Бабалар сөзі 43 том
Серікбай Қосан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 43-томына «Қамбар батыр» эпосының он бір нұсқасы енді. Жыр нұсқаларының көпшілігі бұрын-соңды жарияланбаған. Эпостың сюжеті ноғайлы-қазақ хандығы кезеңінің жекелеген оқиғаларын қамтиды. Қамбар батыр мен Назым сұлудың арасындағы махаббат—жыр желісінің негізгі арқауы.
Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды
Құл-Мұхаммед М., төраға
Досжан А., төрағаның орынбасары
Асқаров Ә., жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:
Абдрахманов С.
Аяған Б.
Әбусейітова М.
Әйтімова Б.
Әлімбай Н.
Әуезов М.
Базылхан Н.
Байпақов К.
Биекенов К.
Бурханов К.
Ертісбаев Е.
Кенжеғозин М.
Қасқабасов С.
Нысанбаев Ә.
Өмірбеков Б.
Салғара Қ.
Сариева Р.
Сейдімбек А.
Сұлтанов Қ.
Таймағамбетов Ж.
Тұяқбаева Б.
Хұсайынов К.
«Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасын
іске асыру жөніндегі
қоғамдық кеңестің құрамы
БАБАЛАР
СӨЗІ
жүз томдық
Батырлар жыры
43 том
ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Қосан С. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Әзібаева Б., Ақыш Н., Рақышева Ж. Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындаған: филология ғылымдарының кандидаты Рақышева Ж. Жауапты шығарушы: Әкімова Т. Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2007. Т. 43: Батырлар жыры.—2007.—416 б. ІSBN 9965-35-435-9 «Бабалар сөзі» сериясының 43-томына «Қамбар батыр» эпосының он бір нұсқасы енді. Жыр нұсқаларының көпшілігі бұрын-соңды жарияланбаған. Эпостың сюжеті ноғайлы-қазақ хандығы кезеңінің жекелеген оқиғаларын қамтиды. Қамбар батыр мен Назым сұлудың арасындағы махаббат—жыр желісінің негізгі арқауы. Б 00(05)—07
ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-435-9 (т. 43)
© Әдебиет және өнер институты, 2007
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2007
Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланып
жатқан «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басы
лымын әзірлеп, жарыққа шығаруды одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған томдарында ұлттық
фольклорымыздың аса көркем де көлемді саласы болып сана
латын хикаялық дастандардың тоғыз томы, діни дастандардың
жеті томы, ғашықтық дастандардың алты томы, батырлық
жырлардың он томы және Қытайдағы қазақ фольклорына
арналған он томы жарық көрді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның
қырық үшінші томы батырлық эпосқа арналды. Бұл томға
«Қамбар батыр» жырының он бір нұсқасы енді.
Қазақ халқының эпикалық мұрасынан елеулі орын ала
тын, ел ішінде кең тараған батырлық жырлардың бірі «Қамбар
батыр» жыры алғаш ХІХ ғасырдың ортасында қағазға түсіп,
жариялана бастады. 1888 жылы жырдың бір нұсқасын У.Тух
фатуллин деген татар азаматы Зайсан өңірінен жазып алып,
«Қисса Қамбар» деген атпен Қазан қаласындағы Универси
тет баспаханасынан жариялаған. Жыр мәтіні 1903 жылы
Қазанда ағайынды Кәримовтер баспаханасынан «Тоқсан үйлі
тобыр» деген атпен тағы да жарық көрді (баспаға дайындаушы
көрсетілмеген). Белгілі шығыстанушы И.Н.Березин 1890 жылы
Санкт-Петербор қаласында басылған «Түрік хрестоматиясы»
атты жинағында (3-том, 2-бөлім) «Қамбар баһадүрдің жыры»
атты жыр нұсқасын жариялады. Қазақ фольклорын насихаттау
шы, этнограф ғалым Ә.Диваев 1922 жылы Тәшкенде қазақтың
батырлық жырларымен қатар, «Қамбар батыр» жырын баспаға
дайындады. Қазан басылымдары негізінде жаңа жазбалары (ре
батырлар жыры
дакциялары) туды. Сондай-ақ жырдың Қызылорда, Қарағанды,
Жамбыл, Шымкент, Павлодар, Омбы өңірлерінен жиналған
нұсқалары бар.
«Қамбар батыр» жырының жиырмадан астам нұсқалары
ғылыми тұрғыдан жүйеленіп, жырдың негізгі алты варианты:
1888, 1890, 1922 жылғы басылымдары, Қалқай, Бармақ,
Шапай
нұсқаларымен
қоса,
басылымдардағы
мәтіндік
өзгерістерді салыстыра көрсету үшін 1903 жылғы «Тоқсан
үйлі тобыр», сюжетінде айтарлықтай өзгешелігі бар Маясар
Жапақов пен Шоқатаев нұсқалары мен эпостың қара сөзбен
баяндалған ертегілік екі нұсқасы, барлығы—он бір нұсқа
бір томға жинақталды. Ә.Диваевтың 1922 жылы Ташкентте
басылған «Қамбар батыр» нұсқасы кеңестік кезеңде бірнеше
мәрте жарық көрсе, 1903 жылы Қазанда басылған «Тоқсан
үйлі тобыр», Бармақ нұсқасы, Березин ертегісі жырдың 1959
жылғы ғылыми басылымында жарияланған, ал қалған жеті
нұсқа тұңғыш рет ұсынылды.
1953 жылғы Қазақ КСР ҒА-ның Президиумы ұйымдастыр
ған эпос жөніндегі дискуссия қорытындысынан кейін халық
ауыз әдебиетінде батырлық жырлардан сынға ілікпеген
«Қамбар» мен «Ер Тарғын» ғана қалдырылды. Фольклорлық
шығарма жазба әдебиетке қойылатын талап тұрғысынан
зерттелді, шығарманың идеясы мен тақырыбына баса мән
беріліп, кейіпкерлер тек таптық-әлеуметтік тұрғыда қаралды.
Жырдың алғашқы ғылыми басылымы М.Әуезов пен
Н.С.Смирнованың редакциялық басқаруымен 1959 жылы
жарық көрген болатын (баспаға дайындаған: М.Ғұмарова,
Н.Смирнова). Өз кезеңінің талаптарына толық жауап бергенімен,
бұл басылымның бүгінгі күн талабы тұрғысынан толықтырар
тұстары жеткілікті еді. Құрастырушылар 1888 жылғы нұсқаны
алмай, 1903 жылғы Қазан басылымын жариялаған. 1888 жылғы
Қазан басылымындағы «кәпір», «орыс» этнонимдері кейінгіде
«қалмақ» болып өзгертілген. Кеңестік дәуірде жырдың алғашқы
нұсқасы «діни сөздер көбірек қолданылған» деп бағаланды.
Жырдың түрлі нұсқаларын халық ақындарынан, жыршы
лардан жазып алу жұмысы жүйелі жүргізілді. 1941 жылы
Қазақстан Жазушылар Одағы Шашубай Қошқарбайұлын
Балқаштан арнайы шақырып алып, ақын өлеңдерін жазу
жұмысын
ұйымдастырды.
«Қамбар»
жырының
Шашу
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
бай жырлаған нұсқасын С.Сейітов пен Ә.Тәжібаев сынды
әдебиетшілер жазып алып, 1942 жылы ақынның «Сөйле, Ша
шеке» жинағында жариялаған. 1958 жылы ақпан айында Тіл
және әдебиет институтының халық творчествосы бөлімінің
бастығы академик М.О.Әуезовтің қолдауымен Қызылорда
облысындағы белгілі жырау Рахмет Мәзқожаевты институтқа
шақыртып алдырып, репертуарын тыңдап, білетін жырларын
жазып алады. О.Нұрмағамбетова мен М.Ғұмарова «Қамбар»,
«Көрұғлы» т.б. жырларды магнитофон таспасына түсіреді. Сон
дай-ақ елдегі Құлзақ Амангелдин мен Келімбет Серғазиев сын
ды жыршылардан эпостың Диваев нұсқасы жазылып алынды.
Томға енген жыр мәтіндері М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институты мен Орталық Ғылыми кітапхананың
қолжазба қорларында сақтаулы түпнұсқалардан дайындалды.
Батырлық жырларға арналған жинақтарда түсіп қалған немесе
қолжазбадан қате оқылған жыр жолдары мен жекелеген сөздер
түпнұсқа бойынша түзетіліп, мәтіндер бастапқы қалыпқа
келтірілді. Бұрын жарияланбаған мәтіндер қолжазбалардан еш
өзгертусіз берілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес,
қырық үшінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды.
Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған
түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе
тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,
эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де
ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын
тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі—26,0 б.т.
М Ә Т І Н Д Е Р
Бізден бұрын кім өткен?
Тоқсан түрлі ел өткен,
Үш жүз алпыс ер өткен,
Үш жүз алпыс кісі өткен.
Бірнешесі бек өткен,
Бірнешесі сопы өткен,
Бірнешесі бай өткен.
Һәрқайсысы уақытында
Жеті жұртты жебеп өткен.
Қаһарын салып қыс өткен,
Рақымын салып жаз өткен.
Оң қолына қайшы алып,
Сол қолына шаршы алып,
Кесте тартып қыз өткен.
Сонша мезгіл болғанда
Ноғайлыдан кім өткен?
Он сан ноғай бүлгенде,
Орманбет би өлгенде,
Он екі баулы өзбек,
Өзбек жұртта билеген
Әзімбай патша хан өткен,
Ақылға диқан дана өткен.
Әзімбай патша хан екен,
Ақылға диқан дана екен.
Әзімбай санат патшаның
Жеті ұлының ішінде
Он екі жасар Назымға,
Айттырып оны алуға
Қамбар баһадүрдің жыры
(С-Петербург, 1890)
батырлар жыры
Көк етікті келмейді,
Көн етіктіге бермейді,
Әзімбаймен тетелес
Аршахан деген хан екен,
Ақылға диқан дана екен.
Бір күні ерте тұрады,
Беті-қолын жуады.
Нөкерін жиып алады,
Нөкеріне сөйлей қалады.
Сөйлегенде не дейді:
—Ал, нөкерлер, нөкерлер,
Әзімбай ханға баралы,
Оған ақыл салалы.
Обалды неге білмейді,
Дүниені және неге көрмейді,
Он [екі] жасар Назымды
Күйеуге неге бермейді?
Сонша мез[гіл] болғанда
[Аршахан] атқа мінеді,
Аңырайтып желеді.
Әзімбай ханның тұсына
Сөйлес қыла қалады.
Жұрт сағынған Әзімбай
Қадамды басып шығады,
Патшаның жүзін көреді.
Бозбаланы жинатад,
Алтын шатыр тіктіріп,
Алтынды көрпе жайдырып,
Бал қымызды құйдырып,
Сусынын әбден қандырып.
Сонда Әзімбай сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Ол, ол болсын, ол болсын,
Жеке басың қол болсын.
Садаққа салған қырық кез оқ
Дұшпанға атсақ, мол болсын.
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Алтынды бөркің басыңда,
Қырық нөкерің қасыңда,
Арша қалқа, саған жол болсын.
—Әзімбайша ханымыз,
Ақылға диқан данамыз,
Дүниені неге көрмейсіз,
Он екі жасар Назымды
Күйеуге неге бермейсіз?
—Олай да болса, Арша хан,
Бұ тіліңді алайын,
Халқыма жарды салайын,
Қойды баққан құл қалмай,
Ешкіні баққан шал қалмай,
Ақсақ, шошақ таз қалмай,
Мырза, сірә, хал қалмай,
Бәрін жиып алайын.
Сексен үйді тігейін,
Сексен бие сауайын.
Сексен саба толтырып,
Бал қымызды жияйын.
Он екі жасар Назымды
Бір сүйгені бар болса,
Қалың мал алмай берейін.
Сонша мезгіл болғанда
Жылқы ішіне барады,
Сегіз ат ұстап алады,
Сегіз жігітке береді,
Жұртына хабар салады.
Бұл хабарды есітіп,
[Әр] түндіктен жан қалмай,
Қатуланып қамданды,
Жұрт жиылып аттанды.
Бір жасармен бүлініп,
Ақсақ кетіп барады,
Бір аяғын ұзартып,
Аяғы ақсақ жағының
Үзеңгісін қысқартып,
батырлар жыры
Ақ балдағы белінде,
Қу таяғы қолында,
Әзімбай ханға бармаққа,
Назымға көзін салмаққа,
Он екі жасар Назымды
Қалың бермей алмаққа.
Үкісін жандатып
Шекесіне жабысқан.
Жарамды біткен орыстың
Сырғанақ жылтыр мұздай ғып,
Құйқасын жеп тауысқан.
Арт жағына қараса,
Желкесінен бу шығып,
Маса, сона, көбелек пен
Шыбын-шіркей ду шағып,
Тамағы мен табаны
Арасынан су шығып,
Исін адам көргісіз,
Маңайына адам барғы[сыз],
Бүкіл итпен жектілер,
Таздар да кетіп барады,
Әзімбай ханға барғалы,
Назымға көзін салғалы,
Он екі жасар қыз Назымды
Қалың мал бермей [алғалы].
Және тағы жігіттер,
Бір жосықты адамдар,
Жегі мен құрт екеуі
Мұртына жабысқан,
Кеңсіріктен бергі жерінің
Әкесін қоймай тауысқан,
Шеміршегін жеп тастап,
Мұрны бітіп қалған соң,
Аузына таман ауысқан,
Екі беті бұлтиып,
Мұрындар[ын бір] тартып
Пұшықтар кетіп барады,
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Әзімбай ханға бармаққа,
Назымға көзін салмаққа,
Он екі жасар қыз Назымды
Қалың бермей алмаққа.
Нағиынан сындар адамдар
Бір жеңінен май ағып,
Мұрынынан боқ ағып,
Байтебесін басып сүйретіп,
Құлдар да кетіп барады,
Он екі жасар қыз Назымды
Қалың мал бермей алғалы.
Бұ дүниеде құрысқан,
Ілгері жетпей тырысқан,
Өзінде тісі жоқ,
Анда адамның ісі жоқ,
Кемерін қосып тек жатпай,
Араз болған кісідей,
Бір-біріне сөз қатпай
Шалдар да кетіп барады,
Әзімбай ханға бармаққа,
Назымға көзін салмаққа,
Он екі жасар қыз Назымды
Қалың мал бермей алмаққа.
Бұ жосынға жоламай,
Құдайым ісін оңдағай.
Бір жағынан бөлініп,
Төрелер мен бозбала
Қатар түзеп жөнелді.
Барқыт камзол үстінде,
Кәмшаттан бөрік басында,
Жасауылдар қасында,
Қарбанады шалбар салақтап,
«Назым қайда, Құдай» деп,
Екі көзі алақтап,
Алтыннан сабы салақтап,
Астында мінген арғымақ
батырлар жыры
Әсемдетіп ойнатып,
Сегіз өрме қамшымен
Бауырға соғып өкіртіп,
Қазулы жатқан арықтан
Арғымағын секіртіп,
«Назым сұлу қайда?» деп,
«Алсақ жанға пайда», деп,
«Мұндай тоты қайда!» деп,
Әзімбай ханға барғалы,
Назымға көзін салғалы,
Он екі жасар қыз Назымды
Алла қолға тигерсе,
Көптен жүрген кектерін
Бір минутта алғалы.
Бұ жиылған жамағат
Сексен үйге түседі,
Бал қымызды құяды,
Сексен бие сояды.
Сусыны әбден қанған соң,
Жұрт мас болып алған соң,
Араласын деп
Назымға хабар салады.
Сонша мезгіл болғанда
Пернеменен көрініп,
Құдай берген екі аяқ
Бір басуға ерініп,
Бойын балап керіліп,
Аузынан ішкен шекер бал
Кіндігінен көрініп,
Назым кетіп барады.
Сексен үйді аралап,
Төре менен мырзасын
Бәрін де көріп саралап,
Біріне көзін салмады,
Хабарына алмады,
Жөней де кетіп қалады.
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Төрелер менен мырзалар,
Батыр менен шоралар
Әсте артынан қалмайды.
Етегін қыздың жалмай-дүр,
Сонда дағы жігіттер,
Назым сұлу апаңыз
Алды-артына көзін салмайды.
Атасының алдына
Назымжан барып зарлайды,
Зарлағанда не дейді:
—Бұ жиылған көбіңде
Ат ұстап мінер адам жоқ,
Сонша жаман кісіге
Менің де іздер шамам жоқ.
Сонда атасы біледі.
—Сексен үйдің ішінен
Бір кісіні жаратпай,
Әуре болдың, дүние боқ.
—Әзімбай сынды ханымыз,
Ақылы диқан ханымыз,
Бұ сөзіңе тұрмаймыз.
Ортаңыздан жар іздеп
Сәркардан болдым зар илеп,
Құр хандық болған секілді
Бүгін сойған малыңыз.
Жалғызың Назым мен болсам,
Әзімбай атам сен болсаң,
Назымның мұнда ісі жоқ.
Сексен үйдің ішінде
Өздігінен жол тауып,
Адамдық қылар кісі жоқ.
Әзімбай ханның алдына
Бір төлеңгіт келеді,
Қол қусырып сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Алдияр тақсыр ханымыз,
Жолыңызға бек құрбан
2–167
батырлар жыры
Малымыз бен жанымыз,
Сөзіме құлақ салыңыз.
Ақ өткелден ары өтсе,
Алты күндік жер өтсе,
Отыз үйлі обыр бар,
Тоқсан үйлі тобыр бар.
Отыз үйлі обырда,
Тоқсан үйлі тобырда
Айдарына малы жоқ,
Шайнарына майы жоқ,
Қара қасқа аттың күшімен,
Садағының ұшымен
Асырап жүрген ер Қамбар.
Тілегін аның Құдайым
Һәр заманда берген-дүр.
Мұңы бар нашар адамдар
Алыстан іздеп келгенлер.
Он екі жасар сол Қамбар,
Иманнан басқа не қам бар.
Патшадан артық басы бар,
Киік пенен құланнан
Осы күнде асы бар.
Жазғаны кедей демесең,
Мұнан артық адам жоқ.
Тез баршы деп айтуға
Менің сізге шамам жоқ.
—Кетші әрмен, төлеңгіт,
Бұ тіліңе ермеймін,
Мақтаған Қамбарды көрмеймін.
Он екі жасар Назымды
Кедейге, тіпті, бермеймін.
Төлеңгіттің сөзіне
Назымжан құлақ салып тұр.
Бойы балқып, жігіттер,
Бір бәлеге қалып тұр.
Үйіне таман барып тұр,
Алтын сандық ашып тұр.
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Меруерттен сызай* қолға алып,
Қамбарға хатты жазып тұр.
Шыдай алмай Назымжан,
Асық та болып, азып тұр.
Ханның басы қыркүйек
Қарашамен қауышты,
Абылай төре дауысты
Бір түбектің құланын
Атып бір алып, тауысты.
Атайын десе, құлан жоқ,
Құлан менен бұлан жоқ.
—Қорлықпенен өткіздім
Мынау қымбат жасымды.
Тыныштықты алмай, дүние боқ,
Отыз үйлі обырдың,
Тоқсан үйлі тобырдың
Тілегін, Құдай, бермедің.
Зарланғанын, Жасаған,
Құдіретіңмен көр-сәна.
Біреуі аштан өлсе де,
Обалы менің мойныма,
Көзінің жасы зарланып,
Төгілер менің қойныма.
Бір түбектің құланы
Шыдамдектар батырыңның ойына**
Он сегіз мың ғаламды
Жасатқан сорлы мен бе едім?!
Түн ортасы болғанша
Төсектің үстінде
Көйгөй тартып жылайды-ау.
Таң алакеуім болғанда
Отқа байлаулы
Қара қасқа тұлпары
Жерді де тарпып тұрмайды.
* Түпнұсқада осылай берілген.
** Түпнұсқада осылай берілген.
батырлар жыры
Қара қасқа [атқа] мінеді,
«Иә, Құдай!» деп жөнелді,
Ұршық майы бұлтылдап,
Тұяқтан оты жарқылдап,
Бөкендей шаңы бұрқылдап,
Шақпақ оты жарқылдап,
Найзаның ұшы жарқылдап,
Азулары жарқылдап,
Ауыздықпен алысып,
Ұшқан құспен жарысып,
Алты қырдан өтіп тұр.
Алты күндік жер екен,
Күн шығардың алдында
Ақ өткелге жетіп тұр.
Алтынды бөркі басында,
Қырық нөкер қыз қасында,
Алтын шәйнек қолында,
Дәретке Назым келіп тұр.
Келе жатқан Қамбарды
Назым апам көріп тұр,
Оның Қамбар екенін
Тұлғасынан біліп тұр.
Ақ өткелден өтеді,
Көрініп тұрған Назымға
Бір қайырылмай кетіп тұр.
Сонда апай сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Хан сүйекті Қамбар-ау,
Қара атыңның мойнында
Өкпе-бауыр жал бар-ау,
Біздікіне түсе кет.
Қант пен мейіз шай бар-ау,
Сен жегендей май бар-ау,
Дәмі тәтті бал бар-ау,
Бір кісіні күткендей,
Аллаға шүкір, жай бар-ау.
Апасының айтқан сөзіне
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Қамбар құлақ салмады,
Бұрылып оған бармады.
Барайын деп көңіл қылса да,
Артында қалған,
Асырап жүрген жамағат,
Асырап жүрген бейшаралар зарлайды.
Олардың аштығы
Қамбардың есінен қалмайды,
Сөйтіп жөней береді.
Қамбардан күдер үзген соң,
Үйіне Назым барып тұр,
Ғазын оқып алып тұр.
Жеті ағасының қатынын,
Жетеуін бірдей шақырып,
Алтынды айна қолға алып,
Өз көркіне өзінің
Есі кетіп ауып тұр.
Кіші бесін болғанда
Алпыс құлан астында,
Тоқсан құлан жанында,
Келеді Қамбар ыстықтап,
Астындағы қара аты
Азуын басып алақтап.
Келе жатқан Қамбарды
Апай көріп жүгіріп,
Ақ өткелдің аузында
Алтын шатыр келтіріп,
Алтын көрпе жайдырып,
Бал қымызды құйдырып,
Жібектен өрмек құрдырып,
Назым апам келіп тұр.
Қамбар жақын келген соң,
Қамбарға апам сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Хан сүйекті Қамбар-ау,
Қара атыңның мойнында
батырлар жыры
Өкпе-бауыр, жал бар-ау,
Біздікіне түсе кет.
Қант пен мейіз, шай бар-ау,
Дәмі тәтті бал бар-ау,
Бір кісіні күткендей,
Аллаға шүкір, жай бар-ау.
Жалаңбұт өскен заңғар-ау,
Батыр да болсаң жаным сен,
Бұ сөзімнің ақырын
Ақылың салып аңғар-ау.
Үстіңде бүгін жарғағың,
Бұтыңда бүгін шалбарың,
Қайырылмасаң, қайырылма,
Бір қайырылар күн бар-ау.
Сен кедейге сақтаулы
Ақ төсімнің үстінде
Жан тимеген жай бар-ау.
Қайырылып бермен кел, кедей,
Жүзімді, кедей, көр, кедей.
Қаламменен жазылған
Қарақат көзді қасым көр.
Қолыңа майда етпесе,
Жібекті көр де, шашым көр.
Алтыннан соққан зер көрдің
Түймесін көр де, басым көр,
Меруетті көр де, тісім көр.
Алтынды шатыр ішінде
Ғажаптап көрген ісім көр.
[Жер] үстіне қар жауса,
Қарды көр де, етім көр.
Қар үстіне қан тамса,
Қанды көр де, бетім көр.
Қайырылып Қамбар келеді,
«Қарашы, әне, хайласын,
Келетұғын жолыма
Өрмек құрып тоқтатып,
Кедейлерге жоқтатып,
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Әзәзіл боп бұ жерде
Азғыруға тұрғанын.
Мен бүйтейін бұған»,—деп
Қолына алды қылышын.
Тоғыз құлаш өрмегін,
Жібектен қылған ермегін
Семсермен турап салады.
Қырға таман барады,
Бара тағы сөйлейді:
—Әзімбай ханның қыз Назым,
Он екі жасар сен, Назым.
Жас басыңнан жар іздеп,
Күдерің менен үз, Назым.
Мені неге шақырдың,
Мырзаға тисең болмай ма,
Мырзалар сені алмай ма?!
Мен кедейге тигенмен
Не табарсың, бейшара!
Алтынды шатыр менде жоқ,
Мамықтан төсек менде жоқ,
Алтынды көрпе менде жоқ,
Ақ орда үй менде жоқ.
Қорлықпен өтер күніңіз,
Босағамда отырып,
Құлан менен бұланның
Сирағын жиып өлерсіз.
—Базардан келген топты хан
Сандық ашқан кілтісің.
Ақылың бар ма деуші едім,
Неткен ақымақ жігітсің,
Көңілің маған толмай ма,
Жаманды Құдай оңдай ма?!
Алтынды шатыр нетейін,
Мамық төсек нетейін,
Алтынды көрпе нетейін.
Босағаңда отырып,
Атып келген құланның
батырлар жыры
Өкпесі мен бауырын жеп,
Сорпасын ішіп өтейін.
Сонда Қамбар сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Әзімбай ханның қыз Назым,
Азырақ сабыр қыла тұр.
Аузы кәпір демесең,
Мақия деген хан еді,
Ақылға диқан хан еді.
Өзі билеген жұртынан
Көп ел іздеп аралап,
Қыз таппай жүр еді.
Сонша мезгіл болғанда
Бұ жол сені есітіп,
Он екі мың қол жиып,
Екі мың ләшкер көп жиып,
Жұртыңды сенің қорқытып,
Сені тартып алуға
Әзімбай ханға келер ол
Сонда жұртың сасқанда,
Хабарды жұртың бір берер.
Сол хабармен аттанып
Желе бір жортып келермін,
Он екі мың ләшкердің
Сыбағасын берермін.
Бәтуа болса, Назым жан,
Сол мезгілде көрермін.
Сөйтіп, Қамбар кетеді,
Назымға тоқтау түседі.
Жүз отыз құлан теңдеулі
Ауырламай тұрғаны
Желе де басып барады.
Алдынан қашқан түлкіні
Соғып та алып жүреді.
Сонша мезгіл болғанда
Мақия деген хан екен,
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Ақылға диқан хан екен,
Кәпір деген жұртынан
Қыз жаратпай жүр екен.
Жаратқан соң, ағалар,
Құдайым берер әсіпті,
Жас балаға шабарлар
Қыла-дүр кім бесікті.
Ноғайлының жұртында
Назымжан бар деп естіпті.
Он екі мың қол алды,
Екі мың түйе пұл алды.
Сонша мың ләшкер кәпірлер
Ноғайға таман жол алды,
Қару-құрау мол алды.
Аттанып жатқан мезгілде
Келменбет деген кәпірдің
Шешені бірге жол алды,
Мақия ханға сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Мақия сынды ханымыз,
Ғақылға диқан данамыз,
Жолыңызға бек құрбан
Малымыз бенен жанымыз.
Қырық қара көк атпенен
Бес түйеге діллә артып,
Жолдаспенен барыңыз.
Әзімбай ғаріп барайын,
Қырық қара көк ат пенен
Бес түйеге артқан ділләні
Қарғыбау үшін берейін.
Қанша қалың мал керек,
Есептеп хатқа салайын.
Ел арасын жау қылман,
Татулықпен алайын.
Келменбеттің айтқанын
Ханы қабыл көреді.
Сұрағанның бәрін де
Заманда тауып береді.
батырлар жыры
Аралары бұлардың
Қырық алты күндік жол екен,
Отыз бес күнде келеді.
Ордасының тұсынан
Сөйлес қыла қалады.
Жұрт сағынған Әзімбай
Қадам басып шығады.
Алтын шатыр тіктіріп,
Алтын көрпе жайдырып,
Бал қымызын құйдырып,
Сусыны әбден қанған соң,
Мас боп бұлар алған соң,
Әзімбай ханың сөйледі:
—Ол, ол болсын, ол болсын,
Жеке басың қол болсын.
Садағыңа салған қырық кез оқ
Кәпірге атсаң мол болсын.
Сапар қылып жүріпсіз,
Батыр, саған жол болсын.
Қай патшаның ұлысың,
Қай шарбағының гүлісің,
Қай мәнзелден боларсың,
Қанша жерге барарсың?
Келменбет сонда сөйледі:
—Алдияр тақсыр, ханымыз,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Айтқаныма наныңыз,
Бізді бір қабыл алыңыз.
Мақия деген хан еді,
Нәсілі кәпір демесең,
Өзіңдей-ақ хан еді.
Өз билеген жұртынан
Қыз жаратпай жүр еді.
Имансыз адам дүниеде
Көп күнәні жиыпты,
Кеудесіне мұндардың
Шайтан лағин ұйыпты.
Әділ патша ханымыз,
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Назым сұлу қызыңыз
Құлағына ұйыпты.
Асық болып байғұстың
Жүрегі жанып-күйіпті.
Сол себептен, тақсыр хан,
Біразырақ тартұрмын.
Келменбет сынды құлыңыз,
Жарлығыңызға ынтық боп,
Бұ бейшара құлыңыз
Қол қусырып тұрыпты.
Бұ көрінген асылды
Қарғыбау үшін алыңыз.
Артыңдағы қалың мал
Есептеп хатқа салыңыз,
Әміріңізше, тақсыр хан,
Біздің бір қолдан алыңыз.
Жөні болса сонан соң,
Назым бір сұлу қызыңды
Мақия ханға беріңіз.
Жұрт билеген Әзімбай
Дүние малға қыз жығып,
Көңлі кетті бұзылып.
—Діні басқа демесем,
Құдайдың бұ да пендесі,
Осынша малды алайын,
Назымды бұған берейін.
Бұ сөйлескен кеңесін
Әзімбай ханның кенжесі
Алшора сұлтан есітті.
Қатуланды, қаттанды,
Қаһарланып аттанды,
Арғымағын мінеді,
Сақырлатып оқ тартып
Шатырға жетіп келеді.
Қаһарланып Алшора
Ханыңа сөйлес береді:
батырлар жыры
—Көкірегіңді кенейсің,
Ақылдаспай не дейсің?!
Ортада жалғыз Назымды
Кәпірге неге теңейсің.
Мұсылмандық жоқ болса,
Өз басыңда ерік болса,
Бұлайша неге сөйлейсің?!
Сақалың күзеп алайын,
Алжыған берсек, не дейсің?!
—Ол, ол болсын, ол болсын,
Жеке басың қол болсын.
Садаққа салған қырық кез оқ
Кәпірге атсаң мол болсын.
Мұнда келіп түскен құл,
Көңілің сенің өскен құл,
Келменбет, саған жол болсын.
Келменбет тұрып сөйледі:
—Қой, қой, бала, қой, бала,
Құрмандығың сой, бала,
Назым бір сынды сұлуды
Мақия ханға бер, бала.
Әгар шынды бермесең,
Он екі мың қол келер,
Сонша әскер мол келер,
Аламын деп сол келер,
Өзіңді ұстап алар ол,
Жас теріге салар ол.
Сені де бүйтіп қойған соң,
Ардақтаған аруыңды
Назым бір сынды зарлыңды
Тегін де олжа қылар сол.
Ат көтіне мінгізіп,
Зорлықпенен алар сол.
Алшора сынды батырың
Бұл сөзіне күйінді,
Етек-жеңін жиынды.
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
—Кетші әрмен, Келменбет,
Бұ сөзіңе ермеймін,
Айтқаныңа көнбеймін.
Қатты соғыс қылмастан,
Күйеу демен жаным барында,
Кәпірге, тіпті, бермеймін.
Садағына қол салды,
Қозы жауырын оқ алды.
Келменбетке жар болған
Қырық жолдасын көрген соң,
Сыбағалы оқтарын
Аямай-ақ береді,
Алшора сынды батырың
Келменбетке таман келеді.
«Бермен келші сен, құл» деп,
Құлағын кесіп алады.
—Қойға келген бәледен
Тоқты мен қошқар садаға,
Басқа келген бәледен
Құлақ-мұрын садаға.
Маған жетер атағы,
Мақияға сәлем де:
Оған деген сақтаулы,
Қамбарым бар мақтаулы,
Құдайым өзі жақтаулы.
Келменбет сынды шешенің
Адамдарға таң болып,
Бір пормылы жан болып,
Тұла бойы қан болып,
Қарқ-қарқ күліп жөнелді.
Жолындағы дариядан
Жердей басып өтеді,
Қысылғаны сол құрлы.
Кіші бесін болғанда
Мақия ханға жетеді.
Мақия сынды ханыңның
батырлар жыры
Алдында тұрып сөйледі-ау,
Сөйлегенде не дейді.
Құлағы жоқ, мұрны жоқ
Келменбетті көрді де,
Мақия сөйлей қалады:
—Келменбет сынды шешенім,
Ақылың кеткен есерім,
Барма десем болмадың,
Өз сөзіңді оңдадың,
Құлақ-мұрның көрмедім,
Тонау берген, Келменбет,
Әзімбай ханға бардың ба,
Жібергенім бердің бе?
Оны тағы азсынып,
Қырық кісімді бердің бе?
Аузыңнан жеңіліп,
Ұялмастан тағы да
Саңырайып келдің бе?
Мұның бәрі салауат,
Кешу болсын, Келменбет,
Назымжанның, дүния,
Алтын жүзін көрдің бе?
Қуанып көңілің тасыған соң,
Көрімдік үшін Назымға
Құлақ-мұрның бердің бе?
Аузыңнан жеңіліп
Шонтай болып келдің бе?
—Алдияр тақсыр, ханымыз,
Ғақылың жоқ ханымыз,
Жолыңызға құрмандық,
Шапса аулақ малымыз,
Құлағым мен мұрнымның
Кегін сонан алыңыз,
Шеру тартып барыңыз,
Біле білсең, тақсыр хан,
Бұл өзіңнің арыңыз.
Сонша мезгіл болғанда
Мақия сынды ханыңыз
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Қатуланды, қаттанды,
Әскер тартып аттанды,
Келменбеттің қасына
Мақия патша келеді,
Сондай қатты желеді.
Үлкендіктен пайда жоқ,
Аламын деп ойлайды.
Бір Құдайдан болмаса,
Кәпірдің көңлі сондай-ды.
Тәуекел қылмай Назымды
Аламын деп келеді.
Көпініп мұндар барсаң да,
Сазаңды Қамбар береді.
Саулап жетіп келеді,
Әзімбай ханның еліне.
Түстік жерге түседі,
Шатырларын тігеді.
Патшаға елші жіберді,
Жібергенде не дейді:
—Кешегі дүние-малымның
Баршасы кетсін салауат,
Келменбеттің қырық жігіт,
Бұлар тағы жоқтаусыз.
Елшіге қылған қорлығың,
Келменбетке қылған зорлығың,
Болсын сізге кектеусіз.
Қанша қалың мал керек,
Есептеп бәрін алыңыз.
Бермек болсаң Назымды,
Жауабын жылдам беріңіз.
Бермеймін деп шалқайсаң,
Бүлінеді еліңіз.
Біз елшіні көріңіз,
Жауабын жылдам беріңіз.
Алақтады, қысылды,
Әзімбай жаман исенді,
Мақиядан елші келіп,
батырлар жыры
Сасып қорқып тұрғанда
Аршахан мен Алшора
Екеуі жетіп келеді,
Әзімбайға сөйледі:
—Алдияр тақсыр, ханымыз,
Сөзіме құлақ салыңыз,
Он екі күн өткенше
Аял сұрап алыңыз.
Жұртыңа хабар салыңыз,
Ақылмен айла қылыңыз.
Әзімбай хан түсінді
Бұ жауаптың тегіне.
Құлақ салшы, жамағат,
Елшіге айтқан сөзіне.
—Елші, сіздер қайтыңыз,
Мақия сынды ханыңа
Менен сәлем айтыңыз,
Жұртымды жиып алайын,
Күйеудің келген көп қосшы,
Жалғыз шамам келмейді,
Күтіп оны аларға.
Бәтуа болса Назымды
Мереке қылып берейін,
Нәсіп болса Құдайдан,
Күйеудің жүзін көрейін.
Енді сіздер қайтыңыз,
Бұ сөзімді айтыңыз.
Елші қайтып барады,
Естіп білген сөздерін
Мақияға айта қалады.
Әзімбай айтқан жауабы
Кәпірге сондай жарлады.
Он [екі] күн кеңдікке
Тоқтап енді қалады.
Елшілер қайтып кеткен соң,
Жылқысына барады,
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Он алты ат ұстап алады.
Сегіз биге мінгізіп,
Қамбарға хабар салады.
Тәуекел қылып Құдайға,
Сегіз би кетіп барады.
Құдіретімен Құдайдың,
Аңда жүрген Қамбарға
Душарласа қалады.
Сәлем беріп билерің
Амандасып алады.
Есендік сұрап болған соң,
Сегіз биге сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Ол, ол болсын, ол болсын,
Жеке де басың қол болсын,
Садаққа салған қырық кез оқ
Кәпірге атсаң мол болсын.
Атың жалы жығыңқы,
Көп шабулар көргендей.
Қабақтарың қатыңқы,
Түн ұйқысын бөлгендей.
Қарның жуан қабақтай,
Балтырың жуан табақтай,
Батырлар, сізге жол болсын.
—Батыр да туған ер Қамбар,
Мұңымыз көп, көр, Қамбар.
Әзімбай сынды хан еді,
Ақылға диқан дана еді,
Назым да атты патшаның
Жалғыз қызы бар еді,
Бәтуа болса сізлерге
Беремін деп жүріпті.
Бұ күн болған кебімді,
Батыр Қамбар, көр енді.
Кәпір жұрттың патшасы
Мақия деген хан келді,
Он екі мың қол келді,
3–167
батырлар жыры
Аламын деп сол келді.
Сізге келген бір хабар,
Арашалар жол келді.
Мұсылманның баласын
Кіріптар қылмай кәпірге,
Айырып та алар жөн келді.
Өз ойымен хандар елшілерге теңепті.
Жәрдем сұрап ханыңыз
Бізді сізге жіберді.
—Мінгенде атым қара кер,
Кімді алмас қара жер.
Кәпірдің қылған қорлыққа
Шыдай алмас бір де ер.
Он екі күн болғанда,
Билер, мені онда көр.
Отыз үйлі обырға,
Тоқсан да үйлі тобырға
Азық жиып берейін.
Бұйрық болса Алладан
Ізлеп келген көп қолдың
Әуселесін көрейін.
Жамандық істеп, Қамбардың
Нәпсі көңлін иітіпті.
Атысуға керек деп
Қорғасыннан оқты құйыпты.
Оғын құйып болған соң,
Алты күн дамыл көрместен,
Отыз үйлі обырға,
Тоқсан үйлі тобырға
Бір айлық азық жиыпты.
Алты күн атын семіртіп,
Босағасын кеміртіп,
Аттанып ерттеп тұрғанда
Шешесі келіп сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Ол, ол болсын, ол болсын,
Жеке де басың қол болсын,
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Садағыңа салған қырық кез оқ
Кәпірге атсаң мол болсын.
Алты күн болды, шырағым,
Бұзылып тұрған ойың бар,
Сапар қылар жолың бар,
Жалғызым, саған жол болсын.
Сонда Қамбар сөйлепті:
—Әзімбай сынды хан еді,
Ақылға диқан жан еді.
Әзімбай ханның қолында
Болмай кеткен бір асыл,
Жалғыз қызы бар еді.
Кедей деп мені қорламай,
Бермек болып жүр еді.
Он екі мың қол келді,
Екі мың әскер жол келді,
Мақия ханы бастық боп,
Аламын деп сол келді.
Бұйрық болса келуінің
Лұқсат етсең барайын,
Кіріптар етпей кәпірге,
Айырып алып қалайын,
Түгел майдан салайын.
Иә, Расул Алла, Жаратқан
Есіркесең шыдайын.
Һәрне болған әміріңе
Ыриза болып шыдайын.
Рұқсат қылсаң, шешеке,
Жылдамырақ барайын.
Сонда апасы зарланды:
—Жалғызым менім Қамбарым,
Бұ сөзіңді аңғардым.
Көре алмасам дүниеде
Күйігіңмен зарландым.
Алтыннан қылған тіректей
Кәуһар қылсам керек-ті.
Күміс қанат үйректей
батырлар жыры
Қабыл көрсем керектей.
Арқадағы андыздай,
Жұпардағы құндыздай,
Ерте туып, кеш батқан
Өмір зая жұлдыздай.
Өзің берген жалғызды-ай
Аманат қостым, Құдайым,
Туғаннан асыл жиекердім
Дүниесінің жайын билердім,
Өзің берген жалғызды
Аманат қосып жібердім.
Жалғызым өлсе, жаманат,
Зарланып қалар жамағат.
Өзің берген жалғызды-ай
Өзіңе қостым аманат.
Масаты кілем жаба алман,
Жалғызым, сенен айырылсам,
Әуара болмай оңалман.
Бір қасқа қаның торсыққа
Құй дағы, жалғыз, жүре бер.
Үйде отырып өлсең де,
Жаныңа қорған бола алман.
Атына мініп тұрды да:
—Айналайын, шешеке,
Анау молтақ көрінген
Бәйтерекке барғайсың,
Ат басындай түбіне
Алтын тығып қойғанмын,
Алтынды қазып алғайсың,
Обыр менен тобырға
Тамақ қылып бергейсің.
Ғаріптердің, шешеке,
Көңілін аулап жүргейсің.
Қара атына мінеді,
«Иә, Алла» деп жөнелді.
Тобық майы бұлтылдап,
Тұяқтан оты жылтылдап,
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Шақпақ оты шақылдап,
Найзаның ұшы жарқылдап,
Азулары шықырлап,
Ауыздыққа қарысып,
Ұшқан құспен жарысып,
Алты қырдан асып тұр,
Кәпірді бейнет басып тұр.
Ұлы бесін болғанда
Ақ өткелге жетіп тұр.
Алтын шатыр тігулі,
Алтыннан көрпе жаюлы,
Бал қымызға құюлы,
Назым апай күтіп тұр.
Ат үстінен Қамбардың
Аузынан сүйіп атыр.
Мұнараның басында
Түстік жерде Келменбет
Мұның бәрін көріп тұр.
Сонша мезгіл болғанда,
Келменбет шешен біліп тұр.
Кедейден шыққан Қамбардың
Ер екенін көріп тұр.
Сол заманда Келменбет
Өзіне-өзі айтып тұр.
«Туғанымда анадан,
Мұсылман едім мен жастан,
Өзіме серік аз болып,
Мен дінім бұздым әу бастан.
Айналайын Құдайға,
Жолықтырған Қамбарды.
Құлшылық қылып бағайын,
Мұхаммедтің алдына
Иманды болып барайын,
Енді бір хайла ойлайын,
Қамбарымды өлтіртпей,
Бір қасық қанын тілейін.
Әгар да қанын бермесе,
батырлар жыры
Мақияны һәлак қылайын.
Кәпірге қызмет қылғанша,
Қаңғырып жүріп өлейін.
Екі де шердің алысқан
Майдандарын көрейін.
Әгар Қамбар жеңілсе,
Мен де артынан өлейін».
Құлақ салып қараңыз
Келменбет сынды батырға,
Иманды жанға айып емес,
Дозаққа күйіп жанарға.
Қамбар ханға бар бітер
Қара атын байлап шатырға.
Жаман көзбен қарады
Шалқасынан жатқан кәпірге.
Көзі көзге түскен соң,
Мақия қорқып сөйледі.
—Ноғайлының жас бала,
Арақ ішкен мас бала,
Күшің жеткен кісінің
Жандарына қас бала,
Біз сықылды батырға
Даярлап қойған ас бала,
Он екі күн болғанша,
Нағып келмей жатырсың?
Қорыққаның сонан белгілі,
Неғылған жаман батырсың!
Түсіңнен сенің белгілі,
Қорқып келіп отырсың.
Ашуым менің келіп тұр,
Не жауабын қатасың.
—Олай емес, Мақия хан,
Айыптама мені сен,
Өз сөзіңнен тұтылсаң.
Келе жатқан жолымда
Атым менің аруда.
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Мақия ханды көрген соң,
Көңілім менің жаруда.
Бір Алла деген адамның
Кеудесіне иман даруда.
Сізді іздеп үйден шыққалы
Он екі күн болыпты.
Шыққан күні түс көрдім,
Жібектен баулы құс көрдім.
Үш күнді текке жіберіп,
Тоғыз күннің ішінде
Таң қалғандай іс көрдім.
Жаңғалақ адам тұрады
Ақылынан адасып.
Жақсыға айтқан һәр сөзім
Жерде қалмас адасып.
Бір қаршыға қаз іліп,
Жапалақпен екеуі
Жатыр екен таласып.
Бұйрық болса, тақсыр хан,
Дидарын сұлу көресің.
Үш күн ойлап солардың
Әзер бердім төресін.
—Бұйрықпенен, ер Қамбар,
Дидарымды көресің,
Қалай бердің төресін?
—Қаршығаға сөйледім:
Сенің күнде ілгенің қаз еді,
Жапалақ байғұс нашардың
Ілер құсы аз еді.
Бұ себеппен, тақсыр хан,
Жапалаққа әпердім.
—Сөзің дұрыс, ер Қамбар,
Ұялсаң, шығар ащы тер.
Алты күн өтіп кетті енді,
Қалған күнді сөйлей бер.
—Мен сөйлесем, тақсыр хан,
Құлақ сал да есіте бер.
батырлар жыры
Бүлкілдеген бүйрекке
Бүлдіршігі шығар көйлекке.
Қарға жатыр таласып
Лашын ілген үйрекке.
—Қаһар қылсам, ер Қамбар,
Қорлықты менен көрерсің,
Қалайша бердің төресін?
—Тәуекел қылып сиындым
Шыққанымда Аллаға,
Жолда жатқан бақпадым
Алтын-күміс олжаға.
Үш күн ойлап, тақсыр хан,
Лашындағы үйректі
Алып бердім қарғаға.
—Ноғайлының жас Қамбар,
Жаман көзбен қарайсың.
Ерік өзіңде бар болса,
Алла Тағ[Алла] жар болса,
Нелікке тым-ақ жарайсың.
Ораза қаза қылсаңыз,
Жаныңның таптың сауабын.
Тоғыз күнді өткіздің,
Үш күннің берші жауабын.
Сонда Қамбар айтады:
—Батырлардың ішінде
Мойнына таққан дуамын.
Дұшманым қорқып қашқан соң,
Артынан сондай қуамын.
Құлақ салып құп тыңда,
Мен берейін жауабын.
Олай бар да, бұлай бар,
Алдыңда қалың ноғай бар.
Өтірікті айтсаң да,
Табатұғын Құдай бар.
Таласқан екен бір байғыз
Сұңқардың ілген қуына,
Жасаған Ием жар болар
Серіксіз туған жалғызға.
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Үш күн ойлап, тақсыр хан,
Сұңқардың қуын әпердім
Нашар туған байғызға.
Батырдан сауға дегенмін,
Не боларсың жегенмен.
Шабыт қылсаң тағы да,
Ілерсің қуды дегенмін.
Кәпір ханы Мақия
..... салып төсекті
Надандығың білермін
Күлмесең де сен өзің,
Ұқсатып өзім күлермін.
Сонда айтады Мақия:
—Жап-жас қана баласың,
Дұшпанның салған бәлесін,
Тәуір көрдім сөзіңді,
Ақырын қара көзіңді,
Қаршыға болып біз тұрмыз,
Жапалақ қылдың өзіңді.
Атама Қамбар атыңды,
Он екідегі жасыңда
Лашынға теңедің
Менің мынау басымды.
Қаттырақ-қаттырақ сөйледің,
Сыйламадың жасымды.
Қарға болдың, байғұсым,
Әжептәуір басыңды,
Мен аяймын жасыңды.
Аямасам жасыңды,
Алар едім басыңды.
Сені көріп кенелдік
Қу ілген сұңқар біз болып.
Бақытың бар немесің,
Байлана бердің кез болып,
Байғызбын деп сөз болып.
Еркектікті бастайын,
Бұ сөзіңнен аспайын.
Үлкендік қылсам, Қамбарым,
батырлар жыры
Соғысудан қашпайын.
Үндемесең, батырым,
Мен қайтемін бұ қызды,
Бұйрық болса, сен-ақ ал.
Тәуекел қылып қайтамын,
Әзімбай ханға айтамын.
Қамбар деген кедейің
Тілеп алды қызыңды.
Мен тастадым, Әзімбай,
Әуелгі айтқан сөзімді.
Енді сүзбен көзімді,
Батыр білдім өзіңді.
Сонда Қамбар сөйледі:
—Есітпеймін, Мақия,
Бір сенің айтқан сөзіңді,
Ұрамын ба көзіңді.
Хан жарағы бір деген,
Екеу қылып айтпасаң,
Атқа мініп келген соң,
Қас ақсүйек болсаң сен,
Соғыспай Қамбармен,
Қатын болып қайтпасаң,
Қорлаған, хан, сөзіңді
Ұмытпа бәлем, Мақия,
Қамбар ояр көзіңді,
Енді есітпен сөзіңді.
Ашуланып ақырып,
Қамбар атқа мінеді.
Мұны Мақия көреді,
Иттен жаман үреді.
Сонша мезгіл болғанда
«Жекпе-жек» деп Қамбар келеді,
Шыдай алмай Мақия хан
Атқа мініп келеді,
Қарсыласып тұрады,
Адырнасын құрады,
Кезектерін сұрады.
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Қара қасқа атқа тіл бітті,
Мақия тұр көл бетті.
Ат айтады Қамбарға:
—Айтқанына көнгейсің,
Әуелгі ату кезекті
Үшке шейін атуға
Мақия ханға бергейсің.
Кезекті Қамбар береді.
—Атшы, дінсіз кәпір,—деп,
Қарсы қарап тұрады.
Мақия хан со жерде
Садағына қол салып,
Қолын [жаман] мол салып,
Қалмақ ердің қасы деп,
Дәл жүректің басы деп,
Өлер жерің осы деп,
Толғап-толғап ұрады,
Құдайым оған бұрады.
Әуелгі оғын тартқанда,
Айналайын қара ат
Жүресінен жата қалады.
Мақияның тартқан ол оғы
Үстімен кетіп қалады.
Екінші оғын тартқанда,
Бұған шейін қара ат
Тұрымтайдай бұлтылдап,
Нажағайдай жалтылдап,
Өнер қылып қалады.
Үшінші оғын тартқанда,
Бозторғай боп аспанға
Шырылдап қара ат шығады,
Астымен өтіп кетеді.
Төртіншіге келгенде
Қамбарға кезек береді.
Садағына қол салды,
Қолын жаман мол салды,
Қозы жауырын оқ алды.
батырлар жыры
Қалмақ ердің қасы деп,
Қақ жүректің басы деп,
Керегі саған осы деп,
Толғап бір толғап ұрады.
Тартқанына шыдамай
Қара ат жата қалады.
Жатқан аттың үстінде
Батырың айғай салады.
Мақтанған Мақия ханыңның
Кеудесі кетіп барады,
Бөксесі тұрып қалады.
Мақия хан өліп қалған соң,
Он екі мың кәпірге
Қамбар ойын салады.
Сонша мезгіл болғанда
Көрген екен Келменбет пен Алшора,
Алшора кірді бір жақтан,
Келменбет кірді бір жақтан,
Кәпірге ойын салып жүр.
Шашынан ұстап иттердің
Басын жұлып алып жүр,
Қамбар сынды батырың
Қарын қанға малып тұр.
[Мұ]нараның басында
Назым да сұлу апаңыз
Соның бәрін көріп тұр,
Құдайға шүкір қылып тұр.
Қаріп пенен қасірге
Шақыртып алып қасына,
Қамбар батыр үшін деп,
Алтын-күміс беріп тұр.
Он екі мың көп кәпір
Бәрін қырып салған соң,
Үсті-басы қан болып,
Әзімбай ханға барып тұр.
—Әзімбай сынды ханымыз,
Ақылға диқан данамыз,
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Сөзіме құлақ салыңыз.
Он екі мың кәпірді,
Мақия хан бастық қып,
Жалғыз өзім мұқаттым.
Мінеки, қалың малыңыз,
Күйеулікке қолқа, біліңіз.
Біз де Құдай құлымыз,
Толды ма екен пұлымыз.
Отыз үйлі обырым,
Қырық үйлі тобырым
Аштан өліп барады.
Бермек болсаң қызыңды,
Жөнелту қамын қылыңыз.
Сонда Әзімбай хан ием,
Ақылы жоқ хан ием
Жөнсіз сөзді сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Кетші әрмен, қу кедей,
Бұ тіліңе ермеймін,
Тіпті сені көрмеймін.
Назым да сынды жалғызым,
Жалаңқия, саған бермеймін.
Отыз үйлі обырың,
Тоқсан үйлі тобырың
Айдарына малы жоқ,
Шайнарына малы жоқ.
Оны күтіп тұрғандай
Назымжанның жайы жоқ.
Сол арада сөйледі
Алшора мен Арша хан:
—Азырақ аял қылыңыз,
Көкжал туған Қамбарым,
Мұның артын аңғарың,
Ақылы жоқ Әзімбай немені
Ыстығының Қамбардың
Үстегінің барымда
Пайғамбардың күйеуі
батырлар жыры
Не малы бар сидырның.
Қызығы бар ма, жігіттер,
Мәрт болмағаны байлардың.
Сонда айтады Әзімбай:
—Айналайын қызым-ай,
Түспедің ғой парыңа.
Сынап айтқан сөзіме,
Қатты айттыңдар көзіме.
Мен ұйыдым сөзіңе,
Арша хан, бердім мен саған,
Не қаласаң өзіңе,
Қызық көрсет көзіме.
Ыриза бол сөзіме,
Отауын көрсет көзіме.
Сол арада Арша хан
Қамбарды ертіп алады,
Отауға таман барады.
Әзімбайым жарады,
Түсіп жатқан Қамбарға
Назым апаң қарады.
Жиылып тұрған билерге
Қыз күйеуі жарады.
Жеңгелері жиылып
Назыммен бірге барады.
Амандасып жеңгелер
Үйлеріне тарады.
Батыр Қамбар қасында
Назым апаң қалады.
Бір-бірінен ғашықтар
Тілектерін алады.
Ханның елі жиылып
Тойын қыла қалады.
.............................
Отыз күн ойын өткізіп,
Қырық күн тойын өткізіп.
Мың түйеге жүк артып,
Жүз түйеге алтын мен ділдә артып,
ҚАМБАР БАҺАДҮРДІҢ ЖЫРЫ
Құл-құтанын бірге артып,
Ырғап-жырғап жөнелтті.
Байларға Қамбарды
Назым апаң теңгертті.
Үш күншілік қалғанда
Күйеу жөнін қылған боп
Алдында бұрын барыпты.
Жиып берген құланның
Һәр үйінде, жігіттер,
Бір-бір саннан қалыпты.
Кейін қалған Назымың
Үш күннен соң келіпті.
Жылқыдан айғыр сойдырып,
Ұлы тойды қылыпты.
Отыз үйлі обырға,
Тоқсан үйлі тобырға
Киіт үшін Қамбарың
Бір түйеден беріпті.
Аң аулаудан Қамбарың
Өзін сайып алып тұр.
Отыз үйлі обырлар,
Тоқсан үйлі тобырлар
Үй бар жүр-жүр деп
Жылқыны айдап салып тұр,
Қылығына қанып тұр.
Өтірік емес, кісілер,
Осы сөзім анық-дүр.
Мейлінше қанып тұр,
Мұны есіткен жақсылар,
Асық болмақ турасын
Ойларынан шығармай,
Көңіліңе салып тұр.
Халің келген сұлулар,
Бозбаланы есіңе алып тұр.
Оқытқушы жамағат,
Көңілің болса білмекке
Нәсілін Қамбар батырдың,
батырлар жыры
Жауһар деген тасыңыз—
Барша тастың анасы.
Керей менен Уақтың
Жұға деген жұртыңыз—
Уақтың ноқта ағасы,
Ер Қамбар—соның атасы.
Назым да сұлу апаңыз—
Олардың болған анасы.
Кешегі өткен ер Көкше—
Екеуінің баласы.
Бұл өлеңнің ішінде
Артық сөзі бар болса,
Маған қойма жаласын.
Қашық қылғын, Құдайым,
Шайтан деген бәлесін.
Сөйле десең біздерге,
Не сөйлейін сіздерге.
Көп те сөзім жоқ еді,
Айтпайды бойым кездерге.
Қаратаудың үлкені,
Сөйле десең сөзімді,
Қызыл жібек қырмызы,
Олар да қалар бір күні.
Ақ төстерін аңқытып,
Аққу қайтар бір күні.
Қызыл турам дәм болса,
Аямайды қарындас
Қырық күн шілде жаз күні.
Кімнің малы бар болса,
Қызығын көрер аз күні.
Бұрынғы өткен заманда
Ер Қамбар деген бар екен,
Әзімбай деген бай екен,
Солардан қалған сөзімді,
Он хан үйлі оят бар,
Қырық сан үйлі қыят бар,
Алпыс үйлі арғын бар,
Жетпіс үйлі жебір бар,
Тоқсан үйлі тобыр бар,
Он сегізде жасы бар,
Жалғыз туған басы бар,
Алалға қара дегенде,
Қара тұлпар аты бар,
Қисса Қамбар
(Қазан, 1888)
4–167
батырлар жыры
Әуелі Құдай себепші
Соның бәрін асыраған,
Қамбар деген бір ер бар.
Құлағыңды салыңдар,
Сол уақытта ноғайда
Әзімбай деген бай болған,
Төрт түлікке сай болған.
Ішкендерін сұрасаң,
Шекер менен бал, шай болған.
Байлығы шалқар көл еді,
Көп ноғайдың биі еді.
Алты ұғлы бар еді,
Бәрі бірдей бөрі еді.
Кіші ұғылын сұрасаң,
Алшыораз мырза дер еді.
Алты ұғлының ішінде
Хор қызындай пішінді,
Назым атты жалғыз қыз
Алты ұғлымен тең еді.
Алтын күйме ішінде
Ақ сұңқар құстай толады.
Жауған қардан ақ қылды
Қыз Назымның еттерін.
Адам пенде көрмеген
Пердесін ашып беттерін.
Еш пендеге айтпаған
Ғашықтықтың дерттерін.
Баян қылып айтайын
Құдайдың берген көріктерін.
Табаны жерге жетпеген,
Маңдайы күнге күймеген,
Күймеден басқа нәрсеге
Жорға екен деп мінбеген.
Торқадан басқа киімді
Тон екен деп кимеген.
Шықпаған өзі сайынға,
ҚИССА ҚАМБАР
Салмаған көзін ойынға.
Назым атты сұлудың
Айтайын енді жайында.
Емін-еркін ер жетті,
Күйеуге бермей күн өтті,
Тоты құстай түленді.
Ат шаптырды Әзімбай
Он екі баулы өзбекке,
Ат кекілін өрмекке.
Жұрт шақырған мәнісі,
Алғыш деген Назымды
Сүйгеніне бермекке.
Есіткен соң хабарды,
Ноғайға салған шабарды.
Көп те кетіп барады,
Алтын тақтың үстінде
Бек те кетіп барады.
Алаңғасар әңгүдік
Текке кетіп барады.
Аз да кетіп барады,
Сақал-мұрты ағарған
Шал да кетіп барады.
Самайынан бит аққан
Таз да кетіп барады.
Сексен қойға ат алып,
Он бес қойға мата алып,
Сылдыр моншақ сықаққой,
Жарлы да кетіп барады.
Бай тойына барғалы,
Жетсе Назымды алғалы.
Шара бар ма кедейге,
Қалың борышқа қалғалы.
Сәскенің кезі болғанда
Ауылда тұрып қыз Назым
Қудай мойнын толғанды,
Барайын деп ойланды.
батырлар жыры
Алтыннан қамыт доғасы,
Қымқап тонды киеді,
Шорай алтын жағасы.
Судалка шілия күмістен,
Божы арқаны күмістен.
Қызметкері тез жеккен,
Жегіп алды қос қара ат,
Киіп алды қос манат.
Киіп алды қос манат,
Қос арғымақ арындап,
Алтын арба сарылдап,
Ақарал атты шаһарға
Назым келіп қырындап.
Алтыннан қосқан терезе
Кілтін Назым ашады,
Алтын менен гауһарды
Әзімбайдай әкесі
Көшесіне шашады.
Базарда тазша күбандар,
Жаяу жүрген сигандар,
Алтын арба Назымның
Көп жаяуды басады.
Белде-белде, бел асар,
Бектерге садақ жарасар,
Сәскеде келген қыз Назым
Бесінге шейін аралап,
Мырзаларын саралап,
Тал бойына бір қайран
Таппағансиды миясар.
Бесіннің кезі болғанда
Қайтайын деп қыз Назым,
Ауылға енді тұрғанда,
Әзімбайдай әкесі
Бір жауапты қылды онда.
—Жиып алдым өзбекті
Ақарал шаһар қалаға.
Көрсін деп оны шақырттым,
ҚИССА ҚАМБАР
Назым сынды-ай балаға.
Өтіп кетсең күніңнен,
Ішің толар ызаға.
Көп өзбекті шақырдым,
Келсін деп өңкей сап қасқа.
Келсін деп, сірә, айтпадым
Бұ түрлі сақал қақбасқа.
Ноғайым жаман болды ма,
Біреуі саған жақпасқа.
Ақылсыз бала тудың ба,
Бір ерді таңдап таппасқа.
Өтіп кетсең күніңнен,
Өзің, балам, саспасқа.
Сонда Назым сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Айғыр емес, ат емес,
Құйрық-жалым сүздіріп,
Базарыңа салғандай.
Он екі баулы өзбекті
Сынап келдім, атеке.
Тал бойыма бір қыран,
Таба алмадым жарастық.
Жамандарға көз салсақ,
Даңғыл жолдан адастық.
Мұсылман аз, кәпір қау,
Бір күні келер бетпақ жау,
Даңқымыз кеткен әр жерге-ау.
Елде туған бір ер жоқ,
«Жекпе-жек» деп төбеге
Шауып та шығар бір ер жоқ.
Қынабы алтын көк алмас
Тасты кесер жебеге.
Нәзір көзім салмаймын,
Еш теңдікке алмаймын
Ақылы жоқ немеге.
Әзімбай сонда бөгелді,
Бұ жауапқа кенелді.
батырлар жыры
Ақылды туған қыз Назым
Ауылға таман жөнелді.
Әзімбай асқан ақылды,
Желмаядай бақырды:
—Он екі баулы өзбекте
Келмеген тойға кім бар?—деп,
Шақырушыны шақырды.
Шақырушы сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Төрт аяқты бір көрдік,
Қара тұлпар малдарды.
Өңкей тобыр ел көрдік,
Кемпір менен шалдарды.
Шақырғанмен келмес деп,
Әзімбай оған бермес деп,
Назымжан оған тимес деп,
Шақырмадым бұ тойға
Он сегіз жасар Қамбарды.
Ақ сұңқар құстай дабысты,
Дұшпаннан алған намысты.
Қамбар кедей деген соң,
Ел құлағы елу ғой,
Есітті батыр дабысты.
Ит жүгіртіп құс салып,
Жердің ауын тауысты,
Бермен қарай ауысты.
Кедейліктің зарпынан
Көңілінде бар арманы,
Қынабы алтын ақ болат
Аш беліне салғаны.
Қыран қара бүркіттей
Тұғырына қонғаны.
Әзімбайдың еліне,
Шалқып жатқан көліне,
Қамбар қиял ойлайды
Бір күні соған [баруды].
ҚИССА ҚАМБАР
[Қара қасқа] тұлпарды
Батыр [ал]ды шалдырып,
Ұйқысын алды қандырып.
Шоқытып ерің жөнелді,
Томаша көрсе ырғытып,
Жабындымен сырғытып,
Ауыздықпен кергітіп,
Жердің ауын үркітіп,
Тау қазындай жаңқылдап,
Көшкен құстай сұңқылдап,
Алтын дабыл даңқылдап,
Әзімбайдың аулына
Таянғансиды аңқылдап.
Қара айдар мен кекілді
Қара қасқа тұлпарға
Қамбар салды үкімді.
Көргенім жалған болмаса,
Баяғы айтқан апаңыз
Иыққа ішік жамылып,
Беті оттай қабынып,
Айкел тұмар тағынып,
Балалы қаздай байпаңдап,
Дуадақ құстай жайқаңдап,
Алтын құман қолында
Таң намазға қыз Назым
Дәретке шыққан секілді.
Келбетін көрсең сұлудың,
Түймені көр де, басын көр.
Қаламды көр де, қасын көр,
Қарды көр де, етін көр.
Қар үстіне қан тамса,
Қанды көр де, бетін көр.
Толықсыған сұлуды
Көзіменен көрсе де,
Қайрылмастан жөнелді
Он сегіз жасар Қамбар ер.
батырлар жыры
Үстіндегі кигені
Бүрмелі торғын көйлек-ті,
Бүлдіршін бытырай бүйректі.
Бара жатқан Қамбарды
Назым сұлу көздейді,
Шын батырға мезгейді.
Мінген аты Қамбардың
Аласы жоқ қара еді,
Жал-құйрығын тарады.
Жаудан қашқан кісідей
Қамбар кетіп барады.
Аш белдерін қынады,
Ер екенін сынады.
Назым сұлу қақсады,
Ғашықтық кіріп со сұлу,
Ер Қамбардың артынан
Баруға көңлі ұсады.
Көңліне енді намысы,
Ақылын сұлу тауысты.
Ер Қамбардың артынан
Шақырып салды дауысты.
—Қара қасқа атты Қамбар-ау,
Қара атыңда жал бар-ау,
Біздің үйге түсе кет,
Шай самаурын іше кет.
Қанша мейман түссе де,
Күткендей бізде әл бар-ау.
Артынан Назым келеді,
Жүгіріп жаяу тез шығып,
Ерке көңлі бұзылып.
Қамбардың қиял бір ойы:
«Сөйлесе кетсем сұлумен
Кетермін деп қызығып».
Артынан Назым келеді,
Жүгіріп басып емініп.
Ары қалды төгіліп,
Ақ өткелдей өткелден
ҚИССА ҚАМБАР
Өте шықты ер Қамбар,
Үзеңгісі суға көміліп.
Ар жаққа шығып шешінді,
Әрбір сөзі Назымның
Қамбар[ға] айтқан мығым-ды.
Өкпе[сі] аузына тығылды,
Шаршап батыр жығылды.
Жерге салды тепкіні,
Қамбарға қылды өкпені.
Қарамастай өзіме,
Не болды менің жүзіме.
Ақ бетіме салды ма,
Жаппар бүгін секпілді.
Көшсе көшті бір майда,
Қомы сиған түйелі.
Көк шалғынға қонады
Саумалы бар биелі.
Қарамастай өзіме,
Не болды менің жүзіме?!
Ақ бетіме салды ма
Бес бармақтап күйені.
Ақ жүзім менің оңды ма,
Кедейдің соры болды ма,
Айнамды алып көрейін,
Опа, еңілік жағайын.
Алты құлаш ақ өрмек
Нақ жолына құрайын.
Сөйлесең бәске тұрайын,
Қайрылып енді келмесе,
Кедейдің сорын ұрайын».
Сары алтыннан бар еді
Жүзін көрер пердесі.
Алты бірдей бар еді
Қыз Назымның жеңгесі.
Пердесін қолға алады,
Пердеге жүзін салады,
Өз жүзіне қыз Назым
батырлар жыры
Талып түсіп қалады.
Жеңгесіне иіртті
Алты ұршық ақ жібек.
Жеңгесіне жүгіртті,
Өзі құрды өрмекті.
Қамбардың жүзін көрмекке,
Далаға шықты көрнекке.
Белсенсе білек көрінер
Сырдың құба талындай.
Торғын балтыр көрінер
Ақ киіктің таңындай.
Қасы қара көрінер
Құралайдың теңіндей.
Екі емшегі көрінер
Сау қайыңның безіндей.
Ғашықтықтың зарпынан
Тоқиды өрмек ерінбей.
Қара қасқа тұлпардың
Маңдайында ағы бар.
Келетұғын Қамбардың
Кешкі мезгіл шағы бар.
Бір жағында бес құлан,
Бір жағында бес құлан,
Теңдеп алған аңы бар.
Құдайдың берген Қамбарға
Атадан артық бағы бар.
Қызыл алтай бір түлкі,
Тымақтығы ердің тағы бар.
Сипай-сипай қамшылап,
Жаңбырдай тері тамшылап,
Он құланменен шоқытып
Келе жатыр жануар.
Назым қақты өрмекті,
Ғашық болып отырған
Қамбардың жүзін көрмекке.
Көк алмасын суырып,
Заманасын қуырып,
ҚИССА ҚАМБАР
Ат үстінен өрмекті
Кейіп шауып сермепті.
Балалы арқар баурайды,
Баласыз арқар зарлайды.
Алты құлаш ақ өрмек,
Алты жерден қыз Назым
Ашуланып турайды.
Дерті қатты сайыр еді,
Данышпан өзі ақылды,
Өткізбен деп қапылды.
Артынан жаяу жүгіріп,
Қамбарды Назым шақырды.
—Қара қасқа атты Қамбар-ау,
Қара атыңда жал бар-ау,
Қараның ханы елдер-ау,
Айтпасам да білмейсің,
Ашпасам да көрмейсің,
Дәнемені көрмеген,
Жалаңбұт өскен заңғар-ау.
Алды-артыңа қарасам,
Кедейің қалың сор бар-ау.
Өздерің барсаң оқисың
Бес намаздың қазасын.
Көрген жерден таныдым
Сүйегіңнің тазасын.
Айалың жаман дейтұғын
Есітсеңіз назасын.
Саған ғашық болғаным,
Кәпірдің берер деп едім
Жалғыз-ақ өзің жазасын.
Сонда Қамбар сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Сен жеріңді жек,—дейді,
Ноғайдың бәрі бек,—дейді.
Әзімбайдай әкеңнен
Көп тобырым қаңғырып,
Барып тамақ жеп пе еді.
батырлар жыры
Алыста жатып есіттім,
Өзімді кедей деген соң,
Сүйегіме менің өтті енді.
Бір тілегім Құдайдан,
Кәпір алса олжаға,
Мінгізіп салса арбаға,
Артық туған қыз Назым
Алсам сонда тек,—дейді.
Сонда Назым сөйлейді,
Сөйлегенде бүй деді:
—Ақ өткелдің ар жағы
Жайма біткен қызыл тас.
Он сегізде Қамбар жас,
Шақырсам да қайрылмай,
Көңілімді қылдың мұнша пәс.
Алты ұғылдың ішінде
Мен бір туған қалам қас.
Көп тобырда сен едің
Тасты кескен бір алмас.
Аламын деп бір күні
Жиылып келер кәпір нас.
Өзімді айал демесең,
Жауабымды күтерсің,
Меніменен ақыл қос.
Қамбар тартып жөнелді
Қара қасқа тұлпарын.
Көп сөйлесіп Назымның
Тарқатпады іңкәрін.
Ауылға қайтқан секілді
Құртып бүгін дімкәрін.
Сөйлескенін көрген соң,
Ғашықтығын білген соң,
Ауылда тұрып көріпті
Әзімбайдың баласы,
Қыз Назымның ағасы,
ҚИССА ҚАМБАР
Қызғанып айтқан сөзіне
Антұрғанның қарашы.
—Артықша туған Алшыораз,
Сүйегің болған шын Қораз,
Қарай қойшы кедейге,
Назымжанға не дейді.
Кедей ханы Қамбарды
Алып келші өзіме,
Бір көрсетші көзіме,
Басын баудай кесейін,
Қанын судай ішейін,
Құнын өзім өтейін.
Сонда Алшыораз сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Мінгенде атың көк,—деді,
Айтуға аузым епті еді.
Назым сүйсе Қамбарды,
Шақырып алып берелік,
Мал алмастан тек,—деді.
Ай, ағалар, ағалар,
Ер қолынан мал тайса,
Өзен-суды жағалар.
Бектер мінер бедеу ат
Темірменен тағалар.
Кәпірден қысым келгенде,
Көп ноғайдың баласы
Сондай бір ерді сағалар.
—Мінгенде атың көк пе еді,
Айтарға аузың еп пе еді.
Жалғыз атты кедейге
Назымжанды беруге,
Өз бойыңа еп пе еді.
Мінгенде атың ала-ды,
Алаға тоқым салады.
Сөздерден сөз ушығып
батырлар жыры
Алшыоразбенен екеуі
Бақандасып қалады.
Сонда Назым көксейді
Он сегіз жасар Қамбарды,
Бірге туған жандардай.
Сол күндегі кәпірде
Мақтым хан деген хан бар-ды.
Ерлер атын суарар
Лайы жоқ бұлаққа,
Ат шаба алмас құмлаққа.
Әзімбайдың Назым қыз
Бар дегені бір күні
Кәпірдің ханы Мақтымхан,
Түскен екен құлаққа.
Кәпірдің ісі ақымды,
Патшалары ақылды,
Падишаның бар екен
Кедей ұлы Келмембет дейтін
Түбі шалақазақ шоқынды.
Патша алдына шақырды,
—Көп өзбекке бар,—дейді,
Әзімбайдың Назым қыз
Бізге лайық жар,—дейді.
Әзімбай берсін сол қызын,
Құлағына сал,—дейді.
Хан жарлығын қайтармай,
Падиша екі айтар ма-ай.
Тоғыз орыс қасында,
Жез телпегі басында,
Сырнайлары бапылдап,
Дулығасы жарқылдап,
Келе жатыр Келмембет
Ойынын ойнап шайтандай.
Ат құлағын теңлесті,
Кәпірлер құрды кеңесті.
Әзімбайдың аулына
Келіп қылды сөйлесті.
ҚИССА ҚАМБАР
Кәпірдің кең қаласы
Жауаптың болды таласы.
Үйден шығып сөйлесті
Әзімбайдың ұлының
Бір ортаншы баласы,
Жауабын соның қарашы.
—Ол, ол болсын, ол болсын,
Жеке де басың қол болсын,
Түн ұйқысын бөлгендей,
Қабақтарың қатыңқы,
Түнше бұлт көргендей,
Атыңның жалы жатыңқы.
Қара да шекпен қынамал
Шаппалы мылтық нұсқалы,
Атылмай оғы тұрар.
Атыңды махкам түзейсің,
Кәпірлерге ұқсайсың,
Сұраймын,—деді,—жол болсын.
Сонда тұрып Келмембет:
—Және бір сөзім және бар,
Жантақты жерде сона бар,
Әзімбайдың Назым қыз[ын]
Қалап келген бала бар.
Арғымақ ат бізде бар,
Алтын жабдық сізде бар,
Жаптыртқалы келгенмін.
Патшаның айтқан жауабын
Жақтыртқалы келгенмін.
Қыз Назымды бермесең,
Патшаны қабыл көрмесең,
Он екі баулы өзбегім,
Шаптыртқалы келгенмін.
Алмас пышақ бізде бар,
Піскен қауын сізде бар,
Тілдіргелі келгенмін.
Көк қаршыға бізде бар,
Қоңыр үйрек сізде бар,
батырлар жыры
Ілдіргелі келгенмін.
Патшамның айтқан жауабын
Білдіргелі келгенмін.
Қыз Назымды бермесең,
Патшаны қабыл көрмесең,
Он екі баулы өзбегім,
Бүлдіргелі келгенмін.
Аузы кетпей тілектен,
Қылышы түспей білектен,
Со сөздерін айтқан соң,
Үйде отырған Алшыораз
Өтті сөзі сүйектен.
Сөз сүйектен өткен соң,
Ерліктің түсті салтына,
Ақылдаспай халқына,
Ер қаруы—бес қару
Таңдап алып Алшыораз,
Мініп алған секілді
Қозы күрең атына.
«Япырым-ай!» деп ақырып,
Бақырып өңкей кәпірді
Алдына салып айдады.
Өлтірді кәпір тоғызды,
Өлтіріпті доңызды.
Кедей ұғлы Келмембет
Өлтіруге ерінді,
Құлға қылды көрімді.
Құлағын кесіп құнтитқан,
Мұрнын кесіп мұнтитқан,
Ернін кесіп жымпитқан,
Құйрық-жалын күзеген,
Байталдай сымпитқан.
Тоғызын онның өлтіріп,
Кедей ұғлы Келмембет
Мақтымханға жіберген.
