TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 92 том

Әлбеков Тоқтар

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 92 том

«Бабалар сөзі» сериясының 92-томына ел арасынан жиналған өтіріктер мен мысал өлеңдер, айтыстар, әңгімелер енді.

Астана 2013

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН

НАЗАРБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

Майлыбаев Бағлан, кеңес төрағасы
Асқаров Әлібек, жауапты хатшы
Абдрахманов Сауытбек
Атабаев Қамбарбек

Аяған Бүркітбай
Әбжанов Хангелді
Әбусейітова Меруерт
Әжіғали Серік

Әлімбай Нұрсан
Байпақов Карл
Байтанаев Бауыржан
Балықбаев Тахир

Дүйсембаев Еркін
Есім Ғарифолла
Жақып Бауыржан
Жұмағалиев Асқар

Жұмағұлов Бақытжан
Қасқабасов Сейіт
Қозыбаев Ілияс
Құл-Мұхаммед Мұхтар

Құрманбайұлы Шерубай
Мұхамадиұлы Арыстанбек
Мыңбай Дархан
Нысанбаев Әбдімәлік

Салғараұлы Қойшығара
Самашев Зейнолла
Сұлтанов Қуаныш
Тұяқбаев Қанат

Шеңгелбаев Бақытжан

«МӘДЕНИ МҰРА» ҰЛТТЫҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫН

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

4УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) 7-5 Б 12 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У., Әлбеков Т., Әлібекұлы А., Күзембаева С.А., Қалижанов У., Қосан С., Мамыраев Б.Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Әлбеков Т. (жауапты редактор), Алпысбаева Қ., Қалижанов У., Қасқабасов С.А., Қирабаев С.С., Қосан С., Мурсалимова Н. Томды құрастырып, баспаға дайындағандар: Әлбеков Т., Мурсалимова Н.М. (жауапты шығарушы) Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2013.

Т. 92: Өтірік және мысалдар.—432 бет.

ІSBN 978-601-292-741-2

«Бабалар сөзі» сериясының 92-томына ел арасынан жиналған өтірік­
тер мен мысал өлеңдер, айтыстар, әңгімелер енді.

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 Қаз) 7-5
ІSBN 978-601-292-741-2 (т. 92)
© Әдебиет және өнер институты, 2013

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2013

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Мәде­
ни мұра» Ұлттық стратегиялық жобасы аясында жарық көре­тін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми ба­сылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған тоқсан бір томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді са­
ласы болып саналатын эпостық шығармаларға, ертегілерге,
шетел­дердегі қазақ фольклорына, қара өлең, жұмбақтар мен

мақал-мәтелдер, аңыздар, шежірелер т.б. жанрларға арналды.
Дәлірек айтқанда, «Хикаялық дастандардың»—он үш, «Діни
дастандардың»—жеті, «Ғашықтық дастандардың»—он бір,
«Тарихи жырлардың»—он бір, «Батырлар жырының»—

жиырма, «Мақал-мәтелдердің»—бес, «Қара өлеңнің»—екі,
«Шежірелік
жыр-аңыздардың»—үш,
«Ертегілердің»—бес

томы, «Тарихи аңыздардың»—төрт томы, «Ғұрыптық фольк­
лордың»—екі томы, «Жұмбақтардың», «Балалар фольк­ло­
рының», «Қазақ мифтерінің», «Моңғолиядағы қазақ фольк­
лорының»,

«Топонимдік
аңыздардың»,
«Күй
аңыздың»,

«Аңыздық шежірелердің»—бір-бір томы баспаға дайындалып,
басылым көрді. Бұл жинақтардың он екі томында Қытайдағы
қазақтардың, бір томында Моңғолия қазақтарының фольк­
лорлық мұралары қамтылды.

Қазақ фольклорының халық арасында бүгінгі күнге дейін
жалғастығын тауып, үзілмей келе жатқан көне жанрлары­
ның қатарына өтірік пен мысалдарды жатқызуға болады.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Фольклорлық мұралардың бұл түрлері ежелгі замандардан
бері қазақ халқының ұлттық болмысымен, салт-дәстүрімен,
тұрмыс-тіршілігімен, кәсібімен қат-қабат байланыста туындап
отырған. Олар әзіл, сықақ түрінде халықтың көңіліне қонба­

ған жағымсыз қылықтарды шенеп, күлкі арқылы ойлантуға
құрылады.
Өтірік мазмұндағы туындыларда суреттелетін сюжеттер,
оқиғалар, эпизодтар әр замандарда өмір сүрген адамдардың

көз алдындағы заттарға, жәндіктер мен жан-жануарларға, аң-
құстарға байланысты, олардың адамдармен қарым-қатына­
сы іс-әрекеттер арқылы көрініс беріп отырады. Оқиғалар же­
лісінде шындықтан тысқары, тыңдаушы қауым иланбайтын,

тартымды, әрі күлкілі көріністер қамтылады. Халық арасын­
да өтіріктердің өлең, жыр, қарасөз үлгілері сақталған. Әсіресе,
оның өлең, жыр үлгілерін шығару үшін ақындықпен қоса,
қиыннан қиыстырып айта алатын тапқырлық, біліктілік,

ұшқыр қиял қажет болады.
Ал халық мысалдарында дүниедегі түрлі тіршілік иелері­
нің көркем бейнелері арқылы адамдардың мінез-құлықта­
рын, іс-әрекеттерін тұспалдап, меңзеп, астарлап айту тәсілде­

рі қолданылады. Бұл ретте қайшылыққа толы қоғамдағы
өмір шындығы, тарихи-әлеуметтік, саяси-рухани мәселелер
де назардан тыс қалмайды. Мұнда елдің бұрынғы салтындағы
жағымсыз әдет-ғұрпы мен тіршілігі мінеліп, әзіл-әжуа көрік­

теу, бейнелеу, шендестіру, әсірелеу негізінде сынға алынады.
Тыңдарман тұспалдап айтылған жайды, астарлы ойды ішкі
түйсігімен сезініп, өз бетінше топшылауға, түйін-қорытынды
жасауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ түрлі жан-жануарларды,

аң-құстарды, жәндіктерді іс-әрекет үстінде бейнелеу, тілдес­
тіру, айтылған жайдан ғибратты түйін түю және осы орайда
жасанды, жаттанды ақылгөйлікке әуестенбей, терең мағына­
лы қоғамдық ой қорыту үлкен шеберлікті, талғампаздықты

танытады. Мысалдардың да өлең-жыр, қарасөз, айтыс үлгілері
кездеседі. Өтіріктер сияқты мысалдарды да халық ақындары
шығарып, ел арасында насихаттап отырған. Уақыт өткен сайын

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

авторлары ұмытылған немесе олар саналы түрде авторлығын
көрсетуді жөн санамаған. Өкінішке орай, фольклортануда
мысалдар іргелі түрде жан-жақты зерттелмеді.
«Бабалар сөзі» жүз томдық сериясының кезекті 92-томына

халық арасына кең тараған 20-ға жуық өтірік өлең мен олар­
дың нұсқалары, сондай-ақ жыр үлгісіндегі екі туынды (нұс­
қаларымен) енгізілді. Олардың басым көпшілігі ҚР БҒМ ОҒК
мен ӘӨИ-дің сирек қорларында сақталған қолжазба мұ­ра­

лардың негізінде дайындалды. Сондай-ақ Қазақстан, Өзбек­
стан, Қарақалпақстан көлемінде ұйымдастырылған фольк­
лор­лық-этнографиялық
экспедициялардың

барысында
жи­нал­ған материалдар қамтылды. Атап айтқанда, профес­сор­
лар Қ.Саттаров, Б.Рахымов жетекшілік еткен экспедициялар
мү­ше­лерінің ел ішінен жинаған, жазып алған мәтіндері томның

дайындалуына игі әсерін тигізді. Мұнан бөлек М.Төлепқа­лиев,
Ә.Ниязбеков, Қ.Тәкежанов, М.Мәжікеев, Қ.Тұңғышбаев т.б.
жинаушы, айтушылардың қолжазбалары кәдеге асырылды.
І.Жансүгірұлының «Ел өтірігі» (1927), В.Радловтың «Алтын

сандық» (1993), Ө.Тұрманжановтың «Сексен өтірік» (1937),
ҚХР Шыңжаң өлкесінен шыққан «Қырық өтірік» (1958) т.с.с.
жеке жинақтар да пайдаланылды.
Томның соңғы бөлігін мысал жанрына жататын туындылар

толықтырды. Баспаға әзірленген мәтіндердің негізін жоғары­да
көрсетілген қорларда сақталған қолжазба мәтіндер құрайды.
Әсіресе, Қ.Саттаров ұйымдастырып, Қазақстанның оңтүстік
өлкелері мен Өзбекстан, Қарақалпақстан елдерінен жинас­

тыр­ған мұралар томның сапалы дайындалуына зор септігін
тигізгенін атап өткен орынды. Сонымен бірге Н.Төреқұлов,
Р.Мәзқожаев,
И.Өкпенов,

Ә.Жұматаев,
Р.Тоқтарбаев,
Қ.Қабылбаев, Ғ.Батталов, Д.Үрпеков, Қ.Асылбаев, М.Тоқсанов
сынды жинаушылардың әр жылдары жазып алып, қорларға

тапсырған мысал мәтіндері алынды.
Көптомдықтың принциптеріне сай беріліп отырған мәтіндер
ғылыми қосымшалармен қамтамасыз етіліп, жанрлар рим
санымен, шығармалардың нұсқалары реттік санмен нөмірлен­

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

ді. Томның ғылыми қосымшаларын: томға енген мәтіндерді
жа­зып алушылар мен жариялаушылар және басылымдар, ру­
лар туралы мәліметтер, томға енген мәтіндерге ғылыми түсі­
нік­теме, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тари­

хи тұлғалар мен діни есімдер туралы деректер, пайдаланыл­ған
әдебиеттер тізімі мен томның орыс, ағылшын тілдерін­де
жазылған түйіндері құрайды.
Томның жалпы көлемі—27,0 б.т.

Өтіріктер—қазақ халқының тұрмыс-салтына байланысты
туындаған фольклорлық мұралардың ең көне жанрларының
бірі. Оларда суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан
алынғанымен, ондағы іс-әрекет, кейіпкерлер бейнесі қазіргі

тұрмыс-тіршілікке, қоғамдық қағидаларға жанаспайды, бү­
гінгі оқырманға сенімсіз қиялға, әзіл-оспаққа, кекесін-әжуаға
құрылады. Көркем бейнелер арқылы жасалып, қиыннан
қиыстырылған тапқырлық, ойдың өткірлігі мен логикалық

жүйенің қисыны сарапқа түседі. Өтіріктерді балалар ғана емес,
ересектер де қызыға, түйсіне тыңдайды, тіпті қазіргі айтыс­тар­
да да бұл жанр қайта жанданып, түрленіп, тыңдармандар­дың
көңлінен шығып жүргені белгілі. Еліміздің әдеби қорла­рын­да

сақталған қолжазба мұралардың арасында өтіріктің поэзия­лық
үлгілерінен өзге қарасөзбен айтылатын түрлері де кездесе­ді.
Өтірік мазмұндағы туындыларды дүние жүзі халықтары­ның
қай-қайсысының да фольклорынан ұшырастыруға болады. Бұл

жанрдағы өлең-жырдың, әңгімелердің әлем халықтары­ның
фольклорына ортақ, балалардың сүйікті мұрасына айналып,
ерекше өміршең сипат алуында үлкен мән бар. Оның ең басты
себебі—бала психологиясының табиғи ерекшеліктеріне етене

жақындығында.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін ел арасынан жинақтап,
жариялау ісімен айналысып, басқа халықтардың тіліне аудар­
ған XІX ғасырдағы Еуропа ғалымдары мен саяхатшыларының

еңбектерінде де өтірік өлеңдер мен өтірік әңгімелер ұшыраса­

ҚАЗАҚ ӨТІРІГІ

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

ды. Мәселен, қазақ фольклорын жинақтауға айтарлықтай үлес
қосқан В.В.Радлов еңбегінде өтірік өлең жинақталып, онда
ғалым өтірік өлеңді «Қара өлең» тобына жатқызған. Өтірік
өлеңдер Ә.Диваев жинақтаған этнографиялық материалдар

ішінен де кездеседі. Мұндағы екі өтірік өлең Сырдария
бойынан жазылып алынса, «Қырық өтірік» Әулие Ата уезінен
жинақталған. Өтірікті айтушылар жөнінде және олардың өті­
рік айтудағы өнерлеріне байланысы әңгімелер «Дала уалаяты­

ның газеті» беттерінде де жарияланып тұрған.
Қазақ фольклорының көптеген үлгілерін жинау, жария­
лау, зерттеу мәселелері XX ғасырдың бас кезеңінде жедел
қолға алынып, тиянақты жұмыстар жүргізілгені мәлім. Ха­

лық арасынан сол кезеңді суреттейтін өтірік өлеңдер де жа­
зылып алынып, сол уақытта жаңадан жарық көре бастаған
газет-журнал беттерінде жариялана бастайды. Соның бір дә­
лелі—«Жас қазақ» журналында «Құс төресі бидайықтың той

бергені» туындысының басылым көруі, Ө.Тұрманжановтың
сол басылымға «Қырық өтірікті» жариялауы, болмаса «Жаңа
мектеп» журналына М.Жұмабаевтың «Өтірік өлең» атты
шығармасының жарыққа шығуы. XX ғасырдың отызыншы

жылдарынан кейін балаларға арналған «Қырық өтірік»
(1935) жеке кітап болып жарық көреді. Осылардың ішінен
І.Жансүгіровтің жинақтауымен 1927 жылы «Өтірік» деген ат­
пен Мәскеудегі «Кеңестер Одағының кіндік баспасынан» жеке

кітап ретінде құрастырылған еңбекті айрықша атау керек.
Бұл тізімді алпысыншы жылдардан бері басылым көріп
келген «Қазақтың күлдіргі сықақ әңгімелері», «Ел өтірігі»,
«Сексен өтірік», «Қырық өтірік», «Өтірік өлеңдер» жинақтары

толықтырып отырды. Кейінгі жылдары өтіріктердің кейбір
нұсқалары «Асыл сөз», «Ақ сандық, көк сандық» атты бала­
ларға арналған оқулық-хрестоматияларда да жарияланып,
профессор Ш.Ыбыраев осы жанрға қатысты тұшымды ой-

пікірлер білдіргені белгілі.

ҚАЗАҚ  ӨТІРІГІ Ел өтірігіне ерекше көңіл бөліп, алғаш толымды еңбек жазған—аса көрнекті ақын І.Жансүгіров болды. Ол «Ел өті­ рігі» жинағына жазған алғы сөзінде: «Қазақтың өтірік өлең, өтірік ертегі дегендері расында кенеуі жоқ басқа өтірік емес, өте шеберлікпен, тілдің орамдылығымен өзгеше өңделген сөз. Тұрмыс кұбылысындағы құнарсыз нәрсені дардай қылып, ой­ дан орақ орып, қырдан қысырақ матап, болымсыз нәрсені әлде­неге ұқсатып, дандайсытып, тыңдаушының сілекейін шұ­ бырт­қан өтірік. Ел жанына жатпайтын жай сөз болса, белгілі бір түр алып «Ел әдебиеті» болмас та еді. Ел бұл күнге шейін сақталмас та еді. Өтіріктің өмір кілтеңіне ұқсастығы болмаса, ел әдебиетінің бойына сіңбес те еді. Жоқ, өтірік—ел әдебиеті­нің бір мүшесі. Өтірік әдебиетте өмір көп. Салғастыру бар, сы­қақ мол»1—деп, өтірікті халық әдебиетінің жеке жанры ретін­де қарастырады. Қазақ халық әдебиетінің тектері мен түрлерін және класси­ фикациясын жасап, жалпы жұртшылық назар аударуға ықпал еткен Х.Досмұхамедұлы зерттеулерінде де өтірік өлеңге орын берілген2. Рухани мұрамыздың барлық болмыс-бітіміне айрықша мұқият қарап, мәнді еңбектер қалдырған академик М.Әуезов те өтірік өлеңдер мен әңгімелерге жете көңіл бөлге­ ні белгілі. Оған М.Әуезовтің мынадай пікірлері дәлел: «Бұл әңгімелердің өзгешелігі неменеде? (өтірік әңгімелерді айтып отыр—С.Ш). Өзгешелігі халықтың тапқырлық, жүйріктік сияқ­ты өнерді сүйгендігін білдіреді. Қиыннан қиыстырған өт­ кір қиялды бағалағандығын көрсетеді. Халық фантазиясының тереңдік, жүйріктігіне айғақ болады. Ол фантазия өмірде бар­ды ғана сөз қылмайды. Өмірде болса екен дегенді де сөз қылады»3. 1 Жансүгірұлы І. Өтірік. (Ел әдебиетінен жинақ). Төте жазудан аударып баспаға әзірлеген Т.Әлібек, С.Шахина. Түсіндірмелерін жазып, жалпы редак­ циясын басқарған Б.С.Рақымов.—Қарағанды: ҚарМУ басп., 2001. –63-б. 2 Досмұхамедұлы Х. Аламан /Құрас.: Ғ.Әнесов, А.Мектепов, Ш.Керімов.— Алматы: Ана тілі, 1991. – 176-б. 3 Әуезов М. Әдебиет хрестоматиясы. (Орталау мектептің 6-класына арналған. —Алматы: Қазақ мем.басп., 1937. –112-б.; Жиырма томдық шығармалар жинағы.—Алматы: Жазушы. Т.17. Мақалалар, зерттеулер.—1985. –352-б.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР Қазақ әдебиетінің тарихына арналған көп томдық еңбекте академик Ә.Х.Марғұлан өтірік өлеңдерді жұртқа жағымсыз мінез-құлықтарды, өмір-тіршіліктегі кемшіліктерді сынап, сықақтайтын шығармалар тобына жатқызған4. Бұл пікірді М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов, Т.Қожакеев, К.Ісләмжанұлы сын­ды ғалымдар да қолдап, өзіндік пікірлерін білдірген. Өтірік өлеңдерге байланысты пікірлер айтқан ғалымдар назарынан оның шығу тегі мен дамуы қалыс қалмаған. Мәсе­ лен, алғаш А.Байтұрсынов өтірік өлең негізі ертегіде жатқа­ нын айтса5, кейін бұл тұжырымды М.Әуезов те қолдаған6. Осы мәселе І.Жансүгіровті де толғандырып, аталған пікірлерді былайша толықтырады: «Өтірік те күнінде күпті заманда бо­ лады. Бұрын өтірікті айту үлкен мақтан да, мақсат та болған. Өтірікшілер бәсекелесіп бәйгеге түскен, айтысқан, ұлы жиында ел енжарласып бұларды ақындардай жарысқа салған. Әдейі ел қыдырып, өтірікті таратқан өтірікшілер болған. Әрине, мұны туғызған ел өмірінің, қоғам құрылысының жағдайы. Өмір күйі, шаруа шарты, қолы бостық, жұмысы жоқтық. Айдаладағы аңдай, аспандағы құстай табиғат құшағына бөленіп өскен еркін еркелік. Бұл жағдайлар өз дәуірінде күшті күй, әсем ән, өзгеше өтіріктерді туғызып кетті»7. І.Жансүгірұлының меңзеп отырғаны ертедегі көшпелі ел өмірі, салт-дәстүрі, ойын-сауығы екендігін аңғару қиын емес. Сол заманның жасампаз өнері—сөз өнері. Қоғамдағы түрлі өз­ герістер өткен заман өнерпаздарына да өз өктемдігін туғызған. Оны аталған еңбегінде І.Жансүгіров те айтқан: «Міне, сөйтіп бұрынғы күнде ел аузынан үздіксіз айтыла беретұғын өтірік те, 4 Қазақ әдебиеті тарихы. І том. 1 кітап.—Алматы: Ғылым, 1960. –740-б. 5 Байтұрсынов А. Шығармалар, өлең, зерттеу. Құраст.; Ә.Шәріпов, С.Дәуітов.—Алматы: Жазушы, 1987. –234-б. 6 Әуезов М. Әдебиет хрестоматиясы. (Орталау мектептің 6-класына арналған. —Алматы: Қазақ мем. басп., 1937. –112-б.; Жиырма томдық шығармалар жинағы.—Алматы: Жазушы. Т.17. Мақалалар, зерттеулер.—1985. –100-б. 7 Жансүгірұлы І. Өтірік. (Ел әдебиетінен жинақ). Төте жазудан аударып баспаға әзірлеген Т.Әлібек, С.Шахина. Түсіндірмелерін жазып, жалпы редак­ циясын басқарған Б.С.Рақымов.—Қарағанды: ҚарМУ басп., 2001. –6-б.

ҚАЗАҚ  ӨТІРІГІ шығарушы да құжырап таусылуға айналды. Баяғыдай көңіл алданыш, жан ермегі үшін өтірік айтатын ауылда бұл күн­ де ешкім жоқ. Өтірікші енді күлкіге айналып барады. Бұл— өмірдің ұлы заңы. Енді елде сақталып қалған өтірік тамтығын жинап қалу білген қазақтың міндеті болды» 8. Сонымен, «өтірікке қатысты халық прозасы ертегілерден бастау алатын болса, онда өтірік әңгіменің өзі қалай қа­лып­ тасқан?» деген заңды сауал туындайды. Зерделі пікірлер айт­ қан зиялылар бұл мәселеге де жауап беруге тырысқан. Мәсе­лен, ақын І.Жансүгірұлы, М.Ғабдуллин өтірікшілер өнері көбі­не ойын-сауық, ұлы жиында көрініс беретінін айтқан. Бұл ретте Ресей ғалымы К.Чуковскийдің өтірік өлеңдерді «Смысло­вая игра» деп атауы бұл пікірлерді нақтылай түседі9. Қазақ халқының өтірік әңгімелерінің ойын-сауық кезінде туғандығын «Ығай мен Сығайдың өтірік салыстырғаны», «Өтірікті айтқан жақсы, қоштаушысы табылса», «Өтірікке әкесінен асқан бала», «Балапанды Барқын таз» т.б. қарасөзбен баяндалатын өтірік әңгімелер дәлелдеп береді. Нақтылай түссек, өтірік әңгімелердегі бұндай өнер бәсекесі ойынсауық арқылы тарап, қиыннан қиыстырып айтатын әзілсықақ отауының керегесін кеңейте түскен. Сөйтіп, халыққа жақын, жағымды өлеңдер туындай бастаған. А.Байтұрсы­ нов, М.Әуезов, М.Ғабдуллиндердің: «өтірік өлеңдердің қа­ лай туғанын ертегілер мен әңгімелерден білуге болады» деуі сондықтан. Өтірік әңгімені қалыптастырған тұрмыс-салт, әдет-ғұрып болса, өтірік өлең, жыр да сол сауықтың жемісі екен­дігі даусыз. Халық арасына кеңінен тараған өтірік өлең­ дер­дегі «Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым», «Нанбаса­ ңыз, айтқаныма болса жалған, Саудалы сөзім емес сатуға алған» т.б. өлең жолдары өлеңді айтушының тыңдаушылар­ға қарата айтатынын аңғартады. 8 Сонда. 9 Чуковский К.И. От двух до пяти. Живой как жизнь. –М., 1968. –С.131.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР Бұл ретте де өтірік өлеңдерді кімдер қалыптастырып, ұр­ пақтан-ұрпаққа дамыта жеткізген деген сауалдың туындауы заңды. Біздіңше, өтірік өлеңнің кейбір белгілері кәдімгі бақ­ сылар мен балгерлердің шығармашылығынан байқауға бо­ла­ды. Бірақ олардың мақсаты—науқасты емдеу, індетті елге жо­лат­ пау. Солай дегенімізбен, бәдік, арбау, жалбарыну өлеңде­рін­де­ гі бақа-шаянды, айдаһар жыландарды тілге тиек етіп, жұртты иландыру, көңіл аулау ісіндегі әрекеттер өтірік өлеңдердің белгілерін еске салады. Ал өтірік жырларды дамытуға дәнекер болғандар саятшы, аңшылар екенін ерекшелеу жөн секілді. Өйткені бізге жеткен кесек туындылардың негізгі жүгін кө­тер­ ген сол кәсіптің иелері болып табылады. Мысалы, «Тазшаның өтірігі», «Мейірманның өтірігі», «Бұқабай мергеннің өтірігі», «Байсарының өтірігі» т.б. осының айқын дәлелі. Саят өнері­мен айналысқандардың көпшілігі сал-серілер болғандығы да аян. Олардың әңгімелеріне өтірік қосылмаса, дәмі кірмейтіні тағы бар. Бұл пікірді Е.Ысмайлов еңбегі де жоққа шығармайды10. Ел өтірігін айтушылардың енді бір типін әзілқой, қу тілді, айлалы адамдар кұраған. Сондай-ақ өтірікті жетесіне жеткізіп айтатындар қатарында ұрлықшылар да бар. Көбіне олардың өтірігі өзін-өзі мақтап, дәріптеуге құрылады. Өтіріктің ендігі бір шеберлері—балалар. Үлкендердің өтірігі секілді балалар өтірігінің өресі ойындар арқылы бірін-бірі мазақтау, алдау кезеңінде кеңейген. Ойын балалары өтірігінің көлемі шағын болып келеді. Балалардың сүйікті ойыны «Ұшты-ұшты», «Сау­сақ санау», «Жаңылма» т.б. ойындарында өтірік пен шын­ дық тайталасқа түседі. Ш.Ыбыраевтың пікіріне қарағанда: «Өтірік өлең мен әңгімелердің алғашқы шығарушылары ба­ла­ лар­мен қатар, ересек адамдар болуы әбден ықтимал. Бала­лар фольклорын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, балғындарға үй­ре­тіп отыратын да негізінен үлкендер болса керек. Демек, үл­кен­ дер мен балалар творчествосының тығыз қарым-қатынас­та бо­ 10 Ысмайлов Е. Ақындар.—Алматы: Қазақ мем. көр. әдеб. баспасы, 1956. –54-55-бб.

ҚАЗАҚ  ӨТІРІГІ луы, ауыс-түйіс ортақ шығармалардың екеуінде де ұшы­ра­суы заңды»11. Өтірік жанры өзінің болмыс-бітімі жағынан қарағанда халық шығармашылығының көптеген түрлерімен бай­ла­ нысты болып келеді. Өтірік әңгімелер көбіне тұрмыс-салт немесе шыншыл-реалистік ертегілерді еске түсіреді. Мы­ салы, «Қырық өтірік» әңгімесінің «Аяз би» ертегісімен са­ бақтас екендігі талас тудырмайды. Мазмұндық құрылымы жағынан «Жан-жануарлардың жылға таласуы», «Үркер», «Айлакер тышқан», «Қотыр торғай», «Балтекей бидің соты» т.б. хайуанаттар мен шыншыл ертегілер сюжеттерінің өтірік әңгімелер мен өтірік жырлармен сарындас болып келетіні байқалады. Аталған ертегілердің көпшілігі шешендік пен тапқырлықты дәріптейді. Өтірік өлеңнің шешендік өнерге қатысы барлығы Т.Қожакеев еңбектерінде жан-жақты қарастырылған12. Өтірік өлеңдерде тұрмыс-салтқа қатысты мәселелер ба­ рынша кең қамтылған. Атап айтқанда, «Қырық өтіріктің» әңгіме немесе өлең түріндегі үлгілері бұған толық жауап бере алады. Келісті өлең шумақтарындағы қайынға бару, ине­лік­ ке жүк артып көшу, ат арқандау, арқан есу—бәрі де қазақ­ тың өткендегі көшпелі өмірін көз алдыңа алып келеді. Өтірік­ тегі ең керемет қыз беру, оған жеңгелікке жүретіндер немесе ұлан-асыр той жасау көріністері арқылы туындылар шымыр­ лана түседі. Ал өтірік өлеңдердің көпшілігі аңшылыққа қатысты туғанын ескерсек, оның бастаулары тағы да тұрмыссалт жырларына алып келеді. Ел арасына кеңінен танымал «Кірпік шешен», «Бүркіт», «Шыбын» т.б. өтірік жырлар аңшылық, саятшылықты дәріптейді. Аңшылық өлеңдердегі «Көк жендет» атты шығармада талай жыл өзіне серік бол­ған кұсынан айырылған аңшының зары баяндалса, «Бүркітте» 11 Ыбыраев Ш. Қазақ фольклористикасы: кеше, бүгін, ертең /Әлем. альма­ нах.—Алматы: Жазушы, 1991. –10-б. 12 Қожакеев Т. Адам. Қоғам. Сатира.—Алматы: Жазушы, 1985. –31-б.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

аңға салған құсына ырза болған аңшының көңілін ұғуға
болады.
Өтірік шығармашылықтың өзге де ұсақ жанрларымен
тығыз байланыста болатынын аңғаруға болады. Өтірік өлең­

дерде жаңылтпаштардың кей белгісі сақталғанмен, оның
жалпы табиғаты жұмбаққа жақын. Әсіресе, өтірік өлеңдерге
балалар бірден елтіп, ондағы өтірік пен шындықтың ара-
қатынасын пайымдауға көп тер төгеді. Бұдан басқа өтірік

өлеңдердің ауыз әдебиеті шығармаларындағы бір байланысы
айтыстарда да айқын аңғарылады. Балалардың бірін-бірі
мазақтап сөз жарыстыруы, тартысқа түсуі кәдімгі айтыстарды
еске түсіреді. Сондай-ақ ел арасына ертеден тараған «Бәдік»,

«Аң мен аңшының айтысы», «Мал мен иесінің айтысы», «Өлі
мен тірінің айтыстары» секілді мысал айтыстар бұл пікірді
айғақтайды.
Фольклорға тән басты ерекшеліктердің бірі—оның көп­нұс­

қалық сипаты. Өтірік өлеңдер де осы заңдылыққа сай келеді.
Ел өтірігінің ауызша туып, ауызша таралуы, бірнеше нұсқа­
лы болуы, халық тұрмысымен байланысты шығуы, орындалу
мәнерімен, дәстүрлі мақаммен айтылуының өзі фольклорлық

мұра екендігін айғақтай алады.
Ғалымдардың пікірлерін тұжырымдай келіп, өтіріктерді
мынандай жүйеге келтіріп қарастырған жөн сияқты: бі­рін­
шіден, шындық пен өтіріктің арасын тайталасқа түсіретін,

өтірік арқылы қалтқысыз сендіруге тырысатын, мақтаныш,
алдау, мазақтау арқылы айтылатын халық поэзиясының
түрін—өтірік өлеңдер деуге болады; екіншіден—өтірік жыр­
лар халық шығармашылығындағы өмір шындығын ерекше

айқындап, бірақ сол шындықтың өңін айналдырып ақиқатқа
жатпайтындай қылып кең көлемде баяндайтын туынды­
лар; үшіншіден, өтірік өлеңдердің шығу тегін анық­тайтын
қара сөзбен айтылса да, өзіндік белгілері поэзияға жақын

және шындыққа жанаспайтын драмаға тән күлкілі өтірік
әңгімелер.

ҚАЗАҚ  ӨТІРІГІ

Өтірік жыр туралы мәлімет тек қана І.Жансүгіров еңбе­
гін­де ғана көрініс береді. Өтірік жыр, өтірік өлең ұғым­дары
бір-бірінен алшақ тұрған дүние емес. Бұның негізінде бел­гілі
бір жанрдың қалыптасуы мен даму эволюциясы жатқаны

анық. Өтірікті шығарушылар халық көңілін көтеру үшін
барынша ізденіп, түрлі оқиғалар ойлап тапқан. Ойын-
сауық нәтижесін­де пайда болған көлемді өтірік жырлардың
қанша уақыт жасағандығын кесіп айту өте қиын. Олардың

көпшілігі ойын-сауық кеміп, қоғамдық өзгерістер ұмыт
болған шақта бірте-бірте көмескіленіп, халық жадынан
ұмыт болған. Бүгінгі күн­ге жеткен «Шыбын», «Кірпік
шешен», «Торы тай» т.б. жырлар оны толық дәлелдей

алады. Бұл көлемді туындылар жырау және жыршылдық
дәуір шеңберінде қалыптасып, олардың шығармашылығы
тоқырауға ұшырағанда ұмытыла бастаған деудің қисыны
бар. Ал ақындар шығармашылығы дәстүрі өтірік өлеңдер­

дің дамуын кеңейткен. Бұл балалар арасында жатталып,
үздіксіз айтылу арқылы түрлі кезеңдерден сүрінбей өткен.
Сондықтан халық шығармашылығындағы өтіріктің поэ­
зиялық түрін жанрлық жағынан өтірік өлең дегеніміз

жөн сияқты. Қажет болса, «өлең» деген ұғымның халық
түсінігіндегі пайымдалуы анағұрлым ауқымды. Айталық,
тұрмыс-салтқа қатысты туған поэзияда жыр, өлең, толғау
т.б. баршылық. Ендеше, көркемдік жүйесіне қарай отырып,

халық поэзиясының бір түрі «өтірік өлеңдер» деп атауға
негіз бар. Өтірік өлең—өмір шындығын біліп, игерген өнер
адамының сол шындықтың өңін айналдырып, бір ауыз
шындық қоспастан тамаша татымды шығарма жасаудың

негізінде пайда болған жанр екендігі анық.
Тақырыптық жағынан алғанда өтірік жырлар—өтірік
мақтан, өтірік мысал, өтірік әзіл болып бөлінеді. Өтірік жыр­
лардың басты ерекшелігі—онда шығарма оқиғаға құрылып,

сюжет желісі пайда болады. Тегі жағынан эпикалық туындыға
айналып, оқиғадан-оқиға туындатып айтылатын жыр түріне
2-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

ауысады. Батырлық жырлардағы пырақтарды құсша ұшыру,
сөйлесу, алты айшылық жерді алты күнде алдырудағы қиял­
дың желісі бұл жерде алабөтен өтірікпен суарылып, өнерпаз
Кірпік шешенді бәйгеге қосқан. Жалпы өтірік жырдағы қы­

зық­ты тақырып—өтірік мақтан мен мысал болса, бұл тақы­
рып­ты мейлінше игергендер саятшы, атбегі, сейістер болған.
Мы­салы, өтірік жырларды айтушы Мейірман Дәркенбайұлы­
ның жырлары бұл тақырыпты ерекше аша түседі. Ол өтірікті

бүркіттен бастап, кер бие, торы тай, шыбыннан аяқтайды.
Барлығы оқиғалар желісіне құрылған.
Ал өтірік өлеңдер көбінесе балалар арасында айтылып,
олардың бірін-бірі мазақтауы, мақтануы, алдауы, бір нәрсеге

бола таласып бәстесуі т.б. балалық шақтың тасқа басқан
таңбасындай екені мәлім. Бала да өзінше мақтанады, сол
мақтанудың басы—«өтірік ерлік». Атағы аңыздағы батырдай
болу, ертегідегі жалғыз көзді дәуді жеңетін қаһармандай бо­

лу—бала арманы. Мысалы:
Жасадым жұмыртқадан алтын табақ,
Сүңгі мұзды боршалап еттім тамақ.
Шегірткенің сирағынан қасық жасап,

Ертеден кешке дейін іштім тамақ.
«Қырық өтіріктен» басталатын мұндай шумақтар арқауы
ерлікті дәріптеу болса керек. Балалар өтірік өлеңдері ішіндегі
ендігі бір тақырып—өтірік ант.

Ойын балаларының бірін-бірі сендіру, айтқанына иланды­
ру үшін ант беретіндігі әлі де кездеседі. Бұған «Аяқтағы суға
ағып өлейін, Көнектегі суға кетіп өлейін» немесе: «Желкем
шұңқырын көрмейін» деген сияқты балалар анты айқын дәлел

болады. Мұндай анттарға алданбайтын бала жоқ. Бұндай ант
түріндегі өлең жолдары көптеген елдердің фольклорында
ұшырасады.

ҚАЗАҚ  ӨТІРІГІ

Балалар айтатын өтірік өлеңдердегі негізгі бір ерекшелік—
олар өздері білетін және күнде көретін жәндіктерді өлеңге қо­
сып, сол арқылы өтірікпен сын-сықақ айтады. Бұған ақындар­
дың ықпалы болуы мүмкін. Баланың: «Айттым да өтірік өлең

жұртқа жақтым, Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым»
дегенінде суайттың жұртқа жақпайтыны белгілі бола тұра,
«өтірікпен жұртқа жақтым» дегенде астарлы емеурін тұр. Осы
шумақтағы отарлы қойды құмырсқаға теңеу сыншылдықтың

жемісі. «Шегірткенің айғырын ұстап алып, қой тастан түлкі
қағу»—сықақтың белгісі.
Бар бола тұрып, бір күнгі жұтта бар байлықтан айы­
рылып, тақырға отырып қалу—қай кезенде де мысқылмен

масқараланған. Өмірдегі келеңсіздік өтірікке айналғанда күл­
кі туса да, күлдіріп тұрып күңірентіп кететіндігі бір бұл ғана
емес. Айталық, «Қырық өтірік» өлеңінің негізі хан жарлығын
мүлтіксіз орындап, өтірікті өрімдей өрген Тазша соңында

қызын алып ханды масқара етеді. Әлгіндегі айтылған астарлы
сын-сықақ, мысқыл мен кекесін ендігі уақытта сарказмге
ұласады. Кешегі сыйқына ел күлетін Тазша жеңісі хан қызын
алумен тынды. Тазшаның ісі—ірі жеңіс, ханның ісі—ауырмай

есінен адасқандық. Әмірі күшті билік иесі болса да, өнердің
алдында тізе бүгіп, соңында ханның бейшара күйге түсуі шебер
суреттелген. Сөз түйіні—өнер жеңісі.
Өтірік өлеңдердегі сатира өмірде жиі кездесетін жат пи­ғыл­

ды көпшілік алдына осылай шығарып, көпті одан түңілді­реді.
«Кер бие, торы құлын», «Шыбын», «Кірпік шешен», «Бүр­
кіт» атты өтірік жырларда саудагердің ел алдында әбден әккі
болып алғанын масқаралап, келемежге айналдырса, «Шы­

бын» жырында біреудің күш-қайратын пайдалануға келген­
де алдына жан салмайтын жандар мысқылмен түйрелген.
Алып шыбынды атқан аңшының сыбағасына ортақтасқан
ағайындар болса, енші алудан бір тынбайды. Біреу мал сойса,

пышақ үстінен үлестіріп алып кететін жұртты келемеждеп,
оған қарама-қарсы алып шыбынды алғандағы мақсат та сол

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

өрескелдікті көрсетуден туған. Туындылардың бүкіл болмыс-
бітімі өте өткір, ащы кекесін мен мысқылға құрылғаны мәтін­
ге үңіліп, астарлы сөзге мән бергенде ғана анықтала түседі.
Өтірік өлеңдердегі басты белгі—ақылды және ақылсыз

адамдардың мінез-құлқын жұртқа жария етіп, оны әзіл-оспақ
арқылы масқаралау. Өлеңдердегі осындай ерекшелік оны ай­
тушылардың стильдік қолтаңбасын анықтап бере алатындай.
Өтірікті айтушы соны жеріне жеткізе түсу үшін шындық пен

өтірікті тайталастырады. Елді күлкімен кенелтудің түп төркіні
келеке-келемеж екендігі өтірік өлеңнің дәстүрлік белгісін
толық танытады.
Өтірік өлеңдердің негізгі иесі балалар болса, олардың

тапқырлығы, орынды жауаптары әзіл-ысқақ, сын үлгісінде
айтылса, ендігі кезекте одан әрі дамытылып, айтысқа
ұласқанын байқаймыз. «Кісі мен қиқар бала», «Суайт бала
мен қарт», «Бала мен шілдің айтысы», «Ағаш пен шөптің

ажырасқаны» атты айтыс үлгілері өтірік пен шындықтың
тайталасына құрылған. Бұның өнер түрі негізінде балалар
арасында қалыптасып, дамып отырғандығын айтыстың атау­
лары да анықтап тұрғаны аян. Өтірік айтыс мысал үлгісінде

қалыптасып, жауаптасып бәсекеге түсетін сөз барымтасының
көне белгісін еске түсіреді. Сөйтіп, алғашқыда сөз жарысы
арқылы пайда болған өтірік өлең айтысы келе-келе әңгіме­ге,
өлең-жырға айналып кеткен.

Айтыстың негізі шындыққа жанаспайды десек те, мұнда
тұспалдау мен ишаралау пәрменділік танытады. Өмір үшін
күресте адамдық пен пәктіктің, тапқырлық пен шешендіктің
белгілері танылып қалады. Тегінде, айтыстың шығу тегі мен

түп-тамыры мысал айтыстарында жатқаны анық. Оны көбіне
дарынды суырып салма ақындар өнері деп дәріптесек те,
оның бастау негіздері мысал үлгісінде қалыптасып, сандаған
өнер өрендерінің шығармашылығы арқылы дамытылғанын

айғақтайды. Жасынан өлеңге үйір қазақ халқының дәстүрі
берік екендігін балалар шығармашылығы да мойындатады.

ҚАЗАҚ  ӨТІРІГІ

Соның ендігі бір дәлелі балалар шығармашылығынан орын
алған, әсіресе өтірік өлең айтысында айрықша көрініс
табады. Қысқаша айт­сақ, өтірік өлеңдер, негізінен, балалар
шығармашылығы арқылы дамып қалыптасқан. Сөйтіп, өз

алдына өтірік ерлік, өтірік ант, өтірік сын-сықақ, өтірік
айтыс ретіндегі тақырыптарды құрап, келе-келе тақырыптық
циклде топтасқан. Белгілі тақырыптар сан-алуан мәселелерді
көтеріп, өзінше жинақтала топтасқан. Бұл тұрғыдан келгенде

өтірік өлеңдер мен мысал жанры тығыз байла­ныста екендігін
көруге болады.
Ел өтірігінің туындауына, дамуына ересектер де зор ықпал
етіп, олардың шығармашылығы көлемді жырларға ұласқан.

Тақырыптық жағынан алғанда өтірік жырлар: өтірік мақтан,
өтірік мысал, өтірік әзіл болып бөлінеді. Өтірік жырлардың
шағын өлеңдерден айырмашылығы—онда шығарма оқиғаға
құрылып, сюжет желісі пайда болады. Тегі жағынан эпикалық

туындыға айналып, оқиғадан-оқиға туындатып айтылатын
жыр түріне ауысады. Бұндай көлемді дүниелерді тудырған
белгілі ақындар болған. Ел арасына кең таралған «Кірпік
шешен» атты өтірік жырдың негізгі тақырыбы—мақтану.

Батырлық жырлардағы пырақтарды құсша ұшыру, сөйлесу,
алты айшылық жерді алты күнде алдырудағы қиялдың желісі.
Бұл жерде алабөтен өтірікпен суарылып, өнерпаз ақын Кірпік
шешенді бәйгеге қосқан. Жалпы өтірік жырдағы қызықты

тақырып—өтірік мақтан мен мысал болса, бұл тақырыпты
мейлінше игергендер өнерпаздар екендігін байқаймыз. Бұл
ретте Мейірман Дәркенбайұлының есімін ерекше атап өткен
жөн. Оның әрбір шығармасы оқиғаға құрылып, көлемді жырға

ұласқан.
Үлкендерге арналған өтірік өлеңде әрқашан әлеуметтік
салмақ жатады, қарама-қарсы жағдайларды қиюын келтіре
ұйқастырып, сол арқылы өмір шындығын көрсетіп, байдың

сараңдығын, ханның қаталдығын күлдіре отырып сынау
ерекше тапқырлықты қажет етеді. Халықтық өтірік өлеңдерде

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

осы тапқырлық өте мол-ақ. Әрине, балалар репертуарындағы
өтірік өлеңдердің ересектер жырынан айырмашылығы бар. Ең
алдымен, үлкендер өтірік өлеңдеріндегі салмақты әлеуметтік
жүк балалар өлеңдерінде байқала бермейді.

Өтірік өлең бала қиялын ұштауда, бейнелі ойлауға жетелеу,
ұтқырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл ат­
қарады. Сондықтан да халық ақындары мен балалар жазу­
шыларының шығармашылығында бұл жанр жалғасын тауып,

өрісті дамып келеді.
С. Ж. Шахина,
филология ғылымдарының кандидаты,
доцент

Ө Т І Р І К Т Е Р

1. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Баласы қасқа айғырды өлтіріпті,
Құдайым айтқызбасын өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға міңгесіпті,
Бәрін де тура тасқа тышқан өлтіріпті.

Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым,
Аяңдап сол аяғыммен қоян алдым.
Қоянның бір әйдігін көрдім сонда,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.

Сайраңдап сол базарды базарладым,
Міндім де, инелікке жатып сона қудым.
Қатыным сол сонаға жерік болып,
Сонаны қатыныма бола қудым.

Ойпырмай, аспанда бір лақ туды,
Адамнан айнымайды құлақ-мұрны.
Құдайым айтқызбасын өтірікті,
Сол лақ мені жерге лақтырды.

Жығылып қол-аяғым қирап еді,
Иіскелеп, лақ келіп, жылап тұрды.
І. Өтірік өлеңдер

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

2. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Басында керегенің үрген қарын,
Демалмастан көтердім соның бәрін.
Көп қатын сиыр сауып, май алмайды,
Шіркей сауып май алдым алты қарын.

Басында керегенің үрген қуық,
Көтеріп түйеге арттым аузын буып.
Жануар ол артқаным мая екен,
Қуықты көтере алмай қалды туып.

Бір-екі битті мініп жетеледім,
Ауылым Араншыны төтеледім.
Құдайдың бұл да болса берген бағы,
Атып ап алты қоян кете бердім.

* * *
Дарияның ар жағында от көргенмін,
Қайнаған суық суға ет көргенмін.
Құдайым өтірікті айтқызбасын,

Еркекті егіз туған көп көргенмін.

3. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім жалғыз өзім соның бәрін.
Жүк қылып қара нарға артып едім,
Орнынан тұра алмады жануарым.

Басына қарағайдың көл тұрыпты,
Айтпаймын айт десеңде өтірікті.
Айтайын өтірікті ебін тауып,
Қан қылды бір санымды тышқан қауып.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Қатындар, не қыласың сиыр сауып,
Май алдым алты қарын шыбын сауып.
Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.

Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,
Той қылып, ат шаптырды төңерекке.
Бар еді бір өлеңім жаңа таптым,
Қайтарып көбелекті көлге жаптым.

Шыбынды шіркейменен құда қылып,
Үстіне тасбақаның шапан жаптым.

4. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Бөлтірік-ті, Бөлтірік-ті,
Қарағайдың басында көл тұрыпты.
Өзім тауып айтпаймын өтірікті,
Шыбын теуіп биені өлтіріпті.

Бақа қызын беріпті көбелекке,
Қара шыбын жүріпті жеңгелікке.
Өзім тауып айтпаймын өтірікті,
Ат шаптырып той қыпты төңірекке.

Шылым шектім шымшықтың қу басынан,
Арқан естім тышқанның шудасынан.
Алдыма бір қоян жатыр екен,
Арыстанның өте шықтым турасынан,

Ол қоянды алдыма өңгеріп ап.
Керегенің басында тоғыз қарын,
Көтере алмай жығылдым соның бәрін.
Керегенің басында он жеті құрт,

Өлең айтып отырмын, ағайын-жұрт.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сыйларыңды білмеймін, қиларыңды,
Рахметіңді айта гөр, ағайын-жұрт.
Инелікке міндім де сонаны қудым,
Бес күн жатып жаңа қудым.

Отыз жасқа келгенде
Он бес қарға бақтым,
Он бесін де қашыртпадым.
Арасында бір жануарға

Сұңқардан тұмар тақтым.
Бір қоңызға қырық адам мінгесіпті,
Бүркіт пен түлкі тілдесіпті.
Қыз берсең де айтпаймын өтірікті,

Қырқын да шыбын теуіп өлтіріпті.

5. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Айттым да өтірік өлең желдеп кеттім,
Соңымнан көбелекке кел деп кеттім.
Асауын бөгелектің ұстап мініп,
Астыма бес қап бидай теңдеп кеттім.

Бөденемен қайырдым бөлтірікті,
Басына қарағайдың көл тұрыпты.
Өзгесі өтірік болса да, осыным шын,
Бір шалды шірней теуіп өлтіріпті.

Бір қоянды міндім де, аспанға ұштым,
Екпініне шыдамай жерге түстім.
Алты күндей-ақ боран соғып еді,
Жалғыз қурай түбіне ас қып іштім.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Жүк артып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім-талдым, әрең жеттім.

Қамысты жылқы ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.
Бір талын сақалымның кесіп алып,
Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Той қылып, мың масаны сонда сойдым.
Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,
Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым.

6. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Шыбын мініп, шіркейді жетеледім,
Қырғи қылып көбелекті бөпеледім.
Асау қарға, бүргені ұстап мініп,
Көбелектің ауылын төтеледім.

Өтірік өлең айтып елге жақтым,
Құмырсқаны қайырып қойдай бақтым.
Шегірткенің айғырын ұстап мініп,
Ауылын көбелектің зорға таптым.

Керегенің басында үрген бүйен,
Көтергенде босайды жүйе-жүйкең.
Айт десең де, айтпаймын өтірікті,
Көтере алмай жығылды атан түйем.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

7. ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

Өтірікті айтып-айтып шындай қылдым,
Ерітіп қара тасты ұндай қылдым.
Кеуректен төс, киізден балға қылып,
Бір ұрғаннан темірді ұндай қылдым.

* * *
Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Бір тобын құмырсқаның ұстап сойып,

Той қылдым ат шаптырып төңірекке.
* * *
Терісін сары масаның жыртпай сойып,
Кететін он бес қарын саба қылдым.

Сабаны сегіз жігіт көтере алмай,
Қылмасқа енді саба тоба қылдым.
* * *
Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым,

Қатырып аяңымен қоян алдым.
Қоянның үлкендігін сонда білдім,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.
Қоңызым төмен қарай тоңқайса да,

Сонда да қамшым сабын таянбадым.

8. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Айттым да өтірік өлең ханға жақтым,
Қой қылып құмырсқаны құмға бақтым.
Асауын шегірткенің шертіп мініп,
Тау-тауға шығып алып түлкі қақтым.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Өлеңді айтып едім он жасымнан,
Шыбынды ерттеп мініп тойға асығам.
Қанатын көбелектің көпір қылып,
Дарияның өте шықтым турасынан.

9. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Баласын балпаң-балпаң бала қаздай,
Жүк артып бес қарсаққа ала жаздай,
Біреуін әсемдікке мінемін деп,
Қан түсті аяғына ала жаздай.

Мен өзім құрман айтта киік міндім,
Киіктің сұр бесеуін сүйіп міндім.
Салдары әсемдіктің осылай деп,
Құйрығын жалыменен түйіп міндім.

Терісінен сұр тышқанның ер-тұрманым,
Найза алып ақыл ханнан жау қырғаным.
Қабанның қасқа айғырын ұстап міндім,
Дарияның ортасына пішен үйдім.

Жоқ болып айыр ағашым, қолмен үйдім.
Терісін тасбақаның сыдырып алып,
Асауға алты құлаш шідер түйдім.
Мен өзім жас басымнан тырна бақтым,

Тырнаның арығына жабу жаптым.
Тырнаның бес баласы ығып кетіп,
Бойынан Аралсордың әрең таптым.
Біреуі бесеуінің сорлай қалып,

Оны да шығара алмай елге шаптым.
Қарасам шәй басында қара-ала құрт,
3-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Жарасқан қара-ала құртқа, қара-ала мұрт.
Кесіртке тасбақамен жауға аттанды,
Тыңдасын өтірік өлең, мінекей, жұрт,
Міндім де қос аяққа, қудым тышқан,

Жануар ұшқыр екен алып ұшқан.
Ұшқырын жануардың содан білдім,
Аққуға қуып жеттім жоғары ұшқан.
Тең-теңдей кесірткеге жүк артамын,

Жыланға алпыс екі қозы артамын.
Аса бай, аса жарлы болмасам да,
Қызымды қырық мысықпен ұзатамын.

10. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Өтірік өлең айттым да жұртқа жақтым,
Құмырсқаны қайырып қойдай бақтым.
Ел қыдырған кешегі есер кезде
Бөгелек басына тана тақтым.

Бір қоянды міндім де, аспанға ұштым,
Екпініне шыдамай жерге түстім.
Алты күндей ақ боран соғып еді,
Жалғыз қурай ығына ас қылып іштім.

Дүниенің ауыры үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.
Атандарға үш төстеп артып едім,
Көтере алмай жығылды атандарым.

Дүниенің ауыры үрген қуық,
Жалғыз өзім көтердім аузын буып.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Үлкеніне серкенің арба салдым,
Ондай мықты көрмедім өзім туып.
Бес қарсақты күнінде баса міндім,
Жүргізе алмай шіркінді азар міндім.

Екі сымбал үстіне теңдеп алып,
Қара жолдың үстіне борт-борт желдім.
Үлкен серкеге арба салдым,
Басқа, көзге төпелеп зорға салдым.

Мені мықты дегенге жұрт нанбайды,
Қойдай битті көтеріп отқа салдым.
Өтірік өлең айтамын ер басынан,
Арқан естім бозторғай шудасынан.

Алты инелік, бес сона той қылыпты,
Киіт кидік солардың құдасынан.
Өтірік өлең айтамын ер басынан,
Шылым қылдым шыбышық қу басынан.

Қара шіркей етіне қазан толып,
Астау-астау ет жедік ер басынан.
Маса деген бірталай бақыр екен,
Сона деген имансыз кәпір екен.

Бөгелектің үйіне кіріп барсам,
Әкесіне ас беріп жатыр екен.
Бөгелектің терісі ер тұрманым,
Қоян мініп мен өзім жау қуамын.

Шегірткенің айғырын ұстап мініп,
Тұра қашқан түлкіні бұлтартпаймын.
Көлбақаның көнектей сүйегі бар,
Көртышқанның қырық құлаш үйегі бар.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Өзім барып жерінен алып келдім,
Бір түлкінің қырық арба сүйегі бар.
Өтірік өлең айтайын ердің басы,
Жау қияқтың түбі ердің қасы.

Өзім барып жерінен алып келдім,
Бір түлкінің қырық арба омыртқасы.

11. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Ағаштан қашау жасап, тас тескенмін,
Киізден бәкі жасап, бас кескенмін.
Құбының құмдарынан шүйке жасап,
Мәңгілік үзілмейтін жіп ескенмін.

Ағашшылық істепті тоқылдауық,
Құда боп сауысқанмен ебін тауып.
Кесіртке шудасынан кілем тоқып,
Көшкенде қара нарға қойдым жауып.

Ағаштан жарқылдаған қылыш соқтым,
Ішінде бір ай жаттым қызыл шоқтың.
Қоңыздың айғырына күміс ер сап,
Ағызып, қалың топтан өте шықтым.

Айтам деп өтірік өлең, жұртқа жақтым,
Қайырып, құмырсқаны қойша бақтым.
Айғырын бүгелектің ұстап мініп,
Үстінен Қара теңіз түлкі қақтым.

Айтайын айт дегенде бөлтірікті,
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.
Болса да өзгем—өтірік, осыным—шын,
Бір қызды маса теуіп өлтіріпті.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Айттым да өтірік өлең, жұртқа жақтым,
Көк мұзын қарлы таудың отқа жақтым.
Шіркейдің ең жүйрігін ұстап мініп,
Тойында көкпар тарттым дуадақтың.

Аюдың ақ жібектен желегі бар,
Қолында шегірткенің шелегі бар.
Болса да өзгем—өтірік, осыным—шын,
Тауықтың алпыс екі емшегі бар.

Айта-айта өтірік өлең, жұртқа жақтым,
Мініп ап қысыр жылан айға шаптым.
Жотадан бір инемен құдық қазып,
Жылқысын бір тайпа елдің суға жаптым.

Айдадым жылқы орнына отыз түлкі,
Атқосшым жанымдағы семіз үкі.
Ішінде топ адамның тулап шығып,
Қылды залым шіркей мені күлкі.

Айттым да өтірік өлең, жұртқа жақтым,
Әкемнің іште жүріп малын бақтым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Қойтастан қоян аулап, түлкі бақтым.

Айтпаймын өтірікті мен басынан,
Шымшықтың үй жасадым қу басынан.
Етіне қара шіркей қазан толды,
Сүйегі асып қалды арбасынан.

Айттым да өтірік өлең, жұртқа жақтым,
Балықтың сирақтарын отқа жақтым.
Бір сонам байлаудағы қашып кетіп,
Меккеден он жыл іздеп, зорға таптым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Айдадым жылқы орнына көбелекті,
Тасбақа астымдағы аттай желді.
Аулында қайын жұрттың жығып кетіп,
Қылдың-ау, көкжал бақа, елге күлкі.

Айта-айта өтірік өлең, елге жақтым,
Сақалын көк шіркейдің отқа жақтым.
Біреуін бұзаубастың жоғалтып ап,
Онан соң басқасына қоңырау тақтым.

Айтайын, айт десеңіз, өтірікті,
Басына қарағайдың көл тұрыпты.
Болса да басқам өтірік, осыным—шын,
Өгізді шіркей теуіп өлтіріпті.

Айтпаймын өтірікті мен басынан,
Бозторғай айыл өрдім шудасынан.
Жыланның қызын қырғи алып қашып,
Айдаһар ат мініпті құдасынан.

Аюмен құда болдым, өзім барып,
Ұлыма бесіктегі қызын алып.
Барғанда құдалыққа Қаратауды,
Жөндедім бес ай, бес күн бұзып алып.

Аюды арқандадым жібек жіппен,
Көк сона құда бопты инелікпен.
Қаңтардың ми қайнаған ыстығында,
Жүк артып түнде көштім бөшелекпен.

Айтайын көзді жұмып көргенімді,
Жалған деп сенбейді ғой өзге мұны.
Сейілдеп бақа көкте жүрген кезде,
Байқұстың шөлден өлді көлдегі ұлы.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Ақ шабақ алты құлаш түйе тапты,
Жарыста жасыл қоңыз аттай шапты.
Құдамыз жеті қабат көкте жүріп,
Жүз жылда құдағиын әрең тапты.

Ақылдан ержеткен соң болдым жарым,
Бір қоян мал дегенде қолда барым.
Әйелім сол қоянды жаздай сауып,
Түйреді сары майдан сегіз қарын.

Ақ тасты сорпаға ездім, қатық қылып,
Дәм-тұзын сол арада татып тұрып.
Ұстап ап арыстанды сабап жатсам,
Көртышқан бас салғаны басып тұрып.

Ақылдан адаспаңдар, жарандарым,
Бір суыр мал дегенде қолда барым.
Қарға мен әлгі суыр тамыр екен,
Екеуі тасып болды үйде барын.

Алыстым айдаһармен жалғыз өзім,
Бұл өзі жалған емес, рас сөзім.
Шығарып биік сайдың жотасына,
Ағыздым ала арқанмен соқыр көзін.

Алтыннан ақ қоянға тақтым таға,
Бір тышқаннан үш тонға тіктім жаға.
Қыс болғанда сол тонды жамылып ап,
Ішінде ойнақ салады бала-шаға.

Анадан тумай тұрып жауға шаптым,
Беліме ақ қурайдан қанжар тақтым.
Он бес жыл сұр көжекпен найзаласып,
Он рет өлсем дағы аман қаппын.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Арасын жарып қосқан қара тауым,
Басында жайқалып тұр бақша бауым.
Екі жүз құнан қойым егіз тауып,
Апанда жусап жатыр қозыларым.

Ар жақтан алты шыбын айдап алдым,
Біреуін ашуменен байлап алдым.
Шыбынды байлаудағы сойғанымда,
Екі қап, сегіз дағар майын алдым.

Арбаға бес қарсақты баса шектім,
Шіркінді жүргізе алмай азап шектім.
Масаға екі теңді теңдеп алып,
Үстінен қара судың атша желдім.

Арбама парлап жектім көк құтанды,
Үй салдым, сырғауыл қып көк бұтаны.
Түлікке бағып едім жеті тырна,
Шілденің аязында ол жұтады.

Астыма қоңыз мініп, қоян қудым,
Бір тал қылмен арыстан аузын будым.
Жоғалып қара тауық, он жыл іздеп,
Астынан қара жердің тауып келдім.

Аспанға қармақ салып, жайын алдым,
Бүрге сойып, мың қарын майын алдым.
Қоңыздан он бес қора қыстатуға,
Аспанға алты қабат сарай салдым.

Аспанда сона мініп қалықтадым,
Мінсем де жиырма жыл жалықпадым.
Қолыма бір тал қылдан қармақ алып,
Қоймадым теңіздердің балықтарын.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Аспанда қолмен қашап егін салдым,
Ақы алмай, тамақ ішпей тегін салдым.
Қызына құмырсқаның ғашық болып,
Сұлуды көрген жерден талып қалдым.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Той қылып, мың масаны сонда сойдым.
Жүрегін біреуінің төрт бөліп жеп,
Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым.

Ат қылып мініп жүрмін қырғауылды,
Шулатты жығып кетіп бір ауылды.
Пәлені құмырсқаға жапқанымда,
Көртышқан шешім етті бұл дауымды.

Ата-анам мен туғанда бір жаста екен,
Екеуі жер астында тұрады екен.
Малшысы қасқыр екен қой бағатын,
Түгендеп ол да малын тұрады екен.

Атқаным бұл шыбынды анық болды,
Бір тайпа ел етін алып, қарық болды.
Терісі елу саба, тоғыз торсық,
Қалғаны малшыларға шарық болды.

Ауылым балуандарды іріктепті,
Бір өзімнен басқасы ілікпепті.
Қатарда қайраттының біреуі едім,
Жеті қыз жеті рет жығып кетті.

Ауыры дүниенің үрген қуық,
Көтердім батырлықпен аузын буып.
Шіркейдің айғырына арба шектім.
Көрмедім ондай күшті өзім туып.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Ауылым байып жатыр, дамып жатыр,
Қауынды трактормен шауып жатыр.
Құрт пен май құйылатын кебеже бар,
Қосақтап құстың сүтін сауып жатыр.

Ауылым өткен жылы қошқар сауып,
Сүтіне келіншектер болды қарық.
Бәкімді қаймағына жанып-жанып,
Тастадым шыбындардың шашын алып.

Ауырмай жүк аяғым өліп қалып,
Жыладық қайғырғаннан әнге салып.
Тірілді жаназасын оқып жатсақ,
Ұйқыдан кеткен екен есі ауып.

Әйнектен илеткізіп шалбар киіп,
Кеудеме көк түтіннен байғазы іліп.
Аспанға жеті қабат жетіп бардым,
Астыма ілбіс деген аңды мініп.

Әуеден ұшып жүрген бөлтірікті,
Аюды балық шағып өлтіріпті.
Болса да өзгем өтірік, осыным шын,
Дос болып қой мен қасқыр бір жүріпті.

Бай болдым төрт түлікке тумай жатып,
Балама қалың бердім бәрін сатып.
Келінім бай ауылдың баласы екен,
Жасауын жүз қарғаға келді артып.

Байқалды тумай жатып ағаттығым,
Ішінде жеті тозақ сауық құрдым.
Дүниеге адам туып, туа сала,
Өле-өлгенше көмірді азық қылды.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Байлықтан ыза шектім ақырында,
Бір тиын мал болмады жақыным да.
Малымның бәрін жиып, отқа жағып,
Отырмын кедейліктің тақырында.

Байқаусызда соғылып айға басым,
Кетік қылып тастадым айналасын.
Толтырып кетік айға қымыз құйсам,
Жетер ед суаруға жан баласын.

Бай болдым бит терісін алып-сатып,
Мал бақтым төсегімде ұйықтап жатып.
Дәулетім жылдан-жылға дамып кетіп,
Ақыры кедейлікке қалдым батып.

Бақаның соймай тұрып, миын көрдім,
Көлдегі көбелектің үйін көрдім.
Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Той қылған сірке сойып, жиын көрдім.

Бақа сойып, ет астым ішін жармай,
Тоқсан жыл құмай бақтым, бір күн қалмай.
Бір жолда жүз тайқазан су ішіп ем,
Сонда да қаңсып тұрмын, шөлім қанбай.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірік-ті,
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,
Япырым-ау, бәрін жығып өлтіріпті.

Балықтан сауын сауып, сары май алдым,
Тоқалын дуадақтың тартып алдым.
Бір кешкі тамағыма бес қой, бір ат,
Сойсам да жалғыз өзім тоймай қалдым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Балықтың төрт сирағын отқа жақтым,
Қайырып қандаланы қойша бақтым.
Қанатын қандаланың сая қылып,
Жауырын сүйегінен астау шаптым.

Барады ауылым көшіп ебелекке,
Мықты деп жүгімді арттым көбелекке.
Қайраты қара нардан артық екен,
Жоқ екен ондай күшті төңіректе.

Басына Қаратаудың қора салдым,
Қораның кеңдігіне мен таң қалдым.
Ішіне екі шіркей сыймаған соң,
Салмасқа үлкен қора қасам қылдым.

Басына Қап тауының сарай салдым,
Жүз жылда қашап жүріп, әрең салдым.
Топан су басып оны кетпесін деп,
Көтеріп бөктеріне қоя салдым.

Басына қарағайдың түйе шығар,
Түйені жел ұшырса, қиын шығар.
Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Аюды кене сүзсе, миы шығар.

Басынан қарағайдың балық көрдім,
Шығуға қарағайды қиын көрдім.
Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Шіркейдің басын қақпай миын көрдім.

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім күштілікпен соның бәрін.
Апарып қара нарға артқанымда,
Қор болды-ау, белі үзіліп қара нарым.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Басына бәйтеректің тіктім орда,
Аспанға алты қарыс қалды сонда.
Қос атпен күндіз-түні жүргенімде,
Он жылда ат арытып, жеттім зорға.

Бәріне атын қойып, айдар тақтым,
Аю мен арыстанды қойша бақтым.
Артыма әйелімді мінгестіріп,
Қоянды су үстінде жорғалаттым.

Биені қымыз іштім мұзға байлап,
Тышқанды жауыр қылдым үш жыл айдап.
Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,
Жүгірдім қуанғаннан алақайлап.

Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Семізін көбелектің ұстап сойып,
Той қылдым ат шаптытырып төңірекке.

Бес баламды мінгіздім бір шыбынға,
Шал мен кемпір мінгестік құмырсқаға.
Арқасы жауыр екен жануардың,
Мөңкіп жықты, амал не, қырсықанда.

Бозторғай бұзаубасқа болды ғашық,
Болған соң әрі сұлу, әрі пұшық.
Жеңгетайын кекілік ала алмай қап,
Амал бар ма, ап кетті сары мысық.

Бүргеге жеті батпан кісен салдым,
Күшіне жануардың қайран қалдым.
Мақтаға темір шеге қағып алып,
Тартқанда арыстанмен әрең алдым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бүргенің бас терісін қауға қылдым,
Апарып ханымызға сауға қылдым.
Білмеймін көл жұтқан соң жүрдім қалай,
Қара жер көтере алмай қынжылғаны-ай?!

Басып ем баспалдақты кетті құлап,
Сенсеңдер, болды таулар жып-жылмағай.
Бір жылы топ қасқырды отарға айдап,
Шіркейді үш жыл саудым мұзға байлап.

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті,
Бұл сөзге ертеде өлген апам айғақ.
Бір қоянды міндім де аспанға ұштым,
Шыдамай екпініне жерге түстім.

Ақ боран алты күнде соғып еді,
Ығында жалғыз қурай асымды іштім.
Біреуді неміз кетер алдамасақ,
Қарғаның түйені рас алғаны асап.

Құлақтап шу асауды ұстап жүрмін,
Бақаның жұлынынан шалма жасап.
Бір шыбын сілкініпті қарап жатпай,
Құлапты сай ішінде көп қарағай.

Шыңғыртып сол шыбынды ұстап алып,
Жеке жан бауыздадым әруаққа арнай.
Бір суыр нар түйеге мініп апты,
Мойнына тоғыз атар іліп апты.

Сол жылы аспан менен жер ортасында,
Қозғалмай елу бес жыл тұрып апты.
Бір жолда жеті шелек шарап іштім,
Алпыс күн нәр тартпастан жарап іштім.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Күрестім шегірткемен күні-түні,
Көрсеттім көп өнерін қара күштің.
Бір тал қылмен қос бұғы арқандадым,
Жасым жетіп үш жүзге, қартаймадым.

Төбесі көкке тиген Алатауды,
Мақтадан балта жасап талқандадым.
Бір қасқыр жолдас бопты ұларменен,
Ақылшы түлкі бопты бұларменен.

Қызғыштың бір қызына кісі салсам,
Қолма-қол бала боп тұрар ма екен?
Бір жылы жаяу жүріп айға бардым,
Беліме бес жүз тауды байлап алдым.

Жеткенде қоналқаға, маса сауып,
Қатырып тоқсан шелек қамыт алдым.
Бір жылы бұлт үстінде жайлап жаттым,
Санынан ет ойып жеп мінген аттың.

Кенеттен жаугершілік заман болып,
Бұршақша жауған оқты қолмен тостым.
Бір жылы қоңыр тұсақ серке туып,
Лағын өсіріпті ерке қылып.

Шілдеде үй ішінен боран соғып,
Жамылдым ұлтарақты көрпе қылып.
Бір бүрге көтеріп ап арқасына,
Ұрғанда Ұлытаудың жартасына,

Әйтеуір, Құдай сақтап, аман қалдым,
Тығылып құлағымның қалқасына.
Бір жылы туысшылап құмға бардым,
Бір сыбыс сары шымшықтан естіп қалдым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қылыш ап көкбас сона ақырғанда,
Астына терісінің бұғып қалдым.
Бір жылы теңіз астын қыстап шықтым,
Балықтан он мың әскер ұстап жаттым.

Қызына шағаланың ғашық болып,
Бірін алып, бірін тастап жаттым.
Бір күні өгіз мінген бір топ түлкі,
Маржандап тымағына тағыпты үкі.

Әйелім тумай тұрып маған арнап
Кірпінің терісінен тікті күпі.
Бір жылы шөл далаға балық бақтым,
Қолыма құрығымды алып бақтым.

Үйірін қарақұстың айдап келіп,
Қанатын қарақұстың қалықтаттым.
Бір жаста қатын алдым жүзге келген,
Ол мені кәрісінді көрген жерден.

Сәрсенбі сәтті күні сүндет еттім,
Шақырып таудай молда ергежейден.
Бір күні бұлдырыққа мініп алып,
Көз жұмып, сүңгіп кеттім суға барып.

Бала-шаға бағудың қамын ойлап,
Отынға бір арқа мұз шықтым алып.
Бір қатын қара судан құрт қайнатты,
Пісіріп қара тастан май шайнатты.

Құрдасым кесірткіден қатын алып,
Қырық күн ауылымды бір тойлатты.
Бір қыста араладым шегіртке елін,
Сыйларын ол елдің де көріп келдім.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Соғымға соятыны қарға екен,
Батасын барлығының өзім бердім.
Дарияға табан жаптым ебелектен,
Жаратып қудым сона көбелекпен.

Жығылып тас кенеден мойны үзіліп,
Арыстан ажал жетіп, өліп кеткен.
Диюдың қасқа айғырын үркітемін,
Қонып ап бұтағына бір аршаның,

Үш жүз мың қара құртты он жыл бақтым.
Дәнімен шала піскен бір арпаның.
Дөп мініп масамен өрлей бердім,
Алдыма алпыс жасар қойды өңгердім.

Киіп ем мұздан көйлек, қардан ішік,
Не деген ыстық еді, терлей бердім.
Дүз салған қорғасыннан қара балтам,
Шықпайды он матадан сыңар қалтам.

Жоқ менде ішерге ас, киер киім,
Көшкенде жүз түйеге жүгімді артам.
Дүниеде өтірікке жоламаспын,
Сорпа-су бола ма деп сона бақтым.

Досым-ау, менен мерген өте қоймас,
Бір оқпен төрт қасқырды домалаттым.
Ей, жұртым, дей көрмеңдер өтірікші,
Ұстаттым бөденеге кекілікті.

Бір күні көлдің суы өртке кетіп,
Балықтар топырақ шашып өшіріпті.
Ел-жұртқа неге өтірік ұсыналық,
Жеткен соң барлығына күшім анық.

4-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Әдейлеп мекеніне алып барсам,
Теңізді қолтығыма қысып алып.
Ендеше, маса батыр, маса батыр,
Тұмсығын маса батыр қашап жатыр.

Көп адам көбелекті бітеу сойып,
Қырық кісі отыз табақ жасап жатыр.
Ендеше, өтірік-ті, өтірік-ті,
Өтіріктің қисынын келтіріпті.

Өзгеге өтірік болса да, өзіме—шын,
Қасқырды қоян теуіп өлтіріпті.
Ендеше сабырлы сазан, сырлы сазан,
Көртышқанның жамбасы алты қазан.

Көрінбей дөң басында отыр едім,
Келеді шыбын мінген әйел адам.
Еңкейіп мен аспаннан мәнті жедім,
Борсықтың талай жеңдім әншілерін.

Бүргенің терісінен етік киініп,
Суырдың араладым ел мен жерін.
Ер жасап қара судан мініп жүрдім,
Жұлдызға жүйрік аттың басын ілдім.

Қоянның көжегінен қорқып қашып,
Бір жүз жыл көл түбіне жасырындым.
Емілдің суы жазда өртке кетіп,
Қағаздан қайық жасап кеткем өтіп.

Бір кезде төбешігім жерге түсті,
Байқаусыз қалғанымда бір жөтеліп.
Жаз жайлау бір қорадай балық бақтым,
Тамызық мұзды жарып отқа қақтым.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Бір күні Құдай тегін олжа беріп,
Астынан жүк апанның түлкі таптым.
Жайғаны тасбақаның жылқы болды,
Бір досым ес білгелі түлкі болды.

Қызымен күйкентайдың көңіл қосып,
Сол досым жұрт алдында күлкі болды.
Жалынынан қандаланың айыл алдым,
Үш бүрге ішін жарып майын алдым.

Ізіне оның басқан қақ тұрыпты,
Қармақ сап қырық құлаш жайын алдым.
Жалаң аяқ, жалаң бас киік қудым,
Беліме тоқсан қабат шынжыр будым.

Басқаға өтірік болса да, өзіме—шын,
Жүз жыл жаттым түбінде қара судың.
Жалғыз тары қауызын қора қылдым,
Желге мініп алпыс күн сона қудым.

Басқа өтірік болса да, осыным—шын,
Құмды жинап мың метр оба қылдым.
Жамағат, зейін қойып, сөзім тыңда,
Шын сөз айтам, өтірік қоспаймын да.

Көргем жоқ айтып, сірә, өтірікті,
Келсе де биыл жасым алты мыңға.
Жараттым, алты ай байлап бөгелекті,
Міндім де араладым төңіректі.

Шілдеде теңіз қатып қалған екен,
Тағасыз жалтыр мұзда шауып өтті.
Жараттым алты ай қыстай қара шыбын,
Мініп ап, жоқ қарадым Құбы құмын.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

«Болдырып жүрмей қалса, берейін» деп,
Бұршақтың теңдей жүрдім төрт қап ұнын.
Жарандар, шынымды айтпай, немді айтамын,
Алдымен байлығымды аңғартамын.

Беремін сүйіншіге бес жүз жылқы,
Жоғалды мың құлынды боз тайлағым.
Жарыстым бүрге мініп қарғаменен,
Қара үзіп кетті бүргем жорғаменен.

Құбының бұлан қайыр құмдарынан,
Ақ қайран алдым сүзіп дорбаменен.
Жасымда көрпе мініп көкке шықтым,
Аспанның тесігіне тығын тықтым.

Жағамнан ала түскен жайдың бұлтын,
Бір жасыл көбелекпен ұрып жықтым.
Жел жыққан қарағайды жатқан қурап,
Бәкімен алып келдім бәрін турап.

Сайрамды сарқылғанша жұтып едім,
Балықтар жатыр екен әлі тулап.
Жекелік жер, көлемі—ұлтарақтай,
Он тонна ұнын алдым оны бақпай.

Басқам өтірік болса да, осыным—шын,
Көзімді ашып жүремін кірпік қақпай.
Жер қына бойлап-бойлап ұзарыпты,
Аршадан жыңғыл барып қыз алыпты.

Сол тойда тобылғы ұрлық істеймін деп,
Қабығы ұялғаннан қызарыпты.
Жер шарын жетпіс екі айналдырдым,
Перінің қызын алып жайнап жүрмін.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Екі жүз он алты жыл көлбақамен,
Аралап дүниені сайран құрдым.
Жегіп ап таутекеге арба айдадым,
Арбамды сай басынан тауға айдадым.

Өсіріп құмырсқаны бір жыл бағып,
Мал толған қорасына байға айналдым.
Жыланның терісінен кидім киім,
Аспанда қанатым жоқ ұшып жүрмін.

Құмайдың қара қарға келіні екен,
Сауысқан алған екен көрімдігін.
Жонынан сары масаның айыл алдым,
Алты қап ақтарылған майын алдым.

Үстіне Қара теңіз қармақ салып,
Бүркіттің балапанын ұстап алдым.
Жүк артып бес қоңызға түнде көштім,
Қарлығаш қанатынан арқан естім.

Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Өлдім-талдым дегенде әрең шештім.
Жүк арттым жолбарысқа көшкенімде,
Мұрнын ойбай салды тескенімде.

Ауынан өрмекшінің он бес құлаш,
Әреңге шықты арқан ескенімде.
Жүк артып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.

Жабысып сары масаның қанатына,
Аспанда жүз жыл жүріп, әрең түстім.
Жұлдыз құрт терісінен кидім ішік,
Бойыма дәл келтіріп өзім пішіп.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Мұртынан өрмекшінің арқан есіп,
Алты қабат аспанға кеттім шығып.
Жүз ғасыр бірге жүріп сазанменен,
Бұлт сауып, айран ұйыттым қазанменен.

Қызына сауысқанның құда түсіп,
Айтыстым таң атқанша сазанменен.
Жонынан шегірткенің айыл алдым,
Құрықтан қармақ салып, жайын алдым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Сіркенің саулық қарын майын алдым.
Жыланның жіліншігін шелек қылдым,
Көк шөптен қолмен тоқып желек қылдым.

Басқа өтірік болса да, осыным—шын,
Бір тарыны он бір жыл қорек қылдым.
Жыланды тауда жатқан таяқ қылдым,
Сүйегін көлбақаның аяқ қылдым.

Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Үйірін қайырмайтын саяқ қылдым.
Зауқым жоқ тумысымнан өтірікпен,
Қайырдым қызыл түлкі бөлтірікпен.

Бақаның қашағаны қиын екен,
Ұстадым үш жыл қуып кекілікпен.
Инені бұрғы қылып тауды тестім,
Тауықтың тұяғымен ағаш кестім.

Тырнаның сілекейін жиып алып,
Мың құлаш, он кез жуан арқан естім.
Иенде келе жаттым ел аралап,
Жүгім бар битке артқан он тоғанақ.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Қонарда көбелектен күзет қойдым,
От жақтым лауылдатып мұздан қалап.
Ит мініп, көбелекпен түлкі айдадым,
Шақырып сауысқанды айғайладым.

Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Қамшымен сегіз қырлы бор байладым.
Көнектей көбелектің жұмыртқасы,
Жыланқияқ ерімнің артқы қасы.

Сен өтірік айтсаң да, мен айтпаймын,
Жатқан нардай қоянның омыртқасы.
Көңкені артқа тартып жібермедім,
Ұстап ап тау тағысын шідерледім.

Алпыс аю, бес қасқыр, он арыстан,
Жүк артып, отын тасып кіреледім.
Көріп пе ең, мұндай істі бұл жалғанда,
Қағаздан сулық кидім күн жауғанда.

Киізден қазық жасап сексен құлаш,
Таңдадым қасат қарды ат арқанға.
Күйеден шағаладай сарай салдым,
Мақтадан іргетасын қалай салдым.

Сол үйге жалғыз құнан сыймаған соң,
Иіріп мың қойды әкеп, қамай салдым.
Күресте түгел жығып төңіректі,
Жыға алмай сонда жынды көбелекті.

Он шақты омыртқасы опырылып,
Амал не, бір құрдасым өліп кетті.
Күш жетпес асау биттің үркегіне,
Ат жетпес құмырсқаның бүлкегіне.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Көктемде бір тышқанмен жер айдадым,
Жанына жапалақты тіркедім де.
Кеңсайдан бір қарағай жұлып алып,
Сонымен бір сонаны ұрып алып,

Сал жасап бір өзеннен өте шықтым,
Терісін сол сонаның сылып алып.
Кеңсайда көп үй отыр шыбын сауып,
Сүтінен ұрлап іштім ебін тауып.

Сайрам көлдің бетіне шатыр тігіп,
Ішінде ұйықтап жаттым тыным тауып.
Көнектей көлбақаның құлағы бар,
Қазандай қара шіркей тұяғы бар.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Бір биттің қырық арба сүйегі бар.
Күмістен ақ тышқанға таға қылдым,
Құйрығын құмырсқаның жаға қылдым.

Терісін сары масаның бітеу сойып,
Иге сап он бес қарыс саба қылдым.
Жиылып он бес жігіт көтере алмай,
Тікпеуге ондай саба тауба қылдым.

Қағаздан Қара Ертіске көпір салдым,
Ағызбай суын бір-ақ ұрттап алдым.
Мені күшті дегенге жан сенбейді,
Бір қолыммен он тауды жұлып алдым.

Қайныма қарға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өзім теңдес бұрын бардым.
Айғырын жапалақтың ұстап мініп,
Алдына қайын атамның қырындадым.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Қайырып қара қарға қойдай бақтым,
Өтірік өлең айтып, жұртқа жақтым.
Бір сонам асыранды қашып кетіп,
Дүниеде он жыл іздеп әрең таптым.

Қайныма барып жүрдім қасқыр мініп,
Жауырын жануардың асқындырып.
Зорығып көкжал арлан өліп кетіп,
Сый үшін қайын атама астым жілік.

Қайырдым бір жұмыстың басын әрең,
Міндетім орындалды осыменен.
Бір таудың талқан қылып, тасын соқтым,
Шыбынның түйгі тас қып басыменен.

Қайырып, қара қазға түлкі алғыздым,
Сатқызбай екі қаптай күлкі алғыздым.
Шабысқа шыдамайды аю, қасқыр,
Айдатып шегірткеден жылқы алғыздым.

Қайырып қойша бақтым қара қоңыз,
Туыпты ту қояннан күшік доңыз.
Қазан қып бозторғайдың жұмыртқасын,
Сойдым да етін астым сексен өгіз.

Қайныма темір дамбал киіп бардым,
Сол жолы жұмсақтығын біліп қалдым.
Шегеден жеңгелерім төсек салып,
Жатқандай мамық төсек бір ұйықтадым.

Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге тіреу, уық қылдым.
Бір талын көк жусанның кесіп алып,
Өзенге өткел бермес көпір қылдым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қамшыма биттің мұртын өрме қылдым,
Жұлдыздан шырақ жағып, көрме қылдым.
Қоянның құйрығынан арқан есіп,
Аюға малға шапқан керме қылдым.

Қанатын шегірткенің қайық қылдым,
Жонынан ақ сіркенің арқан тілдім.
Теңіздің тереңіне сүңгіп барып,
Бұзауын дуадақтың сонда көрдім.

Қаңбақтан тау басына тіктім күрке,
Шам жақтым қара суға салып білте.
Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Көтердім екі қолмен екі сірке.

Қаңтарда арамза боп маса туды,
Іргемді жұмыртқасы баса туды.
Бәйгеден көлбақасы жалғыз келіп,
Ойладым оған кежім жасатуды.

Қаңтарда қар үстіне егін ектім,
Міндім де шегірткеге сапар шектім.
Үстіме кидім дағы темір киім,
Теңізден айдын шалқар малтап өттім.

Қаңтарда қарға мініп суға жүздім,
Майысқан бау-бақшадан алма үздім.
Шілдеде жылқымды айдап суға барсам,
Суаты бұзылмапты қатқан мұздың.

Қаңтарда шіркей мініп түлкі қудым,
Жайқалған жасыл таудан аса қудым.
Ақыры қоймай жүріп ұстап алдым.
Қаңтарда бошалайды қара қарғам,

Қой деуге менің оған бар ма шарам?

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Жарылып кеткен кезде қағанағы,
Топан су дүниені басты тамам.
Қаңтарда шіркей көрдім мұзға қонған,
Мұз сорып іші-қарны сыздап қалған.

Қауын да пысады екен қар астында,
Талайын қазып жедім мұз астынан.
Қарағайдың басына қора салдым,
Қорасын қопсысымен қоса салдым.

Қораның төбесіне тары сеуіп,
Пысқанда тоқсан түйе өнім алдым.
Қарғаның сүбесінен қазы аудардым,
Демеймін көп аудардым, аз аудардым.

Тумаған әйелімді көмекке алып,
Дегенде үш қыс, үш жаз зорға аудардым.
Қаршыға құда бопты қарғаменен,
Алты ай қыс қоян қудым арбаменен.

Тоқым сап тоғысайға мінгенім де,
Жеті күн алып қашты даламенен.
Қуандым келіншегім қатын алып,
Тойына шіркей сойдық, атын алып.

