Мазмұнға өту
Home

Көп томдық шығармалар жинағы. VІ том

Марфуға Айтхожа

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Көп томдық шығармалар жинағы. VІ том

Авторы: Марфуға Айтхожа

© Айтхожа М., 2014 © «Қазығұрт» баспасы, 2014 УДК 821.512.122 ББК 84 (5Қаз)-5 А 32 Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Айтхожа М. А 32 Көп томдық шығармалар жинағы. /Марфуға Айтхожа. – Алматы: «Қазы ғұрт» баспасы, 2014. ISBN 9965-22-252-5 6-том, – 2014. – 400 бет.

ISBN 978-9965-22-477-5

Көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марфуға Айтхожаның көп томдық шығармалар жинағының алтыншы томына «Аққу жүрек», «Алатаудың ақбатасы» атты кітаптарындағы таңдаулы өлеңдері топтастырылған. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

УДК 821.512.122

ББК 84 (5Қаз)-5 ISBN 978-9965-22-477-5 (Т.6.) ISBN 9965-22-252-5 «АҚҚУ ЖҮРЕК» кітабынан 2003 жыл КӨҢІЛДІҢ КҮРКІРЕТІП КӨК АСПАНЫН... АҚҚУ ЖҮРЕК Қайран ғұмыр, өтсе де қиналып күн, Аққу жүрек! Жырлармен сырланыпсың. Айналмайды бұл өмір енді мұңға, Таң арайлап атқанда, Нұрланып шың! Аққу арман, кіршіксіз, Аққу жүрек, Алауланып, қиялмен баттың жүдеп. Алатауда астасып аспанменен, Аппақ сезім, Ақ үміт, жатсын түлеп! Айдындағы сыңғырлы аққу үндер, Сезіміне тербеліп жатты гүлдер. Тебіреніп, тəкаппар – Тағдырына, Таңырқана таңдайын Қақты кімдер?!. Құрығынан құтылған қиянаттың, Көкірекке,

Көп арман, ұялапсың. Көк шыңынан көк таудың ойға батып, Көкжиектен барады, Қиялап күн!.. Таң арайлап, алаулап батты күндер, Алауынан бақытын тапты кімдер?!. Жалбарынып, Жалғыз-ақ сұрайтыным, Жырларыма, Аққудың пəктігін бер!..

  • * Дала меңіреу, Мен дағы меңіреумін, Көп нəрсеге толғандым, тебірендім. Алажібін аттамай не біреудің, Жөні бар ма, айтыңдар, еңіреудің?!. Дала үнсіз, Жабырқап жатыр неге, Қорамсақтан тартпайды батыр жебе. Қара қылды қақ жарған билер қайда, Қайырлап тұр теңізде, ақыл-кеме!.. Күрсінді күн, Түнеріп, тұтылғандай, Жүрек жара, Көрінем бүтін жандай!.. Аласұрған күй кештім құтырғандай, Сорлы жүрек, тынар ма, Құшып-жанбай?!. Адамға адам барады сенім қалмай, Уға айналды шырының сенің балдай. Тұншығамын неліктен демімді алмай, Түс болса екен, Тəңір-ау, Өңім болмай!..

Үрейленіп орнымнан түрегелдім, Іштей налып, көп екен, Жүдеген күн... Бар-жоғымды біреулер ұмытқанмен, Ал, жырларым, Есінде жүреді елдің! Болмаған соң көңілдің күйі бөтен, Көп сырыңды көкейге түйін етем. Қанша қиын болса да бұл өмірді, Сол қалпында қабылдап, Сүйіп өтем!..

АСПАННЫҢ КЕҢДІГІНЕ КӨҢІЛ СҮҢГІП Түсірген қандай тағдыр, осы күйге, Кетіпті-ау, бар ғұмырым өтіп үйде... Кетпесін жылдарменен бірге сеніп, Ақыным, Жүрегіңнің отын үрле! Əр күнің еске салып жоқ-барыңды, Кеудеден қанша сырлар, ақтарылды. Ешқашан білдіргем жоқ, Жауға жара, Жақты жыр, алаулатып шоқтарымды. Симаған кездерде төрт керегеге, Телміріп көп қарадым, Терезеге... Көрінді терезеден шексіз аспан, Телміріп қарадым мен, неменеге?!. Аспанның кеңдігіне көңіл сүңгіп, Тап болдым суреттерге, не бір сұмдық... Байланған бала кезден – Бауырға дерт, Арылмай келе жатыр көңілсіздік. Тасбауыр, Өтті жылдар, жеңіл сырғып...

Таппайды неге тыншу бұл жүрегім, Көктемде қауыз жарған, Түз гүлі едім. Жанымның толқындары аласұрды, Білмеймін, кімді аңсадым, Кімді іздедім?!. Жазмыштан құтылады жалтарып кім?, Өмірмен, өлең үшін арпалыстым. Тіресем көкжиекке жанарымды, Батып бара жатады Қартайып күн... Бəрі де тегін емес осылардың, «Үнсіздер» қатарына қосылармын... Үнсіздер қатарына қосылғанша, Беу, тағдыр, Бұйырғанын тосып алдым! Түсірген қандай құдірет осы күйге, Кетіпті-ау, бар ғұмырым өтіп үйде. Кетпесін жылдарменен Бірге жылжып, Ақыным, Жүрегіңнің отын үрле!

  • * Жағаға толқындарды жатқан ұрып, Ақ арман, Арайланды аппақ үміт! Ақ арман, арайланған үміт барда, Ақындар, жыр жазады, Ақтарылып! Көндіккен аптапқа да, салқынға да, Күндерім, əзірлепті тарту жаңа. Жаныма сол еді ғой сүйеу болған, Бергелі қашан əділ – Халқым баға!... Өзіңмен өрісім кең, Өрем биік, Қанатқа қалықтаймын, Өлеңді іліп. Тілеймін өтсе екен деп, күндерімді, Нұрыңды, сырыңды да терең құйып! Ерекше жадыраса аспанда ай-күн, Болуы мүмкін емес, Басқадай мұң! Сарқылмас махаббаты ол туған елдің, Толқындап, Көкіректе жатқан айдын!..

КӨҢІЛДІҢ КҮРКІРЕТІП... Көрінген қашан да өз биігінен Жандардың сөздеріне жиі үңілем. Тағдыр-ай, сақадайын сайлап алып, Талқының биігінен үйіріп ең!.. Содан ба, қолы кетпей бүйірінен, Адасып жүрген қанша, үйірінен?!. Тұлпар мен қастерлеген сұңқарды ерек, Шалдырмас, қазақ үшін тұлпар керек! Еске алып жалғыздықты жаутаңдама, Жұртымның махаббаты жылытар, демеп. Жүрсем де қанша таудың шалып шыңын, Тұрады көкейімде бір тау бөлек!.. Елеңдеп, ел дегенде, жанды ішімде от, Қол жетпес, туған жерім, қалды шың боп. Өсірген үкідейін үлпілдетіп, Айтатын бір өзіңе алғысым көп. Жүзсем де жақсы күндер дариясында, Өзіңсің, жанардағы мəңгі сурет! Арман ба, сағыныш па, салмақты етер, Армансыз, сағынышсыз самғап бекер. Сағыныш салмағы ма жанға түскен, Сананың саңлауынан саулап нөсер!.. Салмақсыз, сағынышсыз, санасыздар, Сынаптай толқып, сырғып, аунап кетер...

Келер-ау, көк көйлегін көктем киіп, Бұл емес, қанша ма аңсап жеткен биік! Көңілдің күркіретіп көк аспанын, Арман не, көк нөсердей өтсем құйып!.. Көп жылдар көлеңкеден айықпадық, Арнасын заман-ағын, шеттеу бұрып!..

БІЗ ҚАЛАМЫЗ... Аспанды қанатымен жапқан алып, Келеді буырқанып Қап-қара бұлт. Найзағай атылды оған жолбарыстай, Тырнағын жарқылдаған отқа жонып... Ойнады дүлей дауыл қас қағымда-ақ, Көк толқын, Орман шулап, Тас жарылмақ Шұбырып илеуіне құмырсқалар, Құстар да тұс-тұс жаққа жатты ағындап. Бірге ұшып кетердей боп несібеміз, Дауылдан сескенеміз, Несіне біз?!. Мейлі ғой, қалай ұйтқып соғам десе, Бəрібір, Бастан оны кешіреміз. Салғанбыз талай қиын жолды құзға, Жанымыз отқа түсіп, Тоңды мұзға. Жұлқынып өте шығар, Есер дауыл, Бəрібір, Біз қаламыз орнымызда!

Бар бақыт, Иглікті елге тілеп, Көтерер зілді аспанды ер көкірек! Жарқылдап өтер жасын, Біз қаламыз, Аяқты мынау жалпақ – Жерге тіреп!..

АҚЫН ДА БІР АСПАННЫҢ ҚҰСЫ ЕМЕС ПЕ Күндіз толғап ойларын, Жалғап кеште, Ұсынатын өлеңін талғап көпке – Ақын да бір аспанның құсы емес пе, Көзге ілмейтін ешкімді самғап кетсе! .. Байлықты да елемей, Кедейлікті, Сонша байлық иесін демей мықты – Қара күштің атасы Қажымұқан, Көтерген ғой, Қайсарың, нелер жүкті... Сөзіне ұйып тұрғанда қаншама адам, Мəнсап, байлық, Ақындар, Аңсамаған. Ақындарға шынайы мейір керек, Мейрімсізден тоңады, Тоңса да адам... Күндіз толғап ойларын, Жалғап кеште, Ұсынатын өлеңін таңдап көпке – Ақын да бір аспанның – Құсы емес пе, Көзге ілмейтін ешкімді самғап кетсе.

  • * Ұмтылумен өтетін асуларға, Ешбір кінə қоймаңдар, ақындарға. Сыр алдырмай тағдырмен күреседі, Өлең дейтін бойында асыл барда! Түн асырып басынан, Күн асырып, Тереңдерге бойлайды, Құлаш ұрып... Арыстанның аузында жүреді, ақын, Өлең үшін алысып, сірə, тұнық!.. Көрік берген көктемдей атырапқа, Данышпан да өтеді, Ақымақ та... Сəл нəрсеге жүдейтін, Сарғаятын, Ақын жаны ұқсайды, Жапыраққа...

ТОЛҒАЙДЫ АДАМ Кедергі көп болса да қол байлаған, Заманын тебірене толғайды адам. Қосып өз үлесімді бір кісідей, Саналы өмір кештім, Болмай надан. Тоқтатпай толғанысын таңдар бойғы, Ел жайлы, Ел адамы жалғайды ойды. Ел Тəуелсіз болғанмен, Мен тəуелді, Соңымнан кесір-қырсық қалмай қойды Алаулы жүрегімді таңдар ұғып, Жұртыма келеді ойым аңғарылып. Ешкімге жағынбадым, Жалбарынып, Жеткізер дегеніме, Заңғар – үміт! Адалдық анасүтпен сіңіп бойға, Келеді ұялатып тұнықты ойға. Жатқанда тұнығымнан Жұрт сусындап, Қызғаныш, дарымайды, Күйік бойға!

Шалдықпай жетсем дағы Шалғай қырдан, Кездер де аз болған жоқ, Маңдайға ұрған... Жатпайтын өреліге, жат мінездер, Қалдырып қаншама ойға, тандандырған. Қастандық боларына нанбай жаным, Құстардың қанатымен самғайды əнім! Табаны туған жерден аумағандар, Мендегі түсінер ме, Арман мəнін?!. Қуат боп құлазысам, құла далам, Теңселіп қарағайдай, Құламағам! Шалғайдан көру үшін туған жерін, Биіктен де биік боп тұрады адам. Келгенбіз шектеліп те, Шет жүріп те, Адамды дегеніне жеткізіп пе?!. Тасымасаң, Себебі жасымаудың, Жалғасып жатқан жоқ па, тектілікке! Кедергі көп болса да қол байлаған, Заманын тебірене толғайды адам. Қосып өз үлесімді бір кісідей, Өмір кештім саналы, Болмай надан!..

ҚАЛСЫН БІР ҮН Уақытқа құл емеспін басы байлы, Қолды да Тəңірі өзі асырайды. Алмаса басын шыңнан арынды өзен, Буырқанып, Бұрқанып, Тасымайды! Кешегі бастау да емен, Бұлақ та емен, Өзенмін, Құздан жатқан құлап терең. Шынайы сыршылдықпен, Шыншылдықпен, Жол тапты Жүректерге шуақты өлең! Жыламан, жылау үшін жаралмаған, Қорламаса болғаны адамды адам. Достығынан басымдау қастандығы, Жайым бар, Адам үшін алаңдаған. Бар шығар мықтылық та əлсіздігім, Жанымның кімге ақтарам, Сансыз мұңын?!. Сырларын айқайламай, Сыбырлаған, Көміліп көкірегінде Қалсын бір үн!..

ЖҮРЕГІ АҚЫНДАРДЫҢ... Ешкім де жеткізе алмас теңеп күшін, Дүние-ай! Сен дүбірлі емеспісің! Бəріне де өтетін тебіреніп, Жүрегі ақындардың Емес бүтін... Жатса да жыр толқындап, ағынға бай, Өтеді жанбай менің Бағым қалай? Көз салсам Алатаудан – Тəңіртауға, Еседі бір сағыныш дамылдамай. Жанымды мұншалықты орар мұңға, Кештім мен қандай кінə, Ар алдында?! Армандап жүргенде Анам, туған жерін, Кім білсін, Сағыныштан жаралдым ба?!. Əйтеуір өтті ғұмыр сағынышпен, Сырт бүтін, Сағынышпен жанып іштен. Су да емес, Сусын да емес,

Сағыныш-ау, Тұндырып тұнығым да, қанып ішкен. Жайым да жоқ біреуге бас ұрардай, Жақын да жоқ мерейді асырардай. Жақсы көрсін, ол үшін Жек те көрсін, Сағынышты өтермін, Жасыра алмай!.

АҚ ГҮЛ Үйімнің сəнін сонша асырып бір, Төрімде ақ раушаның ашылып тұр. Аппақ гүл, Аққу жүрек, Арман – аспан, Тағдырға болмасыншы, асылық бұл! Аппақ гүл, таң нұрындай ашылып тұр, Ашылып тұр, Көзге оттай басылып бір. Тастады тебірентіп ақын жанын, Көрмеген оқырманнан жасырып сыр. Өмірді жақсы-жаман саралап мың, Қанатын отыр жырмен Тарап аққу. Бейне бір пəктігіңнің белгісіндей, Гүл сыйлап, Өлең сыйлап, бара жаттың!.. Жеткізіп тілмен бəрін айта да алмас, Сезімнің толқындары-ай, Қайталанбас! Өмірдің бəрі дағы періштедей, Аққу мен, Аппақ гүлдей болса жалғас.

Айтпай-ақ, жеткізгендей пəктігің бұл, Үлбіреп, оранып тұр, Ақ гүлің жыр. Маңына жұпар сепкен ақ раушанның, Жамылып жапырағын, Жатты ғұмыр... КӨКТЕМ ҰШЫП КӨЗІНЕН... Келгенімді білесің, Қиыр шыңнан, Шуағына шұғылаңның құйынсын жан. Көктем ұшып көзінен Ақын отыр, Не қалайсың, бауырым, Сүйіншіңді ал! Күткен үміт, Тəңірден тілегім бар, Тілегім бар, бола гөр, Бір өзің жар... Бір тілегім, мінеки орындалды, Сүйіншіге қуанған – Жүрегімді ал! Аяйын ба сендерден бұл жүректі, Жылдар да бір қайрылмай, Жылжып өтті. «Ақын қалай жүрегін қияды», – деп, Тау теңселіп, Жапырақ дір-дір етті... Жүректі ақын бауырдан аясын ба, Өлең де, құдірет күш те, Бəрі осында!

Бауырыма-ақ қияйын, екі жұрттың, Жаралы боп жүргенше арасында!.. Жо, жоқ, бəлкім, бұл ойым болар артық, Екі жұртқа – Салмағым келеді артып. Жүрегі жоқ ақынды кім тыңдайды, Жүректі адам, Бəрін де, Өледі айтып!..

  • * Қызығына қиялдың алданған мың, Біреуі мен екенмін, Аңғал жанның!.. Алданумен өлеңнің ғажабына, Тез өтерін өмірдің аңғармадым... Аңғарған кім, Амал не, аңғармадым, Үмітпен қол созбайды заңғарға кім?!. Өксігімді өзекке көміп қойып, Сұлулық сырларына таңданғанмын. Туған аймақ, Мұңсыз күн, қалды қашық, Содан ба, Билейді ойлар жанды жасық. Ойым жеткен арманға, Қолым жетпей, Өз-өзіме отырмын қарным ашып...
  • * Таң атып, кейде маған батпайтын күн, Көз жұмсам, Көкіректі қаптайтын мұң... Тағы да сол сағыныш сырласқаным, Тəңір-ай, Ешбір емін таппай жүрмін... Бата алмай жанарыма қарауға тік, Кінəлі жылдар өтті жаяулатып... Қалқам-ай, өзің айтшы, қандай сезім, Жүректі жүрген əлі алаулатып?!. Күндер өтті, қайрылып бір қарамай, Төкті ызғарын қаншама, Жылдар арай!.. Оның да көкірегі мұңлы ма екен, Бұлтқа жүзін жасырып, Сырғанады Ай... Біле алмадым, бəріне кінəлі кім. Құлағымда қоңырлап тұрады үнің. Мен əйтеуір ешкімді кінəламан, Бір тағдырдан себебін сұра бұның... Тыным бермей тербеген ойлар басым, Көп нəрсеге нанушы ем, Қайран басым!.. Қызғаныштың орны бар, ойлашы өзің, Қызғанышың Қасіретке айналмасын...

ЖАПЫРАҚТАР ЖАУДЫРАП... Алтын өрнек күз келді күбірлесіп, Жатты үлкендер, бұл да бір ғұмыр десіп Төрт мезгілдің бəрін де бірдей көрген, Тербетілген – Жер-Ана, Жұмыр бесік! Жайма шуақ қоңыр күз шашып нұрын, Толқытады сезімді ашық бір үн. Самал ессе, сəл ғана Сағағынан, Жаудырады жапырақтар, ғашық сырын. Жұпар иіс жапқандай алма бағын, Алма бақтан жетеді, салған əнің. Табиғаттың күзі де ойлы келер, Самалы соқты үзілмей Сары даланың... Дүбірлетіп дүниені желпіп жеткен, Кеткені ме алыстап, Көкшіл көктем?!. Қоңыр күздің көктеммен орны ауысты, Айта алмаймын жүгі оның Жеңіл, – деп мен

Қоңыр күзім тұрғанда шуақ төгіп, Ол да маған жатқандай қуат беріп. Көк тырналар барады, Көк жүзінде, Көңілді көктемменен шұбап келіп. Əндері-ай, əуелеген тырналардың, Үнімен ақындардың нұрланар мың. Өмірден тырналардай қайтқан күні, Жыр өлкемде, Жыр болып, Жырланармын!.. * Жаудырып жаз күніне алғысты айтып, Құйылды жапырақтар, Сарғыш тартып. Сағынып келіп еді көктемеде, Барады жылы жаққа Сан құс қайтып... Келгенде ажар беріп, жарасып ең, Кеткеніңде Тартқандай дала сүрең... Сəуірдің бұлты емес, Жауып өткен,

Құстар ғой, Жыр төгілткен қанатымен!.. Болғанмен қаншалықты сыр-күшіміз, Қалдырған болса дағы нұрлы ісіміз – Бір жола ұшып кетер, Мезгіл жетсе, Тірліктің, Бəріміз де Бір құсымыз...

  • * Мен өзіңе сенбесем, сенем кімге, Тамыры сенімдердің Терең мүлде. Сенбесем мен өзіңе, ертеңіме, Айналар, қансыз, жансыз Денем күлге... Жатады қасіретімді жасырып түн, Шығады қасиетімді Асырып күн. Адамдар, саған сеніп ақтарылам, Сырымды сен ұқпаған Ғасыр ұқсын! Жанымды қалтыратар шуақсыз күн, Сүреңсіз əңдерден де құлақ тұнды. Түңілдім жандардан да көп жалтарғыш, Кететін төңкеріліп Сынап сынды... Қайтер ең, сонша мені алдамасаң, Көңіл қалды бəрінен əлдеқашан... Жұртына тастап өлең кетер ме еді, Жанымды жалшыдай ғып Жалдамасам!..

Мен өзіңе сенбесем, сенем кімге, Сенімдердің тамыры – Терең мүлде. Тірліктің бағыбаны сияқтымын, Су сеуіп, мəпелейтін, Өнер – гүлге!..

ЗАМАН – АҒЫН Көктем ару, құлпырып, келсе гүлдеп, Биіктейді көңіл де, Еңселі көк. Алып келді бұл көктем жырға шабыт, Бұл бақыттың ақынға өлшемі жоқ! Болғанымен күндерім жапалы да, Бас имедім ешкімнің атағына. Келе бермес басына көрінгеннің, Шуақ күннің – Шомылдым, Шапағына!.. Жүргеннен соң жұртыма болып сыйлы, Сиқыр күштен жүрегім толықсиды. Осы емес пе, ақынға Атақ деген, Мен халқымды, Ал, мені халық сүйді!.. Шалқыса да сан қилы заман – ағын, Жүрегімді жаңғырттым, Жаңаладым. Маған деген халқымның Махаббатын, Бəрінен де Биік деп, Бағаладым!..