Әлқисса, хан Келмембетті бір жаушы жібергенде: «Зады
түлкі боп келдің бе, яки бөрі болып келдің бе?»—дер екен, ол
ҚИССА ҚАМБАР
жалы болса, «түлкі болдым», олжасыз болса, «бөрі болдым»
дейді екен; бұ мүбада әм бопты;
—Түлкің де құрсын, бөрің де құрсын, құлақ-мұрнымнан ай
рылып, күлкі болып келдім,—деді.
—Оның үшін бір тоғыз қатын буаз шығар, жиырма кісіменен
бар,—деп жіберді. Оны да әм ғаріп Келмембетті және патшаға
жіберді.
—Оның үшін жиырма қатын [буаз шығар], жүз кісіменен
бар,—деп жіберді. Оны да әм қырайын деп еді, ноғайдың би,
жақсылары қырдырмай:—Қой, кәпірлер көп, біз азбыз, бір
қызға бола қонысымыздан айырып, көп жылағанша, бір қыз
жыласын,—деп құда түсіріп, той қылмақшы болып, Келмем
бетті құда түсіріп қайырды.
Қалы кілем қара нар,
Тай тұяқ жамбы және бар.
Дабылдарын бөктеріп,
Сауыттарын төңкеріп,
Аузы түкті кәпірге
Көп ноғай сүйтіп жаранар.
Мінгізді бедеу міністі,
Кигізді қымқап киітті.
Бермесек деп бір қызды,
Үзіп жаннан үмітті.
Берді Назымды деген соң,
Мақтымхан сонда қуанды.
Қуанғанның белгісі,
Қымқап тонға симады.
Көп кәпірді жинады,
Аламын деп мақтанды.
Күн бұрыннан сақтанды,
Сақтанғанның белгісі,
Он мың ләшкер аттанды.
Үш мың алпыс топ алып,
Зеңбірекке оқ салып,
Жөнелді кәпір көп ләшкер.
Жүрген жолын тазартып,
Кәпірлер келіп орнады
5–167
батырлар жыры
Ақаралдай шаһар қалаға.
Жайылды аты далаға,
Шапқынды салды салаға.
Қолқа сала келіпті
Назым сынды балаға.
Мақтымхан қылды хандықты,
Өзбектің көңілі тауыпты.
Әзімбайдың Назым қыз
Көремін деп бір күні
Кәпірдің ханы Мақтымхан
Қылған екен жарлықты.
Алтынды отау ішінде
Күйеу қылып Мақтымды,
Қорыққанынан сақтапты.
Жалғыз адам Назымға
Сөз айтуға батпапты.
Ақылменен білді де,
Түрлі киім киді де,
Күймесінен түседі.
Құданың салған әр ісін
Ақылменен күтеді.
Зер жапасы басында,
Алты жеңгесі қасында,
Ақылды туған қыз Назым
Аузы түкті кәпірге
Келе жатыр осында.
Торғынды жібек бөз болды,
Күміс түйме жез болды.
Ақылды туған қыз Назым,
Аузы түкті кәпірге
Нақ сәскеде кез болды.
Сұлулары көрген соң
Шыдамай сабыр-қарары,
Кезек түсті жанары,
Ұстайын деп ұмтылды
ҚИССА ҚАМБАР
Қыз Назымның білегін.
Алдауменен патшадан
Тілеп алды тілегін.
—Ғадалетті Мақтымхан,
Алдыңа келді жалғыз жан.
Құдай бір де, заң басқа,
Бұйрық болса Құдайдан,
Құтылмаспыз ауынан.
Келуші еді әуелі,
Күйеу үйден, қыз тыстан,
Ұстаушы еді білектен.
Ұзағынан тілесе,
Берермін деген тілектің.
Сексен күндей ой қылып,
Сексен күндей той қылып,
Үш сексен күн дегенде
Қыз, жігітті жатқызып,
Бұйрықтайын татқызып,
Алтын-күміс артқызып,
Ұзатушы еді атамыз,
Бұрынғы-соңғы жол қылып.
Бұл сөзіне нанғаны,
Ақылменен алдады,
Тыста тұрған жеңгеге
Жүгіріп Назым барғаны.
Назым қолын қимады,
Бір жеңгесі жабықтан
Кәпірге берді білегін.
Алдауменен патшадан
Тілеп алды тілегін.
Алтынды ішік саудырап,
Қайтадан барып тауыпты
Алтын күйме түнегін.
Бір күндері көп ноғай
Бәрі жүріп кеңесті,
Кеңескенде не дейді:
батырлар жыры
—Береміз,—деді,—Назымды,
Ұшырды көлден қазымды.
Асырап жатқан тобырды,
О да бір туған пері еді,
Ғали[дан] соңғы ер еді,
Батыр еді айтулы,
Шарайна белдік тартулы,
Кәпірге қиған Назымды
Қамбарға қимай бола ма.
Ат-айғырдан мың жылқы
Іріктеп шығып өңкей би,
Алып жүрді тартуды.
Кәпірден ноғай қорықты,
Күн-түн қатып жүр деді,
Мінген аты зорықты.
Ит жүгіртіп құс салып,
Батыр Қамбар жүргенде,
Өңкей билер жолықты.
Сонда Қамбар сұрайды,
Бір ақылды ойлады.
—Ассаламағалейкүм,
Артықша туған ерлерім,
Қайғылы болып тұрды ма
Қатын-бала, елдерің.
Толықты ма миларың
Кәпірден қысым көргендей
Түстеріңіз қатыңқы,
Жолыңыз болсын, билерім.
Сонда билер сөйледі:
—Жақсы айтасың, Қамбаржан,
Үміт үздік бұл күнде
Төрт түлік жиған малдардан.
Уайым-қайғы көп болды
Кемпір менен шалдардан.
Сізді іздеп келеміз,
Біз қорлықпен өлмейміз
Кәпірдің хакім хандардан.
ҚИССА ҚАМБАР
Сонда Қамбар сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Әу басында, билерім,
Бәріңіз бірдей бек,—дейді.
Әзімбайдай байыңнан
Көп тобырым қаңғырып,
Барып тамақ жеп пе еді.
Алыста жатып есіттім,
Өзімді кедей деген сөз
Сүйегіме менің өтті енді.
Бір тілегім Құдайдан,
Кәпір алса олжаға,
Мінгізіп салса арбаға.
Артық туған Назымды,
Алсам сонда тек,—дейді.
Сонда билер бастады:
—Алғалы жатыр Назымды
Мақтымхандай ханыңыз,
Ішке толған зарымыз.
Тартып алып кетсе де,
О да сіздің арыңыз.
Тәуекел деп барыңыз,
Алла оңғарса, қыз Назым
Болмай да қалмас жарыңыз.
Сонда Қамбар сөйледі:
—Ит жүгіртіп құс салған
Өлмеске қылған амал-ды,
Асырап жатқан тобырым
Өңкей ғаріп жаман-ды.
Желігіп жауға мен кетсем,
Айналып келмей тозар ел.
Мынау шолақ заманда
Бәріңіз бірдей араға
Жаудан бізге садаға.
Қайтарыпты билерін,
Жеті күн беріп уағда.
батырлар жыры
Әлқисса, күндерде бір күн Мақтымхан ноғайдың билеріне
ұрысты:—Менің падишаһ, әм күйеу болғаным қалай, сіздердің
ойын, қызық сауық қылмағандарыңыз қалай. Сонда билер:—
Рәмсі тақсыр, біздің елде сіздің алдыңызда лайықты ойын
ойнау[ға] кісіміз жоқ. Егер мына жақта көп тобырды асырап
жатқан Қамбар кедей деген бір бала бар еді, бірақ ол келе
алмайды. Сіз марқаматшылық қылып алдырсаңыз екен,—
деген соң, патша Келмембетті жіберді, екі қоржын басы діллә
беріп: «бар, келсін, мынаны ғаріптері қорек қылсын, өзі келіп
алдыма ойын қылсын» деп.
Ділләні артып молықты,
Күн-түн қатып жүрді де,
Мінген аты зорықты.
Ит жүгіртіп құс салып,
Батыр Қамбар жүргенде
Келмембет келіп жолықты.
—Қай ісіне көнбейміз,
Қаһар қылса құдірет.
Құдайдың берген қайратын,
Аясам жаудан бір манат.
Есіткенім бар еді,
Көргенім сені жоқ еді,
Жолыңыз болсын, Келмембет.
Келмембет сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Біздің падишаһ ақылды,
Сені Қамбар шақырды.
Қылсын деді ойынды,
Құйсын деді шайымды,
Менмендігі болмасын
Ер Қамбардың ойында.
Үлестіріп діллә берейін
Өңкей тобыр жандарға.
—Ит жүгіртіп құс салмасам,
Көп тобырым ... Қамбарға ...
Барамын деп хандарға
Тоғыз күн берді уағда.
ҚИССА ҚАМБАР
Ділләні алып со жерде,
Тобырдың көңілі бітеді.
Қара қасқа тұлпарды
Қамбар ерің күтеді.
Жүні бұла өссін деп,
Алтынды ер жаптырды,
Көзі гауһар өссін деп,
Төрт шамшырақ жақтырды.
Аяғын арқан қияр деп,
Жібектен маймырт тақтырды.
Ащы тері шықсын деп,
Таң асырып шаптырды.
Жолдасына сенбей-ақ,
Шешесіне бақтырды.
Етек-жеңін қағынды,
Кәпірлерге баруға
Батыр Қамбар сағынды.
Қанжығам құтты болсын деп,
Байлады батыр дабылды.
Ердің ісі салмақты,
Кім өлмейді, таусылса,
Қаза жетіп, талқаны,
Сырт жағына бір салды
Алтыннан торы қалқанды,
Арпа, бидай сықылды.
Кәпірлерге баруға
Батыр Қамбар ынтықты.
Алты көш жерден демеген,
Күндік жерден көздеген,
Мойнына салды бір қару,
Түзу қара мылтықты.
—Ата алмасам, маған серт,
Атқаныма шыдамай,
Дүміңнен кетсең маған серт.
Жеркелі жұмысты
Көрсеткелі тауысты.
Соғарына кегенде
батырлар жыры
Сом балғаны тауысқан,
Суарарға кегенде,
Көлдің суын тауысқан,
Беліне ілді бір қару,
Балдағы алтын қылышты.
Кәпірге қылар хайланы,
Көрер ерлік пиданы,
Құдайдың тисе қайраны,
Шаншып алған секілді,
Болаттан құйған найзаны.
—Шанша алмасам, маған серт.
Шанышқаныма шыдамай,
Оңқыңнан кетсең саған серт.
Қыздар тігер қос қалта,
Ішке жағар ақ малта.
Аш беліне қыстырды
Болаттан соққан айбалта.
—Шаба алмасам маған серт,
Шапқаныма шыдамай,
Оңқыңнан кетсең саған серт.
Ойлайды батыр талапты,
Тойғызды кедей тамақты.
Шіреніп тартса сынбаған,
Шыққан оғы қайрылмаған,
Ер басына қыстырды
Аузы қайқаң садақты.
—Қарсы алдынан қар жауса,
Ақша бетке сабалар.
Жамандарға сөз айтсаң,
Есектейін шамалар.
Жақсы аттан жығылса,
Жаман адам табалар.
Қаз[ан]атлыққа барамын,
Кәпірге ойран саламын.
ҚИССА ҚАМБАР
Тілеулес болып тұрың[ыз],
Бізді тапқан апалар.
Сонда апасы сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Барсаң, Қамбар, көрерсің
Ақаралдың шаһар қаласын.
Өлтірерсің кәпірдің
Қисабы жоқ немесін.
Қызыл қанды кешесің,
Майданға кіріп кеткенде,
Есіңе алмай кетесің
Өзінің тапқан шешесін.
Хақ Жаппар-ау, Жаппар Хақ,
Падиша құрар алтын тақ,
Сақтаушы болсын жалғыз Хақ.
Атқышыл менің мергенім,
Шүлеңкерім, зергерім,
Көзімді ашып көргенім,
Көп тобырдың, қанеки,
Жолдас болып ергенің.
Алла, саған аманат,
Бір тапсырып бергенім.
—Екіталай іс болса,
Ердің ісі жөн келер,
Қаса батыр майданда
Диірмендей дөңгелер.
Иіліп сәлем қылысқан,
Ибаменен тұрысқан,
Тәңірім мені сақтасын
Осы барған орыстан,
Тілеулес болып тұрыңыз,
Ақ жаулықты жеңгелер.
Күндіз жүрсем құрдасым,
Түнде жүрсем мұңдасым.
Бір төсекте сырласым,
Ақылы түгел мұңдасым,
Халқым үшін барады
батырлар жыры
Кәпірлерге бір басым.
Қынабынан лықсиды
Тасты кесер алмасым.
Түңілмегей кәпірден
Бұ сапарда арымыз.
Дұшпандардан именбес
Көңілде қайрат барымыз.
Тілеулес болып тұрың [ыз],
Алпыс рулы ар[ғ]ында
Кемпір менен шалымыз.
Қара қасқа тұлпарға
Бестен жүген жүгендеп,
Бұраңғымен белдіктеп,
Шұғаменен терліктеп,
Жұптап айыл салады.
Тәулеп қамшы алады,
Күн жетпеген бауырдан,
Жел жетпеген сауырдан,
Орай бұттан салады.
Ақ білектің зарпынан
Тау жаңғырып қалады.
Сай суындай сарылдап,
Манат тоны дарылдап,
Шапқан сайын батырың,
Алты қырдан артылып,
Жер бауыры тартылып,
Ауыздықпен қарысып,
Ұшқан құспен жарысып,
Көбігі түсіп сауырдан,
Тер тамшылап бауырдан,
Үстіндегі ер Қамбар
Әруақ қысып барады.
Қара қасқа тұлпардың
Есіткен соң дүбірін,
Назым тосып тұр екен
Ер Қамбардың алдынан
Тоты құстай түрленген.
ҚИССА ҚАМБАР
Қамбарға айтып бір сөзді
Сұлу Назым жаранған.
—Кәпірлер келіп орнады
Ақаралдай шаһар қалаға.
Үкім қылып келіп тұр
Біздей ғаріп балаға.
Аш белімді қынадым,
Баяғыда көргенде
Ер екенің сынадым.
Тұра ма сені деп едім
Мұсылман мен кәпірдің
Жекпе-жек деп араға,
Көп кешігіп келместей,
Ішім толды сәнаға.
Кәпір барып топ аттың,
Келмеді деп ер Қамбар,
Көп өзбекке жоқтаттың.
Келеді деп өзіңді,
Қалай келмес деп едім.
Тарыққандай кезімде
Ақылым қалай, ер Қамбар,
Кәпірдің ханы Мақтымды
Үш сексен күн тоқтаттым.
Сонда Қамбар сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Қара қасқа тұлпарым
Қызғаннан соң тұрмады,
Оқ жыландай зырлады.
Қыз Назымға сөйлеген
Ер Қамбардың жауабы:
—Қара қасқа тұлпарым
Қазған ордан секірді.
Келмеді деп көп ноғай,
Бекер маған өкінді.
Мен ғаріп бір баламын,
Бір сапарға барамын.
Жол үстінде айалмен
Сөйлесем болар кесір-ді.
батырлар жыры
Алла өзі дем берді,
Ерлердің ісін жөн көрді.
Жетіп келді ләшкерге
Ақ таяқ екен патшайың
Келмембетке кез келді.
Сонда Келмембет айтады:—Әй, Қамбар, падишаң саған
қатты қаһары келіп өлтірем деп отыр, мұсылманнан шыққан бір
ер едің, мен сені патшадан тілеп алайын,—деді. Сонда Қамбар
айтты:—Мені сен тілеп алма, құдіретің жете ме?—деді. Сонда
Келмембет айтты:—Мен патшаға ақ таяқ уәзір болғалы ешбір
жұмысым түскен жоқ, мәкар түскен жұмысым осы.
—Ендеше, тіле,—деп жіберді.
Келмембет кірді ханына,
Сұрайын деп Қамбардың
Ара түсіп жанына.
—Алдияр бас хандарым,
Жаңа келді Қамбарың.
Мұнан бұрын бар ма еді
Тілеп сенен алғаным.
Бір тілей келдім Қамбардың
Көкіректе шыбын жандарын.
Бере алмасаң бір тілек,
Төгілді менің арларым.
Сонда Мақтым сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Базардан келген ақ ирек,
Ерлердің аты без бүйрек.
Әкелсең еді Қамбардың
Жағасынан сен сүйреп.
Немене деп отырсың,
Бес байталға алған бедірек.
Көп сөйлемей шық,— деді,
Шығып кетші тезірек.
Келмембет тұрып жөнелді,
Есікке барып қайтадан,
ҚИССА ҚАМБАР
Патшаға жауап береді:
—Хан емессің, қабансың,
Тамам жаннан жамансың.
Хан емессің, қасқырсың,
Қаса албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның келіп басқа ұрсын.
Хан емессің, қабансың,
Тамам жаннан жамансың.
Қамбар сені өлтіріп,
Кемеліне келтіріп,
Сүйегіңді қасқыр кемірсін,
Майыңа қарсақ семірсін.
Келмембет шықты сілкініп,
Тұра алмады ер Қамбар,
Өзі тоқтап іркініп.
Бір кісідей көрмеді
Он мың ләшкер, көп шерді.
Ақ сауыттан шығарды
Қарыс сүйем түктерді.
Ер нұсқасын көрген соң
Батырларға мегзейді.
Келмембетке атын ұстатып,
Мақтымға Қамбар кез келді.
Кіріп үйге келгенде,
Айбатына шыдамай,
Мақтым қорқып селк етті,
Тұра келіп көрісті.
Қайта отырып тағына
Не кеп сөзін көрісті.
—Енді, Қамбар, сенбісің,
Алдияр тақсыр біз,—депті.
Әлқиссса, Қамбарға айтты:—Мен Келмембетті жібергенде
тоғыз күн уағда берген екенсің. Тоғыз күн өтіп он күн болды,
өлмеймін деп келдің бе, өлесің,—деді. Сонда Қамбар айтты:—
Рас, тақсыр, ажалым болса, өлермін мен, ажалым болмаса, не
үшін өлемін,—деді. Үйден шығып келе жатқанымда бір қарғай
батырлар жыры
қара тазы қызыл алтай түлкіні алды, оған келіп бір қара төбет
зорлық қылды, таласып жатыр екен, маған келіп жүгінді. «Тазы,
сенің күнде алғаның түлкі, бір жолы қара төбетке байла»,—деп
төре бердім, үш күн айландым. Және онан келе жатқанымда бір
ақ сұңқар қуды алып жатыр екен, онан бір құладын таласып
жатыр екен, маған жүгінді, үш күн ойлап төре бердім. «Сұңқар,
сенің күнде алғаның қу, бір жолы құладынға байла»,—деп төре
бердім. Онан шығып келе жатқанымда бір лашын кептерді іліп
жатыр екен, келіп бір қарға таласып жатыр екен, келіп маған
жүгінді. Үш күн ойлап төре бердім: «Лашын, сенің күнде ала
тын кептерің ғой, бір жолы қара қарғаға байла»,—деп төре бер
дім. Тоғыз күн болды, оныншы күн болып тұрғаны,—деді.
Сонда Мақтым сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Қара тазы сен,—дейді,
Ақтөс тазы мен,—дейді,
Таласқаның қыз,—дейді,
Он мың ләшкер балуанға
Бола алмассың тең,—дейді.
Ақ сұңқар құс мен,—дейді,
Ителгі құс сен,—дейді,
Таласқаның қыз,—дейді,
Он мың ләшкер балуанға
Бола алмассың тең,—дейді.
Лашын құс мен,—дейді,
Қара қарға сен,—дейді,
Сен қарғадай қарқылдап,
Суырып алар семсерін,
Өңкей ерлер жарқылдап.
Сонда Қамбар сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Бір атпадың, екі аттың,
Екі атпадың, үш аттың,
Үш атпадың, төрт аттың,
Аш белімнен кесе аттың.
Бір атқаныңды айтайын,
Келмембетті жібердің,
ҚИССА ҚАМБАР
Назымнан үзбей күдерді.
Қылсын депсің ойынды,
Қойсын депсің шайымды.
[Екі] атқаныңды айтайын,
Қара төбет мен болдым,
Ақтөс тазы сен болдың,
Қайткенде сенен кем болдым.
Үш атқаныңды айтайын,
Ақ сұңқар құс сен болдың,
Құладын құс мен болдым,
Қайткенде сенен кем болдым.
Төрт атқаныңды айтайын,
Лашын құс сен болдың,
Қара қарға мен болдым,
Қайткенде сенен кем болдым.
Құзғын менен қарғаға
Құдай қуат бергенде,
Ит кәпірім, жем болдың.
Батыр Қамбар қызады,
Ердің түгі шығады.
Сыртыменен сүйретіп,
Үй жапсарын бұзады.
Патшаның аты қара көк,
Өлерсің, кәпір, тектен-тек.
Айқай салды «жекпе-жек»,
Ұрыспаққа ойланып,
Мақтымханмен сайланып,
Кәпірге берді бір кезек.
Көк садақты қолға алып,
Қамбарға қарап көздейді.
Сол уақытта Қамбардың
Бәтуажа деген бабасы
Кәпірдің оғын қаңғыртып,
Тигізбестен демепті.
Қамбар алды садақты,
Тартайын деп қол оқты.
Сыртынан шықты атқан оқ
Жай отындай жайнады,
батырлар жыры
Семіздігі сонша екен,
Төбенің басын майлады.
Оны көріп қыз Назым,
Жүгіріп жайып құшағын,
Қолына алып келеді
Алмас бұйда пышағын.
Оны көріп қыз Назым,
Мойнынан жазған секілді
Бұрынғы салған бұршағын.
Қарағай найза патырлап,
Мылтық оғы шатырлап,
Аракет пенен зеңбірек
Тұс-тұсынан атыпты.
Атқызды сонда аракет,
Кәпірге болды бәлекет.
Атқан оғы тимей-ақ,
Қырылып кәпір күйреді.
Атқан оғы жұлдыздай,
Қайтерін білмей кәпір ит,
Жеті жүз салдат
Ақ байқақ шығарды.
Жаяу оны айдап,
Біреулерін жанышқылап,
Біреулерін шапқылап,
Қырып шықты бұшайлап.
Кәпірлер қашып жойылды,
Қызыл қаны шашылды.
Атқа мініп Алшыораз,
Келмембетпенен екеуі
Ер Қамбарға қосылды.
Үшеуі болып қосқан соң,
Ләшкер қатты даңғырап,
Алтын арба салдырап,
Алдына шығып қайырды,
Дұшпанның көңілін майырды.
Ұстап алып өлтірді
ҚИССА ҚАМБАР
Жанарал, кіназ, майырды.
Ерлер алды намысты,
Айғайлап салды дауысты.
Ғали мінген Дүлдүлдей,
Тұлпарменен шабысты.
Үш күн, үш түн ұрысып,
Бірін қоймай тауысты.
Көрсетті ерлер жазаны,
Байтақ жатқан даланы,
Сол бетімен қырғындап,
Шауып қайтқан секілді
Семей деген қаланы.
Белесте ерлер салпылдап,
Дұшпандарын алқымдап,
Сол бетімен қызғанып,
Семей деген қаланы
Шауып қайтты жартылап,
Кәпірге қан құстырып,
Бір-біріне біреуін қостырып.
Алтын менен кәукәрің,
Торы кілем қымқаптың
Үстіменен келтірді.
Жетектеп батыр Қамбарды,
Қара жерді бастырмай,
Алтыннан тіккен отауға
Қамбар ерді кіргізді,
Мергені көз кезеді.
Берейін деп ойлады
Назымжандай бір қызды.
Алты жеңгесі келіпті,
Аяқтарын бір басып,
Ақырындап сырласып.
Батыр Қамбар отырған
Түгі шығып сауыттан,
Келуге сонда бата алмай,
Алты жеңгесі кетіпті.
Алтыннан тіккен ақ отау,
Аяқтарын кең басып,
6–167
батырлар жыры
Табы оттай қабынып,
Айкел тұмар тағынып,
Алтын отау тұрады.
Ішігін келіп жамылып,
Назым сұлу сөйледі,
Қамбарға қарап сағынып:
—Бәрак Алла, арыстан,
Кәпірлерге бардыңыз,
Ойран-бүлік салдыңыз.
Сіз майданда болмасаң,
Төгіле жазды арымыз.
Асқармысың, таумысың,
Аруанамын, нармысың,
Қайыңмысың, талмысың,
Қазымысың, жалмысың,
Шекермісің, балмысың,
Құдай қосқан жармысың,
Уағда сөзде бармысың?!
Қыз Назымды шақырып,
Қамбар алды қасына.
Дәулет құсы ердің
Енді қонды қасына.
Сабырдың түбі—сары алтын,
Жетерміз деген осы ма.
Беліндегі белдікті
Тастаған ерлер шешініп,
Тоқтаған көңіл бекініп.
Әзімбайдың елінен
Атан-түйе айдатып,
Көп тобырдың алдырды
Бәрін мұнда көшіріп.
Тоқтатқан Қамбар сабырды,
Тілеген тілек қабыл-ды,
Елші салып ноғайдан,
Көшіріп келді тобырды.
Көрді сонда анасын,
ҚИССА ҚАМБАР
Апасы көрді шорасын.
Тобырды әкеп бек салды
Ақарал шаһар қаласын.
Қарай қойшы, жігіттер,
Қамбар ердің ал сонда
Бір Құдайдан тілеуін.
Назымды Әзімбай ұзатты,
Байлығының белгісі,
Өзгесін айтып түгеспен,
Кез жарым қып алтыннан
Соқтырды түйе бұрауын.
Қамбар менен Назым қосылған,
Ғашықтық жолы ашылған,
Бар да мінер бір атқа,
Жоқ та мінер бір атқа,
Жаманменен сөйлессең,
Қаласың деген ұятқа.
Дегеніне жеткізіп,
Кемеліне келтіріп,
Батыр да жетті мұратқа.
Таммат тамам.
Сөйле десең біздерге,
Не сөйлейін сіздерге.
Көп те сөзім жоқ еді,
Айтпай бойым кездерге.
Қара да таудың үлкені,
Қызыл жібек қырмызы,
Олар да қалар бір күні.
Ақ төстерін аңқытып,
Ақ құс қайтар күз күні.
Қызыл турам дәм болса,
Аямайды қарындас
Қырық күншілік жаз күні.
Кімнің малы бар болса,
Қызығын көрер аз күні.
Бұрынғы өткен заманда
Ер Қамбар деген бар екен,
Әзімбай деген бай екен,
Солардан қалған сөзімді
Баян қылып айтайын.
Он хан үйлі оят бар,
Қырық сан үйлі қият бар,
Алпыс үйлі арғын бар,
Жетпіс үйлі жебір бар,
Тоқсан үйлі тобыр бар.
Он сегізде жасы бар,
Жалғыз өскен басы бар,
Адал қара дегенде,
Қара да тұлпар аты бар,
Тоқсан үйлі тобыр
(Қазан, 1903)
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Әуелі Құдай себепші
Он түлік бәрін асыраған,
Қамбар деген бір ер бар.
Құлағыңды салсаңдар,
Сол уақытта ноғайда
Әзімбай деген бай болған,
Төрт түлікке сай болған.
Ішкендерін сұрасаң,
Шекер менен шай, бал болған.
Байлығы шалқар көл еді,
Көп ноғайдың бірі еді,
Алты ұғлы бар еді,
Алтауы бірдей бөрі еді,
Ең кішісін сұрасаң,
Алшыораз мырза дер еді.
Алты ұғлы ішінде
Жалғыз туған қыз Лазым
Алтауымен бір еді.
Алтын күйме ішінде,
Ақ сұңқар құстай қолында,
Жауған қардан ақ еді
Қыз Лазымның еттері.
Адам пенде көрмеген
Пердесін ашып беттерін.
Еш пендеге айтпаған
Ғашықтықтың дерттерін.
Баян да қылып айтайын
Құдайдың берген көріктерін.
Табаны жерге тимеген,
Маңдайы күнге күймеген,
Күймеден басқа нәрсеге
Жорға екен деп мінбеген.
Шықпаған өзі саяға,
Салмаған көзін ұяға.
Лазым сынды сұлудың
Айтайын енді жайында.
Емін-еркін ер жетті,
Күйеуге бермей күн өтті.
батырлар жыры
Ат шаптырды Әзімбай
Он екі баулы өзбекке.
Ат кекілін өрмекке,
Шақырғанның мәнісі,
Лазым деген сұлуды
Сүйгеніне бермекке.
Ноғай салған шабарды,
Есіткен соң хабарды,
Аз да кетіп барады,
Көп те кетіп барады.
Алтын тақтың үстінде
Би де кетіп барады.
Сақал-мұрты ағарған
Шал да кетіп барады.
Самайынан бит аққан
Таз да кетіп барады.
Сексен қойға ат алған,
Он бес қойға мата алған,
Селдір моншақ сықақ қой,
Жарлы да кетіп барады,
Бай тойына барғалы,
Жетсе, Лазым алғалы.
Шара бар ма Құдайға,
Қалың борышқа қалғаны.
Сәске кезі болғанда,
Ауылда тұрып қыз Лазым,
Қудай мойнын толғады,
Барамын деп ойлады.
Алтыннан қамыт доғасы,
Қамқа тонын киіпті,
Шора алтыннан жағасы.
Шидүлкесі күмістен,
Боз арқаны жібектен,
Қызметкерлер тез жеккен.
Жегіп алды қос қара ат,
Киіп алды қос манат.
Киіп алып қос манат,
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Қос арғымақ арланып,
Көкарал шаһар қалаға
Лазымжан келді қырындап.
Алтыннан қосқан терезе,
Кілтін Лазым ашады,
Алтын менен гауһарды
Әзімбайдай атасы
Көшесіне шашады.
Базарға таш шакүбандар,
Жаяу жүрген шикандар,
Алтынды арба Лазымның
Көп жаяулар басады.
Белдем-белдем бел асар,
Бектарға садақ жарасар.
Сәскеге келген қыз Лазым,
Бесінге шейін аралап,
Тал мойнына бір перен,
Таба алмаған миясар.
Кешкі бесін болғанда,
Ауылға табан қыз Лазым
Қайтамын деп тұрғанда,
Әкесі Әзімбай сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Жиып алдым өзбекті
Көкарал шаһар қалаға.
Көрсін деп сені шақырттым,
Лазым сынды баламға.
Өтіп кетсе күніңіз,
Ішің толар заяға.
Көп өзбекті шақырттым,
Келсін деп өңкей сабазға.
Келсін деп, сірә, айтпадым,
Бурыл сақал қақпасқа.
Ноғайым жаман болды ма,
Біреуі саған жақпасқа.
Ақылсыз бала тудың ба,
Бір ер таңдап таппасқа.
Өтіп кетсе күніңіз,
батырлар жыры
Балам, бір күн зарларсың,
Ішің толар заяға.
Әнсіз әңгімесі
Лазымның һешкімді жаратпағанының мәнісі сол екен:
Қамбарды жарлы деп шақырмай қалған екен.
Сонда Лазым сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Айғыр емен, ат емен,
Жал-құйрығым сүздіріп,
Базарыңа салғандай.
Он екі баулы өзбекті
Сынап келдім, ата-еке.
Тал бойыма бір берен,
Таба алмадым жарастық.
Жамандарға көз салсақ,
Жақсы жолдан адастық.
Мұсылман аз, қалмақ қау,
Бір күні келер бетпақ жау.
Даңқымыз кеткен һәр жерге,
Елде туған бір ер жоқ,
Жекпе-жекке шығарға,
Жауға шығар бір ер жоқ,
Қынабы алтын көк алмас,
Тасты кесер жібек қай?
Назар көзім салмаймын,
Һеш теңдікке алмаймын
Ақылы жоқ немені.
Әзімбай бұл жауапқа бөгелді,
Ақылды туған қыз Лазым
Ауылға қарап жөнелді.
Әзімбай асқан ақылды,
Желмаядай бақырды.
—Он екі баулы өзбекте,
Келмей қалған кім бар?—деп,
Шақырушыны шақырды.
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Шақырушы сонда сөйлейді:
—Он екі баулы өзбекте
Келмей қалған мен көрдім
Қара тұлпар малдарды.
Өңкей тобыр ел көрдім,
Кемпір менен шалдарды.
Шақырсам да келмес деп,
Әзімбай оған бермес деп,
Лазымжан оған тимес деп,
Шақырмадым бұл тойға
Он сегіз жасар Қамбарды.
Ақ сұңқар құс дабысты,
Дұшпаннан алған намысты.
Қамбар кедей деген сөз,
Ел құлағы елу ғой,
Естіп атыр дабысты.
Ит жүгіртіп, құс салып,
Жерінің аңын тауысты.
Балдағы алтын ақ берен
Орай белге алады.
Қыран қара бүркітті
Тұғырысына қонады.
Әзімбайдың еліне,
Шалқып жатқан көліне,
Қамбар қиял ойлайды,
Бір күні соған барсам деп.
Әнсіз әңгімесі
Әзімбайдың аулының қасында бір көлі бар еді, оған адам
бендесін жібермейтін еді, құлан, киік көп болатын еді. Қамбар
қиял ойлады: «Мені жарлы деп шақырмай қалды, мен сол көлге
барып, құлан, киік атып қайтайыншы»,— деп [ойлады].
Бүтін туған тұлпарын
Батырың алды шалдырып,
Ұйқысын алды қандырып,
Шоқытып ерің жөнелді,
батырлар жыры
Томаша көрсе секіртіп,
Жабынғымен ырғытып,
Ауыздықпенен кергітіп,
Жерінің аңын үркітіп,
Тау қазындай шаңқылдап,
Ұшқан құстай сұңқылдап.
Қара айдарменен келеді,
Қара қасқа тұлпарға
Қамбар салды өкпені.
Көргенім жалған болмаса,
Кешегі жүрген қыз Лазым
Иық ішік жамылып,
Беті оттай қабынып,
Аяр тұрман тағылып.
Алтын құман қолында
Таң намазы дәретке
Лазымжан шыққан сықылды.
Балалы қаздай бағланып,
Тоты құстай жайқанып,
Келбетін көрсең сұлудың,
Түймені көр де, басын көр.
Қаламды көр де, қасын көр,
Қарды көр де, етін көр.
Қар үстіне қан тамса,
Қанды көр де, бетін көр.
Толықсыған сұлуды
Көзіменен көрсе де,
Қайрылмастан жөнелді
Он сегіз жасар Қамбар ер.
Үстіндегі кигені
Бүрмелі торғын көйлегі.
Бара жатқан Қамбарды
Лазым сұлу көздеді,
Шын батырға кез келді.
Мінген аты Қамбардың
Аласы жоқ қара еді,
Жал-құйрығы дара еді.
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Жаудан қашқан кісідей
Қамбар кетіп барады.
Аш белдерін қынады,
Ер екенін сынады.
Лазым сұлу көксейді
Ғашықтық кіріп дертіне.
Ер Қамбардың артынан
Баруға көңлі ұқсайды.
Көңіліндегі намысты,
Ақылын сұлу тауысты.
Ер Қамбардың артынан
Шақырып салды дауысты.
—Қара қасқа атты Қамбар-ай,
Қара атыңда жал бар-ай.
Біздің үйге түсе кет,
Шай-самауыр іше кет.
Қанша мейман түссе де,
Күткендей біздің әл бар-ай.
Артынан Лазым келеді,
Жүгіріп басып ентігіп,
Ары қалды төгіліп.
Ақ өткелдей өткелден
Өте шықты ер Қамбар,
Үзеңгісі суға көміліп.
Ар жаққа шығып шешінді,
Лазымның айтқан әр сөзі
Өкпе аузына тығылды,
Лазым (жерге) салды тепкіні,
Қамбарға қылды өкпені.
«Қарамастай өзіме,
Не болды менің жүзіме.
Ақ бетіме салды ма
Жаппар бүгін сепкілді!
Көшсе, көшті бермейді,
Қом майысқан түйелі.
Ақ шалғынға қонады
батырлар жыры
Саумалы бар биелі.
Ақ бетіме салды ма
Бес бармақтап күйені,
Ақ бетім менің оңды ма?!
Кедейдің соры болар ма?!
Айнамды алып көрейін,
Опа, ендік жағайын.
Қайрылып енді келмесе,
Кедейдің сорын ұрайын».
Сары алтыннан бар еді,
Алты бірдей пердесі
Қыз Лазымның бар еді.
Пердені қолға алады,
Пердеге жүзін салады.
Өз көркінен қыз Лазым
Талып түсіп қалады.
Жеңгесіне иіртті,
Алты ұршық ақ жібек
Жеңгесіне иіртті,
Өзі құрды өрмекті.
Қамбардың жүзін көрмекке,
Далаға шықты көрнекке.
Белсенген білек көрінер
Сырдың құба талындай.
Түрген балтыр көрінер
Ақ киіктің таңындай.
Қасы қара көрінер
Құралайдың көзіндей.
Екі емшегі көрінер
Сау қайыңның безіндей.
Ғашықтықтың дертінен
Тоқиды өрмек ерінбей.
Қара қасқа тұлпарың,
Маңдайында ағы бар.
Келетұғын Қамбардың
Кешкі мезгіл шағы бар.
Бір жағында бес құлан,
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Бір жағында бес құлан,
Теңдеп алған аңы бар.
Қызыл алтай бір түлкі,
[Ты]мақтығы ердің тағы бар.
Құдайдың берген Қамбарға
Атадан артық бағы бар.
Сипай-сипай қамшылап,
Жаңбырдай тері тамшылап,
Он құланмен шоқытып
Келе жатыр жануар.
Лазым қақты өрмекті,
Қамбардың жүзін көрмекке,
Далаға шықты көрнекке.
Көк алмасын суырып,
Заманасын қуырып,
Ат үстінен өрмекті
Қиып шауып барады.
Балалы арқар баурында,
Баласыз арқар зарлайды.
Алты құлаш ақ өрмек
Алты жерден қыз Лазым
Ашуланып турайды.
Дәті қатты сірі еді,
Данышпан өзі ақылды,
Өткізбен деп қапылды.
Артынан жаяу жүгіріп,
Қамбарды Лазым шақырды.
—Қара қасқа атты Қамбар-ай,
Қара атыңда жал бар-ай,
Қараның қары қыстар-ай.
Айтпасам да білмейсің,
Дәнемені көрмеген,
Жалаңбұт өскен заңғар-ай.
Артыңға сенің қарасам,
Кедейден қалған сорың бар.
Өзің барсаң оқисың
Бес намазың қазасын.
батырлар жыры
Көрген жерден таныдым
Сүйегіңнің тазасын.
Аялым жаман болмаса,
Есітсеңіз назасын
Саған ғашық болғаным,
Қалмақтың берер деп едім
Жалғыздықтың жазасын.
Сонда Қамбар сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Сен жеріңге жет,—деді,
Ноғайдың бәрі бек,—деді.
Әзімбайдай әкеңе
Көп тобырым қаңғырып,
Барып тамақ жеп пе еді.
Алыста жатып есіттім,
Өзімді кедей деген соң,
Сүйегімнен өтті енді.
Бір тілегім Құдадан—
Қалмақ алса олжаға,
Мінгізіп салса арбаға,
Артықша туған Лазымды
Алсам да сонда теңімді.
Лазымжан және сөйлейді:
—Ақ өткелдің ар жағы
Жайма біткен қызыл тас.
Он сегізде Қамбар жас,
Шақырсам да қайрылмайсың,
Көңілімді қылдың мұнша мас.
Бір күні келер қалмақ нас,
Аялым жаман демесең,
Алты ұғыл ішінде
Мен бір туған қалам қас.
Көп тобырдың ішінде
Сен бір туған көк алмас.
Аламын деп бір күні
Жиналып келер қалмақ нас.
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Жауабым жаман демесең,
Меніменен ақыл қос.
Қамбар тартып жөнелді,
Көп сөйлесіп Лазымның
Тарқатпады іңкәрін.
Ауылға қайтқан секілді
Құртып сол күн діңкәрін.
Әнсіз әңгімесі
Қамбар менен Лазымның сөйлесіп тұрғанын Әзімбайдың бір
баласы көріпті. Қыздың ағасы Әзімбайдың баласы:—Көрдің
бе кедей Қамбар менен Лазымның сөйлесіп тұрғанын, алып
кел мұнда, басын баудай кесейін, қанын судай ішейін, құнын
өзім өтейін,—деді. Сонда қыздың кіші ағасы Алшыораз айтты
ағасына:—Лазым сүйсе Қамбарды, мал алмай-ақ берелік. Біреуі
«берелік» деп, біреуі «бермелік» деп сонда төбелесіп қалды.
Сөйлескенін көрген соң,
Ғашықтығын білген соң,
Ауылда тұрып көріпті
Қыз Лазымның ағасы,
Әзімбайдың баласы.
Қызғанып айтқан сөзіні
Антұрғанның қарашы.
—Артықша туған Алшыораз,
Сүйегінен бұ алған шын қораш,
Қарай қойшы кедейді,
Лазымжанға не дейді.
Кедей қанды Қамбар-ай,
Алып келші өзіме,
Бір көрсетші көзіме,
Басын баудай кесейін,
Қанын судай ішейін,
Құнын өзім өтейін.
батырлар жыры
Алшыораз сонда сөйлейді:
—Мінген атым көк пе еді,
Айтуға аузың еп пе еді.
Лазым сүйсе Қамбарды,
Шақырып алып берелік,
Мал алмай-ақ тек,— деді.
Ай, ағалар, ағалар,
Ер қолынан мал тайса,
Өзен-суды жағалар.
Бектер мінген бедеу ат
Темірменен тағалар.
Қалмақтан қысым келгенде
Көп ноғайдың баласы
Сонда бір ер сағалар.
Ағасы сонда сөйледі:
—Мінген атың көк пе еді,
Айтуға аузың епседі,
Жалғыз атты кедейге
Лазымжанды беруге,
Өз бойыңа еп пе еді.
Мінген аты аладай,
Алаға тоқым салады-ай.
Сөздерден сөз ашылып,
Алшыораз бенен ағасы
Бақандасып қалады-ай.
Әнсіз әңгімесі
Мұның елінде қалмақтың ханы Мақтым хан деген хан бар
екен. «Әзімбайдың Лазымжан деген сұлу қызы бар» деген
Мақтым ханның құлағына түскен екен. Келмембет деген
шабарын шақырып алды.—Бұл бізге лайық қыз екен. Сен
Әзімбайға бар,—деді. Қасыңа тоғыз қалмақ ерт,—дейді,—бізге
лайық қыз екен,—дейді.
Он сегіз жасар Қамбар-ай,
Берен туған жандар-ай.
Сол күндегі қалмақта
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Мақтым хан деген хан бар-ай.
Ерлер атын суарар-ай
Лайы жоқ бұлаққа-ай,
Ат шаба алмас құмаққа-ай.
Әзімбайдың қыз Лазым
Бар дегені бір күні
Қалмақ ханы Мақтым хан
Түскен екен құлаққа.
Мақтым ханның бар екен
Келмембет деген шабары.
Шақырып алды қасына,
Келмембет барды басына.
—Ай, Келмембет, Келмембет,
Әзімбайға бар,—деді.
Әзімбайдың қыз Лазым
Бізге лайық жар,—деді.
Әзімбай берсін сол қызды,
Құлағына сал,—деді.
Хан жарлығы қайтар ма,
Патша екі айтар ма?!
Тоғыз қалмақ қасында,
Жез қалқаны басында,
Ойын ойнап Келмембет,
Сырнайларын тартып,
Келе жатыр шайтандай.
Ат құлағын теңдесті,
Қалмақтар қылды кеңесті,
Әзімбайдың аулына
Келіп бір қылды сөйлесті.
Қалмақтың кең қаласы,
Жауаптың болды таласы.
Үйден шығып сөйлесті
Әзімбайдың бір ортаншы баласы.
—Ол, ол болсын, ол болсын,
Жеке басың қол болсын,
Түн ұйқысы қалғандай,
Қабақтарың қатыңқы.
7–167
батырлар жыры
Түнше бұлт жүргендей
Атыңның жалы жатыңқы.
Қара шекпен қынамал
Атусыз оғы құрулы.
Қалмақтарға ұқсайсың,
Сұраймын,— деді,— жол болсын.
Сонда тұрып Келмембет:
—Және бір сөзім, және бар,
Жантақты жерде сонар бар.
Әзімбайдың қыз Лазым,
Қалап келген бала бар.
Арғымақ ат бізде бар,
Алтын жабдық сізде бар.
Піскен қауын сізде бар,
Алмас пышақ бізде бар,
Тілдіргелі келгенмін.
Қоңыр үйрек сізде бар,
Көк қаршыға бізде бар,
Ілдіргелі келгенмін.
Қыз Лазымды бермесең,
Патшаны қабыл көрмесең,
Он екі баулы өзбекті
Бүлдіргелі келгенмін.
Аузы кетпейді тілектен,
Қылыш кетпейді білектен,
Сол сөздерін айтқан соң,
Сөз сүйектен өткен соң,
Ерліктің түсті салтына,
Ақылдаспай қартына.
Ер қаруы—бес қару,
Таңдап алып Алшыораз,
Мініп алған сықылды
Қозы күрең атына.
Япырмай деп ақырып,
Апырмай деп шақырып,
Өлтіріпті тоғыз қалмағын,
Өлтіріпті доңызды.
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Кедей ұғлы Келмембет
Өлтіруге қимады.
Қолынан қылды көрімді,
Құлағын кесіп құнтитты,
Мұрнын кесіп шұнтитты,
Ернін кесіп жымпитты,
Жал-құйрығын күзеген
Байталдайын сымпитты.
Тоғыз қалмақ өлтіріп,
Кедей ұғлы Келмембет
Мақтым ханға жөнелді.
Әнсіз әңгімесі
Тоғыз қалмақты өлтіріп, Келмембеттің құлақ-мұрнын ке
сіп «ханыңға сәлем деп айт» деп қоя берді. Келмембет ханына
қайтты. Мақтым хан:—Неғылып келдің, бөрі болып келдің бе,
түлкі болып келдің бе?—деп сұрады.
—Бөрі болғаны да құрысын, түлкі болғаны да құрысын,
құлақ-мұрнымнан айрылып, күлкі болып келдім,—деді.
Мақтым хан айтты:—Тоғыз қалмақ өлсе, тоғыз қатын буаз
шығар,—деді.—Қайтадан жүз кісіменен бар,—деді. Келмем
бет жүз кісіменен ноғайға келіп еді, ноғай қорықты. «Қалмақ
көп, [көп] жылағанша, қыз жыласын»,—деп, Мақтым ханға
бермекші болып, Келмембетті жіберді.
Қалай келдім қара нар,
Тай тұяқты жамай бар.
Дабылдарын бөктеріп,
Сауыттарын төңкеріп,
Аузы түкті қалмаққа
Көп ноғай сөйтіп жаранар.
Мінгізді бедеу атына,
Кигізді қамқа тонына.
Бермесең деп бір қызды,
Үзіпті жаннан үмітті.
Берді Лазым деген соң,
Мақтым хан сонда қуанды.
Қуанғанның белгісі—
батырлар жыры
Қамқа тонға сыймады.
Көп қалмақтар жиналды,
Он бір ләшкер аттанды.
Үш мың алпыс топ алып,
Зеңбірекке оқ салып,
Жүрген жолын тазартып,
Көкарал шаһар қаламға
Көп қалмақ келіп орнады.
Атын жайды даламға,
Шапқынды салды саламға.
Қолқа сала келіпті
Лазым сынды баламға.
Мақтым хан қылды хандықты,
Ноғайдың көңілін тауыпты.
«Әзімбайдың қыз Лазым
Көремін»,—деп бір күні
Қалмақтың қаны Мақтым хан
Қылған екен жарлықты.
Қорыққаннан Мақтымды
Күйеу қылып сақтайды.
Жаңғыз адам Лазымға
Сөз айтуға батпайды.
Ақылменен біледі,
Түрлі киім киеді.
Зер жапасы басында,
Алты жеңгесі қасында,
Аузы түкті қалмаққа
Келе жатыр үстіне.
Торғынды жібек бөз болды,
Алтынды түйме жез болды.
Аузы түкті қалмаққа
Нақ сәскеде кез болды.
Сұлулығын көрген соң,
Ұстайын деп ұмтылды
Қыз Лазымның білегін.
Алдыменен патшадан
Тілеп алды тілегін.
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
—Ғадатлі туған Мақтым хан,
Алдыңға келді жалғыз жан.
Жігіт үйден, қыз тыстан
Ұстаушы еді білекті.
Шыныңменен тілесең,
Берермін деген тілекті.
Сексен күндей той қылып,
Сексен күндей ойын қылып,
Үш сексен күн дегенде
Жігіт қызға жатқызып,
Бұйрық дәмін татқызып,
Алтын-күміс артқызып,
Ұзатушы еді атамыз.
Бұрынғы-соңғы жол қылып,
Бұл сөзіме құлақ сал.
Сыртта тұрған жеңге[ге]
Лазымжан барды жүгіріп.
Өз білегін қимайды,
Бір жеңгесінің білегін
Қалмаққа берді білегін.
Алдыменен патшадан
Тілеп алып тілегін.
Қайтадан тауып алыпты
Алтыннан соққан күймесін.
Ноғайдың биі кеңесті,
Кеңескенде не десті:
—Ұшырдым көлден Лазымды,
Береміз,—дейді,—Лазымды.
Асырап жатқан тобырды
Ол да туған пері еді-ау,
Ғалиден соңғы ер еді.
Қалмаққа қиған Лазымды
Қамбарға қисақ болмай ма?!
Ат-айғырдан мың жылқы
Іріктеп алып өңкей би,
Алып жүрді тартуға.
батырлар жыры
Қалмақтан ноғай қорықты,
Күн-түн қатып жүргенде
Мінген аты зорықты.
Ит жүгіртіп, құс салып
Жүргенде батыр Қамбар жолықты.
—Ассалаумағалейкүм,
Артықша туған билерім,
Қайғылы болып тұра ма
Қатын-бала, елдерің?
Толықты ма милары?
Қалмақтан қысым көргендей
Қабақтарың қатыңқы,
Жолыңыз болсын, билерім!
Сонда билер сөйлейді:
—Жақсы айтасың, Қамбаржан,
Үміт үзген бола ма
Төрт түлік жиған малдардан.
Қайғы-қасірет көп болды
Кемпір менен шалдардан.
Сізді іздеп келіппіз,
Қалмақтан қысым көріппіз.
Сонда Қамбар сөйлейді:
—Ой ойласам, билерім,
Бәрің бірдей бектерім,
Әзімбайдай байыңа
Көп тобырым қаңғырып,
Барып тамақ жеп пе еді?
Алыста жатып есіттім,
Өзімді кедей деген соң
Сүйегімнен өтті енді.
Бір тілегім Құдадан—
Қалмақ алса олжаға,
Мінгізіп салса арбаға,
Артықша туған Лазымды
Алсам деп сонда тегін.
—Жақсы айтасың, Қамбаржан,
Алуға жатыр Лазымды
Мақтым хандай ханыңыз,
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Ішке толды зарымыз.
Тартып алып ол кетсе,
О да сіздің арыңыз.
Тәуекел қылып барыңыз,
Алла оңғарса, қыз Лазым
Болмай қалмас жарыңыз.
Қамбар сонда сөйлейді:
—Асырап жатқан тобырым,
Желігіп жауға мен кетсем,
Айналмай келіп тозар ол
Мынау жаулық заманда,
Бәріңіз бірдей, ағалар.
Қайтарыпты билерді,
Жеті күн беріп уағда.
Әнсіз әңгімесі
Билер қайттылар. Билердің қайтқанын Мақтым хан көрді.
Мақтым хан көрген соң айта салды:—Мен әуелі хан едім, екінші
күйеу болдым,—деді.—Маған неге ойын-сауық қылмайсыңдар?
Сонда билер айтады:—Рас, тақсыр, сіздің алдыңызға лайық
адамымыз жоқ,—деп жауап беріп, билер айтады:—Мына жақта
кедей Қамбар деген адам бар, шақырсақ келмейді, сіз соны
шақыртып алсаңыз екен,—дейді. Мақтым хан айқай салды.
Пұшық Келмембетті шақырып алды.—Қамбарға сен бар,—
дейді,—қоржынның екі басына ділләні бөктер,—дейді.—
Қамбар тобырына тамақ қылсын, келіп шайымды құйсын,—
деп, Қамбарға Келмембетті жіберді.
Даланы артып молықты,
Күн-түн қатып жүргенде,
Мінген аты зорықты.
Ит жүгіртіп, құс салып
Жүргенде батыр Қамбар жолықты.
—Ассалаумағалейкүм, қай ісіңе
Қаһар қылса Алламыз,
Құдай қаласа, қайратым
Алмаспын жаудан бір мінат.
Көргенім сені жоқ еді,
батырлар жыры
Естігенім бар еді,
Жолыңыз болсын, Келмембет!
Сонда Келмембет сөйлейді:
—Біздің падиша ақылды,
Қамбар, сізді шақырды,
Қылсын деді тойымды,
Құйсын деді шайымды.
Менмендігін қылмасын,
Үлестіріп ділла берейін
Өңкей тобыр жандарға.
Барамын деп хандарға
Тоғыз күн берді уағда.
Ділланы алып сол жерде,
Тобырдың көңлі бітеді.
Қара қасқа тұлпарды
Қамбар ерің күтеді.
Төрт шамшырақ жақтырды,
Аяғын арқан қияр деп,
Жібектен арқан тақтырды.
Ащы тері шықсын деп,
Таң асырып шаптырды.
Жолдасына сенбей,
Шешесіне бақтырды.
Қалмақтарға барарға
Батыр Қамбар ентікті.
«Қанжығам қонды болсын»,—деп,
Байлады батыр дабылды.
Қара қасқа тұлпарға
Арпа-бидай асатты.
Қалмақтарға баруға
Батыр Қамбар ынтықты.
Алты көш жерден деміккен,
Күндік жерден кезіккен,
Мойнына ілді бір қара
Аузы түзу мылтықты.
«Ата алмасам, маған серт,
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Атуыма шыдамай,
Дүміңнен сынсаң, саған серт».
Соғуына келгенде
Сом балтаны тауысқан,
Суаруға келгенде
Көлдің суын тауысқан,
Беліне алды бір қару,
Балдағы алтын қылышты.
Қалмаққа қылар хайланы,
Көрер ерлік пайданы.
Құдай десең қайранды,
Шаншып алған сықылды
Болаттан соққан найзаны.
Қыздар тағар қос қалта,
Ішке жағар ақ малта,
Аш беліне қыстырды
Болаттан соққан айбалта.
Тойғызды кедей тамақты,
Ойлады батыр талапты.
Шіреніп тартса, сынбаған,
Шыққан оғы қайрылмаған.
Шаншып алған сықылды
Болаттан соққан найзаны.
(—Ақша бетке қар жауса)
Қара жерге қар жауса,
Ақша бетті сабалар.
Жақсы аттан жығылса,
Жаман адам табалар.
Қазанатлыққа барамыз,
Тілектес болып тұрыңдар,
Қалмаққа ойран саламыз,
Бізді де тапқан аналар.
Анасы сонда сөйлейді:
—Барсаң, Қамбар, көресің
Көкарал шаһар қаланы.
Өлтірерсің қалмақты
Есебі жоқ немесін.
батырлар жыры
Майданға кіріп кеткенде,
Есіңе алмай кетерсің
Өзіңді тапқан анаңды.
Жаппар Хақ-ай, Жаппар Хақ,
Падиша құрар алтын тақ,
Құдай да тақ, сен де тақ,
Сақтаушы болғын, жалғыз Хақ.
Атқушы менің мергенім,
Шілеңгірім, зергерім,
Көзімді ашып көргенім.
Көп тобырда, қанеки,
Жолдас болып ергенің?
—Екіталай жер болса,
Ердің ісі жөн болар,
Қаса батыр майданда
Диірмендей дөңгелер.
Иіліп сәлем қылысқан,
Ибаменен тұрысқан.
Тәңірім мені сақтасын
Осы барған орыстан.
Тілектес болып тұрыңдар,
Ақ жаулықты жеңгелер!
Күндіз жүрсем құрдасым,
Түнде жүрсем мұңдасым,
Бір төсекте сырласым,
Халқым үшін барамын
Қалмақтарға бір басым.
Қынабынан лықсыған
Тасты кесер алмасым.
Қара қасқа тұлпарға
Бестен жүген жүгендеп,
Шұғаменен терліктеп,
Жібектен айыл шалады.
Күн тимеген бауырдан,
Жел тимеген сауырдан,
Орай бұттан алады.
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Ақ білектің зарпынан
Тау жаңғырып қалады.
Сай суындай сарылдап,
Манат тоны дарылдап,
Шапқан сайын батырың
Алты қырменен артылып,
Жер бауыры тартылып,
Үстіндегі ер Қамбар
Әруақ қысып барады.
Көбігі шығып сауырдан
Тер тамшылап барады.
Қара қасқа тұлпардың
Естіген соң дүбірін,
Лазым тосып тұр екен,
Ер Қамбардың алдынан
Тоты құстай таранып.
Қамбарға айтып бір сөзді
Лазым сұлу жаранып.
—Қалмақтар келіп орнады
Көкарал шаһар қалаға.
Үкім қылып көп тұрар
Сіздей ғаріп балаға.
Көп кешігіп келмегеш,
Ішім толды заяға.
Қалмақтар келіп топ атты,
Батыр Қамбар келе ме деп,
Көп ноғайды тоқтатты.
Қалай келмес деп едім
Тарыққандай кезімде,
Ақылым қалай, ер Қамбар,
Қалмақтың ханы Мақтым хан
Үш сексен күн тоқтаттым.
Сонда Қамбар сөйлейді:
—Қара қасқа тұлпарым
Қызғаннан соң тұрмайды,
Оқ жыландай зырлайды.
батырлар жыры
Лазымға қарап сөйлейді:
—Қара қасқа тұлпарым
Қазған ордан секірді.
Келмеді деп көп ноғай
Бекер маған өкінді.
Мен бір ғаріп баламын,
Бір сапарға барамын.
Жол үстінде айалмен
Сөйлесем болар кесір деп,
Жетіп келді ләшкерге.
Ақ таяқ екен падишаның,
Келмембетке кез келді.
Әнсіз әңгімесі
Мақтым ханның қарауылшысы пұшық Келмембет Қамбар
батыр соған кез келді. Келмембет Қамбарға сәлем берді:—
Әй, Қамбар,—деді.—Сені Мақтым хан қазір өлтіреді,—
деді.—Сен тоғыз күн уағда берген едің, бүгін он күн болды
деп. Мен сенің бір шыбындай жаныңды сұрап алайын,—деп
ханға кетті.
Келмембет кірді ханына,
Ара түсіп Қамбардың
Бір шыбындай жанына.
—Алдияр, бас хандарым,
Жаныңа келді Қамбарың.
Мұндан бұрын бар ма еді
Сенен сұрап алғаным?
Бір сұрай келдім Қамбардың
Көкіректегі шыбын жандарын.
Бере алмасаң бір тілек,
Төгіледі менің арларым.
Сонда Мақтым хан сөйлейді:
—Базардан алып келген ақ ирек,
Иректің аты безбүйрек.
Алып келсең еді Қамбарды
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Жағасынан сен сүйреп.
Немене деп отырсың,
Бес байталға алған бедірек.
Көп сөйлемей шық,— деді,
Шығып кетші тез,—деді.
Келмембет тұрып жөнелді,
Есікке барып қайтадан,
Мақтымға берді жауабын.
—Хан емессің, қабансың,
Тамам ханнан жамансың.
Хан емессің, қасқырсың,
Қаса албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның келіп басқа ұрсын!
Хан емессің, қабансың,
Тамам ханнан жамансың.
Қамбар сені өлтіріп,
Дегеніне келтіріп,
Сүйегіңді қасқыр кемірсін,
Майыңа қарсақ семірсін.
Келмембет тұрып жөнелді,
Тұра алмады ер Қамбар,
Өзі тоқтап іркіліп.
Бір кісідей көрмеді
Он мың ләшкер, көп шерді.
Ақ сауыттан шығарды
Қарыс сүйем түгіні.
Ер нұсқасын көрген соң
Келмембетке атын ұстатып,
Мақтымға Қамбар кез келді.
Кіріп үйге келгенде,
Айбатына шыдамай,
Мақтым хан қорыққан сықылды,
Тұра келіп көрісті.
—Батыр Қамбар сенбісің,
Алдияр тақсыр біз,— деді.
батырлар жыры
Әнсіз әңгімесі
Мақтым хан Қамбарға қышқырды:—Сен өлмеймін деп
келдің бе? Сен тоғыз күн уағда берген едің, бүгін он күн болды
дейді. (Және) Қамбар Мақтым ханға айтады:—Рас, тақсыр,—
деді.—Мен үйден шығып келе жатсам, бір ақ төс тазы қызыл
түлкіні алып жатыр екен, оған бір қара төбет зорлық қылып
жатыр екен. Екеуі маған келіп жүгінділер. Мен төресін бердім:
«Әй, ақтөс тазы, сенің күнде алған түлкің ғой, мынау қара төбет
итке бер»,—дедім. Үш күнім өтті және келе жатсам, бір ақ
сұңқар қуды алып жатыр екен, оған бір құладын зорлық қылып
жатыр екен, о да маған келіп жүгінді, оны да құладынға алып
бердім алты күнім өтті. Және келе жатсам, бір ителгі кекілік
ті алып жатыр екен. Оған бір қара қарға зорлық қылып жатыр
екен, оны да қара қарғаға алып бердім, тоғыз күнім өтті. Онын
шы күн сенге келіп тұрғаным,—дейді.
Сонда Мақтым хан сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Ақтөс тазы мен,—деді,
Қара төбет сен,—деді,
Таласқаның қыз,—деді.
Он мың ләшкер балуанға
Бола алмассың сен,—деді.
Ақ сұңқар құс мен,—деді,
Құладын құс сен,—деді,
Таласқаның қыз,—деді.
Он мың ләшкер балуанға
Бола алмассың тең,—деді.
Ителгі құс мен,—деді,
Қара қарға сен,—деді,
Таласқаның қыз,—деді.
Он мың ләшкер балуанға
Бола алмассың сен,—деді.
Батыр Қамбар сөйлейді:
—Бір атпадың, екі аттың,
Екі атпадың, үш аттың,
Үш атпадың, төрт аттың,
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Аш белімнен кесе аттың.
Бір атқаныңды айтайын,
Келмембетті жібердің,
Қылсын дедің тойымды,
Құйсын дедің шайымды.
Екі атқаныңды айтайын,
Ақ төс тазы сен болдың,
Қара төбет ит мен болдым,
Қайткенде сенен кем болдым!
Үш атқаныңды айтайын,
Ақ сұңқар құс сен болдың,
Құладын құс мен болдым,
Қайткенде сенен кем болдым!
Батыр Қамбар қызынды,
Ердің түгі жығылды.
Сыртыменен сүйретіп
Үй жапсарын бұзады.
Падишаның аты қара көк,
Ұрысты қалмақ тек қан тілеп.
Ұрысуға ойланып
Мақтым ханменен сөйлесіп,
Қалмаққа берді бір кезек.
Мақтым хан алды қол оқты,
Қамбарға қарап көзеді.
Сол уақытта Қамбардың
Бәтуажа бабасы
Қалмақтың оғын қаңғыртып,
Тигізбестен демепті.
Қамбар алды садақты,
Атайын деп қол оқты.
Сыртынан шықты атқан оқ,
Жай отындай жайнады.
Семіздігі сонша екен,
Төбенің басын майлады.
Оны көрген қыз Лазым
Жүгіріп жайып құшағын,
Қолына алып келеді
батырлар жыры
Алмас мойын пышағын.
Оны көріп қыз Лазым,
Мойнынан алған сықылды
Бұрынғы салған бұршағын.
Қарағай найза батырлап,
Мылтық оғы шатырлап,
Әрекет пенен зеңбірек
Тұс-тұсынан атылды.
Атқан оғы жұлдыздай
Көп қалмақты қырады.
Хайла етерге білмеді қалмақ ит,
Жиды жүз салдатты.
Алдына салып айдады,
Біреулерін шапқылап,
Біреулерін шанышқылап,
Қырып шықты божайлап,
Қалмақтар қашып жөнелді,
Қызыл қанға боялды.
Атқа мініп Алшораз,
Келмембетпен екеуі
Ер Қамбарға қосылды.
Үшеуі басын қосқан соң
Ләшкер қашты даңғырап.
Алдына шығып қайырды,
Дұшпанның көңілін майырды.
Ұстап алып өлтірді
Жанарал, кінәз, майырды.
Ғали мінген Дүлдүлдей,
Тұлпарменен шабысты.
Үш күн, үш түн атысып,
Бірін қоймай тауысты.
Көрсетті ерлер азарды,
Байтақ жатқан даланы,
Сол бетімен қызғаннан,
Шауып қайтқан сықылды
Семей деген қаланы.
Он нарға қан құстырып,
Бір-біріне бірін қостырып.
ТОҚСАН ҮЙЛІ ТОБЫР
Алтын менен гауһарды
Түрлі кілем үстінен
Қара жерге бастырмай,
Алтыннан тіккен отауға
Ер Қамбарды кіргізді.
Аяқтарын кем басып,
Беті оттай қабынып
Балалы қаздай баптанып,
Тоты құстай жайқанып,
Қамбарға қарап сөйледі,
Лазым [сұлу] сағынып:
—Бәрак Алла, арыслан,
Қалмақтарға бардыңыз,
Ойран-бүлік салдыңыз.
Сіз майданда болмасаң,
Төгіле жазды арымыз.
Асқармысың, таумысың,
Аруанамын, нармысың,
Қайыңмысың, талмысың,
Шекермісің, балмысың,
Уағда сөзде бармысың,
Құдай қосқан жармысың?!
Шақырып алды Қамбар қасына,
Дәулет құсы қонды басына.
Сабырдың түбі—сары алтын,
Жетермін деген осы ма.
Беліндегі белдікті
Тастаған ерлер шешініп,
Тоқтаған көңіл бекініп.
Әзімбайдың елінен
Атан-түйе айдатып,
Көп тобырын көшіріп,
Бәрін мұнда алдырды,
Тоқтатқан Қамбар сабырды.
Тілеген тілек қабыл-ды,
Елші салып ноғайдан,
Көп тобырын алдырды.
8–167
батырлар жыры
Көрді сонда анасы,
Анасы менен баласы
Көп тобырға көрісті.
Көкарал шаһар қаласын,
Қамбар ерді қарашы
Ақылының данасын.
Әзімбай Лазымды ұзатты,
Байлығының белгісі—
Кез жарым қылып соқтырды
Алтыннан түйе бұрауын.
Қамбар мен Лазым қосылды
Ашықтық жолы ошал-ды,
Бар да мінді бір атқа,
Жоқ та мінді бір атқа,
Жаманменен жүрсең,
Қаларсың деген ұятқа.
Дегеніне келтіріп,
Батырың жетті мұратқа.
Жақсылар, дастан айтайын
Әуелі Алла сиынып,
Екінші кәміл піріме.
Құлақ салып тыңдаған,
Жамандық көрме тіріде.
Батырлар қылған қайратын
Қартаймай тұрып әріде.
Ертедегі ерлерден
Нұсқа болып соңғыға.
Қалмаған өлмей бірі де
Ойлағанға осындай
Опасыз жеңіл дүние,
Теңізден шыққан құрдымдай
Жетпеді һешкім түбіне.
Қазынаға жинап гауһар тас,
Айдаһардай болып мас,
Сақтаған алтын ініне.
Ашқа тамақ, жаяуға ат,
Төрт түлік малға көңіл шат,
Жарайды екен қысылса
Жұртының қиын күніне.
Алты ұлы бар Әзімбай,
Қызы сұлу Назымдай,
Тоқтады барша тіліне.
Ашықтық жолын ойлаңыз,
Бектерім деп қоймаңыз—
Шығарған сөздің мініне.
Қыз Назым шықты бұраңдап
Он сегіз толған жасына,
Қамбар батыр
(Тәшкен, 1922)
батырлар жыры
Кәмшат бөрік келісіп,
Бірлиант қойды басына.
Қара мен төре қайғырды,
Болса деп бізбен ашына.
Қазақ пен қалмақ— барша жан
Хабарланды сұлудан,
Дабысы жұртқа шашылар.
Жолбарыстай алты ұлдың
Айбатынан сескеніп,
Келе алмады һеш бенде
Әзімбайдың қасына.
Тауыс құстай түрленіп,
Қоңыраудай алтын күңіреніп,
Ертелі-кеш серуенге
Шығады майлап шашына,
Жәннаттан шыққан хорлардай,
Порымына қарасаң,
Қызықпастай қай адам
Ол Назымның нашына!
Сүйегі асыл дүр еді,
Құдайдың өзі біледі,
Он төртінші айдай боп
Түседі кімнің қасына?!
Алпыс сомдық һәр кезі
Үстіне асыл кигізді,
Жорғадан жегіп қара көк
Күймелі арба мін[гіз]ді.
Көзі түскен бенденің
Жүрегін оттай күйгізді,
Ашылған гүлдей науланып
Қылығымен сүйгізді.
Өзі теңінің ішінде
Асырып дәурен сүргізді,
Уызында жарыған
Ерте туған бағландай
Толықсытып жүргізді.
«Назымға таңдау қоям»,—деп,
Бұл хабарды Әзімбай
ҚАМБАР БАТЫР
Алашқа тегіс жүргізді.
Он екі жасар балаға
Мал жайып кеткен далаға,
«Қалмасын,—деп,—қатардан»
Бұларға айтып білгізді.
Тоғыз қабат торқадан
Кемзал киді қынама,
Таңдап Назым тимесе,
Толқыған көңіл тына ма!
Алмаққа һәркім талап қып
Сиынды Жаппар Құдайға.
Қазақ пен қалмақ, ноғайлы
Ел еді жатқан құрала.
Назымның көрмей ақ жүзін,
Жанды кісі үйінде
Сабыр қылып тұра ма?!
Ат шаптырып, той қылып,
Ашыққанды тойғызып,
Жиылды жұрты жамаға.
Бір төбенің үстінен
Қыз Назым шықты басына
Салдырып биік мұнара.
Назымды малсыз алмаққа
Шалдар да жаман желіккен,
Қартайған адам көп екен
Кемпірден көңлі зеріккен.
Жарасты деп киеді
Елтірі қара бөріктен.
Қатындары үйінде
Қайғыланып жылайды:
«Сұлуды алса байымыз,
Айрылдық,—деп,—серіктен».
Үміткер болып барша тұр
«Сабағынан үзіп ап
Жесем піскен өріктен».
Алтын тұғыр үстінде
Назым отыр қонақтап
батырлар жыры
Ақ тұйғындай еріккен.
Қара мен төре таласып,
Порымына қарасып,
Алдынан өтті көріктен.
Қыз Назымның майданы
Һәр топтың болды базары,
Түседі көпке сәулесі
Қағаздай кірсіз ажары.
Осынша жұрттың артынан
Аумады жанға назары.
Жердің жүзін шаңдатты
Жиылған қоршап адамы.
Қасқа мен жайсаң, бектердің
Таусылды ақыл-амалы,
Бәрі де өтті шұбырып,
Қалмады жақсы-жаманы.
Теңіздің бойы ноғайлы,
Ел екен өскен жағалы.
Жарлыны байға теңгерді,
Көңіліне халықтың жел берді
Қыз Назымның заманы.
Сұрады сұлу сөз ашып,
Аузынан дүр шашып:
—Бар ма екен,—деп,—далада
Жігіттің келмей қалғаны?
Сұлудан үзді күдерін
Дәмелі болып тұрған көп.
Қайтпақшы болды үйіне
Бәрі де бірдей өкпелеп.
Он екі баулы өзбекте
Әзімбай еді қара көк
Арылмаған уызы,
Сабада пісер қымызы,
Арғы атасы асыл тек.
Осыншаның біреуін
Тал бойына көрмейді еп.
ҚАМБАР БАТЫР
Қапаланып Назым тұр,
Қабағын түйіп қайғы жеп.
Біреу айтып білдірді:
—Мерекеге келмеген
Әлімбайдың баласы
Қара қасқа атты Қамбар бек.
Ерлікті елден асыраған
Айыбы жалғыз—кедей,—деп.
Жауап бер[ме]ді қыз Назым
Жиылып тұрған кісіге.
Қарамады назар сап
Һеш бенденің түсіне.
Қалағаны келмесе,
Басқаменен ісі не?
Қатты батты қапалық
Үлкен менен кішіге.
Жұрт әуес болған сұлудың
Көңлі ауды сыртынан
Ер Қамбардың күшіне.
Алты ағасын, әкесін
Ақылмен Назым биледі.
Қайтарды бәрін адамның,
Біреуін таңдап тимеді.
Мұнарадан түсті де,
Көк жорғаны жектіріп,
Келтірді барқыт күймені.
Жақсы көріп жүр еді
Мақтауын есітіп білгелі,
Қандай түрлі екенін
Көзімен көріп, білмеді,
Сұлу да қайтты үйіне
Ер Қамбар болып сүйгені.
Жігітінде Әлімбай
Жұрт иесі болған хан.
Қол қусырып сыйлады
Ғазиз тұтып барша жан.
батырлар жыры
Ол күнде перзент жоқ еді
Дүние малын жиды сан ...*
Жарлылық шығып көңілінен
Қызықта мейірі қанады.
Қасымда адам бар ма деп,
Төңірекке қарады.
Арбаға басқан пішендей
Тұлпарға артып барады.
Жағалай қонған кедейдің
Ашылған әбден араны.
Әлімбайдың баласы
Күніне қиын жарады.
Алпыс үйлі Арунның,
Тоқсан үйлі Тобырдың
Қабыл болды тобасы,
Қайнады майға қазаны.
Қара қасқа атқа жем беріп,
Күніне көрді шабысты.
Қамбардың бар деп тұлпары
Алашқа барды дабысы.
Кедейсің деген кісіге
Қылмайды батыр намысты.
Астындағы бедеуі
Суытуы түскен соң
Ұшқан құспен жарысты.
Құйындай шаңы бұрқырап,
Атқан оқтай зырқырап,
Қылады жақын алысты.
Сүңгіген суға үйректей,
Жасырынып қалды аз,
Паналап биік қамысты.
Дабылын қағып, сұңқар сап,
Болмаған күні мыңын ап,
Көлдегі құсты тауысты.
* Түпнұсқада көп нүкте қойылған.
ҚАМБАР БАТЫР
Жұртының көңілі тынады,
Екпіні қатты дауылдап,
Ерлігін әбден сынады.
Ағайыны қуанып,
Аллаға шүкір қылады.
Күмістен тағып қарғысын,
Соңына ертіп тазысын,
Ау қылып Қамбар шығады.
Қасындағы құмайы,
Таңынан тартып талайын,
Тау текені жығады.
Айрылады жыртылып
Киік пен жатқан құланы.
Ат-бетіне қарамай,
Ақ бөкендей жосытып,
Айғайын салып қуады.
Ашуменен аямай
Тұлпарға қамшы ұрады.
Найзамен өзі шабақтап,
Тазысы жетіп тамақтап,
Қасап сойған ешкідей
Қан сасытып қырады.
Түс қайтып бесін болғанда
Артына мойын бұрады.
Қара қасқа атты қаңтарып,
Маңдайын сүртіп дем алып,
Шылымын шегіп тұрады.
Серкедей басып тақымға
Семізін таңдап жинады,
Арығын таңлап алмады.
Оның бәрін артқанмен
Бір атқа қайтіп сияды?
Алпыс үйлі Арунның,
Тоқсан үйлі Тобырдың
Ашыққанын тойғызды,
Батыр туған Қамбардың
Тимеді жоққа зияны.
Шекесінде Қамбардың
батырлар жыры
Бар екен алтын тұлымы,
Сұрап алған Құдайдан
Әлімбай ханның құлыны,
Һешкімге аза бермеді
Қыздан да зият қылығы.
Ау қылып шығып жөнеді,
Үйінде болмай тынымы.
Далада жатқан жабылып
Бұрынғы киік тұр еді.
Ордалы құлан обығып,
Бір бәлеге жолығып,
Жануарлар жабығып,
Көбейіп кетті шығыны.
Тағы да қоймай аулады
Таудағы киік, бұғыны.
Қарсағы бар қасында,
Тазысының алғаны—
Түлкінің арлан қызылы.
Құлақтары салынып,
Жаратқанға жалынып,
Бір жартасқа қамалып,
Бөрілер қорқып ұлиды.
Қазақ емес, сарт емес,
Қамбардың түбі ноғайлы,
Азусыз аңды тауысып,
Қоймады қырып оңайды.
Құлан менен киіктің
Далада жатқан бірі жоқ,
Бұрынғы қызық болмайды.
