TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 38 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 38 том

“Бабалар сөзі” сериясының 38-томына “Қобыланды батыр” жырының мергенбай жырау жырлаған үш нұсқасы енгізілді. ( “Қобыланды батыр”, “Қобыланды батырдың баласы Киікбай”, “Қобыландының Темірланды жеңуі” ) .

Астана

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ

БАСТАМАСЫ БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.

Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.

Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.

Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.

Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

КІТАП СЕРИЯЛАРЫ

БАС РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ АЛҚАСЫ

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Батырлар жыры
38 том

ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Ақыш Н., Әкімова Т. Томның ғылыми түсініктемелерін жазып, баспаға дайындағандар: Қосан С. (филология ғылымдарының кандидаты), Тұрлымбеков Б. (жауапты шығарушы) Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2006. Т. 38: Батырлар жыры.—2006.—332 бет.

ІSBN 9965-35-289-5 «Бабалар сөзі» сериясының 38-томына «Қобыланды батыр» жырының Мергенбай жырау жырлаған үш нұсқасы енгізілді («Қобыланды батыр», «Қобыланды батырдың баласы Киікбай», «Қобыландының Темірланды жеңуі»). Б 00(05)—07

ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-289-5 (т. 38)
© Әдебиет және өнер институты, 2006

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2006

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле-
кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.

Серияның бұған дейін жарияланған отыз жеті томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са-
налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда,
бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни

дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы,
тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының төрт томы,
сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа
бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ

фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат
қазынасы—фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен-
дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен
қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін

жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның
38-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қобыланды
батыр» эпосының Мергенбай нұсқасы енді.

«Қобыланды батыр» жырының ел арасында кең тараған
отызға жуық нұсқасы бар. Бұл жыр үлгілерін ХІХ ғасырдағы
қазақтың көптеген белгілі ақын-жыраулары айтқан. Солардың
қатарында—Марабай, Қашаған, Бітімбай, Мергенбай, Біржан,

Нұрпейіс т.б. ақын-жырауларды ерекше атауға болады. Эпостық
нұсқаларды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, төрт томға жинақтау
жоспарланды. Алғашқы томға Көшелек Еламанұлы, Құлзақ
Амангелдіұлы, Сүйіншәлі Жаңбыршыұлы жырлаған нұсқалар

енсе, екінші томға Біржан Толымбаев, Нұрпейіс Байғанин және
Ержан Ешімұлы сынды ақындардың репертуарында орындалған

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

жыр нұсқалары ұсынылды, үшінші томға Айса Байтабынұлы,
Сәдуақас Ділманов, Нұрсейіт Битілеуов, Ережеп Тілеумағамбет-
ұлы сынды халық таланттарының репертуарынан әр кезде
жазылып алынған таңдаулы жыр мәтіндері енді. Жырдың соңғы

томына атақты Мергенбай жыраудың «Қобыланды батыр» және
«Қобыланды батырдың баласы Киікбай» және «Қобыландының
Темірланды жеңуі» нұсқалары кіріп отыр.
Мергенбай жырлаған «Қобыланды батыр»—қазақ эпо-

стану ғылымындағы ең көбірек зерттелген нұсқалардың бірі.
1957 жылы осы жыр мәтіні М.О.Әуезов пен Н.С.Смирнованың
басқаруымен «Қазақ эпосы» сериясы бойынша төртінші кі-
тап болып жарық көрді (баспаға әзірлегендер: М.С.Сильчен-

ко, О.Ә.Нұрмағамбетова). Бұдан соң аталған нұсқа 1958, 1963
жылдары Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Б.Уахатов, М.Ғұмарова,
С.Лыпкин сияқты ғалымдардың әзірлеуімен қазақ және орыс
тілдерінде басылып шықты. Сондай-ақ 1975 жылы Мәскеуде

КСРО Ғылым академиясы А.М.Горький атындағы Дүние
жүзі әдебиеті институтының жанынан шығатын «КСРО
халықтарының эпосы» атты серия бойынша ғылыми басы-
лым ретінде жеке кітап болып шықты. Белгілі фольклортану-

шы О.Ә.Нұрмағамбетова мен Н.В.Кидайш-Покровская жырды
толықтай орыс тіліне аударып, екі тілдегі мәтін және эпос тура-
лы көлемді зерттеу мақала жазған болатын.
«Қобыланды» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген

варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай
мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені жасырын емес. Бұған
қоса ілкі жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате
оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойын-

ша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес,
отыз сегізінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды.
Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған

түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе-
тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,
эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де-
ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын

тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі—25 б.т.

М Ә Т І Н Д Е Р

Қобыланды батыр
Жыршының кіріспе сөзі:
Алдым қалам қолыма,
Қарадым оңды солыма.

Кедергі ешкім қыла алмас
Талапты ердің жасына.
Мен сөйлеймін, жарандар,
Кез болмаса бір кесел

Маңдайдың қалың сорына .
Шын жүйріктің белгісі—
Сүрінбес қазған орыңа,
Ілінбес құрған торыңа,

Шаң жұқтырмас торыңа.
Келсе ісім оңына,
Түсемін енді жолыма.
Құлақ салсаң, азамат,

Қобыландыны бастайын,
Бөтен сөзді тастайын.
Ел аузында жүрген сөз,
Өтірік жаннан қоспайын.

«Қобыланды батыр» баспаға
Екінші вариант түсіпті,
Айтушы ақын белгісіз—
Бұларды мен де қостайын.

Қалдырып кеткен көп жерін
Келгенше шама дұрыстайын.
Әркім айтар білгенше,
Қалдырдың деп ұрыспайын.

Тарихта өткен батырдың

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Енді сөзін бастайын.
Қобыланды ердің кеңесін,
Оңдайды Құдай басынан
Оңдармын деген бендесін

Жинақты оқып көргесін,
Бас аяғы басылмай
Қалғандығын білгесін.
Әркім айтар өзінше

Ел аузында жүргесін.
Мен де өзімше көшірдім,
Қалғанын теріп өсірдім.
Баспашыдан сұраймын

Басылуын тағы да
Үшінші вариант осының.
Білгенімше қалдырмай,
Қалғанын тегіс мен қостым,

Аяғы менен басының.

Кешегі өткен заманда
Қарақыпшақ Қобыланды—
Атасы мұның Тоқтарбай
Халықтан асқан болды бай.

Байлығында есеп жоқ,
Айдалып бағып жайылды,
Төрт түлік малдың бәрі сай.
Жаз жайлауы Көзді көл,

Көзді көлді жайлаған
Қалың қыпшақ жағалай.
Тоқтарбайдың дәулеті—
Ішкені мас, жеген тоқ,

Бай-кедейдің көңілі жай.
Қыс қыстауы Қараспан,
Ат үйірінен адасқан,
Қалың қыпшақ тізіліп,

Қонса қоныс жарасқан.
Әліп таңба қыпшақтың
Атағы озған алаштан.
Сексенге жасы келгенше

Бір бала көрмей Тоқтарбай,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қайғыменен қан жұтып,
Ақылынан адасқан.
«Шал емес, сұңқар қияқсыз,
Еш нәрсе көрмей дүниеден

Өткенім,—деп,—тұяқсыз»—
Тоқтарбайдың зарына
Қалың қыпшақ қайысқан.
Әулие қоймай қыдырып,

Етегін шеңгел сыдырып,
Жеті пірге танысқан.
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,

Қабыл болған тілегі,
Жарылғандай жүрегі,
Аналықтай бәйбіше
Қабырғасы майысқан.

Елуге жасы келгенде,
Көзім ашпай дүниеден
Өтемін бе дегенде,
Сонда көрген арыстан:

Бір ұл, бір қыз атадан,
Қыздың аты—Қарлығаш,
Қобыландыға қарындас.
Алты жасқа келгенде

Арыстан туған Қобылан
Қазынадан қамқа киеді.
Өзімнің еншім болсын деп,
Тобылғы меңді торы атты

Енші қылып мінеді.
Қобыландының тілегін
Бүкіл қыпшақ тіледі.
Қайыры көп халқына,

Енді түсіп салтына,
Таулар күйіп, тас жанған
Алты жаста баланың
Елбеңдеген зарпына.

Өзі алты жасында,
Қамшат бөркі басында,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Тобылғы торы ат астында,
Қаршығасы қолында,
Тазысы ерткен соңында,
Жеті пірге сыйынып,

Баратұғын жолында—
Тоқтарбайдың жылқыда
Тоқсан құлы бар еді.
Тоқсанының бастығы

Естеміс деген ер еді.
Естемісті көруге
Жылқыға бала жөнелді.
Жылқыға бала барғасын,

Баурап малын алғасын.
Тоқсан құл мен Естеміс,
Риза тауып қалғасын,
Қолқанат пен құйрыққа

Енді Тоқтар кенелді.
Қобыландыны барғасын
Естеміс ерің баулайды.
Күнде киік аулайды,

Кездессе жауын жаулайды.
Жылқыда жатып Қобыланды
Екпіні оттай қаулайды.
Қаршығасы қолында,

Құмай тазы соңында,
Көрсе киік заулайды.
Естеміспен екеуі
Қонып жатса бір тауда,

Намазшамнан өткенде,
Құптан мезгіл жеткенде,
Құлағына батырдың
Бір дауыс кеп шулайды.

«Арғы астында сол таудың
Бұрқыраған бу шықты,
Шуылдаған шу шықты.
Бұл не қылған дауыс?—деп,

Естемістен сұрайды,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Айтпасына қоймайды.
Сонда Естеміс сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
Арғы астында бұл таудың

Қызылбастың елі бар:
Жасыл байтақ жері бар,
Айдынды шалқар көлі бар,
Көктім Аймақ ханы бар,

Неше миллион жаны бар,
Қанша жиған халқына
Көрсетіп тұрған сәні бар.
Құртқа деген қызы бар,

Жұртына жайған назы бар.
Ай астына аспанға
Құрды бақан қақтырып,
Алтын теңге аттырып,

Теңгені атып түсірген
Құртқаны сұлу сол алар.
Соның дауысы бұл дауыс,
Көптен шыққан бұл хабар.

Көңілің ауып, шырағым,
Бұған болма ынтызар,
Шарға салып басыңды,
Бола көрме сен құмар».

Қанша айтса да Естеміс,
Барғысы келіп баланың,
«Түсіремін атып деп,
Кәміл пірлер болса жар».

Естеміс тағы сөйлейді:
«Қой, шырағым, жассың ғой,
Қабырғаң сенің қатқан жоқ,
Омыртқаң өсіп жеткен жоқ,

Жіберуге қорқамын,
Тілімді алсаң, рұқсат жоқ.
Барғанмен кезек келмес-ті,
Баланы көзге ілмес-ті,

Бағып жатқан Құртқаны
Қырық бес кез Қызыл ер
Шырағым, теңдік бермес-ті»—

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Отырып бұлар кеңесті.
Мінген аты ала-ды,
Қылшық жүнді қара-ды.
Тоқтау салып Естеміс,

Жібергісі келмей баланы.
«Батаңды бер, көке,—деп,
Алдын-артын орады.—
Жад қыламын, Естеке,

Жеті кәміл бабаны».
Барғысы келіп батырдың
Тоқтамайды табаны.
Естемістей еріңнің

Таусылғасын амалы,
Батасын беріп қол жайып,
Жад қылады Құданы*.
Үстіне сауыт кигізді,

Жанына байлап болатты,
Беліне садақ ілгізді.
Тапсырдым деп Жалғызға**
Амандасып жүргізді.

Жүрегі таймай баланың
Ерлігін кәміл білгізді.
Тобылғы меңді торы атпен,
Дөңгелентіп жөнелді.

Атып жатқан жеріне
Іркілместен келеді.
Келгендігін баланың
Көктім Аймақ көреді.

Айбатынан сескеніп,
Баланы келген сынады.
Қобыландыдай төрені:
Қазақтың ері келді деп,

Көктім Аймақ патшасы
Кезекті бұған береді.
Кәміл пірлер жебеді,
Қолына алып толғанып,

* Құданы—Құдайды деген сөз.
** Жалғыз—бұл арада Құдай мағынасында қолданылған.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қозы жауырын жебені
Ат үстінен шіреніп,
Сонда тұрып тартады,
Кәміл пірлер сенгені.

Құрулы бақан басында
Екі бөліп ұшырды
Ай астында теңгені.
Құртқа көріп батырды,

Шашу шашып басына,
Бұралып келді қасына.
Нұрына тойып төнгені,
Көзі көрмей өңгені.

Іздеген теңім келді деп,
Патшаға салып жеңгені.
Айтқан серттен қайта алмай,
Отыз күн ұдай ойын қып,

Қырық күн ұдай тойын қып,
Көктім Аймақ атасы
Қыз Құртқаны бергені.
Жұртын жиып той қылып,

Аққа белін шешіпті.
Пайғамбар құда несіпті,
Құртқа сынды-ай сұлуды
Қобыландыдай батырға

Берейін деп жатқанын
Қырық бес кез Қызыл ер
Хабарын мұның есітті.
«Меніменен күресіп,

Жықса алар,—десіпті,—
Аты-тонын олжалап,
Аман қайтса жарар,»—деп,
Өзінше желдей есіпті.

Бетіне жан қаратпай,
Көңілі әбден өсіпті.
Бұл сөзді естіп Қобылан:
Артымда жау қалдырман,

Берсе Құдай несіпті,—
[Деп] мініп ап атына,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қызыл ерге келеді,
Келіп те сөйлей береді:
Қобыланды келді, шықсын,—деп,
Дауыстап хабар береді.

Шықпағасын Қызыл ер
Жүгіріп үйге енеді.
Төсекте жатып Қызыл ер
Қобыландыны көреді.

«Аяғымменен күрес»—деп,
Бір аяғын береді.
Алпыс құлаш ала арқан
Қызыл ердің ілулі

Босағада тұр еді.
Іліп алып аяққа,
Мініп алып торы атқа,
Дүрілдетіп жөнелді,

Қызыл ерді сүйретті,
Сүйреткі қылып үйретті.
Ішінде шеңгел, тікенге
Өкпе, бауырын түйретті.

Тақымға салып сүйретіп,
Қабырғасын күйретті.
Менсінбеген дұшпанды
Ақылын тауып үйретті.

Көкбөрі қылып дұшпанын,
Тау мен тасты күңірентті.
Қорлықпенен өлсін деп,
Қызыл ерді еңіретті,

Тасқа соғып боршалап
Кеудесінен жан кетті.
Аламыз деп айырып,
Екі бірдей баласы

Соңынан қуып бұл жетті.
Қаратай менен Қаранас
Көздерінен ағып жас,
Жасы-қаны аралас,

Қобыландыға жүгіртіп,
Келе салды найзасын,
Алды-артына қарамас.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қобыланды қарсы ұмтылды,
Жеке шауып екеуін
Жермен-жексен қылды тас,
Домаланды жерге бас.

Үшеуін бірдей өлтіріп,
Қобыланды сынды-ай бала жас
Істі орнына келтіріп,
Құртқаға келіп сөйледі,

Көңілі ердің желпініп.
Сұлтаным не қылды екен?—деп,
Құртқа сұлу жүгіріп,
Алдынан шыққан ентігіп,

Көктімге хабар береді.
Дұшманынан құтылып,
Көңілдері жайланды.
Жөнелтуге Құртқаны

Көктім Аймақ ойланды.
Алтынмен ішін безеген,
Сырты күміс ақ отау
Келістіріп түзеген,

Арттыруға сайланды.
Қырық түйе қазына,
Қырық құл мен қырық күң
Қосып берді қызына.

Ел-жұртымен қоштасқан
Құртқа сынды-ай сұлудың
Жұрт таң қалды назына—
Сөйлеген сөзі базына.

Көктім Аймақ көрісіп,
Көлден ұшқан қаңқылдап
Қоңыр ала қазына,
.................... жазына.

Ертеңгі шолпан батқанда,
Сарғайып таң атқанда,
Жөнелтуге Құртқаны
Жүгін артып жатқанда,

Қобыланды бала келеді,
Көктімге сәлем береді:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Еншісін бөліп Құртқаға,
Бәрін де беріп жатырсың,
Бергенің маған не?—дейді.
Көктім Аймақ атасы:

Шырағым, балам, кел!—дейді,
Бергенім саған біл,—дейді,
Төбеңде тұрған төрт бұлт,
Еншің, балам, сол,—дейді.

Жаз болса, шығар күн жақтан,
Қыс болса, шығар жел жақтан,
Жау келсе, түсер жау жақтан.
Шырағым, балам, шын,—дейді,

Тапсырдым сені соған,—деп,
Енді атыңа мін,—дейді.
Атасыменен қоштасып,
Құртқаны алып ұзатып,

Елге қарай жөнелді.
Кәміл пірлер жебеді,
Ісі жөнге келеді.
Мінген аты ала-ды,

Қылшық жүнді қара-ды.
Қобыландыдай батырың
Көшті тартып барады.
Бірнеше күн жол жүріп,

Аз ғана емес мол жүріп,
Өткен күнді санады.
Бір күндері болғанда,
Қара жолдың үстінен

Қалың жылқы жарылып
Екі жақта қалады.
Құртқа сынды сұлуың
Күймеден басын шығарып,

Жылқыға көзін салады.
Ортасында жылқының
Көкала бие жусап тұр,
Құртқаның көзі шалады.

Тоқтатып қойып күймесін,
Ағытып тастап түймесін,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Шақырып алып: «Сұлтан»,—деп,
Қобыландыдай баланы,
Биені көріп сынады.
Мынау жатқан көп жылқы

Кімдікі?—деп сұрады.
Сонау тұрған биені
Мені берсең де алғыл,—деп,
Батырға әмір қылады.

Батыр Қобылан күледі,
Әзіл айтып іледі:
Басымды оққа байлаған,
Сені берсем, қыз Құртқа,

Бір елдің малын алармын,—деп,
Езу тартып күледі.
Осы жатқан көп жылқы
Немере туған ағамыз—

Сәлімбай байдың жылқысы.
Жанындай мені көреді,
Не сұрасам береді.
Тағы Құртқа сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:
Құлақ салып сөзіме390
Бері таман кел,—дейді,
Тобылғы меңді торы атың

Жауға мініп шабуға
Жарамайды бұл,—дейді,
Жан серік атың, сұлтаным,
Көкала бие ішінде

Көк бурыл құлын бар,
Дұшмандардың пейілі тар,
Жан серік атың сол,—дейді,
Бұл сөзімді біл,—дейді.

Құртқаның сөзін сынарсың,
Жылқысы болса ағаңның,
Ала көр бірақ сен,—дейді.
Құртқаның сөзін есітіп,

Қондырып көшін сол жерге,
Енді атына мінеді,
Ойлау жерден орғытып,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Тегіс жерден сырғытып,
Аяңдамай желеді.
Сәлімбай байдың тоқсан құл
Қара Көжек бастығы,

Сәлем беріп келеді.
Келіп сөйлей береді:
Асқар төбе белсің,—деп,
Қатар көшкен елсің,—деп,

Ағамызға сәлем де,
Келінін алып келемін,
Көрімдігін берсін,—деп,
Қырық нарға артқан қазына

Бәрін де келіп алсын,—деп.
Бұл сөзіме нансын,—деп,
Көрімдігі Құртқаның—
Көкала бие жылқыда

Інім десе берсін,—деп,
Бұл сөзіме сенсін,—деп.
Қара Көжек ал сонда,
Батырдың сөзін есітіп,

Елге шапты жосылтып,
Бұрқыратып тозаңын,
Желге қарсы есілтіп,
Жылқыға жау тигендей

Елдің шетін шошытып,
Байға жетіп келеді,
Қарала атты көсілтіп.
Келіп сөйлей береді:

Қобыланды батыр жіберді,
Ағама дұғай сәлем деп.
Келінін алып келемін,
Қырық нарға артқан қазына

Бәрін де соған беремін,
Көрімдігін берсін деп,
Келінін келіп көрсін деп,
Бұл сөзіме сенсін деп.

Көрімдігі Құртқаның
Көкала бие жылқыда,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Інім десе берсін деп,
Қобыланды мені жіберді.
Береді деп биені
Үзбей отыр күдерді.

Көжектің сөзін есітіп,
Сәлімбай бай сөйледі:
Пұл жібердім қалаға,
Бұзау, баспақ, танаға,

Арнап едім балаға,
Бір тайдың несін сұрайды,
Әкете бермей далада.
Бір тай түгіл, Қобыланнан

Жалғыз жаным садаға.
Қалағанымды алдым деп,
Мақтанып барсын алдына
Тоқтар сынды-ай ағаға.

Байдың сөзін есітіп,
Қарала атты көсілтіп,
Қайта шапты балаға.
Қалағаныңды берді,—деп,

Шыбын жанын құрбан қып,
Қара Көжек арада.
Баладан болып садаға,
Ұстап беріп биені,

Жад қылады Иені.
Қарны жерге тиеді,
Құртқа сұлу күймеден
Қарғып түсіп, биені

Маңдайынан сүйеді.
Көшіне тіркеп жөнеді,
Көкала бие шұрқырап,
Көбігі шығып бұрқырап,

Емшегі бұлақ иеді
Айы-күні жетіп тұр.
Тууы тұлпар қиын боп,
Жүруге халі бітіп тұр.

Ішінде тұлпар тулайды,
Биенің тіні бітіп тұр.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қасына адам жолатпай,
Құртқа жалғыз күтіп тұр.
Көкала бие төңбекшіп,
Домаланып сұлады.

Тұншығып тұлпар қалар деп,
Құртқаның жаны шығады.
Тонын жарып тұлпардың
Құлынға тыныс қылады.

Сонда жатып құлындап,
Бурыл тұлпар туады.
Тұяғын жерге тигізбей,
Үстіндегі шешініп,

Құртқа сынды сұлуың
Алтын тонға орады.
Аузын үріп сыпырып,
Маңдайынан иіскеп,

Шүкір қып Хаққа тұрады.
Аршын басты Бурылы,
Қабырғада қанаты,
Сұлтанының жан аты.

Күн түсірмей көзіне,
Жел тигізбей өзіне,
Үстіне шатыр тіккізді.
Құртқа сынды сұлуың

Айтса сөзін өткізді.
Көп нөкерін жүгіртіп,
Не керегін жеткізді.
Еру болып сол жерде,

Қырық күнгеше Бурылға
Қулықтың сүтін емізді.
Жана қырық күн біткенше,
Қысырдың сүтін емізді.

Сексен күні біткесін,
Тоқсан күні жеткесін,
Армасын деп, талмасын,
Маңқа, құлық болмасын,—деп,

Жеміне қосып, қыз Құртқа,
Қызыл дәрі жегізді.
Бурылға қыз Құртқа,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Түндікпенен күн берді,
Түтікпенен су берді,
Дәрілеген жем берді.
Құртқа сынды сұлуың

«Отауды жығып тиет»,—деп,
Қобыландыға дем берді.
Алтыннан жабу оюлап,
Бурылға қыз Құртқа

Құлағын тігіп қиюлап,
Балағына түсірді.
Отауды жығып көшірді,
Бурылын құндақтап,

Дүйсенбі күні бесінде,
Биені тіркеп көшіне,
Елі түсіп есіне.
Асқар төбе бел еді,

Белден көшкен ел еді,
Көшті тартып келеді.
Бірнеше күн дегенде
Тоқтарбайдың жанына

Отауды әкеп тігеді.
Әлқисса, Қобыланды батыр әкесі Тоқтарбайдың жанына от-
ауын тігіп жатып әкесіне келіп:

—Мен кеткелі жылқыдан біраз айлар болды. Сонан бері

тоқсан құл мен малдан хабар бар ма?—деп сұрады.

—Жоқ, шырағым, құлдан да, малдан да хабар жоқ,—деді.

Құйған шайдан ішпей, ашытқан балдан ішіп, мен малдың хаба-
рын біліп келейін,—деп жүріп кетті.

Базарда бар ақ мата,
Ойнақтайды жас бота,
Бұл сөзімде жоқ қата.
Әкесімен сөйлесіп,

Атқа мінді күн бата.
Отарда жатқан жылқының
Қарасын көрді таң ата.
Барса малы аман-ды,

Құлдар көріп қуанды,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қобыланды батыр келгесін
Көтеріп қолға ту алды,
Судай тасып жұбанды,
Қыдыр дарып, бақ қонған.

Келгеннен соң Қобыланды,
Бөтен сөзді қоялық.
Неғылып жатыр қыз Құртқа,
Енді содан сөз қозғап,

Ақ қағазды боялық.
Естеміске қосылып,
Ит жүгіртіп, құс салып,
Қобыландыдай батырың

Жата берсін балалық.
Аз ба, көп пе жатқаны
Қобыландының қаралық,
Құртқаның баққан Бурылы

Жасқа толып, тай шықты.
Жалтырап маңдай айшықты,
Тайдан құнан бұл шықты,
Тасқа тиген тұяғы

Көмірдей ойып жаншыпты.
Құнаннан шығып дөненге,
Күн көрмеген көбең-ді,
Жуандап мойыны өссін деп,

Бес байталға жіберді.
Бестісінде кестіріп,
Құртқа сұлу үйретті.
Бестісінде үйретті,

Жібек арқан құлаштап,
Таралып мойыны өссін деп,
Ұзын байлап мойнына
Буырылға сүйретті.

Алты жаста ақтатты,
Өзіне өлшеп Бурылдың
Алтыннан тұрман қақтатты.
Ат болар деп батырға

Бурылын мақтатты.
Құртқа сұлу батырға

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қарағай найза саптатты.
Алмас қылыш соқтырып,
Күмістен қынап шақтатты.
Бурылының Қыз Құртқа

Кекілін, жалын тарайды,
Күніне неше қарайды,
Салдырып оған сарайды.
Баласындай жебейді,

Күніне неше бөлейді.
Атқа қылған еңбегі
Күннен-күнге көбейді.
Алты жасқа [ат] толғанша

Қобыландыдай батырың
Үйге, сірә, келмейді,
Бар еді Құртқам демейді.

Әлқисса, сол кезде Қызылбастың елінен Қазан деген ер
шығып, Ноғайлының жерін, Қырлы қала, Сырлы қала деген екі
қаласын тартып алды. Қырлы қалаға бектерін, Сырлы қалаға
жендеттерін жатқызып жатып алды дейді.

Қызылбастың елінен
Қазан деген ер шықты,
Жөн білмеген шер шықты,
Ноғайлының көп елін

Олжалап шауып жаншыпты.
Бағынбаған адамын
Қырып, жойып таусыпты,
Жерін, малын олжалап,

Қатарынан асыпты.
Мал-жанына қарамай,
Ноғайлы елі қашыпты.
Олжалап жанын босыпты,

Ноғайлының көп елін
«Қаратабан» десіпті,
Қырлы, Сырлы қаласын
Тартып алып ер Қазан

Тасыған судай тасыпты.
Сырлы дейтін қаласы

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қорғансыз сырты ашық-ты.
Қырлы дейтін қалаға
Атарман да шабарман,
Беклері басын қосыпты.

Қырлы қала маңынан
Жау жүре алмас десіпті,
Көңілі сондай өсіпті.
Қызылбастың ағасы,

Қырлы қала шәрінің
Бір жағы судың жағасы,
Алты қабат ор қазып,
Тереңдігін мол қазып,

Бекіткенін қарашы.
Қырық жерден қойдырып,
Болаттан соғып қақпаны,
Алпыс батыр жапқаны.

Жұртынан тиіп пайдасы,
Ноғайлыны шапқаны,
Көп олжаға батқаны.
Халқы тегіс мақтады,

Қазандайын еріңіз
Жұртын солай сақтады,
Тұзын көпке ақтады.
Жер жүзіне жайылды

Ноғайлының көп елін
Шауып алып жатқаны.

Әлқисса, Қазанның бұл хабарын төменгі қырық мың үйлі
қиятта Сейілдің ұлы Қараман батыр естіп, аттың жалын тар-
тып, атадан ер болып туғасын, «Мұсылманның еліне кәпірді
қондырып қоюымыз сүйекке таңба емес пе» деп, елінен атта-

нып шықты.

Қырық мың үйлі Қияттан
Қырық мың әскер қол алып,
Ақ қара бас ту алып,
Қызылбасқа жол алып,

Көшірем деп Қазанды
Бұ да күшті мол алып,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Боз ат шалып Құдайға,
Жұртын жиып қуанып,
Қияттан шыққан бес батыр:
Қарақозы, Аққозы—

Қатардан асқан қос батыр,
Қаражан ұлы Қосдәулет—
Топты бұзған бұл батыр,
Қара Бұқан жауырыншы—

Түніде қалың жол тартар,
Ғайыптан болжап сөз айтар;
Қарамандай батырдың
Қабағына қар қатты,

Кірпігіне мұз қатты,
Қазанның естіп хабарын
Ұйқы көрмей түн қатты.
Мұсылманды алды деп,

Сүйекке таңба салды деп,
Өлейін десе, жан тәтті,
Кірейін десе, көр қатты,
Қырық мың әскер қол алып,

Қайырын сұрап сапардың
Қызылбасқа жол тартты.
Қостанып шыққан қосынға,
Қараман батыр толғапты:

Тілімді алсаң, азамат,
Жаппарға жан аманат,
Қараспан тауын жайлаған
Қалың қыпшақ елі бар,

Қобыланды деген ері бар,
Дуа тиген кәрәмат,
Атағы жұртқа мәләмат.
Баса жүріп қонысын,

Барса ертіп алайық,
Ермесе бата сұрайық,
Жақсыдан тиер шарапат!
Жасы құрдас менімен,

Мұңы мұңдас менімен,
Жылы жылдас менімен,
Мақұл көрсең, әлеумет,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Сөз айтамын шынымен,
Жүрейік соның жолымен!
Ақылдасып көп Қият,
Мақұлдасып сонымен,

Баса жүрді жолымен.
Қараспан таудың етегіне
Келіп қонған Қараман
Ауыр әскер қолымен.

Көп әскерді көргесін,
Жай емесін білгесін,
Қобыландыдай батырың
Енді атына мінеді,

Жақындап қарсы келеді.
Естемісті жіберіп
Кім екенін біледі.
Естеміс барып қосынға

Достығына сенеді.
Батырға атой береді,
Қобыланды да келеді.
Қараманмен көрісіп,

Амандық сұрап білісіп,
«Жол болсын, құрдас»,—дегенде,
Қараман құрдас не деді:
Әлқисса, Қараман батыр Қазанды алуға бара жатқандығын

айтқан жері:

—Мен—Сейілдің ұлы Қараман,

Қазанға кетіп барамын,
Жүрмеймісің, құрдасым,
Қолға бастық қыламын.
Замандасым, мұңдасым,

Заманың бірге сырласым,
Жылы бірге жылдасым,
Жасы бірге құрдасым,
Қазанның салған шәріне

Сапар тартып, жол шектім,
Жүрмеймісің, жолбарысым?
Қобыланды сынды-ай батырым,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жасыңнан артық ақылың.
Жұлдызың туған жоғары
Білемін, Қобылан, данасың!
Дұға тиген ер едің,

Кезіңе келген дұшпанның,
Білемін, Қобылан, оңбасын!
Қазан деген кәпірге
Сапар қылып, жол шектім,

Жүрмейсің бе, құрдасым,
Осы қылған сапарға
Кетемін ертіп сені деп,
Әдейі келдім, жолбарысым!

Сонда Қобыланды сөйлейді,
Әзіл айтып іледі,
Езу тартып күледі:

—Мінетін атым қолында,

Барар-бармас жолымды,
Хабар салып алайын,
Үйдегі Құртқам біледі,
Жан серік атым қолында.

Алты жыл болды баққалы,
Түндікпенен күн беріп,
Түтікпенен су беріп.
Бағымды бастан алмасын,

Алды-артымды шалмасын,
Қияметтік жолдасым,
Үйдегі Құртқам біледі—
Менің де барар-бармасым.

Бұл сөзді айтып Қобылан
Шатырға қайтып келеді,
Келіп сөйлей береді:

—Мынау келген көп қосын

Сейілдің ұлы Қараман
Қазанға қылған жол,—дейді.
Алып келгін Бурылды,
«Жүр» деп отыр бұл,—дейді,

Барамын бірге мен,—дейді.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Мұны естіп Естеміс
Сұрағалы Құртқадан,
Сол арада жөнеді
Құртқадан хабар алмаққа.

Базарда бар ақ мата,
Ойнақтайды жас бота,
Бұл сөзімде жоқ қата.
Қобыландының жанынан

Естеміс шыққан ел жата.
Тоқтарбайдың жанында
Құртқаның тіккен отауға
Естеміс келді таң ата.

Таң сарғайып атқанда,
Шолпаның жұлдыз батқанда,
Ақ отаудың ішінде
Құртқажан ұйықтап жатқанда,

Естеміс келіп сөз қатты,
Күн шыққан жоқ таң атты,
Дауыстап тыстан сөйледі:

—Үйдемісің, Қыз Құртқа,

Түздемісің, Қыз Құртқа,
Әйел болдың амал жоқ,
Егер де еркек болғанда,
Болар ең жұртқа бір тұтқа.

Мінген атым қызыл-ды,
Іс тағдырға сызылды,
Жол қылмаққа дұшманға
Батырдың көңілі бұзылды.

Мінуге керек қазанат,
Беліне керек шарболат,
Денеге керек жалаңқат,
Жаппарға жан аманат.

Жалғыз емес Қобыланды
Қияттан шықты қолқанат.
Батырдың мініп шабуға,
Асыл туған, Құртқажан,

Жарамай ма, жарай ма,
Алты жыл баққан Бурыл ат?

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Сонда сұлу қыз Құртқа
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп,
Төбеде шоғы бұлт етіп,

Алтынды тоны жылт етіп,
Саулы інгендей ыңқылдап,
Күшігендей сұңқылдап,
Сөйлеген сөзі сымпылдап,

Сүмбіледей жылтылдап,
Буыны түсіп былқылдап,
Алтын қалпақ дулыға,
Шекесінде жарқылдап.

Мақпал төсек мамықтан,
Алтын иек, ақ тамақ,
Көтеріп басын сөйледі
Естеміс құлға былқылдап:

Екі саулық, бір қозы—
Берер едім қырқарға,
Дүние кеңде адамзат
Жан тояр ма іңкәрға.

Жұмсады ма сіздерді
Үйдегі Бурыл тұлпарға?
Дұғай сәлем дегейсің,
Тұлпарына жұмсаған,

Жұрт иесі сұңқарға.
Және де сәлем дегейсің,
Қарамандай құрдасқа,
Заманы бірге сырласқа,

Жылы бірге жылдасқа,
Жауы бірге мұңдасқа.
Атының күні толмай тұр,
Зор салмасын жолбарысқа.

Мінемін көшке көк қасқа,
Саламын қамшы жанбасқа,
Бөрі де қастық қылмайды
Жанындағы жолдасқа!

Мереке менен той басқа,
Ешкі менен қой басқа,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Шайтан менен жын басқа,
Бәйбіше менен күң басқа,
Туған ұл мен құл басқа,
Жұмсады ма сіздерді

Біздей нашар жолдасқа?!
Жолдасына жұмсаған
Бас құрмандық дегейсің,
Қараспан тауын жайлаған

Халық иесі жолбарысқа!
Әуелі Құдай алмасын,
Алды-артымды шалмасын,
Тілімді алса сұлтаным,

Бұл сапарға бармасын,
Бұл олжадан алмасын.
Көп жылады дегейсің
Үйдегі нашар жолдасың!

Асқар тауда белдік бар,
Жасағанда кеңдік бар,
Азда қанша теңдік бар,
Құрдаста қанша елдік бар?

Сұлтаныма сәлем де,
Тілімді алса бармасын,
Біз байлаған Бурылда
Қырық үш күндік кемдік бар.

Мұны естіп Естеміс
Кейін шауып жөнелді,
Жауабына кенелді,
Айтқанының бәрін де

Қобыландыдай батырға
Бұлжытпай айтып келеді.
Мынау сөзді есітіп,
Қобыланды барды құрдасқа,

Жүремін деген жолдасқа
Сонда тұрып сөйледі:
Әуелеп ұшқан қалбаймын,
Жаманның тілін алмаймын,

Хақ бұйырған сапардан
Жан құрдасым, қалмаймын,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Асыл достым, сөкпеңіз,
Бұл сапарға бармаймын,
Бұл олжадан алмаймын,
Саған да сәлем көп айтқан,

Құрдасым көңілің қалмасын,
Өтініш қылып зарлаймын.
Асқар төбе бел деген,
Ақ бармақпен жемдеген,

Ауырса желмен емдеген,
Өзінен басқа мінбеген,
Өзінен басқа білмеген,
Бағып тұрған баласын,

Күтіп тұрған анасы,
Өзі әйелдің данасы,
Тұлпар туған Бурылдың
Қырық үш күні кем деген.

Қараман сонда сөйлейді:
Бұл барғаннан барсақ біз,
Қазандағы сұлудың
Қалың тобын жарсақ біз,

Құйын да перен салсақ біз.
Біз Қазанды өлтіріп,
Қаласын бұзып алсақ біз,
Еркек болып не етеміз,

Әр талапқа шығарда
Қатынға ақыл салсақ біз,
Қатынның тілін алсақ біз.
Есіктің алды ебене,

Ерлер киер кебене,
Кеткен кісі келе ме,
Алғанын тәңірім бере ме?
Әр тарапқа шығарда

Қатынға ақыл салған соң,
Асыл туған Қобыланды
Қатынның тілін алған соң,
Неше батыр болса да,

Басында билік жоқ адам,
Арыстаным Қобыланды,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қатын емей немене?!
Қараман бұл сөзді айтқансын,
Қобыландыдай батырдың
Тері тамып иектен,

Түгі шығып білектен,
Оқ тиді ғой жүректен.
Үш ай тоқсан болғанда,
Құтылар қошқар күйектен.

Ордалы құлан ойнаса,
Малақай болар үйектен.
Неше бір құрдас айтса да,
Қараманның бұл сөзі

Өтіп бір кетті сүйектен.
Сөз сүйектен өткен соң
Тобышақ атқа ер салды,
Ақ алмасқа қол салды.

Қамшы салды сауырға,
Екпіні ұқсап дауылға.
Тобылғы меңді торы атпен
Қобыланды шапты ауылға.

Қатуланып қаттанып,
Буырқанып, бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Қабағынан қар жауып,

Кірпігіне мұз тоңып.
Әр жақ пенен бер жаққа,
Найзасын ұштап бармаққа,
Аттанбаққа қалмаққа.

Құдай жолы шалмаққа.
Батыр кейіп келеді,
Еш жазығы жоқ еді,
Бұлаңдаған Құртқаның

Сөзге сынық қылдың деп,
Егер шықса алдынан,
Басын кесіп алмаққа.
Дарбазалы есікті,

Пайғамбар Құда несіпті.
Үйде отырған қыз Құртқа
Дүбірін аттың есітті.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Екпіні қатты кім болсын,
Сұлтаным дағы десіпті.
Түре келіп бұлаңдап,
Ашып көрді есікті.

Тастай беріп есікті,
Көргеннен соң қамықты.
Құс төсекті мамық-ты,
Кім төсейді анықты.

Көтере алмас кедейлер
Жылына салған салықты.
Шыдай алмай қыз Құртқа
Және де ашты жабыпты,

Жабықтан көзін салыпты,
Салса ерді таныпты,
Таныса ерді жазықты.
Түсі суық көрінді

Ерге болған секілді
Бір сөзбенен жазықты.
Құртқадайын сұлуың
Төмен қарап жер шұқып,

Өксіп жылап қамықты.
Енді Құртқа сасады,
Бетінен қаны қашады,
Оң етегін басады,

Сасқан емей немене,
Аш күзендей бүгілді,
Құртқа жаннан түңілді,
Төрге қарай жүгірді.

Шыдай алмай Қыз Құртқа
Отыра алмай тағы да
Есікке қарай жүгірді.
Сасып жүріп жөн тауып,

Ақылменен ой тауып,
Түтікпенен су берген,
Түндікпенен күн көрген,
Ақырда тұрған Бурылды

Шығарып ептеп алады.
Мойнына арқан салады,
Шылбырынан жетелеп,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бурыл атты қыз Құртқа
Қобыландының алдынан
Қобыландыдай бөрінің
Бұлаңдаңдаған сұлудың,

Алдынан кетіп барады.
Бәйгеден келер көк дөнен,
Жеміне қосып жеді өлең,
Туғалы күнді көрмеген,

Түнектен шыққан Тайбурыл
Айдалаға шыққан соң
Түлкідей көзі жайнайды,
Қаруы симай қайнайды.

Көлденең жатқан көк тасты
Сулығым деп шайнайды.
Он екі құлаш кезеңнен
Атылып, қарғып ойнайды.

Қыз Құртқаны көтеріп,
Бурыл көкке екі ұшты.
Салмағыменен қыз Құртқа
Алып жерге бұл түсті.

Жазығы әйел демесең,
Құртқа қыз да тым күшті!
Сол уақыттар болғанда
Батыр жанына келгенде,

Қамығып Құртқа сөйлейді:
Асқар төбе белдігі,
Аздың бар ма теңдігі,
Құрдастың бар ма елдігі?

Жалғыздарға жар болған
Құданың көп-дүр кеңдігі.
Үш ұшар ең аспанға,
Бір ұшуың кем болды

Мен қайтейін, Бурылжан,
Қырық үш күннің кемдігі.
Кентті жерді жайлаған,
Үзілмейді базары,

Қайда қалмас, жақсылар,
Өлгенде сордың мазары.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қобыландыдай бөрінің
Тайбурылды көргесін,
Құртқадан қайтты азары,
Бурылға түсті назары.

Қобыланды тоқтап сөйлейді:
Көлден ұшқан қаз деймін,
Қаз жайлауын саз деймін,
Наурыздан соң жаз деймін,

Ақылы жоқ мен ақымақ
Бүйтіп жүрген Құртқамды
Шауып тастай жаздаймын.
Сарай да, сарай, сарай бар,

Сарайға қолды жеткізген
Қос өркешті қызыл нар,
Малы кемнің зары бар.
Әр адамның өзіне

Ылайықты жары бар.
Асырап соққан сүңгімді
Ырғай алып саптауға,
Құртқадай болып мініскер,

Жар тапқанша талай бар.
Батырдың сөзін есітіп,
Батыр жанына келгенде
Наз айтса да, қорықса да,

Құртқадайын сұлуың
Төмен қарап қамықты.
Қамыққанын көрген соң,
Сонда Қобыланды сөйлейді:

Қызыл тілім шешен-ді,
Қатардан басым көсем-ді.
Бағасыз туған, Құртқажан,
Атың әйел десем де,

Халқымнан кетер сұраусыз,
Менің көзім тіріде.
Басқа әйел болғанда,
Қауіпсіз болып тұрғанда,

Кеудеден басың кетеді.
Ердің құнын жесең де,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Жүктесең де, Құртқажан,
Қамықтың неге, Құртқажан,
Жолбарысың—мен есенде!
Құс төсекті мамық-ты,

Кім төсейді анық-ты.
Мені көріп, Құртқажан,
Қуанбасаң қамықпа,
Менің көзім тіріде

Қараңғы түнек ішінен
Шығарармын жарыққа!
Осы барған сапардан
Есен барып, сау қайтсам,

Әйел де болсаң, Құртқажан,
Хан қылармын халыққа!
Сонда Құртқа сөйлейді:
Айдынды көлден қу аттым,

Дертке дәрі етіне.
Ойнап балық шығады
Жазғы судың шетіне.
Кисең киім жарасар

Ақ қағаздай етіңе.
Талап етіп ойға алсаң,
Жеткейсің мұрат-ниетіңе.
Сіздер—сұңқар, біз—қарға,

Сіз даладан келгенде,
Ажырайып қарауға
Жарамаймыз бетіңе.
Аға-інің сенің жоқ,

Жазым болып, келмесең,
Мен күйермін дертіңе.
Cонда Қобылан сөйлейді:
Жылқы ішінде аламын,

Қылшық жүнді қарамын,
Аға менен інім жоқ—
Жеке туған дарамын.
Тоқтарбай мен Аналық,

Әулиеге ат айтып,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қорасанға қой айтып,
Шыбын жанын және айтып,
Дүние кезіп, малынан,
Тірідей безіп жанынан,

Тілеп алған баламын.
Жатпады деп бүгінше
Өкпелеме, Құртқажан.
Ұзақ жолға жүруші ем,

Кемпір-шалдың қойнына
Жатайын деп барамын.
Бұл сөзді айтып Қобыланды
Тобылғы меңді торы атпен,

Дөңгеленіп жөнелді
Тоқтардың тіккен ордаға.
Көлге біткен жекен деп,
Бүршігі жоқ тікен деп,

Үйде отырған кемпір-шал:
«Қобыланды қозым екен»,—деп,
Жүгіре шықты далаға
Жалғызым келген екен,—деп,

Көзі түсті балаға,
Бірден жылап екеуі
Баладан болды садаға.
Бірден келіп екеуі

Шылауына шырмалды,
Шылбырына оралды,
Оң тізгінін қолға алды,
Қобыландыны жетелеп,

Үйге алып кеп түсірді.
Өлгенде көрген жалғызға
Шәрбаттың суын ішірді,
Жалғызға жаны айланып.

Және айналып, толғанып,
Кезек-кезек қолға алып,
Қобыландыны кемпір-шал
Күн батпай-ақ жатқызды.

Жатқызды көрпе-төсекке,
Кезек-кезек сөз қатты,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Үндемей Қобылан тек жатты.
Тілеп алған жалғыз ұл—
Кемпір-шалға тым тәтті.
Ол уақытта пенде жоқ

Қобыландыдай сымбатты,
Өзіме қара, қалқам,—деп
Ірге жаққа шал тартты.
Өзіме қара, қозым,—деп,

От жақтан кемпір бұл тартты.
Ортасында Қобыланды
Кезекпен қарап бұл жатты,
Алма кезек домалап,

Шал-кемпірдің қойнында,
Артық туған Қобыланды,
Он екі сағат дегенде,
Кірпік қақпай таң атты.

Таң сарғайып атқанда,
Шолпан жұлдыз батқанда,
Кемпір-шалдың қойнында,
Қобыланды ойнап жатқанда,

Қобыландыдай батырдың
Тоқтамасын білгесін,
Бәйгеден келген көк дөнен,
Түнімен ұйқы көрмеген

Тайбурылдың үстіне
Алтыннан тұрман, ер салып,
Аз ғана азық, жем салып,
Ақ орданың алдынан

Өткізді Құртқа көлденең.
Тайбурылды көргесін,
Қобыланды тұрды төсектен.
Өткесін Бурыл есіктен,

Үйдің сырты жиылған
Ағайын, жұрты есіткен.
Жиылып жұрты жылады,
Халайық қайран қалады.

Жіберуге қимайды
Қобыландыдай баланы.
Киініп үйден шыққасын

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Халқы ортаға алады.
Жиылған жұртпен қоштасып,
Қобыланды сынды батырың
Тайбурыл атқа мінеді,

Беліне семсер іледі.
Ақ сауытын бөктеріп,
Төбеге шашты түйеді,
Ноғай бөркін киеді.

Дүйсенбі күні сәскеде
Қараспан тауын бөктерлеп,
Кешегі кеткен қияттың
Қобыландыдай батырың

Соңынан желіп жөнелді.
Тоқсандағы Тоқтарбай,
Алпыста шеше Аналық,
Қарындасы Қарлығаш,

Қосақ жары қыз Құртқа
Төртеуі жылап соңынан,
Кескілеп кет деп қолыңнан,
Қобыландының ізінен

Бұлар да еріп келеді.
Түстік жерге келгенде,
Қарындасы сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

Халық ұйғарса, қалмайсың,
Көңлің сүйсе, бармайсың
Жұрт ойлаған талапқа.
Білегің сынап жаралды,

Балдағы алтын болатқа.
Ақ сұңқар сеніп ұшады
Құйрығы менен қанатқа!
Жалғыз ағам, жан көкем,

Сапарландың талапқа.
Сайға біткен қоқтымын,
Бөрік үстінде шоқтымын.
Осы кеткен сапардан

Жан көкем есен келгенше,
Елі-жұртын көргенше,
Айтып кеткен Құдайға

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қоңыр шұнақ тоқтымын.
Мен түсемін қиялға,
Нешік айла болады
Көзімнің жасын тыярға?

Көкежан, өзің келгенше,
Елі-жұртың есен көргенше.
Артыңда қалған мен нашар
Айтып бір кетші ниязға.

Көк есекке тас арттың,
Аумасын деп баса арттың.
Көзге, көке, жас алдық,
Жан көкем есен келгенше,

Елі-жұртын көргенше,
Артыңда қалған мен нашар
Болайын сенен тасадтық.
Басымда бар-ды алтын шоқ,

Көкешім барда көңілім тоқ,
Көкежан, сені көрмесем,
Басымнан өтер дүние боқ,
Табаныма тиер шоқ.

Сізге деген Құдайдың
Маған тисін ажал-оқ!
Ақ маңдайда тұлымым,
Бірге туған құлыным,

Керіле біткен жауырын,
Бірге туған бауырым,
Қолқанатым, құйрығым,
Судан шыққан сүйрігім,

Суырылып озған жүйрігім,
Сізге деген Құданың
Қабыл еттім бұйрығын!
Қозыдай менің егізім,

Тел қозыдай семізім.
Бірге туып, бірге өскен,
Кіндігімді бір кескен,
Қарға жүнді қаттасым,

Үйрек жүнді оттасым,
Бірге туған тектесім,
Қысылған жерде демдесім,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Желі толған түйең бар,
Қора толған қойың бар,
Оны кімге тапсырдың?!
Тоғай толған жылқыңды

Көкежан, кімге тапсырдың?
Тоқсанда атаң Тоқтар шал,
Алпыста шешең Аналық,
Ақ көке, кімге тапсырдың?

Ұзын арқау, кең тұсау
Өзіңмен бірге туысқан,
Тай-құлындай тебіскен,
Бірге туып, бірге өскен,

Кіндігімді бір кескен,
Көкежан! деп жылаған
Мен сорды кімге тапсырдың?
Бұл дүниеде мұңдасың,

Ақыреттік жолдасың,
Төсекте жатса сырласың,
Құдай қосқан қосағың,
Көктімнің қызы Құртқаны—

Жеңешемді кімге тапсырдың?
Жүрегі сөзге тұтанып,
Қобылекең сонда тарықты,
Батыр сөзге толықсып

Көп ойлады халықты.
Қарлығаш дауысы шыққан соң,
Қобыландыдай батырың
Ақ найзаға сүйеніп,

Төмен қарап қамықты.
Қайта айналып қаз қонар,
Ұя салған жеріне,
Әркім ойнап күледі

Өз қатары теңімен.
Көзден аққан қара жас,
Қаны, жасы аралас.
Ақ найзаға сүйеніп,

Қарлығашқа көрсетпей
Жасын сүртті жеңімен.
Сонда Қобылан сөйлейді

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Сөйлегенде бүй дейді:
Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса, шығар көзден жас,
Тар қолтықтан оқ тисе,

Шығады сүйеп қарындас.
Қарындасың болмаса
Жауда қалар ғазиз бас.
Арқаңды жапқан қолаң шаш,

Айналайын, Қарлығаш,
Айтқан сөзге құлақ ас!
Мен кешігіп келмесем,
Сіздер де бол тілеулес.

Сендерді мұнда жылатпас
Қараспан тауын жайлаған
Қалың Қыпшақ қарындас!
Қарлығаш, сенен айналдым,

Ағызба, қалқам, көзден жас!
Жасыңды тыйшы көзіңнен.
Сай сүйегім сырқырар,
Жан көке! деген сөзіңнен!

Бір сүйгізші, шырағым,
Жаудыраған көзіңнен.
Атадан тақ баламын,
Жауға кетіп барамын.

Жасым үлкен ағамын,
Әлде қандай боламын?!
Әйел де болсаң бір тудың
Нашарсынып нетейін?!

Мойныңды бұршы, шырағым,
Көкең сүйсін бетіңнен,
Армансыз болып кетейін.
Қарындасым, Қарлыжан,

Тоғай толған жылқымды
Жасанған жауға тапсырдым.
Желі толған түйемді
Сарысуға тапсырдым

Қорам толған ақты қой—
Аш бөріге тапсырдым,
Азу тісі болаттай

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жас бөріге тапсырдым.
Тоқсанға келген әкемді
Құдіретке тапсырдым.
Алпысқа келген анамды

Мұхаммедке тапсырдым.
Шырағым, сені, Қарлығаш,
Шаш ханымға тапсырдым.
Қосақ жарым қыз Құртқаны

Бибі Батимаға тапсырдым.
Сендер төртеу, мен—жалғыз,
Орман ағаш ортаңда,
Құрақтайын жас бұта,

Айналайын, Қарлығаш,
Көкеңді кімге тапсырдың?
Қарындасы сөйлейді:
Бұл жібердім базардың

Бояғы менен бөзіне.
Салса жылқы тоқтайды
Арқаның бөрікөзіне.
Құлақ сал, көке, сөзіме,

Осы барған сапардан
Жан көкем есен келгенше,
Ел-жұртын есен көргенше,
Он сегіз мың әлемге

Патша болған, Хақ Жаппар,
Тек тапсырдым өзіңе!
Жан көкем есен келгенше,
Елі-жұртын көргенше,

Қобыланымды тапсырдым
Бір жаратқан Құдайға.
Қарлығаш және сөйлейді:
Басымнан дүние өткендей

Көрінбесең көзіме.
Құлақ сал, көке, сөзіме,
Көкем есен келгенше,
Ата-анасын көргенше,

Қалқамбысың?—дегенше,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Мен көкемді тапсырдым
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы өзіңе.
Қараспан тауын жайлаған

Біздің қалың көп қыпшақ,
Көкемнің оңғар сапарын,
Жасаған Құдай, беріп бақ.
Алды-артыңда сүйеу жоқ,

Атадан, көке, тудың тақ,
Сіз тұрғанда көңілім шат.
Сапарыңнан келгенше,
Аман-есен көргенше,

Мен көкемді тапсырдым—
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы жалғыз Хақ!
Көп қайырың тиеді,

Еліңде қоңсы-сыбайға.
Көз салмадың, жан көке,
Егіз туған жұбайға.
Адалдан жиған малыңды

Залымдарға тапсырып,
Осының, көке, ұнай ма?
Көкем есен келгенше,
Ата-анасын көргенше,

Жалғызымды тапсырдым
Бір жаратқан Құдайға!
Қарлығаш айтып болғансын
Құртқа келіп не деді!?

Ел жайлаған еп еді,
Зарлы-мұңды көп еді,
Жалғыз ұлдан айрылып,
Кемпір мен шал жүдеді.

Бұлаңдап келіп жанаса,
Енді Қобылан сұлтанға
Сұлу Құртқа сөйлейді:
Иіруі жоқ күмісім,

Жасаған қосқан білісім,
Ойыным менен күлісім.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Сұлтанымның барында
Кеңейді менің өрісім.
Алтыннан соққан кебісім,
Көріп едім тіріде

Жеті жұмақ пейісін.
Һауыз, кәусәр суы бар,
Пейіш бағынан жейді екен,
Шетінен тістеп жемісін.