ҚҰС КЕЛГЕНДЕ Əуелей ұшқан сайын құстар үдеп, Бұлқынар ұясында құштар жүрек. Анашым, айтушы еді құс келгенде, Тағы бір қимас жылым қысқарды деп... Сусылдап қаққан сайын құс қанатын, Секілді сезімің де ұшталатын. Құстарға келген, кеткен мəн береді, Өмірді өлеңіндей Құшқан ақын. Асығып күткен ұдай көктемдерді, Ғажап қой, Көктемдермен жеткен белгі. Аяулы асылымдай аңсаттырып, Дүркіреп, құстар ұшып Шеттен келді! Асудан не бір биік асқан демек, Келгені сəн береді – Аспанға ерек. Бұлбұлдың бал үніне балқыды ма, Жауады жапырақтан – Жастар кенет. Тоғытып тұлабойға төзімдерін,

Тұтасқан таулардағы сезім керім. Тауларға қарайлаумен құс ұйқылы, Əйтеуір, Таңұзаққа көз ілмедім!.. * Құстар-ай! Əуелеген, аспандаған, Жанының нəзік сырын ашқан маған. Шүпірлеп айнакөлдің айналасы, Ерекше, Естілмеген басталмақ əн. Қашан да аман қонып, ұшсаң болды, Сүйемін мен де өздерің ұшқан жолды. Балаймын бақыттыға менен көрі, Əуелеген құстарым, Ұшқан жолды... Асыға күтем солай көктемдерді, Ерекше ғой, Көктеммен жеткен белгі. Наурызды жұртпен бірге тойлау үшін, Дүркіреп, Құстар ұшып Шеттен келді!

ҚАРЛЫҒАШ ҚАЙТТЫ АУЫЛҒА (Əні бар) Қарлығаш келді қайтадан, Күбірге толып сай-салам. Жібектей желі желпініп, Жапырақтарын шайқаған. Тəкаппар болып тұратын, Шуақтап жатыр қия-шың. Сайраған, Сəнді, қарлығаш, Салып жүр үйге ұясын. Қиялап асу, көк көлден, Қиындық жолда көп көрген. Құштары артып жеріне, Қарлығаш келді көктеммен. Жеттің бе есен оралып, Тосылмай, Тағдыр – өткелден?!. Таусып төзім, тағатын, Сағыныш билеп санасын, Қарлығаш қайтты ауылға – Қанатын таңнан қағатын.

Аңсаған бізді былтырдан, Қарлығаш келді құлпырған. Құбылтып сонша сайраса, Қызыға қарар сыршыл жан. Дегендей үнін тыңдасын, Ұшып жүр, маған тым жақын. Перзенті балғын көктемнің, Қанатың нəзік сынбасын. Əніңнен сонша əсерлі – Сезімтал жүрек туласын!

АЙНАЛАЙЫН Айналайын, Баураған бауырыңнан, Баурайында айыққан ауру жан. Туған ауыл тынысын, Тіршілігін, Тыңдадым күнде соққан дауылыңнан! Айналайын, Мейрімді жүрегіңнен, Мейіріңнен нəр алып жүремін мен. Жүрегіңнің лүпілін үзбей тыңдау – Адам үшін бақыт қой, біле білген. Анаға тəн аңғарғыш бала сырын, Сол сырға қанық жаның, қарашығың. Шын мейірің жүретін аңсаттырып, Сол аңсау ғой, өзгермей қалатұғын. Жалғыз сөзің жанымды тынықтырар, Бір өзіңдей жан күйін – кім ұқтырар. Күнің дағы ерекше, Күліп шығар, Көлдерің де Көлдерден тұнық шығар?!. Құстардың қанаттары-ай, зуылдаған, Еш пенде, армансыз боп туылмаған.

Өмір беріп келеді сол жылылық – Алақанның табы тұр, суынбаған... Мөлдіретсе таңдағы дала шығын, Сөзсіз, сенің мені еске алатының. Суынбайды, Сол бір тап алақаннан, Жұмылғанша көзімнің қарашығы...

«АҚЫНЫМ, ҚОЛТАҢБАҢДЫ ҚАЛДЫРЫП КЕТ» (Кештен соңғы толғаныс) Жұрт жамылып жүргенде қалың атақ, Мен келемін шоқ шайнап, Жалын асап... Қым-қуыт тағдырыма өкінбеймін, Ақындығым кіршіксіз – Жаныма шақ. Көкірекке көмілген ырғақты əсем, Төлегендер өтіпті, Жырлап Сəкен. Жыр – аққуға айналған, Ақын – тағдыр, Ойлаңдаршы, Мəңгілік тұрмақ па екен?!. «Өлең тұрғай, өмірін арнап» маған, Өмірден арманда өткен ардақты адам... Тентек мінез, Тентек жыр, Тентек сезім, Арынды өзен еді, жалдатпаған... Аумайды екен, тым нəзік, өнер гүлден, Өнер мəнін жандар көп терең білген.

Таңшолпандай жарқырап тұрғанменен, Абайсыз, көк жүзінен сөнермін мен... Кім айтады өмірді мəңгілік деп, Соғылатын жартасқа жаңғырық көп. Дейді маған қиылып, оқырманым, «Қолтаңбанды, ақыным, Қалдырып кет...» Жұртқа содан байқалар керектігім, Бəсеңсімес, бар еді, өр екпінім. Елім жүрсе қолтықтан демеп бүгін, Жыр жазуға бəрі де себеп бұның. Толғандыра, толқытқан ғасырларды, Тəңір тұттым, Абайдай асылдарды! Қара өлеңін қалдырып қазағына, Алған екен, Не биік асуларды!.. Амал не, жұрттың бəрі Абай емес, Көшіп кеткен өмірден талай елес!.. Жерлестерін сүйреген жетесіздік, Қанға сіңіп қалған-ау, Қалар емес...

  • * Көңіл мынау, Көлдерді, тауларды өпкен, Көп нəрсені келемін армандап мен. Жүрсе-дағы шағылып тауым менің, Қайтқаным жоқ, тегінде алған беттен. Қанша кетіп жүрсе де салым суға, Бөленеді жүрегім жалын-сырға. Дарындыны бақыттан кенжелетіп, Бақыт берген, өлшеусіз Дарынсызға!.. Кіндік қаным төгілген елімді ойлап, Тереңдерге кетеді көңіл бойлап. Арашалап жүретін жамандықтан, Сарқылмаған жалғыз-ақ, Сенім – қайрат... Айырмасын біздерді жалғастықтан, Сөндірмеймін сезімді алғашқы ұққан. Жетсе екен деп жырларым Армандаймын, Тоқтар менен – Ғарышқа Талғат шыққан!

ЕСКЕК ЖЕЛІ ЕРЕКШЕ... Ескек желі ерекше есіп өткен, Əсерімен оралды, осы көктем! Жұлдыздары жымыңдап, жылу шашып, Кетер емес, тым ерке, Кеші де естен! Кетер емес, шіркіннің кеші де естен, (Сазды үніне даусымды қосып өскем). Жастығымның күндері елес берді, Көз ұшында көлбеңдеп, Көшіп өткен!.. Көктем сырын əдетім шерту көптен, (Қозғаудың қажеті не, дертімді өпкен...) Толқып келем арындап, өз арнамда, Толастамас екпінін – Көрсін деп мен! Жалбарынып көрмедім күйсізбін деп, Жүрегімнің түбінде үнсіз мұң көп. Күйсіз күнім өмірде көп болғанмен, Сенім берген жаныма, Жырсыз күн жоқ!.. Күй деген не, Көңілдің құстары ма,

Қонары да белгісіз, ұшқаны да. Құстарға көп қарадым қалықтаған, Көңілімнің айналған құштарына! Самғау үшін берілген құсқа қанат, Көңілімді келемін, Құсқа балап. Құс емеспін, пендемін тірлік кешкен, Тірлік дейтін бір көрген Түс пе ғажап?!. Толқынына жүретін шомып терең, Құс боп менің басыма Қоныпты өлең! Үркітіп алмау үшін сол құсымды «Ит-құстың» Бəрінен де қорып келем!..

  • * Беу, өмір! Сен қандай ағынды едің, Аласұрған ағынға бағын дедің. Бағынбадым еркіңе, Басымды иіп, Ешкімнің қолында емес бағым менің. Бағым да өз қолымда, бақытым да, Білген біле жатады уақытында. Басымдағы зор бақыт – Еркіндігім, Байлық та, Керек емес жақұтың да. Керек емес атақ пен мəнсап деген, Атажұртқа – Алыстан аңсап келгем. Аңсаған арманыма қол жеткенде, Көгінде бір жұлдыз боп жансақ деп ем. Бұлақтай мөлдіреген күміс үнді, Тыңдаттым жұртыма өз тынысымды. Көлдерін жаудыраған – Көзге теңеп, Жетісудың деп келем, Шыңы сырлы...

Содан ба, биіктерге қарайтыным, Содан ба, сиқырлыға арай-шыңың. Содан ба, алабұртып, өлең жазып, Өмірдің өткеріппін талай түнін. Жүзімді таң шапағы шайып нұрмен, Өзіңе қанатымды жайыппын мен. Санамды жаппасын деп қара түнек, Жарыса оянамын, Жарық күнмен!..

  • * Сəулесіз жандар қанша санасында, Сəулесіз десем, жаным Нанасың ба?!. Ойыңмен оқшауланып сен де тұрсың, Ұқсап бір даладағы Дара шыңға! Түйір жоқ жанды көрдім түйсігінде, Көңілім оңдайлардан түршігуде. Көп болды ашығынан, Бұлтты күндер, Жүрегім Жаралғандай, күрсінуге... Жалп етіп сөнетіндей жаққан шырақ, Жылайды үнсіз неге Жас тамшылап?!. Мұңымды теңдеп менің бара жатыр, Жылдардың керуені Жатқан шұбап!.. Құлпырып тұрған кезде жазым əсем, Жарасар, өмір кешкен Жаныңа тең!.. Жұртыңды күрсіңдіріп, Сүйсіндіріп,

Бөлей бер, Жүректерін назыңа сен! Ішінде бозғұлт тұман орман ұйып, Тұрғандай қою сырын жанға құйып.. Күндерім, Жаныма енді салма күйік, Көңілім, сен де серпіл, Самға биік!

  • * «Көбі кетіп өмірдің, азы қалды...» Болмайды екен адамның жазы мəңгі. Жиып-терген осынау тіршілікте, Халқыма арнадым Жыр – қазынамды. Жылу алды жүрегім жарық күннен, Жарық күндей жырларды анық сүйгем! Қарапайым осынау халқым үшін, Ойда, бойда, барымды сарықтым мен. Сүзіп ішкен жан едім, тұнықтан көп, Ұмытпаймын түгіңді, Ұмытқам жоқ... Самалы есіп Сайрамның желпіндірген, Жүруші едім, Мен ақша бұлттай боп!... Бүгін тағы түнедім, шың басына, Биік шыңдар, Жанымның сырласы ма?! Қанша биік болса да Ұлы таулар, Жақын ба екен олар да, Мұңға, сірə?!.

Неге мұнша қамықты, көңіл неден, Ақтарылды, толқыды, Төгілді өлең!.. Күрес пе еді, «итжығыс» мынау өмір, Күндеріме ризамын, жеңілмеген!.. «Көбі кетіп өмірдің, азы қалды...» Болмайды екен, адамның жазы мəңгі. Жиып-терген осынау тіршілікте, Халқыма арнадым Жыр – қазынамды!..

КӨЗ ТҮБІНЕ КӨЛЕҢКЕ ҰЯЛАТҚАН Көп нəрсені елемей жастықпенен, Көбелектей ұрынып, Қаштық неден?!. Арылмайтын аңсауды айтып қанша, Талай қыспақ асулар, Астық белең!.. Жасыл нұрды жамылып жер-көк бүгін, Байқатады ерекше, сергектігін. Алатау мен Тəңіртау, алма кезек, Əуелеген акқудың, Тербетті үнін. Шынымен-ақ, көктеммен қоштасам ба, Келеді ғой, Күз күні тоспасаң да... Осы ғұмыр ішінде не тындырдым, Өтті ме өмір, Сенделіп босқа сонда?.. Олай десем, ақынға қиянат па, Қанша мұңды, келдік қой, Күй орап та... Кешегідей таңданып, таңырқамай, Ойысты ойлар, Ақылды – тиянаққа.

Тəуелсіз күн тұрса да самалы есіп, Жапырақтар жайқалып, жағада өсіп Көз түбінде көлеңке ұялатқан, Көне күндер елесі, Қағады есік!..

ӨЛЕҢ – ТАҒДЫР Туған жер, көз жазып сан туысымнан, Келгенбіз, сонау Күннің шығысынан. Жүрсем де талай асқар асу асып, Тағдыр-ай! Шыға алмадым уысыңнан... Келемін құтыла алмай қыспағыңнан, Тосылып, Тосқауылды, тұстарыңнан. Келемін жігерімді тасқа қайрап, Осынау өлең-жырға құштарымнан. Жібімей қойды неге қаталдығың, Қалыңдап қаталдықтан – Жатар мұңым... Арбалып тіршілікке жүргенімде, Арманда менің-дағы батар күнім!.. Қаншама қалың торын жайсын азап, Күндер де өтер-кетер, Сайқымазақ... Тағдырым, өлең менің таңдағаным, Ақын емес дер екен, Қайсы қазақ?!. Көрінбей кейде көзге, көрініп мен, Келемін өмір кешіп өр үмітпен.

Кетпесе арманымды ажал үзіп, Жатарсың, Өлең-тағдыр, Өріліп сен! Өсіп ем арасында жасындардың, Өлеңім, өжеттікті, Жасырмадың! Жұртым-ау, мерейің ғой асырғаным, Біргемін, қайда жүрсем, Қасындамын!..

ОРАНЫП ТҰНЫҚ МҰҢҒА Оралдың ба, тынығып демалыстан, Əлде қажып қайттың ба, сен алыстан?!. Өзіңді ойлап, Елді ойлап, Бəрін ойлап, Арыстаннан аумайды, Ой-алысқан... Қажыдың ба, əлде сен тынықтың ба, Қарадың ба мен жаққа, Шығып шыңға? Өлеңменен сырласып мен де отырмын. Оңашада оранып тұнық мұңға... Күн артынан күн өтіп зуылдаған, Ой соңынан – Ой келер суынбаған... Күздің болып қалғаны күрсінтеді, Жапырақтарда үрей бар шуылдаған. Кеше ғана жаз еді, аспан тұнық, Құзар-шыңдар манаурап, Жатқан тынып. Дүркін-дүркін түйілген күн қабағы, Əлде неден жатқандай сақтандырып.

Оралдың ба, тынығып демалыстан, Əлде қажып қайттың ба, сен алыстан?!. Өзіңді ойлап, Елді ойлап, Бəрін ойлап, Арыстаннан аумайды, Ой – алысқан!..

ЖАПЫРАҒЫН ШУАҚҚА... Күндер өтті, жолыңды күтіп сенің, Сағыныштың қаншама жұтып селін. Селдің аты сел екен, жайпап кетер, Жағалауды жатпайды ол Құшып тегін... Тартқан білер қасіретін, күткен қандай, Сезінемін соңғы дем біткен жандай!.. Арғымақпен арада сабылған ел, Татулығы болыпты сүт пен балдай. Арбайды арман, Қалай да сенсем деймін, Көтертпейді ойлардан еңсем кей күн. Орным менің – биікте, Білгендерге, Аласамен мен бүгін өлшенбеймін. Орайын тап, Ойымды бөліс мейлің, Жəбірлеуге енді мен келіспеймін. Бір-біріне қашан да ұқсамайды, Күнгей менен гүлдері – Теріскейдің... Өсіп едім Тəңірдің күнгейінде, Өткен күндер көп болды,

Күлмей мүлде... Туған жерден табаным аумағанда, Биігінде еркінше жүрмеймін бе?!. Сəтті күндер аз емес арай күлген, Тыныштығын іргемнің қалаймын мен. Сағыныштан жаралы жүрегімді, Жайым бар, Жыр жапырақпен жамай білген?!.

ҚАР ЖАУҒАНДА Сен маған хабарластың қар жауғанда, Мəні бар қаншалықты аңғарғанға. Үніңнен бойға жеткен бір жылылық, Қайтадан бөлегендей, Жанды арманға!.. Бөбектің бейне аппақ құндағындай, Қалың қар – Жаумаушы еді жылда мұндай. Тағдырым мені тағы сынап отыр, Шыңдалып келсем-дағы Шыңдалудай!.. Жылатып, жұбататын өмір-ау, бұл, Киіктің жетім лағы маңырап жүр... Сен маған хабарлассаң, Қар жауғанда, Қайтадан күмбірледі, Қоңырау – жыр! Тұрғанда қоңырау – жыр, қоңыраулап, Ағады өмір – өзен, Омыраулап. Кетер-ау, кетсе-дағы жат пиғыл жан, Кетер ме менен жастық, Өмір аулақ?!.

Сен маған хабарластың қар жауғанда, Мəні бар қаншалықты аңғарғанға Үніңнен бойға жеткен бір жылылық, Қайтадан бөлегендей, Жанды арманға!..

АЙДАЙ БАТЫП Өзіңді – өзімменен бірге ғой деп, Көкейде ақтарылмай жүрген ой көп. Ала алмай екі қолға бір жұмысты, Өз үйім – Өтті өзіме, Түрмедей боп... Телміріп қиыр жаққа терезеден, Толқытып шерлі көңіл, Төгеді өлең... Өткерген өмірді өзі айтып берер, Сұрасаң, Осынау төрт керегеден. Көктем де, өмірімде жатыр ақпан, Қосылып өзендерге жасым аққан. Пендеге айтпаған бұл жан сырымды, Сұраңдар, Сыбдырлаған, Жапырақтан... Білдіртпей жатушы еді таңдар да атып, (Рухтың еркіндігі қандай бақыт!) Тəуелсіз күннің келем қанатында, Ақ бұлттар толқынына Айдай батып!..

ТІЛСІЗ МҰҢ Күбірлеп іштей күрсіндім, Өтіпті қанша жырсыз күн. Жосалап, тіліп барады, Жүрегімді тілсіз мұң... Сырт көздер қайдан аңдасын, Түскенін салмақ жанға шын. Күндерім зулап барады, Жүзіме салып таңбасын... Беттерін бұрып шалғайға, Қиырға құстар самғай ма? Ауырлық артқан жылдардың, Іздері жатыр маңдайда!.. Іздері жатыр маңдайда, Дəмдері татып таңдайға. Не күйде жүрген халіңді, Сұрайтын бізден жан қайда?! Түсінер сені жан қайда, Жана ма бағым, Жанбай ма?.. Қанар ма сусын, Қанбай ма, Болар ма, əттең, жетер күн, Арманға қанат талмай да!.. Күбірлеп іштей күрсіндім, Өтіпті қанша жырсыз күн. Жосалап, тіліп барады, Жүрегімді тілсіз мұң...

«ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІН» АЛҒАНДА... Газеттің ерекше екен көркі бүгін, Көркіне көрік берген – Еркін інім!.. Қашанғы жүре берем қалтарыста, Менің де керек шығар серпілуім! Тұрмай ма көзді тартып көрнекті өлең, Өлеңді оюлапсың өрнекпенен. Жетем деп биігіне өлең-шыңның, Құлдырамай, Шыңына өрлеп келем! Қаңтардың əсерленіп ақ қарынан, Ақындық серпінменен ақтарылам! «Тəңіртауды» оқып бір тебіренер, Жұртын аңсап алыста жатқан ұлан!.. Сенеді адам өзіндік берік күшке, Көңілің көншімей ме, Көрікті іске?!. Атажұртын алыста аңсағандар, «Атажұртым жүр дейді, еніп түске»... Талқының мұнар көшкен биігінен, Тағдыр-ай, Асықтайын үйіріп ең!..

Қиялым өңімдегі түске айналып, Сайрамның жағасында жиі жүрем!.. Санаспай өтіп кеткен уақытпенен, Жылаған жүрегімді – Уатыпты өлең... Самалымен тербелген туған жердің, Бара жаттым толқынға – Батып терең!..

ҚҰШТАР БОЛЫП... Жұлдыздай қос жанары жанып тұрған, Тəңір ме, Бізді Сізбен таныстырған. Отырсыз айналаға көрік беріп, Бейне бір жаралғандай, Жарық нұрдан! Жарасқан келбетіңе ұстам, көрік, Өтер ем, жігіт болсам, Құштар болып... Өзіңді көру үшін таңсəріде, Жүрер ем, гүл бағыңа Құстай қонып. Құс та емес, Жігіт те емес, ақынмын мен, Танытқан ел-жұртына Атын жырмен. Арада бір құпия жалғастық бар, Қабысып сұлулықпен жатыр ма іргем! Ол əлде самалдайын қоңыр үн бе, Сан арумен кездескем өмірімде. Орының өзгелерден бөлек тұр ғой, Ол əлде, Көлдей тұнық, Көңілің бе?!.

ҰШТЫ ЖЕБЕҢ Қашан да бауыр деген қызға жақын, Өттің бе, тайғанамай мұздан атың?!. Бақ берді, атақ берді, Мансап берді, Қағылып биіктерде жүр қанатың! Қашан да бауыр деген қызға жақын, Жүрегі деп тілейтін, сыздамасын. Ақылың да айбының жарасымды, Қызығып, көз қиығымен Қыз қарасын. Жүретін күш сынасып күштіменен, Батырдың ұрпағысың, Ыссы деген!.. Көздеген құралайды бозбала едің, Кербезге қаршығадай ұшты жебең!.. Бəйек боп, өтпесін деп табаннан ыз, Бала үшін – Бəріміз де алаңдармыз. Тілеген Анаң сенің адал келін, «Бақытты болса екен деп, Балам жалғыз...» Келді кез сырласатын енді өзіңмен, Арлы, адал жаныңа сенгенмін мен!

Алпыс тұрғай, Алдыңда белдер жатыр, Асатын жаның сүйген Кербезіңмен! Күрсінген, бірге күліп жұртыменен, Арманшыл жігіт едің, Сыршыл ерен! Сен секілді еліне сыйлы болып, Биік болып еңсесі, Жүрсін өрен! Тұрғам жоқ қалайын деп мақтап бүгін, Қатар өстік, Өмірдің жаттап сырын... Жалғыз едің, Мінеки, ауыл болдың, Саған ұл-қыз сыйлайды, аппақ гүлің! Бəйге торы секілді, жарау анық, Отырсың, ортамызда дараланып. Бəйкен аға бастаған ел жақсысы, Келіпті тойыңа Ұзақ Қараманов! Ешкімді демей мынау – күшті, мұңды, Жинапсың, батыс, шығыс, түстігіңді!.. Жаудырып жатыр саған, жұртың тілек, Ақ қардай, жауып тұрған қыстыгүнгі!..