Тұлпарын көлден суарып,
Аралап жүріп келеді
Ағашы қалың тоғайды.
Етпетінен жығылып,
Ішіне шаттың тығылып,
Тұмсығынан қан аққан
Көреді өлген торайды.
«Хадиса,—деп,—бұл қандай?»
Төңірекке қараса,
ҚАМБАР БАТЫР
Құйрығын қысып бұтына,
Жолбарыс жатыр ыңыранып
Шабуға таппай орайды.
Оттай көзі қызарып
Ыңыранған даусы зорайды.
Қаһарға мініп ер Қамбар,
«Қайтесің,—деп,—сен заңғар»
Құдайдан медет сұрайды.
Жатқандай болды шөккен нар,
Айбаты күшті арыстанның
Қасына қайтіп жақындар?!
Тарығып Қамбар сөйлейді,
Жаратқанға қылып зар:
—Алдымда ағам, артымда
Сүйеніп жүрген інім жоқ,
Айналуға жерім тар.
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Қысылған күні болғын жар!
Қызыл көлін суалдырып
Сексенге шыққан әкемді
Шерменде қылма, Хақ Жаппар!
Басыма салып уайым,
Жалғызды мендей қылма қар.
Осыдан жетсе ажалым,
Қойылар қайда мазарым,
Жеп кетеді-ау орынсыз
Тоғайда ұшқан қарғалар.
Қамбар айтты тұлпарға:
—Қанатты туған пырағым,
Аға-іні сен едің,
Тар жерде жолдас, шырағым.
Мойның алтын таяқтай,
Қамыстай екі құлағың,
Төрт аяғың қазықтай,
Төңкерген кесе—тұяғың.
Сұлулығың сүмбідей,
Жылқыға бітпес, жануар,
батырлар жыры
Сымбатың менен сыяғың.
Ажалым жетіп осыдан
Өліп кетсем, орным жоқ,
Өзіңе мәлім бұл жағым.
Қара қасқа ат, қалтырап,
Осынша неге қорқасың,
Шақ болып тұрма-ай тымағың?!
Қиын екен жалғыздық,
Жабығып қатты жыладым.
Ажал жетпей жан шықпас,
Тәуекелге бел байлап,
Пешенемді сынадым.
Бұл сөзді айтып ер Қамбар
Шерінің барды қасына
Болғай деп асыл мұрадым.
Сол уақытта жолбарыс
Түгінің бәрін жатқызды,
Құлағын жымып жасырды.
Керендей ашып ауызын
Арыстан жаман ақырды,
Дауысы жерді көшіріп
Нар маядай бақырды,
Бүркіттей жазып тырнағын
Тұлпарға барып асылды.
Қамбар да қайтпай ұмтылып,
Бар қайратын шақырды,
Құйрығынан көтеріп,
Айналдырып басынан
Лақтырып жіберіп,
Қырық қадам жерден асырды.
Құлаған жардай дүрс етіп,
Ырылдауға әлі жоқ,
Демінен түсіп басылды.
Тоқсан үйлі Тобырдың
Қабыл болып тәубасы,
Сақтады Құда батырды.
«Осы ма,—деп,—қайратың?»
ҚАМБАР БАТЫР
Тұмсыққа тарақ балтамен
Сондай мықты шеріні
Жалғыз ұрып қатырды.
Қалыңның шықты ішінен
Ер Қамбар өзін үйіріп,
Көкбардай қылып көтеріп,
Жөнеліп кетіп барады,
Жолбарысын өңгеріп.
Құйрығын жерге шұбатып,
Алдына мықтап басады,
Төрт аяғын теңгеріп.
Үлкендігі басының
Он екі қарыс қазандай,
Мықтылығын шерінің
Тамаша қылды ел көріп.
Суытып қойып жатқанша,
Қара қасқа тұлпардың
Қаңтаруын жазды да,
Байлады мейіз-жем беріп.
Аяғына салғаны
Оқтығы таза күдер-ді,
Көрген жан қайран қалады
Тиегі күміс шідері.
Тебінгілік жүні жоқ,
Терісі болып жарғақтай,
Арықтап әбден жүдеді.
Қабағы қардай жабылып,
Ертелі-кеш сабылып,
Мінісі қатты үдеді.
Ауыт-ауыт шабылып,
Тұяғы тасқа қағылып,
Шомылып терге жүзеді.
Жатқызып жалын фұштымен
Құйрығын тарап сүзеді.
Алтыннан тағып құйысқан,
Ер әбзелін түзеді.
Құралайдың терісі
батырлар жыры
Тайжақтысын киеді.
Садаққа салған оқтай боп
Тұлпарға тола мінеді.
Қаршығасын көтеріп
Көліне қудың жөнеді.
Қырындап өтіп барады,
Сұңқарын тұтып бетіне.
Түскен жолы Қамбардың
Шұбырған малдың ізі еді;
Жағалай құлын байлаған,
Теңіздің бойын жайлаған,
Қыз Назымның ауылының
Үстіне түсті көздері;
Мұны көріп Қамбардың
Жоқшылық кірді есіне.
«Қымызы бар деп ақ үйдің
Түсемін барып несіне».
Қырындап өтіп барады,
Сұңқарын тұтып бетіне.
Қара қасқа тұлпары
Жердің тартып танабын,
Алшаңдап басып асықпай
Ауылдың шықты шетіне.
Бұлттан шыққан айға ұқсап
Тұр еді Назым нұрланып,
Атлас көйлек үстінде,
Көк арбаға сүйеніп,
Шыбықтай белі бұралып.
Сүйретіп алтын шашпауын,
Ордаға барып кіреді,
Боз жорға аттай ырғалып.
Аһ ұрғанда аузынан
Түтіні шығып сұлудың,
Жүрегі кетті от жанып.
«Қара атты Қамбар қарамай
Не себептен кетті?—деп,
Ашуы келді долданып.—
ҚАМБАР БАТЫР
Ақша бетім қарайып
Қалды ма,—деп,—апырмай?!»
Шар айнасын қолға алып,
Сұңқардай көзі сүзіліп,
Жыламай көңілі бұзылып,
Айнаға көзін тұр салып.
Қараңғы тартып көңілі,
Қыз Назымның ішіне
Қапалығы симады.
Шақырып жақын жеңгесін,
Орданы тегіс жинады.
«Түс қайтуға жеткізбей,
Бір ұршықтай жібекті
Иіріп бер»,—деп қинады.
«Өкпелер,—деп,—шұнақ қар»
Назымның сөзін сыйлады.
Шүйкесін созып шапшаңдап,
Бәрінің басы қақшаңдап,
Бұйырған ісін бітіріп
Айтқанын екі қылмады.
Отыз қатын ойнақтап,
Өрмегін тездеп жүгіртіп,
Табаны жерге жарылып,
Құландай салды дүбірді.
Жүргенде иін тіресіп
Тоқталып біраз кідірді.
«Қалдыңдар,—деп,—кешігіп»
Кейіс қып Назым бүлінді.
Іргеден қағып қазығын,
Бір ұшы көлге ілінді.
Қатындар қайтты үйіне,
«Разы бол,—деп,—қош енді,
Баламыз жылап қарны ашып,
Ұрамын десе байымыз,
Айтамыз да жалынып,
Алдық,—деп,—сенің тіліңді».
батырлар жыры
Қыз Назым мінді өрмекке
Иісін жұпар сасытып,
Ашықтық түсті басына,
Сүйегін жаман жасытып,
Даярлап қойды шорыға
Қасына қымыз тасытып.
«Қайтқанда Қамбар ішсін»,—деп,
Арақ пенен шарапты
Сандыққа салып сақтады,
Бөтелкеге ашытып.
Деңізден шығып ер Қамбар,
Қатарлап артып келеді
Қаз бенен үйрек, тырнаны.
Тұлпардың жүгін бітіріп
Толтырып үстін ырғады,
Қаршығаның қыраны
Қанатты құсты қырғаны.
Шылымның тұтып құмары,
Артына мойын бұрмады.
Көрінеді Назымның
Алдына өрмек құрғаны.
Қамбар айтты өзіне:
«Осыған көңілім бөлініп,
Ұмытып кетсем жұртымды,
Құдайдың,—деді,—ұрғаны».
Мәлім болды батырға
Ақылмен өнер іс етіп
Қыздырмақ үшін тұрғаны.
Қысылған жерде шабады
Қара қасқа тұлпары,
Нәрсіз оқтай қаңғытып,
Қызықпен көлден су ішпей,
Талады шаршап шаң жұтып,
Тоқтамады кідіріп
Өте шықты қарғытып.
Сөйлесе алмай Қамбарға
ҚАМБАР БАТЫР
Тағы да қалды арманда,
Отырған сұлу көз тұтып.
Ашуы келіп Назымның,
Асау тайдай тулады.
Қапаланып Қамбардан,
Жүрегі қатты сулады.
Қылышын алып қолына,
«Адыра қал,—деп,—сен өрмек»
Алты жерден турады.
Жібекке кетті жаны ашып,
«Не болды,—деп,—шырағым,»
Жеңгелері шулады.
Қаны қашып бетінің,
Реңі құмдай қурады.
«Тоқтай тұр,—деп,—ер жігіт!»
Өтіп кеткен Қамбарға
Шақырып қолын бұлғады.
Қара қасқа тұлпардың
Басын тартып кідіріп,
«Не дейді,—деп,—бұл маған»
Жауабын қыздың тыңдады.
Сонда Назым сөйледі:
—Қайрылмай қайда барасың,
Хан сүйекті Қамбар-ау?
Қабағы қатып шаршапты,
Қара атыңның мойнында
Өкпе-бауыр, жал бар-ау.
Арызыма менің құлақ сал,
Ақылың болса, аңғар-ау.
Ақ төсімнің үстінде
Қол тимеген мал бар-ау.
Шөлдесең сусын ішсейші,
Біздің үйге түссейші,
Жатып, тұрып кетуге
Күткендей бізде жай бар-ау!
Мойныңды бері бұрсайшы,
Құшақтасып екеуміз
9–167
батырлар жыры
Көріселік тұрсайшы,
Артыңда үңгір, жар бар-ау!
Сонда Қамбар сөйлейді:
—Ағайыным тауысты
Қара аттан бөлек малымды,
Сыртым бүтін, іш түтін,
Білмейді һешкім әлімді,
Жолдас қылды Құдайым
Кедейлік деген залымды.
Қой бағу қолдан келмейді,
Ат үстінен соғыс қып
Жемесем тауып нанымды.
Екі аяғым салақтап,
Аш бөрідей жалақтап,
Қинады жоқтық жанымды.
Ұядан жаңғыз баламын,
Құс етін беріп бағамын
Үйдегі екі кәрімді.
Оған да назар саламын,
Қабатыма аламын
Алпыс үйлі арунды.
Сеніменен ойнасам,
Айналар ісім қиынға.
Айыпқа мені бұйырма,
Айтамын, Назым, зарымды.
Назым айтты Қамбарға:
—Бүгінше бізге мейман бол,
Һәрқашан өтіп жүресің,
Ауылдың үсті ұлы жол.
Қатарлап салып төсекті,
Қасыңа жақын жатайын,
Таң атқанша ұстап қол.
Алпыс үйлі арунға
Асықпасаң барарсың,
Қардар емес бізден ол.
Мың қойлы байдың баласын
ҚАМБАР БАТЫР
Ізіңе басқан алмаймын,
Бекзатым, менің пейілім сол.
Ер Қамбар сонда сөйлейді:
—О йерің болмас,—деп,—Назым,
Қатарыңа қарасаң,
Мен емес таңдап тиерің,
Іздегенің асылық
Ыңырсытып байлаған,
Көшкенде топтап айдаған
Мастығы шығар биенің.
Байларды шалқар көл қылған,
Кедейді құла шөл қылған
Жарлығы күшті Иенің.
Ит жүгіртіп, құс салам
Сырқырап жаман сүйегім,
Өз теңімнің ішінде
Айтулы ердің бірі едім.
Жолбарыс қандай азулы аң,
Тар тоғайда жолығып,
Оған да табан тіредім.
Қайратпен жеңіп өлтіріп,
Шақы ерлерді келтіріп
Алладан медет тіледім,
Жоқ та болса жомарттың
Ісін тұтып жүр едім.
Қол ұстасып, қыз Назым,
Уағда қылсам сенімен,
Бір жаман келіп малы көп
Алып кетсе, айырылып
Абыройым ашылар,
Қайғыменен басылар
Ат басындай жүрегім.
Сонда Назым сөйлейді:
—Дүние боқтың аздығын
Қайратты-ай жігіт елей ме!
Сақа қылған бар ма екен
Қорғасын құйып кенейге?!
батырлар жыры
Жаны бар кісі қонаққа
Қыз шақырса келмей ме?!
Басыма салып уайым,
Жалындырған Құдайым
Жалғыз атты кедейге.
Есен тұрсам сау болып
Һеш уайым жемеймін,
Он екі баулы өзбектен
Тақ отырмын демеймін.
Сайратып тілді көмейден
Жағымды қайрап безеймін.
Бөтен туған бала едің,
Жұртқа тұлға болғандай,
Сол себеп сені тежеймін.
Ақылың болса ойлап тұр,
Ендігісін өзің біл,
Асырып мұнан не дейін?!
Қамбар менен Назымның
Асылық болып таласы,
Қасірет қоймай айтысып,
Ұзады сөздің саласы.
Ажырамай тұр еді
Екеуінің арасы,
Әңгімеге айналып,
Өтіп кетті кешігіп
Қайтатұғын шамасы.
Үйінен шықты далаға
Назымның үлкен ағасы.
Қарындасы қасында,
Оқалы бөрік басында,
Көлденеңдеп тұр екен
Қамбардың қасқа қарасы.
Көргеннен соң бұларды
Ашуға мінді Қабыршақ.
Адамда жаман сол еді,
Сақалы ұзын ақымақ.
Айқайын салып келеді,
ҚАМБАР БАТЫР
Бақырауық неме еді,
Әңгі есектей аңқылдап.
—Қораз, Дараз, Алшыораз,
Қайдасың,—деді,—Қарымсақ?!
Қорлағаны емес пе
Жалаңаяқ жарлының
Жүргені бізге жақындап.
Інілеріне айтады:
—Ақ семсерді қолыңа ап,
Маңдайын жарып, басын шап.
Жерге түссін мойыны,
Келеді кіммен ойыны?!
Қызға таңсық мырзаның
Қылышпенен көңілін тап!
Бесеу еді белгілі
Әзімбайдың тентегі,
«Қайда,—деп,—кедей» жүгірді,
Қолында бір-бір келтегі.
Жын ұрғандай бұрқылдап,
Адамның бәрін жинады,
Түсіп қалды бір жерге
Басынан тері телпегі.
Алтауының ішінде
Ақылы көп артықша
Алшыораз еді еркегі,
Ағаларына айтады:
—Қамбардың көңілін қалдырма,
Қайратты туған ер еді,
Болар,—деп,—бір күн дәркері.
Қарымсақ сонда сөйледі,
Бәріне қылып өкпені:
—Алды-артында қара жоқ,
Бұ кедей бізден көп пе еді?
Қораз, сенің жаманың,
Ауылдың үстін жол қылып,
Іргені жанап өткені,
Ажалына асығып
батырлар жыры
Өз басына жеткені.
Қабыршақ, Дараз, қайдасың?
Ат үстінен аударып,
Қолын байлап Қамбардың,
Дәл көтіне теп,—деді.
Тумай кеткір, Алшыораз,
Көзіме менің көрінбе,
Тұр, жоғал, аулақ кет,—деді.
Алты ұлдың ішінде,
Әкем, шешем арқалап,
Аяулы өскен Назымды
Жалғыз атты кедейге
Бермегіміз еп пе еді?
Алшыораз айтты:—Ағалар,
Сүйінбе малдың көбіне,
Кімді қырып тастайсың
Жан көрінбей көзіңе.
Көтере алмай жүрсіңдер
Бергенін Құдай өзіңе,
Менің де келді ашуым
Сендердің айтқан сөзіңе,
Үй жығылып қалғандай
Қойныңның бір қап желіне.
Һешкімнің тілін алмайсың
Едіреңдеп бәрің де,
Пісіріп нанды деміңе.
Екіталай іс болып
Ат құлағы теңессе,
Паналарсың тығылып
Осының барып жеңіне.
Әлімбай ханның баласы
Қарасаң ақыл, тегіне,
Қарындасың кем болмас,
Батырдың түссе шеніне.
Ағайынмен ойласып,
Назымжанды қосайық,
Қаласа Құдай, теңіне.
ҚАМБАР БАТЫР
Дараз айтты:—Ағалар,
Артық екен бізден де
Алшыораздың ақылы.
Ағаш үйлі өзбектің
Сүйегі тамыр болады
Құдайдан соңғы жақыны.
Ойлағанға кідіріп
Осы екен істің мақұлы.
Кекті болып кетпесін
Ноғайлының батыры.
Азулымен өшіксең,
Тигізер зиян ақыры.
Бұл сөзді есітіп тентектер
Таяғын жерге тастады,
Бәрінің қайтып ашуы.
Миығынан бір күліп
Назымның тартты тақымы.
Жөнеліп Қамбар барады,
Шаңғытып жерді тұяғы,
Тұлпардың шығып тасыры.
Қыз Назымға жаушы ғып
Жиырма жігіт жіберді
Қалмақтың ханы жұртынан,
Құйрық-жалы түйілген
Құр айғыр ұстап жылқыдан.
Жолға түсіп жосытып
Жорғадан мініп былқыған,
Сусар бөрік басында
Үстіне киіп құлпыдан.
Керейұлы Келмембет
Сөйлес қылып кідірді
Ауылдың келіп сыртынан.
Аяғын жерге жай басып,
Манаурап көзін зорға ашып,
Әзімбай шықты далаға,
Тұрғандай болып ұйқыдан.
батырлар жыры
Әзімбай сонда сөйледі
Ашуы келіп азырақ,
Беті оттай қабынып,
Омырауын көтеріп
Нар бурадай шабынып,
Белін бумай, желбегей
Бөрі ішігін жамылып,
Қабаттап киген камзолды
Сыдыра түйме тағынып:
—Ертелі-кеш шұбырып,
Қонады мейман ағылып,
Кедейлер мені көрмесе,
Қалады,—деді,—сағынып.
Отымның басын бермеді,
Іздеген жоғы табылып.
Керейұлы Келмембет,
Сендер де келдің сабылып,
Киіз ілмес кешқұрым,
Танымаушы едім һешбірін,
Қайырлы болсын сапарың,
Жөніңді келген сұраймын,
Жүрсіңдер, балам, нағылып?
Келмембет сонда сөйлейді:
—Болсын,—деп,—әлей, Әзімбай,
Арызымды сізге айтамын
Көтерсең менің назымды.
Саусағы алтын сұңқарға
Ілдірейін деп келдім
Көлдегі үйрек, қазыңды.
Алтайы қызыл түлкіңе
Қосайын деп ойлап ем
Құмай жүйрік тазымды.
Тікпекке ақ үй сұраймын
Ел қонбаған сазыңды.
Бұйырып патшам жіберген,
Қайта алмаймын бұл жерден,
Іздеген жоғым табылмай.
ҚАМБАР БАТЫР
Келмембет тағы сөйледі:
—Асықпасаң, бай-еке,
Мүйізі ұзын боз бұқа
Пәйкеліңді аңқытып,
Пәлегіңді үзеді.
Артына қарап бұрылып,
Айдайын десең, сүзеді.
Исі жұртқа жайылып
Піскен аңқып түйнегің,
Қолына өткір кездік ап
Ортасынан тіледі.
Жемекке әркім әуес қып
Көрмей-ақ сырттан біледі.
Қанатты қара бүркітім
Асыраған әлпештеп
Аққуыңды іледі,
Құс етінен тояттап
Кеудесіне мінеді.
Дос адамың қайғырып,
Дұшпаның қатты күледі.
Осы айтқаным болмаса,
Тұғырға сұңқар қонбаса,
Ноғайлы елің бүледі.
Келмембет тағы сөйледі:
—Бұғалық салып мойнына,
Жуасытып қайтамын,
Асауыңды үйретіп.
Азулы арлан бөріме
Жегіземін құйрығын,
Бағланыңды сүйретіп.
Тістетемін тамағын
Қабырғасын күйретіп,
Ақ сапты полат найзамен
Шанышқызамын түйретіп,
Түлейден қашқан түлкіңді
Ұстайын қуып індетіп.
Мекен еткен қырғауылыңның
Қызығын көрсем деп едім,
батырлар жыры
Шеңгелдетіп мойнынан
Лашын құсқа жүндетіп.
Келмембет тағы сөйледі:
—Сен сұрасаң, Әзімбай,
Айтайын келген жөнімді,
Арада жүрген жегеме
Киемін қымбат тоныңды.
Мәрт кісінің белгісі—
Бітірсең тездеп сонымды.
Һешкім саған тие алмас,
Ұстасаң менің қолымды.
Жаушы қып патшам жіберді
Жеті атасы орынды.
Алатаудай айбаты,
Рүстем-Дастан порымды,
Ерегіссең онымен,
Құртады әбден сорыңды.
Сәулеті мен дәулеті
Құп өзіне қонымды.
Бүгін саған мейманмын,
Таңдап сой семіз қойыңды.
Құда түсіп, құйрық жеп,
Қыламыз қызық ойынды,
Ноғайлыңды шақырма,
Өзіме бер тойыңды.
Бір үйіңді босатып,
Салдырып төсек, ат ұста,
Тырнадай созып мойныңды.
Отаудан шығып далаға
Алшыораз сонда сөйлейді:
—Жүрсіңдер қайдан адасып,
Қалмақтың қайсы бектері?
Екі иініңнен дем алып
Екпінің қатты білінді
Қараман дәудің ерлері.
Айтар сөзге шілеңгер,
Сен екенсің зерігер,
ҚАМБАР БАТЫР
Келмембет деп естуші ек,
Ініңнің осы көргені.
Би-еке, сізде бар екен
Бұрынғының өрнегі.
Жақсы адамда жаттық жоқ,
Жасың үлкен ағасың,
Көріселік, кел бері.
Келмембет сонда сөйлейді:
—Ер екенсің, Алшыораз,
Бала жолбарыс пішімді,
Жүр екенсің селтеңдеп,
Қайратың қысып ішіңді,
Кездестірді Құдайым
Ізденіп шыққан кісімді.
Ерегіссең менімен,
Көрсетермін күшімді.
Ақылың болса, жарқыным,
Жіберме шарға ісімді.
Қадіріме жетер ең,
Танымайсың түсімді.
Сол сөзді айтып Келмембет:
«Көріссең кел,—деп,—шырағым»
Еңкейіп қолын ұсынды.
Жағадан ұстап Алшыораз
Талия тартып табанын,
Ат үстінен жұлып ап,
Аударып жерге түсірді.
Жаушыға келген батырдың
Зәресін жаман ұшырды.
Келмембеттің үстінде
Жігіті қылды ұрысты,
Тарта соқты таяғын,
Бере алмай көпке тұрысты.
Көтеріліп табаны
Атының мойнын бұрысты,
Шайындыны тасалап
Қалмақтар қашып жарысты.
батырлар жыры
Алшыораз атып мылтықты,
Сілтеді өткір қылышты.
Қараман дәудің ерлері
Төбе[ге] ойнап шығысты.
Қатын-бала соңына
Қарғадай түсіп шуылдап,
Біреуін қоймай қырысты.
Бәрі де қайтты үйіне
«Оңла,—деп,—Құдай, бұл істі»
Қайтып келіп қасына,
Келмембеттің Алшыораз
Құлағын отап құнтитты,
Өткір қара пышақпен
Мұрнын кесіп шұнтитты.
Қылшықтай мойнын қуартып,
Тоқпақтай басын сымпитты,
Қояндай көзін бадырайтып,
Бүйректей бетін бұлтитты.
Төскейден қашқан борсықтың
Ініндей қылып үңірейтіп,
Танауын екі таңқитты.
Алшыораз сонда сөйледі:
—Жүр едің мас боп, Келмембет,
Құдайдың берген бағына.
Басыңнан құлақ садаға,
Боласың адам тағы да,
Ішпесе тамақ өлер деп,
Қылмадым зиян жағыңа.
Кесілген жерің жайласар,
Шүкір ет қалған жаныңа.
Біз таласып бармаймыз
Қыз, келіншек, бойжеткен,
Некелеп алған жарыңа.
Қазақ пен қалмақ қатысып
Құда болған бар ма екен
Бұрынғыдан соңғыға.
ҚАМБАР БАТЫР
Дұғай сәлем дегейсің
Қараман дәудей ханыңа.
Келмембет сонда сөйледі:
—Қол-аяғым болмаса,
Қоймадың аман жерімді,
Соғымға сойған өгіздей
Алғаның жақсы терімді.
Әбден жүзіқарамын,
Қандай қып елге барамын,
Кеуілжірім кесіліп,
Маңдайдан миым көрінді.
Тұмсығымнан айрылып,
Есіл мұрным бүлінді.
Далаға шықсам жылаймын,
Құдайдан сұрап өлімді,
Жолымен келген қайтсын деп,
Оймадың екі көзімді.
Құлағым құрсын, ырзамын,
Жіберсең тірі өзімді.
Қараман дәуге тапсырған,
Қалдырмай бірін, шырағым,
Аман барсам ит-құстан,
Жеткізермін сөзіңді.
Келмембет Алшыоразға көп сөз айтып,
«Көргенше, аман бол» деп кетті қайтып.
Алдына патшасының барды жетіп,
Шомылып тұла бойы қанға батып.
Қараман мұны көріп қайран қалды,
Шошынып ет жүрегі есін танды.
Әлінен Келмембеттің сөз сұра деп,
Отырған бір уәзірге ақыл салды.
«Түбіңе, қап, ноғайлы, жетермін»,—деп
Падиша ашуланып қапа болды.
Жолбарыстай ыңранып
Қараман қылды қаһарын,
батырлар жыры
Айдаһардай ысқырып
Бетіне жайды заһарын,
Бір жасауыл жіберіп
Жинады тегіс шаһарын.
Бес мың алды адамнан
Ноғайлыға бармаққа,
Жігіттің өңшең қатарын.
Даяр болды жүрмекке
Құдайдан сұрап сапарын.
Қараман шықты қаладан
Кернейлері бақылдап,
Байрақтай тулар парылдап,
Алтыннан қалқан дарылдап,
Сыбызғы сырнай шақылдап,
Мінгендері дал бедеу,
Келеді бектер лапылдап,
Аударысып ойнайды
Буыршындай тақымдап.
Шаншысады машық қып
Ақ найзасы сатырлап,
Көрінеді алыстан
Жұлдыздай ұшы жалтылдап.
Бір күн өтіп арадан,
Әзімбайдың аулының
Үстіне келді жақындап.
Бие бауы шалғынға
Қондырды патша қосынды,
Ләшкерді көріп сыртынан
Әзімбай жаман шошынды.
Шақырып алып алдына
Алшыоразға кейіді:
—Айтып едім, жүгермек,
Қылдың,—деп,—бекер осыңды,
Қарындасың екеуің
Қамбарды ер деп мақтаушы ең,
Табасың қайдан десіңді?
«Ақырын, Құдай, оңда!»,—деп,
ҚАМБАР БАТЫР
Бұл сөзді айтып Әзімбай
Көзінің жасы жосылды.
Қараман дәудің бектері
Алдына қоршап жиылды.
Өздерімен олар да
Құдайына таза сиынды.
«Патшаға қызын бермесе,
Қылайық,—деп кеңесті,—
Әзімбайға қиынды».
Бел байлады бәрі де
Алшыоразбен жауласып
Өткізбекке бейілді.
Қараман айтты бұл сөзді:
—Ноғайлының қайраты
Маған салсаң тиеді.
Қырық жігітке бас болып
Алшыоразға жолық,—деп,
Келмембет ерді бұйырды.
Патшадан пәрмен болған соң,
Келмембет мінді атына.
Бітеу сойып аққудың
Терісін киді басына,
Жөнеліп кетіп барады,
Қырық жігіт ертіп қасына.
Әзімбайдың аулына
Жетіп барды сол уақытта,
Мойнын бұрмай артына.
Келмембет сонда сөйледі:
—Үйіңде болсаң, Әзімбай,
Жауап бер бізге жолығып,
Қараман қонды қасыңа,
Олжаға қалдың молығып,
Күні-түні тыныш жоқ,
Шаршадым әбден зорығып,
Ортада өзім жүрмесем,
Қазақ пен қалмақ ұрысып
батырлар жыры
Қырылар дедім обығып.
Ашуы жаман Алшыораз
Ыштанымды шешсе деп,
Тұрмығымды кессе деп,
Айта алмай тұрмын қорынып.
Ерегіссең менімен,
Талаң қылып шалыңды,
Шауып алып малыңды,
Асықпасаң қайтармын
Қатыныңды шоры ғып.
Сол уақытта Әзімбай
Түрегелді орнынан,
Көкірегі күрілдеп,
Көзінің алды іріңдеп,
Қайрат берді өзіне,
«Көтере көр, пірім»,—деп,
Үш сүрініп жығылды,
Әр буыны дірілдеп.
Екі қолын қусырып
Есіктен шықты далаға.
Әзімбай айтты:—Келмембет,
Қайттың ба барып қалаға?
Іздегенің мал болса,
Патшадан барым садаға.
Қолыңнан келсе, жәрдем ет
Қартайған мендей ағаңа.
Жақсының кегі, Келмембет,
Жібек орамал кепкенше,
Жаманның кегі һәр жерде
Басы жерге жеткенше»,
Тимесін қолың жағама.
Оңаша үйге түсе тұр,
Шөлдесең, сусын іше тұр,
Саған жауап берейін,
Ойласып қатын-балаға.
Атын ұстап түсіріп
Сыйлады күтіп қалмақты,
ҚАМБАР БАТЫР
Ерегісіп болмайды
Әскер жатыр салмақты,
Ағайынын шақырып
Жинады тегіс жан-жақты.
Алшыораз да айбатты,
Ер еді асқан ардақты,
Келмембеттің алдына
Қызмет қылып бармапты.
«Бұйырған алар біреуі,
Қараға да, ханға да
Беріңдер,—деп,—Назымды»
Әзімбай жылап зарлапты.
Ағайыны жиылып
Алшыоразбен кеңесті:
—Берейік,—деді,—Назымды,
Патшаға қылмай егесті,
Қалмақпенен өшіксең
Ат құлағы теңесті,
Келмембеттей батырдың
Құлағын кесіп құнтитып,
Іс қылып едің өрескі.
Тоғыз бие тарту қып
Алдына алып барайық,
Қамбар тірі тұрғанда
Һешкім бізді жемес-ті.
Жай айтпасақ жалынып,
Сүйегі асыл ақ полат
Өздігінен келмес-ті.
Әзімбай сонда сөйледі:
—Жаңа таптың ақылды,
Ырзамын саған, халайық,
Қол қусырып, қой сойып
Қалмақты күтіп алайық.
Келмембеттің өзіне
Ықтиярды салайық,
Ерегесіп ханменен
Ұялып жұрттан қалмайық.
10–167
батырлар жыры
Құтыламыз қандай ғып
Бұған бір айла қылайық.
Не десе де мақұл деп,
Ауызына қарайық,
Басыңды бұзба, ағайын,
Алдына тегіс барайық.
Қызмет шегіп жүгірді
Келмембет ердің жолында,
Неше түрлі дастарқан
Бозбаланың қолында.
Зияпатын асырып
Әзімбай тұрды оңында,
Айдаған қойдай топтанып
Шұбырған адам соңында.
Екі жорға даярлап,
Келмембеттің үстіне
Жағасы алтын шекеге
Кигізді қымқап тонын да.
Келмембет айтты:—Әзімбай,
Арызымды жақсы тыңладың,
Бұл сапарда бұрынғы
Әдетіңді қылмадың,
Қадіріме бек жетіп
Қасиеттеп сыйладың.
Ауылдың үстін шаңдатып
Адамды мұнша жинадың,
Тағы да Құдай ұрды деп,
Қалмады қорқып иманым.
Қанша кінәм асса да,
Өлімге мені қимадың,
Көрінеді көзіме
Оттан да ыстық дидарың.
Ақылыңа тәнтімін,
Назымды беріп патшаға,
Артықша болды тынғаның.
ҚАМБАР БАТЫР
Әзімбай айтты:—Келмембет,
Ағайыным жиылып
Ақылымды талады,
Алшыоразды айнытып
Һәр түрлі жолға салады.
Қартайсам да қайратпен
Көндірдім қатын-баланы,
Қатарым деп өзімнің
Назымжан ханды қалады.
Қызға жаушы көп екен,
Тағдырда жазған алады.
Қараман—күйеу, біз—ата,
Қайтпасын ердің талабы.
Жұрт егесі патшаның
Болмасын құр қадамы.
Сан жылқыны аралап
Семізін таңдап сояйын,
Сабаға қымыз ашытып,
Даярлап бәрін қояйын,
Тілесе нені тамағы.
Қырық күн ұдай тойым бар,
Һәр түрлі қызық ойын бар,
Тамашаға жиылсын
Алты алаштың адамы.
Қош айтысып баршаға
Келмембет қайтты қуанып,
Өткен күнді ұмытып
Жылаған көңлі жұбанып.
«Сәлемде,—деп,—патшаға»
Әзімбай қалды шығарып,
Қырық жігіт жосып жөнеді
Ілгері-кейін шұбалып.
Алдына барып Келмембет
Шатырдың түсті түбіне,
Оттай беті қызарып,
Сәлем берді патшаға
Төмен қарап мұңайып.
Қараман айтты:—Келмембет,
батырлар жыры
Қыз Назымнан не хабар,
Қайттың ба,—деді,—тіл алып?
Келмембет айтты:—Падишам,
Ноғайлының қызбадым
Тай тұяқ, жамбы, пұлына.
Ызғарыма шыдамай,
Жиылып шықты ырқыма,
Бәрі де қорқып жүр екен
Көңліме салған дығына.
Зияндасты көшіріп
Тастаған жолға бастай боп,
Түссем әбден сыныма,
Көп кейіді Әзімбай
Алшыораз деген ұлына.
Сізге берді-ай Назымды
Құлағымның құнына,
Жылқы иесі Қараман,
Ырза бол мендей құлыңа.
Сүйтіп сізден сұраймын
Мархамат етсең мұныма.
Қараман сонда сөйледі-ай:
—Сүйінші десең, Келмембет,
Көңіліңді сенің табайын,
Өлгеніңше өзіңді
Тәрбиалап бағайын.
Аяғыңа жығылып
Дұшманың болсын ағайын,
Ерегіскен кісіңнің
Жүрегін майдай шағайын;
Етін итке жегізіп,
Сүйегін өртеп жағайын;
Бетіңе біреу қараса,
Күрзімен ұрып сабайын;
Төтесінен сіңіріп,
Қазықтай жерге қағайын.
Құдай берсе, Назымды
Қалаға алып барайын,
ҚАМБАР БАТЫР
Қондырайын оңаша
Алтыннан салып сарайын.
Сүйіншіге, Келмембет,
Һәр уақыт халіңе
Хабардар болып қарайын.
Дүние таппай қысылсаң,
Қазынамды сарып қып,
Күніңе қиын жарайын.
Қараман қайраттанды көңілі тасып,
Хош болып уақыты хадден асып.
Әскерге топ аттырып, керней қойды,
Алам деп Назым қызды, болса нәсіп.
«Құдай-а, не шараны көрсеттің»,—деп,
Әзімбай қапаланды қайғы басып.
Аздықтың қасіреті осы екен деп,
Айрылып ақылынан қалды сасып.
Қалмақтың зорлығына шыдай алмай,
Сүйегі жабырқанды жаман жасып.
Жіберді тарту қылып тоғыз адам,
Қамбарға қайтыңдар деп амандасып.
«Санаулы қырық күн ұдай тойым бар»,—деп
Білдірді және халыққа хабар шашып.
Әзімбай айтты жақсылап
Ер Қамбарға сәлемді:
«Түбіміз бірге туыс-ты,
Ағайын кісі үсте ме,
Қалайша бізбен суысты?
Керейұлы Келмембет
Бәленің жолын қуысты.
Көптігіне сүйеніп
Қалмақ та белін буысты.
Бүркіттей жазып шеңгелін
Салмаққа даяр ұрысты.
Қайратымыз аспайды,
Қылайық десек ұрысты.
Сүйегін сұлтан қорлай ма,
Ойласын батыр бұл істі.
батырлар жыры
Жауың жаман сенің-ай,
Тастасын басқа жұмысты».
Тоқсан үйлі Тобыр мен
Алпыс үйлі Аруны
Ашыққанда жесін деп,
Қоржынға салып жіберді
Ат басындай алтын мен
Қой басындай күмісті.
Ордасының сыртында
Отыр еді ер Қамбар,
Салдырып төсек паластан.
Қарсыласқан дұшпанға
Қайраты асқан алаштан.
Қараман ханды білмейді
Қыз Назымға таласқан.
Арыстанның көзі көреді—
Бір топ адам келеді
Төңірекке қарасқан,
Жан-жағына алаңдап
Кісіге ұсап адасқан.
Аттары болып қара тер,
Ұшырады Қамбарға
Жақындағанда намазшам.
Қамбар айтты:—Жақсылар,
Ашылсын жүрген жолыңыз,
Асығып қайда барасыз,
Ауылға мейман болыңыз.
Құс етін жеңіз қақтаған,
Қазымыз жоқ сақтаған,
Бәріңіз аттан түсіңіз,
«Жарлылығын жасырған
Байымас» деген бұрынғы,
Аспандағы бұлтқа
Жетпейді созсақ қолымыз.
Жоқшылықтың жөнінен,
Құралайдың терісі
Ақ шолақ киген тонымыз.
ҚАМБАР БАТЫР
«Бар мақтанса табылар»,
Дүние боқтың қорымыз.
Өлімге өзін айдаған,
Еңбекке белін байлаған
Қас кедейдің зорымыз.
Соятұғын қойым жоқ,
Айыпқа мені бұйырма,
Ағалар, қиын сонымыз.
Жәдігер айтты Қамбарға:
—Алатаудай айбатың,
Ер екенсің айтулы,
Атаңа ұсап айнымай
Қуыпсың жастан салтыңды,
Арызымды сізге білдіріп,
Ойланып тұрмын қайтуды.
Қарқын су келіп қаптады
Ондағы жатқан халқыңды.
«Кінәміз болса өтсін»,—деп,
Әзімбай беріп жіберді
Қой басындай күміс пен
Ат басындай алтынды.
«Баламыз еді көрмеген,
Алыңдар,—деп,—көлденең»
Жылқыдан және айдатты
Тоғыз бие тартуды.
Жәдігер тағы сөйледі:
—Ойда жоқ жерде от шығып,
Қонысымыз тарылды,
Қызуына шыдамай
Жүрегіміз жарылды.
Өртеп кетіп барады
Өзеннің бойы қалыңды,
Шарпуы жұртқа тиеді,
Өшірмесең жалынды.
Хан сүйекті Қамбаржан,
Айтамын сізге зарымды,
Дұшпанға көрсет бір қайрат,
батырлар жыры
Білдіріп елде барыңды.
Өкініші көп болып,
Өткен іс келмес орнына,
Ертерек білдір арыңды.
Жердің жүзі[н] сел алды,
Бөгетті қайдан саласың,
Ағысы жаман теңіздің,
Тоқтатып қайтіп аласың?
Қайратты туған ер едің,
Бұған бір айла табасың.
Өз теңіңнің ішінде
Ақылың асқан данасың.
Жұбатасың жыласа
Ноғайлының баласын,
Атыңа, батыр, ерте мін,
Арманда болып қаласың.
Жауап берсең, қайтамын,
Ағайынды жинап алып,
Назым қыздың әкесі
Әзімбайға айтамын,
Қай шамада барасың?
Қамбар айтты:—Жәдігер,
Қылмаңыз көп уайым,
Әуелі Алла, екінші
Жұрт үшін белді буайын,
Өртіңді жанған өшіріп,
Асырып қырдан қуайын.
Халқыңыз қапа болмасын,
Есен барса жолбарысың,
Сындырамын дұшпанды,
Медет берсе Құдайым.
Әзімбайдың ақымақ
Алты итіне өкпелеп,
Жаманның ісін қылмайын,
Епсіз қылған ұрлыққа
Тірі боп қайтіп шыдайын.
Ибалы жасы, иманды
ҚАМБАР БАТЫР
Ақ сақалды кәрия,
Ағаларға сәлем де!
Қара қасқа тұлпарға
Жұлдыздың мініп оңынан,
Сәтті күні шығайын.
Жәдігер айтты Қамбарға:
—Қайсар туған неме екен,
Қараман патша қасарды,
Шатырын тігіп шаңдатып,
Қорқытты біздей нашарды.
Кетпекке айла таппадық,
Ойланып едік қашарды.
Аралас қонып ауылға
Жақындап жаулар жасанды,
Сырымызды білдірсек,
Ноғайлыны шаппаққа
Қалмақтар ішті қасамды.
Жайқалып өсіп жасынан
Әзімбайдың бір қызы
Назым сұлу атанды,
Арам қылып кетпесін,
Зәңгінің қолы жетпесін,
Аяққа алтын құюлы
Күшік ит ішіп әселді.
Қамбар айтты:—Жәдігер,
Аз болып туған атадан,
Жолынан жүрген адасқан,
«Көлеңке жерге түспейді
Жапырақсыз ағаштан».
Кедей де болсам, көп еді
Қасыма қоңсы жанасқан.
Бармаққа қылдым уағда
Атыма назар салмастан.
Құбылагөй ата-анамды
Кім бағады өзімдей?
Түзге шықсам үйім жоқ,
Бендеге қиын жалғыздық
батырлар жыры
Бір Құдайға жарасқан.
Ел ішінде кем болдым
Жал менен құйрық, қанаттан.
Бұрынғының нақылы—
«Нұр жауар,—деген,—талаптан»
Уағдаға опа қып,
Бесінші күн жетемін
Тірі қып қойса Жаратқан!
Хош айтып, жауап берді Қамбар мырза,
Жәдігер қайтып кетті болып ырза.
Қалмақтың әскерінен жасырынып,
Жол жүріп түніменен келді мұнда.
Аузында Жәдігердің—көптің көзі,
Баршаға жауап берді жалғыз өзі.
Халайық құлақ салып құп тыңдады
Қамбардың қандай түрлі бар деп сөзі.
Жәдігер:—Бардым,—деді,—Қамбар бекке,—
Сәлемді түсіндіріп айтты көпке,—
Қабыршақ, Қарымсақ пен Қораз, Дараз
Жүр екен төртеуіне қылып өкпе.
«Жолыңда хан баласы көпір болса,
Үстінен кем тұтынып басып өтпе».
Алшыораз ағайынмен ақылдасып,
Сөйлесті ғой барлығы шығып шетке.
Үй тікті, отын жиып, бастандырып,
Соймаққа талап етті малды қырып.
Өзінің шатырында бектерімен
Мәжіліс отыр еді патша құрып.
—Ей, шаһым, сізге айтатын арызым бар,—деп,
Келмембет сөз сөйледі құлдық ұрып,–
Ноғайдың Қамбар деген батыры бар,
Мереке алдыңызда болмай тұрып.
—Қамбарды жүрген болсаң бұрын танып,
Хабар бер, атқа мініп өзің барып.
ҚАМБАР БАТЫР
Көрейін қандай түрлі батыр екен,
Алдыма кешіктірмей келгін алып.
Тоқтатса қарсылық қылып әмірімді,
Жабырқан жалаң аяқ жолға салып.
Келмембет ырғып мініп жорғасына,
Жөнелді Ноғайлының жолбарысына.
Қаңбақтай жел аударған дөңгеленіп,
Қамбардың барды жетіп ордасына.
Ер Қамбар Келмембетті көрді қарап,
Тұр еді қара атының жалын тарап.
Құрысты тұла бойы қайраттанып,
Мысалы мас болғандай ішіп арақ.
Адам деп мұның өзі қандай түрлі,
Азырақ сөйлесуге қылды талап.
Келмембет айтты дауыстап:
—Амансың ба, Қамбаржан,
Алып кел деп алдыма
Жіберіп еді Қараман,
Әзімбайдың үстінде
Мейман болып жатырмыз,
Көп күндер өтті арадан.
Нәсіп айдап бұл жаққа
Шығып едік қаладан,
Патшаның мейірі қанбады
Сөйлесіп қатын-баладан.
«Әңгімеге айланбай
Ат үстінен айт тағы,
Қайт,—деп еді,—даладан».
Бұл сөзді естіп Қамбардың
Қайраты судай тасады,
Жолбарыстай ыңранып,
Шыбықтай белі бұралып,
Қаһармен жерді басады.
Бөрі өңгерген ылақтай
Келмембет қорқып сасады.
батырлар жыры
«Шапшаң жүр,—деп,—шырағым»
Кейін қарап қашады,
Тағы да ұстап алар деп,
Дөңгелетіп жорғасын,
Бауырлап қамшы басады.
Қараманның алдына
Қайтып барып Келмембет
«Келдім,—деп,—[барып] Қамбарға,
Келеді,—деп,—кешікпей»,
Өтірік сөзді басады.
Шабыты қатты бүркіттей
Шаңқылдап даусын шығарып,
Патша сонда сөйлейді:
—Өзіңменен қосылып
Қамбар неге келмеді?
Қарсыласып менімен
Ноғайлы да ел ме еді?!
Алдыңа салып айдамай,
Екі қолын байламай,
Кеткенің тастап жөн бе еді?!
Бұйрығыма бұл күнде
Қай мұсылман көнбейді?!
Жалғыз атты кедейдің
Жарасар ма екен жеңгені?!
Барған ісін бітірмей,
Келгенше қайтып қатындай,
Жігіттің жақсы өлгені.
Қатты ұялып қысылып,
Көп жауапқа тұтылып
Келмембет батыр терледі.
Келмембет айтты:—А, патшам,
Көп қылып едім зорлықты
Жетім менен жесірге,
Қайратым жетіп түбіме,
Алшыораздың қорлығы,
Ұшырадым кесірге,
Теңдесуге кісімен
ҚАМБАР БАТЫР
Тұрады шықпай есімде.
Жайын айтып жалынып,
Қалмаған екем бітімде.
Ар жағы үш күн, бер жағы
Уағда қылып менімен,
Келеді Қамбар бесінде.
Келмембет кетіп Қамбардың
Қайғыға іші толады,
Жалғыздық түсіп ойына
Өңі гүлдей солады.
Бадана көз берік сауыт
Баса үстіне киеді,
Жау-жарағын асынып
Жүрмекке даяр болады,
Құрама болат дулыға
Шекесіне қояды.
Ордасында отырып,
Шарапқа әбден тояды.
«Әумин» деп қол жайып,
Бір Құдайға тапсырып,
Жұртынан жауап сұрады.
Қош айтысып Қамбарға
Тоқсан үйлі Тобыр мен
Алпыс үйлі Аруны
Амандасып жылады.
«Арыстан, аман келгей»,—деп
Бәрі де дұға қылады.
Бастырып қатты қадамын
Қара қасқа тұлпарды
Қаһарланып ұрады,
Құстай ұшып ашумен
Тезде жетіп барады.
Әзімбайға қайрылмай,
Шатырына патшаның
Атының мойнын бұрады.
Үзеңгісін шіреніп,
батырлар жыры
Ақ найзасын сүйеніп,
Тұмсығын тығып тұлпардың
Есігінде тұрады.
Сол уақытта болғанда,
Керейұлы Келмембет
Жүрегі тұрмай орнында
Далаға іштен шығады,
Көзі түсіп Қамбарға,
Айтайын деп патшаға,
Шегініп кейін бұғады.
Тізгінін тартып қаңтарып
Қамбар бек түсті атынан,
Кіріп келді шатырға
Келмембеттің артынан.
«Жоғары шық» деп Қараман
Орын берді қасынан.
Ерегіскен дұшпаннан
Абырой алған жасынан,
Алмас тая белінде
Өңі суық батырдың,
Өзінің қорықты басынан.
Сырттағы тұрған кісіге
Сиясат қылып сөйледі,
Білдірмей сырын шошыған.
Патша айтты Қамбарға:
—Өлтірейін деп едім,
Кешіксең келмей осыдан.
Қамбар айтты:—Падишам,
Атпенен тасып ауылымды,
Қондырып едім көшіріп.
Пәлен жерден от қашып,
Сөндірдім оны өшіріп.
Кедейліктің жөнінен
Шыға алмаймын далаға,
Қанатым екі кесіліп.
Қара қасқа тұлпарда
ҚАМБАР БАТЫР
Күні-түні тыным жоқ,
Тебінгісі сартылдап
Терісі қалды тесіліп.
Орынсыз тасқа шабылып,
Қылыш қалды кетіліп,
Зорлықпен қатты қайрап ем.
Сұңқардың ілген қазына
Бір қара құс таласып,
Жатыр екен өшігіп.
Ажыратып екеуін,
Онан бері жүріп ем,
Құмай тазы қу алып
Алған екен бейнетпен,
Бір төбет ит айқасып
Қылыпты зорлық есіріп.
Ажыратып соларды,
Жолымнан қалдым кешігіп.
Шатыр тігіп шаңдатып,
Зорлығыңды аңдатып,
Ноғайлының сазында
Сіз де отырсыз шешініп,
Әзімбайды жүдетіп,
Сансыз қолды түнетіп,
Жерімнің шөбін қашырдың
Берекесін кетіріп.
Күйеумін деп Назымға,
Шығанақтап сен мамықты,
Айылыңды жимайсың
Аяғыңды көсіліп.
Сіз бенен біз жауласып,
Жаманның іс[ін] қылмайық,
Қалаңа қайт, Қараман,
Күнәмді менің кешіріп.
Қараман сонда сөйлейді:
—Жіберген ұрып жаушымды
Алшыораз жаман басыңды,
Елшіге бейнет бар ма еді?!
Орынсыз маған асылды,
батырлар жыры
Бектеріме күйініп
Қайғы жеп, жаным ашынды.
Әлін білмей ноғайлы
Келтірді қатты ашуды.
Аламын деп ант етіп,
Назымға тіктім қасымды,
Күйеуі қыздың патша деп
Дабысым жұртқа шашылды.
Айғыр аттай кісінеп
Ажырайып қарайсың,
Жалғызыңнан жабысқыр,
Ұрысуға қалайсың,
Құртайын ба басыңды!
Бұл сөзді есітіп ер Қамбар
Жүгіріп шықты далаға,
Тұлпардың мінді үстіне,
Сиынып Алла Тағалаға.
Қаһар қылды Қараман
Ұядан жалғыз балаға.
«Қойыңдар,—деп,—ұрысты»
Келмембет түсті араға.
Айқайлады дауыстап:
«Қалмақтар, шық,—деп,—жекеге»
Қамбар бек ұрды нағара.
Патша айтты:—Келмембет,
Ноғайлының Қамбары
Ұрысқа шығып сайланды.
Арманда болып қалмаңдар,
Іс қиынға айналды,
Қылыш шауып қан төгіп,
Қыздырыңдар майданды.
Қолыңа ал барыңды,
Ақ сапты болат найзаңды,
Өзім басын кесемін
Дұшпанға төтеп бере алмай,
Жүрегі қорқып тайғанды.
Осындайда ауызды
ҚАМБАР БАТЫР
Көрсетпесең асырып,
Батыр туған бектерім,
Көремін қашан пайдаңды?!
Үстіне тура мінейін,
Жасанған жауға тиейін,
Күлбадам атты даярла,
Түзетіп ұрып сайманды.
Қамбар айтты:—Қараман,
Мықты болсаң, жеке кел,
Зорлығыңа нетейін,
Қасыма таман жақында,
Қырғи ілген торғайдай
Мойныңды жұлып алайын.
Қан ағызып көзіңнен
Басыңа сауда салайын,
Қайтарайын еліне
Қалмақтардың талайын.
Қаратып теріс бетіңді
Ту сыртыңнан шабайын,
Олжа қылып атыңды
Еріңді отқа жағайын.
Қонаққа сойған қозыдай
Тамағыңнан бауыздап,
Көңіліңді сенің табайын.
Шыдай алмай бұл сөзге,
Қаһарға мініп Қараман
Жын ұрғандай жұлқынды.
«Әумин» деп қалмақтар,
Күрзісін алып қолына
Ұрайын деп ұмтылды.
Қамбар айтты патшаға:
—Сұр бүркіттей құйылып
Ширатасың мұртыңды.
Қайда дұшпан көрінсе,
Жүресің беріп сыртыңды.
Мықты болсаң, жеке кел,
11–167
батырлар жыры
Қор қылма ана қырқыңды.
Сен залымды өлтіріп,
Мен сұрайын жұртыңды.
Суырып алып алмасын,
Сол сөзді айтып ер Қамбар,
Ақ тұйғындай құнтиды.
Қыз Назымға таласып,
Екі батыр соғысты,
Бұлт шайнап, мұз бүркіп,
Үркер мен айдай тоғысты.
Әзімбайдың аулынан
Қалмақтар қылған қонысты.
Қараман дәу мен Қамбар бек
Қарсыласып қылыш шабысты.
Ақ найзасы айқасып
Нар бурадай алысты.
Шанышқанына шыдамай
Астындағы Күлбадам
Шөге жата қалысты.
Қалмақтың ханы Қараман
Сол жағынан құлады,
Артындағы әскері
Қолынан беріп намысты.
Арыстан туған Қамбар бек
Аш бөрідей жалақтап
Аралады қосынды.
Ақылынан айрылып
Қалмақтар жаман шошынды,
Ортасынан әскердің
Қызыл қан ағып жосылды.
Керейұлы Келмембет
Бір бәлеге тосылды.
Айқайын салып Алшыораз
Бүйрегінен қосылды.
Сол уақытта ер Қамбар
Аямады жеткенін,
ҚАМБАР БАТЫР
Найзаменен піседі.
«Әкежан» деп қалмақтар
Бенде боп қолға түседі.
Түртіп өтіп кеткені
Тақиядай ұшады,
Екпініне шыдамай
Атының жалын құшады.
Өшігіп қалған Ноғайлы
Қоймайтынға ұсады.
Қаласына жеткізбей,
Көбісін қырып қалмақтың,
Қайратты туған ер Қамбар
Шығарды іштен құсаны.
Қалмақты қырып-жойды қанын шашып,
Дұшпанды мығымсынған қойды басып.
Ауылына Әзімбайдың келді қайтып,
Мысалы дариядай көңілі тасып.
Дем алып ақ ордада отыр еді,
Үстіне Назым кірді амандасып.
Қамбарға Назым айтты:—Жаным құрбан,
Көзіме көрінбейді сіздей бір жан.
Шығар деп арыстаным ойлап едім
Майданның ортасында шулап ұрған.
Туғызып сіздей сұлтан ноғайлыдан,
Құдайдан айналайын батыр қылған.
Отырды сонда Қамбар бек шаттанып,
Ашықтық жүрегінде отыр жанып.
Назымның қудай шайқап жеңгелері,
Көтеріп бір дастарқан келді алып.
Неше жыл Назым жүрді жылай-жылай,
Қамбардың күйігінен кешіп ылай.
Адамы көңіліңдегі болып душар,
Жеткізді мұратына барша Құдай.
Бастағы халыққа айтқан уағдамен
Әзімбай тойын берді қырық күн ұдай.
батырлар жыры
Қамбарды Әзімбайдың көңілі сүйді,
Қатарлап қазынаның бәрін жиды.
Күмістен керегесі, уығы алтын
Оңаша сегіз қанат тікті үйді.
Кедейдің жалғыз атты заманы деп
Дұшпанның даладағы іші күйді.
Той тарқап кеткеннен соң тартыс болып,
Отырып Мұқыш молда неке қиды.
Назымды жеңгелері отауға сап,
Қолына ер Қамбардың малы тиді.
Сұлудың қылығы бар неше түрлі,
Қолына лағыл, жақұт, тақты дүрді.
Барша жан порымына қайран қалды,
Қойдай қып қасқыр қуған бөріктіріп
Дұшпанды ажыраттың қамап тұрған…
Көргендей жәннаттағы мысал хорды,
Көтеріп гауһар тастан пәтнүсті,
Алдында қыз-келіншек шұбап жүрді.
Астында неше қабат палас-төсек,
Асырып өз теңінен дәурен сүрді.
Тағдырда жазған екен Хақ Тағала,
Қосылып екі асылзат ойнап-күлді.
Қызына берді жасауға
Төрт түліктен көп малды,
Әзімбайдың бұл қызы
Ноғайлының болды алды.
Қырық қашырға қазына артып,
Жүз елу берді-ау ақ жамбы.
Көзінен Әзімбайдың жасы ағып,
Жылайды қасіретін жұртқа шашып.
«Алты ұлымның кенжесі бір қызым,—деп,
Өсірген тәрбиятпен қандай бағып.
Қалды ауыл қараңғы боп ай батқандай,
Зарығып күйінбес[сің] бұған нағып?!»
Жайқалып қызғалдақтай шықты көші
Алтыннан неше түрлі қоңырау тағып.
ҚАМБАР БАТЫР
Түрлентіп жердің жүзін-ау шұғадай,
Назымды Қамбар мырза қасына алып.
Жақсы адам қайда жүрсе қор болмайды,
Шексе де жол бейнетін ашып-арып.
Қуантып ағайын мен ата-анасын,
Үйіне аман-есен түсті барып.
«Һәрқашан панаһыңда сақтай көр»,—деп,
Аллаға шүкір айтты міскін-ғаріп.
Ерлікпен жеңді Қамбар оңды-солды,
Дүниеге кедейлердің көңілі толды.
Зәредей жүрегінде қайғысы жоқ,
Тілегі баршасының қабыл болды.
Осындай Назым менен өтті Қамбар,
Білімі, ақылы көп, бұл сөзді аңғар.
Әуелі айтқан, екінші тыңдағандар,
Жетіссін мұрадына барша жандар.
Дүниеге келіп-кетті не асылзат,
Жаманнан дат, жақсыдан қалады ат.
Бір дұға оқыңыздар әруағына,
Қамбардың болып жатсын көңілі шат.
Аяғы бұл дастанның болды тамам,
Келмейді көп айтуға менің шамам.
Құдай-а, жақсыларға хұзыр болғай,
Осынша бейнетпенен болды тамам.
Тамам
Бұрынғы ноғайлының заманында, ноғайлының ішінде
алпыс ауыл арғын бар екен. Сол арғынға ноғайлар елі азар-
ахирет беріп, малынан құрық кетпей, басынан сырық кетпейді
екен. Бір күні ноғайлының ақсақалдары ойласады:—Ноғайдан
қорлық көре бергенше, алшынның Аққұмына көшіп кетейік,—
дейді. Енді арғындар алшынның Аққұмына барады, барса жері
жай екен, мал жинап бай болып отыра берді.
Және бір күні ноғайлылар ойласады:—Алпыс ауыл арғын
қаяққа көшіп кетті екен,—дейді. Ноғайлының ішінде Қанбек
төре деген бар еді, ол:—Мен арғынның кеткен жерін білемін,—
дейді.—Алшынның Аққұмына барып, мал жинап, бай болып
отыр,—дейді. Сонсоң Қанбек төре барып бес жүз кісіменен
шауып алып, керегесін отқа жағып кетеді.
Арғынның ішінде Көшірбай деген ақсақал бар еді, соның
Қамбар деген баласы бар еді. Сол қара қасқа тұлпарымен
қашып құтылып кетеді. Қамбар қайтып келсе малдан айрылып,
керегесін отқа жағып отырған елді көрді. Сонда Қамбардың
ағайындарына айтқаны:
—Тарықпаңдар, ағайын,
Қорықпаңдар, ағайын,
Сыртыңнан қори бағайын.
Оң қанатым, оң қолым—
Арғын еді жұбайым.
Кешегі малдың дәуірінде
Талтаңдатты Құдайым.
Сонда ағайын айтты:—Сенің әкең Көшірбай алпыс ауыл
арғынға аға болып еді, саған билікті береміз,—деді. Сонда
Қисса қара қасқа атты
Қамбар
(Қалқай нұсқасы)
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР Қамбардың қара қасқа тұлпар деген аты бар еді, және бір қара тазысы бар, бір ақ тұйғын құсы бар еді. Киік, құланның етімен асырап отыра берді. Бір күні Әлімбай деген ноғайдың байы бар еді. Әлімбайдың Алшыораз, Аққошқар деген екі баласы бар еді, екеуі де ер еді және бір Назым деген қызы бар еді, өзі сұлу еді. Әлімбайдың дәулетінен қорыққанынан, екі баласының қайратынан қорыққанынан ешкім айттырып ала алмай жүр еді. Әлімбай бір күні алпыс бие сойып, той қылып жұртқа хабар берді: —Мына қызым қалағанына тиеді. Халық жиналып келсін,— дейді. Сонда халық жиналып келейін деп жатыр. Той бар десе қуанған, Беліне шылбыр байланған, Ұстасқан жігітті жығам деп Кілең палуан аттанды. Дәулет кетіп, мал тайған, Алпысқа келіп қартайған Өңкей шалдар аттанды Қыз Назымды алмаққа, Аяғына салмаққа, Өзінен келер дәрмен жоқ, Ауылдағы малшының, Діңкілдеген жалшының Сауабына қалмаққа. Қыз беремін деген соң Шалдың көңілі сүйінді. Ескі жаман шірік тон Жыртаңдасып киінді. «Иә, тәуекел, иә, Алла»,—деп Шалдар заулап жөнелді. Өңкей соқыр кеңесті, Кеңескенде не десті: «Көзім еді жұбайым, Көретұғын көзді алып, Кәріп қылды Құдайым. Аяғым сау, қолым сау,
батырлар жыры
Қыз Назымның тойына
Бармай нағып тұрайын.
Оңды адамнан басшы алып,
Бір-бір кісі қосшы алып,
Бір тәуекел қылайын.
Жылап-еңіреп жүргенде
Қияр ма екен Құдайым
Қыз Назымның шырайын».
Өңкей соқыр аттанды.
Өңкей таздар кеңесті,
Жаяу жүрген кедей таз
Көлікті тазға мінгесті.
«Қотыр қылды басымды-ай,
Назым жатқай қасымда-ай,
Құдай айдап әкеліп,
Назым маған тап келіп,
Қасытып қайтсам басымды-ай».
Бай баласы мінеді
Жылқыдан ұстап бестіні,
Делебесі қозған соң
Өңкей кедей аттанды.
Атқа сатты сауындық
Қорада үш-төрт ешкіні.
Өзінен киер киім жоқ,
Сұрап алып киеді
Әр ауылдан ескіні,
Өңкей кедей аттанды.
Өңкей пұшық кеңесті:
«Алақандай ақ беттен
Ойып жеді құба құрт,
Ажарым кетті бетімнен,
Айналайын, қыз Назым,
Жұрт жинаған ниетіңнен.
Жасырып мұрным жүрейін
Тамам жұрттың көтінен».
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Өңкей батыр аттанды
Лашын құстай шүйліккен,
Қабағын тастай түйінген,
Жеңсіз сауыт киінген,
Қара бөркі қалқиған,
Мен батыр деп далиған,
Еңбек етіп мал жиған,
Құрттың жалғыз малтасын
Қосшысына жегізген,
Түзде күнін өткізген,
Жеті күнде бір татқан,
Белсеніп жауға оқ атқан,
Төбе құйқасы жырылған,
Төбеден аққан қара қан
Қойынына құйылған.
Ереуіл атқа ер салған,
Иірлі найза қолға алған,
Үйрек бас ерді жастанған,
Қу толағай бастанған.
«Назым бізге тиер»,— деп,
«Бізді Назым сүйер»,— деп,
«Қараса бізге қарар»,— деп,
«Біз тұрғанда кедейлер
Қаямды қызды алар»,— деп,
Өңкей батыр аттанды.
Ақ пышағы белінде,
Әрқайсысы би болған
Өзінің байтақ елінде,
«Бізге Назым тиер»,—деп,
«Бізге тисе қыз Назым,
Ол да мақпал киер»,—деп,
«Көп дәулетті жияр»,—деп,
«Атым қызға жарар»,—деп,
«Тоным қызға жарар»,—деп,
«Өмір берсе Құдайым,
Бізге жұпты қылар»,—деп,
Өңкей билер аттанды.
батырлар жыры
Ер тоқымы сары алтын,
Киімінің бәрі алтын,
Кекілі құйған қара алтын,
Хан баласы ханзада,
Бай баласы байзада,
Өңкей мырза аттанды.
Желмаяға қос артқан,
Балға, төсін бос артқан,
Қара темір қақтаған,
Әзіреті Дәуіттің
Көне әруағын сақтаған,
Өңкей ұста аттанды.
Ұсталар алар қолына
Қышқаш пенен балғаны,
Сөзімнің жоқ-ты жалғаны.
Әлімбай жұрттың бәрін жинап алса да, алпыс ауыл арғынға
хабар айтпаған екен. Енді көп халық жиналып келе жатыр.
Ел хабарсыз қалғаны,
Ер хабарсыз қалғаны—
Кедейлік иттің салдары.
Қол келді де қонады,
Келген қолды санаса,
Он екі мың болады.
Қол келді де жанасты,
«Түнде қызды көрем»,— деп
Өңкей таздар адасты.
«Мен өтемін бұрын»,—деп,
«Мен өтемін бұрын»,—деп
Шал мен соқыр таласты.
Әлқисса, сонда Әлімбай келіп қызына сөйлеп тұр:
—Екеу емес, үш емес,
Қыздан тудың жалғыз тақ.
Жалғыз қыздан тай жемей,
Бір қайнатым шәй жемей,
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Еркіне салдым мен бейбақ.
Он екі мың кісіде
Не жайсаң бар, қабылан бар,
Боққа аспайтын жаман бар,
Бір оңдысын қамдап бақ.
Жақсыменен жанаспай,
Жарамаспен адассаң,
Менен көрме, қыз бейбақ.
Қыз дегенге құмар-ды,
Көз тиер деп Әлімбай
Таққан екен Назымға
Сексен екі тұмарды.
Қол маржан тұр ма басында,
Назым он бес жасында,
Екі жеңгесі қасында,
Тау басына шығарды,
Он екі мың кісіге
Өткізбекке Назымды
Әлімбай болды құмар-ды.
Әлқисса, сонда Әлімбай айтты жиылған адамдарға:—
Алдымен соқыр өтсін,— деді.
«Иә, тәуекел, иә Алла»,—деп
Өңкей соқыр жөнелді.
О жерді бір түртеді,
Бұл жерді бір түртеді,
Бұйда жібін іркеді.
«Мойынымды бұрайын,
Шырағым, сенен сұрайын,
Қыз қарайтын күн болса,
Ұзай бермей тұрайын».
Жетектеген басшысы
Соқырға қарап кейіді.
—А, соқыр боқ, соқыр боқ,
Соқыр, сенің ісің жоқ,
Етіңді шағар шаян жоқ,
батырлар жыры
Назым түгіл, қа...м жоқ,—
Сүйреп ала жөнелді.
Соқыр өтіп кеткен соң,
Шалға кезек келеді:
«Алпысқа келген хабар ма,
Бұлаңдаған Назымға
Бұл жүргенім жағар ма?!»
Мойындары қылқиып,
Жауырындары томпиып,
Қабақтары тыртиып,
Екі көзі Назымда,
Қарай берді жыртиып.
Шалдар да өтті топ-топ,
Шалдар өтіп кеткен соң,
Батыр да келді топ-топ.
Қарағай найза өңгеріп,
Азды көпке тең көріп,
Бедеу атқа жем беріп,
Батыр да өтті топ-топ.
Тұрып қалды қызыл шоқ,
Батырмен қыздың көңілі жоқ,
Батыр да өтті топ-топ.
Батыр өтіп кеткен соң,
Билерге кезек келеді,
Жорғаға билер мінеді,
Қаймадан садақ іледі,
Билер де өтті топ-топ.
Тұрып қалды қызыл шоқ,
Бименен қыздың кеулі жоқ,
Палуан да өтті топ-топ,
Кедей де өтті топ-топ,
Ұста да өтті топ-топ.
Қойыртық ойып саз қалды,
Жұрттың өзі аз қалды,
Енді өтпеген таз қалды,
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Бізге кезек келді деп,
Таздың алды қозғалды.
Жұқа таздар қалтаңдап,
Киме таздар талтаңдап,
Екі көзі Назымда,
Қарайды қызға жалтаңдап.
Бүкең-бүкең желеді,
«Түс көріп ем кеше,—деп,—
Уәли» сеніп келеді,
Бірін-бірі жібермей,
Қатар түзеп келеді.
Таздың алды тоқтады,
Бір төбеге топталды.
Қыз тимесін білген соң,
Жабыла келіп боқтады.
Былықсыған Назымға
Кейбір-кейбір әңгі таз
Кесек алып оқталды.
«Атасын жеңген қар Назым,
Енесін жеңген қар Назым,
Қалғаның ба дауласып,
Халықпенен жауласып.
Ойнап қалсаң болмай ма
Жаурыныңды шаң басып?!
Кетерімде кетейін
Сен қаншыққа құм шашып»,
Таздар заулап жөнелді.
Әлқисса, сонда Әлімбайға хабар барды:—Он екі мың кісіден
Назымға бір адам жарамады, қызың байға тимей қалды,—деді.
Сонда Әлімбай кейіді:—Онда қызымның бағы байланғаны,
үйге алып кел,—деді. Сүйтіп, қызға екі адам жіберді. Келген
екі адамға қыз сөйлеп тұр:
—Шығарды әкем төбеге,
Ер таңда деп төбеге,
Менің кеулім шаппады
Періштесіз немеге.
Періштесіз неменің
батырлар жыры
Бай деп алман мойнынан,
Кәпір тартып алар қойнынан,
Әкем құрық берген соң,
Теңімді таппай қоя алман.
Мен он беске келгенше,
Жатып едім мешітте.
Бауырына басуға
Кілең еркек өшікті,
Денесінде әруақ жоқ,
Мені аламын десе де.
Әкем шығарған төбесін,
Үш күн жатып бағайын,
Теңдесімді, теңімді
Құдайыма шағайын.
Борай жауған қар шығар,
Мені алатын нар шығар,
Нарды малдан кем қылған
Алланың бейілі тар шығар.
Қанаты бүтін ақ сұңқар
Қия жерде бар шығар.
Әкем шығарған төбесін
Үш күн жатып бағайын,
Үш күнге дейін келмесе,
Әкемнің малын бағайын,
Шешемнің отын жағайын.
Бармақ басым артымда
Өлгенімше бағайын.
Әлқисса, сонда екі жеңгесіменен төбенің басында қалды.
Сонда Арғын шалдар айтты Қамбарға:—Әлімбай қызын
қалауға салып жатыр, сен де барып қызығын көріп қайтсайшы,
қайтарда аң аулап қайтарсың,—деді,—шақырмаса да бар,—
деді. Сонсын Қамбар тойдан қайтып келатырған шалдарға
жолығып сөйлеп тұр:
—А, баба-ай, ай, баба,
Төрт дәулеті сай баба,
Қартайғанда ат шаптың,
Назымды алған қай баба?!
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Құдай маған бермеді
Халық елейтін малды,—деп.
Әлімбайдың қыз Назым
Кімге жұпты болды?—деп,
Кімге нәсіп салды,—деп,
Ойнар тұлпар шағымда
Шақырғаннан қалдым,—деп,
Дүбірден басым қалды,—[деп]
Кедейліктен, кемдіктен
Келмеді аузым қоңыма.
Ұяда жатқан ақ сұңқар,
Ақ сұңқарға жұрт іңкәр,
Кімнің қонды қолына,
Кімге нәсіп салды?—деп,
Ойнар-күлер шағымда
Тойдан басым қалды,—деп.
Сонда шалдар сөйледі:
—Атасын жеңген қар Назым
Ешкімге де тимеді,
Біздер түгіл, шырағым,
Жігітті де сүймеді.
Атқа мініп желеміз,
Тойдан қайтып келеміз,
Атқа сатып мініп ек
Қорада үш-төрт ешкіге,
Келерімде келе алмай
Кемпірден қорқып келеміз.
Шаруа қазақ мал жияр
Есебін тауып күлмекке,
Әрі-бері келгенде
Бенде сенер өлмекке.
Елден қалды деген соң,
Жалғыз атты кедейдің
Зейілі ауды көрмекке.
«Халық жақпаған қандай қыз,
Ер жақпаған қандай қыз,
Мен де барып көрейін
батырлар жыры
Қыз Назымның шырайын.
Неше кедей барғанда
Ұстаған жоқ-ты Құдайым,
Соның бірі болайын».
Қамшыға бүтін тарақты,
Екі мезгіл аң қағып
Жануар да жарады.
Қара қасқа тұлпарды
Әлімбайдың ауылына
Жолға салып аңыратты.
Атқа мінген желеді,
Көкірегін кенеді,
Қыздың шыққан төбеге
Елпеңдеп шауып келеді,
Келе жатқан Қамбарға
Қыздың көзі түседі.
Алдынан шығып келеді,
Иық ішік жамылып,
Беті оттай қабынып,
—Жұрт келгенде сен келмей
Қалып едің нағылып?
Өліп едім, ер Қамбар,
Шырағым, сені сағынып.
Жібек көйлек дүрілдеп,
Екі емшегі дірілдеп,
Қамбарға жақын келеді.
Сонда Қамбар ойлады:
«Қошқар тоқтар күйекке,
Сақал шығар иекке».
Кедей десе, кем десе,
Дақ салармын сүйекке.
Атқа мініп желе ме,
Әлімбайдың қыз Назым
Мазақтауға келе ме?!»
Лефіне буды беліне,
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Жолықпай қашып жөнелді
Арзулы болған теңіне.
Қамбар қашып кеткен соң
Жеңгесіне қыз келді,
Қыз Назым сонда сөйледі:
—Қамбар деген бек пе еді,
Жеті баулы жік пе еді,
Өз ойыма ат салсам,
Алшыораз бен Аққошқар
Қорыққанынан кеткені.
Егер онан қорықпаса,
Кемшілік иттің жеткені,
Бас аманға мал жоқ па,
Шырағымның неткені?
Сүйегімнен өтіп тұр
Жолықпай қашып кеткені.
Мойынымды бұрайын,
Келетұғын жолына
Жібек өрмек құрайын,
Бәтуажа бабадан
Қамбарды бер деп сұрайын.
Келетұғын жолына
Жібек өрмек құруға,
Әлімбайдың қыз Назым
Толықсып заулап жөнелді,
Толғана мойнын бұрады.
Қамбар аңнан қайтқанша,
Алпыс құлаш қыз Назым
Жібек өрмек құрады.
Қайағымнан кетед деп
Жолын бағып тұрады.
Әлқисса, сонда Қамбар аң аулап келе жатса, жолдың
бойында өрмек құрып отырған Назымды көреді. Енді Қамбар
қызға жолығайын ба, жолықпайын ба деп ойланып келе жатыр.
Сонда Қамбардың айтқаны:
12–167
батырлар жыры
«Ойласалық, ақылым,
Осы Назым нағып жүр?
Ойласақ болмай ма, ақылым.
«Ер қолынан мал тайса,
Теріс қарайд жақының».
Назымменен ойнасам,
Назымға кеулім қосылар.
«Қамбар сүйтіп жүр» деген
Дабылым халыққа шашылар.
Мен ойнап-күліп жүргенде,
Малы бар бір бай неме
Бүйірімнен асылар,
Таудай еулім басылар,
Аш-арығым шашылар».
Тартты Қамбар жөніне,
Лефіне буды беліне,
Кедейліктен, кемдіктен
Жолықпай қашып жөнелді
Арзу болған теңіне.
Әлқисса, енді Назым алпыс құлаш өрмекті ортасынан
қиып, Қамбарды қуып келе жатыр. Сонда Назымның Қамбарға
айтқаны:
—Тоқта, тоқта, ай, Қамбар,
Алпыс ауыл Арғында
Жалғыз қара ат мал бар.
Ақ төсімнің үстінде
Бір кісілік жай бар.
«Қамбар» десе қарамай,
«Қайрыл» десе қайрылмай,
Жалаңбұт өскен заңғар.
Тоқта-тоқта, кедей нас,
Сендей кедей таусылмас,
Мен бір әсіреқызыл қалам қас.
Екі ағамнан қорықпа,
Жалаңаш кел де, қойнымды аш.
Бір өткенде екі өтіп,
Кедейлікке болма мас.
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Мен жұртты тауысқан ащы құрт,
Мен тиемін деген соң
Қалмай келді біздің жұрт.
«Шалғысы бүтін сұңқар» деп
Сен кедейге түсті құт.
