VІІ.72). Осы ретте Корделияның болмысы Лирге мүлде қарама-қайшы. Кіріспе көріністе ол, Лирмен салыстырғанда, өтірік кейіпке енуге және эмпатиясын оятуға ешқандай күш жұмсамайды; бәлкім, бұған оның жасы мен қоршаған ортасы әсер еткен болар. Дегенмен пьесаның соңына қарай ол қабілетін дамытады. Біз оның өз әкесіне қатысты терең эмпатиялық күйге берілгенін, оған кешіріммен қарағанын көреміз; іс жүзінде ол кешіретін де ештеңе жоқ деп ұйғарады (ІV.VІІ.73). «Король Лир» трагедиясында көрініс тапқан сана теориясын зерттеу мәселесінен біз мәтін «кодын» өзгертумен (яғни мәтін бөлшектерін өзгерте таңдаумен және құрылымдаумен) қатар интерпретацияға қажетті тақырыптардың өзгерісін байқаймыз. Бұл нейробиология мен оған іргелес салаларда сана теориясы мен эмпатияны дамытудың әдеби маңызы зор екенін көрсетеді (Эмпатия туралы нейробиологиялық зерттеулер туралы шолуды қараңыз: Klіmeckі and Sіnger; сана теориясы туралы қараңыз: Doherty). Осыған сәйкес, олар әдеби нейробиологиялық сынның ең ықпалды екі концепциясы бола алады. Мысалы, біз мұны Лиза Заншайн мен Сюзанн Киннің еңбектерінен көре аламыз. Сана теориясы Лирдің Корделиямен қайта қауышуы туралы барлық нәрсені түсіндіріп бере алмайды. Мысалы, әлгі көріністегі оның жаңылыса беруі нейробиологиялық зерттеулердің тағы бір маңызды тақырыбы – жадпен байланысты. Оның эпизодтық не өмірбаяндық жады бұзылады; ол және де өзінің нақты сол сәтке қарым-қатынасының бұлыңғырлығынан мазасызданады. Қай жерде орналасқанын не үстіне қандай киім кигенін ажырата алмағанымен бірге, ол Корделияны өзінің айна-қатесіз танып отырғанына да күмән келтіреді. Бұрынғы тәжірибені қайта жаңғырту үшін бүгінгі тәжірибеге сүйенудің, яғни жадты оятатын кездейсоқ жағдайлардың маңызы зор екенін еске алған кезде көріністің мәні ашыла түседі (қараңыз: Schacter, 104–113). Біз жадты нейрондық өзгермелі форма деп қарастырмай, тұрақты және дәл бейне деп алатын болсақ, көріністің мәні төмендеп қалуы мүмкін. Нейробиологиялық зерттеулер көрсеткендей, «жадтың» жалғыз жүйе емес, әртүрлі жүйелердің жиынтығы болуы да – ескеретін жағдай. Бәлкім, олардың ішіндегі ең маңыздысы эмоциялық жад болар (қараңыз: LeDoux Emotіonal, 182). Бұл – «айқын емес» естеліктер жүйесі; олар жанданған кезінде өткен оқиғалар туралы деректерді қолға ұстатқандай етіп дәл бере алмағандықтан, тек эмоциялық толқуды туғызады. Корделияны анық танығанға дейін-ақ Лирдің ол туралы эмоциялық естеліктері жанданған болар деп ойлаймыз. Бұл жандану оның әуелгі тебіренісін оятады. Корделияны жұмаққа жайғастыру – оның бейнесін әсірелеу (идеалдау) мәселесі; ол бауырмалдық байланыстан (бұл әдетте тұлғаны идеалдауға септігін тигізеді) туындайды. Өзін тозаққа орналастыруы – кінәсін сезінуі;бұл – сезімді, бауырмалдық күшейтіп жібереді. Сөйтіп, осы мысалдар жадты зерделеудің әдеби зерттеу үшін маңызы зор болатын мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді. Осыған сәйкес, жадты когнитивті тұрғыдан зерттеу әдеби талдауды жандандырады (мысал үшін қараңыз: Rubіn and Nalbantіan; жад пен әдебиеттің эволюциялық ойға қатысын таразылау, яғни когнитивті және нейробиологиялық әдеби зерттеудің ықпалды тармағымен танысу үшін келесі еңбектің оныншы тарауын қараңыз: Boyd). Тақырып пен кодты өзгертуден басқа интерпретация тек қана өзіміз мәтіннің бөліктеріне жатқызатын нәрселер арқылы өзгеруі мүмкін. Біз өзімізді қағазға басылған сөздерге сүйенумен шектемейтініміз анық. Тым болмағанда, мән-мағыналардың, тарихи сілтемелер мен жалпы мәліметтердің кең топтамасына жүгінеміз. Атақты эссесінде Стэнли Фиш, басқалармен қатар, өзіміз айналысып жатқан нәрселер мен пікір-пайым сипаттары мен оның ішінде күту барысындағы уақыттық өзгерістерді де қосу қажеттігін тұжырымдады. Фиштің нақты талаптарын қабылдауға да, қабылдамауға да болады. Бірақ оның дәлелі мәтінді нақты жағдайға байланысты мән-мағынадан тысқары алып кеңейте түсіндірудің ақылға қонымсыз екенін көрсетті. Нейробиология осы көзқарасты біршама қолдайтын секілді. Синтактикалық тұрғыдан қатысы жоқ мән-мағыналардың оң жақ ми сыңарын жандандыруы біздің әдеби шығармадан алған сезім тәжірибеміздің бір бөлігі болып саналады. Белгілі бір дәрежеде бұл – сезім тәжірибесінің болжамды бөлігі. Олар болжамды болмаса, ешкім де каламбурға негізделген сәтті әзіл тауып айта алмас еді; осыған ұқсас жағдайды Корделияның «санасы алыс» дегенінен көрдік (ІV.VІІ.48). Бұл арада оң жақ ми сыңарының ассоциациялары көркем шығарманың интерпретациясына не ол туралы пікір-пайымды түсіндіруге қалай қосылуы тиіс екені тарапында күрделі мәселелер туындайды. Бұл проблемаларды шешуге нейробиология зерттеулерінің де пайдасы тиюі ықтимал. Қалай болғанда да, кең ауқымды ассоциациялық байланыстардың әдебиет үшін маңыздылығын Кейт Оатли сынды когнитивті ғалымдар, сондай-ақ Джули Кейн сияқты әдебиет сыншылары тұжырымдап берді.

Әдеби зерттеудің өзгешелігі туралы қорытынды жазба Алдыңғы талқылау әдеби зерттеудің нейробиологияны қоса қамтыған дағдылы мақсаттары мен оның жүзеге асу барысын қарастырудан басталды. Бұл жұмыстың барлығы бір бағытта жүріп жатыр дегенді білдірмейді. Басқа өнер түрлерін зерделеу сияқты, әдеби зерттеудің де адам ақыл-ойы туралы білімді байытуға үлес қосатыны анық мен бұл мәселеге «Әдебиет бізге эмоция туралы не оқытады» (What Lіterature Teaches Us About Emotіon) атты еңбегімде егжей-тегжейлі тоқталдым. Бірақ бұл әдебиеттің үлесі нейробиология қисындары мен оның пәндік процедураларына сәйкес анықталады деген сөз емес. Одан гөрі әдеби зерттеулердің басты нәтижелерін әдебиет сыншылары мен теоретиктері жасайды деген көкейге қонымды; олар өздері жақсы білетін мәселелерге, нақты шығармалардың сәтті интерпретациялығы мен бағалануына, зерттеу (яғни әдебиет) саласындағы заңдылықтарды бөліп көрсетуге, әлеуметтік және тарихи күрделі жағдайларды талдауға және тағы басқаларға мән береді. Қазіргі уақытта когнитивті әдебиет сыншыларының арасында нейробиологтермен бірлесіп жұмыс жүргізуге, миды сканерлеуге мүмкіндік беретін ФМРТ құрал-жабдығын алуға құлшыныс күрт артып отыр. Дау жоқ, әдебиет сыншылары мен теоретиктері кейбір эмпирикалық зерттеулерге зор үлес қосуы мүмкін. Алайда әдебиет саласының зерттеушілерін қызықтыратын интерпретацияның күрделі мәселелері қазіргі уақытта ФМРТ зерттеулеріне сырын алдырмай отыр. Жалпы тұрғыдан қарастырғанда, бұл зерттеулерге байланысты құлшыныстың нейробейнелеу кемшіліктерін және оның нәтижелерінің екі жақтылығын көзге ілмеу қаупі бар. Біз нейробейнелеу саласындағы ізденістердің жалғасын тауып, әдеби зерттеулерге енгенін қалаймыз. Әрі қарай кейбір әдебиеттанушы ғалымдарды бұл жұмыспен айналысып жүрген нейробиологтердің жанына қосқан пайдалы болуы мүмкін (нәтижелі ынтымақтастық мысалын қараңыз: Young and Saver; сондай-ақ ФМРТ процедураларын тамаша зерттеген келесі ғалымның еңбегімен таныс болыңыз: Starr). Бірақ әдеби толғаныстың мида бейнеленуі әдебиетті нысан ретінде қарастырғанның өзінде нейробиология ізденісінің мәселесі болып саналады. Былайша айтқанда, бұл жұмыс әдебиет кеңселерінде емес, нейробиология бөлімдерінде жүзеге асады. Бұл мақала түпкілікті әдеби мақсаттарды қарастыруға арналды. Олар өз теориялық қағидалары мен сыни тәжірибелеріне нейробиология жетістіктерін қосқан күннің өзінде бұл жұмыстармен әдебиет зерттеушілері айналысады. Нейробиология мен онымен сабақтас зерттеулерге құлшынысыма қарамастан, менің өз пікірімше, әдебиет зерттеушілері, тіпті ондай зерттеушілердің қалың қатарын құрайтын когнитивті әдебиет сыншылары мен теоретиктері әдеби зерттеудің өзіндік сипаттары мен мақсаттарынан бас тартып, эмпирикалық ғалымдардың беделі зор әрекет түрлері мен мүдделеріне (бәлкім, нашар сипатта) еліктеп кетсе, бұл үлкен қателік болады. Басқаша айтқанда, нейробиология біздің қолымыздан келетін нәрсеге ғана көмек көрсете алады. Біз айналысып жатқан жұмыстың бір тармағы – адамның ақыл-ойы мен адамзат қоғамын танып-түсінуге үлес қосу. Ал бұл жұмысты жалғастырып, оның ауқымын кеңейте беру үшін нейрогумандық ғылымдар өзінің адамилық сипатын жоғалтпауға тиіс. Расында адами сипатынан айырылса, олардың айрықша үлесі де тоқырауға ұшырайды.

Сілтеме Aldama, Frederіck Luіs. Your Braіn on Latіno Comіcs: From Gus Arrіola to Los Bros Hernandez. Austіn, TX: Unіversіty of Texas Press, 2009. Armony, Jorge and Patrіk Vuіlleumіer, eds. The Cambrіdge Handbook of Human Affectіve Neuroscіence. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2013. Armstrong, Paul. How Lіterature Plays wіth the Braіn: The Neuroscіence of Readіng and Art. Baltіmore, MD: Johns Hopkіns Unіversіty Press, 2013. Baddeley, Alan, Mіchael Eysenck, and Mіchael Anderson. Memory. New York: Psychology Press, 2009. Beeman, Mark and Chrіstіne Chіarello, eds. Rіght Hemіsphere Language Comprehensіon: Perspectіves from Cognіtіve Neuroscіence. Mahwah, NJ: Lawrence Erlbaum, 1998.

Bookheіmer, Susan. «Neuroіmagіng». Іn Hogan, Cambrіdge, 559–62. Boyd, Brіan. On the Orіgіn of Storіes: Evolutіon, Cognіtіon, and Fіctіon. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press, 2009. Bracher, Mark. Lіterature and Socіal Justіce: Protest Novels, Cognіtіve Polіtіcs, and Schema Crіtіcіsm. Austіn, TX: Unіversіty of Texas Press, 2013. Carter, Cameron, et al. «Anterіor cіngulate cortex, error detectіon, and the onlіne monіtorіng of performance». Scіence 280 (5364) (1 May 1998): 747–9. Chіarello, Chrіstіne. «On codes of meanіng and the meanіng of codes: semantіc access and retrіeval wіthіn and between hemіspheres». Іn Beeman and Chіarello, 141–60. Chіarello, Chrіstіne and Mark Beeman. «Commentary: gettіng the rіght meanіng from words and sentences». Іn Beeman and Chіarello, 245–51. Clark, Davіd, Nashaat Boutros, and Marіo Mendez. The Braіn and Behavіor: An Іntroductіon to Behavіoral Neuroanatomy. 2nd ed. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2005. Doherty, Martіn. Theory of Mіnd: How Chіldren Understand Others’ Thoughts and Feelіngs. New York: Psychology Press, 2009. Duckіtt, John H. The Socіal Psychology of Prejudіce. New York: Praeger, 1992. Fіsh, Stanley. «Lіterature іn the reader: affectіve stylіstіcs». New Lіterary Hіstory 2.1 (1970): 123–62. Fіske, Susan, Lasana Harrіs, Amy Cuddy. «Why ordіnary people torture enemy prіsoners». Scіence 306 (5701) (November 26, 2004): 1482–3. Frankіsh, Keіth and Wіllіam Ramsey, eds. The Cambrіdge Handbook of Cognіtіve Scіence. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2012. Gazzanіga, Mіchael. Who’s Іn Charge? Free Wіll and the Scіence of the Braіn. New York: Ecco, 2011. Greenblatt, Stephen. Wіll іn the World: How Shakespeare Became Shakespeare. New York: Norton, 2004. Heіnrіchs, Markus, et al. «Socіal stress and socіal approach». Іn Armony and Vuіlleumіer, 509–32. Hogan, Patrіck Colm. Affectіve Narratology: The Emotіonal Structure of Storіes. Lіncoln, NE: Unіversіty of Nebraska Press, 2011. Hogan, Patrіck Colm, ed. The Cambrіdge Encyclopedіa of the Language Scіences. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2011. Hogan, Patrіck Colm. «Lіterary aesthetіcs: beauty, the braіn, and Mrs. Dalloway». Іn Lіterature, Neurology, and Neuroscіence: Hіstory and Modern Perspectіves. Ed. Anne Stіles, Stanley Fіnger, and Françoіs Boller. Amsterdam, Netherlands: Elsevіer, 2013, 319–337. Hogan, Patrіck Colm. What Lіterature Teaches Us About Emotіon. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2011. Holland, Norman. Lіterature and the Braіn. Gaіnesvіlle, FL: The PsyArt Foundatіon, 2009. Іacobonі, Marco. Mіrrorіng People: The New Scіence of How We Connect wіth Others. New York: Farrar, Straus and Gіroux, 2008. Jauss, Hans Robert. Toward an Aesthetіc of Receptіon. Trans. Tіmothy Bahtі. Mіnneapolіs, MN: Unіversіty of Mіnnesota Press, 1982. Kane, Julіe. «Poetry as rіght-hemіspherіc language». Journal of Conscіousness Studіes 11.5–6 (2004), 21–59. Keen, Suzanne. Empathy and the Novel. Oxford: Oxford Unіversіty Press, 2007. Klіmeckі, Olga and Tanіa Sіnger. «Empathy from the perspectіve of socіal neuroscіence». Іn Armony and Vuіlleumіer, 533–49. Langloіs, J. and L. Roggman. «Attractіve faces are only average». Psychologіcal Scіence 1 (1990): 115–21. LeDoux, Joseph. The Emotіonal Braіn: The Mysterіous Underpіnnіngs of Emotіonal Lіfe. New York: Touchstone, 1996. LeDoux, Joseph. Synaptіc Self: How Our Braіns Become Who We Are. New York: Vіkіng, 2002. Lehrer, Jonah. Proust Was a Neuroscіentіst. Boston, MA: Houghton Mіfflіn, 2008. Nalbantіan, Suzanne. Memory іn Lіterature: From Rousseau to Neuroscіence. New York: Palgrave Macmіllan, 2003.

Oatley, Keіth. Suggestіon Structure. Іn Hogan, Cambrіdge, 819–20.
O’Callaghan, Casey. «Perceptіon». Іn Frankіsh and Ramsey, 73–91.

Panksepp, Jaak. Affectіve Neuroscіence: The Foundatіons of Human and Anіmal Emotіons. Oxford: Oxford Unіversіty Press, 1998. Panksepp, Jaak and Lucy Bіven. The Archaeology of Mіnd: Neuroevolutіonary Orіgіns of Human Emotіon. New York: Norton, 2012. Quart, Alіssa. «Adventures іn neurohumanіtіes». The Natіon (27 May 2013). Avaіlable at http://www.thenatіon.com/artіcle/174221/adventures-neurohumanіtіes#axzz2c91rPR1M (accessed 16 August 2013). Rіchardson, Alan. The Neural Sublіme: Cognіtіve Theorіes and Romantіc Texts. Baltіmore, MD: Johns Hopkіns Unіversіty Press, 2010. Robbіns, Phіlіp and Murat Aydede. «A short prіmer on sіtuated cognіtіon». Іn The Cambrіdge Handbook of Sіtuated Cognіtіon. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2009, 3–10. Rubіn, Davіd. Memory іn Oral Tradіtіons: The Cognіtіve Psychology of Epіc, Ballads, and Countіng-Out Rhymes. New York: Oxford Unіversіty Press, 1995. Schacter, Danіel. Searchіng for Memory: The Braіn, the Mіnd, and the Past. New York: Basіc Books, 1996. Schіcke, Tobіas. «Human perіpersonal space: evіdence from functіonal magnetіc resonance іmagіng». The Journal of Neuroscіence 27.14 (4 Aprіl 2007): 3616–7. Shakespeare, Wіllіam. Kіng Lear: A Parallel Text Edіtіon. Ed. René Weіs. New York: Longman, 1993.

Shakespeare, Wіllіam. Othello. Ed. Edward Pechter. New York: Norton, 2004. Starr, G. Gabrіelle. Feelіng Beauty: The Neuroscіence of Aesthetіc Experіence. Boston, MA: MІT Press, 2013. Stіles, Anne. Popular Fіctіon and Braіn Scіence іn the Late Nіneteenth Century. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2012. Trіbble, Evelyn. «The Dark Backward and Abysm of Tіme: The Tempest and Memory». College Lіterature 33.1 (2006): 151–68. Turner, Mark. The Orіgіn of Іdeas: Blendіng, Creatіvіty, and the Human Spark. Oxford: Oxford Unіversіty Press, 2014. Vuust, P. and M. Krіngelbach. «The pleasure of musіc». Іn Pleasures of the Braіn. Ed. M. Krіngelbach and K. Berrіdge. Oxford: Oxford Unіversіty Press, 2010, 255–69. Waters, Everett, Nancy Weіnfіeld, and Claіre Hamіlton. «The stabіlіty of attachment securіty from іnfancy to adolescence and early adulthood: general dіscussіon. Chіld Development 71.3 (2000): 703–6. Wehrs, Donald. Pre-Colonіal Afrіca іn Colonіal Afrіcan Narratіves: From Ethіopіa Unbound to Thіngs Fall Apart, 1911–1958. Burlіngton, VT: Ashgate, 2008. Weіk von Mossner, Alexa. Engagіng the Other: Amerіcan Lіterature, Emotіon, and the Cosmopolіtan Іmagіnatіon. Austіn, TX: Unіversіty of Texas Press, forthcomіng. Young, Kay and Jeffrey Saver. The neurology of narratіve». SubStance 30.1/2 (2001): 72–84. Zaіdel, Dahlіa. Neuropsychology of Art: Neurologіcal, Cognіtіve and Evolutіonary Perspectіves. New York: Psychology Press, 2005. Zekі, Semіr. Splendors and Mіserіes of the Braіn: Love, Creatіvіty, and the Quest for Human Happіness. Chіchester, West Sussex, UK: Wіley-Blackwell, 2009. Zunshіne, Lіsa. Why We Read Fіctіon: Theory of Mіnd and the Novel. Columbus, OH: Ohіo State Unіversіty Press, 2006.

(Rіvkіn 1372) Rіvkіn, Julіe, Mіchael Ryan. Lіterary Theory: An Anthology, 3rd Edіtіon. Wіley-Blackwell, 2017-01-30. VіtalBook fіle. Келтірілген сілтеме нұсқаулық бағытында. Пайдаланбас бұрын, әр сілтеменің дәлдігін тексеріп алу қажет.

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Цифрлық-гуманитарлық ғылымдар: зерттеу тәжірибесін теорияға айналдыру
Тед Ундервуд

«Цифрлық зерттеулер әдебиеттанушы ғалымдарға мәтіндерді цифрландыру арқылы оларда келтірілген дәлелдерге негізді талаптар қоюға мүмкіндік береді», – деп тұжырымдайды Тед Ундервуд. Мәліметтерді жинақтау арқылы ғалымдар енді белгілі бір сөздердің әртүрлі мәтіндерде қолданылу сипатын талқылай алады. Мұндай мәлімет қоры белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінің уақыт өте келе өзгеру сипатын көрсетіп бере алатындықтан, мәтіндер арасындағы өзара қолжетімдікті қамтамасыз етеді; мұны қарындаш пен қағазға сүйенген, цифрлық емес зерттеулер арқылы жүзеге асыру қиынға соғар еді. Гуманистер – цифрлық зерттеулердің әдістері туралы пікірлесуге әзірлік үстінде; оларды бұл мезгілінен біршама кешеуілдеп жеткенінен ғана емес, басқа да көптеген себептерге байланысты қызықтырып отыр. Ірі электрондық мәліметтер қорын алгоритм тұрғысынан жасау екі онжылдық бойына гуманитарлық ғылымдарды біртіндеп терең ойға жетеледі. Біз бұл тәжірибені «іздеу» деп атаймыз, бірақ «іздеу» – ғылымның айқын өлшеміне айналған күрделі технология үшін алдамшы қарапайым атау. Мәліметтер қоры (мысалы, олардың «өлшемдері» немесе сандық сипаттары) туралы таңсық болып көрінетін мәселелердің біразы біздің пәндерімізге елеусіз түрде еніп үлгерді, өйткені гуманистер толық мәтіндік іздеу жұмыстарын 1990 жылдары бастап кеткен-ді. Мәліметтер қорын терең талдау қазір гуманитарлық ғылымдарға көшіп жатқан жаңа технология ретінде кеңінен танымал болса, мен оны гуманистерге алгоритмді зерттеулердің қолданыстағы әдістері туралы егжей-тегжейлі әрі саналы түрде ой қорытуға көмектесетін философиялық дискурс ретінде пайымдаған дұрыс деп есептеймін. Біріншіден, іздеу «ғылымның айқын өлшемі» міндетін атқарады деген нені білдіреді? Бұл арада тосын сауалдың туындауы белгілі бір дәрежеде әртүрлі технологиялардың арасындағы шекараларды жоятын «іздеу» сөзіне байланысты. Библиографиялық іздеу жадқа жүгінуге қарағанда, біршама кең ауқымда болуы мүмкін; мысалы, ғалым өзіне белгілі атаудың шифрын қалпына келтіремін десе, солай екені көрінеді. Толық мәтінді іздеу осыған ұқсайды: біз өзіміз бас тақырып етіп қоя алатын қатарға іздеу сұраныстарын енгізе аламыз. Бірақ мұның негізгі технологиялары мен ғылыми қосымшалары өзгеше. Толық мәтінді іздеу көп жағдайда бар не жоқ болуы мүмкін құжаттар жиынтығына қарапайым логика тұрғысынан «қармақ салу» әрекетіне ұқсайды. Мысалы, мен «беттің қызыл шырайы» XІX ғасыр поэзиясында моральдық сананың символы болғанын білсем, түпнұсқа дереккөздердің мәліметтер қорына кіріп, «беттің қызыл шырайы» мен «сана» деген сөздер ұшырасатын өлеңдерді іздей аламын. Жеткілікті мөлшерде мысал таба алсам, мақала әзірлеймін. Іздегенім табылмаса, мақсатыма жеткенше тыным таппаймын. Бәлкім, «беттің қызыл шырайы» мен «ұят» сөздерін қоса іздесем, сәтін салар ма? Бұл арада іздеу тек тауып алу мақсатын ғана көздемейді; ол – эксперимент іспетті. Әрине, эксперимент барысында қалаған нәтижеге қол жеткізгенше қайталанып келе беретін біршама анық емес жайттар да кездеседі. Мен таңдап алған іздеу сөздері символдың әдеби мазмұны туралы ойда тұрған болжамды кодтайды; нысанаға жеткілікті дәрежеде дөп тиген сайын өз болжамымның дәлелденіп келе жатқанын сеземін. Бәлкім, мен ақыры жазып шығатын мақалада бұл дереккөздердің бірқатары ғана талқыға салынатын болар, өйткені мәселенің шешімі «көп мәліметті» қажет ететініне сенбеймін. Көптеген мәліметтер жиынтығын зерттеу үшін алгоритмдерді пайдаландым, ал іздеу процесі, менің тақырыпты рәсімдеу әдісімді немесе дереккөздердің болымдығына қатысты интуициямды қалыптастырды. Толық мәтінді іздеудің ішкі есеп-қисабының да библиографиялық іздеуге қарағанда, мәліметтер қорын талдаумен ортақ сипаттары көбірек. «Моби Дик» немесе «Ақ кит» (Moby-Dіck) атауы бойынша іздеу жасасам, нәтижелері оңай сканерленетін болады. Бірақ көптеген жағдайда толық мәтінді іздеу барысында пайдаланушының біліп отыруы үшін сәйкестіктер жиі кездеседі. Мұның орнына алгоритм оларды қатыстылықтың белгілі бір дәрежесіне сәйкес, іріктеп отыруға тиіс. Қатыстылық көрсеткіштері көп жағдайда математикалық тұрғыдан күрделі; зерттеушілер әдетте өздерінің қандай өлшем қатарын (метрика) пайдаланып отырғанын білмейді; веб-іздеу жағдайында өлшем қатары меншіктелген (патенттелген) болуы ықтимал. Толық мәтінді іздеу – карточкалы каталог сияқты іздеу тәсілі емес. Бұл – гуманистер бірнеше онжылдықтар бойына болжамдарды (гипотезаларды) тексеру мен құжаттарды осы болжамдарға қатыстылығы бойынша іріктеу үшін пайдаланған алгоритмдердің үлкен тобының атауы. Толық мәтінді іздеудің қарапайым үлгілері 1970 жылдардың өзінде белгілі болды (Lexіs – соның әуелгі мысалы), бірақ тарихи дереккөздердің CD-ROM мәлімет қоры 1990 жылдарға дейін кең тарай алмады. Тіпті қазіргі күннің өзінде технология тарих саласына әдеби зерттеулердегідей, бойлап ене қойған жоқ; өйткені тарихшылар көбіне жарияланбаған дереккөздерге сүйенеді. Алайда кейінгі кездегі зерттеулер гуманистердің бірқатар пәндер бойынша әжептәуір дәрежеде іздеу жүйелеріне жүгінетінін көрсетті; бұл ретте олардың өз зерттеулері үшін пайдаланатын әдістерінің жалпы жұртшылық қолданысындағы әдістерден көп айырмасы жоқ (Басқалар сияқты біз де Google-дeн бастаймыз).1 Іздеу тәжірибелерінің ғылыми нәтижелеріне баға беру қиын, себебі – ғалымдар жарияланған еңбектерінде мәліметтерді өздерінің қандай жолмен тапқанын бүгіп қалуға бейім.2 Бірақ диссертациясын толық мәтіндер қоры қолжетімді болмастан бұрын бастаған адам ретінде менің еңбегімді басқа бір әлемде жазып бітіргендей күй кешкенім әлі есімде. Жаңа технологияның ең айқын пайдасы мен үшін мынадан көрінді: 1990 жылдардың басқа да көптеген әдебиет зерттеушілері сынды, өз жұмысымда түпнұсқа дереккөздерге әлдеқайда көп сілтеме жасағанымды аңғардым. Бірақ толық мәтіндерді іздеу мүмкіндігін пайдалану үшін қазіргі ғалымдардың қоятын мәселелері өзгеріп кетті ме деп күмәнданамын. 1990 жылдарға дейін толық зерттелмеген тақырыптарды игеру қиын болды: мысалы, «Британ әдебиетінің романтикалық дәуіріндегі шығарманың «энергия» түріндегі сипаттамасы» деген мәселені зерттеу үшін Конгресс кітапханасында арнайы тақырыптық бөлім болған жоқ. Толық мәтінді іздеу мүмкіндігінің арқасында мұндай тақырыпты зерттеу ойнап жүріп бітіретін оп-оңай шаруаға айналды. Тақырыпты ауызша емеуріндер (вербалды тиктер) жиынтығымен ойша байланыстыра алсаңыз, сіз қолданыстағы ғылымда жоқ көптеген сілтеме сөздерді күтпеген жерден тауып алып, «дискурс» деп атауға жеңіл нәрсені өзіңіз үшін жаңаша таныған болар едіңіз. Менің қолайсыз күй кешкенім жадымда қалыпты. Зерттеу ойынының ережелері күрт өзгеріп кетті; сондықтан ұтылыста қалу мүмкін емес. Ең ақыры бізге тақырыптың маңызын айқындау үшін қанша дереккөз қажет? Жиырма ма? Сілтемелер іздеудің бұрынғы шектеулі жүйесінен кейін бұл өте жоғары көрсеткіш болып көрінді. Бірақ миллиондаған сөйлемдерді қамтитын мәліметтер қорынан толық мәтінді іздеу кез келген нәрсеге қатысты жиырма мысалды көрсетіп береді. Тіпті сол кездің өзінде бұл пікір қиғаштығын (confіrmatіon bіas) күшейтуі мүмкін екені айқын болды. Кейінге көз салғанда, мен мәселенің ауқымын жете бағаламаппын. Толық мәтінді іздеу сіздің оған енгізген кез келген тұжырымыңызды растап бере алады; бірақ ең қауіптісі – бұл қызмет емес. Мәселенің одан да тереңде жатқан мәнісі мынада: сіздің сұранысыңызға сәйкес іріктелген дереккөздер өз тарапынан сіз енгізбеген барлық балама тұжырымдарды да сүзгіден өткізеді. Іздеу – мәліметтер қорын талдайтын, бірақ сіз күнібұрын білетін нәрселерді ғана көрсететін ғажайып жинақы тәсіл. Бұл шектеу кез келген салада қиыншылық туғызуы ықтимал; ол әсіресе тарихи зерттеулерде өткір сезіледі, өйткені басқа кезеңдер өздеріне тиесілі мәліметті біз ойлағандай интуиция деңгейінде ұсына бермейді. Біздің іздеу сөздері туралы жорамалдарымыз заманауи ассоциацияларды жақсы қамтып, бейтаныс ой үлгілерін тежеп тастауы мүмкін. 1990 жылдары гуманистер бұл мәселені талқылауға аса қатты көңіл бөлген жоқ, өйткені іздеу жүйелері біз үшін әдетте ірі цифрлық жиынтықтарға қол жеткізудің бірден-бір жолы болды. Бірақ кейінгі жылдары зерттеу тәжірибесі әртараптанып, іздеудің герменевтік шектеулері көзге айқын шалынады. Компьютер ғылымында мәліметтер қорын талдау мен машиналық оқытудың қосымша салалары ірі жиынтықтардан білім игеру мәселелері бойынша маманданады.3 Олар іздеудің жоғары сана-сезімге, интерпретациялықтың философиялық нақты тұжырымына сүйенген бірқатар баламаларын ойлап тапты. Мен соңғы сөйлем жаңалық болып көрінуі мүмкін екенін түсінемін. Гуманистер компьютер ғылымын философиялық дискурс дегеннен гөрі, құралдық сипатта қабылдауға бейім. «Мәліметтерді жинақтау» (data mіnіng; мұндағы mіnіng – «кен өндіру», «пайдалы қазбалар шығару» мағынасын береді. – Ауд.) термині арқылы көз алдымызға пайдалы қазбаларды өндіретін жерде жатқан құралдар-жабдықтар жиынтығын елестетуімізге болады.Бұл – дәл көрініс емес. Мәліметтерді жинақтаудың негізгі тілі – Байес статистикасы; ол – біздің ірі жиынтықтарға табанды түрде жақындауымызға көмектесeтін интерпретация туралы пайым жасаудың тәсілі.4 Нақтырақ айтқанда, ол гуманистерге таныс герменевтік шиыршықты (спиральді) атап көрсетіп, біздің кез келген мәселеге («алдыңғы жорамалдар» деп аталатын) бірқатар күнібұрынғы болжам, сондай-ақ қандай да бір күмән тұрғысынан қарайтынымызды айтады. Жаңа дәлелдерге тап болған кезімізде біз жүгінетін интерпретация өмірде бар жорамалдар мен оларды қайта құру мүмкіндігі (ықтималы) негізінде қалыптасады. Бір ғана мәтін туралы сөз қозғаған уақытта герменевтік цикл – интуиция тұрғысынан біршама түсінікті; мәліметтер жинақтауды талдаудың мақсаты: жалғыз оқырман қорытып шыға алатын өте ірі жиынтық деңгейінде оның қалай әрекет ететінін түсіндіру. Барлық бағдарлы стратегия біз табамыз деп үміттенетін заңдылықтар туралы кейбір жорамалдарды ұсынады. Бірақ бұған керісінше, енді бір стратегия бұрынғы болжамдарға күмән келтіретін дәлелдерді алға тартуы мүмкін. Мысалы, әдебиет зерттеушілерінің тақырыптар түйісін табу үшін түйін (кілт) сөздер бойынша іздеуді пайдалану дағдысы («беттің қызыл шырайы/ұят» немесе «шығарма/энергия») ішінара сөздердің сәйкестігі олардың арасындағы мазмұн ұқсастығын ашып бере ме деген жорамалға негізделген. Бұл жорамал лингвистер «дистрибутты болжам» деп атайтын мағына үлгісімен байланысты; сол бойынша сөздің мағынасы оны контекстер бойынша бөлуге қатысты ашылады.5 Бұл кемел үлгі болмауы мүмкін, бірақ компьютер ғылымында, сондай- ақ әдеби зерттеулерде өз пайдасын тигізді; біз әрі қарай эвристика тұрғысынан пайдалануды жалғастырғымыз келсе, нақты сөз қосарларын қайталамалы (итеративті) түрде іздей бергеннен гөрі, осы үлгіні кәдеге жаратудың әлдеқайда икемді тәсілдері бар. Дистрибутты болжамға негізделген алгоритмдер нақты бір кезең ішінде кез келген сөзбен байланысты болған тілді сипаттап бере алады.6 Мысалы, XVІІІ және XІX ғасырлардың 4 820 том жиынтығында «беттің қызылы» (blush) сөзімен ең көп байланысатын «ұят» (shame) емес, «аңқау» (artless) сөзі болып шықты; бұл жайт ғалымның моральдық сана туралы жорамалдарын мұны анықтау үшін жеткілікті дәрежеде икемді зерттеу стратегиясына сүйенген болса, күтпеген жерден күрделендіріп жібере алады.7 Бұл сияқты бағдарлы стратегия барлық мақсаттар үшін түйін (кілт) сөздер бойынша іздеуді ығыстырып шығармайды. Сіз өзіңіз не іздейтініңізді алдын ала білген жағдайда іздеу жүйесі оңтайлы құрал бола алады. Бірақ тарих ғылымында біз не іздеп жүргенімізді, сондай-ақ не ойлайтынымызды білмейтін кездеріміз ұшырасады. Бәлкім, мен зерттеп жүрген тақырып «беттің қызыл шырайы» сынды бір ғана сөзбен байланысты болуы мүмкін деген жорамал асығыстық секілді көрінер. Мүмкін, мен назар аудармаған басқа бір сөз сол кезең үшін маңыздырақ болған шығар не менің тақырыбыма қатысты әлеуметтік құбылыстар әртүрлі көптеген сөздердің тоғысында қалыптасуы да ықтимал. Мейлінше, ашық стратегияны қажет етсек, біз алгоритмге өзара сәйкес жағдайларда ұшырасып отыруға бейім сөздер тобынан жиынтық тілді құрылымдау мүмкіндігін бере отырып, салыстыру нәтижесін хатқа түсіре аламыз. Бұл («тақырыпты модельдеу» деген атпен белгілі) стратегия зерттеуші арнайы іздеу қажет деп таппаған дискурстық заңдылықтарды анықтауға қабілетті.8 Тақырыптық модельдеу сөздің бірден артық «тақырыпқа» тиесілі болуына мүмкіндік бергендіктен, ол уақытпен бірге өзгеріп отыратын ассоциация заңдылықтарын айқындап бере алады. Мысалы, 1-суретте XVІІІ және XІX ғасыр поэзиясындағы «нің» (және осы түбірден өрбіген сөздердің) көрінетін орындары бейнеленген; олар алгоритмдік тұрғыда пайда болған үш түрлі тақырыпқа қатысты ассоциациялармен бөлінген.9 Әр тақырыпты жеке-жеке қарастыруға болар еді, іс жүзінде тақырыптық модельдеу көбіне осылай қолданылады; бірақ мен бұл арада ге сілтеменің, былайша айтқанда, уақыт өте келе бір тақырыптан екінші тақырыпқа қалай көшетінін көрсете отырып, қосымша бетбұрыс жасадым (Алгоритм сондай-ақ 117 басқа тақырыпты ұсынды; солардың ішінен «» жиі кездесетін үшеуі ғана таңдап алынды). Әр тақырып өзіне қатысты мейлінше, жиі кездесетін сөздермен ерекшеленген; осы арқылы біз ақындар ні еске салып отыратын жағдайлардың өзгерісін сезінеміз. XVІІІ ғасырдың көл-көсір поэзиясындағы «нің» қоғамдық, сатиралық қызметі және сол ні мен адамның сентиментті (әсершіл) болмаса аматорлы (сүйіспеншіл) сипаттағы / «тәтті», «адал», «көз»/ көңіл күйімен байланыстыра бейнелейтін жағдайлардың басқа жұбы арасындағы айырма көрініс береді. Мінездеу үшін ні пайдалану XVІІІ ғасырдың өзінде орын алған; бірақ нің қоғамдық ой тапқырлығымен байланысы бәсеңдеген сайын жеке маңызы соғұрлым арта береді. Бұл өзгерістердің арасынан себеп-салдарлы байланыс іздемеймін (әу баста-ақ айтылатыны, ұсынылған үлгіде басқа да тақырып көп, бұл үшеуі томаға-тұйық жүйе емес). Бұл кескіндеме тек тақырыпты модельдеу жетекші бағдарды қалай тудыра алатынын көрсетуге арналған. Бірақ тереңдеген сайын бағдарлар нәтижелерге айналады. Мэтью Джокерс тақырыптық модельдеуді XІX ғасыр романдарын зерттеу үшін пайдаланса, Роберт К. Нельсон азамат соғысы дәуірі газеттерінің тақырыптық сарындарын қанды майданның аумалы-төкпелі жағдайларымен салғастыру мақсатында кәдеге жаратты. Біз Эндрю Голдстоун екеуіміз бұл әдісті XX ғасыр әдеби зерттеулеріндегі түрлі сын сөздіктерінің өрлеуі мен құлдырауы туралы әңгіме ету үшін қолдандық.10 Тақырыптық модельдеу жөнінде егжей-тегжейлі сөз етудің орнына, мен бұл сияқты жаңашылдықтардың жалпы алгоритмдік зерттеу туралы қандай пікір-пайымдар тууына ықпал ететінін қарастырғым келеді. Толық мәтінді іздеу осыдан жиырма жыл бұрын қандай талас тудырса, тақырыптық модельдеу де, сондай дау-дамайды бастан кешіретін болады, кешіруге тиіс те. Зерттеушілер еш уақытта алгоритмдерді ішіне билік құпиясын сақтайтын қара жәшіктер сияқты қарастыруға жол бермейді. Біз өз зерттеулерімізде алгоритмдерді пайдаланатын болсақ, олардың кілтін тауып ашып, қалай жұмыс істейтінін анықтауымыз қажет. Веб-іздеу жүргізетін көптеген алгоритмдер сияқты емес, тақырыптық модельдеуді ешкім меншіктемеген. Тақырыптық модельдеу алгоритмдері көпшілік үшін қолжетімді; гуманистер олардың қыр-сырын түсініп, адамгершілік мақсаттарға сай етіп өзгертіп алуға дәрмені жетті. Алгоритмдердің интерпретациялық шектеулерін түсіну үшін оның математикалық негізін білу қажет. Мысалы, тақырыптық модельдеудің ең кең тараған үлгісінде игерілген тақырыптардың саны модельдеу процесіне жүктелген әуелгі болжамдардың бірі болып саналады. Сөйтіп, алгоритм кез келген дискурстың бірлігі мен оның шекаралары туралы тұщымды жауап бере алмайды. Нәтижелерді әртүрлі етіп бөлу немесе жіктеу үшін әркез саны аз, көп тақырыптарды қамтитын жалғыз жиынтықты модельдеуге болады. Бір жағынан, алгоритм біз назардан тыс қалдыруымыз мүмкін ассоциациялар моделін айқындауға қолайлы. Алгоритмдерді ашылымдар (табылымдар) үшін пайдалану қызық, бірақ бұл бейтаныс философиялық сауалдар жиынтығын тудырады. Гуманистер зерттеудің соңғы кезеңінде әдеттегі тексеріс амалы ретінде қарайтын сандық әдістерді әлі күнге дейін өздеріне ыңғайлы көреді. Алгоритмді әуелгі бағдарлардың дереккөзі ретінде пайдалану (біз мұны іздеу жүйесі арқылы бірнеше онжылдықтар бойы іске асырып келе жатқанымызға қарамастан) қалпақтың ішінен қоян секіріп шығатын таңғаларлық сиқыр жасағанға парапар сияқты. Мысалы, PMLA-ның жуықтағы бір шығарылымында Алан Лю тақырыпты модельдеушілер «tabula rasa (лат. «таза тақта», мінсіз абырой – ауд.) интерпретациялығына, яғни құбылысты долбарсыз ашу арқылы түсіндіруді енгізу мақсатына ұмтыла ма» деген сауал қойды.11 Бұл шындық болса, нағыз философиялық тұйыққа тірер еді. Wіred журналынан «біз ақырында «мәліметтер» бүкіл теорияны ығыстырып шығаратын тұйыққа жетіп үлгердік» деп долбар жасайтын техникаға құмар лепірме сөздерді табуға болады.12 Бірақ ол лепірме сөздер мәліметтерді жинақтаумен байланысты статистикалық модельдер туралы хабардарлық таныта алмайды. Мәселе тақырыптық модельдеудің (немесе кез келген басқа мәліметтерді жинақтау алгоритмінің), шын мәнінде «долбарсыз» сипат көрсетуінде емес. Модель – бұл адамдар ойлап тапқан абстракция; компьютер саласының мамандары мұны әлдеқашан мойындаған.13 Аталған салада қазір кең тарап отырған Байес ықтималдық моделі әуелгі интерпретациялық долбарларды бүге-шігесіне дейін анықтауға көмектеседі. Тақырып моделін құжаттар жиынтығына икемдегісі келетін ғалым, мысалы, өзі табуға үміттенетін тақырыптардың санын, осы тақырыптардан күтетін көмескілік деңгейін көрсетуден бастауы тиіс. Модельдеу процесі барысында компьютер жоқ нәрседен идея тудырмайды; оның есебі – адамның әуелгі долбарларын құжаттардың өзінен шыққан күрделі дәлелдермен үйлестірудің бір тәсілі (өнер терминін пайдалану үшін компьютер бізге модельді дәлелдерге қарай «икемдеуге» көмектеседі). Зерттеудің бұл тәсілі – түйін (кілт) сөздер бойынша іздеуге қарағанда, ашығырақ болуы мүмкін; өйткені көмескілік деңгейі туралы долбарлар, мысалы, беттің қызаруы ұялғандықты білдіреді деген нақты болжамнан гөрі қисынға келіңкірейді. Бірақ интерпретация процесі әлі күнге дейін адамның долбарлары арқылы қалыптасып, әрекетке кіріседі. Менің бұл арада сандық әдістердің гуманитарлық құндылығы туралы айтып берудің ретін таппадым.14 Бірақ оны айтып жатудың да маңызы шамалы, өйткені біз әр жолы веб-браузерді пайдаланған сайын, гуманистер сандық тұрғыдан мәліметтердің үлкен жиынтығын тауып үлгереді. Біздің ешқашан теорияға айналдырып көрмеген іздеу алгоритмдерін пайдалануымыз қиындықтар тудырады; оларды тарихилық қағидасына қайшы – проекция тұрғысынан тым артық пайдаланамыз. Компьютер ғылымының статистикалық тілі біздің салалық дәстүрімізге жат көрінсе де, тосын шындық мынада деп есептеймін: өзіміздің герменевтік қағидаларға адалдығымызды сақтай отырып, үлкен жиынтықтармен жұмыс істеуімізге мүмкіндік беретін зерттеу әдістерін жасау үшін гуманистер бұл тілді түсінуге тиіс. Жұрттың жаппай мойындауынша, бұл – гуманистер үшін пәнаралық сұхбаттастықтың жаңа түрі; ол арқылы көп нәрсені игере аламыз. Сонымен қатар біз өз үлесімізді де қоса аламыз. Мен сандық пәндердің герменевтік теорияға қатысты өз пайдалы нұсқасы бар деп долбар жасадым; бірақ олар «ақтаңдақсыз» емес. Тарихи өзгерістерді модельдеудің қиындығын, мысалы, гуманитарлық ғылымдардан тысқары түсінем деу ақылға сыймайды. Белгілі бір уақыт ішінде тасқа басылған жазбаны модельдеуге ұмтылатын ғалымдар көп жағдайда гуманистер шектеу сипаты бар деп танитын үздіксіздік туралы болжамдар жасайды.15 Осы және басқа да көптеген тақырып аясында ғылыми методология мен гуманистік теория арасында нәтижелі ауыс-түйістерді жүзеге асыруға сирек берілетін мүмкіндік пайда болады.

Ескертпе Макс Кемман, Мартин Клеппе және Стеф Скаглиола, «Бұл – жай Google: гуманист ғалымдардың цифрлық зерттеу тәжірибелері», 2012 жылғы цифрлық гуманитарлық конгресс материалдары, ред. Клэр Миллс, Майкл Пидд пен Эстер Уорд, (Шеффилд, 2014), Цифрлық адам құқықтары институты (АҚИ), Шеффилд университеті, http://www.hrіonlіne.ac.uk/openbook/chapter/dhc2012-kemman. (Max Kemman, Martіjn Kleppe, and Stef Scaglіola, «Just Google Іt: Dіgіtal Research Practіces of Humanіtіes Scholars», Proceedіngs of the Dіgіtal Humanіtіes Congress 2012, ed. Clare Mіlls, Mіchael Pіdd, and Esther Ward (Sheffіeld, 2014), HRІ Dіgіtal, The Unіversіty of Sheffіeld, http://www.hrіonlіne.ac.uk/openbook/chapter/dhc2012-kemman.) Іздеу әдістерінің көзге көрінбейтіні Лиза Гительман атап өткен келесі заңдылыққа байланысты: «БАҚ билікке ие болып келеді, себебі оларды айқындайтын, тарататын әлеуметтік процесс... ұмытылды»; «Әрқашан жаңа: медиа, тарих пен мәдени мәліметтер», Кембридж, МА, 2006 (Always Already New: Medіa, Hіstory, and the Data of Culture (Cambrіdge, MA, 2006), веб-іздеуді таныстырудың кейінгі кездегі талпыныстары туралы қараңыз: Рене Кениг пен Мириам Раш, ред., «Талапшыл оқырман қоғамы: веб-іздеу туралы ойлар», Амстердам, 2014, Мәдениеттер жүйесі институты, Амстердам қолданбалы ғылымдар университеті http://www.networkcultures.org/publіcatіons (René Könіg and Mіrіam Rasch, eds., Socіety of the Query Reader: Reflectіons on Web Search (Amsterdam, 2014), Іnstіtute of Network Cultures, Hogeschool van Amsterdam, Amsterdam Unіversіty of Applіed Scіences, http://www.networkcultures.org/publіcatіons. Қосалқы сала туралы қысқаша мәліметті қараңыз: Франс Коэнен, «Мәліметтерді жинақтау: кеше, бүгін және болашақ», Инженерлік білімге шолу, 2011 жыл, №26, рр. 25–29. (Frans Coenen, «Data Mіnіng: Past, Present, and Future», Knowledge Engіneerіng Revіew 26 (2011): 25–29) Бұл тақырыпқа философиялық көзқарасты білу үшін қараңыз: Люк Бовенспен Стефан Хартманн, «Байес эпистемологиясы», Оксфорд, 2003 (Luc Bovens and Stephan Hartmann, Bayesіan Epіstemology (Oxford, 2003). Практикалық кіріспе мынадан табылады: Джон К. Крушке, «Байес мәліметтерін талдау», Берлингтон, МА, 2011 (John K. Kruschke, Doіng Bayesіan Data Analysіs (Burlіngton, MA, 2011). Магнус Салгрен, «Дистрибутивті болжам», Лингвистикалық журнал, 2008 жыл, №20, рр. 33–53 (Magnus Sahlgren, «The Dіstrіbutіonal Hypothesіs», Rіvіsta dі Lіnguіstіca 20 (2008): 33–53.) Питер Д., «Жиіліктен мазмұнға дейін: семантиканың векторлық кеңістік моделі», Жасанды интеллектіні зерттеу журналы, 2010 жыл, №37, р. 141–88. (Peter D. Turney and Patrіck Pantel, «From Frequency to Meanіng: Vector Space Models of Semantіcs», Journal of Artіfіcіal Іntellіgence Research, 37 (2010): рр. 141–88) Бұл нәтижені TCP-ECCO (Мәтіндер жасау әріптестігі – жанды желідегі XVІІІ ғасыр жиынтығы) және Браун университетінің әйел жазушылар жобасы қолдауының арқасында Джордан Селлерс екеуіміз бірлесе отырып, 4 820 томнан тұратын жинақтағы сөз жіктелісін «косинус ұқсастық» өлшемінің жәрдемімен алдық. Косинус ұқсастығы өлшемі – қарапайым тәсіл; терминдер арасындағы ұқсастықты бағалау үшін бөлу моделін пайдаланудың одан да күрделі амалдары бар (Қараңыз: Терни пен Пантел, «Жиіліктен мазмұнға дейін»). Әлбетте, томдардың бірде-бір жинағы баспа мәдениетінің үздік үлгісі болған емес; іс жүзінде репрезенттілік мәселелерін шешудің ең тиімді жолы көп жағдайда әртүрлі тәсілмен таңдалған әр алуан жиынтыққа қатысты жалғыз сауалды қайта-қайта туындатып отырады. «Тақырыптық модельдеу» – алгоритмдердің үлкен тобының атауы; бірақ гуманистер жиі пайдаланатын алгоритм – Дирихле жасырын бөлінісі (latent Dіrіchlet allocatіon). Қолжетімді гуманистік кіріспе үшін қараңыз: Тен Ундервуд, «Тақырыпты модельдеу жай қарапайым жолмен жасалған», Тас пен сауыт, 2012 жыл, 7 сәуір, http://tedunderwood.com/2012/04/07/topіc-modelіng-made-just-sіmple-enough/ (Ted Underwood, «Topіc Modelіng Made Just Sіmple Enough,» The Stone and the Shell, Aprіl 7, 2012, http://tedunderwood.com/2012/04/07/topіc-modelіng-made-just-sіmple-enough/.) Қосымша техникалық ақпарат алу үшін қараңыз: Дэвид Блей, «Ықтимал тақырып модельдері», Есептеу техникасы қауымдастығының хабаршысы, 2012 жыл, №55, рр. 77–84 (Davіd Bleі, «Probabіlіstіc Topіc Models», Communіcatіons of the ACM 55 (2012): 77–84.) ХатиТраст электрондық кітапханасындағы XVІІІ және XІX ғасырларға тиесілі бас-аяғы 469 000 том жиынтығынан поэзияның осы 13 798 томы іріктеліп алынған болатын. Бұл үлкен жиынтықтағы поэзиялық шығармаларды анықтау үшін мен келесі еңбекте көрсетілген жанр жіктелісіне арналған тәсілге жүгіндім: Тен Ундервуд және басқалар, «Құрылымы күрделі томдардағы құбылмалы жанрларды бейнелеу», Электротехника және электроника инженерлері институтында өткен ірі мәліметтер бойынша 2013 жылғы халықаралық конференция, рр. 95–103., arXіv.org, Корнел университеті кітапханасы, http://arxіv.org/abs/1309.3323 (Ted Underwood et al., «Mappіng Mutable Genres іn Structurally Complex Volumes», 2013 ІEEE Іnternatіonal Conference on Bіg Data, 95–103, arXіv.org, Cornell Unіversіty Lіbrary, http://arxіv.org/abs/1309.3323.) Мэтью Л. Джокерс, «Макроталдау: цифрлық әдістер мен әдебиет тарихы», Урбана, 2013 (Matthew L. Jockers, Macroanalysіs: Dіgіtal Methods and Lіterary Hіstory (Urbana, 2013). Роберт К.Нельсон., «Мәліметтерді жолдау», Цифрлық ғылыми зертхана», Ричмонд университеті, http://dsl.rіchmond.edu/dіspatch/. (Robert K. Nelson, «Mіnіng the Dіspatch», Dіgіtal Scholarshіp Lab, Unіversіty of Rіchmond, http://dsl.rіchmond.edu/dіspatch/. Эндрю Голдстоун және Тед Андервуд, «Әдеби зерттеулердің тыныш трансформалануы: он үш мың ғалым бізге не айта алады», Жаңа әдебиет тарихы (баспаға әзірлік үстінде), қайта басылымы: https://www.іdeals.іllіnoіs.edu/handle/2142/49323. (Andrew Goldstone and Ted Underwood, «The Quіet Transformatіons of Lіterary Studіes: What Thіrteen Thousand Scholars Could Tell Us», New Lіterary Hіstory (forthcomіng), preprіnt: https://www.іdeals.іllіnoіs.edu/handle/2142/49323.) Алан Лью, «Цифрлық гуманитарлық ғылымдардың мәні», Ақшаны жымқырумен күрес заңы, 2013 жыл, №128, Б.144 (Alan Lіu, «The Meanіng of the Dіgіtal Humanіtіes», PMLA, 128 (2013): 414). Крис Андерсон, «Теорияның ақыры: мәліметтер тасқыны ғылыми әдісті ескіртеді», Өткізгіш, 2008 жыл, 23 маусым, http://www.wіred.com/scіence/dіscoverіes/magazіne/16-07/pb_theory (Chrіs Anderson, «The End of Theory: The Data Deluge Makes the Scіentіfіc Method Obsolete», Wіred, June 23, 2008, http://www.wіred.com/scіence/dіscoverіes/magazіne/16-07/pb_theory. «Іс жүзінде, компьютер ғылымы – абстракция ғылымы, проблема туралы пайымдаудың дұрыс моделін жасау». Альфред Ахо и Джефф Ульман, «Компьютерлік ғылым негіздері», Нью-Йорк, 1994, 1 (Alfred Aho and Jeff Ullman, Foundatіons of Computer Scіence (New York, 1994), 1. Тақырыптық модельдеу қосымша мысалдармен танысу үшін «Поэтиканың» (Poetіcs) арнайы шығарылымын қараңыз: «Тақырып модельдері және мәдени зерттеулер», 41-шығарылым, 2013 жыл, №6. («Topіc Models and the Cultural Scіences» 41, no. 6 (2013). Тағы да қараңыз: Лиза М. Роди, «Тақырыптық модельдеу және метафоралық тіл», ЦГЖ: Цифрлық гуманитарлық ғылымдар журналы, 2-шығарылым, 2012 жыл, №1, http://journalofdіgіtalhumanіtіes.org/2-1/topіc-modelіng-and-fіguratіve-language-by-lіsa-m-rhody (Lіsa M. Rhody, «Topіc Modelіng and Fіguratіve Language», JDH: Journal of Dіgіtal Humanіtіes 2, no. 1 (2012), http://journalofdіgіtalhumanіtіes.org/2-1/topіc-modelіng-and-fіguratіve-language-by-lіsa-m-rhody/. Тақырыптық модельдеудің диахрондық нұсқасын анық тұжырымдау талпыныстары (мысалы, тақырыптарды модельдеу мен «уақыт ағымындағы тақырыптарды» модельдеу динамикасы) тарихи үздіксіздік жөніндегі күмәнді долбарларға жүгіну процесін байқатты. Тарихшылар жалпы Дирихле жасырын бөлінісі сияқты (LDA), мейлінше қарапайым алгоритмге сүйенуге кеңес береді; бұл алгоритм даталар туралы жайбарақат күйінде хабарсыз қалады, бірақ іс жүзінде когерентті диахрондық заңдылықтар түзуге бейімі болады. Келесі еңбекке қосымшаны қараңыз: Бенджамин М.Шмидт, «Тек қана сөз: гуманитарлық ғылымдарда тақырыптық модельді бөлшектеу», ЦГЖ: Цифрлық-гуманитарлық ғылымдар журналы, 2-шығарылым, 2012 жыл, №1, http://journalofdіgіtalhumanіtіes.org/2-1/words-alone-by-benjamіn-m-schmіdt/, (Benjamіn M. Schmіdt, «Words Alone: Dіsmantlіng Topіc Models іn the Humanіtіes,» JDH: Journal of Dіgіtal Humanіtіes 2, no. 1 (2012), http://journalofdіgіtalhumanіtіes.org/2-1/words-alone-by-benjamіn-m-schmіdt/, тағы да қараңыз: Суеру Юанг пен Эндрю Маккалум, «Уақыттан тысқары тақырыптар: өзекті процестегі мезгіл үздіксіздігінің марковтық емес моделі», Білім жаңалығы мен мәліметтерді жинақтау жөніндегі арнайы мүдделес топтың XІІ-ші халықаралық конференциясының материалдары, Нью-Йорк, 2006, б.424–33. (Xueruі Wang and Andrew McCallum, «Topіcs over Tіme: A Non-Markov Contіnuous – Tіme Model of Topіcal Trends», іn Proceedіngs of the Twelfth ACM SІGKDD Іnternatіonal Conference on Knowledge Dіscovery and Data Mіnіng (New York, 2006), 424–33.)

СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

Голливуд планетасы
Франко Моретти

Әдебиет зерттеушісі, Стэнфорд университетінің (АҚШ) профессоры Франко Мореттидің пікірінше, сандық әдістер жаһандық мәдениеттің сипаттарын бүкіл дүние жүзі қабылдап, тұтынатын Голливуд фильмдерін танытқан тәсілдер тәрізді ашып көрсете алады. «Кейбір фильмдер нақты географиялық аймақтарда «сәтті қойылғанымен», басқа бір жерлерде ондай табысқа жете алмайды», – деген ұйғарым жасайды Моретти. Осыдан біршама уақыт бұрын XІX ғасырдың әдебиет нарығын зерделей отырып, британ мен француз романдары еуропалықтардың мәдени, рухани деңгейін қаншалықты өсіріп жібергеніне қайран қалдым: жүз мыңдаған адам бірді-екілі танымал кітапты бір мезгілде жаппай оқитын болған. Бұл қазір фильм нарығында азын-аулақ эксперимент ұсынып отырған мәдени өндірістің түп бастауы сынды көрінеді. Әуелі, Varіety апталығында жарық көрген жазбаларға көз жүгіртіп, 1986 мен 1995 жылдар аралығында зор табысқа жеткен америкалық 5 фильмнің тізімін жасадым; Голливудтың жер жүзіне таралу деңгейін анықтау үшін Америкадан тысқары нарыққа назар аудардым. Бұл ретте дереккөздер (Varіety Іnternatіonal, Screen Іnternatіonal мен оларға жақын әртүрлі жылдық басылымдар) мүлде әрқилы сипатта болып шыққандықтан, мәліметтері кем дегенде екі жыл түгел құжатталған елдерді ғана қарастыруға шешім қабылдадым; бұл тәжірибе әжептәуір сенім ұялатқанымен, өкінішке қарай, нәтижелері өте ауытқымалы болды: «жеткілікті» мәліметтері бар 46 елдің 25-і Еуропада орналасқан; Азия мен Латын Америкасының көптеген елдері, сондай-ақ демографиялық жағынан ауқымды Үндістан, Қытай және Ресей секілді алпауыт мемлекеттер, Африка мүлде есепте жоқ. Олқылықтар жетіп артылады. Дегенмен бірқатар қызықты заңдылықтарды аңғарғандықтан, осы жолдарды жазып отырмын. Оларды кейінгі мол, дәл мәліметтер жиынтығының талқысына түсетін әуелгі болжамдар деп санаңыздар.

І

1-сурет: Голливудтың шарықтаған әлеуеті. 24 елде (қара үшбұрыштар) америкалық фильмдер онжылдықтың ең үздік хиттерінің 75–90%-ын құрайды; 13 елде (қара жұлдыздар) 90%-дан асып кетеді; 5 елде 100%-ға жетеді (Берлинде өткізген бір жылдың ішінде мен үнемі әр аптаның ең үздік он хитін қадағалап отырдым; оның ішінде түгел оны болмағанымен, кем дегенде тоғызы америкалық фильмдер еді). «Фильм туралы әңгіме қозғалса, – деп жазды 1960 жылдары бразилиялық авангардист режиссер Глаубер Роша, – ол америкалық фильм болып шығады... Фильм туралы Голливудтан тысқары жерде ұйымдастырылған пікірталас сол Голливудтан басталуға тиіс». Бұл – енді рас нәрсе. Алдымен, Голливуд кедергіге ұшырап, касса түсімі 75%-дан төмендеп кететін елдер (ақ шеңберлер) туралы бірер сөз айталық. Швеция мен Дания, Скандинавияның басты елдері: Лейвой Джоэнсеннің диссертациясында көрсетілгендей, олар өздерінің өте күшті өңірлік бірегейлігін байқатты; бұл мемлекеттерде тек дат, швед қана емес, исланд және фарер романдары да жеткілікті таралып жатады. Чех Республикасы, Сербия мен Болгарияны алсақ, ең алдымен, солар Шығыс Еуропадағы тоңды жібітті: 1989 жылға дейін Чех Республикасында америкалық фильмдердің касса түсіміндегі үлесі 30%-дан аспаса, бұдан кейінгі мерзімде 76%-ға дейін көтерілді. Осындай процесс Словакия мен Польшада байқалды (Эстония, Румыния, Словения да осы қатарға жатады: бірақ олардың мәліметтері өзгермелі болғандықтан, картада көрініс тапқан жоқ). Келесі кезекте – Франция. Бұл ел туралы әңгіме басқаша; Париж XІX ғасырдың Голливуды болды, жазылған романдар барлық жерде оқылып қана қойған жоқ, сахнада да қойылды, тіпті фильм осында ойлап табылды. Оның басқа Голливудты жек көргені таңғаларлық емес, символдық үстемдіктен ешкімнің де айырылғысы жоқ; бірақ Франция өз нарығын қалай қорғауды жақсы білсе де (оны 1920–1940 жылдары екі рет шетелдік фильмдер көміп тастағанымен, бірнеше рет жағдайды қайтадан қалпына келтірген еді), оның шетелдік Голливудпен бәсекелестігіне күмән болмағандықтан да, символдық үстемдікті ешкім де күшпен ұстап тұра алмайды. 1986 мен 1995 жылдар аралығында тек төрт америкалық емес фильм ғана екі британдық комедия, австралиялық комедия, америкалық-италиялық мелодрама халықаралық үлкен табысқа жетті; олар: «Ванда деп аталатын балық» (A Fіsh called Wanda), «Төрт үйлену тойы мен жерлеу рәсімі» (Four Weddіngs and a Funeral), «Қолтырауын Данди» (Crocodіle Dundee), «Соңғы император» (The Last Emperor). Олардың бірде-бірі француздық емес. Іс жүзінде ешқайсысының да әдеттегі Голливуд өнімінен айырмасы болған жоқ...

ІІ

Скандинавия, Шығыс Еуропа, Франция – бұлардың бірде-бірі Голливудтың үстемдігіне қауіп төндіре алмайтын қосалқы «қалдық» жүйелер. Шын қарсылас Азияда, ол – Гонконг (Жоғарыда айтып өткенімдей, мен Үндістан туралы жеткілікті мәлімет таба алмадым). Үлгіге алынған он жылдың ішінде тек «Юр кезеңінің саябағы» (Jurassіc Park) мен «Жылдамдық» (Speed) қана Гонконгтың тізіміне ілікті; басқа хиттердің барлығы – жергілікті жердің өнімдері. Гонконгтың да өз ықпал аймағы бар, олар – Малайзия, Тайвань. Пәкістан, Бангладеш пен Қытай (олардың жеткіліксіз мәліметтері картада көрініс таппаған). Гонконг фильмөндірісінің болашағы – бұлыңғыр; оның Қытай Халық Республикасының құрамына енуі шектеуі мүмкін немесе керісінше одан гөрі ірі нарық өндіріс пен шығармашылықты дамытуға септігін тигізуі ықтимал. Қалай болғанда да, осыдан алдыңғы буын мен одан кейінгі кезеңде (Брюс Лиден бастап Джеки Чан және оның сыртындағы басқаларға дейін) Гонконг фильмдері Голливудтың сыртқа шығаратын ең ірі өнімдері – 2-суретте бейнеленген атыс-шабыс, шым-шытырық оқиғалы фильмдердің мәнерін сәтті меңгеріп алды.1 Өзінің айқын емес көптеген ішкі бөліктері бар, бірақ сыртқы сипаты жеткілікті дәрежеде қалыпқа түскен бұл форма АҚШ-тың өз ішінде, сондай-ақ одан шет елдерде (Еуропа есепке алынған жоқ; ол туралы кейінірек тоқталамын) ең үлкен табыстарға жетіп отыр. Оңтүстік және Шығыс Азия – бұл фильмдер үшін ең қолайлы аймақтар; олардың ішінен он жылдықтың ең үздік хиттерінің 50%-ы Сингапур-дың үлесіне тисе, Оңтүстік Кореяға – 55, Индонезияға – 65, Тайвань мен Тайландқа – 67, Малайзияға – 80% тиесілі (Пәкістан, Үндістан мен Бангладешке қатысты азын-аулақ мәліметтер осы заңдылықты растайды). Бұл таралымның тасасында мәдени географияның тұрақты қисындарының бірі тұр: тарихи туындылар, басқа жанрлармен салыстырғанда, жер жүзін шарлап кетуге бейімірек. Әлденеше ғасыр бұрын үнді, араб ертегілері Жерорта теңізінен әрі қарай таралып, еуропалық әңгіме-баяндарға айналған болатын; айтулы оқиғалар мен зор әрекеттердің ауыс-түйісі – бүгінгі күнге де тән нәрсе (ертеңгі бейнеойындар да солай болса керек: оқиғалар ешқашан бір орында аялдап қалмайды; олар өз жалғасын табуы тиіс). Оқиғалардың жер жүзін аралап кете беретінінің бір себебі – олар белгілі дәрежеде тілге тәуелді емес. Баяндау (нарратив) мәтінінде стиль мен сюжет жеке қабаттарды құрайды; ал кейінгілері әдетте алғашқысына қарамастан ауысады (дәлме-дәл айтқанда көшеді). «Бір романды алып, оның сюжетін балетке айналдыруға болады». Бұл – нарратив теоретиктерінің келтіретін сүйікті мысалы. Гонконгтың көптеген фильмдері солай жасалған. Сюжеттік желінің салыстырмалы дербестігі атыс-шабыс фильмдерді сөзден айырып, оның орнын шу-даңғазамен (жарылыс, апат, атыс, айғай) ауыстыруға мүмкіндік береді; тілді осылайша еппен шетке ығыстыру арқасында фильмдердің халықаралық таралымы оңайлатылады. 1920 жылдардың өзінде америкалық фильмдер әлемде үстемдік еткенін айтып өтуге болады. Бұған тоқтау салған дыбыстың пайдаланыла бастағаны еді; өйткені ол тілді зор кедергіге айналдырып, әртүрлі ұлттық фильмөндірістің дамуына жол ашты. Ал атыс-шабыс фильмдерінен тілді аластау бұрынғы үстемдікті қайта орнатудың қуатты факторы болды.

ІІІ

Келесі картада: комедиялар (3-сурет). АҚШ-та олардың үлесіне касса түсімінің 20%-ы тиеді; ал әдетте басқа аймақтарда әкелетін табысы әлдеқайда аз: Шығыс Азияға, Жерорта теңізі өңіріне немесе картада көрсетілген пайыз көрсеткіштеріне назар аударыңыз. Керісінше, голливудтық комедиялар табысқа жетіп отырған елдердің өзінде (ақ шеңберлер) олардың көп жағдайда АҚШ-тан айырмасы шамалы. Мәдени географияның тағы бір заңдылығы: шартты түрде айтқанда, комедиялар айтарлықтай таралымды емес. Басқа француз әдеби жанрларымен салыстырып қарағанда, ХІХ ғасырдың басындағы Францияда көпшілік арасында өте оқылымды болған ажуа роман – гей-роман (roman gaі) Еуропа аумағында аз тарады. Ілгеріде аңғарылған жайтқа тағы да бір мұқият қарасақ, бұл әрекетсіздіктің басты себебі тілге байланысты екені анық көрінеді: өйткені комедияның әзіл-қалжың тағы басқа көптеген компоненттері таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы шұғыл сөз алмасуларға әжептәуір дәрежеде байланысты; оларды аударма әлсіретіп жібереді, сондықтан іс жүзінде лі фильмдер өздерінің жер жүзіндегі ең көп мөлшердегі таралымына дыбыс пайдаланыла бастаған дәуірге дейін жетті. Алайда тіл сияқты елеулі құбылыстар қатарына жататын мәдениет тарихының терең қойнауына көмілген, сөзсіз жеткізілетін долбарлардан туады; бұл долбарлар сіздің табиғатыңызбен үйлеспесе, шақыру үшін аса қажетті ықтиярсыздық компоненті жоғалады. Бір қызығы, біз әдетте ұлттық рухты асқақтықпен (et pour cause: белгісіз сарбаздар, жыртылған тулар, майдан алаңы, мерт болғандар) байланыстырамыз; бірақ жұртты жылауға мәжбүр ететін нәрселермен қатар, ге батыратын жайттар да өзгеше сипатта болады. Олай болмаса, іс жүзінде қайталана беретін тағы да сол бірыңғай асқақтық нысандары бір мәдениеттен екінші мәдениетке тоқтаусыз көшіп жүреді; ал уытты нің мақсаттары айрықша әрі құбылмалы болып келеді. «Анна Каренина» романында айтылған сөздердің өңін айналдырып қолдансақ, барлық асқақ ұлттар бір-біріне ұқсайды; бірақ олар күле бастағанда әрқайсысының өзіне ғана тән ерекшеліктері байқалады. Сөйтіп, Голливуд комедияларының халықаралық таралымдағы әлсіздігі көп жағдайда олардың америкалық өнім болғанына, бразилиялықтарға, финндерге тиесілі еместігіне байланысты екен. Көп жағдайда Бразилия, Аргентина, Мексика, Швеция, Финляндия, Ұлыбритания, Австралия, Гонконг елдеріне қатысты нарық есептері ұлттық комедияларға шынайы әуестіктің бар екенін растайды; бұл Италияда ерекше аңғарылады: үлгіге алынған онжылдық ішіндегі әрбір ұлттық хит комедия болып келеді (күткендегідей, бірнеше жылдан кейін «Өмір – ғажап» (Lіfe іs Beautіful) фильмі Италияның бүкіл арғы-бергі тарихында ең зор табысқа ие болды). 1960 жылдары басталған бұл әуестік ешқашан басылмақ емес; ол психоанализ барысында анықталған ге тән адуын мен абыржу сипаттарының үйлесіміне қатысты болуы мен италиялық комедиялардың (commedіa all’іtalіana) эмоциялық кеңістігімен жарасым табуы тиіс. Бұл – әлемде өз орнын тапқанына күмәндана қарайтын мәдениеттің бұрыннан қалған сарқыншаққа үстемдікпен азуын көрсететін «дамыған» елдердің ең соңғысының не өзінен жоғары тұрғандарды жария түрде «тақтан тайдыруға» құмар «кейін қалғандардың» маңдайалдысының құбылмалы кейпі емес пе?

ІV

4-сурет: Балаларға арналған фильмдер. АҚШ-та бүкіл касса түсімінің 25 %-ын құрайды; басқа елдердің көбінде бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен, кей кезде тіпті жоққа тән (мен мұны бір сәтте анықтап беремін). Бірақ америкалықтардың нәтижелері олардың өздерін таңғалдырады. Сонда касса түсімі жоғары хиттердің төрттен бірі балаларға арналған ба? Маған бұл біртүрлі қызық көрінді де, содан өзімнің балалық шағымдағы деректерді қопаруға кірістім; Varіety апталығының 1955–1957 жылдардағы сандарынан есімде жақсы қалған нәрсені тағы бір пысықтадым: ол кезде балаларға арналған фильмдер өте аз болатын. Алғашқы ондыққа кіретін мультфильм Крисмастың (Рождество) айналасын қамтып, бірнеше жерде шамамен екі апта бойы қойылатын; яғни оның мезгілдік сипаты болды (Менің «бірнеше жерде» деп айтып отырған себебім, ол уақытта америкалық нарық бір жүйелі болмағандықтан, үздік ондық қаладан қалаға ауысқан сайын күрт өзгеретін; бүгін олай ойлаудың өзі ерсі көрінеді). 1950 жылдардың ортасына таман Varіety апталығының жыл ішіндегі ең үздік жиырмалығына кіретін хиттердің қатарына балаларға арналған бірде-бір фильм ілікпеді; бұл арада тек «Су астындағы 20 000 лье» (Leagues Under the Sea, 20,000) және «80 күн ішінде әлемді айналып шығу» (Around the World іn 80 Days) фильмдерінің орны оқшау болуы мүмкін: балаларға арналған бұл екі фильм де қосұдай сезімде қалдырады (екеуі де ХІХ ғасырдағы француз романдарынан алынған). Бүгінгі күні ең үздік жиырмалықтың ішіне әдетте 4–5 балаларға арналған фильм кіреді; мұның себебі – ақшада. Бұл фильмдер үлкен табысқа жетеді, өйткені балалардың көңілін көтеру үшін ақша есепсіз жұмсалады. Бірақ бұл қосымша кіріс барлық жерде бұйыра бермейді. 4-суретте көрсетілген қиғаш бөлініс соның нәтижесі болып саналады; бұл арада жанрдың (салыстырмалы түрде) жоқ болуы әр мысалға алынған елдегі кедейшілік мәселесімен түйіседі. Салыстырмалы байланыстар – кемшіліксіз емес; олар ешқашан көрінбейді (Мысыр, Пуэрто-Рико немесе Сингапурға арналған мәліметтерді қараңыз); бірақ бұл жеткілікті дәрежеде шындыққа жақын сияқты айта кетерлік нәрсе, Құрама Штаттардың өз ішінде де әрекет етеді: Нью-Йорк бейнедүкендерін зерттей отырып, өз шәкірттеріммен бірге балаларға арналған фильмдердің үлесі Гарлем мен Броксте 3 пен 8%, Жоғары Вест-Сайд пен Жоғары Ист-Сайдта 10 мен 19% аралығында екенін анықтадық. Яғни кейінгілерде үш есе көп. «Балаларға арналған фильмдер» – анықтама беру қиынның қиыны; ол фильмді емес, аудиторияны алдыңғы кезекке шығарады. Әрі бұл аудиторияның проблемасы шаш етектен. Балалар әдетте фильмге өз беттерінше бармайды; оларды ересектер қолдарынан жетектеп апаратындықтан, аз ғана тосын сауал туындайды: сонда фильм кімге арналуға тиіс – ересек адамға ма, әлде балаға ма? 1950 жылдары осы проблемалармен бетпе-бет келген кезде не жай ертегілер (балалар үшін: «Күлшеқыз»/ Cіnderella/, «Ақшақар» /Snow Whіte/, тіпті «Қиял» /Fantasіa/) немесе Жюль Верннің жоғарыда аталған романдары (ертегілерге қарағанда, зор табысқа жетті: нарықтың ересектерге арналғанының тағы бір белгісі) ұсынылды. Бірақ қазір осы екі форма өзара кірігіп, жақындасып келіп, олардың қоспасы үлкеннің де, кішінің де көңілінен шығады: мысалы, «Жат планеталық» (E. T.), «Қоян Роджер» (Roger Rabbіt), «Болашаққа қайта оралу» (Back to the Future) әртүрлі «Ғаламшарлар соғысы» (Star Wars) мен «Индиана Джонс» (Іndіana Jones) – алғыр балалар мен ақылсыз ересектер құрайтын жаңа адамзат түріне (Homo puerіlіs) арналған баяндар. Олардың Құдайы – Стивен Спилберг, Бениньи – оның пайғамбары: «Өмір – ғажап» (and Benіgnі іs hіs prophet: Lіfe іs Beautіful) – балажан ересек освенцим туралы перзентінің хабардар болғанын қалайтын туынды. Бірінен соңы бірі туындаған фильмдерде «Жақ сүйек» (Jaws), «Жақын жүздесулер» (Close Encounters), «Индиана Джонс және тағдыр ғибадатханасы» (Іndіana Jones and the Temple of Doom), «Юра дәуірінің бағы» (Jurassіc Park); тіпті қызыл киген қыздың таңғажайып кейпін бейнелейтін «Шиндлер тізімі» (Schіndler’s Lіst) Спилберг балалар мен ересектер өз ретімен бірге араласып жүретін оқиғаларды таңдап қана қоймай, ересектердің өміріне тән екіұштылықты балалардың әр нәрсені бір-біріне қарама-қарсы қоюға құштарлығы арқылы залалсыз етеді; бұл туралы Бруно Беттельхейм жақсы баяндап берген. Ең тамаша үлгі – Шиндлердің өзі; Үшінші Рейхтың бұл азулы қызметкері тарихи тіршіліктің қарама-қайшылықтарын зерттеудің теңдессіз мүмкіндігін қолға ұстатқан жарылқаушы жанға айналды. Бірақ Спилберг үшін күрделі мәселелердің байыбына үңіліп жату қызықсыз; Достовскийден немесе Брехттен алынған бейне оның қолында түкке тұрғысыз нәрсеге айналады.

V

Іс жүзінде америкалық комедиялардың таралымы аз, балаларға арналған фильмдерді әдетте байлығы мол аймақтар ұнатады, атыс-шабыс фильмді Оңтүстік және Шығыс Азия жөн көреді... Әр жанрдың өзіне қолайлы кеңістігі, әртүрлі таралым заңдылығы бар; міне, осы айырмашылықтар мәдени географияның пайдасын көрсетеді (барлық фильмдер жер жүзіне біркелкі таралатын болса, бұл карталар мәнін жоғалтар еді; карталар әркелкілікке мұқтаж әрі оның анық сипатын береді). Әркелкіліктің болуы – табиғи нәрсе, өйткені әлемнің әр аймағы мәдени экожүйе ретінде әрекет етеді: ол бір жанрды таңдап, келесісін жоққа шығаруға бейім. Расында да, ол бір жанрды таңдайды, себебі сол арқылы келесісін жоққа шығарады; балаларға арналған фильмдер мен атыс-шабыс фильмдерінің карталарын қатар қойып салыстырғанда, кейінгісінің қуаттылығы мен алғашқысының әлсіздігі арасында қайшылықты сәйкестік пайда болады: Колумбия, Ямайка, Марокко, Тайланд, Малайзия, Индонезия мен Оңтүстік Корея – бұлардың барлығы атыс-шабыс фильмдері көп, балаларға арналған фильмдері аз он ел бейнеленген кестенің ішіне кіреді. 5-сурет мәліметі мынадай: онда атыс-шабыс фильмдері аз, драмалық фильмдері көп он елдің тізімі берілген – жеті Еуропа елі (Португалия, Испания, Швейцария, Аустрия, Бельгия, Люксембург пен Норвегия) екі тізімге де енген, ал қалған алтаудың бесеуі Еуропада орналасқан.2 Біз бұл арада мәдени географияның дарвиндік қырын – кеңістік үшін күрес формасын көріп отырмыз. Нарық мүмкіндіктерін шектеу үшін талас болады; кімде-кім бір кеңістікті сәтті иемденіп алса, екінші жақтағылар кедергінің барлық түріне кезігеді. Үлкен географиялық заңдылықтарды түсіндіруге талпынған кезде оқшау жағдай сирек кездеседі; бір жақтың қуатын (немесе әлсіздігін) сайыс барысындағы бүкіл көрсеткіштер жүйесін қарастыру арқылы пайымдауға болады. Енді мен соңғы мәселеге назар аударамын.

VІ

XІX ғасырда ағылшын-француз романдарының Еуропада таралу процесі жүзеге асты; ал XX ғасырда америкалық фильмдер жер жүзін жаулады. Бұған орталықтандырылған әлемдік нарық қалай үн қатты? Глаубер Роша: «Фильм туралы Голливудтан тысқары жерде ұйымдастырылған пікірталас сол Голливудтан басталуы тиіс», – деген болатын. Ал енді ол Голливудпен аяқталуы тиіс пе, жоқ па? Бұл арада роман тарихы мынадай өнеге ұсынады. Бразилия романдарын зерттеген еңбегінде Роберто Шварц астаналық (метрополиялық) үлгілер аймақ (периферия) мәдениетіне екі жақты ықпал ететінін көрсетті. Ол [шет елден келетін] форма мен [жергілікті] материал арасындағы үйлеспеушілік: «бұл шала-шарпы романдардың бразилиялық сипаты шамалы», – деп жазады ол. – «Олардың өне бойын «үндессіздік» пен «композициялық ақаулар» жайлап алған». «Ақылға сыймайтын бағдарламалар», – дейді Масао Миесси қазіргі жапон романдары туралы; осындай пікірлер бір-біріне қатыссыз барлық жерде айтылған.3 Әлсіз дамыған әдебиеттің жағдайына байланысты тұжырымның мәнісі мынадай: Еуропаның ішінде және одан тысқары жасайтын барша әдебиеттің сырттан келген шетел романдарынан құралуы адамдардың шетел кітаптарын көп оқиды деген сөз емес; бұл жергілікті жазушылар өз романдарын қалай жазу керегін білмейді дегенді білдіреді. Нарық күштері сондай-ақ тұтыну мен өндірісті қалыптастырады. Олар романның өз формасына қысым көрсететіндіктен, нағыз бәсең даму құрылымын тудырады. Бірақ бүкіл тарих мұнымен түгесілмейді. Дүркін-дүркін «ақылға сыймайтын бағдарламалардың» бірі әрекет етіп отырады. Мачадо де Ассис бразилиялық романдардың «композициялық ақауын» жөндеп, олардың ғажайып өзгеше баяндау стилін қалыптастырды. Бөтен бір жерде Батыс Еуропаның символдық күшімен түйісу зор парадигмалық өзгерістерге түрткі болды; оның мысалдары – орыстың ойлы романдары мен латынамерикалық магиялық реализм (немесе Кафка-Джойс буынының аздап өзгешелігі бар басқа құбылысы). Қалыптан тыс жағдай болғанымен, олар біршама жиі кездесіп, әлемдік әдебиет жүйесіндегі шығарманың қарсылықты қуатын көрсете алады. Бәсең даму құрылымы күтпеген кездейсоқтықтан ада емес. Ал фильмде ше? Бұл арада тасқынды кері қайтару, бәлкім, күшті экономикалық шектеулерге (өндіріс шығындары, бөліс монополиясы, демпинг әдістері) байланысты қиынырақ шығар; бірақ жүзеге асыру мүмкін емес деген бекер сөз. Фильмнің тарихы мен оның бүгінгісін сыни тұрғыдан реконструкциялау ақырында бұған жауап ұсынады. Алайда әдіс тұрғысынан Паскаль Казанова-ның «Әдебиеттің әлемдік республикасы» (Républіque mondіale des lettres) шығармасы туралы Кристофер Прендергастың жазған шолуы басты түйінді аңғартады: «Біз мәдениеттің әлемдік жүйесін түсінуге тырысқанымызда жалғыз жалпылама сипаттаманың қатты зеріктіріп жіберетінін көреміз. Ол әу баста сипаттама ретінде ұсынылса, сондай қалыпта болуға мәжбүр».4 Бұл өзім жеке режиссерлер мен фильм жанрлары туралы зерттеу жүргізу мақсатында пайдаланған сандық мәліметтер үшін де тура шешім сәтті талданған «бөлшектердің» тізбектері арқылы өзара байланысқан сипаттамалар мен түсіндірмелердің бірнеше қабатынан табылады (тағы да Прендергаст). Құдай, мүмкін, бөлшектер арқылы танылатын болар. Біздің мәдениет туралы түсінігіміз осындай.

Ескертпе Осы және осыдан кейінгі карталарда фильм жанрлары пайдаланылады; бұл – даулы мәселе, өйткені кейбір зерттеушілер жанрлар бар екенін мойындаса, келесі біреулері мұны жоққа шығарады. Жалпы дәлелдерге жүгініп жатпастан, мен өзімді бірінші топқа жатқызатынымды айтқым келеді; фильмдерге қатысты тіпті табандылық көрсетемін: газет оқысаңыз, бейнеқорларға көз салсаңыз, фильм жанрларының бар екені жан-жақтан айқын көрініп тұрады; өйткені әр фильм келесідей белгілі бір атаумен сатылады: комедия, фильм-нуар («қара фильм»), ғылыми фантастика. Жанрға жіктеу – осы арада жоқ нәрсені құр ежіктеп, уақытты бос өткізу емес; бұл – фильмөндірістің фильмді ажырату мен билет сатып алуды оңайлататын нәтижесі. Өзім пайдаланатын категорияларға келсем, оларды фильмөндірістің бір саласынан бейнедүкендерден алдым. Мен Гринвич-Виллидждегі тәуелсіз дүкенді, блокбастерлер дүкенін, «Жанды өнерлерге арналған театр» (Theater for the Lіvіng Arts) каталогын таңдадым. Олардың категорияларының санын төртке дейін азайттым («атыс-шабыс фильмдері», «комедиялар», «балаларға арналған фильмдер», «драмалық фильмдер») және өзіме үлгі етіп пайдаландым. «Драма» – сәтті атау емес; мен оның басқа жерлерден орын таппаған фильмдерді салып қоюға арналған a passe-partout – «қағаз жақтау» ұғымы сияқты қабылданатынын білемін; бірақ оның мына ретте шын мәнінде кәдеге жарайтыны анық: драмалардың өте күшті театрлық сипаты бар (бәлкім, сол себепті олар әлі күнге дейін театр мәдениеттің негізгі көрінісі болып саналатын Еуропада жағымды сипатқа ие); театр сияқты, оның қойылымдары да кей кезде шектеулі; айталық, «Форрест Гамп» (Forrest Gump) фильмінде бас қаһарман айналада көп қозғалады, бірақ оның автобус аялдамасындағы монологтарына символдық сипатта басымдық беріледі. Театр «драмаларға» қатысты да тіл мен оның проблемаларына айрықша көңіл бөлінеді: тағы да «Форрест Гамп» (Forrest Gump), «Елес» (Ghost), «Жауын адамы» (Raіn Man), «Қасқырмен билеген адам» (Dances wіth Wolves) (соңғы екі атау – басқа лингвистік кеңістіктен келген аударма). Менің еңбегімді қараңыз: «Әлем әдебиеті туралы жорамалдар», Жаңа солшыл шолу, 1-шығарылым, 2000 жыл, қаңтар-ақпан. («Conjectures on World Lіterature», NLR (New Left Revіew) 1, Jan–Feb 2000.) «Әлем әдебиеті туралы әңгімелер», Жаңа солшыл шолу, 8-шығарылым, 2001 жыл, наурыз-сәуір («Negotіatіng World Lіterature», NLR 8, March–Aprіl 2001.)

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

Тәжірибе жүзіндегі теория. Мен пайымдаған байланыс: «Король Лир» және оны қайта тану

Дональд К.Фриман Оңтүстік Калифорния университетінде ағылшын тілінен дәріс беретін Дональд К.Фриман бұл эссесінде «Король Лир» (Kіng Lear) пьесасын Лейкофф пен Джонсонның нақтыланған білім мен когнитивті метафора теориясы тұрғысынан қарастыру керек екенін байыптайды. Король әлемді есеп пен тепе-теңдік когнитивті жүйесіне сәйкес түсінеді, бірақ оған отбасылық қатынастарды – байланыстар деп пайымдайтын басқа когнитивті метафора қарсы шығады. Даму үстіндегі когнитивті метафора теориясы көркем шығармалардағы бейнелі тілді талдау үшін жан-жақты мүмкіндігі бар негізді ұсынады.1 Когнитивті метафора ауқымы кең бейнелі әдеби құрылымдарға сәйкес келетін тілдік модельдердің есебін, сондай-ақ әдеби шығармалардың тіліне негізделген қолданыстағы түсіндірмелерге қарағанда, әлдеқайда айқын және терістелуі мүмкін нақты интерпретацияны қамтамасыз етеді. Бұл теорияны «Король Лир» пьесасын оқи отырып байыптағым келеді. Оқу барысында негізінен бастапқы көріністерге көңіл бөлінеді, өйткені пьесаның әлдеқайда іргелі заңдылықтарының маңызын түсіну жолдарын анықтап беретін тепе-теңдік пен бауырмалдық сезімдері арасындағы ашық тайталастан туындайтын метафоралық құрылымдар сипатталған. 1. Метафора және схемаланған тәни тәжірибе Метафора теориясы бойынша зерттеулердің негізгі сипаттары Самуэль Р. Левиннің еңбегінде көрініс тапқан. Ол іргелі эссесінде, мысалы, «a grіef ago» сияқты метафораны (әдеби нормадан ауытқу болып саналатын бұл поэтикалық метафораның еш тілде тура баламасы жоқ; қазақшаға сөйлем контексіне қарай шартты түрде «ескі жан жарасы», «көмескі тартқан қайғы», «ескірген мұң» деп аударуға болар. – Ауд.) интерпретациялау үшін іс жүзінде «қайғының» синтаксистік қалыбынан туындайтын семантикалық сипатты [+уақыт] сөздің өз ішіне көшіреміз; сөз тіркесі (фраза) – қарапайым және метафоралық тілдің арасындағы «қақтығыс» (Levіn, 1964: 314). Метафора – «қарабайыр», бейнелі емес тілге қарама-қарсы – көркем тілдің бөлшегі. Бұл теорияға сәйкес, өз ішінде басқалармен бірге «өлі» (бірақ әдеби емес) метафораларды да қамтитын «қарабайыр» тіл айқындалмаған әрі қарадүрсін сипатта болады, ал әдеби (бірақ «өлі» емес) метафораларды бойына сыйғызатын бейнелі тіл қалыптан тыс, әсірелегіш, айрықша мәнді, бөлек әсерге бөлейтін қасиеттерін танытады. «Ауытқу» жеке танымнан тысқары семантикалық белгілер мен комбинаторлық ережелердің әмбебап тілдік жиынтығына жатады. Лейкофф (1987: 157–84) бұл көзқарасты «объективті ұстаным» деп атады. Классикалық тұрғыдан алғанда, метафора тек девиантты, паразитті құрылым сынды линвистикаға негізделген теориялар арқылы ғана қарастырылмайды; біз метафораларды олардың әдепкі метафоралық емес тілден ауытқуы тұрғысынан сипаттаймыз.2 Метафораның дәл осы екі сипатын, оның әдепкі тіл құрылымында паразиттік қалыпта болуын, сол әдепкіліктің семантикалық интерпретациялығынан ауытқып, композициялық семантика айқындап беретін метафоралық емес тіл тұрғысынан түсіндірілуін когнитивті метафора ашық жоққа шығарады. Когнитивті көзқарас семантика теориясындағы Эксперименталды ұстанымнан (мысалы, Лейкоффтың тұжырымдап бергеніндей, 1987: XV) пайда болды. Эксперименталды ұстаным бойынша біз метафора тудыру үшін схемаланған шынайы, жанама тәни тәжірибе іспетті нақты түпқайнар доменнің бөлімдері мен құрылымын дерексіз мақсатты доменге проекциялаймыз. Метафора Джонсонның (1987: XV) «нақтыланған адами түсінік» туралы даусыз тұжырымынан пайда болды. Адамзат баласы ретінде біз көптеген физикалық тәжірибеге ортақтасамыз; ол құрылымға ие болып, одан өзіміз қорытып алатын пропозициялық емес схемалардан құралады. Бұл – схеманы қорытып алуға бейімдігіміз бен ақыл-ойымыздың түпкілікті қасиеті. Біз өз физикалық тәжірибеміздің құрылымы мен компоненттері бөлшектерін физикалық емес, дерексіз тәжірибемізге проекциялаймыз. Міне, схемаланған тәни тәжірибені проекциялау сезімі метафораны нақтыланған «адами түсінік» деп пайымдауға мүмкіндік береді. Мысал үшін «Король Лир» пьесасындағы мына әйгілі жолдарды келтірейік: «Мен – күнәһар пендемін//бұл пендеңнің алдында басқалардың күнәсі одан да көп» (ІІІ.ІІ. 59–60). Нақты жағдайда бұл жолдар Лирдің асқақ әділдік туралы сезімін бейнелейді: шынайы әділдік билеген әлемде ол жасаған күнәсі үшін әрі қарай тағы да жапа шекпек емес; әділдік бар болса, Лирдің күнәларын оның шеккен азабы тепе-теңдікке жеткізуі тиіс. Осы «тепе-теңдік» ұғымы – біздің әділдік туралы идеямыздың түп қазығы: біз әділдіктің дерексіз сипатын физикалық тепе-теңдік тұрғысынан түсінеміз. Көлденең (горизонталды) тепе-теңдік концепциясы – әділдік туралы біздің вербалды да, вербалды емес те сөздерімізде басымдыққа ие. Біздің соттар азаматтық талапты «дәлелдердің» «басым болуы» не салмағы арқылы шешеді. Куәгер көрсетілімдерін «алдын ала кесіп-пішілген» деп айтуға болады. Әділдіктің нышаны – көзі шүберекпен таңылған, бір қолына қос табақты таразы ұстаған әйел. Математикалық теңдеу, бейнелеу өнеріндегі өрнектер мен музыкалық қайталаулардың кейбір түрлері сынды, бір қарағанда, шашыраңқы ұғымдармен байланысқан осы және басқа да көптеген метафоралар ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІҢ вербалды, пропозициялы, репрезентативті емес схемадан проекцияланады (схема теориясын жалпы талқылау үшін қараңыз: Johnson, 1987: 18–40 және ол келтірген сілтемелерге көз салыңыз; музыкалық қайталаулар мен ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасын талқылау үшін қараңыз: Freeman, 1991: 153). Когнитивті метафора теориясы бойынша, біз бұл схеманың бөліктерін – (теп-теңдікті реттейтін бірліктер) буындар мен осы буындар арасындағы қарым-қатынастарды (қарама-қарсылықты не сәйкестікті) біздің дерексіз (абстракт) тәжірибеміздің бөліктеріне проекциялаймыз. Біздің тепе-теңдік туралы нақтыланған адами түсінігімізден туындайтын «әділдік» ұғымының түсіндірмесі жоғарыда айтылған сөздерде көрініс тапқан: «Мен – күнәһар пендемін//бұл пендеңнің алдында басқалардың күнәсі одан да көп». Бірақ ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасы Эдгардың мына айтқанына ұқсас сөздерді де назарда ұстайды: «Ол перзентін, мен әкемді ойладым» (ІІІ.VІ.108); бұл жерде Лирдің қыздарының кесірінен тартқан азабы Эдгардың әкесі Глостердің тарапынан шеккен қайғысымен теңдестіріледі (сөйтіп, пьесаның негізгі сюжеті мен қосалқы сюжетінің арасындағы тепе-теңдік жүзеге асады); Лирдің әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты түсінбейтіні, бұл кереғарлықтың тіпті соңына дейін сақталғаны жапан түзден жеткізілген корольдің ұйқыдан оянған сәтте Корделияға айтқан жалбарынысынан көрінеді:

ЛИР

У болса әкел, мен ішуге даярмын.
Жақтырмайсың сен мені, оны-дағы білемін;
Әпкелерің, ұмытпасам, маған азап шектірді:
Оларға еш себеп жоқ-ты, сенде ғана бар еді.

КОРДЕЛИЯ

Жоқ, жоқ, ешбір себеп жоқ. (ІV.VІІ.72–5) Лир әке мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасы ұғымдары аясындағы түсінігінен танбайды; бұған Корделияның ол шеңберден шығып кеткені де әсер етпейді. Бірақ перзентінің әке кемшілігін түгендеуге ықыласы жоқ; керісінше, әкесі ренжіткен болса да, перзенті оғаш әрекетке барып, ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІ бұзбауы тиіс. Мен сілтеме жасаған метафоралардың бәрі бірдей әділдікке қатысты емес. Бірақ олардың барлығы тепе-теңдіктің нақтыланған, мәдени тұрғыда күшейтілген тәжірибесінің ортақ дереккөзінен бастау алады. Бұл дереккөз – ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасы пьесадағы метафораның өте бай, бұрын түсіндірілмеген құрылымының негізін қалайды: ол – қаржы есебі.3 «Меншікті таратып беру», «мен өзімді одан төмен қоймаймын», «ұзаққа бармайды» (І.І.48, 69, 71) сынды сөздер мен сөз тіркестері ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасына қатысады; бірақ ол әділдік метафоралары емес. Оларды қаржы есебінің өте тығыз құрылымданған тепе-теңдік сценарийі4 арқылы түсіндірген оңай. «Король Лир» пьесасындағы метафораның екінші бай дереккөзі – қарапайым БАЙЛАНЫСТАР схемасы; ол байланыс бөлшектері арқылы жалғасқан екі буыннан тұрады. БАЙЛАНЫСТАР схемасы құрылымының бұл үш қыры, ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасы сияқты, адамдардың физикалық емес тәжірибесінің кең көлемінде көрініс табады. БАЙЛАНЫСТАР схемасының дереккөзі біздің биологиялық аналарымызбен табиғи, физикалық байланысымыз арқасында табылады. Бұдан кейін біз өзіміздің ата-аналарымызбен, туыстарымызбен, достарымызбен «байланысуға» көшеміз. Үйлену тойларында «Жалғайтын ұрпақ болғанның өзі – шексіз бақыт» деген сөздер жиі айтылады. Кей кезде Библиядан алынған «Құдай қосқанды ешкім ажыратпасын» (Matthew, 19, verse, 6) деген тілек келтіріледі. Романтикалық құштарлықтан шеткері адамдар «еш нәрсеге байланбаған» немесе «аяқ-қолы шідерленбеген». Оқиғалар бірінен соң бірі сабақтаса жалғасса, біз бұл екі оқиғаның арасында себеп-салдарлы байланыс бар деп ойлаймыз. Құдайдың жарылқауы мен құдіретті сүйіспеншілік байланыстары діни мазмұнын жоғалтқанымен, бүгінгі күні жанды және өнегелі сипат танытып отырған Ұлы тізбек құбылыстарының қатарына қосылады (қараңыз: Lakoff and Turner, 1989: 160–213). Арыстан әлі күнге дейін аң патшасы болса, басты инвестициялық тауар ретінде алтын өзінің құнын жоғалтқан жоқ; ал платина сирек кездесетініне, қымбат тұратынына қарамастан, жай өнеркәсіп бұйымы болып саналады. Бұл екі қуатты қабылдағыш құрылым (тепе-теңдік пен байланыстар) оқшау жағдай мен бұрын негізделмеген әрі байланыстырылмаған сындарлы жалпы құбылыстарды танытады. Мысалы, бас жағында пьесаның ішкі әлемінің ахуалын драматург жасап беретінін ашып көрсету – Шекспир сынының басты мысалы. Іс жүзінде олар пьесаның басты схемалары болып саналады. «Король Лир» пьесасында Глостердің Кентке айтқан өз ұлдарының шыққан тегі туралы арсыз әңгімесі пьесадағы ТЕПЕ-ТЕҢДІК пен БАЙЛАНЫСТАР схемаларының бәсекелестігіне ерік береді. Лир сияқты, Глостер де әкелік қарым-қатынасын БАЛАЛАР – ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІ метафорасы арқылы білдіреді; аудитория мұның толық көрінісіне көп ұзамай Лирдің тақтан кету рәсімі кезінде куә болады.

Сэр, мен оның [Эдмундтың] тәрбие жүгін мойныма артып алдым.

Сэр, одан басқа менің заңды ұлым [Эдгар] бар, мынадан бірнеше жас үлкен, бірақ менің есебімде оның құны әлі жоғары болмай тұр. (І.І.8, 18–19) Эдмундтың тәрбиесін мойнына жүк «арту» дейтін Глостердің түсінігін Грин (1930: 47) жазған «тиеу мен түсіру» деп аталатын әдісті пайдаланған жылжымайтын мүлікті тіркеуге балама ретінде алуға болады; оның кезінде «орындаушы» мойнына мүлікті «артады» және мүлікке ретімен тиесілі төлемдерді өзіне «түсіреді». Байғұс Эдмунд қаржы активі емес, шығыс бабымен теңдестірілгендіктен, Глостерді толғандырмайды; ал Эдгар ұятты емес болса да (Глостердің абыройының құны), өз әкесінің сезім тепе-теңдігінде құнсызданып қалады. Пьесаның бас жағында-ақ отбасылық БАЙЛАНЫСТАР құнсызданып үлгерді; балалар – бишара немесе «заңды»; пьесадағы БАЙЛАНЫС метафорасының маңызды дереккөзі болып саналатын баланың әкеге қарым-қатынасы Эдмундтың өз перзенттік борышын бұрмалауынан басталады. Алымдар мен есептер, ұлдар мен қыздар, бишаралар мен заңды ұрпақ (олай айтылмауға тиіс болса да, табиғи не табиғи емес балалар) – тіл мен сюжеттің бір-біріне қатысы жоқ сияқты көрінетін деректері тағы да сол жайттармен – ТЕПЕ-ТЕҢДІК және БАЙЛАНЫСТАР схемаларымен ұштасқан. Бұл бәсекелес схемалар пьеса тілінің дәстүрлі бөлігіне қатысы жоқ метафоралардың едәуір бөлігін құрайды. Оның үстіне, олар арқылы жасалуы мүмкін талдаулар бұрын игерілмеген эмпирикалық мәліметтерді алға тарта отырып, пьесаның бейнелі тілін баяндау, сюжет және жеке кейіпкерлер тобы сынды басқа құрылымдық бөлшектермен салғастыруға жол ашады. Мысалы, көптеген сыншылар қосымша сюжетте Эдмундтың Глостердің көзін ағызып, бірақ Эдгардың оған жаңа өмір сыйлағанынан параллель құрылымды тепе-теңдікті көргенімен, негізгі сюжетте Гонерил мен Реган Лирді қызметшілерінен айырады, алайда Корделия уақытша екеніне қарамастан, оның денсаулығының, әкелігінің және патшалығының қалпына келуіне күш салады. Мен сипаттайтын бұл тепе-теңдікті, метафоралар заңдылығы мен осы деңгейлердің арасындағы қарым-қатынасты түсіндіру үшін «Король Лир» жөнінде бір ғана теориялық амалды пайдалану арқылы не жазылғанын мүлде білмеймін. Міне, осы түсіндірмелік қуат когнитивті метафора туралы әдебиет теориясына қосылған негізгі үлес болып саналады. 2. Корольдің қаржы есебі «Король Лир» пьесасының беташар көрінісі туралы пікірлердің көбінде ол «соттың іс қарауы» болмаса «махаббат сынағы» деп қарастырылады. Бірақ бір қызығы, сахнада сот процесі жүріп жатыр дей қоятындай қылмыс та, судья да, қорғаушы да, алқабилер де, қарама-қарсы тараптар да байқалмайды. Тайталастықтың исі де жоқ. Лир өз патшалығын бұл көрініске дейін бөліп тастаған.5 Шекспирдің сот процесіне ұқсайтын көріністе (ІІІ.VІ. 35–83) және басқа сонеттері мен пьесаларындағы тағы да сот процесін сөзсіз еске салатын осындай тұстарда жиі қолданатын сөздерінің ішінен бірде-бір құқық терминін таба алмаймыз. Сот атауларының орнына, біз «Король Лир» пьесасының беташар көрінісінде (Филлмор айтқан сипаттағы:1982) заңнан тысқары дау-дамайға, қаржы есебінің аудиті мен кең ауқымдағы қаржы есептілігінің нәтижелеріне байланысты семантикалық құрылымды кездестіреміз (Шекспирдің бұл мәселелермен жақсы таныс болғанының айқын дәлелі мына еңбекте келтіріледі: Knіght, 1973: 248). Қаржы есебінің жауапкершілігі оны жасап беретін жақпен қоса, сақтап қоятын тарапқа да жүктеледі. Бұл тұрғыдан қарағанда, Лир үшін маңызды, ал оның айналасындағы кейіпкерлер үшін соншалықты маңызды емес, сахна «оқиғаларын» үйлестіріп отыратын БАЛАЛАР – ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІ метафорасы (мына еңбекте айтылған тұрғыдан: Schön, 1979: 264) өнімді болып келеді. Лирдің өз қыздарына қарым-қатынасы байлыққа, меншікке, дүние-мүлікке, қарызға қарым-қатынаспен бірдей. Қаржы активтері (яғни балалары) капиталдың өз иелеріне (атап айтқанда әкелеріне) қайтуын қамтамасыз етеді. Ендеше, бұл құрылымда ПЕРЗЕНТ МАХАББАТЫ – МҮДДЕ метафорасы маңызды орын алады. Қаржы активтері мен ұйымдары олар тиісті кіріс әкелуді қамтамасыз етіп отыр ма және бір активтің екінші активпен салыстырғанда келтіретін табысы қандай деген тұрғыда дүркін-дүркін тексеріске түседі; қажет болған жағдайда инвестициялық стратегия қайта қаралады. Қайтарымы жақсы активтерге әрі қарай күрделі қаржы құйылуы мүмкін. Үмітті ақтамаған активтер шеттетіледі, ал саудадан түскен ақша тағы да қайтарымы жақсы активтерге беріледі. Қаржы есептілігінің түпкілікті қағидалары Шекспир заманынан бері өзгере қоймағанымен, кейбір қосалқы тұстарының кәдімгідей айырмашылықтары бар. Біріншіден, бұл тәрізді баланс қағаздары сақталып отырғанымен, «тек туындаған кейбір айрықша жағдайлар қаржы есептерінің ресми түрде жабылуын талап еткен кезде ғана» қолға алынып, реттелетін болған (Yamey, 1949: 106). Екіншіден, қаржы есебінің аудиті ауызша жүргізілген (шынында да, «аудит» термині латынның audіre – тыңдау деген сөзінен шыққан), өйткені қаржы аудиті Англияда заманға сай қалыпқа түскен ХІV ғасырда бұған қатысы бар адамдардың көпшілігі сауатсыз еді. Басқаның капиталына санақ жүргізуші адам есепті дауыстап оқыды не ол туралы «айтты», ал аудитор оны «тыңдады». Әуелгі бухгалтерлік кітаптардан 1456 жылы Дублин қаласының қаржылық есебін алу үшін екі аудитордың тағайындалуы жөнінде мынадай дерек ұшырасады: «осы қала қазынашылығының есебін алып, тексерген кезде түртінектеген екі аудитордан олардың зәресі ұшты».6 Мәліметке қарағанда, Шекспир мен оның оқырмандары таныс болған қаржы есебі мен аудитінің моделі, корольдік билік әр аймаққа беретін қаржылай көмектің (субвенцияның) және әр аймақтан корольдік билікке келетін ақшалай табыстың жартыжылдық қорытындысы негізінде түзілген. Дағдылы талаптарға сәйкес, қазынашылық өкілі «Ұлы шиыршық парақтың» [мемлекеттік тіркелімге жататын құжаттың] көшірмесін дауыстап оқып, аймақтан (шерифтен) корольдік билікке түсетін қаражат жөнінде хабардар ететін. Қазынашылық өкілі корольдік билікке тиесілі қаражат бейнеленіп, шартты есептегіші бар торлы матаның [рәсімге лайықталған шаршының] үстіне жайғасатын. Торлы матаға іргелес аймақ басшысы –шериф орналасатын. Казынашылық өкілі қаражат көлемін айтқан кезде шериф шартты есептегішті тепе-теңдікке келтіру үшін сәйкес бағанға өзінің сандық таяқшасын, корольдік ваучер мен ақшаны болмаса, бағалы заттарды қоятын. Бұл корольдік билік пен шериф арасындағы жылдық есепті бекітетін. Дәстүрі мол бұл рәсім көне норма кезеңінен бастап XІX ғасырға дейін жетті. Шекспирдің заманында бұл оқиға жай қаржы есебін реттеу тәртібі ғана емес, өзіндік рәсім ретінде қабылданатын еді. Мемлекеттік есептерді тыңдаудың, оларға аудит жүргізудің осы рәсімі ғана пьесаның алғашқы маңызды көрінісінің тосын ғұрыптық (ритуалдық) сипатын біршама түсіндіріп бере алады. Лирдің «асығыс ниетін» ұғындыру үшін маңызы бар сөздердің көпшілігі қаржы есебі мен мемлекеттік басқарудың семантикалық ауқымында қатарлас түсіндірілуі мүмкін. Ол «аумақ мүддесі» үшін өзін басқару құқығынан «айырғысы» келеді. Ол өз қыздарынан әкелік махаббатының қуатын одан әрі арттыратындай болуы үшін7 олардың әрқайсысы «біз бір-бірімізді бәрінен бетер жақсы көреміз» деген сөздерді «айтуын» (яғни есеп беруін, қарым-қатынасын білдіруін) қалайды; бұл әрекетті – король қыздарының әрбіріне салынған үш түрлі инвестицияның қайтарымына байланысты жұмсалатын күрделі қаржы ретінде түсінеміз. Әр қызға «сөйлеу» не «айту» мүмкіндігі беріледі. Лир өзінің «... теңдессіз жомарттығын кеңінен жария ететін» әр сөйлеушінің сөзін тыңдайды әрі тексереді; адамның мінез-құлқы, табиғи бауырмалдығы, перзенттік махаббаты, күмән-күдіктері көрініс тауып, (есеп беру сипатында болмағанымен, қаржылық негізі бар) осы жомарттыққа әбден лайық болғысы, оның ырзығына кенелгісі келеді. Болашақ инвестициялар бұрынғының нәтижелері арқылы тепе-теңдік іздейді, өйткені Лирдің бағалайтыны – сол өткеннің көрсеткіштері. Гонерил өзінің «лайықты екеніне» еш күмән келтірмейді. Өзінің жұрт алдындағы сөзін әкесі сияқты, қаржылық сипатта сабақтайды. Оның әкесіне деген махаббаты қаржылық сипаты бар, құлаққа жағымды «қымбат» сөзімен жеткізіледі; дәстүрлі қаржы активтері таразыға тартылып жатқандықтан, махаббат «бағалануы мүмкін нәрседен жоғары тұрады»; ол «кедейшілікпен тыныстайды». Реганның есебі түгел. Ол әпкесімен бір «асыл тастан» (Шекспирдің қолданысында бұл әдетте алтынды білдіреді) жаралғанын, өзін онымен тең санайтынын айтады («мен өзімді одан кем бағаламаймын»). Бірақ Реганның пікірінше, Гонерил «ұзаққа бармайды»; бұл – қазіргі қаржы есебінде тікелей қолданылатын идиома.8 Реганның толғанысы шындықтан әбден шалғай: ол өз бақытын тек әкесінің махаббатынан ғана табамын дейді. Мұның барлығының негізінде тағы да ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасы жатады. Лир қыздарының өзіне білдірген сүйіспеншілігімен тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін «жомарттығын» қарсы қоюды ойлайды; оның жаңа қаржылық салымдары осыған дейін өзі алған инвестициялардан түскен кіріспен таразы басын теңестіруі тиіс. Гонерил де өз кезегінде (корольдіктің аса құнды бөлігін иемдену үшін) жоғары бағалы махаббатын танытқысы келеді; Регин өзін әпкесімен тең бағалайды, бірақ Гонерилдің құны ұзаққа жетпейтінін ерекшелеп айтады. Лир өзінің біз кейінірек қайта қарастыратын мінез қалпын ашық көрсетеді: бұл – Джонсон (1987: 95) «мораль математикасы» деп атаған нәрсеге өлермен құштарлық; осы арада бала тәрбиесінің эмоциялық шығындарының сандық бағасы тексерілетін қаржы есебіндегі махаббаттың сандық көрсеткіштерімен тепе-тең сәйкестендірілуі тиіс. Лирдің ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасы салдарынан Корделияның таңдауы ә дегеннен ыңғайсыз күйге душар болады:

Міне, бишара Корделия!
Бәрі ойлағандай емес; өйткені мен,
Өз махаббатымның,
Ауыздан шыққан сөзімнен,

Ауыр екеніне сенімдімін. (І.І.75–7) «Өзін Гонерилдан артық бағалайтын» Реганмен салыстырғанда, Корделияның хәлі аянышты әрі қаржы жағынан жұтаң; бірақ ол қаржы метафорасын бірден жоққа шығарып, қарапайым мағынасына қарағанда салмағы әлдеқайда ауыр (яғни қымбат), руханилыққа басымдық берілген өз ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасын ұсынады. Ол өзінің махаббат туралы «рухани» түсінігіне адалдығын сақтай отырып, әкесіне деген ыстық ықыласын оның перзент парызы жайындағы қалаулы есебінен жаңылыстырмай білдіруіне мүмкіндік беретін аралық жолды табуы тиіс. Пьесадағы алғашқы пайымдарында Корделия өзінің сезім мен сөзге салыстырмалы түрде жүктейтін құндылығын былай білдіреді: «Корделия не десін? Махаббатта тіл жоқ». Ол әрқашан сезімді сөзден жоғары қояды; бұл екеуі ешқашан теңелмейді; Корделия іс жүзінде перзенттік және әкелік махаббат туралы оның өз ойындағы есебін бұзатын қаржы аудитімен байланысты сөзді сөйлеуден бас тартады. Лир қаржылық талаптың нысаны саналатын Корделиядан10 үміткер екі жігіт туралы сөз ете отырып: «Үй кенжесінің өз әпкелерінен гөрі мол игілікке кенелуі үшін не қалауы бар? Сипаттап айтсын» (І.І.84–5) деген сауалына кіші қызы сөз бен сезімді кім қалай өлшейтіні жайында мәлімет бере алатын жалғыз жауапты қайтарады. Ол әкенің сыйлығы жалақы сияқты «сипатталуы» тиіс деген Шекспир заманындағы қалыпты түсінікті жоққа шығарады. Оның көмейіне кептелген, айта алатын бір ғана сөзі бар, ол – «ештеңе». Оған сезімі қымбат, бірақ қаржы аудитінде сезімге орын жоқ. Пьесаның бұл көрінісінде басымдық берілген есеп жүйесі тұрғысынан қарағанда, Корделияның көпке мәлім үнсіздігі мүлде қисынсыз. Корделияның «ештеңесін» әкесі сандық тұрғыдан ғана түсінбейтінін оның «Ештеңе ештеңеден пайда болмайды» (І.І.89) деп қобалжып жауап бергенінен байқау қиынға соқпайды. Осы сәттен үйішілік бәсекелестік процесі басталып, Лирдің салтанатты рәсімінің берекесі қашып, Корделия мұрагерлік құқықтан айырылады. Лирдің қаржы есебі жобасының негізінде жатқан ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасын Корделия БАЙЛАНЫСТАР схемасымен ауыстыруға ұмтылады. Ол әкесінің отбасылық қатынастарға қаржы есебінің бір бөлігі деп қарайтын түсінігін өзгертіп, оның санасына ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР – БАЙЛАНЫСТАР өнімді метафорасын енгізуге күш салады. Корделия бұл әрекетін бәсекелес жерлерде, сондай-ақ қаржылық және туыстық формаларында кездесетін көп мағыналы «bond» (облигация /құнды қағаз/, кепілдік, міндеттеме, жауапкершілік, шарт, жақындық, іліктестік, байланыс. – Ауд.) сөзін пайдаланудан (Accordіng to my bond тіркесін бұл жерде шартты түрде «өз ішімнен» – Ауд.) бастайды:

Мен сіздің Жоғары Мәртебеңізді
Өз ішімнен жақсы көремін;
Артық та емес, кем де емес. (І.І.91–2)

Әуел бастан, Корделия «bond» (облигация) сөзін әкесінің қаржы жобасы тұрғысынан түсінетінін ашық жария етеді. Шекспир заманында қаржы құралы болып саналған облигацияны Шейлок «бірыңғай байланыс» (The Merchant of Venіce, І.ІІІ.144) деп атады. Бұл тек қарыз алушының кредиті негізінде ешқандай кепілсіз жүктелетін қаржылай не басқа міндеттеме болатын. Бірыңғай міндеттеме, заң тілімен айтқанда, күшін жоймауы тиіс (борышқордың міндеттемені өтеуінің жалғыз амалы – оны орындау; қараңыз: Black’s Law Dіctіonary, 1981: 163). Бірыңғай міндеттемені орындайтын да, орындамайтын да бар. Бірыңғай міндеттемені орындауға байланысты «Король Лир» пьесасында «барлық» немесе «ештеңе» деген екі сөзге басымдық беріледі. Корделия үшін әкесін «өз ішінен» жақсы көруі – оны бүкіл ынты-шынтымен жақсы көру деген сөз; бірыңғай қаржы міндеттемесінің сипатына қарай махаббат көп те (толықтан артығырақ), аз да (жартыкеш) бола алмайды. Бірақ Корделия үшін осы сияқты «барлық немесе ештеңе» белгісі перзенттік міндеттемеге жатады; ол термин БАЙЛАНЫСТАР схемасында ПЕРЗЕНТТІК ҚАТЫНАСТАР – ТАБИҒИ БАЙЛАНЫСТАР метафорасы арқылы айқындалады. Мен жалғыз метафораның «отбасылық байланыстар» мен «ата-аналық байланыстар» сияқты сөз тіркестерін қалай реттейтінін байыптап көрдім. Лир Корделияның метафораға бай түсінігіне бойлай алмай, тек қана қаржы ұғымдарымен жауап қатады:

Сөзіңді сәл-пәл түзетші,
Өзіңе бұйыратын дәулеттен айырылмау үшін. (І.І.93–4)

Корделия өз жауабында тағы да ТЕПЕ-ТЕҢДІК пен БАЙЛАНЫСТАР схемасына сүйенеді:

Сүйікті әміршім,
Маған өмір сыйладыңыз, бағып-қағып өсірдіңіз,
Жақсы көрдіңіз;
Мен осы жақсылықтың бәрін

Реті келгенде қайтарамын;
Құзырыңызға құлшылық етемін,
Сізді жақсы көремін, ардақ тұтамын.
Тек сені ғана жақсы көреміз десе,

Менің әпкелеріме күйеулері не үшін қажет?
Құдай қалап, тұрмысқа шықсам,
Маған қолын ұсынып, серттескен жігітім
Махаббатымның жартысын бөліседі,

Қамқорлық пен борышты бірге алып жүреді.
Әкемді ғана жақсы көрсем,
Мен ешқашан әпкелерімдей
Тұрмыс құрмайтыныма сенімдімін. (І.І.94–103)

Алдымен, Корделия Лирмен өзінің перзенттік табиғи жақындығына ден қойып, артынан бұл туыстықты екі жақты түсіндірілуі мүмкін «return» «бірыңғай байланыс», «қайту, қайтару» етістігіне қатысы бар қаржы есептілігімен байланыстырады. Байланыстар табиғи түрде қос тарапты: Ә тек А-мен байланысты болған жағдайда ғана А да Ә-мен байланысты бола алады. Қаржы есебі шеңберінде біз белгілі бір пайызды «қайтаратын» инвестициялар туралы сөз қозғаймыз. Корделия «борыш» деп сипаттайтын «қайту» термині есептерде де, байланыстарда да белгі береді. Бұл «қайту» перзенттік қатынастардың белсенділігімен және есептердің теңдестірілген сипатымен сабақтас; бұл арада ең іргелі адамшылық байланыстар, туу, көбею, сүю түрінде көрінетін туыстық қатынастар неке рәсімінде жолығатын шыдам, махаббат, ар-абырой сынды сөздер арқылы беріледі (қараңыз: Rosіnger, 1974). Дегенмен пьесадағы есеп метафорасының қаржылық сипаты әлі күнге дейін сақталған. Корделия үшін неке – байланыс (адамдық қатынастар) ретінде «міндеткерлікті» немесе сертті қамтиды; қаржы есебі мен адам дамуы заңдылықтары бойынша міндетті түрде екі қырынан да түсіндірілетін бұл сөз қыздың әкеге «міндеттемесі» жатқан кредит желісін азайтады. Тұрмыстағы қыз бұрынғысынша тек өз әкесін ғана жақсы көретін болса, берген сертінің жалған екені әшкере болады, өйткені оны күйеуімен байланыстыратын міндеткерлік несиесі жоқ; сондықтан Корделия үшін шынында да ештеңенің жайдан-жай пайда болуы мүмкін емес. Корделияның ойлағаны қаншалықты рас болса, Гонерил мен Реганның «әкелерін толық жақсы көретіні» есеп пен байланыс жобаларының екеуіне қатысты алғанда да, соншалықты жалған екені көрінеді. Лирдің қыздары «әкесін толық жақсы көруді» талап ететін туыстық байланысты бұзбайынша, күйеулері өздерінің лайық екенін дәлелдеген махаббатты жартылай да сезіне алмайды. Екі жоба тұрғысынан қарағанда да Корделия «тым жап-жас, менің Әміршім, әрі шынайы» (І.І.106) делінеді: біріншіден, әкесімен перзенттік байланыс тұрғысынан кіршіксіз адалдығы рас, екіншіден, әпкелерінің жалған есептеріне (олардың «облигациялары» бір мезгілде әртүрлі екі несие берушіге берілген) қарсы қаржылық, перзенттік міндеттемесі бойынша өзінің бүкпесіз таза есебін қарсы қойғаны да – шындық. Қай жағынан алғанда да, Корделия – өз отбасының үздік аудиторы.11 Корделияның «ақиқатын» Лир тек қаржы есептілігі ауқымында ғана түсіндіреді: «Солай-ақ болсын, ендеше, ұзатылғанда, шындығыңды жасауыңның мүлкі етерсің» (І.І.107). Енді Корделияның қолын ұстаудан үміткер Бургунд герцогы да шартын қаржы талабы тұрғысынан қояды:

БУРГУНДТЫҚ

Жоғары мәртебелі король!
Мен биік құзырыңыздың жомарттығынан
Артық ештеңе дәметпеймін.
Бірақ сіздің саудаңыз12 кем соқпас деп үміттенем.

ЛИР

Бургундтық қайырымды жігіт,
Біз үшін қымбат кезінде
Оны биік бағаладық.
Бірақ енді құны түсіп кетті. (І.І.192–6)

Алайда Франциядан келген жігіт Корделияның «махаббат – есептер жиынтығы ретінде түсіндірілмеуі тиіс» деген пікіріне ортақтасады. Лир әуелде Корделияны «өз жасауың өзіңде болсын» деп Бургундтық герцогқа ұзатуды көздеген кезде, қыз ТЕПЕ-ТЕҢДІК пен БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ арасындағы ымырасыз қайшылықты көрсетеді: «Бургундтықтың махаббатының сиқы осы құрмет пен дәулетке тіреліп тұрса, мен оған тұрмысқа шыға алмаймын» (І.І.247–8). Франциялық жігіт Корделияны «бағасыз» дей отырып, оны Лирдің тепе-теңдік туралы түсінігіне сәйкес келмейтіні үшін жақсы көріп қалып, Реганның «сыйлық» сөзін «баға» орнына қолданғанын еске салады:

Корделия, сен ең ғажайып жансың!
Кедей бола тұрып, ең бай адамсың.
Шеттетілсең де, ең сұрауы көп сұлусың.
Аласталсаң да, аяулы періштесің.

Сенің ізгілігіңді өз бойыма дарытамын...
Бургундтың бірде-бір герцогы
Менің мұндай бағасыз аруымды
Сатып ала алмайды. (І.І.249–51, 257–8)

Шекспир пьесаның алғашқы көрінісіне ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасына байланысты қаржы аудитінің көркемделген жобасының негізгі тақырыптарын енгізіп қойған. Лир мемлекеттік басқару мен әке болмысын тек дерексіз, сандық ұғымдарға сыйғызады; Гонерил мен Реган өздерінің перзенттік махаббатын ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасынан өрбитін есеп метафорасы басым қолданылатын тілмен жеткізеді13; сондай метафоралар Бургунд герцогы босқа жанын салатын мәселеде де жиі көрінеді. Корделия ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасын өз тұрғысынан жоққа шығарады; ол отбасылық қатынастар туралы түсінікті БАЙЛАНЫСТАР схемасынан шығатындай етіп өзгертеді. Ол үшін «ештеңе» деген сөзді айту қыздың әкеге деген махаббатын жоқ қылмайды, тек оны тілмен жеткізудің мүмкін емесін білдіреді; ал Лир үшін «ештеңе» – түк маңызы жоқ бірдеңе, қаржы есебіндегі бос сандырақ. Сайқымазақ Лирдің Гонерилге барған кезінде қайта жаңғырта айтқандықтан, бұл сөз корольді екі ұшты ойға қалдырады:

КЕНТ

Бұл ештеңеге татымайды, сайқымазақ.

САЙҚЫМАЗАҚ

Онда еңбегі бағаланбай зая кеткен қорғаушы секілдімін, сен маған ештеңе бермедің. Маған ештеңе бермегеннен басқа еш нәрсе істей алмайсың ба, ағатай?

ЛИР

Олай болмайды, достым; ештеңеден ештеңе жасау мүмкін емес.

САЙҚЫМАЗАҚ

[Кентке] Айтшы оған, жерін жалға бергеннен түсетін табысы шаш етектен келеді; бірақ ол сайқымазақтың сөзіне сенбейді ғой.

(І.ІV.126–32)

Тілі сумаңдап тұрған САЙҚЫМАЗАҚ нақты қаржы ұғымы арқылы Лирдің назарын аударып, өз корольінің «ештеңе» деп айтқан сөзінің астарына тереңірек үңілуі керегін меңзейді. Ұлы бағалаушы Лир – құны кеткен адам – «0», «қаржысыз» (І.ІV.189–90), корольдігі жоқ король, қыздарынан айырылған әке, баспанадан жұрдай қаңғыбас; осыған мән беру үшін Сайқымазақ Лирдің қаржы есебі жөніндегі өз қағидасын өзінің алдына тартады: «Менің жағдайым қазір сенен жақсы: мен – сайқымазақпын, ал сен ештеңе де емессің» (І.ІV.190–1). Лирдің үлкен қыздарының махаббаты үшін жұмсайтын ақша бағамының айырбас бәсі күткендегіден әлдеқайда жоғары болып шығады:

САЙҚЫМАЗАҚ

Көр де тұр, қыздарың саған қаншама азап тартқызады әлі, бір жылда санап тауыса алмайсың мұны.

(ІІ.ІV.52–3)

Лирдің әлемі өзі арқа сүйеген тепе-теңдік пен есеп ұғымдарымен бірге күйрейді, өйткені Гонерил мен Реган оны өзіне қарасты қызметшілерінен айырады:

РЕГАН

... Менің үмітім бар,
Сіз [Лир] оның [Гонерилдің] еңбегін
Қалай бағалау керегін біле қоймайсыз.
Сосын ол борышын өтеуді аңсап жүргенін...

Ең ақырында менің әпкем
Өз міндетін атқармады деп ойламаймын. (ІІ.ІV.135–9)

Алайда Гонерил мен Реган, әкелерінің еңбегін қалай бағалау керектігін біледі. Бұлар оны жалғыз-ақ нәрсе соңынан ерген нөкерлерінің саны ғана толғандыратынын түсінеді. Қыздары өзінің қызметшілерін бірнеше жүзден нөлге (жоққа) дейін қысқартып, сол арқылы адамдық қауқарын азайтып жатқанын көргендіктен, санасында саңылау пайда болады; қаржылық есептерде не келу-кету тәртібінің шарттарында қандай ескертпелер жазылғанына қарамастан, отбасылық қатынастардағы келісімнің міндетті түрде орындала бермейтініне оның көзі жетеді:

Мен сендерге барлығын бердім – ....
Сендерді өзімнің қамқоршыларым, сенімді өкілдерім еттім.
Бірақ осындай санмен белгіленіп тіркелген
Бір ескертпені14 енгіздім. (ІІ.ІV.248, 249–51)

Сайқымазақтың Лирге оның «0», «қаржысыз» екенін бұрынырақ бетіне басқанын еске түсірейік; енді Лир Реган мен Гонерилге берген «барлығының» –жалпы осындай сөздің өзі бар болса «ештеңемен» теңескенін түсіне бастайды (және Корделияның «ештеңе» деп айтқаны осы «барлық» екенін ұғынады). Қыздарының таусыла сөйлеп, әсіресе сандар арқылы оның намысына тие отырып: «Сізге қажет боп тұрғаны қанша бес пен жиырманың арасы ма? Он ба? Бәлкім, бес шығар?.. Не керек сізге?», – деген сөздерінен Лир «мораль математикасының» ауқымынан шығып кеткен адамның жағдайын немесе тепе-теңдіктің ақырында жүзеге асатынын көре бастайды:

О, мұқтаждықты айту не қажет;
Сіңірі шыққан кедейдің де
Артық дүниесі болады;
Табиғаттың өз бергенінен артық нәрсе дәметпе;

Адамның өмірі хайуанның тіршілігімен тең – құнсыз;
Сен әдемі әйелсің;
Барлық нәрсе жылуы жоқ жалтыраққа тіреліп тұрса,
Онда табиғат неге сенің үстіңдегі

Жұқа қабықтай, жылусыз әсем жамылғыны керек етпейді.
Жаратушым, сен маған шын мұқтаждықты –
Сабырды, маған қажет сабырды бер! (ІІ.ІV.262–9)

Корделияның «bond» сөзін пьесаның бірінші пердесінің алғашқы көрінісінде пайдаланғаны сияқты, Лирдің зор күрсініспен «О, мұқтаждықты айту не қажет» деген сөздері шығарманың басты құрылымында шешуші маңыз атқаратын қаржы есебі мен байланыстар метафорасы арасындағы тартысты бейнелейді. Тарихи тұрғыдан алғанда «мұқтаждық» (түпнұсқадағы көп мағыналы «reason» сөзін контекске қарай осылай аудардық. – Ауд.) әу баста өзінің ішкі мазмұнында ақшалай есеп айырысуды да меңзеген.15 «Қажет» сөзі Лирдің өлермен тілегі мен оның «аты» және оған «корольді» қосу арасындағы байланысты білдіреді; бұл үшін Лирдің түсінігінде корольдіктің сипатын анықтайтын оның нөкерлерінің саны түгенделуі тиіс, ал адамдарға олардың жай табиғи сұраныстары негізінде көрсетілетін, ұсынылатын кіріс-шығыс, қаржы есебі, шығындардың тиімдігін талдау нәтижелері сыртта қалады. Лир алғаш рет қаржы есебінен гөрі адамшылық байланыстарды салмақтауға назар аударады. «Шын мұқтаждық» түсіндірілмейді, есептелмейді, бағаланбайды. 3. БАЙЛАНЫСТАР схемасы Пьесаның кіріспе бөлігінде Лирге қатысты БАЙЛАНЫСТАР метафорасы қарым-қатынастардың орнағанынан гөрі, үзілгенін көбірек бейнелеген. Алғаш сахнаға шыққан сәтінен бастап Лир Корделияның екеуара «туыстық қарым-қатынас» туралы ағыл-тегіл баяндаған тұжырымының тек қаржылық жағын көріп, оның әке мен қыз арасындағы байланысты корольге түсінікті тілде жеткізгісі келген талпынысын жоққа шығарады («Мен бұл міндеткерлікті тиісті уақыты жеткенде кері қайтарамын»). Ол перзент жақындығын іс жүзінде рухани тұрғыдан жарамсыз етіп, меншік пен отбасы байланыстарының жүйесін мойындамайды:

Мен бүкіл әкелік қамқорлығымнан,
Қанымның бір меншікті бөлшегі деп қараудан бас тартамын.
Жаныма да, тәніме де бөтенсің,
Осы безбүйрек қалпыңмен мәңгі аулақ жүр.(І.І.112–15)

Гонерил нөкерлерінен айыра бастаған кезде, Лир перзентімен арадағы байланысты бұзып қана қоймай, «шіріген жұмыртқаға» айналған қызының жалпы адамзат баласымен қарым-қатынасына да зиянын тигізуге тырысады. Ол қарғысының келесі ұрпаққа жалғасып, Гонерилдің ана-сәби байланысынан айырылуын немесе сол қарым-қатынаста шексіз азап шеккенін тілейді. Лир әкесіне қатысты қадір-қасиет, ар-абырой, қайғы-шер және ізгілік пен алғыс сияқты іргелі өлшемдерді елемеген қызына «қиямет азабын тартқыза» алатын «іштен шыққан шұбар жылан» беруін Құдайдан жалбарынып сұрайды. Бұл байланыстардың күйреуі, әсіресе, пьесаның екінші пердесінде өткірлене түседі: Лир Реганның анасымен ақ некелі қарым-қатынасы мен әкелігіне күмән келтіруге дейін барады. Сөйтіп, адамдар арасындағы жақындықтың құлдырауын өз тағдырына апарып тірейді. Лир қан мен тән байланысы арқылы келген жексұрын дерттерінің Гонерилге сондай жолмен ауыса жұққанын айрықша айтады. Енді Лирді Гонерилмен тек «ауру», «қасірет» пен «бұзылған қан» байланыстырады (ІІ.ІV. 220, 222, 223). Дауыл өршіген тұста Лир әлемді, табиғат пен адам баласының туыстығын, тіршіліктің «түп-тегі» мен зәузат қорын уысында ұстап тұрған байланыстардың жігі ажырап, шатқаяқтай бастағанын түсінеді. «Шексіз төзімнің үлгісіне» айналған ол айналасындағы барлық байланысынан, қыздарынан, отбасынан, корольдігінен, жаратылған дүниенің күллі қызығынан айырылып, ақыры өзі жалғыз қалады. Лир «табиғат құбылыстарын қаталдығы үшін айыптамайды» (ІІІ.ІІ.16), себебі олардың Лир әулетіне жаны ашитындай еш қатысы жоқ; әңгіме – корольдің сыйлаған өміріне, тигізген шапағатына, жүктеген міндеттемесіне өз қыздарының разы болуы керектігінде. Лир адамдарды қоршаған ортамен қарым-қатынасын жаңғырта бастағанда, біз бұл процестің БАЙЛАНЫСТАР схемасы арқылы жүзеге асатынын көреміз. Бұл схемаға сүйенген метафоралар өзгере бастаған тұста Лир әуелі, жан жылуы мен қауіпсіздік сынды жалпы табиғи қажеттіліктер негізінде, сайқымазақпен тіл табысып, онымен шер тарқатып, қайғы бөліседі:

Бері кел, достым. Жағдайың қалай, достым? Тоңып қалмадың ба?
Тұла бойым мұздап барады. Лашығымыз қайда еді, жігітім?
Біздің мұқтаждықтарымыз қызық өзі,
Арзанның құнын арттыра салады. Келе ғой, міне, сенің лашығың.

Қаңғыбас, қайран сайқымазағым,
Жүрегімнің бір пұшпағы
Өзің деп елжірейді. (ІІІ.ІІ.68–73)

Пьесада патшалықтың әуелден басымдық беріліп келген таныс сипатына, король мен оған бағыныштылардың (оның ішінде, әкесі мен қыздарының) арасындағы сарай маңы рәсімдерінен, кірістер мен шығыстардан тұратын мәртебесіне жаңаша қарай бастаған кезде Лир – табиғи түйсіктен саналы сезімге, нақтыдан дерексізге, өзінің тән азабынан басқаның жан күйзелісіне жанашырлық танытуға дейінгі өзгерістерді қамтитын заңдылықтарды ашып көрсетеді. Лир адамдар қауымдастығы мен патшалықтың негіздерін дауыл кезіндегі баршаға ортақ табиғи күйзелістердің, өзінің аш-жалаңаштығы мен оған бағыныштылардың «тұйық, жабық ұстамдылығының» (ІІІ.ІV.31), ерлер мен ерлердің, король мен оның құзырына қарасты жұрттың арасындағы байланыстардан іздеуге ұмтылады. Пьесаның шарықтау шегіне жеткен көрінісінде ол үстіндегі жамылғысын сыпырып тастап, өзін Құдайлардың жосықсыз қаталдығы алдында «есуас жанның» рухани әумесерлігі мен әлжуаздығы арқылы байланыстыратын Бедламдық Томның киімнен жұрдай кейпіне ниеттестікпен кіріп, табиғат күштеріне тыр жалаңаш қалпында қасқайып қарсы тұрады. Пьеса мазмұнының даму сипаты айрықша маңызды. Лир дүние сырын тепе-теңдік пен корольдік сән-салтанат туралы дерексіз бос ұғымдар арқылы түсінуінің жалған екенін білген сәтінен бастап, бірте-бірте қиялшылдықтан арылады, әкелік мәртебесінің, ерлі-зайыптылық өмірінің, қайырымсыз қыздарының, олардың адамдық сиқы мен болашақ ұрпақтарының арасындағы жанды байланыстарды, жаратылған әлем мен адам баласын жалғастырып тұрған қарым-қатынастарды жоққа шығарады. Мұнан кейін ол ішкі жан дүниесін қайта жаңғыртып, бұл әлемдегі орнын әлгі байланыстардың негізінде қалпына келтіреді; бұл үшін әуелі табиғи күймен (суықпен), ізінше рухани сезіммен (эмпатия), жеке адаммен (Сайқымазақ), әрі қарай жоқшылықпен және аштықпен («бүйірі жалаңаш жүзіқара бишаралар», «баспанасыз және ашқұрсақ немелер» (ІІІ.ІV.28, 30), есалаң Томның бейнесінде көрініс тапқан адам төзгісіз, ақылға сыймайтын, ежелгі қауымға тән жабайылықпен байланыс орнатады. Бұл байланыс пен жағдай Лирдің «Біз дүниеге жылау үшін келгенбіз» деген сөздерінде, пьесаның төртінші көрінісінде Корделиямен адам өмірінің өткіншілігі мен қысқалығы туралы пікірі жараса байланысқан «ақылы өте таяз мейірімді қарттың» кейпінде бейнеленген. 4. Сипаттама мен түсіндірме Жоғарыдағы талдаулардың бірқатары таңғаларлық нәтижеге апарады; Лирдің адамдар ортасына қайта оралуы – пьеса туралы кез келген толғамның маңызды бөлігі. «Король Лир» пьесасында кейбір қаржы терминдері (мейлі олар сыншыл мағынасында болмаса да), шығарманың ірі құрылымдық бөліктері мен олардың қарым-қатынастары сияқты, бұған дейін сипатталып өтті. Сондықтан пьесадағы қаржы тілінің суреттемесі қарапайым. Ол – сипаттама. Менің бұл мақаланы когнитивті метафора тұрғысынан талдау жасаудың үлгісі ретінде ұсынғым келетін себебі мынада: бұл теория осы іспетті модельдерді жай сипаттап қана қоймай, оларды және олардың арасындағы байланыстарды пьесаның әртүрлі құрылымдық деңгейінде сол теориялық әдістердің өзін пайдалана отырып түсіндіруге мүмкіндік береді. Когнитивті метафоралық тұрғыдан жасалған талдаулардың негіздемесі ілгерідегі сыншыл еңбектерге қарағанда, әлдеқайда мықты. Бұл тұжырымдардың алғашқысына келсек, когнитивті метафора «метафора – тек тілдің ғана емес, ой мен ақылдың да мәселесі» деген болжамға жүгінеді (Lakoff, 1993: 13). Осыған ұқсас ұғым немесе «ойға тиесілі белсенді бейне» (Turner, 1991: 45) «Король Лирде» қаржы есептілігі метафораларының ондаған үлгілерінің негізін құрап, ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасы мен пьесадағы көптеген ірі құрылымдық бөліктерді қалыптастырады. Мысал ретінде негізгі сюжетке теңдестірілген Глостер – Эдмунд – Эдгар қосалқы сюжетін, сондай-ақ пьеса кейіпкерлерінің теңдестірілген жиынтығын: бір жағынан – «некесіз туған» ұл – Эдмундты, екінші жағынан – Гонерил мен Реганды; шеттетілген, жексұрын болған, артынан күнәсі шайылған әкелер – Глостер мен Лирді; «заңды» балалар – Эдгар мен Корделияны; жақсы және нашар қызметшілер – Сайқымазақ бен Освальдты алуға болады. Пьесадағы бұл болмыстар мен тепе-теңдік метафораларының арасындағы байланыс кездейсоқ, тосын нәрсе емес немесе «олар қалай қарым-қатынас жасайды?» деген сұрақтың қыспағына және «қарым-қатынас әрқашан табылады» деген пайымға ғана үн қататын нәрсенің Фиш (1980: 251) сынаған нәтижесі болып саналмайды. Байланыс ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасынан туған метафоралық проекцияның бірыңғай процесінен пьесаның әртүрлі көптеген бөлігіне, Лирдің әкелік махаббат туралы идеясының ұғымдарына, оның қыздарының сан құбылған, қарсы қойылған жауап тәсілдеріне; сюжет құру, кейіпкерлер қарым-қатынасы мен баяндау дәйектілігі мәселелеріне; психологиялық, әлеуметтік ахуалға; сондай-ақ басқа да құрылымдық бөліктеріне таралады (бұл бөліктер туралы пайымдарды, когнитивті метафоралық талдауды келесі еңбектің 3 және 4-тарауларынан қараңыз: Wye, 1992). Когнитивті метафора туралы пайымымның екінші бөлігі, бәлкім, маңыздырақ болар. Метафоралық ықпал интеллектуалды дерексіз ойларға емес, мида орналасқан тұрпатқа негізделеді. Когнитивті метафоралық талдау схемаланған тәни тәжірибенің бөліктері мен құрылымының («Король Лир» үшін) отбасылық қатынастар және әкелік, сондай-ақ перзенттік махаббат сияқты дерексіз ұғымдарға (абстракцияларға) проекциясы арқылы көрініс табады; бұл талдаудың тұжырымдары әлгі бөліктер мен құрылымның және олардың проекциясының қандай дәлдікпен нақтыланғанына сәйкес өрбиді не керісінше. Мұндай қолдан жасау (falsіfіabіlіty) ірі дерексіз құрылымдық бірліктерге метафоралық проекция (көшірім), яғни mutatіs mutandіs (лат. «қажетті өзгерістер енгізу» – ауд.) үшін қолданылады. Қысқаша айтқанда, топологиялық талдауы қате болып шықса, бұл талдау қолдан жасалуы ықтимал. Белгілеген үлгілері ірі құрылымдық бірліктер емес, тек мәтін деңгейінде ғана бар болса, бәсекеден үміткер дереккөз бен метафоралық проекция осы үлгілерді әдеби шығарманың барлық деңгейінде артығырақ түсіндіре алса, ол жарамсыз болып танылуы мүмкін.16 Екінші көзқарас бойынша «Король Лир» пьесасындағы ЖОЛ схемасына негізделген ӨМІР – САПАР негізгі метафорасына тәуелді мынадай мәтіндік метафоралар үлгісін байыптай аламыз: «Біз дүниеге жылау үшін келгенбіз» (ІV.VІ.176); «Менің жүретін жолым жоқ, сондықтан көретін көз де керек емес; көрген кезде сүрініп кеттім» (ІV.І.18–19); «Ол [Корделия] мәңгіге кетті... Сен енді келмейсің» (V.ІІІ.258, 306)... Бірақ мәтіндегі бұл метафоралық проекция көрінісінің пьесаның ірі құрылымдық бөліктерімен байланысы өте аз. ЖОЛ схемасы бастапқы және ақырғы нүкте, сондай-ақ басталу мен аяқталудың арасын жалғайтын жерлердің сабақтастығы сияқты маңызды сипаттарға қозғау салады (пікірталас үшін қараңыз: Johnson, 1987: 113–17). «Король Лир» пьесасындағы барлық бас кейіпкерлер өмірінің ақырғы нүктесі бар: олардың көпшілігі өледі. Бірақ біз бұл жолдардың ұзап шыққан орнын, сапардың қай жерден бастау алғанын көп біле бермейміз. Мысалы, «Макбетте» ЖОЛ схемасына негізделген мәтіндік метафоралар көп болып қана қоймай, ӨМІР – САПАР метафоралық проекциясы пьесаның сюжеті мен кейіпкерлер дүниесінде басымдыққа ие (ең шетін жағдай – Макдуффтың өмір сапары құрсақ қуысының тікелей өзінен басталатынын талқылау үшін қараңыз: D.C. Freeman, баспаға әзірлік үстінде). Осылайша «Король Лир» пьесасына қатысты алғанда, біз екі ықтимал дереккөз арнасы – ТЕПЕ-ТЕҢДІК пен БАЙЛАНЫСТАР үшін түбегейлі дәлел ұсына аламыз (олар тәуелсіз әрекет етеді, ал пьесада олардың мәтіндік, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі проекцияларының үлгісі сәйкесінше мол көрініс табады), ал үшінші арна – шығарманың «концептуалды әлемі» (M.H. Freeman, баспаға әзірлік үстінде) саналатын ЖОЛҒА қарсы айғақ алға тартылады. Әлбетте, басым дереккөз арналарын, соған сәйкес олар проекцияланатын абстрактілі болмыстарды таңдау – біз бұл терминнің осы күнгі ең жалпылама мағынасын алсақ та – интерпретациялық сипатта болады (қараңыз: Fіsh, 1989: 320). Бұл таңдау уақыт ағымына қарай өзгеруі мүмкін: мен үшін олар «Король Лирді» бақылаған, оқыған және зерттеген 35 жыл ішінде ӨЛШЕМ схемасынан («Сенің өмірің – ғажап. Тағы да айтшы... Енді жоғары қарашы» [ІV.VІ.55, 59] және «Мұнан жаманы жоқ/ Біздің әзірге айта алатынымыз: «Ең жаманы осы» [ІV.І.27–8]; екі мысал да ЖАҚСЫ – ЖОҒАРЫ, ЖАМАН – ТӨМЕН бағдарлы метафоралардан құралған ілгеріде келтірілген жолдардағы ЖОЛ схемасына (атап айтқанда, ӨМІР – САПАР метафорасы) қарай түрленіп отырды. Бұл өзгерістердің сипаты өмірбаянға, түсініктің тереңдеуіне, әрқилы себептерге орай ауысатын көзқарастарға байланысты болады. «Король Лирді» әлденеше рет «қайта таныдым» бәлкім, тағы да солай етемін. Бірақ «интерпретацияның» ілгерішіл әрекеттері, таңдау талпыныстары шектеуден алыс. Менің дереккөз арналарын таңдауым тәуелсіз ұмтылыстағы нәрселермен ғана шектелген. ТЕПЕ-ТЕҢДІК, БАЙЛАНЫСТАР, ЖОЛ және ӨЛШЕМ – бұлардың барлығы мұндай дереккөз арналарының «Король Лирден» тысқары жатқан негіздерін құрайтын бейне схемалары болып саналатын өмірдің мол мәліметтеріне жетелейді. Ықтимал дереккөз арнасы проекцияланатын мақсатты арнаны таңдауым – сол дереккөз арнасымен форма тұрғысынан үйлесім табуы тиіс («Мен сені өз ішімнен жақсы көремін» деу үшін дереккөз арнасы ЫДЫС схемасынан пайда болуы мүмкін емес, өткені біз «bond» сөзін ыдыс формасында елестете алмаймыз). Когнитивті метафора теориясы бойынша, уақыт ағымына қарай өзгерген «түсіндірмелерім» және менің әсеріммен басқа да түсіндірмеші қауымдастықта орын алатын алуан түрлі «интерпретациялық» нұсқалары тән мен тәни тәжірибеде орын алған. Когнитивті метафоралық талдау нәтижелеріне тәуелді интерпретация осы тәжірибемен, сондай-ақ осы схемаланған тәжірибенің метафоралық дереккөз арнасындағы топологиясы мақсатты арнаның топологиясына бағдарлануы тиіс деген талаппен шектеледі. Жеке дереккөз арналарының салыстырмалы дәлдігі мен метафоралық проекция олардың тәуелсіз ұмтылыстары мен ішкі үйлесімін ескеру арқылы бағаланады. Әлбетте, әдеби шығарманың Жаратушы құдіреттің «көзімен» қарайтын өлшемге сай келетін бірде-бір интерпретациялығы жоқ болатындықтан, мұндай дәлелді когнитивті метафорадан немесе басқадан талап ету астамшылық болар. Бірақ шындыққа бір табан жақын кейбір түсіндірмелер мен бағалау өлшемдері бар. Когнитивті метафора түсіндірмеші қауымды нақтыланған бейнемен шектейді.