Жиырма жетісінде қарашаның, Мейірлене өзіңе қараса күн. Ару жандар, жымия – Жанаса мың. Жоқ шығар, керегі де арашаның!..

  • * Сансыз ойлар, сапырылды тереңде, Үміт – күдік, Жеңілем бе, Жеңем бе?.. Өлім, өмір арпалысты, арбасты, Толқын – сезім, Соғып жатыр кемерге... Əлсіреген үмітімді жалғадым, Қуаныштан қайта толды жан жағым. Көрдім сонда, Мөлдір қара көзінде, Құштарлықтың шоғы маздап жанғанын. Сол бір шоқтың жалынынан жылындым, Жанның терең түкпірінде бұғынды үн. Кетпей қойды құлағымнан дауысы, Шыр айналып, Шырқыраған құлын күн...

ҚАЛАЙША КҮЗ БОП ҚАЛДЫ Қиялшыл ғой ақындар, шектер ме ойды, Шөптің-дағы көктемде Көктейді орны. Көктем ұзап жатса да, Күзім орнап, Көз алдымнан кескінің Кетпей қойды... Сары белдер бұлдырап, сағым қуған, Өзегіме өрт болдың, Сағындырған. Сағыныштың дертінен айықпадым, мені үнсіз өзіңе бағындырған. Құстар үні құлпыртып, түрлеп маңды, Бау-бақшалар жатқан-ды гүлдеп сəнді. Көз алдымнан көгілдір Көктем ұшты, Қалайша, Қас-қағымда күз боп қалды?!. Қалайша, көзді ашқанша күз боп қалды, Көктырналар – Көтерген тізбек сəнді. Ризамын жазыма, жайма-шуақ, Көңіл өтер, Көктемін іздеп мəңгі!..

Сол көктемдей өтермін іздеп сені, Балғын көктем, Секілді, бізге өкпелі... Алыстатып сені əйтеуір бара жатыр, Көктырналар, Көктегі тізбектері... КҮЗБЕН СЫРЛАСУ Бұлт торлап ашық аспанды, Жаңбырлы күз басталды. Елемей, дүние-ай, басқаңды, Жүрегім, Ойлар жастанды... Жүрегім ойлар жастанды, Мұңды екен əні ақшамғы. Өзгертпей қалпын тəкəппар, Еңселі таулар, қасқарды! Торлады сұр бұлт аспанды, Жаз – жанары жасқанды. Торлаған бұлттың астында, Сырлары жатыр, Астарлы, Сырлары жатыр астарлы... Будақ бұлттар, Бас қосып, Құяды жаңбыр, қастасып. Күздің күңгірт күнімен, Барады көңіл астасып!.. Көңілде кеп қой алаңым, Айтылмай жатқан бар əнім.

Өмірдің күзі болса екен, Күзіндей сұлу, даланың!.. Күзіндей сұлу, Даланың!.. Сұлулық жиған жанарым!.. АЙНАЛЫП КЕТСЕМ, СЕҢГІРГЕ Жанымды қажап, жебір мұң, Жапырақ, Жерге төгілдің... Жайдары жазбен қоштасып, Келді ме, күзі өмірдің?!. Болсаң да жат сен бізге, Ажыраспас, енді ірге... Əмірі күздің жүрмес пе, Айналып кетсем, Сеңгірге!.. Сеңгірдің аты – сеңгір ғой, Елемейтін, Бұқпайтын. Көңілге күдік төндірді ой, Көкіректі ықтайтын... Күз сырын – мен бе, ұқпайтын, Соңында қысы қақаған. Түсімнен неге шықпайсың, Жүрсің бе, қорғап, Ата-Анам?!. Түсіме сен де жиі еніп, Ойымнан болдың шықпайтын.

Арыма келем сүйеніп, Сүрінсе де, Жықпайтын. Болсаң да жат сен бізге, Ажыраспас, енді ірге, Əмірі күздің жүрмес пе, Айналып кетсем, Сеңгірге!..

САЙРАМНАН КӨШКЕН САҒЫМДАР Сайрамнан көшкен сағымдар, Қанатты құстай қағыңдар! Қанатыңды қақтырар – Жанымда менің жалын бар, Сайрамнан көшкен сағымдар! Сайрамнан көшкен сағымдар, Зулайды, жыл – ағындар. Жете алмай саған жүрген соң, Жаным – аңсау, Жаным – зар... Сайрамнан көшкен сағымдар! Сайрамнан көшкен сағымдар, Дертіме дауа табыңдар. Кетпейін сөніп арманда, Өмір отын жағыңдар, Мені іздеп табыңдар, Сайрамнан көшкен сағымдар! Жазылмас жанда жарам бар, Көңілім күнде алаңдар. Болмайын қалай алаңсыз, Баурыңда жатқан анам бар, Мұң жамылған далам бар! Алаңдар көңілім, алаңдар!..

САЙРАМҒА ДЕГЕН САҒЫНЫШ (əні бар) Алыстан ұшқан, аумайсың құстан, арманым, Алды ма тосып, арманы қосып алда күн?! Күнді де шыққан, өзің деп ұққан алаулап, Үнің ғой сенің құлақта тұнып қалған үн... Қайырмасы: Сайрамның салқын, саялы кеші самалды, Сарғайтты сонша, сағыныш билеп санамды. Аларсың еске, Аларсың еске, сағынып салған сол əнді... Жапанда мынау қалғандай жалғыз жайым бар, Құласаң құзар, неғылған терең, уайым жар. Қайда сол күндер, күрсінбей күліп жүретін, Айтыңдар ару, Айтыңдар, сыршыл қайыңдар!.. Қайырмасы: Сайрамның салқын, саялы кеші самалды, Сыңқылдап аққу, айдында шалқар таранды.

Аларсың еске, Аларсың еске, шалғайда жүрген балаңды. Ай туды жаңа, сызылып сонша шалқалай, Айымдай асқақ, қол жетпей кеткен, қалқам-ай!.. Аңсаумен сені, сағыныш көлі толқындап, Жанарым талды, сағыныш дерті тарқамай!.. Қайырмасы: Сайрамның салқын, саялы кеші самалды, Сағыныш толы, шықтарға көнді жанарды. Құстар да келді, Құстар да келді, қанатқа іліп сол əнді...

ТОЛҚЫНДАР КӨККЕ АТЫЛЫП ТАСЫНҒАНДА (Тамызға тағзым...) Толғау Сөз арнау қандай қиын, асыл жанға, Сағыныш саған деген басылған ба?!. Өмірге келген екем тамызда мен, Сырлы аспан айдан алқа асынғанда. Сайрамның көлі толқып қуаныштан, Толқындар көкке атылып тасынғанда! Кім ұққан табиғаттың сонша сырын, Қажымай, сол қалпында Қалсашы үнің! Желкілдеп Көксалада, көк бетеге, Тамызым, əзірлепті мол шашуын. Ақсарбас айтылыпты, тай сойылып. Сол кешке арналыпты қанша шығын... Тұнығы тынбай тулап Күркілдек те, Тұрыпты шыңдар бойлап мұңсыз көкке. Үніне нəрестенің зар болған жұрт, Жүрегі сол күнгідей дүрсілдеп пе?!.. Əн шалқып, ұлан-асыр той жасапты, Ойлады-ау, жұрт есінде жүрсін деп те.

Тағдырдың кезіккен соң қастығы алдан, Алдыңғы балаларын – Аштық алған... Тау асып, тасты басып кеткен кезде, Өзекте мың өкініш, ащы қалған... Тəңірге тілек етіп бір баланы, Көңілде үзілмей бір жатты ма арман... Ел-жұрты болатындай елеуіне, Солардың келген перзент «төлеуіне»... Содан болар, ел болып тойын тойлап, Əн-жырдың бесігіне бөлеуі де. Сол сырды тұр ғой шертіп күні-бүгін, Сайрамның қылкөпірдей, Кезеңі де... Айдында аққу құстар асыр салып, Тойлапты неше күндей, ақын халық. Тербеген Талқы-Тəңір сəби үнін, Бүгінде Алтай, Алатау жатыр танып... Сол əнді қайталап жүр, ұмытқан жоқ, Көктегі жүрген қыран батыл шалып... Тəңірі-ай, таусылғандай тағат бүгін, Тағы да Талқы жаққа қарап тұрмын. Өмірге алып келген сұлу Тамыз, Өзіңмен жаным, сырым, жарасты үнім! Аялап алады еске, арманы жоқ, Сол орта мені өсірген, қанатты ұлың!..

Ерекше болмаса да дайындығым, Тамыздың қарсы аламын, айын, күнін. Тамызда табиғат та толықсиды Менің де ақтаруға дайын жырым! Өзі де өмірімнің саған ұқсас, Айыққан қашаннанғы уайым-мұңым... Жайы осы «тауда туған қарындастың», Өлеңмен өмірімнің зарын бастым. Енгенше қара жердің құшағына, Мен осынау аңсаудан арылмаспын!.. Біз болып «соңғы көші» жалғыздардың, Өмірде көп болса екен тарылмас күн!.. Сөз арнау қандай қиын асыл жанға, Сағыныш саған деген басылған ба. Өмірге келген екем өр Талқыда, Сырлы аспан айдан алқа асынғанда. Сайрамның көлі тулап қуаныштан, Толқындар көкке атылып, тасынғанда!..

  • * Басқаға емес, табынамын саған көп, Ұлылыққа табынбасқа шарам жоқ. Құмырсқадай тынымы жоқ күй кешем, Бір ұқсастық өзіңізбен табам деп. Көңіліме медет тұтар бір ғана, Тебіреністен жазылады Жыр жаңа. Дүниеге біз тамызда келіппіз, Жасыл бүркеп, Жасанғанда нұр-дала! Сол тамыздың сұлулығын мəңгілік, Өтсем деген арманым бар, Əн қылып. Ару – тамыз, Алақанға алғанда, Сəби – дүние, тұрған екен сəн құрып. Толықсыған тамыз айы біз білген, Көктемге де, ұқсамайды Күз күнмен. Жаны сұлу болсыншы деп, Жан Анам, Сайрам көлдің толқынына жүздірген.

Сұлулықтың сəулесіне шомып таң, Сайрамкөлге аққу болып қоныпты əн. Сұлу сазбен сусындатып жанымды, Сұлулыққа табиғат та тоғытқан. Сұлу шыңдар, Сұлу жерде күн кешіп, Сұлу үнмен тербеліпті жыр-бесік. Тамыз айы – Тамылжыған сұлулық, Сұлулықпен өтсін ғұмыр үндесіп!..

МҰНАР КӨШКЕН Тəңіртау биігінен мұнар көшкен, Самалы туған жердің тынар ма ескен. Мұнарыңнан моншақты жыр жамылып, Балаңды шалғай жүрген шығарма естен! Тəңіртау биігінен мұнар көшкен, Таласып тұрушы еді-ау, Шынар көкпен. Шыңдағы шайқатылған көк шынарың, Дауылға шыдамаса, Сынар деп пе ең?! Тəңіртау биігінен мұнар көшкен, Бұл дүние, Бір қалыпты тұрар деп пе ең? Мұңменен мұндастырып аруыңды, Биіктігің – Басыңды мұнарлы еткен. Тəңіртау биігінен мұнар көшкен, Шалқалаған шалғайлық – Құмарлы еткен. Кеудемнің кең аспанын тосайыншы, Құйылып келе жатыр, Қыран көктен, Балаңды шалғай кеткен Шығарма естен!..

  • * Барады Сайрам көлден сағым көшіп, Сайрамкөл – Тербетілген нағыз бесік. Туған жер, қанша жылдар сарғаюмен, Келемін сағыныштың Селін кешіп!.. Сарқылмас сағыныштың ішкем уын Енесің жиілетіп Түске бүгін... Сазы боп сағыныштың шертілуде, Ширыққан, қашаннанғы іштегі үнім. Жатырсың тағы тулап кемеріңнен, Өңім деп түс болса да, сенейін мен. О, туған жер, Аша гөр құшағыңды, Жатайын тыныс тауып, тереңіңнен!..

АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДЫ САЛАДЫ ЕСКЕ Көк мұнарға оранып дала кеште, Көк таулардан сап-салқын самал ессе, Көк жүзінде қалқыған ақша бұлттар, Алыстағы Ауылды салады еске... Ешнəрседен алаңсыз жаның жайнап, Көк өзеннің жүруші ең, Жалында ойнап. Саған деген сарқылмас Сағыныш па, Жүретұғын балаңның бағын байлап?!. Көк шыңдарға қараушы ем, Көзімді алмай, Неткен мөлдір, өзіңдік сезім қандай! Көп толғанып жүрген соң, Бір көре алмай, Таусылады екен-ау, Төзім де Алла-ай!.. Тастағандай сиқырлап шексіз жалған, Күн шығатын шашырап, Көк шыңдардан. Өңім емес, барады түске айналып,

Көз жұмғанша Көкіректен кетсін бе арман?!. Көгілдір көл, көк өзен, Көкшіл жалған, Қол бұлғадым өзіңе көк шыңдардан. Алматының бұлыңғыр күндеріндей, Көлеңке бар көңілде, Көп жылдардан... Сенен көрген соншама əдемілік, Бойтұмардай тағынғам, кəде қылып. Өзің жайлы кешемін шексіз қиял, Ұзақ таңға кірпікті əрең іліп... Мұнар кетпей Талқының көк шыңынан, Сағымдармен толқындап жетті бір əн. Əлде қашан ұшып-ақ кетер едім, Отырмын ғой, Қанаттың жоқтығынан!... Көк мұнарға оранып дала кеште, Көк таулардан сап-салқын самал ессе – Көк жүзінде қалқыған ақша бұлттар, Алыстағы ауылды салады еске...

АЙТХОЖА ҚАЖЫ (Атам жайлы жалғыз сөз) I Мекендеп Баянжүрек, Ордабайды, Елінен аямаған қолда барды – Жұртына қадірі көп асқан адам, Бұл басқа, Бақыт тектен орнамайды!.. Баурында жапырақ жайған Бүркіттінің, Орман болды, кешегі – Бүршік бүгін... Айтхожа жайында айтып жатыр əне, Жақпарлар, келген қанша іркіп сырын... Айтады бала кезін, жігіт күнін, (Жатқан ғой, тау-жақпарлар, бүгіп сырын...) Сұңқар үн, Сұңғақ бойлы, сұлу өнді, Жігіт жайлы қаншама тұнып тұр үн!.. Болсын деп ар алдында жүзім жарық, Жүретін əдетімен түзу жарып – Қажы боп оралыпты, Айтхожа атам, Меккеге дəл бір ғасыр бұрын барып.

Қажы атам, болмаса да асқан сері, Көкірегінде шешендік – Тасқан селі. «Сөзі мерген, мінезі өткір болған, Семсердей, Сөзбен турап тастаушы еді...» Аңыз көп ел ішінде Атам жайлы, Жұрт білсін, жасырамыз қашанғы ойды. Болмаса, бойында ерек қасиеттер, «Айтхожа би, шешен» деп аталмайды... II Мекендеп Көкөзек пен Ордабайды, Білемін аямаған, қолда барды. Қадірі ел ішінде асқан адам, Бұл басқа, Бақыт тегін орнамайды! Өтсе де суық желдің өтінде өмір, Шешендік сөзі оқулық бетінде жүр. Немерем келгенде алып оқулықты, Егіліп кетті еріксіз, Жетім көңіл... Жетім де, жарты да емес, бүтін көңіл, Көремін түзу ұшқан түтіндерді...

Кешегідей мені де қақпайламас, Тегімнің кім екенін түсінді елім! Айдалып «Итжеккенге» жетпісінде, Тағдырдың жүрді қанша, Тепкісінде?!. Көрмедік қажы Атамды, Көп естідік, Көруді армандаймын, тек түсімде!!!

ҰЙЫҚТА ЕНДІ АЛАҢСЫЗ... (Анам – Би-Фатиманы аңсағанда) I Өтер ме екен арылмай алаңдығым, Толғанып отыр тағы балаң бүгін. Көкірегі күрсініп, Күйін шерткен, Өзің жайлы тебіренген қалар бір үн. Қарашығым көміліп жасыма кіл, Жете алмадым, Жан ана, басыңа бір. Күн көзіне шағылған күмбезің жоқ, Өніп тұр ма, Өрмелеп тасыңа гүл?!. Барлық бақыт пендеге бұйырған ба, Көз жазыппын өзіңнен – Жиырмамда... Алыс жүріп арнадым, Құран-хатым, Қабылдай көр, Қызыңнан, Ұлыңнан да...

Жетелейді сол жаққа қиял мені, Соңғы демнің секілді-ау, Құяр жері... Қасіреті-ай, құбылған замананың, Жерұйығын жатына қияр ма еді?... Енді алаңсыз, Анашым, ұйықтайсың. Кездерім көп қиялға тұйықтайтын. Баурыңа балаң туған жерді басып, Бірін де бөгде жанның жуытпайсың, Ұйықта енді алаңсыз, Ұйықтайсың!.. II Қашанғы орындалмай қалағаның, Өттің-ау, өкініште, Анажаным?... Жалғасам арманыңды ерте үзілген, Менің де бір кəдеңе жарағаным. Арқалап «қашқын» өмір ауырлығын, Ауыр жыл өтті қанша, Дауылды күн... Жаудырап қарақат көз қарағанда, Жүректі қаритұғын Жалын-мұңың... Басынан сан-алуан өтіп алаң, Толғанып тірісіндей отыр, Анам...

Өлеңнен бір ескерткіш Орнатар ма, Тірісі екеу – Бар-жоғы жеті балаң!.. Болмыстары ерекше, тілі дархан, Төретұрсын, Гүлмануар, Құдиярхан... Ұлдарың тірі болса, Айтмұхаммед, Дариға-ай, Кеңір еді-ау, менің арқам! Солардың армандарын өттім жалғап, Оларды кетсе дағы аштық жалмап... Есіңе түскен кезде арыстарың, Анашым, жер баурында, Жаттың ба аунап?!. Уайымдап ұл-қызыңды аштан өлген, Бұйырды топырағың Басқа жерден... Таулары бұл тағдырдың қандай асқақ, Аса алмай келем өзің – Асқан ерден...

«МАРУА» ТАУЫ (Жанбота қажылықтан оралғанда) Жасанғанда дүние жасыл киіп, Жалбарынып Аллаға, Жасын құйып, Мыңдаған, мұсылмандар Мекке барып, Қағбаның қайтады екен, тасын сүйіп!.. Қара-құрым халықтың арасында, Имандылық, ие боп жарасымға, Барып қайтты Меккеге менің балам, Ой тұнып қара көздің шарасыңда... Қанша таулар теңіздер асып жүріп, Ол да оралды, Мінəжат жасын құйып. Қағбаның қара тасын айналғанда, Маруа тау, Көтерген басын биік! Сонда есіне алыпты балам мені, (Жолаушыға көңіл көп алаң да еді). Шын аты Анашымның «Маруа» ғой, Өз атын атау қажет қалай да енді... Өзгертпей ғасырларғы, асыл көркін, Маруа тауы, сол қалпы жатыр дейтін...

Маруадай мəртебелі болсыншы деп, «Қыз туса, Маруа деп атын қойсын!...» Қажы атамның осы бір аманатын, Əкем де, еске сақтап жан Анашым – Беріпті маған Қасиетті таудың атын, Ел ішінде сирек боп саналатын. * Ағалар мен əпкемді аштық жалмап, Құлжаға апарыпты, «Қашқынды» айдап... Қасіреттен жүргенде айыға алмай, Солардың орнын біздер, жаттық жалғап. II Ел-жұрттан айрылған соң, сырқаттанып, Тілепті Анам, мойнына «бұршақ» салып. «Бере гөр, бір баланы, ей жасаған, Соңымда бізді жоқтар ұрпақ қылып...» Зарланып, Анам солай тілегенде, Кім білсін, көңіл сеніп, түлеген бе?!. «Қашқындар» арасында осы бір сөз, Жайылып кеткен дейді, Түгел елге!..

Сұлу қыздар, Мəнетай, Марфуғасын, Ұмыта алмай ұлдардың нар тұлғасын – Жетісудан асқанда, «Арғыбетке», Еңсені қасірет қалай жаншымасын. Тəңірден тілегеңде бала бер деп, Олармен қоса тілеп, Дала, Жер-Көк... Көп тілеуі көп болып, мен келіппін, Тəңір жазса, Жұлдыз да жанады өрлеп!.. «Арғымақ орнын кішкентай тай басқанда» Өмірге – өмір қайтадан жалғасқанда, Əн-жырымен Анашым тербетіпті, Тербетіпті, Зарлы əуен, талмас таңға!.. Аңсай жүріп ел-жұртын, туып өскен, Сағыныш көлін, Ата-анам, жүзіп өткен. Маруа емес, Марфуға деп кетіпті, Айдай ару, Шығармай қызын естен!..

III Жол жатыпты алдымда, жаңа, сырлы, Біздер де астық қайтадан, Сол асуды... Аңсау дерті Анамды ерте əкетіп, Туып-өскен ел артта – Қала тұрды... Алдымыздан құшағын ашып дəуір, Атажұртқа кеттік біз, Басып бауыр. Ақын Маруа төрінде Алматының, Толғанып та, тебіреніп, Тасып та жүр!.. Аңсаудың өзі тіптен дертпен бірдей, Маңдайдан болды қанша, Шерткен күндер... Жақсылықты бағалай білеміз ғой, Жақсылыкқа сарғая жеткен біздер!..