Арыстаным аман бол,
Осы барған сапардан
Қиын болар келісің.
Жылқы ішінде аласың,

Қылшық жүнді қарасың.
Ағаң, інің сенің жоқ,
Жеке туған дарасың.
Атам менен енемнің

Дүние, безіп, малынан,
Тірідей безіп жанынан,
Тілеп алған баласың.
Сүйткен бала тастар ма,

Атасы менен анасын?!
Сұлтаным, сізді мегзеймін
Тоқтамасқа шамасын.
Кетер болсаң, сұлтаным,

Енекемнің еміп кет
Төсінде екі мамасын.
Сабындаса ағармас,
Іштен туған қарасың.

Құдай қисық жаратты
Кімнің тілін аласың?!
Өз дегенің болмаса,
Жөнге көнбес баласың!

Дін білмеген дұшпанға
Жалғыз кетіп барасың.
Қош, сұлтаным, аман бол,
Әлде қандай боласың?

Асқар төбе бел дерсің,
Тайбурыл атпен желерсің.
Жақсы-жаман жесең де,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қадірін Құртқаның білерсің.
Құртқаның сөзіне сенерсің,
Кешегі кеткен қияттан
Он екі күн бұрын барарсың.

Қазан салған қос қала,
Қырлы қала, Сырлы деп,
Сырлысын бұрын аларсың.
Жалғаса біткен жанында

Қасқарлық деген тауы бар
Басына оның шығарсың.
Атыңды көкке қаратып,
Кіндігінен жаратып,

Жата бергін, сұлтаным.
Қараман атты құрдасың
Қазанның Қырлы қаласын
Аламын деп ала алмас.

Алты қабат орынан
Қарғытып ішке ене алмас.
Қақпаның аузын аша алмас,
Қайраты жетіп таса алмас.

Тауда жатқан өзіңе
Қараман келер құрдасың,
Қатын деп кеткен сөзіне
Бетіне сонда соғарсың.

Асқар таудың белдігі,
Аздың бар ма теңдігі,
Құрдастың бар ма елдігі.
Астыңдағы бурылдың

Көбіктінің екі аты
Үйіріне қарай қашқанда,
Сол уақытта көрінер
Қырық үш күндік кемдігі.

Асқар тауды бел дерсің,
Тайбурыл атпен желерсің,
Жақсы-жаман десең де,
Қадірін Құртқаның білерсің.

Тоқсанға келген атамның
Бұтында жоқ ыстаны,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Тізесіне тон жетпей
Қара табан болып жүргенде
Қызылбастың елінде
Сұлтаным, сонда келерсің.

Алпысқа келген енемнің
Арқан есіп, жүн түтіп,
Қайғыменен қан жұтып,
Құрт қайнатып жүргенде,

Сұлтаным, сонда келерсің.
Қарындасың Бикешжан,
Әбдестесі жанында,
Бес кесесі қолында,

Дастарқаны қарында,
Белдемшесі белінде,
Қызылбастың елінде,
Шай қайнатып жүргенде,

Сұлтаным, сонда келерсің!
Көк етіктің мықтысы,
Күзгі жердің шықтысы,
Сенен қалған мен сорды

Бір дұшпанның мықтысы
Аламын деп тұрғанда,
Қараңғы үйге салғанда,
Көңілге қайғы толғанда,

Сұлтаным, сонда келерсің!
Мінген атың ақтабан,
Айтулы едің мақтаған.
Құданың ісі көп шығар

Өлмегенге сақтаған.
Алла қосып, сұлтаным,
Сапарландың талапқа
Қош-аман бол, Алла жар!

Жалғызымды тапсырдым
Құданың досты пайғамбар!
Мерген байлап оқ атар
Ұшқан көлдің қуына,

Иманды құл жолығар
Хауызы Кәусар суына.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бұл дүниада елмесең,
Құртқам, сірә, демесең.
Қазаң жетіп бұл жолдан
Хаққа дүзеп бетіңді,

Арыстаным, жөнелсең,
Жұптым бар деп еске алсаң,
Сұлтаным, сонда бір ізде—
Табысайық мақшарда,

Пайғамбар тіккен туында.
Бейшара болған Аналық
Баласына жете алмай,
Үйіне қайтып кете алмай,

Жапанда тұрып зарлады.
Сол уақыттар болғанда
Шешесі келіп жылады,
Қобыландыны құшақтап,

Көздің жасын бұлады.
Он сегіз мың ғаламның,
Патшасы болған Хақ Жаппар,
Есіт мынау сөзімді!

Жылатпа менің өзімді,
Он үш жасар Қобыланды
Ерінбей сүйер кезім-ді.
Мұхамбет атты, ай, тақсыр,

Жалғызымның артынан
Тар жерде еске ал өзімді.
Ғұмар, Ғұсман екі жар,
Қауыс, Қияс екі жар,

Сіздерден басқа кімім бар.
Кітаптардың ішінде
Қырық пайғамбар аты бар,
Қырда Қияс пайғамбар,

Ойда Ілияс пайғамбар,
Сізден басқа кімім бар?!
Бас-басыңа бір жандық,
Дем бермесең, біз қалдық.

Асқар төбе бел кетті,
Белден асып ел кетті,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Біз пақырға көзің сал,
Аруақтан сөзді тербеттім.
Өлі аруақ, салсаң көз
Ата жолын тербеттік.

Бір жылқыдан кем шаппас
Келінжан баққан Бурыл ат!
Денеңе оқты дарытпас
Дәуіт соққан жалаңқат.

Асынғаны жанына
Қынабының сабы алтын,
Ұстар жері сары алтын.
Қынаптан шықса, қылт еткен,

Суырып алса, жылт еткен,
Шүберектей қуарған,
Қайтпасын деп тау-тастан
Зәһарға салып суарған,

Балдағы алтын шарболат,
Шырағымның шыбыны
Жасаған, саған аманат!
Қалғып кетсе қағып жүр,

Адасып кетсе бағып жүр!
Ақ сұңқар құс мақтанса,
О да бір күн кез келер
Құсбегінің торына.

Арғымақ ат мақтанса,
О да бір күн кез келер
Қазып салған орына.
Ықылас ата, Шашты Әзіз,

Осы кеткен қозымды
Тек тапсырдым қолыңа.
Қозымды жықпа орыңа,
Жолықтырма зорыңа!

Алпыс жасқа келгенде
Қобыландыдай ұл тапқан
О да менің сорым ба?!
Осы барған сапардан

Есен барып, сау қайтсаң,
Егіз туған көк қошқар

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

О да сенің жолыңа!
Егіз туған көк бура
О да сенің жолыңа!
Егіз туған көк бұқа

О да сенің жолыңа!
Егіз туған көк айғыр
Бұ да сенің жолыңа!
Өлгенде көрген жалғыз ұл,

Тумады ма сорыма?!
Осы кеткен қозымды
Алланың досты Мұхамбет
Тек тапсырдым қолыңа.

Көл иесі, Қамбар-ай,
Шөл иесі, Қамбар-ай,
Қамбар өзің қолдасаң,
Қолдамайтын кім бар-ай!

Қазанға қайдан жол қылды
Қараман деген заңғар-ай.
Қала қоймас Бурыл ат
Қатар шапқан жарыстан.

Жау іздеді жалғызым
Жақын емес, алыстан.
Қыс болғанда жылқы ықпас
Көлге біткен қамыстан.

Шырағыма жолың бер,
Осы жеткен қозымды
Өз қолыңа тапсырдым
Ғали атты арыстан!

Балапан қаздай еріткен,
Тар құрсағым кеңіткен,
Тас емшегім жібіткен.
Ақ бесікке сүйеніп,

Ақ білекті талдырған,
Сүйсем мейірім қандырған,
Бір жасаған, көзің сал,
Бізден кетті балдырған.

Аязды күні айналған,
Бұлтты күні бұрылған,
Айқара бесік таянған,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Дыбысы шықса оянған.
Алтыннан бесік идіріп,
Ақ торғынға бөлеген,
Өлгенде көрген көбеген,

Ел тілегін тілеген.
Қабырғам жездей қайысқан,
Көтергенде бесіктен
Он саусағым майысқан.

Шәһизанда қазірет,
Жарылқаушы құдірет,
Құдірет жұмсар қос жендет,
Және де сізге бір міндет,

Қызылбас басқа, біз—үмбет.
Үмбетім деп еске алсаң,
Қозымды сізге тапсырдым.
Құданың досы, Мұхаммед,

Жалғызыма жәрдем ет!
Сонда Қобылан сөйлейді:
Қой, шешеке, жылама,
Жылағанмен бола ма?!

Мен сапардан қайтқанша
Ата-анам, ел-жұртым,
Тапсырдым енді Аллаға.
Қараман кетті жиып қол,

Сөйлейді сөзді оңды-сол.
Қобыландыдай батырға
Жиылып халық беріп қол.
Осылайша зарланып,

Бір құдайға зар қылып,
Жылаумен қалды кемпір сор!
Тоқтарбайдай шалыңыз
Көзі-басы іріңдеп,

Буындары дірілдеп,
Жүре алмады болып қор.
Орта жолда зарлайды,
Қайырылып Қобылан бармайды.

«Жалғызыма жар бол» деп
Жад қылад Жаппар Құдайды.
Қала берді кемпір-шал,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Аруақтарға жалынып!
Қобыланды мінген Тайбурыл
Шиыршық атып ойнайды
Атандай төсі салынып.

Айт, жануар, шу!—деді,
Құбылып Бурыл гуледі.
Табаны жерге тимеді,
Құлақтың түбі терледі,

Тер шыққан сайын өрледі.
Көлденең жатқан аңғарды
Жерошақ құрлы көрмеді.
Атына көңілі біткесін,

Батыр Қобылан сөйледі:
Әуелі Тәңірі анайым,
Хақ жаратқан құдайым,
Нұр Мұхаммед—сыбайым.

Ұжмақта хорлар сыпатлы
Үйдегі Құртқа жұбайым,
Жарым олқы болды деп,
Жемеймін, тіпті, уайым.

Құртқажан тұлпар деп еді,
Айтқан сөзін сынайын.
Жайың қалай, Бурыл ат?
Қолтығыңда қос қанат,

Үстіңде мен аманат,
Оялы құйрық, майда жал,
Сөзіме менің құлақ сал!
Алтын, күміс қанат жал,

Лебізің сенің сары алтын.
Үстіңдегі түгіңнің
Жары күміс, жары алтын.
Жан серігім, Бурыл ат,

Терлемессің күн салқын.
Жылқыда тұлпар сен едің,
Жігітте сұңқар мен едім,
Қыдыра жалды, қыл құйрық

Сенен озбас деп едім.
Екі аяқты, бір басты

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Менен озбас деп едім.
Біздің ауыл ағыста
Есебі жоқ алыста,
Азулының бойында,

Жылқылары қамыста.
«Қатын Қобылан қалды» деп,
Кешегі кеткен Қиятқа
Қия көрме намысқа.

Жан серігім, Бурыл ат,
Барыңды бүгін қарышта.
Қасат тұлпар ат болсаң,
Ұшқан құстан қалыспа.

Қырық күншілік Қазанға
Бір мезгілде жетуге
Сіздей малға алыс па?!
Бұл жібердім базардың

Бояғы менен бөзіне.
Салса жылқы тоқтайды
Арқаның бөрікөзіне
Дұшпанның келдім кезіне.

Жан серігім, Бурыл ат,
Сал құлағың сөзіме,
Қырық күншілік Қазанды
Көрсетші бүгін көзіме!

Намаздыгер өткенше,
Намаз ақшам жеткенше,
Түсірмесең жүзіме,
Көрсетпесең көзіме,

Онда—Құртқа, мұнда—мен
Қалады көңілім өзіңе!
/Осылай толғап болды да,
Артық туған Қобыланды/

Тобылғы сапты қамшыны,
Толғап ұрды санына.
Жан серігі Бурылдың
Жаман батты жанына.

Жанына батпай не қылсын,
Қарға, құзғын тойынды
Санынан аққан қанына.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қобыландының қамшысы
Тайбурылға шын батты,
Шыбын жаны тым тәтті,
Құрбысында адам жоқ

Қобыландыдай сымбатты.
Санына қамшы батқан соң,
Қаны судай аққан соң,
Жоғарғы ерні жыбырлап,

Төменгі ерні қыбырлап,
Иегімен сыбырлап,
Тайбурылға тіл бітті.
Тайбурыл сонда сөйледі:

—Қарағай менен бітер тал,

Кімге келмес керімсал.
Наз бедеуге бітер жал,
Аямай тарттың қамшыңды
Батыр туған, Қобылан нар!

Өлмесем де кеудемнен
Шыға жазды шыбын жан.
Қызылбастың еліне
Мұнша болдың ынтызар.

Атадан тақ, анадан
Жалғыз қақты есіңе ал,
Жамбасыма қамшы сал!
Талай жерден қарғырмын

Қазып салған орыңа.
Ақ сұңқар құс түседі
Тамақ үшін ау-торға.
Төрт аяғым тең жорға,

Тізгінің тартпай сал жолға.
Үстімде сен есенде,
Астыңда өзім аманда,
Қажу бар ма мен сорға?!

Айтқаның жерде қалар ма,
Құртқа сынды жұбайға.
Ат қылып тәңрім жаратты,
Жаратқан соң ат қылып

Сіз секілді сыбайға,
Қысылған жерде ер жігіт,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Бір тәңірге жылай ма?!
Қырық күншілік Қазанға
Бір мезгілде жет дейсің
Ұшқан құсқа оңай ма?!

Қиын да болса қайтейін,
Қиналармын, батырым,
Уағда сөзің солай ма?
Намаздігер өткенше,

Намазшамға жеткенше,
Қазанның Сырлы қаласын
Көрсетпесем көзіңе,
Түсірмесем жүзіңе,

Жан серігің Бурылды
Сол жерде шал Құдайға!
Бұған Қобылан иланып,
Қобыланды сынды батырдың

Көңілі бітіп Бурылға:
Шырағым, Бурыл, шу!—деді,
Құбылып Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,

Тау менен тасты өрледі,
Төрт аяқты сермеді,
Құлақтың түбі терледі,
Тер шыққан соң өрледі,

Адырды көзі көрмеді.
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.

Қараша емес қауыс-ты,
Қоңыраулатып дауысты.
Жақын қылды алысты,
Берсін кімге намысты.

Күн төбеге жетпей-ақ
Түзеді Бурыл шабысты.
Қос құлағы тігілді
Қайырға біткен қамыстай,

Түс ауған соң бүктелді
Илеуі жеткен қайыстай.
Байлаулы малдай шешілді,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Төрт аяғын көсілді,
Кеткен қолдың соңынан
Жетемін деген Қобыланның
Жоқ еді тіпті есінде.

Бұлаңдаған Бурылмен
Артық туған Қобыланды
Аңқытып жетті бесінде.
Қол соңында барады,

Қарабұқан жаурыншы.
Қожа бесін болғанда,
Бұқанға келді—арма!—деп,—
Алдыңда кісі бар ма?—деп.

Сонда Бұқан сөйледі:
Жылқы ішінде аланы,
Қылшық жүнді қараны,
Жоқтап едік Қобылан баланы,

Аты қалар дей көрме
Өзіңнен үлкен ағаны!
Осынау дөңнің астында
Қосдәулет кетіп барады.

Тайбурыл атты құтыртып,
Оған да келді сыдыртып:
Үлкен едің, арма!—деп,—
Алдыңда кісі бар ма?—деп.

Ол да айтады аланы,
Қылшық жүнді қараны.
Жоқтап едік ертеден
Қобыланды сынды баланы.

Осынау дөңнің астында
Аққозы кетіп барады.
Тайбурылды құтыртып,
Оған да келді сыдыртып:

Үлкен едің—арма!—деп,—
Алдыңда кісі бар ма?—деп.
О да айтады аланы,
Алыстан айқын көрінген

Жылқы ішінде ала-ды,
Қылшық жүнді қараны.
Адасты деп ойлап ек

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қобыланды сынды баланы.
Осынау белдің астында
Қарақозы кетіп барады.
Тайбурыл атты құтыртып,

Оған да келді сыдыртып:
Оған де келіп—арма!—деп,—
Алдыңда кісі бар ма?—деп.
Қарақозы сөйледі:

Жылқы малдың аласы,
Ағынан көп-ті қарасы,
Оңдаса Құдай сапарды,
Пенденің жоқ қой шарасы.

Қызыл тілді сөйлеткен
Қаусырма жақтың арасы,
Жеткен-ді деп ойлаймын
Өз көңілімше шамасы.

Кешегі қонған мезгілден
Шапқаннан бері, шырағым,
Көрінген жоқ көзіме
Құрдасыңның шамасы.

Көктем мезгіл болғанда
Көктен құйған тамшыдай.
Шебер қыздың қолында
Балдағы алтын қайшыдай,

Қарамандай құрдасың
Жетіп қалды дегесін,
Бұлаңдаған Бурылға
Тағы да басты қамшыны-ай.

Найзасы аумай қолынан,
Жұлдызы туып оңынан,
Қобыланды сонда: «шу!»—деді,
Құбылып Бурыл гуледі,

Қараманның соңынан.
О да кетіп қалыпты
Үздік озып қолынан.
Беті қайтпай барады,

Сапар еткен жолынан.
Тайбурылды гулетіп,
Келіп жетті соңынан,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қобыланды жетіп сөйледі:
Болғаның ба, досым-ай?!
Мақтаған атың осы ма-ай?!
Он екі күнде келерсің

Менің бүгін кеште тіккен қосыма-ай!
Жағалы таудың татыры-ай,
Жарасар құрған шатыр-ай,
Жүрмеймісің, Қараман,

Анау күні «қатын» деп
Қарамай кеткен, батыр-ай!
Көрдіңіз бе, Қараман,
Қатынның баққан атын-ай?!

Қатын да болса, білдің бе,
Құртқаның асыл затын-ай?!
Қатынның баққан аты озып,
Қапыда қалма, батыр-ай!

Жүрмейсің бе, Қараман,
Үш күн кейін соң қалып
Бесінде озып барамын—
Қалсаң, өлім жақын-ай!

Қобыланды гулеп жөнелді
Көп Қиятқа қарамай.
Қалың Қият, көп қосын,
Бәрі қалды артында

Бірі еруге жарамай.
Сонда Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.
Аманбайдың ақ тікен,
Асып Бурыл жөнелді.

Қарсы келген қабақтан,
Қарғи басып жөнелді.
Сеңгір-сеңгір таулардан
Секірте басып жөнелді.

Ол төбе мен бұл төбе,
Бауыры шұбар Күлтөбе,
Онан да өтіп жөнелді.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қамыстының қазды көл,
Қоғалының қулы көл,
Жегендінің желді көл,
Шабақтының шаңды көл,

Қызғыштының Қызды көл,
Құмра, Қотан қос көлден,
Айналасы бес көлден,
Бәрінен өтіп жөнелді.

Күдерінің белінен,
Бесінде өтті дөңінен.
Барлы-барлы, барлы тау,
Басы биік қарлы тау,

Хан жайлаған Қаратау,
Би жайлаған Алатау,
Онан да өтіп жол шекті-ау.
Сол төбе мен бұл төбе,

Бауыры жұпар күн төбе,
Күдерінің белінен
Бесінде өтті діңінен.
Құла мойнақ иір тау,

Қыз емшекті сүйір тау.
Атасу мен Манашы
Оттайын десе, оты ащы,
Ішейін десе суы ащы,

Мұнан-дағы жол шекті.
Емпей-күмпей қасынан,
Жем, Темірдің басынан,
Қалбағайлы шөлдерден,

Қасқалдақты көлдерден,
Асқар-асқар белдерден,
Айдын шалқар көлдерден,
Қан сасыған жерлерден,

Үміт үзіп жол шекті.
Тобылғылы Нұрадан,
Сексеуілді жырадан,
Баялышты құмайттан,

Бүлдіргенді шыңайттан
Жалғыз шауып жол шекті.
Астына мінген Бурыл ат

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Жауатын күндей күркіреп,
Жаңбырдай тері сіркіреп,
Қар суындай тасады.
Құбылып ойнап жер басты,

Алдыңғыдан артқы аяқ
Сынық сүйем кем басты.
Жалғаса ұшқан қоңыр қаз
Тозаңынан адасты.

Асқар төбе бел еді,
Бір шауып, бір желеді,
Құбылып ойнап жер басып,
Дөңгеленіп келеді.

Көлденең жатқан көк тасқа
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі.
Садақтың бауы сартылдап,

Масатыдан шалбардың,
Сала құлаш балағы
Алтынды зермен көмкерген,
Жел соққандай жалпылдап,

Белеңнен асты былқылдап,
Тозаңы шықты бұрқылдап,
Аттың жолы қазылды.
Шу! дегенде Бурыл ат

Ұмтылғанда қысылып,
Бес жүз құлаш жазылды.
Бурыл көкке секірді,
Омырауда тері көпірді,

Шаба-шаба шатылды,
Табаны тиіп ұшқан тас,
Қызылбас мылтық оғындай
Аспан көкке атылды.

Тақиядай көрмеді
Үстіндегі батырды.
Бұлаңдаған Бурылдың
Маңдайында манат бар,

Марал ішсе таусылмас,
Құйрығында құдық бар,
Құлан ішсе таусылмас.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Арандай аузын ашады,
Аяғын топ-топ басады,
Бір төбенің тозаңын
Бір төбеге қосады.

Кешке таман Тайбурыл
Жын қаққанға ұсады.
Құлан менен құлжанның,
Ұзатпай алдын тосады.

Көл жағалай отырған
Көк Құтан мен Қарабай
Көтеріліп ұшқанша,
Белінен басып асады.

Дуадақ пен жек қалды,
Әлде өтірік, әлде шын
Ақ қарабас, лашын,
Өлген құсты жеп қалды.

Ебелек ұшпас елсізден,
Көбелек ұшпас көлсізден,
Құла мидай шөлдерден,
Адам жүрмес жерлерден,

Батпақ, ылай көлдерден,
Асқар-асқар белдерден
Жалғыз шауып жол шекті.
Үмітін үзіп келеді,

Қараспан тауды жайлаған
Қалың қыпшақ елдерден.
Намаздігер өтті енді,
Мезгілі шамның жетті енді,

Қобыланды мен Бурылдың
Уәдесі бітті енді.
Көріне ме шәһар деп
Ілгері қарап күтті енді.

Сол уақыттар болғанда,
Белес-белес бел көрді,
Бел астында ел көрді.
Бидайықты ай татыр,

Ақты, бозды қой жатыр,
Тіктеп шауып қалаға
Қобылекем келе бұл жатыр.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Құланнан атты қодықты,
Көлден тартты борықты,
Жетемін деп торықты,
Намаздыгер өткенде,

Намаз ақшам жеткенде
Қазанның Сырлы қаласын
Қобыланды батыр көреді.
Бес ағаштың түбінде,

Қазанның алған жылқыға
Ағыны қатты Бурылмен,
Аңқытып келіп жолықты.
Қазан елдің көп жылқы

Жатыр екен далада.
Қаланың сыртқы баурында
Бұлаңдаған Бурылмен
Қобыланды жетіп келеді.

Артық туған Қобыланды
Бір уақытта көңіл қылады,
Бұзайын деп ойлайды
Қазанның Сырлы қаласын.

Қобыланды жалғыз ат қойып
Қаланың аузын қандатты,
Көшенің аузын шаңдатты.
Көкалалы көп жылқы,

Бөрі құлақ ен жылқы,
Гулетіп жылқыны алады,
Айқайлап жиған көп жылқы
Бір уыс болып қалады.

Жылқыны жонға шығарып,
Қазанның Сырлы қаласын
Қайта айналып шабады.
Бетіне қалқан далдалап,

Шәріне шапты «Аллалап»!
Қақпадан атын қарғытты,
Кіндіктен оғын сырғытты.
Туырлыған тоқым қып,

Керегесін отын қып,
Мал шығармай салаға,
Ел шығармай далаға.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жау бетінде жад қылып,
Жеті кәміл бабаға.
Алтын тіркеп шанаға,
Қарамай қатын-балаға.

Өтірік емес, жан аға,
Қазанның Сырлы қаласын
Бұзып, жарып Қобылекең,
Он екі күн дегенде

Жалғыз жанды құтқармай
Сырлы қала бәндесін
Артық туған Қобыланды
Айдап шықты далаға.

Құлақ салмақ сауап-ты,
Бес уақытты азанға,
Төрт құлақты қазанға.
Ителгі құстың тырнағын

Мың сан қарға жазар ма?
Жалғыз бұзып Қобыланды,
Сырлы қаланы алады,
Адамын жөнге салады,

Артық бақыт табады.
Қарауыл қарап қайтпаққа
Қаланың қиғаш қасында,
Қасқарлық таудың басына,

Бұлаңдаған Бурылмен
Батыр Қобылан шығады,
Құртқаның сөзін сынады.
Жан-жаққа көзін салады,

Батырдың көзі шалады,
Қалың Қият, көп қосын
Он екі күн дегенде
Олар да келіп қалады.

Өзі жатқан Қазанның
Қырлы дейтін қаласын
Қырық мың қолды әскермен
Алты қабат орының

Сыртынан орап алады.
Қараман атты батырың,
Аламын деп ала алмай,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Алты қабат орынан,
Қарғытып ішке ене алмай,
Қақпаның аузын аша алмай,
Қайраты жетіп таса алмай,

Үш күн тұрып сыртында
Болдыра алмастай болған соң,
Енді атына мінеді.
Мініп алып атына,

Тауда жатқан батырға
Қараман өзі келеді,
Келіп сөйлей береді:
Артық туған Қобыланды,

Айбалтам тасқа өтпейді,
Жамандар сөзді кектейді,
Жүрмеймісің, батырым,
Қызылбастың еліне,

Сізсіз күшім жетпейді!
Сонда Қобылан сөйледі:
Атан ба екен, нар ма екен,
Асқар ма екен, тау ма екен,

Арғымақ па екен, ат па екен,
Жая ма екен, жал ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен,
Ер бұзбаған қамалды

Қатын бұзған бар ма екен?!
Мал саттым базар бөзіне,
Салса жылқы тоқтайды
Арқаның бөрікөзіне,

Аспаймын құлақ сөзіңе,
Жолама менің өзіме,
Қатын деп айтқан сөзіңе,
Ерді қатын дей ме екен,

Не деп айттың өзіме?!
Сен бір айтпай, үш айттың,
Келмеді ме кезіңе,
Көрінбе менің көзіме?!

Неше батыр болсаң да,
Үйде қалған Құртқаның
Сатса, алмаймын ізіне!

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Өзі түгіл Құртқаның,
Сағынғандағы алмаймын
Қалқамжан деген сөзіне!
Қобыланды бұл сөзді айтқасын,

Қараман құрдас өкпелеп,
«Қобыландыдай құрдасым,
Көрінбе»,—деп жер тепкілеп,
Наза боп қайтып жөнелді.

Алсам мұны алармын,
Алмасам, өліп қалармын,
Қатыныңның тілімен
Жүр ме едің әлі кекті,—деп.

Қобыландыдай батырың
Жая да емес, жал-ды деп,
Шекер де емес, бал-ды деп—
«Бір қатынның тілімен

Құрдасым көңілі қалды»,—деп,
Аршын басты Бурылмен.
Аңқытып желді соңынан,
Іс келеді қолынан.

Былқылдап Қобылан желеді,
Соңынан жетіп келеді.
Қобыланды батыр келгесін,
«Сыбағамды бердің»,—деп,

Қараман құрдас күледі.
Қуанғаннан батырдың
Төбесі көкке тиеді.
Қараман, Қобылан қосылып,

Қосынға келіп енеді.
Ордың шығып басына,
Қаланың келіп қасына,
Қобыландыдай батырың

Тайбурылға сөйледі:
Мал саттым базар бөзіне,
Салғыл құлақ сөзіме.
Салса жылқы тоқтайды,

Арқаның бөрікөзіне,
Алты қабат ор екен,
Жеті қабат қала екен,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Алсақ олжа мал екен.
Жайың қалай, Бурыл ат,
Қарғытамын басынан.
Жая қандай, жал қандай,

Шекер қандай, бал қандай,
Екеуміз жолдас болғалы
Бүгін емес, бірталай.
Анаңыз тұлпар деуші еді,

Қалмақтың терең қаздырған
Алты қабат орынан,
Жетінші қабат қалаға,
Қарғытамын, Бурылым,

Жараймысың, жай қандай?
Жоғарғы ерні жыбырлап,
Төменгі ерні қыбырлап,
Екпінімен сыбырлап,

Сонда Бурыл сөйлейді:

—Артыңда қалды еліңіз,

Болды ма мұнда кегіңіз?
«Анамыз Құртқа» деген соң,
Сатылмайды теріміз,
Көңілде жоқ кіріміз.

Қысылған жерде дем берсін,
Жылқышы Қамбар піріміз.
Көңіліңе алсаң қоймайсың,
Қайсар Қобылан—шеріміз.

Салған қолқаң сол болса,
Қобыланды сынды еріміз,
Қарғысам, қарғып көрейін,
Қарғи алмасам, өлейін,

Тәуекел етіп көріңіз.
Мұны есітіп Қобылан,
Бурылды: шу!—деді,
Бүктеле беріп жазылып,

Бурылы бұлқып гуледі,
Алты қабат орынан
Жетінші қабат қалаға
Қояндай ырғып жөнелді.

Ортасына шәрінің

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Бурылы барып топ етті,
Жердің шаңы бұрқ етті,
Ат аяғы тиген жер
Тесіле жаздап солқ етті.

Қалаға Қобылан кіргесін,
Іркілмей кіріп кеткесін—
Бала да болса кіл бетті.
Ене алмай қалды Қараман,

Ордың сыртынан айналып,
Маңдайы шып-шып терледі,
Ене алмағасын қиналып.
Көп әскерді көргесін,

Жау екенін білгесін,
Шәрі жұрты жиналып,
Қазан ханы бас болып,
Ұрысуға сайланып,

Жатыр екен жиналып.
Арқада бар бөрікөз,
Жақсыда ғой тәуір сөз,
Неге ұмытсын көрген көз.

Арыстан туған Қобыланды
Көп әскерге келді кез—
Қырық мың атты қызылбас.
Қолына жасыл ту алып,

Арыстан туған Қобыланды
Ақ білегін сыбанып,
Көңілі тасып келеді
Жауды көріп қуанып.

Сол уақытта алдынан
Қара қасқа ат мінген,
Ат құйрығын шарт түйген,
Алдына дабыл төңкерген,

Артына сауыт бөктерген,
Аламанға дем берген,
Азды көпке теңгерген,
Қара бөркі қалпайған,

Қайратымен мал жиған,
Мен сондай! деп далдиған,
Қысқа күнде қырық шапқан,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Тері тонды теріс артқан,
Қызылбасқа жан тартқан,
Қазақ десе, оқ атқан,
Қабағына қар қатқан,

Кірпігіне мұз қатқан,
Он екі күнде бір жатқан,
Он үш күнде бір татқан,
О да айтулы ер еді,

Қызылбастың белі еді,
Құдайдан дұшман сұраған,
Жау көрмесе, жылаған.
Найзаның ұстар жеріне

Қолыма жұмсақ болсын деп,
Топтап барқыт ораған.
Шын кәріне келгенде
Жауған қардай бораған.

Суда болар ақ сазан,
Молдалар айтар бес азан,
Үлкендете жолымен
Кеке, бала, кеке деп,

«Жеке, бала, жеке!» деп,
Алдынан шықты ер Қазан.
Хан шыққансын кім қалсын,
Ханның ұлы қарауыл,

Бектің ұлы бекауыл,
Хан жігіті жасауыл,
Хан қасында қайдақтар,
Қатыны жоқ бойдақтар,

Отыз төре қызылбас—
Үй басына он сомнан
Жатып жеген бейбақтар.
Мысық құлақ мылтық мойнында,

Қара сукар қойнында.
Бәйгеден келген дөнені,
Бұл шаһбаздың гөзелі.
Талай батыр ұмтылған

Иінінде алтын меделі.
Қаланың аузын қандатып,
Салдатын жаяу андатып,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қызылбас болып қол алып,
Қобыландыға жол алып,
Сәске мезгіл болғанда
Қырық мың әскер қол шықты.

Қазан ханы бас болып,
Он кісіден қос болып.
Арқада бар бөрікөз,
Жақсыда бар тәуір сөз.

Қолды бастап шығарып,
Қазан сынды батырың
Қобыландыға келді кез.
Өзі жеке келгесін,

Қайыспасын білгесін,
Басын тартып қара аттың,
Қобыландыдай батырға
Бір-екі ауыз айтты сөз:

—Ала бір таудың қырғызы,

Кигенің ала қырмызы,
Ат саурысы тасыпты.
Көп шабысты көргендей
Атыңның жалы жатыпты.

Алыс жолдан келгендей
Қабақа қаның қатыпты.
Түн ұйқыңды бөлгендей,
Қай шәріге барасың?

Қай орынға қонасың,
Бурыл атты, жас қазақ,
Кімнің ұлы боласың?
Атаңды сұрасам, кім деймін,

Анаңды сұрасам, кім деймін?
Батыр Қазан мен деймін,
Шын сөзіңмен кел деймін.
Қалжың сөзге көнбеймін,

Ашуыма жолықпай
Үстіңдегі ақ сауыт,
Астыңдағы Бурыл ат,
Қол тигізбей бер деймін!

Сонда Қобылан сөйлейді:

—Бұл жіберіп шығып ем,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Базарда алтын қасыққа.
Ат беруге арланам
Сендей дінсіз жасыққа.
Ат алуын қаша ма,

Дем алғанша асықпа.
Келмей жатып ат бер деп,
Қызылбас неден есірді?!
Қызылбас қызы сұлу деп,

Сүйерміз деп келіп ек,
Бұл сапарда жесірді.
Шыдамасаң бері кел,
Көрсетейін кесірді.

/Арқа деген жайларда,
Атан жығар жел болса
Үйді дауыл, жел алмас.
Үйде сұңқар құс болса,

Маңына қарға келе алмас.
Жауға шабар ер жігіт
Жаманнан ақыл сұрамас.
Іздегенім—қызылбас,

Беруші еді әр жерде
Ат пен тонын сендей нас.
Атасы жаман атасыз,
Атамды сұрап нетесіз?!

Атаңыз бар-ды жетесіз,
Анасы жаман, анасыз,
Анамды сұрап не етесіз?!
Анаң сенің некесіз,

Некесін сұрап не етесіз?!
Алланың күні белгісіз.
Ашулансам боларсың
Әр кез жарық көргісіз.

Өзіңнің соққан қақпаңнан
Зар қылармын жүргісіз.
Қазан деген ерсің сен,
Жөн білмеген серсің сен.

Көзіңді сал ойныма,
Қылыш тиер мойныңа,
Қан сорғалар қойныңа,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Атаңа нәлет, ит Қазан,
Басылмаған есерсің.
Патшадан киген қамқаңды
Қан қылмай-ақ шешерсің.

Асқар төбе белсің сен,
Қызылбас деген елсің сен,
Арақ ішіп, нан жесең,
Қала ішінде ерсің сен.

Көкірегіңді басайын,
Желденіп көңілің келсең сен.
Қарақасқа тұлпардың
Сауырынан түсерсің!

Мойныңнан аққан қызыл қан
Шамаң келсе, ішерсің.
Жауға шабар ер жігіт
Жаманнан ақыл сұрамас.

Екпініме қарасаң,
Жаңбырлы қардай аралас.
Мұсылманның баласы
Өзім өлмей қор болмас.

Қылышпенен өлтірсем,
Қиқаладың дерсің сен.
Найзаменен өлтірсем,
Миқаладың дерсің сен.

Садақпенен өлтірсем,
Ғапыл қалдым дерсің сен.
Мылтықпенен мен атсам
Жазым қалдым дерсің сен.

Мінген атың құла ғой,
Сен үлкен де, мен—кіші,
Кезегіңді ала ғой.
Сендер көп те, мен—жалғыз,

Қолыңа келді бір бала,
Білгеніңді қыла ғой,
Бір баланы кемсінсең!
Қобыланды бұл сөзді айтқасын

Қазан сынды батырың
Дабыл тастап алдынан
Ақ сауытын киінді,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Әруағына сиынды.
Жайықтың бойы қамыс-ты,
Бермеймін деп намысты,
Батырлар қылды намысты.

Әуелі тәуір сөйлесіп,
Артынан шайтан жабысты.
Шайтан емей немене,
Ырғай сапты сүңгімен

Ырғай, ырғай салысты,
Қылыштасып екеуі
Қарсыласып шабысты.
Итерісіп тұрысты,

Ат тізесін бүгісті,
Бүге, бүге тұрысты.
Тебінгіге тер қатып,
Қақырғаны қан татып,

Түкіргені жын татып,
Қанжарменен қармасты,
Семсерменен серместі.
Қанжар қалды қайысып,

Семсер қалды майысып.
Диқан еккен егін-ді,
Есен алса тегін-ді.
Қан қабақтан төгілді,

Ерлер жаннан түңілді.
Аш күзендей бүгілді,
Екеуінің ақ сауыт
Шығыршықтан сөгілді.

Сол уақыттар болғанда,
Артық туған Қобыланды
Найзасын ырғап ендірді.
Қазанды аттан төндірді,

Ат көтіне міндірді.
Ту жығылар айшықты,
Ақ денеден қан шықты,
Суырып алды, жан шықты.

Ұлы сәске болғанда,
Ортасында қаланың
Тысқы қала ішінде,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Ішкі қала тысында
Ер Қазанның аузына
Қобыландыдай батырың
Толтырады балшықты.

Қазан аттан құлады,
Көріп елі шулады.
Шәрі байтақ жұртына
Тегіс хабар салады,

Өлігін жиып алады.
Шілдедегі бір айда
Көктен түскен самал-ды,
Тура келген ажалға

Кім табады амалды?!
Өлген құлдың басынан
Өткізеді заманды.
Қырық мың атты қызылбас

Алдында қойдай қамалды.
Қамалмасқа бола ма,
Кез қылды құдай қабанды.
Қабанның ойыны жаман-ды,

Қырық мың атты қызылбасқа
Тұтам қылды заманды,
Тоқтата алмай табанды.
Барайын десе бата алмай,

Дарбазадан өте алмай,
Қалаға қайтып кете алмай,
Ортөбеде топтанып,
Шиыршық атып шоқтанып,

Қолына бір-бір оқты алып,
Көптігіне мақтанып,
Қазан ханы өлгесін,
Жекпе-жектен тоқталып,

Бірте-бірте жиналды.
Жауды көрген мезгілде
Арыстан туған Қобыланды
Жан-жаққа көзін салады.

Қырық мың атты қызылбас
Жалғыздығын білгесін,
Қобыланды сында баланы

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Самсап тұрған көп кәпір
Енді ортаға алады,
Тұрған жерде қамады.
Артық туған Қобыланды

Жалғыздығын білген соң,
Толып жатқан кәпірдің
Қамағанын көрген соң,
Жалғыздықтан жабығып,

Бір тәңірге жылады.
Жалғыздық түсіп есіне,
«Қараман көмек бере алмады,
Келген екен несіне?»

Алланы айтып жағалап,
Пайғамбарды паналап,
Сонда тұрып сөйлейді:

—Өзі болат, өзі өткір

Бұрынғы ердің найзасы,
Бақ қараған бенденің
Басында болар һайласы,
Алды-артымда таяу жоқ,

Қараспан толған көп елдің
Қайда бір маған пайдасы?!
Мініп шықтым елімнен
Жолдасым Бурыл дөненді,

Көкке тойған көбеңді.
Қызылбас қашып мен қалсам,
Ерлігімді кім айтар
Қараспанды жайлаған

Қалың қыпшақ елдерге?!
Мал саттым базар бөзіне,
Салсаң жылқы тоқтайды
Арқаның бөрікөзіне,

Сал құлақты сөзіме.
Жар болғай Алла өзіме,
Шыбын жаным көрінді,
Бүгін менің көзіме.

Жасаған жалғыз, мен жалғыз,
Кәміл пірлер, құлақ сал
Ауыздан шыққан сөзіме.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Бұл дұшманның қолында
Жазым болып мен түссем,
Бір найзадан қан құссам,
Қаза жетіп мен өлсем,

Үстімдегі ақ сауыт,
Астымдағы Тайбурыл
Жалғызыңның исі деп,
Кім көрсетер апарып,

Кемпір, шалдың көзіне?
Бурылға жаптым көк мауыт,
Сыйынған пірім Қамбар, Дәуіт.
Шабамын жауға ауыт-ауыт,

Бүгін қанға боялсын
Балғаң тиген ақ сауыт,
Беркітіп соққан ақ Дәуіт.
Мұсылман өлсе, дауа—қан,

Жауды көріп қызды арқам,
Қашар ма жаудан мен—салқам?!
Бүгінгі күні не көріп,
Иманмен өтсем жоқ-ты арман!

Толғамалы ақ сүңгім,
Шаншылар майдан күн бүгін!
Бұлғары садақ, Бұқар жай,
Тартылар майдан күн бүгін!

Алтын құндақ ақберен
Атылар майдан күн бүгін!
Толғамалы ақ сүңгім,
Шанша алмасам, маған серт!

Қанға тойсаң, саған серт!
Бұлғары садақ, Бұқар жай,
Тарта алмасам, маған серт!
Бел күшіме шыдамай

Беліңнен сынсаң, саған серт!
Алтын құндақ, ақ берен
Ата алмасам, маған серт!
От алмасаң, саған серт!

Таямай атса, оқ өтпес,
Шуақ шықса, күн өтпес,
Жаңбыр жауса, су өтпес,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Жағасы алтын, жеңі жез,
Бадана көзді, ақ сауыт,
Беркітіп соққан ақ Дәуіт,
Қалмақтың қалың қолынан,

Шашақты найза жолынан,
Бұл әскердің өзінен,
Қылышының жүзінен
Тая жүрсем, маған серт!

Ата-анам сүйген ақ денем,
Оқ дарытсаң, саған серт!
Қобыланды айтып болғасын,
Қиналарын білгесін,

Бауыры жазық Тайбурыл
Шиыршық атып ойнайды,
Батыр туған Қобыланды
Ерегіскен дұшманның

Басын жоймай қоймайды.
Шабайын деп батырың
Тал бойын алды аршындап,
Астындағы Бурылдың

Тасқа тиген тұяғы
Қар кешкендей қаршылдап.
Қыл қобызға жағады
Қарағайдың шайырын,

Пішеншілер алады
Тырмасы мен айырын,
Үлкен-кіші жігіттер
Тіріде бергін қайырын.

Шабайын деп батыр тұр,
Қырылуға кәпір тұр,
Алла берсін қайырын.
Алтын қалпақ, жез телпек,

Баса киді көзіне.
Көп, әлеумет, құлақ сал,
Кенелтейін сөзіме,
Қырық мың атты қызылбас,

Қырық кісідей көрінбес,
Батырыңның көзіне.
Тікелеп атқан оқтары

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Тікенектей қадалмас
Қобылекеңнің жүзіне.
Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,

Қатуланып қаттанды,
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды,
Топтанып тұрған кәпірге

Қобыланды жалғыз тиеді,
Бөлінген қойдай қырады./
Жалғыз өзі батырың
Жойып кетіп барады.

Қойға тиген қасқырдай

Сойып кетіп барады.
Жолбарыс шапқан құландай,
Жойып кетіп барады.
Үш мың атты бір сайға,

Төрт мың атты бір сайға,
Қойып кетіп барады.
Қайтарында алмаққа
Тізгінінен қосақтап,

Түйіп кетіп барады.
Ақ білегі қан болып,
Тұла бойы сал болып,
/Көргендерге таң болып,

Үсті-басы шаң болып,/
Жау үстіне жол салды,
Үкімін жауға мол салды.
Көмегі жоқ соңында,

Жаны Құдай қолында.
Туырлықтай ту алып,
Туды қанға суарып,
Қырық мың атты қызылбас

Әрі-бері қозғалды,
Қырылмағаны аз қалды.
Қашайын деп желісіп,
Бәйге алмады ұрысып.

«Ақұдай» деп ат қойды,
«Мұхаммед» деп лап қойды.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бетіне қалқан далдалап,
Әскерге кірді «Аллалап!»
Қызылбас қашып жосыпты,
Қашқанына қойсын ба,

Батырың алдын тосыпты.
Ықтиярсыз найзалап
Біріне-бірін қосыпты.
Бөлек-бөлек қылады,

Есебі жоқ қырады.
Бірін шауып, біреуін
Қылышпенен ұрады.
Атуымен доп қалды,

Тартуыменен оқ қалды,
Қобылекеңнің сүңгісі
Қызыл қанға боялды.
Көбісі тұрып шәрінің

Ұйқысын ашып оянды.
Қашпағанын Қобыланды
Алты күн ұдай ұрысып,
Бітіруге таянды.

Жалғыз адам құтқармай,
Сырлы қала бәндесін
Артық туған Қобыланды
Айдап шықты далаға.

Үкімін жауға мол салды,
Жетінші күні сәскеде
Жаудың бәрін тауысып,
Ақ найзаға сүйеніп,

Қобыланды жалғыз бұл қалды.
Бұл шаһардың әйелі
Ерлерінен айрылып,
Бәрі де жесір, тұл қалды.

Бұл қырғынға қоймады,
Қобылекең бұған тоймады.
Шәрісін тегіс бұзсам деп,
Ат қоймаққа ойлады.

Қазанның Қырлы қалаға
Қобыланды тұрып сиынды
Жеті кәміл бабаға.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Ақ сұңқар құстай шүйіліп,
Мал шығармай салаға,
Жан шығармай далаға.
Қаладан атын қарғытып,

Кіндіктен оғын сырғытып,
Қаланың аузын қан қылып,
Қақпанның аузын шаң қылып,
Тұлымдысын тұл қылып,

Айдарлысын құл қылып,
Солқылдаған мырзасын,
Табанға салып жүн қылып,
Алтын артты шанаға,

Қарамай қатын-балаға,
Өтірік емес, жан аға,
Қырық қақпалы Қазанды
Он сегіз күн дегенде

Бұзып-жарып батырың,
Малын-жанын ызғытып,
Қақпаның аузын аштырып,
Айдап шықты далаға.

Есіктің алды мойыл-ды,
Ашыққан Қият тойынды.
Жаманның ісі бола ма,
Атадан алтау туғанмен,

Асылмен белін буғанмен,
Қай күнде жаман оңа ма.
Ызғытып малды шығарып,
Қобыланды батыр келеді.

Қияттың көп сан әскері
Көп олжаға кенелді.
Қаладан сыртқа шыққасын,
Көп қосын көшпей бөгелді.

Атадан жаман туғандар,
Екі, үш күн етке тойғандар,
Арамтамақ олжаға
Беті-қолын жуғандар,

Қоста отырып кеңесті,
Кеңескенде не десті:
Қобыланды елге барғанда,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қаланы бұзып алдым дер,
Толып жатқан жаманға
Олжаны өзім салдым дер.
Босқа келіп, бос қайтты

Қияттың мың сан нөкер,—деп,
Әлі кімге жетер,—деп,
Қобыланды елге сау барса,
Қадіріміз кетер,—деп,

Ақылдасты көп Қият.
Жалғыз атты Қыпшақты
Өлтіріп кетсек нетер,—деп,
Далада отырған көп жаман,

Қоблекеме бой ұрды.
Бой ұрғанмен не қылсын,
Күңкілдесіп көп жаман,
Түн ортасы болғанда,

Күңкілдің арты қойылды.
Айтса-дағы қылмады,
Мұраты қабыл болмады,
Жамандардың бұл сөзін

Қараман біліп қойғызды:
Қас жаманы жігіттің
Жолдасын ерген қарақтар,
Қойыңдар,—деп бұйырды.

Батырлар мінер қызылды,
Жал-құйрығы ұзынды,
Іс тағдырға сызылды.
Бес күндей малы тойынып,

Алтыншы күні Қиятың
Қайтуға көңілі бұзылды.
Қосындар жүгін артқанда,
Көшейін деп жатқанда,

«Бос қайтам ба жаудан» деп,
Іздеп келіп бұл жерге,
Қараман батыр кезенді—
Қобыландыға келеді:

Ай, Қобылан, құрдасжан,
Қайратыңды мен көрдім,
Бәрекелді, ер!—деді.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Найзам тимей дұшпанға
Арманда барам мен,—деді.
Осы бүгін естідім,
Жақын жерде бір шаһар,

Көбікті дейтін ханы бар.
Жүрсең соған барайық,
Жылқысын айдап алайық,
Қазаннан алған бұл малды

Баға тұрсын халайық.
Көбікті келсе малына,
Салайын жәбір жанына,
Көбіктіні өлтіріп,

Бір тояйын қанына.
Көбікті де ер дейді,
Қайратымды көр,—дейді,
Найзам тимей дұшпанға

Арманда барам мен,—дейді.
Қобыландыдай батырың
Мақұл көріп бұл сөзін,
Асып-тасып екеуі

Алланы алмай аузына,
Барайық десең жүр,—дейді.
Ер салды атқа батырлар
Алтынды тұрман тағынып.

Екі батыр жөнелген,
Сыйынбай пірге жаңылып.
Әруақ ұшып басынан,
Пірлері тайып қасынан,

Еске алмады нағылып?
Қала берген кәміл пір
Барармыз деп соңынан
Жатқанында зарығып.

Түсерміз сонда есіне
Қолға түссе налығып.
Көп қосынға тапсырды
Қазаннан алған көп елді.

Қараман, Қобылан екеуі
Көбіктінің шәріне
Сапар қылып жөнелді.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қазаннан алған көп малға,
Қосыны қият кенелді.
Екі батыр жүргесін,
Көшпей тоқтап бөгелді.

Базарда бар ақ мата,
Ойнақтайды жас бота.
Бұл сөзімде жоқ қата,
Көп қосыннан екеуі

Сапарланды ел жата.
Көбіктінің көп жылқы
Жатыр екен алдында.
Екі бөрі бас қосып

Көбіктінің шәрінің
Қарасын көрді таң ата.
Бөленбеген ұйқыға,
Жыртылмаған құлпыға,

Екі батыр кез келді
Құба көлде Көбікті
Отар салған жылқыға.
Көкалалы көп жылқы,

Бөрі құлақ ен жылқы,
Гулетіп жылқыны алады,
Айдап жонға салады.
Айқайлап жиған көп жылқы

Бір уыс болып қалады.
Таң шолпаны батқанда,
Қызарып күн шыққанда,
Тізе қосып екеуі

Айдап кетіп барады.
Белес, белес қыр екен,
Оқпанды сай, жыра екен.
Көбіктінің Тарлан ат

Жылқы ішінде тұр екен.
Жамандатқыр Тарлан ат,
Құйрығын құстай тарады,
Кіндігінен жарады,

Шекесінен қарады,
Әуеге қарап есінеп,
Ием бе деп кісінеп,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жау екенін білгесін,
Сыртына құйрық салады,
Қайта айналып шаһарға,
Тарлан ат қашып барады.

Жалғаса қуған екеуі
Қарасын көрмей қалады.
Қашып барып Тарлан ат
Шәһәріне барып еніпті.

Жетпедім деп Тарланға,
Астындағы Бурыл ат
Басын жерге салады,
Қырық үш күндік кемдігі

Бурыл атты қамады.
Құртқаның сөзі келді деп,
Батыр Қобылан сынады.
Таң шолпаны батқанда,

Қызарып күн шыққанда,
Дем алам деп азырақ,
Бауырында бір таудың,
Қобыланды ұйқтап жатқанда,

Қалаға көк ат еніпті,
Есітті дүбір Көбікті.
Ат барғасын—күдік-ті:
Жау тиді ғой малға,—деп,

Ашуланып демікті.
Үйдемісің, Қарылға,
Ат ертте деп желікті.
Базардан келген қасық-ты,

Тарлан атқа Көбікті
Ер салуға асықты.
Ат басындай тас шоқпар,
Тақымына басыпты,

Тарлан атты Көбікті
Еріндіктен алады,
Беліне терлік салады,
Тас шоқпары тақымда,

Ақмоншақ атын Көбікті
Мал соңынан салады.
Айдауға кеткен жылқының

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Соңынан қуып барады.
Жебелі найза қолынан,
Жұлдызы туып оңынан.
Ерте шолпан батқанда,

Сарғайып таң атқанда,
Күн сәскеге жеткенде,
Сары өзеннен өткенде,
Тау суындай сарқырап,

Ақ сауыты жарқырап,
«Таста!» деп малды барқырап,
Көбікті жетті соңынан.
Көбікті сонда сөйледі:

Ел иесіз дедің бе,
Көл иесіз дедің бе,
Жер иесіз дедің бе,
Мал иесіз дедің бе,

Жан иесіз дедің бе?
Отарда жатқан жылқымның
Отарын бұзған кім едің?!
Өрісте жатқан жылқымның

Өрісін бұзған кім едің?!
Жусап жатқан жылқымның
Жусауын бұзған кім едің?!
Тұнық жатқан жылқыма

Боқ тастатқан кім едің?!
Көкорайлы шалғынға
От тастатқан кім едің?!
Батыр жігіт, қайдасың?

Батырлар табар һайласып,
Жақсы кісі жаманға
Көп тигізер пайдасын.
Сол уақытта Қараман

Көбіктіні шанышпаққа
Оңтайланды найзасын.
Қараман ерлік бастады,
Ерлігін Қобылан қостады.

Қараманның найзасын,
Денесіне тигізбей,
Көбіктідей батырың

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қолындағы шоқпармен
Допша қағып тастады.
Ұмтылуменен Көбікті
Қараманды ұстады,

Көбіктінің ерлігі
Мұсылманнан асады,
Желкесінен қысады,
Күшіктейін шыңғыртып,

Қараманды Көбікті
Тақымына басады.
Мұны көріп Қобыланды
Бұлғары садақ, бұқар жай,

Қиядан тартты Қобылекең
Қобыландының оғын да
Денесіне тигізбей,
Қолындағы шоқпармен

Допша қағып тастады.
Ұмтылумен Көбікті
Қобыландыны ұстады,
Желкесінен қысады.

Күшіктейін шыңғыртып,
Тақымына басады.
Қос батырдың бұл жерде
Бағы тайып басынан,

Пірлері тойып қасынан
Жанторсыққа ұсады.
Қобылан мен Қараманның
Аяқ-қолын тұсады.

Жеті кәміл бабасын
Жад етуге жаңылып,
Енді қара басады.
Қос батырдың қос тұлпар

Жылқыға айдап қосады.
Болады деген мұндай іс
Үш ұйықтаса ойда жоқ.
Жиып алды Көбікті

Қару-жарақ бойда жоқ.
Қапыда түсіп дұшманға
Басынан өтті дүние боқ.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бенде болып дұшманға
Табанына тиді шоқ.
Ел қаптады салаға,
Мал қаптады далаға.