Бір өткенде екі өтіп,
Мас болдың неге, жалаңбұт?!
Сонан соң Қамбар ойланды, менің кедейлігімді, жа
лаңбұттығымды айтты деп қашты, сонан соң қыз мақтап
сөйлейді.
Назым сонда сөйледі:
—Батыр кейір болар ма
Алшылы, шігелі ойынға.
Бұл ойынды көтермей
Мінді ме кемдік мойныңа?!
Дүние деген қапыл-ды,
Қиямет жолы жақын-ды.
Кеулім жаман көріп жүр
Жағаласқан кәпірді.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Кәпір көзін салғанда
Сенімен жаным қалар деп,
Кемітіп едім тақымды.
«Кедей, кедей, кедей» деп
Кейітіп алдым батырды.
Ашуланбай алып кет
Мендей арзулы қасқа қатынды.
Бұлаңдаған қыз Назым
Ер Қамбардың артынан
Айқайлап тұрып шақырды.
Әлқисса, сонда Қамбар ойланды: «Менің ізімнен қалмай
жүргені кәпірден қорқып жүргені екен ғой бұл»,—деді.—Мен
тірі тұрғанда кәпір жолай ма сенің қасыңа?!—деді. Сонан
Қамбар қыз қасына келіп сөйлеп тұрғаны.
батырлар жыры
Сонда Қамбар сөйледі:
—Анау жатқан көл деймін,
Көл жағалай бел деймін.
Алпыс ауыл Арғынды
Ит жүгіртіп, құс салып,
Балапандай жемдеймін.
Бүйтіп жүрген кедейді
Айналдырған нең деймін?!
Жарлылық иттің дертінен
Жамылғаным сабан-ды.
Ит жүгіртіп, құс салып
Өлмеске қылдым амалды.
Бүйтіп жүрген кедейге
Неден жаның қамалды?
Сонда Назым сөйлейді:
—Бұл жеріген маңайдан
Жаныңды берсең, дін күймес,
Қасыңдағы сыпайдан
Жақын жерде кәпір бар,
Ала ма деп жылаймын.
Екеуміз қосылып,
Мал тілесек болмай ма
Қазынасы кең Құдайдан.
Сонда Қамбар сөйледі:
—Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса шығар көзден жас.
Елінде жатыр қарындас,
Малы жоқ қол[да] өңкей аш.
Сеніменен кідірсем,
Әруақ болмас хабарлас,
Мезгілменен қойныңды аш,
Қырылып қалар өңкей аш.
Сеніменен жуықтап
Бармағаным жөн болмас.
Мойынымды бұрайын,
Сыртыңнан бағып тұрайын,
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Алладан пәрмен сұрайын.
Сені жауға алдырсам,
Етіме жара салдырсам,
Қалағанменен қалдырсам
Ерлігімді ұрайын.
Мен Арғынға барайын,
Құлағына салайын,
Қайтып келіп, қыз Назым,
Сонсоң сені алайын.
Тарықпа, Назым, тарықпа,
Әруақ маған жар болса,
Шығарармын жарыққа.
Әлқисса, сонсоң Қамбар өзінің еліне қайтып кетті. Енді қыз
Назым ешкімге де айтпады, әкесінің үйіне келіп жұмысын істеп
жүре берді.
Сонда ноғайлының үстінен қарап тұрған қалмақ Ақшахан
деген бір хан бар еді. Кедейдің ұлы Келмембет деген би бар еді.
Биге тисе, маған тиер деп, ол да тойға келген екен. Қыз тиме
ген соң, ол да өкпелеп кеткен екен. Сосын Келмембет ханға ба
рып арыз қылып сөйлеп тұрған секілді. Сонда Келмембеттің
айтқаны:
—А, хан аға, хан аға,
Он сегіз мың әлемге
Патша болған хан аға,
Біздің байлар мас болып
Қыз шығарды далаға.
Бай қызына бай жақпай,
Басымыз қалды бәлеге.
Сендей жұрт иесі хан болса,
Мұсылман қызын алмай ма?
Қағаз алған, хат алған,
Үкім сардар атанған,
Қосшыңыз құр қала ма?
Алмасаң өзің, хан аға,
Біз құсаған жолдасқа
Жарылқасаң болмай ма?
Көп елді қат бала еді,
батырлар жыры
Осы сенің қалаға,
Әлімбай бай мас болып
Шығарды қызын салаға.
Ақшахан сонда сөйлейді:
—Бәрекелді, кедейім,
Сенсіз тамақ жемейін,
Алып кел қызды, көрейін.
Балғабай төрені ал,—деді,
Назым жақса кеуліңе,
Қалың малын сол жерде
Ноғайдан санап сал,—деді.
Айтқаныңды қылмаса,
Қыз Назымды бермесе,
Алшыораз бен Аққошқар
Екеуін ұстап ал,—деді,
Абақтыға сал,—деді.
Екі баласы байланса,
Теріске ісі айналса,
Қызын өзі әкеліп
Берер ана шал,—деді.
Мылтық алды, оқ алды,
Ортасына топ алды,
Балғабай төре бастығы
Алпыс кісі аттанды.
Азығына нан алды,
Сусынына бал алды,
Арбаға дода үйретіп,
Майлы арбасын сүйретіп,
Зеңбірекке от басып,
Қара майы боқ сасып,
Алпыс кісі аттанды.
Арада үш күн қонады,
Ноғайлының шетіне
Алпыс кісі келеді.
Сонда кәпірлер ойласады түнде ауылын шулатып не
қыламыз деп, сол арада жатады. Сонда Кедейұлы Келмембет
Балғабай төреге айтты:—Мен барып Әлімбайдың үйін босата
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
тұрайын, сендер артымнан келе жатарсыңдар,—деп. Енді
байдың ауылына келіп сөйлеп тұр:
Келмембет келіп ақырды:
«Бұл үйлерде кім бар?—деп,—
«Шық бермен!»—деп шақырды,
Арыстан мінген кер жорға
Жер тепкілеп шарқ ұрды.
—Дабылың барды қалаға,
Хан құрығы түсіп тұр
Осы үйдегі балаға.
Шықшы шапшаң далаға,
Шықпасаң қалдың бәлеге.
Төсекте жатқан қыз Назым
Әкесіне қарады,
Шешесіне қарады.
Шықшы деген бір дауыс
Құлағын жарып барады.
Әлқисса, сол күні түнде біраз ғана кірбік қар жауып еді,
қыздың екі ағасы ерте тұрып аң аулап кетіп еді, үйі иесіз еді.
Сонда Әлімбай қызына қарап сөйлеп тұрған кезі:
Қызына қарап Әлімбай
«Шырағым» деп сөйледі:
—Дұшпан болса бұқ,—деді,
Жасауды үйге тық,—деді,
Екі ағаң үйде жоғында
Әйел де болсаң шық,—деді.
Әлімбай «шық» деген соң,
Енділе батпас ақ сұңқар
Шекпен киіп алады.
Үстіне киген мақпал тон
Төсегінде қалады,
Бетіне күйе жағады,
Үйден шығып барады.
Кедейдің ұлы Келмембет
Орысшалап сыбырлап,
батырлар жыры
Аузы-басы қыбырлап
Балғабайға сөйледі:
—Бастап келген мен қасқа,
Осы Назым болмас па—
Алақандай ақ бетті
Қырмыштап шықты қыз қасқа.
Ақшахандай ханыңа
Жарамас па екен жолдасқа,
Осы Назым болмас па?!
Сонда Назым сөйледі:
—Ол, ол болсын, ол болсын,
Жеке басың қол болсын,
Аз дәулетің мол болсын,
Кәпір алып құда сап,
Ауылыма жау бастап,
Екі араға шоқ тастап,
Кедей аға, жол болсын.
Сонда Кедей сөйледі:
—Бұзылған арба тоғанын
Септемекке келгенмін,
Екі асылдың баласын
Ептемекке келгенмін.
Әкең темір, мен көмір,
Ерітпекке келгенмін,
Екі асылдың баласын
Телітпекке келгенмін.
Қозы сойып, қой сойып,
Ет жемекке келгенмін.
Ұшқыр үйрек сенде бар,
Ақ сұңқар құс менде бар,
Көлден-көлге ұшырып
Ілдірмекке келгенмін.
Ойыма алған сөзімді
Білдірмекке келгенмін.
Екі асылдың баласын
Күлдірмекке келгенмін.
Піскен түйнек сенде бар,
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Алтын кездік менде бар,
Әуестікке қолға алып,
Жардырмаққа келгенмін.
Ақшахандай ханыма
Алдырмаққа келгенмін.
Он қолыңды алтынға
Малдырмаққа келгенмін.
Сонда Назым сөйледі:
—Кедей аға, неткенің,
Мұсылманды құрытып,
Кәпірді алып жеткенің.
Бұл сөзді айтып тұрғаның
Екі ағам аңға кеткені.
Егер Қамбар есітсе,
Қазаңның, Кедей, жеткені.
Келмембет сонда сөйледі:
—Кел, Назымды байлалық,
Назымды мұнда қоймалық.
Соңымыздан жау жетсе,
Ортаға алып ойналық.
Қамбар деген жаман сөз,
Мұның түбін ойлалық.
Байлайын деп тап берді,
Бір арқанды ап келді,
Арқанды көзі көрген соң
Дана Назым жарлық берді.
—Өз билігім өзімде,
Құлға тием десем де,
Шалға тием десем де,
Жықпайды әкем сөзімді.
Мұсылман, кәпір дау қылман,
Арамда қиқу жау қылман.
Құда-құда қылайын
Осы келген кезіңде.
Балғабай сонда сөйледі:
—Құдай артық беріпті
батырлар жыры
Қыз Назымға бақты,—деп,
Назым ақыл тапты,—деп,
Назымның айтқан бұл сөзі
Кеуіліме жақты,—деп.
Күн айналмай алып кетер
Ақшахан мінген тақты,—деп.
Әлқисса, сонда Назым қараса, Алшыораз бен Аққошқар келе
жатыр екен, сонан соң Назым ағасын көрген соң, Келмембетке
сөйлеп тұр:
—Атқа мінген желеді,
Екі батыр соғысса,
Ажалдысы өледі.
Сендер бүйтпей сабыр ет,
Тентек көкем келеді.
Мойынымды бұрайын,
Ақшахандай ханыңа
Жараса менің шырайым,
Құда жолы қылайын,
Бала-шаға шошытпай,
Қаруларыңды берсеңіз,
Үйге апарып қояйын.
Қарудың бәрін құшақтап,
Назым үйге жөнелді.
Жағалы құлақ сандыққа
Қарудың бәрін салады.
Түгін шашып сымпиып,
Оқ жыландай құнтиып,
Алшыораз да келеді,
Кедейге келіп ақырды:
—А, Кедей боқ, Кедей боқ!
Алғаным бар ма, Кедей боқ,
Қағып-соғып аузыма
Салғаным бар ма, Кедей боқ!
Есің бар ма, кәпір боқ,
Кәпірден аяр кеудем жоқ.
Сенің атаң белгілі
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Тай бергеннің құлы еді.
Кәпір алып, құда сап
Жүрген ауылың кім еді?
Сонда Назым сөйледі:
—Бұл бір келген жай қонақ,
Қарудың бәрін мен алдым,
Қолдан келсе қимылда,
Қонағың жатыр шоп-шолақ.
[Ашуы қатты Алшыораз]
Балғабайдай төрені
Салды найза жүректен,
Күші кетті білектен.
Енді қалған көп салдат
Атайын десе мылтық жоқ,
Бәрін қырып тастады.
Кедейдің ұлы Келмембет
Тірілей ұстап алады,
Мойнынан арқан салады.
Құлағын кесті құнтитып,
Мұрнын кесті жымпитып,
Тәңір ұрғандай аңырайтып
Тас төбесін тіледі.
Жұрттан қалған күшіктей
Аузын ашып өледі.
—Ақшаханға сәлем де,
Төрде төсек қалмасын,
Бесікте белгі қалмасын,
Қыз Назымды беред деп
Патша бейқам қалмасын.
Бала-шаға [бос] жүрген
Ауылында қалмасын.
Кімнің еркек, қатынын
Далаға шығып байқасын.
Екі қолын байлады,
Қызды аламын деп келіп,
батырлар жыры
Тірілей соры қайнады.
Құлақтан аққан қара қан
Жайылады етіне,
Ала қарға, сауысқан
Жабыла түсті көтіне,
Жолықты кедей ниетіне.
Тұлабойы қан болып,
Әлемге ер[ің] таң болып
Ақшаханға барады,
Бара сөйлей береді:
—Жіберді бізді шабарға,
Сабына келді жанарға,
Балғабайды өлтірді.
Ағаштан қылған арбаңды,
Арбаға жеккен жорғаңды,
Өзінен бұрын қайрат қыл,
Аттанып келіп Алшыораз
Алатұғын құсайды
Алма мойын марфаңды.
Ақшахан сонда тұрады,
Даңғыраны қақтырды,
Кәпірге атын шаптырды.
Елікпенің еркесін,
Қол бастаған серкесін,
Отыз төре, қырық нағын
Бәрін жиып алады,
Қылқұйрыққа салады.
Зеңбірекке от басып,
Қара майы боқ сасып,
Арбаға дода сүйретіп,
Майлы арбасын сүйретіп,
Азығына нан алды,
Сусынына бал алды.
Он бес мыңдай қол алды,
Аз ғана емес, мол алды.
Әлқисса, сонда Ақшахан аттанып келе жатыр дегенді
есітіп Алшыораз ноғайлыны жиып алды.—Балғабай төрені
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
өлтірдім, Кедейдің ұлы Келмембетті де өлтірдім, мына қызды
соның құнына береміз бе,—деді,—яки болмаса Ақшаханмен
ұрысамын, көмек бересіңдер ме?—деді. Сонда ноғайлының
шалдарының Алшыоразға айтқан сөзі:
—Қаулан жерге от қойып,
Отты қайдан табамыз.
Қара суға қан құйып,
Суды қайдан табамыз.
Бұл мекеннен айрылсақ,
Қайда барсақ батамыз.
Алақандай бет үшін
Мекенді нағып сатамыз.
Тілеген қызын берелік,
Ұрысуға шама жоқ,
Біз кәпірге ерелік.
Алшыораз бен Аққошқар
Шалдарға келіп сөйледі:
—Аққа мейірі қанбаған,
Құдайға ісі жақпаған,
Сақал-мұртын қақпаған,
Түрегеліп көп сиген,
Тар киімді көп киген,
Астына мінген аттарын
Қоғаменен матаған,
Үлкені өлсе кәпірдің,
Шошқа сойып атаған,
Кәпірден қорлық көргенше,
Он беске келген Назымды
Аузы түкті кәпірге
Қолынан ұстап бергенше,
Сендер қорықсаң кете бер,
Соғыс қылсам болмас па,
Ажалым жетіп өлгенше.
Әлқисса, сонда ноғайлылар сол күні ойласып, Әлімбайға
келді, ноғайдың ішінде Әлім төре деген бар еді, бұрын да өзі хан
болған екен. Әлімбай айтты:—Сол төрені шақырып кел,—деді.
батырлар жыры
Сонан соң Әлім төре келді. Ноғайды жинап алып, айқайлап
ақыл айтып тұр:
—Атам баққан, тоғайым,
Өзім баққан, ноғайым,
Ер мойныңа кеткенде,
Кәпірден қысу жеткенде,
Мен не амал қылайын?
Боқсықтың бойы боз қамыс,
Жаңбырдан туған Телағыс,
Үлкендерде жер алыс,
Жердің кеңі сонда да
Онда тілімді алмадың,
Сөзіме құлақ салмадың.
Тас аяқты, там үйлі
Кәпір бар деп аңдадың,
Иманды пенде қалмадың.
Біріңді-бірің жауладың,
Мінекей боққа аунадың.
Жарлы болса ер жігіт,
Тоқсан бір қамыс қолға алып,
Ақпарлы суды сағалар.
Сүйтіп жүріп мал тапса,
Сол дәулетіне таң қалар.
Алпыс ауыл Арғынды
Кісінің малын баққызбай,
Кісінің отын жаққызбай
Асырап отыр ер Қамбар,
Қамбарға барсаң жан қалар.
Онан басқа елінде
Адам бар ма паналар?!
Білмей жүрсің, балалар,
Құданың берген сыйына,
Кедейсініп, кемсініп,
Шақырмадың тойыңа.
Түнеугіде түс көрсем,
Қыз Назым соның қойнында.
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
«Біздің тойдан жолдығың,
Сыбағаңды алып келдім»,—деп,
«Тарыққан жерде көрдім»,—деп,
Ноғайдан шық алты би
Алты бие жетектеп,
«Сыбағаңды алып келдік»,—деп,
Ер Қамбарға бар,—деді,
Назым жауға кетед,—деп,
Құлағына сал,—деді.
Осы айтқаным жақпаса,
Қамбар айла таппаса,
Үстіңе келген тұманды
Қолыменен қақпаса,
Қайтып келіп торыңды
Қосақтап қойып шал,—деді.
Кежіл етік, кең байпақ
Ноғайдан шықты алты би
Алты бие жетектеп,
Іздегені—қараша үй.
Арада үш күн қонады,
Арғынға билер келеді,
Жұлымдардан үркеді,
Аттың басын іркеді.
«Бір кедейдің бір кедей
Күн көріпті қоңынан.
Сияғы жаман ел екен,
Келе ме қаям қолынан.
Бекер қалдым жолымнан,
Шығын қылмай биені,
Қайтсақ қайтед» деседі.
Шоқталып тұрған кісіні
Қамбардың көзі көреді.
Әлқисса, сонда Қамбар айтты:—Мен мына бір кісілерге
жолығып келейін,—деді де, қара қасқа атты тұлпарға мінді,
қарағай найзасын қолына алды, алты биге келді, Қамбар сонда
сөйледі:
батырлар жыры
—Ассалаумағалейкум,
Ноғайдан келген алты би!
Іздегенің қараша үй,
Аманбысың, билерім,
Ақ бетіңнен қан кетіп,
Кеудеңе симай жан кетіп,
Неден жедің уайым?!
Талтаңдаған биді де
Қорқыта ма екен Құдайым.
Әлім төре, аман ба,
Онан басқа ит ноғай,
Елдігіңді ұрайын?!
Сонда билер сөйледі:
—Дүние деген қапыл-ды,
Қиямет жолы жақын-ды.
Ер мойынға кеткенде,
Кәпірден қысу жеткенде
Төре тапты ақылды.
Бізбенен еріп жүресің,
Береміз Назым қатынды.
Сонда Қамбар сөйледі:
—Кедейліктен, кемдіктен
Шақырмадың тойыңа,
Ер мойныңа кеткенде
Алдың ба бүгін ойыңа?!
Тойдан қалған Қамбарды
Қыз жолата ма қойнына.
Өкпе құрсын, үйейін,
Айта беріп нетейін,
Әлім ханға сәлем де,
Ел бүлдіріп көшпесін,
Кәпір бар деп саспасын,
Ертең ерте жетейін.
Ішіп-жемей мас болып,
Үсті қоңыр шаң болып,
Алты би қайтты дабылға,
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Алты биені жетектеп
Қамбар қайтты ауылға.
Өлгенде көрген биеге
Кілең кедей жүгірді,
Ақ пышағын суырды,
Биені иттей талады,
Биені ортаға алады.
Ымырт уақ болғанда
Үй басына бір жілік
Арғын бөліп алады.
Алты биенің етінен
Берсе Қамбар татпады.
Боқшада жатқан сүңгіні
Ырғайға алып саптады.
Тесігі бар сауытты
Тоныменен қаптады.
Назым еске түскенде
Алдынан таң атпады.
Ереулі таңның алдында
Мініп алды атына,
Арғынды жиып алады,
Құлағына салады:
—Тұтылмаңдар, кедейім,
Жарылмаңдар, кедейім,
Жерден таптым сары алтын,
Саған бермей жемейін,
Саған бермей мен жесем,
Көп жасамай өлейін.
Дүниесі құрысын, үйейін,
Не келермін, келмеспін,
Балаларыңды әкел, сүйейін.
Әр бетінен бір сүйіп,
Жылдық қорек алайын.
Ел шетіне дерт келді,
Бақсы болып бағайын.
Тілектес болып қалыңдар,
Өзімнің баққан Арғыным.
13–167
батырлар жыры
Сонда Арғын шулады:
—Әуелі Алла құдірет,
Құданың досты Мұхаммед,
Бізді баққан пір болсаң,
Қамбарменен бірге кет.
Қылышың өткір ер болсын,
Жүрегің өскен ер болсын,
Ғайып ерен қырық шілтен
Тілеуіңде бар болсын,
Аллаң саған жар болсын!
Батасын [беріп] сол жерде
Арғын шулап қалады...
Ылашын құстай шүйіліп,
Қабағы тастай түйініп,
Жеңсіз берен киініп,
«Айт, жануар, шу» деді,
Шу дегенде гуледі.
Табанға тиген қара тас
Саз балшықтай иленді.
О төбенің тозаңын
Бұ төбеге қосады,
Бұ төбенің тозаңын
О төбеге қосады.
Тау суындай сылтылдап,
Ағын судай бұлтылдап,
Төрт аяққа тиген тас
От шығады жылтылдап,
Алмадай мойны былқылдап.
Алты қырлы ақ жебе
Ат жалында солқылдап,
Күн сәскеге келгенде
Бойын түзеп алады,
Тер бойына тарады.
Әлімбайдың аулына
Сәскеде келіп құлады.
Әлқисса, сонда Қамбар келсе, Ақшаханның алдынан шығып
«біз жау емеспіз, елміз» деп ноғайлар көшіп кеткен екен.
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Ноғайлар кеткен де, Алшыораз, Аққошқардың екі үйі қалыпты,
жеті құрдасының үйі қалыпты. Тоғызы төбенің басына шығып
тұр екен, енді Қамбар барды. Қамбар барғасын бұлар он болды.
Он жігіттің жүргені
Даңғырауын жол болды.
Қамбар келіп тұрған соң,
Алшыораздың қасына
Қырық мың жығын бір толды.
Келіп Қамбар сөйледі:
—Алшыоразжан, қайдасың,
Аққошқаржан, қайдасың?
Сендер қорықсаң, тұра бер.
Сүңгісін киді жолбарысың,
Атқа мініп желемін,
Елден жалғыз келемін,
Мына жауды бөлемін,
Ажалым жетсе өлемін,
Садағыма сан кісі,
Мылтығыма мың кісі,
Елде қалған Арғынның
Сыбағасына мың кісі,
Қорықпаңдар, жігіттер,
Мұның болғай игісі!
Алшыораз сонда сөйледі:
—Әй, әй, Қамбар, әй, Қамбар,
Қашамын деген қай заңғар!?
Өлімге буған қу жан бар,
Құрт ауындай құрамын,
Құдай маған бақ берсе,
Біреуін қоймай қырамын.
Кәпірге қарап жүр, кәне,
Қаямды кейін турайын.
Аққошқар сонда сөйлейді:
—Әй, әй, Қамбар, әй, Қамбар,
Қашамын деген қай заңғар!?
батырлар жыры
Атадан әркім тумай ма,
Бөрі қойды аулай ма?
Әркім атын мақтай ма,
Ажалдың оғы тап келсе,
Төсекте жатсам таппай ма?
«Алла» деген дауысым
Құдайыма жақпай ма?!
Құр былшылдап жол қалды,
Қалмаққа барып тиюге
Соған кеулің шаппай ма?
Сонда жеті жігіт сөйледі:
—Бөліп алды жолбарыстар,
Құлқы жаман үш батыр
Бізді олжадан бос тастар.
Өлерімізді білгенбіз,
Өлеміз деп қалғанбыз,
Сендерден жауды кем шанышсақ,
Жігіт емеспіз, жалғанбыз.
Топ-топ болды, топ болды,
Он жігіттің ішінде
Аянар жігіт жоқ болды,
Тізе қосып жөнелді.
Шауып шықса төбеге,
Батырдың көзі түседі
Жылтылдаған жебеге,
Тиейін деп Ақшахан
Келген екен кемерге.
Он жігіттің ішінде
Қамбар омыраулап келеді,
Кірген жерін бөледі.
Ту ішіне ат тастап,
Туын бұзып келеді.
Топ ішіне ат тастап,
Тобын бұзып келеді.
Жаяу салдат баланы,
Топтан салған қаланы
Быт-быт қылып келеді.
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Қолындағы зұлпықар
Қырық кез болды қылышы,
Ұрмай-соқпай Қамбардың
Бітетін болды жұмысы.
Қолындағы зұлпықар
Сексен екі бас кесті,
Ери балқып келгенде
Қазандай қара тас кесті.
Не жайсаңдар, қабыландар
Қылышы темір бел шешті,
Астына мінген тұлпары
Тізесінен қан кешті.
«Алла, Алла»[деп]салады,
Бір өзінің дауысы
Мың сан қолдай болады.
Мың сан қарға жиналып,
Өлімтікке қонады.
Арада он түн қонады,
Өлген қолды санаса,
Он бес мыңдай болады.
Он бес мыңдай кісі еді,
Қамбардан бәрі өледі.
Ағаштан қылған арбасын,
Арбаға жеккен жорғасын,
Бәрін жиып алады.
Әлімбайдың аулына
Бәрін алып келеді.
Әлімбай сонда тұрады,
Мал семізін сояды.
Ноғайлардың бәрі де,
Кәпірге көшіп кетіпті.
Көше алмай қалған жарлыға
Қостан табақ қояды.
Байдың қызы бүркенер
Қайма алтыннан желекті,
Жарлының қызы киеді
Салдат киген кенепті.
батырлар жыры
Ереуіл таң атқан соң,
Сексен нарға жүк артып,
Әлімбай қызын жөнелтті.
Алпыс ауыл Арғынға
Қамбар көшіп келеді,
Нарды жерге шөктірді,
Қазынасын жерге төктірді.
Сонша малға қол қатпай
Қамбар кейін тұрады:
—Ей, ағалар, ағалар,
Ортаңа келді сексен нар,
Олжаның басы—сұлу жар,
Мына келген сұлуда
Қайсы ағамның көңілі бар?
Жолдасып бәрің, бірің ал.
Сонда шалдар желікті:
—Қамбаржан берсе, алайық,
Ортаға келген сұлумен
Ойнап-күліп қалайық,
Мен үлкен деп дауласты,
Дауласып тұрып кілең шал
Бір-біріне құм шашты,
Түніменен дауласып
Үйіне келмей жатады.
Сонда бір шал аулында
Есітпей ол қалыпты,
Сол шал ертең келеді,
[Келе сөйлей береді:]
—Өзіне-өзі ылайық,
Қайрат қылған баласың,
Өзіңе жұпты қылайық.
Аламын деген шал болса,
Жабыла соны ұрайық.
Шалдың айтқан сөзіне
Құлдық деп Назым тұрады,
Бір боқжаманы алады,
ҚИССА ҚАРА ҚАСҚА АТТЫ ҚАМБАР
Ортасына салады.
Өңкей шалдар киінді
Жаннат пенен еноттен.
Баланың тоны бір басқа,
Қыздың тоны бір басқа,
Дүниесін бітіріп
Келген екен қыз қасқа.
Біледі екен кемі менен кетігін,
Қалаға пұл жіберіп,
Бітірген екен етігін.
Құба шекпен, көн етік
Төбе болып қалады,
Алдын, артын жияды.
Қайрат қылған сұлуды
Қамбарға неке қияды.
Екі жүйе Қамбардың
Біреуіне жетеді.
Кеп отырған ағалар,
Енді қойсақ нетеді.
Бұрынғы өткен заманда,
Ескілікті адамда
Әзімбай атты бай болды
Нашарлар келген саламға.
Бұл секілді адамды
Нашарлар іздеп табар ма?!
Жатар екен осы бай
Ақ теңіз деген аралда.
Жан-жағына хат жазып
Жіберді кісі шабарға.
Үш жүзді тегіс шақырды
Ақылдаспақ адамға.
Алты ұғлы бар арландай,
Жалғыз қызы ардақты
Жақсы порым бағар ма?!
«Таңдауыңа бердім,—деп,
Жалғыз қыз осы балама.
Малым көп, бәрің билесең,
Малымды айдап көріме
Өліп кетсем сала ма.
Ерік бердім қызыма,
Үлкен-кіші, жан аға.
Не дейсің мына сөзімді,
Кеп отырмын араңа».
Әзімбай жаяуға ат, жалаңашқа киім болатын жомарт адам
еді. Жалғыз қызын мал үшін қызығып тең емес адамына беруге
қарсы еді. Әзімбай бай «қызым кімді сүйсе, соған барсын, мал
алмаймын» деуші еді.
Қамбар батыр
(Б. Мұқамбайұлы нұсқасы)
ҚАМБАР БАТЫР
Әзімбай деген бай болған,
Төрт түлігі сай болған,
Жегендері жал-жая,
Ішкендері шай болған.
Қызығын көріп дәулеттің,
Жалғанда көңілі жай болған.
Бұл секілді жоқ па үлкен бай
Ниеті түзу бар болған.
Жақсы етіп үйді салдырып,
Үйінде жақсы шам болған.
Дастарханын көргендер
Ішіп-жеп, тойып таң болған.
Алты ұлы бар еді,
Алтауы бірдей бөрі еді,
Күрсілдеген неме еді,
Нашардың ақын жеп еді.
Ең кенжесі Алшыораз
Тәуірсымақ деп еді.
Бес ағасы бес тентек,
Әрбірінде бір келтек.
Бірінің аты—Арыстанбек,
Құдай ұрған ду тентек.
Бірінің аты—Қараман,
Бойын өрге балаған.
Тентектігі болғаннан,
Жуымайды әр адам.
Мінезі жаман неме еді,
Өсек айтқан жаламен.
Бірінің аты—Оймауыт,
Нар түйедей бойлауық.
Арамға жақын неме еді,
Жаман жұмыс ойлауық.
Бірінің аты—Есқара,
Бұ да тентек масқара.
батырлар жыры
Батырсынып өзінше
Сөйлейді екен қасара.
Кішісі—тентек Ақтабан,
Ешбір адам жақпаған.
Күң-күң етіп әркімді,
Көрінгенді боқтаған.
Бұ да бір мылжың оттаған,
Дәулеті бар деп сыйлайды,
Бұл секілді жоқ па адам?!
Ең кенжесі—Алшыораз,
Секілденген шын қораз.
Жаман менен жақсының
Арасын жігіт білетін,
Қатарымен жүретін.
Таланты бар неме еді,
Жайдарысынып күлетін,
Құлаққа сөзді ілетін.
Жігіттіктің дәуірін
Өткізбейтін мүнетін,
Тәуірлеп киім киетін,
Жаратып жылқы мінетін,
Сұлу іздеп сүйетін.
Адамшылық ойлаған,
Халыққа бөлген ниетін,
Көпшіл жігіт мырза еді.
Алты ұлының ішінде
Назым деген жалғыз қыз,
Нұр секілді пішіні,
Адам тоймас түсіне.
Өз табында, қатарда
Елден озған сұлу еді,
Пар келмеген өзіне
Пішін менен ісіне.
Назым сұлу ер жетті,
Күйеуге бермей күні өтті.
ҚАМБАР БАТЫР
Әкесі оның Әзімбай
Тоты құстай түлетті.
Жорғадан басқа мінбеді,
Торқадан басқа кимеді.
Табаны жерге тимеді,
Маңдайы күнге күймеді.
Білімі қыздың бар еді,
Сабақ оқып білгені.
Секілденген қырғауыл,
Сілеусінде жүргені.
Ат кекілін термекке,
Адамдарын көрмекке,
Елдің бәрі қимылдап,
Табылды бір іс өрмекке.
Аққудай мойны құрықтай
Назым сұлу ер жетті.
Елдің бәрін шақырып,
Порымдарын жөндетті.
Ешкім қалмай келсін деп,
Әзімбай кәрия сөйлепті.
Әзімбайда сөз мынау:
—Ноғайда сәлде бек,—деді,
Назым, тұр мұнда кеп,—деді,
Назым қыздың алдынан
Бәрің тегіс өт,—деді.
Қызым сүйсе біріңді,
Мал алмай берем тек,—деді.
Елдің бәрі таласты
Алдынан шулап өткелі.
Не мырзалар қылтылдап,
Маңызданып бектері.
Тәртіп қылды бір адам,
Сарамжалды ептеді.
батырлар жыры
Белі кеткен бүкшиіп,
Көзі кеткен түкшиіп.
Таяғы бар қолында
Қарттар келді түксиіп.
Таяқтарын таянып,
Сақалы аққа боялып,
Қалмаймыз деп аянып,
Көкірегі кірілдеп,
Көзінің алды іріңдеп,
Буындары дірілдеп,
«Көтере гөр, пірім»,—деп,
Қақыранып қояды
Қызға қарап күлімдеп.
«Атаңыздың жолы осы,
Осы қыз болды мұңым»,—деп,
«Өтірік емес, шыным»,—деп.
«Айналайын, Құдай-ай,
Көтере гөр»,—деп күбірлеп.
Қарамады бұларға,
Сүйгенімен қосылмай
Назымның көңлі тынар ма?!
Жиылды молда, қожалар,
Сүйегі асыл тазалар.
Сәлделерін қиғаштап,
Назымға қарай бой тастап,
Жан-жағын қарап байқастап,
Аяңдайды жай тастап,
Көрініп жүр ойқастап,
Ақ шапаны көлкілдеп,
Сақал-мұрты желпілдеп,
Тәсбиғы бар қолында,
Әулие болып селкілдеп,
Жеңілсініп елпілдеп,
Бұлар да жүрді еркіндеп.
«Секілді екен нұр қызы,
Тілегімді берсін»,—деп,
«Тисең маған, теңсің»,—деп,
«Секілді жұпар исің»,—деп,
ҚАМБАР БАТЫР
«Ішің мені білсін»,—деп,
«Баяғы қожаң мен едім,
Танымай қойма кімсің?!»—деп.
«Сенің аман жүргенің,
Назымжан, менің ырысым»,—деп.
«Қылқиған жаман қожа»,—деп,
«Керегі жоқ, құрысын»,—деп,
Елдің бәрі айтып тұр:
«Назымға да бір сын»,—деп.
Қиғаштап басып бұттарын,
Іреңдетіп сырттарын,
Жоғары таман таңқитып,
Тастаған түріп мұрттарын.
Неғылар екен құтбаным,
Қарамай қойды қыз Назым,
Бұларды көргін құртқанын.
Болыс пен датқа, би келді
Ат құйрығын түйініп,
Аламыз деп сүйініп,
Тәуірлеп киім киініп,
Назым қыздың алдынан
Өтпек болды жиылып.
Өзінен басқа кісі жоқ,
Тұр ғой дейді бұйырып,
Назым қыз мұны жек көрді
Қасы-көзі қиылып.
Бұлар тағы жақпады,
Бұларға Назым бақпады.
Бұлар озып кеткенде
Жас жігіттер қаптады.
Келе жатыр мырзалар,
Қоңыр қаздай ырғалар.
Бәйшешектей түрленген,
Опасы жоқ дүниеден
Ойланшы, ерлер, кім қалар?!
батырлар жыры
Жете алмаған арманда
Ішінен қатты мұңланар.
Бедеу атын мінісіп,
Қатарын түзеп жүрісіп,
Қалжыңдасып күлісіп,
Ат үстінен бұраңдап,
Бірін-бірі ілісіп,
Жігіттік жолын білісіп,
Қолтықтарын көтеріп,
Ат үстінде шіреніп,
Құйрығынан тіреніп,
Қыздың жайын білейік,
Қалжыңдап сөйлеп тиелік,
Бұйырса мұны сүйейік.
Мырзалар тағы жақпады,
Бұларға Назым бақпады.
Өзбек келіп қаптады,
Кеудесінде жүні көп,
Омырауын атқаны,
Өмірі бөрік кимеген
Тақияшаң бастары,
Кілең айғыр мінгені,
Үш жерден тартқан тартпаны.
Қызға қарап қиғаштап,
Олар да өлең айтқаны.
Назым бұны парықтады,
Келгенін бұлар анықтады.
Бұлар да көзге ілінбей
Санаусыз боп қалып қалды.
Қызыл шапан жауырында,
Белбеулері сауырында,
Бар еді мырза аулында,
Маған келсең тоясың
Әңгелек пенен қауынға.
ҚАМБАР БАТЫР
Моншақпен атын тұлдаған,
Өзбектер де өтті қатарлап,
Бұны да көңіл қылмаған.
Қайсыбірін айтайын
Мұнан да пайда қылмаған.
Біреуі де жақпады
Сорлы екен деп қураған.
Жігіттер де боп жатыр
Өкпелеп қатты тулаған,
Басында талас көп болды
Біріне-бірі қимаған,
Жаман қыз деп ойлады,
Атадан жақсы тумаған,
Шалдарда да көп болды
Көзін қысып ымдаған.
Мұнысын айтсам бола ма,
Бұған көңілің тола ма?!
Жек көрсең деп жолама.
Бұлар тағы өтеді,
Жақтырмай бәрін кетеді,
Кедейлер келіп жетеді,
«Біз де шұбап өтелі,
Нәсіп болса, Назымжан,
Бұйырса алып кетелі».
Жоқшылыққа өкпелеп
Бүйірден қайтып нетелі.
Мәлім болған халыққа
Таңлау берген екені.
Сүйтіп ақыл салады,
Аты шабан байғұстар
Аулақта атын сабады.
Назым қыздың алдынан
Қойқаңдап өтіп барады,
Жан-жағына қарады.
Бұл секілді сұлу қыз
Іздесе қайдан табады?!
батырлар жыры
Қатқан тоны қаудырлап,
Ілгері аты бауырлап,
Құйысқан мен жүгені
Шегелері саудырлап,
Қарамаса қыз Назым,
Қалады көңілі ауырлап,
Жиылды сонда ақсақтар.
Бір бөлек болып арт жағы
Жоғары басы қақшақтар,
Соқырлар да келеді,
Оның да көзі бақшақтар.
Бәрі тегіс өтіпті,
Жақтырмай Назым кетіпті,
Киініп келген көбісі
Жұмысы келмей орынға,
Қарыздар қылып орынға,
Тимей қойды біріне,
Өзін мұнша бекітті.
Сонда Назым ешкімді жиылған адамдардан сүймеген соң,
әкесі Әзімбай ашуланып: «Осынша көптен бір тең адамы табыл
май ма?! Қызым ақымақ, адам кәдірін білмейді» деп, қызына
қарай айтқаны:
—Мұсылманның бәрін жидырдым,
Тамаша ойын қылдырдым.
Осынша көптен тең таппай,
Ақылсыздық білдірдің.
Бұл Ақарал қалаға
Көрсін деп бәрін шақырдым
Сіз сияқты балаға.
Өтіп кеткен күніне
Ішің толар сәнаға.
Бәрі тегіс жиылды
Үлкен-кіші, жан аға.
Атасы бөлек халықтан
Ноғай менен өзбек,
Түрікпен де кірді араға.
ҚАМБАР БАТЫР
Тойға келді сап басқа,
Көзің түсті әр жасқа,
Ақылсыз болып туыпсың
Бір ерді таңдап таппасқа.
Сонда Назым әкесіне қарай айтқаны:
—Құйрық-жалым күзеліп,
Базарға түстім байталдай.
Еркін аузым бармайды
Сізге жауап айтарға.
Бәрін тегіс біз көрдік,
Қалған жігіт байқалмай.
Мырзалар келді бұралып,
Әр жерден басы құралып,
Осы келген мырзаның
Бәрін де байқап сынадық.
Әйел де болсам, жан ата,
Ешбіреуін бойыма
Көре алмадым ылайық.
Ішінде ешбір батыр жоқ
Шауып шығар төбеге.
Ешқайсысы, жан ата
Ылайық емес денеме.
Тіліңізді алмадым,
Назарымды салмадым
Нәсілі жоқ немеге.
Мұсылман аз, қалмақ қау,
Бір күні келер қалмақ жау.
Жаман болса барғаным,
Екі ноқта өріліп
Қалмай ма басым пәлеге.
Сонда әкесі қайталап айтқаны:
Айқайлап кәрия ақырды,
Ашуланып бақырды.
14–167
батырлар жыры
«Келмеген тойға кім бар?»—деп,
Шақырушыны шақырды.
Қалдырма деп біреуді
Айтып едім ақылды.
Шақырушының жауабы:
—Алпыс үйлі арғын бар,
Жетпіс үйлі жебір бар,
Тоқсан үйлі тобыр бар,
Тама, қыпшақ, қоңырат бар,
Бес жүз үйге толады.
Бекқожаның баласы
Қамбардың елі болады,
Қалмаққа барып жылқы әкеп
Бес жүз үйге сояды,
Кедейлері тояды,
Талай қалмақ ұрысқан
Абыройын жояды,
Батырларын өлтіріп,
Найзасын қанға бояды.
Шақырдым барша жандарды,
Шақырмадым бұл тойға
Кедейдің ұлы Қамбарды.
Шақырушының бұл сөзін
Отырған адам аңғарды.
Бұны естіп ер Қамбар
Қалғанына ыза боп,
Бір шатақты салмаққа
Ойланып батыр қамданды.
Қамданбақ түгіл арланды,
Жолдастарын жиып ап,
Бұлар айтты арманды.
Бес жүз үйге жетеді
Төңірегі ауданды,
Ескермеді адам деп
Қамбар батыр балуанды.
Бұл ісіне Әзімбайдың
Естіп Қамбар шамданды,
ҚАМБАР БАТЫР
Жүгірмек болып өлген жөн
Мұнан құры қалғанды.
Мылтығын салып мойнына,
Қылышын байлап беліне,
Барайын деп еліне,
Тұйғын салмақ көліне,
Жүріп кетті Қамбар ер,
Көрінбек болып Назымдай
Қатар өскен теңіне.
Келерсің деп жөніңе,
Көрсетермін көзіңе,
Нан пісіп тұрған деміңе.
Бір жігіт ерді қасына,
Атын ұстап еріне,
Әзімбайдың ауылының
Қасынан жүрді көріне,
Қаттырақ басып қарамай
Қиналған аттың теріне.
Жолықпады бір кісі
Еңгізбек еді көріне.
Мінгені жүйрік өкімді,
Сұлу Назым сүйкімді,
Алтын құмған қолында,
Қамбардың келер жолында
Дәретке шыққан секілді.
Жеңгесі жоқ қасында
Сөйлесе алмай өкінді.
Ғашық болып Қамбарға
Мазасын жаман кетірді.
Тұра тұр деп батырға
Жөнін айтып өтінді.
Қоғадай болған шашы бар,
Алтын түйме басы бар,
Ақ маңдайы жалтылдап,
Әйнектей көзі жалтылдап,
Қиғаш біткен қасы бар.
батырлар жыры
Назым сұлудың Қамбардың жолын тосып, Қамбар келіп
қалғанда айтқаны:
—Қара қасқа атты Қамбар-ай,
Қара атыңда жал бар-ай,
Біздің үйге түсе кет,
Көбікті саумал іше кет,
Қайнап тұрған шай бар-ай.
Батыр, саған сақтаған
Жарылмаған май бар-ай.
Қамбар батыр, келе кет,
Келіп мені көре кет,
Ақ төсімнің үстінде
Бір кісілік жай бар-ай.
Замандас Қамбар батырсың,
Қай жаққа бара жатырсың?
Көңлім қошы шатымсың.
Қарамай Қамбар жөнеді,
Назым үйге келеді,
Өкпелеп қалған тойына
Намысы бар ер еді,
Кедейлігі болмаса
Несі кімнен кем еді?
Назым қылды өкпені:
—Қамбар маған не үшін
Бір қайрылып кетпеді?
Мен ойласам Қамбарды
Ішсем тамақ өтпеді,
Бақайыңнан келмейді
Ноғайлының бектері.
Қаршығасы сен құстың,
Мен—бөдене кептері.
Көшкенде көшті билейді
Қомы сиған түйелі,
Көк орайға қонады
Саумал ішкен биелі.
Жібектен қылған киімді
ҚАМБАР БАТЫР
Тапқан кісі киеді,
Менсінбей Қамбар кеткенге
Ішім оттай күйеді.
Қол ұстасып жолдас боп
Қандай адам жүреді?
Ақылы бар адамдар
Айтпай сырды біледі.
Сөйлесе алмай арманда,
Бір оңаша күн еді.
Не болды менің өзіме,
Күндей болған дүзіме,
Қанша зарлап айтсам да,
Елікпей кетті сөзіме.
Қисыны кетсе қашады,
Келсе жұмыс кезіне.
Айнамды алып қарайын,
Айнаға көзім салайын,
Кешке қайту жолында
Бір жолығып қалайын.
Батырдың көрдім талайын,
Әруағыңды бағайын,
Өзіңдей берен болмаса,
Назымды кімге шағайын.
Алты құлаш ақ өрмек
Ақ өткелге құрады,
Сол жерде Назым тұрады,
Ғашық боп көңлін бұрады.
Бір сөйлесіп қалсам деп—
Қыз Назымның мұрады.
Он сегізде жасы бар,
Пісіп тұрған уағы.
Судың қуат ағындай,
Өзен-судың құрағы.
Қамбар мергендіктен қайтып, төрт құланды екі жағына
бөктеріп, бір түлкіні қамшы етіп қолына ұстап, жолда өрмектің
батырлар жыры
үстіне жетіп келеді. Құрулы тұрған өрмекті аттан түсіп жібе
ріп, қылышпен кесіп өтіп жүре береді.
Аттан түсіп батыр кеп,
Өрмекті бөліп турады,
Мойнын қызға бұрмады.
Қанша зарлап тұрса да,
Ешбір назар қылмады.
Мың күн тұрған шөлмектің
Бір-ақ күн болар сынбағы.
Әр сөз айтса бақпады,
Назымның жаны тынбады.
Айбынды туған ер Қамбар
Сыртынан мас боп Назым қыз
Ішкендей арақ улады,
Арыстандай сүйегі
Түбірлердің буданы.
Көрді Назым батырды,
Өткіздім деп ғапылды.
Аң-таң болып Қамбарға,
Тағы да Назым шақырды.
—Мен сияқты, батыр-ау,
Табасың қайдан жақынды.
Бес жүз үйдің қамқоры,
Естуші едім атыңды,
Бекқожаның баласы,
Білуші ем арғы затыңды.
Жиырма беске келгенше
Алмапсың, мырза, қатынды.
Қара қасқа атты Қамбар-ай,
Қара атыңда жал бар-ай,
Қамбар десем қайтпайсың,
Бейәдеп өскен заңғар-ай.
Айтпасам да білмейсің,
Ашпағанды көрмейсің,
Некелі жұпты адал деп
Жол қылған жақсы жандар-ай.
Келмесең, батыр, қайтейін,
ҚАМБАР БАТЫР
Мен сырымды айтайын,
Тағы біреу табылар,
Кедейде қалың сор бар-ай.
Сонда Қамбар батырдың Назымның сөзіне қарай, атының
басын бұрып тұрып айтқаны:
—Сен бір жүрген жек,—деді,
Ноғайлы бәрі бек,—деді,
Саған қалың беруге
Менің малым жоқ,—деді.
Сандалған сіздей мас пенен
Сөйлеспеймін көп,—деді.
Кедейліктің зарпынан
Тойыңа тобыр кеп пе еді?
Әзімбайдың үйінен
Ешбірі тамақ жеп пе еді?
Кедей деп бізді шақырмай,
Кедей заңғар депті енді.
Шақырмасаң тойыңа
Кедейден көрер тепкенді,
Білмесең пасық сөккенді,
Көрерсің абыройын төккенді.
Ақырында байқарсың
Іскен менен кепкенді.
Сонда керек қыларсың,
Түбіңе қалмақ жеткенде,
Жанған отың өшкенде,
Басыңнан бағың көшкенде,
Нәсіп берген Жаратқан,
Ескермесең, ескерме.
Ақылы жоқ сасық бай
Көрерсің арттан жеткенде.
Қарамай Қамбар жөнелді,
Сонда Назым сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Рас айттың, жұртқа бас,
Ерінбеген ұйықтамас,
Қосылса сауап екі жас,
батырлар жыры
Батыр, сізге не қылдым
Көңілімді қылдың мұнша мас.
Не демейді дұшпан-дос,
Қайратың тиген кедейге
Сен бір жарық гауһар тас,
Тым болмаса, қалқам-ау,
Жақсы сөйлеп көңілді аш.
Сонда да Қамбар батырың
Қарамай кетіп барады.
Бұны көріп Назым қыз
Мұңайып көзден төкті жас.
Қарамай Қамбар жөнелді,
Назым үйге келеді,
Әзіл қылып тұрғанын
Ағалары көреді.
Ызаланып жиналып
Сырттан даттап сөгеді.
Әзімбайдың бес ұлы
Күрсілдеген неме еді.
Ашуланды Арыстанбек,
Балдарына бас тентек.
Қолына ұстап бір келтек,
Айқайлады жерді өртеп.
Ашуланды Қараман:
—Соғысуға Қамбармен
Артынан іздеп барамын,
Түбірге ойран саламын.
Жалғыз атты Қамбардың
Атымен өзін жарамын.
Осылай кегімді аламын,
Есебін сүйтіп табамын.
Түбірлерді құл қылып,
Сүйегін иттің шағамын.
Қараманның соңынан
Ашуланды Оймауыт,
ҚАМБАР БАТЫР
Нар түйедей бойлауық.
Зіркілдейді Есқара,
Ашуы келіп масқара:
«Ойнай ма ол, шындай ма
Секілденген жас бала».
Жүгіріп келді Ақтабан,
Тентекті көрсе жақтаған,
Қамбардан асып қайраты,
Ызасы келіп қаптаған.
Озып жүрген елінде,
Ешкім тура жақпаған.
Өңкей тентек жиылып,
Шоқпарына сиынып,
Алшыоразға айтады
Мына сөзді баяндап,
Дірілдейді тұтығып
Тұралмайды аялдап:
—Қамбар келіп нағып жүр
Жүрегім келді қаяулап,
Атын тартып алғанда
Кететін еді жаяулап.
Алшыораз сөзі:
—Арбаңдаған бесеуің
Жиылып келдің елеңдеп,
Адырайып жүресің,
Сөйлемейсің төмендеп,
Дірілдейсің талқан боп,
Бура құсап шөмеңдеп.
Әкем қылған уәде,
Назымдай жалғыз қызымды
Сүйгеніне берем деп.
Ауылда жүріп сандалма,—
Айтады сөзді шеберлеп.
Кет,—деді,—бәрің жөнеліп,
Қамбардай батыр табылмас,
батырлар жыры
Сол себептен сөгем,—деп.
Енді келсең қасыма,
Абыройыңды төгем,—деп.
Ақылсыз туған ағалар,
Ер қолынан мал тайса,
Өзен-суды жағалар.
Жақсы менен жаманды
Жаратқан бәрін Құдайым,
Жақсыны жаман табалар,
Ірі қылып сөйлесең,
Ғаріптің көңлі шамалар,
Қамбарға Құдай бақ берсе,
Әр жерден дәулет жамалар.
Алла бағын тайдырса,
Байдың көзі ағарар.
Қалмақтар келіп жай салған
Сүйдім деген қала бар,
Мақтым деген ханы бар,
Оның ерлік дабысы
Қамбарменен барабар.
Олар да есітіп қалыпты
Әзімбайда бір сұлу
Назым деген бала бар.
Назымның атағы қалмақтың ханы Мақтымға жетті. Мақтым
Назымның атағына ғашық болып, қалай алу жағын қарастырды.
Әуелі алдынан сұрап, беделімен алайын, егер бермесе күшпен
тартып алармын деп, елші жіберуді мақұл көріп, өзінің тілмаш
молдасы шалақазақ Келмембетті шақырып айтқаны:
— Су атасы бұлаққа,
Жол атасы тұяққа.
Әзімбай деген бір байдың
Назым деген қызы бар,
Сөйлесіп маған әпер,—деп,
Қалмағын,—деді,—ұятқа.
Он жігіт ал қасыңа,
Дәулет құсым басымда.
ҚАМБАР БАТЫР
Қорықпай сөйле тартынбай,
Нашарлық қылып жасыма.
Бірнеше күн жол жүріп,
Аз ғана емес, мол жүріп
Келіп қалды Келмембет
Әзімбайдың жұртына.
Жалғыз келді Келмембет,
Жолдасын қойып сыртына.
Мұны көріп бес тентек,
Нағып жүрген адам деп,
Шыға келді алдынан
Қаһарланып жұлқына.
Сөйлейін деп Келмембет
Жауап қылды ұмтыла.
Келмембеттің сонда айтқаны:
—Аманбысың, жарандар,
Өздеріңе белгілі
Сүйдім деген қала бар,
Сүйдім елдің патшасы—
Мақтым деген дана бар,
Әзімбайдың үйінде
Назым деген бала бар,
Айттырып келдім бұл қызды,
Қалай дейсің, ағалар?
Арғымақ ат бізде бар,
Алтынды кежім сізде бар,
Жаптыртқалы келгенім.
Ханды қабыл көрмесең,
Қыздарыңды бермесең,
Ноғайлының бәрін де
Шаптыртқалы келгенім.
Бұқара қылып бәріңді
Қасқитқалы келгенмін,
Ерегіссең, көзіңді
Бақшитқалы келгенмін.
батырлар жыры
Алмас кездік бізде бар,
Піскен қауын сізде бар,
Тілдіргелі келгенім.
Ханның айтқан жауабын
Білдіргелі келгенім,
Жақтырмасаң сөзімді,
Бүлдіргелі келгенім.
Құда болып сіздермен
Бір жүргелі келгенім.
Қылыш түспей білектен,
Аузы кетпей тілектен,
Үйде отырған Алшыоразға
Өтті сөзі сүйектен.
Алшыораз да ер еді
Талайларды жүдеткен.
Шыға келіп Алшыораз
Жағадан келіп алады,
Келмембетті білектен.
— Не дейсің маған, Келмембет,
Малайлық пен күні өткен.
Аударып алып атынан,
Тепті келіп жүректен.
Талып қалды Келмембет
Жігіттерге сүйеткен.
Құлағын кесті құнтитып,
Мұрнын кесті шұнтитып,
Сақал-мұртын күзеді,
Он жігітін өлтіріп,
Қалмақты мықтап түзеткен.
Алшыораз он қалмақты өлтіріп, Келмембеттің құлақ-
мұрнын кесіп, «бар, елдің ханына сәлем, Назымнан дәметпесін,
кет» деп, Келмембетті қайтарды.
Ер Келмембет қайтады,
Беті-басын уалап,
Маса, шыбын келеді
Соңынан қалмай қуалап,
ҚАМБАР БАТЫР
Амалы жоқ бейшара
Көзінің жасы домалап.
Арада неше қоныпты,
Өзінен-өзі торықты,
Сөйлеймін деп сандалып
Шерменде мұндай болыпты.
Құлақ пенен мұрны жоқ
Мақтымға келіп жолықты.
Мақтым хан көріп шошып, жолдастарың қайда деп
Келмембетке қарай сөйлегені:
—Келдің бе, Келмембетім, бөрі болып,
Басында жүруші едің сері болып,
Құлақ пенен мұрын жоқ жолдасың мен,
Тіріден әрі, өлімнен бері болып.
Өздеріңнен болды ма осы жұмыс,
Болмаса жабылды ма елі болып?
Келмембет пұшықтың берген жауабы:
—Мен де бір бұл жалғанға үлгі болдым,
Кей жерде бөрі, жортатын түлкі болдым.
Бөрің де құрсын, түлкің де құрсын,
Айрылып құлақ-мұрнымнан күлкі болдым.
Құлақ пенен қарашы мұрынымды,
Кіржиген анық сорлы кірпі болдым.
Сөзімді айтқаннан-ақ жақтырмады,
Қарсы алып айтқаныма тақ тұрмады.
Әзімбайдың құрысын балалары
Мылтықпен он жігітті атқылады.
Өзім жалғыз бұл жаққа қайтарғаны,
Жігітім қаза тауып жатты бәрі.
Мақтым хан Әзімбайдың бұл ісіне қатты ашуланып;
«Жиырма жігіт қасыңа қоса тағы бар, ер кезегі үшке шейін
деген, егерде енді қош алмай тағы да өлтірсе, онда елін барып
шауып алам, аттан, Келмембет»,—деді.
батырлар жыры
Жиырма жігіт жөнелді жолдас алып,
Келмембет қапаланған көңілі жарық.
Келмембет Әзімбайға Мақтым ханның хабарын айтқаны:
—Амалым жоқ, кеп тұрмын бұйрықпенен,
Байлаулы қызметте мен бір ғаріп.
Азар болса қоярсың мені өлтіріп,
Қалмақ келіп шаппасын мазаңды алып.
Қызыңды беремісің, бермеймісің?
Айт деген ханның сөзі хабар салып.
Ноғайлы елінің жақсылары кеңесіп, «бір қыз үшін елі-
жұртымыз қырыламыз ба, Мақтым ханға Назымды берейік» деп
тоқтам етіп, «құда боламыз, ханың келсін»,—деп Келмембетті
разы қылып кейін қайтарады.
Келмембет пұшық қайтады,
Ноғайлының сәлемін
Мақтым ханға айтады.
Келіп қалған жүйеге
Сөз мәнісін байқады.
Басында қазақ тасса да,
Басылған екен сайтаны.
Екі жүз жігіт жиып ап
Керней-сырнай тартады.
Күйеу болып барам деп,
Құмары жаңа тарқады.
Дүрсілдейді жүрегі
Көрсем деп Назым қалқаны.
Бармаққа енді жиналып,
Мақтым хан мінді арбаға,
Парды жегіп жорғаға.
Екі жүз жігіт қасында,
Бұлар келіп түседі
Ақарал деген ордаға,
Шақырды тегіс жақсысын.
—Жаманшылық ойлама,
Жұмысым бар артымда
ҚАМБАР БАТЫР
Тезірек алып қайтамын,
Некесін қисын Назымның,—
Деп айтады Мақтым хан,—
Жібер кісі молдаға.
Аттарын жайып далаға,
Тиісе жатты қалаға.
—Келтірсін,—деп,—Назымды,
Жеңгесіне хабар ет,
Күйеудің көңлін таба ма,
Барып кел,—деп бұйырды
Бір жасауыл балаға.
Мұны естіп қыз Назым
Көңілі қалды налада.
Қамбарға жаман өкпелеп
Қамығып келіп жылайды:
—Хабарсыз Қамбар қала ма?!
Жеңеше, тезірек айт хабар,
Жіберсін кісі Қамбарға,
Айтқын барып ағама.
Несібеме жазбаған,
Қалмақ Мақтым шынымен
Мені енді ала ма,
Колтығына сала ма,
Елі-жұртым қайда жүр,
Обалыма қала ма?!
Ақылдасып бұл жерге
Үлкен-кіші жиналды,
Қыздың зары тыңдалды.
Қайтеміз деп бұл істі
Кеңінен шешіп ойланды.
—Бүгін мұны қалдырсақ,
Қамбар мұны есітсе,
Салар бізге думанды.
Мақтымнан да жаман іс қылар,
Салар елге ойранды.
Қазақта Қамбар ер еді,
Жауға лайық бөрі еді,
батырлар жыры
Қамбардың ата-бабасы
Бекқожа батыр дер еді.
Мақұл көрді көпшілік
Шікіліктеп жылқыдан
Қамбарға тарту берелік,
Халықтың батыр көмегі,
Нашарға тиген себебі,
Өкпесі бар басында
Ел екен бізді демеді.
Жығылмаққа алдынан,
Мың жылқыны алға айдап,
Отыз кісі жақсыдан
Қамбарға қарай жөнелді.
Мұны есітіп қыз Назым
Қайғы тарап бойынан
Күлімсіреп келеді.
Үйде жатып Мақтым хан
Екінші хабар салады,
Жеңгелерін шақыртып
Күйеудің қылған хабары.
Не қыларын біле алмай
Тарылып отыр танабы.
Назымды көру мақсатым—
Қазіргі жігіт талабы.
Қасында бар мұның да
Ақылдасар адамы.
Қыз Назымды көргенше
Іші оттай жанады.
Қызды барып әпкел деп,
Жеңгесіне ақшиып
Зәресін жаман алады.
Қыз келгенше қасына
Ашылмай отыр қабағы.
Ғашықтық өртеп жүрегін
Батпайды ішкен тамағы.
Қолына тисе осы қыз
Не қылмақ еді арамы /күлкі/.
ҚАМБАР БАТЫР
Қыз бикешке жүгіріп
Жеңгесі келді асығып,
Бетінен қанын қашырып:
—Айналайын, қыз бикеш,
Айтамын саған жасырып,
«Бикешіңді әпкел» деп
Зәремді алып Мақтым хан,
Мазамды алды асығып.
Аюдай қара күржиген,
Таңқы мұрын, бұжыр бет,
Көргенде көңілім суыды,
Жүрегім қалды басылып.
Садаға кетсін Қамбардан,
Болса да айтам асылық.
Арбаңдаған неме екен,
Қисық көзі ақиып.
Айналайын, қыз бикеш,
Әзіріне көнейік,
Қамбар да келер тезірек,
Болып қалар жақсылық.
Жеңгесіне айтады:
—Дұрыс екен жауабың,
Түк көрмеген боламын,
Күймелі арба жегіңдер,
Соған мініп барамын,
Қайтқан жоқ еді талабым.
Жеңгесіне ер деді,
Есебін өзім табармын.
Қамбар келіп болғанша,
Ақылыммен айлалап
Қалмақты алдап қарармын.
Әйнектей көзі жалтылдап,
Жүрегі шошып тарсылдап,
Күймеге мініп түймелеп,
Атпен жүрді аршындап,
Не болып кетер жолым деп,
Қорқыңқырап қалшылдап,
Сырғытып келді күймемен
15–167
батырлар жыры
Қалмақ жатқан ордаға.
Сырттан жауап қылады,
Жымия күліп толғана:
—Мен сіздік болдым ғой,
Кешікті деп ойлама.—
Тоқтатты Назым жүрегін,
Арыз айтып Мақтымға
Сұрап алды тілегін.
—Сыртыңыздан құмар боп
Бір көрсем деп жүр едім,
Сүйдім де сізді, хан,—дейді,
Сыртыңыздан білемін.
Қасына таман кел деді,
Жеңгесінің біреуін.
Мақтым көріп мас болды
Шыныдан аппақ иегін,
Қол алысып көрісіп
Ұстамақ болды білегін.
Назым айтты:—Мақтым хан,
Алдыңа келді жалғыз жан,
Құдай біреу, дін басқа,
Сен қалмақ, мен мұсылман.
Қай жаққа қашып кетемін,
Бұйрық болса басынан.
Сүйегі зат хан болсаң,
Кейін тұр, тақсыр, қасымнан.
Біздің елге келдіңіз,
Несібеңіз шашылған.
Құс төресі—бидайық,
Күндіз келмек күйеуге
Біздің заңда көп айып.
Бұл жерден, Мақтым, кеткен соң
Сіздің заңды қылайық,
Сайтан жолды ойламай,
Сабыр қылып тұрайық.
Хан жолымен іс қылу
Болар бізге ылайық.
Мұндай болар біздің жол—
ҚАМБАР БАТЫР
Күйеу іштен, қыз тыстан
Ұстар еді білсең қол.
Кеткенше күйеу қыз келмес,
Осыған, тақсыр, разы бол.
Бұдан кейін әкеміз
Отыз күн ұдай той қылып,
Аз ғана емес, мол қылып.
Қызды күйеу шақырмас
Бері кел деп ой қылып.
Некесін қиып молдасы
Береді қызын жөн қылып.
Отыз күн тойы біткен соң,
Қыз күйеуді жаттырып,
Ұзатады атамыз
Алтын-күміс арттырып,
Өз заңыммен бұл жерде
Көңілімді көтер шат қылып.
Білгіш екен ақылың,
Сабырыңыз мол екен,
Қаладым сізді жақтырып.
Көңілі тасып бұл сөзге,
Мақтым жүрді керіліп,
Сыпай мырза боп қалды,
Айтатын сөзге ерініп,
Жүрегі кетті еліріп.
Разы боп қыздың сөзіне
Кетті көңілі беріліп,
Керіліп Мақтым сөйлейді
Көтеріліп желігіп.
—Назым, менің қатыным,
Қатынымның көрдің бе
Ұшан-теңіз ақылын.
Әдейі іздеп келгенде
Осы болар сұрауың.
Бердім, қалқам, жарқыным,
Нәсіп етпес әр қызға
Мендей мырза батырын.
Жұрт айтқан соң ғашық ем,
батырлар жыры
Айтқанындай бар екен.
Жаңа толды тақымым,
Бердім тілек, жүре бер,
Күттім сабыр ақырын.
Назым қайтты күлімдеп,
Мақтым қалды дүрілдеп.
—Мүшел болар адамға
Жазым болып сүрінбек.
Орнына келді,—деп айтты
Арман менен мұңым,—деп,
Жұмыстың көрсе шынын кеп,
Кім болжаған бұл істі,
Кім байқайды бұрын деп.
Әзімбай бұны есітіп,
Той қылады қуанып,
Көңлі қалды жұбанып.
Ақыл ойлап қыз Назым
Үйінде отыр бұралып,
Ойын-сауық сырнаймен,
Мәжіліс болып құралып.
Бұлар тұрсын осылай,
Азғантай әңгіме Қамбардан
Бастап енді құралық.
Басында қалды байланып,
Жұмысы келіп орнына
Көңілі бітіп жайланып,
Отыз би барды Қамбарға
Ауылдан шыққан сайланып.
Тартуға барған жылқы алып,
Мың қаралы айдалып,
Қорқып қалған ноғайлы
Көңіліне бұрын қайғы алып.
Кеңшілікті таба алмай
Жүрген қулар сандалып,
Бұлардың ісі осылай,
Қамбар отыр олжа алып,
ҚАМБАР БАТЫР
Ноғайлының ісіне
Дос-дұшпан отыр таң қалып.
Ат-айғырды жетелеп,
Келді билер төтелеп.
Ит жүгіртіп, құс салып,
Батыр Қамбар жүр еді
Шамбол көлде бопалап.
Тобырмен келді ноғайлы
Сөйлесе алмай жекелеп.
Сонда Қамбар ноғайлы елінің келген кісілерін кекетіп: —
Мырзалар, қай жаққа жылқы айдап барасыңдар, сатуға әкеле
жатқан мал болса, маған да біреуін сата кетіңдер,—дейді.
(Қамбар ноғайлы елінде болып жатқан уақиғаларын тегіс біліп
отырған еді).
Қамбардың айтқаны:
—Ақарал еді жерлерің,
Сәлем бердім, ерлерім,
Жылқы айдаған бегілерім,
Сыртта жүріп есіттім
Еліңе қалмақ келгенін.
Қайғылы болып қалды ма
Қатын-бала, елдерің?
Жөндеріңді айта тұр,
Жоқ еді бұрын көргенім.
Өзім тірі тұрғанда,
Далаға кетпес еңбегің.
Азырақ өкпем бар еді,
Аяғын келіп жөндедің.
Хабардар едім сыртыңнан,
Алшыораз деген сен бе едің?
Сонда бір би сөйледі:
—Рас айтасың, Қамбаржан,
Қорлық көріп біз қалдық
Қалмақтың өкім хандардан.
Уайым-қайғы көбейді
батырлар жыры
Кемпір менен шалдардан.
Қайрат кетті бұл күнде
Балуансынған жандардан.
Несін айта берейін,
Біледі сөзді аңғарған.
Ат-айғырды жетелеп,
Келдік сізге төтелеп,
Үміт қып батыр даңғардан.
Сонда Қамбар сөйледі:
—Сіздердің бәрің бек,—деді,
Қанша жылқы берсең де,
Дүние сізде көп,—деді.
Кедейліктің жөнінен
Ауылыңа түбір кеп пе еді?
Елдің бәрін шақырып,
Атың бізге жетпеді.
Алшыораз сонда сөйледі:
—Олай деме, Қамбаржан,
Жалған дүние айланар,
Кедейге де бақ қонса,
Алдына әрне айдалар.
Дін қылышын шапсаңыз,
Бір жаныңа пайда бар.
Тарту тартып кеп тұрмыз,
Қайтсек көңіл жайланар.
Білмегенді кешпесең,
Білгендігің қайда бар?!
Елдің іздеп келгені
Ақыл сенде, айла бар.
Билердің айтқан бұл сөзін
Құлаққа, батыр, алыңыз,
Сізден көмек болмаса,
Қалмақ болды ханымыз.
Қатынымызды алып кетсе де,
Ұрсуға жоқ боп әліміз,
Алдыңызға сәлемге
Жығыла келдік бәріміз.
Қалмаққа ойран салыңыз,
ҚАМБАР БАТЫР
Жәрдем болса бабаңыз,
Сұлу туған қыз Назым
Болмай да қалмас жарыңыз.
Адасқанда айып жоқ,
Бұл жұмысқа наныңыз.
Сонда Қамбар сөйледі:
—Қонақ болып кетіңдер,
Қаз еті бар қақтаған,
Құланның етін сүр қылып,
Мейман үшін сақтаған.
Жүріңіздер ауылға,
Кедейім көрсін ақ табан.
Саяпкер жігіт менде бар
Айтқаныңдай мақтаған,
Кедей де болса бұларды
Әркім келіп жақтаған.
Көмегім менің осылар,
Сыртымнан дұшпан батпаған,
Ынтымағы кетпеген,
Жауды көрсе қаптаған.
Мақтанды деп айтарсың,
Бәрің өзің көрдіңдер,
Қалмағым бар ма шаппаған.
Тікіленсем шынымен
Қашып жолын таппаған.
Жеті күнде барайын,
Қалмады сөзің айтпаған.
Алшыораз сонда сөйлейді,
Разы болып сөзіне,
Көңілі тасты бәрінің
Жолыққан соң өзіне.
Татуласты айқасып
Келіп жұмыс кезіне.
Қош айтысып Қамбарға
Қайтпақ болды еліне.
Малды тастап жеріне,
Жылдамырақ кел деді,
батырлар жыры
Реті келсе жөніне.
Кетті Қамбар жылқы айдап,
Құсты тастап көліне.
Мың сан жылқы алдында
Келді ауылдың шеніне.
Ойланып Қамбар келеді,
Жан-жағындағы кедейге
Малды бөліп беруге.
Келген малды кедейлер
Бірдей бөліп алады,
Жарымай жүрген сорлының
Көңілі толып қалады.
—Қалайша келді мұнша мал,
Жөнін айтшы,—деп,—Қамбар,
Білмек үшін мән-жайын
Жігіттердің талабы.
Мына сөзге ер Қамбар
Толғана мойнын бұрады.
Жолдастарын жинап ап
Көлденең қарап тұрады.
«Ноғайлыдан келген тарту» деп
Батырдың берген жауабы.
— Мұның жайын айтайын,
Жолдас-жобам, құлақ сал,
Тыңдап мұны, ұғып ал.
Ноғайлының елінде,
Той қылып жұртты шақырған
Әзімбайдың баяғы
Сұлу Назым қызы бар,
Даңқы кеткен әр жерге
Есіткен жан қызығар.
Әр атаның ұлы бар,
Айтып тұрған сөзімнің
Кейінгі жақта түрі бар.
Қалмақ кепті алғалы,
Білмегенің біліп ал,
Шақырмаған тойына
Біздің елдің құны бар.
ҚАМБАР БАТЫР
Сасып кепті қалмақтан,
Жәрдем тілеп біздерден,
Қарап тұрсаң, мырзалар,
Бізден басқа кімі бар?!
Назымды беріп отырған
Құда түскен сыры бар.
Аттарыңды суытқын,
Өткен істі ұмытқын,
Жұртым үшін туыппын,
Өзім үшін күйіппін.
Тезірек жүріп кетуге,
Баратын қалмай түрі бар.
Аттарыңды жаратқын
Дайындалып қамданып,
Назым қызды алуға
Қалмақ кепті дегенге,
Отырмын қатты шамданып.
Азық-түлік дайында,
Жүрмеңіздер сандалып.
Жұрт үшін жүрдім намысқа,
Білдің бәрің аңғарып.
Осыны айтып ер Қамбар
Шамырқанды, шамданып.
Уәде қылды баршасы:
—Сіз бастасаң, біз дайын,
Жаным, сізден қалмалық,
Кедей едік, бай болып,
Арқаңызда толдық,—деп,
Қой орнына жылқыны
Қонаққа әкеліп сойдық,—деп,
Уәде қылды баршасы
Артында батыр болдық деп.
Қамбар жолдастарымен бармаққа уәде етіп, әзірлік жасап,
дайындықты істей берді.
Отыз кісі риза боп
Аулына қарап барады,
батырлар жыры
Көңілденген бұл билер
Жүйріктей қызған табаны.
Жол үстінде бұлар да
Ақылдасқан шамалы.
Әзімбайға келіп Алшыораз
Міне берген хабары:
—Ісіміз болды оңынан,
Жеті күннен соң ер Қамбар
Қалмақты келіп шабады.
Мақтым келіп жатқалы
Ноғайлының елінде,
Болған екен бір жұма,
Ұзаңқырап барады,
Жұмыс болды жылжыма.
«Жатамын ба мен мұнша,
Кетемін енді тезірек.
Той-тамаша қылды ма,
Қатуланды Мақтым хан,
Шаруаларың тынды ма?»
Назым қыз жоқ қасында,
Қабағы отыр түнеріп,
Алшыоразды шақырды
Жасауылын жіберіп.
Жылдам келсін деп айтты
Кешігіп қалмай кідіріп,
Жұмысы келмей орнына,
Ішінен отыр бүлініп.
Қандай жұмыс болды деп
Ұйықтамай көзі ілініп,
Жасауылдың сөзімен
Сыртта жүрген Алшыораз
Атпен келді бұрылып.
Отырды келіп қасына
Әңгіме-дүкен құрылып.
Сонда Мақтым сөйлейді:
—Жатамын ба, жүрем бе,
ҚАМБАР БАТЫР
Тойларыңыз әлі жоқ,
Мәнісін бұның білдің бе?
Артымда талай жұмыс бар
Мені көзге ілдің бе,
Шабандап кеттің қалайша?
Осыны Мақтым айтады,
Ойланып басын шайқады,
Ұстап отыр сайтаны.
—Тезірек істі бітіргін,
Бүгін-ертең қайталы.
Келіп едім күйеу боп
Ноғайлының халқына,
Кімдер ғашық болмаған
Қыз Назымның даңқына.
Апта-күн жатып кешігіп,
Қарай алмай артыма,
Ақылсыз шатпақ ел екен,
Жетпейсің бе парқыма.
Үлкен-кіші сөйлесіп
Жасы үлкен қартыңа.
Кешіктіру күйеуді
Қазағыңның салты ма?!
Асыл туған Алшыораз
Жауап қылды осындай,
Айтатұғын жер келсе
Сөйлеуші еді шошынбай.
—Қазақтың бәрін шақырдық
Той болсын деп осындай.
Қамбар деген ақын бар,
Шақыртып соны алыңыз
Қолыңыздың босында-ай.
Шақыртып мұнда ақынды алдырыңыз,
Келмесе үкім қылып жазғырыңыз.
Жұрт көрмеген көрсетіп жақсы ойын,
Халықты тамашаға қандырыңыз.
батырлар жыры
Мақтым хан айтқан сөзін қабыл көрді,
Қасына Келмембетті шақырды енді.
Екі қоржын, қос көзді жамбы беріп,
«Қамбар деген ақын бар барғын»,—деді.
—Тоқталмай Қамбар ақын келсін мұнда,
Халқына тамақ болар мынау ділдә.
Бастасын мына тойды сәніменен,
Деп айтты,—менен сәлем,—Мақтым мырза.
Айтады Келмембетке:—Шапшаң барғын,
Айналып кетпейсің бе, мұнда тұрма.
Қамбарды жақсы ақын деп ел айтады,
Тура келсе көрерміз біздің сынға.
Жылдам кеп Қамбар ақын ойын қылсын,
Алдымда қызмет қылып шайым құйсын.
Менмендігі болмасын көңілінде,
Есі болса сөзімді пайым қылсын.
Шақырғанға келмесе жалқауланып
Сол себепті нәсіптен тайып жүрсін.
«Жалқау адам еріншек» жақсы болмас,—
Даңқын да осылайша жайып жүрсін.
Біз де есітіп қалалық қызықтарын,
Жұртында көрінгені қалып жүрсін.
Осы сөзді тура айтқын барысымен,
Көзіне іліп бізді де танып жүрсін.
Адамды есіртеді қолда барлық,
Жоқшылық ұзатпайды жолы тарлық.
«Қамбар ақын кешікпей жылдам келсін»,—
Осылай деп бұйырды етіп жарлық.