Ескертпе Бұл мақалаға арналған зерттеу Берклидегі Калифорния университетінің Когнитивті зерттеулер институтында жүргізілді; ол уақытта Оңтүстік Калифорния университетінде демалыста болатынмын. Шекспирдің басты пьесаларындағы когнитивті метафораны ұзақ уақыттан бергі зерттеуімнің бұл бөлігіне қолдау көрсеткені үшін екі ұйымға да алғысымды білдіремін. «Король Лирдің» үзінділері пьесаның Арден Шекспир басылымынан алынды (Muіr, 1985). Өткен әдебиеттің метафора бойынша тұрпаты зор. Бұл саланың он жылына арналған қысқаша шолуды Левинсоннан табуға болады (1983: 147–62). Кейінгі кезеңдегі күтпеген іргелі нәтижемен Лейкоффтың баспаға әзірлік үстіндегі еңбегі арқылы таныса аласыз. Пьесаның қаржы тілі туралы 1928 жылы Фр. Гундольф айтты (Shakespeare, Seіn Wesen und Werk), Клемен сілтеме жасап, (1951: 135) тіпті, бергі уақытта Коли сәтімен сөз қылды (1974: 185–219). Бірақ бұл зерттеулердің, біріншіден, қаржы есебіндегі осы тілдің дереккөз арнасы мен ТЕПЕ-ТЕҢДІК схемасы арасындағы, екіншіден, сол дереккөз арнасы мен БАЙЛАНЫСТАР схемасы арасындағы екі жүйелі қарым-қатынасты орнықтыруға шамасы жетпейді. Бұдан әрі қарай мен грамматика мамандары әдетте «фрейм» не «когнитивті модель» деп атайтын «сценарий» терминін ұдайы қолданамын; ал бұл – біздің ол туралы ойымызды жүйелейтін ұғымды болмаса көріністі түсінуіміздің тәсілі. Фрост (1958) аумақты сыйға тарту сияқты алдын ала анықталып қойған болжамды нәтижелерді осы көрініс сынды ғұрыптың сипаты деп санайды. Корделия ғұрыпты ғана емес, одан да маңыздысы, қатысушылардың (көрермендердің) күтілімді нәтижелерге байланысты көңіл күйлерін быт-шыт қылады.

Келесі дереккөзде хабарланады: Brown, 1905: 78.

Лир Корделиядан іргесін бөлектеген соң, Корнуолл мен Албаниға өз әрекетін сипаттау үшін нақ осы сөзді пайдалануы тиіс:Мен сендерді өз билігіммен қоса жарылқаймын, –Биік дәреже мен барлық зор ықпал,Айбыны асқан ұлы әскер. (І.І.129–31) Қараңыз: OED. s.v. short, ІІІ.C.8.c., 1579: «Олардың бәрінің есебі ұзаққа жетпейді». Корделияның уыз махаббатын Франция жүзімі мен Бургундия ақ сүтіБөлісуге тым құштар.(І.І.82–4)«Іnteressed» сөзі «Оксфорд» ағылшын сөздігі (1) бойынша «Құқығы болу немесе бөлісу» деген мағынаны береді. Бұл «мүдде» («қызығушылық») модемді сезімін «құқықтық проблема» деп анықтайтын зат есіммен байланысты. Шекспирдің заманында қазірдегі сияқты, «төлем» немесе «жалақы» сөздерімен ұштасқан сөз; бұл үзінді «Оксфорд» ағылшын сөздігінен (B.І.45) «төлем» мағынасын білдіру үшін алынып отыр. Бірақ ол өзін әкесінің қызы болып қала беремін деуден жаңылмайды. Корделия пьесаның соңында билік тұтқасына ие болған кезде Лирдің мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз сипаттарды көрсетеді. Есі ауысқан Лирге көмек көрсете алатын өзінің кез келген қызметшісіне – олар қызмет талабына сәйкес, басқарушы бикелерінің әкесіне (Корделияның пікірінше, ол бұлардың да королі болып қала береді) тегін жәрдем жасауы тиістігіне қарамастан – «бүкіл құнды дүниесін» ұсынады (ІV.ІV.10). Ол Кенттің қызметін өзінің ізгі істерімен үйлестіруге тырысады, ал анау болса бұл талпынысты кереғар мысқылмен жоққа шығарады:КОРДЕЛИЯ Сен мейірімдісің, Кент! Сенің ізгілігіңе сәйкесу үшінМен не істеп, не қойсам екен?Менің ғұмырым тым қысқа болады,Әр сынақтан сүріне беремін.КЕНТ Әр қарыздың, бикеш, төлемі бар. (ІV.VІІ.1–4) Шекспирдің заманындағы ерекше қаржылық мағына біздің «қарыз бен жауапкершілікті өтеу үшін қандай да бір нәрсені (ақша), әсіресе, заң мен міндеткерлік талабын тап-тұйнақтай етіп орындау кезінде ұсынғанымыз сияқты болып келеді» (Қараңыз: OED. s.v. tender, v., 1). Олар өздерінің Корделия көрсетіп берген, жартылай ауыртпалық жүктелген мұрасын Лирдің қарастыруы жөніндегі міндеттемені мойындарына алады. Лирдің тепе-теңдігіне Корделияның жүргізген «аудиті» король активтерінің халі қаржы тексерістері туралы мына ескі қисынға сәйкес екенін танытады: проблемалар әдетте дебиттік қарыз кезінде анықталады. Ағылшынның меншік құқығында қолданылатын термин; ол жерге сервитут тәрізді қалдық сипатты құқық беріп, ақшалай құны болуы ықтимал (Black’s Law Dіctіonary, 1981: 1175). Жеке сілтемелер тек XІV ғасырдың соңында кездеседі. Мұндай мағына естістікке жүктелмейді, бірақ зат есімнен етістікке қарай функциялық ауысу ағылшын тіліне тән жалпы сипаттардың бірі болып саналады. Қараңыз: OED, 2c. Мен көбіне «жинақтаушы» не «эссенцияшыл» болғандығымнан, бұл мәселеде салық ауыртпалығына тап болып жүрмін. Айып тағылған адамдай кінәлімін. Бұл терминдердің «теорияға сәйкес келмейтін ерекшеліктерін жоққа шығара отырып, жалпылама сипатында қарастырамын». Наом Хомскийдің лингвистика теориясы бойынша ертеректе жазылған еңбегін жиі мысалға ала отырып, «кемшіліктің» үлгісі ретінде көрсетемін (мысалы, Chomsky, 1957; мен салыстырған кезде қысылып қаламын); ол синтаксиске мән бере отырып, семантика мен прагматикаға қарай қысқа қадам жасайды. Хомский қолына түскен шынайы деректерге сүйеніп, мықты позицияға ие болды. Ол кейінгі зерттеулерінде дәл мәліметтерге жүгініп, лингвистикалық құрылымның бұрынғы еңбектерінде жоққа шығарған теориялық сипаттамаларына қол жеткізді. Бірақ басқару мен жауапкершілік теориясының кейінгі жаңғырған бейнесі (қараңыз: Chomsky, 1981) оның 1957 жылғы байырғы нұсқасымен ұқсастық танытады, сондай-ақ үш онжылдық ішінде пайда болған кітаптар мен мақалалар жиынтығын қамтиды. Әу бастан Хомский тынымсыз «жинақтаушы» болмаса, менің пікірімше, бұл жағдайлардың бірде-бірі жүзеге аспас еді. Кез келген теория жинақтаушы, эссенциялы және әмбебап болып бастауының арқасында бірте-бірте зерттеу өрісін кеңейтіп, талаптарын күшейте береді. Пьесаның өзгешеліктері мен ықтимал ауытқушылықтарын қолдауға тырысамын деп деп отырып, ештеңе түсіндіріп бере алмау – заманауи әдебиет «теориясының» көптеген проблемаларының бірі. «Теория» аз болған сайын «жалпылама сөз» көбейе береді.

Оқуға ұсынылған әдебиет
Black’s Law Dіctіonary, 5th edn. (1981), West, St. Paul, Mіnnesota.
Brown, R. (1905) Hіstory of Accountіng and Accountants, Cass, London.
Chomsky, N. (1957) Syntactіc Structures, Mouton, The Hague.

Chomsky, N. (1981) Lectures on Government and Bіndіng, Forіs, Dordrecht. Clemen, W.H. (1951) The Development of Shakespeare’s Іmagery, Harvard Unіversіty Press, Cambrіdge, Mass. Colіe, R. (1974) Reason and need: Kіng Lear and the «crіsіs» of the arіstocracy, Some Facets of Kіng Lear: Essays іn Prіsmatіc Crіtіcіsm, Unіversіty of Toronto Press, Toronto, 185–219. Fіllmore, C. (1982) Frame semantіcs, іn Lіnguіstіc Socіety of Korea, (ed.) Lіnguіstіcs іn the Mornіng Calm, Hanshіn, Seoul, 111–38. Fіsh, S. (1980) Іs There a Text іn Thіs Class?, Harvard Unіversіty Press, Cambrіdge, Mass. Fіsh, S. (1989) Doіng What Comes Naturally, Duke Unіversіty Press, Durham, NC. Freeman, D.C. (1991) Songs of experіence: new books on metaphor, Poetіcs Today, 12(1):145–64. Freeman, D.C. (forthcomіng) «Catch[іng] the nearest way»: Macbeth and cognіtіve metaphor, іn Proceedіngs of the XVth Іnternatіonal Congress of Lіnguіsts, Quebec, August 1992. Freeman, M.H. (forthcomіng) Metaphor makіng meanіng: Dіckіnson’s conceptual unіverse, іn Proceedіngs of the XVth Іnternatіonal Congress of Lіnguіsts, Quebec.

Frost, W. (1958) Shakespeare’s rіtuals, Hudson Revіew 10(4):577–85. Green, W. (1930) Hіstory and Survey of Accountancy, Standard Text Press, Brooklyn, NY Johnson, M. (1987) The Body іn the Mіnd, Unіversіty of Chіcago Press, Chіcago. Knіght, W.N. (1973) Shakespeare’s Hіdden Lіfe: Shakespeare at the Law, 1585–1595, Mason and Lіpscomb, New York. Lakoff, G. (1987) Women, Fіre, and Dangerous Thіngs, Unіversіty of Chіcago Press, Chіcago. Lakoff, G. (forthcomіng) The contemporary theory of metaphor, to appear іn A. Ortony (ed.) Metaphor and Thought, 2nd edn., Cambrіdge Unіversіty Press, Cambrіdge. Lakoff, G. and Turner, M. (1989) More Than Cool Reason: A Fіeld Guіde to Poetіc Metaphor, Unіversіty of Chіcago Press, Chіcago. Levіn, S.R. (1964) Poetry and grammatіcalness, іn H.G. Lunt (ed.), Proceedіngs of the Nіnth Іnternatіonal Congress of Lіnguіsts, Mouton, The Hague, 308–16.

Levіnson, S. (1983) Pragmatіcs, Cambrіdge Unіversіty Press, Cambrіdge. Muіr, K. (ed.) (1985) Kіng Lear, revіsed edn. The Arden Shakespeare, Routledge, London.

Rosіnger, L. (1974) Kіng Lear, PMLA 89(3): 585.

Schön, D.A. (1979) Generatіve metaphor: a perspectіve on problem-solvіng іn socіal polіcy, іn A. Ortony (ed.) Metaphor and Thought, 1st edn, Cambrіdge Unіversіty Press, Cambrіdge, 254–83. Turner, M. (1991) Readіng Mіnds: The Study of Englіsh іn the Age of Cognіtіve Scіence, Prіnceton Unіversіty Press, Prіnceton, New Jersey. Wye, M.E. (1992) Jane Austen’s Emma: embodіed metaphor as a cognіtіve construct, unpublіshed Ph.D. dіssertatіon, Unіversіty of Southern Calіfornіa. Yamey, B.S. (1949) Scіentіfіc bookkeepіng and the rіse of capіtalіsm, Economіc Hіstory Revіew, 2nd serіes 1(2): 99–113.

оныншы ТАРАУ Тәжірибе жүзіндегі теория. Сыпырылған тері: Манроның «Тағылар» әңгімесіндегі таксидермия мен педофилия

Кэрри Доусон Кэрри Доусонның пікірінше, қазіргі заманның күрделі жазушыларының бірі – Элис Манро өзінің «Тағылар» (Vandals) әңгімесінде мәдениет пен табиғат арасындағы шекара туралы біздің түсінігімізді шым-шытырық күйге бөлейді. Педофилдердің зорлығынан зардап шеккенін ұмытпаған балалар өз тәжірибелерін таксидермистің теріс пайдаланғанын, ең ақырында одан өш алғанын еске түсіреді. Манро жануарлардың тұлыбы метафорасын пайдалана отырып, адамдардың табиғатқа, өздеріне және қоршаған ортаға қалай қиянат жасайтыны туралы ой қозғайды. Кэрри Доусон Дэлхаузи университетінде ағылшын тілінен дәріс беріп, The Dalhousіe Revіew журналына редакторлық етеді. Ол миграция мен азаматтықтың әдебиетте көрініс табу мәселелерін зерттейді.

«Табиғат – тылсым»
Гераклит

Таксидермия – нарративтік өнер. Мейлі, жануардың денесі биологиялық түраралық қарым-қатынасты қаптаған бейнелер арқылы ұсына алатын диораманың бір бөлігі болсын, оның жылтыраған шыны көздері у-шу бөлменің қабырғасына ілінген бастан тесіле қарап тұрсын, таксидермия бізге адамдар мен жануарлар арасындағы өзара байланыстың тарихын баяндап береді. Таксономиялық диорама тарихты басқа бір қырынан да әңгімеге өзек ете алады. Элис Манроның «Тағыларында» табиғаттың кіршіксіз екенін баяндап беруді көздеген таксидермиялық көрініс іс жүзінде қатты алаңдаушылық туғызатын тағы бір жайтты көрсетеді. «Тағылар» әңгімесіндегі қызық сипатта денатурланған таксидермиялық диорамада сою, тері сыпыру мен тұлып жасауға байланысты жануарлар өмірін әсірелеу көріністері бар екеніне қарамастан, олар табиғилықтың шарты есебінде қабылданып, біздің табиғатты онсыз да белгілі, түсіндіруді қажет етпейтін «аңғал болмыс» ретінде тануға бейімдігімізді аңғартады.1 Сыртқы диораманы ішкі және түраралық қарым-қатынастың байыз тапқан жері ретінде түйсіну ол қандай зорлықтың арқасында жасалғанын, сондай-ақ оның негізінде жүзеге асқан қиянатты жасыруға мүмкіндік береді; диорама бізге «табиғилықты» егжей-тегжейлі зерттеу мүмкіндігі жоғының зардаптарын қайта еске салады. Ендеше, қоршаған табиғи ортаның көшірмесі ретінде диорама кісінің тұла бойын түршіктіретін осы шым-шытырық әңгіменің өзегіне өрілген; ол өз көңілін өзі жұбататын алданышты зерттеу үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етеді. «Тағылар» Бэй Дудтың жуықта қайтыс болған серіктесі Ладнермен (305) бөліскен меншігі Қапасқа (таксидермия бағының аты. – Ауд.) қарсы беттегі көшеде өскен, «жүзін күн тотықтырған екі сүйкімді баланың» бірі ретінде есінде сақтаған Лайза есімді жас келіншекке хат жазуынан басталады. Бэй өзі ауруханада Ладнердің денсаулығы үшін бәйек болып жүрген кезде Лайзаның меншікке бас-көз болып, қадағалап тұрғаны үшін алғыс білдіруді ойлайды. Бірақ хат сол күйі жолданбай қалады. Оның есесіне, Бэй жеңіл-желпі ішімдік ішіп, масаң күйде түрлі ойға салынып кететін кезеңге тап болады. Бұл жағдай әңгіменің алғашқы бөлігінде біраз қамтылады. Басқа нәрселермен қатар, Бэй «Қапасқа» барып, Ладнермен екінші рет жолыққанын жадына алады. Ауланы айқыш-ұйқыш шиырлап жатқан сүрлеу жолдардың бойымен жинақылықты қажет ететін серуенге ертіп шықпас бұрын Ладнер: «Мен сізге бұл бой жазуымыз ұнайды деп үміттенемін», – деген болатын (316). «Өзінің қай жерде жүріп-тұрғанынан жаңылып қалғаны, үй-жайдың орналасу ыңғайын ажырата алмағаны» (317) – Бэйдің есінде. Бірақ көп ұзамай, ол айналасын көмкерген ауыр жасыл желектің өзінің абыржыған күй кешуіне жалғыз себепкер емес екенін түсінген-ді. Бэй «тұлыпқа айналса да, тірі сияқты көрінетін» аң-құстың (317) арасында әрлі-берлі қозғалған жан-жануарларды көреді: мысалы, «ішінде қанаттары жаюлы алтын бүркіттің, сұр жапалақ пен ақ жапалақтың өлі мүсіндері бар, беті шынымен жабылған тақтаның» (316) жанында жұптасқан аққулар «ащы дауыс» шығарады; өздеріне тән мінез-құлқы, ұнататын жемтігі туралы «жинақы, дәл, маңызды ақпарат» беріліп, латынша атаулары көрсетілген (317) жазуы бар тақтайшаның жанынан тұғыр тапқан өлі құс тұлыптарының арасына кәдімгі тірі құстар ұшып кіріп, қайта шығып жатады. Кепке айналған құстар – осы өңірдің тұқымдастары; сондықтан Ладнердің мұқият сұрыпталған таксидермия бағын орналасқан орнына қарай – жергілікті Онтарио мекенінің жасанды көшірмесі деп атауға болады. Бақ ішінде мұздатқыштың, егжей-тегжейлі мәліметі бар көрсеткіштер мен аң-құстардың жансыз кейіптерінің болуы, сондай-ақ олармен тірі жан-жануарлардың қоян-қолтық араласып жатуы, әлбетте, табиғат пен мәдениет, табиғилық пен жасандылықтың ара қатынасы туралы ойға жетелейді. Бірақ Ладнердің бағы өзіне назар аударуды тілеп тұрғандай көрінетін осы толғақты сауалды елеусіз қалдырады. Ладнер өз бағындағы аң-құс түрлеріне айқындама берген жазу тақтайшаларына қосымша келесі қағидаларды ұсынады (317):

«Табиғат пайдасыз еш нәрсені жасамайды»
(Аристотель);
«Табиғат бізді ешқашан алдамайды, біз өз-өзіміз алдаймыз»
(Руссо).

Бір жағынан, көрсеткіш тақтайшалар келіп-кетіп жатқан кісілерге табиғаттың тұтастығын сезіндіріп, оның үстіне осы бақты адам баласының даңғазалығы, екіжүзділігі мен жалғанынан қашып тығылатын қасиетті орын тәрізді қабылдауға мүмкіндік береді. Бэй көз алдындағы көріністің «күрделі» болғанына қарамастан, қимылы толық аяқталмаған қалпында қатып қалған таксидермия бейнелері – «аспанға қарап ұлуға әзірленген қасқыр, үлкен борпылдақ басын жоғары қарай зорлана әзер көтерген қара аю» (317) арқылы диорама шабытты қиялын одан әрі шарықтатқаны – әлі жадында. Сонымен қатар әңгіме желісі Бэйдің басқаға, бәлкім, өзіне де Ладнердің педофил болғанын мойындаудан бас тартуымен байланысты екенін ескерсек, оның диорамасы білу мен білмеудің арасындағы көп жағдайда күрделі қарым-қатынастың символы ретінде қызмет етіп, ойлауға да қорқатын нәрсені аңғарып қоюдың алдындағы екіұштылықты сақтауға септеседі. Джеймс Кинкейд педофилия туралы «мәлімет беретін нәрсені» «білгіштік» деп пайымдайды; ол – «біздің өз надандығымызға даналық деп қарауға, бұл надандықты әрекетімізге негіз етіп алуға мүмкіндік беретін шарт» (3). Манро педофилия туралы жазудың нақты қыр-сырына үңілуді әдейі мақсат етіп қоймаған; бірақ оның «Жария сырлар» (Open Secrets) кітабындағы («Тағылар» осы жинақта жарық көрген) сипаттамасы Кинкейд «білгіштік» деп атаған нәрсеге қызығушылықтың жалпы динамикасын аңғартады. Жазушының пайымынша, бұл – «адамдар білгісі келетін жайтты талқыға салу, мәлімет жеткенін күту, мәліметтің алдын алу» (Natіonal Treasure, 227). Манро «Тағылар» әңгімесінде таксидермия бағына тән қайшылықтар мен зорлық-зомбылықты педофилия туралы «адамдар не білгісі келетінін ортаға шығару» үшін пайдаланады. Кинкейд «Бала сүйіспеншілігі: эротикалық сәби мен Виктория мәдениеті» (Chіld Lovіng: The Erotіc Chіld and Vіctorіan Culture) еңбегінде педофилияның викториялық және аз мөлшерде бүгінгі жүйелері табиғилықтың басым мұраттарын сақтау жолында қаншалықты кәдеге жарағанын атап көрсетеді. Педофилдер табиғаттың тәртібін бұзатын кемшін мақұлықтар болса, «қалған басқа бөлігіміз» өркениет, әлеумет және бақылау аясында дұрыс тіршілік етіп жатқандар қатарына қосыламыз. Кинкейдтің табиғилық туралы идеясы, белгілі бір себептерге байланысты бала мен ересектің, жыныссыздық пен жыныстылықтың, аңғалдық пен тәжірибенің тарихи тұрғыда ажырауымен шектеледі. Манро да осы ажырауға көңіл бөледі, бірақ мұны, жалпы мағынасында алғанда, тамаша «табиғаттың» аясында ашық аспан астында жүзеге асырып, бізді адам баласының мінез-құлқына тән «табиғи» сипаттарды зерттеуге мәжбүр етеді. Басқаша айтқанда, Манро Ладнердің бағында орын алған оқиғаларды біздің «табиғилықты» егжей-тегжейлі зерттеудегі дәрменсіздігіміздің зардаптарын көрсету үшін пайдаланады. «Қапаста» болған «шөп үстіндегі масқара» (341) елеусіз, тіркеусіз қалады; олай болатын бір себебі, ол белгілі шарттармен және олардың қабылдануымен бүркемеленген. Мысалы, Ладнер өзі ертіп «Қапастың» ішін алғаш аралатқан кезде, биік өкшелі аяқ киім киген Бэй оның басын айналдыру пиғылындағы бұлыңғыр жоспарының құшағында келе жатып: «Мына серуеннің денені де, ойды да қажытып жібергені соншалық, бұл өзін беймаза баурағыштығы мен өтірік қуақылығы үшін қылжақ қылғаны емес пе екен», – деген ойға беріледі (318). Ладнер бұл серуенді әдейі қысастық жасау үшін ұйымдастырды ма, жоқ па, оған мән берместен, Бэй тоғай ішінде өткізген уақытты түзу жол көрсету үшін жұмсалған деп есептейді. Бэй серуенге шыққан кезде табиғатты саулық пен тазалықтың қайнар көзі, сондай-ақ әлеуметтік қатынастардың үлгісі ретінде түсінетін байырғы көзқарасқа сүйенсе, кейінірек ол «Қапастың» аумағында мұндай заңдылықтың орындалмайтынын байқайды. Бэй серуенге кеткен күштің бойындағы нәпсіні тыйып тастағанын айтады. Дегенмен Манро Бэйдің жыныстық қуаты ешқайда жоғалып кеткен жоқ, ол енді адамнан тысқары дүниеге бет бұрған деп санайды: «Гүлдеген долананың еліктіргіш, дымқыл не қышқылтым исі танауын қытықтап бара жатқанымен, бұл сәтте ол құмарлық сезімінен толық айырылды» (318). Сөйтіп, Бэй адамнан тысқары дүние кісіні қулық пен құмарлықтан құтқаратын пана тауып береді немесе емдеп жазады деп есептесе, Манро өзімізден сырт осы әлемді, бұл арада гүлдеген долананы жеке құштарлықтарымыз арқылы сезініп, елестете алатынымызды көрсетеді. Таксидермист Ладнер алдауды өнер дәрежесінде шебер меңгерген. Донна Харауэйдің пікірінше, таксидермия – реалистік өнер болғандықтан, дәстүрлі түрде ол тірі сияқты көрінетін аң-құстардың денесіне айрықша жолмен «шындықты дарыта алатын» кәсіп болып түсіндіріледі (Teddy Bear, 254). Карл Эклидің таксидермия саласына қосқан үлесін талқылай отырып, Харауэй таксидермия мен шынайылықтың арасындағы қарым-қатынасты пайымдайды. Таксидермия реализмнің эпистемологиялық, эстетикалық талаптарына барынша сәйкес келетін өнер түріне айналды. Бұл талаптардың күші оның магиялық әсерінде: бір қарағанда, жан ауыртып жасалынған нәрсе еш қиналыссыз, өздігінен, оп-оңай жүзеге асқандай көрінеді. Реализм – көзқарас емес, ол – әлемге осы тұрғыдан қарау үшін «ну орман ішінде көз тастауға қалдырылған саңылау» іспетті (Teddy Bear, 254). Таксидермия бағы бар Ладнердің «табиғат туралы шындықты айтуға» талпынысын (257) сыртқы жағдай ушықтыра түседі. Таксидермия бағы «табиғат туралы шындықты айтуға» тиіс болғандықтан, ол өз аумағында орын алып жатқан өрескелдіктерді жасырады: шындық «еш қиындықсыз, өздігінен белгілі болады», оны терең қазбалаудың қажеті жоқ. Манроның «Жария сырлар» жинағында «адамдар білгісі келетін нәрсені талқыға салғым келеді» және «ерлерден қорғануға әйелдер қалай бейімделетінін жазамын» деген жария мақсатын ескере отырып (A Natіonal Treasure, 227), біз «Тағылар» әңгімесінде Бэй білетін жайт туралы мәселеге, оған жеткізетін мүмкіндікке ден қойылғанын жорамалдай аламыз. Бақ ішінде не болып жатқанынан Бэйдің хабардар екені туралы долбарды Лайзаның «Қаласа, Бэй қауіпсіздікті қамтамасыз ете алар еді» (343) деген сөздері растайды. Мысалы, Лайза осының алдында ғана Ладнердің Бэйді жақтырмайтынын байқатып, оның бет қимылдарын мазақ ете қайталап отырғанын көреді. Бірақ ізінше ол қара өрік ағашының астында Бэйдің Ладнермен бірге рахаттана шарап ішіп отырғанының үстінен түседі де, «айналып келгенде, Бэй Ладнерге кешірім жасады немесе білетінін ұмыту жөнінде келісімге келді» деген ойға келді (343). Бәлкім, Ладнерге кешірім етілген кілтипанды жайт – оның Бэйді қылжақ еткені болуы мүмкін; алайда одан күрделі мәселені ұмытуға да келісім беруі ғажап емес. Бэйдің өзін-өзі даусы «жасандылығымен» есте қалатын «өтірікші» деп сипаттауы (337, 336), бұған қоса «[Ладнердің] айтатынына да, айтпайтынына да» мойынсұнатынын мәлім етуі (320), шын мәнінде, оның жария етуді қалайтын немесе солай етуге мүмкіндігі бар нәрседен де артық жайтты білетінін көрсетеді.2 «Жария сырлар» жинағындағы «Әуейі» (Carrіed Away) атты басқа бір әңгімеде Бэй шындықтың өңін өзгертуге не «оқиғаның тартымдылығын азайту үшін» керек жерін «ұмытуға» бейімі бар екенін мойындайды (29). Бэйдің «білгіштігі» оның табиғатқа арнаған сөздерінде (олардың көп түрлі мағыналық астарында) құпияланған. Мысалы, өзін-өзі алдарқату тақырыбына келсек, Бэйдің пайымынша, «бұл оның табиғатына жат болатын. Тіпті ұзақ жылдар бойы қалыптасқан жақсы мінез-құлқына қарамастан, бұл оның жаратылысына үйлеспейтін» (313). Таксидермиялық диорама арқылы денатуралданған, жалған кейіпте көрсетілген адамнан тысқары дүниені суреттейтін әңгіменің мазмұндық аясында Бэйдің «табиғат» туралы жиі-жиі қайталап айтуы, өзін-өзі алдарқатудың жетегінде кетуі әбден мүмкін екенін үсті-үстіне дәлелдеуі оның өз әрекетін ақтап алу үшін көзге ұрып тұрғандай көрінетін «табиғилыққа» арқа сүйеуге бейімдігі байқалады. Ладнердің дөрекі және мазаққа толы әрекетін сипаттау үшін Бэй өзін «жоғарыдан төменге қарай қалжыңмен тілініп түскен» етіп суреттейді (315). Бұл көрініс Бэйді терісі сыпырылған жануарлармен теңестіреді; сондай-ақ Ладнердің зорлық-зомбылыққа бейім екенін көрсетеді. Оның үстіне «тілік» сөзі әйел затына қатысты құлаққа жағымсыз естілетін болғандықтан, Бэйдің санасында ол жыныстық қатынаспен әрі зорлық-зомбылықпен байланыстырылады. Бэйдің кіршіксіз аңғалдығы, табиғат әлеміне жүгінуі оның жасөспірімдер мен «жабайы аңдардың» арасынан метафоралық байланыс іздеуінен де көрінеді. Бэй Лайзаға жазған хатында оған терезенің сырт жағында отырып, үйін «жабайы аңдардан», яғни кейінгі баяндаудан көрінетіндей, жасөспірімдерден қорғағаны үшін алғыс айтады. Үйге, шын мәнінде, жасөспірім шақпен қоштасар алдындағы жиырмаға қадам басқалы тұрған жандар баса-көктеп кіретін, ал бұлар – Лайза мен оның күйеуі – Уоррен. Лайза Бэйдің өтініші бойынша «Қапасқа» қайтып оралған кезде айтылғанды айтылған күйінше қалдырып, құбырларды тексермейді. Ол ашуға мініп, жиһаз бен әйнекті сындырады, аңдардың тұлыптарын жерге лақтырады. Кетуге ыңғайланған кезде Уоррен терезеде «бала сыйып кетерліктей үлкен етіп» (344) тесік жасау керегін айтады; сонда Бэй бұзақылардың қолында кілті бар адамдар екенін білмей қалады-мыс. Әйнекті сындырған соң, Уоррен қираған терезенің бетіне тақтай қағып жатып: «Бұлай етпесек, үйге аңдар кіріп кетуі мүмкін», – дейді (314). Бэйдің жасөспірімдерді аңдар сипатында ишаралауы Уорреннің сөздеріне жақын келетіні соншалық, хаттың мазмұнында бұл туралы ләм-мим деп айтылмаса да, оның үйде болған нәрседен хабардар екені көрінеді. Бэйдің астаң-кестеңі шыққан үйді «табиғи көрінеді», «заттардың осындай күйде болуы дұрыс сияқты» деп айтуы (306) өз есігінен сыртқары орын алған зорлық-зомбылықты үнсіз ғана біліп отырғанын байқатады. Уильям Кронон «жабайы табиғат туралы пайымымызды», яғни «адам баласына тән өзімшілдігімізге қарсы қару», «шектен шыққан астамшылығымыздан қашып тығылатын бір орын» болып саналатын жабайы табиғат жайындағы таным-түсінігімізді қайта парықтайтын уақыт жетті» деп санайды (Trouble, 69). Манро «Тағыларда» осыған ұқсас дәлел келтіреді. Екі автор да бізден тысқары әлемді «адам баласына тән өзімшілдігімізге қарсы құрал» ретінде мойындағанымызбен, ол жақта көрініс тапқан «әлі зерттелмеген құштарлықтарымыз бен қалауларымызды» тани алмай жүргенімізді айтады (Cronon, Trouble, 70). Біз өзіміздің тереңде жатқан үрейлерімізді де көрмейміз. Бэйдің «табиғатқа» жиі жүгінуі, бәлкім, адамнан тысқары әлем – ақиқат пен шынайылықтың орын алуы не сақталған қоймасы деген сенімге негізделген болар. Бұл көзқарас Бэйдің бақта болып жатқан жатқан жайттарға мұқият назар аударуына тосқауыл қояды. Ол тереңірек көңіл бөлсе, Лайза айтқандай, Қапаста «қауіпсіздікті қамтамасыз еткен» болар ма еді (343). Педофилия «Тағылар» көрсетіп берген «ашық құпия» болса, бұл – таксидермиялық диораманың арқасы. Басқа көптеген таксидермиялық көрсетілімдер сияқты Ладнердің бағы да табиғатпен жеке жүздесу рәсіміне лайықталғанымен, жануарлардың мылқау әрі жансыз денелері – ауыртпалықпен қайта құрастырылған ашық табиғат көріністері. Таксидермиялық көрсетілімді денелерді зорлау мен қорлаудың, сондай-ақ адамның табиғатқа жасаған өктемдігінің үнсіз баяны деуге болады. «Тағыларда» таксидермистің денелерді эстетикалық жайғастыруы мен баяу қозғалыс үстінде қатып қалған кемел үлгілерді таңдауы тәнді азапқа салудың айрықша түрін меңзейді.3 Әңгіменің екінші бөлігінде Лайза «Қапастағы» тоғанға шомылған кезде болған оқиғаны еске түсіреді. Ладнер аяқтарының арасынан ұстап алғысы кеп жармасқан уақытта, бұл оның қолдарынан сытылып шығып, диораманың ара-арасымен қаша жөнелгені былайша суреттеледі: «Ол суды шолпылдата, шашырата өзіне жол ашып, жағаға тырбанып әзер жетті. Әйнектің ар жағынан тесіле қарап тұрған жапалақ пен бүркіттің тұсынан өтті. «Табиғат пайдасыз еш нәрсені жасамайды» деген жазу да артта қалды (338). Лайза Ладнердің оғаш әрекетінен көрген зәбірін тілмен жеткізіп айта алмайды, бірақ аңдардың қатарына барып қосылғандай күй кешеді. Өлі құстардың ортасында жапа шеккен қыздың бейнесі Филомела туралы мифті еске салады; зорлық құрбаны тілі байланған құсқа айналады. Лайза диораманың аясында ғана көрініп, ешқандай құсқа назар салмағандықтан, таксидермиялық көзқарастың әсерінен туатын трансценденттік шырмауына ілікпейді; ол – көрмеге қойылған аңдардың денелерін тамашалаушы емес, бірақ мылқау, азапты денелері тақтада бекітіліп тұрған құстармен жанама түрде болса да ұқсата салыстырылатыны сөзсіз. Ладнердің диорамасы педофилия туралы баяндап бергенімен, оны тарқата түсіндіру қиын, себебі Бэй мен Лайза екеуі мойындағандай, «Қапастың» қалың тоғай жапқан жер бедерінің сырына бойлау – кісіні шатастыратын ауыр әрекет.4 Бірақ мәлімет алудың тағы бір қиындығы «Қапастың» өзіне қатысты; Ладнердің таксидермия бағының ахуалы өте тұрақсыз және оның өз қалауы бойынша өзгеріп отырады. Мысалы, Лайза өсіп тұрған ағашқа «P.D.P» деп бас әріптері ойып жазылған аты-жөн нұсқасын Бэйге алғаш рет қалай көрсеткенін төмендегіше сипаттайды: «Жаяу сүрлеудің ортасына таман шамшат ағашы өсіп тұратын; оны айналып өтуге тура келетін. Ағаштың тегіс қабығына бас әріптері көрсетілген аты-жөн нұсқасы ойып жазылған еді. Бірінші «Л» Ладнерді, екінші «Л» Лайзаны, ал «К» Кенниді білдіреді. Олардан біршама төменіректе «P.D.P.» бас әріптері ойылған. Лайза бұл жазуды Бэйге алғаш рет көрсеткен кезде, Кенни «P.D.P.» таңбасын жұдырығымен бір түйіп: «Шалбарыңды түсір!»,– деп айқайлап жіберді де, жоғары-төмен секірді. Ладнер оның басына бір сілкініс енгізгендей болды. «Төмен қарай жүре беріңіздер» деді де ағаштың діңін иіле орай бере қабықтың бетіне кертілген жебе ұшты көрсеткішті нұсқады. «Ойы бұзық жастарға көңіл бөлмеңіздер», – деді ол Бэйге қарап (338). Бақ ішінде балалардың жыныстық зорлыққа ұшырайтынын ескерсек, Кенни «P.D.P.» таңбасы кей кезде «Шалбарыңды түсір» (Pull down pants) деген мағына беретініне сенімді деген жорамал жасай аламыз. «P.D.P.» бас әріптер тіркесінің кейінгі көрініс беретін жағдайлары осылайша оқудың дұрыс екені туралы пікірге жетелейді: «Бұл арада Ладнер оларға терең білім беріп, гикориді сұр жаңғақтан, жұлдызды планетадан ажыратуды үйретті… Лайзаға топырақ бетінде ұйпа-тұйпа алыс-жұлыстан көкпеңбек із, шөптің үстінде қытық пен ұят жұрнағы қалғандай елестейді».

P.D.P.

Көліктің терезесін жуғыш бала.
Ойналық та күлелік (341).

Ағашқа ойып жазылып, белгілі бір ақпарат арқалаған таңба Ладнердің оның мағынасын өз қалауынша түрленте алатынын иелігіндегі бақтың ішінде айналасының бәрін шырқ үйіріп отыратынын көрсетеді. Шотланд ақыны Йан Гамильтон Финлей туралы эссесінде Сьюзан Стюарт: «тірі мақұлықтары бар бақ ойлап шығара отырып, біз олардың болмысына араласамыз, бітімін өзгертеміз... Осылайша бақ өмірді үйлестірудің – әлеуметтік уақыт пен кеңістікке құпиялық дарыту, ғұрыптық мағына жүктеу, саяси тәртіп пен әлеуметтік сатылы жүйе орнату сынды басқа да әдістерімен байланысты болып шығады», – дейді (111). Ладнердің бағы өлі заттардан тұратындықтан, ол жанды тіршілікке ғұрыптық уақыт аясында емес, оның «таксидермиялық мезгіл шексіздігінде» қатып қалған бейнесі арқылы «тапсырыс береді» (Sіmpson, 94).5 Ладнер балалардың есейіп, біржолата өз жөндерімен кетуі процесіне тосқауыл қоюға дәрменсіз болғандықтан, оның таксидермиялық бағын қиялдаған нәрсені ішкі және түраралық бақылау мен қарым-қатынас арқылы сақтаудың амалы деп түсінуге болады. Сондықтан адамның табиғатқа Құдайдың жарылқауымен үстемдік етуі, «Жәннаттың» бірлігі мен тұтастығының пайда болуы туралы көңілді сағынышпен үздіктіретін оқиғаларды Ладнердің «ғажайып табиғи қорығындағы» (311) аң-құстардың топ-топқа бөлініп «баяндап» беруі таңғаларлық нәрсе емес. Мысалы, «жүн терісі үлпілдеген сасық күзен тұқымдастарының» өз алдына бөлек жайғастырылуы олардың жақын туыстығын ишаралайды; арыстанға ұқсас бір бейне қозының жанында жерге бауырын төсеп жатыр; ал жайра балықшы сусардың қасынан орын тауыпты. Ладнердің айтуынша, бұл балықшы сусар «жайраны өлтірген кезде ештеңеден тайсалмайды» (317). Таксидермистердің Канада Жәннатын жасауға талаптанатын ежелден келе жатқан дәстүрі бар. Джордж Колпиттс көрсеткендей, таксидермистер «Жәннаттың» табиғи молшылығын бейнелеуге зор үлес қосып, 1890–1914 жылдар аралығында сырттан қоныс аударып келушілерді қызықтыру үшін пайдаланған. Жабайы табиғат үлгілері бүкіл ел аумағындағы жергілікті және орталық музейлерде қойылып, сондай-ақ АҚШ пен Еуропадағы халықаралық көрмелерге жіберіліп отырды. Мысалы, иммиграция жөніндегі федералды басқарма құстар салынған қораптар мен үлкен буйволды (енекені) Еуропаның әртүрлі мекемелеріне жөнелтіп, мұны «Канададан алуға болатын нәрсенің» үлгісі ретінде алға тартты (qtd. іn Colpіtts, 106). Дегенмен XІX ғасырдың соңғы онжылдықтарында буйвол тағдыр тәлкегіне ұшырап, Канаданың жабайы табиғатының символы ретінде таңдауға келмейтіндей жағдайға душар болды: Колпиттстің мәліметіне сүйенсек, канадалық аста-төк молшылықтың таксидермиялық көріністері сәтсіздікке ұрынып, 1870 жылдардың ортасында Канаданың батыс бөлігінің тұрғындары ет өнімі мен жалпы азық-түлік тапшылығын бастан кешті. Канаданың осы бейнесіне «қарсы тұруы тиіс» нәтижелерге қарамастан, Колпиттстің дәлелі Ладнердің «Жәннатты» қалпына келтіру жолындағы ұмтылысын айқындайды (Colpіtts, 113). Бірақ Роберт Леккер «Жария сырлар» жинағындағы тағы бір әңгімені талдап, ол Ладнердің Қапастағы таксидермия бағында орын алған азғындықтарды әшкерелеу үшін өте ыңғайлы деп пайымдайды. Лео Маркстің «Бақтағы тетік: технология, Американың бақташылық мұраты» (Machіne іn the Garden: Technology and the Pastoral Іdeal іn Amerіca) еңбегіне жүгіне отырып, Леккер «Әуейі» әңгімесінде «адамның барлық қызмет түрлерін тауарға айналдырумен» және «табиғатты жоғалтумен» теңдестірілген «соғыстан соңғы постиндустриялық құлдырауды» нақты түрде бейнелеп берген (103). «Әуейі» әңгімесінде соғыстан кейінгі кезеңде – қауымшылдықтан, өлкенің қаймағы бұзылмаған табиғатынан айырылу сезімін суреттеуге мән берілгенімен, Лео Маркс «былғанышсыз жасыл республика» (qtd. іn Lecker, 104) деп атайтын арман әлемі өзінің бос уақытын далалық жерде өткізіп, кешкі тамағын аулаған балығынан әзірлейтін не түскі ас кезінде жабайы алманы қорек ететін бағбан Патрик Агньюдің бейнесімен біте қайнасып кеткен. Бірақ арада елу жыл өткен соң,6 Қапастағы аңдардың шектен тыс көптігі, бір-бірімен дұшпан биологиялық түрлердің кездейсоқ көршілестігі және адамдар мен жан-жануарлар арасындағы үнсіз қарым-қатынас Патрик Агнью бейнесі арқылы көрсетілген, «жоғалып бара жатқан бақташылық мұраттың» бұрмаланған көрінісі. Қапастың «жасыл республикасында» оның жері де, тұрғындары да «былғанбаған»: балалар зорланған; жан-жануарлар «жақсы бағаланатын» тауарлар сияқты қабылданады; топырақтың реңі «көкпеңбек» тартып, бетіне «ұят» тамған (341). Адамзаттың күнәға батуынан бұрынғы кезеңді меңзейтін, сол үшін индустриялық кезеңге дейінгі жер бедерін әспеттейтін Ладнердің «Қапас» идеясы – зор әжуаға лайық, өйткені бақтың іші жай бүркемеленген жасанды нәрселерге толы. Ладнер іші бос қуыс денені терімен қаптап қойған. Құстың денесі шабылған ағаштың бір жұмырынан жасалса, ірі жануардың денесі – жіп, кенеп, желім, қағаз бен саз балшықтан құрастырылған тамаша тұлып (334). Табиғат пен мәдениет туралы пікірталастардың өзегіне өрілген орнықты дуализм жөніндегі Донна Харауэйдің дәлеліне сүйене отырып, Манро «ішіне сабан толтырылған, тірі сияқты көрінетін» жануарларды киборгтер, яғни «бір мезгілде әрі аң, әрі машина кейпінде болып, табиғи не жасанды екені белгісіз әлемдерді мекендейтін мақұлықтар» ретінде суреттейді (Sіmіans, 149). «Киборгтің денесі – зиянсыз емес»; бұған қоса «бақта жаралмағандықтан» (Sіmіans, 180), оның айналада болуы табиғаттың қандай дәрежеде технологияға қарсы амал есебінде ойластырылатынын еске салады. Ладнер киборг-жануарларды табиғат пен технологияны бөлек қарастыру керек екенін дәлелдеу үшін пайдаланады. Бірақ Манро адамдар тысқары қоршаған дүниені өздеріне ұқсатып жасағысы келетінін біздің білетінімізге күмән келтірмейді. Оның ойынша, біз табиғи қоршаған ортаны «жіп пен кенеп, желім мен қағаз, сондай-ақ саз балшықтың» көмегімен немесе көмегінсіз жасап алсақ та, ол – бәрібір құрастыру әрекетінің нәтижесі. Аңдардың бассүйегі мен терісін сыдырып жатқан Ладнердің әрекетін баяндау контексінде тұтас денеге қиянат жасаудың өзгеше түрі деп көрсете отырып, Манро таксидермиялық үлгілерді «тамаша тұлыптар» деп бағалайды. Ол Ладнердің бастан-аяқ бақташылық заманды, адамзат күнәға батқанға дейінгі кезеңді суреттейтін «Қапас» туралы ностальгиялық қиялын жоққа шығарады.7 Сонымен қатар жануарлардың денесін жаратылысына сәйкес қалпында қабылдайтын тұрақты дағдыны да терістейді: Нағыз табиғаттың төлі саналатын жан-жануарлар ең ақыры өздерінің дене бітімі мен физикалық сипаты жөнінен де адамнан айрықшаланады. Олардың бізден өзгешелігі декарттық, христиандық «жан мен тән» немесе «тән мен рух» бөлінісінде көрініс табады. Тіпті осы түпкілікті шекаралар жойылған күннің өзінде, жан-жануарлар адамдарға қарағанда бөлек дене тұрқымен, физикалық тұрпатымен ашық даралана береді (149). Бір жағынан алып қарағанда, таксидермия бағы жануарлардың денесіне қатысты осы көзқарасты мақұлдайды. Ол жануарларды «эстетикалық талғамға лайықталған денелер» деп көрсетіп, «бір қалыпта қимылсыз қалуы... олардың шынайылық қасиетін арттырып, дененің жеке мүше-бөліктерін асықпай көруге», дене айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік беретінін аңғартады-мыс (Desmond, 149–50); ал Манро сыдырылған терілерден «пластик түтіктерге ұқсайтын ішектерді», «қысылып... кіреуке басқан» көз алмасын көреді (334); бұл осы «нақтылықты» анықтауға септігін тигізетін процестерге ең маңыздысы, атқаратын қызметінің ақырғы нәтижелеріне назар аударуды талап етеді. «Аңның суреті: жануарлар, тұлға және көрініс» (Pіcturіng the Beast: Anіmals, Іdentіty, and Representatіon) еңбегінде Стив Бейкер жануарлардың денесін табиғаттан бөлектеп алып, «айнымалы таңбаға айналдыру керек» деп тұжырымдайды; біз жануарларға не мағына жүктейтінімізді, басты символдық нысан ретінде соларға ойланбастан жүгіне салуға бейімдігіміздің артында не тұрғанын байыптауға мүмкіндік аламыз (223). Ладнердің бақта жануарларға не істегеніне мән бере отырып, Манро да осыған ұқсас көзқарасты алға тартады. «Тағыларда» жануарлардың бейнесін адам кейіпкерлерді сипаттау үшін пайдалану нәтижесінде олардың денелерінің де құты қашады. Мысалы, Бэй «Қапасқа» келген уақытта Лайзадан, оның бауыры Кенниден «олардың қандай жануар болғысы келетінін» сұрап, (332) «сыдырылған терілерін» Ладнер билеп-төстейтін хайуандардың құрбанына айналуға қаншалықты әзір екені жөнінде оқырмандардың есіне салады (334). Балалар мен жануарлардың денелерінің арасындағы байланыс кейбір тұстарда күшейе түседі: Лайза «таңдайын тақылдатады», «бақа сияқты бақылдайды» (326, 332); оны «өтпелі рух» билеп алған (328); ол балалық шағында «жабайы» болғанын айтады (329). Бақта жыныстық зорлықтың орын алғанын ескере отырып, Лайзаның әкесі оған «[Ладнермен] жолыңның түйіспегені жақсы, немесе ол сені алдап кетеді.... оның басқалармен жасап жүргені сол» дейді [1]; әрі қарай ол жануармен теңестіріледі (334). Лайза мен Кенни «өздері білетін нәрсенің барлығын айта беруге болмайтынына» тез бейімделеді; олар жануарлар сияқты үнсіз. Зорлыққа ұшыраған балаларды аңдардың тұлыптарымен теңестіру Манроның Ладнерді жануар кейпінде сипаттауымен қайшылыққа келеді. Бэй Ладнерді алғаш рет жолықтырған кезде оның жанында қабаған ит еріп жүр деп қате ойлайды, бірақ сәлден кейін ол «өзінің жеке қабаған иті» [Ладнер] деп шешеді. Есейген уақытында Лайза өзін Ладнердің бір кездері зорлағанын, содан соң «еті мен сүйегінен ажыраған жануар терісі сынды гүрс етіп жығылғанын» еске алады (341): ол есін жинап, «аздап таңдай қақты, жануарлардың дөңгелене тесірейген шыны көздері тасадан жарқырап көрінді» (342). Манро оқырмандарды әлденеше рет Ладнердің балалар денесіне қол сұғуын оның жануарлар денесін өңдеуімен салыстыруға шақырғанымен, Ладнердің жануарға ұқсауы жеңіл қарым-қатынастардың алдын алады. Ладнерді таксидермиялық жануармен («шыны көздер», ажыратылған «терілер») теңестіре отырып, Манро педофилдердің жануарлар кейпінде болуын да меңзейді: Ладнер хайуан болса, оның осы қалпын адамдар мұқият құрастырып шыққан. Джеймс Кинкейдтің пікірінше, балалардың жыныстық әрекеті туралы тіс жаруға ықыластың мүлде болмауы педофилияның етек жаюына мүмкіндік береді.8 Оның әрі қарайғы пайымы мынадай: қазіргі заманда балалардың жыныстық әрекетін жоққа шығару – романтика дәуірінен кейінгі ес жию іспетті; ол кезеңде қаптаған ақындар, прозашылар мен философтар табиғаты бейкүнә сәбиді өнеркәсіп төңкерісі дәуірінде еңбекке жегілген балалардың жан түршігерлік жұмыс жағдайына қарсы қоюдың ең оңтайлы амалы деп таныған болатын. Уильям Кронон табиғаты бейкүнә бала туралы ежелгі түсініктердің салдарларын қазбалап жатпайды; оның табиғат жайындағы дискурстарды жалпы талқылауы – «табиғилыққа» үндеудің балалардың жыныстық әрекеті мәселесін сыни тұрғыдан пайымдауды қалай теріске шығара алатынын түсіндіріп беруге көмектеседі: «Өзінің моральдық көзқарасын сыртқы дүниеде орнықтырғысы келетіндер үшін табиғаттың ұлы тартылыс күші – міне, даулы құндылықтарды таразылап, оларды туабітті, мәнді, талқылауға жатпайтын нәрселер етіп көрсету тек соның әміріне бағынады. Біз «заттарды жасаудың табиғи жолы» туралы айтқанда, басқа амалдың болуы мүмкін емес деп жорамалдаймыз; ал табиғи емес болып саналатын барлық баламалар біздің көңілімізге қонбауы тиіс» (Іntroductіon, 36). Кронон сүйенетін эссенциализм бізге «Тағылар» неліктен соншама абыржуға толы екенін былайша түсіндіріп бере алады «Манро педофилді ағаштардың арасынан, табиғатты жануарлардың бойынан шығарып қана қоймайды, сондай-ақ баланы табиғаттан бөлектеп алады». Басқаша айтқанда, Манроның балалары, жануарлар сияқты «күнәсіз» емес және «бақтың ішінде тумаған» (Haraway, Sіmіans, 180). Манро балалардың Ладнерге жыныстық құмарлығы бар деген долбар жасамайды, бірақ оларды шын мәнінде, мінез-құлқы мен ұмтылыстары ересектер сияқты күрделі және шартты болып келетін жынысты жаратылыстар етіп көрсетеді. Мысалы, Лайза тау хрусталінен жасалған сырғаны Бэйге оны Ладнердің өткір әжуалағанын растап, сол үшін кешірім сұрау рәсімі ретінде сыйға тартады. Бэй Лайзадан: «бұл сырға оның қайтыс болған анасына тиесілі ме?» деп сұрағанда, ол «иә» деп өтірік жауап қайтарады да, үнемі өзінің тартуын «аңғалдықпен, аянышпен, бәлкім, әдейі жанашырлықпен ұсынылған болу ықтималын» сезінеді (342). Баланы бейкүнә, табиғи етіп көрсетуді барған сайын жоққа шығаратын талпыныс үстінде Манроның Лайзасы бар: ол «ашық қызғылт помада» түске боялған үйде тұрады; оның жыныстық құштарлығы «жалғыз» (340) ағашты емес меншікке – табиғи әлемге көшірілген. Ладнердің мінез-құлқын сәттік нәрсе деп сипаттаған ол «... -дан шыға алмады... немесе тіпті шыққысы келмеді» (339, ерекшеленген); Лайза Ладнердің меншігіне арбалғанын былай суреттейді: Қарағайлы алқап... биік бұтақтары мен тікенекті төсеніші бар... сыбдыр қаққан... Балқарағайлардың салбыраған жасыл желегінің астында қараңғыланған, көзден толық тасаланған және жалаңаш жер едені бар бөлмелер... Кей жерлерде ауа тымырсық және оңашада қаласыз, ал енді бір тұстарда бой сергітетін самалды сезінесіз (341). Табиғат аясындағы үйде тұратын романтик баланың бейнесін мысқылға айналдыра отырып, Манроның Лайзасы табиғат патшалығын «бөлмелері», «едені», «кілемі», мәдениеті бар тұрғылықты мекен есебінде санайды. Манро балалар мен ересектерді, адамдар мен жануарларды, табиғат пен мәдениетті бөліп тастағанды қаламайды, алайда біздің бұл арқылы басымызды қатерге тігетінімізді ескертеді. Ол табиғилық пен мәденилікті бөлек тараптар деп қарастыру процесінің Десмонд «мәдениетті табиғиландыру» (192) деп атаған нәрсеге жол ашып беретінін көрсетеді: ол табиғилық категориясына бағдарлаушы ретінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, бізді тұрақтылықтан айыратын мәселелерден алыстатып, оқтын-оқтын және қайтадан «бейтарап, табиғи, түпнегіз категория болып саналатын биологияға» бет бұрғызады (192). Бұған қоса, Манро ересектердің жынысқұмарлығына балалардың аңғалдығын қарсы қойып, табиғилық туралы ойды нығайту үшін педофилияны пайдаланғанда, біз «балалардың денесін құрбандыққа шалған болып шығамыз» (Kіncaіd, 6). «Ол бақылдаса, сен уайымдайсың ба?» (332). Ладнер мен Бэйдің меншігін бүлдіруге тырысып жатқан кезде Лайза Уорреннің өзіне қойған сауалына «оны ойлы кейіптен шығару үшін бақылдаған дауыспен жауап береді» (332). Бұдан сәл ғана бұрын ол үстелдің суырмасындағы заттарды еденге лақтырып жатып, «таңдайын қағып, керемет көңілді дауыспен» үн қатқан болатын (326). Лайзаны зорлағаннан кейін Ладнер де «таңдайын қаққан». «Таңдай қағу» жаңғырығы маңызды, себебі ол Ладнердің өзіне жасаған қиянатына Лайзаның өктем мінезбен тікелей қайтарған жауабы іспетті; сонымен қатар Ладнерге жарыса еліктеуін, онымен толық қосылуға бейімдігін білдіреді. Натали Фойдың дәлелдеуінше, Лайза «Ладнердің бойындағы ізгілікті қалпына келтіреді»; бұл үшін ол Ладнердің тәлімгерлігін еске түсіріп, сол міндетті өзіне жүктейді (159): «Сен қабығына қарап ағаштың қандай түрі екенін айтып бере аласың ба?», – деді ол. Уоррен, тіпті жапырағына қарап та ажырата алмайтынын айтты. «Бәлкім, үйеңкі мен қарағай шығар»,– деді ол. «Балқарағай, – деді Лайза. – Сен балқарағайды білесің. Бұл – балқарағай. Анау сұр қабықты ше? Ол – шамшат ағашы. Білесің бе, сол ағашқа ойып жазылған әріптер бар еді; бірақ олар жайылып кетті, енді жай көмескіленіп көрінеді». Уорренге мұның еш қызығы жоқ еді. Оның үйге қайтқысы келді. Үш сағаттан артық уақыт өте қойған жоқ, бірақ сіз аппақ қардан көтеріле жайылған салқын бу сияқты, ағаштардың ұшар басына қарай бойлаған қараңғылықтың қоюланып бара жатқанын сезінер едіңіз (344). Әңгіменің соңында оқырман «қараңғылықтың қоюланғанын» сезінеді, себебі педофил құбыжықтығының дәрменсіздігінен, балаларды оқытсам деген ынтасының жайдақтығынан, олардың сенімі мен құрметіне ие болу мүмкіндігінің аздығынан көбірек қауіптенеді. Лайзаның тағылықтан тазару әрекетінің нәтижесінде шамшат ағашындағы қайта ашылған көмескі әріптер, оның қыр соңынан қалмай жүрген қараңғылықты «тарқата алғанын көрсетеді деген» Натали Фойдың пікірімен келіспесем де (159), табиғи әлемнің сырын оқу осы қараңғылықтан құтылудың амалы ретінде ұсынылған деп ойлаймын. Ладнердің балалармен тұңғыш кездесуіне тыйым салған сот шешімі бар: Лайза мен Кенни өмірлерінде алғаш рет Ладнердің меншігіне бас сұққан кезде, олар ішке қоршаудың астымен кірді; өйткені барлық көрсеткіш тақталар бұған тыйым салып тұрса, өз әкелері олай істеуге болмайтынын құлақтарына құйып тастаған. Ладнердің «Әй, сен екеуің, бері келіңдер!» деген даусы естілді. Ол теледидардағы кісі өлтіретін қылмыскер сияқты, ағаштың тасасынан қолына балтасын ұстап шыға келді. «Оқи білесіңдер ме?». Бұлар ол кезде алты-жеті жас шамасында еді. Лайза: «Иә», – деді. «Ал сен менің таңбаларымды оқи аласың ба?» (333). Контекске үңілсек, Ладнер сілтеме жасап отырған «Өтуге болмайды», «Аң аулауға болмайды», «Кіруге болмайды» деген жазуы бар көрсеткіш тақтайшалар оның меншігін айқындайды (325); ілгеріде айтқанымдай, «Қапасты» ерекшелейтін басқа да тақтайшалар бар. Олардың бірқатарында ғылыми ақпарат берілсе, басқалары мынадай қағидаларды ұсынады.

«Табиғат пайдасыз еш нәрсені жасамайды»
(Аристотель);
«Табиғат бізді ешқашан алдамайды, біз өзімізді-өзіміз алдаймыз»
(Руссо)

Мәтіннен бөлектеніп, курсивпен ерекшеленген бұл сөздер оқырманды тікелей пікірталасқа шақырады. Аристотельдің «Табиғат пайдасыз еш нәрсені жасамайды» деген қағидасы біздің материалдық та, метафоралық та сипаттағы табиғатқа сыншыл тұрғыдан қарауымызды талап етеді. Руссоның табиғилықты «тірі кейіпке ұқсайтындай етіп» модельдеудің ішінен көрініс тапқан қағидасы, Бэй мен Ладнер сияқты «табиғи» әлем – шындықтың қоймасы деген идеяға жармасып, өз-өзімізді қалай алдарқатып жүргеніміз жөнінде ойлануымызға мәжбүр етеді. Бэйдің табиғат пен табиғилыққа жүгінуі оның сыншылдық қабілетіне кедергі жасайды; Ладнер адамнан тысқары әлемді мезгіл шексіздігі және табиғатпен бірлік орнайтын Жәннат туралы өзінің арманын жүзеге асыру үшін пайдаланады. Біз, Бэй мен Ладнер сынды, әңгімеде «табиғи» да, адами да болмыстарға жасалған қиянатқа қатысты суреттелген осы екі жайттың астарында жасырынған ескертпеге құлақ аспайтын болсақ, өзіміздің де құрдымға батып, әңгіменің соңында қоюланатын қараңғылықтың ішіне сүңгитініміз анық. Бірақ бұл талқыға төтеп беріп, мәселен, Гераклиттің «табиғат – тылсым» деген ойлы сөзін еске алу үшін «біз педофилия туралы не ойлаймыз, ол жайында ойлаудан бас тартамыз ба?» деген мәселеге ден қоя бастауымыз қажет. Манро: «Сөйтіп, сіз менің таңбамды оқи алдыңыз ба?» деп сауал тастайды.9

Ескертпе «Ғажайып жер» (UnCommon Ground) шығармасының кіріспесінде Уильям Кронон «табиғатты аңғал болмыс» ретінде қабылдауды келесі түрде сипаттайды: «Бұл – ағылшын тіліндегі «табиғат» сөзінің ежелден келе жатқан мағыналарының бірі: қандай да бір нәрсенің табиғаты туралы айтқанда біздің сезінетініміз сол, оның түпкі мәнін, іс жүзінде қандай екенін баяндаймыз. Сөз қолданысы міндеттемесінің қаупі сонда, бізді қайсыбір жорамалға не үшін итермелейді деген сауал туады: ол ат қойып, айдар таққысы келетін нәрсенің өзі өте көп жағдайда табиғилық ықтималының астарында жасырын жатуы ықтимал» (34). Натали Фой Бэйдің зорлық-зомбылық туралы «толық» мөлшерде «хабарсыз» екенімен келіспейтінін айтады (151). Бірақ Фойдың, қисынды дәлелін оның өз тарапынан «Бэй жағымсыз ассоциацияларды ұмытуға бейім екенін білеміз» деп айтып қалуы (151), сондай-ақ Манроның әлдебір екіұдайлықты сақтап отыру мен оған мән беруге тырысуы жоққа шығарады. Бэйдің «білгіштігін» қуаттауы мүмкін қосымша дәлел керек болса, оның Лайзаны колледжге жібергендегі мақсаты жөнінде күмән туғызатын келесі үзіндіге ой салып қараңыз: «Ол маған аздаған ақша берген болатын». Лайза ол (Ладнер. – Ауд.) білуге тиіс нәрсені айтқандай болып, сөзін жалғайды: «Колледжге бару жөнінде мен оған (Бэйден. – Ауд.) ешқашан өтініш білдірген емеспін. Ол аяқ астынан қоңырау шалып, қалауын айтты» (322). Сондай-ақ Ладнердің «есуастығы» жөнінде Бэйдің білетінін, өзінің «іштей өмір сүруі» үшін оған өте күрделі талап қоюға даяр екенін мойындайтынын ескеріңіз (314). Таксидермистің жануарлардың ғажайып үйлесімді денесіне қызығушылығын талқылау үшін қараңыз: «Тедди қонжықтың патриархаты» (Teddy Bear Patrіarchy); мұнда Харауэй Карл Эйклидің «мінсіз үлгіні» тынымсыз іздегенін сарапқа салады (254). Қараңыз: Бэйдің меншік туралы сипаттамасы (317), Лайзаның меншік туралы сипаттамасы (333), Лайзаның бала күнінде «Қапастағы» өзіне арналған аттракционды сипаттауы (340 –341). Симпсонның «Мінсіз олжалар» (Іmmaculate Trophіes) еңбегінде «жабайы табиғаттың мұздай қатқан тіршілігінің» қайшылықтары мен қызықтары жақсы зерттелген (92). Зауытта болған апат, соның нәтижесінде 1924 жылы Джек Агньюдің басының шабылуы «Әуейі» әңгімесіндегі басты оқиға саналады. Бұл уақытта Бэй тағы да әңгімеде бой көрсетеді (13). «Тағылардың» кіріспе бөлігінде Бэйдің Лайзаға хат жазуға кіріскенінен бері 50 жылдан астам уақыт өткен. «Тағыларда» мезгіл көрсеткіштері жоқ, бірақ Бэйдің Ладнерді тұңғыш кездестіргенде Вьетнам соғысының ардагері деп айтуы, теледидардан «Мен Джинни туралы армандаймын» хабарының қайта-қайта көрсетілуі «Тағылар» 1980 жылдардың орта шеніне дейінгі оқиғаларды өзек еткен деген жорамалға жол ашады. Қараңыз: Редекоп (Redekop) Манроның ностальгиялық әсірелеуге жиі жүгініп, артынан одан бас таратынын дәлелдейді.

Қосымша қараңыз: Левин мен Стид (Levіne and Steed).

Бұл мақаланың бастапқы нұсқаларын ризашылықпен оқып, пікірлерін білдірген Сюзен Фишерге, Сьюзи О’Брайенге, Пэт Сондерс –Эванс пен Энди Уэйнрайтқа алғыс айтамын.

Сілтеме Alіce Munro Wrіtіng On…. Spec. іssue of Essays on Canadіan Wrіtіng 66 (Wіnter 1998). Baker, Steve. Pіcturіng the Beast: Anіmals, Іdentіty, and Representatіon. Manchester and New York: Manchester UP, 1993. Colpіtts, George. «Wіldlіfe Promotіons, Western Canada Boosterіsm, and the Conservatіon Movement, 1890–1914». Amerіcan Revіew of Canadіan Studіes 28.1–2 (Sprіng/Summer 1998): 103–30. Cronon, Wіllіam.«Іntroductіon». Uncommon Ground: Rethіnkіng the Human Place іn Nature. Ed. Wіllіam Cronon. New York and London: Norton, 1995, 23–56. Cronon, Wіllіam. «The Trouble wіth Wіlderness: or, Gettіng Back to the Wrong Nature». Uncommon Ground 69–90. Desmond, Jane C. Stagіng Tourіsm: Bodіes on Dіsplay from Waіkіkі to Sea World. Chіcago and London: U of Chіcago P, 1999. Foy, Nathalіe. «Darkness Collectіng: Readіng» «Vandals» as a Coda to Open Secrets.» Alіce Munro Wrіtіng On … 66 (Wіnter 1998): 147–68. Kіncaіd, James R. Chіld-Lovіng: The Erotіc Chіld and Vіctorіan Culture. New York and London: Routledge, 1992.

Haraway, Donna. Sіmіans, Cyborgs, and Women. New York: Routledge, 1991. Haraway, Donna. «Teddy Bear Patrіarchy: Taxіdermy іn the Garden of Eden, New York Cіty, 1908–1936». Cultures of Unіtes States Іmperіalіsm. Ed. Amy Kaplan and Donald E. Pease. Durham: Duke UP, 1993: 237–91. Lecker, Robert. «Machіnes, Readers, Garden: Alіce Munro’s «Carrіed Away». Alіce Munro Wrіtіng On … 66 (Wіnter 1998): 103–27. Levіne, Judіth. Harmful to Mіnors: The Perіls of Protectіng Chіldren from Sex. Mіnneapolіs: U of Mіnnesota P, 1999. Munro, Alіce.«A Natіonal Treasure: An Іntervіew wіth Alіce Munro». Meanjіn 54 (Sprіng 1995): 222–32.

Munro, Alіce. «Carrіed Away». Open Secrets. Toronto: Penguіn, 1995: 1–58.
Munro, Alіce. «Vandals», Munro, Open Secrets 305–44.

Redekop, Magdalene. «Alіce Munro and the Scottіsh Nostalgіc Grotesque». Alіce Munro Wrіtіng On … 66 (Wіnter 1998): 21–43. Sіmpson, Mark. «Іmmaculate Trophіes». Essays on Canadіan Wrіtіng 68 (Summer 1999): 77–106. Steed, Judy. Our Lіttle Secret: Confrontіng Chіld Sexual Abuse іn Canada. Toronto: Random House, 1994.

Stewart, Susan. «Garden Agon». Representatіons, 62 (Sprіng 1998): 111–43.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Жануарлар. Адамдар. Орындар. Заттар

БІРІНШІ ТАРАУ

Кіріспе
Адам тіршілігі теориясының мәселелері
Джули Ривкин мен Майкл Райан

Әлеуметтану, саясаттану және мәдениеттану ғылымдары барған сайын әдебиетпен өзара байланысып, жақындасып келеді. Танымал жазушы Элис Манроның әңгімесінен өмірдің тыныс-тіршілігін көреміз, сезінеміз, пайымдаймыз. Шығармада бейнеленген кейіпкерлердің бастан кешкендері бізге етене таныс. Олардың барлығы қимыл-қозғалыс үстінде көрсетіледі – кеудесінде жаны жоқ мүсін не уақыт үзігінде кідіріп, кеңістік аумағында шектеліп қалған фотосурет сияқты емес. Әлеуметтанушылар әлдебір құбылыс туралы айтқанда, әдетте «жүйе», «құрылым» мен «идеология» сынды сөздерді пайдаланып, олардың көмегімен болмыстың дерексіз сипаттарын, өмір тәжірибесінен алшақ жайттарды баяндайды. Тіршіліктің ағымы мен орын алған оқиғалар сыртта қалады. Енді олар осы қайшылықтан бірте-бірте арылып келеді. Жазушылар өздерінің әдеби туындыларында өмір шындығына көңіл бөліп, жаңаша пайымдарға жол ашқанды қалайды. Мысалы, мәдени антрополог Кэтлин Стюарт, Аппалачия халқының өмірін қағазға түсіріп, айшық бояулармен көркемделген прозалық квази-әдебиет фрагменттерін жазып жүр. Әлемді байыптауға деген бұл жаңаша көзқарас – әлеуметтану ғана емес, күллі ғылымдағы зор өзгерістердің нәтижесі. Кешегі күнге дейін гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың концепциялары мен әдістерін пайдалана отырып, адамзаттың әлемді өз болмысына қарама-қарсы қойып келгені белгілі. Біз әлемді менталды түсініктеріміз арқылы қабылдап, оны жіті білетін деңгейге жеттік. Дегенмен әлем мен таным бір-бірімен қабыспады. Өзіміздің материялық әлемнің бөлшегі екенімізді, ал әлем көбіне субъективтік сипатта көрініс табатынын ескерсек, одан басқасының бәрі үйлесімді сияқты көрінеді. Бактериядан бастап, өзіміз тақылеттес мақұлықтарға дейінгі жанды жаратылыс. Оның үстіне, біздің санамыздағы әлемді бөлшектеп тастайтын шет-шектің өмір шындығымен сәйкес келуі сирек. Бейонсенің концерті – мәдени оқиға ғана емес, эмоциялық тәжірибе мен эротикалық құмарлық насихаты. Бұл – физикалық құбылыс, химиялық әрекет (басқаша айтқанда, дыбыс, қимыл) көрінісі. Әлемді тану – менталды түсінік, сондай-ақ іс жүзінде ол әрекетпен қабаттаса жүзеге асатын биологиялық құбылыс. Әдебиет теориясына қатысты пікірсайыстарға мұқият көңіл бөлсек, ол көп жағдайда өктем сипатта және schadenfreude (немесе басқаның шеккен азабынан ләззат алу) сияқты эмоциялық аффект түрінде көрініс беретін, іс жүзінде нақты ықпал жасағанды көздейтін нарцистік энергиямен біріккендей көрінеді. Таным субъектісі саналатын адамды әлемге қарсы тұрған орнынан жылжытып, сол әлемнің ішіне (жылы су толтырылған астауда еріген мұз кесегі) батырған күні кешегі постгумандық, материалистік теория да қоғам мен ғылым, мәдениет пен табиғат, технология мен табиғилық, адам мен жануар, ой мен материя субъект-объект дуализмімен байланысқан межелік айырмашылықтарға бей-жай қарамады. Адам танымы туралы жаңаша түсінікте «қарым-қатынас» шешуші термин ретінде қарастырылады. Заттар әрқашан бір-бірімен қарым-қатынаста болады. XX ғасыр структурализмінің қарапайым идеясы мынада еді: өздерінің бір-бірінен айырмашылықтарынан туындайтын бірегейліктері арқылы тіл бөлшектері (деконструкцияны қалыптастыра отырып) философияға, кейін әлеуметтік ғылымдарға, физика саласындағы зерттеулерге көшті. Ендігі кезекте заттар көпшілік жағдайда қарым-қатынастар тұрғысынан (өткеннен болашаққа бағытталған қозғалыс үстінде, бір-біріне қатысты кеңістік пен уақыт ауқымында) қабылданады. Тағы бір маңызды термин – «желі» (network). Біз барған сайын объектілер мен оқиғаларды оқшаулағанды қойып, оларды уақыттық процестер мен кеңістікте таралған материялы өрістердің бөлігі ретінде тануға тырысып жатырмыз. Заттар бір күйден екінші күйге өтеді, формаларын өзгертеді, ықпалға ие болады, жаңа бітімдерді туғызады. Табиғат пен материя қозғалыс үстінде көрінеді, ал жеке объектілер дағдарысты зерттеу үшін ғана оқшаулануы мүмкін. Қайта өрлеу дәуірінде аристотелизмнің пайда болған кезінен бастап философия сананың материялық әлем мен дүние тұрақтылығынан ажырауына, сондай-ақ оның қарапайым объект формасын қабылдау икемдігіне жол ашты. Алайда философияда балама дәстүр болды, әлі де бар; уақыт өте келе ғылымда, математикада және басқа салаларда философия проблемаларын қарастыратын, зерделейтін теориялар мен зерттеулердің тиісті арналары қалыптасты. Демокрит, Лукреций мен Гераклит сияқты философтардың балама дәстүрлері физикалық әлемнің жанды және күрделі сипатта екенін көрсетті; ол қарадүрсін заттардан немесе тұйық құрылымдардан тұрмайды. Қозғалыс үстіндегі жеке объектілер бар; олар өзгеріп, түрленеді; өздері арқылы өткен құбылыстарды бойларына сіңіріп алады; өздерін бөліп тұрған, бірақ олардан өздері ажырай алмайтын өрістер мен жүйелерге тиесілі болады; көзге көрінбейтін, көрінуі де мүмкін емес физикалық тіршіліктің деңгейлерін аңғартады; материяның уақытша тұрақтылығын танытып, орнықтылықтан гөрі шиеленіске толы оқиғаларды көрсетеді, ақыр соңында жоғалып, басқа қалыпқа көшеді. Біздің денеміз бен миымызды бар кезімізде құрайтын материя өзіміз өтіп кеткен соң, айналада қанша уақытқа дейін жасай беретініне ден қойсақ, адамның өмірінен гөрі өлімі туралы әңгіме қозғау мәндірек көрінеді. Біздің ақыл-ойымызды айқындайтын санада жарқ еткен түйсіктің қуаты мен ұмтылысы бойымыздағы және айналамыздағы барлық нәрсеге қатысты трансцендентті самарқаулықтың мәселесі деуге болады. Лукрецийден Делөзге дейінгі балама материалистік философия дәстүрінде маңыз берілген өзгеріс пен тұрақсыздық таяуда сызықтық емес биология саласындағы ғылыми зерттеу мен күрделілік теориясынан қолдау тапты. Күрделілік теориясы физикалық әлемнің жандылығын, тосындығын атап өтеді. Материяның жаңа тоғыстары жаңа күйлердің пайда болуына, сондай-ақ оның шын әлеуетінің танылуына мүмкіндік береді; мысалы, гүлдің түсі мыңдаған компоненттерден құралады, бірақ олардың бірде-бірі өз алдына жеке дара түс болып саналмайды. Қала алаңына жиналған он адам жай қыдырып жүрген отбасылар басқосуының нәтижесі болуы ықтимал; ал миллион кісі бас құраса, ол саяси күшке айналады. Гегель айтқандай, сан сапаны өзгертеді. Миымыздың жасушаларындағы митохондриялар түгелдей жоғары деңгейде бас құрап, санаға айналмайынша, жай материялар топтамасы болып қала береді. Мартин Медоустың пікірінше, әдеби канон сияқты мәнді нәрсе бірнеше арнада (тарих, мәдениет, эстетика) көрініс табатын, ағымдағы формасын ажырату қиынға соғатын күрделі қарым-қатынастардың жүйесі болып саналады. Ол уақытпен бірге белсенді түрде дамып, әр жыл сайын жаңа тарихи, мәдени жағдайларда өздерінің құрылымын қайта жаңғыртып отырады. Элис Манро сынды жазушы замана көшінде канондық тұлға ретінде пайда болды; эстетикалық категориялар жетілетіндіктен, оның құрғақ физикалық қасиеттерді тебірене сипаттауы көкейге қонымдырақ көрінді, шығармасының қадір-қасиеті бірте-бірте санаға сіңе бастады; сөйтіп, күнібұрын жорамалдау немесе модельдеу оңайға соқпаған өзгеріс бір-ақ сәтте жүзеге асты да, оны тасада тұрған жерінен кең айдынға алып шықты. Биологияда ағзалардың қайталанбастығы, органикалық өмірдің сызықтылығы туралы түсінігімізді бұзды. Ағзалардың ара жігі айқын емес, себебі олардың тіршілігі қоректену, бөліп шығару, тыныс алу, тіпті танып-білу арқылы өздерінің тәни болмысымен кірігіп кететін қоршаған ортаға тәуелді болады. Биологиялық тұрғыдан қарағанда, бірегейлікті айқындау міндетті түрде экологиялық, симбиоздық сипатқа ие. Біз айналамыздағы, өз ішіміздегі бактериялармен ұдайы селбесе ғұмыр кешеміз. Кез келген ағзаның компоненттері жеке-жеке алып қарағанда, бейорганикалық және жансыз күйде болады. Тіршілік жансыз бөлшектерден құралады. Біз өзімізге сыйға тартылған материядан тұрамыз; ол өзіндік сипаты жоқ және субъектілік емес қалпында «біз» бола алмайды. Мәдениетті табиғаттан, ойды материядан бөлу мүмкін емес. Сондықтан «біз айқындалғанбыз» деп айтуға болмайды, өйткені «біз» бен оны айқындайтын нәрсенің арасында айырма жоқ. Мәдениеттанудың, физика ғылымдарының материя туралы жаңаша көзқарасында адамдар мен тіршіліктің, жануарлар сияқты басқа түрлері арасындағы межені анықтауға айрықша көңіл бөлініп отыр. Материя тұрғысынан қарағанда, адамдардың өзге мақұлықтардан соншалықты елеулі айырмашылығы жоқ секілді. Адамды өмірдің басқа бітімдерімен бірге жалпы материялы болмысқа жатқыза отырып, Джорджио Агамбен, Бруно Латур мен Донна Харауэйдей жаңа материалист теоретиктер адамдардың табиғат аясындағы тіршілікті қалай түсінетіні туралы тың «постгумандық» пайым жасауға ұмтылады. Гуманизм адам өмірін табиғаттан бөлектетіп, табиғатқа ауыртпалығы көп, мазасыздыққа толы бөтен дүние есебінде қарады; оны ізгілікті қалыптастыратын тәртіп орнаған азаматтық қоғам сынды реттелуге тиіс деп түсінді. Жаңа материалистер, керісінше, адамдар мен табиғатты біртұтас құбылыс өзара байланысқан материялы жүйенің бөлігі ретінде қарастырғанды жөн көреді. Мысалы, өзіміздің жыныстық болмысымызға, сондай-ақ басқа тіршілік иелеріне (атап айтқанда, жануарларға, тіпті бактерияларға) қатысты мінез-құлқымызды реттейтін алуан түрлі әдеп осындай қайта пайымдаудан туындайды. Сыни еңбектердің көпшілігі осы идеялардың төңірегінде туындады; әсіресе жануарлар айрықша қызығушылық туғызатын тақырыптың басты өзегіне айналды. Мысалы, Герман Мелвилдің «Моби Дик» немесе «Ақ кит» (Moby Dіck) романы осы қатарға жататыны айқын. Сондай-ақ шығармалары психологиядан бастап тілге дейінгі көптеген өзекті жайттар мен мәселелерді мол қамтыған Вирджиния Вулф сияқты жазушылардың пайымдары адамдардың жануарларға көзқарасын зерттеу үшін пайдалы болып шықты. Мысалы, «ханым» (Mrs Dalloway) романында жануар бейнелерінің кездесуі, Викки Троманхаузердің пікірінше, кездейсоқтық емес. Сүйкімді бейнеленген Септимус Смит бір мезетте дүниеге иттің көзімен қарайды есалаң күйге түскен кезде грек тілінде ән шырқап жатқан құстардың даусын естиді. Ақырында, өзін-өзі өлтіруге итермелеген дәрігермен ұштасқан қатаң позитивтік ғылыми қағидалардың шегінен аттап шығып, өлімге бас тігеді. Дәрігер астамшылыққа ұрынған объективтік ғылым лабораториясының гуманды кейпін танытады. Ол зерттеуіне алған тіршілік иесін ажалға қияды. Керісінше, Вулфтың симпатия мен эмпатияға негізделген балама этикасы адамдарды қоршаған ортадан бөліп тұрған шекараны жояды. Адамды категория, идеал ретінде қайта байыптаудың тағы бір жолы – оны адамзат мәдениетінде басымдық танытып отырған үйреншікті физикалық әрі когнитивті талаптар тұрғысынан қарастыру. Бұл өлшемдер – физикалық, когнитивті кемістіктері бар адамдарды өзгешелеу мен ортаға сыйғызбау тәжірибесіне септігін тигізеді; ондай кемістіктердің қатарына тілдің мүкістігі мен аутизм сияқты когнитивті тежелу сырқаттарынан бастап, қимыл-қозғалыс шектеулігі мен жүйке аурулары жатады. Бірқатар сыншылдық, теориялық проблемалар еңбекке жарамсыздыққа байланысты зерттеулер жөніндегі пікірталастарды өрбітті. Кейбіреулер жарамдылық пен жарамсыздықты қалыптасқан өлшемдер не ұғымдар есебінде қарастырады; олар адамдарды қалыпты, қалыпты емес деп топ-топқа бөлетін басқа да әлеуметтік тетіктермен үйлесім табады. Бағалау ыңғайында медициналық тұрғыдан берілген физикалық сипаттама көп жағдайда нәсілдік астамшылық дискурсында пайда болатын сараптамалық пікірлердің мүддесіне қызмет етті. Бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына дейінгі кезең ішінде Германиядағы нацистік тәжірибе дене сымбаты нормаларын физикалық кемістіктері бар адамдардың әлжуаз, тәуелді топтарына проекциялауымен айрықша көзге түсті. Эйблизм мүмкіндігі шектеулі жандарды кемсіту идеалдары мен нормалары сынға ұшырады. Еңбекке жарамсыздық теориясымен шұғылданатын басқа мамандар мүгедектердің тәжірибесіне жүгініп, олардың құқықтары мен медициналық жәрдемге қолжетімдігі мәселелеріне көңіл бөлді. Гуманды медициналық ғылымдар дәрігерлік дискурстың әдеби сыншылық пікірталастар деңгейіне ұласқанын қалайды. Кейбір теоретиктер шектеулі мүмкіндік идеясын еңбекке жарамдылар пен мүгедектер арасындағы айырманы жою үшін пайдалануға тырысады. Таза материя тұрғысынан алып қарағанда, ешқандай норма жоқ; тек эволюциялық сипаттағы әртүрлі шығармашылық қайталаулар мен мүмкіндіктер ғана бар. Олардың кейбірі қазіргі күні басымдыққа ие болып отырған стандарттарға сәйкес келіп, балама ретінде ұсынылады. Эволюция тұрғысынан бағамдасақ, біздің бәріміз де – мутантпыз. Генетикалық нормалар жоқ; тек генетикалық материалдың әртүрлі бітім мен формасындағы әлсіз, нәзік, уақытша құрылымдары ғана бар. Біз өмірмен қоштасқан кезде жер қойынымен қауышып, қоршаған ортаның бөлшегіне айналамыз. Алайда өмір бойына жер материясынан тысқарылығымыз жөнінде гуманды қиялдарға беріліп, өзімізді алдарқатып жүреміз. 1960 жылдары экологтер бұл шектеулі гуманитарлық көзқараспен пікір таластырып, әлдеқайда зор материялық әлем ауқымында адамзаттың игілігі мен Homo sapіens мекендейтін Жердің бүтіндігіне назар аудару керегін айтты. 1970 жылдары Шарон Глотфелти, Гарольд Фром және басқалар экологиялық проблемаларды әдеби зерттеулерге енгізе бастады. Алдымен, экокритицизм қозғалысы жерге мән беріп, әдебиеттегі пейзаж тақырыбына көңіл бөлді. Одан бері қарай биоаймақ мамандары физикалық, экономикалық өңірлердің бір-бірімен тоғысын зерттеп, соның нәтижесінде адамдардың өмір салтынан ажырағысыз әлеуметтік жік пен географиялық қоныс мәселелері әдебиеттің бірыңғай маңызды сипаттарына айналды. Мысалы, Уилла Кэсердің «Менің Антониям» (My Antonіa) романында тіршілік талабы қатаң, бірақ бұрынғы қоныстарына ұқсас сипаттары бар қолайлы, құнарлы, кең өлкеге қоныстанған иммигранттардың өмірі суреттеледі. Олардың бірқатары сол маңайды мекендейтін жануарлардың інінен айырмашылығы бар жеркепелер соғып алып, сол баспаналарда тіршілік етеді. Тұрмыстары оңалған сайын келімсектердің бір тобы қалаға қарай жылжып, жаңа жағдайларға бейімделе өзгереді, уақыт өте келе ақшаға сүйенген жан сақтау амалдарын меңгеру туралы көбірек ойлана бастайды. Антония белгілі бір дәрежеде сүйкімді жануар сипатында бейнеленіп, жан сақтау амалы ретінде ақша іздеудің жолына түскен қала қыздарына қарсы қойылады. Біз үшін мәдениет пен табиғатты тұтас алып қарастыру – жаңа материализм мен биомәдениетке тың көзқарастың бір нәтижесі. Ғылым мәдениеттің материялық сипатын растайды. Дискурсты зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, сөздер миға физикалық ықпалын тигізеді, ал мидың әртүрлі бөлімдері сол сөздерге жауап ретінде алуан түрлі сипатта жанданады. Дискурс пен материяның, дискурс пен дененің арасындағы айырмашылықтар осындай тұжырымдар негізінде анықталады. Сайып келгенде, мидың физикалық материясының толық дамуы мәдениетке тәуелді болады. Мидың жетілу сипаты мынадай: қоршаған мәдени ортаның семиологиялық ықпал түріндегі тиісті бағдары болмайынша, ол кемелдікке дейін толыспайды. Эволюцияның арқасында әлеуметтік тәртіп биологиялық өмірдің ажырамас сипатына айналып кеткен.

ЕКІНШІ ТАРАУ

Репрезентативті емес теория: біз білмейтін өмір
Найджел Трифт

Найджел Трифт – әлеуметтік географияның маңдайалды мамандарының бірі. Ол «жұмсақ капитализм» сөз тіркесі мен «репрезентативті емес теорияны» ойлап тапты. Кейінгі еңбегінен таңдап алынған бұл үзіндіде ол біздің адам өміріне концептуалды мән беріп, тура ұғым немесе категория идеясына сүйену арқылы бастан кешкен тәжірибеге жақындай түсуімізде қандай өзгерістер болғанын жинақтайды. Оның «Репрезентативті емес теория» (Non Representatіonal Theory, 2007), «Кеңістік құрылымдары» (Spatіal Formatіons, 1996), «Саясат өнері» (Arts of the Polіtіcal, 2013) атты кітаптары бар. «Productіon» сөзі кейіннен оның этимологиялық түбірінің мағынасына (лат. – «producere») сәйкес пайдаланылып, объектіні кеңістікте «жасау» әрекетін білдірді.

(Гумбрехт, 2004: XІІІ)
Бәрінен де пайдалы нәрсе – қалай орналастыруды не жайғастыруды білу.
(Хамфри Рептон, 1803; сілтеме көзі: Wall, 2006: 6)

Біз осындай мәтіндерді оқығанда іс жүзінде тек оның мән-мағынасына ден қоямыз ба? Бұл мәтіндерді оқырман қауымға жеткізбейміз бе? Өлеңде жырланатын жайт тек белгілі бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс пе? Бұған қоса оның өзегіне өрілген әлдебір шындық жоқ па? Меніңше, өлеңнің біздің алдымызға қоятын міндеті осыдан көрінеді.

(Гадамер, 2000; сілтеме көзі: Gumbrecht, 2004: 64) Басқа бір тараптың төмен түсірмей қағып алатынына сенсек, біз жер бетінен сол әлемге қарай не тура соның тереңіне қос аяқтап құлдилауға даяр болуымыз мүмкін.

(Джеймс, 1999 [1911]: 230)
Кіріспе

1990 жылдардың басынан бері мен өзім «репрезентативті емес теория» деп ат қойған жобаны жасаумен айналысып келемін. Бұл кітаптың тараулары «Кеңістік құрылымдары» (Spatіal Formatіons; Thrіft, 1996) «Сұңғыла капитализм» (Knowіng Capіtalіsm, Thrіft, 2005a) атты еңбектерімнің тікелей жалғасы саналатын кейінгі кітабымның бірнеше бөлігін қамтиды. Дұрысы, бұл үш кітапты тұтастай алып қарастырған жөн: олардың әрқайсысы – бірыңғай экономикалық не мәдени тұжырымның ажырамас бөлігі. Осы кітаптың мазмұнын нақты қалай сипаттаған дұрыс? Болып жатқан жағдайлардың географиясы деп атауға тұратын бұл еңбек ең қажетті тақырыптарға бөлінген. Кітапта өзекті жағдайлар көбіне үстірт сипатталған; бірақ ол өзінің зерттеу нысанына тәжірибе жүзінде бар нәрсеге байланысты енжарлық таныта қоймайды деп үміттенемін. Осы арада және одан кейін де айтатынымдай, тәжірибе жүзінде бар нәрсенің мазмұны түбегейлі өзгеріп кеткеніне мұның еш қатысы жоқ. Өйткені бұл кітапта баяндалатын нақты жағдайлар қаншама өзгеріске ұшырағанымен, пікір білдірудің бірқатар процедуралары мен әдістерін қолданудың арқасында оңтайлы әрі белсенді түрде жандана түсуі ықтимал. Басқаша айтқанда, ол ұдайы қарабайырлыққа қосымша реңк сыйлау, күнделікті күйбеңге тылсым дарыту, елеусізге қолдау көрсету өнерінің бастапқы жобасы ретінде қолға алынған.1 Мұндай нәрселер өте құбылмалы, біршама қитұрқы, тіпті әжептәуір тосын көрініп жатса, дәл сондай болуы тиіс шығар деп ойлаймын. Бұл – жорамал кітап, өйткені болып жатқан жағдайлардың саяси сипаты қай бағытта өрістейтіні әлі де болса айқын емес; ашығын айтқанда, мен зерделеген мәселелердің көбі тек эксперимент күйінде екенін ескерсек, айқындыққа жету жолындағы талпыныстардың бәрін бірдей сәтті деп бағалау орынсыз шығар... (демек, «теория майлы қасықтай жылпылдап тұруы керек» деп есептейтіндердің дереу сынына ұшырауым да ғажап емес).2 Бұл кітаптың қатпары қалың, сондықтан мәселенің түп тамырына жеткенге дейін талай «топырақтың бетін аршып», неше түрлі теория «тоғайларының бұталарын шабу» керек болады. Бұл кітап біршама тосын, өйткені ол күнделікті өмірдің кейбір қарабайыр құбылыстарын ғажайыпқа балайды; тәуекелдің барлық түріне бас ұрып, бәрінен бұрын әсірешілдікке орын қалдырады. Қысқасы, мен бүгінгінің жай-жапсарын айқындау үшін тәуекелге бас тігуді жөн деп санайтынымды айтқым келеді; бұл өз кезегінде болашақта жасалатын нәрселер үшін қажетті жаңа әдістердің пайда болуына қозғау салады. Анығы, көздеген мақсатқа жету жолында бұл кітап бірден үш мәселені қамтуы тиіс. Біріншіден, ол әлеуметтік, саяси теория саласындағы еңбек болуы қажет.3 Меніңше, кітап әлемдер4 (автор «әлем» сөзін не үшін әдейі көпше түрде алатынын мақала соңындағы ескертпеде түсіндірген. – Ауд.) қалай тіршілік ететінін дәл пайымдап беретін қисынды қорыту үшін сабақтас дәстүрлер жиынтығына негізделген. Осы ретте кездейсоқ қақтығыстардың маңызды рөл атқаратыны мен олардың нәтижелерін (алдын ала ойластырылу ықтималына қарамастан) күнібұрын кесіп-пішу мүмкін емес екені ескеріледі. Страттерн мұны шашыраңқы жанрлар емес, күрделі траекториялар анықтайды деп пайымдайды (1999: 25). Екінші жағынан, кітап диагностика құралы болуға тиіс. Ол қазіргі сәттің кейбір ерекшеліктерін ескеріп, оларды «дерексіз (спекулятивті) топография» деп аталатын ұғымның аясына топтастыратын зерттеулерге ден қойған. Болып жатқан жағдайлардың барысы мен мазмұны ұдайы өзгеріске ұшырайды: мысалы, тұрақты «адам» тәжірибесі жоқ, өйткені кісінің сезім мүшелері үнемі қайта жетіліп, ал денесі өзіне өскіндерін үздіксіз жалғап отырады; сондықтан нені және қалай сезінудің тәжірибесі айнымалы болады.5 Үшіншіден, бұл кітап – өз үмітімізді қайта пайымдау міндетіне қосылған саяси үлес. Түптеп келгенде, демократияның «күнделікті» жаңа формаларын ойлап шығару қазір көптеген адамдардың саяси амбициясының бір бөлігіне айналды. Оның барысында «жергілікті», «жаһандық» саяси терминдер оңтайлы сипатынан айырылып, бар болып саналатын, «мұны әрбіріміз сезінетін» (Gіnsborg, 2005: 7), саяси өмірде маңызы зор мәселелерді өзара байланыстыратын бөлініске лайықты балама табылмай қалды. Бұл кітапта осы үш пікірсайысқа, әсіресе соңғысын зерделеуге тырысуымыз – саясаттың жаңа арналарын ашып көрсету; ал олардың нәтижесі бойынша, саяси даңғаза көтеруге болады. Бұл кітап – саяси жаңалық ойлап табу өнерінің талпынысы; ол осы тәжірибе саласына қатысты күрделі мәселелерді қозғай отырып, жалпы мақсат ретінде әлі дүниеге келмеген саясаттың алдына сауалдар тастайтын жаңа жұртшылық қалыптастыруды көздейді (Rajchman, 1998) бұл әрекеттің нәтижесі нақты емес ғылымнан әріге ешқашан бара алмайтынын мойындайды6 (Stengers, 2002a). Блох (2000; [1923]) оны «көк түске боялған ғимарат» деп атады. Мен жасамақ болып отырған құрылымның қаңқасы үшін бұл жаман сипаттама емес. Бірақ мен әр мақсатты нақты анықтап көрсеткім келеді. Көпшіліктің ойынша, олардың алғашқысын айқындауда әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар ең кем дегенде кейбір сипаттары бойынша әсіре теориялықтың белгілі бір түрінен зардап шегіп отыр. Бұл пікірге мен де қосыламын. Көптеген теориялар бар; олардың барлығы ресми билік құрылымдары тағдырына нұқсан келген адамдардың атынан сөйлейтіндей көрінеді.7 Қасаң ойлы адам ғалымдар жасаған «жедел» теориялардың көптігін басқалар қара жұмысқа жегіліп жатқанда үздіксіз теориялық төңкерістер ішінде өмір сүруге бейім, ақылы жетік әлеуметтік жіктер көбейгенінің жай ғана көрінісі деп ұйғаруы мүмкін. Бұл тым үзілді-кесілді пікір болар еді. Сол себепті сыншылдықтың ешқандай әлеуеті жоқ (Rabіnow, 2006). Меніңше, ақылы жетік әлеуметтік жіктердің көбеюіне сүйенген жаһандық капитализмнің өрісі кеңейіп келе жатқан кезде демократия Слотердайк (2005c) «авторитарлы капитализм» деп атаған құбылыстың бір бөлігі есебінде қабылданып, жалған нәрсеге айналу қаупі туған уақытта екінші мақсатты айқындаудың қажеттігі артады. Саясатшылар қалың бұқараны оқтын-оқтын демократия ұрандарымен алдарқатып, оның санасына демократиялық қоғамда өмір сүріп отырғанын, ал демократия – бүкіл озық ойлы қоғам ұмтылуға тиіс нәрсе екенін сіңіреді. Бірақ демократия жүзеге асырылмайды, есесіне сайлау технологиялары мен қоғамдық пікірді үйлестіру өнері оны шектеп, тұншықтырады. Сөз жоқ, бұл – кері кетудің белгісі. Демократияны көпшілікті алдайтын көпірме сөзбен айшықтаудың түпкі себебі – оның мәні жоғалғанын еске салудың амалы. Теңгермелі, ортақ, жалпылама мағынадағы демократия – меритократиялық қоғам ұсынатын барлық игілікке қарсы құбылыс. Сонымен қатар ілгерішіл сипатын үздіксіз технологиялық жаңарулар арқылы айқындаған озық қоғам өздері сүйенген стратегиялардың көптеген нәтижелері керітартпа екенін аңғарады. Бұл нәтижелер демократия арқылы көрініс табады. Іс жүзінде жұмыстың өнімділігі, лайықты емес марапаттарға ынталандыру, биліктің сатылық жүйе қағидалары, білім мен тәжірибе сынды маңызды ресми нормалар ескілікті әрі үйлесімсіз көрінеді. Мәселенің төркіні – жоғары технологиялы жаһандық капитализмнің демократиямен түбегейлі сәйкестік таппайтынында (Wolіn, 2000: 20). Ал үшінші мақсатты айқындауда мен үшін бейімдік тәжірибесін8 қалыптастыру маңызды; ол дәрменсіздік сезімінің зардаптарын жоюға, «біздің билік қарым-қатынастарын іштей түйсінуімізге, мүмкіндіктер әлемінде өз орнымызды айқындауымызға» септігін тигізеді (Gіnsborg, 2005: 20). Бұл тәжірибе үнемі шешім табуға кепілдік бермейді. Көбіне ол қоғамдық ортадан бойды аулақ салып қашу сипатында болады; мұның бірқатар белгісі орнығып та үлгерген: мысалы, күнделікті өмірде көрініс беретін толассыз отшашулар «біржақты, өктем не шектен тыс тәртіпшіл болып саналмайтын, оның үстіне таңдау еркін ұсынатын, бізді ақырын ғана ережелі әрі шартты өмірге бейімдейтін мінез-құлық кодтарына» (Gіnsborg, 2005: 20) қарсы тұрып немесе оларды айналып өтуге тырысады. Бұл ретте көбінесе ойымды еркін жеткізе алмағандықтан, сөзден тосылып қала беремін; Грейл Маркустың Роберт Джонс туралы пайымын жай әншейін емес, мағынаны байыту үшін ұсынып отырмын: «Өз әуенінің шырқау шегінде әрбір дыбыс тағы басқа бір дыбысты ишаралайды, әрбір әсер тілмен жеткізе алмайтын тағы басқа бір әсерді меңзейді. Өзінің әсемдігі мен кәсіптік сипатына қарамастан, музыканың табиғаты тұрақты емес. Әрбір ән сол сәтінде әлемнен бойды аулақ алып қашудың амалы іспетті; өйткені әншіні тыңдап отырған жұрттың бәрі арманына қанат бітіріп, әлемді тас қапас емес, өз еркімен қайта қауышу деп түсінеді... Джонсон сол сәтте түс көргендей болып, ауада қалықтап бара жатты; айналасына «сендер осы қайда отырсыңдар?» деп таңдана қарайтын сияқты; ал самғап ұшқаны – әлемдегі ең оңай бір іс сияқты» (Marcus, 2005: 103). Мен енді білімнің бұл түрін насихаттау – Бромеллдің (2000) теориясында ұзақ уақыт аутсайдер болған ақ нәсілді орта тап жасөспірімдерінің инсайдер ретінде сипатталғаны тәрізді, сол орта таптың ештеңеге қарамастан алдын ала қолайлы орынға жайғасып алуы «жұрттың бәріне ұнайтын жай ғана дәрменсіздіктің бейқам сезімін нығайтатын төңкерісшіл жылдам шешімге» (Lotrіnger, 2004: 18)9 өте тез бейімделетін әлемдік сана түрі деп қабылдануы мүмкін екенін жақсы түсінемін. Бірақ мен бұл айтылғаннан да қуатты құбылыс бар деп ойлаймын. Бұл астары көп қатпарларды ашып көрсетудің әлдеқайда жалпы әдісі болуының ықтималын көрсетеді; «мазмұн мүмкіндіктері тыңдарманның көңілін шалқытады, құлазытады, тежейді әрі босатады, әсерге бөлеп, ынтасын оятады, бірақ нақты нәтижеге апармайды» (Bromell, 2000: 133). Үміт саясатына байланысты мен мыналарды қаперде ұстаймын.10 Келешекте «қолдайтын тұжырым» үшін қажетті механизмді жасау (Whіte, 2000); көптеген күштер оған қарсы жұмылған уақытта саяси жігер беру, үн қату мен ой қосудың қосымша көздерін тауып, «сол арқылы формалар қалыптастырып, тәжірибе қорытатын» (Connolly, 2005: 166) сауалды, сауалсыз технологияны орнықтыру мен іске асыру. Басқаша айтқанда, «кейінгі заманның тосын жағдайларын аса қиналмастан қабылдауға» (Whіte, 2000: 153) жәрдемдесетін әлем жиынтығына бірлескен нақты эксперименттік сезімталдықты қосқым келеді. Өз кезегінде біз тұрпатымызға қалай ие болатынымызды білгеннен кейін тұла бойымыздың талшықтарына өрілген кейбір кем-кетіктерден айналып өтіп, «жанаяр» қалыпқа түспей (Конноли айтқандай, Connolly, 2005), жарқын өмір сүре алар едік. Ақырында, сезім сипаты мен күнделікті өмір нәтижесі қайта бағамдалуы мүмкін. Өйткені ішкі дүниенің үйреншікті сырт көріністері баяу болса да, әртүрлі реңк таныта бастайды (Abrahams, 2005). Осы ретте «бұл әдістер қандай формаға ие болар екен?» деген сауал туындайды. Оларды мұндай үлгілерге өздігінен алып баратын ештеңе болмағандықтан, мәселеге қатысты ізденіс үстінде туған сұраққа кітаптың қалған бөлігінде белгілі бір тұрғыдан жауап қайтаруға тырысамын. Бұл кітаптың тарауларында талданатын негізгі тақырыптардың бірқатарына кіріспе бөлімде тоқталамын. Репрезентативті емес теорияның басты сипаттары мен оның қазіргі заман аясында ұсынып отырған кейбір өзекті мәселелері жөнінде қысқаша баяндаймын. Кейін кітапта мақсат еткен бірқатар теориялық, практикалық мәселелерді қарастырамын. Соңында әр тарауды жеке талдап, олардан жалпы проблемалардың түйінін қорытып шығарамын.

Репрезентативті емес теория Бұл кітаптың арқауын әртүрлі формада көрінетін қозғалыстың басты желісі (лейтмотиві) құрайды. Ендеше, әу баста-ақ адамзат баласының өмірі сырттай да, іштей де қозғалысқа негізделген деп айта аламыз. Демек, осындай күрделі қозғалыстарға дем беретін адам әлеуеті мен сол қозғалыстардың эволюциясына үйлесетін қуатты тартылыс нүктесі11 біздің терең қатпарлы миымыздың көп бөлігінің қалыптасуына себеп болды. Мұнан кейін қозғалыс өмірдің баяу ағысын, әсіресе бұрын қалыптасқан субъектіні теріске шығаратын онтогенезді12 қамтиды; «әр болмыс «түпкі бастауынан шығып», соңына із тастап жылжыған кезде өзіне бұйырған жолмен жүреді» (Іngold, 2006: 15). Одан әрі қозғалыс өмірдің жарқын не қарабайыр сәттерінің қызықтарын қамтиды. Өзіңнің ортада жүргеніңді сезініп, айналамен тығыз қарым-қатынас жасау, сондай-ақ тіршіліктің мәнін жай байыптағаннан да артық әрекетке ұмтылу оңай сияқты көрінгенімен, біз қозғалыстың басты желісін (лейтмотивін) адам санасында шоғырланған орталықты тастап шыққан барлыққа (presence) құштарлық ретінде қарастыра аламыз.13 «Ұдайы толассыз ойлана берудің орнына басқа не істеуге болады десек, біз ара-тұра тұрпатымызға жақын дүние затын қалап тұрған өз болмысымыздың қыртыстарын сезінеміз» (Gumbrecht, 2004: 106). Кейіннен осыған байланысты қозғалыс өмірге белгілі бір көзқарастың ықтимал сипатын танытады. «Міндет проблеманы ойлап тауып, оны шешумен шектелмейді; проблема мен оның шешімі қозғалыстың ішінде жүзеге асуы тиіс» (Allіez, 2004b: 113). Репрезентативті емес теория қозғалыстың басты желісіне сүйене отырып, оны конструктивизмнің аясынан шығып кету үшін амал етіп пайдаланады. Қазіргі алуан түрлі сипаттарды жинақтау тәсілі14 ретінде мен оның жеті негізгі қағидасын бөліп көрсетемін. Біріншіден, репрезентативті емес теория Ральф Пред айтқан күнделікті өмір «ағымын»15 қамтуға тырысады. Сондықтан ол тең дәрежеде қалыптасу философиясы мен виталистік интуиция (рух түйсігі) философиясының субстанциялыққа қарсы ұмтылыстарына сүйеніп, олардың қозғалыссыз (жансыз) күйлермен үздіксіз тартысына қолдау жасайды.16 Бұл оның ізашарларының көп екенін көрсетеді. Дәлірек айтқанда, ізашарлар барлық нәрсемен келісе береді деу қиын; оның ішінде, әсіресе ниет (іntentіon) пен ниеттілік (іntentіonalіty) мәселесінің орны айрықша. Сол себепті өз ойымды егжей-тегжейлі түсіндіру үшін біраз уақытымды сарп етуге тиіспін. Менің пікірімше, барлық мәселені үш тұжырым төңірегінде топтастыруға болады. Олардың алғашқысы радикал эмпиризмді «ең тиімді тәсіл» деп атайды. Оның сезімдік қабылдау не бақылауға негізделген эмпиризмнен түбегейлі өзгешелігі бар. Менің Юм эмпиризмі моделін құрметтегеніммен, оны шектен тыс қасаң деп есептейтінім анық көрініп тұр деп ойлаймын. Мен Джеймстен Уайтхед арқылы ұласатын, феноменологиялық сипатты (нақты тәжірибенің кез келген бейнелі көрінісінен гөрі жанды табиғилығын) түгелімен терістеуді қаламайтын,17 транзиттікті (өтпелілікті) жоққа шығаратын қарым-қатынастар тізбегін мақұл көремін. Сонымен қатар мен бұл тізбектің төтенше сипат танытатындай көріністерін бәсеңдеткім келеді; өйткені олар өзім күмәнмен қарайтын үздіксіз сабақтастық пен тәжірибені орнықтыруға жетелеуі мүмкін. Бұл ретте оқиғалар ықпал жүргізетін, «ой ешқашан өз бетінше объект бола алмайтын» пайымның қалыптасу/қабылдау «ұйытқысының» не «түрткісінің» тууына апаратын жеке тұлға қалыптасқанға дейінгі өріс туралы этологиялық түсінік пайдаланылады (James, 1960 [1890]: 522). Меніңше, бұл көзқарас Уайтхедтің әлем туралы монистік пайымына ұқсайды. Пред былай дейді: «Уайтхед радикал эмпиризмнің ауқымын кеңейте отырып, іс жүзінде сана ағымының уақыттық-кеңістіктік әрі сенсорлық (визуал, дыбыстық, түйсік) метафорасына тән шектеулерді айналып өтудің жолдарын көрсетеді. «Біздің санамыздың ғажайып ағымына көз салудың орнына» Уайтхед сәттің «ішіне» енеді. Ол басқа тәжірибелер аумағына кіріп-шығатын тәжірибенің, сондай-ақ өткен тәжірибе қорытындысы мен қазіргі тәжірибе ағымының ауқымында бой көрсеткен нәтиже болып саналатын кез келген сәттен ойдың көмегімен қол үзіп шығудан бас тартады. Философиялық пайымдаудың мәйегіне үңілу арқылы Уайтхед онтологияның декарттық/юмдық негізіне қол жеткізіп, кең ауқымды әрекет барысында санаға дейінгі сәттердің қосындысынан өрбіген сәттік сананы сипаттап бере алады. Уайтхед «мәйек» ұғымын тек адам тәжірибесінің сәттеріне ғана байланысты емес, одан да ауқымды, нақты құрылымдарға не жағдайларға (яғни «әлемді құрайтын түпкілікті болмыс заттарына») қатысты да қолданады. Ол «жалғыз субстанцияның космологиясын игеру мақсатында» нақты құрылымдар мен кірігу ұғымдарын мұқият жан-жақты пайымдайды» (Pred, 2005: 11). Бұл ойлардан мынадай басқа бір тұжырым өздігінен туындайды: ең пәрменді көзқарас «танымнан бұрынғы сипат – танымға қосымша дегеннен гөрі маңыздырақ нәрсе» деп бағалайды. Сана дегеніміз – қабылдаудың тар саңылауы; оны басқаша болады деп ойлау мүмкін емес. Дональд (2001) тар мағынасында дәл айқындап бергендей, сана өте жұтаң көрінеді, ал уақыттық саңылау әрі кеткенде он бес секундты қамтиды; онда көрінген бірнеше зат (әдетте алты-жетіден аспайды) талдау барысында бұлыңғыр сипат танытуы мүмкін және шашырап кетуі оңай. Сана бейсананың туындысы ретінде болмашы нәрсе ретінде суреттелуі ықтимал. Бәлкім, менің алғашқы еңбектерімде жасағаным сияқты танымды кішірейту қауіпті екені айқын. Біршама әлсіз болғандықтан (бірақ кейбір түсіндірмешілер айтатындай, өте қатты әлжуаз емес), ол саналы сезіністі жинақтап, кеңейте алатын тегеурінді күштерді қалыпты ортаға топтасқан кезде үлкен пайымдар жасау технологиясына мүмкіндіктер ашатын әртүрлі формадағы денелер мен заттарды өзіне қарай тартады. Сонымен қатар осы ойлардан біздің танымнан бұрынғы сипатқа ден қоюымыздың қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Жүйкенің толқымалы буырқаныстары екпінінің денеге тигізетін әсерінен түпкі мақсаттар мен шешімдер оларды «мен» (яғни адам) саналы түрде сезініп болғанша қабылданып кетеді. Өз кезегінде «бүркемесіз өмірдің» немесе «шығармашылық өмірдің» көптеген ықтиярсыз әрекеттері18 тек жария биосаяси салаларды19 ғана емес, сондай-ақ өмірді сипаттайтын бірқатар шешуші теориялық жықпылдардың сырын ашып береді; мысалы, әдеби және метафоралық шығармаларда көрініс тапқан «ашықтық» пен әрекетшілдік, тағылық пен жанкештілік, түйсік пен ынта, әлемдегі жоқшылық пен қоршаған ортаға қанағаттанарлық сезімі осылардың қатарына жатады (Agamben, 2004; Santner, 2006). Соңғы тұжырымның тағы да жалғасы бар. Бұл – қандай құрылымның қарастырылып жатқанын байқау үшін маңызды. Жұп болып көріну, әңгіменің ауанын, дененің ишарасын, тіпті айналадағы ахуалды қабылдау сезімін сіңіру20 сияқты әрекеттер – ортақ іс-қимылға реакция; бұл белсенді реакцияның тынымсыз ықпалы аралық жадқа баға беру, сондай-ақ назарды жалпы үйлестіру үшін барлығына бірдей зор талаптар қояды. Қазір көптеген ғалымдар таным идеясын өте шектеулі ортада – лабораторияда өткізілген сынақтан туындайтын жай қосымша есебінде қарастырады (Despret, 2004); зерттеуші жасанды жағдайда жұмыс істейтін болғандықтан, сана қысқа уақыт аясында ғана көрініс береді. Танымды бірлескен стратегиялық әрекеттердің жаңа нәтижесі деп қарастырған жөн тәрізді. Ол бұл әрекеттер үшін бағыт сілтеу, қалыптасқан жағдайды бақылау мен түсіндіру қызметін атқарады. Атап айтқанда, басқа мемлекеттер туралы жан-жақты әрі ауқымды мағлұматы жоқ бола тұра, оларды «сезініп», теория нысанына айналдыра білу қабілетін танытады (Levіnson, 2003; Sterelny, 2003).21 Көп жағдайда ұқсата еліктеу, оқыту туралы және мағынаны регистрлердің толық қатарына (McNeіll, 2005) (тек тіл ғана емес, ым-ишаратқа да қатысты) көшіре білу қабілеті сынды жоғары деңгейлі таным мүмкіндіктерін қамтитын, сондай-ақ уақыт пен кеңістікті үйлестіретін әлеуметтік сана сезімдік санадан басым тұрады (біздің әдепкі мәйегіміз – биік саналы әлеуметтік сипат пен әлеуметтік хабардарлық); ол әжептәуір дәрежеде біздің саналы әрекетімізбен байланысты болады (Donald, 2001: 68). Басқаша айтқанда, танымның қойылымдық қана емес, «теориялық» сипаты да бар (бұлар өзара байланысты); бұл сипаттар «қиял» деп аталатын құбылыстың кілтін тапса,22 репрезентативті емес теория сол себепті ойынға (play) артықшылықтар береді: ойын – тек сәби шақпен ғана шектелмейтін, адамзаттың жоғары эмоциялық мәні бар мәңгі әрекеті; онда көптеген этикалық (мысалы, әділдік сияқты) дилеммалар қойылымдық та, теориялық та әдістермен бағамдалады. Екіншіден, репрезентативті емес теорияның өмірбаяншылдыққа түбегейлі қарсы екені әрі жеке тұлға қалыптасқанға дейінгі сипатта болатыны түсінікті ғой деп ойлаймын. Ол субъектке арқа сүйемейтін қабылдау тәсілдерін талқыға салады. Фрейд сияқты мен де жеке өмірбаян түгілі, жалпы өмірбаян атаулыға боямасы бар амал ретінде күмәнмен қараймын. Өзімді елден ерек бірегейліктің жалған сезімін қоңырсытып отырғандай көремін. Басқа бір тұрғыдан қарағанда, бұл өлі жанмен жақын сырласқандай күмәнді әсер туызады. Филлипстің жазуынша (1999: 74), «Фрейд үшін өмірбаян – қайта-қайта өзгеріске ұшырайтын нәрсе емес, тіршілік жолының мәлім және айқын деректеріне қойылған ескерткіш. Фрейдтің психоанализ тірілер үшін жасауы мүмкін деп қорыққан нәрсесін өмірбаян өлтіріп тынды». Оның орнына мен бір-бірімен көптеген түрлі кеңістік арқылы үздіксіз және көбіне еріксіз жүзеге асатын қақтығыстар нәтижесінде байланысатын заттардың барлық түрінен құралған әлемді білдіретін материялық схематизмді қойғым келеді. Бұл көзқарастың әлеуметтік ғылымдарда бірнеше ізашары бар. Өз ойымша, Габриэль Тардтың микрометафизикасы, Питирим Сорокиннің әлеуметтік себеп-салдар туралы ізденістері, Торстен Хегерстрандтың уақыт географиясы мен әлеуметтік теорияға қатысты 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басындағы Энтони Гидденс экспедициялары, сонда-ақ менің 1970 жылдардың соңынан басталған уақыт кеңістігі бағытындағы азын-аулақ еңбегім осы қатарға жатады (Parkes and Thrіft, 1980). Соңғы кезде ол әрекетшіл жүйе теориясы, одан әрі Тард пен Уайтхед сияқты авторлардың олжалы жаңалықтары, сондай-ақ Делөз бен Гуаттаридің бірлесе әзірлеген ықпалды еңбектері тәрізді теориялық жетістіктермен толыға түсті. Пол Картер (2002) «материялық пайым», зерттеудің «қойылымдық» әдістері мен жазу процедуралары деп атаған (баяндау тәсілдерінің басқалығы аса маңызды) нәрселерді қайта жаңғыртудан тұтас салалар тізбегі туындағанының өзіндік мәні болса керек. Олар бүкіл тәжірибе мен поэзия құбылыстары қарапайым заттар арқылы көрініс табатынын атап көрсетеді. Бұл салалар ең алдымен, пайымның материялық сипатына мән береді. Соның ауқымында материалдық мәдениетті зерттеу, ғылым социологиясы, қойылымтану, би, поэзия, инсталляция мен кеңістікті безендіру өнері, архитектуралық өрнектер, өзара әрекеттестік дизайны бойынша кейбір экскурсиялар (мысалы, жанды ақпаратты қалыптастыруға ұмтылыс), археология мен музейтанудың түрлі мәселелері, сондай-ақ мәдени география саласында жүзеге асып жатқан ізденістер қамтылады. Үшіншіден, репрезентативті теория материялы құрылым (дене, тұрпат) ретінде уақыт өте келе біршама деңгейде тұрақтанған туындылар мен стильдерді корпореалды процедуралар мен арнайы көбейту құрылғылары арқылы іс жүзінде жинақтап отырады (Vendler, 1995). Бұл құрылымдардың (денелердің, тұрпаттардың) тұрақтылығы тәжірибе жүзінде оқып-үйренудің, әрбір әрекет иесінің басқаларды ықпалында ұстауының көп жағдайда олқылықтардың мағынасыз «табиғи» түрде жалғаса беруінің нәтижесі саналады.23 Бұл материялы құрылымдар (тұрпаттар, денелер) әдеттен тыс жағдайларға тап болғанда қайта жаңғырып, үнемі жаңадан түзіледі. Біз ұдайы дағдарыстан көз ашпайтын, яғни жаңа қоспаларды (гибридтерді) үздіксіз ұсынып отыратын әлемнің тұрақты сипаттамасына ұқсас нәрсені іздесек, осы тәжірибеге жүгінемін. Тәжірибе – күллі ресурстан құралып, әлемнің басты келбетін айқындайтын нәтижелер қосындысы. Сондықтан ол әрекет иелерінің сипаты емес, тәжірибенің өзі болып шығады (Schatzkі, 2002). Әрекет тәжірибеден бұрын жүзеге асады, керісінше емес. Бірақ менің ұстанатыным – аңғал тәжірибе теориясы емес. Мысалы, тарихи өмір ағымында тәжірибе өз орнын жоғалтқанда, соңына жұрнақтарын қалдырып кетуі мүмкін; ал олар кейіннен жаңа тіршіліктің бастауына айналып, тың қоспалар (гибридтер) тудыруы не әлі де маңызын жоймаған салдарларын жаңғыртуы ықтимал. Заттарды мысалға алып қараңыз. Тәжірибенің нақты желілері метаморфозаға ұшырайтындықтан, олар кәдеге жарамайтын өмірлік маңызы зор бөліктерге айналуы мүмкін. Мағыналары жеңіл болып көрінгенімен, жұмбақ таңбалар ретінде өздерінің бар екенін айғақтауы ықтимал (Santner, 2006). Сайып келгенде, олар басқа жүйелерде жаңаша қолданыс таба алады. Сондай-ақ өткен оқиғалар мен тәжірибе үлгілерін әдейі жадта қалдырудың алуан түрлі амалдарына жүгініп, жай ғана көңілсіз сарқыншаққа айналған күйзелісті көрсетіп, әуелгі қалпынан айырылған естеліктер ретінде сақталуы ғажап емес. Басқаша айтқанда, заттардың тіршілік қуаты сарқылмауы мүмкін. Заттарды сөз ете отырып, төртінші қағидаға тоқталамыз. Репрезентативті емес теорияның құрылымы әрқашан заттардың зор шашыраңқылығын тең дәрежеде ұстайды. Атап айтқанда, ол заттарға жай жамылғы ретінде қараудың орнына,24 олардың сезімді қозғайтын формалардың энергиясын зор ықыласпен сіңіріп алады (Crіtchley, 2005). Ал заттар былай уәж қайтарғандай болады: «Қабылдау тәсіліміз арқылы біздің болмысымыз объектінің мазмұнын қалыптастырып қана қоймайды, объект осы тәсілімізді, сонымен қатар нақтыланған тәжірибеге қатысты өз сезімімізді оятады» (Schwenger, 2006: 3). Бірақ Бенджамин Вальтер «тасқа айналған толқулар» деп атаған нәрсені қалай сипаттауға болады? Бұл ретте, келесі негізгі үш мәселені қарастырған жөн секілді. Алдымен, заттар қоспалы (гибридті) жиынтықтың бөлігіне айналатынын айтайық, олар: өсінділер, күйлер мен ағындар. Мұндай көзқарас бойынша заттардың дәрежесі тең деп ойлаймын.25 Заттар өздерінің пәрменді ықпалы арқылы адамға қатысты «алаңдау», «қамқор болу» тәрізді жасырын субъективизмнің анық терминдерімен байланысып қана қоймайды; олардың бар екеніне шүкіршілік етудің өзі кей кезде үйреншікті нәрседей көрінеді. Бұл «адамдардың пышақтан, қағаздан түбегейлі айырмасы барын түсіндіретін парасат ауқымынан» шығып кеткендік болар еді (Harman, 2002: 30). Құралдың өзі функциялар үстемдік ететін ерекше әлеммен, мазмұнын бірқатар нақты проекциялардан, ақырғы тұжырымдардан тарататын жүйемен байланысты. Жұрттың ортақ пікірінше, құралдың мәні оның қолданыс аясымен анықталады. Бірақ мен бұл Worumwіllen-нің («кім немесе не үшін» дегеннің) міндетті түрде адам болып шығатынына толықтай қарсымын. Құралдар өз міндетін «тұжырым үшін» (яғни өздерінің тұжырымдық функциялары түгел айқындалып, мағынасы шексіз көзқарасты билейтіні себепті) жүзеге асырады (Harman, 2002: 29). Осы көзқарас бойынша заттардың басқа генетикалық орны болатынын түсінудің маңызы зор екеніне мән берілуі тиіс. Симондон (1989) олардың «техникалық икемін», нақты ұжымдық сипатын «технология» (біз технологияның не нәрсе екенін анық білмегендіктен, бұл сөзді тырнақшаға алып отырмыз) деп атайды. Салыстыра қарағанда, оқшау техникалық бөлшек26 саналатын қол құралының техникалық икемін оның контексінен бөліп шығаруға болады. Іс жүзінде дербес атауды иелену үшін оның жеткілікті дәрежеде материалдық сипаты болуы мүмкін. Мысалы, Толедо құрышы немесе Муран шынысы (Mackenzіe, 2002). Бірақ технологияның тиімділігі жоғары, ауқымы кең деген сайын соған сәйкес болу ықтималы азая береді. Тасымал инфрақұрылымның шектен тыс ұлғаюының салдарынан пайда болады; ал технология әрқайсысы бір-біріне сүйенетін қосалқы бөлшектер желісі жүктелген функциялар әлемнің бөлігіне айналады. «Осы ретте ұялы телефонды немесе сымсыз байланысты жаппай жүктемесі бар нысан ретінде қарастыра аламыз. Оның физикалық ұтқырлығы коммуникациялық инфрақұрылымның тармақталуы мен жіктелуі нәтижесінде жүзеге асады» (Mackenzіe, 2002: 12). Осыған дейінгі дәлелдерге сүйенсек, заттар технологиялық саналы нәрсені емес, технологиялық бейсана нәрсені қалыптастырады деуімізге болады; «таралым ауқымының кеңдігі соншалық, ол қазіргі сәтте ішкі қабатта жасырын жатқан қалпынан мүлде өзгеше кейіпте өмірдің бетіне қалқып шыға келуі мүмкін» (Schwenger, 2006: 4). Өрмек түрінде құрылған адамсыз трафиктердің әртүрлі географиялық аймағы бар. Бірақ мен заттардың тағы бір орнын айқындап бергім келеді. Бұл адам денесінің басқа заттармен қарым-қатынасына байланысты көрінеді. Мен адам денесін заттар әлемінен бөлек қарастыруға қарсымын. Адам денесі заттармен таңғажайып үйлесім таба отырып, оларды биологиялық тәннің түрлі бөліктеріне икемдеп, қосақтайды; сол арқылы әртүрлі деңгейдегі сан алуан қоспалардың (гибридтердің) үздіксіз жүріп жатқан бөлінісіне ұқсас нәрсені жасайтынын көре аламыз. Қол, ішек сияқты дене мүшелері мен басқа да бұлшықет пен жүйке бөліктері құралдардың оңтайына қарай бірте-бірте икемделе жетілу нәтижесінде миды өзгертті. Адам денесі – жаратылыс құралы. Меніңше, бұл – маңызды тұжырым. Кейінгі уақытта тәнге қатысты көптеген еңбектер жарық көрді. Мысалы, феминист теоретиктер көбіне тәнге әу баста бұйырған айырмашылық белгілерін телігенді ұнататындай... Былайша айтқанда, Құдай бәрін кемел жаратқан.27 Бірақ тәннің ерекше сипаттарын терістеген ақылға мүлде сыйымсыз болар еді.28 Сондай-ақ адам денесінің жамылғысы бәз баяғы қалпынша өзгеріссіз тоқтап қалды немесе ол қиял жетпес сезімдік қабылдау жарғағын түзіп шығарды деген байламдар да көкейге қонбайды; негізінен, олай емес. Материялы дененің кең өлшемді бітімнің барлық бөлігінде сезіну түйсігі бар.29 Сонымен қатар феминист теоретиктер белгілі дәрежеде ұсыныс жасап енгізген сақтық туралы ескертпені қаперде ұстаған абзал. Өйткені кейінгі кезде тәнге бетбұрыстың күшеюі мұқият зерделеуді қажет ететін тұрпаттандырудың (embodіment) белсенді, жасанды әрі мақсатты сипаттарына рұқсатсыз нәрсені жасырын енгізіп жіберудің кейбір әрекеттеріне жол ашып берді. Бұл өте жиілеп кетті. Атап айтқанда, денелердің үнемі әрекет үстінде көрінетін үздіксіз ниеттілік танытып, қимыл-қозғалысқа бейім болатыны туралы долбар жасалды.30 Әр мүмкіндік қуатталатын, таратылатын, ең болмағанда дамытылатын сияқты. Осы орайда менің өз зерттеуім ара-тұра кемшілікке ұрынып қалатынына күмәнім жоқ. Бірақ тұрпаттандыру тәжірибесі мүлде ондай емес; барлық нәрсе белсенділікке байланып қалмаған. Тұрпаттандыру барысында жаңылысу, сүріну сияқты басқа да қателіктер орын алады. Әлжуаздық, енжарлық, қайғы, тіпті кәдімгі аштықтың өзі осы қатарға еніп кетеді. Мұның сапына ұйқысыздық, шаршау мен таусылу сәттері, қорлану сезімі мен дүниеге самарқаулық та кіреді. Басқаша айтқанда, тәнге шамадан тыс ауыртпалық жүктеледі. Ықтиярсыз, тосын жайттар адам ағзасының сіңіру мен қорыту қабілетіне артық салмақ салады. Бірақ бұл – қалыптан тыс жағдай емес, тәннің үлесіне бұйырған нәрсе. Осының бәрі «меннің» ақылға ие болатынына, аштық пен құмарлық азабына шыдайтынына, әдеп ережелеріне бағынатынына байланысты берілген сынақ тәрізді (Crіtchley, 2002: 21).31 Бұл айтылған нәрсенің барлығы әлемнің тұрақтылығына күмән келтіреді, себебі олардың көбі әртүрлі уақыт өлшемдеріне сәйкес, түптің түбінде өзгеріске ұшырайды (Grosz, 2005). Осының бәрі адамның көптеген іс-әрекетінен байқалатын сияқты. Іс жүзінде бұл көзқарасты Куинтер (2001) тамаша негіздеп шықты. Ол тиісті аффект тудыру үшін жол ыңғайы мен күрт бұрылыстарда сақ болу, бақылауды жоғалтпау, бағыттан ауытқымау мақсатында қоршаған ортаның түрлі уақыт өлшемдерін шебер үйлестіретін бірқатар спорт түрінің дамығанын атап өтті. Куинтер парапланеризм, серфинг, сноуборд пен жартасқа өрмелеу сияқты биіктен құлау қаупі бар спорт түрлерін еске салды;32 олар «қатты заттардың моторлы алаңы» (2001: 29) деп аталатын жер бедеріне ыңғайлы екпін танытып, рухты көтеретінін тілге тиек етті. Өзінің қазіргі қалпында бұл спорт түрлері қоршаған ортаны қимылдың, түйсік пен ептіліктің ағынды көрінісі ретінде түсіндіреді. Мысалы, жартасқа өрмелеуді қарастырайық:33 «Альпинист тау ыңғайына сәйкес қимылдауы не тартылыс күшінің төменгі көлбеу кертігіне жабысып қалуы тиіс. Гравитациялық шұңқырды аса сезімталдықпен игере бағындырып, бағдардан жаңылмауы, сондай-ақ бұлшықеттерін ойдағыдай икемдеуі олардың жамбас, бел, алақанның белгілі бір бөліктерінің ыңғайына қарай қызмет етуін нақты уақыт ішінде мәжбүрлей білуі қажет. Ол жеңіс пен күйреу арасындағы айырманы білдіруі мүмкін жылдам орын ауыстырудың ыңғайын тез келтіруді, шексіз нұсқалары бар қозғалысты, қозғалыссыз сәттерді араластыру мен қайта реттеуді білуі тиіс. Ал мұның өзі тартылыс күшіне төтеп беруге аздық ететіндіктен, ол көздеген мақсатына жету үшін ыңғайына қарай үздіксіз тырмыса береді, әсіресе, басының ішіндегі трансцендентті әрі бірегей кеңістіктің сәулеленген бейнесі ретінде кез келген уақытта қайта бөлініп кетпеуі үшін бұл тәжірибені денесінің әр бөлігі жинақтай сезінгенін қалайды» (Kwіnter, 2001: 29–30).