Шіркейдің пұшпағынан ішік киіп,
Қайныма ұрын бардым қатып алып.
Қуырып құмға апарып бидай ектім,
Арбаға тасу үшін шіркей шектім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Шіркейге күшім жетпей азап шектім.
Қонаққа шақырып ем арыстанды,
Көзге ілмей аю, қабылан, барыстарды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Сегіз тау селге кетіп қалықтады.
Қоян мініп жылқыға құрық салдым,
Құрық сап шу асауды ұстап алдым.

Қурайдан алпыс оқты мылтық жасап,
Қабылан, аю, қасқырды атып алдым.
Құмайды қуып едім ебелекпен,
Жаратып қасқыр соқтым көбелекпен.

Жығылып тас кенеден аю мерген,
Тіл тартпай батыр сонда өліп кеткен.
Қоянның шаңырақтай омыртқасы,
Көнектей көлбақаның жұмыртқасы.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Жесеңіз, азық болар таудың тасы.
Құдыққа қармақ салып жайын алдым,
Үйегінен жүз құлаш айыл алдым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Сірке сойып, бес қарын майын алдым.
Құдама өтірікті қаптап бердім,
Найзаны балқурайға саптап бердім.

Асауын сары масаның ұстап мініп,
Түлкіге тастан қашқан тап-тап бердім.
Құмарым қанып қалды сонда тарқап,
Қаңтарда қалшылдаған суға малтап.

Басыма Тянь-Шаньды көтергенде,
Кигендей білінбейді басқа қалпақ.
Құмайттан құмырсқаның ізін көрдім,
Масаның кесте тіккен бізін көрдім.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Шыбынның төркіндеген қызын көрдім.
Құрдасқа құмырсқадан ат мінгіздім,
Қарғаға Қаратаудан түлкі ілгіздім.

Семізін тасбақаның ұстап сойып,
Қалқаға пұшпағынан тон кигіздім.
Құстың жүнін жұлдым да үй жасадым,
Дауысынан қарғаның күй жасадым.

Күрзімен алты батпан қолымдағы
Тұмсығын қағып едім көк масаның.
Құдықтан қызыл түлкі сүзіп алдым,
Балталап ай шетінен жүзік алдым.

Аспанға алтыбақан құрып едім,
Жусанға соғылып қап, үзіп алдым.
Құс сүті біздің елде көл боп жатыр,
Қой жүнін комбайнмен қырқып жатыр.

Ауылдың байығаны осы емес пе,
Ісек бір, қошқар екі туып жатыр.
Қымыз ғып бүрге сүтін ұрттап жаттым,
Май қалқып қара судан мұртқа жақтым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Қайырып қара қарға қойша бақтым.
Қыз алды лашыннан той қып тырна,
Тойлыққа сары масадан беріп қырма.

Сол тойға қызып алған шыбын-шіркей,
Басыпты бес күн, бес түн ән мен жырға.
Қызғышпен құда болып тасығаным-ай,
Алтынды оңды-солды шашқаным-ай!

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бір шіркей сол тойымда мас боп қалып,
Ерлікпен сол шіркейден сасқаным-ай!
Қысы-жазы жегенім жалғыз төстік,
Өрмекшінің торынан арқан естік.

Кеткен бір тумай тұрып айға шығып,
Дегенде жүз тоқсан жыл әрең түстік.
Мақтадан оқ жасадым мырыш қылып,
Ақ тастан палау бастым күріш қылып.

Барлығын бір жазыққа жиып алдым,
Жәндік пен жануардың басын қосып.
Масаның тастан жүрген ізін көрдім,
Шіркейдің етік тіккен бізін көрдім.

Жасауын он түйеге сыймай қалған,
Бақаның ұзатылған қызын көрдім.
Масаның сілекейін желі қылдым,
Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым.

Көбіктен сегіз қабат үй салдырып,
Жалынан шегірткенің көген қылдым.
Маса деген жүні жоқ тақыр екен,
Сона деген қан сорғыш батыр екен.

Қылығы екеуінің асқынған соң,
Жазалап құмырсқалар жатыр екен.
Масаның таспа тілдім жотасынан,
Арқан естім кептердің шудасынан.

Инеліктің қанатын қоя салып,
Ертістің өте шықтым ортасынан.
Масаның тасқа басқан ізін көрдім,
Ұзатқан көбелектің қызын көрдім.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Ақпанда малға төккен науа-науа,
Жүз түйе құмырсқаның тұзын көрдім.
Мен өзім жас шағымда қарға бақтым,
Қарға арығына жабу жаптым.

Қарғалар оқыралап қашып кетіп,
Астынан айдын көлдің әрең таптым.
Мен өзім жас кезімде тырна бақтым,
Тырнаны айдап жүріп құмға бақтым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Үстінде бір шіркейдің ұйықтап қаппын.
Мен өзім балық мініп қала бардым,
Астыма сегіз сандық теңдеп алдым.

Балығым астымдағы қашып кетіп,
Құбының құмдарынан әрең таптым.
Мен түнде арғы беттен бит ұрладым,
Жеріме бит ұрлаған көп тұрмадым.

Терісі жануардың неткен үлкен,
Сол биттің бір пұшпағы ер-тұрманым.
Мен көрдім бала шіркей қоңыр қаздай,
Жүк арттым инелікке ала жаздай.

Бәйгеден озып келген бұзаубастың,
Қан түсіп аяғына өле жаздай.
Мен өзім қаршадайдан қарға бақтым,
Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.

Біреуі жануардың егіз туып,
Қалаға ала жаздай қымыз саттым.
Мен өзім өтірікті пайда еткенмін,
Шіркейдің терісінен қалта еткенмін.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Жілігін сол шіркейдің көтере алмай,
Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін.
Мен көрдім тасбақаны сылаң қаққан,
Алтыннан құлағына сырға таққан.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Сары аю сайда өліпті шіркей қаққан.
Мен көрдім бүрге жұртты билегенін,
Найзамен тауды жарып түйрегенін.

Көзбен көріп шындықты аң-таң қалдым,
Арбаны тасбақаның сүйрегенін.
Мен өзім бақытты едім, қырсығым көп,
Артымнан сөз ермесе, ереді шөп.

Көбелек арыстанды жыққандықтан,
Сүйінші алды алдымен бір шыбын кеп.
Мен келдім айтайын деп шын сөзімді,
Шүбә жоқ талдасаң да мың сөзімді.

Шын сөйлеп, шөлдеген соң көлді жұтсам,
Сарқылды-ау, қандыра алмай бір шөлімді.
Мың жылдай мен Ертістің түбінде едім,
Ауырып асқазанға шыбын жедім.

Айттырып шабақ қызын сары масаға,
Арттырып сексен шіркей жүгін бердім.
Мыс егіп, қара судан алтын ордым,
Ізіне сары масаның қақпан құрдым.

Шіркейім мініп жүрген тулап еді,
Жұлып ап, сақалыммен өлгенше ұрдым.
Мініп ап құмырсқаға, аспанға ұштым,
Кемпірін ала қаштым қара құстың.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Жинап ап ай мен күннің сұлуларын,
«Ән салып, би биле!» деп бәріне ұрыстым.
Міндім де көбелекті көлге бардым,
Астыма бес қап бидай теңдеп алдым.

Арықтап көбелегім жүрмей қалып,
Алты қап көмірменен жемдеп алдым.
Міндім де құмырсқаға сона қудым,
Сонаны үш күн, үш түн қона қудым.

Сонаның қиындығын сонда білдім,
Жанына жүгендетпей үш күн тұрдым.
Міндім де ор қоянды, аспанға ұштым,
Шыдамай екпініне жерге түстім.

Ақ боран алты күндей соғып еді,
Паналап бір қурайға белін шештім.
Міндім де ақсақ қоңыз аяңдадым,
Болдыртып аяңменен қоян алдым.

Япырымай, сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.
Міндім де сары масаға, түлкі қудым,
Сақалын бұзаубастың белге будым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Тауықтың сүтіменен бетті жудым.
Міндім де ақсақ қоян желдеп кеттім,
Астыма бес қап бидай теңдеп кеттім.

Жанымда жолдасыма тұлпар мінген,
Жеткізбей, «ара қонып кел» деп кеттім.
Міндім де жасыл қоңыз сона қудым,
Жусан мен бетегеден кереге еттім.

5-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Жетектен қосарым бар, қолда найза,
Үстіне қыл көпірдің желіп өттім.
Мініп ап арыстанды тауға шықтым,
Қол қолдап құлағынан мысын құрттым.

Той жасап, қыз ұзатып жатыр екен,
Құстардың құдаласқан сөзін ұқтым.
Міндім де, аспанға ұштым, жарғанатты,
Осылай жалғастырдым салтанатты.

Дүниені күніне бір айналдым,
Көңілім сонда әрең тыным тапты.
Міндім де бір битімді белден астым,
Олжалап пері қызын алып қаштым.

Артымнан кете мініп қуып келген,
Сонаны көргенімде жаман састым.
Отыным жаздай жаққан мұздан болып,
Салымым жүз жасаған қыздан болып.

Былтырғы жер ошаққа жаққан отым,
Тұтанып биыл зорға қызған болып.
Он екі емшегі бар тауық көрдім,
Ол өте сүтті екен сауып көрдім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Мұртынан сауысқанның айыл өрдім.
Осы қыс шегіртке мен жылқы жидым,
Оба қып айналаға жұмыртқа үйдім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Қарғаның ханымдарын беттен сүйдім.
Өгіз бен қарлығашты қайырып ем,
Дауысынан түсі-түгін айырып ем.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Соғымға былтыр қыста шіркей сойып,
Боршалап, тіл мен жағын айырып ем.
Өрт кетті үліңгірге жалын қаулап,
Қаңтарда қайық салдым мұздан заулап.

Апамның шылаушынын сүзгіш қылып,
Арбалап күйген балық алдым аулап.
Өзенде өтіріктің үйін көрдім,
Үйінде ұйықтап жатқан өзін көрдім.

Өзгем өтірік болса да, осыным—шын,
Бақаның басын соймай, миын көрдім.
Өзгеге өтіріктен дес бермедім,
Жабысып құмырсқаға көкке өрледім.

Айға да алты күнде жетіп бардым,
Ол кезде Боғда көлі бөктергенім.
Өткен жаз жайлау қыстап, қалып қойдым,
Түбінен тобылғының қалып қойдым.

Сазанның бас-сирағын қосып асып,
Құдама күніне бір бүрге сойдым.
Өтірік айтпады деп ат алғанмын,
Айтуда қалыспаған қатардамын.

Отарға он бес күндік шалғайдағы
Отыз қап тұз көтеріп апарғанмын.
Өтірік айтпаған соң жұртқа жақтым,
Қарғаның дәл сегіз жыл малын бақтым.

Жүйрігін таскененің ұстап мініп,
Қолыма найза ұстап жауға шаптым.
Өтірік өлең айтып бесті ат міндім,
Сақалын бұзаубастың бірден жұлдым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қабыланның қыз ұзатқан тойы болып,
Қарсақтың ойын-тойда қызын қудым.
Өтірік өлең айтып, думан қудым,
Алпыс құлаш жыланнан шұжық қылдым.

Шаңыраққа шұжықты іліп қойып,
Қыздың көзін қызартып, қызықтырдым.
Сапарға кеттім шалғай белді буып,
Жүреді өтірікшіден көңілім суып.

Еркек те екіқабат болады екен,
Қалыпты, үйге келсем, әкем туып.
Сақалы әйелімнің алты құлаш,
Толғақсыз тұңғыш ұлы туылды мас.

Кіндігін кеспей тұрып, жүріп кетті,
Болса да өзгем өтірік, осыным—рас.
Салдырдым судан сарай жиып тұрып,
Үндемей ән шырқадым қиыстырып.

Ақ тастың терісінен ішік тігіп,
Анамнан туған екем киіп тұрып.
Сатамын бір бидайды жүз кілемге,
Жауады көктен бидай біздің елге.

Нөсерлеп бауырсақ пен шелпек құйып,
Омбылап жүре алмадым қара жерде.
Сауысқан алып ұшты бір бөлтірік,
Елімді қызғыш шауып, салды бүлік.

Қақалып кеше кеште жеген етке,
Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.
Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,
Айналды серіктіктің арты дауға.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Борсыққа жарап жүрген міне шауып,
Қиратып бір бүйірден тидім жауға.
Соғылып абайсызда айға басым,
Кетіпті кетік қылып айналасын.

Аспанға арбаменен ұшып шығып,
Перінің әрең таптым шайханасын.
Соғымға өткен жылы темір сойып,
Кемпір-шал бір тойды ғой жасты қойып.

Сол күні киіз мұржам құлап кетіп,
Қоңыздың мұржа қылдым артын ойып.
Сол тойда көзге түсті тарғыл мысық,
Мен оған жүруші едім көзім қысып.

Аулыма алып қашып әкелгенде,
Қатындар жүгірісті шашу шашып.
Сол тойда су бетіне сырмақ салып,
Той қылды ұлан-асыр жайын балық.

Алдымен қызқуарға шығып кетті,
Түйе мен жорға сиыр қосақталып.
Сұрасаң, әкем аты—Сатыбалды,
Мекен қып көк аспанды жатып алды.

Әкемнің мергендігі сол емес пе,
Бір оқпен тоғыз қасқыр атып алды.
Су тасып шарбақпенен көл жасадым,
Сынаптан ортасына бел жасадым.

Бір қыста көк жайлауға балық бағып,
Көтерем балық сойып, май шайнадым.
Сөйледі менің балам туа сала,
Мінемін деп жабысты шу асауға.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Таласып екі қоңыз әлек салды,
Қас сұлу—менің жақын құдашама.
Сұңқармен құда болды шұбар тауық,
Той қылып отыз күндей құрды сауық.

Қарсақ пен тышқан тойда төбелесіп,
Таяқ жеп, қарсақ кетті жерден ауып.
Тағы да бөлтірік-ті, бөлтірік-ті,
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.

Отыз қыз бір тышқанға мінгескенде,
Бәрін де шыбын теуіп өлтіріпті.
Такламакан шөліне мал жайлаттым,
Тасты отын қып ет асып, шай қайнаттым.

Сіркенің кәрі жілігін күзетші қып,
Ұрып-соғып, қорқытып айғайлаттым.
Тал түсте кемпірімнен жүкті болдым,
Қалжама қанаты жоқ құсты сойдым.

Тоймайтын ту биеге тоқпейіл ем,
Өзім жүкті болғалы сонда тойдым.
Тамыздың жаңа жауған қырбағында,
Мініп ап түлкі соқтым тырнаны да.

Сол түні ыза болдым ойда жоқта,
Ұстап ап, қу суырдың сирағына.
Тасбақа сойып бердім қонағыма,
Қуанып қос қарсақтың қонғанына.

Шоғынан сексеуілдің төсек салдым,
Қарамай қонақтардың тоңғанына.
Тас түйдім талқан етіп келіменен,
Жамадым жер тесігін желімменен.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Бүргенің бүйрек бетті қызын сүйдім,
Қалқатай, қоштасамын сеніменен.
Тауыстым сырлы аяқпен теңіз суын,
Он нарға артып жүрмін қыздың буын.

Әкеммен тамыр болған бір мәліннің,
Алмаққа ниет қылдым сұлу қызын.
Тауық бағу деген соң тым қажетті,
Шөжелері шуылдап бір жаз өтті.

Мекиенмен бірлікте қораз туып,
Екі тауық көбейіп мыңға жетті.
Тауықтың құнан қойдай жұмыртқасы,
Домалар өрге қарай сайдың тасы.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Шіркейдің Қап тауындай омыртқасы.
Теңіздің түбіне әкеп ұя салдым,
Бір тауды бір тауға әкеп үйе салдым.

Саусақпен Қаптың тауын қысып алып,
Үстіне Қара теңіз қоя салдым.
Терісі бөгелектің ер-тұрманым,
Әкемнің таға қылдым жез құманын.

Тойыма он мың бие сойсам дағы,
Жетпей қап, топ ішінде мен құр қалдым.
Топ аңның ізін көрдім аңдып жүріп,
Ұстадым бір өзекке қақпан құрып.

Үш түлкі бір-ақ жолда түсіп қапты,
Аулыма алып келдім мақтан қылып.
Торғайдың жұмыртқасын тауып алдым,
Найзалап оны зорға тесіп алдым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Шетін тесіп, ішіне тамақ жасап,
Азық қып алты жылдай жатып алдым.
Торғайдан айғыр қойдым күшігенге,
Құда болып әйгілі ителгіге.

Тарғақтың таяқ жедім баласынан,
Тығылып жаным қалды итсигенге.
Төбемді табаныммен басып тұрып,
Ойнадым өз басымды асық қылып.

Қуанам көк шыбынның қызын бір күн,
Шіркейдің кеткеніне ғашық қылып.
Туған соң барлық істің ебін біліп,
Сүңгіден өрдім ерге өмілдірік.

Сіркенің сұлу қызы жалынған соң,
Ақ қардан жасап бердім сом білезік.
Туа сап иегіме сақал шықты,
Өзімдей сақалды емес атам тіпті.

Сақалдың түбітінен жүн иіріп,
Апам маған біркиер шапан тікті.
Тұрмысты жақсартуды тәуір ойлап,
Қаңтарда қарбыз ектім жерімді айдап.

Көгерткен көсегесін еңбегімнің,
Шөл қанып алқап отыр ауыл-аймақ.
Түтіннен будақтаған арқан естім,
Үйретіп қара қоңыз мұрнын тестім.

Бір шиді балтаменен он жыл шауып,
Ес кетіп, жан шыққанда әрең кестім.
Түбіттен келістіріп дуал түйдім,
Сол үйдің дөдегесін құммен жидым,

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Шырпысын қу қаңбақтың сусыз егіп,
Ауламды айтарлықтай гүлдендірдім.
Түлкіні ұстап мініп, түйе өңгердім,
Самалын ұрлап жұттым иен жердің.

Артыма алпыс қатын бөктеріп ап,
Басына шығып кеттім Тереңкөлдің.
Тыңдаушым, мына сөзім емес жалған,
Кейбіреуі үлкендігін көріп танған.

Он ауыл бір масаны үлескенде,
Жая мен белдемесі асып қалған.
Тілімнің келмейді ебі өтірікке,
Тақсыр-ау, осыным да өтірік пе?!

Қалыңмал—қырық байтал санап алып,
Қыз бердім отау тігіп кекілікке.
Ұлтаны етігімнің көк жапырақ,
Беріп еді жас кезімде бір жапалақ.

Қоңызға ыңыршақты тарта салып,
Жарыстым сутышқанмен жар жағалап.
Ұстадым шегірткені құрық тастап,
Жылқыны шұбыртқан соң түнде бастап.

Ұстадым қиындықта әрең зорға,
Бір жағын жерге қамап, көкке жастап.
Ұстадым арыстанды қылдан қақпан,
Әскер салдым жиып ап хайуанаттан.

Басқа өтірік болса да, осыным—шын,
Алпыс бұқам өгізден бұзау тапқан.
Үйретіп жүйрік міндім шегірткеден,
Жолдасым қос күйкентай, қауіп неден.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бағып ем малдануға бес жапалақ,
Осы жаз өліп қалды секіртпеден.
Үш жаста иегіме сақал шықты,
Шыққанда, әжептәуір, мол-ақ шықты.

Бір талын сақалымның шүйке жасап,
Тоқып ем, үш кісіге шапан шықты.
Үш жастан асып, биыл бірге шықтым,
Қаңтарда миы қайнаған бетке шықтым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Шіркейді байқаусызда шалып жықтым.
Үш жаста мергендікті кәсіп қылдым,
Ши оқпен мың құланды атып қырдым.

Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Біреуін мың ділдәдан сатып тұрдым.
Үй салдым қалың мұздың қабатынан,
Қара су боп терледім арасынан.

Қарап жатпай, жан-жаққа жинай жаттым,
Мұздағы құрт-құмырсқа баласынан.
Үш құлаш бетегеден құрық алдым,
Азыққа арба сойып, жілік алдым.

«Аспанда айдың қызы бар» деген соң,
«Соны іздеп табамын» деп көп сандалдым.
Үйінде шегірткенің ойнап жүрдім,
Бір істі жоспарға алып ойлап жүрдім.

Құлағын жапалақтың жұлып алып,
Ішіне тары салып, келі түйдім.
Шабақтың бір бедеуін мініп шаптым,
Астынан жүкаяқтың түлкі қақтым.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Басыма қарағайдан үкі тақтым.
Шайнамай жедім темір қуырдақтан,
Шілдеде көк өзеннің мұзы қатқан.

Өтірік айтпайтұғын қара қарға,
Мен көрдім орын апты ұжымақтан.
Шақырып торғайларды жиын аштым,
Пысығын бастық қойдым қарлығаштың.

Дауысын шыбын-шіркей естігенде,
Қорқам ба, шошымастан тұра қаштым.
Шаршадым ала жаздай тышқан мініп,
Сүрінді екі аяғым жерге тиіп.

Арыстан, аю, түлкі, тауешкісін,
Тышқанмен қуып жетіп, алдым жиып.
Шойыннан қонышын піштім етігімнің,
Сөзімнің болса сөйле, өтірігін.

Қорқытып менің қойым, тартып жеді,
Қасқырдың алты жасар бөлтірігін.
Шүйкелеп топырақтан арқан естім,
Үйретіп сары тышқанның мұрнын тестім.

Мінем деп көлбақаға көп жығылып,
Көлдегі бақалармен ерегестім.
Шүйкелеп сары майдан арқан естім,
Киізден қазық жасап, тасты тестім.

Асауын шегірткенің соған байлап,
Дегенде үш ай, үш күн әрең шештім.
Шыбыннан шыбын үлкен туады екен,
Шыбынның ең семізі уағы екен.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қазандай тоғыз қарыс тобығы бар,
Жілігі бесті өгізден жуан екен.
Шыбынды үш күн аңдып, атып алдым,
Мылтықты сауысқаннан сатып алдым.

Болған соң өзім батыр, кімді аяймын,
Жол тосып Қаратауда жатып алдым.
Шыбыннан ала қоңыз туады екен,
Сүзісіп бірін-бірі қуады екен.

Құйрығы айыр өркеш атандай бар,
Бақайы нар түйеден жуан екен.
Шіркейдің үлкеніне арба салдым,
Төбелеп бас-көзіне зорға салдым.

Дегенге мені мықты ел нанбайды,
Көтеріп асау битті зорға салдым.
Шілдеде қойларымды мұзға бағып,
Шекемнің суығынан қызғаны анық.

Көл қайнап саусағымның қызуынан,
Бетіне пісіп шықты қалың балық.
Шымшықтың шылым шектім қубасынан,
Шүйкелеп арқан естім шудасынан.

Сонамен қара қарға құдаласып,
Инелік киіт киді құдасынан.
Шіркейдің тау жасадым қу басынан,
Сондықтан мақтау алдым құрдасымнан.

Қанатын қара шыбын көпір қылып,
Іледен өтіп жүрмін турасынан.
Шымшықтың ала түстім бақайынан,
Қоянның атым үрікті топайынан.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Аюды айдап шықтым апанынан.
Шымшықтың шегіртке жүр қызын аңдып,
Сол үшін мың қуанып, мың ұялдық.

Ол пәле «қызды алып қашпасын» деп,
Сексен құлаш арқанмен байлап салдық.
Ішкенім құрқылтайдың сүті болды,
Кесірткі келідей тас жұтып өлді.

Әйелім жүз ұл, жүз қыз бала туып,
Түскеннен ел-жұртымның құты болды.
Өлеңді өлең десе, бастау қиын,
Ол күнім мұндай емес, жастау күнім.

Тұмсығын қара торғай кесіп алып,
Мың жылқы су ішетін астау қылдым.
Ендеше, маса батыр, маса батыр,
Маса батыр тұмсығын қашап жатыр.

Бір масаны қазанға сойып салып,
Отыз жігіт табақ қып жасап жатыр.
Тышқанның шылым шектім қу басынан,
Бозторғай арқан естім шудасынан.

Ішінде өткен айдың қорыққаным-ай,
Өрмекші жарап жүрген бурасынан.
Мен өзім битке мініп Мекке бардым,
Жанымда жолдасым жоқ жеке бардым.

Келгенде орта жолға битім жүрмей,
Бір салып шоқпарменен басын жардым.
Айттым да өтірік өлең жұртқа жақтым,
Қайырып құмырсқаны қойдай бақтым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Айғырын шегірткенің таң асырып,
Таулардан адыр-адыр түлкі қақтым.
Құдыққа қармақ салып жайын алдым,
Бес таспа үйегінен айыл алдым.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Бес қарын сірке сойып, майын алдым.
Көрпиген көбелектің үйін көрдім,
Бақаның басын ашпай миын көрдім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Он бес жал көбелектің қиын көрдім.
Ендеше, қарға бақтым, қарға бақтым,
Қарғаның арығына жабу жаптым.

Қарғаның үш баласы ығып кетіп,
Бойынан құс жолының әрең таптым.
Біреуі алты қаздың ала қаз-ды,
Жүк арттым бес қарсаққа ала жаз-ды.

Бір түлкі әсемдікке жайлап едім,
Қан түсіп аяғына өле жазды.
Мініп алып бір битімді жүріп кеттім,
Жаныма екі теңді теңдеп кеттім.

Болса да өзгем өтірік, осыным—шын,
Көзінен меруерттің желіп өттім.
Шыншылмын, өтірік айтпас мен ежелден,
Ғимарат сап ақ қардан безендірдім.

Қағаздан қарқыны зор кеме жасап,
Тынық мұхит үстінде кезе білдім.
Бір күнде мың жыл оқып ұшқыш болдым,
Марсқа бір сағатта ұшып қондым.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Өрт шалып, тау-өзенін су басыпты,
Көзімді жұмып тұрып соны көрдім.
Ер салып инелікке мініп алдым,
Шолпанға ара қонып жетіп бардым.

Елі-жұрты меймандос келеді екен,
Жүз жыл жатып, жалғыз күн сайрандадым.
Байлап ем аэропланды аяғынан,
Арқан қиып сіңірін, шығыпты қан.

Жығылып құмырсқаның асауынан,
Жүз жыл жатып тірілдім, шықпаған жан.
Ғарышқа алпыс қабат бина салдым,
Беріктеп іргетасын мұз қаладым.

Аяғына ағаштан коньки байлап,
Жұмаламаңа шыңынан сырғанадым.
Үйрендім бір жасымда бәрін біліп,
Инеден қармақ соғып, жәйін біліп.

Мұхитта сайран салып ойнап жүрсем,
Кетіпті Тынық мұхит отқа кіріп.
Мұз ойып, қалақпенен қар күредім,
Тас ойып, тамақ істеу бар өнерім.

Гималайдың басына бақша салып,
Саяхат орны етіп белгіледім.
Параход босаныпты қайық туып,
Теңізде той жасады ат шаптырып.

Машинамен желқайық жанжалдасып,
Құлтемір әділдікпен айтты билік.
Ғарышқа болат қорытар зауыт құрдым,
Пайдасын миллиондап санап тұрдым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Ағаштан әлем кеме жасап алып,
Алпыс жыл сол ғарышта санат тұрдым.
Қар жауып, мал жұтады жетінші айда,
Сүтін сатып кептердің алдыма пайда.

Шығып ед мұз астында сұрапыл өрт,
Құйып ем өшіп қалды бензин майға.
Әлемді бір сағатта араладым,
Сейілдеп Қап тауына сайран салдым.

Тасырқап тас жолда жүрмей қалған,
Автобустың аяғын тағаладым.
Сүйредім ойыншық қып көп вагонды,
Үстіне басып алып Ерен тауды.

Қаңбақ басып, өлімнен әрең қалдым,
Осы екен дүниенің ең ауыры.
Қаңтарда жүз градус күн ысыпты.
Жемістер мұз астында көп өсіпті.

Той болып құрлығында Антарктида,
Сол тойда жайын күнмен күресіпті.
Торғайдан қасқыр алған қатты қорықтым,
Уынан ай күйіпті тиген оқтың.

Жандырып көрікпенен қар, мұздарды,
Ерінбей екі мың жыл темір соқтым.
Жауым атқан зеңбірек от оқтарын,
Денеме дарытпастан тоса қалдым.

Релості жұлып алып, тірей қойып,
Пойызды келе жатқан тоқтатқаным.
Айды алып, қалтама сап, айна қылдым,
Шыбынның етін сатып, пайда қылдым.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Сүймен сап жер шарына жеті жерден,
Жылжытып орбитадан айналдырдым.
У ішіп қарын салып, семіргенім,
Қуанып, қатты күліп, еңіредім.

Айтқанымда жалған жоқ, бәрі де рас,
Анамнан тумай тұрып көріп едім.

12. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Жүк артып ай түлекке ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім-талдым әрең шештім.

Міндім де сасық қоңыз, аяңдадым,
Болдыртып аяңыменен қоян алдым.
Япыр-ай, сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.

Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,
Ши оқпен мың құланды атып қырдым.
Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Ұялмай жүз тұсақтан сатып тұрдым.

Балықтың қабырғасын отқа жақтым,
Өтірік өлең айтып жұртқа жақтым.
Бір сонам асыраған қашып кетіп,
Меккеден он жыл іздеп зорға таптым.

Қамысты жылқы ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.
Бір талын сақалымның кесіп алып,
Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.

6-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Жүз салған қорғасыннан қара балтам,
Шықпайды ұн матадан сіңір қалтам.
Дәулеттің маған берген арқасында,
Көшкенде жүз түлікке жүгімді артам.

Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,
Борсықты ұстап мінсең аттың мүлкі.
Ішінде топ адамның тұлап жығып,
Қылдың ғой ойбай қырсық, жұртқа күлкі.

Арасын жарып қостым сыр қуаңның,
Машықтым елін билеп бес дуанның.
Екі жүз құнан қойым егіз туып,
Осыған нанар болсаң көп қуандым.

Мен келдім қара шіркей бала қаздай,
Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай.
Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын деп,
Қан түсіп аяғына өле жаздай.

Тамырға өтірікті қап-қап бердім,
Найзасын нән қамысқа саптап бердім.
Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,
Түлкіге түсте қашқан тап-тап бердім.

Басынан Қап тауының қора қылдым,
Бітер деп бес мың жылқы жора қылдым.
Топан су тау басынан дамыл бермей,
Қылмасқа енді қора тоба қылдым.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірікті,
Айтпаймын, өлтірсең де, өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,
Япыр-ай, тулап жығып өлтіріпті.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Басына керегенің үрген қарын,
Көтердім балуандықпен соның бәрін.
Түйеге төстеп бәрін қойғанымда,
Мертікті көтере алмай қара нарым.

Мизамның селеметін желі қылдым,
Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым.
Қамыстан сегіз қанат үй істетіп,
Жонынан кесерткінің көген тілдім.

Шымшықтың шылым шектім бақайынан,
Қоянның атым үрікті тобайынан.
Баланың ақылы артық, ойы жетік,
Көртышқан етік қылдым шоқайынан.

Мен өзім кішкентайдан қарға бақтым,
Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.
Біреуі жануардың үздік шығып,
Мойнына ақ кигізден тұмар тақтым.

Мескиіп көбік қарға алтын ордым,
Ініне абжыланның қақпан құрдым.
Шегірткем мініп жүрген тулап еді,
Жалғыз тал қамшыменен өлгенше ұрдым.

Сауысқан алып ұшты бұл теректі,
Айтпаймын, мал берсең де, өтірікті.
Шіркіннің тепкісінің қаттысын-ай,
Бір малды шыбын теуіп өлтіріпті.

Шымшықтың шылым шектім қу басынан,
Атжалман арқан естім шудасынан.
Қырық қарға отыз сона құда болып,
Инелік кит киді құдасынан.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,
Айналды серіктіктің арты дауға.
Борсыққа жарап жүрген міне шауып,
Ұрандап бір бүйірден тидім жауға.

Биені қымыз іштім мұзға байлап,
Тышқанды жауыр қылдым үш жыл жайлап.
Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,
Жүгірдім қуанғаннан алақайлап.

Дарияға тоған салдым ибеліктен,
Жаратып қасқыр қудым инелікпен.
Жығылып тас кенеден мойны үзіліп,
Бір кемпір «ә» дегенше өліп кеткен.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Бұрышыма қатынымды кіреу қойдым.
Жүйрігін құрқылтайдың төрт бөліп жеп,
Нансаңыз, өмірімде бірақ тойдым.

Сауысқан елден асты аққуды іліп,
Елімде қызғыш шауып салды бүлік.
Қақалып кеше кешкі жеген етке,
Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.

13. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым,
Болдыртып аяңымен қоянды алдым.
Япырмай, сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.

Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,
Бір оқпен мың құланды атып қырдым.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Ұялмай жүз тоқсаннан сатып тұрдым.
Ақылдан ер жеткен соң болдым жарым,
Бір суыр мал дегенде қолда барым.

Қатыным бір қоянды жаздай сауып,
Түйреді сары майды тоқсан қарын.
Отыным жаздай жаққан мұздан болды,
Салымым сексендегі қыздан болды.

Былтырғы жер ошаққа жаққан отым,
Тұтанып биыл ғана қызған болды.
Мен өзім өтіріктен пайда еткенмін,
Биялай, бит терісін қалта еткенмін.

Етіне бір шіркейдің қазан толмай,
Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін.
Бай болдым төрт түлікке тумай жатып,
Бабама қалың бердім барып сатып.

Білімін мал жиюдың ерте біліп,
Сондықтан кедейлікке қалдым батып.
Байлықтан ыза шектім ақырында,
Бір түйір мал болмады жақынымда.

Малымның бәрін жинап отқа жағып,
Отырмын кедейліктің тақырында.

14. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Жиынға салтанатқа кидім құрым,
Қытықтап зор айтқыздым ханның сырын.
Келгенде қылыңдығым сексен төртке,
Қайныма бес жасымда бардым ұрын.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Шаянның шаңырақтай омыртқасы,
Қазандай көл бақаның жұмыртқасы.
Болмаған енді өтірік несі қалды,
Түбінен жау қияқтың ердің қасы.

Жонынан атжалманның айыл алдым,
Үш жөргем ішін жарып майын алдым.
Ізіне аттың басқан қақ тұрыпты,
Қырық құлаш қармақ салып жайын алдым.

Қошқардың қағанақтан күйегі бар,
Шідердің мұздан жонған тиегі бар.
Тақсыр-ау, осыған да нанбаймысың,
Қырық арба бір қашырдың сүйегі бар.

Мен өзім кішкенемнен қарға бақтым,
Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.
Біреуі жануардың үздік шығып,
Мойнына қоңыраулы тұмар тақтым.

Қомайдың сүбе майын желі қылдым,
Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым.
Қамыстан сегіз қанат үй істетіп,
Жүнінен кесірткенің көгін тілдім.

Шымшықтың шылым шектім ну басынан,
Атжалман арқан естім шудасынан.
Қырық нарға отыз сона құда түсіп,
Инелік киіт киді құдасынан.

Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,
Айналды серіктіктің арты дауға.
Борсыққа жарап тұрған міне шауып,
Ұрандап бір бүйірден тидім жауға.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Қой сойып құда болдым инелікпен,
Жаратып қасқыр қудым көбелекпен.
Жығылып тас кенеден мойны үзіліп,
Бір кемпір «а» дегенше өліп кеткен.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Бір тойға инеліктің жүзін сойдым.
Жүрегін құрқылтайдың төрт бөліп жеп,
Нансаңыз, ғұмырымда бір-ақ тойдым.

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім балуандықпен соның бәрін.
Түйе тұстап барып қойғанымда,
Мертікті көтере алмай қара нарым.

Шымшықтың шылым шектім бақайынан,
Түйенің атым үрікті топайынан.
Қазекең ақылы артық, ойы жетік,
Көртышқан етік қылдым шоқайынан.

Басынан бәйтеректің тіктім орда,
Көкорай шалғын екен қорда-қорда.
Қос атпен күні-түні бірдей қуып,
Қашаған бір битімді таптым зорға.

Сауысқан аттан асты аққуды іліп,
Елімді қызғыш шауып салды бүлік.
Қақалып кеше кешке жеген етке,
Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.

Сауысқан алып ұшты бөлтірікті,
Айтпаймын, қыз берсең де, өтірікті.
Шіркіннің тебуінің қаттысы-ай,
Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Тамырға өтірікті қап-қап бердім,
Найзасын нар қамысқа саптап бердім.
Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,
Түлкіге төстен қашқан тап-тап бердім.

Жүз салған қорғасыннан қара балтам,
Шықпады он матадан сегіз қалтам.
Дәулеттің Құдай берген арқасында,
Көшкенде жүз түлкіге жүгімді артам.

Төгістім саптаяқпен сырдың суын,
Он нарға артып жүрдім қыздың буын.
Еншіге әкем берген мың қоянның,
Соғымға қырып алдым барлық туын.

Тілімнің келмейді ебі өтірікке,
Тақсыр-ау, осының да өтірік пе?!
Қырық байтал қалың малға санап алып,
Қыз бердім отау тігіп кекілікке.

Қымыз іштім биені мұзға байлап,
Тышқанды жауыр қылдым үш жыл жайлап.
Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,
Жүгірдім қуанғаннан алақайлап.

Арасын жүріп қостым Сыр-Қуанның,
Масаның елін билеп бес дуанның.
Екі жүз құнан қойым егіз тауып,
Осыған, нанар болсаң, көп қуандым.

Мен көрдім қара шіркей бала қаздай,
Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай.
Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын деп,
Қан түсіп аяғыма өле жаздай.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Мыс егіп көбік қарға, алтын ордым,
Ізіне ап жыланның қақпан құрдым.
Шегіртке мініп жүрген тулап еді,
Жалғыз тал қыл қамшыммен өлгенше ұрдым.

Қайныма қарға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Алдынан қайын атамның қырындадым.

Жүк артып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім, талдым азар шештім.

Міндім де жасыл қоңыз, сона қудым,
Басынан мұнар төбе сағым будым.
Дәулеттің Құдай берген арқасында,
Қанымен көйлегімнің кірін жудым.

Балықтың қабыршағын отқа жақтым,
Өтірік өлең айттым да, жұртқа жақтым.
Бір сонам асыранды қашып кетіп,
Меккеден он жыл іздеп азар таптым.

Міндім де осырақ қоңыз, сона қудым,
Үш жұма, үш жыл, үш ай қона қудым.
Қумасқа белді байлап тұрып едім,
Дегенге жеңгем жерік бола қудым.

Қамыстан жылқы ұстайтын құрық қылдым,
Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.
Бір талын сақалымның кесіп алып,
Көшкенде мал ұстайтын шыбық қылдым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Басына Қап тауының қора қылдым,
Бітір деп бес мың жылқы жора қылдым.
Топан су тау басынан дамыл бермей,
Қылмасқа енді қора тәуба қылдым.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірік-ті,
Айтпаймын, өлтірсең де, өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,
Апыр-ай, бәрін тулап өлтіріпті.

Күмістен ақ тышқанға таға қылдым,
Терісін көр тышқанның жаға қылдым.
Терісін бір сонаның ұстап сойып,
Жиыны тоғыз құлаш саба қылдым.

Жиылып отыз жігіт көтере алмай,
Қылмасқа енді саба тоба қылдым.
Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,
Борсықты ұстап мінсең, аттың мүлкі.

Ішінде топ кісінің жығып кетіп,
Қылдың ғой, ойбай, қарсақ, мені күлкі.
Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.

Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,
Той қылып, ат шаптырды төңірекке.

15. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Той қылдым бала туып, битін сойып,
Ел жинап, ат шаптырып бәрін жиып.
Ет асып, қырық табақ түзгенге,
Мәз болды жиылған жұрт бәрі тойып.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Екінші, бүрге сойдым барлық құсқа,
Қарлығаш хабар айтты барлық досқа.
Оралдың ақ иығы бұрын келіп,
Жеп қойды дымын қоймай басқа-қосқа.

Өкпелеп ала қарға айтты көпке:
«Шақырдың әлің білмей, тектен-текке.
Тоямын күнде тегін жылы боққа,
Тойыңнан боғым артық» деді көпке.

Шақырдым аңның бәрін тышқан сойып,
Лек-лек боп келіп кетті бәрі тойып.
Қорсылдап қанша жесе, шошқа тоймай,
Ауыр да ыдысына кетті сыйып.

Өтірік өлең айттым күлдірмекке,
Азырақ ишарамен білдірмекке.
Қыран құс қияға ұшқан қолға түспес,
Қолдағы лашынмен ілдірмекке.

16. ӨТІРІК ӨЛЕҢ

Айттым да өтірік өлең, айла қылдым,
Кесіп ап бетегені найза қылдым.
Шыбынды үш қонаққа сойып беріп,
Жарты етін алып қалып, пайда қылдым.

Соғымға баяғыда тышқан шықты,
Жабылып он бес жігіт зорға жықты.
Өзгем өтірік болса да, осыным—шын,
Басқасы бүйрек майдан бес қап шықты.

Артқаным бір қоянға бес қап тұзды,
Басады қатыр-құтыр жалтыр мұзды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Екі күн жүрсем дағы ішін тартпай,
Қампиып қардың бетін қарны сызды.
Сойдым да қара шыбын қалт еткенім,
Тұқылын жұмсағының балта еткенмін.

Сойғанда қара шыбын қазан толып,
Соймасқа енді шыбын ант еткенмін.
Міндім де тасбақаға, аяңдадым,
Қудым да, құмдауыттан қоян алдым.

Қояны сол араның семіз екен,
Көтеріп тасбақаға қоя алмадым.
Масаның кішкенесі батыр екен,
Көк сона діннен шыққан кәпір екен.

Үйіне сол кәпірдің жетіп бардым,
Ас беріп әкесіне жатыр екен.
Көнектей көбелектің жұмыртқасы,
Ерімнің жау қияқтан артқы қасы.

Бір қызын инеліктің алып қаштым,
Бітпей жүр баяғыдан барымтасы.
Міндім де қара тышқан Меке кеттім,
Жеткізбей қуған елге жеке кеттім.

Тышқаным сөйтіп жүріп жауыр болып,
Екі үзік, бір туырлық желқом еттім.
Айдадым бес сауысқан Петерборға,
Жануар өзі жүйрік, өзі жорға.

Өзгем өтірік болса да, осыным шын,
Келемін кекілік артып бес жүз нарға.
Жүк артып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп сары майдан арқан естім.

ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕР

Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде өлдім-талдым азар шештім.
Қайныма қарға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.

Айғырын тасбақаның ұстап мініп,
Алдынан қайын атамның қырындадым.
Отыным жаздай жаққан мұздан болды,
Салымым сексендегі қыздан болды.

Былтырғы жер ошаққа жаққан отым,
Тұтанып биыл ғана қызған болды.

17. АҒАШ ПЕН ШӨПТІҢ АЖЫРАСҚАНЫ

Қарағай сексеуілмен қыжыл болған,
Сөзіне бір-бірінің қызар болған.
Екеуі бір арада өсе берсе,
Өмірге ынтымағын бұзар болған.

Қарағай бойлай-бойлай ұзын болған,
Сексеуіл жылай-жылай бұжыр болған.
Екеуін бітіремін деп, бітіре алмай,
Тобылғы ұялғаннан қызыл болған.

Қарағай мақтанады тауға барып,
Сексеуіл төмен кетті жыңғылды алып.
Ақтікен аршаменен елігеді,
«Қарағай, не болам» деп сенен қалып.

Қарағай мақтанады тауға шығып,
Сексеуіл өзін қалды құмға тығып.
Тамам шөп араздасып айрылғанда,
Ебелек қала берді ойда бұғып.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Тобылғы айтады екен: «Сусайын»,—деп,—
«Теріскей бетке шығып жусайын»,—деп.
Қарағай айтады екен тобылғыға:
«Тіл алсаң, бір жұмысқа жұмсайын»,—деп.

Айтыпты: «Тілегіңізді алайын»,—деп,—
Мекенді теріскейге салайын»,—деп.
Қарағай сақалымен жұмсаған соң,
«Етекке не де болса барайын»,—деп.

Тобылғы атқа мінді «көнемін-ау»,—деп,—
Қамысқа жауабымды берем-ау»,—деп.
Ішіне бара жатып қайғы түсті:
«Қайтарда атым жетпей, өлем-ау»,—деп.

Тобылғы бара жатып ақыл ойлап,
Алдынан өлең шықты атын байлап.
Үйіне сәлем беріп кіріп еді,
Үйінен шыға берді орын сайлап.

1. КЕР БИЕ, ТОРЫ ҚҰЛЫН

(І. Жансүгірұлы нұсқасы)
Ауылым Түрген көктеп, Асы жайлап,
Пендені жүреді екен нәсіп айдап.
Бөктерге жазға салым түсіп қонып,

Қой қоздап, ақ шықты ғой, сүтке қаймақ.
Ауылым Асы жайлап, Түрген көктеп,
Түргенді тұтасымен жүрген көктеп,
Жауыр кері биеге жел-қом ерттеп.

Бір жағын жел-қомның қылмен көктеп,
Саудагер сарт кеп қалды мата жүктеп.
Қасына саудагердің бардым енді,
Көзімді көлігіне салдым енді.

Қарасам кер биенің әрпі тәуір,
Атыма айырбастап алғым келді.
Қызықтым кер биенің тұлғасына,
Мінетін бедеу екен қыз қасында.

Жабыстым «Айырбас!» деп шаужайынан,
Мекеңнің беріп кет деп құласына.
ІІ. Өтірік жырлар

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Соңынан сарт иікті бері беттеп,
Құламды мақтап тұрмын «тұлпар ед» деп.
Қостырып оны-мұны үстеуіне,
Ат беріп, айырбастап алдым ептеп.

Атым да кәрі еді тісі кеткен,
Сырғанап шыға алмайды қия беттен.
Атымды аса мақтап үстеуіне,
Мата алдым, бес қаламы екі көкпен.

Бір іштім тамыр дәрі, қырық күшәла,
Қос уыс сарт санадан қосты жаңа.
Қызыл жүйрік, қалампыр, можысымен,
Ине, түйме алыпты қатын, бала.

Көп айтсам өтірікті, болады өсек,
Ашутасы тағы бар екі кесек.
Нәрсені ондай-мұндай қылмалы есеп,
Алыпты айна, тарақ келін-кешек.

Құлжадай тірі апиын, тотияйын,
Сартыңнан да асырдым сауда жайын.
Керіктей кер биені кезіне айдап,
Берді ғой деп қуанам бір Құдайым.

Сарт кеткен соң саудамды есептеймін,
Тотияйын, ашутас кесектеймін.
Кәрі атыма жас бие, бұйым алып,
«Сауда сайын сартты өстіп жесек» деймін.

Ойласам бес қаламды—о да бір қой,
Қырық күшәла, тамыр дәрі бір қой боп,
Бұл бұлай тұр.
Айна-тарақ, ине-жіп, қалампырды,

Жігіттер, о не болар есептей ғой.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Жігіттер, жөні бөлек жақсы малдың,
Бір бием ат табар деп көп қуандым.
Бар еді бір айғырым озып жүрген,
Қосақтап үйіріне қоса салдым.

Бұл бием мандам екен соныменен,
Құйрығын алдым күзеп жалыменен.
Мандамын үш қидырып жіберіп ем,
Солғындау қыстан шықты жалыменен.

Мойнына жануардың тақтым тұмар,
Мінбекке құлындатып болдым құмар.
Со жылы алты айдай жылқы бағып,
Деп жүрмін жануарым қашан туар.

Со жылы жылқы бақтым жылқышы боп,
Кер бием ат табар деп көңіліме тоқ.
Айғырдың үйіріне жетіп келсем,
Кер бием ұшты-күйлі, зым-зия жоқ.

Желіні тор биенің толған екен,
Жылқышы бір ауылға қонған екен.
Күні бұрын арқандап бағып алмай,
Менен де бір қапыстық болған екен.

Желіні кер биенің жеткен екен,
Жылқышы бір ауылға кеткен екен.
Басыма кер биені байлап жатпай,
Менен де бір надандық өткен екен.

Желіні кер биенің жеткен екен,
Жылқышы бір ауылға кеткен екен.
Жүгіртіп торы айғырмен ізін шалсам,
Шелекті баса көктей өткен екен.

7-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бір айғырым құр жүрген салмай тоқым,
Байқаушы едім тас басса тұяқ отын.
Сол айғырды үйірден ұстап мініп,
Ізіменен биенің келем соғып.

Айғырым құры жазы күзіменен,
Биенің соғып келем ізіменен.
Күн жауып Кіндік таста ізін шайды,
Сонда да келе жатырмын кезіменен.

Тоқпақтап торы айғырды шықтым өрден,
Болжаушы ем жас күнімде талай жерден.
Меркінің ар жағында бір қара тұр,
Көзім де көз емес пе соны көрген.

Бұлттан ап жосып кеттім ылди, төмен,
Сенбейсің бұл сөзіме айтқанменен.
Көзіме көрінеді алас-бұлас,
Баурында ажабадай Қоңыр белең.

Мінгенім дәйім менің Қаражалсұр,
Қайырып қаршығама ілдірдім құр.
Жүгіртіп қарайғанға жетіп келсем,
Меркінің жағасында құлындап тұр.

Дегенім алас-бұлас енесі екен,
Белесім құлынының денесі екен.
Тұрқы бар тоғыз құлаш жануардың,
Тұлпардың тұлпар болса төресі екен.

Құлыны құмай келген торы құлын,
Жануар мен көрмеген зоры құлын.
Қақпақ бел, қамыс құлақ, бөкен мойын,
Ағы бар алақандай тобығының.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Әнжамның жалы майда жібегіндей,
Қол еті жолбарыстың жүрегіндей.
Сауыры кебеженің тақтайындай,
Іленің сүбесі бар түбегіндей.

Шошытпай жануарды жақын бардым,
Биенің де мойнына білек салдым.
Бием арық, айғырым жүрмеген соң,
Шандырлап торы құлынды мініп алдым.

Шандырлап торы құлын мініп алдым,
Қамшымды жерде жатқан іліп алдым.
Айғырымды бөктеріп, бие өңгеріп,
Күн еңкейе Меркіден үйге салдым.

Биемді іздейін деп кеше шықтым,
Қасыма ешкім ертпей жеке шықтым.
Бие өңгеріп, айғырды бөктеріп ап,
Меркінің бер жағына өте шықтым.

Сүйегі жас құлындай білінбейді,
Жануар өрге салсам, ілінбейді.
Мұз тауда мұзға салсам, сүрінбейді,
Екпіні соққан желдей дүрілдейді.

«Баяғы сарттың қолы құтты екен» деп,
Мұртынан Мекең дағы күлімдейді.
Ақжардың ауылым қонған өзегіне,
Сөзімнің қараңдаршы кезегіне.

Бие өңгеріп, айғырды бөктеріп ап,
Асының желіп шықтым кезеңіне.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

2. ТОРЫ ТАЙ

Торы құлын келер жылы шықты тайға,
Оқи бер бата, Құран туған айға.
Қуанышым қойныма күнде сыймай,
Құмалақ салдырамын Қасабайға.

Торы тайға бір күн мініп шықтым желіп,
Сантастан он бұғы аттым, елу елік.
Шығармай шып-шырғасын артып алып,
Тайымды таң асырдым үйге келіп.

Тайымды байлап қойдым таң асырып,
Тұрмайды қызған неме аласұрып.
Сәріде жібергелі тұра келсем,
Тұр екен омырауымен маманы ұрып.

Ақжарды ауылым қонған жайлайын деп,
Жылқышы бие айдап келді байлайын деп.
Торы тай ертең ерте қоя берсем,
Бүк түсіп жата кетті аунайын деп.

Торы тайым аунап кетті жүре желіп,
Он бұғы артып келгем, елу елік.
Өзімнің жануарға көзім түсіп,
Ішінен бір мал айттым үйге келіп.

3. ТОРЫ ТАЙ МЕН НӘН ШЫБЫН ХИКАЯСЫ

(Ә.Ниязбеков нұсқасы)
Дүниеден кімдер кетіп, кім келмеген,
Біреудің өзі өлсе де, сөзі өлмеген.
Артына ел сүйетін сөз қалдырған,

Адамды деген дұрыс өзі өлмеген.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

...Өмірдің бәрінен де жолы даңғыл,
Жан болсаң, сөзің қалсын соған қам қыл.
Ыбырай—ағартушы, Шоқан—ғалым,
Қазақтан асып туған Абай, Жамбыл.

Кім болса өлмей тұрып дейміз сыйла,
Өзіне опа болар дүние жина.
Тәттімбет, Құрманғазы күй атасы,
Белгілі бәрімізге күйші Дина.

Бишінің сермей сөйле құлашындай,
Қарға болмай, болсаң бол лашындай.
Қазақтың атын жайған бар әлемге,
Кім жеткен Әміреге, Күләшім-ай!

Көп сөздер қала берді арасында,
Артына шабыт келсе қарасын ба!
Қазақтың атын жайған билеп жүріп,
Айтпастан тастаймыз ба Шарасын да.

Сен неге маған қарап жымиясың,
Кім ала кетер жиған дүниясын.
Мейірманның тұқымдас немересі,
Атақты Дәулетбақтың Ілиясын.

Бір ақын өткен екен Мекең деген,
Аңғарын Алатаудың мекендеген.
Зорлыққа, зомбылыққа, зәбір-жапа,
Өмірі қарсы болып өткен екен.

Қолында ақ домбыра дүмбірлеген,
Келтіріп құлақ күйге күмбірлеген.
Айтатын «Шыбын» деген ұзақ жырын,
«Шыбынды» біздің жақта кім білмеген.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Артына сөз тастапты «Шыбын» деген,
Талайлар шыбынды айтып күбірлеген.
Жинақтап ел аузынан естігенді,
Мен дағы шұғылдандым «Шыбынменен».

«Шыбынды» ел аузынан теріп алдым,
Бір еңбек құрастырсам деп ойландым.
Азырақ мазмұнына маңыз беріп,
Қызылдап тұр жағына өрнек салдым.

«Шыбынды» мен айтқан жоқ, Мекең айтты,
Сол жерде «Шыбын» өлмей көп жыл жатты.
Жаңғыртып тау мен тасты «Шыбын» үні,
Ызыңы Алатауды аралапты.

Мен де бірге жүргем жоқ Мекеңменен,
Бір ғасыр бұрын өткен Мекең менен.
Мекеңнен қалған сөзді жиып-теріп,
Іріктеп ел керегін берем деп ем.

Талайлар бұл «Шыбынды» айтып көрді,
Қайымжан өз білгенін жазып берді.
Қақаңның қолжазбасын негізге алып,
Нән «Шыбын» соныменен жөнге келді.

Тау жайлап доңыз жылы бүркіт салдым,
Бір күнде жеті қарсақ, бес түлкі алдым.
Түлкіні қарсақпенен соя-соя,
Алқынап ыстық күнде шаршап-талдым.

Жартастан жалаң қия орын алдым,
Бүркітті аспан көкке іле салдым.
Үстіне мәңгі мұздың шәй қайнатып,
Іштім де шөлім қанып, ұйықтап қалдым.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Түс көріппін: бүркітке мініп алдым,
Мысырға қас-қаққанша ұшып бардым.
Шаһардың айналасы айшылық жол,
Шаһардың үлкеніне қайран қалдым.

Кигенім аяғыма сырмалы етік,
Жүруші ед бір етіктің қорлығы өтіп.
Кимедім өмірі бір бүтін етік,
Жұлығы мұның дағы шұрық тесік.

Шам шаһарын етік үшін араладым,
Бағдатқа жолы бұрыс бара алмадым.
Шаш пенен Тегераннан етік жақпай,
Бүркітпен Кабул жақты жағаладым.

Бүркітпен еті қызған екпіндетіп,
Лезде Кабулға да келдім жетіп.
Ақ сәлде, ала шапан бір ауғаннан,
Керемет бір әдемі көрдім етік.

Мықшима жез шегелі шегіреннен,
Жалтырап көз тартады талай жерден.
Аралап талай елді бүркітпенен,
Дәл өзі етігімнің іздеп жүрген.

Саудалап жеті қарсақ қанын бердім,
Тағы да бес түлкінің жанын бердім.
Етікті аяғыма сұға салып,
Жартаста мекеніме қайтіп келдім.

Ояндым келгенімде мекеніме,
Қуандым шал шақырттым есенімде.
Кемеңгер ой иесі ақылды адам,
Көз жетпей көп отырды не екеніне.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Жорыды болады екен бір жақсы атың,
Аласың өмірінде екі қатын.
Атың да, қатының да құтты болып,
Көкке өрлеп, артады екен парасатың.

Жоруын ақсақалдың дұрыс көрдім,
Жарымай жорушыға жүруші едім.

—Ақсақал, қолыңды жай бата бер,—деп,

Қарсақтың түлкіменен бәрін бердім.
Жүруші ек Асы жайлап, Түрген көктеп,
Ауылға бір сарт келді желқом ерттеп.
Қарасам, кер бие екен түрі тәуір,

Ат беріп айырбастап алдым ептеп.
Шал алды бие үстіне сіріңкене:

—Айныма, атты қайта алам деме.

Қадақ шай, бес кез шытты қосып берді,
Тағы бар дәрі-дәрмек талай неме.
Көк можы, арала бар, қырық күшәла,
Қос уыс жарты көксал берді санап.

Кепіреш, қызыл жүйрік, сыр да берді,
Екі ішім сынап қосып берді жана.
Бір кенге кез келтірді Құдай Тағала,
Отырып қарық болдық үйде ғана.

Ине, жіп, айна, тарақ қосып берді,
Кенелді керегіне қатын-бала.
Атым да кәрі ат еді тісі кеткен,
Тайғаннан жүре алмайтын қия беттен.

Ат құнын анағұрлым артық берді,
Сарт еткен сауда білмес бір есептен.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Биені сол саудамен салт алдым,
Бөлек қой тойынуы жақсы малдың.
Бар еді ерен жүйрік бір айғырым,
Биені үйіріне қоса салдым.

Кер бием мініп алсам сондай мықты,
Байлаттым бақсыларға тіл мен сұқты.
Арықтап арқасынан мандам болып,
Айғырдан қар суымен ерте шықты.

Бір жағы түгел мандам саныменен,
Сонда да қыстан шықты жалыменен.
Биеге желіндеген көз салмапты,
Алысқан жылқышылар малыменен.

Мал іздеп жылқышылар кезген екен,
Желіні кер биенің жеткен екен.
Ауылға алып келіп байлап қоймай,
Өзімнен бір кемшілік өткен екен.

Бошалап үйірінен шыға қашып,
Кетіпті Түрген жаққа Асыны асып.
«Жолында ұры-қары бола ма?» деп,
Айырылдым дегбірімнен қатты сасып.

Бір айғыр жарау еді күзіменен,
Өтердей келіншектің жүзігінен.
Міндім де сол айғырды іздеп кеттім,
Биенің жолға түскен ізіменен.

Келгенде дәл кіндікке жоғалды ізі,
Сел жүріп дал-дал болған жердің жүзі.
Жотасын жорамалдап Сарытаудың,
Ойладым солай қарай іздің өзі.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Шоқырақпен, кейде желіп шықтым өрден,
Болжаушы ем жас кезімде талай жерден.
Назардың шоқысында бір баран тұр,
Көзім де көз емес пе соны көрген.

Лезде жетіп келдім Асыға асып,
Жоқ іздеп жүрген бетім асып-сасып.
Ат шапқан, көкпар тартқан, өлең айтқан,
Қызыққа кіріп кеттім араласып.

Қызығып тамашаға тойлап жүрдім,
Күндіз-түні биемді де ойлап жүрдім.
Сарытаудан Назаршоқы аттамақ жер,
Жете алмай екі арада айлап жүрдім.

Айғырға бастым қамшы екпіндетіп,
Назарға шапқан бойда келдім жетіп.
Баяғы баран тұрған жерге келсем,
Кетіпті бір нән жылқы биемді ертіп.

Жылқының басқан жері дәл ошақтай,
Ойланып ізге үңіліп қалдым тоқтай.
Шашылған шаранасын көргеннен соң,
Аяңдап ізге түстім желмей, шаппай.

Құзар шың, қақпа жартас панасында,
Қалың ну, бұта, бадал арасында.
«Қиналған енем ұйықтап демалсын» деп,
Тұрыпты құлын қарап анасына.

Құлынның жоны да емес, жотысы емес,
Жалы емес, құлағы емес, ортасы емес.
Құйрығы шабындаған анда-санда,
Қалады көзге ілініп елес-елес.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Шоқытып шоқалаққа зорға шықтым,
Абайлап айналаға көзім тіктім.
Қылтиып қырың көзге зорға ілініп,
Түбінде бір баран тұр қия тіктің.

Ташкенге бие бетін бұрған екен,
Назарда толғақ жетіп туған екен.
Кептіріп құлынының шаранасын,
Аялдап, демін алып тұрған екен.

Құлынның қараңыздар ақылына,
Тау басы тоқтамастан тақырына.
Қарағай, қалың нуды паналапты,
Көк майса көлеңкелі салқынына.

Айғырға қамшы басып екпіндеттім,
Баранға көзім шалған келдім жетіп.
Көрді де бием танып оқыранды,
Құлыным қарар емес елең етіп.

Көргенде шошып кеттім тор құлынды,
Көрмеген өзім туып зор құлынды.
Жылқының асыл туған алыбы екен,
Ойладым жыр қылуға сол құлынды.

Туысы тор құлынның өте кесек,
Өтірікші болмаспыз алып десек.
Сауыры жануардың жатқан жазық,
Салулы бес алыпқа дайын төсек.

Көрінді омырауы есіктей боп,
Бөлек тұр ойынды еті бесіктей боп.
Бөлініп төсі төмен салбырап тұр,
Сандық, тең қатар жиған қос жүктек боп.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бақайы Бақалының адырындай,
Бауыры Далашықтың жазығындай.
Соншама ұзын аяқ тіп-тік біткен,
Өренің құрт жаятын қазығындай.

Сағағы жануардың иіліп тұр,
Сынына көрген адам сүйініп тұр.
Қамдаған қыран құстай қос қанатын,
Шабуға шабыты кей түйіліп тұр.

Атанның алты жасар қабырғасы,
Қақпанның серіппесіндей қыр жотасы.
Құлынның бас бітімі таңқаларлық,
Секілді көп жасаған нардың басы.

Ауыз омыртқа батырдың шоқпарындай,
Танауы Құранды ердің оқпанындай.
Кекілі келте келген келісімді,
Шашақтың қыздар түйген шоқ талындай.

Алатау жүні тықыр киігіндей,
Шоқтығы дәл Бақайдың биігіндей.
Сүп-сүйір сұлу орны шашасының,
Шашақты шебер түйген түйініндей.

Арқасы кең батыстың шаһарындай,
Қаңтарда қар боранның қаһарындай.
Жанары жалындайды от жалындай,
Кірпігі ну орманның шоқ талындай.

Құлан жал, құлжа мойын, қамыс құлақ,
Бөкен сан, бөрі кеуде, алып тұяқ.
Еріні етегіндей Көбентайдың,
Мінекей, құлындағы сыр мен сияқ.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Өлгенше жануарды сақтайын-ай,
Мақтасам, артық емес, мақтайын жай.
Жап-жалпақ жауырыны әп-әдемі,
Шебердің сүргілеген тақтайындай.

Сербегі Серуеннің жотасындай,
Көзі әдемі боз інген ботасындай.
Сүзілген сұлу құйрық сүйсіндірген,
Үкінің үлпілдеген бопасындай.

Тірсегі Тиектастың шақпағындай,
Арты алшақ «жаман үйдің шатқалындай».
Тарпыса, тасқа тиген тұяғынан,
Мылтықтың үн шығады атқанындай.

Әлінің ат болады дүлдүліндей,
Сүйкімі Шам шаһардың гүл-гүліндей.
Сұрым жоқ шығатындай құмарымнан,
Астыма адыраңдап бір мінілмей.

Ат іздеп есінде бар арығаным,
Ыстығы жазғы күннің қарығаным.
Құдайым тор құлындай атын берсе,
Емес пе мынау менің жарығаным.

Талпынса, орындалар мақсат деген,
Тірліктің өте жақсы қамын жеген.
Келді айтқаны түсімді жорығанның,
Осы ғой тап болады жақсы ат деген.

Болдыртып айғырымды баяуладым,
Назардың бадалында жаяу қалдым.
«Айғырым аз тынығып, демалсын» деп,
Биемді ұстайын деп таяу бардым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

«Ка-ка» деп сол биемді бопсаладым,
Асаудай осқырынып тоқтамады.
Мөңкіп жүр шу асаудай бұғалықтан,
Сонда да ұстап әрең ноқталадым.

Асаудай маңайына барғызбады,
Арқасына тоқым да салғызбады.
Алдына барсаң, тістеп, арты теуіп,
Жанына тірі жанды тұрғызбады.

Ашумен айдалада күйіп-жандым,
Боқтықпен биені де сыбай салдым.
Бием асау, айғырым болдырған соң,
Шандырлап жас құлынды мініп алдым.

Тіркедім, екі жылқы қосарландым,
Айғырды болдырған соң алдыма алдым.
Жетекке асау бие жүрмеген соң,
Ашумен бөктергіге сала салдым.

Төтелеп қай-қайдағы өрге салдым,
Құзар-шың, қия-жота дөңге салдым.
Құлыным сонда да бір сүрінбеді,
Күшіне жануардың қайран қалдым.

Жануар өрге салсам, ілінбейді,
Қайсаңы жас құлындай білінбейді.
Арқасы асыл тастан жаралғандай,
Ауыр жүк артсам дағы иілмейді.

Арқасы асыл тастан жаралғандай,
Үстінде ауыр жүкке иілмейді.
Осындай орғытып ат мінген адам,
Қалайша көңілі шат боп сүйінбейді.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Назардан шықтым бесін шамасында,
Ауылым Өсербайдың жағасында.
Қосағын кешкі қойдың ағытпастан,
Ауылға келдім десем нанасың ба?

Құлынды суытуды ойламадым,
Қаңтарып мамаға да байламадым.
Жасырдым, жан адамға айтқаным жоқ,
Тіл-көз боп жүре ме деп ойлағаным.

Айтпадым сөзге айналып қалдым дағы,
Түсірдім айғырымды алдымдағы.
Биемді де түсірдім бөктергіден,
Өзімнің қарызымды өткердім мен.

Енесін құлын жаздай еміп жүрді,
Әркім-ақ тор құлынға құлақ түрді.
«Мұндай да құлын үлкен туа ма?!» деп,
Таңданып жылқышылар төніп жүрді.

Күз болып, қыс өткен соң жаз да шықты,
Жыл толып торы құлын тайға шықты.
Бекер ме «ел құлағы елу» деген,
Тор тайға базар баға сауда шықты.

Талайлар «тайды сат» деп келіп жүрді,
Жалынып артымнан да еріп жүрді.
Бес бесті, боталы інген, бір қысырақ,
Тайыма қызыққандар беріп жүрді.

Қырғыздан Қыдыреке іздеп келді,
«Төстесіп ұлымменен дос бол!» деді.
«Тайыңның шаужайына байладым» деп,
Жүз тұсақ қой, бір түйе, бір ат берді.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Дос-жардың кәрі-жасы: «Бергін!»—деді,—
Байлыққа белуардан ендің»,—деді.
«Қырғыздың Қыдыреке қызыры ғой,
Дос болып қызырмен де көргін!»—деді.

Мал байлығын сүюші ем жасымнан-ақ,
Көрмедім малға бай боп басынан-ақ.
Несі бар болмай-ақ өмір сүрсем,
Құдайым жарылқасын осыдан-ақ.

Десем де тор тайымды бере алмадым,
Ел-жұрттың айтқанына ере алмадым.
Жабылып жанның бәрі азғырса да,
Иіліп ымыраға келе алмадым.

Жылытшы бар әлемді көктем күні,
Көк шығып, көтерілді жердің түгі.
Көкке тойып төрт түлік түлесе де,
Тор тайдың түспеді әлі өлі жүні.

Қалмақтан іздеп келді бір жас жігіт,
Тор тайда аламын деп қылып үміт.
Бір сұлу қыз жасауын және берді,
Үстінде алты қанат ақ үй тігіп.

Көргенде сұлу қызды біраз қызып,
Көңілімді сұлу шіркін тұрды бұзып.
Торы тайым, бала-шағам еске түсіп,
Онан да кеттім ақыр күдер үзіп.

Тайымды үйретуге ұстап алдым,
Мойнына алты құлаш арқан салдым.
«Тіл тиіп, көз түспесін» деген оймен,
Жетелеп аулақ жерге алып бардым.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Көрінбей елсіз жерде он күн жүрдім,
Асаудан он жығылып, отыз тұрдым.
Артыма ерттеп қойып ертіп жүрдім,
Тайымның жуастығын содан білдім.

Бастадым бейсенбі күні мінейін деп,
Ақжолтай болар ма екен білейін деп.
Мойныма мылтық асып, аңға шықтым,
Бой жазып біразырақ жүрейін деп.

Ұшқан құс құтылмайды торы тайдан,
Құланша секіреді жар мен сайдан.
Мергеннің көп мінілген атындай-ақ,
Болжайды тау киігін әлдеқайдан.

Асыдан торы таймен шықтым желіп,
Санташтан бес бұғы аттым, он бес елік.
Қалдырмай шикі ішегін артып алып,
Түсірдім соның бәрін үйге әкеліп.

Тайымды қойдым байлап таң асырып,
Тұрмады орнында алас ұрып.
Білмеймін мен жағынан ұтылды ма,
Қорықтым деп әуелі құтырды ма?

Тынымсыз ауыздығын қарш-қарш шайнап,
Тұрмады бір орында салып ойнақ.
Бұғының мойнағынан қайыс шылбыр,
Соны да шыдатпады жұлқып-байлап.

Аспанға қайта-қайта секіреді,
Көбігі езуінен көпіреді.
Қызуы басылғандай болды жаңа,
Ерін алып, тартпасын шешіп едім.

8-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Аттай-ақ әдет алған артын бұрып,
Мамада демін алған тыныш тұрып.
Кермеде тұрып әбден суыған соң,
Тимеген аттай болды жүрген-құрық.

Тайымды шықтым тысқа жайлағалы,
Жаратып бәйге атына байлағалы.
Сыпырып суыған соң қоя берсем,
Секіріп-ойнап барды аунағалы.

Аунады жасыл шөпке жүре келіп,
Сілкінді жас бүркітше түрегеліп.
Еңкейіп жерден бір тал шөп үзбестен,
Қосылды жылқыларға жүре желіп.

Көрдім де осыларды үйге қайттым,
Құдайға қуанғаннан бір мал айттым.
Сойдым да көк шыбыштың теке лағын,
Шақырдым ауылымның елін шағын...

Ойладым деп алуға біраз жатып,
Қалыппын жатқаннан соң ұйықтап қатып.
Шынымен шырт ұйқыда жатқанымда,
Жіберді үйдің іші қатты оятып.

Ұйқыдан қатты шошып оянғаным,
Есімді көпке шейін жия алмадым.
Үй-іші әлденені айтып жатты,
Мәнісін ес жиғанша біле алмадым.

«Осы үйде бар ма депті мерген Жәкем,
Киікке кеше қырғын берген Жәкем.
Мергеннен сұрағалы келіп едік,
Біз көрген ізді таудан көрді ме екен».

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Керемет бір үлкен із көрген екен,
Бұл тауға бір пәлекет келген екен.
Айталық мергенге деп бұл сұмдықты,
Балалар мықтап көңіл бөлген екен.

Есімді кешікпей-ақ жинап алдым,
Орнымнан ес жиған соң тұра салдым.
Бұл қандай түйеші айтқан керемет деп,
Ойланып көпке дейін аң-таң қалдым.

Көрдім де мынау ізді қайран қалдым,
Бір кетіп, із жатқанға қайта бардым.
Қалай да басқан ізін байқайын деп,
Ақырын аттан түсіп бағдарладым.

Әуелі басқан ізін өлшеп алдым,
Бұл ізді өлшеймін деп шаршап талдым.
Жалпағын табанының өлшегенде,
Жаяулап ерте шығып, кешке бардым.

Адымын өлшейін деп атқа міндім,
Тайыммен арасында үш күн жүрдім.
Күн-түні бір жұмадай әуреленіп,
Хайуанның алыптығын әбден білдім.

Ойладым мылтық алып келейін деп,
Мылтықпен ізге көрейін деп.
Жолығып Құдай айдап көзге ілінсе,
Ажалын бәлекеттің берейін деп.

Ауылға осыны ойлап қайта салдым,
Келдім де мылтығымды үйден алдым.
Тазалап, оқ жүрерін әбден майлап,
Дайындап өзім көрген ізге бардым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Көреді әр қызықты жүре берген,
Жүргендер жүре-жүре жөргем ілген.
«Ақ қарлы Алатауда шыбын жүр» деп,
Сенер ме адам үшін тірі жүрген.

Баяғы таудағы із малшы көрген,
Әуре боп күндіз-түні өлшеп жүрген.
Адасып, ажал айдап, қанғи берген,
Ізі екен бір шыбынның тауға келген.

Шыбынның алыптығы асқан екен,
Малшыдан иіс алып қашқан екен.
Астынан мәңгі мұздың ұя жасап,
Паналап соған келіп жатқан екен.

Болжадым Айыртауға атпен шығып,
Астында Ақсеңгірдің жатыр бұғып.
Аңдыған ажал оғын қайдан білсін,
Көк дауыл барса керек желден ығып.

Шыбынды менен бұрын тайым білді,
Ол маған құлағымен пайым қылды.
Ақтарған Алатауды мерген едім,
Сонда да байқамаппын тайым құрлы.

Арасын Айыртаудың үңіт қылдым,
Осыдан Ақсеңгірге дыбыс қылдым.
«Дыбыстан шошып қырға шыға ма» деп,
Шыбынның аңқауынан үміт қылдым.

Арасы Талғар менен Бақайдай жоқ,
Мылтықтан қарыс жерге тимей ме оқ.
Мен—мерген, мылтық—түзу, оғым—жұмыр,
Шыбынның құлауында күдігім жоқ.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Бас жағы Ақсеңгірдің қар менен мұз,
Арт жағы мұз жазығы ең жаман тұз.
Құдиған мұздан төмен жақпар жартас,
Құс ұшпас, киік жортпас қия мен құз.

Қарағай құздан төмен қалың арша,
Шайтан да шыға алмайды оған барса.
Ну тоғай, қалың орман тосар дедім,
Егер де шыбын өліп, құлай қалса.

Шелектің сай табаны өзен еді,
Шыбынның өлетін-ақ кезеңі еді.
Зәуеде шыбын құлап, суға түссе,
Ағызбай бұл өзенді бөгер еді.

Сезді ме бізді шыбын, мойын бұрды,
Бұл жолы қу шыбынды Құдай ұрды.
Басына Ақсеңгірдің ұшып шығып,
Айыртауда тұрған бізге қарап тұрды.

Жарқ етті маңдайынан екі шырақ,
Шыбынды қан артып тұр ажал айдап.
Алыбы жәндіктердің қасарып тұр,
Мылтықты серт ұстадым «А, Құдайлап».

Тайымның асықпастан ерін алдым,
Жартастан ұшпасын деп шідер салдым.
Атылып ажал жетіп аң өлгенше,
Азырақ оттасын деп қоя салдым.

Ас ішіп, тамағымды тоқтап алдым,
Сүмбе ұрып, мылтығымды оқтап алдым.
Асықпай аяғымды жайлап басып,
Ататын мылтық сүйеп тасқа бардым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Білтеге шақпақ шағып қойдым отты,
Тегінде ажалдыға амал жоқ-ты.
Білтенің битай отын тездеткендей,
Алыпқа ажал желі қарсы соқты.

Алыпқа алдым-дағы ажал сұрап,
Құдайға жалбарындым таза жылап.
«Тез өлер миды аралап оқ тисе» деп,
Арасын екі көздің қарауылға ап.

Дәріге білтеден от жетті барып,
Тарс етті мылтығым да үн шығарып.
Басында Ақсеңгірдің алыбына,
Тигенін көрдім оқ та дарып.

Жарқ етті маңдайынан екі шырақ,
Асықпай баяу барып жатты сұлап.
Тыпырлап қайта тұрып кетемін деп,
Жартасқа салдыр-гүлдір кетті құлап.

Алыпты ату еді арман-зарым,
Арманым орындалды жеңіп шарым.
Тайымды оттап жүрген ұстап алдым,
Шаттанып оқырынды жануарым.

Тартпасын торы тайдың мықтап тарттым,
Құйысқаның жануардың бек қысқарттым.
Оқ тиіп, алып шыбын жығылғанда,
Міндім де тұлпарымды тұра шаптым.

Асығып өлген аңға құстай ұштым,
Жер дағы жолын берді қалмай ұсқын.
Арықтан аттағандай Айыртаудан,
Аттаған иесі еді алып күштің.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Жүрісім болды емес пе тізгін ұшы,
Мұндайда өте қажет аттың күші.
Оқ тиіп, атқан аңы жағылғандай,
Қалмайды мергендердің есі-түсі.

Шыққаным Құдырғының батыс жағы,
Ақсеңгір қосылады бұған тағы.
Байқастап Көкбұлақтан қарап тұрсам,
Құлапты Ақсеңгірде сөздің ағы.

Алдымен мұз жарылған, шыдаған ба?
Тау басы талқан болған құлағанда.
Жарылып жартастары құм болыпты,
Жан беріп тау тағысы сұлағанда.

Бүтін бет қарағайы парша-парша,
Шөп-шөме боп кетіпті қалың арша.
Бұтасы Ақсеңгірдің типыл болып,
Қарайып орны жатыр қара жарша.

Арт жағы Ақсеңгірдің сағасында,
Бас жағы өзеннің нақ жағасында.
Жануар әлі өліп жан бермепті,
Ызындап жатыр десем, нанасың ба?

Тайымды Көкбұлаққа тастай салып,
Қойыпты мылтығым да сонда қалып.
Құлаған алып аңның басын көздей,
Келемін таудан төмен домаланып.

Жағаға домалап кеп тоқтай қалып,
Жүгірдім орнымнан тұра салып.
Таңертең желкесіне шығып едім,
Алқымға түсте бардым өліп-талып.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қолыма пышақ алып ұшып келем,
Еңістен бауыздауға түсіп келем.
Аяғым әлде неге тіреледі,
Ымыртта кеңірдекке жеттім білем.

Жетеді әлім зорға пышағыма,
Пышақты қысып алып құшағыма.
Алқымнан «Бисмилла» деп салып қалдым,
Тамырдан салып тұрмын қышадым да.

Келіпті мылтығымды тайым алып,
Бауынан сулығымен іле салып.
Тайымды келе сала ұстап алып,
Ауылға хабарладым шауып барып.

Ауылдан ертіп келдім отыз жігіт,
«Олжадан аламын» деп етеді үміт.
Еріккен ен жайлаудың жігіттері
Тамаша жасап келді ойнап-күліп.

Шыбынды отыз жігіт он күн сойды,
Жігіттер ет пен шайға әбден тойды.
Терісін нән шыбынның жыртпай сойып,
Бетіне Ақсеңгірдің жайып қойды.

Пұшпағын алты жігіт атпен тартып,
Арт жағын шана жегіп өгізге артып.
Еріген қар суынан бұлақтай боп,
Тауыстық сары суын әрең сарқып.

Арт жағы Ақсеңгірден асып жатты,
Жалпағы сай-саланы басып жатты.
Мойынағы Түлкіліге тура келіп,
Бұлақты таудан аққан тосып жатты.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Жабылды шелін жеуге құстың бәрі,
Ауызы тигенінің кірді әрі.
Қомағай құзғындары түлеп алды,
Қарғасы, сауысқаны тілеп алды.

Аршылды ішек-қарны он бес күнде,
Істеді он бес қатын күндіз-түнде.
Қатынның қатысқаны қарны түйреп,
Ерітіп іш майынан алды жүлде.

Қатпаршақ түп бүйені былай қалды,
Қалғаны да өзенді лайлады.
Қан-жынмен Шелек суы ботана боп,
Бір жеті жағадағы ел су алмады.

Ауылдан алпыс өгіз айдап келді,
Ер-тоқым, арқан, жібін сайлап келді.
Құзар құз, қар менен мұз жолсыз шыңмен,
Тасырқап тас баса алмай шайлап қалды.

Сыйғыздық жарым етін әрең артып,
Жүргіздік өгіздерді артып-тартып.
Қалғанын алып жүрдім тайымменен,
Алып бара жатырмын жайыменен.

Ет тізген он бес арқан, сегіз желі,
Сонда да қайысқан жоқ тайдың белі.
Тақырға қара тұяқ қарыс кірсе,
Майысады, тасты басса жуан елі.

Жария болды бұл іс барлық жанға,
Қалмады білмейтін жан жақын маңда.
Саз балшықты басқандай балқытады,
Торы тайдың тұяғы тасқа таңба.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Етті түгел алғанмен тері қалып,
Ертесіне он жігіт қайта барды.
Теріге сүйретпе шана салып,
Алып келді ауылға өліп-талып.

Теріні он бес жігіт суға салды,
Бөгеліп Жіңішке үш күн ақпай қалды.
Жібітіп, бабына кеп иіген соң,
Қайратып алпыс пышақ жүнін алды.

Терінің қалыңдығы дәл төрт елі,
Оданда қалыңырақ сырар жері.
Барлық құс тұмсығы бар жабылса да,
Терінің азаймапты майлы шелі.

Теріні көрген адам қайран қалды,
Қызығып елдің бәрі қолқа салды.
«Шелек, көнек, саба, торсық жасаймыз» деп,
Ат байлап, атан тартып қалап алды.

Жаясы жалы менен қалды аралас,
Төс қалды төстігімен бәрі тұтас.
Келгендер дайын етті бөлісіп ап,
Қалыпты сол күйінде сойылмай бас.

Әр адам өлшеп-пішіп санап алды,
Бөлшектеп бас-басына талап алды.
Жүз шелек, алпыс көнек пішкеннен соң,
Тоқсан торсық, сексен саба және қалды.

Біреу торсық, біреу көнек, сабаны алды,
Әркім-ақ өз керегін қалап алды.
Ағайын жекжат-жұрат риза болып,
Терінің бестен бірі маған қалды.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Іш майы ішегіне зорға сыйды,
Ішекті бөліп-бөліп ортаға үйді.
Бәрі де үміткердің үлес алып,
Сонда да бір бөлегі бізге тиді.

Он ауыл он төбе ет үлесті,
Көп, аз деп айтпағанды айтып десті.
«Ынтымақ ырыс алды» дегенді ойлап,
Соғынан бірлікпенен икемдесті.

Ағайын, ауылдастан бәрі алды,
Деген ешкім болған жоқ алмай қалды.
Риза елдің бәрі болғаннан соң,
Артылған жарым еті маған қалды.

Қалыпты ет астында жая-жалы,
Бұл елдің көрмеді екен неге шалы.
Етіге мен әуелі төс қалыпты,
Бұйырғаны деп бізді еске алыпты.

Керегінше етті кәрі, жас та алыпты,
Алмаған ет артына тасталыпты.
Таңдағанын келгендер бөліп алып,
Бір шетінде сойдиып басы қалыпты.

Бес жігіт жеделдетіп басты сойды,
Күні-түн үш-ақ күнде көзін жойды.
Суырып көмекейін, тілін алып,
Айырып бастан жақты бөлек қойды.

Өлең сөз ежелден-ақ елге мирас,
Болса да сізге өтірік, өзіме рас.
Төрт жасқа жаңа толған жас шыбынның
Азуы кез, езуі екі құлаш.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Шыбынның үштен төртке келген жасы,
Жүк болды он түйеге кесер басы.
Ұршығы алтауының шығып кетіп,
Сыныпты төртеуінің бұғанасы.

Жігіттер балтаменен басын шапты,
Айырып шекесінен бөлек артты.
Көз майын миыменен бөлек алып,
Толтырды сегіз қоржын, сегіз қапты.

Шыбын да мұндай үлкен туады екен,
Шіркіннің нақ семірген уағы екен.
Тобығы тоғыз қарыс, қазандай бар,
Өгізден бір жілігі жуан екен.

Бір жігіт бір сирағын сойып алды,
Соғым қып кәдімгідей жайып алды.
Сирақтың бақайшығын шағып көріп,
Бір қыстық көже, қатық, майын алды.

Мұндай семіз шыға ма түліктен де,
Мұндай кемік көрмедік күліктен де.
Қайнатып алты шелек май қалқыды,
Қу сүйек тасталатын жіліктен де.

Бір кедей айдап келді жалғыз нарын,
Қасына ерте келді алған жарын.
Ішінде бір жіліктің кіріп келіп,
Май алды аузын түйреп он бір қарын.

Жүруші ек оншықты ауыл бөлек жайлап,
Жүр екен сөйтсек бізді нәсіп айдап.
Тоғанға бір жілігін науа жасап,
Астыққа қырық болдық егін айдап.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Ел шетін үш жүз кісі бірден басты,
Қорқысып ауыл-аймақ қатты састы.
Қонақтың жан-мәнісін түсінген соң,
Сый-сияпат, құрмет жайын ақылдасты.

Шаптырдық қос атпенен қала жаққа,
Күлкі боп қалмау үшін шала жатқа.
Қант, шәй, тәтті-дәмді алдырмасақ,
Қаламыз айран, сүтпен балағатқа.

Сондағы Қарқараның базары бай,
Өрік, мейіз әкелген қант пен шай.
Науат, құрма, бал, кәмпит, жаңғақ та бар,
Тағамның талай түрі қонаққа жай.

Іркітін барлық ауыл пісіп жатыр,
Сары май төбі-төбі түсіп жатыр.
Іркіттен майын алған құрт қайнатып,
Қонақтар аяқ-аяқ ішіп жатыр.

Қайнаттық қазан-қазан ірімшікті,
Көбейтті ірімшіктің түрін тіпті.
Күшәла күшті ірімшік қайнатам деп,
Қазанның талай-талай түбі түсті.

Жалғыз-ақ нән шыбынды Мекең атты,
Кезінде келгендерге олжа сапты.
Есейген еліміздің ағасы деп,
Орысқа ең алдымен шеке тартты.

Байланды сазға бие отыз желі,
Қымызсыз сый берген бе қазақ елі.
Мың биені күндіз-түн жебей сауып,
Қымыздың пайда болды шалқар көлі.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сонымен қымыз болды саба-саба,
Болмауға дос-дұшпанға босқа таба.
Қалмады дастарқанның жоқ нәрсесі,
Сыйынып аруағына ата-баба.

Қонақтар ішіп-жеді жалшып жарып,
Жабысты қызғандары меске барып.
Сабадан сасқалақтап саумал ішті,
Адамдай түк көрмеген ашып-арып.

Қымыздан қызықтырған өшіп алып,
Түтікпен де семірді өліп-талып.
Көнектен көп қонақтар көбік жалап,
Бас қойды кейбіреулер сүтке барып.

Алдырдық отыз түйе отын тасып,
Шыбынның маған тиген етін тасып.
Қонақ пен ел разы болғаннан соң,
Маған да қалды артылып талай нәсіп.

Бір жігіт алып келді жаужапырақ,
Бітпеген жер бетінде дәу жапырақ.
Жаздырып жапырақты көріп едік,
Жазығын Далашықтың жапты бір-ақ.

Олжаны қалқан етіп жайып келдік,
Жалғыз-ақ төрт жерінен тарттық белдік.
Жағалай қонақ түгел отырғанда,
Артылды тағы да орын біздің елдік.

Үш жүздің өкілдері түгел келді,
Көрді олар шыбын өлген асқар белді.
Ежелгі еліміздің дәстүрі деп,
Ата ұлы келгендерге мүше бөлді.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Каспийдің жағасынан Адай келіп,
Шыбынның терісінен дырау еріп.
Зергерге күмістетіп сап жасатты,
Шыбынның бір азуын өндеп көріп.

«Албанмен біз де бірге туғамыз» деп,
Дулат пен шапырашты жілік апты.
«Ежелден өкпесі бар туысым» деп,
Суанға сүбе жағын арқалатты.

Бір ауыл осы олжадан түк алмапты,
Кезінде Мекем соны көп ойлапты.
«Шыбыннан олжа сұрап жүрем бе?» деп,
Жиынға Арғын атам келмей қапты.

Ұлы жүз баспайшықтан таяқ апты,
Таянып құтты таяқ малын бақты.
«Ұрпағымның мәңгілік азығы» деп,
Бағуға төрт түлікті арланбапты.

Орта жүз осы топқа түр беріпті,
Әдемі ән менен күй, жыр беріпті.
Жонынан нән шыбынның таспа тіліп,
Кәделі алты қырлы қамшы өріпті.

Іргелес арқа беріс ағайын деп,
Қырғызға жіберіпті құйымшақты.
Ұйғырға олжаң сол деп төс байлапты,
Қыз беріп, қыз алған жай сыйлы жақсы.

Найман мен жалайырға мүше артты,
Ысты мен ошақтығы жамбас тартты.
Қыпшақ пен қоңыраттың сыбағасын,
«Естісе, кеп қалар» деп алып қапты.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Аусарлау поштабайдан кінә тапты,
Байұлы сыбағасын алмай қапты.
Ежелгі ескі қазақ құрамы деп,
Шыбыннан Қаңлыға қазы қапты.

Кіші жүз алған екен асық жілік,
Болар деп найзаға сап байқап біліп.
Жауына есе бермей қорғапты елін,
Кірпігін кейде ілмей, кейде іліп.

Кіші жүз найзалап жүр жауы болса,
Орта жүз бітіріп жүр дауы болса.
Құрт, ірімшік, сары май, айран ішіп,
Ұлы жүз мал бағып жүр тауы болса.

Қазақтың бөлек-бөлек туған үші,
Болғанда Үйсін үлкен, Арғын кіші.
Бәрінің ынтымағы бір кісідей,
Бос сөз жоқ арасында піші-піші.

Тайымды апыл-ғұпыл ерттеп алдым,
Мойныма оған сайлап, мылтық салдым.
«Тағы бір зор қуаныш бере көр!» деп,
Тәңірден тілек тілей көп жыладым.

Албан сөйтіп гулетті шартарапты,
Салыпты жөн-жөніне Арқа жақты.
Ежелден өкпесі бар туысым деп,
Суанға сүбе жағын арқалатты.

Албанның өткен-кеткен жолын біліп,
Туыстық жақындығың бар деп күліп.
Тетелес ағамыздың тұқымы деп,
Дулат пен Шапыраштыға екі жілік.

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Торы тай арыстан боп жатыр сұлап,
Кейідім, күйіп-жанып, қатты жылап.
Күйігі торы тайдың аз болғандай,
Кер бие тағы өліпті таудан құлап.

Ұлы жүз дүниені ойлап зарланбапты,
Шаруаны жек көрмепті барды-жоқты.
«Мәңгілік ұрпағымның азығы» деп,
Бағуға төрт түлікті арланбапты.

Жер, суға ие қылмай қарасыпты,
Өлімге қалмақты ала барысыпты.
Тамағы: сары қымыз, ет пенен май,
Желменен сыбырласып жарысыпты.

Желқайық жер бетінің тұлпары еді,
Көреген көп жүзінің сұңқары еді.
Сыймады маңдайыма алмалым не,
Ырыстың айдын-көлі, шалқары еді.

Асылды адамға да бергенім жоқ,
Ат қылып анық бір мінгенім жоқ.
Қылығы жануардың еске түссе,
Ішіме түсіп кетеді сексеуіл шоқ.

Айуаннан да өтеді дүние-боқ,
Өмірі өте шықты қып-қысқа боп.
Көп жасап жиырма беске келсем дағы,
Мен ондай жылқышы ата көргенім жоқ.

Кіші жүз найзалап жүр жауы болса,
Орта жүз бітіріп жүр дауы болса.
Құрт, ірімшік, сары май, айран ішіп,
Ұлы жүз мал бағып жүр тауы болса.

9-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Торы тайды қалай айтсам жарасады,
Кім оны өтірік деп таласады.
Қайғырып тор тайыма күйінгенде,
Ес-түсім бір өзімен адасады.

Арқардың неге өлтірдім көбін атып,
Тайыма сұқ тигіздім түгел артып.
Жанына жануардың барғанымда,
Үш рет кісінеді өліп жатып.

Болғанда аттандырып кісілерді,
Торы тай тауға қарап кісінеді.
«Көрінген тағы да олжа бар ма екен?» деп,
Ойыма бір қуанып түсіп еді.

Алпыстай Аққиядан арқар аттым,
Бәрін де торы тайға арқалаттым.
Желмедім, шаппадым да «жүгі ауыр» деп,
Бәрінен жетеледім жарқабақтың.

Арқарды алып келдім тайыма артып,
Дәл он бес қыларқанмен мықтап тартып.
Жануарды таң асырып қалдым жатып,
Мамада өліп қапты арам қатып.

Жануар арыстай боп жатыр сұлап,
Кер бие тағы өліпті таудан құлап.
Тұлпарға екі бірдей күйіп-жанып,
Көп елдің ортасында алдым жылап.

Күйінем әлі күнге торы тайға,
Дәл ондай енді маған жылқы қайда.
Ойласам, ұйқым шайдай ашылады,
Адамға қайғы басқан ұйқы қайда!

ӨТІРІК  ЖЫРЛАР

Жануар торы тайым мүсін еді,
Бақ айдап келіп қолға түсіп еді.
Назарда кер биеден туған күні,
Періште қырсығымды кесіп еді.

Кесермін қырсығыңды дегені ме,
Қарамды көріп менің кісінеді.
Ақылды адамзаттан жануарым,
Не айтсам, қалт еткізбей түсінеді.

Көрермін кедейліктің тақсыретін,
Баспайтын болды алға ісім енді.
Демеймін жануарды жансар еді,
Иесі қасиетті аңсар еді.

Сыймады маңдайыма амалым не!
Ырыстың айдын көлі шалқары еді.
Қанатты ертегінің тұлпары еді,
Көреген көк жүзінің сұңқары еді.

Көп елге сұрап келген бергенім жоқ,
Сөзіне ата-ананың ергенім жоқ.
Жоқ болдың көріндің де көрген түстей,
Бір жыл да қызығынды көргенім жоқ.

Өтеді айуаннан да дүние боқ,
Өмірі өте шықты қып-қып боп.
Көп жасап ұзақ өмір сүрсем дағы,
Мен ондай жылқы затын көргенім жоқ.

Шын жүйрік тұлпар еді торы тайым,
Талдырған ұшқан құсты қызған сайын.
Қанатты ондай жылқы көрмеген соң,
Келеді айта бергім оның жайын.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Торымды қалай айтсам жарасады,
Зар үнім асқар шыңнан ары асады.
Түскенде торы тайдың қайраты еске,
Иесі ес-тұсынан адасады.

Ағайын айтпасам да түсінеді,
Басында оңға айналған түсім еді.
Арқарды неге аттым, тіл болды ма,
Үш рет маған тайым кісінеді.

Бұл жыры Мейріманның болды тамам,
Жыр айтқан бабамызға неме заман.
«Ел жаңа елу жылда, жүз жыл—қазан»
Ұрпағы, елі, жұрты болсан аман.

Болса да кейбір адам «гөзел» мейлі,
Данышпан туған жанға теңелмейді.
Жатпайды асыл пышақ қын түбінде,
Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді.

Аяғы шыбынның да тамам болды,
Бір ғасыр тай өлгелі заман болды.
«Ел жаңа елу жылда, жүз жыл қазан»,
Орнына ескі кетіп, жаңам қонды.

Жаздым-ау зорға құрап тозған сөзді,
Кезінде өтіріктен озған сөзді.
Өзінің қисыны жоқ қызығымен,
Халықтың көкейіне қонған сөзді.

1. ҚЫРЫҚ ӨТІРІК АЙТҚАН ШОПАН

(І нұсқа)
Бір патша: «қырық ауыз өтірік айтқан адамға қызымды бе­
рем» депті. Сонда елден қырық өтірік айтқандай адам табыл­
мапты. Бір күні бір шопан келіп: «мен айтамын» депті:

Тақсыр бір қоян ұрып алып едім, ішінен бір жорым батпан
май шықты. Етігіме жағып едім біреуіне жетіп еді, біреуіне
жетпей қалды. Содан етігімді жастанып жатып қалдым. Түнде
қарасам, екі етігім төбелесіп жатыр екен. Май жақпаған еті­

гім­ді екі ұрдым. Май жаққан етігімді бір мәрте ұрдым. Азан­
да тұр­сам, май жақпаған етігім қашып кетіпті. Бір етігімді
бір аяғыма киіп жүріп едім, жүре алмадым, екі аяғымды бір
етікке тығып едім ана тауға бір басып, мына тауға бір басып

бір сыбағаның үсті­нен шықтым. Қарасам, осы садақада (той­
да) жоқ етігім табақ тартып жүр екен. Менен қорыққанынан
қос табақ, сасқанынан үш табақ—бір өзіме бес табақ әкелді.
Бәрін ішіп-жеп, тойып алып кеттім.

Бір байталым бар еді, сол байталым паналап кеткен екен.
Биік таудың басына шығып қарасам, көрінбеді. Сөйтіп тұрған­
да айналамнан бір көзі жоқ ине тауып алып, бір аулақ жерге
шаншып, үстіне мініп қарап тұрсам, байталым жеті қырдың

ар жағында жайылып жүр екен. Жақындап барсам, бір дария
шықты, қынымды мініп, пышағымды есіп бара жатыр едім,
ІІІ. Өтірік әңгімелер

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

батып кеттім. Барсам, бием құлындап қалған екен, ұстап алып
байталымды алдыма алып, көлге келдім. Байталымды суға­
ра­йын десем, мұз қатып қалыпты, тептім-тептім, ойылмады.
Сонан кейін басымды суырып алып кеңірдегінен ұстап, мұзды

ұрып едім, көлдің мұзы ойылды.
Сонда хан:

—Көл дегенің бір кішкене көлшік шығар,—депті.

—Көлшік болса көлшік шығар, тақсыр! Бір жағынан ұш­қан

қара құс ар жағына қанаты талып зорға жететұғын еді,—депті.

—«Қара құс» дегенің жапалақ шығар,—деді хан.

—Жапалақ болса жапалақ шығар, тақсыр! Бір үйге қанаты

үзік болатын еді,—дейді.

—Үй дегенің жаппа шығар,—деді.

—Жаппа болса жаппа шығар, тақсыр! Есігінен мөңіреген

өгіздің дауысы төріне әрең-әрең баратұғын еді,—депті.

—Осыншама өтіріктің бәрін айттың, ал сенің мұрның неге

пұшық?—депті хан.

—«Хан дегенде қырық жігіттің ақылы болады» дейтұғын

еді, тақсыр! Сізде бір кісінің ақылы жоқ екен. Соншама мұзды
сындырып жүрген баста мұрыннан не қалсын?!—депті.
Сонан кейін сөзден жеңілген хан қызын беруге ризашылы­
ғын беріпті.

2. ҚЫРЫҚ АУЫЗ ӨТІРІК АЙТҚАН

ТАЗША БАЛА

(ІІ нұсқа)
Бұрынғы өткен заманда бір патша болыпты. Ол патшаның
бір қызы болған екен. Патша қызын ешкімге бермепті. Қызды
айттырушылар көп келгеннен кейін патша: «кімде-кім қырық

ауыз өтірік айтып берсе, соған беремін» депті. Бір күні тазша
бала келіп, патшаға қырық ауыз өтірік айтып беріпті:

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Анамыздан туылғанда біреу едік, өле-өле үшеу болдық.
Үшеуміз келе жатқанда алдынан үш арық шығып, екеуі су
алған, біреуінің ішінде су жоқ. Суы жоқ арыққа түсіп, жол жүре
бердік. Алдымыздан үш балық шықты. Екеуі өліп қалғанда,

біреуінің жаны да жоқ. Үшеуміз үшеуін көтеріп, кейін қайттық.
Алдымыздан үш қазан көрінді. Екеуінің түбі жоқ, біреуінің түбі
тесік. Түбі тесік қазанға балықтарды салдық та қайната бердік.
Сүйектері еріп кетіпті. Еттері со күйінде екен. Үшеуміз ба­лық­

ты жей бастадық. Бір кезде мойнымыз қылдай, қарнымыз са­
бадай болып кетіпті.
Сол күні қолымның майын бір етігіме сүртіп, екіншісіне
сүртпей жатып қалыптым. Түн ортасында ұйықтап жат­

қанымда бір дауыстардан оянып кетіп, «баспашылар келіп
қалған ба?» деп орнымнан қарғып тұрсам, май жаққан етігім
мен май жақпаған етігім екеуі ұрысып отыр екен. Екеуін екі
ұрып, бас жағыма қойып ұйықтап қалдым. Ертеңіне таңертең

тұрып қарасам, май сүрткен етігім бас жағымда тұр екен. Май
жақпаған етігім өкпелеп кетіп қалыпты. Онан соң қашып кет­
кен етігімді іздеп жолға шықтым. Жолда жүріп, жол жүрсем
де, мол жүріп, сусадым. Жолда мақтаның көсегіндей қарбыз

тауып алдым. Қарбызды тіліп жатқанымда ішіне пышағым
түсіп кетті. Пышағымды аламын да ішіне өзім де түсіп кеттім.
Пышақты іздеп жүргенімде алдымнан қырық атты кісі шық­
ты. Олар маған: «Ия, не істеп жүрген баласың? Сен жынды бо­

лып қалған сияқтысың. Біз қырық түйе іздеп жүргенде, сенің
пышағың қалай табылады?»—деді де, кетіп қалды.
Осылайша, жол жүріп келе жатқанымда баяғы жоғалған
етігім бір шөптің түбінде кесірткені қосқа жегіп жер жыртып

жүр екен. Жетіп барып бір соғып жібердім де, аяғыма киіп ал­
дым да, алдыңызға келіп отырғаным осы еді, тақсыр!—депті
Тазша бала. Сөйтіп, Тазша патшаның жалғыз қызына үйленіп,
мұрат-мақсатына жетіпті.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

3. ТАЗШАНЫҢ ҚЫРЫҚ АУЫЗ ӨТІРІГІ

(ІІІ нұсқа)
Ертеде бір хан халқына жар шақырыпты: «Кімде-кім ал­
дыма келіп, кідірмей, мүдірмей қырық өтірік әңгіме құрасты­
рып, айтып өтсе және артына қырық ауыз өтірік сөзді өлең қып

айтса, сол адамға қызымды беріп, күйеу қыламын және уәзір
етемін. Бірақ, сондай сертім бар: әңгімесінің я, өлеңінің ішінде
бір ауыз рас сөз қосылса, дарға тартқызамын!»—депті.
Аузы аузына жұқпайтын нелер шешендер, нелер айтқыш­

тар: «Ой, айтпай несі бар!»—деп ханның алдына барады. Бірақ
өтірігін келістіріп айта алмай, дарға тартылып жатады.
Кейбіреулер даладан айтқышсынып, құлшынып-ақ келсе
де, дарға кеңірдегінен асулы тұрғандарды көріп, жүректері тоқ­

тай алмай, қорқып қайтып кетеді. Сонда жұрттың ең соңына
бір Тазша бала кіріп келіп, иіліп тәжім етіп, сөйлеуге ханнан
рұқсат сұрайды. Хан тұрып:

—Ия, не арызың бар?—деп сұрайды.

—Тақсыр, жарлығыңызды естіп, әңгіме мен өтірік өлең

айтқалы келіп тұрмын,—дейді Тазша.

—Жаным-ай, жас бала көрінесің! Сенен естияр талай адам­

дарда айтамын деп келіп, айта алмай кеткен. Жарқыным, өлуге
асығып жүрген не қылған баласың? Тілімді ал да, қайта ғой!—
дейді хан.

—Тақсыр-ау, солардан жаным артық па? Айта алмасам, оба­

лым өзіме ғой. Рұқсат етіңіз!—дейді Тазша.

—Ал, ендеше сөйлей ғой!—дейді хан.

Тазша:

—Тақсыр, әкемнің белінде, анамның құрсағында жатып,

әкемнің әкесінің жылқыларын он бес жыл баққан екенмін!
Алған ақыма өзіме қалың беріп, қатын алып, бес-алты бала
сүйген екенмін, сол қатынымнан туған балаларымның қо­­лым­
дағы ең кенжесі осы уақытта жиырманың бесеуінде, өзімнен

он жас үлкен. Жаздың қайнап тұрған ыстық күні жылқым­ды
суғарайын деп, құрық үстіне құрық салып, жау тигендей

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

қуалап, айдын-шалқар бір көлге келсем, тақсыр-ай, күннің
ыстығын суынан білерсіз. Көлдің суы кісі бойы, қол созым мұз
болып қатып қалыпты. Балтамен олай шапқыладым, ойылма­
ды, бұлай шапқыладым ойылмады, балтаның жүзі жарылып

қалды. Балтамды қойныма салып қойып, енді сүйменімді қо­
лыма алып олай түйгіштедім, бұлай түйгіштедім болмады,
сүйменім майысып қалды. «Енді не істеймін?» деп дағдарып
тұр едім, Құдай дес беріп, бір амал ойыма түсе қалды. Дереу

кеңірдегімнен ұстап, басымды кеудемнен алып, ақырын ғана
шекеммен бір ұрып қалғанымда, тақсыр-ай, бірі өтірік болма­
сын, мың жылқы қатар тұрып су ішетін суат ойылды да қал­
ды. Және менің бағыма көлдің суы зардай ащы шығып, сонда

да жылқым ішіп-ішіп, іші-сырты бірдей болып, қарындары
қам­пиды да қалды. Сонан соң жылқыларымды көк мұзды жа­
рып шыққан сары балаусамен көк жоңышқаға матап салып
санамай, түстемей түгендегенімде, Құдай берерінде сүйтіп

береді ғой, алты құлаш ала биеден туған жеті құлаш жирен
құлыным жылқының ішінде де жоқ, сыртында да жоқ. Ұры
алғанын білмедім, қасқыр жегенін білмедім. Жалма-жан
құрығымды мұзға шанша салып, басына шығып, төңірекке

көз жіберіп едім, көрінбеді. «Құрығым алса, болған шығар»
деп, құрықтың ба­сына пышағымды шаншып және шығып,
көзімді адырай­тып қарап едім, және көре алмадым. Әбден
дағдарған соң, құ­ры­ғымнан ақыл сұрадым: «Апыр-ай, енді не

қылайын?! Ақы­лың болса, айтшы!»—дедім. Ол ант соққан жа­
тып тұрып өзімді сөккені ғой! «Ит болмасаң айналып-айна­
лып, жерге қарай бергеніңше, көзіңді жұмып аспан жаққа да
қарасаң болмас па еді?!»—дегені ғой! «Ойбай-ау, аспанды бұлт

басып тұрғанын көрмесін бе?»—деп едім. Онан жаман ба­
лағаттап: «Ант ұрған-ау, қолың жоқ па?»—деді. «Бұлттың
ірісін ары, берісін бері серпіп жіберсең, болмас па еді?»—деді.
Ойлап тұрсам, оның өзі де жөн екен. Дереу қолымды созып

жіберіп бұлттың былайғы­сын былай, олайғысын олай сыпы­
рып жібергенімде, күннің көзі жарқырап, шайдай ашылды да
кетті. Әбден мұралым болып көзімді шарт жұмып, аспанға

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

қарағанымда, мұнан артық не тамаша болсын! Темір қазық­
тың аржағында, шолпан жұлдызының бер жағында, Қап тауы­
ның етегінде, манадан бері қарап таба алмай жүрген жи­рен
құлыным бір бәйтеректің бұтағына шығып, құлындап,

құлының емізіп тұрғаны көзіме жарқ ете түсті. Қатыным ұл
тапқандай қуанып, құрығымның басында тұрып, секіре бе­
ріппін! Жалма-жан құрығымды қайық қылып, пышағымды
ескек қылып, теңізге түсе қылып едім, шым батып барамын.

Дереу пышағымды қайық қылып, құры­ғымды ескек қылып
түсе қалғанымда, кірпік қаққанша сыр етіп теңізден өте
шықтым. Жирен құлынға міне салып, жас құлынды алдыма
өңгеріп, қайтадан теңізге түсе қалғанымда, шым батып бара­

мын. Дереу жас құлынға мініп енесін алдыма өңгеріп, түсе
қалғанымда, жануардың сушылы-ай! Көзді ашып-жұмғанша
теңіздің бетімен де емес, түбімен де емес, ортасымен де емес,
сыр етіп өте шықтым. Жылқыға келген соң: «Жүріс алған

құрғыр тағы бошалап кетіп, әуре қылып жүре ме?» деп енесін
құлынына, құлынды айғырдың құйрығына байлап, жылқы­ға
қоспай, далаға айдап қоя бердім. Бір уақытта айдын мұз­дың
үстіне қарап тұрсам, бітпеген қу тобылғының түбінде бір

тумаған ту қоян жатыр екен. Жалма-жан садағымды алып,
садағымның масақ жағымен атып едім, өтпеді. Масақ жағын
кіріске қойып, көз жағымнан тартқанымда, жұлдыздай ағып
өтті де кетті! Асығып-үсігіп атымды бір қу қазыққа байлай са­

лып, етегіме тезек тере бердім. Бір уақытта қарасам, атым ту­
лап жүр екен. Етегімдегі тезегімді төге салып, атыма қарай
жү­гірейін десем, сұмдық-ай, манадан бері тезек деп тергенім­
нің бәрі бөдене екен. Пір-пір етіп, бет-бетіне ұшты да кетті.

Манағы «қу қазық» деп атымды байлағаным қудың мойны
екен, соның қанатынан үркіп, атымның тулап жүргені де сол
екен. Атым­ды ұстап алып, манағы тебен инемді қазық қылып,
басымды тоқ­пақ қылып жерге қағып жіберіп, атымды соған

байлап қойып «ух!» деп, ойға қалып тұрғанымда үш күн, үш
түнде барып есіме түсе қалды. Баяғы құрығымның басына
шанышқан бойы­мен сонда ұмытылып қалған екен. Соған

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

қайта баруға еріндім де, күрек тісімнің біреуін суырып алып
қоянды сонымен соя бер­дім. Қашаннан мал сойғыштығым­нан
жеде қабылдап қоянды үш күнде сойып болып, қақтап, тұздап,
«енді майын ерітіп алайын» деп бір бұтын қазанға ерітке­нім­

де, менің сұрыма май ағып, тұрмады. Дереу бүтін қазанды тас­
тай салып, бір тесік қазанға салып, ерітіп едім, тақсыр-ай,
мұнан қызықты көріп пе едіңіз?! Бір тамшысы жерге там­­бай
тұра қалды. Еріген майды ыдысқа қотарғанымда бір түйе

қарнына, бір өгіз қарнына, бір борсық қарнына әрең-мәрең
сыйды. «Бұл титтей май менің қай керегіме жарайды, онан­да
етігімді майлап алғаным олжа шы­ғар!» деп, бас салып май­
лағанымда, бір етігімнің жолығына зорға жетті, қонышыма

жетпеді. Анау етігім ауыз тиместен қалды. «Ер еңбегіне бір
тойсын!» деген сөз бар еді-ау,—деп, қоянның бір кесек етін
қолыммен күнге әрі-бері қақтап пісіріп, аузыма салайын деп
ойлағанымда, сұмдық-ай, аузым орнында жоқ екен. Жүрегім

мұздай болып: «Апыр-ай, аузым қайда?» деп, қайта-қайта
бетімді сипаласам, аузым жоқ дегенім ойын­шық екен, солай­
мен кеудем де, басым да жоқ екен, тақсыр-ай! Сондағы қо­
рыққаным әлі есімнен кетпеді-ау. «Япырмай, бассыз қалай

күн көремін?» деп алақанымды маңдайыма қойып, ойға ба­тып
тұрғанымда, біреу иығымнан тартып: «Әке, мына бір басты
танисың ба?»—дейді. Байқап қарасам, өзімнің басым, тауып
әкеліп тұрған—өзімнің балам. «Шырағым, мұны қайдан

таптың?»—деп, сұрағанымда: «Суат ойған жеріңде жатыр
екен, сенің басың екенін танып, алып келдім»,—деді. Тақсыр-
ай, сондағы қуанғаным-ай, есімнен кеткен жоқ! «Көп жаса,
бай бол, үбірлі-шүбірлі бол!» деп балама бата бергенім-ай сон­

да. Көп­тен ұйқы көрмей, сергелдең болып жүрген байқұс ба­
сым, сол мезгілде ұйқы қыстап, қалғымайын ба. Мұздан тө­сек,
қардан жамылғы қылып жата қалсам, төсектің жылылы­ғы­на
бұйы­ғып, үлкен адамдай ұйықтап қалыппын. Түн орта­сы

болған кезде бір нәрсенің сартта-сұрт етілген дыбысымен шо­
шып оянып, қарасам, екі етігім жұдырықтасып, қызыл ала
қан болып, төбелесіп жатыр екен. «Бұларың қалай?»—деп

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

сұрадым. Май жағылмаған етігім жыламсырап: «Қайтейін!
Май біткеннің бәрін ана жалмауызың ішіп қойды. Маған ауыз
тигізгенде жоқ!»—деді. Онда екіншісі: «Өзіңнің кем несі­
белігіңнен көр­мей майдың жетпегенін менен көргенің сас­

қаның ба?»—деді. Ашуымның әбден келгені емес пе? Маң­
дайларына бір-бір шертіп, екеуін екі жағыма қойып жата
бердім. Таң атқан соң қарасам, көзін ашпағырым-ай, жа­
ғылмаған етігім өкпелеп, түнде қашыпты да кетіпті. «Алда,

жүгірмек-ай!»—деп, екі ая­ғымды бір етікке тығып алып, ізіне
түсіп қуа бердім. Айдан айлар жүрдім, астымдағы атым
зорығып өлді. Жылдан жылдар жүрдім, етігімнің күйігінен
іші жарылып, үйімдегі қа­тыным өлді. Бір кездерде өгіздің

желкесіндей жауырынына қауын егіп, пісіріп отырған бір
егіншіге келдім. Егінші бей­шара бар піскен қауынды алды­ма
қойып: «Жарқыным, пышағың бар екен, өзің жарып жей
ғой!»—деді. Кездігімді суы­рып алып қауынға сала берге­нім­де,

шіркіннің жетесі бо­сап жүр екен. Темір тегі суыры­лып,
қауынның ішіне түсті де кет­ті. «Қап, жолым қырсығып жүр­
ген бейбақ едім, бұда соның салдары ғой»,—дедім де: «Бала
күннен бірге өсіп, біте қайна­ған замандасым еді, қалай көзім

қиып, тастап кетемін» деп, қауынның ішіне сүнгіп, өзім де
кіріп кеттім. Ал ізде! Тау да қалмады, тас та қалмады, тоғай да
қалмады. «Апта болды-ау» дегенде маған ұқсап, жоқ қарап,
сандалып жүрген бір жоқ­шы­ға кез болдым. Жоғымның тү­сін,

түрін ең-таңбасын айтып, сұ­рап едім, Құдай соққан неме:
«Ту!»—деп, бетіме түкіріп жібер­ге­ні ғой. «Ау, жының бар
неменесің? Жоқ сұрасам, беті­ме түкіресің»—дегенімде, ода
бір ісік неме екен, әкіреңдеп: «Жынды демей, не деймін? Мен

бір айдан бері атымды зорықты­рып, бір айғыр үйірлі қы­
сырымды таба алмай жүргенімде, сен төрт еліге толмай­тын
теміртекті іздейсің!»—деді. Әлгінің сөзіне шыдай алмай, сол
жерде жаттым да төбелестім, жараланба­ған жеріміз қалмады,

қып-қызыл ала қанға боялдық, ақырында мен де, ол да сілеміз
құрып шаршап, екеумізде төбелесті қойып, бір-бірімізден на­

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

сыбай атысып, жөн-жөнімізге кете бердік. Бір күндерде ұлы
жиын, ас беріп жатқан қалың елдің үстінен шықтым. «Жақсы
болды ғой. Осы жиыннан етігімізде сұрай салайыншы»,—деп,
ошақты жағалап келе жатқанымда, аста табақ тартып жүр­ген

боз-балалардың арасында табақ көтеріп жүрген баяғы қаш­қан
етігім анадайдан көзіме оттай ұшырады. Қатыным бала
тапқандай қуанып, секіре беріппін. Етігімнің де көзі мені ша­
лып, ұялғанынан екі беті қып-қызыл болып, қолында кө­

тергенайдың табақ қазы, қарта, жал-жаяны әке­ліп: «Ке­ше­гі
маған жағуға қимаған майың осы ма еді?» деп, алдыма сарт
еткізіп қоя салды. Пай-пай, тақсыр-ай, сондағы ойлағаным
өмірімде есімнен кетер емес! Мінекей, тақсыр, туғаннан бергі

жерде басымнан өткен істер осы,—деп Тазша әңгімесін
бітірді.
Қиыстырып бір ауыз шын араластырмай, айтқанына хан­
ның көңілі түсіп:

—Қане, балам, енді өтірік өлеңді айтшы!—дейді. Сонда Таз­

шаның айтқаны:

—Қайныма қарға мініп, орын бердім,

Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,
Алдынан қайын атамның қырындадым!
Жүк артып инелікке ерте көштім,

Шүйкелеп, сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,
Дегенде: «өлдім-талдым» әрең шештім.
Міндім де осырақ қоңыз аяңдадым,

Салдыртып аяңымен қоян алдым.
Япырай, сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым!

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Міндім де жасыл қоңыз сона қудым,
Басынан мұнар төбе сағым будым.
Дәулеттің Құдай берген арқасында,
Қанымен көйлегімнің кірін жудым.

Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,
Ши оқпен мың құланды атып қырдым.
Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,
Ұялмай, жүз тұсақтан сатып тұрдым.

Балықтың қабыршағын отқа жақтым,
Өтірік өлең айтып, жұртқа жақтым.
Бір сонам асыранды қашып кетіп,
Мекеден он жыл іздеп әзер таптым.

Ақылдан ер жеткен соң болдым жарым,
Бір суыр мал дегенде қолда барым.
Қатыным тел қоянды жаздай сауып,
Түйіреді сары майды екі қарын.

Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,
Той қылып, ат шаптырды төңірекке.

Міндім де осырақ қоңыз, сона қудым,
Үш жұма, үш ай жүріп, қона қудым.
Қумасқа белді байлап тұрып едім,
Дегенде жеңгем жерік бола қудым.

Бай болдым төрт түлікке тумай жатып,
Балама қалың бердім бәрін сатып.
Ретін мал жиюдың ерте біліп,
Сондықтан кедейлікке қалдым батып.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Байлықтан ыза шектім ақырында,
Бір түйір мал болмады жақынымда.
Малымның бәрін жинап отқа жағып,
Отырмын кедейліктің тақырында.

Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.
Бір талын сілемейім кесіп алып,
Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.

Жиынға, салтанатқа кидім құрым,
Қытықтап зорға айтқыздым ханның сырын.
Келгенде қалыңдығым сексен төртке,
Қайныма бес жасымда бардым ұрын.

Жүз салған қорғасыннан қара балтам,
Шақпады он матадан сыңар қалтам.
Дәулеттің Құдай берген арқасында,
Көшкенде жүз түлкіге жүгімді артам.

Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,
Борсықты ұстап мінсек, аттың мүлкі.
Ішінде топ адамның тулап жығып,
Қылдың-ау, ойбай, қарсақ, жұртқа күлкі.

Арасын жырып қостым шөл-қуаңның,
Молықтым елін біліп бес дуанның.
Екі жүз құнан қойым егіз тауып,
Осыған назар бөлсек, көп қуандым!

Мен көрдім қара шіркей бала қаздай,
Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай.
Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын деп,
Қан түсіп аяғына өле жаздады-ай!

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Тамырға өтірікті қап-қап бердім,
Найзасын нар қамысқа шаптап бердім.
Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,
Түлкіге тастан қашқан тап-тап бердім!

Басынан Қап тауының қора қылдым,
Бітер деп бес мың жылқы, жүре қылдым.
Топан су тау басына дамыл бермей,
Қылмасқа енді қора тәубе қылдым.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірік-ті,
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті!
Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,
Япырай, бәрін тулап өлтіріпті!

Мен өзім кішкенеден қарға бақтым,
Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.
Біреуі жануардың үздік шығып,
Мойнына ақ киізден тұмар тақтым.

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім балуандықпен оның бәрін.
Түйеге теңдеп бәрін қойғанымда,
Мертікті көтере алмай қара нарым.

Мизамның сілемейін желі қылдым,
Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым.
Қамыстан сегіз қабат үй істетіп,
Жонынан шегірткенің көген тілдім.

Шымшықтың шылым шектім бақайынан,
Қоянның атым үрікті топайынан.
Тазының ақылы артық, ойы жетік,
Көк тышқан етік қылдым шоқайынан.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Басына бәйтеректің тіктім орда,
Көк орай шалғын екен қорда-қорда.
Қос атпен күні-түні бірдей қуып,
Қашаған бір битімді тұттым зорға.

Мен өзім өтіріктен пайда еткенмін,
Бет терісін биялай, қалта еткенмін.
Етіне бір шіркейдің қазан толмай,
Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін.

Мыс егіп көбік қарға, алтын ордым,
Ізіне ақ жылқының қақпан құрдым.
Шегірткем мініп жүрген тулап еді,
Жалғыз тал қыл қамшымен өлгенше ұрдым.

Төгістім сар апақпен Сырдың суын,
Он нарға артып жүрмін қыздың буын.
Еншіге әкем берген мың қоянның
Соғыста қырып алдым барлық туын.

Тілімнің келмейді ебі өтірікке,
Тақсыр-ау, осыным да өтірік пе?
Қырық байтал қалың малға санап алып,
Қыз бердім отау тігіп кекілікке!

Биені қымыз іштім мұзға байлап,
Тышқанды жауыр қылдым үш жыл айдап.
Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,
Жүгірдім қуанғаннан алақайлап!

Отыным жазғы жаққан мұздан болды,
Салымым сексендегі қыздан болды.
Былтырғы жер ошаққа жаққан отым,
Тұтанып зорға биыл қызған болды.

10-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сауысқан алып ұшты бөлтірікті,
Айтпаймын, қыз берсең де, өтірікті!
Шіркіннің тепкісінің қаттысын-ай,
Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті!

Қоянның шаңырақтай омыртқасы,
Көнектей көлбақаның жұмыртқасы.
Болмаған енді өтірік несі қалды?
Түбінен шау қияқтың ердің қасы.

Жонынан атжалманның әйел алдым,
Үш жөргем ішін жарып майын алдым.
Ізіне аттың басқан қақ тұрыпты,
Қырық құлаш қармақ салып жайын алдым.

Шымшықтың шылым шектім қу басынан,
Атжалман арқан естім шудасынан.
Қырық қарға, отыз сона құда түсіп,
Инелік кит киді құдасынан.

Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,
Айналды серіктіктің арты дауға.
Борсыққа жарап жүрген міне шауып,
Ұрандап бір бүйірден тидім жауға.

Дарияға тоған бастым ебелектен,
Жаратып қасқыр қудым көбелекпен.
Жығылып тас кенеден, мойны үзіліп,
Бір кемпір «ә» дегенше өле кеткен.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Борышыма қатынымды бере қойдым.
Жүрегін құрқылтайдың төрт бөліп жеп,
Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым!

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Сауысқан елден асты аққуды іліп,
Елімді қызғыш шауып салды бүлік.
Қақалып кеше кешке жеген етке,
Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.

Күмістен ақ тышқанға таға қылдым.
Құйрығын көртышқанның жаға қылдым.
Терісін сар масаның теспей сойып,
Жиынға он бес қарыс саба қылдым.

Жабылып тоғыз жігіт көтере алмай,
Қылмасқа ондай саба тәубе қылдым.
Өтірік өлең айтып, жұртқа жақтым,
Құмырсқаны қайырып қойдай бақтым.

Ел қыдырған кешегі есер кезде,
Бөгелектің басына тана бақтым.
Бір қоянды міндім де аспанға ұштым,
Екпініне шыдамай жерге түстім.

Алты күндей ақ боран соғып еді,
Жалғыз қурай ығына ас қып іштім.
Дүниенің ауыры үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.

Атандарға көтеріп артып едім,
Көтере алмай жығылды атандарым.
Дүниенің ауыры үрген қуық,
Жалғыз өзім көтердім аузын буып.

Үлкеніне шіркейдің арба жектім,
Ондай мықты көрмедім өзім туып.
Бес қарсақты күнінде баса міндім,
Жүргізе алмай шіркінді азап шектім.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Екі теңді үстіне теңдеп алып,
Қара жолдың үстінде борт-борт желдім.
Үлкеніне шіркейдің арба салдым,
Басқа көзге төбелеп зорға салдым.

Мені «мықты» дегенге жұрт нанбайды,
Қойдай битті көтеріп, отқа салдым!
Өтірік өлең айтамын ең басынан,
Арқан естім бозторғай шудасынан.

Алты инелік, бес торғай той қылыпты,
Кит кидім солардың құдасынан.
Өтірік өлең айтамын ең басынан,
Шылым қылдым шымшықтың қу басынан.

Ара, шіркей етіне қазан толды,
Астау-астау ет қалды әр басынан.
Бөгелектің терісі ер-тұрманым,
Қоян мініп мен өзім жау қуамын.

Шегірткенің айғырын ұстап мініп,
Тұра қашқан түлкіні бір бұрмаймын.
Көлбақаның күнекей сүйегі бар,
Көртышқанның қырық құлаш үйегі бар!

Өзім барып, жерінен алып келдім,
Бір түлкінің қырық арба сүйегі бар.
Өтірік өлең айтайын әуел бастан,
Жау қияқтың түбінен ердің қасы.

Өзім барып, жерінен алып келдім—
Бір түлкінің қырық арба омыртқасы.
Тазшаның әңгімесі де, өлеңі де бастағы ханның өзі айтқан­
дай, рас сөзден бір ауыз қосылмай айтылғанына ханның мейі­

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

рі қанып: «Адам қай іске бет түзеп ұмтылса, сол істің уәде­сі­
не шықпақ керек. Бұл таз да мойнына тағылған жұмыстың
уәдесіне шықты. Егер осы неше түрлі жақсылық жұмыстарды
мойнына артса, оның да уәдесіне шығарына көңілім сенеді.

Түбінде бұның қолынан үлкен-үлкен жұмыс келер»,—деп,
айтқан уәдесімен қызын да береді, уәзір де қылады. Тазша
сүйтіп мұратқа жетіпті.

4. СЕКСЕН ӨТІРІК

(ІV нұсқа)
Бар екен де, жоқ екен, аш екен де, тоқ екен. Ерте-ертеде,
ертегі өткен заманда, халықты хан билепті, халық ханнан зар
илепті. Хан билік бопты, хан еріксе, халық ойыншық болып­

ты... Нақ осы айтқанның өзіндей хан, ұстараның жүзіндей хан,
қаны тасып ерікке хан, шарап ішіп желіккен хан халқына жар
шақырыпты. «Кімде кім алдыма келіп кідірмей, мүдірмей,
қырық өтірік әңгіме құрастырып айтып өтсе, және артынан

қырық ауыз өтірік өлең айтса, сол адамның төбесінен төмен
қарай алтын құямын, бүкіл өміріне жететін байлық, мал-
мүлкімнен бөліп беремін. Жазаласа қызымды беріп күйеу қып,
қасыма уәзір етіп отырғызамын. Бірақ сондай сертім бар: егер

әңгімесінің, ия өлеңінің ішіне бір ауыз да болса рас сөз қосылса,
тоқтаусыз дарға тартқызамын»,—депті.
Ханның бұл хабары ел арасына тарап, жұрттың құлағына
тегіс тиген соң «үмітсіз шайтан» әркімнің-ақ арқасы қозып, ие­

гі қышиды. Не аузы-аузына жұқпаған сәйгүлік шешендер, не
ақындар, ханның алтынынан үміттеніп: «Ой, айтпай несі бар?»
деп ханның алдына барып, қиыстырып айта алмай, келіс­тіріп
сөйлей алмай талайлар күнәсіз дарға тартылыпты.

Кейбіреулер даладан «айтармын-ақ» деп құлшынып кел­
се де, қаһарлы ханды, қанға боялып тұрған дарды көргенде
ақылынан адасып, есінен танып, үрейі ұшып, түк айта алмай
сырттан қайтып кетіпті.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сертін орындай алмай күнәсіздан-күнәсіз ханның ойын­
шығы болып дарға тартылып өлгендерден ханның сарайы қан
сасыпты.
Жұрттың ең соңынан кедейліктен әбден сіңірі шыққан, мой­

ны ырғайдай, биті торғайдай, өмірінде жарып ас ішіп, шалқып
киім кимеген, жарлылықтан міні жоқ, үсті-басы пәре-пәре,
аяғы тілінген, алақаны жарылған, көзі аларған, ерні кезерген
бір жас жетім бала келіпті. Есік алдында отырған жұрт:

—Жаным-ай! Жауқазындай жас бала көрінесін, сенен ес­

тияр, не шешендер, не ділмарлар айтамын деп келіп, айта ал­
май, босқа өлгендердің есебі жоқ. Жарқыным, тумай жатып,
өмірден орын таппай өлуге асығып жүрген неғылған бала­
сың? Ізіңше еліңе қайт! Тілімізді ала ғой,—деседі. Бірақ бала

көнбейді. Хан сарайына кіріп, ханның алдына келіп, «алды­
жарлап» бас иіп, тізе бүгеді. Сонда хан:

—Е, не арызың бар?—деп сұрайды.

—Тақсыр! Жарлығыңызды естіп, өтірік әңгіме мен өтірік

өлең айтқалы келіп тұрмын,—дейді. Хан миығынан күліп,
мысқылдап, баланы көзіне ілмей:

—Үлкендердің қолынан келмеген, сенің қолыңнан қалай

келсін? Қыршыныңнан қиылып кетесің ғой,—дейді.

—Тақсыр, сол көптен менің жаным ардақты ма? Айта алма­

сам, өз обалым өзіме, лұқсат етіңіз,—дейді.

—Ал, ендеше, сөйлей ғой,—дейді хан. Жетім бала сөйлеп

ала жөнеледі:

—Тақсыр! Әкемнің белінде, шешемнің құрсағында жүрген

кезімде, әкемнің әкесінің жылқыларын он бес жыл бағыппын.
Алған ақыма өзіме қалың беріп қатын алыппын, бесті-ал­
тылы бала сүюлімін. Сол қатынымнан туған балаларымның
қолымдағы кенжесі осы уақытта жиырманың бесеуінде, өзім­

нен он жас үлкен.
Жаздың шарша тамызында бір қайнап тұрған ыстық күні
«жылқымды суарайын» деп құрық үстіне құрық салып жау
тигендей қуалап жөнелдім. Айдын шалқар бір құдыққа кел­

сем, тақсыр-ай, күннің ыстығын сонан білерсіз, құдықтың суы

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

қалыңдығы кісі бойы, қол ұсыным мұз болып қатып қалып­ты.
Жалма-жан «суат оя қояын» деп ат үстінде тұрып балтамен
олай шапқыладым, ойылмады, бұлай шапқыладым, ойылма­
ды, балтамның жүзі жапырылып қалды. Балтамды қойныма

салып қойып, сүйменімді қолыма алып, олай түйгіштедім, бұ­
лай түйгіштедім, болмады, сүйменім майысып қалды.
«Енді не қыламын?» деп дағдарып тұр едім, бір амал ойы­
ма түсе қалды. Дереу кеңірдегімнен ұстап басымды кеудем­

нен жұлып алып, шекеммен ақырын ғана мұзды бір нұқып
қойып едім, тақсыр-ай, бірі өтірік болмасын, мың жылқым
қатар тұрып су ішетін суат ойылды да қалды. Және менің
бағыма құдықтың суы зәрдей ащы шығып, сонда да жылқым

талғамай ішіп, іші-сырты бірдей болып, қарыны қампайды
да қалды.
Онан соң жылқыларымды көк мұзды жарып шыққан сар
балауса мен көк жоңышқаға матап салып, санамай, түстемей

түгендегенімде, алты құлаш ала биеден туған, жеті құлаш жи­
рен құланым жылқының ішінде де, сыртында да жоқ болып
шықты. Ұры алғанын да білмедім, пері алғанын да білмедім.
Ары-бері қарап тауып ала қояйын деп жалма-жан құрығымды

мұзға шанша салып, басына шығып төңірекке көз жіберіп
едім, көрінбеді. Құрығым аласа болған шығар деп, құрықтың
басына пышағымды шаншып, оған шығып қарап едім, тағы
көрін­бей­ді. Пышағымның басына қынымды шаншып, оған

шығып қарап едім, мұнда да көрінбейді, көңілім әлі биіктеуде
болып, қамшымды шаншып, тағы биіктеттім. Оған да шығып
қарап едім жау алғыр тағы көрінбейді. «Енді не жалғаймын?»
деп көзімді жұмып, ойға қалып тұрғанымда қалт есіме түсе

қалды. Тілім­нің астына салып жүрген тебен инем бар екен,
қуанғанымнан со­ны ала салып, қамшымның басына шан­
шып, және шығып кө­зім­ді адырайтып қарап едім, және көре
алмадым. Әбден дағдар­ған соң құрығымнан «Япырмай, енді

не жалғайын, ақылың болса айтшы»,—деп ақыл сұрадым. Ол
ант ұрғанның жатып тұрып өзімді сөккені ғой, сөккенде не
дейді: «Ит болмасаң, айна­лып-айналып жерге қарай бергенше,

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

көзіңді шарт жұмып аспан жаққа қарасаң болмас па еді?»—
дегені ғой. «Ойбай-ау, аспанды бұлт басып тұрғанын көрмей­сің
бе?»—деп едім, онан жаман балағаттап: «Ант ұрған-ау, қо­лың
жоқ па еді? Бұлттың арысын ары, берісін бері серпіп жібер­сең

болмас па еді?»—деді.
Ойлап тұрсам оның өзі де жөн екен. Дереу қолымды со­
зып жіберіп бұлттың былайғысын былай, олайғысын олай
сыпырып жібергенімде күннің көзі жарқырап, шайдай ашыл­

ды да қалды. Әбден мұралым беріп, көзімді шарт жұмып,
аспанға қарағанымда тамаша, мұнан артық не болсын? Темір
қазықтың ар жағында, Шолпан жұлдызының бер жағында,
Қап тауының етегінде манадан бері қарап таба алмай жүрген

жирен құлы­ным бір бәйтеректің бұтағына шығып құлындап,
құлынын емізіп тұрғаны көзіме жарқ ете түсті. Қатыным
ұл тапқандай қуа­нып, құрығымның басында тұрып секіре
беріппін. Жалма-жан құрығымды қайық қылып, пышағым­

ды ескек қылып теңізге түсе қалып едім, шым батып барамын,
дереу пышағымды қайық қылып, құрығымды ескек қылып
түсе қалғанымда, кірпік қаққанша шыр етіп теңізден өте
шықтым.

Жирен құлынға міне салып, жас құлынды алдыма өңгеріп
қайтадан теңізге түсе қалғанымда, шым батып барамын, де­
реу жас құлынға мініп, енесін алдыма өңгеріп, түсе қалғаным­
да жануардың сушылы-ай, көзді ашып жұмғанша теңіздің

бетімен де емес, түбімен де емес, ортасымен де емес зыр етіп өте
шықтым.
Жылқыға келген соң жүріс алған неме тағы бошалап кетіп
әуре қылып жүре ме деп енесін құлынына, құлынды айғырдың

құйрығына байлап жылқыға қоспай далаға айдап қоя бердім.
Бір уақытта айдын мұздың үстіне қарап тұрсам, бітпеген қу
тобылғының түбінде тумаған бір ту қоян жатыр екен. Жалма-
жан садағымды алып, оғымның масақ жағымен атып едім,

өтпеді. Масақ жағын кіріске қойып кер жағымен тартқанымда,
жұлдыздай ағып өтті де кетті.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Асығып-үсігіп атымды бір қу қазыққа байлай салып, ете­
гіме тезек тере бердім. Бір уақытта қарасам, атым өз-өзінен
ертоқымын бауырына алып, тасталқан болып үркіп-тулап жүр
екен. Етегімдегі тезегімді төге салып, атыма қарай жүрейін

десем, сұмдық-ай, манадан бері «тезек» деп тергенімнің бәрі
бөдене екен, пыр-пыр етіп алды-алдына ұшты да кетті.
Манағы «қу қазық» деп атымды байлағаным аққудың мой­
ыны екен. Соның серпіген қанатынан үркіп атымның тулап

жүргені де сол екен. Атымды ұстап алып, манағы тебен инем­ді
қазық қылып, басымды тоқпақ қылып жерге қағып жібе­ріп,
атымды соған байлап қойып «ух» деп демімді алдым. Атып
алған қоянымды сояйын десем, қынымда пышағым жоқ.

«Апырмай, қайда қалды?» деп ойға қалып тұрғанымда үш
күн, үш түнде барып есіме түсе қалды. Баяғы құрығымның ба­
сына шанышқан бойымен сонда ұмытылып қалған екен. Соған
қайта баруға еріндім де күрек тісімнің біреуін суырып алып,

соны­мен соя бердім. Қашаннан өзімнің мал сойғыштығыма
салып жеде қабылдап, қоянды үш күнде сойып болдым, оның
етін қақтап, тұздап, «енді майын ерітіп алайын» деп бір бүтін
қазанға салып еріткенімде, менің сорыма май ағып тұрмады.

Дереу бүтін қазанды тастай салып, бір тесік қазанға салып
едім, тақсыр-ай, мұндай қызықты көріп пе едіңіз? Бір тамшы
тамбай тұра қал­ды. Еріген майды ыдысқа қотарғанымда бір
түйе қарнына, бір өгіз қарнына, бір борсық қарнына әрең-әрең

сыйғыздым.
«Бұл титтей май менің қай күніме жарайды? Онан да етігімді
майлап алғаным олжа шығар» деп бас салып майлағанымда,
бір етігімнің шұлығына зорға жетті. Қонышына жетпеді. Анау

етігім мүлдем ауыз тиместен қалды. «Ер еңбегіне бір тойсын»
деген сөз бар еді-ау деп, қоянның бір кесек етін қолыммен әрі-
бері күн көзіне ұстап пісіріп, аузыма салайын деп апарғанымда
сұмдық-ай, аузым орнында жоқ. Жүрегім мұздай болып, «япыр­

май, аузым қайда?» деп қайта-қайта бетімді сипаласам, аузым
жоқ дегенім ойыншық екен, солаймен кеудем де, басым да жоқ

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

екен. Тақсыр-ау, сондағы қорыққаным әлі күнге дейін есім­нен
кетпейді.
«Япырмай, бассыз қалай күн көремін?» деп алақанымды
маңдайыма қойып ойға батып тұрғанымда, біреу иығымнан

тартып: «Әке! Мынау басты танисың ба?» деді. Байқап қарасам,
өзімнің басым, тауып әкеліп тұрған—өзімнің балам. «Шыра­
ғым, мұны қайдан таптың?»—деп сұрағанымда, «Суат ойған
жеріңде жатыр екен. Сенің басың екенін танып әкелдім»—деді.

Тақсыр-ай, сондағы қуанғаным әлі есімнен кеткен жоқ. «Көп
жаса! Бай бол. Үбірлі-шүбірлі бол!»—деп балама бата беріп,
алғыс айттым.
Көптен ұйқы көрмей сергелдең болып жүрген байғұс ба­

сым, сол мезгілде ұйқы қыстап қалғымайын ба? Мұздан төсек,
қардан жамылғы қылып жата қалсам, төсектің жылылығына
бұйығып өлген адамдай ұйықтаппын да қалыппын. Түн ортасы
болған кезде бір нәрсенің сарт та-сұрт келген дыбысымен шо­

шып ояндым. Қарасам, екі етігім жұдырықтасып, қызыл-ала
қан болып төбелесіп жатыр. «Бәтір-ау! Бұларың қалай?»—деп
сұрағанымда, май жағылмаған етігім жыламсырап: «Қайтейін,
май біткеннің бәрін анау жалмауызың ішіп қойды, маған ауыз­

да тигізген жоқ»,—деді. Екінші етігім анау етігіме тап беріп:
«Өзіңнің кем несібелілігіңнен көрмей, майдың жетпегенін ме­
нен көргенің сасқаның ба?»—деді. Ашуымның әбден келгені
емес пе? Маңдайларынан бір-бір шертіп, екеуін екі жағыма

қойып, жата бердім.
Таң атқан соң қарасам, көзін ашпағыр, май жағылмаған
етігім өкпелеп түнде қашыпты да кетіпті. «Алда жүгермек-
ай!» деп, екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсіп қуа

бердім.
Айдан айлар жүрдім, зорығып астымдағы атым өлді. Жыл­
дан жылдар жүрдім, етігімнің күйігінен іші жанып үйімде
қатыным өлді. Бір күндерде өгіздің желкесіндегі қашырына

қауын егіп, пісіріп отырған бір егіншіге кез келдім. Егінші
бейшара бір піскен қауынды алдыма қойып: «Жарқыным,
пышағың бар екен, өзің жарып жей ғой!»—деді. Кездігімді

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

суырып алып, қауынға салып қалғанымда, шіркіннің жетесі
босап жүр екен. Темір тегі суырылып, қауынның ішіне түсті
де кетті. «Қап, жолым қырсығып жүрген бейбақ едім, бұда
соның салдары ғой» дедім де, «бала күннен бірге өсіп, біте

қайнаған замандасым еді. Қалай көзім қиып тастап кетейін»
деп қауынның ішіне сүңгіп кірдім де кеттім. Ал ізде, тау да
қалмады, тас та қалмады, тоғай да қалмады. «Апта болды-ау!»
дегенде маған ұқсап жоқ қарап сандалып жүрген бір жоқшы­ға

кез болдым. Жоқшының түсін-түгін, ен-таңбасын айтып сұ­
рап едім, Құдай соққан неменің «ту!» деп, былш еткізіп бетіме
түкіріп жібергені ғой. «Ау! Жының бар ма? Неге түкіресің?
Мен жоқ сұрап тұрмын ғой»,—дедім. О да бір шытынаған

неме екен, менен қалыспады, ақырындап: «Жынды демей
не дейін, мен бір айдан бері әлденеше атымды зорықтырып
бір айғыр үйір қысырағымды таба алмай жүргенімде, сен
төрт еліге толмайтын теміртекті іздейсің»,—дегені. Мұның

бұл сөзіне шыдай алмай сол жерде жаттым да төбелестім,
қан болмаған жеріміз, жұлынбаған сақалымыз қалмады,
ақырында оның да, менің де сілеміз құрып, шаршағаннан соң
екеуміз де төбелесті қойдық. Бір-бірімізден насыбай атысып,

жөн-жөнімізге кете бердік.
Бір күндерде ұлы жиын, ас беріп жатқан қалың елдің
үстінен шықтым. «Жақсы болды ғой, осы жиыннан етігіме
де, кездігіме де сұрау салайыншы» деп ошақты жағалап келе

жатқанымда, аста табақ тартып жүрген бозбалалардың ара­
сында табақ көтеріп жүрген баяғы қашқан етігімді көріп, ана­
дайдан қуанып секіре беріппін. Етігімнің де көзі мені шалып
қалып, ұялғанынан қып-қызыл болып қолындағы көтерген

әйдік табақ қазы-қарта, жал-жаяны әкеліп: «Кешегі маған
жағуға қимаған майың осы ма еді?»—деп, алдыма сарт еткізір
қоя салды.

—Пай, пай, тақсыр-ай! Сондағы ұялғаным өмірімде есімнен

кетер емес. Мінекей, тақсыр! Туғаннан бергі жердегі басым­нан
өткен істер осы,—деп бала әңгімесін бітірді.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Баланың қиыстырып бір ауыз да рас сөз араластырмай ай­
тып сүрінбегеніне хан таңғалып:

—Қане, бала! Енді өтірік өлеңіңді айтшы,—депті.

Сонда бала айтты:
Қайныма қарға мініп ұрын бардым,
Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,

Алдында қайын атамның қырындадым.
Жүк артып инелікке ерте көштім,
Шүйкелеп, сары майдан арқан естім.
Мұртына шегірткенің ат арқандап,

Дегенде өлдім-талдым әрең шештім.
Міндім де сасық қоңыз аяңдадым,
Болдыртып аяңымен қоян алдым.
Япырмау, сол қоянның семізін-ай,

Көтеріп қоңызыма қоя алмадым.
Міндім де жасыл қоңыз, сона қудым,
Басынан мұнар төбе сағым будым.
Дәулеттің маған біткен арқасында,

Қанменен көйлегімнің кірін жудым.
Үш жаста мергеншілік кәсіп қылдым,
Шие оқ мың құланды атып қырдым.
Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,

Ұялмай жүз тұсақтан сатып тұрдым.
Балықтың қабыршағын отқа жақтым,
Өтірік өлең айтып жұртқа жақтым.
Бір сонам асыранды қашып кетіп,

Меккеден он жыл іздеп әзер таптым.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Ақылдан ер жеткен соң болдым жарым,
Бір суыр мал дегенде қолда барым.
Қатыным тел қоянды жаздай сауып,
Түйреді сары майды екі қарын.

Беріпті бақа қызын көбелекке,
Жүріпті қара шыбын жеңгелікке.
Бір туын құмырсқаның ұстап сойып,
Той қылып ат шаптырып төңірекке.

Міндім де сары қоңыз, сона қудым,
Үш жұма, үш ай жүріп қона қудым.
Қумасқа белді байлап тұрып едім,
Дегенде жеңгем жерік бола қудым.

Бай болдым төрт түлікке тумай жатып,
Балама қалың бердім бәрін сатып.
Білімін мал жиюдың ерте біліп,
Сондықтан кедейлікке қалдым батып.

Байлықтан ыза жектім ақырына,
Бір түйір мал болмады жақынымда.
Малымның бәрін жинап отқа жағып,
Отырмын кедейліктің тақырында.

Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,
Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.
Бір талын сақалымның кесіп алып,
Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.

Жиынға, салтанатқа кидім құрым,
Қытықтап зорға айтқыздым ханның сырын.
Келгенде қалыңдығым сексен төртке,
Қайныма бес жасымда бардым ұрын.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Жүз салған қорғасыннан қара балтам,
Шықпады он матадан сыңар қалтам.
Дәулеттің маған біткен арқасында,
Көшкенде жүз түлкіге жүгімді артам.

Айдадым жылқы қылып отыз түлкі,
Борсықты ұстап мінсең, аттың мүлкі.
Ішінде топ адамның тулап жығып,
Қылдың-ау, ойбай, қарсақ, жұртқа күлкі.

Арасын жырып қостым Сыр қуаңның,
Масықтым елін билеп бес дуанның.
Екі жүз құнан қойым егіз туып,
Осыған нанар болсаң, көп қуандым.

Мен көрдім қара шіркей бала қаздай,
Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай.
«Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын» деп,
Қан түсіп аяғыма өле жаздай.

Тамырға өтірікті қап-қап бердім,
Найзасын нән қамысқа саптап бердім.
Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,
Түлкіге түсте қашқан тап-тап бердім.

Басынан Қап тауының қора қылдым,
Бітер деп бес мың жылқы, жора қылдым.
Топан суы тау басына дамыл бермей,
Қылмасқа енді қора тоба қылдым.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірік-ті,
Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.
Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,
Япырмай, тулап бәрін өлтіріпті.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Мен өзім кішкенеден қарға бақтым,
Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.
Біреуі жануардың үздік шығып,
Мойнына ақ киізден тұмар тақтым.

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім балуандықпен соның бәрін.
Түйеге теңдеп бәрін қойғанымда,
Мертікті көтере алмай қара нарым.

Мизамның сілемейін желі қылдым,
Шыбықтың жұмыртқасын келі қылдым.
Қамыстан сегіз қанат үй істетіп,
Жонынан кесірткенің көген тілдім.

Шыбынның шылым шектім бақайынан,
Қожанның атым үрікті топайынан.
Баланың ақылы артық, ойы жетік,
Көр тышқан етік қылдым шоқайынан.

Басына бәйтеректің тіктім орда,
Көк орай шалғын екен қорда-қорда.
Қос атпен күні-түні бірдей қуып,
Қашаған бір битімді тұттым зорға.

Мен өзім өтіріктен пайда еткенмін,
Биялай, бит терісін қалта еткенмін.
Етіне бір шіркейдің қазан толмай,
Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін.

Мыс егіп көбік қарға, алтын ордым,
Ізіне ап жыланның қақпан құрдым.
Шегірткем мініп жүрген тұлпар еді,
Жалғыз тал қыл қамшыммен өлгенше ұрдым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Түгестім сапты аяқпен Сырдың суын,
Он нарға артып жүрмін қыздың буын.
Еншіге әкем берген мың қожанның
Соғымда қырып алдым барлық туын.

Тілімнің келмейді ебі өтірікке,
Тақсыр-ау, осыным да өтірік пе?
Қырық байтал қалың малға санап алып,
Қыз бердім отау тігіп кекілікке.

Биені қымыз іштім мұзға байлап,
Тышқанды жауыр қылдым үш жыл жайлап.
Қырық тоғыз мүшелімде әкем туып,
Жүгірдім қуанғаннан алақайлап!

Отыным жазғы жаққан мұздан болды,
Салымым сексендегі қыздан болды.
Былтырғы жер ошаққа жаққан отым,
Тұтанып зорға биыл қызған болды.

Сауысқан алып ұшты бөлтірікті,
Айтпаймын, қыз берсең де, өтірікті.
Шіркіннің тепкісінің қатысын-ай,
Бір қызды шыбын теуіп өлтіріпті!

Шаянның шаңырақтай омыртқасы,
Көнектей көлбақаның жұмыртқасы.
Болмаған енді шындық несі қалды?
Түбінен жау қиятың ердің қасы.

Жонынан атжалманның айыл алдым,
Үш жөргем ішін жарып майын алдым.
Ізіне аттың басқан қақ тұрыпты,
Қырық құлаш қармақ салып жайын алдым.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Қошқардың қағанақтан күйегі бар,
Шідердің мұздан жонған тиегі бар.
Тақсыр-ау, осыған да нанбаймысың,
Қырық арба бір қаншырдың сүйегі бар.

Шыбынның шылым шектім қу басынан,
Атжалман арқан естім шудасынан.
Қырық қарға, отыз сона құда түсіп,
Инелік киіт киді құдасынан.

Серік боп құрқылтаймен қылдым сауда,
Айналды серіктіктің арты дауға.
Борсыққа жарап жүрген міне шауып,
Ұрандап бір бүйірден тидім жауға.

Дарияға тоған бастым ебелектен,
Жаратып қасқыр қудым көбелекпен.
Жығылып таскенеден, мойны үзіліп,
Бір кемпір «ә» дегенше өле кеткен.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Борышыма қатынымды кіреу қойдым.
Жүрегін құрқылтайдың төрт бөліп жеп,
Нансаңыз, өмірімде бір-ақ тойдым.

Сауысқан әбден асты аққуды іліп,
Елімді қызғыш шауып салды бүлік.
Қақалып кеше кешке жеген етке,
Қолқамда бес жыл тұрды кәрі жілік.

Баланың әңгімесі де, өлеңі де ханның өзі айтқанындай, бір
ауыз рас сөз қосылмай айтылғандықтан, хан жеңіліпті. Айт­қан
уәдесін орындапты.
11-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

5. ТАЗША БАЛАНЫҢ ӨТІРІГІ

(V нұсқа)
Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім
қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұ­
ңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп

отырады.
Шал:

—Не қылып жүрген баласың?—деп сұрайды.

Сонда тазша:

—Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін,—дейді.

Шал:

—Ендеше балам жоқ еді, маған бала бола ғой,—деп, тазша­

ны ертіп, үйіне алып келіпті.
Бір күн шал тазшаға:

—Анау көрінген ағаштың басында ақсары деген құстың

ұясы бар, сол ұяда құстың жұмыртқасы бар. Сен барып құсқа
білдірмей, астынан бір жұмыртқасын алып келші,—дейді.
Тазша:

—Жарайды,—деп жүгіріп барып, ағаштың бұтақтарын

сыл­дырлатпастан басына шығады да, құсқа білдірместен бір
жұ­мыртқасын алып келіп, шал әкесіне береді.
Сонда шал:

—Енді жұмыртқаны апарып, құсқа білдірместен ұясына

салып келе қойшы,—депті.

—Жарайды,—деп апарып, құсқа білдірместен, жұмыртқа­

ны ұяға салып келіпті.
Сонда шал:

—Жарайсың, балам. Қолыңнан іс келеді екен,—депті.

Бір күні тазшаға өгей әке-шешесі:

—Анау көрінген үйде, өздері бай және өлгенше сараң бір

шал мен кемпір бар, үйіндегі мол тамақтан өздері де жарып
ішіп-жемейді, кісіге де нәр таттырмайды. Түнде жатқанда екеуі
қаптағы құртын басына жастанып, қарындағы сары майын
қойындарына алып жатады.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Солардың жұмысын табаным тесіліп, талай жыл істесем
де, жарытып ақы бермеді, ауыз толтырып асап жейтін тамақ
та бермеді. Сол байда табан ақы, маңдай терім өтеусіз кетіп
барады. Мені әке десең, сол кеткен ақым үшін сол қу, сараң

шалдың қойнына тығып жатқан сары майын өзіне білдірмей
алып келші,—дейді.

—Жарайды,—дейді де тазша түнде жұрт ұйықтаған уа­

қытта барып, кемпір мен шалдың үйіне кіріп, екеуінің ара­
лығына кіріп жата қалып, кемпірдің дауысына салып: «Әрі
жат,—деп, шалды шынтағымен бір түртіп, бір уақытта шалдың
дауысына салып: «Әрі жат»,—деп, кемпірді шынтағымен бір

түртіп, ақырында орталарына алып, басып жатқан сары майын
білгізбей; сездірмей алып жөнеліпті. Артынша, ұзамай-ақ
майды жоқтап, іздеп шал шығыпты. Шалдың өзі де жасында
бір қу тазша болған екен: «Бәленше шалдың асырап алған бір

тазша баласы бар еді, сол алып кеткен шығар»,—деп еш жаққа
алаңдап бұрылмай жүгіріп, тазшаға көрінбей бір жағыменен
оның үйіне бұрын жетіп, қолына бір шелек алып, тазша үйіне
кіре бергенде, кемпірдің даусына салып шелекті тазшаның

қолына ұстата береді де:

—Шырағым, майды маған бер де, мына шелекпен бір шелек

су әкеле ғой,—дейді.
Аңқау тазша бөтен адам екенін аңғармай майды беріп,
шелекті ала сала жүгіріп, суға кете беріпті. Шелекпен суды
алып келіп, шешесіне:

—Мә, су,—деп, берсе, шешесі:

—Мен саған су әкел дегенім жоқ. Май әкел демедім бе?—

дейді.
Тазша алданғанын сонда бір-ақ біліп: «Майдың иесі қу неме
екен, майын өзі алып кеткен екен, мен де жетейін. Қайсы­
мыз басым екенбіз,—деп, алды-артына қарамай жүгіріп кете

берді.
Шалдың көзіне түспей, тетелеп барып, бұрын жетіп басына
бір ақ жаулықты орай салып, шалдың алдынан айқай салады:

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Тілеуің құрғыр, шал қайда кетіп едің? Қоралы қойыңды

қасқыр қуып кетті. Жүгіріп жетіп, жылдамырақ қайырып,
ажыратып айдап кел. Болмаса, қасқыр қырып кетеді,—дейді.
Тазшаның кемпір дауысына салып, сөйлеген сөзіне шал
нанып, қолындағы сары майды:

—Ал мынаны,—деп, лақтырып тастап, қойларын іздеп

жүгіріп кете беріпті.
Тазша бала шалды алдап жіберіп, майды алып, үйіне
келіпті. Манағы шал о жақ, бұ жаққа жүгіріп, қойдан дерек
таба алмай, шаршап, сандалып қайтып үйіне келіп қараса,

қойлары ап-аман қорасында жатыр. Шал байғұс алданғанын
енді біліп. «Қап!»—деп санын бір-ақ соғып: «Өзім де жас
уағымда осындай қу­лықты көп істеп едім, қартайғанда алдыма
келгені ғой»,—деп, ерте тұра сала, тазшаның әкесіне барып:

—Сенің тазшаң менің бір қарын сары майымды алып кетті,

майымды қайтарып бер. Болмаса, тазшаңды сөзсіз өлтіре­мін,—
депті.
Сонда тазшаның әкесі бұл шалға:

—Мен майыңды көргенім жок. Егер тазшаның алғанын

анық сезген болсаң, не қылсаң, ол қыл, мен ара түспеймін,—
депті.
Майын алдырған шал қолына бір өткір балта алып, жұрт­
тан жасырынып, көп қорымның ішіне барып, бір те­сіл­ген

қабірдің ішіне кіріп, жасырынып жатыпты. Бұл шал­дың
кемпірі ешнәр­се сезбеген кісі болып, манағы тазшаны ша­
қырып алып:

—Шырағым, көп қорымда әкемнің моласы бар еді. Соған

мына пісірген нанды апарып, жұмалық деп, Құран оқып, басына
отырып, жеп келе ғой, сенен басқа балаларға сенбеймін,—
депті.
Тазшаның қапелімде ойына ешнәрсе түспей:

—Мақұл,—деп, нанды алып, кете беріпті.

Молаға барып, Құран оқып, нанды жеп отырғанда, бір көр­
дің тесігінен бір шал арбаңдап шығып келеді. Қолында балта­
сы бар. Кәдімгі аңдысып жүрген шалы екенін тазша тани кете­

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

ді. Тазша оңайлықпен өле қойсын ба. Шалдан бұрын қам қып,
қолындағы балтасын жұлып алып:

—Сен көрден тірілген қорқақпысың,—деп, шалдың өзі­

не дүрсе қоя беріпті. Шал жалынып, «әке-көке» деп, әзер құ­
тылыпты.
Бұлар тұрған шаһардың ханы халқына өте қатал болыпты,
елге саллықты көп салып, кедей мен жалшыны зар жылатып,

сорлата беріпті. Солардың қатарында тазшаның әкесіне де
салықты мол салып, шал қатты қысылыпты. Бұл жайды білген
тазша әкесіне:

—Сіз қысылмаңыз, ханның өз алтынын өзіне берейік,—деп­ті.

Содан кейін бұл тазша ханның қазынасына кіріп, бір құ­мы­
ра тілләсін алып кетіпті. Ертеңіне хан ділдәнің жоғалғанын бі­
ліп, барлық уәзірін жинап:

—Ұрыны қалайша тауып, ұстауға болады?—деп ақыл­да­

сыпты.
Содан бір уәзір:

—Қазынаның есігінің алдынан шұңқыр қазып белуардан

бататын шырым-желім ерітіп толтырып қоялық, қараңғыда
білмеген адам түсіп кетсе, желімге жабысып қалып, шығып
кете алмайтын болсын! Осындай амалмен ұсталық,—депті.
Хан осы амалды мақұл көріп, айтқандай қылып, желімді

даярлата беріпті. Қу тазша қалайша білсе де, бұл кеңесті біліп
алып, енді қазынаның есігіне жоламапты.
Хан мұнымен де қазынаға түсіп жүргеннің кім екенін анық­
тап біле алмаған соң, ойлап-ойлап екінші амал істепті. Хан­

ның бір бақырауық нары бар екен, ұстамақ түгіл, біреу маңы­
на жақын барғанда дауысының барынша бақырады екен. Сол
нарды шөгеріп жатқыздырып, бірнеше аңдушы қойдырыпты.
Егер нар бақырса-ақ, ұрыны ұстамақ екен. Тазша мұны да біліп,

түнде қолына бір бау жоңышқаны алып барып, алыста тұрып
нарға көрсетсе, нар жоңышқаны жеймін деп, орнынан тұрып,
соңынан ере береді. Нардың дауысы естілмейтін жерге барған
соң, нарды ұстап алып, бір тоғайдың қалың жеріне апарып

байлап тастапты.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Ертеңіне ханның жасауылдары нарды таба алмай, дағда­­
рып, ханға келіп хабар беріпті. Хан бұл амалы да іске аспа­
ған соң, ойлап-ойлап тағы бір амал тауыпты: далаға бір отау
тік­кізіп ішіне жақсы төсектер жайдырып, соған өзінің қы­

зын жатқы­зып: «Қызымменен кім сөйлесіп, махаббаты ке­
ліс­се, қызымды соған беремін!»—деп жұртқа жар салыпты.
Ондағы ойы: «Егер сол ұры амалы көптігіне сүйеніп, қызыма
келсе, қыз, қолына беріп қойылған алмас қылышпен қолын

кесіп алып қалсын, ертең шаһар адамдарының қолын тегіс
көрейін: кімнің қолы кесілген болса, соны ұстатып, дарға
астырайын»,—дегені екен.
Қу тазша бұл амалды да біліп алыпты. Қалада бір бай қасап

бар екен.Түн ішінде жатып қалған қасапқа барып, терезесі­нен:
«Ханға бір қойдың қарны керек еді, терезеден бере ғой»,—деп
дауыстапты. Қасап «ханға керек» деген соң лажы бар ма?—бір
қарынды терезеден қолымен шығарып: «Ал!»—дегенде тазша

қолындағы алмас қылышпен қасаптың қолын қарнымен ша­уып
түсіріпті, сөйтіп, қарын мен кесілген қолды ала жөнеліпті, әлгі
қарынды суға толтырып, аузын байлап, оңаша отауда жатқан
ханның қызына келіпті. Әрі-бері сөйлескеннен кейін, тазша

сыртқа шығып келуге рұқсат сұраса, қыз: Сені тәуір көрем,
жата тұр!» деп, жібермейді. Тазша: «Кетіп қалады десеңіз, менің
қолымды ұстай тұрыңыз!»—дейді. Қасаптың кесілген қолын
қызға ұстатып, қарынның бір жерін тесіп, суды шырылдатып

ағызып, өзі кетіп қалыпты. Бір уақытта қыз: «Осы әлі дәретін
сындырып болған жоқ па?»—деп, байқап қараса, ұстап жат­
қаны бір кесілген қол екен.
Қыз ертең тұра сала әкесіне: «Ұрыны ұстап едім, өз қолын

өзі кесіп, қашып кетіпті»,—дейді. Хан жарлық қылып, шаһар
адамдарының қолын түгендесе, қолы кесілген қасап болып
табылып, хан алдына алып келіп тергегенде, ол көрген, білгенін
айтады. Хан мұның кінәсіз екеніне сеніп, қоя беріпті.

Хан бұл амалы да іске аспаған соң, ойлап-ойлап, тағы бір
амалды тауыпты. Бір күні: «Егер ұры келе қойса, өзім ұстап
алайын!»—деп, оңаша отауда өзі жатыпты. Тазша мұны да біліп,

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

әйелдің әдемі киімдерін тауып киіп, бір сұлу келіншек болып,
түнде келіп, отауға кіріп, ханның қасына келіп қылымсып,
сылқ етіп отыра кетіпті. Сонда хан:

—Не қылып жүрген әйелсің?—деп сұрапты.

Келіншек-тазша:

—Ерім өліп еді, қайнағаларыма тигім келмейді. Сол себеп­

ті, тақсыр, сізге арыз айта келдім. Сүйгеніме тиюге басымды
ашықтап берсеңіз екен!—деп жауап беріпті.
Хан сұлу «келіншекке» қызығып:

—Олай болса, маған ти,—депті.

«Келіншек» тәжім етіп тұра қалып:

—Құлдық, тақсыр! Олай десеңіз, арманым жоқ! Сізге жа­

нымменен тиемін,—депті.
Сөйтіп отырғанда, орданың алдында тұрған ағаштарды көр­
сетіп, «келіншек»:

—Тақсыр, мынау қиқайып тұрған ағаштар не?—деп сұ­рапты.

Хан:

—Кінәлі адамдарды асып өлтіретін дар деген осы,—депті.

Сонда «келіншек» бұрын дарды есітпеген, көрмеген кісідей
болып таңырқап:

—Япырым-ай, мұнымен кісіні қалай асып өлтіреді екен?

Мені асып көрсетіңізші?—депті.
Хан келіншекті дарға асуға ыңғайсыз көріп, дардың арқан
тұзағын өз мойнына кигізіп, келіншекті түсіндірмек үшін:

—Арқанның анау ұшын сен бар күшіңмен тарт, бірақ менің

аяғым жерден көтеріліп, мен буынып бара жатқан кезде,
арқанды босатып қоя бер! Болмаса мен өліп калармын!—депті.
Келіншек арқанның ұшын қолына алып тартыңқырап,
ханның өкшесі жерден көтеріле берген кезде, аяғының ұшы

жерге тиер-тиместей, арқанның ұшын бір ағашқа мықтап
байлап қойып, өзі ханның қазынасына кіріп, тағы бір құмыра
тілләсін алып кетіпті.
Ертеңіне ханның жан ашыр адамдары дарға асулы, өлі мен

тірінің арасында тұрған ханды көріп, босатып алыпты. Орда­
сы­на кіргізіп, тәуіп- емшілер жинап, емделіп жазылыпты. Бұл

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

хабарлар ұзын елдің ұруына, қысқа елдің қиырына жайы­лып
тарап кетіпті.
Бұл ханның елімен шекаралас бір елдің ханы да мынау іске
талай-талай таңырқай күліпті. Олар: «Болымсыздығынан екі

рет қазынасын, бір рет нарын алдырып, үшінші ретте қызын
базарға салып, онымен тұрмай, өзін дарға тартқызып, жұртқа
масқара болғанша, хан болмай-ак, біреудің қойын бақса болмай
ма?—деп келемеждепті. Ол ханның сықағын есітіп, бұл хан

әбден ыза болып: «Құдай атымен ант ішемін» осы істерді істеген
қу кім болса да, кінәсін кешемін, маған келіп мәлім болсын.
Бірак бір тапсыратын ісім бар, соны орнына келтірсе, бұ­рын­
ғы кінәларын салауат қылып, қызымды беріп, күйеу қыла­

мын!»—деп, жұртына жар шақырыпты. Мұны есітіп, баяғы
тазша: «Қайыр! Не де болса, тәуекел қылып көрінейін!» деп,
ханға келіп, мәлім болыпты. Сонда хан:

—Бәлен ханды амалын тауып, пенде қылып, маған әкеліп

берсең, барлық кінәңді кешемін, күйеу қылып қызымды да
саған беремін!—депті.
Тазша ханның бұл тапсырған қызметін қиынсынбай, қа­
был алыпты, шаһардағы бар ұсталарды жидырып, әуелі бұлар­

ға темірден бір бітеу арба соқтырыпты. Оның іші-сыртына
қоңырау байлатыпты, өзіне арнап жұп-жұқа каңылтырдан
әйдік бір шоқпар жасатып, оны қолына алыпты, және бір көк
серкені сойдырып, терісінің жүн жағын сыртына қаратып

үстіне киіп, терінің қылшығына қырық жерден қоңырау
тақтырыпты. Сөйтіп, өзі бір керемет секілді болып, әлгі арбаға
мініп, қаңылтырдан қалқан алып, түніке шоқпарды иығына
салып, манағы ханның шаһарына келіп кіріпті. Теке болып

бақылдап, қоңырауларын дүр шыңғырлатып, сылдыратып
айқай салыпты.

—Мен, мен Құдайдың жіберген періштесімін! Бұл шаһар­

дың ханы залым екен. Қара бұқараға қатал екен. Ей, бұқара
ха­лық! Құдай Тағала сендерге залым ханыңызды өз қолда­
ры­ңыз­бен ұстап, байлап менің бітеу арбама салып беруіңе
бұйрық қыл­ды. Сонда Құдай Тағала сендерге риза болады.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Егер оны қыл­май, ханыңызды жақтап, оған болыссаңдар,
сол Құдайдың өзінің бұйрығы бойынша: біреуіңді де тірі
қалдырмай, қолымдағы он мың пұт шоқпармен шаһарың­
ның кірпішін тас-талқан қып, топырақ етіп, шаң-тозаңын

ұшырып жіберемін!—депті.
Сонда шаһардың халқы тазшаның айбатынан қорқып:
«Қой, өз басымыздың амандығы керек! Мынау Құдайдың
жіберген бәлесіне қарсы тұрып болмас, «залым ханнан құ­

тылғанымыз тағы олжа»—деседі де, ханын ұстап, байлап,
бі­теу арбаға са­лып беріп, «періште» тазшаны жалынып- жал­
пайып жөнелтіпті.
Тазша ханды пенде қылған бойымен алып кетіп, өз ханына

тапсырыпты.
Сонда бұл хан тұрып, тұтқын ханға:

—Ия, сен маған күле беруші едің, өзің не қып мұндай күйге

жолықтың? Мұнан былай күлме! Менің жұртымда да осындай
өнерлі адамдар бар!—деп, қоқиланып, мақтаныпты.
Ақырында, екі ханның екеуі де тазшаның өнеріне риза
болып, екеуі де бұған қыздарын беріп, тазшаны өздеріне әрі

күйеу, әрі ақылгөй уәзір етіп ұстаған екен.

6. ӨТІРІК ЕРТЕГІ

Бір кедейдің үш баласының ортасында мал дегенде бір
жалғыз өгізі болыпты. Өгіз орасан үлкен, асқан алып екен.
Өгізді оттату үшін үлкені басына, ортаншысы беліне, кішісі
құйымшағына мініп оттатады екен. Бір күні жайылымда

жүргенде өгіз оттамай қалыпты. Құйымшағында отырған кен­
же бала: «Өгіз тышпағалы бүгін он күн болды, осыны орта бел­
дегі ортаншыға айта салыңыз»,—деп жонынан өтіп бара жат­
қан бір жолаушыларға табыстапты. Жолаушы ұзақ күн жүріп,

кешке қонаға өгіздің ортасындағы ортаншыға жетіпті. Кейінгі
кенженің: «Өгіз тышпағалы он күн болды» деген сәлемін айтса,
ортаншысы: «Осы өгіздің бүйірі орталанып, іші қабысып бара

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

жатыр ма деп кәдіксініп отырмын, өгіздің басындағы ағамызға
бара қалсаңыз, жолыңыздан айта кетерсіз»,—депті. Жолаушы
түнімен жүріп, таң ата өгіздің басына жетіпті де өгіздің ба­сын­
дағы балаға: «Мен осы өгізді өрлей ат шалдырмастан да­мыл­сыз

бір күн, бір түн жүріп келемін, құймышақтағы кенже: «өгіз
тышпағалы он күн болды» деп, ортадағы ортаншыңыз: «өгіз­дің
бүйірі орталанып, іші қабысып бара жатқанын байқап отыр­
мын деп саған сәлем айтты»,—депті. Сонда басындағы бала: «А,

өгіз шөлдеп жүрген»,—деп, су іздепті. Мөлшерлі жерден өгіз
қанарлық мол су таба алмапты. Енді кейін кетіп бара жатқан
жолаушыға басындағы бала табыстапты: «Өгізді ұлы көлге суға
бақтыруға дария, көл іздеп барамын, ортадағы ортаншыға әдейі

жолығып айтыңыз, өгізді тездетіп тебінсін»,—депті. Жолау­шы
жүріп отырып шаңқиған түсте өгіздің ортасындағы ортан­шы­
ға келіп, басқа баланың тапсырғанын айтыпты. Онда ортан­шы
бала: «Ендеше, ерте барсаңыз, құйымшақтағы кіші кенжеге

айта салыңыз, қаузап қамшылансын»,—депті. Жолаушы күн
ұясына кіре өгіздің көтіндегі кіші кенжеге жетіп, ортадағы
ортаншының тапсырғанын айтыпты. Басындағы бала өгізді
айдын шалқар көлге суға суғарыпты. Өгіз үлкен көлді үш-

ақ ұрттап, қанбай қалыпты. Үшеуі өгізден түсіп тұрғанда,
аспаннан бір ақиық бүркіт келіп өгізді іліп әкетіпті. Өгізді
алған бүркіт аралап жүріп бір бәйтерекке қонса, ол бәйтерек—
бір серкенің сақалына көлеңкелеп жатқан бір шалдың көзіне

өгіз түсіп кетіпті. «Арылта қарап, алып тасташы!» десе, кемпірі
әрі қарап, бері қарап таба алмай, әдейі арылта іздеуге сары
атқа мінгізіп, сабау ұстатып, салт атты кісі жіберіпті. Бұл кісі
өгізді үш күн қарап әзер тауып, көздің көліне түсіп арам өлген

жерінен тақымға салып сүйретіп шығарып тастапты.
Екі-үш жылдан кейін өгіздің өлексесіне шөп шығып, сүйегі
солқылдаған саз болыпты. Жауырын сүйектің жазығына ел
жайлап, мал жайылатын өріс болыпты. Бір күн отырған ауы­

лымен, жайылған малымен жауырынды бір түлкі сүйрей жө­
неліпті. Ауыл адамдары бәйге атпен, қыран тазымен жабыла
қуып түлкіні соғып алыпты. Түлкінің терісін илеп бәйбіше

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

баласына тымақ қылып берсе, бір құлағына жетіп, бір құлағына
жетпей қалыпты.
* * *
Өз әкемнен тумай тұрып, тумаған ту атамның жылқысын

бақтым. Бір күні келе жатсам, шықпаған шидің түбінде тума­
ған ту қоянның көжегі жатыр екен. Өзегі өрілмеген, өрім қайы­
сы керілмеген, сабы қайылмаған тоғыз орайлы тобылғы сапты
қамшым бар еді. Үзеңгіге шіреніп, керіле беріп тигізбей салып

жібергенде миы жындай бұрқырады.
Одан өтіп келе жатсам, тумаған қу түлкінің көрінбеген
күшігі шықпаған шырнақта жүр екен. Сабағы салынбаған,
қорғасыны құйылмаған, дәрісі дарымайтын, мыртық мерген

мылтығым бар еді. Жылғамен жетіп бара жатқанда қарсы
алдынан отыра қалып: «қақ тұмсықтың тұсы» деп атқанымда,
оқ мұрнынан тиіп, жұлынымен жүріп отырып, құйрығының
ұшына барып тоқтаған екен.

7. ӨТІРІККЕ ӘКЕСІНЕН АСҚАН БАЛА

Бір кісі өмір-өміне өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт
екен. Бұл кісі баласын баулып өзіндей өтірікші қылыпты.
Баласы әкесінен де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының
асқандығын барлайын деп бір күні дөңде тұрып баласына

жорта:

—Балам, көзім жетіңкіремей тұр, анау қабақтағы бұл­ды­

раған киік пе?—десе, баласы:

—Е, ананы айтасыз ба? Ол киік емес, арқар екен, бауырын­да

екі қозысы еміп тұр,—депті. Әкесі:

—Қырқаның желкесінен барсақ, жақындап көргендей­

міз,—десе, баласы:

—Әй, әке-ай, әбден-ақ көзіңіздің жанары кеткен екен ғой.

Осы тұрған арыстандай арқарды көре алмадыңыз ба? Арғы
қырқаның берісінен, бергі қырқаның арысынан баспаға барсақ,

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

қақ желкесінен шығамыз,—депті де, әкесін жіберіпті. Әкесі
шын нанып айтқан жерімен барып қараса, арқар түгіл түк те
жоқ екен. Артынан келген баласына әкесі:

—Қане, балам, арқарың?—десе, баласы:

—Арбаңдап қашқанын да көрмей қалып па едіңіз, көзіңіз

әбден болдыраған екен,—депті. Сонда әкесі:

—Балам, өтірікке баулуың әбден жеткен екен, өзімнен ас­

қан екенсің,—деп батасын беріпті.

8. ӨТІРІККЕ БӘЙГЕ

Зерігіп іші пысқан хан жұртты алдап, мазақ етпек болды.
«Кімде-кім мен нанбайтын өтірік айтса, соған алмадай алтын
беремін»,—деп еліне жар салады.
Соқырға көз, ақсаққа аяқ бітіргендей өтірікті қисын­дыра

соғатын талай тілмарлар келді. Бірде-бірі хан нанбайтын өті­
рік айта алмады. Ақырында қолында үлкен құмырасы бар бір
қарт шаруа келіп, хан сарайына кірді. Ханға кішілікпен сәлем
бе­ріп, сөйлеуге рұқсат алды.

—Уа, ұлы мәртебелі тақсырым,—деді ол тәжім етіп.—Сіз

менен қарызға мың діллә алтын алып едіңіз, сол алашағымды
алғалы келдім.
Хан:

—Өтірік айтасың,—деп еді:

—Олай болса, өтірікке деген бәйгеңізді әкеліңіз,—деді қарт.

Алтынды қимаған хан жалт беріп:

—Жоқ, сен өтірік айтпайсың,—деп қалды.

—Ендеше борышыңызды төлеңіз,—деді шаруа.

Хан қарттың тапқырлығына риза болып, оған өтірікке бел­
гіленген бәйгесін берді.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

9. ЕКІ СУАЙТ

Баяғы заманда заманы бір замандас, қатары бір құрбылас
үш адам болыпты. Бұлардың екеуі өтірікші болыпты да, біреуі
оларға үнемі төреші болыпты. Төреші дегеніміз әділі мен расын,
өнері мен өтірігін көзбе-көз, бетпе-бет айтып беретін адам екен.

Сол екі өтірікші мен бір төреші қартайып тұғырдан түсіп,
тоқсанға келіп тоқтасып қалған шағында бір үйде бастары
қосыла қалыпты. Осы екі сөзді қосақтап-көпіртіп, лепіртіп
сөйлеуді өздеріне үлкен өнер санайды екен.

Бұлардың ол сырына ежелден қанық өзінің үзеңгілес жол­
дасы төреші Тайжан:

—Үшеуміз де кәрі буын, көпті көрген көне екенбіз. Ке­

лешектің гүлі жас буын, мынау отырған бал бөбек балалар
да ести отырсын. Мал сойылып, ас түскенше сары қымызды
сіміре отырып әңгіме дүкенін құрайық. Кәне, Түсіпбек пен
Байсенбек, өткен-кеткеннен әңгіме шертіңдер,—депті оларды

тым қолтықтай түсіп.

—Жөн айтасын, Тайжан! Мұндай бас қосыла бермейді, бас

қосылғанда көңілді отырған бір ғанибет. Бірақ төрешіміз өзің
бол, кәне, қайсымыз бұрын сөйлейік?—депті Түсіпбек жел­піне
отырып.

—Онда бастапқы сөзді Түсекең бастап, соңғы сөзді Бейсе­кем

жалғап кетіп отырсын,—депті төреші Тайжекем.

—Әне бір жылы қатал бір жұт болды. Ақпан айы ақырап,

қаңтар айы қақырап келді. «Ту!» деген түкірік жерге түскен­
ше қатып қалып, жағаңа жабысып жатқан бір үскірік аяз күн
еді. Бір айғыр үйірімен ықтап кетіп, соны іздеп ат сабылтып
келе жатқан бетім еді. Шоқ болып өскен қызыл тобылғының

түбінен бір қоянның көжегі кездесе кетті. Ойда жоқ жерден
кебек үстінен шыға келгенімде, қоянның қашуға да мұршасы
келмеді. Көзін бақырайтып, құлағын жымитып етпетінен шөге
түсіп жата қалды. Жалма-жан атымнан түсе қалып кебегі­нен

көтеріп алсам, кежектеп жатқан бір еркек қоян екен. Уай, то-

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

ба-ай, баға келсем, өз өмірінде еркек қоян да бір көжек табады
екен ғой. Міне, саған тамаша! Соны мына мен өз көзіммен
көрдім,—депті Түсіпбек тапжылмастан.
Сонда миығынан күліп отырған түлкі көзді Тайжан төреші:

—Онда, өз өміріңде ер адам да бала табатын болғаны ғой.

Дәуде болса, сол ақпанның қақаған аязыңда сенің сақал-мұр­
тыңа да боз қырау қатып қалған шығар,—дегенінде, өтірікші
болса да, адамның аңғалы екен, өмір бақи сақал-мұртыңа бір
тал қылтанақ бітіп көрмеген жалтыр көсе Түсіпбек:

—Рас айтасың, Тайжан! Ол күні сақал-мұртыма қырау

біткен қатып бақты,—деп, қара шыбын тайғанап жығылардай,
қызыл күрең иегін бір сипап қалыпты. Тыңдап отырған үлкен
аға, кіші іні ду етіп бір күліпті.

—Бір жылы қыс аяғы ұзап, қар кеш кеткен қара дауылды

көктем еді. Үлкен ұлым Жұман екеуміз есік алдындағы кү­ре­
сінге шығып тұр едік. Аспанға қарасам, нақ үстімізден қаң­
қылдап ұшып жалғыз қаз кетіп барады екен.

—Әй, Жұман! Ана бір жануардың, жұмыртқалайтын то­

қымдай құрғақ жер таба алмай, қанатын зорға қағып, әзер-әзер
ұшып, үрпін шаншып бара жатқанын қарашы,—дедім. Ол,
маған жұлып алғандай, сол жерде:

—Әке, үрпін шаншып бара жатқаны рас екен. Өйткені

жаңа үстімізден ұшып бара жатқанда, бір тамшы уызы менің
бетіме тамып та кетті,—деді балам.

—Уа, Бейсенбек! Жылқыда өт, төрешіде бауыр, құста сүт

болушы ма еді? «Ағама жеңгем сай, апама жездем сай» демек­
ші, өзіңе балаң да сайма-сай екен ғой,—депті төреші Тайжан.

—Қысты күні айдалада, қоста жатып жылқы бағушы

едік. Қара құрық қалың жылқыдан қалай аңдысақ та, күнара
бір жылқыны қасқыр жеп кететін болды. Бір күні барлық
жылқышы ыза болып, қару алып жортуылға шықтық. Сол
күні жеті қасқыр тобымен келіп жылқыға шапты. Көзді ашып-

жұмғандай болмады, бір желіңдеп жүрген топбасы биені жа­
рып тастады. Екі жылқышы жарау қос атпен тұра қудық.
Жылқының құйрығынан тартып тұрып тоқтатып, мұрттай

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

ұшырып басқа қасқырларға жығып беретін бір қызыл шолақ,
көкжал арлан қасқыр екен. Қос атпен ұтылап қуып таянып
қалғанымызда, жаны қысылған алты қасқыр ортасындағы
арлан қасқырды тастай қашты.

Сөйтсек, бағанағы көкжал арланның екі алдыңғы аяғын
ертеде қақпан қиған, нақ тізеден шолақ екен. Жаңағы алты
қасқыр көкжалды кеудесіне көлденең ағаш салып, кезекпе-
кезек ауызымен тістеп отырып алып қашады екен.

Біз арланға алданып тұрғанымызда басқасы ұзап шығып,
бізден құтылып кетті. Көкжалды соғып алып, біз кері қайт­
тық. Содан кейін көзіміз жамандық көрмесін, қасқыр атаулы
маңымызға да жоламай кетті,—деді Түсіпбек.

Көзі күлімдей түсіп, көңілі түйткілдеген Тайжан:

—Түсекем, шылғи өтірігіңе беп-береке, бірақ өз ұятыңа дәл

он серке!—деді.

—Ана жылы қыс ортасында, бір атан өгізім зым-зия жоға­

лып кетті. Бармаған жерім де, іздемеген ой-шұқырым да
қалмады. Көктемнің бір көксоқта күні еді. Көнек тауының
беткейіне қой жайып тұр едім. Сол таудың қойнауындағы
Қойтастан көзіме бір қуыс шалынды. Жалма-жан әлгі қуысқа

шауып барып, белімдегі қол күректі ала салып, үш-төрт күрек
кесек қарды ойып-ойып тастап едім. Сізге өтірік, маған шын ар
жағы ұзын өзек сияқты үңірейіп, төбесі жабық қора сипатты
ұзын көше болып кетті.

Сол төбем тимес өзекпен кетіп бара жатсам, жолымда тоқ
сиырдың жас тезегі мен жаңа жүрген ізі жатыр. Ізбен індетіп
жарты шақырым жерге барсам, бұдан жарты жыл бұрын
жоғалтқан атан өгізім, өркеші жоқ түйедей боп басын бір

бүйіріне қайырып салып, жануарым бырт-бырт күйсеп жатыр
екен. Жатқан жерінің шөбі мен көгі тура тізеден келеді.
Асыл шөп пен тұнық судың неше алуаны сол жерде екен.
Атан өгізім жонынан жарылардай нән семіз екен. Қыстай қа­

лың қардың астында қалған көкорай шалғынға әбден борда­қы­
ланып алған екен. Қуыстан шығарып алып, қойыммен қосып
үйге айдап қайтып, атам марқұмды әкесі базардан келгендей
етіп бір қуанттым,—дейді Бейсенбек.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Онда, айыр тұяқ сиыр малын бағып әуре болмай-ақ, қыс

болса-ақ көнек тауының етегіне айдап салу керек болды ғой,—
деп жымың-жымың етті Тайжан төреші.

—Қалың керуен қырғыз ағайынның Тоқпақ, Піспегіне кіре

салдық. Сол сапардан қайтып келе жатқанымызда үш күн,
үш түн нөсер жауын болды. Енді ұзақ жүре алмайтын болған
соң, бір өзеннің қырқа тұсына еру болдық. Түн қараңғы, көзге
түрт­се көргісіз. Қара нөсер жаңбыр төгіп тұр. Ат арқандайтын

бір бұта да таба алмадым. Сонан соң жалғыз талды қазық
етіп, бір түп бетегенің түбін қазып алып, оны қолағаш етіп
шу асау атымды әзер дегенде арқандадым. Ол жақтың бетегесі
қалақтай, бозы таяқтай болады екен,—дейді Түсіпбек.

—Иә, ол жақтың елі мен жерін, бетегесі мен бозын бізде

көрген едік. Әйтсе де, дәл осының көзге шыққан сүйелдей
сөлекет болды,—деді төреші Тайжан.

—Жас кезімде тоғыз шақырым жерде кетіп бара жатқан

қызыл алтайы түлкіні көрдім. Ол түлкіге қасымда ертіп келе
жатқан құмай қара тазымды қостым. Ал енді, бертін келген­
де, бір көлден жалғыз ауыз бытыра мылтығыммен бір атқанда,
отыз бес пар қоңыр үйректі бір-ақ жықтым. Сөйтіп, атқан

үйрегімді әзер дегенде жинап, бір қайық етіп алып шықтым,—
деді Бейсенбек.

—Әй, Бейсенбек! Тіпті түйтігің де жоқ екен. Ең болмаса,

сол атқан үйрегіңнің санын үш есе азайтсаң қайтер еді,—деді
Тайжан төреші.

—Жасымда адам айтып болмас адамның қырағысын көр­дім.

Ол заманда жауласқан екі ел екі қырғасын екі таудың ба­сына
шығарып қойып қарауыл қаратады екен. Қарауыл қарайтын
сол екі тауының арасы екі-үш күндік жер болады екен. Сонда
қазақтың қарауыл жігіті:

—Мені осы жерден ол көріп отыр. Бірақ не адам, не құс

екенімді айырып біле алмай дал болып отыр. Қырғыздың
қыз қарауылы «мені құс екен» деп қапыда қалсын. Бұлғары
қара тоқымды біреуің менің үстіме лақтырып жібер де,
екіншің тоқымының соңынан іле бір тостаған ақ ұнды шашып

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

жіберіңдер. Мен сол мезгілде қара тоқымның тасасымен дома­
лап ойға түсейін.
Сонда, қырғыз қарауылы өз адамдарына:

—Жоқ, бұл қарауылда тұрған адам болмайды. Саңғып

ұшқан Оралдың ақ иық қара бүркіті болды де,—депті.
Ақырында сол жауласқан екі елдің әкімдері: «Екеуі де
қырағы-ақ екен. Осы екеуінен дүниеде теңдесі жоқ адам
қырағысы туады»,—деп екеуін ерлі-зайыпты етіп қосыпты.

Сол екеуінен қырағы бала тумай, түк көрмейтін су қараңғы бала
туыпты,—деді Түсіпбек.

—Көпті көрген көнелер айтқан: «Екі қырағыдан бір су

қараңғы туады» деген мәтел осыдан қалған екен-ау,—деді
талғампаз Тайжан.
Екі өтірікшінің сөзін алма-кезек тыңдап отырған үлкен-
кішісі аралас барлық қауым:

—Тайжеке! Осы Түсекең мен Бейсекеңнің қайсысының

өтірігі шынға бергісіз? Қайсысының өтірігі қисынды, наным­ды
және қызықты?—депті.
Сонда төреші Тайжан ойланбай да тайсалмай:

—Ия, қазіргі біздің заманға қарағанда, осының екеуін де

өтірікші деуге болады. Және бірінен-бірі тіпті басым жатыр.
Ағама жеңгем сай,
Апама жездем сай,
Бірін-бірі аялаған, әлди-ай!—

дегендей, Түсіпбек пен Бейсенбек те біріне-бірі сайма-сай. Ал
енді, мұның анығын айтқанда: «Өтіріктің өзіне сенбе, қашанда
оның қисынына ғана сен» деген сөз—рас сөз.

10. ҚЫЗ БЕН ТАЗША

Бұрынғы өткен заманда бір қыз патша болған екен. Қыз
патша күндердің күнінде қол астындағы халқына: «Кімде-кім
12-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

мені алғысы келсе, жатқан жерімнен қозғамай, үш рет тек
сөзбен көтерсе, сол кісіге тиемін» деп жар салады. Сол уақытта
бұл хабарды бір тазша есітіп, қыз патшаның үйіне келіп:

—Тақсыр, арызым бар, рұқсат етсеңіз, айтар едім!—деп

сұрайды.
Қыз патша рұқсат етеді, тазшаның сондағы айтқан арызы
мынау екен: Бұрынғы уақытта бір молда, бір балташы, бір
зергер үшеуі бірге өмір сүрген екен. Бір күні балташы ағаштан

өнерлеп сұлу қыздың суретін жасапты, зергер алтынмен ап­
тап, күміс пен зер, жібектен келістіріп қызға қонымды киім
жасапты, молда дұға оқып, сұлу қызға жан бітіріпті. Сонан
соң үшеуі: «Мен аламын! Сен алмайсың, мен аламын!»—деп

қызға таласыпты. Әрқайсысы өзінше қыздың дүниеге келуіне
себепкер болға­нын айтып, өнері мен еңбектерін салыстырып
бағаласыпты.
Балташы:

—Қыздың тұлғасын, бейнесін—негізін жасаған мен, сон­

дықтан қызды мен алуым керек!—дейді.
Зергер:

—Қызды қыздай етіп киіндіріп, ажар көрік беріп, қыз ет­кен

шынайы еңбек сіңірген мен емес пе? Сондықтан бұл қызды мен
алуға тиіспін,—дейді.
Молда:

—Менің дұғамнан ғана бұл қызға жан бітті. Сондықтан бұл

қызды мен алуым тиісті,—дейді.
Тазша осы сөзді айтып болып, қыз патшаға:

—Қыз осы үшеуінің қайсысына тиісті? Төрелігін сіз бе­рі­

ңізші?—деп сұрайды.
Қыз ләм-мүйім деп аузын ашпай, үндемей жата береді. Сон­
да тазша:

—Мұның төрелігі сізге қиын болғанмен, бізге оңай, біз

төрелігін айтып бере аламыз. Ол қыз қыздың асыл нұсқасын
жасаған ағаш ұстасына тиісті, дәлел мынау: егер де ағаш ұстасы
қыздың ағаштан ойып өнерлеп суретін жасамаса, ол қыз тіпті
болмас еді,—деген кезде, қыз патша басын көтеріп алып:

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

—Сен өзің тіпті миқұла, кеше екенсің! Ол қыз молдаға тиісті

емес пе? Молда дұғасын оқып қызға жан бермесе, қыздың құр
қаңқиған суретінен не пайда? Қыздың қыз болуына жалғыз
ғана молда себепкер болды. Сондықтан қыз молдаға тиісті деп­
ті. Тазша сөз арасында:

—Тақсыр, бір мәртебе басыңызды көтердіңіз, соны ұмыт­

паңыз!—депті.
Қыз патша сылқ етіп қайтадан жата кетеді.

—Тақсыр! Енді бір арызым бар еді. Сонымды айтуға рұқсат

етсеңіз екен!—деп сұрағанда, қыз патша үндемей жата беріп­ті.
Тазша тағы да сөзін соза түсіп:

—Бұрынғы уақытта бір қырағы, бір мерген, бір аспаннан

зулап түсіп келе жатқан нәрсені жерге жеткізбей қырық кез
жоғары қарғып барып қағып алғыш үшеуі жолдас болыпты.
Күндердің күнінде үш жолаушы бір қалаға келіпті. Қалаға
таянып келсе, бір ақ отау тұр, ішіне кірсе, бір ай мен күндей

сұлу кыз отыр. Бұларды көріп, қыз: «Сендер бұл жерден жыл­
дам кетіңдер!» депті. Сонда үш жолаушы: «Неге жылдам кет
дейсіз?»—деп себебін сұраған екен, қыз себебін айтыпты: «Мен
осы қаланың патшасының қызымын. Көп жыл болды қала­

мыз­ға бір айдаһар жылан келді, ол жылан қаламызды ойран
қы­лып, адам атаулыны жайпап жеп тауысып бара жатқан
соң, менің әкем сол айдаһар жыланмен сөйлесіп, жыланның
әр күні жейтін тамағы үшін бір қыз беруге уәде қылды. Сонан

бері күн сайын бір қыздан бере-бере қаланың да, даланың
да қызы таусылды. Сондықтан айдаһардың бүгінгі тамағы
үшін патша ылажсыздан өз қызын—мені әкеліп беріп отыр.
Сонымен жыланның бүгінгі тамағы—мен. Сол жыланның ке­

летін мезгілі болып қалды, сендерді менімен бірге жеп кет­
песін, жылдам кетіңдер деп отырғаным сол»,—депті. Сонда
бұл үш өнерпаз өзді-өзі, аз-кем ақылдасып: «Біздер бұйырса,
сол тажал жыланды өлтіріп, бұл патша қызын және қаланың

басқа бұқараларын жылан аузынан ажыратып арашалап
алайық. Ол үшін үйдің іргесінен ор қазып, бетін бүркемелдеп
жасырынып жатайық»,—дейді. Олар жасырынатын жер

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

қазып алып, жасырынып жатып, қалғып кеткен екен. Бір
мезетте ойбайлаған ащы дауыс естіліп шошып оянып, қараса,
жылан қызды алып ұшып, алыстап бара жатыр екен. Тезбе-
тез қырағы көріп, дереу мергенді меңзеді; мерген көргіштің

дәл сілтеуімен жыланның нақ тамағынан көздеп атқанда, оқ
көздеген жерінен қатесіз тиіп, жылан табанда өледі. Қыз өлген
жыланның аузынан босанып, аспаннан жерге қарай құйылып
келе жатқанда, дереу қағып алғышқа: «Қағып ала көр!»—

деседі ана екеуі. Қағып алғыш жерге түсуге қырык кездей
қалғанда, қарсылай жоғары секіріп, қырық кездей жерден
қызды жерге түсірмей, қағып алыпты.
Бұл үшеуі қызды аман-сау патша әкесіне алып барыпты.

Сонда бұларға патша айтыпты:—«Барлық қазына-мүлкім сен­
дердікі және қызымды өздеріңе сыйладым, өздеріңіз келісіп
біреуіңіз әйелдікке аларсыздар»,—депті. Сонда бұл үшеуі:
«Қыз маған тиісті, жоқ саған емес, маған тиісті»,—деп, өзді-өзі

таласыпты.
Осы сөзді айтып болып тазша қыз патшаға қадала қарап:

—Осының төрелігін сіз беріңізші. Қыз жыланды атып өл­

тірген мергенге тиісті ме, жоқ болмаса жыланның ұшып бара
жатқанын көрген, көреген-қырағыға тиісті ме, тіпті екеуіне
емес, жерге түсірмей, өлтірмей қағып алған қаққышқа тиісті
ме?—дейді.

Патша қыз жауап бермей жатады. Сонда тазша:

—Төрелігін сіз бермесеңіз, мен өзім де бере аламын. Меніңше,

қыз қырағы, көреген-көрсеткішке тиісті, себебі: ол көрсет­пе­се,
айдаһар жылан қызды алып, құтылып кетер еді,—дейді. Сонда
патша қыз жастықтан басын көтеріп алып:

—Қызды жерге түсірмей, қырық құлаш жерден қағып алған

қаққышқа тиісті, себебі қыз жылан жесе де өлер еді, мерген
жыланды атып өлтірген соң, жерге құлап түссе де өлер еді.
Қыздың тірі қалуына себеп болған қағып алғыш емес пе. Қыз
соған тиісті дейді.

—Тақсыр, ұмытпаңыз, басыңызды осыменен екі рет кө­тер­

діңіз,—дейді.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Бұдан кейін патша қыз қайтадан бұрынғы әдетінше жатып
қалыпты.
Тазша тағы да сөзін соза түсіп:

—Тақсыр, айтатын ақырғы арызым бар. Бұрынғы заманда

екі қашқын жолдас болыпты. Біреуі бір байдың малайы екен,
екіншісі патшаның кәріне ұшырап, қашып кеткен бір патша­
ның жігіті екен. Екеуі де асқан өнерлі екен, екеуі де өздеріне
қор­лық көрсеткен бай мен патшадан амалын асырып, өштерін

алмақ екен. Осы оймен екеуі базарға келсе, базарда әлгі бай
мал сатып тұр екен, байдың қойны толған алтын екен. Байдың
қашқын жігіті, байға білдірмей, байдың қойнындағы алтын­
ның орнына тас салып, алтынын алып кетіпті. Енді патша­

ның жігіті қасына әлгі жолдасын ертіп, беліне алмас қылыш
байлап, тұп-тура патшаның сарайына келеді, келсе, есіктің
алдында күзетшісі тұр екен. Патша сарайы жігіттің өзіне таныс.
Ол күзетшіге байқатпай келіп, оны аузы-мұрнын тас қылып

тығындап, бітеп дыбысын шығартпай, жерге көтеріп ұрып аяқ-
қолын байлап тастайды. Сонан соң қылышпенен қақпаны қақ
айырып шауып, сарайға кіреді, атын қасындағы жолдасына
беріп, өзі патшаның жатқан үйіне кіріп келсе, шам жанып тұр,

патша ұйықтап жатыр екен, есігінің алдында, бір күзетшісі бар
екен, ол күзетшіні де әлгідей қылып байлап тастап, ханның
қасында тұрған бір қап алтынды алайын деп жатқанда, патша
оянып кетіпті. Сонда да әлгі жігіт өзі байлап тастаған күзет­

ші­нің мылтығын қолына алып, күзетші болып тұра қалыпты.
Патша мұны өзінің күзетшісі екен деп: «жаңа бір түс көрдім,
жолбарыс келіп, есігімді, күзетшімді алып ұрып, өзіме қарап
тұра ұмтылғанда, қорқып оянып кеттім»,—дейді. Сонда жігіт:

«Тақсыр, бұрынғының мақалы бар: «Түсіңде қорықсаң, өңіңде
куанасың»—деген, сізге Құдай қуаныш береді екен,—дейді.
Бұған патшаның көңілі хош болып, қайтадан ұйықтап қалады.
Патша ұйықтаған соң, жігіт патшаны буындырып өлтіреді де,

алтынын алып кетеді.
Тазша осы сөзді айтып болып, қыз патшадан:

—Тақсыр, осы екеуінің қайсысы батыр,—деп сұрапты.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қыз патша үндемеген соң, тазша:

—Мұның төрелігі сізге қиын болғанымен, маған оңай,

өйткені мен ата-бабамнан бері қарай төрелік беріп келе жатқан
тұқыммын. Мен былай төрелік етемін: тапа-тал түсте базарда,
барша адамның көзінше байдың қойнындағы алтынын алып,
орнына тас салып кеткен жігіт, түнде патша сарайына түскен

жігіттен анағұрлым батыр деп есептеймін,—депті.
Сонда қыз:

—Ақымақ болмасаң, екі күзетшісін байлап тастап, пат­

ша­ның түсін жорып, ұйықтатып, онымен қоймай, патшаны
буын­дырып өлтіріп, алтынын алып кеткен жігіттен ешкімнің
ерлігі аспайды,—депті, басын үшінші рет көтеріп.
Сонан соң қыз патша басын үш көтерткен тазшаға тиіп,

тазша мұратына жеткен екен.

11. АЛТЫ АНА ҚАСҚЫР, АЛТЫ БАЛА ҚАСҚЫР

Алты ана қасқыр, алты бала қасқыр, он екісі жиылып бір
тырнаны жепті. Ол тырнадан бір жілік қалған екен. Ол жілікті
кішкене дейін десем, алты қанат ақ ордаға тіреу екен. Ол ақ
орданы кішкене дейін десем, алты ақ нар, алты қара нарға

жүк екен. Ол нарларды нәзік дейін десем, аспанмен сөйлескен
бәйтеректің басын шалған екен. Ол бәйтеректі қысқа дейін
десем, ертеңмен ұшқан тұрымтай кешке басына жетпей қонған
екен. Ол уақытта күн қысқа дейін десем, таңертең қашқан сиыр,

кешке бұзаулаған екен.

12. БЫЛҒАҚ ТЕНТЕК

Былғақ қатты ауырып, нашарлап жатса, қорқып отырған
ағайын-туғандары: «Бір Құдайға тапсырдық, бір Құдайға
тапсырдық, бір Құдайға тапсырдық!»—дей беріпті. Сонда
Былғақ: «Сол тапсырған Құдайыңның өзінен қорқып жа­

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

тырмын»,—депті. Бірде Былғақ бағып жүрген қойын суға
айдаған екен, қойлар өте қоймапты, шегіншектеп сіресіп тұрып
алыпты. Сонда Былғақ: «Жануарлар тұяғым су болады» деп
жиреніп тұр-ау, ендеше кебістеріңді шештірейін деп қойлар­дың

тұяқтарын қағып-қағып алып тастапты. Былғақ өлік қойып
жатқандарға келіп: «О, қоярларың көбейсін»,—депті. Қабыр
басындағы ел шошып қалса, молда-сымақ біреуі:—Осының
өзін ұста, қоярды көбейтіп, қоса қояйық—дегенде, Былғак:—

Батыр-батыр, қолдарың қанданып, қанжығаларың майланып
тұр екен, сендерден қорықпай болмас,—деп қаша жөнеліпті-
мыс.
Былғақтың әкесі өліп оң жақта жатқан күні, қан сонар екен.

Әкесінің өліп жатқанына қарамай бүркітін алып, аңға шығып
кетіпті. Ел есер тентекке қарап, бір күн күтеді, екі күн күтеді.
Үш күннен соң тентек келеді. Жұрт тентекке: «Әкең өліп
жатқанда неге кетіп қалдың?» депті. Сонда тентек: «Атан өлсе,

сойылар, атаң өлсе, қойылар: күнде мұндай қан сонар қайдан
табылар»,—деген екен.

13. МОЛДА НЕГЕ ИТКЕ ТҰМАР ЖАЗЫП БЕРДІ?

Бір тазы жүгіртетін адам тазысына «тіл-көз» тимесін деп
бір моллаға тұмар жазғызып алмақшы болып келіпті. «Ора­
малына бір ұша, бір төс түйіп әкеліпті. Молла итке тұмар
беруге «Құдайдан» қорқып, жазбайын десе, ұша мен төстіктен

айрылатын болып, айқыш-ұйқыш қып ақ қағазға шимайлап,
былай деп жазып беріпті: «Итің, итің, итіңе, иттің боғы бетіңе,
итке тұмар жоқ еді, ұшаң менен төсіңе».

14. ЖАНЫ ТӘТТІ ШАЛ

Бір адамның жалғыз баласы ауырып қысылып жатыпты,
кәрі әкесі бар екен: «Құдай-ау, осы жалғыз баламды алған­

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

ша, жолына құрбандык болайын, мені ал!»—деп жылапты,
жылағанын қоймапты. Мұны сынайын деп бір қу жігіт, басына
үрген қарынды киіп алып, бет-аузын басқамен бүркеп, үстін
әлемештеп, ала көлеңкеде шалдың үйіне кіріп келіп, қазан-

ошақты салдырлатып шалға тап беріпті. Шал қорыққанынан
сасқалақтап: «Ей, қарын киген қарабас Құдай, алатын кісің ар
жағыңда жатқанын өзін де білетін боларсың»,—деп баласына
сілтепті-міс.

15. ТОҚСАБА МЕН ТОҒЫЗ ЖАСАР БАЛА

Аққойлы би Тоқсаба деген кісі жолаушылап келе жатып, бір
ауылдың сыртында қозы баққан жас балаға жолығып:

—Балам, бұл қозы кімдікі?—депті.

—Ата, қозы қойдікі,—депті бала.

—Әкеңнің аты жоқ па еді?—депті Тоқсаба.

—Әкемнің қара, торы, құла аты да бар,—депті бала.

—Шырағым, аулыңның үлкені кім?—депті тағы Тоқсаба.

—Үлкені түйе болады,—депті бала.

—Жоқ, балам, сақалдысын айтам?—десе:

—Ауылдың сақалдысы теке,—депті тағы бала. Тоқсаба

сөзден тосылып, шақшасын алып насыбайын атыпты. Сонда
бала:

—Ата, шақшаңыз ненің мүйізі?—деп сұрапты. Тоқсаба:

—Балам, бұл біздің елдің қоянының мүйізі,—депті. Бала:

—Елі азғанның жері азған деген осы-ау, біздің елдің

қоянының мүйізінен шанырақ иеді, сіздің елдің қоянынан
шақша ғана шыққаны!—депті.
Тоқсаба сөзден тосылғанын біліп, жүріп кетіпті де, еліне
келген соң «кезендіні мына бала алып калды»,—депті.

«Аққойлы елінің ені кез екен, соны мына бала билейді» деген
сөзі екен. Айтқанындай ер жеткен соң, Аққойлы елін сол бала
билепті.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

16. СОҚЫР, ТАЗ, ЖАЛАҚ

Бір соқыр, бір тазша, бір жалақ үшеуі жолдас болыпты.
Бұлар жолаушылап, бір жат елге келе жатып: «Жат елге
сырымызды білдірмейік»,—деп уәде қылыпты. Бір үйге
түсіп отырғанда таздың басы қышып шыдатпапты, таз қанша

сабырланса да шыдай алмай, сылтауратып әңгіме бастапты:
«Әкеміз асқан батыр, ат үстінде мықты болған екен, қамшыдай
қайың сойылды қарына іліп алып, бұршақ бөркін екі шекесіне
кезек-кезек қырындата киіп, дұшпанына араласқанда»,—деп

басын қасып-қасып алыпты. Мұны соқыр біліп қалып, өзіне
лайықты әңгімесін бастапты: «Менің де әкем өте мерген еді,
сала құлаш садақпен қара көзді құралайды, көздемей атып
түсіруші еді»,—деп көзін уқалап-уқалап алыпты.

Бұлардың мұндай қулығын жалақ та сезіп қалып: «Сыр­
ларыңды білдім-білдім, әлду-әлду, япырай-япырай»,—деп ері­
нін жалап-жалап алыпты.

17. ТАПҚЫР КЕЛІН

Бір кісінің балаларының аты: Қамысбай, Касқырбай,
Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, ең
кіші баласының аты Балтабай екен. Балтабайдың жаңа түскен
келіншегі сөзге шебер тапқыш, шешен болыпты. Атасы мұны

естіп, мақтаныш ете ме, қайтсем келінімді бір тар жерде сына­
сам екен, деп жүреді. Бір күні, келіні суға келгенде атасы
судың ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Ана судың ар
жағында, қамыстың бер жағында, қойды қасқыр жеп жатыр,

тез ауылға хабар бер, Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды
адал бауыздап алсын, мен қасқырды қуып кеттім»,—депті.
Сонда келіні, елге ентіге жүгіріп келіп, Балтабайға дауыс­
тап: «Шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел, сарқыраманың ар жа­

ғын­да, сылдыраманың бер жағында, маңыраманы ұлыма жеп

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

жатыр, жаныманы білемеге жанып, маңыраманы адал орақтап
алсын деді атам, өзі ұлыманы қуып кетті»,—депті.

18. ЖҰМСАУЫҚ ӘЙЕЛ

Ертеде бір әйел өте жұмсауық болыпты, көрінген адамды
жұмсай беріп, елдің мазасын алып, азар қылыпты, өзі де елге
жексұрын болыпты. Мұны бір елдің бір бас көтерер адамы
естіп, мені де жұмсар ма екен?—деп әдейі келе жатқанда,

біреудің келе жатқан дыбысын есітіп, әлгі әйел: «Кім де болсаң,
ит аяқты үйге ала кір!»—депті. Ана кісі «бір ұялтайын» деп
алдында жатқан ит аяқты ала-мала үйге кірсе, әйел үлкен
кісіні көріп:—Япырай, сіз екенсіз ғой, ұят болды-ау, ит аяғы

құрысын, шығарып орны­на тастай салыңыз,—депті. Ит аяқты
алып кірген үлкен кісі: «Ай, бәлем, ұялды-ау өзі де»,—деп ит
аяқты далаға шығарып тас­тай салыпты. Сүйтіп, жұмсауық әйел
басқаларды бір жұмсаса, үлкен кісіні екі жұмсаған екен.

19. ҚАЛТАҚБАСТЫҢ ҚИЯЛЫ

Бір қалтақбас адам жалғыз жұмыртқа тауып алыпты да,
жұмыртқаны алақанына салып аялап отырып ойлапты: «Бұл
жұмыртқаны байдың бикешіне тартсам, ол маған бір тоқты
берсе, тоқтыны қойға қоссам, тоқтым қашып, қозылы қой бол­

са, қозылы қойды айырбастап, бір тайынша алсам, тайыншам
қашып бұзаулап, бұзаулы сиыр болса, оған бір байтал алып,
ол құлындап, құлынды бие болса, биемді боталы түйеге айыр­
бастасам, оны Тайболатқа берсем, ол маған қарындасын берсе,

қалыңдық ойнап қайныма барсам, желекті жеңгелерім жүрі­
ңіз, күйеубала деп отауына енгізсе, омырауындағы алмасы енді
ғана түйін салып келе жатқан балдыздарым еркелеп мойны­
ма асылса, қыруар қыздар қиқу салып, ән салып, өлең айтса,

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

оның біріне де қарамасам, түнде төстің қасқа басын жеп, төсек
салынса, түндік жабылса, шайы көрпе, атлас шымылдық­
тың ішіне кіріп, шарықты да, шалбарды да шешіп тастап,
даярланып отырғанымда, жеңгелерім, қалыңдығымды әкелсе,

қалыңдығымды «Ап!» деп ұстай алсам» дегенде, басына қо­
сыла, қолы да қалтырап кетіп, алақанындағы жұмыртқа жерге
түсіп, жарылып қалыпты.

20. ТҮЛКІ МЕН ҚОРАЗ

Таң ала кеугімде бір түлкі тамақ іздеп жүріп, ағаштың
бұтағында қонақтап отырған қоразды көріп, ептеп ағаштың
түбіне келіп, мүләйімсіп қоразға: «Тақсыр-ау, тақсыр, таң
атты ғой, азан айтыңыз да, төмен түсіп имам болыңыз, жама­

ғат болып намаз оқиық»,—депті. Түлкінің қулығына түсінген
қораз: «Ар жағында молланың үлкені жатыр, сол кісіні оята
қойыңыз, бәріміз бірігіп қауым болсақ болайық»,—деп, оны
қостаған болып, қуыста жатқан тазыға сілтепті. Түлкі екі-

үш аттап тазыны көргенде, тығыршығы тық беріп жымия
жөнеліпті. Мұны көрген қораз, жымиып: «Бірадар-ау, бірадар!
Намаз оқымаймыз ба? Қайда барасыз?»—дегенде, түлкі:
«Дәретім сынып кетті, тез дәрет алып келейін, сен азан айтып

жұрттың тынышын алып оятпа»,—деп зытып отырыпты.

21. ҚАҒАНАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК,

ШИБОРБАЙ

Қағанақбас,
Қылкеңірдек,
Шиборбай
үшеуі

жолдас
екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойып, оны бұтарлап
етін қазан­ға салайын деп жатып, Қағанақбасқа жынын
төгіп кел деп қарын­ды беріпті. Қағанақбас қарынды тысқа

алып шыққанда, шы­бын­дар үймелей бастапты. Қағанақбас
шыбыннан қорғаймын деп өзі­нің басын ұрып алыпты. Қаға­

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

нақ төбесі ойылып, жұмырт­қа­дай жұқа басы жарылып, жан
тапсырыпты. Қағанақбас неге ке­шікті деп артынан Шиборбай
шыға келсе, өліп жатқан Қағанақ­бас­ты көріп: «Ай, әттегене-
ай!»—деп, санын соғып қалғанда ши­дей борбайы, шырт етіп

сынып кетіп, ол да жан тапсырыпты.
Мұның даусымен Қылкеңірдек жүгіре шықса, өліп жатқан
жолдастарын көріп: «Ой, бауырларым-ай!»—деп жаны ышқы­
нып, даусы шыққанда кеңірдегі үзіліп кетіп, жаны бірге

шығыпты.

22. ӨГІЗ БАҚҚАН ҮШ КІСІ

Ерте заманда бір өгізді үш адам баққан екен. Біреуі өгіздің
басында жем, су беріп тұрады екен. Екіншісі өгіздің орта
бүйір, қабырға тұсында тұрып өгіздің аш-тоқтығын бүйіріне
қарап, оны сылап-сипап аялап тұрады екен. Үшіншісі—өгіздің

арт жағында тұрып түрлі нәжістерін тазалап күтіп тұрады
екен. Сөйтіп жүргенде бір күні өгіздері симей, тезек тастамай
қалыпты. Сонда артындағы адам, бұған не болды екен, білейін
деп, ортадағы адамға келу үшін жолда үш ай жүріпті. Одан

кейіп екеуі кеңесіп, мұны тамаққа жақын басынан білейік
деп, басы­на дейін үш ай жүріпті. Сонда басындағы адам: «Өгіз
ауырды, алты айдан бері шөп жемейді, су ішпейді»,—депті.
Бұлар енді не қыламыз деп кеңесіп отырғанда, аспаннан бір

қара құс ұшып келіп өгізді іліп ала жөнеліпті. Бұл құс тауға
барып қонса, тау көтере ал­май ойылып кұлай бастапты. Құс
өгізді қайтадан алып ұшып, бір бәйтеректің басына қонған
екен, о да көтере алмай, сытырлап сына бастапты. Құс өгізін

алып одан да ұшып, мидай далада жайылып жүрген бір
текенің мүйізіне қонған екен, оны теке шыбын қонған құрлы
көрмей маңқиып тұра беріпті. Құс өгізді жұлмалап жей
бастапты. Сол кезде осы текені аңдып жатқан бір мерген бар

екен, құс өгіздің жауырынын бытырлатып, күтірлетіп тас-
талқанын шығарып, етін жеп жаурынын сілкіп лақтырып

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

тастағанда аңдып жатқан мергеннің көзіне тиіпті. Мерген
көзіме шөп түсті деп жауырынды лақтырып жіберіпті. Сол
күні алыстан жол жүріп келе жатқан бір керуен жолда жауын
жауып, жер саз, жол ауыр болып, кеш болып кеткен соң сол

жерге қонған екен. Түнде жер сілкінгендей, не айналған­дай
болыпты. Керуендер қорқып, пірлеріне сиынысып жатқан­
да таң ата бастапты, керуендердің жер қозғалды деп жүргені,
манағы мерген лақтырған жауырынды түнде тамақ аңдыған

бір түлкі жейін деп қозғап айналдырған екен. Таң атқан соң
қараса, керуендердің басы күн шығысқа қарап қалыпты. Таң
ағарып атарда керуеннің қастарынан бір таудай зат жылжып
ұзай бастапты. Керуендердің бір иті бар екен, манағы жыл­

жып бара жатқан затты тарпа бас салып, үстіне мініп алыпты,
керуендер келсе, адам айтқысыз зор түлкі екен. Керуендер
жиылып, сыбанып союға кіріскенде, бір жағын сойып, бір жа­
ғын аударып союға шамалары келмепті. Керуендер түлкінің

терісін үлкендеріне байлапты. Бұл кісінің жаңа туған баласы
бар екен, түлкінің терісін сол балаға киім қылайын десе, тұмақ
түгіл бөрік те шықпай қалыпты.

23. АДАЙ АҢЫЗДАРЫ

Жасымда атқа мініп көңілім өсіп, талабым желдей
есіп жүрген кезім еді, елдің шетінен «біреудің айғыр үйір
жылқысын ұры әкетіпті» деп естідім. Артынан кешікпей ма­
ған иесі келіп: «Жылқымды осынау аралдың түбегіндегі елдің

ұрылары әкетті, сені ер жүректі, намысты жігіт деп естідім,
намысың болса, аттан, жатқа намысыңды жіберме, абы­ройы
елге ортақ болсын»,—деді.
Ұрынуға қара таба алмай жүрген кезім ғой. Құп, болады

деп, қару-жарағымды асындым да, жолға шықтым, күн-түн
жүріп түбектің түбінде жатқан елдің шетіне жетіп, бірер күн
тынығып жатып, жан-жақты торлап-барлап, ел шетінен толық
бір айғыр үйірін айдап жөнелдім бірер күн жүріп, қара үзіп

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

алып, артыма қарап едім, қуғыншы көрінбеді. Жылқымның
ішінде бір күрең бурыл бие бар екен, майдан жүре алмайды,
айдап келе жатқан жылқыға еркін ере алмай, жылқының
артынан ерді де отырды. Оны мен де қыстамаймын. Адай

жерінің жазғы ыстығы белгілі ғой. Күн шығып, бет қаратпай
келе жатыр еді. Бір кезде күн көзі мұнарланып көлеңке
түскендей болды. Қолымды қабағы­ма қойып қарасам, бір
дөңгелек ноқаттай қара зат күннің көзін, қорғап көлеңкелеген

сықылды. Дұшпаннан мал алып, көңілі өсіп, елірген басым
нені байқайын, бұл не екен деп ойладым да қойдым. Әлдене
уақытта күн көзі ашылып, бір ызың-суыл естілгендей болды
да, арт жағымнан тасыр-тұсыр дыбыс естілді, елсізде елегізіп

келе жатқан маған, топтанған жаудың дүбі­рін­дей білінді.
Жалт қарасам, артымда еріп келе жатқан күрең бурыл биені
бір зат көтеріп ұшып, менің алдыма қарай, ұзап бара жатыр,
алдымдағы жылқым үркіп-осқырып, желікті. Менің есіме

баяғыда есіткен алып құстың әңгімесі түсті. Ол малды кө­
теріп әкетеді деп естуші едім, енді мұны көзім көрді-ау деп,
малымды ілгері қарай айдап жүре бердім. Әлгі құстың бағы­­тын
байқап келем, біраз жүрген соң, құстың қонғанын көрдім. Бір

қыраттың үстінде бес-алты қанат үй тігілгендей болып көрі­
неді. Бұл үлкен құстан қорқып, мұны білмей кетуім болмас деп,
құстың қонған жеріне қарай жүрдім. Адамнан сескенбейтін
зат болмайды ғой, мен жақындаған кезде, кұс қомданып қана­

тын жайып, жерді сүзе, жер бауырлап көтеріліп ұша женелді.
Шамасы менің көзіме қанатын жайғанда алты канат үйдің
жайылған үзігіндей боп көрінді. Келіп қарасам, биенің мойны
мен бөксесінен қусырып бүктеп ала ұшқан екен, тырнағының

орындары ақсиып, қандатып жатыр. Биенің екі қоңын,
барлық қабырғаның етегін жеп тастапты. «Иеңе де, ие болам
деген маған да бұйырмай, құсқа, жем болған, арамға шыққан
зат екенсің» деп өкіндім де, ілгері жүріп кеттім. Алдымдағы

жылқым, ата малымдай бойыма сіңді дегенде, отырған біреу:
«Мынау құсың өтірік екен»,—депті, сонда жанында отырған
біреу: «Бұл өтірік емес, қайта бұл сыпайы етіп айтып отыр
ғой»,—депті.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

24. ҚҰДЫҚ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Ел ішінде құдық туралы аңыздар көп қой, мен өзім көрген
бір құдықтың жайын айтайын деп отырмын:

—Аңшылық адамға не қылғызбайды, түн қатып аңда

жүріп, сусап таңдайым кеуіп келе жатыр едім, бір төбешікке
кездес­тім. Атым да солай бой ұрып қырындай бергендей бол­
ды. Төбе­шік­ке келіп ат үстінен еңкейіп қарасам, ескі апан,
онша терең емес, бірақ көрініп жатқан суы болмаған соң,

елемедім. Тағы не бар екен деп жан-жағыма қарап, жүрейін
деп едім, атым жерді сүзе, мойнын жерге салып жіберіп, жер­
ді иіскеп болмайды. Жү­рейін деп тебініп едім, атым көңілсіз
қозғалып мұрнын шүйі­ріп та­ғы бөгелді. Бұл не ғажап, елсіз-

күнсіз жерді ескі апанның болуы қалай деп, неде болса,
мұнда бір кәп бар болар деп атым­нан түсіп, саймандарымды
жерге қойып, белімді шешіп, атыма қарасам, атым сілкі­
ніп, жадырағандай болып керіліп тұр екен. Жануарым не

сезіп тұр деп, кең өре салып жібердім де, апанға келіп, ішіне
секіріп түстім. Апанға түскен бетіммен төмен қа­рай құлдилап
төмендеп барам, бұл не ғажап деп жан-жағымды қармап едім,
қарманар еш нәрсе таппадым, жоғары қарасам, жер бетінен

онша ұзап кетпеген сықылдымын. Бір кезде аяғым ныққа
тиіп тоқтағандай болды. Жан-жағыма қарасам, көк орай
шалғын құрақ, неше түрлі көгал шөптің ортасында тұрмын.
Манағы сусағаным бар, төмен жылжып сескенгенім бар,

тамашалап таңырқап тұрдым да, ана судан бір қанып ішейін
деп, өзенге келіп еңкейе кетіп, жұта бастадым. Сусыным
қанар емес, жұтып жатырмын, бір кезде суға шашалып кетіп,
басымды көтеріп алып жан-жағыма қарасам, жердің үстіне

шығып қалыппын. Таңырқап алақтап күнге қарасам, күн
түске жақындап қалыпты. Мен құдықтың басына келгенде,
түс ауып кеш тартқан кез еді, сонда мен осы құдықтың ішін­де
бір сөтке­дей болғаным ба деп, ойланып тұрып, жан-жағы­ма

қарасам, атым жыл шыққандай, құр ат болып қалыпты деп
сөзін бітірді.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

25. ЖЕЛМАЯМЕН ЖЕЛГЕНДЕ

Үйшіктен шығып, Қарақұмды басып, Түрікпен елін асып,
Шевченко—Маңқыстақты аралап, Астраханға келіп қонып
жүрген күндер болып еді. Бір күні Қара бұғаздың сорына
түсіп бір бала жоғалып, ел-жұрт болып іздеп, таба алмай

сабылып жүр екен деп естідім. «Ағайынның жоғын жоқтас,
табылса—иесіне, табылмаса—көңіліне жақсы» деген бар ғой,
бармай болмас деп, Ақтайдың Сары үлегін сұрап мініп жолға
шықтым. Күн өте суық еді, әдепкіде бет қаратпай отырды.

Тайпақтан шыққанымда күн сәскенің кезі еді. Сары үлектің
еті қызды. «Енді шыдап бақ, мен тарттым!»—дегендей екі
жағына кезек-кезек жалтақтап, желдей есіп, судай тасып,
бұлттай көшіп, шығысқа бетті қойып жұлдыздай ағып келеді.

Бұл кезде, Сары үлекті тоқтатып, не басқа жаққа басын бұру­
ға болмайтынын білем, жүрісіне мәз болып, масайрап келем,
бір кезде маужырап қалғып кетсем керек, сескеніп кетіп жан-
жағыма қарасам, бір зор дарияның жағасы, калың орман,

зенгір таудың арасында келемін.
Сары үлектің жүрісінің, үстінің жұмсақтығына, өнімділі­
гі­не масаттанып отырғанымда, мына бір көрмеген-жүрме­
ген жер­ді аралап келе жатырмын. Бұл не ғажап! Мұндай

жерді бұрын көрген жоқ едім деп, таңырқанам да, толғанып-
ойланам. Сүй­тіп келе жатып, шіркін-ай, мына дарияның
суына шомылып, тауына шығып, орманын аралап, көк шөпке
аунар ма еді деп ойладым. Сол кезде ойыма мына қауіптер сап

ете түскенң. Тауда бөрі болса, шөп арасында, суда шаян болса
қайтесің дегендей болды.
Сонымен бұл қай жер деп ойлаймын, таңданып тұрғаным­
да ойыма сап ете түсті: бұл жер баяғы «Шаһнамадағы» Рүстем

Зорабтың аралаған таулары екен. Ал менің астымдағы, баяғы
қазақ еліне қоныс іздеп жер жүзін аралаған Асанқайғының
желмаясының баласы екен ғой. Жүрісіме енді түсініп келе
жатсам «Тоқтаңыз!» деген дауыс естілді. Тұра қалсам, баяғы

Адайда жоғалған бала екен. Бұл бала Қара бұғаздан шығып,

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Қарақұмды басып, Тянь-Шаньнің тауын аралап, Памирге та­
ман өтіп барады екен.
Екеуіміз жөн сұрасып, амандасып қуанысып, күллі таудың
халқын жиып той жасап, енді еліме келсем, осы екі арада дәл

бір сөткеге жетер-жетпес мерзім өткен екен. Көп жүрген екем
деп қатты ренжідім,—депті сөзі селді, аузы желді, айтушы.

26. ӨТІРІК ЖАҒЫПАР МОЛДА

БОЛЫПТЫ

Әлібек жылпос епті адам еді. Былтыр бір шаруасы болып
Масалы еліне барса, шаруасы біткенше кеш болып кетіп,
қонуға орын іздепті. Танымаған ел қондыра қоймапты. Сөй­
тіп сандалып аңтарылып тұрса, бір үйден сарнай зарлаған

үн естіліпті. Бұл не дыбыс деп біреуден сұраса: «Кеше мына
үйден бір кісі қайтыс болып еді, соған Құран оқып отыр­ған
Саду молланың үні ғой»,—депті. Әлібек тура сол үйге қа­
рай тартыпты. Кідірмей кіріп барып, Саду моллаға: «Құран

оқыңыз»,—деп ымдап төмен қарап сүзіліп отыра қалыпты.
Саду молла баяғы сарынмен Құран оқып болып бата қылған
соң, Әлібек сыпайы сөзбен үй ішіне мүләйімсіп көңіл айтып­ты
да, қамығып жыламсыраған пішін білдіріпті.

Бұл енді бұрынғы Әлібек емес, таспығы болмаса да, қолы­
ның буынын санап білгіш-бірадар бола қалыпты.
Саду молла Құран оқығанда да, жай отырғанда да қызыл
күрең бурыл сақалын қолымен желпілдетіп, иегін бір көтеріп,

бір шұлғып төмен түсіріп, құбылтып отырады екен.
Кешке іңірде үйдегілер: «Мүсәпір, кім боласыз, жолыңыз
болсын?!»—деп жөн сұрайды. Әлібек: «Мен мүсәпір адаммын,
атым—Жағыпар болады»,—дейді. Отырғандар кенеттен көңіл

бөле бастайды, өйткені Көкшетау сыртына атағы зор Жағыпар
молла деген адам бар екен. Отырғандардың бары Жағыпар­дың
атына қанық, түсіне таңсық екен.
13-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Отырғандар Жағыпар молдадан жөн сұрай бастайды.
Өті­рік Жағыпар қанын ішіне тартып алып, Аллалап бір
күрсініп, өтірік сөздің қанын ағызып, майын тамызып,
өтірікті шын­­дай, шынды тыңдай қылып, тамағы ауырған

болып, тамағын ке­неп, үнін үзіп сыбырлап мың құбылады.
Отырғандар: «Құдай ай­дап кездестірді ғой, шақырса, қолға
түспейтін қасиетті адам»,—деп, Саду молланы қойып, бұған
көңіл бөледі.

Отырғандар намаз оқуға кіріскенде, Жағыпар имам бо­лу­
дан қашып, дауысының қарлығып отырғанын, үні шықпай­
ты­нын айтып, өзінің мүсәпір екенін айтып қа­шырғы салып,
имам болмай, көппен бірге ұйып намаз оқиды, Құран оқыңыз

десе, тамағын сылтау қылып Құранды ішінен оқиды, сөйтіп
бір кеште отырғандарға сырын білдірмей қонып, ертемен үйге
білдірмей аттанып кетеді де, елдің шетіндегі біреуге, былай
деп кетеді: «Мен өлік шыққан үйді алдағаным жоқ. Жағыпар

молла­мын деп те айтқаным жоқ. Ана білгішсініп отырғандар
аңқау­лық қылып мені Жағыпар молла деп сенді. Кешке
қонайын деп сұрағанымда сенбей қондырмап еді».

27. БАЙҚАЛ МЕН ЕНИСЕЙ

Ертеде барлық Сібірді билеп-төстеп жүретін бір бай адам
болыпты. Оның байлығына қоса, ақ дегені алғыс, қара дегені
қарғыс екен. Байлығына батырлығы сай болып, барлық Сібірді
аузына қаратыпты. Сондықтан Байқалдың лақап аты «Сібір»

атаныпты.
Байқалдың байлық, батырлық-ерлік, жақсылық қасиеті­
не қоса, қаһарлы-ашулы, зарлы сипаттары да болыпты. Бай­
қал­дың бір іске көңілі түспей, ашуы келсе, ол бетін түстік­

ке бұ­рып қараса, барлық Сібірдің келбеті өзгере бастайды
екен: күн өздігінен суытады, аспан түнеріп бұлттанып, бұлт­
тар ерсілі-қарсылы көшіп, ызғарлы қар-жаңбыр жауып, жел

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

соғып, теңіз тулап жағаны соғып, ормандар бойын жазып тік
тұра алмай еңкейіп басын иіп мөлиіпті. Жер бар сырын ішіне
тартып, тоңып қатып қалыпты. Жануарлар батырдың бұл
қаһарына шыдамай, бойын көрсетпей, бас паналап көрінген

ін-шұңқыр­ға тығылыпты да, батырдың ашуының қайтуын
күтіпті.
Ал батырдың ашуы қайтса, бетін терістікке бұрғаны. Онда
манағы құбылыстың бәрі өзгеріп, барлық Сібір жайбарақат­

тық­қа айналып, барлық жаратылыс рақат табады екен.
Байқалдың Зарлық деген жалғыз қызы бар екен. Ол қыз
дүниеде теңдесі жоқ, Анғара деген батырға ғашық екен, бірақ
екеуінің арасында алшақтық келтіретін нәрсе—Байқалдың

қаһарлы ашуы. Жастардың бұл сырын білсе, Байқал барлық
Сібірді екінші түрге айналдырып жібереді, өйткені бір жо­рық­
та Анғарамен кездесіп калып, екеуі бірін-бірі көрместей бол­
ған. Екі ғашық Байқалдың бұл мінезін біліп, енді не істерін

біл­мей дағдарысады, сөйтіп жүргенде бұлардың сырын Байқал
сезіп қалып, алдымен қызы Зарлықты өлтірмекші болып ұм­ты­
лады, Зарлық қорқып тауға барып тығылады. Сол тау арты­нан
«Мұңлық—Зарлық» атанады.

Ал Анғара қорықпады, бірақ атасына қарсы келмей,
бетін солтүстікке қаратып, жан-жағына қарап тұрды да,
алға жүре берді. Бұл кезде Байқалға да ой түсті ме немене,
ойланып қалды. Анғара: «Кезеңі келсе көрісерміз»,—деп,

терең ойланып артына қарай-қарай тартып отырды. Анғара
жалғыз емес болуы керек, өйткені жолшыбай оған қосылған
жолдастары көп болды.
Ал Байқал осы қылған қаталдығына өкініп, жер бауыр­лап

жата кеткен екен. Қайғысының күштілігінен жер ойылып,
түпсіз терең көлге айналыпты. Одан шыққан су Анғараның
ізімен жүріп, ағып отырып үлкен өзенге айналыпты.
Міне, сол өзенді осы күні Анғара өзені деп атайды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

28. ЫҒАЙДЫҢ ӨТІРІГІ

Қой жылы қостанып жылқымен отарға шықтық. Ауыл
айы­на алты саптыаяқ тары, алпыс мысқал ірімшік, көже
қатыққа екі сүбе қабырға, бір миқы омыртқа, бір күрт, екі
малта беруші еді. Бұл азықты ай сайын алты атан түйемен

түсіріп тұрушы еді. Бір күні ауылдан келген азығымды тү­
сіріп алып жатсам, айғыр шаппай шығып кеткен алты бием
желіндеп жүруші еді, бәрі де бошалап кетіпті.
Тоқбақ жалды торы айғырды жайдақ міне сала, жүгенсіз

кақпалап жүгіртіп келе жатсам, шықпаған шынар жымда
қорықпайтын қоян жатыр екен. Торы айғырдың үзенгісіне
шіреніп тұрып, тымағымды шиыршықтап, бүктеп алып ұрып
жіберіп едім, қояным күл-топырақ болып аспанға ұшып

кетті. Ұрған жеріме келсем, тымағымның миығына келіп,
отыз үйрек балапандап, қырық қаз жұмыртқалап қалыпты.
Тымағым­ды сол күйі басыма кие сала, биелерімнің ізімен
соғып келе жатсам, тумаған ту серкенің терісінен істеген

местегі кымыз қанжығамнан түсіп қалыпты. Биелерім аман-
түгел табылады екен деп ырым қылдым да, торы айғырды
тебініп тағы соғып кеттім. Бір айдын шалқар көлдің жағасына
келсем, үрмей от жанып, сормай су шығып, топырақ жанып

жатыр екен. Торы айғырды суытып каңтарып байлап тастап,
тымағымдағы толып жатқан құсты, үстіне су құйып қуырып
отырсам, қырдағы қызыл түлкі мені баспана етіп тұрыпты.
Мақтадан оғы бар, балдырдан дәрісі бар, әкемнен қалған

ақшолақ мылтығыммен, тұмсықты түстей, мұрынды көздей
атып едім, тұмсықтан тиген оқ құйрығының ұшынан шы­
ғып кетті. Тымақтағы төстікке тояттап алып, қымызыма қа­
нып алып, қанжығамды казға толтырып, түлкімді бөктеріп

келе жатсам, алты дарияның ар жағында, жеті дарияның
жел жағында, «барса келмес» аралда алты бием құлын­
дап, құлындарын аймалап тұр екен. Дария торы айғырдың
тізесінен келген жоқ, бір айғыр үйір жылқы айдап қайтып

келемін.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Жолда келе жатып кеш батқан соң бір жерге қонайын деп,
қамшымның бүлдіргісімен жылқымды матастырдым да, ыс­
тық қылып ішейін деп, айнала төңіректен бір етек жапа теріп
әкелсем, бәрі шіл екен, бырылдап ұшты кетті, ұшты кетті,—

депті Ығай.

29. ӘЛІМЖАННЫҢ ӨТІРІГІ

Әлімжан өтірікші бір үйге келіп отырып: «Ойпыр-ай, бүгін
күннің суығы-ай, тіпті керемет! Келе жатсам, екі боз торғай
бір шидің басына қонып отыр екен, мұрнынан шыққан демі­нен
тұрған сүңгі мұз үш сүйем екен»,—депті.

Бір күні Әлімжан Сәрсенбай дейтін қумен кездесіпті.
Әлімжан: «Қоянды жәрмеңкесіне барып бір қойдың ба­
сын сатып алдым да, қасымдағы екі жолдасыма ұсындым.
Жолдастарым құлақты жеп, қайыра етке қарамайды. «Неге

жемейсіңдер» десем, «тойдық» дейді. Бұлар неге тойып отыр
деп, сол бастың екі құлағын кесіп алып, кұлақты өлшегенімде
үш қадақ болды»,—депті.
Сонда Сәрсенбай айтыпты: «Сен құлақты ортасынан кес­

кеніңде жолдастарың жеп қойған соң өлшегенсің ғой. Мен
былтыр қойдың бағланының сыңар құлағын кестіріп, өлшетіп
едім, бес қадақ шығып қасымдағы жолдастарымызбен түп-
түгел тойғанбыз»,—депті.

30. СҰРАУБАЙДЫҢ ӨТІРІГІ

Сұраубай Жайлаубай деген байдың үйіне сасқалақтап кіріп
келіп: «Ойбай, малдарыңа сақ болыңдар, келе жатып жолда
отыз қасқыр көрдім. Топтанып, табаны қызып алған екен»,—
депті.

Бай абыржып, малдарына кісі аттандырып: «Апыр-ай, тым
көп екен қасқыр, күзді күні бұлай топтанып жүрмеуші еді,
сенікі өтірік емес пе?»—депті.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сұраубай бірер шыны аяқ шайды ішіп алып: «Сірә, отыз бола
қоймас, бірақ жиырмадан кем болмас»,—депті.
Бай: «Бұл да көп»,—депті.
Сұраубай: «Жиырма болмағанмен он бес болар»,—депті.

Келген бір адамға он депті, енді біреуге бес депті.
Бай: «Әй, мынауың өтірік болмаса жарар еді»,—дегенде:
«Жоқ, атан түйедей көкжал біреу еді»,—депті.
Бай: «Тіпті сенің қасқыр көргенің өтірік болар»,—депті.

Сұраубай: «Өтірік айтып неден қысылып отырмын, Құдай­дың
жүзін көрмей өтейін, шынында тайлақ түйенің табанында бір
қасқырдың ба, сиырдың ба ізін көрдім»,—депті.

31. ҚАРАБЕК

Жаз қызыл сағынып, жас сорпа ішкім келіп, үйдегі қытай
тауығының әтешін ұстап алып, басын шауып тастап, әйеліме
бір сорпа істе деп тапсырып, міндетті қызметіме кетіп қал­
дым. Кеңсемде отырғанымда артымнан әйелім быржып, ентігіп

жүгіріп келді. Жалт қарасам, сақ-сақ күледі. Е, сорпа пісіп,
шақыра келген ғой, әтеш семіз болған ғой, бұл соған көңілде­ніп
күліп тұрған шығар деп ойлап: «Ә, сорпаң даяр болды ма? Қазір
барам»,—дедім де, әйелімнің бетіне қарадым. Өңі күлгенімен,

жүзі үрейленген сықылды, түрі қашып кетіпті. «Ой, саған не
болды?»—десем: «Ойбай, қызық бар, үйге жүр!»—деді. Апыр­
май, бір сұмдық болған екен ғой деп, әйеліме қарамастан үйге
жүгіріп келіп бала-шағама қарасам, олар аман сықылды, бәрі

үрейленген, не болды десем: «Әтеш!»—дейді. Әтешке карасам,
қазанның ішінде секіріп, тулап, бақырып, шақырады. Не
болды деп таңырқап қарасам, о баста басын шапқанымда шала
шауыппын, ол талып жатқан екен ғой. Сөйтіп жатқанда әйе­лім

жүнін жұлып, енді етін жуып қазанға салғанында жаны кіріп,
тыпырлап, бақырған екен. Әйелім содан қорқып, сасқанынан
күледі екен, айтуға аузы да бармапты.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Ел-жұртқа күлкі болдым-ау деп, ашуланып қазаннан әтеш­
ті жұлып алып, ашуланған бойыммен мойнымен қоса екі қана­
тын, екі сирағын шауып тастадым. Енді қарасам, басқа денесі
пісіп, мына шапқандарым да дүмбілез болып қалған екен.

Жануардың құста болса ит жандысын сонда көрдім.

32. ҚАРСЫБЕК

«Жас кезімде құс құмар саятшы болдым. Көз көрмеген,
құлақ естіген Алтай тауында бір торғауыт бүркіт ұстапты
дегенге арада бірнеше ай жүріп, сұрастырып барып таптым.
Барсам рас екен, екі қанаты екі кұлаш, бір текті зат екен. Мұны

дүние пұлына бермес деп ойладым. Байқап отырсам, басқа кем
адам екен. Үйімде ер жетіп отырған ұлым да, қызым да бар,
соның бірің ал дедім де, қолқа қылып құсын қалап әкетіп,
жаздай баптап, он екі құлаш арқанмен байлап бақтым. Күзді

күні аңға алып шыққанымда аяғындағы арқанымен барып бір
түлкіні іліп түсті. Құс құмар аңшы адамның аңғырт болатын
әдеті ғой, өзім байқамаппын, түлкі дегенім сарышұнақ екен,—
депті Қарсыбек».

«Жасымдағы менің мергендігім, адам баласының өміріне
біткен емес. Осы қос ауыз мылтығым сонда да бар еді. Аспан­
да­ғы топтанған қазды, ауаның қысымымен, желдің ығына
иіріп қойып бір атқанда он екісін томп еткізіп бір-ақ түсіріп

жүрдім. Сонда бір де оғым жазым кетпеуші еді,—депті тағы
да Қарсыбек.—Сол аңшылықпен аңсап жүргенімде ұшқан
кұс тұрсын, жүгірген аңның төрт аяқтысы былай тұрсын,
екі аяқтысын да құтқармаушы едім. Бір күні, жалаңаш

түзде, адам ізін таба алмай, сұрым кетіп орман аралап келе
жатсам, құлағыма сарт-сұрт еткен дыбыс естілді, бұл не деп
қарасам, екі қоян екі жақта тұрып, ертедегі қошқарларша
сүзісіп жатыр екен. «Үрит соқ!». Әр сүзіскен сайын аралары

алыстай береді, біраз қызығына қарап тұрдым да, енді
екеуін де дәл басынан атып түсірейін дедім, бірақ олар келіп

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

сүзіскенде
дыбысының
қаттылығы
сондай—күркіреген

күндей, көшкен таудай жаңғырады. Сол кезде зәрем ұшып
көзімді жұмып жата қалам, бір кезде дыбыс, сүзіс басылды.
Ой, құрсын! Зәремді алды ғой деп барып қара­сам, екі қоян да
сілейіп солықтап жатыр. Қарап тұрсам, сүзіс­тің күштілігін

содан біліңдер, екеуінің де бас сүйегінін быт-шыты шығып,
миы мылжа-мылжа болып кетіпті»,—депті тағы бір сөзінде
Қарсыбек.
«Елде өте дос Әбіл деген құрдасым бар еді, әйелі Мәлі деген

адам сонша дүниеқор, ұқыпты жинақты адам еді. Бір кезде
Мәлі екі қабат екен деп естідім. Достардың мұндайда қуаны­
шына ортақ болу керек қой. Құтты болсын айтайын деп бар­
сам, елі көшіп жатыр екен. Елде ұқыпты-жинақты көш бола

ма, өгіз арындап, арба сынып, сиыр өріске тартып, бұзау
жұртқа қа­шып, мырық-шырық болып жатыр. Осындайға
ашуланған. Мәлі бір жайдақ атқа міне сала, сиырды өрістен
қуып келіп, жұртқа қашқан бұзауды оған қосып, тартынған

өгіздердің мүйізін ұрып сындырып, сынған арбаларды өртеп,
жаңа қонысқа елді әкеп қондырды. Мәлінің күні дәл сол күн
екен. Құдай ретін оңынан келтіріп егіздетіп бір ұл, бір қыз
тапты. Менің де жолым болып үш күн шілдеханасында бо­лып,

азан айтып, екі нәрестенің атын койып қайттым»,—депті енді
бір сөзінде Қарсыбек.

33. АҚЫЖАННЫҢ ӨТІРІГІ

Түздегі жабайы құстардың үлкені де, семізі де дуадақ деген
құс болатынын бәрің де білетін боларсыңдар. Оның үлкен,
семіз болатын да себептері болады ғой. Өйткені, күллі жапан
жүзді өзі меңгеріп жайылып жүрген соң, ұшам десе дала

жетеді. Оттауына от та жетеді, оның тамағы тоқ. Түзде оған
ортақ болатын зат та жоқ. Бірақ оның дұшпаны—аш түлкі,
борсық, қасқыр, малшылар. Дуекең олардың да ебін талай

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

жерде тапқан. Менің аңшылыққа әбден берілгенім сондай—
түз аңдарының қайда қанша екенін білетін болдым. Сөйтіп
жүргенімде мына «Майлысорда» бір дуадақ жүр деп естідім.
Ол немені алып келейін деп қоңыр өгізге міне сала борсаңдатып

жорғалатып желе жортып келе жатыр едім, алдымнан бір түлкі
жер бауырлап, жорғалап жылжып барады. Мен оған, жазғы
жаман аш түлкі ғой деп қарамадым да, ілгері жүре бердім.
Жігерім қайнап, әй, шіркін, қайда жатыр екен, әлде ербеңдеп

оттап жүр ме екен деп ойлаймын да алақтаймын. Бір кезде
тарс-тұрс төбелестің дыбысы шықты, жалт қарасам, бір дуадақ
жерден көтеріліп ұша жөнелді. Артында аузы-мұрны қанға
боялып, қиралаңдап түлкі бұраңдап жатыр. Бақсам, манағы

түлкі дуадақтың жатқан жерін аңдып барады екен, оны аңдып
жатқан дуадақ жақындаған кезде қанатымен қағып қалып,
түлкінің аузын шиедей қылып, жұлынын үзіп кетіпті. Мана
менсінбеген түлкіні көрдім де, қызығып кетіп, сойып жіберіп,

біреу көріп, байла деп тынышымды алар деп, ішігімнің ішкі
өңіріне қабаттап тігіп алдым.
Енді бір жұмысты бітіріп, манағы дуадақтың ажалы келсе,
маған өзі оралып келер деп жан-жақты барлап жүрсем, бір

жылқышы қысырағын жоғалтып, құйрығын сүйретіп келе
жатыр екен. Амандаса кеттік: «Қай елсін?». «Тама елімін». Екі
елдің арасын шамалап тұрсам, мен үш күндік жолға шығып
кеткен екем. Алған түлкімді жылқышыдан жасырып, мен

аңшы едім, көзіңе аң түсті ме деп сұрадым.
Жылқышы: «Осы мидай далада дуадақтан басқа не болу­шы
еді»,—деп еді. «Мен: Кәне дуадақ?»—деп, қуанып кеткенде
астымдағы қоңыр өгіз ала жөнелді. Жылқышы қуып келіп

қалып еді, еру қайда, ай далада қалып қойды. Осы кезде бір
дуадақ-дуадақ деген дауыс естілді. Қайта оралып келсем, мана­
ғы жігіт, аттан түскен екен, киімін шешіп сыбанып алыпты,
екі білегін түрініп алып құрығын көлденең ұстап, ілгері басып

бірдеңені аңғарғандай ыңғайланып барады. Апырай, бұл не
екен деп, тебініп жақындасам: «Әрі-әрі!»—деп, жолатпайды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бір кезде жылқышы бар күшімен жерді соғып жіберді. Құрық
жерге тиіп, күрс етті. Сол дыбыстан шошып, ұйықтап жатқан
дуадақ екен, ұша жөнелді.
Дуадақтан құр қалып жылқышы екеуміз айдалада жан­

жалдасып алыстық, шаршадық. Бір кезде көкке ала бұлт пай­
да болғандай болды. Ол ұшып келе жатқан бір топ дуадақ екен.
Шапшаңдығым сондай—қақпанымды жайып жіберіп, қайта
оралып келсем, көрмеген адам нанбайды ғой, он бес дуадақ

түсіп қалыпты. Ішінде манағы дуадақ та бар екен. Сөйтіп, бір
жолы бір түлкі, он бес дуадақ алып қайтқаным бар,—деп сөзін
тауысты Ақылжан.

34. СӘЛІБАЙ ҚОРСАҢҰЛЫНЫҢ ӨТІРІКТЕРІ

Жаз өте ыстық еді. Құрымнан Майлысорға көшетін уақыт
болып, күндіз көшуге күннің ыстығынан жасқанған ел түс
ауа көшті де, іңір түйіле Майлысорға келіп көшін тоқтатты.
Көш тоқтаған соң, шешем: «Қарағым, тезек тере ғой, сүт пі­

сіріп беремін»,—деді. Шешемнің сөзін екі қылмай, жүгіріп
жылқының тезегін теріп, етегімді толтырып әкеп, жаңа жақ­
қан оттың басына келіп тезегімді төге салып едім, тезегім дүр
ете түсіп, зәремді алды. Қарасам құмалақ деп теріп әкелгенім

бөдене екен. Содан бес бөдене отқа түсіп, өзгесі ұшты да кетті.
Отқа түскен бес бөденені ұшырмай, бырылдатып шала-пұла
үйтіп, қызыққа жиналған елмен бір тойдық.
Ол елдің үлкен кәсібі ағаш шабу, үй салу, арба, шана жасау,

күрек, астау шабу болатын. Сол кісі орманға барып керегін
алып жүріп, мынадай қызыққа кездестім депті. «Бір жуан
қайың тұр екен, ол қайыңды кесіп алсам, үш үйге қыстай отын
боларлық, он шақты күрек шығарлық, түбінен екі астау, бес

табақты ойнап отырып ойып аларлық екен» деп, ақ балтамды
қабынан суырып алып, екі жағынан кезек-кезек салып-салып
жіберіп едім, ағашымның іші күңгірлейді, таңырқап қарап
тұрсам, ағаштың бір жағында қуысы бар екен, сол қуысқа

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

бір топ қоян кіріп паналайды екен. Ағашты құлатқанымда
қояндар дырқырай шыға бергенде бірін босатпай, ақ балтамен
мойындарынан қидым да отырдым. Сөйтіп, астымдағы қара
өгізге бұл жолы ағаш емес, ылғи қоян артып қайттым»,—депті

сол кісі.
Май айының басы, арбамды жамап-жасқап жатыр едім, үй
алдында қара бұлақтың бетіне келіп қонған қаз бен үйрекке
сыймай кетті. Дүниені көргенде қуанбайтын кісі бола ма,

шауып жатқан ағашымның жоңқасынан ала сала құлаштап
судың бе­тін қалқыта отырған топ кұстың орта шенінен жіберіп
едім, құс­тар жаман сасып бытырап ұша жөнелді. Қарасам,
суда бес үйрек, үш қаз қалыпты. Жүгіріп барып жинап алсам,

жіберген жаң­қам бірінің қанатын, бірінің мойнын үзіп кеткен
екен. Бұйырған зат осылай болады ғой, депті Сәлібай тағы
бірде.
Біздің ауылдың сыртындағы «Сиыр құлаған» тауының

бетінің қары кетіп, қара болған жеріне қойымды жайып
оттатып, түс кезінде жусатып тастап, өзім де демімді алайын
деп ана ақ тасты жастық қылып шынтақтап қисайып жатыр ем,
әлгі кебенек келгір қара мойын ешкім ана адыр тастың үстіне

секіріп шығып, төмен қарап үңіліп тұрды да, секіріп жерге
түсті. Енді қарасам, тағы тасқа шығып маңырады, бұл хайуанға
не болды, өзі буаз еді деп, адыр тастың қасына келіп едім, дәл
сол ешкідей бір қоян ата жөнелді. Е, кебенектің мазасызда­

нып жүргені осы екен ғой деп ойладым. Ешкім төмен түсіп,
бірдеңені иіскелей бастады. Бақсам ешкім лақтаған екен. Төрт
лақ туыпты. Ой, жануарым-ай деп, лақтарын алдына салып
жалатып үлгіргенше, қойларымның сауыны болса керек,

маңырап елге қарай жосылды. Төрт лақты қойныма салып,
қолтығыма қысып қой артынан қалмай үйге келіп, әйелім
Алтынға ешкінің төрт лақ тапқанына мақтаныш етіп қуана,
бір жағынан таңырқап, босағаға лақтарды қоя салып едім,

Алтын шошып кетті де: «Ойбай-ау мынауың не?»—деді. Мен
де сескеніп лақтарға қарасам, лағымның екеуі коянның кө­
жегі екен де, екеуі лақ екен. Аңкау басым, басында байқамап­

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

пын, қоян мен ешкі бірдей, бір жерде лақтап, лақ, көжектерін
араластырып алыпты ғой. Мейірманды қара мойын жануар,
қоянмен алысып төртеуін де иемденіп бауырына салған екен.
Ешкім көжекті де сүтімен ауыздандырды, депті және бір

сөзінде Сәлібай атамыз.

35. ҚАЙРАҚПЕН ШҮРЕГЕЙДІ АТЫП АЛДЫМ

Жазғытұрым, құстың келіп жатқан кезі. Сайманымды сай­
лап алып, атымды ерттеп жатыр едім, бір шүрегей төбемнен
ұшып өтіп барады екен. Бұған оғымды шығарып қайтем дедім
де, жерде жатқан бір қайрақшаны ала сала жіберіп қалып едім,

бұйырған зат қой, дәл бөтекеден тиген екен, жерге томп ете
түсті. Оның дүмпуінен: «Жер қозғалды!»—деп, ел шу ете қалды.
Зәрем ұшып, бір жағынан елдің тынышын алғаныма ұялып:
«Үрейленбеңдер, мынау сендерге бұйырған болар»,—деп, шү­

регейді көптің алдына тастай бергенімде көптің қуанғаны
соншалық. Көбі жылап, біразы күліп тұр екен, депті Сәлібай
атам тағы да.

36. БАЙСАРЫНЫҢ ӨТІРІГІ

Астымда ақ жал, шаптар атым бар, ақшамға азан айтып,
«Алла акбар» дегенде, Алматыдан шығып, «ла илаһа» дегенде
Қарғалыны қақ жарып, Ұзынағашқа бардым. Сол жерден бір
нан ауыз тиіп, қара-көлеңкеге қалмай, қазан қайнап жатқанда

Қазан қаласына бардым. Қазанда бұрын бір жомарт адам бар
еді. Баяғы қонақ келді деп атымның шаужайынан ұстай алды.

37. МҰҚАЖАННЫҢ ӘҢГІМЕСІ

Мұқажан деген кісі: «Ерте кезде қыстыңгүні бес адам
шанаменен жекжатымызға бара жатыр едік,—дейді.—Ал­

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

дымыздан көлікті он бес адам кездесе кетіп, көптігіне сеніп,
жолдан бұрылмады да, бізді жолдан бұрылтпақшы болды.
Жанжал шықты. Ашуым келіп, нені тыңдайын, шананың бір
жетегін жұлып алып, қатқан қайың жетекпен әрқайсысын

бір-бір салып ұрып жығып, енді қалған біреуіне ұмтылғаным­
да, жетегім ортасынан сынып, сынығы аспанға ұшты. Оны
байқаған мен жоқ, демімді алып шылым тартып отыр­сам,
бірдеңе ызылдайды, қарасам—манағы жетегімнің жар­тысы,

көкті аралап қайта қайтып келе жатыр екен».

38. ҚАРСАҚБАЙДЫҢ ӘҢГІМЕСІ

Бір күні бұзау бағып жүр едім, дауыл соғып алай-дүлей
қылып ат үстінен жұлып әкеткендей болды. Түсе қалып арты­
ма қарасам, Алланың әмірі-ай, бір бүркіт жердегі бір түлкіге
шүйіліп келе жатыр екен. Мені көріп қайқиып көкке көтері­ле

бастады. Түлкі астыма кіріп кетіп, тісін ақситып жатыр. Дауыл
басылды. Менің дауыл деп жүргенім бүркіттің екпіні екен. Енді
бір мезетте қарасам, астымдағы түлкі бетіме қарап жымиды да,
құйрығын бұлаң еткізіп бір-ақ тартты.

39. ЖҮРГЕН АЯҚҚА ЖӨРГЕМ ІЛІНЕДІ

Кіші жүз ішінде Тамадан шыққан «Құр жарғақ Сарбас»
атанған мерген болыпты. Бетбақтың шөлінде, «Жеті қоңыр»
құмында аң аулап өмірін өткізіпті. Сол кісі өткен мергенді­
гін әңгімелей келе айтады екен: Бір күні түнде елсізде, құба

жонда, айсыз қараңғыда жалғыз жатыр едім, топтанған
киік жосып-жөңкіліп өтіп барады. Оның артынан арқар,
оның артынан құлан, онан соң бұлан, онан соң бұғы, онан
кейін домбай, онан кейін кертағы, онан соң марал, бірінен-

бірі қалмай, шұбап өтіп бара жатыр. Ең соңында қарамы
иттен кіші, мысықтан зор, өзі ақ бір кішкене жануар, айсыз

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

қараңғыда далаға жаққан шам­дай, жарқ-жұрқ етіп, аяқпен
қозғалған сияқты емес, қанатпен ұшып бара жатқан сықыл­
ды көрінді. Мылтығымды алдым да ба­сып қалдым, жалп етіп
жығылды. Түн ішінде қорқып қасына бара алмадым, таң

атқан соң да қауіптеніп, аса сақтықпен абай­лап басып қасына
бардым. Өліп жатыр екен. Аңнан бөлектігі сол—қанаты бар,
өмірімде көрмеген затым. Терісін сойып алып, жанға айтпай,
ешкімге көрсетпей сақтадым. Бұрын ат­қан аңдарымның

етін кақтап, обаға, ішектерге түймештеп тыға бе­ретінмін.
Тұс-тұсынан ел келіп, артып-тартып әкете беретін. Атқан
аңның терісінің садырын тіліп алып, өзгесін қалай болса
солай кептіріп тастай беретінмін, көп терілерді Бұхарға бара

жатқан кірекештерге қосып, оқ-дәрі, керек-жарақ алдырып
тұ­ратынмын. Мынадай бір керемет қолыма түскен соң Бұхар
базарына өзім бардым.
Бұл сыкылды аң терісі болса, Бұхарда ғана кездесер деп,

кең базарды кезе адымдап аралап жүрдім. Бұған ұқсаған тері
ешкімнің қолында көрінбейді. Көркемдігіне көз тұнжырай­тын
аң терісін жинаған бір бай саудагер мені шақырды. Бар­дым.
«Адамға айтпай, көрсетпей жүрген сенде бір аң терісі бар ғой,

соны көрсет»,—деді. Ол айтысымен, шығарып көрсеттім.

—Уа, құлақ естігенді, көз көреді екен-ау! Айсыз қараңғы

түнде аттың-ау, күндіз айыра алмас едің сен оны! Бұл «зарф»
деген жануар, дүниеде мұнан қорықпайтын, үрікпейтін жа­нуар
болмайды. Адам болса да бұдан қорқады. Өзін көрген шығарсың,
көп аңдар бұдан қашып, жан сауғалап бара жатқан болар. Мұнда

құн-баға болмайды. Енді өзің үш күннен кейін кел,—деді әлгі
саудагер. Үш күн өткен соң бардым. Алты түйе­ге жүк тиеп: «Осы
түйе жүгімен сенің мүлкің,—деді.—Бұдан басқа өле-өлгенше
қажетін менің міндетімде болсын»,—де­ді. Құшақта­сып дос

болып айрылыстық. Бұрын «Қу жарғақ Сарбас» атандым, ат­
қа тақымым тиіп көрмеген, жарғақ құ­лағым жастыққа тимей,
түн ұйқысын күткен жан емес едім. Мазаланып жүріп, оқ тиген
аңның тыпырлап жатқанын көр­сем, мауқым басылушы еді.

Ақыр соңында, сол тынымсыз еңбекпаздығымнан олжа та­

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

уып, «жүрген аяққа жөргем ілі­неді» дегендей халық қатарына
қосылдым, деп сөзін тауысты Сарбас мерген.

40. ҚУ ЖАРҒАҚ САРБАСТЫҢ

ЕКІНШІ ӘҢГІМЕСІ

Күн қыс, жерде қар еді, бір нәрсе тықыр-тықыр етеді,
көзге күндіз де, түнде де көрінбейді. Күнде тықыр білінеді,
маңайымнан кетпейді. Бір түні бір заттың шоқиып отырғаны
көзіме елестеді. Не болса да нысанаға алып тартып жібердім.

Оқ тиді, қарбаң етіп құлады, таң атқан соң барып қарасам,
өліп жатқан жарты адам, жарты денеден дәнеңе жоқ. Терісі
тақыр, жарғақ тұла бойында іске татыр дәнеңе жоқ. Жалғыз-
ақ тұмсығы көкпеңбек сүңгідей темір екен. Қызықтым да тұм­

сы­ғын кесіп алып бұрынғы әдетім бойынша сақтап, уақытын­да
Бұхар базарына алып бардым. Наркескен соғатын бір ұста кез
болып, сол асылын танып, көп пұл беріп алды. Өзіме бір қы­
лыш, бір пышақ, бір біз соғып берді. Осы тұмсық темірден суын

тауып соға білсе, нағыз таптырмайтын асыл бұйым болады.
Хандар, патшалардың қолына түспесе, анау-мынаудың қо­
лына түспейді. Ангус деген керемет аң осы.
Енді бір көргенім осы—аңшылықпен сексеуіл ортасында

жеті қараңғы түн ішінде, шала-бұла үйтіп пісірген аң етін жеп
отыр едім, кенеттен, ойда жоқ жерден сексеуіл арасынан бір қыз
шығып, әдеппен ептеп басып, иіліп сәлем беріп қарсы алдыма
келіп отырды да, маған қадала қарап көзін айырмады. Мен де

қауыпсынып, қапы қалмайын деп, сыр білдірмей, етімді жей
бердім де, ет жеңіз деп, анадай жерге ет қойдым. Ол етті ұзын
жеңімен ысырып алып жеген болды. Менен көзін айырмай,
көзім тайып кетсе, қона түсетіндей ыңғайланып отыр. Бір кезде,

кемік сүйекті кеміре бастап едім, ол: «Болатты Болатқа салуын-
ай!»—деді. Етімді жеп болып, қолымды жұмсақ шөпке сүртіп
едім, ол: «Майды майға сүртеді екен»,—деді де, кейін жылжып
кетіп, ғайып болды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Мен не болса да мұны сынайын деп, отты сөндіріп, бір
жуан-кеспелтек кісі бойы сексеуілді жатқан кісі қылып, оған
киімімді жауып, ұйықтаған кісі қылып, өзім анадай жерде
жасырынып, бүркеніп даярланып, «бес қаруымды» даярлап

жат­тым. Бір кезде тышқан аңдыған мысықша жер бауырлап,
шөп­тің сыбдырын шығармай келіп: «Е батыр, жатырмысың»,—
дегендей, бүркеуде жатқан сексеуілді бас салып, сырылдата
бастағанда, нысанаға алып басып қалып едім: «Ер екенсің, ер

алдай ма екен, ер болсаң, тағы ат, бір оғыңа өле қойман»,—деді.
Ескілікті аңыздарда «ер екі атса, алданады» деген сөз есіме
түсіп, «осы сықылды болар» дедім де, ерден-ердің қаупі бар ғой
неғып осымен бітеді»,—деп жан-жақты абайлап жата бердім.

Соның келген ізінен тағы біреу келіп: «Неге кешіктің!—деді
де:—Ойбай, бауырым-ай, жайыңды тапқан екен ғой, енді
екеу-ақ қалдық-ау!»—деп ата жөнелгенде басып қалдым, о да
құлады. Сөйтіп отырғанымда таң атты, барып қарасам, екі әйел

сұлап жатыр, тырнақтары сары жез екен. Енді жан-жағыма
қарап: «Үшеу едік,—деді-ау, мұның тағы біреуі бар-ау»,—деп
тұрғанымда сексеуілдің арасы сатыр-сұтыр етеді. Қарасам тағы
біреу көрінді. Бұл да дос емес қой дедім де, басып жібердім. Оқ

тиді, ішек-қарнын сүйретіп тауға қарай тартты. Соңынан мен
де, атамның кұны қалғандай қадалып қалмадым. Бір кезде бір
үңгірге кірді. Қаруларымды даярлай мен де кірсем, бүктүсіп,
жер бауырлап жатыр екен. Қарасам аналардай жас емес,

кемпір екен. Маған сөйлей бастады: «Е, батыр, бізді дүниеден
сен бітірдің, біз көптен аз болып қалған едік. Бірінші—менің
кызым, екінші—келінім, ал біздің ерлеріміз оңбаған, Құдай
қарғаған, ант жеткен, қарғыс тиген болады. Әйел жынысы

өзің көрген от болушы еді, оны сен құртып, екінші оғыңды аяп
отырсың, енді біз дүниеден біттік, дүниенің асыл қазынасы осы
үңгірде. Тілімді ал, өзің көтергенше ал, қайтып келіп көп алам
десең, онда аузың аңқияды, құр қаласың»,—деді де, аунап

түсіп, көзін бір ашты да, иегін бір қағып, демі құрыды. Мен
«кемпірдің сандырағын не қылам, елге барып көлік әкеп, бар

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

мүлкін тиеп әкетемін», деп ойлап, елге келіп жар салып, әлгі
жерге қайта келсем, манағы орынды таба алмадым, тауып осы
жер ғой десем, ол жерде түк те жоқ. Көргенімнің бәрі арман
болды. Жұрт: «Аңыз, арман етіп жүрген көшпелі дүние деген

осы ғой, көшіп кеткені ғой»,—десті. Кемпірдің айтқаны дұрыс
болды. Көп алам деп түк ала-алмай, аузым аңырайып арманда
қала бердім. Досқа күлкі, дұшпанға таба болдым. Шыны сол—
содан бері жез тырнақ көрдім деген кісі жоқ. Шын құртсам

керек.

41. БҰҚАБАЙ МЕРГЕННІҢ ӨТІРІГІ

Лепсі уезіне қараған Матайдың, аталығы Шоқбар, Бұқабай
деген кісі өтірікке келгенде алдына жан салмайтын, ешкімге
есесін жібермейтін желдіртпе кісі екен, елді аузына қаратып
сөз соғады екен.

Қаңтар туысымен қарсақ тонымды бастыра киіп, қара шо­
лақ өгізіме мініп, тобылғыдан түлкі түртіп, қасқыр қағып келе
жатсам, арыстанның алты жұмыртқасын, омбы қардан ұрып
алдым да, орайдан қашқан отыз түлкіні алты жұмыртқамен

ұрып алып, сайды әкеме ас бергендей сасыттым.
Шыбық садағым, ши оғыммен құралайды көзге атамын.
Сеңгір де селтиіп тұрған кер құланды тартып қалғанымда, оғым
атқан құланның оң танауынан кіріп, сол құлағынан шығып, оң

алдыңғы аяқтың турасын жұлып, сыртқы сол аяқтың тұя­ғын
түсіріп, сан етті аралап өрлей шығып, құйрықты қуып оты­рып,
ұшынан шығып кетіпті.
Аңғал сайдың, алашасына салып тастаған қақпаныма, күнде

отыз орман, тоғыз түлкі түсетін болды. Күнде бір қақпаннан бір
ауыр көген аң аламын. Біреуі кірпігінен, біреуі мұртынан, біреуі
мүйізінен, бірі құлағынан, бірі тұяғынан түседі де жатады,
түседі де жатады.

14-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

42. БАЛАПАНДЫ БАРҚЫН ҚАЗ

Барқын деген кісі таз екен. Бір өзбек тамыры болыпты.
Бір күні Барқын өзбек тамырына келсе, бала-шағаңа ала бар
деп тауықтың алты жұмыртқасын беріпті. Барқын отағасы
жұмыртқаны қойнына салып алып, алты күн арада, он күн ор­

тада жүріп үйіне келсе, қойнындағы жұмыртқалары бала­пан
болып, қойнынан шиқылдап, жорғалап түсіпті. Содан кейін
Барқын отағасы Балапанды Барқын таз атаныпты.
Ай далада үш бұлақ көрдім, екеуі құрып жатыр, біреуінің

дымы да жоқ.
Үш қазан көрдім, екеуі жарылып сынып жатыр, біреуінің
түбі де жоқ.
Үш балық көрдім, екеуі өліп жатыр, біреуінің жаны да жоқ.

Үш бала көрдім, екеуі жап-жалаңаш, біреуінің киімі де жоқ.
Бір үй көрдім, есігі бар, төрі жоқ. Шаңырағы бар, уығы
жоқ. Балықты киімсіз, жалаңаш балалардың етегіне орап
беріп, бағанағы қазанды үйге алып келіп, құры бұлақтан құ­

лағымызбен тасып су құйдық. Үш балықты от жақпай пісіріп
жеп, қайнатпай асып жеп, жаңағы үйдің жабығынан шығып
кетіппіз. Есігі есімде де жоқ.

43. АЙЛАКЕР ТАЗШАНЫҢ ӨТІРІГІ

Баяғы заманда айлалы тазша болыпты. Оның бір сұлу әйелі
болыпты.
Заманындағы ханның баласы сол тазшаның әйеліне ға­шык
болып жүреді екен. Хан баласы бір күні тазшаның әйе­ліне кө­

ңілі барлығын айтыпты. Бұл әңгімені әйелі тазшаға айтыпты.
Сонда тазша:

—Олай болса, мен бір жаққа жолаушылап кетейін де, түнде

қайтып келіп, аңдиын. Егер хан баласы келе қойса, оны ұстап
алып өлтірейін,—дейді.

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

Түнде андыса, ханның баласы үміткер болып, тағы келіп­ті.
Тазша оны ұстап, буындырып, өлтіре салып, өлігін түнде ар­
қалап барып бір байдың үйіне кіріп, оның қызын оятады.
Қыз:

—Кімсің,—деп сұраса, тазша:

—Ханның баласымын, сенде көңілім бар,—депті.

Қыз:

—Ханның баласы болсаң қайтейін. Шапшаң жоғала ғой.

Болмаса, әкеме айтамын,—депті.
Сонда тазша қызға:

—Әкеңнің атасына нәлет. Әкең маған не қылушы еді,—

десе, қыз намысқа шыдай алмай, пышағын суырып алып тұра
ұмтылыпты.
Қу тазша о бастан-ақ осы сұмдықтың боларын ойлап, хан­
ның баласының өлігін қарсы алдына қолымен сүйеп, қалқа­

лап отыра қалыпты. Қыздың сілтеген пышағы өлікке тиіп,
көкірегіне кіріш етіп кіріп кетіпті. Өлікті сол жерге жайратып
тастай салып, өзі білдірмей ғана, ептеп үйден шыға жөнеліпті.
Таң атқан соң бай тұра келсе, үйінде бір өлген жігіт жатыр,

оның бетіне үңіліп қарайды да, ханның баласы екенін танып,
зәресі қалмай қорқады, не қыларын біле алмай, сасқанынан
манағы тазшаны шақырып алып:

—Осындай бір мүшкіл іске ұшырап тұрмын. Амалың көп

тазша едің. Осы бәледен құтқарсаң, ат басындай алтын бе­
рейін,—депті.
Тазша:

—Жарайды,—деп, өлікті қапқа салып, арқалап, түн ішінде

ханның қазынасына кіріпті.
Күзетшілер сезіп, тұс-тұстан айқай салып: «Ұста! Ұста!»—
деп, жүгіріскенде тазша бір амалмен өлікті тірі адамдай тіп-
тік түрегелдіріп қойып, өзі ебін тауып, қашып кетіпті. Күзет­

ші­лер қазынаның ішіне жүгіріп кіріп-кіріп келсе, қалт етіп
қақайып тұрған адамды көріп (өлік екенін қараңғыда қай­дан
білсін) «ұры осы екен» деп, біреуі шойын шоқпармен са­лып

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

қалса, сылық етіп кұлай кетіпті. Күзетшілер жарық алып ке­ліп
қараса, қазына­ға түскен ханның өзінің баласы екен. Күзетші
бейшараларда не жан қалсын. Үрейлері ұшып жаны алқымға
келіп, қорқып, түн ішінде манағы белгілі қу тазшаға барады:

—Айналайын, шырағым. Қарағым. Осындай бір атпас таң­

ға, арылмас бәлеге қалдық, амал-айлаң көп деуші еді, осы
бәле­ден бізді есебін тауып құтқарсаң, бүкіл өміріңе жететін
дүние бе­рер едік,—деп жалынып, аяғына жығылып, зар
жыласыпты.

—Жарайды, құтқарамын,—деп, тазша уәде беріп, таң аты­

сымен екі көзіне пияздың суын жағып қызартып, жас ағы­зып,
еңіреумен ханға келіп:

—Айналайын, тақсыр хан, «білмеген у ішеді»—дегендей,

күзетші құлдарың қаталықпен сізге зор күнәкар болыпты,
солардың бір қасық қанын қиюңызды тілей келдім,—депті.
Кешесіз бе, тақсыр хан.
Кешпейсіз бе, тақсыр хан.

Түсінерсіз айтқанда,
Ешкім де жоқ қас қылған.
Қашаннан ерке тазшамын,
Алдыңа жылап, бас ұрған,—

депті тағы да.
Хан біраз ойланып тұрып:

—Азар болса, күзетшілер ұйықтап қалып, қазынаны ұр­

лат­қан шығар. Не де болса, тазшам, сен үшін күзетшілердің
күнәсін кештім,—депті.
Бірақ түсіндіріп айтшы, олар қандай күнә қылған екен.
Білейін,—депті.

Тақсыр ханым, түнде қазынаңызға бір ұры кіріпті. Күзетші
бейшаралар сергектігімен біле сала жүгіріп барып, жабыла
кетіпті. Қараңғыда қайдан білсін. Қазынаның ішіне кіріп тұр­
ған адамды көре салып, біреуі шоқпармен ұрып, біреуі пышақ

салып, біреуі мойнына арқан салып сүйрелеп, буындырып

ӨТІРІК  ӘҢГІМЕЛЕР

өлтіріпті. Артынан жарық әкеліп қараса, ол өлтірген адамы,
тақсыр, сіздің балаңыз болып шығыпты. Құдайдың жазуы
осылай болса, не шара бар. Бірақ балаңыздың түн ішінде жа­
падан-жалғыз қазынаңызға неге кіргенін бір Алланың өзі

біледі,—депті.

—Баламның өлігін алдыма алып келіңдер, көрейін,—деп

бұйрық қылыпты.
Тазша жасауылдармен барып, өлікті қымбатты жібек
кілемге орап, көтеріп алып келіп, ханның алдына қойыпты.
Хан баласының өлігін қарап отырып айтыпты:

—Менің балам түн ішінде қазынаға кіріп, күзетшілер

өлтірді дегенге көңілім онша иланбайды. Бәлен жерде бір
бақсы кемпір бар, адам жіберіп алдырып пал аштырамын. Егер
баламды қазынаға кіргенде күзетшілер ұрып өлтірген болса,
кінәсін кешкенім кешкен, егер басқа түрлі оқиғадан болса, оны

білемін,—дейді.
Бір жасауыл барып, кемпірді қобызымен алып келіпті.
Кем­пір қобызды тартып, жындарын шақырып, ойнап жатқан
кезде, тазша да оның тапқыштығын біледі екен, дереу бір асау

жылқының құйрығына бір қатқан тулақты байлап коя беріпті.
Соның салдарынан жылқылар түн ішінде тас-талқан болып,
үркіп жүргенде, тазша бір атқа міне шауып, айқай салыпты:
«Жылқыға жау тиді»—деп. «Жау тиді» деген айқайды есіткен

заматта бастығы хан боп, барлық адам атқа міне-міне қарула­
рын алып, жылқыға қарай шаба беріпті. Манағы тазша сай­
тан­дай бір жағымен жылт етіп, үйге кіріп келіп қараса, баяғы
бақсы кемпір сарнап, ойнап жатыр екен. Ойнап жүргенде:

«Ай-ай, тазша, ай, тазша,
Атана нәлет, қу тазша.
Басыңды қудай кесермін.
Қаныңды судай шашармын»,—

деп жүр екен.
Мұны тазша бірден аңғарыпты. Бәленің бәрі тазшадан бол­
ғандығын кемпірі құрғырың әбден біліпті. Тазша жалма-жан

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

кемпірді сирағынан көтеріп алып, ханның толып тұрған қы­
мыз сабасының ішіне басын төмен, аяғын жоғары қарата зып
еткізіп салып жіберіп, тұншықтырып өлтіріпті де, өзі ешкімге
көрінбестен үйден шығып, жоғалыпты.

Таң атқанда хан қасындағы адамдармен ешбір тірі жан
көре алмай, аманшылықпен үйіне қайтып келеді. Сонда хан:
«Түндегі бақсы кемпір қайда?»,—деп іздесе, сабаның ішінен
өлігін тауып алыпты. Енді хан қорқыпты. Өйткені кемпірдің

балалары өңшең дәу екен. Олар ашуланса, бар жұртты со­
лайымен апат қылуға қолдарынан келетінін хан біледі екен.
Сонда хан тазшаны шақырып алып:

—Мынау кемпірдің өлігінен құтқар, балалары бізден кө­ріп,

бір бәле қылып жүрмесін. Осыған қандай да бір амал тауып,
бізден көрмейтін қылсаң, бізді басқа төнген бәледен аман-есен
құтқарсаң, саған ат басындай алтын беремін,—дейді.
Тазша жарайды деп, кемпірді бас-аяғына дейін әдемі киін­

діріп, бір асауырақ түйеге мініп, қалтасына бір біз салып, кем­
пірді алдына алып, жөнеліпті.
Кемпірдің үйіне жақындаған уақытта жас немерелері ал­
дынан жүгіріп шығып:

—Шешеке, ханның үйінен алып қайтқан мейіз, өрігіңнен

бер,—деп, түйеге жармаса берген уақытта, тазша қолына ұстап
келе жатқан бізін түйенің өркешіне сұғып алыпты.
Түйе тулап, кемпір мен тазшаны жығып кетіпті. Кемпір
баста шын өлген, тазша да біразға дейін өтірік талған болып

жатыпты. Кемпірдің дәу балалары үйінен шығып қарап тұр
екен, қасына жүгіріп келіп қараса, екеуі де өліп жатыр.
Бәрекелді-ай, шешеміз асарын асап, жасарын жасаған адам
еді. Өлсе, иманы жолдас болсын. Бірақ ханның адамының өл­

гені қиын болды-ау!—деп тұрғанда, қу тазша ыңыранып жа­
ны бар адамдай қозғала-қозғала жатып «Құдайға шүкір» деп,
басын көтеріп, тіріліпті.
Кемпірдің балалары тазшаны көп сыймен еліне қайта­рып­ты.

МЫСАЛДАР

1. ЖОЛБАРЫС МІНГЕН ҰРЫ

Тоғайда жүреді екен бір жолбарыс,
Аузында азулары кере қарыс.
Өтеді жол үстінен көп керуен,
Жатады жол үстінде келіп арыс.

Өтеді керуендер дүркін-дүркін,
Келеді бір топ керуен алда бір күн.
Кеш болып, сол жағаға қонды дағы,
Той қылды, ойын қылды олар бір күн.

Солбырап екі-екіден жүктер артқан,
Той тойлап керуендер жатқан.
Бар екен бір қарақшы үмітдайым,
Қу екен ел ішінде Құдай атқан.

Ойланды: «Керуенге барайын» деп,
«Бір малын керуеннің алайын» деп.
«Керуен ерте түнеп көшіп кетер,
Олжа ғып Құдай берсе қалайын»,—деп.

Мұны ойлап ұры байғұс келе жатыр,
Керуенге саламын деп заман ақыр.
І. Мысал өлеңдер

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Оны айтып ұры байғұс келе берсін,
Келеді оңдалсын деп мұны ақыр.
Ойланды жолбарысты жорытпағанына,
Өлу деп ешнәрседен қорықпағына.

Ол ақыр керуенге келе жатыр,
Бір қара керуеннен соқпағына.
Ағады таудан бұлақ тарам-тарам,
Ол бақыр тоғайдағы күні-ақ қараң.

Ақпай ма бәйшешекті көргеннен соң,
Бұл қараң керек бопты енді саған.
Шалқақ келіп жатты қойды бағып,
Жарқырап екі көзі оттай жанып.

Хабаршың жолбарысты келгеннен соң,
Кіре алмай керуенге жын атанып.
Қараңғыда бұл ұры мал-жан, қане,
Табылмай сасқалақтап жүргенінде.

Жол аңдып, етбетінен қойға шабайын деп жатқан жол­ба­
рысқа кездесіп, ат сияқты елестеп көрінеді. Осы сияқты ат
та қолыма түссе, тақияма тарлық қылмас. Жолбарыс қойға
ша­байын деп аңдып жатса, ұры атқа міне сала қашайын деп

қамданып жатқан жері:
Бұлардың Құдай берсін нысабын да,
Санына жетпей тұрып құшағыма.
Жанына ұры байғұс бір қараса,

Көрінеді «бозшұбар» көз алдына.
«Құдай-ау, сол шұбарға жетсем дағы,
Құтылып, мініп қашып кетсем дағы.
Үстіне бұл шұбардың бір мінсем,

Жалғанда арманым жоқ өлсем-дағы».

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Осылай деп жетіп келді дәл қасына,
Секірді «әкіреңдеп» арқасына.
Өзі де жүйрік еді құстай ұшқыр,
Отырды ұстай беріп дәл ортасына.

Жолбарыс қорқып кетті, қарғып тұрып,
Шабады «жығайын» деп ылдиға ұрып.
Шапса да қанша тулап желім естен,
Қолтыққа екі толқып аяқ тыққан.

Жолбарыс олай тулап, былай тулап,
Болмаған соң өзін қамысқа ұрды.
Құдайым жүрер жолды алыс қылды,
Құдай-ау, қандай бәле кез келтірді.

Өкпенің қабын да қабыс қылдың,
Балағы қу жолбарыс қылды тәжім.
Алды ғой жолбарыстың Құдай зәрін,
Алдынан қанша зәбір кездессе де.

Қалады ортекедей ырғып-ырғып,
«Тәк-тәк» деп тоқтатам деп айтса дағы.
Барады тоқтата алмай арғымағын,
Таң қалып тұлпар аттың шабысына.

Қараңыз сол ұрының салған әнін:
«Ой, жануар, жүйрік екен ағып шабар.
Болады бұл шабарға әркім құмар,
Біреудің тілінде бар, көзінде бар.

Мойнына былғарылап тақсам тұмар,
Жануар жүйрік екен сияғынан.
Шықпайды шапса дүбір тұяғынан,
Жануар тынбай шапса бұл шабыстан.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Ұстаймын ұшқан құсты қияғынан,
Қылайын бұған қызық қашамалы.
Әуелі Әлі мінген дүлдүл болса,
О, сүйікті әннен соң Алланың жасағын.

Құдайдан бір ат еді сұрағаным,
Құдая, бұл да болса менің бағым.
Мінекей, қадағалап тауып алдым,
Құдай да болған екен менің жағым».

Осылай деп өлеңдетті айқай салып,
Жолбарыс астындағы қалды танып.
Қаратер жолбарыстың үсті-басы,
Түнімен шаршап қалды қатты шауып.

Сол уақта сүбі салып туды дағы,
Жарығы күннің шықты жерді жарып.
Түңілді ұры байғұс: «бопты ғой» деп,
Астында мінген атын сонда танып.

«Құдая, дегенім шұбарат шерім бе еді,
Көзіме бұл көрінген көрімбеді.
Жапырақтай шайналмаған жерім қалмас,
Амалым, күнім біткен жерім бе еді».

Осылай деп әндей берді айқай салып,
Жолбарыс астындағы қалды танып.
Қаратер жолбарыстың үсті-басы,
Түнімен шаршап қалған қатты шауып.

Астынан бір ағаштың кеп өткен кезде,
Ағаштан ұры қалды ұстай алып.
«Бәледен құтылдым» деп қуанғаннан,
Жатады жолбарыс та ұзап барып.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Дүниеде өткенді көз көреді,
Ақынға ойлап айтса, сөз келеді.
Бір маймыл жүруші еді жидек теріп,
Сол маймыл жолбарысқа кез келеді.

—Не болды айтшы маған, шерім,—деді,—

Үстіңнен басылмапты терің, деді.—
Жатырсың өлейін деп барып келіп,
Көрінді саған қандай көрім?—деді.
Жолбарыс айтты:—Маймыл, көріп тұрсың,

Көрмесін еш мақұлық көргенімді.
Үстімнен осы уақытқа шейін түспегенде,
Сен, маймыл, көрер едің өлгенімді.
Маймыл да талай істі ойланады,

Жүгіріп ары-бері айланады.

—Бәлем бар арқамда деп айтасыз,

Бәлеңіз арқаңдағы қайда қалды.
Бұл сөзге жолбарыста нанып қалды,
Маймылға көп сөйлемей талып қалды.

—Маймылым, қайта-қайта езе берме,

Бәлемді анау ағаш алып қалды.
Маймыл да жетіп барды тал ағашқа,
Жолбарыс айтқаннан соң қарамас па.
Басында ол ағаштың бір адам тұр,

Дәнеме көрінбепті онан басқа.

—Жолбарыс, ешнәрседен қылма қауіп,

Тер болған үсті-басың қатты шауып.
Өзіңде елу адам қуатың бар,
Қорықтың сен адамнан мұнша неғып?

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Маймылым көп сөйлеме және, деді,

Қасыма маған жақын келме, деді.
Маймылым, қайта-қайта езе берме,
Ол өзі адам емес, бәле,—деді.—
Демегін ағаштағы оңай бәле,

Бәнденің оған қиын жанаспағы.
Қасына егер оған жақын барсаң,
Арқаңа ұялмайды жармасуға.

—Е, шерім, ол адамға мен барайын,

Адамның көрген едім бірталайын.
Тоғайда сарысуды көп жеп едім,
Е, шерім, әжетіңе бір жарайын.
Маймыл да жетіп барды адамына,

Ұрының абыройын ашпағына.
Бір сойқан бұл маймылға бола қалса,
Жолбарыс оңтайланды қашпағына.
Ағаштың маймыл келді дәл қасына,

Сол кезде шығып кетті шың басына.
Ұрыны сонда маймыл қылды мазақ,
Адамдай әзілдескен құрдасына.
Үйінде әуелдің шаң тұрады,

Басында жақсылардың бар тұрады.
Шырылдап шың басынан сол ағаштың,
Ұрының бастарына тамшылатты.
Ұрыға сонда болды не керегі,

Жақсының болсын деймін бір көмегі.
Аспандап, сасқалақтап бір қараса,
Салбырап тұрған екен бір керегі.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Сол кезде ұры байғұс бір амал тауып алды,
Ағаштың бір бұтағын бұрап алды.
Басына дамбал бауын тұзақ жасап,
Маймылдың «алмасына» тұзақ салды.

Ал енді найза тілді тозғын маймыл,
Ілініп өрмекшідей шыңғырады.
Және де бір бұтақты сындырып ап,
Сабалап қабырғасын сындырады.

Ал жазған найза тілді тозған маймыл,
Ілініп, мың айналып, шыңғырады.
Маймыл да барған еді судай тасып,
Ілінді тұзағына қара басып.

Маймыл да барған еді, болып шықты,
Аузынан дерек-дерек қаны ақты.
Ал жазған найза тілді жазған маймыл
Аралас қаныменен жаны шықты.

Жігіттер, осы сөзді құлаққа алып,
Бекерге маймыл құсап болма мықты.
«Қу құйрығы бір тұтам» деген сөз бар,
Қулығы қу маймылдың өзін жықты.

2. АТ ПЕН ЕСЕК

Ат пен жолдас болды есек бір күн,
Сұм есек білдірмеді мінез-құлқын.
Ат оған: «дос болайық» деп еді, сонда,
Мақұлдап бас изеді есек шіркін.

Екеуі еңбек етті пікірлесіп,
Ат артық азық жейді өліп-өшіп.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Ішіне есекеңнің түйнек тиіп,
Қалшылдап жата қалды көзін қысып.
Сериіп арам жатыр аяқ жимай,
Жұмысқа кетті досы жылай-жылай.

Қарасы аттың әбден үзілгесін,
Жөнелді азықты алып қу сұмырай.
Ат жолдас болып еді есекпенен,
Еңбексіз арам жеді есеппенен.

Ақысын алдап достың алып кетті,
Адалға арам жібімейді жетекпенен.
Арамның, міне, осында мекерлігі,
Аян ғой жалғанының не екендігі.

Жамандық жақсылыққа жасап нәмәрт,
Өлімге досын тастап кете берді.

3. ҚАҚПАНДЫ ҚАСҚЫР

Қаңғыбас қасқыр жортып шапқылады,
Қу лепсі түртіп оны жатқызбады.
Жесе де құнан қойдың құйрық майын,
«Мен тойдым» деген сөзді айтқызбады.

Жұтығып жын соққандай жолға шықты,
Басқадан өзін-өзі санап мықты.
Құныққан бұл көкжалға тура келіп,
Адасқан бір тоқтыны алып шықты.

Тоқтыны жайғастырды жалғыз өзі,
Мақтанып, жан біткенді көрмей көзі.
Шапқылап келсе біреу осы сәтте,
Тұрғандай қорықпастан жайнап жүзі.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Тоқтының жарты етіне анық тойды,
Жартысын ертеңіне алып қойды.
Жүруге әлі келмей іші сыздап,
Жатуға ыңғайланды жазып бойды.

Бір түлкі қой етінің иісін сезді,
Қасына қасекеңнің жетіп келді.
Құйрығын бұлғаңдатып, күлімсіреп,
Ауысқан еттің барын көріп білді.

—Қасеке, таныс едім сыртыңыздан,

Ерлік іс келеді дейтін қолыңыздан.
Көзіммен көріп тұрмын қайратыңды,
Қайтпаңыз осы түскен жолыңыздан.
Жақтырмай қасқыр тұрды түлкі сөзін,

Алартып бір қарады ақты көзін.

—Кет, қазір өлмей тұрып жаның барда,

Көмілмей тұрғаныңда келген ізің.

—«Ақыл—дос, ашу—дұшпан» сенсең, тақсыр,

Ежелден ел білетін атың қасқыр.
Қасыңа жолдас етіп мені де ал,
Көріп кел, барып келді маған тапсыр.
Осындай тату тұрып хас болайық,

Өлгенше айрылмастай дос болайық.
Әзілқой, күлдіргі сөз менде болса,
Қаһарлы батырлық іс сізге лайық.
Ойланып қасқыр тұрды аз кідіріп,

Көнуге ыңғайланды сыр білдіріп.
Түлкінің екі көзі етте болып,
Құйрығын бұлғаңдатып тұр телміріп.
15-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Түлкінің алдауына қасқыр ерді,
Сақтаулы еттен аздап жұлып берді.

—Қалғанын жесең, түлкі, өлесің,—деп,

Көрсетті көметұғын қазып жерді.

—Келгенше сен боласың осы жерде,

Мен кетем жолаушылай сонау елге.
Қайталап тағы айтам, тыңда, түлкі,
Өлсең де мына еттен алып жеме!
Сүйтті де қасқыр кетті ұзақ жолға,

Қуанып түлкі қалды «түс» деп торға.
Артынан қарап тұрған түлкі «досты»,
Жалма-жан қалған етті алды қолға.
Жеп жатыр олжа етті іштей күліп,

Тойғаннан іші-сырты болды тұлып.
«Іздеген шопан болса, есітсін» деп,
Қояды бар дауыспен кейде ұлып.
Есітіп түлкі даусын шопан келді,

Көмулі қойдың етін бұ да көрді.
Қасқырдың қолға түсер жолын байқап,
Білдіртпей көрді қазып, қақпан құрды.
Сұм түлкі қақпанды да көріп жатыр,

Қасқырдың түсетінін біліп жатыр.
Қасқырды шопан соғып ала қойса,
«Барлық ет менікі» деп, сеніп жатыр.
Сандалып бір күндері келді көкжал,

Бұл жолы табылмады өрістен мал.
Ашыққан қасқыр көзі етте болып,
Түлкіден сұрап жатыр ел-ақуал.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

—Етіңіз сол күйінде, ашқаным жоқ,

Ұрлар деп өткіншілер жатқаны жоқ.
Осындай жасқа келіп жалған сөзді,
Қасеке, нансаң маған, айтқаным жоқ.
Ашыққан қасқыр тұрды етке қарап,

Түлкі де тұрды ішінен: «А, Құдайлап».
Жақындап етке ауыз қойған кезде,
Қақпанға түсті аяққа қойған кезде.
Сол кезде жетті шопан тап қасына,

Түлкі де шығып тұрды дөң басына.
Алысып қақпаныменен жатқан кезде,
Ашулы шопан ұрды қақ басына.

4. ҚАРА ҚОҢЫЗ

Жер жүзін қоңыз қаптайды жаз,
Бір боққа қырық елуден қонбайды аз.
Кетеді бірінікін-бірі алып,
Еркелеп енелеске еткендей наз.

Біреуі қуып барып алысады,
Тым тату өзге жерде, мұнда араз.
Таласып тап Уалидың сарқытындай,
Етеді өте құрмет, көп ағызаз.

Итеріп бірін-бірі, тыраңдатып,
Қылады бір мереке өзіне саз.
Бәрін де жеңгеннен соң, жөнеледі,
Бір мықты домалатып алып сарбаз!

Бір жерге көміп оны, жайластырып,
Қуанып, қожырайып болады мәз.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бұлайша мың дағы бір боқ жияды,
«Қыс болса, боламын ба,—деп,—мұқтаж?»
Мың боғын бұрын көмген таба алмайды,
Көп қарап, шаршап-жүдеп шабандайды.

Қыс болса, жалғыз боқтың жартысын жеп,
Ендігі жаз болғанша амалдайды.
Мысалы, сол секілді бұл күнгілер,
Дүние үшін бірін-бірі ата, аңдайды.

Әлдісі әлсізінен тартып алып,
Ақ малын оныменен арамдайды.
Қыс қатты болған жылы қырып алып,
Сып-сидам басын сипап алаңдайды.

Он шақты ешкі менен қойды бағып,
Тон киіп, тамақ ішпей жалаңдайды.
Ақыры ат, атанның бәрін құртып,
Аяғы, өгіз мініп, салаңдайды.

Жинаған өліп-талып мал-мүліктің,
Ешбірін іздеп-тауып ала алмайды.
Адамға, кәне, жолдас болғаны мал,
Бұл қалай ара тұрар, келсе ажал?

Қоңыз да осы өзіміз айтып жатқан
Және де осылайша бар бір мысал:
Дарияның Мәһит атты ар жағында
Жазира, Бағыбақ деген бар еді арал.

«Жайылып жазы-қысы жүретұғын
Бір бөлек ат бар онда»,—деді ошал хал.
«Иісі тезегінің ол аттардың,
Жұпардың иісіндей,—деп айтады,—дәл».

Есітіп қоңыз біткен бұл жақтағы,
«Кел, соған барайық!» деп ұшады, ал!

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Арада ай мен апта өткеннен соң,
Бойлары божырайды болып дел-сал.
Қарны ашып, күш пен қуат құрыған соң
Бәрі де бұлайынша ойлар қиял.

«Бағыбақты барғанменен табамыз ба?
Иә, таппай, құр далада қаламыз ба?
Кешегі кең далада тастап кеткен,
Тиюші еді таудай тезек дарамызға.

Әр жерден аяқ аузы үңгір қазып,
Тасып ек күн-түн толып шарамызға.
Бір боқ та бұл арада көрінбейді,
Осынша олжа етерлік қарамызға.

Қанағат қолдағыға қылмаған соң
Мініки, кірді аштық арамызға.
Қадірін қара қидың білмеген соң,
Жатқаны жер күңіреніп наламызға.

«Қонысқа қайтайық» деп қарар жасар,
Қатын мен зорлық етпей баламызға.
Аянбай әуелгіден парлап ұшар,
«Боғы көп, барайық,—деп,—саламызға».

Жете алмай, жолда шаршап бәрі де өлер,
Өлмеске қоңыз қайтіп тапсын өнер?!
Сопысын сол сияқты бір паралар,
Кемді күн дін жолына көңілін бөлер.

Жөнінен ақыреттің айтса үгіт,
Жас ағып көздерінен, дөңгеленер.
Шарттарын шариғаттың сұрамаққа,
Қысы-жаз жатпай-тұрмай жортып, желер.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Молда ұстап, мешіт салып, намаз оқып,
Қаріпке қорыққанынан қайыр берер.
Бұзылып өз-өзінен тұзсыз еттей,
Істерін істеп жүрген зиян көрер.

Ібілістің еріп анық алдауына,
Дүниенің қайтауылдап соңына ерер.
Әуресі екі дүниенің болып бірдей,
Қоңыздың осы айтқан кері келер.

5. ТӨРТ ДОС

Болады бақ, ықпалдың бірлік кілті,
Болмайды бір болғанның жаннан үміті.
Мысалды мұндайынша еттім өлең,
«Халықтың қолданар,—деп,—қайбір ұлты.

Ертеңің өтіп кеткен заманында,
«Дұшпанның қалмайық,—деп,—табаныңда».
Тасбақа, түлкі, қарға, киік—төрті
Дос болады бастарының аманында.

Сыйласып шын көңілмен бірін-бірі,
Болмады ойларының татау, кірі.
Бір күні киік ауға кез кеп қалып,
Шырмалып шыға алмайтын болды түрі.

Қарқылдап көре сала қарға ұшты,
Келді де түлкіге айтты осы істі.

—Япырай, енді қалай қыламыз,—деп,

Түлкі де түйіп қабақ, бұзды түсті.
Түлкі айтты:—Мен қашайын болып ақсақ,
Соңымнан сен дағы ұш жорта қақсап.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Ау құрған адам мені көре қойса,
Қуалар қызыққан соң оны тастап.
Ертіп кел тасбақаны, қисын ауды,
Кетейік алдап ертіп адам жауды.

Жатқанда киік ондай ауға оралып,
Жарамас жүруіміз кезіп бауды.
Деді де, ақсай басып қашты түлкі,
Түлкінің тұтынарлық тәсіл-мүлкі.

Киікті қойды да аңшы мұны қуды,
«Ұрып ап етейін,—деп,—көпке күлкі».
Кідірмей тасбақаға қарға келді,

—Аңшының ауын барып қи,—деді,—енді.

Ес кетіп есіткеннен, тарбаяқтап,
Ала алмай сасқанынан қалды демді.
Тышқаннан тасбақаның бар еді досы,
Жоқ еді іні бірақ маңайда осы.

Соны «алып келейін» деп тұра ұмтылды,
Тарбаңдап тас пен құмға тиіп төсі.
Қарға айтты:—Ебедейсіз, үлкен ішің,
Жетуге жеделдетіп келмес күшің.

Тышқанды өзім барып әкелейін,
Қия бер ауды барып, өтсе тісің.
Тарбаңдап тасбақа да келіп жетті,
Қарға да бара сала тышқанды ертті.

Екеулеп, әрлі-берлі ауды қиып,
Берген соң босанды да киік кетті.
Өлімнен киік кетті болып бостан,
Солардай жәрдем, көмек тиіп достан.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Береке болмай қалмас қай күнде де,
Бірлікпен осылайша басты қосқан.

6. ҚОЙ МЕН ҚАСҚЫР

Сөйлесең, таба алмайсын сөздің ізін,
Шықпайды дегеніңдей шыңғыр мен ызың.
Бұл күнде әдебиеттің жолын білген,
Советтік білімді көп ұл мен қызым.

Жыр етем бір мысалды шама келсе,
Ой, шіркін, оңдырамай оны білсе.
Кестесі келіспесе, кемеңгерлер,
Ақынға анық бір сын—біреу күлсе.

Қой менен қорқау қасқыр дос болыпты,
Бірігіп екеуі бір қос болыпты.
«Ешкімге сені досым, тигізбеспін»
Дегенмен, қойдың көңілі қош болыпты.

Достығы екеуінің болды мұндай,
Талайды жейді қасқыр түнде сондай.
Қасқырдың бұл қылмысын айтпауға
Қой уәде берді еткен ісін ондай.

Жегізген жиырма тауық, біреу келді,
Қойыңнан қасқыр жайын сұрап білді.
«Бас баққан мен бір қойың,—деді,—жуас,
Қасқырды көрмедім»,—деп қойың күлді.

—Кім біледі мені дағы жеп кете ме,

Кездессе қассыз қасқыр, тек кете ме?
Сөзіне қойдың қанып қайтты адам,
«Япырмай, қасқырға,—деп,—кек кете ме?!»

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Қасқыр да жатыр еді інде бұғып,
Кеткен соң адам, қасқыр іннен шығып.
Аш өзі, арсалаңдап жөнеп берді,
Жорыққа жортып қасқыр жүнін жығып.

Сол түнгі жорығында дым таппады,
Келер күн тыныштанып ол жатпады.
Сүйкеніп соға берді әр бұтаға,
Қайтсін ол бір күн, бір түн нәр татпады.

Дым қоймай бар құйрығын алды жұлып,
«Достығың қайда?» деді қойың тұрып.

—Достықты бір тоюға сатасың ба?

Жағдайсыз жаман екен қолды ұрып.
Достығым менің еткен қайда кетті,
Жемекке мені дереу қойдың бетті.
Біреуге сынатуға барасың ба?

Ақ едің ерлігі бар, бұздың кетті.

—Көп сөздің керегі не,—деді қасқыр,—

Қолыңнан келсе, мені сен де састыр.
Құйрығын жеп болған соң басқа жағын,
Жеңіне зейін қойды қара басқыр.
Достықты тойтарып тік кетті бұзып,

Болған соң бұзбай нетсін өте бұзық.
Қасекең қорқаулықпен тыңламады,
Жеп қойды қалдырмастан ләпсі қызып.
Іс етпеді қаперімде досқа лайық,

Демеді достың көңлін қош қылайық.
Дос болған қойын жеді тамағы үшін,
Мұндайдан айлақ ерлер бос тұрайық.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Ізімен қой иесі келді жетіп,
Қасқырың інге кіріп алған бекіп.
Қасқырды қақпан құрып, ұстап алды,
Қой иесі іс етеді енді кетіп.

Терісін тірідей тез алды сойып,
Қасқырды қой етіне алған тойып.
Жалаңаш етіп салып, өртеп отқа,
Күйгені сонша, көзін алды ойып.

Босаңдап қойдай жуас қор болмаспыз,
Мысалы, қасқырдай боп зор болмаспыз.
«Тек жүрген—тоқ жүреді» деген анық,
Тек жүрсек, ешкімге де қол болмаспыз.

Қасқырдай қара кеуіл атанбайық,
Достықтың апатына шатылмайық.
Бір жейтін тамақ үшін бұзып достық,
Қақпанға, абайлаңдар, матылмайық.

Ерлерім, етпеңдер іс ләпсің үшін,
Досыңа дұрыс болсын еткен ісің.
Қасқырдай көз ойғызып һәм сойғызып,
Кетпесін түсіп отқа күйіп күшің.

7. ҚАМАУДАҒЫ ЖОЛБАРЫС

ПЕН ШОШҚА

Жолбарыс шошқаменен болды тұтқын,
Ызамен мүлде бұзған мінез құлқын.
Талқандап темір торды быт-шыт қылып,
Жолбарыс бұзып шықты ақыр бір күн.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Жолбарыс шошқаға айтты:—Шықпаймысың,
Күшің бар, темір торды сықпаймысың!
Тамағың тоқ болғанымен, бостандық жоқ,
Дүниеге емін-еркін шықпаймысың.

—Бостандық не, сен маған айтып тұрған,

Ішер тамақ үй емес жатып тұрған.
Орным жайлы, тамақ тоқ, уайым жоқ,
Сөзіңнің керегі жоқ шатып тұрған.
Шаттық, тоқтық, денсаулық, бас бостандық,

Бұлар болса бәле емес аштық, жоқтық.
Бостандыққа өзгеше баға бермес,
Шошқадай құры ойлаған қарын тоқтық.
Жақсы адам сөз сөйлесе, идіреді,

Өсиет, үлгілі сөз білдіреді.
Қарғадай харам затқа көзін салмас,
Көлдегі көк мойынды ілдіреді.
Ағында жел қайықтай қалқытады,

Жұпардай иісі шығып, аңқытады.
Жетелеп көз, көңілді ықтиярсыз,
Денеңді май жегендей балқытады.
Өзін-өзі көтеріп күмпиеді,

Үрген қарын сықылды дүмпиеді.
Бар мақтаны—ішінде толған боғы,
Боғы кетсе, бүгелеп сүмпиеді.
Түлкі ойлар: «Түнде жүрем, ешкім көрмес,

Жүнімнің қызылдығын ешкім білмес».
Айлалы болғанменен, ақылы жоқ,
Із бенен қақпан барын ойлап білмес.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Түрлі түс көңіліңді құбылтады,
Бірін сүйіп, бірінен суытады.
Түрі басқа болғанымен, іші бірдей,
Сыртқы бояу адамды ұрынтады.

Ақымақ адам қарайды бояуына,
Бойы оңса, жолығар қаяуына.
Алас ұрған қу нәпіс қаратпайды,
Удан ащы бәленің таяуына.

Келеді ойлап айтсаң, сөздің көркі,
Ойсыз сөз құлағыңа тиер дүрпі.
Ойлап айт, ойнап айтсаң да деген рас,
Ойлаумен табылады сөздің кілті.

8. ҚАСҚЫР МЕН ТЫРНА

Бір қасқыр сапар шекті елден жырақ,
Ас таппай неше күндей қалды жарап.
Жемтіктің бір тоғайдан исін сезіп,
Бір күні келе жатыр соған қарап.

Қасқырдың кім білмейді қомағайын,
Кеулінен жемтік көріп кетті уайым.
Келді де бір сүйекті салды ауызға
Шетінде бөлегірек жатқан дайын.

Шайнамай сол сүйекті жұтып қалды,
Тамақтан сүйек жүрмей тұрып қалды.
Алақтап дем ала алмай қысылған соң,
Қасекең жан-жағына көзін салды.

Қақалды сүйек жүрмей тамағына,
Болмады әртүрлі еткен амалына.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Жанынан күдер үзіп тұрғанында
Көрінді көз ұшында жалғыз тырна.
Тырнаны шақырады ишаратпен,
Мәнісін баяндауға тиышы кеткен,

Ойлайды: «Бұл тұрғанда тіл алмас,—деп,—
Кеуілін жұмсатайын алдап еппен».
Бұрынғы қателікті былай қойып,
Тырнаға жалынып тұр кішілікпен.

—Тырнажан, дүнияда ұмытпаймын,

Құтқарсаң мені қазір осы дерттен,
Білуші ем арғы атаңды, тырна, сенің,
Дүнияда кім бар еді онан өткен?!
Ежелден олқылық жоқ нәсіліңде,

Көз салып байқап тұрсам арғы түптен.
Баласы атайының сіз бір асыл,
Сыртыңнан жүрміз әзір зор үмітпен.
Біле алмай не етерін сандалақтап,

Алдыңа ағаң келді сүйек кеткен.
Тырнажан, не қылсаң да енді өзің біл,
Айдынның шалқары едің көпке жеткен.
Өзіңе Құдай оңлап жолықсам деп,

Жүруші ем тілектес боп мен де көптен.
Есітіп мына сөзді тырна тасты,
Қасқырдың тамағына тықты басты.
Суырып сүйекті алып тастағанда,

«Уһ» деп, сонда қасқыр көзін ашты.
Құтқарған зор бәледен тырнасына
Қасекең көрсетпей тұр ықыласты.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

«Еңбегін бер!» деп тырна сұрап еді,
Қасекең сау күндегі әнге басты.

—Қой, тырна, ойын ба осы, шын ба,

Қажауға мәжүн жоқ қой сені мұнда.
Ақы алып көрінгеннен дәндеп қапсын,
Ақымақ ойнаймын деп әуре қылма.
Мен саған олжа болғандай ерің бе едім?

Құтқардың сөзім сыйлап, ерінбедің.
Салғанда тамағыма таз басыңды,
Мен шайнап, басыңызды кемірмедім.
Көрінбей шапшаң жоғал көзіме енді,

Түсініп айтқан достық сөзіме енді.
Аш қасқыр неше күндей дәм татпаған,
Ұялмас тап беруге өзіңе енді.
Есітіп мына сөзді тырна сезді,

Етпес деп қасқыр ондай ойламас-ты.
«Садақа бастан құлақ» деген сөз бар,
Бейшара қалбалаңдап тұра қашты.
Қиссасы қасқыр, тырна болды тамам,

Мінездес қасқыр менен кейбір адам.
Басына жұмыс түсіп қысылғанда,
Жалынып-жалпаяды келіп саған.
Құтқарып ол бәледен жіберген соң

Болмайды оған кісі сенен жаман.
Мысалы отқа өртенген мүлкіңдей-ақ,
Қайырып зия кетеді оған қылған.
Қайырды қарап істе адамына,

Қаралас өзің менен шамалыға.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Қасқырдай қара жүрек залымдардың
Кетпеңіз түсіп кетіп тамағына.

9. БҰЛБҰЛ МЕН ЕСЕК

Бір күні бұлбұл құсты есек көрді,
Қасына сөз айтпаққа жақын келді.

—Сыртыңнан «сайрағыш» деп

халық мақтайды,
Тыңлайын біраз, достым, сайра!—деді.
Кім білсін мұнан былай көрерімді,
«Сайра!» деп тағы саған келерімді.

Мен тұрмын өзім естін сынамаққа,
Мақтаудай бар ма екен деп өнеріңді.
Есектің сөзін бұлбұл қабыл алды.
Құлағын салып есек тұра қалды.

Дауысын әлде неше жүз құбылтып,
Бұлбұл құс не әдемі әнге салды.
Бұлбұл тұр түрлі-түрлі әнге салып,
Сайрайды бірде нәзік, бірде анық.

Даусындай сыбызғының алыстағы,
Құлаққа кейбір даусы келді талып.
Біресе шыңылдаған ащы дауыс,
Шекеден өте жаздайды құлақ жарып.

Сан мақұлық, қыбырлаған құрт-құмырсқа,
Тыңлады орны-орнында тұра қалып.
Сайрады бірде ақырын, бірде қатты,
Кейде ысқырып, кей кезде таңдай қақты.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Жел тынып, құстар қойып шулағанын,
Қойлар да күйісін тиып, тыңлап жатты.
Көрсетіп бар өнерін болды бұлбұл,
Есекке жақынырақ келді бұлбұл,

Есек тұр екі көзін айырмастан.
«Есегім, ұнай ма?» деп тұрды бұлбұл.
Сонда есек жауап айтты бұлбұл құсқа:

—Өнерлі бар ғой әнпаз әрбір тұста.

Солардың барлығы да әдемі әнге,
Тауықтың қоразындай болмайды ұста.
Айтайын мен бір сөзді, бұлбұл шырақ,
Тыңдаңыз ылтипатпен салып құлақ.

Тауықтың қоразынан ән үйренсең,
Сайрар ең мұнан көрі артығырақ.
Бұл сөзге жәбірленді бұлбұл қатты.
Көп тыңлап онан ары тұра алмапты.

Құдайым сынатпасын есекке деп,
Пыр етіп ұшыпты да кетіп қапты.
Ал енді мұнда қандай ыбырат бар,
Есектей іс істейтін надандар бар.

Асылды жасықпенен айырмайтын,
Дүниеде бар емес пе не жамандар.

10. ОРМАННАН ҚАСҚЫР КЕЛДІ

ЕЛГЕ ҚАШЫП...

Орманнан қасқыр келді елге қашып,
Алақтап не қыларын білмей сасып.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Артынан бір топ адам итін қосып,
Айқайлап келе жатыр шапқыласып.
Жалынып қасқыр сонда мышыққа айтты,
Жерінде бір ауылдың душарласып.

—Мышықжан, бұл жердегі жұрттан қандай,

Жау қуып келе жатыр арттан қалмай.
Айта гөр, қайырымды бір ер болса,
Тасалап мені жаудан құтқарғандай.

—Бара ғой,—мысық айтты,—қоян көзге,

Жігіт кем ер кеуілді онан өзге.
Адамды анау-мынау сол тоқтатар,
Аузының еті бар ед сөйлер сөзге.
Мышықжан барғанменен ол жасырмас,

Жеп едім бір ту қойын өткен күзде.
Иесі анау үйдің Көпберген бай,
Жақсылық жамандықты көп көрген бай.
Кей пейіл қонаққа бір жайлы кісі,

Жатсаң да ауырламас бірнеше ай.
Мысықжан, барғанменен ол жасырмайды,
Оның да ту сиырын жеп ем талай.
Бара ғой олай болса Қорамысқа,

Жігіт кем ер кеуілді онан ұста.
Адамды анау-мынау сол тоқтатар,
Жалғыз-ақ тоны келте, қолы қысқа.
Мысықжан, барғанменен ол жасырмас,

Жеп едім ту биесін былтыр қыста.
Білмедім сілтерімді енді қайда,
Барып көр қисық басқа анау сайда.
16-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Болғанмен басы қисық, өнері көп,
Әртүрлі табылады онан айла.
Мысықжан, барғанменен ол жасырмас,
Жеп едім бір түйесін өткен айда.

—Мен қайран,—мысық айтты,—істеріңе,

Залалдан басқа нәрсе істедіңіз бе?
Байдың семіз, кедейдің арығы да,
Тиіпті байқап тұрсам тістеріңе.
Залалгер жұртқа тегіс болып әбден,

Енді не іздеп жүрсің үстеріңе.
«Нені ексең, соны орасың» деген сөз бар,
Ор енді егініңді піскенінде.

11. ҚАНШЫР МЕН БӨДЕНЕ

Бір қаншырға айтыпты бөдене кеп:

—Сен үшін қатты уайым қыламын,—деп.—

Солаңдаған байқұстың ұшуға олақ,
Бір күні кетеді ғой тұрымтай жеп.
Қаншыр айтты:—Қаупім жоқ тұрымтайдан,
Шықпаймын қалың қамыс, қопа-сайдан.

Мен сендей жалтаң жерге оттамаймын,
Тығылған соң мені алып жейді қайдан?
Бөдене айтты:—Қамасын тыныс емес,
Босқа арықтап жүргенің дұрыс емес.

Айламен-ақ алғызбай кетіп жүрміз,
Тұрымтайың біздерге жұмыс емес.
Жүз құбылып қуланып, жылпалақтап,
Таңырқатты қаншырды өзін мақтап.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

—Тілімді алсаң, екеуміз дос болайық,

Маған ерсең, жүрейін жаудан сақтап.
Аңқау сорлы бір қудан алды сабақ,
Бөденемен дос қылды құлқын, тамақ.
Жау міндеті мойныңда бөдененің,

Екеуі емін-еркін қырда оттамақ.
Қыраңға шығып алып оттап жүрді,
Беттегелі мырғайға әбден кірді.
Тегінде, бөдененің айтқаны рас,

Тарлауға жайылған соң шын семірді.
Бір қырға шығып еді оттай-оттай,
Сырқырап келе жатыр бір тұрымтай.
Бөдене көре салып бұға қойып,

Қаншырға хабар қылды бұқ деп ойбай.
Жалма-жан бұға қалды қаншыр батыр,
Жер еді панасыздай шөпсіз тақыр.
Екеуі тыпыр етпей жатса дағы,

Тұрымтай тұп-тура келе жатыр.
Бөдене әр айланы көп ойлады,
Бір түрлі сол арада еп ойлады.
«Тұрымтай соны көріп алып кетсін,

Қаншырды ұшырайын» деп ойлады.

—Қойыпты бұл тұрымтай бізді көріп,

Мен қашсам, кетер едім бір бұлт беріп.
Сен ертерек қашпасаң, құтылмайсың,
Бұл сені алып жейді тура келіп.
Мендей тарғыл емессің, бараңдаусың,

Қыбырлап, тыныш жатпай алаңдайсың.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Ерте ұшып бір қамысқа тығылып бақ,
Бұл жерде жатып аман қала алмайсын.
Аңдамай алдауға еріп қаншыр ұшты,
Тұрымтай оны көріп тым құнысты.

Қанатының қаққаны көзге ілінбей,
Адым жерге жібермей қағып түсті.
Бөдене ұшып жыпылдап кетті алысқа,
Дос болыңыз осындай алдамышқа,

Қасындағы қаншырды қанға бояп,
Өзі барып тығылды бір қамысқа.
Қамыста жатып алды қылмай қауып,
Құтылды досын беріп, айла тауып.

Қонғаның бөдененің көрген біреу,
Жүгіртіп сол араға келді шауып.
Бөдене жатыр еді қыбыр етпей,
Қарап жүр шыр айналып көзі жетпей.

Ат басып бөденені жаншып кетті,
Жазасын о да тартты аман кетпей.
Жігіттер, осы сөзге құлағың сал,
Басыңда миын болса, мұны ұғып қал.

Алды-артын ойламаған аңқауменен,
Алдампаз, арам достан ғибрат ал.

12. АҚЫЛШЫ ТОРҒАЙ

Бір адам жүреді екен тұзақ құрып,
Бір торғай ұстап алды сүйтіп жүріп.
«Балаларға сатайын» деп ойлапты,
Торғайды жазып алып ұстап тұрып.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Сонда торғай сөйлепті адамдайын:

—Босатсаң, үйретемін байлық жайын.

Азар болса сатарсыз үш тиынға,
Мен саған бір пайдалы сөз айтайын.
Бұрын дағы саттың ғой талай құсты,
Қане, сонан қаншалық пайда түсті?

Тоймақ түгіл, бүйірің шыққан да жоқ,
Харекет деп ойлама мұндай істі.
Айтайын үш ауыз сөз, ұғып алсаң,
Өз обалың өзіңе ұқпай қалсаң.

Соны білсең, есепсіз бай боласың,
Мал табуға айла сол, тілге нансаң.
Алғашқы сөзді айтамын қолда жүріп,
Онан кейін қораға қой қондырып.

Екіншісін сол жерде ұқтырайын,
Ең соңғысын айтамын талда отырып.
Тұзақшы қуаныпты осы сөзге,
«Келдім ғой,—деп,—бақ қонар жақсы кезге».

Аузынан босатпаққа уәде берді,
Алдаса, торғай көп деп мұнан өзге.
Торғай айтты:—Әрқашан аңдағайсың,
Орынсызға өтірікке нанбағайсың.

Ойланбай алдау сөзге сене көрме,
Тегінде шынның жолын қамдағайсың.
Бұл сөзді тұзақшының көңлі ұнады,
Торғайды бір дуалға қондырады.

—Алғашқы бұл сөзіңді әбден ұқтым,

Екінші сөзің қандай?—деп сұрады.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Торғай тұрып айтады тамға қонып:

—Өткен іске өкінбе ыза болып.

Кеткен қайтып келмейді кейігенмен,
Құр жүдейсің ішіңе қайғы толып.
Соны айтып ұшып қонды биік талға:

—Боламын неге тұтқын сендей шалға.

Бар еді он мысқылдай гауһар тасым,
Айрылдың соны ала алмай алдағанға.
Гауһарды саған бермей кеттім алдап,
Ұстауға қолың жетпес енді қармап.

Мұны алсаң, әлем асқан бай болушы ең,
Ала алмай өкініште қалдың зарлап.
Торғайдың алдағанын сонда біліп,
Тұзақшы өкінеді қайғы қылып.

«Құдай берген асылдан айрылдым» деп,
Жылайды өз сақалын өзі жұлып.
Сонда торғай айтады:—Ей, надан, мас,
Тым ұғымсыз екенсің, ақымақ нас.

Үш мысқалдық денем жоқ, кішкентаймын,
Қай жеріме сияды ол гауһар тас?
Әуелі, қисынсызға нанба дедім,
Алдау сөзге бойыңды салма дедім.

Екінші, өткен іске уайым жеп,
Емі жоқ қайғыға қалма дедім.
Орынсыз өтірікке сонша нандың,
Өткен іске өкініп қайғыландың.

Үшінші, сөзді саған үйретпеймін,
Алдыңғы екі сөзді ұқпай қалдың.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Соны айтып торғай кетті аспанға ұшып,
Шал қалды дел-сал болып қайғы қысып.
Сол торғай үшіншіде не айтпақ еді,
Соны тап есті болсаң, ойға түсіп.

13. ҚАСҚЫР, ТҮЛКІ, БӨДЕНЕ

(І нұсқа)
Бір қу түлкі болыпты жұртты құртқан,
Тышқан аулап жейді екен ескі жұрттан.
Жем таба алмай бір жылы арықтапты,

Тышқан ауып кеткен соң мұқыл сырттан.
Түлкінің тышқан жемей «мені» болмас,
Кемірсе сүйек-саяқ, қарны толмас.
«Жемтік түссе, жермін» деп қалғанынан,

Қасқырға іздеп барып болды жолдас.
Қасқыр айтты:—Тоясың маған ерсең,
Болады малды көріп, шалып келсең.
Қарным тойса, қалжыңдап ойнаушы едім,

Ойынға ыза болмай шыдай берсең.
Аш күнімде жатамын шабым жалап,
Ол кезде жақын келме жанасалап.
Тойғаңда тұрпайылау мінезім бар,

Өкпе қылма ойыңды шынға балап.
Көнді түлкі қасқырдың бұл сөзіне:

—Шыдаймын қалжыңдаған мінезіне.

Өлтірмесең болады, ойнай-ақ бер,
Тамақ тапсаң болады күнде өзіме.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Түлкі көріп келеді малды шалып,
Қасқыр бір қой әкетті сүйреп алып.
Екеуі әбден тойып алғаннан соң,
Ойнайды ары-бері асыр салып.

Қасқыр тура жүгірсе көзі жайнап,
Түлкі еркелеп тұрады «ағатайлап».
Алып соғып үстіне ойнағанда,
Азар жаны қалады «а, Құдайлап».

Запы болып ұстатпай жүрсе жортып,
«Уәдені кеттің бе,—дейді,—ұмытып?»
Тамақ үшін амалсыз қайта келсе,
Ойнайды бұрынғыдан қатты мытып.

Түлкі жатып ойлайды әрбір ойды:
«Өсірмеді қасқыр,—деп,—біздің бойды.
Жегенімді желкемнен сығып алып,
Бергені де құрысын жемтік қойды.

Буындырып ойнайды қиқылдатып,
Жегенімді құстырып шиқылдатып.
Тұла бойы сірескен қара қотыр,
Тоғанымның үстіне тырқылдатып.

Осыдан құтылайын өлсем дағы,
Аштықтан қандай азап көрсем дағы.
Тәуекел, өз бетіммен күн көрейін,
Бадамшаның басын жеп жүрсем дағы».

Ойлайды: «Бір мұратқа жетейін, деп,
Қасқырдан кегімді алып кетейін, деп,
Осыны өз көзімше өлтірелік,
Бір хайла не қылсам да етейін»,—деп.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Жер шола түлкі шықты дөңге шауып,
Жылқының бір жемтігін алды тауып.
Қараса қазған оры, жер қақпан бар,
Қойыпты шөп-шарменен бетін жауып.

Түлкі қатты қуанды мұны көріп,
Қасқырды ертіп келді хабар беріп.
Семіз жылқы жемтігін көргеннен соң
Ауызды көкжал батыр салды келіп.

Түлкі жүр жер қақпаннан айтпай қашып,
Арсалақтап аш бөрі жүрді сасып.
Қақпан жаққа қасқырды жіберді алдап,
«Орға түсіп кетсін,—деп,—қапы басып».

Екеуі де тоюға қам қылысып,
Тұс-тұсынан жемтікті жүр жұлысып.
Шегінгенде ернеуін басып алып,
Көкжал ноян ұраға кетті түсіп.

Алаңғасар итіңді Құдай атып,
Терең зындан түбіне кетті батып:

—Ойбай, түлкі, келе гөр, мен қалдым,—деп,

Айғай салып ұлыды орда жатып.
Түлкі келіп ураны жағалайды,
Мазақ қылып арсылдап абалады.

—Мықтысың ғой секіріп шығарсың,—деп,

Күлкіменен қасқырды табалады.

—Үстіме аунап ойнаушы ең тойған сайын,

Сендей арсыз ақымақтың орны дайын.
Осы қазған ұраның иесі кеп,
Көз алдыма сойғанын бір байқайын.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қасқыр айтты:—Кеше көр, қылдым тәуба,
Кетемісің шын тастап мені жауға.
Айла тауып осыдан босатып ал,
Аузымнан ант берейін ойнамауға.

Ойнамасаң, омақап онан да арман,
Ойын түгіл, тіршілік сенен қалған.
Жон теріңді сойғаның көзім көрмей,
Осы ұраның басынан кете қалман.

—Табалама, шырағым, кеш жазамды,

Айтпасаң да тарттым ғой мен сазамды.
Шығармасаң, құдықтың аузынан кет,
Ала бермей күйдіріп көп мазамды.

—Әлі бұйрық айтасың босқа шатып,

Өзің қазір өлгелі орда жатып.
Тіпті көрмей кетпеймін, былшылдама,
Бас теріңді сойғанын ыржыңдатып.
Қасқырға түсті осындай ақырзаман,

Өлімнен де табасы батты жаман.
Аңдаусызда шоңқиып түлкі отырса,
Құйрығы салбырапты орға таман.
Жиналып алды қасқыр оны көріп,

Жабысты сол құйрықтан шапшып келіп.
Түлкіні ор түбіне ала түсті,
Құдайым қасқырға да кезек беріп.
Сонда қасқыр айтады:—Түлкі, шырақ,

Иманыңды айта ғой жылдамырақ.
Өзімнен сені бұрын өлтірейін,
Өлгенімді көре алмай кеттің бірақ.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Түлкі айтады:—Сөйледім қалжың қылып,
Жұмысты бітіріп ем, сүйтіп жүріп.
Тістетіп сізді ордан шығаруға,
Әкеліп ем бір ұзын тал сындырып.

Байқамай орға түстің мені де алып,
Өлдік қой екеуміз де мұнда қалып.
Тым болмаса мен болсам жағасында,
Шығарып алмас па едім талды салып.

Қатты кейіп айтады түлкі сөзін,
Қасқыр нанып тігеді екі көзін:

—Енді бар ма құдықтан шығар айла,

«Тал таптым» деп айтпадың бұрын өзің.
Түлкі айтады:—Айланың орны осы ара,
Сен өрмелеп созылып тұрып қара.
Төбеңе шығып алып секірейін,

Ернеуге шықпас па екем, мен бейшара?!
Онан соң сені алайын талды салып,
Шығарсың ұзын талдан тістеп алып.
Не де болса кешікпей, тез істелік,

Қапы болар қақпаншы келіп қалып.
Бар әлінше созылып қасқыр тұрды,
Төбесіне өрмелеп түлкі жүрді.
Пәрменінше шегініп қарғығанда,

Ернеуге екі аяғы тура ілінді.
Айламен түлкі кетті шығып алып,
Артына қайрылмады қайта айналып.
Қаңқылдап қасқыр ұлып қала берді,

«Мені шығар енді,—деп,—талды салып».

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Түлкі сөйтіп кетіпті қасқырды алдап,
Көкжал қалды өз қолын өзі жалмап.
Тобылғының түбінен іздеп жүріп,
Бір бөдене ұстапты түлкі қармап.

Бөдене айтты:—Сен мені не деп жейсің?
Бір уыс жүн жегенді тамақ дейсің.
Ана жерде мен көрдім талай жемтік,
Ерінесің, дөң асып іздемейсің.

Түлкі айтады:—Мынаның қулығын көр,
Мені алдамақ сендерге бірталай жер.
Жалған айтып алдасаң, соны жеймін,
Ұядағы балаңды көрсетіп бер.

Бөдене көрсетіпті өз баласын,
Кепіл беріп босатып алды басын.

—Мен бастайын, артымнан еріп отыр,

Қарқ қылайын жемтікке не қыласың.
Түлкіні алып жүрді сайды өрлетіп,
Бөдене бір бел асты бұрын кетіп.
Түлкі жортып кезеңге таянғанда,

Жалаң қаққан бір тазы келді жетіп.
Байғұсты кетті тазы қуып алып,
Ауызды әні салып, міні салып.
Жүйрік тазы адымын аштырсын ба,

Көк желкеден бас салды бір-ақ шалып.
Мықты қасқыр, айлакер түлкі қайда,
Алдампаз рақымсыздық кімге пайда?
Аяғында түлкі де, қасқыр да өліп,

Бөдене аман қалыпты ол бір сайда.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

14. ШЫМШЫҚ ПЕН КӨГЕРШІН

Бір шымшық торға түсті соры қайнап,
Барды ма кім біледі ажал айдап.
Пәлені қазаменен қайда деме,
Ғарып боп отыр сорлы көзі жайнап.

Жанына жас көгершін ұшып келді:

—Не қара басты торға түсіп,—деді.—

Тал түсте торды көрмей соқыр ме едің,
Есалаң, ақыл жоқ, күшік,—деді.—
Түсер ме есі дұрыс күндіз торға,
Ақылдың жоқтығынан қалдың сорға.

Мәселен мені алдап ешуақытта,
Тор түгіл, түсіре алмассың онан зорға.
Кім күлмес сен жаманның бостығына,
Алдырған айласына бір наданның.

Мен соған қол берейін түспесіме,
Амалы саған ғана мол адамның.
Деседі ақыл серік қонған баққа,
Ем болмас бастан бағың тайған шақта.

Басықсып көгершінім отырғанда,
Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа.

—Ақылың қайда кетті, данышпаным,

Серт айтып түспеске қол алысқаның.
Біреуге күлсең, келер өз басыңа,
Біреуге мұнан былай күлме, жаным.
Біреуді білмес адам табалайды,

Бақ көшсе, ақылыңа қарамайды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Ісіңнен бір істеген жазым тапсаң,
Болды деп білмегеннен шамалайды.
«Жазмыштан озмыш болмас» деген сөзді,
Бекер деп пікір айту жарамайды.

Адам басы Алланың добы деген,
Қуса да қалай қарай домалайды.

15. ҚАРАҚҰС

Жаһанда бір қарақұс мекен еткен,
Еңбексіз күн өткізген кезбелікпен.
Басқаның табасынан үзіп-жұлып,
Неше жыл арсыздықпен қорек еткен.

Сонда да семірмеді жұлып жеуден,
Қарғыс ап ұсақ аңдардан зар еңіреткен.
Демеді мынау адал, анау арам,
Қағып сап пұлсыз тамақ шыққан шектен.

Сия алмай жер бетіне жексұрын боп,
Жеті қат көктен асып арман кеткен.
«Көктен де көмейімді толтырам» деп,
Ғарышқа да асуға үміт еткен.

Сол оймен сол қарақұс жоғары ұшқан,
Аралап аспан астын бұлт құшқан.
Ойламай келешекте не боларын,
Ен тамақ табамын деп арпалысқан.

Көк бойлап сайран еткен қарақұсқа,
Қорқыныш, қауіп туды әрбір тұстан.
Әлсіреп қанат талып, күші бітіп,
Және де аштық шіркін келіп қысқан.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Аспанда алты күндей алас ұрып,
Көзіне көрінбеді жалғыз тышқан.
Сонымен сергелдеңге түсті жемқор,
Қаңғырып іші толып көп қарғыстан.

Ақылсыз, дән таба алмай құрғақ күштен,
Сандалып кезбе батыр жерге түскен.
Түйіліп қара бұлттай төңкерілді,
Сақылдап басын шайқап өкінішпен.

Еңбексіз еткен өмір ойға түсіп,
Бойды улап, күйіп жанып танған естен.
Не пайда өкінгенмен өткен келмес,
Жалғыз-ақ тәтті тамақ көкей кескен.

«Қалайда бұрынғыдай табамын» деп,
Кейде ұшып, кейде қонып қалқып ескен.
Даланың барлық аңы жаратпады,
«Сұмырай неге келді, бұл не?» дескен.

Қонады көктен түсіп тау бетіне,
Қарайды мойнын созып әр шетіне.
Ереймен, Тянь-Шянь, Алтай, Орал, Кавказ,
Ешбір жем көрінбеді сол бетінде.

Қарақұс кетті ұшып тауға налып,
Қонады бақша менен бауға барып.
Алма, жүзім-жемістер, баумен-бақша,
Минутта жерге батты тамырланып.

Бақшадан күдер үзіп суға барды,
Мұнартып көтерілген буға барды.
Жалтылдап сылдыр қаққан күміс суда,
Ұстатпады, сарқыраған суға барды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Жер бетін аспан астын аралады,
Қырмен ой орман тауды салалады.
Жеті күн жерді сүзіп ризық таппай,
Көңілін тамақ шіркін жаралады.

Сонымен жер бетінен кетті налып,
Дарияға тулап жатқан кепті талып.
Қондырмай асау толқын беттен ұрып,
Ақырғы минутіне жетті анық.

Аспанда зарлап жүріп шықты жана,
Құлады дарияға, жеді балық.
Өр кеуде еңбек етпей жұлып жеуде,
Еңбек пен еңбексізде бар ғой парық.

* * *
Екінші бір қарақұс ер болыпты,
Ұшқаны көк, қонғаны жер болыпты.
Не Хақтан соқтығады басқа құсқа,

Өзінше теңдесі жоқ сері болыпты.
Ақылы аз күшке сенген жыртқыш шіркін,
Даурығып босқа жүріп тер болыпты.
Алаңсыз ешнәрседен жүрген байқұс,

Өзінен күші зорға кез келіпті.
Мұнысын жек көріпті бір ақ иық,
Жел тұрып қанатынан қабақ түсіп.
Шыдамай екпініне домалаған,

Топшысын қарақұстың кетті қиып.
Өз басын өзі жойған сотқар аз ба,
Не Хақтан жайға жүрген жұртқа тиіп.
Ақылсыз сотқарлықтың қатері көп,

Күшіңмен ақыл жүрсін бойға сыйып.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

* * *
Үшінші бір құс болған өзі момын,
Өмірде көрген талай аштық-тоғын.
Асырап балапанын жемді тасып,

Өткізді дүниенің бар мен жоғын.
Еңбекшіл, өзі ақ көңіл бұл байқұсқа,
Тәңірім қаһар етті, жіберді оғын.
Нажағай күн жарқылдап, бұлт түйіліп,

Әкетті момын құсты келіп құйын.
Аспанға қаңбақтай-ақ кетті алып,
Момын құс есі кетіп қалды талып.
Толғанда тоғыз күнге құйын тарқап,

Шетіне бір дарияның түсті барып.
Халы жоқ, тамақ іздеп ұшам десе,
Құр жайнап екі көзі жатыр ғаріп.
«Құтылар бұл аштықтан күн бар ма?» деп,

Жатыпты қайғыланып қатты налып.
Сол кезде бір қарт жайын істен қалған,
О дағы аш, тамақ таппай көп сандалған.
Жәндікті суда жүзген ұстай алмай,

Бір жерде жасырынып жеп аңдыған.
Бір шортан ажал айдап ағып келіп,
Жайынның ауызына кесе тұрған.
Алжыған, әлі кеткен, тіссіз жайын,

Жұта алмай сол шортанға ол қақалған.
Үстіне жығылғанның жұдырық боп,
Бейшара күдер үзді шыбын жаннан.
Жан шіркін, жайынға да сондай тәтті,

Қақ тұрды көзден аққан қызыл қаннан.
17-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Жанталас судан толқып шықты шетке,
Өмірде жазылмастай қалды дертке.
Талықсып есі ауып жатқан құстың,
Зарланған бір ыстық леп соқты бетке.

Жылысып ақырындап момын келді,
Жайынды талып жатқан көзі көрді.
Шұбырып сілекейі, тіл салақтап,
Күшін жинап шортанды мықтап бүрді.

Кездесіп өлмегенге өлі балық,
Бұған да ойсыз жерден ризық келді.
Шеңгелде улы дене қалып қойып,
Ішек-қарны жайынға да тамақ болды.

Ризығы таусылмаса, өлмес адам,
Арасы өлім-өмір бір-ақ қадам.
Егер бір күн қарны ашса, өлдім дейді,
Көрмеген қиындықты кейбір надан.

Аты арып, тоны тозбас ақпейілдің,
Дүниеде арамдықтан бар ма жаман?
Қашанда «шаршадым» деп қарап жатпа,
Көз салсаң, кездеседі жоғың саған.

16. ТЫШҚАН МЕН ТҮЙЕ

Бір тышқан бір түйені жетеледі,
Желпілдеп түйе байқұс кете берді.
Мақтанып бұл ісіне тышқан балуан,
Көңілін былайша қып көтереді.

«Япырмай, күшті екенмін, қандай күшті,
Күшпенен істеп тұрмын әртүрлі істі.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Шыдамай тартқаныма таудай түйе,
Қаңбақтай соңымнан болып ұшты.
Тартылды таудай түйе тартқаныма,
Шат емес батпан топырақ атқаныма.

Келемін күшпен тартып түйені»,—деп,
Түсіпті осылайша мақтануға.
Тышқанның мақтанғанын түйе білді,
Байқұстың бұл қылғанын кім білді?

«Боларсың күшің мәлім батырсың» деп,
Мырс етіп мыйығынан күліп енді.
Белгілі күші мағлұм, болса да тұр,
Келеді тышқан тартып түйені құр.

Екеуі осылайша келе жатса,
Кез болды қарсы алдынан бір терең ор.
Бір терең ор дегені—арық болды,
Тышқанға енді кесір анық болды.

Көрінді бір арық су дариядай,
Өте алмай тышқан байқұс ғаріп болды.

—Кідірдің палуан неге жүре бермей,

Арықтың жағасына келдің дағы,
Отырдың шікірейіп түрегелмей.
Тышқан айтты:—Мен мұндай күдеріңнен,
Қылқылдап суға түссем жүзермін мен.

Сіз бір ұлық әзиз, мен бір нашар,
Барқы бар тізенің де тіземенен.
Түйе айтты:—Кел, ендеше, үстіме мін,
Етейін бір жақсылық саған бүгін.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Түйенің мінді тышқан өркешіне,
Бидасын қойды салып желкесіне.
Мүсәпір бола қалды тышқан байқұс,
Менмендік жасаймын деп кәлпесіне.

17. ТҮЛКІ МЕН ҚАСҚЫР

(І нұсқа)
Болыпты бір қу түлкі жерді құртқан,
Жейді екен тышқан аулап ескі жұрттан.
Бір жылы жем табалмай арықтапты,

Кеткен соң тышқан ауып түгіл сырттан.
Түлкінің тышқан жемей мәні келмес,
Кеміріп сүйек-саяқ қарны толмас.
Жейін деп жемдік түссе қалғанынан,

Қасқырға іздеп келіп болды жолдас.

—Тоясың,—қасқыр айтты,—маған ерсең,

Болады малды шолып, біліп келсең.
Қалжыңдап қарным тойса ойнаушы едім,
Ойынға ыза болмай, шыдай берсең.
Қасқырдың түлкі көнді бұл сөзіне,

Шыдаймын қалжыңдаған мінезіңе.
Өлтірмесең болғаны, ойнай-ақ бер,
Әйтеуір, тамақ тапсаң күнде өзіме.
Келіпті түлкі барып малды шалып,

Қасқыр бір қой әкепті сүйреп алып.
Екеуі әбден тойып алған соң,
Ойнайды әрі-бері асыр салып.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Қасқыр тұр жүгірсе көзі жайнап,
Түлкі бұғып жатады «ағатайлап».
Үстіне жығып салып аунағанда,
Қалады зорға жаны «а, Құдайлап».

Ұстатпай запы болып қашса зытып,
«Кеттің бе уәдені,—дейді,—ұмытып».
Амалсыз тамақ үшін қайтып келсе,
Ойнайды бұрынғыдан қатты мыжып.

Ойланды түлкі жатып әрбір ойды:
«Бұл қасқыр өсірмес,—деп,—біздің бойды.
Жегенімді желкемнен сығып алып,
Құрысын бергені де жемтік қойды.

Осыдан құтылайын өлсем дағы,
Аштықтан қандай азап көрсем дағы.
Тәуекел, өз бетіммен күн көрейін,
Басын жеп итмұрынның жүрсем дағы».

Соны ойлап түлкі шықты дөңге шауып,
Бір жылқының жемтігін алды тауып.
Қараса қазған ұра, жерден қақпан,
Қойыпты шөп-шалаңмен бәрін жауып.

Қуанып кетті түлкі мұны көріп,
Қасқырды ертіп келді хабар беріп.
Жемтігін семіз жылқы көргеннен соң,
Ауызды көкжал батыр салды келіп.

Жемтікті жұлып жатыр жатырласып,
«Иесі келіп қалар» деп асып-сасып.
Қақпан жаққа қасқырды жіберді алдап,
Кетсін деп орға түсіп, қаны басып.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Тоюға екеуі де қам қылысып,
Жемтікті тұс-тұсынан жүр жұлысып.
Ернеуін шегінгенде басып алып,
Ұраға көкжал қасқыр кетті түсіп.

Пақырды алаңғасар Құдай атып,
Түбіне терең зындан кетті батып.
«Ойбай, түлкі мен қалдым, жолдасым» деп,
Ұлиды енді қасқыр орда жатып.