Күрсілдеп, ашуланып қылды паңдық,
Қамбарды дереу барып әкелмесең,
Көзіме көрінбестен кеткін қаңғып.
Келмембет анық «пысық» жігіт еді,
Ханның айтқан сөзіне қорқып кетіп,
Атына мініп алып, кетті заңғып.
ҚАМБАР БАТЫР
Кешікпей жүріп арада
Жылдамдатып барады,
Атқа қамшы салады,
Көз жіберіп жолына
Қараса мойны талады,
Атты бұтқа сабады.
Жылқы аралап жүргенде
Қамбарға келіп кез болды,
Ауылдан аулақ далада:
«Амансың ба, ақын?»—деп,
Елшінің берген сәлемі,
Мақтымның сөзін қалдырмай
Бәрін айтып қарады.
Қоржындағы жамбыны
Алдына төгіп салады,
Жамбыны ақын «нәсіп» деп,
Бәрін жиып алады.
«Екі күнде барам» деп
Ақынның берген хабары.
Есітіп алып сөздерін
Келмембет қайтып барады.
Нәсібі зор Қамбар ер:
— Жамбы берем сіздерге,
Жеңгелерім, бәрің кел.
Қаладан қашық біздің ел,
Сіздерге берген олжаны
Ынтымақ етіп түгел бөл.
Тілеулес болған, жеңгелер,
Тәуекел болды осы жол.
«Аман бол!»—деп бәрі де
Бата беріп, созды қол:
—Қайырлы сапар, болсын жол!
Қамбар айтты:—Жеңгелер,
Бәрің тегіс ырза бол!
Жамбыны алды бөлмелеп,
—Батыр қайным, өлме,—деп,
Бата қылды баршасы:
батырлар жыры
—Ісіңді Алла жөнде!–деп.
Жабдықтарын түзетіп
Талабы мықты өрмелеп,
Біріне-бірі сынатып
Тәртібін түзеп жөндемек.
Сайманын түгел дайындап
Жиып алған термелеп.
Аттарын тегіс суытып,
Саяпкерге көр демек.
Қара қасқа тұлпарын
Қамбар бағып күттірген,
Саяпкерге бақтырып,
Асылдан жабу жаптырып,
Сұлы менен сүт берген,
Тұлпардың көңілін шат қылып.
Ащы терін шығарған,
Таң асырып шаптырып.
Тобыры қалмай артынан,
Талаптарын жақтырып,
Атағы шыққан ер еді,
Дұшпанын жеңген азамат,
Қаратпай бетке сап қылып.
Үйреткен жолдас-жобаға
Садақ тартып аттырып,
Жабдығын алды таптырып.
Түзетіп тобыр кедейді,
Састабын түзеп сап құрып.
Киімін түгел киюге
Шығарып алды аштырып.
Атына тегіс мінеді
Асықтырмай састырып,
Жігіттерін байқады
Әрі-бері бастырып.
Жүрмек болды жігіттер
Жанын Хаққа тапсырып.
Қатын-қалаш жылап тұр,
Екі көзін жас қылып.
ҚАМБАР БАТЫР
Қамбар үйден шыға кеп
Аттың терін сүртіпті,
Соғысуға Мақтыммен
Қамбар батыр ынтықты.
Қару-жарақ асынып,
Мойнына ілді ер Қамбар
Атасынан қалған мылтықты.
Атасынан қалған бұл мылтық
Талайды жоқ қып құртыпты.
Сарамтал етті жұмысты,
Сайланып салу ұрысты,
Аш беліне байлады
Балдағы алтын қылышты.
Киді қымқап мауытты,
Сиынған пірі Дәуіт-ті.
Киіп алды ер Қамбар
Айналасы бес қабат
Атасынан қалған сауытты.
Атадан қалған мирасқор
Талайды бұрын шауыпты.
Жақтыратын ер еді
Ойын-күлкі сауықты.
Ескермейтін ер еді
Жүрмейтұғын қауіпті.
Кететінін білген соң
Анасы жылап зарықты.
Беруге бата ұлына
Әруаққа тапсырып
Екі қолын жайыпты.
Қамбар кететін болған соң шешесі жылап тұрып, баласына
бата бергені:
—Хақ Жаппар-ай, Жаппар-Хақ,
Хандар мінген алтын тақ.
Жалғыз ұлым Қамбарға
Жау жерінде бергін бақ!
Атадан жастай жетім қап,
Қамбарым жетім құлыншақ!
батырлар жыры
Шүкір қылдым, Жаратқан,
Астына мінді арғымақ,
Әруақтар, сенен тілеймін
Қамбар үшін зар жылап!
Сүрінсе қолдан алып жүр,
Адаспас жолға салып жүр.
Жаман емес талабы,
Тәуекелдеп барып жүр.
Жас көдек балам ержетті,
Бекқожа батыр келбетті.
Аман қылып ел-жұртын
Абиыр бергей нәубетті.
Орната көр, ғайып ерен,
Қызыр түнеп дәулетті.
Ат үстінде ер Қамбар
Анасының сөзіне
Жүрегі кетті елжіреп.
—Не болса да көреміз
Соғыс майдан жерінде,
Ноғайлының елінде.
Бір жақсы түс көріп ем,
Жолбарыспен алысып
Өлтіріп едім бір күні,
Жүрмеген дұшпан шеніме,
Талғардың шықтым басына,
Байлап қылыш беліме.
Дұшпанға бой бермейім,
Жүрсе де ол сенімде.
Жар болса бабам әруағы,
Енгізермін көріне.
«Тәуекел түбі—жел қайық,
Мінесің де өтесің;
Уайым түбі—тұңғиық,
Түсесің де кетесің».
Талабым алда ілгері
Жау түбіне жетемін.
Өлсем басым сүйейтін
Жолдас-жоба ертемін.
ҚАМБАР БАТЫР
Қара қасқа тұлпарын
Беренменен белдіктеп,
Жонаменен желдіктеп,
Мақпалменен терліктеп,
Жібектен айыл салады,
Байлап қамшы алады.
Күн тимеген бауырдан,
Жел тимеген сауырдан
Қара қасқа тұлпарды
Қамшыменен салады.
Атымен «шу!» деп кеткенде
Тау жаңғырып қалады.
Айбынына қарасаң
Тіктеп көзің талады.
Бес жүз жігіт жолдаспен
Алды-артына қарады.
Қылыштарын асынып,
Байлаулы жанда садағы,
Жолдастары арынды
Артынан қалмай барады.
Түгелдеп алған қолында
Құрал-сайман жарағы.
Ойпаң жерден орғытып,
Жарлау жерден сырғытып,
Арынын аттың баса алмай
Келе жатыр сорғытып,
Ат үстінде алысып,
Бірін-бірі қағытып,
«Жай жүр» деп Қамбар бұйырды,
Желіңкіреп сырғытып,
Аттары суып жараған
Келе жатыр жылжытып.
Алабыртқан жігіт көп
Құрыстап жауырыны жын бітіп.
Көбік шығып сауырдан,
Тер тамшылап бауырдан.
Қарауылдап Назым қыз
Шыққан екен ауылдан.
16–167
батырлар жыры
Амандасты Қамбарға,
Жақсы көзбен қарайды
Тәрізденіп сағынған.
Аққудай мойны созылып,
Қайысқандай қабырғаң,
Екеуі де сымбатты
Қалай сәйкес табылған?!
«Аман ба—деп,—анаңыз» [сұрады]
Жері жоқ сөзден жаңылған,
Батырға қолын қусырып.
Мінезі майда жібектен,
Жалт етіп көрсең жаныңнан.
Қайырылып Қамбар сөйледі,
Мойнын бұрып Назымға:
—Тоқтамас көңлім әзілге,
Кетпесін тілеу жазымға,
Жаманға жүрмес базына,
Лайық туған кісі едің,
Замананың сазына.
Жауға кетіп барамын
Соғысуға қалмақпен,
Тілеуіңді бұзба,—деп,
Амандасты қызға кеп,—
Аман-есен жүрмісің,
Қу қалмақты мырза деп
Бет алып кетіп барамын,—
Деп айтады ер Қамбар,—
Жолыма менің тұрма,—деп.
Мен сенікі түбінде,
Тілеуіңді бұрма,—деп,
Қош айтысып жөнелді.
Алам деп сені кеп жатқан
Мақтым қалмақ шын ба?—деп.
Қыздан әрі өткенде,
Ордаға таман жеткенде,
Ысқырады аспанға
Садағын тартып шерткенде,
Алдынан шығып Келмембет
ҚАМБАР БАТЫР
«Осынша жұртты күттіріп»
Кейіп келіп сөккенде,
Батырдың аты осқырып,
Жолдастары қасында
Келмембетке ақырды,
Шығарып есін састырып.
—Ханыңа барып хабар қыл,
Жолдас қылған жақтырып,
Тез барғын,—деп жекіріп
Алдынан жіберді шаптырып.
Мақтымға барды Келмембет,
Пұшық мұрны қасқиып:
—Батыр деп Қамбарды есіттім,
Ақын емен, батырмын,
Сәлем айт,—деп жіберді,
Маған мұны тапсырып.
Мұны естіп Мақтым хан:
—Қазағыңды мақтайсың,
Көрінбе,—деп,—көзіме.
Ашу қысып еліріп,
Қуып шықты ордадан
Келмембетті басқа ұрып.
Келмембет сонда сөйледі:
—Хан емессің, қабансың,
Тамам ханнан жамансың.
Жақсылықты білмеген
Адамзаттан надансың.
Бет-аузыма қарашы,
Мендей көзің ағарсын.
Жолдасыңды сабайсың,
Жақсылық қайдан табасың?!
Хан емессің, қасқырсың,
Қара албасты басқырсың.
Көк есектей тепкілеп
Қамбар сені басқа ұрсын.
Абиырыңды кетіріп,
Өзіңді ұстап өлтіріп,
батырлар жыры
Жаныңды жаһаннам жіберіп,
Тиісті жерге тапсырсын.
Құлақ-мұрның кестіріп,
Абиырыңды мендей аштырсын.
Келмембет шықты сілкініп,
Қорықпай сөйлеп іркіліп.
Қамбар келді күркіреп,
Елдің бәрі жүгіріп
Алдынан шықты дүркіреп.
Қамбарға келіп Келмембет,
Өксіп сонда жылады:
—Тегі жаман ит қалмақ,
Соқты деп мені сілкілеп,
Осындай итке тілмаш боп
Болдым жұртқа күлкі,—деп.
Камбар:—Жарайды, Келмембет, екі жүзді қарабет адам
болмасаң, сенің зарыңды, теңдігіңді алып берермін, асықпа,
сабыр ет,—деді. Қамбардың жолдастары ауылды қоршап тойға
келген кісідей түсіп жатты.
Ордаға түсіп Қамбар ер,
Отырған соң жайланып,
Ақтабанды шақырды,
Осылай істеп ақылды.
—Ақын деп бізді шақыртқан
Мақтым ханға хабар ет,
Көрсін мендей батырды,
«Шайымды құйып берсін»,—деп,
Тапты қайдан қатынды?
Ноғайлының еліне
Мұнша неге басынды?!
Ақтабан, тезірек барғын,—деп,
Қамбар қылды ашуды:
—Барып айтқын, Ақтабан,
«Келдің, қалмақ, алыстан,
Сені сөзбен тоқтатқан—
Алшыораз біздің данышпан.
ҚАМБАР БАТЫР
«Қоян өлер қамыстан,
Ер өледі намыстан»,
Сізді іздеп келіпті
Бекқожаның баласы
Батыр Қамбар дабыспен.
Онан да басқа жерлерде
Көп жүйрікпен жарысқан.
Әнжімен де соғысып,
Оның да ақылын тауысқам.
Екі күнде барам деп,
Айламенен аңдысқам.
Әркімнің ата-тегі бар,
Ел ішінде бегі бар,
Батырды «ақын» деп айтқан
Жүрегімде кегі бар.
Қарамайсың өзіңе,
Бұл сөзімнің жөні бар.
Батыр болсаң шабысып,
Найзаменен қағысып,
Ғашық болсаң Назымға,
Күшіңменен жеңіп ал.—
Деп айтты,—де,—ер Қамбар»
Енді бар,—деді,—Ақтабан!
Ақтабан барып Мақтымға
Ер Қамбардың сөздерін,
Турасынан қақсаған.
Бұны естіп Мақтым хан,
Ашуланды, арланды,
Шамырқанды, шамданды,
Айқай салды әскерге:
—Алып кел,—деп,—тарланды,
Алдап мені шақырған
Ноғайлының еліне
Қылайын енді ойранды.
Тобыңменен қырайын,
Енді салып жанжалды,
Көрмеген шығар Қамбарың
Мақтым батыр палуанды.
батырлар жыры
Құтырған екен ноғайлы,
Қандайын бүгін найзамды,
Шықсын Қамбар шапшаң,—деп,
Әзірленіп сайланды.
Барады сөзім төтеге,
Ер болса шықсын жекеге,
Күшім бүгін кетпесе,
Тиермін майдай шекеңе,
Қамбарды бүгін жоқ қылмай,
Мақтым тегін кете ме?
Тобыр менен ноғайлы
Ынтымағы бір болды,
Неғып кетер екен деп,
Екі жағы кеңесіп
Бір құпия сыр болды.
Жиналысып екі жақ
Орта ашық ду болды.
Жиылып батыр келгенше
Майдан жерге екі ел
Жабырласып шу болды.
—Жеке, батыр, жеке,—деп
Қамбар батыр алдында,
Артында бес жүз әскері
Ортасында ту келді.
Қара қасқа тұлпары
Арандай аузын ашады,
Ілгері қарай басады,
Түрін көріп Қамбардың,
Мақтымның тұрған әскері
Таңырқап жаман сасады.
Әскерін тастап артына,
Жеке тұрған Мақтымға,
Іркілместен Қамбар ер
Қасына келіп Мақтымның:
—Тегіңді айт, кім болдың?–
Деген сөзді қатады.
ҚАМБАР БАТЫР
Мақтым:
Толғанып мойнын бұрады,
Адырайып тұрады.
—Маған қарсы келгендей,
Кім едің?—деп сұрады.
Қамбар:
—Бекқожаның ұлымын,
Алланың сүйген құлымын.
Қамбар батыр мен едім,
Көрінбей ме түрімнен
Қарсы келіп тұруым.
Мақтым:
—Қамбар деген сен бе едің,
Екі күн өтті уәдеден,
Тәуір ме енді өлгенің?!
Майданға неге шақырдың,
Не қайратқа сенгенің?!
Менен бұрын майданды
Бар ма еді, сірә, көргенің?
Алайын ба басыңды,
Кешігіп неге келгенің?!
Сонда Қамбар сөйлейді:
—Мақтым деген сен болсаң,
Қамбар деген мен едім,
Екі күн уәде деп едім.
Егер сенің қолыңда,
Ажалым жетсе өлемін,
Сен сияқты бұл жерде,
Асылық сөз демейім.
Қайратым сенен пәс болса,
Желкеңнен шығар көмейің.
Айналғаным бұл болды:
Бір әдемі қырғауыл
батырлар жыры
Алдымнан шықты жорғалап,
Бір бүркіт шапты алдынан,
Тығылды маған қорғалап.
Және топтап қара құс
Жиылған екен қамалап.
Тағы жалғыз бидайық
Ұшып келді қасыма,
Қос қанатын сабалап.
Қырғауылды тастадым
Қай жеңгені ілсін деп.
Бүркіт те шапты күрсілдеп,
Сабыр қылып отырдым
Екеуіне бір сын деп.
Бір уақытта бүркіттің
Желкесін қиды бидайық,
Жерге түсті денесі
Аяқ-басы қылжайып.
Қара құстар жиылды
Бидайыққа қоңқайып,
Оның да қиды желкесін,
Әр жерде қалды тоңқайып.
Оның бәрін қырған соң,
Қасыма келіп тұрған соң,
Қырғауылды мен көрдім
Бидайыққа ылайық.
Мақтым:
—Қара бүркіт мен,—деді,
Бидайық құс сен,—деді,
Көтерілме көкиіп,
Бұл ісің болмас жөн,—деді.
Қырғауыл құс дегенің—
Назым қалам қас жарым,
Көп қара құс дегенің
Менің мынау әскерім.
Талайдың қанын шашқаным,
Сен болғанмен бидайық,
Келмейсің маған ылайық.
ҚАМБАР БАТЫР
Осыны айтып Мақтым хан
Қамбарға қарай шабады,
Айқасып екі батырлар
Қылыш, найза салады.
Тозаңы аттың бұрқырап,
Айқайласып, салысып
Ұлы майдан қылады.
Қылышпенен салғанда
Мақтым ханның найзасы
Ортасынан сынады.
Найзасы Мақтым сынғанда,
Қамбар салды найзаны.
Найзамен Қамбар салғанда,
Мақтым ханның атының
Табаны жерден тайғаны,
Қоя салып найзаны,
Қылышты қолға алғаны.
Желкеден қылыш шапқанда
Басы кетті домалап,
Аты шауып жөнелді,
Аударылып қалады
Қалмақтың Мақтым палуаны.
Сүйегіне ат қойды
Қалмақтың жолдас қалғаны.
Қазақ та шауып жабылды,
Келмей қалды дәрмені.
Тобырлар шапты айқайлап
«Бекқожа» деп ұран шақырып,
Талқандады қалмақты
Бет алған жерін жапырып.
Майдан іші қан болды,
Шошынған адам көп болды,
Садақ, мылтық атылып.
Қалмақ қашты жеңіліп,
Жүректің оты басылып,
Қашқанын қуып ұстады
Көңілі тасып ашылып.
Бірін қоймай қырады
батырлар жыры
Көрінгенін басынып.
Олжалаған көп болды,
Аттарын ұрлап жасырып.
Басшылыққа алмаққа
Келмембетті шақырып,
Алшыоразды ертіп қасына,
Сүйдінге қарай жөнелді,
Батыр Қамбар тасынып.
Қалмақтың атын түсіріп,
Атқа жарып кенелді.
Аралаған Келменбет,
Жоғары мен төменді,
Естімей қазақ қалған жоқ
Қамбар батыр дегенді,
Турашыл болып уақтында
Басқарып өтті көп елді.
Сегіз күн бұлар жол жүріп,
Сүйдін деген қалаға
Қаптап тобыр барады,
Түнде келіп қамады.
Бейқам жатқан қаланы
Келістіре шабады.
Қазынасын ханының,
Алтын-күміс көп екен,
Қалдырмай бәрін алады.
Өрістегі малдарын
Қалдырмай айдап барады.
Төрт кісісі өліп тобырдың,
Бұлардан шығын шамалы.
Мақтым хан өліп майданда,
Тарылды қалмақ заманы.
Ойран болып қаласы,
Көңілдері жаралы.
Жиып алып жолдасын
Батыр елге қайтады.
«Есебін ал,—деп,—бұл малдың»
Батыр Қамбар тобырға
ҚАМБАР БАТЫР Өсиет қылып айтады. Қайнап, өршіп қайраты, Құмары ердің тарқады. Қазақ, қалмақ—екі жақ Қайратын ердің байқады. Қалмақтың сүйтіп дәулетін Судай төгіп шайқады. Бұлар қалмақты шауып өз елдеріне жақындағанда тобырдың Тоқмамбетін батыр мен Алшыораз елге хабар беруге шаптырады. Әзімбай жазған жолдас қып Елу кәрия қасында, Қарауылдап отырды Бір төбенің басында. Қамбар менен Алшыораз, Жолдас-жоба баршасы Аман келсе осында, Шет жерге жақсы үй қондырды Қолымыздың басында. Жігіт көрінді Тамаша мен пошымға.
Қамбар менен Алшыораз
Тоқмамбетті жіберді,
Амандықты айтқын деп,
Қалмақты шауып қайттым деп,
Бізден сәлем айтқын деп,
Біз барғанша дем алып,
Тыныштық алып жатқын деп.
Мақтанбайды ер Қамбар
Дұшпанның көңлін бастым деп,
Сүйдіннің халқын қаратып,
Сөз кірісін аштым деп.
Әзімбай ертеменен тұрып, көңілі тасып жақсылықты сезген
дей, жүрегі алып-ұшып тыныштық ала алмай, төбенің басына
шығып қарап тұрғанда, шауып келе жатқан бір адамды көреді.
батырлар жыры
Ертемен тұрып Әзімбай,
Ұйқысынан оянып,
Тұрғанында төбеде,
Біреуді көрді алыстан
Келе жатқан шапқылап,
Аты терге боялып.
«Сүйінші!»—деді келді де,
Әзімбай қалды қуанып.
Бастан-аяқ сөйледі
Көргенін тегіс қалдырмай,
Тоқмамбет те ер екен
Екпіндеп сөйлеп сыбанып.
—Қимылдағын, кәрия,
Енді болды құдалық.
Қуанғанның белгісі,
Айтып салды Әзімбай:
—Той тамаша қылалық,
Қалағаның ал!—деді,
Тоқмамбетке сұранып.
Қимылдаңдар, ағайын,
Кетпесін бұл іс шұбалып.
Әзімбай келіп қарсы алды
Екі жүз кісі шығарып.
Жүремін десе ауылына,
Жібермеді батырды
Үлкен-кіші жабылып.
Жеңгесі мен балдызы
Алдынан шықты бұралып,
Қыз-келіншек шулайды
Жан-жақтан келіп құралып.
Емшегі шыққан балдыздар
Төсін басып ұялып,
Жақсы-жаман жігіттің
Бәрі де болды сыналып.
Кілем төсеп есікке,
Кіргізді үйге құрметтеп,
Ізеттік іс бір өрге?
Назым келіп қол алды
Ғашықтарша бұрынғы,
ҚАМБАР БАТЫР
Солардан қалған сүндет деп,
Дастарқан жайып сылдырлап
Жеңгелері көлбектеп,
Құйылып қымыз, ет келді,
Үстін-үстін өрнектеп,
Қыз бен күйеу қалжыңдап,
Отыра берді ермектеп.
—Шаршап келдім, ұйықтаймын,
Төсек сал, жеңге, жөндеп,—деп.
Тамашамен таң атты,
Күлкіменен күн батты,
Батыр көріп құрметті,
Үш күн өтті сәулетпен.
Әзімбай балаларын қасына алып, қызын дәулетіне сәйкес
теп жөнелту қамына кірісті. «Барлық не дегізбейді, жоқтық не
жегізбейді» деген емес пе, барлықтың арқасында жұрт сүйініп,
дұшпан күйінгендей етіп, батыр мен қызын ел көшкендей етіп
еншісін толықтап жөнелтті. Осындай дәулетпен батыр елі
не келіп, тоқсан үй тобырын қуантып, алып келген дүниесін
ортаға салып, аяқ жетер жердегі елге хабар беріп, бір үлкен
ат шауып, жамбы атқызып, сайыс-күресі бар—тамашалы той
істеуге кірісті.
Қамбар айтты: —Алшыораз,
Сендер маған той қылма.
Үш күн жаттым күйеу боп
Назым сұлу қойнында.
Қайтамын,—деді,—еліме.
Көңлімдегі өзімнің
Бір той қылмақ ойымда.
Өзің білгін, тобырым,
Қанша мал жетер союға.
Еліне хабар береді
Әзірленіп тұруға.
Қимылдаңдар, тобырлар,
Той қылмақ болса ойыңда,
Батыр қашан келед деп,
Тосып жүр тобыр жолында.
батырлар жыры
Күйеу мен қызды байдың қайтаруы:
Назымға тіккен отау деп,
Кең сазға жайлап қондырып,
Жасаймыз деді бір үлкен
Ел көрмеген той қылып.
Мың үй тікті қатарлап,
Арасын көше жол қылып,
Мейманды тосып тұрсын деп,
Парлап жігіт қойдырып.
Тобыр сондай той қылды,
Есепсіз мал сойдырып,
Риза қылды көп елді
Сыйлауменен тойғызып.
Батыр Қамбар елге айтты: Ат қонаға жіберіліп, тарту сый
болады, тоғыз күндей тамаша болады деп айтты:
—Тоғыз күн қонақ болады,
Қонаға атты жөнелтіп,
Есебін аттың алады.
Тура бес жүз шамалы.
Тоғыз жүз алтын, жүз жамбы,—
Бас аттың болды бәйгесі,
Тоғыз құндыз, он бір сілеусін,
Арыстан, жолбарыс терісі
Алдыңа алып салам деп,
Алтайы түлкі тоғыздан
Қарасаң көзің талады.
Отыз атқа бәйге бар
Озғандары алады.
Осылай болды батырдың
Жұртқа берген хабары.
Атты былай жөнелтіп,
Күреске шықты сайыспен,
Қандай қиын күресу,
Қабырғасы сытырлап,
ҚАМБАР БАТЫР
Бақайшағы майысқан
Талай палуан келіпті
Күреспекке алыстан.
Тоқмамбет деген жығыпты,
Жігіт екен арыстан.
Он түлкі берді алтайы,
Ел сүйініп қалысқан.
Бес құндыз болды бәйгесі
Қатындардың жарысқан.
Сайысшылар да сайысып,
Тобырдан шығып Ақпамбет
Алыпты оның бәйгесін.
Найзаменен қағысып,
Бұған да тіккен бәйгесі
Жеті құндыз болыпты,
Бес тай, тағы сілеусін.
Төртіншіде кезекпен
Мергендер келді талаппен,
Байлаулы тұрған ағашта
Жамбыны бұлар қарапты,
Жамбыны атып алмаққа
Ысқыртады садақты.
Тигізе алмай көбісі,
Көріп жатыр азапты.
Табан тіреп тұрғызбай
Аттарын қуып сабапты.
Тоқмамбетпен немере
Жобадай атып түсірді,
Жігіт еді талапты.
Сырттан қасқыр терісі
Он екі болған бәйгесі,
Бұған да жұрты қарапты.
Ертеңгі күн түс қайта
Бір шаң шықты бұрқырап,
Бөкендей ағып зырқырап.
Елдің бәрі «қайсы ат?» деп,
батырлар жыры
Асығып тұрды шұрқырап,
Шыңылдаған дауысқа
Сай-сүйегі сырқырап.
Көрінді сонда қасқаның
Маңдайы күндей жарқырап,
Сауырдан тері тамшылып,
Төрт аяқтан шыққан от
Шақпақ тастай жалтылдап.
«Бекқожа» деп ұрандап
Баланың даусы шаңқылдап.
Маядай мойнын созады,
Шү дегенде жануар
Ұшқан құстан озады.
Келе жатыр арындап
Бұрқылдаған тозаңы.
Тастағанда құлаштан
Арқаң жаман қозады.
Төрт тұяғы шарадай,
Ерні кеткен салпылдап,
Аузында тісі арадай.
Кекілі сұлу жібектей,
Шырақтай көзі жанады,
Алдынан зулап өткенде
Батырдың көңілі болыпты
Сүйсінгеннен баладай.
Дауыстап қуып барады
Аттары жетіп шаба алмай.
Енді артына қараса,
Тағы бір ат көрінді
Бұлаңдаған шабысы.
Оны байқап қараса,
Мақтымнан түскен Тарлан ат.
Тоқмамбет көріп мұны да,
Жете алмай атқа қамшылап,
«Ия, Әруақ!»—деп қуанып
Тоқаң да айғай салады.
ҚАМБАР БАТЫР
Екіншінің артынан
Үшінші қылып Алшыораз
Күреңін қуып барады.
Ендігі атты шұбатып
Даяшы қосып санады-ай,
Бірқатар ат зорығып,
Көбі жолда қалады-ай.
Ұрыс-жанжал жоқ болып,
Жақсы болып тойы тарады-ай.
Дабысы шығып Қамбардың
Мұнша жұртқа білініп,
Қалмаған сөзден сүрініп,
Дұшпаны сырттан түңіліп,
Басшы болып тобырға
Көрсетті жұмыс ірілік.
17–167
Алдым қалам қолыма,
Қарайын оң мен солыма.
Жаратқанға сиынып,
Екінші кәміл піріме.
Құлақ салып тыңдаңыз,
Жамандық көрме тіріде.
Батырлар қылған қайратын,
Қартаймай тұрып әріде.
Ертедегі ерлерден
Нұсқа болып соңғыға,
Қалмаған ол іс бір еді
Ойлағанға осындай
Опасыз пәни дүние-ай.
Теңізден шыққан құрдымдай,
Жетпеген ешкім түбіне-ай.
Қазынаға жинап гәуһар тас,
Айдаһардай болып мас,
Сақтаған алтын иініне-ай.
Ашқа тамақ, жаяуға ат,
Төрт түлік малға көңіл шат,
Жарайды екен қысылса,
Жұрттың қиын күніне-ай.
Алты ұлы бар Әзімбай,
Қызы сұлу Назымдай,
Көлдің аққу-қазындай.
Ғашықтың жолын ойлаңыз,
Бектерім деп қоймаңыз,
Тоқтайды барша тіліне,
Шығарған сөздің мәніне.
Қамбар батыр
(Ш. Қалмағамбетов нұсқасы)
ҚАМБАР БАТЫР
Қыз Назым шықты бұралып,
Он сегіз толып жасына.
Кәмшат бөркін үкілеп
Дүрлиант қойды басына.
Қара мен төре қайғырды
Болса деп бізбен ашына.
Ат шаптырды Әзімбай
Он екі баулы өзбекке,
Ат кекілін өрмекке.
Шақырғанның мәнісі—
Назым атты сұлуды
Сүйгеніне бермекке.
Әзімбай салды шабарды,
Елге жайып хабарды.
Әркім іздеп амалды,
Жиылып бәрі қамалды.
Аз да кетіп барады,
Көп те кетіп барады.
Алтын тақтың үстінде
Бек те кетіп барады.
Сақал-мұрты ағарған
Шал да кетіп барады.
Он қойына ат алған,
Бес қойына мата алған
Жарлы да кетіп барады
Бай тойына барғалы,
Ұнатса Назымды алғалы.
Шараң бар ма Құдайға,
Алмаған жан қалмады.
Сәске мезгіл болғанда
Ауылдан тұрып қыз Назым
Қудай мойнын толғады,
Барамын деп ойлады.
Алтын қамыт доғасы
Қамқа тонды киіпті.
Шора алтыннан жағасы,
батырлар жыры
Шүйілкесі күмістен,
Делбегесі жібектен,
Қызметкерлер тез жеккен.
Жегіп алды қос қара ат,
Киіп алды қос манат,
Қос арғымақ арлатып
Көкарал шаһар қалаға
Назымжан кірді зырлатып.
Биік қырдың басында
Шықты Назым бұралып,
Салдырып биік мұнара.
Назымды малсыз алуға
Халықтың болып құмары.
Жиылған халық біле алмас,
Ақыры немен тынады.
Келген ерлер толып тұр,
Болса екен деп іңкәрі.
Бәрі де өткен шұбырып
Қалмады жақсы-жаманы.
Қасқа, жайсаң бектердің
Таусылып ақыл-амалы.
Жарлыны байға теңгерген
Көңіліне жел берген
Қыз Назымның заманы.
Сұрады сұлу сөз ашып,
Аузынан дүр шашып:
—Бар ма екен,—деп,—далада
Жігіттің келмей қалғаны?
Назымнан үзіп күдерді
Дәмелі болып барғаны,
Бері өтіпті қалғаны.
«Келмей қалған кім бар?»—деп,
Шақырушыны шақырды,
«Тез кел,—деп,—мұнда» ақырды.
Шақырушы сөйледі:
—Шақырмадым бұл тойға,
Әзімбай оған бермес,—деп,
ҚАМБАР БАТЫР
Назымжан оны сүймес,—деп.
Тоқсан үйлі тобырда,
Алпыс үйлі арғында
Он сегіз жасар Қамбарды.
Қатары бар әркімнің
Біреуін таңдап тимеді-ай.
Келмесе де бұл тойға
Болды Қамбар сүйгені-ай.
Бір күндері болғанда
Қамбардайын жас батыр
Тоқсан үйлі тобыры,
Алпыс үйлі арғыны
Азығы бітіп аш жатыр.
Қыран қара бүркітің
Тұғырына қонады.
Садаққа салған оқтай боп
Тұлпарына мінеді,
Қаршығасын көтеріп,
Көліне Һудың жөнеді.
Түскен жолы Қамбардың
Шұбырған малдың ізі еді.
Жағалай қойын байлаған,
Деңіздің бойын жайлаған
Қыз Назымның ауылының
Үстінен түскен кезі еді.
Мұны көріп Қамбардың
Жоқшылық кірді есіне.
Қымызы бар деп боз үйдің
Түсейін барып несіне.
Қырындап өтіп барады
Сұңқарын ұстап бетіне,
Шықты ауылдың шетіне.
Сол кездерде қыз Назым
Бұлттан шыққан ай құсап.
Күймесіне сүйеніп,
Тұр еді Назым нұрланып.
«Қара атты Қамбар, қайрылмай
батырлар жыры
Не себепті кеттің?»—деп,
Ашуы келді долданып,
Ақша беті қарайып.
Қалды ма деп жапырай,
Шар айнаны қолға алып,
Айнаға көзін тұр салып.
Қараңғы тартып көңілі
Қыз Назымның ішіне
Қапалығы симады.
Шақырып жақын жеңгесін
Ордаға тегіс жинады.
Түс қайтуға жеткізбей
Бір ұршықтан өрмекті
Иіріп бер деп қинады.
Шүйкесін түтіп шапшаңдап,
Бәрінің басы қақшаңдап,
Өрмегін тездеп жүгірді.
Отыз қатын ойнақтап,
Жүргенде иін тіресіп,
Тоқталып қалса кідіріп
«Қалдыңдар,—деп,—кешігіп»
Кейіп Назым күйінді.
Іргеден қақты қазықты,
Бір ұшы көлге ілінді.
Назым мінді өрмекке,
Иісін жұпар сасытып.
Ғашықтық кірді көңілге,
Сүйегін жаман жасытып.
Қайтқанда Қамбар ішсін деп,
Арақ пенен шарапты
Сандыққа салып әзірлеп,
Сауытқа қойып ашытып.
Белсенген білек көрінер
Сырдың құба талындай.
Түрген балтыр көрінер
Ақ киіктің таңындай.
Қасы қара көрінер
ҚАМБАР БАТЫР
Құралайдың көзіндей.
Екі емшегі көрінер
Сау қайыңның безіндей.
Ашықтықтың дертінен
Тоқыды өрмек ерінбей.
Зарықтырды Назымды
Әлі батыр көрінбей.
Қара қасқа тұлпардың
Маңдайында ағы бар,
Келетұғын Қамбардың
Қайтатын мезгіл шағы бар.
Сипай бауырын қамшылап,
Жаңбырдай тері тамшылап.
Он құланменен шоқытып
Келе жатыр жануар.
Қызыл алтай бір түлкі
Тымақтығы тағы бар.
Көрінеді алдында
Назымның өрмек құрғаны.
Мағлұм болды батырға
Салып қарап ақылға
Қыздырмақ үшін тұрғаны.
Қамбар айтты өзіне:
«Көңілім ауып осыдан,
Ұмытып кетсем халқымды,
Құдайдың мені ұрғаны».
Тоқтамады кідіріп,
Өте шықты қарғытып.
Сөйлесе алмай Қамбарға,
Тағы қалды арманда.
Отырған сұлу күзетіп,
Бойын сылап түзетіп,
Мұны көріп қыз Назым
Қаны қашып қорада,
Қылыш алып қолына,
«Адыра қал,—деп,—сен, өрмек»
Алты жерден турады.
батырлар жыры
Жеңгелері жаны ашып,
«Не болды,—деп,—қарағым»,
Бәрі келіп шулады.
Өтіп кеткен Қамбарға,
«Тоқтап тұр» деп қол бұлғап,
Шақырып қолын бұлғады.
Сол кездерде ер Қамбар,
«Не дейді,—деп,—бұл маған»
Қара қасқа тұлпардың
Басын тартып кідіріп,
Жауабын қыздың тыңдады.
Сонда Назым сөйлейді:
—Қайрылмай қайда барасың,
Хан сүйекті Қамбар-ай,
Қара атыңның мойнында,
Өкпе-бауыр жал бар-ай.
Біздің үйге түссейші,
Шөлдесең сусын ішсейші.
Жатып тұрып кетуге
Келетін бізде жай бар-ай.
Ақ төсімнің үстінде
Қол тимеген мал бар-ай.
Құшақтасып екеуміз
Көрісейік тұра тұр,
Артыңда биік жар бар-ай.
Сонда Қамбар сөйлейді
Ағытып сөздің тиегін:
—Ол ойың болмас, Назым,—деп,
Қатарыңа қарасаң,
Мен емес таңдап сүйерің.
Іздегенің асылық
Қатарлап желі байлаған,
Ыңырсытып айдаған
Мастығы шығар биеңнің.
Байды шалқар көл қылған
Кедейді құла шөл қылған,
Жарлығы күшті Иенің.
ҚАМБАР БАТЫР
Ит жүгіртіп, құс салам,
Сырқырап жаман сүйегім.
Өз теңімнің ішінде
Айтулы ердің бірі едім.
Жолбарыс қандай азулы аң,
Тар тоғайда кездесіп,
Оған да табан тіредім.
Қайратпен жеңіп өлтіріп,
Шайқы үйірді келтіріп,
Бабадан медет тіледім.
Жоқ та болсам жомарттың
Жолын ұстап жүр едім.
Сеніменен, қыз Назым,
Уәде қылсам қол беріп,
Айналар ісім қиынға,
Айыпқа мені бұйырма.
Бір жаман келіп мал беріп,
Алып кетсе айырып,
Абыройым ашылар,
Қайғыменен басылар.
Ат басындай жүрегім
Қалады ғой тірі өліп.
Сонда Назым сөйлейді:
—Дүние боқтың аздығын
Қайратты жігіт елей ме?
Сақа қылған бар ма екен
Қорғасын құйып кенейге.
Қыз шақырса келмей ме
Және бар кісі қонаққа.
Жалындырған Құдайым
Жалғыз атты кедейге,
Есен тұрса бұл басым,
Еш уайым жемейін.
Он екі баулы өзбекті,
Отырдым тақта демеймін.
Бөтен туған бала едің,
Жұртқа тұлға болғандай,
Сол себепті тежеймін.
Ақылың болса ойлап тұр,
батырлар жыры
Ендігісін өзің біл,
Асырып тағы не дейін.
Сонда Қамбар сөйледі:
—Сен жеріңде жек,—деді,
Ноғайлының бәрі бек,—деді,
Алыста жатып есіттім,
Өзімді кедей дегесін,
Сөз сүйектен өтті енді.
Әзімбайдай әкеңнен
Көп тобырым қаңғырып
Келіп тамақ жеп пе еді.
Бір тілегім Құдайдан,
Қалмақ алса олжаға,
Мінгізіп салса арбаға,
Артықша туған Назымды
Түсірмей келіп араға
Сонда айтар ем теңім деп,
Сенің алты ағаңа.
Сонда Назым сөйледі:
—Ақ өткелдің ар жағы
Жағалай біткен қызыл тас.
Он сегізде Қамбар жас
Шақырсам да қайрылмас,
Көңілімді қылдың мұнша мас.
Аламын деп бір күні
Келе қалса кәпір нас.
Алты ұлдың ішінде
Мен бір туған қаламқас.
Би менен бекке сөз бермес
Сені күткен мен бір жас.
Көп тобырдың ішінде
Сен бір туған ақ алмас.
Осылай өліп кетсем де,
Жолыңа сенің қойдым бас.
Жауабың жаман демесең,
Меніменен ақылдас.
Бұларды көріп сыртынан,
Өте шығып артынан,
ҚАМБАР БАТЫР
Қыз Назымның ағасы,
Әзімбайдың баласы,
Жамандарды қарашы.
—Қарай қойшы кедейді,
Назымжанға не дейді,
Алып келші өзіме,
Бір көрсетші көзіме.
Басын баудай кесейін,
Қанын судай ішейін,
Құнын өзім өтейін.
Сонда Алшыораз сөйледі:
—Ей, ағалар, ағалар,
Ер қолынан мал тайса,
Өзен-суды жағалар.
Білгірсінген біреуін
Болатпенен тағалар.
Жаудан қысым келгенде
Көп ноғайдың баласы
Сонда бір ерді сағалар.
Мінген аты көк пе еді,
Айтуға аузы епті еді.
Назым сүйсе Қамбарды,
Шақырып алып берейік,
Мал алмай-ақ тек,—деді.
Сонда ағалар сөйледі:
—Мінгені атың көк пе еді,
Айтуға аузың еп пе еді.
Жалғыз атты кедейге
Назымжанды беруге
Сүйегіңе еп пе еді.
Мінген атың ала-ды,
Алаға тоқым салады.
Сөздерінен сөз ашып,
Ағалары Оразбен
Бақандасып қалады.
Жөнеле берді ер Қамбар
Алшаңдатып тұлпарын.
Көп сөйлесіп Назымның
батырлар жыры
Тарқатпады іңкәрін.
Бара жатқан секілді
Саңқылдатып сұңқарын.
Батырдың қарап соңынан,
Қор етіп сұлу дімкәрін.
Тұра тұрсын бұл сөзбен,
Қыз Назымның хабары
Жер жүзіне тараған.
Екі кісі бас қосса,
Қыз Назымды қалаған.
Қалмақтың ханы Мақтымхан
Естіп хабар Назымнан,
Қыз Назымның жолына
Шашылсын деп қазынам.
—Әзімбай байға сәлем де,
Сұратқаным базынам.
Қабыл етсе сөзімді,
Күйеу етсе өзімді,—
Келмембетті жіберіп,
Кешікпей кел,—деп,—тез енді.
Ханнан бұйрық болғасын,
Келмембет мінді атына,
Тоғыз кісі жолдасын
Жаушы болып келмекке
Мінді тұлпар жорғасын.
Хан жіберген сенімді
Тілге шешен болғасын,
Әзімбайдың ұлына
Жетіп келді Келмембет
Байдың тура ордасын.
Келмембет келіп сөйледі:
—Ал, тыңда,—деп,—Әзімбай,
Айтайын келген жайымды-ай,
Көтерер деп Назымды-ай.
Саусағы алтын сұңқарға
Ілдірейін деп келдім
Көлдегі қу мен қазыңды-ай.
Тікпекке ақ үй сұраймын
ҚАМБАР БАТЫР
Ел қонбаған сазыңа-ай.
Меніменен ұстассаң,
Қыс етемін жазыңды.
Жай ғып ханым жіберді,
Жеті атасы орынды,
Алатаудай айбатты,
Рүстемдей санатты,
Дәулеті менен сәулеті
Тап өзіне қонымды.
Ерегіссең онымен,
Құртады сенің сорыңды.
Ешкім саған кәр қылмас,
Ұстасаң менің қолымды.
Бүгін саған қонақпын,
Таңдап сой семіз қойыңды.
Құда түсіп, құйрық жеп,
Қыламын қызық тойыңды.
Салдырып төсек, ат ұста,
Тырнадай созып мойныңды.
Бұғалық салып мойнына,
Жуасытып қайтамын,
Асауыңды үйретіп.
Азулы арлан бөріме
Жегіземін құйрығын,
Бағланыңды сүйретіп.
Толыдан қашқан түлкіңді
Ұстаймын қуып ендетіп.
Мекен еткен қырғауыл
Қызығын көрсем деп едім.
Шеңгелдетіп мойнынан,
Лашын құсқа жүндетіп.
Олай десең, байеке,
Мүйізі ұзын боз бұқа
Пәйгеліңді аңқытып,
Пәлегіңді үзеді.
Артқа қарап бұралып
Айдайын десең сүзеді.
Исі жұртқа жайылып,
Піскен аңқып түйнегің
Қолына өткір кездік ап,
батырлар жыры
Ортасынан тіледі.
Жемекке әркім әуес боп,
Көрмей-ақ сырттан біледі.
Қанаты қара бүркітім
Асыраған әлпештеп
Аққуыңды іледі.
Осы айтқаным болмаса,
Тұғырға сұңқар қонбаса,
Ноғайлы елің бүледі.
Бұл сөздерді айтқасын,
Сөз сүйектен өткесін,
Ерліктің түсіп салтына,
Ақылдаспай халқына,
Әзімбайдай қартына
Ашуланып Алшыораз
Мінді күрең атына.
Апырым деп ақырып,
Келгендерді жапырып,
Өлтіріп тоғыз қалмағын,
Керей ұлы Келмембет
Тірі ұстап алады.
Құлағын кесті құнтитып,
Мұрнын кесті пұштитып,
Жал, құйрығын күзеген,
Байталдай қып сымпитып.
Алшыораз тұрып сөйлейді:
—Келіп ең тасып, қалмағым,
Көрсетіп күштің салмағын.
Құдайдың берген бағына
Бастан құлақ садаға,
Боларсың адам тағы да.
Ішпесе тамақ өлер деп,
Мен тимедім жағыңа.
Кесілген жерің жайғасып,
Шүкір ет қалған жаныңа.
Біз бармаймыз таласып,
Қыз, келіншек, бойжеткен,
ҚАМБАР БАТЫР
Некелеп алған жарыңа.
Қалмақ пен қазақ қатысып,
Құда болған бар ма екен
Бұрынғыда, соңғыда-ай?!
Дұғай сәлем дегейсің
Мақтым сынды-ай ханыңа.
Келмембет сонда сөйледі:
—Қол-аяғым болмаса,
Қоймадың аман жерімді.
Соғымға сойған өгіздей
Алғаның жақсы еді терімді.
Әбден жүзіқарамын,
Қайтіп елге барамын.
Кеуілжірім кесіліп,
Маңдайдан миым көрінді.
Тұмсығымнан айырып,
Есіл мұрным бүлінді.
Далаға шықсам жылаймын
Құдайдан сұрап өлімді.
Жолмен келген қайтсын деп
Қалдырдың екі көзімді.
Құлағым құрсын, ризамын,
Жіберсең тірі өзімді.
Мақтымханға тапсырған
Қалдырмай бірін, шырағым,
Аман барсам ит-құстан,
Жеткіземін сөзіңді.
Бұл сөзді айтып Келмембет
Еліне кетті бұл қайтып.
Алдына барған ханының,
Көрген есен бұл да айтып.
Құлақ-мұрын садаға,
Жеткеннен соң жан қайтып.
Хан көріп мұны қайран боп,
Шошыды жүрек ойран боп.
«Түбіңе сенің, ноғайлы,
батырлар жыры
Жетемін» деп оттайды,
Елінің бәрін жиды көп.
Батырларын шақырып,
Арыстандай ақырып,
Мақтымхан төкті қаһарын.
Айдаһардай ысқырып,
Халқына төгіп заһарын.
Жасауылды шаптырып,
Жинады тегіс шаһарын.
Бес мың алды адамды
Жігіттің өңшең қатарын,
Аттаныпты Мақтымхан,
Бергей деп жеңіл сапарын.
Қаладан шықты көп әскер
Сырнайлары шарылдап,
Сыбызғысы күжілдеп
Мінгендері дал бедеу,
Келе жатыр лапылдап.
Аударысып ойнайды,
Буыршындай тақымдап.
Сансыз сары әскері,
Ақ найзасы сатырлап,
Көрінеді алыстан,
Жұлдыздай ұшы жалтылдап.
Бие бауы шалғынға,
Көк орайлы балғынға,
Қондырды қалмақ қонысты.
Әскерді көріп сыртынан,
Әзімбай жаман шошыған.
Алшыоразды шақырып,
Бер деп жауап осыған.
—Айтып едім, жүгермек,
Болар-ау деп осындай.
Қарындасың екеуің
Қамбарды айтып мақтаушы ең,
Шақырыңдар досыңды-ай.
Ақырын Құдай оңда,—деп
ҚАМБАР БАТЫР
Бұл сөзді айтып Әзімбай
Көзінің жасы жосылды-ай.
Келмембетке Мақтымхан,
—Әзімбайға бар,—деді,
Құлағына сал,—деді.
Қызын маған берсін деп,
Бір жауап алып кел,—деді.
Ханнан жарлық болғасын,
Келмембет мінді атына.
Тірідей сойып аққудың
Терісін киді басына.
Әзімбайға келеді,
Қырық жігіт қасында.
Келе сала сөйледі:
—Үйдемісің, Әзімбай,
Беремісің қызыңды-ай.
Жауап бер маған жолығып,
Хан қонып отыр қасыңда-ай.
Олжаға қалдың молығып,
Ашуы жаман Алшыораз,
Айта алмай тұрмын қорынып.
Бұл сөзді естіп Әзімбай
Түрегелді орнынан,
Көкірегі күрілдеп,
Көзінің алды іріңдеп,
Қайрат берді өзіне,
«Көтере көр, пірім» деп.
Үш жығылып, үш тұрып,
Буындары дірілдеп
Әзімбай сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Қайттың ба барып қалаңа-ай,
Қалағаның мал болса,
Бәрі де ханнан садаға-ай.
Қолыңнан келсе жәрдем қыл,
Қартайған мендей ағаңа-ай,
18–167
батырлар жыры
Тимесін қолың жағама-ай.
Оңаша үйге түсе тұр,
Шөлдесең сусын іше тұр,
Ойласып жауап берейін,
Үйдегі қатын-балама-ай.
Атын ұстап түсіріп,
Сыйлады күтіп қалмақты.
Сыйламасқа болмайды,
Әскері жатыр салмақты.
Алшыораз да айбатты,
Ер еді асқан ардақты,
Келмембеттің алдына
Қызмет қылып бармапты.
«Бұйырған алар біреуі,—
Қараға да, ханға да
Беріңдер,—деп,—Назымды»,
Әзімбай жылап зарлапты.
Әзімбай айтты:—Халайық,
Ат шаптырып жан-жаққа,
Ағайынды жиялық.
Ерегісіп ханменен
Біз де ұялып қалмалық.
Құтылармыз қандай боп,
Бұған да айла табалық.
Бұл сөзді айтып Әзімбай
Мәмбет дейтін жаушыға
Мінгізді бедеу атын да,
Кигізді берен тонын да.
Бермесек деп бұл қызды
Үзіп жаннан үмітті.
Әзімбай айтты:—Келмембет,
Ағайыным жиылып
Ақылымды талады.
Алшыоразды айнытып,
Әрбір жолға салады.
Қартайсам да қайратпен
ҚАМБАР БАТЫР
Көндірдім қатын-баланы.
Қатарым деп өзімнің
Назымжан ханды қалады.
Қызға жаушы көп екен,
Тағдырда жазған әуелде,
Мақтымхан күйеу, біз ата,
Қайтпасын ердің талабы.
Халық иесі ханымның
Қайырлы болсын қадамы.
Сан жылқыны аралап,
Семізін таңдап сояйын.
Сабалап қымыз ашытып,
Дайын қып бәрін қояйын.
Қаласа нені тағы да,
Оны да дайын қылайын.
Тамашаға жиылсын
Алты алаштың адамы,
Қырық күн ұдай тойым бар,
Әртүрлі қызық ойын бар,
Жиылсын елдің алабы.
Бұл сөзді айтып Әзімбай,
Рұқсат беріп жаушыға.
Келмембет сонда сөйледі:
—Бұрынғы істі қылмадың,
Қадіріме сен жетіп,
Қасиеттеп сыйладың.
Ауылдың үстіне шаңдатып,
Еліңнің бәрін жинадың.
Тағы да Құдай ұрды деп,
Қалмады қорқып иманым.
Ақылыңа тапсырдым,
Қызыңды беріп ханыма,
Артықша құрмет қылғаның.
Келмембет шауып жөнелді,
Ілгері-кейін шұбалып,
Шатырға келіп түседі,
Оттай беті қызарып.
батырлар жыры
Мақтым айтты:—Не хабар,
Келдің бе,—деді,—тіл алып?
Келе сала сөйледі:
—Ноғайлыға көнбедім,
Жорғасына мінбедім.
Тай-тұяқ, жамбы, пұлын-ай
Айдап салды алдыма-ай.
Елінің жинап бәрін-ай,
Құда болдым қызына-ай.
Зияндасты көшіріп,
Тастаған жұртқа тастай ғып,
Түстім әбден соңына-ай.
Көп кейіді Әзімбай
Алшыораздай ұлына-ай.
Сізге берді Назымды
Құлағымның құнына-ай.
Халық иесі ханым-ай,
Риза бол біздей құлыңа-ай.
Енді сізден сұраймын,
Марқамат қыл мұныма-ай.
Мақтымхан сонда сөйледі:
—Сүйінші дейсің, Келмембет,
Көңліңді сенің табайын.
Өлгеніңше өзіңді
Тәрбиелеп бағайын.
Дұшпандарың қайғырып,
Досың болсын ағайын.
Қаласа Құдай, Назымды
Қалаға алып барайын.
Салдырайын оңаша
Алтыннан безеп сарайын.
Дүние таппай сен жүрсің,
Қазынамды сарп етіп,
Күніңе сенің жарайын.
Бетіңе біреу қараса,
Күрзі ұрып сабайын.
ҚАМБАР БАТЫР
Бұл сөзді айтып хан тасып,
Әскеріне жар шашып,
Сыбызғы, сырнай тарттырды.
Қыз Назымның тойы деп,
Жаратып атын шаптырды,
Қадірін көпке арттырды.
Жата берді бұл тасып,
Өзінен-өзі шуласып,
Ноғайлы келді жиылып,
Болып жатқан бұл істе
Басын қосып кеңесіп.
Әзімбай айтты:—Халайық,
Ер Қамбарға барайық,
Түбіміз бірге туыс-ты.
Ағайын адам сүйте ме,
Қалайша бізден суысты.
Қалмақтың ханы Мақтымхан
Бәленің жолын қуысты.
Көптігіне сүйеніп,
Белін бекем буысты.
Қанатын жайып бүркітті,
Жоям деп елді үркітті.
Салуға дайын ұрысты,
Сүйегін сұлтан қорлай ма,
Ойласаң, батыр, бұл істі.
Батырға дұғай сәлем де,
Тастасын басқа жұмысты.
Елі-жұрты жиылып,
Алшоразбен кеңесті,
Әзірге қылмай егесті.
—Ер Қамбарға барайық,
Тоқсан бие тарту қып,
Өз дегенін келмес-ті.
Қамбар тірі тұрғанда
Бұл жауызды жемес-ті.
Назымжанменен сөзі бар,
Жолығысқан кезі бар,
Пәлен-түген демес-ті.
Тоқсан үйлі тобырға,
батырлар жыры
Алпыс ауыл арғынға,
Тарту қылып және де
Қоржынға салып жіберді
Ат басындай алтын мен
Қой басындай күмісті.
Осының бәрін даярлап,
Жәдігерге Алшыораз
Тапсырады бұл істі.
Қалмақтан ноғай қорыққан,
Үдере шауып зорыққан.
Намазшамның кезінде
Батырға келіп жолыққан.
Ордасының төрінде
Отыр еді ер Қамбар
Салдырып төсек паластан.
Келгенін қалмақ білмейді
Қыз Назымға таласқан.
Батырдың көзі көреді,
Бір топ адам келеді
Жан-жағына қарасқан,
Төңірегіне көз салып
Кісідейін адасқан.
Аттары болған қара тер,
Бұларды көріп Қамбар ер,
Кезі еді болған намазшам.
Қамбар айтты:—Жақсылар,
Ашылсын жүрген жолыңыз.
Асығып қайда барасыз,
Ауылға мейман болыңыз.
Құс еті бар қақтаған,
Қазы жоқ бізде сақтаған.
Ағалар, аттан түсіңіз,
«Жарлылығын жасырған
Байымас» деген бұрынғы,
Жетпейді жоққа қолымыз.
Жоқшылықтың өрісі,
Құралайдың терісі—
ҚАМБАР БАТЫР
Үстіге киген тонымыз.
Бар мақтанса табылар,
Жоқ мақтанса шабылар,
Алдыңда болсын барымыз.
Еңбекке белді байлаған,
Бейнетке өзін айдаған
Қас кедейдің зорымыз.
Соятұғын қойым жоқ,
Бар болса бермес ойым жоқ,
Ағалар, қиын сонымыз.
Жәдігер тұрып сөйлейді:
—Жақсы айтасың, Қамбаржан,
Қайғылы сәлем әкелдім
Кемпір менен шалдардан,
Өзіңнен кіші балдардан.
Алатаудай халқың да,
Ер болып тудың айтулы.
Атаңа ұсап аянбай
Қуыпсың, шырақ, салтыңды.
Жайымызды білдіріп,
Ойланып тұрмын қайтуды,
Ойда жоқ жерде өрт қаптап
Ондағы жатқан халқыңды.
Кінәмыз болса, кешсін деп,
Әзімбай беріп жіберді
Қой басындай күміс пен
Ат басындай алтынды.
Баламыз еді көрмеген,
Алыңдар деп көлденең
Жылқыдан тағы айдатты
Тоқсан бие тартуды.
Ойда жоқ жерде от қашып,
Өрісіміз тарылды.
Қызуына шыдамай
Тынысымыз тарылды,
Жүрегіміз жарылды.
Өртеп кетіп барады
Өзеннің бойы қалыңды.
батырлар жыры
Шарпуы жұртқа тиеді,
Өшірмесең жалынды.
Хан сүйекті сұлтаным,
Айтамын сізге зарымды.
Дұшпанға көрсет бір қайрат,
Көрсетіп елге барыңды.
Өткен іс қайтып келмес-ті,
Ертерек білдір барыңды.
Жердің жүзін сел алды,
Бөгетті қайдан саласың.
Ағысы жаман көрінед,
Тоқтатып қайтіп аласың.
Қайратты туған ер едің,
Бұған бір айла табасың.
Өз теңіңнің ішінде
Ақылы артық данасың.
Жұбатасың, жыласа
Ноғайлының баласын.
Атыңа мін ертерек,
Арманда болып қаласың.
Жауап берсең қайтамын,
Халқыма барып айтамын,
Қай шамада барасың?!
Сонда Қамбар сөйледі:
—Қылмаңыз көп уайым,
Халық үшін белді буайын.
Отыңды жанған өшіріп,
Асырып қырдан қуайын.
Қарқын суды қаптаған
Бөгетін салып буайын.
Халқыңыз қапа болмасын,
Медет берсін Құдайым.
Әзімбайдың ақымақ
Алты ұлына өкпелеп
Жаманның ісін қылмайын.
Қорлығына бұл жаудың
Тірі боп қайтіп шыдайын.
Ақсақалды кәріге,
ҚАМБАР БАТЫР
Үлкен-кіші бәріне
Менен сәлем дегейсің.
Назымдайын аруға
Келермін деген сөзім бар
Түскенде жау қолына.
Қара қасқа тұлпарға
Сәтті күні ер салып,
Берсе Құдай оңына,
Түсірмен рас жолыңа.
Жәдігер тағы сөйледі:
—Қалмақтың ханы қасарды,
Қайсар туған неме екен,
Шатырын тігіп шаңдатып,
Қорқытып біздей нашарды.
Кетуге айла таппадық,
Ойланып едік қашарды.
Аралас қонып алуға
Жақындап жаулар жасанды.
Шайқалып өсіп жасынан
Әзімбайдың бір қызы
Назым сұлу атанды.
Арам қылып кетпесін,
Жаудың қолы жетпесін,
Қарақұс келіп қалықтап,
Аламын деп айланды.
Сонда Қамбар сөйледі:
—Азып туған анадан,
Жолда жүрер адасқан.
«Көлеңке жерге түспейді
Жапырақсыз ағаштан».
Кедей де болсам, көп еді
Қасыма қоңсы жарасқан.
Баруға бердім уағда,
Артыма назар салмастан.
Дұғагөй ата-анамды
Кім бағады өзімдей,
Түзге барсам үйім жоқ,
батырлар жыры
Пендеге қиын жалғыздық,
Бір Құдайға жарасқан.
Ел ішінде кем болдым
Жал менен құйрық, қанаттан.
Бұрынғының нақылы,
Нұр жауар деген талаптан.
Уәдемді айтқан орындап,
Бесінші күн жетемін,
Тірі қып қойса Жаратқан.
Барам деп Құдай қосса берген уағда,
Қуанып ер Жәдігер қайтты бұ да.
Көрінбей келіп жатқан жауларына,
Жол жүріп түніменен келді мұнда.
Аузында Жәдігердің көптің көзі,
Жауапты беріп жатыр жаңғыз өзі.
Қасына оңашалап жалғыз барып,
Әуелі қуандырып Назым қызды.
Халайық құлақ салып тыңдай қалды,
Қамбардың қандай түрде бар деп сөзі.
Жәдігер:—Бардым,—деді,—Қамбар бекке,
Сәлемді түсіндіріп айтты көпке.
Қабыршақ, Қарымсақ пен Қораз, Дараз,
Жүр екен төртеуіне қылып өкпе.
Жігіттер, заманыңа берген ерді
Танымай жүргендерің бекер-текке.
Алшыораз ағайынмен ақылдасып,
Сөйлесті ел жақсысы шығып шетке.
Үй тікті елді жиып бастандырып,
Соймаққа талап етті малды қырып.
Өзінің шатырында бектерменен
Мәжіліс отыр еді хан да құрып.
Бәрі де болар істің артын біліп,
Қызмет қып ханды алдап жүр жүгіріп.
—Әй, ханым, сізге айтар арызым бар,—деп
Келмембет сөз сөйледі құлдық ұрып.
ҚАМБАР БАТЫР
Ноғайдың Қамбар деген батыры бар,
Мереке алдыңызда болмас тұрып.
Бір бәле сол Қамбардан болса де деп,
Арамдық Мәмбет ерді жүр ғой бұрып.
Өлтірсем орнына хан болар ем деп,
Ойлап бұл бәлені іштен біліп.
—Қамбарды жүрген болсаң бұрын танып,
Хабар бер атқа мініп өзің барып.
Көрейін қандай түрлі батыр екен,
Алдыма кешіктірмей кел деп алып.
Тоқтатса қарсылық қып әмірімді,
Айдап кел жалаңаяқ жолға салып.
Мәмбет ер мінді дейді жорғасына,
Барады ноғайлының жолбарысына.
Қаңбақтай жел аударған дөңгеленіп,
Қамбардың барып жеткен ордасына.
Ер Қамбар Келмембетті көрді қарап,
Тұр еді тұлпарының жалын тарап.
Құрысты тұла бойы қайраттанып,
Мысалы мас болғандай ішіп арақ.
Адам деп мұның өзі қандай түрі,
Сөз бастап танысуға қылды талап.
Келмембет бастап сөйледі:
—Амансыз ба, Қамбаржан,
Көрісуге сізбенен
Көңілімде менің көп-ті арман.
Түсінерсіз сөзіме
Қазір емес, соңынан.
Алып кел деп алдыма
Жіберді сізге Мақтымхан.
Әзімбайдың аулында
Мейман болып жатырмыз,
Күндер өтті арадан.
Бір жұмыспен бұл жерге
Келіп едік қаладан.
батырлар жыры
Хан мейірі қанбады
Сөйлесіп қатын-баладан.
Әңгімеге айланбай,
Ат үстінен айт тағы,
Қайт деп еді даладан.
Бұл сөзді естіп ер Қамбар
Қайраты судай тасады,
Адымын қарсы басады.
Қабағы бұлттай түнеріп,
Жолбарыстай ыңыранып,
Теріге сыймай долданып,
Көзінен от шашады.
Бөрі көрген ылақтай
Мәмбет көріп сасады.
Шу деген даусы шаңқылдап,
Кейін қарап қашады.
Тағы да ұстап алар деп,
Дөңгелетіп жорғасын
Бауырға қамшы басады.
Ханның барып алдына
—Келдім барып Қамбарға,
Келеді,—деп,—кешікпей
Өтірік жалғап қосады.
Шабыты қатты бүркіттей
Шығарып даусын шаңқылдап,
Ханың сонда сөйлейді:
—Өзіңменен қосылып
Қамбар неге келмеді?
Қарысатын менімен
Ноғайлы да ел ме еді?!
Алдыңа салып айдамай,
Екі қолын байламай,
Кеткенің тастап жөн бе еді.
Бұйрығыма бұл күнде
Қандай қазақ көнбеді.
Жалғыз атты кедейдің
Жарасар ма екен жеңгені.
Барған ойың бітірмей,
ҚАМБАР БАТЫР
Келгенің қайтып қатындай,
Жігіттің жақсы өлгені.
Қатты ұялып қысылып,
Мәмбет батыр терледі.
Келмембет сонда сөйледі:
—Сенің еріп тіліңе,
Көп қылдым жұртқа зорлықты,
Жетім менен жесірге.
Қайратым жетіп басыма,
Алшыораздай батырдан
Ұшырадым кесірге.
Теңдесуге күштімен
Менің жаным тұрмайды,
Батыр болсаң, ханым-ай,
Көресің ертең түсін де.
Аш арыстан пішінді
Ар жағы үш күн, бер жағы
Келеді Қамбар бесінде.
Көрермін сонда күшіңді,
Мәмбеттің көңілі бір бөлек
Көп әскердің ішінде.
Келмембет кетіп Қамбардың
Қайғыға іші толады.
Жалғыздық түсіп есіне
Өңі гүлдей солады.
Бадана көз, ақ сауыт
Оны былай қояды,
Жау жарағын асынып,
Жүрмекке даяр болады,
Халқынан жауап сұрады.
Қара қасқа тұлпардың
Төрт шамшырақ жақтырып,
Аяғын арқан қияр деп,
Шешесіне бақтырып,
Ашы тері шықсын деп,
Таң асырып шаптырып,
Жауға қылды талапты,
батырлар жыры
Байлады белге болатты.
Сиынғаным бір Құдай,
Сындырмасын қанатты.
Шешесі тұрып сөйледі:
—Жаратушы жалғыз Хақ,
Құдай да тақ, сен де тақ,
Сақтаушы болған жалғыз-ақ.
Атқышым менің мергенім,
Көзімді ашып көргенім,
Асқар биік зеңгерім.
Көп тобырдың, қанеки,
Жолдас болып ергенің.
Сонда Қамбар сөйлейді:
—Екіталай іс болса,
Ел қорғаны ер болар.
Қас батырлар майданда
Диірмендей дөңгелер.
Тәңірім мені сақтасын,
Осы барған ұрыстан.
Тілектес болып тұрыңдар,
Ақ жаулықты жеңгелер,
Иіліп сәлем қылысқан,
Ибаменен тұрысқан.
Күндіз жүрсем құрдасым,
Түнде жүрсем сырласым,
Бірге төсекте мұңдасым,
Халқым үшін барамын
Көп қалмаққа бір басым.
Тілектес боп тұрыңдар,
Қанды көйлек жолдасым.
Қынаптан шықса қылышым,
Тасты кесер алмасым.
«Алпыс үйлі арғынға,
Тоқсан үйлі тобырға
Алыстан аман келгін деп,
Жә, жалғыз» деп жылады,
ҚАМБАР БАТЫР
Қара айғырмен жөнелді.
Көргенім жалған болмаса,
Иыққа ішік жамылып,
Беті оттай қабынып,
Назым күтіп жүр екен
Ер Қамбардың жолында.
Тарыққанның кезінде
Қалай келмес өзі де,
Жасын алып көзіне:
—Жолың болсын, арыстан,
Келтіріп Құдай кезіне,
Мен құрмандық өзіңе.
Жол үстінде әйелмен
Сөйлессе болар кесір деп,
Тоқтамады сөзіне.
Қара қасқа тұлпармен
Қаһарланған бетімен
Қалмаққа жетіп барады.
Келмембет шықты алдынан,
Көзі түсті Қамбарға,
Қайта кірді хандарға.
Шегініп бетін бұрады,
Ара түсіп Қамбарға.
Келмембет тұрып сөйлейді:
—Алдияр, тақсыр хандарым,
Жаңа келді Қамбарың,
Бұдан бұрын бар ма еді
Сенен сұрап алғаным.
Сұрай келдім үміт қып
Қамбардың шыбын жандарын.
Бермесеңіз, хандарым,
Төгілер менің арларым.
Шаңқылдап дауыс шығарып,
Хан тұрып сонда сөйлейді:
—Айтып тұрсың сен не?—деп,
Келмеді деп ертерек,
Жағасынан сүйрелеп,
батырлар жыры
Алып кел мұнда Қамбарды,
Бес байталдық бедірек,
Көп сөйлемей шық,—дейді,
Көрінбей көзге тезірек.
Бұл сөзді естіп күйінді,
Көңілге тоқып түйінді,
Батырға арқа сүйенді.
Есікке барып қайтадан,
Қылышын ала жүгірді.
Ханға қарап сөйледі:
—Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Досың келіп табалап,
Дұшпаның келіп сабалап,
Хан емессің, қабансың,
Тамам ханнан жамансың.
Қамбар сені өлтіріп,
Дегеніне келтіріп,
Сүйегіңді қасқыр кемірсін,
Майыңа қарсақ семірсін.
Асықпасаң тұра тұр,
Мынау келген Қамбардан
Көресіңді көрерсің.
Тұра алмады ер Қамбар,
Бес кісідей көрмеді
Бес мың қолды батыр-ай.
Ақ сауыттан шығарды
Қарыс сүйем түгін-ай.
Тұлпардың басын қаңтарып,
Кіріп келді шатырға-ай.
Мақтымхан тұрып көрісті,
Орын берді қасынан.
Бар жарағы белінде,
Түсі суық көрінді,
Өзінің қорқып басынан.
Сырттағы тұрған кісіге
Білдірмейін дейді де,
ҚАМБАР БАТЫР
Халқына сырын шошыған.
—Өлтірейін деп едім,
Кешіксең келмей осыдан.
Сонда Қамбар сөйлейді:
—Атпенен тасып ауылымды
Қондырып едім көшіріп.
Бәлен жерден от қашып,
Сөндірдім соны өшіріп.
Кедейліктің жөнінен,
Шыға алмай мен далаға,
Қанатым екі кесіліп,
Қара қасқа тұлпарым
Күні-түні дамыл жоқ,
Табаны тасқа кесіліп.
Сұңқардың ілген қазына
Бір қара құс таласып,
Жатыр екен өшігіп.
Ажыраттым екеуін,
Одан бері тағы да
Құмай тазы қуалап,
Алған екен бір түлкі,
Бір төбет ит таласып,
Жатыр екен есіріп.
Ажыратып соларды
Тағы да қалдым кешігіп.
Шатыр тігіп шаңдатып,
Ноғайлының сазында
Сіз де отырсыз шешініп,
Әзімбайды жүдетіп,
Сансыз қолды түнетіп,
Елімнің күйін қашырып,
Берекесін кетіріп.
Күйеумін деп Назымға
Шынашақтап жастыққа,
Айылыңды жимайсың,
Аяғыңды көсіліп.
Сіз бенен біз жауласып,
Жаманның ісін қылмайық,
19–167
батырлар жыры
Қаланы қойып, ханым-ай,
Күнәмді менің көшіріп.
Мақтым сонда сөйлейді:
—Жіберген ұрып жаушымды
Алшыораз жаман басынды.
Елшіге берент бар ма еді,
Орынсыз маған асылды.
Бектерім менің күйініп,
Қайғы жеп жаман ашынды.
Аламын деп ант етіп
Назымға тіктім қасымды.
Күйеуі болды қыздың деп
Хабарым жұртқа шашылды.
Бесті айғырдай азынап,
Ажырайып қарайсың.
Жалғызыңнан жайрағыр,
Ұрысуға қалайсың,
Құртайын ба басыңды.
Бектер бетін бұрады,
Ұстамаққа осында,
Мұны байқап Келмембет,
Қамбарға көзін қысады,
Иегін шық деп қағады.
Мұнысын байқап ер Қамбар
Жүгіре басып шығады.
Қарғып мініп тұлпарға,
Қаһарын төгіп тұрады.
Келмембет түсіп араға,
Қойыңдар деп ұрысты
Ұядан жалғыз балаға.
Тұлпарға мініп алған соң
Сиынды Қамбар бабаға.
Қылышпенен бір тартып,
Үй жапсарын бұзады.
—Қане, жібер маған,—деп,
Ұрысқа батыр сайланды,
ҚАМБАР БАТЫР
Арманда болып қалмаңдар,
Іс қиынға айланды.
Болды деп Мақтым сөйлейді:
—Қолыңа ал, жарандар,
Қылышың менен найзаңды,
Қыздырыңдар майданды.
Батыр деп бүгін санаман
Жүрегі қорқып тайғанды.
Қалмақтың аты қара көк,
Жекпе-жекке өзі кеп:
—Батыр болсаң, Қамбар бек,
Беруің керек бір кезек.
Кезегін беріп қалмақтың,
Тұрды батыр бой тежеп.
Алды қалмақ садақты,
Қамбарға қарап көздепті.
Тебінгіге тіреніп,
Үзеңгіге шіреніп,
Толықсып тұрған баланы
Толғап тартып қалады.
Кірістен оғы кетеді,
Балаға барып жетеді,
Тоғыз қабат сауыттың
Сегізінен өтеді.
Жыртыла жазды жапасы,
Қатарланған жағасы,
Өтер еді одан да,
Қабыл еді Қамбардың
Жасынан-ақ тобасы.
Ғайып ерен қырық шілтен—
Бұл сауыттың панасы.
Бұдан кейін ер Қамбар
Садағын бұ да алады,
Кірістен оғын салады.
Қарсы бір қарап тұр қарап,
Толғай тартып қалады.
батырлар жыры
Сыртынан шықты тартқан оқ,
Құлады қалмақ таудай боп,
Жай отындай жайнады.
Бастан бағы таймады,
Білгір жауын құлатып,
Халықтың көңілін жайлады.
Семіздігі сонша екен,
Бір төбені майлады.
Мұны көріп қыз Назым,
Жүгіре жайды құшағын.
Қолына алып келеді
Алмас мойын пышағын.
Мойнына салған күйінде
Тілекші ізгі бұршағын.
Қонаққа сойған тоқтыдай,
Ханды келе бауыздап,
Мені алатын жауыз деп,
Талқанда деп ошағын,
Бір жалады пышағын.
Арыстан туған ер Қамбар
Аш бөрідей жалақтап,
Шабамын деп қосынды,
Естерінен айрылып,
Қалың қалмақ шошынды.
Алшыораз бен Келмембет
Екеуі келіп қосылды.
Үшеуі бас қосқасын,
Әскерлер қашып жосылды,
Кірген жерден қызыл қан,
Жау бәлеге тосылды.
Бөлек-бөлек жау қашып,
Қалмақты қашқан қайырды,
Қойдай қылып иірді.
Тойды күткен мырзалар
Өлексесі үй болды.
Бес мың келген әскердің
Екі мыңы жойылды.
ҚАМБАР БАТЫР
Қара қасқа тұлпармен
Көрсетті бала ойынды.
Бермеді жауға намысты,
Кім жояды ақ істі,
Қалған әскер бағынып,
Келмембет жалынып,
Келмембет түсіп араға,
Келіп Қамбар балаға,
Алшыораздай данаға,
Тоқтатады соғысты
Қалмақтың барып қалаға,
Үлкен-кіші балаға.
Мақтымханның орнына
Келмембетті хан қылып,
Міне осылай тапсырды
Келмембетке бағынтып,
Бір тайпа елді қойысты.
Алшыораз бен Қамбармен
Құшақтасып дос болып,
Келмембет хан боп қалысты.
Хан болып елді шақырды,
Сөйлеп бір судай сапырды.
Жауын жеңіп жапырды,
Арқа сүйеп Қамбарға,
Бағынып елі бас ұрды.
Жер ортаға келгенше
Шығарып салды батырды.
Әділдігін ел танып,
Батырдан алып ақылды.
Елін жиып тапсырып:
—Жамандық қуып болма алаң,
Еліңе міне ие бол,
Теріс баспа бір қадам.
Айтқан сөзді сен ұғып,
Құлағың сал сен маған.
Абыройға ие бол,
Қонған бақыт бұл заман.
Елін тегіс көндіріп,
батырлар жыры
Қамбардайын жас балаң
Келмембетпен қоштасып,
Болып тұр деп енді аман.
Жауын жайлап батырлар
Енді қайтқан еліне,
Нан піскендей деміне.
Ел қорғаған кім сөгер,
Ерлігін ердің ел көрер.
Қамбардайын еріне,
Алшыоразбен екеуін
Алдынан шығып қыз Назым
Түсірді әкеп үйіне.
Неше күндей жол тосып,
Келді сұлу күйіне.
Келте тоны үстінде,
Отырды шығып төріне,
Алшыораз бен қыз Назым
Көрсетіп құрмет еріне.
Қыз Назымның көнгені
Белгілі болды еліне.
Қуанысып, көңілі өсіп,
Халқы ұйғарып кеңесіп,
Қыз Назымды беруге.
Ел қуанып көңілді
Шаттық кіріп өмірде.