Жаудың қолы тиді ғой
Қапияда жағаға.
Бұл екеуін Көбікті
Тақымына қысады.

Қос батырдың қос тұлпар,
Жылқысына қосады.
Болады деген мұндай іс
Үш ұйықтаса ойда жоқ.

Ел қаптайды салаға,
Мал қаптайды далаға,
Жаудың қолы тиді ғой
Қапияда жағаға.

Қожа бесін болғанда,
Салақтатып екеуін,
Көбікті тартты қалаға.
Белес, белес бел еді,

Тарлан атпен желеді.
Асып туған қатардан
Көбікті де ер еді.
Дұшманын батыр байлап ап,

Қаласына келеді,
Қалыңнан соққан қарсақтай
Салақтатып екеуін,
Қақпасына енеді.

Аттан келіп түсіпті,
Көзі де, басы ісіпті.
Қобаған мұрын қой көзді,
Талма бетті, нұр жүзді,

Қарлыға деген қызы бар,
Қарлығаны шақырып,
Көбікті келе сөйледі:

—Үйдемісің, Қарлыға,

Түздемісің, Қарлыға,
Алланың қатты жарлығы,
Жер астына бір түсер

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Осы көптің барлығы.
Қайысқан болат сынғандай,
Желіккен көңіл тынғандай.
Екі пенде әкелдім,

Берсем сені күйеуге,
Бас жетімің қылғандай!
Көк шыбын қонсын қабаққа,
Суқар беріп тамаққа,

Жауып таста, Қарлыға,
Бұл екеуін апарып
Кілт есікті лабаққа!
Қарлыға мінген кер еді,

Маң-маң басып келеді,
Байлауда жатқан батырды
Қарлыға сұлу көреді.
Атасы әйел демесең,

Бұл шаһардың бегі еді.
Жерде жатқан екеуін
Боғжамадай қолтықтап,
Қарлыға алып жөнелді.

Көк шыбын қонды қабаққа,
Суқар берді тамаққа.
Жауып шықты Қарлыға
Бұл екеуін апарып,

Кілт есікті лабаққа.
Көбікті мініп аласын,
Ағынан көп-ті қарасын,
Той қылуға жар салып,

Енді жиды қаласын.
Қобыландыны байладым,
Құртып жаудың қарасын.
Алшағырға жіберді

Қасына жолдас кісі ертіп,
Шақырып алып баласын.
Жеті атадан кегі бар
Алшағыр енді шапсын—деп,

Қараспан таудың сағасын.
Біршымбайға: Бар,—деді.
Сүйіншіге Шағырдың

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қанікей менен Тінікей,
Қарындасын ал,—деді.
Біршымбай кетті жүріп жол,
Сүйінші!—деп бармаққа,

Алшағырдай қалмаққа,
Қанікей менен Тінікей
Қарындасын алмаққа.
Бара тұрсын Біршымбай

Ұзын сөзді қысқартып,
Келейін енді қыз жаққа.
Қарлығадай сұлуың,
Батырды жауып лабаққа

Үйіне қайтып келеді,
Әуеге қарап жүреді.
Көбіктідей батырың
Қарлығаның анасын—

Мұсылманнан олжалап,
Алып келген қыз еді.
Содан туып Қарлыға
Анасының сол кезде

Өліп кеткен кезі еді.
Өлерінде анасы
Көзінің ағы-қарасы:
Менен туған қыз болсаң,

Мұсылманның, шырағым,
Етегін ұста,—деп еді.
Шын мұсылман анасы
Әйел де болса ер еді.

Шешесінің бұл сөзі
Көңілінде келеді.
Бірнеше күн өткесін,
Қарлығадай сұлуың

Қобыландыға келеді,
Батырларды көреді.
Екі батыр зарланып,
Жатқаннан соң байлауда

Кәміл пірі жебеді.
Пірлері медет бергесін,
Қобыландыны көргесін,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Нұры балқып батырдың
Балқытты сұлу денесін.
Қобыландыдай батырдың
Әруағы асады,

Сұлуды мысы басады.
Қолтықта кеше келсе де,
Қобыландының айбаты
Арыстанға ұсады.

Ілгері аяқ баса алмай,
Аяғын кейін басады.
Қарлыға қайтты үйіне,
Қарлығыдай сұлуың

Көңіліне түсті түйіні.
Түйінді шешпей жүруге
Сұлуға болды қиын-ды.
Қиын емей немене,

Қобыландыдай батырға
Ғашық болып сұлуың
Жата алмады үйінде.
Жылай берді енді өксіп,

Қобыланды еске түскенде,
Алтын кереует үстінде,
Жата алмайды дөңбекшіп,
Жылай берді енді өксіп.

Бір күндері болғанда,
Үйінен шығып паналап,
Тар көшені сағалап,
Аяғын басып жүре алмай,

Көрінгенді саялап,
Қобыландыға келді жағалап.
Екеуі жатса лабақта
Ай тумас жақтан ай туды,

Күн тумас жақтан күн туды,
Бұл несі деп қарапты
Сарт тамының әулесі,
Қараңғы тамды ағартқан

Қарлыға қыздың сәулесі.
Қарлыға келіп сөйлейді:
Есіктің алды айтатыр,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ай татырда мал жатыр,
Байлауда жатқан қос батыр,
Есермісің, сермісің,
Бекер жатқан ермісің,

Мейіз берсем жермісің?
Далада жатқан жылқымды
Айдап қашқан ермісің?
Қолыңды шешіп, қашырсам,

Еліңе барып мақтанып,
Қарлыға қыз қашырмай,
Өзім қаштым дермісің?
Қараман сонда сөйледі:

Менің өзім нашармын,
Түтікпен аузым ашармын,
Бұл бейнетті көргенше,
Шеш қолымды, Қарлыға,

Рұқсат берсең, қашармын».
Қобыланды сонда сөйледі:
Ай, қаш, залым, қасымнан,
Сен қашсаң да, мен қашпан.

Қиямет салма жасымнан,
Дәулет құсы ұшты деп,
Бір сағат болмай басымнан,
Тіліне дұшпан көнбедім.

Қаш, Қарлыға, қасымнан,
Өшті болған әкеңнен
Өшімді алмай кетпеймін.
Кекті болған атаңнан

Кегімді алмай кетпеймін.
Кәпірге деп жаратқан,
Дұшман қылып құдайым
Қобыландыны әу бастан.

Жаз жайлауым—Көздікөл,
Қыс қыстауым—Қараспан,
Ат ізінен адаспан,
Ердің жолын тәңір ашқан,

Алты жаста ат міндім,
Он үш жасқа мен келдім—
Аман қалған жоқ еді

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қызылбас тиіп жанасқан.
Таңбам әліп Қыпшақпын,
Мұсылманда жоқ еді
Өзімнен артық күші асқан.

Қарамай алды-артыма,
Қанды көйлек халқыма,
Таулар күйіп, тас жанған
Алты жаста зарпыма,

Асықпасаң, Қарлыға,
Бір мінерсің Бурылдың
Жайдақ сауыр артына.
Әуелі құдай ағындым,

Ата-анамды сағындым.
Жауға пенде болғаным,
Жау жақындап келгенде
Жеті пірді жаңылдым.

Омар менен Оспандай,
Ішім толып пұшманға-ай.
Жеті пірді жаңылып,
Жазым түстім дұшманға-ай.

Егер пірді жад етсем,
Дұшман батыр болар ма,
Біз арыслан қошқарға-ай?
Қош, Қараман, аман бол,

Қайтасың ба елдерге?
Бізден сәлем дегейсің,
Азулы деген көлдерге,
Асқар, асқар белдерге,

Қараспан тауды жайлаған
Қалың Қыпшақ елдерге!
Ел ішінде сәлем де,
Замандас, құрбы, теңдерге.

Ит жүгіртіп, құс салған,
Найза ұстаған ерлерге.
Жана да сәлем дегейсің
Тұлпар мініп, ту алған,

Елдегі жолдас беклерге.
Мені жауда қалды деп,
Аяққа кісен салды деп,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Үлкен аға, кіші іні
Зор салмасын біздерге.
Аһ, дариға, дүние-ай,
Асқар, асқар белдерім,

Азулы деген көлдерім,
Қараспанды жайлаған
Қалың Қыпшақ елдерім.
Ол елімде көп еді

Кеселеп найза көп ұстап,
Ке-келеп шапқан ерлерім.
Бүгінде тұтам күндерім,
Қолдамады пірлерім.

Қызылбастың елінде,
Қол-аяғым байлаулы
Пенделікпен жатырмын.
Жазым болып, көз жұмсам,

Кім жоқтайды, беклерім!
Мені жауда қалды деп,
Не қылайын жанды деп.
Артымнан жоқтар ағам жоқ,

Алладан басқа панам жоқ.
Мені жауда қалды деп,
Неғылайын жанды деп,
Ізімнен жоқтар інім жоқ.

Жалғыздықтан мінім жоқ,
Қазақ көппін дегенде,
Көппін деп айтар тілім жоқ.
Қарағай садақ, қырық кез оқ,

Күмбезі алтын, белге тоқ.
Қызылбастың елінде
Пенде болып жатырмын,
Жазым болып, көз жұмсам,

Бетімді жабар кебін жоқ.
Арқанменен арыған,
Шап айылы қарыған,
Жан серігім Бурылға

Қай қызылбас от берсін,
Қай қызылбас су берсін?!
Тоқсанда атам Тоқтардың

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Тасқа тиді тұяғы.
Алпыста шешем Аналық
Үзілді ғой қияғы.
Қарындасым Қарлығаш

Өшкен шығар шырағы.
Жан қосағым қыз Құртқа,
Арыстаны—мен пенде
Қандай екен сыяғы?

Әлқисса, Қараман батыр Қазанды алуға бара жатқандығын
айтқан жері:
Қарлығадай сұлуың
Шықпас ойын білгесін,

Қобыландыдай батырға
Тұрыңыз деп жалынды,
Жүрегі оттай қабынды.
Қараман мен екеуі

Көтере алмай налыды!
Келіп еді кеше қолтықтап
Бүгін мұнша ауыр деп,
Мойындары салынды.

Қараман тұрып сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
Пірі тайған мезгілде,
Көтеріп келдің сен,—дейді,—

Қазіргі жатқан кезінде,
Көтере алмас ел,—дейді,
Қарлыға сұлу есітіп:
Жылқыға барып, Қараман,

Атыңды ұстап мін,—дейді,
Қобыландының Тайбурыл,
Жетелеп алып кел,—дейді,
Ақылын таптым мен,—дейді.

Ердің жаны—аты деп,
Өз жанынан артық деп,
Тақымына Бурылдың
Бұрау салып шыңғыртса,

Шығады сонда шын,—дейді.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бөлінбеген ұйқыға,
Жыртылмаған құлпыға,
Қарлығадай сұлуың
Өзі қайтып үйіне,

Қараман жетті жылқыға.
Таң атқанша Қараман
Өкпесін алып қолына,
Бір шыбындай жанын сап

Қобыландының жолына,
Сәске түсте жетеді
Көбіктінің малына.
Өз атын ұстап мінеді,

Тайбурылды жетелеп
Қалаға түнде енеді.
Қарлығадай сұлу да
Келермін кешке—деп еді.

Қараман менен Қарлыға
Лабақтың келіп алдына,
Қыл шылбырмен бұрау сап,
Бурыл аттың санына,

Құлындай қылып шыңғыртты,
Жәбір қылып жанына.
Бурылдың дауысын есітіп,
Қобыландыдай батырың

Салды ойран тамына.
Не қылсаң да, маған қыл,
Бурылға, сірә, қағылма,
Тамды бұзып Қобыланды

Далаға шықты қабына.
Қобыланды батыр шыққасын,
Өзінің ақуал-жайын
Батырға айтты Қарлыға:

—Дүниенің кеңдік, тарлығы,

Басыма менің түсіп тұр,
Ғашықтықтың зарлығы.
Сеніменен бірге өлсем,
Анамның айтқан өсиеті

Болады кәміл барлығы.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Сөзімді тыңдап, батырым,
Бурылыңа мін,—дейді,
Қарыңа сүңгі іл,—дейді,
Кешегі жатқан жылқыға

Тағы да барып ти,—дейді.
Тарлан қашар жылқыдан,
Қумай-ақ қой сен,—дейді.
Тәңірі жазса Тарланды

Көбіктіге міндірмей,
Алармын қолға мен,—дейді.
Көбіктінің қанаты—
Жылқыдағы көк аты,

Бұл сөзіме сен,—дейді.
Кегің болса бұл жауда
Сөйлесерсің соңынан,
Бұл сөзімді біл,—дейді.

Екеуіңнің, батырлар,
Сауыт-сайман, қаруың
Бәрі де менің қолымда,
Берейін алып жүр,—дейді.

Қаруыңды, батырым,
Қойғамын тығып мен,—дейді.
Кереметім көр,—дейді,
Қобыланды мен Қараманға,

Кел соңыма ер,—дейді.
Ертіп барып сұлуың
Сарайына енгізді,
Сақтап қойған жерінен

Қаруын батыр көргізді,
Ақ сауытын кигізді,
Ақ семсерді ілгізді,
Шын достығын Қарлыға,

Қобыландыға сенгізді.
Уағада байлап, қол беріп,
Тайбурылға мінгізді.
Қарлыға бұл сөзді айтқасын,

Енді атына мінеді.
Бадана көзді ақ сауыт
Денесіне киеді.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Беліне байлап болатты,
Қарына найза іледі.
Қараманмен екеуі
Көбіктінің көп жылқы

Және де айдап жөнелді.
Құба дөңнен өткенде,
Сары өзенге жеткенде,
Көбіктінің Тарлан ат

Құйрығын құстай тарайды.
Шекесінен қарайды,
Кіндігінен жарайды.
Әуеге қарап есінеп,

Ием бе деп кісінеп,
Жау екенін білгесін,
[Жылқы ішінде ала-ды,
Сыртына құйрық салады.

Қайта айналып шаһарға
Көк ат қашып барады.
Жалғаса қуған екеуі
Қарасын көрмей қалады.

Барса, барсын көк ат деп,
Екеуі қумай қалады.
Қалаға көк ат еніпті,
Есітті дүбірін Көбікті,

Ат барған соң желікті:
Қарлығажан, қайда?—деп,—
Ат ертте,—деп демікті.
Аңдып тұрған Қарлыға

Көбіктіге келіпті.

—Ұйқыңды бұзба, Көбікті,

Сорлы әкем неден желікті,
Өзім жаңа байладым
Өзіңе серік тұлпарды
Мал иесі жануар,

Жем жейін деп келіпті.
Көбіктіні жатқызып,
Саз балшыққа батқызып,
Ақмоншақ аттың үстіне

Алтыннан тұрман ер салып,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Аз ғана азық, жем салып,
Қобыланды еске түскенде
Қыздың шері қозғалып,
Ақмоншақ атқа мінеді,

Беліне семсер іледі,
Денеге сауыт киеді,
Төбеге шашты түйеді,
Ноғай бөркін киеді.

Ақ сүңгісін қолға алып,
Абжыландай толғанып,
Қобыландының соңынан
Дөңгеленіп жөнелді.

Қуып жетіп бұларға,
Әкесінің жылқысын
Бірге айдасып келеді.
Қаладан қиғаш өткенде,

Сары белге жеткенде,
Пайғамбар—Құда білісі,
Бұзылып аттың жүрісі,
Оттамайды жусайды,

Бүгежектеп келеді,
Ақмоншақ аттың інісі.
Өзі-өзінен елеңдеп,
Келеді бітіп тынысы.

Жылқы ішінде ала-ды,
Қылшық жүнді қара-ды,
Әуеге қарап есінеп,
Ием бе деп кісінеп,

Жау екенін білгесін
Құйрығын құстай тарады,
Шекесінен қарады,
Кіндігінен жарады,

Құйрығын сыртқа салады.
Қайта айналып Көк бесті,
Шаһарға қашып барады.
Жалғаса қуған үшеуі

Қайтара алмай қалады.
Қандай заман болар,—деп
Қарлыға сұлу налыды,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Барса, барсын көк ат деп
Басын қосып үшеуі
Бір төбеге барады.
Көбіктінің үстінде

Тоғыз қабат ақ сауыт
Шапсаң, қылыш кеспейді,
Атсаң, мылтық өтпейді.
Қобыландыдай батырға

Қарлыға сұлу сөйлейді:

—Оған қылар амалы

Кіндігінің тұсында
Кем соғылған төрт көзі—
Жел соғарлық самалы.
Мерген болсаң, батырым,

Кіндікті байлап атпасаң,
Басыңа салар қараны.
Қараман естіп бұл сөзді
Тоқтамайды табаны.

Қарлыға менен Қараманды
Ілгері қарай жөнелтіп,
Жолын тосып Көбіктінің
Қобыланды жалғыз қалады.

Жылқыны қуып барады,
Бір Құдайға тапсырып
Қобыландыдай баланы.
Қисайған оғын түзетіп,

«Көбікті қашан келер» деп,
Қобыланды тосып тұрады.
Қашып барып Көк бесті
Қалаға барып еніпті,

Естіп дүбір Көбікті,
Ат барғасын желікті.
Кеткенін біліп қызының,
Қаһарланып Көбікті

Көк бесті атқа ер салды,
Бір күндік азық, жем салды.
Ат басындай тас шоқпар
Көбікті батыр қолға алды.

Енді мініп атына,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

«Менің келер, келмесім
Екіталай енді»,—деп,
Амандасып халқына,
Бұрынғы тартып салтына,

Жылқысын алған жаулардың
Көбікті түсті артына.
Белес-белес бел еді,
Өзінің жиған халқына

Белгілі болған ер еді.
Ертең Шолпан батқанда,
Қызарып күн шыққанда
Тау суындай сарқырап,

Ақ сауыты жарқырап,
Қобыландының тұсынан
Көбікті өтіп барады.
Көбіктіні көргесін,

Көтеріліп Қобылан
Айқай салып ақырды,
«Кел бері»-деп шақырды.
Садағын қолға алады,

Оғын кезеп Қобыланды
Cонда тұрып сөйлейді:
Сыңғыр, қолым, сындың ба,
Шыққыр, көзім, шықтың ба,

Шынылы қазам жеттің бе,
Шын бұйрығым біттің бе,
Басымнан дүние өттің бе?
Өлшеулі күнім біттің бе,

Қысылған жерде дем берер
Ықылас ата Шашты Әзіз,
Сарт болып-ақ кеттің бе?
Жалғыздық қайғы басымда,

Жолдасым жоқ қасымда,
Мұндай қайғы көріп пе ем,
Өзімнің өмір жасымда?
Кәміл пірлер, жар болмай

Салғаның ба уайым?!
Бір өзіңе сыйындым,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Жарылқаушы Құдайым.
Бұл сөзді айтып Қобыланды
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды,

Көп оғының ішінен
«Сұржебе» деген оқ алды.
Суырып алған Сұржебе
Көп оғына жол салды.

Әр оғының басында
Жолым үйдей шоқ қалды.
Кезегендей кезеді,
Созағандай созады.

Қалмақы ердің қасы деп,
Нақ кіндіктің басы деп,
Қыз айтқан жердің тұсы деп,
Өлер жерің осы деп,

Салдыр-гүлдір еткізіп,
Оқ масаққа жеткізіп,
Қобыланды тартты бір оқты,
Бір де болса ірі оқты.

Толықсып келген кәпірді
Артық туған Қобыланды
Толғап алып салады.
Керістен шығып кетеді,

Кәпірге таман жетеді.
Қобыландының оғымен
Көбіктінің кеудесі
Ұшып жерге кетеді.

Көбікті көрді көрімді,
Жанына азап берілді,
Азап емей немене,
Көбіктінің бөксесі

Кеудесінен бөлінді.
Атта қалып бөксесі,
Оқпен кетті кеудесі.
Қобыландыдай батырдың

Қабыл болды тәубесі.
Кәпірлерге Қобыланды
Жасынан-ақ келеді

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қылыш шауып, оқ атып,
Дұшманын алды мұқатып,
Қобыландыны бұл сапар
Жасаған құдай қалады.

Көп сыйынып жад етті
Жеті кәміл бабаны.
Жәрдем беріп бабасы,
Көп жад етіп бабаны

Шамасы келер күн болса,
Қыларға қайрат жарады.
Көбіктідей батырдың
Жерге түскен кеудесі

Екі қолымен еңбектеп,
Артында жатқан шоқпарға
Тағы да кетіп барады,
Шылбырын қолға алады,

Оқпен түскен кеудесі
Қару қылар қуат жоқ,
Жан-жағына қарады.
Саудагер сатар бақалды,

«Қыз—жау» деген осы деп,
Айтып отыр мақалды.
Қозғаларға дәрмен жоқ:
«Қызың жетсе он беске,

Атып өлтір бейбақты,
Өсірме»,—деп Көбікті
Екі қолдап сормаңдай,
Жұлып отыр сақалды.

Болмады енді қашпасқа,
Ізденіп болмас дос басқа.
Балдағы алтын болатпен
Қобыланды тартты қақ басқа.

Қобыланды басқа шапқан соң,
Көбіктідей батырдың
Екі қолдан әл кетіп,
Жәһәннамға жан кетіп,

Шоқпары түсіп қолынан,
Топырақ қаба құлады.
Шалқасынан сылқ етіп,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Жерге түсті сор қасқа.
Ақыл айтып өлтірткен
Айла ханша қыз жасқа,
Көбіктіні өлтіріп,

Сәтіне ісін келтіріп,
Көк бесті атты жетелеп,
Жүретін жолын төтелеп,
Қарлығамен қосылып,

Жібектейін есіліп,
Қарлығамен екеуі
Аударыспақ ойнасып,
Күліп-ойнап барады.

Осы барған жолында,
Биік-биік қыр екен,
Оқпанды сай жыры екен.
Қобыландымен бірге өлсем

Армансызбын, Алла,—дер екен,
Күліп-ойнап барады.
Сайым ұлы Қараман
Алдындағы тоғайда

О да күтіп тұр екен.
Қобыланды мен Қарлыға
Үстіне жетіп келеді.
Қараман шықты алдынан:

Жылқы жайдым жапанда
Асқар үлкен тауға,—деп,
Шешен сөйлер дауға,—деп,—
Артық туған, Қобыланды,

Қайрат қылдың жауға,—деп—
Олжа салғын, құрдасжан,
Беріңіз бізге сауға,—деп.
Қобыланды сонда сөйлейді:

«Жая менен жал құрдас,
Шекер менен бал құрдас,
Көбіктінің көп жылқы
Олжа қоспай ал, құрдас».

Қараман сонда сөйлейді:

—Мал саттым базар бөзіне.

Салсаң жылқы тоқтайды

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Арқаның бөрікөзіне,
Жаман-жақсы десең де
Наз айтамын өзіңе.
Олжаның келдім кезіне,

Құлағың сал сөзіме.
Көзің қиып берсеңіз,
Құрдасжан сауға өзіме.
Көбіктінің көрдім өлгенін,

Өлтіріп ердің келгенін.
Көбікті қызы Қарлыға—
Ішің қиса—бергенің,
Жөн енді қоса бергенің.

Қобыланды сонда сөйлейді:
«Құртқам баққан Тайбурыл—
Астымда дөнен мінгенім.
Тайбурылды мінгесін,

Дұшманға теңдік бермедім.
Он үш жасқа келгенше
Басыма тиген кемшілік
Көбіктіден көргенім.

Ата-ана, көп елім
Хабарсыз жатыр жерінде,
Көп қайғының ішінде,
Менің бүйтіп жүргенім.

Мынау тұрған Қарлыға
Ата-ана, ел-жұртын,
Қиып шықты мен үшін.
Артықша тиіп пайдасы

Көбіктінің өлгені,
Қарлыға қыздың хайласы.
Көбіктінің көрдің өлгенін,
Тәңірім бақыт бергенін,

Қызметі белгілі,
Артықша мақтап қайтейін,
Өзі сүйсе бергенім!».
Сол уақыттар болғанда,

Қарлыға тыңдап тұрғанда,
Қараман келіп сөйлейді:
«Мұңдық пенен Зарлық,—деп,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Түйенің көркі нарлық,—деп,
Жүктің көркі сандық»,—деп,—
Қарлығадай сұлуды
Жетелеп алып жөнелді:

«Құрдасжан берді, алдық,—деп,—
Татулыққа қандық»,—деп.
Мінген аты дөнен-ді,
Көкке тойған көбең-ді.

Байдың қызы жамылар
Масаты менен беренді.
Азырақ тұрып сөйлесіп,
Үшеуі тоқтап бөгелді.

Тізе қосып үшеуі
Көбіктінің көп жылқы
Гулетіп айдап жөнелді.
Ақ сүңгісі жебелі,

Кейін қалып көп елі,
Түнімен айдап жылқыны,
Бірнеше күн өткесін,
Әкеліп қосты жылқыны

Қазаннан алған көп малға.
Жатыр екен қосындар
Тастап кеткен жерінде,
Даярлап жатқан көп қият.

Екеуі қосқа келгесін,
Бір адым жер болса да,
Ілгері барып қонайық деп
Дүркірей көшіп жөнелді.

Атқа мініп желгендей,
Ер қадірін білгендей,
Қобыландының Тайбурыл
Ұмтылып аяқ баспайды,

Бір нәрсені сезгендей.
Қобыланды құлға ұқсайды,
Мезгілсіз жылап қақсайды,
Бекер жылап не қылсын,

Жан серігі Бурыл ат
Ілгері аяқ баспайды,
Омырау қағып ақсайды.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жүрмегенсін Бурыл ат,
Қалың қосын көше алмай
Күн батпай қонды Ақсайға.
Қол Ақсайға қонғасын,

Қарлығаны алып оңғасын,
Қараман барып алғандай,
Қосынға олжа салғандай,
Ақымақ қият бірталай

Қараманатты батырды,
Көтеріп аттан алады,
Ақ кілемге салады.
Арыстан туған Қобыланды

Атын ұстар кісі жоқ.
Қобыландымен көп қият
Кім екені ісі жоқ.
Мінген аты қызыл-ды,

Іс тағдырға сызылды.
Олжаға көңілі біткенсін,
Қияттардың бұл жерде
Қайтуға көңілі бұзылды.

Байдың қызы жамылар
Масаты шекпен, қамқа тон,
Қобыландыға қарамай,
Үдере көшті көп қосын.

Қобыландыдай батырың,
Аты ақсап жүре алмай
Жұртта жалғыз қалғасын,
Шыбын жанын қинаған,

Көздің жасын бұлаған,
Сүйтіп алған олжасын
Қият алып кеткесін,
Өксіп жылап қамығып

Жалғыздықтан жабығып,
Сүйекке намыс жеткесін.
Қарамандай құрдасы
Көптігіне мастанып,

Есіне алмай кеткесін.
Сонда Қобылан сөйлейді:

—Жақсының ісі бітеді,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Жаманның ісі жатады.
Шыбын жанды қинаған,
Көздің жасын бұлаған,
Бүйтіп алған олжамды

Қият алып кетеді.
Ақылсыз туған мен ақымақ,
Бүйтіп жалғыз жүргенше,
Қараспан тауды жайлаған

Қалың қыпшақ жұртымнан
Ондап-бестеп соңыма
Қосын ертсем нетеді?
Шыныменен шамдансам,

Қосыны түгіл, қияттың
Еліне күшім жетеді.
Үйге барсам, түзім жоқ,
Түзге барсам, үйім жоқ.

Өстіп жалғыз жүргенде
Өтесің бе дүние боқ?
Жалғыз туған мен сордың
Алдымда сүйеу ағам жоқ,

Алладан басқа панам жоқ!
Қазақ көппін дегенде,

Көппін деп айтар тілім
Артымда ерген інім жоқ,
Жалғыздықтан мінім жоқ.
Білмей қалдым, басымнан,

Өткеніңді дүние боқ?
Мінәжат айтып жылаймын,
Өзімнің нашар халімді.
Жазым болып, көз жұмсам,

Жау талайды малымды.
Атадан алтау екен деп,
Өзімнен төмен жаманға
Болайын неғып жалынды.

Қай уақытта көремін
Үйдегі кемпір-шалымды?
Құлым десең, Құдайя,
Бүгін маған көрсетші

Ататұғын таңыңды,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Ойла менің қамымды.
Ойламасаң қамымды
Осы түннен шығармай,
Тағдырымды бітіріп,

Тауыс менің нанымды!
Осы таңнан өткізбе,
Күн шығуға жеткізбе?
Мұхаммед атты пайғамбар,

«Үмбетім» деп еске алсаң,
Туыспа менің халімді,
Ойла менің қамымды.
Бұлайша деп Қобыланды

Түн ортасы болғанда
Жанында жалғыз адам жоқ
Көп қосынның шетіне
Қобыланды келді қаңғырып.

Қол шетінде Қобыланды
Тайбурылдан түседі.
Асып туған қатардан
Шаһизада кісі еді.

Құрбысында адам жоқ
Қоблекендей мүшелі.
Жамандар қылды өсекті,
Жылап жүріп Қобыланды

Тоқымын қылды төсекті.
Қараман қылды мастықты,
Жылап жүріп Қобыланды
Ерден қылды жастықты.

Тоқымын төсеп, ер жастап,
Етпетінен құлады,
Ұзынынан сұлады.
Алтынды ерге сүйеніп,

Өксіп-өксіп жылады.
Жыртылмаған құлпыға
Жылап жатып Қобыланды
Ортасы түннің болғанда

Көзі кетті ұйқыға.
Көзі ұйқыға кеткенде
Мезгілі таңның жеткенде,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Көк есегі астында,
Ақ дәстері басында,
Сырлы асасы қолында,
Өзі хақтың жолында,

Он сегіз мың ғаламның,
Он бесі бар соңында
Жеті кәміл бабасы
Жетіп келді жанына,

Ояума екен, Қобыланды,
Ұйқыдама екен, Қобыланды?
Бұл сапарың болмады.
Мінген атым боз-ды ғой,

Арқам сөзге қозды ғой.
Саған келген бәлені
Қорғаймын деп, Қобыланды,
Алтынды тонның етегі

Тамтығы қалмай тозды ғой!
Құланнан аттым қодықты,
Көлден тарттым борықты.
Кешегі күннің ішінде

Тоқтар шалға жолықтым.
Оқпанды, сай жыра екен,
Асқар-асқар қыр екен,
Сенің әкең Тоқтар шал,

Тізесіне тон жетпей,
Бұтында жоқ ыстаны,
Қаратабан қойшы боп,
Әкең ойда жүр екен.

Алпыста шешең Аналық
Арқан есіп, жүн түтіп,
Қайғыменен қан жұтып,
Қасіретті көп тартып,

Тезек теріп анаңыз,
Қозы бағып бүкшеңдеп,
Құрт қайнатып жүр екен.
Қарыңдасың Қарлығаш

Әбдестесі жанында,
Бес кесесі қолында,
Белдемшесі белінде,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қызылбастың елінде
Шай қайнатып жүр екен.
Өзіңнен қалған Құртқаны
Қалмақтың ханы Алшағыр

Аламын деп жүр екен.
Басып кетті беліңді,
Кесіп кетті желіңді.
Өзіңнің есен-сауыңда

Қыпшақты жауға бергенің
Ол да саған өлім-ді.
Қайғы тартқан еліңе
Сатамысың теріңді?!

Үстіңе келген дұшпанға
Көрсетсейші көрімді.
Жалған айтты дей көрме,
Жеті кәміл піріңді.

Қалмақтың ханы Алшағыр
Алтынды таудың алдында
Тастан соққан қорғанда
Бүгін үш күн болады,

Жауып кетті еліңді.
Хандар мінген қарала ат
Жалтарып шабар қояндай
Жас күніңде ойнап қал,

Қозы-Көрпеш Баяндай.
Бабасы айтқан хабармен
Қобыланды шошып оянды-ай.
Көзін ашып қараса,

Таң сарғайып атыпты,
Таң шолпаны батыпты.
Мақпал төсек мамық-ты,
Оянып, өксіп қамықты.

Жау шапқасын халықты,
Ойына жұрты түскесін,
Байлауға Құртқа түскесін.
Мұны біліп Бурыл ат

Күйініп ақсап жүр екен.
Пірден хабар тиген соң,
Ақсағаны жазылып

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Құлындай ойнап қалыпты.
Белгілі төбе бел екен
Қыз да болса ер екен,
Сауғаға кеткен Қарлыға,

Қараманның жанынан—
Ұйықтап Қобылан жатқанда
Шылбырын шешіп белінен,
Майқара мен бедеге,

Жусан менен көдеге,
Ақмоншақ пен Бурылды
Қарлыға бағып жүр екен.
Қос бүйрегі бүлкілдеп,

Көзінің жасы мөлтілдеп,
Пірден хабар тигесін,

Қарлығадай сұлуға
Әрең жетті еңкілдеп.

Қобыланды келіп сөйлейді:

—«Жолдас болдың, Қарлыға,

Алланың көп қой жарлығы.
Жер астына бір түсер
Бұл пенденің барлығы.
Құдіреті күшті құданың

Осы көптің ішінде,
Жалғыз маған түсіпті.
Қысым қылған тарлығы,
Жау шауыпты елімді,

Жау басыпты белімді,
Жау кесіпті желімді.
Менен қалған байтақ ел
Көрген сияқты көрімді.

Қалмақтың ханы Алшағыр
Алтынды таудың етегінде,
Тастан соғып қорғанды,
Шауып кеткенге ұсайды

Қараспан таудағы жерімді.
Жалған айтар дей көрме
Жеті кәміл пірімді,
Айтамын саған сырымды.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жылқы ішінде аламын,
Қылшық жүнді қарамын,
Көмек берер демеймін
Сайымның ұлы Қараман.

Айал да болсаң, қатар ең,
Мұңымды саған саламын.
Қош, Қарлыға, аман бол,
Қалмақ алған халқыма,

Көмегім жоқ артымда,
Жалғыз кетіп барамын!
Тәңірі оңғарса жолымды
Алаулаған қалмақтан

Кегімді барып аламын.
Қарлыға сонда сөйлейді:
Ер де сасар болар ма,
Етегін басар болар ма?!

Мұхаммедтің үмбетін,
Дінсіз алар болар ма?!
Мұндай іске қуанбай,

Батыр қашар болар ма?!
Сіз сияқты батырдың
Елін жау алар болар ма?
Әуелі Алла анайым,

Хақ жаратқан Құдайым,
Бүлініп елден шыққан соң,
Сіздікпін ғой деуші едім,
Жасаған қосқан жұбайым.

Сізден басым қалғанға

Соншама жедім уайым,
Сіздің менен дос болып,
Сүйтіп шыққан Қобыланнан
Кеудедегі шыбынның

Несін аяп қалайын!
Артық туған Қобыланды
Талабыңнан қайтпаңыз,
Қайғы тартып қан жұтса,

Запыран ішіп, май құсса,
Шабылған елге кете гөр,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бүлінген елге жете гөр.
Белгілі төбе бел болса,
Еретұғын ер болса,
Қараманға барайын,

Оған да жүр деп қарайын!
Ерсе жинап қолымнан,
Ермесе тастап соңымнан.
Ертең түстен қалмаспын

Қобыланды, мен де барайын!
Қарлыға бұл сөзді айтқасын
Тайбурылға мінеді,
Қарына семсер іледі.

Беліне байлап болатты,
Ақ сұңқар құстай қанатты.
Жануар асыл Бурыл атты
Тайбурылдың маңдайын

Қараспан тауға қаратты.
Күн тимеген сауырға,
Жел тимеген бауырға,
Қамшымен соғып қанатты.

Бурыл атты: «шу!»—деді,
Құбылып Бурыл гуледі.
Ертемен шапқан Қобыланды
Кешке шейін шабады.

Келіп жетті жеріне,
Жақындады еліне.
Намаздігер өткенде,
Құтпан мезгіл жеткенде,

Есіктің алды ығын-ды,
Бола жазды шығынды.
Шығын емей немене,
Екпіндеп шапқан Тайбурыл

Етпетінен жығылды.
Жығылғасын Қобылан
Аттан түсе қалады,
Жерді сипап қарады.

Аллаға неден жалықты,
Атына—жем, өзіне
Қылсын деген азықты.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Екі мезгіл жем берген,
Жаныменен тең көрген.
Алтыннан соққан сарайға
Бурылы құлап жатыпты.

Мінген аты құла-ды,
Ертеменен шауып бұлады.
Құртқаның баққан жұртына
Тоқымын төсеп, ер жастап,

Азырақ дем алайын деп
Батыр Қобылан құлады.
Ұзынан сұлады.
Елі-жұртын сағынып,

Алтын ерге сүйеніп,
Өксіп-өксіп жылады.
Осы жерде Қобыланды
Таң атқанша жатады.

Таң сарғайып атқанда,
Таң шолпаны батқанда,
Жан-жағына қараса,
Жұрты жатыр, елі жоқ,

Батпағы жатыр, көлі жоқ.
Қаңғырып жүріп далада,
Ешбір опа көре алмай
Өткенің бе, дүние боқ.

Таң атқан соң батырың
Тағы да түсті жарысқа.
Байлауда Құртқа жатқанда
Жан серігім қарышта!

Асқар-асқар беліне,
Белден көшкен еліне,
Айна көлде Құртқаның
Ордасын тіккен жеріне.

Жұртын көріп сол жерде
Көзіне батыр жас алды.
Неше батыр болса да,
Буыны балқып босады.

Жұртына көзін салады,
Аллаға неден жалықты,
Атына жем, өзіне

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қылсын деген азықты
Ортасына жұртының
Құртқажан қағып кетіпті,
Кез бойы алтын қазықты.

Мұны тауып алады,
Алтын қазық бес бүктеп,
Ат қоржынға салады.
Қоржынға салып «шу» деді,

Құбылып Бурыл гүледі.
Аллаға тілім жазықты,
«Аты арыса, қарны ашса,
Атына жем, өзіне

Қылсын деген азықты».
Ортасына жұртының
Құртқажан қағып кетіпті
Кез бойы алтын қазықты.

Мұны тауып алады,
Алтын қазық бес бүктеп,
Ат қоржынға салады.
Қоржынға салып «шу» деді,

Құбылып Бурыл гуледі.
Таң салқыны жеткенде,
Ағыны қатты Бурылмен
Алтынды таудың етегіне

Аңқытып жетіп келеді.
Еменнен кестім найза,—деп—
Пенделік тартқан халқыма
Тигіземін пайда,—деп,

Күн шыққанша Қобыланды
Екі айналды шаһарды.
Енуге есік қайда деп,
Енуге есік таба алмай,

Кіруге тесік таба алмай,
Күн шыққанша батырың
Айналып жүрді сыртында-ай.
Қуыстау жерден жөткенде,

Мүйістеу жерге жеткенде,
Жылқыда құмай аланы,
Атадан дақ дараны,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Күнде қойға барғанда,
Жоқтаушы еді Тоқтарбай
«Жалғызым!»—деп баланы.
Қойға бара жатқанда,

«Уа, қозым!»—деп зарлаған,
Жас қозыдай маңыраған,
Саулы інгендей аңыраған,
Тоқтарбайдың дауысы

Сыртта жүрген батырдың
Құлағын жарып барады.
Қалайша жоқтар екен?—деп,
Құлағын батыр салады.

Келелі түйем ішінде
Қайырлы Бураға ұсаған
Қайырлы туған Қобылан,
Ботам, сенен айрылдым.

Алалы жылқы ішінде
Көзге түсер тұлпардай,
Тұяғы бүтін сұңқардай,
Құлыным, сенен айрылдым.

Ай мүйізді қошқардай
Тілеп алған, жалғызым,
Қозым, сенен айрылдым.
Көл айнала шаңдатқан,

Байламаса, тынбаған,
Көк ала бұқаға ұсаған
Мен бұзаудан айрылдым.
Ішіме толған көп қайғы

Аһ ұрсам да кетпейді,
Дұшпанның берген тері тон
Тіземе тартсам жетпейді,
Ал десем де тәңірге

Өлшеулі күнім бітпейді.
Жалғызым барда көңілім тоқ,
Құлынымнан айрылып
Табаныма тиді шоқ!

Басымнан өтті дүние боқ,
Бұл қорлықты көргенше

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Тигені артық ажал-оқ!
Айы біткен айда өлер,
Күні біткен күнде өлер,
Жалғызым! деп зарласам

Сүйексіз тілім дөңгелер!
Жалғызымнан айрылып,
Көрген күнім беп-бекер.
Атаңа, нәлет, Алшағыр,

Көрсеттің ғой өкімді!
Жалғызым тірі бір келер,
Асықпай тұр, қызылбас,
Сыбағаңды сол берер!

Опасыз дүние сырғанақ,
Он үш жасар Қобыланды
Шынымен сенен айрылсам,
Жалғызым, тезірек келмесең,

Өтірік емес құдайдың,
Шыныменен мені ұрғаны-ақ!
Дұшманға пенде болғанша,
Бұл бейнетті көргенше,

Жалғызымның артынан
Неге өлмедім мен шұнақ!
Қорлық берді бұл дұшман
Тоқсанға келген жасымда,

Пенде болып кәпірге,
Қойын бақтым мен пақыр.
Жалғызым менің келер ме,
Пірлерден тиіп бір қабар,

Тайбурыл атпен желер ме.
Соры қайнаған мен сордың
Жаратқан жаппар құдайым
Көзімнің жасын көрер ме?!

Жә болмаса, сол жақта
Қазасы жетіп өлер ме.
Жә болмаса жарылқап,
Тірі болса жалғызым

Пірлері хабар берер ме?!
Жә болмаса, құдай-ай,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Менің мұндай жайымды,
Көңілге түскен уайымды,
Жалғызым менің білер ме?!
Сол уақыттар болғанда,

Қозы Көрпеш-Баяндай,
Өлім хақтан аянды-ай,
Алпыста шешесі Аналық
Ұйқысын ашып оянды-ай,

Аналық сонда сөйлейді:
«Тоғайдан қудым көжекті,
Қырдан тердім тезекті.
Жалғызымды жоқтаймын,

Шаршағанда тоқтаймын,
Жан қосағым, Тоқтар шал,
Берші маған кезекті!
Көп жылама, серігім,

Иіруі жоқ күмісім,
Ойыным менен күлісім,
Жасаған қосқан білісім!
Жалғызымның барында

Кеңіп еді өрісім.
Алтыннан еді кебісім,
Көріп едім тіріде
Жеті жұмақ бейісін!

Бейіс барған жейді екен
Қауызы Кәусар суының
Шетінен тістеп жемісін.
Ай мүйізді қошқардай,

Омар менен Оспанға
Ризамын құдайға
Жасаған сені қосқанға-ай!
Жұмылған көзімді ашқандай,

Ішіміз толды пұшманға-ай,
Жалғызымнан айрылып,
Бәнде болдым дұшманға-ай.
Пайғамбар—тәңірі жолдасы,

Кәпірдің өтті бұл ісі.
Жан қосағым, Тоқтарбай,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Көзіңді салшы аспанға-ай.
Пайғамбар—Құда білісі,
Кәпірдің өтті бұл ісі.
Бүгінгі түн түсімде

Түн ортасы болғанда
Құбыла жақтан жел соқты.
Жаңылмасам деп едім
Жалғызымның астында

Тайбурыл аттың желісін.
Шырағым асты белеңнен,
Кетіп еді жау іздеп,
Астында Бурыл дөненмен,

Көкке тойған көбеңмен.
Жұмысы болмай жөнелді
Қараспанды жайлаған
Қалың қыпшақ көп елмен.

Өткізермін деуші едім
Жасықты жанып болатқа.
Жалғыз туған шырағым,
Сапарландың талапқа.

Кетеріңде, шырағым,
Тапсырғанмын бір хаққа.
Ел-жұртыңды іздеп ал,
Жалғызым қайтып ел жаққа.

Шырағым, шықтың денемнен,
Жарылқай көр жебеңнен.
Жан қосағым, Тоқтар шал,
Көзіңді салшы аспанға.

Атасы берген шырақтың
Бұлты келді төбеңнен.
Қыс болса, шығар жел жақтан,
Жаз болса, шығар күн жақтан,

Жау келсе, түсер жау жақтан!
Жолыңды күтіп, жалғызым,
Болайын құрман сенен мен.
Бұлтың келді, өзің жоқ,

Жалғызым барда көңлім тоқ.
Шырағым, сенен айрылып,
Табаныма тиді шоқ!

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жалғызымның барында
Пешпет ойдым мақпалдан
Тақия, бөрік, үкі шоқ!
Жалғызым, сенің барыңда

Көшке жорға мінгенім,
Еруде қамқа кигенім,
Жалғызым, сенен айрылып,
Осынша бейнет көргенім!

Жайықтың суы ылай-ай,
Көр болды көзім жылай-ай.
Осы күнде, Тоқтар шал,
Оң қабағым тартады,

Қуантамысың, Құдай-ай!
Осы күні, Тоқтар шал,
Аузы құрғыр тартады,
Жалғызымды сүйгендей!

Иіні құрғыр тартады,
Қараспан тауға ел қонып,
Еруге қамқа кигендей!
Осы күні, Тоқтар шал,

Тақымы құрғыр тартады,
Қараспан тауын жағалап,
Қалың қыпшақ ел көшіп,
Сұр жорғаны мінгендей!

Осы күні, Тоқтар шал,
Төсімде қатқан қос тері,
Асылы жоқ бос тері,
Бұлақ болып есілді,

Жалғызым келіп емгендей!
Қуанамын мен ғарып
Әр нышанын көргендей.
Анаң байғұс зарлайды

Ботасы өлген інгендей.
Ернім және тартады,
Он үш жасар шырақтың
Ақ бетінен сүйгендей.

Жүрегім алып ұшады
Кеткен қозым келгендей.
Оң қабағым тартады

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Сапар шеккен қозымнан
Анық хабар білгендей.
Жұмылған көзім ашылып,
Жалғызымды көргендей.

Есіктің алды төбелік,
Бейшара болған біздерге
Кәпір қылды көп зорлық
Алпыста шешең Аналық,

Тезек теріп етектеп,
Құрт қайнатып, жүн түтіп,
Арқан ескен не қорлық?!
Шырағым үйден кеткесін,

Есімнен кетпес бұл зорлық!
Өзге қорлық қорлық па?!
Өзіңнен қалған Құртқаны
Қалмақтың ханы Алшағыр

Аламын дейді—сол қорлық!
Дұшпанның түсіп торына
Отыр Құртқа сол мұңлық.
Осындай болып жатқанда

Жалғызым келіп ат қояр
Алшағыр жиған нөкерге.
Дұшпанның қылған зорлығы
Өлгенше естен кетер ме?!

Мұндай болып біз тұрмыз,
Шырағым, жүрсің бекерге.
Зарланған менің дауысым
Жалғызыма жетер ме?!

Сол уақыттар болғанда,
Қарындасы сөйледі:

—Жан шеше-еке, тұра тұр,

Жан көкеме түс көрдім,
Өткен түні мен кешке!
Адыра қалғыр айбалта
Тасқа тиді, кетілді,

Қайрап ем тағы жетілді.
Тәңірі аямас болар ма,
Біздей ғарып, жетімді?!

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жетім емей немене,
Атаңа нәлет, Алшағыр,
Көрсетті ғой өкімді!
Көкем үйде болғанда,

Қалмақтың ханы Алшағыр
Бұзар ма еді кентімді?!
Құлақ салғын, кемпір-шал,
Естіп пірдің хабарын

Көңілім менің бекінді!
Шаба алмай да жүрмесе,
Астындағы Бурыл ат,
Бабадан хабар тиді ғой,

Жетсе керек, жан көкем,
Тайбурылын сауырлап!
Жан ана, бүгін түсімде
Өзімнің бабам ішінде

Бұл уақытта жан бар ма,
Жан көкемдей пішінді?!
Қазанның Сырлы қаласын
Артық туған жан көкем

Жалғыз шауып жүр еді.
Қазанды шауып, жау қашып,
Бірге туған жан көкем
Алтынды туға ақырып,

Қараманды шақырып,
Қасқарлық таудың басында
Қатын деген бір сөзін
Бетіне соғып тұр еді.

Көкемнің айтқан сөзіне
Қараман батыр өкпелеп,
Жамандарша, кек тұтып,—
Көкем желді соңынан

Өкпелеп досым кетті деп.
Ордың мініп басына,
Қаланың келіп қасына.
Ордан атын қарғытып,

Қандектен оғын сырғытып,
Қазанды шаншып, жау қашып,
Көп қосынға жан көкем

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Олжа салып жүр еді.
Бөлінбеген ұйқыға,
Жыртылмаған құлпыға.
Қараман мен жан көкем

Таң ата алып жүр еді
Көбікті ханның жылқысын.
Жамандатқыр тарлан ат
Қашып барып еліне

Ер салуға Көбікті
Тарлан атқа асығып,
Терлік салып беліне,
Қуып жетіп Көбікті,

Қараман мен көкемді
Көбікті басты тақымға.
Көкемнің құрып хайласы,
Басынан сынып найзасы.

Жан көкемді пенде ғып
Кәпірдің көңілі желікті.
Бұл секілді қорлыққа
Жан көкем неғып көніпті?!

Жан көкемнің қолдамай
Сыйынып жүрген бабасы,
Батырлардың бұл жерде
Болмады қабыл тәубасы.

Мақтануға жарады
Дұшманның асып айласы,
Жамандығын жасырып,
Жақсылығын асырып,

Қол-аяғын босатып,
Жан көкемді қашырып,
Қару-жарақ ат-тонын
Қойған екен жасырып.

Сарт болмады Шашты Әзиз,
Қызметін асырып.
Өз аттасым Қарлыға
Мұсылман боп жүр еді,

Артық туған көкемнің
Аяғына бас ұрып.
Қараман мен жан көкем,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Тағы да айдап жүр еді.
Көбіктінің жылқысын
Көбіктінің Тарлан ат
Тағы да қашып Көк бесті

Көбікті мініп атына,
Бұрынғы тартып салтына,
Көкем қарап артына,
Көбіктіні өлтіріп,

Сәтіне ісін келтіріп,
Жұмысын анық бітіріп,
Қарамандай құрдасқа
Қарлығадай сұлуды

Сауғаға беріп жүр еді.
Ақ бөкендей жосылып,
Қазаннан алған көп малға
Жылқыны айдап қосылып.

Даяр жатқан көп қосын
Дүркірей көшті жосылып.
Бурыл ат ақсап қалғасын,
Қол Ақсайға қашып жүр еді.

Көкемнің көңілі басылып,
Бурыл ат ақсап қалғасын,
Қол Ақсайға қашып жүр еді.
Жалғыздықты айтып зарығып,

Пірлерге налып жүр еді.
Хабарланып пірлерден
Жалғыз шауып жан көкем
Қараспанның тауында

Жұртына келіп жүр еді.
Жеңешем көмген сары нанның
Шетінен тістеп жүр еді.
Аллаға тілім жазықты,

Ат арыса, қарын ашып,
Атына жем, өзіне
Қылсын деген азықты.
Бурыл ат тауып жүр еді.

Жеңешем көмген қазықты.
Белгілі төбе бел еді,
Қыз да болса ер еді.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ықылас ата, Шашты әзіз
Шын сарт болып кетпесе,
Осы күнде көкешім
Мұнда келіп жүр еді.

Сол уақыттар болғанда,
Құртқа келіп сөйлейді:
Тұра тұршы, Бикешжан,
Дүйсенбі күн сәскеде

Аспаннан ай түсірдім,
Қараспан таудың басында
Ақ сұңқар құсымды ұшырдым.
Ойпаң жерден ор қаздым,

Сұлтаным түзде жүргенде
Жауға пенде қылғандай
Бибі Бәтимаға не жаздым?!
Қараша таудың жылғасы,

Баурында болар құлжасы,
Әр пендеге бітер ме,
Сұлтанымның тұлғасы.
Құдай кіші жаратты—

Төмен етек ұрғашы.
Сұлтаным сүйер ақ денем
Бола ма жаудың олжасы?!
Аламын деп қинап жүр

Діні де жаман болмашы.
Қартаймақ хақтан жарлық-ты,
Қозысы өлген саулыққа
Қой теліген барлық-ты.

Құлыны өлген қулыққа
Тай теліген зорлық-ты.
Ботасы өлген інгенге
Нар теліген зорлық-ты.

Ақ сұңқар қонар тұғырға
Қарға қону зорлық-ты.
Тәңірі басқа салғасын
Дұшпаннан көрдім қорлықты.

Сұлтаным келіп сәлемет,
Кәпірге салса әлемет,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Үшбу жалған дүниеден
Өтер едім армансыз—
Алаулаған қалмаққа
Өзінікін келтіріп,

Бір көрсетсе қорлықты.
Сары бал салдым аяққа,
Бұғалық салдым саяққа,
Ніл өтпейді бояққа.

Кімдер әуес болмайды,
Желдеп шыққан саяққа.
Перзентім деген, Тайбурыл,
Менен кеттің қайаққа?

Қырық күнгеше мен қасқа
Анаңыздан туғаннан,
Анаңның жүзін көрсептей,
Баурыма салып бала етіп,

Қызмет еттім сен жаста.
Алтыннан таға салдырдым
Таймасын деп тау-тасқа.
Қырық күнің біткенше

Қысырдың сүтін еміздім,
Алғаусыз болсын бедеу деп
Қулықтың сүтін еміздім.
Сексен күнің біткесін,

Тоқсан күнің жеткесін,
Арымасын деп, талмасын деп,
Маңқа, құлық болмасын деп,
Жеміңе қосып мен саған

Қызыл дәрі жегіздім.
Құртқаның баққан Бурылы
Қыдыра жалды, қыл құйрық,
Жылқыдан қалмас дегіздім.

Құнанда емдің, тайда емдің,
Сүйткен сенен не көрдім?!
Бес жасыңа келгенде
Бие қызығын көрсін деп

Бес бедеуге салдырдым.
Бір көрсетпей қараңды
Алты жаста ақтаттым,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ат болар деп батырға
Бурыл, сені мақтаттым.
Мені неге қақсаттың?
Асаудан ат қып үйреттім,

Таралып мойны өссін деп
Жібек арқан құлаштап,
Ұзын байлап мойныңа,
Бурыл, саған сүйреттім,

Сенің анаң мен болып,
Менің балам сен болып,
Бір көрсетпей қараңды,
Қабырғамды күйреттің.

Ғайыптың құсы сен болып,
Қай тарапқа жөнелдің?
Артықша еңбек қылып ем,
Жан серігі батырдың,

Осындай қиын жерлерде,
Үстіңдегі сұлтанды
Тарықтырмай біздерді
Бір көрсетер деп едім,

Көңілімдегі арманым
Қараманның сөзімен
Қырық үш күнің кем едің.
Сұлтаным келіп саламай,

Дұшпанға салып әлемет,
Ғаріптерді қолдашы,
Құданың досы—Мұхаммед.
Біздей мұңлық ғаріпке,

Үмбетім десең, қыл медет!
Дарбазалы есікті,
Пайғамбардай несіпті,
Шаһардің тұрып ішінде,

Қыз Құртқаның зарланып
Шығарған қатты дауысын
Періштеден жалғасып,
Сыртта тұрған тұлпардың

Құлағы анық есітті.
Қыстың басы қауыс-ты,
Артық туған Қобыланды

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Он үш жасқа келгенше
Ерегескен дұшпанның
Басын жойып тауысты.
Құртқаның сөзін есітіп,

Анасын тұлпар білген соң
Қайта-қайта кісінеп,
Шығарды қатты дауысты.
Бурылдың дауысын

Құртқаға жел жеткізді.
Танығасын дауысын
Көңілден кірін кеткізді,
Айтса сөзін өткізді.

Тайбурылдың дауысын
Құртқа анық біледі.
Дауысын танып тұлпардың,
Келгенін біліп сұңқардың,

Артық туған қыз Құртқа
Ақсұңқар құстай түледі.
Сол бетімен сұлудың
Көңілі тасып шат болып,

Алшағыр ханға келеді.
Енді қойып күлкісін,
Тілеп алды күн шықпай
Алшағыр ханның ұйқысын.

Арызым бар деп сөз айтты:
Елімді шапқан, Алшағыр,
Сөзіме құлақ сал, Шағыр,
Сақтағаны Құданың

Сен итке де бар шығар!
Мінген атың кер ме еді?
Сұлтанымның барында
Сырттан келген дұшманға

Намысымды бермеді.
Сұлтанымның жоғында
Сен болдың менің ергенім.
Әкелдің де қамадың,

Жарық сәуле көрмедім,
Далаға шығып қыз Құртқа,
Бойын жазсын демедің.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Рұқсат берсең, Алшағыр.
Далаға шығып, азырақ
Бой жазайын деп едім.
Ала қапты алайын,

Беліме арқан шалайын.
Тезек теріп, бой жазып,
Шаһардың шығып сыртына,
Бойымды жазып келейін.

Алшағыр да ер еді,
Аламын деп қашаннан
Дәмеленіп жүр еді,
Сұрағасын сұлуға,

Үмітпен жүрген Алшағыр
Мақұл көріп бұл сөзін
Барсаң, бар деп ендеше,
Рұқсатын береді.

Ала қапты алады,
Беліне арқан шалады.
Сенбегесін қашар деп
Екі құл мен екі күң

Бақташыға салады.
Және де Құртқа сұрады
Алшағыр ханның сатысын.
Сұраған соң қыз Құртқа

Хан сатысын береді,
«Мені қабыл көрді» деп,
Жауабына ереді.
Артық туған қыз Құртқа

Сатыны қолға алады.
Баспалдақты көтеріп,
Тамға сүйеп салады.
Баспалдақпен өрмелеп,

Жоғары шығып қарады,
Жан-жаққа көзін салады.
Бір тоғайдың ішінде
Тұлпарды байлап терекке,

Отырғанын батырдың
Сұлудың көзі шалады.
Бір дуадақ атып ап

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Шала піскен кезінде,
Қанды көбік тарқамай,
Ортасынан бір кесіп,
Дәм көрмеген көп күннен

Артық туған батырың
Ауызына салады.
Көріп сұлу сөйлейді:
Қолыңдағы дуадақ

Жүнін үйтіп, тазалап,
Пісіріп жесең болмай ма?
Әуелі алла, әл-халім,
Атып мылтық өткізбес,

Басыңда тіллә қалқаның.
Кеткен жері қуарған,
Келген жері қуанған,
Тұлпар мініп, ту алған,

Туын қанға суарған,
Дұшпан іздеп жол шеккен—
Келген екен салқамым.
Артық туған қыз Құртқа

Рұқсатты алғасын
Ала қапты алады,
Беліне арқан шалады.
Шаһардың шығып сыртына,

Бақташысы қасында
Құртқа кетіп барады.
Келді бір сайдың басына,
Сайдың кіріп тасына,

Төрт бақташы қасында
Отырып кеңес бастайды,
Күң мен құл сөзін қостайды.
Бір күң менен бір құлын

«Ойнай тұр» деп тастайды.
Ол сайдан да өтеді,
Және бір сайға жетеді.
Отырып кеңес бастайды,

Күң мен құл сөзін қостайды.
Бір күң менен бір құлын

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

«Ойнай тұр» деп тастайды.
Бұлардан қалас болғансын,
Бойын жазып алғансын,
Мінген аты қылаң-ақ,

Ала қапты төрт бүктеп
Ішіне тықты қыз Құртқа—
Қобыланды ерді сынамақ,
Қатын, қыздар жағады,

Қарағайдан шайырды,
Үлкен-кіші жігіттер,
Тіріде бер қайырды.
Тоғайым көрген осы деп,

Не болмаса тұсы деп,
Бір тоғайға қайрылды.
Тоғайға келіп енеді
Келе жатып қыз Құртқа

Терекке басын байлаған,
Шиыршық атып ойнаған,
Бурылды сұлу көреді.
Бұлаңдаған Құртқаны

Бурыл ат та көреді,
Анасын танып Тайбурыл
Теректегі шылбырын
Үзіп ала жөнелді.

Ат қашқасын, тәк-тәк деп
Артынан Қобылан жүгірді.
Ұмтылғанда Тайбурыл
Шыдай алмай қыз Құртқа

Омыраудағы он түйме
Ағытып бәрін жіберді.
Есіктің алды ағын-ды,
Бола жазды шығын-ды.

Шығын емей немене
Екпіндеген Бурыл ат
Омырауына Құртқаның
Тұмсығын тыға жығылды.

Ат жығылған мезгілде,
Бұлаңдаған Құртқаны
Қобыланды батыр көреді.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Келе жатқан батырды
Қыз Құртқа да көреді.
Танығасын батырды
Қол қусырып алдынан

Иіліп сәлем береді.
Құртқа сұлу сөйлейді:

—Екі саулық, бір тоқты,

Баһар айда қырқарым.
Дүние кеңде адам ит
Жан қоя ма, іңкәрім?!
Бұрын жетті өзіңнен

Астыңда мінген тұлпарың.
Тұлпар мініп, ту алған,
Туды қанға суарған.
Кеткен жерің қуарған,

Келген жерің қуанған,
Аман-есен келдің бе,
Жұрт иесі сұңқарым?!
Жаудың бақтым қаласын,

Дұшманның міндім аласын,
Қалмақтың жектім шанасын,
Қайсар Қобылан сұлтаным,
Әлде қандай қыласың?

Жаманның тарттым жаласын,
Сұлтаным, түзде жүргенде
Өкімінен жүктедім
Бір дұшманның баласын,

Әлде қандай қыласың?
Сөзге қайым келеді
Қаусырма иек, тіл мен жақ.
Қауыстырды сәләмәт,

Бұларды сақтап Жаппар Хақ.
Қобыланды сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
Артық туған қыз Құртқа,

Заманым қайда баяғым,
Кім ұстамас жылқының
Желдеп шыққан саяғын.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бірді таппа, мыңды тап,
Көріп келдім бұл жолда
Жалғыздықтың азабын.
Адам болып, ер жетсе,

Өзімнің соғар таяғым,
Қобыланды кеңдік бастады,
Кеңдігін Құртқа қостады,
«Ұл болсаң бұл ала қап,

Тұл болсын,—деп,—ала қап!»—
Артық туған қыз Құртқа
Қобыланды сынды батырдың
Көзінше алып тастады.

Қап екенін көргенсін,
Иек тартып күледі.
Аузы айтса да батырдың
Іші күйіп тұр еді.

Қасындағы тоғайға
Қадам қойып жөнелді.
Қобыланды сонда сөйлейді:

—Көптен бері жол жүріп

Сағынған жарың мен едім,
Дұшпаннан көріп кемшілік
Сарғайған жұптым сен едің.
Арманым жоқ дүниеде

Есен-аман қауыштым,
Құдай қосқан қосағым.
Ата-ана, көп халқым
Көре алмаспын деп едім.

Ақылды туған, Құртқажан,
Жауапты болып зергері
Қыпшақтың мекен жайлауы
Қараспан еді өркені.

Көрмегелі сіздерді
Көп болып еді, Құртқажан,
Көріселік кел бері!
Құртқа келіп көрісті,

Осы келген сапардан
Қайғы менен машақат,
Қобыланды көрген көп еді.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Екеуінің есен-сау
Көріскені келісті.
Көрісіп болып екеуі—
Арманымыз жоқ құдайға

Аман-есен көрдік—деп,
Көңіліндегі қашаннан
Қайғы зарын шығарып,
Екі сұңқар кеңесті...

Батырдың мінген қызыл-ды,
Жал-құйрығы ұзын-ды,
Талма түсте сұлуға
Батырдың көңілі бұзылды.

Белінен қысып құшақтап,
Құртқа сынды қызыңды.
Сағынғаннан бір-бірін
Көзінің жасы тізілді.

Батырың ұстап тартқанда
Сұлудың белі үзілді.
Сол уақыттар болғанда
Құртқа сұлу сөйлейді:

Мінген атың—құлаңыз,
Шабуыл салып бұлаңыз,
Көптен төсек көрмеген,
Күйінішті болған шығарсың.

Алай да болса, сұлтаным,
Аз-кем күнге шыдаңыз,
Алыптай еді бір басың
Тайбурыл атты ойнаттың.

Дұшпаның көп-ті, досың жоқ,
Сұлтаным, бұзба қайратың.
Айдынды көлде қу аттым,
Дертке дәрі етіне.

Ойнап балық шығады
Жазғы судың шетіне.
Ағаң, інің сенің жоқ
Халық қолыңа тигенде.

Біреуменен ұрыссаң,
Біреуменен керіссең,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Әзілдесіп, күлісіп,
Жамандардың тілі ащы,
Қадыр білмес кей жаман,
Ата-анасын жоқтамай,

Қатынын Қобылан тапты деп,
Кінә қылар бетіңе!
Сонда Қобылан сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Бұлғай да бұлғай, бұлғай ма,

Бұлғайдың түбі тынғай ма?
Өтірік айтқан оңғай ма,
Түлкі киген тоңғай ма?
Бұл ақылың, қыз Құртқа,

Патшаға бітсе болмай ма?!
Сөзің дұрыс, Құртқажан,
Тапсырдым сені Құдайға
Бұлаңдаған, қыз Құртқа,

Әйел болдың айла жоқ,
Егер еркек болғанда,
Болар ең жұртқа тұтқа бір.
Төрткүлден соққан төбе еді,

Есілден шыққан көл еді.
Жалғыз да болсам жасымнан,
Көпке басым тең еді.
Неше жылдай жол шегіп,

Ауыр азап көп көріп,
Сарғайған нарың мен едім,
Сағынған жұптым сен едің.
Сүйтіп көрген сұлтаным

Бір ауыз сөзге жарамай
Кетті деп айтар деп едім.
Арманым жоқ дүниеде,
Есен-аман қауыстым

Құдай қосқан жарыма.
Ата-анамды, көп жұртым
Көре алмаспын деп едім,
Ертең Бурылды мінейін,

Қарыма сүңгі ілейін.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Дәуіт соққан берен-ді,
Кебінім деп киейін.
Сіздерді алған дұшманға
Жалғыз да болсам тиейін.

Матау көріп байланған
Біздің Қыпшақ ағайын
Қойсын бүгін ұйқысын.
Түніменен сайланып,

Бітіре берсін жұмысын.
Жер басына тоғайдан
Кесіп алсын бір келтек.
Ертеңгі күн Күн шыға,

Аллалаған дауысым
Аш қарында шыққанда,
Мендікпін деген ағайын
Дарбазадан табылсын.

Тоқым салдым алаға,
Жау іздедім далада,
Ағайын-туған, қарындас
Қарамай ата-анаға.

Мұншама, Құртқа, бой жазып
Нағылып шықтың далаға?!

—Келінің ұзап кетті деп,

Өкімі жүрген ит қалмақ,
Барғанша азар бермесін
Ата менен анаға.
Құртқажан, енді кешікпе

Қайт тезірек қалаға.
Құртқажан, сәлем дегейсің,
Ата менен анаға
Және де сәлем дегейсің

Қыпшақта үлкен ағаға,
Жасы кіші балаға.
Көріп келдім сұлтаным,
Келіп отыр дегейсің,

Қаланың сырты далада.
Әділ сұлтан бір жанын
Қылып отыр дегейсің,
Ағайын, жұрттан садаға.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қош, есен бол, Құртқажан,
Ертеңге дейін тапсырдым
Бір жаратқан Аллаға!.
Сонда Құртқа сөйлейді:

—Қайт десең, сұлтан, қайтайын,

Алшағыр соққан қалаға.
Көргеннен соң шығып ем
Шыдай алмай далаға.
Сұлтаным, сенен айрылып

Ішім толды санаға.
Шыбыныңды, тапсырдым,
Бір Жаратқанға Құдаға.
Хандай қара басыңнан

Мендей сорлың садаға!
Құртқа сорлы жылап тұр,
Екі көзін қадап тұр
Қобыланды сынды балаға!

—Айдынды көлде қу аттым

Дертке дәрі өтіне.
Ойнап балық шығады
Жазғы судың шетіне.
Жарылқасын Құдайым,

Сұлтаным, сенің бетіңнен.
Шырағым, жаның сау болса,
Кегіңді мықтап аларсың,
Қызылбастың кентінен.

Тым болмаса, мойның бұр,
Кетейін сүйіп бетіңнен!
Құдай қосқан нашармын
Жазым болып, көз жұмсаң,

Кім жоқтайды соңыңнан,
Мен өлермін дертіңнен!
Жаз мінгенім жалды еді,
Қыс мінгенім қоңды еді,

Сүйгенімнің алды еді.
Асқаным алтын мосы еді,

—Жасаған құдай оңдаса,

Сүйгенім сені осы еді.
Мойнын бұрды Қобылан нар,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Құртқа сұлу ынтызар,
Ауыздан сүйді Құртқа жар.
Аузын сүйді аймалап,
Алқымын сүйді қармалап.

Алқымға ауыз салады,
Өліп-өшіп барады,
Көбірек тұрып құшақтап,
Қобыланды сұлтан баланы.

Қожа бесін болғанда,
Ғашық жармен көрісіп,
Ішкен асы сұлудың
Бойына енді тарады.

Көңілі тасып, шат болып,
Шұбалаңдап қыз Құртқа
Шаһарға қайтып барады.
Манағы қалған күң мен құл,

Қайтатұғын жөн еді.
Күң мен құлын жинады,
Жинағанмен күң мен құл
Оңайлықпен тұрмады.

Тұрайын десе бейшара
Оңаша тіккен күркесін
Кетуге тастап қимады.
Енді ертіп шықпас далаға деп,

Орнынан әрең тұрады.
Төрт бақташы қасында,
Құртқа сынды сұлуың
Алшағырдың шәріне

Тезірек жүріп барады.
Қақпаның аузын аш деуге
Сұлу Құртқа жарады.
Қалаға Құртқа енген соң,

Күң мен құлды әкеп берген соң,
Сүйінші, сұлтан келді деп
Атасы мен анаға,
Дұғай сәлем айтып қалады:

Қыпшақта үлкен ағаға,
Өзінен кіші балаға.
Қобыландының келгенін

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Тоқтар басы көп Қыпшақ
Естігесін Құртқадан,
Көңілі тасып қуанып,
Шаттанысып қалады.

Біреуі жылап, біреуі
Есінен танып қалады.
Жалғызға жәрдем бергей деп,
Жаратқанға тапсырды

Қобыландыдай баланы.
Құртқа сұлу кеткесін,
Қожа бесін болғанда
Қобыландыдай батырың

Бір төбеге барады.
Қарлыға қыз келер деп
Алды-артына қарады.
Сол уақыттар қараса,

Өкше ізінен шаң шықты,
Не қылған шаң? деп қараса,
Саулы інгендей ыңқылдап,
Күшігендей сұңқылдап,

Буыны түсіп былқылдап,
Алтын қалпақ дулыға
Шекесінде жарқылдап,
Қалың шаңның астынан

Ақмоншақ атпен Қарлыға
Шыға келді жарқылдап.
Қарлығаның соңынан
Пайғамбар Құда белгісі,

Мінген аты көк бесті
Ақмоншақ аттың інісі,
Сейілдің ұлы Қараман
О да келді былқылдап.

Қараманның соңынан
Қосынның қалған елінде
Орақ дейтін бір батыр:

—Қараманның күйеуі

Шешесі Қамқа түс көріп,
Таңғажайып іс көріп,
Қыпшақты жау алды деп,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Басына қайғы салды деп,
Қараспан таудың сағасын
Адыра талқан қылды деп,
Жалғыз ұлы жауда жүр,

Аналық пенен Тоқтардың
Төбесінен ұрды деп,
Шырағым, атқа мін,—дейді.—
Қалың Қыпшақ бүлді,—деп,

Көрмегенін көрді,—деп,
Қобыланды да жеткен-ді,
Бабасы хабар берді,—деп.
Жау шапқасын халықты

Көзінің жасы көл-ді—деп,—
Шешесі бұл сөзді айтқасын,
Айдынды орақ, ойлы Орақ,
Айбалтасы қанды Орақ—

Елінен шықты сол шырақ.
Қарлығаға кездесіп:
Барасың қайда?—жөн сұрап,
Жолы бірге болғасын,

Бірге шықты бұрқырап.
Есіктің алды балдырған,
Қызылбас көңілін қалдырған,
Қызылбастың жұртына

Талай бүлік салдырған.
Жіңішке жирен аты бар,
Қолында жазған хаты бар.
Аллаға жеткен даты бар,

Әлемге жеткен даты бар..
Шақырушы Қарлыға
Екеуіне қосылып,
О да келді ер Орақ.

Қобыландының көп елін
Қалмақ алды деген соң
Екеуіне қосылып,
Үшеу болған сол шырақ.

Артық туған Қобыланды
Ақ бөкендей жосылды,
Еркінше шауып көсілді,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Келеді деген бұларды
Жоқ еді ердің есінде.
Соңынан келіп үш көкжал
Қобыландыменен бас қосып

Шаттанысып, қуанып,
«Құртқа да келіп кетті»,—деп,
Есендік-саулық айтысып,
Амандасты бесінде.

Тұра тұрсын төртеуі,
Ойын-күлкі, сауықпен
Іштеңе жоқ есінде.
Құлақ салып тыңдауға

Ерінбесең, жігіттер,
Өзімнен келер жел сөздің
Аянайын несіне?!
Алшағыр ханның сол кезде

Домбыра құйрық ......*
Сиқыршы болған кітаппан
Шешесі мұның бар еді.
Кітап ашып, бал салып,

Төңірекке көз салып,
Балына түскен алдында
Батырларды көреді,
Келгендерін біледі.

Шақырып алып баласын,
Сонда кемпір сөйлейді:
Жалғызым, балам, Алшағыр,
Сөзіме құлақ сал, Шағыр!

Басыңды көтер, жан балам!
Қастары төмен салынған,
Кеуліне алған табылған,
Іздеген дұшман шабылған,

Жалынбаса шабылған,
Қобаған мұрын, қой көзді,
Талма бетті, нұр жүзді,
Бейне Қобыланға ұсайды,

* Қолазбада өшіп қалғандықта оқылмады.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Келді, қозым, тұр сәна!
Қорасан жүзді, қой көзді,
Орта бойлы, нұр жүзді,
Қараман келгенге ұсайды,

Келді, қозым, тұр сәна!
Сүйек біздік, ет басқа,
Ақмоншақ ат астында,
Қамшат бөркі басында,

Қарлыға келгенге ұсайды,
Келді ғой, қозым, тұр сәна!
Қабағы қарыс жабылған,
Жіңішке жирен аты бар,

Қолында жазған хаты бар.
Аллаға жеткен даты бар,
Бейне Ораққа ұсайды,
Келді, қозым, тұр сәна!

Алшағыр сонда сөйлейді:
Шешен туған ерлердің
Сөйлейді ғой иегі.
Батыр туған ерлердің

Тартар садақ білегі,
Бұл сөзіңе балаңның
Қозғалмайды жүрегі!
Жоқ сөзді айтып қинама,

Қазан барып соғысып,
Көбікті барып жоқ болған,
Қайдан келсін бұл жерге
Қобыландының сүйегі.

Неше балшы болсаң да,
Айтқан сөзің, жан шеше,
Үйлеспейді жүйеге!
Тағы кемпір сөйлейді:

—Май түбінде тортамын,

Ақ бөкендей жортамын,
Мінген аты, шырағым,
Келді, балам, Бурылы,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қобыланды деп қорқамын!
Таңбасыз жатқан тайыңды
Таңбалар деп қорқамын.
Енсіз жатқан қойыңа

Ен салар деп қорқамын.
Басыңнан ұшар әруақ,
Атаң мінген алтын тақ—
Бүлінді, балам, біздің халық

Сол мінер деп қорқамын.
Шәрі байтақ жұртыңды
Сол билер деп қорқамын.
Үстіндегі ақ сауыт,

Бұйырып соққан ер Дәуіт,
Сол киер деп қорқамын.
Ылдидан шапса, төске озған,
Ертеңнен шапса, кешке озған,

Томағалы көзді қасқа азбан—
Сол мінер деп қорқамын.
Ор түбінде бәйтерек
Басы көкке қараған,

Тамыры жерге тараған,
Жапырағы бар еді
Сом алтыннан жараған,
Сол кесер деп қорқамын.

Атаң жиған байтақ ел
Бүлдірер деп қорқамын.
Қанікейдей көрікті қыз,
Тінікейдей текті қыз,

Күлдірер деп қорқамын.
Шағалаға шәулі сап,
Ілдірер деп қорқамын.
Менің өзім нашармын,

Кілттің аузын ашармын.
Сен жатсаң да, мен жатпан,
Қанікейдей көрікті қыз,
Тінікейдей текті қыз,

Екеуін алып қашармын.
Жау қолында жылатпан,
Күймеге салып екеуін

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Белден белге асармын.
Ат жектіріп қу кемпір
Қызын салып күймеге
Ыңғайланды жүрмекке.

Әркім елде құмар қыз
Қолына тисе сүймекке.
Қарамайды қу кемпір
Алтын, күміс дүниеге.

Мінген аты алады,
Екі қызын алады,
Күймесіне салады.
Ұлы бесін кезінде

Қызын салып күймеге
Қақпаның аузын аштырып,
Кемпір қашып барады.
Қаладан қашқан кемпірді

Қарлыға көзі шалады.
Қуып жетіп көк атпен
Қу кемпірге білдірмей,
Сыртын тіліп күйменің,

Екі қызды біржола
Ұрлап алып қалады.
Күймеде қызым аман деп,
Кемпір кетіп барады.

Қарлығаның алғанын
Қараман көзі шалды.
«Қарлығажан, сауға»,—деп
Қарлығаның алдынан

Қараман жақын барады.
Қарлыға сонда сөйлейді:
«Көлге біткен жекенсің,
Бүршігі жоқ тікенсің.

Артық асқан бағаң жоқ,
Құдайдан сұрар шамаң жоқ,
Өзіңе біткен малжанды
Сауғадан жиған екенсің.

Ақмоншақ атпен желейін,
Байытқалы келіп пе ем,
Қияттың жаман кедейін,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қараман саған не дейін?
Өзімнің басым сауғадан
Құтыла алмай жүргенде,
Мен кімге сауға берейін?!»

Қараман сонда сөйлейді:
«Мұсылманға мазаттық,
Қызылбасқа қазаыттық,
Қанікей мен Тінікей

Екі қызды бер маған,
Қарлыға сені алмайын
Басыңа бердім азаттық».
Мінген аты ала-ды,

Қылшық жүнді қара-ды.
Шығара алмай барады
Ішіне толған сананы.
Қарлыға сынды сұлуың

Көңілі қатты сүйеді,
Қобыландыдай баланы.
Қанікей мен Тінікей—
Қос сұлуды бір беріп,

Қарамандай батырдан
Артық туған Қарлыға
Басын сатып алады.
Масыл-масыл, масыл ма,

Аққа құлпы жасыл ма?
Ғашық боп жүрген Қарлыға
Қараманнан шыға алмай,
Жүреді екен қан құсып,

Басын қосқан сықылды
Қобыландыдай асылға.
Мұрадына жеткендей,
Бұлаңдаған Қарлыға

Отыра кеткен асыла.
Сауғада басы жүргенде
Жоламаушы еді қасына.
Тас түлектей түледі

Еркіндік алып басына.
Төртеу еді алтау боп
Басын қосып төрт көкжал,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Кеш болғасын жағалап
Күліп-ойнап төртеуі
Бір төбеге жатады.
Төртеуінің тұлпары

Бауырынан қатады,
Қоржындағы азықтан
Бұйырған дәмін татады.
Ұйқы көрмей төрт батыр

Таң сарғайып атады,
Таң шолпаны батады.
Таң атқасын төрт көкжал
Қару-жарақ киініп,

Бір Құдайға сыйынып,
Енді атына мінеді,
Денеге сауыт киеді,
Беліне байлап болатты,

Қарына найза іледі.
Алшағырдың алған шәріне,
Туын ұстап батырлар
Қала аузына келеді.

Шәріге жақын келгенде
Ақ сұңқар құстай шүйіліп,
Қабағы тастай түйіліп,
Арыстан туған Қобыланды

Күн шығуға қарамай,
Жаны төзбей батырдың
Жалғыз өзі шаһарға
Ат қоюға ойланды.

Ата-анасы, ел-жұрты,
Исі қыпшақ баласы
Жатқаннан соң байлауда,
Қақпаның келіп аузына

Батыр Қобылан ақырды,
Нар түйедей бақырды.
«Алшағыр!» деп шақырды:
«Ау, Алшағыр, Алшағыр!

Сөзіме құлақ сал, Шағыр!
Менің атым Қобыланды
Әуелі өзің алмай шық,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Алды-артыңды қармай шық!
Қалдырмастан жалмай шық.
Арманда қапыл қалмай шық!
Қарақасқа атың міне шық,

Оқ өтпес тоның кие шық,
Қарыңа сүңгі іле шық!»
Белес-белес бел еді,
Хан болғалы Алшағыр

Жұртына тиіп пайдасы
Асып жүрген һайласы
Бұл да айтулы ер еді.
Мұсылманнан қанша ердің

Басын жойған ер еді.
Қызылбастың белі еді,
«Алшағыр!»—деп шақырған
Қобыландының дауысы

Құлағына келеді.
Естіген соң дауысын,
Шешесінің сөзіне
Енді Алшағыр сенеді.

Шыдай алмай Алшағыр
Үстіне сауыт киеді.
Беліне байлап болатын,
Қарына найза іледі.

Ертеден шапса, кешке озған,
Ылдидан салса төске озған,
Томағалы қасқа азбан,
Алтын тұрман ер салып,

Енді атына мінеді.
Қара қасқа тұлпардың
Құйрығын шарт түйеді.
«Шақырып тұрған батырға

Қорықты дер» деп бармасам,
Алдынан жүре береді.
Сол уақыттар болғанда
Түлкідей көзін жайнатып,

Қаруы сыймай қайнатып,
Тасқа шаншып сүңгісін,
Қарыс сүйем бойлатып,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қобылекең келді бұл жақтан
Тайбурыл атты ойнатып.
Жайықтың бойы қамыс-ты,
Бермейміз деп намысты,

Екі батыр екпінмен
Жақындасып қалысты.
Өшігіп жүрген батырлар
Бір ауыз сөзге келмей-ақ,

Еңкейісіп шегініп,
Еменнен найза салысты.
Итерісіп тұрысты,
Ат тізесін бүгісті.

Бүгісе-бүгісе тұрысты.
Біріне-бірі ұмтылып,
Тақымдары құрысты,
Он саусағы қарысты.

Бірін-бірі ала алмай,
Біреуі дүние сала алмай,
Қақырғаны қан татып,
Түкіргені жын татып,

Қақырғанда қан ішті,
Түкіргенде жын ішті.
Жаннан күдер үзісті.
Қанжарменен қармасты,

Семсерменен серместі,
Сөйтіп ойын ойнасты.
Шыбын жанды қинасты,
Артық туған Қобыланды,

Ерегіскен дұшпанның
Басын жоймай қоймас-ты.

—Қанжар қалды қайысып,

Семсер қалды майысып,
Диқан еккен егін-ді,
Есен алса тегін-ді,
Ерлерің жаннан түңілді.

От шығады ұртынан,
Үмітін үзді Алшағыр
Шәрі-байтақ жұртынан.
Сол уақыттар болғанда

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Домаланып барып жығылды,
Қара қасқа аттың сыртынан.
Сонда жатып құлайды,
Артық туған Қобыланды

Ерегіскен дұшпанның
Басын жоймай қоймайды.
Есіктің алды кендір-ді,
Қобыландыдай батырың

Найзасын ырғап ендірді.
Алшағырдай дұшманын
Ат сауырына міндірді.
Қаһарланып Қобыланды

Түгі шығып білектен,
Қаны толып жүректен.
Етке тоқтар қайрат па,
Өтіп кетті сүйектен.

Қайта тартса шықпайды
Қобыланды ердің найзасы
Қанмен қатып жібектен.
Алшағыр ханды өлтіріп,

Дұшманның күнін қуырып,
Артықша тартып, күш етіп
Найзасын алды суырып.
Алшағырдың соңынан

Белгілі судың сағасы,
Берен тонның жағасы,
Қызылбастың ағасы,
Құртқаны алар сұңқарды

Екі бөліп салған соң,
Шауып шықты қаладан,
Қырық бес кез баяғы
Қызыл ердің баласы

Ағанас пен Тоғанас—
Қаладан шықты екі жас.
Әкесін Қобылан өлтіріп,
Құртқаны алған жерінде,

Көктім Аймақ елінде
Ежелден кекті, болған қас.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Ағасы еді Ағанас,
Інісі еді Тоғанас.
Есіктің алды балдырған,
Қарауыл отын жандырған,

Қазақтың көңілін қалдырған.
Қызылбастың жұртында
Тағыболат, Тасболат
Құртқаны алар сапарда

Өлтіріп мұның әкесін,
Екі үлкен ағасын
Бәрін қырып салдырған.
Ағанас пенен Тоғанас

Қаладан шығып екі жас,
Қобыландыдай батырға
Көздерінен ағып жас,
Ортаға алып екеулеп,

Келе салды найзаны,
Таптырмай ақыл, айланы.
Қараспан таудай алысып,
Еменнен найза салысып,

Олар екеу, бұл жалғыз
Қарсыласып шабысып,
Дұшманын Қобылан табады,
Енді ортаға алады.

Пірлері кәміл қолдады,
Қобыланды сынды баланы.
Көңілге дем болмаса,
Ағанастың найзасы

Қобылекеңнің бөксесін
Бурыл аттың үстінен
Қисайтып кетіп барады.
Қобыландыдан қуаты

Басымырақ болғанын,
Қобыланды аттан ауғанын
Көбіктінің Қарлыға
Қиядан көзі шалады.

Жетіп келіп Қарлыға
Ағанасты сол жерден
Алып тастай береді.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қисайған Бурыл үстіне
Түзеліп Қобылан мінеді.
Жеке бір жалғыз қалғасын,
Тоғанасты Қобыланды

О да іліп тастады.
Бұл екеудің артынан
Көк қасқа атпен Ақтайлақ
Ұрысқа шықты жағдайлап.

Орақ шығып бұ жақтан,
Ақтайлақты сол жерде
Іліп тастай береді.
Ақтайлақтың соңынан—

Баласы еді Нарқызыл,
Шығып еді қаладан.
Қараман шығып бұ жақтан
Бұл-дағы іліп тастады.

Қазан басты Қара дәу
Шығып еді қаладан,
Қарлыға іліп тастады.
Қалмақтың Қара батыры

Шығып еді қаладан,
Қобылекең іліп тастайды.
Қылышпенен ұрады,
Осылайша батырлар

Келгендерін қалмақтың
Кезек-кезек төртеуі
Баудай жаншып тұрады.
Осынша ердің соңында

Күмбезді найза қолында,
Белгілі судың сағасы,
Берен тонның жағасы,
Қызылбастың ағасы,

Көбікті ханның баласы
Құндыз бөрік басында,
Әскері бар қасында,
Өзі он бес жасында,

Сүйіншіге қыз алып,
Күйеу боп жатқан осында:
Үстіне дұшпан келгесін,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Байлауда қалған Қобылан
Босағанын білгесін,
Ұрыспасқа айла таба алмай,
Соғыспаққа дұшпанмен

Және шықты шаһардан
Көк ала атты Біршымбай.
Үстіне сауыт киеді,
Болатты байлап жанына

Қарына найза іледі.
Қаланың аузын аштырып,
Біршымбай шықты қаладан.
Шыға салып Біршымбай,

Ала кетті жағадан.
Көрсеттіңдер деп ерлікті,
Мен келмегесін манадан.
Келуімен Біршымбай

Бөтен сөзге қарамай,
Қобыландыны бір шаншып,
Қарлығаны бір шаншып,
Қараманды бір шаншып,

Ер Орақты бір шаншып,
Көк ала атпен Біршымбай
Сыпыртып өтіп жөнелді.
Қайта айналып толғанып,

Найза және қолға алып,
Ер Орақты бір шаншып,
Қараманды бір шаншып,
Қарлығаны бір шаншып,

Қобыландыны бір шаншып,
Сыпыртып өтіп жөнелді.
Ішіне кегін шерледі,
Маңдайы шып-шып терледі.

Біршымбайдың қайраты
Барған сайын өрледі.
Қайраты артық Біршымбай
Самсап тұрған ерлерді

Бір адамдай көрмеді.
Осылайша Біршымбай
Үш-үштен найза түйреді,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Етіне найза ендірді.
Үш-үштен найза тигесін,
Етіне найза енгесін,
Төрт көкжал да меңдеді.

Меңдегегенін көргесін.
Қарлыға сұлу сөйледі:
«Сіздер кейін тұрыңыз,
Барайын жалғыз мен,—деді.

Әуелі, Алла, анайым.
Хақ жаратқан Құдайым.
Мал шыдамас жауырға,
Ер шыдамас бауырға.

Сіздер кейін тұрыңыз,
Бірге туған ит еді
Жалғыз өзім барайын.
Есебін тауып жігіттер,

Өлтірейін мен,—деді.
Менен күші әкемнің
Бір батпандай артығы-ай,
Әкемнен күші мұның да

Сегіз батпан артығы-ай.
Үстіндегі сауыттан
Атсаң оғың өтпейді,
Шапсаң қылыш кеспейді,

Жел соғарлық самалы
Көкжелкеде артында-ай.
Ілеспейді бұл аттар
Астына мінген атына-ай.

Өлтіріп кетсе мені егер,
Көк желкеден атыңдар,
Жігіттер, болмай ғапыл-ай».
Мінген аты кер еді,

Атасы әйел демесең,
Қарлыға қыз да ер еді.
Қараман, Қобылан, Ораққа,
Жолдастыққа жарады.

Қобыландыдай батырың

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қарлығаға сенеді:
«Есебін тауып айламен
Өлтірмесем болмас»,—деп,
Бөркін жұлып алады,

Шашын жайып Қарлыға
Ақмоншақ атты қайшылап,
Ерлердің шығып қасынан,
Біршымбайдың алдынан

Қарлыға шауып барады.
Жетіп барып сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Айналайын, Біршымбай,

Сал құлағың сөзіме.
Абайламай, шырағым,
Салдың найза өзіме.
Сен кеткесін, Біршымбай,

Шәһәрді басып көп дұшпан
Еліңе ойран салғаны.
Байлаудан қашып Қобыланды,
Әскер жиып барғаны.

Қайратқа әкең жарамай
Қаза тауып қалғаны.
Дұшпанды қырып, шырағым,
Шәһәрді алдым босатып,

Бір жанымды аямай.
Жалғыздық түсті басыма
Сертке атаң жарамай.
Көп дұшпанның ішінен

Қашып еді үш батыр
Жалғыз қудым шыдамай.
Енді өлсем де арман жоқ,
Есен-аман, саламат

Көрсетті сені бір Құдай.
Мені танып, шырағым,
Атыңның басын бұрмадың,
Қайратыңнан айналдым,

Жалғыз бауырым, Біршымбай,
Болайын сенің құрманың.
Менен қашқан үш дұшпан,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Мынау келіп тұрғаны.
Сөзімді тыңда, шырағым,
Жалғыздық түсіп басыма,
Көңілімде бар қапа.

Бұл дұшпаннан аса алмай,
Басына қайғы сала алмай,
Ақыл-айла таба алмай.
Басымды саған қоса алмай,

Жаудың тұрып қасында
Жаралы болған басымды
Адам көрмес жерге апар.
Қайтып келіп үш ерден

Найза сұғып кек әпер!
Бір туғызған, шырағым,
Екеумізді Құдай-ды.
Жақыны көрсе кемшілік

Кімнің жаны шыдайды?
Жара қатты, жан тәтті,
Бірге туған Қарлыға
Алдынан келіп жылайды.

Біршымбай сонда сөйлейді:

—Ой, апа-еке, білмедім,

Жау ішінде жүргесін,
Кім екенін көрмедім.
Толықсыған найзамды
Оңды-солды сермедім.

Кетті көзім қарайып,
Кім екенің білмедім.
Бері жүргіл, жан апа,
Тауға апарып қояйын,

Қайтып келіп үш ерге
Найзамды кезек ұрайын.
Алдына түсіп барады,
Қарлығадай сұлуың

Алды-артына қарады.
Көк желкенің тұсы деп,
Өлер жерің осы деп,
Жайымен бара жатқанда

Найзаны дәлдеп ұрады.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Біршымбайдай серкеден,
Тозады мақпал көрпеден.
Назары әрмен ауғанда
Өз апасы Қарлыға

Найзаны салды желкеден.
Біршымбай мінген ала атты,
Ала атты шауып бұлатты,
«Жан апа» деп жылатты.

Жан апасы құрысын,
Біршымбайды Қарлыға
Айламенен құлатты.
Біршымбайды өлтірді,

Сәтіне ісін келтірді,
Белес-белес бел еді,
Атасы әйел демесең
Қарлыға қыз да ер еді.

Ерлігін анық білдірді,
Біршымбайды өлтіріп,
Көк ала атты жетелеп,
Жүрер жолын төтелеп,

Қараман, Орақ, Қобыланды
Үш батырға келеді.
Келгеннен соң Қарлыға
Көңілі тасып шат болып,

Батырлар қызға сенеді.
Көрген адам таңданар,
Қарлығаның пормына
Көп дұшпанын мұқатып,

Құдайы қалап ерлердің
Істері келді орнына.
Қарлыға мінген кермеді,
Қапияда Біршымбай

Айламенен өледі.
Айламенен ол кетті,
Дұшманға болар ер ме еді?!
Қарлыға менен Қобыланды,

Қараман, Орақ—төртеуі
Бастарын қосып батырлар
Намыстарын бермеді.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қобыланды ердің бақыты
Барған сайын өрледі.
Біршымбайдың соңынан
Ешкім шықпай қаладан,

Баспақты сиыр, танадан,
Алтын, күміс, шарадан,
Жүгін тиеп шанаға
Тоқтар бас боп көп қыпшақ

Шуылдап шықты қаладан,
Қалмай қатын-баладан.
Есіктің алды Есіл-ді,
Есілдің талы кесілді.

Ақ бөкендей жосылды,
Үлкен қақпа алдында
Қаладан шығып көп Қыпшақ,
Ақ бөкендей жосылды,

Қойдай маңырап, шуылдап,
Қозыдай маңырап, дуылдап,
Қобыланды ерге қосылды.
Көрерміз деген батырды

Жоқ еді тіпті есінде,
Қобыландыға көп қыпшақ
Әммасы қалмай қосылды,
Ертеңгі күн бесінде.

Қабыл болды бұл сапар
Қобыланды ердің мұраты,
Ата, ана, көп халқы,
Дұшпаннан шығып саламат,

Қобыланды ерге көрісіп,
Құтылып жаудан ел-жұрты,
Есендік-саулық сұрады.
Көп дұшпанды мұқатып,

Ерлердің көңілі тынады.
Алшағыр ханның шәһәрін
Бүкіл қыпшақ жабылып,
Он жеті күн шабады.

Атаңа нәлет ит қалмақ,
Іздегенін табады:

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Үрерге иті қалмады
Сығарға биті қалмады.
Қыпшаққа тиген Алшағыр
Бүтін жұртын жалмады.

Алтын-күміс, бар малын
Ырғап-жырғап алады,
Артық бақыт табады.
Шауып жаудың қаласын,

«Шырағым» деп жұбатты
Жылаған қыпшақ баласын.
Олжа малға толтырған
Қараспан таудың сағасын.

Белдемше буды беліне
Белгілі болды еліне.
Нан піседі деміне—
Байдың қызы жамылып

Масаты менен беренді.
Қалың қыпшақ, көп қият
Мол олжаға кенелді.
Дұшпаннан алған көп малды

Қараспан тауын бет алып
Ызғытып айдап жөнелді.
Артық туған Қобыланның
Келмеді дұшпан шеніне,

Ойлаған оның мұрадын
Келтірді Құдай жөніне.
Үш ай, үш күн дегенде
Қараспан тауын жағалап,

Азулы деген көліне
Тоқтар басы, көп қыпшақ
Келіп қонды баяғы
Алшағыр шауып зарлатып,

Бөліне көшкен жеріне.
Көлден тарттым борықты,
Қалың қыпшақ жағалап
Қараспан тауға қоныпты.

Кемшілік көріп кәпірден,
Пенде болып байланған

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Жылаған қыпшақ баласы
Бұрынғыдан екі есе
Бақ-дәулетке жолықты.
Келіп қонды көп қыпшақ

Азулы деген көліне.
Бұрынғыдан көп артық
Дәулет бітті еліне.
Артық туған Қобыланның

Ісі келді жөніне,
Келмеді дұшпан шеніне,
Қалмақтан алған көп олжа
Әділдікпен батырың

Жиып алып көп халқын,
Бөліп берді еліне,
Пақыр, кедей, кеміне.
Кедейі байға теңеліп,

Риза болды бәрі де
Қобыланды сынды еріне.
Қобыланды жиып көп елді,
Қият-қыпшақ баласын

Көп олжаға кенелді.
Халықпен қатар олжаны
Үлестен бөліп алғасын
Кедейі байға теңелді.

Белдемше буды беліне
Нан піседі деміне.
Қонды қыпшақ жағалап
Үш ай, үш күн дегенде

Бөлініп көшкен жеріне.
Бүкіл қыпшақ бәрі де
Салтанатты бұрынғы
Қара теңіз көліне.

Ешкі малдың серкесін,
Ақсақал жер шекесін.
Ұзын сөзді қысқартып,
Енді айтайын төтесін.

Отыз күн ұдай ойын қып,
Қырық күн ұдай тойын қып,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қобыландыдай батырға
Құртқа сынды сұлудың
Осы жерде қиды некесін.
Батырың менен Құртқаны

Тоқсан екі қатын жеңгелеп,
Қия кесіп жал қойды,
Аяқ тола бал қойды.
Батырға сынап, іс қылып,

Ақылы артық, кең ойлы,
Құмырсқа бел, тал бойлы,
Тоқсан екі қатын да
Жал мен жая асады.

Батырға жеңге болдым деп,
Қуанып судай тасады.
Бірін-бірі жұлмалап,
Алдынан шашу шашады,

Қатарлап қамқа басады.
Шаршап келген шырақтың
Етіне де батар деп,
Әр қамқаны бір сілкіп,

Тігістігін басады.
Күн қызылы батқанда,
Ауылдың алды жатқанда,
Тоқсан екі қатындар

Қобыландыны жетелеп,
Ақ отауды төтелеп,
Құртқаға тіккен ақ орда
Батырды әкеп енгізді.

Белі қылдай, беті айдай
Құртқаны оған көргізді.
Әкелгесін батырды
Сағынып жүрген қыз Құртқа

Белбеуін алды шешініп,
Етігін тартты көсіліп,
Жібектейін есіліп.
Бүлде шұбар көйлекті

Сұрғылттау келген желекті
Сыпырып алды басынан.
Құртқа сондай сұлуың,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Шешініп енді қасына.
Қобылан сынды батырың,
Бұрап алды мойнына,
Тартып алды қойнына.

Сағынып жүрген батырдың
Таң қаларсың ойнына.
Ешкім баспас ақ төске
Қаршығадай қонады.

Жолдары енді болады,
Екі тау да, төрт сирақ
Жау тигендей болады.
Тоқсан екі қатындар,

Үй жағалап, тың тыңдап,
Бірін-бірі шымшылап,
Олар да мәз болады.
Қараша емес, қауыс-ты,

Қайырса, келер дауысы.
Берсін кімге намысты
Түн ортасы болғанда,
Түзеді батыр шабысты.

Жақын қылып алысты,
Қисық емес, дұрыс-ты
Көтерем тайдай құнысты,
Арттарымен жүрісті,

Құдай берсе қолына,
Кім қылмайды бұл істі.
Таң атқанша тізерлеп,
Екі тақым құрысты.

Жарысына бұлардың
Жеңгелері күлісті.
Құдайдың берген несібін
Аянбай Құртқа көріпті.

Сақтағанын сұлуға
Батыр Қобылан беріпті.
Қобылекеңнің асылы
Құртқаңызға сыймаған

Тұсындағы кереге
Азатынан келіпті,
Айрандай болып ұйыпты.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Түндік ашып таң ата,
Тоқсан екі қатын еніпті.
Таң-тамаша көріпті,
Құртқа сұлу тұра алмай,

Шойырылып қалыпты.
Тоқсан екі жеңгесі,
Шекеде алтын теңгесі,
Қобылекеңнің асылын

Мысқалдап бөліп алыпты.
Қасықпенен қатындар
Денесіне салыпты.
Құдіреті Құданың

Қолыменен салған денеге
Перзент болып дарыпты.
Тоқсан екі қатындар—
Жеңгелеп келген жеңгесі

Тоқсан екі ұл тауыпты.
«Атамыз ақ көбікті алыптың»—
Деген сөзі қазақтың
Қобыланды менен Құртқаның

Бір күнгі жатып ойнаған
Сідігінен қалыпты.
Тұра тұрсын, бұл сөзім,
Айтамын рас, шын сөзім,

Кетейін тағы баян ғып,
Қарлыға сұлу нағыпты.
Қаншама еңбек қылса да,
Қобыланды батыр алмайды,

Сөзіне құлақ салмайды.
Қараманға бармайды,
Не қыларын біле алмай,
Қарлыға сұлу зарлайды.

«Мен бір жүзіқара болдым» деп,
Жад қылады Құдайды.
Жалғыздық түсті басына,
Ешкім келмей қасына,

Қобыландыға өкпелеп,
Сегіз құлақ ақ шатыр

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Таудың тігіп басына
Жата берді бұл жалғыз:
«Еріп шыққан, батырым,
Көрсеткенің осы ма?!»

Жата тұрсын тау жайлап,
Қарлығадай сұлуың,
Ақ моншақ аты астында.
Қобыландыдай батырың

Кеңескен жиып жақынын.
Қарындасы Қарлығаш—
«Ораққа бер» деп той қылып,
Атасы мен анаға

Батырым айтқан ақылын.
Байлауға қыпшақ түсті деп,
Жалғыз шапқан батырың—
Күйеу қылып Орақты

Тігеді алтын шатырын.
Қызын беріп Тоқтарбай
Қайырлы ет деп ақырын.
Отыз күн ұдай ойын қып,

Қырық күн ұдай тойын қып,
Қарындасын ұзатқан
Қазына артып, жүк тиеп
Қобыландыдай батырың.

Әлқисса, Қараман батыр Қобыландыға Құртқаны қосып, Қо-
быланды қарындасы Қарлығашты ұзатқан соң еліне қайтпақ
болды. «Алшағырдың қарындасы Қанікей, Тінікей—екі қызды
алуға той қыламын, тойыма келің»,—деп Қобыланды, Құрт-

қаны шақырды. Қараманның тойына бара жатып, орта жолда
тіккен Қарлығаның шатырына Қобыланды, Құртқа кез келеді.
Қарамандай батырың
Қыпшақты тауға қондырып,

Көңілдерін тындырып,
Құртқаны қосып Қобыланға,
Тебетейін сындырып,
Шын достығын білдіріп,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қобыландыдай құрдастан
Қайтуға рұқсат сұрайды.
Жаманның тілі кекесін,
Жақсы болса жолдасың

Мұрадыңа жетесің.
Қараман құрдас сөйлейді:

—Қанікей мен Тінікей

Елге жүріп, құрдасжан,
Бер,—дейді, қиып некесін.
Шақырады Қараман
«Қобыланды менен Құртқажан

Екеуі бірдей жүрсін,—деп,
Мереке, қызық тойым бар
Көзімен кеп көрсін,—деп,
Қанікей мен Тінікей,

Өзі жүріп Қобыланды
Некесін қиып берсін»,—деп.
Қараман кетті еліне,
Нан піскендей деміне.

Кешікпей ертең келсін деп.
Шақырған соң Қараман
Қобыланды менен Құртқажан,
Күймелі арба сүйретіп,

Сүйретуге атын үйретіп,
Үш жүз кісі қосшы алып,
Қобыланды, Құртқа жөнелді
Жердің жүзін күңірентіп.

Қараманның тойына
Көреміз деп көп елді,
Қалың қыпшақ баласы—
Ішкені мас, жеген тоқ,

Кедейі байға теңелді.
Қараманның еліне
Сапар тартып келеді.
Құртқа сынды сұлуың

Торғынға өзін бөледі.
Арқада бар бөрікөз,
Неге ұмытсын көрген көз?!

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Келе жатып батырың,
Қарлыға жатқан шатырға
Талма түстің кезінде
Қобыланды, Құртқа келді кез.

Алдынан шығып Қарлыға
Қобыланды мен Құртқаға
Бір-екі ауыз айтты сөз.
Ақмоншақ ат астында,

Кәмшат бөрік басында
Атқан оғы жасыл-ды,
Көргесін көзі қимайды
Қобыланды сұлтан асылды.

—Сенің үшін әуелден

Бәйгеге тіктім басымды,
Төбеге түйіп шашымды.
Тауда жалғыз жатырмын
Ағызып көзден жасымды.

Осылай ма еді уағдаң,
Әуреге салдың басымды?!
Шатырымды көрсеткіл
Апеке, түсің қасыңда.

Қобыланды саған не жаздым,
Қайда барсаң, кім айтар,
Дұрыс деп қылған осыңды?!
«Апеке, түсің»,—деп жалынды,

«Жездеке, қон»,—деп налынды.
Қарлығадай сұлудың
Жүрегі оттай қабынды.
Құртқа сұлу батырға

Қарлыға жылап тұрғасын,
«Түсейік» деп жалынды.
Арқада бар қарағай,
Қатты қылды бір Құдай.

Қанша жылап айтса да,
Қайрылмай кетті Қобыланды
Құртқаны алып қарамай.
Көп нәрсе түсіп өксіді,

Қарлығаның ойына.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Ақ найзаға сүйеніп,
Әрең кетті Қарлыға
Шатырға сайдың бойында.
Қобыланды, Құртқа барады

Қараманның тойына.
Екі ай жатып той тойлап,
Әділдігін айтады.
Қарамандай құрдасқа

Екі қызды некелеп,
Еліне тағы қайтады.
Бірнеше күн жол жүріп
Қобыланды тағы кездесті

Қарлыға жатқан шатырға.
Қарлыға шығып алдынан
Арыстан Қобылан батырға:

—Қоюлы тұрған шай бар-ау,

Сары аяқта май бар-ау.
Сізді күтіп алуға
Қарлығада жай бар-ау,
Өзімнің әкем, ел-жұртым

Кімің үшін қиып ем,
Білемісің, заңғар-ау?!
Қарлығадай сұлудың
Жүрегі оттай қабынды.

«Түсе көр»,—деп жалынды,
Тауда жалғыз жатырмын
Қараманның тойына
Ала кетсең, нағылды?

Арқада бар қарағай,
Ер жігітке мал бітпес,
Шыбын жанын бұламай.
Қарлығадай сұлуың

Қаншама жылап айтқанмен
Тағы да кетті Қобыланды
Құртқаны алып, қарамай.
Еліне бұлар келген соң,

Ел-жұртын есен көрген соң,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қобыланды мен Құртқаның
Қосылғаны санаулы—
Төрт ай жолдас болған соң,
Ерге көңілі толған соң.

Арыстанның етін жеп,
Жерігі сұлу қанған соң,
Құртқа-сынды сұлуың
Бесінші ай да өтеді,

Алтыншы ай да жетеді.
Жетінші ай да бітеді,
Сегізінші айды күтеді.
Сегіз ай мерзім өткен соң,

Тоғыз ай, он күн жүзінде,
Қорада қойлар қоздапты,
Желіде түйе боздапты.
Алтыннан бақан құрдырып,

Күмістен бөкен кердіріп,
Перзенттің туар күні боп,
Сұлу Құртқаң толғатты.
Ер толғағы тым қатты,

Ұйқы көрмей түн қатты.
Ел ішінде қыз Құртқа
Адамнан озған сымбатты.
Қатынға хабар айтқызды,

Құртқаның белін тартқызды.
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Басына шырақ жаққызды.

Құртқа сұлу шырылдап
Таңды көзден атқызды.
Таң сарғайып атқанда,
Қызарып күн шыққанда,

Құртқаны сұлу қолтықтап,
Желі тартып шулайды.
Туатын мезет жеткен соң,
Құрсақта тұрмай тулайды.

Қырық бір қатын жиылып,
Үстіне Құртқа үйіліп,
Жиылып, тартып қырық қатын

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Құртқаның жанын қинайды.
Сол уақыттар болғанда
Төбесі жерге тарс етті,
Маңдайы күнге жарқ етті.

Қырық бір қатын жиылған
Көтеріп алды баланы.
Құндаққа орап алады,
Талпынғанда жас бала,

Құндағы дал-дал болады.
«Арыстан туған екен» деп,
Асыра жұрты қуанды.
Сүйінші сұрап жан-жаққа,

Қолдарына ту алды.
Тоғыз күн жиып ел-жұртын,
Ат қоймаққа балаға
Қобыланды батыр қылды той.

Електен өтсең—Есімбай,
Қыс қыстауы—Бұқаржай,
Қалың қыпшақ, көп ноғай,
Жұрт жақсысы баланың

Атын қойды—Бөкенбай!
Келді Бөкен бір жасқа,
Бір жасына келгенде
Оғын тартты жартасқа.

Келді Бөкен екіге,
Екіге келген баланың
Жан қарамас бетіне,
Нан піскендей лебіне.

Келді Бөкен үшіне,
Үшке келген жас бала
Қара тасты көтерер,
Естіген риза күшіне.

Келді Бөкен төртіне,
Төртке бала келгенде
«Ат шапсам» деп ойлайды
Қызылбастың кентіне.

Келді бала бесіне,
Беске келген баланың

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Күндіз-түні қайғысы—
Жау түседі есіне.
Бөкеннен басқа жаманды
Мақтайын оны несіне.

Келді Бөкен алтыға,
Алтыға жеткен баланың
Артық тиді пайдасы
Қыпшақтың бүкіл халқына.

Алты жасар Бөкенбай
Атаның түсіп салтына
Таулар күйіп, тас жанған
Бөкенбайдай береннің

Екпіндеген зарпына.
Қарамай алды-артына,
Енді мініп атына,
Қазынадан қамқа киеді.

«Өзімнің еншім болсын!»—деп
Өкім құла атқа мінеді,
Алладан пәрмен тіледі.
Таулы жерден сырғытып,

Ойпаң жерден қарғытып,
Аяңдамай желеді.
Өзі алты жасында,
Сусар бөркі басында,

Өкім құла ат астында,
Жолдасы жоқ қасында,
Бөлінбеген ұйқыға,
Жыртылмаған құлпыға,

Көңілі кетті көрмекке
Отарда жатқан тау жайлап,
Естеміс баққан жылқыға.
Бөкенбайдай жас берен

Жылқыны іздеп барғасын,
Бауырап малды алғасын.
Тоқсан құл мен Естеміс
Баланың қылған ісіне

Риза тауып қалғасын.
Қараспан таудың басына,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жаңадан қоныс салғасын.
Ойыны күшті жас арыстан
Қолына найза алғасын.
Астына мініп дөненді,

Үстіне киген беренді
Жылқыға бала барғасын,
Қолғанат пен құйрыққа
Қобыланды батыр кенелді.

Әлқисса, енді бұлар бұл жерде тұра тұрсын, ендігі сөзді
Көбіктінің жиені Шошай ханнан естіңіз. Шошай дейтін батыр
қырық мың әскер алып қыпшақты шабамын, нағашымның
кегін аламын деп іздеп келген жері.

Бір күндері болғанда
Таң сарғайып атқанда,
Шолпан жұлдыз батқанда,
Қызарып күн шыққанда

Қобыланды ұйықтап жатқанда,
Жылқыға Бөкен жеткенде,
Қалың елді жайлаған—
Қатарлап бие байлаған—

Тау етегін бойлаған,
Қалың тозаң шаң басты.
Дарбазалы есікті,
Дүбірді Құртқа есітті.

«Жау келді!—деп,—оятсам,
Сұлтаным шошыр»-десіпті.
Шабуылдап қызылбас,
Найзамен келіп тірейді

Қобыланды жатқан есікті.
Ертесі мен кеші жоқ
Берсе Құдай несіпті.
Құртқа-сынды сұлуың

Батырдың басын құшақтап,
Тізесінің үстіне
Қырмызы қызыл көрпемен
Отырып Құртқа желпиді.

Қозы Көрпеш, Баяндай,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Өлім Хақтан аянды-ай.
Орамалдың исімен
Жаудың даусын есітіп,
Қобыланды шошып оянды-ай.

Дауыс пенен тозаңы
Төсекте жатып батырдың
Құлағына шалынды.
Құртқа сынды сұлуың

«Тұра көр»,—деп жалынды.
Жаудан шошып денесі,
Жүрегі мұздап қабынды.
Қобыланды сынды батырың

Ұшып тұрып орнынан,
Іс келеді қолынан.
Бөрігі жоқ, тақияшаң,
Шапаны жоқ, жейдешең,

Шалбары жоқ, дамбалшаң,
Үйде тұрған найзаның
Түбінен ұстап алады.
Ұйқыдан шошып оянған

Сасқалақтап қалады.
Үйінің барлап сыртына,
Босағаға барады.
Қатуланып ақырып,

Дауыстап айқай салады:
«Мезгілсіз шақта ауылға
Ат ойнатқан кім едің?!»
Қобыландыдай батырдың

Даусы жерді жарады.
Ертеңгі даусы батырдың
Айшылық жерді алады.
Қатуланып ақырды,

Нар түйедей бақырды.
Есіктің алды тақыр-ды,
Даусыменен қорқытып,
Нарқамыстай жапырды.

Найзасын алып сүйретіп,
Үйден шықты далаға.
Батырың тұрып сыйынды

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жеті кәміл бабаға.
«Кім айтар екен және деп,—
Жылқыда Бөкен балаға.
Іздеп келген бұл жауға

Найзаменен шабақтап,
Қасқырдай тиіп тамақтап,
Берер еді сыбаға,
Келтіріп аузын тобаға!»

Жүгіре басып Құртқа да
Ақырда тұрған Бурылды
Шығарып ептеп алады,
Беліне терлік салады.

Базардан келген қасық-ты,
Бурылға жүген, ерді алып,
Ер салғанша асықты.
Арыстан туған батырың

Қайрат қылар демейді
Қызылбас дінсіз жасықты.
Құралын ердің даярлап,
Құртқа сынды сұлуың

Жүгіре аяқ басыпты.
Бурылы қолға тигесін,
Қару-жарақ кигесін.
Кәміл пір медет бергесін,

Батырым судай тасыпты.
Елге шапқан қызылбас,
Батырдың қорқып зәрінен
Жылысып тауға қашыпты.

Осы келген қызылбас
Жая десең, жал екен,
Шекер десең, бал екен,
О да өз жұртында нар екен.

Жаңа емес басында
Ескі кегі бар екен.
Қызылбасқа жан тартқан,
Қазақ десе оқ атқан,

Қабағына қар қатқан,
Кірпігіне мұз қатқан,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қызылбастың жұртында
Көбіктінің жиені
Шошай дейтін хан екен.
Өз әскерін шақырып,

Қаhармандай ақырып,
Сонда Шошай сөйлейді,
Сөйлегендей бүй дейді:

—Жүк көтерер қара нар,

Жалаңаш Қобыланды жатқанда
Қатынының қойнында—
Өлтіруге маған ар.
Келіңдер бері, киінсін,

Алдын-артын жиынсын,
Әруағына сыйынсын.
Айбатыма шыдамай,
Үрейі ұшып күйінсін!

Хан айтқасын бұл сөзді,
Қызылбастың әскері
Екпіндеп елді басқанмен
Тау түбіне тоқталды,

Шиыршық атып шоқталды.
Көптігіне мақтанды,
Қолына бір-бір оқ алды,
Атуға мерген жақты алды.

Арыстан туған Қобыланды
Бурылға мініп алады.
Ақырып айғай салады,
Бурыл атты ойнатып,

Алдына дабыл қағады.
«Қызылбас, шыққыл жекең!»—деп,
Қасына жетіп барады.
Қызылбастың Шошай хан:

«Алды-артымды жияйын»,—деп
Қобыландыдай батырдан
Үш күн пұрсат сұрады.
«Арманда қалдым демең»,—деп

Бұл сөзін қабыл қылады.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Тұра тұрсын бұл сөзім
Сол уақыттар болғанда
Қалың шаңды көргесін,
Жау келгенін білгесін,

Батырдың дауысын есітіп
Өлейін десе, жан тәтті,
Кірейін десе, көр қатты,
Адамнан озған сымбатты,

Сөйлеген сөзі бал тәтті,
Жеті жыл толық толғанша
Тауда жалғыз бұл жатты.
Жалғыздықтан тарығып,

Күдерін үзіп Қобыланнан
Ертелі-кеш зар қақты.
Басынан бағы тайғасын,
Болғанмен қанша ардақты

Ақмоншақ атпен Қарлыға,
Жетіп келді—көк атты.
Қарлығаның соңынан,
Бұл да қалмай шаңынан,

Қалың шуды көргесін,
Жау екенін білгесін,
Батырдың даусын есітіп,
Мінген аты көк бесті—

Ақмоншақ аттың інісін
Ор қояндай сырғытып,
Сейілдің ұлы Қараман
О да келді соңынан.

Батырға бұл да қосылды.
Келеді деген бұларды
Жоқ еді тіпті есінде.
Қараманның артынан,

Бұ да бір қалмай салтынан,
Ағар таудың бұлағы,
Ертемен тұрып тәңертең,
Дәрет алып жүргенде,

Дауыс пенен тозаңды
Қарындасы Қарлығаш

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Естіген екен құлағы.
«Көкемнің даусы келді,—деп,
Бір нәрсе оған болды»,—деп,
Шыдатпайды Орақты,

Қарлығаштай кемеңгер
Бірге туған шырағы,
Жақынның болмас жырағы.
«Тезірек баршы, батырым,

Көкем мен сенің жолыңа
Мен бір құрбан ылағы!»
Күрең атты даярлап,
Беліне терлік салады,

Батырды қолдап мінгізіп,
Көлденеңдеп тұрады.
Жіңішке жирен атпенен
Орақ та жетіп барады.

Ер Орақтың соңынан
Бөлінбеген ұйқыдан,
Жыртылмаған құлпыдан,
Батырдың даусын есітіп,

Қалың шаңды көргесін,
Жау екенін білгесін,
Өзі алты жасында,
Сусар бөркі басында,

Өкім құла ат астында,
Естеміс ер бар қасында,
Қабағы тастай түйіліп,
Ақ сұңқар құстай шүйіліп,

Ойыны күшті арыстан—
Алты жасар Бөкенбай
О да келді жылқыдан.
Бөкенбайдың соңынан

Тоқпақ жалды тор атпен,
Қайың құрық қарында,
Бар қаруы бойында,
Естеміс келді соңынан,

Алам деп жаудың жолынан.
Алтауы бірге қосылды,
Ақ бөкендей жосылды,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Алтауы тұрды кеңесіп,
Басын қосып бесінде.
Жалғызбын деген батырың
Еркінше шауып көсілді.

Арқада бар бөрікөз,
Жақсыда ғой тәуір сөз,
Неге ұмытсын көрген көз.
Пұрсаты қалмақ біткесін,

Хан Шошай мен Қобыланды
Шаншысуға келді кез.
«Жеке-жеке» дегенде,
Жекелеп найза төнгенде,

Бірін-бірі екеуі
Шаншамыз енді дегенде,
Сол уақыттар болғанда
Қарлыға келді соңынан,

Қайрат қылды қолынан.
«Өш алғанда, өш жоқ,—деп,
Кек алғанда, кек жоқ,—деп,
Шошай ханның алдында

Кегімді мен де алдым,—деп,
Атым әйел болса да,
Жүзіңді төмен салдың,»—деп,
Қобыландыға Қарлыға

Найзаны салды қоңынан.
Қобыландыны Қарлыға
Қызылбастың ортасында

Іліп тастап жөнелді.
Қапияда іс қылып,
Қайратына кенелді.
Байлап берді дұшманға

Қобыландыдай беренді.
Батырды аттан түсіріп,
Оған да бұған қарамай,
Ақ шатырды бетке алып,

Қараспан тауға бұрылды.
Жеті жыл жатып зарығып,
Кіжініп жүрген бұрын да,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ешкімге айтпай сырын да.
Қобыланды аттан түскесін,
Басынан бағы көшкесін,
Жаудың көңілі өскесін,

Қызылбас мінген ала-ды,
Шамасы келер күн болса,
Қылуға қайрат жарады.
Біреуі шаншып найзамен,

Біреуі келіп қызылбас
Шоқпарменен ұрады.
Ортасынан шығармай,
Ұстаймыз деп Бурылды

Қаншама әскер қамады.
Жан серігі бурыл ат:
«Мінуге жайың бар ма?»—деп,
Қобыландыны шыр айналып,

Қасқырша шауып дұшманға,
Айналақтап қарады.
Омар менен Оспандай,
Ай мүйізді қошқардай,

Ұстатпайды Бурыл ат
Қамалаған дұшманға-ай.
Жанына қысым келгесін,
Соншама әскер үстінен

Гулеп ұшты аспанға,
Жерде ұстамай қамалап.
Кім ұстасын аспанда-ай,
Сол уақыттар болғанда

Буырылын көргесін,
Түскенін ердің білгесін,
Сейілдің ұлы Қараман
Тіке ұмтылды ортаға.

Бурыл атты көргесін,
Болғанын бір іс білгесін,
Жіңішке жирен атпенен
Ұмтылды Орақ ортаға.

Тайбурылды көргесін,
Түскенін ердің білгесін,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Өзі алты жасында,
Сусар бөрік басында,
Өкім құла ат астында,
Қабағы тастай түйіліп,

Ақсұңқар құстай шүйіліп,
Етек-жеңі жиылып,
Арыстан туған Бөкенбай
О да ұмтылды ортаға.

Балтасы тасқа өтеді,
Балаға көңілі бітеді.
Бәрінен бұрын Бөкенбай
Жүрген жерін есік қып,

Әкесінің үстіне
Бөкенбай келіп жетеді.
Көп тұруға шыдамай,
Шуылдаған қызылбас

Баладан қашып кетеді.
Тайбурылын көргесін,
Түскенін ердің білгесін,
Тоқпақ жалды торы атпен

Естеміс шапты ортаға.
Қайың құрық, қақ құрық
Ортасынан бөледі.
Арыстандай ақырып,

Ортаға бұл да кіреді.
Екі қолын сыбанып
Қос етегін түрініп,
Бұл да айтулы ер еді.

Қойға тиген қасқырдай
Қызылбасты бүледі.
Қобыландының үстіне
Бұл да жетіп келеді.

Жаралы болып қалғанын
Батырдың келіп көреді.
«Уа, сұлтаным»,—деп Естеміс,
Қобыландының үстіне

Нар түйедей шөгеді.
Құртқаға хабар беруге
Енді атына мінеді.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ақ орамал басында,
Тоқпақ жал ат астында,
Құртқаға жетіп келеді.
Келіп сөйлей береді:

«Жаралы батыр болды,—деп,—
Жатырсың нағып сен?—дейді.
Жарасын батыр байлауға
Ақ дәрісін аюдың

Тезірек алып жүр,—дейді.
Қансырап қаны азайса,
Кетеді әлі шын,—дейді.
Құртқа сынды сұлуға,—

Бол, атыңа мін,—дейді.
Жаралы болған сұлтаным
Қылайық оған ем»,—дейді.
Құртқа есітіп жүгіріп,

Құлады батыр дегесін,
Көзінің жасы төгіліп,
Сасқанының белгісі
Етегіне сүрініп,

Құртқа сынды сұлуың
Алдырады жорғаны.
Естемістей шалыңыз
Ақырып елді қуырып,

Болыңдар деп зарлады,
Бетіне жанды қаратпай
Жауатын күндей торлады.
«Қобыландының үстіне

Тез қондыр,—деп,—орданы».
Қобыландыдай сұлтаным,
Бұл сапарың болмады.

Әлқисса, бұлар тұра тұрсын, ендігі сөзді Қобыландыдан
естіңіз. Қобыланды есінен танып қалып, бір уақытта есін жиып,
баласын шақырып алып айтқан сөзі:
Бір уақыттар болғанда

Кете жаздап арманда,
Қобыландыдай батырың

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Басынан шоқпар кеткесін,
Үстінен тозаң өткесін,
Көзін ашып қарады.
Жан-жаққа көзін салады,

Есін жиып алады.
Қызылбас қашып салақтап,
Өкім құла атпен бұлақтап,
Шұбалып шапқан баласын

Батырдың көзі шалады.
Шақырып алып баласын
Қобыланды батыр сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Електен өтсең—Есімбай,

Қыс қыстауым Бұқаржай,
Сені берген Иемнен
Айналайын, бір Құдай,
Дәмем еді осындай.

Сен болмасаң тік шауып
Кім жетер еді үстіме-ай!
Қостанып шыққан елінен
Көк шекпенді, көк бөрік—

Қызылбастың хан Шошай.
Менен туған ұл болсаң,
Бөкенбай қалма соңынан,
Найзаңды салмай қоңынан.

Жеті пірге тапсырды
Түрегеліп орнынан.
«Омар менен Оспаным,
Үстімдегі жеті пір

Бөкенбай саған қосқаным.
Ханнан бүкпей тіземді,
Батырдан бүкпей тіземді,
Бір қатыннан мен шөктім

Өлгенше кетпес пұшманым.
Қапияда іс қылды,
Ойламаған дұшманым».
Әкесі сөзін есітіп,

Жөней берді Бөкенбай,
«Тоқта, Шошай, тоқта,—деп,—

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Тоқта!»—деп бала ұмтылды,
«Қашпа, Шошай, қашпаң,—деп—
Қашпа!»—деп бала ұмтылды.
Арқада құлан топтады,

Мергені мылтық оқтады.
«Қайтер бала дейсің»,—деп
Қосынды Шошай тоқтатты.
Бала екенін білгесін,

Көріп Шошай қорықпады.
Жайықтың бойы қамыс-ты,
Бермеймін деп намысты,
Бала да болса таймады,

Саз балшықтай жабысты.
Емен сапты сүңгімен
Еңкейісіп шегініп,
Еменнен найза салысты.

Қарсыласып шабысты,
Бірін-бірі қағысты,
Бөкенбай мінген құла ат-ты,
Құла атпен шауып сұлатты.

Бөкенбайдай батырға
Тәңірім беріп қуатты.
Ертемен жаумен алысып,
Қайратын жұртқа сынатты.

Кіші бесін болғанда
Қызылбастың Шошайын
Бөкенбай аттан құлатты.
Шошай ханның әскері,

Сүйегіне шаба алмай,
«Ой, бауырым»,—деп жылапты.
Қараман менен Ораққа
Қайратын бала сынатты.

Қызылбасты құлатып,
Орақтың келіп жанына
Бөкенбай батыр сөйлейді:
«Көкемді мана көрмедік,

Аз ба, көп пе жарасы
Анығын оның білмедік.
Мен көкеме барайын,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Жақсы ма, жаман сұрайын,
Мен келгенше екеуің
Әскеріне қалмақтың
Тарттыра тұр сазайын».

Бұл сөзді айтып Бөкенбай
Елге шауып жөнелді.
Төрткүл деген төбесін,
Оңдайды ғой, жасаған,

Оңдармын деген пендесін.
Тыңдап қара, жарандар,
Бөкенбай ердің кеңесін.
Шауып шығып көреді,

Бөкенбай батыр Құртқаның
Ордасының төбесін.
Үйге жақын келгенде,
Түсемін енді дегенде,

Қыл шашын байлап қылаңдап,
Шашбауын байлап сылаңдап,
Өз үйінен Құртқажан
Бөкенбайдың алдынан

Шыға келді бұлаңдап.
Алдынан шығып сөйлейді:
«Көкеңнің бардың сөзімен,
Ердің дұшпан ізінен.

Менің жаным—құрбандық
Айналайын, Бөкенбай,
Көкең мен сенің өзіңнен!
Дұшпанның бардың соңынан,

Алдың дұшпан жолынан.
Менің жаным—құрбандық
Айналайын, Бөкенбай,
Көкең мен сенің жолыңнан!

Көкеңнің бардың соңынан,
Алдың дұшман жасынан.
Ерегескен дұшманға
Намысты бермей қолыңнан.

Айырып алдың көкеңді
Қызылбастың молынан,
Секілді қарға тобынан.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Тайбурылға міне алмай,
Қарына найза іле алмай,
Тұра алмай көкең орнынан,
Найзаның салған зорынан.

Бурыл ат ұшып аспанға,
Ұстатпаған дұшпанға
Қамаған оңы, солынан,
Менің жаным—құрбандық

Айналайын, Бөкенбай,
Көкең мен сенің жолыңнан!
Түйенің көркі нар қылып,
Өзеннің көркі жар қылып,

Көкең аттан түскенде
Шулады ел-жұрт зар қылып.
Жаратушы бір Құдай
Он сегіз мың ғаламды

Жоқтан өзі бар қылып.
«Ханнан бүкпей тіземді,
Халықтан бүкпей тіземді,
Батырдан бүкпей тіземді,

Бір қатыннан шөктім,—деп,
Қапияда тізе бүктім»,—деп,
Жатыр көкең ар қылып,
Үйдің ішін шар қылып.

Барма көкең қасына,
Қарамас көздің жасына,
Қаhары келіп жатқанда
Шынымен шабар басыңды.

Ашуланып, сұлтаным
Ішпей отыр асын да,
Жарасын жақсы дарулап,
Мен отырмын қасында.

Тілімді алсаң, Бөкенжан,
Ертемен тұрып, атпай таң
Бұлаңдаған Бурылды
Білдірмей алып берейін,

Астыңа оны мінсейші.
Алты құлаш ақ семсер
Көрсетпей алып берейін,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қынай белге ілсейші.
Ойпаң жерден орғытып,
Тегіс жерден сырғытып,
Аяңдамай желсейші.

Көп дұшпанның ортасында
Көкеңді шаншып найзамен
Тауға кеткен Қарлыға
Шамаң келер күн болса,

Түсіріп аттан жетелеп,
Көкеңді сүйтіп көрсейші.
Жалғаны жоқ сөзімнің
Шырағым, қозым, сенсейші!

Барар болсаң, шырағым,
Тапсыратын сөзім бар,
Бұл сөзімді білсейші».
Бөкенбайдай батырың

Құртқаның тыңдап ақылын,
«Әкел!»—деді Бурылды
Қайырын сұрап, ақырын.
Бұлаңдаған Бурылды

Бөкенбайға мінгізді.
Алты құлаш ақ семсер
Қынай белге ілгізді.
Бурылына мінген соң

Ағынына шыдамай
Жығылар деп, баласын
Бөктеріп тасты желгізді.
Желмек түгіл, шапқызды,

Жарлардан қарғып атқызды.
Жығылмасын Құртқаға
Бөкенбай батыр білгізді.
Ат үстінен еңкейіп,

Тас көтеріп өңгеріп,
Кереметін көргізді.
Құртқаның көңілі сенген соң,
Жығылмасын білген соң,

Шақырып алып баласын
Құртқа сұлу сөйлейді:

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

—Бұл жібердім базардың

Бояғы мен бөзіне.
Салса жылқы тоқтайды
Арқаның бөрікөзіне.
Айналайын, Бөкенбай,

Салғын құлақ сөзіме,
Шамаң келер күн болса,
Қарлығадай сұлуға
Қан жұтқызба өзіне.

Көп жақсылық іс қылған
Көкеңнің-дағы өзіне.
Көкеңе қылған Қарлығаның
Жақсылығы көп еді

Жазым жерде жоқ қылсаң,
Өкпелерім өзіңе!
Тапсырғаным осынша:
Өлгенше көрмен жүзіңді,

Есіт менің сөзімді.
Бөкенбайдай батырың
Құртқаның сөзін есітіп,
Аққа белін шешіпті:

«Жамандық өзі қылмаса,
Мен тимеймін,—десіпті,—
Атасы кәпір Қарлыға
Көп дұшпанның ішінде

Көкемді менің шаншыпты.
Түсіріп аттан көкемді,
Қараспан тауға қашыпты.
Ақмоншақ атты көсілтіп,

Күдерден күдер асыпты.
Мені ойламай Қарлыға
Мұншама неге асықты?!
Әлі білмей жүр ме екен

Асыл менен жасықты.
Сенің сөзің болмаса,
Тақымға салып сүйретіп,
Қабырғасын күйретіп,

Ойнатар едім асықты».
Бұл сөзді айтып болғасын,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Бөкенбайдай берен-ді,
Астына мініп дөненді,
Торғынға өзін бөледі,
Қарлығаның ізінен

Бөкенбай батыр жөнелді.
Бурылды «шу» дейді,
Құбылып Бурыл гулейді.
Табаны жерге тимейді,

Алмас қылыш сартылдап,
Алтын жүген жарқылдап,
Өмілдірік сом алтын
Омырауда алқылдап,

Бурыл аяқ басқан жер
Ойыла жаздап солқылдап,
Шаңы аспанға бұрқылдап,
Бөкен батыр келеді.

Қарлығадай сұлу да
«Келмесе екен» дейді екен,
Қобыландының баласын.
Бала да болса қайратқа,

Байқаған екен сұлуың
Манағы жерде шамасын.
О да қоймай тұр екен
Көп жад етіп бабасын.

Келе жатып Бөкенбай
Қараспан таудың басында,
Ақмоншақ атпен көлбеңдеп,
Көлденеңдеп жүргенін

Бөкенбай бала көреді
Қарлығаның қарасын.
«Қашпа, Қарлыға, қашпа!»—деп
Бөкенбай батыр ұмтылды.

«Қашпасаң бала, саспа!»—деп
Қарлыға қарсы ұмтылды.
Бөкенбай келіп бұйақтан,
Қарлығаға сөйлейді:

—Ай, Қарлыға, қашпаймын,

Қайратым бар деп таспаймын,
Дұшманнан қорқып саспаймын.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Құртқаның айтқан сөзі бар,
Тапсырған қатты кезі бар,
Табаныма баспаймын.
Қанша айтсаң, сонша айт,

Қарлыға, сені шанышпаймын.
Бөкенбай айтып болған соң,
Үлектен туған маядай,
Мая жолдан тая ма-ай?!

Баланың сөзін қарамай
Бөкенбайға Қарлыға
Найзасын салды аямай.
Қанша айтса да Бөкенбай,

Қарлыға бұған қарамай.
Есіктің алды кендір-ді,
Етіне найза ендірді,
Аямасын сездірді.

Аямасын білген соң,
Етіне найза енген соң,
Толғамалы ақ сүңгі
Толғап алып Бөкенбай,

Қақ жүректен Қарлығаға
Бөкен де найза төндірді,
Жанған отын сөндірді.
Сауыттың көзі тарқалып,

Алысқанда екеуі
Жүрген жерін ор қылды.
Сол уақыттар болғанда
Қарлығадай сұлуды

Ақмоншақ аттың саурынан
Дөңгелетіп төндіріп,
Ат көтіне міндіріп,
Найзаны ырғап ендіріп,

Жығылар мезгіл болғанда
Қарлыға сұлу сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Бұл жібердім базардың

Бояғы мен бөзіне.
Салса жылқы тоқтайды
Арқаның бөрікөзіне.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Айналайын, Бөкенбай,
Салғын құлақ сөзіме.
Жасың кіші болса да,
Құлдығым бар өзіңе.

Өлтірер болсаң, шырағым,
Үйдегі жатқан көкеңді
Көрсетіп өлтір көзіме,
Түсіп тұрмын тезіңе.

Түйенің көркі нар еді,
Өзеннің көркі жар еді.
Өзімнің әкем, ел-жұртым
Соның үшін қиып ем.

Сенің жынды әкеңе
Не жазығым бар еді?!
Бөкенбайдай батырың
Қарлыға бұл сөзі айтқасын,

Найзасын тартып алады.
Ақмоншақ аттың үстіне
Түзетіп қызды салады.
Босанса қашып кетер деп

Ақмоншақ атты жетелеп,
Жүретін жолын төтелеп,
Ауылға алып барады.
Қарлыға сұлу сөкпеді,

Бөкенбайдай баланы.
Қарлығаны іздеп ауылдан
Шығып еді таң ата,
Үйге түсті Бурылмен

Құтпан өтіп, ел жата.
Қарлығаны жетелеп,
Бөкенбай елге келеді.
Қос тұлпардың дүбірін

Сұлу Құртқа біледі.
Құтпаннан қалмай келер деп
Құртқа да күтіп тұр еді.
Жүгіріп шығып далаға

Бөкенбайды көреді.
«Қарлығаны алып келді»,—деп,
Батырға хабар береді.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қарлығаны жетелеп
Баласы үйге енеді.
Сағынып жатқан баласын
Батыр Қобылан көреді.

Ұшып тұрып орнынан
Бөкенбайды сүйеді.
Қарлығаны көргесін,
Баласы алып келгесін,

Сегіз жыл жатып далада
Қарлыға сұлу күйгесін,
Ақыл кіріп батырға
Найзаның ұшы тигесін.

Ашуын тастап батырың,
Аққа белін шешіпті,
Көңілі бір тасып өсіпті.
«Бұл елдің қайда молдасы,

Қарлығадай сұлудың
Некесін қисын»,—десіпті.
Қобыландыдай батырдың
Қарлығадай сұлуды

Алайын деп жатқанын
Қараман құрдас есітті.
Қараман сонда сөйлейді:

—Менен туған ұл болса

Қобыландының ұлы деуші едім,
Қобыландының баласын
Өзімнің ұлым деуші едім.
Баламның тапқан олжасын

Бізге әкелсе болмай ма?!
Теке менен тушадан
Түгендеп сойып, той қылып,
Екеуінің некесін

Қиып қоссам деуші едім!
Сұлу сүгірет құласың,
Шабылмай жүйрік боласың.
Қарлығадай сұлу да

Сегіз жыл тауда бос жатты—
Шығармас па едім көңілінен
Екеуінің кінәсін?!

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қараманның бұл сөзін
Қобыланды батыр есітті,
Бөкенбайға сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Түйенің көркі—нар, балам,

Өзеңнің көркі—жар, балам,
Әкеңіз қатты кейіпті,
Алып келген анаңды
Әкеңіздің алдына

Тезірек алып бер, балам!
Батырдың сөзін есітіп
Бөкенбай мінді күн шықпай,
Жылқыдан ұстап дөненді.

Торғынға өзін бөледі,
Қарлығадай шешесін
Ақмоншақ атпен жетектеп,
Қараманға алып жөнелді.

Қараман, Орақ екеуі
Қызылбасты адақтап,
Найзамен қуып шабақтап,
Қойға тиген қасқырдай

Алқымынан тамақтап,
Алдын-артына қарамай
Қызылбас қашып салақтап,
Найзасына сүйеніп,

Екі батыр тұр еді.
Қарлығаны жетелеп,
Алып келген баланы
Бұл екеуі көреді.

Әкелгесін Қараман
Қарлыға мен Бөкенді,
Ертіп алып Орақты,
Қайрылмайды бұл елге,

Еліне алып жөнелді,
Қылайын деп қонақ-ты.
Еліне келіп Қараман
Алпыс бие бұл сойып,

Алты ру ел шақырды.
Жетпіс бие бұл сойып,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Жеті ру ел шақырды.
Жұрт мақтады бұл жерде
Қарамандай батырды.
Ұзынкөлдің басына

Жағалай тіккен шатыр-ды,
Қобыланды мен Құртқаны
Тойға кел деп шақырды.
Кешке шейін тіккізді

Жүз сексен басты ордасын.
Той аяғы өткесін,
Мереке, қызық біткесін,
Шақырып алған қыпшақтан

Қобыландыдай жолбарысын,
«Көңіліңнен шығар кінәң»,—деп,
Оңаша берген қолына
Қарлыға сынды жолдасын.

Қасына адам келтірмей,
Қараман өзі тыңдады
Қарлыға, Қобылан құрдасын.
«Қалдырмай сөйле бәрін де,

Іште кінәң қалмасын.
Бір-біріңе нахақтан
Өтірік, жала болмасын».
Қараман бұл сөзді айтқасын,

Қарлыға бастап сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Ауылдың алды бел,—дейді,

Белден көшкен ел,—дейді,
Көл қатырған сең,— дейді.
Қобыланды батыр, айтайын
Қараман отыр ортада,

Құлағың сал сен,—дейді.
Басыңа ғашық болдым ғой,
Көргеннен соң мен саған,
Басыңа басым тең,—дейді.

Бір сен үшін әуелде
Ел-жұртымның бәрін де
Қиып шықтып мен,—дейді.
Қисық та болса, әркімнің

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Өзіне ісі жөн,—дейді.
Әуел бастан айтайын
Қараман, тыңда сен,— дейді.
Ақ торғынға бөледі,

Темекідей еледі.
Шырағым қандай болад деп
Өлгенше өмірім тіледі.
Әркімнің діні өзіне

Қисық та болса жөн,—дейді.
Қараман менен екеуіңді
Тақымына қыстырып,
Қалыңнан соққан қарсақтай

Ақмоншақ атпен Көбікті
Қалаға алып келген-ді.
Қол-аяғың байланып,
Лабақтыда жатқанда

Мына отырған Қараман
Ұмыттың ба, не?—деді.
Алдырып атың мінгізіп,
Көбіктіден жасырып,

Сауытыңды тығып кигізіп,
Найзаңды белге ілгізіп,
Өзімнің әкем Көбікті
Ақылын айтып өлтірттім.

Білдің бе, Қобылан, кім үшін?
Оны да жалғыз сен үшін!
Басыңа ғашық болдым ғой,
Басыңа басым тең үшін.

Ол асылды білмедің,
Асылды көзге ілмедің.
Алшағыр еліңді алғанда,
Қараспан құлап қалғанда,

Бурыл ат ақсап жүре алмай
Қараман тастап жұртына,
Өзің жалғыз қалғанда,
Басыңа қайғы салғанда,

Қайырылып барған сонда кім,
Білдің бе, Қобылан, кім үшін?
Оны да жалғыз сен үшін!

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Алшағыр еліңді алғанда,
Басына қара салғанда,
Батырдың бәрін тауысып,
Біршымбай жалғыз қалғанда,

Төртеуімізге найза салғанда,
Төртеуімізден сән кетіп,
Кеудемізден жан кетіп,
Найза орнынан қан кетіп,

Екі қолдан әл кетіп,
Сандалып тұрған кезінде,
Ақ бетімде тұлымым,
Бірге туған құлыным,

Арқаға біткен жұлыным,
Керіле біткен жауырыным,
Бірге туған бауырым,
Қолғанатым, құйрығым,

Судан шыққан сүйрігім,
Суырылып озған жүйрігім—
Жалғыз інім Біршымбай
Өзім шаншып өлтірдім,

Кемеліне келтірдім,
Білдің бе, Қобылан, кім үшін?!
Оны да жалғыз сен үшін!
Басыңа ғашық болдым ғой,

Басыңа басым тең үшін.
Ол асылды білмедің,
Асылды көзге ілмедің.
Еліңді жинап алғанда,

Арманың болмай жалғанда,
Қараспан тауға ызғытып,
Олжа малды салғанда,
Мен келмедім есіңе.

Некелеп Құртқаны алғанда,
Қараспан тауын қаңғырып,
Көңілге қайғы толғанда,
Мен келмедім ойыңа!

Шатырым сайдың бойында,
Қасыңа жолдас кісі ертіп,
Қараманның шықтың тойына,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Талма-тал түс шағында.
Арқада бар бөрікөз,
Жақсыда болар тәуір сөз,
Шатырыма келдің кез.

«Түстене кет»,—деп онда біз,
Құлағыңа бір алмай,
Жалындық қанша сонда біз.
Түсейік деді Құртқа да,

Қайрылмай кеттің, батыр, сіз.
Ақша бір жауған қар еді,
Ғаріптің көңілі тар еді,
Қайрылмайтын соншама

Қанша кінәм бар еді?!
Мұнан кейін, Қобыланды,
Қараманның бардың тойына,
Мен келмедім ойыңа.

Әділдігіңді айтқанда,
Той аяғын өктізіп,
Елге тағы қайтқанда,
Алдыңда тұрды ақ шатыр,

Шақыруда болдық біз пақыр.
Жаныңда Құртқа серігің
Қиылса да түсуге,
Қайрылмай кеттің сіз, батыр!

Қанша күнәм болса да,
Сонша көңілің қалса да,
Сонда Шошай алдында
Етпетіңнен бір салдым,

Ескі кекті бір алдым,
Алдыңа келдім, аяма!
Көңіліңде болса сенің де,
Әлі қырқып салсаң да,

Бір алғанмын кегімді!
Қараман құрдас, ризамын,
Қарама-қарсы айтқызып,
Тарқаттың көңіл шерімді.

Бүгін өлсем де арман жоқ,
Шығарып көңіл кірімді,
Қараман құрдас, тыңдасын,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қобыландыдай сұлтаным,
Қалдырмай сөйле мінімді,
Өтірік айтпай шыныңды!
Сонда Қобылан сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Жақсы айтасың, Қарлыға,

Алланың кең ғой жарлығы.
Ауылдың алды бел еді,
Белден көшкен ел еді,
Көл қатырған сең еді.

Азғана емес қызылбас,
Бірталай жатқан ел еді.
Әркімнің діні өзіне
Қисық та болса жөн еді.

Ақ торғынға бөледі,
Темекідей еледі.
«Шырағым қандай болад?»,—деп,
Өлгенше өмірің тіледі.

Өзіңнің әкең Көбікті
Ақылын айтып өлтірдің,
Әкеңнен жақын кім еді?!
Қара қыпшақ Қобыланды

Танимысың, нең еді?!
Сөзіңнің айтқан бәрі рас,
Басыма басың тең еді—
Саған жұрт қайтып сенеді?!

Мұның аз боп Қарлыға,
Ақ бетіңде тұлымың,
Бірге туған құлының,
Арқаңа біткен жұлының,

Керіле біткен жауырының,
Бірге туған бауырың,
Қолғанатың, құйрығың,
Судан шыққан сүйрігің,

Суырылып озған жүйрігің,
Жалғыз інің Біршымбай
Өзің шаншып өлтірдің,
Кемеліне келтірдің.

Ініңнен жақын кім еді?!

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қара Қыпшақ Қобыланды
Танимысың, нең еді?!
Әкең менен ініңе
Сонша қастық қылғанда,

Кімге достық қыласың,
Саған қыпшақ нағып сенеді?!
Дихан еккен егінді
Есен алса тегін-ді,

Бұл сөзден сұлу жеңілді.
Қобыландының аяғына
Қарлыға сұлу жығылды.
Атасы әйел демесең,

Бір кісіден кем емес
Қарлығаның бір басы.
Қобыландыдай батырдың
Аяғына жығылып,

Қарлыға сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Жеті жыл жаттым тауында,

Бір сен үшін налығып,
Бір көруге сағынып.
Қараспан таудың басында,
Бетімді жудым жасыма,

Өмірге өткен қамығып.
Басыңа басым тең еді,
Шыққаным еріп сен еді.
Шыдайын, батыр, нағылып.

Сонда Шошай алдында
Жеті жыл жатқан ескі кек
Кеудеге сыймай тығылып,
Найзаны салдым қоңыңнан—

Кеттім жолдан жаңылып.
Қараманның алдында
Кек қалмасын көңліңде,
Сұраймын, батыр, жалынып.

Сонда Қобылан сөйледі:
Сөйлегенде бүй деді:

—Ау, Қарлыға, Қарлыға,

Айтқаның дұрыс барлығы.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бұл жалғанның кезек қой,
Кеңшілігі, тарлығы.
Ашылғандай болды ғой,
Көңілдің алтын сандығы.

Еңбегің сенің аз емес,
Қараманның алдында
Мен де кештім, сен де кеш,
Өткен істің барлығын!

Қараман бастап сөйледі:
«Ау, Қобылан, құрдасым,
Қарлыға мынау—жолдасың.
Осы жерде сөз қалып,

Көңілде ала болмасын.
Қарлығаның серлігін,
Жауға қылған ерлігін
Кеміте алман өз басым.

Тар жерде таяу болғандай,
Қорғауға жарап жолдасын.
Айтқан сөзі бәрі рас,
Өзім бірге болғасын.

Сені де бекер демеймін,
Көңілге күдік алғасын.
Көңілдің кірін жудыңдар,
Басынан аяқ қудыңдар,

Келтіріп сөздің тұлғасын.
Екеуіңнен сұраймын
Осы жерде сөз қалсын!
Қарлығадай сұлуды

Қобыландыдай батырға
Қарамандай құрдасы
Шығарып көңіл кінәсін,
Қимақ та болды некесін.

Ешкі малдың серкесін,
Ақсақал жер шекесін,
Ұзын сөзді қысқартып,
Енді айтайын төтесін.

Отыз күн ұдай ойын қып,
Қырық күн ұдай тойын қып,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Қарлығадай сұлудың
Қобыланды сынды батырға,
Қарамандай құрдасы
Осы жерде қиды некесін.

Қарлығадай сұлуың
Сегіз жыл жатып бір тауда
Мұрадын солай өтесін.
Асықпасаң сабыр қып,

Талаптансаң ұмтылып,
Мақсұтқа ақыр жетесің.
Молдаларын жидырып,
Некесін батыр қидырып,

Қараман айтып болғасын,
Қанікей мен Тінікей
Екі батыр құрдасын
Бұлар да келіп қалады,

Ақ отауға салады.
Батырдың мойнын құшақтап,
Сұлудың мейірі қанады.
Қобыландыдай төрені,

Аузын сүйіп аймалап,
Алқымын сүйіп қармалап,
Сақтағанын сарғайып,
Батырға сұлу береді.

Неше жыл жатқан қайғының,
Қызығын бүгін көреді.
Таң атқасын батырдың,
Қанікей мен Тінікей

Отаудың ашып түндігін,
Екі сұлу жүгіріп
Көрсетіп жүр ерлігін.
Ақ дәретін алдырып,

Аққа мойын салдырып,
Қарлығадай сұлуға
Қызмет етер туды күн.
Той аяғы өткесін,

Халық тарап кеткесін,
Екі ай жатып сол елде,
Қайтар уақыт жеткесін,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қайтуға рұқсат сұрайды.
Шақырып алып құрдасын:

—Бұл сөзімді біл,—дейді.

Құртқаның қылар тойы бар,
Өз көзіңмен көр дейді.
«Ертіп кел,—деп,—бәріңді»
Шақырып қалды шын дейді.

Қанікей мен Тінікей
Қосыныңды алып қасыңа,
Үшеуің де жүр,—дейді.
Орақ пенен Қарлығаш—

Жалғызым менің бауырлас,
Нөкер менен бар жолдас,
Барсын бірге бол,—дейді.
Кешікпей, батыр, жүрейік,

Даярлан батыр, сен,—дейді.
Қарамандай құрдасы.
Күймелі арба сүйретіп,
Сүйретуге атын үйретіп,

Көшкен елдей жөнелді,
Таң қалдырып көп елді.
Қанікей мен Тінікей,
Көреміз деп көп жерді

Ер Орақ пен Қарлығаш,
Қобыландыға қарындас,
Жанында қосын, көп жолдас
Бұлар да атқа мінеді,

Шеру тартып келеді.
Құртқа сынды сұлуға
«Сүйінші сұрап озам» деп,
Бөкенбай батыр жөнелді.

Келе жатқан қосынның
Хабарын айтып келеді.
Бөкенбай мінген құла ат-ты,
Көсілте шауып бұлатты,

«Қараман құрдас бар ма?» деп,
Баласынан сұрапты.
Бөкенбай тұрып сөйледі:

—Әкем менен шешем бар,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Апам менен жездем бар.
Екі жүздей шамасы,
Жанында ерген нөкер бар.
Бәрі батыр манап-ты,

Асынған қару болатты.
Құртқа сұлу сөйледі:

—Олай болса не керек,

Жылқыға бар ертерек,
Айдат бөліп торы атты.
Қарлығаның тойына,
Қобыландының жолына,

Халқыма, қалқам, сынатпай.
Көкеңе қылған Қарлығаның
Жақсылығы көп еді,
Етейін қабыл жылатпай.

Жеті жыл жатты сол тауда
Көзі жайнап шырақтай.
Батырға айтар шама жоқ,
Көрсем де қабыл ұнатпай.

Құртқаның сөзін есітіп,
Бөкенбай шапты жылқыға.
Қалған мұнда Құртқаңыз,
Салды хабар жұртына.

Берен тонды жамылды,
Етек-жеңін қағынды,
Сөз сөйледі тағы да.
Алпыс үйді тіккізіп,

Жетпіс шатыр құрғызып,
Әмірін елге жүргізіп:
«Сұлтаным келе жатыр,—деп,
Нөкері бар қасында,

Қараман, Орақ, батыр,—деп,—
Отыз күндей ойын бар,
Қырық күн қылар тойым бар.
Алты мың үйлі қыпшақтан

Жан қалдырмай жиыңдар,
Беретұғын сыйым бар,
Алпыс атан бөлдіріп,
Сойыстыққа қойыңдар.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Үлкен аға, кіші іні,
Батырдың кеттім алдынан,
Даяр қылып тұрыңдар!»
Халқына бұл сөзді тапсырып,

Қадірін жұртқа асырып,
Жабдықтайды дөненді,
Торғынға өзін бөледі.
«Батырды қарсы алам,—деп,

Алдынан қарсы барам»,—деп,
Дөңгелентіп жөнелді.
Қасқарлық тауға шығады,
Көз салса шаңы шұбады.

Жеккені арба күймелі,
Аузын жапқан түймелі.
Қарсы шығып алдынан
Атынан түсіп Құртқажан,

Қол қусырып сөйледі.
Құртқаның көңілі тоқталып,
Шиыршық атып шоқталып,
Көңілі тасып шаттанып:

—Екі саулық, бір қозы

Баhар айда қырқарым.
Құтты болсын жолдасың,
Жұрт иесі сұлтаным,
Жолыңа сенің құрмандық,

Сұлтаным, менің бір жаным!
Осы емес пе еді сіздерден
Тілеген менің іңкәрім.
Жолыңа болдым құрмандық,

Халық иесі сұңқарым!
Құртқадан бұл сөзді естіп,
Қарлыға келді қасына,
Бетін жуып жасына.

Сүйді Құртқа көзінен,
Жасын сүртіп жеңімен:
«Неше жылдай зарығып,
Мақсұтқа жеткен налығып,

Енді жылап, жасыма.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Зарыққан жетер мұратқа,
Деген бір сөз осы да!»
Қанікей мен Тінікей
О да келіп көрісіп,

Құртқа сынды досына.
Қараманды бас қылып,
Жағалай жүріп көріскен
Екі жүздей қосынға.

Үш батырдың алдында,
Сөз бастайды Қарлыға:

—Уа, құрметті апажан,

Сіздей болып жалғанға
Келе бермес дана адам.
Еріме ортақ болдың деп,
Тұғырыма қоңдың деп,

Қайтер ем алсаң жағадан.
Құрмет етіп қарсы алып,
Жиылған көпке жол салып,
Көрсетіп ерлік манадан.

Осы көптің алдында,
Менің де берер уағдам.
Сөзіңді сыйлап өтермін
Келгенінше шамадан.

Бұл сөзіме құлақ сал,
Үш тілегім және бар
Айтайын сізге жаңадан,
Қабыл етсең өзімді,

Ауыздан шыққан сөзімді,
Әуелгі тілек—жек көрме,
Еріме ортақ болдың деп,
«Олжалап алып келген» деп,

Көңіліңе алып кек көрме.
Екінші менің тілегім—
Жарылғандай жүрегім,
Әйелдің пірі—төресің,

Сөзіме айтқан сенесің.
Бауырыма саласың,
Бөкенжанды бересің.
Үшінші тілек—көңілімде,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Кеңітсе Құдай өңірімді
Өз бауырыңа саларсың,
Қабыл етіп аларсың.
Етсең қабыл бәрін де,

Үш батырдың алдында,
Бергенім саған өмірімді,
Көтергенің көңілімді!
Сонда Құртқа сөйледі,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Бүгін емес мен қашан,

Қабыл еткем өзіңді,
Айтпаймын көріп көзіңді.
Алдыңнан шығып мен тұрмын,
Бәйгеге тігіп өзімді.

Салған қолқаң сол болса,
Еткенім қабыл сөзіңді.
Менікі емес, сенікі—
Халықтың Бөкен баласы,

Асқар таудай панасы.
Артықша туған тұлғалы,
Жауына қатты айбары,
Халқына жүзі жайдары,

Қырандайын қырағым
Сал бауырыңа, шырағым!
Болсын қабыл мұрадың,
Мейрімді ана иіңіз,

«Бөбегім» деп сүйіңіз.
Атың шығып әйгіге,
Жолына болып құрбандық,
Тігемін басты бәйгеге!

Халық тыңдап бұл сөзін,
Риза болып бәрі де,
Үлкен-кіші, кәрі де.
Қонағын бастап қыз Құртқа,

Ертіп келіп ауылға,
Алпыс орда тігілген
Қараспан таудың баурына.
Жібектен арқан тарттырған,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР

Күмістен қазық қақтырған,
Қозғалмастай дауылға.
Жетпіс шатыр құрылған,
Жиылған халық, қауымға.

Бөкенбай келіп жылқыдан,
Бес жүз бие байлатып,
Қонақасы тойға деп,
Семізін қоса айдатып.

Жарқылдатып пышағын,
Союшылар қайратып,
Күннен басқа көрмеген,
Желден басқа мінбеген.

Асауларды тулатып,
Қара қазан бүлкілдеп,
Көбігіменен майлатып.
Қонақ үйдің бәрі де,

Жайған кілем жайнатып.
Жыршы, жырау бір бөлек,
Домбыраны ойнатып.
Бір Құртқаның ақылы

Қойған бәрін сайлатып.
Еліне сауын айтылған,
Сабалап қымыз артылған.
Бүтін қыпшақ жиылып,

Шаралы қымыз құйылып,
Қонағын келген түсіріп,
Қонақасын ішіріп,
Көңілдерін жайлатып,

Мерекелі ойын қып,
Тамашалы тойын ғып,
Тарту тартып тоғыздан,
Елге тегіс жиғызған.

Ырза қылып таратып,
Жұртты аузына қаратып,
«Немді аяйын жалғыздан!»
Жиылған халық Құртқаның

Ерлігін айтып мақтады.
Шешініп бір күн жатпады,
Қараман қашан қайтқанша

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ерлігін сүйтіп ақтады.
Халқына асып беделі,
Қараман, Орақ қоштасып,
Олар да қайтып жөнелді,

Қарағай найза жебелі
Ерген әскер қосынмен.
Қобыланды, Құртқа, Қарлыға
Көк пәуеске күймесін,

Күйменің іліп түймесін.
Қарлыға сұлу көреді
Дәуірдің тәтті жемісін.
Қарлыға, Құртқа көрсетіп,

Қалың қыпшақ еліне
Татулықтың белгісін,
Мақсатқа жеткен осылай
Елге жайып үлгісін.

Аяғы мұның әлі бар,
Қарлығадан ұл туар,
Ұлының аты—Киікбай,
Талабы таудай биікті-ай.

Киікбай атқа мінгенде,
Көп қыпшаққа күн туар,
Қызылбасқа түн туар.
Бұл өзі бөлек бір қисса—

«Киікбайдай батырың».
Тоқтаттым бұлай ақырын,
Сөйлесе сөздің жүйесін
Келтірер біздей ақының.

Бұл сөз тұрсын осымен,
Қарлығадай сұлудан
Сөз сөйлейін келелі.
Бес ай жолдас болғасын,

Ерге көңілі толғасын,
Қарлығадай сұлудың
Бойына бітті қорғасын,
Күмәнді болып жарандар.

Мұның жайын айтайын,
Құлақ салып қараңдар.
Құртқаға келіп жекелеп,
Сөз сөйледі еркелеп,

Бетті жауып бүркелеп:

—Аузыма ас татпайды,

Ішкен асым батпайды,
Көрінгеннің бәрі де,
Көңіліме жақпайды.
Көңілім соғад табылса,

Жолбарыстың жүрегін,
Жүрекке қосып бүйрегін,
Қабырғасын қиратып,
Омыртқасын уатып,

Кемірсем екен жілігін.
Осыны тауып берсеңіз,
Жалғыз-ақ менің тілегім.
Сонда Құртқа сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Әр пәндесін жаратқан,

Қобыланды батырдың
баласы Киікбай

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бір өзіне қаратқан
Келтіргесін оңына.
Ақ тұйғын құс түсімде,
Қондырып жүргем қолыма.

Құндағы алтын ақ берен,
Алдым тауып мұны да.
Қалағаның сол болса,
Табуға болар оны да.

Бөкенбайды шақырып:

—Алтын жатса айланба,

Осы бүгін жолыңда!
Ақмоншақ атқа мін,—дейді.
Алты құлаш ақ семсер,
Қынай белге іл,—дейді.

Қиын жұмыс болса да,
Барасың, қалқам, сен,—дейді.
Ақырғанда аспанға,
Аузын кере ашқанда,

Көрсетіп қайрат дұшпанға,
Болды керек жолбарыс.
Жақын да қылып жолды алыс,
Кешікпей, қалқам, кел,—дейді.

Болатын жері, мекені,
Қарау Қамыс көл,— дейді.
Бөкенбай бастап сөйледі:

—Осы ма маған жұмысың,

Мен туғанмын сен үшін,
Қара халық ел үшін.
Жауың қарап ақырса,
Шығармаспын дыбысын.

Маған қарап ұмтылса,
Қақ айырар қылышым.
Қанжығама шұбалтпай,
Өңгермесем лақтай,

Бөкенбай атым құрысын!
Маған да оңай бұл ісің,
Бола ма енді тұрысым,
Ақмоншақ атты даярлап,

Көрейін бүгін жүрісін.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Беренменен белдіктеп,
Ақ киізден терлік деп,
Белге байлап қылышын,
Бөкенбай батыр жөнелді,

«Оңғар,—деп,—бабам ісімді».
Ақмоншақ атпен алысып,
Ұшқан құспен жарысып.
Әбден қызып алғасын,

Жақын қылып алысын,
Жататын жерің осы деп,
Аралайды тоғайдың,
Қалың қарау қамысын.

Анда-санда бір атып,
Қолындағы беренді.
Алдында бір тоғайда
Жатыр екен ыңыранып,

Батыр Бөкен көреді.
«Не қылады осы?» деп,
Қарсы қарап жүреді.
О да мұны көреді,

Құйрығын соғып шапақтап,
Айбатын құрып шегеді.
Көрейін деп қызығын,
Байқады жаудың бұзығын—

Тамашалап көреді.
Құйрығын соғып атылды,
Атылар кезде ақырды.
Сілкіндіріп жер жүзін,

Тоғайдың талын жапырды.
Батыр тауып ақылды,
Қолына алып найзасын,
Асырып жаудан айласын,

Жүрегі таймай батырдың,
Қолындағы көк найза,
Омыраудан қадалып,
Қадалған жерден қан алып,

Жолатпай бойға асырды.
Төстен салған көк найза,
Оңына келіп бұл айла,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Жаудың көңілі басылды.
Найзаны тартып алғанда,
Қаны судай шашылды.
Ыңыранып жатқан жерінде,

Қылышпенен бауыздап,
Азырақ тұрып қасында,
Жатқан жерден көтеріп,
Алдына алып бөктеріп,

Тарту қылып Құртқаға,
Тастайын деп төңкеріп,
Шығып еді таң ата,
Үйге түсті Бөкенбай,

Құптан өтіп ел жата.
Батырдың естіп дүбірін,
Алдынан шығып жүгіріп,
Неғылып келе жатыр деп,

Отыр еді түңіліп.
Әлдеқалай болды деп,
Қабырғасы сөгіліп.
Қуанды ма, қорықты ма,

Көзінен жасы төгіліп.
Алып келген олжасын,
Сылқ еткізіп түсірді.
Түсіріп аттан Қарлыға,

Шекер-шербет ішірді.
Қаруын тастап шешінді,
Қарлығаға еркелеп,
Көлденең жатып көсілді.

Ойнап келген секілді,
Дәнеме жоқ есінде.
Жолбарысты сойдырып,
Жартысын бөліп қойдырып,

Құртқа сұлу пісірді.
Бітеу салып жүрегін,
Оған қосып бүйрегін,
Сорпасын құйып ішірді.

Табақ-табақ түсірді,
Жерігі қанып жегенде
Жетпей ме деп қысылды.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Жерігі қанып желпініп,
Ағып тері сілкініп,
Мас болғандай есірді.
Екі аяғын көсілді,

Жеңілденіп шешінді.
Қарлығадай сұлуың
Осылай болған секілді.
Белді байлап бекінді,

Көңілі толып жетілді.
Айлардан ай өткенде,
Күндерден күн өткенде,
Басуға аяқ мұң болды,

Өтірік емес шын болды.
Сегіз айдың өзінде,
Тоғыз ай, он күн жүзінде,
Алтынды жағдан тұрғызып,

Күмістен желі кергізіп,
Түн жарылып, жарқырап,
Күн жақындап таң атты,
Қарлыға сұлу толғатты,

Ер толғағы тым қатты.
Жылқыдан әкеп биені,
Айналдырып түйені,
Жад етіпті Иені.

Перзенттің туар күн жетіп,
Ұйқы көрмей түн қатты.
Іште жатып тулайды,
Келеге келіп сыймайды.

Ауық-ауық тебініп,
Сұлудың жанын қинайды.
«Баба Түкті бабам», деп,
«Бибі Бәтима пірім» деп,

Құртқа сұлу тынбайды.
Отыз қатын жиылып,
Үсті-үстіне үйіліп,
Тартып белін қинайды.

Сол кездерде болғанда,
Төбесі жерге сарт етті,
Маңдайы күндей жарқ етті.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Жібек шатыр құрдырып,
Бір қатынға көрсетпей,
Мойындарын бұрдырып,
Өзі жалғыз Құртқаңыз,

Әрі де бері жүгіріп.
Жаңа туған жас бала,
Көрсетпеді басқаға,
Таң қалғандай масқара.

Аударылып түсіпті,
Арыстан туған десіпті.
Омырауы есіктей,
Ағайын жұрты есітті,

Кеулі тасып өсіпті.
Бәрі келіп Құртқаға,
Алып жатыр ортаға,
«Тойың қашан?» десіпті.

Електен өтсең Есімбай,
Қыс қыстауы—Бұқаржай.
Қалың қыпшақ, көп ноғай,
Жұрт жақсысы баланың

Атын қойды—Киікбай.
Толды бала бір жасқа,
Келбеті басқа, түр басқа,
Айланды қолда тұрмасқа.

Толды бала екіге,
Жан шыдамас бетіне.
Қабағы мен кекілі,
Кере қарыс маңдайын

Айырып қойған секілді.
Келді бала үшіне,
Көтеріп тасты ойнайды,
Қызығына тоймайды,

Естіген риза күшіне.
Толды бала төртіне,
Жібермей Құртқа еркіне,
Жапанға біткен шынардай,

Талпынады сыр бардай,
Жауып тұрған нұр бардай,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Таң қаларлық көркіне.
Баланың болды ойнағы—
Күннен-күнге түрленіп,
Жас киіктей сайдағы,

Жүзі де жылы жайдары.
Толды бала бесіне,
Болды жақын кісіге.
Атадан артық туған соң,

Ертесі не, кеші не?!
Тумай жатып бақ берген,
Шешен қылып, жақ берген.
Қалың елдің тілегі

Маңдайына тап келген.
Ағайын, туған ел-жұртым,
Сіздерге қазір не дейін,
Кем-кетігін кедейдің

Өлгенімше жебейін.
Маңдайы кең қарыстай,
Жауырыны керген талыстай.
Малға бірге барам деп,

Іздеген жауды шабам деп,
Бөкенбайдан қалыспай.
Айнымас болат жүрегі,
Сомнан соққан білегі.

Ағайын, жұрттың тілегі,
Қырандайын қырағы:
«Сіздер үшін мен тудым»—
Көзінің жанып шырағы.

Құртқа да жүр жібермей,
Талай рет сұрады.
Алысып жүріп Киікбай,
Енді толды алтыға—

Қарсы алдынан қарасаң,
Керіліп тұрған жақбақтай.
Ту сыртынан қарасаң
Жауырыны қақпақтай.

Маңдайдың қалың терісі,
Құмдаудан салған соқпақтай.
Тұлғасына қарасаң,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Шомбалдап соққан тоқпақтай.
Құртқа сынды-ай сұлуың
Енді рұқсат береді.
Өзімнің еншім болсын деп,

Ақмоншақ аттың інісі
Көксеріні мінеді.
Төбеге шашты түйеді,
Белге де қару іледі.

Бөкенбайға қосылып,
Жылқыға бала жөнелді.
Шығарып жолға екеуін
Қолқанат пен құйрыққа

Қобыланды, Құртқа кенелді.
Жанында Бөкен болғасын,
Екеуі соған сенеді.
Ит жүгіртіп, құс салып,

Сауық-сайран, ән салып.
Қос батырды баулыған,
Естеміс деген ер еді.
Жылқыда жатқан ерлерде

Әнші, күйші көп еді.
Қызықты тастап қос батыр,
Қайтамыз үйге демеді.
Батырлық дәуірі осы еді,

Елді жаудан қорғауға.
Естемісті басшы ғып,
Күнде шығып бұл тауға.
Таудың шығып басына,

Төңіректі болжауға.
Күндердің күні өткенде,
Жылқыға бала кеткенде,
Қобыланды жалғыз ойланып,

Қару-жарақ байланып,
Көктім аймақ еліне
Кемпір-шалды көруге
Жүремін деп сайланып—

Бурыл атты жабдықтап,
Беренменен белдіктеп,
«Тірі болса, көрейін,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Батасын алып келейін».
Бұл сөзді айтып Қобылан,
Бурыл атқа мінеді,
Денеге сауыт киеді.

Көктім Аймақ еліне
Жалғыз өзі жөнелді.
Бірнеше күн жол жүріп,
Талай асу бел жүріп,

Аман-есен келеді.
«Қобыланды келіп қалды,—деп,
Басыңа дәулет қонды»,—деп,
Сүйінші сұрап бір жігіт,

Көктімге хабар береді.
Қарсы шығып алдынан,
Қуанып жүрек жарылған.
Қойдай шулап көрісіп,

Амандық сұрап терісіп,
Сәулетпенен жүрісіп,
Шаhарға алып келеді.
Елін жиып той қылып,

Малды қырып сойғызып,
Кем-кемтігін тойғызып,
Қуанғаннан кемпір, шал—
Қобыландыдай төрені.

Халқына артып беделі,
Жата берсін қуанып,
Кемпір мен шал уанып.
Батырға дұшпан көп еді,

Көп екенін білмеді.
Белгілі судың сағасы,
Берен тонның жағасы,
Артында қалған жасында,

Қырық бес кез қызыл ердің баласы.
Қаранас пен Ағанас,
Бұл күнде жетіп болған мас,
Әкесін Қобылан өлтірген,

Ежелден кекті бұрын қас,
Қобыландыны есітіп,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қатқан көңіл болып тас,
Шешесімен кеңесіп,
Барамыз деп теңесіп,
Қаламыз деп белдесіп.

Шешесі тұрып сөйледі:
«Күштерің жетпес соғысып,
Жекелесіп тоғысып,
Шақырыңдар Барақты».

Шақыртып айтып қарайды,
Мұның тапқан ақылы,
Нағашысы, жақыны—
Ақыл тапқан ұнайды:

—Көктім Аймақ той қылар,

Той қылам деген ойы бар,
Дайындап жатыр шарапты.
Ішіне кіріп білдірмей,
Басу керек қонақты,

Бозаға қосып арақты.
Мас болғасын немене,
Әскер жиып даярлап,
Қол-аяғын ал байлап.

Зынданға салдыр апарып,
Қорлықпен өлер көз жайнап.
Мен ішінде болайын,
Ханға қызмет қылайын.

Ерлеріңді даярла,
Хабарын беріп тұрайын.
Бараққа хабар беріңдер,
Ақылын айтар сендерге,

Сене берме көп елге.
Келсе керек іс жөніңе,
Берсең хабар келеді,
О да айтулы ер еді,

Оған көңілім сенеді.
Көктім менен байланып,
Жүрген ердің бірі еді.
Барақты алға салсаңдар,

Байрақты қолға алсаңдар,
Ісің жөнге келеді.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Әскеріңді білдірмей,
Жұрт көзіне ілдірмей,
Көрсетпей байла қылышты.
Жан сезбесін бұл істі,

Менен хабар жеткен соң,
Бастарсыңдар ұрысты.
«Осы айтқаның дұрыс деп»,
Ақылдасып тарасты.

Көктім Аймақ—кемпір, шал,
Көңілі судай тасады.
«Мереке, қызық тойым бар»,—
Халқына жар шашады.

Арқа сүйеп батырға,
Дұшпанның көңілін басады,
«Сені ме» деген дұшманға
Азуын қарыс басады.

Жетім менен жесірге
Қазынасын ашады.
Қаланың шығып сыртына,
Таудың құлар бетіне

Кешке шейін тіккізді
Екі жүз басты ордасын.
Аямай жатыр мал басын,
Шатыр құрып жағалай,

Созып жатыр жалғасын.
Ертіп келді ордаға,
Қобыландыдай жолбарысын,
Түсіп кетті ортаға,

Ақырын беріп оңдасын.
Барақ та келді кеу-кеулеп
Ертіп алған жанына
Өзінің сенер жолдасын.

Балуан күрес, ат шабыс
Бәрі бітіп болғасын,
Ордаға келді жиылып,
Қымыз, боза құйылып,

Әбден қызып алғасын,
Қыз, келіншек жиылып,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

«Жездемізді көрем,—деп,
Өз қолымнан берем»,—деп.
Барақтың бәрі ақылы,
Ерік кетіп батырдан,

Сақтана алмай ғапылдан.
Етегін түріп көтеріп,
Жел соққызып шатырдан,
«Тез жетсін» деп әскерін

Хабар беріп шақырған.
Қалың әскер есітіп,
Жерінде басты отырған.
Көздерін кеткен қан басып,

Иттей болып құтырған.
Жиылған жұртты шулатып,
Қандарын шашып тулатып,
Нарқамыстай жапырған.

Қылыш, найза жарқылдап,
Найзағайдай жалтылдап.
Екі жақтан көп әскер,
Қанға шомып қарқылдап.

Батырды келіп басуға,
Жау таянды жақындап.
Қаруы жоқ, аты жоқ,
Бойда қуат, әлі жоқ,

Жауды шоқпар сартылдап,
Қызылбас мінген ала-ды,
Шамасы келер кезінде,
Қылуға қайрат жарады.

Ақырда тұрған Бурылды
Аштырып оны да алады.
«Жазасын енді берем,—деп,
Көктімнің күшін көрем»,—деп,

Қырық құлаш зынданға,
Батырды байлап салады.
«Сенетұғын кім бар?» деп,
Көктімге тағы шабады.

Оны да салды лабаққа,
Көк шыбын қонсын қабаққа,
Суқар беріп тамаққа.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Көктімнің қолы—әскерін
Салды бәрін азапқа.
Барақты таққа мінгізіп,
Әмірін елге жүргізіп,

Әзірге жетті мұратқа.
«Қобыланды ғапыл қалды» деп,
Халық шулап жылапты.
Босанса қашып кетер деп,

Салды құрсау Бурыл атқа.
Барақ мініп тағына,
Риза болып бағына,
Елді жиып тойлатты.

Мұныменен тұрмайды,
Той аяғы өткен соң,
«Қыпшақты барып шабам,—деп,
Құртқадан кекті алам»,—деп,

Мұны тағы ойлапты.
Қаратып елді өзіне,
Бағындырып сөзіне,
Әскер жиып ауыр қол,

Жаратып атын байлатты.
Орда жатып Қобыланды
Өлейін десе жан тәтті,
Кірейін десе көр қатты,

Басына түскен сұмдықты
Жаңа біліп ойлапты.
Қимылдауға қозғалып,
Қол-аяғын байлапты.

Орда жатып ақырып,
Әруағын шақырып,
Әрлі-берлі толғапты.
«Бабай Түкті бабам-ай,

Не болды, деп,—маған-ай?»
Ор түбінде зарлапты:
«Мұнан былай кетпесең,
Құртқаға барып жетпесең,

Хабарды болған жеткізіп,
Бір жақсылық етпесең,
Батырыңның қалғаны-ай.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ішінде кетіп арманы-ай!
Бұл байлауын үзбес пе ем,
Құдығын талқан бұзбас па ем,
Жазаның күшті салмағы-ай».

Қан сорғалап қансырап,
Қалған екен әлсіреп,
Тістеулі кетіп бармағы-ай,
Аян берген бабасы:

«Қылма,—деді,—күйініш,
Ат басы мен ер басы
Көретұғын қиын іс.
Батырдың көңілін қуантып,

Ақыры болар сүйініш».
Бұл сөзді айтып бабасы,
Құртқаға хабар беруге,
Алыс та болса арасы,

Жасады бір құлшыныс.
Жатыр еді қыз Құртқа
Ақ ордада ұйықтап,
Берен тонды қиықтап.

Бабасы келіп қасына,
Алыс емес жуықтап:
«Ұйқыдаймысың, балам-ай,
Көңіліңе салдым жараны-ай.

Қаруландыр, аттандыр
Бөкенбай, Киік баланы-ай.
Батырыңның басына,
Түсіпті ауыр заман-ай.

Тезірек барып жетпесе,
Салғаның басқа қараны-ай.
Қапияда алданып,
Орға түсіп қалғаны-ай.

Кешіктірме тез жібер,
Тістеулі кетер бармағы-ай.
Әкең Көктім лабаққа,
О да түсіп зарлапты-ай.

Белгілі судың сағасы,
Берен тонның жағасы,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Өзіңнен қалған кеткенде,
Қырық бес кез Қызыл ердің баласы
Қаранас пен Ағанас—
Жетім қалған екі жас.

Әкесі өліп батырдан,
Алшағырдың елінде,
Ағасы өліп батырдан,
Жүрегі қатқан болып тас.

Ғапыл жатқан жерінде,
Батырын жинап елінде,
Қолы тиді кәпір нас.
Екі батыр асып тұр,

Көңілдері тасып тұр.
Бұл күндерде әкеңнің
Әруағы қашып тұр.
Бүтіл елді қаратып,

Бағындырып басып тұр.
Әскер жиып тағы да,
Еліңді келіп шабам деп,
Табанға сені салам деп,

Азуын саған басып тұр»
Осыны айтып бабасы,
Ғайып болды көзінен.
Оянды шошып Құртқа қыз,

Есітіп айтқан сөзінен.
Баса алмады аяғын,
Қанды жас ағып көзінен.
Хабар беріп шақыртты,

Қарлығаны тезінен.
Шошып тұрды о дағы
Ұйықтап жатқан жерінен.
Қарлыға келіп сөйледі,

О да қорқып түсінен.
Сонда Құртқа сөйледі:

—Ау, Қарлыға, Қарлыға,

Алланың қатты жарлығы,
Басымызға түсіпті,
Қысым қылған тарлығы.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Басылғандай болып тұр,
Көңілімнің алтын сандығы.
Алыстан хабар айтайын,
Құдай басқа салды ғой.

Сізге айтпай кімге айтайын,
Жау басыпты белімді,
Көктім аймақ елімді,
Той болып жатқан жерінде,

Көріпті сұлтан көрімді.
Байлауда қалған халі бар,
Шықпай жатқан жаны бар.
Босанса қашып кетер деп,

Бурылдай жануар—
Төрт аяғы байлаулы,
Қысымға түскен жайы бар.
Осының бәрі анық деп,

Бабам қылды жарлық,—деп,
Екі бала жетсін,—деп,
Үстіне келген жауыңның
Қанын жерге төксін,—деп,

Қабырғасын сөксін,—деп,
Орда қалған батырды
Босатып аман алсын,—деп,
Хабарды жібер балдарға,

[Бейқам] жатқан қос қалқа
Тезірек жетсін, өктесін,
Орда жатқан сұлтанның
Қапыда қанын төкпесін!

Мұны естіп Қарлыға,
Үйден шығып жүгіріп,
Тоқтай алмай кідіріп.
Ақырда тұрған Моншаққа

Салды ерін кидіріп.
Көзінен аққан жасына,
Екі бетін жудырып.
«Өзің барып ептеп айт,

Бөтендер алар бүлдіріп.
Сол жақтан кетіп қалмасын

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Жауға керек сайманын
Даярлаймын ілдіріп.
Екеуіне арнап соқтырып,
Бадана көзді ақ сауыт,

Қойып едім будырып.
Екеуіне ақ семсер,
Балдағын малып алтынға,
Қойып едім құйдырып.

Тезірек барып, тез әкел,
Қала көрме кідіріп».
Қарлыға сұлу жөнелді,
Жауабына кенелді.

Айтып кетті Құртқаға,
«Келемін алып» дегенді.
Қарлыға іздеп жөнелді,
Екі болат беренді.

Ақмоншақ атпен ағылып,
Тұяғы тасқа шабылып,
Аттың тері сабылып,
Қабағы түндей жабылып,

Келсе, баллар малда жоқ,
Білетін анық жан да жоқ:
«Он күн болды кеткелі,
Біз де отырмыз сағынып,

Ит жүгіртіп, құс салып,
Жүруші еді салынып».
Мұны естіп, Қарлыға
Шыдай алмай қамығып:

«Ел шетіне жау келді,
Отырсыңдар неғылып?
Тез балаларды табыңдар,
Тұс-тұсқа іздеп шабыңдар.

Жақын жерден табылса,
«Жет,—деп,—елге барыңдар!»
Жылқышыға жар салды,
Тоқпақ жалды тор атқа,

Өзі бас боп ер салды.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Біреуі кетті тау асып,
Біреуі кетті қыр асып,
Бірі кетті көл асып.
Тозаңы шығып аспанға

Тұс-тұсынан ұласып.
Шыдай алмай Қарлыға,
Шықты тауға бұл асып.
Тау басында сандалды

Кешке шейін қарасып.
Келмегесін кешігіп,
Не қыларын біле алмай,
Ақылынан адасып—

Бұларға да бір бәле
Кез келген деп ойлайды,
Бәлеге бәле ұласып.
Ары бері толғанды,

Терең-терең ойланды,
Теріге симай долданды.
Кеткендерден келген жоқ—
Қарлыға тұр төзе алмай.

Келер деп күдер үзе алмай,
Жаны күйіп болып шоқ:
«Құтпанға шейін күтейін,
Оған дейін келмесе,

Елге барып жетейін.
Алдынан Құртқа өтейін,
Байлауда жатқан батырға
Жалғыз да болсам кетейін.

Батырдан басым артық па,
Жанымды аяп нетейін!»
Қалғандарға тапсырып
«Келсе жетсін асығып».

Жан шыдамай бетіне,
Көзінің оты шашылып,
«Күте алмаймын, кетем»,—деп,
Түсті таудан асылып.

Бетті бұрып ауылға,
Ақмоншақтай тұлпардың

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Қамшы басып сауырға,
Бұрқыратып келеді,
Екпіні ұсап дауылға.
Ертең шолпан батқанда,

Қызарып күн шыққанда
Қарлыға жетіп сөйледі,
Құртқадайын бауырға:

—Жылқыға бардым, бала жоқ,

Білетін оны қара жоқ.
Он күн болған кеткелі,
Хабарын білген жана жоқ.
Қайтып келдім шыдамай,

Күтетұғын шара жоқ.
Табыңдар жүрген жерінен
Жеткіз деп елге тезінен.
Кешке дейін мен күттім,

Алмадым хабар бірінен.
Рұхсат бер, әпеке,
Жалғыз да болсам кетейін,
Батырға барып жетейін.

Құрмандық болып жолына,
Тартылып кесе өтейін.
Батаңды бер, апеке,
Батырды жетсем қорғаймын.

Қызыл ердің аулына
Найзамды кезек толғаймын.
Бөкендер келіп жеткенше,
Шыбын жанды қинаймын

Алдында өліп мен кетсем,
Ризамын Құдайым.
Естіп тұрып хабарын,
Неғып үйде шыдайын!?

Сонда Құртқа сөйледі:

—Кешке шейін сабыр ет,

Айтқан сөзім қабыл ет
Ешбір хабар болмаса,
Кешке шейін келмесе,
Саймандарың әзір ет!

Құртқаның айтқан сөзімен

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Балаларды күтеді,
Талай уақыт өтеді.
Намаздігер болмай-ақ,
Шаң аспанға бұрқырап,

Жауатын күндей күркіреп,
Қабақтары түнеріп,
Екі батыр жетеді.
Алдынан шығып екеуі

Балаларды ұстап жетелеп,
Ордаға әкеп түсірді,
Шәрбеттен шарап ішірді,
Құртқа менен Қарлыға

Енді қылып шүкірді.
Естеміс кетіп соңынан,
Үшеуі бірге отырды.
«Жауың қайда келген?»—деп,

Алдына қойған ас ішпей,
Екі бала жұлқынды.
Құртқа отырып қалыста:
«Жауым жатыр алыста,

Сабыр ет»,—деп өтінді.
Бір бәленің болғанын
Біліп белін бекінді.

—Біз туғанбыз сен үшін,

Біз құрбанбыз ел үшін,
Көкеме тиген жау бар ма,
Жасырасың сен несін?!
Отырмайды долданып,

Құртқаның түрін көргесін.
Сонда Құртқа сөйледі:

—Бөкенбай мен Киікжан,

Көкеңнің жет соңынан.
Менің жаным—құрмандық
Екеуіңнің жолыңнан.
Белгілі судың сағасы,

Берен тонның жағасы,
Қызыл ердің баласы—
Қаранас пен Ағанас,
Біз кеткенде қалған жас.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Ескі кегі жүрекке
Қатып жүрген болып тас.
Қапияда көкеңді
Алған байлап қызылбас.

Зынданға салып қырық құлаш:
Бабай Түкті бабамнан
Алдым хабар—бәрі рас.
Тамағы жоқ жалаңаш,

Естігелі, шырағым,
Бойға сіңбей ішкен ас.
«Балаларды тез жеткіз» деп,
Кешіктірсең, жарамас.

Көктім аймақ нағашың,
Лабақтыдан табасың.
Мінгізіп таққа Барақты,
Жұртты аузына қаратты.

Көктім аймақ әскерін
Қанын төгіп таратты.
Тартып елге садақты,
Әскер жиып барам деп,

Бұл елді тағы шабам деп,
Менен де кекті алам деп,
Қылып жатыр талапты.
Әзиз көкең және бар,

Байлауда қалған жайы бар.
Арманда кетіп жүрмесін,
Тезірек жетіп алыңдар.
Сыйынып Түкті бабаңа,

Жауға ойран салыңдар.
Келмегенде кешігіп,
«Барамын»,—деп Қарлыға
Шыдай алмай өшігіп.

Қырық құлаш жібек арқанды,
Кием деп болат қалқанды,
Отыра алмай шешініп,
Тоқтатып сендер келгенше,

Ас ішкен жоқ есіліп.
Құртқаның сөзін есітіп,
Екі батыр долданды.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Зығыры қайнап тығылды,
Тезірек бізді жібер деп,
Аяғына жығылды.
Қабағы тастай түйілді,

Ақ сұңқар құстай шүйілді.
«Көкем қайтіп қалды?»—деп,
Көзінің жасы төгілді.
Аш күзендей бүгілді,

Ары, бері жүгірді.
Біреуі мініп құла атты,
Біреуі мініп сұр атты,
Бабадан медет сұрапты.

Ақ сауытын кигізіп,
Беліне алмас ілгізіп,
Ұйқы көрмей түн қатты.
Бала да болса сымбатты,

Елі-жұрты жиылып,
Қабағы тастай түйіліп,
Жауына қарап жол тартты.
Ішті балдан бір жұтып,

Құйған шайын іше алмай,
Сонда тұрып сөйледі
Қарлығаға Бөкенбай:

—Қанжығама байлап бер

Қырық құлаш жібек арқанды.
Сенің үшін мен туғам,
Сүйегіл маған арқаңды.
Сабырлық қыл, апажан,

«Шешесін ертіп келді» деп,
Бетіме соғар бір дұшман.
Сүйекке салған таңба боп,
Өлгенше кетер ол маған.

Бұл барғаннан барамын,
Көкемді тауып аламын.
Елін түгел шабамын,
Көнгенін жолға саламын!

Сабыр ет, барма, апажан,
Осы айтқан сөзден шығамын.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Қарлыға тұрып сөйледі:

—Мен бармаймын, шырағым,

Құтты болсын талабың.
Екеуіңнің жолыңа
Мен құрбандық ылағың.
Кетермін деп ойлап ем,

Кешігіп кетсең, қарағым.
Көкеңді аман алып қайт,
Елді жөнге салып қайт,
Тілегің тілеп тұрамын.

Бір күн өтер мың күндей,
Жолыңа қарап жыладым.
Қойдан қошқар алдырып,
Бозқасқасын шалдырып,

«Алла!» деп атқа мінгізді.
Ат мінген соң тұрмайды,
Елге мойын бұрмайды.
Қабағы тастай түйіліп,

Жауатын күндей торлайды.
Денеге сауыт киеді,
Төбеге шашты түйеді,
Бет қойып жауға жөнейді.

Алмас қылыш сартылдап,
Жаурына ілген қалқаны
Шағылып күнге жарқылдап.
Өмілдірік сом алтын,

Омырауда алқылдап.
Екі тұлпар алысып,
Ұшқан құспен жарысып,
Тебінгі қағып сартылдап.

Қиялай шауып кезеңнен,
Қарғытып өтіп өзеннен,
Шаңы шықты бұрқылдап.
Құланнан атты қодықты,

Көлден тартты борықты,
Жетемін деп торықты.
Сәске мезгіл болғанда,
Көктімнен алған көп жылқы,

Бараққа қалған ен жылқы,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Екі батыр жолықты.
Гулетіп жылқыны алады
Айқай-сүрен салады.
Қиқулап жиған көп жылқы

Бір уыс болып қалады.
Төрт аяғы буылған,
Арқан кесіп қиылған,
Жылқы ішінде Бурыл ат,

Ере алмай сонда қалады,
Ақсаңдай басып барады.
Балдарды танып кісінеп,
Көтеріп басын қарады,

Шұрқырап көзі жанады.
Қарғып түсіп Бөкенбай,
Арқанын кесіп аяқтың,
Қосарына алады.

Оқыранды жануар,
Шықпаған тірі жаны бар,
Солқылдап қалған жалы бар.
Арқасында ошақтай

Ердің батқан табы бар.
Төрт аяғы бақандай—
Арқан қиған қаны бар.
Шатырда жатқан көп мырза,

Хан жігіті бек мырза
«Жылқыға тиген бұл кім?!» деп,
Қоқиланып топ мырза—
Шатырда жатып ер Барақ:

«Кім де болса, байла!—деп,
Қамшымен жаяу айда!—деп,
Болсын десең, мен ырза»,—
Қосынға әмір береді.

Арғымақ мінген арбаңдап,
Қомпаң-қомпаң желеді.
«Жылқыға тиген бұл кім?»—деп,
Ақырая келеді.

«Ат ұрлауға келген»,—деп,
Бурыл атты көреді.
Тұс-тұсынан қақпайлап,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Ұстаймыз деп жағдайлап.
Бұларменен ісі жоқ,
Киікбай жүр малды айдап.
Қызылбасты көріп Киікбай,

Қабағын тас қып түйіпті-ай.
Ақсұр аттың шылбырын
Белге байлап жиыпты-ай.
Тұла бойы түршігіп,

Жауды көріп өшігіп,
Тіке ұмтылып ортаға,
Жалғыз өзі тиіпті-ай.
Ойыны күшті арыстан

Бір шетінен кіреді,
Бір шетінен шығады.
Кірген жерден шабақтап
Қойға кірген қасқырдай,

Кез келгенін тамақтап,
Екі жүзді кеседі.
Қызылбас қашты салақтап,
Ақсұр атпен бұлақтап,

Әруағы асады.
Бет-бетіне қашады,
Қашқанына қоймайды,
Қызыққа бала тоймайды,

Киікбай алдын тосады.
Ықтиярсыз найзалап,
Жібермеске айлалап,
Біріне-бірін қосады.

Құтқармасқа көңілі ауып,
Екі жүздің бір жүзі
Қалды жерде жер қауып.
Қалған жүзі қамалып,

Құтыла алмай жол тауып,
Біріне-бірі тығылды.
Қансырап көбі жығылды.
Көтереді қолдарын,

Бағынуға көңілі ауып.
Шатырда қалған ер Барақ
Құтырған иттей бұл қарап,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ақыра келді бұл шауып.
Жетегінде Бурыл ат,
Мамырлай басад ауырлап.
Қарсы шықты Бөкенбай,

Қабағынан қар жауып.
Киікбайға жібермей,
Жауатын күндей түнерді,
Сөйлесуге көңілі ауып.

«Өтіменен жарылып,
Өкпесімен қабынып,
Жылқыға тиіп тал түсте,
Кім шыдайды бұл іске?!

Жүрген жансың неғылып,
Жас басыңнан қағынып.
Менің атым Барақ-ты,
Неге ұрлайсың Бурыл атты,

Қобыландыны байлап орға сап,
Сыйлыққа алғам бұл атты.
Жылқыға тиіп ат ұрлап,
Жаныңа салдың азапты.

Үстіме келіп жол салып,
Өзегіме қол салып,
Көргенмін сендей қазақты.
Қайдан келген баласың,

Қай сапарға барасың,
Тез бер маған жауапты?!
Үстіндегі ақ сауыт,
Қан қылмай-ақ шешіп бер.

Астындағы құла атты,
Айыбыңа түсіп бер,
Қыласың кімді мазақты!»
Бөкенбай тұрып ойлайды,

Не қылсам деп осы итті,
Жауатын күндей торлайды:
«Сөзіңнің бар кекесін,
Жөнімді сұрап нетесің

Асығып тұрсаң кел бері,
Дегеніңе жетесің.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Көкемнің аты бурыл ат,
Садағасы кетесің.
Орға салып көкемді,
Сыйлыққа алған екенсің».

Бұл сөзді естіп қызылбас,
Қайратына болып мас,
Тұрды қарап Бөкен жас:
«Көкемді тауып алғанша,

Өлтіргенім жарамас.
Көкемді тауып берер бұл,
Салсам қысым көнер бұл.
Көзіне жанын көрсетсем,

Тура бастап берер бұл.
Ақыл ғып айтсам аралас,
Барады қайда кәпір нас».
Терең-терең ойлайды,

Ойлап ақыл байлайды.
Соғысуға Бөкенмен,
Оңтайланды қызылбас.
Найзасын толғап бөгеліп,

Ат қалғандай жүгініп,
Бір-біріне үңіліп,
Шыбын жаннан түңіліп,
Аламын деп жүгіріп,

Найзаны толғап салғанда,
Шап етіп Бөкен ұстады,
Шаншылар деп саспады.
Тартып алды қолынан,

Ісі келіп оңынан,
Ерлігін Бөкен бастады.
Және де алып қылышты,
Салайын деп ұрысты,

Бөкенбай қағып қалғанда,
Қолынан сынып ұшады.
Көріп мұны сасады,
Әруағы асады.

Қызылбасты Бөкенбай,
Ат үстінен жағадан
Қылдың деп қайрат манадан,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Буындырып қысады—
Қанды көбік құсады.
Қанжарын алып қармады,
Семсерін алып сермеді,

Сонда да ерік бермеді.
Бұл жалғаннан түңіліп,
Көзі ештеме көрмеді.
Тілі шығып құлаштай,

Сөйлеуге тілі келмеді,
Жаны шығып өлмеді.
Бөкенбай тұрып сөйледі:
«Әкемді тауып бер»,—деді,

Соңыма менің ер,—деді.
Сонда да малғұн көнбеді,
Райдан қайтып сенбеді.
Не қылам деп бұл итті,

Ат үстінен Барақты-ай
Жұлып алды тымақтай.
Өңгереді ылақтай,
Мойнына салды тұзақты-ай.

Тақымға салып сүйретіп,
Қабырғасын күйретіп,
Ханына берді азапты-ай.
Сол кездері болғанда,

Киікбай келді жалақтап,
Қалмақты қырды адақтап.
Найзаменен шабақтап,
Ақсұр атпен бұлақтап.

Қол-аяғын байлайды,
Шатырға қарап айдайды.
Тышқан алған мысықтай,
Домалатып ойнайды.

Көкемді тауып берер деп,
Енді Бөкен ойлайды,
Таптырмасқа қоймайды.
«Жазым қылып өлтірме,

Көкемді орға бұл салған,
Көп ішінде жол салған,
Ханнан сыйлық олжа алған.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Көкемді тауып бер дейік,
Соңымызға ер дейік.
Берсе тауып бағынып,
Жанына азат берейік».

Бұл сөзді айтып қос батыр,
Азырақ есін жиғызып,
Көтеріп басын тұрғызып,
Беті-қолын жуғызып,

Анадан қайта туғызып,
Бір қауызға сиғызып,
Көзінің жасын тыйғызып;
Есін жиып алады,

Жан-жаққа көзін салады.
Қос батырдың алдында,
Қойдан қоңыр болады.
Бөкенбай бастап сөйледі:

—Батыр Барақ, сен дейді,

Қобыландының баласы—
Екеумізді біл дейді
Көзінің ағы-қарасы,
Сөзіме айтқан көн,—дейді,

Көкемді тауып бер,—дейді.
Мақсұтыңа жеткізем,
Сөзіңді жұртқа өткізем,
Қызығымды көр,—дейді.

Жаныңа азат берейін,
Бұл сөзіме сен,—дейді,
Өтірік емес шын,—дейді.
Енді Барақ сөйледі,

Қос батырға бағынды,
Аяғына жығылды:

—Екі батыр сұраймын,

Бір қасықтай қанымды,
Кетіре көрме сәнімді.
Екеуіңнен сұраймын
Бір қасықтай қанымды.

Өтірік айтып, сізді алдап,
Жалғаншы боп сөз жалғап,
Төкпейін сенгіл арымды.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Әкеңді тауып берейін,
Атаңды тауып берейін,
Ортаға салып барымды,
Зынданға өзім түсейін,

Аяқ-қолын шешейін.
Кешірім сұрап батырдан,
Алдына мойын төсейін.
Алдына салып жанымды,

Өзінен сұрап алайын
Бір қасықтай қанымды.
Барақтан бұл сөз есітіп,
Қол-аяғын босатты,

Қатқан көңілін жұмсатты.
Ертіп келіп шатырға,
Екі бөрі батырға,
Аттарын байлап ақырға,

Айылдарын босатты.
Екі батыр шешініп,
Омырауды ашып есіліп.
Бараққа қарап сөйледі,

Қалмайық деп кешігіп:
«Батырды тауып алғанша,
Есен көзін көргенше,
Отырмаймыз көсіліп,

Ас ішпейміз есіліп».
Бурыл атты айналып,
Маңдайын сипап жемдеді,
Аяғын майлап емдеді.

«Мінуіне көкемнің
Жарайды» деп демдеді.
Ертоқымын сайлайды,
Адамнан есті жануар

Екі көзі жайнайды.
Кідіріп атқа ер салып,
Бір күндік азық, жем салып,
Құртқаның берген арқанын

Қанжығаға байлайды.
Батырды тауып алғанша,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Екі арыстан жүрегі
Кеудесіне симайды.
Жүреміз деп дайындап,
Асқан асқа қарамай,

Ащы балдан ішеді.
«Батырды тауып берем» деп,
Алдына Барақ түседі.
Жетегінде Бурыл ат,

Алдын орап кеседі.
Келе жатыр үш батыр,
Әлі де ымырт, кеш еді,
Екпіні желдей еседі.

Жақындады шәріне,
Тауда жатқан көп әскер,
Айланбайды бәріне.
Қыпшақты барып шабам деп,

Кегімді сүйтіп алам деп,
Құртқадайын сұлуды,
Ат көтіне салам деп,
Жиып жатқан кәріне

Барақ сында-ай батырың
Балаларды бастап келеді
Батырды салған орына.
Ор басына келеді,

Айтасың жалған демеді:
«Зынданға мені салыңдар,
Арқанды белге шалыңдар.
Ісім келсе оңына,

Болайын құрман жолына.
Кеудеңде бар ма шыбының,
Өзім салған орымнан
Алайын деп мен келдім.

Сенің жанған жеріңде
Жатайын деп мен келдім.
Сенің жанған шоғыңа
Жанайын деп мен келдім.

Бір қасықтай қанымды,
Бір шыбындай жанымды
Сұрайын деп мен келдім».

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қол-аяғын шешіпті,
Байланған жер ісіпті:
«Екі балаң келіп тұр—
Зынданның аузы есікте.

Беліңе арқан байлаймын,
Тезірек шық кешікпе».
Батырды байлап арқанға,
«Тартыңдар!» енді десіпті,

Барақтың даусын есітті.
Зырқырата бұл тартты,
«Бармысың?» деп тіл қатты.
Жарадан меңдеп, қансырап,

Қалған екен әлсіреп.
Екі бірдей қозысын
Сүйіп жатыр тым тәтті.
Екі бала көрісіп,

«Көкежан» деп жылайды.
«Енді өлсем де арман жоқ,
Берді Құдай тілекті.
Жаудан кекті алыңдар,

Басына қайғы салыңдар,
Әділдікке сүйенер—
Ердің ісі жүректі.
Халықтың мойнын босату—

Батырдың ісі білікті.
Кемнің қолын жеткізу—
Бардың ісі мүлікті.
Ордағы ерді алыңдар,

Беліне арқан шалыңдар».
Арқан салып Киікбай,
Тартып алды Барақты.
Әкесін тауып бергесін,

Басына жағып шырақты,
Қобыландыдай батырдың
Аяғына құлатты.
Ішкізеді батырға

Ашыққан бал шарапты.
[Бойына қан тарапты,]
Жаратқанға шүкір деп,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Жан-жағына қарапты.
Қолтықтап атқа мінгізіп,
Екі бала батырдың
Төбесін көкке тигізіп.

Бұлғары садақ, Бұқар жай,
Қынай белге ілгізіп.
Жаудың қалың нөкері,
Толған таудың етегі.

Бұлардың сөзсіз құруы—
Жатқан жерін қан қылып,
Ұл-қызын тұтқын қылуы.
Малды алып, елді алып,

Үстерінен жол салып,
Таялды қуып шығуы.
Әділдікке жауыздық
Оңай болмас жууы.

Тасыған ерлер іс қылса,
Оңай көңіл сууы.
Қараған ерлер қам қылса,
Оның оңай тұруы.

Сөзімнің жоқ бұруы,
Жылан болып елді арбап,
Қиын дәурен сүруі.
Екі батыр жанында,

Жалтылдайды қырандай.
Жылқыға қарай жол тартты,
Ақылдасып ұрандай.
Жылқыда қалған шатырға,

Жеткізуге батырға.
Жауға мойын бұра алмай,
Батыр шаршап келеді.
Қос батырға ере алмай,

Атқа шаршап жүре алмай.
Таң сарғайып атқанда,
Шолпан жұлдыз батқанда
Шатырға зорға келеді.

Көтеріп аттан түсіріп,
Ашыған балдан ішіріп,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Есін жиған секілді.
«Саған тиген бұл жауға,
Көрсетем деп кесірді»,
Әке аман келгесін,

Есен көзін көргесін,
Қуанып, тасып есірді.
Көңілдерін демдетіп,
Қос тұлпарды жемдетіп,

Ақ дәрісі аюдың
Жараға жағып емдетіп,
Төсек салып батырға,
Жатқызады көлбетіп.

Кезек-кезек сүйдіріп,
Қобыландыны шөлдетіп.
Бүлінбеген ұйқыға,
Жыртылмаған құлпыға,

Әкесінің жанында
Көзі ілініп ұйқыға,
Демін алып батырлар,
Жата тұрсын жылқыда.

Қызыл ердің баласы,
Әзіргі елдің ағасы,
«Қыпшақтың елін шабам,—деп,
Кегімді түгел алам»,—деп,

Қырық мың әскер шамасы,
Көктімді шауып қандатып.
Кем-кетігін зарлатып,
Қалың әскер қол алып,

Аз ғана емес мол алып,
Шабыншылық жол алып,
Жүремін деп жар салып,
Ауыр әскер көк найза,

Ту көтеріп қарсы алып.
Қалың қарға секілді
Жердің жүзі қозғалып.
Қолына жасыл ту алып,

Жүремін деп қуанып,
Барақ ханы бас болып,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Он кісіден қос болып,
Алдына дабыл төңкеріп,
Артына сауыт бөктеріп,
Қомпаң-қомпаң желісіп,

Қуанысып, күлісіп,
Дүркірей көшіп жөнелді.
«Жылқыда жатқан батыр,—деп,
Барақты барып шақыр»,—деп

Екі әскерін жіберді:
«Қару-жарақ байлансын,
Бес жүз құр ат айдалсын.
Орнына біреу бас қылып,

Малдың жөні жайлансын.
Ертерек барып хабар бер,
Осы айтқаным сайлансын!»
Екі кісі ат қойды

Барамыз деп батырға,
Жылқыда жатқан шатырға
Бұрқыратып келеді.
Байлаулы тұрған ақырда

Үш тұлпарды көреді.
«Бұлар кімнің аты?» деп,
Екеуі қалып ақылға,
Шатырға келіп жақынға,

Келе сала сөйледі,
Барақ сынды-ай батырға:
Қосын көшті қозғалып,
Кейінгіге сөз қалып,

«Тез шықсын,—деп,—шақырды
Сауытын киіп сайлансын,
Ырғай сапты найза алсын.
Қорамсағын байлансын,

Мінуіне әскердің
Бес жүз құр ат айдалсын.
Тапсырып кетіп біреуге,
Кейінгі мал жайлансын».

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Атты күтіп жайлатып,
Қаруларын қайратып,
Қос батырды ойнатып,
Отыр еді Қобылан

Көңілдерін жайлатып.
Қызылбас сөзін есітіп,
Шыдай алмай Киікбай,
Қабағын тастай түйіпті-ай.

Жүгіре шығып далаға,
Қолы барып жағаға,
Жұлып алып тепкілеп,
Қарамайды ойбайға

Байлап тастап екеуін,
Құрды кеңес, салды ойға.
Аш қасқардай бүгіліп,
Екі батыр жүгініп,

Отыра алмай жүгіріп,
Аттың белін тартады,
Ерін салып кідіріп.
«Қаладан ұзап шықсын,—деп,—

Жазық жерге жетсін,—деп,—
Сабыр ет, балам, кідіріп!»
Толғамалы ақ сүңгі
Күндік жерден көрініп,

Қос батырды көрген жау,
Өз жанынан түңіліп.
Қиядан ұшқан қырандай,
Күн астына үңіліп,

Жауына көңілі бөлініп,
Бөкенбай тұрып сөйледі:

—Даласы не біздерге,

Қаласы не біздерге.
Бабам алса шаужайдан,
Шарасы не біздерге.
Жаяу айдап жауыңды,

Әкелмесек сіздерге.
Сабырлық қыл, демің ал,
Батаңды бер біздерге.
Сонда Қобылан сөйледі:

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

—Бердім рұқсат барыңыз,

Жеті кәміл бабамды
Естеріңе алыңыз,
Жауға ойран салыңыз.
Әділдіктің жолында

Халық үшін қасық қаныңыз,
Халық үшін құрбан жаныңыз.
Жеті кәміл бабам-ай,
Балаларға көзің салыңыз,

Төгілмесін арымыз!
Бұл сөзді айтып батырың,
Қайратты қуат, ақылың,
Аттандырып жорыққа:

«Аз болдым деп торықпа.
Найзасының ұшына,
Қылышының жүзіне,
Тая соғып қорықпа.

Менен туған ұл болсаң,
Бұл сөзімді ұмытпа».
Сол кездері болғанда,
Бөкенбай менен Киіктің,

Өкше ізінен шаң шықты.
Не қылған шаң деп қараса,
Екпіні күшті тамаша.
Қос батырды жіберіп,

Тезірек жет деп үдеріп,
Қалмасын деп кідіріп,
Естеміс қалып толғанған,
Ерлігі қысып қозғалған.

Есітіп Қобылан хабарын,
Шыдай алмай шамданған.

—Артынан мен де жетем деп,

Жанымды аяп нетем?»—деп,
Тоқсан жылқышы ішінде
Тоғыз жігіт батырын
Соңыма алып ертем,—деп.

Құртқаменен сөйлесіп,
Екі бала артынан

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Мен де қуып жетем,—деп.
Малға кейін шабады,
Жылқыға жетіп барады.
Сондағы тоғыз батырың

Айтып білген ақылын,
Байланғанын айтады.
Қобыландыдай батырын
Сауыт-сайман кидіріп,

Беліне қару ілдіріп,
Тұлпарды сайлап міндіріп,
Ақ семсерді қолға алып,
Көк найзаны толғанып,

Халық үшін шамданып,
Ағайын үшін арланып,
Аттанған екен Естеміс.
Тоғыз батыр қасында,

Қалды келіп осында.
Батырға келіп қосылды,
Аз да болса қосыны.
Аттан құлай көрісіп,

Беттерінен сүйісіп,
Амандығын білісіп,
Қуанғаннан күлісіп.
Екі батыр тұр еді,

Аттануға жауына
Қару-жарақ киісіп,
Аттарына мінісіп,
Бөкенбай тұрып сөйледі:

—Біз жүреміз, Естеке,

Жаудың қалың тобына,
Ауыр әскер қолына.
Ерлігіңе болайын,
Келдің еріп соңыма.

Атыңды шалдыр, деміңді ал,
Айтқан сөзге құлақ сал,
Кешікпеңіз келе қал.
Естеміс сонда сөйледі:

—Ерлікке керек көп айла.

Сендерді жауға жіберіп,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Жататын шыдап күн қайда.
Келгей ісің оңына,
Кіріңіз жаудың тобына.
Көп екен деп қорынба,

Тайғызып бетті бұрылма.
Менің жаным—құрмандық
Балаларым жолында.
«Ақтың оты өшпес» деп,

Айтып кеткен бұрын да.
Мен де артыңнан барамын,
Жауыңа ойран саламын».
Бұл сөзді есітіп қос батыр,

Қабағы тастай түйіліп,
Ақ сұңқар құстай шүйіліп,
Қаруын байлап киініп,
Бабай түкті бабам деп,

Шақырады сыйынып.
Екі батыр ат қойып,
Бұрқыратып жөнелді.
Манағы кеткен әскер деп,

Қызылбас көріп сенеді.
Келе жатыр ағылып,
Қалқаны күнге шағылып.
Жүрісі бөлек болғасын,

Жүрген жан деп нағылып.
Қарасын көріп батырдың,
Жаудың жүні жығылып,
Бір-біріне тығылып.

Қарсы келіп алдынан,
Бөкенбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Іздегенің кім,—дейді,

Барасың қайда сен?—дейді.

—Келдім өзім мен дейді.

Қобыландының баласы
Бөкенбай, Киік—сен,—дейді.
Іздегенің мен болсам,
Өзім келдім біл,—дейді.

—Бұл күнінді көпсінсең,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қызыл ердің баласы
Батыр болсаң сен,—дейді,
Жекелеп шық, кел,—дейді.
Түлкідей көзін жайнатып,

Қаруы сыймай қайнатып,
Астындағы атын ойнатып.
Қызыл ердің баласы,
Қаранас пенен Ағанас,

Келетін болса шамасы,
Қылуға қайрат жараса,
Халқы қылып тамаша,
Шауып шықты екеуі.

Қалың әскер салды көз,
«Жекпе-жек!» деп төртеуі,
Шаншысуға келді кез.
Найзаларын кезеніп,

Үзеңгесін шіреніп,
«Жеке-жеке» дегенде,
Жекелеп найза төнгенде,
Еменнен найза салысты,

Сатыр-сұтыр болысты.
Қарсыласып шабысты,
Бермейміз деп намысты,
Оңдайды ғой ақ істі.

Қабырғасы қайысты,
Бөкенбай, Киік қос батыр,
Саз балшықтай жабысты.
Қызылбастың қос батыр

Найзасы ұшып аспанға,
Кез келген соң тасқынға.
Қолына еркін тигесін,
Құтқара ма қашқанға?!

Екі шауып, екеуі
Шығарды шаңды аспанға.
Екі батыр ақырып,
«Келіңдер!» деп шақырып,

Жиылған көп дұшманға—
Кім беттесін арыстанға.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Қалың қалмақ қысылды,
Сенген ері ұшынды.
Бұлар сөйтіп тұрғанда,
Тоғыз батыр жанында

Естеміс те қосылды,
Көріп жауы шошынды.
Шошынғанмен не қылсын,
Іздеген жауы осы еді.

Қалың әскер топтанып,
Шиыршық атып шоқтанып.
Көптігіне мақтанып,
Іздеген жауы кез келді.

Бара жатқан аттанып,
Қылыш, мылтық оқталып,
Екі батыр өлгесін,
Жекпе-жектен тоқталып.

Әскердің көбі бөлініп,
Иріліп шықты шоқталып.
Көп екен әскер ішінде
Қуанатын шаттанып.

Ықтиярсыз пенде боп
Еріп шыққан аттанып.
Тұс-тұсынан бөлініп,
Шықты бөлек саптанып.

Келмегесін жекелеп,
Тұрам ба деп көкелеп,
Буырқанды, бұрсанды,
Екі батыр ат қойып,

Көк найзаға қол салды,
Кірген жерден жол салды.
Екі батыр шабақтап,
Қойдай қылып тамақтап,

Ары-бері жабылды.
Жабылғанмен не қылды,
Найза, қылыш шабылды,
Іздеген ері табылды.

Тоғыз батыр, Естеміс,
О да кірді бүйірден—
Найза, қылыш үйірген,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Өлігі жаудың үйілген.
Айқай-сүрең салады,
Күрілдеген дауысы
Күншілік жер алады.

Естемістің дауысы
Қобыландыдай батырдың
Құлағын жарып барады.
Шыдай алмай батырың

Найзасын қолға алады.
«Бурыл атты әкел»,—деп,
Бараққа бұйрық қылады.
Бурыл атты жетелеп,

Шатырдың алдын төтелеп,
Көлденеңдеп тұрады.
Жер тарпынып жануар,
Жаудың біліп дыбысын,

«Көрер ме еді жүрісін!»
Бараққа сен де жүр дейді

—Байла қару, қылышың.

Екі батыр келеді,
Тамашасын көреді.
Қызылбас қашып салақтап,
Батырлары бұлақтап,

Алдынан тосып қашқанын
Жіберме деп адақтап.
Бөкенбай, Киік қос батыр
Ақ семсерді суырды,

Жау апшысын қуырды.
Қарсы келген жауының
Қойнына басы тығылды,
Жүні қойдай жығылды.

Бөкенбай, Киік қос батыр
Жаратқанға жүгінді.
Батыр Қобыланды қараса,
Екі бала шабынған,

Жүрген жері қағынған,
Сарқырап қаны ағылған.
Домаланып бас қалған,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Бірін-бірі жастанған.
Тоғыз батыр, Естеміс
Қашқандарын қуып жүр,
Қылышын қанға жуып жүр.

Қарсыласқан жауының
Көңілдері суып жүр.
Мына жерде әскердің
Бөлініп шыққан бір тобы.

Келіп еді Бөкенбай,
Қол көтеріп бағынып,
«Біз—сендік» деп жалынып,
Бастарын иіп салынып,

Қаруын тастап қолынан,
Ереміз деп соңынан:

—Мал мен баста билік жоқ

Көрдік қорлық шабылып.

—Олай болса кейін тұр,

Қорлыққа қалай көнейін,
Теңдігіңді алып берейін.
Қашар болсаң босанып,
Кетпейсің тірі біреуің.

Қозғалмасаң бұл жерден,
Сендерді дос деп сенейін.
Қызығымды көріп тұр,
Жазасын жаудың берейін.

Халық үшін мен құрман,
Тобына қайта енейін!
Бұл сөзді айтып Бөкенбай,
Қайта кірді жауына.

Толғамалы ақ сүңгі
Толғай ұстап қолына,
«Киікбай қайда жүрсің?»—деп,
Тіке ұмтылды туына.

Екі батыр ақырып,
Жауға қолын батырып,
Ту көтерген қызылбас
Ұмтылды қорғай анталап.

Болды қырғын сол жерде,
Қанды көбік шашылып.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Тізе қосып қос батыр,
Қуды жауын қашырып,
Әруағын асырып.
Қырылғаны жауының

Жатты жерде басылып.
Бөлек, бөлек қылады,
Есебі жоқ қырады.
Бірін шауып, біреуін

Қылышпенен ұрады.
Қойға кірген бөрідей
Домалантып барады.
Тудың түбін шаң басты,

Қарсыласып арбасты.
Қалың шаңның ішінде
Бір-бірінен адасты.
Сол кездері болғанда

Ту құлады, хан қашты,
Екі көзін қан басты.
Қашқан ханға ұмтылып,
Киікбай берен жалғасты.

Ханды қуып ұмтылды,
Ителгідей жұтынды.
Сермегенде найзаны
Сегізкөзден қалың ет

Қарыс сүйем жыртылды.
Тағы сермеп сыртынан,
От шығады ұртынан.
Үзді үмітін жауыз хан

Шәрі байтақ жұртынан,
Жұмарланып барып жығылды
Қарала аттың сыртынан.
Аты шықты ойнақтап,

Хан қасында бектерден
Кім жаралы, кім өлді—
Қалғаны қашып жөнелді.
Жаяу қалып жауыз хан,

Екі көзден ағып қан,
Қалғаны қашып құтылған.
Батырлар бұған қоймайды,

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Көкеме алып барам деп,
Ханды ұстап байлайды,
Жаяу қуып айдайды.
Қалған әскер бағынып,

Қаруын тастап жалынып,
Қарғадайын шулайды.
Ашуларын баса алмай,
Ер жүрегі тулайды.

Батырлар келіп бабына,
Кек жібермей жауына,
Қобыланды мен ер Барақ,
Шығып қарап тауына,

Батырларын көреді.
Топ-топ болып келеді.
Жауын жаяу шұбыртып,
Алдына әкеп береді.

Өз қолымен Қобылан
Найза ұшына іледі.
Киікбай мен Бөкенбай
Жауын жеңіп тауысты.

Тоғыз батыр, Естеміс
Бәрі де аман қауысты.
Балаларын ертіп ап,
Көктім Аймақ шәріне

Шеру тартып барысты.
Көктім Аймақ атасын
Сүйдіруге ботасын
Таптырып алып оны да,

Ісі келіп оңына,
Қойдай шулап табысты.
«Бүгін өлсем де арман жоқ!»,—
Құшағын жазбай жабысты.

Қабырғасы қабысты
Естімеген, білмеген,
Бұрын көзі көрмеген,
Қос қалқаға табысты.

«Өңім бе, әлде түсім бе,
Жия алмай тұрмын есімді,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Әпергені намыстың?!»
Кемпір мен шал екеуі
Қос батырға таласты.
Бірінен алып біреуі,

Жарылғандай жүрегі
Айқасып қалған білегі.
Елі-жұрты жабылып,
Айыра алмай сабылып,

«Болды,—деп,—қабыл тілегі!»
Көктім Аймақ сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
Қазынамды ашайын,

Дүние, малым шашайын.
Қалған елді сендерге
Өз қолымнан қосайын.
Отырғызып орныма,

Көңілімді басайын.
Бөкенбай мен Киікбай
Кемпір-шалды қолтықтап,
Ордасына енгізіп,

Тағына қайта мінгізіп,
Елі-жұртын жиғызып,
Дұшпанның басып көңілін,
Досын жиып күлгізді.

Жаудың шашқан қазынасын,
Қайта орнына тұрғызып,
Елдің бәрін қаратып,
Бір ауыздан өргізіп,

Барақты қойып бас уәзір,
Әмірін елге жүргізіп:
«Келер жылы да келемін,
Еліңді тағы көремін!».

Амандықты білгізіп,
Тағына мініп қайтадан,
Әділдігін жүргізіп,
Қызыл ердің тұқымын

Найза ұшына ілгізіп,
Ашуын басқан батырлар,
Ерлігін жұртқа көргізіп.

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫРДЫҢ БАЛАСЫ КИІКБАЙ

Қос шырағы балдырған,
Достың мейірін қандырған,
Жаудың көңілін қалдырған,
Жау жүрегін жандырған.

Көктім Аймақ елдерін,
Асу, асқар белдерін
Қайта түзеп салдырған.
Бір ай жатып той тойлап,

Қайтуға енді ой ойлап,
Көктім Аймақ бабаның
Шам-шырағын жандырған.
Жүрмек болып батырлар,

Атқа жабдық салдырған.
Қобыландыдай батыры,
Дариядай ақылы—
Халықтың сүйер жақыны,

Құтқарып елін құлдықтан,
Атқызып таңын, шам жаққан.
Халықтың бәрі құл болған,
Күн көруі мұң болған,

Аз ғана күн ішінде
Айдарлысы жүн болған,
Тұлымдысы тұл болған
Қалың елдің үстіне

Қонды бақыт нұр жауған.
Жүрейін десе батырлар
Халық оралып шаужайдан.
Қобыландыдай арыстан—

Халық иесі данышпан,
Кемпір-шалға қош айтып,
Босатпай қолын жабысқан.
Елдің қылған құрметін

Айтып тілмен тауыспан.
Қараспан тауға бет түзеп,
Өңкей тұлпар мінгені
Ауыздықпен алысқан,

Ұшқан құспен жарысқан.
Үш ай, үш күн дегенде,
Ел-жұрты шығып алдынан,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қозыдай шулап табысқан.
Белгілі болды еліне,
Алтын орай жеріне,
Жау жүре алмай шеніне,

Халқы қалың кенеліп
Төрт түліктің төліне.
Істері келіп жөніне,
Аққу ұшып, қаз қонып

Айдын шалқар көліне.
Кетпестей боп құт қонған,
Қой үстіне бозторғай
Жұмыртқалап, бақ қонған.

Қалың қазақ елінің
Маңдайына тап болған.
Ағайын жұрты мақтаған,
Кем-кетігі жақтаған.

Қалың қыпшақ баласын
Абыройменен сақтаған.
Киікбай, Бөкен кеңесі
Міне, осылай тоқтаған.

Қалған сөз Мергенбайдан бұ да бөлек,
Сыйынам, ақын атам, көтер жебеп.
Сексенге сол кездерде келген кезі
Неше жыл қолтығыңнан жүрдім демеп.

Жалғасы ердің сөзі содан қалған,
Тыңдаңдар шалдарыңның сөзін елеп.
Жетпіс бір базарымды кеміткен соң,
Айтайын солай демей енді не деп?

Гүл солса, бір бағасы шөп болады,
«Қартайсаң, ерлігіңді айтпа» демек.
Балалар, сал құлағың тағы тыңдап,
Көргем жоқ тыңдаушыға сөзім бұлдап.

Күлмейтін адам жалған, шын күледі,
Нәрсе ғой екі түрлі сыр мен сымбат.
Жалғасын «Қобыландының» жазып бер деп,
Балалар айтқаннан соң сөзің қымбат.

Берейін білгенімше бәрін теріп,
Жақсыға зая кетпес қылған қызмат.
Бар шығар естігеннің хабарында,
Сөзім жоқ бұдан артық табарым да.

Ен жайлап, еркін өскен сар даланы
Халықтың бәрі шат боп аманында.
Әлсізді әлді талап, тартып жеген
Ертеде өтіп кеткен заманында.

Шығыстан ауып көшкен ауыр қалмақ
Қобыландының Темірланды*
жеңуі
* Қолжазбаның титульдік бетінде осы тақырыппен берілген

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қазаққа салған бүлік баяғыда.
Іс болған сол кездерде таң қалғандай
Шаң басып жердің жүзін қалды аңғармай.
Ызылдап ел үстінен тартқан садақ—

Қара бұлт, жапалақтап қар жауғандай.
Болғанын бір сұмдықтың білді халық,
Жарылып бас аман ғып бүлді халық.
Қарамай ата ұлына, бала еліне

Жөн таппай құтыларға қайда барып.
Шуылдап үріккен қойдай ығып кеткен,
Жайлаған сахарада қанат жайып.
Қаптаған қара қарға қалың жендет

Талай ер қарсыласып болды майып.
Суырып қылыш, найза жарқылдатып,
Дабылы жердің жүзін солқылдатып.
Жаралы елді басып шұбай шапты,

Талай жан аяқасты қалды жатып.
Қашқан ел бір-біріне қарамады,
Шапты жау жарқылдаған жағалары.
Болса да аға, інісі жаудан жазым

Қорғауға бірін-бірі жарамады.
Арасын Орал, Елек алды қалмақ,
Қазақты қуғындатып салды салмақ.
Жайылып жайбарақат жатқан елдің

Талқандап, мал-мүлкін алды зорлап.
Қазақты қансыратып баса көктеп,
Қаптаған қалың әскер алдын орап.
Болмады баста билік, малда иелік,

Шұбырып шықты халық жан сауғалап.
Шаңдатып талай арна өзендерін,
Тобына ел жыйылған тартты садақ.
Бұрқырап шаңы бұлтқа ұласқандай,

Ақтабан шұбырынды болды қазақ.
Хан болып Ақсақ Темір қызылбасқа
Отырған оғын кезеп, жағын торлап.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Жарылып бір бөлегі тауға қашты,
Сауғалап бір бөлегі Ордан асты.
Ер кетіп, әйелдерден ерік кетіп,
Бой қыздар, жас келіндер қолға түсті.

Басына бөрік киіп, шекпен іліп,
Жамылып жар тасалап, оққа ұшты.
Талай ер—елдің ерке бозбаласы,
Бас болып қарсы тұрған ел ағасы,

Күш-қару жұмсаймын деп майып болған,
Ел үшін құрман болды таңдамасы.
Бере алмай ел жиылып көпке көмек,
Бұзылып бет-бетіне болмай дерек.

Қырылып жөнекейде қашқан халық,
Жеткені жан сақтады тау жебелеп.
Қанатын жая жазып, жерді орап,
Қалың жау ел қонысын алды билеп.

Малды алып, дүние алып қарқылдаған,
Бүлініп, ел қалмады шарпылмаған.
От-жалын жүректерін елдің басып,
Көк болат жердің жүзі жарқылдаған.

Сар дала, ен жайлауға салған қиқу,
Босанып, жер қалмады сарқылмаған.
Ел беттеп, ереуілге тұра алмады,
Жез қалпақ, алтын жаға жарқылдаған.

Темірлан сардаланы қылды қоныс,
Салдырды тастан қорған—үлкен жұмыс.
Жағалай бес өзенге бес қаланы—
Қозғалған дүние жүзі болды бір іс.

Иен малға, иен жайлауға ие болып,
Темірлан осылайша алған тыныс.
Шолғыншы, қарауылшы жер шетінде,
Кім беттеп мұныменен салар соғыс.

Осылай Сарыарқаны қоныс қылған,
Қол жиып ноғайлымен ұрыс қылған.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ноғайлы елін жиып қарсыласып,
Шыдамай қозғап иен ығыстырған.
Дірілдеп дабылынан жер қозғалып,
Халыққа ауырмалық бір іс болған.

Жарылып бет-бетімен кеткен қазақ,
Жас бала, кемпір-шалдар тартып азап.
Әл кетіп талайлары дүние салды,
Құтылып ел шетіне жеткені аз-ақ.

Бар шығар естігеннің құлағында,
Біле алмай қайда кетіп барарын да,
«Ақтабан-шұбырынды» деген сөздер
Әркімнің болу керек хабарында.

Бөлінді, бір бөлек ел кейін қалған,
Жетсек деп Қобыландыға қылып арман.
Шұбырып елсіз, сусыз иен далада
Талай жан құм жамылып, жолда қалған.

Қалың ел елден ерек қор болды ғой,
Алды-арты—бәрі қамау тор болды ғой.
Тас кесіп табандарын талайлардың,
Жылаған көздің жасы көл болды ғой.

Шұбырып кете берген тартып азап,
Жете алмай айлық алыс жерлері ұзақ.
Жау басып мал-мүліктің бәрі қалды,
Өмірде көрмегенді көрді қазақ.

Жерде—шөп, қолдарына түскендерін,
Келеді табылғанын қылып азық.
Қарамай ата—ұлына, балаға—ана,
Біреуін бірі таппай тартып азап.

Құлады ел шетіне алды келіп,
Қайғырды ел жақсысы мұны көріп.
Сөздерін көңілдегі айта алмайды,
Жаулары келгендей боп соңына еріп.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Әл кетіп, естен танған тозып шөлде,
Жылайды өз бастарын ұрып жерге.
Сұрайды бәрін қойып жалғыз арман—
«Жеткіз,—деп,—енді бізді Қобыланды ерге».

Бірі жылап, біреуі естен танып,
Шуылдап, құр жылайды келген халық.
Қара бұлт, қараңғы түн тарағандай,
Бір көріп, батырына жетсе барып.

Қара бұлт, қараңғы түн елді басқан,
Сапырып қанды көбік қанды құсқан.
«Батырды көріп өлсек өкінбес ек,
Көп жұртты жеткізбеді ажал дұшпан».

Бәрі де қойдай шулап, маңырап жатыр,
«Батырдың жолын айт»,—деп көп сұрасқан.
Ел тыңдап, ерін сыйлап, мінгізді атқа,
Қиын ғой ел намысы азаматқа.

Ел болып келген елді алып кеткен
Жеткізіп, киіндіріп ішер асқа.
«Батырды көріп өлсек, арман жоқ»,—деп,
Халықтың тілегі жоқ бұдан басқа.

Қалдырып босқын елді ел шетіне,
Он кісі ат қояды батыр жасқа.
Күңіреніп ен далада қозғалды жер,
Батырға жетеміз деп аттанды ел.

Бас болып бір топ адам ертіп келді,
Бәрін де кетті кернеп бір үлкен бейіл.
Батырды кезек-кезек құшақтайды,
Көз жасы келгендердің болды сейіл.

Қобыланды қарсы алады келгендерін,
Біледі бір сұмдықпен бүлгендерін.
Толғанды топ алдында қайрат беріп,
Сұрланып сөз сұрады көргендерін.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Түнеріп қабағынан ұшты мұздақ,
Халықтың бүлгеніне белі сыздап.
Ел бүлді, ел қырылды деген кезде,
Құбылып көк болаттай кетті мұздап.

Отырды ортасында келген көптің,
Сұрады «жайы қалай болған кептің?»
Шуылдап халық бастап сөйлегенде—
Қан толып, қайғы басқан көкіректерін,

Орнында отыра алмай қозғалады,
Халқына тозып келген беріп екпін.
Азырақ мауқын басып, есін жиып,
Сөйледі сонда біреу келген көптен:

—Уа, батырым, арыстан,

Атыңды естіп алыстан,
Ер шыдай ма намыстан?!
Кең Арқаны жайлаған,
Көгіне бие байлаған,

Көлінде балық ойнаған
Уа, айрылды халқың қоныстан!
Қара қарға секілді,
Көк қалпақты, кекілді—

Ауып келген шығыстан.
Ел басына күн туып,
Күні батып, түн туып,
Айрылды халқың туыстан.

Қара ағаштай қалың қол,
Елді басып салды жол,
Тоғайдың бойы солқылдап,
Найза, қылыш жарқылдап,

Орал мен Ордың арасы
Он екі өзен арнасы—
Жайлауын қазақ баласы
Қалың жау алды ту алған,

Туды қанға суарған.
Түстері суық жыланнан,
Қанды көрсе қуанған,
Елді талап шу қылған,

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Күн шығыстан шұбырған,
Жүрген жерін қуырған,
Қазақ десе жын ұрған,
Қынаптан қылыш суырған,

Қалмақтың ханы Темірлан
Бетіне келмей ешбір жан,
Ел бүлінді, жарылды,
Заманасы қағынды,

Шаңырағы отқа жағылды,
Қарсыласып талай ер,
Қылыш, найза шабылды.
Жау бетінде тұра алмай,

Жиылып басын құра алмай,
Жас келіншек, жас қыздар
Жау қолында қалынды.
Ел сүйгені—арулар

Ат көтіне салынды.
Атыңды атап ел жылап,
Бір көруге сағынды!
Ел үшін туған ер едің,

Ел сүйенген бел едің,
Болмас еді арман делінді,
Батырға жетіп өлсек деп,
Батырды тірі көрсек деп.

Бергі шет ел бүлінді,
Арғы шеті еліңнің
Тасқа кіріп тығылды,
Табаны тасқа тілінді.

Жас баласы, сәбиі
Найза ұшына ілінді.
Босқан халық шұбырып,
Жолда қалды бүлініп.

Халден тайған бүгіліп,
Кебіні жоқ, көрі жоқ.
Құмға беті көміліп,
Еліңнің қалды шетінде,

Еш сиқы жоқ бетінде.
Келіп отыр қалғаны,
Жақсылық сізден болар деп—

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Көңілдегі арманы.
Таңдайы қатып, құм кешіп,
Атыңды айтып үн қосып,
Келді құрып дәрмені,

Халықтың, міне, көргені.
Мұны естіп Қобылан,
Шыдай алмай орнынан,
Халықты естіп шұбырған,

Түнеріп түсі құбылған,
Теріге сыймай буынған.
Қабағы қарыс жабылған,
Қастары төмен салынған.

Елді естіп шабылған,
Заманы болды қағынған.

—Атымды атап сағынған,

Ел-жұртынан айрылған,
Тас кешіп, тауды жай қылған,
Халық үшін жаным құрбандық,
Зарын естіп қайғырған.

Сазасын жаудың бермесем,
Халықтың жасын көрмесем,
Ел-жұртынан айрылған
Ердің күйі бола ма?!

Қара басын сақтаған
Ерде ерлік бола ма?!
Өз табынан айрылып,
Батырдың бағы жана ма?!

Айрылғаным халқымнан
О да менің арманым—
Кек қайырсам жауымнан,
О да менің оңғаным.

Елді жауға бергенім,
О да менің өлгенім».
Бұл сөзді айтып ақырған,
Елді жиып шақырған.

Жіберіп хабар алдырып
Қараман, Орақ батырдан.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Қос атпенен шаптырып,
Тез жетсін деп отырған.
Босқын елді жидырып,
Көңілдерін тындырып,

Ел қылып бөлек қондырып,
Мал салып алға бөлдіріп.
Ел шетінен жақыннан
«Елді жиып барам,—деп,

Жауыңа ойран салам»,—деп,
Жатыр еді батырың,
Осылай құрып ақылын.
Қараман менен ер Орақ

Келсін деп екі батырын.
Бұларға кеткен шапқыншы,
Барып хабар жеткізген,
Бәрін де айтып өткізген.

Қараман мен ер Орақ
Бес қаруды белге орап,
Жая да емес, жал-ды деп,
Шекер де емес, бал-ды деп,

Ел шетін жау алды деп,
Қобыланды кетіп қалды деп,
Жауға ендігі барды деп,
Тұра шауып жөнелген,

Ала алмай хабар көп елден.
Қайтып келіп хабаршы,
Қос атпен кеткен шабаршы.
Аттанып кетті делінген,

Табысам деп сол жерден
Айтып келді осылай,
Естіп батыр шошымай:
«Бекер кетті-ау қосылмай,

Елден жиған ерлерге,
Тез жүргіз деп қосыңды-ай!».
Естемісті шақырып,
Әруағын сапырып,

Беріп әмір осындай:
«Мен кетемін, кетемін.
Қараманға жетемін.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қосыңды бастап келерсің,
Қосыңның бол қасында-ай.
Мұны айтып желігіп,
Халқы үшін ары төгіліп,

Ашуға сыймай тығылып,
Көп әскерге қарамай,
Қобыланды батыр шақырды
Бөкенбай, Киік баланы-ай.

Батырың тұрып жад қылды
Жеті кәміл бабаны-ай.
Келді кеңес жаңадан,
Жоғары менен төменнен,

Қараман, Орақ екі ерден,
Қобыланды кетіп қалды деп,
Жауға аттанып жөнелген.
Енді олардан келді сөз,

Бір-біріне болған кез.
Арқаның сары даласы,
Жайлаған қазақ баласы
Қорлыққа көніп көрмеген.

Екі батыр шаңдатып
Оралды беттеп өрлеген,
Ел қалмапты білмеген.
Қалмақтың ханы Темірхан

Тастан қорған соқтырған.
Екі батыр кез елді,
Құрулы тұрған құралға.
Бас сауғалап ел кеткен,

Қосылатын ұранға.
Қорғанның шетін айналып,
«Қобыланды нағып келмеген?»
Ала алмай хабар бұдан да,

Бұлардың келіп жүргенін
Қарауылшы көреді,
Ханға хабар береді,
Келгенін анық біледі.

Ажал айдап келген кім,
Масқара қылып күледі.
Өзіне-өзі сенеді,

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Шақыртады Талқыны,
О да айтулы ер еді.
«Екі жүз кісі жаныңа ал,
Кім екенін біліп ал.

Тіліңді алса айдап кел,
Қарсыласса байлап кел».
Талқы естіп қуанып,
Екі жүз кісі қол алып,

Қолына жасыл ту алып,
Қаланың шығып сыртына,
Қос батырға жол алып.
Аттан түсіп батырлар,

«Қобыланды нағып жатыр?»—деп
Отыр еді толғанып.
Алдында Талқы салақтап,
Әскері келді шұбалып,

Айбынды туған Орақжан,
Қарсы шықты бұралып,
Бабай түкті бабам деп,
Пірден медет сұранып.

Қарсы келіп қызылбас:

—Қайдан келген батырсың?

Қорғанның келіп сыртына,
Кімді бағып отырсың?
Ажалыңа басшы боп,
Неден үміт қып тұрсың?

Мен жайымды сөйлесем,
Есіңнен танып кетерсің.
Жаныңа сауға береміз,
Бағынып қолың көтерсең.

Айтқан тілді алмасаң,
Өз түбіңе жетерсін,
Тез бер маған жауапты.
Сонда Орақжан сөйледі:

—Тіліңнің бәрі кекесін

Айтайын сөздің төтесін,
Жөнімді сұрап нетесін!
Соғысар болсаң, кел бері

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Мұратыңа жетесің.
Адамыңа жолықпай,
Адырайып жүр екенсің.
Келе жатыр әкең кейінде,

Қалың қалмақ елінде,
Қойға кірген қасқырдай
Жусатқалы келеді.
Қалың қазақ жайлауын

Босатқалы келеді.
Талқан қылып еліңді
Босатып өз жерімді.
Қос артынан келеді,

Көп сөйлемей кейін қайт,
Ханыңа барып сөзімді айт,
Соғысатын жеріңді айт!
Сонда Талқы сөйледі:

—Бәрекелді, сөзіңе,

Келіпсің сеніп өзіңе.
Ажалың айдап келіпсің,
Мен көрінбей көзіңе.
Қисық болсаң түзетіп,

Мен салайын тезіңе.
Өнеріңді көрейін,
Сөзіңе жауап берейін,
Кез келгенде кезіме.

Кел, кел бері жаныма,
Риза бол қаныңа,
Тұрмай тұрсын арыма.
Қол-аяғың тас байлап,

Апарайын ханыма.
Бұл сөзді айтып қызылбас,
Өз-өзінен долданды,
Қарағай найза қолға алды.

Бүктетіліп бүгілді,
Көзімен тесіп үңілді.
Сатыр-сұтыр боп қалды,
Найзасы ұшып аспанға,

Ісі бір жөнге айналды.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Семсерін де алып сермеді,
Алам деп оңай ойлады.
Ұмтылып Орақ Талқыға
Тиді қолы алқымға.

Ат үстінен жұлып ап,
Қаратпай алды артынан.
Жұлып алып жерге ұрып,
Балдағы алтын болатпен,

Тастады бөліп алтыға.
Мұны көріп қалғаны,
Барайын десе бата алмай,
Қалаға қайтып кете алмай,

Дарбазадан өте алмай,
Бір-біріне тығылып,
Жүні қойдай жығылып,
Тұрған жерде топтанып,

Бастарын қосып сақтанып,
Байлап алып қайтуға,
Келген ерлер мақтанып,
Қашуға беті ойланды.

Орақ батыр ақырып,
Жібермеске айланды.
Кірген жерден ағызып,
Қанын судай сапырып,

Келген әскер шатылды.
Қарауылшы көреді
Екі арыстан батырды,
Ханға хабар береді.

Бес мың кісі тағы да
Қаладан шығып келеді.
Қалмақтың ханы Темірхан
Көптігіне сенеді,

Мың кісіге бір басшы
Батырларын тереді.
Бес батырға бас қылып,
Қарахан дейтін төрені,

О да айтулы ер еді.
Сырнай, керней тарттырып,
Беделін жұртқа арттырып,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Шеру тартып келеді.
Жауды келген тауысып,
Ақ найзаға сүйеніп,
Екі батыр тұр еді.

Келе жатқан көп жауды
Тамашалап көреді.
Қараман тұрып сөйледі:

—Қиын екен қамалы,

Жердің құрты адамы.
Келер екен қашан деп,
Қобыланды сұлтан ағаны,
Бөкенбай, Киік баланы.

Шылауыңда Түкті атаң
Тапсырдым сені соған-ай.
Сонда Орақ сөйледі:

—Жүрегің тұр ма жарамай.

Есітіп пе едің батырды
Соғысқан жауды санамай?!
Қызығымды қарап тұр,
Кейін тұрып анадай.

Көптігі маған шөптейін,
Қорқып жаудан кетпейін,
Болсын жәрдем бабам-ай.
Халық үшін келгенсін,

Қасықтай қаным садаға-ай.
Қиындық басқа іс түссе,
Жетпейді деп ойлама
Қобыланды сұлтан ағаны-ай,

Бөкенбай, Киік баланы-ай.
Білмеді деп ойлама
Құртқа сынды дананы-ай.
Орақтың сөзін есітіп,

Қараман батыр қуанып,
Көтеріп қолға ту алып,
Жауға қарсы барады.
Қалың әскер сап түзеп,

Шуылдап құлақ жарады.
«Жекпе-жек!» деп айқайлап,

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Ортаға шығып Орақжан,
«Жә, баба!» деп Қараман,
Бес батырдың біреуі—
Шауып шықты Қарабас.

Қарабас алды найзаны,
Қарсыласып қағысты,
Аламыз деп бағысты,
Қарыса шеңгел салысты.

Асырып жаудан айланы,
Бүгіле барып жер шөкті
Орда болып жай ғана.
Қарабас ауып шөккесін,

Келді шауып Тайғара.
Қолында батпан шоқпары,
Құрулы садақ оқтары,
Сөйлене келді ақтара.

Кезегім келді жаңадан:
«Көрсеттің,—деп,—ерлікті
Мен келмегенсін манадан»,
Шоқпарын алып ұмтылды,

Келсе ұрмақ боп шамадан.
Қағып алды шоқпарын
Сілтеген жерде сағадан.
Жұлып алып қолынан

Өз шоқпарын өзіне
Ойнатады Орақжан.
Шоқпар тиіп есі ауып,
Аттан құлап жер қауып,

Аузынан кетіп қара қан.
Батырдың қылған ісіне,
Жауға қылған күшіне
Қылды шүкір Қараман,

Арыстандай шабынған:
«Батырың болса, тағы кел
Ажалыңды сағынған».
Тағы да келді біреуі

Ақ сауыты жалтырап,
Басына қалқан жамылған.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қалмақтың бұ да ері еді,
Іздеген жауы шабылған,
Айтқан жерден табылған,
Жүрген жері қағынған.

—Менің атым Домбауыл,

Жер жүзіне жайылған.
Қамалды талай бұзғанмын,
Бетімді жан жоқ қайырған.
Сені көріп мен тұрмын

Ажалыңды сағынған».
Сонда ер Орақ сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Не деп тұрсың сен,—дейді,—

Алатұғын жаныңды,
Әзірейіл мен,—дейді.
Деміңді сенің басайын,
Бері таман кел,—дейді.

Бұл сөзді айтып жауына,
Найзаны толғап безенді,
Үзеңгіге шіренді.
Тақымды қысып жиренге

Шаншысуға кезенді.
Сөйлетіп мұны тұрғанша,
Құртайын деп тез енді.
Еменнен найза салысты,

Ырғағанда найзаны,
Ат тізесі бүгілді,
Ерлер жаннан түңілді.
Жаудың киген ақ сауыт,

Шығыршықтан сөгілді.
Бесінде жаумен алысып,
Қабақтан қан төгілді,
Намаздыгер кезінде,

Аттың жалын құшақтап,
Бүктеле барып жығылды.
Мұны көрген қалың жау
Жандарынан түңілді.

Қылышпен басын бір шауып,
Екі бөлек қылынды.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Жекпе-жектен тоқталып,
Шабуылға ой қылды.
Тұс-тұсынан бөлініп,
Ұстаймыз деп бұйырды.

Мұны көріп қос батыр,
Тізе қосып екеуі,
Бір Құдайға жүгінді.
Шапты жауға Аллалап,

Бетіне қалқан далдалап.
Салды қырғын сол күнде
Бөлек-бөлек қылады,
Есебі жоқ қырады.

Қалған әскер кеш болып,
Қалаға қашып тығылды.
Ақ найзаға сүйеніп,
Екі батыр қалады.

Бір судың келіп шетіне,
Ерлер демін алады,
Жан-жаққа көзін салады.
Неше күндей шаң басқан,

Белден кешіп қан басқан,
Сол күні сабыр қылады.
Қашқан қалмақ қорғанға,
Орақты айтып жете алмай,

Қайратын айтып біте алмай.

—Ханым, жауың қауіпті,

Бір сауы жоқ әскердің,
Біреулерін найзалап,
Біреулерін шауыпты.
Мұны естіп хан састы,

Ақылынан адасты.
Халқын жинап кеңесіп,
Жан-жағына қарасты.
Сондағы тапқан айласы,

Ақылдың жеткен пайдасы—
Жиылып терең ор қазып,
Кеңдігін терең мол қазып,
Бетін бүркеп білдірмей.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

«Жер екен деп ойласын,
Ордың барып түбіне
«Жекпе-жек» деп бір батыр
Қару-жарақ байлансын.

Орға келіп ұрынса,
Рүстемнің ойыны
Ор басында ойналсын».
Айтқандай ғып ор қазды,

Кеңдігін терең мол қазды.
Он мың әскер ертемен
Шықты ертіп сарбазды.
Сырнай-керней тарттырып,

Жердің жүзі қозғалды.
Жаудың көріп әскерін,
Екі батыр болғанды,
Қару-жарақ байланды,

Шамырқанды, долданды.
«Айдынды туған, Орақжан»,
Сақтан деп бәлем сен бүгін,
Шылауына шырмалдың.

Бабаны көзі көрмеді,
Қылышпенен сермеді:
«Шылауымнан ұстама,
Кіретұғын көр болса,

Қазулы тұрған ор болса,
Мені бүгін сақтама».
Баба қалды шегініп,
Жөнелді шауып тебініп.

«Жекпе-жек» деп айқайлап,
Жау тұрғасын желігіп.
Ордың келіп қасына
Астындағы қан жирен

Тұра қалған шегініп.
Батырдың көзі көрмеді,
Жатқан орды көміліп.
Өлер күнім бүгін бе,

Не тұр деп саған көрініп,
Қамшы менен сауырға
Орай тартып қалады.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Ышқына жирен атылды,
Байқай алмай қапыда,
Сыпырылып құлады,
Орға барып көміліп.

Қалың қалмақ шулады,
Шама келер күн болса,
Қылуға қайрат жарады.
Мұны көріп Қараман,

«О, бауырымдап!» жылады.
Жалғыздың жары Құдай деп,
Атқа қамшы ұрады.
Жалғыз өзі көп жауға,

Ордың басын қорғауға,
Атасы өткен ер Сейіл,
Сыйынып медет сұрады.
Ер Орақтың жолына,

Жанын құрман қылады.
Жауменен жалғыз соғысып,
Көзі қанға толады.
Ортаға алып қалың жау,

Ұстаймыз деп қамады.
Бірнеше күн соғысып,
Денеде сау жер қалмай,
Қаны жылжып ағады.

Бір қолынан әл кетіп,
Жау ортаға алып жүр.
Батыр келіп жетпесе,
Әлі бітіп налып жүр.

Бір қолдан қайрат кеткен соң,
Сейіл ұлы Қараман
Бойында неше жарадан
Қашайын деп бет қойды.

Қара қасқа тұлпары
Алып шықты арадан.
Ұстаймыз деп көп әскер
Неше жерден қамаған.

Қаншама әскер қуса да,
Үзіліп кетті қарадан.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Мұны көріп Темірхан:

—Ордағы батыр кете алмас,

Қашқан батыр қансырап,
Еліне барып жете алмас.
Бес жүз әскер қуыңдар,
Қолыңа жасыл туыңды ал.

Байлап әкел қолыма,
Құшақтатып екеуін,
Көмейін салып орыма.
Көреріне көз болды,

Сөйлеріне сөз болды,
Барса-келмес жолына,
Екі батыр кез болды.
Тұра тұрсын бұл сөзім,

Аттанып жатқан елдегі
Қобыландыдан сөз келді.
Аттанып шапқан үш батыр,
Халқы қалды көз сүзіп,

Көрінбей кетті бойды үзіп.
Сарысу, Созақ белінен,
Көлденең жатқан Қаратау,
Қиялай шапты дөңінен.

Жайылып жатқан шеңгелден,
Бесінде өтті діңінен.
Тобылғылы Нұрадан,
Сексеуілді ұрадан,

Екі бала қасында
Жақын қылып алысты,
Үзеңгіні қағысты,
Бермеймін деп намысты.

Құланнан атты қодықты,
[Көлден тартты борықты,]
Жетеміз деп торықты,
Тұлпарға қылды зорлықты.

Намаздігер кезінде,
Қара қасқа ат астында,
Жолдасы жоқ қасында
Қараманға жолықты.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Шықпай жатқан жан бар-ды,
Денеден көріп қандары,
Бір бәленің болғанын
Енді батыр аңғарды.

«Келдіңіз бе, батыр»,—деп
Қарап көзін аударды.
Жарасын байлап дәрілеп,
«Орақ, қайда қалдың»,—деп,

Сұрады батыр хабарды.
Қараманды тұрғызып,
Беті-қолын жуғызып,
Қолтықтап атқа мінгізіп,

Қатып қалған таңдайы,
Енді ашылды маңдайы.
Сусындатып ішкізіп,
Жидырып есін күлгізіп,

Қараман бастап сөйледі,
Болған істің бәрін де:

—Қызылбастың шәрінде,

Орақ қалды орында,
Жаудың түсіп қолына.
Өлі ме, тірі білмедім,
Қан толды көзге көрмедім.

Ордың басын қырғын ғып,
Найза қылыш сермедім,
Өлем деп үміт үзбедім,
Жаудың қалың тобынан

Қорғауға халім келмеді.
Құрбандық болдым жолына,
Сол кездерде болғанда,
Бір қолымнан жан кетіп,

Найза орнынан қан кетіп,
Бойдан қуат, әл кетіп.
Жалғыз қолмен бас қорғап,
Құлаған жерім бұл жетіп,

Мен өлмеспін жарадан.
Орақты ордан алыңдар,
Тезірек жет, барыңдар.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Мұны естіп Қобылан
Балаларға сөйледі:

—Қалмақтың қала тас қала,

Әскері мол масқара.
Орақтың түскен орына,
Жаудың жатыр қолыңда,
Қашан тауып алғанша,

Соғысты бұрын бастама.
Алтын көрсең айланба,
Өшігіп жаумен байланба,
Бұл сөзімді тастама.

Тәуір болса, Қараман,
Ертеңнен қалмай барамын.
Қараманмен екеуі
Аттандырып баланы,

Жад етіп жеті бабаны
Екі батыр жөнелді,
Жауабына кенелді.
Екі батыр жөнелтіп,

Бөкенбай, Киік беренді.
Келе жатыр ағылып,
Ақ сауыты, қалқаны
Қызарған күнге шағылып.

Күн сәулесі құлпырды,
Екі батыр ұмтылды.
Шапты батыр толғана,
Мұнарланған тауына,

Егескен халық жауына,
Арыстандай шабына,
Орақ сынды батырды,
Табамыз деп қамдана.

Бара жатқан жолында
Бес жүз әскер кез келген
Қараманды іздеген,
Жайып қанат көздеген.

Жауды көріп, қос батыр
Және шыдап төзбеген.
Ұстаймыз деп жабылып,
«Жүрген жан?» деп нағылып,

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Жолың болып қайтарсын,
Іздеген жоғың табылып.
Өте шықты ағызып,
Қайрылмады қос батыр,

Шақырса да жабылып.
Кім екенін біле алмай,
Опық жесіп ақыры-ай,

Қызылбастың батыры-ай,
Қуғаны қалды ілеспей,
Қалды қайран атына-ай!
Ортасын жарып өтеді.

Сөйлесе кетсе нетеді.
Құптан мезгіл болғанда,
Тасқала деген қалаға
Аңқытып шауып жетеді.

Қалың қалмақ дулатып,
Сырнай, керней ойнатып,
«Қараманды алып келед» деп,
Жатыр екен тойлатып.

Қазақтан алған ен малды
Үйір-үйір айдатып,
Ақ пышаққа ілініп,
Қазы, майы тілініп,

Арақ, боза құйылып.
Бөкенбай менен Киікбай,
Қорғанның сыртын айналды.
«Орақты қайдан табам?» деп,

Аман қолға алам деп,
Екі батыр ойланды.
Қараман айтқан сөзі бар:
«Қаланың қиғаш қасында,

Күннің шығыс астында,
Биік дөңнің басында,
Орақты салған оры бар.
Қырдың шықсаң басына,

Іздеген ерің табылар».
Екі батыр сайланып,
Ізденіс деп ойланып,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ырғай сапты найза алып,
Жайбарақат жау жатыр,
Жан-жағына көз салып,
Қорамсағын байланып,

Қырға қарай бет алды.
Табамын деп шырқанды,
Сездірмей жанға көрініп,
Ел жаңғырып, шуылдап,

Көк темірге көміліп,
Қиядан шалған қырандай
Түн астына үңіліп,
Екі батыр арасын

Көрінім жердей бөлініп,
Үмітін үзбей табам деп,
Кейін жауға шабам деп,
Қобыландының сөздері,

Көңіліне алаң боп.
Көреріне көз болды,
Сөйлеріне сөз болды,
Орды баққан күзетші

Екеуіне кез болды.
«Қайдан жүрген жансың?»—деп,
Бір азырақ сөз болды.

—Жақындама қасыма,

Ордың тұрам басында.
Елге тиген кешегі
Батырды салған осында.
Батырсымақ ер екен

Қорғаймын деп орды енді,
Жолатпайды жанына
Келе жатқан ерді енді.
«Ор болса, Құдай берді,—деп,

Тобасыз жауың өлді»,—деп,
Семсерлерін алды енді.
Жақындап жақын келеді,
Әруақ қолдап жебеді.

Жау тұр деп алда жасқанбай,
Кесесінен басқандай,
Келгендерді таң көріп,

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Қаруын жұмсап меңгеріп,
Ұстап алды дұшманды-ай.
Буындырып, өңгеріп,
Жел аударған қаңбақтай.

Ат үстінен төңкеріп,
Ордың келді басына,
Ер Орақтың қасына.
Дауыстап Бөкен сөйледі:

—Тірімісің, бармысың,

Қайраған болат жау үшін.
Қайратыңа мінгенің
Қалың елдің қамы үшін.
Артыңнан қуып мен жеттім,

Жібермен жауға намысың,
Қылармын жақын алысың.
Бөкеннің даусын есітіп,
«Аманмын» деп тіл қатты.

Құртқаның салған ала арқан,
Енді есіне түседі.
Алдын болжап аңғарған,
Шаhизада кісі еді.

Арқанды тастап толғапты,
Белге байлап арқаңды
Дірілдетті, бұл тартты.
Ордан шығып көрісіп,

Қос қалқа деп сүйісіп,
Тастады шешіп арқанды.
Көңілі тасып дарқанды.

—Келеді деп сенгенмін

Бөкен, Киік қалқамды.
Бүгін өлсем де арман жоқ,
Жауға салып талқанды.
Жау қолынан аман ба,

Қараман қайда, шырағым?!
Өзім жатып құдықта
Тілегін тілеп сұрадым.
Үш күн, үш түн дем алмай,

Күркіреген дауысын
Есітіп жатты құлағым.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бөкенбай тұрып сөйледі:

—Жаңадан болдық қасында,

Келеді ертең осында,
Қаhарлы көкем басында.
Үш күн, үш түн соғысып,

Жауы менен тоғысып,
Қарақасқа тұлпары
Қиялай тасқа басылып,
Ауыздан көбік шашылып,

Батыр қызып алғасын,
Сауыттың көзі ашылып,
Күшейіп жаудың байрағы,
Батырды жалғыз ортаға алып ап,

[Қоршаласып қалысқан].
Бірнеше жерден найзалап,
Ортасында алысып,
Қарсы шеңгел салысқан.

Бір қолынан жан кетіп,
Найза орнынан қан кетіп,
Қарақасқа тұлпармен,
Бір қолымен бұрмалап,

Атқан оқтай жұтынған,
Жаудан қашып құтылған.
Шықпай қалған жаны бар,
Қара қасқа тұлпары—

Алып шыққан жануар.
Қайрыла алмай біз кеттік,
Бес жүз әскер қызылбас
Қараманды іздеп барады.

Қолында жасыл туы бар,
Ертең ерте күн шыға,
Көкемнің салған дауысы
Құлағына шалынар.

Мұны естіп ер Орақ,
Ерге жаны ашыған.
Қабағынан қар жауып,
Жауды естіп басынған.

Жауда кегі кетпес деп,
Қобыланды келсе осыдан.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Үшеуі тұрып кеңесті,
Ертемен жауға тием деп,
Екі бала егесті.
Күрең ойнап бұл кеткен

Жау қолына ұстатпай.
Кеткенін қайда білмес-ті,
Қобыланды батыр келгесін,
Қос батырды көргесін,

Уайым-қайғы жемес-ті.
Қолдарына ат түссе,
Маған әкеп жеткіз деп,
Ерлерге берді кеңесті.

Балалар мен Орақ мінгесіп,
Шүкір қып Аллаға көңілі өсіп,
Қаладан қиғаш жағалап,
Сайлы жерді паналап,

Жау көзіне шалынбай,
Кейін қарап беттеді.
Аттан түсіп бір жерге,
Атуын таңның күтті енді.

Ат тауып бер маған деп,
Қос батырға жүктеді.
Екі батыр теңселіп,
Жауды алғанша еңсеріп,

Күн шығуға қарамай,
Жад етіп кәміл бабаны-ай,
Қала аузында ақырып.
Бұлардың даусын есітіп,

Қалың қалмақ шатылды.
Темір хан соққан Тасқала,
Бұдан бөтен бес қала,
Жан қалдырмай шақырды.

Еліңде қанша болса да
Бәрін жиып батырды.
Хан қасында қайдақтар,
Жас өспірім бойдақтар,

Талай төре қызылбас—
Алтынды жаға бейбақтар,
Ертеңгі даусы жол ашты.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ақылынан адасты,
Қойдай үркіп шуласты,
Балшылары бал ашты.
Сәске мезгіл болғанда

Қырық мың әскер қол шықты.
Хан Темірлан бас болып,
Желбіреген ту шықты.
Барабанын қақтырып,

Шуылдаған шу шықты.
«Жекпе-жек!» деп айқайлап,
Хан батыры Қайдауыл,
Қаhарын жайып бұл шықты.

Арқаның сары даласын
Қопара шауып өрлепті.
Қайдауылдың екпіні
Дауылдай соғып желдетті.

Арыстан туған жас батыр—
Бөкенбай шауып бұл кетті.
Жауына қарсы төніпті,
Кірпігіне мұз қатты,

Өкім құла атты ойнатты.
Тасқа шаншып найзасын,
Қарыс сүйем бойлатты.
Қабағы қарыс түйіліп,

Қара бұлт секілді,
Бұ да қарсы жекірді.
Жаудың көңілін басады,
Әруағы асады.

Толғамалы ақ найза
Толғай келіп шаншады,
Қарсыласып шабысты.
Бір қызылбас, бір қазақ,

Бермейміз деп намысты
Алқымынан алысты,
Жыға найза салысты.
Қайдауыл да ақырып,

Екі езуі көпіріп,
О да қарсы жекіріп,

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Дейді: «Бала, қылармын,
Қайтсем де сені алармын!»
Түсі суық жыланнан
О да қарсы тап берді.

Екі батыр найзасын
Сатыр-сұтыр салысты.
Астына мінген аттары
Тізе бүгіп қалысты.

Қалмақтың батыр Қайдауыл
Толғап сұққан сүңгімен
Аттың жалын қабысты.
Шуылдасып қызылбас,

Сүйегіне шабысты.
Бөкен сынды батырды
Ортасына алысты.
Сенген ері осы еді,

Ханның тума досы еді,
Жауға сілтеп болатты,
Сүйегін тастап қалмақтың,
Қосарға алып қара атты,

Ораққа әкеп жеткізді,
Алдынан кесе өткізді,
Көңілдің кірін кеткізді.
Байлады белге болатты,

Басын қосып үш батыр,
Жауға бетін қаратты.
«Мені де жібер барам»,—деп,
Киікбай алдын орапты.

«Батаңды бер, рұқсат бер»—
Жездекелеп Орақты.
Батасын берді, жіберді,
Жауатын күндей түнерді.

Ақ сұр атты ойнатып,
Жібер деп маған бір ерді.
Айбатын көріп хан Темір,
Жұртынан үзіп күдерді.

Киікбай ұрды дабылын,
Жер менен көк жаңғыра.
Жалт қарады Темір хан

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Аударып есін тандыра.
Қайдауылдың інісі
Ағамның кегін алам деп,
Атынан түсіп жүгірді.

Ағасына күйініп,
Шыдай алмай тұр еді.
Келіп тұрған баланы
Қуыршақтай көреді.

«Ажалыңды сағынған,
Тумай жатып қағынған,
Қайдан келген неме еді?»
Бұл сөзді айтып жау қалмақ,

Екі көзін қанталап,
Өзіне-өзі сенеді.
Найзасын толғап желігіп,
Мінген атын тебініп,

Етегін белге түрініп,
Ісіп, толып, кебініп,
Ағасын айтып арман қып,
Көзінің жасы төгіліп:

—Ажалың айдап келдің бе,

Неге аяйын жанымды.
Кетірдің бүгін сәнімді,
Сендердің қылған бұл ісің,
Көрген көпке мәлім-ді.

Бүгінгі күні сендердің
Ішетін күнім қаныңды.
Мен жүрмеген жер бар ма,
Мен алмаған ел бар ма,

Қоясың қайда жаныңды?!
Қазақты қуып қоныстан,
Қашқан тастап иесіз,
Алғам талап малыңды.

Бұл сөзді айтып қызылбас,
Келеді сілтеп найзасын.
Найзасын қағып ұшырды,
Асырып жаудан айласын.

Екі батыр алысты,
Қарсы семсер салысты.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Керегедей қабысты,
Саз балшықтай жабысты,
Бермеді жауға намысты.
Және алып қылышын,

Құртайын деп дыбысын,
Алысқанда екеуі,
Жүрген жері ор болып,
Жауын аттан төндіріп,

Ат көтіне міндіріп,
Жекпе-жек келген батыры
Қирады құрған шатыры.
Аш бүйірін таянып,

Шулады қыз бен қатыны-ай.
Жау құлады жер қауып,
Қылышпенен бір шауып,
Жайлады солай батыры.

Іздеген ер табылды,
Найза, қылыш шабылды.
Халықты басқан қара түн,
Салды батыр қысымды,

Көрсетіп жауға күшіңді,
Адастырған есінен,
Ажыратқан түсінен,
Басты бұлт үстінен.

Кеш батып жау тарады,
Тартылды ерден «табағы».
Қобыландыдан сөз келді
Кейін қалған манағы.

Бес жүз әскер қызылбас
Бұларды іздеп табады
Ұстаймыз деп қамады.
Мұны көріп Қобылан

Буырылға мінеді,
Бабадан мәдет тіледі.
Жауға жалғыз кіреді,
Етегін жаудың түреді.

Батырдың қылған қайратын
Көтеріп басын Қараман,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Тамашалап көреді.
Шабатын жауға шама жоқ,
Ақ найзаға сүйеніп,
Қара қасқа атқа мінеді.

Жауды қырып жайратып,
Бурыл атты ойнатып,
Батыр Қобылан жүр еді.
Қашқанын қойдай қайырып,

Жаудың тобын айырып,
Құтылуға жөн таппай,
Елдің биік қорғаны,
Жауға күшті айбары.

Қылыш, найза асынған,
Жауды қуып қашырған,
Ерлігін жаннан асырған,
Ойы терең асылдан,

Сөзі терең тасынған.
Қашқан жауды қоймаған,
Ұстап алып айдаған.
Сазайларын тартқызып,

Жуандарын жондаған.
Қалмақты қырып тауысып,
Қараманның келді қасына.
Қарсыласқан жауының

Салды қайғы басына.
Алдында жатыр көп жұмыс:
Елді басқан бір сарын—
Жердің бетін қаптаған,

Елді шауып қақтаған.
Ұлы-қызын жылатқан,
Көздің жасын бұлатқан.
Салтанатын қиратқан,

Қазақ десе оқ атқан.
Ақ найзаға сүйеніп,
Қараманды тастап кете алмай,
Балаларға кеткен жете алмай,

Қобыланды батыр күйініп,
«Иә, бабам!» деп сүйініп.
Қараман мен екеуі,

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Орақтан хабар біле алмай,
Үш батырдың манағы
Салған айқай ұраны
Естіді батыр құлағы.

«Жауға кірген екен» деп,
Көзінің жанған шырағы.
«Жауға баллар кірмейді,
Жездесін алмай ордағы».

Мұны естіп Қараман:
«Не болды,—деп,— Орақжан,
Біз де барып жетейік,
Тілек тілеп бабадан.

Сүйекке тиген зарар жоқ,
Мен өлмеспін жарадан.
Жетіп барып айналсам,
Бөкенбай, Киік баладан».

Мұны бір айтып Қараман,
Көңілі судай тасады,
Денеге қайрат шашады.
Қобыландыға қосылып,

Белдерден белес асады.
Кіші бесін болғанда,
Жаудың көрді қарасын,
Тасқала дейтін қаласын.

Үш батырдың шаң қылып,
Талқан қылып арасын,
Тамашалап екеуі,
Бөкенбай, Киік баласын.

Манағы қалың әскерге
Арыстандай ақырып,
Жауға жақын барады.
«Тағы да жібер, батыр»,—деп,

Киікбай батыр тұрады.
Жабылуға балаға,
Енді кеңес құрады.
Мұны көріп Киікбай

Ақ семсерді суырды,
Жау апшысын қуырды.
Кірген жерден сыпырып,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ителгідей жұтынып,
Қанды судай сапырды,
Жауын қырып жапырды.
Орақ пенен Бөкенбай

О да ұмтылды ортаға.
Қыраң жерді шаң басты,
Ойпаң жердің қан басты,
Үш батыр кіріп үш жерден,

Ақылынан адасты.
Айқай-сүрен салады,
Күркіреген дауысы
Күншілік жер алады.

Іздеген жауы табылды,
Найза, қылыш шабылды.
Шамасы келер күн болса,
Қылуға қайрат жарады.

Бұзуға бұлар айналған,
Жаудың кіріп қаласын.
Жаңылдырма, Құдайым,
Ерлерімнің тобасын.

Қалың қалмақ қырылып,
Қан сасытып даласын.
Мұны көріп шыдамай,
Батыр Қобылан ақырды.

Даусыменен қорқытып,
Нарқамыстай жапырды.
Жауда жүрген ерлерін
«Келіңдер!» деп шақырды.

Батырдың даусын есітіп,
Көтеріліп үш батыр,
Еркін шауып көсілді.
«Қобыланды келіп қалар» деп,

Жоқ еді тіпті есінде.
Жауды қырып бітірмей
Шақырды деп несіне.
Бұл қырғанға қоймаған,

Батырлар бұған тоймаған.
Қаланы кіріп бұзуға,
Батырлар бүгін ойлаған.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Бірін-бірін үшеуі
Батырларға қосылды.
Құшақтасып көрісіп,
Ерлердің мауқы басылды.

Үш батырдың қайратын
Көрген жауы сынаған.
Қарсыласып келгенде,
Қан майданда құлаған.

Жолын ашып қиыннан,
Жауын қойдай қайырған
Қалың елді қинаған,
Жазасын тартып бұйырған.

Батыр Қобылан сөйледі
Көріп ерлер тұрпатын:

—Ризамын, ерлерім,

Жауға намыс бермедің,
Жүрген сайын ерлердің,
Жар болса балам, қамалын,
Тарылтармын заманын,

Қирата жаудың белдерін.
Әлі де қиын майдан бар,
Халықты сорған айдаhар,
Ұмтылар әлі шағам деп,

Балаларым, таймаңдар!
Қаруды өткір қайраңдар,
Жау ішінде жайнаңдар,
Елді сорған жауызды,

Елді қырған жауыңды,
Ұшырып күлін айдаңдар.
Көріп тұрсың, шырағым,
Ел қалмаған бүлмеген,

Жан қалмаған көрмеген.
Батырлардың батыры
Жауға басын имеген.
Қазақтың ішін аралап,

Қырғын қылған жағалап.
Атын жайып әлемге,
Көтеріп өзін бағалап!
Бұл сөзді айтып Қобылан,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Ерлерді бастап алдынан,
Бөлек бір жайға барады.
Жеңілденіп желпініп,
Ерлер демін алады.

Қараманды Қобылан
Қайта байлап дәрілеп,
Бойындағы жараны.
Құртқаның салған құрт-майын,

Ат қоржыннан алады.
Аттарын күйлеп жаратқан,
Жұртты аузына қаратқан,
Найзаны жерге түйреген,

Қылышын қайрап күйлеген.

—Ертең жауды қырамыз,

Барып ойран саламыз,
Жаңылмасын тобамыз!
Ертемен жауға шабады,
Бас қосып бетті қояды.

Кешегі қалған қызылбас
Қаласына келеді,
Қақпасына енеді.
Қырылған жанын есептеп,

Мың-мыңнан салып кесектеп,
Оба қылып көмеді.
Жаралысын, тірісін,
Оны да былай бөледі.

Батырлары қырылып,
Енді кімге сенеді?!
Жау қаласы Тасқала,
Тағы бөлек бес қала

Әскерін жинап төгеді.
Хан Темірдің әскері
Есебі жоқ көп еді.
Көптігіне сенеді,

Сонда тұрып не деді:
«Кеше кеткен үш батыр,
Үшеуі де жаралы-ай.

—Неге кетті?» дейсіңдер,

Алды-артына қарамай,

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Беттеуге қайтып жарамай.
Бүгін ұстап байлап ап,
Тойлатыңдар қаланы-ай!
Батырларым, даярлан,

Осы айтқаным болады.
Кім бұрын жетіп байласа,
Көңілімді жайласа,
Басына бақыт қонады.

Қаланың аузын аштырып,
Барабанын қағады.
Сырнай, керней тарттырып,
Ханы бас болып шығады.

Садақшысы бір бөлек,
Найзакері бір бөлек,
Қатар-қатар тұрады.
Мұны көріп бес батыр,

Қарап мойын бұрады,
Бабадан медет сұрады.
Қалың әскер сап түзеп,
Шуылдап құлақ жарады.

«Жекпе-жек!» деп айқайлап,
Қалмақтан шығып Қаражан,
Қарыс жауып қабағын,
Қуырып жердің алабын,

Жарқылдатып жарағын.
Өзі келді Қобылан
Бөрі алатын бүркіттей,
Талай жерде жауды алған.

Қалың әскер көз салып,
Жердің жүзі қозғалған,
Келген жерден ақырып.
Найзасын бұлғап, Қаражан[ның]

Жұлып алып найзасын,
Екі бүктеп сағадан,
Қалды қайран талай жан.
Жау үрпиіп қалысты,

Жағаға қол жабысты,
Бүгіліп жауы қабысты.
Бүркіттей бүріп алғанда-ай,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Білді сұмдық болғанды-ай,
Екі көзден от шығып,
Қысылып жаны сормаңдай.
Тұлыптай болып тығылып,

Тарылды дем ала алмай,
Жауы жылап салды ойбай.
Басы кеткен бір бөлек,
Көтеріп жерге ұрғанда-ай.

Қызылбас көріп дүрлігіп,
Бір-біріне тығылып,
Есі шығып танғандай.
Секілденді Темір хан

Құрығын ажал салғандай.
Ортада тұр Қобыланды
Жауым көп деп сескенбей,
Көп екен деп ойланбай.

Алғыр бүркіт тұлғасы
Жауына қанат жайғандай.
Сабыр етіп кейінгі,
Батырларға тіл қатты:

—Бұзамын жаудың ордасын,

Баба Түкті қолдасын.
Қалың елді қақтаған,
Аяғына таптаған.
Халқым қазақ қамалған,

Қайғы-зарын татпаған.—
Темір ханға ақырып,
«Өзің кел!—деп шақырып,—
Елдің алып қонысын,

Малдың алып өрісін.
Менің атым—Қобылан,
Елді сорған сен жылан.
Көремін бүгін өрісің,

Сенің қылған бұл ісің!»
Жарқылдатып жауына
Қынаптан алып қылышын,
Жекпе-жекке жан шықпай,

Ұстаймыз деп қамалап,
Жайды қанат желісін.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Екі мың әскер ат қойды,
Ақыл деп тауып мұнысын.
Қойға кірген қасқырдай
Кетті батыр аралап.

Алды найза қолына,
Баста деп, бабам, оңына,
Киікбай менен Бөкенбай,
Кірді жаудың сорына.

Қараман қалды ту ұстап,
Орақ та кірді тобына.
Мұны көріп хан Темір
Жабылып атты қояды,

Бес мың әскер тағы да.
Төрт батырды қалың жау
Ортаға алып қалысты.
Қарсыласып шабысты,

Суырып семсер салысты.
Сілтесіп жүр қылышты,
Кез келгенін бір шауып,
Қырылды жау жер қауып.

Өлексесі үйіліп,
Қанға толып сайлары.
Шерігін бұзды—жыртылып,
Жаудың шығып ойраны.

Қиқуға сүрен қосылып,
Қашқаны жаудың тосылып,
Қайырып қойдай айдады.
Хан қасында байрақтар,

Еркін өскен бейбақтар
Бәрі қалмай қозғалды,
Қырылмаған аз қалды.
Ақырып Қобылан кіргенде,

Жердің жүзі ырғалды.
Тізе қосып төртеуі
Үш күн ұдай қырады.
Естерінен адасты,

Сасқалақтап қорғанның
Қақпасына таласты.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қашуға қалмақ жылысып,
Бәйге алмады ұрысып,
Қарсыласып тұрысып.
Қан өзендей тасады,

Ту құлауға жақындап,
Хан Темір сонда шошынды.
Сол кездерде болғанда
Бес жүз әскер қолменен

Естеміс келіп қосылды.
Қобыланды батыр айқайлап,
Келгендерге жол ашты.
Қойдай үркіп жау қашты,

Естеміс бастап ат қойды.
Батырдың даусын есітіп,
Келген әскер лап қойды.
Түтінге-түтін қосылып,

Жайратамын деп қойды.
Дауылдатып жел тұрып,
Қыстың соққан борандай.
Толғамалы көк найза,

Толғай шаншып ұрандай.
Жапырылып жау қашты,
Тудың тұрған қасында
Туға ұмтылды Бөкенбай—

Өкім құла ат астында,
Қирата жауды түйілген,
Найзаны жауға үйірген.
Бөкен даусын есітіп,

Киікбай келді бүйірден,
Найзағайдай жалтылдап.
Батыр Қобылан ақыра,
О да келді жақындап.

Тудың түбін шаң басты,
Соғылды қылыш жарқылдап.
Ту құлады, хан қашты,
Қара албасты шын басты.

Өлгенін тапап жау састы,
Қашқан ханның соңынан

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Бөкенбай берен жалғасты.
«Тірідей ұстап алам,—деп,
Қараманға алып барам»,—деп,
Құтыла алмай хан састы,

Жағаласты, жармасты.
Құрығандай сілесі,
Қалмай жаны, түк есі,
Аттан ауып құлады,

Домаланып сор қасқа.
Қашқаны жаудың құтылды,
Қорғанға кіріп бекінді.
Хан байланды, тұтылды,

Көлденең атқа өңгеріп,
Қараманның алдына
Әкеле жатқан секілді.
Батырдың бәрі жиылып,

Тұс-тұсынан құйылып,
Алып келді Темірді.
Өзіңнің қазған орың деп,
Қызығын өзің көрің деп,

«Салыңдар!» деп бұйырып.
Батырдың сағы сынбады,
Қашқанын жаудың қумады.
Жаудың бетін қайтарып,

Ердің көңілі тынады.
Қазаққа тиген қалмақты
Міне, осылай қуады.
Таң атқан соң тұрады,

Жан-жаққа мойын бұрады.
Қосынды ертіп соңына,
Қорғанды келіп бұзады.
Қақпасы қалған ашылып,

Қазына қалған шашылып.
Ішке кірсе әскер жоқ,
Қалған тозаң басылып.
Кірген батыр қалаға,

Қарамай қатын, балаға,
Өтірік емес, жан аға.
Артуымен жүк қалған,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Тартуымен оқ қалған.
Кемпір менен шал қалған,
Қазына менен мал қалған,
Қатын менен бала ол қалған.

Қалған жанын шұбыртып,
Айдап шықты далаға.
Қазына артып шанаға,
Топтатып малын жайдырып,

Айдап шықты салаға.
Қудырып жауды асырған,
Беліне садақ асынған,
Батысқа қарай қашырған

Сертіне жеткен батырың,
Сілкілеспей басылмай.
Қазақтан қалған жетімдер,
Олжаға қалған жесірлер,

Бәрі келіп шуылдап,
Аяғына бас ұрған.
Жетімдерді жұбатып,
Құтқарып жаудан қуантып.

Арылтып тұман басынан,
«Жауды қуып таста!»—деп,
Естеміске тапсырған.
Басшы болып Естекең,

Төрт жүздейін қосынға.
Жайықтың төмен басында,
Ханның қызы Құралай—
Әскері бар қасында,

Кез болды жалғыз ер Адай.
Жалғыз өзі соғысып,
Қызды тастап жау қашты,
Ерге қарсы тұра алмай.

Тұтқын болды хан қызы
Күймелі арба парлаған.
Құтылатын жері жоқ,
Қарсы айтатын сөзі жоқ,

Егіле жылап, зарлаған.
Жанын сұрап сауғалап,
Жерге түсіп арбадан.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Естеміс ұлы ер Адай
Алдына салып айдаған.
Естеміс ол да ер еді,
Естеміске әкеліп,

«Міне—олжа!»—деп байлаған.
Құралай атты хан қызы
Қара шашы құндыздай,
Екі көзі жұлдыздай,

Екі беті алмадай,
Киген киім құлпырып,
Көзге тұрмай ойнады-ай!
Қадала қарап жігіттер,

Сұлудан көзін алмады-ай!
Алып келген сұлуды
Ие боп бәрі де алмақ-ай!
Мұны көріп Құралай:

«Таласпаңдар маған,— деп—
Мені әкелген ер Адай—
Бетімді ашқан батыр сол».
Сыпайы сұлу әдеппен

Жас батырды қармады.
Қанымды қиған батыр деп
Көз астымен барлады.
Естеміс ерің: «Балам,—деп,—

Көрдіңдер ме, қолбасы,
Баланың тапқан олжасы,
Бөлмей маған бер,—деді.—
Ағалығым тағы бар,

Басқа олжаны алыңдар.
Қобыланды жатыр кейінде,
Жауды қуған жерінде,
Қанды қырғын төрінде.

Баланың тапқан олжасын
Мен отырмын жігіттер
Апарып соған беруге.
Ерліктің бәрі соныкі,

Жолбарыстай жұлынып,
Дабылды қаққан жеңуге.
Батырға бармай, жігіттер,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Олжалану—өлім де!»
Естемістің бұл сөзі
«Дұрыс екен» делінді.
Кімге берсе де қолынан,

Олжаланар бұйым-ды.
Бұл сөзбенен тоқталып,
Ерлер кейін беттеген.
Жаудан алған олжаны

Кейін айдап кептеген.
Батырға барып жетуге
Қуғыншы қосын өктеген.
Қамысты қарау көлінде,

Көкорай шалғын жерінде,
Ат шалдырып кетуге,
Қалың қосын бұрылды,
Бастарын қосып жиылды.

Дем алып тосып жатқанда
«Көл жағалап келем»,—деп,
Құралай сұлу қиылды,
Естекең: «Бар!»—деп бұйырды.

Дем алып ерлер жатқанда
Құралайдай сұлуға
Ажалдың оғы құйылды.
Ажал емей, немене,

Қалың қамыс аралап,
Шомылам деп келгенде,
Шар еткен дауыс бір шығып.
Қасындағы қыздардан

Шуылдаған шу шығып,
Сұлуды жарған қабылан—
Кез келіп бәле табылған.
Болжаусыз ажал қапыл-ай,

Келсе жетіп ер Адай,
Шырылдап жатыр нәзік-ай!
Ерніменен жыбырлап,
Сөйлесе алмай сыбырлап,

Жалғыз-ақ ауыз тіл қатты,
Жиылып келіп тұрғанда-ай.

ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ТЕМІРЛАНДЫ ЖЕҢУІ

Қолын беріп Адайға,
Жұмылды көзі қалтырай.
Мұны көріп, ер Адай—
Жабылыңқы қабағы,

Ұштасты ойдың сабағы.
Көлдің ішін ақтарып,
Қолынан түспей садағы.
Егескен жауын жайратып

Қызды жарған манағы.
Сұлудың беті жабылған,
Болып жатқан бұл істен
Батырға хабар барылған.

Келіп жеткен Қобылан:
«Қызды көміп сол жерге,
Жерлесін!»— осы деп бұйырған.
Елді жиып ас беріп,

Кесене деп ат беріп,
Басына белгі салынған.
Темірланның қызы деп,
Батырлардың ізі деп,

Түсінгенге сөзі көп,
Оюлап сырмен жазылған.
Батырлардың бұл ісі
Ғасырдан-ғасыр қалынған.

Қайта келіп батырлар,
Қалмақты қуып тоздырып,
Қалың қазақ елдерін
Қайта орнына қондырып,

Талауда кеткен мал-дүние
Қайта беріп бөлдіріп,
Шаттандырып, күлдіріп,
Қаңғып кеткен елде көп,

Қырылған халық шөлде көп—
Бәрін жинап алдырып.
Талауға түсіп тарыққан,
Шөлде қаңғып зарыққан,

Тарап кеткен халықтан
Қайта жинап ел қылып,
Қайтуға беттеп қос артты,

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Қалың қазақ қонысын
Жауын қуып босатты.
Әділдігін айтады,
Екі ай тұрып сол елде

Енді еліне қайтады.
Той қылып елді жидырған,
Тарқатып елді сый қылған.
Өзі сүйіп сол жерден

Қоныс алған көрінед—
Бұл сөздің де жаны бар,
Халық аузында әлі бар.
Жем суының бойында

Қос Бөкен деген көлі бар.
Ұлы Қобда бойында
Қобыландының моласы—
Ажалға кімнің шарасы,

Салынған белгі тамы бар.
Бұрыннан қалған жоба бар,
«Қалмақ қырған» деп атайды,
Неше бір биік оба бар.

Халық аузынан есіттім,
Бөкенбайдың зираты
Сол маңайда жана бар.
Қалың қазақ баласы,

Жайлауы кең даласы.
Ақыры өткен дүниеден
Халықтың сүйген баласы.
Ел аузында бар дейді,

Қобыландының таралған
Тоқсан екі саласы.
Ертеректе естіп ем,
Қызылбастан қыз алған

Бөкенбай, Киік баласы.

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР Мергенбай нұсқасы—«Қобыланды батыр» жырының ең көлемді әрі халық арасына кең тараған көркем нұсқаларының бірі. Жырдың қолжазбасын өткен ХХ ғасырдың 30-жылдарында қағазға түсіріп, 1939 жылы сол кездегі КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тарих, әдебиет және тіл институтына тапсырған—белгілі жырау әрі жинаушы Шапай Қалмағамбетов екені мәлім. Жинаушы өзі жырлаған, яки жазып алған нұсқасын «Мергенбай варианты» деп көрсеткен. Сондай-ақ ол жырдың бір бөлігін Досжан ақыннан жазып алғаны жөнінде деректер бар. Қолжазбаның жазылған уақыты туралы «1954 жылы Қостанай облысында жазылып алынған»1 дейтін мәлімет те кездеседі. Мергенбай жырлаған «Қобыланды батыр»—қазақ эпостану ғылымындағы ең көбірек зерттелген нұсқалардың бірі. Осы жыр мәтіні М.О.Әуезов пен Н.С.Смирнованың басқаруымен «Қазақ эпосы» сериясы бойынша төртінші кітап болып жарық көрді (баспаға әзірлегендер: М.С.Сильченко, О.Ә.Нұрмағамбетова). Бұдан соң аталған нұсқа 1958, 1963 жылдары Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Б.Уахатов, М.Ғұмарова, С.Лыпкин сияқты ғалымдардың әзірлеуімен қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Сондай-ақ 1975 жылы Мәскеуде КСРО Ғылым академиясы А.М.Горький атындағы Дүние жүзі әдебиеті институтының жанынан шығатын «КСРО халықтарының эпосы» атты серия бойынша ғылыми басылым ретінде жеке кітап болып шықты. Белгілі фольклортанушы О.Ә.Нұрмағамбетова мен Н.В.Кидайш-Покровская жырды толықтай орыс тіліне аударып, екі 1 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. Алматы: Ғылым, 1975. 185-б.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

тілдегі мәтін және эпос туралы көлемді зерттеу мақала жазған
болатын. Бұған қоса, жыр нұсқаларының эпизодтары жан-
жақты салыстырылып, «Қобыланды батыр» жырының айту-
шылары туралы мәліметтер мен эпостың ғылыми түсініктемесі

және орындау мақамының әр түрлі үлгілерінің ноталары
да қоса берілуі аталған басылымның маңызын көтере түсті.
«Қобыланды» жырының Кеңес кезеңінде баспа бетін көрген
варианттарына сол кездің саяси-қоғамдық талаптарына орай,

мәтіндік өңдеу, редакция жүргізілгені белгілі. Бұған қоса, ілкі
жинақтарда түсіп қалған, яки қолжазбадан қате оқылған жыр
жолдары мен жекелеген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліп,
мәтіндер бастапқы қалыпқа келтірілді.

Алайда бір нәрсені қатты ескеру қажет секілді. Өткен
ғасырдың 60-жылдарына дейін қазақ фольклорының бай
мұрасы, әсіресе эпостық жанрдың үздік үлгілеріне жататын
көптеген батырлық жырлар кеңестік идеологияның солақай

саясаты салдарынан теперішті көп көріп, халық әдебиетін ба-
стыру, зерттеу жұмыстары кешеуілдеп қалғаны жасырын емес.
Оның үстінеұлттық фольклортанудың арнайы дайындалған
мамандары жоқтың қасы болды. Халық әдебиетін ғылыми-

теориялық тұрғыдан зерттеу және фольклор жинақтарын әзірлеу
жұмыстарын көбінесе белгілі әдебиеттанушылар басқарып кел-
ді. Содан болар, эпостық жинақтарды баспаға әзірлеу барысында
фольклорлық шығармаға көркем әдебиет принципі тұрғысынан

қарау белең алғанын көреміз. Бұл шетін құбылыс, ең алдымен,
фольклорлық мәтіндерді редакциялау, канондық мәтін жасау,
жөнсіз қысқарту немесе көркемдеу әрекеттерінен көрініс тапты.
Халық әдебиеті нұсқаларын баспаға осындай әдіспен әзірлеу ба-

рысында арнайы комиссиялар құрылған. Міне, бұл игі ниеттен
туындаған, бірақ фольклорлық шығармаларды зерттеу, жария-
лау ұстанымдарына мүлде жат әдістеменің зиянды әсері біз сөз
етіп отырған «Қобыланды батыр» жырын да айналып өтпеген.

Шындығында да, 1957 жылғы басылымда жарық көрген
«Қобыланды батырдың» мәтінін талдай келе, ғалымдардың
көпшілігі мұны Марабай, Мергенбай нұсқаларының бірігуінен
жасалған ортақ, жаңа вариант деп таныды. Осы басылым тура-

лы профессор Қ.Жұмалиев: «Қобыландының ең соңғы басылуы
1957 жыл. Дұрысында, мұны Мергенбай мен Марабайдың вари-
анттары біріктіріліп шығарылған түрі деу керек. Бұл нұсқа—

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

толықтығы жағынан ғана емес, құрылысы жағынан да шебер
жасалған эпостардың бірі,»—деген болатын.2
Бұлай пікір айтуға Мергенбай нұсқасын жинаушы әрі ай-
тушы Шапай Қалмағамбетовтің өз сөздері де себепші болды.

Жыршы өз жанынан қосқан кіріспеде:

...Ел аузында жүрген сөз

Өтірік жаннан қоспайын.

«Қобыланды батыр» баспаға

Екінші вариант түсіпті—

Айтушы ақын белгісіз,

Бұларды мен де қостайын.

Қалдырып кеткен көп жерін

Келгенше шама дұрыстайын,—дей келе, «Қобыландының» ел аузында айтып жүргенін, енді жыршының үшінші варианттың басылуын сұрайтынын, сол үшін баспадан шыққан жырдың қалып қойған «аяғы мен басын қосқанын»3, сөйтіп, толық жыр үлгісін ұсынғанын айтады. Бұған қарағанда, сөз жоқ Шапай баспадан шыққан кітапқа көңілі толмай, оның орнына Мергенбай жырау нұсқасын ұсынады және бұл үлгіге өзінің де ат салысқанын баяндайды. Тағы бір зерттелуге тиіс мәселе—1922 жылы Ташкентте Ә.Диваевтың құрастыруымен басылған жыр мәтінін «Қобыланды батырдың» Марабай нұсқасы деп кесіп айтуға қандай негіз болғаны түсініксіз. «Қобыланды батыр» жырын бірнеше рет баспаға әзірлеген, оның ғылыми басылымын Мәскеуден шығарған, осынау халық эпосына саналы ғұмырын арнаған, сөйтіп, 1991 жылы аталған жыр тақырыбында докторлық диссертация қорғаған профессор О.Ә.Нұрмағамбетованың өзі де бұл сұраққа толық, дәлелді жауап бере алмағаны аңғарылады. Ғалым өзі құрастырушының бірі болып табылатын 1957 жылғы басылым туралы: «Бұл—Мергенбай варианты деп жүргеніміздің бірінші рет басылуы. Оның көпшілігі бұрынғы Марабай вариантында бар сөз, уақиғалар. Бірақ бұлардың екеуі де эпосты шығарушылар емес, айтушылар. Оларға дейін 2 Қ.Жұмалиев. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. Алматы, 1958. 30, 69-бб. 3 Қобыланды батыр. Жинаушы Ш.Қалмағамбетов. ОҒК.ҚҚ: Ш.1184, 1дәптер, 1-бет.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ «Қобыланды батыр» Мергенбай варианты түрінде айтылды ма, әлде Марабай варианты түрінде жырланды ма деген мәселенің әл-әзір басы ашық. Жалғыз-ақ даусыз жайт—ең толық вариант соңғы айтушылардың құрастырғаны болуы керек»4 деген болжамын білдірген. Ал енді ғалымдардың көпшілігі бірауыздан мақұлдаған «Диваев жариялаған нұсқа (1922) Марабайдікі ме?» деген сауал да әлі күн тәртібінен түсе қойған жоқ. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, текстологиялық талдаулар жасалмағаны былай тұрсын, аталған нұсқаның қолжазбасын фольклоршы Ә.Диваевқа жазып жіберушінің мәліметіне де байсалды, әділ ғылыми көзқарас танытуда асығыстық болған. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасында берілген мәліметте аталған нұсқаның жинаушысы жөнінде: «Әбубәкірге Баймұрат Өскеұлы деген кісі жинап берген. Бұл жөнінде жырдың соңында Баймұраттың Әбубәкірге арнаған хаты бар. Онда «сіздің сұрауыңыз бойынша осы жырды жаздым. 1894 жыл, 12 желтоқсан (дәлу)» делінген. Ал Баймұрат бұл жырды кімнен жазып алғанын көрсетпеген»5 деген дерек келтіреді. Осындай ақпарат профессор О.Нұрмағамбетованың еңбегінде де берілген. Зерттеушінің: «Қобыланды батыр» эпосының Марабайдан жазылды деген нұсқасын кейін белгілі фольклорист Ә.Диваев 1922 жылы Ташкентте бастырып шығарды»6 дейтін пікірін осы кітаптың 74-бетіндегі «Баймұрат Өскеұлы кім, ол осы жырды кімнен жазып алған, әлде өзінің айтып жүрген жыры болды ма деген сұраққа жауап беру қиын», деп келетін ой-толғамдары терістеп тұрғандай. Жалпы, Мергенбай мен Баймұрат нұсқасынан (1922 ж.) Марабайдың үлгісін іздеу сонау Сәкен Сейфуллин кезеңінен басталған мақсатты әрекет болғаны аңғарылады. Себебі—жазушы өзінің «Қобыланды батырдың» тарихи тегі туралы зерттеуінде Марабайдың осы ұлы эпосты дамыта жырлаудағы талантын аса жоғары бағалаған болатын.7 Кейіннен жеткілікті дәлел жоқтығына қарамастан, бірқатар қазақ ғалымдары Ди4 Нұрмағамбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр». Алматы: Дешті Қыпшақ, 2003.77-б. 5 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. Алматы, 1975. 177-б. 6 Нұрмағамбетова О. Аталған кітап. 255-б. 7 Сейфуллин С. Шығармалары. VІ том,—Алматы, 1964. 48-б.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР ваев бастырған «Қобыланды батыр» жырын Марабай нұсқасы ретінде біржола танып әрі Мергенбай вариантымен мазмұндық ұқсастығын ескере отырып, ортақ, канондық мәтін жасауға кіріскені белгілі. Бұл жоспар 1975 жылғы ғылыми басылымды әзірлеу барысында жүзеге асты. Мергенбай, Марабай вариантын әдеби өңдеу арқылы жырдың жаңа версиясын жасаған ғылыми топтың арасында белгілі тарихшы, этнограф, әдебиетші ғалымдардың болғаны жайында профессор О.Нұрмағамбетова былай деп еске алады: «Ескерте кететін бір нәрсе—«Қобыланды батыр» жырының тексін осы басылымға дайындар алдында тағы да қарап, біраз мамандардың әділ талқысынан (Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев т.б.) өткізу үстінде де текстіге аздаған өзгерістер-анықтамалар енгізілді. Ол өзгерістер, ең алдымен, жырдың 1922 жылы шыққан ең көркем тексті— Марабай вариантында бар кейбір сөздердің, жолдардың басқа басылымдарда орынсыз түсіп қалғандарын қалпына келтіру ретінде болды. Жырдың негізгі мазмұнына, сюжет желісіне, композициялық тұтастығына ешбір нұқсан келтірген жоқ»8. Алайда бәрі ойдағыдай біткенмен, бүлінген Мергенбай нұсқасы, бұзылған фольклор ғылымының принциптері бүгінгі күн талабына сай жаңа сұрақтар туындатып отыр. Сондықтан осы томға еніп отырған «Қобыланды батыр» жырының Мергенбай вариантына түпнұсқасы (ОҒК. ҚҚ: Ш. 1184) бойынша мәтіндік салыстырулар жүргізіп, өзгерген, қосылған, қысқарған жыр шумақтары мен жеке тармақтарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді басты мұрат тұттық. Мәтіндік және сюжеттік салыстырулар барысында көптеген олқылықтардың басы ашылып, олардың бәрі—жырдың сюжеттік құрылымы мен мәтін түпнұсқа негізінде бастапқы қалпына келтірілді. Бір ғана мысал: Ә.Диваев нұсқасында Көбікті (қалмақ батыры) Қобыландыны ұйықтап жатқан жерінде «тоғыз қабат тор салып, бекітіп әбден байлады» деп, яғни батырдың айлалы жаудың қолына қапыда түскені жырланса, Мергенбай жырлаған түпнұсқада: 8 Қобыланды батыр (Түркия басылымына әзірленген қолжазба жинақ). Құрастырып, түсініктерін жазған О.Нұрмағамбетова. ӘӨИ, Қолжазба қоры,— 340-б.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Мұны көріп Қобыланды,
Бұлғары садақ, Бұқар жай
Қиядан тартты Қобылекең,
Қобыландының оғын да

Денесіне тигізбей,
Қолындағы шоқпармен
Допша қағып тастады.
Ұмтылумен Көбікті,

Қобыландыны ұстады,
Желкесінен қысады.
Күшіктейін шыңғыртып,
Тақымына басады.

Қос батырың бұл жерде
Бағы тайып басынан,
Пірлері тайып қасынан

Жанторсыққа ұсады... (1184 бума, 1-дәптер,
44-бет) деген жолдар батырдың ұйқыда емес, «жеті кәміл
пірлерін жаңылғандықтан» жаудан жеңілгенін баяндайды.
Анығында, бұл мәтіндік дегеннен гөрі, күрделі—сюжеттік

өзгертудің қатарына жатады. Яғни, бұл арада ғалымдар Мер-
генбай жыраудың идеясына, жырдың мазмұндық, оқиғалық
үйлесіміне, ең бастысы, мотивтер жүйесіне үлкен зиян келтір-
генін көреміз. Мұнда біз екі нұсқада да (Диваев-Баймұрат, Мер-

генбай) Қобыландының «пірлерін танымай, қара басқаны» ту-
ралы әдейі баяндалатынын байқадық.
Ал Қобыланды батырдың дүниеге келуінің өзіне Баба
Түкті Шашты Әзіз бен жеті кәміл пірлері себепші болғандығы

көптеген варианттарда баса жырланады. Сондықтан бұл мотив
«Қобыланды батыр» жырындағы басты сарындардың қатарына
жатады. Сондай-ақ жырдағы діни мазмұнды сөздердің көбі
қысқарған. Мысалы:

«Ақұдай!» деп ат қойды,

«Мұхаммед!» деп лап қойды.

Бетіне қалқан далдалап,

Әскерге кірді «Аллалап!»— тәрізді шумақтар мен сөз тіркестері әдейі алынып тасталған.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Мергенбай нұсқасы тұтас циклді құрайтын желілі жыр-
лардың қатарына жататын іргелі әрі көркем туынды. Томға
«Қобыланды батырдың баласы Киікбай» және «Қобыланды
батырдың Темірланды жеңуі» атты екі нұсқа жаңадан еніп

отыр. Олар Мергенбай нұсқасының заңды жалғасы болғанмен,
күні бүгінге дейін еш жерде жарық көрмеген.
Томға енген барлық жыр мәтіндері БҒМ ОҒК Сирек қорында
сақтаулы түпнұсқалары (Ш. 1184, Ш.1394, 1-2 дәптер) бойын-

ша көне араб әліпбиінен қазіргі әріпке түсіріліп, еш өзгертусіз
ұсынылып отыр.
С. Қосан

МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ

ДІНИ ЕСІМДЕР

Алшағыр—Ноғай
мырзасы.
Едіге
әулетінен

шығып,
көшпелі ноғай-қазақ ұлыстары арасында үлкен беделге ие
болған билеуші. Тарихи деректерде ұлдары Орақ, Мамаймен бір-
ге Қырым төңірегіндігі саяси және ел-аралық қақтығыстар ке-

зінде жиі аталған. Алайда «Қобыланды батыр» секілді бірқатар
қазақ эпостарында Алшағыр—қалмақ ханы не батыры екені
мәлім. Дегенмен халық ауыз әдебиетінде, әсіресе фольклорлық
шығармаларда алыс дәуірде өмір сүрген тұлғалардың есімде-

рінде ауыс-түйіс бола беретіні қалыпты құбылыс.
Ахмет—ноғай-қазақ эпостарында есімі жиі аталатын
эпикалық кейіпкер. Бірқатар жазба деректерде және ауыз
әдебиеті туындыларында Айсаның ұлы Ахмет немесе Әмет аты-

мен де ұшырайды. «Қырымның қырық батыры», «Асан қайғы»,
«Қазтуған» жырлары мен Шалгез, Мұрат ақын, Қашаған жы-
рау мұраларында да Ахметтің есімі үлкен құрметпен аталған.
Көшпелі ноғай-қазақ ұлыстарын сырт жаудан қорғауда ерен ер-

лігімен көрініп, ел есінде қалған халық батырларының бірі әрі
тарихи тұлға.
Баба түкті Шашты Әзіз—қазақ эпостары мен ертегіле-
рінде кездесетін киелі кейіпкер. Бұл кісінің батасын алған

перзентсіз жандар Алланың құдіретімен ұлды, қызды бо-
лып жатады. Аңыздардың бірінде оның есімі Баба Туклас деп
көрсетіледі. Әкесі—Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында
Әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең

алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, со-
дан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба түкті
Шашты Әзіз—Қожа Ахмет Иасауидің арғы бабалары, ислам
діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген

болжамдар бар.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Ғали [Әли]—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші
әділетті халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың
немере інісі әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу ба-
ласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан,

алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, та-
лып қалатын болыпты-мыс. Фольклорлық туындыларда
оның зұлпықар, қамқам, самсам деген үш қылышы болғаны
айтылады. Әлидің есімі көптеген шығыс шығармаларында,

оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет
Әли сол дастандардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр,
халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке
ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен

замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды
жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс-
лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тір-

кесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды тұлпардың
нышанына айналған.
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік

ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір
сүреді.
Дәуіт—Құранда есімі аталатын пайғамбар, Сүлеймен

пайғамбардың әкесі. Көне жөйіт тілінде Давид. Дәуіттің отыз
баласы болған. Жаратқан Иеміз құдіретімен отыз баланың жа-
нын бір мезетте алады. Мұны көрген Дәуіт Алла Тағалаға зар
илеп жылайды. Сонда Алла: «Дәуіт, саған отыз ұлыңның ор-

нына отыз ұл берейін бе, әлде отыз ұлға татитын бір бала бе-
рейін бе?»—деп сұрағанда, Дәуіт «отыз балама татитын бір ұл
беріңіз» деген екен. Құдай тағаланың берген ұлы осы Сүлеймен
пайғамбар болыпты. Сүлеймен аң-құстың тілін түсініп, тілдесе

алған дейтін аңыз бар.
Едіге—ХІV ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген тари-
хи тұлға. Ерекше шешендігімен қоса батыр әрі қолбасшы болған.
Ол Алтын Орда мемлекетінің бірнеше хандары тұсында тәуелсіз

билік құрумен бірге ел басқару істеріне белсене араласты. Деш-
ті Қыпшақтың ханы Тоқтамыс кезінде өз билеушісі мен Ақсақ
Темір арасындағы текетіресті өз пайдасына шешуге ұмтылыс

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

жасады. Сол дәуірде көршілес Ресей жеріне бірнеше рет баса
көктеп кірді. Ұлы Ноғай Ордасын құрып, оның басты бегі бол-
ды (1396-1419 жж.). Қара халық арасынан шығып, көшпелі
ноғай-қыпшақ ұлыстарының намысын қорғағандықтан, қазақ

халқының тарихи жадында «Ел қамын жеген Едіге» деген ат-
пен өшпестей жазылған оның бейнесі мен есімі бірқатар қазақ
эпостарына арқау болды. Кейбір деректер бойынша, Едіге
мырзаның бейіті қазақ жерінде, Ұлытауда жатыр.

Қазтуған—даңқты ноғай-қазақ жырауы. Көшпелі Ноғай
Ордасының биі һәм батыры ретінде танылатын оның бір-
неше айшықты толғаулары ел жадында сақталып, бүгінгі
ұрпаққа жетті. Жырау шығармашылығы туралы М.Мағауин,

Қ.Сыдиықұлы тәрізді қазақ ғалымдарының зерттеулерінде
жан-жақты сөз болып, есімі әдебиет тарихынан лайықты орын
алды. Қарға бойлы Қазтуған—«Қырымның қырық батыры»
желелі жырларының жеке қаһарманы.

Қарасай, Қази—Орақ батырдың ұлдары. ХVІ ғасырдың
соңына қарай Қырым маңында өз ұлыстарын құрған. Кейін
Кавказда да ықпалды ноғай бектері ретінде танылған. Сол за-
манда қызылбас, қалмақ т.б. көрші халықтармен ымырасыз

күрес жүргізіп, ел-жұртын қорғаушы эпикалық қаһармандар.
Қос тарихи тұлғаның ерлік, жорықтары жайында қазақ жы-
рау, жыршылары ерекше шабытпен жырлаған. Әсіресе Ақтөбе,
Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарақалпақстан

қазақтары арасында «Қарасай-Қази» эпосының 30-ға жуық
нұсқалары сақталған.
Қияс (Әзіреті, Қауыс, Ғауыс)—әл-Жилани (Гилани) Мухий
ад-дин Абд ал-Қадир бин Аби Силих Джангидуст (1077-1116),

ханбалиялық уағызшы, діни қайраткер, сопылар шайығы.
Мұса—Едіге биден кейін эпикалық жырларда ең жиі ата-
латын қаһарманның бірі. Ол Уаққас бектің ұлы, Едігенің не-
мересі. 1493-1507 жылдарда Ноғай Ордасының бегі ретінде елді

інісі Жаңбыршымен бірлесе басқарған. Оның есімі қазақтың
«Қырымның қырық батыры», «Орақ-Мамай», «Қарасай-
Қази», «Қобыланды» т.б. ірі эпостарда құрметпен еске алынып,
халықтың ыстық ықыласына бөленген.

Мұхаммед [Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым]—ислам
дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы, та-
рихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі,
ең соңғы пайғамбар.
570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың
әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс

болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда
дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт ана-
сы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс
болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған.

Алла Тағаланың алғашқы ухаи хазіреті рамазан айын-
да Мұхаммед Меккеден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде
ғибадат етіп отырған түні таң алдында түскен. Мұхаммед (с.а.с)
Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды 610 жылы

40 жасында уағыздай бастайды.
Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың ба-
сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық
білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан (б.д.) 622 жылы

Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине
қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы
деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс ау-
дару» деген сөз.

Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине
қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»

(Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.
Орақ—Мамай ХVІ ғасыр—көбінесе есімдері қатар аталып
отыратын эпикалық кейіпкерлер. Халық аузындағы шежіре-
лік мәліметтер бойынша, Мұсадан Алшағыр, одан Орақ пен Ма-

май туған делінеді. Екеуі де көшпелі ноғай-қазақ ұлыстарының
туын көтеріп, ел намысын жыртқан, ер жүрек батырлар кей-
пінде ел есінде қалған. Олардың ерлік істері мен ұрпақтары
туралы Нұртуған Кенжеғұлұлы (1887-1927 жж.) көлемді жыр

тудырғаны мәлім.
Фатима, Би-Бәтима (635 ж. ө.)—Мұхаммед пайғамбардың
қызы, төртінші халифа Әлидің әйелі, мұсылман әлемінде
ерекше құрметке ие қасиетті әйел бейнесі. Фатимаға табыну,

шамасы, Х-ХІІ ғасырларда, содан тарайтын фатимилер
әулеті ықпалының күшеюіне байланысты туып қалыптасса
керек. Фатима—шийіттердің діни хикаяларының ең басты

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

қаһармандарының бірі. Көптеген мұсылман елдерінде алақанды
белгілейтін ежелгі нысана «Фатиманың қолы» деген ұғым бар.
Оның рухы небір үмітсіз ауруларға да ем қондырып, сырқаттан
айығуға көмектеседі деп саналған.

Хақ Жаппар—Ұлы құдіретті; Алланың 99 есімінің бірі
Ілияс (Илияс, Илья)—көне иудей, христиан аңыздарында
Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей
құдайларының бірінен шыққан дейтін пікір де бар. Исламда

Ілияс, пайғамбардан гөрі, әулиеге жақын.

Азбар /т/— бордақы мал тұратын шағын қора.
Азбан /т/—бұрын үйірге, күйекке, келеге түсіп, кейіннен
пішілген мал.
Аламан /т.қ./—көпшілік, қалың топ, әскер

Азар /т/—қысым, реніш, қиындық
Ақберен /т/—асыл болаттан соғылған сауыт
Аққарабас /қ/—жыртқыш құс түрі
Ақсары /қ/—Бүркіт тұқымдасына жататын қыран құс

Арма /к/—есенсіз бе, амансыз ба
Аса /қ/—аса таяқ, қариялар, бақсы-диуаналардың сүйеніш
құралы
Атой /т/—дабыл қағу, ұран тастау

Атарман /к/—жасауыл, шапқыншы
Әбдесте /к.п./—дәрет алатын, беті-қол жуатын құман түрі
Әбілет /а/—жынның бір түрі, жексұрын
Әлқисса /а/— араб тілінен енген сөз. Әл—артикль; қисса,

дастан немесе ұзақ әңгіме дегенді білдіреді.
Әмбе /а/—әрдайым, барлығы
Бақал /т/—ұсақ-түйек заттар
Бәнде /п/—пенде

Бейіс/п/—бейіш
Баһар /п/—көктем, жазғытұрым
Беде /т/—мал азығы, көп жылдық өсімдік
Берен /т/—сауыт, мылтық , асыл киім

Бидайық/қ/— дала өсімдігі
Боғжама /д/—дорба
Борық /т/—сулы жерде өсетін өсімдік
Боз /т/—ақшыл қылау түс

Бөз /т/—жұқа, ақшыл түсті, арзан мата

СӨЗДІК

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Бөрікөз /т/—таулы аймақта өсетін, жылқы малы сүйіп жей-
тін өсімдік
Гөзел/а/—әдемі, сұлу; киік, ешкі
Ғасы /а/—күнәһар

Ғаріп /а/—мүсәпір, бейшара
Дәстер /п/—салт-дәстүр, ғұрып, мирас
Дәбір /п/—сарсаң, әлек
Дуадақ /т/—шөлді, далалы өңірдің құсы

Дұшман /п/—дұшпан
Ебене /т/—ебелек тәрізді шөп түрі
Еп /т/—икем, ыңғай, бейім
Жаббар /а/—құдіретті, алып; Алла Тағаланың 99 қасиетті

есімінің бірі.
Жад /п/—ес, ой
Жақ /т/—үлкен садақ түрі
Жаһаннам/а/—тозақ оты

Жана/т/—және
Жек/т/— қамыт, мойын ағаш; дала құсы
Жете/т/—пышақтың сабы мен жүзінің біріккен тұсын
атайды

Жұпты/а.т/—жұбай, жар
Зарпы /п/—қайғы, көрініс, тұлға
Зәһәр/а/—у, улы зат
Кәпір/а.т/—мұсылман дінінен басқа діндегілер, дінсіздер

Кәрәмат/а/—керемет, жақсы, дархан
Кәусар/а/—қасиетті, шипалы су, жұмақ суы
Кебене /т/—киізден жасалған жорық киімі
Кент /п/—қала

Кіл /ж/—үнемі, әрқашан
Кітаппан/а.п./—кітапты көп оқитын адам, оқымысты
Көкқұтан /қ/—ұзын сирақ, көк түсті құс
Күдері /т/—әбден иі қанып жұмсартылған әрі мықты тері

Күшіген /қ/—бүркіт тұқымдас жыртқыш қарақұс
Қазанат /қ/—ұзақ жолға шыдамды, қазақ жылқысының
байырғы бір тұқымы
Қазаттық /ғазауат, ғазат/—дін жолындағы қасиетті

соғыс
Қалас /ж/— жаңылыс; тазару
Қандек /т/—терең ор, бекініс түрі

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР Қары /т/—қолдың шынтақ қосындысынан иыққа дейінгі бөлігі Қасат /т/—тығыздалы қалған, қатқыл, соқпа қар Қата /а/—қате Қоламта—жанып біткен оттың ыстық күлі Қоңсы /т/—сыбай, көрші Қорамсақ/т/—жебе, оқ салуға арналған оқшантай, жабдық Қосын /т/—әскер, жауынгерлер тобы тұратын жер Қулық /т/—бірінші рет құлындаған жас бие Құбыла /а/—бағыт, мұсылмандар сәждеге бас қоятын қасиетті Қағба бағыты Құлпы /т/—жібек матаның бір түрі Құлық /қ/—кесел, жылқыда болатын ауру Құйын перен—үйіріле ұйтқи соғатын жел түрі Құптан /а/—бес уақыт намаздың бірі, түн сезгілінде оқылады. Лабақ—абақты, түрме Лашын—жыртқыш қыран құс Мазаттық /а/—масаттану, шаттану Майқара—шөл, шөлейт жерде өсетін жусан Мақшар /а/—қиямет күні Масаты—жұмсақ, түкті мата, барқыт Мауыты /т/ —қалың мата, шұға Мәләмат /а/—мәлімет, мағлұмат Мәуе /т/—жеміс, миуа Налығу /т/ —күйіну, қамығу Намаздігер /п/—күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған кезде оқылатын намаз уақыты Намаз ақшам /намазшам/— кешкі намаз оқылатан кез, ақшам мезгілі Нас /п/—тазалығы жоқ, лас Нәпіл /а/ —міндеттен тыс намаз, сүннет Оқшасын /ж/—көз ілеспейтін жылдамдық, зулау Пиала /п/—кесе, шыны Пір /п/—ақсақал, дінбасы, сопылардың көсемі; қорғаушы рух Пұрсат /а/—мұрсат, мерзім, мәулет Салдат /о/—жауынгер, әскер, сарбаз Салқам /т/—дархан, кең, кеуделі

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

Сукар /т/— кептірілген нан, жорық тағамы
Сулық /т/—су, ылғал өткізбейтін сырт киім; ауыздық
Сыбай /т/ —жақын, дос, сырлас
Сүңгі—ұшы үшкір темірден, болаттан жасалған қысқа най-

за түрі
Татыр—тұзды, сортаң, тақыр жер
Тасаттық—белгілі бір тілектің орындалу мақсатымен
Құдай жолына құрбандық мал шалу

Тобышақ /т/—ақбақай, тобығы ақ жылқы
Торғын /т/—қымбат бағалы жұқа мата,торқа
Торта /т/—сары майдың тұнбасы
Тәңір /т/—Құдай, Жаратқан Ие, Жасаған

Үйек /т/—табиғаты тіршілікке қолайлы, шөбі шүйгін жер
Үмбет/а/—халық,
Исламды
мойындап,

Мұхаммед
пайғамбардың соңынан ерген барша мұсылман қауымы
Ұжмақ /т/—жұмақ, бейіш
Ұсады /т/—ұқсады

Шарайна /т/—сауыт, латы
Шарболат/қ/—ыстық күйінде суық суға салып, шыңдалған
өткір қылыш
Шарқи кітап/а/—шариғат ережелері жинақталған киелі

кітап
Шаһбаз /п/ —кең пейіл, ер жүрек
Шаһизада /п/—патшаның ұлы, мұрагері
Шәр /п/— қала, қыстақ

Шынылы—шын, шынайы, рас
Іңкәр /т/—ынтық, құмар, сағыныш
Халас /а/—құтылу, арылу, азат болу
Хауыз /а/—су ағатын арық, бұлақ

Һайла /а/—айла

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

Азулы (Азаулы)—Бұрынғы көшпелі қыпшақ тайпалары
Азов теңізін осылай атаған.
Ақсай—Ақтөбе облысындағы елді-мекен, кен орны бар
өндірісті аймақ

Алатау—Батыс Қазақстандағы орташа биіктіктегі шағын
тау жоталары
Барлытау—тау жонының аты, эпикалық мекен.
Бұқаржай—Бұқара өлкесі, Кіші және Орта жүз қазақтары

ертеде осы өңірлерді қыстаған.
Жем (Ембі) —Каспий алабындағы өзен. Ақтөбе және Аты-
рау облыстарының жері арқылы ағып өтеді.
Көзді көл—көл аты. Ақтөбе облысында орналасқан.

Күлтөбе—мекен аты. Сырдарияның төменгі ағысында,
Түркістан маңындағы шағын төбе. Кейінгі орта ғасырларда
мұнда қазақ көсемдері бас қосып, ел тағдырының келелі
мәселелерін талқыға салған.

Қамысты—Батыс Қазақстандағы көлемі едәуір көл аты.
Қараспан—орта ғасырлардағы қоныс орны. Оңтүстік
Қазақстан облысы. Ордабасы ауданынан оңтүстікке қарай
орналасқан. 1980 жылы бұрынғы Шымкент пединститутының

археологиялық экспедиция тобы ашқан.
Қаратау—Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған
аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары.
Қазақстанда Қаратау жотасы (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл

және Қызылорда облыстары аумағында), Қаратау таулары
(Маңғыстауда), Кетпен (Ұзынқора) жотасында бар.
Қотан—Қазақстанның бірқатар өңірлерінде кездесетін жер
аты; эпикалық мекен.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ Қулы көл— Батыс Қазақстандағы бұрынғы көл атауы. Қазір суы кеуіп, құрғаған. Ноғайты—Сағыз алабындағы өзен. Атырау облысының Қызылқоға ауданы жерімен ағып өтеді. Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы ауыл. Нұра—тау және өзен атауы. Бұл атаудың таралу шегі бүкіл Түркістан және Орталық Азия қырларын алып жатыр. Сарыбел—эпикалық мекен. Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде кездесе береді. Сарысу—өзен аты. Орталық Қазақстанның Жезқазған— Ұлытау өңірлері арқылы Торғай алқабына қарай ағады. Созақ—Оңтүстік Қазақстандағы аудан аты. Қаратаудың солтүстік бөлігінде Созақ аталатын едәуір биік тау шоқысы бар. Темір—Ақтөбе облысындағы қала және темір жол станциясының аты. Осы облыстағы өзен аты, Жемнің бір саласы. Шағалалы— Орталық Қазақстанның көл, арал, өзен аттары. Эпикалық мекен.

ТОМҒА ЕНГЕН ДАСТАНДАРДЫ ЖЫРЛАУШЫ, АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ Мергенбай жырау (1831-1911)—Атақты Мергенбай жырау Қостанай облысының Қарабалық ауданының жерінде туған. Мергенбай қазақтың батырлық жырларын көп білген, көп жырлаған атақты жыршыларымыздың бірі. Ол қазақтың күй өнерін де жақсы меңгерген, айтулы домбырашы болған. Осы өнерінің арқасында Мергенбай Ақтөбе, Қостанай өңірін көп аралап жыр айтқан, күй тартқан. Мергенбай білетін мол жырдан бізге жеткені «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр». «Қобыланды батыр» жырын 1936 жылы Қостанай облысында тұратын ақын Шапай Қалмағамбетов сол жердің ақыны, жыршысы Досжаннан жазып алады да, 1939 жылы Тіл және әдебиет институтына әкеп тапсырады. Досжан ақын жырды жасырақ кезінде өзі ұстаз тұтқан, қасына көп ерген Мергенбай ақыннан үйренгенін және ол нұсқаны сол үйренген қалпында еш өзгеріссіз хатқа түсіргенін айтады. Мергенбай жырлады дейтін жырлар түгел жиналған жоқ. Жыраудың толық өмірбаяны, ол білген жырлардың жай-жапсары жөнінде мәлімет тапшы. Марабай Құлбайұлы (1841-1898)—Марабай Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, «Жаңа қоныс» деп аталатын жерде туған. Бала жігіт кезінен өлең айтып, домбыра тартып, асқан әнші, домбырашы атанады. Өз тұсындағы атақты ақын-жыршылардың қасына көп еріп, сөз өнерін үйренеді. Кейінірек өзі де айтысқа түседі. Марабайдың әрі ақындық, әрі жыршылық даңқы оның халық сүйіп, құмарлана тыңдайтын батырлық жырларын айта бастаған кезінен бастап жайылады. «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» жырларының ең толық, ең көркем түрі осы Марабайдан қалған мұра.

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

1860 жыдардың аяғы немесе 1870 жылдардың басында Ма-
рабайдан Ыбырай Алтынсарин «Қобыланды батыр» жырын жа-
зып алады.
Шапай

Қалмағамбетов
(1890-1960)—Ақтөбе
облысы,
Қобда ауданынан. Шапайдың өзі ақын емес. Жасынан атақты

жырау Мергенбай, Досжан, Әбдрахмандармен бірге жүріп, олар-
дан қазақтың эпостық жырларын үйренген. 1905-1907 жылдар
арасында Мергенбай жыраумен бірге болып, одан «Қобыланды
батырды» үйренеді. «Қыз Жібек», «Қамбар батыр», «Ер

Тарғын», «Алпамыс» жырларын да сол кезде үйреніп, кейін
оларды өзінше толықтырып айтып жүрген.
Шапай Қалмағамбетов 1922 жылы басылған «Қамбар ба-
тыр» мен 1903 жылы шыққан «Тоқсан үйлі тобыр» жыры-

нан алып, өзінше толық нұсқа жасаған. Жыр арасын байла-
ныстыру мақсатымен өз жанынан өлең қосқан. Бұл әдісін
Шапай «Қобыланды батыр» жырының нұсқасын жасағанда
да қолданған. Оның Қазақстан Ғылым академиясының

Әдебиет және өнер институтына 1939 жылы әкеліп тапсырған
«Қобыланды батыр» жыры осы тәсілмен жасалған нұсқа.
«...Ақтөбелік Шапай жыршы Мергенбайдың қасында
жүріп көптеген жыр үйренген. Ол «Қобыландының» ең толық

нұсқасын және басқа да көптеген батырлар жырын жатқа айта-
ды», — деп жазды Е.Ысмайылов Шапай Қалмағамбетов жай-
ында1.
Шапай Қалмағамбетов Әдебиет және өнер институтына

«Қобыланды батыр» жырының бірнеше нұсқасын, «Ер Тарғын»,
«Қыз Жібек», «Қамбар батыр» жырларын, тағы басқа да көп
материал әкеліп тапсырған.
1 «Ноғайлы Қарақыпшақ Қобыланды батыр»— РФ ЦН5 АН ҚазССР П. 82-

8/3.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр

дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы

/тат/—татар
/т/—түркі
/ж/—жергілікті
моңғ.—моңғол

/қ/—қытай
/к.с./—көнерген сөз

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде жарық
көрген кітаптар

1. Қобыланды батыр.—ОҒК: Ш. 1184, ,1, 2-дәптер. 2. Қобыланды батырдың баласы Киікбай.—ОҒК: Ш. 1394,

1-дәптер. 3. Қобыландының Темірланды жеңуі.—ОҒК: Ш. 1394, 2-

дәптер.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер

1. Бердібаев Р. Қазақ эпосы.—Алматы, 1982. 2. Батырлар 1-кітап / Бастырып шығарушы—Ә. Диваев—

Ташкент, 1922 3. Батырлар.// Бастырып шығарушы—С. Мұқанов.—Ал-

маты, 1939. 4. Гэсэр. Бурятский героический эпос.—М., 1973. 5. Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық

жыры.—Алматы, 1972. 6. Жирмунский В. М., Зарифов Х. Т. Узбекский народный

героический эпос.—М., 1947. 7. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының

мәселелері. 1-кітап.—Алматы, 1958. 8. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-ші кітап.—Алматы,

1960. 9. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 1-том.—

Алматы, 1975. 10. Қазақ кітаптары. Құрастырғандар: Е. Есова., Ү. Сұбхан-

бердина., Д. Сейфуллина.—Алматы, 1986

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

11. Қоңыратбаев Ә. Эпос және оның айтушылары.—Алма-

ты, 1975 12. Қоңыратбаев Т. Эпос және этнос.—Алматы, 2000 13. Маадай—Кара. Алтайский героический эпос.—М., 14. Орлов А. С. Казахский героический эпос.—М., 1945 15. Нұрмағанбетова О. Қазақтың қаһармандық эпосы—

«Қобыланды батыр».—Алматы, 2003. 15. Сейфуллин С. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары,—

Қызылорда, 1931. 16. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.—Алматы, 1993. 17. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—

М., 1968.

18. Древнетюркский словарь.—Л., Наука, 1969. 19. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы-

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

20. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 21. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 22. Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т.—М., 1970. 23. Татарско-русский словарь.—М., Советская энциклопе-

дия, 1966. 24. Турецко-русский словарь.—М., Русский язык медиа,

2005.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Мини-
стерства образования и науки РК продолжает работу по подго-
товке и изданию очередных томов Свода казахского фольклора
«Бабалар сөзі», выполняемого в рамках государственной про-

граммы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).
38-том включает в себя три варианта героического эпоса
«Қобыланды батыр», являющегося одним из лучших в эпиче-
ском наследии казахского народа. Все три варианта принадле-

жат известному казахскому жырау Мергенбаю.
Среди многочисленных эпических памятников казахского
народа, эпос «Кобыланды батыр» является наиболее распростра-
ненным в народе, многовариантным и одним из самых крупных.

А.Диваев описавший живое исполнение эпоса, свидетельствует,
что «такого размера былину, как «Кобыланды», можно пропеть
в три ночи». Некоторые из исполнителей утверждали, что «Ко-
быланды батыр» они пели семь, а иногда и двенадцать дней и

ночей.
Составителями планируется подготовка и издание четырех
томов, в том числе всех двадцати вариантов настоящего эпоса,
и.т.д.

Сюжетную основу «Қобыланды батыра» составляют древние
легенды и героические мотивы, связанные с прошлой жизнью
казахского народа и его историей.
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі», том

снабжен научными приложениями, которые включают в себя
сведения о публикуемых текстах; краткий историко-фолькло-
ристический и текстологический анализ; данные об историче-
ских и религиозных деятелях, имена которых встречаются в

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

текстах; словарь древнетюркских, арабских и персидских слов,
терминов и понятий религиозного характера, а также географи-
ческих названий; сведения о сказителях, собирателях и публи-
каторах; список использованной литературы; резюме на рус-

ском и английском языках.
Тексты, публикуемые в данном сборнике издавались в совет-
ское время, и при этом они, к сожалению, подверглись в опреде-
ленной степени редакции, литературной обработке. Это проис-

ходило, по всей вероятности, как на стадии записи текстов от
исполнителей, так и в процессе переписки рукописей (возможно
неоднократной), а также в ходе подготовки текстов к изданию.
Большинство текстов данного тома публикуются впервые.

Объем тома—25 п.л.

SUMMARY M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Educatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Medenі Mura» («Cultural herіtage»). 38th volume іncludes three versіons of the heroіc epos «Kobylandy batyr» that іs one of the best epіc works of Kazakh people. All three versіons belong to the well known Kazakh zhyrau Mergenbaі. Among numerous epіc monuments of Kazakh people epos «Kobylandy batyr» іs the most popular and bіg work that has many versіons. A.Dіvaev who has descrіbed lіve performance of the epos wrote that «such bіg legend as «Kobylandy» can be performed іn three nіghts». Some of performers saіd that they have performed «Kobylandy batyr» durіng seven and sometіmes twelve days and nіghts. The compіlers are plannіng to prepare and publіsh four volumes іncludіng all twelve versіons of thіs epos etc. The plot of «Kobylandy batyr» іs based on ancіent legends and heroіc motіves lіnked wіth the past lіfe of Kazakh people and theіr hіstory. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the volume has scіentіfic supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіc—folklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous figures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР The texts publіshed іn thіs collectіon have been publіshed іn Sovіet perіod and regretfully have been subjected to a certaіn edіtіon and lіterary processіng. Obvіously thіs happened durіng record of the texts from the performers and іn the process of repeated recordіng of the manuscrіpts (possіbly contіnuous) and also durіng preparatіon of the texts to publіcatіon. Most texts of thіs volume are publіshed for the first tіme. Volume іs 25 pp.

МАЗМҰНЫ Құрастырушылардан ........................................................... 5 Мәтіндер Қобыланды батыр ................................................................ 9 Қобыланды батырдың баласы Киікбай .................................207 Қобыландының Темірланды жеңуі .....................................255 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме ....................................303 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ..................310 Сөздік .............................................................................315 Жер-су атаулары ..............................................................319 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет ......................................321 Шартты қысқартулар .......................................................323 Пайдаланылған әдебиеттер ................................................324 Резюме ...........................................................................326 Summary .........................................................................328

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 38 том ГЕРОИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген ва Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы ИБ № 2199 Теруге 20.09.06 жіберілді. Басуға 3.10.06 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 25. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № . «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