Орды түлкі жүгіріп жағалайды,
Мазақ қылып арсылдап абалайды.
«Мықты едің ғой секіріп шыға ғой» деп,
Қасқырды күлкіменен табалайды.

—Үстіме аунап ойнаушы ең тойған сайын,

Сендей ақымақ батырдың орны дайын.
Осы қазған ұраның иесі кеп,
Сойғанын жон-теріңді бір байқайын.
Қасқыр айтты:—Шырағым, еттім тәуба,

Шын тастап кетемісің мені жауға.
Осыдан ебін тауып шығарып ал,
Аузымнан ант берейін ойнамауға.

—Омақа ойнамасаң, онан аран,

Ойын тұрғай, тіршілік сенен қалған.
Ұраның иесі кеп сойған сәтте,
Көзбен көрмей осы жерден кете қалман.
Қасқыр айтты:—Ей, түлкі, кеш жазамды!

Айтпасаң да тарттым ғой мен сазамды.
Шығармасаң ұраның басынан кет,
Ала бермей күйдіріп көп мазамды.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

—Әлі бұйрық айтасың бұтып-шатып,

Өзің қазір өлгелі орда жатып.
Тіпті, көрмей кетпеймін, былшылдама,
Сойғанын бас-теріңді ыржыңдатып.
Қасқырға түсті осындай ақырзаман,

Табысы өлімнен де батты жаман.
Ор қасында шоңқайып түлкі отырып,
Құйрығы салбырапты орға таман.
Мықшиды сонда қасқыр мұны көріп,

Тістеді құйрығынан қарғып келіп.
Түлкіні ор түбіне алып кетті,
Құдайы қасқырға да кезек беріп.
Қасқыр депті:—Қош келдің, түлкі, шырақ,

Айта ғой иманыңды жылдамырақ.
Өзімнен сені бұрын өлтірейін,
Кеттің-ау, өлгенімді көрмей бірақ!
Түлкі дейді:—Күліп ем қалжың қылып,

Жұмысты бітіріп еш ойнай жүріп.
Сізді ептеп ұрадан шығаруға,
Бір ұзын әкеп қойғам тал сыдырып.
Шығарып алмақшы едім талды салып,

Шығатын ең сіз талды тістеп алып.
Оны білмей ұраға жұлып алдың,
Өлдік қой екеуміз де жерде қалып.
Түлкі айтыпты мұңайып осы сөзін,

Қасқыр сеніп тігеді екі көзін.
Енді бар ма ұрадан шығар айла,
Мұны неге айтпадың бұрын өзің.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Шығудың енді күші сізде ғана,

Созылып бар күшіңмен тұрып қара!
Төбеге шығып алып секірейін,
Шығармын, жеңілмін ғой мен бейшара!
Сонан соң сізді аламын талды салып,

Шығасың ұзын талдан тістеп алып.
Кешікпей, тақсыр батыр, тез істейік,
Қақпаншы кесел болар келіп қалып.
Созылып өрге қарап қасқыр тұрды,

Тырмалап арқасымен түлкі жүрді.
Шығып ап төбесіне секіргенде,
Ернеуге алдыңғы аяқ зорға ілінді.
Ұрадан затты түлкі шығып алып,

Артына қарамастан көзін салып.
Жаутаңдап көкке қарап қасқыр тұрды,
«Шығарып алады-ау,—деп,—талды салып».
Құтылып түлкі кетті қасқырды алдап,

Қасқыр қалды бармағын мықтап шайнап.
Түбінен тобылғының бір бөдене,
Ұстады келе жатып түлкі қамап.
Бөдене айтты:—Сен мені не деп жейсің,

Бір уыс жүн жегенді тамақ дейсің.
Дөңнен ассаң, жемтік көп өзі семіз,
Оны неге мені ертіп іздемейсің?
Түлкі айтады:—Мынаның қулығын көр,

Торғайға алдау мені бірталай жер.
Жалған айтып алдасаң, сені жейін,
Ұядағы балаңды көрсетіп бер.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Бөдене көрсетеді өз ұясын,
Кепіл беріп босатып алды басын.
«Артымнан еріп отыр, түлкі мырза,
Сені етке қарқ етейін неғыласың?!

Бөдене бұрын ұшып, қалды кетіп,
Түлкіні ертіп алып сүмеңдетіп.
Сайды өрлеп кезеңге таянғанда,
Бір таз ит салаң қаққан келді жетіп.

Түлкіні кетті таз ит қуып алып,
Ауызды әне салып, міне салып.
Адымын жүйрік қыран ашырсын ба,
Бас салды көк желкеден бір-ақ шалып.

Мықты қасқыр, айлакер түлкі қайтеді,
Алдамшы рақымсыздық кімге пайда!
Аяғында қасқыр да, түлкі де өліп,
Бөдене аман қалды тыныш жайда.

18. ҚУ ТҮЛКІ

(ІІ нұсқа)
Болыпты бір қу түлкі жұртты құртқан,
Жейді екен тышқан аулап ескі жұрттан.
Бір жылы тышқан жемей арықтаған,

Кеткен соң тышқан ауып мұқыл сырттан.
Түлкінің тышқан жемей мәні болмас,
Кемірсе сүйек-саяқ, қарны толмас.
Даладан жемтік түсе қалғанында,

Қасқырды іздеп барып болды жолдас.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Тоясың,—деді қасқыр,—маған ерсең,

Азырақ малды барып шолып келсең.
Тойғанда қалжыңдайтын мінезім бар,
Ойынды өкпе қылмай шыдап жүрсең.

—Көнемін,—деді түлкі,—бұл сөзіңе,

Шыдаймын қалжыңдаған мінезіңе.
Әйтеуір, өлтірмесең ойнай-ақ қой,
Болады тамақ тапсаң күнде өзіме.
Әкелді қасқыр сүйреп бір қойды алып,

Жарады тұмсық-басын қанға малып.
Екеуі жемтік қойға тойғаннан соң,
Ойнайды арлы-берлі асыр салып.
Қасқырдың талағандай ойнағаны,

Батады тістеп, қуып қоймағаны.
«Жанымды, бүйте берсе, шығарар» деп,
Қасқырдан құтылмақты ойланады.
Ойлайды түлкі тұрып әрбір ойды:

«Бұл қасқыр өсірмеді-ау біздің бойды.
Желкемнен жегенімді сығып алып,
Құрысын жегізгені жемтік қойды».
Ентігіп түлкі шықты тауға шауып,

Жемтігін бір жылқының алды тауып.
Қасында қазған ұра, жер қақпан бар,
Қойыпты шөп-шаламмен бетін жауып.
Қуанды мұны көріп түлкі ғаріп,

Қасқырды ертіп келді хабар беріп.
Жемтігін бір жылқының көргеннен соң,
Ауызды көкжал батыр салды келіп.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Аш қасқыр арсалаңдап жүрді сасып,
Түлкі жүр жер қақпанды айтпай қашып.
Жүргенде қомағайлық есін алып,
Ұраға түсті қасқыр қара басып.

Ұраны түлкі келіп жағалайды,
Ырсылдап мазақ қылып, абалайды.
«Мықтысың ғой, секіріп шығарсың!» деп,
Қасқырды күлкіменен табалайды.

Қасқырға түсті осындай ақырзаман,
Табасы өлімнен де болды жаман.
Байқамай ор шетінде түлкі отырса,
Құйрығы салбырайды орға таман.

Жиналып алды қасқыр мұны көріп,
Ұстады сол құйрықтан шапшып келіп.
Түлкіні ор түбіне алып түсті,
Құдайым қасқырға да кезек беріп.

—Келдің бе, бұл араға, түлкі шырақ,

Айта бер иманыңды жылдамырақ.
Өзімнен сені бұрын өлтірейін,
Кеттің ғой өлгенімді көрмей бір-ақ.
Қасқырды түлкі алдайды айналдырып,

Қуланып, ыржыңдайды жалған күліп:

—Ұрадан сені сүйреп тарту үшін,

Әкеп ем ұзынырақ тал сындырып.
Өлесің босқа сен де орда қалып,
Сенсеңіз, қайғырамын соған налып.
Ұрадан басқа шығар айла бар ма?

Мен шығып әкелейін талды барып.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Жаны үшін иланады сөзге қасқыр,
Деген соң: «Құтқарамын сені тақсыр!».
Ернеуге екі аяқпен тұр асылып,
Үстіңмен жорғалатып мені астыр.

Екі аяқпен созылып қасқыр тұрды,
Жорғалап төбесіне түлкі барды.
Пәрменінше ернеуге секіргенде,
Ернеуге екі аяғы тура ілінді.

Айласын асырады түлкі тағы,
Қасқырды келемеждеп кете барды.
«Қасқыр да қас қылмайды жолдасына»
Дегенді түлкі бұзып сатқан арды.

Әркезде істегенің шығар алдан,
Кезігіп тауда тазы түлкіні алған.
Қақпанның иесі кеп соғып алды,
Қасқырды ажал қамап орда қалған.

Жігіттер, бұл түлкідей болма зәлім,
Әстілі көргенсізден алма тәлім.
«Құйрығы арамзаның бір-ақ тұтам»
Деген сөз осы жырдан болар мәлім.

19. ҚҰНЫҚҚАН БҮРКІТ

Қара тауды жайлапты бала бүркіт,
Арқадан әуел баста келген үркіт.
Асырапты бір саятшы ұстап алып,
Жетілгенсін, аң ілдірді тырнақ-күртік.

Қартайғансын қамқорлыққа саятшы алып,
Бос қойды аяқ бауын шешіп алып.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Үш мезгіл тегін жеммен тояттатты,
«Аң іздеп жүрмесін,—деп,—жерді шарып».
Түледі құйрық, қанат өсті қаулап,
Аспанда ұшып жүрді еркін заулап.

Місе тұтбай саятшының қамқорлығын,
Құныққан бүркіт кетті тышқан аулап.
Сай кезіп тышқан аулап жүргенінде,
Тасқа соғып өліпті, елден аулақ.

Кім білсін наласы ма саятшының,
Жүйесіз қаңғырғансын атқан әруақ.
Сен де алпыстан асып ең біреу бақты,
Қадірлеп, құрмет етті мешеу қартты.

Місе тұтпай, ел қыдырып ақтап жүрсін,
Жасыңдағы есіңе ап өткен шақты.
Тышқан қуған бүркіттей боп жүрмегін,
Көтере алмай басыңа қонған шақты.

20. ЖЫЛҚЫДАН ТУҒАН ЕСЕК

Болыпты бір адамның көк биесі,
Мәпелеп бағып жүрген оны иесі.
Дәмеленіп жүруші ед ат туады деп,
Көптен озған келісті бар жүйесі.

Бір күні күні жетіп бие туды,
Сұрғылт құлын нашайы оң жүйесі.
Сонда да баға берді дәмеленіп,
Деместен нашарсынып бар сүлесі.

Өскен соң екі құлағы ұзын болды,
Ши пақай, мәстек қарын, құзғын болды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қысқа жал, келте құйрық, бойы қортық,
Жылқы емес, естек емес, бұзғын болды.
Сол әліне қарамай азынағыш,
Шыдатпай байлаған жіп үзгін болды.

Шапсаң желіп, жүрсең тұрып, нағыз қырсау,
Шынжырдан қамшы һәм жүрген тізгін болды.
«Мұндай түлік біткенше, бітпегін
Жақсы» деп мал иесі безгін болды.

Көпшілік бұдан азар болғаннан соң,
Сылынды екі безі оңды-солды.

21. СЕМІРГЕН ЕСЕК

Есегім неге ақырдың,
Көрінгенге көз салып.
Жақтырмаса даусыңды,
Қалмайды ма, ел налып.

Аз күн дәулет біткенге,
Тұрғандайсын жер жарып.
Өзіңді биік санайсың,
Тұрғандай басқа ол талып.

Момынға зәбір ойлайсың,
Дәрменді сен боп, ол—қалық.
Аттан есек оза ма?
Тұрғанмен жем-шөп боп қанық.

Шапқанда мәлім артыңыз,
Батбақты жерде боп анық.
Оза алмасаң төмпеш жеп,
Басыңа таяқ боп салық.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Қорламағын жылқыны,
Тұрса да ол бір боп арық.
Дүбірі жылқы жер жарған,
Есекте қандай сыр анық.

Түсінген мұны ажыратар,
Арада қандай бар парық.

22. ШЫПЖЫҢ ТОРҒАЙ

Кең алқап, орай шалғын еді тоғай,
Мекендеп жүрді ақ құйрық шыпжың торғай.
Қымыңдап іннен інге секеңдейді,
«Сол жерге басшымын» деп інін қорғай.

Көктем шықты, құлпырды қыр мен ылди,
Ілесіп келген құспен келді қырғи.
Кең алқап, орай шалғын, сазды көріп,
Мекендеп қалып еді сол бір қырғи.

Қырғиға торғай барып алды қолын,
Дос болыпты шыр айналып оң мен солын.
Торғайларға зәбірді көп көрсетті,
Жүндеуді қырғиға айтып қандай жолын.

Күз келді жылы жерге қырғи кетті,
Қожақтайтын шыпжыңның күні өтті.
«Енді кімнің табанын жалар екен,—
Деп күліпті торғайлар,—шыпжың»,—депті.

Несі қызық, шыпжыңдап өткен өмір,
Ас ішпесе, суылдап жүрек, көңіл.
Жалпақтап қыл-қыбырлы ас ішкенше,
Тәтті емес пе, бейнеттеніп жесең шөгір.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

23. ТЫШҚАН МЕН ТҮЙЕ

Бас та малға сатулы, бақ та малға,
Ақша керек абиыр, ат та барда.
Қанша шалқып, толқып байдыкі жөн,
Жарлы байғұс жарамас мақтағанға.

Бар мақтанса, әр нәрсе табылады,
Жоқ мақтанса, мақал бар шабылады.
Мақтанса да әлі шаң кедейлердің,
Әр мезгілде-ақ байларға жалынады.

Бай шақырған талпынар ұшқандай боп,
Жоқ адамнан дос қашар дұшпандай боп.
Мақтанғаны кедейдің—масқаралық,
Жетелеген түйені тышқандай боп.

«Таудай түйе сүйренді тартқаныма,
Сатылан торпақ шот емес артқаныма.
«Күшпен тартып келемін түйені»,—деп,
Тышқан байғұс түсті мақтанына.

Мақтанын тышқанның түйе білді,
Бұл айтқанын, жазғанын кие білді.
«... мәлім болар,—деп,—ақыр палуан»,
Миығынан мырс етіп түйе күлді.

«Кім екен,—деп,—қуаты болса да зор?»
Тышқан тұтып келеді түйені қор.
Осылайша екеуі келе жатса,
Бет алдында кез болды бір терең ор.

Ор дегені бір аққан арық болды,
Енді кесір тышқанға анық болды.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Бір арық су көрініп дариядай,
Тышқан байғұс өте алмай ғаріп болды.
Сол тышқанның амалы енді құрып,
Жағасында арықтың қалды тұрып.

Жүдегенін тышқанның білді дағы,
Түйе сонда сөйледі мазақ қылып:

—Палуан, неге келдің, жүре бермей,

«Тәуекел» деп бұл жолға кіре бермей.
Келдің дағы арықтың жағасына,
Шікірейіп отырдың, түрегелмей.
Тышқан сонда сөйледі кәріп болып,

Семізінен басылып, арық болып.

—Менің жүрмей, кідіріп отырғаным,

Арық есті шығарды аққан толып.
Судың бірін байқаса болды анық,
Тізесінен түйенің келді арық.
Тізесіне түйенің жеткеннен-ақ,

Тышқан ердің қабағы болды жабық.

—Өте алмаймын мен мұндай көпіріңнен,

Бұған түссем, қылқылдап жүземін мен.
Тізенің де парқы бар тіземенен,
Сіз бір ұлұғ, артық жан, біз—бір нашар,
Әлін білсін әр адам қадам басар.

Сіздің бұл су келсе де тізеңізден,
Төбемізден біз жүзсек жүз кез асар.
Тышқан мінді түйенің өркешіне,
Салып қойды бұйдасын желкесіне.

Тышқан байғұс масқара болып қалды,
Қыламын деп қалпелік қалпесіне.
18-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

24. АРЫСТАН, КИІК, ТҮЛКІ

Бар еді бір зәңгір тау асқан биік,
Әр түрлі мекен еткен аңлар сүйіп.
Жол шеккен тамақ іздеп аш арыстан
Сол таудың арасынан қуды киік.

Жақындап жүрді арыстан «жетемін» деп,
Ойлады: «түстік тамақ етемін» деп.
Келеді киік жылап, зыр жүгіріп,
«Қайткенде мұнан аман кетемін» деп.

Таппастан шыбын жанға қылар айла,
Қорқыныш—у жайылып тұла бойға.
Жанынан киік күдер үзген шақта,
Екеуі кез болады терең сайға.

Қуанды сайды көріп енді киік,
Сайланды өтейін деп күшін жиып.
Зырқырап атқан оқтай киік кетті,
Арыстан қала берді іші күйіп.

Сол жерде түлкі келді арыстанға,
Жанның бәрі асқанда.

—Бұл тұрсың дұшпан түгіл, досқа күлкі,

Киіктен қала қойсаң жарысқанда.
Айтамын мұны саған достықпенен,
Алмаймын еш нәрсеңді алдап сенен.
Тиісті бәйгі істен құр қалады,

Кейбіреу жүрексіздік бостықпенен.
Тілесең, қолдан келмес ісің бар ма,
Тиісті ет-қайратың мен күшің барда.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Сидиған жаман киік өтіп кетіп,
Ұят қой тоқтағаның осы жарға.
Ақырсаң, кім шығарлық айбатыңа,
Дұшпанның қалма мысқыл, қайбатына.

Тұрсам да сайдың көріп тереңдігін,
Сенемін ебің менен қайратыңа.
Желікті мына сөзге енді арыстан,
Қарғуға жар шетіне келді арыстан.

Жете алмай қарғығанмен ар жағына,
Түбіне құлап жардың өлді арыстан.
Түлкі-екең құлап жатқан досын көрді,
Ақыры ойға түсіп жақын келді.

Атаусыз сүйген досын тастасын ба,
Сол жерде кешікпей-ақ асын берді.
Өлтіріп досын алдап түлкі бұзық,
Жеп жатыр өлісімен етін бұзып.

Бір айдай азық етіп түлкі жатты,
Сүйегін жан достының таза мұжып.
Досың көп тіршілік пен амандықта,
Түлкідей сөз беретін жарға жықпа!

Адамды әрбірісін қайрап салып,
Мұжыйтын сүйегіңді жамандықта.
Кісіге таза жолдас табу қиын,
Кейбіреу дос етеді мал мен бұйым,

Досың мен дұшпаныңнан қабат сақтан,
Басыңда, сірә, ақымақ, болса миың.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

25. МЕНШІЛ ЕСЕК

Сайраңдап тау ішінде жүрді құлан,
Қаймықпай қастығынан қара жылан.
Ой мен қыр, тау менен тас, ағаш, орман,
Ешқайсы болған емес бөгет оған.

Қиянат қастығы жоқ тірі жанға,
Қарсылық жасамаған ешбір аңға.
Үнемі аңдып басып, ізін байқап,
Түсірмей тал бойына ешбір таңба.

Мүлтіксіз келіп еді баяғыдан,
Ешкімнің жығылмай-ақ таяғынан.
Дұшпанның құрған торы қапылыста,
Ақсатты мүгедек қып аяғынан.

Есек ақыл айтады жаны ашып:

—Жүруші ең жүйріксініп судай тасып.

Мерт болдың ақылдаспай меніменен,
Білмейтін ешнәрсені сен бір жасық.
Өтірік қамқоршы боп қамқор есек,
Көпіртіп сөйлейді кеп жинап өсек.

Көздейді көлдей етіп көпке жанып,
Сөзіне жалған сыншы бермейді есеп.
Бұл есек нашар сөзін тимаған ғой,
Иесіне асылдықты қимаған ғой.

«Әтештен ән үйрен» деп бұлбұл құсқа,
Сын айтып әнге өзінше қинаған ғой.
Адам көп ел ішінде құдаңдай-ақ,
Залым көп арбайтұғын жыландай-ақ.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Мін айтқан есек сынды сыншыларға
Қайтеді жүре берсек иланбай-ақ.

26. ҚОЙШЫ МЕН ҚАСҚЫР

Бір қасқыр талап қылды жемекке қой,
Қай жаққа барайын деп ойлады ой.
Бір биік жота жерге шығып алып,
Қаяқта қой жақын деп созады бой.

Алыстан бір қора қой көрді көзі,
Сол қойға бармақ болды мұның өзі.
Ентігіп әлгі қойға келіп еді,
Қойшының айғай салып айтқан сөзі:

—Сен мені көрмейсің ба сорлы қасқыр,

Айғайға шыдай алмай таудан асқыр.
Ұрлықтың ешбір жайын білмейсіңіз,
Талтүсте нағып жүрсің қара басқыр.
Түн болса қараңғыда келмейсің бе,

Жарқырап тұрған күнді көрмейсің бе?
Талтүсте қыламын деп ұрлық, зорлық,
Қолында бір адамның өлмейсің бе!
Әй, сорлы, мен тұрғанда ала алмайсың,

Шетіне бұл қойымның бара алмайсың!
Мал жиып, егін салып жүрсең бой ма,
Біреудің дүниесіне жалаңдайсың.
Қылғаның күндіз-түні ұрлық-қарлық,

Көресің қолға түссең басқа тарлық.
Қойына көрінгеннің сүмеңдейсің,
Өзіңде бір жүрмейсің сыры бар ғып.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Шетінен бұл қойымның жүргін кейін,
Аулақ жүр демей саған мен не дейін.
Ойлаған ойың сенің ұрлық-қарлық,
Демейсің жалғанда бір жөнделейін.

Әй, қасқыр, өзіңді өзің қор қыласың,
Қалайша көңіліңді зор қыласың.
Жалғанда түсің суық албастыдай,
Үркітіп қой, ешкіні қорқытасың.

Жүрмегін бұл арада кеткін өзің,
Өзіңе үлкен достық айтқан сөзім.
Көзіңді қойға қарап қызартайын,
Мен сенің алайын ба ойып көзің.

Мұндайтып қойшы сонда таяқты алды,
Қасқырды қашырмаққа айғай салды.
Өлсем де бір ауыз сөз айтайын деп,
Бұл қасқыр сөйлеуге сөз тұра қалды.

—Тұра тұр айғайламай қойшы батыр,

Сөйлеуге қасқыр жауап келе жатыр.
Сен мені ұры-қар деп сөкпегін көп,
Сендердің ұрлықтарың мыңға татыр.
Ұрлықты мен қылмасам кім қылады,

Адамзат бізден артық тым қылады.
Ұрлығын адамзаттың айтып берсем,
Бірінен бірі ұрлап жымқырады.
Аң болып жаралыппын әуел баста,

Бұл сөзім болса теріс алып таста.
Біздерді ұрысың деп сөктің неге,
Сіздерде толып жатыр ұялмаста.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Қылуға бір еңбекті жайымыз жоқ,
Бір күн аш, кейбір күні жүреміз тоқ.
Сендерден ұрлық-қарлық қатты шығар,
Онан да ұрлық қалмақ жесеңші боқ.

Қылуға егін салып жеріміз жоқ,
Жер алып жер күтетін беліміз жоқ.
Басында жаралғанда болдық солай,
Адамша әрбір іске ебіміз жоқ.

Мен түгіл арыстан мен аюда бар,
Тыңдасаң әрбір жерден айтам хабар.
Қылмаған ата-баба кәсібі ғой,
Бұ қасқыр егін салып қайда барар?

Адамның қайласы бар, көлігі бар,
Біздерден ақылы артық күрегі бар.
Қылуға кей адамда тіршілік жоқ,
Осындай миы кеткен өлігі бар.

Ей, қойшы, не сөйлейсің маған қарап,
Жүргем жоқ дүниеде әске жарап.
Адамзат бір-біріне ұрлық қылар,
Зұлымдар момындарды алар талап.

Біріңді бірің талап өлтіресің,
Өтірік, жалғанды да келтіресің.
Басыңа не күн туды ұрлық қылып,
Ондай жан аштан өліп тентіресін.

Аш болсаң, жұмыс қылсаң, нан табасың,
Арттырып тамағыңнан мал табасың.
Адамзат, сен ұрлықты қылма ұят,
Қысылған жерде ойлап жол табасың.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сен мені ұрысың деп нағыласың,
Ашу қып неге маған қағынасың?
Қолыңнан әр іс келер адамзат,
Сен неге ұрлық жолға жаңыласың?

Жалғыз-ақ мен болдым ба көргеніңіз?
Қолыңнан бірер де жоқ бергеніңіз.
Жоқ болса бір-біріңнен сұрап жейсің,
Қылғанша ұрлық жақсы өлгеніңіз.

Қасқырдың байқадың ба мына сөзін,
Алға бас, жолдас-жора ашып көзің.
Қасқырдың айтқан сөзі рас емес пе,
Жарамас ұрлық-зорлық ол мінезің.

Еңбекші ентелей бас көзіңді ашып,
Жолынан адамдықтың жүрген қашып.
Қасқырдың сөккеніне болма душар,
Жаңылып лепсіңізден қара басып.

Ол іске аралассаң болмас бағаң,
Сыйламас бірге туған өзіңді ағаң.
Еңбексіз тегін мал деп қызықпағын,
Бір күні кірлемей ма киген жағаң.

Астыңда атың шапса, бір күн шабар,
Шапқылап кешке дейін көңіл табар.
Ол атың болдырмай ма, шаршамай ма?
Ентігіп терлеген соң қайда барар?

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

28. ТОТЫ ҚҰС

(Мысал дастан)
Жәрдемі қызыл тілдің отыз тісте-ай,
Өкініш қылсақ пайда жоқ өткен іске-ай.
Жанашырдың алмасаң айтқан тілін,

Арманымнан өлерсің тоты құстай.
Шаншу жел пайда болса арман деңіз,
Дұшманның осалында қамын жеңіз.
Бар екен бір Үндістан деген шәһір,

Түбінде бір дария—аққан теңіз.
Аз болмас шаншу жанжал шақпақ оты-ай,
Көп болар аз да болса берекеті-ай.
Дарияның жағасында жүреді екен,

Бір еркек, бір ұрғашы—екі тобы-ай.
Екі тоты дарияның қырағындай,
Адам жүрмес аралдың жырағындай.
Еркегіне айтады ұрғашысы,

Тұқым салып балалар уағындай.

—Бұ ара балаларға жарамас бұл,

Тасқанда теңіз суы ап кетер сел.
Балаңды су тасып алып кетер,
Аударып басқа жақтан бір ұя қыл.
Еркек тоты айтады:—Бұл жақсы жер,

Күн бұрыннан қорықпай-ақ күніңді көр.
Бұл су бізге жамандық қыла қалмас,
Су тасыр деп қам жеме балалай бер.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Бұл су тасыр қарқындап парманынан,

От аласың қалайша дарманынан.
Жанашырдың алмасаң айтқан тілін,
Бақадай боп өлерсің арманыңнан.
Еркек айтар:—Қатын, сен не білесін,

Дұшманға жібермейді ер намысын.
Бақа деп бір нақыл сөз айта қалдық,
Кәнекей, бұл сөзіңнің айт мәнісін.

—Жақсы ұл көрдегіні төрге сүйреп,

Жаман ұл төрдегіні көрге сүйреп.
Тірлікті бір жерден қылады екен,
Қосылып бір бақамен екі үйрек.
Құрыпты жаңбыр жаумай қонған көлі-ай,

Екі үйрек, бақа тамыр болған жері-ай.
Екі үйрек бақамен амандасып,
Көл іздеп басқа жерге ұшқан жері-ай.
Бақа жылап, Құдайға налып берді-ай,

Мен мүсәпір болдым деп мекен жерде-ай.
Бақа жылап Құдайға зарланғансын,
Екі үйректің бақаға рахымы келді-ай.

—Сендер ең бұл арада өскен құсым,

Жаздырған сорлы пенде мендей болсын.
Кеше күндіз сендермен бір жүруші ем,
Қандай қылып жүрем мен үйрек досым.
Үйреніп сендерменен қалған көзім,

Қадірден боп жарасқан айтқан сөзім.
Жалғыздық бір Құдайға жарасады,
Қандай қылып жүремін жалғыз өзім.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Үйрек айтты:—Үйренген көзіміз-ай,
Сені де жек көрмейміз өзіміз-ай.
Өзімізбен бірге алып кетер едік,
Насихат алмайсыңдар сөзімізді-ай.

—Бұл арадан ұшсаңдар шөл жағалап,

Басқа жерге қонсаңдар көл жаңалап.
Сендер ондай берсеңдер насихатты,
Ол сөзіңді алмайын мен нақ қылып.

—Ей, босқа сабыр ойла саспағайсың,

Бұрынғыдай уақылдап таспағайсың.
Ел-жұрт көріп таңырқап, саған сөйлер,
Айзыңды зыңғар-зыңғар ашпағайсың.

—Қосылып сендерменен бір жүрейін,

Жақсы-жаман іс болса бір көрейін.
Сендер ондай берсеңдер насихатты,
Қарыссын тіл мен жағым үндемейін.
Бұл сөзге бақа қойды ықласын,

Бір шөптің тістеп тұрды қақ ортасын.
Екі үйрек бақаны алып ұшты,
Ол шөптің тістеп алып екі басын.
Екі үйрек бақаны алып ұшты-ай,

Енді бұған ел-жұрттың көзі түсті-ай.
Көргендердің бәрі де таңырқады,
Япырмай, қараңдар,—деп,—мынау істі-ай.
Есітті сонда бақа мұндай гәпті-ай,

Со жерде шыдай алмай бір сөз депті-ай.
Көзі шықсын деп айтты көре алмаған,
Ал шөбі аузынан шығып кетті-ай.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сөз сөйлеуге алқымы кетті толып,
Шөбі кетті аузынан қатыл болып.
Сөзін айтып болғанша жерге түсіп,
Ол бақа мылжаланып қапты өліп.

Көңілін сұрай келді үйрек қонып,
Тіл тартпастан ол бақа қапты өліп.
Байғұс бақа тілімді алмадың деп,
Екі үйрек ұшып кетті ғамкүн болып.

Тілді алмаған бақадай болма бекер,
Қайткенде бұл теңізге күшің жетер.
Жұмыртқамыз сары үрпік болған уақта,
Бұл су тасып, қалқытып алып кетер.

Жанашыр екі үйректің алмай тілін,
Аузындағы сөзіне қоймай зейін.
Насихат сөзін алмай өлді бақа,
Бақаның арманынан көрме күнін.

Еркек айтты:—Бұл сөзің болмас тіпті-ай,
Әйел бастап қылған іс оңбас тіпті-ай.
Қанша хикаят, нақыл сөз айтсақ дағы,
Ешбірі құлағыма қонбас тіпті-ай.

Ақыры сол араға тұқым салды-ай,
Тұқымын балайын қып ашып алды-ай.
Теңіз суы бір күні тасып кетіп,
Бейшара екі тоты білмей қалды-ай.

Сол теңіздің тасыды суы шалқып,
Тотының балапаны кетті қалқып.
Көз алдында сары үрпік балапаны,
Қанатын ағып барар суға шалқып.

МЫСАЛ  ӨЛЕҢДЕР

Еркек тоты жылап жүр бірде налып,
Ағып барар қанатын суға малып.

—Тілімді алмай түбіме сен жеттің,—деп,

Ұрғашысы айтады зарлап-налып.
Құдай-а, бейақылмен қылма жолдас,
Достың тілін алмаған адам оңбас.

—Айтып ем бұл суменен ойнама деп,

Ойынды бұл теңізбен қылса болмас.
Шайқадым жұмыртқаңнан жаздай бағып,
Көз алдымда барасың судай ағып.
Теңіз суы—тілсіз жау, зорлық қылып,

Ішімді өртендірді оттай жағып.
Сүйегімнен кетер ме күйігің-ай,
Көңілімнің қуанышы сүнігім-ай.
Атақ болды себепкер ажалыңа,

Ұя салмай бір жердің биігіне-ай.
Тілімді алмай түбіме менің жеттің,
Жастайынан баламды қаза еттің.
Мен келгенше осы жерде өліп кетсе,

Пардайы дағы кетпес қызметтің.
Екі тоты аспанға шарықтап ұшты-ай,
Шақырып жиып алды тамам құсты-ай.
Тамам құсты шұбатып ертіп алып,

Аспанға самұрық құсқа арыз етті-ай.
Айтылған құстың тілі бұл бір парыз,
Аспанда самұрық құсқа қылды арыз.

—Падишаһым, марһабат қылыңыз,—деп,

Ап кетті баламызды дария теңіз.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Падиша қабыл көрді айтқан зарын,
Теңізден алып берді балаларын.
Теңізден мен алып беріп балаларын,
Ата мен қуандырды аналарын.

Екеуі балапанның екен тірі,
Жаны шығып қалыпты өліп бірі.
Жігітке баласы өлсе пайда болар,
Жанашыр жан жарының айтқан сыры.

Есікке құтты болсын қадамдары-ай,
Налымас үйге келген адамдары-ай.
Үйіңе қонайын деп мейман келсе,
Сарсылса қызметпенен табандары-ай.

Ері үйде далада түзде болса-ай,
Қонайын деп үйіңе мейман келсе-ай.
Жақсы сөзбен жіберсе барын беріп,
Мейманға сынап келген сыр бермесе-ай.

Шабан ат жаяулықтан аз ілгері-ай,
Жаман жардан бойдақтың таза ілгері-ай.
Шығарар жақсы қатын ердің атын,
Жақсы аттай қайым болар саз атын-ай.

Бала деп баласынба ақылы болса-ай,
Сөзінде қариядан нақылы болса-ай.
Қатын деп қатыннан деп қапы қалма,
Ілгері еркектенде ақылы болса-ай.

Жатқанда төсегіне жаннан кіріп,
Жақсы қатын сылаңдар сәһр тұрып.
Жаман қатын дүмімен көрпе түрер,
Құйрығымен жайындай бетіңе ұрып.

1. НӘСИРА МЕН ШОЛЫМ

Шолым:

—Ассалаумағалайкум, жатқан қабыр,

Артыңнан келіп тұрмын етпей сабыр.
Қарадым келе ме деп бойлап-бойлап,
Шер тарттым күндіз-түні сені ойлап.
Нәсира:

—Келгенде жиырма төртке түстім қабыр,

Осылай бір Алладан болып әмір.
Өлгенмен шын ниет өзгермейді,
Бейіште қосылармыз, етсең сабыр.
Шолым:

—Жел сөз көңіл делбейді олай-бұлай,

Жазып ем түрлі бәйіт саған талай.
Жайыңды білейін деп келіп едім,
Нәсира, айтшы маған жайың қалай?
Нәсира:

—Жайымды сұрасаңшы жеке-жеке,

Қажет екен тәубе қыл, барып Меке.
ІІ. Мысал айтыстар

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сағынып маған арнап келген болсаң,
Айтайын хал-жайымды Би-аға-еке.
Шолым:

—Бой түзеп бұл жерде де жүрдіңіз бе,

Ғазабын қабырының көрдіңіз бе?
Екі йар мүләйімі келгенінде,
Жауабын сұрағына бердіңіз бе?
Нәсира:

—Бой түзеп, шаш тарап, өргенім жоқ,

Ғазабын қабырының көргенім жоқ.
Екі йар мүләйіммен келгенінде,
Жауапта еш қиындық көргенім жоқ.
Шолым:

—Ашылғай қияметте сенің бағың,

Бір Алла тарапынан сынбай сағың.
Қайырлы мекеніңіз болған екен,
Айтшы көргеніңді тағын-тағын.
Нәсира:

—Ғылмандар жұмақтағы жарасып тұр,

Мұхаммед үмметіне қарасып тұр.
Жұмақта үйленуге үміт етіп,
Біздерге хор жігіттері таласып тұр.
Шолым:

—Төсеніп топырақты жаттыңыз ба?

Жалғыздың қиындығын тарттыңыз ба?

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Таласқан хор жігітке аламыз деп,
Бір нәрсе оған қарсы айттыңыз ба?
Нәсира:

—Тіл қаттым маһырбансып шошынар деп,

Сүйгенге сүйікті құл қосылар деп.
«Таласпа күн ілгері,—дедім жігітке,—
Фәниде уағда еткен досым бар»,—деп.
Басқа сөз бұдан былай айтылмады,

Арттырып өзге жауап қайтармады.
«Таласпа күн ілгері» дегеннен соң,
Ұялып жарықтықтар тайсалдады.
Шолым:

—Болды уақыт енді ауылға қайтарым-ай,

Сөйлесіп хал-жайыңды байқадым-ай!
Бірқатар іштің шерін тарқаттық қой,
Сәлемің бар ма елге айтарың-ай?!
Нәсира:

—Азырақ кідірсеңіз беріп мәулет,

Құдайым пәндесіне берсін дәулет.
Тілеймін бір Алладан әрдайым:
«Болғай,—деп,—Тәслимажан, сау-саламат».
Шолым:

—Кідірдім сіздің үшін беріп мәулет,

Бір Алла пәндесіне берсін сәулет.
Тәслима сау-саламат өсіп келеді,
Артыңда қалған сенен жалғыз әулет.
19-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Көңілің басылар да аспаларда,
Қасыңда Бақайың жоқ жасқанарға.
Сұрадың жалғыз ғана Тәслиманы,
Сәлемің жоқ па айтарлық басқаларға.

Нәсира:

—Сәлем айт қара Бақай тумаңызға,

Келе ме жаңа келін сұлбаңызға?
Басқаның қайсы бірін [мен] айтайын,
Сәлем айт шешей мен молдаңызға.
Асығып енді ауылға қайтасыз ба?

Еске алып өткен күннің айқасында.
Алғаны Бақайыңның қандай адам,
Азырақ мәні-жайын айтасыз ба?
Шолым:

—Алғаны Бақайымның Ұлғаным ғой,

«Мөрі» жүз сом мен сегіз сиыр болғаны ғой.
Менсінбей бір байдан қайтып келіп,
Үш жылдай отырғасын сынғаны ғой.
Нәсира:

—Қозғадың іштің шерін өлең айтып,

Көтеріп көңілімді кеттің байытып.
Менсінбей байдан қайтып келген болса,
Би-аға-ау, бағаңа тұрар қайтып.
Шолым:

—Тұрмаса Бақайыма тең де бар ғой,

Кемітсе Бақайымды, ел де бар ғой.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Жасымды үлкен ғой деп санамаса,
Сүйетін сұлу әйел менде бар ғой.
Нәсира:

—Кім еді келініңе теңдегенің,

Бар ма еді мен білмейтін ер дегенің.
Сертіңнен пәнидегі танғаның ба,
Батты ғой ашық айтып мен дегенің.
Сөзімді саған айтар ұялмаймын,

Ағылған көздің жасын тия алмаймын.
Мақшарда қауысармын деп уәде еткенмін,
Басқаға сені, достым, қия алмаймын.
Шолым:

—Өлеңмен сыр алысып ауысармыз,

Көп мұңның қайсыбірін тауысармыз.
Күдерді мен де сенен үзгенім жоқ,
Жәннатта, болса нәсіп, қауысармыз.

2. АЖАЛ МЕН ЖАННЫҢ АЙТЫСЫ

Ми қазынасын сақтайтын кеуде сандық,
Қымбат сырды жинадық, сонда салдық.
Қиял бір шарықтаған кезбе-делбе,
Жан—күзетші, ой—теңіз, жүрек—балық.

Қамалған соң сандықта ыстық-суық,
Дұшпандық және онда достық жуық.
Сақталған бал менен у сол сандықта,
Жаратқан қандай шебер сандық [құрып].

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сол заттың кейі өшпек, кейі өспек,
Бақ пен сор екі арықтың суын ішпек.
Үш заттан қақ бөлініп екі арыққа,
Қай арықтың тұрмыста жемі өспек.

Сол заттар тұрмысынан қуат алмақ,
Басады қандай жағы ауыр салмақ.
Бал ыстық, достық жеңсе кеуде кеңіп,
Өмірі майдай жұмсақ, жайлы болмақ.

Дұшпандық, у мен суық бөліп алса,
……………………….(1 жол қалып қойған)
Шыдамай заһарына қысылған соң,
Жүрек тулап, қан толқып, тілге барса.

Тілмаш тіл, сен бүгінше жанмен барып,
Сордан шыққан сұмдар тынышымды алып,
Шыдамнан шығып әбден бел байладым,
Келме, тіл, жаннан қорқып қайта айналып.

Тіл бәйге балмен жүр екі арасында,
Оңай ма екі достың арасында.
Қимайтын тәтті жаным, ардақты еркім,
Амалсыз сөзге құлақ саласың да.

Жүрек құр аналардан соққы жеген,
Заһарлы мұздай суық сұм өмірден.
Қатты азапқа шыдамай қайран жүрек,
Жанменен біржолата құтыл деген.

Жан сонда қандай ақыл бұған таппақ,
Мынау сауал, сауалың ауыр салмақ.
Темірдің екі беті бірдей ыстық,
Жан енді қиын жағын таңдай алмақ.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Жалғанда ажал деген жақын дұшпан,
Дос қылып жан мен тәнді Құдай қосқан.
Емес пе зор қорлық жанға дағы,
«Алла» деп дұшпанына басын қосқан?

Сөйлеспек болды сонда жан ажалға,
Жалмауыз жеті басты бір тажалға.
Ажалды сұм өмірден дос көрсеткен,
Құдайдың тағдырына амал бар ма?

Ажалды көрсетпе деп жалынамыз,
Жан мен тән айрылмасқа қам қыламыз.
«Жан көрген сол жексұрын, жалмауыз» деп,
Шақырып кейде адамды-ақ сағынамыз.

Ажалдың келер жолын тұрды тосып,
Қырандай қиялменен қырға ұшып.
Алды-арты у-шу болып күңіренген
Мейірімсіз ажал келді қанды кешіп.

Ажалдың келбетіне жан шыдамас,
Көзі оттай, жүзі бұлттай, қап-қара тас.
Аузынан айдаһардай зәр шашқан
Мейірімсіз, бір меңіреу қанға тоймас.

Айқасқан азуы да алты қарыс,
Аязға қатып қалған дене талыс.
Тістері бізден өткір шұбатылған,
Болаттай тырнақтары шыққан шалыс.

Ауру бірнеше түрлі әсерінен,
Суықтың еркінде жүр, болмай қалыс.
Әлемде неше түрлі пәле болса,
Құдайым ықтиярмен берген әр іс.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Алмадай албыраған жасты аямас,
Қауһары жарқыраған басты аямас.
Ай жүзді, алма мойын арулардан
Жібектей үлбіреген шашты аямас.

Нәресте жас балапан шуылдаған,
Тырнаққа қатар-қатар тізіп салған.
Мейірбан ата-анасы «құлыным» деп,
Артынан шулап келді неше мың жан.

Аз шыда... ... жан
Алмадай жаңа піскен неше асыл бас.
Қызын аз күн дүние қарыштатпай
Гүлденген ... (сөйлем қалып қойған)

Жас ару тұрды балқып асқан айдан,
Құлпырған гүлден сұлу, тәтті балдан.
Жұлдыздай аспандағы жетпейтін
Ажалдың аузында жүр қайран бағлан.

Шал-кемпірдің жалғызы сұрап алған,
Көлді айналып, бір жанын пида қылған.
Жайратып, жардан жығып, жалғызды алып,
Артында екі қу бас зарлап қалған.

Жан:

—Сырыңды жалғандағы түсіне алман,

Құмармын сөйлесуге сеніменен.
Әй, ажал, алды-артыңда сүйреткен жан,
Маңайың бұрқыраған қып-қызыл қан.
«Нәрестем, жалғызым» деп жан бақырған,

Соңыңда күңіренген жұрт, шуылдаған.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Арудың ақ сұңқардай ерін алып,
Ағып тұр, бетін жыртып, алқызыл қан.
Нәресте балапандай жаңа көрген,
Әлпештеп, алдына алып, құшып сүйген.

Түсірмей қолдан-қолға «құлыным» деп,
Бәйек боп ата-анасы анау жүрген.
Жас жігіт сұңқар еді жаңа ұшқан,
Шал-кемпір жалғызы еді көзін ашқан.

Қан ағып екі көзден зарлап келеді,
«Бізді ал!» деп, жалғызы үшін жанын тосқан.
Жас ару жаңа шыққан гүл емес пе,
Дүниенің шам-шырағы күн емес пе?

Көргеннің көзі көріп, мейірі қанған,
Жалғанның қор қыздары сол емес пе?
Жеткізбей арманына неге айырдың,
Әр жерден-ақ сені іздеген бар емес пе?

Мен көрдім талай-талай адамдарды,
Зарлаған сен алғаннан көп жандарды.
Кей адам «мені ал!» деп қақсап жатыр,
Шіркін-ау, неге алмайсың шақырғанды!

«Алма!» деп жалынғанға сондай өшсің,
Тоймаған қарныңды [Құдай] тессін.
Зарлатпай тоқтасайшы, мейірім қылып.
Алсаң да шақырғанды аш болмассың.

Тырысып бір шал жатыр анау үйде,
Бит-бүрге тамақ қылған жатқан жерде.
Ерте, кеш «ажал бер де, мені ал!» дейді,
Келін, бала-шаға «соны ал!» дейді.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Соны алсаң, көп сауапқа қалар ма едің,
Бейшара өмірінен соққы жейді.
Айырылған бір жігіт бар сүйген жардан,
Сұрайды күнде ажал бір Құдайдан.

Бар әйел жай жұлдыздай жымыңдаса,
Сүйгенін артық көруші еді туған айдан.
Оны алсаң, тыныш көрде жатпас па еді,
Бір-ақ күн ажал дәмін татпас па еді.

Түңіліп күнде жеген қайғы-зардан,
Бейшара батқан күндей батпас па еді?
Мен көрдім бір жас сұлу нұры күндей,
Ері үшін қасіретте дамыл көрмей,

Сарғайып нұрлы жүзі күлге айналып,
Өмірге қол сілтейді көңіл бермей.
Ол зар илеп күні-түні «ерім» дейді,
Жарына жалғыз жанды теңгермейді.

Ашық жұп, көрден тұрақ алуына,
Шақырып, «ал мені!» деп сені іздейді.
Айрылған жалғызынан кемпір мен шал,
Айрылған ақылынан бейшаралар.

Көргені күнде азап, өмір емес,
Күн-түні «жалғызым» деп жылайды зар.
Ажалға бейшаралар құмар еді,
Оны алсаң, тіпті жақсы болар еді.

Ол құтылып дүниеден қуанысып,
Жай тауып бір-бірінен тынар еді.
Табылмас қайрат біткен кемеңгерлер,
....................................(1 жол түсіп қалған)

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Сыртынан сау адам боп көрінсе де,
Қайғы-шер ішін кеулеп кеміргендер.
Шыдамай дүниенің ызасына,
Тұрмыстың неше алуан назасына,

Туысы туыстығын [ұмытқан соң]
Қансырап, қан азайған жарасына.
Өмірде қатты-тәтті бәрін көріп,
[Жалпы] жұрт алыс-жақын, бәрін көріп,

Уланған сорлы жүрек тыныш таппай,
[Тұрлаусыз] тірлігінен жүрген жеріп.
Ажалды сондай ерлер сағынады,
Шыдамнан асып жүрек жарылады.

Тағдырдың мазағына төзім қылмай,
Сол үшін ажал сені шақырады.
Алсаң да шақырғанды қоймайсың ба,
Шіркін-ау, зарлатуың тыймайсың ба?

Қашқанды-ай қаршығадай қағып түсіп,
Тосқанға жолға тұрса, бармайсың ба?—
деп жан айтып болған соң, ажалдың айтқаны төмендегі:

—Мен ажал еріктімін бұл жалғанда,

Еш адам қорықпайды ол жалғанда.
«Ал!» дегенге қанағат еткен болсам,
Болады о дүниеде кім арманда.
Ардақтыны алғаным қызық маған,

Өлімнің мәні бар ма шулатпаған.
Мен алсам құтыла алмай отырғанды,
Боламын дүние зарын тарттырмаған.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Шал-кемпір сасып, бықсып жата тұрсын,
Ғашықтар қасірет зарын тарта тұрсын.
Тұрмыстан соққы жеген ерлеріңнің,
Күн сайын қайғы-шері арта тұрсын.

Жек көретін адамның мен дұшпаны
Жанды тәні қия ма, тәні жанды?!
Ышқынып ашу кернеп, шыдай алмай,
Қызық қой «мені ал!» деп шақырғаны.

Бастан талай кешіріп бақ пен сорын,
Күшті көріп өлімнен өмір жүгін.
Сауап сізге сасымасын не тұрса да,
Соқыр көрер бір есеп күні-түнін.

Мен білгендеймін ажал сұрады,
Енді ажал кімнің досы, кімнің қасы,
Дұшпанға өлім доста, өлім әділ шешер,
Оны жұмбақ тірлікте таппас кісі.

Өмірдің алдын-артын ойға жисақ,
Өзіңмен егіз туған сор менен бақ.
Басың жүр сор мен бақтың арасында,
Екеуін кезек қойып қылар мазақ.

Бұл мазақтан құтылар қандай адам,
Бақ пен сордың арасы бір-ақ қадам.
Құбылмалы тағдырдың сүйреуімен,
Кейде жақсы қылады, кейде жаман.

Қайтсең де ол жан өлер, бұл жан өтер,
Жақсылық-жаманшылық келер, кетер.
... жалғыз ғана татам ...................
Өзгенің бәрі алдаушы, бәрі бекер.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Шырылдап туған бала анасынан,
Адамның зарлап түскен баласынан.
................................(1 жол түсіп қалған)
Тірлік, өлім айтысқан таласынан.

Тіленіп дүниеге келгеміз жоқ,
Және өсіп еркімізбен жүргеміз жоқ.
........................................................
............................... (2 жолы қалып қойған)

Зарлап тудың, зарлатпай тағы қоймас,
Бүгінгі аман, үнемі аман тұрмас.
Жерден шықтың, жерде өстің, жерге кірдің,
Жөнелтті қандай сыймен дүние жолдас?

Мал-жаныңнан берген сый сол болады,
Екі қары орайтын бөз болады.
Арамнан арба, күнәдан қодық мініп,
Ыстық үйге жүретін жол болады.

Келдің-кеттің, елеген жалған бар ма,
Қайдан шықтық, барамыз енді қайда?
Алдыңда жол, зор майдан екі талай,
Қандай жолда боламыз, қандай жайда?

Ең зор сауал осы ғой ойлағанға,
Дауа жоқ дүниеде тоймағанға.
Қуат қолда барында құл болып қал,
Өлмесе, дауам болмақ шыбын жанға.

Жалғыз ғана пана бар Алла тағала,
Қайрылма жалған айдап шақырғанға.
Ақ жолынан айрылмай әрмен өтсең,
Содан басқа еретін олжаң бар ма?

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Құр «Құдай» деп қақсаумен іс бітпейді,
«Күллі істі, әділдікті түзет!» дейді.
«Тигізбей кесіріңді ешбір жанға,
Тән мен мал құлшылығын күзет»,—дейді,

Сұмданба, сұқтанба да, өтірік айтпа,
Көпке жақ түзулікпен, арың сақта.
Көп разы болғанға Құдай разы,
Құдай сүйген нашарды сен де жақта.

Иең разы айтқанда құлы—көнсең,
Кімге кінә қоямыз қисық жүрсең?
Алыс жолға армансыз азық жинап,
Құдайдың тілін алып, жолында өлсең.

3. ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ ТУРАЛЫ

АЙТЫС

Түйеші:

—Қара жердің қайығы,

Түйе—қазақ байлығы.
Кіре тартса кіріс көп,
Қай жерде оның айыбы.
Шыдамды, әрі төзімді

Ыстық пенен суыққа.
Жалықпай жүк көтеред
Алысқа да, жуыққа.
Жылқышы:

—Жылқы жақсы білсеңдер,

Ер серігі мінсеңдер.
Талай ауыр жүк сүйер,

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Мойнына қамыт ілсеңдер,
Қалаған жерге апарад
Жылқы жүйрік, желгір ат.
Қастерлі суын қымызды

Қай мал бұдан аса алад?..
Сиыршы:

—Жылқы құнды, ол—рас,

Сиырдан бірақ аса алмас.
Сүті бұлақ, еті көп,
Мол қазына таусылмас.
Асырасаң құтты мал,

Әрі төлшіл өсімтал.
Бағымға сондай қолайлы,
Кәне, сонан асып ал.
Қойшы:

—Екінші тың біздің қой,

Қойда байлық, қойда той.
Қойдан асам дегенің—
Бекер әуре, құрғақ ой.
Терісін илеп киесің,

Жүні жібек білесің.
Қойды мақтан етемін
Байлыққа қосқан үлесін.
Ақын:

—Таласпаңдар, жараңдар,

Сөздеріңнің орны бар.
Елімізде бағалы—
Өрістегі қалың мал.
Кемесіндей даланың,

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Өсірейік түйені.
Жылқышы да бұл жерде
Тауып айтты жүйені.
Сиыр қымбат, даусыз ол,

Сарымай, ақ сүт, міне, сол.
Сөзі дұрыс қойшының,
Жарысқа түс соғып қол.

4. ТАЙ МЕН ЖІГІТ

Жігіт:
Мен өзім үйден шығып жаңа келдім,
Алдымда өліп жатқан тайды көрдім.

—Ей, тайым, үстің бүтін, қарның тоқ,

Төбеңнен Құдай ұрып, неден өлдің?!
Тай:

—Ауылы сіз байғұстың алыс па еді,

Аяғы біз байғұстың шалыс па еді?
Бүгін түгіл, кешегі өлген тайыңды,
Өткен күні бір көруге намыс па еді?
Жігіт:

—Ей, тайым, былшылдамай, отыр әрмен,

Сабырыңды терісімен сыдырармын.
Сен өлсең де мен, сірә, қам шекпеймін,
Қоң етіңді майға қосып қуырармын.
Тай:

—Ей, аға, сыдырарсың, сыдырарсың,

Қоң етіме май қосып қуырарсың.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Үйіңде тайың түгіл, тайыншаң жоқ,
Болғанда қара қасқа тай сыпырарсың.
Жігіт:

—Ей, тайым, былшылдама, күйретермін,

Сыпырып теріңменен сүйретермін.
Сен өлсең де, қам жемеймін,
Үйіріңнен бір тай әкеп үйретермін.
Тай:

—Ей, аға, осы өлімге басың кетер,

Сорыңа ұстарамен шашың кетер.
Екі сөзің бірінде «жеймін» дейсің,
Жегенде малың түгіл, басың кетер.
Сонымен тай жеңеді.

5. ЖАС БҰЗАУ МЕН ҚАТЫН

Бұзау:

—Жатырмыз бұзау сорлы құр байланып,

Жіберсең кетер едік көлді айналып.
Қолыңа ұршық алып қыдырғанша,
Малыңа қарасайшы бір ойланып.
Қарасақ өзге қатын қандай малсақ,

Далаға бұзаулар мен біз де барсақ.
Көйлегің материалдан болар еді,
Қотыр болып қысты күні өліп қалсақ.
Кетеді ием байғұс кіре тартып,

Әкелер қайтуында отын артып.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Өсекті үйден-үйге құйылыстырып,
Ішесің қағаз шайды үйде жатып.
Ол өгізбен арбаны тартатұғын,
Көп жүкті шықырлатып артатұғын.

Апарғаны базарға пұл болып,
Иеміз аман-есен қайтатұғын.
Жеңеше, бұл айтқаным сізге пайда,
Көп құн бар емес пе сары майда?

Мал қылап бізді күтіп алмасаңыз,
Далада текке жатқан ақша қайда?
Бұл жерде бұзау мұны айтып салды,
Сұм қатын жан-жағына қарап алды.

«Жау шыққан айналамнан осы екен» деп,
Бұзауды қақ тұмсықтан салып қалды.
Бұл жерде бұзау жатыр ыңыранып,
Асығып қатын жатыр шамын жағып.

«Қатын-ау, бармысың?» деп байы ұрсып,
Үйінен қатын шықты ойбай салып.
Қатын:
Ал сонда қатын тұрып сөз сөйлеген,

Өзінің білгенінше жөн сөйлеген.
«Даладан келді дағы жатып алды,
Балалар ұрған шығар»,—деп сөйлеген.
Сүт қайда, қатық қайда, қаймақ қайда,

Суалып қара сиыр кетті жайға.
Жігіттер, қатын алсаң, осындай ал,
Жігітке мындай қатын табылмайды.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Сонымен сорлы бұзау өліп қалды,
Күндері кемпір-шалдың солып қалды.
Жігіттер, қатын алсаң, осындай ал,
Жазылған хикая сөз болып қалды.

6. ЖЫЛАН МЕН АДАМНЫҢ АЙТЫСЫ

Жақсылар бұрынғы өткен ақыл еді,
Айтқаны ақылды ердің мақал еді.
Жақсылық жамандыққа қылған істен
Хикая мына бір сөз нақыл еді.

Бір жылан бір күндерде өртте қалған,
Шыңғырып, күйіп-пісіп өртке жанған.
Бір мұсылман жолықты оны көріп,
Шығарып, атдорбаға салып алған.

Құтылып өрттен аман жылан шықты,
Себеппен ажалына мұнан шықты.
Шыққан соң өрттен, енді «түскін» десе,
Бірталай «түспеймін» деп азар қыпты.

—Саған мен жаным ашып қайрылғанмын,

Өткен соң құлағыма зар қылғаның.
Шығарып өрттен аман алып едім,
Сен маған бұл айтқан не қылғаның?
Сыртына тоңын алды зәрін шашып,

Екі басы екі жақтан аузын ашып.
Нәрсеге заты арам жақсы іс қылып,
Құтылмастай заман болды онан қашып.
Жүруге адам пақыр әзірленді,

Ол жылан жіберместен көрінеді.
20-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Екеуі сөйтіп тұрған уағында,
Бұларға бір түлкі келіп жолығады.
Сонда адам жыланға айтты:

—Көңіліңді сен аудардың алалыққа,

Құр жүрмей өстіп едім балалықта.
Жақсылыққа жамандық болады да,
Түлкіге біз сынатып қалалық та.
Жылан айтты:

—Бұл сізге айтқан нақыл еді,

Түлкіңіз анау тұрған жақын еді.
Қыр жерде бізге қылған қорлығың бар,
Сынатсақ, сынаталық, мақұл, енді.
Бұлар жүріп түлкіге келді дейді,

Бұлардан түлкі қашық тұрды дейді.
«Осындай арызым бар» деп айтты,
Сол жерде түлкі сұрап білді дейді.
Адам:

—Аяңдап үлкен жолмен келдім, дейді,

Жыланды өртте жанған көрдім, дейді.
Шығарып өрттен аман алдым, дейді,
Ішіне ат дорбамның салдым, дейді,
Шыққан соң өрттен аман жылан,

Пәлеге кіріптар боп қалдым,—дейді.
Жылан:

—Сен түлкі, күлме сөзге, нан,—деп айтты,

Сөзіме құлағыңды сал,—деп айтты.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Қыр жерде адамзаттың бізге қылған,
Білесіз, дұшпандығы бар,—деп айтты.
Түлкі:

—Тіліңді, жылан, жүрген алмайынша,

Тұрамын қастарыңа бармайынша.
Сөзіңнің, адам, сенің бәрі өтірік,
Дорбаңа қайтып сыйды дардайынша?!
Қонады құзғын, қарға биік талға,

Адамның бір...* көңлін аула.
Дорбасына сен дағы қайта түсіп,
Адамның жоқ па деген тілін алма!
Дорбаға түсіп жылан толғаныпты,

Жігіттер, жанға берме қолдағы істі.
Дорбаға жылан сыйып болғаннан соң
Түлкі тұрып адамға көзін қысты.
Түлкінің ишаратын ұқты дейді,

Дорбаның аузын бекем тұтты дейді.
Тепкілеп ол дорбаның аузын қысып,
Жыланды жерге жаншып сықты дейді.
Достыққа қастық қылған жылан залым,

Қиналып шыбын жаны шықты дейді.
Алашқа адам едім болған мәлім,
Сөйлеуге бұдан артық келмейді әлім.
Қыр жерде достық қылсаң, қас көреді,

Жыланның мысалындай болса залым.
Тегі дұшпан адамға достық қыла ма?
Жарандар, міне, сөздің білсең мәні.
∗ Қолжазбада бір сөз өшіріліп қалған.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

7. БҰЛБҰЛ МЕН ҚАРШЫҒА

Япырмай, кессем бе екен мен тілімді,
Үйрендім қайдан өнер, көп білімді?
Айтайын бұлбұл менен қаршығаны,
Тыңдаңдар, құлақ салып бұл сөзімді.

Жатпадым су түбінде сәдеп болып,
Бір күні шықпас па едім дәрге толып.
Байғыздай тас жастанып тауда жатпай,
Секілді болдым қарға ұшып-қонып.

Боп жүрмін өнерімді тауысқандай,
Мерт болдым айға шапқан арыстандай.
Сұңқардай биік шыңды мекен етпей,
Шықылықтап көзге түстім сауысқандай.

Сөйлеуден тыйылмай жүр қызыл тілім,
Өттің бе айқайлаумен, қайран күнім.
«Түлкінің қызылдығы өзіне сор»,
Сондай-ақ болды маған өлең-жырым.

Сыртым от, ішім жалын, қайнағаным,
Бұйырған, жұтқан күмән шайнағаным.
Жаныма тыныштық жоқ, өзіме қас,
Бұлбұлдай әрбір түнде сайрағаным.

Сайрауға дәрменім жоқ, жүрмін қажып,
Ұзын түн ұйқы көрмей жүрмін азып.
Фасһарту һафтуһу деп айтқан хадис,
Мен жүрмін құтыла алмай тілден жазып.

Айналдым бұлт болып биік тауға,
Іліндім шортан болып жібек ауға.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Сөзі жоқ көп кісілер тыныш отыр ғой,
Қызыл тіл сен басымды салдың дауға.
Ақылды аузын жауып, тілін ашқан,
Бұл күнде ақыл, білім бізден қашқан.

Жеріне ақымақлықтан сыйғыза алмайды,
Алтынды пұлын білмей жерге шашқан.
Жатқанмен алтын жерде кір болмайды,
Жай тас пен дүрдің құны бір болмайды.

Жаңбыры Әб-рахматтың жауғанменен,
Сәдепке төгілмесе дүр болмайды.
Жаңбыры Әб-рахматтың нұр болады,
Жауғанмен басқа жайға қор болады,

Жыланға—у, араға—бал, тасқа—қына,
Жауғаны тақыр жерге сор болады.
Тікенге кетсе тамып, гүл болады,
Көзсізге көз, тілсізге тіл болады.

Жауғанмен тау мен тасқа пайдасы жоқ,
Сай-сайдан ағып дария сел болады.
Ғаламға Әб-рахмат суын шашар,
«Үстім су болады» деп адам қашар.

«Бір тамшы сонан маған тама ма?» деп,
Теңізде сәдеп жатып аузын ашар.
Бұлттай жауатынның менің өзім,
Азырақ сөйлейтұғын келді кезім.

Жаңбырдың Әб-рахмат тамшысындай,
Әр жерде тастай қылып айтқан сөзім.
Бораған қардай болып бұрқырадым,
Жалғаннан суып кеулім, тоқырадым.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бойыма алтынымды сақтай алмай,
Білмей жүр мұныменен һеш мұратым.
Қолында сырнайшының жез болыпты,
Білгенге жақсы-жаман сөз болыпты.

Гүл іздеп Гүлістанда жүрген бұлбұл,
Бір күні қаршығаға кез болыпты.
Сұрапты қаршығадан сонда бұлбұл:

—Жалғанда ынтызарым бір қызыл гүл.

Қаршыға-ау, сен де құссың, мен де құспын,
Ақылың бірақ сенің емес қой мол.
Бегленнің оң қолында тұрағыңыз,
Ерттеулі күнде жүйрік пырағыңыз.

Кекіліктің миы менен жүрегін жеп,
Табылған әрбір құстан мұратыңыз.
Жақсысын қымбат баға тағып қолға,
Шығасыз ұлықтармен жүріп жолға.

Жазым боп, жазатайым түссең торға,
Түсірмей алып кетер қолдан-қолға.
Өткіздім әрбір түнді сайрауменен,
Басымды тікенекке байлауменен.

Көрем деп қызыл гүлдің ашылғанын,
Өміріме зығырланам қайнауменен.
Қызыл гүл мен ұйықтамай ашылмайды,
Көзімше аузы ашылып, шашылмайды.

Оянсаң ұйықтап кетіп, ашылады,
Ғасіретім бір көре алмай басылмайды.
Зарлаймын ұзын түні «көремін» деп,
Көре алмай ашылғанын ғасіретім көп.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Өмірімде бір ашылған уақытын көрмей,
Барамын бұл жалғаннан уайым жеп.
Қаршыға:
Қаршыға келді сонда жақындасып,

Бұлбұлмен сөйлесуге жауаптасып:

—Бұлбұл, сендей ақымақ құс көргенім жоқ,

Бір гүлге пайдасы жоқ болған ашық.
Сайрайсың ұзын түні ауыз жаппай,
Қонасың көлеңкелі бір бұтаққа-ай.
Жетпестен бір мұратқа мың сөйлейсің,

Сол үшін қалып тұрсың да мұрат таппай.
Аузыңды ақылың болса жабар едің,
Үндемей сабыр қылып бағар едің.
Тілі жоқ мен сияқты мылқау болсаң,

Бір күнде мың меруерт табар едің.
Боласың сен ақылды менен қайтіп,
Зарықтың бір гүл үшін жапа тартып.
Бұл күнде менің мұратым асыл боп жүр,

Адамға үндемеймін бірін айтып.
Бұлбұл:
Бұлбұл айтты:—Қаршыға-ау, сен бір ерсің,
Мұратын әр пенденің Тәңірім берсін.

Табарым мылқау болып мұрат болса,
Бітпеген асыл мұрат кете берсін.
Мұрныңды шошайтасың мақтағанға,
Жүруші ең «Ғалһәмәж» боп көп тойғанға.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

....................................................*
Мәз болып жүріпсің де сақтағанға.
Бермейді саған етті қаныменен,
Бір құстың тояттайсың саныменен.

Ертеден кешке дейін ашықтырар,
Алсын деп ұшқан құсты жаныменен.
Бір ұрттап қан ішесің, бір құс алсаң,
Сен—ақымақ тамақ үшін болған сарсаң.

Арбакеш сарттарға да қор болғанша,
Тоғайда жақсы емес пе, өліп қалсаң.
Жаратқан бір Тәңірге жетер датым,
Зарланған ұзын түнде мінәжатым.

Бітпеген асыл мұрат кетсе, барсын,
Адамға дастан болған бұлбұл атым.
Мұратым бітпесе де, көңілім тоқ,
Қаршыға, мен сендей қаңғып жемеймін боқ.

«Шіркіннің қаршығадай сайрауын-ай»,—
Деп айтқан бір адамды есіткем жоқ.
Құс болсаң, бозбалалар, бұлбұлдай бол,
Табылар іздегені бір қызыл гүл.

Әр жерде тамақ үшін торға түскен,
Тіл алсаң, бола көрме қаршыға сол.

8. ЖАСТЫҚ ПЕН КӘРІЛІК

Жастыққа қарай кәрілік сапар шекті,
Ойы боп қуып оны, алу кекті.
Жол көрген, жосық көрген кәрі немең
∗ Қолжазбада бір жол өшіріліп қалған.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Жастықтың ордасына жетіп кепті.
Ойында зат жоқ, жастық жатыр еді,
Көрді де қу кәрілік шошып кетті.
Шошынып, ұясынан шығып көзі,

Елеулеп, қорыққандай болып өзі,
Сескеніп кәріліктің сипатынан,
Жастықтың сонда мынау айтқан сөзі:
Жастық:

—Мынау кім құп-қу болып, ұрты солған,

Ажырап өң-шырайдан түсі оңған?
Көрмеген тумысымда бір жан екен,
Бұл құрғыр қайдан келіп пайда болған?
Кәрілік:

—Қасқа, кәрің деген—мен боламын,

Не қылып басқа жаннан кем боламын?
Болса да сиқым төмен, осал емен,
Адамды меңіретуге ем боламын.
Жастық:

—Ежелден осылай ма көркің-сиқың,

Жағымсыз екен елге мінез-құлқың.
Адамда ақың бардай «міндетім» деп,
Апырай, бұзық екен іш пен сыртың.
Кәрілік:

—Жасымда сен сияқты көрікті едім,

Енуге ер қойнына ерікті едім.
Боларсың сен де мендей әлі-ақ бір күн,

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Тасығанын талай жастың көріп едім.
Табиғат заңы, ақымақ, әлемге ортақ,
Әйтпесе, мен зиянға жеріп пе едім.
Жастық:

—Мен сендей болсам түбі, өлгенім ғой,

Аз уақыт жана түсіп, сөнгенім ғой.
Жаһанға олай болса, келмес едім,
Ай, кәрілік, бүйтеріңді білмедім ғой.
Кәрілік:

—Абайла, мені мазақ етпе, шырақ,

Сағынып кеп тұрмын, зекпе, шырақ.
Көр дағы алдыңғыны, құйрықты қыс,
Солардан алып ғибрат ет те, шырақ.
Заңы айдап табиғаттың келіп тұрмын,

Саудасы жоқ сенде, менде текке, шырақ.
Біраздай сен де мұнда мекендедің,
Бабаңа орын босат, кет те, шырақ.
Жастық:

—Қапыда көрмес қартсың келіп қалған,

«Босат!» деп жылы орынды мазамды алған.
Қашаннан қара жүрек кәрілік едің,
Құр алдап «сағындым» деп айтпа жалған.
Кәрілік:

—Шамасы нанбайсың ғой, сағынсам да,

Аламын бұл орынды не қылсам да.
Жастығым, кетеріңнің келді кезі,
Жайым жоқ енді тыңдар жалынсаң да.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Жастық:

—Өзіңдей етесің ғой жолдасыңды,

Білгемін ерте бастан оңбасыңды.
Заңына табиғаттың амалым жоқ,
Әйтпесе, мүжір едім қу басыңды.
Деді де қайран жастық тұра қашты,

Зымырап бір лезден белес асты.
Тұр екен жолын тосып бір қалқатай,
«Қанеки, қош келдің!» деп қойнын ашты.
Жастықтың босап қалған мекеніне,

Ұялмай еніп алды қарт албасты.
Енді де салды бүлік мекеніне,
Таппадым іздеп шара кетеріне.
Жастықтың жайнар жасыл мекеніне,

«Көр-жерді жатып алып толса» деді.
Әуелі әрі-бері тіресіп ек,
Ермесек болмайды енді жетегіне.
Бүтіндей алды орынды мекенденіп,

Табиғат барады оған икемденіп.
Болмастай қарсылыққа тұрды көріп,
Алдына тосып алып бүкеңдедік.
Өкіну керек емес өткен жасқа,

Амандық, шалт ұғымды бергей басқа.
Кәрілікті мойындауға сіздерге ерте,
Елу бес есептелер орта жасқа.
Ақ ниет сізге деген шалқысын да,

Әр кісінің аман етсін қалқасын да.
Өмірдің гүлденіп, өркендеуі
Шат тұрмыс, денсаулықтың арқасында.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

9. ШАРУА МЕН ТАРЫНЫҢ

АЙТЫСЫ

Басыма тары ектім деп бір келмедің,
Қақсытып құлағымды тастап едің.
Шаруа:

—Қызталақ, сыйламадың сақалымды,

Қойып ем қарақшы қып шапанымды.
Бәрі де тары еккеннің қарық болды,
Ұрайын дәніңді алып тақалыңды.
Тары:

—Біте ме тастақ жерге тары деген,

Жабылып жау шымшықтың бәрі жеген.
Басыма тары ектім деп бір келмедің,
Ұрайын сақалыңды тары жеген.
Салады жүген-құрық қашағанға,

Қыласың неге уайым бас аманда?
Бәрі де реніштің естен шығар,
Тарыны майға қозғап асағанда.

10. АШУ МЕН АҚЫЛДЫҢ

АЙТЫСЫ

Ақыл:

—Жалмауыз әбжыландай ашу жаһіл,

Сақылдап иек пен тісің бара жатыр.
Ойпырмай түрің жаман түк қоймассың,
Айтып кет аты-жөніңді депті ақыл.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Ашу:

—Айбатпен бара жатырмын жұбайыма,

Тіл десе азарына шыдайын ба?
Қалмады аузы-басым былғанбаған,
Өлтіріп оны бірден тынайын да.
Ақыл:

—Бармаңыз, тілімді алсаң, екеуіне,

Одан да менің жүрсей жетегімде.
Қайт енді пиғылыңнан, қақшаңдама,
Көпіріп өз бетіңмен кете берме!
Ашу:

Өлтіріп екеуін де досқа барам,
Алдында жүз грамды тастап алам.
Дүниеде опасыз дос керек емес,
Өлтіріп досымды да жастап алам.

Ақыл:

—Ақылға арашашы тоқтамады,

Алдында жүз грамды ұрттап алды.
Қасқырдай қапа жүрек, ашу—қақпас,
Кінәсіз жанын қиды үш адамның.
Ашудың, міне, осындай кесірлері,

Әдетті тастаңыздар есірмелі.
Досынан, жұбайынан, баласынан,
Айрылып неге соқты-ау шешімдері.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

11. БАБАЙ МЕН ҚАСҚЫР

Бабай:

—Аузыңда түк, арқаңда жүн бар екен,

Кеудең сұлу, бөксеңде мін бар екен.
Талай малды жеп едің, бәлем, қасқыр,
Жететұғын саған да күн бар екен.
Қасқыр:

—Апырмай, қайдан таптың біздің ізді,

Мекен ғып жатыр едім жапан түзді.
Бөлтіріктерім кегімді алмай қоймас,
Қайтіп қырып тастайсың бәрімізді.
Бабай:

—Саған мені жеткізген Құдай Тағала,

Қурайды қылып жаттың несін пана.
Құдай оңдап осы қар ерімесе,
Талайыңды қыларман қызыл-ала.
Қасқыр:

—Сені маған жіберген Жаппар ием,

Ұрған сайын босайды жүйе-жүйем.
Бәрімізді қырамын деп жүргеніңде,
Құлын тастап жүрмесін буаз биең.
Бабай:

—Енді, қасқыр, Бабайдан жерсің таяқ,

Бітірмедің жылқыма құнан-саяқ.
Түбіме мұнан бұрын жетіп едің,
Қасқырым, к...ді қыс аямай-ақ.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Қасқыр:

—Еліңде ғалым бар ма дінін күткен,

Неткен кісі ең, буаз биемен қуып жеткен.
Еліңнен елу бие жеп алғанмын,
Бабеке-ау, өлтірсең де, құным біткен.
Бабай:

—Елімде толып жатыр қажы, молда,

Кәрінің күйші болар қос қолы да.
Елімді мұнша неге зар жылаттың,
Қалатын жортушының басы жолда?
Қасқыр:

—Бабеке, тұлабойың амал екен,

Өзі буаз, кер биең шабан екен.
Баяғыдай көсіліп шаба алмадым,
Ел сілесін көп алған жаман екен.
Бабай:

—Талай малдың ішегін шұбатқансың,

Жығып беріп балаңды қуантқансың.
Солардың да обалы жіберсін бе,
Талай бие желінін суалтқансың.
Қасқыр:

—Сізді көріп балалар қашып еді,

Бірі—өзіме тартпаған жасық еді.
Жабағыңды менсінбей құр атыңды жеп,
Биылғы жыл мейманам тасып еді.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қуып жеттің сен мені неғып оңай,
Кіретұғын болмады қалың тоғай.
Бабеке, көрмегендей мақтанасың,
Былтырғы қайда кетті екі ноғай.

Бабай:

—Бір кірген неге шықтың тоғайыңнан,

Мені жеңем дейсің-ау оңайынан.
Ант ішіп елу кісі құтылғанбыз,
Былтырғы жала жапқан ноғайымнан.
Қасқыр:

—Еліңді мақтап, тіліңіз болған майда,

Кегімді балам алар келер айда.
Бабеке, көрмегендей мақтанасың,
Кешегі Жұматай мен Қодар қайда?
Бабай:

—Осы күнде жетеді саған әлім,

Бір елуге жетті ғой жеген малың.
Қайда қаңғып кеткенін кім біледі,
Ол дағы сен сықылды екен зәлім.
Қасқыр:

—Өзіме-өзім шаба алмай қайран қалдым,

Қуып жүріп жеуші едім талай малың.
Ұрғаныңнан барады сөзің өтіп,
Бүкішке ақ шекпенді қайран қалдым.
Бабай:

—Кеш боп кетті өлеңді қояйын да,

Сойылменен төбеңді ояйын да.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Екі жолда жеп едің он жылқымды,
Теріңді мен тірідей сояйын да.
Қасқыр:

—Сылтауратып өлеңді қойғаның ба,

Сойылменен төбемді ойғаның ба?
Еліңді «ұры» дегенге намыстанып,
Үш теңге үшін терімді сойғаның ба?
Бабай:

—Қасқырым, іс көрдің бе мұнан қиын,

Жетсе арызың, Құдайға сен де сиын.
Сендей кәрі бір ісекті жүгіртпеске,
Бәске тігіп қойғанмын жеті тиын.
Қасқыр:

—Бабеке, бұл сөзіңде жоқ-дүр қата,

«Жол болсын» деп Байсары берген бата.
Мен дағы қашарымда сиынып ем,
Еш нәрсе қыла алмай тұр Сыңсыма ата.
Мал жыққанда жегенім қызыл қарта,

Қазынаға жарасар жібек мата.
Өз тойыңда төбелес қылушы едің,
Сен қайдан оңып едің майлы балта.
Мекен қып жатыр едім сайда деймін,

Еліңді ақтап, тіліңіз майда деймін.
Алып келіп барлығын маған жаптың,
Тумаңның көк биесі қайда деймін?
21-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бабай:

—Мына қар жауып қалды біздің баққа,

Сен жүйрік, жеткізбеуші ең арғымаққа.
Өзен, сай, қазған құдық толып жатыр,
Жығылып қалған шығар шұғанаққа.

12. КӨКҚҰТАН МЕН ШЫМШЫҚ

Бір шымшық және бір құс деген—ләйлек,
Ұқсатып үй салады ағаш таңдап.
Екеуі бір ағашты мекен етіп,
Дос болды өздерінің әлін аңдап.

Бір күні болмашыға араздасып,
Кінәні бір-біріне жатыр қамдап.
Шымшыққа ләйлек құсы деді:—Ей, надан!
Әліңді аңдамайсың неге барлап?

Көкқұтан:

—Менімен көптен бері бірге тұрдың,

Мен, сені «қоңсым ғой» деп қамың құрдым.
Өзіңнің жынысың—кішік, атың—шымшық,
Қарашы тұмсығыңа, титтей мұрның.
Жылан кеп шаға қойса, бірін аман

Қояр ма болса дағы балаң бір мың.
Әртүрлі осы арада дұшпандар көп,
Солардың бәрінен мен сақтап тұрмын!
Жарбиып жақсылықты жадыңа алмай,

Саласың көңіліме қалай кірбің?
Шымшық:
Шымшықтың сөзі мынау айтқан оған,

—Қоңсының қасиеті ғой—болу қоғам.

МЫСАЛ  АЙТЫСТАР

Менің де бақадархал еңбегім бар,
Деп міндет ете берме «қамқор соғам».
Тұмсығың тым ұзындау болғандықтан,
Қаптаған құмырсқаға болмас тоған.

Шақса егер шидей болған сирағыңды,
Алатын арашалап осы жораң.
Құрымдай құмырсқаның қаншасынан
Құтқардым, қайда сенің қылған тобаң?

Сен, маған айтпа ондай ұнамсыз кеп,
Онан да бірігейік, болмайық шет!
Таптырмас татулықты қолдан беріп,
Қалмайық қапияда өкініш жеп.

Әлемге ой жіберіп қарап тұрсаң,
Бәрі де бір-біріне болған себеп.
Таманы тіршіліктің—біршілікпен,
Сондықтан лайығы—тұрмақ демеп.

Шымшықтың шымшып айтқан сөзін тыңдап,
Көкқұтан қайтты райдан: «Солай ма?» деп.
Әлсізді аяққа сап тебе бермей,
Ғибрат мұнан әркім алу керек!

Асауды арындаған үйретіп ап,
Болады жүруіңе жіп жетелеп.
Оқиға шақ болған соң ұзай алмай,
Доғарды Тұрмағамбет табан тіреп.

1. ҚУ ТҮЛКІ

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаң­
датып, тұмсығын жоғары көтеріп:

—Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге кел­

генмін,—дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір қарап, сенбей:

—Мүмкін емес,—дейді.

—Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аң­

дардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына тү­
сіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен
құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен інде­

рі­не тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын
көтере түсіп:

—Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан

бар ма тірі?—деп мақтанады.

—Ия, сен шынында да айбарлы екенсің,—деп алданған жол­

барыс кетеді.

2. ҚЫРҒИ МЕН БӨКТЕРГІ

Қырғи мен бөктергі ойда жоқ жерде кездесе кетеді. Екі дос
өткен-кеткенді әңгімелеп, кездесу құрметіне кеш өткізуді ұй­
ІІІ. Мысал әңгімелер

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

ғарады. Кештің керегіне әзірлеу үшін жиырма торғай ұстап
әкелуге келіседі. Жиырма торғайдың жартысын ұстауды қырғи
міндетіне алады, қалған он торғай бөктергінің үлесіне тиеді.
Қырғи көп кешікпей он торғайды ұстап, төбе басында бөк­

тергіні күтіп отырады. Бөктергінің келетін мезгілі өтіп, ке­ші­
геді. Ал бұлар кешті күн батпай бастауға уәде еткен. Ақыры,
шыдамы таусылған қырғи дерексіз кеткен бөктергіні іздеуге
шығады.

Қалың тоғай бойымен ұшып келе жатып, қырғи алыстан
бөктергіні байқайды. Ол бір торғайды қуып, ылдиға ығысты­
рып барады екен. Сол сәтте қырғи да бөктергінің соңынан ұшып
жетеді. Оның қауырсындары терге малшынып, аяғын тор­ғай­

ды бүруге ілгері соза түсіпті. Бөктергінің шаршау кейпін көр­
ген қырғи тоғайда торғай қалдырмай қырған екен деп ойлайды.
Сөйтіп, ол бөктергіден асығыс:

—Ау, Бөке, қанша торғай ұстадыңыз?—деп сұрайды.

Сонда бөктергі алдында ұшып бара жатқан торғайды нұсқап:

—Осыны алсам, тоғыз торғай қалады,—депті.

3. ЕКІ БҰҒЫ

Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып
қалыпты.

—Мен жеймін мұны, мен бұрын көрдім,—депті бірі.

—Мен жеймін, мен бұрын келгенмін бұл жерге,—депті екін­

шісі.
Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне
түсіп сартылдата кеп мүйіздесе сүзісіпті. Аздан соң тіпті қы­
зық болыпты. Бұғының мүйізін, білесіңдер, талдың бұтағы

сияқты болады. Ілініскенше әбден сүзіскен көрінеді. Бір кезде
мүйіздері ілінісіп қалған бұғылар бірінен-бірі ажырай алмай
әрлі-берлі тартысыпты.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қалыпты да қуанып,
дереу келіп бұғыларды арбасына салып үйлеріне қарай жөнеле
беріпті.

4. ТҮЛКІ МЕН ҚОЯН

Бір күні болдырып келе жатқан түлкі жортып жүрген
қоянды көріп, өтірік ауырған болып оның жолына сұлай кетіп­
ті де, қоянды шақырыпты.

—Қоянжан-ау, қоянжан, неге сонша жорытасың? Менен

неге қорқасың? Бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір
жескен, көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын, жақыны­
рақ келсеңші, қоштасайық,—депті.
Сонда қоян:

—Екі құлағым сөзіңде тұр, екі көзім өзіңде тұр. Сіз етті

жақсы көреді дейді жұрт, сол рас па?—депті.

—Рас болғанда қандай, тіпті ет жемесем басым ауырады!

—Міне, осыныңыз жаман ғой.

—Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бір тауық

жеп едім, соған жаным ашып жылап та жібердім. Өйткені ол да
тірі жүргісі келеді ғой. О, шіркін, тіршілік!—депті.
Қоян:

—Сіз оны өлтірмей тұрып ойлап көрдіңіз бе?—депті.

Сонда түлкі:

—Мен дәл сол жерін ойлауды ұмытыппын. Жаныма батып,

ауырып жатқаным да соның өкініші,—дейді.

—Ұмытшақ деген жаман ғой, мен де содан қорқамын, сон­

дықтан да жорытамын,—деп, тұра жөнеліпті қоян.

5. АРЫСТАН КҮШІГІН АСЫРАҒАН МЫСЫҚ

Бір мысық қаңғырып жүріп, өліп қалған арыстанның кү­
шігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

жыртқыш аң болып, өз азығын өзі табатын халге жетеді. Бір
күні ашыққан арыстан өзін асыраған мысықты жемек болады.
Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып
кетеді. Сонда арыстан тұрып:

—О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған

анамдай ыстықсың. Бар қылығыңды үйреткенде, ағашқа өр­
мелеуді неге үйретпегенсің?—дейді.

—Қысылғанда керек болар дегенім еді,—депті сонда мысық.

6. АҚЫМАҚ ҚАСҚЫР

Бір аш қасқыр тамақ іздеп шығады. Жолда бір ешкіге кез­
деседі де:

—Мен сені жеуім керек,—дейді. Ешкі жалынады:

—Мені жегеннен саған пайда жоқ, көрмейсің бе, арықпын.

Үйде семіз лағым бар, соны алып келіп берейін.
Қасқыр келіседі. Ешкі жүгіріп кетіп қалады. Қасқыр кү­
тіп-күтіп, ешкі келмеген соң тағы жүріп келе жатып қойға кез­
деседі.

—Мен сені жеймін!

—Менен басқаны жеуге болмай ма? Мен атақты бишімін

ғой, мені өлтіргенің ұят болады.
Қасқыр таңданады:

—Жақсы, билейсің бе? Қане, маған билеп көрсетші.

—Қой билей бастайды да бірте-бірте алыстап, қашып кетеді.

Қасқыр ашуланып, тағы жол жүреді. Енді ат кездеседі.

—Ат, мен сені жеймін!

—Сен мені жей алар ма екенсің?!

—Қалайша жемеймін?—дейді қасқыр.

—Менің құйрығымның астында жазылған хат бар, соны

алып қара, сонда білесің.
Қасқыр аттың арт жағына шығып қарайын деп жатқанда, ат
маңдайға теуіп қалады. Қасқыр қаңқ етіп құлап түседі.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

7. ТАУ МЕН ҚАҢБАҚ

Бір қаңбақты жел айдап үлкен таудың етегіне әкеп тастап
кетті. Мұны биіктен көріп тұрған тау:

—Е, қаңбағым, қайдан жүрсің, неғып келдің мұнда?—деді.

Қаңбақ тұрып:

—Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат жер

астынан шығып алып деген атағыңды есітіп, алысу үшін әдейі
сені іздеп келдім,—дейді.
Тау бұған жымиып күлді. Сол кезде құйын соғып, қаңбақты
дедектеткен бойы аспанға алып шықты. Аспаннан қайта жерге

әкеліп, ары-бері аунатты. Ойға-қырға домалатты. Ақыр аяғы
өлдім-талдым дегенде таудың бетіне өскен бір шоқ тобылғының
басына іліп тастап, жайына жүріп кетті. Қалы қашып, қабағы
түскен қаңбақтың қасына бір бүркіт келді. Ол:

—Е, қаңбағым, неғып жатырсың?—деді.

Қаңбақ:
Алты батпан ауырды арқалаған едім. Жеті қабат жер асты­
нан шығып, алып деген атағын естіп, астымда жатқан таумен
әдейілеп келіп алысып едім, алты күн алысып, жеті күн дегенде

әрең деп жығып, желкесінен басып жатырмын,—дейді.

—Болса болар!—деді бүркіт,—одан басқа қолайлы жер бол­

маған соң тобылғысынан ұстап жатқаным ғой.
Сол кезде құйын соғып, қаңбақты тағы да дедектете жөнелді.
Бүркіт тұрып:

—Е, батыр, қайда барасың тауды тастап, тұрып кетпей ме ол

енді орнынан?—деді.

—Уақа емес, бүркітім. Алдымда алысатын әлі де көп алып­

тар бар еді. Соларға жетуге асығып барамын!—деуге ғана шама­
сы келді қаңбақтың. Құйынмен бірге құлдырап ұшып, кете
барды. Артында күліп бүркіт пен тау қалды.

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

8. ТҮЛКІ МЕН ҚЫРҒАУЫЛ

Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып ағаштың ба­сын­
да отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:

—Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай?—дейді. Қыр­

ғауыл:

—Жақсы, өзің қалай тұрасың?—дейді. Түлкі:

—Жерге түсіп, сөйлесеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші

еді,—дейді. Қырғауыл:

—Жерге түсуге қорқамын, жерде әртүрлі аңдар бар, бізді

жеп қоюы мүмкін,—дейді. Түлкі:

—Әй, достым, биылғы заман, бұрынғы заман емес, жаңа

ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа,
қой мен қасқыр бірге жүрсін, қырғауыл мен түлкі бірге жүр­
сін,—дейді. Қырғауыл:

—Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет, достым! Мына жақ­

тан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айты­ңыз,
естісін,—дейді. Ит деген сөзді есіткен соң, түлкі алды-ар­ты­на
қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл:

—Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе?—

дейді. Түлкі:

—Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар,—дейді мің­

гірлеп.

9. КӨБЕЛЕК ПЕН МАСА

Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбе­
сіне келіп қонады. Мұны жақтаудың қуысында жатқан ма­
саның көзі шалып қалыпты. Масаның бұған ызасы келеді.
Сонан соң шыдай алмай, көбелектің қасына жетіп барады да

сес көрсетеді:

—Сен бұл араға неге келдің? Бұл жер менің мекенім,—деп

әкіреңдейді.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бұған көбелек саспайды:

—Бұл қораның үсті ғой, қоға емес!

—Тақылдама, мойныңды үзіп аламын!—дейді маса ызың­

дап.
Бұған көбелек сықылдай кеп күледі:

—Күшің жетсе.

—Мен саған көресіңді көрсетемін,—дейді маса тызалақ­

тап.—Мына ұзын тұмсықты қалың теріңе сұғып жіберіп, қа­
ныңды сорып аламын!

—Мұныңа сенбеймін,—дейді көбелек әдейі қарсыласып.

Маса ыза боп, қоқандайды:

—Сенбесең, көзіңмен көр!

—Қане, көрсетші.

—Қара да тұр!

Осыны айтады да маса ұшып барып байлаулы тұрған өгіздің
құлағына қонады. Сонан соң тұмсығын сұға бастайды. Сол
кезде өгіз артқы аяғымен құлағын қасиды. Маса теріге сұққан
тұмсығын қайта шығарып үлгергенше, тұяқ тиіп, мылжаланып

қалады.

10. ТАПҚЫР ҚОЯН

Аңдардың патшасы арыстан бәйге жариялапты. Бір қазан
суды қайнаттырып қойып:

—Осы суды кім ішіп қойса, көп сыйлық беремін,—деген

шарт қойыпты. Аңдар бірінен соң бірі келіп, қанша өжеттенсе
де, қайнап тұрған суды ішуге батылдары бармапты. Ең соңында
қоян келіп, қып-қызыл шоқта тұрған қазанды көтеріп алады да:

—Ыстықтай ішуді өте жақсы көремін!—деп жан-жағына

қарайды.

—Ендеше іше ғой,—дейді аңдар аңтарылып. Қоян ұзыннан

ұзақ, қаз-қатар тізіліп тұрған аңдарды жағалай жүріп:

—Мінеки, достарым, мынау ыстық су. Көздеріңмен кө­

ріңдер,—деп, бас-басына көрсетіп шығады.

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

Сөйтіп, қоян аңдарды басынан аяғына дейін аралап шық­
қанша, қазандағы су суып қалады. Сол кезде қоян суды басына
бірақ көтеріп, сіміріп алады. Шошынған аңдар ауыздарын
ашып, көздерін жұмысады. Ал алданған арыстан патша қоянға

көп сыйлықтар бергізіп:

—Міне, нағыз ер!—деп мақтапты.

11. АДАМ, ИТ, МЫСЫҚ ЖӘНЕ ҚАРШЫҒА

Ертеде адам, ит, мысық және қаршыға төртеуі ант ішіп,
серттесіп, адал дос болыпты. Олар бір жерде жатып, бір қазаннан
тамақ жеп, ауыртпалықты бірге көтермек болыпты. Сонымен
бір күні олар аң аулауға шығыпты. Олар жүре-жүре шаршаған

соң бір өзеннің жағасына отырып дем алыпты. Осы кезде орман
арасынан бір аю тұйықсыз ақырып шыққан екен, әлгілер жан-
жаққа қашыпты. Тек ит қана аюмен алысыпты, адам үйіне,
мысық далаға, қаршыға аспанға зытыпты. Иттің үш досы ішкен

ант, берген серттен тайып оны жау қолына беріпті.

12. ШОРТАН

Бір күні аң біткен жиналып шортан үстінен арыз айтыпты.
Шортан елге күн көрсетпейді, басқаларға тісін батырады де­
ген сияқты айыптар тағылыпты. Түлкі арызды қабылдап сот
ашуды белгілепті. Бұдан хабар тапқан шортан аралықта түлкі­

ге қылғытып та жіберген екен, ел арасында сөз жата ма, түлкі
үстінен өсек, сыбыр да тарапты. Кесулі күні сот ашылыпты,
соттың шешімі бойынша шортанды дарға асып өлтіретін
болыпты, осы кезде түлкі тұрып:

—Бұл өте жеңіл жара, жараның ең ауыры, қаталы—суға

тұншықтырып өлтіру, бұл жауызды тастаңдар суға,—деген
екен қатал үнмен.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

13. ҚАРТАЙҒАН АРЫСТАН

Бір мезгіл ел сұрап дәурендеген арыстанға кәрілік те жетіпті.
Бетіне түзу қарамайтын, айбатынан ел қорқатын уақыттары да
өтіп, келмеске кетіпті. Аяқтан дәрмен, бойда қуат қалмаған, тісі
түсіп, тырнақ мұқалған күйге түсіпті. Сонымен өзі кезінде тісін

батырған аңдар одан өшін ала бастапты. Ат тауып, сиыр сойып,
қасқыр қауып, тырна жұлып. Ол бәріне көніпті. Өлер шағына
таяғанда есек те оны көргелі келіпті. Арыстанның күйін көрген
ол да тепкісі келіпті. Мұны сезген арыстан:

—Ия, құдірет, кезінде аң баласы бетіме түзу қарай алмау­

шы еді. Қазір солардың тепкісінде қалдым, анау ат, мен түгіл
қамыстан қорқатын, өгіз, қасқыр дегендер мені көрсе зәресі
ұшатын, дариға-ай, сол заман өтті ғой. Кәрілік жетіп, төрімнен
көрім жақын тұр, басқасын қойшы, ана есек аяқта төсек болып

жатушы еді. Ол кезде оны кім адам қатарына алған, кімде күнә
жоқ дейсің, жанымды алсаң да, сол жаманның тұяғын тигізбей
ал, қорлық қой оның аяғы тисе,—деп жалбарыныпты.

14. АЛА ҚОЙЛАР

Арыстан бүкіл аң баласына патша болып тұрған кезде, әділ
билік жүргізіп, елдің құрметіне бөленуді ойлапты әрі солай да
істепті. Бір күні арыстан бір төбеге шығып отырып, жайылып
жүрген көп ала қойды көріп көңілі бұзылыпты. Сонымен аю

мен түлкіні шақырып ала қойларды қалай бір жайлы етуді
ақылдасыпты. Сонда аю тұрып:

—Тақсыр, қойды кім адам қатарына алады, олардың көзін

құртып қана тастаған жөн,—дейді төтесінен. Мұны естіген
арыстан қабағын түйіп:

—Өлтіру оңай, өз жұртымды өзім қырсам, жалмауыз патша

атанып, жаман атқа қаламын ғой,—дейді.
Сонда түлкі:

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

—Тақсыр, айтқаныңыз жөн, жаман атқа қалмаңыз, менше,

осы қойларға бір сайды беріңіз де, жақсы бір қойшы қойыңыз,—
дейді. Арыстан аз ойланып:

—Сенше кім жақсы бағады,—дейді.

Түлкі:

—Қасқырға жететін қойшы жоқ,—дейді жымия. Сонымен

арыстан қасқырға табанда қойларды жақсы бағу туралы бұйрық
түсіреді. Ала қойлар да аз уақытта арыстанның көзінен ғайып
болады.

15. ҚАСҚЫР МЕН ТЫШҚАН

Бір күні бір қасқыр біреудің қорасына түсіп, бір қойды
тамақтап апанына алып барып, сылқия тойған соң ыңыранып
жатып қалады. Бір тышқан еттің иісін сезіп, жорғалап келіп
бір түйір етті ініне суырып алып кіріп кетеді. Мұны сезген

қасқыр «үйіме ұры түсті, көргендерің болса, ұстаңдар» деп
бүкіл тоғайды дүрліктіріп айғайлаған екен.

16. ТҮЛКІНІҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ

Бір мерген бір құсты атып алыпты. Оның үш балапаны
ұясында жетім қалыпты. Олардың шырылдаған дауысын
естіген түлкі ағаш түбіне келіпті де, жаны ашыған бейнеде:

—Ей, сорлы жетімдер-ай, сендер қайтып күн көрер

екенсіңдер,—деп бір тұрыпты да, онан соң басқа аң-құстарды
оларға жем тастауға шақырыпты. Көкекті мамық жүнін беру­
ге, бозторғайға тамақ іздеуге, сары мойынды олардың қасын­
да болуға, қарлығашты маса, шыбын әкелуге, сандуғашты

ән шырқап олардың көңілін көтеруге бұйырыпты. Түлкінің
бұл жақсы көңіліне аң-құстың бәрінің көңілі босапты. Сөйтіп
тұрғанда аштыққа шыдамаған үш балапан ағаш басынан жерге
қона қалыпты. Сонда жетімдерді аяп сауаптық іс істегелі тұрған

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

әлгі түлкі үш балапанды лып еткізіп қылғи салыпты да, зытып
беріпті.

17. МАСА МЕН АРЫСТАН

Бір күні маса арыстанның жанына келіп, оған:

—Сіз күштімін деп мақтанбаңыз, тісіңізбен жұлып,

тырнағыңызды батырғаныңыз мықтылық емес. Мықты бол­
саңыз, менімен айқасуға шығыңыз,—деп арыстанды жек­
пе-жекке шақырыпты. Сонымен маса арыстанның бет-аузын
түйірлеп шағып түк қалдырмапты. Арыстан өз бетін өзі ша­

палақтап қып-қызыл қанға бояпты. Ақыры арыстан жеңіліп,
маса жеңіп шығыпты. Бұған мәз болған маса алақайлап ұшып
бара жатқанда өрмекшінің торына түсіпті де, өрмекшіге жем
болыпты. Ажал алқымына жеткенде, маса:

—Құдіретті де айбатты арыстанды жеңген басым өрмекшіге

жем болдым ғой,—деп жан үзген екен.

18. БҰЛАҚ

Сарылдап ағып жатқан бір бұлақтың қасына бір қойшы
келіпті де зарын айтыпты.

—Саған не болды,—депті бұлақ қойшыға жаны ашып.

—Өзен менің бір қозымды ағызып кетті, қозым оған не

қылып еді, соған қайғырамын,—депті қойшы шағым айта.
Бұған қатты ашуланған бұлақ өзенді жеріне жете сөгіпті.
Өзінің елге жақсылық істейтінін айтыпты. Сонымен бір
күні күн күркіреп аяқ астынан нөсер жайыпты. Сол-ақ екен

әлгі бұлақ бұқан-талқан болып, арнасынан аса жөңкіліп ма­
ңайындағы тіршілікті түгел ағызып жоғалтыпты. Кешегі өзі
аяған қойшыны үйімен, малымен бір-ақ құрдымға кетіріпті.

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

19. МАҚТАНШАҚ БҰҒЫ

Ыстық күндердің бірінде әсем мүйізді бұғы бұлақтан су
ішеді. Су бетінен өзінің дидарын көріп, көңілі тасып:

—Япыр-ай, мына мүйіз не деген әсем! Өз басыма да жақсы

жарасады екен. Торпайсыз тоқал мүйіз хайуандар қалай
күндейді екен мені көргенде. Мұндай сымбатты мүйіз жер
бетінде тағы бар ма екен, сірә!—дейді мақтанып. Кенеттен
дабырлаған дауыстар, иттің үргені естіледі.

Тазы ерткен үш аңшы орманнан сау етіп шыға келеді. Бұғы
да зыта жөнеледі. Бірақ біраз қашқан соң күтпеген жерде
мүйізі ағаштың бұтағына ілініп қалады. Ары жұлқынып, бері
жұлқыныпғ босана алмаған бұғыны қуып жеткен иттер тарпа

бас салып алып ұрады.

20. ТЫШҚАНДАР МӘЖІЛІСІ

Едендер астын мекендеген тышқандар мәжіліс ашыпты. Көр
тышқан сөз бастапты:

—Қадірлі достар! Өміріміз мысықтан қорлық көрумен өту­

де. Тіпті тастай қараңғы түннің өзінде асханаға емін-еркін кі­
ріп, қалаған тамақтарымызды жеуден қалдық. Мысық түнімен
көз ілмей, бізді аңдумен болады. Тіршілігімізді қайткенде
қауіпсіздендіре аламыз, осы мәселе туралы кеңесейікші!—

депті.
Жиналған тышқандар қалың ойда қалған шақта, ты­ныш­
тықты бала тышқан бұзады:

—Алақай, сүйінші! Оның жолын мен таптым. Мысықтың

мойнына қоңырау тағып қоялық, мысық қозғалған кезде
қоңырау шырылдайды да, бізге белгі береді. Сонда қоңыраудың
үнін ести сала, тығылып қаламыз. Жас тышқанның тапқыр­
лығы мәжіліске қатысып отырғандарға өте ұнайды. Тек кәрі

тышқан біраз ойланып, тағы да сөз алады:

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Ұсыныс өте жақсы, орынды. Алайда сол қоңырауды

мысыққа батылы барып кім байлайды, соны білгім келеді,—
депті ол.

21. ТҮЛКІ

Жолда келе жатқан бір түлкі шақай тауып алады. Бір
шаруаның үйіне келіп:

—Түнеуге рұқсат па?—дейді.

—Орын жоқ қой, түлкі,—деп жауап береді шаруа.

—Маған көп орын керек емес, өзім сәкіге жатсам, құй­ры­

ғымды астына салам,—дейді.
Шаруа түлкіні түнеуге кіргізеді.

—Менің шақайымды тауықтарыңыздың жанына қоя са­лы­

ңызшы,—деп өтінеді түлкі.
Шаруа шақайды тауық қораға тастайды, түлкі болса, оны
қорадан түнде лақтырып жібереді. Күн шыға түлкі шақайын
сұрайды.

Шаруа:

—Түлкіжан, шақайың орнында жоқ.

—Олай болса, ол үшін бір тауығыңды бер.

Амалсыздан шаруа түлкіге бір тауығын береді. Түлкі келесі
бір үйге келеді.

—Түнеуге кіргізіңіздерші, тауығымды үйректеріңізге қоса

салсаңыз,—деп өтінеді түлкі.
Түнде тауығын жеп қойған түлкі таңертең оның орнына бір
үйректі алады. Түлкі үшінші бір үйге келеді де:

—Түнеуге кіргізіңіздерші, үйрегімді қойларыңызға қоса

салыңыз,—деп өтінеді.
Түнде түлкі үйрегін жеп қояды да, таңертең орнына бір қой
алады.

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

22. ТЫШҚАН МЕН ЖЫЛАН

Бір тышқан тамақ тауып жеп, ініне қайтып келсе, онда бір
жылан жатыр екен. Тышқан одан қорқып, қауіп шығаруға
батпай, ақыл сұрай өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне
барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңес

айтыпты:

—Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жыланның сенің інің­

ді тартып алғаны әділдік емес. Бірақ оған қылар еш айла жоқ,
оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, сені жеп қояды.
Оған ештеңе қыла алмайсың,—депті.
Тышқан бейшара қайғырса да, үндемей қойыпты. Бірақ

қалай кегін алуды ойлап жүріпті.
Бір күні сейілдеп келе жатса, інінің аузында жылан­ның
күншуақта жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі
ұйықтап жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп

алыпты да, жыланға қарай тұра қашыпты.
Кісі оянып тұра қуып, алдында жатқан жыланды көріпті.
Тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң, кісі жыланды
өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя беріпті.

Жыланды өлтіріп, әлгі кісі кетіп қалыпты, тышқан жылан­
нан осылайша құтылып, өз ініне келіп қайта орналасыпты.

23. ТҮЛКІ МЕН БӨДЕНЕ

Бір күні түлкі жортып келе жатса, бір бөдене жорғалап
барады екен, түлкі шап беріп бөденені ұстап алады.
Түлкі бөденеге:

—Балапандарыңды тауып берсең, өзіңді қоя берейін,—дейді.

Бөдене:

—Балапандарым анау қалың шөптің арасында еді, сол араға

барып, мен болып шақырсаң, балапандарым келеді,—дейді.

—Жарайды,—деп бөденеге тиіспей, түлкі қалың шөпке

келеді.
22-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Балапандарыңды не деп шақырайын?—дейді түлкі.

—«Маңғыт» деп қатты дауыстап шақыр,—дейді бөдене.

Түлкі:

—Маңғыт!—дегенде, бөдене:

—Аузыңа саңғыт!—деп ұша жөнеліпті.

Арада ай өтіпті, жыл өтіпті. Түлкінің бөденеге өшпенділі­
гі арта түсіпті. Бір күні жортып келе жатып, бөденеге және
кезігіпті. Бөдене қорыққанынан ағаштың басына шығып, қо­
нып отырыпты.

Түлкі:

—Ау, бөдене досым, не естіп, не білдің? «Барлық жан-

жануарлар бір-біріне қастық қылмасын» деген жарлық келді.
Енді біреуге біреу тимейді, барлық жан-жануарлар мәңгі
достасып өтеді. Енді сен жерге түс, достық әңгімеде болайық,—
дейді.

Сонда ағаш басында отырған бөдене мойнын созып, алысқа
бойлап-бойлап қарайды, жерде тұрған түлкі:

—Е, бөдене досым, нені көріп қарадың?—дейді.

—Анық байқай алмадым, алыстан бір жануар келе жатыр.

Бұта-бүргенің басынан бір-ақ ырғиды екен. Жүні сіздікінен
тақыр, денесі зор әрі ұзын, жарғақ құлақ, мойнында қарғы
бауы бар көрінеді,—дейді.
Түлкі:

—Ойбай, ол тазы шығар?

Бөдене және қарап:

—Болса болар,—дейді.

Түлкі:

—Ойбай, ендеше мен қашайын.

Бөдене:

—Е, досым түлкі, енді барлық жан-жануарлар бір-біріне

тимейді, мәңгі достасып өтеді деп өзің айттың ғой, неге қор­
қасың? Мен де ағаштан түсейін, сен де бері жазыққа шық, тазы
да келсін, үш дос әңгіме дүкенін құрайық,—дейді.
Түлкі:

—Ойбай, кім біледі? Әлде ол жарлықты ести қоймаған

шығар,—дейді. Бөдене:

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

—Естімеген болса, өз аузыңмен айт, жарлықты құлағына

құй,—дейді.
Түлкі сонда:

—Маған жан керек емес пе?—деп қаша жөнеледі.

24. ҚОЗЫ МЕН ҚАСҚЫР

Баяғыда бір кішкене қозы жазықтағы жайылымға барған
екен, қарсы алдынан қасқыр ұшыраса кетеді.

—Қайырлы күн!—дейді қасқыр.

—Аманбысың,—деп жауап қатады қозы.

—Қайда тарттың?—деп сұрайды қасқыр.

—Жазықтағы жайылымға.

—Ал мен сені дәл қазір қылғыта салам ба екен деп ойлап

тұрмын,—дейді қасқыр.

—Ой, тоқта, бірден бассалмақшымысың? Мені жейді

екенсің, әуелі жуынып, шайынып келмеймісің.

—Қайда барып жуынбақпын?—дейді қасқыр.

—Қам жеме, жуынатын жерге өзім ертіп барамын.

Кішкене қозы қудың қуы екен. Ол қасқырды құрулы
қақпанға ертіп келіп:

—Мына темір тегешке қолыңды сала ғой, әп-сәтте өзі-ақ

жуындырады,—дейді. Қасқыр қолын қозы көрсеткен тұсқа
сала бергенде, қақпан сарт етіп қысады да қалады. Қасқыр
сирағын ары тартады, бері тартады, сөйтсе де темір «тегеш»
табанда босатар емес. Сөйтіп, қасқыр, ауыл адамдары келіп оны

оңдырмай «жуындырғанша», қақпанда тұра беріпті.

25. ҚАЗ

Түлкі бір күні қазды ұстап алып, алдыңғы екі аяғымен ба­
сып тұрып, мазақ қыла мұртынан күліп:

—А, қаз, сенің қолыңа мен түссем, сен не қылар едің?—дейді.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қаз сәл ойланып тұрып:

—Не қылар едім? Белгілі емес пе, сені тісіммен тістеп

тұрып, екі аяғымды кеудеме қойып, көзімді жұмып: «А, Құдай,
бергеніңе мың шүкір!» дер едім де, сені жеп қояр едім,—дейді.
Түлкі:

—Мынауың дұрыс екен, мен сені өзің айтқандай ғып

жейін,—депті де, қазды тістеп, өзі шоқиып отырып, алдыңғы
екі аяғын кеудесіне қойып, көзін жұмып «А, Құдай» дей бер­
генде, қаз қанатын қағып қалып, қаңқылдап ұшып кете беріпті.
Түлкі «А, Құдай» деген күйінде аузын аңқита ашып, шоңқиып

қала беріпті.

26. БҮРКІТ ПЕН ҚҰЗҒЫН

Бір күні бүркіт құзғынға кезігіп:

—Құзғын, екеуміздің де тегіміз құс. Бірақ сендер жуас

құссыңдар, не болса соны жеп, үш жүз жылға дейін өмір
сүресіңдер. Ал біз болсақ отыз жастан әрең асып жығыламыз,
бұл қалай?—деп сұрапты. Сонда құзғын:

—Сендер ылғи жемтікті тірідей жеп қанын ішесіңдер, біз

болсақ тек өлекселермен ғана күн көреміз,—депті.
Содан кейін бүркіт пен құзғын екеуі жемтік іздеуге шығады.
Ұшып келе жатып, айдалада жатқан бір жылқының өлексесін
көздері шалады.

Іздеген жемі табылған құзғын өлексені құшырлана шоқи
бастайды, ұзақ өмір сүруге себепші болар ма екен деген оймен
бүркіт те дәм татуға кіріседі. Жемтікті шоқи берген бүркіт кілт
шегіншектейді.

—Құрсын, иістеніп кетіпті, өте дәмсіз екен. Жүрегімді

айнытты. Мұндайды жеп үш жүз жыл өмір сүргенше, ата-баба
салтынан айнымай, отыз-ақ жыл өмір сүргенімнің өзі артық
екен,—деп ұша жөнеліпті.

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

27. КЕПТЕР МЕН ҚАРҒА

Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың
көк жапырақтардың арасында бейқам отырғанда, ентіге жал­
пылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа мұнтық қара қарға келіп
қонады да, мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін

қырнай қарқылдай бастайды.
Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы
зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп үндемей шыдап
бағады. Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды. Денесі

түршігіп, берекесі қашқан кептер:

—Ой, қарға, таң атқалы балапандарыма жем тасып әбден

шаршап, мына қайыңның саясында аздап демалайын деп отыр
едім. Мүмкін болса, біраз қоя тұршы, мазаны алмай,—деп
өтінеді.
Өзінің әнін түсінбегеніне қарғаның қабағы түсіп кетеді.

Тұмсығы сорайып, кілмие қарайды:

—Ей, осылайша шаршап отырғанда, көңіліңді көтерейін деп

әдейі сайрап отырған жоқпын ба?!—дейді.
Кептер өз өтінішін ұқпаған қарғаға таңдана қарайды да, ары
ұшып кетеді.

28. АТ ПЕН ӨГІЗ

Ат пен өгіз көгалда бірге жайылып жүрген екен. Бір кезде ат
өгізге жиіркене қарапты да:

—Ей, сорлы жер жыртушы! Менімен бірге қалайша жайы­

лып жүрсің, өгіз? Аулақ ары! Жөнел арман!—депті.
Өгіз бұған қатты ашуланғанымен, кек көрмей:

—Бауырым, өзіңді сонша зор санап, мені сонша қор тұтқа­

ның қалай?—деп сұрапты.

—Қалай сен өзің немене, менің үстіме жұрттың алтын, күміс,

асыл тастарымен әшекейленген әдемі тұрман таққандығын,
шынымен-ақ, көрмей жүрмісің?—депті ат екіленіп,—үстіме

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

патшаның өзі мініп, жалымды тарап, мадақтап, мәпеледі.
Сондай бір жүйрік, пайдалы жануармын өзім! Ал сен несің?
Патшаның саған тіпті қарағысы келсе не дейсің?

—Осыңның бәрі де рас!—деп міңгірлеп қойыпты өгіз,—

әйтсе де, сенен көрі мен пайдалырақпын. Жүйрік бол­ма­
ғаныммен оның есесіне мен мықтымын! Егер мен жер жырт­
пасам, құдықтан су тасып, егінді суармасам, қырмандағы
ас­тықты бастырып, астық тиеген арбаны қалаға жеткізбесем,

диірменнің тасын айналдырып ұн тартпасам, сен түгіл сенің
үстіңдегі асыл текті патшаң да аштыққа қалған болар еді.
Мен өзімнің адал еңбегіммен күллі әлемді күйіндіріп, асырап-
сақтап жүрмін!

—Ой, арсыз неме!—деп даурығыпты ат,—тантыма беталды!

Әйтпесе, ішке бір теуіп қампайған қарныңды жара саламын!
Өгізде қарап қалмай, аттың қияңқылығына қияңқылық­
пен жауап қайтарыпты. Енді кішкене кешіксе, сойқанның
болатыны сөзсіз еді. Бірақ жақын жерде піл жүр екен. Ол

керілдескендердің қасына келіп, даудың мән-жайын біліп
алған соң:

—Ей, мисыздар-ай! Бекерге таласасыңдар, екеулерің де

өз-өздеріңше пайдалысыңдар. Жылқы бауырым, сен бір қара!
Сенің істегеніңді өгіздің істей алмайтыны секілді, сен де оның
орнын баса алмайсың. Сен адамға қызмет етсең, өгіз де оған
аянбай еңбек сіңірді. Сол сықылды, өзге үй жануарлары да

пайдасын тигізеді. Ал, енді сенің мақтанғаның барып тұрған
бос сөз, керісті қойыңдар! Барыңдар да, әрқайсың өз істеріңді
біліңдер!—депті.
Осы сөзді естісімен-ақ ол екеуі пілдің айтқандарының

дұрыс екенін ұғынып, қатты ойлапты. Еңбек еткен әркімнің
адамға өзінше пайда келтіретінін ұғыныпты да, ат содан кейін
еш уақытта мақтанбайтын, ешкімді өзінен кем көрмейтін
болыпты.

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

29. ҮКІ МЕН ШЕГІРТКЕ

Бір күні үкі шөп арасына кіріп, қатты ұйықтап жатыр
екен. Қасына әлдеқайдан бір шегіртке ұшып келіп шырылдай
бастайды. Үкі оның шырылдаған даусынан оянып кетіп:

—Ей, досым! Алыс кетші, Құдай үшін мазамды алмашы.

Өзің сонша қатты шырылдайды екенсің. Тіпті ұйықтай алмай
қойдым,—деп өтінеді.
Бірақ ақымақ шегіртке оның сөзіне құлақ салмай, шырыл­
дай береді. Онымен қоймай, әңгірлеп тіпті ұрса бастайды:

—Үкі, сен өзің әрі жалқау, әрі ұрысың! Шөптің арасынан

шығып, түні бойы балапан ұрлайсың. Ал күндіз ағаштың
қуысында отырып, ұйқыңды қандырасың.

—Бері қара, сүйіктім,—депті сонда үкі,—тіліңді тарта

сөйле, әйтпесе кейін өкініп жүресің, түбі жаман болар.
Үкі ары-бері ақылын айтып түсіндіріп көргенімен, бірақ
шегіртке оның сөзіне құлақ ат аспай, үкі бір сөз айтса, шегіртке
оған екі есе жауап қайтарып, тыным таппай балағаттап, үкіге

барынша ұрсып, бұрынғыдан бетер шырылдай береді.
Ақымақ шегіртке сөзін тыңдамағанына үкі қатты ызала­
нады. Бірақ кегін ішіне сақтап, шегірткені мақтай бастайды:

—Құрметті көршім,—дейді сонда үкі,—әнді әдемі-ақ са­

ла­ды екенсің өзің! Әніңе бекер кедергі жасаған екем. Бұл ақы­
мақтығымды кеш! Осы уақытқа шейін мен сенің ғажайып
әнші екеніңді білмеген едім. «Сенің әніңді естіген адам, өзінің
айтып тұрған әнінен жаңылады» деген мақал бар, ояу отырған

жанның бәрі сенің әніңді тыңдайды, сенің әніңді естігендер мас
болады екен. Біздің әншілердің ішіндегі ең мықтысы көкектің
өзі де даусыңды естісе, өз даусынан ұялып, сені сірә, күндейтін
де болар. Бері қара, жаным! Менде бір зәмзәм суын құйған құты

бар, оны өзіме түнгі құстардың құдайы сыйлаған еді. Ішесің
бе, бір кесесін құйып берейін, жырлай-жырлай, тіпті тамағың
кепті ғой.
Шегірткенің шынында да су ішкісі келген еді. Көп ойлан­

бай-ақ шегіртке үкіден зәмзәм суын ішпек болып, секіріп жетіп

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР келеді, үкі қарғып түсіп, арсыз шегірткені шоқып алыпты да, қылғып жіберіпті. 30. ӘТЕШ ПЕН ҚОРҚАУЛАР Бір күні әтеш қорқаулардың үйіріне тап болады. Жанын қалай аман алып қаларын білмей абыржыған ол қорқауларға жарамсақтанып: —Мырзалар! Өз нәсілдеріңе лайықты әділетті бола көріңдер!—дейді,—аңдар арасында сендерден әділеттісі жоқ қой. Мынадай тағы бір артық қасиеттерің де бар: нәсілдерің жыртқыштар нәсіліне жатқанымен, бірақ ешқайсыларың еш уақытта да жазықсыз жанды өлтіріп көрген емессіңдер. Әтештің сөзін естігеннен кейін қорқаулар ұялып, қысы­ лып қалады. Қандай кінә тағуды ойлай бастайды. Бір қорқау тұрып: —Өмірі сенен бір тыныштық жоқ, түн сайын қоқылдап шақырасың да жатасың, ешкімге ұйқы бермейсің. Көптің тыныштығы үшін сені өлтіру керек,—дейді. Әтеш бұған не десін. Үрейі ұшып кетеді. Дегенмен, өзі бір өжет әтеш екен, есін жиып алып, ол: —Әділеттілер! Ождандарыңмен айтыңдаршы!—дейді,—түн сайын шу шығарып жұртқа ұйқы бермейтін мен бе, әлде сендер ме осы? Мен болсам жұрт ұйқыдан оянар шақта айқайлаймын. Мен жұрт ертерек тұрып намазын оқып, шаруаларына кіріс­ сін деп оятамын. Менің арсыздығымды кешіріңдер, сендердің қандай мазасыз екендеріңді жұрттың бәрі де біледі ғой. Тіпті, кешке жақын қас қарайысымен бар қорқау жортылуға бірге шығады да, біреуі «менің әкем сұлтан болған!» деп айғайлайды. Екіншісі оған: «Саған келері не?» деп жауап қайырады. Осы кезде бірін-бірі тыңдамай: «саған келері не, саған келері не?» деп шуылдасады. Аяғы шудан құлағың тонады. Бұған қорқаулар не жауап қатсын, ештеңе де айта алмапты. Сонда олар әтешті арсыз деп айыптап, енді ғана жейін деп жатқанда кенеттен қасқыр келе қалыпты:

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР Әтеш оған: —Қасқыр, тақсыр! Әділеттілігіңізді тым болмаса сіз айты­ ңызшы. Қайсымыздың күнәміз көбірек, менің бе, әлде, мы­ налардың ба?—дейді. Даудың себебін біліп алған қасқыр, сонда: —Қорқаулар ымыртта шуласа, сен таңға жақын қиқулай­ сың. Сондықтан сен де, олар да бәрің де кінәлісіңдер, бәрің де өлім жазасына лайықтысыңдар,—дейді. Сөйтіп, қасқыр бәрін де тас-талқан қып жемек болып жатқанда, қайдан шыққаны белгісіз бір жолбарыс келе қа­лып­ ты да, әтештің де, қорқаулардың да, қасқырдың да зәресі ұшып, бет-бетімен түгел түп-түгел тым-тырақай болыпты. 31. ШЫДАМСЫЗ МЫСЫҚ Жұпыны лашықта әрі жүдеу, әрі аш мысық тұрған екен. Бір күні дәулетті бай үйдің семіз мысығын көріп: —Бауырым-ай, осынша семіргенде не жедің?—деп сұрайды ол. —Бір баймен көршілес тұрамын, әрқашан соның үйіне барып, неше түрлі тағам жеймін,—деп жауап қатады семіз мысық. —Бауырым, мені де өзіңмен бірге ерте барсаңшы. Ол үйде тым болмаса екі-үш күн тұрып, тамақтан тоя жесем, мен де, бәлкім, қоңымды жиярмын. Жақсылығыңды сонан соң өмірі ұмытпас едім,—деп жалынады арық мысық. —Жүр барайық, қалағаныңша сол үйде тұр, тойғаныңша ішіп-же, тек байқа, жан-жағыңа қарап алмай тамақты көрген жерден бассалып жүрме, әтпесе таяқ жейсің,—дейді семіз мысық көніп. Сөйтіп, екеуі байдың үйіне келсе, жерге жайған үлкен дас­ тарханның үстіне даярлаған әртүрлі тағам көз тартқандай екен. Мұны көрген аш мысықтың аузынан сілекейі шұбырады. Семіз мысық:

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Сәл шыда! Үйдің адамдары тамақтанып болған соң

сарқытын бізге береді. Сонан соң екеуміз әбден тоямыз,—
дейді.
Бірақ арық мысық шыдай алмайды. Дастарханға жетіп
келіп, бір ыдысқа басын қойып жібереді. Сол-ақ екен, қызметші

кіріп келеді де, аш мысықты таяқтап астынан алады, аяғын
сындырады. Мысық ақсай басып, қаша жөнеледі.
Сол жерде семіз мысық.

—Ей, бауырым-ай! Сәл шыдай тұр деп саған зар илеп ем, бірақ

шыдамадың, соның сазайына мінеки аяғыңды сындырдың!—
деп табалайды.
Сонда арық мысық байдың үйіне барғанына өкініп:

—Жоқ, менің кедей лашығым әлдеқайда артық екен! Бір

жақсысы онда аяғыңды сындырмайды,—дейді.
Осыны айтып, ол үйіне қарай шойнаңдай жөнеледі.

32. БАҚТАШЫ МЕН ҚАСҚЫР

Бір бақташының ешкілері бар екен. Көп еңбектеніп жүріп,
оларға өзі қора салып, күні-түні күзетумен болыпты. Өйт­кені
ешкілерін ит-құс жеп кете ме деп қорқады ғой. Бақташы­ның бір
иті де болыпты. Өзі ұйықтағанда түні бойы тыным таппай үріп,

ешкілерді сол сақ иті күзетіп шығады екен. Дегенмен сол қора­
ны бір аш қасқыр көптен бері торып, құлқыны құрып жүреді
екен. Бірақ жақын келуге иттен қорқып жоламайды екен. Қас­
қыр ақыры бақташының ойына «кінә итте» деген сенімсіздік

тудырып, иттің орнын басып, қарнын тойдырудың амалын
табады. Сонымен бір күні ол көршілес орманнан бір ешкіні
өлтіріп, жартысын жейді де, жартысын бақташының ешкі
қорасына апарып тастайды. Содан соң бақташыға келіп: «Ей,

бақташы, мен сенің досыңмын, мен әдейі көмектесуге келдім,
жүр, қораңда не боп жатқанын қарашы өзің. Итің ешкіңді жеп
қойды»,—дейді.
Бақташының өзі бір аңқау, сөзге нанғыш адам екен. Көп

ойланып жатпастан қасқырға еріп қораға келеді. Сонда не

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

көрді десеңізші?! Жартылай желінген ешкінің жемтігін
көреді де, ешкіні ит жеді дегенге сол жерде нана кетеді.
Ашу қысып шоқпарын алған ол итті сілейте соғып, сеспей
қатырады да, қора күзетуге сенімді қасқырға тапсырады.

Арада бірнеше күн өтпей-ақ, қасқыр бар ешкіні жеп, орманға
тайып тұрады.

33. ГҮЛ МЕН БҰЛБҰЛ

Бір шаруаның асқан ғажайып бағы болған екен. Сол
бақтың ішінде балбыраған бір шоқ әсем гүл өсіп тұрыпты.
Күн сайын таңертең шешегін жарып ашылған гүлге қарап
бағбан тамашалайды екен. Бір күні гүлдерін тамашалауға

келген бағбан бұтаққа қонып құйқылжыта сайрап отырған бір
бұлбұлды көреді. Бұлбұл сайрап отырады да, гүлдің шешегіне
сүйір тұмсығын сұғып жіберіп, қып-қызыл гүлдің түте-түтесін
шығарады. Гүлді оның осылайша бүлдіргеніне іші удай ашы­

ған бағбан бұлбұлдың сазайын тарттырмақ болады. Сөйтіп, ол
жолға тор құрып ішіне жем шашып, бұлбұлды ұстап алады да,
қапасқа қамап тастайды. Сонда бұлбұл аузын ашып бағбанға
сөйлеп қоя береді:

—Ей, бағбан! Еріккендіктің жаршысы мені қапасқа неге

қамап қойдың. Егер әсем әнімді тыңдағың келсе, менің ұям
бағыңда емес пе?! Ал басқа себебің болса, баяндашы, мен оныңа
көнейін де, мәңгі бақи үнімді өшірейін.

—Сен өз істегеніңді білмейсің бе?—деп жауап қайтарды

шаруа,—сен гүлді солдырдың, мен үшін бұл үлкен қасірет.
Менің бар өмірім сол гүлде болатын.

—Кешір,—дейді бұлбұл,—егер мен гүлге бейнет, саған қасі­

рет әкелген болсам, онда өзіме обал жоқ. Қапасқа-ақ отырайын.
Бұлбұлдың сөзіне сүйініп кеткен шаруа оны қоя береді.
Бұлбұл шаруаға алғыс жаудырып:

—Сен менің ағаттығымды кешірдің, жақсылығыңды жақ­

сылықпен қайтарамын. Бері қара, мына ағаштың түбінде алтын

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР ақшаға толған бір құмыра көмулі жатыр, бар да соны қазып ал,—дейді. Шаруа ағаштың түбін қазып жіберіп, әлгі құмыраны тауып алған соң, бұлбұлға: —Қайран, бұлбұл! Жер астындағы құмыраны көре білсең де, жер бетіндегі торды көре білмегенің-ай!—дейді. 34. ИТ, МЫСЫҚ ЖӘНЕ МАЙМЫЛ Бір адамның иті мен мысығы болыпты. Бір күні әлгі адам қабырғаның қуысына бір кесек нан қойып, шаруаға кетіп қа­ лады. Мысықтың нан жегісі келіп, қуыстағы тақтаға шығады да, байқамай нанды жерге түсіріп алады. Тасыр-тұсыр дауысты естіп, ит те жүгіріп келеді. Сол жерде мысық жерге секіріп түседі де, екеуі нанды бірінен бірі тартып алмақшы болып, жанжалдаса кетеді. Қораның тас қоймасында өрмелеп келе жатқан маймыл айғайды естіп, тоқтай қалады да: —Неге жанжалдастыңдар,—деп сұрайды. Ит: —Қожамыз қабырғаның қуысына нан қалдырып кеткен еді. Мына оңбаған мысық қағып жерге түсіріп жіберіп, түгелдей жалғыз өзі жемекші болып тұр. Бірақ мен онысына көнбеймін,—дейді. Сонда мысық тұрып: —Нанды тақтайдан жылжыта-жылжыта әбден шаршадым, бермеймін бұл оңбаған итке,—дейді. Екеуінің сөзін тыңдап болған маймыл: —Наннан ары кеткендер, мен екеуіңді татуластырамын,— дейді. Ит пен мысық оның айтқанына көнеді де, маймыл қойма­ дан секіріп түсіп, үйден таразы алып келеді. Сонан соң нанға жақындай отырып: —Жанжалдасудың қажеті жоқ, мен қазір нанды екеуіңе бірдей тең бөліп беремін,—дейді.

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

Ит пен мысық бұған да көнеді. Сонда маймыл нанның бірін
үлкен етіп, енді бірін кіші етіп бөледі де, таразының табағына
салады. Нанның кішкене бөлігі салынған табақ көтеріледі де,
үлкен бөлек жағы басылып кетеді. Сөйтіп, екеуін енді теңес­

тіру керек болған соң, маймыл нанның үлкен бөлігінен ептеп
үзіп алады да, ауызына сала береді. Осылай үзіп жей-жей табақ
жоғары көтеріледі. Енді екінші жағы басылып кетеді. Сөйтіп,
біресе ана табақтан, біресе мына табақтан үзгілей отырып,

маймыл бір табақ әбден босап, екінші табақта болмашы ғана нан
қалғанша жейді. Маймыл енді сол титтей нанды қолына алады
да, ит пен мысыққа:

—Шынында осындай мардымсыз нәрсеге бола жанжал­да­

судың жөні бар ма? Ешқайсыңның көңіліңе келмеуі үшін міне,
мен-ақ жеп қояйын,—дейді.
Сонымен, маймыл нанның ақырғы түйірін де қылғып салып,
тайып тұрады. Сөйтіп, ит пен мысық сімпейіп құр қала береді.

35. БҰҒЫ МЕН ТҮЛКІ

Бір күні бұғының су ішкісі келеді де бұлаққа барады.
Бұлақтың өзі бір терең шұңқырда екен. Бұғы суға қанып
шұңқырдан шығайын десе шыға алмай қояды. Жақында бір
түлкі тұр екен:

—Ей, бауырым!—дейді ол сонда бұғыға,—ағаттық істедің

сен, шұңқырға түспей тұрып, одан шығар-шықпасыңды ойлап
алуың керек еді,—деп мысқылдайды.

36. ИТ

Бір адам иттен:

—Сен неге жолда жатырсың?—деп сұрапты.

Ит сонда:

—Мейірімсіз адамды мейірімді адамнан ажырату үшін жа­

тырмын,—депті.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Мейірімсіз адамды мейірімді адамнан қалай ажы­ра­та­

сың?—деп сұрапты әлгі адам.

—Мейірімді адам маған тимейді. Ал мейірімсіз адам мені

аяғымнан теуіп өтеді,—деп жауап беріпті ит.

37. ҚАСҚЫРДЫ БАЛАҒАТТАҒАН ИТ

Бір күні лақ биік дуалға шығып тұрса, сол маңнан бір қас­
қыр өтіп бара жатыр екен. Лақ қасқырды көре сала балағаттап
тілдей бастайды.

—Арсыз байқұс,—дейді қасқыр сонда,—сенің балағатта­

ға­ның менің қаперіме титтей де кірмейді. Білемін, сен биікке
шығып алғандықтан батырсынып көкіп тұрсың, егер қазір
жерде тұрсаң, аузыңды да ашпас едің, бәлем.

38. МАҚТАНШАҚ ҚОЯН

«Қылдырықтай» деген жалған аты бар бір қоян бір күні
басқа қояндарға мақтанады кеп:

—Қасқыр деген маған сөз бе, мен қасқырдан қорықпаймын.

Ал түлкіден ше? Оны үрлеп қалсам болғаны, ұшып кетеді,—
дейді.
Барлық қояндар оған таңдана қарап:

—Түріне қарағанда қылдырықтай әлсіз сияқты, бірақ

қандай ер.—дейді.
Осы кезде қайдан шыққаны белгісіз, әйтеуір бір қасқыр
шыға келіп, қояндарға тап береді.
Қылдырықтайдың қорыққанынан зәресі ұшып, көзін жұм­

ған бойы қарғиды. Қасқырдың дәл төбесіне отыра қалады.
Қас­қыр басын шайқап қалғанда қоян ұшып кетіп бір бұтаның
түбіне жалп ете түседі. Қорыққандығы соншалық—не өлі, не
тірі емес, сол арада ұзақ уақыт дем ала алмай қалады.

Ақырында ол қараңғы түсісімен бұтаның арасынан шыға
салып қашқан бойы үйіне келеді.

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

—Сен тірісің бе? Біз сені қасқырға жем болды ғой деп ойлап

едік,—деп таңданады қояндар.

—Мен кім? Қасқырға жем болатын мен бе?—деп қыл­ды­

рықтай көкірегін қағады,—мен оның басына қарғып шығып,
аяғыммен тепкілеп едім, ол тілін салақтатып құлай кетті. Со­
дан бері мен оның терісін сыпырып жаңа ғана болдым.
Таңырқаған қояндар оған рахмет айтысады:

—Рахмет саған, қылдырық! Біз енді қасқырдан құтылдық.

—Әрине, біз енді одан құтылдық,—деп қылдырықтай да

маңғаздана айтады. Бірақ сол сәтте ол жақын жерде қасқыр
жоқ па екен деп жан-жағына қарап қояды.

39. АҚЫЛДЫ ЕСЕК

Ерте кезде бір есек өмір сүріпті. Барлық есектер сияқты ол да
дүние жүзінде өзінен басқа ақылды жан жоқ деп есептейді екен.
Бір күні есек бауға барады. Қараса биік алма ағашында
кішкене қызыл алмалар самсап, ал бау жанындағы бақшада

өркендеп жатқан пәлекте үлкен асқабақтар пісіп тұрады.
Есек төбесінен төнген алмаларға тағы бір рет көз жібереді де,
содан соң аяғының астында жатқан асқабаққа қарайды.

—Дүниедегі заттардың бәрі соншалықты ақымақшылық­

пен жаратылған!—дейді данышпан есек,—маған ерік берсе ғой,
барлығын өз бетімен қайта жасар едім.
Бұл сөзді жақын жердегі бұтақта отырған торғай естіп,
одан:

—Айтыңызшы, құрметтім, сізге не ұнамай тұр?—деп сұ­

райды.

—Тіпті, сенің өзің де байқап тұрған жоқсың ба?—деп жауап

қайырады есек,—міне, қарашы, мынандай үлкен ағашта
баланың жұдырығының үлкендігіндей ғана алма өсіп тұр, ал
пәлектің жіп-жіңішке сабағында менің басымнан үлкен асқа­
бақ зорға ілініп тұр.

—Барлық данышпандықтың өзі осында жатыр,—деп қар­

сы­ласады оған торғай.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Мұнда тұрған қандай даналық бар,—деп ашуланады

есек,—егер үлкен алма ағашында асқабақ сияқты үлкен алма
өссе, ал пәлектің жіңішке сабағында алма тәрізді кішкентай
асқабақ өсіп тұрса, сонда бәрі ақылға қонымды болар еді ғой.
Есек солай дейді де, алма ағашқа сүйкеніп қасына бастайды.

Осы кезде жоғарыдан бір алма үзіліп кеп есектің басына келіп
тиеді.

—Аңқит-аңқит, бейшара басым-ай, деп айғай салады есек.

Сонда торғай:

—Құрметті, данышпаным, міне, көрдің бе? Алманың асқа­

бақтай болмағанына шүкірлік ет, олай болмағанда басыңыз­дан
ешнәрсе қалмаған болар еді,—дейді.

—Солай,—деп есек ыланады да, алма ағаштан аулаққа ке­

туге асығады.

40. ӨЛЕҢ АЙТУДЫ ҮЙРЕНГЕН ЕСЕК

Бөтен елден бір адам патшаға:

—Мен он жылда есекке өлең айтуды үйретемін, тақсыр,

мендей құлыңызға тек қана есек пен он мың теңге қаражат
беруге рұқсат етіңіз, сонда мен сізге өнерімді көрсетемін,—
депті.
Патша жат елдің адамының сөзіне нанып, оған бір есек пен

он мың теңге беруге әмір етеді. Әлгі адам есек пен ақшаны алып,
еліне қайтады да, өзіне әдемі үй салып алады, сөйтіп қалған
ақшаға қызықты өмір сүре бастайды.
Бір күні оған бір досы келген екен. Оның тұрмысын көріп:

—Сен өзің не деген ақымақсың, патшадан алдап бір есек пен

он мың теңге алып, қызық дәурен сүріп жатырсың, ал мұның
аяғының немен бітетінін ойламайсың ба?—депті.
Сонда анау қарсылық білдіріп:

—Мен тіпті де ақымақ емеспін, ойлашы өзің. Он жыл ішін­де

осы үшеуіміздің біреуіміз өмірмен қалай қош айтыспай­мыз?—
депті.

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР 41. ЕСЕК Есек бір күні өзінің қожасы жайында ойға түсіпті: «Қожам итін өте жақсы көреді, өйтетін себебі, сірә, иттің жа­ рамсақтап, құйрығын бұлаңдатып, алдында секіріп асыр са­ла­ тындығынан болуы керек. Әрине, ол оны сондықтан жақсы көре­ді. Ендеше, оның алдында, сірә, менің де ойнақтап, сонан соң тізе­сі­не отыруым керек екен! Сонда ол мені сөзсіз еркелетер еді». Есек осылайша ойлайды. Сол уақытта қожасы егін басынан келіп, қорадағы орындыққа отыра кеткен екен. Есек оған жақындап келіп, алдында асыр салып ойнақтай бастайды. Біресе оңға, біресе солға қарай секіріп, бір ауық аңырап қоя береді. Сонан соң артқы екі аяғымен тік тұрып, алдыңғы қожасының кеудесіне қойып, оның тізесіне енді ғана отыра бермек болғанда, қожасы шыдай алмай баж ете түседі. Оның дауысын естіп келген қызметші жуан таяқпен есекті сілейтіп тұрып сойып салады. 42. ТҮЙЕ, АРЫСТАН, ҚАСҚЫР ЖӘНЕ ТҮЛКІ Түлкі жортып келе жатып, лағып бара жатқан бір түйеге кездеседі. —Түйем, қайда барасың?—дейді түлкі. Түйе: —Оты мол, суы көп жер іздеп барамын. Түлкі: —Ендеше екеуіміз жолдас болайық. Түйе: —Болсақ болайық. Екеуі келе жатса, бір қасқыр келіп жолығады. Қасқыр: —Е, қайда барасыңдар?—дейді. Бұлар: —Оты мол, суыл мол жер іздеп барамыз,—дейді. 23-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

—Ендеше үшеуіміз жолдас болайық.

Үшеуі жолдас болып жүріп келе жатса, бір арыстан келіп
кездеседі.
Арыстан:

—Қайда барасыңдар?—деп сұрайды.

Үшеуі:

—Оты мол, суы мол жер іздеп барамыз,—дейді.

Төртеуі жүріп отырып, өзі сулы, биік таулы жерді тауып,
мекен қылып жүреді. Арыстан, қасқыр, түлкілер ұсақ аң,
тышқан аулап жеп жүреді. Түйе жердің оты мен суына жардай
болып семіреді. Қыс болып ұсақ аң таусылып, арыстан, қас­қыр,

түлкі үшеуі ашығады. Көздеріне түйеден басқа ештеңе көрін­
бейді. Олар түйені жемек болады. Түйе жолдастығын айтып,
жылайды. Сонан соң түйеге біраз күн тиіспей жүреді. Тіпті
әбден ашыққан соң арыстан, қасқыр, түлкі үшеуі ақылдасып,

түйені жемек болып, түйемен сөйлесуге түлкіні жібереді.
Түлкі түйеге келіп:

—Қыс болса мынау, қар жауып, боран соғып тұр. Жердегі

шөптің бәрі қар астында қалды, енді аз күнде сен байқұс аштан
өліп қаласың ғой. Саған жаным ашып, бір ақыл айтқалы
келдім,—дейді.
Түйе:

—Айта ғой,—дейді.

Түлкі:

—Қыс ішінде бүйтіп әрі аштан, әрі суықтан өлгенше өзіңді

бізге сат. Жаз шығып, көктем туғанда сені боталы інген қы­лып
берейік,—дейді.
Қу түлкінің сөзіне аңқау түйе көніп:

—Жарайды,—дейді.

Ана екеуі:

—Ай...Арсеке! Неге қарап тұрсыз, қимылдаңыз,—дейді.

Сонда арыстан түйені жерге көтеріп соғады, түйенің мойы­
ны үзіліп өледі.
Түлкі тұрып:

—Арсеке, сіз деміңізді алып, жата тұрыңыз, біз мұның

терісін сойып болған соң сізге хабар етеміз,—дейді.

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

Арыстан:

—Олай болса, жақсы,—деп бір жерге барып жатып қала­

ды. Түлкі мен қасқыр екеуі тістерімен терісін жыртып, түйені
боршалай бастайды.
Түлкі тұрып қасқырға:

—Әй, Қасеке! Мен бөксе жағын сояйын, сіз бас жағын

сойыңыз,—дейді.
Қасқыр түйенің басының пара-парасын шығарып, терісін
жыртып көз майын шығарып қояды. Түлкі мұны көріп қас­
қырға айтады:

—Әй, Қасеке, енді сіз бөксе жағын сойыңыз, мен бас жағын

сояйын,—дейді. Қасқыр барып бөксесін сояды.
Түлкі қасқырға білдірмей, түйенің көз майын ойып жейді
де, қасқырға:

—Сіз алдыңғы аяғын сойыңыз, мен артқы жағына ба­

райын,—дейді.
Қасқыр алдына алданып жатқанда, түлкі іш майын суырып
жеп қояды. Тағы да қасқырға:

—Сіз соя тұрыңыз, мен Арсекеңе барып келейін, неғып

жатыр екен?—деп жүгіріп кетеді.
Арыстан түлкіні көріп, жатқан орнынан түрегеліп:

—Сойып болдыңдар ма?—дейді.

Түлкі:

—Сойып болдық, бірақ мен бір нәрседен қорқып келдім,—

дейді.
Арыстан:

—Неден?—деп сұрайды.

Түлкі:

—Қасқыр айтқан шартта тұрмай, түйенің көз майы мен

іш майын жеп қойды. Енді мен соны сізге айтайын деп келіп
едім,—дейді.
Арыстан ашуланып, ақырып қасқырға келеді. Қасқыр
қорыққанынан қаша жөнеледі. Арыстан қуып кетеді. Қасқыр

мен арыстан бір қырдан асып, көрінбей кеткенде түлкі түйе­нің
бар етін бір шұңқырға апарып тығып қояды. Өзі арыстан­ның
артынан жүгіріп кете береді.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Арыстан қуалап шаршап келе жатқанда, түлкі оған қарсы
жолығады.
Арыстан түлкіге:

—Қайда барасың?—дейді.

Түлкі:

—Қасқырдың кесірі бәрімізге тиді,—дейді.

Арыстан:

—Неге?—дейді.

Түлкі.

—Сендер кеткен соң түйе: «Мен сендерге сата алмаймын,

мына қылықтарыңа қарағанда, түбінде мені төлемейді екен­
сіңдер» деп, терісін жалбыратып, ішегін сүйретіп кетіп
қалды,—дейді.
Арыстан:

—Қай жаққа қарай кетті?

Түлкі:

—Осы қырдан асып кетті.

Арыстан:

—Қап!—деп түйені қуып кетеді.

Түлкі тамағын тойдырып алып келе жатса, бір жерде қас­
қыр шаршап, ентігіп жатыр екен. Түлкі қасына жетіп келген­
де, қасқыр түлкіге:

—Мені арыстанға шағыстырып жүрген сенсің ғой,—деп

ашуланады.
Түлкі:

—Мені де қуып жіберді, мені кім шағыстырды онда?—

дейді.
Қасқыр бұған нанып:

—Енді қайда барып тұрамыз?—дейді.

Сөйтіп, екеуі келе жатса, алдарында бір жарты құйрық
жатыр екен.
Қасқыр:

—Мұның бір пәлесі бар шығар?—деп жеуден қорқады.

—Сен қорықсаң, өзім жеймін, бүгін базар, мұның не пәлесі

бар дейсің? Жұрт базарға барғанда құйрық арзан болып, арзан

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

құйрықты көбірек алған шығар, ол қанжығасына бос байлап,
үйіне шауып бара жатқанда түсіп қалған шығар, жеймін,—деп
түлкі қулықпен ұмтылғанда, қасқыр:

—Өзім жеймін!—деп, құйрықты асап қалғанда, астында

қақпан бар екен, қақпанға қасқыр түсіп қалады.
Сонда түлкі:

—Әй, қасеке, шамасы, сіздің етіңізді мен жейтін болдым

ғой,—дейді.

—Қайтіп жейсің?—дейді қасқыр.

Түлкі:

—Ертең қақпанның иесі келсе, сені көріп, теріңді сойып

алып, етіңді тастап кетеді. Сосын оны мен жемей кім жейді?—
дейді де, бір шұқырға тығылып жата береді.
Ертеңінде аңшы келіп қасқырды көріп, терісін сойып алады
да, етін тастап кетеді. Ол кеткен соң, түлкі қасқырдың етін жеп

тойып алады.
Түлкі онан қайтып келе жатқанда, арыстан келіп қалады.
Түлкі мұны көріп:

—Арсеке, қайдан келесіз?—дейді.

Арыстан:

—Мен түйені таба алмадым.

Түлкі:

—Тақсыр, сіздің атаңызды көріп едім, осы тауда аң аулап

жүретін еді. Аңдарды қарғып басып алып жейтұғын еді, мен
соны көріп тұрушы едім,—дейді.
Сонда арыстан:

—Қалайша қарғып алатын еді, сен маған көрсет, мен қар­

ғып көрейін.
Түлкі:

—Сіздің тұлғаңыз атаңыздан кем емес екен.

Сонда арыстан кейін шегініп, жүгіріп барып жардың басы­на
келіп, қорқып тұрғанда.
Түлкі:

—Әй, Асеке, егерде қарғи алсаңыз, нұсқаңыз атаңызға ұқ­

сап кетер еді,—дейді.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сол уақытта жардың астына бір киік келіп қалады. Арыс­
тан соған қарғып түскенде, сүйектері күл-парша болады. Сонда
түлкі келіп:

—Арсеке, бір жеріңіз ауырып қалды ма?—деп сұрайды.

Арыстан:

—Сүйекте сынбаған сүйек жоқ,—дейді.

Түлкі мұның қимылдауға шамасының келмейтінін біліп,
қоң етін ойып жеп жатады.
Арыстан:

—Әй, түлкі алдымен көз майымды жеші,—дейді.

Түлкі:

—Арсеке, несіне асығасың, бұйыртса, сенің барлық майың­

ды жейтін болдым ғой,—дейді.
Арыстанды және жеп, түлкі қу қыстан аман шығады.

43. ТҮЛКІ, ТАСБАҚА ЖӘНЕ КЕНЕ

Бір уақыттарда бір түлкі, бір тасбақа және бір кене үшеуі
жолдас болып келе жатса, бір жерде бір уыс тары жатыр екен.
Үшеуі ойласып:

—Мұны ұрық қылып жерге егіп, көбейтіп бөліп алайық,—

дейді.
Түлкі бір жарды көріп:

—Мен осы жарды сүйеп тұрайын, болмаса құлап кетер,—

деп жардың астында саялап жатып алады.
Тасбақа байқұс жерді тырналап, кене сорлы тарыны жиып,
егіп, әлекке түседі. Сөйтіп көп бейнет шегіп, піскен соң екеуі
тарыны орып, жинап алады. Мұны бастырғанда бір аяқ тары

болады. Біреуі барып түлкіні шақырып келеді, түлкі келе сала:

—Бұл тарыны үшеуімізге бөлуге болмайды. Үшке бөлген

соң әрқайсымызға қаншадан тиеді дейсің. Онан да үшеуіміз
жарысып, қай озғанымыз алайық,—дейді.
«Мақұл!» деп үшеуі бір жерге келіп қатарласып тұрады.
Түлкі: «Ал кеттік!» деп жөней бергенде кене түлкінің баш­пайы­

МЫСАЛ  ӘҢГІМЕЛЕР

на жабысып, бірге кетеді. Түлкі өліп-өшіп барынша жүгіріп
келіп, қырманға жетіп отыра бергенде, кене:

—Әй, сорлы мені басып өлтіресің бе?—дейді.

—Әй, сен қашан келдің?—дейді түлкі.

—Сен бағана «Ал кеттік!» дегенде-ақ мен келіп алғанмын,—

дейді кене.
Екеуі дауласып жатқанда, аузы-мұрны қан-қан болып
тасбақа келеді. Келе сала:

—Ойбай, түлкі, мен бір пәле көріп келдім, жаңа сендердің

арттарыңнан екі қаракер атқа мінген, қара бүркіті және екі
тазысы бар екі адам келіп: «Жаңағы қасыңдағы түлкі жол­
дасыңды тауып бер» деп, менің аузы-мұрнымды қан қылды.
Сонда да мен сені айтқам жоқ. Әйтеуір, осы жаққа қарай келе

жатыр,—дейді тасбақа.
Түлкі:

—Айналайындар-ай, мені айта көрмеңдер, мына тарыны

екеуің тең бөліп ал, мен сендерге риза болайын. Олар келсе:
«Білмейміз қайда кеткенін» деңдер,—деп тұра жөнеліпті.
Сөйтіп, тарыны тасбақа мен кене бөліп алыпты.

44. ШЕГІРТКЕ МЕН ҚҰМЫРСҚА

Шегіртке ала жаздай ыршып-шұршып, көгалды қойып
гүлайтап қызықпен өмірді өткізіпті. Жаз кетіп, жапырақ қу­
рап күз келгенде сән-салтанаты кетіп қарны аша бастапты.
Қар жауып, қыс түскенде жағдайы тіпті мүшкіл болыпты да,

құмырсқаға келіп:

—Ағайын ішерге ас, жатарға орын жоқ, маған рақым ете

көр,—деп жалбарыныпты.
Құмырсқа:

—Ала жаздай ойнап-күлгенде жаз өтерін білмедің бе, жа­

ның үшін ертеңіңді ойламадың ба?—деп кейістік білдіріпті.
Сонда шегіртке:

—Өзің білсең жаздай өлеңнен қолым тимеді, әйтпесе саған

жалынбас едім,—деп жауап беріпті.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

45. ӨГІЗ БЕН БАҚА

Бір өгіз ыстық күні көл жағасына келіп, шөлі қанғанша
су ішіпті. Мұны көрген сол көлдегі бір бақа қасындағы бір
жодасына:

—Мен де анау өгіздей су іше аламын,—депті мақтана.

—Ондай болмақ қайда,—депті жолдасы оған ақыл айта.

Жолдасының сөзін елемеген бақа суды бас алмай жұта беріп­
ті, жұта беріпті. Суға шыдамаған жұқа қарын ақыры жары­лып,
бақа мерт болыпты.

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ  ТҮСІНІКТЕМЕ

І. ӨТІРІКТЕР

І. ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

1. «Өтірік өлең». Мәтін 1991 жылғы Қыдырәлі Сатта­ров

басқарған «Мырзашөл фольклор экспедициясы» мате­риал­
дарынан алынды. Жинап, Қолжазба қорына тапсырған—фи­
лология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Саттаров. Ол
өлеңді Қарақалпақстанның Мырзашөл ауылының тұрғыны

Қуаныш Асылбаевтың айтуынан жазып алған. Қолжазба ӘӨИ-
дің қолжазба қорында (920/71-бума, 38-б.) сақтаулы.
Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды.
2-3. «Өтірік өлең». Бұл мәтіндерді 1988 жылы Амудария

жағалауындағы Мойнақ, Қоңырат, Шоманай, Нөкіс қа­ла­
лары мен аудандары аумағына арнайы ұйымдастырылған
фольклорлық экспедициясының барысында жинаған—Низа­
ми атындағы Ташкенттің Халықтар Достығы орденді мемле­

кет­тік педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлі­
мі­нің студенті Қалқа Оразбайқызы. ӘӨИ-дің қолжазба қорына
(920/83-бума) тапсырған—Қ.Саттаров.
Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды.

4. «Өтірік өлең» мәтіні ӘӨИ-дің қолжазба қорында (920/137-

бума, 94-б.) сақтаулы. Өлеңдерді Оңтүстік Қазақстан мен

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Өзбекстан Республикасы Ташкент өңіріне ұйымдастырылған
фольклорлық-этнографиялық экспедицияларды басқарып, ел
аузынан жазып алып, қорға тапсырған—Қ.Саттаров.
Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды.

5-7. Өтірік өлеңді 2002 жылы Қ.Саттаров басқарған «Фольк­
лорлық мұраларды жинау экспедициясы» кезінде М.О.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
студенттері жазып алған. Қорға тапсырған—Қ.Саттаров. Мәтін

ӘӨИ-дің қолжазба қорында (920/136-бума, 155-б.) сақтаулы.
Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды.

8. «Өтірік өлең». Туынды Қарағанды мемлекеттік уни­вер­

ситеті филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасы сту­
дентерінің фольклорлық практика кезінде жазып алынған.
ӘӨИ-дің сирек қорына 1997 жылы тапсырған—филология
ғылымдарының докторы, профессор Б.Рақымов (926-бума,

9-б.).
Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды.

9. «Өтірік өлең». Туындыны ӘӨИ қорына тапсырған—

Молдасейіт Төлепқалиев. Ол туралы мәліметтер кездеспейді.
Томға мәтін қолжазба негізінде (146-бума, 4-дәп, 20-б.)
дайындалды.

10. «Өтірік өлең». Томға мәтін «Алтын сандық» (// Құ­рас­ты­

рып, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазғандар: ҰҒА ака­де­ми­гі,
филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқа­басов,
филология ғылымының докторы К.Ісләмжанұлы) жинағы
(39-б.) бойынша ұсынылды.

11. «Өтірік өлең». «Қара өлеңдер» (Үрімжі: «Шинжаң ха­

лық» баспасы, 2009) жинағында жарияланған. Мәтін араб әр­
пінде жазылған.
Томға мәтін осы жинақтан (289-б.) әзірленді.

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

12. «Өтірік өлең». Қорға 1964 жылы тапсырған—Мұсаева

Сара. Мәтін араб әрпінде жазылған. ӘӨИ-дің Қолжазба қорын­
да (523, 2-дәп.) сақтаулы.
Томға мәтін қолжазба негізінде ұсынылды.
13-14. Өтірік өлеңдер. Туынды ӘӨИ-дің қолжазба қорында

(131-бума, 2-дәп. 5-б.) сақтаулы. Ел арасынан жинап, қорға
1959  жылы тапсырған—Өкпенов Ибрагим. Бұрын баспа жү­
зінде жарияланбаған.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде дайындалды.

15. «Өтірік өлең». Туындының түпнұсқасы ӘӨИ-дің Қол­

жазба қорында (315-бума, 4-дәп. 87-б.) сақтаулы. Қорға
1958  жылы тапсырған—Тәкежанов Құсайын.
Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды.
16-17. «Өтірік өлең», «Ағаш пен шөптің ажырасқаны».

Бұл мәтіндер алғаш І.Жансүгірұлы құрастырған «Өтірік»
жинағында жарияланды (Өтірік (Ел әдебиетінен жинақ).—
Москва: «Күншығыс» баспасы, 1927). Кітап 2001 жылы төте
араб жазуынан қазіргі қолданыстағы кирилл әрпіне түсіріліп,

қайта басылым көрді (Жансүгірұлы І. Өтірік (Ел әдебиеті­нен
жинақ). //Құраст.: Т.Әлібек, С.Шахина.—Қарағанды: ҚарМУ
баспасы, 2001. 63-б.).
Томға ұсынылып отырған мәтін осы жинақтан алынды.

ІІ. ӨТІРІК ЖЫРЛАР

1-2. «Кер бие, торы құлын», «Торы тай», (І.Жансүгірұлы
нұсқасы). Бұл туындылардың тақырыптары жеке-жеке бол­
ғанымен, тақырыптар жинақталып бүтін бір жырды құ­рай­
ды. Ілияс ақын жырдың үзінділерін 1926 жылы Қарқара кө­те­

рілісінің 10 жылдығына О.Жандосов, Ы.Көшкінов, Ә.Жүні­сов
сияқты қоғам қайраткерлерімен Мейірманның еліне барған

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

сапарында жазып алған. Кейінгі жылдары да сол өлкеге
жиі барып, ел ақындары шығармаларын жинағаны белгілі
(Жансүгірұлы І. Қастерлі қазына // Жұлдыз. 1997, 5 мамыр).
Бұл мәтіндер алғаш І.Жансүгірұлы құрастырып, алғы сө­зін

жазған «Өтірік» жинағында жарияланды.
Томға мәтін «Өтірік» жинағының Мәскеу басылымы
негізінде дайындалды.

3. «Торы тай мен нән шыбын хикаясы» (Ә.Ниязбекұлы

нұсқасы). Бұл шығарма—Жетісу аумағында, әсіресе осы өлке­
нің оңтүстік-шығысын мекендеген қазақтар арасында кеңінен
тараған өтірік жыр. Жырлаған—Мейірман Дәркенбайұлы.
Туындының жырлануына байланысты ел арасында мынандай

аңыз сақталған: ««Дәркенбай қажы бір дәулетті адаммен «бесік
құда» болып, оның қызын Мейірманға айттырады. Дәстүр
бойынша, қыз кәмелетке толғанша қалың малын өткізіп, кә­
делерін жасап қояды. Бар мәселе тойға тірелген тұста құданың

ықыласы Дәркенбайдың бәйге торысына түсіп, қолқа салады.
Ат иесі сөз бұйдаға салып, той кейінге шегеріле береді. Мейір­ман
түрлі сылтау тауып, қайын жұртына жиі қатынап тұрса ке­рек.
Бірде бие сауып жүрген қалыңдығына құлын тартқан бо­лып,

көмектесіп жүреді. Сол желі басында Дәркенбайдың қалыңға
берген кер биесі де бар екен. Мейірман құлын тартып тұрып,
әлгі биеден туған торы құлынның тұмсығына қонған шыбынды
шертіп өлтіреді. Көріп тұрған жылқышы бала күліпті. Сонда

қалыңдығы:

—Осы жұрт сізді ақын десіп жүр ғой, мына шыбын мен то­ры

құлынды қосып өлең шығарыңызшы,—депті. Мейірман:

—Тілегіңіз орындалады, бірақ өтеуі не болмақ?

—Қалағаныңызды алыңыз,—дейді қыз.

—Менде өзіңізден басқа қандай қалау болушы еді, әкеңізге

айтып тойды тездетіңіз,—деген жігіт өтінішін назымен ма­
құлдаған қыз, егер әкесі тойды кешіктіре берсе, өзімен қашып
кетуге уәде береді. Қалыңдығының жауабына риза болған
Мейірман егіз желідегі биелер сауылып біткенше өлген шы­

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

бынды аяқасты дастан етіп жырлап шығыпты. Өтірік дас­тан
оқиғасының қызықтығы сондай—лезде ел ішіне тарап кетіп­ті»
(ӘӨИ. 1040-бума, 2-дәп.).
«Шыбынның» көпнұсқалығы туралы «Өтірік» жинағы­

ның алғы сөзінде І.Жансүгірұлы мына пікірге тоқталады:
«Мейірманның «Шыбын» деген өтірігін маған айтқан, жазып
берген кісіден: барлығы 12 кісі. Оның албаны да, суаны да,
найманы да, дулаты да бар. Бірақ соның барлығының тәуір

айтқан бір-екеуін негізге алдым да, өзгесін соның маңына тер­
дім. Сөйтіп, бұл жинағаным өзімше сондайлардың таңлама­
сы» (Жансүгірұлы І. Өтірік.—Мәскеу, 1927.-5-б.). Осы дерек­
тер арқылы Ілиясты қазақ фольклор мұраларын алғашқы

жинау­шы, жүйелеуші, зерттеуші, жариялаушылар қатары­
нан көре­міз. Жүйелеуші демекші, жоғарыда айтылған сөзде­
ріне қа­ра­ған­да, 12 кісіден жиналған дастан сұлбасынан
мәтіндік тексто­ло­гия жүргізгені аңғарылады. Осы орайда,

І.Жансүгірұлының ха­лық мұраларының жан ашыры, жи­нау­
шы және басты­ру­шы ре­тіндегі қырлары әлі де болса фольк­
лортанушылар наза­рына ілікпей жүргенін баса айтуға болады.
Өтірік жырдың І.Жансүгірұлы жинағындағы нұсқасы 79

шумақтан тұрса, Ә.Ниязбеков нұсқасын 178 шумақ құрайды.
Екі нұсқаның да тақырыбы, құрылысы мен сюжетінде айтар­
лықтай өзгешелік болмағанмен, соңғы қолжазба көркем әрі
толық мәнінде сақталғандығымен ерекшеленеді. Себебі бұл

нұсқа Мейірманның туған ағасы Серікбайдан туған Қайып­
жаннан жазылып алынған. Ал Ілияс ел адамдарынан, ақын
Ғ.Орманұлынан,
студенттерден

жазып
алынған
қысқа
мәтіндерге текстология жасау арқылы толықтырғаны жоға­

рыда айтылды.
Толық нұсқа «Бүркіт», «Кер бие», «Торы құлын», «Торы
тай», «Нән шыбын» деген тақырыптарға бөлінгенмен, басты
оқиға шыбын маңында өрбиді. Жырдың кіріспе бөлімі

Ә.Ниязбекұлының тарапынан шығарылып, онда Абай мен
Шоқаннан, Ыбырайдан бергі ұлы тұлғалардың халқына істеген
еңбектері айтылып, Мейірман, ол жырлаған өтірік туынды

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

туралы мәліметтер баяндалады (Бұл бөлім жырдың Ілияс
нұсқасында жоқ—құраст.).
Бірінші бөлім Ілияста «Бүркіт» аталып, Мейірманның қыран
құсты қолға түсіру оқиғасы суреттелсе, Әужан нұсқасында

бұл тараудың атауы—«Түс». Алдыңғы нұсқада аңшының
түсі, оны жорыту оқиғасы бір ғана шумақпен шектелсе, соңғы
қолжазбадағы түсте Мейірман бүркітке мініп қас-қаққанша
Мысыр, Шаш, Тегаран, Кабул қалаларын аралап, қанжығадағы

жеті қарсақтың қаны мен бес түлкінің төлеуіне бір жез шегелі
етік айырбастап алады. Сол етікті аяғына сұға салып, лезде аң
аулап жүрген тауға жетіп келеді. Оны үлкендер: «Жақсы бір ат
мініп, екі қатын аласың» деп жориды.

Келесі бөлім екі нұсқада да «Кер бие, торы құлын» аталып,
аңшы ауыл аралап дәрі сатып жүрген саудагердің кер биесіне
мақтауын асырып, астындағы кәрі құла атын айырбастап
алатын эпизод суреттеледі. Екі мәтінді салыстыра қарағанда,

айта қаларлықтай өзгешеліктер байқалмағанмен, Үстемеге
алған мата, түйме, ине-жіп, айна-тарақ, дәрі-дәрмек сияқты
тұрмыстық заттардың саны мен атауында айырмашылықтар
кездеседі. Мысалы, Әужан нұсқасында тек Алатау сілемдерін­

де өсетін көкможы, арала, күшәла, көксал секілді дәрілік
өсімдіктердің атаулары ұшырасады.
І.Жансүгірұлының келесі «Торы тай» тарауы екінші нұс­
қада «Тор құлынның сипаты» деп аталып, ерекше туған құлын­

ның сипаты кең ауқымда суреттеледі. Мәселен, Ілияс нұсқа­
сында тайдың сипаты бар-жоғы бес шумаққа сыйғызылған
болса, Әужанның қолжазбасында 48 шумақты қамтыған және
ерекше көркем тілмен баяндалған.

Бақайы Бақалының адырындай,
Бауыры Далашықтың жазығындай.
Соншама ұзын аяқ тіп-тік біткен,
Өренің құрт жаятын қазығындай,—

деген жолдар бұған айғақты дәлел болады.

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

«Шыбын» (1 нұсқа)—«Нән шыбын» (2 нұсқа) аталған соңғы
бөлімде жырдың негізгі сюжеті қамтылады. Бірінші нұсқада
алып шыбынның аулануы, етті үлеске бөлу, оны елге тасудың
машақаты қысқаша баяндалса (32 шумақ), екінші нұсқада

Мейірманның құлынмен бірге «жолы болып», тауда жүгірген
аң қоймаған саяткерлігі жан-жақты суреттеледі. Нән шыбын­
ның ізіне түсіп, асқан қиындықпен атып алуы, шыбынның
қалай сойылып, ішек-қарны қайтіп аршылғаны, етін қанша

көлікке артып, терісінен неше ыдыс жасалғаны жөнінде адам
сенгісіз өтірік, көкейге қонымды көркем де өткір тілмен ұзақ
баяндалады (108 шумақ). Аяғында мол еттен қазақтың үш
жүзіне үлес бөліп, дәстүр бойынша іргелес, арқа беріс ағайын

деп қырғызға құйымшақ, қыз беріп, қыз алғанға сыйы артсын
деп тараншыға төс тартады. Ұлы жүзге—ағайындығын ескеріп
екі қол, сүбесін, Орта жүзге—жамбасын, Кіші жүзге—асықты
жілігін бөліпті. Мейірманның бұл үлесі қазақтың баршасына да

құт боп дарып, мәңгіге сіңісті болып қалыпты-мыс.
Жырдың І.Жансүгірұлы, Ә.Ниязбекұлы, Ә.Зікірияұлы
нұс­қалары Мейірман ақынның жеке жинағында жарияланды
(Дәркенбайұлы М. Мейірман ақын Дәркенбайұлы Әжібайтегі

(Өтірік өлең-хикаялар.Аңыз, әңгімелер. Зерттеулер)//Құраст.:
С.Медеубекұлы. —Алматы, 2005.—113-б.).
Томға жыр мәтіні ӘӨИ-дің сирек қорында сақталған
Ә.Ниязбеков жеткізген қолжазба негізінде ұсынылды (1041-

бума).

ІІІ. ӨТІРІК ӘҢГІМЕЛЕР

1. «Қырық өтірік айтқан шопан». Шығарманың түпнұсқа­сы

ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (894-бума, 11-дәп., 13-б.) сақтау­
лы. 1984 жылы Қарақалпақ экспедициясы кезінде жинап, қор­
ға тапсырған—Құлбек Жұматаев.
Томға мәтін қолжазба негізінде ұсынылды.

24-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

2. «Қырық ауыз өтірік айтқан тазша бала». Туынды түп­

нұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (894-бума, 11-дәп., 27-б.)
сақтаулы. 1984 жылы Қарақалпақ экспедициясы кезінде жи­
нап, қорға тапсырған—Құлбек Жұматаев.
Томға мәтін қолжазба негізінде ұсынылды.

3. «Тазшаның қырық ауыз өтірігі». Туынды «Қырық өті­рік»

(Шынжаң халық баспасы. 1958. —20-б.) жинағында жарық
көрген.
Томға ұсынылып отырған мәтін осы жинақ негізінде да­
йындалды.

4. «Сексен өтірік». Туынды алғаш рет «Сексен өтірік»

жинағында латын әрпімен жарияланды (Сексен өтірік.//Құ­
раст.: Ө.Тұрманжанов. Балалар әдебиеті секторы.—Алматы,

1937) жинағында жарияланған.

Томға ұсынылып отырған мәтін осы жинақ негізінде да­
йындалды.

5. Тазша баланың өтірігі. Томға ұсынылып отырған мәтін­

дер «Өтірік әңгімелер» (/Құрастырған Қарта Қаңтарбайұлы.—
Алматы: «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы»,
1962.) атты жинақтан алынды.
6-7. «Өтірік ертегі», «Өтірікке әкесінен асқан бала». Бұл

мәтіндер Жансүгірұлы Ілияс құрастырған «Өтірік» (40, 44-бб.)
жинағында жарық көрген.
Томға өтірік әңгімелер осы жинақтың негізінде да­йын­
далды.

8. «Өтірікке бәйге». Өтірік әңгімені ел арасынан жинап,

1982  жылы ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырған—белгілі
халық мұраларының жанашыры Мәжікеев Мұқаш.
Томға мәтін түпнұсқа (1053-бума, 2-дәп., 50-б.) негізінде
ұсынылды.

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

9. «Екі суайт», «Әңгімені ел ішінен жазып алып». Өтіріктер­

ді ӘӨИ-дің Қолжазба қорында 1967 жылы қорға тапсырған—
Қалжан Тұңғышбаев.
Томға ұсынылып отырған мәтін қолжазба негізінде (674-
бума, 1-дәп., 1-б.) дайындалды.

10-43. Қыз бен тазша... Томға ұсынылып отырған мәтіндер
«Өтірік әңгімелер» (/Құрастырған Қарта Қаңтарбайұлы.—Ал­
маты: «Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы», 1962)
атты жинақтан алынды.

ІІ. МЫСАЛДАР

І. МЫСАЛ ӨЛЕҢ

1. «Жолбарыс мінген ұры». Өлең 1970 жылы ұйым­дас­

тырылған «Түркістан қазақтарының ауыз әдебиетін жи­нау
экспедициясы» барысында жазылып алынған. ӘӨИ-дің Қол­
жазба қорына тапсырған—экспедиция жетекшісі, про­фес­сор
Қ.Саттаров.