Жауын қуып ен жарып,
Бақыт қонып, бақ дарып,
Жұрт қайғысы оңдалып,
Қамбар сынды баланы
Жұрт айналып-толғанып,
Той қылам деп Әзімбай,
Халқына хабар жол салып.
Қызмет етіп Қамбарды
Қыз Назым өзі бұралып,
Ер Қамбарды тоқтатып,
Қалуға бір сөз алып,
Қанша құрмет еткенмен,
ҚАМБАР БАТЫР
Отыр Қамбар толғанып.
Қамбар отыр қайтам деп,
Көп кешікпей қозғалып.
—Мен кеткелі ауылдан,
Әпердім кегің жауыңнан,
Бүгін емес көп болды,
Мені күтіп ел отыр,
Бар азығын жеп болды.
Көзімді қашан көргенше
Ата-анамның үйдегі
Ішкен-жегені дерт болды.
Өкпелеме, қыз Назым,
Құрметің қылған жетті енді.
«Қонып кет,—деп батырға
Орның даяр жатуға»,
Қыз Назым бұрып беттенді.
Алшыоразбен екеуі
Батырдан тілек күтті енді.
Ие қылмай еліне,
Ел намысын ақтаған,
Назым сұлу күйініп,
Не мінім бар деп жақпаған.
Елін ойлап батырдың
Ішкен асы батпаған.
Елі-жұрты қадірлеп,
Шаужайынан қақпаған.
—Бір күн келмей кешіксем,
Атам-анам жоқтаған.
Қызығыңа мен қарап,
Ойламасам соларды,
Болармын әруақ аттанған.
Бұл күнде маған болмайды
Қызды ауылды жақтаған.
Құданың ісі көп шығар
Өлмегенге сақтаған.
Ерегіскен жауына
батырлар жыры
Ерік бермей таптаған.
Маған туса сондай күн,
Елімді ойлап толғаймын,
Өкпелеме, қыз Назым,
Тоқтатпа деп сұраймын.
Тойыңды сенің күтпеген—
Жоқшылықтың тұманы
Басымнан кетпей бүркеген.
Артым менің аяулы,
Ойнап-күліп жатуға
Сіздерменен ертеден.
Қамбардың айтқан бұл сөзі
Жандырып қызды өртеген.
Қайырып сөз айта алмай,
Ішінен шоқ боп түтеген,
Беттерін немен бітеген.
Тағы да Қамбар сөйлейді:
—Алпыс үйлі арғында,
Тоқсан үйлі тобырда
Мен бір жүрген жалғызды
Елім үшін дертті боп,
Қатарға кірмей шетте боп,
Біреу тойса, біреу аш
Қалып жүрер әр кезде.
Бәрінің де көңілін,
Сақтаймын деп өмірін.
Қайғысы ерте тұрғызды,
Бәрін де жалғыз асырап,
Көңілімді Құдай бұрғызды.
Алдына мал салдырмай,
Елді ауыл ғып қондырмай,
Ала алмаймын мен қызды.
Алаң болып, қыз Назым,
Қазір айтпа бұл сөзді,
Жегізе алмай мен соған,
Көңілдегі бар арман,
Ішіме қайғы тойғызды.
ҚАМБАР БАТЫР
Атадан туған жалғызбын,
Әзірге менің бағам жоқ.
Елімді бақпай қыз алып,
Кететұғын шамам жоқ.
Белгіленген жерім жоқ,
Мал жайылар көлім жоқ.
Сүйегімде мінім жоқ,
Өзімнен басқа інім жоқ,
Соңынан ерген інім жоқ,
Кедейліктен мінім жоқ.
Халқымның бәрін жайламай,
Тірі де жүрер күнім жоқ.
Алдымда және жайылым жоқ,
Қыз алатын малым жоқ,
Бұл күнде менің сәнім жоқ.
Қалың елді қарамай,
Тастап кетер халім жоқ.
Жүретін басқа жолым жоқ,
Келеке мені қылмаңдар,
Маған алаң болмаңдар,
Бөтен айтар сөзім жоқ,
Қара аттан басқа құйрық жоқ,
Қалың елдің таланы,
Мұнан басқа жүйрік жоқ.
Ақырғы сөзім Назымға,
Қосылар қазір бұйрық жоқ.
Бұл сөзді айтып ер Қамбар
Атына мініп жөнелді.
Жауыңды жеңдім, қайырдым,
Бұдан басқа сыйлық жоқ.
Аттандырып Қамбарды
Елінің жиып адамын
Алшыораз тұрып сөйлейді:
—Бұл батырдан айрылып,
Қол үзуге келмейді.
Енді айтуға көнбейді,
Адам айтып жетпейді.
Алпыс үйлі арғынға,
батырлар жыры
Тоқсан үйлі тобырға,
Мақұл десең, ағайын,
Бір шұрайын бер,—дейді.
Батырдың да көңілін
Есіттіңдер, білдіңдер,
Үлкенін кішің білмейді.
Алшыораздың бұл сөзін
Жиылған халық есітіп,
Ердің айтқан сөзі бір,
Жұтса да басын қара жер,
Айтқанынан қайтпайды.
—Шашы күміс, басы алтын
Қыз берсек те ұқпайды.
Көп тобырын жайламай,
Мал салып алға айдамай,
Кілең жайлы қоныс жайламай,
Ердің аты шықпайды.
Кеше елді жау қамады,
Халық үшін кекке шыдамай
Қатуланып қабағы,
Қайтпады ердің талабы.
Алдына тағы барайық,
Алпыс үйлі арғынға,
Тоқсан үйлі тобырға
Алдына мал салайық.
Сүйген жерден жайлауын,
Сүйген жерден қыстауын
Беріп қолға алайық.
Алшыораздың бұл сөзін
Мақұл десті халайық.
Тоқсан үйлі тобырға
Тоғыз мың жылқы айдатып,
Желілеп бие байлатып,
Алпыс үйлі арғынға
Алты мың қой айдатып,
Кең жайлауға қондырып,
Көңілін ердің тындырып,
ҚАМБАР БАТЫР
Елдің бәрін жайлапты.
Кешегі өткен қор заман
Көрген түстей болмаған.
Ауылдың үстін шаң басып,
Қалың жылқы торлаған.
Қотанда қойы маңыраған,
Әр бұтаның түбінде
Жатқан тобыр қаңыраған.
Ақ сүт көрмей ауызы
Жас сәбиі зарлаған.
Ен дәулетке бөленді,
Ен жайлауға жерлеген.
Бір күнде болып еркін ел,
Бұрын түсте көрмеген.
Қатар көшіп ұран сап,
Үлкен-кіші болып шат,
Қалың тобыр малды боп,
Ауыздары майланып,
Ақ үй тігіп қатарлап,
Желілеп бие байланып.
Тілге шешен бұлбұлдай
Шалдар шықты қарқылдап.
Аттан түспей мал бағып,
Малшы шықты салпылдап.
Жорға мінген жетелеп,
Сөз сөйлеген төтелеп,
Мырзалар шықты жарқылдап,
Қыз-келіншек, жас ұлан,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Өнегелі үлгісін
Ер Қамбардың тұсында
Жұрт көңілге сақтаған,
Жұрт сенімін ақтаған.
Билер шығып ішінен
Меңгеріп елін нұсқаған.
Қамбар сынды-ай жас ұлан
Ел ардақтап мақтаған.
батырлар жыры
Әзімбайға баруға
Ел жиналып кеңесіп,
Назым сынды-ай аруға
Жаратып атын баптаған.
Алпыс үйлі Арғыннан
Алты ақсақал аттанып,
Тоқсан үйлі тобырдан
Тоғыз кісі топтанып,
Әзімбай байға барады
Айттырмақ боп Назымды.
—Қамбар сынды-ай еріне
Беріңіз деп қызыңды,
Қалың малын не дейсің,
Қой деп бөтен сөзіңді.
Көзімнің жанған шырағы,
Көлімнің балғын құрағы,
Қызыңызды сұрайды
Туған жалғыз ел үшін,
Ел жайлаған жер үшін,
Айттырам деп қызыңды,
Құда қылып өзіңді,
Сізге тіреп жол үшін.
Бұл сөзді естіп қыз Назым,
Жарылғандай жүрегі,
Қабыл болсын тілегі.
Жүрегі ойнап кілкіген,
Жібекпен бетін желпіген,
Жеңгесіне күлімдеп,
Қол беріскен күнім деп,
Шалқи сөйлеп сыр білген.
Бұдан кейін Әзімбай
Кісі салып Назымға-ай,
Көздерінен нұр жайнап,
Қызының жолы тұр сайрап.
Елі-жұртын шақырып,
Тойдың малын келді айдап.
Отыз күндей ойын қып,
ҚАМБАР БАТЫР
Қырық күндей тойын қып,
Бір ауыздан мақұлдап.
Той аяғы тараған,
Қазынасын арттырып,
Қыз Назымға жараған.
Аяп немді қалам деп,
Қамбар сынды-ай баладан,
Қыз Назым мен ер Қамбар
Міне осылай қосылып,
Ақырда өткен дүниеден.
Алып едім Қамбарды
Досжан ақын жыраудан.
Ерінейін несіне,
Сөзді теріп құраудан.
Кешегі бір күндерде
Талай топта жырланған,
Халықтың талай алдында
Құмарлана тыңдалған.
Сіздерге беріп отырмын
Көңілде есте қалғаннан.
Ұмытқаным бар шығар,
Демеймін тегіс жалғаннан.
Аты-жөнімді айтайын,
Қостанайлық туысым,
Қарабалық—қонысым,
Руым көккөз—жынысым,
Ақтөбенің шаһары—
Бұл күндегі тұрысым.
Ескерткенмен ерлердің,
Отырғаным әкеліп,
Сізге теріп жол үшін,
Сөзді теріп ұзатып,
Енді созбай желісін.
Уа, құрметті балалар,
батырлар жыры
Сөзімде сенім, баға бар.
Қабылдар деп ұзатпай,
Шалдарының жұмысын.
Бұдан да басқа сөздерін
Беруге теріп болады,
Етсеңіздер келісім.
Қонысымды ескерттім,
Ақтөбе деген қалада
Атым мәлім жайылған
Үлкен-кіші, балаға.
Жиырма тоғыз Подгорный,
Үй нөмерім және де,
Сөз аяғын қысқарттым,
Боларсыз риза ағаңа.
Сөйле десең біздерге,
Не сөйлейін сіздерге.
Көп те сөзім жоқ еді,
Айтпай да бойым күздерге.
Қара бір таудың үргіні,
Сөз сөйлейді бұлбұлы
Опасыз пәни дүниенің
Қызығы бар аз күні.
Ақ дәстүрін аңқытып,
Аққу да қайтар күз күні.
Балалы қаздар майпаңдап,
Байсалды қаздар жайқаңдап,
Көгілдірін шуатып,
Олар да қайтар бір күні.
Қызыл турам дәм болса,
Аямайды қарындас
Қырық күн шілде жаз күні.
Кімнің малы бар болса,
Қызығын көрер аз күні.
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Он сан ноғай жұртында
Әзімбай деген бай екен,
Әйуке деген хан екен,
Солардан қалған сөзімді,
Әзімбайдың баласы
Бесеу-алтау бар екен.
Ең кенжесін сұрасаң,
Алшыораз мырза дер еді.
Қамбар батыр
(М. Жапақов нұсқасы)
батырлар жыры
Сол алты ұғлының ішінде
Нұр қыздар пішінді,
Толған айдай жүзі бар,
Адам тоймас сөзі бар,
Ор қояндай көзі бар,
Назым атты жалғыз қыз,
Алты ұғлымен тең еді.
Жауған қардан ақ екен
Қыз Назымның еттері.
Жел менен күнге тимеген
Толықсыған беттері.
Сөйлеп сөзбен таусылмас
Құданың берген көріктері.
Бір көргендер зар болып,
Өзінен кеткен еріктері.
Әйуке ханның елінде,
Ақарал шаһар жерінде
Талайдың қолы жете алмай
Түсті ғашық дерттері.
Байдың ұлы бекзада,
Патшаның ұлы шаһзада
Сөз сөйлесіп бақса да,
Болмаған уағда, серттері.
Бай баласы бара алмай,
Патшаның ұлы ала алмай,
Бәрінің қайтты беттері.
Және де сөзді бастайын,
Әзімбай деген бай екен,
Әйуке деген хан екен,
Он сегізде жасы бар,
Ер Қамбар деген бар екен.
Алпыс үйлі арғын бар,
Жетпіс үйлі жебір бар,
Тоқсан үйлі тобыр бар.
Қырғыз, қазақ тағы бар,
Соның бәрін асыраған,
Қамбар деген бірі бар.
ҚАМБАР БАТЫР
Қиссасын соның сөйлейін,
Құлағыңды салыңдар.
Қақпақты көйлек, қызыл тон—
Қыз Назымның кигені.
Қытайы орыс пәуеске—
Ат орнына мінгені.
Ақаралда алты өзен—
Сейіл құрып жүргені.
Бұл сипатты сәулетпен
Орыс, қазақ, ноғай, башқұрт, дүңген де
Бір болған жоқ сүйгені.
Сұлулығын сұрасаң,
Үстіме тозаң тиед деп,
Көшпенен бірге жүрмеген.
Бетіме күн тиед деп
Салт жорғаға мінбеген.
Өзгенің қызы місәлі
Әзімбайдың Назым қыз
Жан бетіне келмеген.
Емін-еркін ер жетті,
Күйеуге бермей күні өтті.
Өз еркіне жіберіп,
Тоты құстай түленді.
Бір мезгілдер болғанда
Ақылды туған әкесі
Мұндайын жауап қылды онда.
Шапқыншылар жіберіп,
Хабар айтып келмекке.
Орыс, ноғай, сарт білән
Он екі баулы өзбекке.
Жұрт шақырған мәнісі,
Құланазар шаң қылып,
Көргендерді таң қылып,
Осындай үлкен заң қылып,
Әлпештеген Назымды
Сүйгеніне бермекке.
Осылай ойлап Әзімбай,
20–167
батырлар жыры
Халқына салды хабарды,
Жұртына салды шабарды.
Бұл хабарды есітіп,
Көп те кетіп барады.
Алтын тақтың үстінде
Бек те кетіп барады.
Сідік масы жас түгіл,
Шал да кетіп барады.
Көп те кетіп барады,
Аз да кетіп барады.
Самайынан бит аққан
Таз да кетіп барады.
Қара арғымақ мінгені,
Асыл киім кигені,
Неше-неше мырзалар
Таңға кетіп барады.
Он бес қойға ат алып,
Отыз қойға мата алып,
Ессіз есер атанып,
Сылдыр моншақ сықаққой,
Жарлы да кетіп барады.
Бай тойына барғалы,
Назым тисе алғалы.
Шара бар ма кедейге,
Қалың борышқа қалғаны.
Бектер мінер қызылды,
Жал-құйрығы ұзынды.
Жиналып келген қалың ел
Ақаралға жиналды.
Ерге тимек рас боп,
Бәрін аралап келмекке
Қыздың көңілі бұзылды.
Сөтелке шлыя күмістен,
Божы арқаны жібектен.
Қыз Назымның әмірімен
Қызметкерлер тез жеккен,
Жегіп алды ұшқыр ат,
ҚАМБАР БАТЫР
Қылып сәулет, салтанат.
Қос арғымақ арындап,
Алтын арба арылдап,
Ақарал шаһар жиылысқа
Қыз Назым келді қырындап.
Белде, белде бел асар,
Билерге садақ жарасар.
Сәскеде келген қыз Назым,
Бесінге дейін аралап,
Мырзаларды саралап,
Өз бойына бір ерді
Таппағансынды миясар.
Бесіннің кезі болғанда,
Көпшіліктен түңіліп,
Қыз Назым сонда тұрғанда,
Ақылды туған әкесі
Тағы да жауап қылды онда.
Әкесі келіп сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Шырағым, қалқам, балам-ау,
Жиып алдым өзбекті
Ақарал шаһар қалаға.
Көрсін деп соны шақырттым
Назым бір жалғыз балаға.
Өтіп кетсең күніңнен,
Ішім толар ызаға.
Келсін дедім ақбасқа,
Келмесін дедім сапбасқа.
Өзбегім жаман болды ма,
Біреуі сізге жақпасқа.
Ақылсыз бала тудың ба,
Бір ерді таңлап таппасқа.
Өтіп кетсең күніңнен,
Қаларсың, балам, құр босқа.
Қыз Назым сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
батырлар жыры
—Ақ өткелдің арасы
Ат шаба алмас шағыл тас.
Ақаралға жиыпсыз
Үлкен-кіші, кәрі-жас.
Кімісі есер, кімі бай,
Көбісі есер, сідік мас.
Көпшілікті аралап,
Жақсыларын саралап,
Өз бойыма бір ерді,
Таба алмадым жарастық.
Жамандарға көз салсам,
Даңғыл жолдан адастық.
Мұсылман аз, кәпір жау,
Бір күні келсе қалмақ жау.
Қарсы шығып алдынан
Ешбірі мені ала алмас.
Бай деп тисем малдыға,
Жас деп тисем жалдыға,
Әуре-сарсаң күнімде
Ақырында қатер бас.
Құйрық-жалын сүздіріп
Базарға әкеп салғандай
Босқа қарап қайтқам жоқ,
Сынап келдім, әкеке-ай.
Әзімбай асқан ақылды,
Назымжан сөз мақұл-ды.
—Төрт тарапта өзбекте
Келмеген тойға кім бар?—деп,
Шақырушыларды шақырды.
Шақырушылар сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Қара қасқа ат көрдік
Төрт аяқты малдардан.
Үбір де шүбір ел көрдік
Кемпір менен шалдардан.
Атып келіп күнінде
Асыраған тобырды
Киік, құлан аңдардан.
ҚАМБАР БАТЫР
Шақырғанмен келмес деп,
Әзімбай оған бермес деп,
Назымжан оған тимес деп,
Шақырмадық бұл тойға
Он сегіз жасар Қамбарды.
Дабысын оның сұрасаң,
Ақ сұңқар құстай дабысты,
Дұшпаннан алған намысты.
Ит жүгіртіп құс салып,
Жердің аңын тауысты.
Кедейліктің зарпынан
Ұя қылып құрайды
Төсек қылды қамысты.
Қайда дұшпан көрінсе
Жасынан-ақ алысты.
Қамбар мұнда келсін деп,
Назымжан сынап көрсін деп,
Ноғайлының халқы боп
Кеңесіп кісі салысты.
Ерлер атын суарар
Лайы жоқ бұлаққа,
Ат шаба алмас құмдаққа.
Қамбарда кедей дегені
Ертеректе бір мезгіл
Тиген екен құлаққа.
Сонда Қамбар сөйледі,
Жіберген сонда елшіге:
—Мінген атың көк,—дейді,
Не сөйлесем еп,—дейді.
Шақырмайтын тойына,
Теңгермейтін бойына,
Әзімбайдай байыңнан
Көп тобырым қаңғырып,
Барып тамақ жеп пе еді.
Күндердің күні болғанда
Бұл көрікті Әзімбай
Ақ сұңқарын ілгізсе,
батырлар жыры
Көк арбаға мінгізсе,
Қиын-қыстау іс болып,
Қалмаққа қарай жүргізсе,
Алармын сонда тек,—дейді.
Жиын тарқап кеткен соң,
Қамбардың айтқан бұл сөзі
Назым қызға келеді.
Келмейтұғын хабарын
Нағыздап енді біледі.
Жеңгесін ертіп артына,
Кәмшатын киіп басына,
Бір көрейін деді де,
Аңға кеткен Қамбардың
Жолын тосып тұрады.
Көңілінде Назымның
Қайғы-қасірет тағы бар.
Қайтатұғын Қамбардың
Кешкі мезгіл шағы бар.
Жан-жағына қараса,
Қамбар қайтып келеді.
Бұ жағында бес құлан,
Бұ жағында бес құлан,
Қара қасқа тұлпарға
Артып алған аңы бар.
Оң жағында бес теке,
Сол жағында бес теке,
Ат көтергісіз Қамбарға
Құдайдың берген бағы бар.
Қызыл алтай бір түлкі,
Тымақтық ердің тағы бар.
Сипай тастап қамшылап,
Сауырынан тері тамшылап,
Он құланмен шоқытып,
Келе жатыр жануар.
Қыз Назым сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
ҚАМБАР БАТЫР
—Қамбар сынды ер,—дейді,
Сөз айтайын кел,—дейді.
Малсыз кедей болсаң да,
Менің теңім сен,—дейді.
Саған лайық суретім,
Назар салып көр,—дейді.
Сөз қадірін білмесең,
Ойнап егер күлмесең,
Іште бір кетер шер,—деді.
Әкемнің аты Әзімбай,
Өзімнің атым Назымды-ай.
Таранушы ем үйімде
Арқаның көлде қазындай.
Хан сүйекті Қамбар-ау,
Көтерші менің назымды-ай.
Сенің үшін көтердім
Бес намаздың қазасын.
Көрген жерден таныдым
Сүйегіңнің тазасын.
Өзгеден сені сүйгенім,
Бере ме деп ойлаймын
Қалмақтардың жазасын.
Таң көрмейді ер Қамбар
Қыз Назымның шырайын.
Келмек түгіл қасына,
Көрсетпейді маңайын.
Бір жеңгесі қасында,
Алтын қамшат басында,
Әзімбайдың Назым қыз
Ойлайды жұмыс бар жайын.
Жеңгесіне айтады:
—Ашылмады-ау талайым,
Ақ жүзіме менің оңды ма,
Айнаны келтір, қарайын.
Қарамаса өзіме,
Салмаса назар сөзіме,
Кедейге нешік қылайын.
батырлар жыры
Ертең жүрер жолына
Жібектен өрмек құрайын.
Осыны айтып Назым қыз
Айнаны қолға алады,
Айнаға көзін салады,
Пормысына таңғалып
Сүйегі балқып қалады.
Жеңгесіне айтады,
Қам қыл дейді өрмекке.
Торлауменен ұстап ап
Қамбарды ұстап көрмекке.
Жібектің асыл жеңгесі
Омырауда алтын теңгесі
Апыл-тапыл иіріп
Таң атқанша бітіріп
Өрмегін құрып береді.
Бөлініп көңілі сұлудың
Өрмекті келіп көреді.
Көзінің жасын жылатып
Көңілімен ұнатып
Тәңірге сиынып тұрады.
Ертең ерте ер Қамбар
Аңға шығып кетеді,
Өрмекке таман жетеді.
Қара қасқа тұлпардың
Башайынан тұтады.
Ашуланып ер Қамбар
Жанбасына бір тартып,
Быт-шыт қылып өтеді.
Артық туған қыз Назым
Жүгіре басып сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Қара қасқа атты Қамбар-ау,
Қара атыңның мойнына
Өкпедей бауыр, жал бар-ау.
Біздің үйге түсе кет,
Тамағыңа жейтұғын
ҚАМБАР БАТЫР
Алуан секер, бал бар-ау.
Қарамасаң өзіме,
Салмасаң назар сөзіме,
Кедейлігің кетпеген
Ыстансыз өткен мұндар-ау.
Шыдай алмай сөзіне
Қамбар сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Не дейсің маған, Назымжан,
Бар да мінер бір атқа,
Жоқ та мінер бір атқа.
Сабырдың түбі сабырсыз
Асыққан қалар ұятқа.
Кедей деп мені сөксең де,
Қой бағу қолдан келмейді,
Ат үстінен ұрысып
Жемесек тауып нанымды.
Аш бөрідей жалақтап,
Екі аяғым салақтап
Қинады жоқтық жанымды.
Ұядан жалғыз баламын,
Әке-шешем кәрі еді,
Құс етін беріп бағамын.
Алпыс үйлі арғын бар,
Бұған назар саламын.
Тоқсан үйлі тобыр бар,
Қатарыма аламын.
Келмейтінім жиынға
Артық туған, Назым жан,
Ойнап-күлсем сенімен,
Айналар ісім қиынға.
Сөзін алып Қамбардың
Назымжан енді қайтады,
Бастан-аяқ білгенін
Жеңгесіне айтады.
Мұныменен ел жатты,
Бір-екі айдай мол жатты.
батырлар жыры
Сол елдің оң жақ бүйірінде
Қалмақтың енді ханы бар,
Ұрысуға жарайтын
Он екі мыңдай жаны бар.
Қараман сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді,
Келмембетке кел дейді.
—Бұйрықты біздің ал,—дейді,
Әзімбайға бар,—дейді,
Хабарды біздің сал,—дейді.
Қызын маған берсін деп
Хабарын тездеп ал,—дейді.
Керей ұлы Келмембет
Ханнан хабар алған соң
Енді атына мінеді,
Алладан пәрмен тіледі.
Сарала туы салбырап,
Бетінің нұры албырап
Әзімбайға келеді,
Иіліп сәлем береді.
Тоқталмастан бұ қалмақ
Үстем сөйлей береді,
Хабарын тездеп береді.
—Ханның айтқан сәлемін
Білдіргелі келгенмін.
Асыранды қазыңды
Көк қаршығам талпынды,
Ілдіргелі келгенмін.
Айтқан тілді алмасаң,
Сөзіме менің нанбасаң,
Бір шулатып еліңді
Білдіргелі келгенмін.
Шыдай алмай сөзіне
Әзімбайдың кіші ұлы
Алшыораз деген ер еді.
Асып тұрған құрбынан
Бұ да бір асқан сері еді.
ҚАМБАР БАТЫР
Шыдай алмай сөзіне,
Ұстап алып қалмақтың
Құлағын кесіп құнтитты,
Мұрнын кесіп тылпитты,
Тонап алып қалмақты,
Қу басын қойып жымпитты.
Тоналып қалмақ барған соң,
Ашуланды хандары,
Көп еді мұның жандары.
Хабар салды солдатқа,
Мінсін деді жалды атқа,
Әзімбайды шаппақ боп
Соғысуға бұйырды
Он екі мыңдай солдатқа.
Ақ шатыр мен көк шатыр
Басына тігіп солдаттар,
Әзімбайдың халқына
Жағалай келіп қонады.
Қалмақтың түрін көрген соң
Байдың көңілі солады.
Ақылгөйі Әйуке
Қысылғанда ақыл табатын
Қазақтың сонда ханы еді,
Адамға енді білгізбей
Екі пысық жігітті
Әйукеге салады.
—Қамап қалды көп қалмақ
Халқыңызды алмақ боп,
Байға үлкен күш болды,
Таудан түскен салмақ боп.
Ақылын мұның сұрасаң,
Дінсіз туған ит қалмақ
Назымжанды алмақ боп.
Әйуке сонда сөйлейді:
—Қалмақтарға білдірмей
Қамбарға кісі салыңдар.
батырлар жыры
Қамбардан басқа күш жоқ қой,
Хабарын тездеп алыңдар.
Тойларыңа шақырмай
Ердің көңілі қалған-ды.
Өле-өлгенше қыймайсыз
Керегі жоқ жалғанды.
Ат басындай алтынмен
Таралғы тарту берілсін,
Тездеп енді хабары
Ел білдірмей алынсын.
Әуелі бастап Қамбардың
Хабарын көзбен көріңдер,
Намысы үшін келмесе,
Бір қыз үшін қырылуға
Басқамызда өнер жоқ,
Қалмаққа қызды беріңдер.
Ат басындай алтынмен
Қой басындай күміспен
Таралғы тарту алады.
Түн қатып енді екі жас
Таң ата зорға келеді.
Тоқтамастан екеуі
Келіп сөйлей береді.
Жолбарыстай түгі бар
Ер Қамбарды көреді.
О да айғайлап екеуі
Алыстан сәлем береді.
—Айналайын, Қамбаржан,
Қатасыз пенде болмайды,
Шақырмаған көп тойға
Қатамызды кеш,—деген.
Қамап жатыр көп қалмақ,
Тұзағынан шеш,—деген.
Білмеймісің өзің де,
Айтайын енді сөзімді,
Қазаққа қалмақ басында
Туғаннан-ақ өш,—деген.
ҚАМБАР БАТЫР
Сонда Қамбар сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Шақырмайтын тойына,
Теңгермейтін бойына,
Қалмақтың түрін көрген соң,
Ұмытып кеткен ер Қамбар
Түскен бе байдың ойына.
Намысым үшін барайын,
Алты күндей тобырға
Аң тасып әкеп берейін.
Жетінші күн болғанда
Хабарын өзім берейін.
Осыны айтып ер Қамбар
Елшілерді қайырып,
Уағдасын беріп сөзінің
Енді атына мінеді.
Алладан пәрмен тіледі,
Есіз жатқан жапанға
Аң іздеп енді кіреді.
Алты күннің ішінде
Алпыс құлан, жүз киік
Тобырға әкеп береді.
Әзімбайға жүрмек боп
Батасын алып бәрінің,
Жас пенен түгел кәрінің,
Қол көтеріп қария
Батасын берді жария.
—Алла сені оңдасын,
Қызыр босын жолдасың.
Атаңа нәлет ит қалмақ
Бұ жалғаннан оңбасын.
Енді атына мінеді,
Алладан пәрмен тіледі.
Сарала туы салбырап,
Жауатын қардай түнеріп,
Ойқастай басып жөнеді.
Қараман ханның шатыры
батырлар жыры
Сөз сұрайды батырдан.
—Қараман едім мен,—дейді,
Қамбармысың сен,—дейді.
Дос болайық, Қамбаржан,
Шатырға таман кел,—дейді.
Қамбар сонда сөйлейді:
—Қонаққа Қамбар келген жоқ.
Күтпей-ақ қой, Қараман,
Көп сөз саған не керек.
Қалмаққа хабар беріңіз,
Күннің нұры қайтқан соң
Тегіс атқа мініңіз.
Дінсіз туған қалмақ ит
Адамның тілін алмаңыз.
Хабар сал тегіс халқыңа,
Қапыда, сірә, қалмаңыз.
Ырзалыққа әуелі
Қамбар тұр қасына.
Соғысқа шықсаң ит қалмақ,
Бірің қалмай келіңдер
Тап төбенің басына.
Осыны айтып ер Қамбар
Әзімбайдың аулына
Аяңдап енді келеді.
Қарап тұрған халқы бар
Қамбарды тегіс көреді.
Қайғы тартып жылаған,
Көз жастарын бұлаған
Үлкен-кіші жиналып,
Бірі қалмай келеді.
Төрт елі шыққан ту бие
Тамағына сояды.
Қарақаттай сабаны
Алдына әкеп қояды.
Қымыз ішіп, етін жеп,
Батасын алып бәрінің,
Жас пенен түгел кәрінің,
ҚАМБАР БАТЫР
Күн еңкейіп қалғанда
Енді атына мінеді.
Жалықпады бәрі де
Батасын түгел беруге,
Көп халықтан бір жан жоқ
Қамбарға сонда еруге.
Сарала туы салбырап,
Мың қойға тиген қасқырдай
Қалмаққа жаңғыз енеді.
Екі күн соғыс ішінде
Есік-есік қылады.
Бесінші күн болғанда
Тастырды судай қандарын,
Шырқыратты жандарын,
Талауға салып жіберді
Қазынадағы малдарын.
Алтыншы күн болғанда
Қараман қарсы келеді,
Анау-мынау дегізбей
Басын кесіп алады.
Бермеймін деп сүйегін
Тақымына салады.
Жетінші күн болғанда
От орнындай тұяқтан
Оймақтай-ақ қалыпты.
Бір қолтықтай құйрықтан
Қылыштай-ақ қалыпты.
Тебінгідей ерінен
Төрт-ақ елі қалыпты.
Қызыл қаннан жүре алмай
Тұлпар әбден талыпты.
Сегізінші күн таң атқанда
Жан-жағына қараса,
Болған екен тамаша.
Он екі мың солдаттан
Екі-ақ мыңдай қалыпты.
Келіп еңдер, солдаттар,
батырлар жыры
Өлемін деп, қазат деп.
Екі жүзін босатты
Барыңдар деп, азат деп.
Хабар келді халыққа
Жүре алмай тұлпар қалды деп,
Жан қалған жоқ майданда,
Қамбар түгел алды деп.
Берген Құдай басынан
Әзімбайға дұғаны,
Тасырқап тұлпар қалды деп
Естіген соң Әзімбай,
Күндік жерге тарттырды
Кездеп сонда шұғаны.
Адам көрер емес-ау
Ер Қамбардың кескіні.
Тасырқап тұлпар қалса да,
Шұғаны басып жүргенде
Үй жыққандай екпіні.
Қазақ халқы көтерді,
Бес жүз жылқы сояды.
Қамбарға енді беруге
Бал қосқан қымыз қояды.
Әр соғыста ер Қамбар
Мұсылман дінін ашады.
Түстен қорқып жүз жігіт
Бет-бетімен өреді.
Елу қыз бар қасында
Тау басында Назым қыз
Қашқанын мұның көреді.
Ақ орданың сыртына
Елу қыз бар қасында
Аққудай болып Назымжан
Аяңдай өзі келеді.
«Аман ба, мырза, сауға»,—деп,
Амандығын біледі.
Амандығын білген соң
Ойнап бәрі күледі.
ҚАМБАР БАТЫР
Баламды өзім көрем деп,
Тоқсан бесте жасы бар
Әйуке де келеді.
Алыстан тұрып Әйуке
Қамбарға сәлем береді.
—Бүгін емес, балам-ау,
Күнде жансын шырағың,
Қандай соғыс болса да,
Қажымасын пырағың.
Сонда Әйукенің халыққа айтқан маталы:—Оу, жігіттер,
көрдіңдер ме? Береке елде болмайды, елді баққан ерде ғана
болады, Қамбардың ерлігінің арқасында қалың тобыры бөлек-
бөлек қонатын болды. Сондықтан сендер де осындай ер болыңдар,
халық үшін қайрат қылған жанды Алла өзі қажытпайды,—
деген еді.
Сонда Әзімбайдың қызға берген жасауы, алтын-күміс әбзәлі
әлгі тобырды бөлек-бөлек қондыруға жарап еді.
21–167
/Ер Қамбардан біразырақ басталды/
Бұхардан бақшасымен бөз келеді,
Атқан оқ ажалдыға кез келеді.
Әлеумет, салып құлақ тыңдасаңыз,
Басталып ер Қамбардан сөз келеді.
Сөйле десең біздерге,
Не сөйлейін сіздерге,
Көп те сөзім жоқ еді,
Айтпай да бойым тежерге.
Қара бір таудың үргіні,
Сайрайды екен бұлбұлы,
Сөйлегенде сөзімнің,
Қызыл жібек қырмызы,
Олар да қалар бір күні.
Ақ төстерін аңқитып,
Аққу да қайтар күз күні.
Қызыл турам дәм болса,
Аямайды қарындас
Қырық күн шілде жаз күні.
Кімнің малы бар болса
Қызығын көрген аз күні.
Тыңдасаңыз, сөзімнің
Келеді енді мазмұны.
Бұрынғы өткен заманда,
Барлық халық аманда,
Он екі баулы өзбекте,
Қамбар батыр
(Ә. Шоқатаев нұсқасы)
ҚАМБАР БАТЫР
Он сан ноғай елінде
Ер Қамбар деген бар екен,
Әзімбай деген бай екен,
Солардан қалған сөз міні.
Құлақ салсаң, әлеумет,
Сол уақытта ноғайда,
Он екі баулы өзбекте
Алпыс үйлі арғын бар,
Жетпіс үйлі жебір бар,
Тоқсан үйлі тобыр бар.
Мал дегенде Қамбарда
Қара тұлпар аты бар,
Он сегізде жасы бар.
Көп тобырдың қамы үшін
Ұйқы менен күлкі жоқ,
Киік, құлан аң атып,
Ер Қамбар бәрін асырар.
Тағы тыңда, әлеумет,
Сол уақытта ноғайда,
Он екі баулы өзбекте
Әзімбай деген бай болған,
Төрт түлігі сай болған,
Ішкендерін сұрасаң,
Бал мен секер, шай болған.
Байлығы шалқар көл еді,
Көп ноғайдың биі еді,
Алты ұлы бар еді
Бәрі бірдей бөрі еді,
Ең кенжесін сұрасаң,
Алшораз деген ер еді.
Алты ұлының ішінде
Нұр қызындай пішінді
Назым атты жалғыз қыз,
Алтауымен тең еді.
Алтын күйме ішінде
Тоты құстай түледі.
батырлар жыры
Шықпаған өзі сайынға,
Салмаған көзін айынға.
Табаны жерге тимеген,
Маңдайы күнге күймеген,
Күймеден басқа нәрсеге
Жорға екен деп мінбеген,
Сол секілді сұлудың айтамын жайында.
Сол секілді қыз Назым
Емін-еркін ер жетті,
Күйеуге бермей күн өтті,
Ақ орданың ішінде
Ақ сұңқар құстай түлетті.
Ат шаптырды Әзімбай
Он екі баулы өзбекке,
Жұрт шақыртқан мәнісі—
Әлпештеген Назымды
Сүйгеніне бермекке.
Бай тойына бармаққа,
Жетсе Назымды алмаққа,
Аз да кетіп барады,
Көп те кетіп барады.
Алтын тақтың үстінде
Бек те кетіп барады.
Сақал-мұрты қуарған,
Үйткен күшік секілді
Шал да кетіп барады.
Самайынан кір аққан
Таз да кетіп барады.
Алаңғасар нәуетек
Текке кетіп барады.
Алты қойға ат алып,
Он бес қойға мата алып,
Сылдыр моншақ, сықақ қой
Жарлы да кетіп барады.
Бай тойына барғалы,
Сүйсе Назым алғалы,
Шара бар ма кедейге,
Борышқа қалың қалғаны.
ҚАМБАР БАТЫР
Түске жақын болған соң,
Ұйқысы әбден қанған соң,
Маужырап дария толған соң,
Ордадан шығып қыз Назым,
Аққудай мойнын толғады,
Барайын деп ойлады.
Алтыннан қамыт доғасы,
Сом алтыннан жағасы,
Седелке, шлия күмістен,
Божы, арқан жібектен
Қызметкері тез жеккен.
Жегіп алып қара ат,
Киіп алды қос манат.
Алтын арба сырылдап,
Қос арғымақ арындап,
Базары бар қалаға,
Назым келді қырындап.
Белде, белде бел асар,
Ерлерге садақ жарасар.
Базарда тазша, көп елдер,
Жаяу жүрген адамдар
Алтын арба Назымның
Соңынан еріп басады,
Алтын менен күмісті
Әзімбайдай әкесі
Көшесінде шашады.
Бесінге дейін аралап,
Бәрін көзбен саралап,
Тал бойына бір қайран,
Таба алмады бағалап.
Бесін кезі болғанда
Қайтайын деп қыз Назым
Ақылға енді тұрғанда,
Әзімбайдай әкесі
Жетіп келді қасына.
батырлар жыры
Сонда Әзімбай сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Жиып алдым өзбекті
Ақарал шаһар қалаға,
Шақыртып ем барлығын
Назым сынды балаға.
Шақырттым өңкей сап қасқа,
Келсін деп те айтпадым
Бурыл сақал қақбасқа,
Халқым жаман болды ма,
Біреуі саған жақбасқа,
Ақылсыз бала тудың ба,
Біреуді таңдап таппасқа,
Өтіп кетсең күніңнен,
Өзің де, балам, саппаспа.
Сонда Назым сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Айғыр емен, ат емен,
Айналайын, атеке-ау,
Жал-құйрығым сезіліп,
Базарыңа салғандай,
Он екі баулы өзбекті
Сынап келдім, атеке-ау,
Таба алмадым ешкімді,
Дәл көңілге алғандай.
Жамандарға көз салсаң,
Даңғыл жолдан адастық,
Теңім болса сүйгенім,
Өмірге гүлдей жарастық.
Сонда Әзімбай бөгелді,
Бір жауапқа бөгелді,
Бір жауапқа кенелді,
Ақылды туған қыз Назым
Ауылға таман жөнелді.
Әзімбай асқан ақылды,
Жел маядай ақырды,
—Он екі баулы өзбекте
ҚАМБАР БАТЫР
Келмеген тойға кім бар?—деп,
Шақырушыны шақырды.
Шақырушы сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
–Төрт аяқты біз көрдік
Қара тұлпар малдарды,
Өңшең тобыр ел көрдім,
Кемпір менен шалдарды.
Шақырғанмен келмес деп,
Әзімбай оған бермес деп,
Назымжан оған тимес деп,
Шақырмадым бұл тойға
Он сегіз жасар Қамбарды.
Әзімбай оны айтқанда үндемеді,
«Жаным-ау, ол айтқаның кім» демеді,
Қамбардың әкесінің орнын алған,
Себебі сол екен ғой күндегені.
Қамбарды естіп сырттан білген Назым,
Өзгені сол себептен сүймегені.
Ақарал шаһар қаладан халық тарап той тарқап, Назым өз
бойына ешкімді лайық көрмей қанша уақыт өтіп жүре береді.
(Қамбардың әкесінің орнын Әзімбай байлықпен тартып алған
болу керек жырдың кейбір жерінде) Қамбар тойға кедейліктен
шақырылмағандығын ойға алып, жүре береді.
Түскен жолы Қамбардың
Шұбырған малдың ізі еді.
Жағалай құлын байлаған,
Теңіздің бойын жайлаған
Қыз Назымның аулының
Үстіне түсті көздері.
Мұны көріп Қамбардың
Жоқшылық түсті есіне.
«Қымызы бар деп ақ үйдің
Түсемін барып несіне».
Қырындап өтіп барады,
Сұңқарын тұтып бетіне.
батырлар жыры
Қара қасқа тұлпары
Жердің тартып танабын,
Алшаңдап басып аяғын,
Ауылдың шықты шетіне.
Ақ сұңқар құстай дауысты,
Дұшпанынан алған намысты.
Ит жүгіртіп, құс салып,
Маңайдың аңын тауысты.
Қамбар кедей деген сөз,
Ел құлағы елу ғой,
Естіді батыр дабысты.
Кедейсің деген кісіге
Қылмады батыр намысты.
Қамбар батыр тойға шақырмағанын еске алып және қызға
қызықпай өте береді. (Бір қыз үшін ел жұртымды ұмытып
кетсем не болғаным деп ойлайды ішінен).
Ендігі сөз, Қамбар аңын аулап кешке қайтып келе жатады.
Беріп қойған Құдайдың
Ер Қамбарға бағы бар,
Кешке таман болғанда
Қайтатұғын шағы бар.
Бір жағында үш құлан,
Бір жағында қос құлан,
Теңдеп алған
Қызыл алтай бір түлкі,
Тымағы ердің тағы бар.
Сипай-сипай қамшылап,
Сауырынан тер тамшылап,
Ауыздықпен алысып
Келе жатыр жануар.
Ауылға тоқтамай кетіп бара жатқанда, Назым артынан
дауыстап, тоқтатып сөйлегені мынау.
Сонда Назым сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Қара қасқа атты Қамбар-ау!
ҚАМБАР БАТЫР
Қара атыңның мойнында
Өкпе-бауыр, жал бар-ау,
Біздің үйге түсе кет,
Шай самаурын іше кет,
Қанша бізге келсең де,
Күткендей бізде жай бар-ау!
Подностың үстінде
Алуан секер, бал бар-ау,
Арызыма менің құлақ сал,
Ақылың болса аңғар-ау.
Тоқтап Қамбар сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Ағайыным тауысты
Қара аттан бөлек малымды.
Сыртым бүтін, іш түтін,
Білмейді ешкім әлімді.
Жолдас қылды Құдайым
Кедейлік деген залымды,
Қой бағу қолдан келмейді,
Ат үстінде соғыс қып,
Жемесем тауып нанымды.
Екі аяғым салақтап,
Аш бөрідей жалақтап,
Қинайды жоқтық жанымды.
Ұядан жалғыз баламын,
Құс етін беріп бағамын
Үйдегі екі кәрімді,
Оған да назар саламын,
Қабатына аламын
Алпыс үйлі Арғынды.
Осыны айтып, ер Қамбар жүріп кетеді.
Бұрынғы заманда бір бек жарлы Уақ деген ел бар екен. Сол
уақытта он төрт жасар Қамбар деген бала құлан, киік атып беріп
асырап тұрады екен.
Уақ елінің жел жағында алты күншілік жерде Әзімбай деген
ханның елі бар екен. Сол ханның он екі жасар Назым сұлу деген
қызы бар екен.
Бір күні Әзімбайға бір жақсы көретұғын уәзірі келіп
сөйлейді. Сөйлегенде не дейді?
—Әзімбай сынды ханымыз,
Ақылға диқан данамыз,
Құлақ салып тыңдаңыз.
Он екі жасар Назымның
Бекер күнін өткізіп,
Күйеуге неге бермейсің?
Сонда Әзімбай он ақ үй тігіп, жұртын жиып, айтты:—Кімге
қызым тиемін десе, соған қалың малсыз беремін,—деді.
Назым сұлу ешбіреуін де жаратпай әкесіне келіп айтты:—
Бұл жиылған кісілердің ішінде жылқыдан асау ат ұстап міне
алатыны жоқ,—деп.
Сонда бір қарт кісі келіп айтты:
—Уақ деген елді асырап жүрген Қамбар деген бала бар. Қу
кедей демесеңіз, сол сіздің қызыңызға ылайық.
Сонда хан оған ашуланды:—Мен қызымды қу кедейге беріп
құтырдым ба,—деп.
Назым сұлу әкесінің қасында тұрып Қамбардың атын
жазып алды.
Қамбар
(Ертегілік нұсқа)
ҚАМБАР Бір күні Қамбар батыр құлан, киік атып, бір өткелден өтіп, арғы жағына шыға келсе, Назым сұлу өткелдің аузында қырық қызбен сейілге шығып, шатыр тігіп отыр екен. Қамбарды көріп айтады: —Хан сүйекті Қамбар-ау, Қара қасқа тұлпардың Өкпе, бауыр, жалы бар-ау. Біздікіне келе кет, Қант пен мейіз, шай бар-ау. Қамбар батыр оған қайрылмай өтіп кетеді. Әзімбай ханның елінің ық жағында бір жауы бар еді. Армамбет деген байдың елі еді. Армамбет Әзімбайға Жалмамбет деген уәзірін жіберді: —Маған Назым сұлуды берсін деп. Әгарда бермесең, тартып аламын деп. Сонда Әзімбайдың кенже ұғылы жіберген кісілердің баршасын өлтіріп, Жалмамбеттің құлақ-мұрнын кесіп қуып жібереді. Сонда Жалмамбет өзінің ханына келеді. Хан мұны көріп айтады: —Уәзірім, сен Назымды көріп, көрімдігіне құлақ-мұрныңды кесіп бердің бе?—деді. Жалмамбет айтты: —Жіберген кісілеріңізді бәрін өлтірді, менің құлақмұрнымды кесіп алды,—деді. Армамбет бек қатты ашуланып, көп әскер жиғызып, Әзімбай ханның еліне таман жүрді. Сонда Әзімбай бек қатты қорқып, Қамбарға екі уәзірін жіберді. Екі би Қамбарға келіп айтты: —Сені Әзімбай хан жауымды мұқатып берсін деп шақыртқалы бізді жіберді. Әгарда жауын мұқатып берсең, Назым сұлуды саған береді. Бұлардың сөзін естіп болған соң, Қамбар қара қасқа атына мініп, Әзімбайдың еліне келіп, жауын жеңіп беріп, Назымды аламын деп Әзімбайдың отырған үйіне келіп кірді.
батырлар жыры
Әзімбай:—Сендей қу кедейге қызымды бермеймін,—деп
айтты. Сонда Қамбар ханға ашуланып «жұртыңды шабамын»
деп, атына мінді.
Мұны көріп, ханның бұрынғы жақсы көретұғын уәзірі келіп
ханға айтты:—Сіз қызыңызды Қамбарға беріңіз, мұнан жақсы
күйеу таба алмассыз,—деп.
Сонда хан бермек болып, ат шаптырып той қылып, көп
жылқы айдатып жөнелтті.
Сөйтіп, Қамбардың арқасымен Уақ елі байыды.
Баяғыда бір хан болыпты. Оның Назым дейтін сұлу қызы
болған екен. Ол қыз «өзім сүйгеніме барамын, мен бай таңдап
кімді көңілім сүйсе, бай-кедейлігіне қарамастан көңілім
сүйгеніне барам» деген екен. Соған хан әкесі елін-жұртын жиып,
бай-кедей демей, бәрін шақыртыпты. Алдынан бәрін өткізсе,
ешбір адамды Назым қыз жақтырмайды. Сонда хан айтыпты
шақырушыға:—Бұл елдің бәрін тамам шақырып болдыңдар
ма? Қалған ел бар ма? Сонда шақырушы ханға:—Тоқсан үйлі
Тобыр, сексен үйлі жебір, соның бәрін асырайтын Қамбар де
ген кедей бар, соның елін кедейсініп шақырмадым,— депті. Ке
дейсініп шақырмаған Қамбар хан қанша шақырса да бармапты.
Ауылының маңынан әрі-бері аң атып, аңшылықпен күнелтіпті.
Өтіп жүргенде қыздың көңілі Қамбарға түседі екен. Оны көріп-
біліп жүрген екен. Қыздың ағалары Қамбарды кедейсініп мен
сінбейді екен.
Күндерден бір күні Қамбар Назымның ауылының маңынан
аң атып өтіп бара жатқанда жолын тосып тұрып қыздың
Қамбарға айтқан сөзі:
—Қара қасқа атты Қамбар-ау,
Қара атыңның мойнында
Өкпе-бауыр, жал бар-ау.
Біздің үйге түсе кет,
Қанша мейман келсе де,
Күтетін бізде әл бар-ау.
Сонда да мойын бұрмай Қамбар өтіп жүре береді екен. Сол
арада басқа бір елдің ханы «қызды маған бер, бермесең, еліңді
Назым қыздың әңгімесі
(Ертегілік нұсқа)
батырлар жыры
шабамын» дейді екен. Сонда Қамбарға қыздың ағалары ке
ліп, қорқып, Қамбардың аяғына жығылып «жесіріңді өзің ал,
бірақ мынау жаудан бізді құтқар» деген екен. Сонда Қамбар
елдің намысына шыдамай, жаумен соғысып, оны жеңіп, На
зым қызды өзі алып мұрадына жетіпті.
Ғ Ы Л Ы М И
Қ О С Ы М Ш А Л А Р
«ҚАМБАР БАТЫР» ЖЫРЫ Қазақ халқының көп вариантты, кең тараған және кеңестік кезеңдегі солақай сыннан аман қалып, көп зерттелген «Қамбар батыр» жырының алғаш қағазға түсіп, жариялануы «Киргизская степь Оренбургского ведомства» (СПб., 1865, құрастырған Л.Мейер) атты кітапта баяндалған жырдың қысқаша мазмұнынан—халықтың жыр оқиғасын қалмақ билігінен азат етумен байланыстыратындығы жайлы хабардан бастау алады. В.Карлсон 1906 жылы жарияланған «Қырғыз (қазақ) халық ақындары архив комиссиясында» атты мақаласында Орынбор облысы, Орал уезі, Жиренқопа болысынан келген жыршылар Қазақпай мен Көшелектің басқа жырлармен қатар «Қамбар» жырын да орындағаны туралы мәлімет келтіреді. Жырды жинау, зерттеу жұмыстары жариялануымен қатар жүрген. Мысалы, жырдың 1888 жылы У.Тухфатуллин деген татар азаматы Зайсан өңірінен жазып алған нұсқасын Қазандағы Университет баспаханасынан «Қисса Қамбар» деген атпен жарияласа, 1903 жылы бұл эпос Қазанда ағайынды Каримовтер баспаханасынан «Тоқсан үйлі тобыр» деген атпен жарық көрген (баспаға дайындаушысы көрсетілмеген). Жыр жарияланымдарының ішінде 1890 жылы Санкт-Петербор қаласында басылған «Түрік хрестоматиясы» жинағында (3-том, 2-бөлім) «Қамбар баһадүрдің жыры» атты белгілі шығыстанушы И.Н.Березин жариялаған нұсқасы мен 1922 жылы Тәшкенде этнограф ғалым Ә.Диваев баспаға дайындаған «Қамбар батыр» нұсқаларының мәні зор. Қазақ ғалымдарының ішінде «Қамбар батыр» жайлы алғаш ғылыми ой-тұжырымдар түйіндеген М.О.Әуезовтің жырдың өзге эпос үлгілерінен ерекшелігі, ондағы образдар жүйесі, оқиғалардағы көпқабаттылық (полистадиялық) туралы ой 22–167
батырлар жыры қорытындыларының өз кезеңі үшін де, бүгінгі күні де құны жоғары. Ғалым 1927 жылы Қызылордада басылған «Әдебиет тарихы» атты оқулығының «Батырлар әңгімесі» атты тарауында кіші батырлар санатында «Қамбар батыр» жырына тоқталады. Зерттеуші сол кездегі еуропалық ғылыми мектептерде қалыптасқан дағды бойынша қазақ қаһармандық эпосын «аға батырлар», «іні батырлар» деп жіктеген. Ұлы батырларға Едіге, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын мен Нәрікұлы Шора батырды, ал кіші батырларға Қамбар мен Алпамыс батырды жатқызады. М.О.Әуезов Қамбарды «кіші батырлар» санатына жатқыза отырып, батыр образының жасалымындағы өзіндік ерекшелікті былайша сипаттайды: «Біздің батырлардың бір алуаны—аңшыдан шыққан батырлар. Бұл батыр да ертерек мезгілдің адамы болады. Тарихи кезіне қарағанда, Қамбар ұлы батыр» [1, 100-101]. М.Әуезовтің жырдың негізгі тақырыбы жөніндегі ғылыми пікірлері екі түрлі тұрғыда көрініс табады. Жыр оқиғалары шиеленісуінің шарықтау шегі—қалмақ ханының Назым қызды тартып алмақ болуы. Сол эпизод жаумен арадағы соғыс ел мен жер үшін емес, қалыңдық үшін күрес екенін аңдатады. «Сондықтан бұл әңгіменің тізілуі берірек заманда болғандығын білдіреді»,—деген тұжырым жасайды [1, 102]. Жырдың рулық-тайпалық дәуірде туа бастағанымен, онда бір кезеңнің емес, бірнеше дәуірдің оқиғалары көрініс беретініне көңіл аударды. Ол кейінгі зерттеулерінде «Қамбар бір қыздың төңірегінде, Назым үшін жаумен соғысты» деген пікірін қайта қарап, батырдың жер үшін, ел намысы жолында қалмақпен шайқасқандығына ерекше мән береді [2, 169]. 1937 жылы орта және орталау мектептің 6-сыныбы үшін М.Әуезов құрастырған «Әдебиет хрестоматиясында» Ә.Диваев нұсқасынан үзінді жарияланып, жырдың мазмұнына, түр ерекшелігіне қысқаша түсінік берілген. Хрестоматия түзетіліп, толықтырылып, 1938 жылы қайта басылған [3, 34-51]. Жыр жөнінде фольклордың өз заңдылығын ескермей, оған саяси тұрғыдан баға беру әсерінен сыңаржақ айтылған пікірлердің жырдың зерттелу тарихнамасында өзіндік орны бар. С.Сейфуллин «Қамбарды ағайынның аш-арығына қайырымшыл, құрбыға, үлкенге кішіпейіл, кедейден шыққан батыр», «Қамбар билер дәуіріндегі үстем таптың санасынан
ғылыми қосымшалар
аса алмайды»,—дейді. Эпостағы соғыс жөнінде «Ноғайлы
заманынан бергі қазақ пен қалмақтың күрес тарихынан хабардар
етеді» деп дұрыс жорамал жасайды [4, 209]. С.Сейфуллин өзінің
жоғары оқу орнына арналған «Қазақ әдебиеті» атты оқулығында
«Қамбар батыр» жырын 1922 жылғы Диваев бастырған нұсқа
негізінде талдайды және сол мәтінді «Батырлар жырларының
жинағында» [5, 268-316] жариялайды.
Фольклорлық мұралардан тарихтың дәл көшірмесін іздеу
үрдісі «Алпамыс, Қамбар тағы басқалар туралы тарихта ешбір
дерек жоқ. Оған қарағанда, бұлардың ойдан шығарылуы да
мүмкін» [6, 125] дейтін пікірлерді туғызған. Жыр жайында
С.Мұқанов эпостың тәрбиелік мәні мен композициялық
ерекшелігі жөнінде пікір білдіріп, жырдың тарихи негізін
шежірелерден іздейді [7, 5-21]. Ол жырдың Ә.Диваев нұсқасын
өзі құрастырған «Батырлар жыры» атты жинаққа [7, 297-343]
енгізді. Ә.Марғұлан жырлардың шығу төркіні мен тарихпен
байланысына көңіл аударып, қазақ қаһармандық эпосын бес
дәуірге бөліп, «Қамбар батыр» жырын үшінші—Ноғайлы
дәуіріне—Жошы ұлысының ыдырауы мен өзара қырқысқан
соғыстарды бейнелейтін екінші кезеңіне жатқызса [8, 81],
Ә.Қоңыратбаев қазақ эпосын он салаға бөліп, «Қамбар»
жырын үшінші—тайпалық эпос тобына жатқызады [9,18].
Орыс зерттеушісі А.С.Орлов жырды орыс былиналарымен
салыстырады [10, 115].
1948 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихының»
батырлар жыры туралы тарауында Қ.Жұмалиев «Қамбар
батыр» атты мақалада жырдың бас кейіпкерінің аңшылығын
жырдың басты ерекшелігі ретінде сипаттап, фольклортану
тұрғысынан сараптады, бұл туындының композициялық,
тілдік ерекшеліктеріне талдау жасады [11, 144-149]. Кейін 1958
жылы ғалым бұл мәселеге «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының
мәселелері» атты еңбегінде арнайы тоқталып, күйеу таңдаудың
көне мотив екенін дәлелдейді [12, 185-86].
Кеңестік әміршілдік жүйенің әдебиет пен мәдениетті өз
құрсауында, белгілі бір шеңбер аясында ұстауға тырысқан
саясатының кесірі қазақ эпосына да кері әсерін тигізді.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 жылғы
21 қаңтарындағы «ҚазКСР ҒА-ның Тіл және әдебиет инсти
туты жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» деген
батырлар жыры
қаулысында М.О.Әуезовтің басшылығымен жазылған «Қазақ
әдебиеті тарихының» бірінші томының алғашқы редакциясы
қатты сынға алынып, халқымыздың эпостық мұрасы таптық
тұрғыдан сұрыпталды. Осы саяси науқанның жалғасы 1953
жылғы Қазақ ССР ҒА-ның Президиумы ұйымдастырған эпос
жөніндегі пікірсайыс қорытындысынан соң «Қамбар батыр»
мен «Ер Тарғын» жырынан басқа эпос үлгілері мансұқталды
[13, 112]. «Қамбар батыр» жыры халықтың пайдалануына
«жарамды» деп танылғанымен, жырдың көркемдік қуаты
мен жанрлық бітіміне, образдар жүйесіне ғылыми тұрғыдан
талдау жасалмады, ондағы әлеуметтік астар мен таптық жік
қана негізге алынды. Осы тұстағы М.Ғабдуллиннің және
Н.С.Смирнованың мақалалары басқа жырларды қарастырған
зерттеушілердің кемшілігін көрсетуге, ал «Қамбар» жырын
дәріптеуге арналды. М.Ғабдуллин жазған оқулықтар мен
оқу құралдарында тек бір ғана жыр зерттеу нысанына алын
ды. М.Ғабдуллиннің «жырдың барлық варианттарын тұтас
қарастыру» туралы пікірлері іске аспады, қайта қатты сынға
ұшырады. Н.С.Смирнованың «Қамбар батыр» жырының негіз
гі кейіпкерлерін әлеуметтік тұрғыдан ғана талдайтын еңбегінен
кейін Мейер (1865) оқиғасын орысша баяндаған жыр сюжетінен
басқасы назардан тыс қалды.
1956 жылғы «Алпамыс» (өзбек варианты) жөніндегі
Тәшкенде өткен республикааралық кеңес және 1958 жылғы
Мәскеуде өткен СССР халықтары эпосын жинау, бастырып
шығару және оны тыңғылықты зерттеу мәселелеріне арналған
Бүкілодақтық кеңес жұмысынан кейін эпостық мұраға деген
көзқарас біршама жұмсарды. Қазақстан Компартиясы Орта
лық Комитетінің 1957 жылғы қаулысындағы көне мұраларды
жинау, зерттеу, әділ бағалау туралы нұсқаулардың оң ықпалы
болды. Жинау, іздестіру, жариялау жұмыстарының қарқын
алуының нәтижесінде зерттеуші М. Ғұмарова «Қисса Қамбар»
жырының 1888 жылғы басылымын тауып, оның осындай
мазмұнды варианттардың негізі екендігін анықтаған. Осыдан
соң «Қамбар батыр» жыры жайлы тың деректер мен мол
мағлұматтар берген ғалымдардың ой-пікірлері жарық көрді.
1959 жылы жырдың ғылыми басылымы (Ред. басқ.
М.О.Әуезов және Н.С.Смирнова. Басылымды дайындағандар:
Н.С.Смирнова мен М.Ғұмарова) жарық көрді. Жырдың
ғылыми қосымшалар
төрт нұсқасы (Ә.Диваев, Б.Мұқамбаев, «Тоқсан үйлі тобыр»
және Р.Мәзқожаев нұсқалары) мен ертегілік нұсқасы және
олардың орыс тіліндегі аудармасы дайындалып, қосымшада
жырдың негізгі нұсқалары туралы Н.С.Смирнованың көлемді
мақаласы, түсініктер мен әр түрлі нұсқаларындағы өзгерістер
(разночтения) және «Қамбар батыр» күйі, осы жырдың ноталық
жазбалары берілді.
1959 жылғы «Әдеби мұра және оны зерттеу» атты ғылыми-
теориялық
конференцияда
Т.Сыдықов
«Қамбар
батыр»
жырының 17 нұсқасы жиналғаны туралы мәлімет берсе, осы
конференцияда мәскеулік ғалым В.М.Сидельников: «Вся
работа была сосредоточена вокруг семи богатырей, и особенно
Камбара. Большей частью велась работа по подготовке текстов
эпоса к публикации. Не было углубленного рассмотрения эпоса.
Надо познакомить читателя со всем эпическим богатством казах
ского народа»,—деп сын айтты. Орта және жоғары оқу орында
рына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтары мен оқу құралда
рында, педучилище мен жоғарғы мектеп бағдарламаларында
жырдың Ә.Диваев варианты қарастырылып, хрестоматияларда
жарияланды.
1960 жылы жарияланған «Қазақ әдебиетінің тарихында
ғы» (1-том, 1-кітап) «Қамбар батыр» жыры туралы тарауды
жазған Н.С.Смирнова мен М.Ғұмарова Ә.Диваев нұсқасын
негізге алып, өзге нұсқалар жөнінде де пікір білдірді. Өзге де
батырлық жырларды талдау барысында ғалымдар «Қамбар
батырға» көңіл аударып отырды. 1961 жылы баспадан шыққан
«Алпамыс батыр» жырының ғылыми басылымына жазған
түсінікте Н.С.Смирнова екі жырды салыстырады, М.Ғабдуллин
мен Қ.Жұмалиев 1958 жылғы «Қазақ эпосы» жинағының және
1963 жылғы «Батырлар жырының» І томының алғы сөзінде,
1958 жылы жарияланған «Қазақ эпосы туралы» атты бірлесе
жазған мақалаларында, М.Ғабдуллин мен Т.Сыдықовтың 1968
жылы жарық көрген «История казахской литературы» атты
ұжымдық монографиядағы жырға арнап жазған тарауында,
1972 жылғы «Қазақ халқының батырлық жыры» атты еңбегінде
«Қамбар» жырының бұрын жарық көрмеген өзге варианттары
да сөз болады.
Кеңестік кезеңде «Қамбар» жыры он бір рет жарияланса,
соның көпшілігінде М.Ғұмарова елеулі еңбек сіңірді. Ол
батырлар жыры жырдың варианттарына сипаттама жазып, ғылыми басылым ды дайындау тәжірибесі жөніндегі ойларын ортаға салды. «Қамбар» жайында фольклортанушы ғалымдардың әр қилы аспектіде айтылған ой-пікірлері күні бүгінге дейін жалғасқан. Кезінде Ә.Қоңыратбаев жырда кездесетін кейіпкерлер есімінің этимологиясын қарастырып, «жырдағы оқиға Сыр бойында болған» деп шамаласа, кейіннен Р.Бердібай жырдың полистадиялық белгілеріне, Назым тұлғасының ерекше болмысына көңіл аударған. Ал С.А.Қасқабасов жырдың жиналуы, жариялануы туралы «Қазақ совет энциклопедиясының» 6-томында қысқаша мәлімет берсе [14, 440-441], фольклордағы тұтастану құбылысына арнаған ғылыми мақаласында «Қамбар батыр» жырын негізге ала отырып, ондағы бір циклге түскен үш сюжеттің сипатын айқындайды [15, 438-489]. Ш.Ыбыраев бұл туындыны эпос үлгілеріне тән заңдылықтар тарапынан тексерсе [16, 29], әдебиеттану еңбектерінде де осы жыр туралы айтылады, тілтанушы ғалымдар тарапынан әскери лексика мен көнерген сөз мысалдарының жырдағы үлгілері тілге тиек етілген. «Қамбар батырдың» оқиғасын қара сөзбен әңгімелеп айту арқылы ертегілік нұсқалары туған. Олар: 1) «Қамбар» (Березин нұсқасы) // ӘӨИ, Ш. 36, 3 б. Фотокөшірме; 2) «Назым қыздың әңгімесі» (Айтушысы—С.Әбжанов, жинаушысы Н.Әминов. 1956 жылы Павлодар қаласында жазылып алынған) // ӘӨИ, Ш. 341, 2 б. Н.С.Смирнова 1957 жылы Ленинградтағы И.Н.Березин қолжазбаларының арасынан осы нұсқаны тауып, қашан, қайда, кімнің жырлағаны, жазып алғаны көрсетілмегендіктен, шартты түрде «Березин нұсқасы» деп аталған. Мазмұны «Турецкая хрестоматиядағы» И.Н.Березин жариялаған жыр мазмұнынан алшақ емес, қара сөзбен берілген ертегілік нұсқа батырлық ертегілер қатарында 1986 жылы көптомдықта жарық көрген. «Қамбар батыр» жырының композициялық құрылымын былайша жіктеуге болады. Оқиға кіріспесі (экспозициясы)— Назымның күйеу таңдау тойы, Қамбардың тойға шақырылмауы; сюжеттік байланыс—Назым мен Қамбардың (өткелде) кездесуі; сюжеттің дамуы—қалмақ ханының Назымға жаушы жіберіп, құда түсуі; жырдың шарықтау шегі—Қамбардың қалмақ ханымен жекпе-жегі; шешімі—жеңіске жетуі; эпилог— Қамбар мен Назымның қосылуы. Нұсқалардағы оқиғалар мен
ғылыми қосымшалар
сюжеттік желіге тән мотивтерді былайша топтастыруға бола
ды: 1. Кейіпкердің ата-анасы, ру-тайпасы суреттелуі (Қалқай
нұсқасы); 2. Кейіпкердің әлеуметтік негізіне мән берілуі,
мысалы, батыр әкесінің кедейленуі (Ә.Диваев нұсқасы); 3.
Алғашқы ерліктің жыртқыш аңдармен күрес арқылы көрінуі,
жолбарысты жеңуі (Ә.Диваев нұсқасы); 4. Жырдағы «батырға
лайық үйлену сюжетіне» тән мотивтер: Қалыңдық туралы
хабар немесе қыздың күйеу таңдауы; Батырдың қалыңдықпен
кездесуі; Кейіпкердің қалыңдығына дұшпанның үйленуді ниет
етуі; Жаушыны қыз ағасының жазалауы; 5. Жаудың шабуылы
туралы хабар (батырдан көмек сұрап кісі жіберу); 6. Жорыққа
аттану (батырдың ұрыс алдындағы даярлығы, ел-жұртымен
қоштасуы); 7. Жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі; 8.Жеңіспен
оралу; 9. Той.
Әр нұсқадағы қыздың күйеу таңдау мотивіндегі өзге
шеліктерді былайша тұжырымдауға болады: Назым төбеге
мұнара салдырады (Ә.Диваев нұсқасы), қос қара ат жеккен
күймеге отырады (Қазан, 1888), ел қыздың алдынан өтіп, бір
адам тәртіпті реттеп тұрады (Бармақ ақын нұсқасы), тау басына
екі жеңгесімен шығады, әкесі: «Алдымен, соқыр өтсін»,—деп
тәртіп белгілейді (Қалқай молда нұсқасы). Березин, Қалқай
молда, 1888 жылғы нұсқаларда қыздан дәмелілерді келемеж
деу (зеріккен шал, соқыр, таз, пұшық) арқылы қыз талабының
мәні ашыла түседі.
Қамбар батырдың жыр оқиғасына араласуының әр нұсқада
ғы баяндалуында ерекшеліктер бар. Тойға шақырушы: «Әзімбай
бермес, Назым тимес»,—деп кедей Қамбарды шақырмайды
(Р.Мәзқожаев, Баяндин, Нұрқожаев варианттарында). Тойға
келмегендерді түгендегенде Қамбар аты аталады (Ә.Диваев,
К.Серғазиев,
Қ.Амангелдин
варианты),
Қалқай
молда
нұсқасында, 60 үйлі арғынмен араз болғандықтан, Қамбарға
хабар тимесе, Б.Мұқамбаев нұсқасында Қамбардың қалмақтан
жылқы алып жүрген ерлігі аталып өтеді. Бірде Қамбардың тойға
келмеуінің себебін қол тимеуімен байланыстырса (Бармақ ақын
нұсқасы), бірде қыз әкесі мен Қамбар әкесінің арасындағы бас
араздыққа байланысты көрінеді.
Басына іс түсіп, қысылғанда ғана батырды керексіну
жағдайларын әр нұсқа өзінше өрбіткен. Мысалы, қалың
әскерді көрген соң ноғай биі кеңесіп Назымды Қамбарға бермек
батырлар жыры
болады (Қазан, 1888), Назым жеңгесі арқылы ағасына сәлем
жолдап (Бармақ ақын нұсқасы), Алшыораздың (Ә.Диваев
нұсқасы), Әлім төренің (Қалқай молда нұсқасы), Ақшахан
мен Алшораның ақылымен (Березин нұсқасы) Қамбарды
шақыртады, Әзімбай Алшыораздан Қамбарды шақыруын
өтінеді (Шапай Қалмағамбетов нұсқасы). Жыр кіріспесі әр
нұсқада әр қилы көрінеді. «Сөйле десең біздерге» (Қазан, 1888),
«Бізден бұрын кім өткен» (Березин нұсқасы), «Жақсылар,
дастан айтайын» (Ә.Диваев нұсқасы), «Бұрынғы Ноғайлының
заманында» (қара сөзбен) (Қалқай молда нұсқасы), «Бұрынғы
өткен заманда» (Бармақ ақын нұсқасы), «Алдым қалам қолыма»
(Шапай Қалмағамбетов нұсқасы).
Эпос құрылымындағы Назымның Қамбарға қарата айтатын
арнау сөзі, Келмембеттің құдалық сөзі, сондай-ақ батырдың
ел-жұртымен,
анасымен
қоштасуы
барлық
нұсқаларда
тұрақты кездесіп отырады. Бұл—жырдың көп қабаттылығын
дәлелдейтін белгілердің бірі. Әрине, мұнда тұрмыс-салт жырла
ры көркемдік қызмет атқарады. Жырдың барлық нұсқаларын
тұтастай алып қарастырғанда көз жететін нәрсе—«Қамбар ба
тыр» жырына ғажайып туу мен тумысынан таратып жырлау тән
емес, негізінен, есейіп, іс-әрекет иесі болған шағынан бастап су
реттеу басым. Тек Ә.Диваев нұсқасында ғана дүниеге келу мен
ер жету сарындарының кейбір белгілері көрініс табады. Жыр
табиғатының ерекшелігін танытатын белгілердің бастысы—
батырдың бірден соғысқа аттанбай, тоқсан үйлі тобырының
қамын жасап барып аттануы, батырға тарту-таралғы жасау
арқылы хабар берілуі.
Әйел еркі заманынан сақталған көне салттар ізі—қыздың
күйеу таңдауы, болашақ жары қандай болуы керектігі туралы
талабы, батырдың тұлпарын шешесі баптауы, шешесінің ақ
батасымен жорыққа аттануы барлық нұсқаларда сақталған.
Сол сияқты «Хан сүйекті Қамбар-ау, Қара атыңда жал бар-ау»
деп басталатын Назым сұлудың монологы жырдың барлық
нұсқаларында, тіпті ертегілік нұсқаларда да қайталанады.
Батырлық эпоста барлық ізгі қасиеттер халық өкілі—
батырдың бойына жинақталып, үстемдік пен әділетсіздікті
әшкерелеу арқылы ел бірлігінің күші мен жұрт ынтымағы
дәріптеледі. Ол жөнінде М.Әуезов: «Батырлық жырлар идеясы
халықтың ел қорғау идеясынан туған. Ал бұл идея жырдағы ба
ғылыми қосымшалар
сты кейіпкерлер арқылы ашылады. Халықтың арман-мүддесі
қайсы, халықтың досы мен дұшпаны қайсы екендігін дәлелдеп
көрсету үшін жырда кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз об
разы жасалады. Және олардың бәрі де ойда қаларлықтай етіп
суреттеледі»,—деп ой түйіндеген [2, 91]. Яғни «Қамбар ба
тыр» жырындағы образдар жүйесі де халықтық көзқарастарды
эпикалық тұрғыдан қорытып, байыптауға негізделген.
Назым
қыздың
образы
жырдағы
батыр
тұлғасын
көмескілемейді, қайта батырдың образын ашуда өзгеше
көркемдік мән атқарады. Жырдың бастамасынан-ақ ерекше
болмысты сұлудың бейнесі танылып, жыр соңына дейін алуан
түрлі қасиет белгілерімен сомдала түседі. Қыз бен оның әкесі,
ағаларының тұтас бейнесін танытатын «Қамбар батырдағы»
Назым бейнесі өз тегінен бөлек мінез бен іс-әрекет иесі екен
дігімен оқшауланады. Ол жөнінде жыр: «Алты ағасын, әкесін
ақылымен Назым биледі»—деп баян етеді. Яғни көпке сәулесі
түскен, кірсіз ажары ақ қағаздай арудың ішкі-сыртқы болмы
сын қатар көрсету басым. Сұлу сипаты, ерке мінезімен қатар
өзіне жар таңдаудағы батыл қадамдары Назым тұлғасын өзге
жырлардағы әйелдер образынан ерекшелейді. Батырлық сынау
мақсатындағы шарт қойып, күйеу таңдау «Қобыланды батыр»
жырында да бар. Ел ішінде ғана емес, жат жұртқа дақпырты
жеткен сұлудың таңдауының кімге түскендігіне салмақ арту
арқылы кейіпкерлердің мінез-құлықтарын ашып көрсету—
«Қамбар батыр» жырының өзіндік ерекшелігі.
Жыр мазмұнында Назымның көңлі көксеген батырдың
тұлғасын бірден баян етпей, қалыңдық тарапынан байқалған
ынтызарлық сезімдерді әсірелей бейнелеу басым. Елге жар
салып күйеу таңдаған сұлудың ел мақтаған ердің дабысына
қанықтығы сезіліп тұрады. Қамбардың келмей қалуы қыздың
ынтықтығын арттыра түспесе, кемітпейді. Назым батырлық
қасиет пен өр мінезді қадірлейді. Қазақ-қалмақтан өзіне лайық
жар таба алмауының негізгі себептері де осында жатыр. Бұл
шарттың талабына сай келерлік тұлға тегін адам болмауы тиіс.
Қаһармандық эпостағы батырдың ер жүрек батылдығы ел
игілігіне, әділетсіздіктен, басқыншылықтан зәбір көргендер
ді құтқаруға жұмсалады десек, Қамбар батырдың да ерлік
істері осы талап тұрғысынан табылады. Тіпті жолбарыспен
жалғыз алысқан ерлігінің өзі аңшылықпен асыраған ауыл-
батырлар жыры
аймағының қауіпсіздігі үшін жасалған. Аңшылықпен жеке
дара жүрген Қамбар тұлғасы көне мәдени қаһарман бейнесі
нен бастау алады.
Кейбір нұсқалардың мазмұнындағы (Қалқай мен Бармақ
нұсқасы) өзгешеліктер болмаса, Қамбар жаумен жалғыз
алысады. Эпикалық жырдың қалыптасқан салтына сәйкес
қарсылас екі жақтың батырлары алдымен сөз қағысу, жекпе-
жек күш сынасу сынақтарынан өтеді. Қамбардың Қараманға
айтқан уәжінен зорлыққа көнбейтін өрлікпен қатар жал
пы жұрттың қамын жеген ерге тән мінез аңғарылады.