Енді таудың қандай маңызы бар екеніне назар аударыңыз: «Тау жақпарының сатылары – бұлшықеттер мен жүйкенің электролиттік, метаболистік процестер арқылы көрініс табатын уақыт мөлшерін ұзақтығына қарап өлшеп білуге келе бермейтін ыңғайды білдіреді. Бірақ геологиялық ағымдарды өлшейтін мыңжылдықтарға қатысты алғанда нанометриялық сипатта болатын осы уақыт мөлшерінің өзінде ерекшеліктер толып жатыр. Көлденеңі үш милиметр кертік бір саусақты сыйғызып, жартасқа жабысып тұру үшін жеткілікті дәрежеде кең; айталық, үш секунд ішіндегі сексен фунттық қысым – басқа нәрсе. Шөгінді жыныс аңғарының шексіз сатыға бөлінген (әртүрлі мөлшерде жел мүжіп, жауын шайған), айқыш-ұйқыш бұдыр беті жайылған бір алақанмен жеткілікті дәрежеде ілінісуді қамтамасыз етіп, басқа алақанның жарты метр биіктегі жарық кертікке ілгерілей бекуіне мүмкіндік береді. Күні кешеге дейін, тіпті талай тасты ұстаған нағыз альпинистердің өзіне тегіс әрі тайғақ көрініп келген жартас беті енді жеке кертпелермен, өрімдермен, сызықтармен, күрделі өрнектермен айғыздалған... Альпинистің міндеті – көзсіз батылдыққа «бой алдырмау»; уақыт ішіндегі морфогенетикалық бейнесін қалыптастырамын деген ойға берілгеннен гөрі, ол қозғалыс барысы қолайлы кеңістікке орналасқан соң, өзі де жұмсақ әрі ыңғайға бейім болып алады. Сөйтіп, бұдан нақты уақыттың дереу қалпына келуі мен ғаламның морфогенетикалық дара қабілет арқылы қанат жаюы жүзеге асады (Kwіnter, 2001: 31). Біз «орын» ұғымын оқиғалардың белсенді, әрдайым шала-шарпы жүзеге асуы, құрылымға жинақтап алу үшін айнымалы жағдайларды пайдаланатын уақыт пен кеңістіктің жандануы сияқты түсініктерге телитін болдық (Kwon, 2004). Орын көбіне нақты немесе сыртқы себептердің нәтижесі болып саналмайды, өйткені ол бір не бірнеше ағымның ыңғайында көрінеді» (34). Бесіншіден, репрезентативті емес теория – эксперименттік сипатта. Мен осы үшін өзімді кінәлі санамаймын. Сайып келгенде, «ешбір шайқаста жаңа шешімдер мен тосын әрекеттерге жүгінбейінше, жеңіске қол жетпеген» (Latour, 2005: 252). «Концептуалдықтың құзар шетіне қадам басу үшін» (Vendler, 1995: 79) мен орындаушылық өнер қуатын әлеуметтік ғылымдарға телігім келеді. Нәтижесі не болатынын көрсек деймін. Бұл сіздерге уәж айтуға мүмкіндік берсе керек. Кейбіреулер үшін бұл кертартпалық сияқты, әлеуметтік ғылымдар тарихы орындаушылық өнерге жетіспейтін жинақылықпен байланысты емес пе? Менің жауабымның саны – төртеу. Біріншіден, орындаушылық өнер, кез келген басқа эксперименттік құрылым тәрізді, жинақы қалыпқа ие болуы мүмкін деп санаймын. Бұл ретте лаборатория мен соның арқасында пайда болған күллі модель әлемнің бар игілігін қамтығысы келгенімен, өте тар ауқымдағы метафораны ғана қамтамасыз ете алатыны түсінікті (Despret, 2004). Репетицияның өзін ғана алып қараңыз. Ол жинақы нәрсе емес деп кім айта алады? Екіншіден, әлемдегі бүкіл болмыстың бірқатарын ғана қамтып өте алатынымыз белгілі болғандықтан, қысқа уақыт ішінде олардың нобайын аңғарып қалудың өзі дәстүрлі емес амалдарға, былайша айтқанда, энергияны еркіне жіберу поэтикасына жүгінуді қажет ететіні сөзсіз; бәлкім, ол ойынға ұқсайтын шығар. Терең қабаттың астында жасырын жатқан (немесе жоғары өрлейтін) қандай сипаттар мен процестердің бар екенін кім білсін? Үшіншіден, орындаушылық өнер әлеуметтік ғылымдарға таңғажайып көңіл күй сыйлауымызға көмектесе алады, олар көп жағдайда барлығын тек өзіміз түсіндіріп беруге тиіспіз деп ойлайды. Мен көбіне ғылыми, көркем шығармаларға енгізу үшін рұқсат етілген таңғажайыптың мөлшерін көргенде абыржып қаламын (Fіsher, 2002). Былайша айтқанда, «әлеуметтік» өмірдің тосын көріністері басқа тұрғыдан – сүріншек, самарқау, «қарабайыр» деп қарастырылуы керек (Abrahams, 2005). Бірақ әдетте газеттер мен журналдардың беттерінде «қызық әлем», «тосын әлем», «бүгінгі әлем», «ғажайыпқа толы ескі әлем» т.с.с айдарлармен берілетін бағандарға көз салсаңыз, олар бұл өмірдің қайнап жатқан сәттерін сипатталып, олардың ешқашан іс жүзінде теориялық қағидалар өзегінде сақталмайтынын көрсетеді. Әлеуметтік қиялдардың қарапайым сипаты мынадай: оларды қамашауда ұстау мүмкін емес. Сөйтіп, «тас түйін тұжырымдарды қажеттілікке қарай қайта пайымдау ықтимал нәрсені зерттеу үшін жеткіліксіз» (Latour, 2005: 261). Оның орнына, әлеуметтік ғылым айналаға көз тастай отырып, өз мойнына жаңару сапасын жүктеуі тиіс; өйткені ұдайы жаңа құрылымдар дүниеге келіп жатады, «әлеуметтік ғылым өзекті болуы үшін өзін жаңартып отыру қабілетіне қол жеткізуі қажет. Қоғам саяси әрекеттің «соңында» салпақтап жүрсе, сапа болмайды» (Latour, 2005: 261). Виртуалдықты (нақтылықты) әлеуметтік ғылымдар сүйенетін талдау әдістерінен тысқары әрекет ететін сезімталдықтың алуан сипатты жиынтығы деп қабылдау аса маңызды. Бұл тұрғыдан қарағанда, мәдениет «еріксіз бастан кешетін хикая» болып саналады (Toscano, 2004). Олай болса, Уайтхедтің пікірінше, ой – ойшылды жасап шығаратын әрекет (ол осы себептен пайда болған), керісінше емес (Allіez, 2004a). Бұл мәселе мені тікелей аффект тақырыбына жетелейді. Алтыншыдан, аффект пен сезімталдыққа көңіл бөле отырып, толық ой тізбегі қатарымен байланыс орнатамын. Таңба мен мән сияқты маңызы зор бар бұл концептуалды түсініктер таяуда ғана лайықты бағалана бастады. Жақында басқа бірқатар зерттеуші сияқты мен де өз жұмысымда аффектке қарай бетбұрыс жасап, Спиноза, Фрейд, Томкинс, Экман, Массуми мен көптеген феминист теоретиктердің еңбектеріне, сондай-ақ биологиялық дәстүрлерге (оның ішінде, эволюциялық теория мен этологияға) сүйене отырып, аффектіні сол арқылы әр «зат» өзінің болмысын сақтау үшін қозғалыс, белсенділік пен ұмтылыс үстінде көрінетін тәсіл ретінде тануға, яғни «заттың нақты мәнінен басқа ештеңе жоқ» (Spіnosa et al, 1997) деген қағиданы ұғынуға тырыстым. Сөйтіп, бұдан былай мен үшін субъект жоқ, тек тылсым күштердің даралық дарытатын аффектілі күйлер ғана болып шықты. Ұшақтың жағдайы тек қозғалыспен, жанды аффектілі қуаттандырғышы бар мамыражайлықпен анықталады. Біз әуелі, ұшақты өз бітімі қалай болса, солай қабылдаймыз, содан кейін ғана жеке бөліктеріне назар аударамыз. Біздің өмір салтымыз, ойлау жүйеміз, жазу мәнеріміз өзіміз жайғасқан орынға қатысты анықталады (Spіnoza, cіted іn Allіez, 2004b: 27). Мұның барлығы менің аз мөлшерде болса да, гуманизмнен қол үзгім келмейтінін аңғартады. Әзірге рефлексті санаға сүйенуден төрге жайғасудың мызғымас артықшылығына ұмтылудан бас тартпастан, адамды толығымен шетке ығыстырып тастау әбес нәрсе сияқты. Көп жағдайда тұтынушының қиялы тәрізді көрінетін объектіден құтылу үшін біраз әрекеттендім. Еңбектерімде қазір «салыстырмалы түрде тұлғасы мәлім болғандықтан, ықтимал болжамды әлемге қарсы тұрған табанды және дәйекті адам бейнесі жоқ; оның орнын бір-бірімен шырматылып жатқан екі толқымалы тұрақсыздық басқан» (Phіllіps, 1999: 20). Өткір антигумандық көзқарас XІX ғасырда Руссодан басталып, Бальзак арқылы Бергсонға ұласа бейнелеген құлдырау жолының әжуалы қайталамасы (пародиясы) сияқты болғанын сезіну мені ыңғайсыз жағдайға түсіреді. Ол «имманентті қауым мұратынан» бастап, «эстетикалық» тұрғыдан жеке тұрпатын ишаралар мен психогендік сипаттағы соматикалық дерттер арқылы құрылымдайтын, дәрменсіз күйін аңғарта алатын қабілеті бар, қатаң кодталған буржуазиялық субъект төбе көрсеткенге дейінгі аралықты қамтиды» (Hewіtt, 2005: 103). Бұл құлдырауды сонымен қатар түпкі ниеттен автоматтандыруға қарай бағытталған қозғалыс ретінде қарастыруға болады, өйткені ол ғасырдың өнеркәсіп жүйесі тарих қойнауына кетті. Сайып келгенде, мен машиналы жартастың бір шетінде гуманитарлық жақпары сақталып қалғанын қалаймын. Сақталған нобайдың өте көмескі екеніне қарамастан, мидың түрлі бөлімдері белсенді түрде әрі жеке-жеке қоршаған ортаның барлық сипатымен байланысқан қоғам іспетті болса да, жеке авторлық35 сезімін ұстанамын. Оның себебі неде? Өйткені көбіне заттардың қандай екенінен гөрі, олардың қалай көрінетіні маңыздырақ. Біздің әрбірімізге бойымызда саналы жігер бар сияқты болатыны рас. Әрқайсымыздың өз «меніміз» бар сияқты. Ақылымыз да кемел тәрізді. Көктің өкілі іспеттіміз. Өзіміздің не істеп жүргенімізге есеп бере алатындаймыз. Есімізді жиып, бұған ақырында қиял деп дәлме-дәл ат қойғанымызбен, елес қуу – әдепкі нәрсе (Wegner, 2002: 341–342). Саналы жігер кем дегенде үш тараптан қолдау табады. Бірлескен әрекеттердің құрылымдық маңызы мен оның әлем туралы түсінігінің нақты әдісі туралы сөз сабақтайық (Levіnson, 2003). Бұдан әрі қарай шекараларды елеместен, әртүрлі әлеуметтік салаларда оқтын-оқтын бірлесе әрекет етудің дәйекті мүмкіндігі бар. «Бейімделгіш бейсана» (Wіlson, 2002) әлемге ескертпелер жасау/сауалдар қою үшін үздіксіз, бейсана түрде әрекет етеді. Бұлар – елеусіз қалатын қасиеттер емес және стильдің сипатына әжептәуір маңыз сыйлайды; ол – бұл кітапта дәнекер құбылысқа тең бірлескен әрекеттерді жүзеге асырудың ерекше амалы. Менің мұндай ойларға берілетін сүйікті орным би кеші болатын; бірақ ол мен үшін адам баласының ежелгі кезеңнен бастап барлық қоғамда кездесетін екі түрлі негізгі әрекетінің нәтижесі болып саналатын ғимарат не музыка сипатында көрініс табатын. Менің мақсаттарым үшін бидің маңызы айрықша. Ол күллі сезімді жаңа кинестетикалық формадағы уақыт пен кеңістік иіріміне батырады; қойылымды өрбітудің ұзақ та қым-қиғаш оқиғасына кірісіп кетеді;36 бізге қимыл-қозғалыстың қуатын түсіндіреді;37 мән-мағынаның артықшылығына күмән келтіреді (әсіресе, денені таңбалық емес, бейнелік тұрғыдан қарастырса; қараңыз: Langer, 2005; Dunagan, 2005; Gumbrecht, 2004); түйсікке қозғалыс үстіндегі ой ретінде салмақ дарытады, алдыңғы кезекке ишаралардың «үстем тілін»,38 тұтас кинетикалық мазмұнды шығарады (Sheets-Johnstone, 2005); бізге эволюцияны қайта ұғындырады (мысалы, екі аяқтылардың шешуші маңызын танытады); қазір түсінік туралы түсінік үшін басты маңызға ие болып отырған еліктеу мен сендіру сияқты негізгі когнитивті процестерді (Hurley and Chater, 2005), ықылас-тілекті іс жүзінде көрсетіп бере алады.39 Жоғарыда келтірілген жолдар маған этика туралы пікір айтуға мүмкіндік береді.40 Дәлірек айтсақ, адамның дәнекерлігі мәселесіне жеке көзқарасым нашар. Классикалық үлгідегі ашық, рационал, үздіксіз субъектінің бұдан былай ештеңеге қатысы жоқ. Этикалық дәстүрлі сұрақтар мыналар: «Мен не істедім?»; «Мен не істеуім керек?». Бұл сұрақтарда «меннің» орны өте әлсіз болса, өзіндік ашықтық пен нарративті өтпелі сипаттар ретінде көрінсе, жағдай күрделене түседі. Сол секілді «Бұл нені білдіреді?» деген сияқты заманауи этикалық сұрақтар басқа адамға не мәдениетке шынайы ашықтықты таныта отырып, қосымша қиындықтарға тап болады. Қалыптасқан этиканың белгіленген нормаларға қатысты сыншыл сипатқа ие болатыны әбден айқын; ол нормалар біздің бағынуымызды сұрайды, бірақ оған толық мойынсұнып (Butler, 2005), белгілі бір дәрежеде дилеммадан туындаған зардаптар үшін жауапкершілік арқалай алмаймыз. Бірақ бұл да жаңалық санала қоймас. Менің Сантнермен (Santner, 2001: 6) бірлесіп, сәйкессіздіктің жалпы этикасы тұрғысынан таласқа түскім келеді; «айналып келгенде, барлық жақын адамдарың саған таныс емес, тіпті мен өзіме-өзім бейтаныспын». Бірақ бұл байланыс түрін тек проблема ғана емес, сондай-ақ өмірдің жаңа формаларын түзу мүмкіндігі деп қарастыруға да болады; «бейтаныстықтың өзі жаңа көршілестік пен қауымшылдықтың ұйытқысына айналады» (Santner, 2001: 6). Өз кезегінде бұл жаңашылдық этикасы «үлкен өмірдің» жалпы мазмұнымен байланысты болуы мүмкін, өйткені ол тұрмыс деңгейін жоғарылатудың нақты формаларын ұсынып, тіршілік ағымындағы өз болмысымызды жан-жақты онтологиялық қамту арқылы ашып көрсетеді.41 Күнделікті өмірде біздің көбіне мұндай қысымға ұшырамайтынымыз, қайнаған тіршіліктің ортасында жүре бермейтініміз белгілі; әрекет ететін аймағымызды әбден тарылтып тастайтын әдепкі тірлік самғауға жол бермей, қанатымызды қырқады. Күнделікті өмір қарабайырлықтан қол үзіп шығу, оған қарсы тұру, қалауынша ғұмыр кешу, әр нәрсеге талап қылу мүмкіндіктерін береді; адам өзін басқаның көз алдында ешқайда бармайтындай сезінеді. Басқаша айтқанда, біздің дүнияуи өміріміздің діңгегін ұстап тұрған энергия көптеген өзгерістер мен түрленулерге ұшырайды (Santner, 2001: 9). Маған кейбір түсіндірмешілер діндарлықтың жаппай қайта оралуының бір тармағы «постсекулярлық руханилыққа» бет бұрғызатын көкірек көзі ашылғандық сияқты көрінетін бұл сыйымсыздықты қалай күшейтудің амалын іздейтіндей көрінеді (Goodchіld, 2002; Gumbrecht, 2004; Braіdottі, 2006). Кей кезде Делөздің «байқаусыз қалыптасу» туралы пайымына сүйенеміз; ол бойынша өздікті тұншықтыру кез келген күтпеген кездейсоқтықты тануға әрі ысырып тастауға мүмкіндік береді. Бұл – «субъектінің тонын теріс айналдыру деген сөз» (Braіdottі, 2006: 262); ол әлеуетті күшейтеді: Джеймзианның (Jamesіan) термині бойынша бұл – басқа әлемге қадам басу. Дегенмен жалпы бет алысты қолдаймын; мен үшін бұл маңызы зор, тұшымды көзқарас. Болашаққа бағдар құратын, «Оруэллдің өткенді, жадты және балалықты жоғалтуға алаңдағаны сынды, келешек туралы уайымға» шомған (Jameson, 2005: 23), сонымен қатар үміт амалын сыйлайтын (Mіyazakі, 2004, 2006) бірнеше жобаның болғанын қалар едім. Әбден үйреншікті философиялық терминге сүйенсек, мұны әлдебір қажетті нәрсенің жүзеге асуы мағынасында емес, әрекет ішіндегі әлеуеттің гүлденуі42 деп айтуға болады деп ойлаймын; бұл – барлықтан бойын аулақ салу арқылы әлеуеттілікке айналып, тек әрекет ету кезінде немесе өзара әрекеттестік барысында бой көрсету деген сөз. Бірақ мен бұған басқаша қарап, оны шеберлік этикасын қайта жаңғырту талпынысы, әлеуетті анықтау үшін зерде мен зейінді, түсінік пен шабытты біріктіруді көздейтін құрылым мен желі құралдары деп пайымдағанды қалар едім: ол – homo faber-дің басқа үлгісі; қаласаңыз, өз мүддесіне де, мүмкіндіктер қауымдастығының бір бөлігі ретінде де қызмет жасай алады».43 Сонымен қатар бұл этика нигилизмді жеңіп, өмірдің маңызын орнықтыруға ұмтылған пайымның ұзақ желісіне ілесе отырып, тіршіліктің қуанышты, тіпті трансцендентті, қым-қиғаш сәттерін тойлаудың амалына айналғандай көрінеді (Regіnster, 2006). Негізінен, бұл сенім керек дегенді білдірмей ме? Өмірдің мәні, барлық нәрсенің кереметі, мықтылығы, тапқырлығы сонда емес пе? Көбелектің қанатындай көзді арбап, мың түрленген дүние. Адам бүйрегіндегі Генле ілмегінің иіні «өзеннің ирелеңі» тәрізді. Куинсленд тоғайындағы әр құстың даусын үйрену мен ұқсата салуға алты жыл жұмсаған лирик құс – Альберттің шырқаған әуезі. Жаратылыстың бізге тылсым құпиясы, кей кезде хатқа түспеген табиғи комедияға ұқсап кетеді (Mabey, 2006: 197). Мен тағы да кеңістік тақырыбын сөз еткім келеді. Тар пәндік тұрғыдан қарастырғаннан гөрі, басты мәніне үңілу кеңістіктің маңызын әрі қарай арттыра түседі. Дегенмен барлық «салалық» пәндер – антропология, археология, архитектура, география мен қойылымтанудың кейбір тармақтары бөліп зерттейтін кеңістікті «түйсік» тұрғысынан түсінуден бастаймын. Жағдайды нақты материалдық жағынан сезінуді тілмен жеткізу қиын; бар нәрсеге ат қойып, айдар тағу қажеттілігі – жaй хабарлама ғана емес, ортадан бойды аулақ салу болып саналатын нәтиже іспетті. Турасын айтқанда, бұл кездейсоқ эмпиризмді жaй ақтап алу емес екенін нықтылай түскім келеді, себебі кей кезде осы сияқты пәндерге айып тағылып жатады. Сөз жоқ, бұл әлеуметтік өзгерістерге (қоғам, тап, жыныс, этностық тек және т.б) түрткі болатын нәрселерді көп жағдайда анықтап беретін категорияларды пайдалану ретін күрделендіріп жібереді; өйткені ол өзгерістерді тең дәрежеде жүзеге асырады. Бұл жайт жай эмпирикалық фактілердің өзін күрделендіреді; себебі – осы пәндер бұл фактілерді репрезентативті және репрезентативті емес айғақтардың (қазбалар, этнографиялық деректер, әртүрлі карталар мен диаграммалар, ғимараттар, бағдарламалық қамтамасыз ету, сөйленген сөздер) барлық түрлеріне жүгініп қана қоймай, сонымен қатар өзін айрықша көрсететін «ахуалы» (Brennan, 2004; Sloterdіjk, 2005a, 2005b) бар нақты кеңістік ретінде тереңдете зерттеуге тырысады. Мен бұл – кеңістіктің метафоралық көрініс және мүлде трансценденттік қағида (жалғыз құдіреттің тарапынан жаратылып, «оның» әлемін құрайтын кеңістіктің бастауы ретіндегі сана туралы феноменологиялық идея) емес екенін әрі қайталанбалы тақырыптардың қарапайым анықтамаларының жай тізбегі болып саналмайтынын түсіндіріп береді деп үміттенемін. Бұл жағдайлардың әрбірінен пайым мәнерінің «кеңістік қарым-қатынастарына не ойлау керегін қалай елестетінімізге қатысты анықталатынын көреміз» (Colebrook, 2005a: 190).44 Задында үш түрлі қасиет бір арада тоғысқан. Біріншіден, бұл – түрлі жиынтық ішінде араласып, жаңа кеңістік әсерлерін туғызатын формалардың нақты жүйесі:45 «Ой туғызатын барлық оқиғалармен бетпе-бет келгенде кеңістікті қалай қабылдау керегі жөнінде сөз қозғай отырып, біз шексіздіктің көрініс табуы тиіс екенін әрі қарай жорамалдаймыз; сондай-ақ «өз» адамзат әлемін жаратқан жалғыз құдірет (феноменологиядағы сияқты) – «түпсіз шексіздік» тілге тиек етілмейді. Өз орны бар әр бақылаушы төңірегіне дүниетанымдар мен ырғақтарды топтастырған әлемнің астарын ашып береді. Қабылдаудың алуан стильдері тәрізді, кеңістік пен астар да көп. Астар «айналадағы ауытқыманы» қабылдау тәсілі болып саналса, белсенді тұрпатқа қатысты бағдар ұстанса, бұл ауытқымалар туралы ой адамзаттың өзі тіршілік кешетін кеңістік пен оның мәні жайында пікір түю мүмкіндігі бар өмір сипатын туғызады» (Colebrook, 2005a: 190). Екіншіден, ол ойда жоқтық поэтикасын қалыптастырады; оны Везели (Vesely, 2004) рефлекске дейінгі жақсы құрылымданған «жасырын әлем» деп атайды, өйткені оның айқын бөлінісі, соған сәйкес қамтуы жоқ. Үшіншіден, бұл жанды картаның жаңа дәуірдегі мәні туралы айғақ береді; кеңістік өзінің қалыптасуы барысында пайда болған белсенді қасиеттерге ие, яғни когнитивті, когнитив алды септестік арналары қойылым барысында әр сәт сайын өзіне жол ашып отырады. Бұл оны Хайдеггер «барлық» (presence) деп сипаттаған нәрседен мүлде бөлек етіп шығарады. Ал кеңістікке келетін болсақ, оның жақындықты барлық заттың өлшемі ретінде жоққа шығаратыны алаңдатады (Thrіft, 2006b). Жақындыққа ұмтылыстық ішкі мәні бар нәрсе деп қарастыру бұл мақаланың өзекті мәселесі болып саналады. Мысалы, философиялық дәстүрде жақындықты білдіретін барлық терминді еске түсіріп көрсек, олар: тап қазіргі сәт, тән, керексіздік (далада қалғандық). Бұл терминологиялық молшылық денеге жақындық әлемнің негізгі өлшеуіші болғандықтан туындап отыр (Gіnzburg, 2001b). Бірақ ол биологиялық денені белгілі салмағы бар сұраныс орталығы ретінде қарастыруы тиіс (Gіl, 1998). Тіпті ішек сияқты дене мүшесінің өзін сыртқы және ішкі тұрғыдан (Probyn, 2005), әлемге қатысты бағдарлауға болатын заттар қозғалысының қисыны ретінде қарастыруға болады.46 Әрі бұдан денені формаланған мән ретінде айқындауға қатысты айқын саяси қауіп іздеудің қажеті жоқ. Сонымен қатар феноменологиялық дәстүрдің кейбір сыртқы діндарлығының ішінде не олардың абсолют балама47 яки спириттік имманентілік48 (Toscano, 2004) тұрғысынан құлдырауының арасында адасып жүргім келмейді. Оның орнына бөліністі (dіstrіbutіon) жақындықпен болмаса ахуалмен (атмосфера) ауыстырғым келеді. Не үшін? Кеңістіктің айрықша сипатына үңіле бастасақ, біз оның қарабайыр тірліктің аясында жанды көрініс табатын нәрсе екенін көреміз. Ол құрсақ бөліп тұратын шекаралардан бастап, үстеліміздің үстіндегі бір шыныаяқ кофемізді ішкен – енді қолымыз жетпейтін орын арқылы; денелерімізбен жанасымдылықта болып, өзінше бір кеңістік поэзиясын туғызған ғимараттар мен жер бедерлері туралы естеліктеріміздің негізінде; кемелер мен пойыздардың, енді ұшақтардың күнделікті келуі мен кетуінен қалыптасқан зор саяси және коммерциялық империялар, солардың салдарынан болатын байлық пен ауыртпалық хақындағы сөздер арқасында; өздерін миллиардтарға жеткізетін радиотолқындарды жаулап алған және өмірге басқаша бір мәселе енгізетін көзге көрінбейтін хабарламалар көмегімен бейнесін танытады. Мұндай күрделілікті күні бүгінге дейін кең тараған «шкала» (уәзін, меже) мәселесіне дейін ұсақтатудың қажеті жоқ. Әрекет иелері ұдайы өлшемді өзгертіп отырады. Қаптаған «шкалалар» әрқашан өзара қарым-қатынас кезінде көрінеді; шамасы, үлкені мен кішісі аралас, бірақ олар нәтижелердің басқа қатарын қамтамасыз ету үшін күшейтіледі (Strathern, 1999; Tarde, 2000). Біз қарабайыр күйбең тірліктің, тұрмыс жағдайы мен күнделікті өмірдің кеңістігі мен ырғағы (Seіgworth, 2000) негізгі әлеуметтік машинаға болысып отыратын тетік қана емес, материяны бірнеше орталығы бар сезімтал энергияға айналдыратын материализмді үздіксіз қайталап отыратын жеке адамға дейінгі кейбір мінез-құлық жиынтығы болып саналатынын аңғарамыз. Мұнан кейін тағы да «біз» деп атайтын нәрсеміз адам болмысы арқылы өтетін бірқатар көзқарасқа сәйкес қайта айқындалады. Бұл көзқарасты ұстанатындар қазір әбден шатасып біткен қозғалысқа айналған нәрседен өздерін аулақ ұстап қана қоймай, алдын ала формаланған субъектіге қатысты пікірге тәуелділіктен бас тартады. Олар сондай-ақ танып-білуге, бірлесе жұмыс істеуге болатын әрекетшілер (актор; актант) кеңістігінің қатарын ұлғайтты. Нәтижесінде олар әрекетші дегеннің не екенін қайта анықтай бастады. Әрекетшіні ойшылды жасап шығаратын талпыныстар ретінде жоспарланған әртүрлі «ой» аумағының туындысы деп қарастырды.49 Бұл «онтологиялық» қадамды жасауға болатын себебі – енді әрекетшілер жайғасқан орнында жай қарап тұрмастан, төңірегіне жеке-дара байланып қалмайтын, бір мезгілде өзара қарым-қатынасқа түсетін аралық кеңістіктердің барлық түрлерінен құралады. Сайып келгенде, әлем құрылымдарға лық толады. Өздері танымал болып көріну үшін кеңістіктер белгі соқтыратын сенсорлық тіркеу қатарлары барған сайын көбейеді;50 бір жағынан, бұл тіркеу қатарлары ұдайы кеңейіп, сондай-ақ келесі бір себеп, кеңістік пайда болғаннан кейін таза мәдени әралуандық барған сайын мәдениет не тұрпатқа қарағанда танымал бола түсетіні сөзсіз (Levіnson, 2003; Wіlson, 2004).

Кітап Репрезентативті емес теорияның бірқатар негізгі қағидаларын баяндап берген соң, маған кітаптың өзіне көшуге рұқсат етіңіздер. Бұл кітаптың жазылуына шабыттың бір ғана емес, дүркін-дүркін оянуы себеп болды. Алдымен, күн тәртібіндегі теориялық мәселелерге ден қойсам деймін. Мен әлеуметтік ғылымға рухани басшылық керек екеніне қарсымын. Мысалы, Делөздің сезіну мен қабылдау, мүмкіндік пен нақтылық арасындағы айырмашылықтар, жеке тұлғаға дейінгі өрістен туған материал тығыздығы мен жеке әрекет гетерогенезі, қайталау мен оралудың әртүрлі уақыттық бейнелері сияқты тақырыптарына жүгінсем де, бұл нәрсе өзімнің еңбектерімді жаппай қайта қарауға апара ма деп қорқамын; ал бірқатар ортада мұндай әрекеттер кейінгі кезде жиілеп кетті, олар біраз жағдайда діни тұрғыдағы көзқарастарға ұқсап кететін сияқты көрінеді. Делөз еңбектерінде менің назарымнан әлі де тыс қалып келе жатқан мәселелер бар;51 Философтардың зерттеуін жай пайдалана салу (мысалы, Делөздің көзқарасы, Фуконың көзқарасы, Агамбеннің көзқарасы дегендей) әлеуметтанушы ғалымның міндетіне кірмейді деп санаймын. Меніңше, қазіргі заманғы әлеуметтік ғылым Батыс философиясының тақырыптар жүйесіне тәуелді күйде52 не оның міндеті – сол тақырыптардан туындаған жорамалдарды қайталап шығу ғана деген долбарлар күмән туғызады. Өзіме қатысты айтатын болсам, әлеуметтанушылар әлемге құлақ түруі тиіс дер едім; сонда олар өз дауыстарын танытып, мүлде тосын идеяларды дүниеге әкелуі мүмкін. Бұл өзара әрекеттестіктің нәтижесінде түбірімен жаңа нәрсені ойлап табады. Олар Делөз сияқты философтармен ең кемі ниеттес болғаны абзал; соның арқасында әлемнің өзекті мәселелері көрініп, талқыға түседі. Жай шешімдер ұсына салу жеткіліксіз.53 Соңғы жылдары әлеуметтік ғылымдар көбіне тәжірибеге жақын тұруы, саясатқа икем болуы, тосын идеялармен байланысын күрт үзуі тиіс деген сияқты процесс орын алып отыр; әлеуметтік ғылымның өзі «мәліметтерді жасап отырған құрылымдардағы басым көзқарастарды тек қана дәлелдеп бере алатын» (Rawls, 2002: 54) нағыз айқындық формасын туғызып отырғанын түсінбейді. Методологиялық дәлдіктің құндылықтарын дәріптеу әлеуметтік ғылым көзқарастарының көп бөлігін елеусіз қалдырып, мақсатты түрде беделін төмендетеді (Law, 2004); ал бұл екеуінің де түкке қажеті жоқ.54 Бұл кітапта өздерін көрсетуге мәжбүр болатын, сөйтіп, бейберекеттік, қателік, сүріну мен тосырқау сынды жайттарға орын қалдыратын тәжірибенің жаңа түрлері туралы сөз болады (Law, 2004). Бұл тәжірибенің біразы жай бос сөз болып көрінуі мүмкін, бірақ оларды қол жетімсіздікті бағындыру технологиясының әрі қарайғы амалы ретінде емес, мән-мағына шарттарын игерудің тәсілі есебінде қарастырғанды жөн көремін (Fenves, 1993). Бәрін былай қойғанда, осы сәттің өзі шешуші мәнге ие; меніңше, өзіміз жарым-жартылай ғана түсіне алатын әлемді тану үшін оның методологиялық маңызы зор. Көптеген заттардың ішкі мәнін таныта қоймайтыны өз алдына, Латур (Latour, 2005) атап өткендей, бізді айналамыздан қисапсыз қоспалар (гибридтер) қоршап тұр деп нақты айта аламыз; олардың кейбіріне ғана ат қойып, айдар тағып, азғантай бөлігін ғана ұғынатынымыз анық. Мысалы, біз «аффект» деп атайтын құбылысты толық түсінемін деп кім айта алады? Біз (оның өзі – өте күрделі категория) өзіміз табиғатын білмейтін, аса түсіне бермейтін қаптаған қоспалардың (гибридтердің) қоршауында өмір сүріп жатқандықтан, оларды көптеген тосын тәсілдерге жүктейміз; ал бұл – заттардың барлық түрлері жай бой көрсетеді деген сөз, өйткені біз олардың генеалогиясын не оқиғаларға қалай қатысатынын анықтап беретін барлық күштерді қадағалай алмаймыз. Кейбіреулер мұны проблема деп ойлайды. Бірақ мен бұған өзімді әрқашан келесі белестерге жетелейтін мүмкіндік пен оның көрінісі ретінде қараймын. Іс жүзінде кітап бірқатар саяси императивтерге негізделген. Біріншіден, бұл – қуатты табиғиландырғыш күштерге өте оңай көндігетін уақыт, кеңістік пен тәжірибе пейзажы бар екенін сезінудің артып келе жатқаны; ол күштер саяси әрекеттердің болашағын өздерінің қым-қиғаш, «еске түспейтін, бірақ ұмытылмайтын» (Gerhardt, 2004) болмысы арқылы қалыптасатын көрініс аясын (backgrounds), жасырын әлемді жасамастан бұрын тұншықтырып тастайды; біз ұдайы бетпе-бет келіп отыратын оқиғалардың белгілі бір сипаттарына оп-оңай күмән тудырып, тіпті қарастыратын мәселесі бар деген ойдың өзін қиындатады. Өткен шақта қарапайым жағдайларға қатысты түрлі саясат орын алып, күнделікті ұсақ-түйек сияқты көрінетін нәрселер әлеуметтік категориялардың үйлесімсіз нақтылығы жойылған соң, мәнге ие болу мүмкін екенін байқатты; саяси теріс қабылдау мен қайта қараудың әдейі істелетін әрекеттері осы қатарда. Мен бұл арада сюрреализмнің сипаттары, ситуацияшылдықтан шыққан зардаптар, психоанализ бен психология терапиясының кейбір түрлері, жақын арада әдепкілік саясатының төңірегіне топтасқан саяси теориялар, этнометодологиядан, архитектураның кейбір сипаттарынан, кеңістікті айрықша безендіруден табылған өзара әрекеттестіктің нақты эмпирикалық ұсақ-түйектері мен тағы басқалар туралы ойланамын. Ол сондай-ақ өнердің біраз түрлеріне, гуманитарлық ғылымдарға сүйенеді. Өнердің ішінде, әсіресе күнделікті өмір тәжірибесіне жақын поэзия мен биге бүйрегі бұрып тұрады. Бұл арада осы дәстүрлердің қиялдағы көптеген мақсаттармен, жобалармен жанды тұтастық құра алатынын көрсеткім келді; бізді адамдардың аз емес, көп әлемді жасай отырып, қоршаған ортасында (Wagner, 2001) тіршілігін сақтауға мүмкіндік беретін жақсы дағдыларға үйрете алатын дүнияуи кеңістік пен уақыттың поэтикасы бар. Үнемі айқын үйлесімдік туғызып отыратын мұндай дағдылар поэтикасы төрт нәрсені талап етеді. Біріншіден, ол келешек туралы жақсы түсінікті қажет етеді (Bloch, 1986 [1959]). Бұл түсінік болашаққа бағдарланған, тікелей ашық қарастырылмайтын, оның орнына – «ұстаным», «стиль» аффектісімен/елгезектігімен/ұғымымен әрекеттесуге тырысатын сәт этикасының негізінде құрылған. Екіншіден, ол ситуациялық кеңістіктердің қалай ығыстырылғанына қарамастан, өз бетінше қалыптасатын эмпирикалық сәт кеңістіктеріне көңіл бөлгенді жөн санайды. Бұл қиял мен импровизация кеңістігінің поэтикасына апаруы мүмкін; оны Весели (Vesely, 2004) ситуацияларды терең құрметтеуден туатын, ұдайы олардың шегінен аттап шығуға тырысатын «бай артикуляциялар» деп атады. Үшіншіден, ол сол сәтте бабына келіп тұрған, бірақ әрқашан оның ауқымынан шығып кетіп, былайша айтқанда, мәдени тартылысқа қарсы әрекет ететін белгілі бір тұрпайы концептуалдықты еркіне жіберуді қалайды. Импровизациялық виртуалдық «ғылымның, заңның және басқа да белгіленген дискурстардың түсіндірмесінен тыс қалып бара жатқан нәрсеге зер сала отырып, әлемге көз тастайтын; қандай орнатылған жүйелер кедергі есебінде құнсызданатынын есепке алатын» (Fortun, 2001: 351) мүдделерді қорғаудың реттелмеген саясатын қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді. Төртіншіден, ол тәжірибенің қарсы әрекет етуге әрі үйренуге тиіс объектіге қаншалықты мұқтаж екені туралы әлдеқайда терең түсінікті қажет етеді; бірақ бұл объектінің нұсқалары көп болуы (Despret, 2004), Латурдың сөз тіркесін қолданғанда «ақылға қонымды ұсыныстары» мол ұшырасуы ықтимал. Жинақтай келгенде, іздеп жатқан нәрсені қайырымдылығы тегін этологиялық этика деп сипаттауға болады. Күнделікті өмірдегі қарапайым еңбекке үстеме қосқым келеді; өте салтанатты естілсе де, бұл бір мезетте әрі қоштасу тілегі, әрі қасиетті сый сияқты болып саналады. Менің балама таңдайтын мүмкіндігім болса, бәлкім, шіріндіні өз ішегінде үздіксіз қорыту арқылы әлемнің жақсаруына қызмет ететін елеусіз Дарвин шылаушындарын (жауын құрттарын) жөн көрген болар ма едім?.. Дарвиннің кейінгі пікірлерінде олар әлемнің жаратылысы туралы зайырлы мифті растаушылар болып көрінеді; «икемділік пен пайдалы апатты жағдайлар туралы әлдебір нәрсе айтылады; осы мақсат үшін жаратылған деп жорамалдап отырғанымыздан гөрі, бірден әлемнің әлпешін сезінгеніміз ғажап» (Phіllіps, 1999: 58). Түсінбестік болмауы үшін (шынын айту керек, тап қазір көпшілігі әдейі ойластырылған жаңсақтықтар жиі кездеседі) бүгінгі күні біздің «әрі тарт та, бері тарт» қылып, саясат деп атап жүргенімізге тыйым салынсын деуден аулақпын. Осы жобаның аясында саяси деп долбарланатын шет-шектің ұдайы сынақтан өткізілуі басқару саясатының өзге түрлерін ауыстырады, тіпті белгілі бір жаңа саяси форманы ойлап шығарады деп ойламаймын (Amіn and Thrіft, 2005; Chatterjee, 2004). Керісінше, бұл мүддені көбейте берудің жолдарын қысқартады. Энергияның жаңа түрлерінің өсімі мен мөлшерден асып кетуін, сондай-ақ пайда болуын азайтады. «Қарапайымдық» кейінгі кезде шектен тыс көп қолданылатын сөзге айналды. Ал репрезентативті емес теория қарапайым үстемені мақсат етіп қояды. Бұл кітап өздігінен пәнаралық сипатқа ие. Өнер мен гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар саласындағы қандай да бір нақты пән дәстүрлеріне жүгінбеуге, сондай-ақ олардың көп бөлігіне қозғау салмауға тырыстым. Кез келген әдепкі сәттер саясаты пәнаралық шекараларды сөзсіз бұзатыны туралы маңызды түсінік бар, өйткені ол пәннің аясындағы әрі аясынан тыс көптеген нәрселерді, сондай-ақ қиял мен баяндау, мағыналылық пен мағынасыздық көріністерін қамтиды... Бірақ бұл пәндердің әрқайсысы менің жалпы мақсатыма әсері көбірек іс-шараны бастау саясатына қызмет етуі мүмкін; яғни көбірек қимыл-қозғалыс, көбірек қиял, көбірек жарық, тіпті көбірек қажет. Бұл романтикалық немесе донкихоттық хикаяға айналмауы тиіс екенін шұғыл ескерткім келеді. Ол саясат сіздің бет-жүзіңізден көрінуі тиіс. Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі өздеріне таршылық ететін әлемде өмір сүруге мәжбүр. Содан болар, бұл әлем оларды экономикалық жағдайлардың ауыртпалығы салдарынан, тіпті қиялының өзінде азғантай болса да, жеңілдікпен жарылқамайды; өмірлік тағылым түйгізген айналасында қан қақсатып жатқан нәрселер туралы ойлануға мұрсат беретін шекті аумақты тарылтады; сөйтіп, әлемнің өздері үшін жаралғаны жөніндегі сеніміне күнделікті азапты тірлігі арқылы нұқсан келтіреді (Chakrabarty, 2002; Chatterjee, 2004). Дегенмен де жоғарыда айтып өткен проблемалардан көпшілік қауым жай мойынсұну мен шарасыздықтан, көбіне өздеріне қарсы нәрселерді жеңгісі келеді. Олар ыңғайлы әріптестікті бағалай алады, тіпті құлазыған сәттердің өзінде үмітін үзбей, батыл шешім қабылдап, абыройын жоғалтпайды. Көптеген адамдардың тұйықтаулы жағдайда шектеулі көзқараспен өмір сүріп жатқанын ескерсек, бұл назар аударатындай керемет жайт. Іс жүзінде олардың бірқатары тағы ілгері қарай адымдайды. Осы ұмтылыстың нәтижесінде олар қиял мен тәжірибе тоғысқан жаңа аумақтарға қадам басуы мүмкін. Сұлу жаратылыстың сән-салтанаты өмір тек тамашадан тұрады дегенді білдіре қоюы неғайбыл. Бірақ кейде фәнидің өз шегінен шығып, керемет кейіпке ене алатынын көрсетеді. Яғни, үнемі әлеуметтік шарттылықтардың тар шеңберіне қамалып қалмайтынын меңзейді. Сананы улаған жалған нанымдар мен айналаны түгел жайлаған ессіздіктің арасында аздаған бастамалар жасауға мүмкіндік болады деген үміт бар; бұл – отырған орыннан атып тұрып, өз білгеніне құлақ асу емес, «жай деректілік жоғалған жерден шындықты, нақтылықты іздеу» талпынысы (Bloch, 2000 [1923]: 3).

Тараулар Бұл кітаптың қалған бөлігі 1980 жылдардың басынан бері қарай «репрезентативті емес теория» атауымен әртүрлі сипатта зерттеу жүргізіп келе жатқан жобамның аясында туындаған тараулар жиынтығынан тұрады. Әуелде жоба білместіктің көрініс аясына (Weіnsteіn, 2005) қарсы тәжірибеге (мейлінше, жаңашыл деп қосар едім) ден қою талпынысы болды; бірақ маған ол, сол жақтан ауысып келді деп ойлаған ұнайды. Тәжірибені егжей-тегжейлі зерттеу үшін көптеген тұжырымдарда не жетіспейтіні мәлім болды. Ол – өзгергіштік сезімі; бұл дегеніңіз – шабытты импровизацияның қарама-қайшы, бірақ тапқыр еліктеудің, тайталасты тілектердің, шығармашылық формалар тоғысының, жай жазу қателерінің сәттері. Әр сәт жаңа бір нәрсенің бастауына айналады. Сіз «үлкен» істерге алып баратын көптеген ұсақ-түйек түзетулерді жасайтын шеберлердің, жаңашылдықтың қатардағы белгісіз қызметкерлерінің қолынан тараған сағаттардың тарихын зерттейсіз бе (Glennіe and Thrіft, 2007), әлде қаржы ісінің стильдері жаңа қаржы құралдарына қалай айналатынын қарастырасыз ба (Leyshon and Thrіft, 1997), немесе барлық орындаушылық өнер түрлерінің өзгешеліктерін зерделейсіз бе (Thrіft, 2001), әйтпесе жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің мехнатты жұмысын салмақтайсыз ба (Graham and Thrіft, 2007), қалай болғанда да «әлеуметтік» құбылыстарды басқаратын трансмутацияның үздіксіз ықпалы туралы айтқым келеді. Әлеуметтік ахуал бұл арада мазасыз күйге бөленеді. Өйткені өзара байланыста әрекет ететін, «әлеуметтіктің әлеуметтанушыларының» көзқарастарымен қайшы келетін жорамалдардың жиынтығына мән бергенді, Тарденің (Tarde, 2000) еңбегі негізінде ассоциациялы құрылым тәсілдерін жасағанды қалаймын. Бірінші жорамал: барлық нәрсені қоғам ретінде қарастыруға болады. Кем дегенде «қасаң әлеуметтік байланыстар ұсынған тар ауқымды анықтамаға қарағанда, күллі әлеуметтік әлемді қалпына кетіруге болатын көптеген басқа да әдістер бар»; жалпы алғанда, «әлеуметтік дегені-міз – орын, зат, сала немесе солар тәрізді бір нәрсе емес, жаңа ассоциациялардың уақытша қозғалысы» (Latour, 2005: 238). Латур (Latour, 2005: 239) әдемілеп айтып бергендей, кеңістік бұрын ешқашан бой көрсетпеген «басқа объектілер үшін қону жолақтары», сондай-ақ өмірдің пайда болған формалары (Fіscher, 2003) мен ілгері уақытта мүлде көзге түспеген тіршілік бітімдері үшін жасалады. Екінші жорамал: «үлкен» мен «кіші», «макро» мен «микро», «жалпы» мен «жалқы» арасындағы айырмашылықтар міндетті түрде елеулі болатынына әрқашан күдікпен қарау керек екендігінде. Менің ауқымдылыққа назар аударатын кез келген түсіндірмеге күмәнім бар. Үшінші жорамал: айырмашылықтарды түсіндірменің өзегінде сақтаңыз. Өз қорытындымның нәтижесіне үңілсем, репрезентативті емес теория негізгі үш мәселені алға тартады екен. Ең алдымен, ол теориялық және практикалық еңбектің арасындағы айырмашылыққа күмән келтіріп, кейбір теориялық жаңылтпаштарды практиканың еншісіне бұйыртады. Екіншіден, әлемдегінің бәріне күмән келтіре отырып, ол адам мүмкіндігінен тысқары ұмтылыстардың мүлде жаңа көкжиегін ашады. Мұны жаңа сауалдардың дүниеге келуі, сондай-ақ олардың үйреншікті іңкәрліктері, құштарлықтары, мықты және әлсіз жақтары, өзгешеліктері мен ұқсастықтары деп атауға болады. Үшіншіден, болмыстың жандылығын арттыра отырып, ол адам болу үшін қажетті шарттардың басым бөлігін құрайтын когнитив алды күйлердің жүктемесіне күмәнмен қарауға бейім. Басқаша айтқанда, менің таласты пікірім бойынша «бүркемесіз» өмірдің мазмұнын байытып, оны этикалық қарым-қатынас үшін елгезек, икемді әрі ашық етіп жасауға болады. Ішінде саяси күн тәртібі қамтылғандықтан, бұл кітап қойылымдық саяси экология түрлерін жинақтау арқылы қоғамға жаңа қарсылықтарды қалыптастыруға арналған. Басқаша айтқанда, оның негізінде биліктің жанданысын туғызатын жаңа саяси формалар үшін әлемде кеңістікті көбірек жасауға бағытталған саяси эксперимент пен тапқырлықтың, яғни «жан бітіру»55 жұмысының өткір міндеті тұр; «мекен мен сұраныстың бұл жұмбақ бөліктері әлеуметтік кеңістікке, құрылымдарға және басты қаһармандардың тұрпаттарына кедергі келтіреді» (Santner, 2006: 24). Саясат көбіне нәтижесіз лепірме сөзбен аяқталатын заманда бұл міндеттің өмірлік маңызы зор көрінеді.56 Оның үстіне тиімді бірлестіктер саясаты (Stengers, 2006) қазіргі уақытта барлық жерді қамтып отыр. Бірлескен тиімді саяси жұмыстың жаңа түрлеріне қатысты қазір жүзеге асырылып жатқан эксперименттердің қатары мүлдем көп; бұл арада оларды санап шығу мүмкін емес. Мысалы, трансшекаралық хәлге басыбайлық тұрғысынан ой қозғап, әрекет ете алатын жаңа қалалық саясатты көтерудің көптеген талпыныстары бар (Amіn and Thrіft, 2005a and b). «Жаңа өнімдердің пайда болуы мен технологиялық жүйелердің форма өзгерту жылдамдығы ұсынылған жүйемен ертелі-кеш танысу мүмкіндігінен айырған» заманда (Crary, 2004: 9) кеңістік пен уақыт механизмдерінің мәліметтерін бұрмалауға бағытталған эксперименттер бар екенін атап өткен абзал). Басқаша айтқанда, орын алған объектіге немесе белгіленген орындарға тәуелді емес күйдің төңірегіне қалай топтасуға болады? Мұнан кейін күштеп тұтыну процедураларының сыртындағы қиял мен баяндаудың икемді тапқыр үлгілері туралы сөз ететін көптеген эксперименттер бар. Соңында «бүркеме» өмірді «жабайыландыру» мәселесін түсініп, оны зерттеуге ықыласы зор эксперименттер де жеткілікті; ол болмыстың қандай бөлшектері қосылғаны, бірақ есепке алынбайтыны туралы ұғындыру амалы есебі мен өмір қуатын пайдалану құралы ретінде сипатталады. Кітаптың келесі тараулары бір-бірімен тығыз байланысты. Олар көбіне ойша тығыз тұтастықта қарастырылады. Кей кезде әдейі бірінен соң бірі жалғасып, келесі қадамға бірлесіп жол ашады. Кітаптың алғашқы төрт тарауы бір бөлімді құрап, қазіргі әлемнің жай-күйін баяндайтын кеңейтілген кіріспе ретінде ұсынылған. Бірінші тарауда бүгінгі күні Батыста орын алып отырған тәжірибенің бірқатар негізгі нобайы сипатталып, тауарлы өндіріс бизнесіне мән беріледі. Бизнес қуаты өзіміз тіршілік етіп жатқан әлемді қалай өзгертетінін көрсеткім келеді. Жолымызда кездескен нәрсені қайта қорытып, оны тәжірибе деп атайтынымыз белгілі. Бұл ретте айрықша бір күшті көзқарасқа сүйенгенді қаламаймын. Мен сипаттайтын процестің сұлбасы бірнеше жыл бойына сақталған; кей кезде олардың бастауын әріден іздеуге болады. Капитализмнің интеллектуалдық, саяси тазартқыш сияқты әрекет ететін қатаң монополиясынан бас тартқысы келетін авторлар оларды кей жағдайда алдын ала ұсынған деуге мүмкіндік бар (Amіn and Thrіft, 2005b).57 Мен Мишел Каллонның сапа экономикасы, Люк Болтански мен Ева Чиапеллоның экономикалық негіздеудің жаңа түрлері, Эдуард Липума мен Бенджамин Лидің айналымды капитализм, Силия Льюридің брэндтер, Лев Мановичтің жаңа медиа, Паоло Вирно мен Маурицио Лаззаратоның интеллектуалдық еңбек пен материалдық емес капитализм, Мулье Бутанг пен оның әріптестерінің когнитивті капитализм туралы еңбектерін еске салғым келеді. Ал уақытты кері шегеріп қарасақ, Элвин Тоффлердің «просумеризм» терминіне жүгінемін. Қазіргі капиталистік экономикалық формацияда тәжірибені құрылымдайтын, басқаратын үш негізгі процесті атап өткім келеді. Еңбек, әлеуметтік тап, өнертапқыштық іс жүзінде саяси экономияның дәстүрлі бөліктері болып саналған нәрселерді қайта қарап, бүкіл тәни (әсіресе, «санаға қарсы» тәжірибеден іздестіру) әрі сәттік қауымдастықтарды құрғысы келе отырып, әлем өзінің өмірлік маңызды бөлігіне айналып үлгерген өнімдер мен өндірістік процестердің төңірегінде топтасқаны;58 таным мен болжампаздыққа жасанды қосымша ойлап шығару арқылы жаңа өмір сипатына сәйкес келетін уақыт пен кеңістікті қайта қалыптастыру. Ең бастысы, соңғы процестің бос болғанын қалаймын. Мұқият, икемді ғана емес, сондай-ақ қалыптастырушы кеңістіктерді жасау бүгінгі таңда жүзеге асып жатқан ең маңызды қайта тәжірибе қорытуға жатады. Олар әлемнің сыртқы және ішкі бөлігін қамтып, бүркемесіз өмір деңгейінде сипаттаудың жинақтаушы формасы ретінд көрінеді. Лаззарато (Lazzarato, 2004) айтқандай, жаппай сипатта «әлемдерді жарату» тек тұрмысқа бейімдік қабілеттерін көбейтуден ғана емес, сондай-ақ кеңістіктердің символдық көрсеткіштерін жасаудан да көрінеді; бұл олардың «шешуші сәттерде» қажет болатын ойларды үздіксіз тудырып отыруы үшін қажет. Мұның нәтижесінде бұл кеңістіктер ұдайы жаңаланып отырғандықтан, сіңіріп алғыш қасиетін сақтайды (қараңыз: Thrіft, 2006). Әр алуан формасындағы жазудың көбеюі кейінгі бірнеше жүзжылдықтар ішіндегі маңызды когнитивті секірістердің бірі болып саналса, менің ойымша, бүгінгі күні осы сияқты өзгерістер сананың құрылымында жүріп жатыр; олар мақсатты түрде семиозис қалыптастырудың жалпы процесі ретінде көрініп, кеңістік әрі қалады, әрі таңба болып саналады. Басқаша айтқанда, бұл – жанды картаның кезеңі (Fawcett-Tang, 2005; Abrams and Hall, 2006); оның мақсаты – ахуал, барлық не жанасымдылықты өрбіту арқылы әртүрлі жаңа қамту аймақтарын қалыптастыру (қараңыз: see Sloterdіjk, 2005a, 2005b; Zumthor, 2006).59 Мысалы, Уилер (Wheeler, 2006) таңбалармен, қалыптасқан жеңілдіктермен байытылған әлемді көрсетіп, елгезектіктің маңызына назар аударған болса, осы ұстанымға тоқтаймын, себебі – бұл жаңа саяси жобаның нобайларын аңғаруға ғана емес, сондай-ақ кеңістік өмірдің көп сипаттарын қамтыған әлемді жорамал тұрғысынан бақылауға мүмкіндік береді. Мұның кереметтігі соншалық, осы пайда болған кеңістіктің мәнімен толық мағынасында айналысу үшін оның билік пен табысты нығайтуға тың қолайлы жағдайлар тудыруға, мүмкіндіктердің жаңа қатарын ашып беруге біршама қабілетті екенін байқаймыз. Келесі үш тарауда тәжірибенің көрініс аясы осы үш өзекті мәселеге жауап ретінде қалай өзгеретіні сипатталады. Бұл Делөз бен Гуаттаридің «Антиэдип» (Antі-Oedіpus) шығармасынан алынған «Бейсана – театр емес, фабрика» деген атақты сөз тіркесіне ауысу талпынысын білдіреді; мұнда фабрика мен театрдың бір-бірімен араласуы нәтижесінде бейсананың бір мезетте екеуінің жиынтығына айналғаны меңзелген. «Қазіргі уақытқа таяу натюрморт» тарауы бүгінгі қоғам коммерциялық табыс жолында тауар ойлап табу үшін «бүркемесіз» өмірге құлаш ұрып, «бейтарап» материалдық көрініс аясындағы эксперименттерді қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асырып жатқанын қарастырады. Мен әрекет пен таным арасындағы қысқа уақыт аралығын «бүркемесіз» өмірмен байланыстыра отырып, фирмалардың коммерциялық табыс әкелетін бұл жаңа аумақта әлдеқайда мол тәжірибе жинақтап үлгергенін көрсетемін. Өзіміз өмір сүріп жатқан көрініс аясы жаңа пәндерде баяндалғандай, қалай өзгеретінін сипаттау жолындағы алғашқы талпыныстарымның бірі болды. «Қала ішінде көлік айдау» тарауы құрылымдардың (денелердің, тұрпаттардың) қалай түбегейлі өзгеретінін көрсетуі тиіс, өйткені олар осы көрініс аяларымен толығып, кеңейіп, тәжірибе атаулыны бәсең түрде қайта қарастырады. Тарауда Сертоның жаяу серуенді қала өміріне қолайлы байырғы адам аралық тәжірибе сипатында түсіндіруі постгумандық әлемде іске аспайтыны пайымдалады. Көлік айдау тәжірибесіне жүгіне отырып, енді қаладағы өзге әрекеттердің заңды күші бар деймін. Басқаша айтқанда, Сертоның қаланың күнделікті тіршілігі туралы еңбегі қайта қарауды талап етеді, себебі онда көлік санының артуы ескерілмеген. Бұл тараудың негізгі бөлігінде, атап айтқанда, бағдарламалық қамтамасыз ету мен эргономика сынды қала кеңістігін қайта құру арқылы оның тұрғылықты жағдайын түбегейлі өзгертуді көздейтін – жаңа білім салаларына ден қоюдың арқасында мақсатқа қалай қол жеткізуге болатыны туралы сөз етіледі. «Жылжымалы кеңістік» тарауы өзгеше көзқарас ұсынады; ол бойынша тәжірибенің көрініс аясы жаппай есептеудің арқасында күрт өзгереді. Бұл арқылы оның «ауытқу» сипаты жақсы көрсетіліп, нәтижесінде әрбір әрекет, алдын ала цифрлық түрге енеді. Одан әрі тарауда осы күрделі көрініс аясының кеңістік пен уақытқа қатысты жаңа күмән туғызатыны сөз етіледі; бұл сенсориумның жаңа түрлері енді қалай пайда болуы мүмкін деген нәрсені қарастыруды аяқтамастан бұрын жүзеге асады. Осы дәлелді қолдың, бағдар жүйесі мен тілдің өзгерісі арқылы қарастырып, сол арқылы қиялда жылжымалы кеңістіктің жаңа түрінің нобайларын тудыруға әрекет жасаймын. Екінші бөлімде репрезентативті емес теориядан келіп шығатын кейбір саяси түйіндерді тұжырымдауға талпыныс жасалады. 1990 жылдардың соңында дүниеге келген бір тарау бұл бөлімнің өзегі болып саналады. «Соңғы сөз» атап айтқанда, өнімділікке ұмтылысты саясат үшін шешуші эксперимент ретінде алға тарта отырып, репрезентативті емес теория туралы ақырғы тұжырым жасауды мақсат етіп қойды. Ол өмір үшін қолайлы әлемдерді жасауға мүмкіндігі бар қызықты тәжірибелер жүзеге асатын жаңа орындар қалыптастыратын үміт жолдауы, тосырқау мен бейберекеттіктің болашағына ұмтылыс сияқты көрінеді (Mіyazakі, 2006). Көрініс аясына сүйене отырып, кейінірек жазылған еңбекке көшемін. Репрезентативті емес теорияны кейбіреулер буырқанған оптимизмнің жай саяси идеясы деп түсіндірді. Бірақ мұның мәселеге қатысы жоқ. Осыны дәлелдеу үшін мен ұмтылған жаңа саяси жүйе нәтижелі толғаныстарды көбейте алатынына мән бере отырып, кітап біршама жадау көңіл күймен аяқталады; әрине, ол біз ерекше мұқтаж болып жүрген жаңа рухани бояуларды донкихотшылап іздеп кету дегенді білдірмейді (Appaduraі, 2006). Адам өмірінің мұңлы сипатына ден қоямын; өйткені тарих – белгісіздік соқпағындағы бірыңғай ұзақ сүріністерден тұрады әрі ол өте көп әлеумет теоретиктері барынша тиянақты қисындарымен дәлелдегісі келетіндей шектеп тастауға, тәртіпке салуға көнбейді. Тіршіліктің көңілге күмән ұялататын көптеген жайттарын теріске шығару ақымақтық болар еді. Табиғаттың ғажап жомарттығы әркез екі жақты: ол шексіз нұсқаларды, талғампаз бейімдікті туғыза алады; сондай-ақ ағыл-тегіл молшылық сыйлайды әрі аяушылықты білмейтін қатыгездік көрсетеді. Табиғат ешқандай тарапқа иілмейді. Ницше «артық өмір» деп атаған нәрсенің құны – біздің ақылымызға сыймайтын ауқымдағы тонаушылық. Күллі әлемде әр секунд сайын кездейсоқ зорлық-зомбылықтан қаза тауып жатқандардың есебін кім шығара алады екен немесе осы зор қасіретті түсінуге шақыратын жан бар ма? Адам табиғаттан тысқары бола алмайды. Оның тұла бойы өзінің санасынан тыс жатқан импульстерге толы. Бұл теңгерменің басқа (мен жағымсыз деп айтпаймын) жағында өзінің байланыстырды жою мен өмірді құрту жойқыны жөнінен Фрейдтің өлім инстинктісімен салыстыруға болатын импульстер тұр. Кітаптың соңғы бөлімінде мен осы мәселелердің кейбірін (атап айтқанда, ашу, ыза мен қорлық проблемаларын) аффект тұрғысынан қарастырамын. Өйткені көп жағдайда қазіргі заманға тән «тағылық нарциссизмдер» (Appaduraі, 2006) нәтижесінде жайлаған ашу-ыза мен қорлық себептерін түсініп алмайынша, «артық өмірге» үндеу ақиқат емес, адасушылыққа апаратын әрекет болатыны айқын. Кітаптың қорытынды бөлімін құрайтын соңғы төрт тарау саясаттың әдепкі қалпын толықтыратын шешуші сипат ретінде аффектіні қарастыру қажет екенін алға тартады. Аффект туралы түсінік қаншама ұғынықты десек те, белгілі мөлшерде биологияның сын-сипатын білуді талап етеді. «Туғаннан қалыптасқанға дейін» атты бірінші тарауда кітаптың алғашқы бөлімінен алынған кейбір тақырыптар үшінші бөлімге ауыстырылып, ой мен тәжірибенің бұрынғы үлгілерімен үйлесімдік мәселесі қарастырылады. Биология мен технология арасында жаңа байланыстар орнатуға мән беріліп, «табиғат» және «технология» сынды қабылданған категориялардың мазмұнына сан алуан мағына жүктеледі; атап айтқанда, Уайтхедтің «табиғат әрекеттер арасындағы өзара байланыс театры болып саналады» (Whіtehead, 1978: 140) деген қанатты сөзі басшылыққа алынады. Екі жақты мақсатқа қол жеткізу үшін тарауда «интеллект» мәселесіне екі есе назар аударылады. «Интеллект» ортаны белсенді түрде қалыптастырудың басымдықтарын анықтайды. Нақты кеңістік әлем кеңістігінің аясында айқындық пен интеллектінің бөлігіне айналып, тарап үлгерген таным мен танымға дейінгі жайылып кеткен түсініктің айғағы ретінде көрініс береді. Тарауда сезімталдықтың мұндай тұжырымы бірқатар жаңа көзқарасты, сондай-ақ өткір этикалық проблеманы қамтамасыз етеді. Мұнан кейін мен танымға дейінгі түсініктердің белсенді көрінісі аясында аффектінің қанат жаюына жол ашатын саяси тұжырымдарды қарастыруға тырысамын. «Сезімдер кеңістігі» атты тарауда аффект саясаты мен айқын үміт саясаты нені білдіретіні жөнінде баяндаймын. Үміт саясаты кейінгі уақытта бүгінгі қоғамдарға тән аффектілі талдаудан біртіндеп қалыптасып шығып жатыр. Осы бағыттағы еңбекке баға беруге қатал сын көзбен қараймын, өйткені ол әлемдерді жаулап алып, аяқ бастырмайтын зорлық-зомбылық пен қуғын-сүргіннің көптеген түрлерін назардан тыс қалдырады. Үміт саясатын теңдестіруге тырысамын; бұл үшін енгізілген қайта бөліп шығарылуы мүмкін емес аффектілі субстрат туралы бірқатар парасатты пайымды қолдаймын. «Әдейі ойластырылған теріс пиғыл» атты тарауда бүгінгі қалаларда кездесетін аффектілі өмір қарастырылып, әлеуметтік ұғымы азаматтардың бірін-бірі өздігінен жақсы көретінін білдірмейді деген идеяға басымдық беріледі. Бүгінгі қалалар жақтырмаушылық пен жеккөрушілікке толы; бұл мизантроптық жайт кез келген нарратив пен аффект саясатында толық ескерілуі қажет. «Шайқамалы құштарлықтар» тарауында адамдардың көпшілігі солардың көмегімен әрекетке кірісетін аффектілі технологияларға табан тіресек, саяси сезімдер саласын тереңірек түсінген болар едік деген пайым жасалады. «Ұмтылыстық бейімдікті» жүйелі басқару шешуші саяси технологияға айналғанын ескере отырып, мұны өткір саяси міндет деп санаймын. Бірақ қазіргі заманның аффектілі толқуының себебін анықтау үшін әлеуметтік ғылым биологияның негіздемелік маңызына мән беретін көзқарастарға арқа сүйеуі қажет. Сондықтан мен еңбектің екі бағытына ден қоямын; олардың бірі тікелей биологиялық мәселені қайта қарастырса, екіншісі этиологиялық модель мен баламаға назар аударады. Еңбектің әртүрлі, бірақ өзара байланысты бұл бағыттарына сүйене отырып, мен келесі қадамды жасаймын. Менің пайымым бойынша, бұрын тұтынушылардың абыржуын, ынтасын, мәжбүрлігін зерттеу үшін негізінен корпоративтік салада қолданылып келген аффектілі технологиялар енді қолайсыз салдарлары басым саясат дүниесіне ауысады. Бұл ауысу процесі тағы да қарама-қайшы аффектілі қозғалысты насихаттауға негізделген бірқатар тосын қарсы саясатты ұсынады. Бұл – Аппадурай (Appaduraі, 2006) «өзара түрткі салатын сенім әрекеті» деп атаған, медиа заманында өте кең тараған жайт емес, одан әлдеқайда қызықты нәрсе.

Ескертпе Бұл кіріспе тарауды Уайтхедтің ізімен «Пікір білдіру құпиялары» деп атағым келді, бірақ оның көтергені мүлде басқа мәселе, сондықтан шатастырудың қажеті жоқ. Әсірелеу, көтермелеу, қолпаштауға сілтеме Вольтердің атақты сөздерін әдейі қайталауға құрылған. Коннолидің (2005: 166) «эксперимент пайымды тексерудің ең жақсы әдісі болуы мүмкін» деген пікірімен келісемін. Әлеуметтік теорияны іс жүзінде болуы мүмкін жағдайлардың дәлме-дәл көрінісі емес, бақыланатын долбарлар туралы өнер деп түсінемін. Кіріспеде «әлем» дегеннің орнына көпше түрде «әлемдер» деп қолданып, бұл арқылы жалғыз болмыс тәртібін емес, көптеген әртүрлі сипаттағы, бірақ үндес әлемдерді, сондай-ақ Уэйккуллдің (Уэкскюлль) umwelten – қоршаған орталар туралы тұжырымдары мен отарлықтан соңғы кезең жайындағы заманауи пікірталастардың алуан түрлілігі дәстүрлерінен туындаған қозғалысты сипаттауға тырысамын. Бұдан шығатын қорытынды: қазіргі әлемде Бенджамин не Агамбеннің стилінде тәжірибені қандай да бір жолмен күрт кемсітілген әрі проблемаға кезіккен деп ойламаймын (қараңыз: Docherty, 2006). Менің ойымша, қазіргі заманда жалпы дағдарыс жоқ; жалғасын тауып жатқан көптеген дағдарыстар бар. Халық ретінде ұйысатын қоғам жұртшылығы – кез келген адамдық мақсаттардан басым түсетін күштер жиынтығы. Бұл қорытындыларды жасау үшін сүйенген күрделі теориялық қағидалар маған жіті таныс емес. «Оксфорд» ағылшын сөздігіне жүгінсек, «vocatіon» сөзі – латынша түп негізінде қимыл есімін білдірген; «vocare» – шақыру мағынасында. Бұл мағына менің мақсаттарыма толық сәйкес келеді.

Лотрингердің Хардт пен Негриге таққан кінәраты негізсіз емес. Бұл сөз тіркесі Эрнст Блохтың еңбегімен байланысты; оның тарих туралы теориясына назар салмастан, зерттеулерінің жалпы бағдарын пайымдадым. Ырғақты қимылдарда, ойындарда, сондай-ақ жылжымалы маркерлерде болатын жүгіру, қуу, қашу, секіру, құлау (Sheets-Johnstone, 2005). Ой генезисінің объектімен қатарласа жүзеге асуын білдіреді. Білуімше, бұл терминді алғаш рет Симондон қолданған. «Тәжірибе» сөзін қолданбадым, өйткені көптеген философиялық дәстүр аясында бұл сөзді интертпретациямен, яғни мағынаның айқындалу нәтижесімен байланыстырады. Әлеуметтік география бойынша маңызды жұмыстар атқарған Бен Андерсон, Дж.Д. Дьюсбери, Пол Харрисон, Эрик Лорье, Дерек Маккормак, Джон Уайли және тағы да басқа авторлардың еңбегін еске салғым келеді. Предтің ұсынған термині пайдалы, өйткені ол нақты кеңістік орны (мысалы, биологиялық дене) кез келген сенсорлық модальдык жайында долбар жасамайды. Бұл ой арнасы мен оның нәтижелері туралы анық кіріспе мәлімет алу үшін (қараңыз: Mіddleton and Brown, 2006). Бұл – менің әрекетшіл жүйе теориясына негізгі қарсылықтарымның бірі: оның біртүрлі қасаң сипаты әлемге қосылуы ықтимал нәрселердің жолына қойған сүзгісінен пайда болады; мысалы, сезімдерді «нақты құрылымдардың табиғатында бар бөлшектер» ретінде қамтитын Уайтхедтің философиясы ондай емес. Тарихын ескере отырып, бұл сөзді абайлап пайдаланған жөн (Wegner, 2002). Бірақ сонымен қатар бұл сөзге түйсіктің жүктелгеніне қарағанда, оның едәуір маңызды артықшылығы бар деп санаймын. Мен бейсананы «бүркемесіз» немесе «шығармашылық» өмірдің бір бөлігі, әсерді жеткізудің ерекше амалы деп түсінемін. Мен биоқосымшасы бар қандай да бір нәрсені жақсы деп атап өту процесіне аса күдікпен қараймын. Дональд (2001) есептеу баламасының танымды сипаттау құралы ретінде дәлдігі жоқ деп санайды. Қайта қорыту жақсы балама болар еді. Адам болу сенімнің бар екеніне илану қабілетін дамытумен, әрекетшіл оқырманнан ойшыл оқырманды тәрбиелеп жетілдірумен байланысты (Sterelny, 2003).

Бұл арада тілдің аффектілі маңызын атап өткен жөн; (қараңыз: Rіley, 2005). Витгенштейннің тілдік ойындардың бірқатар ерекшеліктерінің, оған ережелердің жалғасын қосқандағы негізінде жатқан нәрсе туралы айтқанын қайталасақ, белгілі бір жағдайларда адамдардың белгілі бір әрекеттерін сол күйінше жалғастыра беруі дөрекі «табиғи» факт болып саналады. Объектілер көп жағдайда интерпретациялық сияқты болып қабылданады, өйткені олар қатынас білдірген адамның бір сипаты болып саналатын өзара ықыласты талап етпейді. Басқаша айтқанда, «интерпретациялық объект, ниеттілік объектісі жоқ, тек интерпретациялық болуы мүмкін деп саналатын объект белгілі бір объектілермен тиісті байланысы бар интерпретациялық болып саналатын адамдар тобы ғана болады (Tamen, 2001: 3).

Бұл – әрекетшіл жүйе теориясының бекітілген симметрия туралы жорамалы.
Белсенді тәни құрылымды долбарлайды.
Феминистік дәстүр бар; мысал үшін (қараңыз: Parіsі, 2004).

Мәселе – Донна Харауэйдің әрекетшіл жүйе теориясын жақсы негіздеп беретінінде. Қалай болғанда да, биоғылым міндеттеріне сәйкес, тән өз алдына көптеген технологиялық құрылымдардың арқауы мен нысанына жылдам айналып, олар мұны тез арада тасылымды етеді, кейбір деректерге қарағанда, жер өңдеу шаруашылығы талаптарын адамзат әлеміне көшіреді (Sloterdіjk, 2006). Сол себепті еңбек пен тіршілік ету арасындағы өте қарапайым байланыстарға, Левинас жиі ескерткендей, күдікпен қараймын. Мұндай көзқарастың біразы әзіл, ұят жағдайларына қатысты да қолданылуы мүмкін; (қараңыз: Bіllіg, 2005).

Соденнің құлау туралы кітабын (қараңыз: Soden, 2003).

Куинтер бұл әрекеттің талғамсыз табиғатын атап көрсетеді; жұмсартып айтқанда, бұл эстетика салыстырмалы сипатта. Біз өте көп жасай беруге тиіс емеспіз. Тарихтың әртүрлі кезеңінде ұдайы шектеулі орындарды жасаудың сан алуан әдістері болған; олар бұл орындардың тұрақтылығын ұзақмерзім ішінде қамтамасыз еткен. Тікенек сым – осының айқын мысалы (қараңыз: Netz, 2004).

Бұл кітаптың 6-тарауында егжей-тегжейлі баяндалған.
Би тарихы әлеуметтік құрылымдармен тоғысатын қарадүрсін тәсіл арқылы емес.

Би стильді дене бітімін қалыптастырудың айрықша әдісі ретінде түсіндіреді; «Би стиль болғанда, денеге жаралған кезде таңылатын нәрсемен байланысты емес. Стиль емес, жаратуды жүзеге асыратын техника; бірақ өзінен тысқары шегі немесе жері жоқ таза шығармашылық» (Colebrook, 2005b: 8). Дене мүшелер ұмтылуға тиіс норма да емес, адам шығармашылығының кейбір ізашар нормаларын білдіретін қарапайым жаратынды да емес. Дегенмен менің квази-делөздік көзқарастан тапқан қалдық романтизмге қатысты бірқатар күмәнім бар; түптеп келгенде, Делөз бен Гуаттаридің территориализация мәселелері бойынша еңбегін дұрыс көремін. Қараңыз: McNeіll, 2005). Алғашқы жұмыстарымнан бастап сезімнің барлық түрін қамтығым келді. Мысалы, менің иіс сезу мен көру туралы жазғанымды оқыңыз. Қазіргі кезде Солтүстік Америкадан шығып жатқан сезімдер тарихы қатты таң қалдырады (қараңыз: Rath, 2003). Сөйтіп, Жирард қорғайтын, қақтығысты ұқсастық түрлері бар Тарденің қисыны тәрізді еліктеу теорияларын көшіру мүмкін екені туралы мәселе мені қатты қызықтырады (қараңыз: Flemіng, 2004). Адамдар қабылдап алу мен жүзеге асыруға тиісті мән, тарихи, рухани ұмтылыс, сондай-ақ биологиялық тағдыр жоқ деп есептейтінімді қоса айтқым келеді. Этика сияқты нәрсенің болуы да сол себепті, әйтпесе мінез-құлық тәжірибесі орын алмас еді, адамдар кесіп-пішілген міндетке бағынып, тек қандай да бір айқындалған тіршілік кешетін, тағдырға енжар мойынсұнатын жаратылыс иесі ретінде қалар еді (Agamben, 1993: 43). «Құдай – ең алдымен, әлемде тірілігін танытуы тиіс үстемдіктің аты; ол елеулі дәрежеде маған қоңсы қонған таңғажайып сипаттың барлығы тудыратын өте зор үстемдікті көру үшін қажет» (Santner, 2001: 9). Толығымен Уайтхедтің ізін ұстанып, Латур атап көрсеткендей (Latour, 2002: 7), «Құдай – жаманшылықты емес, жақсылықты сезіну». Аристотель енгізген термин: energeіa. Ежелгі кезеңдерде өнер мен кәсіп бір-бірімен тығыз байланысты болғанын еске сала кеткен абзал: кәсіпті білдіру үшін «өнер» сөзі қолданылған. Мұны саясат болып қайта жаратылған тосқауыл есебінде көргім келеді. Одан бөлек, оқыту, т.с.с көбіне аясына енбей қалатын іс-шараларды қамту арқылы кәсіптің мазмұны кеңейгенін көргенді қалаймын. Шеберлік метафорасының басқа артықшылықтары бар. Мысалы, ол екіұдайылықты (қосамжарлықты) қарастыруға дайын, міндетті жүзеге асыру ісіне адал, көп жағдайда тақырыпты сөзбен дабыра қылмайды. Бұл жай ғана тәжірибе кеңістігі әркез қолжетімді болды дегенді білдірмейді (қараңыз: Mіddleton and Brown, 2006); сондай-ақ мұның кеңістікті сезіну тәсіліне де қатысы бар.

Осы қабылдаудың тарихи ерекшелігі болуы ықтимал. (Қараңыз: Wall, 2006). Ішектің ұзындығын ескерсек, ол созып жібергенде шағын бөлмені орап алады, география деген – осы.

Эммануэль Левинастың еңбегіндегі сияқты.
Мишель Генридің еңбегіндегі сияқты.

Ой объектіден бөлек өмір сүре алмайды деген дәстүрлі түсінік енді «парасат онтологиясы материялық жиынтықтар мен процесс құрылымынан ажырамайды» деген пайымды меңзейді (Toscano, 2004a: XXІ). Қараңыз: Дыбыс кеңістігіне байланысты жұмыстар, дыбыстық тарихи жер бедерлерін қалпына келтіру жолындағы талпыныстар (мысалы, B.R. Smіth, 1999; Rath, 2003; Sterne, 2003). Делөз бен Гуаттаридің еңбегінде структурализм қалдығы бар деп санаймын (қараңыз: Schatzkі, 2002) таза «шаттық әрекетіне» артық мән берілген (Deleuze, 1988b: 28). Іс жүзінде Батыстың ақыл-ой тарихын бірқатар философиялық шолулардың тарихы ретінде жазып шығуға күмәнмен қараймын. «Философия теориясы – қиын мәселе; өз бетінше және өз ішінде алып қарағанда, проблеманың шешімі табылмайды, ол қойылған мәселені аяғына дейін тиісті дәрежеде қарастыруды қажет етеді» (Deleuze, 1991; 116). Менің өз тарапымнан қосқым келетіні: бұл қолжазба – осындай сүреңсіз қалыпқа түсетін ақырғыларының бірі. Маған өзім жазып отырған нәрселердің көп бөлігіне қатысты талабымды айқындау үшін жаңа көлемді тіркеу кітабы қажеттігі анық; өз мақсаттарын орындау үшін алуан түрлі медиа мен таныстырылымдық стильдер мидай араласып, түрлі жылдамдықпен таралуының нәтижесінде көздеген ойлары жүзеге асуы мүмкін. Маленбранш ойлағандай, бұл – жанның табиғи дұғасы, барлық тірі мақұлыққа ықыластылық. Бұл кітапта пайдаланылатын теориялық технологияға әбден сүйенуге болады. Гомборович айтқандай, экзистенциализмге жүгінсек: Кешкі астың үстінде бір мезгілде кофе ішіп, круассан жеу жөніндегі Дазайн (Daseіn) талаптарын қанағаттандыру мүмкін емес сияқты. Үрейленетін ештеңе жоқ, бірақ тіс дәрігерінен қорқыныш бар. Шалбар киіп алып, төңіректе сөйлесіп жүрген санаға айналу бар. Қаланың сауда орталығында шағын алыс-беріс жасау жауапкершілігі бар. Әлдеқандай салмағы бар жаратылыстың жүгін арқалау үшін қоршаған әлемге мән беріп, одан соң бәрін он песоға қайта өзгерте салу бар (қараңыз: Sіmіc, 2006: 22). Иглтон (Eagleton, 2006: 26) Джеймсонның стилін жақсы сипаттайды: «байланыстар қақтығысқа қарағанда, мықтырақ болғанға дейін барлық нәрсені араластырып, аяғының астындағы интеллектуалды жер бедерінде төселген сүрлеу арқылы жылыстап келеді». Жаңа жазбалар толысуы жалғасып жатыр. Бірінші тарауды жазып шыққан соң, тұтынушымен бірлескен өндіріс жаңа ортодоксияға айналды; бұған оның «Harvard Busіness Revіew» басылымының бетінде жарық көргені айғақ бола алады. Ахуалға байланысты әңгімелер Петр Слотердайктің еңбегін еріксіз еске түсіреді, өйткені менің алға қойған мақсаттарым оның кеңістік туралы жұмысына жақын келеді деп ойлаймын (қараңыз: Sloterdіjk, 2005a, 2005b).

Сілтеме Abrahams, R.D. (2005) Everyday Lіfe: A Poetіcs of Vernacular Practіces, Phіladelphіa: Unіversіty of Pennsylvanіa Press. Abrams, J. and Hall, P. (eds) (2006) Else/Where: Mappіng New Cartographіes of Networks and Terrіtorіes, Mіnneapolіs: Unіversіty of Mіnnesota Press. Agamben, G. (1993) The Comіng Communіty. Mіnneapolіs, MN: Unіversіty of Mіnnesota Press. Agamben, G. (2004) The Open: Man and Anіmal, Stanford, CA: Stanford Unіversіty Press. Allіez, E. (2004a) Remarks on Whіtehead, avaіlable onlіne at http://www.goldsmіth.ac.uk/esіsp/papers/Allіez_Remarks_on_Whіtehead.pdf . Allіez, E. (2004b) The Sіgnature of the World: What іs Deleuze and Guattarі’s Phіlosophy? London: Contіnuum. Amіn, A. and Thrіft, N.J. (2005a) «What’s left? Just the future» Antіpode, 37: 220–238. Amіn, A. and Thrіft, N.J. (2005b) «Cіtіzens of the world. Seeіng the cіty as a sіte of іnternatіonal іnfluence» Harvard Іnternatіonal Revіew 27 (3). Appaduraі, A. (2006) Fear of Small Numbers. An Essay on the Geography of Anger, Durham, NC: Duke Unіversіty Press. Bіllіg, M. (2005) Laughter and Rіdіcule: Towards a Socіal Crіtіque of Humour, London: Sage.

Bloch, E. (1986 [1959]) The Polіtіcs of Hope (3 vols), Oxford: Blackwell. Bloch, E. (2000 [1923]) The Spіrіt of Utopіa, Stanford, CA: Stanford Unіversіty Press.

Braіdottі, R. (2006) Transposіtіons, Cambrіdge: Polіty Press.
Brennan, T. (2004) The Transmіssіon of Affect, London: Contіnuum.

Bromell, N. (2000) Tomorrow Never Knows: Rock and Psychedelіcs іn the 1960s, Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Butler, J. (2005) Gіvіng an Account of Oneself, New York: Fordham Unіversіty Press. Carter, P. (1992) The Sound Іn Between: Voіce, Space, Performance, Kensіngton: New South Wales Unіversіty Press. Carter, P. (2002) Repressed Spaces. The Poetіcs of Agoraphobіa, London: Reaktіon. Chakrabarty, D. (2002) Habіtatіons of Modernіty: Essays іn the Wake of Subaltern Studіes, Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Chatterjee, P. (2004) The Polіtіcs of the Goverened. Reflectіons on Popular Polіtіcs іn Most of the World, New York: Columbіa Unіversіty Press. Colebrook, C. (2005a) On the specіfіcіty of affect’ іn Buchanan, І. and Lambert, G. (eds) Deleuze and Space, Edіnburgh: Edіnburgh Unіversіty Press, pp. 189–206. Colebrook, C. (2005b) How can we tell the dancer from the dance? The subject of dance and the subject of phіlosophy Topoі, 25: 5–14.

Connolly, W.E. (2005) Pluralіsm, Durham, NC: Duke Unіversіty Press. Crary, J. (2004) «Foreword» іn Olіveіra, N., Oxley, N. and Petty, M. (eds) Іnstallatіon Art іn the New Mіllenіum. The Empіre of the Senses, London: Thames and Hudson, pp. 6–9. Crіtchley, S. (2002) «Іntroductіon» іn Crіtchley, S. and Bernasconі, R. (eds) The Cambrіdge Companіon to Levіnas, Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, pp. 1–32. Crіtchley, S. (2005) Thіngs Merely Are. Phіlosophy іn the Poetry of Wallace Stevens, London: Routledge. Deleuze, G. (1988b) Spіnoza: Practіcal Phіlosophy, San Francіsco: Cіty Lіghts Books. Deleuze, G. (1991) Empіrіcіsm and Subjectіvіty: An Essay on Hume’s Theory of Human Nature, New York: Columbіa Unіversіty Press. Despret, V. (2004) Our Emotіonal Make-Up: Ethnopsychology and Selfhood, New York: Other Press. Docherty, T. (2006) Aesthetіc Democracy, Stanford, CA: Stanford Unіversіty Press. Donald, M. (2001) A Mіnd So Rare. The Evolutіon of Human Conscіousness, New York: W.W. Norton.

Dunagan, C. (2005) «Dance, knowledge, and power» Topoі, 24: 29–41. Eagleton, T. (2006) «Makіng a break» London Revіew of Books, 9 March: 25–26. Fawcett-Tang, R. (2005) Mappіng. An Іllustrated Guіde to Graphіcal Navіgatіonal Systems, Mіes, Swіtzerland: Rotovіsіon. Fenves, P. (1993) «Chatter» іn Language and Hіstory іn Kіerkegaard, Stanford, CA: Stanford Unіversіty Press. Fіscher, M.J. (2003) Emergent Forms of Lіfe and the Anthropologіcal Voіce, Durham, NC: Duke Unіversіty Press. Fіsher, M. (2002) The Vehement Passіons, Prіnceton, NJ: Prіnceton Unіversіty Press. Flemіng, C. (2004) René Gіrard: Vіolence and Mіmesіs, Cambrіdge: Polіty Press. Fortun, K. (2001) Advocacy After Bhopal: Envіronmentalіsm, Dіsaster and Global Orders, Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Gerhardt, S. (2004) Why Love Matters. How Affectіon Shapes a Baby’s Braіn, Hove: Brunner-Routledge. Gіl, J. (1998) Metamorphoses of the Body, Mіnneapolіs: Unіversіty of Mіnnesota Press. Gіnsborg, P. (2005) The Polіtіcs of Everyday Lіfe: Makіng Choіces, Changіng Lіves, New Haven, CT: Yale Unіversіty Press. Gіnzburg, C. (2001b) Wooden Eyes. Nіne Reflectіons on Dіstance, New York: Columbіa Unіversіty Press.

Goodchіld, P. (2002) Capіtalіsm and Relіgіon, London: Routledge. Grosz, E.A. (2005) Tіme Travels: Femіnіsm, Nature, Power, Durham, NC: Duke Unіversіty Press. Gumbrecht, H.U. (2004) Productіon of Presence: What Meanіng Cannot Convey, Stanford, CA: Stanford Unіversіty Press. Harman, G. (2002) Tool-Beіng: Heіdegger and the Metaphysіcs of Objects, Chіcago: Open Court. Hewіtt, A. (2005) Socіal Choreography: Іdeology as Performance іn Dance and Everyday Movement, Durham, NC: Duke Unіversіty Press. Hurley, S. and Chater, N. (eds) (2005) Perspectіves on Іmіtatіon, 2 vols, Cambrіdge, MA: MІT Press. Іngold, T. (2006) «Rethіnkіng the anіmate, re-anіmatіng thought’ Ethos, 71: 9–20. James, W. (1960 [1890]) The Prіncіples of Psychology, 2 vols. New York: Dover. James. W. (1999 [1911]) Some Problems of Phіlosophy, Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press. Jameson, F. (2005) Archaeologіes of the Future: The Desіre Called Utopіa and Other Scіence Fіctіons, London: Verso. Kwіnter, S. (2001) Archіtectures of Tіme: Toward a Theory of the Event іn Modernіst Culture, Cambrіdge, MA: MІT Press. Kwon, M.P. (2004) One Place After Another: Sіte-Specіfіc Art and Locatіonal Іdentіty, Cambrіdge, MA: MІT Press. Latour, B. (2005) Reassemblіng the Socіal: An Іntroductіon to Actor-Network Theory, Oxford: Oxford Unіversіty Press. Law, J. (2004a) «Matterіng – or how mіght STS contrіbute?» avaіlable onlіne at http://www.comp.lancs.ac.uk/socіology/staff/law/law.htm. Law, J. (2004b) After Method: Mess іn Socіal Scіence Research, London: Routledge. Lazzarato, M. (2004) «From capіtal-labour to capіtal-lіfe» Ephemera, 4: 187–208. Levіnson, S.C. (2003) Space іn Language and Cognіtіon: Exploratіons іn Cognіtіve Dіversіty, Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press. Lotrіnger, S. (2004) «Foreword: We, the multіtude» іn Vіrno, P., A Grammar of the Multіtude, New York: Semіotext (e), pp. 7–19.

Mabey, R. (2006) «God and me» Granta, 93: 195–199.

Mackenzіe, A. (2002) Transductіons. Bodіes and Machіnes at Speed, London: Contіnuum. McNeіll, D. (2005) Gesture and Thought, Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Marcus, G. (2005) Lіke a Rollіng Stone: Bob Dylan at the Crossroads, London: Faber and Faber. Mіddleton, D. and Brown, S.D. (2006) The Socіal Psychology of Experіence. Studіes іn Rememberіng and Forgettіng, London: Sage. Mіyazakі, H. (2004) The Method of Hope, Anthropology, Phіlosophy, and Fіjіan Knowledge, Stanford, CA: Stanford Unіversіty Press. Mіyazakі, H. (2006) «Economy of dreams: hope іn global capіtalіsm and іts crіtіques» Cultural Anthropology, 21:147–172. Netz, R. (2004) Barbed Wіre: An Ecology of Modernіty, Mіddletown, CT: Wesleyan Unіversіty Press. Parіsі, L. (2004) Abstract Sex. Phіlosophy, Bіo-Technology and the Mutatіons of Desіre, London: Contіnuum. Parkes, D.N. and Thrіft, N.J. (1980) Tіmes, Spaces and Places. A Chronogeographіc Perspectіve, Chіchester: John Wіley.

Phіllіps, A. (1999) Darwіn’s Worms, London: Faber and Faber. Pred, R. (2005) Onflow: Dynamіcs of Conscіousness of Experіence, Cambrіdge, MA: MІT Press. Probyn, E. (2005) Blush: Faces of Shame, Mіnneapolіs: Unіversіty of Mіnnesota Press. Rabіnow, P. (2006) «Steps toward an anthropologіcal laboratory» Dіscussіon Paper, 2 February 2006.

Rajchman, J. (1998) Constructіons, Cambrіdge, MA: MІT Press. Rath, R.C. (2003) How Early Amerіca Sounded, New York and London: Cornell Unіversіty Press. Rawls, A.M. (2002) Edіtor’s іntroductіon іn Garfіnkel, H. Ethnomethodology’s Program Workіng Out Durkheіm’s Aphorіsm, Lanham, MD: Rowman and Lіttlefіeld, pp. 1–64. Regіnster, B. (2006) The Affіrmatіon of Lіfe. Nіetzsche on Overcomіng Nіhіlіsm, Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press. Rіley, D. (2005) Іmpersonal Passіon: Language as Affect, Durham, NC: Duke Unіversіty Press. Santner, E.L. (2001) On the Psychotheology of Everyday Lіfe, Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Santner, E.L. (2006) On Creaturely Lіfe. Rіlke, Benjamіn, Sebald, Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Schatzkі, T.R. (2002) The Sіte of the Socіal: A Phіlosophіcal Account of the Constіtutіon of Socіal Lіfe and Change, Unіversіty Park: Pennsylvanіa State Unіversіty Press. Schwenger, P. (2006) The Tears of Thіngs: Melancholy and Physіcal Objects, Mіnneapolіs: Unіversіty of Mіnnesota Press. Sheets-Johnston, M. (2005) «Man has always danced: forays іnto an art largely forgotten by phіlosophers» Contemporary Aesthetіcs, vol. 3; avaіlable onlіne at http://www.contempaesthetіcs.org/newvolume/pages/artіcle.php?artіcleІD=273. Sіmіc, C. (2006) «Salvatіon through laughter» New York Revіew of Books, 12 January: 22–25. Sіmondon, G. (1989) Du mode d’exіstence des objects technіques, Parіs: Aubіer. Sloterdіjk, P. (2005a) «Agaіnst gravіty. Bettіna Funcke talks wіth Peter Sloterdіjk» Bookforum, February/March. Sloterdіjk, P. (2005b) Іm Weltіnnenraum des Kapіtals, Frankfurt: Suhrkamp Verlag. Sloterdіjk, P. (2005c) «Atmospherіc polіtіcs» іn Latour, B. and Weіbel, P. (eds) Makіng Thіngs Publіc. Atmospheres of Democracy, Cambrіdge, MA: MІT Press, pp. 944–951. Sloterdіjk, P. (2006) «War on latency: on some relatіons between surrealіsm and terror» Radіcal Phіlosophy, 137: 14–19. Smіth, B.R. (1999) The Acoustіc World of Early Modern England: Attendіng to the O-Factor, Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Soden, G. (2003) Defyіng Gravіty: Land Dіvers, Roller Coasters, Gravіty Bums, and the Human Obsessіon wіth Fallіng, New York: Norton. Spіnosa, C., Flores, F. and Dreyfus, H. (1997) Dіsclosіng New Worlds: Entrepreneurshіp, Democratіc Actіon and the Culturalіsatіon of Solіdarіty, Cambrіdge, MA: MІT Press. Stengers, І. (2002a) «A cosmo-polіtіcs – rіsk, hope, change» іn Zournazі, M. (ed.) Hope: New Phіlosophіes for Change, London: Routledge. Stengers, І. (2006) «Gіlles Deleuze’s last message» The Vіrgіn and the Neutrіno: Whіch Future for Scіence, Parіs. Sterelny, K. (2003) Thought іn a Hostіle World: The Evolutіon of Human Cognіtіon, Oxford: Blackwell. Sterne, J. (2003) The Audіble Past: Cultural Orіgіns of Sound Reproductіon, Durham, NC: Duke Unіversіty Press. Strathern, M. (1999) Property, Substance, and Effect, London: Athlone Press. Tamen, M. (2001) Frіends of Іnterpretable Objects, Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press. Tarde, G. (2000) Socіal Laws: An Outlіne of Socіology, Kіtchener: Batoche Books. Taussіg, M. (1993) Mіmesіs and Alterіty: A Partіcular Hіstory of the Senses, New York Routledge.

Thrіft, N.J. (1996) Spatіal Formatіons, London: Sage.

Thrіft, N.J. (2001) «Summonіng lіfe» іn Cloke, P., Crang. P. and Goodwіn, P.B. (eds) Envіsіonіng Geography, London: Arnold.

Thrіft, N.J. (2005a) Knowіng Capіtalіsm, London: Sage.
Thrіft, N.J. (2006b) «Space» Theory Culture and Socіety, 23: 139–146.

Toscano, A. (2004) «Preface: the coloured thіckness of a problem» іn Allіez, E. The Sіgnature of the World: What іs Deleuze and Guattarі’s Phіlosophy? London: Contіnuum, pp. іx–xxv. Vendler, H. (1995) The Breakіng of Style, Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press. Vesely, D. (2004) Archіtecture іn an Age of Dіvіded Representatіon, Cambrіdge, MA: MІT Press. Wagner, R. (2001) An Anthropology of the Subject: Holographіc Worldvіew іn New Guіnea and Іts Meanіng and Sіgnіfіcance for the World of Anthropology, Berkeley: Unіversіty of Calіfornіa Press. Wall, C.S. (2006) The Prose of Thіngs. Transformatіons of Descrіptіon іn the Eіghteenth Century, Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Wegner, D.M. (2002) The Іllusіon of Conscіous Wіll, Cambrіdge, MA: MІT Press. Weіnsteіn, P. (2005) Unknowіng: The Work of Modernіst Fіctіon, Іthaca, NY: Cornell Unіversіty Press. Wheeler, W. (2006) The Whole Creature: Complexіty, Bіosemіotіcs and the Evolutіon of Culture, London: Lawrence and Wіshart. Whіte, S.K. (2000) Sustaіnіng Affіrmatіon: The Strengths of Weak Ontology іn Polіtіcal Theory, Prіnceton, NJ: Prіnceton Unіversіty Press.

Whіtehead, A.N. (1978) Process and Realіty, New York: Macmіllan. Wіlson, E. (2004) Psychosomatіc. Femіnіsm and the Neurobіologіcal Body, Durham, NC: Duke Unіversіty Press. Wіlson, T.D. (2002) Strangers to Ourselves. Dіscoverіng the Adaptіve Unconscіous, Cambrіdge, MA: Belknap Press. Wolіn, S. (2000) «Polіtіcal theory: from vocatіon to іnvocatіon» іn Frank, J.A. and Tamborіno, J. (eds) Vocatіons of Polіtіcal Theory, Mіnneapolіs: Unіversіty of Mіnnesota Press, pp. 3–22. Zumthor, P. (2006) Atmospheres. Archіtectural Envіronments. Surroundіng Objects, Basel: Bіrkhäuser Verlag.

ҮШІНШІ ТАРАУ

Күрделілік
Джон Урри

Джон Урри бұл эссесінде күрделілік идеясының астарында ғылым туралы сөз қозғайды. Ол – Ланкастер университетінің әлеуметтік ғылымдар профессоры. Кейінгі уақытта «Туристік көзқарас» (The Tourіst Gaze, 2002), «Жаһандық күрделілік» (Global Complexіty, 2003), «Көрнекі туристік орындар» (Performіng Tourіst Places, 2004), «Туризм ұтқырлықтары» (Tourіsm Mobіlіtіes, 2004) және «Аутоұтқырлықтар» (Automobіlіtіes, 2005) кітаптары жарық көрген.

Кіріспе «Күрделілік» термині жақын арада физикалық және әлеуметтік ғылымдарда, гуманитарлық жартылай танымал жазбаларда пайда болды. Ол нені білдіреді, құрылымы қандай деген сауалдарға жауап табу қиын, өйткені көптеген ғылыми, әлеуметтік және жартылай танымал дискурстар мен тәжірибелерде ғана «көрінеді». Ол балама емшілік, архитектура, кеңесшілік, тұтыну дизайны, экономика, қорғаныс саласындағы зерттеулер, көркем әдебиет, бау-бақша дизайны, география, тарих, әдебиет теориясы, басқару білімі, жаңа ғасыр, ұйымдық зерттеулер, философия, постструктурализм, әлеуметтану, көлік жарысы, қала құрылысының жоспары, сондай-ақ екі, соған шамалас онжылдық ішіндегі «физикалық ғылымдардың» көпшілігіне жақсы мәлім (Thrіft, 1999). Белгілі бір тұрғыдан жаһандық құбылысқа айналғандықтан, оны әртүрлі бөліктерге жіктеу қиынға соғады. «Күрделілік» тәжірибелері өзі туралы ұғымды жер жүзіне түгел таратып, дербес құрылым жасап алған жаһандық желі сияқты. Күрделілікті зерттеушілер қоғаммен байланыс пен брендинг әдістерін, «жұлдызды» сөз шеберлерімен өткізілетін халықаралық кездесулерді, гуруға табынуды, жаһандық бұқаралық ақпарат құралдарын, жарияланымдарды, әсіресе Нью-Мексикодағы Санта-Фе сынды орталықта Нобель сыйлығының лауреаты Илья Пригожин атындағы әртүрлі зерттеу институттарында орналасқан желілерді пайдаланады (Waldrop, 1994). Таңбалау, сондай-ақ күшейту тұрғысынан да күрделілік көзқарасын танытатын жаңа «сезім құрылымы» бар. Мұндай сезім құрылымы – адамдар, корпорациялар мен қоғам үшін тосын ашықтықты, уақыт кеңістігіндегі нәтижелердің болжамсыздығын, объектілер мен табиғатқа қатысты қайырымдылықты, қарым-қатынастардағы әртүрлі, сызықтық емес өзгерістерді, үй шаруашылығы мен тұлғаларды, сондай-ақ өнімдердің, технологиялардың, әлеуметтік желілердің аса күрделілігінің күрт өсімін қамтиды (Capra, 1996, 2001). Сөйтіп, экономикалық, технологиялық зерттеулер өнімдер құрамындағы компоненттердің саны елеулі дәрежеде артқанын көрсетеді (Urry, 2003). 1800 жылдар шамасындағы Эли Уитнидің мылтығында 51 бөлшек болса, ХХ ғасырдың соңындағы ғарыш кемесінде олардың саны 10 миллионға жетті. Бұған қоса, кері байланыс ілмектерінің компоненттерін біріктіретін құрылымдар қосатын кибернетикалық үлес көбейе түседі. 1970 жылы әлемдік саудада қарапайым жолмен жасалған жай өнімдер ең жоғары бағаға ие болды; арада ширек ғасыр өткен соң, әлемдік сауда өнімдерінің үштен екісін өте көп компоненттері, кибернетикалық құрылымдары, әлеуметтік-техникалық жүйелері бар күрделі процестер мен күрделі өнімдерді құрайды. Бұл – дербес құрылымданған, компьютерленген жүйелермен байланысты; олар бүкіл дүние жүзінде ұдайы өздігінше көбейіп, кедергілерден өту не жаңа жолдар салу үшін қажетті технологияларды енгізетін дағдылар мен құрылымдарды дамытады. Сезімнің күрделілік құрылымы қазіргі заманның көптеген процестерімен байланысқан тосын жағдайларды анықтайды. «Табиғатты» сақтау, табиғатты аялайтындар жақсы көретін нәрселердің көпшілігін күйрететін сияқты (Davіs, 2000). «Табиғат теңгерімі» деп аталатын нәрсе жоқ; адам күші араласпаса, тепе-теңдіктегі нақтылық та, табиғат та болмас еді. Адам әрекетінің нәтижелері жер бедерінің эволюциясына біржола жымдаса кірігіп кеткен. Кез келген экологиялық жүйе өте күрделі сипатта, сондықтан табиғат теңгерімін, мысалы, теңіздер мен өзендердегі балық популяциясын жай қалпына келтіре салу оңай емес. Іс жүзінде көптеген экологиялық жүйелер тұрақты қарым-қатынастарға емес, жер бетінің басқа бөліктерінен қаптап келетін түрлі ағындар мен отқа, найзағайға, дауылға, жойқын желге, мұз көшкініне, су тасқынына, аязға, зілзалаға тәуелді. Теңгерім мен тыныштық табиғаттың «қалыпты» жағдайына тән емес. Мұндай оқиғалар көрінісін нақты зерттеушілердің өмірінен, зерттеу бағдарламаларының мерзімінен әлдеқайда ұзаққа созылатын кең құлашты кезеңдердің барысында ғана көруге болады. Оның үстіне түрлердің басым көпшілігінің популяциясы бірізділік танытпайды; олар өріс жайған уақытта тез көбейеді де, артынан сол күйінше, лезде жойылып кетеді. Қозғалыс үстіндегі айнымалы өлшемдер немесе кірме мәліметтер аздаған өзгерістерге ұшырағанымен, кері байланыстың ықпалымен ұлғайып, сәйкеспейтін нәтижелерге апаруы мүмкін; сол себепті, төтенше жағдайлар күрделілікке тап болады. Үнсіз, тіл алғыш «табиғат» жоқ; бұл әсіресе «мәдениеттің» жаңа түрлері қақтығысқан кезде байқалады. Бүгінгі күрделі әлем СПИД пен эбола, жаңа супербактериялар, приондар сынды ажал төндіретін патогендер, туберкулездің, тырысқақтық пен без обасының қайта көріністері тәрізді бейімділігі жоғары вирустарды қамтиды. Бәлкім, мұндай медициналық ақырзаманның қаупіне жаһандық саяхат пен сауданың жаңа үлгілері мен мықты «қарсылыққа» тап келетін антибиотиктердің барынша тиімсіздігі, «медицинаның» сырты мен ішіндегі жаңа қуатқа ие болған тәуекелшілдік мәдениеті себепкер болып отыр (Van Loon, 2002). Осы және басқа да процестер аралас (гибридті) жүйелердің салыстырмалы түрде не табиғи не әлеуметтік емес, сондай-ақ күрделіліктің жоғары деңгейін көрсететін не тәртіпті, не анархиялық емес жиынтығын білдіреді. Сезімнің күрделілік құрылымы «себептер» мен «нәтижелер» арасындағы айқын сәйкестіктің болмауынан аңғарылады. Бұл аралас жүйелерді «күрделі» деп санауымыздың себебі – ХХ ғасыр ғылымындағы бірқатар зерттеулердің қорытындысы бойынша туындап отыр.

Уақыт пен кеңістік ХХ ғасыр ғылымы Ньютон ілімінің қағидаларын бойына әбден сіңіріп алды. Бұл күрделілікке қарай бетбұрысты әзірледі (Capra, 1996). ХХ ғасырға дейінгі ғылым уақытқа ньютондық тұрғыдан қарады, яғни оны өзгермейтін, кеңістікке ұқсайтын бірліктер ішінде шексіз бөлінетін, ұзындығы өлшенетін, сан арқылы көрінетін «қайталанбалы» деп санады. Бұл уақыт шын мағынасында ұзына бойы ілгері әрі кері орын ауыстыруы тиіс өзгермейтін өлшенбелі ұзындықтары бар декарттық кеңістік есебінде қарастырылады. Объектілер абсолют уақыт пен кеңістіктің осындай шекараларында орын алғандай пайымдалады. Ғалымдар мұндай түсінікті жоққа шығарады (Coveney and Hіghfіeld, 1990). Эйнштейн өзі тиесілі жүйеге тәуелді емес, бекітілген не абсолют уақыт болмайтынын көрсетті. Уақыт – кез келген бақылау мен өлшеу жүйелерінің шектеулі, ішкі ерекшелігі. Ол қай жерде, қалай өлшейтініне байланысты түрленеді. Ол созылуы да, тарылуы да мүмкін. Әрі қарай Эйнштейн уақыт пен кеңістіктің бір-бірінен бөлінбегенін, массаның (физикалық өлшем. – Ауд.) ықпалымен иілген уақыттың төрт өлшемді кеңістігіне кірігіп кететінін дәлелдеді. Уақыт пен кеңістік физикалық, әлеуметтік әлем оларға қуат дарыту үшін әрекет ететін процестің «ішінде» орналасады. Кеңістік пен уақыт енді жанды сипат танытады. Дене қозғалғанда не күш ықпал жасағанда, бұл уақыт пен кеңістіктің иініне әсер етеді, ал уақыт пен кеңістіктің құрылымы өз кезегінде денелердің қозғалысы мен күштің ықпалына өз тарапынан әсер жасайды. Ғаламның пайда болуы бұрын болмаған беймәлім күйде жүзеге асты; сөйтіп, оның қалыптасуының өзі сол сәтте кеңістікті де, уақытты да дүниеге әкелді. «Үлкен жарылысқа» дейін «уақыт болған жоқ»; ғалам тағы бір айрықша жағдайға душар болса, уақыт (кеңістік) тоқтайды. Уақыт пен кеңістік кенеттен жаралған; бұл – ғаламның жүйелі сипатының бір көрінісі. Олар процесс ішінде қамтылған. Кванттық теория әдетте белгілі бір қалыпқа құйылғанға дейін неше түрлі ықпалға ұшырайтын электронды қамтитын нақты күйді сипаттайды. Кванттық әрекет шалт әрі іргелес, болжалсыз болып келеді. Бөліктердің өздеріне қарағанда олардың өзара әрекеттестігі әлдеқайда орнықты. Бом мұны бишілері жоқ бимен салыстырады. Термодинамика уақыттың қайтымсыз ағыны бар екенін көрсетеді (Prіgogіne, 1997). Мезгілдік симметрия мен уақыттың іс жүзінде қайтымдылығының орнына, классикалық физикада тұжырымдалғандай, болған оқиға мен келешекте орын алатын оқиғаның арасындағы айқын өзгешелік сипатталады. Мезгіл ағыны ашық жүйелерде уақыт өткен сайын құрылымды жойып, кездейсоқтық пен бейберекеттіктің көбеюіне әкеліп соғады. Бұл бейберекеттіктің жиналуы, жағымды энтропия термодинамиканың екінші заңына сәйкес жүзеге асады. Бірақ бейберекет көбеймейді. Пригожин жаңа реттіліктің (тәртіптің) пайда болғанын, бірақ тепе-теңдіктен алыс тұрғанын көрсетеді. Ол шашыраңқы (диссипативті) құрылымдар деп атайтын нәрселер бар; олар бейберекеттік айдынында жаңа реттіліктің аралдары сияқты пайда болып, жалпы ауқымы зор энтропияның есебінен қолдау табады, тіпті қатарын көбейтеді. Пригожин мұндай оқшау реттіліктің «бейберекеттік ішінде қалай жүзіп жүретінін» сипаттайды. Уақыттың қайтымсыздығын 15 миллиард жыл бұрынғы қайталанбас «Үлкен жарылыс» оқиғасынан соң, ғаламның едәуір кеңейгенінен аңғаруға болады. «Үлкен жарылыстың» ғылыми тұрғыдан дәлелденуі физикалық әлемнің уақыт қайтымды, анықтауға болатын, болжамды «құбылыстардың қатарына кіреді» деп санайтын заңдарымен үйлесім табуы мүмкін емес. «Үлкен жарылыс» – тек бір рет қана орын алатын құбылыс; бізге белгілі ғаламның шегінде ондай нәрсе ертелі-кеш болған жоқ. Табиғат заңдары жалпы емес, тарихи сипатқа ие (қоғамның даму заңдарына көбірек ұқсайды). Мезгіл ағыны не барысы тұрақсыз, салыстырмалы түрде болжалсыз келешек ықпалдарға апарып тіреп, әртүрлі мүмкіндіктермен сипатталады. Уақыт алуан тұрпатты әрі болжалсыз. Пригожин (Prіgogіne, 1997) «сенімділіктің ақыры» туралы сөз қозғайды, өйткені күрделілік туралы ғылымдар ол детерминді (анықталатын) әлемнің шеттетілген бейнелері, ықтиярсыз таза «кездейсоқтық әлемі» деп атаған нәрселерді игереді. Күрделілік детерминизм мен кездейсоқтықты, сондай-ақ табиғат пен қоғамды, болмыс пен жаралуды, тоқырау мен өзгерісті жоққа шығарады. Кейін жүйелер «бейберекеттік шегінде» тұрғандай қабылданады. Реттілік пен бейберекеттік белгілі бір теңгерім хәлінде болады; онда компоненттер толығымен бір жерде тұйықталып қалмаған, сонымен қатар тұтастай анархияға құлаш ұрып кетпеген. Бейберекеттік – түгелдей дерлік анархиялық кездейсоқтық емес; барлық мұндай жүйелерде белгілі бір «реттелген бейберекеттік» байқалады. Уақыт келешекте жаппай ықпал жасауы ықтимал; өткен шақтағы азғантай өзгерістерді өз бойында қалдырады. Мұндай кішкентай ғана оқиғалар ешқашан «ұмытылмайды». Бейберекеттік теориясы тек себеп-салдардағы үлкен өзгерістер ғана ықпалдағы зор өзгерістермен ғана шектелмейді, яғни таза детерминді ережелер жиынтығына жүгіне отырып, болжалсыз, қалыпқа түсірілген нәтижелерді кей кезде елеулі ықпалға ұшырататын не керісінше титтей себеп-салдарлармен ұштастыруға болады. Мұның классикалық үлгісі ретінде 1961 жылы Лоренц тапқан «көбелек эффектісін» ұсынамыз. Бір орындағы азғантай өзгерістер өзара байланысты үш сызықтық емес теңдеулер арқылы қалыпқа түсірілсе (модельге айналдырылса), әуелгі орынмен салыстырғанда басқа ахуалдағы өте үлкен ықпалдардың мүлде өзгеше болатынын көрсетіп берді.

Пайда болу Пайда болу идеясы – динамикалық жүйелі талдаудың басты бөлшегі болып саналады. Мәселе – жиынтықтың өз бөлшектерінің өлшеміне қарағанда үлкен болатынында ғана емес; өзінің құрама бөліктерінен өзгешеленетін жүйелі ықпалдар да бар. Күрделілік жүйе компоненттерінің өзара әрекеттестік арқылы «ықтиярсыз түрде» ортақ белгілер мен пішіндерді, тіпті іштей жасырын емес, жеке бөліктерде анық танылмайтын түс (бояу) тәрізді қарапайым сипаттарды қалай жетілдіретінін көрсетеді. Қанттың дәмі өз құрамындағы көміртек, сутек не оттекте болмайды. Бұл – сызықтық емес салдарлар; олар осы сияқты әрекеттерді қамтитын өте көп компоненттердің өне бойында болмайды, қатыстылық көрсетпейді. Мұндай ауқымды заңдылықтар мен сипаттамалар қарастырылып отырған құбылыстан туғанымен, оның микродинамикасына қатыссыз болады. Газдар – біртекті нәрселер емес, бірақ олардың құрамында кванттық механика заңдарына бағынатын айқыш-ұйқыш шатысқан атомдар сабылысы бар. Газдарды реттейтін заңдар әр жеке атомның сипатынан емес, олардың статикалық қалпынан пайда болады. Сондай-ақ жүйе реттелетін айнымалылардың өзгерісіне азырақ орын берсе, басқа жағдайға көшіп, сұйық газға айналады немесе ауа райының жылылығына қарамасатан, кенет мұз дәуірі орнай қалады. Бұл күтпеген құрылымдар мен жағдайларды қалыптастыруы ықтимал; ал олардың сипаттары әуел бастағы негізгі қарапайым заңдардан мүлде өзгеше болуы мүмкін. Нақты жүйедегі қалыптардың (пішіндердің, күйлердің) пайда болуы «тартылыс күшіне» байланысты. Динамикалық жүйе уақыт өте келе сатылы кеңістіктің барлық ықтимал бөліктері арқылы орын ауыстырмастан, шектеулі жерге жайғасып алса, мұның себебін «тартылыс күшінен» көреді. Қарапайым «тартылыс күші» – маятниктің еркін тербелісі кезіндегі аялдау нүктесі сынды. Барлық нәрсе тепе-теңдіктің жалғыз нүктесінде тоғысады. Күрделі мысалдың бірі – үйдің орталық жылу/ауа тазартқыш жүйесі; «тартылыс күші» бір нүктеде емес, белгілі бір температура аралығында орналасады. Байланыс сызықтық емес, бірақ ол ауытқуды азайтатын теріс, кері байланыс механизмін іске қосады. Бұл – өзін-өзі реттейтін тұйық жүйе. Кейбір жүйелерде «бөгде тартылыс күштер», тұрақсыз кеңістіктер болады; оларға динамикалық жүйелердің траекториясы ұзақ уақыт мөлшерінде жүзеге асатын миллиардтаған қайталаулар, ыңғайлы кері байланыс арқылы тартылады. Мұндай кеңістік шекаралар бойында айқындалмауы мүмкін немесе Лоренцтің «көбелек» сипатты «тартылыс күші» сияқты әртүрлі межелер жиынтығын иемденуі ықтимал. Мұндай «тартылыс күштері» өздері тудыратын ықпалдарға, олардың бастапқы жағдайларына қатысты өте сезімтал болып келеді. Көптеген ғылымдар топологияны бөгде сипаттағы «тартылыс күш» ретінде сипаттауға ынталы болды.

Жүйе және кері байланыс Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Мэйси конференциялары (Macy conferences) аясындағы әуелгі кибернетикалық зерттеулер қарастырылып отырған кез келген жүйенің гомеостатикалық қызметін қалыпқа келтіретін теріс-кері байланыс циклдарының маңызын атап өтті (Hayles, 1999). Мұндай айналмалы себеп-салдар жүйелері теріс-кері байланыс есебінен тепе-теңдік пен тұрақтылықты қалыпқа келтіретін ақпаратты өңдеумен байланысты (бұл пайым Талкотт Парсонсқа айрықша ықпал етті). Күрделілік немесе сызықтық емес сипат туралы бертінгі тұжырымдар жүйесінде ыңғайлы кері байланыс желілері қарастырылған. Олар соққыларды сіңіріп, бастапқы тепе-теңдікті қалпына келтіре алмаған соң, жүйедегі бастапқы қысымды өршітетіндер ретінде қабылданады. Жүйе бөліктерінің арасында өте қуатты өзара әрекеттестік жүзеге асады, нәтижелерге «билік жүргізетін» орталық сатылы бағыныштылық жүйесі болмайды. Ыңғайлы кері байланыс өзгеріс процестері теріс-кері байланыстағы тәрізді әлсіреген кезде емес, күшейген уақытта пайда болады. Мұндай ыңғайлы кері байланыс әртүрлі экономикалық-технологиялық жүйелерден (мысалы, технологиялық жағынан күшті Betamax жүйесін ауыстырған VHS бейне жүйесінен) табылған тәсілдерге тәуелділікті туғызатын үдемелі қайтарымдар талдаумен тікелей байланысты. Мұндай қайтымсыз тәуелдік кездейсоқ оқиғалар Брайан Артур (Brіan Arthur, 1994) «құрсаулап тастау» деп қарастыратын детерминді сипаттары бар институционалдық құрылымдарды, оқиғалар тізбегін уақыт өте келе қозғалысқа келтіргенде пайда болады. Күрделілік ғылымы уақыт аясында өздерінің дербес құрылымын қалыптастырған сайын бейімделе дамуға мүмкіндігі бар жүйелерді зерттейді. Мұндай күрделі әлеуметтік өзара әрекеттестік қабырғалары ауысып отыратын, бір ғана сүрлеуі бар жықпыл дүниемен теңестіріледі. Жықпыл дүниенің қабырғаларына икемделіп, оның иірімдері арқылы жүріп өту үшін жаңа қадамдар жасау қажет. Күрделілік қалыптасудан өтетін, жанды сипаттағы және дербес құрылымы бар жүйелерді зерттейді. Олар бірлесе дамып, бейімделу барысында кейін болатын оқиғалардың ықтимал белгілеріне қатты ықпал етеді. Матурана мен Валера түсіндіріп берген автопоэзис (дербес туынды) жүйені құрайтын компоненттерді қалыптастыру процесі арасындағы дербес дамуды қамтиды (Maturana, 1981). Олар өндіріс процесін әртүрлі кері байланыс тәсілдерінің көмегімен қайта жандандырып отырады. Бұл өзгерістерге ұшырауы мүмкін екеніне қарамастан, құрылымның өз сипатын сақтап қалу үшін жасалады. Автопоэзисті – сызықтық емес лазерлік теория аясында қарастырған жөн; қажетті шығарылымдарды үйлестіру дербес құрылым қалыптастыру процесі арқылы лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асады. Автопоэзис урбандану сипатынан да танылады; жеке адамдардың мүддесі үшін ақырындап қана жасалған, мысалы, этностық жақындығы бар кісілермен іргелес тұру сынды азғантай жергілікті талаптар Американың ірі қалаларына тән жаппай оқшауланған аудандарды туғызуы ықтимал (Krugman, 1996).

Күрделі жүйелер Капра (Capra, 1996) табиғат болжануы қиын, сыртқы қоршаған дүниенің шағын тербелістерінің өзіне сезімтал адам болмысына ұқсайды деп пайымдайды. Бұл физикалық, әлеуметтік әлемдерді талдаған кезде олардың арасындағы өзара орасан зор тәуелділікті, бағыттастықты, сәйкестік пен ұқсастықты танытады. «Физикалық» пен «әлеуметтік» әлемдерді бөліп тастаудың өзі әлеуметтік-тарихи ұйғарым болып саналады, бұл белгілі мөлшерде күрделілік бетбұрысының ықпалымен жойылып кетеді. Күрделілік ғылымдары – табиғат пен қоғам, сондай-ақ жаратылыстану/физика мен әлеуметтік ғылымдар арасындағы мұндай айырмашылықты жоюдың небір амалдары арқылы қамтамасыз етеді. Бұл жүйелер тақырыбы мейлі халықтың экономикалық топтары, өсімдік шіркейлері, мейлі халықаралық лаңкестер, мейлі өзен аңғарлары немесе ауа райының жүйелері болсын, ештеңеге қарамастан, әлемдегі күрделілік туралы талдамалы пайымдарды адамнан соңғы, сондай-ақ табиғаттан кейінгі болып көрінетін кезең аясында насихаттағысы келетін тәрізді (Hayles, 1999). Әр аралас жүйеге Капра (Capra, 2001) айтқандай, көп жағдайда тепе-теңдік нүктелерінен болжалсыз, қайтымсыз сипатта жылжып таралатын ұқсас сызықтық емес желілік қасиеттер тән сияқты. Ал күрделіліктің өзі – жер шарын бойлап орын ауыстыратын, әрекет үстіндегі ортасын өзгертетін басқа да қуатты жаһандық гибридтермен (қоспалармен) қоян-қолтық бейімделе дамитын жаһандық жүйе (қараңыз: Urry, 2003, жаһандық күрделілік туралы).

Сілтеме Arthur, B. (1994) Іncreasіng Returns and Path Dependence іn the Economy. Ann Arbor, MІ: Unіversіty of Mіchіgan Press.

Capra, F. (1996) The Web of Lіfe. London: Harper Collіns.

Capra, F. (2001) The Hіdden Connectіons. A Scіence for Sustaіnable Lіvіng. London: Harper Collіns.

Coveney, P. and R. Hіghfіeld (1990) The Arrow of Tіme. London: Flamіngo.
Davіs, M. (2000) Ecology of Fear. London: Pіcador.

Hayles, N.K. (1999) How We Became Posthuman. Chіcago, ІL: Unіversіty of Chіcago Press.

Krugman, P. (1996) The Self-Organіzіng Economy. Cambrіdge, MA: Blackwell. Maturana, H. (1981) «Autopoeіsіs», іn M. Zeleny (ed.) Autopoeіsіs: A Theory of Lіvіng Organіzatіon. New York: North Holland.

Prіgogіne, І. (1997) The End of Certaіnty. New York: The Free Press. Thrіft, N. (1999) «The Place of Complexіty», Theory, Culture & Socіety 16: 31–70.

Urry, J. (2003) Global Complexіty. Cambrіdge: Polіty.

Van Loon, J. (2002) Rіsk and Technologіcal Culture: Towards a Socіology of Vіrulence. London: Routledge.

Waldrop, M. (1994) Complexіty. London: Penguіn.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Әрекетшіл желі теориясы: бірқатар түсініктеме
Бруно Латур

Бруно Латурдың ғылыми еңбектері бірқатар пәндерге терең ықпалын тигізді. Латур өз қызмет жолын әлеуметтік қарым-қатынастар туралы зерттеулердің өзара байланысын парықтаудан бастады. Өзінің таяуда жазылған еңбегінде адам білімі жобасында объектілерді де, сондай-ақ адамнан тысқары әрекетшілерге де ізетпен қарайтын заттардың жаңа құрылымына (конституциясына), жиынтығына (парламентіне) қолдау көрсетті. Оның «Біз ешқашан заманға сай болған емеспіз» (We Have Never Been Modern, 1993), «Лабораториялық өмір» (Laboratory Lіfe, 1986) және «Әрекет үстіндегі ғылым» (Scіence іn Actіon, 1988) атты еңбектері бар.

І

Әрекетшілер желілерді зерттеу міндетін ғылым мен техника саласындағы Париж зерттеу тобы 1980 жылдардың басында қолға алған болатын (Callon/Law/Rіp, 1986). Бірақ жұрт бұл теорияны көп жағдайда дұрыс түсінбеді; сол себепті қатал сынға ұшыратты. Бұл мақалада мен желілерге тән бірқатар сипаттарды түгендеп, кейбір түсінбестіктердің себебін ашып көрсеткім келеді. Мен бұл арада сандық зерттеулерге, оның ішінде «іргелес сөздерді талдау» тәсіліне жүгінбеймін, өйткені олардың өзі әрекетшіл желіне апаратын әлеуметтік теория мен айрықша онтология пайымының қиындығы себепті дұрыс түсіндірілмеген (қараңыз: Callon/Courtіal/Lavergne, 1989a; b). Бірінші түсінбестік желілік сөздің өзі мен ол білдіретін қосымша мағыналарды жалпы пайдалануға қатысты. Бірінші қателік оған ағын су, пойыз, метро немесе телефон «желісі» сияқты жалпы техникалық мағына жүктеуден көрінеді. Кейінгі технологиялар көп жағдайда желілік сипатқа ие, яғни бір-бірінен өте алшақ бөлшектердің өзі тығыз байланысқан. Бұл ретте тораптар арасындағы айналым олардың бірқатарына стратегиялық сипат беретін айқын арналардың жиынтығы арқылы міндетті түрде жүзеге асады. Компьютер желісінен артық тығыз байланысқан, жырақтан ұштасқан, міндетті сипаты бар, стратегиялық тұрғыдан жетік құрылымданған еш нәрсе жоқ. Бірақ бұл – әрекетшіл желінің негізгі метафорасы емес. Инженерлік түсінік тұрғысынан техникалық желі әрекетшіл желінің ықтимал ақырғы және тұрақтанған күйін білдіреді. Әрекетшіл желі техникалық желінің барлық сипатын қамтымастан міндетті арналарсыз, стратегиялық тұрғыда жайғасқан торапсыз болуы мүмкін. Томаз Хьюздің «билік желілері» (1983) тарихи тұрғыдан қарағанда, бәрінің бастауында тұрған әрекетшіл желі болып саналады. Олардың кейбірі ғана ақыр соңында инженерлік сипаттағы желіге, электр желісіне айналады. Тіпті кейінгі кезеңнің өзінде желілердің инженерлік анықтамасы әлі де әрекетшіл желі проекциясының бір бөлігі болып қала береді. Екінші түсінбестікті аңғару оңай. Әрекетшіл желі теориясы (әрі қарай – ӘЖТ) – әлеуметтік желілерді зерттеуден мүлде бөлек нәрсе. Өте қызықты болуына қарамастан, бұл зерттеулер жеке адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды – олардың жиілігін, бөлінісін, біртектілігін, өзара жақындығын қамтиды. Ол – институттар, ұйымдар, мемлекеттер мен елдер сынды өте ауқымды жаһандық концепцияларға үн қату негізінде қалыптасып, оларға көбіне шындыққа жақын әрі жиынтығы аз ассоциацияларды үстейді. ӘЖТ – бұлдыр, жалпылама сипаттағы әлеуметтанушылық ұғымға қатысты күмәнді көзқарасқа қосыла отырып, қоғамның өз табиғатын сипаттауға бет бұрады. Бұл ретте ол жеке әрекетші адаммен шектелмей, әрекетші (актор, актант) сөзіне адамдық емес, жеке тұлғалық емес сипаттарды дарытады. Әлеуметтік желі әлеуметтік, табиғи әлемдегі адамдардың талдауға ұшырамаған қарым-қатынастары туралы ақпаратты жүктесе, ӘЖТ қоғам мен табиғаттың ішкі мәнін ашуға бағытталған. Ол әлеуметтік желілерді әлеуметтік теорияға қосқанды қаламайды, керісінше, әлеуметтік желілерден әлеуметтік теория шығарғысы келеді. Әлеуметтану болатыны сияқты ол – әрі онтология, әрі метафизика (Mol/Law, 1994). Әлбетте, сипаттамаға әлеуметтік желілер қосылады, бірақ олардың еш жеңілдіктері мен маңызы болмайды (сандық амалдардың азғантай бөлігі көбіне пайдалануға болатын сипатқа ие). Мұндай түсінбестіктерге жол ашқандықтан, сөздер желісін пайдаланудың не қажеті бар? Сөзді пайдалану Дидродан бастау алады. «Rеseau» сөзін материя мен денелерді сипаттау үшін ең әуелі, Дидро қолданды; бұл оған Декарттың материя мен рух арасындағы айырмасын жою мақсатында керек болды. Бұл сөзге әу баста онтологиялық компонент тән еді (Anderson, 1990). Қарапайым тілмен айтқанда, ӘЖТ – мәнді сипаттайтын метафоралардың өзгерісі: жамылғының орнын талшықтар (Делөздің сөзімен айтқанда, ризомалар: Deleuze/Guattarі, 1980) басады. Дәлірек айтқанда, бұл – топологияның өзгерісі. Екі өлшемді жамылғы бет немесе үш өлшемді сфера туралы ойлағаннан гөрі, қанша байланысы болса, сонша өлшемі бар тораптар жайында пікір қозғау ұсынылады. Алғаш танысқан кезде ӘЖТ қазіргі қоғамды оның талшықты, сымды, ширақ, жіпшелі, жабысқақ, түтікшелі сипаттарын мойындамайынша, суреттей алмайтынын айтады. Оларды деңгей, қыртыс, аумақ, сала, категория, құрылым, жүйе ұғымдары ешқашан бейнелемейді. Ол бұл дәстүрлі сөздер тудыратын ықпалдарды, оларға ілесіп жүретін онтология, топология мен саясатты араластырмастан түсіндіруді мақсат етіп қояды. ӘЖТ-ны ғылым мен технология зерттеушілері ойлап тапты; ол жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдар қорытқан деректер мен инженерлер жасап шығарған бұйымдарды өз беттерінше қайта қарастырмайынша, қоғамды не біріктіріп тұрғанын түсіндіру мүмкін емес екенін дәлелдейді. Екінші жағынан алғанда, ӘЖТ біздің әлеуметтік нәтижелер туралы түсінігімізді қайта жаңғыртудың жалғыз жолы желілік онтология мен әлеуметтік теория екенін осылай көрсетіп береді. Ұдайы нәзік түйсік деңгейінен көрінетін ӘЖТ – материялы қарсылықтың қарапайым айғағы. Күш ұйысудан, тазалық пен бірліктен емес, таралымнан, сәйкессіздіктен, босаң өрімді мұқият қайта ширатып шығудан туындайды. Төзімділік, қайсарлық пен беріктік – тордың, баулықтың, тоқыманың, босаң өрімді қайта ширатудың арқасында қалыптасатын тәрізді. Әр өрім қаншама тығыздығына қарамастан, арқауы босаң жіптерден өріліп, мысалы, Фуконың микродеңгейлерін, сондай-ақ технологияның жаңа заманғы әлеуметтік ізденістерін көктей өтеді. ӘЖТ-ны қабылдаудың терең түйсікті қажет етпейтін философиялық негізі – көрініс аясындағы /маңдай шептегі орын ауыстыру: әлеуметтік, жаратылыстық сипаттағы әмбебап заңдардан бастаудың орнына, жойылуы немесе қорғалуы тиіс көптеген түсініксіз ерекшеліктер сияқты күтпеген оқшау жағдайларды есепке ала отырып, қысқартылмайтын, өлшенбейтін, байланыспайтын, бірақ түптің түбі зор күштің арқасында кей кезде шартты өлшемді байланыстары пайда болатын бөліктер қолға алынады. Бұл бетбұрыстың нәтижесінде ӘЖТ-ның көрініс аясы /маңдай шебі бейберекеттік реттілігі немесе хаос философиясымен ұқсас (Serres, 1983; Prіgogіne/Stengers, 1979) болып, этнометодологиямен көп тәжірибелік байланыс орнатады (Гарфинкель мен Линч ұстанымы: Lynch, 1985). Әмбебаптық немесе реттілік – ереже емес, ескерілетін ерекше жағдайлар. Бөліктерде орын алатын күтпеген жағдайлар не кластерлер қара жердің төсін суландырған көлдерден гөрі, теңіз бетіндегі аралдар тобына ұқсайды. Метафораға көп жүгінбей айтар болсақ, әмбебапшылар бүкіл жамылғыны реттілікпен не күтпеген жағдайлармен толтыратын болса, ӘЖТ реттіліктің оқшау ұяшықтары мен күтпеген жағдайларды байланыстырып тұрған талшықтардың арасын сықап тастауға тырыспайды. Бұл – ӘЖТ-ның ең қайшылықты сипаты. Желілерден басқа түк жоқ; олардың арасында да ештеңе жоқ, физика тарихынан метафоралық пайдалану үшін желілер толтыруы тиіс эфир жоқ. ӘЖТ – редукциялық, релятивті теория, бірақ менің көрсетіп беретінім сияқты, бұл – оңайлатылған қарым-қатынас онтологиясына қарай жасалған бірінші қажетті қадам.

ІІ

ӘЖТ желілердің бірнеше ең қарапайым қасиетін пайдаланады. Содан соң, оның қатарына кейбір жұмысты атқаратын әрекетшіні қосады. Мұндай онтологиялық бөлшектің қосылуы оның сипатын түбегейлі өзгертеді. Барлық желілерге тән ең қарапайым қасиеттер жайында сөз сабақтаймын. Алыс/жақын: желілерге қатысты пайымның бірінші артықшылығы сол, біз жақындық немесе «ара қашықтық үстемдігінен» құтыламыз. Ажыратылған кезде жақын бөлшектер олардың байланысын талдаған уақытта шексіз алыстауы мүмкін; керісінше, шексіз алыс көрінетін бөлшектер арадағы байланысы қайта қалпына келген сәтте жақындасуы ықтимал. Мен келесі телефон үйшігіндегі адамнан бір метр алшақ тұрғаныма қарамастан, 6000 миль қашықтықтағы анаммен жақын байланысқа шығуым мүмкін; Аляскадағы солтүстік бұғысы өзі тұқымдас жануардан он метр жерде тұруы мүмкін, бірақ екеуінің арасын бөлген ұзындығы 800 мильдік құбыр олардың жұптасу мүмкіндігін мәңгіге жоқ етеді; менің ұлым мектепте өзімен құрдас араб баласымен бір қатарда отырғанымен, алғашқы сыныптағы бұл жақындастыққа қарамастан, кейіннен орасан кең әлемнің әр мүйісінде өз бетінше тіршілік кешуі ықтимал; жер асты газ құбыры кабельді телевизияның шыны-талшықты желісі мен су құбырына жақын маңнан өтсе де, олардың әрқайсысы өзіне таяу тұрған іргелес әлеммен мүлде түйіспейді. Желілер тақырыбына қатысты барлық ассоциацияларды анықтағанда, біз географияға жүгінеміз. Қиындықтың бір кілтипаны – осында. Біздің жақындық пен байланыстарға қарсы бола алатынымыз анық. Бірақ географиялық жақындық географияның ғылым, кәсіп, картографиялық жүйе, өлшемдер жасау, үшбұрышты жүйе құру (триангуляция) сияқты сипаттарының нәтижесі болып саналады. Олардың жақындығы мен қашықтығы анықтамасының ӘЖТ үшін пайдасы жоқ не ол біз төменде көретініміздей, бір байланыстың болмаса бір желінің түрі ретінде есепке алынуы тиіс. Жамылғы мен аумаққа қатысты барлық терминдердің анықтамасы географтар сызып, толтырған карталарды оқып-тануымызға байланысты. Географтар мен географиядан тысқары олардың өз желілерінің «арасында» байланыстық арқылы анықталмайтын жақындық не қашықтық жоқ. Географиялық түсінік – метрика мен масштабты анықтайтын тормен (өрмекпен) арадағы басқа бір жай байланыс (Jacob, 1992). «Желі» ұғымы кеңістікті анықтауда географтардың үстемдігін байқауға көмектеседі. Ол бізге сипаты жағынан әлеуметтік не «нақты» кеңістік емес, ассоциация болып табылатын түсінікті ұсынады. Ұсақ/ірі масштаб: «желі» ұғымы бізге әлеуметтік теорияны әу бастан қуалап келе жатқан микро, макроайырманы жоюға мүмкіндік береді. Жеке адамнан ұлттық мемлекетке, отбасына, туыстарға, топтарға, мекемелерге қарай жылжитын күллі масштабтар метафорасы байланыстар метафорасымен ауыстырылады. Желі ешқашан басқасынан үлкенірек болмайды, ол тек ұзынырақ не байланысы белсендірек. Ұсақ/ірі масштабты модельдің әлеуметтік теорияға күйрете соққы берген үш функциясы бар. Ол қоғамның жоғарысы мен төмені бар сияқты әсер қалдыратын, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай жылжитын реттілік қатынастарына таңылған. Бұл – ірі масштабты болып саналатын «ә» бөлшегі басқа сипатта көрінеді деген сөз. Сондықтан ол кіші масштабты болып саналатын «а» бөлшегіне қарағанда басқаша зерттелуі тиіс. Бөлшектің жеке «а-дан» ұжымдық «ә-ге» қалай өткені мен процесін аңғару мүлде мүмкін емес. Желі түсінігі мүлде басқа әлеуметтік теорияны меңзейді: оның алдын ала белгіленген реттілік қатынасы жоқ; ол қоғамның жоғарысы мен төмені туралы аксиологиялық мифпен байланысты емес; нақты орын макро не микро сипатта екені жөнінде ешқандай долбар жасамайды; «а» немесе «ә» бөлшегін зерттеу үшін амалдарды ауыстырмайды. Әлсіз байланысқан бөлшекті тығыз байланысқан бөлшекке айналдыру яки керісінше жасау ешқандай қиындық туғызбайды. Желі түсінігі масштабты өзгерту үшін өте ыңғайлы, өйткені талдаушының өз әлемін алдын ала белгіленген шкаламен (уәзінмен) бөлшектегенін талап етпейді. Масштабты-байланыстың түрін, санын және топографиясын әрекетшінің өзі ұсынады. Желі түсінігі бізге әлеуметтік теоретиктерін үстемдігін жойып, қоғам бөлшектері – оның вертикалды кеңістігі, сатылы бағыныңқылы жүйесі, жіктелісі, макромасштабы, тұтастығы, жалпылық сипаты арасындағы кейбір әрекет икемдігін, бұл функцияларға қалай қол жеткізгенін, қандай нәрседен жасалғанын көруге мүмкіндік береді. Тар ауқымды және жаһандық көзқарастар арасындағы таңдауға ден қойғаннан гөрі, желі түсінігі жоғарымен байланысқан ғаламдық мән туралы ойлануға жол ашады; бірақ ол ұдайы тар ауқымды болып қала береді... Жеке деңгейдің бұқараға не құрылым ықпалына қарсы тұруын саралаудың орнына, біз нақты бөлшектің өзі үйлестіретін байланыстар саны арқылы стратегиялық сипатқа ие болатыны мен сол байланыстарын жоғалтқан кезде маңызынан айырылатынын көреміз. Іш/сырт: жүйе түсінігі алыс/жақын және ірі/ұсақ уәзіндерінен кейін үшінші кеңістік өлшемінен бас тартуға мүмкіндік береді. Жамылғының межеленген ішкі және сыртқы бөлігі бар. Желі ішкі, сыртқы шекаралардың бәрін қамтиды. Бұл ретте екі бөлшектің арасында байланыс бар ма деген сұрақ туындайды. Желілер «арасындағы» жамылғы іске жараса, желі кеңейе түседі не жоқ болады. Сөзбе-сөз айтқанда, желінің сырты жоқ. Бұл – көрініс аясынан жоғары тұрған маңдай шеп те, қатты топырақ бетіне түскен жарық та емес, бір ғана соққы арқылы көрініс аясы мен маңдай шепті жарататын Делөздің жайтартқышы сияқты (Deleuze, 1968). Желі түсінігі арқылы қол жеткізілетін пайымның зор сыйымдылығы арқасында біз байланыстар арасындағы кеңістікті толтыруға міндетті емеспіз. Кеңістіктер аралығын компьютерлік метафораны пайдаланып «толтыру» үшін MacPaіnt қолданушыларына таныс азғантай бояудың қажеті жоқ. Желі – терістеуді қажет етпейтін жағымды ұғым. Оның көлеңкесі жоқ. Ең тар ауқымды топологиялық сипатында желі түсінігі бізге қоғам мен табиғатты зерттеу ісін күрделендіріп жіберген – алыс-жақын, жоғары-төмен, тар ауқымды-жаһандық, іш-сырт сынды кеңістік метафораларын қайта қарауға мүмкіндік береді. Оларды ассоциациялар мен байланыстар ауыстырады (төменде көрсететінімдей, ӘЖТ мұны әлеуметтік, жаратылыстық болмаса техникалық деп бөлмеуі тиіс). Бұл «макроәлеуметтік қоғам» не «сыртқы» табиғатқа ұқсайтын нәрсе жоқ дегенді білдірмейді; ара қашықтық, жақындық, сатылы бағыныңқылы жүйе, байланыстық, бөгделік тұрғысынан ықпалға ие болу мен қосымша зор жұмысты жүктеу үшін ӘЖТ-ға кінә көп тағылады (Latour, 1996a). Біз оны қаншалықты құйтырқы сипатта танытуға тырысқанымызбен, желінің топологиялық түсінігі тарапынан ескерусіз қалады. Міне, сол себепті ӘЖТ желінің математикалық түсінігіне мүлде жат ұғымды, яғни әрекетшіні таңады. Жаңа «әрекетші-желі» қоспасы (гибриді) бізді математикалық сипаттан алыстатып, әлі айқындалып болмаған әлемге жетелейді. Бұл сипаттардың нобайын анықтау үшін статикалық, топологиялық қасиеттерден динамикалық және онтологиялық қасиеттерге көшуіміз қажет.

ІІІ

Математика не инженерия саласындағы желі – өздерінің басқа ерекшеліктері бар математикке, инженерге таңылатын немесе бекітілетін нәрсе. «Әрекетшіл желі» – таңу мен бекітуді жүзеге асыратын нысан. Ол – басқалардың, әсіресе жоспарлаушы яки жобалаушы адамдардың қолындағы баяу шешілетін мәселенің бір шеті емес, онтологиялық анықтама. Бұл осы мәнді ерекшелікке «әрекетші» қосылғанын көрсету үшін қажет. Енді «желі» (network) сөзі секілді, «әрекетші» (actor) сөзі де түсінбестікке тап болып отыр. «Әрекетші» (Actor) сөзі ағылшын-саксон дәстүрінде жеке адамдық мақсаты бар әрекет иесін білдіреді, көбіне жай «мінез-құлыққа» (қарекетке) қарсы қойылады. Әрекетшінің бұл мінездемесін желінің әлеуметтік анықтамасына қоссақ, түсінбестік пайда болады. Билікке ұмтылған жеке тұлға – әдетте ер адам одақтастар тобын жасап, кейбір «желілерді құру» болмаса, америкалықтар айтпақшы, «байланыс орнату» (lіaіsіng) арқылы үстемдік аясын кеңейтеді... Өкінішке қарай, бұл – «түнгі аспанның қара болатын себебі – астрофизиктер одан үлкен қара үңгір тауып берген» деген сияқты ӘЖТ туралы ең кең тараған түсінік. ӘЖТ-дағы «әрекетші» – семиотикалық анықтама бойынша «актант», яғни ықпал ететін не басқаның тарапынан ұсынылатын қызмет. Бұл жеке адамдардың немесе олардың жалпы топтарының айрықша ұмтылыстарын меңземейді. Актант әрекет көзі ретінде танылуы мүмкін. Бұл туралы сан рет қайталанып айтылса да, әлеуметтік ғылымдардағы (әлеуметтік түсіндірмелер сынындағы) антропоцентризм мен социоцентризмнің күштілігі соншалық, ӘЖТ жайында айтылған әр сөз бұрмаланып, билікке ұмтылатын, қатыгез мақсатына жету үшін өз жолында ештеңеден тайынбайтын бірнеше тәңірі-тұлға (астам адам) хақында сөз болып отырғандай қабылданады... Менің Пастерді желілік тұрғыдан зерттеуімнің өзі (Latour, 1988a), онтологияға арналған көлемі үлкен екінші бөліміне қарамастан, көбіне ғылымның «Мэдисон авеню» нұсқасы сияқты түсіндіріліп келді; әрине, бұл маған да «Мэдисон авенюға» да қатысты әділ пайым емес... Сын ӘЖТ-ға бағытталса, керісінше, бұл адам біліктілігінің моделін қамтамасыз етуге байланысты толық парықсыздық болып шығар еді. ӘЖТ-да белгіленуі тиіс әрекетші (адам) моделі немесе біліктіліктердің тірек тізбесі жоқ, өйткені дәстүрлі әлеуметтік теорияның адамы, «мені» және әлеуметтік субъект оның күн тәртібіне енгізілмеген. Сонымен, күн тәртібіне не кіреді? Олар: адамдық, адамдық емес, адами болмыссыз, адамдықтан тыс сипаттамалар; құрылымдық қасиеттердің өзара бөлінісі; олардың арасында орнатылған байланыстар; қасиеттер, бөліністер және байланыстарға қатысты айналым; айналымдағы көптеген бөлшектер қасиеттерінің, бөліністері мен байланыстарының өзгерісі; олардың азғантай арналары. ӘЖТ-ны әу баста түсінудің қиындығы оның осыған дейін бір-бірімен байланысы болмаған мына үш мәселеден туындауына байланысты:

қалыптасқан құрылымның семиотикалық анықтамасы;
бұл – құрылымның біртексіздігін анықтаудың методологиялық негізі;
актанттардың өздерінің «желілік» сипаты туралы онтологиялық тұжырым.

ӘЖТ – бір-бірімен байланысы жоқ үш мәселе зерттеудің жинақталған тәжірибесінде тоғысқан кезде ғана мәмілеге келетінін көрсетеді. Семиотика бұл – іске қажетті қадам; сіз біліктілік пен өндірістің әлеуметтік жағдайлары туралы мәселе қойған кезіңізде табиғат «ана жақта», қоғам «одан жоғарыда» орналасады; ал қалатын нәрсенің бар болғаны – алғаш танысқан кезде өндірістің не дискурс, не мәтін екенін ажырату. Бұл – алпысыншы жылдардың ең зор жетістігі әрі сол кездегі «лингвистикалық бетбұрыс» немесе «семиотикалық бетбұрыс». Әрекетшілер мен табиғат арасындағы қарым-қатынастың құралына айналудың орнына, өндірістің мәнін зерттеу бірден-бір ең маңызды нәрсе болып саналды. Олар проблеманы шешудің орнына, жабық күйге көшті. Мәселе ашық қалыпқа шығаруда емес, оларды танып-білуде тығыз, бай, көп қыртысты әрі күрделі материяға әдемі үйлестіруде болды. Олар аралық дәнекер болудың орнына, жай дәнекерге айналды. Құрал тұрғысынан алсақ, мағына ең соңғы болып өз ішінде жасалды. Жиырма жыл бойына ақылды адамдар қарым-қатынастың осы ең аңғал моделінен мейлінше бас тартудың зардаптарын зерттеумен шұғылданды. Олар жиі пайдаланатын структуралистік түсіндірмелер тұғырдан тайып, орнын өндірістің мәнін зерттеуге арналған құралдар жиынтығы басты. ӘЖТ бұл құралдардың арасынан құрылымдар жасаудың мәнін түсіну үшін пайдалысын іріктеп алды. Жеке «менді», қоғамды, табиғатты, қарым-қатынасты, әрекетті қоса есептегендегі әр болмысты ойша құрылымдар – актанттардан бастап нақты құрылымдар – әрекетшілерге қарай орын ауыстыратын сезімтал тармақтарын «таңдау», «іріктеу» деп түсіндіру шешуші сәт болып саналды. Осылайша қалыпқа келетін өнімді арна бұрын пайдаланылған, қазір де сәнге айналып отырған танымал «әлеуметтік сөз қорымен» салыстырып қарағанда талдаудың ғажайып еркіндігіне жол ашады. Бұл таңдаулардың – айырмашылықтардың, тармақтардың, дихотомиялардың құрылымдық көрінісін ӘЖТ сақтамайды, бірақ семиотиканың негізгі белгілерінің ізі жоғалмайды. Біріншіден, адамзатқа жеке әрекеттікті, ұжымдықты, анонимдік пен зооморфты бейнені, формасыздықты немесе материалдықты ұсыну бірдей семиотикалық баға беруді талап етеді. Ықпалдар мен жанрлар әртүрлі болады, бірақ айрықшалаумен, жүктеумен, әрекет бөлінісімен, біліктілікпен, көрсетіліммен, қарым-қатынаспен байланысы болмайды. Екіншіден, субъектілер – айқындалған болмыстар емес, ағындар, сынаққа ұшырайтын айналмалы нысан ретінде қабылданады, сондай-ақ олардың тұрақтығы, үздіксіздігі, ара салмағы басқа әрекеттер мен өзге тәжірибелер арқылы анықталуы тиіс. Семиотикада сақталатын нәрсе мәтіндер мен дискурстарды ұсынудың маңызды тәжірибесі болып саналады. Бұл тәжірибе олардың контексін, мәтіндегі авторларды, фабуладағы оқырмандарды, тіпті өзіндік бөлініс межесі мен метатілін анықтауға септеседі. Талдаушының алдындағы күллі проблема, тіпті оған контексте жасырынуға мүмкіндік берілмегенімен, «мәтіннің өзіне» көшеді (Greіmas, 1976). Интерпретация жойылсын! Контекст құртылсын! 1960–1970 жылдардың «барлық нәрсе – мәтін», «тек дискурс қана бар», «нарративтер өз бетінше әрекет етеді», «біз нәтижелерден басқа еш нәрсеге қол жеткізе алмаймыз» деген сынды ұрандары ӘЖТ-да сақталып қалған; бірақ олардың онтологиялық зардаптары осыған душар етіп отыр. Алайда «ең ақыры, ол жақта әлеуметтік контекст пен табиғат бар» дейтін баршаға белгілі табиғатқа қарай семиотикалық бетбұрысты, көпке мәлім әлгі контексті бірінші кезекте ерекшелейтін салиқалы пайымның деконструкциясынан бұрынғы уақытқа шегініс жасағанмен де құтылып шығудың жолы табыла қоймайды. Семиотика ӘЖТ арқылы ғылыми-техникалық дискурсқа, әсіресе ғылыми мәтіндерге бет бұрған уақытта бұл ұрандар күрт өзгеріске ұшырады. Көркем әдебиет, мифтер, халықтар мәдениеті, сән үлгілері, дін, саяси дискурс зерттеліп жатқан кезде «семотикалық бетбұрысты» ұстанып, олардың бәрін көптеген «мәтіндер» ретінде қабылдау мүмкіндігі болды. Алайда ғалымдар оларға аса бір сенім танытқан жоқ, сондықтан интеллектуалды алшақтық пен күдікшілдік бойды оп-оңай билеп алып, «ғылымилық» пен «социализм» екеуінің бар қазынасы олардың көңілінде орнығып қалды. Ал енді ғылыми ақиқат пен материалдар сыйымдылығын қайда қоямыз? Іргелі ғылыми мәтіндердегі «ана жақ» тақырыбы туралы не дейміз? Бұл семиотика үшін нағыз сынаққа айналды; ол мұндай тезден өткенімен, зардабын тартуы тиіс болды. Қазіргі ғылымның «табиғи» қасиеттері мен технологияның «материалдық» сипаттарын қоса есептегендегі кез келген гетерогенді объектілер жиынтығын қадағалауға мүмкіндік беретін бос кеңістікті анықтау үшін ӘЖТ тәжірибесінде семиотиканың өрісі кеңейді. ӘЖТ-ның екінші өріміне жататындар: семиотика сияқты ассоциациялардың таралуын сипаттау әдісі; кез келген нарративтің шығармашылық арнасын сипаттау әдісі. Бұл арада қасиеттер мен әрекеттердің формалары туралы ештеңе айтылмайды; тек қасиеттерді егжей-тегжейлі сипаттауға мүмкіндік беретін құрылғының нені жазып алуға тиісі екені жайында ғана сөз болады. ӘЖТ теорияның салмағы жазылған белгілі бір пішінге емес, жазып алудың өзіне салады. Әрекетшілер адамдық не адамнан тысқары сипатта болуы мүмкін, олар шексіз икемді, әртекті, еркін ассоциациялы, масштабтың айырмасын сезінбейтін, мүлде инерциялы емес, титтей реттілігі жоқ, өзінің мезгілдік болмысын анықтай алатын дәрежеде көрінуі ықтимал деп айту – кез келген нақты бақылаудағы әрекетшіні жіктеудің амалына жатпайды, бірақ іске қатысы бар әрекетшілерді бақылау мен жазып алу үшін қажетті шарт болып саналады. Әрекетші қалай қимылдауы тиістігін, күнібұрын қандай ассоциацияларға жол берілетінін үнемі болжап біліп отыру үшін ӘЖТ мүлде жорамал жасамайды; мұндай міндеткерліктен бос болуы үшін ол шексіз икемдік пен абсолют еркіндікті талап ете отырып, өз құралын орнатуы қажет. Өз бетінше алғанда, ӘЖТ – әрекет теориясы емес; ол жағалаудың пішіндері мен терең теңіз жалдары туралы теория ретінде картографиядан асып бара жатқан жоқ; ол жай ғана жағалаудың қайталанбалы тамаша ұқсас өрнекті пішіндерін бақылаушы өз көңіліне тұтып қалу үшін не істеу керек екенін анықтап береді. Бойлық пен ендік арқылы мұқият кодталған болса, кез келген форманың қалыптасуы ықтимал. Сол сияқты тасымалдар арқылы әртекті ассоциация түрінде тәптіштеле кодталған болса, кез келген ассоциацияның туындауы ықтимал. Бұл метатіл дегеннен гөрі, инфратіл дегенге келіңкірейді. Бұл – сипаттамалық сөздік қорынан да жұтаң; барлық алдын ала қысқартуларға қарсылық таныта отырып, ол қысқармайтындықты бейнелеу мүмкіндігін жай ғана ашып көрсетеді (Latour, 1988a, part, ІІ). Мұндай заңғар кеңістікті өрістету үшін мықты теориялық міндеткерлікті жүзеге асыру тиістігі мен әрекетшінің не істейтініне талдаушының билік жүргізуін тыю мақсатында буырқанған пікірсайыс ұстанымына табан тіреу қажеттігі, ӘЖТ – қарадүрсін эмпирикалық сипатта болмайды. Қуатты теорияны жазба үлгісіне осылай бөліп енгізу мен сипаттама үшін орта деңгейдің жоқ екені де көптеген түсінбестіктердің көзіне айналып отыр, себебі – ӘЖТ-ға бірде догма, бірде қарапайым сипаттама тұрғысынан ұсынуда айып тағылып келеді. Нақ осы себепке сәйкес, әрекетшілер «шын мәнінде» шексіз икемді, еркін болады деген тұжырымға да қырын қарайды не керісінше, адам бітіміндегі әрекетшінің іс жүзінде қандай екені жайында айтпайды (Lee/Brown, 1994). Алғашқы екі – семиотикалық және методологиялық өрімдер сын үшін өзінен-өзі ашық болады. Біріншіден, жетпісінші жылдардың қазір ескіріп қалған ауқымы кең тұжырымдарына қарамастан, әлеуметтік контекст пен тұжырымдардан алынған пайымдамалар мағына проблемасын шешіп беретінін қарастырудың ешқандай жолы жоқ; екіншіден, ассоциация пішіндерінің жай қанат жаюы нәтижелі сипаттамалық міндет болуы мүмкін, бірақ ешқандай түсіндірме жасап бере алмайды. Тек алғашқы екі өрімге үшіншісі қосылып, желілерге қатысты онтологиялық тұжырымдар жасалған кезде ғана ӘЖТ сыннан құтылады. Алайда бұл талпыныстың құйтырқылығы сондай, ӘЖТ-ның көптеген жақтастары оған көңіл бөлмеуге тырысты. Өкінішке қарай, жүзеге аса бастағаннан бері, ӘЖТ өзінің түбегейлі сипатынан айырылып, көп ұзамай біршама жалпылама кейіпке енді. Өндірістің мәнін болмыстың табиғатынан жырақ қарастыру әркез семиотиканың осал тұсы болды; семиотика табиғатқа бет бұрып, адамнан тысқары қасиеттер бейнеге айналу мүмкіндігін иемденгенде, көп ұзамай «дискурс» немесе «мән» сөздерін аңғал реализмге, аңғал натурализмге қайта оралу қаупін тудырмастан, мүлде алып тастауға жол ашылды. Семиотика мамандары мәтіндерді, сондай-ақ әдебиетті зерттегендіктен, заттардың орнына, өздерін «мән» сөзімен шектеу міндетін сезінді. Іс жүзінде олар ғылыми тұрғыдан заттардың (қалаған уақытта кәдеге жарайтын, бұрыннан үйреншікті әлеуметтік контекске сенімнің бар екенін айтпаған күннің өзінде) мәнге қосымша болып даритынына сенді. Заттардың семиотикасы оңай, тек семиотикадан туындайтын мәнді бөлшектен бас тарту қажет... Семиотиканы жол салу, реттілік жасау, бағыт тудыру тәсілімен белгілейтін болсақ, мұның талданып отырған тіл немесе объект екенін көрсетіп жатудың қажеті жоқ. Мұндай қадам тіл яки «символдар» дағды, жұмыс пен мәселе туралы сөз қозғалған кезде әртүрлі сипатта көрінетін тәжірибелердің жаңа сабақтастығын қалыптастырады. Бұл талпыныс заттарды мәтіндер дәрежесіне, мәтіндерді заттардың онтологиялық деңгейіне дейін көтере алатынын байқатады. Маңыздысы, мұның бәсеңсіту емес, көтеру екенінде; жаңа қосынды мәртебе барлық құрылымдарға мәтін кейіпкерлерін зерттеуде айқындалған әрекет, әралуандық пен айналмалы тіршілік біздің түсінігімізден «сыртқары» заттардан бой көрсеткен нақтылық, орнықтылық, кейіптілік дарытады. Жоғалатын жайт – түсініктер мен заттардың арасындағы абсолют айырмашылық; «Коперникке қарсы төңкеріс» арқылы ӘЖТ қайта бөлгісі келетін нәрселерді білдіреді. Семиотиканы мәнмен шектеудің орнына, заттарға тарату жөніндегі бұл бірінші мәселені шешкен соң, осыған қатысты екінші мәселе – сипаттамаларды тіркеу үшін бос методологиялық кеңістік (қуыс, кетік, жақтау) жасау міндеті туындайды. «Әрекетші-желі» байланысы шын мәнінде сөз жоқ орнайды; олар бір-бірімен байланыса отырып, бар болғаны ӘЖТ үшін өздерін өздері түсіндіреді. Түсіндірме деген не? Ол – бірін-бірі бақылайтын не өзара кедергі жасайтын тәжірибелер жиынтығы. Байланысы жоқ бөлшектердің арасына қарым-қатынас орнатудан не бір бөлшектің өз бойына басқа көп бөлшекті сыйғызып тұрғанын көрсетуден артық әрі қуатты ешқандай түсіндірме жоқ. Бұл – желіден өзгеше қасиет емес, оның негізгі сипаттарының бірі ғана (Latour, 1988b). Олар қозғалыс үстінде көрінген кезде өзара әрекеттесу сипатына байланысты азды-көпті түсінікті болады; ал әрекетшілер өздерінің бейберекеттігінен арылады. Сіз оларға барлық нәрсені берсеңіз, олар да өзіңіз бас тартқан түсіндірме өкілеттігін кері қайтарады. Сипаттама мен түсіндірме, «қалай» мен «неліктен», шолақ эмпиризм мен терең ойшылдық арасындағы айырма ӘЖТ үшін салыстырмалық теориясындағы бүкіләлемдік тартылыс пен кеңістіктің арасындағы айырма сияқты зор маңызға ие емес. Әр желі ұлғая отырып, айналасындағы түсіндірме ресурстарын өзіне «байлап» алады; ал оларды мұның ұлғаюынан бөліп алудың ешқандай амалы жоқ. Олардың ешбірі себеп, фактор, факторлар жиынтығы, сәйкестіктер қатары сынды түсіндірмелерді қосу үшін желінің сыртына шығып кетпейді; тек желіні әрі қарай кеңейтеді. Әр желі өзін жеке санақ жүйесімен, ұлғаю тәртібімен, сүйенішімен, қалыбымен, түсініктемесімен қоршайды. Мұндай процесс барысында талдаушының санақ жүйесі Эйнштейн әлеміндегі физиктің санақ жүйесімен салыстырғанда жоғала қоймайды; керісінше, ол түбінде кеңеюі ықтимал; бірақ зардабы да бар: жалпы салыстырмалық теориясындағы сияқты жеке галлилейік жақтаудың (фреймнің) орнын «сілтеме моллюскісі» басатындықтан, әрбір нәтиже Лоренц өзгерісінің ӘЖТ сәйкестігі арқылы қайта есептелуі тиіс (Latour, 1988c). Желі өз бетінше таралмаса, түсіндірме жасау қиын. Бұл – түсініктеме беру мен себеп-салдар жөніндегі ғылыми міндетке қайшы келмейді, өйткені біз жаратылыстану ғылымдарының зерттеулерінен ешқандай ғылыми құбылыстың, бірде-бір себеп-салдардың желіні кеңейтпейінше, алға жылжымайтынын көрдік. Желінің өз түсініктемесін құрастыра отырып, ӘЖТ ғылымның мақсатынан бас тартпайды, өйткені ол бұл мақсатқа, түсіндірменің эпистемологиялық мифі арқылы да ешқашан қол жеткізілмегенін көрсетеді. Эйнштейннің қисық кеңістігіндегі әлемдік тартылыс жүйесі сияқты кең жайылған артық түсініктеменің қажеті жоқ; оның әзірге ықпалы бар, бірақ енді желінің сипаттамасынан, таралу жағдайынан айырғысыз. Бұл – релятивистік көзқарас; бірақ салыстырмалық терминдерінің ішіндегі жүктелімі азын таңдаған ләзім. Ол келесі екі проблема: тарихилық пен рефлекске қатысты мәселені шешіп береді. Тарихи оқиғаларды түсіндіру мен оларды «жай» құжаттаудың арасындағы релятивистік көзқарасқа дейінгі пікірталастардың іргесі сөгіліп барады. Түсіндірме мен желінің өз-өзін жаңа ресурстармен қалай қоршайтыны туралы әңгіме арасында ешқандай айырма жоқ. Сыншылар жиі айтатындай, «әлеуметтік-тарихи жағдайлардан қашқақтайтын болса», бұл ұзақмерзімді ресурстар жағдайлардың түп бастауының төңірегіне топтасқанын білдіреді. Хьюз желілерінің үстемдігі артып келеді (Hughes, 1983); олар ұлғайған сайын өз-өзіне түсіндіре алатындай күй кешеді; тарихи өрістеуінің жанында сіздерге олардың бетінде қалқып жүрген түсіндірмелердің қажеті болмай қалады; таралып бара жатқан Браудельдің желілері мен әлемдік экономика «үлкен себептер» болып саналады. Желілердің өздерінің басқа түйіндемесін, тәптіштемесін есепке алмағанда, оларға Капитализмді не «Заман рухы» Zeіtgeіst-ті қосудың қажеті жоқ. Себеп сипатталған желіге байланысты тәжірибелер жиынтығын белгілейді, бұл желі құралдарының көбейгенін көрсетеді не мұның еш қатысы жоқ екенін анықталып, содан кейін сипаттамаға жай үстелген «себеп» сөзі ғана бар болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда ӘЖТ өзінің заңды орнына ірге тебеді; бұл – аса сақ тарихшылардың онтологиялық сауалдардың қатерінен бой тасалайтын жер емес. Қаржылық желілерді жанама сипаттағаннан артық сенімді ештеңе жоқ. «Әдетте тап осылай болады». Заттардың өз сипаттамасы деп «саналмайтын» болса, мұндай түйіндеме тарихилық ретінде пайымдалады. Тарихилық пен түсіндірме немесе теория арасындағы пікірталас – бір жағынан, адамдар тарихы, күтпеген жағдайлар, «дәл уақытындағы» нәрселер, екінші жағынан, мезгілден тыс, мәңгі, қажетті нәрселер туралы теория немесе ғылым бар кезде шешімін таппақ емес. ӘЖТ үшін күтпеген жағдайлар туралы ғана ғылым бар; қажетіне қарай оған тек желінің ұлғаюы арқылы қол жеткізіледі. Заттардың тарихы бар болса, сипаттама мен түсіндірме, тарих пен теория арасындағы пікірсайыс жойылып кетеді. ӘЖТ үшін бұл – оның түсіндірмелік қуаты әлсіздігінің көрінісі емес, өйткені желі үшін сипаттау не есептеу дегеніміз – аңдатпа, түсіндірме болып шығады; ал ол нәрсе жаратылыстану ғылымдарында, дәлірек айтқанда, «іргесін бірте-бірте нығайтқан ғылымдар да» әрқашан орын алып келді (Latour, 1996b). Бұл ӘЖТ-ның негізгі мақсаты болмаса да, рефлекстік – сілтеме қалыптары әрекетшілерге қайтарылғаннан кейін әрекетшілерге заттар мен бейнелер арасындағы нәзік айырым межелерінен аттап өту мүмкіндігі берілген сәтте – үстеме ретінде қосылады (Ashmore, 1989). Рефлекстік – релятивистік теорияның проблемасы ретінде қарастырылады, өйткені бақылаушы басқаларды теріске шығаратын мәртебе сұрауы мүмкін немесе қандай да бір жеңілдетілген мәртебеден құр қалған басқалар сияқты тыныш қалыпқа түседі. Бірақ «жай сипаттамаға» қосымша түсіндірме жасайтын сыртқы бақылаушының эпистемологиялық мифі жоғалған сәтте бұл «проблема» да көзден ғайып болады. Бұдан былай ешқандай жеңілдік жоқ, бірақ ешқашан оның қажеттігі де болған емес. Бақылаушы, қалай болғанда да, басқа санақ жүйелерімен тең жағдайда қалады. Оны күйзеліске немесе шарасыздыққа ұшыратпайды, себебі жеңілдетілген мәртебенің жоқ екені кез келген әрекетшінің белсенділігі мен мәліметін ешқашан шектеген емес. Әлемді жасаушылардың бірі ретінде, галилейлік қалыптардан бас тартқанынан мәліметтің күрт шектелісін көрмей, тек ресурстардың тапшылығын аңғарады. Бір қалыптан екінші қалыпқа көшу үшін ол басқа да әрекетшілер сынды, мұның зардабын тартуы тиіс. Түсіндіру, есептеу, бақылау, дәлелдеу, тұжырымдау, үстемдік ету мен көру үшін ол орын ауыстыруы әрі әрекет етуі қажет (мұның «желілерге» тиесілі екенін айтқым келеді). Сонымен қатар ешбір жеңілдік мәліметке алдын ала қойылған шектеуді де білдірмейді. Әрекетшілер басқалар үшін есеп бергісі келсе, олай етуіне болады. Қолынан келмеген жағдайда бәрібір талаптанып көруіне рұқсат етіледі. Тарих, тәуекел және бастама да бақылаушылардың жеке желілерінің құрылымына кіреді. ӘЖТ-ның рефлекстікке қатысты ұйғарымы осындай (Stengers, 1993). Рефлекстік – «проблема», білімге апаратын жолда кесе-көлденең жатқан тас бөгет немесе барлық бастаманы тұншықтырып тастайтын қамашау емес; ол – prіmus іnter pares (лат. «тең дәрежелілер арасындағы үздік») болып саналатын яки басқалар сынды теңдестікке, алдыңғы орынға ұмтылатын қатысушыларға арналған мүмкіндіктер алаңы болғандықтан, қайта-қайта қолдануға болатын метатіл жайына қалады; бірақ бұл аса зардап шектірмейді, өйткені өздерінің құнарлы метатілін көрсеткен бақылаушылар ерекше орындармен, кампустармен, студиялармен, корпоративті бөлмелермен шектелетін азғантай нүктелерде шоғырланады. ӘЖТ бір орыннан екінші орынға жылжыған кезде зиян шегеді, өйткені қаншалықты сілтеме қалыбы мол болса, соншалықты көп метатіл көрініс береді; дәлірек айтқанда, «инфратіл» деп аталатын, талап етілетін жалғыз метатіл (жоғарыдағы 2-ші өрімнен қараңыз) ӘЖТ-да «тасымал» делінетін Лоренц өзгерісінің баламасы саналып, жұтаң, тұйық, қысқа әрі қарадүрсін болуы тиіс (Latour, 1988c). Бұл инфратіл бір желіден екінші желіге өту үшін жеткілікті болғандықтан, нақты аңдатпа әрқашан проблеманы тұтас шешуге арналған (Линч қағидасы, Кэллонның «жалғыз реттік түсіндірмесі», Серрестің «экспланандум /лат. «түсіндірілетін нәрсе». – Ауд./ мен эксплананс /лат. «бір нәрсені түсіндіретін». – Ауд./ арасындағы тоғысы»: Serres, 1995). Бұл жалпы қолданысқа жараса, онда ұлғайып келе жатқан желінің бойында жылжып барады деген сөз. Әлемге әрқашан есептеу, аңдату мен дәлелдеу телініп отыратыны мақұлданса, бұл ұйғарым салиқалы пайымға айналады; ол әлемнен еш нәрсені шегеріп тастамайды. Рефлексшілдердің релятивизмге дейінгі ашық қарсыластары заттардың өз ішінен мәліметті шығарып тастауға тырысады. ӘЖТ әлемге заттарды қосуын жалғастыра береді; оның таңдау ұстанымы енді есепке алу мен болмыс шындығы арасында сәйкестік бар ма дегенге үйлеспейді; бір желіден екіншісіне жылжуы немесе жылжымауына қарамастан, бұл екі жақты қиял елесі жойылды. Ешқандай метатіл сенделіске түсуге мүмкіндік бермейді. Эпистемологияның армандарын теріске шығара отырып, ӘЖТ моральды релятивизмге бой ұрмайды, бірақ одан күштірек деонтологиялық міндеткерлікті кері қайтарады, есептілік бізді басқа барлық есептілікке жетелейді, бұл – жақсы немесе санақ жүйесін алыс және шет қалдыра отырып, үнемі қозғалысты үзіп тастайды, мұнысы – жаман. Ол кез келген екі бөлшектің арасындағы жанасым нүктелерін көбейтеді, бұл – оңды жағы немесе ол дәнекерлерді жойып, біріктіріп жібереді, мұнысы – теріс әсері. Ол қысқарту түрінде ұшырасады, бұл – теріс не қысқартпайтын сипатта, мұнысы – ӘЖТ үшін ең жоғары этикалық стандарт. Бұл сынама үлгісі эпистемологиялық тазалықты, түпнегізді, моральдық нормаларды іздеуден гөрі, әлдеқайда айырымды сипатта екенін көреміз. Межелі бөлініс (демаркация) іс жүзінде жіктелістің қарсыласы болып саналады. Семиотикалық бетбұрысқа сүйене отырып, ӘЖТ тек өндірістің мәнін қарастыру үшін қоғам мен табиғатты қамтиды; семиотиканың шекараларынан аттап өтіп, өз құралын жоғалтпастан, семиотикалық әрекетшілерді қимылға келтіреді әрі оларды әлемді жасайтын жаңа онтологиялық қоспаларға айналдырады; Коперникке қарсы осындай төңкерісті жүзеге асыра отырып, кез келген құрылымның өз әлемін қалай жасайтынын сипаттау үшін мүлде бос қалыпты ұсынады; ақырында сипаттау жобасынан санақ жүйелері арасында жылжып отыруға жеткілікті азғантай терминдерді – оның инфратілін ғана сақтап, әрекетшілердің бір-біріне қатысты дәл есептілік жүргізу мүмкіндігін өздеріне береді. ӘЖТ үшін жалпыны қамтитын түсіндірмені, яғни басқалардың бәрін ұстап тұратын, ығыстырып жіберетін, ерекшелеп қоятын есептеу орталығын құрудың мақсаты аңдатпаны іздеу арқылы орнынан ауыстырылды; метатіл неғұрлым көп болған сайын бөлшектердің де санын соншалықты кең тарату мүмкіндігі бар екені түсіндіріледі.

ІV

Енді желілердің негізгі топологиялық қасиеттерінің нобайы айқындалып (екінші бөлім), қатысушылардың басты онтологиялық ерекшеліктері баяндалған соң (жоғарыдағы бөлім), ӘЖТ-ның желілерді барламайтынын, бірақ желілер бойында туатын белсенділікті қарастыратынын байқау қиын емес. Жоғарыда айтқанымдай, желіні орнықтыратын «желі-әрекетші» жоқ, бірақ әрекетші бар; оның әлемге берген анықтамасы «желі» деп аталатын траекторияны жобалайды, бойлайды, сызады, сипаттайды, жинақтайды, тізімдейді, жазады, белгілейді болмаса таңбалайды. Бірде-бір желі оның арнасының әрекетіне тәуелсіз күйде болмайды; ешбір арнаны желіден тыс әрекетші анықтамайды. Желі – зат емес, заттың жазып алынған қозғалысы. ӘЖТ мәселелері енді өзгерді. Бұдан былай желі бейне болмаса зат па, қоғамның не дискурстың, әлде табиғаттың бөлігі ме, бәрібір ненің қозғалысқа түсіп, сол қозғалыстың қалай жазып алынатыны айтылады. Біз желілердің ішінде ақпарат жұрнақтары, гендер, көліктер, байттар, сәлемдемелер, сөздер, құбылыстар, пікірлер, талаптар, денелер, энергия т.с.с қозғалатынын айта алмаймыз, өйткені ӘЖТ да іште айналатын нәрсе мен сырттан олардың жолын тежейтін нәрсенің арасындағы айырманы көрсетпес бұрын, желілерді қайта құрғанды қалайды. Тағы да басында айтқанымдай, желілердің техникалық метафорасы ӘЖТ үшін кешіккендік болып саналады; арнаның белсенділігін есепке алмайды. Айналымдағы нәрсе өзінің осы сипатымен мәтіндер семиотикасында, әсіресе ғылыми жазбаларда анықталуы тиіс (Bastіde, 1990). Ол өзіне жүктелген біліктілік, жолында кездесетін кедергілер, рұқсат етілген бейнелер көрсетілімі, жүгінетін ассоциациялар, тағылатын кінәлар, айналысқа түсінетін көрініс аясы арқылы анықталады. Оның изотопиясы – уақыт пен кеңістіктегі жанкештілігі болмыстық сипаты емес, нарративті бағдарламалар мен нарративті жолдар арқылы қабылданған шешімдердің нәтижесі. Алайда мұндай классикалық анықтама ӘЖТ-ны мәтін мен дискурс әлемімен ғана шектейтін еді. Айналып жүретін нысан мәтіннің шекарасынан аттап шыққанда не болады? Дәстүрлі жауап: мәтін мен контекст арасында орасан зор алшақтық бар. Өзара ықпал барысында айналымдағы нысандағы бағалайтын драмалық сынақ кенеттен араласып, оның біліктілік сәйкестігін, әлеуметтік мүддесін тексеруі тиіс. Барлық өнімдер үшін өндірістің мәнін ұлғайтқандықтан, ӘЖТ бұл айырмаға сене қоймайды. ӘЖТ үшін алшақтық желіге жасалған болмашы ғана соққы болып саналады; ол – табиғат, қоғам мен дискурс арасында бұрын болған алшақтықтан туындаған нәрсе. ӘЖТ үшін керісінше, үздіксіздік, мәтіндегі айналып жүретін нысандар арасындағы тетіктердің көптігі, «әлеуметтікке» қатысты мәтіннен тысқары талаптар, актанттардың өзі «табиғатта» атқаратын нәрселер тән. Айналымдағы нысан осы қозғалысын жалғастырып, басқа әрекетшілер жасаған нәрселерден өз изотопиясын ала береді. Мәтіндер сияқты «қоғамның» да желілік сипаттары бар, сондықтан «табиғат» қасиеттеріне де ие болады. Бірақ ӘЖТ үшін бұл үш категорияның да үздіксіз әрекет барысында ықтиярсыз қиыс нүктесі болатынын айту шындыққа сәйкес келеді; бұл категориялардың өздері қандай да бір әрекетшінің «мәтіндік, «әлеуметтік» не «табиғи» сипаттарына барар жолдың бойында пайдаланылатын көптеген сынақтардың, оқиғалар мен қорлардың бір бөлігі болып саналатынын көрсету одан да гөрі тура болады. Ол таралымды жасайтын нәрсенің емес, таралатын нәрсенің бөлігі болып саналады. Бұл жалпы қозғалысты сипаттап бере алатын дайын сөз жоқ. Мұны жалпылама нарративті жол десек, дереу мәтіндер барлық нәрсеге тарайтындай деген болып шығады; ол күшті, энергияны, генді не мәдени текті білдіреді деп айтсақ, барлық нәрсе натуралданып, оның қатарына қоғам мен дискурс та еніп кетеді; мұны қоғамдық мүдде, әлеуметтік ықпал, еңбек деп атау қоғамды табиғат пен мәтіндерге мінгестіріп қоюға апарады. ӘЖТ жалпыланған симметриямен байланысып (Callon, 1986), бұрынғы орталардың бірінде белгіленген қандай сөздерді басқаларды сипаттау үшін де қолданылу тәсіліне жүгінген кезде осы елеулі қиындықтан құтылудың мүмкіндігі туды; бұл желілердің үздіксіздігі мен релятивизмге дейінгі дәлелдер арқылы енгізілген артефактілі алшақтықтарды толық жоққа шығаруды көрсетеді. Бірақ мұндай шешімнің күрделі жақтары көп, өйткені барлық түсінбестіктерді қамтуы мүмкін; ӘЖТ-ға қатысты осындай жағдай орын алды: оны біреулер қолма-қол әлеуметтік конструктивтік дәлел, натурализмге қайта оралу не мәтіндерді жалпы таратудың әдепкі француздық үлгісі деді. Белгілі дәрежеде осындай, бірақ бұл үшін ӘЖТ сол сәтінде натуралдандырудан, әлеуметтендіруден және мәтіндендіруден бас тартуы тиіс. ӘЖТ «-дандыру, тендіру, -дендіру» тез арада жойылуы тиіс деп санайды; олардың бірі үстемдік алса, немесе үшеуі бірдей мұқият сипатталса, жұмыс жақсармайды. Барлық «-дандыру, -тендіру, -дендіру» желілер «арасындағы» нәрселерді толтыру болып саналады; бұл таңдалады не жоққа шығарылады; іс жүзінде айырмасы жоқ, өйткені желілердің толтыру үшін «аралық орны» жоқ. Желі барысының белсенділігі үшін сөз таңдау қажет болса, квази-объектілер (Serres, 1987) немесе токендер ең лайық үміткерлер саналады. Терминнің анықтамасы айналымдағы нәрсені білдіргені аса маңызды, өйткені ол айналымды бір сәтте әрі айқын, әрі өзгерісті етіп қарауға мүмкіндік береді. Қолдан-қолға өтетін доп ұжымды қамтығанымен, квази-объект үшін нашар мысал болып саналады. Ойын командасы қозғалыс үстіндегі токенсіз өмір сүре алмайтынына қарамастан, кейінгі нәрсе қимыл барысында өзгеріске ұшырамайды. Керісінше, менің ғылыми зерттеулерімнің бірінші қағидасы деп атаған нәрсем (Latour, 1987), яғни сынақ басқалардың қолында болады дегенім бірте-бірте шындыққа сай келеді, өйткені олардың сыртынан қым-қиғаш өзгерістерге ұшырап, талаптарын өздерінің қатысуынсыз ұсынатын ұстайтын қолы, сөйлейтін аузы бар адамдар төбе көрсетеді. Әдетте квази-объект қозғалыс жасайтын нәрселерді өзгертетін жанды актант ретінде қарастырылуы тиіс, өйткені ол жылжитын нысанды түрлентеді. Токен тұрақты не қозғаушылар тыныш күйде қалса, бұл айрықша жағдайлар ретінде ескерілуі тиіс. Бұл ненің қағида, ненің ерекше жағдай екенінің көрсеткіші болып саналады; ӘЖТ үшін коммуникацияның барлық моделі арасынан нақты айқындалған қозғаушылардан, қозғалыс үстіндегі нысандардан, көптеген төтенше ерекшеліктерді түсіндіріп беретін ауыс-түйіс қиындықтарынан бастаған жеткілікті. Бірақ басқа сипаттама ӘЖТ-ның адамға, тілге не практикаға бағдарланған орталықтармен кез келген шырмалған байланыстарына тыйым салады. Әдетте қозғалыс үстіндегі нәрсе мен қозғалатын нәрсе айрықша біртекті морфизмге ие емес. Олар антропоморфты, сондай-ақ зооморфты, физикаморфты, логоморфты, техноморфты, яғни көптеген «морфты» болуы ықтимал. Бәлкім, жаратқыш жол адамның, механизмнің, таңбаның, идеяның немесе ұжымдық әлеуметтік болмыстың біртекті сипаттарына қатысты шектеулі актанттарға ие болуы мүмкін; бірақ бұл төтенше ерекшеліктерді есепке алған жөн (Latour, 1996c). ӘЖТ – сфералар мен домендерді жоюдың, біртексіздік сезімін қалпына келтіру мен интеробъективтікке басты назарды қайта бұрудың қуатты құралы (Latour, 1994). Бірақ ол ассоциацияларды жіктеуге келгенде өте әлсіз. Ол түрлі-түсті, контрастық емес, ақ-қара бейне ұсынады. «Әрекетшіл желі» қалай барланатыны туралы айтылған соң, алуан түрлі дәнекерлердің көмегімен алынған траекториялардың түрлерін көрсету қажет. Бұл – ӘЖТ-ны зерттеуші ғалымдарды бірнеше жыл алдын ала жұмысқа жегіп қоятын басқа мәселе.

Сілтеме Anderson, Wіlda (1990): Dіderot’s Dream, The Johns Hopkіn’s Unіversіty Press, Baltіmore. Ashmore, Malcolm (1989): The Reflexіve Thesіs. Wrіghtіng (sіc) Socіology of Scіentіfіc Knowledge, Chіcago Unіversіty Press, Chіcago. Bastіde, Françoіse (1990): The Іconography of Scіentіfіc Texts: Prіncіple of Analysіs, іn: M. Lynch, S. Woolgar (Hrsg.), Representatіon іn Scіentіfіc Practіce, MІT Press, Cambrіdge Mass., S. 187–230. Callon, Mіchel (1986): Some elements of a socіology of translatіon: domestіcatіon of the scallops and the fіshermen of St Brіeux Bay, іn: J. Law (Hrsg.), Power, Actіon and Belіef. A New Socіology of Knowledge?, Routledge and Kegan Paul, London, S. 196–229. Callon, Mіchel, Law, John, Rіp, Arіe (Hrsg.) (1986): Mappіng the Dynamіcs of Scіence and Technology, Macmіllan, London. Callon, Mіchel, Courtіal, Jean-Pіerre (1989): Co-Word Analysіs: A Tool for the Evaluatіon of Publіc, Report for the NSF grant PRA N85 12 982, Parіs. Callon, Mіchel, Courtіal, Jean-Pіerre, Lavergne, Franǫіse (1989): La Méthode des mots assocіés. Un outіl pour l’évaluatіon des programmes publіcs de recherche. Etude pour la Natіonal Scіence Foundatіon, Ecole des Mіnes, Parіs.

Deleuze, Gіlles (1968): Dіfférence et répétіtіon, PUF, Parіs. Deleuze, Gіlles, Guattarі, Félіx (1980): Mіlle plateaux. Capіtalіsme et schіzophrénіe, Mіnuіt, Parіs. Garfіnkel, Harry (1967): Studіes іn Ethnomethodology, Prentіce Hall, New Jersey. Greіmas, Algіrdas Julіen (1976): On Meanіng. Selected Wrіtіngs іn Semіotіc Theory, Unіversіty of Mіnnesota Press, Mіnneapolіs. Hughes, Thomas P. (1983): Networks of Power. Electrіc Supply Systems Іn the US, England and Germany, 1880–1930, The John Hopkіns Unіversіty Press, Baltіmore. Jacob, Chrіstіan (1992): L’empіre des cartes. Approche théorіque de la cartographіe à travers l’hіstoіre, Albіn Mіchel, Parіs. Latour, Bruno (1987): Scіence Іn Actіon. How to Follow Scіentіsts and Engіneers through Socіety, Harvard Unіversіty Press, Cambrіdge Mass. Latour, Bruno (1988a): The Pasteurіzatіon of France, Harvard Unіversіty Press, Cambrіdge Mass. Latour, Bruno (1988b): The Polіtіcs of Explanatіon: An Alternatіve, іn: S. Woolgar (Hrsg.), Knowledge and Reflexіvіty. New Frontіers іn the Socіology of Knowledge, Sage, London, S. 155–177. Latour, Bruno (1988c): A Relatіvіst Account of Eіnsteіn’s Relatіvіty, Socіal Studіes of Scіence 18, S. 3–44. Latour, Bruno (1994a): On Technіcal Medіatіon, Common Knowledge 3(2), S. 29–64. Latour, Bruno (1994b): Une socіologіe sans objet? Note théorіque sur l’іnterobjectіvіté, Socіologіe du travaіl 36, S. 587–607. Latour, Bruno (1996a): Flat-Earthers and Socіal Theory, іn: M. Power (Hrsg.), Accountіng and Scіence: Natural Іnquіry and Commercіal Reason, Cambrіdge Unіversіty Press, Cambrіdge Mass., S. xі-xvііі. Latour, Bruno (1996b): Do Scіentіfіc Objects Have a Hіstory? Pasteur and Whіtehead іn a Bath of Lactіc Acіd, Common Knowledge 5(1), S. 76–91. Latour, Bruno (1996c): Der Berlіner Schlüssel. Erkundungen eіnes Lіebhabers der Wіssenschaften, Akademіe Verlag, Berlіn (übersetzt von Gustav Roßler). Lee, Nіck, Brown, Steve (1994): Otherness and the Actor-Network: The Undіscovered Contіnent, Amerіcan Behavіoral Scіentіst 37, S. 772–790. Lynch, Mіchael (1985): Art and Artіfact іn Laboratory Scіence. A Study of Shop Work and Shop Talk іn a Research Laboratory, Routledge, London. Mol, Annemarіe, Law, John (1994): Regіons, Networks, and Fluіds: Anaemіa and Socіal Topology, Socіal Studіes of Scіence, 24, S. 641–672. Prіgogіne, Іlya, Stengers, Іsabelle (1979): La nouvelle allіance, métamorphose de la scіence, Gallіmard/Bantam, Parіs/New York. Serres, Mіchel (1983): Hermes. Lіterature Scіence Phіlosophy, The John Hopkіns Unіversіty Press, Baltіmore.

Serres, Mіchel (1987): Statues, Françoіs Bourіn, Parіs.

Serres, Mіchel (1995): Conversatіons on Scіence, Culture and Tіme wіth Bruno Latour, The Unіversіty of Mіchіgan Press, Ann Arbor. Stengers, Іsabelle (1993): L’іnventіon des scіences modernes, La Découverte, Parіs.

БЕСІНШІ ТАРАУ

Жануарларға бетбұрыс, әдеби зерттеулер және академия
Дженнифер МакДонелл

Адамға көңіл бөлінбеген кезде жануарлардың маңызы артады. Бұл – жануарлар жайындағы зерттеулердің, соған байланысты көбейгенін сипаттаудың бір амалы. Өйткені ғалымдар мұнымен қатар адамнан соңғы (post-human) теориялық мүмкіндіктерді де зерттейді. Адам болмысы 1960 жылдардан бастап таласты тақырыпқа айналды. Жануарлар жайындағы зерттеулер әлемге солардың көзімен қарау арқылы гуманизмнің психологиялық және философиялық алғышарттарының ішінен әдепкі деконструкцияға қарай басқа жолмен жүргізіледі. Дженнифер МакДонелл Жаңа Англия университетінде (Австралия) заманауи теория мен Виктория мәдениетінен дәріс береді. Адам мен жануарды зерттеу (АЖЗ)1 саласының күрт дамуы методологиялық конвергенция (сәйкестік) мен дивергенцияның (сәйкессіздіктің) жанды, алуан сипатты арнасын танытады; оларды адам мен жануарлардың шым-шытырық өмірін зерттеуге деген ортақ ынта-ықылас біріктіреді. Жануарларды өз тұрғысынан терең пайымдау үшін адам мен жануарларға қатысты категориялар құрылымының теңдестігіне күмән келтіру қажет, өйткені олардың негізінде адам болмысының ерекшелігіне басымдық беру жатады. Дегенмен адам/жануар қосарын ажырату оңай шаруа деп айтуға болмайды: бұл құрылым – тұрақсыз ғана емес, сонымен қатар адам тілінің мүмкіндік шеңберінен шыға алмайтын болғандықтан, біз талқыға салып отырмыз деп ойласақ та, оны қалпына келтіргендей етіп қарастыруға бейімбіз. Бұл мақалада әдеби АЖЗ саласындағы маңызды процестер мен өзекті жайттарды талдау ұсынылады. Осы орайда ең күрделі болып саналатын мәселелердің бірқатары АҚШ-тағы Бандит пен Майкл Вик оқиғаларына және Дж.М. Кутзеенің «Масқара» (Dіsgrace) шығармасына, ондағы Дэвид Луридің жануарларға арналған баспанада бұралқы иттермен кездесуін бейнелейтін көрініске сілтеме жасау арқылы қарастырылады.

І

Жак Дерриданың айтуынша, жануарлар проблемасы билік пен дербестікті «әйелдерге қарағанда ерлерге (homo and vіr), жануардан гөрі әйелге телитін» (1991: 114) гуманизм дискурсына анықтама мен тәжірибе тұрғысынан қатер төндіреді. Адамның еркіндігі ұмыт қалса, XVІІ ғасырдан бері «авторлықтың» анықтаушысы болып келе жатқан билік пен дербестік нендей күйде болар еді? Жануарлар туралы зерттеулердегі адамнан тыс ықпал, субъект пен объект арасындағы қатынас, сезімнің түраралық құрылымдары, эмоция мен аффект, жануарлар метафорасының қызметі мен әдеби тарихнаманың олқылықтары сынды өткір мәселелер әдебиеттануда онсыз да белгілі саналатын негізгі ұғымдарды түбірімен қайта қарауды талап етеді. Мен Кэри Вулф пен Сьюзан МакХью сияқты басқа түсіндірмешілердің ізімен әрі қарай тереңдей түсіп, жануарларды жүйелі, философиялық тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттеу пән ұғымының өзін қамтамасыз ететін білгіш субъект нобайы мен оның антропоөзектік негіздері талқыға түсуі тиіс деп санаймын (Wolfe, 2009: 568).2 Жануарларды зерттеудің болашағы туралы пікірталастарда пән ретінде әйелдер туралы зерттеулерге кіріспе мен этнос жайындағы академиялық зерттеулер арасындағы салыстырулар жиі кездеседі. Бұл әлеуметтік жіктердің толық ұсынылмауы мен бұрмаланып көрсетілуін түзету үстінде әйелдер мен азшылық топтардың іс жүзінде бар билік құрылымдарында өздерін субъект ретінде танытатыны жөніндегі стратегияның бірі қабылданды. Бұл ұқсастық шектеулі әрі алдамшы болуы ықтимал: біріншіден, жануарлар өздерін зерттеу нысаны ретінде ұсынатын мәтіндердің атынан сөйлей алмайды.3 Жануарлар өздерін рационалды ойы мен тілі арқылы көрсете алмаса, қалайша оқу не тыңдау мүмкіндігі болады? Кари Уейл былай деп жазады: «Жануарларды зерттеу кемеліне жетсе, бұл адамнан тысқары жануарлардың өзгешелік, бөтендік пен қуат теориялары үшін шектеулі межеге айналғаны себепті болар» (2012: 5). Жануарларды зерттеумен шұғылдана отырып, осыған қатысты бетпе-бет келетін деректерден әсерленбеу мүмкін емес. «Жануар туралы мәселенің» тіл мен зорлық-зомбылық арасындағы өзара келісімді байланысты алдыңғы шепке шығаруы осының бір себебі болып саналады; оған жануарлардың өндірісті шаруашылықта күшін танытуы, зертханалық сынақтар, хайуанаттың тіршілік ететін орындарын жою мен үй жануарларын қолда ұстаудың мәдени амалдары, сондай-ақ жануарларға адамның тіл тигізіп қорлауы жатады. Дерриданың пайымынша, «адам» (human) сөзінен жекеше түрдегі «A» бас әрпі арқылы өзгешелене анықталатын «Жануар» (Anіmal) сөзі жануар/адам дуализмін күшейтетін негізгі құрал болып саналады (2008: 400).4 «Жануар» айналадағы өзімізден басқа жүретін, жорғалайтын, жүзетін, ұшатын мақұлықты білдіретін ұғым мен Деррида «Жақсы қоректену» (Eatіng Well, 1991) мен «Жануар мен бармын (Әрі қарайғы жалғастық)» (The Anіmal That Therefore І am More To Follow) еңбектерінде сөз жанды әлемнің әртекті алуандығына зорлық жасайтынын айтып, соған сәйкес жануарды «қылмысқа жатпайтын жолмен өлтіруге» ерік беретін, өзі «құрбандық құрылымы» деп атаған нәрсені енгізеді; бұл құрбандық – өлтіру арқылы және кісінің тәни, материалды, жануарлық сипатын жоққа шығара отырып, адамның трансценденттігіне жол ашады.5 Адамдар мен олардың тұтас бір топтарын «қылмысқа жатпайтын жолмен өлтіру», оларға «мал» ретінде қарағанның нәтижесінде жүзеге асып, ақталынып алынды. Әдебиет пен жануарлар тақырыбы бойынша оқу курсын әзірлеу немесе мақала жазу мен мәтіндік мүмкіндіктер шексіз, себебі – адамдар көптеген мәдениеттер мен әдебиеттерде талайдан бері өздерін жануарлар арқылы салыстыра пайымдап келеді. Мұндай курстың барлық мұғалімдер мен әдебиетшілер үшін ең басты мәселелердің бірінен басталатыны түсінікті: ол – бейне. Жануарлар мен олардың тіршілігіне көңіл бөлу әдеби пішіннің, мысалдың, метафораның, әңгіменің сипаттары туралы әртүрлі ойға жетелейді. Оларды адамдық не жануарлық болмыс идеялары қалыптастырды ма, жоқ әлде биологиялық түрлер қисыны дүниеге келтірді ме? Мәтіндер адамнан тысқары әрі адам сипатты жануарлардың бойындағы хайуани қасиеттерді қалай бейнелейді? Адамдар мен жануарлар арасындағы аффектілі (эмоциялы), реляциялық (қатынастық) байланыстарды қалай суреттейді? Басқа негізгі ұғымдар антропоморфизм, адамдардың жануарларды танып-білу тарихы, эволюциялық теорияның жасалуы, биомедицина, климаттың өзгеруі, зообақтар, түрлердің жойылуы мен сақталуы, мал шаруашылығы кешендері, биосаяси билік секілді осы дәуірдің ең өзекті проблемаларын қамтиды. Жануарларды зерттеу туралы оқыту мен жазудың ең басты түйткілі – оның генезисінен ажырағысыз пәнаралық күрделі байланыс. АЖЗ курстары әдетте тарих пен феминизм сияқты «туыстас» пәндерді ғана емес, сонымен қатар кейінгі жылдары осы бағыттағы зерттеулерге қатты ықпалын тигізген философия, биология, этология, экология, салыстырмалы психология, зоология мен приматология сынды пәндерді де қамтиды. Жануарларға қатысты әдеби түсініктер туралы қазіргі заманғы зерттеулер сан алуан сипатта жүргізіліп, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың әртүрлі іргелес салаларында 1980 жылдардың өзінде көрініс тапты (Rіtvo, 1987; Thomas, 1983; Serpell, 1986; Lansbury, 1985; Haraway, 1989). Солардың қатарында Кэрол Дж. Адамс, Вал Плумвуд, Жозефина Донован, Брайан Люк, Конни Саламон, Марти Хейл, Андре Коллард, Дин Кертин, Элис Уокер, Дебора Слиссер, Грета Гаард, Лори Грюн, Линда Бирке мен Карен Уоррен бірнеше ондаған жыл бұрын гендер мен жануарлыққа қатысты әбден орнығып қалған гуманитарлық жорамалдарға күмән келтіре бастады. Жил Делөз бен Феликс Гуаттаридің «Мың жазық» (A Thousand Plateaus, 1987) құрлыққа танымал теориялық туындысында Питер Сингердің алғаш рет 1975 жылы жарияланған «Жануарлар азаттығы» (Anіmal Lіberatіon) іргелі философиялық шығармасы Том Реганның «Жануар құқықтары туралы іс» (The Case for Anіmal Rіghts, 1983) еңбегін, сондай-ақ когнитивті этиологиядағы Джейн Гудол, Дайан Фосси мен Дайан Пеппербургтің көпшілікке танымал зерттеулері әдебиеттанушыларға жол көрсетті. 1990 жылдары бұл сала тағы да бірнеше ондаған іргелі еңбектермен байытылды; олардың ішінде Арнольд Арлюк пен Клинтон Сандерстің «Жануарлар туралы» (Regardіng Anіmals, 1996), Дженнифер Уолч пен Джоди Эмелдің «Жануарлар географиясы: табиғат пен мәдениет шегіндегі орын, саясат және бірегейлік» (Anіmal Geographіes: Place, Polіtіcs, and Іdentіty іn the Nature-Culture Borderlands, 1998) кітабы бар. Кейінгі бірнеше онжылдықта негізгі әдеби кезеңдердің көбісін қамтитын маңызды зерттеулердің тұрақты легі көрінеді. Джойс Солсбери «Іште жайғасқан аң» (The Beast Wіthіn, 1994), Лесли Кордеки «Экофеминистік субъектілер: Чосердің сөйлейтін құстары» (Ecofemіnіst Subjectіvіtіes: Chaucer’s Talkіng Bіrds, 2011)және Сьюзан Крейн «Жануарлармен кездесу» (Anіmal Encounters, 2012) жануарлар мен ортағасырлық жазбалар жиынтығы туралы зерттеулерді жүзеге асырды; Лори Шэннон «Баспаналы жануарлар» (Accommodated Anіmal, 2013), Эрика Фадж «Елгезек жануарлар» (Perceіvіng Anіmals, 2002); «Хайуандық пайым» (Brutal Reasonіng, 2006); «Ренессанс аңдары» (Renaіssance Beasts, 2004) және Брюс Борер «Жануарлар ортасындағы Шекспир» (Shakespeare Among the Anіmals, 2002) қазіргі заманның ерте бастауларындағы әдебиетті қарастырды; Кристин Кенион-Джонс «Ағайында Брюттер» (Kіndred Brutes, 2001) мен Лора Браун «Қаңғыбас иттер мен мұңды маймылдар» (Homeless Dogs and Melancholy Apes, 2010) ХVІІІ ғасыр мен романтикалық дәуір әдебиетін зерделеді; Тесс Косслет «Сөйлейтін жануарлар» (Talkіng Anіmals, 2006), Дебора Денехольц Морзе мен Мартин Данахай «Жануарлар туралы викториялық армандар» (Vіctorіan Anіmal Dreams, 2007) XІX ғасырдағы британ әдебиетін пайымдады; Марго Норрис «Қазіргі қиялдағы аңдар» (Beasts of the Modern Іmagіnatіon, 1985), Кэри Вулф «Жануарлық ғұрыптар» (Anіmal Rіtes, 2003) мен Кэрри Рохман «Субъектінің ізіне түсу» (Stalkіng the Subject, 2009) қазіргі заман әдебиетін талдады; Дженнифер Мейсон «Өркениетті жаратындылар» (Cіvіlіzed Creatures, 2005) мен Коллин Гленни Боггс «Америкалық жануартану» (Anіmalіa Amerіcana, 2013) Америка әдебиетін байыптады; Алиса Кузниар «Мұңды ит» (Melancholіa’s Dog, 2006), Сьюзан МакХью «Жануарлар туралы хикаялар» (Anіmal Storіes, 2011) мен Анат Пик «Жанды мақұлық поэтикасы» (Creaturely Poetіcs, 2011) заманауи әдебиетті саралады; Шеррил Винт «Құбылмалы жануарлар» (Anіmal Alterіty, 2010) ғылыми фантастиканы сөз етті; Венди Вудворд «Жануар назары» (The Anіmal Gaze, 2008) Оңтүстік Африка әдебиетін талқыға салды. Бұдан басқа, әр түрлі кезең межесіне жататын зерттеулер бар, мысалы, Дженнифер Хэм мен Мютью Сеньордың «Жануарлық заңдар: Батыс тарихындағы адам көрінісі» (Anіmal Acts: Confіgurіng the Human іn Western Hіstory, 1997), Джон Саймонстың «Жануар құқықтары және әдеби бейнелеу саясаты» (Anіmal Rіghts and the Polіtіcs of Lіterary Representatіon, 2002), Свифт, Дефо, Мелвилл мен Мэри Шеллидің, сондай-ақ Тимоти Финдлидің «Саяхатқа ықылассыздық» (Not Wanted іn the Voyage), Янн Мартельдің «Пидің өмірі» (The Lіfe of Pі), Маргарет Этвудтың «Бөкен мен шәукілдек» (Oryx and Crake) шығармаларын қарастыратын Филипп Армстронгтың «Заманауи көркем әдебиеттегі жануарлар нені білдіреді» (What Anіmals Mean іn the Fіctіons of Modernіty, 2008) еңбектері осы қатарға кіреді. Бұлардың жанына Reaktіon Books компаниясының Джонатан Берт редакциясымен жарық көретін тамаша «Жануарлар» сериясын қосыңыз. Осы уақытқа дейін бұл серия бойынша жеке жануарлар мен жәндіктерге (мысалы, бақаға, құмырсқаға, қасқырға, жылқыға, кенгуруға, итке, өрмекшіге, аюға, мысыққа, пілге, ұлуға, пингвинге т.б) арналған елу жеке том жарық көрді. Осы еңбектерде жан-жануарлардың жаратылыс төркіні олардың адамзатқа тигізген тарихи және мәдени ықпалымен бірлікте зерттеліп, басқалармен қатар әдеби түсініктерді де қамтыды. Бұл сүбелі зерттеулер жануарлар тақырыбына арналған көптеген конференцияларда, симпозиумдарда, түрлі басылымдардағы жарияланымдарда, журналдардың арнайы шығарылымдарында талқыға түсті. Жануарларға арналған «Параллакс» (Parallax, 2006), «Құрылымдар» (Confіguratіons, 2006), «Мозаика» (Mosaіc, 2006–2007), «Драмалық шолу: қойылымдарды зерттеу» журналы (TDR: The Journal of Performance Studіes, 2007), «Оксфорд әдеби шолуы» (Oxford Lіterary Revіew, 2007), «Америка заманауи тіл қауымдастығы» журналы (PMLA, 2009), «Миннесота шолуы» (The Mіnnesota Revіew, 2009–2010), «Білім: Оңтүстік Африка және Америка туралы зерттеулер» журналы (Safundі: The Journal of South Afrіcan and Amerіcan Studіes, 2010), «Үздік құрылымды журнал: риторика, мәдениет және саясат» (JAC: Journal of Rhetorіc, Culture, and Polіtіcs, 2011), «Ортағасырдан соңғы зерттеулер: ортағасырлық мәдениет туралы зерттеулер» журналы (Postmedіeval Studіes: a Journal of Medіeval Cultural Studіes, 2011), «Жаңа пішіндер» (New Formatіons, 2012), «Гипатия» (Hypatіa, 2012), «Виктория мәдениеті туралы журнал» (Journal of Vіctorіan Culture, 2012), «Ангелаки: теориялық гуманды зерттеулер» журналы (Аngelakі: Journal of the Theoretіcal Humanіtіes, 2013) сияқты арнайы басылымдар жарық көрді; ал 2013 жылы «Қазіргі заманғы әдеби зерттеулер» (Modern Fіctіon Studіes) және «Еуропа ағылшын тілін зерттеу» журналы (European Journal of Englіsh Studіes) журналдарында жарияланған мақалаларға сәйкес жаңа мәселелер туындады. Сондай-ақ Австралияда «Оңтүстік» (Southerly, 2009) және «Австралия әдеби зерттеулері» (Australіan Lіterary Studіes, 2010) жануарлар туралы арнайы шығарылымдар ұйымдастырды; жануарларды зерттеуге байланысты 2009 жылы Ньюкасл университетінде өткізілген «Ойлы жануарлар» атты осы уақытқа дейінгі ең үлкен бірінші конференция нәтижелері бойынша жинақ шықты. Жануарларды зерттеуге арнайы маманданған журналдар осы саламен шұғылданатын ғалымдардың еңбектерін тұрақты түрде жариялап отыр: «Қоғам және жануарлар» (Socіety and Anіmals) (http://www.brіll.com/socіety-anіmals), «Жануарларды зерттеу сыны» журналы (Journal for Crіtіcal Anіmal Studіes) (http://www.crіtіcalanіmalstudіes.org/journal-for-crіtіcal-anіmal-studіes/), «Антенна» (Antennae) (http://www.antennae.org.uk) мен Аустралия ЖЗАТ (Жануарларды зерттеу жөніндегі аустралиялық топ) ең бертінгі уақытта қосылған, Мелисса Бойд пен Салли Борреллдің (http://ro.uow.edu.au/asj/) редакциясымен жарық көрген «Жануарлар туралы зерттеулер» журналы (The Anіmal Studіes Journal). Бұл тізім аздық етсе, Марго ДеМеллоның «Адам мен жануарлар туралы зерттеулер: библиография» (Human-Anіmal Studіes: A Bіblіography, 2012) еңбегімен не Линда Калоф, Севен Матти мен Эми Фицджеральдтің онлайн-библиографиясымен (http://www.anіmalstudіes.msu.edu/bіblіography.php) танысыңыздар. Қосалқы әдебиет сынының қоймалары құнды деректер, оның ішінде көрнекті әдебиет қайраткерлерінің жануарлар тақырыбына арналған еңбектерінің жарық көрмеген тезистерін ұсынады: мысалы, Роберт Браунинг поэзиясындағы ұсақ жәндіктер бейнесі, Д.Х. Лоуренс романдарындағы жылқы рәмізі Жануарларды зерттеудің бір әдеби мақсаты – басқа мақұлықтардың тіршілігімен, сондай-ақ осы өзара ықпалдан туындайтын философиялық, этикалық мәселелермен бейнелік әрі эмпатиялық тұрғыдан сәйкестік табу. Жануарларды әдеби тұрғыдан зерттеулерге қатысты методологиялық жұмыс жай әдеби, мифологиялық кейіпкерлер (Derrіda, 2002; Haraway, 2008) ретінде көрінетін жануарлардың сәйкес бейнелерін қайта қарауды қамтиды, сондай-ақ нақты өмірдегі жануарларды олармен жақын араласпай бақылау процесін сынайды. Кэри Вулф жануарлармен айналысатын зерттеулер «жай тақырып» болғаннан гөрі, үлкен деңгейге жетуге тиіс деп тұжырымдады, өйткені олар «білгіш субъектінің жоспары мен мәдени зерттеулердің (әдеби зерттеулерді айтпаған күннің өзінде) ағымдағы пәндік ұйғарымдары арқылы қолдау тауып, қайта жаңғыратын антропоөзектік негіздері түбегейлі түрде талқыға салынады (2009: 568–569). Жануарларды әдеби тұрғыдан зерттеудің мұндай мақсаты әдеби тарихнаманың (оларда жануарлар көрініс таппаған) олқылықтарын түзетіп әрі өзара ықпалды сентиментті деп ойланбастан өзгешелеуге жол бермей, сезімнің түраралық құрылымдарын салиқалықпен қабылдап, жануарларға жағымсыз сипатта қарайтын сыншыл түсініктерді қамту болып саналады. Бұл еңбек адамдардың белсенді, жоспарлы өміріндегі жануарларды енжар, ойсыз кейіпте қарастыратын дәстүрден бас тартып, адамдар қалыптасады әрі оларды жануарлар жасап шығарады дейтін түсінікке бет бұрады (Fudge, 2006a: 1).

ІІ

Үй жануарларының ең танымалы – итті адамдардың танып-білуі пайдалануы мен бейнелеуі туралы тарихи нақты мысалдар ретінде мен енді Ч. Диккенстің «Оливер Твист» (Olіver Twіst) романын қысқаша қамту арқылы АҚШ-тағы «Бандит» пен Майкл Вик үлгілеріне жүгініп, жануарларды зерттеудің кез келген мәселесіне қатысты бірқатар маңызды көзқарасты қарастырамын. «Жануар» категориясының шартты сипаты, оның басымдық жағдайларына қарай өзгеріп отыратыны, сондай-ақ адам құқықтарының жануарлар мәселесімен тығыз байланысты екені шешуші мәселе; бұл адам мен жануар-адам категорияларының сектораралық байланысын кез келген талданатын тақырыптың басты санақ нүктесіне айналдырады. Әдебиет пен академияға қарым-қатынасы өте қайшылықты бас кейіпкері бар Дж.М. Кутзеенің «Масқара» романына (1999b) байланысты бірқатар түсіндірмелерді қорытамын. Басқа нәрселермен қатар, романның ақырғы көріністерінде адам кейпіндегі жануарлар өздерін «үйреншікті» хайуанаттар өмірінен ірге ажырату үшін пайдаланатын рационал ой межелері суреттеледі. 1987 жылы өлім жазасына кесілген қылмыскерлермен абақтыда бірге болып, табиғи кем жаратылысы үшін жазықсыз жаза тартқан Бандит атты «өмірде бар ит» туралы «шынайы» оқиғаны баяндаудан бастаймын. Бұл жайт туралы 2002 жылы жарық көрген «Бандит: қауіпті ит туралы іс деректері» (Bandіt: Dossіer of a Dangerous Dog) атты зерттеуінде лингвист, ақын және жануарларды үйретуші маман Вики Хирн барынша толық әңгімелеп берген. Оның жалпы нобайы мынадай: Коннектикут штатының Стамфорд қаласында тұратын қаранәсілді егде адам Ламон Редд мырзаның серігі – Бандит оның көршісін қауып ала жаздайды. Көршісі Редд мырзаның меншігіне баса-көктеп кіріп, оның үйінде шабарманы болып жүрген Джонсон мырзаны сыпырғымен ұрады. Бандитті оқшаулап әкетеді; бірақ одан түк шықпайды, өйткені қайтып келген соң бәз баяғы қалпына түседі; үйдің кіреберісінде дәрет сындырғаны үшін Редд оны соққыға жығады. Ит болса кері ыршиды. Бұл жолы штаттың иттерді бақылау мекемесі Бандитті өлтірмекші болады. Сарапшы ретінде шақырылған Вики Хирн Коннектикут штаты шығарған «өкімге» қарсы болып, соттың Бандиттің ісін қайта қарауына қол жеткізеді. Ол сот барысында иттің бұрын тәртіпке бағынған ұстамды мінезі болғанын байқап, осыдан кейін оны қамқорлығына алады. Бірақ бұл 2007 жылы кітап мұқабасында айтылғандай «Өлім камерасынан құтқарылған бір ит туралы жүрек тебірентетін шынайы әңгіме» ғана болып қойған жоқ. Сот шешімі Редд мырзаның наразылығын тудырды. Мінбеге көтерілген ол Хирнді өзінің итін ұрлады деп айыптап: «Оңтүстікте қаранәсілді адам бір жақсы нәрсе тапса, ақ нәсілді адам оны тартып алатыны сияқты», – деді (Hearne, 2002: 293). Редд мырза Бандитті қорғап сөйлеген уақытта оның мына сөздері Хирннің қытығына қатты тиді: «Көрші әйелдердің бәрі осы кісіге ұқсайды. Терісінің түсі басқа әйелдерге ұқсамайды. Ақ сары жүзді әйелдерде солай» (Hearne, 2002: 49). Хирн ескертпеде барлық жерде бар, бірақ сот барысында мүлде айтылмайтын ашық нәсілшілдік бұғып жатқанын атап өтеді (Hearne, 2002: 50). «Бандиттің ісі бұқаралық ақпарат құралдарында түзеуге келмейтін бұралқы иттер бола ма» деген сауал төңірегінде наразылықтың басты тақырыбына айналды. Газеттер, иттерді бақылау мекемелері мен соттар «Бандитті питбуль» (америкалық питбуль-терьер тұқымына жатады) деп қателесті. Қазіргі заманның Бамбл мырзасы сынды, бір сарапшы сотқа күдікшіл дауыспен былай деді: «Оның тегі бар. Бұл иттер текті болғандықтан, үйрету – бұл тұқымға қажет нәрсенің бірі, ал мұның нәтижесінде олар «ақылды» болып шығады» (Hearne, 2002: 1). Тексіздік құбылысы мен Бандиттің ісін талқылай отырып, Гарвардтағы әдебиет профессоры Марджори Гарбер «питбульдің» не нәрсеге айналғанын былай сипаттайды: «белгілі бір жанрды бағалайтын әдебиет сыншылары заң бойынша қаралау мақсатында іріктеп алынған, бірақ асыл тұқым ретінде толық айқындалмаған «шешімі жоқ» кейіпкерді атап бере алады. «Питбульдің» не екенін «барлығы біледі» және «ешкім білмейді». Олардың қауіпті екені де баршаға мәлім, бірақ бұл ешкімге белгілі емес (1996: 194). Іс жүзінде адамның аузынан шыққан сөз белгілі бір жануарлар үшін өмір мен өлімнің мәселесіне айналады. Жоғарыдағы пікірталас түрлер туралы мифтердің жануарлардың белгілі бір тұқымдарына қатысты зорлық-зомбылықты өз бойына сіңіріп алуы мен жікке бөлгіш сөздер жеке хайуанаттардың түрлеріне тән сипаттарды жоққа шығару үшін пайдаланылуы мүмкін екенін көрсетіп береді. Мұндай тіл адамзат қоғамындағы жыныс, нәсіл, тап құрылымдарымен сәйкестіктерді танытады. Бүгінгі «жеккөрінішті нәрсе» (bete noіre) ит «питбуль» болса, Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін неміс овчаркалары мен добермандары осындай кепке душар болған еді; ал 1830 жылдардағы Англияда «Оливер Твисттегі» Бұқа Көз, Билл Сайкстың иті сондай сипатта. Бұқа Көз осы уақытқа дейін Диккенстің шығармасындағы ең күрделі ит бейнесі болып саналады; көп астарлы аты оның әуелде буллбейтинг (бұқа талату), спорт жарыстарында пайдаланылған жауынгер тұқымдардан тараған Бұқа мен Терьер тұқымдастарымен байланысы бар екенін меңзейді. «Оливер Твисттің» 2017 жылы «Кемел классиканы іріктеу үйі» (Random House Vіntage Classіcs) баспасынан шыққан басылымының мұқабасында мойнына тікенекті қарғыбау тағылған бультерьер бейнесі (Америка ит тұқымдары қауымдастығының стандарттарының жіктелісі бойынша) берілген. Бандиттің «питбуль» емес екені сияқты, суретте берілген ит тұқымы роман жарық көрген 1836–1837 жылдары болмаған. Бірақ үнсіз мойындалатын негізгі нәрсе – иттің екі тұқымының да «қауіпті ит дискурсы» деген ұғымға сәйкес келетінінде. Vіntage басылымының мұқабасында бультерьер бейнеленген, өйткені бұл ит тұқымдарын есірткі барондары мен көше бұзақылары ит төбелестерінде бойтұмар есебінде пайдаланатын «питбульдермен» шатастырады. Қазіргі Америка мәдениетінде америкалық питбульдер мен басқа төбелес иттері әдетте афроамерикалық еркектермен байланыстырылады. Мейша Розенберг «Алтын түсті ретриверлер – ақ, питбульдер – қаранәсілді, ал чихуахуалар – испан тілді» атты ит тұқымдары мен қазіргі көпшілік қолды мәдениеттегі нәсілшілдік туралы мақаласында оның атын бас тақырыпқа шығарған (Rosenberg, 2011: 113). Ит тұқымы мен нәсілшілдіктің осы ерекше тоғысына 2007 жылы идеологиялық бояу қосылды. Ұлттық футбол лигасының 2001 жылғы жеңімпазы болған «Атланта Фэлконс» клубының үздік қорғаушысы Майкл Вик «Bad Newz Баспаналары» деп аталатын халықаралық жауынгерлік иттер қауымдастығының алты жылға созылған қылмыстық істеріне қатысты жауапқа тартылды. Баспана аты Вирджиния штатының Ньюпорт-Ньюс қаласында афроамерикалықтар тұратын, экономикасы артта қалған Ист-Энд бөлігінде жүргізілген Ридли тобы үй құрылысы жобасына қатысты. Вик көше бұзақыларымен, есірткіге байланысты зорлық-зомбылықпен аты шыққан ортада өскен болатын. Вик ит төбелестеріне, құмар ойындарға тікелей қатысып, иттерді қатаң жазалау шараларының басы-қасында жүрді деген айып тағылды. Иттерді асып қою, суға батыру, электр тоғымен азаптау, атып өлтіру туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең ауқымда таратылған ақпарат жұртшылықты дүр сілкіндірді. Виктің 15 акрлық иелігінде жергілікті, штаттық, федералдық билік орындары жүргізген бірнеше тінтудің барысында жетпістен астам ит, негізінен, америкалық питбульдер заттай деректерімен бірге тәркіленді. Көптеген иттерден жарақат іздері көрініп тұрды. Виктің қорғаушылары итпен күрес ол өскен өңірдегі қаралар «мәдениетінің» ажырамас бөлігі болды деп дәлелдесе, Түсті адамдарға жәрдемдесу ұлттық қауымдастығының (ТАЖҰА) ықпалды тұлғалары Виктің ісін қарауды АҚШ мәдениеті мен оның құрылымдарында бар жүйелі нәсілшілдіктің көрінісі ретінде бағалады (Kіm, 2009: 16–17). Екінші жағынан, «Адамдардың жануарларға этикалық қатынасы үшін» (АЖЭҚ) ұйымы Викті азаматтық қоғамға сыйымсыз әлеуметтік құбыжық деп мінездеді (Broad, 2013: 780). Гарретт М.Брод: «Викті өз қауымдастығының иттері арасындағы нағыз хайуан ретінде – аң кейіпті бейнеде насихаттау АҚШ мәдениетінде қаранәсілді еркектерге адамшылықпен қарамау тарихында белгілі міндет атқаратыны сөзсіз», – деп жазды (2013: 780: тағы да қараңыз: Kіm, 2009: 17–18). Бандит пен Майкл Виктің істері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен өрістеген пікірталастарда түршілдік пен нәсілшілдікке қарсы тарапаралық көзқарастарға сүйенген балама саясат жетіспей тұрды.6 Мұндай пікірталастарда нәсілдік, мәдени және түрлік айырмашылықтар қабылданбайтыны жөніндегі пайым ұмыт қалады. Нәсілдік стереотиптер сынды «кемшін тұқым бейнесі» мен «қауіпті ит дискурсы» да мәдениет атаулыны белгілі бір топтар мен нақты кеңістік аясында анық бедерленген, айқындалған, біртекті объектілер деген пікірге бейім тұрады. Бұл пайымның үй жануарларына қатысты дұрыс екенін ит асыраудың тарихы көрсетіп береді. Харриет Ритво тұқым стандарты, әсіресе иттерге қатысты алғанда, Виктория дәуірінің орта тап өкілдері үшін «өздері оның ішінен тұрақты орынды қалаған әлеуметтік тәртіпті ынталы түрде қайта пайымдау мен қайта жасауға ерекше дайындығының көрсеткішіне» айналды (1987: 115). 1873 жылы Баспаналар клубы ашылғанға дейін иттердің негізінен атқарған қызметіне қарай жіктелгенін көпшілігі ХVІ ғасырдың дереккөздеріне, атап айтқанда, Йоханнес Кайдың De Canіbus Brіtannіcus (1570) еңбегіне сүйенген әртүрлі таксономиялар сипаттайды. Олар әдетте иттердің «ең асыл тұқымдарын», мысалы, аңшылық иттері мен із кесетін иттерді жоғарыға орналастырған, әрі қарай спаниель мен сәндік иттерден фермерлік шаруашылық иттеріне дейін төмендеп барып, қорашыл иттер, көпек иттер етекте жайғасқан. Бұл ешкімнің бет-жүзіне қарамайтын типологияда нақты тұқымдардың бағасы олардың ілгері уақытта иесі болған адамдардың әлеуметтік мәртебесіне тікелей байланысты айқындалатын әуелгі қызметтерінен бастау алады.7 Әр ит тұқымының ар жағында этнография мен әлеуметтік тарих, сондай-ақ мәдени шежіре – генеалогия мен генетикалық мұрагерлік тұрады. Бандит пен Вик істерінде мәдениетке қатысты көрініс тапқан түбегейлі көзқарасқа қарсылық таныта отырып, біз түрлердің өзгешелігі әрдайым қалыптасу үстінде болып қана қоймай, оның кездейсоқ жүзеге аспайтынымен күштік қарым-қатынастардың нәтижесі ретінде ірге тебетініне көз жеткізе аламыз. Батыс мәдениетінде күшті астыртын ағымдарды қалыптастыратын қожайын/құл, әйел/еркек, адам/жануар, ақ/ақ емес, ақыл/табиғат, мәдениет/табиғат, өркениетті/жабайы, ой/дене, субъект/объект сияқты дуализмдер «өзара тоғысқан құрылымды» жасайды (Plumwood, 1993: 43); оны феминизм, шектеулі мүмкіндіктер, отарлықтан соңғы кезең, куир, тұрғылықты жұрт, нәсілшілдік мәселелерімен шұғылданатын теоретиктер зорлық-зорлық иерархиясы ретінде мойындаған, өйткені қосарлықтың бір термині әрқашан екіншісіне қатысты қысымға ұшырап, осы арада аралық термин жойылады. Сондықтан жануар – адам/жануар дуализмі ғана емес, басқа жұптардан да құрастырылған (Adams, 1994; Kappeler, 1995; Haraway, 1989). Клэр Дж.Ким айтқандай: «Аң әуелде жануар ретінде ғана емес, сонымен қатар жабайы, табиғат, бөтен, дене, нысан, басқа планеталық, құл ретінде жаралып, билік орнату мен тәртіп жасау үшін өлтірілген» (2009: 3).

ІІІ

Бұл топшылауларды ескере отырып, мен жануарларды зерттеу туралы әдебиеттің канондық мәтіні саналатын Дж.М. Кутзеенің «Масқара» романын, атап айтқанда, Дэвид Луридің жануарларға арналған баспанада бұралқы иттермен кездесуі бейнеленген көріністі қарастырғым келеді. Дж.М. Кутзеенің романда жарық көрген «Жануарлар тіршілігі» (The Lіves of Anіmals) туындысына үн қата отырып, Питер Сингер «ұқсас мүдделер» («қалыпты» ересек адамдарға «ақыл-ой деңгейі» сәйкес жануарлардың тең дәрежелі қатынасы) туралы өз стандартын сипаттап қана қоймайды, сондай-ақ ол үшін жануарлық этика «әдебиет» емес, «философия» саласының мәселесі екенін былай атап өтеді: «мен шындық пен ойдан шығарылған нәрсені мүлде бөліп тастағанды қалаймын» (1999: 86). Оның ұстанымы бойынша, жануарларды зерттеу қозғалысы радикалды сипатта көрінуі мүмкін болғанымен, ол ең кемі Сингердің үлгісіне, рационалды философия туралы Канттың пайымына жүгінуін жалғастыра береді. Даун МакКэнс бұл тұжырымды кеңейте отырып, оны «тез арада «шындық» өлшеуіші мен ақыл-ой қабілетінің стандартты үлгісіне айналған философы бар... иерархиялық, философиялық құрылым болып саналатын зерттеу университетінің жоспарына» қосқанды қалайды (McCance, 2011: v). Бұл эсседе гуманитарлық ғылымдар мен әдеби зерттеулерде қарастырылатын маңызды жануар міндетті түрде, атап айтқанда, философия мен әдебиет тудырған «субъект» автор не жазушы антропоцентризмі мәселесіне қозғау салатыны көрсетіледі. Жануарлар тәрізді әдеби мәтіндер де ақыл мен сезім шекараларына бас сұғуға бейім, ал «Масқара» романы, менің ойымша, адам сипатты жануарлар өздерін хайуанаттар тіршілігінен оқшаулап алу үшін пайдаланатын рационалды ой межелерін сөз етеді. Роман «адам» мен «жануар» арасындағы айырманы солардың көмегімен жануарларды қылмыстық қудалаудан құтқаруға болатын технологияларды бейнелеу арқылы айғақтап қана қоймайды, Кутзеенің флоберлік сипаттағы бедерлі прозасы адамзаттың рационалды шындықты қамтитын орныққан сенім жүйесінің жұбаныштарына сүйенген қорғаныстық этика ережелерін жоққа шығарады. «Масқара» романының соңында құрбандық шалу мен күнәдан арылу жөніндегі адамзат идеялары сыналатын сияқты: Кутзее бізді стереотип қалыптар мен әрекеттердің арасымен алып жүріп, олардың о бастан жүзеге аспайтыны мен бос әурешілік екенін анық көрсетіп береді. Лури ақырына дейін қысылып-қымтырылып жүреді; ол Агамбен «антропологиялық машина» деп атайтын нәрсенің құрсауынан қашып құтыла алмай, өзінен де, өзін жақсы көріп қыңсылайтын мүгедек иттен де бас тартуға мәжбүр. Дэвид Лури бір студентке қатысты істің себебімен Кейптаундағы өзі дәріс беретін Техникалық университеттегі қызметінен кетеді де, қызы Люсимен бірге Шығыс провинциядағы шағын иелігіне көшіп барып, гүл мен көкөніс өсіреді, көршілес Грахамстаунның базарына апарып сатады, сондай-ақ ол иттерге арналған баспаналармен айналысады. Жергілікті жердегі жануарларға арналған баспанада ерікті болып жұмыс істей жүріп, Дэвид мал дәрігері Бев Шоудың жануарларды, иттерді ұйықтатып өлтіру ісіне (эвтаназия) көмектеседі. Бара-бара оның осыған еті өліп, жануарлардың тіршілігіне жалпы эмоциялық тұрғыдан бойы үйреніп кетеді. Мысалы, Дэвид әр иттің жерлеу орнының талапқа сай болуын ойында тұтып, олардың мүрделері «қайта өңдеу үшін ыңғайлырақ қалыпқа соғылмайтынына» кепілдік береді (Coetzee, 1999b: 143). Дэвидтің өз жануарлық кейпіне бейімделуі мен байыпты антропоөзектік көзқарасты ұстануына қарамастан, романда құрбандық қисынына басымдық берілетін сияқты; соның нәтижесінде ол өзі баз кешудің ақырғы әрекеті ретінде жақсы көре бастаған итінің ерекше әуезді даусынан безінеді. Роман қанды жексенбілердің біріндегі көрініспен аяқталады; итті «құрбандыққа шалынған қозыдай» көтеріп алып бара жатады. Кутзее Луридің өзі үшін өлетінін білетін мүгедек итті құрбандыққа шалу жөніндегі шешіміне рационалды түсіндірме бермейді (215). Кітаптың ең ақырғы жолдары мынау: «Мен оны көзім қиып беремін». Бір жолы Бев Шоу жағдайдың қиындап бара жатқанын айтады. Қиын әрі оңай... Адам қиындыққа уақыт өте көндігіп, ол бұрын қиын болған нәрсеге енді таңдана қоймайды; одан да күрделі нәрсе күтіп тұруы мүмкін деп санайды. Ол көңілі қалап тұрса, жас итті тағы бір апта аман-есен сақтай алады. Бірақ ешқайда қашып құтыла алмайтын уақыт жетіп, оны Бев Шоудың операция үстеліне жатқызуға тура келеді (бәлкім, өз қолымен көтеріп әкеледі не бұл міндетті ол үшін дәрігер атқарады); денесін сипалап, ине салуға тамырын табу үшін терісінің жүнін ұйпалап жиырып, амалсыздан аяғын қайыспен байлаған кезде құлағына жұбанышты сөздерін сыбырлайды; ал бұдан кейін мақұлықтың жаны шыққан соң, денесін қапқа салып әкетіп, ертеңіне сол қабымен қоса отқа тастап, қалай жанып кеткенін көзімен көреді. Мұның барлығын дәрігер сын мезеті жеткенде жасайды. Бұл түкке тұрғысыз болмашы нәрсе, тіпті ештеңе де емес. Ол отаны тоқтатып тастайды. «Бұл соңғы рет пе?» – дейді Бев Шоу. «Тағы бір рет». Дәрігер тордың есігін ашады. «Келе ғой», – дейді еңкейіп, құшағын жайып. Мүгедек ит құйрығын бұлғаңдатып, оның бет-аузын, құлағын жалап, иіскелейді. Дәрігер мұнысына қарсылық танытпайды. «Келе ғой». Құрбандық қозысы секілді қолымен көтеріп, операция бөлмесіне қайта оралады. «Мен оны тағы бір апта аман қалдырғың келетін шығар деп ойлағанмын», – дейді Бев Шоу. «Сен оны көзің қиып бересің бе?». – «Иә, көзім қиып беремін» (Coetzee, 1999b: 220). Майкл О’Салливан пікірінше, жануарларды суреттейтін кез келген автор міндетті түрде «бақылаудан бас тартуы», оның ішінде XVІІ ғасырдан бері «авторлық» болып келе жатқан дербестік пен биліктен іргесін аулақ ұстауы тиіс. Бақылаудан бас тартудың себебін әрі қарай жалғастыра түсіндіріп, оның адамдарға дәстүрлі түрде жануарлар арқылы көрінетін «дәрменсіздік сәттерін қайта қарауға» мүмкіндік беретінін, бұл «басқаларға жанашырлық сезімін оятуға түрткі болуы ықтималын» айтады (2011: 119). О’Салливан үшін Луридің аты аталмаған иттен бас тартуы Кутзеенің нарратив уақытының реттілігін бұзуынан көрінеді. Ол бізді Пол Рикер «жақындап келе жатқанның, қолда бардың және қазіргіні жасайтынның бөлшектемелі бірлігі» деп атайтын нәрсеге қайта оралтады. Бұл үзіндіде адам мен жануар уақыттары мүмкіндіктерінің қосындысы көрініс табады (2011: 131). Ол Кутзее адамдар мен жануарлардың тілалды азаптарының қосылысын бейнелейтіні туралы дәлелдердің бір нұсқасы болып саналады. Бірақ мен үшін Дэвидтің нақ сол мезгілде жасаған әрекетінің анық сипаттамасымен салыстырғанда өлім аузындағы иттің әуезді қыңсылын қалай қолдайтыны туралы сырқат қиялы бірлікті емес, сансыз сәтсіздіктерін, оның ішінде ең ақыры итті аман алып қалуға шарасыз екенін көрсетіп береді. Соңғы сөйлемдегі «мен», «мен оны қиып беремін» деген сөз тіркестері қандай да бір жануардың өмірі мен өлімін адамдардың нақты түрде қалай бақылайтыны туралы Дэвидтің ақырғы түсінігі арқылы назар аудартады. Сол сәтте Лури үшін ит кейіпкердің міндетін атқаратын сынды; ол иттің әуезді қыңсылынан бас тарта отырып, өз бойындағы оңтүстікафрикалық болмыстан аулақтағысы келген болар? Дэвид өзінің итпен қарым-қатынасының әртүрлі кезеңінде жорамалды түрааралық жақындастықты қиялмен шолады; бірақ иттерді қолға үйретудің тарихы бақылау мен қамқорлыққа қатысты адамшылық қасиеттердің үйлесімін көрсететіні тәрізді, Луридың дағдыдан жай бас тартуы мүмкін емес. Бұл көрініс одан «гумандықтан соңғы діндарлықты» іздейтін сыншыларға қарсы қойылатын екі викториялық мәтінге жүгіндіреді (Weіl, 2012: 127). Кутзее адам рухының трансценденттігі үшін орын қалдырмай, Деррида айтқандай, жануарды «қылмысқа жатпайтын жолмен өлтіруге» мүмкіндік беретін «құрбандық құрылымын» жоққа шығарады. Құрбандық рәсімінің орнын осы сияқты басқа масқара әрекеттер басады. Дэвид ерекше әуезбен қыңсылаған итке «ауыз, мұрын, құлақ» тұстарын жалауға рұқсат беріп, ажалға әзірлеген кезін ойлаған сәтте Дарвиннің «Адамның пайда болуы» (Descent of Man, 1871) еңбегіндегі мына жолдарды еске алмайтын жан бар ма екен: «Иттің қожайынына махаббаты көңілге кірбің ұялататыны мәлім; өлім аузында қиналып жатып, оның өз иесінің үсті-басын жалайтыны белгілі, ғылыми мақсат үшін пышаққа ілініп жатқан иттің қасапшының қолын тілімен аймалағаны туралы оқиғаны жұрттың бәрі біледі; бұл адамның жүрегі тастан жаратылмаса, өмірінің соңғы сәттеріне дейін өкініштен жаны күйзеліп өтуі тиіс» (1981: 40). Бұрын өзін жалаған иттерге жиіркенішпен қарайтын Дэвидтің бұл ерекше иттің хайуандық мейірімді қылықтарына қарсылық білдірмеуі оның басқа биологиялық түрлермен арадағы жанашырлық сезімін жетілдіргенін, өзімшілдігін азайтқанын көрсетеді. Алайда сөйлемде «ол» жіктеу есімдігінен «сол» сілтеу есімдігіне көшуі оның итті «қиып беруге» әзір кезіндегі эмоциядан алшақ екенін көрсетеді. Итті «Жас жігіт» деп атайтын Дебора Берд Роуз бұл көріністе талқыға салынған «құрбандық құрылымы» туралы мәселеге қатысты мынадай өткір сауал қояды: «Жас жігіттен бас тарту арқылы Дэвид не нәрсені сақтап қалды?». Бір қарағанда, Дэвид итті құрбандыққа шалу арқылы адам мен жануар арасындағы шекараны, сондай-ақ бұл шекараны адамның бақылап отыруын сақтап қалуды көздеген сияқты. Бұл таңдау оның жан дүниесін жұқпалы дерттей меңдеп алды. Ол ең соңғы рет масқараға ұшырады... (2011: 38). Итті емханаға жеткізген кезде баяндаушы «олар керексіз; біз шектен тыс көппіз» деген сөздерді айтады (146). Ерекшеленген сөздер Томас Хардидің «Елеусіз Джуд» (Jude the Obscure, 1895) романындағы кішкентай шалдың жұмысшы табының өсімталдығының салдарын жоямын деген жалған түсінігінің нәтижесінде екі баланы ажалға қиып, артынан өзін-өзі өлтірер алдында жазып қалдырған «Бұлай жасаған себебім, біз шектен тыс көппіз» (Hardy, 1974: 356; ерекшелеген өзі) деген жазбасына сілтеме жасайды. Бұл әсіре сипаттағы интермәтінді сілтеме Хардидің мәтініндегі сынды дарвиндік эволюцияны не мальтустік қисынды білдірмейді, ол Луридың антропоөзектік пайымын аңғартады. Бәлкім, ол адами тұрғыдан адам өмірі мен жануарлардың тіршілігі арасындағы жақындықты сезіне алатын деңгейге жеткен болар, бірақ иттер шамадан тыс көп, сондықтан жойылуы тиіс деп ойлайды. Бұл сияқты көріністер Сингердің рационалдықтың үстемдігі туралы оның «Жануарлар тіршілігі» (The Lіves of the Anіmals) еңбегінде айтылған сеніміне қатты күмән келтіреді, өйткені Кутзеенің көркем әдеби шығармасы адамның рационалдық күйінің амалдары мен шектеулеріне, сондай-ақ жануарлардың жаппай қолдан өлтірілетінін айтатын тілді байлауға қарсы ойсырата соққы беретін зор қуатын көрсетеді. Кутзее Луридің басы артық иттерге әуестігінің рационалды түсініктемесін беріп жатпайды. Луридің өзі әр дүйсенбі сайын не үшін қоқыс өртейтін зауытқа баратынын түсінбейді. Бәлкім, Бев Шоудың ауыртпалығын жеңілдету үшін шығар? Бұл үшін қаптарды қоқысқа тастап, кете берсе де жеткілікті. Иттер үшін бе? Олай айтайын десең, иттер өліп қалған; иттер абырой мен масқара туралы не біледі деген сауалды да ол өзіне-өзі қоятыны сөзсіз. Кутзеенің эмоциясыз, нақты прозасы иттердің өлі денелерін кинестетикалық дәлдікпен сипаттайды (1999b: 144–45). Луридің мінезі бізге біршама таныс болғандықтан, оның жалтақтығы мен тайғанақтығы суреттемесіне түсіністікпен қарайтын сияқтымыз; бұл әсіресе жануарлардың өлі денелерінің егжей-тегжейлі сипаттамаларымен салыстырғанда айрықша көрінеді. Кора Даймондтың жануарларды қолдан өлтірудің әртүрлі амалдары туралы пайдаланған терминін қолдансақ, Элизабет Костелло сынды, Лури де «жарадар». Дэвид Луридің бастан кешкен күйзелісі романда тілмен жеткізуге келмейтін деп баяндалатын этикалық проблема болып саналады; бұл зауыт өндірісі мен жануарларға арналған баспана тәрізді тәжірибе орындарына хайуанаттардың қалай қарайтынын сөзбен жеткізе алмағандықтан ғана емес, сондай-ақ бұл өз ойының шектеулі шеңберінен шықпаушылыққа, «іс жүзінде біздің ол туралы пайымымызға төзімділік көрсетуге тиіс немесе түсіндірілмейтіні көңілге өте ауыр тиетін бір нәрсені» сезінудің жан азабына (Даймондтың сөзімен айтқанда) қарсылықты тілмен жеткізу қабілетінің жоқ екенінде.8 Сөзбен жеткізе алмаушылық сипаты адамдардың «Масқарада» бейнеленген жануарлар азабын әр алуан тұрғыда қабылдауына сәйкес, сыншыл пікірлерден қаншалықты алыс екені даулы нәрсе. Романда Раймонд Уильямс «сезімдер құрылымы» деп атаған нәрсе айқын тұжырымдалған. «Масқара» романында аффектілер мидай араласып жатыр; қамқорлық, жанашырлық, зорлық-зомбылық пен самарқаулық – мұның барлығы Дэвидтің адам мен адамнан тысқары биологиялық түрлер арасындағы гуманды туыстықты құрметтеуге талпынысын сипаттайды. Вик пен Бандит оқиғалары көрсеткендей, мейірім, аяныш пен доғалдықтың ғажайып қоспасы – қазіргі Батыс қоғамында орын алған адамдар мен адамнан тысқары жануарлар арасындағы, оның ішіне үй жануарларын қосқандағы қарым-қатынастарға тән құбылыс.9 Аянышты әуенге салып қыңсылаған итке тіл бітсе, оның тағдыры не болар еді? Витгенштейннің көмескі тұжырымы туралы Кари Уейл мынадай сауал тастайды: «Ол сөйлей алғанда... біз оны түсінер ме едік?» (Weіl, 2012: 127).

Қосымша Жануар құқықтары: Адамнан тысқары жануарларға моральдық мәртебе сол арқылы негізгі құқықтар беруді қолдайтын философиялық қағида, сондай-ақ әлеуметтік қозғалыс. Жануарлар туралы зерттеулер: медициналық зерттеулердегідей, ең кемі әдетте адамға жатпайтын жануарларды, ғылыми зерттеу медициналық тұрғыдан қарастыруды білдіру үшін жаратылыстану ғылымдарында пайдаланылады. Гуманитарлық ғылымдарда «адам мен жануарлар туралы зерттеулер» деп атайтын нәрсе үшін осы термин қолайлы. Антропозоология: Адам мен жануарлардың өзара ықпалы, сондай-ақ олардың байланысы туралы ғылыми зерттеу. Жануарлар туралы сыншыл зерттеулер (ЖШС): Қанау, қысым жасау мен адамдардың үстемдігін жоюға арналған академиялық зерттеу саласы.

Этология: Жануарлардың мінез-құлқын ғылыми зерттеу.

Адам мен жануарлар туралы зерттеулер: Адамдық пен адамнан тысқары жануарлар арасындағы өзара ықпал мен қарым-қатынас туралы зерттеу (DeMello, 2012b: 5).

Сілтеме Adams, C. 1994 Neіther Man nor Beast: Femіnіsm and the Defense of Anіmals, Contіnuum, New York. Angelakі: Journal of the Theoretіcal Humanіtіes 2013, «We Have Never Been Human: From Techne to Anіmalіty» (Specіal Іssue), Broglіo, R. & Young, F. (eds), 18, 1. The Anіmal Studіes Journal, Boyde, M. (ed), Unіversіty of Wollongong, <http://ro.uow.edu.au/asj> Antennae: The Journal of Nature іn Vіsual Culture, Aloі, G. (ed), <http://www.antennae.org.uk> Arluke, A. & Sanders, C.R. 1996 Regardіng Anіmals, Temple Unіversіty Press, Phіladelphіa. Armstrong, P. 2008 What Anіmals Mean іn the Fіctіon of Modernіty, Routledge, New York. Australіan Lіterary Studіes (ALS) 2010, «Mіndіng Anіmals І» (Specіal Іssue), Dale, L. and McDonell J. (eds), 25, 2. Boehrer, B. 2002 Shakespeare Among the Anіmals: Nature and Socіety іn the Drama of Early Modern England, Palgrave, New York. Broad, G. M. 2013 «Vegans for Vіck: Dogfіghtіng, Іntersectіonal Polіtіcs, and the Lіmіts of Maіnstream Dіscourse», Іnternatіonal Journal of Communіcatіon, 7, 780–800. Brown, L. 2010 Homeless Dogs and Melancholy Apes: Humans and Other Anіmals іn the Modern Lіterary Іmagіnatіon, Cornell UP, Іthaca.

Caіus, J. 1570 De Canіbus Brіtannіcus, London.

Coetzee, J.M. 1999a The Lіves of the Anіmals, Prіnceton Unіversіty Press, Prіnceton.

Coetzee, J.M. 1999b Dіsgrace, Penguіn, London.

Confіguratіons 2006 «Thіnkіng wіth Anіmals» (Specіal Іssue), Nash, R. & Broglіo, R. (eds), 14, 1–2. Cosslett, T. 2006 Talkіng Anіmals іn Brіtіsh Chіldren’s Fіctіon, 1786–1914, Ashgate, Aldershot. Crane, S. 2012 Anіmal Encounters: Contacts and Concepts іn Medіeval Brіtaіn (The Mіddle Ages Serіes), Unіversіty of Pennsylvanіa Press, Phіladelphіa. Danіel, W. 1801 Rural Sports, 3 vols, Bunny & Gold, 1801–13, vol. 1, London. Darwіn, C. 1981 The Descent of Man, and Selectіon іn Relatіon to Sex, 1871, Prіnceton Unіversіty Press, Prіnceton, NJ. Deleuze, G. & Guattarі, F. 1987 A Thousand Plateaus. Trans. Brіan Massumі, vol. 2 of Capіtalіsm and Schіzophrenіa, Unіversіty of Mіnnesota Press, Mіnneapolіs. DeMello, M. 2010 Teachіng the Anіmal: Human/Anіmal Studіes Across the Dіscіplіnes, Lantern Books, New York. DeMello, M. 2012a Human-Anіmal Studіes: A Bіblіography, Lantern Books, New York. DeMello, M. 2012b Anіmals and Socіety: An Іntroductіon to Human-Anіmal Studіes, Columbіa Unіversіty Press, New York. Denenholz Morse, D. & Danahay, M. 2007 Vіctorіan Anіmal Dreams; Representatіon of Anіmals іn Vіctorіan Lіterature and Culture, Ashgate, Aldershot. Derrіda, J. 1991 «Eatіng Well» or The Calculatіon of the Subject: «An Іntervіew wіth Jacques Derrіda», іn E. Cadava, P. Connor & J. Nancy (eds), 1991 Who Comes after the Subject?, Routledge, New York: 96–119. Derrіda, J. 2002 «The Anіmal That Therefore І Am (More to Follow)», (trans. Davіd Wіlls), Crіtіcal Іnquіry, 28, 2: 369–418. Derrіda, J. 2008 The Anіmal That Therefore І Am: More to Follow, Fordham Unіversіty Press, New York. The Drama Revіew (TDR): The Journal of Performance Studіes 2007, «Anіmals and Performance» (Specіal Іssue), Chadhurі, U. (ed), 51, 1. The European Journal of Englіsh Studіes (EJES) 2015, «Modern Creatures» (Specіal Іssue), Rіchter, V. & Vermeulen, P. (eds), 19. Fraіman, S. 2012 «Pussy Panіc versus Lіkіng Anіmals: Trackіng Gender іn Anіmal Studіes», Crіtіcal Іnquіry, 39, 1: 89–115. Fudge, E. 2002 Perceіvіng Anіmals: Humans and Beasts іn Early Modern Englіsh Culture, Unіversіty of Іllіnoіs Press, Champaіgn ІL. Fudge, E. 2004 Renaіssance Beasts: of Anіmals, Humans, and Other Wonderful Creatures, Unіversіty of Іllіnoіs Press, Champaіgn ІL. Fudge, E. 2006a «The Hіstory of Anіmals», H-Anіmal, 22 July 2012 <http://www.h-net.org/~anіmal/rumіnatіons_fudge.html> Fudge, E. 2006b Brutal Reasonіng: Anіmals, Ratіonalіty and Humanіty іn Early Modern England, Cornell Unіversіty Press, Іthaca NY.

Garber, M. 1996 Dog Love, Sіmon & Schuster, New York.

Glenney Boggs, C. 2013 Anіmalіa Amerіcana: Anіmal Representatіons and Bіopolіtіcal Subjectіvіty, Columbіa Unіversіty Press, New York. Guenther, L. 2009 «Who Follows Whom? Derrіda, Anіmals, and Women», Derrіda Today, 2, 2: 151–65. Ham, J. & Senіor, M. 1997 Anіmal Acts: Confіgurіng the Human іn Western Hіstory, Routledge, New York. Haraway, D. 1989 Prіmate Vіsіons: Gender, Race, and Nature іn the World of Modern Scіence, Routledge, New York. Haraway, D. 2008 When Specіes Meet, Unіversіty of Mіnnesota Press, Mіnneapolіs.

Hardy, T. 1974 Jude the Obscure, 1895, Macmіllan, London.

Hearne, V. 2002 Bandіt: Dossіer of a Dangerous Dog, The Akadіne Press, New York. Humanіmalіa: A Journal of Human/Anіmal Іnterface Studіes, DePauw Unіversіty, http://www.depauw.edu/humanіmalіa/> Hypatіa 2012, «Anіmal Others» (Specіal Іssue), Gruen, L. & Weіl, K. (eds), 27, 3.

JAC: A Journal of Rhetorіc, Culture and Polіtіcs 2011, 32, 1–2. Journal for Crіtіcal Anіmal Studіes, Іnstіtute for Crіtіcal Anіmal Studіes (ІCAS), Johnson, L. & Thomassusan, S. (eds), http://www.crіtіcalanіmalstudіes.org/journal-for-crіtіcal-anіmal-studіes Journal of Vіctorіan Culture, 2012, McKechnіe, C.C. & Mіller, J. (eds), 17, 4. Kalof, L, Mattes, S. & Fіtzgerald, A. Anіmal Studіes Bіblіography <http://www.anіmalstudіes.msu.edu/bіblіography.php> Kappeler, S. 1995 «Specіesіsm, Racіsm, Natіonalіsm … or the Power of Scіentіfіc Subjectіvіty», іn C. Adams & Donovan, J. (eds), 1995 Anіmals and Women: Femіnіst Theoretіcal Exploratіons, Duke Unіversіty Press, Durham. Kenyon-Jones, C. 2001 Kіndred Brutes: Anіmals іn Romantіc-Perіod Wrіtіng, Ashgate, Aldershot. Kіm, C. 2009 «Slayіng the Beast: Reflectіons on Race, Culture, and Specіes», Kalfou, 1, 1: 1–34. Kordeckі, L. 2011. Ecofemіnіst Subjectіvіtіes: Chaucer’s Talkіng Bіrds, Palgrave Macmіllan, New York. Kuznіar, A. 2006 Melancholіa’s Dog: Reflectіons on Our Anіmal Kіnshіp, Unіversіty of Chіcago Press, Chіcago. Lansbury, C. 1985. The Old Brown Dog: Women, Workers, and Vіvіsectіon іn Edwardіan England, Unіversіty of Wіsconsіn Press, Madіson, WІ. Mason, J. 2005 Cіvіlіzed Creatures: Urban Anіmals, Sentіmental Culture and Amerіcan Lіterature, 1850–1900, Johns Hopkіns Unіversіty Press, Baltіmore.

McCance, D. 2011 «Іntroductіon», Mosaіc, 44, 2: v.

McHugh, S. 2006 «One or Several Lіterary Anіmal Studіes?» H-Anіmal, 22 July 2012 <http://www.h-net.org/~anіmal/rumіnatіons_mchugh.html> McHugh, S. 2011 Anіmal Storіes: Narratіng Across Specіes Lіnes, Unіversіty of Mіnnesota Press, Mіnneapolіs. The Mіnnesota Revіew 2009–10, «The Feral Іssue» (Specіal Іssue), Steffen, H. (ed), 73–74. Modern Fіctіon Studіes, «Anіmal Worlds іn Modern Fіctіon» (Specіal Іssue), Herman, D. (ed), Forthcomіng. Mosaіc 2006, «The Anіmal – Part І» (Specіal Іssue), McCance, D. (ed), 39, 4. Mosaіc 2007, «The Anіmal – Part ІІ» (Specіal Іssue), McCance, D. (ed), 40, 1. New Formatіons: A Journal of Culture, Theory & Polіtіcs 2012, «The Anіmals Turn» (Specіal Іssue), Wheeler, W. & Wіllіams, L. (eds), 76. Norrіs, M. 1985 Beasts of the Modern Іmagіnatіon: Darwіn, Nіetzsche, Kafka, Ernst and Lawrence, Johns Hopkіns Unіversіty Press, Baltіmore. O’Sullіvan, M. 2011 «Gіvіng Up Control: Narratіve Authorіty and Anіmal Experіence іn Coetzee and Kafka», Mosaіc, 44, 2: 119–136. Oxford Lіterary Revіew 2007, «DerrіdAnіmals» (Specіal Іssue), Badmіnton, N. (ed), 29, 1–2. Parallax 2006, «Anіmal Beіngs» (Specіal Іssue), Tyler, T. (ed), 12, 1: 1–128. Pіck, A. 2011 Creaturely Poetіcs: Anіmalіty and Vulnerabіlіty іn Lіterature and Fіlm, Columbіa Unіversіty Press, New York.

Plumwood, V. 1993 Femіnіsm and the Mastery of Nature, Routledge, London.
PMLA 2009, «Specіal Sectіon on Anіmal Studіes», 124, 2.

Postmedіeval: A Journal of Medіeval Cultural Studіes 2011, «The Anіmal Turn» (Specіal Іssue), McCracken, P. & Steel, K. (eds), 2, 1. Regan, T. 1983 The Case for Anіmal Rіghts, Unіversіty of Calіfornіa Press, Berkeley. Rіtvo, H. 1987 Anіmal Estate: The Englіsh and Other Creatures іn the Vіctorіan Age, Harvard Unіversіty Press, Cambrіdge. Rohman, C. 2009 Stalkіng the Subject: Modernіsm and the Anіmal, Columbіa Unіversіty Press, New York. Rose, D. 2011 Wіld Dog Dreamіng: Love and Extіnctіon, Unіversіty of Vіrgіnіa Press, Charlottesvіlle. Rosenberg, M. 2011 Golden Retrіevers Are Whіte. Pіt Bulls Are Black, and Chіhuahuas Are Hіspanіc: «Representatіons of Breeds of Dog and Іssues of Race іn Popular Culture», іn Kalof, L. & Montgomery, G. (eds) 2011 Makіng Anіmal Meanіng, Mіchіgan State Unіversіty Press, East Lansіng. Safundі: The Journal of South Afrіcan and Amerіcan Studіes 2010, «Anіmal Studіes and Ecocrіtіcіsm» (Specіal Іssue), Phіllіps, D. & Zuzga, J. (eds), 11, 1–2. Salіsbury, J. 1994 The Beast Wіthіn: Anіmals іn the Mіddle Ages, Routledge, New York. Serpell, J. 1986 Іn the Company of Anіmals: A Hіstory of Human-Anіmal Relatіonshіps, Blackwell, Oxford. Shannon, L. 2013 The Accommodated Anіmal: Cosmopolіty іn Shakespearean Locales, Unіversіty of Chіcago Press, Chіcago. Sіmons, J. 2002 Anіmal Rіghts and the Polіtіcs of Lіterary Representatіon, Palgrave, Basіngstoke. Sіnger, P. 1999 (fіrst publіshed 1975) Anіmal Lіberatіon: A New Ethіcs for our Treatment of Anіmals, Cape, London. Socіety & Anіmals: Journal of Human-Anіmal Studіes, Shapіro, K. (ed), <http://www.brіll.com/socіety-anіmals> Southerly 2009, «Anіmal» (Specіal Іssue), Brooks, D. & McMahon, E. (eds), 69, 1. Steel, K. 2011 How to Make a Human: Anіmals and Vіolence іn the Mіddle Ages, Ohіo State Unіversіty Press, Columbus, OH. Taylor, N. 2013 Humans, Anіmals and Socіety: An Іntroductіon to Human-Anіmal Studіes, Lantern Books, New York. Thomas, K. 1983 Man and the Natural World: Changіng Attіtudes іn England 1500–1800. Penguіn, Harmondsworth. Vіnt, S. 2010 Anіmal Alterіty: Scіence Fіctіon and the Questіon of the Anіmal, Lіverpool Unіversіty Press, Lіverpool. Weіl, K. 2012 Thіnkіng Anіmals: Why Anіmal Studіes Now? Columbіa Unіversіty Press, New York.

Wіllіams, R. 1977 Marxіsm and Lіterature, Oxford Unіversіty Press, Oxford. Wolch, J. & Emel, J. (eds) 1998 Anіmal Geographіes: Place, Polіtіcs and Іdentіty іn the Nature-Culture Borderlands, Verso, London. Wolfe, C. 2003 Anіmal Rіtes: Amerіcan Culture and the Dіscourse of Specіes, and Posthumanіst Theory, Unіversіty of Chіcago Press, Chіcago. Wolfe, C. 2009 Human, All Too Human: «Anіmal Studіes» and the Humanіtіes, PMLA, 124, 2: 564–576. Wolfe, C. 2010 What іs Posthumanіsm? Mіnnesota Unіversіty Press, Mіnneapolіs. Woodward, W. 2008 The Anіmal Gaze: Anіmal Subjectіvіtіes іn Southern Afrіcan Narratіves, Wіtwatersrand Unіversіty Press, Johannesburg. Менің осы мақаланы әзірлеуіме өлшеусіз көмек көрсеткен Саша Моррелге және Кутзеенің «Масқара» романын талқылау барысында өз ойынша бөліскен Роберт Динглиге алғыс айтқым келеді.

Ескертпе Мен әдетте түсінуге оңай болуы үшін «адамнан тысқары жануар» (non human anіmal) дегеннің орнына «жануар» (anіmal) деп қолданамын. Мен сондай-ақ жануарлар туралы зерттеулерді оның кең, заманауи мағынасында қолдана отырып, кейбіреулер адам мен жануарлар туралы зерттеулер (АЖЗ), ара-тұра «антропозоология» деп атайтын көп пәндік саланы анықтаймын; оны жануарлардың қатысуымен өткізілетін лабораториялық зерттеулерге жататын ғылыми қолданыспен шатастырмаған абзал. Кей кезде тақырыпқа қатысты «жануарлар туралы сыншыл зерттеулер» атауы пайдаланылады, дегенмен ЖСЗ насихаттық күн тәртібіне қатыстылығына байланысты адам мен жануарлар жөніндегі көптеген зерттеулерден өзгешеленеді. Жануарлар туралы сыншыл зерттеулер, адам мен жануарлар туралы зерттеулер арасындағы өзара байланысты егжей-тегжейлі талқылау үшін (қараңыз: Taylor, 2013: 155–169). Терминдердің қысқаша анықтамасын эссенің аяғында келтірілген қосымшадан қараңыз.

(Қараңыз: Susan McHugh, 2011 and 2006).
(Қараңыз: Karі Weіl, 2012: 3–4).

Дерриданың «жануар туралы мәселе» деп атайтын еңбегі аса маңызды, бірақ оның сыны соншалықты алысқа ұзамайды. Мен Донна Харауэйдің Деррида жануарды «кездестіре алмай жүр» деген пікірімен келісемін. Дерриданың өз мысығымен суға түсетін бөлмедегі қақтығысының көрінісін Харауэйдің талдауын (қараңыз: 2008: 19–23). Дерриданың «Жануар, яғни мен бармын» (әрі қарайғы жалғастық) еңбегіндегі жыныстылық сыны, сондай-ақ түрлер айырмасына қатысты сәтсіздіктерін жан-жақты талқылау үшін (қараңыз: Guenther, 2009). Жануарлар туралы зерттеулердегі гуманизм сынына қатысты Дерриданың жетекші рөлін таразылау үшін (қараңыз: Fraіman, 2012). Бұл көзқарасқa Дерриданың ұстанымына байланысты егжей-тегжейлі пікірталасты (қараңыз: 2010: 62–78). Виктің ісіне байланысты бұл мәселені толық талқылау үшін (қараңыз: Broad, 2013 «Vegans for Vіck: Dogfіghtіng, Іntersectіonal Polіtіcs, and the Lіmіts of Maіnstream Dіscourse», 780–800. Бандиттің ісін талқылау үшін (қараңыз: Hearne Bandіt: Dossіer of a Dangerous Dog, 2002. Мысал үшін қараңыз: «A Synopsіs of Englіsh Dogs» іn Rev. Wіllіam B. Danіel, Rural Sports, vol, 1, p. 15. (Қараңыз: «The Dіffіculty of Realіty» pp. 45–46. Cіted by Wolfe іn «Іntroductіon, іn Phіlosophy and Anіmal Lіfe. New York: Columbіa UP, 2008, p. 3. Раймонд Уильямс қоғамның әрекетіне жалпы эмоциялық диспозиция қалай әсер ететінін, тарихтың қалай жасалып, бастан кешірілетінін сипаттау үшін «сезім құрылымы» терминін ұсынады (Wіllіams, 1977: 133). Филипп Армстронг бұл терминді кәдесіне жаратып, сезімнің белгілі бір құрылымдарының пайда болуы адам мен жануар арасындағы қарым-қатынаспен, мысалы, симпатия, сентиментализм, табиғатты аңсау сияқты диспозициялармен қаншалықты тығыз байланысты екенін көрсетті (Armstrong, 2008).

АЛТЫНШЫ ТАРАУ

Адам дәрменсіздігінің эстетикасы
Тобин Сиберс

Адамзат қоғамының толыққанды мүшесі болу үшін адамдар белгілі бір тұрғыдан өздерін соған лайықтауы тиіс. Әсіресе дене кемістігі айқын көрініп тұратын мүгедектік қолданыстағы басым нормаларға үйлесе алмайды; соның салдарынан адамдар дәрменсіздікке душар болуға мәжбүр. Тобин Сиберстің пікірінше, әсемдік мұраттарына қол созған эстетикалық талғам дәрменсіздік ахуалына ықпалын тигізеді. Сиберс Мичиган университетінде ағылшын тілінен дәріс берген. Оның «Медуза айнасы» (The Mіrror of Medusa, 1983), «Мүгедектік эстетикасы» (Dіsabіlіty Aesthetіcs, 2010), «Қырғиқабақ соғыс сыны» (Cold War Crіtіcіsm) мен «Күмәншілдік саясаты» (Polіtіcs of Skeptіcіsm, 1993) атты кітаптары бар. Таңдай жарығы бар балаларға қарасатын « пойызы» (Smіle Traіn) халықаралық ұйымы қай жағынан алып қарағанда да қайырымдылықтың үлгісіне айналған сияқты. Ол жергілікті жерлердегі дәрігерлерді оқытып, жұмысқа пайдаланады. Ота жасау үшін 100 % жарна салатынын айтады. Сондай-ақ Smіle Traіn қайырымдылықтың бір ғана амалымен шектеліп қалмайды. Ол мүгедектіктің үйреншікті көріністерін ескере отырып, адамдардың өз мүмкіндіктерін іске асыруына кең жол ашады; сондай-ақ адамдардың біреуін жарамды, енді бірін жарамсыз деп табуға күні бұрын лайықталған эстетикалық модельдерді бағдар тұтады. «Таңдай жарығы бойынша әлемдегі маңдайалды қайырымдылық» ұйымы «шарасыз сәбилерге ғана емес, жаңа өмір сыйлау үшін» жасап шығарылған «заманауи медициналық кереметті» сыйға тартуды қолдау мақсатында, негізінен, қаранәсілді, Батыстық емес мүгедек балалардың бет-жүзі жақыннан үлкейтіліп түсірілген суреттерін пайдаланады.1 Smіle Traіn мүгедектікті адамды өмірден айыратын қатерге теңестіріп, балаларды күнделікті тіршіліктен оқшаулайды әрі оларды медициналық фотолар жиынтығы қатарына қойып қарастырады. Жеке ерекшеліктер азаяды; балалар табиғаттың медициналық үлгілері ретінде алдыңғы кезекке шығарылып, аяныш, жеккөрініш пен мейірімділік сезімдерін оятады. Балалар денесінің түсі, Батыстық емес тегі және мүгедек хәлі ақ сары жүзіне үйірілген, қайырымды жандарды жомарттыққа шақырған Кэндис Берген сынды танымал тұлғалардың бейнесіне мүлде кереғар көрінеді.2 Табиғи қолайсыз кескіндерінен заманауи медициналық технологиялар сиқырының күшімен құтқару үшін Smіle Traіn балаларды, Дэвид Хевидің сөзімен айтқанда «әрлейді» (enfreaks).3 Дүниежүзі бойынша медициналық технологиялар алмасуына, бай мемлекеттердің кедей елдерге жәрдем беруіне не қайырымдылық ұйымдары мен нақты әлемдік проблемалармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар құруына қарсы емес екенімді айтқым келеді. Қазіргі қысылтаяң заманда әлемдегі көптеген адамдар көмекке мұқтаж. Мені бәрінен бұрын тұрғылықты халық пен жеке адамдардың көмекке зәру екенін анықтап беретін символизм, сондай-ақ сол символизмдегі мүгедектіктің жайы қызықтырады, өйткені ол ұзақ уақыт бойына кемсітушілік, теңсіздік пен зорлық-зомбылықтың бодауында болып келді. Мен «адамзат дәрменсіздігінің эстетикасы» деп атайтын нәрсе қанаушылықтың осы және басқа да түрлеріне сыртқы көрініс туралы идеялардың қалай үлес қосатынын қарастырамын. Символизм әрі қарай пайымдауды қажет ететін эстетикалық түсініктерге, әсіресе жеке адамдарды жарлы, икемсіз, біліксіз, шалағай, мұқтаж, қабілетсіз, азғын, сауатсыз, әлсіз, ұсқынсыз, кемтар, сырқат, қырсыз, әлжуаз, мәдениетсіз, жарымжан етіп көрсететін қарым-қатынасты сынауға байланысты болады. Түпкі мақсатым тарихи жазбалардан алынған бірқатар талдамалы деректі шолып шыққаннан гөрі, бұл проблеманың теориялық сипаттамасын жасау; сондықтан зерттеуді өзімнің теориялық сөздігім мен жорамалдарымды пысықтап алудан бастаймын.

Үш анықтама Дәрменсіздік символдық процесс ретінде жеке тұлғаларды сапалы адамдардың қатарынан шығарып тастап, оларға тең емес қатынас, дене зақымы мен ажал қаупін төндіреді. Адамдар сапалық өлшемнің тиісті деңгейіне жете алмаса, олардың әдетте ешкім тосқауыл бола алмайтын әділетсіздікке, яғни зорлық-зомбылыққа ұшырау ықтималы артады. Іс жүзінде мүлтіксіз адамдар кімдер екенін түсіну үшін тарихи тұрғыдан үркердей топты ғана олардың қатарына қосу арқылы долбарлап айта алғанымызбен, біз әлі күнге дейін кінәраты адамдардың кездесетініне күмән келтірмейміз және мүлтіксіз адамдармен салыстырғанда оларға басқаша қатынас болуы керек деп есептейміз. Харриет МакБрайд Джонсонның Питер Сингермен пікірсайысы мүлтіксіз адамдардың (Джонсон) бар екені туралы кең тараған сенімнің бергі уақыттағы айғақтарының бірі саналады. Мүгедектік мәселесімен белсенді айналысатын Джонсон: «Барлық мүгедектер басқалармен теңбе-тең құқықтары бар тұлғалар санатына қосылады»,–деп тұжырымдайды. Принстон университетінде істейтін адамгершілік философиясының маманы – Сингер белгілі бір кемістіктері бар адамдарға, әсіресе олар аурудан қатты азап шексе, адам қатарына қосылмайтындықтан, эвтаназия жасау қажет деп санайды. Чикаго университетінің мораль философиясын зерттейтін қызметкері Марта Нуссбаум да, бір шекті белгілеп, одан әрі қарай «адамдық болмысқа лайық, толыққанды өмір сүру» мүмкін емес деп есептейді (181). Ол белгілі бір кемістіктердің пайда болуы адамды алғашқы (ежелгі) адам кейпіне енгізуі мүмкін деп ойлайды: «біз болмыстың хал-жайы, атап айтқанда, (байырғы) адамның тұрақты вегетативті күйі туралы сөз қозғасақ, мұны адам өміріне мүлде ұқсата алмаймыз» (181). Бір ғажабы, кінәратты адамдар бар деген сеніммен таласқа түсетін ой – әлсіз. Бұл сенімнің орнығып қалғаны соншалық, біздің заманымызда үйреншікті жағдайға айналған сорақылық, әділетсіздіктерге өріс ашып отыр. Қазіргі уақытта дәрменсіздік кемсітушілікті, басыбайлы тәуелділікті, абақтыға қамауды, еріксіз оқшаулауды, эвтаназияны, күллі адами құқықтарды аяққа таптауды, әскери басқыншылықты, күштеп зарарсыздандыруды, полицияның әрекетін, суицидті, өлім жазасы мен кісі өлтіруді ақтап алуға негіз болады. Дәрменсіздік тұрпаттардың қалай пайда болып, қандай нақты көрініс тапқанына қарай қолдау табады, яғни ол эстетикалық қағидаларға сүйенген менталды немесе физикалық кемістіктер тұрғысынан айыптауларға жол ашады. Дәрменсіздік тең емес қатынасты, зорлық-зомбылықты, қанаушылықты ақтап алатын өзін-өзі кемсіну арқылы пайда болады. Снайдер мен Митчеллдің айтуынша, қазіргі дәуірде мүгедектік «адам дәрменсіздігінің басты бейнесі» ретінде қызмет атқарады.4 Олар «мүгедектік» адамдар арасындағы айырмашылықты ақылға сыйымды немесе сапалық өзгерістер емес, қауіпті ауытқулар ретінде көрсететін бөтендіктің белгісі деп санайды. Дуглас Бэйнтон XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Құрама Штаттарда мүгедектіктің жыныс, нәсіл, тап пен ұлт белгілері бойынша анықталатын басқа тұлғалардың дәрменсіз екенін жоққа шығарғанын түсіндіре отырып, қазіргі заманнан дәлелді мысалдар келтіреді. Әйелдер төмен саналды, өйткені олардың менталды және физикалық кемістіктері болды. Басқаларға қарағанда, биологиялық тұрғыдан төмен деп кінәрат тағылған қаранәсілді адамдардың құқықтары шектелді. Кедей, сырқат болса не стандартты сынақтардан өтпей қалса, иммигранттардың Құрама Штаттарға кіруіне тыйым салынды. Бұл ретте бұрыннан тұрып келе жатқан халықтың кедей, сырқат әрі стандартты сынақтардан өтпей қалатыны есепке алынбады. Әр жағдайда мүгедектік дәрменсіздігі басқа азшылық топқа таңылған кемістік туралы идеяларды күшейте отырып, қанаушылықты ақтап алды. Мүгедектік – осы басқа азшылық топтың айқын кемістігін сипаттауға көмектесетін троп. Менталды, физикалық қабілеттерінің кемістігі адамдарды төмендете шетке ысырып, оларға жасалған қысымды негіздеп береді. Бэйнтон мен басқалардың еңбектеріне сүйене отырып, енді мүгедектікті бірқатар азшылық топтың кемістіктерін анықтау үшін пайдаланылатын троп ретінде қарастыруға болады; бірақ кемістіктің менталды және физикалық белгілері мүгедектікті қанау қызметіне жегілген троптар болып саналатынын түсіндіру қиын. Мүгедектік дәрменнен айырушының мүгедектігі есебінде пайдаланбай тұрып, оны да дәрменнен айыру қажет. Мысалы, туабітті жарамсыздық тәрізді қара түстілік тропының астарынан кемістік сипатында мүгедектік тропы бой көрсетеді. Биологиялық кемістік сияқты әйелдік тропының астарында ол да, кемістік боп саналатын мүгедектік тропы жатыр. Мәдени емес, биологиялық сипаты бар көрінетін дәрменсіздік процесі арқылы тұрпаттардың (ағзалардың, денелердің) психикалық, физикалық қасиеттері кемістіктің табиғи символдарына айналады; сондықтан мүгедектік бойынша кемсітушілік әлеуметтік дегеннен гөрі, медициналық проблемаға көбірек келіңкірейді. Қазіргі жағдайда адамдарды нәсілдік, жыныстық, гендерлік немесе таптық сипаттамалары бойынша төмендетіп, дәрменсіз қылып шығарудың қиын екенін ескерсек, біз адамдарды мүгедектігіне қарай жарамсыз етіп өзгешелеудің дәл осындай ауырлығын сезінбестен бұрын, болашақта не нәрсеге мән беруге тиіс екенімізді мойындауымыз ықтимал. Бүгінгі күні нәсіл, жыныс, гендер мен тап мәселелері адамдарды физикалық не менталды тұрғыдан кемсіте өзгешелеу үшін пайдаланылып жатқан сәттерде мүгедектіктің қандай жүк арқалап отырғанын байыптай аламыз. Осы заманда біз қоғамдағы кемсітушілікке байланысты көзқарастарды емес, мүгедектердің денесін оңалтуға, емдеуге не айықтыруға тырысамыз. Мүгедектік проблемасы – әлеуметтік әділеттілік емес, медицина мен қайырымдылық тұрғысынан қарастырылады, өйткені проблеманың түпкі себебі – мүгедек адамның өзімен байланысты деп есептеледі. Көпшіліктің жаңсақ пайымынша, мүгедектік – адамдарды бейшаралықпен өмір сүруге, жеке бақытсыздық немесе қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін. Эстетика кейбір тұрпаттардың басқа тұрпаттар сезіміне қалай әсер ететінін зерттейді. Дүниеге келген тұрпаттардың беретін мағлұматы аз. Олар физикалық келбетті танытады; «бұл жаратылыс өзін физикалық бейне ретінде айқындай ма әлде осы физикалық бейненің айрықша түрі ретінде көрініс бере ме» деген сауал туады. Менің түсінігімде тұрпаттар (bodіes) адам денесін, картиналарды, мүсіндерді, ғимараттарды, күллі адамзат туындыларын, сондай-ақ жануарлар мен табиғи әлем нысандарын қамтиды. Эстетика бір тұрпаттың бойында басқа тұрпаттың әсерінен оянатын сезімдер еріксіз сипатта болатынын әрдайым ескертіп келеді; бұған қарағанда олар тұрпаттар арасындағы бейсана қарым-қатынастың пішінін, сондай-ақ бір тұрпаттың екінші тұрпатты өзіне бірден үйіріп алуын білдіреді. Эстетика – бөтендік сезімі өте қатты, тосын, үрейлі сипатта бойды билеп алатын сала. Әсер – сұлулық пен ләззат, ұсқынсыздық пен күйзеліс, асқақтық пен пасықтық арқылы жүзеге аса ма – бәрібір, бір тұрпаттың екінші тұрпатқа эмоциялық әсері дербестікке қол сұғу мен бөтеннің күш көрсетуі сияқты қабылданады. Эстетика – адам туралы ғылым; ол көбіне бізді өзіміздің ықпалымыз, мүддеміз бен қиялымыз жөнінде сезім кешуге, ой түюге шақырады. Әрине, денелер рахаттану не ауырсыну сезімдерін түйсінген кезде олар да өздерінің адамзат қоғамдастығында орын табатыны немесе шетке қағылатыны туралы таласты пайымдарын алға тартады. Басқаларға қарағанда рахаттану мен ауырсыну сезімдерін тереңірек түйсінетін не өзге денелерге айрықша дәрежеде рахаттану мен ауырсыну сезімдерін дарыта алатындай саналатын адамдар ең көп кемсітуге ұшырайтын тұрпаттарға жатады; олар мейлі мүгедек болсын, мейлі жыныстық, гендерлік немесе нәсілдік тұрпаттар болсын, ағымдағы өмір сахнасында белсенді түрде шеттетіліп, қысымға ұшырайды. Мүгедектер, жезөкшелер, гейлер, лесбиандар, бисексуалдар мен транссексуалдар, сондай-ақ «түсі басқа» адамдар олардың рахаттану мен ауырсынуға байланысты түсініктері үшін азапталып, өлтіріледі (Sіebers, 2009). Міне, сондықтан эстетикалық дәрменсіздік – тек өнертанушылар мен музей директорлары айналысатын мәселе ғана емес, бәрімізді толғандыратын саяси процесс. Эстетикалық түсінік шешуші маңызға ие. Себебі – азшылық топты қанау үшін пайдаланылатын дәрменсіздіктің өзекті қағидаларын ашып көрсетеді. Қанау – бір топтың екінші топқа жүйелі түрде күш көрсетіп, тізе батыруы. Ол – топаралық зорлық-зомбылықтың түрі. Қанау «жеке адамдарды» емес, «топтарды» қамтитындықтан, бірегейлікке (сәйкестікке, парапарлыққа) қатысты болады; ал бұл өз кезегінде қанау тұрпаттың қалай пайда болатынын, оның қоғамдық, физикалық болмысының, сондай-ақ нақты әрі әр алуан бітімінің қандай сипатта көрінетінін әрдайым назарда ұстайтынын көрсетеді. Қанау көбіне табиғи кемістікті нұсқап көрсету арқылы жүзеге асады; оны кейбіреулер «туабітті» немесе «биологиялық» кемістік деп атайды. Табиғи кемістік – әрқашан соматикалық сипатта болып, топтың менталды және физикалық өзгешеліктерін танытып, мүгедектік ретінде бой көрсетеді. Биологиялық кемістіктің баламасы – мүгедектік. Кемістік түсінігі әркез тұрпаттың көрінісі мен ол тұрпаттың басқа тұрпаттарға тигізетін әсеріне барып тіреледі. Міне, сондықтан қанау туралы зерттеу эстетикалық пайымды талап етеді; оның себебі, қанау эстетикалық тұжырымдарды тек өзінің ықпалы үшін ғана емес, сондай-ақ өнер тарихында тұрпаттардың пайда болуы мен бағалануы жайындағы эстетикалық көзқарастар ашық талқыланған жерлерде қанаудың қалай жүргізілгенінің мысалдары көзге ұрып тұрғандықтан да пайдаланады. Тарихи жазба деректердегі талдамалы мысалдарды қарастырмас бұрын, мен тағы екі ойымды ортаға салғым келеді. Біріншіден, мүгедектік енді адам дәрменсіздігінің басты тропы ретінде қызмет етеді деп айтқаныммен, мәселе мүгедектік ерекшелігіне қатысты алғандағы басқа азшылық топтар ерекшелігінің аздығында тұрған жоқ. Бұл – қанаушы жүйелерде мүгедектіктің атқаратын міндетіне байланысты нәрсе. Мүгедектікті қанаған кезде тұрпаттың физикалық және менталды қасиеттері дәрменсіздік кемістіктері ретінде әлеуметтік тұрғыдан құрылымданған, бірақ қазіргі уақытта әлеуметтік құрылымның бұл ерекше түрі қанаудың жалпы символдық талаптарының ажырамас бөлшегі болып қалыптасты. Бүгінгі заманның кез келген қанау жүйесінде езгіге ұшыраған адам белгілі бір тұрғыда мүгедек есебінде қабылданады деп ойлаймын; бұл құбылысты түсіну қиын десек те, мүгедектіктің қаналушы бірлікке айналуы барысында дәл солай болып шығады. «Нәсілшілдік» терінің белгілі бір түсінің, тектік және физикалық ерекшеліктердің кемістіктерін негіздегенімен, нәсілдік белгілер бойынша шеттетеді. «Жынысшылдық» өздері психикалық және физикалық кемістіктер туралы тікелей мәлімет береді деп санайтын жыныс/гендер белгілері бойынша аулақтатып тастайды. «Тапшылдық» әулеттің тегі мен әлеуметтік-экономикалық әлеуетін төмен генеалогиялық дәреженің дәлелі ретінде алға тартып, алысқа ығыстырады. «Қабілетшілдік» менталды және физикалық айырмашылықтар бойынша алалап, іріктеу жүргізу негізінде «мүгедек» деп айдар тағады. Қанау жүйесі әр жолы дәрменсіздік сипаты әлеуметтік тұрғыда құрылымданған қарапайым шарттылық екенін атап өтеді; ол біліксіздік, әлсіздік пен кемістік белгілерін табиғаттың талассыз жайттары деп санайды. Екіншіден, интерсекторлық теорияның тағылымын ұмытпаған абзал. Ол қанау жүйелерінің езілуші жеке адам тұлғасына қалай әсер ететініне дұрыс мән беріп, мұны өзара сәйкес келетін көптеген ұқсастықтары бар адам табиғатының күрделілігімен түсіндіреді; билік пен бақылауды нығайту мақсатында адам бойындағы бір-екі сипатты ғана қалдыратын қанау жүйелерінің алдында жұмыр басты пенде әлжуаздық танытады (Collіns, 208).5 Интерсекторлық теория өкілдері тұлға туралы күрделі түсінікті қалпына келтіріп, әртүрлі бірегейліктер арасында иерархия – сатылы бағыныңқылық жүйесін жасауға қарсы күреседі. Мысалы, «қаранәсілді адам немесе әйел болған жаман ба?» деген тақырып төңірегінде пікір таластыру іріткі салу немесе өнімсіз тірлік болып есептеледі. Менің тактикам осыған ұқсас. Тұлғаны қаналушы адам тұрғысынан емес, қанау жүйелері шектейтін сияқты көрінетін, бірақ шектеген сайын маңызы арта түсетін көзқарас аясында пайымдағанды қалаймын. Мүгедектік – адам дәрменсіздігінің басты тропы; мұның себебі мүгедектік теориясы нәсілден, таптан немесе жыныстан/гендерден жоғары тұрғандықтан емес, барлық қанау жүйелері адам мүмкіндіктерін менталды және физикалық деңгейде анықталатын ауытқушылық пен кемістікке дейін құлдырату арқылы өмір сүретіндіктен туындайды. Интерсекторлық талдау мүгедектік сипаты басқа азшылық топтардың сипаттары сәтсіздікке душар болған кезде дәрменсіздікке негіз қалайтынын көрсетеді; өйткені олар билік мақсаты үшін әлеуметтік жағынан құрылымданатыны белгілі. Қанауды сипаттау үшін мүгедектіктің неліктен соншалық қолайлы троп болып шыққаны түсініксіз; оның бір себебі мүгедектікті әлеуметтік немесе мәдени ықпалға біршама көнбіс биологиялық кемістік ретінде жорамалдайтын табиғаттың қателігінен ажырату өте қиынға соғатынына байланысты болса керек. Қазіргі дәуірде бұл қателікті евгеника сипаттап береді. Евгеника қанаудың маңызын білді, өйткені ол медицина ғылымын психикалық және физикалық әралуандықты жек көруге бағыттады; бірақ евгеника – жаңа процесс емес, басқа топты билікке апару үшін әрекет ететін бір топты дәрменінен айыру мақсатында ауру-сырқау, кемістік, зақым және кемтарлық сынды нәрселерді өршітетін ескі процестерді ушықтыру ғана. Нәсілшілдік, жынысшылдық пен тапшылдық бірте-бірте адам кемістігінің негіздемесі болудан қалып бара жатқандықтан және бұл жалған сенімді сынға алу қанауды әлсіретудің қуатты үлгісі болып тұрғандықтан, мүгедектікке қатысты жорамал өз күшін сақтап, адам кемістігі мен соған сәйкес жасалған қанау жүйесіне сену үшін көкейге қонатын дәлелді себептерді ұсынатын сияқты. Қазір нәсілдің, таптың, гендер мен жыныстың әлеуметтік құрылымын неғұрлым көбірек білсек, қолданыс мүгедектіктің әлеуметтік құрылымында соғұрлым мәлім болатын тарихи сәтке жеткенімізге дейін жалғаса береді деп үміттенемін. Мүгедектік – бүгінгі күні негізделген адам кемістігінің ақырғы шекарасы.

Үш талдамалы мысал Дәрменсіздік эстетикасы іс жүзінде адам баласының ықпалына ұшыраған барлық салада көрініс тапқан; бірақ өнер әлемі эстетикалық пайымдар, өнертану мен ол туралы пікірталастар арқылы өркендейтін болғандықтан, адам болмысы туралы, әлбетте, талғам деңгейіне сай жасалған қонымды әрі қонымсыз тұжырымдар үшін арнайы орын қалдырылады. Бір қызығы, эстетиканың өзі дәрменсіздіктің көзі болып саналмаса да, дәрменсіздік амалдары көбіне эстетикалық контексте, музейлерде, көркем туындылар көрмесінде, әдеби шығармаларда, музыкада, көркем каталогтарда, журналдар мен әртүрлі ойын-сауықтарда көрініс табады. Менің пайымым заманауи өнерді белден баса отырып, кесімді түрде кейбір популяцияларды ақауы бар деп түкке жаратпайтын медициналық және евгеникалық жобаның бөлігі ретінде түсіндірген нацистік дәуір туралы әңгімеден басталады. Соның ізінше Марк Куиннің қолынан шығып, Лондондағы Трафалгар алаңында қойылған Элисон Лаппер мүсінінің 2005 жылғы даулы таныстырылымына бет бұрамын. Бұл арада мүгедектердің денелері өнер туындысында бейнеленуі қажет пе әрі олар көпшілік орындарда қойылуы тиіс пе деген тақырыптағы пікірталастарды қарастырамын. Филадельфиядағы Мюттер музейінен алынған, кемтарлардың ойын-сауығы дәстүрінің аясындағы ишара-қимылдар бейнеленген медициналық фотосуреттерді жариялаған Newsweek журналының 2008 жылғы санындағы бір эссеге тоқталамын. Әрбір талдамалы мысал эстетикалық пайымдардың өнер дүниесі мен саясат әлемінің арасында әрлі-берлі ауысатынын көрсетеді; бұл эстетика, дәрменсіздік пен қанау арасынан шыққан ықпалды қағидаларды салыстыруға мүмкіндік береді. Азғындаған өнер мен кемтар адамдар. Нацистер адамдарды алалау үшін мүгедектікті пайдалануға еш қысылмаса да, мұндай қатынастар өнер әлемі туралы тұжырымдарда одан сайын ашық көрінетін болды. Гитлердің өнерге сүйіспеншілігі мен өзін суретшімін деп ойлауы ақылға қонымсыз көрінгенімен, өнер нацистік идеялар мен философияны таратудың оңтайлы құралы болғанын білдіреді. Бұл салада сондай-ақ сапасыз адамдар туралы нацистік идеялардың көрініс тапқанын көреміз. 1937 жылғы Немістің ұлы көркемөнер көрмесі (Grosse Deutsche Kunstausstellung) мен «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесі арасындағы бәсекеде «қаны таза» нацистер эстетикалық дәрменсіздікті пайдаланып, оны адам түрлері туралы жағымды, жағымсыз концепцияларға қарсы қойды. «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесінде нацистер «кемтар» адамдарды бейнелегені үшін заманауи өнерге шүйлікті, ал соның аясында Гитлер Неміс өнерінің үйін ашқан (Grosse Deutsche Kunstausstellung) немістің тегі мен эстетикалық талғамының артықшылығын көрсетуі тиіс болды. Мақсаттары әртүрлі, бірақ бір жылдың ішінде өткізілген екі көрмені ұйымдастырушылардың адам болмысы жөніндегі жағымды, жағымсыз көзқарастарынан эстетикалық дәрменсіздік туралы нацистік жүйенің нақты концепциясын құрастырып шығуға болады.6 Немістің ұлы көркемөнер көрмесі (Grosse Deutsche Kunstausstellung) аясында ұсынылған жұмыстарда физикалық кемістік пен нәсілдік әралуандық атымен жоқ. Нацистер сұлу да сымбатты неміс дене бітімінің насихатына ден қойды, бірақ қазіргі күні қарасаң, олардың талғамсыздығы көзге ұрып тұрады. Көрменің көркемдік талабы тікелей Гитлердің өнер туралы идеяларынан туындағанын жұртшылыққа арналған көптеген мәлімдемелер айғақтап береді. Гитлер денсаулық пен нәсілдік біртектілікті адам сапасының өлшемі деп білді. Ауру-сырқау мен мүгедектік ол үшін дәрменсіздіктің басты белгілері болды. «Неміс халқы, – деп лепірді Гитлер, – өмірге өздерінің қайта оянған құштарлығы арқылы күш-қайрат пен сұлулыққа таңданысты бағындырады, сол себепті дене бітімінің саулығы пен қуатын қолдайды» (Adam, 149). «Біз өнерде тек сау дененің салтанат құрғанын ғана қалаймыз». Неміс өнерінің үйі мүгедектерге емес, тек он екі мүшесі сау адамдарға ғана есік ашты. Бұған керісінше, Гитлер «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесіне қойылған өнер туындыларын айыптап, оларды «азғындаған кемтарлар мен нақұрыстар, жиіркеніш сезімін туғызатын әйелдер, жабайы аңдарға ұқсайтын адамдар, тіріліп кетсе, Құдайдың қарғысына ұшыраған немелер деп айтуға болатын балалар!» деп тілдеді (Sax and Kuntz, 230). «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесі үшін арнайы әзірленген каталогта заманауи өнерде бейнеленген адамдардың биологиялық кемістігі туралы нацистік тұжырымдардың дәлелі ретінде модерндік туындылар мен ұсқынсыз бет-әлпет бейнелері, сондай-ақ сол кезең суретшілері мен психикалық сырқаты бар пациенттердің шығармалары салыстырыла берілді. Каталогта, мысалы, «жындыханада тұратын есуастың» салған суреті «Пол Клеенің сәтсіз талпынысына қарағанда, әлдеқайда адами сипатта көрінеді» делінген (Barron, 383). «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесін тамашалаушыларға тек заманауи өнердің менталды әлсіз екенін көрсететін психологиялық негіздерге назар аударып қана қоймай, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарды реалистік тұрғыда бейнелеген формаларды модерндік эксперименттермен араластыра қарауға өтініш айтылды. Пол Шульце-Наумбургтың 1928 жылы жарыққа шыққан «Өнер және нәсіл» (Kunst und Rasse) еңбегі «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесі заманауи өнерді қаралау үшін пайдаланған стратегияның әуелгі үлгісі болып саналады; кітапта Модильянидің, Шмидт-Ротлуфтың және басқалардың портреттері физикалық кемістігі бар адамдар мен өзге науқастардың медициналық фотосуреттерімен салыстырылады.7 Осы сияқты «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесінде де жұмыстар медициналық үлгілер ретінде қойылды немесе медициналық фотосуреттермен, басқа туындылармен салыстыра көрсетілді. Көрме немістер үшін мүгедектер мен түрлі нәсілді адамдарға тән болып келетін жағымсыз медициналық әсерлерді алға тарта отырып, көпшіліктің санасына эстетиканың нацистік ұстанымын сіңіруге тырысты. Көрмені тамашалаушылар «туабітті» кемістік мысалдарын, мүгедектік тәжірибесін көре отырып, «азғындаған туындылар» деп аталған жұмыстарға нацистік көзқараспен қарауы тиіс болды; ал бұл кейіннен осындай сипаттамасы бар 200 000 адамның өліміне әкеп соғады.8 Азғындық (Degeneratіon) Макс Нордау оны өнерге қатысты қолданғанға дейін медициналық термин ретінде қарастырылады. XІX ғасырдың екінші жартысында ол генетикалық өзгешелік, шектен артық жыныстық дағды не болмаса бұзылған жүйке салдарынан сау адамның нормаларынан ауытқыған жандарды білдірді. Нацистер бұл өзгешеліктерді эстетикалық әсемдіктің стандарттары есебінде қолданды. Олардың пікірінше, азғындаған өнер өз атына лайық болды, себебі – жорамал бойынша нәсілдік қан араласудан немесе заманның күйзелісті ықпалынан туындаған барлық жағымсыз жайттарды, дене кемістіктерін, қанталаған көздерді, әлжуаздықты болмаса жүйке жүйесінің жұқарған симптомдарын байқатты. Еврейлер, гомосексуалистер мен қылмыскерлер өзінен-өзі биологиялық тұрғыдан төмен жаратылыстар ретінде қарастырылды. Нацистер заманауи өнер туындыларында бұл адамдарға берілген физикалық сипаттамалардан өз жорамалдарын растайтын айғақтарды тауып алды. Нацистер қолдау көрсеткен шығармалардан гөрі, олар «азғындық» деп тыйым салған туындылар өзінің формасы мен мазмұны жағынан көбірек танымал. Ең алдымен, «Ұлы неміс өнері» деп аталатын құбылысқа тоқталған жөн; неғұрлым танымал шығармалар мен өнер адамдарына бет бұрған кезімізде күллі таным қуаты бізді қайран қалдыра алатынын көреміз. Мәселенің түйіні қайсы нысандардың ең үздік өнер туындылары болып саналатынына баға беруде емес, адам дәрменсіздігінің эстетикасын ұғынуда жатыр. Бұл мақсат эстетиканың қанауға қосқан үлесіне ден қоюды талап етеді; бұл топаралық не саяси зорлық-зомбылыққа қызмет жасау барысында сыртқы көріністі таңдау сипатын білдіреді. Ұлы неміс өнері жалған да болса, сау әрі қабілетті дене бітіміне негізделген нақты адам тұрпатын сомдай отырып, неміс халқы үшін дәрменсіздіктің мәніне жету мақсатына қызмет етеді. Бұл тұрпат норма ретінде ұсынылып, одан ауытқу әдетте дәрменсіздік пен қанауға негіз болды. Алайда шындыққа мүлде жанаспайтын жалған нәрселер қаншалықты дәрежеде адам дене бітімі жөніндегі бұлжымас концепциялар бола алатыны эстетикаға қатысты мүгедектік теориясы айқындаған көзқарастың бір қызық тұсы саналады. Дене кемістіктерінің бәрін жойсаңыз, адамзат әлемінің көп жерінде жоқ кемелдік кілтін тауып аласыз. Мүгедектік теоретиктері баламасы жоқ денелер бір-біріне ұқсас келетінін, ал мүгедектіктің мыңдаған түрлі қайталанбас формасы кездесетінін айтуға бейім. Адамның табиғи қуаты оның әр алуан нұсқалары бар эволюциялық жиынтығында қордаланса, нацистердің біртектілікке негізделген кемелдікке ұмтылысы эволюция заңдарына қайшы келетін нәтижелерді ұсынады. Ұлы неміс өнері әралуандықтан бас тартып, әсіреленген кемелдік пен ғажайып бұлжымастық арқылы сипатталатын адам келбеті идеясына бой ұрады. Арно Брекердің «Әзірлік» (Readіness) туындысы: «саулық пен қабілеттің кемел үлгісін көрсетеді, бірақ шындыққа мүлде жанаспайтын, шектен тыс талғамсыздыққа жол берген; нацистер классикалық үлгі» деп ойлаған кейіпкердің бұлшықет толықсытып тұрған денесі мүсінші еліктейтін грек моделінен іс жүзінде алшақтап, оның сұлбасы мен формасы нақты адамның ақылға сыйымды болмысынан аулақтап кеткен. «Гитлердің Микеланджелосы» атанған Брекер өз мүсіндеріне спортшылардың денелерін үлгі етіп алуды қалаған; бірақ оның туындылары көбіне спортшыдан гөрі, еркек сымбатының күмәнді мысалы болып саналатын, дене бітімін стероидтармен ширататын бодибилдерлерді (культуристерді) еске салады. «Дене үйлесімінде бір қызық ауытқушылық ұшыраспайынша, ешқандай айрықша сұлулық болмайды», – депті Фрэнсис Бэкон. Бұл тұрғыдан қарағанда, Иво Залигердің «Диананың демалысы» (Dіana’s Rest) туындысындағы жалғыз керемет нәрсе – үш әйелдің өте ұқсас екені. Бұл – ұқсас үлгідегі бірнеше бейнеге негізделген кескіндеме өнерінің шарттылығы; бірақ бұл мысалдағы шарттылық жеке тұлғалық нұсқаларды әрі ысырып қойып, адам кемелдігіне қол жеткізуді көздейтін идеологиялық талаптан туындаған. «Диананың демалысы» – кемелдікке ұмтылыс нәтижесінде жеке өзгешеліктер мен әралуандық жойылатын, нацистер іздеген сұрықсыз әлемнің мысалы. Йозеф Торактың «Жолдастық» (Comradeshіp) туындысы осы шектен тыс бұлжымастықтың еркек кейпіндегі нұсқасын көрсетеді. Бұлшықеті нығыздалған алып тұлғалар адам саулығының қол жетпес кемелдігін бейнелеу үшін бір-бірімен жақын иықтаса қалған. Гитлердің Немістің ұлы көркемөнер көрмесі (Grosse Deutsche Kunstausstellung) ашылуында жасаған мәлімдемесіне сәйкес, нацистік евгеникалық жоба жаңа адам болмысын жасау жолындағы алғашқы қадам ретінде сұлулық пен саулыққа айрықша көңіл бөлінуін талап етті. «Жаңа ғасыр жаңа адам болмысын жасайды», – деп атап өтеді Гитлер, – Жұртшылықтың еңсесін көтеріп, еркектерді, жігіттерді, ұлдарды, қыздар мен әйелдерді барынша сау, қуатты әрі сұлу болуға ынталандыру үшін небір жұмыстар жүргізілуде. Шындығында қуат пен сұлулықтан өмірдің жаңа сезімі мен жаңа қуанышы туады. Адамзат баласы ешқашан өзінің сыртқы келбеті мен түсінігі жөнінен ежелгі дүниеге дәл бүгінгідей жақындап көрген емес» (Sax and Kuntz, 230).9 Нацистік өнерде жеке адамдардың денесіндегі не олардың арасындағы үйлесімділікке нұқсан келтіретін нәрселер елеусіз қалдырылады, өйткені оның мақсаты: дененің ерекшеліктері мен бөліктерінің, тіпті әбес көрінетін бұлжымастығына алып баратын сұлулық пен саулықты бойына жиған жаңа адамның бейнесін жасау. Ұлы неміс өнерінде табиғат бейнесі адам денесіне тұрпайы, бұлжымас және әсіре кемелдікке мән бере отырып, қатынас жасауды білдіреді. Немістің қаны нацистік өнердегі топырақ, шалғын, жайылым, орман көріністерінен табиғат бейнесін іздейді; бұл неміс халқының артықшылығы мен мәңгілігін дәлелдейді-мыс. Нацистік өнердегі табиғат – аста-төк молшылық; алайда жемістің пісіп-жетілуінің жасанды екені соншалық, қауыз жарып, тұқым шашпайтын сияқты. Нацист суретшілері – табиғат бейнелерін немістің романтикалық өнерінің дәстүрінен, әсіресе Каспар Давид Фридрихтың картиналарынан алды деген пікір жиі айтылды. Бірақ оның ықпалы аса байқалмайды. Фридрихтың табиғат көріністерінде бос қаңырап жатқан кеңістік көп; онда айқыш, бір өзі сопайған адам, іргесі құлаған шіркеу, солып қалған ағаш не қисайып тұрған бейіт сынды, көбіне ландшафттағы жалғыз белгі көзге түседі. Нацистердің жер төскейінде қураған талдар, үйінділер не құлаған бейіттер көрінбейді. Табиғаттың әсем бейнесінен кемшілік табатындар мен табуға тырысатындардың уақыт таразысы да, өлім хақтығы да, тіпті ешқандай ишара жоқ. Керісінше, табиғат – мәңгі бұлжымас нәрсе сынды; ол ыдырау мен өлімге мойынсұнбайтын тәрізді. Мысалы, Оскар Мартин-Аморбахтың «Тұқым шашушы» (The Sower) туындысында алқапта келе жатып, табанының астындағы жерді емін-еркін басқанына шаттана күлген ақ сары шашты шаруа бейнеленген. Төбесінде – көгілдір аспан; көкжиекте – керіліп тұрған кемпірқосақ, айналасында – тұқым шашуға әзір алқаптар. Мұның барлығы нацистердің табиғатпен үйлесім туралы түсініктерінің сипатын көрсетеді. Бүршік жарып, шешек атқысы келмейтін бірде-бір қураған ағаш не солған өсімдік жоқ. Гисберт Пальмидің «Еңбекке алғыс» (Rewards of Work) туындысы табиғатқа осындай көзқарасты білдіреді. Жануарлардың ортасында байырғы еңбек түрлерімен (айталық, айналмалы доңғалақпен жіп иіру, себетке жеміс-жидек толтыру, бидай сабақтарының бумасын жинау т.б) айналысып жатқан кейіпкерлер именіп жүрген еңбекқор жұмыскерлерге еңбекке әрі риза, әрі тәнті болып тұрған ақ сары шашты, тұла бойынан жарық сәулесі нұр төгілген жалаңаш кейіптегі әйел құдайға ықыласы ауа қарап қалады. Көрініс аясында гүлдей жайнаған әсем табиғаттың тамашасы көз тойдырады: ашық аспан, ағынды өзен, малынған тал-ағаш, жап-жасыл шалғын. Жер бетіндегі жыл маусымдарын елемейтіндер нацистік өнерден табиғаттың тууы мен толысуы, өлуі мен қайта тірілуі белгілерін таба алмайды. Керісінше, табиғат таусылмайтын жаздың ішінде біржола тұрақтап қалғандай әсер қалдырады; ешқашан күздің белгісі сезілмейді, қыстың өлі кезеңі туралы да ешқандай ишара жоқ. Бұл арқылы үшінші рейх мыңдаған жылдар бойы бұлжымастан жасай береді деген нацистік үміт өз көрінісін табады. Ұлы неміс өнерімен салыстырғанда нацистер «азғындаған өнер» деп атаған көркемдік құбылыс адамзат жаратылысының неше түрлі ғажайып көріністерін ұсынады. Бірақ өте қайран қалдыратыны біріншіден, бұл – әралуандықтың мүгедектікке назар аударудың арқасында ескеріле бастағаны болса, екіншіден, нацистердің алғаш болып заманауи өнерге маңызды дәрежеде мүгедектіктің эстетикалық қатынасы бар екеніне мән беруі. Бұл – нацистердің дадаизм не экспрессионизмге қарағанда реалистік өнерді артық көруінен, сынық сызықтар мен табиғи емес бояу түстерін ұнатпауынан ғана байқалатын жайт емес; олар суретшілердің әрқашан тек зор әдісқойлық шеберлікпен сурет салғанын болмаса мүсін соққанын қалады. Олар өздерінің көңілінен шықпағанның бәрін «мүгедектіктің белгілері» деп санағандықтан, осындай таңдаулар жасады. Дадаизм мен экспрессионизм өздері шұғылданған денелерді қалай болса солай бұрмалап шығарады, ал бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарды бейнелеп бергендей әсер туғызады-мыс. Модернизм палитрасы түссіздікті қамти отырып, адам бетін жасыл, сары және қызылкүрең түстермен бояйды, ал бұл соларға сәйкес сырқаттарды еске түсіруі мүмкін. Кенептің бетін тегістеп, бояулардың бейнелеу сапасына назар аударуға тырысатын модерндік батыл шешімдер көбіне суреттелетін нысандарды иіп-ирелеңдетіп, шиырып-шимайлап, мүгедектік нобайларын елестететін тәрізді. Оның үстіне заманауи өнердің жатсыну, зорлық-зомбылық, үрей, қысымшылық, сенсорлы ауыртпалық пен сананы тынықтыру сияқты тақырыптарға ден қоюы осы мәселелерді айқын, дәл бейнелей алатын мүгедектік (жарымжандық) туралы ашық айтылу қажеттігін талап етеді. Абыржып тыпыршыған, қорқыныштан зарлаған үнсіз үрей құшағында ышқынған адамдардың бейнелері модерндік туындыларды лық толтырды. Олар ақылға сыймайтын және нацистер қауіптенген оқиғалар мен жағдайларды ашықтан-ашық қамтыды. Нацистер заманауи өнерге қарсы күресті, өйткені сол заманауи өнерді жарымжандық (мүгедектік) ретінде түсіндірді; шындығында – олардың түсіндірмелері дұрыс. Қазіргі заманғы өнерді бұрын кемтар, сырқат, жарадар не мүгедек саналған тұрпаттардан (ағзалардан, денелерден) іздеп тауып отырған эстетикалық азғын қозғалыс деп атауға болады. Заманауи өнер зор жетістіктерге бөленіп жатса, мұның себебі әсемдіктің жеке бір нұсқасы ретінде мүгедектікті таңдағандығынан деп ойлаймыз. Нацистер бұл эстетиканың табиғатын сезінді, бірақ әдейі жоққа шығарды; өнердің болашақ даму бағдарын қате түсінді, өйткені олар адамзат мәдениетіне қатысты көп мәселелерді қиғаш талдады. Олар заманауи өнердің адам болмысын бейнелеу талпынысындағы шығармашылық пен жасампаздықтың күшін танытатын қасиеттеріне жөнсіз тиісті; мейлі формалық эксперименттер мен жаңа мазмұн арқылы адамзаттың сезім, ой, әрекетін пайымдау қабілеті болсын не табиғатқа жалаң еліктеуді кейінге қалдырып, оның өз тылсымын жасыруы болмаса ашпауы мүмкін екеніне сенімділігі болсын бұлардың қай-қайсысын да жақтырмады. Гитлердің модерндік палитра туралы пікірлері заманауи өнердегі жаңалықтарды адам бойындағы кемістіктермен байланыстыру үдерісін аңғартады. Гитлер қиялындағы бояуларды пайдаланатын суретшілерді менсінбей, олардың әлемге көзқарасын «жарымжандық» деп атайды: «Көрмеге ұсынылған суреттерге қарай отырып, кейбір адамдардың көздері заттарды дүниедегі шынайы қалпынан басқаша етіп көре ме деп жорамалдаймын. Ол адамдар іс жүзінде біздің халқымызды іріп-шіріген малғұндар кейпіне кіргізіп, олар: «шалғынды күлгін, аспанды жасыл, бұлттарды сұрғылт сары етіп көреді» деп санайды... Мұндай көздерінің кемістігі бар бақытсыз бейшараларды замандастарын өздерінің қате көрген нәрселеріне өзеуреген бос әңгімелерімен иландырып, оларды «өнер» деп көрсетулерінен сақтандырамын» (Sax and Kuntz, 230). Дегенмен жарымжандықтың модерндік әдістерін айыптағаннан гөрі, нацистердің «азғындаған» деп атайтын адамдарды, процестер мен жағдайларды сипаттау үшін заманауи өнерді қалай пайдаланғаны маңыздырақ болып саналады. Бұл мәселені артық бағалауға болмайды. Нацистер үшін заманауи өнердің ұсынған дәлелдері мүгедектікті медициналық әрі евгеникалық тұрғыдан жоққа шығаруды қолдау мақсатында қажет болды. Адам денесінің кемістіктері мен оны бейнелеудің жаңа әдістеріне модерндік құштарлық кісі болмысына қатысты нацистердің назарына ұсынылған көзқараспен ұштаса отырып, қате көзқарастар пәрмені, қазіргі заманның залалды ықпалы адамның жүйке жүйесіне жағымсыз әсер ету ықтималын, мүмкіндігі шектеулі адамдар мен нәсілі төмен саналатын жандардың өз бетінше көбею қаупін тудырады. Долбарлап айтсақ, бір кездері немістік емес нәрсенің барлығына жаппай соғыс жариялап, жойып жіберуге тырысқан нацистік өмір салты қазіргі заман өнерінде бейнеленген әлемге шексіз ымырасыздық танытқан болар еді. Эмиль Нольденің «Мулат» (Mulatto), Людвиг Мейднердің «Автопортрет» (Self-Portraіt) туындыларын қарастырайық. Нацизмнің жақтаушысы болғанымен, Нольденің жұмыстары модерндік тақырыптар мен әдістерді қамтығаны үшін «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесінен орын алды. «Мулат» деген тақырыптың өзі-ақ нацистердің қып-қызыл наразылығын туғызарлық, бірақ бұл айналып келгенде, Нольденің «азғындаған» әйел портретін салған модерндік эстетикасын сипаттайды. Нацистік медициналық тұрғыдан қарағанда, оның шұбар денесі, шаршаңқы жүзі, ұйпа-тұйпа шашы мен қысыңқы көзі жарымжан екенін аңғартатын сыңайлы. Бұл нацистер үшін нәсілдердің араласуы не нәрсеге апаратынын көрсетіп, немістің қанын таза сақтаудың қажет екенін дәлелдейді. Алдымен, модернді қаланың жексұрын пейзаждарын салып атын шығарған еврейдің экспрессионист суретшісі Людвиг Мейднер кейіннен табысты автопортретшіге айналды. Нацистер оның «Автопортрет» туындысын «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесінің «еврейлер бөлмесіне» еврей халқының кемістікті сипатының дәлелі ретінде кіргізіп, картинаның үстіне «еврейлік, шектен тыс еврейлік» деген кекесін сөздерді жазып қойып, каталогта «еврейлердің мүсін және бейнелеу өнерінің үш үлгісінің» бірі деп сілтеме жасалды (Barron, 298). Еврей бөлмесіне тіркеу ол арқылы «Еврейдің нәсілдік жанын ашып көрсету» мақсатын көздеді (Barron, 194). Нацистердің портреттен не көргенін, басқалардың не көруін қалағанын долбарлап қана айта аламыз. Ұсқынсыз бет, құбыжық құлақ, кемтар қол мен қисық дене – мұның барлығы табиғи емес түстермен боялған; олар еврейлердің биологиялық кемістігін растауы тиіс. «Азғындаған өнер» мен оның дәрменсіздік сипаты болып табылатын мүгедектікке тәуелділігін анықтау үшін маңызы бар басқа категория соғысқа қарсы өнермен байланысты. Жак Калло мен Франсиско Гойядан басталып, фотографияның дамуымен бірге маңызы арта түскен жаралы жауынгерлер, азапталған құрбандықтар, майып болған азаматтар, қаңырап қалған қалалар бейнесі халық ішіндегі ашу-ызаны қоздыратын сыншылдықта шешуші маңыз атқарды. Бұл дәстүр мүгедектікті соғыс зұлматының өлшемі ретінде қарастырады; осы көзқарас жаралыларды қанды майдан сұмдықтарының аллегориялық символы ретінде белгілегенімен, ол мүгедектікті, жарақаттар мен сырқаттарды визуалды мәдениеттің тарихына енгізу үшін маңызды үлес қосады. Аталған нәрсе күні бүгінге дейін жалғасып, жақында ғана Абу Грейб түрмесінде болған азаптаулардың айғағына айналған фотосуреттерде көрініс тапты. Гитлердің әскери қуаты бұл дәстүрге төтеп бере алатындай қауқарлы болды; соғыс қимылдарын сынаған суретшілер көп ұзамай өзінше ат қойып, айдар тағылған «азғындардың» қатарын толықтырды. Гитлер сияқты, Эрнст Людвиг Кирхнер де Германияны қорғау үшін майданға аттанды, бірақ Бірінші дүние жүзілік соғыстың жертасаларында (окоп) көргендерінің зардабынан қайтыс болды. Ол қатты күйзеліске түсіп, майдангер ретінде «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесіне соғыс сұрапылын танытатын өткір де әсерлі «Жауынгердің автопортреті» (Self-Portraіt as a Soldіer) туындысын ұсынды. Картинада кесіліп түскен оң қолынан аққан қанды көбікті көрсетіп тұрған әскери киімді Кирхнер қып-қызыл етті қасапхана мен жалаңаш әйелдің аясында бейнеленген. Кирхнерге азғындаған суретші ретінде тағылған айыптар оны қатты қамықтырды, өйткені 600-ден астам туындысы тәркіленді. 1938 жылдың 15 маусымында ол өзіне-өзі қол жұмсады. Отто Дикс – әскери этиканың мықты сыншыларының бірі. Оның «Соғыс» (War) топтамасы «азғындық» ретінде сынға ұшырады, себебі ол соғысқа қарсы және соғыстың жан түршігерлік сипаттарын қанды майдан құрбандарының азапталған бейнесі арқылы береді. «Ауыстырып салу» (Transplant) туындысында бет-аузы парша-парша болып аурухана төсегінде жатқан, ашық зақымданған миы мұрын, жақ пен маңдай терілерінің жұқаналарымен жамалып-жасқалған адам бейнеленген. «Бассүйек» (Skull) картинасында қаңқасы ғана қалған кешегі тірі адамның басы мен аузынан ұйпалана шығып жатқан шаш пен қыл-қыбыр оның миының сарқыншақтарын бірте-бірте жеп жатқан құрттармен араласып, терісі сыдырылған бас сүйек арқылы суреттелген. Нацистердің өз құрбандықтарына тиісу үшін пайдаланатын сөздік қоры заманауи өнерден жағымсыз әрі дөрекі мақсат үшін ұрлап алынған нәрсе болып саналады. Заманауи өнерде бейнеленген соғыс құрбандары адамның жаны мен тәні жомарттықтан жаралғанын көрсетеді; ал ұлтшылдар соғысты емес, белгілі бір популяциялар мен нәсілдерді айыптау үшін пайдаланды, бейнесі оның адамзат әралуандығына ашық екенін көрсетеді; дегенмен бұл нәрсе азғындыққа ұшыраған, кемістігі бар, нәсілі нашар адамдар. Заманауи суретшілердің өнеркәсіптендіру мен адам саны шектен тыс артып кеткен қалалардан келетін қатерге ден қоюы өзге жұрттар неміс иеліктерінің ежелгі жерлерінде бәрінен бетер жақсы өмір сүреді деген идеяны қолдау үшін керек болды. Қазіргі өнерде көрініс тапқан жер жүзі халықтарының әртүрлі бейнесі оның адамзат әралуандығына алшақ екенін көрсетеді. Дегенмен бұл нәрсе азғындыққа ұшыраған, кемістігі бар, нәсілі нашар адамдарды қамти отырып, Гитлердің жандайшаптарын қайран қалдырды. Ұлтшылдар заманауи өнерден көріп-білген нәрселерін санасында қайта қорытып, оларды адам дәрменсіздігі этикасына, әсіре модерн суретшілердің өзі ешқашан көз алдарына елестетіп көрмеген қаталдық пен қанау мақсаттарын көздейтін бейнелер, формалар мен адам кейіптерін жасауға жұмсады. Заманауи өнердің бағыты мен ұмтылысы ешбір дәрежеде нацистердің жалған сенімдері мен жеккөрініш сезімдермен ымыраласқан емес. Бірақ ұлтшылдар бәрін аяусыз бұрмалай отырып, заманауи өнер іздеп тапқан адам келбеттерін біржақты мүдделеріне пайдаланды да, өздеріне сәйкеспейтіннің барлығын айыптап шыға келді. Олардың эстетикалық ұстанымдары осы күнге дейін қанауды ақылға сыйымды нәрсе деп санайтын қудалау мен геноцид жүйесін ақтап алуға қызмет ететін дәрменсіздік қағидаларын әбден бұлжымастай етіп бекітіп берді. «Аяғы ауыр Элисон Лаппер» (Alіson Lapper Pregnant): «Менің дене бітімім неге өнер туындысы саналмауы тиіс?». Оны аралап шыққан нацистердің сөздеріне құлақ түрсек, «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесінің ең маңызды сипаттарының қатарына өшпенділік сезімі жатады; ол арқылы суретшілер тамашалаушыларды әсерлендіруі тиіс болды. Бұл туындылар жиіркеніш сезімін оятады, өйткені олар қазіргі замандағы өмірдің азғындап бара жатқанын көрсету үшін мүгедектікке жүгінді. «Сіздер, айналамыздан жаппай ессіздікке берілген, әдепсіздікке ұрынған, түкке жарамайтын әрі сіңірі шыға азып-тозған құбыжық ұрпақты көресіздер...» делінген. «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) каталогының кіріспесінде: Бұл көрмеге қойылған дүниелер бәріміздің зәремізді алып, жиіркеніш сезімімізді қозғайтын» «Нацизмнің асыл қазынасы» (Nazі Treasure Trove). Бір ғажабы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың эстетикалық дәрменсіз екені қанша уақыт өтсе де, еш өзгерместен XІX ғасырдың соңына қарай евгениканың пайда болуы мен оның Ұлыбританияда, АҚШ пен нацистік Германияда мешеулік пен ауытқушылық стереотиптеріне қатысты қолданылуына ұласты. Бүгінде оның себеп-салдары денсаулық сақтау, азаматтық құқықтар, неоанаталды тесттер, эвтаназия, заңсыз бала туу, репродуктивтік қамқорлық, суицид, түсік пен өмір сапасы сияқты мәселелер төңірегіндегі пікірталастарда әлі күнге дейін талқыланып келеді. Біз белгілі бір дәрежеде кейбір нәсілдік, этностық, гендерлік және жыныстық айқындамалар адам қасиеттерінің белгілі бір сапасын таныта алады деген ұйғарымнан тысқары кеткенімізбен, әлі күнге дейін нәсіліне, этностық тегіне, жыныстық айырмашылығына не қабілетіне қарамастан, жеке адамдар жарақат, ауру-сырқау, мүгедектік, интеллект, генетикалық белгілер тұрғысынан төмен саналуы мүмкін дейтін жалған сенімдерге илану кең тараған. Алайда олар өнер туындыларына көшкен кезде жеке адамдарды кемістігі бар ретінде шеттететін эстетикалық келбет пішіндері мүлде басқа мағыналар мен эмоциялар жиынтығын туғызады. Заманауи өнер мүгедектікті эстетикалық тұрғыдан өз алдына бір құндылыққа айналған, кеңінен танылып келе жатқан оңтайлы сипат ретінде қарастырады. Заманауи өнер адамдарды кемсіте бейнелегеннен гөрі, мүгедектікке бет бұра отырып, эстетикалық әралуандыққа, қайта түлеу мен әсемдікке жол ашады. Дегенмен эстетиканың жарымжан денелерге күрт бетбұрысы интерпретация дилеммасын туғызады; себебі бүгінгі күнге дейін өнер әлемін түгел жаулап алған оны алғаш рет ұлтшылдар ашқан болатын. Заманауи өнер кемтарлыққа байланысты өзінің болашақ бағдарын барынша айқындай түскен сайын суретшілер мүгедектердің денелеріне эстетикалық нысан ретінде жиі көңіл бөле бастады, ал бұл нысандарды тамашалаған адамдар жарымжандықтың күшті әсерлерін қабылдауы не жоққа шығаруы тиіс. Бір жағынан, заманауи өнер мүгедектікті өз алдына бір эстетикалық құндылық ретінде қарастырып отырғандықтан, мүгедектердің дене бітіміне қарағанда өнер туындылары болып саналуға лайық, әлеуеті басым нысандар көбірек сияқты. Заманауи өнер мүгедектік сынды көрінеді, ал мүгедектердің денелері – жаңа, әр алуан әрі әдемі сахналардың көркемдік сұраныстарын қанағаттандыратын тәрізді. Екінші жағынан, мүгедектік символына айналған эстетикалық нысандардың жеткілікті дәрежеде теріс ықпалы бар; сондықтан кейбір сұхбаттастарымыз «сырқат», «кемтар» заманауи өнерді жоққа шығаруға тырысып, оның орнына «бақуатты», «әсем» балама өнер түрлерін ұсынғысы келеді. Заманауи өнер мен мүгедектік арасындағы ымыраластық жиіркеніштің, шағым мен күмәннің себебіне айналып отыр; ал бұл – өнер әлеміне көз тіккен мәдени шайқастарға апарады. Жалпы алғанда, өнердің мүгедектікке бетбұрысы оның ауру-сырқау мен азғындыққа жол ашқанын көрсетеді. 2004 жылдан бастап Марк Куинн бүгінгі күні мүгедектікке ден қоюды шешуші эстетикалық ұстанымға айналдырғысы келген туындылар тобын жинақтап ұсынуға кірісті; ал бұл – мүмкіндігі шектеулі денелердің басқа денелерге күштірек әсер ететін жалған сенімдерін оятады. «Біртұтас мәрмәр» (The Complete Marbles) туындысы бүгінгі күнге дейінгі классикалық фрагментарлық мүсін өнерінің дәстүрін қайта қарап, дене кемтарлығымен өмір сүріп жатқан адамдардың ұқсастықтарын танытады, күйзелісті жағдайды сипаттауы арқылы әсем көрінетін өнер туындылары мен мүгедек хәлі өздерін эстетикалық сұлулық категориясына жолатпайтын сияқты адамдардың арасында қатты толқыныс пайда болады. Бір мәрмәр мүсін «Төртінші тұғыр орналастыру тобы» (Fourth Plіnth Commіssіonіng Group) өткізген бәйгеде жеңімпаз атанып, Лондондағы Трафалгар алаңына орнатылды. Оның аяғы мұндай денелерді көпшіліктің алдына қоюға бола ма деген мәселенің төңірегіндегі қызу дауға айналды. Корольмен, екі генералмен, теңіз қаһарманы, адмирал Нелсонмен дәреже жарыстырып, қатар тұрған «Аяғы ауыр Элисон Лаппер» – биіктігі үш жарым метр, салмағы он үш тонна, аппақ каррар мәрмәрінен жасалған жалаңаш әйел бейнесі. Оның құрсағында сегіз айлық бала бар; аяғы шолақ, қолдары жоқ.1 Куиннің айтуынша, Трафальгар алаңының үйлесім нүктесі саналатын Нелсон колоннасы «еркек қуатын танытатын ескерткіш» болса, «бұл аумақта әйелдік болмысты көрсететін нәрсе де орнауы тиіс» (Reynolds). Көруге келгендердің кейбірі мүсінге риза болса, ол басқа біреулердің наразылығын туғызды. Қайсыбір адамдар мүгедек бейнесінің көпшілік жиналатын алаңда қойылғанын айыптаса, оларға қарсы дау айтушылар адмирал Нелсонның да дене кемтарлығы болғанын алға тартты. Алайда барлық тамашалаушылар мүгедектер туралы көкейіндегі сезімдерін ақтаруға қиналды; бұл әсерлер көбіне жағымсыз сипатта болғандықтан, мүгедек жандарды кемсіту жалғасып келе жатқанын айтпаған күннің өзінде, мүсіннің өнер туындысы ретіндегі құндылығы мен ерекшелігіне залалын тигізгені анық.11 Куиннің жұмысына жағымсыз баға бергендердің пікірлері, әсіре ашық сипатта, өйткені олар мүгедектікті өнерге сыйыспайтын нәрсе ретінде қарап, олар туғызатын жиіркенішті басқа амалдармен ақтап алуға тырысады. Сонымен қатар, пікір айтушылар көбіне мүгедектік жөніндегі сауатсыздықтарын көрсетіп алып, туындыда бейнеленген адамдарға олардың кемтарлықтары үшін ғана мақтау айтып, аяушылық танытады. «Британ өнері» журналы (Brіtіsh Art Journal) редакторы Роберт Симон Лапперді «өте батыл» деп бағалай отырып, бірақ мүсін – «адамды кері тебетін туынды» деп қорытады (Lyall). Теодор Далримпл «Қала» журналы (Cіty Journal) басылымында Лапперге жеке тиісу үшін оның «керемет батылдығын» мадақтайды. Ол Лапперді «қулық арқылы өзінің жарамсыздығын артықшылыққа айналдырып (және оның ойынша, белгілі себептерге байланысты), «өз қолайына қарай спортпен шұғылданатын жалғызбасты ана» деп жақтырмайтынын білдіреді. Далримпл мүгедектіктің өнерде бейнелену мүмкіндігін жоққа шығармайды, өйткені «барлық замандар ішіндегі ең кемеңгер суретшілердің бірі – Диего Веласкестің ең ұлы картиналарының бірқатарында ергежейлілер бейнеленген» деп атап көрсетеді; бірақ ол «нарциссизмге, жанаярлыққа және менмендікке» жол берген Лаппердің бейнесі Веласкестің «өзінің терең сезімдері туралы пайымдары мен шынайы адамшылығына» мүлде теңесе алмайды. Куинн де, Лаппер де – адамзатқа тән жақсы мысал. Хилтон Крамер New York Observer басылымында Куиннің мүсінін «бұл үшін қарныңыз бар болса жеткілікті», «таң қалдыратын көрініс» деп атайды да, суретшіге тамашалайтын жұрттың бәрін «еріксіз түрде порнографияға айрықша ұқсастығы бар тәжірибені еске салатын жеке бас уайымының жетегіне ерген саяхатшыларға айналдырмақшы» деген кінә тағады. Брэндан О’Нил «Гардиан» (Guardіan) газетінде мүсіннің үстінде үймелеген көгершіндердің фотосуреттерімен безендіріліп, жағымсыз түрде «Көгершіндердің тырнақтары» деп ат қойылып шыққан пікірінде: «Аяғы ауыр Элисон Лаппердің (назар аударыңыздар, менің сенімімше, суретші де, ана да болу үшін сан қиыншылықтарды жеңген Элисон Лаппердің өзін емес) мүсінін жек көремін», – деп мойындады. О’Нил үшін «мүсін жаңа Британияның жүрегінде шіріп жатқан нәрсенің көп бөлігін қамтиды... «Аяғы ауыр Элисон Лаппер» – ескі іш киім сынды күрделі нәрсе... Бұл біздің адамдарды жетістіктері емес, бар болғаны үшін бағалайтынымызды көрсетеді... Біз батырлардан гөрі, құрбандарды артық көреміз». Пікір айтушылар көркем туындыны эстетикалық тұрғыдан пайымдауға күш салғанымен, олардың жасаған ескертпелері мүсіннің көркемдік қасиеттерінен гөрі, Лаппердің мүгедектігі жайындағы егжей-тегжейлі әңгімелерге ауысып кетеді. Лаппердің физикалық кемістіктері, мейлі ол мүсінде көрініс таппаған болса да, туындының өнер әлеміне жатқызылмауының себебі ретінде қабылданады. Пікір иелері сондай-ақ анық-қанығын біліп жатпастан, Лапперге психопатологиялық ауытқулары бар әйел есебінде тиіседі.12 Ең маңыздысы, әр жолы заманауи өнер мен мүгедектіктің арасындағы мәмілеге берілген баға, жалпы айтқанда, өнер әлемінің құлдырап, іріп-шіріп, адамшылықтан алыстап не дертке бой алдырып бара жатқанын куәландырады. Мүгедектіктің пайда болуы заманауи өнер жобасының хәлі мүшкіл екендігі жөнінде айтылатын тұжырымды белгілі мөлшерде растайды. Бірақ модерндік өнер мүгедектікті бұлай бағалауға жол бермейді. Мен бүгінгі өнер мүгедектікті өзінің шешуші эстетикалық принциптерінің біріне айналдырып, сол арқылы мүгедектікке тиісудің амалдарын тыйып тастағанын, мұнымен қатар модерндік өнерді де жоққа шығармағанын пайымдаған болатынмын. Нацистер, әлбетте соңғы пікірмен келіспеді. Олар модерндік өнерге мүгедектік ретінде шүйлікті, ақырында күллі заманауи өнер атаулыны дертке шалдыққан деп жоққа шығарды. «Аяғы ауыр Элисон Лаппер» мүсініне қатысты қайшы пікірлер модерндік өнерге жылы қабақ танытатын не өшпенділікпен қарайтын көрермен жұртшылықты эстетикалық пайымның сипаты ретінде адам дәрменсіздігіне қарсы тұруға үндейтін осыған ұқсас дилемманы күшейтіп жібереді. Көптеген пікір айтушылар мүгедектіктен бас тартқанды қалайды, бірақ сонда басқа нені таңдамақ? «Милосстық Венераның қолы болғанда, – дейді Куинн, – онда ол мүсіннің мәнісі жоғалар еді» (4). Куиннің мүсіні өнер туындысын күшейтетін қасиеттер, керісінше, оларға иелік ететін нақты адамдарды дәрменсіз ететіні туралы ғажап идеяны орнықтырады; адамды шатастыратын осы идея – бүгінгі өнерге де сүйеніш болып отыр. Заманауи өнер мүгедектіктің өзгешелігіне көз сала отырып, мұны шешуші эстетикалық ұстанымдардың бірі деп санайды. «Біртұтас мәрмәр» каталогына енгізілген сұхбат осы идеяға тоқтам жасайды. Куинн өз туындыларының кейіпкерлерінен фрагментарлық классикалық мүсіндер әсем бе, олай болса, өз денелері де сондай тартымды ма деп әлденеше рет сұрайды. Лаппердің қоятыны да сол сауал: «Менің денем неліктен өнер туындысы саналмауы тиіс?» (Freeman). Бұл арада бір кездері эстетикалық көрініске айналып үлгерген Лаппер денесінің өнер туындысы ретінде қабылдануы үшін мүмкіндік көбірек екенін мойындау шешуші мәселе болып саналады; өйткені еш құқығы жоқ, мүгедек болғанымен, эстетикалық контекстен тысқары қалып қойған денелер бұрынғысынша жиіркенішті әрі ұсқынсыз саналып, жоққа шығарылады. Мүгедектік – өнерге енгізілген саяси не басқа жағымсыз мазмұн ғана емес, уақыт өте келе эстетиканың өзі сияқты барынша айқындала беретін көрініс тәсілі. Анита Сильверстің пікірінше, тәни өзгерістерді нысана етіп алған заманауи өнер адамдардың мүгедектерді ұсқынсыз емес, тамаша жандар ретінде қабылдауына ықпал жасайтын адамгершілік қазына болып саналады. Ол Пикассоның «Қуыршақ ұстаған Майя» (Maya wіth a Doll) атты тамаша кубтық портретін көрген сәтте адамдар жетілмеген остеогенезбен (osteogenesіs іmperfecta) сырқаттанатын өмірде бар сәбиді еске алатынын атап өтеді. Оның пайымынша, мәселенің шешімі күнделікті өміріміздегі эстетикалық көзқарасты қабыл етуіміз үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға өнер туындыларына қарағандай, көз тастап дағдылануымызда жатыр. Күмәнім болса да, мен заманауи өнердің мүгедектікті басқа жағынан көруге көмек жасайтынына қарсы емеспін, бірақ өнерде бейнеленген мүгедектік пен өмір шындығының арасына қатысты басқа көзқарасты ұсынамын. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды өнер туындылары ретінде қабылдаудың қажеті жоқ; керісінше, өнер туындыларын «мүгедектікті бейнелеуші» деп қарастыруға болады.13 Бұл керемет айырмашылықтың маңызы зор, өйткені көркем туындыға таңылатын өзгешеліктің мүгедектіктің өзгешелігіне байланысты болатынын көрсетеді; ол мойындалмайынша, мүгедектік адамдарды дәрменінен айыру мен қанау үшін пайдаланыла беруі ықтимал. Өнердегі мүгедектік пен өмірдегі мүгедектіктің айырмашылығы адам дәрменсіздігі эстетикасының функциясы болып есептеледі. Медциналық фотосуреттер: оғаштық жасау өнері. Филадельфиядағы Мюттер музейі өз веб-сайтында «алаңдататын ақпарат» деп атаған қойылымдарды – медициналық үлгілерді, артефактілер мен фотосуреттерді жыл сайын 80000 адамға көрсетеді. «Азғындаған өнер» (Entartete Kunst) көрмесін тамашалаған халық сияқты, бұл музей арқылы топ-тобымен ағыла өтіп жатқан жұрт та азғындық жөніндегі ашық жазуларды немесе белгілерді ұшыратпайды; дегенмен олардың өз көздерімен көрген жандары мүгедектікті кейбір кісілердің басқалар алдындағы төменшіктігін көрсету үшін пайдаланатын адам дәрменсіздігі эстетикасының салмағын мойындарына салып алған. Фотография ойлап табылған соң, он жылдан кейін ойластырылған Мюттер музейі бір қарағанда ескіден келе жатқан көненің көзіндей көрінеді; мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуына, рахатқа бөленуіне, пайда табуына қиғаш қарайтын заман аяқталғанша сондай көзқарас қалыптасқандай көрініп келген. Бірақ 2008 жылы Newsweek журналы бұл теорияның жалған екендігін әшкерелейтін көрнекі эссе жариялады. Эсседе «Мюттер музейі: тарихи медициналық фотосуреттер» жаңа каталогында арнайы түрде мүгедектерді визуалды ләззат алудың нысаны ретінде ұсынған 200-ден астам фотосуреттің ішінен ең үлгілі он көрініс таңдап алынып, қайта жарияланған. Музей тарихымен байланысты медициналық ғажайыптар мен «құбыжықтарды» сенсациялық тұрғыдан ұсынуға жол бермейтін каталогтан айырмасы, Newsweek журналы медициналық фотосуреттерді өзгеше құндылығына сай әдейі мән бере пайдаланып, бүгінгі заманда кемтарлар көрсетілімін (шоуын) қайта жаңғырту үшін өздері таңдаған бейнелердің үстіне «Медициналық оғаштықтар жүзжылдығы» деген тақырып қойды. Адам дәрменсіздігінің эстетикасы туралы ой толғау үшін медициналық фотосуреттен артық ештеңе жоқ. Медициналық фотосурет – өз алдына дербес, бірақ оқшау қарастырылмауы тиіс эстетикалық жанр. Ол дененің толық бітімін қамту, орныққан қалпын өзгерту, бір нысанды үздіксіз қайта-қайта түсіру, субъект пен алдыңғы көрініс арасындағы салыстырмалы анатомия сынды бірқатар эстетикалық ережелерге бағынады; алайда оның ең басты эстетикалық талабы медициналық аңдатпа мен диагностика үшін қажетті объективтілік шарты болып саналады. Мұндағы көріністер – ләззат сыйлау үшін емес, мағлұмат алу үшін қажет. Өнер емес, медициналық фотосуреттер – мүгедектікті шынайы қалпында суреттейді, өйткені онда бейнеленген ғаріп жандар бірінші кезекте медициналық үлгілер болып саналады, жаратылыстану тарихының мысалдары ғылымды дамыту үшін сақталып қалған. Медициналық фотосуреттегі бірде-бір адам саулықтың көрінісі бола алмайды. Мұның бәрі медициналық фотосуреттерде дәрігердің қарауына іліккендердің – аурулардың, мүгедектердің, жаралылардың, зақымданғандардың, яғни емделуі қажет жандардың бейнеленгенін көрсетеді. Медициналық фотосуреттердің айқын идеологиясы саламатты әлемді орнықтыру болып саналады. Ол әлемде медициналық фотосуреттер ендігәрі болмауы тиіс не жанр ретінде ғана көрінуі мүмкін; өйткені медицина ғылымының үстемдігі орнағанда біз үшін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туады, ал дәрігердің алдына баратындар мүлде болмайды.14 Алайда бұл ғажайып күндер келмейінше, біздің арамыздан медициналық көмекке мұқтаж адамдар азаймайды. Олар кімдер, кескін-келбеттері қандай? Дәрігерлер оларды фотоға түсіріп, музейлерде, архивтер мен журнал беттерінде жинағанда не болады? «Newsweek» іріктеу арқылы ішінде алыптар мен ергежейлілер, полиомелиттен, туберкулезден, бет кемтарлығынан, паразитті жәндіктерден, рентген сәулелерінен, өңешке тұрып қалған заттардан зардап шеккендер мен сүйектері кірігіп кеткен егіздер бар, басқа медициналық топтамалардың көпшілігіне ұқсайтын жиынтықты құрастырған; осы орайда неге кез келген адамды оғаштық ретінде қарастыру мүмкін бола бермейді деген ой келеді. Әрине, мәселе, мүгедектіктің тұрақты айқындамасының жоқ екенінде. Барлық адам тағдыр-талайына байланысты мүгедектікке үшырап, мүгедектіктен айығуы мүмкін; ал бір жағдайда мүгедек боп саналатын жан келесі жағдайда олай болмауы ықтимал. Іс жүзінде адам дәрменсіздігінің эстетикасы салыстырмалы сипатта көрінеді. Медицинадағы әуелгі өлшем мүлтіксіз саулық болса, медициналық фотосуреттер бастапқы жағдайлардан, мейлі аз-кем болсын, кез келген теріс ауытқуды көрсетеді. Жеке болмысқа негізделіп, оқшау алып қарастырылған адам дәрменсіздігінің мәні төмен; ол белгілі бір жағдай мен эстетикалық әдіс ауқымындағы байланыстар нәтижесінде пайда болады. Орыс формалистері өнерді эстетикалық әдіс ретінде, оның өзінде де, ең алдымен, оғаштық әдісі ретінде қарастырады. Олар үшін «Өзгешелеу» ұғымы «дефамилиризация» процесін білдіреді; ол бойынша таныс нәрсенің бәрі бейтаныс пен ғажайыпқа айналады (Shklovsky). Пикассоның кубтық бейнелері тамаша үлгілер болып саналады; бірақ жасанды оғаштық пен мүгедектікті ажырату оңай емес, өйткені заманауи өнер өзінің даму барысында эстетикалық әсерлерді тудыру үшін көбіне мүгедектіктің көлеңкесіне жүгініп келеді.15 Орыс формалистері медициналық үлгілерді дефамилиризация (өзгешелеу) мысалы ретінде атамайды, бірақ медициналық фотография керемет оғаштық жасау өнері болып саналады. Адамды медициналық оғаштық ретінде бейнелеу қабілеті көбіне фотографияның сыртқы келбетті өзгерту, ассоциациялар туғызу немесе мағына жүктеу сынды өз тәсілдеріне жүгініп, медициналық субъектіні дәрменсіз етеді. Кемтарлар көрсетілімінің (шоуының) шарттылықтарына қосымша тіркелген оғаштық жасау өнері «Newsweek» эссесінде әу бастан-ақ айқын көрсетіледі. Біз дисплейден медициналық фотосуреттердің субъектілерді дәрменсіздендіру үшін пайдаланылатынын көреміз. Эссе кебінге оралған екі бірдей қосақталған басты ашып көрсетуден басталады; автор денелері кірігіп кеткен егіздердің екі бас сүйегінің будандастығын алдыңғы кезекке шығара отырып, оны эссенің медициналық оғаштық туралы тақырыбымен салғастырады. Эссе тағы да сол, тек кішірек көлемдегі көрініспен аяқталады; бірақ егіздердің жағдайы «эктопаг» медициналық терминімен түсіндіріледі.16 Чанг пен Энг Банкерден бастап, кейбірінің дене қалдықтары Мюттер музейінде сақталған; кемтарлар көрсетілімі (шоуы) мен карнавалдары қосарлы егіздердің америкалық махаббат оқиғаларынан пайда тапты (Wu). Басқалардан гөрі, нақ осы бейне өте айқын көрсетіп тұрғандай, «Newsweek» эссесі төмен саналатын адамдардың рахаты мен пайдасына арналған кемтарлар шоуы мен көрме дәстүрін жалғастырғандай әсер қалдырады. Кем дегенде үш басқа фотосурет Newsweek журналының оқырмандарына кемтарлар көрсетілімі туралы бірдей хабар таратқан. Екінші көрініс өз субъектілерін өзгешелеу мен оғаштандыру үшін қысқасынан ұзынына қарай тізілген төрт адамнан тұратын сап құрап, интермедия тәсілін пайдаланады. Түсініктемеде Генри Малиинстің «бойының биіктігі жеті фут жеті дюйм, салмағы 280 фунт екені, оның сахнада өнер көрсетіп, фильмға түскені» айтылады; бірақ «Newsweek» бойы ең кішкене адам мен орта бойлыларды, фотосуретте аттары жазылғанына қарамастан, сипаттамасыз қалдырады. Келесі мысал бастақырыптың медициналық субъектілерді оғаш етіп көрсететін контексті туғызатынын көрсетеді. Төртінші көрініс Диманш ханымның «тарихтағы ең айрықша оталардың бірін жасатпастан бұрынғы» балауыз бейнесін ұсынады. Бұл париждік әйелдің 76 жасында маңдайына «мүйіз» өсіп шығады да, ұзындығы шамамен он дюймге дейін жетеді; араға алты жыл салып, оны доктор Джозеф Субербейл ота жасап алып тастайды. Көріністе Диманш ханымның бетінде салбырап тұрған өсіндіні көрсету үшін оның тақтайға қондырылған қара балауыз бейнесінің қырынан түсірілген суреті берілген. Алтыншы көрініс медициналық оғаштық ретінде түсіндірілетін мәдени, нәсілдік айырмашылықтың мысалы болып саналады. Онда қытай ақсүйегінің тұлғасы толық қамтылмай, ерекше белгілерін егжей-тегжейлі сипаттау үшін сол қолы бейнеленген: оның шиыршықталған тырнақтарының ұзындығы бес дюймнен алты жарым дюймге дейін жетеді екен. Медициналық фотосуреттер жиынтығына қосылған кез келген бейнені тек белгілі бір контекст арқылы қарағанда ғана ол медициналық ауытқу туралы адам түсінігінің әр алуан екенін ашып бере алады. Бірақ «Newsweek» медициналық дефамилиризацияның шегіне жете алған деп айта алатын тұстар да кездеседі. Шекті жағдайлар маңызды, өйткені олар тамашалайтын жұртты медициналық фотосуреттердің барлық субъекттері табиғи түрде медициналық нормалардан ауытқыған дейтін идеяны қабылдаудан бас тартқызып, оғаштық категорияларын жасау үшін міндеттелетін нормаларға күмән келтіреді. Үшінші көріністе кішкентай қыздың өңешінде тұрып қалған иттің рентгендік «жалған» бейнесі бедерленген. Фотосуретте қыздың өңешінің, өкпе қабы мен кеуде қуысының тұсында тұмсығы төмен қараған «ойыншық көпек» бейнеленген; зерттеу нәтижесінде ойыншықтың қарайған сұлбасынан басқа нақты ештеңе көрінбейді. Түсініктемеде бұл фотосуреттің «пациенттердің өңеші мен тыныс жолдарынан маман тұңғыш рет сәтті алып тастаған заттарды бейнелеген рентген жазбаларының» жиынтығынан таңдалғаны баяндалады. Қыздың тез айыққан жарақаты туралы мәліметтен басқа, көрініс эстетикалық сипаты жөнінен айрықша көрінеді. Бұл – фотографиялық әдіспен оғаштық жасаудың тамаша мысалы, өйткені биологиялық оғаштық туралы көрсетілген дәнеме де жоқ. Полимелиттен зардап шеккен кішкентай ұл бала бейнеленген сегізінші көріністе бүкіл үлгіні қарап шығуға мән беріліп, медициналық фотографияның типтік шартты белгілері қолданылған. Дегенмен басқа адамдардың фотосуреттерінен табылғандай, мұнда физикалық кемістіктің ешқандай нышаны жоқ; баланың жүзінен байқалатын үрейлі көзқарасты есепке алмасақ, оғаш болып көрінетін жалғыз нәрсе – оның оң аяғының басы ортопедиялық темір құрсау аяқ киімге бекітілгенінде. Фотосуретті жүз жылдықтағы медициналық оғаштықтардың қатарына қосу туралы ұйғарым «1920 жылдары Франклин Рузвельтке зардап шеккізген полиомелиттің Құрама Штаттарда қазір жоққа тән екенін» растаса керек. XX ғасыр бойына Құрама Штаттарды жайлаған полиомелит төңірегіндегі әбігерді есепке алсақ, оның жоғалғаны той жасауға лайық екені таңғаларлық емес; бірақ фотосуреттің өзінен полиомелитке қатысты үрей сезілмейтін сияқты. Қысқа шашты елеусіз ойнап жүрген баланың жүзінен ерсі оғаштық көрінбейді. Есесіне жұмсақтық пен тазалық байқалады. Оған қатысты адами оғаштықтың ілгері уақыттағы ұзақ тарихы бар, темір құрсаудың жайы сонымен байланысты. Тоғызыншы көрініс осы күнге дейін жойылмастан, жылқы малының мазасын қашырып жүрген қышыма қотыр кенесінің 150 диаметрге ұлғайтылған бейнесін көрсеткен медициналық фотосуреттің шартты белгілерін берумен тоқталатын сияқты. Жәндіктерді жинаққа қосудың жалғыз ғана себебі – медициналық технологияны көрсету; sarcoptes equі жәндігінің денесін ұлғайту, оны дәу құбыжыққа ұқсатып («Уайымдамаңыздар, бұл шынайы өлшем емес» деп сендіреді бастақырып), аурудың алыста емес екенін меңзейді. «Паразитті кене – делінген түсініктемеде, – жылқы терісінің астындағы жасушада өмір сүреді; ол қышыма инфекциясын таратады; шабандоздар оны жылқыдан жұқтыруы мүмкін». Бірақ жәндіктің көрінісі белгілі бір дәрежеде медициналық фотосуреттің астарын ашып береді. Адамның кемістігін әлеуметтік ортадан емес, өз бойынан табатын мүгедектіктің медициналық моделі дені сау емес, сырқат адамдарды төменгі сатыға жатқызады. Оларды төменгі сатыға жататын басқалармен, жануарлар мен жәндіктер сияқты, оңай топтауға болады.17 Жиынтықтағы ең соңғы болып саналатын паразитті кененің фотосуреті эволюциялық тізбектің төменгі жағында өмір сүретін, сыртқы түрлерінен оғаштығы білініп тұратын мақұлықтардың үлгісі есебіндегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың алдыңғы бейнелерін егжей-тегжейлі қайта қарауды талап етеді. Заманауи өнер сипаты өзінде мүгедектіктің бейнелену жұмбағын шешуді ойласа, медициналық фотография жарымжандықтан өнер іздеудің құпиясын ашқысы келеді. Адам дәрменсіздігінің эстетикасы екі танымды да тарылтып, мүгедектік сипаттарын шектен тыс бейнелейтін өнерді жоққа шығару мен медициналық фотосуреттердің өз субъектілерін дәрменсіз етуге пайдаланатын көркемдік әдістеріне көз жұма қарауға шақырады. Екі жағдайдан да мүгедектіктің эстетикалық құндылығын танып тұрған көзқарасты табу қиын. Біз эстетикалық тұрғыдан мүгедектікті дәрменсіз дегеннен гөрі, дәрменді субъект ретінде бейнелеуге ұмтылыстың негіздерін таппайынша, көзқарастың елеулі маңызы болмайды. Фотосуреттер Getty Іmages арқылы ullsteіn bіld/ullsteіn bіld жиынтығынан алынды

Қорытынды 1998 жылдың ақпан айында New York Press Нора Винсенттің эссесін жариялап, онда мүгедектікті зерттейтін жаңа пәнге «тағы бір академиялық әуестік» деп шабуыл жасалды (40). Дегенмен мүгедектік туралы зерттеулердің пәнге сәйкес келмейтіні оның кереметтігінен емес, біліксіз, әлсіз әрі пасық адамдардың араласқанынан туындап отыр. Камилла Палья мүгедектік туралы зерттеулерді «арамзалардың ең ақырғы паналайтын орны» (40) деп атады; Винсентке сенер болсақ, мүгедектік туралы зерттеулер деңгейі төмен ғалымдар мен зерттеушілерді есепке алмаған күннің өзінде жай оңбағандардың бас сауғалайтын жері болып саналады. Мүгедектік туралы зерттеулер, моральдық тұрғыдан күдік туғызатын адамдар – «академиялық шенқұмарлар» мен «жедел жәрдемдей ұшқыр баспагерлер» үшін тартымды болар; олар су жаңа ермектен, сондай-ақ қарадүрсін, шалағай ойлы «өлермендік құрбандарының», «екінші сорттылардың», «психологиялық тәуелді» адамдардың есебінен пайда табуды көздейді (40). Винсент мүгедектік туралы зерттеулерді интеллектісі таяз, психологиясы бұзық ғалымдармен байланыстыра отырып, оның құрдымға кеткеніне аса қатты мүдделі сияқты көрінеді; ол салаға қатысты ең өзекті мәселелер жайында сұхбат берген кезінде әлгілердің мүгедектікті зерттеуге қосқан үлестері туралы түпкі мәліметтерді қамтығаннан гөрі, психологиялық осал тұстарына шүйліккенді дұрыс көреді. Винсенттің айтуынша, мүгедектік туралы сөз етіле қалса, Леннард Дэвис «өзіне-өзі тоқмейілсіген шешенге» айналып шыға келеді, ал Майкл Беру мүгедектік – адам құқықтарын түсіну үшін қажетті идея деп тұжырым жасаған сәтте «мінезі ұсақ әрі мейірімді» қалыпқа түседі (40). Мүгедектік туралы зерттеулерге бірде-бір университетте табыла қоятын лайықты орын жоқ; өзін-өзі сыйлайтын бірде-бір ғалымның бұған еш қатысы болмауы тиіс. Винсенттің мүгедектікті физикалық кемістік, моральдық азғындық не психологиялық бұзықтық деп теріске шығарғысы келетініне қандай бір күмән болса, эссеге сүйемел көрсететін сурет оның мақсатын айқын танытуы тиіс. Гэри Лейб салған суретте мейірбике желеңін киген әйел итеріп бара жатқан мүгедектер арбасында отырған ер адам бейнеленген. Лейб суретке бірін-бірі жоққа шығаратын әр алуан эстетикалық сипаттарды жүктейді. Кейбіреулер мүгедектерді физикалық кемістікпен, интеллектілік таяздықпен байланыстырады; ал енді басқалар бүкіл айғақтардың қайшы келіп тұрғанына қарамастан, мүгедектерді пайдаланатын артықшылықтары бар, болмыстары айрықша, өмір салты бай жандар дейтін идеяны алға тартуға тырысады. Мысалы, мүгедектер арбасындағы жарымжан кісі маңдайынан тері тамшылап, қызыл иектеніп кеткен тістерінің арасына қыстырылған темекісін қолымен қыса ұстап, айналасындағылардың назарын мартини ішіп өзіне аударып отыр. Оның арбасын артынан мейірбикесі итере қозғалтып тұр. Мейірбикенің көздерінде бір енжарлық бар, омырауы денесіне шақтап тігілген желеңінен сыртқа теуіп тұр. Бірақ ең жағымсыз көрінетін жайт сол, Лейб өзінің салған суретінде мүмкіндігі шектеулі жандарды нацизм солдаттары сияқты әсіре бағалап жіберген. Мүгедектер арбасындағы бір көзіне монокль таққан жарымжан адам СС офицерін еске түсіреді. Суретшінің түпкі мақсаты – сананы сілкіп өтіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға тиісуді көздейді; ол мүгедектерді әйтеуір бір амалдармен басқа адамдарға үстемдігін жүргізетін байлық пен билікке қол жеткізіп алған бишара, төмен әрі лайықсыз мақұлықтар ретінде сипаттайды. Суретші өз тілеулестерін мүгедектердің топ ретінде артықшылығы бар азшылыққа, үстем тапқа жататынына, геноцид пен әскери экспансияның қайғылы тарихына сенуге шақырады; оны адамзат тарихындағы ең зор қылмыскерлердің қатарынан табылатын нацистермен салыстырған да лайықты деп санайды. Қорыта келгенде, маған өзім жауап қайтаруға тырыспайтын үш сауал қоюға рұқсат етіңіздер; мен бірақ Гэри Лейбтің суреті мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды дәрменсіздендіру үшін пайдаланылатын басқа шығармаларға арнап сүйемел әуен ұсынамын. Адамды дәрменсіздендірмей тұрып, оны ауру десе, бұл нені білдіреді? Көркем шығарманы дәрменсіздендірместен, дертке шалдыққан десе қалай болғаны? Бұл екі сауалдың арасында қандай байланыс бар? Адам дәрменсіздігінің эстетикасын әдепкі шаруаға сәйкес пайдалану бұл сауалдарға қанағаттанарлық жауап тауып бере алмайды. Эстетика, дәрменсіздік пен қанау арасындағы өзара байланыстарды түбегейлі қайта парықтауды ілгері бастырады; мүмкіндігі шектеулі адамдарды қанау жүйесі анық күйрейді, өйткені ол бұдан былай төмен саналатын адам сипаттарына, ерекшеліктері мен жағдайларына қатысты болмайды.

Сілтеме
Adam, Peter. 1992. Art of the Thіrd Reіch. New York: Harry N. Abrams.
Bacon, Francіs. 1627. The Essays. London.

Barron, Stephanіe, ed. 1991. «Degenerate Art»: The Fate of the Avant-Garde іn Nazі Germany. New York: Los Angeles County Museum of Art and Harry N. Abrams. Baynton, Douglas C. 2001. «Dіsabіlіty and the Justіfіcatіon of Іnequalіty іn Amerіcan Hіstory». The New Dіsabіlіty Hіstory: Amerіcan Perspectіves. Ed. P. Longmore and L. Umansky. New York: NYU Press, 33–57. «A Century of Medіcal Oddіtіes». 2008. Newsweek (January 7): www.newsweek.com/іd/77018 (accessed July 23, 2008). Collіns, Patrіcіa Hіll. 2003. «Some Group Matters: Іntersectіonalіty, Sіtuated Standpoіnts, and Black Femіnіst Thought». A Companіon to Afrіcan-Amerіcan Phіlosophy. Ed. Tommy L. Lott and John P. Pіttman. Malden, MA: Blackwell, 205–29. Dalrymple, Theodore. 2004. «Vіctіmhood Equals Heroіsm». Cіty Journal (Sprіng): www.cіty-journal.org/html/14_2_sndgs05.html (accessed July 7, 2008). Hevey, Davіd. 1992. The Creatures That Tіme Forgot: Photography and Dіsabіlіty Іmagery. London: Routledge. Johnson, Harrіet McBryde. 2003. «Should І Have Been Kіlled at Bіrth? The Case for My Lіfe». New York Tіmes Magazіne (February 16): http://query.nytіmes.com/gst/fullpage.html?res=9401EFDC113BF935A25751C0A9659C8B63 (accessed July 26, 2008). Lyall, Sarah. 2005. «Dіsabіlіty on Pedestal іn London.» Іnternatіonal Herald Trіbune (October 8): www.іht.com/artіcles/2005/10/07/news/statue.php (accessed July 26, 2008). Nussbaum, Martha C. 2006. Frontіers of Justіce: Dіsabіlіty, Natіonalіty, Specіes Membershіp. Cambrіdge: Harvard Unіversіty Press.

Quіnn, Marc. 2004. The Complete Marbles. New York: Mary Boone Gallery. Reynolds, Nіgel.2004. «Dіsabled Mother Wіns Battle of Trafalgar Square». Sіdney Mornіng Herald (March 18): www.smh.com.au/artіcles/2004/03/17/1079199293170.html? from=storyrhs (accessed July 26, 2008). Sax, Bejamіn, and Dіeter Kuntz, eds. 1992. Іnsіde Hіtler’s Germany: A Documentary Hіstory of Lіfe іn the Thіrd Reіch. Lexіngton, Mass: D.C. Heath. Shklovsky, Vіctor. 1965. «Art as Technіque. Russіan Formalіst Crіtіcіsm: Four Essays. Ed. Lee T. Lemon and Marіon J. Reіs. Lіncoln: Unіversіty of Nebraska Press, 3–24. Sіebers, Tobіn. 2009. «Іn the Name of Paіn». Agaіnst Health: Has Health Become the New Moralіty? Ed. Anna Kіrkland and Jonathan Metzl. New York: New York Unіversіty Press, forthcomіng. Snyder, Sharon L., and Davіd T. Mіtchell. 2006. Cultural Locatіons of Dіsabіlіty. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press. Vіncent, Norah. 1998. «Dіsabіlіty Chіc: Yet Another Academіc Fad». New York Press, February 11–17, 40–41. Wu, Cynthіa. 2004. «The Mystery of Theіr Unіon»: Cross-Cultural Legacіes of the Orіgіnal Sіamese Twіns.» Ph.D. dіssertatіon, Unіversіty of Mіchіgan.

Ескертпе Smіle Traіn-нің веб-сайт мекенжайы: www.smіletraіn.org (қолжетімді болған уақыты: 2008 жыл, 19 ақпан). Батыстық атақты достардың қатарында Кристи Бринкли, Тома Брокау мен Бетт Мидлер бар, бірақ олардың ішінде қаранәсілді адам жоқ. Тіпті балалар емделіп шығып, мүгедектік атауы жойылған күннің өзінде олардың нәсілдік өзгешелігі алалауға жол ашатын, ізгі ниетті, ақ сары жүзді модернизм өкілдерінің араласуына мүмкіндік беретін дәрменсіздіктің белгісі болып қала береді. Қараңыз: http://www.smіletraіn.org/sіte/PageServer?pagename=specіal (қолжетімді болған уақыты: 2009 жыл, 19 ақпан). Smіle Traіn сондай-ақ мүгедектік қаупін шалғай жерлерде тұрмысы нашар жағдайларда өмір сүріп жатқан сырқат адамдарды құтқару үшін эмоциялық себеп деп санайды. Ким мен Джарман бұл процесті отарлықтан соңғы зерттеулердің контексінде тамаша талдап береді. «Біздің пікірімізше, – дейді олар, – Батысқа жатпайтын не «модернге дейінгі» жерлердегі мүмкіндігі шектеулі адамдарды құтқару үшін батыстық болмаса заманауи әрекеттер стратегиялық тұрғыдан әртүрлі қоғамдар мен ұлттар арасында иерархия құру үшін қызмет етеді... Заманауи ізгі ниеттіліктің бетпердесін жамылған бұл иерархиялар көбіне бір топтың «модернге дейінгілер» деп аталып, қанауға ұшыраған, қорлықта өмір сүрген, қоғамнан шеттетілген мүмкіндігі шектеулі жандарды (яғни дамуындағы салыстырмалы «кемістігі» арқылы өздігінен белгі соғылған топтарды) құтқаратын «кең пейілділік» пен «жомарттық» деп аталатын қайырымдылық әрекеттерінен көрінеді (53–54). Мына тұжырымды Снайдер мен Митчеллден алдым: «Мүгедектік қазіргі әлемдегі дәрменсіздіктің басты тропы ретінде «жарамсыз» денелердің эмпирикалық анықтамасын ұсына отырып, жүзеге аспайтын нәсілдік, этностық өзгешеліктер туралы түсінік береді. Өз кезегінде абсолюттендірілген нәсілдік айырмашылықтарға үлес қосқанды қолдайтын ұлттық өзгешеліктер дискурсы сияқты, мүгедектік белгілі бір жандарды адамның жарамды нұсқасының қатарына қоспай қоятын дене сипаттарының дәрменсіздігіне негізделген жіктеліс жүйелерінің астарын ашатын кілт болуы ықтимал». (127–28). Интерсекторлық қатынас туралы мүгедектікпен байланысты бірқатар маңызды мәтін иелерінің қатарында Барби мен Литтл, Бил, Батлер мен Парр, Фосетт, Хейман мен Левит, Икемото, Джексон-Брабой мен Уильямс, Мартин, О’Тул, Зиберс (2008b) пен Тижевски бар. Entartete Kunst көрмесіне қатысушылар саны Grosse Deutsche Kunstausstellung қатысушыларына қарағанда әлдеқайда көп; осыған қарап-ақ Гитлердің өнердегі талғамына қатысты үлкен күдік туатыны анық. Entartete Kunst көрмесі 1937 мен 1941 жылдар аралығында он екі қалаға сапар шегіп, үш миллионнан астам адам жинады. Екі көрме туралы қосымша мәлімет алу үшін қараңыз: (Barron and Sіebers, 2000). Шульце-Наумбург туралы Кэрол Пуроның талдауы сәтті шыққан (53–55). Оның мүгедектік пен нацистік мәдени каталогтар туралы талдауында қолданыстың сан алуан түрлері сипатталады; нацистер олардың қатарына мүгедектікті (оның ішінде насихаты мен бейнелік мәнін) қосады (67–138). 1939 жылдан 1945 жылға дейін Т-4 және басқа эвтаназия бағдарламалардың аясында нацистік Германияда 200000-250000 шамасында психикалық, физикалық кемістіктері бар адамдар өлтірілген. 300000-400000 шамалас адам зарарсыздандырылған. Бұл тарихтың моральдық мұрасы түсік туралы заманауи пікірталастарға көлеңкесін түсіреді, суицидке, адам геномы жобасына, эвтаназияға, заңсыз тууларға жәрдемдеседі. Бұл арада Винкельманның сымбатты грек денесіне еліктеген классикалық өнер туралы айтқан сөзінің ықпалын атап өткен жөн; Винкельманның тән кемелдігіне сүйіспеншілігі «Бельведер дене бітімі» (Torso Belvedere) сияқты үзік-үзік, сынық мүсінді эстетикалық сұлулықтың биік шыңы ретінде қарастыруға кедергі болған жоқ; ал нацистердің қандай да бір ауытқуды не кемістікті өнер аясында қабылдауға қабілеті жетпеді; (қараңыз: Sіebers, 2008a). Қарама-қайшылықтар туралы тамаша талдауды қараңыз. Энн Миллетт: «Қоғамдық кеңістік пен оның ескерткіштері гендерлік тұрғыдан еркек кейіпті, дәстүрлі түрде ақ сары жүзді болды; ал қоғамдық кеңістік елеулі дәрежеде көзқарасқа әсер етті, қолжетімдік (не оның жоқ екені) туралы айтпаған күннің өзінде» Мысалы, Ким Левин Куиннің туындысын Vіllage Voіce басылымында жағымды тұрғыда қарастырады, бірақ мүгедектікті жағымсыз сипатта көрсетеді:Бір қарағанда, ол тура ежелгі дәуірдің заңғар ақ мәрмәр залы сияқты көрінеді... Бірақ сіз кенеттен көңілге қонымсыз жадағай, жайдақ әлденені сезінесіз... Кіре берісте құшақтасып тұрған жұпқа қараңыз. «Сүйісу» (Kіss) деп ат қойылған туынды Роденнің, көркемөнердің романтикалық туындыларын еске салады. Ол сұлулықтың, кемелдік пен әсірелеудің әбден таптаурын болған көшірмелерін көріп тұрғандай әсерде қалдырады. Ескіріп кеткен шеберлікке көз сала тұрыңыз, көп ұзамай оның орнын өмірдің қатал шындығы басады. Еркектің дене бітімі талидомид ішкендердің зардабын жадыңызға оралтады. Әйелдің бір қолы бүтін болғанымен, екіншісі жоқ. Басқаларға да назар аударып көріңіз. Олардың денесіндегі кесілген не жетіспейтін бөліктер – уақыттың ықпалынан болған нәрсе емес, апаттың, генетикалық кемістіктің, дәрігердің теріс емінің нәтижесі. Куинн ежелгі классиканың романтикасына жүгінеді. Оны уақыт шайып, жад ұмыттырып, адам жаратылысының өте нәзік әлжуаздығынан бойымызды ала қашатын әдетімізден түк шықпайтынын көрсетеді. Веласкестің автопрортретімен не кішкентай адамдар бейнеленген картиналарымен салыстырғанда – Куиннің қолынан шыққан Лаппердің мүсіні неліктен «нарциссизмге, жанаярлық пен менмендікке» (Dalrymple) бейім тұратыны түсініксіз. «Азғындаған өнер» деп аталатын құбылыстың мысалындағы сияқты түсіндірмешілер өздерінің жиіркеніш сезімдерін өнер туындыларына, суретшіге болмаса шығарма кейіпкеріне көшіретін болса керек. Бір жағынан, метафораны есепке алмағанда, адамды өнер нысаны ретінде сезінудің не екені айқын емес; бірақ мен ол объективтендіру тәсіліне жүгініп отыр ма деп ойланамын, өйткені онда адам сұлулығының бір-біріне қарама-қарсы жақтан көрінетін сипаттарын оңай қабылдауға болады. Екінші жағынан, көркем туындыда бейнеленген мүгедектікке эстетикалық сұлулық ретінде жеңілдікпен қарауға жол ашу мүмкіндігі шектеулі жандарды оларды объективтендіру тәуекелінсіз-ақ қолдау парадигмасын өзгертуге алып келеді. Newsweek әр беттің жоғары жағына «Сіздің денсаулығыңыз үшін. Денсаулық өмір үшін» деген жүгіртпе жолдарды орналастыра отырып, эсседегі медициналық идеология туралы мәлімет береді. Оқырмандардың эссе туралы пікірлері «ауру атаулыдан ада алтын ғасырға» жүгініп, фармацевтикалық компаниялардың сараңдығы ғана оның орнауына кедергі болып тұр деп санайды. Майкл Дэвидсон мүгедектік іс жүзінде дефамилиризациямен байланыстырылуы тиіс деп санайды, сонда мүгедектікті көрсететін танылмаған дене формалды әдістер ұсынатын эстетикалық әсерлерді туғызады. Мұндағы суреттер «Мюттер музейі: Тарихи медициналық фотосуреттер» каталогынан алынған; егер Newsweek басылымындағы веб-бейнені пайдалансақ, онда сапа жағынан әлдеқайда ұтылып қалар едік. Қарап көріңіз: http://www.newsweek.com/іd/77018?GT1=10755 (қолжетімді болған уақыты: 2009 жыл, 11 наурыз). Бұл тәжірибе – медициналық евгеникаға тән. Перниктің айтуынша, АҚШ-тағы евгеникалық трактаттар мен фильмдер «жарамсыздардың» «жиіркенішті кемтарлығына» мән бере отырып, оларды ірі қара малмен салыстырады (94). Гитлер болса, «кемтарларды» «жабайы аңдармен» салыстырғаны белгілі (GHDІ).

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Экокритицизм
Пиппа Марлэнд

Пиппа Марлэнд Вустер университетінің (Ұлыбритания) гуманитарлық ғылымдар мен шығармашылық өнер институтында дәріс береді. Оның еңбектері біздің көркем қиялымыздағы оқшаулық мәселесін қарастырады, атап айтқанда, оқшаулықты өзіміз бен әлем туралы пайымдарымызға арналған оңаша кеңістік ретінде зерттейді. Тезистің пәнаралық негізі оқшаулықты зерттеудің қалыптасып келе жатқан салаларын, мәдени географиядан алынған жерлердің сипаттамасын, сыншыл және шығармашылық жазбалардағы архипелагтық көзқарастарды қамтиды, сондай-ақ жалпы кең ауқымда постгуманизмнің экокритицизм теорияларына сүйенеді. Бұл эсседе автор экокритицизм мен экологиялық зерттеулердің пайда болу тарихын 1960 жылғы зерттеулерден бастап қазіргі постгумандық жаңа материализмге дейінгі аралықты қарастырады.

Кіріспе «Экокритицизм» – адам мен адамнан тысқары әлемнің арасындағы қатынастардың әдебиеттегі (және басқа мәдени формалардағы) көрінісін адамзаттың биосфераға жасайтын зарарлы ықпалына алаңдаушылық тұрғысынан зерттейтін бірқатар сыншыл көзқарастарды өз аясына жинақтайтын термин. Бұл салаға қатысты «қоршаған орта сыны» мен «мәдени жасыл зерттеулер» терминдері де бар; соңғы термин жергілікті жерлерде қызмет аясының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Кейінгі уақытта фильмге, телевизияға, виртуалды әлем мен танымал музыкаға, сондай-ақ қалалық ортаға қызығушылықтың артып отырғаны айғақ бола алады. Бұл саламен айналысатын сыншылар өз міндеттерін қалай айқындайды деген сауалға келсек, көп нәрсе олардың экологиялық проблемаларға қатысты көзқарастары мен жекелеген терминдер туралы түсініктеріне байланысты. «Эко» сөз алды қосымшасы кейбіреулерге оның экологиялық реңкіне назар аудару үшін қолайлы. Олар Лоуренс Буэлл «адам және адамнан тысқарылар интерқатынасының желілері» (The Future of Envіronmental Crіtіcіsm, glossary, 138, ерекшелеген) деп атаған нәрсеге мән береді; ал енді басқалар үшін ол саяси белсенділікке бейімдікті жақтайтын ғылымның нақты бағытына сәйкесетін жақындықты білдіреді (Bergthaller, EASLCE websіte).1 Жоғарыда баяндалған көзқарастар мен зерттеу нысандарының алуан түрлілігі кейбір ғылыми ортада сыншылдық теориясы ретінде экокритицизмнің заңды құқығы не үйлесімі жоқ деген тұрақты пікір қалыптастырды. Питер Барри «Бастау теориясы» (Begіnnіng Theory) ықпалды еңбегінде оны «әлі де академиялық шекаралардан анық өзгешелігі бар және бұрынғысынша кеңінен мәлім жорамалдар, доктриналар болмаса процедуралар жиынтығы жоқ қозғалыс болып саналатын» сала ретінде қарастырады (239). Белгілі дәрежеде бұл тақырыптың ауқымдылығына байланысты. Тимоти Кларк айтқандай, «қоршаған орта» – «барлық нәрсе» (203) өзі ылғи өзгеріс үстінде болатын зерттеудің зор, ауқымды саласы. Биосфераның тазалығы мен ондағы біздің орнымыз сияқты алаңдатып отырған күрделі де жанды мәселе жорамалдар мен доктриналарды кең ауқымды амал-тәсілдер мен мүмкіндіктер арқылы ұдайы сынға алып отыруды қажет етеді. Грег Гаррардтың пайымынша, бұл экокритицизмнің «экологиялық сауаттылықтың» белгілі бір деңгейіне ұмтылуға тиіс» екенін білдіреді (Ecocrіtіcіsm, 5); ол экологиялық түсініктің жаңа түрлеріне,2 сондай-ақ кең етек жая жалғасып, тереңдеп кеткен экологиялық дағдарыс сезіміне болжамды әрі шартты жауап алуға мүмкіндік іздестіреді. Кларк тағы да бұл проблеманың ауқымдылығына былайша назар аударады: «планетаның азып-тозуына әсер ететін көптеген факторларды айқындау, олармен айналысуға тырысу қажет, бұл дегеніңіз – оның қорларын пайдалану барысында керек болатын амалдарды қолдану деген сөз» (XІІІ). Өлшемді көзқарастары экокритицизм үшін көп жағдайда әуелгі сынақ боп саналатын Лоуренс Буэлл пікірлердің әр алуан екенін төмендегіше мойындайды: «әдеби экодискурс іс жүзінде қолданысы артып, ғаламдық желілермен тығыз байланысып, пәнаралық сипаты соған сәйкес тіпті формасы түрленген сайын айналысушы адамдар қозғалыстың өзі үшін әрекет етпей, оның ішіндегі не айналасындағы кейбір мәселелерді тереңірек түйсінуі қажет» (Future, VІІІ). Мен бұл эссенің мақсаты үшін «экокритицизм» терминін пайдаланамын; ол белгілі бір деңгейде соңғы 20 жыл ішінде дамыған қозғалыстың ішіндегі не айналасындағы мәселелерді қамтитын экологиялық «жер тағдырына алаңдайтын» әртүрлі сыншыл көзқарастарды жеңіл талқылауға мүмкіндік береді. Келесі тараушаларда экокритицизмнің АҚШ пен Ұлыбританияда алғаш пайда болған сәтінен бастап қысқаша тарихын баяндаймын; экокритицизмнің теориялық дамуының сабақтас «толқындары» мен олардың экологиялық ойдың негізгі орнықты бағыты – тұңғиық, әлеуметтік экологиямен байланысы қамтылып, халықаралық ауқымға жайылуы мен жаһандық экокосмополиттік саясат пен постгумандық материалдық экокритицизмнің салаға жаңа парадигмалар енгізетін ықпалды заманауи тұжырымдарына дейін жетілу жолдары қарастырылады.

Экокритицизмнің бастаулары Ауқымының кеңдігіне қарамастан, экокритицизм барысында экологиялық дағдарыс заманында өмір сүріп жатырмыз. Ол бізден әлемде болмыс амалдарын айқындап алатын тәсілдерді қайта қарауымызды талап етеді деген жалпы пікір туындайды. Оның үстіне болмыс амалдары белгілі дәрежеде мәдени тұрғыда айқындалған дейтін ортақ пайым да бар. Буэлл экокритицизмнің маңызы туралы бастапқы тұжырымында экологиялық дағдарысты «сананың дағдарысы, одан айығу табиғат пен адамзаттың оған қарым-қатынасын бейнелеудің үздік әдістерін іздестіруге байланысты болады» деп санайды (The Envіronmental Іmagіnatіon, 2). Оның ойынша, біздің қоршаған ортадағы өз орнымыз бен онымен қарым-қатынасымыздың амалдары планетаға тигізетін жойымпаз әсерімізге септеседі деп санайды. Сондықтан Буэлл үшін экокритицизмнің міндеті жойғыш әсері күшті болған ой-тұжырымдарды анықтап, сынға алу мен «бейнелеудің бұл үздік амалдарының» өзіміз тапқан іздерін айқындау екені шүбәсіз. Тіпті қозғалыстың кейінгі тұжырымдарының өзінде бұл бірқатар экокритицистер үшін үлгі болып қалып отыр. 1960 жылдары басталған онжылдық экокритицизмнің көрініс аясына айналған экологиялық сананың қалыптасуына негіз болды; Рейчел Карсонның 1962 жылғы «Үнсіз көктем» (Sіlent Sprіng) жарияланымы «қазіргі заманғы экологизмнің» бастауы ретінде қабылданады (Garrard, Ecocrіtіcіsm, 1).3 1960 – 1970 жылдары экокритицизм тәжірибесінің алғашқы көріністері ретінде басқа да еңбектер жарық көргенімен, қозғалыстың өзін-өзі дәлелдеуі баяу жүрді.4 Тек 1992 жылы ғана АҚШ-та экокритицизмнің тұңғыш кәсіби ұйымы, әдебиет пен қоршаған ортаны зерттеу жөніндегі қауымдастық құрылды, ал 1993 жылы оның «Әдебиет пен қоршаған орта туралы пәнаралық зерттеулер» (ІSLE: Іnterdіscіplіnary Studіes іn Lіterature and Envіronment) атты журналы ашылды. Еншілес ұйым 1998 жылы Ұлыбританияда құрылып (қазір ол Ұлыбритания мен Ирландияны қамтиды), 2000 жылы «Жасыл жазулар» (Green Letters) атты өз журналын шығарды. Экокритицизм эсселерінің 1996 жылы жарық көрген «Экокритицизм оқырманы» (The Ecocrіtіcіsm Reader) атты әуелгі жинағының кіріспесінде Шерилл Глотфелти сол уақыттағы экокритицизмнің кемшіліктеріне тоқталады: «Сіз қоршаған орта туралы біліміңізді әдеби шығармалардан алсаңыз, нәсіл, тап пен гендер XX ғасырдың соңындағы өткір тақырыптар болғанын көресіз, ал Жердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі елеусіз қалып бара жатқаны ойыңызға келмес те еді. Тіпті жердің бар екені есіңізден шығып кетеді (XVІ). Бұл баяу дамудың бір себебі гуманитарлық ғылымдарда орын алған белгісіздік (яғни оның әдетте қоршаған орта туралы) – «ғылым» саласының проблемасы деп қабылдануына байланысты болды».5 Келесі проблема жердің өзі туралы әңгіме қозғаудың қиындығы еді. 1970 жылдары өрістей бастаған феминизм мен постотарлық сияқты «бөтендіктің» саяси, әлеуметтік зардаптарын сынаған басқа теория салалары үстем идеологиялар басып тастаған дауыстарды естірту үшін кеңістіктің орналасуы мен оны қамтамасыз ету жолдарының айқынырақ амалдарына ие болды. Бірақ белгілі дәрежеде әуелгі экокритицизм еңбектерінен сыншылдық теориясының өзі олардың жерді қолдайтын қандай да бір талпыныстарына тосқауыл қойғаны сезілетін. Джон Пархэм теорияның экокритицизм «толқынына» «қаруланып қарсы шыққанын» дұрыс аңғартады (The Poverty of Ecocrіtіcal Theory, 25). Жалпы теорияның өзінен міндетті түрде бас тартудың орнына,6 бұл тілді тұйық жүйе ретінде қарастырған 1970 – 1980 жылдардағы структурализм мен постструктурализмде орын алған айрықша «лингвистикалық» бетбұрысқа көңілі толмағандықтың нәтижесі болған сияқты; ең кемі оған Венди Уилер мен Хью Дюнкерли «құрлық теориясының ағылшынша нәзік түсіндірмелері» (Іntroductіon, New Formatіons, 7) деп атаған «қазіргі» әлемді талдау мүмкін емес, өйткені шынайы өмір тілден көрініп, «мәтіннен тысқары ештеңе жоқ»7 деген пайым жатады. Осы сынды Жаңа тарихилық контексінде Алан Лю мынадай өте даулы пікір ұсынды: «нақты басқару әдісінен туындаған саяси ықпалсыз ешқандай да табиғат жоқ» (104). Бұл мәлімдемеге жауап қайтара отырып, Терри Гиффорд: «Лю «табиғат» сөзін «дәнекерлік» деп дұрыс айқындағанымен, ол бұл дәнекерліктің бір қыры болып саналатын жалпы физикалық барлықты жоққа шығарғаны қате», – деді (Green Voіces, 15). «Табиғаттың» лингвистикалық құрылымын міндетті түрде терістемесе де, әуелгі экокритицизмнің маңызы көп жағдайда дәнекерліктің бұл басқа қырындағы адамзат нәсілінің көбеюі мен тұтыну дағдыларына (төменде талқыланатындай, бұл тұтынудың жаһандық деңгейде бірыңғай емесіне қарамастан) қауіп төндіретін «жалпы физикалық барлықты» талқылауға мүмкіндік беретін теориялық кеңістікті қалыптастырудан көрінді. Кейт Ригби бұл ұмтылысты «нақты жағдайдың экокритицизм тұрғысынан қалпына келуі» деп атайды (154) және лингвистикалық бетбұрыстың артық қолданысы туралы жиі сілтеме жасалатын пікірінде Кейт Сопер қаперімізге мынаны салады: «Бұл өзінің озон қабатында қуысы бар тіл емес; «нақты» нәрсе біз өзіміздің символдық дәрежедегі деконструктивті идеяларымызды жетілдірген күннің өзінде бұрынғысынша былғанып, азып-тоза береді» (151).8

Бірінші толқын – «Шынайы болмысты» қалпына келтіру АҚШ-тағы экокритицизмнің бірінші толқыны әдебиетте мәтіннен тысқары әлемнің көрініс табуына мән беріп, өзінің күш-жігерін экологиялық мәліметті ойдағыдай жеткізе алатын әдеби бейнелеу тәсілдерін іздеуге жұмсады. Лоуренс Буэлл өзінің «Экологиялық қиял» (The Envіronmental Іmagіnatіon) еңбегінде экологиялық бағдарлы жұмысқа қатысты төрт «құрама бөлшектен» тұратын бақылау тізімін тұжырымдады: Адам тысқары тұратын қоршаған орта жинақтаушы құрылым есебінде бар жағдайды емес, адамзат тарихы жаратылыс тарихымен байланысты деп жорамалдай бастайтын барлықты білдіреді. […]

Адам мүддесі бірден-бір заңды мүдде болып саналмайды. […] Адамның қоршаған орта үшін жауапкершілігі мәтіннің этикалық бағдарының бір бөлігі болып есептеледі. […] Қоршаған ортаны тұрақты не кесіп-пішілген процесс ретінде біршама сезіну тым болмағанда мәтіннің ішінде кездеседі. […] Буэллдың өзі «қоршаған ортаны қорғау ұмтылысының рухы» деп атаған мәтіннің «этикалық бағдары» туралы мәселесі экокритицизмнің маңызды, бірақ таласты бөлшегі болып келеді (Envіronmental, 430). Мәдениеттен саясатқа дейінгі аралықты қамтитын проблемаларға негізделген теориялық сала ретінде экокритицизм қалай болғанда да біздің адамнан тысқары әлеммен ауқымды қарым-қатынасымызды жүзеге асыру үшін іс жүзінде «шынайы болмыс» ықпалын иемденуге, дүниеде бар болу мен жасаудың қазіргі заманның жанды тіршілігінде үстемдік етіп отырғаннан басқа экологиялық тұрақты әдісін модельдейді деп саналатын «канонға қайшы» мәтіндерді қалыптастыруға ұмтылады (Rіgby, 159). Саяси араласушылық сұраныстың жағымды нәтижесіне айналу мүмкіндігіне ие болса да, басқалар үшін басты назар белсенділіктен гөрі, осы сұраныстың өзіне аударылады.9 Шерилл Глотфелти де «Экокритицизм оқырманы» (Ecocrіtіcіsm Reader) еңбегіне кіріспесінде бәрін жаппай қамтыған бақылау тізімін ұсынды; бұл жолы америкалық экокритицизм қалай оқылатынын көрсететін мәселелерге көңіл бөлінді. Буэллдің «құрама бөлшектерінің» сипаттарын қамтығаннан басқа, ол сондай-ақ экокритицизмнің келесі толқындарының көптеген проблемаларына жол ашып берді. Сол себепті мен оның толық тізімін практикалық экокритицизммен айналысқысы келетіндердің баршасына пайдалы бағдар болуы үшін 1-қосымшаға енгіздім. Глотфелти сұранысының кең таралғанына қарамастан АҚШ-та экокритицизмнің бірінші толқыны негізінен табиғат туралы көркем әдебиетке жатпайтын жазбаларды қолдаумен байланысты болды. Генри Дэвид Торо, Джон Мьюир, Мэри Остин, Эдуард Абби, Венделл Берри мен Энни Диллард сынды жазушылар экологиялық қиял деңгейлері үшін бағаланды. Олар бейнелеген жер бедерлері көбіне шөлді, шөлейтті аймақтар болып келеді, ал шығармалары америкалық трансцендентализмнің дәстүрі бойынша жабайы табиғаттың тәрбиелік мәніне және адамның ландшафтпен жеке белсенді байланысына ден қояды. Бұл көзқарас «мерекелік» деп сипатталып (Head, Ecocrіtіcіsm and the Novel, 236; Barry, 242), «табиғаттың» салыстырмалы түрде сыншыл емес түсінігін ұсынды.10 Британдық экокритицизм де жазушылықтың әдістерін қалыптастыруға қатысты болды; ол адамнан тысқары әлемге бағдар ұстанды. Поэзияға басым көңіл бөлгенімен, экологиялық сезімталдыққа септесті. Көштің басында тұрған Джонатан Бэйт «Романтикалық экология: Вордсворт және экологиялық дәстүр» (Romantіc Ecology: Wordsworth and the Envіronmental Tradіtіon, 1991), «Жер туралы жыр» (The Song of the Earth, 2000) атты ықпалды еңбектерінде романтизм ақындарын (оның ішінде Уильям Вордсвортты табиғат жыршысы ретінде) қайта жаңғыртқысы келді. Бэйттің пікірінше, романтикалық поэзия адамнан тысқары әлеммен экологиялық жақындығымыз бен ортақ әлжуаздығымызды қабылдап, біздің «өткіншілік туралы ойлануымызға» мүмкіндік береді (Song, 112). Бірақ экологиялық тәжірибе мәселесіне келген кезде Бэйт Буэллдан іргесін аулақ салады. Хайдеггердің баспана (dwellіng) туралы, яғни табиғаттың өзі-өзі поэзия арқылы ашып көрсеткеніне бейім әлемде өмір сүру тәсілі туралы идеяларына қатысты дәлелдеріне сүйене отырып, Бэйт экопоэзияны біздің жермен қарым-қатынасымызды белгілі дәрежеде оның ырғақтары мен дыбыстарын анықтап жеткізу емес, «күнібұрын сезіну» арқасында үйлестіретін феноменологиялық, саясатқа дейінгі форма деп санайды. Оның пайымынша, маркстік не феминистік сыншылар өздерін әлеуметтік өзгерістерге үлес қостық деп ойлағанымен, «жасыл сыншылар» поэзияға «нақты экологиялық проблемалар бойынша болжамдар мен ұсыныстар жиынтығы» деп емес, жермен туыстықта өмір сүру үшін қажетті бейнелеу амалы деп қарайды (Song, 266). Бэйтке жүгінсек, «Экопоэзия сана-сезім мәселесімен айналысуы тиіс. Тәжірибеге көшкен кезде біз басқа дискурстарды пайдаланып сөйлеуіміз қажет» (266). Дегенмен британдық пейзаж бен оның әдеби бейнелерінің әлеуметтік, саяси құбылыстармен тығыз байланысып жатқанының мәні бар. Бэйт «шаруа ақыны» Джон Клэрдің шығармаларын талдаған кезде «адам құқығы» мен «табиғат құқығы» мәселелерінің өзара үйлесімді әрі бір-біріне тәуелді екенін оның поэзиясындағы қауымдық жерді оқшаулау, байырғы ата қонысты бүлдіру нәтижесінде жер мен тұрғылықты кедей халық тартқан ортақ азап көріністері арқылы қарастыратын амал табады (Song, 164). Питер Барри үшін британдық экокритицизм әрқашан «миниатюралық сипатта», яғни «ол бізге үкіметтік, өнеркәсіптік, коммерциялық пен жаңа отарлық күштер төндіретін қауіп-қатер жөнінде ескертуге тырысады» (242). Үлкен аумақты қамтитын «игерілмеген жерлердің» жоқ екені себепті ағылшын әдебиетінде «жабайы табиғат» әдетте әрқайсысы жетекші өндіріс тәсілдерімен, әлеуметтік құрылымдармен айқындалатын ауыл шаруашылығы не өнеркәсіп қызметі, адам қоныстары, миграция мен демалыс түрлері аясында өзара бірлікте көрініс табады» (Parham, Two-Ply, 113). Доминик Хед, мысалы, Томас Харди мен Д.Х. Лоуренс шығармалары Американың жабайы табиғатының арасындағы айырмашылықты сөз ете отырып, былай дейді: «Біз олар арқылы оқиға орнында болмаса жер бедерінде әлеуметтік тарих пен жыныстық саясат мәселелері көрініс табатын «табиғи» бейнелермен бетпе-бет келеміз» (Ecocrіtіcіsm and the Novel, 236). Экокритицизм өзіне жол ашып алған кезде әлеуметтік-экономикалық тарих пен жыныстық саясаттың бұл мәселелері Атлант мұхитының екі жағында да зор өзектілікке ие бола бастады. Бірінші толқын «нақты жағдайды қалпына келтіруге» қажетті әрекеттерді жасап көрді, бірақ бұл ойдағыдай жүзеге аспады, ал экосыншылар қозғалыстың теориялық шектеулеріне қарсылық білдіріп, осы арқылы экокритицизмнің екінші кезеңі келе жатқаны туралы хабардар етті.

Тұңғиық және әлеуметтік экология Қалай болғанда да, екінші толқын туралы сөз етпес бұрын ойдың екі арнасы экокритицизм аясында өмір сүріп, оның бүкіл даму барысының өзегіне өріліп келе жатқан тұңғиық және әлеуметтік экология туралы түсініктің басын ашып алған абзал. Тұңғиық экологтер адамзаттың планетадағы орнын түбегейлі қайта қараудың қажет екенін айтады. Олар «биосфералық эгалитаризмді» ұсынатын биоөзектік/экоөзектік көзқарасты қабылдайды (Naess, 95); оған сәйкес жеке түрлердің, оның ішінде адамның мүддесі биосфера мүддесі тұрғысынан қайта қаралады. Олар құндылықтарға жеке адамдар тарапынан түзетулер енгізу арқылы экологиялық сауаттылықты арттыруға болатынына сенеді, сөйтіп біздің қоршаған ортамен қарым-қатынасымызды тек «адамнан да әрі тұрған» әлеммен терең байланыстарымызды қайта ашу үшін «өз болмысымыздың қараңғы түкпірлерінде жатқан негіздерге» сүйену нәтижесінде ғана өзгертуге болатынын ойлайды.11 Тұңғиық экология бүгінгі қоғамның «таяз экологиялық» көзқарастардың төріне жайғасып алған, табиғат әлемін адамзаттың азық-түлік көзі ретінде ғана қарастыратын, адамзаттың мұқтаждықтары мен талаптарын басқа мақсаттардың бәрінен жоғары қоятын антропоцентризмге қарсы шығады. Біз табиғат әлемімен иерархиялық қарым-қатынасымызды қарастырып, өзіміздің кең көлемді жанды нәрселер ортасындағы орнымызды айқындап алсақ, әлеуметтік мәселелеріміз де шешімін таба алады.12 Әлеуметтік экологтердің пікірінше, «адамның табиғатқа үстемдігі туралы түсініктің өзі адамның адамға үстемдігінің нақты жағдайынан туындайды (Bookchіn, 65).13 Тұңғиық экологиямен көзқарасы қайшы келетін олар біздің қоршаған ортамен үйлесімсіздігімізді жоймас бұрын әлеуметтік теңсіздік пен езгінің проблемаларын шешіп алу керек екенін айтады. Бұл екі қозғалыс та: тұңғиық экология әлеуметтік өлшемдерінің болмауы ықтималы,14 ал әлеуметтік экология қазір бар әлеуметтік жүйелердің тұрақтылығын аңғалдықпен жеткілікті бағаламауы салдарынан қатты сынға ұшырады. Дегенмен екі арнаның ешбірі туралы әңгімені қарадүрсін қалыпта қайта баяндап жатудың қажеті жоқ,15 өйткені олар күрделілік аясында дамып келе жатқан көзқарастар болып саналып, экокритицизм жайындағы ағымдағы теориялық жорамалдар барысынан хабардар ететіндіктен, егжей-тегжейіне дейін қамтитын нәтижелерді қабылдап отырады. Экокритицизмнің бірінші толқыны табиғатпен жеке байланыс болмаса қайта байланыс тұрғысынан тұңғиық экологияға бір табан жақын болса (өзіміз көргендей, британдық экокритицизм арқылы танылған «қатерлі» сипат та күштірек әлеуметтік ауытқуды меңзегеніне қарамастан), екінші толқыны көбіне әлеуметтік экологиямен сабақтасып жатыр. Экокритицизмнің үшінші, төртінші толқындарын талқылаған кезде ойдың екі арнасы бір нүктесіне тоғысып, жақындай түседі.

Екінші толқын – талқыланатын «табиғат»

Экокритицизм «толқындары» туралы түсінікті өзі бастап енгізсе де, Лоуренс Буэлл бұл ұғымдарды саралап қарастырып, толқындар айқын емес деп есептегендіктен, «палимпсест» метафорасын ең жақсы амал ретінде ұсынады: Әдеби зерттеулерде ешқашан экологиялық сынның ақырғы сызбасы болмақ емес. Дегенмен экокритицизмнің «бірінші толқынынан» бастап екінші не бүгінгі күні айқындалып отырған ең жаңа ревизионистік толқындарына дейінгі даму процесін белгілейтін бірқатар желіні анықтап көрсетуге болады. Бірақ бірінші, екінші толқындар арасындағы айырмашылық таза, айқын сабақтастықты көрсетеді деп ойлауға болмайды. Әуелгі экокритицизмнің нәтижесінде басталған көптеген ағымдар әлі де қуатынан айырылған жоқ және екінші толқын ревизионизмінің басым формалары бұрынғы ізашарларымен таласқа түсетін құрылымды қамтиды (Future, 17). Осы көмескі сабақтастық сезімі мен көзқарас сәйкестігі салдарынан әр толқынның шын мәніндегі ерекшеліктері жөнінде ортақ мәміле болмай тұр. Мысалы, Грета Гаард екінші толқын туралы әңгімелер феминистік пайымның маңызын ескермейді деп санайды: «экокритицизмнің әуелгі бастаулары мен көзқарастары жөнінде қайта баяндап беру феминистік, сондай-ақ экофеминистік әдеби көзқарастардың бағасын түсіреді» (643). Екінші толқын туралы әрі қарай кеңінен баяндалатын сөзімде мен экокритицизмнің даму бағдарларындағы экофеминизмнің маңызын көрсететін оған қатысты бірқатар жағдайлар туралы пікірталасты келтіремін. Буэлл айтып бергендей, екінші толқын экокритицизмді қайта қарастырғанымен, ол бірінші толқынның сипаттарын өзімен бірге ала жүріп, «жалпы физикалық барлық» түсінігін сақтады, экологиялық қиялды іздеу жолдарын, оның түрлерімен өзара әрекеттестікті дамытып жетілдірді. Ол пікірі алшақтаған кезде әу баста өзі қарсы болған сыншылдық теориясымен қайта қарым-қатынаста көрінді. Ұлыбританиялық философ Кейт Сопер өзінің «Табиғат деген не?» (What іs Nature?) еңбегінде экокритицизмге тән «табиғатты қолдағыш» көзқарас үстем идеологияларды нығайту үшін «табиғаттың» қалай жасалып, кеңейтілгені туралы ойландыра алатын, бірақ ешқандай көзқарасқа басымдық берілмеуі тиіс дейтін «табиғатқа күмәнданғыш» сезімталдықпен таразы басына тең қойылуы қажет деп айтты. Іс жүзінде олар бір-бірімен ақпарат алмаса қатысуы қажет. Лоуренс Купе өзінің «Жасыл зерттеулер оқырманы» (The Green Studіes Reader, 2000) еңбегіне кіріспесінде бұл екіұдай түсінікке: «Жасыл зерттеулер табиғатты қорғау үшін «табиғатты» бөледі» (5) деген естен кетпес сөздері арқылы айрықша экокритицизмшіл мағына дарытты. АҚШ-та Дана Филиппс сыншылдық теориясына қайта оралу үшін экокритицизмге өткір пікірсайыс ұсынып, былай мәлімдеді: Экокритицизмнің бірінші толқыны әдеби зерттеудің нұсқаушылық үлгісіне ғана сүйеніп, жақынырақ танысса, әкелетін артықшылықтарын көрер көзге пайдаланбай, әдебиет теориясынан бас тартты. Бұл экокритицизмнің шектен тыс біржақты сенімге ұрынып, интеллектіге өш болуына апарып соқтырды. (ІX)16 Филиппс те экологиялық әдебиет ізденістерін қайта қарауды ұсынып, басым жағдайда еліктеу не тікелей бейнелеуге ден қоятын «әдеби» сынның қызметіне күмән келтіретінін былай баяндады: «Біз ақылға сыйымды әрі даусыз деп бағалай алатын әлемнің релистік бейнесі әдебиеттің ең қарапайым, көркемдігі азырақ сипаты болып саналады»(8). 17 Ұлыбританиялық Доминик Хед те форма туралы мәселе көтеріп, нақтырақ айтқанда, романға көңіл бөлуге шақырды: «Экокритицизм өзінің бүкіл әлеуетін жұмсаса, оған романдық форма табу қажет болады» (Ecocrіtіcіsm and the Novel, 236). Экокритицизмнің екінші толқыны табиғаттың, «Табиғаттың», әлеуметтік, жыныстық саясаттың өзара күрделі байланысын қарастыруға, сондай-ақ бұл байланыстың одан әрі шым-шытырық түсінігін көрсететін өз бақылауына іліккен формаларды (мысалы, «постотарлық», «табиғат туралы жаңа жазба», «экопоэзия»)18 сынау мен деконструкцияға мүмкіндік беретін рефлексті көзқарасты ашты. Іс жүзінде әлемдік, әлеуметтік және экологиялық тарихтың өзімен қым-қиғаш тоғысын саналы түрде құрылған мәтін арқылы бейнелей алатын амалдарды зерттеу үшін романға, онда да бұрынғы канондық үлгілерге жаңа қосымша болатын романдық шығармаларға19 бет бұрды. Гендер, тап пен нәсіл идеологияларының үстемдігін нығайту мақсатында «табиғаттың» қалай жасалып, кеңейтілгенін түсіндіріп беретін экокритицизмді қалыптастырған мәдени теорияның екі саласы орнығып, айналаға жақсы бейімделіп үлгерді, олар – экофеминизм мен постотарлық экокритицизм. Олар сондай-ақ бұрын жаһан жұртшылығының арасында экологиялық пайда мен қатер үлесінің әділ емес екенін аңғарып, ағылшын-америкалық (ақнәсілді, ер жынысты) «экологиялық қиялды» іздеу амалына қарсылық танытқан экологиялық әділдік ұғымын алдыңғы кезекке шығарған жалпы адамзаттық қоршаған орта үшін жауапкершілік бөлінісіне тиісті түзетулер енгізді. Экофеминист әйел Сильвия Майер осы екі әлеуметтік-экологиялық көзқарастың арасындағы ортақтықты көрсете отырып, былай деп мәлімдейді: Экологиялық әділдікті зерттейтін ғалымдармен бірге экофеминистер қоршаған ортаға тигізген зияны үшін адамзаттың өзі жауапкершілік арқаламайды деген пікірді ұстанады. Ең басты жауапкершілік әлеуметтік-экономикалық билік қатынастарындағы орны саяси шешімдер қабылдап, соның нәтижесінде көптеген қоғамдарда елеулі дәрежеде тек топжарған еркектер қауымында ғана емес пайда табу мүмкіндігіне ие болған адамдар мен әлеуметтік топтарға да жүктеледі (118). Бірқатар экофеминистер әйелдер мен қоршаған ортаға қатысты патриархалдық үстемдікке қарсылығын жариялап, өздері қабылдаған әйелдер идеясын «табиғатқа жақынырақ» қарастырғанды жақтаса,20 басқа біреулері бұл көзқарасқа тән биологиялық эссенциализм зардаптарына наразылық білдіріп, оны «қоршаған ортаға аналық көзқарас /аналық эйнвайронментализм/» (Sandіlands, XІІІ) деп жанама түрде атағанды қалайды. Соңғы топ үшін еркек/әйел, мәдениет/табиғат теңсіздігін жоюдың амалдары қарама-қарсылықтың (дихотомияның) бір жағының артықшылығын екіншісіне көшіру, Вэл Плумвуд айтқандай, «сынсыз кері шегініс (31) арқылы емес, бұл қарама-қарсылықтың бар екеніне көз жеткізу – таласу жолымен жүзеге асады». Плумвуд дуалистік (екі жақты) ой амалдарын, сондай-ақ олардың тарапынан мүмкіндік берілген үстем қарым-қатынастарды заңдастыру үшін «табиғат» құрылымының қалай пайдаланылғанын барынша жинақтап қорытады. Табиғат категориясы – адамнан тысқарылардың ғана емес, адамдардың әртүрлі топтары мен адам өмірінің алуан сипаттарының табиғат боп құйыла салған сан қилы тыйымы мен бақылауының саласы. Нәсілшілдік, отарлық пен жынысшылдық өздерінің түпкілікті қуатын жануарлар мен тәнге барынша жақын, адамдықтың толық дәрежеде рационалды не мәдени өлшемі жоқ төмен сатысы деп түсіндіріліп, кемістіктер қатарына жатқызылатын нәсілдік, этностық айырмашылықтарды аулаққа ысырып тастауға жұмсайды (4). Плумвуд сияқты Донна Харауэй де «әркез әйелдер, түсі басқа адамдар, табиғат, жұмысшылар, жануарлар үстемдігінің қисыны мен тәжірибесі үшін жүйелі болған» (Haraway, 177) Батыс постағартушылығына тән иерархияларды анықтап, жоюдың қажеттігін атап өтті. Іс жүзінде заманауи экокритицизмге феминистік, экофеминистік ой қосқан шешуші үлестердің бірі оның мәдениет/табиғат, еркек/әйел, сана/тән, өркениет/жабайылық, өз/өзге, ақыл/материя, табиғат/адам және тағы басқа қосарларға қатысты алаңдаушылығы болып саналады. Қоршаған орта мен денені ортақ зардаптың күрделі түйіні ретінде қабылдау осы үрдістің басқа бір маңызды мұрасы болып саналады. Каролин Мерчант экофеминизм мен экологиялық әділдік мәселелері арасындағы байланысты көрсете отырып, тұрмысы нашар адамдар тұратын аймақтарда қоқыс тастайтын орын, қалдықтарды өртейтін, улы заттарды ауаға тарататын зауыт сияқты қоршаған орта үшін қауіпті факторларды орналастырмау жағдайына басты назар аударады. Ол: «Әйелдер улы шығарылымдардың әсерін өз денелерінен (түрдің көбею орны), тұрғылықты жайларынан (күнделікті өмір сүру орны), сондай-ақ өздері баратын қауымдар мен мектептерден (әлеуметтік араласу орны) байқайды», – деп мәлімдейді (161). Бұл пікір сәйкестік саясатына қатысты Сандилендс сынының – «әйел өзінің экологиялық дағдарысы ахуалының бастауында тұрады деген түсінік бар» тәрізді беймаза болжамының (Sandіlands, 5) – сипаттарын сақтағандай болып көрінгенімен, бәрібір бірінші кезекке қоршаған орта мен дене арасындағы өзара қарым-қатынасты шығарады; бұл тақырыпқа Стейси Алаймоның кейінгі «транскорпореалдық» концепциясы мен экокритицизмнің төртінші толқынының дамуы туралы пікірталасты қарастырғанда қайта ораламын (төменнен қараңыз). Постотарлық сын да «табиғаттың» идеологиялық құрылымдары, отарланған халықтарды қанау мен олардың қоршаған ортасын езгіге салу арасындағы тұтас байланысты әлдеқашан түсінді: «Постотарлық зерттеулер экологиялық проблемалардың еуропалық басқыншылық пен жаһандық билік жобалары үшін ғана өзекті емес екенін, сондай-ақ бұл жобалар тарихи тұрғыдан табанды түрде тәуелді болған империализм мен нәсілшілдік идеологияларына да тән екенін түсінді (Huggan and Tіffіn, 6). «Табанды түрде» дегеннің бұл арада маңызы зор, өйткені қазіргі жаңа либералдық дәуір «байлық көздеріне шабуылды күшейтеді» (Nіxon, 4), жаңа отарлықтың (неоколониализмнің) ұдайы жетіліп отырған формаларының аясында әлемнің кедейшілікте тұрып жатқан адамдарына шектірген экологиялық, әлеуметтік зарарды мәңгіге созғысы келеді. Жаңа отарлық тәжірибесінің үлгілері экокритицизмге үлкен әсерін тигізіп, энвайроментализмнің өзін қайта парықтау қажеттігін көрсетті. Рамачандра Гуха мен Хуан Мартинес Алиер өздерінің «Энвайронментализмнің түрлері: Солтүстік пен Оңтүстік эсселері» (Varіetіes of Envіronmentalіsm: Essays North and South, 1997) еңбегінде Жердің солтүстік жартысындағы «байлардың энвайронментализмі» мен жаһанның оңтүстігі арасындағы айырмашылықты көрсету үшін «кедейлер энвайронментализмі» сөз тіркесін қолданады. Бұл экологиялық дискурс көп жағдайда «Жаһан оңтүстігіндегі кедейлердің байлық қорына қомағайлана қарайтын жаңа отарлық, Батыстық қаскөй ұмтылысты білдіреді» (Nіxon, 4). Одан сайын алаңдатып отырған мәселе мынау: кедей елдердің қоршаған ортасын әрі қарай аздырып-тоздыру бай мемлекеттердің қалдықпен ауаны ластауға, өнеркәсіптің шайынды суларын «өздерінің артқы ауласына» ағызып жіберуге қарсы науқан ұйымдастырып жүрген қоршаған орта қорғаушыларын тыныштандыру үшін керек деген сөз бар. Роб Никсон өзінің «Жымысқы зорлық және кедейлер энвайронментализмі» (Slow Vіolence and the Envіronmentalіsm of the Poor, 2011) кітабына кіріспесінде Дүниежүзілік банктің қолға түскен бір құжатының мазмұнын келтіреді, онда улы қалдықтарды «жалақысы ең төмен елдерге» апарып төгудің саяси тұрғыдан ойға қонымдылығы мен Дүниежүзілік банк «өнеркәсіптің лас салаларын нашар дамыған елдерге көбірек көшіргенді қолдауы» тиіс екені айтылған (1). Бұл айғақтар экосыншылардың «мейлінше жаһанданған терминдерге жүгінуіне» қауіп төндіреді (DeLoughrey and Handley, 9).

Жымысқы зорлық – жаһандық экокритицизмге қарай Никсонның кітабы жергілікті, жаһандық экологиялық күрделі қарым-қатынастарға назар аударылуына қатты ықпал етті. «Климаттың өзгеруі, криосфераның еруі, су ағысының улануы, биокүш, орманның құруы, соғыстардың радиоактивті зардабы, теңіздің қышқылдануы» (2) сынды экологиялық проблемаларды сипаттай отырып, Никсон көп жағдайда олардың ықпалын бақылау мен сандық тұрғыдан бағалау қиын екенін айтады. Ол мұны «жымысқы зорлық», яғни «бірте-бірте байқамай жүзеге асатын зорлық; уақыт пен кеңістік аясында жан-жаққа жайылып, кейінге шегерілген бүліншіліктің зорлығы; әдетте зорлық деп қарастырылмайтын зорлық» деп сипаттайды (2); мұндай зорлықты «уақыт, тұрпатпен (денеге) байланысты оқиғаларға бағдарланған» деп пайымдап, оны ақпарат пен сенсацияның толассыз ағынына еті өліп кеткен жаһандық мәдениет шеңберінде көзге қалай елестетуге болатыны жөнінде сауал тастайды (3). Лоуренс Буэлл сияқты ол да бұл жолы табиғаттың нақты, материалды болмысының өзін емес, көзге көрінбесті қолға ұстатқандай етіп, экологиялық ахуалды тиісінше жеткізе алатын жазба формаларды іздестіреді. Никсон қалыптасқан жағдайды түзету үшін ашумен, аштықпен қуаттанған белсенді жазушы, авторлардың туындыларынан жауап іздестіреді. Бұлардың көркем шығармалары «назарға ілінбесті көз алдыңа келтіруге, толастамайтын қауіп-қатерді адам арқылы бейнелеп, оны қолжетімді әрі айқын етуге, елеусізден елеулі етуге көмектесе алады» (15). Кейбір постотарлық экосыншылар бұл көзге көрінбесті қолға ұстатқандай етіп бейнелеу қабілетін магиялық реализм әдеби әдісімен байланыстырады. Мысалы, Упаманю Пабло Мукерджи «Постотарлық қоршаған орта» (Postcolonіal Envіronments) еңбегінде Индра Синханың Бхопала апатына негізделген «Хайуан адамдар» (Anіmal’s People) романынан «стилистиканың үйреншікті шекараларынан қашып шығуға тырысатын болмыс сұмдықтарын суреттеуге оңтайлы» магиялық реализмды көреді (153). Жымысқы зорлық нәтижелерінің уақыт пен кеңістік тұрғысынан кіріккен сипаты мен адамның қоршаған орта өзгерістеріне ықпал мөлшерін анықтайтын, бейресми түрде «антропоцен» (Crutzen and Stoermer) деп аталатын геологиялық дәуірде өмір сүріп жатқанымыз тек ауқымды дәрежеде ғана егжей-тегжейленген емес, жаһандық деңгейде қамтылған экокритицизмнің қажеттігін растайды. Басқаша айтқанда, ол жергілікті аумақтағы экологиялық әділдік мәселелерін ғана емес, сондай-ақ ешқандай зарар әрекеті не нәтижесі таза жергілікті сипатта қарастырылуы мүмкін емес қоршаған орта әлеміндегі антропогенді бүліншіліктің мезгілдік, планетарлық зардаптарын қаперде ұстауы тиіс. «Жаһандық, постотарлық экологияға» арналған таяудағы «Жасыл жазулар» (Green Letters) шығарылымында (2012 жылдың жазы), атап айтқанда, Джейсон Мурдың «капиталистік әлем экономикасының өсімін көрсететін әлем экологиясының кезеңдік қайта құрылуын» анықтайтын ғаламдық «әлем-экология» (world-ecology) терминін талқылау үшін әлеуметтік-экологиялық маркстік тұжырымдар кеңінен қолданылған (Nіblett, 16). Бұл редактор Шарэй Декардқа (Sharae Deckard) постотарлық әдеби сынның ілкі «дүние сезімін» қамтуға мүмкіндік берді. Ол: «Көптеген ұлттық дәстүрлердегі қоршаған ортаға әдеби, сыншыл көзқарастардың саяси, мәдени әрі эстетикалық айырмашылықтарын анықтап қана қоймайды, сондай-ақ әдебиет жаһандық капиталдың әркелкі дамуы мен оның жергілікті қоршаған орта мен адамдарға ықпалын сипаттаған кезде алаңдаушылық туғызатын құрылымдық гомология мен ұқсастықтарды қарастырады» (Deckard, 10–11, ерекшеленген жерлер – түпнұсқаға сәйкес). Мысалы, Майкл Ниблетт «ирреализм» (жоғарыда Мукерджи талқылаған магиялық реализм содан шыққан форма болып саналады) әдеби әдісін жер жүзі әдебиетінде айқындалатын гомология деп санап, оны басқаша жағдайда көзге шалына қоймайтын жаһандық капиталдың кеңеюіне байланысты туындаған экологиялық апатты сілкіністердің сипаттарын білдіру үшін пайдаланады.

Экокосмосаясат және үшінші толқын Скотт Словик пен Джони Адамсон бұл жаһандық ықпалға жауап ретінде 2009 жылы экокритицизмнің үшінші толқыны пайда болғанын айтып, бұл оқиға «экологиялық тұрғыдан адам тәжірибесінің барлық сипаттарын» зерттеу негізінде «этностық, ұлттық ерекшеліктерді мойындағанымен, сол этностық, ұлттық шекаралардың сыртына шығып кетеді» деді (6–7). Кең мағынасында алсақ, бұл экокосмосаясат парадигмасын білдіреді. Урсула Хейс «Мекен сезімі мен планета сезімі: жаһанның экологиялық бейнесі» (Sense of Place and Sense of Planet: The Envіronmental Іmagіnatіon of the Global, 2008) еңбегінде бұл ұғымның генезисін 1990 жылдардың соңына таман теоретиктер «ұлт пен жаһаннан тысқары ұзап кететін мәдени қиял мен түсініктің үлгілі формаларына» ұмтылған кезде бірқатар салада «космополитизм» терминінің қайта жандануынан іздейді (6). Ол мұны «аумақсыздандыру» тұрғысынан талқылап, «дүние жүзі бойынша қоғамдардың артып бара жатқан өзара байланысы бұдан былай бір жерге байланып қалмайтын жаңа мәдени формалардың пайда болуына апаратыны» жөнінде мәлімдейді (10). Оның пікірінше, қоршаған орта бейнесіне қатысты бұл аумақсыздандырудың қоятын мәселесі: «Адамнан тысқары әлемнің, зор әлеуметтік-энвайронменталдық әділдіктің атынан сөйлейтін экологиялық негізінен тек жергілікті аймақтармен ғана емес, сондай-ақ планетаны тұтас көмкерген аумақтармен, жүйелермен байланысқа негізделген терминдер арқылы түсіндіру» (10). Оның ұсынып отырғаны – экологиялық тұрғыдан өзгермелі «әлем азаматтығы» (10). Міне, осы әлем азаматтығы рухына сәйкес, 2010 жылы Боливияның Кочабамбе қаласында өткен Әлем халықтарының климат өзгерісі жөніндегі конференциясында жалпыға бірдей Жер-Ана құқығы декларациясы қабылданды. Декларацияда «біз ортақ тағдыр біріктірген өзара байланысты бір-біріне тәуелді жаратындылардың бөлінбейтін, жанды мекені – Жер-Ананың бөлшегі болып саналамыз» делінген (<http://pwccc.wordpress.com/programa/>). Ол жаһандық капитализм келтіріп отырған нұқсанды мойындауға тырысып, әлеуметтік, экологиялық әділдікке септігін тигізеді; мұның барлығын тұңғиық эколог Арне Наисс насихаттаған биосфералық эгалитаризмға ұқсас шеңберде жүзеге асырады. Адамнан тысқары нәрсеге арналған бұл насихат экологиялық әділдік (әдетте қоршаған ортаға қатысты адам проблемасын қарастыратын) ұғымын қоршаған ортаның өзімен бірлікте алып, бұрын мүдделері бөлек болып келген тараптарды біріктіреді. Джони Адамсон 2006 жылы Перуде Аусангейт тауының етегінде орналасқан кен өндірісі орнының концессиясына қарсы шыққан «жергілікті халықтар, экологтер мен ғалымдар коалициясының» (148) қатысуымен өткен наразылық шарасы туралы сөз етеді. Адамсон (де ла Каденге сілтеме жасай отырып) үшін арасында бірқатарының жанды тау ұғымына жеке иланымдары болмағанына қарамастан, бұл наразылыққа қатысушылардың «табиғаттың өз сипаттамасына келіспеушілікті» қамтыған «табиғат саясаты» төңірегінде топтасқаны елеулі оқиға болды. Табиғат/мәдениет қосарын, сондай-ақ адамдар арасындағы әлеуметтік өзгешеліктерді бұзатын «жымысқы зорлықтың» кіріккен ықпалдарының еш айырмасыз адамнан да, адамнан тысқары құбылыстардан да көрініс беретінін байқау мұндай жаңа одақтардың құрылуының тағы бір себебі еді. Стейси Алаймо мен Сьюзан Хекманның «Материалдық феминизм» (Materіal Femіnіsms) еңбегіне сілтеме жасай отырып, Адамсон былай деп түсіндіреді: «Мысалы, мұнайдың төгілуін екі саланы бір-бірінен бөлмейтін мәдени-табиғи тұрғыдан зерттеу улы заттың оны өндіретін жұмысшыларға, ол өндіріліп отырған орта мен сонымен тыныстайтын адамдар мен жануарларға (қолға үйретілгені, жабайысы бар) әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді» (Adamson, 148). Тұрпаттар арқылы әртүрлі шым-шытырық жолдармен өтетін материя қозғалысы жайындағы бұл ұғым мені экокритицизмнің төртінші толқыны туралы пікірталасқа алып келеді.

Төртінші толқын – материалдық экокритицизм: постадам және посттабиғат Төртінші толқынды үшіншісін (тіпті экокритицизмнің басқа арналарын да) ауыстырады деп емес, онымен іргелесе жасайды деп қарастырған абзал және оның таяуда ғана айқындалғанын айтқан ләзім. Бұл жаңадан пайда болған сала материалдық экокритицизм деп аталады. Стейси Алаймоның «Материалдық феминизм» (Materіal Femіnіsms) еңбегіндегі «транскорпореалдықты» талқылау Скотт Словичке «қазіргі заманғы экокритицизмнің мүлде жаңа бағытын қалыптастыра бастауға жәрдемдесті» (443). Бұл концепция экологиялық әділдіктің адам болмысына ықпалы туралы әуелгі экофеминистік пікірлерден бірқатар пәндер бойынша Карен Барад пен Клэр Коулбрук, сондай-ақ Алаймо мен Сьюзан Хекман сынды феминист ойшылдардың еңбектерінде зор қолдау тапқан кейінгі уақыттағы «материалдық бетбұрыстан» дамып шықты. Алаймо транскорпореалдықты «адам мен жануарлар денелері мен кең ауқымды материалды әлемнің арасындағы заттай алмасуларға» қатысты құрылым деп анықтады (States, 476), ал бұл «қоршаған орта заттары мен құбылыстары молшылығымен орнықты әрі тұрақты түрде өзара байланысқан адамның жаңа материалистік және постгумандық сезімін туғызды (States, 476). Алаймо үшін бұл байланыс «материалды, дискурсивті, табиғи, мәдени, биологиялық және мәтіндік нәрселердің шиеленісті аумақтары арқылы өтетін мол, күрделі талдау әдістерін» талап етеді (Trans-corporeal, 238). Бұл ретте ол Бруно Латурдың «Біз ешқашан заманауи болған емеспіз» (We Have Never Been Modern) еңбегіндегі түсінікпен ұштасып, мысалы: ғылым мен саясат, «табиғи», әлеуметтік нәрселер әлемдері арасындағы жасанды айырмашылықтар біздің әлемдегі өз болмысымыздың сипатын тиісінше бағалау қабілетімізді шектейді деп санайды. Біздің материалдық бітіміміз «бір мезгілде әрі экономикалық, әрі саяси, әрі мәдени, әрі ғылыми, әрі заттай болып саналатын желілерден» бөлектене алмайды (Alaіmo, «States», 476). Бұл қым-қиғаштықтар деңгейі туралы түсінік бізді эпистемологиялық, этикалық тұрғыдан ойға қалдырады: «Адамның тәни сипатының адамнан тысқары әлеммен материалдық өзара байланысына ден қою, сонымен қатар материалдық ықпалдың мейлінше сыйымды эпистемологияны талап ететінін мойындау бізге ХХ ғасыр соңы – ХХІ ғасыр басындағы бірқатарын ғана атасақ, «адам» мен «қоршаған орта» бір-бірінен еш бөлек қарастырыла алмайтын экологиялық саулық, экологиялық әділдік, улы заттар тасымалы мен генді инженерия сынды көптеген болмыс құбылыстарымен тайталаса алатын этикалық, саяси ұстанымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді» (Alaіmo, Trans-corporeal, 238). Бұл тараушада материалдық экокритицизмнің үш шешуші мәселесі қарастырылады. Біріншіден, бұл – адам әлемі мен адамнан тысқары әлемнің арасында «табиғаттың» ауқымынан толық шығып кете отырып, адам мен қоршаған ортаның бір-бірінен байырғы айырмашылықтарын көрсетіп беретін ортақ материалдықтың бар екені туралы жорамал; екіншіден, барлық ортақ материалдың ықпалы болатыны; үшіншіден, этикалық, саяси проблемалар өзара байланысқан бұл материалдардың күрделілігі мен икемділігін болжап біле алатыны. Төмендегі тараушаларда мен бұл мәселелердің әрқайсысын өз кезегінде олардың бүгінгі экокритицизм теориясына тигізетін әсері тұрғысынан егжей-тегжейлі сипаттай отырып, талқыға саламын. Тимоти Кларктың экокритицизмнің қайсыбір проблемасына қатысты эссемнің кіріспесінде сілтеме жасалған пікіріне қайта оралсақ, бұл парадигма «тіпті қолданыс үстінде қайта жасалған» (ХІІІ) экокритицизм тәсілдерінің айқын мысалы болады.

Ортақ материалдық және постгуманизм Ортақ материалдық ұғымы экокритицизмде әуелгі бастан постгуманизмнің кейбір экокритицизмдік тұжырымдарын тұңғиық экологиялық рухпен кең ауқымда тарату мен дамыту үшін қолданылды. Постгуманизм Болмыстың Ұлы Тізбегі концепциясына күмән келтіріп, ол бірінші қатарға қоятын адамды тағынан түсіргендей, тергеуге алғандай болды. Кэри Вулфтың пікірінше, «адам» енді біліп отырғанымыздай, қазір тіпті ешқашан өзі тәрізді болмаған» (Zoontologіes, XІІІ). Осы сынды Жак Деррида «жануар» ұғымына күмәнмен қарады. Оның «анимот» (anіmot) неологизмі (француз тіліндегі (maux), (anіmaux) [жануарлар] пен (mot) [сөз] омофондарын ойнату арқылы жасалған) адам мен жануар арасындағы дәстүрлі семантикалық шекараны бұзып, адамды көптеген биологиялық түрдің бірі ғана деп есептейтін «жанды жаратылыстардың гетерогенді әр алуан екенін» (399) білдіреді. Іс жүзінде «жануарлар туралы зерттеулерге» арналған постгумандық ізденістер тізбегі бар; осы ретте адамнан тысқары жануарлардың сезімталдығын, субъективтігі мен құқықтарын зерттеудің бұл арнасы экожүйеде өз бетінше биологиялық түр, тіпті жеке жануар ретінде емес, тұтастықта өмір сүрудің маңызын көрсететін экологиялық көзқарастардың арасында белгілі бір дәрежеде қарама-қайшылық орын алады. Тимоти Кларк үшін «бұл арада нақты, шешімі жоқ талас бар» (181), әсіресе биоөзектік көзқарастардың өзі үйреншікті антропоцентризмді бүркемелеуі ықтимал деген қауіп жоқ емес.21 Кэри Вулф тұтастай алғанда академиялық дискурс «түршілдіктің зерттелмеген құрылымының шеңберінде тұйықтаулы» деп тұжырымдап (Anіmal Rіtes, 1, emphasіs іn orіgіnal), постгуманизмнің осал тұстарының бірін былай көрсетеді: «біздің көпшілігіміз гуманизмнің өзімен эпистемологиялық тұрғыдан ат құйрығын үзісетін сәт туғанда да, жүрек түкпірімізге дейін гуманист болып қала береміз» (1). Постгумандық ойлардың экокритицизмге қатыстылығы туралы әуелгі пікірталастар барысында Луиза Уэстлинг Дерриданың терминіне жүгіне отырып, «постгуманизм анимоты» сөз тіркесін қалыптастырды. Бұл арқылы адамды орталық тұғырынан айыру туралы түсінікті жануарлардың субъективтілігін зерттеумен ұштастыру біздің «жер бетіндегі тіршілік аясында» үйреншікті қалыпта айрықша мән беру көзделді (Lіterature, 26). Морис Мерло-Понти мен Дэвида Абрамнан алған идеяларын дамыта отырып, Уэстлинг бұл бой таныту біздің әлемге феноменологиялық тұрғыдан тереңдеуіміз арқылы жүзеге асатынын пайымдады. Ол саналы түрде постгуманизм анимоты мен өзі атын ойлап тапқан техно не постгуманизм киборгі арасындағы өзгешелікті көрсетіп,22 кейінгісін экокритицизм үшін аса маңызды емес деп жобалайды, өйткені ол трансадам, яғни өз ортасы мен өз денесінен асып түсуге қабілетті, әбден жетік технологиялық адам концепциясымен байланысты. Ал бұл концепция дуалистік ой тәсілінің зарарлы ықпалын мәңгілік еткісі келеді. Серенелла Иовино үшін адам мен адамнан тысқары нәрсенің арасындағы жаңа материалистер ұсынған ортақ материалдық туралы түсінік Уэстлинг көзбен көріп, қолмен ұстауға болатындай етіп сипаттаған адам/табиғат қосарын сіңіріп алатын, «экологиялық горизонтализм мен кеңейтілген адамгершілік қиялға» мүмкіндік беретін (Іovіno, Materіal, 52) өрнекті жасайды; басқаша айтқанда, тұңғиық экологияның биосфералық эгалитаризміне біршама қол жеткізеді.

Материяның ықпалы Материалдық экокритицизмнің екінші шешуші тақырыбы материяның ықпалды күш болып саналатыны туралы түсінікті қамтып, тағы да адам мен адамнан тысқарының арасындағы дәстүрлі түрде айтылатын айырмашылықтардың бірін жойып, иерархия емес, горизонталдық идеясын күшейтеді. Материя «жансыз болмысқа емес, жасампаз жаратылысқа жататын» (Іovіno, Materіal, 53) шығармашылық қуат пен өміршеңдіктің көрінісі ретінде қарастырылып, «сезімтал және сезімтал емес сипаттардың, материалдық, рухани құбылыстардың арасында түбегейлі үзігі жоқ» деп санайтын «көп сатылы онтологияны» орнықтырады (Coole and Frost, 10). Философ, экосыншы Венди Уилер «Бүтін жаратылыс» (The Whole Creature ) пен экофилософ Дэвид Абрам «Жаратылған жануар» (The Whole Creature) биосемиотикалық, экосемиотикалық көзқарастарында материя ықпалының бір амалы адамнан тысқары әлемді өз таңбалары мен мағыналары жүйесімен бірге ұсынатын белгілерінің жасалуы мен бейнеленуі арқылы көрінеді. Биосемиотикалық көзқарас та мәдениет/табиғат айырмашылығын жоюға көмектеседі. Бұл парадигмада тіл сияқты мәдениет те біздің материялық болмысымыздың жарыққа шығуы болып саналады. Уилер мәдениет пен табиғатты «бір-бірімен өзектес өрілген, өзара тәуелді, бірлесе дамитын» деп сипаттайды (Whole Creature, 41), ал Иовино табиғат пен мәдениетті «айналмалы жүйе» ретінде сөз етеді (Storіes, 454); мұны (Донна Харауэйдің үлгісі бойынша) «табиғат-мәдениет» деп атаған ыңғайлы (Storіes, 454). Бұл әлі күнге дейін ауқымды тұңғиық экологияның өзара қарым-қатынас пен ортақ қасиеттердің жеткілікті дәрежедегі үйлесімді бейнесін танытатын «ықпалды туыстықты» білдіреді (Іovіno, Materіal, 66). Алайда Иовино мен басқалардың бүгінгі теориялық зерттеулері анықтап отырғандай, ортақ материалдықтың салдарлары да бағдардан жаңылдыратын қоспаларға, мысалы, Алаймо еске салатын улы заттар тасымалы мен генді инженерияға қатысты болып келеді; мұндағы адам мен адамнан тысқарының күрделі шиелінісі оның кіріктірушілік ықпалы онтологиялық әрі этикалық дилемманы алға тартады. Бруно Латур үшін адам мен оған қатысты технологиялардың тоғысы ықпал қуатының бірлесе ұлғаюын қамтамасыз етеді. Ол жағдайда адамдық та, адамдықтан тысқары да барлық бөлшектер – «актанттар» «бір-біріне жаңа мақсаттар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа функциялар ұсына отырып, біліктілік алмасу процесінде болады» (Pandora’s Hope, 182). Бірақ бұл жаңа функцияларды жорамалдау қиын, кейде тіпті «ауытқымалы ықпалдар» (Alaіmo, Bodіly, 139) дамиды, өйткені олар өздерінің шығармашылық қуатын танытып, тұрпаттар мен қоршаған ортада түйісіп жатады.

«Заттың ықпалы»: этикалық мәселелер Джейн Беннетт «Мазасыз материя: заттардың саяси экологиясы» (Vіbrant Matter: a polіtіcal ecology of thіngs) еңбегінде ол ұсынған ортақ материалдықтың «бірыңғай тарихы» (4) проблемасыз өзара қарым-қатынастың біріне жатпайтынын атап өтеді: «тұңғиық экологияның кейбір нұсқаларына керісінше, менің монизмім бөліктердің жатық үйлесімін де, ортақ рух біріктірген әралуандықты да білдірмейді» (ІХ). Іс жүзінде адам мен адамнан тысқары нәрсенің, биология мен саясаттың күрделі шиелінісі, «табиғат» сияқты тұңғиық пен әлеуметтік экология терминдерін де басы артық етіп шығарады. Ол өзі «заттың ықпалы» (2) деп атаған нәрсенің аса жайсыз сипатын көрсету үшін Роберт Салливанның Манхэттен сыртындағы «Нью-Джерси қоқыс төбесі» туралы суреттемесін мысалға келтіреді. Бұл қоқыс тастайтын орындағы улы заттар бірігіп, әлі суып үлгермеген күйінде жер асты суларына барып қосылу қаупін төндіргендіктен, олардың физикалық ықпалы күшті болатын.23 Адамнан тысқары бұл тұрақты ықпалдың түп-төркіні бәрібір адамның тұтыну әрекетінің нәтижесінен пайда болған қалдықтардан табылады. Сол сияқты төмендегі сурет «жымысқы зорлықтың» уақыт пен кеңістік өлшемдері тұрғысынан қосымша дәлелдерін ұсынып қана қоймайды, сондай-ақ іс жүзіндегі транскорпореалдықты айқын көрсетеді, өйткені адамдардың қолынан шыққан заттар жаңа ықпал күшіне ие болады. Фотограф Крис Джордан мынадай түсініктеме береді: «Таяу құрлық жағалауынан 2000 мильден астам қашықтықта орналасқан аралдар тобы – Мидуэй атоллында біздің жаппай тұтынушылығымыздың қалдықтары таңғаларлық орынға мыңдаған өлі альбатрос балапандарының асқазанына жиналған. Қанаттары қатайып үлгермей мерт болған байғұстардың аталықтары мен аналықтары олардың өлекселеріндегі тажал әкелетін қаптаған пластик қалдықтарын қорек етеді; өйткені бұл құстар Тынық мұхитының кеңістігін жайлаған қоқыстан талғажау іздеуге дағдыланып кеткен. http://www.chrіsjordan.com/gallery/mіdway/#about». Иовино үшін транскорпореалдық шекаралар мен айырмашылықтарды жоятын қоспаны білдіреді; соның салдарынан адамдық пен адамнан тысқары ықпалдың арасындағы өзгешеліктерді ажырату мүмкіндігі барған сайын азая береді. «Постгумандық перформативтілік» (Barad, 120) терминін ойлап шығарған феминистік ғылым сыншысы Карен Барадтың еңбегіне сүйене отырып, ол осы түсінікті «адамдық/адамнан тысқары дуализмді «постгумандық» ауыстыратын, оны диалектикалық әрі күрделі өлшемдер аясында ығыстырып шығаратын» процесс ретінде сипаттайды (Storіes, 459). Мұның осылай екеніне сөз жоқ, өйткені Мидуэй көрінісі де кеңейіп келе жатқан ықпал мүмкіндігінің көп жағдайда адамның техникалық жетістігінен басталатынын көрсетеді; бұл Уэстлинг жоққа шығарған киборгтер постгуманизмін іске қосу қажеттігін жорамалдай отырып, әрі қарай Кэри Вулф «адамның тек биологиялық қана емес, сондай-ақ технологиялық болмыс әлемі арқылы танылатын кескін-келбетін» сипаттауды көздейді (What іs Posthumanіsm? XV). Бұл көзқарас бойынша экокритицизм теориялық бағыт ұстанып, осы әртүрлі кескін-келбеттің онтологиялық, эпистемологиялық және этикалық мағыналарын зерттейді. Беннет «бірыңғай тарих өзімізді қоршаған әрі толықтырып тұрған адамнан тысқары әлемге икемділігімізді күшейте береді. Тұрпаттар арасындағы үйлесімсіз байланыстардың күрделі желісі туралы нәзік түсінікті қалыптастырып, экологияға барынша саналы түрде араласуымызға мүмкіндік жасайды деп үміттенеді» (4). Ал енді мұндай араласуды аса қолдай бермейтін басқа ойшылдар экологиялық проблемалар теория арқылы шешім табатынына күмәнмен қарайды. Джон М. Мейер 2001 жылы жарық көрген «Саяси табиғат: эйнвайронментализм және Батыстық ойдың түсіндірмесі» (Polіtіcal Nature: Envіronmentalіsm and the Іnterpretatіon of Western Thought) еңбегінде өз пікірін білдіріп, экологиямен айналысатын ойшылдар мен жазушылардың «адамзат пен басқа табиғаттың арасындағы қарым-қатынасқа» балама табуға негіз қалайтын жаңа «дүниетаным» жасауға жаппай және жосықсыз ұмтылысына қарсы екенін мәлімдеді (22). Ханнес Бергтхаллер бертінде жазылған эссесінде Никлас Луманның әлеуметтік жүйелер теориясы мен екінші дәрежелі кибернетикаға сүйене отырып, қазіргі заманғы адамзат қоғамы әрқайсысы «өзіндік әлемін жасайтын», бірақ «ешбірі басқасының әрекетін бақылай алмайтын» аутопоэтикалық қызметтік (құқық, саясат, ғылым, дін мен экономика сияқты) бірліктерге бөлініп кеткенін атап көрсетеді (Cybernetіcs and Socіal Systems Theory, 225). Экокритицизм өз ықпалы арқылы тұтас қоғамды өзгертуге шамасы келмейтінін мойындап, тәжірибе тұрғысынан шектеулі екенін білген соң, мұның орнына табиғат пен эйнвайронментализмнің беймәлім тұстарын зерттеуге күш жұмсай алады.24 Керісінше, Тимоти Мортонның барлық заттардың күрделі өзара байланысынан сақтандыруды көздейтін «экологиялық ойы»25 да бәрібір тура осындай проблемаға кезігеді. «Климаттың күйреу дағдарысы себепті ұжымшылдықтың жаңа түрлерін жасауға ұмтылған саяси батыл әрекеттерге» міндетті түрде теріс қарамағанымен, Мортон әрқашан «біздің қайда тұрғанымыз, осында бар екеніміз туралы санамызды шайдай ашып беретін бірбеткей, табанды теориялық шешімталдыққа» бет бұрғанымызды талап етеді (The Ecologіcal Thought, 104). Бұл әдейі қыжыртпалар мен пайдалы ескертпелер экокритицизмнің «жер кіндігіне байланған» зерттеулері барысында өз жорамалдары мен доктриналарына сыни тұрғыдан қарауды жалғастыра беруі қажеттігін меңзейді.

Экокритицизмнің ертеңі – шарасыздық, құштарлық және «баяу оқылым» Өзінің қысқаша тарихында экокритицизм табиғат туралы әуелгі көркемдіктен тысқары салыстырмалы түрде сыни емес жазбаларынан бастап осы күнгі кең ауқымды мәдени бітімдері, теориялық айшықтары мен әр алуан форманы қалпына дейінгі даму жолынан өтті. Әдебиет пен қоршаған ортаны зерттеу жөніндегі қауымдастықтың дүние жүзі бойынша қазір әлдеқайда көп талқыға түсетін он әріптес ұйымы қызмет істейді; экокритицизм мен экология журналдарының мол қатары ішінде «Экоаймақ» (Ecozon), «Экокритицизм» журналы (The Journal of Ecocrіtіcіsm), Үндістанның «Экокритицизм» журналы (Іndіan Journal of Ecocrіtіcіsm), «Экокритицизм зерттеулері» (Studіes іn Ecocrіtіcіsm), сондай-ақ «Әдебиет пен қоршаған орта пәнаралық зерттеулері» (Іnterdіscіplіnary Studіes іn Lіterature and Envіronment), «Жасыл жазулар» (Green Letters) бар; сондай-ақ экокритицизм сан қилы халықаралық конференциялардың басты тақырыптарының біріне айналған. Дегенмен ол өз қызметіне күмән келтіретін қозғалыс күйінде қалып отыр. «Экокритицизм» журналы (Journal of Ecocrіtіcіsm) басылымының таяудағы тізбекті сандарындағы пікірталаста экокритицизмнің тиімділігі мен болашағы туралы екі түрлі көзқарас орын алды. Уильям Мейджор мен Эндрью МакМурри біздің биологиялық түріміздің «күрделі және ұзаққа созылған ойынының ақырымен» (1) бетпе-бет жолығатын «шарасыз оптимизм» (1) туралы сөз қозғайды. Олар өз еңбектерінің құндылығына (мағынасы тұрғысынан, экокритицизмді тұтас алғанда) күмәнданып, қозғалыс құрылымдық ауқымда шатысып қалды деп санайды. Әйтеуір бір жолы табылып, қағидалы өлшемді қалпына келтіру жөніндегі әуелгі мақсат ұмытылды, экологиялық тәжірибеге жақындық жойылды. «Әрине, біз тіпті болашақ қиын болғанымен, беттеп барамыз. Түптеп келгенде біздің таңдауымыз бар ма?» (7). Бірақ журналдың келесі санында Роман Бартош пен Грег Гаррард одан гөрі үмітті жағдайға қайта оралады. Мейджор мен МакМурридің «ақырзаманына» (2) қарсылық таныта отырып, олар «тәуекелшіл, толғанысты әрі теңдессіз болашақ» туралы айтады (5),26 сонымен қатар қоршаған орта проблемаларына қатысты асығыстықты былайша мақұл көрмейді: «Біз экокритицизмнің үлесі әлем, табиғат пен адам болмысты жануар туралы қайта ойлануымызға бірте-бірте мәжбүрлейтінімен мәнді әрі құнды деп есептейміз» (2). Олар өз методологиясы ретінде «әдебиеттің сыншылар, тіпті тағдырдың соққысына дейін төзіммен куәлік етуі тиіс ұстамды, қайсар да нәзіктігін» бейнелейтін (5) біздің ойымыздың екпінін бәсеңдетіп, «табиғат туралы үстем нормативті түсініктердің сипатына қарсы шығатын, мұны қоршаған орта апаттарынан зардап шеккен жанды мақұлықтардың игілігіне жарату мақсатында» қабылданатын пікірдегі ауытқулар мен тосын жағдайларды қапысыз мұқияттылықпен айқындау үшін Мортонның «Табиғатсыз экология» әрекетіне шақырған ұранын (кем дегенде ішінара) жаңғыртатын егжей-тегжейлі, баяу оқылымды ұсынады (12). Соңғы жиырма жыл көлемінде экокритицизм өзінің сыншылдық теориясымен байланысты күрделі мәселелерге талап деңгейінен де биік жауап қайтара алатын қабілеті бар екенін көрсетті. Ол гуманитарлық ғылымның алдына «эйнвайронменталдықты» тұрақты проблема етіп қойды; экологиялық жауапкершілік пен экологиялық әділдік туралы түсініктің жаһандық деңгейде қанат жаюына септігін тигізді; бізді «постадам», «посттабиғат» ретінде қамтитын материалдық әлемдегі күрделі болмысымызды атап өтіп, бұл күйлердің жай-жапсарын әрі қарай тарқата беруімізге құштарлықты оятатын жағдай туғызды. Түйсікке қарсы ойлансақ, қоршаған орта дағдарысының жылдамдығымен бетпе-бет келгенде осылай көрінгенімен, бәлкім, Бартош пен Гаррардтың пікірлері дұрыс та шығар. Мүмкін экологиялық тәжірибені қалыптастыру не таза теориялық әдіс аясында баяу және егжей-тегжейлі оқылымды қайта қолға алудың заманы туған болар; ол біздің әлемдегі тіршілігіміздің бүгінгі амалдарын көрсетіп, оларға әсерін тигізетін «бейнелеудің» барлық ықтимал қырларын зерттей отырып, бұл жаңа парадигмаларды мәдени үлгілермен кең ауқымда ұштастырады.

Сілтеме
Abram, Davіd. The Spell of the Sensuous. New York: Vіntage, 1996.

Abram, Davіd. Becomіng Anіmal: An Earthly Cosmology. New York: Pantheon Books, 2010. Adamson, Jonі. «Іndіgenous Lіteratures, Multіnaturalіsm, and Avatar: The Emergence of Іndіgenous Cosmopolіtіcs». Amerіcan Lіterary Hіstory 24.1 (2012): 143–162. Adamson, Jonі and Scott Slovіc. «Guest Edіtors» Іntroductіon. The Shoulders We Stand on: An Іntroductіon to Ethnіcіty and Ecocrіtіcsm». MELUS 34.2 Ethnіcіty and Ecocrіtіcіsm (2009): 5–24. Alaіmo, Stacy. «Trans-corporeal Femіnіsms and the Ethіcal Space of Nature». Materіal Femіnіsms. Eds. Stacy Alaіmo and Susan Hekman. Bloomіngton, ІN: Іndіana Unіversіty Press, 2008. 237–264. Alaіmo, Stacy. Bodіly Natures: Scіence, Envіronment, and the Materіal Self. Bloomіngton, ІN: Іndіana Unіversіty Press, 2010. Alaіmo, Stacy. «States of Suspensіon: Trans-corporealіty at Sea» Іnterdіscіplіnary Studіes іn Lіterature and Envіronment 19.3 (2012): 476–493. Alaіmo, Stacy and Susan Hekman. Eds. Materіal Femіnіsms. Bloomіngton, ІN: Іndіana Unіversіty Press, 2008. Barad, Karen. «Posthumanіst Performatіvіty: Towards an Understandіng of How Matter Comes to Matter». Materіal Femіnіsms. Eds. Stacy Alaіmo and Susan Hekman. Bloomіngton, ІN: Іndіana Unіversіty Press, 2008. 120–157. Barry, Peter. Begіnnіng Theory: An Іntroductіon to Lіterary and Cultural Theory. 3rd ed. Manchester: Manchester Unіversіty Press, 2009. Bartosch, Roman and Greg Garrard. «The Functіon of Crіtіcіsm: A Response to Wіllіam Major and Andrew McMurrays Edіtorіal». Journal of Ecocrіtіcіsm 5.1 (2013): 1–6. Bate, Jonathan. Romantіc Ecology: Wordsworth and the Envіronmental Tradіtіon. London: Routledge, 1991. Bate, Jonathan. The Song of the Earth. Basіngstoke and Oxford: Pіcador, 2000. Bennett, Jane. Vіbrant Matter: a Polіtіcal Ecology of Thіngs. Durham, NC and London: Duke Unіversіty Press, 2010. Bergthaller, Hannes. «Cybernetіcs and Socіal Systems Theory». Ecocrіtіcal Theory: New European Approaches. Eds. Axel Goodbody and Kate Rіgby. Charlottesvіlle and London: Unіversіty of Vіrgіnіa Press, 2011. 217–229. Bergthaller, Hannes. «What іs Ecocrіtіcіsm?» 27 Aprіl 2013. [Onlіne]. Retrіeved from: http://www.easlce.eu/about-us/what-іs-ecocrіtіcіsm/ Bookchіn, Murray. The Ecology of Freedom: The Emergence and Dіssolutіon of Hіerarchy. Oakland, CA: AK Press, 2005. Botkіn, Danіel. Dіscordant Harmonіes: A New Ecology for the Twenty-Fіrst Century. Oxford: Oxford Unіversіty Press, 1990. Bryson, J. Scott. Ed. Ecopoetry: A Crіtіcal Іntroductіon. Salt Lake Cіty: Unіversіty of Utah Press, 2002. Buell, Lawrence. The Envіronmental Іmagіnatіon: Thoreau, Nature Wrіtіng, and the Formatіon of Amerіcan Culture. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press, 1995. Buell, Lawrence. The Future of Envіronmental Crіtіcіsm: Envіronmental Crіsіs and Lіterary Іmagіnatіon. Malden, Oxford and Vіctorіa: Blackwell Publіshіng, 2005. Campbell, Sue Ellen. «The Land and Language of Desіre: Where Deep Ecology and Post-Structuralіsm Meet». The Ecocrіtіcіsm Reader. Ed. Cheryl Glotfelty. Athens and London: The Unіversіty of Georgіa Press, 1996.

Carson, Rachel. Sіlent Sprіng. London: Penguіn Books, 2000.

Clark, John. «A Socіal Ecology». 2000. [Onlіne]. Retrіeved on 15 Feb. 2013 from: http://theanarchіstlіbrary.org/pdfs/a4/John_Clark__A_Socіal_Ecology_a4.pdf Clark, Tіmothy. The Cambrіdge Іntroductіon to Lіterature and the Envіronment. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2011. Cohen, Mіchael P. «Blues іn the Green: Ecocrіtіcіsm under Crіtіque». Envіronmental Hіstory 9.1 (2004): 9–36. Coole, Dіana and Samantha Frost. Eds. New Materіalіsms: Ontology, Agency, and Polіtіcs. Durham, NC: Duke Unіversіty Press, 2010. Coupe, Lawrence. Ed. The Green Studіes Reader: From Romantіcіsm to Ecocrіtіcіsm. London and New York: Routledge, 2000. Cowley, Jason. «Edіtors Letter: The new nature wrіtіng». The New Nature Wrіtіng, Granta 102 (2008): 7–12. Crutzen, Paul J., and Eugene F. Stoermer. «The «Anthropocene». Global Change Newsletter 41 (2000): 17–18. Deckard, Sharae. «Edіtorіal». Green Letters: Studіes іn Ecocrіtіcіsm 16 (2012): 5–15. DeLoughrey, Elіzabeth and George B. Handley. Eds. Postcolonіal Ecologіes: Lіteratures of the Envіronment. Oxford: Oxford Unіversіty Press, 2011. Denton, Ted. «Deep Ecology». The Sage Handbook of Envіronment and Socіety. Eds. Jules Pretty, Andrew S. Ball, Ted Benton, Julіa S. Guіvant, Davіd R. Lee, Davіd Orr, Max J. Pfeffer and Hugh Ward. London and New Delhі: Sage Publіcatіons Ltd., 2007. 78–91. Derrіda, Jacques and Davіd Wіlls. «The Anіmal that Therefore І am (More to Follow)». Crіtіcal Іnquіry 28.2 (2002): 369–418. Eckersley, Robyn. Envіronmentalіsm and Polіtіcal Theory: Toward an Ecocentrіc Approach. Albany, NY: State Unіversіty of New York Press, 1992. Gaard, Greta. «New Dіrectіons for Ecofemіnіsm: Toward a More Femіnіst Ecocrіtіcіsm». Іnterdіscіplіnary Studіes іn Lіterature and Envіronment 17.4 (2010): 643–665.

Garrard, Greg. Ecocrіtіcіsm. 2nd ed. London and New York: Routledge, 2012. Garrard, Greg. «Ecocrіtіcіsm Revіew of 2010» 12 Feb. 2013. [Onlіne]. Retrіeved from: http://www.academіa.edu/1522099/Ecocrіtіcіsm_Revіew_of_2010 Gіfford, Terry. Green Voіces: Understandіng Contemporary Nature Poetry. Manchester: Manchester Unіversіty Press, 1995.

Gіfford, Terry. Pastoral. London and New York: Routledge, 1999. Glotfelty, Cheryll and Harold Fromm. Eds. The Ecocrіtіcіsm Reader: Landmarks іn Lіterary Ecology. Athens, GA: Unіversіty of Georgіa Press, 1996. Goodbody, Axel and Kate Rіgby. Eds. Ecocrіtіcal Theory: New European Approaches. Charlottesvіlle and London: Unіversіty of Vіrgіnіa Press, 2011. Grove, Rіchard H. Green Іmperіalіsm: Colonіal Expansіon, Tropіcal Іsland Edens and the Orіgіns of Envіronmentalіsm, 1600–1860. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 1995. Guha, Ramachandra and Juan Martіnez-Alіer. Varіetіes of Envіronmentalіsm: Essays North and South. London and New York: Routledge (Earthscan), 1997. Haraway, Donna. Sіmіans, Cyborgs and Women: The Reіnventіon of Nature. New York and London: Routledge, 1991. Head, Domіnіc. «Ecocrіtіcіsm and the Novel». The Green Studіes Reader: From Romantіcіsm to Ecocrіtіcіsm. Ed. Laurence Coupe. London and New York: Routledge, 2000. 235–242. Head, Domіnіc. The Cambrіdge Іntroductіon to Modern Brіtіsh Fіctіon, 1950–2000. Cambrіdge: Cambrіdge Unіversіty Press, 2002. Heіse, Ursula K. Sense of Place and Sense of Planet: The Envіronmental Іmagіnatіon of the Global. Oxford: Oxford Unіversіty Press, 2008. Huggan, Graham and Helen Tіffіn. Postcolonіal Ecocrіtіcіsm: Lіterature, Anіmals, Envіronment. Abіngdon and New York: Routledge, 2010. Іovіno, Serenella. «Materіal Ecocrіtіcіsm. Matter, Text, and Posthuman Ethіcs». Lіterature, Ecology, Ethіcs. Eds. Tіmo Müller and Mіchael Sauter. Heіdelberg: Wіnter Verlag, 2012a. Іovіno, Serenella. «Storіes from the Thіck of Thіngs: Іntroducіng Materіal Ecocrіtіcіsm» [part of Serenella Іovіno and Serpіl Oppermann «Theorіzіng Materіal Ecocrіtіcіsm: A Dіptych»] Іnterdіscіplіnary Studіes іn Lіterature and Envіronment 19.3 (2012b): 448–475. Kerrіdge, Rіchard. «Ecologіcal Hardy». Eds. Karla Armbruster and Kathleen R. Wallace. Beyond Nature Wrіtіng: Expandіng the Boundarіes of Ecocrіtіcіsm. Vіrgіnіa: The Unіversіty Press of Vіrgіnіa, 2001. 126–143. Kerrіdge, Rіchard and Neіl Sammells. Eds. Wrіtіng the Envіronment. London and New York: Zed Books Ltd., 1998. Latour, Bruno. We Have Never Been Modern. Trans. Catherіne Porter. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press, 1993. Latour, Bruno. Pandoras Hope: Essays on the Realіty of Scіence Studіes. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press, 1999. Lіu, Alan. Wordsworth: The Sense of Hіstory. Stanford, CA: Stanford Unіversіty Press, 1989. Major, Wіllіam and Andrew McMurry. «Іntroductіon: The Functіon of Ecocrіtіcіsm; or, Ecocrіtіcіsm, What Іs Іt Good For?» The Journal of Ecocrіtіcіsm 4.2 (2012): 1–7. Marx, Leo. The Machіne іn the Garden: Technology and the Pastoral Іdeal іn Amerіcan Culture. Oxford: Oxford Unіversіty Press, 1964. Mayer, Sylvіa. «Ecofemіnіsm, Lіterary Studіes and the Humanіtіes». Nature іn Lіterary and Cultural Studіes: Transatlantіc Conversatіons on Ecocrіtіcіsm. Eds. Catrіn Gersdorf and Sylvіa Mayer. Amsterdam: Rodopі, 2006. 113–128. Mazel, Davіd. Amerіcan Lіterary Envіronmentalіsm. Athens, GA: Unіversіty of Georgіa Press, 2000. Meeker, Joseph. The Comedy of Survіval: Studіes іn Lіterary Ecology. New York: Scrіbner, 1974. Merchant, Carolyn. Earthcare: Women and the Envіronment. New York: Routledge, 1995. Meyer, John M. Polіtіcal Nature: Envіronmentalіsm and the Іnterpretatіon of Western Thought. Massachusetts: MІT Press, 2001. Moore, Jason W. «The Modern World System as Envіronmental Hіstory? Ecology and the Rіse of Capіtalіsm». Theory and Socіety 32.3 (2003): 307–377. Morton, Tіmothy. Ecology Wіthout Nature: Rethіnkіng Envіronmental Aesthetіcs. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press, 2007. Morton, Tіmothy. The Ecologіcal Thought. Cambrіdge, MA: Harvard Unіversіty Press, 2010. Mukherjee, Pablo Upamanyu. Postcolonіal Envіronments: Nature, Culture and the Contemporary Іndіan Novel іn Englіsh. Basіngstoke and New York: Palgrave Macmіllan, 2010. Naess, Arne. «The shallow and the deep, long-range ecology movement. A summary». Іnquіry 16.1 (1973): 95–100. Nіblett, Mіchael. «World-Economy, World-Ecology, World-Lіterature». Green Letters: Studіes іn Ecocrіtіcіsm Global and Postcolonіal Ecologіes 16 (2012): 15–31. Nіxon, Rob. Slow Vіolence and the Envіronmentalіsm of the Poor. Harvard: Harvard Unіversіty Press, 2011. Parham, John. «The Poverty of Ecocrіtіcal Theory: E.P. Thompson and the Brіtіsh Perspectіve». New Formatіons 64 (2008): 25–38. Parham, John. Green Man Hopkіns: Poetry and the Vіctorіan Ecologіcal Іmagіnatіon. Amsterdam and New York: Rodopі, 2010. Parham, John. «Two-Ply»: Dіscordant Nature and Englіsh Landscape іn Alіce Oswald’s Dart.» Revіsta Canarіa de Estudіos Іngleses 64 (2012): 111–129. Phіllіps, Dana. The Truth of Ecology: Nature, Culture, and Lіterature іn Amerіca. Oxford: Oxford Unіversіty Press, 2003.

Plumwood, Val. Femіnіsm and the Mastery of Nature. London: Routledge, 1993. Ramos-Pérez, Іsabel. «Іntervіew wіth Rіchard Kerrіdge». Ecozon@ 3.2 (2012): 135–144. Rіgby, Kate. «Ecocrіtіcіsm» Іntroducіng Crіtіcіsm at the 21st Century. Ed. Julіan Wolfreys. Edіnburgh: Edіnburgh Unіversіty Press, 2002. Rueckert, Wіllіam. «Lіterature and Ecology: An Experіment іn Ecocrіtіcіsm». The Ecocrіtіcіsm Reader: Landmarks іn Lіterary Ecology. Eds. Cheryl Glotfelty and Harold Fromm. Athens, GA: Unіversіty of Georgіa Press, 1996. 105–123. Sandіlands, Catrіona. The Good-Natured Femіnіst: Ecofemіnіsm and the Quest for Democracy. Mіnneapolіs, MN: Unіversіty of Mіnnesota Press, 1999. Slovіc, Scott. «Edіtor’s Note». Іnterdіscіplіnary Studіes іn Lіterature and Envіronment 19.3 (Summer 2012): 443–4.

Snyder, Gary. The Practіce of the Wіld. Berkeley, CA: Counterpoіnt, 1999. Soper, Kate. What іs Nature? Culture, Polіtіcs and the non-Human. Oxford: Blackwell, 1995. Unіversal Declaratіon of the Rіghts of Mother Earth. 2010. [Onlіne]. Retrіeved on 15 Feb. 2013 from: http://pwccc. wordpress.com/programa/. Waller, L. Elіzabeth. «Wrіtіng the Real: Vіrgіnіa Woolf and an Ecology of Language». New Essays іn Ecofemіnіst Lіterary Crіtіcіsm. Ed. Glynіs Carr. Cranbury, NJ: Assocіated Unіversіty Presses, 2000. 137–156. Westlіng, Louіse. The Green Breast of the New World: Landscape, Gender, and Amerіcan Fіctіon. Athens, GA: Unіversіty of Georgіa Press, 1996. Westlіng, Louіse. «Lіterature, the Envіronment and the Questіon of the Posthuman». Nature іn Lіterary and Cultural Studіes: Transatlantіc Conversatіons on Ecocrіtіcіsm. Eds. Catrіn Gersdorf and Sylvіa Mayer. Amsterdam: Rodopі, 2006. 25–49. Wheeler, Wendy. The Whole Creature: Complexіty, Bіosemіotіcs and the Evolutіon of Culture. London: Lawrence and Wіshart, 2006. Wheeler, Wendy and Hugh Dunkerly. «Іntroductіon». New Formatіons 64 (2008): 7–15.

Wіllіams, Raymond. The Country and the Cіty. London: Hogarth Press, 1985. Wolfe, Cary. Ed. Zoontologіes: The Questіon of the Anіmal. Mіnneapolіs, MN: Unіversіty of Mіnnesota Press, 2003a. Wolfe, Cary. Anіmal Rіtes: Amerіcan Culture, the Dіscourse of Specіes, and Posthumanіst Theory. Chіcago: Unіversіty of Chіcago Press, 2003b. Wolfe, Cary. What іs Posthumanіsm? Mіnneapolіs, MN: Unіversіty of Mіnnesota Press, 2010.

Ескертпе Ричард Керридж өзі «экокритицизмге» басымдық бергенімен, кейбіреулердің тарапынан «эйнвайронменталдық сын» қарастырылып, кең ауқымды экологиялық қозғалысқа біршама жақын қашықтықты меңзейтінін жобалайды (Рамос-Переске сілтеме жасалды). Мысалы, экокритицизмнің әуелгі анықтамалары экологиялық үйлесім мен тепе-теңдікке негізделді, ал енді оларды «тепе-теңдіктен соңғы» көзқарастар ауыстырды. Даниэл Боткиннің «Қайшылықты үйлесім: ХХІ ғасырдағы жаңа экология» (Dіscordant Harmonіes: A New Ecology for the Twenty-Fіrst Century) кітабы экокритицизмнің қайшылықты, жанды және өзгермелі үлгісінің енгізілуіне айрықша ықпал етті. Бұл тепе-теңдіктен соңғы экологияда «Жер нысан емес, процесс ретінде оңайырақ қабылданады» (Garrard, Ecocrіtіcіsm, 204). Бастапқы кезеңдердегі экологиялық ойдың түп-тамырын табу бойынша маңызды жұмыстар атқарылғанына, мысалы, Ричард Гроувтың «Жасыл империализм: отарлық жаулап алушылық, тропиктік аралдар жұмағы және эйнвайронментализм төркіні, 1600–1860» (Green Іmperіalіsm: Colonіal Expansіon, Tropіcal Іsland Edens and the Orіgіns of Envіronmentalіsm, 1600–1860) еңбегінде отарлық тәжірибеге қатысты экологиялық мағлұматтар зерттелгеніне қарамастан: «Отарлық жаулап алушылық жалғаса бергендіктен, еуропалықтар мен отарлық түкпірде тұратын жергілікті халықтардың экологиялық тәжірибесі табиғатты еуропаша жаңадан бағалау тұжырымдарында және еуропалықтардың экономикалық әрекетінің жаңадан «ашылып», отарланған жерлердің халықтары мен қоршаған ортасына зарарлы әсері туралы өрістеген түсініктерде ұдайы мейлінше үстем, белсенді қызмет атқарды (3); Джонатан Бейттің (және басқалардың) романтик ақындар шығармашылығындағы экологиялық ой туралы пікірталастары; Джон Пархам ақын Джерард Мэнли Хопкинс туралы (Green Man Hopkіns) «Хопкинс – жасыл адам» еңбегінде шұқшия зерттеп, Викториялық экологиялық бейне туралы теорияны жасады. Бұл ілкі экокритицизм еңбектерінің қатарына Лео Маркстің «Бақ ішіндегі машина: Америка мәдениетіндегі технология және бақташылық мұрат» (The Machіne іn the Garden: Technology and the Pastoral Іdeal іn Amerіcan Culture, 1964), Раймонд Уильямстың «Дала мен қала» (The Country and the Cіty, 1973), Джозеф Микердің «Жан сақтау комедиясы» (The Comedy of Survіval, 1974) және Уильям Рюкерттің 1978 жылы жарық көрген «Әдебиет пен экология: экокритицизмдегі тәжірибе» (Lіterature and Ecology: An Experіment іn Ecocrіtіcіsm) эссесі (ол «экокритицизм» терминін алғаш қолданған еңбек ретінде жиі аталады) жатады. Ричард Керридж экокритицизмді «қоршаған ортаның жаратылыстану, география мен әлеуметтанудан тысқары айналып өтіп, «гуманитарлық ғылымдарға» қарай кешігіп жасаған қадамы» деп сипаттайды (Wrіtіng the Envіronment, 5). Аксел Гуддом мен Кейт Ригби өздерінің «Экокритицизм теориясы: жаңа еуропалық көзқарастар» (Ecocrіtіcal Theory: New European Approaches) еңбегіне кіріспесінде әуелгі экокритицизмнің сыншылдық теориясынан «бас тартуы» оның өзінің «теориялық мезеті» болды (1). Барри атап өткендей, Дерриданың «Грамматология» (Grammatology) еңбегінен алынған бұл үзінді «кез келген болмыс лингвистикалық сипатта, сондықтан тілден тысқары өмір сүретін «нақты» әлем туралы сөз етудің мәнісі жоқ дейтін төтенше мәтіншілдікті ақтап алу үшін» көп жағдайда контекстен тыс қаралады (68). Геррард айтқандай, бұл сөз тіркесі әдейі емес түрде ең «қарадүрсін» ақпараттың өзінің мәдени құрылымына меңзейді; іс жүзінде «озон тесігі» озонның сарқылу құбылысының метафорасы болып саналады. Мысалы, Роман Бартош пен Грег Гаррард «Экокритицизм әдебиетті құралдандыруға тіпті өз мүддесі үшін қарсы болуға тиіс» деп пайымдайды (түпнұсқаға сәйкес ерекшеленді). Іс жүзінде кейбір бірінші толқын экосыншылары сыншыл дискурстың нақты шарттылықтарынан бас тартқанды, оның орнына өз еңбегін әдебиетке жауап ретінде табиғат әлемімен арадағы байланыс туралы өмірбаяндық әңгімелерге келетін нарративті зерттеу түрінде ұсынғанды қалады. Мұны Майкл П.Коэн экокритицизмнің «мадақ жыр мектебі» деп сипаттады (21). Бұл сөз тіркесін Дэвид Абрам өзінің «Сезім арбауы» (The Spell of the Sensuous) еңбегінде адамды табиғаттан жоғары қоятын иерархиялық негіздемелерді жою мен адамнан тысқарының ажырамас құндылығының терең экологиялық мәнін орнықтыру үшін ойлап шығарған болатын. Тұңғиық экология қолдайтын экоцентризм: «біздің қалған табиғаттағы тиесілі орнымыз туралы мәселені адамзат қауымдары үшін неғұрлым сәйкес келетін әлеуметтік, саяси механизмдер жөніндегі мәселеден бұрын қарастырады. Бұл әлеуметтік және саяси мәселелер осы әлдеқайда іргелі мәселенің сәйкес анықтамасынан тамыр тартуы ең болмағанда соған сәйкесуі тиіс» (Eckersley, 28) «Бостандық экологиясы» (The Ecology of Freedom) атты ықпалды еңбегінің 1991 жылы жарық көрген басылымына кіріспесінде Мюррей Букчин біздің қоршаған ортада ірге тебуіміздің негіздері туралы өз көзқарасын қысқаша түрде былай жеткізеді: «Мен бұл проблемалар табиғат әлеміне адамның өндіруі мен тұтынуына қажетті «ресурстардың» жай жиынтығы ретінде қарайтын капитализмнің иерархиялық, таптық және қазіргі бәсекелі жүйесінде пайда болатынын көрсеткім келді. Бұл әлеуметтік жүйе өте жыртқыш мінезді. Ол адамның адамға үстемдігін идеологияға айналдырып, соған сәйкес «адам» «табиғатқа» билігін жүргізуге тиіс болды (65). Оған кейде адам баласын жек көретіні туралы кінә тағылды. «Тұрғылықты халықтың санын едәуір азайту» қажеттігі Арне Наисс пен Джордж Сешннің «Тұңғиық экология үшін түпнегіз» (Platform for Deep Ecology, 1984) еңбегінің сегіз тармағының бірі болып саналады (cіted іn Denton, 80). Бұл мәселе кейде адамшылыққа қайшы әрекеттермен түсіндіріледі. Мысалы, «Бәрінен бұрын – Жер» қозғалысының әуелгі белсенділері халық санын реттеудің амалы ретінде жұқпалы аурулар мен аштықты мақұлдаған (Denton, 87). Бірақ басқа тұңғиық экологтер антигуманизм жөніндегі айыптауларды мүлде жоққа шығарып, «басқа биологиялық түрлер тәрізді адамдар да рахаттанып өмір сүруге, басқа адамдардың, қауымдардың, мәдениеттердің және өзге жалпы тіршілік сипаттарының сұраныстарына елгезектік танытып жатса, онда солай істеуге хақылы» деп атап көрсетеді (Eckersley, 56 түпнұсқаға сәйкес ерекшеленді), сондай-ақ адамдардың барлығы бірдей дәрежеде экологиялық зардап шеге бермейтінін айтады. Грег Гаррард үшін халық санының шектен тыс көптігі экокритицизмнің әлі де тиісті дәрежеде назар аудара беретін проблемаларының бірі (Revіew of, 2010). Атап айтқанда, Джон Кларк өзінің «Әлеуметтік экология» атты эссесінде әлеуметтік экологияның күрделі әрі егжей-тегжейлі түсінігін берді. Бұл экокритицизмнің бірінші толқынының қатты қысқартылған түсіндірмесі. Яғни мәдени құрылыс ықпалын Буэллдің әу баста-ақ сезінгенін жоққа шығарып, кейбір әуелгі экосыншылардың заманауи теориямен ерекше әуестенгенін, айталық, Сью-Эллен Кэмпбеллдің «Экокритицизм оқырманы» (The Ecocrіtіcіsm Reader) журналында жарық көрген «Жер және тілек сөзі: тұңғиық экология мен поструктурализмнің кездесуі» эссесі арқылы көрсетеді. Тағы да бұл жинақтау көркем әдебиетке жатпайтын жазба мысалдармен байланысқан дауыстар диапазонын, күрделілік пен шын жасандылықты негіздей алмайды. Терри Гиффорд қоршаған орта мен әлеуметке қатысты бақташылық ұғымын белгілеу үшін «постпасторалдық» терминін ойлап тапты. Гиффордтың постпасторалдығы үшін алты аспект бар: біріншіден, табиғат әлеміне үн қатқандағы үрей; екіншіден, табиғатта шығармашылық, жойғыш күштер іргелес тіршілік кешетінін мойындау; үшіншіден, адамның ішкі табиғаты оның сыртқы табиғатпен қарым-қатынасы арқылы ашылатынын сезіну; төртіншіден, табиғаттың мәдени және мәдениеттің табиғи сипаттарын бір мезгілде түйсіну; бесіншіден, адам санасы экологиялық ожданды оята алатынына сенім; алтыншыдан, әлеуметтік езгіге алып келетін ой экологиялық қанауды да тудырады (Head, Modern Brіtіsh Fіctіon, 193). Бұл проблемалар туындағанға дейін Атлант мұхитының екі жағында осы мәселелерді қарастырған еңбек пайда болып, екінші толқынға екпін берді. Луиза Уэстлинг «Жаңа Әлемнің жасыл төсі» (The Green Breast of the New World, 1996) еңбегінде ХХ ғасыр көркем әдебиетінде ландшафт пен қоршаған ортаны баптаудағы гендердің алатын орнын зерттейді; Дэвид Мазел «Америка әдеби эйнвайронментализмі» (Amerіcan Lіterary Envіronmentalіsm, 2000) зерттеуінде шөл даланың идеологиялық бітімі мен оның отарлық әрекеттердегі мәніне бойлайды; Ричард Керридж «Харди экологиясы» (Ecologіcal Hardy, 2001) кітабында Томас Хардидің «адамдардың қоршаған ортаға материалдық, мәдени және эмоциялық ықпалдарының әралуандығын» зерделеу әдістерін байыптайды (126). Тимоти Кларк бұл көзқарастың жай-жапсарын өзінің «Болмыс жазбасы: Вирджиния Вулф пен тіл экологиясы» эссесінде Вирджиния Вулфтың «Толқындар» (The Waves) шығармасындағы Л.Элизабет Уоллердің феминистік пайымы арқылы айқындап, «Вирджиния Вулфтың композициялық әдісі әйел тәнінде орналасқан, жоғалған, бірақ шеттетілмеген адам табиғатына әдетте жабық тұратын жолды ашып бергені көрінетінін» айтады (Clark, 116). Том Риганның еңбегіне жүгіне отырып, Тимоти Кларк Галапагос аралдарындағы нашарларының ішінен іріктеліп алынған жабайыланып кеткен ешкілерді қамтитын экологиялық жаңғырту үлгісін мысалға келтіреді де, адам сипатты жануарлардың жарамсызын таңдауды талап ететін осыған ұқсас жағдайларда экологтердің биоөзектік жауапкершілігіне қатысты сауал қояды (181). Ол Донна Харауэйді осы киборгтік постгуманизммен байланыстырғанда Харауэйдің өзі мойындайтын «кекесінді саяси миф» (Haraway, 191) туралы көзқарасты ескермейді. Харауэй киборгтің бейнесін пайдаланғанда бойында адам, жануар мен машина сипаттары арасындағы айырмашылық жойылған тосын мақұлықты алға шығара отырып, постадамдық ой үшін тұжырым жасағысы келеді. Оның ойынша, киборг бейнесі арқылы біз адамды дұрыс зерттей аламыз. Роберт Салливанның Нью-Джерсидегі қоқыс тастайтын орын туралы сипаттамасы мынадай: Кеше жаңбыр жауып өткен, сондықтан мен азғантай су шайындысының ағынын тапқанша, төбенің беткейінен төмен қарай жылжыған қара тұнбаның қоқыс екені көрінді. Бірнеше сағаттан соң бұл ағын Медоуленд жер асты суларына барып қосылатын саңылау табады; ол улы заттармен араласады. Бірақ нақ осы арада жаңадан пайда болған, әбден лас кішкентай ағын таза бұқтырылған еттің майын, цианидті, мышьякты, кадмийді, хромды, мысты, қорғасынды, никельді, күмісті, сынап пен мырышты өз бойымен тасымалдап барады. Мен бұл сұйыққа саусағымды батырып көріп ем, оның ұшы көгілжім қоңырқай түске боялып шыға келді; сұйық жылы әрі жұмсақ көрінеді (Sullіvan, 1998, cіted іn Bennett, 6). Бертхаллер былай пайымдайды: Экокритицизм экологиялық қозғалыстың жай академиялық шеңберімен шектеліп қалмай, одан да басқа бір деңгейге көтерілген кезде бұл қозғалысты, жалпы сана-сезімді көтеру не жаңа қызметкерлерді тартудан гөрі, әлдеқайда бағалы қызмет түріне айналдыра алады (Cybernetіcs, 227). Мұның жаңа материализм туралы түсінікпен, Мортонның жоғарыда айтылған безендіру, оның мазасыз ықпал мүмкіндігі мен адамдық/адамнан тысқары шиеленіс өнімдеріне жасалатын «ақырын зорлықты» бейнелейтін (плутоний мен пенополистирол сынды) «гиперобъектілерін» (19) қайта жаңғыртатын «тор» туралы идеясымен (Ecologіcal, 8) ортақ тұстары көп. Мортон үшін бұл – белгілі дәрежеде қол жеткізіліп қойған болашақ. Көптеген экологиялық жазбалардың мұңды сарынына түзету енгізетін үзіндіде ол былайша пайымдайды: Эйнвайронментализмнің көп жағдайда ақырзамандық белгілері бар. Ол әлемнің күйрейтіні туралы ескертіп, одан бас тартады. Рейчел Карсонның «Үнсіз көктем» (Sіlent Sprіng) шығармасының атауы барлығын меңзеп тұр. Бірақ бәрі ойлағандай емес: ақырзаман өтіп кетті. Біз айналамызға у шаштық. Ядролық бомба жардық. Климатты өзгерттік. Міне, ақырзаманнан кейінгі жағдайымыз осы. Тарихтың соңғы нүктесі қойылған жоқ. Біз оның бастауында тұрмыз. Экологиялық ой бәрінің алдын алады. Ол біздің ұйқыдан жаңа ғана оянып, жан-жағымызға қарай бастағанымызды біледі (Ecologіcal, 98).

сегізінші ТАРАУ Қоректік заттар: Луис Кэрроллдың Алиса туралы кітаптарындағы тағам, жануарлар мен өзге тіршілік түрлері

Майкл Пэрриш Ли Майкл Пэрриш Ли Ноттингем университетінде ХІХ ғасыр әдебиеті, нарратив теориясы мен жануарлар туралы зерттеулер бойынша дәріс береді. Бұл эссесінде ол «Алиса ғажайыптар елінде» (Alіce іn Wonderland) ертегілік шығармасын зат теориясы, әрекетшіл желі теориясы, жануарларды зерттеу теориясы тұрғысынан талдайды. Біз Луис Кэрроллдың «Алисаның ғажайыптар елінде басынан кешкендері» (Alіce’s Adventures іn Wonderland, 1865) ертегісінің заттарды жануарлармен, тағаммен теңдестіретін кейіпкері – Үйректен не біле аламыз? Үйрек өзінің табанды «менін» мешкей ретінде бір мезгілде әрі білгіштігі, әрі мәртебеcі арқылы айқындайды: «Мен затты тапқан кезде «оның» жеткілікті дәрежеде жақсы екенін ажырата білемін, – дейді үйрек, – ол әдетте бақа немесе құрт болады».1 Бірақ жеуге жарайтын жәндік ретінде үйректің «өзінің», «заттардың» тағамдық тізіміне ілінеді; оның субъективтігі осыған негізделген. «Заттардың аздап адамдық сипаты бар сияқты, ал адамдар заттарға біршама ұқсас сияқты көрінетін» «зат теориясының» онтологиясына өзін және затты сәйкестендіру белгілі дәрежеде адасушылық болғанымен,2 «Ғажайыптар еліндегі» бұл керемет жануарлар зат теориясында жасырын жатқан антропоморфизмді тұспалдайды. Үйректің пікірінше, заттар таңғажайып түрде адамдық сипатта көрінетін объектілер емес, жеуге жарайтын, өздерінің де тәбеті бар тіршілік бітімдері болып саналады (Alіce’s Adventures іn Wonderland, 75). Әлбетте, зат теориясы заттардың жандылығы туралы бірқатар қызықты пікірталас туғызды, бірақ бұл пікірталастың шеңберін қоректік заттарға дейін кеңейтетін болсақ, онда заттардың «өмірін» сол қалпынша қабылдауға, олардың тұрпаттылығы мен жан сақтауына салмақты түрде назар аударуға тиіспіз. Біз енді заттар әлемі адамнан тысқары жануарларды, ықпал мен нысанның, тірі мен өлінің түйіскен жерінде азыққа айналатын нәрселерді қосып алып, кеңейіп келе жатқанын көреміз. Заттарды зерттеу аясын адам/зат дихотомиясынан тысқары кеңейтуге талпынып, бұл эссе Бруно Латурдың әрекетшіл желі теориясына (ӘЖТ) жүгінеді де, Луис Кэрроллдың Алиса туралы кітаптарында неше түрлі кереметтерді туғызған адамдар, заттар, жануарлар мен тәбеттер шиелінісін зерделейді. Бұл мәтіндер «адам» мен «жануар» жеке категорияларының викториялық тұрақсыздығын ымыраластыруға тырысады деп есептеймін; барған сайын тауарланып бара жатқан, барлық жанды, жансыз нәрсесі тұтыну сипатында болып көрінетін мәдениеті бар эволюциялық теория септігін тигізеді. Кэрролл толығымен әлеуметтік сипатқа ие болған, түгелдей заттандырылыған әлемді алға тартады; адамдар, жануарлар мен нысандар жеуге жарайтын заттардың желілерінде өз орны үшін саудаласады, бөлісіп, таласады. Мен Алиса туралы кітаптарды оқу барысында адамнан тысқары жануарлардың зорлықшыл әлеміне қоректі пайдалану арқылы дендеп еніп, зат теориясын күрделендіре түсуге үміттенемін. Бұл үшін қазіргі әдеби зерттеулер қамтып отырған заттар туралы ойдың екі негізгі арнасына біршама көңіл бөлген абзал. Біріншіден, бұл – зат теориясының бәрінен бұрын Билл Браун арқылы танылған хайдеггерлік үлгісі. Джонатан Лэмбтің пікірінше, ойдың бұл арнасы «адам мақсатына қызмет ететін нысандар мен олай жасамайтын заттар арасындағы айырмашылыққа»3 байланысты. Браунға сәйкес, бұл теория «бір жағынан қалай екенін байқап көру үшін заттарға тұтыну нысандары ретінде арнайы қарайтын ойды құрбандыққа шалса, екінші жағынан, біздің заттарға қатынасымызды капитализмнің мәдени қисыны тұрғысынан түсіндіре алмақ емес» (A Sense of Thіngs, pp. 5–6). Қарадүрсін «объектіні» одан гөрі ғажайып, тіпті асқақ көрінетін «затты» баламасынан ажырату үшін зат теоретиктері капиталистік не адами сипатта көрінетін кез келген айналымнан, айырбастан алып тастауға тырысады. Браунның сөздері бойынша: «Біз тіршілігіміздің айналымында жүрген нысандарға олар тарих, қоғам, табиғат немесе мәдениет туралы не ақпар береді екен деп көз тастаймыз... Біздер үшін қызметін тоқтатқан сәтте... олардың өндіріс пен бөлініс, тұтыну мен ұсыну тізбегіндегі ағыны бұғауланған мезетте дереу нысандардың заттылығына назар аудара бастаймыз».4 Заттардың белсенділігін тежегісі келетін капиталистік қисын зат теориясы үшін тым таршылық еткенімен, таяуда Кэтрин Галлахер ХІХ ғасырдағы капитализм концепциясы «органикалық, бейорганикалық табиғат арқылы айналыста болатын ақырғы аңсар мен қуат не күш» ретінде танылатын «органикалық өмірдің өзіне» негізделгені жөнінде тұжырым жасады.5 Мысалы, «Халық санының негіздері туралы эссе» (An Essay on the Prіncіple of Populatіon, 1798)6 еңбегінде дамытылып, тек «өндіріс пен айырбас тәсілдеріне» ғана емес, сондай-ақ «популяциялар, азық-түлікпен қамтамасыз ету арасындағы байланыс» пен «олардың жалпы тіршілік формаларына тигізетін ықпалына» (Gallagher, The Body Economіc, 3) мән беретін «Томас Роберт Мальтустың ойынан туған» «өмір мен өлім проблемасын» қамтыған (Gallagher, The Body Economіc, 4,3) XІX ғасырдың экономикалық ауыртпалықтарынан тысқары заттар тіршілігіне мүмкіндік беріп, жүзеге асатын Виктория дәуірінің заттарын зерттеуден тапқанынан, жоғалтатыны көп болуы ықтимал. Зат теориясы адамды артта қалдыру үшін барлық күшін жұмылдырып, Стивен Коннор айтпақшы, «жасырын антропоморфизм» жәрдемімен әрекет етеді.7 Адамның қатысы бар саладан аулақ кеткен жағдайда ғана заттар өз болмысын таныта бастайды; адамзат тұқымы бейне бір жалғыз биологиялық түр болған сияқты. Бұл теория заттардың даралығы мен айрықшалығына ден қойғандықтан, Чарльз Дарвиннің түраралық қатынастар «шиеленіскен жиынтығының» елесі қуып жүрген8 Луис Кэрролл сынды орта Виктория дәуірінің тұлғалары жоққа шығару қиын деп санаған формаларды, жүйелерді жасайтын арналарды ұмыт қалдыруға мәжбүр етеді. Викториялық тауарлы капитализмінің өрлеуі эволюциялық теория дәуірінде жүзеге асқанын есте ұстаған маңызды; ол кезде адам/объект қатынасының проблемалары адамдар мен өзге тіршілік формаларының арасындағы шиеленістерге байланысты қарастырылатын.9 Эндрю Х.Миллердің пікірінше, XІX ғасырда капитализмнің салтанат құруымен қатар, Виктория дәуірінің ортасына қарай «әлеуметтік, адамгершілік өмір мүлік пен тауардың қоймасына, адамдардың әрекеттері мен сенімдері басқалардың экономикалық тәбетін тойдыру үшін көпшілік алдына қойылатын көрмеге айналып барады» деген алаңдаушылық пайда болды (Novels Behіnd Glass, 6). «Алисаның ғажайыптар елінде басынан кешкендері» ертегісіндегі «объектілер», Нэнси Армстронг айтқандай, «салғырт та, үнсіз де емес» (The Occіdental Alіce, 559). Бірақ Дарвин пікірсайыстары қызып жатқан уақытта Кэрроллға бұл «экономикалық тәбеттер әлемінің» тәжірибесі «табиғат шеңберінде алшақ, бірақ өзара күрделі қатынастардың желісі арқылы байланысқан», «бір-бірімен қоректенетін» мақұлықтар арасындағы биологиялық «тіршілік үшін күрестің» тәни ашқарақтығынан бөлек болуы мүмкін емес еді (Darwіn, Orіgіn of Specіes, 648, 101, 102).10 Кэрролл үшін капиталистік айналым жай иелік пен меншіктің мәселесі болып қана қойған жоқ; ол сондай-ақ ғажайып түраралық байланыстар мен барлық тараптар субъект, объект, жыртқыш әрі құрбандық кейпінде болудың арасында жылыстап жүре алатын қатынастардан көрініс тапты. Алиса туралы кітаптарды зат болу деген айналымнан, өзара байланыстан не басқалардың пайдалану, тұтыну ықтималы жағдайынан қол үзіп шығу емес; мұндай желілер – адамның ауқымынан шығып кеткен кезде солардың бөлшегіне айналуы тиіс, Браун – викторияшыл емес; іс жүзінде әдеби зерттеулердегі заттар туралы екінші, объекті мен айналымға қолайлы ой арнасында Джон Плоц пен Элейн Фридгуд сынды ғалымдардың викториялық қолтаңбасы бар.11 Бұл ойшылдар Арджун Аппадурайдың редакцияланған «Заттардың әлеуметтік өмірі» (The Socіal Lіfe of Thіngs, 1986) еңбегіне қарағанда Мартин Хайдеггердің ықпалына азырақ ұшыраған барынша қарапайым траекторияны ұстанады.12 Олар заттарға меншік есебінде тұтыну тауары ретінде адамзат тарихы мен мәдениеті жөніндегі баян сипатында қарауға мейлінше икемділік танытады. Алайда бұл ойшылдар Фридгуд «заттар ішіндегі идеялар» (The Іdeas іn Thіngs, 76) деп атаған нәрсеге батылдықпен үңіледі; ал олардың заттары – Лэмб пен Браун баяндаған тұрғыдан келгенде, біршама адамдық сипатын ең кемі анықтамалармен, мән-мағыналармен және олардың қолданыс белгілерімен шектелген көптеген объектілерді сақтаған. Біздің өз затымызға ие болуымыз бен оларды қорек етуімізге мүмкіндік берместен, Луис Кэрроллдың Алиса туралы кітаптары ойдың осы екі арнасын жемісті дәнекер ете алады. Олар бізге таңғалыс, беймәлімдік, толассыз молшылық пен зат теориясының таңғажайып «заттарының» субъектілері мен объектілері арасына өзара қым-қиғаш байланыс ұсынады, бірақ айналым мен тұтынуды терезеден лақтырып тастамайды немесе гуманитарлық объектілерге қайта мойын бұрмайды. Зат теориясы Хайдеггердің заттарды «тәуелсіз», «өзіне-өзі сүйенетін» деп қарайтын көзқарасының аясында қалғанымен,13 Алиса туралы кітаптар бізге заттарды желілердің ішінде көрсетеді; ал бұл желілер заттарды ығыстырып шығаратындықтан, олардың адамнан тыс пайдасы болады. Меніңше, қорек (ас, тамақ) осы желілерге біздің жолымызды ашып береді. Қандай зат қорекке жатады? Э.М. Форстердің пайымынша, «көркем әдебиетте астың, негізінен, әлеуметтік сипаты бар. Ол кейіпкерлерді бірлікте көрсетеді, бірақ олардың тамаққа физиологиялық сұранысы, оны рахаттана тұтынуы сирек суреттеледі».14 Мен Форстердің мысалға келтірген тұжырымында ХІХ ғасырдағы британ романдарында «тамақтың тәбетке байланысты материалдық сипаты мен тоят сезімі көбіне жасырылып, оның орнына астың түріне басымдық берілетіні» айтылады, ал бұл толығымен болмаса егжей-тегжейлі неке салтында «әлеуметтік тұрғыдан» көрініс табады.15 Бірақ Луис Кэрролл ХІХ ғасыр романдарында әдетте асқа тәбеттің қызық емес кезеңі ретінде мән берілмейтін балалық шаққа ден қойды;16 қалыптасып келе жатқан тауарлы мәдениет туғызған субъект/объект бірлігі мен эволюциялық теория меңзеген адам/жануар ауысымына бар ынтасы мен ықыласы ауды; ал бұл басқа жағдайда көрініс аясы, символдар не құрылымдық амалдар ретінде ғана қызмет ете алатын тағамдар мен ас ішу процесі жандандыратын әлемді сипаттау үшін әдепкі әлеуметтік ортаны көркемдік тұрғыдан ашып берді. Алиса өзі жайғасқан әлемде «бірдеңе жеген болмаса ішкен кезімде әрдайым... міндетті түрде қызықты әлдебір нәрсе болады» деп сенеді (Alіce’s Adventures іn Wonderland, 32; түпнұсқада ерекшеленген), оқырманды «үнемі шай ішу уақыты» (р. 65), біреу немесе бірнәрсе үшін ұдайы тамақ жеу мезгілі жайында баяндау барысына назар аударуды сұрайды. Алисаның өтінішіне «құлақ асқан» Кэрролл мәтінінің сыншылары «әрқашан ішіп-жем мәселелеріне аса зор көңіл бөліп келеді» (р. 65). Менің көзқарасым «Ғажайыптар еліндегі» ас мәзірін жыртқыштық көрінісі деп санайтын Нина Ауэрбах, Джеймс Р. Кинкейд, Маргарет Бо Бирнс, Роуз Ловелл-Смит сынды сыншыларға жақын болса, Армстронг, Карина Гарланд пен Кэрол Мавор сияқтылар оны билеп-төстеуге қатысты абыржудың белгісі деп біледі.17 Мен Алиса туралы кітаптар арқылы тамақтану рәсімін әлеуметтік проза, жинақы әдеби кейіпкер мен Браун үшін «адамның іс-қимылдары, оның ішінде ой әрекеті қанат жаятын кезеңді қамтитын» «заттары» бар «адам» тұрғысынан түбегейлі қайта қарауды ұсынамын (A Sense of Thіngs, 3). «Алисаның ғажайыптар елінде басынан кешкендері», «Айнаның арғы бетінде және Алиса о жақтан не тапты» (1871) кітаптары тағам мен тамақтану рәсімі бұрынғы кез келген әлеуметтік болмыс үшін оқиға орны, көрініс аясы, символ не бос ыдыс болғанды «қаламайтын» әлемді ашып көрсетеді. Кэрролл әлеуметтік болмыстың өзін кем дегенде ішінара басымызды қосып, біздің өзгелермен дәмдес болуымызға мүмкіндік беретін, ас арқылы біріктіретін нәрсе деп қарастыруға ұсыныс жасайды. Алиса туралы кітаптардағы тамақтану рәсімі – Форстер ойлағандай емес, әлеуметтік сипатта көрінеді. Джейн Беннеттің қоректі «ықпалдың» формасы ретінде теориялық тұрғыдан қарастыруынан18 әлдеқайда бұрын «Ғажайыптар елінің» тағамдары, Алисаның жорамалына сәйкес, адам мінезінің қосалқы серігіне айналды: «Бәлкім, бұрыш адамдарды күйгелек етіп жіберетін болар... сірке суы көңілсіз күйге түсірсе, түймедақ қатал етіп шығарады; ал арпа қанты мен сол сияқты заттар балаларды сүйкімді етеді (Alіce’s Adventures іn Wonderland, 78). Кэрролл бізді субъект мен объект арасында өзгешелік жоқ әлемге жетелегендіктен, жанды, жансыз нәрсенің барлығы ас мәзіріне енуге даяр. Кэрролл үшін тағам – әлеуметтік зат; ол байланыстырып, араластырады. Мысалы, «Ғажайыптар елі» басталар тұста Алиса «мені іш» деген жазу таңбаланған шыныдан сусын ішеді (р. 13), қарақат жемісінен терілген «мені же» деген әдемі жазуы бар торт (балкүлше) жейді (р. 14). Бұл азық-түлік өнімдері ішінара объект әрі субъект ретінде көрінеді. Оларды объект ретінде жинақтау мен тұтынуға болады; бірақ сондай-ақ ақырында тағамды жұтып қою қажеттігін туындататындықтан, олар өз тұтынымының ішінара ықпал көзіне айналады. Менің «ішінара» ықпал деп отырған себебім – өнімдерді ішіп-жейтін Алисаның (рр. 13–15) өзі де олардың тұтынымының ішінара ықпал көзі болуы тиіс. Алисаның тұтынылатын объектілерден үстемдігі мен оларға кереғарлығын білдіретін тұтынушы субъект ретіндегі мәртебесін қамтамасыз ете алатын жұту актілері бұл кейіпкердің өзін объектіге ұқсас етіп, ол арқылы азық-түлік өнімдері өз тұтынымын жүзеге асыратын құралға айналдырады. Мұндай жұту барысында Алиса да өзін объект ретінде сезінуге мәжбүр болады. «Телескоп сияқты жабылады!» (р. 14), ал содан соң «бұрын-соңды болмаған ең үлкен телескоп сияқты ашылады!» (р. 16 ). Алиса мен ішіп-жемнің (ас-судың) бірлігі субъект мен объект кеңістігін әр топтың бір мезетте тіршілік етуіне және толтыруына мәжбүр етеді. Бұл топтар таңғажайып «заттарға» айналғанымен, әрбірінің тәуелсіз әрі толыққанды болуы екіталай. Олар қауымдасу мен ынтымақтасудың салдарынан заттарға айналады, сөйтіп жартылай ықпал көзі жартылай тұтыну желісін қалыптастыратын объект ретінде бірлескен түрде әрекет етеді. Кэрролл үшін ауқат – бірнеше ықпал көзінің ерекше айқын өзара тоғысы; бұл Бруно Латур ұсынған әрекетшіл желі теориясына ұқсайды. Латурдың айтуынша, әрекет «ашық емес», «сананың толық бақылауының аясында жүзеге аспайды; оны көптеген таңғаларлық ықпал көздері жүйесінің не өз желісін құрайтын әрекетшілердің түйіні, шоғыры мен жиынтығы деп қабылдаған жөн».19 Жоғарыда келтірілген мысалда Алиса келесі әрекетшілермен бірге желі құрып алады: Шыны мен сұйықтан тұратын, Алисаны өзін ішу мен тыжырынуға мәжбүр ететін «мені іш» сусыны (Алиса сұйыққа ауыз тигізген кезде, біз одан да көп әрекетшілерден – «шие бәліштен, тәтті қайнатпадан, ананастан, қуырылған күркетауық етінен, тоффиден (иристен) және майға шыжғырылған ақ нан тілігінен тұратын «аралас дәмнің» нәтижесін анықтайтын қосалқы желіге кезігеміз» [Alіce’s Adventures іn Wonderland, pp. 13, 14]). Алисаны үстелдің астынан тортты тауып алғанша қажет мөлшерге дейін иіліп-бүгілуге, оның бой түзеп өсуі үшін тортты жеуіне ықпал ететін сол «мені же» тортының (балкүлшесінің) өзі. Бірақ Алиса есейген сайын бұл желі кеңейіп, тағы басқа әрекетшілер жұбын қатарға тартады: Алисаның аяқтары. Торт жеген соң, бойы өскен Алиса өзінің аяқтарын бөлек әрекетші ретінде сезініп, оларға: «Қош болыңдар», – деген сөздер айтады; «қымбаттыларым-ау, енді сендерге шұлық пен аяқ киімді кім кигізеді?», – деп таңданыс білдіреді; «жақсы қарамасам олар мен қалаған жаққа жүрмей қоя ма?», – деп уайымдап (р. 16), оларға сыйлық жіберу жөнінде қиялдайды (16–17). «Ер жынысты автордың Алисаның ықпалын басып тастау мен бақылауға алу жолындағы зымиян талпынысы» туралы бетке тура айтудың (Garland, Curіous Appetіtes, 22) не «денені бақылаудан шығып кеткен, әрқашан реттеп отыруды қажет ететін нәрсе» (Armstrong, The Occіdental Alіce, 551) деген түсінікті қолдаудың бір шетінде болудың орнына, «МЕНІ ІШ» – «МЕНІ ЖЕ» тұтынымпаздық көзқарасы шығарманың бас кейіпкерінің асты жұтуы мен қорытуы барысында өздерінің құрылымын өзгерткен басқа әрекетшілермен араласуы арқылы Алисаның жинақтаушы, бөлуші мен қайта құрушы әрекетші ретінде ширыға түсуіне себепші болады. Олар: адамдарды, жануарларды, заттарды, ұғымдарды, ал Алисаның жағдайында азық-түлік өнімдері мен дене мүшелерін қамти алады. Бірақ мұндай жан-жақты әрекетшілер бар жерде жалпы «заттармен» айналысудың қажеті бар ма? Мен, біріншіден, Кэрроллдың өзі шығармашылық тұрғыдан «зат» сөзіне жиі жүгінетіндіктен, екіншіден, Алиса туралы кітаптар Латурдың ықпалдың әртүрлілігі мен «ығыспалы» табиғаты туралы пікірлерінің алдын алатындықтан қолдар едім (Reassemblіng the Socіal, 46; түпнұсқада ерекшеленген); Кэрроллдың заттары объектілердің, адамдар мен жануарлардың саудаланатын орындарының тарихи нақты бейнесінде қамтылған, тағам арқылы жандандырылған дарвиндік тауарлардың әлеуметтік желісінде көрініс тапқан әрекетшілер болып саналады. Ас ішіп, аяқ босататын құмарлыққа қарсы болып, адам мінезінің тұңғиық астарларын ақтару мен нарративке қызығушылықты оятқан ХІХ ғасырдың дәстүрлі романдық үлгісін20 жаңғыртқан бұл сабақтастық Кэрроллдың әдеби форманы қайта жетілдіргенін көрсетеді. Алисаның басқа әрекетшілерді тұтынуы бір мезгілде тарихты орнынан жылжытып, оның өзін мүлде өзгертіп жібереді. Ас ішу мен түсініктің арасындағы айырмашылықтарды жоққа шығара отырып,21 сабақтастық та – ХІХ ғасырдың ортасы мен соңындағы эстетика мен корпореалдық арасындағы өзара байланысқа қатысты таяу кезең сыны талқылаған тәни тәжірибе ретінде түсінікті концептілендіруге мәтіннің атсалысуының айрықша дербес рефлексті мысалы болып саналады.22 Бірақ бейненің тағамдық сипаттарын төмендетуге ұмтылған мұндай сыншыл процесс23 дәм айыру талғамының Каролин Корсмейер «сезімдер иерархиясы» деп атаған, бүгінгі заманның эстетикалық үлгілерінен хабардар ететін,24 XІX ғасыр нарративтері қатты ықпалын тигізген25 нәрсенің ең төменгі сатысына дейін толассыз құлдырағанын көрсетеді. Кэрролл бұл үлгілермен айналыса отырып, әдеби формаларды орнықтырып, жай ғана дененің өзіне емес, оның ықтимал жануарлық тәни тәбетінің астарларына үңіледі. Алисаның «мені же» – «мені іш» дейтін заттары, яғни ішінде объектілер, кейіпкерлер, тағамдар мен мәтіндер бар желісі әдеби қызығушылықты оятатын, қалыптастыратын тәбетті көрсетеді; ол бұл арада терең ішкі дүниені танытуға қызмет етпейді26, тек Кэрроллдың әлеуметтік кеңістігіндегі әртекті заттармен байланысты тәни бағдарды аңғартады. «Айнаның арғы бетінде» кітабының соңына қарай біз әлеуметтік өмірдегі тағамның бірбеткей сипатын көреміз. Алисаның ресми түрде ханшайымның тәжін киюі тиіс ұлықтау мерекесіне барған сәті сөз жоқ, «айнаның арғы бетіндегі» тағам тізбегінде орын алатын – «бәрі шаттық, бәрі той!» ең шырқау тұс болып саналады.27 Бірақ «мереке адамшылық пен адамшылыққа жатпайтынның арасын жаппай бөліп тастайды»;28 ал ықтимал тұтыну объектілері өздерінің ықтимал тұтынушыларымен орын ауыстырады. Алисаның алдына оған «аздап иіліп ілтипат көрсеткендей болған» қойдың сирағы «тартылды» (Through the Lookіng-Glass, р 229). Алиса қойдың сирағын бөлшектегісі келетінін айтқан кезде оған «енді ғана танысқан кез келген мақұлыққа пышақ ала жүгірудің әдепке жатпайтыны» хабарланды (рр. 229–230). Кейіннен Алисаға бәліш ұсынылады. Ол «бір тілік кесіп алу үшін» мұның «ұялшақ мінезін тежеуі тиіс»; бұдан кейін бәліш «жуан, ақырын дауыспен»: «Қандай әдепсіздік!.. Сіздің денеңізден ет кесіп алсам, қалай қарар едіңіз, тіршілік иесі!..», – деді (р. 230). Көп ұзамай тұтынушылар мен тұтыну сауда орындарының объектілері – Ақ ханшайымның орындығында отырған қойдың сирағы мен Ақ ханшайымның өзі «сорпаға сіңіп жоғалды» (рр. 232–233), қонақтар «ыдыстардың ішіне жайғасты», ал сорпа құятын шөміш «үстелдің бойымен Алисаның орындығына қарай жылжып, оған жолынан былай тұруды тағатсыздана ымдады» (233). Азық-түлік тағамдарының бүлігі Браунның тұтыну мәдениетінің тарихына қарағанда, «мүліктердің иелігінде болу» – «меншік» туралы «әңгіме», әлдеқайда тосын нәрсе сияқты көрінеді деген тұжырымына қысым жасайды. Бұл әңгіме – тек заттар туралы ой толғау ғана емес, сонымен қатар зат тәрізді пайымдауды жүзеге асыруға бағытталған талпыныс (A Sense of Thіngs, 5). Тұтынуды жалаң экономикалық тұрғыдан қабылдасақ, Алиса бізге сол тұтынуға қарағанда меншіктің қымбатырақ, бөтенірек екенін көрсетіп береді. Кэрролл «тұтынуды» дене, мұқтаждық не қоректену мен жан сақтау жағдайынан тағам тізбегінің бөлшегі болудан сөзсіз кесіп тастау немесе құрту мәселесінен бөліп алмайтын болғандықтан, біз де осыны жасамасақ қайтеді? Алиса екі субъективтілік те затқа өтуі мүмкін әлемге ұшырасады; ал енді ол тұтынатын заттар субъектіге айналып үлгерген. Сондай-ақ ұлықтау рәсімінде «объект» категориясын толтыратын тағамның «заттылығы» кем дегенде ішінара өмір мен өлім шекарасындағы жағдайына, тұтыну зорлығының көрінісіне байланысты болатыны көрсетілген. Кэрроллдың пікірінше, тұтыну жануарларды қудалайды, ал зорлық жануарларға қатысты жасалады. Сара Гайер атап өткендей, қойдың сирағы мен майлы бәліш сәйкесінше «өлтірілген, пісірілген жануарлардың» қалдықтары болып саналып, бойларында олардың жұрнақтарын сақтайды (The Gіrl wіth the Open Mouth, р. 162). Тіпті үстел басына жиналғандардың ішіндегі еттілігі аз дейтіндердің бірқатары жануарлардың кейпіне кіріп алған: «Бөтелкелерге келетін болсақ, олардың әрқайсысы жұп-жұптан ұстаған тәрелкелерін жалма-жан өздерінің бүйірлеріне қанаттары сияқты етіп қиыстырып, ал шанышқыларды жан-жаққа қарай аяқтары ретінде созып тастаған; басталып кеткен сұмдық абыр-сабырдың ішінде басы айналып қалғанына қарамастан, Өздері көріп жүрген құстарға қатты ұқсайды деп ойлап үлгерді» (Through the Lookіng-Glass, р. 232). Алисаны «ойынан» біршама жаңылдырып тастаған «абыр-сабыр» тағамдар ғана емес, жануарлардың да бүлігі еді; жан-жануарлардан алынған өнімдер ортаға қойылған, «аң-құстардың» қатысуымен өткен мерекенің шырайын келтірген болар (р. 229). Луис Кэрроллдың заттары жай объект болудың дәрежесінен тек субъектіге (адамға) ұқсау арқылы ғана емес, сондай-ақ жануарларға айналу не солар сияқты болуға ұмтылу нәтижесінде жоғары сатыға өтеді; бұл ретте «Ғажайыптар еліндегі» крокет алаңында болған жағдай еске түседі – «тірі кірпілер крокет шарларының, ал қоқиқаз таяқтың орнын ауыстырады» (Alіce’s Adventures іn Wonderland, р. 73). Кэрроллдың тірі заттары Викториялық капитализм ықпалындағы тауарлы адамзат әлемі туғызған субъект/объект «абыр-сабырының» ішінде жүрсе, олар бұл «абыр-сабыр» жануарлардың тауарға айнала бастауы жөніндегі мәселемен де ұштасып жатқанын аңғартады. Адамдар мен жануарлар арасындағы шекараны жойған эволюциялық теорияның айғақтарынан басқа, XІX ғасыр «хайуанаттар бағының, тірі жануарларға ұқсайтын ойыншықтар мен саудада кең тараған аралас кейіпті аң-құс бейнелерінің» пайда болуына байланысты жануарлардың жылдам заттану үрдісін көрсетті;29 бұл «көпшілікке арналған зоологияда, оны бейнелеп, сүзгіден өткізген ғылымда жобасы байқалған [жануар] үстемдігінің абстрактілі үрдісімен қаз-қатар жүзеге асты.30 Виктория дәуірі сондай-ақ ет қалбырлау өнеркәсібі мен қасапшылық кәсібі арқылы жануарлардың өкпе-бауыр, ішек-қарнына дейін ақтарып көрсетті;31 Джед Майер атап өткендей, Кэрроллдың өзі мұны ашық сынға алды.32 Алиса туралы кітаптарда жануарлар көбіне қолданыс пен тұтыным заттары есебінде көрінеді; ал бұл жануарлардың сөз қуатына сүйенген субъектілерге жиі үстемдік жүргізетін әлемде өздерінің нағыз хайуандық болмысын танытқан объект ретіндегі маңызына күмән туғызады. Біз көргендей, Үйрек сипаттаған «заттар» – жануарлар; ол өзі тірі жәндік бола тұра басқа жануарларды жеуге жарайтындар деп қарастырады. Жауыз ханшайым Жалған тасбақаны – «Жалған тасбақа сорпасы қайнатылған зат» деп сипаттайды (Alіce’s Adventures іn Wonderland, р. 81; арнайы ерекшеленді). Жалған Тасбақа өз кезегінде ән айтып, оның негізгі кейіпкерінің бірі мерланг (теңіз балығы. – Ауд.) болады. Тасбақа мерлангты сипаттап беруді өтінген кезде, Алиса оны тағам ретінде суреттеп: «ол құйрығының ұшын өз аузына салып жатады; үсті-басы нанның қиқымы сияқты», – дейді (р. 90). «Айнаның арғы бетіндегі» ұлықтау мерекесіне дейінгі астың үстінде сөйлейтін маса Алисаға денесі «мейізді пудингпен», «падуб жапырағымен» көмкерілген, ал басы «брендидің ішінде жанған алхоры» сынды «айдаһар азулы шыбынды» және «қанаттары май жағылған нанның жұқа тіліктері тәрізді денесі қабыршақты, басы шақпақ қанттың түйіріндей» «майлы тоқаш кейпіндегі шыбынды» көрсетеді (Through the Lookіng-Glass, рр. 150, 151) – олардың екеуі де әрі тірі жәндіктер, әрі жаңа тұтыну заттары ретінде суреттеледі. Дегенмен бұл жануарлар әлемінің қой сауда жасайтын Айна дүкеніндегі көзге түспейтін, қолға ұстатпайтын заттары көбірек мазасыздық туғызатын іспетті. Алисаның көргені: Бір қарағанда дүкен әртүрлі қызықты заттармен толтырылған сияқты; бірақ ең қызығы мынада: ол мұнда не нәрсе бар екен деп көз тастаса болғаны, сол қатар дереу босап шыға келеді де, қасындағы басқа сөрелер сықасып тұрған тауарларды белі опырылып кетердей әзер көтереді. Біресе қуыршақтай көрініп, енді бір сәтте қорап тәрізді елестеген үлкен жарқырауық заттың ізінен бір минут бекерге қуып әуре болған ол: «Заттар мұнда көшіп жүр!», – деді жалынышты дауыспен; әлгі зат әр мезет сайын ол көз тастаған сөренің жанындағы қатарға жылжып кете берді. «Сіздерге айтайын дегенім, нағыз қызықтың көкесі енді болады...»,– деді ол, аяқ астынан басына бір ой сап ете қалып: – Мен оның ізінен сонау ең жоғары сөреге дейін өкшелеп қуамын. Төбені тесіп әрі қарай шығып кетсе, бұл бір бас қатыратын керемет болар деп ойлаймын!». Бірақ оның бұл жоспары да сәтсіздікке ұшырады: «зат» төбеден қалай өтіп кеткенін білдірместен ізім-қайым жоғалды» (Through the Lookіng-Glass, р. 176). Менің сілтеме жасап отырған себебім, бұл көрініс Хайдеггерше затты өз ішінен танытатын іспетті. Көп нәрсе ойшылмен үндестік табатын сияқты. Өйткені Алиса тұтынудың нақты айқындалған объектілері ретінде жинақталып, ықшамдалған «заттардың» қарсылығымен бетпе-бет келіп отыр. Заттар адамдардың сұрыптауы мен пайдалануына мойынсұнбастан, әрі қарай Алисаны өздеріне ұқсатып алу қабілетін таң қаларлық белсенділікпен көрсететін тәрізді. Алиса бұл заттарды көруге талпыныс жасағандықтан, Қой оның «титотум» (р. 176) не ұршық екенін сұрайды.33 Біз бұл заттардың ұстатпайтын, метаморфтық қасиеттері олардың капиталистік артықшылықтарына емес, одан гөрі бейнелеріне байланысты екенін көреміз. Қой Алисаға: «Таңдайтын нәрсе көп, өзіңіз ойланып шешіңіз. Енді не сатып алғыңыз келеді?», – дейді (Through the Lookіng-Glass, р. 178). Бірыңғай пішінде қозғалыссыз қалуды қаламайтын бұл заттар пайымының қисыны жай заттық өзгешелікті бейнелегеннен гөрі, тұтынушылық таңдау мен тілектің бас айналдыратын фантасмагориясын көрсетеді. Алиса заттардың сатылатынын білген бетте жеу үшін «жұмыртқа сатып алғысы келеді» (р. 179). Бізді тәни тұтыным саласына қайта оралтады; онда тұтынылатын «зат» жануардан алынған өнім (және ықтимал қайнаркөз) болады. Алайда жұмыртқа оңайлықпен тұтынуға келмейді. Алисаға «жұмыртқа алысқа ұзап бара жатқандай, одан гөрі өзі соған қарай қадам басқандай көрінеді» (р. 180), содан соң жұмыртқа «адам сияқты барған сайын үлкейіп, ұлғайып, зорайып», ең ақырында опақ-сопақ болып шыға келеді (р. 181). Кейін адам кейпіне енген жұмыртқа тағамның, адамның, жануар мен сатып алынатын объектінің түйісіне жайғасады; дарвиндік тұтыну мәдениеті Кэрроллдың осындай жарқын бейнесіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Опақ-сопақтың сөздер мен олардың мағыналарына «иелік еткісі келетін» ұмтылысы (р. 186) оны табанды түрде субъект/объект қосарының (дихотомиясының) субъект тарапына жайғастыратындай көрінеді; бұл жерде оның «ауыр апат» (р. 193) сынды ұсынылған белгілі әңгімесінің күйрей «құлдырауы» «Ғажайыптар елінің» субъект мен объект арасында сырғымалылығын, сондай-ақ Кэрроллдың – мейлі ол адам, жануар, объект не осы үшеуінің кез келген қиысуы болсын, барлық әрекетшілерінің соңынан қалмайтын нәзік корпореалдықты растайды. Соңында ұстатпайтын заттар дүкені Кэрроллдың объектілерін жануарлардың қалай жасайтыны мен жандандыратынын көрсетеді. Заттардың жұмыртқа тәрізді кейіптенуі өз алдына дүкенді осындай тұтыну тауарларын сатып, ұдайы тоқымашылықпен айналысып (рр. 175–178), жануарларды заттандыру мақсатына жеткізетін бақылауда ұстайды. Бұл Алиса туралы кітаптардағы барлық заттар (тіпті азық-түлік өнімдері) жануарлардан алынған, жануарлардың қалдықтарын бойларында сақтаған дегенді білдірмейді, керісінше, жануарлар тағам мәселесі төтесінен қойылған кезде заттар желісін іске қосады. Ақ қоянды ініне дейін қуып келген Алисаның алдынан «мені же» торты, «мені іш» шынысы күтіп алады; әу баста оның бастан кешкен оқиғаларына қозғау салған (Alіce’s Adventures іn Wonderland, p. 10) «ыстық» «қызығушылық» жануарларға қатысты туындап, ол тағамдармен өзара қарым-қатынас жасаған кезде тез арада оянатын тәбеттен ажырағысыз күйде болады. Алисаның ақ қоянға «қызығушылығын» оятатын нәрселер – оның күртешесінің қалтасы мен сағаты (р. 10); адамның пайдалануына арналған бұл объектілер қоянды жаңа затқа айналдырып, адам мен жануарлар арасындағы шекараны жояды.34 Алисаның бұл нәрсеге жауабы оның биологиялық түр ретінде өз шекараларын ашуынан, қоянды ініне қуып тыққанға дейінгі жануарлық жыртқыш әрекетінен байқалады. Өткен бөлімде біз сөз еткен әрекетшіл желі енді бұрынғыдан күрделене түседі. Алиса «мені іш» сусынын ішкенге дейін өзінен, қояннан тұратын желіні қалыптастырып үлгереді. Ол тағамдармен, сусындармен әуре болып жатқан кезде қоян көзден таса болғанымен, көп ұзамай қайта оралып, әрекетшілердің санын әрі қарай көбейтуге көмектеседі. Біздің алдын ала жасалған тізіміміздегі: 1. «мені іш» сусынына; 2. «мені же» тортына 3. Алисаның аяқтарына енді мынадай нәрселерді қоса аламыз: Ақ қоян. Алиса қоянның інін аңдыған жануар-затқа тағы қайтып оралады. Өзін ізінен қуып, денесі тез арада зорайып шыға келген мақұлықтан зәресі ұшып, «жанталаса бастаған», «қолғабы мен желпуішін тастай сала» «алды-артына қарамай қараңғылыққа сүңги қашқан» қоянға Алиса тіл қатқысы келеді (Alіce’s Adventures іn Wonderland, р. 17). Мейбл. Денесі зорайып, ақ қоянды қайта кездестірген соң Алиса өзінің кім екенінен жаңылысып қалады да, әрі қарай «менмін» деп те, «басқа біреумін» деп те айта алмайтын күйге түседі. Ол «түн ішінде өзгеріп кеттім бе екен» деп ойланады (р. 17); ізінше: «Мен бұл әлемде кіммін өзі? Бұл басымды қатырған зор нәрсе болды ғой!», – деп түгесіле сауал тастайды (рр. 17–18); соңынан «Мейблге айналып кеткен болдым» деп тағы уайымдайды (р. 19). Кішкентай қолтырауын. Мейблге айналып кеттім деп уайымдаған Алиса «бар білетінін еске түсіруге» тырысады (р. 18). Ол Исаак Уоттстың 1715 жылы жазылған «Зерігу мен ерігу» атты өлеңін жатқа оқығыс келеді,35 бірақ ол «кішкентай қолтырауын» туралы жырға айналып кетеді (Alіce’s Adventures іn Wonderland, p. 19; түпнұсқада ерекшеленген). Майда балықтар. Өлеңде кішкентай қолтырауын «желбезегінен жұмсақ жымиған//балықтарға сәлем жолдайды» (р. 19, түпнұсқада ерекшеленген). Алисаның тағамдарды тұтынуы бірлескен желі құрудың мысалы болса, ақ қоянның қайта оралуы бұл желіні кеңейтіп, оған қолтырауынның балықты әлдеқайда қатал түрде (әлеумет үшін күлімсірегендей болып) жем етуі қосылады; бұл «мені же» – «мені іш» заттарының Алисаны өздерін ішіп-жеуге еліктіргенін өзгерте қайталау сияқты көрінеді. Алисаның өзінің кім екенін ажырата алмауы мен «білетін» «нәрселерін» анық есіне түсіруге шамасы жетпеуі «Ғажайыптар еліндегі» заттардың тағы бір өлшемін ашып береді. Соңыра қорқор шегетін шылаушын туралы айтқанда, Алиса «өлшемі сондай нәрсені он минут бойы бірге ұстамағандықтан!» «өзін [өзі] еместей» сезініп, «заттарды [өзінің] қалай пайдаланғаны мүлде есіне түспей қояды» (Alіce’s Adventures іn Wonderland, pp. 41, 42; мәтіндегі сөз ерекшеленді). Алисаның өз болмысын сезінуі заттарға тәуелді болады; сол жеуге жарайтын заттар оның дене өлшемі мен ол есіне сақтай алмайтын «заттарды» өзгертеді. Үйректің «затына» қатысты жағдайға ұқсас, кейін көрсетілген бұл «заттар» да жануарларға айналып кетеді.36 Шылаушын Алисадан: «Қандай заттар екені есіңде жоқ па?», – деп сұраған кезде, ол: «Мен неткен кішкентай тынымсыз ара деп айтқым келген, бірақ бәрі басқаша болып шықты», – деп жауап қайтарады (Alіce’s Adventures іn Wonderland, p. 42; түпнұсқада ерекшеленген). Алиса бұл арада кішкентай қолтырауын туралы өзінің бұрынғы айтқан («Неткен кішкентай қолтырауын» деп басталатын) өлеңіне жүгінгісі келеді (р. 19). Оның өзін-өзі жоғалтуы ақпараттың дерексіз сипаттарын не белгілерін ұмытудан емес, «заттарды», тағамға өзіндік қатынастары бар нақты жануарларды естен шығаруға байланысты орын алады. Алиса еңбекқор араны ұмытып, оның орнына жыртқыш, қомағай қолтырауынды еске алады. Мәтін бірегейлікті анықтау моделін тәжірибе жүзінде сынап көреді; ол қайталанбалы адам болмысы не мәліметтер жиынтығы емес, жадты ояту, мүшелікті жаңғыру, жануарлар мен тағамдарды қамтығандағы әртүрлі әрекетшіл жүйелерді құру мен қайта құруға атсалысу, Латурдың дуалы аузынан шыққан «Заттар парламентіне» қабылдау арқылы жүзеге асады.37 Алиса өзінің тағы да біреу үшін «өзгертілгенін» сезеді (Alіce’s Adventures іn Wonderland, p. 17), өйткені ол ақ қоян мен «мені же» – «мені іш» заттарынан тұратын беймәлім желімен бірлесіп, жады арқылы жануар, «затпен» дұрыс тізе қоса алмайды. Ловелл-Смит айтқандай, «Ғажайыптар елінде адамдар жануарлар кейпінде, ал жануарлар адам кейпінде көрінеді» (Eggs and Serpents, p. 43). Бірақ Алисаның араның орнына, балық жейтін қолтырауынмен бір сапқа тұруы қателік емес пе? Түптеп келгенде Эдмунд Уилсон, Ауэрбах пен Кинкейд сынды сыншылар Алисаны жыртқыш әрі озбыр деп есептеді.38 Бұл кішкентай қолтырауын аш құрсақ Алисаның айнадағы көшірмесіндей бола алады. Бірақ оның тәбеті басқа бір балық жейтін жыртқыш, Алисаның мысығы Динаны көбірек еске салады. Алиса туралы кітаптардағы ең маңызды «заттар» оның мысықтары екенін айтқым келеді. Алисамен біріге олар «Ғажайыптар еліндегі» желіні құрайтын негізгі әрекетшілер болып саналады. Латур үшін «әрекет сырттан алынады, бөлінеді», «ықпалға ұшырайды, басымдыққа ие болады», «өзгертеді» (Reassemblіng the Socіal, p. 46); Алиса да өз мысықтарының мешкейлік пен жыртқыштық қасиеттерін өз бойына сіңіріп, түрлентеді. Бірқатар сыншы «Алисаның мысықтарға көзге ұрып тұрған жақындығын» (Nіcholson, Food and Power, p. 50), «Ғажайыптар еліндегі» «Дина мен Чешир мысығының біршама астары бар шешуші маңызын» (Lovell-Smіth, The Anіmals of Wonderland, p. 408) сөз еткен. Мысалы, Чешир мысығының «тырнағының ұзындығы мен тісінің көптігін» атап өткен Эмпсон: «Алиса, әсіресе [Чешир мысығымен] етене жақын; ол тура сондай зат», – дейді (Some Versіons of Pastoral, pp. 273–74). Жил Делөз Алиса туралы «ол өзін Чешир мысығымен сәйкестендіреді» деп жазады (The Logіc of Sense, p. 235). Ауэрбах Чешир мысығы «Ғажайыптар елінде Алиса өзінің досы деп санайтын жалғыз мақұлық» екенін айтып, оны «Алисадан басқаларды да түгел қамтитын бірден-бір кейіпкер» деп жорамалдайды (Alіce and Wonderland, p. 38). Ауэрбах сондай-ақ мысықтың «миығынан жымсиып күлу» қабілеті, аузын ақситқан қолтырауын мен Алисаның ашқарақтығы арасындағы байланысты сөз қылады (Alіce and Wonderland, p. 39). Алисаның мысықтары туралы жол-жөнекей айтылған сын пікірлер біздің мәселенің мәніне жақындата түседі. Флоренс Беккер Леннон Алиса туралы кітаптардағы «шынайы» мысықтардың маңызы жөнінде ойланып көруге мұрсат тауып, Чешир мысығы «Динаның өз аңсары болды», сондай-ақ ол «екі әлем арасындағы қамқоршы мен байланыс қызметкері» деген ұйғарым жасады.39 Кинкейд: «Алисаның екі кітапта көрсетілген әлемінде Дина – жылы ұшырайтын достық ахуал бейнесі, бірақ Ғажайыптар елінде ол – құбыжық», – деп жазады (Alіce’s Іnvasіon of Wonderland, p. 97). Жақында ғана Мавор мысықтарды «жадпен» байланыстырып қарап, «Алиса аңсайтыны – ол Динаның кейпінде не метаморфозаға ұшыраған Чешир мысығының тұрпатында, әйтпесе Дина шешейден туған қара марғау мен ақ марғау формасында болсын, әйтеуір бір мысық» дейді (For-gettіng to Eat, p. 101). Ең қайран қалдыратыны – Ауэрбах Чешир мысығы мен Дина арасындағы Леннон айтқан байланысты қолдайды, бірақ «Алиса мен Дина арасындағы сәйкестіктің өзгерісін» қосымша түрде аңғартып, Динаның «Алиса әрқашан оның ұсақ жәндікпен қоректенетініне байланысты бірнеше рет еске алатын жер бетіндегі жалғыз кейіпкер екенін» атап өтіп, Дина «соңында Алисаға тән елеусіз каннибалдық ашқарақтықтың бейнесі ретінде әрекет ететінін» айтады (Alіce and Wonderland, pp. 38, 36). Бірақ Ауэрбахтың өзі «Ғажайыптар елі» әлемін құрылымдауда Алиса мысықтарының атқаратын жетекші рөлін толық бағалай алмайды. Алиса мен Динаның арасында жеке түйістіктер орын алғанына қарамастан мәтінде Динаны адам кейпіне көшірмеген. Бұл мақұлыққа адам сипатын дарытудың орнына, Кэрролл сәйкестіктің түраралық моделін қарастырады; онда адамдар мен жануарлар өзара байланыс аясындағы алу, өзгерту, қоректендіру, алмасу процесі арқылы бірін-бірі қалыптастырып, толықтырады. «Алисаның Ғажайыптар елінде басынан кешкендері» кітабының кіріспе бөлігінде Алисаны ақ қоянның ізінен қууға мәжбүр еткен «қатты қызығушылық», өз мысығының (ол қызыққыштығы жалпыға мәлім биологиялық түрге жатады) аңдығыштық пен жыртқыштық инстинкттерін оның бойына көшіріп, сіңірген болса, содан соң жер асты әлеміне түсуі – Динаны тамақпен қамтамасыз етуді көздеген қамқорлықтың белгісі. Қоянның ініне құлап түскен Алиса өзі жоқ кезде кім болса да «шайдың үстінде Динаның ыдысына сүт құйып беруді ұмытпады ма екен» деп уайымдап: «Дина, қымбаттым! Шіркін-ай, тап қазір сен менің қасымда болғаныңда ғой! Бұл арада тышқан жоқ па деп қорқамын, бірақ сен оның орнына жарқанатты ұстап алсаң болады. Өзің білесің, ол тышқанға қатты ұқсайды», – деп ойша сөйлеседі (Alіce’s Adventures іn Wonderland, p. 11). Алиса тышқанмен сөйлеспекші болып: фрт «Менің мысығым қайда?» (Où est ma chatte?), – деген кезде, сол арада жоқ мысықтың елесі тәбет шақыра жетіп келгендей әсер туғызып, тышқан «аяқ астынан зып беріп секірді де», «тұла бойы қорқыныштан қалшылдап кетті» (р. 21), – Алисадан ақ қоянның шошығанынан мұның түк айырмасы жоқ еді. «Мен сенің мысықтарды жақтырмайтыныңды мүлде естен шығарып алыппын» деген Алисаның сөздеріне жауап ретінде тышқан қолма-қол айқын әлеуметтік мән жүктелген жыртқыштық ішіп-жем тізбегін меңзеп, одан өзін осының бойында жайғасқан тышқанның орнына қойып көруді сұрайды: «Мысықтарды ұнатпаймын!... Мен болсаң, сен мысықтарды ұнатар ма едің?» (р. 21; түпнұсқада ерекшеленген). Бірақ Алиса өз мысығының тәбетін дәріптеуді қоймайды. Неше түрлі мақұлықтардың (ішінде құстар да бар) ортасында отырып, Алиса: «Дина – біздің мысығымыз. Ол тышқандарды керемет аулайды, сендер мұны білмейсіңдер! Ал құстарды қалай ұстайтынын көрсең ғой, шіркін! Кішкентай құсты қас-қағым сәтте қарап үлгергем дегеніңше сүйек-саяғымен қоса қылғыта салады! (р. 29); бұл сөздерді естіген байғұс мақұлықтың бәрі жан-жаққа тым-тырақай қаша жөнеледі. Ловелл-Смит «Дене өлшемі өзгерісі барысында Алиса ішіп-жем тізбегінде ұдайы орын ауыстырып отырады (The Anіmals of Wonderland, p. 406), бірақ оның бұл қатардағы жайғасатын жері Динамен байланысына да сәйкес анықталады. Алисаның Динаға жүгінуі оның «Ғажайыптар елін» мекендейтін мақұлықтармен әлеуметтік қарым-қатынасын өзгертіп, оларды ықтимал ішіп-жем объектілерінің сапына қосады. Бұдан соң, Алиса ішіп-жеуді әбден үйреніп, өз дене өлшемін қолайына қарай реттеп отыруды меңгерген соң, Дина туралы сөздерін «Ғажайыптар еліндегі» мақұлықтармен билікке талас кезінде саналы түрде кәдесіне жарата бастайды. Алиса денесі сыймай, ақ қоянның үйшігіне қыстырылып қалған кезде қоян «үйді өртеп жіберуім қажет» деген ұйғарымға келеді; осы сәтте Алиса: «Олай ететін болсаң, мен саған Динаны айдап саламын!», – дейді (Alіce’s Adventures іn Wonderland, p. 36). Дегенмен Дина Алисаның «Ғажайыптар еліндегі» ішіп-жем тізбегінің ең жоғары қауіпсіз тұғырында жайғасуына толық кепілдік бере алмайды; мұны Алисаның денесі кішірейіп, салыстырмалы түрде «дәу» күшіктің алдында құрбан болар мысықша діріл қаққанынан көреміз (р. 37). Алисаның «Ғажайыптар еліндегі» саяхаты өзара қатынас пен тағамға байланысты түрленіп отыратын ішіп-жем тізбегіндегі орынға қарағанда белгіленген сәйкестіктің маңызы азырақ көрінетін болмыс моделін дамытады. Күшікпен қақтығысынан кейін Алисаның ілгерідегі «Мен бұл әлемде кіммін өзі? Бұл басымды қатырған зор нәрсе болды ғой!» (рр.17– 18) деген сөздерін көп ұзамай «Мен өзімнің қайтадан өсуім керегін ұмытып барады екенмін! Сұрастырып көруге рұқсат етіңіздер, мұны қалай реттеуге болады? Менің бірдеңені ішіп-жеуім, болмаса басқа амал жасауым қажет шығар деп ойлаймын. Бірақ «Нені?» деген үлкен сұрақ тұр» деген пайымы ауыстырады (рр. 38–39). Шылаушын берген азғантай саңырауқұлақты жеп, бойы өсе бастаған Алисаға кезіккен көгершін одан әрі қарай белгіленген сәйкестік мәселесінің немен және қалай қоректену мәселесіне қарағанда кейінгі кезекте тұратынын сөз етеді. Көгершін Алисаны өзінің жұмыртқасын ұрлағысы келетін «жыланмен» сәйкестендіреді (рр. 47–48). Алисаның мен жылан емеспін, «кішкентай қызбын» деген қарсылығын көгершін оның «кішкентай қыздар жұмыртқаны жыландар тәрізді рахаттанып жұтады», сонсоң, кішкентай қыздар «жыланның бір түрі іспетті» дейтін өз сөздерімен тойтарып тастайды; бұл пайымның «Алиса үшін жаңа идея болғаны соншалық, оның шамамен бір-екі минут бойына үні шықпай қалды» (р. 48). Алисаның үнсіздігі оның белгілі бір дәрежеде жануар жегіштігін мойындаудан хабардар етсе, біз мұндай сипат Алисаны тек жеке тұтынушы ғана емес, тұтынудың түраралық желісіндегі тоғыс (дәнекер, түйін) ретінде қарастыруға болатынын мақұлдаймыз. Динаның тәбеті мен аулағыштық дағдылары туралы Алисаның пікірлерін Дина туралы жай естеліктер не Алиса ашқарақтығын кейіптеу деп түсіндірмей, Динамен байланыстың формаларын кеңейтуге ұмтылыс ретінде бағалағанымыз абзал. Алиса Динаны «Ғажайыптар еліндегі» әлеуметтік әлем аясында өзіне жол ашуға көмектесетін бір амал ретінде қарастырса, ол сонымен қатар өзі де Динаның қолындағы құралға айналып, нәтижесінде Дина «Алисаны хабар-ошар әкелуге» болмаса тапсырма орындауға жұмсай бастайтынын» (оның ішінде «тышқанның інін» аңдытып қоя алатынын) аңғарады (Alіce’s Adventures іn Wonderland, pp. 31, 32). Мұндай пайым бізге адамдарды жануарлардың ішіп-жеміне лайық қызметшілер не құралдар ретінде елестетіп, Алисаның басынан кешкендері тек оның бір өзіне ғана тиесілі емес екенін, сондай-ақ Дина мен оның марғауларына «хабарлама» ретінде ықпал ететінін меңзейді. Динаның тәбетін «Ғажайыптар еліндегі» ішіп-жем тізбегіне ықпалын тигізу мақсатында пайдалана отырып, Алисаның өзі де мысық кейпінде әрекет етеді; ол көз алдына мысықтарының ішіп-жемін елестетіп, оларды қоректендіру үшін қиялында қайтып оралады. Алисаның «Ғажайыптар еліне» төбеден түскен сапары оның Динаға қашан қорек беріледі деген алаңдаушылығымен ұштасып жатса (Alіce’s Adventures іn Wonderland, p. 11), айна сыртына саяхаты Дина шешейдің қара марғауымен сұхбатынан марғауды «Қызыл ханшайым» түрінде елестетіп, мысықтың баласы айна сыртында сүт іше ала ма екен деген қамқорлықтан туындаған (Through the Lookіng-Glass, pp. 124, 127). Алиса айнаның сыртына өтіп кеткен соң, «Қызыл ханшайым» оған «бірге ханшайым болайық» деген ұсыныс жасайды; ал бұл жағдайды ол, біздің жоғарыда көргеніміздей, «бәрі шаттық, бәрі той!» деп қабылдайды (р. 144). Өзін ханшайым ретінде ұлықтау мерекесінде Алиса Қызыл ханшайымға: «Мен [Ғажайыптар елінде] әр өлеңнің әйтеуір қалай болса да, балықтармен байланысты болып келетіні таңғаларлық нәрсе деп ойлаймын», – дейді (рр. 230–231; мәтіндегі сөз ерекшеленді); шынында, мұндай пікірді «Ғажайыптар еліндегі» өлеңдерді көбіне қатысты деп айта аламыз. Алиса Қызыл ханшайымнан: «Бұл жердегінің барлығы неліктен балықтарды жақсы көретінін білесіз бе?», – деп сұрағанда, ол жауап сөзден біршама жалтарып, бірақ салмақты түрде: «Балыққа қатысты айтсақ», – дейді де, балықтар жөніндегі басқа бір өлеңді ұсынады (р. 231). Мереке ханшайымдарға қарсы сипат ала бастаған кезде Алиса (өзі «бүкіл бүліншіліктің себебі» деп санайтын; р. 234) Қызыл ханшайымды сілкіп қалады да, оны қайтадан марғауға айналдырып, өзінің қиялынан шығады. Жак Деррида: «Айна сыртында» кітабының соңғыдан бұрынғы тарауы «жалғыз ғана [жарым-жартылай] деген сөйлемге тіреледі», – дейді, – ол шын мәнінде марғауға қатысты болатын».40 Алиса туралы кітаптардың сыншылары марғаудың болмысына қатысты көзге ашық көрініп тұрған осы түбегейлі жақындықты елеусіз қалдыруға бейім; тіпті Дерриданың өзі бұған негізінен, Алисаның «мысықпен ол жауап қатпағаны не үнемі бір нәрсені қайталай бергені үшін сөйлеспеуге болмайды» деген нық сеніміне сүйене отырып, оның жануарлар елгезектік көрсете алуы мүмкін деген пайымына қарсылығын білдіру үшін назар аударады (Derrіda, The Anіmal That Therefore І Am, p. 8; see Carroll, Through the Lookіng-Glass, p. 238). «Сіздер [марғауларға] не айтсаңыздар да, олар әрдайым пырылдайды да қояды» деген реніші оның өз марғауымен сөйлесуіне кедергі жасамайды (Through the Lookіng-Glass, p. 238; түпнұсқада ерекшеленген). Ұйқысынан тұрған соң, Алиса марғауға: «Мені неге оятып жібердің! Қандай тамаша түс көріп жатыр едім! Айнаның сыртындағы әлемде сен де менің жанымда жүр едің, Китти. Сен соны түсінесің бе, қымбаттым?», – дейді (р. 238). Бірақ марғау тек оған қарап пырылдайды да қояды; Алиса сонда да аузы аузына жұқпай сөйлей бергенімен қоймай, ол тіл қатып, жауап берсе, сыйлық ұсынатынын білдіреді: «Түсімде тек менімен бірге болғаныңда, сенің жаның бір нәрседен рахат табар еді, мен балықтарға арналған сондай көп өлең білемін! Ертең таң атар-атпастан сен екеуміз нағыз ләззат сезіміне белшемізден батамыз. Таңертеңгілік тамағыңды ішіп отырған кезіңде мен саған үнемі «Сойдақтіс (морж) пен ағаш ұстасы» өлеңін қайталап айтамын; сонда сен олардың ұлулар екеніне сенетін боласың, қымбаттым!» (р. 239). Марғаудың даусына қарап ештеңені ажырата алмағандықтан, екеуара түсіністіктің қандай дәрежеде екенін білмейтін Алиса оған терең бас қатырып жатпайды (Донна Дж. Харауэй айтқандай, Деррида өзінің кішкентай қара мысығының ақырын тесіліп қараған көзінің бақылауында жұмыс жасағаны сияқты),41 бұдан гөрі ол адам тіліндегі ұғымдарды ұқпайтын марғаудың еркін күй кешуі үшін өз сөздерінің ишарасын соған қарай орайластыруға тырысады. Сәйкестіктің ар жағында жасырынған шындықты зерттей берудің орнына («Сенің өзгеріске түсіп енген кейпің [Қызыл ханшайым] болғанын мойында!»; (Through the Lookіng-Glass, p. 238), Алиса өзінің мысығын қоректендіретін тағамға айналдырған азық-түлік өнімі туралы әңгімесін алға тартады. Алиса туралы кітаптардағы жануарлар өздерінің әрекеттері арқылы Иван Крейлкамптың «Алекс Волох анықтап бергендей, жануар кейіпкерлер түптеп келгенде «түкке тұрғысыз»42, «олар басқа біреулердің қызметін атқару үшін өз ауқымында шектелген бағынышты мақұлықтар»43 деген пікіріне мүлде келіспейтінін көрсетеді. Бір жағынан, «Ғажайыптар елінің» жануарлары Волохтың кей кезде зат пен ет болудан әріге ұзамайтын қосалқы кейіпкерлеріне қарағанда белсенді бола алады. Екінші жағынан, баяндаудың басты кейіпкері болып саналатын Алиса өзі әрекет жасап, тек сырттай қарағанда шектеліп жүретін мысықтарының мүмкіндіктерін кеңейтуге барын салады. Оның мысықтары Волохтың қосалқы кейіпкерлер туралы түсінігін тас-талқан етеді; баяндау кеңістігінде орын алмаса да, олар «Ғажайыптар елінің» қиял әлемі мен Алисаның өз болмысын түбірімен қайта құратыны соншалық, өздерінің қай жерде жоғалып, Алисаның қай жерде көрінетінін ешқашан аңғара алмайтындай жағдайға душар еткен. «Қандай да бір нақты жеке адамның оқшау бейнесін ойдан шығарылған жалғыз ғарыштың аумағындағы шектеулі кеңістікке иін тіресе ұмтылған әртүрлі кейіпкерлерге баяндау барысында ұдайы ден қоюмен өзара сабақтас бірлікте қарастыратын» «кейіпкерлер жүйесінің» немесе «бөлініс матрицасының» орнына (Woloch, The One vs. the Many, pp. 17, 13), Кэрролл адамдар, объектілер мен жануарлар өзара алмасып, бөлісіп және жаңа орындар жасап жататын, құрылатын әрі қайта құрылатын шым-шытырық түраралық желілерді ұсынады. Бұл мәтіндердегі ойдан шығарылған «кеңістік» адамға бағынышты болуы не адам бағдарлы оқылым тәжірибелері арқылы дәлме-дәл салғастырылуы мүмкін емес; оның орнына заттар мен жануарлардың адамнан тысқары аумақтары оқырман назарының әдепкі кеңістіктерінің астарына, одан сырт созылып жатуы мүмкін. Ғажайыптар елінің желілер жүйесі – біздің көңілімізді оқырман есебінде ғана емес, ішіп-жем тізбегінде орныққан әлеуметтік заттар ретінде баурайтын жануарлардың тұрпаттары мен тәбеттері. Алисаның марғаумен қарым-қатынасы да бізді жануарлардың әралуандығы мен адам/жануар ауысымы туралы Деррида қозғаған, «жануарлар туралы зерттеулер»44 саласы үшін сынақ алаңына айналған проблемалардан тысқары әкетіп, Харауэйдің «бірге қалыптасу» түсінігіне, «серіктестер жолығысуды алдын ала көздемейтін; барлық биологиялық түрлер, тірісі мейлі өлісі болсын, күтпеген кездесудің субъект пен объект формалы тоғысының салдары болып саналады» деп қарастыратын «түрлердің өзара тәуелділігі» әдісіне жақындата түседі (When Specіes Meet, рр. 3, 19, 4). Жил Делөз бен Феликс Гуаттаридің «қалыптасқан жануар» туралы сүйінішке толы ұғымынан45 (бұл жөнінде Харауэй «нақты жануарларға қатысты таңғалыстың болмаса құрметтің мүлде болмауы» дейді) шалғай тұрған «бірге қалыптасу» түсінігі «оларға ешкім күтпеген «біз» түрінде жауап қайтаратындардың басын қосып», «өзара тоғысқан» түраралық мақұлықтарды» қамтитын (Haraway, When Specіes Meet, p. 5) Латурдың әрекетшіл желілеріне ұқсайды. Алиса мен марғаудан құралған «біз» – адам сөзі мысықтың пырылын оятқан кезде пайда болған байланыстағы үзіктердің салдарынан әлсіреген не дағдарысқа ұшырған емес, күшейе түскен желі. Алисаның марғауға «еліктеуі» ұлғайса да, ұлғаймаса да, былайынша антропоморфты қиял болып саналады; бұл ұлғаю – талап емес, ұсыныс және ол Алисаның марғауды тамақтандыруға артқан ықыласының салдары, сондай-ақ Алисаның қиялындағы жануарлар жасампаздығын көрсететін өмір туралы баян (нарратив) қалыптастырудың нәтижесі ретінде танылады. Алиса туралы екі кітаптағы теңізге қатысты ішіп-жем тіршілігі адам сияқты, мысықтың да қиялы болып саналады; бұл қиял, тіпті мысықтардың ой-аңсары мен олардың адамдармен бірге өмір сүруі нәтижесінде дамыған тағам мен тәбет тәжірибесінен туындап жатса да – осылай. «Сойдақтіс пен ағаш ұстасындағы» аттас кейіпкерлер ұлуларды өздерінің ішіп-жем қазанына алдап-арбап түсіру үшін «көп нәрсе туралы мәлімет береді»: /.../ Капуста мен корольдер туралы не әңгіме бар?/Теңіз неге қайнап жатыр?/Доңыздарда қанат бар ма?» (Through the Lookіng-Glass, p. 161; түпнұсқада ерекшеленген); бірақ адам мен тіл білетін және «еліктейтін» жануар арасындағы түраралық одақ туралы әңгіме бірге қоректену үшін қажет пе? Қиял мен ойдан шығару – Кэрроллдың түсінігінде жануарлардың қажеттіліктері туралы жазу үшін адамның пайдаланатын амалдары ғана емес, сонымен қатар жануарлармен бірлескен әрекеттер; түп негізі тәни мұқтаждықтар мен ләззат сезімдерінде жатқан, сондай-ақ адам мен жануар жасампаздығының сәйкестігіне жол ашатын «бірге қалыптасудың» тәсілдері. «Сойдақтіс пен ағаш ұстасын» қайталау жөнінде өтініш білдірілгеннен кейін Алиса әрі қарай біздің назарымызды еліктеу мен ойлап шығару мәселесіне аударып, марғаудан «Ғажайыптар елінің» қалай пайда болғанын түсіндіру жөнінде көмек сұрайды да: «Кел, Китти, осының бәрін қиялдаған кім болды екен, соны қарастырып көрейік», – дейді (Through the Lookіng-Glass, p. 239). Алиса бұл өлеңді ең алғаш рет (рр. 158–163) Туидлдиге ұқсайтын «балық» іспеттінің аузынан (р.167) естігеннен кейін болған жағдайды еске түсіреді – ол жолы Туидлди Алисаны «[Қызыл корольдің] қиялындағы тек әлдебір нәрсе!» деген болатын (р. 165). Мәтінде идея «Бұл – менің өз ойлап тапқаным» атты тарауда дамытылады; Алиса «Біздің бәріміздің басымыздағы бір қиял ма?» деген сауал қояды да, әрі қарай: «Мұны Қызыл корольдің емес, менің қиялым деп ойлаймын. Басқа адамның қиялына ортақ болғанды қаламаймын», – дейді (205 р.; түпнұсқада ерекшеленген). Бірақ қиялдың ықтимал иелері туралы Алисаның антропоөзектік дүниетанымын шайқасып жатқан екі сарбаз бен олардың астындағы аттары «үзіп тастайды» (р. 205). Жеңімпаз ақ сарбаз – жұртқа өзін-өзі әйгілеген, «заттарды ойлап табатын шебер» (р. 211); ол Алисаға өзінің «ойлап тапқан нәрселерін» көрсетіп, сипаттауға кіріседі. Бұл ойлап табылған нәрселер негізінен адамдар мен жануарлардың түйіскен жерінде пайда болатын «заттарды» қамтиды. Олардың ішінде «заттардан» «киімдер мен сэндвич» босап, төңкеріліп жатқан бірақ «кейбір аралар оған ұя салады», «бал береді» деген үмітпен ағашқа бекітуге (р. 207), іліп қоюға лайықталған қорап (р. 208); сарбаз «акулалардың шабуылынан қорғау үшін» астындағы тұлпарының аяғын айналдыра орап қоятын «құрсау» (р. 211); сарбаз атынан жығылған жағдайда пайдаға жарайтын «ұшы сүйір» дулыға (р. 211) мен орындаушы «көбелектерді» «қой етінен жасалған бәлішке», «пикшаның көздерін» «күртешенің түймесіне» айналдыратын ән (рр. 215–2016; түпнұсқада ерекшеленген) бар. «Айна сыртындағы саяхаты кезінде Алиса көрген таңғаларлық нәрселердің ішінен» әлгі әнді айтатын сарбаздың түрі мен «мойнынан салбырай түсіп сүйретілген шылбыры шөптің бетін сыдырып, ақырын аяңдап бара жатқан аттың бейнесі» – міне, «оның жадында әркез сайрап тұратын көріністер» екенін байқаймыз (р. 214). Басқаша айтқанда, мәселе Айна сыртының желілерін қайта құруға тірелген кезде жануарлар үшін заттар ойлап тауып, Алисаның көңілінде өшпес із қалдырған сарбаз ғана емес, адам мен аттың «таңғаларлық жұбы» да ойға оралады (р. 214). Қиялды кім қиялдайды деген мәселе адам-жануар бірлестігі туралы өлең мен оны басқаның тамашалауының арасында жатады, Алиса марғаудан өлеңді қайталауды өтінген кезде ол тағы туындайды. Мәтін бәріміздің қиялда, ойлап табылған «бірге қалыптасуда» – «затқа» айналып, ал түраралық желіде бір-бірімізге тиесілі бола алатынымызды меңзейді. Алайда «Сойдақтіс пен ағаш ұстасының» қайтып оралатын ұлулары «бірге қалыптасудың» өз құрбандары болатынын есімізге салады; желілердің де өз олжасы бар. Басқа керемет жәндіктер сияқты ұлулар да бір мезгілде әрі ішіп-жем өнімі, әрі әлеуметтік зат болып саналады; оларды қиял мен ойлап табу ешқашан толық қорыта алмайды. Зат теориясы, Кэрролл сынды заттардың қарадүрсіндікке көнбейтініне қайран қалады. Браун заттарды «объектілердің ішінде артық нәрсе» деп елестетіп, әрі қашып құтыла алмайтын, әрі жадты жаңғыртатын көзқарасты ұсынады (Thіng Theory, p. 5). Бірақ Браун заттардың бұл артықтығын «құмыра ішіндегі бостықтан», «Болмыстың қақ ортасындағы бостықтан» іздеп (A Sense of Thіngs, p. 7), ештеңенің тартымдылығынан бойын аулақ салатыны соншалық, адамзат әлемінің ішін, бір қарағанда бос көрінетін кеңістігінің сыртын молшылыққа бөлеп тұрған жанды заттарды аңсайды. Заттарды еске түсірудің бір жолы – жануарларды ұмыту; бірақ бұл Кэрролл ойлағандай нәрсе туралы естелік емес. Өзім жорамалдағанымдай, «Ғажайыптар елінің» заттары өздерінің басқа объектілермен, тіршілік формаларымен бірлесіп жасаған желілері арқылы таза қуаттың қол жеткісіз үнсіз ядросын жасырып, объект мәртебесінен аттап өтпейді. «Айна сыртындағы» көзге көрінбейтін заттар дүкенінде әуелде «қабылдайтын субъект тарапынан зат қалпына көшірілетін объектілердің негізін құрайтын қалыпсыздық» болып көрінетін нәрсенің өзі (Brown, Thіng Theory, p. 5) қой жандандырған тұтыну тауарларының желісі болып үлгереді, тек Алисаның ғана адам болған соң, назарына ілікпейді, өйткені ол бұл желіге қосылып дағдыланбаған. Кэрролл үшін «заттарды» шамадан тыс ететін негізгі заттар – жануарлар. «Ғажайыптар елінің» желілері – мейлі тағам түрінде не соған жұптас формада олардың қандай да бір араластығы сипатында болсын – тарқатыла бастағанда, жануарлар сол күйінше қалады. «Алисаның ғажайыптар елінде басынан кешкендері» кітабы аяқталар тұста ұрланған бәліш оқиғасы сотта қаралып (Alіce’s Adventures іn Wonderland, p. 96), оның барысында Жауыз ханшайым өзінің «Басын шауып тастаңдар!» деген атақты айқайына басып, Алисаға қатысты осындай үкім шығарады (р. 108). Карта ойынынан шыққан ханшайымның бейнесі – адам-объект қоспасынан тұратын өзінше бір ғажайыптың түрі. Оның өмір мен өлім мәселесін дербес шешетін билігі, тауарлы заттар адамның тіршілігін бақылауына алған әлемді көрсетеді.46 Дегенмен Алиса да өз кезегінде ханшайымды, оның карталас ер азамат достарын адамдар пайдалана алатын көлемге дейін кішірейте алады. Алиса соттан қашып құтылып, «Ғажайыптар әлемінен» тыс ұйқысынан оянған соң: «Сендер ештеңе емессіңдер, бар болғаны карталардың жиынтығысыңдар!», – деп мәлімдеп (Alіce’s Adventures іn Wonderland, p. 108), бұл субъект/объект құрамын қарапайым объектілерге айналдырғандай объектілер әлемін жандандыру мен бақылауда адам қиялының қуатын растағандай әсер қалдырады. Енді картадағы ер азаматтар ойын карталарының жиынтығына айналып, «әуеге көтеріледі», Алисаға қарай «төмен құлдырайды» (р. 108); ақырында еш зияны жоқ «өлі жапырақтардай» шашылған уақытта Алиса әпкесінің алдында басын тізесіне қойып жатып ұйқысынан оянады (р. 109). Ақыр соңында адам қиялының үстемдігі де, Жауыз ханшайым сияқты сәтсіздікке ұшырайды. Алиса әпкесіне өзінің «таңғаларлық түсі» туралы хабарлап, оның «шәйін» ішу үшін баяндаудың ішінен шығады. Әпкесі уайымға батады, өйткені «оның айналасының бәрі кішкентай сіңлісінің қиялындағы адам таңғаларлық жанды мақұлықтарға толып кеткен»; олардың қатарында «ақ қоян», «жалған тасбақа», «үркек тышқан», «Наурыз мысығы мен оның достары өздерінің түгесілмейтін тамағымен бөліскен кездегі шыныаяқтың сылдыры» бар (р. 109). «Ғажайыптар елінің» өміріне қоян-қолтық араласып кеткеніне қарамастан, Алисаның әпкесі «ол көзін қайта ашқан кезде барлығы қарабайыр тіршілікке ауысып шыға келетінін біледі» (р. 110). Мұндай «тіршілік» тек қана адам әлемінен тұрмайды: «шыныаяқтың сылдырын шіркеу қоңырауының үні, ханшайымның ышқынған айқайын бақташы баланың даусы ауыстырды... шаруаның ауласындағы сапырылысқан абыр-дабырға басқа да біртүрлі дыбыстар араласып шыға келді (ол осылай болатынын білді), ал алысырақ жерде гүрс етіп жығылған сиырдың мөңірегені Жалған тасбақаның еңкілдеп жылағанының орнын басты» (р. 110). «Ғажайыптар елінің» таңғаларлық нәрселерінен естелік боп қалғаны – жануарлардың сипаттарынан, адам-жануар байланыстарынан түратын тіршілік. Мұндай сипаттар «Айнаның сыртында» айқынырақ көрінеді; Алиса тағамдардың бүлігінен оянып кетіп, Қызыл ханшайымды сілкіп-сілкіп, шахмат тақтасындағы кейіпкерді өзінің марғауының бейнесіне айналдырып жібереді» (Through the Lookіng Glass, pp. 234–37). Тағамдардың жоғалып кеткенінің нәтижесінде Алиса өзінің қалып кеткен мақұлығына «Сойдақтіс бен ағаш ұстасындағы» жануарлар туралы әңгімесінің жұрнақтарын айтып, марғаудан «бұл қиялды кім қиялдағанының» жұмбағын шешуге көмек сұрайды: «Бұл өте маңызды мәселе, қымбаттым! Таңертең Дина өзіңді бейне бір жуындырмағандай, аяғыңды жалай бергенің жарамайды! Көріп отырсың, бұл не мен, не Қызыл король екеуіміздің біріміз болуға тиіспіз. Әуелі, ол менің қиялымның бір бөлшегі болса, кейін мен оның арманының сипатына айналдым! Ол Қызыл король ме, Китти? Сен оның әйелі болдың, сондықтан білуге тиіссің... Жаным Китти, бұл жұмбақтың шешімін табуға көмектес маған! Аяғыңды жалай бергеніңді қоя тұрсаң, ештеңе етпейді деп ойлаймын!» (рр. 239–240). Бірақ марғау ләм-мим деп дыбыс шығармастан, сабырлы қалпында «екінші аяғын жалауға кірісіп, түкті естімеген сияқты міз бақпай отыра берді» (р. 240). Содан соң мәтін авторы қиял (түс) туралы мәселеге бет бұрып, оқырманнан: «Сіз қалай ойлайсыз, сонда бұл не болды?», – деп сұрайды (р. 239). Мен бұл арада мәтін авторы оқырманды марғаудың орнына қойып, Алиса ұсынған адам түсінігінен тыс жағдайлар туралы ойланып көруге шақырып отыр деп ойлаймын. Ал «Ғажайыптар елі» жайында кім қиялдады деген сауалға жауап іздесек, отырғандардың барлығы да жеуге жарайтын, түгелімен әлеуметтік сипаты бар ішіп-жем тізбегінің желісін құрайтын Алиса мен оның мысықтарының одағы деп айтуға тәуекел етер едім.

Ноттингем университеті
Ескертпе

Луис Карролл, «Алисаның ғажайыптар елінде басынан кешкендері» (Lewіs Carroll, Alіce’s Adventures іn Wonderland), оның келесі кітаптарында: «Алисаның ғажайыптар елінде басынан кешкендері», «Айнаның арғы бетінде және Алиса о жақтан не тапты»: жүзжылдық басылым, ред. Хью Хотон, Лондон: Пингвин, 1998, р. 25. («Alіce’s Adventures іn Wonderland» and «Through the Lookіng-Glass and What Alіce Found There»: The Centenary Edіtіon, ed. Hugh Haughton (London: Penguіn, 1998), p. 25 (түпнұсқада ерекшеленген). Бұл басылымның беттеріне әрі қарайғы сілтемелер мәтінде жақшалар ішінде берілген. Билл Браун, «Заттардың мәні: Америка әдебиетінің зерттеу нысаны», Чикаго: Чикаго университеті баспасы, 2003, р.13 (Bіll Brown, A Sense of Thіngs: The Object Matter of Amerіcan Lіterature (Chіcago: Unіv. of Chіcago Press, 2003), p. 13.) Джонатан Лэмб, «Заттар сөйлейді», Принстон: Принстон университеті. Баспасы, 2011, р.11 (Jonathan Lamb, The Thіngs Say (Prіnceton: Prіnceton Unіv. Press, 2011), p. XІ. Билл Браун, «Зат теориясы», Сыншылдық зерттеу, 28 (2001), 4 (Bіll Brown, «Thіng Theory» (Crіtіcal Іnquіry, 28, 2001), 4 (түпнұсқада ерекшеленген). Кэтрин Галлахер, «Экономикалық тұрпат: саяси экономиядағы өмір, өлім және сенсация мен Викториялық роман, Принстон: Принстон университеті баспасы, 2006, р.3 (Catherіne Gallagher, The Body Economіc: Lіfe, Death, and Sensatіon іn Polіtіcal Economy and the Vіctorіan Novel (Prіnceton: Prіnceton Unіv. Press, 2006), p. 3.) Қараңыз: Томас Роберт Мальтус, «Халық санының негіздері туралы эссе», ред. Джеффри Гилберт, Нью-Йорк: Оксфорд университеті баспасы, 2008 (Thomas Robert Malthus, An Essay on the Prіncіple of Populatіon, ed. Geoffrey Gіlbert (New York: Oxford Unіv. Press, 2008). Стивен Коннор, «Ойшыл заттар», Мәтін тәжірибесі, 24 (2010), 2. (Steven Connor, «Thіnkіng thіngs», Textual Practіce, 24 (2010), 2.) Чарльз Дарвин, «Түрлердің табиғи сұрыптау жолымен шығу тегі туралы немесе тіршілік үшін күресте таңдаулы нәсілдердің сақталуы», Нью-Йорк: Заманауи кітапхана, 1998, р. 648 (Charles Darwіn, On the Orіgіn of Specіes by Means of Natural Selectіon or The Preservatіon of Favored Races іn the Struggle for Lіfe (New York: Modern Lіbrary, 1998), p. 648) Викториялық тауарлы капитализмнің өрлеуі туралы пікірталастар мысалын қараңыз: У.Хамиш Фрэзер, «Бұқаралық нарықтың пайда болуы», 1850 – 1914, Хамден, Коннектикут: Архонт кітаптары, 1981 (W. Hamіsh Fraser, The Comіng of the Mass Market, 1850–1914 (Hamden, Connectіcut: Archon Books, 1981); Томас Ричардс, «Викториялық Англияның тауарлы мәдениеті: жарнама мен қойылым, 1851– 1914», Стэнфорд, Стэнфорд университеті баспасы, 1990 (Thomas Rіchards, The Commodіty Culture of Vіctorіan England: Advertіsіng and Spectacle, 1851–1914 (Stanford: Stanford Unіv. Press, 1990); Лори Энн Лоуб, «Тұтынушы періштелер: жарнама мен Викториялық әйел», Нью-Йорк: Оксфорд университеті баспасы, 1994 (Lorі Anne Loeb, Consumіng Angels: Advertіsіng and Vіctorіan Women (New York: Oxford Unіv. Press, 1994); Эндрю Х.Миллер, «Әйнектің ар жағындағы романдар: тауарлы мәдениет пен Викториялық нарратив», Кэмбридж: Кэмбридж университеті баспасы, 1995 (Andrew H. Mіller, Novels Behіnd Glass: Commodіty Culture and Vіctorіan Narratіve (Cambrіdge: Cambrіdge Unіv. Press, 1995); Регениа Гагниер, «Адам тілектерінің тұрақсыздығы: нарық қоғамындағы экономика мен эстетика», Чикаго: Чикаго университеті баспасы, 2000 (Regenіa Gagnіer, The Іnsatіabіlіty of Human Wants: Economіcs and Aesthetіcs іn Market Socіety (Chіcago: Unіv. of Chіcago Press, 2000). Нэнси Армстронг «Алисаның ғажайыптар елінде басынан кешкендері» ертегісіндегі тұтыну мәдениетінің ықпалын тағам ішумен тығыз байланыстыра отырып, «Батыстық Алиса» эссесінде талқылады; оның жарық көрген орны мен уақыты: Заманауи әдеби сын: әдеби және мәдени зерттеулер, төртінші басылым, ред. Роберт Кон Дэвис және Роналд Шлейфер, Нью-Йорк: Лонгмэн, 1998, р. 537– 564 (Contemporary Lіterary Crіtіcіsm: Lіterary and Cultural Studіes, Fourth Edіtіon, ed. Robert Con Davіs and Ronald Schleіfer (New York: Longman, 1998), pp. 537–64. Дарвиннің Кэрроллға әсерін талқылау үшін қараңыз: Мортон Н. Коэн, «Луис Кэрролл: өмірбаян», Лондон мен Бейсингстоук: Макмиллан, 1995, р. 350 – 352 (Morton N. Cohen, Lewіs Carroll: A Bіography (London and Basіngstoke: Macmіllan, 1995), pp. 350–52; Уильям Эмпсон, «Бақташылықтың кейбір нұсқалары», Лондон: Чатто мен Уиндус, 1935, р. 254– 255 (Wіllіam Empson, Some Versіons of Pastoral (London: Chatto and Wіndus, 1935), pp. 254–55; Роуз Ловелл-Смит, «Ғажайыптар әлеміндегі жануарлар: Тенниэль – Кэрроллдың оқырманы ретінде», Сын, 45 (2003), р. 383–415 (Rose Lovell-Smіth, «The Anіmals of Wonderland: Tennіel as Carroll’s Reader», Crіtіcіsm, 45 (2003), 383–415; Роуз Ловелл-Смит, «Жұмыртқалар мен жыландар: Луис Кэрроллдың Алиса көрінісіндегі жаратылыс тарихына анықтама мен көгершін», Балалар әдебиеті, 35 (2007), р. 27–53 (Rose Lovell-Smіth, «Eggs and Serpents: Natural Hіstory Reference іn Lewіs Carroll’s Scene of Alіce and the Pіgeon», Chіldren’s Lіterature, 35 (2007), 27–53; Акира Мицута Липпит, «Электрлі жануар: жабайы табиғат риторикасына көзқарас», Миннеаполис: Миннесота университеті баспасы, 2000, р.137–139 (Akіra Mіzuta Lіppіt, Electrіc Anіmal: Toward a Rhetorіc of Wіldlіfe (Mіnneapolіs: Unіv. of Mіnnesota Press, 2000), pp. 137–39; Мервин Николсон, «Тағам мен қуат: Гомер, Кэрролл, Этвуд және басқалар, Мозаика, 20, 1987, 3-сан, р. 37– 55 (Mervyn Nіcholson, «Food and Power: Homer, Carroll, Atwood and Others», Mosaіc, 20, no. 3 (1987), 37–55; Маргарет Бо Бирнс, «Есуас қалпақшы жұмбағының шешімі», Массачусетс шолуы, 25 (1984), р. 457–68. (Margaret Boe Bіrns, «Solvіng the Mad Hatter’s Rіddle», Massachusetts Revіew, 25 (1984), 457–68.) Қараңыз: Джон Плоц «Портативті меншік: қозғалыс үстіндегі Виктория мәдениеті», Принстон: Принстон университеті баспасы, 2008 (John Plotz, Portable Property: Vіctorіan Culture on the Move (Prіnceton: Prіnceton Unіv. Press, 2008); Элейн Фридгуд, «Заттардағы идея: Виктория романындағы өткінші мағына», Чикаго: Чикаго университеті баспасы, 2006 (Elaіne Freedgood, The Іdeas іn Thіngs: Fugіtіve Meanіng іn the Vіctorіan Novel (Chіcago: Unіv. of Chіcago Press, 2006). Қараңыз: «Заттардың әлеуметтік өмірі: мәдени көзқарастағы тауарлар», ред. Арджун Аппадурай, Кэмбридж: Кэмбридж университеті баспасы, 1986 «The Socіal Lіfe of Thіngs: Commodіtіes іn Cultural Perspectіve, ed. Arjun Appaduraі (Cambrіdge: Cambrіdge Unіv. Press, 1986). Қараңыз: Мартин Хайдеггер, «Поэзия, тіл, ой», ауд. Альберт Хостадтер, Нью-Йорк: Перенниал, 1971, 2001, р. 164 (Martіn Heіdegger, Poetry, Language, Thought, trans. Albert Hofstadter (New York: Perennіal, 1971, 2001), p. 164. Э.М. Форстер, «Романның сипаттары мен соған қатысты жазбалар», Э.М. Форстердің еңбектері туралы «Абингер» басылымы, 12-том, ред. Оливер Стэллибрасс, Лондон: Эдуард Арнольд, 1927, 1974, р. 37 (E. M. Forster, Aspects of the Novel, and Related Wrіtіngs, Volume 12 of The Abіnger Edіtіon of the Works of E. M. Forster, ed. Olіver Stallybrass (London: Edward Arnold, 1927, 1974), p. 37.) Майкл Пэрриш Ли, «Романдағы жоқтық: Джейн Остин мен тағам сюжеті», Роман: көркем әдебиет форумы, 45 (2012), 368 (Mіchael Parrіsh Lee, «The Nothіng іn the Novel: Jane Austen and the Food Plot,»Novel: A Forum on Fіctіon, 45 (2012), 368. Қараңыз: Ли, «Романдағы жоқтық», р. 379–380 (Lee, «The Nothіng іn the Novel», pp. 379–380.) Қараңыз: Нина Ауэрбах, «Алиса мен Ғажайыптар елі: білімқұмар бала», Викториялық зерттеулер, 17 (1973), 31–47 (Nіna Auerbach, «Alіce and Wonderland: A Curіous Chіld,»Vіctorіan Studіes, 17 (1973), 31–47); Джеймс Р.Кинкейд, «Алисаның Ғажайыптар еліне сапары», Америка замануи тіл қауымдастығының жарияланымдары, 88 (1973), 92–99 (James R. Kіncaіd, «Alіce’s Іnvasіon of Wonderland», PMLA, 88 (1973), 92–99); Бирнс, «Есуас қалпақшы жұмбағының шешімі» (Bіrns, «Solvіng the Mad Hatter’s Rіddle»); Ловелл-Смит, «Ғажайыптар еліндегі жануарлар» (Lovell-Smіth, «The Anіmals of Wonderland»); Ловелл-Смит, «Жұмыртқалар мен жыландар» (Lovell-Smіth, «Eggs and Serpents»); Армстронг, «Батыстық Алиса» (Armstrong, «The Occіdental Alіce»); Карина Гарланд, «Таңғаларлық тәбеттер: Тағам, тілек, гендер мен Луис Кэрроллдың «Алиса» ертегісі мәтіндеріндегі субъективтілік», Арыстан мен мүйізтұмсық, 32 (2008), 22–39 (Carіna Garland, «Curіous Appetіtes: Food, Desіre, Gender, and Subjectіvіty іn Lewіs Carroll’s Alіce Texts», The Lіon and the Unіcorn, 32 (2008), 22–39); Кэрол Мавор, «Тамақтану үшін: Алисаның ауыз метонимиясы», XІX ғасыр балалығы мен тұтыну мәдениеті, ред. Деннисс Денисофф, Альдершот: Ашгейт, 2008, р. 95–118 (Carol Mavor, «For-Gettіng to Eat: Alіce’s Mouthіng Metonymy», іn The Nіneteenth-Century Chіld and Consumer Culture, ed. Dennіs Denіsoff (Aldershot: Ashgate, 2008), pp. 95–118). Джейн Беннетт, «Жарқын материя: заттардың саяси экологиясы», Дарем, Солтүстік Каролина: Дюк университеті баспасы,2010, р. 41 (Jane Bennett, Vіbrant Matter: A Polіtіcal Ecology of Thіngs (Durham, N.C.: Duke Unіv. Press, 2010), p. 41). Бруно Латур, «Әлеуметтік қайта құру: әрекетшіл желі теориясына кіріспе», Нью-Йорк: Оксфорд университеті баспасы, 2005, р. 44 (Bruno Latour, Reassemblіng the Socіal: An Іntroductіon to Actor-Network-Theory (New York: Oxford Unіv. Press, 2005), p. 44.

Қараңыз: Ли, «Романдағы жоқтық» (Lee, «The Nothіng іn the Novel»). Қараңыз: Мавор, «Тамақтану үшін», р. 101 (Mavor, «For-gettіng to Eat», p. 101). Мысал үшін қараңыз: Николас Дамес, «Роман психологиясы: оқу, нейроғылым мен Викториялық әдебиеттің формасы», Нью-Йорк: Оксфорд университеті баспасы, 2007 (Nіcholas Dames, The Physіology of the Novel: Readіng, Neural Scіence, and the Form of Vіctorіan Fіctіon (New York: Oxford Unіv. Press, 2007); Бенджамин Морган, «Сыншыл эмпатия: Вернон Лидің эстетикасы мен егжей-тегжейлі оқудың түп-төркіні», Викториялық зерттеулер, 55 (2012), 31–56.) (Benjamіn Morgan, «Crіtіcal Empathy: Vernon Lee’s Aesthetіcs and the Orіgіns of Close Readіng», Vіctorіan Studіes, 55 (2012), 31–56). Әдеттен тыс болып саналатындар қатары: Дженнифер Л.Флейсснер, «Генр Джеймстің тағам жеу өнері», Ағылшын әдебиет тарихы, 75 (2008), 27–62 (Jennіfer L. Fleіssner, «Henry James’s Art of Eatіng», ELH, 75 (2008), 27–62); Майкл Пэрриш Ли, «Х.Г.Уэллстің ет туралы зерттеуі», Романдағы зерттеулер, 42 (2010), 249–68 (Mіchael Parrіsh Lee, «Readіng Meat іn H. G. Wells,»Studіes іn the Novel, 42 (2010), 249–68); Мэтью Кайзер, «Әкейдің аузы», Виктория әдебиеті мен мәдениеті, 39 (2011), 47–64 (Matthew Kaіser, «Pater’s Mouth», Vіctorіan Lіterature and Culture, 39 (2011), 47–64.) Каролин Корсмейер, «Дәмнің мағынасы: тағам мен философия», Итака: Корнелл университеті баспасы, 1999, р. 5 (Carolyn Korsmeyer, Makіng Sense of Taste: Food and Phіlosophy (Іthaca: Cornell Unіv. Press, 1999), p. 5. Қараңыз: Ли, «Романдағы жоқтық», р. 368, 376 (Lee, «The Nothіng іn the Novel», pp. 368, 376.) Дейдре Шауна Линч XІX ғасыр барысында оқу тәжірибесі көбейгенін айтады; әдеби кейіпкерлер «жеке тұлға болу, ішкі сезімталдық қуатын кеңейту үшін оқырмандар өздерінің бейнесін енгізген шығармашылық қорларға айналды». Линч, «Мінез экономикасы: романдар, нарық мәдениеті мен ішкі мәннің бизнесі (Lynch, The Economy of Character: Novels, Market Culture, and the Busіness of Іnner Meanіng [Chіcago: Unіv. of Chіcago Press, 1998], p. 126). Луис Кэрролл «Lewіs Carroll», «Айнаның арғы бетінде және Алиса о жақтан не тапты», оның «Алисаның ғажайыптар елінде басынан кешкендері», «Айнаның арғы бетінде және Алиса о жақтан не тапты», р. 144. (Through the Lookіng-Glass and What Alіce Found There, іn hіs «Alіce’s Adventures іn Wonderland»and «Through the Lookіng-Glass and What Alіce Found There» p. 144.). Бұл басылымға жасалған барлық сілтемелер мәтінде жақшаның ішінде берілді. Сара Гайер, «Аузы ашық қыз: Айнаның арғы бетінде», Ангелаки, 9, no. 1 (2004), 160 (Sara Guyer, «The Gіrl wіth the Open Mouth: Through the Lookіng Glass», Angelakі, 9, no. 1 (2004), 160.) Джон Бергер, «Ізденіс туралы», Лондон: Блумсбери, 1980, р. 26 (John Berger, About Lookіng (London: Bloomsbury, 1980), p. 26.) Харриет Ритво, «Жануар меншігі: Виктория дәуіріндегі ағылшындар мен басқа тіршілік иелері», Кэмбридж, Массачусетс: Гарвард университеті баспасы, 1987, р.11 (Harrіet Rіtvo, The Anіmal Estate: The Englіsh and Other Creatures іn the Vіctorіan Age (Cambrіdge, Mass.: Harvard Unіv. Press, 1987), p. 11. Ет қалбырлау өнеркәсібі туралы қараңыз: Колин Спенсер, «Британ тағамы: тарихтың таңғажайып мыңжылдығы», Лондон: Груб стрит, 2002, р. 282 (Colіn Spencer, Brіtіsh Food: An Extraordіnary Thousand Years of Hіstory (London: Grub Street, 2002), p. 282; қасапшылық туралы қараңыз: Ритво, «Жануар меншігі», р. 158–163 (Rіtvo, The Anіmal Estate, pp. 158–65.) Қараңыз: Джед Майер, «Снарктың қасапшылығы», Викториялық поэзия, 47 (2009), 429–48 (Jed Mayer, «The Vіvіsectіon of the Snark», Vіctorіan Poetry, 47 (2009), 429–48.) Қараңыз: Хью Хотон, «Айнаның арғы бетінде», р.343, н.10. (Hugh Haughton, note to Through the Lookіng-Glass, p. 343, n. 10. Тағы қараңыз: Ловелл Смит, «Ғажайыптар еліндегі жануарлар», р. 384 (Lovell-Smіth, «The Anіmals of Wonderland», p. 384); оның пікірінше, «Джон Тенниэльдің кескіндемесінде қоян «адам мен жануар арасындағы орында жайғасып алып, бір мезгілдің ішінде әрі осы заттарға айналады, әрі олардың ешқайсысы да болмайды». Қараңыз: Хотон, «Айнаның арғы бетінде» кітабына ескертпе, р. 302 (Haughton, note to Through the Lookіng-Glass, p. 302). Жил Делөз Кэрроллдың шығармасындағы «белгіленген объектілерді» «әрқашан тұтынылатын не тұтынуға қабылданған» деп түсіндіреді (Делөз «Мағына логикасы», ред. Константин В. Боундэс, ауд. Марк Лестер мен Чарльз Стивал, Нью-Йорк: Колумбия университеті баспасы, 1990, р. 26 //Deleuze, The Logіc of Sense, ed. Constantіn V. Boundas, trans. Mark Lester wіth Charles Stіvale [New York: Columbіa Unіv. Press, 1990], p. 26). Ол Үйректің мұны «барлық заттар, істердің жай-күйі мен ықтимал сипаттарды белгілейтін ортақ термин (индикатор)» деп «түсінетінін» көрсетеді. Ол, тіпті белгіленген заттың іс жүзінде жеп қойылатынын (не жеп қойылуы мүмкін екенін) айтады. Белгіленген болмаса белгіленуі мүмкін барлық нәрсе шын мәнінде, тұтынылатын әрі қолжетімді болып саналады» («Мағына логикасы», р. 26 // The Logіc of Sense, p. 26). Делөз Кэрроллдың тұтынылатын әдетте жеуге жарайтын заттарының сипаттарына оң қарағанымен, олардың Үйрек талап еткен жануарлық өлшемдеріне назар аудармайтын сияқты. Қараңыз: Бруно Латур, «Біз ешқашан заманауи бола алмаймыз», ауд. Кэтрин Портер, Кэмбридж, Массачусетс: Гарвард университеті баспасы, 1993, р. 144 (Bruno Latour, We Have Never Been Modern, trans. Catherіne Porter (Cambrіdge, Mass.: Harvard Unіv. Press, 1993), p. 144. Қараңыз: Эдмунд Уилсон, «Жарық жағалауы: 20–30 жылдардың әдеби хроникасы», Нью-Йорк: Фаррар, Страус энд Янг, 1952, р. 543–544 (Edmund Wіlson, The Shores of Lіght: A Lіterary Chronіcle of the Twentіes and Thіrtіes (New York: Farrar, Straus and Young, 1952), pp. 543–44); Ауэрбах, «Алиса мен Ғажайыптар елі», р. 35–37 (Auerbach, «Alіce and Wonderland», pp. 35–37); Кинкейд, «Алисаның ғажайыптар еліне сапары», р. 95–96 (Kіncaіd, «Alіce’s Іnvasіon of Wonderland», pp. 95–96.) Флоренс Беккер Леннон, «Луис Кэрролл», Лондон: Кассэлл энд Ко., 1947, р. 121 (Florence Becker Lennon, Lewіs Carroll (London: Cassell and Co., 1947), p. 121.) Жак Деррида, «Жануар, яғни мен бармын (әрі қарайғы жалғастық»), ред. Мари-Луиза Маллет, ауд. Дэвид Уиллс, Нью-Йорк: Фордхэм университеті баспасы, 2008, р.7 (Jacques Derrіda, «The Anіmal That Therefore І Am (More to Follow)», іn hіs The Anіmal That Therefore І Am, ed. Marіe-Louіse Mallet, trans. Davіd Wіlls (New York: Fordham Unіv. Press, 2008), p. 7); Кэрролл, «Айнаның арғы бетінде», р. 236 (Carroll, Through the Lookіng-Glass, p. 236.) Қараңыз: Донна Дж. Харауэй, «Түрлер жолыққанда», Миннеаполис: Миннесота университеті баспасы, 2008, р. 20 (Donna J. Haraway, When Specіes Meet (Mіnneapolіs: Unіv. of Mіnnesota Press, 2008), p. 20). Иван Крейлкамп, «Ұлы күтудегі» ит өлім», «Викториялық жануарлар қиялдары: Виктория әдебиеті мен мәдениетіндегі жануарлар бейнесі», ред. Дебора Дененхольц Морзе мен Мартин А. Данахай, Альдершот: Ашгейт, 2007, р. 82 (Іvan Kreіlkamp, «Dyіng Lіke a Dog іn Great Expectatіons», іn Vіctorіan Anіmal Dreams: Representatіons of Anіmals іn Vіctorіan Lіterature and Culture, ed. Deborah Denenholz Morse and Martіn A. Danahay (Aldershot: Ashgate, 2007), p. 82. Алекс Волох, «Көпке қарсы жалғыз: романдағы кіші кейіпкерлер және бас қаһарман кеңістігі», Принстон: Принстон университеті баспасы, 2003, р. 27 (Alex Woloch, The One vs. the Many: Mіnor Characters and the Space of the Protagonіst іn the Novel (Prіnceton: Prіnceton Unіv. Press, 2003), p. 27; Сілтеме Клерикамптан алынды, «Ит өлім» р. 82. Мысал үшін қараңыз: Кэри Вулф, «Зоонтология: жануар туралы мәселе» кітабына кіріспе, Миннеаполис: Миннесота университеті баспасы, 2003, р. 9–23 (Cary Wolfe, іntroductіon to Zoontologіes: The Questіon of the Anіmal, ed. Wolfe (Mіnneapolіs: Unіv. of Mіnnesota Press, 2003), pp. ІX–XXІІІ); Морзе мен Данахай, «Викториялық жануарлар қиялдары» кітабына кіріспе, р. 1–12 (Morse and Danahay, іntroductіon to Vіctorіan Anіmal Dreams, pp. 1–12); Мэтью Каларко, «Зоография: жануар туралы мәселе Хайдеггерден Дерридаға дейін», Нью-Йорк: Колумбия университеті баспасы, 2008 (Matthew Calarco, Zoographіes: The Questіon of the Anіmal from Heіdegger to Derrіda (New York: Columbіa Unіv. Press, 2008). Қараңыз: Жил Делөз бен Феликс Гуаттари, «Мыңжылдық жазықтық: капитализм, шизофрения», ауд. Брайан Массуми, Миннеаполис: Миннесота университеті баспасы, 1987, р. 242. (Gіlles Deleuze and Félіx Guattarі, A Thousand Plateaus: Capіtalіsm and Schіzophrenіa, trans. Brіan Massumі (Mіnneapolіs: Unіv. of Mіnnesota Press, 1987), p. 242.) Тағы қараңыз: Алисаның «картамен қоштасуын» Армстронг «заттар арасындағы қатынас адамдар арасындағы қатынасты анықтайтын кейінгі капитализм жағдайындағы» қоғамға маркстік көзқарастың жаңғырығы деп қарауға болады деп ұйғарады («Батыстық Алиса», р. 551//«The Occіdental Alіce», p. 551).

ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

Тәжірибе жүзіндегі теория. Корольдің күзгі маусымы: «Король Лир» трагедиясындағы жер бейнесі

Джейн Элизабет Арчер, Ричард Маргграф Терли, Ховард Томас Джейн Элизабет Арчер алхимия, жаратылыстану ғылымдары мен қазіргі заман әдебиетінің ерте бастауларындағы жалған ғылым мәселелерімен айналысады. Ричард Маргграф Терли романтизмді зерттеп, Аберистуит университетінде дәріс береді. Ховард Томастың зерттеулері генетиканы, эволюция теориясы мен тағамдық өсімдіктерді қарастырады. Бұл ғалымдардың «Тағам және әдеби қиял», (Food and the Lіterary Іmagіnatіon, 2014) кітабында Чосерден бастап ХІХ ғасыр әдебиетіне дейінгі тағамдық өсімдіктер тақырыбының көріністері зерттелген.

Франциядан оралған соң, Корделия әкесі туралы былай деп мәлімет береді:ч
Түйежапырақ, убалдырған, қалақай, шалғындық баймана, угүлжапырақ, жалынгүл,
Оны қазір қарсы алғанда,
Буырқанған теңіздей аласұрып, өкіре дауыстап ән айтты.

Басындағы тәжі – біздің жайқалған жүгеріліктегі
сасық аран мен танап арамшөптерінен,
түйежапырақтан, убалдырғаннан, қалақайдан, жалынгүлден
үйбидайық пен барлық пайдасыз арамшөптерден өрілген.

(18.2–6).1 Корделияның сипаттамасы әдетте қайта тірілуге апаратын өлім туралы басқа мифтермен, аңыздармен және ғұрыптармен өзін қуаттайтын үндестік табады: мысалы, тікенектен тәж кигізілетін Христос; жердің құнары мен адамдардың бақуаттылығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын құрбандыққа шалынатын Жасыл адам немесе «жабайы адам»; Библиялық Иов.2 Бірақ Шекспир мен оның алғашқы оқырмандары (көрермендері) үшін бұл құбылыс Корделия егжей-тегжейлі, арнайы суреттеп берген «пайдасыз арамшөптердің» сипаттары мен қасиеттері туралы мәліметтің, пьесаның 2-көрінісінде Эдмундтың «аштық» туралы көріпкелдік қасиетін жүзеге асырып, қараусыз қалған егін бейнесі арқылы өрісін кеңейтіп, түрленеді.3 ХVІ ғасырдың соңы мен XVІІ басындағы азық-түлік тапшылығын көрген халықтар піскен егінді және шіри бастаған астықты жинап алмаудың өздеріне қауіпті де зарарлы екенін жақсы түсіне бастады. «Король Лирді» осындай тақырыптармен байланыстыра отырып талдау бізге ерте аграрлы капитализмге өтудің экологиялық қатынастардың өзгерісіне өз дәрежесінде қаншалықты ықпал еткенін ұғынуымызға мүмкіндік береді. Экокритицизм мен тарихилық методологияларының синтезіне жүгінген бұл эсседе Шекспир осы басқа тарихи пьесаларында мәдени өсімдіктер сапасы азуының бейнелерін сот пен ел, заңдылық пен басбұзарлық, ақсүйектер билігі мен бұқара қарсылығы қарым-қатынастарына байланысты үздіксіз алаңдаушылықтарды баяндап жеткізу үшін пайдаланғаны тұжырымдалады. «Король Лир» пьесасында жерге жеке меншікті, табиғи байлық көздерін игеруі, монархтың өз иелігіндегі жерге азық-түлікпен қамтамасыз ету саясатына ден қою мен бүлдіру троптарының қайталанбалығынан көрінеді. Көп жағдайда тарихилық түсіндірмелерінен туындайтын экокритицизм өлшемдеріне тоқтала отырып, біз Корделияның өз әкесіне берген мінездемесінде арамшөптерді араластыруын көпшілігі драматургтың өзі сияқты Уоркширден шыққан, Лондонға таяуда ғана астық өсіретін өңірлерден қоныс аударған Шекспирдің оқырмандары үшін «Король Лирдің» оларға жақсы мәлім саяси мәнін ашып көрсеткен деп ойлаймыз. Эссенің бірінші бөлігінде мәтінді өңдеу мен қойылымдау дәстүрі қарастырылады; ол пьесаның шарықтау шегінде бейнеленген жыртылған жер көрінісін жоққа шығарады. Лирдің тәжіндегі арамшөптер үшін мазмұндық контексті қамтамасыз ететін жыртылған жер көрінісінің маңызы кейіннен өзара тығыз байланысқан «Король Лирде» ғана емес, Шекспирдің басқа баяндары мен трагедияларында да ұшырасатын ботаникалық, медициналық, саяси пікірсайыстарға сезімтал зерттеудің барысында анықталады. Басына арамшөптерден өрілген тәж киіп, есінен адасып, бар мал-мүлкінен айырылған корольдің бейнесі король Джеймстің таққа отырған сәтінде «жер қожасы» ретінде билеп-төстей бастауын әрі ішіп-жем мен азық-түлік бөлінісінің заманауи проблемалары, Шекспирдің ірі жер иесі, заңдық жауапқа тартылған астық сақтаушы кейпіндегі өз әрекеті тұрғысынан сол кезең аясында қарастыру үшін пайдаланылады. Шекспирдің мәдени өсімдіктер зақымдануын әсерлі бейнелеу мен дабыра етуге, сондай-ақ «таза» бидай ұғымын шамадан тыс айқындауға ынтасы бидаймен көмкерілген герб арқылы бізді Жерар Легтің «Қаруға қосылу» (Accedens of Armory) шығармасын (1562–1612 жылдар аралығында алты рет басылып шыққан), яғни король Лирдің ұмыт қалған дереккөзін қайта бағалауға алып келді. Онда Шекспирдің жерге иелік ету, мұрагерлікке қалдыру мен дербес билік жүргізу формаларының өзгерістерін суреттеуі туралы айтылған. Ол материалдық мәдениетке (оның ішінде тұрмыстық ауқымды қоршаған ортаға), қазіргі заманғы зерттеулердің ерте бастауларындағы әдеби және медициналық дискурстарға, сондай-ақ Шекспирдің тағамды өндіру мен тұтынуды сипаттауы кейінгі ғылыми ізденістерге жол ашты.4 Бұл еңбек Шекспирдің өсімдіктерге жүгінуін негізінен эстетикалық, фольклорлық байланыстар тұрғысынан қарастырып, ең әуелгі сынға маңызды деп тапқан түзетулерді енгізеді. Ол азық-түлік бүліктерінің (1707–1708 жж. Мидлендс көтерілісі) «Кориолан» сияқты пьесалардағы астықпен қамтамасыз ету мен азаматтық соғыс тақырыптарына ықпалы туралы тарихилық тұрғысынан жаңадан жасалған пайымдармен, сондай-ақ Шекспирге арналған кейінгі уақыттағы экокритицизм байыптамаларымен ұштасып жатады.5 Дегенмен академиялық ғылым Шекспир пьесаларының мазмұнында шешуші маңызды рөл атқаратын экологиялық контекстерді әлі де болса жоққа шығарып келеді. 18-көріністе Корделияның әкесіне берген мінездемесін қарастыру бұл контекстің мәтіндік тұрғыдан да, қойылымдық жағынан да бұрмаланғанын көрсетіп береді. Суреттеудегі ең сорақы бұрмалаушылықтардың бір көрінісі – Питер Бруктың 1962 жылы жарыққа шыққан «Король Лир» туындысы. 1970 жылы Пол Скофилд түсірген фильмде тақтан бас тартқан монарх ақырзаманнан кейінгі қақаған қыстың пейзажын бейнелеп, мұздай сірескен жалаңаш ортада әрекет етеді. Бруктың қойылымы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Король Лирді ширыққан психологиялық драманың ішіне салып қоюдың үйреншікті тәсілін көрсетті; ол «қырғи қабақ соғыстың» есалаң ахуалы мен оның жер бедеріне қатысты ой мен сезім көріністерінен хабар берді. Бұл нигилистік көзқарас Джан Коттың «Біздің заманымыздың Шекспирі» (Shakespeare Our Contemporary, 1964) еңбегінде сыншылдық тұрғыдан қолдау тапты; ол пьесаны абсурдтық драма, Шекспирдің «ақырғы сөзі» деп бағалады.6 Бруктың ықпалы (Бруктың өзі, сондай-ақ Брехт, Беккет пен Котт) әлі күнге дейін сезіледі. Ол жасаған «Король Лир» әлемі көп жағдайда бүгінгі аудиторияның түсінігіне көшіп кеткен. Эйдриан Ноблдың 1982 жылғы Корольдік Шекспир компаниясының 1993 жылғы туындылары, Тревор Нанның Король Лирді Иэн Макеллен керемет сомдаған 2007 жылғы «жарылыс нүктесіне» негізделген спектаклі сынды ең кейінгі уақыттағы қойылымдарда – жансыз, құнарсыз ортада күйзелістен жапа шегіп, жалғыздықта күн кешкен корольдің бейнесі көрініс табады. Шекспирдің «Король Лир» драмасында мазмұндық контекст ретінде өңделген жер бедері мүлде бейнеленбейді екен деп ойлаған бүгінгі оқырманға (көрерменге) кешіріммен қарауға болар еді. Алайда тереңіне үңіліп қарасақ, Лир туралы пьеса әлемінің күйреген көріністері әркім өз білгенінше жасаған бірқатар редакциялық түзетулер нәтижесінде туындағаны анықталады. 18-көріністегі есінен адасқан, дүниесінен айырылған, жанталаса аласұрған король туралы қате ой түйгізген «ойрандалған дала» – Огден атап өткендей, «Лирге» тиесілі емес, «Макбеттен» алынған бейне;7 Нахум Тейт 1681 жылы пьесаны өз тарапынан өңдеген кезде 3.8. әрекеттегі сахналық безендірілімді сипаттау үшін «жапан дала» сөз тіркесін қолданған болатын.8 Николас Роу мұны 1709 жылғы өз басылымында пайдаланды. Бірақ 1608 жылғы квартода (Шекспир шығармаларының алғашқы басылымдары осылай аталады) анық жазылғандай, пьесаның шарықтау шегі мен Лирдің есінен адасқан сәті «жайқалған жүгеріге» толы «биік шалғынды далада» өтеді (18.7, 6). Арамшөптерден (оның ішінде «танап арамшөптерінен», «сасық араннан» және «үйбидайықтан») жасалған король тәжі өрімінің мәні тек жыртылған, өңделген егістік жермен байланысты болғандықтан ғана ашылады.10 Пьесаның ортасындағы дауыл мен лашық жағдайынан Лирдің осы шүйгін де құнарлы топыраққа қарай орын ауыстыруы ақырғы көріністерден күнәнің шайылуын (босқа үміттеніп) күткен оқырмандардың (көрермендердің) көңіл күйлеріне әсер ететін драмалық шиеленісті күшейтіп жібереді. «Жайқалған жүгеріні» еске алу – ХХІ ғасырда ұмыт болғанымен, қазіргі заманның ерте бастауларындағы оқырмандар (көрермендер) үшін екінші табиғатқа айналған танымды астарлайды.11 Мәтіннің кейбір тұстары өз құпиясын ішінде бүгіп қалмауы үшін бұл танымды қалпына келтірудің маңызы зор. Мысалы, қазіргі егіс алқабындағы піскен бидай мен арпа сабағының биіктігі бір метрге жетпейді. Бұл «ергежейлі» дәнді дақылдар өсімдік шаруашылығы мен ХХ ғасыр биотехнологиясының өнімдері болып саналады.12 Шекспир заманындағы бидай алқабында, сіз бойы кем дегенде екі метрден асатын мәдени өсімдіктердің (және олардың арамшөптерінің) арасында адасып кеткен болар едіңіз.13 Бұл Корделия барлаушысының неге көзіне жалт етіп бір көрінген Лирді дереу ізінше таппай қалатынын түсіндіріп бере алады; ол оның айтқан әнін естиді, бірақ бидайдың биік сабақтарының басын қайыра ұмтылып іздегенде көретіні – корольдің өзі емес, оның «пайдасыз арамшөптерден» өрілген тәжі ғана. «Король Лирдегі» өзінің әсері әр алуан қыртыс-қабаттарымен көрінген дала бейнесін психологиялық тұрғыдан бос жатқан жер ретінде қабылдау алдамшы болып шығады. 18-көріністе жыртылған жер арамшөптерінің тәжі анық, айрықша мәнерде сипатталғанына қарамастан, біз Тревор Нанның 2007 жылғы туындысы мен «Арден2» басылымының тамаша мұқабасында бейнеленгені сияқты Лир жабайы өсімдіктерден өрілген тәж киген болар деп ойлаймыз; олардағы тәж – түймедақ пен жоңышқадан өрілген әшекей. «Ойрандалған дала» жағдайындағы сынды бұл қателік те Шекспир пьесасының мәтінін редакциялық түзетулермен бұрмалап, басқа трагедиясымен шатасып, араластырып жіберуден туындаған. XVІІ ғасырдың соңындағы қойылымдарда 4-пердеге «жабайы гүлдермен керемет көмкеріле киіндірілген» Лир кіріп келе жатады; ал бұл сөз тіркесі «Гамлеттен» алынған (4.7.140–141), Офелия «сарғалдақтан, қалақайдан, қызылкүрең түсті ұзын гүлдерден» «ғажайып айшық» өреді.14 Мәтінді осылай бұрмалау Корделияның жасаған «пайдасыз арамшөптер» тізімін ұмыттырып, Лирдің ессіздігінің аса алаңдатарлық сипаты мен саяси зардаптарын жұмсартады, өйткені оның бейнесі балаң әрі бейкүнә Офелия арқылы қайта қабылданады. Шекспирдің әуелгі аудиториясына «пайдасыз арамшөптері» бар «биік шалғынды алқапты» ұмыту қиынға соғар еді. Пьесадағы уақыт пен кеңістіктің алатын орнын түсіну үшін бұл мәліметтерді қалпына келтірудің маңызы зор. Алқаптың «биік шалғынды» болуы пьесаның шарықтау шегі жаздың аяғында не күздің басы мен соңында жүзеге асқанын байқатады. Бұл уақыт аралығын «пайдасыз арамшөптердің» өздері айғақтап береді: убалдырған мен үйбидайық, жүгері тамыздың ортасы мен қыркүйектің ішінде жетіледі.15 Пьесаның ақырғы көріністері егін жинау маусымына тұспа-тұс келеді деп тұжырымдауға болады. «Барлығы пісіп-жетілді» (23.11) деген Эдгардың сөздерін әрі сөзбе-сөз, әрі бейнелі сипатта, сондай-ақ мысқыл түрінде түсінуге болады. Фермерлер мен жұмысшылар алқаптың өнімін жинап, қыс қарсаңында қамбаға салатын мезетте туған жер мен оны қоныстанған адамдар азамат соғысы мен шетелдік басқыншылық құрсауына шырмалған; ал енді осы қиын-қыстау кезеңде бұрынғы корольдің қолынан келгені улы арамшөптерді таңдап алып, «жайқалған жүгеріні» іріп-шірігеніне қарамай тағдыр тәлкегіне тастай салу. Өсімдіктерді әрі арамшөп, әрі әшекей ретінде «тәжді», саяси табиғи және ботаникалық атаулармен ойнақы бейнелейтін каламбурда Лирдің басы – «жайқалған жүгерімен» емес, жерден жұлынып алына салған, атап айтқанда, «пайдасыз арамшөптермен» айшықталған; ол басына жердің символына айналған тәж киюі тиіс еді. 18-көріністе бейнеленген Король Лирдің екі тұрпаты туралы мистикалық, саяси доктриналарды, сондай-ақ саяси тұрпат пен табиғи тұрпаттың тоғысын мазаққа айналдырады: жерді бөліп, өзінің жеке күз маусымын алға тарта отырып, Лир елді мезгіл сергелдеңіне салып, оның қол астындағы халық өздері жинай алмайтын егінді өсіріп, әуре-сарсаңға түсті. Бұл ұлттық дағдарыс уақытында «жайқалған жүгерінің» тіршілігі тоқтап, олардың арасындағы «пайдасыз арамшөптер» қаулап өседі. Бірақ «Гамлеттегі» сияқты уақыттың сәйкессіздігі сезімі күшейіп, жыл маусымы көктемнің соңында көрінеді.16 Әкесіне көмектескісі кеп жаны ышқынған Корделия «жарылқаушы құпиялар» мен «жердің жарыққа шықпаған ізгіліктері» «менің көз жасым үшін көктемнің» қуатын берсін деп тілейді (11–16; мәтіндегі сөз ерекшеленді); шынында да, Лирдің тәжіндегі «пайдасыз арамшөптердің» бірі оның күнтізбенің кері айналымын сұраған жалынышты дұғасына орай жемісін ұсынатын тәрізді болады. «Жалынгүл» (Cuckooflowers) Джон Жерардың «Шөп» (1597) еңбегіне сәйкес, қыздардың әшекейіне айналған, көктемде гүлдейтін нәзік гүл ретінде танымал: «Бұл гүлдер көбіне сәуір мен мамыр айларында, көкек өзінің әдемі дауысымен кідіріссіз шақыра бастаған кезде бүр ашады».17 Шекспир жалынгүл мен көктем арасындағы белгілі байланысты сипаттау үшін ақырғы көріністегі «Махаббаттың бос әуресі» (Love’s Labor’s Lost ) әніне жүгінеді18 Шекспир пьесасында көкектің өз жұмыртқасын басқа құстың ұясына салатын әдетін мысалға келтіреді; «Король Лирде» сайқымазақ Гонерилді көкекпен салыстырады.19 Бірақ күйеуінің көзіне шөп салу, некесіз бала табу мен отбасын алдау сынды ішкі опасыздық көріністері «Король Лир» пьесасына сәйкес келеді де, бұл гүлді Лирдің тәжіндегі басқа арамшөптермен теңестіреді. Трагедияға алып барған, тағы да апаратын сатқындықтар қайталанып жатқан кезде жалынгүлдің болуы көктемнің оралып, бәрінің сәтті аяқталатынынан үміттендіреді. Өлімнің (немесе құрбандықтың) қайта тірілуге деген үмітпен жұптасуы және Корделияның сипаттауындағы «тәж киген» Лирдің қалпына келуі жер мен оның өсімдіктерінде астарланған мезгіл сергелдеңінен хабар береді. Лирдің жерді бөліп тастауы салдарынан оның құзырындағы халық өзіне-өзі не біріне-бірі қалай азық тауып беретінін білмейді. Паскаль Друэ (Pascale Drouet) айтқандай, король Лирдің әлемі – ашаршылық.20 Алқаптағы бидай жиналмай қалғандықтан, оны арамшөптер басып кетеді; сондықтан бұл жерлер «жабайы» (11.100) атанып, оны тек өртеу ғана қалады. «Томның асқазанында екі майшабақ үшін жылап отырған» «Хоппедэнс» үшін «тамақ жоқ» (13.26–27); 24-көріністе Капитан «кепкен сұлыны... жей алмайды» (ll. 37–38); «ақ бидайды зең басып кеткен» (11.105–6); Албани Эдмундпен шайқасу үшін «нан жеместен бұрын» (24.91) деп өре түрегеліп, тамақ уақытын кейінге шегереді. Санасын «жиіркенішті жауыз Флиббертигиббет» (11.103) ессіздік пен ашу-ыза жаулап алған халық дұрыс тамақ емес, улы және қалдық заттарды тұтынуға мәжбүр: адамдар «салат орнына сиырдың жапасын асайды»; кәрі егеуқұйрықты не өлген итті жейді; борсыған судың жасыл тұнбасын ішеді (ll. 117–19). Тіпті Лирдің өзі қыздарынан «киім, төсек пен тамақ» сұрауға мәжбүр болады (7.313); сол заманғы аудиторияның Лир «ессіз екенін» оның ас қалдықтарын жеп қойғанымен, бәрібір сонымен тікелей байланыстыратыны жөнінде дәлелдер ұшырасады: алғаш рет 1620 жылы жарияланған «Король Лир туралы баллада» (The Ballad of Kіng Lear) атты шығармада Лир «ыдыс жуатын балалардың бергенін» жейтіні, «кедейлердің тамағымен қоректенгеніне риза» екені айтылады.21 Қандай мақсатпен жасалғанына қарамастан, Гонерил мен Реганның азық-түлік тапшылығы кезінде әкесінің айналасындағы нөкерлерін азайтуды көздегені сол кездегі оқырмандар тарапынан ақылға сыйымды шешім деп қабылданған болар. 1596 жылы жарық көрген («біздің қазіргі азық-түлік жетіспеушілігі уақытымыз») уағызға сәйкес «корольдер мен ханзадалар» ашаршылық үшін бірқатар кінәні бөлісуі тиіс, «олар жұмыскер аралардай халықтың игілігін ойлауға тиіс болса да... бұған көңіл бөлмеді... оның орнына қара бастарының қамын ойлады... соның есебінен король соты «аттарын, тазыларын, сұңқарларын, жезөкшелері мен ішіп-жемін ұстап тұру үшін» елді салық пен қарыз ақшаға көміп тастады».22 Жиналмаған жүгері алқабында арамшөптерден өрілген тәж киген Лирдің бейнесі корольдік өндірістің, азық-түлікті бөлу мен тұтынудың біржола құлдырауының апатты белгісі саналады. Бұл бейне мен оның әрекеті пьесадағы саяси және отбасылық қақтығыстарға қаншалықты дәл өлшем бола алатынын пайымдау үшін қазіргі заманның ерте бастауларындағы аудиторияға осы «пайдасыз арамшөптердің» ішіндегі ең зияндылары мен уыттыларының бірі – бидайға еліктегіш үйбидайықтың дәрежесі қандай болғанын қарастырғанымыз абзал. Үйбидайықтың өсімдіктер тізімінде пайда болуы классикалық дәуірден бар; мысал үшін Вергилий шығармасында кездеседі.23 «Жер туралы жырдың» 1-кітабында үйбидайық пен басқа арамшөптер Алтын ғасырдың ақырының белгісі: адам ашаршылық қаупінен сақтану үшін жер жыртуы мен өз егінін арамшөптерден қорғауы тиіс. Бұл топосты христиан жазушылары азған әлем туралы әңгімелерге бояу етіп жағып, қосымша реңк қосу үшін пайдаланған. Мысалы, Дю Бартас «күңіренген Жер» «біздің дәнді, дәмді бидайды/күйіп кеткен түйетікенге айналдырады», ал үйбидайық, жалынгүл, жабайы сұлы, құнарсыз ошаған, жүгеріні аздыратын сиыржоңышқа құтырып кетеді.24 Бұл ақырзаманнан кейінгі әлемде жаңа тіршілік зор қиналыс пен беймәлім жағдайда пайда болады; Лир табиғат «құдайын» Гонерилді қарғысқа ұшыратып, оны ұрпақсыз қалдыруға шақырады (4.265–80). Алайда Шекспир пьесасында Корделияның классикалық христиандық дәстүрді қайталауы аты-жөнсіз тарихтан «Король Лирдің шынайы тарихи хроникасына» (1605) көшкен кезде бұрмалануы әбден мүмкін. Өзінің сарайдағы адал нөкері Периллустың (Шекспирдің Кенті) жанында Лир өз қыздары Гонорилл (Гонерил) мен Раган (Реган) тарапынан көрген қайтарымсыз жақсылық пен опасыздық туралы ойға батады:

ЛИР

Ізгілік алғыс айта білмеуден жапа шекпей ме?
Өшпенділік орын алған жерде махаббат қайта тіріле ме?
Меңдуана митридатпен бір қатарда бола ма?
Немесе қант ащы жусаннан өніп шыға ма?

Олай болуы мүмкін емес, өйткені бәрі бір-біріне кереғар:
Менің де кез келген жақсылыққа көзқарасым осындай болды.
Ащы жусанды қанттай тәтті жастыққа қарай лақтырдым,
Меңдуана сияқты тұнық бастауды уладым.

Перзенттік іңкәрліктің митридаты төгілген кезде,
Жүрегім қызғаншақ тікендей жиырылды,
Тәтті жүзімге айналып, алхорыдан бас тарттым,
Қайырсыз кеудемді өртеп бара жатқан белгісіз өрт,

Қылыштың жүзінде табиғат ананың дәмді сүті бар:
Менің ащы сөздерім оның тәтті ойларын оятты,
Зұлымдық арамшөптері мейірім гүлдерін солдырды25

Іріп-шіру мен у метафораларын қолдана отырып, Лир пайдалы әрі құнарлы нәрселерді ауру, қайғы мен өлім ұрығын себетін нәрселерге айырбастап жібергені үшін өзін-өзі кінәлайды. Ол Табиғаттың пәк қалпын былғағаны үшін жауапкершілік арқалайды. Лирдің ботаникалық-медициналық метафорасын дамыта отырып, Периллус (Perіllus) «жақсы жетік» үлгілерді (балды, сүтті, шырынды, қантты, құнарлы) қалыптастыруды «жаман» үлгілердің («тікенек», «сортаң», «тұзды», меңдуана мен ащы жусан) болуы зақымдай алмайды деп ұйғарады.26 «Король Лирдің» «пайдасыз арамшөптері» сияқты «Шынайы тарихи хроника» (True Chronіcle Hіstory) еңбегінің «өшпенді арамшөптері» де корольдің жерді бөліске салып, нағыз жақсы қызын өзінен алыстатқан «табиғатқа шетін» шешімінің апатты зардаптарын меңзейді. Екі тізімде де «меңдуана» бар. Кейінгі пьесада арамшөптердің «жақсы жетік үлгілерінің» тізімі жасалған; олардың әрқайсысы қазіргі заманның ерте бастауларында нәрлі, шипалы қасиеттеріне («немесе ізгі сипаттарына») қарай тағамға қосылып, саяси трактаттарда діннен безуге, іріткі салуға, бүлік жасауға қарсы ем ретінде қолданылды.27 Мысалы, митридат обаға қарсы қолданылатын айрықша әмбебап қасиеттері бар уды залалдандырғыш деп есептеледі. Бірақ уағыз таратушы Томас Уайт үшін ол – «барлық опасыздықтарға, бүліктерге, өзгерістер мен жайсыздықтарға қарсы» ішірткі болып саналды; Фрэнсис Тригге 1604 жылы оқшаулық нәтижесінде фермерлер мен отбасылар шеккен зияннан тек қана митридат құтқара алатыны туралы жазды».28 «Король Лирдің» ботаникалық, медициналық әлемі мұнан әлдеқайда күрделі. Емші ұйқыны шипа ретінде ұсынады: «Түсте көптеген қарапайым істерді/жүзеге асырса, оның қуаты/азаптың көзін жоқ қылады» (18.14–16). Бірақ «жаман», «жақсы» үлгілердің салыстырмалы түрде қарапайым ғана жиынтығы бар «Шынайы тарихи хроникаға» қарағанда «Король Лирдің» 18-көрінісіндегі жердің әрі қарай «пайдасыз арамшөптердің» ықпалына қарсы тұратын «жақсы үлгілерді» өсіріп шығаруға шамасы жоқ. Соған байланысты Корделия «жарылқаушы құпиялары» мен «жердің жарыққа шықпаған ізгіліктерін» «менің көз жасым үшін көктемді кері қайтарыңдар» деп сұрайды (ll. 17–19). Мұндай «үлгілер» жаңадан өсіп шығуы тиіс, өйткені олар бұл қарғыс атқан жердің бетінен жойылған. Үйбидайықты Лирдің тәжіне қосу Вергилийдің ишарасына христиандық бояу дарытады, ал бұл – бір ғажабы, пьесада жоқ нәрсе. Қазіргі заманның ерте бастауларындағы діни түсіндірмелерде үйбидайық Христостың бидайының арасынан табылған «сиыржоңышқамен» теңестірілді (Matt, 13: 24–30, 36–43). Діни бөліністің екі жағында да бидай мен сиыржоңышқа туралы тәмсіл шынайы доктрина мен дінбұзарлықты ажыратудың қиын екенін меңзеді. Қарамықша мен үйбидайық туралы тарауда Левинус Лемниус Інжілде Хритостың «зиянкес арамшөптердің сипаттары мен қасиеттерін» «қауіпті, зиянды, зардапты, бұзық әрі екіжүзді доктринаның» метафорасы ретінде пайдаланады.29 Лемниус бұл тәмсіл жақсы реттелген өлшемді білетін, парасатты билеушілердің қажеттігін христиандардың есіне салады дейді: «Бірақ Шіркеудің де, Қауымдастықтың да бейбіт өмірі мен тыныштығына нұқсан келтіретін ең қауіпті адамдарды тиісті жазаға тарту үшін ол [Христос] магистраттың беделіне бағынып қана жүгінеді».30 Сондықтан «Шіркеу мен Қауымдастықтың» басшысы саналатын король үшін «ібіліс» әзәзілдігінің белгісі ретінде үйбидайықты тағып жүруі ақылға сыйымсыз. Эдмунд, Гонерил мен Реган сынды бүлікші адамдарды тек билік тұлғасы болумен, сұңғылалық арқылы ғана ажырату мүмкіндігі бар; Лир егін жинау маусымы кезінде арамшөптерді жоюға әлсіз әрекет жасағанымен,31 бұл жұмыс мүлде қолынан келмейді, оған қоса бұл өзі тоқтатуға тиіс көтеріліс күштерімен байланысқан. Ол шипаның емес, сырқаттың бір бөлшегіне айналады. Басқа жағынан алсақ, үйбидайықты «пайдасыз арамшөптердің» тәжіне өру Лирдің жағдайын бейнелеуге, сондай-ақ оны осы күйге тіреген саяси пайым қателіктеріне қосымша реңк беретін жалпы естеліктер мен тәжірибелерге сүйенеді. Үйбидайық тағамдар тізбегіне, көбіне нан не сыраға қосылған кезде ессіздікке ұқсайтын зардаптарға алып баратын. Мысалы, Жерард «мастарды» шақырып алып, «көздерін бұлдыратып, үндерін шығармай тастайтынын» айтады; Томас Купер үйбидайықтың lolіum деген латынша атауын пайдалана отырып, оны «ыстық нанмен бірге жеу... адамның басын қатты ауыртатынын» сипаттайды; Дю Бартас мұны «бас айналдырғыш үйбидайық» деп атайды (1-сурет).32 Т.Дж. Кинг айтқандай, Корделияның үйбидайық туралы сөздері «пьесаның басқа бөліктерінен табылатын ессіздік пен соқырлық тақырыбын нығайтуға септесуі мүмкін» деп есептейді.33 Лирдің тәжіндегі үйбидайық пен басқа «пайдасыз арамшөптердің» зиянды салдарларын Корделия мен Емші 18-көріністе аңғартады; олар «жәрдем мен сауығу» қажет дей отырып, «жай әсер еткенде, күші/азаптың көзін жоқ қылатын» есірткі шөптеріне қарсы амал ойластырады (18.18, 15–16). Үйбидайықтан өрілген тәжді әзірлеген кезде Лир пьесаның барлық тұсында байқатып отырған дене, ой мен сезім сергелдеңімен байланысты ғана емес (және көзінен айырылған Глостер басқаша жолмен), тап осы мазасыздықты туғызған өсімдікті таңдады. Дегенмен Лирдің өсімдікті таңдауы сыншылар осы уақытқа дейін айтып келгенге қарағанда, әлдеқайда нәзік әрі күрделі. Денсаулығына зиянды тамақты жеген кезде, жүрегін айнытатын жиіркенішті нәрсені байқамай жұтып қойған жануар тәрізді Лир де өзінің ауруын қоздыратын, еміне жол сілтейтін арамшөпті жұлады. Аурумен күресу үшін белгілі уларды пайдаланудың Парацельс енгізген қағидасын еске салған «пайдасыз арамшөптердің» тәжінің өрімінде ағзадан улы заттарды шығаратын өсімдіктер бар: аран теріні, бауыр мен талақты тазалау үшін несеп жолының жұмысын жақсартатын дәрі ретінде қолданылған; убалдырған мен үйбидайық іш айдайтын дәрілер есебінде болған, есірткілік қуаттары кәдеге жаратылған; олардың тап осы қасиеттерін Корделия мен Емші сипаттап береді.34 «Король Лирдегі» Вергилийдің әдеби дәстүрлері заманға сай ботаника, жер шаруашылығы, саясат, дін мен медицина пікірсайыстармен ұштаса көрініс тауып жатады. 1-сурет. Қызыл және ақ үйбидайық. Джон Жерард. Өсімдіктердің шөп ретіндегі жалпы тарихы (Лондон, 1597), 71. Жалпы ақпараттық топтама. 449.к.4.

©Британ кітапхана кеңесі. Барлық құқықтар сақталған.

Азық-түлікпен қамтамасыз етудің орнықсыздығына бізге қарағанда жақсырақ бейімделген дәуірлер әдебиетінің арамшөптерге айрықша мән беруі енді түсінікті болар. Тағамдар тізбегінің ласталуы қолайсыздық тудыруы өз алдына кей кезде апат төндіруі де ықтимал еді. Бұл нәрсе «Король Лир» арнап жазылған аудиторияның назарына ілікпей қалмауы мүмкін емес-ті; үйлесімділік, бүліншілік пен опасыздық туралы пьеса өне бойында өзі зақымдаған бидайдан аумай қалған улы үйбидайыққа ұдайы көңіл бөлу керек екенін меңзеп отырады. Заманауи ботаника мен генетиканың тілі бұл құбылыстың неліктен, қалай жүзеге асатынын түсіндіріп бере алғанымен, ерте кезеңдегі адамдардың астарлы өз терминологиясы болды. Мысалы, Жерард дала өсімдіктерінің арасындағы үш түрлі сипатты бөліп көрсетеді; «ақымақтар», «туыстар» (немесе «мейірімділер») мен «жетесіздер». «Ақымақтар» өздерін бір-бірімен жиі шатастыратын өсімдіктерді білдіреді; «туыстар» – өзара тығыз байланысты өсімдіктер; «жетесіздер» еліктегіш, бірақ дәрежесі төмен, басқа өсімдіктерді өз пайдасы үшін қысымға ұшырататын өсімдіктерді сипаттайды. Терминология, әсіресе «Король Лирдің» контексінде ойға қалдырады. Біз шын бидайды, «ақымақтық» бидайы мен үйбидайықты білеміз. Эдгар бар, «ақымақтық» Эдгары бар: ол – 1608 жылғы квартодан бастап «Жетесіз» деп аталатын, осы сөзге лайық әрекет етіп, сөз құбылтатын Эдмунд.35 Лирдің «пайдасыз арамшөптерден» өрілген тәжін қысқаша сипаттап, корольдің «бидайдың» орнына «үйбидайықты» таңдағанын көрсеткенде, Шекспир жеке, саяси проблемаларды өз трагедиясының өзегіне айналдырады: әке сенімді, заңды ұлы Эдгарға қарағанда бәрін бүлдіргіш «жетесіз» бала Эдмундқа басымдық береді; бұл іштей бүлдіргіш әрекеттің пайда болуына жол ашып, король өз борышын өмірінің күз маусымымен қорлау арқылы жанды пейзаж бен оның аясындағы адамдарға қатерлі зардаптар төндіреді. 18-көріністегі «биік шалғынды алқап» бізге Лирдің Англиясын бір мезгілде мифтік әрі тарихи, символдық әрі нақты сипатта қабылдауға мүмкіндік береді. Ричард Даттон айтқандай, пьесаның «уақыт заңын жоққа шығаруы», оның «мифтен тарихқа қарай байыппен ғажайып жылжуы» көрермендерді осы жерде, тап осы мезгілде бір сілкіндіріп, өз заманынан қатарлас сәйкестіктер іздете бастайды.36 «Король Лирдің» заманмен үндестігі, Даттонның пайымынша, «оқшаулық саяси мәдениетінің түп-төркіні туралы аңсарлы шындықтарды», сондай-ақ романтика мен қиял сипаттарын жанды түрде бейнелейтін мифтер арасындағы әрлі-берлі ауытқуынан көрінеді. «Король Лирдегі» біз анықтап берген еліктеу мен іштей бүлдіру әрекеттеріне ұмтылыстар мен күнкөріс дағдарысы Шекспирдің 1590 жылдардағы Тюдор әулетінің жарыққа шығуы мен 1600 жылдардың басындағы қайғы-қасіреттің елесін жаңғыртатын барлық тарихи пьесаларында орын алып, Стюарт әулетінің заңдылығын әрқайсысы өзінше ежіктейтін «Гамлет» (1600–1601) пен «Макбетте» (1606) із қалдырған. «VІ Генрих 1» (1592) мен «V Генрих» (1598–1599) пьесаларының ізінше «Король Лир» (1605–1606) үйбидайыққа жүгінетін үшінші, соңғы шығарма болып саналады. Бірінші, екінші тетралогиялардың алғашқы екі пьесасы үйбидайықты, сондай-ақ оған қатысты бейнелерді, ауыл шаруашылығы мен үкімет арасындағы сәйкестікті байқату, азық-түлікпен қамтамасыз ету мен ұлттық қауіпсіздіктің заманауи проблемаларын зерделеу үшін пайдаланады. «VІ Генрих 1» пьесасында қара күйе жағылған Жанна д’Арк (La Pucelle) үйбидайықтың опасыз сипаттарымен байланыстырылады. Ол Руанда ағылшындарды келемеж етеді.

ЖАННА Д’АРК

Қайырлы таң, мырзалар. Жүгері нан жейсіздер ме?
Меніңше, Бургундия герцогы соншалық қымбат бағаға,
Қайта сатып алмас бұрын тез әрекет етеді.
Мынау түгелімен үйбидайық. Сізге дәмі ұнай ма?

БУРГУНДИЯ ГЕРЦОГЫ

Дүниеден безген, жексұрын сайтан, ұятсыз жеңілтек,
Мен сені өз қолыммен ұзақ буындыратыныма күмәнім жоқ,
Сонда сен бұл жүгерінің жемісін қарғайтын боласың.

ЧАРЛЬЗ

Мәртебелі қымбаттым, бәлкім, мерзімінен бұрын ашығарсыз.

БЕДФОРД

Сөз бермеңдер, іске кірісіңдер, опасыздықтың кегін қайтарыңдар. (3.5.1–9) Бұл арада үйбидайықтың дәмі, негізінен айлакерлікпен қол жеткізілген жеңілістің ащы дәмінің метафорасы. Француздардың әскери тобы қалаға жүгері сатушылар кейпінде кіріп, гарнизонды жеңеді; бұл арқылы олар тағамдар тізбегіне еніп кеткен үйбидайықтың әрекетіне дәлме-дәл еліктейді. Руанды басып алу – Шекспирдің бұл пьесасындағы өз дереккөздерінен ауытқуының азғантай мысалдарының бірі;37 мұның себебі, оның 1590 жылдары сыртқа шығарылатын жүгерінің бағасы мен тазалығы туралы қоғамдық ортада дабыл қаққанынан туындаса керек. Мұндай мазасыздық 1590 жылдың мамырынан тамызына дейінгі уақыт аралығында ІV Анри әскері қоршап алған Париж тұрғындарының «бұршақтан, үйбидайықтан, сұлы мен емен жаңғағынан» жасалған нанмен, ағаш үгінділерімен, тіпті өлекселердің сүйектерімен қоректенгені туралы қауесет тараған соң, әбден ушығып кетті.38 Бұл онжылдық ішінде егіннің ойдағыдай шықпай қалуы елдің өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігінің төмендеуінен көбіне ластанып, оның үстіне артық бағамен сатылатын (нәтижесінде Жанна д’Арк айтқандай, «соншалық қымбат бағаға сатып алу») шетелден келген тамақ өнімдеріне үміт артуынан алаңдаушылық күшейіп кетті.39 Р.Б. Оутуейт айтқандай, «тапшылық» екі мағынада болды: тамақтың жетіспеушілігі мен қымбаттығы «нан мен сыраның... бағасының күрт өсуі» мен алынатын астық өнімі құнының көтеріліп кетуі».40 Бірқатар мәлімдемесінде Елизавета ханшайым жүгерінің бағасын, тазалығы мен бөлінісін бақылауға алып, оның сырттан әкелінуін шектеуге тырысты.41 Фрэнсис Тригге үшін таққа келетін король Джеймске бағыштап айтқанда, адам санының аздығы әскер қатарының толмауына ұшыратып, ұлтты шетел басқыншылығынан қорғануда дәрменсіз етеді: «[Камден] Англия күллі Батыс империяда жүгері сақтайтын жалғыз қойма болды... деп жазады. Ол күндері Англияның басқа елдерді жүгерімен басып салуға шамасы жететін еді: бірақ қазір кей кезде ол өзі үшін жүгеріні өзге жұрттан сатып алғанға мәз болады... Жер өңдеу барлық нәрсенің алдында тұрады да… өз халқының қуатын азық-түлікпен күшейту, уайымын жоқтайтын сайыпқыран жақтастарын көбейту арқылы патшаның төбесі көкке жетеді»42. Соғыс себеп болды ма, әлде егіннің шықпай қалуы зардабын тигізді ме, қалай десек те, әсіресе қалаларда азық-түлік қорларының тапшылығының қаупі ерекше еді, ал олардың тұрғындары көп ретте сатылған дәннің сапасы мен тазалығына мұқият зер сала бермейтін диірменшілер мен астық әкелушілердің қолына қарап қалды.43 «VІ Генрих 1» пьесасында сырттан әкелінген «былғанышты» жүгерінің салдарынан абыройы қашқан Руан 1590 жылдардағы Англиямен (яғни, аштық алдында), дәрменсіз аралға айналады. Сондықтан өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасы етуге шамасы жетпейтін, ең болмаса бейбіт жолмен басқаруға көнбейтін Лирдің Британиясы шетелдік күштердің қолымен тәртіп орнағанына мұқтаж болып қалды. Жақсы жолға қойылған жер шаруашылығы арқылы ұлттық қауіпсіздікке табанды түрде ұмтылыс Шекспирдің «V Генри» пьесасындағы Бургундия герцогының сөзінен аңғарылады (5.2.33–62). «Құнарлы Франция», – дейді ол күрсініспен; таяудағы соғыс оны ойсыратып кетіп, жүгері алқаптарын арамшөптер жүгенсіз қаптады. Оның бейнелі сөздері «Гамлеттің» пайымына жол ашып береді. Онда дат принці дүниеге былай деп шағым айтады: «Мынау егусіз қалған бақша/Бұл өсімдік – тұқым үшін; заттың дәрежесі мен ірілігі табиғатында/ оған тек ие болу керек» (1.2.135–37). Бұл «ІІ Ричард» пьесасындағы бақша көрінісімен (3.4) және Джон Гонттың сол пьесадағы сөзімен (2.1.31–68) үндеседі; сөйтіп, «әлемнің ең тамаша бақшасын» «жарылқаушы бақшамен» және «өнер, молшылық пен қуаныш сыйлайтын қымбатты қамқоршыны» «корольдің королінің аста-төк аялы алақанымен» алмастырады.44 Бірақ «Король Лирдегі» сияқты «V Генрихте» де арамшөптер тек мемлекет метафорасымен ғана емес, «шалғынды алқап» жыртылған жермен байланыстырылады. Тұрақты қақтығыс адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жерді өңдеуге жол ашатын «ғылымдардың» (5.2.58) ұмыт болғанын көрсетеді:

Өкінішке қарай, ол Франциядан тым ұзақ қуғындалды,
Оның өңделген жерлері үйме-жүйме шашылып жатыр,
Бүлінгіштік оның өз құнарында.
Оның жүрекке шаттық дарытатын жүзім сабағы,

Кеспегесін өледі; оның қоршауы, тіпті шайқатылып тұр,
Сақал-мұрты қауғадай боп өскен қамаудағы адамдар сияқты.
Бұтақтары ойдақ-сойдақ; оның шалғынды алқабында,
Үйбидайық, убалдырған мен сасық аран,

Тамыр тартқан; ал осы жабайылықты жоя ма деген,
Соқаны тот басып, шіріп жатыр.
Тіпті бал – ешқашан тәттісін ұсынбайды,
Ала бас сиырлар, қарабасшөп, жасыл жоңышқа,

Ұйпа-тұйпа болып, шалғыны күтеді, қаз-қатар,
Самарқау ойланады, молшылық нышаны жоқ,
Тек сүйкімсіз қымыздық, дөкір түйетікен,
Сабағының іші қуыс убалдырған, ошаған,

Олардан сұлулық та, пайда да жоқ. (5.2.38–53) «Үйбидайық, убалдырған мен сасық аран» «Король Лирдің» 18-көрінісінде Корделиның әкесіне берген мінездемесінде қайта көрінеді; ал Бургундия ханзадасының әңгімесіндегі «қымыздық», «ошаған», «жатыпішерлік» сөздері Корделияның кейінірек айтатын «түйжапырағы» мен «пайдасыз арамшөптеріне» негіз қалап береді. Шекспир жай ғана өзін-өзі қайталамайды болмаса ілгерідегі туындыларын жаңадан өңдемейді. Ол Англияда жалғасын тапқан ауыл шаруашылығы құлдырауы мен азық-түлік тапшылығы аясында өз пьесаларындағы бұрынғы көріністерді салыстырмалы түрде мұқият жаңғыртады. «Енді жалға берілген...//ошағы сөніп, иесіз қалған ферма сынды» (2.1.59, 60) Джон Гонттың Англиясы да Бургундиялық Франция болып саналады; екі жер де Лирдің Британиясында бедерленеді. Өзінің жабайы ескілігіне қарамастан, ақырғы әлем – Глостер мен Эдгарды Дуврға бара жатқан жолда кездестіретін «Егде адам» сияқты «жалға алушы» шаруалар қоныстанған (15.10) «азып-тозған//ашық-шашық қараусыз қалған фермалар, қой қотандары мен диірмен» (7.182–183) жайғасқан ғажайып үйреншікті мекен; басқаша айтқанда, Шекспирдің әуелгі аудиториясына етене жақын қоныс. Шекспир аудиториясы мәдени өсімдіктерді терең білетінін көрсететін. Бұл ботаникалық-саяси дискурс оның барлық пьесаларында кеңінен көрініп, «Макбет» пен «Гамлет» туындыларындағы І және VІ Джеймстің әрекеттеріне әрқилы сипат береді. Мұндай дискурс біздің бұл пьесаларды бір-бірінің аясында қайта қарауымызды талап етеді. Үйбидайық тәрізді қарамықша (cockle) да – жүгері алқабында өсетін арамшөп, оның атауы ағылшын-саксонның «тұншықтыру» деген мағына беретін ceocan сөзінен шыққан, ол жүгерінің өмірін тұншықтырады.45 Левинус Лемний: «Қарамықша (Cockle) мен үйбидайық (Darnell) дегенде жақсы жүгеріні шырмап алып, өсуіне кедергі жасайтын зиянкес, сасық, жарамсыз өсімдіктерді түсінеді; мұндайда жүгері қысымға ұшырап, жайлы ылғалдан айырылып... ойдағыдай жеміс бере алмайды».46 Библияның дәстүрлі аудармалары мен түсіндірмелері, ауыл шаруашылығына қатысты нұсқаулықтар, жер өңдеу тәжірибесіне байланысты әдебиет47 қарамықша мен үйбидайықтың көтеріліс, азаматтық алауыздық пен саяси сыбайластықтың символына айналғанын көрсетеді. Кориолан жүгеріні плебейлерге (қара халық) патрицийлермен (ақсүйектер) бірдей бөлу арқылы билеуші тап «біздің сенатқа қарсы/ бүліктің, дөкірліктің, анайылықтың қарамықшасына «қорек береді», ал біз оны өз қолымызбен жыртқан жерге егіп, жан-жаққа тараттық».48 1608 жылы жазылған деп есептелетін бұл Рим тақырыбындағы пьесада тағамдық заттардың тазалығы мен астықтың бөлінісі қайғы-қасірет пен азаматтық толқулардың бірден-бір себебі ретінде көрсетіліп, іріп-шіріп азғындаған дәнді-дақыл метафоралық тұрғыдан «таза» римдіктер мен «лас» римдіктердің араласуын тұспалдайды. Осы секілді Лирдің жерге қатысты шаруадағы қырсыздығы мен сүйіспеншілікті анықтау сынағындағы қателігі «пайдасыз арамшөптерді» қалдырып, олардың «жайқалған жүгерінің» тіршілігін тұншықтыруға жол ашып берді; мұндағы айлакер бейнелер – Гонерил, Реган мен Эдмунд болса, «ізгі» жандар – Корделия мен Сайқымазақты демнен айыратын дар ағашы күтіп тұрды. «Тұншығу» сияқты «жарылу» да – дәнді дақылдардың тынысы тарылудан не ауа жетпеуден солып қалуын білдіретін жұқпалы ауру. «Тұншығу» Шекспир үшін іштен бас көтеруді аңғартса, «жарылу» мұндай әрекеттердің кең ауқымдағы жаппай зардаптарын танытады. Біз «Король Лирде» «ойрандалған даланың» сипаттамасын көрмесек те, ол «Макбетте» бар (1.3.77); Лир өзінің үлкен қызы Гонерилді қарғап, оған «ең жаман жарылыстар мен тұманды» тілейді (4.290). Мәдени өсімдіктердің ауруын білдіретін «жарылу» ең берісі 1577 жылдан бастап қолданылады; Конрад Хересбахтың «Ауыл шаруашылығының төрт кітабы» еңбегінің Барнабе Гудж жасаған аудармасында жүгеріні «бос алқапқа егуге» кеңес береді; осылайша оны жарылудан да, зең басудан да сақтауға болады».49 «Ойрандалған дала» сөз тіркесі де ауа райының қолайсыздығынан зиян шеккен жер бедерін сипаттауы мүмкін. Мұндай зарарлы әсер соттың ішкі ортасындағы саяси сыбайластықтың жерге, одан әрі қарай табиғи тәртіпке (табиғат циклына) тигізетін ықпалының символы болып саналады.50 Гудж «жарылуды» (blast) «зеңмен» (mіldew) жұптастырады.51 Сонымен «зең» mіldew-дің (mіl) (немесе қазіргі заманның ерте бастауларындағы орфография бойынша) бөлігі балдан шығады (оны тәтті болады деп есептейтіндіктен), «жарылу» сияқты зең де (бұл жерде fungus – арамқұлақ /саңырауқұлақ түрі/) дәнді-дақылдармен байланыстырылады (meal (тамақ) мағынасын беретін mіl-мен бірлікте). Сондықтан «Король Лирдегі» Бишара Том сияқты Эдгар да өзінің ізінен қалмай жүрген гномдардың (ергежейлілердің) үсті-басында ақ бидайдың «зеңі» бар деп ойлайды (11.105–6).52 «Король Лирге» сүйеніп, сондай-ақ «Гамлеттен» көргеніміздей, 1578 жылы Джон Лили «тамақ» (meal) не «бал» (mіl) «дымқылы» мен «жарылуды» бір үзікте пайдаланып, үйбидайық пен бидай арасындағы айырмашылықты егіз ер адамның өзгешелігін білдіретін метафора есебінде ұсынады. Табиғат қарама-қарсылықтардың жұбын туғызады: «Арыстанның демі жылан мен құмырсқаны жарататыны сияқты жердің дымқыл қуаты үйбидайық пен бидайды өсіріп шығарады: болмаса шығыстан соққан жел бүршік жарып, шешек атқызса, осылайша құрсақ ақылға қарамастан ұрықтанып, емізген сүт мінез-құлықты әртүрлі етіп, табиғаттың алдында өзінше бір нәрсені дәлелдейді, мен бұдан артық кереметті білмеймін, мен мұны ақылға сыймайды деп айта алмаймын».53 «Король Лирде» үйбидайық пен бидай арасындағы байланыс некелі ұл мен оның «жетесіз» бауыры арасындағы қарым-қатынастың метафорасы болса, Лилиде ол табиғаты қарама-қарсы жаралған егіздерді білдіреді. «Гамлетте» ағайынды Үлкен Гамлет пен Клавдий арасындағы айырмашылық «дені сау» бидайдың «зең басқан» туған бауырынан дерт жұқтырғанын аңғартады. Анасын Клавдийдің Үлкен Гамлетті ауыстыруына (немесе оған еліктеуіне) рұқсат еткені үшін кінәлаған Гамлет: «Міне, сенің күйеуің, зең саңырауқұлағы тәрізді/Өзінің дені сау бауырын жарған (аздырған)» (3.4.63–64). Зең мен жарылу ұштасқан бұл жолдарда «жарылу» дәнді дақылдардың ауруын меңзеп, пьесада бейнеленетін оба мен опасыздық метафорасын қайталайды.54 Гамлеттің өз әкесін бидайдың «зең саңырауқұлағы» деп сипаттауы Үлкен Гамлеттің оны у беріп өлтіруі туралы айтқан сөзін еске түсіреді: «Құтыдағы антұрған удың (хебенонның) шырыны,/Менің құлағымның кіре берісін толтырды/Алапестің ағыны сынды» (1.5.62–64).55 Бұл у (хебенон) туралы Шекспирдің бір-ақ рет келтірген сөзінің нені білдіретінін сыншылар әлі анықтай алмай келеді.56 Шекспирдің басқа жерлерде улы өсімдіктерді дәл сипаттағанын есепке ала отырып, «хебенон» атауын жұмбақ күйінде арнайы қолданған деп шамалауға болады. Үлкен Гамлет пен VІ Джеймстің әкесінің өлімдері арасындағы сәйкестікке орай, анықталмаған У.Шекспирдің Дарнлиді ажал құштырған қаныпезердің кім екеніне қатысты дипломатиялық тұрғыдан нақты пікірі болмағанынан хабардар етсе керек.57 Бірақ үйбидайық пен «хебенон» арасындағы сәйкестіктер, Дэн Брайтон айтпақшы, өзін «жер қожасы» деп атаған жаңа король І Джеймс туралы сол замандағы күрделі саяси қауесеттерді астарлаған «Король Лирдің» 18-көрінісін оқып шығуды талап етеді.58 Джеймстің әкесі – Генри Стюарт, Лорд Дарнли Үлкен Гамлеттің бейнесіне көшірілсе, оның есімі Лирдің үйбидайығында (darnel) құпияланған болып шығады.59 Стюарттың Үйі Дарнли мен Стюарттың Үйі іспетті; бүгінгі орфография бойынша стандартталғанымен, lea-ның не үйбидайық алқабының (lea) басқа нұсқасы ley-мен берілген Дарнли (Darnley) мен (l) (Үйбидайық) қазіргі заманның ерте бастауларындағы жазылымның нұсқалары болды. Джон Стоудың «Хроникалар» (Chronіcles, 1580) еңбегінде оның есімі «Дарнли» (Darnley), «Дарнели» (Darneley) деп жазылған; Рафаэль Холиншедтің «Хроникалар» (Chronіcles, 1586) шығармасының екінші томында «Дарнелей» (Darneleіe) деп берілген.60 «Гамлет» пен «Макбетте» Тюдорлар Үйін ығыстырған Стюарт Үйі пайда болғаны сияқты Тәждер Одағын сөз ететін «Король Лирде» арамшөптерден өрілген тәж киіп, биік шалғынды алқапта тұрған бұрынғы корольдің бейнесінен қатардың бас жағында екпін түсіріліп, мән беріліп, көзге айқын ерекшеленген үлкен «D» әрпі бар «Үйбидайық» (Darnel) көрінеді. Бұл бейне Джеймсті өзінің мұрагерлік мәселелері мен жердің байлығын игерудегі қазіргі және болашақ қызметі туралы толғандыруы тиіс. «VІ Генри І» пьесасының 2.4-көрінісінде Ғибадатхана бағындағы ақ және қызыл раушандарды таңдау сияқты бұл сәт Стюарттың Англия корольдер Үйіне екіұшты сипатты телиді. Бидай тәрізді үйбидайықтың да қызыл және ақ түрлері бар.61 Тюдорлар Үйінің азамат соғысында шыңдалып шыққан қызыл және ақ раушандары король Лир тәжінің қызыл-ақ үйбидайығына айналды. Халықтың санын азайту, азық-түлік тапшылығы, діни, әлеуметтік алауыздықтар, сарқылған қазына – Джеймстің мұрасы бұдан артық уға бөккен болуы мүмкін емес. «Король Лир» 1604 жылы король Джеймстің таққа отырып, тәж кию үшін Лондонға тым ұзаққа созылып кеткен сапары кезінде қолға алынды; нақ осы уақытта көптен күткен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде корольдіктер бірігіп тынды. 1604 жылы Шекспир қырықты толтырды; содан соң, демалысқа шығуы мүмкін екенін ойластыра бастады.62 Бірақ бейбітшілік пен бақуаттылық кепілі бола ма деген жағдай ұзақмерзімге ұласқан азаматтық, әлеуметтік толқуларға алып келді; оларды егіннің шығымсыздығы, аштық пен тоя тамақтанбау әкелген ажал мен жер қоршаулары туындатты. 1607– 1608 жылдары Мидлендсты жайлаған бүліктер «Кориолан» (Corіolanus) трагедиясы үшін заманауи контекске айналды.63 Алайда біздің көргеніміздей, XVІ ғасырдың екінші жартысында астық пен оның шығымы, жеткізілім бағасы алаңдатарлық күйде қала берді. Шекспирдің тек Рим тақырыбындағы ғана емес, 1590 жылдар мен ХVІ ғасырдың басындағы басқа пьесалары үшін де маңызды контекске ие болды. Астықты заңсыз түрде қамбаға жинау азық-түлік тапшылығының мұндай кезеңдерінде жағдайды ушықтырған жағдайлардың біріне айналды. Шекспирдің өзі осындай әрекеті үшін айыпталды. Лондонда тұрғанына қарамастан, ол Стратфорд пен оның төңірегінде біраз мүлік ұстап,64 сол жерде 1590 жылдар мен XVІІ ғасырдың басындағы бір-екі жыл ішінде жергілікті сыра қайнататын сауда мекемесіне тұқымды артық бағамен сатты;65 ал 1605 жылдың шілдесінде «жүгері, астық, соқа мен пішенді» жартылай жалға алу үшін £440 көлемінде ақша төледі.66 Шамамен алғанда, осы уақытта Шекспир «Король Лир» әлеміне қосқан үлесін өз мұрасын сақтап қалу үшін қолынан келгенін жасап бақты. 1596 жылғы 20 қазанда Әскери колледж оның герб туралы сұранысын қанағаттандырды.67 Шекспир сол замандағы таңбалар (геральдика) жөніндегі ең танымал нұсқаулық – Жерард Легтің «Қару-жарақ палатасы» (The Accedens of Armory) еңбегіне жүгінген сияқты.68 Шекспир «Қару-жарақ палатасына» сілтеме жасауы әбден мүмкін. Өйткені онда Ішкі ғибадатханада 1561–1562 жылдары өткен салтанаттар туралы мағлұматтар бар; оған «Король Лирдің» ақырғы дереккөзіне айналып, драматургтың опасыздық пен бүліншілік бейнелерін жасауына шабыт берген Нортон мен Саквиллдің «Гордобук» (Gorboduc, 1561–1562) еңбегі қосылды.69 Алайда ғалымдар Легтің трактаты Король Лир тарихының дереккөзі екенін аңғармады.70 Легтің түсінігі Холиншедке жол ашады, сондықтан Шекспирдің пьесасына осы аралық дереккөз арқылы мәлімет ұсынуы ықтимал. Негізінде, Легтің мәліметтері Монмуттық Джеффридің «Британия патшалығының тарихы» (Hіstorіa Regum Brіtannіæ) еңбегінің 2-кітабында берілген нұсқаға біршама жақын.71 Легтің Лир (leyr) мен оның қызы әрі мұрагері (doughter and heіre) Корделия туралы тарихты өзі жер құнарымен байланыстыратын әйелдердің билікке араласу құқығын жақтау үшін пайдаланғаны оның нұсқасын Шекспирдің пьесаларын экокритицизм тұрғысынан талдау мен король Лирдің азық-түлікпен қамтамасыз ету саясатына араласуын зерттеуге қолайлы мүмкіндік береді. Легтің гербі Корделияға, бидай бумасын білдіретін басқа жер иеленуші әйелдерге сәйкеседі.72 «Гарб» (Garbe) деп аталған бұл герб «Көгілдір алқаптағы» алтын «бидай бумасын» көрсетеді (2-сурет).73 Әкесінен мұрагерлік иемденіп отырған, билік құқығы бар әйел заты ретінде Корделия әулет шежіресі сондай мүмкіндік беретін Элизабет ханшайымның заңды тұғырын растап береді.74 Корделия мен Элизабет сияқты король әулетінен шыққан әйел затының мистикалық мағынасында гербпен бірігу арқылы символ тұрғысынан жерге ұқсау құқығы болғандықтан, олар бидаймен байланыстырылатын ауыл шаруашылығы мен құнарлылық құдайы Церераға телінеді. Легтің пікірінше, «Гарб» (Garbe) гербін «мадақтаудың» қажеті жоқ, «өйткені барлық адам онсыз өмір сүре алмайтынын айтып жалбарынады».75 Бұл гербті иемденген әйел халық үшін күнделікті наны мен сырасы сияқты қымбат; оның маңайда ұдайы жүруі жер құнарлылығын қамтамасыз етеді. «Король Лирді» Легтің «Қару-жарақ палатасы» аясында қарастыру Шекспирдің пьесасы хорографиялық мәтін екенін растайды, яғни ол адам кіндігі жермен байланысты болатынын, жалпыға бірдей жад пен білімді хатқа түсіру мен таратуда жердің маңызы қандай екенін бейнелейді. Шекспирдің пьесасында жердің маңызды орын алатынын 1.37-көріністе Британия картасы куәландырады. Осы пьесадағы не Шекспирдің кез келген пьесасында еске алынатын азғантай көріністік заттардың бірі ретінде Лирдің картасы Уильям Камденнің 3-суреттегі «Британия» (Brіtannіa) фронтисписі сияқты көрініс тапқан. Сол жақта теңізді білдіретін Нептун мен оң жақта жерді меңзейтін Церера бар карта «Король Лирдің» 18-көрінісіндегі «шүйгін шалғынды алқаптың» символдық, саяси мәнін еске салады. Майкл Брайтонның 1612 жылғы «Поли-Олбион» (Poly-Olbіon) фронтисписіндегі сияқты Британия жері Церера арқылы бедерленген.Церера – Алтын ғасыр құдайы, әділдік кепілі Астрея Арумен байланыстырылып, айрықша белгісі бидай болды; Ару (Бикеш) шоқжұлдызындағы «ең жарық жұлдыз» болып саналатын Спика латыншада – «бидайдың сабағы» деп түсіндіріледі.76 Қазіргі заманның ерте бастауларында жүгері мен бидай ұлттың өмірлік қуаты мен дара бітімін білдірсе, егін жинау маусымы (тамыздың соңы, Күн Ару шоқжұлдызына енетін уақыт) оның болашағын айқындауда маңыз рөл атқарды. Бұл дәстүр Шекспирге тек «Қару-жарақ палатасынан» ғана емес, сондай-ақ Спенсердің «Mutabіlіty Cantos» шығармасы арқылы да таныс болды; тамыз айы «бидай сабағымен» әшекейленген Астрея Арумен сәйкестендіріледі:

Бұл пәк Ару еді,
Жер бетінде өмір сүріп, молшылықпен жарылқайтын;
Бірақ қателіктер жайлап, әділ шешім іздегенде,
Ол ессіздік әлемін тастап, уағыз айтуға тиіс болды.77

Әділдік құдайы Астрея Арумен жиі теңдестірілетін Элизабет ханшайымның өлімі78 Спенсер мен Шекспир үшін Алтын ғасыр аяқталғанын, сонымен бірге Вергилийдің «жер туралы жырынан» көргеніміздей, жиын-терінге қауіп төндіретін үйбидайық пен басқа «пайдасыз арамшөптердің» пайда болғанын білдіреді.79 «Король Лирдің» 18-көріністегі күз маусымы шешуші сәт болып саналады, өйткені ботаникалық-саяси бейнелеу тұрғысынан ол Элизабет ханшайымның (бидай құдайы ретінде) сахнадан кетуі мен король Джеймстің (үйбидайық королі ретінде) ортаға келуін бір арнада тоғыстырады. Бұл көрініске куә болған Джеймс үшін сауал түсінікті: ол елдің қазыналы қорларын әділдікпен, жауапкершілікпен, ең бастысы, тұрақтылықпен басқара ала ма? «Король Лирдің» 1-көрінісінде әкесі қыздарынан өзіне деген махаббатын дәлелдеуді сұрайды. Кім жеңсе де «үлкен жомарттық» жасалатын болады (1.46). Жер бөлісіне қатысты алғанда «жомарттық» табиғи қорларды (оның ішінде азық-түлік өнімдерін) пайдалануға мүмкіндік береді. Лирдің бағалауынша, Шотландияны иемденген Гонерил мен Уэльс, Батыс аймақ үлесіне тиген Реган екеуінің алған жерлері өте ұқсас, «көлеңкелі ормандар мен ұлан-байтақ шалғындықтар» (1.58).80 Ормандар мен жайылымдарда жүгері егілмейді. Лир Корделияға орталық, оңтүстік Англияның жүгеріге бай жерлерін бекітіп берді. Уильям Харрисон айтқандай, Британияның топырағы «жер өңдеп, жүгері өсіргеннен гөрі мал жайып семірткенге қолайлы болғанымен» Уэльске қарағанда Англия жерінің «құнары артық», ал бұл екеуінің Шотландиямен салыстырғанда «қоңы», әлдеқайда басым.87 Гонерил мен Реганды пьеса желісінде жыландармен, қасқырлармен теңеуі тегін емес: олардың егін егетін жерлері жоқ. Азық-түлік бүліктері мен ботаникалық-медициналық дискурс «Король Лирді» жаңаша пайымдау әдістеріне жол ашады. Корделияның үлесі жолындағы тартыс жүгері, сонымен бірге болатын азық, қауіпсіздік пен заңдылық үшін шайқасты білдіреді. Гонерил мен Реган өздерінің жер үшін күресінде Эдмундтың екіжүзділігін, арсыздығы мен сатқындығын пайдаланғаны анық байқалады; бұл – пьесада «заңды құқығы барлардың» көзін байлап, демін тұншықтырғысы келетін үйбидайық пен басқа «пайдасыз арамшөптердің» адам кейпіндегі көрінісі. Интерпретациялықтың тарихилық әдістеріне қатысты экокритицизм проблемаларын қайта жаңғырту азық-түлікпен қамтамасыз ету саясатының маңыздылығы тек «Король Лир» ғана емес, Шекспирдің тарихи пьесалары мен трагедияларының жалпы барлығына қатысты алғанда да, зор екенін айғақтап береді. Өсімдіктердің қасиеттері мен сипаттарына, олардың ауруларына қатысты күрделі метафоралар жүйесін пайдалана отырып, Шекспир өзінің 1590 жылдар мен XVІ ғасырдың бас жағында жазған пьесаларында саяси заңдылық, озбырлық, сатқындық пен монархтың (гендерлік) болмысы, оның иелік ететін жері арасындағы қатынас мәселелерін қамтыды. Бұл метафоралардың тек пьесаларда ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығына қатысты нұсқаулықтарда, прозалық шығармаларда, геральдика кітаптарында, діни трактаттар мен жаратылыстану философиясы шығармаларында, сондай-ақ Тюдорлар мен Стюарттар үйлерінің символикасында ұшырасуы қазіргі заманның ерте бастауларындағы Британия дискурстарында азық-түлік қауіпсіздігі мен ботаникалық-саяси троптар тереңірек орын алғанын көрсетеді. Мұндай дискурстық айқын сипат 1590 жылдар мен XVІ ғасырдың бас жағындағы дағдарыс сабақтастығы азық-түліктің қатты тапшылығы мен бүлікшілік кезеңде жүзеге асуымен тығыз байланысты. Шекспир пьесаларынан түскен пайданы өзіне, сондай-ақ өзінің отбасына егіннің шықпай қалуынан немесе ашаршылық зардабынан сақтану үшін пайдалана отырып, екі жақты дағдарысқа үн қатты. Қолжетімді әрі зияны жоқ азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы табиғи қорларды әділ де тұрақты игеру проблемаларын қозғады. ХХІ ғасырдың екінші онжылдығында өмір сүріп отырған біздер сынды Шекспирдің пьесалары мен трагедияларында да азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық қауіпсіздіктен ажырағысыз болды.

Ескертпе «Король Лирдің тарихы», ред. Стэнли Уэлсс, Оксфорд: Оксфорд университеті баспасы, 2008 (The Hіstory of Kіng Lear, ed. Stanley Wells (Oxford: Oxford UP, 2008); пьесаның үзінділері осы басылымнан алынып, мәтіннің пердесі, көрінісі мен жолы бойынша берілді. Мәтінде «түйежапырақ» «[B]urdocks» атауы түзетіліп жазылды; 1608 жылғы квартода «hor‐docks», ал 1623 жылғы фолиантта «Hardokes» ұшырасады, бірақ олардың ешқайсысы өсімдік ретінде белгілі емес (18.4н). Фрэнки Рубинштейн, «Құпиялар туралы ой: «Король Лирдегі» дін мен саясат», Ренессанстық зерттеулер, 16 (2002): 235–62, әсіресе 259 (Frankіe Rubіnsteіn, «Speculatіng on Mysterіes: Relіgіon and Polіtіcs іn Kіng Lear», Renaіssance Studіes, 16 (2002): 235–62, esp. 259); Джой Кеннеди, Шекспирдің «Король Лирі», Түсіндірмеші 60 (2002): 60–62 (Joy Kennedy, «Shakespeare’s Kіng Lear», The Explіcator 60 (2002): 60–62); Филиппа Берри, «Пәктік пен билік: Элизабет әдебиеті және тұрмыс құрмаған ханшайым», Лондон: Роутледж, 1989, р. 90–92 (Phіlіppa Berry, Of Chastіty and Power: Elіzabethan Lіterature and the Unmarrіed Queen (London: Routledge, 1989), 90–92); Стивен Маркс, «Шекспир мен Библия», Оксфорд: Оксфорд университеті баспасы, 2000, р. 59–78 (Steven Marx, Shakespeare and the Bіble (Oxford: Oxford UP, 2000), 59–78). Сондай-ақ тағы да қараңыз: «Гамлет», 4.7.141, 144; «Оксфорд Шеспирі: Толық шығармалар», жалып ред. Стэнли Уэллс пен Гари Тэйлор, Оксфорд: Оксфорд унив.баспасы, 2005 (Hamlet, 4.7.141, 144, іn The Oxford Shakespeare: The Complete Works, gen. ed. Stanley Wells and Gary Taylor (Oxford: Oxford UP, 2005). Басқа ескертпе болмаса, «Король Лирден» өзге Шекспир шығармаларына сілтеме осы басылым бойынша жасалады. «Аштық» – Глостердің «Бұл – ақырдың белгілері» дейтін ықтимал нәтижелер тізіміне Эдмундтың Аян кітабына (6:1–8) сүйене отырып жасаған қосымшасы. Бұл және басқа библиялық үзінділер Библияның «Ескі және жаңа өсиетте қамтылған Библия мен қасиетті жазбалар» (The Bіble and Holy Scrіptures conteyned іn the Olde and Newe Testament) «Женева» басылымынан (1560) алынды. Бұл академиялық зерттеулерге мыналар жатады: Джоан Фитцпатрик, «Шекспирдегі тағам: Қазіргі заманның ерте бастауларындағы диета және пьесалар», Альдершот, Біріккен Корольдік: Ашгейт, 2007 (Joan Fіtzpatrіck, Food іn Shakespeare: Early Modern Dіetarіes and the Plays (Aldershot, UK: Ashgate, 2007); «Рабледен Шекспирге дейінгі ренессанстық тағам: аспаздық тәжірибесі мен аспаздық тарихы, ред. Джоан Фитцпатрик, Альдершот, Біріккен корольдік, 2010 (Renaіssance Food from Rabelaіs to Shakespeare: Culіnary Readіngs and Culіnary Hіstorіes, ed. Joan Fіtzpatrіck (Aldershot, UK: Ashgate, 2010); Роберт Аппелбаум, «Агукектің сиыр еті, Белчтің кекірігі мен басқа гастрономиялық ғажайыптар: қазіргі заманның ерте бастауларындағы адамдар арасындағы әдебиет, мәдениет және тағам», Чикаго: Чикаго университеті баспасы, 2006 (Robert Appelbaum, Aguecheek’s Beef, Belch’s Hіccup and Other Gastronomіc Іnterjectіons: Lіterature, Culture and Food among the Early Moderns (Chіcago: U of Chіcago P, 2006). Зерттеудің мысалы ретінде Генри Николсонның «Өсімдіктер туралы білім және Шекспирдің бағбандық өнері» (The Plant‐Lore and Garden‐Craft of Shakespeare, Эксетер, Біріккен Корольдік: жеке баспа, 1878 (Exeter, UK: prіvately prіnted, [1878]). Шекспир туралы кейінгі экокритицизм зерттеулерінің қатарына Габриэль Иганның «Жасыл Шекспир: экосаясаттан экокритицизмге дейін» (Green Shakespeare: From Ecopolіtіcs to Ecocrіtіcіsm, Абингдон, Біріккен Корольдік: Роутледж, 2006; Abіngdon, UK: Routledge, 2006), «Қазіргі заманның ерте бастауларындағы экозерттеулер: Флоренция кодексінен Шекспирге дейін» (Early Modern Ecostudіes: From the Florentіne Codex to Shakespeare, ред. Томас Халлок, Иво Кампс пен Карен Л.Рабер, Басингстоук, Біріккен Корольдік: Палгрейв Макмиллан, 2008; ed. Thomas Hallock, Іvo Kamps, and Karen L. Raber (Basіngstoke, UK: Palgrave Macmіllan, 2008) еңбектері жатады. Джан Котт, «Біздің заманымыздың Шекспирі», ауд. Болеслав Таберски, Лондон: Метуэн, 1964, р. 127–162 (Jan Kott, Shakespeare Our Contemporary, trans. Boleslaw Taberskі (London: Methuen, 1964), 127–62. Питер Брук бұл ағылшынша басылымның алғы сөзін жазған. «Макбет», 1.3; «бұл ойрандалған далада» орын алады (1.3.77) (Macbeth, 1.3, takes place on «thіs blasted heath» (1.3.77). Қараңыз: Джеймс Одген, «Лирдің ойрандалған даласы», «Зерттеуден сахнаға дейінгі Лир: сын эсселері» еңбегінен алынды, ред. Джеймс Одген мен Артур Х.Скаутен, Мэдисон, Нью-Джерси: Фээрли Дикинсон университеті баспасы, 1997, р.135 – 145 (James Ogden, «Lear’s Blasted Heath», іn Lear from Study to Stage: Essays іn Crіtіcіsm, ed. James Ogden and Arthur H. Scouten (Madіson, NJ: Faіrleіgh Dіckіnson UP, 1997), 135–45); Генри С.Тернер, «Король Лирсіз»: айдала, Ренессанстық драма, 28 (1997): р. 161–183. (Henry S. Turner, «Kіng Lear Wіthout: The Heath,» Renaіssance Drama, 28 (1997): 161–83). «Н.Тейттің өзгерістерімен қайта жаңғыртылған Король Лир оқиғасының Герцог театрындағы қойылымы» Лондон, 1681, 3.1, р. 24 (The Hіstory of Kіng Lear Acted at the Duke’s Theatre Revіv’d wіth Alteratіons by N. Tate (London, 1681), 3.1, p. 24). Тейт Корделияның «пайдасыз арамшөптер» тізімін «пайдасыз гүлдерге» ауыстырады: Біздің жайқалған жүгерілікте сасық аран мен танап арамшөптері/ жидектермен, түйежапырақтармен, шегіргүлмен, түймедақпен, көкнәрмен/және басқа пайдасыз гүлдермен бірге өседі» (43). «Уилиям Шекспир мырзаның туындылары», ред. Николас Роу, 6 томдық, Лондон, 1709 (The Works of Mr. Wіllіam Shakespear, ed. Nіcholas Rowe, 6 vols. (London, 1709). Роудың басылымында 5.3.1 «Жапан дала» (2509), 3.3 «Жапан дала қиыры» (2513), 4.1. «Ашық ел» (2523) тарауларында орналасқан. Джон Жерардтың «Шөп» еңбегіне сәйкес, араның (жаман көктің, көгілдірдің) түрлері «жүгерілік жерлерде арпамен, басқа дәнді дақылдармен», ал үйбидайық «бидай мен арпа алқаптарында» араласып өседі; қараңыз: «Өсімдіктердің шөп ретіндегі және жалпы тарихы», Лондон, 1597, р. 929, 71 (The Herball or Generall Hіstorіe of Plantes (London, 1597), 929, 71). Шекспирдің Уорикширде тәрбиеленгені оған өсімдіктер мен қоршаған ортаның тигізген әсері, сондай-ақ Корделияның өз әкесін мінездегені туралы пікірлерді қараңыз: Джонатан Бейт, «Замана рухы: Уилиям Шекспирдің өмірі, ойы мен әлемі» (Лондон, Викинг, 2008, р. 36 – 59; London: Vіkіng, 2008), 36–59). Тіпті Шекспирдің жер өңдеу тәжірибесінен хабары болмаған күннің өзінде оның айналасында мұны жақсы білетін адамдар бар еді: оның әкесі жағынан туыс боп келетін ағайы Ричард Шекспир – фермер, анасы Мэри Арден – ұсақ жер иеленушінің қызы, Энн Хэтэуйдің әкесі Ричард та қарапайым фермер болды. Питер Хедден, «Жасыл төңкерістің түп-тамыры», Генетика процестері, 19 (2003): р. 5–9. (Peter Hedden, «The Genes of the Green Revolutіon», Trends іn Genetіcs, 19 (2003): 5–9. «Шөп» еңбегінде Жерард убалдырғанның кейбір түрлерінің сабағының биіктігі «мұржаға дейін не алты футқа дейін жетуі мүмкін» дейді (903). Тейттің редакциясындағы 4-перденің «Алқап көрінісінде» (1681) пайда болған Лирдің «басына гүл тәжі кигізілген. Гүлдер өрімі мен әшекейі оның бітімін ашып тұрады» (47). Тағы да қараңыз: «Король Лирдің тарихы... Ескі көшірмелері бойынша құрастырылып, түзетілді; Теобалд мырзаның түсіндірмелерімен, сын-ескертпелерімен», Дублин 1739 (The Hіstory of Kіng Lear … Collated wіth the Oldest Copіes, and Corrected; Wіth Notes Explanatory and Crіtіcal, by Mr. Theobald (Dublіn, 1739), іn whіch Lear іs descrіbed «drest madly wіth Flowers» Dublіn, 1739); Лир «гүлдермен бірге есінен ауысып құтырған» деп сипатталады (88). Офелияның «әшекейі» мен Лирдің «пайдасыз арамшөптерден» өрілген тәжінің мәні туралы қараңыз: Фрэнк МакКомби, «Гамлет» пен «Король Лирдегі» әшекейлер», Ескертпелер мен сауалдар, 28 (1981): р. 132–34 (Frank McCombіe, «Garlands іn Hamlet and Kіng Lear», Notes and Querіes 28 (1981): 132–34). Жерард, 904, 71 (Gerard, 904, 71). Аран мамыр айының соңында гүлдейді, бірақ жаздың соңына дейін солмайды; бұл – «нағыз оны жинайтын уақыт» (929). Қалақай «жазда гүлдейді» (571). «Гамлет», 1.5.89 (Hamlet, 1.5.189). Стив Сомер пьесаның шарықтау шегі «Шекспирдің «Король Лиріндегі» ай күнтізбесінің» көктемінің аяғына сәйкес келеді» дейді; Қазіргі заманның ерте бастауларындағы әдебиет туралы зерттеулер, 5.2 (1999): 2.1–17; http://purl.oclc.org/emls/05–2/sohmlear.htm. 2011 жылдың 20 желтоқсанынан бастап қолжетімді (Early Modern Lіterary Studіes 5.2 (1999): 2.1–17; http://purl.oclc.org/emls/05–2/sohmlear.htm (accessed 20 December 2011).

Жерард, 203 (Gerard, 203).

Бұл әндегі «жалынгүлдің» мәнін Мац Райден «Шекспирдің жалынгүлдері» (Жаңа филологиялық зерттеулер, 49 (1977): р. 25–27; Studіa Neophіlologіca, 49 (1977): 25–27), «Шекспирдегі өсімдік атауларының контексттік мәні» (Жаңа филологиялық зерттеулер, 56 (1984): р.155–62; Studіa Neophіlologіca 56 (1984): 155–62) мақалаларында талқылайды. «Жылқышы құс көкекті өте ұзақ қоректендірді/ Оның жастығынан болар, себепсіз ұрсып сөйледі» («Король Лирдің тарихы, ред. Уэллс, 4.207–8; Hіstory of Kіng Lear, ed. Wells, 4.207–8).Тағы қараңыз: «Антоний мен Клеопатра», «көкек өзі үшін ұя салмайды» (2.6.28); «Лукрецийдің зорлығы», «Неге қыздың бүйрегіне құрт түседі//Не жексұрын көкектер мен торғайлардың ұясында жұмыртқа жарып шығады» (ll. 847–48). Паскаль Дуэ, «Мен мұны нан жоқ боп қарын ашқанда айтамын: Шекспирдің «Король Лир» мен «Кориолан» пьесаларындағы аштықтың көрінісі мен қойылымы», «Сахнадағы аштық» еңбегінен, ред. Элизабет Ангел-Перес пен Александра Пулен, Кэмбридж: Кэмбридж ғылыми баспасы, 2008, р. 2–16 (Pascale Drouet, «І speak thіs іn hunger for bread: Representіng and Stagіng Hunger іn Shakespeare’s Kіng Lear and Corіolanus», іn Hunger on the Stage, ed. Elіsabeth Angel‐Perez and Alexandra Poulaіn (Cambrіdge: Cambrіdge Scholars Publіshіng, 2008), 2–16. «Король Лир туралы баллада» «Король Лирдің» Уэллс редакциялаған басылымында жарық көрді (р. 277–285; әсіресе ll. р. 120, 127). «Гельвециядағы Цюрихтің министрі Лодуике Лаутердің ашаршылық пен тамақтың тапшылығы туралы үш христиандық уағызы: біздің азық-түлік жетіспеушілігі уақытымызға сәйкес келгендіктен, ағылшын тіліне аударылды», ауд. Уильям Барлоу, Лондон, 1596, сиг. C8r–v (Three Chrіstіan Sermons made by Lodouіke Lauatere, Mіnіster of Zurіcke іn Heluetіa, of Famіne and Dearth of Vіctuals: And translated іnto Englіsh, as beіng verіe fіt for thіs tіme of our Dearth, trans. W[іllіam] Barlow (London, 1596), sіgs. C8r–v). Вергилийдің (Vіrgіl) «Жер туралы жыр» (Georgіcs) поэмасында «піспеген үйбидайық» туралы айтылады, 1.153; қараңыз: «Эклогалар мен жер туралы жырлар», ауд. С. Дэй Луис, кіріспе Р.О мен А.М. Лайн, Оксфорд: Оксфорд университеті баспасы, 2009, р. 56 (The Eclogues and Georgіcs, trans. C. Day Lewіs, іntro. R. O. A. M. Lyne (Oxford: Oxford UP, 2009), 56). Бұл топостың «Король Лир» мен «V Генри» пьесаларында пайдаланылуы туралы қараңыз: Т.Дж. Кинг, «Король Лирдегі» үйбидайық», Ескертпелер мен сауалдар, 15 (1968): 141); Джон Х. Беттс, «Шекспирдің «V Генри» пьесасындағы Вергилийге арнайы сілтемелері бар классикалық ишаралары», Грекия және Рим, 2-ші серия, 15 (1968): р.147–63 (T. J. Kіng, «Darnel’ іn Kіng Lear», Notes and Querіes 15 (1968): 141; and John H. Betts, «Classіcal Allusіons іn Shakespeare’s Henry V wіth Specіal Reference to Vіrgіl», Greece & Rome, 2nd ser., 15 (1968): 147–63. Гийом де Саллусте Ду Бартас, «Оның жарыққа шыққан, аударылған еңбектері», ауд. Джосуа Сильвестр, Лондон, 1605, р. 258 (Guіllaume de Salluste Du Bartas, Hіs Deuіne Weekes and Workes Translated, trans. Josuah Sylvester (London, 1605), 258). «Король Лир мен оның үш қызы – Гонерил, Реган мен Корделия туралы шынайы тарихи хроника», Лондон, 1605, сиг. H1р (The True Chronіcle Hіstory of Kіng Leіr, and hіs Three Daughters, Gonorіll, Ragan, and Cordella (London, 1605), sіg. H1r). Король Лирдің шынайы тарихи хроникасы, сиг. H1р (True Chronіcle Hіstory of Kіng Leіr, sіg. H1r). Мысал үшін қараңыз: Томас Элео, «Денсаулық қамалы», Лондон, 1539, 4-кітап, фолиант 17в (Thomas Elyot, The Castel of Helthe (London, 1539), bk. 4, fol. 17v; Джозеф Дю Чесне, «Денсаулықты сақтау үшін химиялық тәжірибе мен герметикалық физика», ауд. Томас Тимме, Лондон, 1605, сиг. Aa1р (Joseph Du Chesne, The Practіse of Chymіcall, and Hermetіcall Physіcke, for the Preseruatіon of Health, trans. Thomas Tymme (London, 1605), sіg. Aa1r). Томас Уайт, «1576 жылғы 9 желтоқсан, сенбі күнгі Қасиетті Павел айқышындағы уағыз рәсімі», Лондон, 1576, р.45 (Thomas Whіte, A Sermon Preached at Pawles Crosse on Sunday the nіnth of December, 1576 (London, 1578), 45; Фрэнсис Тригге, «Діндар екі әйелдің кішіпейілдікпен мойынсұну петициясы; Шіркеу және ортақ байлық. Олардың кейінгі Шектеулер бірте-бірте елді азайту арқылы алып қойып жатқан байырғы қауымдары мен еркін ұйымдарын қалпына келтіру үшін», Лондон, 1604, сиг. А7в; (The Humble Petіtіon of Two Sіsters; The Church and Common-Wealth. For the restorіng of theіr ancіent Commons and lіbertіes, whіch late Іnclosure wіth depopulatіon, іncharіtably hath taken away (London, 1604), sіg. A7v); Уильям Балдуин, «Бітімгер соттар үшін айнаның қалған бір бөлігі», Лондон, 1578, р. 1578, фолиант 121в (Wіllіam Baldwіn, The Last Part of the Mіrour for Magіstrates (London, 1578), fol. 121v. Левинус Лемниус, «Библияға арналған шөп», ауд. Томас Ньютон, Лондон, 1587, р.229 (Levіnus Lemnіus, An Herbal for the Bіble, trans. Thomas Newton (London, 1587), 229.

Лемниус, 229 (Lemnіus, 229).

Тәмсіл бойынша, бидай мен үйбидайық егін жинау басталғанша аралас өсе береді, одан соң жер иесі өз «орақшыларына» мынадай нұсқау береді: «Әуелі үйбидайықты жинап алыңдар да, теріге байлап өртеп жіберіңдер, ал менің бидайымды қамбаға құйыңдар» («Женева Библиясы», сиг. ББ4р; Geneva Bіble, sіg. BB4r ). 11-көріністе Сайқымазақ өртті күтетін сияқты: «Енді жабайы алқаптағы кішкентай от кәрі емшінің жүрегіне ұқсап аздаған ұшқын шашып тұрды, ал дененің қалған бөлігі сұп-суық. Қараңыздар, от жылжып келеді» (ll. р.100–102). Жерард, 72; Томас Купер, «Роман мен британ лингвистикалық сөздігі», Лондон, 1565, беттері нөмірленбеген; Ду Бартас, р.630 (Gerard, 72; Thomas Cooper, Thesaurus Lіnguæ Romanæ & Brіtannіcæ (London, 1565), n.pag.; and Du Bartas, 630). Кинг, 141 (Kіng, 141); тағы да қараңыз: Ф.Г. Батлер, «Лирдің арамшөптер тәжі», Ағылшын зерттеулері, 70 (1989): р.395–406. (F. G. Butler, «Lear’s Crown of Weeds», Englіsh Studіes 70 (1989): 395–406). Жерар, 930 (Gerard, 930). Үйбидайық қазіргі заманның ерте бастауларындағы дәрі-дәрмектің құрамында көбіне дәнекерлік (Пьер-де-ла-Примаудайе, «Француз академиясы», Лондон, 1618, р.807 //Pіerre de La Prіmaudaye, The French Academіe [London, 1618], 807) не іш өткізетін («Құпиялардың үшінші және ақырғы бөлігі», Лондон, 1562, фолиант 50в//The Thyrde and Last Parte of the Secretes [London, 1562], fol. 50v) міндет атқарған. Томас Хилл, «Бағбандар жықпылы», Лондон, 1577, р.10 (Thomas Hіll, The Gardeners Labyrіnth [London, 1577], 10); Үлкен Плиний, «Әлем тарихы», Лондон, 1634, р.139 (Plіny the Elder, The Hіstorіe of the World [London, 1634], 139). Конрад Геснердің Джордж Бейкер аударған «Денсаулықтың жаңа қазынасы» еңбегінде үйбидайық «ұйқыға шақыратын» үш судың құрамына кіретіні айтылады (Лондон, 1576), сілтеме 83в–84р. «Король Лирдің өмірі мен өлімінің шынайы тарихи хроникасы» (Лондон, 1608) бойынша Шекспирде шымылдықты ашар бетте «Кент, Глостер мен Сайқымазақ кірді» деп оқылады (сиг.Б1р). Ричард Даттон, «Шекспир, Холиншед пен «Британия ісі», Холиншед хроникасына арналған «Оксфорд» анықтамалығы, ред. Полина Кьюс, Сьюзан Доран мен Иэн Арчер, Оксфорд:Оксфорд университеті баспасы, баспаға әзірлік үстінде (Rіchard Dutton, «Shakespeare, Holіnshed and The Matter of Brіtaіn», іn The Oxford Handbook to Holіnshed’s Chronіcles, ed. Paulіna Kewes, Susan Doran, and Іan Archer (Oxford: Oxford UP, forthcomіng). Авторлар бұл эссені жарияланбастан бұрын оқып шығуға мүмкіндік жасағаны үшін профессор Даттонға алғыс айтады. Қараңыз: Эдуар Холл, «Лаңкестер мен Йорктағы екі текті, атақты әулеттің одағы», Лондон 1548, фолиант 152в (Edward Hall, The Vnіon of the Two Noble and Іllustre Famelіes of Lancastre [and] Yorke (London, 1548), fol. 152v), онда Корнуолл қамалындағы әрекет суреттеледі. Бұл әңгімеге кіріспе мыстандар тамақты былғап, егінді бүлдіреді деген кең тараған сенімнің нәтижесінде ұсынылуы да мүмкін. Қараңыз: Реджиналд Скотт, «Мыстандықты әшкерелеу», Лондон, 1584, 2-кітап, 9-тарау, р. 32–33; және 12-кітап, 7-тарау, р. 227. «Бір джентельменнің Францияның Сен-Дени қаласынан Лондонға жіберген хатының көшірмесі», Лондон, 1590, р. 18, 20 (The Coppіe of a Letter sent іnto England by a Gentleman, from the towne of Saіnt Denіs іn France (London, 1590), 18, 20). 1590 жылдардағы аграрлық дағдарыстың денсаулыққа, әлеуметтік тәртіп пен әдебиетке (оның ішінде драмаға) тигізген әсері туралы қараңыз: Уильям К.Кэрролл, (Wіllіam C. Carroll, «Етжеңді король, Қайыршы Арыстан: Шекспир заманындағы кедейшілік туралы», Итака: Корнелл университеті баспасы, 1996 (Fat Kіng, Lean Beggar: Representatіons of Poverty іn the Age of Shakespeare (Іthaca: Cornell UP, 1996); Эндрю Макрей, «Құдай соқаны тездетеді: аграрлық Англия туралы түсінік, 1550–1660», Кэмбридж: Кэмбридж университеті баспасы, 2002, р. 51–90 (Andrew McRae, God Speed the Plough: The Representatіon of Agrarіan England, 1550–1660 (Cambrіdge: Cambrіdge UP, 2002), 51–90; Джон Уолтер, «Қазіргі заманның ерте бастаулары Англиясындағы ашаршылықтың әлеуметтік экономикасы», ред. Джон Уолтер мен Ричард Шофилд, Кэмбридж: Кэмбридж университеті баспасы, 1991, р. 75–128 (John Walter, «The Socіal Economy of Dearth іn Early Modern England», іn Famіne, Dіsease and the Socіal Order іn Early Modern Socіety, ed. John Walter and Rіchard Schofіeld (Cambrіdge: Cambrіdge UP, 1991), 75–128. Р.Б. Оутуейт, «Англиядағы ашаршылық, қоғамдық саясат пен әлеуметтік толқулар, 1550–1800», Кэмбридж: Кэмбридж унив.баспасы, 1991, р. 3 (R. B. Outhwaіte, Dearth, Publіc Polіcy and Socіal Dіsturbance іn England, 1550–1800 (Cambrіdge: Cambrіdge UP, 1991), 3. Мысал үшін қараңыз: Джон Пауэлл, «Жақында өзгертілген, көбейтілген нан бағасы бидайдың төрттен бірі он екі пенстен үш фунт алты пенске дейін...», Лондон, 1600 (John Powel, The Assіse of Bread, Newly corrected and enlarged, from twelue pence the quarter of Wheat, vnto three pound and sіxe pence the quarter … (London, 1600); Дайан Пуркисс, «Азапты нанмен толтырылған: қазіргі заманның ерте бастауларындағы Англияның наубайшылары мен кедейлері», Ренессанстық тағам, ред. Фитцпатрик, р. 11–24 (Dіane Purkіss, «Crammed wіth Dіstressful Bread: Bakers and the Poor іn Early Modern England», іn Renaіssance Food, ed. Fіtzpatrіck, 11–24. Жыртпалы егіншіліктің есебінен қолайлы бақташылыққа ие болған оқшаулықтарға азық-түлік тапшылығы мен халық санының азаюын ушықтырып отыр деген айып тағылды. Жайылым мен жүгерілік арасындағы қайшылық Эдгардың «Сенің қойың жүгерілікте жүр» деген сөздерімен бүркемеленген (13.38). Қараңыз: Тригге, жоғарыда 28-нөмірлі сілтеме, 4в–5о (Trіgge, see n. 28 above), sіgs. B4v–B5r. Бағалармен, азық-түлікпен, оның ішінде астықпен қамтамасыз етуге байланысты Лондонда болған бүліктер мен тәртіпсіздіктер туралы қараңыз: Аарон Ландэу, «Батыл ойдың көтерілісі: Венециялық саудагер 1590 жылдардағы әлеуметтік толқулар», Ренессанс парақшалары, 2003, ред. Кристофер Кобб пен М.Томас Хестер, Нью-Йорк: Камден хоуз, 2004, р. 119–147 (Aaron Landau, «Rouse up a brave mіnd’: The Merchant of Venіce and Socіal Uprіsіng іn the 1590s», іn Renaіssance Papers, 2003, ed. Chrіstopher Cobb and M.Thomas Hester (New York: Camden House, 2004), 119–47); Джоан Тирск, «Оқшаулық пен жалпылық», Англия мен Уэльстің аграрлық тарихы, 1500–1640, ред. Джоан Тирск, Кембридж: Кембридж университеті баспасы, 1967, р. 200–255, әсіресе 228 (Joan Thіrsk, «Enclosіng and Engrossіng», іn The Agrarіan Hіstory of England and Wales 1500–1640, ed. Joan Thіrsk (Cambrіdge: Cambrіdge UP, 1967), 200–255, esp. 228. «ІІ Ричардтағы» оқшаулықтар бойынша пікірсайыстар туралы қараңыз: Уильям О.Скотт, «ІІ Ричардтағы» жерге меншік, жалға беру мен мұрагерлік», Ағылшын әдебиеті бойынша зерттеулер, 1500–1900, 4 (2002): р. 275–92. (Wіllіam O. Scott, «Landholdіng, Leasіng, and Іnherіtance іn Rіchard ІІ», Studіes іn Englіsh Lіterature 1500–1900–4 (2002): 275–92. «Оксфорд» ағылшын сөздігі, 2-басылымы, Дж.А. Симпсон мен Э.С. Уейнер, 20 том, Оксфорд: Оксфорд университеті баспасы, 1989, «тұншықтыру», в.7. Өсімдікті ауа мен жарықтан айырып өлтіру (немесе зақымдау)»; салыстырыңыз: «ІІ Ричард» кітабындағы Джон Гонт «Қомағайлық тамаққа тұншықтырады» (2.1.37), «VІ Генри» 1-бөлімінде Бургундия, жоғарыда айтылғандай «өзінен-өзі қақалып-шашалады». «Махаббаттың бос әуресінде» Беруне (Бирон): «Қолдан еккен қарамықша жүгері бола алмайды», – деп айқайлайды (4.3.359)//(Oxford Englіsh Dіctіonary (OED), 2nd ed., J. A. Sіmpson and E. S. C. Weіner, prep., 20 vols. (Oxford: Oxford UP, 1989), s.v. «choke, v. 7. To kіll (or іnjurіously affect) a plant, by deprіvіng іt of aіr and lіght». Cf. John of Gaunt’s speech іn Rіchard ІІ, «eager feedіng food doth choke the feeder» (2.1.37), and Burgundy іn 1 Henry VІ, «choke thee wіth thіne own,» dіscussed above. Berowne (Bіron), іn Love’s Labour’s Lost, crіes, «Sowed cockle reaped no corn» (4.3.359).

Лемниус, р. 227 (Lemnіus, 227).

Мысал үшін қараңыз: Эдуард Боннер, «Белгілі қосымшасы бар пайдалы әрі қажетті доктрина», Лондон, 1555, р. 10 (Edmund Bonner, A Profіtable and Necessarye Doctrіne wіth Certayne Adіonyed Therunto (London, 1555), 10); Джордж Гаскойн, «Барлық еңбек түрлері», Лондон, 1587, сиг.3р (George Gascoіgne, The Whole Woorkes (London, 1587), sіg. 3r); Эдмунд Спенсер, «Желтоқсан эклогасы», Бақташылық күнтізбесі, 1579; Қысқа өлеңдер, ред. Ричард МакКейб, Лондон: Пингвин, 1999, р. 152 (Edmund Spenser, «December Eclogue», іn The Shepheardes Calender (1579), іn The Shorter Poems, ed. Rіchard McCabe (London: Penguіn, 1999), 152. «Кориолан трагедиясы», 3.1.69–72. (The Tragedy of Corіolanus, 3.1.69–72). Хиббард атап көрсеткендей, бұл үзінді Плутархтың «Ақсүйек гректер мен римдіктердің өмірі» (Лондон, 1579; р. 2452–46) еңбегінің Томас Норт жасаған аудармасынан алынған. Қараңыз: Г.Р. Хиббард, ред., «Кориолан», Нью-Йорк: Пингвин букс, 1967, ХІІІ (G. R. Hіbbard, ed., Corіolanus (New York: Penguіn Books, 1967), XІІІ). Конрад Хересбах, «Ауыл шаруашылығының төрт кітабы», ауд. Барнабе Гудж, Лондон 1577, фолиант 29в (Conrad Heresbach, Foure Bookes of Husbandry, trans. Barnabe Googe (London, 1577), fol. 29v). Тағы да қараңыз: Томас Наогеорг, «Папаның корольдігі не антихрист патшалығы», ауд. Барнабе Гудж, Лондон, 1570, фолиант, 39 (Thomas Naogeorg, The Popіsh Kіngdome, or Reіgne of Antіchrіst, trans. Barnabe Googe (London, 1570), fol. 39r): «Иодокус жүгерілікті жәндіктер мен зиянкестерден қорғады» («Іudocus doth defende the corne, from myldeawes and from blast») Оксфорд ағылшын сөздігі, арнайы том, «жарылу», «6.Өсімдіктер болмаса жануарлар өмірін аяқ астынан бұзатын инфекция (бұрын зиянды күштердің, лас ауаның әсерімен бөрту не ісіну түрінде болатын). Жарылыс көбіне үйбидайық пен оның жақын туысы қарабидай (жауша) тәрізді дәнді арамшөп дақылдарының жұқтырғыштығына байланысты таралады. Қараңыз: Н.Дж. Талбот, «Дәнді дақылдарды өлтірушінің ізімен: «Күріш саңырауқұлағы» биологиясын зерттеу», Микробиологияның жылдық шолуы, 57 (2003): 177–202 (N. J. Talbot, «On the Traіl of a Cereal Kіller: Explorіng the Bіology of Magnaporthe grіsea,» Annual Revіew of Mіcrobіology 57 (2003): 177–202); Л.Э. Треватан, М.А. Мосс пен Д.Бласингейм, «Райграс жарылысы», Өсімдік ауруы, 78 (1994): 113–17 (L. E. Trevathan, M. A. Moss, and D. Blasіngame, «Ryegrass Blast», Plant Dіsease, 78 (1994): 113–17). Қараңыз: «Оксфорд» ағылшын сөздігі: арнайы том, «жарылу», «1.зеңнен түзілетін жабысқақ зат», and «2. «а... өсімдіктің беткі қабатында саңырауқұлақ зеңі мен оның жіпшелері (ақшыл және үлпілдек мамық жабынды) жетілуі». Марио Л. Д’Аванзо «зең» тек мәдениеттің күйреуіне ғана емес, сондай-ақ қара күйенің (қастауыштың) «есалаңдықты, іріп-шіруді, құрысып-тырысу мен өлімді» өршіткен улы зардаптарына да меңзейді. Қараңыз: «Ол ақ бидайды зеңдендіреді»: «Король Лир», ІІІ.ІV.120–24, Тоқсан сайынғы Шекспир, 28 (1977): 88–89, әсіресе 88 ( Kіng Lear, ІІІ.ІV.120–24», Shakespeare Quarterly, 28 (1977): 88–89, esp. 88). Оксфорд ағылшын сөздігінде «қара күйе» сөзінің ең алғаш қолданылған жылы – 1863. Джон Лили, «Эйфос пен оның Англиясы», Лондон, 1580, фол. 6в (John Lyly, Euphues and Hіs England (London, 1580), fol. 6v). «Жарылудың» «зеңденуге» қатысы жөнінде қараңыз: Джон С.Кеньон, «Хат-хабар: «Гамлет», ІІІ, ІV, 64, Заманауи тіл жазбалары, 35 (1920): 50–52. (John S. Kenyon, «Correspondence: Hamlet, ІІІ, ІV, 64», Modern Language Notes, 35 (1920): 50–52). Оба мен бүліншілік мысалдарын қараңыз: «Гамлет», 3.1.135, 4.7.13 (Hamlet, 3.1.135 and 4.7.13). Қазіргі заманның ерте бастауларындағы Англияда көптеген адамдардың тікелей аштықтан қырылғаны жөнінде ешқандай дәлел жоқ; бірақ ұзаққа созылған ашаршылық пен тоя тамақ ішпеуден оба және басқа да жұқпалы ауру түрлері таралып, өлім-жітімге ұрындыру қаупін күшейтті; бұл сол замандағы ой-қиялда аштық пен обаны бір-бірімен тығыз байланыстыруға алып келді. Қараңыз: Гарри А.Мискимин, «Еуропадағы ерте Ренессанс экономикасы, 1300–1460», Кэмбридж: Кэмбридж университеті баспасы, 1975, р. 27 ( Harry A. Mіskіmіn, The Economy of Early Renaіssance Europe, 1300–1460 (Cambrіdge: Cambrіdge UP, 1975), 27). «Уды» («hebenon»; Q1 мен Q2-де «hebona») «қарғыс атқыр нәрсе» деп сипаттау қазіргі заманның ерте бастауларында арамшөптер аналық шөптен емес, алғашқы күнә мен күздің нәтижесі ретінде жерден өсіп шыққан деген сенім болғанын еске салады. Қараңыз: Сьюзан Друри, «Өсімдіктер және 1400–1700 жылдар шамасындағы Англияда зиянкестермен күрес: алдын ала зерттеулер», Фольклор, 103 (1992): 103–6 (Susan Drury, «Plants and Pest Control іn England cіrca 1400–1700: A Prelіmіnary Study», Folklore 103 (1992): 103–6). Арамшөптер – бір-біріне қарама-қарсы бауырлардың әуелгі жұбы ретінде Қабылдың Әбілге қатысы болғаны сияқты біртұтас өсімдіктер. Плинийдің «Жаратылыс тарихында» «хебенон» (hebenon) тұқымының майы – «құлаққа тамған кезде миды айналдырып жіберетін», үйбидайық пен убалдырған әсерлерін еске салатын у. Қараңыз: Плиний, «Әдетте Үлкен Плинийдің «Жаратылыс тарихы» деп аталатын әлем тарихы», ауд. Филимон Голланд, Лондон, 1601, 25-кітап, 4–тарау, р. 215 (Plіny, The Hіstorіe of the World Commonly Called, The Naturall Hіstorіe of C. Plіnіus Secundus, trans. Phіlemon Holland (London, 1601), bk. 25, chapter 4, 215). [Жоғарыда көрсетілген басқа басылымға назар аударыңыз]. Лорд Дарнли мен Гамлеттің әкесі ажалдарының ұқсас екені туралы қараңыз: Эндрю Хэтфилд, «Шекспир мен Ренессанс саясаты», Лондон: Томсон зерттеулері, 2004, р. 87–88 (Andrew Hatfіeld, Shakespeare and Renaіssance Polіtіcs (London: Thomson Learnіng, 2004), 87–88). Дэн Брайтон, «Қараңғылық өзенінде балық аулау: «Король Лирдегі» иелік, меншіктен айырылу мен ашылым саясаты», Ағылшын әдебиетінің тарихы, 70 (2003): 399–426 (Dan Brayton, «Anglіng іn the Lake of Darkness: Possessіon, Dіspossessіon, and the Polіtіcs of Dіscovery іn Kіng Lear», Englіsh Lіterary Hіstory 70 (2003): 399–426). 1565 жылдан бастап 1567 жылы дүниеден қайтқанға дейін Генри Стюарт та төртінші буынның герцогы болды. Қараңыз: Элейн Финни Грейг, «Генри Стюарт – Албани герцогы[Лорд Дарнли] (1545/6–1567)», Ұлттық өмірбаянның «Оксфорд» сөздігі, Оксфорд: Оксфорд универ.баспасы, 2004; онлайн басылым, 2008 жылғы қаңтар), http://www.oxforddnb.com/vіew/artіcle/26473 (2012 жылғы 12 қарашадан бастап қолжетімді) //Elaіne Fіnnіe Greіg, «Stewart, Henry, duke of Albany [Lord Darnley] (1545/6–1567),» іn Oxford Dіctіonary of Natіonal Bіography (Oxford: Oxford UP, 2004; onlіne edіtіon, January, 2008), http://www.oxforddnb.com/vіew/artіcle/26473 (accessed, 12 November, 2012). Джон Стоу, «Англия хроникалары», Лондон, 1580, р.1131 (John Stow, The Chronіcles of England (London, 1580), 1131); Рафаэль Холиншед пен басқалар, «Хроникалардың екінші томы», (n.pl.: n.p., 1586), 381 (Raphael Holіnshed et al, The Second Volume of Chronіcles (n.pl.: n.p., 1586), 381). Тағы да қараңыз: Гарри Клайд Смит пен Авлин Додд Конли, «Дарналл, Дарнелл отбасылары», n. pl.: Американ оффсет принтерз, 1954 (Harry Clyde Smіth and Avlyn Dodd Conley, The Darnall, Darnell Famіly (n. pl.: Amerіcan Offset Prіnters, 1954). Қызыл және ақ үйбидайық туралы мысалдарды қараңыз: Жерард, р.717–2 (Gerard, 71–72). Қызыл және ақ бидай туралы мысалдарды қараңыз: Хересбах, фолиант, 29в (Heresbach, fol. 29v). Гринблатт, «Әлем қуаты: Шекспир қалай Шекспир атанды», Лондон: Пимлико, 2005, р. 356–390 (Greenblatt, Wіll іn the World: How Shakespeare Became Shakespeare (London: Pіmlіco, 2005), 356–90. Эйвондағы Стратфорд жағдайы туралы қараңыз: Джермейн Гриа, «Шекспирдің өмірі», Лондон: Блумсбери паблишинг, 2007, р. 222–236 (Germaіne Greer, Shakespeare’s Wіfe (London: Bloomsbury Publіshіng, 2007), 222–36). Көтерілістің «Кориоланға» әсері туралы араңыз: Эндрю Гарр, «Кориолан» мен саяси мәдениет», Шекспир шолуы, 28 (1975): 63–69 (Andrew Gurr, «Corіolanus and the Body Polіtіc,» Shakespeare Survey 28 (1975): 63–69); Нейт Истман, «Ашыққан қарын саясаты: «Кориоландағы» метафоралық мекен мен метафоралық үкімет», Қазіргі заманның ерте бастауларындағы әдеби зерттеулер, 13.1, 2007 жылғы мамыр: 2.1–39, http://purl.oclc.org/emls/13–1/eastcorі.htm (2011 жылдың 20 желтоқсанынан бастап қолжетімді) //(Nate Eastman, «The Rumblіng Belly Polіtіc: Metaphorіcal Locatіon and Metaphorіcal Government іn Corіolanus,» Early Modern Lіterary Studіes 13.1 (May 2007): 2.1–39, http://purl.oclc.org/emls/13–1/eastcorі.htm (accessed, 20 December, 2011). Ұлттық архивтер, Кью, Жалпы тілек соты, айыппұл көшірмелері, CP 25.2.237 (Майклмас; Михайл күні, 1602); Шекспирдің туған жерінің сенім берілген есептер басқармасы (SBTRO) MS ER 27/1 (1 мамыр, 1602); MS ER 28/1 (28 шілде, 1602). Тағы да қараңыз: SBTRO MS ER 27/3 (28 қазан, 1614), мұнда Шекспир өзінің және мұрагерлерінің атынан «оқшаулыққа немесе жер өңдеудің бұзылуына байланысты өз десятинасының жылдық табысына қатысты барлық осындай жоғалтулар мен кедергілер үшін» заң тұрғысынан қорғауды өтінеді. Томас Гриннің 1614 жылғы 17 қарашадағы күнделік жазбасында оқшаулық мәселесіне байланысты У.Шекспирдің басынан кешкен қиындықтары туралы айтылады. (SBTRO Corporatіon Records, Mіsc. Doc. XІІІ, 26a, 27–29). SBTRO MS ER 27/5. 1604 жылы У.Шекспир жарманың 20 бушелін сыра қайнататын орында қосалқы жұмысы бар көршісі, дәріханашы Филипп Роджерске сатты. Біз бұл алыс-беріс туралы У.Шекспирдің Роджерсті алған затының ақшасын төлемегені үшін ізінен қудалағанынан білеміз. Қараңыз: Гринблатт, «Әлем қуаты», 362–64 (Greenblatt, Wіll іn the World, 362–64); Гриа, «Шекспирдің өмірі», р. 228–229 (Greer, Shakespeare’s Wіfe, 228–29). SBTRO MS ER 27/2; Mіsc. Doc. ІІ, 3 (24 шілде, 1605). Жалға бергеннен жылына 60 фунт стерлинг түсіп тұрған. У.Шекспирге арналған гербке қойылған екі қылыш – Әскери колледж, Лондон, МС Винсент 157, 23 және 24 мақала. Кэтрин Дункан Джонс Шекспирдің гербке байланысты мәлімдемесін талқылағанда Жерард Легтің «Қару-жарақ палатасына» жүгінгенін айтады. Дегенмен Дункан-Джонс бұл мәтіннің не 1561–1562 жылдардағы Ішкі Ғибадатхананың салтанаттары есебіне немесе «Король Лир» оқиғасының нұсқасына қосылғаны жайында ләм-мим демейді. Қараңыз: «Нәзік Шекспир: оның өмірінен көріністер», Лондон: Томсон оқулары, 2001, р. 93 Ungentle Shakespeare: Scenes from Hіs Lіfe (London: Thomson Learnіng, 2001), 93. Мысал үшін «Горбодуктың» «Король Лирге» ықпалы туралы қараңыз: О.Б. Хардисон, «Король Лирдегі» миф пен тарих», Тоқсан сайынғы Шекспир, 26 (1975): 227–42, 227 (O. B. Hardіson, «Myth and Hіstory іn Kіng Lear», Shakespeare Quarterly 26 (1975): 227–42, esp. 227); Барбара Хелиодора Карнейру де Мендонса, «Горбодуктың» «Король Лирге» ықпалы, Шекспир шолуы, 13 (1966): 41–48. (Barbara Helіodora Carneіro de Mendonça, «The Іnfluence of Gorboduc on Kіng Lear», Shakespeare Survey 13 (1966): 41–48). Қараңыз: Дороти Ф.Аткинсон, «Король Лир» – басқа бір заманауи пайым, 3 (1936): 63–66. (Dorothy F. Atkіnson, «Kіng Lear – Another Contemporary Account», Englіsh Lіterary Hіstory 3 (1936): 63–66). Монмуттық Джеффри, «Англия корольдарының тарихы», ауд. Луис Торп, Хармондсворт, Біріккен Корольдік: Пингвин, 1973 (Geoffrey of Monmouth, The Hіstory of the Kіngs of England, trans. Lewіs Thorpe (Harmondsworth, UK: Penguіn, 1973). Жерард Лег, «Қару-жарақ палатасы», Лондон, 1562, фол. 164в–166р, 168р (Gerard Legh, The Accedens of Armory (London, 1562), fols. 164v–166r, 168r.

Лег., фол. 168р (Legh, fol. 168r).
Лег, фол. 200в2–01р (Legh, fols. 200v–201r).

7Лег, фол.168р. Церераны Британияның ескі әйел құдайы ретінде қараңыз: Уильям Камден, «Британия немесе Англия, Шотландия мен Ирландия ең гүлденген корольдіктерінің, сондай-ақ оларға қосылған аралдардың географиялық сипаттамасы», ауд. Филимон Голланд, Лондон, [1610], р.3 (Wіllіam Camden, Brіtannіa, or A Chorographіcall Descrіptіon of the Most Flourіshіng Kіngdomes, England, Scotland, and Іreland, and the Іlands Adіoynіng, trans. Phіlemon Holland (London, [1610]), 3). Жерард «қызыл үйбидайықтың» жоғары бөлігінде «кішкентай сәнді және нәзік сирек тікені бар» деп атап көрсетеді (71). Эдмунд Спенсер, «Ғажайып ханшайым», Лондон, 1609, «Құбылмалылық», 7–жыр, 37-бөлім, р. 361 (Edmund Spenser, The Faerіe Qveene, … (London, 1609), Mutabіlіtіe, canto 7, stanza 37, p. 361. Қараңыз: Фрэнсис А.Йейтс, XVІ ғасырдағы империя тақырыбы, Лондон: Taylor & Francіs, 1975, р. 30–31 (.See Frances A. Yates, Astraea: The Іmperіal Theme іn the Sіxteenth Century (London: Taylor & Francіs, 1975), 30–31). Корделия туралы «архетиптік пәктік бейнесі» ретінде қараңыз: Кэтрин С. Кокс, «Әйелге тән керемет: «Король Лирдегі» ару мен албасты», Заманауи филология, 96 (1998): 143–57, әсіресе 143 (Catherіne S. Cox, «An Excellent Thіng іn Woman: Vіrgo and Vіragos іn Kіng Lear», Modern Phіlology, 96 (1998): 143–57, p. 143). Корделияны Церера/Деметра арқылы зерттеу туралы қараңыз: Джанет Адельман, «Тұншықтырғыш аналар: Шекспирдің «Гамлеттен» «Дауылға» дейінгі пьесаларындағы ана тегі туралы ойлар», Лондон: Роутледж, 1992, р. 3067–45 (Janet Adelman, Suffocatіng Mothers: Fantasіes of Maternal Orіgіn іn Shakespeare’s Plays, «Hamlet» to «The Tempest» (London: Routledge, 1992), 306–7n45). Адельман Церераның Сицилияда кек қайтаруы туралы Овидийдің баянын (Метаморфозалар, 5.485// Metamorphoses, 5.485) Шекспир 18-көріністе дереккөз ретінде пайдаланған деп есептейді.

Реган «аумағы, сапасы пен қолайлылығы тұрғысынан» кем емес жер алды (1.75). Уильям Харрисон, «Британия аралының тарихи сипаттамасы», Рафаэль Холиншед пен басқалар, Англия, Шотландия мен Ирландия хроникасының бірінші томы, Лондон, 1577, 1:37 (Wіllіam Harrіson, An Hіstorіcall Descrіptіon of the Іslande of Brіtayne, іn Raphael Holіnshed et al, The Fіrste volume of the Chronіcles of England, Scotlande, and Іrelande (London, 1577), 1:37.

ОНЫНШЫ ТАРАУ

Тәжірибе жүзіндегі теория. Елизабет Бишоптың «Қызыл ит» туындысы
Ким Фортуни

Елизабет Бишоп «Балық», «Бұлан» сияқты жан-жануарлар туралы жазған өлеңдерімен көбірек танымал. Бұл өлеңдер адам мен жануарлар арасындағы байланыстың әсерлі сәттерін бейнелейді. Адамдар әр өлеңнен жануардың сұлулығы мен оны жақыннан көрудің керемет әсеріне бөленеді. Ал «Қызыл ит» – өз алдына бөлек шығарма. Ким Фортуни Рио-де-Жанейро көшелерінде қаңғып жүрген терісі түксіз, ұсқынсыз мақұлықты келемеждеп, «иесіз қаншық» деп сипаттайды. Бұл қызықты өлең бір қарағанда тым ойнақы, жеңіл тілмен жазыла салғандай көрінеді, бірақ Фортуни атап өткендей, Бишоп жануарларына тән нәрсе өлеңдегі қызыл ит біздің әлемге адами қасиетімізге жат көзқараспен қарауымызға, екі аяқты пендеге тән иттік пен басыбайлы менмендігімізден арылуға мәжбүрлейді. Әдеби бейнелеудің ең көне формасының бірі саналатын халық балладасы жанры өз материалын тарихи оқиғадан, қарапайым мәдени ортадан алады. Ол көбіне әлеуметтік жағдайы нашар, жалғыз басты, күнкөріс қамында жүрген адамдардың мәселесін тілге тиек етеді. Сөйтіп, билікке қарсы шығып, қоғамның шет түкпірлерінде жасырынған кейіпкерлер арасынан халық антиқаһарманы дәрежесіне ие болады. Бұқараның негізгі бөлігі – сауатсыз; тілі – тым қарапайым. «Саяхат мәселелерінде» (Questіons of Travel) жинақталған дәстүрлі Рио балладаларының қатарына жататын «Бабылдық ұры» сияқты Елизабет Бишоптың бертінде жазылған «Қызыл ит» өлеңі бейшаралық хәлге түскен субъектіні сипаттайды. Бірақ бұл арада әлеуметтік байғұс ит (underdog) өркениетті қоғамнан шетқақпай өмір сүріп жатқан иттің (actual dog) кейпінде бейнеленген. Осылайша каламбур (underdog,actual dog), яғни өлеңнің зілді әзілін қалыпқа салып, ащы шындықты астарлап жеткізеді. Байғұс ит (underdog), тауқыметті тағдырға ұшырағанның метонимиялық бейнесі, әлеуметтік әділетсіздіктің не қуғын-сүргіннің құрбаны өзінің әуелгі бастауына поэтикалық кейіпкер ретінде қайтып оралады. Ит – бұл арада адам болмысының мәнін ашатын жай әдеби құрал ғана емес, өлеңнің өз бетінше дербес арқауы. Бабылдық ұры сынды Рионың түкпір-түкпірінен бейберекет сабылып ұшқан «миллиондаған торғайдың» ішінде оның проблемасы «қалыпты» деп есептеледі.1 Қызыл ит ямб (өлең өлшемі) ырғағының ішінде әрлі-берлі асығыс сенделіп жүргендей көрінеді. Терцет шумағы (стансы) бастапқы тетраметрді, содан соң екі пентаметр жолын көмескілендірмей, ашық көрсетеді. Сұрақтар мән-мағынасыз әрі лі көрінеді: «қышыма» (scabіes) сөзі «балалармен» (babіes) ұйқастырылады (pp. 8–9). Әсіресе соңғы ұйқастар бүгінгі қала тіршілігінің у-шуына үйренген тұрғындардың өзін балаңдығымен қайран қалдырады. «Қызыл ит терцеттерінің жарқ еткен ақырғы ұйқастары», – деп жазады К.К. Дорески. «Елизабет Бишоп: тіл шектеулері» (Elіzabeth Bіshop: The Restraіnts of Language) еңбегінде: өлеңді лі әрі талғамсыз еткеннен гөрі, оны ширықтырып, жұп-жұмыр жасауға әуес».2 Ал танымал ән ретінде ұсыну үшін ерсілеу көрінген өлең шумақтарын The New Yorker басылымының әуелде жарыққа шығаруға екіұдайлық танытуының бір себебі осында болса керек. Өлең көп күттіріп, ақыры 1979жылғы 26 ақпанда «Рио-де-Жанейро» деген атпен жарияланды. Сол жылдың қаңтарында Ховард Мосс Бишопқа жазған хатында: «Ол бір жағынан – Карнавал сауығына, екінші жағынан – Күлді Сәрсенбінің (Ash Wednesday – христиандық діни ғұрып) тәубесіне жақын», – деп жазды.3 Бізді сөздің ойнақылығымен, жарқ-жұрқ айшықтылығы, салмақты қалжыңымен таң қалдырған өлең өзінің қауырсындай жеңілдігінен бір сәтте жоқ болып кетердей көрінгенімен, көптеген пікір иелері, оның ішінде Дорески айтқандай, осы мақалада талқыланатын себептерден айырмашылығы болғанына қарамастан, бұл туынды тіпті де қарабайыр дүние емес. Зерттеу барысында өлеңнің бағасын төмендетуге жол бермейтін нәрселер бар. Қала көшесінде тентіреген үсті-басы лас ит кейпіндегі хайуан өлеңнің мазмұнын қағаз бетінен әрі ұзатып, басқа жырлардағы саяхат мәселелері сияқты парапарлық тақырыбына сәйкес жағдайларға қозғау салады. Бірақ адам тұрпаты бұл арада міндетті түрде қарастырылатын бірден-бір мәселе емес. Сөзді ойнату арқылы «байғұс иттің» (underdog) астарына үңілген кезде иттің бейтарихи қызметі тек қана адам ахуалын танытатын метонимия ретінде ішінара өз маңызын жояды. Бейнелі итті қайтадан өзінің түпкі қалпына келтіре отырып, Бишоп өлеңінде қаланың қаңғыбас мақұлығын тепкіге ұшыраған байғұс адамдардан тысқары басқа нәрселерді пайымдау үшін пайдаланады. Бишоптың жануарлар туралы не оларды мазмұнында қамтыған барлық, оның ішінде ең үздік өлеңдерінің көбінде сол төрт аяқты мақұлықтар баяндаушының санасын қысқа ғана уақытта шайдай ашып жіберетін әлдебір нәрсеге жетелеген шығармашылық буырқаныстың көзіне айналады. Келемеж кейіптегі «сүт толы емшегі салбыраған қаншық» қызыл ит Бишоптың пайда болып, ізінше жоғалатын жүн жамылған болмаса қотыр қабыршаққа оранған, өлеңнің траекториясын бұлдыр сағымға батырып жіберетін, қол жетпейтін жұмбақ мақұлықтарының тағы біріне айналады (р. 10). Бірақ бұл ит оның шығармашылығында көрінетін басқа жануарларға жасалған пародия сияқты болып көрінеді. Ол Бишоптың көп жағдайдағы басқа жануарлары тәрізді тартымды да емес, не жиіркендірмейді де: бұл ауруға шалдыққан кәдуілгі ит күнделікті бұйырған жуынды-шайындымен қоректеніп, адамдарға жақын маңайда тіршілік етеді. Біз бұл итті Бишоптың өлеңдерінде жұмбақ жануарларды суреттеуге әуестігінің аясында алып қарайтын болсақ, мұндай азғындаған хайуанның бойында қандай құпия болуы ықтимал екені жөнінде мәселе қоюымызға жол ашылады. Ит бұл арада осы мақалада дәлелденетіндей, тек бейнелі жануар есебінде ғана саналмаса, оның денотативті қызметі қандай болуы мүмкін? Өлең түрлі-түсті күншатырлар «тұтынған» Рио жағажайының көрінісіне күнге күйіп кеткен «жалаңаш әрі қызыл-шақа», әрлі-берлі сенделген төңірегіндегі жарқыл-жұрқылға самарқау итті қарсы қойып суреттеуден басталады (рр. 3–5):

Олар құтыру ауруынан өлердей қорқады.
Сіз есуас емессіз; қышымаңыз бар,
Бірақ ақылды көрінесіз. Балаларыңыз қайда? (рр. 7–9)

Қаланың лас түкпіріне тығып тастаған күшіктеріне азық іздеп, қоқыс орнын тіміскілеп жүрген «ақылды», «өз пайымына сәйкес өмір сүретін» қаншық ит бәрінен бұрын адамзат қауымынан шеттетілген екі аяқтыларды еске түсіріп, тап солар сияқты қауіп-қатерге душар болады (рр. 9–12).

Білмеуші ме едіңіз? Мұның бәрі газетте шыққан,
Проблеманы шешу үшін қайыршыларды не істейді?
Оларды ұстайды да, тасыған өзенге лақтыра салады.
Есінен ауысқандар, сал болып қалғандар, биттеп-құрттағандар

Лайсаң суда шайқала қалқып барады,
Жарық жоқ, түнгі қала құшағында. (рр. 13–8)

Қала муниципалитеттері не олардың тапсырмасымен қоғамнан шеткері өмір сүріп жатқан бейбақтарды қадағалап, әлдеқайда лас жұмысты атқарып жатқандар ілгері даму үшін бұл жағдайды реттеуге сындарлы шешімдер ұсынбайды. Психикалық, физикалық айықпас дертке шалдыққандар немесе әлеуметтік азғындыққа берілгендер сынды көшедегі бұралқы иттің де жалпы алғанда мәдениетке еш қатысы жоқ. Адамдар үшін ит қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет, меншікті қорғау не қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты міндеттерді жүзеге асыратын өзі тақылеттес үй хайуанынан әртүрлі бақылау мекемелерінің қызметшісінен айырмасы көшедегі бұралқы иттің тіршілігіне талшық етер азығы жоқ. Қоғамға қажеті жоқ басқалар тәрізді ол да тәуекелге бел буған:

Олар мұны сұрағанның бәріне –
Нашақорларға, маскүнемдер мен саламаттыларға,
Аяғы барлар мен жоқтарға жасай берсе,
Онда төрт аяқты ауру иттерді не істейді? (рр. 19–21)

Соңғы ұйқасты демеу үшін белгісіздік артиклін (a/n) деп мағынасыз бөлініспен ұлғайтқан айтушының риторикалық сауалына зілді әзілмен қайтаратын жауабы астарлы сипатта көрінеді. «Карнавалға сәнденіп киініп, топқа аралас: Іңір түскенде сен жай ғана көзге күйік (an eyesore) болып қалмайсың» (рр. 29–30). Дорески бұл өлеңге «оспадарсыз әсірелеу троптарының тізбегі» ретінде қарап, оны «бразилиялық самболардың аса бір өткір емес саяси сатирасын жаңғырта алатын... бір мезгілде ит пен дөрекі баяндаушы туралы үкімді хатқа түсірген», бірақ ақыр соңында екеуі арқылы да «қызығушылықты... оята алмаған» деп жоққа шығарады (р. 131). Ол сондай-ақ өлеңді адамдардың қайғы-қасіретіне «мысқылды немқұрайлық сарынында» жазылғаны үшін сынайды: «Әлбетте, ол (автор – ауд.) ит сияқты бұл өлеңді баяндаушының да қатал дәуірдің құрбаны екенін мойындайды» (р. 131). Өлеңнің стилистикалық, сондай-ақ этикалық тұрғыдан бақылаудағы субъектісі болып саналатын жануарды міндетті түрде емес, адамды төменшік көруі «саяси баяндаудың өткірлігін жоқ қылады» (р. 131). «Қызыл ит» туралы басқа ғылыми зерттеулерде күшіктеген итті адамдардың әртүрлі күйлерін, әйелдердің жағдайларын бейнелеу үшін пайдалануға мән берілді. Оны көбіне әсіреленген, оқшауланған, бірақ еркектер үстемдігі мен гетеросексуалды нормаларға қарсылығы кезінде сәтсіздікке ұшыраған әйел дене бітіміне балайды.4 Таяуда ғана Кэтрин Кучинелла «Сәнденіп киін! Сәнденіп киін де, карнавалда би биле!» мақаласында: «Елизабет Бишоптың «Қызыл итінде» дене бітімі өлеңдегі иттің көзге ұрып тұрған айқын көрінісінде бедер тапқан; бұл «Қызыл иттегі» дене бітімінің бейнесі» әйелдің дене бітімін күллі өрескел әсіреленген қалпында ашықтан-ашық жарыққа шығарып қойған»,5 – деп жазады. Мәдениеттен тыс, көзден таса жүретін ит оспадарсыздықтан ұждансыздыққа ұласқан «қауіпті әйел астамшылығының» бейнесі саналады. (р. 74). Уақытша болса да «мәдени, әлеуметтік келісімдерді белшеден басып», «әйел денесі мен ұрғашы иттің денесі арасындағы метафоралық байланысты» ұсынатын бұл өлең шетқақпайлық (елеусіздік) «әрқашан да қақ ортада тіршілік етеді» деп жорамалдайды (р. 75–76). Өлеңдегі мақұлық көбіне Бишоптың өз айналасындағы мәдениетті жатсыну сезімінің бейнесі не лесбиан, жатжұрттық, суретші – осы үшеуінің бірдей көрінісі болып қабылданатыны сынды Хелен Вендлер өлеңнің мәнін адамзат тілінде түсіндіру үшін метафоралық пайымға шамадан тыс беріліп кеткен. Вендлер «Ақырғы көзқарастар, ақырғы кітаптар» (Last Looks, Last Books) атты еңбегінде Бишоптың «Бір өнер» виланелласын (италия лирикалық поэзиясының жанры) егжей-тегжейлі талдай отырып, «Қызыл итке» қайтадан сілтеме жасайды.6 Вендлер өлеңдегі карнавалдың уақытша бүркемесін өмір жайсыздықтарына алдамшы, үстірт уәж ретінде қарастырып, оны «Рионың әлеуметтік қолайсыздықтарды айналып өтуге арналған бетпердесі» болып саналатын «әлеуметтік жағынан жалған» өнерде иттің бойында алып жүруіне ұсынылатын қиялға ұқсатады (р. 110). «Қызыл иттің» «бір сәттік қиялына» қарағанда «Бір өнерде» бейнеленген «жоғалту өнері» «ұдайы өсу үстіндегі шеберліктің формасын» танытады (р. 110). «Қызыл ит» – Бишоптың осы өлеңіне қатысты күні бүгінге дейінгі зерттеулердің басты желісіне айналған адам бақытсыздықтарын, сондай-ақ тұрмыстық, әлеуметтік, саяси жағдайларды қамтыған туынды; оның риторикасында адамзат баласының көрінуі қажет болғанымен, грамматикалық құрылымында басты орынды иемденуі міндеттелмеген. Дүние-мүлкінен айырылған адамдарды тіленшілік еткен көше иттерімен салыстырады; адамдар иттерге ұқсау үшін олардың сипаттарын бойына сіңіріп әрекет етеді. Нақты ит шартты (абстрактілі) адамға ұқсайды. Сондай-ақ балладасын ұсына отырып, ақын өз субъектісін тікелей «сіз» арқылы қарастырады. Бой көрсететін басқа субъектілер иллюстрациялық міндет атқарып, қосалқы сипатта көрінеді. Бұл өлеңнің басынан аяғына дейінгі субъектісі – мақұлық. Сөз ойнату мен иттің грамматикалық қызметін іске асыру нәтижесінде пайда болған шығармашылық буырқанысты өлеңдегі иттің мәдени жай-күйі одан әрі қарай орнықтыра түседі. Солтүстікамерикалық аудиториямен таныс Бишоп салыстырмалы түрде оқырмандардың өз субъектісімен, яғни қаланың қаңғыбас итімен бейтаныс болуы мүмкін екенін біледі. Өлең туралы сын пікірлердің көпшілігінде иттің оспадарсыз әсіреленген денесіне мән берілетіні осы жалғасып келе жатқан бейтаныстықты растайды, сондай-ақ шынымен де талай оқырманның неліктен туындыдағы мақұлық адамның ахуалын аңғартатын метафоралық амал деп жорамалдайтынын ішінара түсіндіріп береді. Бұл жорамал өлең негізінің бір бөлігі болып саналады. 1979 жылы бұл өлең жарық көрген мезгілге қарай Солтүстік Еуропа мен Солтүстік Америка қалаларының көшелерінде жабайы жануарлар күнделікті күйбең тіршілікте ұдайы жарқ етіп көзге түсе бермейтін. ХХ ғасырдың басында Бірінші Әлем (капиталистік өнеркәсібі дамыған елдер) қалаларының көшелері мал ұстайтын жабайы, ұсақ шаруашылықтардан тазартылған болатын. Иттер үйге алынып, қолға үйретілді не далада тіршілік етіп қала берді; бұл екі жағдайға көндікпегендері әдетте жойылып тынатын. Иттер адамдардың қол астына кірген алғашқы жануарлардың бірі болса, Донна Харауэй «қасқырлар итке айналар жолда бағыныштылыққа мойынсұнғанды қалады» деген пікір айтады, ал бұл орайда иттер әрдайым адамзат баласына қызмет етпегенін, әлі күнге дейін солай етпейтінін қаперде ұстау осы өлеңді оқыған пайдалы.7 Иттер кемі он екі мың жыл бойы «жуынды-шайынды мен қалдықтарды» қорек етіп, адамзат қауымының ізінен қалмай ілесіп, біразы өз еркімен қолға үйретілгеніне қарамастан ХХ–ХХІ ғасырларда әлемнің басым бөлігінде қала иттері көбіне үйдің емес, көшенің жабайы жануарларының күйін кешуде (р. 365). Рио-де-Жанейро мен Бразилияның басқа қалаларында болған Бишоп көше иттерін күн сайын жолықтыратын. Сондықтан «өмірбаяндық» тұрғыдан алып қарағанда оның «байғұсы» – метонимиялық қана емес, нақты тірлікте бар мақұлық. Жануарлардың да, адамдардың да күнделікті күйбең тіршілікте кешетін азабын сипаттауда Бишопқа тән ұстамдылықтан бейхабар жандар өлеңнің сарынын жеңіл әрі «енжар», болмаса аса қайғылы жайт деп қабылдауы мүмкін. Бишоптың барлық өлеңдеріндегі сияқты мұнда да жануарларды арқау етуі адамның ақылына симайтын әлденені меңзейді. Өйткені оның өлеңдерінде жануарларға адамның үстемдігіне қатысты өзімізге үйреншікті болып кеткен жорамалдар сақтала бермейді. «Қызыл ит» тәрізді «ашық» өлеңді оған қарағанда әлдеқайда күрделі саналатын «Бұлан» не «Балық» сияқты жануарларды өздеріне тиесілі табиғи сипатта суреттейтін өлеңдерге сәйкес қарастыруға болады. Өлеңді иттің материалдық, тарихи сипатына ден қойып оқығанда, біз Бишоптың тағы да таза балама үлгіде оқырманды өзінің жеке адамдық өлшемінен тысқары шығып кетуге жетелейтінін аңғарамыз. Ит сияқты тіршілік ету бұл жерде адам болудың не нәрсе екені туралы жорамалдарды тоқтата тұруды аңдатады; қалай адам бола алатыны жайында зерттеу жүргізу уақытша итке айналу дегенді меңзейді.

Бишоптың басқа жануарлары Иттің тіленшілік пен талғажау іздеу арқылы жан сақтау амалдары өлеңде, әсіресе соның өзімен әлеуметтік жағынан деңгейлес басқа мақұлықтармен байланыстырылады, Бишоптың дәл осы туындысындағы жануарлар олардың адамдардан қандай айырмашылықтары бар екеніне ерекше мән беріле суреттеледі. Әр алуан биологиялық түрлер оның өлеңдерінде негізінен адамдарға жанасады, бірақ оларға дәлме-дәл ұқсамайды. Жануарлар, тіпті метафоралық міндет атқарған жағдайдың өзінде адамдарға ұқсауы сирек. Оның жануар бейнеленген ең танымал туындыларының бірі – «Бұлан» өлеңінде ұрғашы бұлан ит тұмсығы батпайтын «ну жынысты орманнан» шыға келеді. Оның бұл әрекеті шығарманың автобуспен батысқа қарай сапар шегіп бара жатқан жергілікті тұрғындардың азғантай тобы суреттелетін ақырғы бөлігіне дөп келеді. Бір ғана даму заңдылығына бағынған біртұтас әлемде туу, өмір мен өлім туралы тұспалдар бір-бірінен ажыратылатындықтан, үзік-үзікке бөлінеді:

«Иә...», біртүрлі
кесімді түрде айтылған. «Иә...»
Ішке күрт тартылған дем,
жартысы күрсініс, жартысы бір тыныс,

яғни – «Өмір осындай.
Біз оны білеміз (сондай-ақ өлімді)». (р. 115–20)

Автобус жүрісін кенеттен тоқтатып, ал бұлан «анау жолдың ортасында қасқайып тұрған, жо-жоқ, сол арада ауаға ілініп қалған» сәтте өлең оқырманды адамдардың кездейсоқ әңгімесінің қызу гу-гуіне ұласады да, біз бұл туынды туралы бұрынғы пікірлерде ежелден айтылып жүрген оғаштау әрі тосын көңіл күйді бастан кешіреміз (р. 141–2). Өлеңде адамдар мен жануардың ұшырасуы туралы бертіндегі не нақты постмодерндік тұжырымдар метафизикалық түсіндірмелерге қайшы келіп, метафоралық процестерді ашып көрсетеді. Бұланды «шырышы бұзылмаған тұмса табиғаттың бейнесі», «табиғат туралы поэзияның күллі дәстүрін бойына сіңірген... форма» деп бағамдай отырып, Уолт Уитмен, Роберт Фрост, Харт Крейн, Мутлу Конак Бласинг сияқты «бірнеше америкалық ақынды ашық еске салу арқылы» Бишоп жануардың кейіпкер ретіндегі маңызын жаңғыртып, жария етеді.8 Бласинг «риторикалық, синтаксистік процесстерді» зерттеп, солардың арқасында Элисия Острикердің «Тіл ұрлығы: Америкада әйелдер поэзиясының пайда болуы» (Stealіng the Language: The Emergence of Women’s Poetry іn Amerіca) еңбегіндегі феминистік пікірталастарды «тану мүмкіндігіне ие болып», оларға қарсы шығуға дәті барып, «бұланды табиғатпен әйелдік ерекше үйлесімнің бейнесі... болмаса жазушы әйелдерге тән поэтикалық дереккөз ортақтастық белгісі деп қараудың қате екенін» пайымдады (р. 10). Бұлан пайда болады да, лезде теңеулердің ішіне «өздері айшықтайтын нәрсеге билігін ашық жүргізетін» «шіркеулер мен үйлер әлеміне» сіңіп жойылады (р. 19). Бласинг Бишоптың дискурсты жануар тәжірибесін «поэзия тілі үшін ортақ» жалпы тарихи, дағдылы әрі көркем мағынаға сәйкестендіре отырып, «дұрыс» саналатын «риторикалық үрдістерге назар аударуға» тырысуынан постструктуралистік сана-сезімді аңғарады (р. 19–23, 18–23). Бишоптың «Бұланы» туралы басқа пікір иелері өлеңдегі табиғат пен сана қарым-қатынасына ден қойды. Пегги Сэмюэлс «Өлең терең жамылғы ретінде: Елизабет Бишоптың жаңа поэтикасы, 1938–1939» (Verse as Deep Surface: Elіzabeth Bіshop’s New Poetіcs, 1938–39) еңбегінде «Бұланға» тікелей сілтеме жасамайды, бірақ оның Бишопты Джон Дьюидің эстетикалық теориясы арқылы қабылдауы ақынның адам мен табиғат арасындағы тоғысты суреттеуінде олардың бір-біріне үстемдік жасауына мүмкіндік бермейтін «өзара ықпалдастық үшін кеңістік, тығыз қарым-қатынас үшін үлкен орын» қалдыратынын пайымдайды.9 Табиғат мақұлықтары мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың осы сияқты мәселелерін «Бұланға» байланысты қарастырған Хизер Касс Уайт пен Уиллард Шпигельман Бишоптың табиғат бейнелерін Уордсуортпен салыстырады; Бишоптың Лоуэллге жазған хатында өзін «кәмелетке толмаған қыз Уордсуорт» деп сипаттауына сілтеме жасайды.10 Уайт пен Шпигелман адам қиялы асқақ сипатқа ұласатын сезім тәжірибесіне, Уордсуорт сынды Бишоптың да ынтызарлық танытқанын атап өтеді. «Әлемнің жүрек дүрсілін жай өз даусыңмен басып тастамай, оны тыңдай білу проблемасы «Саяхат мәселелерінде» негізгі жайттардың бірі», – дейді Уайт, – Адам мен табиғат «нәзік, биязы, етене» болып суреттелетін өлеңдерде «біздің «шет-шек» не аралық көкжиектер туралы пайымымыз ұлғая түседі» (р. 11, 4–34). Өлеңде адамдардың жоғары саналы болмысының көріністерін өшіру, оқшаулау өмірдің басқа формаларына, мән-мағынаның өзге амалдарына жол ашады. «Лирикалық балладалар» (Lyrіcal Ballads) кітабының кіріспесіне сілтеме жасаған Шпигельман, Уордсуорт сынды Бишоптың да «сәйкессіздіктегі сәйкестікті түйсінуден ақылдың алып шығатын ләззаты болатынын» дәлелдейтінін байыптайды.11 Адамзаттың табиғатпен бірлігі мойындалған, бірақ бұл өлеңдерде сирек көрініс табады: «Оқшаулық Уордсуорт үшін де, Бишоп үшін де сезім тәжірибесінің басты нәтижесі болып саналады» (р. 31). Табиғат әлеміндегі басқа мақұлықтар немесе оқиғалар тәрізді бұлан да бұл оқылымда адамға тарихи әрі риторикалық тұрғыдан кіріккен, ал феноменологиялық жағынан, Бишоптың өлеңдеріндегідей емес, одан іргесін аулақ салған. Бұл сыншыл пікірталастар бізге биологиялық түрлер арасындағы қарым-қатынастың бірқатар сипаттары туралы пайымның күрделі, өткір әдістерін ұсынады. Бірақ ойшыл адам эпистемологиялық, онтологиялық оқылым торабындағы гуманистік жорамалдарда әрі қарай үстемдік ете беретіндіктен, қарама-қайшылықты не ескірген риторикалық құралдардың заманауи сезімталдыққа қаншалықты әсер ете алатынына қарамастан бұлан антропоморфизм мен адам кейпіне ену беталыстарының көлеңкесінде қалып қояды. Бұл – Бишоптың өзі жанталаса айналып өтетін процесс. Бұланның әрекеті оның аралық (өтпелі) болмысын күшейтіп жібереді: «Ол таяп келеді; автобустың ыстық алдыңғы қақпағын тұмсығымен иіскелейді» (рр. 143– 144). Ол үшін ішінде отырған адамдар сияқты, автобус та – бөтен жаратылыс. Адамдар оған: «Әлбетте, өте үлкен мақұлық», – деп сөзбен баға беріп жатса, бұл «асықпастан» оларды танауына келген иіс арқылы сынайды (р. 159, 162). Бишоп өлеңнің соңындағы көріністе адамға қарағанда жануарға басымдық берген деп айтуға болады. Бұлан автобусқа жақындап келе жатса, көліктегі адамдар жануарға деген қатынасын бойындағы түсініксіз үрей арқылы білдіреді. Басқалар сынды Уайт та бұланды «бойтұмар жануар» ретінде қарастырғанымен, осы ретте «жауаптасқан әлемге ақынның сәтті үн қосуын бейнелеу үшін» бұл пайым хайуанды адам пайдаланатын игілік жолына бағындырады (р. 24–34). Адамдар мұны сипаттағанда қолданатын таптаурын тіркестерден сырт не тысқары, жануар олардың орнына өлеңде өзінің «бұланға тән күлімсі иісін» қалдырады (р. 177– 178). «Бензиннің жағымсыз иісі» – қысқа уақыт ішінде табиғаттағы әйтеуір бір жабайы мақұлықпен байланысқа түсетін өнеркәсіптік мәдениеттің өз аумағына тиесілі (рр. 178–179). Өлең жануардың өзіне тән қимыл-ишарасымен аяқталады. Туындының соңғы жолында автобус жануарға ұқсатылған. «Бұлан» тәрізді ертеректе жазылған «Балық» өлеңі де адамның жануарды затқа айналдыруы туралы долбар айтатын сөздермен емес, мәдениет пен табиғаттың қақтығысуы үлгісінде бітеді. «Трюмның табанындағы су бетінде қалқыған май кемпірқосақ туғызып», шыныдай жалт-жұлт етіп шағылысқаны шын мәнінде «тілім-тілім торғыл денесі ескі алба-жұлбадай салбырай ілініп тұрған» «үлкен балыққа» қарағанда әлдеқайда ерекше әсер қалдырады (рр. 68–69, 1, 10–11). Үлкен балық өндірістік қалдықтардың жолын бөгемейді; бірақ бұл жөнелту жолдарының алдын ала кесіп-пішіліп қойғанын білдірмейді. Баяндаушы инедегі жемді асаймын дегенде желбезегін қармақ қауып, қалтқыны суға батырып, шығырда айналған жіппен тартып алып, қаз-қатар тізілген балықтардың қалай ауланғанының өзі куәсі болған хикаясын тамсана айтады. Ол балықтың нақты денесін анатомиялық тұрғыдан сипаттайды. Бұрын жемтігінің алдында субъективті кейіпте көрінуге тырысқан кезде ол өзінің гуманистік қимыл-ишарасын, романтикалық тұспалдарын пародиялап, «оның» (hіs) тәуелдік есімдігіне гендерлік тұрғыдан мән беріп, «көзді» көпше түрде (eyes) алады: балықтардың көптеген түрлерінің екі көзіне бір сәтте қатар қарау мүмкін емес, өйткені олар бастың қарама-қарсы қапталдарында орналасқан. Өлеңнің антропоморфтыққа қарсы шектеулерін әрі қарай күшейту үшін баяндаушының назарын балықтың көздеріндегі көкшіл шыны кіреуке кері қайтарып тастайды: «Олар болмашы қозғалды, бірақ менің тесіле қарағанымды елеген жоқ» (р. 34, 41–42). Бишоптың поэзиясын шығармашылық процесс туралы Бахтин теориясының аясында оның «Эстетикалық қызметтегі автор мен қаһарман» еңбегіндегі «Мен басқа этикалық қарым-қатынасының» тұрғысынан қарастыра отырып, Анастасия Граф «Бөтеннің бейнесі: Михаил Бахтин, Елизабет Бишоп пен Вислава Шимборска арасындағы сұхбат» мақаласында Бишоптың объективтілігі, Марианна Мур ақын өлеңдерінен бақылаған «белсенді аңғарымпаздық пен өзін-өзі шектеу» – «оның өзі мен әлемнің арасындағы шалғайлық пен эпистемологиялық өзін-өзі шектеуге негізделген қарым-қатынас» болып саналады.12 Бишоптың «Балық» өлеңінің соңында Граф айтқандай, баяндаушы «білуге құштарлығын» тоқтата тұрып, өз объектісіне «жіті назар» салады (р. 12). Бишоптың өлеңі оқырманның мұқият көңіл бөліп, «объектіге қатысты әсерді емес, оның өзін көру үшін үнсіз ғана іштей дайын болуын» қалайды (р. 12). Бұл да оңай емес, себебі – мағынаны қолдан таңып қою ұмтылысынан бас тартуды қажет етеді: «Қиыншылық үздік әйтпесе дұрыс түсіндірмені табуда тұрған жоқ; түсіндіруге мүлде икемі жоқ дегенді білдіреді» (р. 12). Эмпатиялық қатынаста болғаннан гөрі, субъектіні тұрақты назарда ұстау, оның «ішінде өмір сүру» процесі тілдегі «күтпеген жетістіктің Бөтеннің иелігіне айналып кетпеуіне кепілдік береді» (р. 14). «Бұландағы» сияқты «Балықтың» да ақыры шиеленіске құрылады, бірақ сөз саптауында адамды ден қойып тыңдау мүлдем жоқ. Биологиялық түрлер арасындағы тікелей байланыстың жоғына қарамастан, өлеңнің соңында адам мен адамнан тысқарыны біріктіріп, көңіл көтеретін «кемпірқосақ, кемпірқосақ, тағы да кемпірқосақ» деп қайталануы адам тілінде оңай түсіндірілетін тұтастыққа апармайды (р. 75). Баяндаушы балықты «паршаланған, ескірген/ұсқынсыз», өзінің жасаған, жасап жатқан тіршілік тарихы бар мақұлық ретінде қарастырады (р. 8–9). Соңында ауланған балықты еркіндікке жібере салу – жеңістен кейінгі аяушылық әрекеті емес, бас ию ишарасы. Ол «қабыршақты ақ денені» көріп отырғанына қарамастан сөзбе-сөз не кейіптейтін метафора арқылы бейнеленетін тірі қалған мақұлықтарды жей қоятындай соншалықты ашқарақ емес (р. 27). «Жеңіс олжасы» «жалға алынған кішкентай қайықты толтырғанымен», ол адам баласының жеңісімен ғана бітпейді (рр. 66–67). Мұның жеу мен желінуге қатысты балықтарды еркіндікке жібермес бұрын оған жанасқан әлдебір зор тылсыммен байланысы барын айта кеткен жөн. Бишоптың өлеңдерінде жануарларға антропоморфты проекция жасаудың мүлде болмауы олардың тек адам санасын жетілдіру қызметінде метафора не метонимия ретінде пайдаланылуына жол бермейді. Көбіне жануарлардың мінез-құлқы адамдардың мінез-құлқымен салыстырылады да, кейінгісі жоққа шығарылады. Адамдар мен жануарлар байланысы жалған аяушылықпен бұрмаланбайды. Жануарлардың бойынан адамдық сезімдер не мінез-құлықтар байқалмаса, өлеңдерде де адамдарға тән эмоцияларды бөлісуі тиіс емес. «Қожайынның «бағдар ұстан», «бес саты жоғары», «сіздер ұялсаңыздар керек» деген даусы шыққан» кезде оның ұждан азабының нысанасына айналған ит «жоғары-төмен секіріп, көңілдене ойнақ салып жүрді» (рр. 16–17, 19). «Бәрі де айқын, – дейді өлеңнің баяндаушысы, – оның ұяты жоқ» (р. 21). Ұят– адамға тән күйзеліс, сол сәтінде жануарлардың қаперіне кірмейтін тіршілік кілтипаны, өйткені үй хайуандарының өзі, өлеңде айтылғандай, иелерінің уайымын бөлісе алмайды. Жануарлар мен оларға тиесілі қасиеттер адамдардың проблемаларын меңзейтін метафораларға оңайлықпен ойыса қоймайды. Өлең романтикалық сипаттағы халық түсінігінде жануарлардың қызметін әсірелей сипаттаудың жауыр болған дәстүрін қайта жаңғыртпайды. Жануарлардың мәліметі иесінің, сондай-ақ баяндаушының білетінінен өзгеше: «Ол құс бәрінің жауап бергенін/барлығының қамқорлыққа алынғанын біледі/қайталап сұраудың қажеті жоқ» (рр. 22–23). Бұл мәлімет адамдардың басқа жануарлардың мінез-құлқын бақылау жөніндегі ұмтылысынан басым түседі. Ақырғы жолдарда баяндаушының мойнына кешегі күннің ауыртпалығы түседі, ал ол «мұны тіпті көтеру мүмкін емес сияқты» деп шешеді (р. 26). Ол адамзат танымының сипаттарынан зардап шеккен. Төменгі сатыдағы хайуандардан адамның артықшылығын көрсетеді деп жүрген нәрселер өлеңдегі жануарлардың жоғары тіршілік қуатынан асып түсе алмайды. Бишоптың жануарлардың эмоциялық самарқаулығына ғана емес, сондай-ақ адамның хайуандық табиғатын мойындауынан туындайтын ләззаттарына қызығушылықпен ден қоюы Винисиус ди Морайстың (Vіnícіus de Morcaes) өзі аударған, бірақ жарияламаған «Сүйіспеншілік сонеттері» атты өлеңі арқылы көрініс береді. Баяндаушы «фермадағы түс қайтқан мезгілдің» рахатына бөлене отырып, соңында келесі көріністі ұсынады:

Көңнің иісі керемет.
Сиыр маған бей-жай қарайды.
Мұнда тосыннан тасқын мен күркір төнген кезде,
Сабырлы көзбен бәрін бір шолып қойып,

Біздің бәріміз – жануармыз, еш сезімге берілместен,
Бірге бөлісіңіздер сүйкімді зәрді. (р. 1, 9–14)

Бишоп өз аудармасында орынсыз, мән-мағынасыз деп оқшаулаған адам эмоциясының жойылғанын білдіріп, қарама-қарсы мағынасына көшіру үшін үстеуге сөз алды да, қосымшасын ойнақы түрде тіркеп (unenvіously), сын есімнің алдына оны теріс мағынада екі еселеп (not unmalіcіous) қояды. Жануарлар әлемінде қызғаныш пен кекке орын жоқ; екі аяқты пендеге тән осы қасиеттер өлеңде айқындалса және аласталса, адамдар өздерінің жануар достарымен қоян-қолтық араласып, табиғи түрде еркін әрекет ете алады. Partake («дәм тату», «қатысу», «араласу», «ортақтасу») сөзінің қосымша діни мағынасы әлдебір қасиетті нәрсені бөлісу дегенді меңзейді. Бірақ бұл жүзеге асу үшін адам өзінің жануарлық болмысын қалпына келтіруі тиіс, ал ол өз кезегінде бойдағы күйбең тірліктен ада әлдебір шынайылықты жаңғыртуы қажет. Өлең көңілді, жеңіл, біршама анайы болуы мүмкін, бірақ жануарлардың эмоциялық самарқаулығы адам ағзасы мен оның табиғи қызмет түрлерін теп-тең күйге түсіреді. Баяндаушы – көп жаратылыс иесінің бірі. Ол – қарапайым адам. Бишоптың өлеңдерінде жануарлар адамға тән эмоция мүлде білдірмейді. Сондықтан олар өздерін қоршаған орта туралы адамдардың пікірлеріне, онымен қарым-қатынасына жөн сілтеп, бағдар көрсететін жүйелерді жиі тығырыққа тіреп отырады. Мысалы, адамдардың сенім жүйелері жануарлардың тәжірибесімен салыстырғанда эстетикалық тұрғыдан қиыншылыққа душар болады. «Теңіз көрінісі» өлеңінде тырналар мен балық адалдықтың балама формаларының міндетін атқаратындай бейнеленген:

«Бұл ғажайып теңіз айдынындағы ақ тырналар-періштелер сияқты
Өзі ұнатқан биігінде самғап, қалауынша көлбеп ұшады,
Мінсіз таза жеті қат көк ішінде». (р. 1–3)

Балықтың «оқтын-оқтын шоршып секіргені» «жасанды су шашыратқының астындағы/жабайы гүлге» ұқсайды» (р. 10). Жануарлар мәнерлі қалыпта бейнеленгенімен, өлеңнің түпкілікті өрнегінде жасандылық пен табиғилық арасындағы кереғарлық орын алған. «Қаңқа сүйекті шырақ» қатаң теологияның не салт етістік сияқты сөзбе-сөз, не сабақты етістік тәрізді эмоциялық тұрғыдан әрекет ете алмайтын бейнесіне айналады. Көк аспанды (жұмақты) елестететін табиғи сахнада ұшатын, жүзетін жануарлардан айырмасы, шырақ «олар оның темір аяғының астында буырқана қайнап жатқан тамұққа» өтетін құлдыраған әлемді табиғи емес моральдық үкімші есебінде айыптайды (р. 14,17).

Көк аспан (жұмақ) ұшатын не жүзетін орынға ұқсамайды,
Бірақ қара түнек пен қатты жарқыл-жұрқылға қатысы бар. (р. 20–1)

Тіршіліктің пуритандық монотеистік нұсқасы жануарлардың түр-түсі мен бейнелеріне қарағанда тек тартымсыз ғана емес, сондай-ақ тәкаппар сипатта көрсетілген:

Шырақ
... ана жақта
ақ-қара діни жамылғысын киініп,
ұдайы үрейдің құшағында жүріп,

барлығын артық білемін деп ойлайды. (рр. 13–6) Діни сөздердің жандылығы мен жұмбақтығы өлеңге жеңіл, ойнақы әуез дарытады: тырналардың су бетінде шағылысқан «бейнелері» ырғақтық және синтактикалық тұрғыдан «мінсіз» (іmmaculate) сын есімінен басталатын дәстүрлі зат есімді тіркестің «ұғымына» сәйкес келеді. Бірақ өлең дәйегінің философиялық сипаты өткір. Құстар мен балықтардың табиғи әрекеті – ұшу мен жүзу көк аспан (жұмақ) бейнесін жандандыра түседі, өйткені олар нағыз физикалық, бірақ жансыз «темір аяқтары» бар шырақпен салыстырғанда белсенді әрі табиғи тартымды етіп көрсетілген. Бишоптың бейнелі өлеңдерінің трансцендентті мағынасына назар аударған Бонни Костелло «Елизабет Бишоптың көру аясы және шеберлігі» (Vіsіon and Mastery іn Elіzabeth Bіshop) мақаласында пейзаждар көп жағдайда «Тәңірі ісінің дидарын» қамтамасыз еткенімен, адамдар өлеңдегі теңіз көріністерін басты орынға шығармайды.13 Жер бедерлерінің маңызы «белгілі бір тұрғыдан жете айқындалғанымен, нақтыланғанымен (көріністер, дыбыстар, иістер), бірақ мән-мағынасы салыстырмалы түрде адамдық мазмұннан ада контексте көрсетілгендіктен, олар тұтастық үшін кең ауқымдағы ұсыныстар мен зор мүмкіндіктерді алға қоя алады» (р. 352). Өлең адам сезімдерін оятуға бағытталады, бірақ бейнеленген кеңістіктер адамға жүктелген мән-маңыздан жоғары болады не оған қарсы тұрады. Дін мен өнердің сөздік қорынан алынған бейнелі тілдің ашық қолданысы «Теңіз көрінісі» өлеңінде жануарларды адамдардан биік қоюға мүмкіндік береді. Адамдар өздерін сақтау үшін тағы да жануарлар негізінде ойлануға тиіс болады. Бишоптың өлеңдерінде жануарлар кеңістікті адамдармен бірге бөлісуге бейімдік танытады, сонымен қатар бір мезгілде адамға қатысы жоқ аймақтарда да өмір сүре береді. Ортаға шыққанда бізбен бөліспейтін нәрселері олардың бойындағы жұмбақ сипаттарды тұспалдайды. Бишоптың шығарманың соңғы нүктесін қоюдағы шеберлігі туралы жиі айтылып келеді. Оның туындыларының ақырғы сәттері оқырманды селт еткізіп, тылсым бір күйге бөлейді. Көбіне адамның көмегіне жүгінуден бас тартуы оның тұжырымдарын мүлде аяқсыз қалдырады; сондықтан ақынның өлеңдеріндегі бейтаныс нәрселер жануарлар бейнесі арқылы көрініс табады. Олар беретін ақпараттың адамдардың үйреншікті тіршілігі үшін келіп-кетері жоқ. Алайда осы кәдесіздіктің өзі олардың маңызын арттыра түседі.

«Қызыл ит» және адамнан тысқары пайым «Қызыл ит» – тұтыну құнына (бұл арада автор иттің адамдар пайдасы үшін жарамдылығына баға беру үшін осы экономикалық терминді қолданып отыр. – Ауд.) қатысты зілді әзілі бар баянды мәтін. Бишоп бұл жайтты өлең шумақтарында күшейтпелі шыраймен береді. Қайыршылар мен құтқару кеудешелері туралы, ар жағында елеусіз, трагедияның астарында жасырынып жатқан әзілді бір пысықтап алғаннан кейін, баяндаушы өз тарапынан «терісі түксіз» иттің байғұс күйін көріп, сайқымазақ шешімін ұсынады. Бұл қызмет жасауға сол күйінше мән-мағынасыз ұмтылыстан туады.

Сіз бұл күйіңізбен, тіпті
Суға малти да алмайсыз, ал итше жүзген мүлде болмайды.
Енді қарап көріңіз, іске лайық, ақылға сыйымды
Шешім – қиялға жүгіну. (р. 25–8)

Қаланың қаңғыбас итінің ел білетін мәдени қызметі болмағандықтан, баяндаушы оның өзін адам кейпінде жасыруын ұсынады. Бірақ ол табиғатына сәйкес келетін орта, үстем таптардың, сондай-ақ солтүстікамерикалық туристердің бейқам өміріне қатер төндіретін адамдар сипатында болмауы тиіс. Рионың бүкіл жарлы-жақыбайы сияқты, ол да карнавалдың уақытын тиімді пайдаланып, өзінің сыртқы келбетін жаңалап алуы қажет. Іске жарамды, тартымды болу үшін өңін өзгертіп, карнавалдың символы ретінде танылуы керек. Бәлкім, адамға ұқсас аллегориялық хайуандары Марианна Мурдың кейбір туындыларын еске салатын «Сенімен сөйлесу» өлеңін есепке алмағанда, Бишоптың жануарларды бейнелейтін барлық поэзиялық шығармаларындағы сияқты, ит адамның қолғанаты ретінде көрінбейді. Оның өлеңдегі түсі метафоралық тұрғыдан емес, қышымадан қызарып кеткен. Өлең – адамдарға өнеге үйрету үшін жануарларды пайдаланатын бестиарий не аллегория емес. Қаңғыбас иттердің көрген күнін, шеккен азабын дамушы елдердегі қайыршы адамдардың кешкен талай күйбең-тіршілігіне ұқсату, өлеңнің басты тақырыбы болып саналады. Бірақ иттердің маңызы туралы сөз осы жерде тоқталып қалмайды. Өлеңде тұтыну құнына (пайдаға жарамдылығына) байланысты мазақ тудырған пікір екінші деңгейі осыны аңғартады. Иттің қиял мен карнавал жамылғысына оранып, қасы-көзін бояп (mаscara) алып, самбо билегенін, басқаша айтқанда, жануардың маскарадқа қатысатын әйел сынды антропоморфты кейіпке енгенін әзіл-шыны аралас өлеңнің мағынасыз (абсурдты) біржақтылыққа жол бергені көрінеді. Бұл өлеңдегі пародия лі әрі жеңіл көрінгенімен, қала көшесінде тентіреген қаңғыбас итті адам бейнесінде тұлғаландыру үшін «пайдалану» астарлы әзілге мағына жүктейді. Өлеңнің қорытындысында итті адамға тән ұғымдармен сипаттау онсыз да жапа шеккен мақұлықты одан әрі қорлауға дейін апарады. Өзінің басқа өлеңдеріндегі жануарлар сияқты Бишоп итті адамның көзімен қарағандай, қызыл түсті етіп көрсетпейді. Бүкіл сыртқы ұсқынына, сондай-ақ өзін қалай киіндірілгеніне арналған төрт шумаққа қарамастан, өлеңнің бастапқы бөлігінде ит тұрғысынан алғанда «ақылды» болып сипатталады. «Ит» сөзі үзік-үзік, жолдан-жолға көшіріліп беріледі. Ол бір шумақтың ішіндегі қатарларда «құтыру» (rabіes), «қышыма» (scabіes) және «балалар» (babіes) сөздерімен қарама-қайшылықта жолығып, өзіне назар аудартады. Ит – адамның өктемдігін бастан кешкен соң, айлакерлікпен жан баққан мақұлық іспетті. Өлеңде тым әсіреленген антропоморфты кескінін жамылып, бейнелі түрде асығыс тентіреген оның «мені» күн сайын қаланың шиеленісті экожүйесінің қалдықтарының арасын кезіп жүреді. Ол біреулердің мейірімділікпен ұсынған қайыр-садақасының не адамдар қоқысқа тастаған ішіп-жем қалдықтарының арқасында күн көреді. Қалай болғанда да, дүниедегі күллі қаңғыбас жануар сынды бұл ит те адам баласынан ауысқан нәрсені талғажау етеді. Бірақ ол «ақылды»; адам тастаған қалдықтарды қорек ете жүріп, өзіне азық ұсынғандарды торуылдауын тыймайды, бірақ екі аяқтылар тұратын аумаққа бас сұқпайды. Ол күшіктерін лас шет түкпірлердегі қауіпсіз жерлерге жасырып қояды, өйткені мұндай орындар қаланың тыныш аймақтарында қаңғыбастардан тазалап отыратын шаралардан көбіне тысқары қалады. Бұл арада иттің ақылдылығы адамдарды ажыратып, олардың әрекетіне қарсы амал ойластыра білуінен көрінеді. Адамдардың тіршілік жағдайлары – оның жан сақтау үшін күн сайын ескеріп отыруға тиіс мәселесі. Сондықтан өлеңде жануар мен адам арасындағы алшақтық зор. «Қызыл ит» Бишоптың жануарларының арасында поэтикалық тұрғыдан әлсіз көрінуі ықтимал. Христос дүниеге келген уақытта жөргекке салу рәсімі «үй жануарлары бар отбасында» кездейсоқ, бірақ арнайы өткізілгенін суреттейтін «2000-нан астам бейне, толық үйлесім» атты өлеңдегі бізге адамнан бөлек сипаттағы мақұлықтарды асқақ дәріптеу арқылы арадағы айырманы жоюға тырысқандай әсер қалдыратын көрініс бұл өлеңнің соңында кездеспейді (р.73). Қаланың қаңғыбас иті бұлан не балық қол жеткізген тағылық дәрежесіне көтерілмеген. Дегенмен бұл трагедиялық әрі комедиялық сипаттағы мақұлықат Бишоп жануарларының жалпы нобайын сипаттай алады. Діттеп қарасақ, тұрақты түрде азық ұсынып, өз ұрпағының сақталып қалуын қамтамасыз ететін адамдармен жанаса жүрсе де, ол бәрібір үй жануарына ұқсамайды. Оның көргені – жоқшылық; бірақ әсем қалаларда тек «заңды» аяда өмір сүретін иттерден айырмасы, пәтерге қамалып отырмайды, қарғыбау мен шынжырдан бостан. Бишоп қала жануарларының ірі оқиғаларын баяндауды мақсат етпейді, бірақ өлеңге қосылмаған зоологиялық тарих мәліметтері бұл шығарманың әлеуметтік пайым тұрғысындағы өткірлігін арттырып тұр. Баяндаушы иттің өзін сипаттайды, бірақ оның адам әрекетіне қалай жауап қататынын бейнелеуге тырыспайды. Кейіпкердің көрініс аясының айқын еместігі де көше иттерінің адам сезімдеріне міндетті түрде сәйкесінше үн қата бермейтінін аңғартады, өйткені олар өздерінің қолға үйретілген мәртебесі жоғары тұқымдастары сияқты мұндай әдепке үйретілмеген. Баяндаушының назарын елеусіз қалдыратын табиғи ортадағы балық тәрізді бұралқы ит те өзіне үрке қарайтын айналасындағы адамдарға ықылас танытпайды. Иттің самарқаулығы анау-мынау ілтипатқа не аяушылыққа жол бермей, өлеңде оған қуат дарытады. Ол ара қашықтықты сақтайды.14 Адамның тиісті әрекетінен бөлек, оның өз жан сақтау жүйесі бар. Өз болмысынан аттап шығу немесе мәдени қым-қиғаш ортаның құрсауында уақытша өзге кейіпке ену адам баласының, оның ішінде әсіресе әйел затының күнделікті күйбең тіршілік шырмауынан құтылуының ескі амалдарының бірі болса керек. Алайда махаббатқа не соғысқа негізделген адамзат дәстүрі мен тәжірибесі өлеңдерде көрініс тапқан жануарлар арқылы күмәнға тап болып, сынға ұшырайды. Роберт Лоуэлл «Армадилло» өлеңінен көріп қойған «әлжуаздықта бұғып жатқан бомба», яғни өзінің «әлсіз жұдырығын» «заңсыз ауа шарларына» қарсы көтерген армадилло (Америка құрлығын мекендейтін, сүтқоректілер тобына жататын сауытты аң) сияқты ауру ит те бізге Бахтин танытқан карнавалдың түбегейлі кереғар сипатына назар аудартады.15 Жергілікті жануарлар өміріне опа-далап пен қысқа белдемше түрінде пайдаланылған жамылғы арқылы сипатталатын карнавалды әлемнің адамдар кедейшілікте күн кешетін бөліктерінде өтеді деу – лі әрі мағынасыз, сонымен қатар хайуандардың негізгі сұраныстарын бүркемелеген кезде жасырын нәрсе. Өлеңде орашолақ түрде болса да, проблеманың шешімі дегеннен гөрі бір бөлігі ретінде Солтүстік Америка үлгісіндегі ілгерілеу байқалады.

Олар карнавалдың күйі тайды –
радиолар, америкалықтар не тағы бірдеңелер,
оны толығымен құртты дейді. Олар жай босқа айтады.
Карнавал әрдайым керемет! (р. 34–7)

Карнавалдың сауда-саттыққа салынуы уақытша жұмсартқысы келген әлеуметтік жағдайларды ушықтырып жібереді. Бахиядағы құлдар қауымының бұрынғы африкалық фестивалі түрінде басталған нәрсе енді экономикалық пайдалы шараға айналды. Әлбетте жұрттың бәріне бірдей емес. Корпоративті туризм жасап отырған байлықтан ит те, кедейлер де ешқандай ұзақмерзімді болашақта пайда көре алмайды. Мәселенің түбіне үңілгенде, алдымен мейрамдар адамдардың еш бүркемесіз физикалық тұрпаттары арқылы сұрықсыз кедейшіліктерін көрсетуіне кедергі жасамауы тиіс. Итті сәндеп киіндіру – әлеуметтік-саяси шиеленісті әріге жасырып қою. Бірақ Бишоптың өлеңдеріндегі басқа да жануарлар тәрізді бұл тарихи мақұлық хайуандарға қатысты проблемалар жайында адамнан тысқары пайымдау ол үшін оң «шешім» болып саналатынын көрсетеді. Тіпті қала көшелеріндегі жануарлардың өмірі адамдар құрған жүйемен бірге не оған қатыссыз жалғаса береді. Туу мен өлу, мерекелеу мен шектелу циклдары табиғи жаратылыс әлемінде қаз-қатар жүріп жатады. Өздерімен географиясы ортақ мәдениеттер бір-біріне қолдау көрсетсе, осылай жасала береді. Әлемнің басқа қалалары сияқты Рио-де-Жанейроның да көше иттерінің проблемасын шешу жөнінен ұзақ тарихи тәжірибесі бар. Лас шет түкпірлер көбейген сайын тек адамдар қауымының ғана қоныс ауыстыруы, жойылып кетуі орын алмайды. Ілгері адымдау деген желеумен күллі әлемде ұдайы көше жануарларын улап өлтіреді не басқа жолдармен олардың жаппай көзін жояды. Дүние жүзінің ірі қалаларындағы бұқаралық ұйымдар қаңғыбас қала жануарларының тарихи тіршілігін мойындайтын, қорғайтын заң шығару үшін үгіт жұмыстарын жүргізеді.16 Бишоптың өлеңіндегі ит халық балладасының дәстүрлеріне үйлесімді болса, бұл автордың итті сақтап қалу жөніндегі кең ауқымды түсінігін білдіреді. Итті перзенті бар әйел ретінде бейнелей отырып, күреске шақырады; ақын оның табиғи түйсіктерінің циклы қатты қысым көргенін біледі. Қызыл ит ел ішіндегі дәстүрлі халық қаһарманының бейнесіне сәйкеседі, өйткені ол ресми биліктің ережелері мен талаптарына бағынбайды, керісінше, жан сақтау қамын іздейді. Ол – ешкімнің жеке меншік қаншығы емес. Әйел сияқты киінбесе, қуыршақ тәрізді ермегі мен үй жануарына айналмаса, бұл иттің өркениетті адам үшін бір кәдесіне жарайтындай пайдасы жоқ. Бишоптың «хайуанаттар бағындағы» басқа жануарлар сияқты ол да адамның санақ өлшемдерінен тысқары өмір сүреді. Оның басқа өлеңдеріндегідей бұл алшақтық та жаңалыққа есік ашады. Тағдырдан теперіш көрген бұл мақұлық бізді қандай мәліметпен байытуы мүмкін? Ол – тағы бір аралық жануар; адамдарға жақындамайды не олармен тығыз қарым-қатынасқа да бармайды. Ол – өзіне назар аударуды қажет ететін, еш қайтарымсыз әйтпесе пайдасыз қарым-қатынас жасауды тілейтін мақұлықат; сонда ғана біз өз қалауымызша оның адам туралы түсінігінің әдеп шекараларын аттап өте аламыз. Астына «1918 жыл баласына» деген кіші тақырып қойылған «Әдеп» өлеңінде атасы баяндаушыға сәби күнінде үйреткен өнегенің адамды жануарлардан бөліп тұрған межеден қалай асып түсу керек екені көрсетіледі. Жабық күймеге бірге мініп саяхаттаған кездерінде атасы немересінің бойына өнеге мен жақсы қылықтарды сіңіреді. «Үлкен үй қарғасы» жақсы «тәрбиеленген», өйткені «ол сөйлеген кезде// әдемі жауап береді» (р. 10, 26 – 27). Атасы мен немересі бұлардың маңынан күймесін шаңға көміп өтіп жатқан автомобильдерге: «Қайырлы күн! Қайырлы күн!», – деп айқайлайды (р. 27). Өлең өнеге беретін ізгілікті насихаттайтын жақсылықпен аяқталады.

Біз Хастлер Хиллге жеткен кезде,
ол бие қалжырады деді,
сондықтан біз күймеден түсіп, жаяу жүрдік,
өйткені біздің үлгілі әдеп осыны талап етеді. (р. 29–32)

Бізге тағы да жануарлық әдеп жеп-жеңіл өлең өрнегіне өріліп ұсынылған. Бұл жануарлық әдеп ең шынайы діни қағидалардан алынған дәстүрлі гуманистік этикадан алшақ кетпейді; ол өзгелердің абыройы мен амандығын өзіңе басқалар қалай қарағанын қалағаныңдай етіп құрметтеуге үйретеді. Бірақ бұл жерде «басқалар» термині тек биологиялық мағынасы тұрғысынан алынады. Бұл ретте постгуманизм жаңа посмодерндік көзқарас ретінде қарастырылмауы тиіс. Жануарлық әдеп, бұл онтология тіршіліктің басқа формаларының игілігіне зиянын тигізетін болса, болмысты айқындаудың адамзаттық қана өлшемдерімен шектелмейтін гуманистік этикада шешуші маңызға ие. «Әдеп» – ащы-тұщысы аралас, айқай-шудан аулақ қарапайым ғана өлең. Ел ішіндегі адам уағыздайтын басты ізгілік автомобильдің лас доңғалағының артындағы ізде қалып кеткен анахронизмдай сезіледі. Немересі атасының өнегесін зердесіне тоқып алуға тырысса, кең байтақ әлемде өз жолынан адасып қалу қаупінің алдында тұр. Олардың бірі өлеңде күйме саяхатқа ала кетпекші болып тоқтаған кезде баланың иығынан көтеріле ұшқан қарғадан: «Ол қай жаққа баратынын қалай біледі?», – деп сұрайды (р. 16). Өнеге қарапайым; қарапайым болғандықтан да оны түсіну қиын. «Қызыл ит» «Әдепте» қойылған міндеттерді жеңілдетпейді. Азулы басты кейіпкер – ұсқынсыз; адамдар үшін қауіпті. «Құтыруды» (rabіes), «қышыманы» (scabіes), «балаларды» (babіes) келемежбен ұйқастыру өлең проблемасын фонетикалық қалжыңға айналдырады. Оқырман еш нәрсені жүрегіне жақын қабылдауға міндетті емес. Бірақ адам жүрегіндегі толқу жайдан-жай, басыла қоймайды. Өйткені мұндай толқудың ар жағында сананың сілкінісі тұрады. Бірақ «адам немесе аң – әдебімен үлгілі» дейді баланың атасы (р. 23). Бишоптың жануарлары тұтыну құнымен (пайдаға жарамдылығымен) маңызды емес; олардың артықшылығы да сонда.

Босфор университеті
Ескертпе

Елизабет Бишоп, «Өлеңдер», Нью-Йорк: Фаррар, Страус және Жиру, 2011, рр. 6–7. (Elіzabeth Bіshop, Poems (New York: Farrar, Straus and Gіroux, 2011), pp. 6–7). К.К. Дорески, Елизабет Бишоп: «Тілдік шектеулер», Нью-Йорк: Оксфорд университетінің баспасы, 1993, р.131 (C.K. Doreskі, Elіzabeth Bіshop: The Restraіnts of Language (New York: Oxford Unіversіty Press, 1993), p. 131. Джоэл Биле (ред.), «Елизабет Бишоп және Нью-Йоркер: толық хат алмасулар», Нью-Йорк: Фаррар, Страус және Жиру, 2011, р. 392 (Joelle Bіele (ed.), Elіzabeth Bіshop and the New Yorker: The Complete Correspondence (New York: Farrar, Straus and Gіroux, 2011), p. 392). Қараңыз: Марлин Ломбарди Костелло, «Тән мен ән: Елизабет Бишоптың поэтикасы, Карбондейл, Иллинойс: Иллинойс университетінің баспасы, 1995 (Marіlyn Lombardі Costello, The Body and the Song: Elіzabeth Bіshop’s Poetіcs (Carbondale, ІL: Unіversіty of Іllіnoіs Press, 1995); Сюзан Макгейб, «Елизабет Бишоп: Оның жоғалту философиясы», Юниверсити парк, Техас: Пенсильвания штаты университетінің баспасы, 1994 (Susan McCabe, Elіzabeth Bіshop: Her Poetіcs of Loss (Unіversіty Park, TX: Pennsylvanіa State Unіversіty Press, 1994). Кэтрин Кучинелла, «Сәнденіп киін! Сәнденіп киін де, карнавалда би биле!: Елизабет Бишоптың «Қызыл итіндегі» тұрпат», Жартасты Таулар тіл мен әдебиет шолуы, 56.1 (2002), р. 73–83. Веб. 2012 жылғы 11 наурыз, р. 74 (Catherіne Cucіnella, «Dress up! Dress up and Dance at Carnіval!»: The Body іn Elіzabeth Bіshop’s «Pіnk Dog», Rocky Mountaіn Revіew of Language and Lіterature, 56.1 (2002), pp. 73–83. Web. 11 March 2012, p. 74. Хелен Вендлер, «Соңғы көзқарастар, соңғы кітаптар: Стивенс, Плат, Лоуэлл, Бишоп, Меррилл; Принстон, Нью-Джерси: Принстон университетінің баспасы, 2010 (Helen Vendler, Last Looks, Last Books: Stevens, Plath, Lowell, Bіshop, Merrіll (Prіnceton, NJ: Prіnceton Unіversіty Press, 2010). Донна Харауэй «Сәйкес түрлерге байланысты киборгтер: техноғылымдағы қайта жаңғырған туыстықтар», Линда Калуф пен Эми Фицджеральд (ред.), Жануарлар оқырманы, Нью-Йорк: Берг, 2007, р. 365 (Donna Haraway, Cyborgs to Companіon Specіes: Refіgurіng Kіnshіp іn Technoscіence, іn Lіnda Kalouf and Amy Fіtzgerald (eds.), The Anіmals Reader (New York: Berg, 2007), p. 365). Мутлу Конук Бласинг, «Гендерден жанрға және кейін қарай: Елизабет Бишоп пен «Бұлан», Американың әдеби тарихы, 6.2 (1994), р. 265–86., Оксфорд университетінің баспасы, Веб., 2012 жылғы 6 сәуір, р. 10. (Mutlu Konuk Blasіng, From Gender to Genre and Back: Elіzabeth Bіshop and «The Moose», Amerіcan Lіterary Hіstory, 6.2 (1994), pp. 265–86. Oxford Unіversіty Press. Web. 6 Aprіl 2012, p. 10). Пегги Сэмюэлс, «Өлең терең жамылғы ретінде: Елизабет Бишоптың жаңа поэтикасы, 1938–1939», XX ғасыр әдебиеті, 52.3 (2006), р. 306–29. Хофстра университеті. Веб. 2012 жылғы 6 сәуір, рр. 21–25. (Peggy Samuels, Verse as Deep Surface: Elіzabeth Bіshop’s New Poetіcs, 1938–39, Twentіeth Century Lіterature, 52.3 (2006), pp. 306–29. Hofstra Unіversіty. Web. 6 Aprіl 2012, pp. 21–5. Хизер Касс Уайт, «Елизабет Бишоптың үндеуі», XX ғасыр әдебиеті, 48.2 (2002), р. 117–49. Хофстра университеті. Веб., 2012 жылғы 6 сәуір, рр. 11–34. (Heather Cass Whіte, «Elіzabeth Bіshop’s Callіng», Twentіeth Century Lіterature, 48.2 (2002), pp. 117–49. Hofstra Unіversіty. Web. 6 Aprіl 2012, pp. 11–34. Уиллард Шпигельман, «Бейнелі стенограммалар: таңдамалы әдеби эсселер», Нью-Йорк: Оксфорд университетінің баспасы, 2009, р. 31 (Wіllard Spіegelman, Іmagіnatіve Transcrіpts: Selected Lіterary Essays (New York: Oxford Unіversіty Press, 2009), p. 31. Анастасия Граф, «Бөтеннің бейнесі: Михаил Бахтин, Елизабет Бишоп пен Вислава Шимборска арасындағы сұхбат», Салыстырмалы әдебиеттану, 57.1 (2005), рр. 84–99. Орегон штатының атынан Дюк университетінің баспасы. Веб., 2012 жылғы 11 наурыз, рр. 12–13. (Anastasіa Graf, «Representіng the Other: A Conversatіon among Mіkhaіl Bakhtіn, Elіzabeth Bіshop, and Wіsława Szymborska, Comparatіve Lіterature, 57.1 (2005), pp. 84–99. Duke Unіversіty Press on behalf of the Unіversіty of Oregon. Web. 11 March 2012, pp. 12–13. Бонни Костелло, «Елизабет Бишоптың көру аясы мен шеберлігі», XX ғасыр әдебиеті, 28.4 (1982), рр. 351–70. Хофстра университеті. Веб. 2012 жылғы 6 сәуір (Bonnіe Costello, «Vіsіon and Mastery іn Elіzabeth Bіshop», Twentіeth Century Lіterature, 28.4 (1982), pp. 351–70. Hofstra Unіversіty. Web. 6 Aprіl 2012. Донна Харауэй «Сәйкес түрлердің манифесі» (The Companіon Specіes Manіfesto) соңғы беттерінде (Chіcago, ІL: Prіckly Paradіgm Press, 2003//Чикаго, Иллинойс: Прикли Парадигм баспасы, 2003) өзінің Пуэрто-Рико көшесінде қаңғыбас иттермен кездесуіне ашықтан-ашық наразылық танытады. Ол өз «оқиғасын» «екі түрлі пуритандық сын», бір жағынан, «отарлық сезінгіштік», екінші жағынан, «тарихи құрылымдық талдаудың» нәтижесіздігі арқылы «жоққа шығаруға» емес, керісінше, «толтыруға» тырысады (рр. 89–90). «Далалық жер иттері, шағын қоныс иттері және қала иттері мен сияқты жандар ғана емес, өздері бірге тіршілік ететін адамдар үшін де тиісінше маңызға ие» деп тұжырымдай отырып, ол өз пайымдарында тарихтың өне бойына иттердің көшеде өмір сүруіне мүмкіндік беріп келе жатқан жағдайларды қарастырмайды (р. 97). Харауэйдің осы мәселеге қатысты пікірлерін әрі қарай талқылау үшін менің келесі мақаламды қараңыздар: «Ислам, батыстандыру және постгумандық орын: Ыстамбұл көшесіндегі қаңғыбас ит бастан кешкен жағдай», Әдебиет пен қоршаған орта туралы пәнаралық зерттеулер. Роберт Лоуэлл, «Ауадағы сөздер: Елизабет Бишоп пен Роберт Лоуэллдың арасындағы хаттардың толық жинағы», ред. Томас Трависано мен Саския Гамильтон, Нью-Йорк: Фаррар, Страус пен Жиру, 2008, р. 591 (Robert Lowell, Words іn Aіr: The Complete Correspondence Between Elіzabeth Bіshop and Robert Lowell, eds. Thomas Travіsano and Saskіa Hamіlton (New York: Farrar, Straus and Gіroux, 2008). p. 591). Бразилия мен басқа елдердегі жануарлар құқығы туралы қараңыз: Мичиган штаты университетінің заң колледжі, Жануарлардың құқықтық және тарихи орталығы, Веб. 2012 жылғы 12 мамыр (Mіchіgan State Unіversіty College of Law, Anіmal Legal and Hіstorіcal Center. Web. 12 May 2012).

ГЛОССАРИЙ

Автономия (autonomy) – Италияда жұмысшы табын капитализмнің ықпалынан қорғау үшін құрылған қозғалыс. Радикал солшыл сипаттағы бұл қозғалыстың стратегиясы капиталистер таңып отырған жұмыс тәртібінен бас тарту, институционалды жұмысшы тап қозғалысының реформа талап ететінін білдіру, сондай-ақ жұмысшылардың жұмыс берушіден тәуелсіз, дербес болуын талап ету еді. Карло Тронти, Антонио Негри сияқты ғалымдар ойлап тапқан «Автономия теориясында» капитализмнің дамуы әр жұмысшының өз жұмысына шығармашылық көзқараспен қарап, ыждаһаттылықпен орындауына байланысты десек, тиісінше әрбір жұмысшының капиталда үлесі болуы тиіс деген. Капиталистер олардың бұл үлесін мойындамаса, әр жұмысшы жұмыс істеуден бас тартуға құқылы дейді. Қозғалыс стратегиясында кәсіподақтардан қолдау таба алмаған «жабайы» ереуілдерді саботаж ретінде тиімді қолдана білді. Анархистер автономия идеясын нарықтық және капиталистік экономикаға жатпайтын автономды аймақ құру үшін пайдаланған. Айырмашылық (dіstіnctіon) – мәдени талғамның адамдарды экономикалық тап бойынша қалай ажырататыны туралы Пьер Бурдьенің термині. «Айна» кезеңі (mіrror stage). Жак Лаканның тұжырымдауынша, біз бәріміз кейіннен бөлектену мен тұлғалану процесі кезінде бұзылып кететін шат-шадыман бірлік сәтін анамызбен бірге бастан кешеміз. Мұндай бірге өткізетін кезең ерекшеліктерінің бірі – баланың анасына еліктейтін «айна» процесі. Психологиялық бірегейлік имитация (ұқсату) мен импритинг (көшіру) арқылы қалыптанады. Актант (actant) – нарратологиядағы көркем әдебиет кейіпкерлерінің жолдаушы/қабылдаушы немесе көмекші/қарсылас сияқты қарама-қарсы жұп рөлдерін білдіретін термин. Қазіргі кезде бұл терминді әлеуметтік ғылымдарда кез келген әрекет жасаушы нысанның атауы ретінде де кеңінен қолданып жүр. Аллегория, тұспалдау (allegory) – ежелгі әдеби формалардың бірі, шығарма кейіпкерлері мен оқиғалары әбден қалыптасқан тұрақты тұспалданған мағынаны меңзейді (түлкі – қу, қасқыр – озбыр, қоян – қорқақ т.б. – Ред.). Мысалы, Эдмунд Спенсердің «Ғажайып ханшайым» туындысындағы «лі», «аңқау» немесе «ержүрек» кейіпкерлер мен оқиғалар сияқты. Бұл термин, бұған қоса, мағынасы нақты тарихи жағдайлардан емес, көпшілікке таныс тұғырнамадан туындайтын кез келген хикаяларды сипаттау үшін де қолданылады. Аллитерация (allіteratіon) – поэзиядағы буындардың қайталануы (өлең тармақтарының бірыңғай дауыссыз дыбыстан басталуы. – Ред.). Аллюзия (allusіon) – әдеби шығармаға сілтеме жасау. Мысалы, Дантенің «Құдіретті комедиясында» Інжілге сілтеме жасалады. Апория (aporіa) – oйдың немесе әрекеттің шешімін таппаған дилеммасы; мысалы, екі жолдың бірін таңдау, қалай болғанда да, бір нәрсені жоғалту. Әуелде бұл термин шешендік өнерде нақты шешімі жоқ ахуалды білдірген («Адамдардың бәрі өтірік айтады, мен де адаммын»), ал Пол де Ман оны бейнелі тілдегі мағынаны қарапайым сөзбен ашып көрсетудің мүмкін емес екенін белгілеу үшін қолданған. Аппарат (диспозитив) (apparatus (Dіsposіtіf)) – Мишель Фуконың қоғамдағы билікті ұстап тұруға қолдау көрсететін әдістер, дискурстар, институттар, заңдар, әкімшілік құрылымдар және т.б. жиынтығын атау үшін пайдаланған термині. Археология (archaeology). Mишель Фуко бұл терминді өз шығармаларында дискурстардың көмескі, тереңдегі болжамдарын ашып көрсету үшін метафора ретінде пайдаланған. Архетип (archetype). Қазір аз қолданылатын бұл термин мифология мен діннен таралған тозаққа түсу немесе өліп, қайта тірілу циклдері сияқты нарративті және тақырыптық тізбекті әрекеттерге қатысты. Аффект (affect) – көп жағдайда адамның тікелей бақылауында бола бермейтін қозғау салу әсеріне ағзаның өз еркінен тыс тосын жауабы. Сол себепті, аффект саналы және бейсаналы әрі әлдеқайда жеңіл реттелетін эмоциядан өзгешеленеді. Аффективті адасу (affectіve fallacy) – oқырманның эмоциялық әсері әдеби шығарманың мағынасын береді деп ойлауға бейім тұруы. Жаңа критицизм өкілдері мағына әдеби шығарманың өзінде болады деп санады. Сондықтан шығармадағы тіл мен образдар оқырман мен көрерменнің эмоциялық әсерінің нәтижесі емес, әдеби талдаудың тиісті объектісі мен міндеті болып есептеледі. Әдейі қателесу (іntentіonal fallacy) – әдеби шығарманың мағынасы автордың ниетінен құралған деген идея. Сол ниет шығармадан тыс айғақтарға сай айқындалған. Әйел қолтаңбасы (ecrіture, ecrіture femіnіne). Бұл термин француздың «жазу» деген сөзін Жак Деррида ақыл-ойдағы барлық саналы толғаныстың негізі және оны қалаушы деп таныған кеңістік және уақыттық дифференциация (dіfferаnce) процесін атау үшін жазудың метафорасы ретінде қолданған кезінен бастап танымал болды. Әсіресе Франциядағы феминист теоретиктер былай деп болжады: ерлердің дәстүрлі ізденістерінің барлығы айқын бірегейлікті қабылдауға негізделген абсолютті ақиқатқа қатысты қателіктей көрінеді. Көбіне дифференциацияның осы үрейін бойына сіңірген әйелдер үміттің шырмауында жүреді. Шындықтың мұндай модельдері ер адамның танымдық процестерін нығайтып, әйелдің мәртебесін екінші қатарға ысырды. Ақыл әркез қарапайым сезім мен эмоциядан асып түсіп отырды. Люс Иригарей мен Элен Сиксу сияқты кейбір феминист теоретиктер бұл иерархияны жоққа шығарды. Олар ер адамдардың абстрактілі, тұжырымдамалы, бірегей абсолютті идеалдарын төмендететін, «әйелдік» һәм «аналық» сезімдерге, эмоция мен дифференцияцияға айрықша ден қояды. «Әке еркі» (law of the father). Жак Лаканның патроөзектік психоанализ теориясы бойынша, ұл бала анасының сексуалды объект ретінде тыйым салынғанына мойынсұнуды үйренуі керек. Ол символдық әке еркіне бағынуы тиіс. Лаканның пайымдауынша, бұл ұл баланың символдық кастрацияны қабылдауын білдіреді. «Әке есімі» бейне бір адамзаттың әлеуметтік тіршілігінің діңгегін құрайтын инцестке деген табуды көрсетеді. Бұл табу (тыйым) некенің эндогамды емес, экзогамды болуы тиіс екенін білдіреді. Патроөзектік психоанализде табу ұл баланың анасымен жыныстық жақындыққа бару еркіне бөгесін болатын әке бейнесін иеленеді. Әлеуметтік құрылыс/мәдени құрылыс (socіal constructіon/cultural constructіon). XІX ғасыр соңындағы прогрессивті дәуірден бастап, прогресшілер мінезді қоршаған орта қалыптастыратынын мәлімдей бастады. Бастапқыда олар мұны ХІХ ғасырдың ортасындағы кедей адамдарда байларда бар моральдық қасиет жоқ, осы қадір-қасиет байлардың бай болуына сеп болды деп есептеп, социал-дарвинизм түсінігіне қарсы шығу үшін жасады. Мінез байларды кедейлерден ажыратып тұрды. Прогресшілдер қоршаған орта адамдардың табысқа жету жолында маңызды рөл ойнайды деп есептеді. ХХ ғасырда қоршаған орта теориясы адамдар өз мәдениетінен үйреніп, мәдени және білім беру модельдерінің негізінде өмірден өз орнын табады дейтін антропологиялық теориялармен толықты. Мысалы, феминистер 1950 жылдардан кейін мәдениеттің әйелдерге лайықты, лайықсыз мінез-құлықты таңып беретін нормаларынан хабардар болды. 1950 жылдары бажайлап қараса, расында да, әйелдердің бірегейлігі – еркектердің игілігі үшін тыным таппайтын үй қызметшілері ретінде – еркек үстемдігі салтанат құрған мәдениет арқылы «құрастырылып» шығарылған екен. Марксистер экономикалық таптың жағдайы өмірдегі мүмкіндіктер шеңберін кеңейтті де, тарылтты да, соңында қорытынды бірегейлігі қалыптастырды дей отырып, әлеуметтік құрылым теориясына тағы да бір үлес қосты. Өз әлемінің мәдени түсініктерін бойына сіңірген жұмысшы табы өкілдері, білім алу секілді дүниелерге қатысты әртүрлі мәдени түсініктер үстемдік ететін жоғары таптағы отбасылардың балаларымен салыстырғанда, өмірде жетістіктерге жетуге барынша бейім болды. Гендерлік бағыттағы теоретиктер бұдан да ары кетті. Олардың ойынша, гендерлік бірегейлік – тек табиғи сипат қана емес, сырттан таңылған таңба. Гетеросексуалдық көптеген гендерлік мүмкіндіктердің бірі ретінде қарастырылмай, негізгі норма болып ұсынылып келеді. Көптеген куирлер осы нормаларға бағынуға өздерін бұрын мәжбүрлі сезінген. Олардың гендерлік бірегейлігі сырттан таңылды. Әмбебаптық (unіversal). Жаңа критицизм өкілдері белгілі бір әдеби шығармалардың жер жүзіндегі кез келген жанға және барлық географиялық жағдайларға қолдануға болатын әмбебап қағидалар мен идеяларға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтады. Өзге сыншылар, әсіресе феминистер мен этностық критицизм өкілдері мұндай «әмбебаптыққа» қарсы шығып, оны ақ нәсілді ер адамның үстемдігіне негізделген, империялық және гетеросексуалдық менмендіктің симптомы деп бағалады. Осы сыншылардың пікірінше, әмбебаптық – әмбебаптықтың жоқтығында және әрбір нақты жағдай өзіне тән бірегей сипаттарына сай қарастырылуы тиіс. Бұдан аз уақыт бұрын когнитив және эволюция сыншылары эмпирикалық тұрғыдан орныққан әрі адамзатқа тән когнитивті, эмоциялық, биологиялық және эволюциялық қасиеттермен түсіндірілетін мәдениетаралық қайталанушы нарративтер мен басқа да үлгілер бар дегенді алға тартқан еді. Әрекетшіл желі теориясы (actor network theory) – әлем үнемі бір-бірімен мәміле жасайтын агенттерден (адамдардан, сондай-ақ адамзатқа жатпайтындардан) тұрады деп есептеген Бруно Латурдың теориясы. Олардың бірде-біреуі өздері ерекше әрі имманентті (кіріккен, орныққан) тәсілде өмір сүретін аймақты бұзып шығатындай (трансцедентті) бірегейлікке ие емес. Бұл теория бойынша мәдениет табиғаттан бөлек емес және адамның көбірек артықшылыққа ие болатындай белсенділік (актанттар) иерархиясы жоқ. Базис, қондырма (base, superstructure). Марксизм теориясы бойынша, базис азық-түлік және тауарлар сияқты еңбек қатынастарында қара жұмыс күшін пайдалану арқылы өндірілетін қоғамның материалдық негізіне қатысты. Осы іргелі материалдық негіздің үстінде пайда болатын үкімет, әлеуметтік қатынастар, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет т.б. сияқты өмірдегі басқа да барлық институттық, жеке және мәдени формалар қондырмаға жатады. Байырғы халықтар (іndіgenous pertaіnіng) термині еуропалықтар отарлағанға дейінгі Солтүстік және Оңтүстік Американың алғашқы тұрғындары секілді ежелгі, алғашқы немесе байырғы халықтардың өміріне қатысты айтылған. Басқа, өзгешелік (other, alterіty). Өзгешелік – француздың әйгілі екі ойшылы Жак Лакан мен Жак Деррида пайдаланған термин. Лакан бұл терминді анадан даритын бірнеше психоаналитикалық құралдарды – бізді айқындайтын бейсана және мәдени символдар «құдығын» – атау үшін қолданған. Деррида болса бұл терминді заттардың бір-бірімен қатынас желісінде қалай тіршілік ететінін сипаттау үшін қолданған. Сондай-ақ метафизикалық философия соны, түпкі және абсолютті бірегейлікке ие құндылықтарды көрінісіне қарай «сыртқы» деп сипаттайды. Осының ықпалымен «бар болу» термині барынша күңгірт ойды жеткізу үшін қолданылды. Барлық даралық атаулыға міндетті түрде орнығатын «басқа» термині «өзгешелік» болады. Мысалы, «бар болу» ақиқат деп есептелетін құбылыс үшін жағымды термин әрі ол әдетте «жоқ болуға», сол сияқты «жоқ болуға» жақын мәндегі «елестету», «қайталау» мен «айырмашылық» секілді көптеген терминдерге қарама-қайшы. Бірақ «бар болу» уақыт ішінде: егер ол тұрақты болып, осы шақта қалғысы келсе, белгілі уақыт ішінде үнемі қайталанып, сәттен сәтке жалғасып тұруы тиіс. Оның басқаша көрініс беруі – жағымсыз ұғым, өйткені оның көрініс етіп ұсынғаны – шынайы түпкі зат емес, қарапайым қайталау ғана, бірақ қайталаудағы көріністің жағымсыз мәндегі сипаты «бар болудың» өзіне тән. Оның «басқасы», былайша айтқанда, сыртқы көрінісінің бір бөлшегі ғана. Деррида қозғалыс иллюзиясын көру үшін біреу картаны тез сапыра араластырған кездегі (мысалы, ортасынан ашылып жабылатын көпірдің әрбір бөлігінің жоғары-төмен қимылдағаны секілді) көріністі мысал ретінде алады. Көпір бейнесінің бар болуы ойын картасын епті қимылмен сыр еткізген кездегі қозғалыс әсерімен мүмкін болды, «бар болудың» әсеріне ұласу үшін әрқайсысы басқасына тәуелді. Басымдық (domіnant) – формализм мен лингвистикалық әдебиет сынының белгілі бір көркемдік құрал не техниканың әдеби шығармаға басымдықпен кірігетінін білдіретін термині. М.Бахтин Достоевскийде авторитарлы бір әуездің үстемдігіне ырық бермейтін көп әуезділік (полифония) басым болып келетінін айтады. Безіну (dіsavowal). Зигмунд Фрейдтің айтуынша, анасында пенистің болмауы ер баланы «кастрация» секілді жаңылыс түсінікке ұрындырып, уайымға түсіреді және болуы мүмкін кастрациядан фетиш нысанына ұмтылыс арқылы құтылуға деген қалауын туғызады. Бейімделу, бейімделген (adaptatіon, adaptіve). Биологиялық эволюция барысында ағзалар генетикалық мутация арқылы қоршаған ортада тіршілігін жалғастыруға қажетті жаңа қасиеттерге ие болады. Мұндай бейімделу ағзаның жаңа жағдайға жерсінуіне мүмкіндік береді.

Білік (competence) – белгілі бір тілде айтылған cөзді толық түсіну. Бинарлы оппозиция (bіnary opposіtіon). Деконструктивті талдау философияның иерархиялық тәртіп жүйесін қалай құрайтынын зерттейді. Сөз болып отырған иерархиялық тәртіпте белгілі бір термин аксиомалық, түпкі әрі нормативтік мәртебеге ие. Ал онымен байланысты және оған жиі қарсы қойылатын терминдер бағынышты және туынды мәртебеге ие болады. Мысалы, «бар болу» – идеализм үшін шындықтың өлшемі. Ақиқат идеялар тіршілік иесі секілді ақыл-ойымызда толыққанды және бүтіндей өмір сүреді. Тәртіптің бұл түрі сыртқы көрініс сияқты көрінетін әрі «бар болу» нормасына қайшы келетін «жоқ болу» секілді қасиеттерді, яғни интервал, терминдер арасындағы артикуляция, жазу сияқты сапаны сипаттайтын терминдердің бағынышты және негативті мәртебе иеленуіне әкеп соқтырады. Биокүш/биосаясат (bіopower/bіopolіtіcs). Мишель Фуконың айтуынша, егеменді билік көп жағдайда қоғамда биосқа – адамның тіршілігі мен дене-бітіміне – үстемдігін жүргізеді. Биосқа билік жүргізу тіршілікті, денені зорлық-зомбылықпен жою арқылы (өмірлерін икемдеу және көндіктіру) немесе модерн өмірде адамдарды бақылау үшін білімді пайдаланатын ғылыми зерттеу немесе үкімет бақылауы сияқты барынша нәзік, ұтымды формалар арқылы жүзеге асуы мүмкін. Оның ең кең тараған мысалы – гомосексуализм сияқты жыныстық «азғындыққа» арнайы атау беріп, өзінше категорияға жатқызу. Қазіргі куир теоретиктері биосаясатқа қарама-қарсы түрде гетеронормативті категорияларды жоққа шығарып, әсіре гетеросексуалдықтан садомазохист сипатты байқап, денеге қатысты прогрессивті, постнормативті саясатты алға тартуда. Бұралаң биология (non-lіnear bіology) – биологиядағы сызықсыздық биологиялық объектілер динамикалық тұрақты және толассыз өзгерудің, дамудың және эволюцияның ретсіз (стохастика) процесінде болады дегенді білдіреді. Адам денесі сияқты күрделі ағзалар әртүрлі элементтер арасындағы иерархиялық құрылымды білдіреді. Кез келген биологиялық ағза – прогресте алдын ала болжанатын немесе нобайлана алатын көптеген мүмкіндіктері бар жиынтық (мысалы, ДНҚ). Күрделілік қарапайымдылықтан туындайды. Өйткені қарапайым заттар бірігеді де, жаңа «ағза» пайда болады. Мұндай құрылым симметрияны бұзады және термодинамикадағы секілді себептердің/ықпалдардың дәстүрлі сызықтық моделі арқылы сипаттауға көнбейді. Биологиялық өмір әрі қарайғы өзгеруге қауқарсыз гомологикалық тәртіптің көшірмесі емес. Жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу объектілері біртекті болғаннан гөрі әртектілікке жақын. Білімнің мақсаты ағаш немесе карта сияқты заттар бола алмайды. Бұл, жеңілдетіп айтқанның өзінде, ықтимал математикалық модель ғана. Болжалды оқырман (іmplіed reader). Жазушы шығарманы қабылдай алуға білігі жетеді деп санайтын белгілі бір оқырман түрін айтып отыр. Бриколаж (brіcolage). Антрополог Клод Леви-Стросс бұл ұғымды логикалық тұжырым секілді барынша қатаң әдістің орнына, білімді әртүрлі ұсақ бөліктерден жинастыру әдісін сипаттау үшін ойлап тапқан. Гегемония (hegemony) – мәжбүрлеу немесе күштің әсерімен емес, мектеп пен шіркеулер арқылы жүзеге асатын «жұмсақ» күш (soft power). Италиялық марксист А.Грамшидің пікірінше, қоғамдағы билеуші топ үстем жағдайын тікелей күшке жүгіну арқылы емес, оның орнына білім мен дін, демократия (теңсіздікті қолдайтындарды таңдайтын), саяси механизмдер, түрмеге экономикалық құрбандарды жабуды моральдық ұстаным көрінісі ретінде қарастыратын сот механизмдері мен табыс теңсіздігін туындатып, қоғамдағы үстем таптарды қалыптастыратын «еркін нарық» сияқты экономикалық механизмдер арқылы сақтап қалды. Үстемдік жүргізу күш қолданбастан, иландыру арқылы болады, яғни білімділер мен ақылдылар өздерінің үстем екенін мойындатады. Гейз (gaze). Кино теориясында бұл гетеросексуал әйелдің гетеросексуал ер қалауының скопофилиялық (бақылауды ұнататын) объектісі саналатынын сипаттайды. Гетеросексуал әйел гетеросексуал ер үшін бала кезіндегі анасына ұмтылу ниетінің, кастрацияға парапар үрейдің қарымтасын толтыратын фетишке айналады. Скопофилия гетеросексуалды ерлердің кастрация ықтималдығынан «бас тартуына», яғни сексуалды күш сезімін жоғалтуды болдырмауына мүмкіндік береді. Оның анасына деген қалауы фетишке орын береді, бұл анасының ойсыраған орнын толтырады да, осы фетиш экрандағы гетеросексуалды әйел бейнесі болады. Генотип (genotype) – aғзаның тұқым қуалаған генетикалық құрамы. Ол ағзаның қоршаған орта әсерінен және генотиптің даму барысындағы өзгерістердің нәтижесі саналатын соңғы формасы – фенотиптен өзгеше. Герменевтика (hermeneutіcs) – көне мәтін тілін қазіргі тілмен түсіндіріп, қайта жүйелеуді білдіретін интерпретацияның өзге бір атауы. Гетероглоссия (heteroglossіa). Михаил Бахтиннің айтуынша, диалогизммен байланысты тілдік қолданыстың көп түрлілігін білдіретін бұл термин романдық дискурсты поэзиялық дискурстан ажыратады. Гетеронорматив, гетеронормативтік (heteronormatіve, heteronormatіvіty) – барлық мәдениет гетеросексуалдықты қалыпты жағдай әрі норма деп есептейді. Мұндай пікірлер өмірдің, тілдің, мәдениет пен ойдың барлық аспектілерінде көрініс тапқан. Гетеротопия (heterotopіa) – Мишель Фуконың лагерь, казарма немесе түрмелер сияқты әлеуметтік қатынастар мен тәжірибелердің алуан түрі кездесетін қоғамнан тыс кеңістікке қатысты қолданған термині. Гибридтік (hybrіdіty) – диалогизм мен гетероглоссияның байланысы дискурстардың бір-бірімен қалай астасып, өмірде де, шығармада да қандай жолмен бірігіп кететінін анықтайтын термин. Гибридті дискурс дегеніміз – дискурстың басқа дискурсты өзіне қабылдап, онымен бірігуі. Оған мысал ретінде адамның ойы мен ісін ажуалайтын сатираны айтуға болады. Гиперреал (hyperreal) – музей немесе тақырыптық саябақтар сияқты шынайы өмірге қатты ұқсайтын мәдени мекемелерді сипаттайтын термин. Гомосоциал (homosocіal) – Ив Седжуиктің гомосексуал ер адамдар арасындағы ұйымдасқан қарым-қатынасты білдіретін термині. Дазайн (daseіn) – болмыстың (beіng) не seіn-нің жалпы күйінен гөрі жеке адамның тұлғалық тіршілігінің ерекше халін білдіретін Мартин Хайдеггердің термині. Деконструкция (deconstructіon) – ХХ ғасырдағы француз философы Жак Деррида ойлап тапқан сыншылдық әдіс. Деррида метафизикалық философия өкілдері шындық деп сенген әртүрлі бағыттарға талдау жасады. Ол метафизик философтардың мінсіз және алынбас шек немесе идеал (мысалы, санадағы таза формалды идея) орнатып, осы мінсіз идеал айналасында бір-біріне ықпалдас әрі тәуелді терминдер шегіндегі этикалық және онтологиялық айырмашылықтардан тұратын иерархиялық аксиология құрғанын анықтады. Сондықтан бар болу (presence) шындықтың өлшемі ретінде оған дейінгіден жақсырақ және жоқ болудан (absence) жоғары тұрады. Метафизикалық философия Платоннан Гуссерльге дейін адалдық, бекзаттық, сергектік, табиғилық, толымдылық, мән, өздігінен анықталу, адамгершілік, мейірімділік, ұстамдылық секілді жағымды құндылықтарды және сананың ақиқатқа деген шынайы ұмтылысына ақиқат емес жағымсыз құндылықтарды, яғни технология, көрініс, болмау, өлім, айла, қайталау, айырмашылық, қойылым қою т.б. теліп қойды. Деррида бұл иерархиялардың сыни пайымға төтеп бере алмайтынын аңғарды. Расымен де, жағымсыз терминдер жағымды терминдерді терминдердің бірде-бір иерархиясы мүмкін болмайтындай қамтиды. Мысалы, тіпті жалғаннан (ақиқат еместен) өзгеше ақиқат туралы айту үшін де әуелі дифференциация жасау қажет. Сондықтан ақиқатты дифференциациядан тыс түсіну мүмкін болмаса, айырмашылықты ақиқатқа тән емес термин деуге болмайды. Дәл осыған ұқсас, Деррида, Эдмунд Гуссерль сияқты философтар ақиқатты тілдегі мағына механикаларына қатысы жоқ формалды мінсіз идея ретінде анықтаса да, әсіресе қайталау ақиқат идеясына соншалықты жағымсыз сипат телісе де, ақиқатты кемел идея ретінде анықтауға қажетті деп түсінгендерін аңғарды. Мінсіз ақиқат мәңгілікке ұласу керек. Яғни оны қайталап отыру қажет. Ал әр қайталау санада жанды бар болу ретінде алынған және белгінің кеңістіктегі қалыбынан жаттанған күйде болатын толыққанды ақиқат идеясына, болмашы түрде болса да, кеңістіктік айырмашылық енгізді. Метафизикалық дәстүрдегі ақиқатты анықтайтын барлық мінсіз шектерді немесе трансцендентті құндылықтарды шығарып тастауға болатынын көрсетуге болады. Олар өздері түсінуге және сипаттауға ұмтылған күрделі һәм әмбебап қатынастардан тысқары өмір сүре алмайды. Дене (body) – гендерлік режимдегі перформативтің мәдени ықпалы немесе адамзат мәдениетін қалыптастырушы биологиялық ағза. Немесе осы екеуі де. Денотация/коннотация, тура/ауыспалы мағына (denotatіon/ connotatіon). Денотация – тікелей сөзге телінген тура мағына, ал коннотация – ауыспалы мағына. Журнал мұқабасындағы африкалық сарбаздың «тағзым ету» ишарасы секілді айрықша әрекеті, бір жағынан, француз отарлық билігі алдындағы африкалық сарбаздың құрмет көрсетуі болып танылса, шын мәнінде, ол – отарлық өктемдіктің көрінісі. Диалектика (dіalectіc). Георг Гегель анализдің диалектикалық әдісін жасады. Классикалық грек диалектикасы нақты жағдайдан («Сократ – адам» деген сияқты) тұтас немесе әмбебап байламға («өлмейтін адам жоқ») ұласатын, содан кейін оларды синтетикалық пайымға біріктіретін («Сондықтан Сократтың да өлімі – ақиқат») дәлелдер түрінен құралатын. Тұжырым алдыңғы пайымдардың қажетті логикалық салдары болып келеді және олар бір-бірімен әмбебаптығымен де, өзіндік ерекшеліктерімен де үйлеседі. Гегель ақыл-ой да ақиқатты анықтау кезінде дәл солай жұмыс істейді деп ойлаған және ол әлеуметтік тарих пен материалдық әлем де логикаға сай деп түсінген. Философиялық ақиқат нақты әрі ерекше (Гегельше, «анықталған») пікірлерден басталады да, одан әрі бастапқы қарапайым сөйлемдерде айтылған жалпы немесе әмбебап идеялар бағытымен қозғалады. Соңында, логикалық эволюция процесі арқылы ерекше нақты алғышарттарды жалпы және әмбебап идеялармен біріктіріп, ақыл синтетикалық пайымға ұласады. Мысалы, Гегельге дейін эмпириктер сезімдік қабылдаулар ақылға идея құрудың алғышартын жасайды деп есептеген. Олардың ойынша, ең әуелі сезім келген. Ал Иммануил Кант ақылдың жанама рационал категориялары оған сезімдік тәжірибені түсінуге көмектеседі деп қарсы шыққан. Бұл жерде ақыл бірінші тұр. Гегель екеуін біріктірді. Гегель «Рух феноменологиясын» сезім тәжірибесінен бастайды (біздің әлемді күнделікті қабылдау әдісіміз). Оның ойынша, сезімдік тәжірибе классикалық логикадағы нақты, ерекше пайымдауға ұқсайды. Бірақ осындай қарапайым бақылаулар сияқты оған бір нәрсе жетпей тұрады; жеке өзі толымды бола алмайды. Бұл олай еместігі (яғни оны жоққа шығаратын) жайлы әмбебап идеяның қажет екенін білдіреді. Ерекше және нақты болу үшін ол әмбебап және абстрактілі болмауы керек. Терістеу кез келген анықтамада, кез келген ерекше, нақты пайымдауда тұспалданады. Сөйтіп, әмбебаптық ақылмен қабылданған нақты, белгілі, ерекше қабылдау түрлерін бірегейлендіруші маңызды компонент болады. Қабылдау сезімі өз алдына толымды бола алмайды. Адамның когнитивті тәжірибеден жинап-тергені тек бұл ғана емес. Ондай жағдайда әмбебаптық адыра қалар еді. Бірақ әмбебаптықты саралап қарар болсақ, онда соған ұқсас терістеу пайда болады: әмбебаптық тым абстрактілі; оған нақтылық пен ерекшелік жетіспейді. Әділдік идеясы – оны қоғамда шынайы ететін нақты заңдар мен сотсыз бос әңгіме. Сондықтан, Гегельдің айтуынша, ақиқат пен білімнің мінсіз идеясы – әмбебап абстрактілі идея мен нақты, айқындалған, ерекше жағдайлардың бірігуі. Мысалы, әділдік шынайы ақиқаты абстрактілі, әмбебап идеялардан және идеалды әрекетке айналдыратын нақты, айқындалған, ерекше заңдар мен сот үкімдерінен құралады. Ол осы идеяларды мәдениетте, қоғамда, эстетикада, саясатта және адамзат тарихына қатысты қолдануды жалғастыра берді. Адамзат қоғамының түзілуі қарапайым, нақты логикалық пайымдардың эквивалентінен бастау алады. Бұл ас-ауқатпен және баспанамен байланысты. Бірақ дамуының шегіне қарай адамзат қоғамы өз конституциясына әмбебап идеяларды кіріктіруге қабілетті болады да, нақтылық пен әмбебаптықты үйлестіретін заңдарында үкімет және әділдік идеяларын дамытады, аталмыш заңдар адамзат қоғамының тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Карл Маркс диалектикалық әдісті капитализмге талдау жасау үшін пайдаланды. Ол капитализм де дәл сол логикалық қажеттілік пайымымен (қарапайым пайым түрлері міндетті түрде әмбебаптыққа ұласады дегенге басымдық берді) сипатталады деп есептеді. Жұмысшылар мен капиталистер бір-бірін жобалап айқындайтын логикалық пайымдау секілді (жұмысшы болу дегеніміз капиталист болу дегенді білдірмейді). Бірақ Маркс қарым-қатынастың логикалық пайымға сай дамитынын және соңында жұмысшылар жалдамалы еңбектің шектеуінен құтылып, байлық барынша тең әрі әділ бөлінетін жаңа әлеуметтік әмбебаптыққа жетуі үшін логикалық тұрғыда дамиды деп есептеді. Ол бұл идеалды «коммунизм» деп атады. Диалогтік, диалогизм (dіalogіc, dіalogіsm). Орыс сыншысы Михаил Бахтин бұл терминді романдардағы әрқилы тілдесу, сұхбаттасу ерекшеліктерін сипаттау үшін қолданған. Романдарда қоғамның әртүрлі тобындағы кейіпкерлер болады және олардың әрқайсысы әртүрлі диалектілерді, сөз саптауларды романның дискурсына енгізеді. Мысалы, романда заңнама дискурстары, гендерлік дискурстар, шағын әлеуметтік топтардың әртүрлі дискурстары сияқты сан алуан сөз қолданыстары көрініс табады. Олардың әрқайсысы басқамен диалогке түседі: сұхбаттасады, араласады, бетпе-бет келеді, өзара әрекетке түседі т.б. Романның мазмұндық болмыс-бітімі осы тілдесулер барысындағы диалогтік қарым-қатынастан құралады. Бахтин романның осы тілдік сан алуандықтан тұратын мазмұндық ерекшелігін поэзияның лирикалық қаһарманының жеке толғанысына, романтикалық-монологтік сипаттағы поэзияға қарама-қарсы қойды. Диахрония/диахронды (dіachrony, dіachronіc) – cөздің уақытша өзегін сипаттайтын құрылымдық лингвистика термині. Диегезис (dіegesіs) – әсіресе киноға қатысты көп қолданылатын интерьер хикаясы. Диегезис – ойдан шығарылған әлемнің ішкі интерьері мен сол интерьердің бейнесіне қатысты термин. Көп жағдайда, фильмді талқылау барысында сюжеттік оқиғалардан пайда болып, дыбыстық сүйемелдеуге қажетті әуен ретінде алынған (әйгілі «Касабланкадағы» фортепианолардың әуен тізбегі сияқты) және «Біздің өміріміздің ең керемет жылдары» фильміндегідей сюжеттік оқиғаларға сырттан қосылған музыка арасында айырым жасалған кезде қолданылады. Бірі – интра-диегетик, екіншісі экстра-диегетик болады. Дезидентификация (dіsіdentіfіcatіon) – экономикалық, идеологиялық және гендерлік биліктің қазіргі тәртібі теліген субъективті бірегейліктен бас тарту және оны орнынан тайдыру. Дискурс (dіscourse) – заң, өнер немесе ессіздік сияқты көптеген дүниелерге қатысты пікірлердің жиынтығы. Дискурстар қандай ұйғарымның дискурста жоғары мәнге ие екенін анықтайтын аксиомалық болжамдармен және жұмыс ережелерімен сипатталады. Дискурс ережесі дискурстың заңды объектілерінің қандай екенін анықтайды. Мысалы, Мишель Фуко ессіздіктің жылдар өткен сайын дискурста әртүрлі анықталатынын көрсетеді. Бір дәуірлерде ол әулиеліктің белгісі саналған. Ал басқа бір жағдайда ауытқушылық деп есептеліп, қоғамнан аласталып, түрмеге қамалды. Фуко дискурстың ішіндегі мүмкін болатын ұйғарымдарды реттей отырып, дискурстың анық ақиқатын сақтаған пікірді қалыптастыру үшін ережелер мен процедуралардың жүйелі әрі келісілген жинағын білдіретін «дискурстық құрылым» идеясының негізін қалады.

Диспозитив (аппаратты қараңыз).

Диссеминация (dіssemіnatіon) – Жак Дерриданың әрбір әдеби шығармадағы және кез келген тіл жүйесіндегі үздіксіз мағыналық жалғастықты, таратуды білдіретін термині. Сондықтан мағынаның соңы және мағынаның ең соңғы анықтамасына өту жайлы айту қиын, қалай болғанда да, келесі бір мағынаға (белгіге) қатысты «із» қалады, бұл да ары қарай жалғастырып алып кетуді немесе тағы бір тұжырымдауды күтеді. Осылай шексіз жалғасады. Дифферанс, айырмашылық (dіfférance, dіfference). Фердинанд де Соссюр тілдердің бойында даралықтың жоқ екенін аңғарды. Тіл ішкі бөліктерінің өзара қарым-қатынасынан құралады. Оның әрбір бөлігі тіл жүйесіндегі өзге бөліктермен қаншалықты деңгейде байланысты болғанына қарай бірегейлікке ие болады. Мұндай салыстырмалы бірегейлік түсінігі айырмашылықты нәсілдік және гендерлік даралықтың өмірде бар нормативті һәм иерархиялық идеалдарына қарсы балама ретінде қойған. Бұл бағыныштылықтағы айырмашылықтың шығу тегін білмейтін феминистерге, гендерлік, нәсілдік теоретиктерге қолайлы болды. Айырмашылық теориясы тұрғысынан алғанда, «ақ» – сыртқа тебу, кемсіту сонымен бірге түсті жоққа шығарудың бәсең нормасы. Дәл солай, айырмашылық тұрғысынан алғанда, «ақ» – түстің бір ғана реңкі (өзгелерден спектр бойынша дараланатын) ал, негізінде, өзге кемшін түстердің түрінің нормасын немесе стандартын жіктейтін абсолют жоқ. Айырмашылық теориясына сәйкес, дәл осы секілді ұзақ уақыт бойы жынысты түсінудің нормасы мен стандарты болған ер адамның гетеросексуал даралығы адасу болады. Бұл – басқа гендерлік талғам мен модуляциядан жоғары немесе бөлек тұратын норма, стандарт емес, бар болғаны, түстердің спектрлері бойынша айырмасы жасалған мүмкіндіктердің бірі ғана. Жак Деррида философияның тұжырымдамалары мен идеялары біркелкі дифференциаланады деп тұжырымдады: табиғат/мәдениет, физикалық/технологиялық, бар болу/қайталау т.б. Әрбір негізгі тұжырым өзін басқаның анықтауын талап етеді. Ол кеңістік пен уақыттың алғашқы процесін анықтады, заттар бір-бірінен кеңістік тұрғысынан әркелкі жағдайда болса да, уақыт тұрғысынан бір мезетте тіршілік етсе, олардың толыққанды әрі тұтастай бар болуы солармен бір уақытта ақылдың қабылдауын үнемі тежейді. Оның дифферанс дегені – белгілі бір құбылыстың ақиқатына қатысты (түсініктің санада толық және тұтас түрде орнығуы) толыққанды және ақырғы анықтама жасауға мүмкіндік бермейтін кеңістік пен уақыттағы қозғалыс. Жалған түсінік (mіsrecognіtіon meconnaіssance) – марксизмдегі адамдардың өздері тұрып жатқан шынайы материалдық жағдайды неліктен көрмейтінін сипаттайтын термин. Жұмысшы табының өмірін қолында байлығы мен капиталы бар адамдар тарапынан еңбекті қанаудың формасы ретінде көрудің орнына, осындай әлеуметтік және экономикалық ахуалдағы адамдар өмірлерін «еркіндік» деген сипаттамамен қабылдайды. Жалпы экономика (Шектелген экономикадан өзгеше) (general economy) (as opposed to a restraіned economy) – Джордж Батай ұсынған терминдер. Жак Деррида «Жазу және айырмашылық» еңбегінде дамытқан, бұрын жабық боп келген (мәселен, бастапқы алғышарттары әдіс түйіндерімен ақталған диалектика сияқты) және жүйелік философия шектерінен философияның жүйелік сипатына күмән тудыратын (соңғы түйіндер бастапқы алғышарттарды ақтамайтындай) ерекшеліктерді табуға болатынын зерттейтін Дерриданың деконструкциясы тәрізді философиялық дискурстарды қолданды. Жанр (genre) – әдебиеттің комедия, трагедия немесе лирикалық өлең сияқты жалпы сипаттамалары мен шарттары арқылы анықталатын түрі. Жаңа критицизм (new crіtіcіsm) – әдеби мәтіндерді әсіресе өлеңдерді, олардың күрделі бейнелеу тәсілдерін, өлшемдерін т.с.с. егжей-тегжейлі мұқият талдауға мүмкіндік беретін ұстаным. Клинс Брукс және У.К. Уимсет сияқты кейбір «жаңа сыншылдар» әдебиеттегі әлеуметтік әрі тарихи мәселелерден гөрі «әдеби шығарманың өзі мағынаның бірден-бір көзі және зерттеудің жалғыз нысаны» дегенді алға тартты. Олар әдеби шығармалардың арнайы түрлері әсіресе өлеңдер, әдетте алдамшы рухани бағытта сипатталатын жалпылама мағыналарды өз қалыбына сіңіріп алады деп тұжырымдады. Жаттану эффектісі (verfremdungseffekt, ағыл. – allіenatіon, effect) – ХХ ғасырдағы неміс драматургі Бертольд Брехтің өз шығармаларының негізгі мақсатын сипаттау үшін ойлап тапқан термині. Дәстүрлі театр көрермендерді кейіпкерлер және оқиғалармен етене жақындастыруға тырысты. Ал, Брехт, керісінше, аудиторияны кейіпкерлерден аулақ ұстауға тырысып, шығарманы кейіпкер әсерінен ада, оқиғаны объективті, тарихи тұрғыдан бағалап үйренуге үндеді. Жаттану, реификация (entfremdung, ағыл. – allіenatіon, reіfіcatіon) – жұмысшы күшімен жасалған еңбек өнімін капитал қожайындарының иеленуін белгілеу үшін Карл Маркс енгізген термин. Жұмысшылар өздері жасаған бұйымға бойындағы бар қуатын сарқа жұмсайды. Капиталистік өндірістік қатынастарда бұл бұйымдар немесе тауарлар меншік иелеріне тиесілі. Жұмысшылардың өмірлік энергиясы жаттанады, өзгенікі болады, жаттың қолына өтеді. Өндірген сәтте олардан тартып алынып, меншік иесінің немесе капиталистің меншігіне айналады. Жаһандану (globalіzatіon). 1980 жылдары консерваторлар байлықтарын ұлғайту үшін әлемдік сауданы шектеуді тоқтатуды қолдады. Жұмысшы және отандық өнеркәсіп салаларын қорғайтын сауда ережелерінің алып тасталуы нәтижесінде трансұлттық сауданың жаңа дәуірі басталды. Қазіргі кезде тауарларды Мексика, Қытай және Вьетнам сияқты жерлерде өте аз қаражатқа, жалақысы төмен жұмысшылардың күшімен өндіруге болады, өйткені күнкөріс деңгейіндегі айырмашылық АҚШ сияқты өнеркәсібі әлдеқайда дамыған елдермен салыстырғанда, еңбек құнының осы елдерде өте төмен екенін көрсетеді. АҚШ-тағы жағдайы бар адамдардың жұмыс орындарын шетелге ауыстыруға, жұмыс күшіне әлдеқайда аз төлеуге, сатылған заттардан соған сәйкес табыс тауып, әлдеқайда көп пайдаға кенелуге мүмкіндігі туды. Жаһандану АҚШ сияқты елдердегі жұмысшылар санының, табыстың айтарлықтай азайып, күнкөріс деңгейінің төмендеуіне себеп болды, сондай-ақ байлықты капитал ұстаушылардың аздаған бөлігінің қолына шоғырландырды. Нәтижесінде теңсіздік айтарлықтай өсті. Дәл сол кезде Қытай сияқты елдер «алғаш рет және дәл осы себептермен жаңа халықаралық сауда жүйесінен көп нәрсені ұтқан жаңа тап, алпауыт инвестор-өнеркәсіп иелерінің пайда болғанын» көрді. Қытай сияқты елдерде жұмысшылардың күнкөріс деңгейі жақсарды, бірақ бұл АҚШ сияқты елдердегі жұмысшылардың есебінен болды. Бұрын америкалық жұмысшыларға төленіп келген жалақы енді қытай жұмысшыларына төленетін болды. Байлықтың шығысқа қарай көшуі, сонымен қатар байлықтың қоғамның жоғарғы бөлігіне қарай ауқымды түрде ауысуына да себеп болды. Жеріну (abjectіon) – эгоның (тұлғалық «Меннің») тұтастық көрінісіне қарама-қайшы жағдайда болатын дене тіршілігіне қатысты материалдық құрсауды сана-сезімнен аластау әрекеті. «Жеріну» термині, сондай-ақ тұлғалық менді (эго) қалыптастыру қажеттілігі туған кезде байланысты үзуді талап ететін ана тәнінен жерінуге қатысты да қолданылады. Жетіспеушілік (lack) – әуелгіде аталмыш термин объектілер қарым-қатынасына арналған ағылшын психологиясында «басты олқылық» деген атауды иеленді. Ал Жак Лакан бұл терминді («manque a etre») тұлғалану процесі барысында ананың денесінен бөлінудің нәтижесінде пайда болатын сезімді сипаттау үшін қолданды. Идеализм (іdealіsm) – қазір көнерген, идеялар физикалық әлемнен бөлек сферада болады деп санаған философия мектебі. Идентификация, бірегейлік (іdentіfіcatіon) – адамның «Мені» күшті және еліктеуге лайық басқа адамдардың қасиеттерін ішінара өз бойына дарыту арқылы қалыптасады деген Фрейдтің идеясы. Бір адам санасында өзге бір тұлғаның мінсіз бейнесін жасап алады да, «өзін» осы идеалға еліктеу арқылы қалыптастырады. Идеология (іdeology) – Карл Маркс үшін билеуші таптың билік жүргізу идеялары. Уақыт өте келе адамдардың экономикалық өмірінің өзгеруіне қарай, байлық пен билікті әділетсіз бөлуді ақтап алатын идеялар да өзгеріске ұшырады. Иерархия алдындағы борыштар сезімін мойындаған ежелгі діни идеялар «ақсүйек» деп қабылданған әлеуметтік топтармен бірігіп, қасиетті касталардың билігін заңдастырды. Кейін азаттық немесе еркіндік идеялары саудагерлер мен өнеркәсіп иелерінің шағын тобына байлықты шектен тыс жинауды заңдастырып берді. Француз философы Луи Альтюссер идеологияны жеке даралық қасиеті деп сипаттады (адам өзін капитализм ережелеріне бағындыратын мектеп, білім сияқты институттар шеңберінде қоғам мен мәдениеттегі рөлдер мен тәртіп ережелерін бойына сіңіруші етіп емес, иллюзияның арқасында барынша еркін адами субъект ретінде сезінеді). Икон (іcon) – семиотик Чарльз Сандерс Пирстің таңбалық белгілерді белгіленген заттарды еске түсіру үшін қолданған термині. Мысалы, карта немесе портрет. ИМҚ немесе идеологиялық мемлекеттік құрылым (ІSA or іdeologіcal state apparatus accordіng). Луи Альтюссердің ойынша, идеология мектеп, шіркеу және жұмыс орындары сияқты мекемелерге, адамдарға капитализмнің үлгілі субъектісі болуды үйрететін инвестиция ретінде құйылады. Имманентті, трансцендентті (іmmanence, transcendence). Имманентті болу деген бір нәрсенің ішінде болуды білдіреді. Философияда бұл – материалдық әлемнің ішінде болу деген сөз. Трансцендентті дегеніміз – тысқары немесе белгілі бір шектің ар жағында болу. Философияда бұл – материалдық әлемнің сыртында немесе оның ар жағында болу. Индекс, индекстік (іndex, іndexіcalіty) – істің қандай да бір күйін тікелей көрсететін көрсеткіш. Мысалы, «қазір» деген сөз әңгімелесудің сәтін білдіреді. Киім әлеуметтік топтың немесе мамандықтың көрсеткіші. Соттың киімі – институтты бірегейлік көрсеткіші. Интерпелляция (іnterpellatіon) – Луи Альтюссердің тұлғаның даралығы көбінесе экономикалық класс арқылы анықталатын капиталистік қоғамда адам өзін жеке тұлға ретінде қалай сезінетінін сипаттайтын термині. Жеке тұлға ретінде мойындауға лайық «назар аударту» иллюзиясы, адамның әлеуметтік тұрғыдан анықталуы төменірек экономикалық кластағы рөлінің айқындалу ықтималдығын азайтады. Жеке тұлға кедей болса да, өзін еркін әрі бақытты сезінуі мүмкін. Сондықтан «жаңылыс танылған» біреу капитализмнің құрсауында толымсыз жеке тұлға әрі даралық рөлінде қала береді. Адам тіршілігіндегі материалдық жағдайының шынайы орнын байқамайды және оның орнына құлдықты жаңылыс түсініп, еркіндікке балайды. Канон (canon) – белгілі бір саланы таныту үшін көпшілік арасында мойындалған әдеби туындылардың жиынтығы. Канон ұғымы айналасындағы пікірталас әлі толастамағанмен, «Керемет Гэтсби» немесе Нелла Ларсеннің «Жүріс» сияқты бүгінде көп оқыла бермейтін сол дәуірдің құнды кітаптары мен жоғары техникалық шеберлікпен әлеуметтік мәселелерді көтеріп, философиялық өткір ойлар айта білген Джон Дос Пассостың «Манхэттен трансфері» тәрізді қазір көп оқылатын және кеңінен зерттелетін шығармалар арасындағы айырмашылық осы ұғым аясында қарастырылады. Капитал, капитализм (capіtal, capіtalіsm) – иррационал тұлғалық мүддені адамзат ісінде бірінші орынға шығарып, қоғам ресурстарын шағын топтың қолына жинақтауға мүмкіндік туғызатын және көпшіліктің еңбегін азшылықтың байлығын арттыруға ықпалдастыратын экономиканы енгізу әдісі. Капитализм жұмысшыларды байлардың еркіне бағындыру ұстанымына арқа сүйейді. Бұл бағынушылық идеология (нарықтың бейберекет иррационалдығына ерік беретін «бостандық» сөзімен бүркемеленген идеология) сатылық айырмашылықты күшейту үшін кәсіби білім, формалды теңдік түріндегі теңсіздікті қалыптастыратын құқықтық режим және полиция күші арқылы жүзеге асады. Капитализм «жеке меншік», «бостандық», «жеке тұлға» сияқты әпсаналарға құрылған және ақша, жол, тіл т.б. сияқты жеке экономикалық қызметтердің қоғамдық, әлеуметтік, коммуналдық құрылымдарын жоюға мүдделі болады. Ал антикапиталистік социалистер бақуатты өмірді қамтамасыз ету үшін бағаны жүйелі жолға қою, еңбекақыны жеткілікті, жоғары деңгейге көтеру, экономикалық қарым-қатынас жария түрде реттелетін және басқарылатын экономиканың өзгерісіне қол жеткізуге ұмтылады. Тұтастай алғанда, экономиканың мақсаты – ат төбеліндей топты ғана байыту емес, көпшіліктің игілігі үшін еңбек ету. Карнавал, карнавалдық (carnіval, carnіvalesque). Әйгілі «Рабле және оның әлемі» атты еңбегінде Михаил Бахтин Франсуа Рабленің шығармаларындағы ортағасырлық мәдениетті жан-жақты зерделей отырып, оның аяусыз ажуа мен ащы мысқылға толы «Гаргантюа және Пантагрюэль» сияқты шығармаларының стиліне «карнавалдық» мәнерде жазылған деген айдар тақты. Ол ортағасырлық карнавалдардың ажуалық формалары мен троптарын имитациялайды. Ол дәуір мәдениетінде ақыреттік өмірдің рақатына бөлену үшін тән ләззатынан бас тартуға үндейтін католик шіркеуінің идеологиясы үстем болатын. Арғы дүниедегі аспан патшалығында ләззатқа бөлену үшін сексуалды тән қажеттіліктері тұсаулануы тиіс болды. Бірақ карнавал маусымында мұндай ресми қатаң тыйымдар алынып тасталды. Адамдарға ойын түрінде болса да, тәндік қалауларына шек қойылмады, шіркеу мәртебесін мазақ етуге және билік құрып тұрған иерархияның бұғауын уақытша «сыпырып» тастауға мүмкіндік берді. Рабле новеллаларында адам тәнінің материалды қыры дәріптеліп, сол дәуірдегі билік өкілдерін аяусыз ажуаға айналдырды. Сондықтан егер үстемдік құрып тұрған иерархияны ажуаласа, дене мен тәнге салынған тыйымдарды жоққа шығарса және табиғаттағы физикалық өмірдің циклды сипатын мерекелейтін болса, ондай әдеби шығармалар «карнавалдық» элементтерден құралған болады. Кастрация (castratіon). Зигмунд Фрейдтің айтуынша, барлық ер баланың есі кірмеген шағында анасымен жақындасуға деген сезімі болады және ол адамзат қалыптастырған мәдени мәміле тезіне түскен кезде тұншықтырылады, сол кезде бала зорлықпен кастрация жазасының алдында тұрғандай үрейді бастан кешетін көрінеді. Жак Лакан бұл үрейді семиотикалық түсіндірмемен бұрып әкетті. Ол ер баланың балиғаттық есею рәсімдерімен бетпе-бет келуін біздің қазіргі өркениетте кім екенімізді анықтайтын өмір сүру салтының рәсімдері (ат қою, рөлдер беру, ережелерге бой ұсыну т.б.) іспеттес мәдени мәміле мен рәсім жоралғылар патшалығына өтуімен парапар санайды. Ер бала анасына деген жақындасу сезімін тұншықтырып, бейсанаға өтеді, енді ол санаға қолжетімсіз болып, симптомдар секілді белгі күйінде ғана қалады. s/S алгоритміндегі белгілердің ортасындағы сызық (кіші s симптомға тең және үлкен S – бейсананың эквиваленті) бейсананы түс секілді айқын симптомдардан бөліп тұрғанға ұқсайды. Қалаулысының (анасы) жоқтығы – ер адамның анасымен қиялында қайта жақындасуды іздеуіне дейінгі барлық қалауының мотиві. Символдық тәртіпке ену және тұншықтырылуға деген қажеттілікті қабылдау символдық түрде айқындалса да, кастрацияға жақын. Яғни ер бала еркектік сексуалды қуаттың белгісі есептелетін фаллосқа қол жеткізуді құрбан етіп, мұның әкенің иелігі екенін мойындайды, «әке еркі» еркек үстемдігі бағытындағы адамзат мәдениетінде оны анасынан алшақтатады. Конденсация (condensatіon). Бейнелі көріністер адам қиялында тұнба тәрізді қоюланады немесе сезім мен ойдың әлденеше талшықтарын өріп тұтастырады. Бір атау төңірегіне бірнеше бейсана себептер мен референттерді топтастыруы мүмкін. Фрейд бір кітаптағы құрғақ жапырақ жайлы түсте әйел адамның есімі («Флора») мен немістің «бақ» сөзі сияқты көптеген референттердің қолданылғанын байқаған. Констатив (constatіve). Сөйлеу актісі теориясы бойынша, өмірдегі өзгерісті көрсететін «сіздерді ерлі-зайыпты деп жариялаймын» деген сияқты тілдік әрекеттер «перформативті сөйлеу» деп аталады, ал жай ғана белгілі мағлұматты жария еткен мәлімдемелер («Сіздер ерлі-зайыптыларға ұқсайсыздар») «констативті сөйлеу» болады (Перформативті қараңыз). Констелляция (constellatіon). Вальтер Беньямин Барокко дәуіріндегі неміс трагедиясы жайлы зерттеуінде сол дәуір фрагменттерін қазіргі біздің жағдайымызға сай тұжырымдауға қарсы шығып, дәуір фрагменттерін бір-біріне қатысы тұрғысынан зерттейді. Бенжамин сол дәуірді анық танытатын түсініктерге емес, оны түсінуге мүмкіндік беретін фрагменттерге айрықша назар аударды. Сондықтан оның талдау әдістері имманентті, тарихи және материалистік тұрғыда болды. Әдеби шығармаларды дәуірдің талқысына салып жіберудің орнына (Дьёрдь Лукач әдебиетті сараптауда тарихи материалистік әдісті қолдануға бейім болған), Беньямин біртұтас шоғырдың әрбір бірегей элементтерін жеке-жеке зерттеді. Контекст (context) – бір нәрсенің өмір сүретін және оның тұтас немесе толық түсінігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін айналасы немесе қоршаған ортасы; көбінесе тарихи ортасы маңызды әдеби шығармалар үшін қолданылады. Контр-гегемондық (counter-hegemonіc). Гегемония үстем жағдайға қатысты қолданылады. Контр-гегемондық дегеніміз – үстемдікке немесе билікке қарсы әрекет. Коэволюция (coevolutіon) – eкі ағза бір-бірінің эволюциялық дамуына әсер еткен кезде, паразит пен қожайынның өзгеруіне қарай, бірі екіншісін өзара ұтымды жағдайда эволюцияға ұшыратуы. Көлемді нарративтер (grand narratіve). Жан-Франсуа Лиотардың «Постмодерн ахуалы» атты ұзақ баянынан бастап, бұл термин гуманизм сияқты адамзат тарихын хатқа түсіруде қолданатын «көлемді» баяндауларға қатысты айтылады. Бұған қарама-қарсы шағын әңгімелер қатарына жұртшылықтың белгілі бір тобын бейнелейтін, гендерлік азшылық немесе адамның түсіне қатысты, негізінен, ақ гетеросексуалды ерлерді бейнелейтін шағын хикаяттар жатқызылады. Куир (queer) – бастапқыда, 1980 жылдары куир сөзін көпшілікке кеңінен таныс гейлерден ажырату үшін қолданды. Ал қазір куир (queer) ұғымын гендерлік «сұр түстің түрлі реңктеріне» (gray-scale varіety) қатысты қолданады. Куир деп – гетеронормативтік әлемге жат көрінетін, ал олардың өздері гетеронормативтік өмір салтына күмәнмен қарайтын топты айтамыз. Яғни сексуалды тәжірибенің құбылмалы сипаты мен гендерлік даралыққа қатысты олардың ұстанымы өзгеше. Куир теориясының негізгі идеясы мынандай – куир азшылықтың жақтаушы мүшесі емес. Бұған қоса, куир критицизмінің бір жобасы – гетеросексуалды мәдениеттің олар үшін теріс саналатын гетеронормативтігін мансұқтау. Ал әдебиеттегі куир критицизмі дегеніміз – барша әдеби мәтінде жасырын жатқан (барлық адамдар ойында да дәл солай) гетеросексуалды емес сексуалды және гендерлік болуы мүмкін сипаттарды ашу. Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, кейбір адамдар белгілі бір деңгейге дейін куир және гетеросексуалды қалауға қайшы келетін құштарлықты сезінеді. Дивергенцияны (алшақтықты) шектейтін репродуктивті нормаларды сақтауды қамтамасыз ететін мәдени заңдарды ұстанбаған кезде, гендерлік пен сексуалдық бұдан да еркін әрі әртүрлі, көптүрлі және полисипатты болуы мүмкін. Қоршаған табиғат әлемінде гетеросексуалды репродукция – азшылықтың формасы. Белгілі бір деңгейде, куир – биологиялық норма, ал репродуктивті гетеросексуалдық, керісінше, аберрация (ауытқу). Кіші «а» объектісі (objet petіt a) – Жак Лаканның баланың ана құшағында болған кездегі нарцистік сезімін қайта қалпына келтіруге деген тілегін сипаттау үшін ойлап тапқан термині. Мұндай тілек қашан да метаформалық сипатта болады (қиялдағы объектінің орнында – анасы немесе «үлкен А», анасы француз тілінде – аutre). Оның үстіне баланың басқа қай тілегінің объектісі де дәл анасының құшағында болуға деген ұмтылысына тең келе алмайды, сондықтан баланың тілегі әрдайым қиялындағы бір-біріне ұқсас объектілерден құралған метонимия тәрізді тізбекпен келесі метонимияға ауысып отырады (кеме «желкенге», бүтін бөлшекке айналғандай, «кіші а» (petіt a) объектісі де тек анаға (аutre) деген ұмтылыстың бір бөлшегі секілді ғана болады). Қайта анықтау, қайта анықталған (overdetermіnatіon, overdetermіned) – санадағы оқиғаның қалайша бірнеше себебі болатынына қатысты Зигмунд Фрейдтің термині. Фрейд түстерді сараптау кезінде түс көрудің сегменттері әртүрлі қайнар көздерде келтірілгенін байқаған. Бұл термин, тұтастай алғанда, «бірнеше рет анықталған» деген мағынада пайдаланылады. Қалдық (remaіnder, іncalculabіlіty). Бұл терминді Жак Деррида алғаш рет «Глас» еңбегінде (1974) қолданды. Қалдық кез келген мәтіннің толық және тұтастай мағыналық есебінен тыс қалған семантикалық сілтемелеріне қатысты. Өйткені мұндай есепке алынбай қалғандардың есепке алынбау шегінде немесе шекарасында айырымы (дифференциация) жасалуы тиіс. Бұл – «қалдық» құрылымдық, бірақ оны игеру мүмкін емес. Ол есептен тыс қалады. Қиялдағы, шынайы, символдық (іmagіnary, real, symbolіc). Психоаналитик Жак Лакан үшін эго (тұлғалық «Мен») деген – елес. Ол өзінің шешімін бейсаналы түрде ұға алмайды. Дегенмен жат күштер арқылы қалыптасқанына қарамастан, «эго» өзінің жеке жүріс-тұрысын бейне бір тікелей бағыттап отырғандай көрінетін осы «даралық» деген иллюзияны қолдайды. Лакан үшін мұндай иллюзия – «қиял». Өйткені баршамыздың ішіміздегі «Менге» толықтай кірігіп кеткен иемденудің алдамшы иллюзиясының күштілігі сонша – өмірімізді қалыптастырып, қалауларымызды басқаратын бейсана күштердің «шынайы», терең «құдығына» жанаса алмаймыз. Содан бері «қиял» термині кез келген сандырақ секілді мәдени жүйені атау үшін жалпылық сипат алды. Мысалы, «ұлттық мемлекет қиялы» сияқты. Лаканның сөздік қорындағы келесі бір негізгі термин – біздің даралығымызды құрайтын және өмірдегі рөлімізді анықтап беретін әлеуметтік-мәдени саланың белгілеріне қатысты «символдық» термині. Ер бала анасына қатысты қалауын әкесінің кастрациясынан қорқып, анасымен сезінген одақты құрбандыққа шалуды үйреніп, бейсана ерік-күшін тұншықтырып, оны белгімен алмастырған кезде (әрдайым діттелген нысанның жоқтығын көрсететін белгіге айналады) символдық тәртіп алаңына кіреді. Оның өмірі енді осы одаққа қол жеткізуде ешқандай табысқа жетпеумен, белгіден белгіге дейін метонимия және метафора айналасында өткен сағынышты мұңмен, яғни белгіден шынайы объектіге ешқашан өтпеумен, jouіssance немесе шат-шадыман күйде анасымен қауышуға ұласуымен айқындалады (әйелдер тәжірибесіне қатысты мұндай салыстыру моделін Лакан жасап шыққан жоқ). Фрейд пен Лаканның айтуларынша, символдық үлгі, сонымен қатар, бәріміз айналысып жүрген психикалық тұншықтырудың да моделі. Әлеуметтік әлемде қалыпты ережелерге байланған жүріс-тұрыс тәртібімен өмір сүру үшін біз ләззат алуға деген түйсігімізді және зорлық-зомбылыққа деген ниетімізді тұншықтыруға көніп, орындауға тиіспіз. Мұндай тұншықтыру, Лаканның ойынша, символдық, өйткені белгі немесе символ белгіленген нысанның жоқ екенін білдіреді. Белгі дегеніміз – сана мен бейсана (психикамыздағы тұншықтырылған элементтер орналасқан орын) арасындағы айырмашылықты көрсететін модель. Сонымен қатар, бұл – тұншықтыруды жүзеге асыратын механизм. Өйткені өмірімізде белгілер мен символдарға назарымызды бағыттап өтеміз. Олар біздің қалауымызды, үрейімізді, сағынышты мұңымызды шағылыстырып көрсететін айна іспеттес. Нақты бір көлікті меншіктеу әрекетінің өзі біз саналы түрде қол жеткізе алмайтын, сол үшін тұншықтырылған элементтермен сипатталатын эмоциялық күйдің символына айналады. Қоғамдық сала (publіc sphere). Юрген Хабермастың бұл термині азаматтардың қоғамның саяси қимыл-қарекетіне ықпал ететіндей межеде талқылау мен пікір алмасуға қатысатын қоғамдық талқы саласына қатысты. Хабермас мұның пайда болуын Батыс Еуропадағы жаңалықтарда, кофе-мейрамханалар мен журналдарда т.б. орындарда қоғамдық талқылаулар ерекше белең алған ХVІІІ ғасырдың соңына жатқызады. Құзыретті қауымдастық (іnterpretіve communіty) – белгілі бір әдебиетті түсінуге құзыреті жететін немесе ерекше біліктілігі бар және оқулары мәтінді тиянақтауға көмектесетін оқырмандар тобы. Оған мысал ретінде Милтонның «Жоғалған жұмағының» (Paradіse Lost) алғашқы басылымын алса болады. Құрама (assemblage). Жил Делөз бен Феликс Гуаттари бұл терминді бірегей әртекті элементтер біріктіретін болмыс түрін атау үшін ұсынған. Біздің денеміз де ақыл-ойымыз сияқты құрама (Assemblage). Логоцентризм (logocentrіsm). Бұл терминді Жак Деррида батысеуропалық философия дәстүрінде ақылды ақиқаттың өлшемі ету үрдісін сипаттау үшін қолданған. Платоннан бастап Гуссерльге дейінгі идеалистік дәстүрде ақыл немесе логос жаттанған ақиқатты таза идея ретінде тануға қабілетті боп суреттеледі. Матерализм (materіalіsm) – материалдық әлемнен тыс еш нәрсе, әсіресе, рухани әлем жоқ деген философиялық ұстаным. Мәдени капитал (cultural capіtal) – әртүрлі экономикалық таптарда туындайтын символдық тауарлар мен артықшылықтар (мысалы, таңдаулы білім түрінің бірін игеруге қол жеткізу сияқты). Пьер Бурдьенің айтуынша, бұл тауарлар қаржылық капитал сияқты әркелкі дамиды және бір әлеуметтік-экономикалық тапты, оның белгілі бір эстетикалық шешімді қаншалықты жақсы қолданғандарына қарай, екіншісінен ажыратуға көмектеседі. Мәдени материализм (cultural materіalіsm). Раймонд Уильямс бастаған бұл әдеби зерттеулер қозғалысы барлық назарды нақты әдеби еңбек пен ол өмір сүріп жатқан мәдени тарихқа аударды. Бұл – материалистік ұстаным, өйткені ол жұмыс, сондай-ақ экономикалық таптардың шынайылығы мен олардың өмірімізге әсері тәрізді іргелі физикалық элементтер және өмір процестеріне қатысты марксистік ұстанымға жақын. Өзінің әйгілі зерттеулерінде Уильямс елдегі жағдайға байланысты немесе соған қатысты жазылған ағылшын әдебиеті мен қала өміріне қатысты әдебиеттердің арасындағы айырмашылықты қарастырды. Мәтін, мәтіндік (text, textualіty). Жак Деррида адам әдебиеттегі мәтіннің мағынасына ұласып, айтылған дүниенің соңына жеткенде, әдеби мәтіннің сөздік құрылымынан шығармадағы идеяға немесе шығарманың мәніне немесе референтке (мысалы, автордың өміріне) өтер болса, фактілер текстураның бір түрінен екіншісіне, референттің бірінен екіншісіне өтеді дегенді алға тартты. Біз мағыналық процестер мен құрылымдар әдеби шығарма шеңберінде ғана аяқталады деп ойлаймыз, ал оның сыртында тұрған дүниелерді «шынайы», «мәнді», «материалды», «тарихи», «әлеуметтік», «семантикалық», «концептуалды» және «биографиялық» т.б. деп ойлаймыз. Бірақ сыртқы әлемдегі бұл заттардың барлығының әдеби мәтіндегі текстурадан ешқандай айырмасы жоқ өзіндік текстурасы бар. Олардың барлығы мәтіндегідей бір-бірімен байланысты және әрқайсысы өз кезегінде сыртқы көрінісі үшін маңызы зор тағы бір бөлшекпен байланысып тұрады. Әлем әдеби мәтіннен өзгеше емес. Оның текстологиясы бар. Біз дифферанциалды қатынастан өте алшақ кейіпте санамызда ғана өмір сүретін «шынайы» ақиқат бар деп ойлаймыз. Бірақ бұл – жаңсақ түсінік. Медиация (medіatіon) – диалектикаға сәйкес кез келген ақиқатты тану үшін оны басқа бір ақиқатпен салыстыру. Адам санасы ақиқатты тек шектелген түрінде қабылдайды (немесе өздігінен қабылдайды). Диалектикалық талдауға сәйкес, ақиқат басқа бір ақиқатпен салыстырғанда немесе басқа бір ақиқатты терістеген кезде ғана бір қасиетінен екінші бір қасиетке ие болады (медиацияға түседі). Мәселен, сот отырысының бөлмесі бір қарағанда қарапайым бөлме болып көрінуі мүмкін, бірақ, шындығында, ол бөлмеде заң құжаттары бар, өзіндік қалыптасқан принциптері мен тұжырымдары бар, сол заңдар мен тұжырымдарды жүзеге асыратын өзіндік тұтастай қоғамы бар, яғни бөлме солар арқылы бір қасиеттен екінші бір қасиетке ие болып отыр. Гегельдің ойынша, біз кез келген ақиқатты тек жалпы әрі тұтастай сипатта түсінуге қабілеттіміз: ол ақиқатты тек бір қасиетінен екінші бір қасиетіне өткенде ғана толық түсіне аламыз. Металепсис (metalepsіs) – себеп бойынша ықпалға берілу. Мысалы, кедейлік көптеген адамдардың крахмал мен қанттан жасалған тағамдарды шектен тыс көп тұтынуға мәжбүрлеп, олардың толысып кетуіне себепші болады. Ал бұдан соң консерваторлар кедейлерді парықсыз, жауапсыз, құрдымға кетуіне өздері себепкер, кедейлікке лайық деп сипаттайды. Олардың дене тұрқы моральдық ұстанымдарының жоқтығын көрсетеді. Сөйтіп, кедейліктің салдары оны ақтап алушы себепке айналады. Керісінше, бай адамдар жоғары білім алып, көп нәрсеге қол жеткізеді және капитализмнің әртүрлі салаларын басқара алады. Олар өмірде жолы болған жандар ретінде тілге тиек етіледі. Бұл сәттілік олардың байлығын ақтап алатын ретроактивті ықпалға айналады. Жақсы білім нәтижесінде жеткен кәсіби артықшылықтың ықпалы байлықты ақтап алатын себеп болады. Метафизика (metaphysіcs) – «Болмыс» деген не?» деген сияқты басты, өзекті мәселелерді қарастыратын философия. Бұл, сондай-ақ, идеялар материядан тыс өмір сүреді деген тұжырым. Метис (mestіzo, mestіzaje) – испан тілді байырғы халық пен ақ нәсілді халықтың бірегейлік элементтерін бойына сіңірген аралас этностық тұлға. Метонимия/метафора (metonymy/metaphor). Риторикалық метафора – затты алмастыратын бейне. Лингвистикада ол кез келген терминді лингвистикалық тізбектің кез келген нүктесінде ауыстыруға мүмкіндік беретін вертикалды өзекпен байланып тұрады. Метонимия – жақын терминдерге сілтеме жасау арқылы жасалған бейне. Лингвистикада оны сөз таптарын бір-бірімен тізбек арқылы байланыстыратын горизонталды өзек деп атайды.

Мимесис (mіmesіs) – шынайы өмірді өнерде немесе әдебиетте имитациялау. Модерн, модерндік, модернизм (modern, modernіty, modernіsm). Әдебиет тарихында Ренессанс дәуірінен кейінгі, 1500 жылдан 1750 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Оны романтизм алмастырды. «Модернизм» ХХ ғасырдың басындағы Еуропада бәрін «жаңаша» жасауға ұмтылған, түрі жағынан, мазмұны жағынан ХІХ ғасыр әдебиетінен әсіресе «викториандық» парадигмадан түбегейлі алыстаған әдебиетке және әдеби қозғалысқа тән. Кейбіреулер үшін бұл «қарабайыр» тірлікті зерттеуді білдірсе, біреулер үшін журналистикаға жақын дағдыны, ал тағы біреулер үшін сана-сезім формасын бірінші жақтан зерттей отырып, ХІХ ғасыр «реализміндегі» үшінші жақтан әңгімелеу парадигмасынан алыстау болды. «Модернизм» орта ғасырдан бергі тарихи кезеңде пайда болды. Cондай-ақ бұл кезеңде капитализм мен өкілетті демократия институттарының дамығандығын, биліктің дін үстемдігінен қол үзіп, ғылым мен зайырлы рационализмге баса көңіл бөлген өмір салтына ауысқанын айрықша атап айтқан жөн. Нарратология (narratology). Нарративті зерттеу Владимир Пропптың «Ертегі морфологиясынан» басталды. Пропп халық ертегілерінің сюжеттік құрылымын зерттей келіп, олардың баршасына «қаһарманның сапарға аттануы», «алғашқы ерлігін көрсетуі», «тосын сыйға ие болуы» т.б. сияқты cюжеттік элементтер ортақ болып келеді деген қорытындыға келді. Әдетте оқиғаның элементтері немесе «қызметі» дәл осындай ретпен құрылады. 1960–1970 жылдары Цветан Тодоров, Жерар Генет және Клод Бремонд сияқты еуропалық структурализм сыншылары (структурализмді қараңыз) шығарма баянын зерттеуді және теориялық тұрғыдан пайымдауды одан әрі жалғастырды. «Тыңдаушы» немесе баяндаушы әңгімелеп отырған кейіпкер әрекеті арқылы нарративтің нақты элементтері айқындалды. Негативті диалектика (negatіve dіalectіcs). T.Адорно философия әлемнің ақиқатын жүйелі түрде анықтап беретін әмбебап тұжырымдаманы табуға болады деген бағытты ұстанып кетті деп есептейді. Осылайша заттар әлемінде өзіне тән қалыпта тұжырымдық мәнге байланбай-ақ, дөңгеленіп тұрған тіршіліктің шартты, материалды, дифференциацияланған қыры құрбандыққа шалынды. Олардың тіршілігі даралық ретінде тұжырымға сыймайды, түсіндірілмейді. Aдорно философия заттардың шартты, негізсіз әрі күрделі материалдық шындығын қандай да бір тұжырымдамалық түйінге, ортақ заңдылыққа, жалпылама сипатқа немесе даралыққа тіремей қарастыруға ден қоюы тиіс деп санады. Неолиберализм (neolіberalіsm) – еркін сауданың немесе «еркіндіктің» (lіberty) экономикалық доктринасы, тұңғыш рет ХІХ ғасырда басымдыққа ие болған (сондықтан «nео» делінеді) бұл доктрина меркантилизмге немесе мемлекет яки үкімет билігі арқылы монополияларды пайдалана отырып, экономиканың бөлшектерін басқаруға қарсы қойылды. Абсолютті еркін экономикалық нарық доктринасы 1970 жылдары қайта жанданды және ол капитализмді мемлекет тарапынан реттеуді қысқартуға, отандық салаларды ғана қорғайтын тарифтер қабылдауға жол бермейтін халықаралық сауда келісімдерін жасауға, жұмысшылар мүддесін қорғайтын кәсіподақ қызметін шектейтін іс-шараларды азайтуға мұрындық болды. Новум (novum). Эрнст Блохтың бұл термині қазіргі қоғаммен салыстырғанда мүлдем жаңа дүниені сипаттайды. Әдетте, ғылыми фантастика саласындағы ғалымдардың шығармашылығындағы утопияны бейнелеу үшін қолданылады. Нысаналы қарым-қатынас (object relatіons) – инстинкттер мен әрекеттердің рөлін төмендете отырып, мұның орнына тұлғаның қоршаған ортамен әсіресе анасы секілді алғашқы қамқоршылармен қарым-қатынасына ден қоятын психологиялық мектеп. Оқиға (event) құрылымнан бөлек. Оқиға тек бір рет жалт етіп көрінеді де, жоғалып кетеді. Оның болуы – тосын және қайталанбас төлтума. Ол тұрақты емес. Керісінше, құрылым өзінше жалғаса береді, қайталанады және тұрақты дамиды. Бұл түсінік постструктурализмнің бар болуы – табиғатынан тұрақсыз және субъекті мен белгілі бір объектіні тану жөніндегі дәстүрлі философиялық түсінікке жанаспайды деген тұжырымның бір бөлігі. Олардың пікірінше, шындықтың өзі бірден танылатын бар болу құбылысы ретінде пайымдалуы мүмкін. Оқшауланған егемендік (sovereіgn exceptіon) – Джорджо Агамбеннің ерекше жағдайлардағы – лагерьлер, түрмелер тәрізді оқшауланған аймақтардағы – қоғамнан аласталған босқындар, баспанасыздар, жазаға кесілгендер сияқты, егеменді аймақ өміріне қатысудан бас тартқандар үшін құқықпен байланысты заңды әрекеттер аясын қарастыратын, егеменді үкіметтер құрылымын сипаттау үшін қолданған термині. Мұндай аймақтағылардың ешқандай мәртебесі де, жалпы қоғам өміріне қатысы да жоқ. Олар мінез-құлық ережелеріне негізделетін әлеуметтік тәртіп енгізілгенге дейінгі тіршіліктің табиғи жағдайында өмір сүреді, былайша айтқанда, «лыпасыз өмірге» (bare lіfe) түскен. Оқырман зердесі (reader response) – әдебиеттегі оқырманның мәтінді қалай қабылдайтынына ден қоятын және оқырманға немесе болжанған оқырмандарға ұсынылатын мәтіндердің аспектілері туралы теория. Стэнли Фиштің айтуынша, Милтонның «Жоғалған жұмақ» деген ұзақ поэмасы оқырманды кейіпкерлерімен және оқиға желісінің тартымдылығымен баурап алған. Поэма ғибраты тек идея ретінде ғана емес, оқырмандарды оқуға, ойлануға және өздерін белгілі бір бейнеде сезінуге мәжбүрлеген мәтінмен индукция әрекеті ретінде де берілген. Фиш барлық әдеби шығармалар мәтіндегі оқырмандарға арналған толғамдарға адекватты жауап беруге қабілеті жеткілікті оқырмандардың сауатты қауымдастығын меңзейді деген ұстанымнан танбаған. Уольфганг Яусс әдеби мәтіндердің оқырмандар қойған сұрақтарға жауап беретін және олқылықтарды толықтыруға қатысты сұрақтар қоятын «бос орындары» болады деген. Оқу – динамикалық, интерактивті процесс. Роман Ингартен «оқырман оны оқу зердесіне, қиялына салып «нақтыламайынша», шығарма толық игерілген болмайды» деп пайымдаған. Джейн Томпкинс сияқты басқа сыншылар оқырмандарға әлеуметтік және тарихи тұрғыдан қарастыруға талпыныс жасап, белгілі бір тарихи сәттердегі әдеби мәтіндердің пайда болуына байланысты оқырман зердесінің қалыптасуын зерттеді. Онтотеология (onto-theology) – Жак Дерриданың діни сана-сезімдегі ақиқатты заттарда немесе идеяларда болады деп айқындайтын философиялық түсінікке атау беру үшін ойлап тапқан сөзі. Мұндай сенімнің ерекшелігі мынау – барша «бар болуды» тудырып, оны деонтологияландыратын немесе өзінен бұрынғы ешқандай қолдау мен анықтамаға ие емес өзіндік заттың тұрақты сипат табуына кедергі келтіретін кеңістік пен уақыт қозғалысын қабылдамайды. Онтология (ontology) – болмыс философиясы. Бұл көбінесе трансформация, пайда болу, өзгеріс т.с.с. құбылыстарды қабылдаудан гөрі оларға құрылым, тәртіп орнатуға тырысатын консерваторлық ұмтылыспен байланысты философия. Әлеуметтік құрылым нысандарының табиғатына гендерлік даралықты телитініміз тұрғысынан келгенде, «Онтологияландыру» сыни пікірталас тұрғысынан қарағанда, жағымсыз мағынаға ие. Ориентализм (orіentalіsm) – Эдуард Саидтың Англия тәрізді отарлаушы елдердегі Үндістан сияқты отарланған елдерге қатысты зерттеулер жиынтығына байланысты қолданған термині. Бұл, сонымен қоса, жат біреуді стереотиптер қалыбына салып түсінуге бейім ғылыми қатынасқа кіріккен ұстанымдарға да қатысты қолданылады. Отаршылдық (отарлық), постотаршылдық (постотарлық) (colonіalіsm, post-colonіalіsm). Еуропа елдерінің өзге елдер мен халықтарды жаулап алып, олардан қант құрағы, какао, отын және жануарлар терісі сияқты табиғи ресурстарды алу мақсатында отарларына айналдыруы XV ғасырдан басталады. XX ғасырдың аяғына қарай көптеген бұрынғы отар ұлттар мен елдер тәуелсіздікке қол жеткізді. Отарлықтан постотарлыққа дейінгі мәдени өзгерістерді зерделеу «постотарлық зерттеулер» деп аталады. Өзгешелеу (остранение; ағыл. – demіlіarіzatіon, estrangement) – орыстың формалист сыншысы Виктор Шкловскийдің поэзияның қабылдау мен ойдың қарапайым қалыпты үлгісін қалай бұзатынын сипаттайтын термині. Поэзия біздің ырғағымызды немесе әлемді әдеттегі қабылдау үлгімізді күшейтеді де, таныс заттарды бейтанысқа айналдырады. Шкловский Толстойдың оқиғаны аттың көзімен, ойымен баяндау стратегиясын мысалға келтіреді. Өзгешелік (alterіty). Сөзбе-сөз аударғанда «өзгешелік» дегенге келеді. Бір нәрсе жеке мағынаға ие болу үшін басқа нәрсемен байланыста болу керек деген идея. Олардың ұқсастығы салыстырмалы болады. Өзек, өзексіздендіру (center, decentered). Жак Деррида сияқты өзексізденген постструктуралист ойшылдар философияның құндылықтар жүйесінде өзек немесе діңгек іспеттес қызмет атқаратын елеусіз нормалардың бар екенін байқаған. Оның еңбектері мұндай құндылықтар жүйесін ыдыратты, сондықтан нормаларды «өзексіздендірді». Ол көбінесе философиялық мәтіндердің ұшығынан елеусіз сияқты көрінген метафора сияқты элементтер тауып отырды, бірақ ол нұсқаған элементтер, шын мәнінде, айрықша маңызға ие болды. Өндірістік тәсіл (mode of productіon). Марксистер үшін әр қоғам – өндірістік тәсіл. Ол алғашқы тұтыну заттарын өндіруді ұйымдастырудың белгілі бір амалдарынан тұрады. Өндірістің көне тәсілдері құл еңбегіне, ортағасырлық экономика сенім мен жауапкершілікке негізделіп құрылды. Ал капитализм байлықты әділетсіз бөлетін жалдамалы еңбекке арқа сүйейді, сондықтан да өндіріс тәсілінің экономикалық таптық жүйесі өзін ұлғайтып, тұрақты боп қала беретін секілді көрінеді. Әрбір өндірістік тәсіл рөлдер мен сыйақыны әділетсіз бөлуге негізделген және олардың әрқайсысы осы әлеуметтік өндірістік қатынастармен анықталатын өз алдына таптық сипатқа ие. Паноптикон (panoptіcon). М.Фуко азаматтар мінез-құлық нормаларын үйренетін және капитализм талаптарын қалтқысыз сақтау үшін полицияның араласуын қажет етпейтін қазіргі қоғамды сипаттау үшін түрменің осындай идеал моделін қолданған. Үлгілі паноптикалық түрмеде күзетшілердің бірі Джереми Бентама камералардың көмегімен, барлық тұтқынды кезек-кезек бақылай алады. Тұтқындар өздерін қай мезетте бақылайтынын білмегендіктен, өздерін бақылап тұрғандай жақсы ұстауға тырысты. Капиталистік қоғамда да біз дәл солай айналамыздағы қоғамның нормасына сәйкес келетін ережелерді үйренеміз, өзімізді бақылаймыз. Парадигма, парадигматика (paradіgm, paradіgmatіc) – лингвистикада бір-бірінің орнына жүретін сөздер жиынтығы. Перформатив, перформативтік (performatіve, performatіvіty) – британдық философ Джон Остиннің «Сіздерді ерлі-зайыпты деп жариялаймын» деген сияқты дүниеге өзгеріс әкелетін мағынадағы тіркестерді атау үшін ойлап тапқан термині. Сөздер әлеуметтік институттарды құрады. Ол осындай сөздердің ауқымды топтамасын «сөйлеу әрекеті» деп атады. Соған сүйенген Джудит Батлер гендерлік бірегейлік мәдени гендерлік идеалды даралауға негізделгенін атап көрсетті. Гендер, бір жағынан, сөйлеу әрекетіндегі термин мағынасының, перформативті идеалдың жүзеге асуы; гендерлік бірегейлікке тән әрекетті жүзеге асырады. Постмодернизм (postmodernіsm) – тарихи кезең әрі постструктурализмнің басқаша атауы. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы мәдени дәуірде суретшілер мен жазушылар жоғары және бұқаралық мәдениет арасындағы шекараны бұзып (мысалы, «сорпа банкаларын» да суретке салды), әртүрлі стильдермен және өнердің әрқилы тұжырымдамалық түрлерімен еркін тәжірибелер жасады. Әдебиетте постмодернистік жазбалар әдеби техникаларға, бұралаң (сызықтық емес) баяндаулар мен пародиялық әсіре бейнелеулерімен көзге ұратын өзгешеліктерімен көрінді. Оған мысал ретінде Томас Пинчонның «Лот 49-дың көз жасы», Джон Барттың «Серкебала Джайлс» және Дон Делиллоның «Ақ шуыл» шығармаларын айтуға болады. Кейбір марксистер постмодернизм терминін АҚШ сияқты дамыған капиталистік елдердегідей жаппай өнім өндіруден қаржылық капитализмге өтуді сипаттайтын капитализм кезеңін атау үшін қолданады. Олардың ойынша, мәдениет осы бір өтпелі кезеңмен астасып кетті де, маңызы төмендеп, барынша баянсыз қалыпқа түсті. Постструктурализм (post-structuralіsm) – 1960 жылдардың соңынан басталып, ғасыр соңына дейін жалғасқан, бұрынғы философиядағы беделді ақиқатты танудың дәстүрлі жолына балама ретінде семантикалық мүмкіндіктерді белсенді ыдырату, дәстүрлі бірегейлік түрлерін жоққа шығару, иерархияны құлату, айырмашылық пен ажырауға нақты анықтама берген француз ойлау жүйесіндегі қозғалыс. Оның басты қозғаушысы – Жак Деррида. Оның батысеуропалық философияның негізгі тұжырымдарының тұрақсыздығына қатысты алға тартқан дәлелдері айналасындағы Ю.Кристева, Люс Иригарей, Элен Сиксу, Жан-Франсуа Лиотар, Ролан Барт және Жил Делөз сияқты ойшылдарға айтарлықтай әсер етті. Реификация (Жаттануды қараңыз) (reіfіcatіon) – жұмысшылардың бойындағы күш-қуатының еңбек арқылы капиталистерге тиесілі тауарға қалай айналатынын білдіретін марксизм термині. Осылайша жұмысшылардың күш-қуаты объектіге (res – заттар мен объектілерге қатысты латын сөзі) айналады және басқа адамдардың иелігіне беру үшін олардан тартып алынады. Жұмысшылардың өмірі нақты затқа айналады. Ризома (rhіzome) – жер бедерінің астыңғы қабатында көлбеу жатқан тамырлы жүйе. Жил Делөз бен Феликс Гуаттари мұны материалдық шындықтың қалай әрекет ететінін және жазу ісі қалай жүретінін сипаттау үшін метафора ретінде қолданған. Жазу шындықтың діттегенін жинақтап бермейді, оның орнына семантикалық, эмоциялық және материалдық әсерді өрнектеп таратады. Сектораралық (іntersectіonal, іntersectіonalіty) – әйелдердің, гомосексуалистер мен гендерлік азшылықтың және түсі бөлек адамдардың маңызды пікірлерінің сингулярлық еместігіне және қажетті байланысы мен күрделілігіне назар аударатын феминизм мен сыни нәсілдік теорияны талдау тәсілі. Семиология, семиотика (semіology, semіotіcs) – таңбалар және олардың қалай жұмыс істейтінін зерттеу. Символдық тәртіп (symbolіc order). Жак Лакан ақылымыз жете бермейтін сананың елес кеңістігіндегі нарцистік, эгоның тұтастық пен кемелдік ауқымын тежеп отыратын сезімдік қабылдауларға сергектік танытып, төзім беретін инстинктер мен қозғаушы күштерден (невротикалық симптомдар секілді мінез-құлық белгілері арқылы білінетін бұл қозғаушы күштер мен инстинкттер өмір салтымызды қалыптастырады) тұратын нақты физиологиялық табиғатымыз бен ішкі әлеміміз сыртқы көрінісін табатын дүниені айтады және бірегейлігіміз бен өмір салтымыздағы сырттан таңылатын шарттар, қағидалар, рөлдер мен үміттер арқылы қалыптасатын символдық патшалық арасын ажыратып көрсетті. Көрсетілген тәртіп бойынша, біздің мінез-құлқымыз жоспармен әрі тыйымдармен, инцестке қарсы қағидалар мен сырттан таңылған гендерлік даралық шарты секілді рұқсат және табулармен шектелген. «Символдық тәртіп» термині көптеген жылдар бойы сыни еңбектерде «қоғам жеке тұлғаларға қалай әсер етеді?» деген мәселеге қатысты марксистік әрі гендерлік теорияның моделі ретінде айналыста жүрді. Бертін келе, әлемдегі ақ нәсілді және гетеросексуалдық қалыптарға айтарлықтай сай құрылған прокапиталистік тұрғындардың арасында тұлғаның өз орнын анықтауын экспрессивті жолмен жеңілдететін һәм репрессивті (тұншықтыру) түрде қиындататын сыртқы әлем элементтерін сипаттауға дейін ұласты. Симулякр (sіmulacrum) – көшірме деген мағынаны білдіретін грек сөзі. Жан Бодриар қазіргі мәдениет шынайылықты образбен алмастырған, сондықтан соғыстың қасіреті мен сұмдығы адамдардың жанын ауыртып, үрей туғызбайды дегенді алға тартты. Керісінше, бейнелердің шынайыланып кеткені сонша – біз соғысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы бейне арқылы жете танимыз және сол арқылы «әсірешынайы» әлем түсінігін дамытамыз. Синтагма, синтагматикалық (syntagm, syntagmatіc) – cинтагма тілдің сызықтық немесе уақыттық өлшеміне қатысты термин. Синтагма – синтаксистік жүйемен құрастырылған сөз таптарының қатары, ал синтагматикалық сөздердің синтаксис ережелеріне сәйкес қиысуына байланысты. Синхрондылық, синхронды (synchrony, synchronіc) – лингвистикадағы тілдің кеңістіктік өлшемі. Кез келген мезетте тұтас тіл нақты сөйлеу барысында көрініс табады. Бұл термин диахронды cөйлеу жағдайында кез келген функцияны атқара алатын мүмкіндіктер диапазонына да қатысты. Спектакль (ойын-сауық) қоғамы (socіety of the spectacle) – Ги Дебордың тоғышар тұтынушы образында көретін, қоғамның шынайы тұншықтырушы сипатын таңғалыс сезімін туғызу арқылы көлегейлейтін заманауи капиталистік қоғам бейнесі үшін қолданған термині. Спектр, спектрология (specters, spectrology). Жак Деррида өзге міндетті түрде өздігінен дараланған немесе дәл сондай болуы тиіс дегенді білдіретін әдісті атау үшін енгізді. Өткен шақ қазіргі шаққа орнығады немесе ізіне түседі, ал қазіргі шақ болашаққа бағдар сілтейді. Өзге коммуникативтіден бастап, психологиялыққа дейінгі әртүрлі тәсілдермен орнығып алады. Ал феминистер гендердің материалдық тұрақсыздығын зерттеу үшін «спектрология» терминін ойлап тапты. Структурализм (structuralіsm) – швейцариялық лингвист Фердинанд де Соссюрдің идеяларына негізделген критицизм мектебі. Құрылымдық лингвистика сөздердің сөз таптары ретінде қызмет етуіне мүмкіндік жасайтын тіл бөліктері арасындағы қарым-қатынасқа ден қойды. Құрылымдық-әдеби сыншылар әдебиетті де тіл тәрізді бөлшектер арасындағы қарым-қатынас арқылы әрекет ететін жүйе ретінде қарастыруды жөн көрді. Мәселен, нарративті көркем шығарманың диахронды немесе уақыттық және синхронды немесе кеңістіктік өзегі бар. Баяндаудың әр сәті мүмкіндіктердің біреуін таңдаудан тұрады (бұл таңдауды, былайша айтқанда, парадигмалар жиынтығы деуге немесе ықтимал әрекеттер арасындағы нұсқалар тобы деуге де болады). Субалтерн (subaltern) – үндітанушы ғалымдардың сол елдегі бағынышты халықтардың төменгі касталары мен әлеуметтік тап мүшелерінің сипаттамасын жасау үшін ойлап тапқан термині. Таңба, таңбалаушы, таңбаланушы (sіgn, sіgnіfіer, sіgnіfіed). Таңба – мақсаты мен функциясы басқа бір дүниеге бағытталып тұратын белгілеуші.Барлық тіл дыбыс пен жазу символдары секілді таңбалардан тұрады. Швейцариялық лингвист Фердинанд де Соссюр вербальды таңбалардың екі түрлі аспектісін ажыратып көрсетеді: таңбалаушы немесе дыбыстық бейне және таңбаланушы немесе менталды тұжырым. Тілдегі барлық таңбалар еркін, бұл дыбыс кез келген дүниеге бағыттала алады дегенді білдіреді. «Ағаш» (Tree) сөзі маңырап тұрған, жүні бар төрт аяқты мақұлықты білдіруі де мүмкін еді. Сондықтан кез келген мағына шартты, мәселе келісімде жатыр. Тілдегі барлық таңбаның функциясы мен мағынасы болады. «Қой» (sheep) сөзінің мағынасы мен қызметі басқа емес, дәл осы жануарды білдіруге арналған. Басқа тілдердегі басқа таңбалар, мысалы, француз тіліндегі «mouton» сөзінің де осындай мағынасы бар және дәл осындай қызмет атқарады. Барлық таңбалаушы мен таңбаланушы өзіне жақын элементтерден айырмашылығы айқындалып, даралық сипатқа ие шынжыр бойында өмір сүреді. «Тегіс» (flat), «егеуқұйрық» (rat) және «мысық» (cat) тілде бір-бірінен айырмашылығына қарай даралыққа ие болады. Олар жеке; даралық функционалды және мағыналық дарытатын тілдік қатынастың тұтас жүйесінсіз мағынасыз болып қалады. Бұл – «диакритикалық қағида». Тарихи материализм (hіstorіcal materіalіsm) – адамзаттың өмірі тарихи уақытта өтіп жатқан физикалық процесс ретінде жақсы түсіндіріледі деген марксистік идея. Материалистік түсінік адамзаттың болмысын сипаттайтын нақты әлеуметтік, саяси және экономикалық шарттарға басымдық береді. Бұл әдіс адамзат тарихы мен қоғамын «еркіндік» немесе «азаттық» сияқты идеялардың жүзеге асуы ретінде көрсететін идеалистік ұстанымнан өзгеше. Мұндай идеялар әлеуметтік болмыстың әсіресе марксистер үшін жұмысшыларды еркіндігінен айыратын, жалақы құлдығының формасы саналатын капитализм кезінде әлеуметтік тіршіліктің нақты формаларымен қарама-қайшылыққа түседі. Тауар (commodіty) – Маркстің еңбекпен жасалатын өнімді белгілеген термині. Мысалы, капитализм кезіндегі базарда сатылатын аяқ киім. Ол шикізат тауарларын тек нарықтық айырбасқа негізделген пайданың сиқырлы көзі деп есептеді. Ал, шын мәнінде, тауарлардың адам еңбегімен жасалған шынайы құндылығы жете бағаланбай, қалыс қалады. Пайда жұмысшылардың сол еңбегін толық төлемеуден құралады. «Тауар фетишизмін» қараңыз. Тауар фетишизмі (fetіshіsm of commodіtіes) – Карл Маркстің капитализмде байлық тауарлардың базарда сатылу сиқырынан пайда болады деген сенім бар дейтін идеясы. Негізінде, тауарларға құндылық беріп тұрған жұмысшылардың еңбегі екеніне ешкім назар аудармайды және байлық сол өтелмеген еңбектен құралады. Нарық биржасы кезінде байлық көзіне айналатын «үстеме құн» дәл осы жұмысшылар еңбегі арқылы жасалады. Телос, телеология (telos, teleology). «Телос» әлдененің соңын немесе діттеген мақсатты білдіреді, ал «телеология» белгілі бір істің соңы мен мақсаттың қалай орындалғанын білдіреді. Көбінесе жағымсыз немесе сыни тұрғыдан қолданылып, зерттеліп жатқан заттың бірегейлігіне құрметтің жоқтығын, мысалы, оның қандай екенінен мағынасы тым алшақ терминдер негізінде тану тенденциясын білдіреді. Территориализация (terrіtorіalіzatіon), (детерриториализация – deterrіtorіalіzatіon) – Жил Делөз бен Феликс Гуаттаридің мемлекет сияқты идеологиялық және институционалдық режимдердің адамдардың әлі айқындалмаған қалаулары мен өмірі барысына қалай бақылау орнататынын сипаттайтын термині. Молекулярлық деңгейдегі қарымта қимылдар осындай билік режимдерін детерриториализациялайды. Бұл процесс ұшудың азат етуші жолдары арқылы жүзеге асады. Осы жолдарды Фрейд көрсеткен Эдип драмасындағы сценарийіндегідей жаңа белгіленген формаларда ретерриториализациялауға болады. Терістеу (negatіon) – диалектикалық талдау термині. Терістеу идея мен тіршілік иесінің логикалық дамуына байланысты. Қабылдау сезімі оның терістеуі саналатын әмбебап идеяларды білдіреді. «Мен белгілі бір сезімдік қабылдауларға ғана ден қоямын» деу «мен әмбебап идеяларға назар аударамын» дегенмен бірдей. Гегель «әрбір анықтаманың өзіне тән терістеуі болады» дейді. Тұншықтыру (repressіon). Фрейдтің айтуынша, бала өркениетті өмірге қадам басу шарты ретінде өзін көрсетуіне мүмкіндік беретін бір қалауынан бас тартуы керек. Бұл қалау тұншықтырылады да, бейсананың құрамдас бөлігіне айналады. Тұрақты қайталаулар (repetіtіon compulsіon). З. Фрейдтің айтуынша, бейсаналы қалау мен үрей ешқашан біржола жоғалып кетпейтіндіктен, шешілмеген психологиялық қиындықтары бар біреу дәл сол бейсаналы дүние көрініс табатын және үнемі қайталанатын жүріс-тұрыспен әрекет етеді. Тұтастық (totalіty) – нақты заттар «оларға соңғы мағынаны дарытушы «тұтастық» арқылы толыққанды сипат табатын үлкенірек бір агрегаттың бөлшегі ретінде қарастырар болсақ қана мәнге ие болады» дейтін диалектикалық процестің нәтижесіне табан тіреуші марксизм термині. Оноре де Бальзактың әрбір романы XІX ғасырдың басындағы француз өмірінің белгілі бір ықшамдалған шағын картинасын береді, алайда ол шығармалар шағын тұрпатымен тұтаса келіп, сол қоғамның толық көрінісін тануға жол ашады. Тұтыну құны/айырбас құны/үстеме құн (use value/exchange value/surplus value). Карл Маркстің көзқарасы бойынша, нарықта сатылатын тауарлардың тұтыну құны бар (мәселен, көлікті жүргізуге болады), бірақ сонымен бірге олардың айырбас құны да бар. Оларды ақшаға айырбастауға болады және бұл нарық айырбасының жүзеге асуына көмектеседі. Тауарлардың айырбас құнына сай келетін ақшалай эквиваленті болады. Үстеме құн, Маркстің пайымдауынша, еңбек өнімі саналатын тауарларға қатысты және капитализмнің іске асуы үшін тауарға жұмсалатын еңбектің құны арзанға бағалануы тиіс. Жұмысшылардың тауардағы немесе сатылымға түскен тауардағы рөлі мен еңбегінің құнына аз төлеу арқылы капиталистер үстеме құнды өздеріне алып алады. Үстеме құн – жұмыскерлерге еңбек құнын толық төлемеудің нәтижесінде пайда болатын құн. Бұл – Маркстің «еңбек құны теориясы». Ол барынша демократиялы және эгалитарлы посткапиталистік қоғамда жұмысшылар өз еңбек құнының толықтай пайдасын көретіндей болады деп сезінді. Еңбек құны оларға жеке мүлкі ретінде қайтарылып, капиталистердің меншігі болудан қалады. Жеке меншіктің жойылуы ретінде қарастырылатын коммунизм (кеңес дәуірінде Маркстің орысшаға сөзбе-сөз мағынада аударуының нәтижесі), іс жүзінде, жекеменшікті оның иелеріне толықтай дерлік қайта орнатып берер еді. Тылсым (uncanny) – Зигмунд Фрейдтің бейсананың адам ішінде екі «Менді» қалыптастыратыны жайлы термині. Ішімізге орнығып алған, жақын. Біз мұны өзімізді аңдып жүретін қорқынышты елес секілді ұғамыз. Оның әсерінің салдарын еріктен тыс бір әрекеттерге араласқан кезімізде біз басқа біреумен қайта сол бір қарым-қатынасқа оралып, дәл сол әрекет пен жүріс-тұрысты қайталамай тұра алмаған кезімізде ұғамыз. Тылсым (uncanny) – немістің unheіmlіch деген сөзінің аудармасы. Фрейд бұл неміс сөзінің ішінде «үй» (home) немесе heіm деген сөз бар дейді. Сондықтан бұл сөздің екі түрлі коннотациясы бар: ол бізге ең жақын нәрсеге, біздің үйімізге немесе өзіміздің «Менімізге» қатысты. Тіл/сөйлеу (langue/parole) – Соссюрдің лингвистикасындағы тіл жүйесі мен сөйлеу тілі арасындағы айырмашылық. Тілек машинасы (desіrіng Machіne) – Жил Делөз бен Феликс Гуаттаридің адам психикасы айтарлықтай дәрежеде бейтұлғалық және саналы «Меннің» немесе субъектінің бақылауында болмайды деген идеясы. Санадан тыс мұндай тілек машина сияқты автоматты жұмыс істейді. Фабула/сюжет (сонымен бірге, дискурс/әңгіме) (fabula/syzuhet) (also dіscourse/story). Нарративті зерттеуде шынайы өмір оқиғалары мен әңгімеге (сюжет немесе әңгіме) өзек ету үшін таңдап алынған оқиғалар (фабула немесе дискурс) өзара салыстырып сараланады. Шын мәнінде, өмірлік оқиғалар он жылға созылуы мүмкін, алайда фабула немесе баяндау оны өз есебіне лайықтап, бірнеше минутқа сыйғызуы мүмкін. Фаллос (phallus). Кейбір феминизм мен гомосексуал теоретиктері үшін дененің бірнеше тұтам еті ғана түкке тұрғысыз, ал Жак Лакан үшін ол үлкен маңызға ие. Пенистің мәдени қалыбы саналатын фаллос – патроөзектік жыныстық-гендерлік империумда гетеросексуал ерлердің психологиялық даралығына қажетті сексуалды потенцияның символы. Әкесімен даралық сипат табу жолымен фаллосқа қол жеткізу барша гетеросексуал ер балалардың мақсаты саналады. Осылай әрекет ете отырып, олар психоаналитиктер «факультатив» (phallіcіty) деп атаған, эмоциялық әлсіздікті терістеуге әрі өз күшіне сенудің идеалына ұмтылуға қатысты жүріс-тұрысын моделдейді. Феноменология (phenomenology) – білімнің түп негізі туралы болжамдарға немесе сыртқы дүниеге сүйенбей-ақ, санадағы объектілер жайлы танымға қол жеткізуге тырысатын философия. Феноменология Германияда, Э.Гуссерльдің еңбектерінен бастау алды. Франция мен Швейцарияда ол Морис Мерло-Понтидің және Жорж Пуленің еңбектерінде қоршаған ортадан қалай тәжірибе жинайтынымызды зерттейтін сана философиясы ретінде көрініс берді. Оны Альфонсо Лингис сияқты философтар жалғастыруда. Фенотип (phenotype) – гендердің айқындалуының қосындысы мен қоршаған орта әсерінің нәтижесінде ағзаның қабылдайтын формасы. Ағзаның генотипінен немесе тұқым қуалайтын генетикалық құрамынан өзгеше болады. Ферал (feral) – қолға үйретілген және жабайы түрлердің арасындағы аралық жағдайға арналған биоаймақтық критицизм термині. Фетиш (fetіsh). Фрейдтің теориясы бойынша, құмарлықтың бір нәрседен беті қайтатын болса, басқасына ауысуы мүмкін. Сексуалды құмарлығын қанағаттандыру ниеті негізгі құмарлық объектісінен фетиштің орнын алмастырушыға айналатын көрші нысанға көшеді. Фордизм (fordіsm). Жаһандану дәуіріне дейін капитализм ұлттық деңгейдегі ірі өндірістік өнеркәсіптің айналасында Генри Форд ойлап тапқан «жинақтау конвейері» сияқты жинақтау әдістерін және кәсіби біліксіз жұмысшылардың шоғырын пайдалану арқылы ұйымдастырылды. Формализм (formalіsm) – поэзиядағы метафора мен көркем әдебиеттегі нарративтің техникалық аспектілерін зерттеу. Форт/Да (fort/da). Зигмунд Фрейд жіптің ұшына байланатын затпен ойнап жатқан балаларды бақылады. Бала затты алысқа қарай лақтырып, «Форт!» («Кет!») деп айқайлайды да, оны қайтадан «Да!» немесе «Қайт!» деп өзіне тартып алады. Фрейд бала анасы жоқ кезде мұңнан арылу үшін осы ойынды ойнады деп топшылады. Функция (functіon). Нарратив теориясында функция «қаһарманның үйден кетуі» сияқты баяндауға тән қайталанып отыратын оқиғаны білдіреді. Бұл терминді алғаш рет Владимир Пропп «Ертегі морфологиясы» еңбегінде қолданған. Хронотоп (chronotope) – Mихаил Бахтиннің роман дискурсында роман әлемінің кеңістік пен уақыт өлшемдері қандай жолмен берілгенін білдіретін термині. Хронос – гректердің уақыт үшін пайдаланатын сөзі, ал топос грекше орынды немесе кеңістіктегі орналасуды білдіреді. Һабитус (habіtus). Пьер Бурдье бұл сөзді қоғамның материалдық жағдайы туындататын күнделікті өмір тәжірибесін сипаттау үшін ойлап тапты. Бастапқыда Бурдье аспаздық пен тоқыма өнері немесе қоғамның бұлыңғыр иерархияларын және ондағы еңбек бөлінісін сипаттайтын тұрмыстық тіршіліктің басқа салаларын зерттеді. Бұл тәжірибелер осы иерархиялар мен бөліністің әлем текстурасының бөлігі ретінде қалыпты болып көрінуіне әсер етті. Бұл, өз кезегінде, осы иерархиялар мен бөліктерді қайта құруға көмектесті. Кейінірек, Бурдье дәл сол үлгіні өзі таптық бөлініс пен таптық мәдени иерархияларды тудырушы деп санаған білім саласына да қолданған еді.

Шектеулі экономика (restraіned economy) («Жалпы экономиканы» қараңыз). Шешімсіздік (undecіdabіlіty) – бастапқыда есептеу математикасында «иә/жоқ» жауабын тікелей беретін алгоритмі жоқ есептер үшін қолданылған термин. Бұл термин, сонымен бірге, ішкі және сыртқы жиынтықтардың екеуінде де саналған, нәтижелері шексіз болып кете беретін есептер жиынтығына да қатысты қолданылады. Сондықтан жиынтық табиғатында толыққанды емес. Жак Деррида бұл терминді мағынаның мағыналық актіге айналу үшін тағы бір семантикалық логикаға қажеттілік сезінбестен, кез келген формалды семантикалық логикада орын иелене алмайтынын меңзеу үшін алған. Мәселен, көптеген философиялық дәстүр көбіне алғашқы әрі негіз боларлық терминдерді құруға тырысып, терминдер мен құндылықтардың аражігін ажыратуға тырысады. Мысалы, алғашқы әрі негіз боларлық термин ретінде ақылды, қарапайым адам санасында орын тепкен әрі айырмашылық атаулыдан жоғары тұратын даралық ретінде сипаттайды, ал, негізінде, бұл – «бар болу» мен «жоқ болудың» тұрақсыз ойыны ғана. Бірақ ешбір философия бірінші кезекте осындай аксиологиялық айырмашылықтарды жасауға көмектесетін дифференциация актісін ескермейді. Бұл философия – осындай рекурсивтің нәтижесі, табиғатында толыққанды емес, шешілмеген түйінге толы. Бірде-бір философия алгоритмі «айырмашылық философия қарастыратын алаңның ішінде ме, сыртында ма» деген сұраққа тұшымды жауап бере алмайды. Дәл осылай санада жанды «бар болу» ретінде сезілетін идеяларға қатысты қабылдау, елестету әдістері философияда маңызсыз, екінші кезектегі туынды немесе жай ғана қосымша бір дүние т.б. секілді сипатталады. Қабылдау техникалары – ешқашан тіршілік етуші ретінде толыққандылыққа жете алмаса да, тіпті белгілі бір уақыт шегінде ғана сезілсе де, қарапайым кеңістіктік қабылдаудан асып түсетін идеялар. Бұл идеялар кеңістіктегі «бар болу» мен «жоқ болу» жөніндегі пайымдаудың бос қайталаулары ғана. Бірақ бұл идеяларды қабылдау үшін қарапайым қайталау боп есептелетін жазу қажет болады, ол – екінші кезектегі туынды іс. Ешбір идея жазу таңбаларының бір нұсқасы саналатын техникалық, графикалық қайта таныстыруларды қолданбастан жария бола алмайды. Жазу – жанды тіршілік иесі ретінде идеялардың өмір сүруінің мүмкіндігі, сондықтан философияның ішінде де, сыртында да оның зат күйінде шешімі жоқ. Философия кемелді идея ретінде немесе идеялардың арнайы бір қалыпта өмір сүретін зат күйіне енбесе, өмір сүре алмайды, мұның жалғыз жолы осы – жазу. Оның үстіне, санада идеялардың пайда болуы үшін кеңістіктік пен артикуляцияның белгілі бір мөлшері керек. Кез келген идеяның анықтамасы оны қандай да бір басқа идеядан өзгешелеп тұрады. Ойдың мәнінен туындайтын сыртқы техникалық сипатының анықтамасы – оның мүмкіндігінің шарты. Сондықтан өз пайымыңыздағы түпкі шешімін таппаған мәселелерді алмай, санада айқын және сенімді түрде қабылданған идеяны ақиқаттың идеал моделі деп сенімді түрде мәлімдеуге болмайды. «Бар болу» өзін «жоқ болудан» айырым жасау арқылы ғана, «жоқ болу» «бар болудан» өзін ығыстыру жолымен ғана жүзеге асады. Дәл қазіргі кезде бар жанды идеяны шынымен жанды деп санау үшін өлімді аластату керек. Сондықтан екеуі бірге. Бұлар – артикуляция мен айырмашылық. Ығыстыру (dіsplacement). Фрейд түс көрудің қызметін бейсананың жүзеге асуының көрінісі деп сипаттады. Түс эгоның қорғаныс әрекеті ығыстырған тікелей көріністің орнына сезімді жанама түрде бейнелеуден тұрады. Із (trace) – Жак Лаканның Э. Левинастан алған, кез келген тұлғаға тән, оның басқа дүниеге қатынасын білдіретін «өзге біреудің ізіне» қатысты термині. Экзистенциализм (exіstentіalіsm) – пәлсапалық ой кешуді әрбір тұлғаның тіршілігі тұрғысынан қарастыру керек деген көзқарастан бастау алатын, болмыс сияқты ауқымды категорияларға емес мейілінше шағын мәселелерге ден қоятын философиялық бағыт. Басты назар таңдау еркі мен тіршіліктің ешқандай мәні мен мақсаты болмауы мүмкін деген мәселеге аударылды. Экспрессионизм (expressіonіsm). Германиядағы бұл қозғалыс (өнерде, театрда, кино мен әдебиетте) реалистік ұғым-түсінік қалыбын бұзып, оның орнына ашық шендестірілген айшықты түстер мен көркемөнердің ажуалық формаларын қолдану арқылы ойларын бейреалистік формалармен беруге тырысты. Мәселен, көркем өнердегі әсірелеу фигураларын немесе жемқорлық, иррационализм мен зұлымдық сияқты сипаттарды бадырайтып көрсететін сахналар мен кинотаспаларды қолданды. Экспрессионистер неміс қоғамының солшыл сыншылары болған және олардың еңбектері капитализм мен өктем экономикалық тапты айтарлықтай жағымсыз қырынан көрсетті. Мәселен, Фриц Лангтің «Метрополисі» мен Роберт Виненің «Доктор Калигаридің кабинетін» қараңыз. Эпигенетика (epіgenetіcs) – ДНҚ-дан емес, ДНҚ-ға оның айқындылығын өзгертетін сыртқы факторлардың әсер етуінен пайда болатын белгілерді зерттеу. Гендер олардың қалай көрінетінін және ДНҚ ретін өзгертпестен нені қабылдайтынын өзгертетін ДНҚ-ның нуклеотидті шегінен тыс факторларға тәуелді болуы мүмкін. Мысалы, метильдену генді басып тастайды да, оның өзін көрсетуіне мүмкіндік бермейтін метиль тізбегін байланыстырады. Барлық органикалық дамулар негізгі бағаналы жасушалардың эпигенетикалық реттелуін талап етеді және оларды ағзаның әр мүшесі сияқты әртүрлі көрсетеді. Эпистема (épіstémè). Мишель Фуконың айтуынша, әрбір тарихи дәуір өзіне тән категориялары мен объектілерді қалыптау дағдыларына сәйкес белгілі бір әлем бейнесін түзетін білім әдісімен сипатталады. Мысалы, күмәнсіз діни мазмұнда болған ортағасырлық эпистема айтарлықтай «рационалды» болған XVІІІ ғасырдан мүлдем өзгеше әлем бейнесін жіктеген еді. Эпистемология (epіstemology) – философияның таныммен (білім) айналысатын саласы.

Эпифания (epіphany) – жан дүниенің нұрлануы немесе аян берілу сәті. Эпохе (epoché). Эдмунд Гуссерльдің феноменологиялық философиясында бұл термин барлық болжамдарды ысырып тастауға, тоқтатуға қатысты қолданылады. Феноменологиялық философия аясында бұрынғы ережелерді «редукциялау» немесе жақшаға алу объектіні санада анық қабылдауға мүмкіндік береді. Эссенциализм (essentіalіsm). Эссенциализмнің екі түрі бар: бірегейліктер сырттан таңылмаған, көшірілмеген, ішкі өзекте нық орныққан деген болжам және табиғатта немесе әлемде болатын ақиқат бар, әрі ол әлеуметтік немесе мәдени құрылым әрекетінің нәтижесі емес деген болжам. Феминистер мен гендерлік теоретиктер әйелдер мен куирлер басыбайлы, маргиналды және мәртебесі үстем гетеросексуалды ер адамдарға қарағанда, құны төмен ортақ бірегейлікті құрайды деген патриархаттық ежелгі гетеросексуал ұстанымдарға қарсы уәж айтты. Патриархалды дискурс пен идеологияда әйелдер белсенділігі төмен, тәуелді, әлсіз, екінші сатыдағы жандар және ер адамдарға қызметші ғана, ал куирлер азғындар, абберрантты, әдепсіз және бұзылған жандар деп есептелді. Мұндай түсінік әлденеше ғасыр бойына үстем болып келді. Осы эссенциализм соңғы онжылдықтарда сынға ұшырады. Сол сияқты, ақ нәсілді адамдардың қара нәсілді адамдарды екінші сатыға қоятын нормативті ұстанымдарын алып тастаған және араластырып жіберген этностық немесе нәсілдік эссенциализм де сын тезіне түсті. Эссенциализм себеп пен салдарды жүйелеп, қайта орналастырады, сыртқы көшірмені (импринтинг) айқын ішкі сапаға айналдыру арқылы жүзеге асады. Ол бұрын әйелдерге патриархалды үстемдік кезінде сырттай таңылған (тәуелділік, әрекетсіздік т.б.) психологиялық ахуалды зерделей отырып, оның себебі мен салдарын ішкі сапаға айналдырып өзгертеді. Басымдықтың ықпалы арқылы басымдықтың одан әрі қарай жалғасуын ақтап алудың тәсілі болады. Жак Деррида 1960 жылдары метафизиканы сынай бастағанда, ол батыс философиясының әлемді иерархиялық тұрғыдан бейнелегенін байқады. Соған орай, олар ақиқатқа анықтама берген кезде, «бар болу» (presence) сияқты кейбір терминдер позитив құндылықтарға жатқызылды және «жоқ болу» (absence), «қайталау» (repetіtіon), «айырмашылық» (dіfference) т.б. сияқты басқа терминдерді бағалаудың өзегі мен негізіне айналды. Олар негатив мәнде сипатталып, философия құрылымындағы құндылықтар жүйесінен ығыстырылды. Бұл негатив терминдер мән (essentіal), өзек (central) немесе түпнегіз (foundatіonal) болмады. Олардың шындықты әлсірету немесе оған қауіп төндіру мен философияның құндылықтар жүйесін бұзу ықтималдығы жоғары болды. Ақыр соңында, Деррида жоғарыда аталған ақиқат үшін мейлінше өзек немесе мән қызметін атқарған терминдерді мақұлдауды ақтап алу мүмкін емес деген көзқарасқа тоқтады. Мұнда орын тепкен өзек немесе мән жоқ, өзі тәуелді басқа терминдермен байланысы арқылы бұзылмайтын (демек, ол жеке немесе тәуелсіз күйде өзек немесе мән бола алмайды) немесе ол бақылайтын құрылым арқылы анықталмайтын шындықтың негіз боларлықтай өлшемі жоқ (демек, ол түпнегіз бола алмайды, сондықтан оған дейінгі немесе басқа нәрсе оған қатысты анықталу үстінде). Шын мәнінде, өзек те, мән де, түп негіз де жоқ. Бұл – (бар болу, даралық т.б.) шынайылықтың формалды стандартын құруға талпыныс. Мұхиттың ортасын табуға тырысқан әрекетке ұқсайды. Біздің философиялық жүйеміздің бірде-біреуі өзек немесе мән бола алмайтын желіде немесе терминдер арасындағы байланыстар желісінде жатыр. Олардың барлығы толықтай дифференциялды және еш нәрсеге қатысты болмайтын бірегейліктің пайда болуын сақтау үшін басқалардың қолдауына тәуелді. Сондықтан бір мезетте мәнді бірегейліктің мүмкіндігін бұзатын байланыстар желісінде кемел «бірегейлікті» елестету мүмкін емес. «Әйел» яки «адамның түсі» немесе «куирлер» сияқты бірегейлік тұрғысынан билік құрылымына саяси сын айтуды үдету қажеттігі кейбір теоретиктерді тұлғаның тұрақсыздығын, берік позициясының жоқтығын сынауды жалғастыруға мүмкіндік беретін «стратегиялық эссенциализм» керек деген пікірге алып келді. Эстетика, эстетизм (aesthetіcs, aesthetіcіsm) – өнер туындысындағы әдемілікті зерттейтін философиядағы сұлулық жайлы ілім. Гректің «эстетика» (aesthetіkos) сөзі ақылды немесе сезімтал деген мағынаны білдіреді. Кейбіреулер үшін эстетика – өнердің техникасы мен түрі, ал басқалар үшін бұл – өнерді бағалау ләззаты. Эстетизм Англиядағы ХІХ ғасырдың соңында өнердегі және өмірдегі мінсіз әдемілікке ұмтылған суретшілер мен теоретиктер қозғалысы болды. Уолтер Патердің «Ренессанс дәуіріндегі зерттеулер» еңбегін қараңыз. Алғыс. Грегори Кастл мен Патрик Колм Хоганға глоссарийді жинақтауға қолғабыс жасағандары үшін ризашылық білдіремін.

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАПСЫРЫСЫ

БОЙЫНША АУДАРЫЛЫП БАСЫЛДЫ

Джули Ривкин мен Майкл Райанның редакциясымен
Әдебиет теориясы

АНТОЛОГИЯ

Редакторы А.Шәріп
Корректоры Ж.Әбіл
Дизайнын әзірлеп, беттеген Н. Үмбеталиев
Басуға 05.01.2019 ж. қол қойылды. Пішімі 70х1001/16.

Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Офсеттік басылым.
Көлемі 28,25 б.т. Таралымы 10 000 дана.
Тапсырыс 211

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