Томға ұсынылған мәтін түпнұсқадан (920/7-бума) өзгерту­сіз
алынды.

2. «Ат пен Есек». Өлеңді 1991 жылғы Қыдырәлі Саттаров

басқарған
«Мырзашөл»
фольклор
экспедициясы

кезінде
Қуаныш Асылбаевтың айтуынан жазылып алынып, ӘӨИ-дің
Қолжазба қорына тапсырылған.
Томға мәтін қолжазба негізінде (920/71-бума, 43-б.) да­йын­

далды. 3. «Қақпанды қасқыр». Туынды Қ.Саттаровтың 1974-

1976  жылдар аралығында Бұхара облысынан ауыз әдебиеті
үлгілері мен фольклорлық мұраларды жинау экспедициясы

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

кезінде хатқа түсірілген. ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (920/78-
бума, 142-б.) сақтаулы.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде өзгеріссіз дайындалды.
4-5. «Қара қоңыз», «Төрт дос». Мысал өлеңдерді 1959 жы­

лы «Қызылорда экспедициясы» барысында Тұрмағамбет
Ізтілеуовтың ұлы Әбдірәуіп Тұрмағамбетовтен жазып алған—
белгілі фольклортанушы Мардан Байділдаев. Кеңсе қағазына
машинкаға басылған туындылар ӘӨИ-дің Қолжазба қорында

(405-бума, 1, 2-дәп.) сақтаулы.
Томға мәтіндер қолжазбалар негізінде ұсынылды.

6. «Қой мен қасқыр». Оқушы дәптеріне жазылған туынды­

ның қолжазбасын 1961 жылы ұйымдастырылған «Қызыл­орда
экспедициясы» кезінде Құлмұрзаев Молдағали деген азамат
тапсырған.
Томға мәтін сол қолжазбаның негізінде (ӘӨИ. 312-бума,

1-дәп.) әзірленді. 7. «Қамаудағы жолбарыс пен шошқа». Өлеңнің мәтіні ӘӨИ-

дің Қолжазба қорында (315-бума, 7-дәп., 148-б.) сақталған. Қол­
жазбаны 1958 жылы қорға тапсырған—Тәкежанов Құсайын.
Томға мәтін түпнұсқа негізінде әзірленді.
8-10. «Қасқыр мен тырна», «Бұлбұл мен есек», «Орманнан

қасқыр келді елге қашып». Туындыларды ел ішінен жазып
алып, ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырған—белгілі ақын,
жыршы, халық мұраларын жинаушы Мәзқожаев Рахмет.
Бұл азамат 1958-1962 жылдары аралығында Қазақстанның

оңтүстік өңірінен 60 мың жолдан астам фольклорлық мұралар
мен авторлық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, ОҒК мен ӘӨИ-дің
сирек қорларының толығуына зор үлес қосқандығы ғылыми
ортаға мәлім.

Томға мәтіндер ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақталған түп­
нұсқаның негізінде (333-бума, 7-дәп.) әзірленді.

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

11-13. «Қаншыр мен бөдене», «Ақылшы торғай», «Қасқыр,
түлкі, бөдене». Өлеңдер ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақталған
(1165-бума). Қолжазба машинкаға басылған.
Томға мәтін қолжазба негізінде ұсынылып отыр.

14. «Шымшық пен көгершін». Туындыны ел арасынан

жинап, 1959 жылы ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырған—
Өкпенов Ибрагим.
Томға мәтін осы қолжазбаның негізінде (131-бума, 2-дәп.,
77-б.) дайындалды.

15. «Қарақұс». Туынды ӘӨИ-дің Қолжазба қорындағы

«Жұматаев Әлиакбардың жинаған әдебиет үлгілері» атты
бумада сақталған (912/2-бума, 1-дәп., 10-б.).
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба бойын­ша
әзірленді.

16. «Тышқан мен түйе». Өлең ӘӨИ-дің Қолжазба қорында

сақталған (258-бума, 1-дәп.) Қолжазбаның соңғы бетінде:
«8 апрель, 1953 жылы Кенже қожаның туысы Әбішов Жүсіп­
бек­тен жазып алдым. Мұратов Абдырайым» деген жазу бар.
Қорға 1960 жылы тапсырған—А.Мұратов.

Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды. 17. «Түлкі мен қасқыр» (І нұсқа). Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба

қорында сақталған (1047-бума, 4-дәп.). Өлеңді халық аузы­
нан жинап, қорға тапсырған—халық ақыны Тоқтарбаев Рах­
метолла (Өлеңнің нұсқалық ерекшеліктері келесі түсінікте
қарастырылады).

Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды. 18. «Қу түлкі» (ІІ нұсқа). Мәтін ӘӨИ-дің Қолжазба қорында

сақталған (914-бума, 1-дәп., 94-б.). Ел аузынан жазып алып,
қор­ға тапсырған—Жақыпов Сайлаубек. Қолжазбаның соңын­
да: «Өлеңнің басы Қабылбаев Құсайын мен бәйбішесінен, туыс­

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

тары Шәпішова Майсарадан 1983 жылы жазылды. Ұмытылған
жолдары қосылды»,—деген ескерту жазылған.
«Қу түлкі» мысал өлеңі алдыңғы «Түлкі мен қасқыр» атты
туындының нұсқасы болып табылғанмен, мазмұндық және

көлемдік тұрғыда ерекшеліктері де аз емес. Мысалы, «Түлкі
мен қасқыр» өлеңінің көлемі 32 шумақтан тұрса, «Қу түлкінің»
көлемі—20 шумақ. Сонымен бірге 2 нұсқада алдыңғы мәтін­дегі
«бөдене» оқиғасы түгелімен енбей қалған (5 шумақ). Өзгер­

ген сөздерді, жолдарды есептемегенде, «Қу түлкі» нұсқасында
түлкі мен қасқыр арасындағы іс-әрекеттер, диалогтар енбей
қалған. Атап айтқанда:
Үстіме аунап ойнаушы ең тойған сайын,

Сендей ақымақ батырдың орны дайын.
Осы қазған ұраның иесі кеп,
Сойғанын жон-теріңді бір байқайын,—
деген сияқты толық шумақтар қамтылмаған (Барлығы—7

шумақ). Екі нұсқаның басталуында айырмашылық болма­ған­
мен, соңы былайша аяқталады:
«Түлкі мен қасқырда»:
Түлкіні кетті таз ит қуып алып,

Ауызды әне салып, міне салып.
Адымын жүйрік қыран ашырсын ба,
Бас салды көк желден бір-ақ шалып.
«Қу түлкіде»:

Жігіттер, бұл түлкідей болма зәлім,
Әстілі көргенсізден алма тәлім.
«Құйрығы арамзаның бір-ақ тұтам»,—
деген сөз осы жырдан болар мәлім.

Томға өлеңнің «Қу түлкі нұсқасы түпнұсқа бойынша
дайындалды.

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

19-22. «Құныққан бүркіт», «Жылқыдан туған есек»,
«Семірген есек», «Шыпжың торғай». Бұл туындылардың
түпнұсқалары ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақталған (1024-
бума, 2-3-дәп.).

Томға мәтіндер қолжазбалар негізінде дайындалды. 23. «Тышқан мен түйе». Өлең ӘӨИ-дің Қолжазба қорында

(1102-бума, 4-дәп., 16-б.) сақталған. Жинап, қорға тапсырған—
Аманжолов Қысыраубек. Қолжазба сарғайып, тоза бастаған.
Томға ұсынылып отырған мәтін аталған қолжазба бойынша
әзірленді.

24. «Арыстан, киік, түлкі». Туынды ӘӨИ-дің Қолжазба

қорында (856 бума, 7-тізім) сақталған. Мәтінді ел ішінен жи­
нап, 1979 жылы қорға тапсырған—Батталов Ғаббас.
Томға мәтін аталған қолжазба бойынша ұсынылды.

25. «Меншіл есек». Өлең алғаш Жезқазған облысының ау­

дандық «Жаңаарқа» газетіне (1976, 25 маусым) жарияланған.
Мәтіннің түпнұсқасын 1987 жылы ӘӨИ-дің Қолжазба қоры­
на тапсырған—қарт ұстаз Бармұхаметов Сәбит (985/1-бума,
3-дәп.).

Томға мәтін қолжазба негізінде әзірленді. 26. Қойшы мен қасқыр. Мәтін араб әрпінде жазылған. Қорға

1940 жылы Молдаханов Өмірхан тапсырған. Қолжазба ОҒК-
ның қолжазба қорында (Қ.682) сақтаулы.
Томға ұсынылып отырған мәтін түпнұсқа негізінде дайын­
далды.

27. Тоты құс. Мәтінді жинап қорға тапсырған—К.Шәменов.

Жырлаған—Майлықожа. Қолжазба ОҒК-ның қолжазба қо­
рында (Қ.337. №9) сақтаулы.
Томға мәтін еш өзгеріссіз түпнұсқа негізінде ұсынылды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

ІІ. МЫСАЛ АЙТЫСТАР

1. «Нәсира мен Шолым». Айтыстың мәтіні бұрын еш жер­

де жарияланбаған. Шығарманың қолжазбасы ОҒК-нің қол­
жазба қорында (Ш.1717) сақтаулы. Жинаушысы және тап­
сырушысы—Д.Үрпеков. Қорға 1974 жылы түскен.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні түпнұсқа негізінде

дайындалды. 2. «Ажал мен жанның айтысы». Айтыс бұрын жарық көр­

меген. Туынды оқушы дәптеріне араб әрпімен жазылған.
Томға мәтін ОҒК-нің қолжазба қорындағы (304-бума, 1-дәп.)
түпнұсқа бойынша әзірленді.

3. «Төрт түлік мал туралы айтысы» алғаш «Айтыс» кітабын­

да (1966, 3-т., 569-572-б.) жарияланған.
Айтыстың түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (458-
бума) сақтаулы. Айтыс жетісулық ақын Нұрлыбек Сексенбаев­
тың айтуынан жазылып алынған. Басылым мен түпнұсқа

арасында айырмашылық кездеспейді.
Томға айтыс мәтіні ӘӨИ-дің қолжазба қорындағы түпнұсқа
бойынша ұсынылды.

4. «Тай мен жігіт». Айтыстың мәтіні бұрын жарияланбаған.

Шығарма қолжазбасы ОҒК-ның қолжазба қорында (Ш.233,
1-дәп.) сақтаулы. Айтушы және жинаушы—Тоқсанов М. Мәтін
ақ қағазға латын әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні жоғарыда аталған

түпнұсқа бойынша әзірленді. 5. «Жас бұзау мен қатын». Бұрын баспа бетінде жария­

ланбаған. Түпнұсқасы ОҒК-ның (Ш.273, 3-дәп., 1-5-б., 1941 ж.)
қолжазба қорында сақтаулы. Жинаушысы—Сәрсенбаев С.
Томға енген айтыс мәтіні түпнұсқа негізінде дайындалды.

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

6. «Жылан мен адамның айтысы». Бұрын жарияланбаған.

Жинаушысы Жақсыбай (тегі көрсетілмеген—құраст.) айтысты
1946 жылы 15 желтоқсанда Белбасар колхозының тұрғыны
Сейітқасым Ибрагимов деген кісіден жазып алған. Айтыстың
қолжазбасы ОҒК-ның (700-бума) қолжазба қорында сақтаулы.

Мәтін ақ қағазға көк сиямен араб әрпінде жазылған.
Жалпы айтыс жылан мен адамның арасында болғанымен,
оларға түлкі де араласады.
Томға ұсынылған айтыс мәтіні түпнұсқа негізінде ұсы­ныл­ды.

7. «Бұлбұл мен қаршыға». Айтысты жинаушы—Бақберге­

нов Мұқаш. Р.Мәзходжаев бұл айтысты 25 жасында әкесінен
үйренген екен. Айтыстың қолжазбасы ОҒК-ның қолжазба
қорында сақтаулы (302-бума, 1-дәп.).
Томға айтыс қолжазба негізінде әзірленді.

8. «Жастық пен кәрілік». Айтыстың мәтіні бұрын еш жерде

жарияланбаған. Түпнұсқасы ӘӨИ-дің қолжазба қорында (332-
бума, 1-дәп.) сақтаулы. Жинаушысы—Т.Ауатанов.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні түпнұсқа негізінде
әзірленді.

9. «Шаруа мен тарының айтысы». Айтыс алғаш рет

жарияланып отыр. Қолжазбасы ОҒК-нің қолжазба қорында
(700-бума, 4-дәп.) сақтаулы. Жинаушысы—М.Оспанов. Мәтін
көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
Томға ұсынылып отырған айтыс мәтіні жоғарыда аталған

қолжазба бойынша дайындалды. 10. «Ашу мен ақылдың айтысы». Мәтін 1991 жылғы

Қыдырәлі Саттаров басқарған «Мырзашөл» фольклор экспе­
ди­циясы кезінде Қуаныш Асылбаевтың орындауы бойынша
жазып алынған. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында
(920/71-бума, 42-б.) сақтаулы.

Томға мәтін қолжазба негізінде дайындалды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР 11. Бабай мен қасқыр айтысының мәтіні бұрын жария­ ланбаған. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазба қорында (Ш.301, 3-дәп.) сақтаулы. Айтысты І.Баймағанбетовтың айтуынан 1962 жылы жазып алған—Жұматай Мәдиев. Қолжазба Көкшетау облысы, Александр совхозында жазылған. Мәтін бір жолды оқушы дәптеріне көк сиямен кирилл әрпінде жазылған. Томға енген мәтін жоғарыда аталған түпнұсқадан алынды. 12. Көкқұтан мен шымшық. Мәтін алғаш «Айтыс» жинағында (1965, 2-т., 606-607-бб.), Т.Ізтілеуовтың «Назым» кітабында (1982) жарияланған. Айтыстың түпнұсқасы ОҒК-ның қолжазба қорында (Ш.714, 1-дәп.) сақтаулы. Айтушысы—Т.Ізтілеуов. Жинақты дайындау барысында шығарманың 1965, 1982 жылдардағы басылымдары мен түпнұсқа салыстырылды. Басылымдарда тек қана бір өлең жолы ғана өзгеріске ұшыраған. Атап айтқанда, түпнұсқадағы «Қалмайық қапияда өкініш жеп» деген өлең жолы басылымда «Кетпейік қапелімде өкініш жеп» деп өзгертілген. Ол өлең жолы түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді. Мәтін томға түпнұсқа (Ш.714, 1-дәп., ОҒК) негізінде ұсы­ нылды. ІІІ. МЫСАЛ ӘҢГІМЕЛЕР 1-7. «Қу түлкі», «Қырғи мен бөктергі», «Екі бұғы», «Түлкі мен қоян», «Арыстан күшігін асыраған мысық», «Ақымақ қасқыр», «Тау мен қаңбақ». Туындылардың қолжазба нұсқалары ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақтаулы (520-бума, 78, 43, 72, 71, 73, 74, 7 бб.). Оларды 1964 жылғы «Оңтүстік Қазақстан экспедициясы» барысында жазып алып, қорға тап­ сырған—филология ғылымдарының докторы Н.Төреқұлов. Томға мәтіндер аталған қолжазбаның негізінде дайын­ далды.

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

8-10. «Түлкі мен қырғауыл», «Көбелек пен маса», «Тапқыр
қоян». 2002 жылы ұйымдастырылған «Фольклорлық мұраларды
жинау экспедияциясы» барысында М.О.Әуезов атындағы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері

жазып алған. ӘӨИ-дің Қолжазба қорына тапсырған—экс­пе­
диция жетекшісі, профессор Қ.Саттаров.
Томға мәтін қолжазба (920/136-бума, 24, 27, 28 бб.) негізін­
де дайындалды.

11-45. Бұл мәтіндер Шынжаң Халық баспасынан шыққан
«Күлдіргілер» атты жинақтан (563-620 бб.) алынды. Мәтін араб
әрпінде басылған.

МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЕСІМДЕР

Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар. Құ­
ранда оған үлкен сүре арналған, бірақ оның тарихы толық
қамтылмаған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп
аталған. Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала

отырып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары
жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтар арасында да
осы тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дас­тан
бар.

Мұхаммед—ең соңғы пайғамбар, Ислам дінінің негізін
салушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге
келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге кел­
местен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул

Алла* алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы
Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәр­
биесінде болған. Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден

үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні
таң алдында рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40
жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—Исламды
уағыздай бастайды. Мұхаммед (с.а.с.) Ислам дінін жария еткен­

де арабтардың басым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар Ислам
дініне қарсылық білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан
б.д. 622 жылы Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге
* Расул Алла—[Расул (а)—елші]—Алланың елшісі.

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударады. Бұл жыл Ислам
жыл санауының басы деп есептеледі. Оның арабша атауы—
«хижра», яғни «қоныс аудару» деген сөз. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдина қаласында қайтыс болды.

Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»
(Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.
Ібіліс—діни ұғымда көктен қуылып, адамдарды Алланың

ақ жолынан тайдыратын, күнәға ұшырататын перінің есімі.
Ібілісті басқаша—шайтан, «Алланың жауы» немесе жай ғана
«дұшпан» деп атайды. Құран Кәрім бойынша Ібіліс Алланың ті­
лін алмаған, Адам атаның алдында тізе бүгуден бас тартып, «мен

одан артықпын; сен мені оттан, оны топырақтан жаратқансың»
деп қарсы шыққан. Міне, осы әрекеті үшін ол көктен қуылып,
тозақ отына түсуге ұйғарылды. Алайда Ібіліс Алладан жазасын
қиямет қайымға дейін кешіктіруін жалбарынып сұрады және

ол өзіне іштей Аллаға жерде қастық істеуге және адамдарды
теріс жолға азғыруға уәде берді. Раджим—«таспен атқылан­
ған» (күнәлі немесе ақ жолдан тайған)—Құранда жиі кездесетін
Ібіліске байланысты қолданылатын эпитет.

РУ АТАУЛАРЫ

Адай—Кіші жүздің он екі ата Байұлыдағы басты рулардың
бірі. Қыдырқожа әулетінен тарайтын Байұлыда: Есентемір,
Адай, Беріш—үш ру бөлек аталып, өзінше бір топ құрайды. Ел
аузында «Есентемір, Адайсың, Берішіңмен қалайсың?» деген

сөз де бар. Адай руы Байұлы ішінде халқының саны жағынан да
алдыңғы орындардың бірін алады. ХІХ ғасырдың орта шенін­
дегі есеп бойынша, Адайлар қырық мың түтін болған. Осы Адай­
лар негізінен үлкен екі атадан—Құдайке мен Келімбердіден

тарайды.
Албан—шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Албан
атауы көне жазба тарихи деректерден белгілі. V-VІ ғасырларда
Албандар Жетісу өңіріндегі Үрбі (Юебань) қауымдастығында

чубань тайпасы аталып, Дулу одағында болған. Қазақ шежіре­
сі бойынша, Бәйдібектің Домалақ ана (Нұрила) есімді кіші
әйелінен туған Жарықшақтың тұңғыш ұлынан тараған тай­
па. Атамекені—Оңтүстік-Шығыс Жетісу. Кейбір ұрпақтары

Қазығұрт тауының (Оңтүстік Қазақстан) бөктерін мекендей­
ді. Ұраны—Бақтияр, тайпалық ұраны—Райымбек, Бәйдібек,
таңбасы—дөңгелек.
Арғын—қазақ

халқын
құраған
негізгі
тайпалардың

бірі. Шежіре бойынша Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі
қонысы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен
Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

ежелден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі,
Қытай жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерт­
теушісі Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қазақ
шежіресінде Арғындар бәйбіше Арғын, тоқал Арғын болып

екіге бөлінеді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып,
Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (Қозған), Шегендік (Қақсал),
Қаракесек деген аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті
момын» аталып Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл,

Атығай,
Сарыжетім,
Шақшақ
болып

жіктеледі.
Арғын
тайпасының ұраны—Ақжол, таңбасы—көзтаңба (оо).
Әлім, Әлімұлы—Қаракесек деп те аталады. Әлімұлының

алты тармағы болғанына орай ел ішінде «Алты Әлім» деп
те атайды. Шежіре бойынша Әлімұлына Жаманақ (Шекті),
Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қара­
кесек), Тегінболат (Қарасақал), Тойқожаны (Ақкете) жатады.

Әлім тайпасынан Жалаңтөс баһадүр мен Әйтеке биден бастап
Алты Алашқа белгілі Есет, Көтібар, Құлбарақ, Жанғожа,
Ақтан, Алтай, Арал батырлар, қарасақал Ерімбет ақын,
Нұртуған жырау, Жетес шешен, Әжібай, Сопақ, Мырзағұл т.б.

билер шыққан.
Дулат—қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының
бірі. Қазақ шежіресі бойынша Дулат—ұлы жүз құрамына
кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А.Аристов жазып алған

Диханбай батыр шежіресі бойынша, Үйсін Бәйдібектің кіші
әйелі Домалақ енеден (Нұрила) туған Жарықшақтан Албан,
Суан, Дулат тарайды. Дулат өз ішінде Сиқым, Жаныс, Ботбай,
Шымыр болып бөлінеді.

Жалайыр—Ұлы жүздің құрамына кіретін рулардың бірі.
Диханбай батыр шежіресі бойынша (Н.Аристов жазып алған),
Үйсіннен Ақсақал, Жансақал, Жансақалдан Жалайыр тарай­
ды. Басқа бір шежірелерде Майқы биден тарайтын Жансақал

мен Жалайырды бір адам деп көрсеткен. Жалайырдың шын

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

аты Қабылан екен. Аңыз бойынша, жабайы құланның жалын
айырып, содан Жалайыр атанған. Жалайырдан Сырманақ,
Шуманақ, Бірманақ боп үшке бөлінеді. Рулық белгісі—тарақ
таңба.

Қаңлы—қазақ халқының негізін құраған ежелгі тай­па­
лардың бірі. Түп-тегі көне түріклерден бастау алатын қаңлы­лар
қазір қазақтан өзге өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт т.б.
құрамында да кездеседі. Қаңлылардың жауынгерлік ұраны:

«Байтерек», «Айрылмас», ал рулық таңбасы—көсеу (І). Қазақ
шежіресі бойынша, Ұлы жүздің құрамына енеді.
Қоңырат—Орта жүз құрамындағы тайпа. Түркі халық­
та­рының, соның ішінде қазақтардың этникалық тарихында

қоңырат тайпасының өзіндік орны бар.
Қыпшақ—қазақ халқының қалыптасуына ерекше үлес қос­
қан, тарихи деректерде көне замандардан-ақ белгілі тайпа. Бір
дәуірлерде оның атақ-даңқы тек қандас түрік жұрттары­ның

арасында ғана аспандап қоймай, Еуропа мен араб елдері­не де
әйгілі болып, қыпшақ атауы бүкіл түрік тектес елдерді ая­сында
қамтитын кең мағынада да қолданылды.
Найман—көптеген зерттеушілердің пікірінше, «найман»

атауы моңғолша «сегіз» деген сөзді білдіреді. Қазақ хал­
қының шежіре деректері бойынша найман орта жүздегі
аса ірі тайпалардың бірі. Найманнан Терістамғалы (Елата),
Сарыжомарт (Ергенекті Найман), Телегетай, Сүгірші сияқты

үлкен рулар тарайды. Найманның ортақ таңбасы—бақан (Ү),
ұраны—Қаптағай.
Ошақты—Ұлы жүз Үйсіннен тарайтын тайпа. Қазақ ше­
жіресі бойынша, Ошақты Бәйдібек биге немере болып келеді.

Оның әкесі Жәлменде үш әйел алады: Мапыраштыдан—
Шапырашты, Қарашаштан—Ошақты және Сландыдан—Ыс­

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

ты. Ошақты руы алты атадан тұрады: Байлы (немесе Байна­
зар), Қоңыр (Қойназар), Аталық (немесе Бекназар), Тасжүрек
(Ақназар). Байлы төрт атаға бөлінеді: Сүзік (Созақ), Байсары,
Қасқа, Қабыл.

Суан—Қазақ шежіресі бойынша, жоғарыда айтылған Үйсін
Бәйдібек бидің Жарықшақ атты баласынан өрбіген тайпа. Ол өз
ішінен ірі-ірі төрт атаға бөлінеді: Тоқарыстан, Байтөгей, Бағыс,
Жесегір. Оның арасында тағы төртке: Тұрдымбет, Мұрат,

Бердіке мен Баубекке жіктелетін Тоқарыстан толымды ата
болып есептеледі
Үйсін—Ақарыстан (жоғарыда аталған шежірелер бойын­
ша) Жұмабай, Ұзынсақал Ыбырайым; осылардың бірінен Кейкі

би; Кейкіден—Майқы би; одан—Бақтияр; Бақтиярдан: Үйсін,
Ойсыл. Үйсін өз ішінде Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ)
болып жіктеледі.
Шапырашты—Ұлы жүз құрамына кіретін тайпа. Қазақ

шежіресінде Шапырашты Үйсіннің шөбересі, Бәйдібектің
немересі. Ал Бәйдібек болса Ұлы жүздің жеті руының (Сары­
үйсін, Албан, Суан, Дулат, Ысты, Ошақты, Шапырашты) түп
атасы.

Ысты—Ұлы жүз Үйсіннен тараған тайпа. Қазақ шежіресі
бойынша, Бәйдібек бидің Жәлмембет деген баласынан өрбиді.
Ысты екі ата: Ойық пен Тілікке тарайды. Ойықтан төрт
тармақ: Есім, Малай, Таз, Құлаышы; Тіліктен: Тазша, Таздар,

Асанқараған, Сексен, Байқараған, Қоңыр, Жырымсыз бен
Ақмолда тарайды. Ұраны—«Жауатар».
25-0184

Ағызаз—мәртебе, ұлық, қадірлі
Айлақ—теңіз, көл жағасында кеме тоқтатуға арналған
қолайлы су алаңы
Ақырап /а/—ескіше қазан айының аты

Арамза /а+п/—1. Мезгілінен бұрын туған қозы, лақ. 2. Залым, қу, алдамшы

Атымсыз—жөн-жоба
Аэроплан /о/—ұшақ
Аянкестік—аяншақтық, аянпаздық, жанын аяғыштық
Аят /а/—Құран сүресінің құрылымдық бөлігі

Әжуал /а/—келеке, мазақ
Әзелде /а/—әуелде, баяғыда, о баста
Әнжам /п/—ат саймандары (ер тоқым)
Әрпі—орташа, қатардағы

СӨЗДІК

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

Бадал—қозғалмай бір орнында қақшиып қалу
Бадамша—бадам ағашының қалың тікенді бір түрі
Бадан—жапырағы мен тамыры тері өңдеуде қолданыла­тын
көпжылдық шөп тектес өсімдік

Бақадархал—көп жыл; шамамша, халқадар
Балағат—бейпіл, былапыт сөз
Бәйіт /п/—жыр, өлең
Беглен—бекзада

Бейқам—қамсыз, жайбарақат
Бейіш /а/—жұмақ
Бина /а/—құрылыс, ғимарат
Бинамаз—бейнамаз, намаз оқымайтын адам

Биялай—матадан не былғарыдан тігілген, жүннен тоқыл­
ған қолғап
Боғжама /к/—ою-өрнек, шашақ салып тоқылған дорба
Бостан—бостандық, еркіндік

Бошала—ұрғашы малдың төлдер алдында шыдамсызда­
нып, оңаша жерге ұзап кету
Бұзаубас—зиянды, улы жәндік

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Гөзел /т/—дала аңы; киік, қарақұйрық, жайран секілді
жүйрік түз тағысы
Гүлістан—гүлденген ел, өлке; мәтінде кездесетін шаһар
атауы

Ғазап /а/—ауыр бейнет, қиыншылық
Ғамкүн /п/—көңілсіз, жабырқау
Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін.
Ғибрат /а/—тәжірибе, өнеге, үлгі

Дағар—астық, ұн, тезек салатын үлкен қап, қанар
Дал—не қыларын білмей дағдарып, дел-сал болған күй
Дәстеп—демде, тез
Делбе—көңіл аулау, ойын бөлу

Дурак /о/—ақымақ, жынды
Дүм /п/—1. Адамның бөксесінің төменгі жағы, арты. 2. Бір
нәрсенің арты, төменгі жағы
Жаужапырақ—таулы жерде өсетін үлкен жапырақты өсімдік

Жаһіл /а/—надан, топас, қараңғы адам; ұятсыз, мейірімсіз
Жәннат /а/—бақ. О дүниеде күнәдан ада, таза адамдардың
баратын орны (жұмақ, пейіш). Жәннат—бұлақтар мен сулары
мол, саялы бақ. Онда дәмі өзгермейтін сүт өзені, бал өзендері

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

ағады. Жәннатқа түскендер қалаған нәрселерін ішіп-жейді.
Жәннатты ридуан бастаған періштелер күзетеді.
Жөйіт, жойыт—қара күшке мығым, алапат
Жөргем—ішек

Жыланқияқ—көк гүл жаратын көпжылдық өсімдік
Заһар—у, улы зат
Зәмзәм—Меккедегі қасиетті құдық, сол құдықтың киелі,
шарапатты суы.

Зәуеде—дәу
Зікір /а/—Алланы еске алу
Йар мүләйім /п/—жақсы, мейірімді дос
Ишарат—бір нәрсені меңзеу

Кебек—жазық, тегіс жер деген мағынада.
Кепіреш—дәрінің бір түрі
Керік /т/—жазық, кең; жираф; ауыспалы: жүйрік ат
Кеурек—шөлде өсетін шөптің аты.

Кеуіл—көңіл
Көксал—көн, былғары

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Көксоқта—қар еріп, жердің жүйесі босап, тоңы жібіп
жатқан мезгіл
Күшәла—емдік өсімдіктің бір түрі
Кіреу—қалың, көп

Қағанақ—малдың іштегі төлін орап тұратын жұқаша қа­бық
Қадақ—салмақ өлшемі
Қаншыр—арыстанның ұрғашысы
Қасат—тығыздалып қалған, қатқыл қар

Қаусар—адамға шабуыл жасайтын бураның аузына кигі­
зілетін темір құрсау
Қашамалы—қашалған, қашалып, кертіліп, жырылып са­
лынған

Қожанты /ж/—үлкен пышақ. Атауы Ходжент қаласымен
байланысты
Қолат—қара топырақты жер, жайылым, сай
Мақшар—ақырзаман күнінде болатын сот

Мандам—жылқыда болатын жұқпалы ауру
Мәжнүн /а/—есі ауысқан, есуас
Мәлін—үй мысығына ұқсас жыртқыш аң

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

Мәулет—белгілі бір істі, тапсырманы орындауға берілген
уақыт, мерзім; мүмкіндік
Мекер /а/—қу, залым
Мекиен—жұмыртқа салатын тауық

Меһірбан, маһырбан /а/—мейірбан, рақымды
Мизам—заң, ереже; қыркүйек айының ескіше атауы
Можы—емдік қасиеті бар өсімдіктің бір түрі
Мұқыл /а/—біржола, мүлдем, тіптен

Мұнафиқ /а/—сырттай мұсылман, ішінен ислам дініне
қарсы екі жүзді адам
Мүсәпір /а/—1. Саяхатшы, жиһанкез; жол азабын тартып,
қиындығын көрген жолаушы. 2. Жоқшылық, кемтаршылық

зардабын көп тартқан, бейшара, шарасыз, жарымжан.
Мүшкіл /а/—қиын жағдай, шетін іс, шатақ; қиындық.
Мылты—қапы, мылт
Мысқал /а/—салмақ өлшемі; болар-болмас, шамалы

Мінәжат /а/—жалбарану, құлшылық қылу
Нәмәрт—тексіз, жетесіз, нашар
Орбита /о/—аспан планеталарының күнді айналу жолы;
планета сыртындағы кеңістік

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Ошал—осы, бұл
Параход /о/—параход, кеме
Пәлек /п/—қауын-қарбыз, асқабақ, қияр тәрізді өсімдік­
тердің сабағы, көлбей өскен өркені

Пәстік—аласа, биік емес, төмендік
План /о/—жоспар
Релос /о/—рельс, темір жол рельсі
Сар апақ—қапақтан жасалған ожау деген мағынада

Сатылан—саты-саты болу
Сәдеп /а/—маржанның қабығы, қабыршағы
Сәулет—қуат, күш
Сопы—дін жолына түскен, пірадар адам.

Сұбхан/а/—жасаған, күшті, құдіретті; Алла тағаланың 99
есімінің бірі
Сымбал—буылған тең, асыл бұйым
Сілемей—сілекей

Тоғанақ—буылған толымды жүк
Томаша—құстың кішкентай түрі
Тотияйын—химиялық зат, дәрі

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

Ұжмақ—жұмақ, о дүниедегі рахат орын; пейіш; ауыспалы
мағынасында: жайлы мекен
Ұлұғ /т/—ұлы
Ұтыл—тізе бүгу, жеңілу

Үңіт—жолы, жайы
Фәни /а/—тұрағы жоқ, баянсыз, өткінші, опасыз дүние
Хадис—әңгіме; хикая; хазіреті мұхаммед [с.а.с.] Пайғам­
барымыздың айтқан ұлағатты, қасиетті, даналық сөздері,

өсиеттері
Хор—1. Сұлу, көркем, кемшіліксіз, сымбатты. 1. Діни на­
ным бойынша жұмақта болатын мәңгі жас, айдай сұлу қыз
Шайлап—қозғала алмай қалу

Шарша—мезі болу
Шел—тері мен еттің аралығында біткен жұқа май қабаты
Шер—арыстан деген мағына береді
Шерік—1. Жиын. 2. Сарбаз, жауынгер

Шерімберді—бұл жерде ұйқас қуалап жазылған
Шиті—мылтық
Шым—қатты, берік
Ыбырат—ғибрат, нақыл сөз

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

Аралсор—Батыс Қазақстандағы тұзды көл.
Ақсеңгір—Алматы облысындағы өзен.
Алатау—1) Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Феде­
рациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға

Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз
Алатауы, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы т.б. жатады. 2) Жетісу
және Іле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы.
Алтай—Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке.

Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс
Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған.
Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі,
ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді.

Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс
Саянмен жалғасады.
Антарктида—Оңтүстік поляр аймағының орталығындағы
материк. Антарктида Атлант, Үнді және Тынық мұхиттарымен

қоршалған. Антарктиданы түгелге жуық қалың мұз басып
жатады.
Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл
Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақтанды

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүстік
Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарихшы
Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи» атты
ең­бегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен

шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді
бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.
Астрахан, Астрахань, Қажы тархан—қала, Ресей Феде­
рациясының облыс орталығы. Еділ өзенінің екі жағалауын

ала Каспий теңізінен 150 шақырым қашықтықта орналасқан.
ІІІ  ғасырда Астарханның орнында хазарлардың ежелгі аста­
насы Атель (Әтел, Итиль), VІ ғасырдың аяғында Балангир
қаласы болды. ХІІІ ғасырда Шыңғысхан ұрпақтары ескі

қаланың орнына Сыйтархан қаласын салды да, ХІV ғасырда
хандықтың астанасы етті. 1459-1556 жылдары Астархан
хандығының басты қаласы болды.
Асы—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының ауқы­

мындағы ауылдық әкімшілік округ орталығы, жайлау, өзен
атауы.
Әулие ата—ежелгі Тараздың орнына ХVІІІ ғасырда са­
лынған қала. 1864 жылға дейін қоқандықтар қоластында

болды. 1938 жылы Жамбыл есімі беріліп, 1997 жылы көне
Тараз атауын қайта иеленді.
Бағдат—(кей жорамалдарға қарағанда ежелгі парсы ті­
лі­нің «бага»—құдай, «дад»—берген, яғни «құдай сыйы» сөз­

дері­нен шыққан)—1921 жылдан қазіргі Ирак мемлекетінің
аста­на­сы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай, Дияла өзенінің
саға­сы­на жақын салынған. Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбіт­
ші­лік қаласы) деген атпен халиф Мансур 762 жылы салдырған.

Бағдат—орта ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің
орталығы болған қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс
ғалымдары [Насреддин Туси, Әл-Фараби т.б.] оқып, білім алған.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Бақай—Іле Алатауының қиыр шығыс бөлігіндегі тау.
Боғда көлі—ҚХР Шыңжаң ұйғыр автономиялы айма­ғын­
дағы көл.
Бұхар—Орталық Азиядағы бұрынғы елдің, қазіргі Өзбек­

стан мемлекетіндегі облыстың аты. Орталығы—Бұқара қаласы.
Бұқара әсіресе XVІІІ—XІX ғасырларда күшті өркен­деп,
исламның ықпалды тірегіне әрі діни-ғылыми орталықтары­ның
біріне айнала бастады. Бірқатар мұсылман халықтары, оның

ішінде қазақтар да оны «Бұқара Шариф», яғни қасиетті қала
деп атаған.
Гималай—Жер бетіндегі аса биік тау жүйесі. Тибет таулы
қыраты (солт.) мен Үнді-Ганг жазығы (оңт.) аралығында.

Үндістан, Қытай, Непал, Пакистан және Бутан мемлекеттері
аумағында орналасқан.
Далашық—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы
жота. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстік жайпақтау келген.

Еміл, Емел—Алакөл алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан
облысының Мақаншы ауданы жерінен ағып өтеді.
Ереймен,
Ерейментау—Сарыарқаның

солтүстігіндегі
тау­лы алқап. Ақмола, Қарағанды облыстарында орналасқан.
Ол Өлеңті және Шідерті өзеңдерінің суайрығы болып табы­
лады. Осы өзендердің салалары—Жарық, Қарасу, Олжабай,

Тұрғынбай өзендері тау беткейлерінен басталады.
Ертіс—Батыс Сібір мен Қазақстан жеріндегі өзен. Обьтың
сол саласы. Монғол Алтайының оңтүстік батыс беткейіндегі
мұздықтардан басталады. Өскемен, Семей, Павлодар, Қараған­

ды облыстарының аумағынан басып өтеді.

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

Кабул—Азияда орналасқан Ауған Ислам мемлекетінің
аста­насы.
Қазан—Ресей Федерациясы құрамындағы Татарстан авто­
номиясының орталығы, Еділдің сол жағасында орналасқан

қала.
Каспий—Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкен­
дігіне қарап теңіз деп атайды. Каспий теңізі аумағы мұнайға
бай болғандықтан, көптеген елдерді тарих-экономика­лық

тұрғы­дан қызықтырады.
Қап тауы—батыста Қара теңіз бен Азов теңізіне дейін,
Шығыста Каспий теңізіне дейін созылып жатқан таулы өлке.
Солтүстігінде Кума-Маныч ойпаңымен шектеседі. Оңтүстігін­

де шекара айқын емес—Алдыңғы Азия таулы қыраттарына
ұласып жатады. Ресей, Грузия, Әзірбайжан және Армения
мемлекеттері жерінде орналасқан.
Аңыз бойынша, жер жүзін қоршап тұрған тау тізбегі. Бұл

таулар аспан түстес зүбәржаттан құралған, ал ең биік шыңында
вулкан орналасқан. Жер бетіндегі барлық таулар Қап тауымен
байланысты, Алла Тағала осы таулар тізбегіндегі шыңдар­
дың біріне қолын тигізсе, жер сілкінісі болады. Қап тауының

арғы жағын йәжуж бен мәжүж деген қорқынышты халықтар
мекендейді, олар әр түн сайын тауды егеу сияқты тістері­
мен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы қалпына қайта келеді,
сөйтіп бұл халықтар жер бетіне шыға алмайды. Қап тауымен

байланысты көптеген аңыздар бар. Солардың бірсыпырасын­да
Қап тауының арғы жағында керемет мақұлықтар, дәулер мен
перілер мекендейтін ғажайып елдер бар деп айтылады.
Қара теңіз—Атлант мұхитының жерорталық теңізі. Ресей,

Румыния, Болгария, Түркия жағаларын қамтиды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қаратал—Алматы облысындағы өзен. Ол Балқаш көліне
құяды. Өзеннің атауына орай қойылған ауыл, аудан аты бар.
Қараталға Теректі, Сарыбұлақ, Көксу өзендері қосылады.
Қаратал атты өзендер еліміздің өзге өңірлерінде де кездеседі.

Қаратау—Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған
аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары.
Қаратауда жаз айларында қар жамылғысы болмағандықтан
осылай аталады. Қаратау атауы Орталық Азияда, Оңтүстік

Оралда т.б. түркі тілдес елдер аумағында (Түркия, Иран,
Кавказ, Қырым т.б.) жиі кездеседі. Қазақстанда Қаратау
жотасы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда об­
лыстары аумағында), Қаратау таулары (Маңғыстауда), Кетпен

(Ұзынқара) жотасында бар.
Қарқара—Алматы облысының Райымбек ауданындағы
өзен, тау, жайлау, ауыл атауы. Биік тау етегінен Шырғанақ­
ты өзеніне дейін созылып жатқан кең алқапты және сол өзен

жағасындағы ауыл атын жергілікті халық Қарқара атайды.
Осы жер 1916 жылы Жетісудағы ұлт-азаттық көтерілістің
ошағының бірі болғаны тарихтан белгілі.
Лепсі—Балқаш алабындағы өзен. Алматы облысы, Ақсу,

Сарқант аудандары жерімен ағады. Жетісу Алатауының сол­
түстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Балқаш көлінің
оңтүстік-шығыс бөлігіне құяды. Аңғары жоғары бөлігінде тар
шатқалды, төменгі ағысында кеңейе түседі. Жер асты, жауын-

шашын, мұздық суымен толығады. Жылына су деңгейі көктем­
де және жазда көтеріледі. Суы лайлы, ағыны қатты. Өзеннің
жазық жерлері желтоқсаннан наурызға дейін қатады. Суы егін
суаруға, жағалауы шабындық пен жайылымға пайдаланыла­

ды. Лепсінің су режимін реттеу үшін Лепсі каналы салынған.
Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас ме­
шіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел­
ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жа­
ңа құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла).
Мұсылмандардың Меккені 630 жылы жаулап алуы оның діни

орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана
қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып
тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады.
Меркі—Жамбыл облысы, Меркі ауданының орталығы,

ауыл, ауылдық әкімшілік округі орталығы, станция.
Орал—қала, Батыс Қазақстан облысының орталығы. Қала
Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсын­
да орналасқан.

Памир—Тәжікстан Республикасының Таулы Бадахшан
аймағында орналасқан таулы аймақ.
Перғауын—Құран кейіпкері, Мысыр патшасының аты,
титулы. Олар елді басқарумен қатар, Тәңірі қызметін де

атқарған. Өздерін Құдаймыз деп, халыққа өздеріне табынуды
талап еткен.
Петербор, Санкт-Петербург—Ресей Федерациясындағы
қала.

Сайрам—Оңтүстік Қазақстан аумағындағы орта ғасырлық
ірі қалалардың бірі. Бұрынғы аты—Исфиджаб. Орналасқан
жері қазіргі Сайрам кентінің Оңтүстік батысында, Шымкент
қаласынан 12 шақырым жерде. Сайрам жайлы алғашқы дерек

Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғати-т-түрк» атты еңбегінде
кездеседі. Моңғол шапқыншылығынан кейін Сайрам маңыз­
ды орталықтардың біріне айналған. ХV-VІІІ ғасырларда қазақ
хандықтары кезінде ірі сауда, діни және мәдениет ошағы

болған.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Сыр—Сырдария өзені. Қазақстандағы Сырдария өзенінің
аты жөнінде көптеген пікірлер, зерттеулер бар. Өзен аты тари­
хи дәуірлерде бірнеше рет өзгертілген.
Б.з.д. ғасырда өмір сүрген Александр Македонскийдің

кезінде бұл өзен Яксарт деп аталған. Грек географы Страбонның
еңбегінде де ол Яксарт аталатынын көрсетеді. Зерттеушілер­
дің айтуынша, Плиний б.д-дің ІІІ ғасырында Сырдариянын
сақтардың Силис деп атағанын хабарлайды. Ал VІІІ ғ. түркі

жазуларында Йенһу угуз аталған. Ерте, орта ғасырдағы араб,
парсы жазбаларында Сырдария өзені Сейхун деген атпен белгілі.
А. Левшин бұл өзеннің Сыр түрінде айтылуы Монғолдың Ку­
лаку деген ханының 1283 жылы парсыларға шабуылы кезінен

бері қарай кездесетінін айтады.
Сібір—Азияның Орал таулары мен Тынық Мұхит жаға­
лауының және Солтүстік Мұзды мұхит жағалауы мен Моңғо­
лия шекарасы, Сарыарқа етегі аралығындағы бөлігі.

Такламакан, Такла-Макан—шөл. Такламакан шөлінен
өтетін кейбір өзендер сағасына жетпей тартылып қалады.
Топырақ қабатындағы ылғалдың тапшы болуына байланыс­ты
ол жерде тек қуаңшылыққа бейімделген өсімдіктер өседі.

Талғар—Алматы облысындағы қала, Талғар ауданының
орталығы. Алматы қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан.
Ташкент—қазіргі Өзбекстан Республикасыының аста­
насы. Қазақ хандығы дәуірінде Ташкент қазақ хандары

үшін айрықша геосаяси маңызы бар өңірлердің бірі болған.
Тарихи деректер Ташкенттің Тәуекел және Есім хандары
тұсында қазақ билеушілерінің ықпалында болғанын аңдатады.
ХVІІІ  ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезінде де Ташкент

бірде басқыншылардың, бірде қазақ халқының қолына
өтіп тұрған. Қаланың ХVІІІ ғасырда қазақтардың айтулы

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

ордаларының бірі болғанын оның маңында Төле мен Әйтеке
билердің мүрделерінің жатуы айғақтайды.
Тегеран—Иран Ислам Республикасының астанасы, Азия­
дағы үлкен қалалардың бірі.

Текес—Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты ауыл,
өзен.
Түрген—Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы
ауыл, әкімшілік округының орталығы. Аудан орталығы

Есік қаласынан шығысқа қарай 12 шақырым жерде, Түрген
өзенінің жағалауында, Іле Алатауының солтүстік баурайында
орналасқан.
Тынық мұхит—көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен

мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында
Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида
құрылықтарымен шекаралас.
Тянь-Шань (қыт. Аспанмен тілдескен тау)—Орта және

Орталық Азиядағы тау жүйесі. Тянь-Шаньның батыс бөлігі
Қырғызстанда, солтүстік және батыс жоталары Қазақстанда,
оңтүстік батыс сілемдері Өзбекстан мен Тәжікстанда, шығыс
жағы Қытайда.

Ұлытау—Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі ұсақ
шоқылы, таулы өлке. Ұлытауда атақты Жошы хан мазары
сақталған. Бұл арада өткен ғасырларда үш жүздің ақсақалда­
ры бас қосып, ел тағдырына қатысты алқалы жиындар өткізіп

тұрған.
Хантау—Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы
кент, кенттік округ орталығы. Аудан орталығы Мойынқұм
26-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

ауылынан шығысқа қарай 90 шақырым жерде, Хантау тауы­
ның оңтүстік шығысында орналасқан.
Шам—қала. Сирияны арабтар осылай атаған. Теңеу ретін­де
«шариф» сөзі қосылып, көбінесе «Шам шариф» делінеді. Ша­

риф арабша—құрметті, қадірлі, ұлы мәртебелі деген мағынаны
береді.
Шаш—Сырдария өзенінің оң жағы, Шыршық өзенінің
алабындағы ертедегі тарихи қоныс, өлке.

Шелек—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандағы ауыл,
ауылдық округ орталығы. Шелек өзенің сол жағалауына таяу
орналасқан.
Іле өзені—Қазақстан (Алматы облысы) және Қытай же­

ріндегі өзен. Шығыс Тянь-Шаньнан басталып, Балқаш көліне
құяды. Басты салалары: Қаш, Қорғас (оң жақ), Шарын, Шелек,
Талғар, Қаскелең, Күрті (сол жақ).

ТОМҒА ЕНГЕН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ҮЛГІЛЕРДІ

АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ

МӘЛІМЕТ

Дәркенбайұлы Мейірман [1850-1887]—ақын, жыршы.
Қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Жіңіш­
ке деген жерде дүниеге келген. Мейірманның оқыс аяқтал­ған
қыршын өмірі секілді аяқасты шығара салған бір-екі шумақ

тапқыр өлеңдері мен күлдіргі әңгімелері ел ішіне кең тараған.
Әкесі Дәркенбай Мүсірепұлы Жетісудағы қазақ-қырғызға
тең танылған тілмәр шешен, қабырғалы би, ұзақ жылдар
болыс сайланып, ата-бабаларынан мұра болып келе жатқан

дәулетінің арқасында Мекке барып, қажы атанған ірі тұлға
болған. Ұлы бабасы Әжібай Найманбайұлы—Өтеген, Қабан
жырау, Қасқарау, Бөлек, Сатай т.б. батырлар сапында қазақ-
жоңғар соғыстарында зор еңбек сіңірген білекті батырлардың

бірі. Мейірманның қысқа да өткір өлеңдерінің көпшілігі
әкесі Дәркенбай қажы мен оның немере ағасы Мақсұт биге
арналады.
Жансүгірұлы І. (1894-1938)—қазақ әдебиетінің негізін

қалаушылардың бірі. Ақын, қоғам қайраткері, фольк­лор­та­
нушы. Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. Ақсуда­ғы
Қарашаш деген жерде орта білім алып, 1920 жылы Ташкент­тегі
екі жылдық қазақ-қырғыз мұғалімдер курсын бітірді.

Ол 1920 жылдан ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен
шұғылданып, Мәскеу қаласында «Өтірік», «Сүйінбай», «Зар
заман. Албан Асан» жинақтарын жарыққа шығарды.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Қасқабасов С.А.—аса көрнекті фольклортанушы, ҰҒА
академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Ғалым 1940 жылы 24 маусымда Семей қаласында туған.
1957 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы №12 қазақ

орта мектебін, 1964 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика
институтын үздік тамамдаған. 1967 жылы Қазақ ССР Ғылым
академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының аспирантурасын бітіріп, 1969 жылы «Қазақтың

қиял-ғажайып ертегілері» атты тақырыпта кандидаттық дис­
сертация қорғаған.
1994-1997 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер

институтында
директордың
орынбасары,
Қолжазба

және текстология бөлімінің меңгерушісі, 1997-2001 жылдары
Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінде «Еуразия» ғылыми орталығын, шығыстану
факультетін ұйымдастырып, басқарған, қазақ фольклоры мен

әдебиет тарихы бойынша дәріс оқыды. 2001-2011 жылдары
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ди­
ректоры қызметін атқарды. «Казахская волшебная сказка»
(1972), «Қазақтың халық прозасы» (1984), «Родники искус­ст­

ва» (1986), «Колыбель искусства» (1990), «Казахская неска­
зочная проза» (1992), «Абай және фольклор» (1995), «Золотая
жила» (2000), «Жаназық» (2002), «О фольклоре и не только»
(2005) «Елзерде» (2008) сияқты монографиялар мен ғылыми

еңбектердің, 300-ден астам зерттеу жұмыстарының авторы.
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мем­
лекеттік сыйлығының лауреаты.
Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858-1931)—ақын, жазушы,

аудармашы, композитор, тарихшы, философ. Туған жері қазір­
гі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс­
тау бөктері. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те
көрсетеді. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбі­

шесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім
сонда Абайға немере іні болып келеді. «Түрік, қырғыз, қазақ

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көр­
ген. Оның шығармалары: «Үш анық», «Мұсылмандық шарты»,
«Жолсыз жаза», «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жас­
тық туралы», «Анадан алғаш туғанымда», «Бұл ән бұрынғы ән­

нен өзгерек» т.б.
Жұматаев Әлиакбар (1910-1987)—ақын, жыршы. Бұрын­
ғы Ақмешіт уезінің Қармақшы ауданына қарасты Қуаңда­
рия болысында дүниеге келген. Жастайынан Тұрмағамбет

Ізтілеуовтен және Шора молдадан ескіше сауат ашқан.
Кеңес кезеңінде өлеңдері Темірбеков Әбілданың көмегімен
бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланып отырған. «Қара
қисық туралы» дастанында Қоқан билеушілеріне қарсы Қара

қисық батырдың күресі ерекше баяндалған. «Сұлу сырым»,
«Темір тұлпарлы қыз алтын шаш», «Мардымсыған бір төбет»,
«Мектеп оқушыларына», «Халқыма етсем қызмет», «Лениннің
100 жылдығына», «Ешовтың естелігі», «Дүниеде бір зат көрдім

өлмейтұғын», «Қазалының Әбдіразақ деген ақыны», «Масамен
айтыс», «Ешкімен айтыс», «Мақтанышым емес пе?», «Қуанып
Мұрат айға ұшты», «Қадірлі інім Құттыбай», «Кетенің ке­
меңгері» сияқты шығармалары сақталған.

Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы—«Нұр Отан» Ха­
лықтық Демократиялық партиясы Алматы қалалық фи­лиалы
төрағасының Бірінші орынбасары, филология ғылымда­рының
докторы, фольклортанушы. Ұлттық Ғылым академия­сының

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын­да, Абай
атындағы Қазақтың педагогикалық институтында ғылыми-
педагогикалық жұмыстармен шұғылданған.
Сұлтанқожаұлы Майлықожа—қазақтың белгілі ақыны.

Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қожатоғай
елді мекенінде туып-өскен. Ақбұлақ өзені, қазіргі Бадам
станциясы маңында дүние салған. Мұсылманша хат таныған
Майлықожа өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған. Оның

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

арнау өлеңдері, термелері, дастандары («Папор патша», «Патша
мен үш ұры», «Аңқау мен қу», «Нақыл» т.б.), айтыстары
(Құлыншақпен, Ұлбикемен т.б.) бар. 1883 жылы Түркістан
мұғалімдер семинариясының мұғалімі Я.Я.Лютш құрасты­

рып, Тәшкенде бастырып шығарған «Қырғыз хрестоматия­
сында» Майлықожаның бес өлеңі жарияланды. Ақынның бір
топ шығармалары «Үш ғасыр жырлайды» кітабында (1922)
жарияланған, «Нақыл» атты шығармалар жинағы 1972 жы­

лы жарық көрсе, толық шығармалар жинағы 1997 жылы
Шымкентте баспа бетін көрді.
Ақынның өмір сүрген жылдары туралы мәліметтерде бір
ізділік жоқ. Майлықожаның шығармашылығын зерттеген

Ә.Оспанұлы оны 1835-1898 жылдарда өмір сүрген десе, Май­
лықожаның мұрасын жинаған К.Шәменов 1837-1908  жылдар
деп көрсетеді. Кәрібай Шәменовтың айтуынша, әкесі Сұл­
танқожаның лақап аты Шотан болған, сол себепті кейбір кі­

таптарда Майлықожа Шотанұлы деп берілген.
Мәжікеев Мұқаш (1900-1985)—халық мұраларын жи­нау­
шы. Ақмола облысы, Державин ауданы, Далабай аулында туып-
өскен. Ол 1930-1970 жылдар аралығында баспасөз орында­

рында қызмет істеген. Әр жылдары жинаған фольклорлық
материалдары ӘӨИ қорында сақтаулы.
Мәзқожаев Рахмет (1881-1976)—ақын, жыршы. Қызылор­
да облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген. Он алты

жасынан домбыра тартып, өлең, жыр айтқан. Облыста концерт-
эстрада бюросында Нартай Бекежанов басқарған бригаданың
белсенді мүшесі болып, ел арасында өз өнерін көрсетті. Соғыс
жылдарында қызыл отауды басқарды. Соғыстан кейінгі

жылдарда облыстық, республикалық айтыстарда Есдәулет
Қандековпен, Әбділда Жүргенбаевпен, Өкіл Жайлауовпен өнер
жарысына түсті. Ауыз әдебиеті нұсқаларын да жинауға үлес
қосты. Бірнеше жыр-дастандар, терме-толғаулар жырлап, ел

арасында насихаттап отырды. ОҒК және ӘӨИ қолжазба қорына

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР 60 мың жолдан аса дастан, өлең-жырлар тапсырды. «Қойдың арызы», «Қызыл сиырдың арызы», «Малдарды шақыру», «Сыр­дария соғысы» атты өлеңдері «Пернедегі термелер» (1965), Өкім Жайлауовпен айтысы «Айтыс» (3-т., 1966) жинақтарын­ да жарияланды. Бүкіл түркі халқына кең тараған «Көрұғлы» дастаны Мәзқожаевтың нұсқасы бойынша қазақ тілінде жеке кітап (1973) болып шықты. Мұратов Әбдырайым (т.ө.ж.б.)—жыршы, халық мұра­ ларын жинаушы. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында туып-өскен. Ол әр жылдары ӘӨИ-дің сирек қоры­ на көптеген қолжазбалар жинап тапсырған. Солардың бірі— «Орқа-Күлше» атты қисса. Радлов В.В. (1837-1918)—ірі шығыстанушы, түркі тілдері мен фольклорының үлкен білгірі. Ұлты—неміс, Германияның Берлин қаласында дүниеге келген. Берлин университетін бі­ тіргеннен кейін Ресейге келіп, тіл үйрену мақсатымен Алтай өңіріне барып, оқытушылық қызмет атқарады. Осы уақыт­ тан бастап түркі халықтарының ауыз әдебиетін зерттеумен белсене шұғылданады. В.В.Радлов әртүрлі ғылыми сипаттағы экспедицияларға қатысып, фольклорлық үлгілерді ғылыми тұрғыда жинап, қағазға түсіреді. В.В.Радлов 1870 жылы «Түркі тайпалары халық әдебиеті­ нің нұсқалары...» деген көптомдық еңбегінің үшінші томында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жариялады. Медеубекұлы Сағатбек—Баспа ісі және дизайн ка­федра­ сының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент. Еңбек жолын 1984-86 жылдары «Өнер» баспасында редактор болып бастады. 1986-1989 жылдары ҚР ҰҒА М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспиранты, 1991-95 жылдары аға лаборант, кіші ғылыми қыз­ меткер, аға ғылыми қызметкер, 1989-97 жылдары «Өнер»

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

баспасының, «Жетісу», «Ана тілі» газеттерінің редакторы бо­
лып қызмет атқарды.
Саттаров
Қыдырәлі

(1941-2011)—фольклортанушы,
филология ғылымдарының докторы, профессор. Оңтүстік Қа­
зақ­стан мен Өзбекстан Республикасы Ташкент өңіріне ұйым­
дастырылған бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспе­­

ди­ция­ларды басқарған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қол­
жазба қорына тапсырған.
Тәкежанов Құсайын (1886-ө.ж.б.)—суырып салма ақын,

жыршы. Қарағанды облысының Нұра ауданында туып-өскен.
Жеке шығармаларымен қатар, халық арасындағы терме,
толғау-дастандарды көп білген. 1959 жылы ақынның өлеңдері
«Термелер» деген атпен жеке жинақ болып шыққан. Оның

жеке туындылары мен ел ішінен жинаған материалдары ӘӨИ-
дің сирек қорында сақталған.
Тоқтар Әлібек—әдебиетанушы, халық мұраларын жи­нау­
шы, мәтінтанушы, филология ғылымдарының кан­ди­даты,

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қол­
жазба бөлімінің меңгерушісі.
Төреқұлов Нысанбек (1921-2007)—фольклортанушы, фи­
лология ғылымдарының докторы. Ғылыми қызметте жүр­ген

жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти­ту­
ты ұйымдастырған бірнеше фольклорлық экспедицияларға
жетекшілік жасап, Қолжазбалар қорының толығуына өз үлесін
қосқан.

Ізтілеуов Тұрмағанбет (1882-1939)—аса көрнекті ақын,
жыршы. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған.
Әуелі Бұхарадағы «Мир араб» (1896-1899), кейін «Көкелташ»
медресесінде (1899-1905) оқиды, тәжіктің академик-жазушы­

сы С.Айнимен дос болып, «Көкелташты» бірге бітіреді. Ол—

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

оннан астам хикая, дастанның авторы. 1936 жылы Тұрмағамбет
ұлы ақын Фердоусидің әйгілі «Шахнамесін» қазақ тіліне
(40 мың жолдай) аударып шықты, ол аударма 1961 жылы
«Рүстем дастан» деген атпен жарияланды. 1965 жылы шыққан

«Үш ғасыр жырлайды» атты кітапқа ақынның бірқатар шы­
ғармалары енді. Тұрмағамбет айтыстарға өзі де қатысып, кейде
төреші ретінде ақыл-кеңес беріп, әділ қазы бола білген.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҰҒА—Ұлттық Ғылым Академиясы
Қ—Қазан қаласы

ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
а—араб

о—орыс
п—парсы
т—түркі
[...]—түсіп қалған, оқылмаған сөздер, тіркестер

[]—құрастырушылар тарапынан қойылған атаулар, тақы­
рыптар
ж.с.—жергілікті сөз
к.с.—көнерген сөз

т.ө.ж.б.—туған, өлген жылы белгісіз

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Зерттеулер мен энциклопедиялар,
фольклорлық жинақтар, сөздіктер

1.  «Алтын абдыра» /Құрастырған: Оразақын Асқар.—

Алматы: «Балауса» баспасы, 2007.—496-б. 2.  В. В. Радлов. Алтын сандық //Құрастырып, алғы сөзі мен

түсініктемелерін жазғандар—филология ғылымының док­то­
ры Сейіт Қасқабасов, филология ғылымының кандидаты Кен­
жехан Ісләмжанұлы.—Алматы: «Ана тілі», 1993.—253-б.

3.  Өтірік. Балалар кітапханасы. //Жинаған Жансүгірұлы

Ілияс. Төте жазудан аударып, баспаға әзірлеген Т. Әлібек,
С.Шахина.—Қарағанды, 2001.—63-б.

4.  Өтірік әңгімелер.—Алматы: «Қазақтың мемлекеттік

көр­кем әдебиет баспасы», 1962 / Құрастырған Қарта Қаң­тар­
байұлы.—117-б.

5.  Мейірман ақын Дәркенбайұлы Әжібай тегі. Өтірік өлең-

хикаялар. Аңыз, әңгімелер, зерттеулер.—Алматы, 2005.—113-б. 6.  Қырық өтірік.—Шынжаң халық баспасы, 1958.—20-бет. 7.  Сексен өтірік. Тұрманжанов Өтебай.—Алматы, 1937. 8.  Қара өлеңдер.—Үрімжі: «Шинжаң халық» баспасы,

2009. 9.  Жармұқамедов М. Айтыстың даму жолдары.—Алматы,

1976. 10.  Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті.—Алматы,

1974.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

11.  Айтыс. 2-том.—Алматы, 1965. 12.  Айтыс. 3-том.—Алматы, 1966. 13.  Айтыс. 1-том.—Алматы, 1988. 14.  Айтыс. 2-том.—Алматы, 1988. 15.  Ақын-жыраулар.—Алматы, 1979. 16.  Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 1-8-том­

дар.—Алматы, 1975-2005. 17.  Ыбыраев Ш., Алпысбаева Қ., Әлібек Т. Халық әдебиетін

жинау, жүйелеу және сақтаудың әдістемелік құралы.—Ал­
маты, 2009.

18.  Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—

Москва, 1968. 19.  Древнетюркский словарь.—Л.: Наука, 1969. 20.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырғандар:

Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

21.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 22.  Қазақ

тілінің
фразеологиялық
сөздігі.
Құрастыр.

І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 23.  Персидско-русский словарь/Под ред. Ю.А. Рубинчика.

І-ІІ т.—Москва, 1970. 24.  Татарско-русский словарь.—Москва: Советская эн­цикло­­

пе­дия, 1966. 25.  Турецко-русский словарь.—Москва: Русский язык ме­

диа, 2005. 26.  «Күлдіргілер». Шынжаң Халық баспасы, 2011 ж. — 21

том. —620-б.

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

Қолжазбалар

1. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.131.

2. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.146

3. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.315.

4. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.920/71.

5. ӘӨИ. ҚҚ.Ш. 920/83.

6. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.920/136.

7. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.920/137.

8. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.920/7.

9. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.920/78.

10. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.920/136.

11. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.926.

12. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.894.

13. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.1053.

14. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.405.

15. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.312.

16. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.136.

17. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.315.

18. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.333.

19. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.1165.

20. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.895.

21. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.912/2.

22. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.252.

23. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.1047.

24. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.914.

25. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.1024.

26. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.1102.

27. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.856.

28. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.985/1.

29. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.520.

30. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.246.

31. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.487.

32. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.147.

33. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.301.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

34. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.458.

35. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.736.

36. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.357.

37. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.736.

38. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.332.

39. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.1102.

40. ӘӨИ. ҚҚ.Ш.1095.

41. ОҒК. Ш.256.

42. ОҒК. Ш.315.

43. ОҒК. Ш.700.

44. ОҒК. Ш.302.

45. ОҒК. Ш.714.

46. ОҒК.Ш.273.

47. ОҒК.Ш.717.

48. ОҒК.Ш.291.

49. ОҒК.Ш.1717.

50. ОҒК.Ш.304.

51. ОҒК.Ш.222.

52. ОҒК.Ш.700.

53. ОҒК.Ш.232.

54. ОҒК.Ш.570.

55. ОҒК.Ш.248.

РЕЗЮМЕ

Институтом литературы и искусства им. М.О. Ауэзова
про­должается научное издание стотомного Свода «Баба­лар
сөзі», выпускающегося в рамках Национального стратеги­чес­
кого проекта «Мәдени мұра» («Культурное наследие»). Пре­

дыдущий девяносто один том серии был посвящен эпическим
произведениям, народным песням, сказкам, за­гадкам, по­
словицам и поговоркам, а так­же другим малым жанрам,
которые являются самыми мно­го­численными и высоко­худо­

жест­венными в национальном фольк­лоре. Если быть точнее, то
были подготовлены к изданию и выпущены тринадцать томов
«Новеллистических даста­нов», семь то­мов «Религиозных
дастанов», одиннадцать томов «Рома­нических дастанов»,

двадцать томов «Героического эпоса», одиннадцать томов
«Исторических поэм», пять томов «Пословиц и поговорок»,
два тома «Народных песен», четыре тома «Генеалогических
преданий», пять томов «Сказок», четыре тома «Исторических

преданий», два тома «Обрядового фольклора», а также одно­
томники: «Загадки», «Детский фольклор», «Казахские мифы»,
«Фольклор казахов Монголии», «То­понимические предания»,
«Кюи-легенды», «Поэмы-предания». В двенадцати томах этой

серии были использованы материалы из фольклорного насле­
дия казахов Китая, а в одном томе—казахов Монголии.
К непрерывающимся на протяжении столетий и про­дол­
жающимся до сегодняшнего дня древним жанрам ка­зах­

ского фольклора можно отнести небылицы и басни. Этот вид

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

фольклорного наследия с древних времен тесно связан с на­
циональными особенностями, образом жизни, обрядами и
традициями народа. Они в виде сатиры и юмора осуждают
нелицеприятные в глазах народа действия и поведение и

посредством смеха заставляют задуматься об этом.
Обрисовываемые в небылицах сюжеты, события и эпизоды
обычно связаны с находящимися во все времена перед глазами
человека вещами, окружающими животными, птицами и насе­

комыми, их взаимосвязь с человеком передается посредством
движений и действий. В ходе событий рассказывается о дале­ких
от правды, вызывающих недоверие слушателей, и в то же время
увлекательных и смешных историих. Среди народа сохранились

небылицы в виде стихов, поэтических сказаний и прозы. Для
сочинения, особенно стихотворных образцов, небылиц наряду
с поэтическим даром были нужны изощренная находчивость,
знания и острая фантазия.

А в народных баснях через художественные образы раз­
личных живых созданий, их характеры, поступки и по­ве­
дение иносказательно передаются те или иные недостатки
людей. Не проходят мимо внимания этого жанра реальности

полной противоречий общественной жизни, а также вопросы
социально-исторического, духовно-политического характера.
В них осуждаются неприятные и недостойные стороны преж­
них обычаев и привычек, которые подвергаются критике и

осуждению через воплощенных в художественные образы
героев, юмор и насмешку.
Слушатель внутренне чувствует и улавливает передаваемые
в загадочной форме истории и вложенный в них иносказа­тель­

ный смысл. Таким образом, высокое мастерство и утончен­
ность восприятия составителей басен позволяют им создавать
различные образы животных, зверей и птиц, вкладывать в их
действия и уста соответствующее характеру разных людей

поведение, делая выводы и отражая тем самым глубокие
социальные и общественные проблемы. Среди басен также
встре­чаются сти­хотворные и прозаические формы изложения,

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР

а также на­пи­санные для состязаний айтысов. Народные акыны
сочиняли и распространяли среди народа басни, похожие на
небылицы. Со временем их авторство позабылось или они
сознательно не считали нужным оставлять свое авторство.

В очередной, 92-й том стотомной серии «Бабалар сөзі»
включены около 17-ти широко распространенных среди
народа стихов-небылиц с образцами подлинников, а также
два произведения (в подлиннике) из образцов поэтических

сказаний. Большинство из них подготовлено на основе ру­
кописей, хранящихся в ЦНФ МОН РК и фонде редких ру­ко­
писей Института литературы и искусства имени М.Ауэзова.
Кроме того, использованы материалы, собранные в ходе фольк­

лорно-этнографических экспедиций, организованных в Ка­зах­
стане, Узбекистане и Каракалпакии. Если конкретно, боль­шую
помощь в подготовке данного тома оказали материалы, соб­
ранные и записанные членами экспедиций под руковод­ством

профессоров К.Саттарова, Б.Рахымова. Отдельно были ис­
пользованы рукописи собирателей и авторов М.Толепкалиева,
А.Ниязбекова, К.Такежанова, М.Мажикеева, К.Тунгышбаева
и других. Были также использованы отдельные сборники

И.Жансугурова «Ел өтірігі» (1927), В.Радлова «Алтын сандық»
(1993), О.Турманжанова «Сексен өтірік» (1937), вышедшая в
Синьзянском округе КНР «Қырық өтірік» (1958) и другие.
Последнюю часть тома дополнили произведения, отно­

ся­щиеся к жанру басни. Основную часть подготовленных к
из­данию материалов составили тексты, сохраненные в упо­
мянутых выше фондах. Отдельно стоит обозначить, что в ка­
чественной подготовке тома помогли наследия, собранные в

южных краях Казахстана, Узбекистане и Каракалпакии по
инициативе и под руководством К.Саттарова. Также были
взяты тексты басен, записанные и сданные в фонды такими
собирателями фольклора, как Н.Торекулов, Р.Мазкожаев,

И.Окпенов, А.Жуматаев, Р.Токтарбаев, К.Кабылбаев, Г.Бат­
талов, Д.Урпеков, К.Асылбаев, М.Токсанов.
27-0184

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР

Согласно принципам издания серии, тексты снабжены на­
уч­ными приложениями и произведения соответственно про­
нумерованы. Научные дополнения к тому составляют: сведения
о переписчиках, издателях и изданиях текстов, вошедших в него,

научные толкования текстов, вошедших в данный том, словарь,
географические, именные указатели, сведения об исторических
личностях, встречающихся в текстах, список использованной
литературы, резюме к тому на русском и английском языках.

Общий объем тома—27,0 п.л.

SUMMARY M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art іs contіnuіng preparatіon for publіcatіon of one hundred volume of scіentіfіc edіtіon of the serіes «Wіsdom of ancestors» іn the frame of the Natіonal strategіc project «Cultural Herіtage». Prevіous eіghty-nіne volumes of the serіes were devoted to the epіc works, folk songs, tales, rіddles, proverbs and sayіngs, as well as other smaller genres, whіch are the most numerous and hіghly artіstіc іn natіonal folklore. Thіrteen volumes of the «Novelіstіc dastans», seven volumes of «Relіgіous dastans», eleven volumes of «Romantіc epіc», twenty volumes of the «Heroіc epіc», eleven volumes of «Hіstorіcal poems», fіve volumes of «Proverbs and sayіngs», two volumes of «Folk songs», four volumes of «Genealogіcal legends», fіve volumes of «Tales», four volumes of «Hіstorіcal legends», one volume of «Rіddles», «Chіldren’s Folklore», «Kazakh myths», «Folklore of Kazakhs of Mongolіa», «Toponymіc legends», «Kyu legends», «Poems-legends» have been prepared and publіshed. Twelve volumes of the serіes іnclude the materіals on the folk herіtage of Kazakhs of Chіna and one volume—the Kazakhs of Mongolіa. Faіry storіes and fables can be referred to the ancіent genres of Kazakh folklore whіch are contіnuous durіng many centurіes. Thіs type of folklore herіtage from ancіent tіmes іs closely related to natіonal characterіstіcs, lіfestyle, natіonal customs and tradіtіons. They condemn bad actіons and behavіor іn satіrіc, humorіstіc way and make people thіnk about іt.

ӨТІРІК  ЖӘНЕ  МЫСАЛДАР Plots, events and epіsodes descrіbed іn the faіry storіes are usually assocіated wіth thіng, anіmals, bіrds and іnsects, and theіr relatіons wіth human beіng are transmіtted through motіons and actіons. Іn the course of events the fascіnatіng and funny storіes are told whіch are far from truth and cause dіstrust of lіsteners. People tell faіry storіes іn form of poems, poetіc storіes and prose. Especіally for composіng poetry samples of faіry storіes the sophіstіcated іngenuіty, knowledge and fantasy were necessary together wіth poetіc talent. Folk fables through artіstіc іmages of varіous lіvіng creatures, theіr characters, actіons and behavіor metaphorіcally transfer certaіn weaknesses of people. Thіs genre concerns the realіty full of contradіctіons of socіal lіfe, as well as socіo-hіstorіcal, spіrіtual and polіtіcal іssues. They condemn the unpleasant and unworthy features of the past customs and habіts, crіtіcіze and condemn them through the characters represented іn artіstіc іmages, wіth humor and rіdіcule. Lіstener feels and understands the storіes transmіtted іn mysterіous form and theіr allegory. Thus, hіgh skіll and elegancy of the compіlers of the faіry storіes allow them to create dіffe­ rent іmages of anіmals and bіrds who behave lіke people, make conclusіons and thus reflect socіal problems. Among the fables there are also works wrіtten іn the form of verse and prose іntended for the aіtys competіtіon. Folk akyns have composed faіry storіes and dіstrіbuted them among people. Over tіme, theіr authorshіp was forgotten, or they haven’t delіberately consіder іt necessary to keep the authorshіp. Volume 92 of one hundred volume serіes «Babalar sozі» contaіns about 17 wіde spread poems-faіry storіes wіth samples of orіgіnal scrіpts, as well as two works (іn orіgіnal) from the samples of poetіc storіes. Most of them are prepared on the basіs of manuscrіpts kept at CNF MES RK and the collectіon of rare manuscrіpts of the M.Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art. Іn addіtіon, the mate­ rіals collected іn folklore and ethnographіc expedіtіons organіzed іn Kazakhstan, Uzbekіstan and Karakalpakstan were used. Espe­

ҒЫЛЫМИ  ҚОСЫМШАЛАР cіally helpful were the materіals collected and recorded by mem­ bers of the expedіtіon under supervіsіon of professors K.Sattarov, B.Rakhymov. Manuscrіpts whіch were collected and recorded by the authors M.Tolepkalіev, A.Nіyazbekov, K.Takezhanov, M.Mazhіkeev, K.Tungyshbaev and others were used separately. Partіcular collectіons of І.Zhansugurov’s «El otіrіgі» (1927), V.Radlov’s «Altyn sandyk» (1993), O.Turmanzhanov’s «Seksen otіrіk» (1937), publіshed by Xіnjіang Dіstrіct of Chіna «Kyryk otіrіk» (1958) and others were used. The last part of the volume іncludes the works related to the genre of fables. The maіn part of the texts prepared for publіcatіon, are the texts whіch are stored іn the above-mentіoned foundatіons. Іt іs worth mentіonіng that herіtage collected іn the southern parts of Kazakhstan, Uzbekіstan and Karakalpakstan contrіbuted to the qualіtatіve preparatіon of the volume, іnіtіated and supervіsed by K.Sattarov. Also were used the text of fables recorded and submіt­ ted to the foundatіons by such collectors of folklore, as N.Tore­ kulov, R.Mazkozhaev, І.Okpenov, A.Zhumataev, R.Toktarbaev, K.Kabylbaev, G.Battalov, D.Urpekov, K. Asylbaev, M.Toksanov. Accordіng to the prіncіples of publіshіng of the serіes, the texts are provіded wіth scіentіfіc annexes and the works have respectіve numbers. Scіentіfіc supplements to the volume іnclude іnforma­tіon about the copyіsts, publіshers and edіtіons of the texts іncluded іn іt, the scіentіfіc іnterpretatіon of the texts іncluded іn thіs volume, a dіctіonary, geographіcal names, іnformatіon about hіstorіcal fіgures іn the text, a lіst of references, summary іn Englіsh and Russіan languages. The total sіze of the volume—27,0 pp.

МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан........................................................5 Қазақ өтірігі....................................................................9 МӘТІНДЕР І. Өтірік өлеңдер 1. Өтірік өлең................................................................. 27 2. Өтірік өлең ................................................................ 28 3. Өтірік өлең................................................................. 28 4. Өтірік өлең................................................................. 29 5. Өтірік өлең................................................................. 30 6. Өтірік өлең................................................................. 31 7. Өтірік өлеңдер............................................................. 32 8. Өтірік өлең ................................................................ 32 9. Өтірік өлең ................................................................ 33 10. Өтірік өлең............................................................... 34 11. Өтірік өлең ............................................................... 36 12. Өтірік өлең............................................................... 81 13. Өтірік өлең............................................................... 84 14. Өтірік өлең............................................................... 85 15. Өтірік өлең............................................................... 90 16. Өтірік өлең............................................................... 91 17. Ағаш пен шөптің ажырасқаны..................................... 93 ІІ. Өтірік жырлар 1. Кер бие, торы құлын (І. Жансүгірұлы нұсқасы)............... 95 2. Торы тай...................................................................100

ІІІ. Өтірік әңгімелер 1. Қырық өтірік айтқан шопан.........................................133 2. Қырық ауыз өтірік айтқан тазша бала (ІІ нұсқа).............134 3. Тазшаның қырық ауыз өтірігі (ІІІ нұсқа).......................136 4. Сексен өтірік (ІV нұсқа)...............................................149 5. Тазша баланың өтірігі (V нұсқа)...................................162 6. Өтірік ертегі..............................................................169 7. Өтірікке әкесінен асқан бала........................................171 8. Өтірікке бәйге............................................................172 9. Екі суайт...................................................................173 10. Қыз бен тазша..........................................................177 11. Алты ана қасқыр, алты бала қасқыр............................182 12. Былғақ тентек..........................................................182 13. Молда неге итке тұмар жазып берді?............................183 14. Жаны тәтті шал........................................................183 15. Тоқсаба мен тоғыз жасар бала.....................................184 16. Соқыр, таз, жалақ.....................................................185 17. Тапқыр келін...........................................................185 18. Жұмсауық әйел........................................................186 19. Қалтақбастың қиялы................................................186 20. Түлкі мен қораз........................................................187 21. Қағанақбас, Қылкеңірдек, Шиборбай..........................187 22. Өгіз баққан үш кісі....................................................188 23. Адай аңыздары.........................................................189 24. Құдық туралы аңыз..................................................191 25. Желмаямен желгенде................................................192 26. Өтірік Жағыпар молда болыпты..................................193 27. Байқал мен Енисей....................................................194 28. Ығайдың өтірігі........................................................196 29. Әлімжанның өтірігі...................................................197 30. Сұраубайдың өтірігі..................................................197 31. Қарабек...................................................................198 32. Қарсыбек.................................................................199 33. Ақыжанның өтірігі...................................................200 34. Сәлібай Қорсаңұлының өтіріктері...............................202 35. Қайрақпен шүрегейді атып алдым...............................204 36. Байсарының өтірігі...................................................204 37. Мұқажанның әңгімесі...............................................204

38. Қарсақбайдың әңгімесі..............................................205 39. Жүрген аяққа жөргем ілінеді.....................................205 40. Қу Жарғақ Сарбастың екінші әңгімесі.........................207 41. Бұқабай мергеннің өтірігі..........................................209 42. Балапанды барқын қаз..............................................210 43. Айлакер тазшаның өтірігі..........................................210 МЫСАЛДАР І. Мысал өлеңдер 1. Жолбарыс мінген ұры.................................................217 2. Ат пен Есек................................................................223 3. Қақпанды қасқыр.......................................................224 4. Қара қоңыз................................................................227 5. Төрт дос ....................................................................230 6. Қой мен қасқыр..........................................................231 7. Қамаудағы жолбарыс пен шошқа..................................234 8. Қасқыр мен тырна......................................................236 9. Бұлбұл мен есек.........................................................238 10. Орманнан қасқыр келді елге қашып............................240 11. Қаншыр мен бөдене...................................................242 12. Ақылшы торғай........................................................244 13. Қасқыр, түлкі, бөдене (І нұсқа)...................................247 14. Шымшық пен көгершін.............................................252 15. Қарақұс...................................................................254 16. Тышқан мен түйе......................................................258 17. Түлкі мен қасқыр (І нұсқа).........................................260 18. Қу түлкі (ІІ нұсқа).....................................................265 19. Құныққан бүркіт......................................................268 20. Жылқыдан туған есек...............................................269 21. Семірген есек...........................................................270 22. Шыпжың торғай.......................................................271 23. Тышқан мен түйе......................................................271 24. Арыстан, киік, түлкі.................................................273 25. Меншіл есек ............................................................275 26. Қойшы мен қасқыр...................................................276 28. Тоты құс (Мысал дастан)............................................280

ІІ. Мысал айтыстар 1. Нәсира мен Шолым.....................................................287 2. Ажал мен жанның айтысы...........................................291 3. Төрт түлік мал туралы айтыс........................................300 4. Тай мен жігіт.............................................................302 5. Жас бұзау мен қатын ..................................................303 6. Жылан мен адамның айтысы.......................................305 7. Бұлбұл мен қаршыға...................................................308 8. Жастық пен кәрілік....................................................312 9. Шаруа мен тарының айтысы........................................316 10. Ашу мен ақылдың айтысы.........................................316 11. Бабай мен қасқыр.....................................................318 12. Көкқұтан мен шымшық.............................................322 ІІІ. Мысал әңгімелер 1. Қу түлкі....................................................................324 2. Қырғи мен бөктергі.....................................................324 3. Екі бұғы....................................................................325 4. Түлкі мен қоян...........................................................326 5. Арыстан күшігін асыраған мысық................................326 6. Ақымақ қасқыр.........................................................327 7. Тау мен қаңбақ...........................................................328 8. Түлкі мен қырғауыл...................................................329 9. Көбелек пен маса........................................................329 10. Тапқыр қоян............................................................330 11. Адам, ит, мысық және қаршыға..................................331 12. Шортан...................................................................331 13. Қартайған арыстан....................................................332 14. Ала қойлар..............................................................332 15. Қасқыр мен тышқан .................................................333 16. Түлкінің жақсылығы................................................333 17. Маса мен арыстан.....................................................334 18. Бұлақ......................................................................334 19. Мақтаншақ бұғы.......................................................335 20. Тышқандар мәжілісі.................................................335 21. Түлкі ......................................................................336 22. Тышқан мен жылан..................................................337

23. Түлкі мен бөдене.......................................................337 24. Қозы мен қасқыр......................................................339 25. Қаз.........................................................................339 26. Бүркіт пен құзғын.....................................................340 27. Кептер мен қарға......................................................341 28. Ат пен өгіз...............................................................341 29. Үкі мен шегіртке......................................................343 30. Әтеш пен қорқаулар..................................................344 31. Шыдамсыз мысық....................................................345 32. Бақташы мен қасқыр................................................346 33. Гүл мен бұлбұл.........................................................347 34. Ит, мысық және маймыл...........................................348 35. Бұғы мен түлкі.........................................................349 36. Ит...........................................................................349 37. Қасқырды балағаттаған ит.........................................350 38. Мақтаншақ қоян......................................................350 39. Ақылды есек............................................................351 40. Өлең айтуды үйренген есек.........................................352 41. Есек........................................................................353 42. Түйе, арыстан, қасқыр және түлкі..............................353 43. Түлкі, тасбақа және кене...........................................358 44. Шегіртке мен құмырсқа.............................................359 45. Өгіз бен бақа.............................................................360 ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Томға енген мәтіндерге  түсініктеме.................................363 Мәтіндерде кездесетін тарихи есімдер...............................380 Ру атаулары..................................................................382 Сөздік..........................................................................386 Жер-су атаулары...........................................................394 Томға енген фольклорлық үлгілерді айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет..........................................403 Шартты қысқартулар.....................................................410 Пайдаланылған әдебиеттер.............................................411 Резюме.........................................................................415 Summary.......................................................................419

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 92 том НЕБЫЛИЦЫ И БАСНИ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан

Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова
Редакторы: Ұ.С. Тілегенова
Техникалық редакторы: Э.З. Заманбек
Компьютерге терген: Н. Мурсалимова

Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева

Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы

ИБ № 2689

Теруге 30.03.13 жіберілді. Басуға 24.05.13 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 2000 дана. Тапсырыс № 0184.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
«Фолиант» баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