Қарсыласының қателігін бетіне басып, тұқырту арқылы, ал
дымен, бітімге шақыру Қамбардың батырлық болмысының
айрықшалығын айқындайды.
Жыр оқиғасының шешімі, бас қаһарманның ерлігінің
нәтижесі—жаудың жеке батырын жекпе-жекте жеңіп, тұтас
жауы түгесілгенше тоқтамай шайқасу Қамбарға да тән. Өзге
батырлар секілді жауымен жалғыз алысқанда Ғайып ерен
қырық шілтен, ата-баба әруағы, Алла Тағала септігі мен кей
де атының көмегіне сүйенеді. Бірақ мұның барлығы батырдың
ерекше жаратылған күш-қайраты мен батырлығының фонында
ұғынылады. Қамбар жалғыз соғысады, жалғыз өзінің жауды
жеңуінде мән бар. Өйткені онда бүкіл рудың, қала берді бүкіл
халықтың рухы бар. Жыр сонысымен қымбат. Ол өз елінің
(тоқсан үйлі тобырдың) ғана емес, қалың жұрттың, тұтас бір
елдің үмітін ақтайды.
Жырдың кейбір нұсқаларындағы әлеуметтік сипаттың
тереңдетілуіне баса мән берілуі батырдың тұлпары жөнінде
қара қасқа кедейдің тулағы, я болмаса ыдырай бастаған
рушылдықтың әлсіреген белгісі ретінде қарастырған пікірлерді
де тудырған.
Назымның күйеу таңдау рәсімі болып өткен соң Қамбар
Әзімбай аулының қасындағы көлге аң аулауға келеді. Яғни
Қамбар Назымды көру үшін, қызбен сөйлесу үшін шығады.
Сөйте тұра, қызды көрген Қамбар сөйлеспей өтіп кетеді. «Под
текст показывает нам, что охота Потыка есть не что иное, как
метафора сватовства, что выезд богатыря с самого начала имел
характер свадебной поездки и что встреча его с девой-лебе
дью вовсе не случайно: дева это—его суженая предназначен
ная ему в жены»,—дейді Е.М.Мелетинский [17, 12]. Қамбар
ғылыми қосымшалар
батырдың аңға шығуын осы тұрғыда қарастыруға болады.
Әрбір нұсқаның екі жастың арасындағы дәнекерші рөлін
көрсетуде де өзгешелігі бар.
Ұлттық дәстүрімізге сай бойжеткен қыздың жеңгесімен
сырлас-мұңдастығына Қалқай және Бармақ нұсқаларында ерек
ше орын берілген. Бармақ нұсқасында Назым қасында жеңгесі
болмағандықтан, Қамбармен сөйлесе алмай қалады. Қамбар
да жалғыз емес, аңға бір жолдасымен шыққан. Ал Қалқай
нұсқасында қайрылмай кеткен Қамбардың қылығы жөніндегі
ойын қыз жеңгесімен бөліседі.
Көне мифтік дүниетанымдағы өткел ұғымының жерлеу,
үйлену салттарындағы мәні кейіпкердің статусын көрсетеді.
Бұл орыс фольклортану ғылымында жан-жақты қарасты
рылды. «Образы перевоза или перехода через реку у славян
ских народов сохранились главным образом в свадебной поэ
зии, из которой перешли в лирические песни»,—деп көрсетеді
В.К.Соколова [18, 193]. Яғни өткелден өтудің бөтен елге сапар
шегу, басқа өлшемге, өзге әлемге көшу мағынасындағы көне
сілемі жырда сақталған. Назым мен Қамбардың арасындағы
диалогтан кейін Қамбар өткелден өтіп кетеді, Назым Қамбарға
жете алмай қалып қояды.
Ал өрмек құру мотиві барлық нұсқаларда аздаған айыр
машылықтарымен кездеседі. Қалқай молда нұсқасында
Назым: «Өрмек құрамын, Бәтуажа бабадан Қамбарды
сұраймын»,—десе, бұл наным-сенімдерге байланысты. 1888
жылғы басылымда алты жеңгесіне, Ә.Диваевта жеңгесіне
(саны айтылмайды) жіп иіртіп, отыз қатынға өрмекті
құрғызып, жүгіртеді. Бармақ ақын нұсқасында Назым
өзі өрмек құрады. Өрмектің мәні батырлық эпостардың
мазмұнына сай қызметіне байланысты. Мысалы, «Алпамыс
батырда» бала Алпамыс өрмек құрған кемпірдің баласын
өлтіріп қояды да, ол кемпір қарғап отырып Алпамыстың
қалыңдығы туралы шындықты айтып жібереді.
Қамбар батыр мен оның қарсыласы жекпе-жек алдында сөз
бен жауаптасады, кешігу сырын түсіндіруде аллегория қолда
нады, бұл барлық дерлік нұсқаларда орын алған, тек Қалқай
нұсқасында кездеспейді. Березин нұсқасында, Қамбардың ай
туынша, қаршығаның ілген қазына жапалақ таласып, лашын
ілген үйрекке қарға таласып, сұңқардың ілген қуына байғыз
батырлар жыры
таласыпты. 1888 жылғы нұсқада қара тазының алған қызыл
алтайы түлкісіне қара төбет, ақ сұңқар ілген қуға құладын, ла
шын ілген кептерге қара қарға таласып жатқаны бейнеленеді.
1903 жылғы басылымда тазының түсі басқаша—ақ төс тазы,
үшінші кезекте айтылатын кептерді ілген лашынның орнына
кекілікті ілген ителгі мысалға алынған. Бұлайша құстарды
бірінің орнына бірін ауыстырып қолдану кездейсоқ емес. Себе
бі—лашын, сұңқар, ителгі, бидайық, тұрымтай сұңқар тектес
жыртқыш құстарға жатады. «Лашын мен сұңқардай ұшқыш
қыран кемде-кем. Олар ұшқанда басқа құстардың ұшпай
бұғып қала беретіні, лашын мен сұңқарлардың ұшқан құсты
тайсалмай теуіп түсіріп кететін асқақ тәкаппарлықтары—
нағыз өрлікке, ерлікке жатады»,—дейді саятшылық өнерді
зерттеуші Ж.Бабалықұлы [19, 104]. 1903 жылғы басылымда
сұңқар тектестердің ішіндегі ең ұшқыр, ең алымдысы атақты
қыран—лашынның орнын ұсақ құстарды алатын ителгімен
ауыстыру сәтті шықпаған.
1888 және 1903 жылғы басылымнан өрбіген варианттарды
алып қарасақ, Қ.Шабдарұлы варианты 1888 жылғы аллего
рияны қайталайды, тек сұңқардың ілгені қу емес, қаз болып
өзгерген. Ал 1903 жылғы басылымда «кекілік» сөзі «ителгі»
сөзіне қосылып кеткен, «кекілікті» «киік» деп оқуға болады.
Сондықтан осы басылымға сүйенген Жұманазар, Мәзқожаев,
Балзақұлы вариантында ителгінің алғаны—киік, ал Баяндин
варианты бойынша, көгел, яғни логикалық тұрғыдан «кіп-кіш
кентай ителгі киікті алды» деп айту нанымсыз болмақ. Шашу
бай вариантында үшінші кезекте айтылатын құстар Березин
нұсқасына ұқсайды: көк қаршыға ілген қоңыр үйрекке қара
қарға таласады.
Жырдың қаһармандық эпос дәстүріндегі бір белгісі—
батырдың тұлпарына қатысты. Қысқа да болса тұлпарға тән
белгілер толық байқалатын аттың сипаттауынан дәстүрлі
эпикалық сарын байқалады. Кейбір нұсқаларда (Березин
нұсқасында) Қамбардың қара қасқасына қысылтаяң шақта тіл
бітеді. Жырдың көркемдік бітіміне тән өзіндік ерекшеліктердің
бірі—бас кейіпкер тұлпарының толық портретін батырдың өзі
жасауы. Жыршы баяндауынан гөрі батырдың өз атына қарата
айтқан сипаттауында нағыз ерге лайық тұлпардың бейнесі
сәтті сомдалған.
ғылыми қосымшалар
Жырда Әзімбай балаларының ішіндегі жағымды кейіп
кер қатарында танылатын Алшыораз байдан батырды артық
санап, Қамбардың бөлекше болмысын байқай біледі. Жырда
Назымның Алшыораздан басқа бауырларының мінездемесіне
мән беру арқылы тумысының бөлектігіне назар аударылады.
Байлыққа мастанып, даурыққан ағаларына айтқан басалқы
сөзінің мазмұны: малдың көптігіне сүйенбеу, Құдайдың берген
бағын бағалау, адам қасиетін мал-мүлікпен өлшемеу т.с.с. ізгі
ойларға құрылған. Елге қорған бола алатын батырдың қасиетін
ел тағдырымен байланысты қарайды. Ә.Диваев нұсқасындағы
Алшыораз—елішілік мәселелерге қатысты ғана емес, жауына
қаталдығы, намысты мінезі жөнінен де батырлармен рухтас
тұлға.
Жырдағы басты сюжеттік тартыстың арқауы қалмақ
ханы мен оның жаушысының іс-әрекетімен байланысты.
Дәстүрлі ізет-ибаны білдіретін тұспал мәнді құдалық сөздерді
пайдаланғанымен, жаушының сөз саптауы мүлде бөлек. Ол
«берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан» дейтін пиғылды
ұстанып қыз әкесіне басымдық таныта, күш көрсете сөйлейді.
Қамбар жайлы Қараманға хабар беріп, желіктіруші де, батырға
барып жағымсына сөйлеп, аярлық танытушы да—Келмембет.
Жағымпаз мінезден өзін қорғай білетін Қамбар болмысының
кесектігі де осы тұста танылады. Елшілік сөзді жеткізу мен оны
қабылдау барысында қарама-қарсы жақтың мінезі, болмыстары
ашылып жатады. Мәселен, хан басымен шақыртқанына келе
қоймағанына шамданып, «Алдыңа салып айдап келмейсің бе?»
деп айғайға басқан Қараманды «Үш күннен кейін келеді» деп
Келмембеттің алдауы немесе өзі жөніндегі жалған баяндаулары
арқылы бұл екі образдың толық сипаттамасы беріледі. Адамдар
арасын ғана емес, ел мен елдің арасын «ала қойдай бүлдірген»
мұндай жарамсақ жандарды халықтың құптамайтындығы
Келмембетке қолданылған жаза мен оның сатиралық портреті
арқылы айқын ұғындырылады.
Эпикалық дұшпан болып табылатын қалмақтың өкілі
жаушының атын беруде нұсқаларда өзгешеліктер бар. Мәселен,
ол Ә.Диваев нұсқасында Қараман, Бармақ, Шапай нұсқалары
мен 1888 жылғы басылымда Мақтым, Қалқай вариантында
Ақшахан, Березинде Мақия. Нұсқалардың көпшілігінде қарсы
жақтың елшісі, құда түсе келген жаушы—шалақазақ, шоқынды
батырлар жыры
Келмембет. Қалқай нұсқасында күйеу таңдау сынынан өте
алмай ызаланған Керей ұлы Келмембет, Бармақ нұсқасы мен
Шапай нұсқасында тілге шешен болғасын елшілікке жіберілген
адам ретінде сипатталады.
«Қамбар батыр» эпосындағы жыр желісінің мазмұнында
орындаушының тыңдаушысын эпикалық дәуірге бірден-ақ
жақындату мақсаты басым. Жырдың қаһарман іс-әрекетінен
туындаған сюжеттік уақыты да өзіндік сыр-сипатымен көрінеді.
Сюжеттің басталуында өзге батырлық жырдан өзгешелігі бар,
әлеуметтік жігі айқындала бастаған екі түрлі өмір көрінісі си
патталады. Алайда жыр оқиғасының даму барысында күрделі
мәселе ел тәуелсіздігін сыртқы жаудан қорғау жетекші мәнге
ие болғанда, елішілік тартыстар ескерілмей, тұтас тұрғыдан
түсіндіріледі. Яғни жырдың негізгі тақырыбына қатысты
оқиғалардың басталуы Қамбардың қалыңдығына өзге жұрттың
зорлықпен сөз салуымен, одан әрі ел ішінде осыған байланысты
түрлі жағдайлардың орын алуымен тұспа-тұс келеді. Қамбар
мен Назымның алты ағасының арасындағы қарым-қатынас
елдің тәуелсіздігі ұғымының жанында кикілжің есепті болып,
Қамбар тұтас бір халықтың саяси өміріндегі ауытқыған тепе-
теңдікті қалпына келтіруші ретінде мадақталады.
Жырдың өне бойында бас кейіпкерінің болмысы мен ортасы
жөнінде толық мағлұмат беріліп, оқиғаның өту барысына
тыңдаушыны араластыруға мүмкіндік жасалады. Сюжеттен
тыс тұратын жырлаушы уақытының болатындығына жыр
желісі дәлел. Жырда сюжеттік уақыт түрліше аталып, мысалы,
«бұрынғы өткен заманда» (1888, Бармақ нұсқасы) «бұрынғы
өткен заманда, дін мұсылман аманда, он сан ноғай жұртында»
(Шоқатаев варианты), «бұрынғы өткен заманда, барлық халық
аманда, он екі баулы өзбекте, он сан ноғай елінде» (М. Жапақов
варианты), «он сан ноғай бүлгенде, Орманбет хан өлгенде»
(Березин нұсқасы) деп беріліп, жыршы тарапынан мадақталады.
Мұның себебі: батырлық жырдағы «бұрынғы өткен заман»—
халық санасына терең ұялаған, ел-жұрт тарихындағы ерекше
дәуір. Ол—қасиетті бабалар уақыты, батырлардың тарихта
болған мерзімі. Сондықтан да бұл—айрықша дәуір. Оның қадір-
қасиеті бүтін шығарманың тұтас желісі бойына тараған.
Батырдың соғыс үстіндегі белсенді қимыл-әрекетін баян
даған, бейнелеген сәттерде уақыттың өтуі, қарқыны үдейді.
ғылыми қосымшалар
Қамбардың Қараманға келіп, уәж айтуы мен жекпе-жекке
шығуы, оны жеңіп қиратуы қысқа бір уақыт аралығында өтеді.
Батырдың күш-қуаты кемеліне келген нағыз жігіттік шағынан
басталған оқиға сол рухта аяқталады. Дәстүрлі эпикалық әдіске
тән кеңістік уақытпен өлшенетіндіктен, «Ақ өткелден ары
өтсе, алты күндік жерде Қамбардың мекені, ал Мақия хан мен
Әзімбай ауылының арасы—қырық алты күндік жер», деп бері
леді. Кеңістік жайлы көне ұғымдарда су екі дүниенің шекарасы,
аралық өткел ретінде ұғынылады. Мұндағы Әзімбай мен Қамбар
ауылының арасын бөліп тұрған әрі екеуінің қарым-қатынасына
негіз болған көлдің кеңістік ұғымынан гөрі көне мағынасы ба
сым. Ол сюжеттік оқиға дамуының көркемдік кілті қызметін
атқарады. Дәстүрлі эпикалық жырда қазақтың көшпелі өмір
тұрмысына тән кең жазық дала мен оның ой-қыраты тілге тиек
болатын. Ал Ә.Диваев нұсқасында қалың тоғай, Һуд (Ну) көлі,
теңіз бойын жайлаған ел өмірі көбірек сипатталады.
Батырдың өз мекені тұтас жұртымен бірлікте алынатын
дәстүрге өзгеріс еніп, Қамбар мен Әзімбай аулының арасы үш
күншілік жер, я болмаса, белгілі бір уақыт мерзімінде (таңнан
намазшамға дейінгі) жол жетерлік қашықтықта орналасады.
Сондай-ақ жау елі мен батыр елінің арасы да осы мөлшерде
бедерленеді. Алайда жыр идеясының түп қазығы «ноғайлы
заманын көксеп», «ноғайлы батырын дәріптеуді» мақсат
еткендіктен, мезгілдік, мекендік ұғымдар да осы идея аясына
тұтастанған.
«Қамбар батыр» жырының композициясы елдің бейбіт
тіршілігінің көрінісін сипаттайтын той (Назымның күйеу
таңдау тойы) оқиғасымен басталып, Қамбар батыр мен Назым
сұлу қосылған тоймен аяқталуға негізделіп құрылған. Бұл—
жалпы эпостық жырлар табиғатына тиесілі жыр экспозициясы
мен аяқталуының типтік белгісі.
«Қамбар батыр» жырында көне мотивтердің жаңа мазмұнға
ие бола отырып, түрленген қызметтері көрінеді және батырлық
жырға тән мотивтер түгел орын алмайды. Керісінше, кейін
гі эпостарда кезіге бермейтін «алғашқы ерлік» мотиві көрініс
тапқан. Сондай-ақ типтік мотив-ситуация көрінбейді де, жыр
мотив-мінездемеден басталады, яғни жыр экспозиясындағы
ерекшелік—батырдың туу тарихынан емес, мотив-мінезде
меден басталуында. Жыр кім туралы, оның бет-бейнесі, жүріс-
батырлар жыры
тұрысы, ақыл-парасаты қандай екендігін сипаттаған жырлау
шы одан кейінгі тұста бас кейіпкердің басынан өткен оқиғасы
мен іс-әрекетін баяндайды.
Қамбар батырдың өз мекенінен қалыңдығының жұртына
сапары, аң аулауы мотив-әрекеттің кіріспесі іспетті. Cюжеттің
басты желісін құрайтын негізгі мотив-әрекет—батырдың
Қараманға аттанып, соғысуы; ол эпикалық дәстүрге сай
батырлығына нұқсан келтіретін барлық қайшылықтарды жою
үшін өзі жалғыз әрекет етеді.
Жырдағы теңеулердің көркемдік қызметі батыр тұлпарын
суреттейтін тұсында ерекше көрінеді. Олар «ұшқан құстан
озатын ересен жүйріктігі», «алыс жолға алқынбай жететін
қайратты, төзімділігі», батырдың тілегін танитын, дұшпанның
пиғылын сезетін қасиеті мен қысылтаяң тұстарда «тіл бітіп»,
сөйлеп, батырға ақыл-кеңес беретіндігі т.б. Батырлық жырларға
тән кейіпкерлердің көңіл-күй сәттерін, ішкі буырқанған
толғаныс иірімдерін білдіретін диалог, монологтар көркемдік
жүк көтеріп тұр. Мәселен, Назым мен Қамбардың, Қамбар
мен Қараманның, Келмембет пен Әзімбайдың тіл қатысулары
арқылы образдардың мінездемесі толықтай танылады.
Батырлық жырларға тән ұлғайту (гипербола) мен әсірелеу
(гротеск) де мол орын алады. Бұл әсіресе батырдың ерлігі мен
Назым сұлудың келбетін мадақтайтын тұстан айқын көрінеді.
Жырда Қамбардың аңшылығы «түске дейін ілгені төбедей бо
лып қалады», жолбарыспен алысқан ерлігі «қырық қадам жер
ден асырды» деп дәріптелсе, жауын жеңген ерлігі символды
әсірелеумен жеткізіледі.
Жауды әшкерелеп, жағымсыз образды шегіне жеткізе шебер
бейнелеудің озық үлгісі—Келмембеттің сатиралық портреті.
«Құлағы кесіліп құнтиған, мұрны кесіліп шұнтиған, мойыны
қыл ішектей қуарып, тоқпақтай басы сымпиған, көзі қояндай
бадырайып, беті бүйректей бұлтиып, екі танауы қазылған індей
үңірейген» жанның кескін-келбеті мен істеген ісі үйлес.
Жырдағы дәстүрлі құдалық салтына қатысты символдық
ұғымдардың әр түрлі пішіндері де көңіл аударарлықтай.
Мәселен, күйеуді алтын сұңқарға, қалыңдықты қазға ба
лап, сұңқарға ілдіру арқылы құда түсуді тұспалдау—
көне замандардағы мифтік түсініктермен тамырлас. Ал
қалыңдық—қызыл
түлкі,
күйеу—жүйрік
тазы
немесе
ғылыми қосымшалар
қалыңдық—піскен түйнек, күйеу—өткір кездік түсініктері
кейінгі замандардағы көркемдік образдарға мысал бола ала
ды. Жыр рухының бүгінгі күндегі халқымыздың ел болып
бірігу, тәуелсіздік тұғырын бекіте түсу мақсатындағы ру
хани қажеттілікпен толық қабысып жатқандығы осындай
көркемдік қуатына байланысты.
Қазақ батырлық жырының негізгі тақырыбы—сыртқы жа
улармен болған соғыс. «Қамбар батыр» жырында эпикалық
дұшпан көбінесе қалмақ болса, 1888 жылғы Қазан басылы
мы мен И.Н.Березин жариялаған нұсқада оның нақты қай
халықтың өкілі екені нақты баяндалмай, «кәпір» деп аталады.
Эпикалық санада орныққан жау қалмақ екені белгілі, «кәпір»
дінсіз деген мағынада. Патшалық цензура кәпірді орыс деп
түсініп, кәпір сөзін 1903 жылғы басылымда қалмақпен ауы
стырады. Кеңестік кезеңде де патшалық цензураның бағыты
қолдау тауып, 1888 жылғы Қазан басылымы мен И.Н.Березин
жариялаған нұсқа зерттелмеді, ғылыми айналымға түспеген.
Қазақстанның көптеген аймақтарынан жырдың нұсқалары
әр жылдары жазып алынған, жиналған. Олардың ішінде: 1)
Шашубай, Рахмет, Жұманазар, Шапай, Келімбет, Құлзақ,
Маясар
сияқты
жекелеген
ақындардың
орындауындағы
үлгілері; 2) өткен ғасырда баспа бетін көрген жыр нұсқалары
(1888 жылғы Қазан университеті баспаханасында басылған
«Қисса
Қамбар»,
И.Н.Березин
жариялаған
«Турецкая
хрестоматиядағы» (СПб, 1890) «Қамбар баһадүрдің жыры»,
1903 жылы Қазанда басылған «Тоқсан үйлі тобыр», 1922
жылы Тәшкенде жарияланған «Қамбар» жыры); 3) басылған
кітаптардан тараған жазбалары (Қ.Шабдарұлы, Қ.Иманов); 4) жырдың сюжетін негізге ала отырып әңгімелеген ертегілік
нұсқалары бар.
Жыршы өлең-жырға жастайынан құмар болып, елдегі бел
гілі жыршылардың жанында жүріп жыр үйренеді, кейін өзі де
ұстаз болып, жыр үйретеді. Шапай Қалмағамбетов өзі орындай
тын жыр нұсқасын Досжан жыраудан, Н.Баяндин Тыныштық
жыраудан үйренгенін айтады. Ақын-жыршылар батырлық
жырмен қатар, терме, айтыс және өзі шығарған өлеңдерін де
орындайды. Кеңес өкіметі құрылған алғашқы жылдары қызыл
отауда жұмыс істеген Р.Мәзқожаев, К.Серғазиев сияқты халық
ақындарының шығармашылығынан осы жайды көреміз.
23–167
батырлар жыры
Эпостық жырларды варианттарымен қабат қарастыра
тексерудің ғылыми мәні жөнінде соңғы уақыттарда жаңаша
талаптар қойыла бастады. Бұл жөнінде ғалым Б.Әзібаева
былайша ой қорытады: «Жазба әдебиет шығармаларына
текстологиялық жұмыстар жүргізуден гөрі, бұл жұмысты
қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне жасау әлдеқайда қиын. Әсіресе,
қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері ғасырлар бойы қағаз
бетіне түспей-ақ, оның көптеген шығармаларының ұрпақтан-
ұрпаққа ауызша таралып, бүгінгі біздің дәуірімізге де сол
жадында жатқа сақтаушылар арқылы жеткенін ескерсек,
ауыз әдебиетінің текстологиясын зерттеудің өте қиын екені
айқындала түседі» [20, 9].
Жырдың төрт нұсқасы—1888 жылғы Қазан басылымы, 1903
жылғы «Тоқсан үйлі тобыр» (екі рет), 1922 жылы Ә.Диваев
Тәшкенде жариялаған жыр нұсқасы (екі рет), жыршы Бармақ
Мұқамбайұлы жырлаған нұсқа орыс тіліне аударылды. Жырдың
мазмұнын қара сөзбен берген Мейер аудармасы, жолма-жол
аударма (Ш. Бекмұхамбетов), еркін аударма (Г.Владимирский),
көркем аударма (В.Державин), түпнұсқаға жақын аударма
(1959 жылғы ғылыми басылым) жасалды. Әр кезеңде сол уақыт
деңгейіне сай аударма жасалды және орыс тілді оқырмандарға
қазақ халқының эпикалық шығармасын таныстыру талабынан
туған міндет атқарды. Бұл аудармалардың сапасы мен
көркемдік деңгейі әр түрлі, дегенмен онда эпостық шығарма
аудармасының кезеңдік белгілері сақталғанын байқаймыз.
Қамбардың қай рудан шыққан батыр екендігі туралы әр түрлі
пікір бар. Диваев, Қалқай нұсқасында Қамбар—арғынның ба
тыры. Қазақ шежіресі бойынша, арғыннан Қамбар тармағы та
райды. Қамбар—Болатқожаның бір баласы. Мәшһүр Жүсіптің
шежіресінде Қамбар Болатқожаның Сүйіндіктен қалап алған
әйелінен Шұбыртпалы, Шекті туған. Алшын Зортумақтың
асында бәйгеге алған күңнен Қамбар тұқымы өрбіген. Ал өзінің
қыздай алған бәйбішесінен Ақша, Түйте туған. Ақшадан Бо
шан, Түйтеден Майқы, Манас [21, 38]. Қырғыздың белгілі «Ма
нас» эпосында Қамбардың ұлы Айдархан, немересі Көкше та
лай шайқастарға қатысқанымен, Қамбардың өзі болмаған, яғни
одан бұрын өмір сүрген. «Ол—сақ, ғұн, түркілердің ежелгі пірі.
Түрікмендерде Қамбар жерленген дейтін екі киелі орын бар»,—
дейді арғын шежіресін жинастырған Ш.Т.Қуанғанов.
ғылыми қосымшалар Березин нұсқасында ол—уақ батыры. Ш.Уәлиханов уақ руы туралы былай дейді: «Уак—полуоседлое племя, известное с ХІІІ в. Происходит с древних кереев. Играло значительную роль в ХVІ—ХVІІ в. составляя военную силу казахского союза в борьбе с джунгарами» [22, 184]. «Предания эти сохраняются свято или в виде родовых воспоминании в памяти старейшин, как например, юридические предания и генепологические, или в форме эпоса передаются из рода в род особенным сословием певцов. Многие слова и обороты, не употребительные в настоящее время, показывают их древность»,—дейді Ш.Уәлиханов [22, 417]. «Қамбар—уақ руынан шыққан батыр» деген пікірді С.Мұқанов былайша қуаттайды: «Қазақтың ескі руларынан Керей, Уақ атты екі ел бар. Уақтың Шоға, Бұйдалы, Жансары, Біржақсы, Шайгөз, Қурай, Қытай дейтін жеті руы қазіргі Преснов, Пресногорков, Төңкеріс аудандарында отырады. Шоға ішіндегі Қарағай, Қарағай ішінде Тұяқпай дейтін ауылда Абылай хан тұсында, ХVІІІ ғасырда жасаған Баян батырдың немересі Жапақ дейтін кісі бар. Оның баласы Қасым «Молалы» дейтін колхозда. Баян—ер Қосайдың немересі, Қосай—ер Көкшенің баласы, Көкше—Қамбар батырдың баласы. Сондықтан Радловтың Қамбарды уақ еді деуі дұрыс, ер Көкше мен ер Қосай қазақ арасында көп жыр болған батырлар» [7, 590]. Қамбардың ұрпақтары, жерленген моласы туралы Қысыраубек Амантаев мынадай мәлімет береді: «Батырлар жырындағы «Жақсылар, бастан айтайын» деп басталатын «Қамбар батыр» дастанын осы Италмас (Түнғатаров) жазған. «Қамбар батырдың» моласы Шаян ауданы, Қарасу деген колхозда, қазірде де бар. Сол маңда Ноғайлыдан келіп, Тазша деген елден қыз алып, өсіп-өнген. Сүнгетай (Ақмолда) деген ел де бар. Қамбар осы елден шығуы керек» [23]. Дегенмен, Италмас жырлаған жыр нұсқасы кездеспеді, ол жырды орындаушы жыршылардың бірі болуы да мүмкін. «На первый взгляд, нет ничего божественного в имени Камбар-батыра из одноименного казахского героического сказания. В казахском героическом эпосе «Кобланды-батыр» приводятся слова матери богатыря, напутствующей сына перед опасным сражением. Здесь имя Камбара поставлено рядом с
батырлар жыры именем мусульманского пророка Мухаммеда. В среднеазиатском фольклоре «Камбар—древнее божество, связанное с культом воды, существовавшим в Туркестане. Он же—покровитель скота». Это имя древнего божества в дальнейшем отрывается от своей мифологической основы и начинает бытовать в качестве имени эпического героя»,—дейді эпикалық батырдың есімі туралы Ф.Урманчеев [24, 26]. Ноғайдың «Шора батырында» да Қамбар есімі ұшырайды. Қырғыздың «Манас» эпопеясындағы «Үлкен жорық» атты тарауда әскер басында тұрған Қамбар қай жауынгердің қайда тұруы керектігін көрсетеді. Манас Талғар өзенінен өту кезінде ең ержүрек батырларды соңына қалдырады, Урбю, Серек, Алжибай, Сыргак сияқты батырлардың қатарында Қамбардың да аты аталады. Қамбар батырдың есімімен үндес басқа да кейіпкерлер бар: жылқы пірі—Қамбар ата, діни дастандардағы хазіреті Әли ибн Әбутәліптің атын баптаушы Қанбар, түрікмендердің музыкалық аспабы—дутарды ойлап шығарған Баба Ғамбар [25, 57-61; 26, 154]. «Ер Көкше», «Ер Қосай», сондай-ақ «Қамбар батыр» эпостарында уақ тайпасының қалыптасуы жөнінде мәлімет келтірілмегенімен, олардан тайпаның басынан өткерген түрлі оқиғалары, оның тарихта есімі мәлім тұлғалары туралы деректер кездестіруге болады. Батырдың руын өзгертіп қолдану жыршылар дәстүрінде жоқ. Қамбардың біресе арғын, енді бірде уақ батыры ретінде көрінуі ноғайлы заманында уақ пен арғынның етене араласуы нан, я болмаса екі рудың жауға шапқанда айтатын ұранының ұқсастығына байланысты болу мүмкіндігін анықтау алдағы уақытта жүзеге асатын зерттеулер еншісі деп есептейміз. Қамбар—тәуелсіздігіне, елдігіне, еркіндігіне қауіп туған жұрттың қамқоры, қорғаушысы. «Қамбар батыр» жыры— өз бойында бұрынғы сюжеттерді сақтай отырып, тұтас ел қауіпсіздігі маңызды болған тарихи кезеңде қайта жырланған эпикалық туынды. Ж. Рақышева
Томға енген мәтіндерге түсініктеме
Қисса Қамбар
У.Тухфатуллин жариялаған «Қисса Қамбар» нұсқасында
(Қазан, 1888) Әзімбай бай Назым қызына күйеуді өзі таңдатады.
Қамбар «он сан үйлі оят, қырық сан үйлі қият, алпыс үйлі арғын,
жетпіс үйлі жебір, тоқсан үйлі «тобырды» асыраған он сегіз жа
сар батыр болып суреттеледі. Назымның Қамбарды көруі, жолы
на өрмек құрып, тіл қатысуы мен қыз ағаларының жанжалдасуы
батырдың Әзімбайдың көліне аң аулап шыққандығымен байла
ныстырылады. Мұнда елшілікке келген тоғыз орысты Алшыо
раз өлтірген соң, көп әскермен келген Мақтымның басымдығы,
Назымның оны алдаусыратып мұрсат сұрауы, ноғайлы билерінің
Қамбарға тарту-таралғымен келуі, Қамбардың тоғыз күннен соң
баруға уәде етуі, Қамбар мен Мақтым ханның жұмбақтасып жау
аптасуы мен үш күн, үш түн ұрысып, ақыры Қамбардың жеңіске
жетіп, Назымға қосылуымен аяқталады.
Осы варианттың он екі жазбасы бар: 1) 1888 жылы Қазанда
Ш.Хұсайынов баспаханасында басылған «Қисса Қамбар» жыры
// ОҒК, РФ 32, РМ 192, 18 бет; 2) 1895 жылы көшірілген, 1939
жылы жазушы Сабыр Шәріпов жинап тапсырған қолжазба //
ОҒК, Ш. 671, 1-дәп., 12 бет; 3) 1903 жылы Қазанда басылған
«Тоқсан үйлі тобыр» жыры // ӘӨИ, Ш. 30, фотокөшірме, 20
бет; 4) 1920 жылы Сырдария фольклорлық-этнографиялық экс
педициясы (Ә.Диваев) жинаған Жұманазар Үрімқұлұлының
«Тоқсан үйлі тобыр» жырының жазылған қолжазбасы.
Көлемі—1071 жол // ОҒК, Ш.570, 5-дәп., араб әрпінде, 34
бет; 5) 1929 жылы Мырзахмет Балзақұлының айтуынан Жет
пісбай Оспанұлы жазып алған қолжазба // ОҒК, Ш.671, 4 -
дәп., араб әрпінде, 15 бет. 6) Биқожа Нұрымжанов жинаған,
батырлар жыры
1937 жылы жазылған қолжазба // ОҒК, Ш.83, 2-дәп., латын
әрпінде, 56 бет; 7) Қайролла Шабдарұлы жинаған, 1938 жылы
жазылған қолжазба // ОҒК, Ш.671, 3-дәп., латын әрпінде, 17
бет; 8) Шашубай Қошқарбайұлы жырлаған нұсқа өз аузынан
1941 жылы жазып алынған. Жинаушылары—Ә.Тәжібаев,
С.Сейітов. Көлемі—775 жол // ОҒК, Ш.691, 3-дәп., араб
әрпінде 1-17 бет, латын әрпінде 18-32 бет; 9) Нұрмағамбет
Баяндин варианты 1946 жылы Омбы облысында жазылған.
Жинаушысы—Әлмағамбет Данияров // ОҒК, Ш.671, 6-дәп.,
14 бет; 10) Маясар Жапақов варианты 1956 жылы Қарағанды
облысында жазылған. Жинаушысы—Өміржан Қашқынбаев
// ӘӨИ, Ш.102, 2-дәп., аяқталмаған, кирилл әрпінде, 16 бет; 11) Әнуарбек Шоқатаев варианты 1956 жылы Жамбыл облы
сында жазылған. Жинаушысы—Оқас Нақысбеков // ӘӨИ,
Ш.102, 1-дәп., 22 бет; 12) Рахмет Мәзқожаұлының айтуынан
1958 жылы жазып алынған. Жинаушысы—Мәлике Ғұмарова
// ӘӨИ, Ш.333, 3-дәп., араб әрпінде, 47 бет.
Қазақ даласында ХХ ғасырдың басында Қазанда басылған
батырлық жырлар мен дастандар үлкен сұранысқа ие болып,
бірнеше мәрте қайта басылды. 1888 жылғы «Қисса Қамбар»
жырын кейін бастырушылар оның мәтініне редакция жасап,
атын өзгертіп, 1903 жылы қайта жариялаған. Кітапта басты
рушылар мен баспа тарапынан енгізілген өзгертулер және же
келеген сөздердің түсіп қалуы т.б. ерекшеліктер орын алған.
«Первая задача текстологии—установление точного текста про
изведения»,—дейді текстолог ғалым С.А.Рейсер [40, 11].
1903 жылғы басылымда Әзімбай қоныстанған жердің
аты—Көкарал шаһары. Осы нұсқадан тараған М.Балзақұлы,
Р.Мәзқожаев, Жұманазар варианттарында да—Көкарал бол
са, 1888 жылғы кітапта топонимдік атау—(ойконим—ме
кен-жай аты) Ақарал шаһары. Ол атау негізі осы мәтіннен
өрбіген О.Нұрқожаев, Қ.Шабдарұлы, Шашубай, Н.Баяндин,
Ә.Шоқатаев, М.Жапақов варианттарында да сақталады. 1888
жылғы кітапта қыз Назым болса, 1903 жылғыда—Лазым.
Жырдың 1888 және 1903 жылғы Қазан басылымдарын
салыстырдық. Алдыңғы нұсқаның көлемі 1210 жол болса,
соңғысы—1028 жол. Жолма-жол салыстырғанда 1888 жылғы
нұсқада—186 жол, 1903 жылғы нұсқада бес өлең жолы
сәйкеспейтіні анықталып отыр.
ғылыми қосымшалар
1888 жылғы жырдағы «кәпір, орыс» деген этнонимдер
1903 жылғы басылымда «қалмақ» болып өзгертілген. Қамбар
батырдың жауы—кәпір. Әрине, кәпір—орыс деп, көп әскерді
қырған батырдың ерлігі патшалық Ресейдің солдаттарын
талқандағандай қабылданды. Сондықтан кәпір сөзі эпикалық
дұшпан—қалмақпен алмастырылды.
1903 жылғы кітапта жырдың алғашқы басылуы деп
көрсетілген. Осы өзгерістердің орын алуы 1888 жылғы
нұсқаны рухани санадан өшіруге тырысқан патшалық
Ресейдің
цензорлық
бақылауының
әрекетінен
еді.
Кеңестік кезеңде жырдың алдыңғы басылымы «діни сөздер
көбірек қолданылған» деп бағаланды [26, 140]. Сол себеп
ті құрастырушылар ол нұсқаның орнына 1903 жылғысын
жырдың ғылыми басылымына енгізуді дұрыс деп тапты.
Сонымен бірге жырдағы әлеуметтік терминдерде алмас
тырылған немесе өзгертілген. «Көп ноғайдың биі еді» (Әзімбай
туралы) деген 39-жолдағы «би»—«бірі» болып, «Көп ноғайдың
бірі еді» деп өзгертілген. Назымның күйеу таңдау тойына жинал
ған үміткерлерді санамалап сипаттаған жерде 1888 жылғы «Бек
те кетіп барады» (81-жол) 1903 жылғы кітапта (76-жол) би болып
қолданылған. Қазақ тіліндегі әскери лексиканы зерттеген Т.Бай
жанов В.Радловтың және Л.Будаговтың сөздігіне сүйеніп, бек және
би сөздерінің генерал-губернатор, бас қолбасшы деген мағынаны
білдіретін әскери басшы атаулары екенін айтады [34, 39].
1888 жылғы
1903 жылғы
«Қисса Қамбарда»
«Тоқсан үйлі тобырда»
Мінгізді бедеу міністі,
Мінгізді бедеу атына,
Кигізді қымқап киітті.
Кигізді қымқап тонына.
(580-581-жол)
(527-528-жол)
Демек, 1888 жылғы басылымда қазақтың құдалық салтымен
мініске жылқы (бедеу ат), қымқап киіт бергені айтылған. 1903
жылғы кітапта «атына мінгізді, тонына кигізді» болып кеткен.
Өз тонын өзіне кигізіп, өз атына өзін мінгізу—құда түсіп келген
жаушыға көрсетілген сый-кәде емес.
Мәтіндерді салыстыру барысында, батырдың жүзін бір
көруге ұмтылған Назым сұлудың Қамбарға ғашық болуы, біл
батырлар жыры
мей тұрып мақтауын естіп құмартуы, сырттай ұнатуы 1903
жылғы басылымда көрініс таппағаны анықталды.
Сан есімдерді өзгерту, жалпылау сан есім мен есептік сан
есімнің орнына жинақтық сан есім қолданылған:
Бәрі бірдей бөрі еді,
Алтауы бірдей бөрі еді
Кіші ұғлын сұрасаң,
Ең кішісін сұрасаң
(41-42-жол)
(41-42-жол)
Алты ұғлымен тең еді.
Алтауымен бір еді.
(47-жол)
(46-жол)
Етістікті ауыстыру арқылы мағыналық өзгеріс енгізілген:
Жауған қардан ақ қылды
Жауған қардан ақ еді
(50-жол)
(48-жол)
Өлтіруге ерінді
Өлтіруге қимады
(564-жол)
(511-жол)
Синоним немесе мағыналас сөздерді ауыстырып қолданған:
Қынабы алтын ақ болат
Балдағы алтын ақ берен
(203-жол)
(190-жол)
Ақ жүзім менің оңды ма
Ақ бетім менің оңды ма
(304-жол)
(277-жол)
Жібектен маймырт тақтырды
Жібектен арқан тақтырды
(778-ж)
(688-ж)
Қанжығам құтты болсын деп
Қанжығам қоңды болсын деп
(786-ж)
(695-жол)
Заттық мағыналы сөзді түр-түске байланысты сапалық
белгіге өзгертілген:
Божы арқаны жібектен
Боз арқаны жібектен
(105-жол)
(97-жол)
Ат ерттеу процесін заттық белгімен ауыстырылған:
Жұптап айыл шалады
Жібектен айыл шалады
(892-жол)
(775-жол)
Келмембеттің Әзімбай аулына құдалық жолымен келіп,
жөнсіз күш көрсете сөйлейтін тұстары 1903 жылғы басылым
да біршама қысқартылған. Сондай-ақ Қамбар батырдың ер
лік сапарға аттануы алдында ат баптау көрінісі кеңінен су
ғылыми қосымшалар
реттелмейді. Соғыс суреттері 1903 жылғы басылымда едәуір
қысқартуға
ұшыраған.
Қаһарманның
жорық
алдындағы
дайындығы: ат баптау, қаруын сайлау, ел-жұртымен қоштасуы
т.б. батырдың келешекте жасайтын ерлік істеріне кіріспе ретін
де бағаланады. Сондықтан 1903 жылғы басылымда батыр сипа
ты толық ашылмаған.
Ер қаруы—бес қаруын сайлап алған батыр 1888 жылғы
кітапта түзу қара мылтық, балдағы алтын қылыш, болаттан
құйылған найза, болаттан соққан айбалта, қайқаң садақ алса,
1903 жылғы басылымда садақтың орнына болаттан соққан
найзаны екі рет қолына алады. Сондай-ақ:
«Шаба алмасам, маған серт,
Шапқаныма шыдамай,
Оңқыңнан кетсең, саған серт»
деп келетін жолдар әрбір қаруды алған сайын «шапқаныма,
шанышқаныма, соғарыма т.б.» болып қайталанып отыратын
батырдың қаруымен серттесуі 1903 жылғы басылымда тек
мылтыққа қатысты айтылады, басқа қаруларға байланысты
айтылмайды. Бұны заман өзгерісін жыр мәтініне орынсыз
енгізудің мысалы ретінде қарастыруға болады.
Қазанда кітап боп басылған нұсқалар атап айтқанда өлең
жолдарының орын ауысып кетуі, кей жолдың, сөздің түсіп
қалуы, не болмаса екі жолдың кірігіп кетуі т.б. сол дәуірдегі
кітап бастыру ісіндегі кемшіліктерден құралақан емес.
Басылымдағы жекелеген сөздердің, кейде өлең жолының түсіп
қалу салдарынан кереғар ой білдіретін өлең жолдары кездеседі.
Өлең жолдарындағы тіркестер, сөздер келесі жолға қосылып
кеткен тұстары бар. Осындай олқылықтың салдарынан өлең
өлшемі ғана емес, ойдың үйлесімділігі мен сөздің мағыналық
мәні өзгеріске түседі.
Жырдың Қазан басылымдарын өзара салыстыра отырып,
осы екі басылымнан тараған варианттарды қарастырғанда
жинаушының өз тарапынан сөз қосуы, сауатына байланысты
қате көшіруі, оқи алмаған сөздерді тастап кетуі, жыршының
ақындық қабілетіне қарай жыр тудыруы, эпикалық дәстүр не
гізінде тұрақты мотивтерді, «ортақ жерлердің пайдалануы т.б.
өзгеріс енгізуі сияқты жайттардың кездесетінін көреміз. Мыса
батырлар жыры
лы, 1903 жылы Қазанда басылған «Тоқсан үйлі тобыр» жыры
мен 1920 жылы Тәшкендегі Қазақтың ғылыми-зерттеу қоғамы
ұйымдастырған Сырдария фольклорлық-этнографиялық экс
педициясы жинаған (жинаушысы—Ә.Диваев) Жұманазар
Үрімқұлұлы
қолжазбасын
салыстыру
барысында
жыр
ды аздаған өзгерістермен, жекелеген сөздерді ауыстырып
жырлағаны немесе қайта жазғаны байқалады. Қазан басылым
дарына жалпытүркілік кітаби тілдің әсері мол болғаны белгілі.
Осындай жайт бір версияның басқа варианттарына да қатысты
қайталанады, жыршы өзі орындаған кезде немесе көшіруші
жырдың сөздерін өзгертіп, құбылтып отырған. Мәселен,
Қамбарды сипаттайтын жырдың бір жолын әр түрлі нұсқада:
Соның бәрін асыраған (30-жол) (1888 ж.)
Он түлік бәрін асыраған (30-жол) (1903 ж.)
Бір аймаққа бас болған (37-жол) (Жұманазар)
деген тәрізді түрлентіп береді. Әзімбайдың алты ұлын
Жұманазар жыршы бөріге емес, нарға теңейді.
Қолжазбада қыздың алдымен атын Лазым деп, кейін
үстінен Назымға түзеткен, қолжазбаның соңына қарай Назым
деп жазады.
Ақын Жұманазар өз нұсқасын жасау барысында жырдың
алдыңғы үлгісінде жетіспейтін жолдар, жөнсіз өзгертілген
тұстарды байқай білген. Жұманазар Үрімқұлұлының 1903
жылғы нұсқаны редакциялап, жекелеген сөздерді өңдеп,
түзетіп, немесе орнына басқа сөздерді қолданғаны байқалады.
Келтірілген соңғы мысалда Назымның сөзі (кейіпкер сөзі) ав
тор сөзіне қосылып кеткен. 1888 жылғы нұсқада:
«Әзімбай сонда бөгелді,
Бұ жауапқа кенелді»,—
деген екі жолмен берілген. Жұманазар жыршы 1903 жылғы
нұсқасында өлең жолының жеті-сегіз буыннан асып кеткен
немесе бір жолдың жетіспей тұрған олқылығының орны
толтырылады, «ақылы жоқ Әзімбай» деп өзгерткен.
1903 жылғы басылымда «Әнсіз әңгімесі» деп қара сөзбен
берілген әңгімені Жұманазар «Әлқисса» деп бастайды, кейде
ғылыми қосымшалар
өз жанынан бір-екі сөйлем қосады. «Әлқисса, Қамбар батыр
олай-бұлай ойланды, аб жыландай толғанды» деп бастап,
Қамбардың Әзімбай аулының қасындағы көлге аң аулауға
бармақ болғандығын айтады.
Сондай-ақ 1941 жылы Шашубай Қошқарбайұлының өз
аузынан С.Сейітов пен Ә.Тәжібаев жазып алған қолжазба
мен 1945 жылы «Сөйле, Шашеке» жинағында жарияланған
«Қамбар
батыр»
жырының
мәтінін
салыстыру
арқылы
да бірқатар өзгерістер мен сәйкессіздіктерді анықтадық.
Шашубай нұсқасының кейінгі жарияланымы—«Ақ қайың»
жинағындағы (құрастырған С.Негимов) мәтін осы «Сөйле,
Шашеке» жинағынан еш өзгеріссіз алынған.
Қолжазбада
«Сөйле, Шашеке» жинағында
Өлім келсе Біржанша
Өлім келсе бір жауың
Шыбындай жанды
Шыбындай жанды
шырқыратып,
шырқыратып,
Алар да кетер бір күні.
Алар да кетер бір күні.
Сол уақыттағы заманда
Сонау бір өткен заманда
Әзімбай деген бай болған
Әзімбай деген бай болған
Мәтіндегі кәпір мен орыс сөздері қалмаққа өзгертілген,
қаланың аты аталмайды. Фольклорлық шығармада қолданыла
беретін ауызекі сөйлеу стилі сақталмаған, сөйлем ішіндегі
сөздердің орнын ауыстыру кездеседі. Үстем тап өкілінің елге
қорған болатынына үлкен күмәнмен қарайтын кеңестік кезеңде
патша сөзі түсіп қалған.
«Қамбар батырдың» 1903 жылғы басылымы кеңестік
дәуірде 1957 жылы және 1959 жылғы ғылыми басылымда
жарияланды. Алғашқы жарияланымдағы түсініксіз сөздер мен
кейбір өлең жолдарының 1888 жылғы жинақтан алынғандығы
анықталды. Тіпті осы екі басылымның өзінде де айтарлықтай
айырмашылықтар кездеседі. «Қамбар батыр» жырының 1959
жылғы ғылыми басылымы 1903 жылғы нұсқадан дайындалды
деп көрсетілгенмен, 1888 жылғы нұсқаға көбірек сүйенгені
айқындалды.
1903 жылғы Қазан басылымы 1888 жылғы басылымның
қайта басылып шыққан түрі (переиздание) емес, патша
батырлар жыры
үкіметінің
саяси
цензурасына
ұшырап,
оған
біршама
өзгерістер енгені анықталды. 1888 жылғы басылым кеңестік
кезеңде қағыс қалып, 1903 жылғы басылым жырдың ғылыми
басылымында жарияланғанын ескерсек, кеңестік цензура да
патша үкіметінің цензурасын қолдағанын аңғарамыз.
Қазан басылымының 1888ж.
209-211 жолдарында:
Дұрысы:
Қамбар қиял ойлайды
Қамбар қиял ойлайды
Бір күні соған тұлпарды
Бір күні соған [баруды]
Батырды шалдырып.
[Қара қасқа]тұлпарды
Батыр [ал]ды шалдырып
Қажетті сөздер тік жақшаға алынып берілді. Кейбір
өлең жолдары екі рет қайталанады: «Алдауменен патшадан
Тілеп алды тілегін» деген 634-635 өлең жолы 661-662 жолда
қайталанады, 392-402 жолда Қамбар тойға шақырмағанына
өкпесін Назымға айтса, 708-718 жолда билерге айтады.
764-жолда «Көп тобырым Қамбарға» емес, дұрысы: «Көп то
бырым [ашығар]» болу керек, қажетті сөз тік жақшаға алынып
берілді.
Қамбар соғысқа аттанар алдында түзу қара мылтықты, бо
латтан құйған найзаны, болаттан соққан айбалтаны алғанда
қарумен серттеседі, ал балдағы алтын қылыш пен аузы қайқаң
садақпен серттесу көрініс таппаған. «Көбігі түсіп сауырдан, Тер
тамшылап бауырдан» деген 907-908 өлең жолы мағынасына
қарай, 905-906 жолға ауыстырылды.
1888 ж. Қазан басылымы ОҒК-ның қолжазба қорында
сақтаулы: РФ 32. 1903 ж. Қазанда жарияланған «Тоқсан үйлі
тобыр» жыры ӘӨИ-дің қолжазба қорында сақтаулы: Ш.30,
фотокөшірме, 20 б. Томға енген мәтін түпнұсқадан еш өзгертусіз
дайындалды.
Қамбар баһадүрдің жыры
Зерттеу нысанына ілінбей келген бұл вариантта Әзімбай «он
сан ноғай бүлгенде, Ормамбет би өлгенде он екі баулы өзбекті
билеген хан» ретінде көрінеді. Мұнда Назымды айттыру үшін
ғылыми қосымшалар
жұртты жинауға өзге дәрежелес Арша ханның пікірі себепкер
болады. Әзімбайдың алты ұлы емес, жеті ұлы бар; он екі жасар
Назым сұлу сексен үйге түскен қыз көруші үміткер жігіттерді
жаяу жүріп аралайды. Алайда бүкіл жиылған топтан Назым
таңдарлық жан табылмайды. Қамбардың әлеуметтік тегіне көп
мән беріледі. Ол «Ақ өткелдің ар жағында алты күндік жерде
отыз үйлі обырды, тоқсан үйлі тобырды асырап жүрген ер Қамбар
бар, кедей демесең, одан артық адам жоқ» дейтін хабаршы
(төлеңгіт) сөзінен, мұны естіген Әзімбайдың қарсы болуынан,
Қамбардың жалғыздығына налуынан байқалады. Қыз ағасы
Алшораның Назымды кәпірге беруге келіскен әкесіне қарсы
келуі баяндалады. Билердің Қамбарға келуі, батырдың елімен
қоштасуы, жолын тосып алтын шатыр құрып жатқан Назымға
жолығуы, шоқынды Келменбет келе жатқан Қамбардың ерлігі
не сүйсініп, оның батырлық қасиеті Мақиядан жоғары екеніне
көзі жеткен соң, қайтадан ислам дініне мойын бұрады; Қамбар
мен Мақия жекпе-жекке шыққанда қара қасқа атқа тіл бітеді;
Мақиямен кездесіп түсін жорытуы, қарсыласына кезек беріп,
өз кезегі келгенде жауын жайратып, Назымды алу хұқын иеле
неді. Алайда жыр басындағы әлеуметтік астар жыр соңында да
байқалады. Жауын жеңіп берсе де, Әзімбайдың қызын Қамбарға
бергісі келмей, сөзінен тайқып шығады. Алайда өзі дәрежелес
Аршаханның ақыл-кеңесі арқылы Әзімбай хан жөнге келіп
батырға қызын ұзатады.
«Қамбар батыр» жырының бір нұсқасы И.Березиннің «Ту
рецкая хрестоматия» [5] деген кітабын үшінші том, екінші
бөлімінде (СПб, 1890) жарияланған. «Қамбар батыр» жырының
ғылыми басылымын дайындаған, жырды зерттеушілердің
бірі М.Ғұмарова текстологиялық жинақта [52, 107], Қазақ
қолжазбаларының ғылыми сипаттамасында [51] атын атап
қана өткен «Қамбар баһадүрдің жыры» деп аталатын жыр
нұсқасының көлемі—1369 жол. Жыр кіріспесі «Бізден бұрын
кім өткен?» деген сөйлеммен басталады.
Березин нұсқасы мен 1888 жылғы Қазан басылымы
салыстырылды.
1888 жылғы басылымда бір-ақ жерде:
«Көргенім жалған болмаса,
Баяғы айтқан апаңыз,»—
батырлар жыры
деп Назымды атаса, Березин нұсқасында Назымды «апам»,
«апай» деу орын алған. Жыршы тыңдаушы көпшілікке
Назымның алыс замандарда дүниеден өткен әжелері екенін
жиі-жиі қайталап есіне салып отырады.
1888 жылғы нұсқаға ұқсас, сәйкес келетін тұстары—
Назымның күйеу таңдау тойына келгендерді санамалау бар.
Түбектегі құлан мен киік таусылған соң, Қамбар ақ өткелден бері
өткен жерде дәретке шыққан Назымға кезігеді. Назым сұлудың
Қамбарды шақыратын сөзі; жеңгелерін жиып Қамбардың
қайтар жолына өрмек құруы; айнаға қарап өз көркіне өзінің
есі кетуі; кәпірдің шешені Келменбеттің Әзімбай аулына
құдалыққа келуі; қыз ағасының жаушы Келменбетті құлақ-
мұрнын кесіп жазалауы; қалмақ қалың қолмен келгенде он
күн кеңдік сұрап алуы, билердің Қамбарға көмек сұрай баруы;
шешесімен қоштасуы; Қамбардың жолында Назымның алтын
шатыр тігіп күтіп тұруы; Қамбардың Мақиямен тұспалдап
жауаптасуы, жекпе-жекте жеңуі; Әзімбайдың той жасап,
Назымды жасаумен тобырға ұзатуы. «Қамбар батыр» жырының
оқиғалық қаңқасын құрайтын, барлық нұсқаларда кездесетін
ортақ сюжеттер де осы.
Назым сұлу 80 үйді аралап әкесіне келіп: «ат ұстап мінер
адам жоқ, өздігінен жол тауып, адамдық қылар кісі жоқ» дейді,
яғни жылқыдан ат ұстап міну де батырлық ретінде бағаланады.
Назым сұлу ешкімді ұнатпағанын әкесіне өзі барып айтады,
бұдан оның белсенділігі, әрі өз тағдырына селқос қарамауы
байқалады.
Түпнұсқада баспадан кеткен қателер кездеседі, мысалы:
420-жолда Қар үстіне қар жауса деп қате жазылған, дұрысы
жер болуы керек, қажетті сөз тік жақшаға алынып берілді.
Түпнұсқа ОҒК-ның қолжазба қорында сақтаулы: РФ
329, 247-271 б. Томға енген мәтін түпнұсқадан еш өзгертусіз
дайындалды.
Қамбар батыр
«Қамбар батыр». Жариялаған Ә.Диваев. Батырлар. Төртін
ші бөлім. Тәшкен, 1922.—39 б. Бұл вариант бойынша, Назым
қызға дәмелі көп жұрттың оның алты ағасының айбатынан се
ғылыми қосымшалар
скенуі—әкесінің күйеу таңдатуының себебі ретінде алынады.
Елге жар салып, мұнара орнатып сонда тұруы, ешкімнің қыз
қалауына ілікпеуі, қамыққан сұлудың Қамбардың дақпыртын
сыртынан естіп, ұнатып қалуы мазмұндалады. Қамбардың
әкесінің бұрынғы (бай), кейінгі (кедей) жағдайы жөнінде
мағлұмат беріледі. Қамбардың аңшылық қасиеті кеңінен су
реттеліп, жолбарыспен алысқан алғашқы ерлігі баяндалады.
Батырлығы асқанымен әлеуметтік жағынан Назымға өзін
тең көрмей, Қамбардың қайрылмай өте шығуы, Назымның
өрмек құру арқылы тіл қатысуы, оны көрген үлкен ағасы
Қабыршақтың ашуланып, кіші ағасы Алшыораздың ағаларына
басу айтуы әңгімеленеді. Әрі қарай Келмембеттің қыз айттыра
келіп, өктемдік танытамын деп жазаға ұшырауы, қалың қол
жинап келіп сес көрсетуі, Әзімбай жақтың тойға дайындық деп
уақыт сұрауы, Алшыораздың Қамбардан көмек сұрауға кеңес
беруі, халқының аздығына налыған Әзімбай ханның Қамбарға
«түбіміз бір» деп сәлем айтуы т.б. өзге варианттардан ерекшеле
неді. Сондай-ақ Қараманның Келмембетті Қамбарға жұмсауы,
елшілікте жүрген Келмембеттің өтірікші, екі жүзді мінездерінің
жан-жақты ашылуы жөнінен де бөлектік бар. Эпос дәстүріне
сай Қараманды Қамбар жекпе-жекте өлтіреді. Бұл вариант
та мұсылмандық сарынның ықпалы аңғарылады: Қамбардың
Әзімбай сәлеміне жауабында: «Әуелі Алла, екінші жұрт үшін
белді буайын» делінсе, жыр соңында екі жастың некесі молда
арқылы қиылады. Ағайыны мен ата-анасын қуантып, Қамбар
Назымды алып еліне жетеді. Варианттың бес жазбасы (Ә.Дива
ев, Қ.Иманов, К.Серғазиев, Қ.Амангелдин, Ә.Дәнекеров) бар.
М.Әуезов 1937 жылғы хрестоматияда жыр Қамбардың
аңға шығуынан басталса, 1938 жылы алғашқы басылымға ен
беген Назымның күйеу таңдау тойы, портреті, Келмембетті
Алшыораздың жазалауы, Қамбардың жолбарыспен алысуы,
Қараманмен жекпе-жегі, Әзімбайдың қыз ұзату тойы қосылған,
Қамбар мен Жәдігердің сөздері біршама қысқарған, ал Қамбардың
«Әуелі Алла, екінші жұрт үшін белді буайын» деген жауабы
«Байларды шалқар көл қылған,
Кедейді құла шөл қылған
Жарлығы күшті Иенің»,
—деген өлең жолдары екінші басылымда түсіп қалған.
батырлар жыры «Қамбар батырдың» Диваев нұсқасы кеңестік кезеңде түрлі жинақтарда жарияланып келді. Олар: 1933 жылы С.Сейфуллин дайындаған «Батырлар жырының жинағы», 1939 жылғы «Ба тырлар» жинағының 1-томы (жауапты редакторы С.Мұқанов), 1949 жылы М.Ғабдуллин баспаға дайындаған «Батырлар жыры» жинағы (50-жылдардағы эпостық мұраны «мұқият сұрыптау» нәтижесінде жоспарланған жинақ шықпай қалды), 1957 жылы Қазан төңкерісінің 40 жылдығына орай, «Қазақ эпосы» сериясы бойынша шыққан 1-кітапша «Қамбар батыр» жыры (баспаға даярлағандар Н.С.Смирнова мен М.Ғұмарова), 1958 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігі қарсаңында қазақ және орыс тілінде шыққан «Қазақ эпосы» жинағы (құрастырушысы, редакторы көрсетілмеген, кіріспе мақала авторы Қ.Жұмалиев және М.Ғабдуллин), 1959 жылғы «Батырлар жырының» 1-томы, 2-басылуы (құрастырушысы, редколлегия мүшелері көрсетілмеген), 1959 жылғы жырдың ғылыми басылымы (редакциясын басқарғандар М.Әуезов және Н.С.Смирнова, басылымды дайындағандар: Н.С.Смир нова, М.Ғұмарова), 1963 жылы «Батырлар жырының» 1томы, 3-басылуы (редакциясын басқарғандар М.Қаратаев, О.Нұрмағамбетова, құраст. М.Ғұмарова, Б.Уақатов), 1968 жылы жеке кітапша, 1977 жылы «Ақсауыт» жинағы, 1987 жылы «Қазақ халық әдебиеті» сериясымен шыққан көп томдықтың 3-томы (құрастырып, түсініктерін жазған М.Ғұмарова). жылы С.Сейфуллин бастырған жинақта жыр «Жақсылар, бастан айтайын» деген өлең жолымен басталады. 1933 жылғы кітапта 1922 жылғы басылымда баспадан кеткен кейбір қателер қайталанады: ақша, дұрысы: ашқа, Алмабайдың, дұрысы: Әлімбайдың баласы болуы керек. 1922 жылғы басылымда:
1933 жылғы кітапта:
Қалмаған өлмей бірі де
Қалмаған өлмей бәрі де
Ойлағанға осындай (10-11-жол)
Ойлағанға осылай
Бектерім деп қоймаңыз (26-жол) Бектемір деп қоймаңыз
Шабуға таппай орайды (292-жол)
Шабуға таппай ор еді
Ыңыранған даусы зорайды
Ыңыранған даусы зор еді.
(294-жол)
Жабығып қатты жыладым
Жабығып қанды жыладым
(335-жол)
ғылыми қосымшалар
Жерді тарпып табаны (421-жол) Жердің тартып танайын
Даярлап қойды шорыға (478-жол) Даярлап қойды шараға
Алты ұлдың ішінде (702-жол)
Алты ауылдың ішінде
Адамды мұнда жинадың
Адамды мұнша жинадың
(1159-жол)
Ноғайлының қызбадым
Ноғайлының қызықпадым
(1210-жол)
Алам деп Назым қызды
Алдым деп Назым қызды
болса нәсіп (1255-жол)
болса нәсіп
Сүйегі жабырқанды жаман
Сүйегі жабырқанды жаман
жасып (1261-жол)
сасып
Ойда жоқ жерде от шығып
Ойда жоқ жерде от қашып
(1344-жол)
Қиблагөй ата-анамды (1425-жол)
Дұғагөй ата-анамды
Құмай тазы бір қуды (1621-жол)
Құмай тазы қуалап
Жерімнің шөбін қашырдың
Жерімнің шүйін қашырдың
(1633-жол)
«Алпыс үйлі арун» этнонимі екі түрлі берілген: ауыл, кейде
арун.
1933 жылы С.Сейфуллин бастырған жинақта: пішімді—
пішінді, оңла—оңда, өрескі—өрескел, қылмайын—қылмай
мын, бенде—бәнде болып фонетикалық өзгеріске ұшыраған,
көбінесе ауызекі сөйлеу тілінің ерекшелігін сақтамай, әдеби
нормаға түсірген. Әумин—әмин, мығымсынған—моһымсынған
деп өзгертеді.
Ә.Диваев нұсқасын 1939 жылы баспаға дайындаушы
лар алаш, алты алаш, арун этнонимін ел, бүкіл ел, арғын
деп өзгертсе, араб, парсы сөздерін қолданудан қашқақтап:
хадиса—тамаша,
фұштымен—сипайды,
дәркері—керегі,
уағда—уәде, тая—қылыш, сиясат—саясат, нағыра—нұғыра,
хұзыр—қоры деп ауыстырған. Саясат салдарынан қазақтың
әлеуметтік-қоғамдық терминдері мағынасыз өзгертілген. Сон
дай-ақ бірқатар фонетикалық алмастыруларға жол берілген:
таңлау—таңдау; һәр—әр; һеш—еш, жаңғыз—жалғыз, егесі—
иесі, кегенше—келгенше, ішсейші—ішсеңші т.б. 1959 жылғы
ғылыми басылымда 1939 жылғы басылымды жеке вариант есе
бінде қарастырып, мәтіндерді баспаға дайындағанда осы 1939
жылғы басылымды ескерген.
24–167
батырлар жыры Диваев нұсқасы варианттарының өзгешеліктері мен жарияланымдағы мәтіндік өзгерістер мына сипатта: Қ.Иманов варианты 1933 жылы С.Сейфуллин баспаға дайындаған басылым негізінде, яғни сол кітаптан көшірілгені анықталды. Жырдың соңында тамам сөзінің орнына соңы деп өзгерткен. Жырдың бір варианты 1894 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында туған Дәнекеровтың айтуынан 1945 жылы тамыз айында жазып алынған. Диваев нұсқасынан Ә.Дәнекеров вариантының шамалы мәтіндік өзгешелігі бар: Назымның жасы он жетіде, кәмшат бөріктің басына бриллиант емес, кәуһар қойған. Жыршы көп жерін ұмытқан болу керек: Келмембеттің Қамбарға барған эпизоды, Қамбар батырдың жорық алдындағы даярлығы, елімен қоштасуы, қара қасқа аттың шабысы жоқ. Бұл нұсқа аяқталмаған, Қамбар мен Қараманның жекпе-жегімен бітеді. Ә.Дәнекеров вариантында «билеу, басқару» мағынасындағы «Мен сұраймын жұртыңды» деген көне сөз қолданысын «Мен басамын жұртыңды» деп өзгертеді. Жыр мәтініне көптеген өзгерістер енгізген, кейбір эпизодтарды таратып кеңінен суреттеген. Амангелдин вариантында жырдың басталуы басқаша, жыр соңында қырық алты жол қысқарған, Мұқыш молданың неке қиғаны, Назымның бай жасауы, Аллаға шүкіршілік ету сияқты көріністер енбей қалған. Амангелдин вариантында қалмақтың ханы Қараман емес, Мәмбет хан. Диваев вариантындағы кейбір анықтауыш сөздер өзгеріске түскен. Мысалы: Диваев варианты: Амангелдин варианты: Көліне Һудың жөнеді.
Көліне Қудың жөнеді.
Көк арбаға сүйеніп.
Ақ арбаға сүйеніп.
Нәрсіз оқтай қаңғытып.
Бөгетсіз оқтай қаңғытып.
Ауылдың үсті ұлы жол.
Ауылдың үсті даңғыл жол.
Бөрі ішігін жамылып.
Бұлғын ішігін жамылып.
Мінгендері дал бедеу.
Мінгендері жас бедеу.
Келімбет Серғазиев вариантында негізгі нұсқадағы 34-42
жол аздаған өзгеріспен екі рет қайталанады. Қолжазбаның ал
ғашқы бетінің бір шеті жыртылған, қолжазбаның соңы «Түртіп
өтіп кеткені тақиядай ұшады» деген жолдармен бітеді, яғни
ғылыми қосымшалар
жыр аяқталмаған. Диваев вариантынан сөз қолданысындағы
өзгешеліктерге мысал келтірсек:
Диваев варианты:
К.Серғазиев варианты:
Әр топтың болды базары.
Өтік болды базары.
Он екі баулы өзбекте.
Тоқсан екі баулы өзбекте.
Көліне Һудың жөнеді.
Көліне Әудек жөнеді.
Жорға аттай ырғалып.
Боз шұбар аттай ырғалып.
Сақи ерлерді келтіріп.
Қаһарлы ерді келтіріп.
Ордасында отырып.
Қорасында отырып. Серғазиев пен Амангелдин ақын болғандықтан сөз қолда нысында, оқиғаны баяндауда өзгеріс жиі кездеседі. Жырдың 1957 жылғы басылымын баспаға дайындағанда құрастырушы кейбір сөздерді, сөз тіркестерін осы Дива ев нұсқасының басқа варианттарынан — К. Серғазиев пен Қ.Амангелдиннен алған, оны тік жақшаға алып, бет соңында түсінікте көрсетеді. 1957 жылғы мәтін өзгеріссіз (түсінікте ескертіліп) 1963 жылғы жинақта жарияланды. Сондықтан текстологиялық салыстыру жұмысында 1963 және 1968 жылғы мәтінді көрсетпеуге болады. А, 1957 жылғы басылым негізінде шыққан 1977 жылғы «Ақсауыт» жинағында да, кейінгі 1987 жылғы басылымында да мәтіндік өзгерістерге түсінікте ескерту жасалмаған, 1987 жылғы басылымда «Қараман ашуланып қапа болды»,— деген сөйлемдегі баяндауыш қапа болды емес, қапаланды деп берілген. Түпнұсқада патшасы емес, падиша деп жазылған, ал осы сөз басылымдардың бірде-бірінде сақталмаған: Қ.Амангелдиннен алынған Қараман немесе патшасы болып өзгеріске түскен. 1957, 1959, 1977 жылғы басылымда: Қара қасқа атқа жем беріп (Қ.Серғазиевтен). Түпнұсқада: Қара қасқа атты жіберіп. 1987 жылғы кітапта: Қара қасқа атпен ау жиып. 1957, 1977 жылғы басылымда: Шат болып тұрмай шырағым (Қ.Серғазиевтен). 1959, 1987 жылғы басылымда: Шақ болып тұрмай тымағың,—деп түпнұсқадан, яғни 1922 жылғы Диваев жариялаған кітаптан ауытқымайды. 1957, 1977 жылғы басылымда: Алпыс үйлі арғынның, 1959 жылғы басылымда: Алпыс үйлі арығының, 1987 жылғы
батырлар жыры
басылымда: Алпыс үйлі арықтың, ал түпнұсқада «алпыс үйлі
арунның» деп жазылған.
1957 және 1977 жылы жарияланған Диваев нұсқасы
түпнұсқадан ауытқып, осы нұсқаға жататын Амангелдин,
Серғазиев, Дәнекеров варианттарындағы өлең жолдарын алған
жағдайда 1957 жылғы басылымда түсінікте көрсетіп отырса,
1977 жылғы басылымда көрсетілмеген, тек мәтін 1957 жылғы
кітаптан дайындалғаны туралы ескертіледі, төрт жерде өлең
жолы қысқартылған. Олар:
1) «Қ.Амангелдин, Ә.Дәнекеров варианттарында жоқ,
эпостың негізгі мазмұнына қатысы шамалы, оның қысқартыл
ғанынан зиян келмейтін және кейбір жолдары қайталанып ай
тылатын
Тарығып Қамбар сөйледі,
Жаратқанға қылып зар.
Алдымда ағам, артымда
Сүйеніп жүрген інім жоқ,
Айналуға жерім тар,
Ғайып ерен қырық шілтен,
Қысылған күні болғын жар.
Қызыл гүлін суалтып,
Сексенге толған әкемді
Шерменде қылма, Хақ Жаппар,
Басына салып уайым,
Жалғызды мендей қылма қор.
Осыдан жетсе ажалым.
Қойылар қайда мазарым.
Жеп кетеді-ау орынсыз
Тоғайда ұшқан қарғалар—
деген 16 жол қысқартылды»,—деп 1957 жылғы кітаптың
түсініктерінде
көрсетеді.
Мазмұнына
қатысы
шамалы
болғандықтан емес, батырдың Аллаға жалбарынған сөзі, ішкі
толғанысы себепті қысқартылған.
2) «Осы жерден қате басылған, мағынасы түсініксіз
«Жолға түсіп жосытып,
Жорғалап мініп былқыған»
ғылыми қосымшалар
деген екі сөз сызылды. Қысқартылған жолдар негізгі текстің
ұйқасын бұзбайды»—деп түсіндіреді. Асты сызылған сөз қате
оқылған, 1959 жылғы ғылыми басылымда «жорғалар» деп
берілген, дұрысы жорғадан болуы керек. 3) Жыр соңындағы екі шумақ тек 1977 жылғы басылымда
қалып қойған, 1957 және 1959 жылғы жинақтарда өзгеріссіз
берілген. Мұның себебін Қамбардың әруағына дұға оқу, Құдайға
жалбарыну сияқты сөздермен жырдың аяқталуын кеңестік сана
қабылдамағандықтан деп түсінуге болады.
4) 1957 жылғы кітапта түсініксіз деп, 1959 жылғы
басылымда тұрпайы (нецензурные слова) сөз болғандықтан екі
жол қысқартылды делінген. Шындығында үш жол қысқарған:
Ыштанымды шешсе деп,
Тұрмығымды кессе деп,
Айта алмай тұрмын қорынып.
1939, 1957, 1987 жылғы басылымда: Қалған өлмей бәрі де,
1959 жылғы басылымда: Қалмаған өлмей бірі де, 1977 жылғы
басылымда: Өткен емес бәрі де болып берілген, құрастырушының
неге сүйеніп бұлай өзгерткені белгісіз.
1957, 1977 жылғы басылымда: Киіз ілмес кешқұрым,
(1933 жылғы басылымнан алынған), 1959 жылғы басылымда:
Алакеуім кешқұрым, 1986 жылғы басылымда: Көз ілінбес
кешқұрым. Соңғы мысалдан 1957 жылғы басылым түпнұсқадан
ауытқымағанын байқаймыз. Дегенмен түпнұсқадан ауытқу
жағдайлары көбірек бой көрсетеді.
1922 жылғы басылымда, яғни алғашқы басылымда баспадан
кеткен қате кейінгі 1933, 1939, 1957, 1959, 1977, 1987 жылғы
басылымдарда түзетілген, мінеді сөзінің орнына өлең ұйқасына
сәйкес мінгізді болып өзгертілген: Күймелі арба мінгізді (56-
жол).
1987 жылы шыққан «Батырлар жыры» сериясының үшінші
томында Қамбардың соңына ерген арғұн емес, арық-тұрық
болып өзгертілген. Және Қамбардың әкесі туралы жаңадан
31 жол (11-бетте) қосылған. Түсінікте құрастырушы былай
деп көрсетеді: «Бұл көп томдыққа Әубәкір Ахметжанұлы
Диваев 1902 жылы қағазға түсіріп, 1922 жылы Ташкентте
басылған нұсқасы жіберіліп отыр. «Қамбар батыр» жырының
батырлар жыры
тексті кейінгі жылдары табылған Ә.Диваев қолжазбаларымен
салыстырылды. Жарияланып жүрген тексте қалып қойған
жолдар, сөйлемдер, қате басылып келген сөздер, орын ауысқан
өлең жолдары бары анықталды. Оның бәрі қолжазба бойынша
қалпына келтірілді».
Тәшкенде басылған кітапта пешене, жүгермек, тәнті, әсел
деген сөздерге маңдай, бақ, қарғыс, ырзамын, бал деп түсінік
берілген.
Түпнұсқа ОҒК-ның қолжазба қорында сақтаулы: РФ 224.
Томға енген мәтін түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындалды.