ҚОШТАСА АЛМАЙ (Мұхаммед Жайырбайға) Тыныштық орнап бүгін отбасына, Ел мен ел, тіл табысып, достасуда. Қарсы алып келгеніңде құшақ жайып, Бармадым кетеріңде Қоштасуға. Ол сені емес еді жек көргенім, Не шара, сезімімді шектер менің. Ойладым, көрмесін деп, Көз жасымды, Қия алмай, Қоштасарда төккен менің. Толқыған аз болып па сəттер менде, Тұрады бұлт бүркеніп, Аспан – кеуде. Қол бұлғап сондарыңнан карап тұрдым, Тəкаппар, Талқытаудан асқан кезде. Келгенің көңілді еді ауыл жаққа, Қоштасу қандай қиын, бауыр басса. Шаманың жетпегені-ау, Шыныменен,

Кеудеде сағыныш борап, Дауылдатса... Тағдыр ғой, туа біткен маңдайдағы, Армандау туған елді – Шалғайдағы... Жүрсе де сенсіз жерде жанбай бағы, Ақынның алыстарға самғайды əні. Жүздіріп жыр аққуын көңіл-көлге, Өтеді осылайша өмір менде. Тозады тебендей боп семсерің де, Орандым мен Ортаймас сезімдерге, Болар ма ақын жанын темір деуге?!. Берілмес бар адамға ғасыр ғұмыр, Құрғатар кез де келер, жасымды бұл. Талқының тауында өскен киік едім, Таңбалап жатсын сенің Тасыңды жыр. Сырлы əуен Талқытаудың өрлеп төсін, Кім білсін, Жүрегіңді тербетпесін. Көксейді өзіңде өткен көктемдерді, Жасырмай, туған жерге Жер жетпесін!..

САЙРАМНЫҢ ТОЛҚЫНЫНДАЙ Тұр ма екен Түзің де аман, Құзың да аман, Кешегі қаз-қалпында бұзылмаған?!. Қырық жыл, қылаң беріп өте шықты, Көрсетпей басқан ізін, жүзін маған... Зымырап, жылдар жылдам толқындады, Көңілдің көлі орта, Толтырмады. Кешегі қара бұрым, Бүгін – бурыл, Кезікті тағдырдың да жолсыз жары. Жүрсе де жүрегімді шоқтап қайғы, Жыр – самал, Желпуін бір тоқтатпайды. Түскенше өз арнама ауытқымас, Кезіппін талай жолсыз, Соқпақтарды... Жылдарым, Жалыны өшпес сырға тұнып, Келеді тұңғиыққа шым батырып. Жанымның жартастарын соғады жыр, Сайрамның толқынындай бұйра-тұнық.

ҚАСІРЕТКЕ АЙНАЛҒАН Əттең, мына қолымның қысқалығы-ай, Бұйығып отырар ма ем қыста бұлай?! Ауылға иек асты Атым жетпей, Көзімнен сағыныш – бұлбұл, Ұшқанын-ай! Жылдар да құм секілді сырғып көшіп, Ел қандай жатыр екен Тірлік кешіп?... Бетіне ақ қағаздың салады өрнек, Мөлдір тамшы, Жанардан сырғып кетіп... Күдігі көңілдегі қалмай мүлдем, Баласын ала ма еске, Шалғай жүрген?!. Сағыныштың жүрген соң сазын кешіп, Жылдарға, Жырларымды Жалғаймын мен. Тамаша табиғаты, жаны тұнық, Жүр ме екен, сол жандардың сағы сынып?.. Көңілдің пернелерін шертіп қалсаң, Шерлі күй, Кететіндей ағытылып...

Шылбырын арғымақтар үзіп келіп, Қайтатын, таң атқанша қызық көріп. Арасын екі ауылдың жатыр енді, Айналған қасіретке Сызық бөліп...

ОЙҒА ӨЛЕҢ ОҢАЙЛЫҚПЕН ОРАЛМАЙДЫ Ойға өлең оңайлықпен оралмайды, Болар ма жазбай кетсең одан қайғы. Өшірмей үміт отын үрлей түсем, Алдағы болжай алмай, Болар жайды... Жүректе асау қаның толып-тасып, Жүрсің бе кешегідей болып ғашық? Əлде сен сол бір күнді ұмыттың ба, Сайрамда – Сайрандайтын қол ұстасып... Неліктен өтіп жатыр жүдеп күнім, Неліктен мұңаяды жүрек бүгін. Қолыма қона алмаған, Қыраным-ай, Қай жерде жүр екенсің, Түлеп бүгін?! Жатпенен бауырласып ұясында, Қонды ма, Талқынның бір қиясына... Тағдыры қырандардың беймəлім ғой, Бəлкім ол, Келіп-кетіп жүр осында...

Кейде жан торығады, торықпасқа, Өткен өтті, Қайтемін жорып босқа. Кім білсін, мерт болды ма Құсалықтан, Кеудесін, аңғал қыран, Соғып тасқа?!.

АЙЫМ ТУЫП АСПАНДА І Қаншама адам жете алмай зар ғып өткен, Біздер көшіп келгенбіз Арғыбеттен... Арбасына ат емес, Атан емес, Құлындай шырқыраған жанды жеккен... Солай аңсап келгенбіз, жасырмайын, Содан болар жүргені Басылмай мұң. Кіндік кескен жеріңдей болу қайда, Қанша ма орнап тұрса да Басында ай-күн!.. Атажұртым! Тау тұрғай, тасың бөлек, Қуат беріп жаныма жатыр демеп. Аңсап жеткен осынау Атажұртқа, Сағынышты армансыз басу керек. Сағынышты баспаса, дертке айналар, Көңіл шерін мен бе екем, Шертпей қалар?!. Ағытпасаң дертіңді,

Ақтармасаң, Өзегіңді өртеген өртке айналар. Арып-ашып қаншама, ассын қырдан, Бұдан былай бұл дертті асқындырман. Жүректегі байланған қасірет бұл, Дауасын тапсын енді Тасқын жырдан! Бар ма біреу, ақынның жайын сұрар, Қиналудан жанарға уайым тұнар. Басқа қонған бақытты Құс дейді ғой, Менің дағы оңымнан айым туар... II Айым туар аспанда қораланып, Қораланып туған ай, дараланып. Заман ба əлде Адам ба, түсініксіз, Жанымыз келді қанша, Жараланып... Тағдыр – тартыс, Шыдамай сынған сынар, Мені-дағы сүйсініп тыңдаушы бар. Жоғарыға өрлетпей,

Тартты етектен, Айым туып аспанда тұрған шығар?! Сезген сайын ауғанын назарыңның. Жеңіл тартты салмағы азабымның, Рушылдық аты емес, айқайлаған, Мен атынан сөйледім, Қазағымның! Кенелермін күндерге шабысы мол, Болмаса да бұл шақта бар ісім оң. Кенесары, Абылай болмасам да, Ел намысы – Менің де Намысым ол! Қаншама адам жете алмай зар ғып өткен, Біздер көшіп келгенбіз, Арғыбеттен... Ат емес, Атан емес, Арбасына – Құлындай шырқыратып, Жанды жеккен!..

МҰҢ ЖАМЫЛҒАН Сүйеу болып жаныңа асыл сезім, Жыр боп жетті, Алысқа атың сенің!.. Ақындарды аспанға көтеретін, Адамға тəн тереңдік, ақыл, сенім... Өмір кешіп келемін сенімменен, Жыр дəні жатыр қанша себілмеген. Сəттілікке татулық себеп болып, Күндерім, шуақ шашып, жеңілденем. Шын қуандым елмен-ел қауышқанда, Айтып адам сезімін тауысқан ба. Қап тауының қаптамай, қара бұлты, Ақ тілектер жатса екен, Жауып таңға!.. Толқындайды, тулайды, Тұнық арнам, Толқынында жылдардың шынығар жан. Шынығып та, Ширығып жүргеннен соң, Мен-мұндалап тұрады биік арман! Жүруші едім тəңірге тілек қылып, Туған жерге тұрады

Жүрек бұрып... Шығыс жаққа қараймын бой шымырлап, Алатауға арқамды сүйеп тұрып. Алатаудың бұлт көшіп шыңдарынан, Аспандағы ақ бұлттан тыңдадым əн! Арылғандай ол дағы мұнарынан, Менің сыршыл жүрегім, Мұң жамылған...

ЖАЛҒАНАР МА Басымнан бақ тайсаң да, қуат тайма, Қуатсыз, жаным жырды шуақтай ма?!. Тағдырдың талқысына көп түсіп ем, Жанымды жылы назың, жұбатпай ма. Шынайы, шыншыл жүрек, жалғаны жоқ, Өмірге бергенім де, алғаным көп. Туған жер, құшағында қалғып кетсем, Тəңірден басқа тілер арманым жоқ. Əлдилеп жырларыңды жырланбаған, Жарқырап, өтпедің бе, жылдан да аман. Үнемі аңсауменен өтер ме, өмір, Күндерім, жырланбаған, нұрланбаған... Араны көлегейлеп тау-сағымдар, Келеді жеткізбей-ақ саусағымды. Құшағын қайтсыншы деп, бір толтырып, Өсірдің маған арнап қанша гүлді?!. Шалдықсам, жетелейді арман алға, Бұл маған – Ата-Анам, салған арна!.. Сайрамның мөлдіреген тұнығындай, Толқыным, толқыныңмен жалғанар ма?!.

Бұл кезде сырласым да, досым да мұң, Білмейсің, көкіректен жас жосылғанын. Борады, соқты дауыл, төкті нөсер, Бастарын – босқан елдің қосуда күн... Бастарын ауған елдің қосуда күн, Ортаңда шалқып, жұртым, отырмадым. Шектеліп келдік қанша, шеттеу жүріп, Жүреді жақсылықты тосып жаным...

ТƏКАППАР ТАЛҚЫ Құздарынан жөңкілген дауыл-көшкін, Мен тəкаппар Талқының тауында өстім! Тауында өстім, Жасыны жарқылдаған, Жете алмайтын батылы баруға ешкім. Бой асыра шыңдары биіктеген, Бірге ойнадым жартаста киікпенен. Қайсарлықты бойына құйған мықтап, Қарағайын тапжылмас сүйіп келем! Сүйіп келем өзенін омыраулы, Сүйіп келем гүлдерін қоңыраулы. Сүйіп келем аспанын күркіреген, Сүюменен ортадан өмір ауды... Сүйіп келем ақ қайың, көк терегін, Көңілімді сүюден шектемедім! Келмейтіні қолымнан жек көру ғой, Сүюменен өмірді өткеремін! Өзен болып арнама сарқыраған, Өр болуды үйретті, Талқы маған. Жермен жер боп ешқашан жүрмеу үшін, Үйренсе ғой, Таулардың салтын адам.

Күш-құдірет жетпейтін қозғалтуға, Қызығамын шоқтығы озған шыңға. Қанша қиын болса да өз тағдырым, Сүйемін мен өмірді Өз қалпында!..

ӨЗ ДАУСЫМНАН ОЯНДЫМ... Мен едім, бой түзеген талшыбығың, Есіңе бəрін қайта алшы бүгін. Өмірден кетсең де ерте, Аяулы Анам, Естіп жүр аруағың жан шырылын... Сан көшкен керуендей сахарадан, Өмірге келіп, кетіп жатар адам... Сипадың маңдайымнан таяп келіп, Ояндым, Өз даусымнан, Апалаған!... Жұрт ұйқыда, атпапты, таң қараңғы, Оятпадым жарымды, Жан баламды... Сарыла күтіп сонша жатқандаймын, Қоңыр үн, Қоңырлата салған əнді... Түсімнен шошынбадым, үрей билеп, Далада қарлы боран, Үдейді, үрлеп... Аңсадым, Əлде кімді іздедім мен, Алыстан тілеуімді Тілей жүр деп...

ТҮЛЕП ШЫҢДА (М.Қ-ке) Жаныңа тыншу бермей, арман-алаң, Əлемде елдерің де аз шарламаған. Жұртының жайын ойлар азаматын, Еліне қауыштырар, жолдар аман! Ақталып жатқан шақта, асыл үміт, Қоғадай, қозғалмадым, жапырылып. Дауылы қуаныштың шайқады ма, Кеудемде кетті Сайрам, сапырылып!.. Бұл күйді болмаса да көрген ешкім, Маздады жас аралас, Көзден ұшқын. Тек үнсіз қуандым да, үнсіз толқып, Сол бір сəт, келді құс боп өрден ұшқым. Жеттік-ау, бұл күнге де талықсырап, Кеткендей айналамда, жанып шырақ! Бауырым, мен құттықтау жолдамадым, Сүйінші, жатты менен – Халық сұрап!.. Дүние, неткен сұлу, сиқырлы еді, Даланың желпіндірді, бір тың лебі.

Өлеңмен жалғамасам сол сезімді, Ақынның үзіледі-ау, жырсыз демі... Боялған шағында осы жүрек нұрға, Өнерге керек сендей, Тірек, тұлға! Сақтасын, Тəңірім, қауіп-қатерінен, Шарықта, Шарықтай бер, Түлеп шыңда!..

ТОЛЫҚСЫҒАН ТОҒЫЗТАРАУ Қиялым тағы кезіп шалғайларды, Үзілген сонау жылдар, Жалғайды əнді. Қақтырған тамсандыра Таңдайларды, Əніңе шөлім тағы қанбай қалды... Тұрсың ба, Тоғызтарау, Толқындаған, Болмасаң, сонша ерекше Толқыр ма адам?! Көз жазып кетіп едік біз өзіңнен, Кездерде көк шыбықтай солқылдаған... Не шара, қойды тағдыр жекелетіп, Сан қиял шылбырынан жетелетіп... Көк майса баурайыңды Гүл жамылған, Жүр екен, Кімдер бүгін Мекен етіп?!. Жүр екен, кімдер бүгін асыр салып, Неліктен жасыл белдер, Жатыр талып?!.

Көк өзен толқындаған көз алдымда, Толассыз сол ма жырлар, Асыр – шабыт?.. Торғындай, Тоғызтарау, Толықсыған, Тауыңнан түлеуші еді, Шолып қыран! Керілген кербез де өзің, Керемет ең, Кеудемде саған деген толып тұр əн!.. Қараумен күнді өткерем мен де талып, Арқаңды Жатырсың ба, Кеңге салып?!. Өзіңнен өнген қанша Өренің бар, Көктегі жұлдыздардай, Сөнбес анық!..

КӨКІРЕГІМДЕ ТОЛҚЫНДАП... Толқындары жағаға жатқан ұрып, Арайланды ақ арман, Аппақ үміт. Арайланған ақ арман, үміт барда, Жыр жазады, ақындар, Ақтарылып! Ыстыққа да көндіккен салқынға да, Əзірлепті күндерім, Тарту жаңа. Сол еді ғой, жаныма сүйеу болған, Бергелі қашан, Əділ, халқым баға. Өрісім кең өзіңмен, өрем биік, Қалықтаймын, Қанатқа өлеңді іліп! Өтсе екен деп тілеймін күндерімді, Сырыңды да, Нұрыңды терең құйып. Жадыраса ерекше, аспанда, ай-күн, Мүмкін емес болуы, Басқадай мұң. Туған елдің сарқылмас махаббаты, Көкірегімде толқындап Жатқан айдын!..

...ТҰНЫҒЫ ШАЙҚАЛАРДАЙ Сағынышпен ел жаққа көп қараған, Біреуі едім, өмірге өкпелі адам. Өксігімді басайын өзектегі, Күндерімді ұмытып, Кек санаған... Сағынышпен ел жаққа көп карағам, (Ақындықты берген жоқ текке маған). Оңашада ой толқып, сырласамын, Қуанышты күндерге, Жеткен аман! Талмай жетіп жүрекке, халқым үнің, Жыр жазумен өтіпті, Жарты ғұмыр... Тебіреністі күнімді құптағандай. Қол бұлғады қиырдан, Талқы бүгін! Қайран Талқы! Жыр болған биіктігің, Таң себелеп, Шығады күліп күнің. Жаныма да, Жырыма сыйлапсың сен, Мөлдіреген Сайрамның тұнықтығын!

Келем айтып, кей кезде айта да алмай, Борышыңды жүрмін бе, Қайтара алмай?!. Даусым қатты шықса да үрейленем, Сайрамкөлдің тұнығы Шайқалардай!..

ҚАРҚАРАЛЫ ТАУЫНЫҢ МАРАЛЫНДАЙ (Ырымбала əн салғанда) Қандай сазды, сызылған үнің сенің, Құйылады жүрекке сұлу сезім. Жұрт айтқанда сен жайлы аңыздай ғып, Көрудің сəтін күтіп жүруші едім. Жүректерге жалғаған ойын ізгі, Қауыштырды – Қасымның тойы бізді... Келе жатып сол тойдан əн шырқадың, Сезімдерге билетіп бойымызды. Жан екенсің жөн білер, төзімді, есті, Бастап жүрдің сол тойда өзің көшті. Үнсіз тыңдап отырдым, Үнсіз толқып, Білмеймін, Жігіт қандай сезім кешті?!. Дарымайды бұл өнер, жанға бекер, Жақсы тілек, арусың, Арнап өтер. Ақын-сазгер, əнші Естай Арғы Атаң, Қалған дарын Атадан, Қанда кетер...

Қонып қалған секілді қабағыңда ай, Нұрланбайды жүзің де, Жанарың жай. Қарқаралы тауының – Қасым өскен, Көрінесің көзіме маралындай!..

АРҚАДАН АЛҒАН ƏСЕР (Қ.Мұхамеджанов бауырыма арнаймын) І-ЖЫР. ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ Жаңғырып Тəуелсіз күн үніменен, Бұл таңда естіледі үнің ерен! Осынау ерен үнге елеңдеген, Барады аттың басын бұрып өлең. Өзіңді көріп едік іс басында, Жолдарым – Жақсылықпен ұштасуда. «Қаланың қамын ойлар, даланың да, Қадірі артқан қарт пен тұстасына...» Деп, жұртың, өзің жайлы жалғайды ойын, Ертеңді армандайды талмай көңіл. Арманын ата-баба ұштастырып, Қиялың көз алды емес, Шалғайда жүр!.. Айтпаса кім біледі, кімнің жайын, Ағызған ақын қанша, Тілдің майын. Өнерлі жандар да көп бұл Арқада, Сайраған əншілер де бұлбұлдайын!..

Жаңалық, бас көтермей бастамадан, Көрініп Қарағанды, Астанадан – Асырып келесің сен, ел мерейін, Күнің кем, ойдың бұлтын жастамаған. Көркейтіп тұрған осынау қаланы да, Көз тартар, Ала доптың алаңы да. Жасыл шым, Масатыдай құлпырады, Əкелген Австриядан қазағыма! Шуағын ақ маржанға шомдырып күн, «Петергов» көшесін де қондырыпсың! Су үні, сыңғырлаған күміс күлкі, Табиғат сұлулығын Төндіріп тұр... Ерекше айбат беріп найза, сауыт, Батырың, алаңда тұр, Айға шауып! Айбыны байқалады ат үстінен, Дұшпанның еске түсер «тəубесі» анық! Секілді арқа елінің ақ пейілі, Толқындап жатыр жаңа бассейіні. Биіктен суға ыршыған балалардың,

Құлақтан жүр ғой əлі, Кетпей үні! Қамтыған Қарағанды бар ауданын, Жалығар жаңа алаңға қарауға кім. Көресің Ұлытаудың «жотасынан», Ұлары мен тарихтың – Тарауларын!.. Жүк қанша ауырласа арқаңдағы, Өмірдің соншалықты артар мəні. Сеңгірдің жартасында маңғазданды, Арқаның, Ай мүйізді, Арқарлары!.. Қаланың шетін ала қалың орман, Орманды жерде арылмас, Жаның ойдан?!. Сəулетті Университет, Сəнді үйлер, Секілді, хас шеберлер ою ойған! Бүгінгі сəнің бөлек, əнің де ерек, Келеді азаматтық – Арың демеп! Кешегі Қарағанды қанша өзгерген, Оған да батылдық пен Жалын керек!

Оған да батылдық пен дарын керек, Келеді туған елді – Жаның демеп. Жүргенің жұртың үшін дамыл көрмей, Сондықтан, сəулетті үйлер, салынды ерек! Жатқан жер, бір кездері алаң-ашық, Орман тұр гүліменен араласып! Көркіне күннің де өзі сақтанғандай, Алаулап, Көкжиектен барады асып!.. ІІ-ЖЫР. ҚАСЫМ КҮНДЕРІ Қасымның дүбірлетіп Тоқсан жылын, Қаһарман, ортада жүр – Тоқтар бүгін. Қасымдай өр ақынның, шерлі ақынның, Тойына, жыр саңлақтар, шоқтар гүлін! Қарап тұр қалпын бұзбай, Қарқаралы, Мəдилер, бүгін асқақ əн салады. Шайтанкөл шарасына жатыр сыймай, Жартастар, Қасым атын қайталады!.. Ерліктің таусылар ма айтар əні, Батыры-тауларындай,

Қайсар, əне! Орманы қарағайлы өлең тыңдап. Бəрі де Қасым атын қайталады. Аңызға толы Арқа даласына, Жетіп ем, Алматыдан жан асыға. Оқыды жалынды жыр, Ақсұңқаров, Тұндырып Шайтанкөлді шарасына! Оранған ұшқыр ойдың от арнасын, Екпіні Қасымша оның жатар басым! Жасындай жарқылдаса, Арқа жақтан, Қалған жоқ толғандырмай қатарласын! Қарқара, қалды тыңдап көрікті үнді, Көрікті үндер тұрды төгіп жырды!.. Бауыржан, Ғалым бəйге алдын бермей, Оларға қыздар бəйек, теріп гүлді! Тасыған өлең жырдың арнасында, Қасымның үні ерекше жалғасуда! Елемей жауған оқ пен дауылыңды, Тұрғандай, Жырлар оқып, жар басында!.. Қаумалап майдандасын ортаға алып, Жұбан мен Сырбайлар жүр дəл қасында!.

Жеңдірмей дауыл-күшке көп қарысқан, Дақпырты бізге жетіп жатты алыстан. Ғарыштың əлеміне алғаш рет, Қарқара тауларынан – Тоқтар ұшқан!.. Тұрса да қауіп-қатер төндіріп тым, Кім оның жүрек отын сөндіріпті. Көк мұхит үстіндегі кемеге ол, Ғарыштан ұшақты аман қондырыпты!.. Жазылып тарихымның тасқа сыры, Жырлауда өр Қасымын, Жас Қасымы. Ақынның мерей тойын өзі бастап, Ортада жүрді Тоқтар, Хас Батыры! Үкілі домбыралар əр үйдегі, Қазағым, қашаннанғы – Сəнің бе еді?!. Кімнің-кім екендігін айтпаса да, Дүбірлі шабысынан таниды елі! Сайраудан бұлбұлдары бұлданбады, Ақынның арылмады, Жырдан жаны!.. Ұлықбек Есдəулетов, Несіпбектер,

Тынбады толғанудан – Нұрлан дағы!.. III-ЖЫР. АСТАНАМЕН ҚАУЫШУ Арқаның самалындай ашық-керім, Астана, тұрмады ма тосып төрін. «Тəттімбет» атындағы оркестрмен, Күй шалқып, Оқылды жыр, тасып көңіл! Риза боп ықыласына барша жанның, «Президент сарайында» арқаландым! Жүрегім сол бір кеште соқты үдеп, Өзекке құйылғандай, қанша нəрлі үн!.. Толқытар сезіміңді, күй ме, ғалам, Өмірді, тебіренбей ме, сүйген адам?!. «Бір уыс топырақты» жатты ұсынып, Шетіне орамалдың – Түйген Анам!.. Елестеп, жастық ғұмыр ұзап кеткен, Қайтадан оралғандай, Шуақ көктем!.. Елімнің маған деген махаббаты ол, Үнімді-жыр тербеген, қуатты еткен!

Ақынның жұрттан бөтен жоқ қой сыры, Жасырман, көңіл сол кеш, Көп толқыды... Арқаның Жезкиігі бірге жөңкіп, Тулады, Теміртаудың от толқыны! Үн қосып жатты, Ұлытау ұларларың, Биіктеп бір арманнан – бір арманым. Анамның ақтық үнін естігенде, Жанардан жас ыршытпай, Тұра алмадым... Сұм тағдыр, билеп қонар-ұшарын да, Қуатын сарыққан сағыныш, Күш-ағынға. Арман-ай, жете алмай-ақ туған жерге, Қалды Анам, Қара жердің құшағында... Қанша ма түссе дағы жанға қысым, Күй кештім, биіктерде самғау үшін. Бұл менің тағдырымның бір белгісі, Анамның естіді жұрт, Жандауысын!.. Құрсаулап жатушы еді көңілді бұлт, Күдікті-көңілдегі – Жеңді ме, үміт?!.

Тапқырлық, режиссерлік қойылымға, Жиналған сол кештегі егілді жұрт... Қуанып, қиналғанда жазылды өлең, Сол кеште жыр қоңырауы – Қағылды ерен! Болмаса, актерлердің шеберлігі, Оңай ма, Жұрт көңілін табу деген?!. Адамның не дайындар келешегі, Бұл да бір түске енбейтін елес еді. «Бір уыс топырақпен» елді егілткен, Өнерге құдіретті, Не жетеді?!. * Көк күмбезді Президент сарайында, Көңіл риза, Келген көп ағайынға. Алғаш рет ақынның кеші өтіпті, Нанайын ба, жұртым-ау, нанбайын ба?!. Сол кештің əсерімен қалайын да! Қанатын аққулар да малып көлге, Күмбірлі сарай толып қалыпты елге!

Төгіліп жатты сол кеш əн менен жыр, Табаны тиер емес анық жерге! Өзін де өлеңін де алды аялап, Астанаға жиналған шабытты ел де! Ел-жұртты жатқандаймын танып мен де... Тəңірге болмаса екен асылық бұл, Мүмкін бе, жүру дейтін басылып кіл? Көкте жұлдыз, Ал Президент сарайында, Ұшқыны отты көздер, шашылып тұр! Сезіну қандай бақыт, білу мұны, Құйылды жүректердің жылу-нұры. Берілген бар пейілімен кеш сырына, Көз көрді зиялы мен білімдіні. * Жебедей ұшқыр ойлы, батыл-шындық, Қақ жарған қара бұлтты жасын сынды – Мұхтары Құл-Мұхаммед кешті бастап, Сөздерін төкпелетіп жатыр сырлы! Жасаған, көп көрмесін сыйын мына, Əркімге мұндай бақыт бұйырды ма?!. Өнерлі таланттарды атап өтіп,

Қамтыды, сонау – Шығыс, Қиырды да!.. Төрінен орын алған шешендіктің, Кімнің де көкейіне жетер мықты үн. Қолдаса аруағы, Аталардың, Салмағын, Сен де бүгін көтер жүктің! IV-ЖЫР. ТЕРБЕЛДІ ТƏУЕЛСІЗ КҮН ТАЛБЕСІГІ Аттанған Алматыдан əншілер де; Іркілмей, шын жүйрікті салсын өрге! Болаты Əбділманның нағыз жүйрік, Ешқашан зəру емес, Қамшыгерге! Саңлағы емес пе ол сахнаның, Шындықты айтпай неге жасырамын. Сарайды күмбірлетіп кетпеді ме, Төкпелеп, төгілдіріп, Тасыған үн! Сөйлейді ел адамы, елге лайық, Марқайдым, Арқадағы елге барып. Серігі Ақсұңқардың өлең арнап. Қанатын қақты Аққулар, Көлге жайып!

Ел болып жатқан шақта қосып тілек, Ойламан, бақыт құсы кешікті деп. Тербелді Тəуелсіз күн талбесігі, Бұл күнді жүруші еді-ау, Тосып жүрек!.. Кезегі келді, міне, тосқан күннің, Қар жауып, Қайта ашылды аспан бүгін. Қарашы, ақша бұлтқа кетті айналып, Еңсені қашаннанғы басқан мұңым!.. Алаулы Астананың арай шыңы, Сəттілік тілеп сөзсіз, қарайтыны. Кеудеме күмбірлеген күй сыйлады, Салтанатты, Президент – Сарай түні! Əуенін Тəуелсіз ел шырқамаса, Ақынның ашылады қалайша үні?! Орнаған сол Сарайдың басында ай-күн, Ай-күннің аясында – Ашылмай ма үн?!. Жас кезім қайта оралды, жасырынған, Жасаған! Жарқылдатшы, жасындай бір! Сызылтып аққуларын көл бетінің, Төгіл сен де, ақтарыл,

Тербетіл үн! Аяла, асыл арман, Асқақ қиял, Мазала, ақыныңа берме тыным!.. V-ЖЫР. АҚҚУ ƏНІ Жатса да мерейіңді асырып күн, Кетпейтін желпініп те, Тасынып тым. Тағдыры өнерменен өрімдескен, Арудың көзіндегі жасын ұқсын. Арқаның тұнып тұрды, түні сырға, Сол сырды жалғап жатты, Шыңы-шыңға! Өнерге деген сенің мол сезімің, Күмбірлеп жатты домбыра тынысында! Астана шалқытты жыр, «гəккулеп» түн, Назарын алды баулап, Аққу, көптің... Жалғанды сол аққудың сырлы үніне, Айбынды оркестрі Тəттімбеттің! Сұлулар, көз сүрінткен жазық маңдай, Сыңғырлы күлкілері нəзік қандай!

Сəні мен салтанаты – Сай келіп тұр, Қалар ма ақын жаны шабыттанбай! Оркестр, дүрліктіріп қала, түнді, Кеудемде ғажап сезім, аласұрды... Əніме əнін қосып, Жанын тосып, Астана! Қақтырды жыр – қанатымды! Себебін қинамаңдар сұрап бұның, Кездер де болды батқан жылап күнім!.. Есілдің толқындары тербеп жатты, Алыстан аңсап жеткен, «Жыр аққуын!».. Айдында тұрып алды, қалқып сырлы үн, Аққуға оралмастай қайтып бұл күн... Аққудың əнін тыңдап жағалауда, Сыры мен мұңдарына балқып тұрдың! Арқаның құндыз түнін қымтанып мен, Тебірендім пейіліңе, Мұншалық кең! Тəуелсіз Қазағымның он жылдығын, Дүние, бірге жырлап, тұр шабытпен!

VI-ЖЫР. ҚЫРАНДАР-АЙ! Сезім нұрлы, өнерлі жанға деген, Ол дағы тектіліктен қандағы ерен! Түлеген Алтайымның Ақиығы ең, Жататын биіктерде – Талғам-өрең! Ел үшін тау көтердің ауырсынбай, Салмағы сезілмеді, Қауырсындай... Даланың кешіп жүрсің, ақ боранын, Күндердің өзінде де Дауылсыз жай!.. Ойларға жұртың үшін қалдың нендей, Толқыдың өнер десе, Айдын көлдей! Алматы, Астананың арасында, Айтыстың Аманжол жүр, алдын бермей! Өнердің жолы қиын, жолы сырлы, Өнерлі жанға создың қол ұшыңды. Бауырым, өнерліге демеу болсаң, Өмірге ол, Сыбағасын мол ұсынды... Жүргенің содан болар, сыйлы болып, Гулеген кеудем менің –

Жырлы көрік!.. Оралдым, арқаланып Арқа жақтан, Шуағы, шашыраған күнді көріп! Қырандар, көк аспанда қалықтап жүр, Сен дағы бұдан былай, Тарықпа жыр! Тəуелсіз күндерімнің қуаты ғой, Құйылып жатқаны осынау халыққа нұр! VII-ЖЫР. ТҮЙІН Түндері Қарқараның шоққа оранып, Қасымның жырларынан жатты оянып, Өлеңге тіледім мен, Өмірге емес, Арқаның тынбай соққан ақ боранын! Тағдырдың қыспағына қараған кім, Шашымды самалына тарап алдым. Сеңгірі-серіліктің, Арқа жері, Салтанат – сəніңе сан оранармын! Өнердің құдіретіне беріліп шын, Шайтанкөл, Шарасына көміліп күн.

Тартылған шымылдықтай шыршалары, Шыршалар арасында өріліп гүл!.. Көрінген сонша жақын жанға тіпті, Теміртау! Отты арнасын маздатыпты. Шыңдаған Камалтинды сол Теміртау, Тербетіп, от толқындар сан ғашықты! Аңыз ғып айтып болмас, таңға тіпті, Ерлік салт – Теміртауда жалғасыпты, Баулыған сол Теміртау түлектері, Бұл күнде, ел басқарып, Алға шықты!.. Неғылған таңғы шықтай тұнық сезім, Аршыған мөлдіретіп үміт көзін. Алдымен Теміртауы түседі еске, Елбасы! Алғанда еске, жігіт кезін!.. Өнерім, өмірімді тасқынды еткен, Үнімде күз толғанып, Жатсын көктем! Ел үшін, өлең үшін ғұмыр кешем, Тілемен, ажал есік қақсын деп мен...

Жатса да өнер үшін жазаланып, Өнерге барын салған, қазақ анық. Көктемнің нөсеріндей төгіп өтер, Өнермен жатсын өмір, тазаланып! Ғасырлар дауылына шалдықпаған, Хас өнер, қанатты құс, ғажап анық! Беу жылдар, қандай ұшқыр, қанатты едің, Қақтырған қанатыңды ғажап сезім! Аты жүр Бекболаттың əнге айналып, Атыңмен мақтанады қазақ сенің! Арқаның дірілдетіп таңғы аспанын, Қобызды күңіренте əн бастадың. Өнердің сен айналсаң жұлдызына, Сенің де бар қанша ма, Жалғастарың! Өнерсіз өрлемейді тасым өрге, Аруға, өнер сүйеу, асыл Ерге! Хандар да өнер үшін тақтан түсіп, Тигенше, Тағзым еткен басы жерге!.. Астана-Алматы. 12-қазан. 2002 ж.

КӨКТЕМ ТҮСІ АУМАЙДЫ КӨК ТУЫМНАН Құстар да қайта оралды қағып қанат, Қайта оралған құстардан тауып тағат – Көктеммен көктем болып кеткендеймін, Көл-көсір көңілімді шабытқа орап. Көктем екен, еркелеу, ерекшелеу, Жаныңа бір сүйеніш, Керек демеу... Көктем деген көңілдің құштары ма, Мүмкін емес, Аялап, өбектемеу. Көктем шебер, жер бетін өрнектеген, Көктем жатыр астасып, Жер – көкпенен. Көктем жанды балқытқан пəк сезім бе, Сезім сырын жүректе тербеп келем! Табиғаттың жарасып көктемімен, Жан сергіді, бұлбұлдар төккен үннен. Жастығымның көктемін есіме алдым, Тауларында Талқының, Шетте жүрген... Тұнып аққан шыңдардан бастаулардай, Сол көктемнен махаббат басталғандай.

Сол бір көктем өмірге арқау болып; Бар өмірді – Бір өзі басқарғандай!.. Сол көктемді аңсадым, шетте қалған, Көкіректен айықпай кеткен арман... Босаңсыған сезімді ширақтырдым, Махамбет қанжарындай, Кекке малған! Көктем түсі аумайды көк туымнан Көктем жайлы жырлар да Көп туылған. Жастығымның көктемін есіме алсам, Өкініштен алқымға кек тығылған... Қайта оралды құстар да қағып қанат, Қайта оралған құстардан тауып тағат Көктеммен көктем болып Кеткендеймін, Көңілімді көл-көсір шабытқа орап!

ПЕКИНДЕГІ ҚАЗАҚ ЕЛШІЛІГІ (Қуаныш Сұлтановқа) Қашан да қазақ деген асыл халық, Екенін асыл халық, жасырмалық. Қазақтың елшілігі – Пекиндегі, Кетіпті кең даламдай, жасылданып! Кетіпті кең даламдай жасылданып, Нұрлы əлем, Алдымыздан ашылды анық. Есті ұлы, батыр елдің отыр мұнда, Басқаға, бұрынғыдай, Бас ұрмалық!.. Қат-қабат қалың тұсы ел сырының, Бұл жерде естілмейді, сенсіз үнім... Қобыланды батыр өзі күзетіп тұр, Қазақтың Пекиндегі елшілігін. Батырлар қасиеті артып мұнда, Қазақтың кім екенін айтып тұр да! Келгенде сапарменен Елбасымыз, Кетіпті өз қолымен тартып сыйға!

Айтулы Қиыр-Шығыс шетіндегі, Қазақтың елшілігі Пекиндегі – Əсерлі, сазды əуенге елтігендей, Жапырақтар, Бихайдың бетіндегі!.. Қазақтың тыңдағанда ару қызын, Өбеді Шығыс желі, Жалын жүзін. Саусақтан Жəния қыз күй төккенде, Ғасырдың еріткендей қалың мұзын... Қарсы алып келген бізді түу алыстан, Қаншама бауырлар жүр, құрақ ұшқан. Əлде бұл сағыныш па, елге деген, Теңселіп, толқып отыр, Қуаныш жан!.. Көріп ем, талай кешті ғұмырымда, Симастай, осынау сəт, Шын ұғымға!.. Шығысқа, Алатаудан ұшқан қыран, Ел жайлы толғанады тұғырында!.. Ер жігіт, ел дегенде алаңдайды, Ел жайын ойламаса, болар қайғы. Кезінде Ұлы Абылай хан –

Елшілікке, Пекинге аттандырған Қабанбайды!.. Шертетін көне тарих, күйі қандай, Көкейге қалың сырды құйып алмай. Тынбаған елі үшін жорық кешпей, Ғасырларғы төгілген жыры қандай! Қазағым, сен осындай ел екенсің, Біз емес, Бізге басқа сиынардай!..

АЛЫП ЖУНГО Күйі де, ұқсамайтын сыры мүлде, Жалғасып жатқан орман, гүлі – гүлге! Мекені миллиардтардың, мызғымайтын, Алыбы алыптардың – Ұлы Жунго! Өзендер, таулар қанша жалғап жатқан, Еске алам, армандаумен таңдарды атқан. Қыз бұрым – Хуанха, Шанжаң өзеңдері, Далада дабыл қағып, қоңыраулатқан! Шертеді дамылы жоқ, самалы сыр, Ұғысып, іштей үнсіз табамын тіл. Көзіндей көне тарих, ғасырлардың, Пекиннен бой асырып қамалы тұр!.. Тылсымын таусар емес біліп адам, Түн тыныш, Шуақ шашар, күні де аман. Күзетіп алып елдің, амандығын, Қалғымай тұрған жалғыз – Ұлы қамал!.. Жайыңды көзбен көрдік, көп түлеген, Жүректен шыққан саған – Жетсін өлең!

Үйлері көк аспанмен тілдеседі, Аспантау, шыңдарындай, Көк тіреген!.. Ерекше, салтанат пен сəнің мүлде, Бөленген бау-бақшасы қалың гүлге. Ел болып күткен осынау – Елу жылда, Биіктеп кетіпсің сен, Алып Жунго!..

ШАҢХАЙ ƏНІ Толқынды, сазды-ырғақты, Шаңхай əні, Шаңхай ару, Шаттана шалқаяды, Хандарын ғасырларғы еске сақтап, Бау-бақша гүлге оранған, сан-саялы! Кешегі бұғаулықтан босап əлгі, Тірлікке, деп тұрғандай, Жаса мəңгі!.. Буалдыр, мұнар күнді бір көрсетпей, Аспанның аясында тасаланды. Көркіне Шаңхай десе, қызығардай, Бергісіз шілдеге де, Күзі қандай?!. Жамылып жасыл жібек, Жайқалып тұр, Кешегі орталықтың ізі қалмай!.. Ерекше көз тартады сергектігің, Жанып тұр бақ-жұлдызың өрлеп бүгін! Қақ жарған қала ортасын – Шалқар Шаңхай, Толқындап жатыр қала Тербеп түнін.

Көз тартса, арулары мың бұралып, Жарасқан қарттарына сұңғылалық... Түс көріп оянғандай, басқа күйде, Кешегі азап шеккен, мұңды халық. Толқындай толқынданып Шаңхай əні, Сұлулық құшағында шалқаяды. Тербеліп көк теңіздің құшағында, Жаңғырып жатыр өмір, сан-салалы!.. Шаңхайда тербетілген көп қайықтар, Жастанып жағалауды, жантаяды...

«Ағарған шашым мың құлаш, Қайғымды жетпес орауға. Көзімнен аққан мұңды-жас, Айналып жатыр қырауға...» Либайи Либайидың жасырғандай мұңды жасын, Жайыпты көк теңізге Түн құлашын... Шаңхайдың сəнді кешін саялаған, Мəжнүнтал, сұлуларға иді басын... Киініп арулары жібек киім, Бұлақтар бұратылды, Жібек – бұрым. Көптік пен бірлігінің Арқасы ғой, Кетіпті танығысыз, түлеп бүгін! Өсіріп ару қыздар, жүректі ұлын, Маңдайын аспанға тұр, Сүйеп бүгін. Қаншама көп болса да бір-біріне, Келеді тіршіліктің тілеп нұрын!.. Көрсін деп, сұлулықты шақырыпсың, Жырға арқау, таусылмайтын тақырып тың. Тұрғанмен жібек желі тынбай желпіп, Ауасы, біздер үшін қапырық тым...

Либайидай, соншама ұлы ақын жырын, Толқындар, тербей түсіп жатыр бүгін. Хаңдардың сарайынан, мұражайдан, Тыңдадық, тарихы ұзақ, Ғасыр үнін... Ұлы Либайи! Өз халқын көрсе бүгін, Сенбес еді, Өзі деп ертегінің... Бір басы емес, бəрінің қамын ойлап, Гүлденгенін тілеген ертеңінің!..

АСПАН ТАУЫ АЯСЫНДА Шаңқандай ақ шатыры аспан тіреп, Жоңғардың ойпатында Жатқан шіреп. Қасында Қап тауының қайран қалам, Қашанғы халқы үшін асқан тірек! Көрінген көзге ғажап, дара тұлға, Көсіліп жатыр, Жоңғар даласында. Күн көзін көлегейлеп, Қаптың тауы, Өркеші ақ бұлттармен таласуда. Өркеші ақ бұлттармен таласуда, Өзіне ол – Жаралғандай, қаратуға. Арқау боп ұлы ақындар жырына да, Келеді, бірге жасап санасында. Естігем талай-талай аңыз атын, Жыраулар – Тілінен бал тамызатын. Жырлаған ұлы Либайи, Махмұт Қашқари, Жырлаған Аспан тауды нағыз ақын. Тұтасқан таулардың сол кереметі, Көргенде, көңіл бірден елең етті.

Аспанмен Аспан болып тұрғаннан соң, Айтшы өзің, Сол тау кімді елемекші?!. Қиялап жүрген шолып төңіректі, Қиялым қыранымен ере кетті. Баулыған ұрпақтарын биіктікке, Тау қызы, Қашан-дағы келеді отты!..

ҚАЛЫҢ МҰНАР Бүркенді Қаптың тауы қалың мұнар, Неліктен сол мұнарға жаның құмар?!. Шығыстың аруындай Перде тартқан, Мұнарың сұлулыққа малындырар. Қалқалап тұрды тауды сағым-мұнар, Сезімтал жүрек, Салған əнінді ұғар... Алысқа кеткенде де сан аялап, Осынау сұлу қалпың сағындырар. Жүзіңді жапты мұнар көлегейлеп, Ақ бұлттай сапырылды, Нелер ой кеп... Анамдай ақ жаулығын бұлғап тұрған, Қасыңа шақырасың келе ғой деп. Алыста жүрген мен бір қиялшылың, Жаныңның – Терендігі ұғар сырын... Тек қана бүркенетін мұнарым жоқ, Көрініп ақ жүзімнен тұрар шыным!.. Қасыңда кеш батырдым, таң атырып, Ойнақтап соқты дауыл,

Аласұрып... Мауқымды бассам деп ем, Баса алмадым, Жаныңда аз ғана күн қала тұрып... Сен тұрдың көлегейлеп күннің көзін, Ұқсамай басқа тауға сыр-мінезің. Қасыңнан қандай күйде кеткенімді, Тым құрса, жаның сезіп, Білдің бе өзің?!.

ТІЛЕУБЕК ƏН САЛҒАНДА Алыста Атажұрттың мəнін білген, Бауырым, өзгеше ғой, жаның мүлдем. Іленің толқындарын толқытып ең, Дəнешті қайта оралтып сағым жылмен. Жатқанда жаңалығын тосып далам, Арманын ұшырды елім, қосып саған... Əкелді əн қанаты əуелетіп, Тыңдады сағынышпен Ғашық – ғалам! Алматы құшағы мол, қысылмайсың, Лүпілін жүрегіңнің түсінді ай-күн. Қырандар мекені ғой, Қазақ жері, Күні кем, Қырандарын ұшырмайтын! Жарасып жастығыңа жүректілік, Жүресің, ұлы өнерге, ізет қылып. Алматы, Құлжа бүгін тыңдап отыр, Жұртыңды қуанта бер, Түлеп биік! Жүйрікті шабысынан, таңбас өрден, Қазағым, өнерлісін – хан көтерген.

Абайдың атындағы операда, Əйтпесе, аспандата, Əндетер ме ең?!. Шынығып, ширығады, шыншыл жүрек, Туған ел аясында жүрсің түлеп. Алматы аяласа алақанда, Тəңіртау, Тілеуіңді тұрсын тілеп!

ШАХМАРДАН Əнді құшып, сонау жастық шақтардан, Ғасырлардың сыр сандығын ақтарған. Қоңыр үнді, Қоңыраулатып шырқаса, Тындаушысын таңқалдырған – Шахмардан! Бозторғаймен бірге оянып ақ таңнан, Көкіректен – Күмбірлі күй ақтарған! Сұлу сақал көрік беріп жүзіне, Сұлуларды – Сұқтандырған – Шахмардан! Нəзік қылын дірілдетіп жүректің, Дауысыңда бір ерекше – Тұр екпін!.. Дүниені сілкіндірген жезтаңдай, Гераклі, – таңдай қаққан, Гректің! Дауысынан оянатын даласы, Қоңыр үнді, Даланың қоңыр баласы!.. Операсын шырқағанда Əлемнің,

Бір өзіне – Баурап тұр ғой, қарашы! Бозторғаймен бірге оянып ақ таңнан, Көкіректен сырлы əуендер ақтарған. Биіктетіп тұрған жоқ па, Тауымды, Хас өнердің мақтанышы – Шахмардан!..

АЛМАТЫ – АРУ ҚАЛА АЛМАТЫ Жаңғырған заман жаңа, көше жаңа, Келмейтін шалымына неше қала. Абайдың тойын тойлап қазақ елі, Дүние дүбірлеген – Кеше ғана! Асып тұр салтанаты Алматының, Жырласам Алматыны – Талмас үнім. Аралап жердің жүзін кеткен жоқ па, Дақпырты Алматының – Алмасының?!. Жасыл бақ, жайқалады өрімделіп, Еңсеміз биіктеді, өрін көріп Өркеші Алатаудың Аспан бойлап, Көңілге тұрған жоқ па, сенім беріп! Алматы көктеміндей бүр ашатын, Көңілді жайлар қанша жұбататын. Тұр екен, көктем – ару, гүл ұсынып, Жамбылдай еркелетіп, Жыр – Атасын!

Қанатқа алып құстай ғасырды ілген, Алматым, Ару қала, жасыл киген. Тəкаппар, ақын қызың болсам-дағы, Алдында сұлулығың басымды игем! Қасқайып қарап тұрған қия-шыңдар, Көкейге мəңгілігін құятындай. Сайраған бұлбұлдары, Сан құбылтып, Алматым, сұлулықтың ұясындай!

АЛМАТЫ АҚШАМЫ Тұңғиық түндеріңнен басталып əн, Тұнықты тұндыра ішкен бастауынан Таңымды құланиек құзда атырып, Алматы жалындадым, ақшамынан! Көктемнің күндеріндей күркіреген, Бақытты жүрек қандай, Жыр түнеген! Ақ қарды сілкіп тастап иығынан, Қасқайып, Қыран – шыңдар, Тұр түлеген! Қалдырып Тəңіртауда көктемімді, Көкірек көз жасына – Көп көмілді... Аңсаған сол көктем бе деп қаламын, Құстармен – Қиқулатып жеткен үнді!.. Күн шалды биігімді мұнарланбай, Көктемге өтеді екен, құмар қанбай. Аспанды əнге ораған көк тырналар, Көрінді аспан таққан тұмарлардай! Жаңғырып жатқан кезде аспан үнмен, Бұл күнім ұқсамайды,

Басқа күнмен. Шуаққа шомылады жүрек бүгін, Үндесіп Алматының ақшамымен. Ақшамы Алматының нұрлы қандай, Ақшамы Алматының – Сырлы жандай. Көктемің жанға ыстық сезіледі, Бірге өсіп, Бөлек кеткен, құрбы-жандай!..

АРУ АЛМАТЫ (Əні бар) Бақшада бұлбұл сайрайды, Ырғалып, гүлдер жайнайды. Сыңғырлап аққан бұлақтар, Ақ маржан шашып ойнайды Желпініп желмен тал-қайың, Сүйейді тауға маңдайын. Сайраған құстар даусына, Қағады, дүние, таңдайын!.. Құлпырған жасыл сая-бақ, Серуендеп келем, аралап. Тербейді ару Алматы, Сəбидей бəрін аялап! Кірпігін малып шықтарға, Шашырап шуақ шыққанда, Аяулы, ару – Алматым, Жанымды сендей ұққан ба!.. Бойыңды теңеп асқарға, Ұмтылып тұрсың аспанға. Аяулы, Ару Алматым, Сұлулық сенен асқан ба. Ұсынған жұртқа алмасын, Жүзіңді мұнар шалмасын. Əлемді атың шарласын, Алматым, Ару Алматым!

ҚАРЛЫ КЕШТЕ Кірпігін шыршалардың бұлап мүлде, Қар жауды Алматыға бір-ақ күнде. Қарайды қар астынан – Қарағайлар, Қайтадан жадыраған шуақ күнге! Ақ сеңгір, Алатауым, дараланып, Қар жауып, Қала жатыр жаңаланып! Ағылған Ақмолаға адамдардай, Құстар да жылы жаққа барады ауып. Алаңсыз, Алматыда күзді өткеріп, Тырналар бара жатыр – Тізбектеліп. Қонады Атамекен қонысына, Көктемнің самалымен іздеп келіп. Қарамай қарлы күнге дауылдатқан, Денесін зорға тартып ауырласқан Тырналар сызылтады мұнды əуенін, Қоштасып мекенімен бауыр басқан. Түскені қыстың ерте соғып қиын, Торғайлар бүрсеңдеді Тоңып бүгін.

Сезімсіз қарға ғана қарқылдайды, Бəрін де тебіреніспен көріп тұрмын. Ақ үміт, ақшақардай себелей бер, Рухым биік, Аспанмен теңелердей. Қалғыған қарлы кеште алып шыңдар, Көтерген ақ желкенін – Кемелердей! * Қар жауып тұр, Керемет, дала деген, Балалар мəз ойнаған шанаменен. Есіңде Абай айтқан қалады өлең, «Адамның бір қызығы бала» деген!.. Қар жауып тұр, ерекше, Қалың қандай, Кең дала, сұлулыққа малынғандай! Оранған аппақ қарға мынау дүние, Бір жола, Күнəсінен арылғандай!.. Қаншама əурелікке салсаң мейлің, Оған да көндігер-ау,

Тарпақ көңілім. Малынған ұлпа қарға айналамдай, Сұлулық құшағында Қалсам деймін! Себебі, сұлулықтан жаралғанмын, Сұлу тау, Сұлу көлден нəр алғанмын. Сұлулықты бере гөр, жүректерге, Ей, періште, Жаңа жыл, Тазарған күн! Сұлу мінез, тұрғанда сұлу жүрек, Келіспейді жандарға, Жүру жүдеп... Қыс өзінің енген-ау қаһарына, Барады торғайлардың дірілі үдеп. Неткен, үнсіз сұлулық, мұншалық бұл, Қалың қарды таулар да қымтанып тұр. Қалың қарды қымтаған Алатаудың, Ұшар басын қырандай жыр шалып жүр...

АБЫЛАЙ ХАН ДАҢҒЫЛЫ (жыр-дастан) І-жыр Абылай хан! Атыңыз жаңғыруда, Атыңызға арнады даңғылын да. Жадырап жүрген сыңай танытқанмен, Жайлар көп, бөлеп жүрген жанды мұңға. Көкейге қанша сырлы құйып жайды, Бұл даңғыл, Тауға барып тұйықтайды. Бұлт емес, Алатаудың биігінде, Жатқандай, қашаннанғы ұйып қайғы... Кешегі өткен заман, қатал қандай, Ұрпағың келді атыңды – Атай да алмай!.. Орының өзгелерден дараланып, Көкшенің – Көк шыңында жатар нардай! Шуағын тұрған кезде таратып шың, Хандардың – Ханы болып, дара шықтың!

Ұлан-ғайыр кең дала құшағында, Аузыңа төрт құбыланы қаратыпсың! Ұрпағың бұл таңдағы батыл үнді, Қондырды Оқжетпеске Ақ шатырыңды. Батырлық та бар бізде, Батылдық та, Ер ұлға берсін дана ақылыңды!.. Шөгеріп шың басына Ақбураңды, Серт еттің, Жау табанын бастырмауды. Абылай хан даңғылымен шеру тартып, Көші өтіп ғасырлардың, Жатсын мəңгі!.. Кеудеден басып тастап асқынғанды... Даланың, сəні болған тау шыңының, Абылай хан! Жаңғырады даусы бүгін. Тұлпармен тұрсыз, даңғыл бас жағында, Халқыңа айбат берген қалсын ұғым! II-жыр ...Сенің үйің Абылай хан көшесінде, Көшеңнен Тəуелсіз ел, Көші өтуде!

Абылай хан, құдіреті өзгерген жоқ, Замана құбылса да неше түрге... Сенің үйің Абылай хан көшесінде, Сөйлейді жұрт көшеңде, Неше тілде... Қанағат, Ар-ұяты жоқ біреулер, Көшенің атыменен өштесуде!.. Сенің үйің Абылай хан даңғылында, Даңғылда – Заман үні жаңғыруда! Алматы сол даңғылда, сəн құруда, Естілер, Сол даңғылдан Əн-жырым да! Даланың сəулеті асып, Қаланың да, Ақ қайың, Арудайын тарануда. Жүрекке жылу жетіп өзгеше бір, Жанары жымыңдайды баланың да. Күйзелтіп, күңірентіп, дана жұртты, Қазаққа тажал болған, «Қара мұртты...» Шуақтап жатқан шақта –

Шың да, құз да, Көңілге бəрі оралып, алабұртты... Өмірді жақсылыққа жатсақ та орап, Сұм заман, өткен екен, Жасқап, тонап... Абылай хан! Алматы биігінен, Əлемге тұрады енді асқақ қарап! Құлпыртып табиғат та жайды кілем, Арулар, Алматыда, сəнді кілең! Үш жүздің басын қосқан, Ұлы Абылай! Қалаға сəн беріп тұр айбынымен! III-жыр Ғасырлар, бұлт бүркеді талай шыңды, Көрмеді жүзі жарық – Арай шындық. Ханы бар, Абылайдай – хандардың да, Ақыны бар, ақынның – Абай сынды!.. Ойланып, сан толғанып, ақылға сап, Тұлғаңды заман өзі жатыр қашап. Қалған ел, жасқаншақтап ақтаңдақтан,

Абылайлап, Атқа қонды, атыңды атап! Тұрғанда батылдығың басыңда үдеп, Бастаған сан жорыққа, Батыр – жүрек! Үш жүзді кең далада жұмылдырған, Айтады, асқан батыр, Ақылды деп!.. Айтатын өзің жайлы аңыздар көп, Жігітке ақыл, ерлік, Нағыз дəулет! Өткенде қанша ғасыр, Соңғы ұрпағың, Ойлап па ең, Ұлы ханын, уағыздар деп?!. Ерлікті ұмытпайды ел, жанкешерлік, Өшкен жоқ, Өршімесе, Жалғас ерлік! Тəуелсіз қазағыңның Нұрсұлтанын, Ел болып, Абылайлап, хан көтердік!.. Тұрғанда Ер қолбасың Қабанбайдай, Төнеді қауіп-қатер, Саған қандай?!.

Айбаты арыстандай айға шапқан, Көңілі тынған емес, Қамалды алмай!.. Шоқпар мен сілтемей-ақ сойылды өктем, Биіктен – Биіктерге ойың жеткен! Елді де Қиырдағы қабыстырып, Пекинде елшілігің орын тепкен... Ширығып, қазақ десе, нағыз жаның, Қазақтың кім екенін уағыздадың. Өзіңе соқтыққанды аямадың, Ешкімнің текке қанын ағызбадың!.. Ұғынып сол заманда-ақ саясатты, Жасадың төрт құбылаға, Саяхатты. Тұсында хан Абылай кемелденіп, Туған ел, Бір өзіңнен сая тапты!.. Отырған сен емессің, тағын қорып, Асырған айбыныңды – Нағыз жорық!.. Хандығың, Батырлығың өзіңе сай, Атың жүр Абылай!, – деген, Аңыз болып!

Жете алмай ойым жырға саған лайық, Қанатты жыр көліне, Барам жайып! Шет жүрген қазағымды ойламасам, Хан ием! Енді неден алаңдайық! Батырын қарағайдай теңселдіріп, Еліме Тəуелсіздік, келсең күліп – Сергітіп жақсы күндер жаңғырығы, Отырмын өлең жазып, Еңсем биік! Ғасырлар бұлт бүркеді талай шыңды, Қауышты халқымменен арай-шындық! Ханы бар, хандардың да Абылайдай, Ақын бар, ақында да Абай сынды!.. ІV-жыр Елім деп, еңіреген дамыл алмай, Хан болса, болсын əсте Абылайдай! Сиындым аруағыңа, Батыр Бабам, Бір өзің тілегімді қабыл алғай!

Хан болса, болсын əсте, Абылайдай, Атына, Аруағына табынардай! Біздерден көлегейлеп жатқан қанша, Құпия қасиеттері тағы бардай!. Тектен-тек Абылай деп атамаған, Сонша əділ, ал, жауына қатал адам... Қаталдық, Қайырымдылық қатарласып, Тұлғасын даралаған сахарадан! Шын қасиет, жалғастырды ұрпақтарға, Шын жақсы – Көңілінде кір сақтар ма?!. Сол ғажап қасиеттер, қайталанбас, Қайтадан хан көтертті, бұл шақтарда. Жасыл ту – Жығылар ма, батыр тіккен, Жатар ма, жасырынып асыл біткен?!. Жалғасты ерліктерің, Жалғасады, Қаншама жасырғанмен ғасыр тіптен. Ұрпағың – Шыңғыс, Шоқан, Шоталардай,

Емес ол, жеке шыңдар, Жоталар жəй... Жұлдыздай ағып түскен Шоқан – арман, Қазақтың əр баласы, от алардай! Айтылып жатыр қанша «тəубе» түрлі, Жебеп жүр аруағың, Əулетіңді. Шотаның қиялынан өрген үйлер, Асырып жатқан жоқ па, сəулетімді?!. Көтерген көк күмбезге Көкбайрағым, Жасыған жігерлерді көп қайрадың. Емес тек хандық үшін, Иен далада, Құздарды қоныстанған – Көпті ойладың. Ойменен тау жайлаған көпті ойладың, Шуағын ұрпағыңа – Төкті ойларың!.. Өзіңді Оқжетпеске көтеретін, Елімде асып туған көп қой дарын! Бір кезде қалың қолдан қайысса жер, Бүгінгі ұрпағыңды сайыста көр! Желінен Желтоқсанның – Жалын лаулап,

Көңілдің көгінде жүр, Қалықтап Ер! Сондағы қыршын кеткен, бауыр, бала, Жанымнан айықпайтын – Ауыр жара... Көнбедік, біз күрестік, «Күштілермен», Қасқайып қарсы тұрдық дауылға да! Кешегі Ер Қобыланды жалғастары, Қазағым ұмытпайды, Олжас барын! Семейде жарылысқа қарсы тұрған, Желтоқсан – Сан ерліктің Алдаспаны!.. Абылай хан! Шындық осы, Кенесарым, Емес бұл, Күнде айтылар, көне сарын. Он бес миллион қазағың жер шарында, Бұл күнде күш-қуаты емес шағын! Елбасы! Бар қазақтың басын қосты. Бауыр-туыс, көрдік шын асыл досты, Ел дүбірлеп жатқан бір осынау сəтте,

Кім білсін, Омырауда жасың жосты?!. Іргесін жамандықтың аулақ түріп, Кім білсін, жатпасыңды аунап-күліп. Желінде желтоқсанның үзілген гүл, Орнына өсті тілек қаулап тұрып! Арманнан, арылмаған жырдан жаны, Қазағың ағылды ойдан, Қырдан дағы. Ғажап қой! Басын қосты Алматыда, Заманның үзбей көшкен – құрбандары!.. Ғасырдың аты əйгілі құрбандары, Жүзінің осы шығар нұрланғаны. Алатау, Алтайымның асқақтығы, Жарасты өрлігіңе тұлғаңдағы! Алматы құлпырады, түлеп тіптен, Жаңбырдай жауған кезде тілек біткен, Күндерге армандаған қолы жетіп, Кенелді қуанышқа, Жүрек күткен! Даласы, қаласы да, халқы да бар, Жайы жоқ,

Ешкім де енді тартып алар!.. Жасыңды кірпік көмген құрғатып бір, Шомылып, қуанышқа Қалшы жанар! Қоштасып қасіретпен туа құшқан, Жыласаң, жыла бүгін – Қуаныштан! Елдің де, иесі өзің байтақ жердің, Келмеске кетті күндер, Құрақ ұшқан!.. Енді біз айтшы неден, кенжелейік, Келеді мұнайың да, Кен көбейіп!.. Картаға қазақ жерін сызып кеткен, Бəрін де бар байлықтың – Менделеев!.. Жетеді, атағы асқан өнерлім де, Тұрғанда, жер байлығым Кедеймін бе?!. Арайын мол шуағын, себер гүлге, Қараймын, мен сеніммен Келер күнге!..

V-жыр Бөлеген жүрегіне гүл шоқтарын, Ақтарған сан қиырдан сыр соқпағын – Абылай хан даңғылында шеру тартты, Көксеген осы күнді ұрпақтарың! Түскендей жарық сəуле санамызға, Қала да дүбірледі, даламыз да. Алыстан аңсап жеткен, Ер қазақтар, Еңсесі биік тұрды, Арамызда! Қарашы, ұрпақтары батыл неткен, Қыс кетіп, Көкірегінде жатыр көктем! Қашанғы бабалардың арманы деп, Астана орнатуға ақыл жеткен. Қарашы, ұрпағыңа өркен жайған, Шығады дейтін емес, Ертең қайдан?!. Ақындар айтысы да Алматыда, Тəуелсіз қазақ деген, Көркейді ойдан! Бұрындар жетуші еді-ау, əнің талып, Дүркірер «Айтыс десе», қалың халық

Айтысты мəресіне жеткізем деп, Жүрсін жүр, Айтыс үшін жанын салып!.. Осының бəрі жеткен жетістігім, Бостан бос жатпағаны-ау, өтіп күнім. Білімді жастар қаулап келе жатыр, Көремін жанарынан – От ұшқынын! Күн сайын құштарлығы артып тілге, Барады Ата текке тартып мүлде! Қазақтың батылдығын, Батырлығын, Ұстаздар, шəкіртіне айтып күнде... Құштарлық артқан сайын ана тілге, Дүние құлпыруда жаңа түрде. Ұғынып келе жатыр жас ұрпақтар, Дала мен керектігін, Қала кімге... Бабалар! Ұрпақтарың сұлу неткен, Қызығам, жүздеріне Жылуды өпкен. Көкірегі – Қаныштың кен қоймасы, Сезімдері толқыған, сұлу көктем!

Көрсетіп Атамекен асқақтығын, Келіпті ұрпақтарын бастап бүгін. Алатау мол құшағын айқара ашты, Жатқан тау, сан ғасырдың, Жастап сырын!.. Бастай бер қазағыңды биіктерге, Толмасын өр кеудесі күйік-шерге. Көл-көсір көңіл жетсе, Орын жетер, Кетпей ме, бар қазағың Сыйып төрге!.. VІ-жыр Жатқанда Алатаудан əн-күй түлеп, Жанымда қалмайды енді қайғым түнеп. Қолдай көр, Ата-бабам, аруағы, Қайғысыз өмір кешсін, Айдын-түлек! Көрем деп кім ойлаған мына күнді, Өзен-жыр, тасытайын бұлағымды! Қонағы Құрылтайдың, жан бауырлар, Тұндырды көңілді үнің, Құла-дүзді. Бұл кеште Алматының сəні бөлек, Тұрғандай, жұлдызы да

Жанып ерек! Жаңғыртты Атамекен шың-құздарын, Алыстан аңсап келген əні демеп! Алысқа жатсын солай жалғасып əн, Ауытқып, аунамасын, Арнасынан. Арнасы асыл жыр мен асқақ əннің, Танырсың, Шаңырақ, Ай-таңбасынан! Ғаламат қыран құсы саңқылдаған, Таңырқап қыраныма, Қалсын ғалам! Сан ғасыр келіп еді, билеп-төстеп, Осынау байтақ елді, арсыз-надан! Қазақтың жаны – дауыл, Жаны – жалын, Жанымды намыс оты, Жанығаным! Қазақтың ана тілі, ар тұтқаным, Тілін білсең, Қазақты танығаның! Сол бір күндер теңеліп өр мен өрем, Жүрегімнің толқынын – Тербеді өлең!

Теңіз бен айдындарға кетті жүзіп, Қайырлап қалып қоймай, Көлде кемем! Бұл қанат бітірген күн айбынды ерге, Қалықтап мен биікте, Қайғым жерде... Тұяғы тұлпарлардың дүбірлетті, Əндетіп аққу-қаздар, Айдын көлде! Алматы жанарына жас алып тұр, Аруақтарға ілтипат жасалып бір. Көшелердің келбеті өзгеріпті, Ұлылардың атымен Аталып кіл!.. Жүректі нұрландырып жырмен мүлде, Алматым, көркеюде – Күннен-күнге! Күмбездері шағылып Күн көзіне, Көшелері оранып Жыр мен Гүлге!.. Жаңа ғасыр шертілген жаңа сырлар, Келеді өсіп ару-қыз, Тамаша ұлдар!.. Алматының сəулетін асыратын, Қазаққа шын тілектес, Жанашыр бар!..

КӨП ҚАРАДЫМ... Сансыз үміт самалы есіп алдан, Күндер өтіп барады, Кешіп арман. Сұрамашы себебін, қалқам, менен, Кездерім көп, өзіңді есіме алған... Қырандайын қағылез, от жанарың, Сезіп едім, Жүректі шоққа орарын. Кездестірген өзіңмен ойда жоқта, Сол күндерге – Сарылып, көп қарадым... Қағып жүрсің қанатты, талмай шыңда, Шыңда жүріп сырыңды – Жалғайсың да. Түс секілді сол көрген бір кездесу, Қала бердік, Сен де, мен Қанбай сырға... Өзендерден арынды ішкен тұнық, Асау едім, Жүретін түспей құрық. Сырлы сезім есіліп жүрегіңнен, Сездірмеген боласың, Іштей бұрып...

Ой-армандар бар еді, көздеген көп, Кесір жылдар, Жатты алда, Көлденеңдеп... Үнсіз ғана елжіреп ғашық жүрек, Үнсіз ғана күй кешті сезбеген боп...

АЛТЫН ДІҢГЕК Аттағанда тіршілік қақпасынан, Еңбекті бастадыңыз бақташыдан. Толғанып той кешінде қалайын бір, Жан түбінде жасырын жатпасын əн. Жалтармайтын жандардың біреуі едің, Табылатын шындықтың тап қасынан. Туылса да Ресейдің Саратында, Елге деген жатты ұғым санасында. Ұлтқа, ұруға ешкімді жіктемеген, Тұғырында толқиды, Дара тұлға! Өркендетсе екен деп өрім жасты, Өмірдің ой толғадың төрінде ащы. Адалдықтың жүрген соң атын тартып, Өзіңді кеттім іштей көріп жақсы... Таң шапағын толтырып көзге тұнық, Биіктерге үн қаттың, жерде тұрып. Жетпісіңнің кемесі желкен жайып, Өмір-теңіз, Келесіз тербетіліп! Жыр көрігі суынбай, жансын гулеп, Өміріңіз, жақсы Аға, Қалсын жыр боп. Шындық үшін орнатқан ортадағы, Секілдісің, қозғалмас Алтын діңгек!

«ҚАРАҒЫМ-АУ» Жылы еді үнің қандай, «қарғам» деген, Ойыма оралады, орман, белең!.. Жалғыз сөз себеп болып, Жан толқытып, Ер-Аға! Жаңадан бір жалғанды өлең! Жақсының салты емес пе, жатсынбайды, Сейілмей, енді қалай жатсын қайғы?!. Айтылған «қарғам» деген жалғыз сөзден, Көктемнің селі қайта тасқындайды! Келіппін өмір кешіп беріктікпен, Күндерім жақындады, сеніп-күткен. Көктемнің шуағындай мейіріңнен, Барады мұң құрсаулар, еріп тіптен!.. Самал ма, көлдің бетін шайқамайтын, Ақын ба, жылылықты байқамайтын. Ұмытқан ерке күнді еске салдың, «Қарғам» деп, Əкем жиі қайталайтын. Көк таулар қалқасында, алыс жердің, Жүзінде сонша назды, қалып белгім... Қашықтап кеткен менен қанша жылдар, Ерке – Аға-ау! Сол көктемді алып келдің!

Алып келдің кішілік, кісілікпен, «Қарғам», деген бір сөзде – түсінік кең. «Қарғам-ау», – деп айтады, қарындасын, Алғыс жырын отырмын ұсынып мен. Алғысымды қабыл ал, асқан дарын, Өткердіңіз өмірдің бастан бəрін. «Қарғам-ау» дегеніңді қайта естісем, Жақындай беретіндей. Аспанда күн!..

СҰЛУ СЕКСЕН (X. Бөкееваға) Жүрегінен жұртына жылу төккен, Құбылыс қой, Керемет, Күнің неткен?!. Сахнаның өзіңсіз сəні бар ма, Япырмай-ай, Бұл неғылған, сұлу Сексен! Өміріңнің өнерге сай келуін, Мүмкін бе, Сізге өлеңсіз, жай келуім. Көркіне парасат пен ақылы сай, – Абайдың көргендеймін, Əйгерімін! Бар ма əлде, біз білмейтін жанында мұң, Сан жылдар, Сахнада жалындадың. Өзің емей, кім еді, Бал-Хадиша-ау, Сомдап соққан қазақтың аруларын?!. Мақтанарлық шетінен қатарларың, Биіктерден көрініп жатар дарын!

Жалғыз ғана қазақтың аруы емес, Басқа ұлттың да көркейттің, «Аруларын!» Ешнəрседен жайың жоқ тосылғандай, Өзен тулап, Өзенге қосылғандай. Əн салдырған өмірі өзіңсің бе, Сері жанға – Байғали Досымжандай! Табылатын өзі де, сөзі де өрден, Кім сүйсінбес көркіне, Көзі көрген. Атақты сен ешкімнен сұрамадың, Атақ-даңқ, Сізді іздеп, Өзі келген! Жүрегінен жұртына жылу төккен, Құбылыс қой, Керемет, күнің неткен. Сахнаның өзіңсіз Сəні бар ма, Япырмай-ай, бұл неғылған, Сұлу – Сексен!..

ЖАЗ КҮНІМЕН ЖАПЫРАҚ, ҚОШТАСУДА Жанды бөлеп қуаныш, жасқа-мұңға, Өте шығар өмір бұл, қас-қағымда. Қақтырумен келесің əн қанатын, Тынбай шырқап, Туған жер аспанында! Кеше ғана, тергенің далада гүл, Шоқтай жайнап көңілде қалады əр күн! Ақындықтың арнасын маған бұрып, Əншілікті өзіңе қалап алдың. Əнді құштың, гүл құшқан бұлбұлдайын, Бұлбұл ғана ұғынар, гүлдің жайын. Менің-дағы көңілім шалқып жүрер, Əн шырқатып жүргенде құрбым дəйім! Құлпырған гүл құшақтап жатқандай жер, Өнер барда ешкімнен жасқанбайды ел. Сұлу үнмен тербетіп туған жерді, Əнмен бірге өзің де Аспандай бер! Əнмен бірге өзің де шырқа биік, Тыңдап қалсын жезкиік, Қырқада ұйып, Лəззатына жан-жүрек нұрланбай ма, Қоңыр əнді көкейге тұрса құйып.

Өте шығар зымырап, өмір-уақыт, Қоңыр əндер келеді мені уатып... Есеюге қимаймын ешқашан да, Қоңыр үнмен əн салсаң, Қоңырлатып!.. Əнмен тербеп сəбиді жаңа туған, Атам қазақ, əнімен таң атырған. Сенің орның ерекше, өнер үшін, Талай əннің өзіңмен бағы ашылған!.. Тəтті ұйқыдан оятар жалынша өрлеп, Əнді сүйген, жан құрбым, Жаның сергек! Күміс үнді құлындай күмбірлетіп, Тұра берсін даланы əнің тербеп! Жүректерді тербетіп ашық-нұрлы үн, Біз келеміз сырласып, Бақыт құрбым! Арнасында толқысаң, əн – өзеннің, Қанатында мен келем, Жақұт жырдың!

  • * Ақын жанды, ақкөңіл, əнші Бақыт, Жүрегімді жылаған Алшы уатып... Жаз күнімен жапырақтар қоштасуда, Қимастық жасын тынбай тамшылатып... Қоштаспаймыз екеуміз, қоштаспаймыз, Көктеммен де, жазбенен достасқанбыз. Жетіпсің-ау, алпыстың асуына, Ерке-шора, Кешегі шоқ басқан қыз... Қуанбасаң, бұл күнге жасыма сен, Еркелетіп өсірген, Əшім əкең!.. Алпысыңды аялап, құшақтайын, Қасыма кел, құрбы жан, Қасыма кел! Нағыз кезең келді енді, тасып өтер, Қатар-құрбың жетеді, басыңа тең! Жанарыңдай жарқырап тұрған сенің, Аспанымыз шуақты, Ашық екен!

ҚОҢЫР ТАУДЫҢ МЕКЕНДЕП... Қоңыр таудың мекендеп, қоңыр шыңын, Қоңыр үнмен шертіп ең, өмір сырын. Тереңіне бойладың, Теңіз – ойдың, Күніне ұқсас күй кешіп теңізшінің. Сабырлығың жеңдірмей жанды ашуға, Ұмтылып ең, тəкаппар, Қарлы асуға!.. Қаршадайдан əкенің жоғын жоқтап, Жан бітірдің, «Жабайы алмасына!..» Арқалаған соғыстың ауыр дертін, Суретші өзің, Дəл сызған ауыл көркін. Қиналсаң да қымсынбай Қиындықтан, Тосып өстің кеудеңді дауылға еркін. Өздеріңмен асырып тауым көркін, Кеудеге дəйім өшпес, дауыл берсін! Ағаларың кеткенде жауға аттанып, Жесірлерді қорғаған, Жауынгерсің!..

Қанша мезгіл өтсе де тарқар ма бұл, Сол күндердің салмағы арқаңда жүр. Сол күндердің шертесің сырын əлі, Өз-өзіңмен оңаша қалғанда бір... Өтсе де гүл көмкерген неше көктем, Қоңыр таудың самалы еседі, өпкен. Телқұлынтай секілді қатар өстік, Екі жағын бір таудың – Мекен еткен. Қоңыр тауда қарсы алып, Қоңыр күзді, Қаншама ойлар қалдырдың, Өмірлі ізгі... Қоңыр таудан аттандық қатарласып, Мəскеуде бір оқытты, Өмір бізді... Толас бермей жаныңа толымды үміт, Сара, Ілияс, келеміз жолын қуып. Ел-жұртыңды отырсың алқап бүгін, Шуағына ойлардың, Шомылдырып!..

АСУЛАРДАН АСҚАНДА Күздің күңгірт күндері басталып бір, Таулар жатты, ақ бұлттан жастанып сыр. Жастық кезін қимаған арулардай, Жапырақ кірпігінен Жас тамып тұр... Діріл қағып жапырақ сырғалары, Ақ қайыңдар дамылсыз ырғалады. Ақын жанын толқытып ой салғандай, Қандай сырлы, Алматым, жыр жанары?!. Көлегейлеп көздерден қырқаларын, Көкшіл мұнар шыңдарым – Қымтанады. Өткен күзгі сəбилер қаз-қаз басып, Төсек тартқан қария, Күн санады... Сезінемін тұрғандай дала жырлап, Даламенен көңілім табады ырғақ. Көшіп кеткен күндердің – Керуені, Жастығымды білдіртпей барады ұрлап... Асулар да бір-бірлеп биіктенді, Арқалаған көңіл-ай,

Күйік-шерді... Елу жасты елемей өтіп едім, Алпыс дейтін бал-шарап құйып берді. Татсам ба екен дəмінен, Татпайын ба, Қолын оның қалайда қақпайын да. Маған ұнап тұрған жоқ, амал қанша, Оған мен де жағам ба, Жақпаймын ба, Тəуекел, босағасын аттайын да!.. Құрық салып асауға, ноқталадың, Өткен күнге қия алмай, көп қарадым. Елуімде жетпеген жақсылықты, Алпыс алып келер деп, Тоқталамын... Келсе келер, ол сиын алып маған, (Бəріне де көнген ғой, ғарып балаң...) Еркелігім кешегі – Қайда бүгін, Еркін ұшқан құс едім, қалықтаған. Қандай күйге салады, Алпыс мені, Біреулерге бұл алпыс – Талтүс пе еді? Толқындарда ойнаған сағым едім, Иірімдер барады тартып мені...

БИІКТІК (Ғұлама Мұрат Жұрынұлына) Ойың да, жүрегің де тұнық тіптен, Өзіңнен халық үлкен үміт күткен. Алғызбас асулардан талай асып, Өмірге қарап тұрсыз биіктікпен!.. Көремін зор кісілік кескініңнен, Ғұлама, шын азамат, Десті, білген... Жандардың жақсылық пен, Жамандығын, Өкінеміз көбіне, Кеш білуден... Жамандықтан дүние шайқалардай, Жақсылықтың қарымын қайтара алмай – Өтеді екен, бұл адам дүниеден, Айтам деген алғысын айта да алмай!.. Ойлар қанша, жүрекке шоғырланған, Не күтер, Адам сонша тобыр жаннан?.. Арнасына ақылы сай келетін, Басқаларға өзіңдей болу да арман...

Бəрі шындық, емес бұл мадақтаған, Ойлар кешпей, бірде-бір таң атпаған... Ұрпақтарын биікте баулитұғын Өзіңсің, жерде жүрген қанатты адам!.. Өрендер, Өссін дəйім, Қарап саған...

ЖАҢА ЖЫЛҒЫ ТІЛЕК Қарашы, қарлы шыңдар, қырқаларға. Жарасып тұрған жоқ па, шыршалар да. Қарашы, қандай ғажап, мынау əлем, Бөленіп жатқан аппақ, ұлпа қарға. Көңілдің шыңын енді бұлт шалар ма?! Бөленген сұлулыққа далам менің, Тыныстап, емін-еркін алар демін. Тəуелсіз күндерімнің арқасы ғой, Қарашы, ой да, қыр да, жаңарды елім, Ғасырлар, Бабам күткен заман ба едің?!. ...Өзегін үрейлі түн, өртеп таңның, Өмірін ерлікпенен – Өлшепті əр кім... Шыңдарға шырқап мен де кетпес пе едім, Дауылын жырға берсе, Желтоқсанның?!. Желтоқсан! жағып кетті, жер шоқтарын!.. Əрқилы заманалар кешіп сырын, Əлемді шарлап түгел кетіпті үнім! Ақындар, ақтарыла есіп жырын, Аналар, тербей берсін, бесік жырын! Бақ құсы, елге қонған, маған қонып, Өтпесін білем көңіл алаң болып.

Бар қазақ, арманына жетсе деймін, Көл-көсір, Қысылмайтын заман болып!.. Алатау, тілдеседі Талқыменен, Шыңдарын тербетеді!, Шалқып өлең! Уыздай ұйып елдің татулығы, Елбасы! Аман болсын, халқыменен!..

АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ І-жыр Біздің ауыл өзгерген жоқ, Жерінде отыр баяғы... Кетті өмірден көзкөрген көп, Көңілге күдік таяды. Біздің қоныс өзгерген жоқ, Қоңыр тірлік, Қоңыр кеш... Заман, ерте сөз берген жоқ, Бар ма шара, əмірге еш. Біздің ауыл көшкен де жоқ, Жұрт жылыстап жатқанда. Көк түтіндер, өшкен бе, көп, Демі жетпей ақ таңға?! Біздің ауыл дүрлікпеді, Қиындықтан қысылып... Кешегідей бірліктері, Кешегідей кісілік. Өмір шіркін озған ба көп, Өзгешелеу салттары.

Өз жұртынан қозғалған жоқ, Бұл ауылдың қарттары... Ауылым дегі, ақтарылам, Болмаса екен, ақтық үн... Жұпар шашқан бақтарынан, Елестейді жастығым. Бар мейірін аядыма-ай, Сыйлап өтем сол үшін. Бір-біріне баяғыдай, Созып отыр қол ұшын... Ауылым деп, алаңдадым, Ауыл – алтын бесігім. Күттің қанша, Бара алмадым, Сұраймын көп кешірім!.. 2-жыр Туған ауыл түсіме еніп, Ұйқы қашты ақ таңда. Ауылды еске түсірейін, Қайта қолдап жатқанда. Біреулердің ауылы көп, Тосар көңіл – саясын.

Біреудің бір ауылы жоқ, Алдынан құшақ жаятын... Қайран жастық, Қаратастың, Толқынында қалыпсың. Өмір дейтін дара тасқын, Арпалыстым, Алыстым... Арасында қос ауылдың, Кезектесіп өсіппін. Орны бар ма, өш алудың. Кетті жастық, Көшіп күн!. Арасында ауылдардың, Ат сабылтып келемін. Үдей соққан дауылдардың, Сезді жүрек, керегін. Қос ауылдың арасында, Құстай ұшып, сабылдым, Қазақтың кең даласында, Бір ауылды сағындым!.. Ол да мені шақырмады, Көп жыл өтті, «келе ғой» деп. Жыр – жүрегім, лапылдады, Жылдар жатты көлегейлеп!.. Əлде кімге бағыныш бар, Тіл жетпейтін жақындық. Сол алапат сағыныштар, Кетті білем, Ақын ғып!

ЖАПЫРАҚТАР ЖАУҒАНДА Көңілім қанша түңілді, Көрместей, тірлік түріңді. Арманмен аңсап ояндым, Бауырға басып мұңымды, Күйімді кім ұғынды?! Жүрсем де кейде құрып сəн, Жайым бар, жырға құныққан. Кеудемнің кербез шыңына, Жатса да уыз, ұйып таң, Кезім жоқ, сені ұмытқан... Сарылып сапар шеккенде, Тосылдым, өмір, өткелде. Ұмытқанменен өткенді, Өкініш, қайғы көп менде, Ұға бермес, көп пенде!.. Көк мұнар шыңда бауырлап, Бұлт көшті тауды сауырлап. Серги ме десем, Тəңір-ау, Ой жүгі жатыр ауырлап, Аңсатып алыс, ауыл жақ... Ызғырық есті таудан да, Күн төбеден ауған ба?!. Жүрегім бірге егілді, Жапырақтар жауғанда, Жапырақтар жауғанда!.. 08. 09. 2002 ж.

ҚЫРАНДАЙ ҚЫРАҒЫЛЫҚ Көрініп келесің сен биіктерден, Сырласып биіктерде – Сүйікті елмен. Келеді Сарбаздар да сəнін түзеп, Жүретін тауды кезіп, Жүзіп көлден!.. Қазақтың ұлан-ғайыр даласында, Қалықтап ақ бұлттардың арасында! Қажырлы, Қарымды Ер, қажет елге, Түсетін Отаны үшін дара сынға! «Ұшқыштың батылы» деп атың шығып, Сен жайлы толғады жыр, Ақын түрік! Келесің Ерлік жолын жалғастырып, Ерлікке, Байтақ далам жатыр тұнып! Секілді жүйрік тұлпар, ұшақ саған, Жатыр ғой, Өздеріңнен күп ап далам!.. Ұқсасын Мұқтарына, жас ұландар, Əуеде жүріп – Жерін құшақтаған!..

Болар ма, жат пиғылын сірə біліп, Жерде де, аспанда олар – Жүр ағылып... Тəуелсіз елім деген, Ер жігітке, Керегі – қыран құстай, Қырағылық!

ТАРИХИ ТАРАЗ Табанға төсеп талай ғасырыңды, Баулыған ару қыздар, Асыл ұлды. Замана керуендері кешіп өткен, Бойында бұл – Тараздың жатыр үлгі. Тереңдік, кемеріне бойлап ғасыр, Таразым, екі мың жылын тойлап батыл – Тəуелсіз қазағына тірек болып, Елбасы! Елдің жайын ойлап жатыр! Таразды көркейтіп те, гүлдетіп те, Ұйқысыз біреу сендей – Түн кешіп пе?!. Тарихи Таразыма Тағзым еткен, Қарайды ел, ризалықпен Үмбетовке! Өткерген бастан өмір қарлы ақпанын, Таразым, бас қостырды, саңлақтарын! Қашанғы арманы еді, Қазағымның, Басыңа қонса бақыт, Орнап сəнің!..

Қан төккен Тараз үшін қалың халық, Жатыр ғой, сол қалаға жанын салып... Көшетін жібек жолда, Керуендер, Ол дағы тыншығандай, дамыл тауып, Алыстан естіледі, Əнің талып!..

ЕСКЕК ЖЕЛ Шапағын шашыратып ашық таңы, Тұр екен, Алматының асып сəні! Көктемнің күркіреген үнінен бе, Ауылым, еске оралды, Қашықтағы... Сырына бойласам деп тұнық-терең, Арайлы таңдарынан үміттенем. Көктемнің əсері ме, сырлы-сұлу, Мөлдіреп, Таңғы шықтай, тұныпты өлең!.. Сырлайтын сыр-сипатын тасқа бекем, Көктемде сыйқыр-сезім жатқан екен. Күбірлеп отырмын мен, сырлы кеште, Ауылымды аңсап, Болған-жатқа мекен... Көктемнің ұнатушы ем, ескек желін, Ақ бұлттар, ескек желмен көшкен керім! Дариға-ай, Менің туып өскен жерім, Өзіңе құс боп ұшып жетсем дедім. Арман не, құстай самғап жүрсең ұшып, Көңіл гүл, құс əнімен гүл сергісін!

Əкелген мені өмірге, Арман-ауыл, Ақын боп қалармын мен бір сен үшін! Ескек жел, есілгенде Талқы жақтан, Өзендер елестейді, шалқып аққан! Кетер ем, құстарменен бірге ұшып, Арқамда жүгім жатыр, Халқым артқан!..

АЛАТАУ САНАТОРИЙІ (Д. Қонаевтың рухына) Жастанып таудың тармағын, Тыныстап жатыр, Қарғалы. Қарғалыға осынау, Жауып қалды, қар қалың! Жотаға – шыңдар жалғасып, Арқасы – тау, алды – ашық. Алатау санаторийі, Келеді жұрттар, таңды асып. Қымтанып қарға күмістей, Керілді шыңжар, бүріспей. Астамси қарап тұрса да, Толғанып көптен тұр іштей!.. Келеді жұрттар қаншама, Демалыс үйі – жансая. Талайдың қолы жетпей жүр, Қызығып сырттай, тамсана. Айнала орман, сая бақ, Қарсы алар жұртты, аялап. Жазғы жайлау секілді, Жан тыныстар аралап.

Өзін еркін ұстайтын, Оралды көктем, құс қайтып!.. Талайлар жүр жете алмай, Жоқшылық қолын қысқартып... Қайтқаны құстың жақсылық, Гүлдерге тұрар бақ тұнып. Бұлқынып бұлақ ағады, Маржандарын лақтырып. Маңдайынан құйып тер, Тұрғызған бұны – сүйікті Ер! Алатауды қоршап тұр, Биіктен асып, биіктер!

ҰМЫТҚАН ЖОҚ... (Жұмағали Сайынға) Өшпейді жалынды өлең жарқылдары, Көп екен, Сізге өмір тартулары. Өлеңді, өзіңді де ұмытқан жоқ, Жолыңды қуған ұрпақ, Артыңдағы... Осынау Ұлы ғасыр тоғысында, Жазылған жандар қанша, Сөзі шыңға! Еліңді ерлікпенен қорғап едің, Кешегі, Ұлы Отанның соғысында!.. Оралдың, туған елге жараланып, Адалдық, ақындықпен дараланып. Өтіпсіз, қолыңыздан қалам түспей, Ерлік іс, Ел есінде қалары анық! Оранып жүрсеңіз де от-жалынға, Жан Аға! Жыр жазудан тоқталдың ба?!. Ақындар, оқыды өлең тебіреніп, Осынау мерейлі күн, Тоқсаныңда!

Дарытпай жандарына жамандықты, Келер-ау, дүниеге талай мықты! Ақындық, Азаматтық, Ағалықпен, Үйренсін, Сізден ұрпақ, Адалдықты! Төгілген кездер болды көлдей жасым, Сол кезде болмады ешкім, сіздей жақын. Көл толқып, дауыл ұйытқып, Жылдар озар, Өзіңдей, елін сүйген, Өлмейді ақын!..

ТӨГІЛІП САУСАҒЫНАН СҰЛУ САЗЫ Тұрғандай тербетіліп сазына шың, Жаралған сырлы саздың бағына шын. Тек қана қазағыммен шектелмейтін, Əлемге аты кеткен, Жаниясың! Жазбасын тағдыр сені самғатудан, Жүректен-жүректерге Жалғасуда əн! Жарқырап қазағымның аспанында, Өзіңсің, ақшолпаны, Таңда туған! Өзіңсің, өнерімнің мақтанышы, Қанша ма елге жасап жатқан ісің. Өнерге жас ұрпақты сен баулысаң, Алдыңнан жұрт алғысы, Ақтарылсын! Төгілсе саусағыңнан сұлу сазың, Секілді, дауылдатқан – Құйын-сағым. Тербетіп, тебіренткен, Тыңдаушысын, Перісі сендей болар, Музыканың!

Бақытын бірге көріп азаппенен, Бойлаған тылсымына ғажап терең, Табынтқан асқақ өнер құдіретіне, Халқымның ару қызы, Қазақ деген! Ойнасаң күйсандығың құйындатып, Басыңа жиылғандай, дүйім бақыт! Айдай ғып жарқыратқан жүзіңді ашық, Бұл дағы бір дүбірлі, қызу уақыт! Саусақтан бітіргендей далаға тіл, Аспандап күй қанаты бара жатыр. Қазақтың қайталанбас, аруына Жатқандай тілек қосып, Жаңа ғасыр!

ТАУЛАРЫМ ЖАТЫР СІЛКІНІП... Жасарып, Жайнап, тіршілік, Жанарға қалды сыр тұнып. Жаратқан ием, жар болсын, Тауларым жатыр сілкініп!.. Жыр тұнып жанға, Нұр тұнып, Кетіпті дала құлпырып. Тебіреністен теңселіп, Тауларым жатыр сілкініп!.. Күз айы, Көркем, қараша, Көз тоймас, қанша қараса. Жұптасып жатыр жанымыз, Бейне бір егіз балаша!.. Күз айы, Көркем, қараша, Жаудырды жапырақ, тамаша! Өмірдің күзі басталып, Сырласамыз оңаша!.. Жаныма мұң жанаса, Кімің бар, Түсер араша?!. Жапырақ жырлар құйылды, Кəдеңе, Тауым жараса! Ағады бұлақ бұлқынып, Тіршілікке ұмтылып. Сынбасын деп, бір шыбық, Тауларым жатыр сілкініп, Дүбірге толы тіршілік!..

ҒАЙНИКЕШ Аққудайын айдында жүзген анық, Қанатыңды келесің, Бізге жайып! Арқалаған арманын Азаматтың, Сый-құрметі халықтың – Сізге лайық! Гүлді ешқашан үзбеген қазақ мүлде, Жаныңызды жүреміз балап гүлге. Сұлулықтан басталған өміріңіз, Тұр екен-ау, толықсып, Ғажап күйде!.. Жақын демей ешкімді, Жатым демей, Баурап тартып бəрін де Жатыр мерей! Тұрған кезде өзіңдей сүйенері, Ешқашан да болмайды ақын кедей. Қарлығашы секілді қалықтаған, Сый-құрметі еліңнің лайық саған. Бір өзіңдей болар-ау, Арлы ару, Еліне еңбек етуден жалықпаған.

Бірге өткеріп көктемдер, қанша күзді, Жүрші солай толтырып ортамызды. Кей кездерде керек-ау, Құлазыған, Сүйей жүрер Сіздей жан арқамызды! «АЛАТАУДЫҢ АҚБАТАСЫ» кітабынан 2005 жыл

ДАЛА ҚҰСЫ Қағылез қаршығадай өлең ілген, Саяңда қанат қағып келемін мен. Тарихтың тарландарын алға тартып, Ақынмын, Өлеңімен өре білген! Тəуелсіз! Ел де, жер де қысылмаймын, Даланың еркін ұшқан құсындаймын! Тағдырым – Табыстырды Атажұртқа, Мен қалай, Өлең-жырды ұсынбаймын. Өзім деп, өзі тұрғай, өзгені елеп, Қазағым тұрған жоқ па, Көзге бөлек. Осынау ел данасын, сезген ерек, Айтуға мағыналы сөз де керек! Тəуелсізбін, ешкімге бас ұрмаймын, Қол жеткен қуанышты жасырмаймын. Тартылып кеткен Арал айдынындай, Айықпас, Ғасырларғы, Жатыр қайғым!..

Қазақтың көңілі шалқар, даласы кең, Аузыма мəрттігіммен қаратып ем. Бейне сол елдігімнің белгісіндей, Қыран тұр, Ту көтеріп қанатымен! Еліміз ғой, арқалаған дала дертін, Сұңқарым! Көкте қалқып барады еркін. Жетеді, көргеніміз жамандықты, Қазаққа жақсылықтар – Бола берсін! Заманның жеңіп қатер-қауіптерін, Бақытын еркіндіктен – Тауыпты елім! Тербейін, Тəуелсіз күн, Талбесігін, Бұршақтап, маңдайымнан жауып терім.

ТЕРБЕЙІН, ТƏУЕЛСІЗ КҮН ТАЛБЕСІГІН Беріспей, батыр Бабам, армандаған, Арман күн, ел-жұртына жалғанды аман Қаншама құрбандықпен жеткен күнді, Əлдиле, байтақ елім, орман – далам! Əлдиле, тыныштықты, шың-құздарым, Жарқырап жансын, аспан, жұлдыздарың! Сусындат мейіріңе, мерейлі күн, Қазақтың асау қанды ұл-қыздарын! Қақтырған қанатымды тірегім – ел, Қиырдан талып жеткен – түлегің ем!.. Жұртымды құшқан осынау, Тəуелсіздік Жыр болып, жатсын түлеп жүрегімнен! Жаныңды келсең-дағы жаралап мың, Қазағым! қашанда сен дара жаттың. Лүпілін жүрегіңнің шын ұғынған, Аялап алақанға, алады ақ күн! Тербетіп дала сырын, сан ғасырым, Толқыған ұлы өзендер, жалғасымын. Толғанған күні-түні елі үшін, Тілегі қабыл болсын, Елбасының!..

БАРЫСЫ, ЖОРТЫП ЖҮРГЕН КЕҢ ДАЛАНЫҢ!.. Жаңарып ай, жылдарым, Жаңарып күн, Жаңғырып есімдері сан алыптың – Күншуақты, Астана, бой көтерді, Белгісіндей, Бейне бір даналықтың! Ауа тұнық, Ғажайып, ашық күні, Ғалам саған жасырмас, Ғашықтығын. Арман еткен аруақты Бабаларым, Киелі топырағыңды басып тұрмын! Жаңа Астана! Тұрғанда шомып нұрға, Көкірегім кеткендей, толып нұрға. Сан ғасырлар адасып жүрген бізден, Бақыт құсы, Басыма қонып тұр ма?!. Көңіл толқып, нұрланып түрегелдім, Бұл дағы бір – Биікте түлеген күн! Жасап жатқан жұртыңа – Жақсылығың, Жүрегінде сақталып жүреді елдің!

Ешнəрседен демеймін кем қаламын, Көңілдегі айығар, енді алаңым. Қазағымның аман бол, Бақыты үшін, Барысы, Жортып жүрген, Кең даланың!..

АЛЛАНЫҢ НҰРЫ СҮЙІП Жүректі зарықтырып, талмауратып, Алдыңнан Ата жолы жалғанды ашық. Жеті жыл, жеті ғасыр, жеті қасиет, Ақ жолмен келе жаттың, маң-маң басып!.. Ақ жолмен келе жаттың, маң-маң басып, Алланың нұры сүйіп маңдайды ашық. Халқыңның мейір, тілек, махаббаты ол, Қинаса, сансыз ойлар, таңдарды асып... Ақ түтек, ақ боранды елетпеген, Бойдағы қасиетің ерек, дер ем! Ғасырлар тоғысынан таймай өттің, Өзіңнен бұрын ешбір, ер өтпеген!.. Көз жұмған сондай ерлік керек дер ем, Халқың ғой, хан көтеріп, өбектеген. Ақ жолмен бара жаттың, сенімменен, «Соңымнан тоған елім, ерет» – деген! Дұшпан да жайға қалды табалаған, Бақытын, тек, елімен табады адам. Отырса, қалың елің, Сеніп Сізге, Ер ғана, Ел қадірін бағалаған!..

БƏРІҢ ДЕ ЖҮРЕГІМЕ СИЯСЫҢДАР! (Елбасының монологы) Арманым да, Арым да, ұятым бар, Қалайша, Қиянатқа қиясыңдар?!. Кешегі зəбірліктің заманы өткен, Бəрің де жүрегіме сиясыңдар! Қырансыз құлазиды қия-шыңдар, Егілсем көз жасымды тыясыңдар! Жаным да, Ниетім де – Халқым үшін, Бəрің де жүрегіме сиясыңдар! Күндейін бұлттан шыққан ашылыңдар, Ашылыңдар, арнаған асылым бар!.. Асылым да, Арманым сендер үшін, Ынтымақ, Ықыласқа асығыңдар! Жан емес едім ойға орашолақ, Өмірден алдым қанша, жаңа сабақ. Тұрсыншы, еркіндіктің самалы есіп,

Қалыңдар, Бір-біріңді, Арашалап!.. Ғажайып татулықта ұнасым бар, Татулықтан жарасып – Тұрасындар! Бəріңе ойым ортақ, Сырым ортақ, Бəрің де, Жүрегіме сиясыңдар!..

ДАРА ТҰЛҒА! Жарқылдап жанарында – Жалын ойнап, Жүргенің қалың жұрттың қамын ойлап. «Нұрекең, аман болсын» – деп тіледі, Айбынды қазақ елі, Ару – аймақ!.. Шілденің сəуле шашқан жұлдызына, Қарады көк күмбезден – Күн қызыға. Кеудесі күйге толып, Жырға толып, Тебіренді, Алатаудың шың-құзы да! Төңірек толып кетті жайнап гүлге, Жүрегім жыр толғады, Арнап Сізге! Санасса Əлем жұрты өзіңізбен, Отырды, Ұлы Дала Тойлап бірге! Жігітке берсе осындай бақыт берер, Шанақтан күй төгіліп, Шалқыпты өнер!

Осынау тілек қосып туған күнге, Тұрғандай жүрек тулап, Толқып кемер! Өзіңіз, Тəуелсіз күн бəйтерегі, Бұл дала, Бəйтерексіз қайтер еді?! Тəуелсіз күнмен бірге бар Əлемге, Танылды қазағымның Қайсар елі! Тебірентіп тауларымды асқаралы, Тербейді əн, Алматы мен Астананы. Қолдасын аруағы, Ер Бабаңның, Тəуелсіз Ғасыр – Сізбен басталады! Жаңғыртып қаласын да, даласын да, Еліңді бастап жүрсің жаңа шыңға!.. Аман бол, Бар қазақтың бақыты үшін, Заманнан асып туған, Дара Тұлға!..

МЫҚТЫЛЫҚ Қараңдаршы, Бұл недеген мықтылық, Қарсы алуда, туған елің тік тұрып! Сіз келесіз бүкіл Əлем жұртына, Қазағыңның – кім екенін ұқтырып! Қазағымның кім екенін ұқтырып, Мықтылықтан – талай елді ықтырып!.. Мықтылықтың құдіреті емес пе? Ел деп соққан жүрегіңді ұқты жұрт! Тыныстайды елімізде тыныштық, Тыныштықты келем жанға, тыныс қып! Төбемізден төңкерілген нұрлы күн – Туған елдің махаббаты ол, тым ыстық! Айта салған сөз емес бұл атүсті, Айтылар ой, мықтылыққа қатысты. Мықтылықтың арқасында Қазағым, Жалғап жатыр, Бүкіл Шығыс, Батысты!.. Қабырғасын ыдыратып қайғының, Асырды елім, Дүниеге айбынын! Қазағымның мəртебесі биік тұр, Салтанатқа бергісіз боп жай күнім!

ЕЛБАСЫНЫҢ ЕЛМЕН ҚАУЫШУЫ Аруақты Ақ орданы аспандатып, Өтуде не бір ғажап бастан уақыт. Назары бар əлемнің өзіңізде, Болар ма, бұдан артық асқан бақыт?! Рухына Бабалардың басын иіп, Шыңдардан не бір жолсыз асып жүріп. Елім деп еңіреген, Ер-жігітсің, Мерейің содан болар жатыр биік! Қалың жұрт толқып бүгін қуануда, Күн болды сəті түскен, сірə, бұл да. Қырандай еркін самғап ел көгінде, Отырдың шомылдырып шуағыңа. Қаншама ой, қаншама арман өрімделіп, Ақ орда, аспандайды көңіл берік! Құйылды қорғасыңдай əрбір сөзің, Толқыған көңілдерге сенім беріп. Жер – байтақ, Тауы – құзар, Орманы – бай, Шүкірлік, бəрі-бəрі ойдағыдай. Осынау бүкіл əлем жұрты үшін,

Толғанып келесіз Сіз, толғанудай!.. Шартарап, үнің кетті жарып түзге, Қарайды сенімменен халық Сізге. Талпынса жас нəресте Сізге ұмтылып, Ұшады құс қанатын жайып бірге! Жан тұрғай, қара тасты тербеді үнің, Қуаныш, шаттық-думан жерде бүгін! Ел-жұртың қолдап отыр, Қолдай бермек, Адамзат бақытына Берген Ұлын!..

ШЫҢЫНАН АЛАТАУДЫҢ ӨРЛЕП КҮНІМ! Біз жаққа ала келдің ашық күнді, Ашық күн, жақсылыққа асықтырды. Бұлты жоқ, бүкпесі жоқ көңілінің, Жандарға жаным менің ғашық сынды! Біз жаққа ала келдің ашық күнді, Алматы саған құшақ ашып тұрды. «Болашақ» жайлы ойды ортаға сап, Жанарың от шашады, ашық – нұрлы! Жиналған жұрттың бəрін серпілдіріп, Отырдың еркін сөйлеп, еркін күліп!.. Жылдардың жылжығанын аңғармаппын, Өлеңнің алуан күйін шертіп жүріп... Ұнайды, елің сенген сергектігің, Кеткеңдей, жан-дүниені тербеп бір үн! Келеді сарқылмайтын шуақ құйып, Шыңынан Алатаудың – өрлеп күнім! Шыңынан Алатаудың өрлеп күнім, Күн сайын жаңғыруда, өрнекті үнің! Тілейді еліне де, Ерге амандық Ағынан ақтарылып, Жер – көк бүгін!..

КЕЛЕСІҢ ТАУ СУЫНДАЙ ТАСЫП ЕРЕН! Біледі туған жұртым, жатың емен, Айтар ой, сырларымды батыл өрем! Дос тұрғай, Дұшпаның да мойындайтын, Биіктің биігінде жатыр өрең! Биіктің биігінде жатыр өрең, Туған ел, қуаттайды, асыл өрен! Заманның талабы мол, талғамдыға, Келесің тау суындай, Тасып ерен! Еркіңді қиял билеп, қашып мазаң, Түн – ару, аунақшиды ғашық саған. Барсаң да қайсы тұсқа, Қай құбылаға, Құшағын тұрған жоқ па, ашып далам?!. Бөленсін деп, Ұлы Отан, аймақ гүлге, Келесің, тайқазанда қайнап бірге!.. Астана – Алматыны шаштан сипап, Ақ таңды атырасың, ойлап күнде. Өзіңе жарық дүние, жұртың ғашық, Айбынды, енді бірде сылқым басып –

Тынымсыз күйлер кешіп жүрсің дəйім, Туған ел үшін осынау, Ұйқың қашып! Ашпай ма замананың өнер көркін, Өнермен нұрлы дүние, кемелденсін! Бір сырлы, Сегіз қырлы серілікті, Серпінді, сергектікті Сенен көрсін!..

СИЯДАН ҚҰРҒАМАЙДЫ ҚАЛАМ БҮГІН Тағдыры жатса да егіз азаппенен, Қашан да қайсар халық, Қазақ деген! Белгісі қайсарлықтың Мықтылықта, Тамыры мықтылықтың ғажап терең! Ғасырлар, Атамзаман сабақталған, Ерлігі сан ғасырлар сарапталған. Беріспей, Белдескенде алып ұрып, Бəрі де, Батырлықпен аяқталған... Басынан өткерсе де ақтабанды, Басынан асырмаған, даттағанды. Елі мен жері үшін құрбан болып, Ер бабам, Келген екен сақтап арды!.. Келеді сол қасиет қалмай бізден, Күндерді сол қасиет, Жалғайды үзген. Жанымыз досқа да бай, Жомарт елміз, Аз емес, ағайын да шалғай жүрген.

Аз емес, ағайын да шалғай жүрген, Соларға сағынышты арнаймын мен. Көңілге жайларда көп, Күмəн салар, Құпиясы мол елді жалғайды іргем... Қазағым, кім көз салмас саған бүгін, Сертімнен ауытқымас, Табандымын. Елімнің тағдыры ғой толғандырар, Сиядан құрғамайды, Қалам бүгін!..

ҚОС МЫҚТЫ Қос мықтының ортасында отырып, Күйлер кештім, бұл басымнан не тұнық. Өкініштің отына да өртендім, Кетпесін деп, Жыл толқындар, өшіріп!.. Толастамас, заман жайлы толғауы, Мүмкін емес, Мықтылардың болмауы! Үдеп соққан дауылыңа алғызбас, Сияқты олар, Қазақ үйдің желбауы! Өтетұғын күйініп те, сүйініп, Ақын жанның тынбай шерткен күйін ұқ. Қоңыр кеште, Қос мықтының тұнығы, Бара жатты, Тереңіне үйіріп!.. Аяз қарып, түсіп жүріп отқа да, Барға риза, көндіккенбіз жоққа да. Білегі емес, Білімімен жеңетін, Мықтыларға жоқ дауа!

Айғағындай, татулық пен достықтың, Ортаға алып отыр міне, Қос мықтым! Мейір менен махаббатқа бөлеген, Осы күнді көп күттім... Арқамызда жүргеннен соң нелер жүк, Керек екен, Мықтылық та, тереңдік! Мықтылықтың ізі жатыр өшпейтін, Өтетұғын, Өлең ғып!..

ҚАУЫМДАСТЫҚ (Дүниежүзі Қазақтарының Құрылтайына) Тағдырдың көлін кешіп, Тауын да астық, Сонымен кетті-ау өтіп, жалын жастық... Жүзінде бүкіл дүние жалғыз ат бар – Ол, Елбасы басқарған – Қауымдастық! Жырыма арқау болған менің асыл, Байтақ – ел, Заңғар – таулар, көлі – жасыл. Ағылып жыл құсындай шартараптан, Қазағым, Құрылтайға келіп жатыр, Ерлігіңнің арқасында сенің батыл!.. Қазақтық қанға біткен қайсар-екпін, Бұл шақта, биіктерге бой теңелттің. Келді ғой, бауырластар, қиырлардан, Бұтағын саялауға Бəйтеректің! Айыққан алаңдардан таза көңіл, Ешкімге күнім түспес, ғажап өмір! Қызықтап қарап отыр жердің жүзі, Басына бағы қонған – Қазақ елін!

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