Қисса қара қасқа атты Қамбар
«Қисса қара қасқа атты Қамбар» атты жыр нұсқасын
КСРО ҒА-ның Тіл-әдебиет филиалы ұйымдастырған 1942
жылғы Арал экспедициясы кезінде жинаған әрі қолжазбаны
тапсырған—А.Хангелдин. 1923 жылы көшіруші Қалқай мол
да. Бұл вариант бойынша ноғайлының арғынға көрсеткен
зәбірі, арғынның бөлек қоныс тебуі, Қамбарды өздеріне бас
шы етіп тағайындауы, оның ел-жұртын аңшылықпен асыра
уы сөз болады. Қызына күйеу таңдатып той жасаған Әлімбай
өзге жұрттың бәрін жиып, алпыс ауыл арғынға хабар бермей
ді. Өзге варианттағыдай, Назым он екі мың адамнан ешкім
ді ұнатпайды. Бұл хабарды құлағы шалған Қамбардың тауға
аттануы, жолында кезіккен Назымға қайрылмай өте шығуы,
қыздың ғашықтығы бұрынғы версияларға ұқсас. Қыз сыны
нан өте алмаған Келмембеттің Ақшаханға Назым жайынан ха
бар беруі, алпыс кісіні мол байлық қалың малымен жөнелтіп,
Назымды алып келуге жұмсауы, Назымның «танымал күйде
көрінуі», Келмембеттің оған құдалық сөзін айтуы да—бұл
версияның ерекшелігінің бірі. Құлақ-мұрнынан айрылған ел
шісі Келмембеттің кейпіне ашуланған Ақшахан ноғайлы еліне
он бес мың қол аттандырады. Бұрын хан болған Әлім төреден
басқасы «қызды Ақшаханға беріп құтылайық» дескенде,
Әлім төре бұл қауіптен Қамбар батырдың құтқаратындығын
айтып, оны шақыруға кеңес береді. Қамбар өкпесін білдір
се де, ноғайлы еліне көмекке аттанып, қыз ағалары Алшыо
ғылыми қосымшалар
раз, Аққошқармен және жеті құрдасымен бірігіп, он бес мың
әскерді қырып олжа әкеледі. Қамбар әкелген мал мен Назымды
да бөліске салу осы нұсқаға ғана тән. Назымға талас туғанымен
«қайрат қылған Қамбардың өзіне лайық жар» деп қыз бен ба
тырды қосады. Мұнда да өзге нұсқалардағыдай тұрақты мо
тивтер көрініс тапқан. Айырмасы—Қамбардың эпикалық
дұшпанымен (Ақшаханмен) жекпе-жегі берілмейді.
Түпнұсқа ОҒК-ның қолжазба қорында сақтаулы: ОҒК, Ш.
671, 2-дәп., 21 б. Томға енген мәтін түпнұсқадан еш өзгертусіз
дайындалды.
Қамбар батыр
«Қамбар батыр». Жыршысы—Бармақ Мұқамбайұлы. Шу
ауданы 1936 жыл // ОҒК, Ш. 671, 5-дәп., 50 б. Бұл нұсқада
Әзімбай қызына күйеу таңдатқанда жар салмайды, хат жібе
ру арқылы хабарлайды, Назымның өзге қасиеттерімен бірге
білімділігі жөнінде мағлұмат беріледі. Назым қыздан үміткер
қалың жұрттан теңі табылмай, әкесінің наразылығы біліне
ді. Назым жеңгелері арқылы ағаларына сөз салып Қамбарға
хабар жеткізеді. Жыр мазмұнындағы оқиға өрбуіне себеп
кер—қалмақ ханы Мақтымның елшісі Келмембеттің жазаға
ұшырап мазақ болуы. Назымның жеңгесімен Мақтымға ба
рып неке қидырғанша уақыт сұрауы—Қамбардың келер
уақытына мүмкіндік жасау. Нұсқадағы Келмембеттің бей
несінде біраз өзгешелік бар. Келмембет Мақтым ханның
«қазағыңды мақтайсың» деп ашуланған сөзіне «хан емессің,
қабансың» деп бетіне тайсалмай жауап қатады. Қамбарды
«ақын емес, батыр» деп дәріптейді. Қамбар қарсыласымен
ұрыс алдында жауаптасады, қылышпен басын шауып, үлкен
олжа алады. Жырда Әзімбай аулындағы ұзату тойдан гөрі
Қамбар аулындағы үйлену тойының сән-салтанаты жан-
жақты суреттеледі. Той үстіндегі күш сынасу, бәйге, жам
бы ату ойындарын бейнелеуге баса мән берілген. Бәйгеде
Қамбардың қара қасқасы алдына жүйрік салмаса, күрес
пен жамбы атуда да Қамбар батырдың туыстарының мерейі
үстем болады. Жалпы бұл нұсқа кейінгі заманғы кезеңнің
көріністерімен өзгешеленеді.
батырлар жыры
Түпнұсқа ОҒК-ның қолжазба қорында сақтаулы: Ш.671, 5-
дәп. Томға енген мәтін түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындалды.
Қамбар батыр
1888 және 1922 жылғы жырлардан біріктірілген нұсқа.
Жыршысы—Шапай Қалмағамбетов. Ақтөбе қаласы, 1950 жыл.
Бұл нұсқаның негізі—Ә.Диваев варианты болғанымен, оған
1888 жылғы Қазан басылымындағы Назымның күйеу таңдау
тойы, Назым портреті, батырдың ұрыс алдындағы даярлығы
сияқты эпизодтар алынған. Жыршының өз тарапынан қосқан
тың жаңалығы ретінде Келмембеттің ішкі монологын атауға
болады. Сондай-ақ Келмембет Мақтым ханның әскеріне қарсы
Алшыоразбен тізе қосып, Қамбармен бірге соғысып, ақыр
аяғында Мақтым ханның орнына хан болады. Келмембеттің
Мақтымға қарата айтқан: «Сенің еріп тіліңе, Көп қылдым
жұртқа зорлықты» дейтін сөздерінен-ақ образдың жаңаша си
паты танылады.
Күйеудің
қалыңдық
аулына
қоныс
тебуін
академик
С.Қасқабасов матриархат көрінісі ретінде қарастырады: «Насле
дование престола тестя сказочным героем и его временное пребы
вание в доме (стране) тестя—это реликтовое отражение обычаев
давно исчезнувшего матрилокального брака. Известно, что при
развитом матриархате преобладающей формой брака была ма
трилокальная, при которой жених переселялся в дом невесты»
[48, 56]. Шапай нұсқасында жауды жеңіп қайтқан Қамбар «Қыз
алатын малым жоқ, қосылар қазір бұйрық жоқ» дейді. Елінің
адамын жиып Алшыораз «ұнатқан жерден жайлауын, қыстауын
беріп, қолға алайық» деп ұсыныс айтады, алдына мал салады.
Сонда ғана Назымды айттырмақ боп Әзімбайға құда жібереді.
Шапай нұсқасында батырлық жолмен үйленуді жетімсіз санап,
Қамбарды Назымға құда түсіріп үйлендіреді.
Қолжазбаның соңғы екі бетінде Досжан жыраудың өсиет
өлеңінен үзінді келтіріп, ел аузындағы сөздерді жинауға
дайындығын айтады.
Түпнұсқа ӘӨИ-ның қолжазба қорында сақтаулы: ӘӨИ,
Ш.35. араб әрпінде, 33 бет. Томға енген мәтін түпнұсқадан еш
өзгертусіз дайындалды.
ғылыми қосымшалар
Қамбар батыр
Бұл нұсқа жыршы Маясар Жапақовтан 1956 жылы
Қарағанды облысында жазып алынған. Жинаушысы—Өміржан
Қашқынбаев.
«Бір жырдың бірнеше варианты болатыны анық. Ғылыми
зерттеу үшін сол варианттардың бәрі де өте қымбат, бағалы.
Біз де әрбір эпосты өз алдына тексеріп, тиісті ғылыми бағасын
беруіміз керек. Шынын айту керек, фольклор туралы жал
пылама әңгіме айту, жалпылама шолақ қорытынды жасау
оңай, ал жеке жырды алып талдау, сол жөнінде зерттеу жазу
анағұрлым қиын»,—[16] деп М.Ғабдуллин әрбір жырды вари
анттарымен қоса жеке-жеке тексеріп, ғылыми бағасын берудің
маңыздылығы мен қажеттігін атап көрсеткен.
Бір нұсқаға жататын варианттардың барлығын тұтас алып
қарастырғанда жырдың шығу, даму, сюжеттік тұтастану
процесінде негізгі нұсқада күңгірт немесе ұмытылған эпизодтар
кейбір вариантта сақталуы мүмкін деген қорытынды жасауға
болады. Мысалы, М.Жапақов вариантынан Назымның күйеу
таңдау тойына шақырылмаған Қамбардың әкесі Әлімбай мен
Әзімбай арасындағы бас араздығы анықталады:
Әзімбай оны айтқанда үндемеді,
«Жаным-ау, ол айтқаның кім?»—демеді.
Қамбардың әкесінің орнын алған,
Себебі сол екен ғой күндегені.
Қамбарды естіп сырттан білген Назым,
Өзгені сол себептен сүймегені,—
деп Әзімбайдың Қамбарға қырын қарау себебін ашып көрсетеді.
Бұл жыршының қосқан жаңалығы.
Қолжазбаның соңында: «Бұл—«Қамбар батыр» жырының
бастамасы»,—деді халық ақыны Жапақов Маясар. Жырдың
аяғы—қазақ ауыз әдебиетіндегі Батырлар жырының «Қамбар
батыр» жырының басы. Әрі қарай сол жырмен тұтасып,
жырлана береді»,—деп айтады.
Түпнұсқа ӘӨИ-ның қолжазба қорында сақтаулы: Ш.102, 2-
дәп. Томға енген мәтін түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындалды.
батырлар жыры
Қамбар батыр
Әнуар Шоқатаев нұсқасы 1956 жылы Жамбыл облысында
жазылған. Жинаушысы—Оқас Нақысбеков. Бұл нұсқада
он сан ноғай жұртында Әзімбай деген баймен қатар Әйуке
деген хан аталады. Ел шетіне жау келгенде екі пысық жігітті
жіберіп, қысылғанда ақыл табатын қазақтың ханы Әйукеге
хабар береді. Ол Әзімбайға ақыл салып, тойға шақырылмаған
айыбына қой басындай күміс пен ат басындай алтыннан тарту
беріп, Қамбарға «қалың қалмақтан құтқар, Назымды өзің ал»
деп айтқызады.
Назым сұлу тойға келгендерден ешкімді жаратпайды.
Ноғайлы халқы кеңесіп Қамбарға «Назымды көрсін» деп елші
жібереді. Қамбар елшіге тойға шақырмағанына өкпесін айтады.
Қамбардың келмейтін хабарын білген Назым қасына жеңгесін
ертіп, аңға кеткен батырдың жолын тосып тұрады. Қамбар
қарамай кеткен соң Назымның жеңгесі таң атқанша өрмегін
құрып бітеді. Басқа нұсқаларда Қамбар аңнан қайтқанша
жеңгелер өрмек құратын. Кеңістік өлшемінде де өзгешелік
бар: Әзімбай елінің оң жақ бүйірінде қалмақтың ханы Қараман
туралы айтылады.
Қамбар соғысқа аттанар тұста өз елінен бір қария бата беріп
шығарып салса, Ә.Шоқатаев вариантында Қамбар алты күннің
ішінде алпыс құлан мен жүз киікті тобырға әкеп беріп, елінің
кәрі-жасы тегіс бата беріп аттандырады. Сарала туы желбіреп,
жауатын
қардай
түнеріп,
ойқастап
басып
қараманның
шатырына келгенде Қараман Қамбарға «дос болайық» дейді.
Қамбар «күннің нұры қайтқанда төбенің басына бірің қалмай
келіңдер» деп ескертеді. Осыны айтып өзі Әзімбайдың аулына
келеді. Төрт елі шыққан ту биені тамағына сояды, қиссадағы
батырлардай қарақаттай саба қымыз ішіп, етін жейді. Үлкен-
кіші түгел бата береді, тек Қамбарға бір де біреуі ермейді.
1888 және 1903 жылғы Қазан басылымдарына кітап
бастырушылар тарапынан түзету жүргізілгенін мынадан
байқауға болады. «Баяғы өткен заманда, Дін мұсылман аманда»
деген жолдармен басталатын формулалы жыр кіріспесіндегі
түсіп қалған 2-жол Шоқатаев вариантында сақталған. Шоқатаев
вариантында Қамбардың қарсыласпен жауаптасуы да, жекпе-
жегі де жоқ.
ғылыми қосымшалар
Осы вариантта батырдың жолға даярлығы, жау-жарағын
сайлап алуы көрініс таппаған, бірақ соғыс суреттері кеңінен
суреттеледі. Қамбар он екі мың қолмен жалғыз шайқасады,
соғыстың алтыншы күні Қараманның басын кесіп алады, соғыс
көрінісінде ортақ жерлерді пайдаланған:
Жетінші күн болғанда
От орнындай тұяқтан
Оймақтай-ақ қалыпты.
Бір қолтықтай құйрықтан
Қылыштай-ақ қалыпты.
Тебінгідей ерінен
Төрт-ақ елі қалыпты.
Қызыл қаннан жүре алмай
Тұлпар әбден талыпты.
Сегізінші күн таң атқанда
Жан-жағына қараса
Болған екен тамаша.
Он екі мың солдаттан
Екі-ақ мыңдай қалыпты.
Қызыл қаннан жүре алмай батырдың қара қасқа аты
тасырқап қалды деген соң Әзімбай күндік жерге шұғаны кездеп
тарттырды. Соғыстан қайтқан Қамбар батырдың түсінен жүз
жігіт қорқып қашады. Қасында елу қызы бар назым Қамбардың
ордасына аяңдап өзі келеді. Қамбар батаның көмегімен қалмақ
ханы Қараманның қалың әскерін жеңіп шығады.
Түпнұсқа ӘӨИ-ның Қолжазба қорында сақтаулы: Ш.102, 1-
дәп. Томға енген мәтін түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындалды.
ҚАМБАР
Н.С.Смирнова 1957 жылы Ленинградтағы И.Н.Березиннің
қолжазбаларының арасынан осы ертегілік нұсқаны тауып
алады. Қашан, қайда, кімнің жырлағаны, жазып алғаны
көрсетілмегендіктен, қолжазба шартты түрде Березин нұсқасы
деп аталған. Мазмұны «Турецкая хрестоматиядағы» И.Н.Бе
резин жариялаған жыр мазмұнынан алшақ емес. Қара сөзбен
батырлар жыры
берілген ертегілік нұсқа батырлық ертегілер қатарында 1986
жылы көптомдықта жарық көрген.
Түпнұсқа ӘӨИ-ның қолжазба қорында сақтаулы: Ш 36,
фотокөшірме. Томға енген мәтін түпнұсқадан еш өзгертусіз
дайындалды.
НАЗЫМ ҚЫЗДЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Бұл ертегілік нұсқада Назым сұлу «өзім сүйгеніме бара
мын» деген соң әкесі бай-кедей демей елін түгел шақырып той
жасайды. Қамбар мен Назымнан өзге кейіпкерлердің аты-жөні
аталмайды. «Баяғыда бір хан болыпты. Оның Назым деген сұлу
қызы болған екен» деп басталады ертегі. Қамбарды кедейсініп
тойға шақырмаған шақырушы, батырды басында кедей деп
менсінбеген, кейін ел шетіне жау келгенде аяғына жығылып
«жесіріңді өзің ал, бізді жаудан құтқар» деп жалынатын қыз
ағалары туралы айтылады. Дұшпанның бейнесі де ертегілік си
патта сомдалған. Ол «қызды маған бер, бермесең, еліңді шаба
мын» дейтін басқа бір елдің ханы ретінде көрінеді.
Қазан басылымдарының бірінің негізінде қара сөзбен баян
далған ертегілік нұсқада Келмембетті жазалау сияқты тұрақты
сюжет элементі түсіп қалған. Дегенмен Назымның Қамбарға
«Қара қасқа атты Қамбар-ау» деп басталатын сөзі сақталған.
Ертегіні
айтып
жеткізген—С.Әбжанов,
жинаушысы
Н.Әминов. 1956 жылы Павлодар қаласында жазылып алынған.
Түпнұсқа ӘӨИ-ның қолжазба қорында сақтаулы: Ш 341.
Томға енген мәтін түпнұсқадан еш өзгертусіз дайындалды.
Ж. Рақышева
Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Алла—(Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік
дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей,
жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла
мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі
Оған ешкім тең емес».
Мұсылмандық
сенім
бойынша,
Алла
Тағала
әлемді,
жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол
адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла
барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап,
біреулерін
жұмаққа,
енді
біреулерін
тозаққа
жібереді.
Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-
мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)—
Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың
Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш
жылда толық түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс
те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған
берілгендікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—
Меккедегі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін
қасиетті қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым
дылығын т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз
есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары),
Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық
(жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі),
Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
Мұхаммед (Мұхаммед ибн Абдулла Әбул Қасым)—ислам
дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы,
батырлар жыры
тарихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла
Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі,
ең соңғы пайғамбар.
570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың
әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге келместен екі ай бұрын қайтыс
болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда
дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт ана
сы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс
болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған.
Алла Тағаланың алғашқы жарлықтары (уаһи) рамазан ай
ында хазірет Мұхаммедке Меккеден үш шақырым жердегі
Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түскен.
Мұхаммед (с.а.с) Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—ис
ламды 610 жылы 40 жасында уағыздай бастайды.
Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың ба
сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық
білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы
Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине
қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы
деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс ау
дару» деген сөз.
Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине
қаласында қайтыс болды.
Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты),
«Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла»
(Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар.
Алшын—қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігі, Кіші
жүздегі байұлы, жетіру, әлімұлы сияқты тайпалардың ортақ
атауы. Ежелгі мекені—Алтай. 10-ғасырда Алтай бойынан ойы
сып, Арал және Каспий теңізі маңындағы ежелгі тайпалармен
араласып кеткен. Бір бөлігі қыпшақтармен бірге батысқа қарай
жорыққа шығып, Мысырға дейін барған. Алшындар 10-12
ғасырларда Қырымда болған. 12-14 ғасырларда алшынның кей
бір рулары Ноғай ордасының нығаюы үшін белсене күрескен.
Кіші жүз шежірешілері Алшын атын қазақтың алғашқы биі
Майқы есімімен де байланыстырады. Алшын ұрпақтары баш
құрт, татар және кіндік Азия халықтарының құрамында да бар.
Арғын—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежі
ре бойынша, Орта жүз құрамына енеді. Арғын тайпасының
ғылыми қосымшалар ұраны—«Ақ жол», таңбасы—«көзтаңба» (00). Ежелгі қоны сы—Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Арғындардың арғы тегін «Орхон-Енисей» ескерткіштерін дегі жазуларды кездесетін «ұлық-арғын», 5 ғ-дағы Қытай жаз баларында ұшырасатын Гаугуй (алун) тайпаларымен, монғол тіліндегі «он» деген сан есімді білдіретін «арғын» сөзімен бай ланыстыра қарастыратын пікірлер бар. «Арғын» атауын көне түрік тіліндегі «батыс ғұн» дегеннен шықты дейтін тұжырым да кездеседі. Махмұд Қашқари түрік жұртының қатарында «басмыл» деген ел бар, оның шын еліне дейін ұласып жатқан қонысын «Басмылдар даласы» деп сипаттай отырып, «көп аргу» атауы жөнінде де сөз қозғайды. Көне түрік тілінде «аргун» сөзі «көп», «қалың» мағынасын білдірген. Ұйғыр мен қарлұқ одағынан жеңілген басмылдар ыдырап, басқа тайпаларға сіңісіп кетсе керек. Қытайдың Таң патшалығы дәуіріндегі жылнамалардың бірінде қарлұқтардың бір ұлысы Сопы аталса керек. Осы «сопы» сөзі қазақ рулары ішінде тек Арғын құрамына кіретін мейрамсопы, ақсопы, қарасопы, сары сопы сияқты ру аттарында ғана сақталған. Қазақ шежіресінде Арғындар Бәйбіше арғын, Тоқал арғын болып екіге бөлінеді. Ергүл бәйбішеден өсіп-өнген Арғынға жа татын рулар бірлестігі «Бес Мейрам» атанады. Олар қуандық, сүйіндік, бегендік (қозған), шегендік (қақсал) және қаракесек (болатқожа). Тоқал арғынға жататындар Момын ананың аты на байланысты «Жеті Момын» атанады: қанжығалы, тобықты, бәсентиін, қарауыл, атығай, сарыжетім, шақшақ. Әли (Ғали)—Османнан кейін билік басына келген төртінші «әділетті халиф». Хижраның 656-661 жылдары Мекке қаласында тұрып, мұсылман жұртына басшылық жасаған. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан алып, күш иесі. Жа улары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-мыс. Фольклорлық туындыларда оның «зұлпықар», «қам-қам», «сам-сам» деген үш қылышы болғаны айтылады. Әсіресе Әли «зұлпықарын» сілтегенде бірнеше жүз кәпірді шауып түсіреді. Әлидің есімі көптеген шығыс қиссаларында, оның
батырлар жыры
ішінде діни дастандарда жиі ұшырайды. Әдетте, хазірет
Әли сол қиссалардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр,
халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бет
ке ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли (ғ.с.)
өткен замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жаулар
ды жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына «шаһимардан», «қайдар», «арыстан»,
«шері», мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп
отырады. Әлидің астындағы аты «Дүлдүл» де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ-аттың
нышанына айналған.
Әлидің бірнеше әйелінен тараған он сегіз баласы болған.
Олардың бәрі де әкесімен бірге әскери жорықтарға қатысып,
Ислам мақсаттары жолында жан аямай соғысады. Әсіресе,
Әлидің Хасен, Хұсайын, Мұхаммед-Ханафия секілді ұлдары
ғазауат майдандарында ерекше көзге түсіп, түрлі діни
аңыздардың сюжеттеріне басты арқау болғаны белгілі.
Хазірет Әли Мұртаза ибн Әбу Тәлиб 661 жылы Куфа мешітіне
кіре берісте хауариждердің (хариджилер) атқан оғынан
жараланып, көп ұзамай қайтыс болды.
Бір айтатын нәрсе, хазірет Әлидің Осман халифтің туы
стары мен Расул Алланың жесірі—хазірет Айшамен, сондай-
ақ хариджилермен болған соғыс қимылдары Исламның екі
тармаққа—суннит және шиит (шиға-жақтастар) ағымдарына
бөлінуіне әкеп соқтырады.
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың көпшілігі қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір бөлігінде өмір сүреді.
Баба түкті Шашты Әзіз—қазақ эпостары мен ертегілерінде
кездесетін киелі кейіпкер. Оның мазары Оңтүстік Қазақстан
облысы, Созақ ауданына қарасты Жылыбұлақ деген жерде.
Аңыздардың бірінде оның есімі Баба Туклас деп көрсетіледі.
Баба түкті Шашты Әзіз—Қожа Ахмет Иасауидің арғы бабалары,
ислам діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі
деген болжамдар бар.
Ғайып ерен қырық шілтен— [шілтен /п/—қырық дене]—
мұсылмандарды жебеп, қолдап жүретін көзге көрінбейтін киелі
бейне. Кейбір аңыздар бойынша, ғайыптан пайда болатын
шілтендер құс бейнесінде көрінуі де мүмкін. Олар әдетте алыс
ғылыми қосымшалар
сапарда жүрген, арып-ашып жолынан адасқан жолаушыларға
жәрдемдеседі.
Дәуіт—Құран кейіпкері, пайғамбар, Сүлеймен пайғам
бардың әкесі. Көне еврей тілінде Давид. Дәуіттің отыз баласы
болған. Жаратқан Иеміз құдіретімен отыз баланың жанын
бір мезетте алып кетеді. Мұны көрген Дәуіт Алла Тағалаға
зар илеп жылайды. Сонда Алла: Дәуіт, саған отыз балаңның
орнына отыз бала берейін бе, әлде отыз балаға татитын бір бала
берейін бе?—деп сұрағанда Дәуіт «отыз балама татитын бір ұл
беріңіз» деген екен. Дәуіттің тілегі қабыл болып, отыз ұлға
татитын Сүлеймен мал-құстың тілін түсініп, сол тілде тілдесе
алатын болған.
Көкше—қазақ батыры. Шежіреде уақ руының Ер Көкшеден
тарағаны айтылады. Қадырғали Жалайырдың шежіресінде
гі, «Никон жылнамасындағы» деректерге қарағанда, ол 1417
жылғы Едіге мен Қадырберді әскерлерінің арасындағы ұрыс
кезінде қайтыс болған. Қазақ халқында «Ер Көкше» атты бір
неше жыр бар.
Қызыр—мұсылман дінінде ел аралап жүрген, адам бейнелі
«әулие», адамға «қамқоршы», «бақыт», «дәулет» беруші.
Ілияс (Илияс, Илья)—көне иудей, христиан аңыздарында
Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей
құдайларының бірінен шыққан дейтін пікір де бар. Исламда
Ілияс пайғамбардан гөрі, әулиеге жақын.
Түркі халықтарында Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен бай
ланыстырылып, «Қыдыр-Ілияс» деп те атала береді. Кейде
оны «Қызыр» деп атайды. Қазақ фольклорында Ілиястың есімі
жиі ұшырасады. Әдетте, ол адамдарға Қызыр әулие (ақсақал)
түрінде көрініп, әр түрлі қиындықтардан қорғап жүреді. Кейде
Ілиястың жанында «шілтендері», яғни қырық көмекшісі еріп
жүреді. Олар ғайыптан пайда болып, фольклорлық шығарманың
басты кейіпкеріне (әсіресе батырлық жырлар мен ертегілерде)
қол ұшын береді.
Қазақтар «Қыдыр дарып, бақ қонсын» деп баталасады.
«Қырықтың бірі - Қыдыр» деген мақал да бар.
Қияттар—ежелгі тайпа. «Қият» этнонимі 11-13-ғасыр
ларда пайда болған. Қият қамұқ моңғол одағының таймуыт
тайпасынан тарайды. Шыңғыс хан билік басына келгенде
қият-боржығындар негізгі билікті ұстап тұрды. Олардың
25–167
батырлар жыры
саны мен қолы көп болып, Дешті-Қыпшақ даласына кеңінен
тарады. Қият тайпасы қазақтың кейбір батырлар жырларында
кездеседі. Қияттар 15-16 ғасырларда қазақ, өзбек, қарақалпақ,
қырғыздар құрамына сіңісіп кетті.
Ноғайлы—Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған Ноғай
Ордасының негізін қалаған түркі-монғол тайпаларының ортақ
атауы. 15-16 ғасырлардың аяғында Ноғайлы жұрты көрші
елдерге де осы атымен мәлім болған. 16 ғасырдың 2-жартысынан
бастап Ноғайлы Кіші Ноғай ордасына, Үлкен Ноғай ордасына
бөлініп, Қырым ханына, Түрік сұлтанына, орыс патшасына
тәуелді болды. Бір бөлігі қазақ, өзбек, қарақалпақ, татар,
башқұрт т.б. халықтардың құрамына кірді. Ноғайлы 400 жыл
бойы Қырым мен Еділ арасында көшпелі өмір сүрді. Ноғайлы
ауыз әдебиетіндегі батыр, билер туралы жырлар көптеген түркі
халықтарының ортақ мұрасына айналды. Ноғайлы мәдениетінің
ең негізгі мұрагерлерінің бірі қазақ халқы болып табылады.
Рүстем-Дастан—Ежелгі
Иран
аңыздарының
әйгілі
батыры, «Шаһнама» эпопеясының бас қаһарманы. Ол шығыс
халықтарында қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Уақ—Орта жүз құрамына кіретін тайпа. Шежіре деректерін
де уақ аталарының бірі ретінде әйгілі Ер Көкше батыр мен
оның ұлы Ер Қосай батырдың есімдері аталған. Уақтың шығу
тегі туралы пікірлер де әр түрлі. Тарихшылар Ә.Марғұлан
мен Н.Мыңжани 9-13 ғасырларда моңғол үстіртін мекендеген
онгуттарды уақ деп есептеген. Ш.Құдайбердіұлы мен А.Лев
шин оларды қазақ хандығына 16-17 ғасырларда ғана қосылды
деп санаған. Ал Ш.Уәлиханов Ер Көкше, Ер Қосай батырлар
арқылы уақтар Алтын Орда ыдыраған кезден бастап көріне
бастады дейді. Қазақ арасына кең тараған аңыз бойынша,
уақ керей тайпасымен туыстас. Ұраны—Жаубасар, Бармақ,
таңбасы—П—(босаға, ашамай). Уақтың алғашқы ата мекені
Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Моңғолияның батысы
болса керек. Қазақ жеріне жоңғарлардың баса-көктеп еніп,
алға жылжуының салдарынан уақтар өзінің ата-мекенінен
ығысып, солтүстікте Тобыл және Үй өзендеріне, Батыста
Торғай өлкесіне, ал оңтүстікте Арал теңізінің жағалаулары
мен Сыр бойына дейін жетті.
Азар /а/—қорлық, зомбылық
Айкел—әйелдердің мойнына тағатын әшекейлі бұйымы,
алқа
Аның, анда /т/—оның, онда
Аракет /о/—зымыран, ракета
Арзу /п/ —тілек, мақсат, арман
Асық, ашық /т/—ғашық
Ахирет /а/—ақырет, ақырзаман, дүниенің соңы
Аял /т/—әйел
Әгар—егер
Әзіреті /а/—жоғары мәртебелі. Пайғамбарлардың, имам
дардың есіміне қосылып айтылатын құрметті атақ
Әнжі—аяр
Әсел—бал
Әсіп—нәсіп
Әуара /п/—әуре, нәтижесіз іс, бос әрекет
Бәрак Алла /а/—Алланың жақсылығы, нұры түссін
Бедірек /п/—құл
Бейәдеп/п.а./—әдепсіз
Бенде /а/—тұтқын
Берен /т/—1) ең мықты болат, берік металл; 2) сом болаттан,
металдан жасалған қылыш, семсер, кездік, қанжар, пышақ
т.б. 3) сауыт, көбе; 4) батыр, күшті, мықты адам; 5) ең жақсы
барқыт
Бин /а/—ұл
Боқжама—матадан, киізден тігілген боқша, дорба
Бірлиант, дүрлиант — гауһар (бриллиант)
Ғадалет /а/—әділет, адалдық, турашылдық
Ғадатлі—әділетті
Сөздік
батырлар жыры
Ғапыл, қапыл /а/—надан, қараңғы
Ғаріп, қаріп /а/—мүсәпір, бейшара
Дәркер /п/—керек, қажет, іске жарайтын
Діллә /п/—алтын, күміс ақша
Дімкәр—кемтар, мүгедек, жарымжан
Жазған—жазық, айып; жазықты
Жалаңқия /п/—сұрқия, сұм
Жанарал /о/—генерал
Жапа—бас киім
Жаппар /а/—ұлы, құдіретті; Алла-Тағаланың 99 ұлық
есімдерінің бірі
Жаһаннам /а/—дүние салғаннан кейін күнәға батқандар
баратын жер
Зарып, зарпы /п/—қайғы, дерт
Зәңгі—қара. Көбінесе эфиопиялықтарды (негрлерді) осы
лай атаған. Кейбір мәтіндерде дінсіз құл деген мағынада
қолданылады
Зияпат /а/—құрмет
Зият /п/—артық, жақсы
Зұлпықар—сермегенде жетпіс құлаш жерге жетеді деп су
реттелетін Әли Арыстанның қылышы
Кеп /п/—сөз, әңгіме
Кеуілжір —кеңсірік қуысының жоғарғы жағында болатын
жұмсақ шеміршек
Көдек /п/—бала
Көйгөй—үйреншікті ескі сарын
Кінәз /о/—князь
Қарар /а/—шешім, сабыр, тағат
Қардар /а/—бір нәрсені кепілдік беріп сатып алушы
Қары —қолдың иық пен білек аралығы. Ұзындық өлшемі
бірлігі ретінде де қолданылады
Қасам /а/—ант
Қау—қалың, ұйысқан, тығыз, көп
Қисап/а/—есеп
Қиямет /а/—ауыр азап, бейнет, қиыншылық
Құбылагөй—намаз оқитын адам
Құладын—қаршыға тұқымдасына жататын кішкене құс.
Құтпан—бес уақыт намаздың ең соңғысы; құтпан намазы
оқылатын мезгіл (түнгі сағат 10-11 аралығы)
ғылыми қосымшалар
Лағин /а/—шайтанның аты
Ләшкер /т/—әскер, қол
Майыр /о/—майор
Манат, мінәт /а/—рақым, шарапат
Махкам /а/—берік, мықты, бекем
Мәкар /а/—аяр, алдаушы
Мәнзел /а/—үй
Миясар—лайықты, көңіліне жақын
Молтақ—келте, қысқа, шолақ
Мүбада /п/—егер, алда-жалда
Мұндар /а/—құл
Мүнет /а/—күш-жігер
Нағара /а/—дауыс, айғай
Нағи /а/—естірту
Ошал /т/—осы
Панаһ /п/—пана
Пәйкел—түйнек
Пәлек /ж/—қауын-қарбыз, асқабақ, қияр тәрізді өсімдіктер
мен жеміс дақылдарының сабағы, көлбей өскен өркені
Пәрмен /п/—бұйрық, әмір
Пәс—аласа
Пешене—маңдай, бақ
Порым /о/—пішін
Саз—көгалды, көкорай шалғынды жер
Салдат /о/—жауынгер
Сарамжал—бәрін орын-орнына келтіріп тұратын, ысылған,
бес аспап
Сәна /а/—мақтау, алғыс, мақтан
Сәркардан /п/—сергелдең
Состаб /о/—құрам
Сұбхан Алла /а/—«Алла кемшіліктен пәк» деп Жаратқан
Иеге мадақ айту
Сұрау /т/—билеу, басқару
Сыпай /п/—мемлекеттік, әскери міндеттерді атқаратын
адам, жауынгер
Талиа /а/—ізін қуу
Фұшты /п/—тарақ
Хад /а/—шек, шекара
Хадиса /а/—әңгіме
батырлар жыры
Хайла /а/—айла
Хұзыр /а/—әмір, билік
Һеш—еш
Шар—дау, жанжал
Шоры /п/—құл, күң
Шүлеңкер—қолы ашық, дархан кісі; жомарт, мырза
Шілия—бір жақ ұшы қамыттың құлақ бауына байланып,
екінші жақ ұшы арба не шанаға бекітілген, оны сүйрету үшін
қажетті жуан қайыс
Жер-су атаулары
Ақарал—1888 жылғы Қазан басылымында қыз әкесі
Әзімбай мекендеген қаланың атауы. Ақарал сөзіндегі ақ—түр-
түсті ғана емес, батыс бағытты білдіретін геосимволикалық
белгі.
Көкарал—1903
жылғы
Қазан
басылымында
Әзімбай
мекендеген қаланың атауы. Көкарал сөзіндегі көк—түр-түсті
ғана емес, шығыс бағытты білдіретін геосимволикалық белгі.
Семей—Шығыс Қазақстан облысындағы қала, темір жол
станциясы, әуе және автомобиль жолдарының ірі торабы.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі Семейдің тұрған
жері ерте заманнан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Олардың
ең ескісі қола дәуіріне жатады. Одан кейінгі дәуірлерде бұл ара
да ежелгі ғұндар, Түрік қағандығы, Қыпшақ, Керей, Найман
ұлыстарының тіршілік еткені анықталды. 16-17 ғасырларда
Жетішатыр (Доржин кит) сарайларын Асма Тархан Доржи
деген кісі тұрғызған. Семей әскери бекінісінің іргелі 1718 ж.
қаланды. 1872 жылдан уездік қала болды.
Сүйдін—Жыршы Бармақ Мұқамбайұлы жырлаған нұсқада
қалмақтың қаласы ретінде аталады.
Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Амангелдин Құлзақ (1886, Қарағанды облысы, Нұра
ауданы—1955
сонда)—колхоз
өміріндегі
жаңалықтарды,
Қарағанды жұмысшыларының тіршілік тынысын жырлаған
ақын. Халық мұрасын жинап, тапсыруда елеулі еңбек сіңірген.
«Қамбар батыр», «Қобыланды», «Ер Тарғын» жырларының
варианттары Құлзақтан жазылып алынды.
Березин
И.Н.
(1819-1896)—орыс
шығыс
зерттеушісі.
Қазан (1846), Санкт-Петербург (1855) университеттерінің
профессоры. Негізгі еңбектері шығыс халықтарының тарихына,
филологиясы мен археологиясына арналған. 1942-45 ж. ғылыми
мақсатпен Иран, Түркия, Закавказье, Дағыстан елдерін аралап,
1845-50 ж. өзі жинаған «Түрік-татар қолжазбаларының
сипаттамасын», «Түрік грамматикасына қосымша» зерттеу
еңбектерін, 1849-52 ж. «Шығыс елдеріне саяхат» дейтін
еңбегін жариялайды. Неміс тіліне аударылған. 1850-52 ж.
«Шейбанинаме»
Алтын
орда
хандарының
жарлықтарын
жариялады. «Түрік хрестоматиясын», «Түрік тайпасының
халық мақалдарын», Рашид ад-Диннің «Жәмиғ ат-тауарих»
еңбегін орыс тілінде жариялаған. Омбы кадет корпусының
оқытушысы
Н.Ф.Костылецкий
арқылы
Ш.Уәлихановпен
байланыс жасаған. 1873-82 ж. 16 томдық энциклопедиялық
сөздікке қатысты.
Ғұмарова Мәлике (1918, Орал облысы, Орда қ.—1987)—
фольклортанушы, текстолог ғалым, филология ғылымдары
ның кандидаты (1953). 1943-1987 жылдары Қаз. ССР ҒА-
ның Тіл және әдебиет институтының Текстология, қолжазба
бөлімінде жұмыс істеген. Жамбыл шығармалары жинағын,
Көрұғлы, Қамбар т.б. батырлық жырын құрастырған. «Қазақ
қолжазбаларының
ғылыми
сипаттамасына»
батырлық,
ғылыми қосымшалар
ғашықтық жырларға сипаттама жазды. «Қамбар батыр»,
«Қыз Жібек» жырларының ғылыми басылымын дайындады.
Халық ақындарының өлеңдері мен айтыстарын жинады. ОҒК
және ӘӨИ Қолжазба қорларындағы сирек қолжазбаларды
жүйеледі.
Дәнекеров Әбілқайыр аздап арабша сауаты бар, өзі өлең
шығармағанмен, 1905 жылдан бері «Қобыланды» жырын, 1925
жылдардан бері «Қыз Жібек», «Қамбар» сияқты жырларды
жаттап алып айтады. Бұлардың бәрін де арабша жазылған
кітапты ел оқып отырғанда сол оқып отырған адамның қасында
болып жаттап алған.
Диваев Әбубәкір (1856, Орынбор—1932, Тәшкен)—этно
граф,
фольклортанушы.
Ұлты—башқұрт.
Орынбордағы
Неплюев кадет корпусының Азия бөлімін бітірген, 1876
жылдан бастап Түркістан өлкесіне әскери қызметпен келген.
Тәшкен қаласында Әскери-халықтық басқармада қызмет
еткен. Сол жылдардан бастап қазақтың ауыз әдебиетін жинап,
зерттеп, баспа бетінде жариялап отырған. Эпостық жырларды,
ертегілерді, балалар фольклорын, шешендік сөздерді қағазға
түсірді, кейбіреуін орыс тіліне аударды. Ежелгі күнтізбе,
астрономия туралы халық ұғымдарын жинады. Диваевтың
ғылымға сіңірген еңбегін П.М.Мелиоранский, В.А.Гордлевский,
В.В.Бартольд т.б. ғалымдар жоғары бағалады.
Еламанов Көшелек (толық аты Көшмұқамбет) (1874, Батыс
Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы—1951, сонда)—
ақын, жырау. Он алты—он жеті жас шамасында жырау, әрі
домбырашы Жалмағамбет Сағынтайұлының (1830—1910)
қасына еріп жүріп, жыр үйренеді.
В.Карлсонның мақаласында айтылғандай 1906 жылы
Орынбор
архиві
ғылыми
комиссиясы
халық
ақындары
Қазақпай мен Көшелекті арнайы алдырып, білетін жырларымен
танысады. Ол «Қобланды», «Орақ—Мамай», «Шора батыр»,
«Көрұғлы», «Ер Сайын», «Қамбар» т.б. жырлар білген.
1920 жылы Қазақ Республикасы құрылып, астанасы Орын
бор қаласы болғанда Қазақ АССР үкіметі басшыларының бірі
Әбдірахман Әйтиев Көшелекті Орынборға шақырады. Ол ақын-
жыршылармен, Сәкен Сейфуллинмен кездесіп, өз өлеңдерін ай
тып береді. Ұлы Отан соғысы кезінде өлеңдері облыстық газет
терде жарияланып тұрған.
батырлар жыры
Жапақов Маясар (1889-1965)—халық ақыны. Қазіргі
Қарағанды облысы, Шет ауданында туып өскен. Маясар
қазақ халқының ауыз әдебиет нұсқаларын көп білген, ән де
шығарған.
1943 жылы республикалық халық ақындарының айтысына
қатысып, Болман Қожабаевпен айтысқан. Колхоз өмірі
туралы, Қарағанды көміршілері туралы көптеген өлең, жырлар
шығарған. Өлеңдері облыстық, аудандық және соғыс жылдары
майданда қазақ тілінде шығып тұрған газеттерде басылған.
Қалмағамбетов
Шапай
(1890,
Қостанай
облысы,
Қарабалық ауданы—1960, Ақтөбе қаласы)—жыршы. Атақты
жырау Мергенбай, Досжан, Абдрахмандардың қасына еріп,
эпикалық жырларды үйренген, «Қобыланды», «Ер Тарғын»,
«Алпамыс», «Қыз Жібек», «Құбығұл» т.б. көлемді жырларды
жатқа білген. «Қамбар батыр» жырының 1888 жылғы Қазан
басылымы мен 1922 жылғы Диваев нұсқасынан өзінше толық
нұсқа жасаған. «Қобыландының» Марабай және Мергенбай
нұсқасын қосып 1939 жылы СССР ҒА қазақ филиалына жазып
тапсырған. Қобыландының батыр ұлдары Киікбай, Бөгенбай
туралы жырлар да Шапайдан жазылып алынған. Өзі шығарған
толғау-жырлар да бар. Отан соғысы жылдарында патриоттық
арнау өлеңдерді көп айтқан.
Қошқарбаев Шашубай (1865, Жезқазған облысы, Ақтоғай
ауданы, Қоңырат селосы—1952, сонда)—белгілі әнші, ақын.
Жасынан домбыра, сырнай, гармонь тартып, ән салуға, өлең
шығарып айтуға, серілік құруға әуестенеді. Біржан сал, Ақан
сері, Балуан Шолақ, Мәди, Ғазиз тәрізді Арқаның ардагер
әнші, сал-серілерімен кездесіп, тәлім алады. Өзі шығарған
«Майда қоңыр», «Жетім қыз», «Сырғақты», «Ақ қайың»,
«Кедейлік» т.б. әндері ел арасына кең тарайды. «Ақтамберді»,
«Қамбар», «Сұраншы-Бөкей» дастандарын жырлаған. 1909
жылы Жетісуға келіп Жамбылмен айтысқан. 1943 жылы
Қарағандыда ақындар айтысын бастаушылардың бірі бол
ды. Көшен Елеуовпен (1943), Болман Қожабаевпен (1944)
айтысты. Шашубайға «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер
қайраткері» (1941) атағы берілді, «Құрмет Белгісі» орденімен
наградталды (1945). «Сөйле, Шашеке» (1942), «Ақ қайың»
(1984) атты жинағы шықты. Шығармалары ақындардың жал
пы жинақтарында, «Айтыстың» 3-томында (1966) жариялан
ғылыми қосымшалар
ды. Өмірі мен творчествосы туралы «Қазақ совет энциклопеди
ясында» (12-т., 1978) жазылды.
Мәзқожаев Рахмет (1881, Қызылорда облысы, Сырдария
ауданы—1976, сонда)—ақын, жыршы. Он алты жасынан
домбыра тартып, өлең, жыр айтқан. Облыста концерт-
эстрада бюросында Нартай Бекежанов басқарған бригаданың
белсенді мүшесі болып, ел арасында өз өнерін көрсетті. Соғыс
жылдарында қызыл отауды басқарды. Соғыстан кейінгі
жылдарда облыстық, республикалық айтыстарда Есдәулет
Қандековпен, Әбділда Жүргенбаевпен, Өкіл Жайлауовпен
өнер жарысына түсті. Ауыз әдебиеті нұсқаларын да жинауға
үлес қосты. Бірнеше жыр-дастандар, терме-толғаулар жырлап,
насихаттап отырды. ОҒК және ӘӨИ қолжазба қорына 60 мың
жолдан аса дастан, өлең-жырлар тапсырды. «Қойдың арызы»,
«Қызыл сиырдың арызы», «Малдарды шақыру», «Сырдария
соғысы» деген өлеңдері «Пернедегі термелер» (1965), Өкім
Жайлауовпен айтысы «Айтыс» (3-т., 1966) жинақтарында
жарияланды. Бүкіл түркі халқына кең тараған «Көрұғлы»
дастаны Мәзқожаевтың варианты бойынша қазақ тілінде жеке
кітап (1973) болып шықты.
Мұқамбаев Бармақ (1872, Жамбыл облысы, Шу ауданы—
1942, сонда)—айтыскер ақын, жыршы. Жастайынан Майкөт,
Сүйінбай, Майлықожа, Құлыншақ, Жамбыл, Бақтыбай жыр
ларын, халық дастандарын жаттап айтқан. Қазақстанның 10
жылдығына арналған тойда (Әулиеатада) құттықтау айтқан
(«Еңбекші қазақ», 1935, 7 қараша). 1936 жылы «Қамбар батыр»
жырын хатқа түсіріп, ғылыми кітапхана қорына тапсырған.
Ол кезінде Сауытбек, Кенжеқожа, Жанат, Арқабай, Оспантай,
Үмбетәлі, Жақсыбай т.б. ақындармен айтысқа түскен. 1919
жылы Ұзынағаш маңындағы бір тойда Үмбетәлі, Шүкітай,
Оспантай, Саяділ, Кенен т.б. ақындармен кезектесіп Нұриламен
айтысқан. Бұл айтысқа Жамбылдың төрелік бергені белгілі
(«Айтыс», 2-т., 1965).
Нақысбеков Оқас ( 1928, Алматы облысы, Шелек ауда
ны)—тіл білімі маманы, филология ғылымының докторы. 1951
жылдан бастап ҚР ҒА А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі
институтында алғаш кіші, одан соң аға жетекші, ал қазір бас
ғылыми қызметкер. 1954-1957 ж. осы институттың аспиран
ты. 1963 ж. «Шу бойы қазақтарының тіл ерекшеліктері» деген
батырлар жыры
тақырыпта кандидаттық (акад. І.Кеңесбаевтың жетекшелігі
мен), «Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы» деген тақырыпта
докторлық диссертация қорғады. Көптеген диалектологиялық
экспедицияларға қатысып, қазақ тіліне, ауыз әдебиетіне бай
ланысты материал жинады. Лексикология саласында қазақ
тілінің диалектология, түсіндірме, «Үлкен орысша-қазақша»
және «Қазақша-орысша» қалта сөздіктерін құрастыруға қатыс
ты. Сонымен бірге «Қазақ тілінің диалектологиялық атла
сы» мен «Түркі тілдерінің диалектологиялық атласын» және
«Европаның лингвистикалық атласын» жасаушылардың бірі.
Нұрпейісов Қали (1890, Қызылорда облысы, Арал ауданы—
1968, сонда)—домбырашы, жыршы. Он бес жасынан өлең,
жыр айта бастаған. Тама руынан шыққан ақын Әкімгерейдің
қасында бес-алты жыл жүріп, жыр үйренеді.
1935 жылдан Ақтөбе қаласындағы теміржол клубында
домбыра үйірмесіне жетекшілік жасайды. 1939 жылы Мәскеуде
БК(б)П
ХVІІІ
съезіне,
Бүкілодақтық
ауылшаруашылық
көрмесінің ашылуына қатысады.
Ол «Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Қара қасқа атты
Қамбар»
жырын,
«Құламерген»,
«Мұңлық—Зарлық»,
«Шәкір—Шәкірат» т.б. дастандарды жырлаған.
Сейітов Сағынғали (20.11.1917, қазіргі Батыс Қазақстан об
лысы, Тайпақ ауданы, Өлеңті ауылы)—ақын, сыншы, әдебиет
зерттеушісі, филология ғылымдарының кандидаты (1961).
Қазақ пединститутын бітірген (1941). 1941-1947 жж. әскер
қатарында болып, Екінші Дүние жүзілік соғысқа қатысқан.
1947 жылдан Қазақстан ҒА Тіл және әдебиет институтында,
Қазақстан КП ОК-нің үгіт, насихат, әдебиет және көркем өнер
бөлімдерінде түрлі қызметтер атқарды. С.Сейітовтың 40-тан
астам жыр жинақтары баспадан шыққан, сонымен қатар бірне
ше әдеби-зерттеу еңбектері бар. Г.Гейне, А.С.Пушкин, М.Ю.Лер
монтов т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. 2-дәрежелі
Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен марапатталған.
Серғазиев Келімбет (1876, Шымкент облысы, Түлкібас
ауданы—1968, сонда). «Алпамыс», «Қамбар батыр», «Жаһангер
Құбығұл», «Тақыр шал», «Наушаруан», «Үш өнерпаз» қисса-
дастандарын жатқа айтып, ел арасында жыршы-ақын аталған.
Жұмбақ өлең, жұмбақ айтысқа да шебер болған. Орынбай,
Белгібай, Сауытбек т.б. ақындармен айтысқан. 1918 ж. «Октябрь
ғылыми қосымшалар толғауы», 1920-1940 ж.ж. қызыл отауда, колхоз басқармасында қызмет істеп жүргенде «Қосшылар одағына», «Белсенділерге», «Жалқау колхозшыларға», «Социалистан» деген өлеңжырларын шығарған. 1934 жылы ақындардың республикалық слетінде Жамбыл, Кенен, Шашубай т.б. кездескен. Жаңылай қызбен айтысқан. «Отан соғысы туралы», «Жеңімпаздар», «Ел байлығы» және Бауыржанға арнаған өлең-толғаулары жергілікті газеттерде жарияланды. Соғыстан кейінгі жылдары аудандық, облыстық, өлкелік (1964) айтыстарға қатысты. «Үш мұңлы», «Сегізхан—Мақпал», «Үш жетім», «Қубас», «Ұры аяр», «Сауда ишан», «Кесік бас», «Шәкір—Шәкірат» т.б. дастандарды орындаған. Серғазиевтен «Қамбар батыр» мен «Алпамыс» батырлық жырлары жазып алынған. Смирнова Нина Сергеевна (29.6.1908, Ульянов облысы, Дмитровград қ.—5.2.1978, Алматы)—әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1951), профессор (1953), Қазақстан ҒА кореспондент-мүшесі (1956). Ғылымизерттеу еңбектері қазақ фольклортану ғылымы мәселелеріне арналған. «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1-т, 1968), «Қазақ фольклористикасы» (1972) т.б. еңбектерді шығаруға атсалысқан. М.Әуезовпен бірге эпикалық туындылардың (Қамбар батыр, Қозы Көрпеш—Баян сұлу, Алпамыс батыр, Қыз Жібек) ғылыми басылымдарына басшылық жасаған. Жамбыл шығармалары туралы зерттеу еңбек, Қазақстандағы орыс мектептері үшін қазақ әдебиеті оқулықтарын, қазақ ауыз әдебиеті жөнінде бағдарламалар, ауыз әдебиетін жинау жөнінде әдіснамалық нұсқаулар жазған. Тәжібаев Әбділда (4.2.1909, Қызылорда қ.—23.9.1998, Алматы)—ақын, драматург, сыншы, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1970), професор (1976), қоғам қайраткері. Қазақстанның халық жазушысы. Оның «Сырдария», «Айнабұлақ» т.б. өлеңдері, «Толағай», «Аққу», «Күй атасы», «Абыл» т.б. поэмалары бар. «Өмір және поэзия» (1960), «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» (1971) атты монографиялық зерттеулері, көптеген сын мақалалары жарияланған. Ә.Тәжібаев «Октябрь революциясы», 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
батырлар жыры
Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы
Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде жарық
көрген кітаптар
1. Қисса Қамбар. Жариялаған У.Тухфатуллин.—Қазан, 1888. 2. Қамбар баһадүрдің жыры // Березин И. Турецкая хресто
матия. Т. 3. ч. 2. — СПб., 1890. 3. Тоқсан үйлі тобыр. —Қазан, 1903. 4. Қамбар батыр. Батырлар. 4-бөлім. Жариялаған Ә.Диваев.
— Тәшкен, 1922.
5. Қисса қара қасқа атты Қамбар. Көшірген Қалқай молда.
Тапсырған А. Хангелдин // ОҒК, Ш.671, 2-дәп. 6. Қамбар батыр. Жыршысы—Бармақ Мұқамбайұлы //
ОҒК, Ш.671, 5-дәп. 7. Қамбар батыр. Жыршысы—Шапай Қалмағамбетов //
ӘӨИ, Ш. 35.
8. Қамбар батыр. Жыршысы—Маясар Жапақов // ӘӨИ,
Ш. 102, 1-дәп. 9. Қамбар батыр. Жыршысы—Әнуар Шоқатаев // ӘӨИ,
Ш. 102, 2-дәп. 10. Қамбар. Березин нұсқасы // ӘӨИ, Ш. 36. 11. Назым қыздың әңгімесі // ӘӨИ, Ш. 341.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар мен сөздіктер
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы.—Алматы: Ана тілі, 1991. —
97-102 бб. 2. Ауэзов М., Соболев Л. Эпос и фольклор казахского наро
да // Литературный критик.—1939.—№ 10-11.—С. 210-233;
1940.—№ 1.—С. 169-180. Ауэзов М., Соболев Л. Очерки исто
батырлар жыры рии казахской литературы. Часть первая. Эпос и фольклор // Литература и искусство Казахстана. — 1939. —№ 8—9. — С. 91-116. 3. Әуезов М. Әдебиет хрестоматиясы. 6-класқа арналған. — Алматы, 1937. — 95 б. Әуезов М. Әдебиет хрестоматиясы. 6-класқа арналған. Түзетіліп, 2-бас. — Алматы, 1938. —172 б. 4. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. 1-кітап. Билер дәуірінің әдебиеті. —Қызылорда, Қазақстан, 1932. —234 б. 5. Батырлар жырларының жинағы. Жинаған Сейполлаұлы Сәкен. 2-жинақ. —Семей: Қазақстан, 1933. — 422 б. 6. Кенжебаев Б. Қазақтың халық эпосы туралы // Әдебиет және искусство. — 1939. — № 2. — 119-131 бб. 7. Мұқанов С. Батырлар жырының әдебиеттегі орны // Ба тырлар жыры. — Алматы, 1939. — 5-21 бб.—602 б. 8. Марғұлан А. О характере и исторической обусловленности казахского эпоса // Известия Казахского филиала АН СССР. Се рия историческая. — 1946. — № 2. — С. 75-81. 9. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және оның айтушылары. — Алматы, 1975. — 18 б. 10. Орлов С.А. Казахский героический эпос. —М.–Л., 1945. — 136 с. 11. Қазақ әдебиетінің тарихы. І том. Фольклор. Ред. басқ. М. Әуезов. — Алматы, 1948. — 439 б. 12. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. —А. :Қазақ мемл. көркем әд., 1958. — 404 б. 13. Қазақ эпосы жөніндегі дискуссияның қорытындысы // Әдебиет және искусство. — 1953. — № 8. — 109-114 бб.; Итоги дискуссии по казахскому эпосу // Вестник АН Каз ССР. —1953. — № 8. — С. 95-102. 14. Қамбар батыр. Ғылыми басылым. Ред. басқарғандар М.О. Әуезов және Н.С. Смирнова. — Алматы: Қаз ССР ҒА басп., 1959. — 427 б. 15. Бердібаев Р. Қазақ эпосы (жанрлық және стадиялық мәселелер). — Алматы: Ғылым, 1982. 16. Қасқабасов С. Қамбар батыр // Қазақ совет энциклопе диясы. 6-том. — Алматы, 1975. — 440-441 бб. 17. Қасқабасов С. Қазақ фольклорындағы тұтастану құбылысы // Жұлдыз. — 1992. — № 11. — 181-198 бб.; Қасқабасов С. Жаназық. Әр жылғы зерттеулер.—Астана; 2002.
ғылыми қосымшалар 18. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. Қазақтың батырлық жырларының поэтикасы. — Алматы: Ғылым, 1993. — 296 б. 19. Мелетинский Е.М. О былинных мотивах // Путилов Б.Н. Фольклор и народная культура. — Спб., 2003. — 464 с. 20. Соколова В.К. Об историко-этнографическом значении народной поэтической образности (образ свадьбы—смерти в славянском фольклоре // Фольклор и этнография. Связи фоль клора с древними представлениями и обрядами. — Л.: Наука, 1977. — С. 188-195. 21. Бабалықұлы Ж., Тұрдыбаев А. Саят. – Алматы: Қайнар, 1989. – 104 б. 22. Әзібаева Б. Дастан жанрының текстологиялық зерттелуі // Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының тексто логиялық зерттелуі. — Алматы: Ғылым, 1983. — 191-204 бб. 23. Көпейұлы М. Қазақ шежіресі. — Алматы, 1993. — 76 б. 24. Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в 5-ти томах. Т.1. — АлмаАта, 1961. — 778 с. 25. ОҒК, Ш.566. 1-дәп. 26. Урманчеев Ф. Имя эпического героя // Советская тюрко логия. — 1986. — № 4. — С.22-33. 27. Басилов В. Культ святых в исламе. — М.: Мысль, 1970. — 144 с. 28. Турсынов Е.Д. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт. — Алматы: Дайк-Пресс, 2001. — 168 с. 29. Рейсер С.А. Основы текстологии. 2-е изд. — Л.: Просве щение, 1978. — 176 с. 30. Байжанов Т. Қазақ тіліндегі әскери лексика. Канд.. дис. — Алматы, 1973. 31. Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі. — Алматы: Ғылым, 1983. 32. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 1-том. — Алматы: Ғылым, 1975. 33. Арабско-русский словарь. Составитель Х.К. Баранов. — М.,1968. 34. Древнетюркский словарь. — Л.: Наука, 1969. 35. Қазақ тілінің сөздігі / Құраст.: Ә. Болғанбаев, Б. Қалиев, т.б. — Алматы, 1999. 36. Персидско-русский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика. І-ІІ т. — М., 1970. 26–167
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Минис
терства образования и науки Республики Казахстан продол
жает работу по подготовке и изданию очередных томов Свода
казахского фольклора «Бабалар сөзі», выполняемого в рамках
Государственной программы «Мәдени мұра» («Культурное на
следие»).
По состоянию на сегодняшний день Институтом подго
товлены и изданы 42 тома фольклорных текстов, в том числе
двенадцать томов новеллистических дастанов, семь томов дас
танов религиозно-нравственного содержания, три тома истори
ческих поэм, восемь томов дастанов романического (любовно
го) содержания, один том генеалогических дастанов, а также
одиннадцать томов героического эпоса.
Очередной 43-й том включает в себя один из популярных
героических эпосов казахского народа—«Қамбар батыр». Ран
ние записи данной эпической поэмы были осуществлены в се
редине ХІХ в. В 1888 г. в Казани вышло в свет первое издание
эпоса—«Қисса-и Қамбар», основой которого послужила запись,
сделанная Валиуллой Тухфатуллиным в Зайсане. В 1903 г. в Ка
зани под названием «Тоқсан үйлі тобыр» был напечатан отре
дактированный вариант «Қисса-и Қамбара». В нем меньше, чем
в «Қисса-и-Қамбар», характеристик и поступков героев, объ
ясняемых волей Всевышнего. Опущены, например, следующие
строки: Құдайдың берген көріктерін; Бұйрық болса Құдайдан;
Алла өзі дем берді, ерлердің ісін жөн көрді; Алла саған аманат
бір тапсырып бергенім; Қамбар ердің ал сонда бір Құдайдан
тілеуін и т.п. Этнонимы «русский», «неверный» в «Қисса-и-
Қамбар» 1888 года издания заменены на этноним «калмак» в
Казанской публикации 1903 года «Токсан үйлі тобыр». Надо
ғылыми қосымшалар
отметить, в советское время издание 1903 года оценивалось как
«произведение религиозного содержания», а об издании 1888
года вообще умалчивалось.
Известный востоковед И.Н. Березин во второй части третьего
тома «Турецкой хрестоматии», изданной в 1890 году в г. Санкт-
Петербурге, опубликовал один из вариантов данного эпоса—
«Қамбар баһадүрдің жыры». В варианте Березина интересен
эпизод, когда крещенный Келмембет вновь принимает ислам
после того, как убедился в богатырстве и превосходстве Камбар
батыра над калмакским ханом.
Один из вариантов «Қамбар батыра» записал А. Диваев и из
дал в серии «Батырлар», которая вышла из печати в 1922 году
на арабской графике в Ташкенте.
Варианты эпоса, записанные и собранные в досоветский
период, не ограничиваются перечисленными выше изданиями,
работа по сбору вариантов этого эпического произведения
продолжалась и в советский период. Многие варианты эпоса были
записаны во время фольклорных экспедиций, организованных
Академией Наук Казахской ССР.
Для 43 тома серии «Бабалар сөзі» отобраны из двадцати двух
образцов рассматриваемого эпоса одиннадцать текстов, в том
числе казанская публикация 1888 года, публикации Березина
и Диваева, варианты Калкая, Бармака Мукамбайулы, вариант
Шапая Калмагамбетова. А также, чтобы наглядно продемон
стрировать текстовые изменения в казанских публикациях,
нами включен в данный том текст «Тоқсан үйлі тобыр» 1903
года издания. Своеобразием отличаются записи в исполнении
Маясара Жапакова и Ануара Шокатаева и два прозаических
текста.
Вариант, опубликованный А. Диваевым, неоднократно пере
издавался в советское время. Казанская публикация 1903 года
«Тоқсан үйлі тобыр», вариант Бармака и сказочный вариант
эпоса публиковались в научном издании 1959 года, остальные
семь вариантов публикуются впервые.
Постановления о политических ошибках в изучении и оцен
ке наследия прошлого не обошли стороной и казахский эпос.
В постановлении ЦК Компартии Казахстана от 21 января 1947
года «О серьезных политических ошибках в работе Института
языка и литературы АН КазССР» подверглась критике первая
батырлар жыры
редакция первого тома «Истории казахской литературы» под ре
дакцией М.О. Ауэзова. Подверглись критике в Кыргызстане—
«Манас», в Татарстане—«Едиге», в Туркменистане—«Книга о
Даде Коркуте», в Узбекистане—«Алпамыс», в итоге вышеназ
ванные эпосы оказались под запретом. И у нас велась ревизия
эпического наследия по политическому признаку. В начале
50-х годов запрет распространился на исторические поэмы о Ке
несары Касымове. После итогов дискуссии по казахскому эпосу,
организованной в 1953 году Президиумом АН КазССР, из всего
эпического наследия народа были признаны пригодными для
изучения и публикации только эпосы «Камбар» и «Ер Таргын».
Фольклорные произведения исследовались по принципу совет
ского литературоведения, особое внимание уделялось идейному
содержанию и тематике произведения, основные персонажи
рассматривались только по классово-социальному признаку.
Анализ многочисленных, сохранившихся в рукописных
фондах вариантов «Камбар батыра» показывает, что основу
содержания произведения составляют одни и те же мотивы,
то есть сюжетная линия основных вариантов эпоса остается
неизменной. Также для всех вариантов характерно описание
героя уже как состоявшегося батыра. То есть в этом эпосе
отсутствует мотив чудесного рождения батыра. Только в
варианте Диваева прослеживаются некоторые следы мотива
рождения и становления батыра.
Выбор суженого единственной дочери хана, ее требования
к нему (богатырство), уход матери за скакуном батыра, благо
словение матери перед походом, отголоски старинных обрядов
и обычаев матриархата присутствуют во всех вариантах эпоса.
А традиционная формула—обращение Назым к Камбару «Қара
қасқа атты Қамбар-ай, қара атыңда жал бар-ай» («Камбар, на
вороном коне Лыске, у твоего коня вороного есть грива») — при
сутствует во всех, даже в прозаических (сказочных) вариантах
эпоса.
Происхождение главного героя в вариантах эпоса повеству
ется по-разному. По варианту Березина Камбар —выходец из
рода Уак, а по вариантам Калкая и Диваева—из рода Аргын.
По записи Баяндина отец Камбара—Бетеге, назвали его так, по
тому что нашли в кустах. По записи Рахмета он бедняк-одно
лошадник, кормящий своих сородичей охотой. По записи Шо
ғылыми қосымшалар
катаева Азимбай не хочет выдать свою дочь за Камбара, потому
что он когда-то отнял ханский трон у отца Камбара.
Композиционно эпос начинается и заканчивается тоем (пир
шество). В начале эпоса описывается той, во время которого
красавица Назым выбирает себе единственного достойного су
женого, тоем же заканчивается эпос, на котором Назым слу вы
дали замуж за Камбара, победившего врага, освободившего но
гайлинский народ от ига калмаков.
Разные варианты эпоса записывались от народных акынов
и жыршы последовательно. В 1941 году Союз писателей Казах
стана, специально пригласив Шашубая Кошкарбайулы в Ал
маты из Балхаша, организовал запись произведений акына.
Акыны С. Сеитов и А. Тажибаев записывали в живом испол
нении эпос, в 1942 году вышел в свет сборник произведений
акына «Сөйле, Шашеке». А в феврале 1958 года по одобрению
академика М.О. Ауэзова был приглашен известный жырау
Рахмет Мазходжаев из Кызылорды в институт, где репертуар
акына записывался как в бумажном варианте, так и на магни
тофонную ленту. Также в разные годы усилиями сотрудников
Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова произве
дена запись эпоса от жыршы Кулзака Амангелдина и Келим
бета Сергазиева.
Научное издание эпоса под редакцией М.О. Ауэзова и
Н.С.Смирновой вышло в свет в 1959 году. Научное издание эпо
са, подготовленное Н.С. Смирновой и М. Гумаровой, было осу
ществлено на двух языках — русском и казахском. С тех пор
прошло почти полвека. Надо отметить — в советское время текс
ты эпоса «Қамбар» как в научном издании, так и в популярных
изданиях искажались, вносились редакторские изменения;
в настоящем издании публикуемые тексты даются в первона
чальном, адекватном первоисточнику виде.
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі» том
снабжен научными приложениями, которые включают в себя
сведения о публикуемых текстах и их вариантах; краткий исто
рико-фольклористический и текстологический анализ текстов;
данные об исторических и религиозных деятелях, имена кото
рых встречаются в текстах; словарь древнетюркских, арабских
и персидских слов, терминов и понятий, а также географиче
ских названий; сведения о сказителях, собирателях и публика
батырлар жыры
торах; список использованной литературы; резюме на русском и
английском языках.
Для данного издания большинство текстов подготовлено
с оригиналов, хранящихся в рукописных фондах Центральной
научной библиотеки и Института литературы и искусства
им. М.О. Ауэзова.
Объем тома — 26,0 п. л.
Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Educatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on preparatіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Madenі Mura» («Cultural herіtage»). By present day the staff of the Іnstіtute have prepared and pu blіshed 41 volumes of folklore texts іncludіng twelve volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of relіgіous and moral content, three volumes of hіstorіcal poems, eіght volumes of romantіc (love) content, one volume of genealogіc dastans and eleven volumes of heroіc epos. Volume 43 іncludes one of the popular heroіc eposes of Kazakh people- «Kambar batyr». Early records of thіs epos have been done іn the mіddle of XІX century. Іn 1888 іn Kazan fіrst edіtіon of the epos «Kіssa-ІKambar» based on the record has been made by Valіulla Tukhfatullіn іn Zaіsan. Іn 1903 іn Kazan edіted versіon of «Kіssa-І-Kambar»- «Toksan uіlі tobіr» was publіshed. Іn «Toksan uіlі tobіr» the heroes actіons are less motіvated by God’s wіll than іn «Kіssa-І-Kambar». For example there are no such lіnes as Kudaіdіn Bergen korіkterіn (Beauty gіven to her by God); Buіrіk bolsa Kudaіdan (Іf God gіves…); Allah ozі dem berdі erlerdіn іsіn zhon kordі (God gave hіm (іnspіratіon), just case of the warrіor); Allah sagan amanat bіr tapsіrіp bergenіm (God protects you, let’s trust іn God); Kambar erdіn al sonda bіr Kudaіdan tіleuіn (Then only God fulfіlled wіshes of Kambar hero) etc. Ethnonym «Russіan» and «unfaіthful» іn «Kіssa-І-Kambar» publіshed іn 1888 have been changed іnto «Kalmak» іn Kazan publіcatіon of «Toksan uіlі tobіr» of 1903. Well known Orіental studіes specіalіst І.N.Berezіn іn thіrd volume іn the second part of «Turkіsh lіterature reader» іn 1890
батырлар жыры іn Saіnt-Petersburg has publіshed one versіon of the epos «Kambar bahadurdіn zhyry» that hasn’t been studіed and publіshed earlіer. Іn versіon of Berezіn, Chrіstіanіzed Kelmembet has agaіn accepted Іslam when he became sure that Kambar batyr іs stronger than Kalmak khan. Epos «Kambar» was publіshed іn 1922 іn Tashkent іn Arab scrіpt іncluded іnto the serіes «Batyrlar» prepared by A.Dіvaev. Epos versіons recorded and collected durіng pre-Sovіet perіod are not restrіcted by the mentіoned edіtіons and actіvіtіes on collectіon of іts versіons have been contіnued durіng Sovіet perіod. Most of them have been recorded durіng folklore expedіtіons іn varіous regіons of Kazakhstan. More than twenty versіons of the epos have been scіentіfіcally systemіzed and maіn sіx versіons have been selected such as Kazan publіcatіon of 1888, Berezіn and Dіvaev publіcatіons, versіons of Kalkaі, Barmak Mukambaіuly, joіnt versіon of Shapaі Kalmagambetov. Іn order to demonstrate text changes іn Kazan publіcatіons the dіstіnctіve dіfferences іn plot lіnes іn records of Mayasar Zhapakov and Anuar Shokataev and two prosaіc texts have been іncluded іnto thіs volume «Toksan uіlі tobyr». Versіon publіshed by A.Dіvaev has been several tіmes publіshed durіng Sovіet perіod. Kazan publіcatіon of «Toksan uіlі tobyr» of 1903, versіons of Barmak, Rachmet and tale versіon of the epos have been publіshed іn scіentіfіc edіtіon іn 1959, the rest seven versіons are publіshed for the fіrst tіme. Resolutіons on polіtіcal mіstakes іn Sovіet Unіon have also reached Kazakh epos. Resolutіon of CK of Communіst Party of Kazakhstan from 21 January 1947 «On serіous polіtіcal mіstakes іn the actіvіtіes of Іnstіtute of language and lіterature at AS KazSSR» fіrst edіtіon of the fіrst volume «Hіstory of Kazakh lіterature» under edіtіon of M.O.Auezov was subject to crіtіcіsm. Іn Kyrgyzstan- «Manas», іn Tatarstan-«Edіge», іn Turkmenіstan- «Book about Dade Korkut», іn Uzbekіstan- «Alpamys» have been subjected to crіtіcіsm and as a result above mentіoned eposes have been prohіbіted. Epіc herіtage іn our country has also been subjected to revіsіon on polіtіcal aspects. Іn the begіnnіng of 50th hіstorіcal poems of Kenesary Kasymov have been prohіbіted. After dіscussіons about Kazakh epos organіzed by Presіdіum of AS KazSSR іn 1953 from bіg epіc herіtage of the people the eposes
ғылыми қосымшалар «Kambar» and «Er Torgyn» have left. Folklore works have been іnvestіgated based on prіncіple of lіterature, specіal attentіon was paіd to іdeal content and topіc of the work, maіn personages have been consіdered only accordіng class-socіal aspect. Analysіs of numerous works conserved at manuscrіpt foundatіons of «Kambar» versіons show that the work іs based on the same plots and motіves і.e. plot lіne of the maіn versіons of the epos doesn’t dіffer. For all versіons the descrіptіon of the hero as a batyr іs typіcal. Іn the epos the motіve of mіracle bіrth of the hero іs mіssіng. Only іn Dіvaev’s versіon some traces of the motіve of bіrth and growth of batyr have been consіdered. Kambar batyr havіng learnt about enemy’s іnvasіon doesn’t іmmedіately start hіs trіp, he went huntіng and took care about feedіng nіnety house vіllage. Choіce of the іntended man of the only daughter of the khan, her demands to hіm (bogatyr features), mothers care of the batyr’s horse, mother’s blessіng before the trіp, traces of old matrіarchy customs and tradіtіons exіst іn all versіons of the epos. Tradіtіonal appeal of Nazym to Kambar «Kara kaska attі Kambar-aі, kara atіnda zhal bar-aі » («Kambar, on a black bold horse, your black horse has a mane ») exіsts іn all versіons even іn prosaіc (tale) epos versіons. Versіons have some dіfferences concernіng the orіgіn of batyr. Kambar accordіng to Berezіn versіon comes from Uak clan and accordіng to Kalkaі and Dіvaev’s versіon he comes from Argyn clan. Accordіng to Bayandіn record, Betege іs Kambar’s father and he was named so because he was found іn the bushes. Accordіng to Rachmet’s record, he was a poor man wіth one horse who was huntіng to feed hіs relatіves. Accordіng Shokataі record Kambar’s father іs a khan and Azіmbaі father of Nazym slu іs aspіrіng to take hіs throne and that’s why іs agaіnst batyr’s marrіage. The epos composіtіon іs buіlt so that іn the begіnnіng of the epos the toі іs descrіbed durіng whіch Nazym slu should choose the only worthy іntended man and іn the end of the toі (fest) Nazym slu has marrіed Kambar who has won enemy and released Nogaіly people and nіnety houses vіllage from Kalmyk suppressіon. Varіous versіons of the epos have been consequently recorded from akyns and zhyrshі. Іn 1941 the Unіon of wrіters of Kazakhstan has specіally іnvіted Shashubaі Koshkarbaіuly to
батырлар жыры Almaty from Balkhash to arrange recordіng of works. Akyns S.Seіtov and A.Tazhіbaev have recorded lіve performance of the epos and іn 1942 the collectіon of akyn’s works «Soіle, Shasheke» was publіshed. Іn February 1958 Academіcіan M.O.Auezov has approved the іnvіtatіon to the Іnstіtute of the well known zhyrau Rachmet Mazkhodjaev from Kzylorda, repertoіre of the akyn has been recorded both on paper and tape. Also durіng dіfferent perіods the staff of the Іnstіtute of lіterature have made record from zhyrshі Kulzak Amangeldіn and Kelіmbet Sergazіev. Scіentіfіc publіcatіon of the epos edіted by M.O.Auezov and N.S.Smіrnova was publіshed іn 1959. N.S.Smіrnova and M.Gumarova have prepared the edіtіon. Scіentіfіc edіtіon of the epos was prepared іn two languages-Russіan and Kazakh. Sіnce that tіme almost half century has passed. Durіng Sovіet perіod texts of the epos «Kambar» іn scіentіfіc and popular edіtіons have been changed, edіtor’s amendments have been done and present edіtіon іncludes texts that are іnіtіal, adequate to the orіgіnal texts. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the volume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіgures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. For thіs edіtіon most texts have been prepared based on the orіgіnal that іs kept at manuscrіpt foundatіons of Central scіentіfіc lіbrary and M.O. Іnstіtute of lіterature and art. Volume 26,0 pp.
Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Қамбар баһадүрдің жыры (С-Петербург, 1890) ................... 11 Қисса Қамбар (Қазан, 1888) ............................................. 49 Тоқсан үйлі тобыр (Қазан, 1903) ....................................... 84 Қамбар батыр (Тәшкен, 1922) ...........................................115 Қисса қара қасқа атты Қамбар (Қалқай нұсқасы) ..............166 Қамбар батыр (Б.Мұқамбайұлы нұсқасы) .........................200 Қамбар батыр (Ш.Қалмағамбетов нұсқасы) .....................258 Қамбар батыр (М.Жапақов нұсқасы) ................................303 Қамбар батыр (Ә.Шоқатаев нұсқасы) ...............................322 Қамбар (Ертегілік нұсқа) ................................................330 Назым қыздың әңгімесі (Ертегілік нұсқа) ........................333 Ғылыми қосымшалар «Қамбар батыр» жыры .....................................................337 Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................357 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................381 Сөздік ..............................................................................387 Жер-су атаулары ...............................................................391 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................392 Шартты қысқартулар ........................................................398 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................399 Резюме ............................................................................402 Summary ..........................................................................407
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 43 том ГЕРОИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова
Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова
Редакторы Ұ. С. Тілегенова
Техникалық редакторы Г. Бектібаева
Компьютерде терген Э. Мейірбекова
Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева
Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы
ИБ № 2236
Теруге 06.07.07 жіберілді. Басуға 30.07.07 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 26,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 167.
«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1
«Фолиант» баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру