Қаратау қаламгерлік қазынасы
Сәрсенбек Сахабат
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қаратау қаламгерлік қазынасы. Сәрсенбек Сахабат
ӘЛІП МҰҚАДИМАТ
Қариягөй Әзіреті Қаратау.
Қазынаға қойны-қонышынан лықа бөккен. Қары салбырап қайла ұрған, алақаны ойылғаннан емес ек... Қарадай қуысқа түсіп кеттік. Қалғанымызды көзіне ілмеді. Қалбақтағандар мәстек мінгізер деп Мәскеуге майыса беретін. Қақпан жайып қақпақылға қуған тілі майда қараудың ділі қастгөй. Қара күйелеш жұмысшыға қарны тойып ас ішкеннен, мәймөңке мақтау естігеннен өзге түк қалмағандай еді. Қайда қарасаң да қаптап кеткен келімсек. Қалалық кәзиті де қосалқы. Құлқыны құзданған қараулық асқына берген. Қазына-кенді жайына қалдырып, қазына һәм қызына беретіміз осы. Қаланың асты ғана емес, кеудесі қоса қуыс болатын. Қадыр-қасиеттен айныдық. Қадимда ше? Қаратауға жетіп жығылған бейбақ өзін сопының сүлейімін, «Шаянға барған — әншімін, Созаққа барған күйшімін» (Мұхтар Әуезов) деп көкірегін кермейтін, текірек қақпайтын. Қарнын жалаңаш қылмаңдатқан, бөксе бұлғаңдатқан бүлкекке жабыла жығыламыз. Қалай да «бізде би болмаған» деп бөстекі көпіреміз. Қаңлы — Қият — Қыпшақтың отырып-тұрып билейтін жауынгерлік салтын бұл күнде «в присядку» омыраулап, меншіктеп алған. Қарабайырға әсте ұқсамайтын Қаратау. Қара қасқа атты Ер Қамбар. Қара қобыз. Қоңыр домбыра. Құдай қонақ қоңыржай мақам — Қаратау десек ет жүрегіңді езетін етене андыздай бермек. Қаратау — сірә көптік етпейтін әдеби Меккеміз, үкілеген үмітіміз. Қашаннан солай. Қаратауда күнін өткерген Құл Қожа Ахметтің, яки осында түлеп ұшқан Құл СҮЛЕЙМЕН Һаким Атаның (Бақырған) Қарахан әдебиетінен уәзіні бөлек. Қара өлеңнің 7-8 буынды, 11 буынды қағидатын ерек ұстанады. Қараулық емей немене, 7-8 буынды қара өлең уәзінінің екі жолын бір жолға қосақтап күштеп жықсаң дап-дайын «ғазал» қалыбынан шыға келмек. Қайта ежіктемедік, бұл һақында бұрын жарық көрген «Йассауийа тариқаты» атты еңбегімізде ерекше шұқшиған едік. Қиссагөйдің басы — Сүлеймен Һаким Ата, соңғы тұяғы — Шәді төре. Құлыншақ, Молда Мұса, Нұралы — бел ортасы. Қасақана шеттетілгеннің дініне, діліне беріктігі ұнамаған. Қызыл жырауды облыста ешкімге дес бермегеніне қарамастан, айтыс ақындарының бірінші республикалық бәйгесіне «Алланы, дінді көп айтасың» деп жібермей, жолын кескен. Қаратау — бауырмал қазақы мінез; содан да аяғын Қырға да, Сырға да, Құмға да, Тау-тасқа да еркін көсіле береді. Қараулығын қоймағандар әз әулиелерді, Иасы шәріпті ұрламай-жырламай опырып, өз тіліне бұрап жығады; әпсана дейді, ләтипа дейді. Қазақ әдебиетін аңыз-ертегілік, эпостық, қарахандық, сопылық, қиссагөйлік, феодалдық, сәбеттік яки сырбойлық, арқабойлық т.б. деп бұтарлауға, жағрапиясына жілік үлестіруге құлшынған жоқпыз. Құбыла салатын мәдени экспансия бұл. Құрысыншы деуге ұлттың ұжданын ҮПТӨЙ салмақ. Қазақ — растгөй, мұсылман һақгөй. Қазақтың да өзіне тән қайталанбас мағыналы тұрмыс салты; тарихи тіні астасқан өсіп-өнген жол-жорасы; һақ діні, һасыл ділі; жанжұмырына жарасты әдебиеті; тамсанып жеткеретін тілі бар ұлттыққа ұшынатын халық. Қоғамдық санасы да ешкімнен олқы емес; сонау 1916 жылы өзгенің алдына түсіп кеткен. Қасуылдап отырғаныма көзіңіз жеткен шығар; бізге ендігі жетпейтіні — қолдағы барды ұқсата алатын ғылыми пайым-парасат Қазақтанудың құдіретіне бойласақ дер едім. Қарапайым жазбайтынымды үлкен-кіші ызыңдап, құлағымның құрышын қандырды. Құлақшынымды бастыра киіп жүріп жатырмын. Құлбек ғұлама құптамағанмен, өз жолымнан, қолтаңба машығымнан қайта алар емеспін. Құйғытып өте шыққан қилы замандардан хан жайлаған Қаратау да, Қазақ та батып-қалқып шыға келмек. Қазығұрт — кіндігіміз, ғарыш бәйтерегі, топан суда Нұһ нәбиуллаһ қайығы қайырлаған құтты қоныс. Қырғақпен бастас Қаратаудың, ендеше, жөні бөлек. Қағазынан бас көтермей сөйлегенді Қазекем суқаны сүймейді, шешенге һәм көсемге тән алмаған. Қамшыны бүктеп ортаға шаншып көсілгенге қайдан жетсін! Құшырымыз сонда ғана басылмақшы. Қисық-қыңыр мінезден құры қалдырмаған Һақ Тәңірі. Қаратаулық көзге көлбеңдегеннен құлай сене қоймайтын, қайта мысқылдап өзіңді сілкілейтін бір қуақы. Құлтасыз дархандығына шаршап-шалдығып әрең жетесіз. Қиссагөй әдебиетіміз бар. Қорасан парсыларына қой атағанымыз соншалық, турамыштап қоң етімізден кесіп бердік. Қызылбасты араб деп тантығанымыз қайда. Құмкентті көзге ілмей Ніл дариясының басына тентіредік. Қияметке дейін Бұқар да, Мәру де, Балқы да, Ғазна да, Бағдат та дос болып қала алмаған. Қайта көгереңдеп «кәуір» деп кіжініп, қожаңдап зығырымызды қайнатты; ішімізден бүлдірді. Қазақ жыраулары діни тәмсілді, ішінара ғазал ұйқасын қуалағаны болмаса сірә соқыр фанатизммен жетектеспеген. Қолдан қолға, ауыздан ауызға көшкен еңсегей эпосымыз, аңызақ аңызымыз аздап алашұбар тартқан, өзегі өңделген. Қалмақтан басқа жауы жоқ, пері қызының етегінен өңге жатыры жоқ; яғни тарихи тегі тып-тыйпыл. Құлшына бергеннен Түркінің түгелдігі тоз-тоз тентіреп төрт тарапқа шашылған. Қисын қуалай берерміз-ау — Алаш ағартушылығы орысомыраудың алдын аңғарып елсүйер елгезектігін танытты. Қарауға елітіп қарадай жерге ұрып келгеніміз болмаса бәрі де дұрыс, шымырына шырматылып келе жатқан шындық еді. Қағілез, қарым-қабілетті қазақ ғылымы (Шоқан) мен поэзиясы (Абай һаким), тіпті педагогикасы (Ыбырай) жүйрік зеһнін (зейіні), өткір өресін (зийал) тағы бір дәлелдеп жаңа өрлеудің (ренессанс, возрождение) берік іргетасын қалады. Қоғам санасындағы толағай тұлғалар осылай қалыптасқан. Қазақтың өткір өресін шыңдап «Еуропаға терезе ашқан» Шоқанның ғылыми көсемсөзі; абыз Абайдың лирикасы һәм ақылман поэзиясы, ғақлиясы, төгілген тәржімасы тура жолды дөп сілтеп өренің даңғылына сүйрепті. Қазаққа татар ағартушылығының да, Бұқар шәріптегі діни фанатизмнің де қол емесін аңғарған Шоқанның шыр-пыры — бөлек ғылыми таным, ұлттық болмысты таза ұстауға шынайы талпыныс. Қорғасындай ауыр тартқан санамыз әдебиетті ұлттың ішкі мазмұнына айналдырып, сыртқы ықпалдың (өгей өре) сылаңынан шебер қорғануға үйретті. Қалған туғандарымыздан қара үзіп қалғанымыз да содан. Қауіп-қатерде әркім өз басын бар білгенінше қорғаштап бақпақ. Құры әуреленгенше, бекер өзеурегенше туған-туысқа кешірімді қарайық, осыны есте тұталық. Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ мінездемені ұлттық әдебиетке, тарихқа, таным-түйсікке қатысты қалған түркіге де, қазаққа да айта алмай тілімізді тістелеп келдік. Қарындастықты сақтап қалу қиын өнер. Қатпар-қатпарын түгендегеннен әлденеге басымыз піспей қалады. Қанша бас қатырғанмен нәсілқарындастықта, дінқарындастықта тиемелі ортақ дәстүріміз ұлттыққа тұмсығы тірелгенде бей-берекет пышырай салмақ. Қадимды елемеу, қалауына бұрап жығу ежелден етене өркөкіректік. Құдіретке құлай табынған христиан діні өзінің буыны бекіп, бұғанасы қатайған миләди V ғасырға дейінгіні белден сыза салып, адамның ақыл-ойын бүркемеледі. Құрдымға ең алдымен антикалық өнер, қадимғы ӨТМҮШ, Көшпелінің өксіген өресі құлады. Қазақ ағартушылығы құнарға дәнін шашып өз жолымен жедел дамып келе жатқан; Алаштың Әлихан, Ахмет, Міржақып сынды көш бастаған көсем ұлдары қоғамдық ойды көсеген, 1916-жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне жалғаған алтын көпір еді. Қазақты өкшелей қуған, ізіне түскен отаршыл обыр қылышын жалаңдатып боданын даулаған сыңайда Қытай жерін жауламақ ойға бекінген; шыжыған күн астында әскерін жаттықтырып «Курица не птица, Персия не страна» деп әндете бастаған. Қалғанына қанық болғыңыз келсе көкірек көзімен Т.Рысқұловтың көсемсөзін оқып шығыңыз. Қарсылыққа көшкен Қазақ зияалы қажетіне хал-қадарынша ғылымды жаратты; өресін өсірген әдебиет тұтастай ұлт мемлекетшілдерін (Мұхамеджан, Мұстафа, Тұрар, Нәзір) билік тұғырына, саясат сахнасына әкелді. Қуатты осынау лек, бір қызығарлығы, шетінен көш бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де. Құбыладан ескен қызыл жел — пролеткульт төтеннөн килікті. Қызыл комиссарлар жаласын арабқа аударған қызылбастың қулығынан да, христиан культінен де асып түспесі бар ма. Құйтырқы қондырма ғамал діннен ажыратып, «тілі — бөлек, ділі бір» культрагерлік сананы сіңістіргеннен ұлттықты қорлауға болатынын шебер һәм алдын пайымдаған. Қорлыққа мәдениеті, өнері, әдебиеті, ғылымы ұшыраған; осының баршасы тоғысатын діні жоғалған ұлттықтан естілікті күтудің өзі ерсі екен. Құлатасқында Жүсіпбекті, Бейімбетті жоғалттық; әйдік Әуезовті, мұзарт Мүсіреповті арбаға таңып сабаудан шаршағанда барып әрең таныдық; Қаратаудың Тәкеңі мен Асқарын қамал бұзған қаһарманның қатарына қосуға қимадық. Қарау пролеткульт бар, қазақы қызғаныш бар — аяғымыз шалыныса береді: «Әлемдік өлшемнен тартқанда азын ғана әл-шамасы бар, орташа ғана бойы бар, орталау ғана сыйы бар өзіміздің қазақ әдебиетінде Тәкең анық суреткердің бірі еді. Айтсақ енді өз биігімізге қарап айтамыз, өз күйімізге қарап жоқтаймыз. Қазақ прозасында біздің ойымызша өзіндік із қалдырған сол Тәкең енді замандас-тұстастарының есінен, бәлкім, шықпас та. Ал келешектің қай тұсына ілгері біздің болжамға сыймайды. Ол жағын келешек өзі билемек» (Т.Тоқбергенов. Ай мүйіз. (Қаратау перзенті). А., «Жалын», 1990, 116-бет). Қам-қарекетшіл Төлегеннің атасына рақмет. Қалайда ағасын күнеске сүйрелеген кісіліктің, сыншы мәдениетінің үлгісін танытып өтті — мұны жершілдікпен шектеу өз нұқсанымыз. Қиянат-ақ! Қара басының еңбегін елегендіктен алдымызға салдық, Төкең талдауына тәшін бердік. Қаршадайынан (оныншы класқа көшкенде) көріп, кейіннен сүйкенісіп өскен Тәкеңді Тоқбергенов көп жазбағанда, енді кім жаза қойсын?! Қалыса қоймаған Асқар Сүлейменов, Ш.Елеукенов, М.Серғалиев, Т.Ахтанов, Қ.Ысқақов, З.Серікқалиев. М.Байғұт һәм басқалары тылсым Тәкеңді тәнті суреткер танығандар. Қолға түсе бермегендіктен өзім де олардың кейбірін оқымағандықтан ақпараттық нұсқаны қанағат көрдік. Қоңыртөбел қараша ауыл — «желдің өті Жартытөбедегі» жайсаң Тәкеңді, оның тәлімін қалай қомсынамыз. Қазаққа көңілі тазаның қай жерде туып-өскенінде, қайда күн кешкенінде тұрған не бар екен?! Қораштан қол үзетін күнге жеттік емес пе. Қазақ қай қоғамда өмір сүрмесін: баяғы феодализм, кешегі социализм, бүгінгі нарық — қашанда дүбірлі дүниенің тәнінен кесіп тастай салатын артық еті болмаған. Қайғырмайтын, азғырған астамның ақылына құлақ асатын өзіміз. Қаскүнем не демейді. Қазақ орысша ойланып, ағылшынша алқап ғаламдық шедевр жасай алмас. Қос тілдік, қос азаматтық, қос діндік ешкімді ешқашан кемеліне жеткеріп, ұшпаққа шығармаған. Қазымыр десеңіз өзіңіз біле жатарсыз. Қараңыз, космополиттің көсемі Олжас көкемнің не дейтініне: «дінсіз қыпшақ — Фараби». Қыпшақ бөтенім емес! Қиғашын қайтпекпін: ұлық бабамыздың ортағасырлық дәстүрге сай нисбасында Узлұғ деп тайға тамға басқандай көрсетеді; протобабаларымызды «уз» деп Ұрым мәтіндері атайды (украин тарихшысы П.Голубовский); осылардан арабқа ауысқан. Қадала түссек: уз, гуз, огуз, оғыз — өзіміздің өкүз/өгіз; пехлеви нұсқасында — Тур. Қыпшақ жазған да коман, куман, кобан, половцы болып құлпыра бермек; Дунай суында дөңгеленіп католик, Мысырға асып мұсылман, құдандал Киевпен құшағын жазбай православие арасына сіңіскен. Құбан/Кубань атажұртында қуыршаққа айналған өтмүш. Қай құйрығымен сүңгігенін қайдам, «сан берген, сапа берген, сана берген» Аллаһ тағалаға сүйініп өткен Фарабиді "дінсіз" деу қанша жұмсартқанмен қиянат қой! Қалай сенеміз, ендеше? Қыпшақ емесі, дінін қадыр тұтқан мұсылмандығы көрер көзге қарадай ұрынған әбестік. Қазақтың өресін өгей тілде жеткере алмайтынымызға таптырмайтын мысалға да татырлық бұл һикмет. Қазақтың жаны шошайса, шырқырайтын әдебиеті мұндайда не істемек: «Әдебиеттегі керекті жанрдың бірі — қара сөз болса, сол бізде мешеулеп, өріс алмай келеді. Оңай өлең жазып әдеттенгендерге қара сөз жазу ауыр көрінді. Бірақ оқушыларымыздың тілегі күннен-күнге өсіп, желілі, сюжетті көркем шығарманы керексінді. Оқушыларымыздың бұл ділгірін елемеу бізге үлкен күнә еді. Мен қара сөзге айналдым. Сонда осы олқылыққа түгел тығын болдым деп мақтанатын кісің мен емес!» (Б.Майлин. «Сөзстан», А.,«Жалын», 8-кітап. Құрастырған Б.Сарбалаев, 1987, 154-бет). Құрақ құрастырғанның қазаққа келгенде бір қиығы бос жалбырамақ. Қала тұрмысына дәндемегенді ауылдан бұру шынында жөнге жарамайтын. Қызыл тілдің қыздырмасынан бөлек шындығы осы. Қаратау теріскейінде өсіп-өнген ауыл баласы кімге етене болмақшы еді. Қатпар қуаласақ: «ауыл маңында айналақтап шыға алмадым: бірінші, мен жете таныспаған нәрсемді жазуға тым шорқақпын. Ауыл өміріне әріден таныспын. Ауыл өміріндегі түрлі кемшіліктерді, жолсыздықты мен көркем сөзбен айтып беруге құштарландым... Менің қаламым ауыл тұрмысын түгелінен «қазып жазып қатырып» ала қойған жоқ. Ауыл тұрмысынан жазылған сан түрлі көріністердің әлі мұрты да шабылған жоқ. Ауылдағы бұл өзгерісті, күн санап құлпырып жатқан мыңдаған жаңа адамдардың пішінін көркем әдебиетте көрсету үшін әлде болса қаламды қадай түсу керек болар. Олай болса, бірер жазушыны «ауылға айналақтадың» деу қаншалықты орынды болды екен? Және осы «ауыл», «өндіріс» деп бөлшектеудің керегі болды ма екен?» (Б.Майлин. Сонда). Құлшынғаны — ұлт әдебиетінің қамы болса, онда қаламгер шымқай шындықтан қалай айнып, яки айналып кетсін. «Қаратау қазынасы» дәстүр ұштаған; қарадүрсін әлеуметтікті жан дүниемізге бойлатқан әлеуетке айналдырған батылдық; көркемдік тәсілді озыққа теңестірген өнерлі өріс. Құры жерге өнбегенін әуал құнттадық. Қалғанын да қамдастыра жатармыз. Құштардан жазбасақ Өлеңге өңкеңдей беретін ғадетіміз бөлек. Қарасөздің шынайы шеберлері Тәкөн, Тахауи, Әбіш, Оразбек Сәрсенбаев т.б. баста өлөң жазған, есейе келіп жанр жаңалаған. Қанша санамалағанмен қызық шіркін таусыла қоймас. Қоя тұралық. Қазақы өреміз Шығысты да, Батысты да жатырқамаған көпшіл мінезімен ерек бірегей. Қамшы салдырмай қосамжарлана береміз. Қалтарыстағы қазынамыз — Көшпелінің көшелі өресін өзгені қоя салып өзіміз менсінбейтін кеудемсоқпыз-ау. Қомсынғанымыз — өз түп-тұқиянымыз. Қазақтың жаны, демек әдебиеті, ілім-ғылым жорасына болмасын, этностық реңк болмысына болмасын басы бұлқынып көнбейтін асау. Құнарына құлықсыздығы әу бастан; шетсіз-шексіз ғарышпен туа бітіскен төл тыныс-тіршілігіне ілім (Шығыс) де, білім-ғылым (Батыс) да дендей еніп дұрыс түсіндіре алмаған. Қанымызға сіңбегенін енді мойындалық, одан ештеңе жоғалта қоймаспыз. Қайта, бәлкім, табыса жатармыз. Қадау ойлы суреткер Тәкең Әлімқұлұлы туа бітті мінезімен жұртқа жалпылдамайтын, көп сөйлеп көстеңдемейтін. Қолымен қоңқақ мұрнын орай сүртіп арғы-бергіңнен бір-ақ сүзіп; бірақ не ойлағанын айтпай діңкелетіп қояды. Қалғанымыз осынау оқшау мінездіні төбемізге төре көтеріп ешкімге міндеттемегеніне қарамастан тәліміне өттік. Қарапайым бұйығы ғой деп қомсынуға ішіміздегі Құдайдан қорықтық. Қабағы ашық үндемес Тәкең «іштегі нұры сыртына түр салған» (Тұрмаханбет шайырдың сөзін аз-кем түрлендіріп алдық) сырбаз суреткерлік, өнегелі өнер иесі. Қантқа үймелеген шыбындай сүйсіне беретініміз содан. Қомағайлықтың себебіне тоқталсақ... Қаратау қасқайып аман тұрғанында Қазақтың еңсесі селге езілмейтінін Тәкең дәлелдеп өтті. Қоғадай жапырлаған ақ бейіліміз қызғыштай қорыған ақиқатымыз осы. Қаратау дегенде елеңдемейтін құлақ жоқ. «Қаратау перзенті» Тәкеңе тақ тұрмайтын қазақ қаламгері жоқ. Қалың бейнетінің зейнетін татқан суреткер бақытты! Құдіретті тағдыры! Қарасөз шеберінің қасында жүргені бар, қара тұтып алыстан сүйінгені бар — бәрі-баршасы Тәкең тәлімін мойындағаны - бір ғанибет. Қасиман Мұхтар Әуезов: «прозаны орыс тілінде жаза алмас едім. Сөздік қорым жетпейді. Проза жазу қаншама білімді интеллигент болса да әрбір жұмырбасты пенденің қолынан келе бермейтін сөз саны мен сапасын қажет етеді. Тіл ерекше эрудиция, ерекше тәжірибе. Бүкіл өмір тәжірибесі. Егер салыстыру іздесек, шешеннің тілі бұл шынтуайтқа келгенде бір ғана адамның һәм бір мезгілдің ғана тілі... Жазушының тілі — бұл көп адам, көп пенденің, қалың көпшіліктің, халықтың және бір ғана емес, бірнеше мезгілдің тілі» (Біздің Мұхтар «Жазушы», А., 1976, 97-бет) депті; ал неге бұлай дегеніне көбіне бас қатырмаймыз. Құрысыншы, тілден қағынған пақырмыз, талай жақсы мен жайсаңды орыс тілінде оқып танып-тұщындық. Қарасөздің Жүсіпбек, Бейімбет, Мұхтар, Ғабит сынды марғасқалары Кеңес заманында жасап, жазып өткен. Қалайда Абайды, әлгі марғасқа жайсаңдарды, сол Тәкең мен Асқарды орыс тілдінің алдында мақтауын жеткере алмай әуреміз. Қалам табында қасиеті бар хас шеберлеріміз сөйтсем «өнердің өнегесіне» (Төлеген Тоқбергенов) көңілі құлап, көптің қамына жүріп тектілік танытыпты. «Қол созғанымыз күні кеше көрінетін қарасөзде «Қилы заман», «Қараш-Қараш», «Көксерек», «Қаралы сұлу» сынды әлем әдебиетінің тарихында бір-ақ рет болған қайталанбас ғажайып құбылысқа айналған. Сол қарқынмен «Абай жолының» қарлы сеңгіріне шыққан Әуезовтей алыбымыз бар» (Мұхтар Мағауин). Қапысыз шындық — М.Әуезовті Алаш қаратаяқтарының қатарынан шыққанына бола қараладық; басы дау-дамайдан арылмады. Қопал қопаңдаймыз өзі; Мұхаңның құдіретті қаламына тән — көсегемізді көгерткен классикалық әңгіме-һикаяттары, драматургияға түрен салған дүниелері 1916-жылдан бастап қасаң пролеткультқа дейін жазылып қойған. Қаратаяқ Алаштың мысы қарабайыр пролеткультшілдерден қалайда басым, еңсегей бойы биік. Құрғақ дәріптелген культрагерлік сана шығармаларынан жан дүниемізге М.Әуезовтей тік бойлаған тәуекелді көре алмай, кесек мінезді жолықтырмай айран-асырмыз. Қарадай үріккен өзіміз, әйдік Әуезов Кеңес заманында жасағанымен көркемдік өресі замана зәйілімен аса тіл табыспаған феномен. «Қилы заманға» қаншама қаңқу ерді, қаспақ жағылды; мәселе — қазақтың 1916-жылы дүр сілкінгенінде болатын. Қорлыққа шыдаған «Қилы заман» төзе жүріп өзінің классикалық дүние екенін бәрібір мойындатты. Құрмалас сөйлемге үйір М.Әуезов басында міні жоқ, тілінен шұрайы тамған шеберлік мектебі. Қолынан келген кісі ғана бара алатын міртәуекел! Қалбаң қақтырған культрагерлік мәдениеттің Шығысқа тән сөз саптау мәнерінен «цветастый» деп азар-безер басын қашыртқаны өз кінәраты. Құраннан үйренуге А.С.Пушкин арланбаған, И.Гете шығыс шайырларына құлай құмартқан. Қасаң қағидаттан ақыл-ойдың абыройы жоғары тұратыны да шәкшүбһәсіз. Қауырт өскен, қайран қалдырған Қазақ қарасөзінде Әуезовке тән берушілік эстет сыншы, жаны қазағуар Төлеген Тоқбергеновке де үйреншікті: «Қазақ әдебиеті үшін ендігі міндет, ендігі мұрат — осы «Абай жолынан» айнымақ та емес. Ақындық ой іздесек те, парасатты прозаны қуынсақ та «Абай жолының» әсер-ықпалы һәманда көз алдымызда кел мұндалап тұратын болса керек. Қазақ әдебиетінің қазіргі талантты өкілдері де, ендігі келер буыны да Әуезовті ұстаз тұтады. Бұл талант-талап тұрғысынан Әуезовтен аспау, Әуезовтен озбау дегендіктен емес. Өнерде ондайлық тежеу әсте де болмайды. Ақыл-ойдың өлшемі болмайтыны сияқты өнердегі шеберліктің де шегі жоқ. Өнердің бір саласы ретінде әдебиетте сол межелі жерге жетсем болдым-толдым деген сөз айтылмасқа керек. Демек, біз Әуезовті ұстаз тұтқанда осы жағына ой жіберуге тиіспіз. «Абай жолынан» кейін одан нашар жазуға хақымыз жоқ» дейтін сөздің мәнісі осында. ... Әдебиет пен өнердің түпкі мұраты — өнеге болса, сол өнегені мақсат тұтқан жақсы қасиет те Әуезовтен тарап жатады» (Аймүйіз. 23-24 бет). Қазақтың көшелі өресіне жете алмай құлап жатып күлетінге қатты таңым бар. Қара ақылдан медіресе-дарулфунин, гимназия-университет бітірмей-ақ алдымызға жан салмаппыз. Қаулы-қарарсыз, культрагерлік санасыз да әдебиет жасағанбыз.
БИ МҰҚАДИМАТ
Қалай жазғанымыз жөн өзі...
Қаратау жампозына сөз берелік: «...Ескеретін бір нәрсе — жазушылық мәдениет. Заңсыз жанр жоқ. Проза жүкті қаншама көтерсе, соншама нәзіктікті талап етеді. Бір сөз екінші сөзді жандандырып, әсерлендіріп, ұлғайтып жатпаса текстің сорлылығы ... Стильдің адам екені белгілі! Олай болса стильсіз жазушыны қалай жазушы санатына қосамыз? Қудың, ақылдының, білімдінің бәрі суреткер емес қой. Суреткерлік — үнділіктің, дәмділіктің, шырайлылықтың сапырылысқан шипа сусыны ғой. Меніңше, әдеби сын, ең алдымен, көркемдік талантты жыға танудан басталуға керек» (Тәкеңнің Т.Тоқбергеновке жазған хатынан. 4-қараша 1971-жыл). Қиғаш тартуға құмар да емеспін. Қыңыр қазақылықты көптеу төңіректесек ұлттық әдебиетті түстемек қисын баршылық. Қалбағай қақпаған некен-саяқ батылдықты ауызға алмақ ойдамыз. Қоғам қожырағаннан мемлекетшіл де, ғалым да ұлтсыз ұрда-жық күйкі кешкен. Қаулы-қарарға құлдық ұрған әдебиетте, әдебиет ғылымында «ұлттық оқшаулық» иммунитеті қалыптасты. Қиссагөй әдебиетке бой бермеген жыраулық дәстүр болған; Абай тәрбиелеп кеткен Алаш жазушылары болған; Асқар Сүлейменовті, Мұхтар Мағауинді қуана қолдап-қуаттаған Мүсірепов қалған. Қаны шыққан интернационализм қанша жерден «дүниенің ұстынына» айналғанымен, қарабайырға күштегенімен көркемдік өрені көндіре алмапты. Қоңыр үнді, қаз дауысты Тәкең сөз саптауға ұста; әр жанрдың басын қосқан, қатар жеккен сезімтал әмбебап. Құтқадам қайсарлығымен қамал бұзды. Қос тілді болмай-ақ, қаулы-қарарсыз-ақ қазақ әдебиетін көркейтуге боларын дәлелдеп өткен өнегелі өмір. Қамшы салдырмаған шеберден тағы бір нұсқалы сөз: «Жазушы өзін өзі қайталамасын. Біз синоним, эпитетті көп қолдануды айтамыз. Ал бұның өзі сөздің баламасын табу ғой. Сөзден сөз тудыра білу керек». Қазынасы әркімнің өз ішінде. Қағыстыра беретініміз де пенденің «ойлау, әрекет етуіне бас-көз боп отыратын ішкі дүниесі, жан дүниесі» (Т.Тоқбергенов). «Қаратау қазынасының» жұпар жұмыры мәртебемнің мейірімін қандырады, өнердің өресімен теңестіреді. Қанын сығып битімізді салғанымыз содан: «Ендігі жерде прозадағы шеберлік жөнінде өзге жұрттың алдында ұялмай-қызармай әңгіме қозғарлық әл-шамамыз бар сияқты. Әл-шама дегенде сөзге тиек боларлық, ойға — азық, пікірге талшық боларлық сауатты, салауатты материал баршылығын айтпақпыз» (Т.Тоқбергенов. Үш тоғыс. «Жазушы», А., 1977, 79-бет). Құнарын қарыстасақ та: «Барлық жанрда пәлсапалық тереңдікке, психологизмге бой ұрушылық сезіледі. Адамның жан дүниесіне үңілу басым. Прозада талдауға бейімділік, суретке, образды сомдауға ұмтылыс бар. Кейіпкердің ой-өрісін, жан сырын, пиғыл-пейілін бедерлі бейнелеуге ұмтылу салауатты прозаның анық үлгісі болса — әдебиетіміздің ендігі аңғары осыған ауып барады» (Т.Тоқбергенов. Қос қағыс. «Жазушы», А., 1981, 10-бет). Қала ма, ауыл ма; бүгін бе, кешегі ме? Қалайда тақырыптың оңайы жоқтығын жадымызда тұттық. Қарым-қабілетіңді, түн ұйқыңды, төзіміңді, жұлын-жүйкеңді жүндей түтсе қалайша осал болсын?! Қара сөзге ауысқан Тәкең Әлімқұлов романмен ауызданып, кесек бастап; жүре келе әңгіменің әйгілі шеберіне айналыпты. Қызығы сол, тылсым Тәкеңді тақырыпқа теліп, шандып таңа алмайсыз. Қадау шебердің «Ақбоз ат» романы — «өзінен кейінгіге әсері мол сүйекті шығарманың қатарынан көрінді» (Т.Тоқбергенов). Қыры-сыры мол әдебиетте өзіңді мойындату орасан қиындыққа төтеп берерлік күшке түспек. Қадау «коммунист образы» ескірді. Қаратаудың бір шалғайындағы ауыл адамдарын Қазаққа таныстыруды мойнына алған Тәкең, оның ізін қуған Асқар адамгершіл мінезбен көптеу аңдысқан сыңайға күрт ауысқан. Құбылма мінездінің Тәкең сомдаған бірер мысалына жүгінейік: «Бұл жақтың пірі — салмақ. Көшеде аяқты нығыз баспасаң болмайды». Қолға алғанымыз Тәкеңнің «үйреншікті үлгімен жазылмаған» (Шернияздан Елеукенов) — «Дүбәра» һикаяты. «Қақтығыссыздық» (безконфликтность) теориясын жақтырмайтын, жақтамайтын Тәкең, бір қызығы, қақтығысты ақырына дейін ежіктеген емес; қолмен қойғандай дереу шеше салмаған. Қара бояудың өзін көп сүртпейді: «аяғын нығыз басатын салмақты» Шәкібаев әйелін әспеттейді, ал курортқа барғанда «Саша», «Сашенька» атануға да кет әрі емес; өзі басқаратын шаруашылықтың шалқайып жатқанымен де шаруасы жоқ, «облысқа керегі — жоспар». Қалың қамыс малдың қыстайғы панасы һәм жем-шөп қоры, оның үстіне суы тапшы өңірдің көлі құрғамауына септігі тағы бар; шалағай Шәкібаевқа керегі жалғыз жоспар». Қараламай-ақ кейіпкерін дөп тану Тәкең шеберлігінің шымыр үлгісі. Қарапайым пенде, адамгершіл жазушы мінез жылтырағынан бойын аулақ ұстайды. Құлқыны құзданған кейіпкерін аса жұлқындырмастан сырты жылтыр, іші тұлдыр болмысын боямасыз бедерлей салмақ. Қазақ арасы бағзыдан көпшіл, қоғамшыл. Қарақан басына аса қайғырмайтын осы мінезі Әлімқұлов қолтаңбасына айна-қатесіз ауысқан. Қызыға оқығанымызбен Тәкеңнің әлеуметшіл әңгімелерінен жеке бастың мұңын, лирикалық романтизмді жолықтырмайсыз Қарадай ұшынатын әлеуметшіл әуенді жазушы адамгершілік қасиетті, яғни ақ пен қара тоғысатын қоғамдық сананы салмақтап таразыламақ. Қоғамшыл Тәкең қарама-қайшылықтың жігіне сын көзімен қарайды, шындықтан айнымайды, жалғыз өзі өлшеп-пішпейді, сотқа сүйрелемейді. Қарапайым пенденің көзге қораш тіршілігінен пәлсапалық ірілік іздеу Әлімқұловтың әлді-әрекетті, ішті-мазмұнды көркемдік өресі. Қарасөздің құлагері Тәкең сыншыл реализмнің Чехов, Майлин сынды ұлы шеберлеріндей әдеби канондарды бұзды, «көн қатса қалыбына» демеді. Қарапайым шындықты жақтаған Тәкең ешкімге еліктеп-солықтамаған; талдаудағы салыстырмалы-сараптамалы әдіске жүгінгеніміз, болмаса әлдекімге еліктеп-солықтаудан соқталы, қабырғалы қаламгер қалыптасады дегеннің өзі қып-қызыл ақымақшылық. Қарауылдағы кейіпкеріміз — ең алдымен кәдуілгі пенде, қоғамның қатардағы елеусіз бір мүшесі. Құмырсқадай құжынаған көпке мұнда орын тимеген. Қаламгер кейіпкерінің жан-дүниесін қызықтағанда қоғамдық идеядан гөрі ар-ұяттың шарпылысына, ұлттық ұжданына, қас-қабағына көптеу қарайлай беретін Тәкеңге тән мәнерді қолына іліктірді. Қарасөздегі Әуезов, Аймауытов, Майлин, Мүсірепов, Әлімқұлов, Сүлейменов өнегесі алынбас асу. Қазаққа әсте көптік ете қоймас; «Абай жолынан» кейін нашар жазуға һақымыз жоқ» дегенде (Т.Тоқбергенов) намысшыл алпысыншыжылдық Әлімқұлов, Сүлейменов өнерде өлшем жоқтығын, асқаралы ақыл-ойдың биігін танытқан, дәстүр жалғаған даңғайыр дарындар. Қам-қарекетшіл Тәкең мен Асқар қазақ әдебиетіндегі жаңа сөзді дәмдеді. Қарапайым көрінгенімен қарабайырға мүлдем ұқсамайтын Тәкең қым-қуыт дүниені қысқа-нұсқа түстеп, кәдуілгі шындықты қалыпқа қайырмалауға, авторлық астар-аңдатпаны ұғатын ойлы оқырманды тәрбиелеуге қажеттілікті дер кезінде аңғарған суреткерлік позиция. Қаратаудың ащы мысқылын, халықтың табиғи тілін сүйегіне сіңірген Тәкеңді «Сөз жоқ қазіргі қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыстың бірі. Тіпті өнер қуынған, өнер түйсінген, өнер тапқан десек, өзгелерге зәредей де зәбір болмаса керек» (Т.Тоқбергенов. «Ай мүйіз». Жалын, А., 1990, 89-бет) деу, әлбетте, әділ баға. Қырықтың қырқасында қарасөзге ықыласы түскен Тәкең үшбу жанрға осыған дейінгі ақындығымен, сыншылдығымен жетектесе келіп, әр үрлеген мақамгөй шынайы шеберліктің үлгісі: «Қай жанрды ұстанса да Тәкеңді, әсіресе, бөлектеп тұрған қасиет — оның тілі» (Т.Тоқбергенов). Қауіптің алдын аңғарған орыс жазушыларының өзі «деревянская прозаға» ойысқанын үлгі тұтқаны беймәлім Тәкеңнің қаламына іліккен қазақ баяғы кәмөнесшіл белсенділігінен айнып күйшіл-мұншыл, өнерпаз, сал-сері, ақпейіл адамгершіл мінезін қайта тапты, тақырыпқа телмеңдемеді. Қаратаулық қарасөз майталмандарына нұсқа қалдырғанның бірі һәм бірегейі — Саттар Ерубаев. Құйрықты жұлдыздай ағып өткен. Қолына алғанын («Менің құрдастарым», «Өмір не өлім») өзі де аяқтап үлгермепті. Қайталанбас мәнді миық. Қарапайым жүріп-тұруға көне қоймайтын бұланай жастық. Құлшынған өрлік — өзгемен теңестіруге өресін өсірген батылдық. Қорқып-үркуді білмейтін, тас жарған тәуекел. Қадала түсетіні — адал махаббаттың ақ уызы, білімді қазақ жастарының таным-талпынысы, жан-дүниесінің шырғалаңы, қазаққа таңсық мәдени революция Саттардың ақыл-есін, албырт романтикасын самғауға шырқатқан. Құлшынған романтик Саттар жас Тәкең (Тәңірберген) Әлімқұловқа мейлінше ұнады. Құлындай ширығып культрагер сананың ноқтасына илікпеген. Қару асынып, білегіне қызыл шүберек байламапты. Қарадүрсін мадақ айтып қарулы революцияны шырқамаған, озық ойлы мәдениетке қарадай майысқан. Қиындау стиль соқпағына түсіп кеткен. Қайбір тұста ауырлау тиіп жатады. Қашауға, өзін өзі қадағалап тәрбиелеуге қамшығұмыры жеткермеді. Қалай да тақырыпты қалаға, ауылға жіктемеген, жұмысшыны да жұмырына жат санамаған тарлан Тәкең албырт Саттардың өмір көріп, орта таныған ілгеріге басқан туған інісіндей мағыналы миық танытады. Қылаусыз романтика қайыспай-майыспай естияр жасқа жетісімен «ел мен жер» машақатына ойыспақ, Қазақты өрге де, төрге де сүйрелемек.
— Қарыздармыз Саттарға, — дейтін Т.Тоқбергенов екеуара шүйіркелескенде, — Қыршын өтті. Қапы кетті, көп нәрсені үлгермеді. Қара бала, ауылда айтылып жүрген әңгімені есітіп пе ең?
— Қақаған суықта қалып қатты ауырғанын есіткемін.
— Қазақтың маңдайына сыймаған жақсы еді ғой! Қарасөздің бағына туған, жаңа тұтанып келе жатқан. Қысқа жасады ма, ұзақ жасады ма — онда тұрған не бар дейсің...
Қаратаудың қанық бояулы оғланы — Асқар Сүлейменов тым тереңге шүйгіді; өйтпесіне амалы да қалмаған. Қапсағай Әлімқұловтың тасасында қалу хас суреткерге лайық емес. Қақпайлап Тоқбергеновті қарасөзден сынға бетін бұрғанда Тәкең осыны іштей ойласа керек. Қағілез Асқар да әдебиеттегі жолын сыннан бастады. Қалыспай қарасөз шеберіне де айналды. «Қазақ прозасының міндеті бұрынғыдан ауырласа керек. Бес жүз беттік роман емес, жүз беттік повесть емес, бес-он беттік шағын ғана, бірақ жақсы әңгіме жазу үшін автор қазіргі прозаға қойылар талап биігінен табылуға тиіс. <...> Жарақтану керек, қазіргі көркем прозаның ең озық қару-құралдарының тілін білу қажет дер едім. Қазақ жазушыларының соңғы тобы Абай мен Пушкин, Тургенев, Толстой, Чехов пен Әуезовті қатар оқып сауат ашты. Ата қаны бойына қазақ әдебиеті арқылы дарыса, ана сүті орыс және сонымен тұрғылас басқа да классикалық әдебиеттер арқылы сіңді дер едім. Мұның бәрі даусыз ақиқат. Алайда, біз кейде шектен шығып кетеміз. Бірақ қазақ әдебиетінің биік өреге жеткені, өскені рас болса, үйрену, үлгі тұту мүмкіндігі екі жаққа ортақ екенін мойындау керек» (М.Мағауин. Уақыт және қаламгер. ІV кітап. «Жазушы», А., 1978, 292-293 беттер). Қалыңдығы кере қарыс роман жазбағанды жазушы деп танымайтын тоңмойын заманды бастан өткердік. Құлшынып әлек кешкен, сыра көбігіндей көпіртіп жазып көлем қуалап кеткендеріміз баршылық. Қысқа-нұсқа жазылмаса іш пыстырады дегенді енді ғана айтып жүрміз. Қай дәуір болмасын әдеби тілге, стильге, көркемдік өресіне өз жаңалығын ала келгені құба-құп. Қым-қиғаш тіршіліктің өз заңы: біреуі біліп жазса, екіншісі түріп жазады. Қара сауырымызға мінгескен Асқардың көп нәрсені бізден артық білгеніне енді-енді көзіміз жеткендей. Қалтылдаған қоғамның күйректігін дөп басқан асқақ Асқар сөз ұштаудың, мақам-стиль қалыптаудың өткір өресін қапысыз танытқан майталманға айналған. Құлтасыз майталман, құпия Асқар өткір өресімен өзгені мойындатқанымен қазақы құнарынан қол үзбеген пәлсапаға үйір, сергек сүлей стилист. Қаумалаған қауымның өзі жете бағаламай қапы қалған оқшау оғлан. Қалихан, Әкім, Сайын һәм басқалары қолын көкірегіне ұстап «(Мархабат Байғұт) Тәкеңді ұстаз тұтқанымен, қатарынан кейінгілері әз көріп жасырын әспеттегенімен Асқарды пір тұтқан шәкірт қауымын көре қоймадық. Қызықтайтынымыз көбіне жұмбақ мінезі, өзімізше жорамалдау, құры құпиясына — жазу шеберлігінің қыры мен сырын айтамыз, әсте беттемейміз. Қалаңыз-қаламаңыз — бар мәзірі осы, шарт-пұрт ашуланып кетіп қаламын десеңіз, әлбетте, өз еркіңізде. Қалыспай қағысып уәжге жықсаңыз әлгісінен жаңылып, жазылып шыға келмек. Құйтырқыға да ұқсамайды өздері. Қазақы өреге, қалжыңға бағынған әңгіме ауаны біртіндеп ғаламды кеулемек; тарихтың қалтарысына, өнердің өнегесіне жөңки аунамақ. Құлшына кіріскен әңгіменің бел ортасында «домбыра тартуға қалайсыз?» деп елеусіз сөз қыстыра қояды. Құнжыңдап «мақұл, оны да көрелік» десеңіз сізден абыройлы кісі болмас. Қазақы дархандықтан басқаны тән алмайтын осынау «тікбақай» болмыс қалайда жанға жайлы жақындықты, ыстық ықыласты қайырмаламақ. «Қаратау қазынасының» мәртебесі де, «міні» де — ұлтына ұлпа ұпайында. Қалайша дермісіз?.. Қызыл комиссарларға ілесе «ескіні жағаға лақтырған» мінезді пролеткульт келді. Қисыны солай, қырқыншы жылдарға дейін жаға жыртысып жаңа дәстүрді сіңістірді. Қарсы келгенді мұрттай ұшырып, қан құстырғанды бойына ұят санамады, қайта ерлікке балады. Қатал мінезді жапа-тармағай үйреніп алдық. Қалыспай жең түріндік — қатардан қалғанымыз енді өлім ғой ! Қазақ Мәуреннаһр мақамында, орыс, енді ағылшын тілінде әдебиет қалдырып жиһандық шедевр жасай алмайды. Қазағуар Әуезов «Шығыстың Шолоховы» бола салмас; бұл екеуінің көркемдік өресін, жазу шеберлігін бірінде Шыңғыстаудың қазағы, екіншісінде Дон бойының казагі теңестіріп тұр. Қала берді вилласында жатып-ақ төрткүл дүниені көз алдына елестететін У.Фолькнерден Темірланнан аттап баспайтын Нарағамның несі кем? Қазақ адамзаттық биік өресімен жер-жиһанның жәуһарына теңесе аларын әдебиетте әлдеқашан мойындатып қойған. Қарға бойлы қара шал — Қалихан Ысқақтың өзі неге тұрады? Қадірін білгенге, әрине. Құстұмсық Асқар қарақан басының парасат-пайымымен Еуропаның еңсесімен бой теңестірген ерен-терең. Қорына бермеудің һәм қораш-қортық санадан бас тартудың жарқын үлгісін танытқан асқақ. «Қаратау қазынасы», яки тарлан Тәкеңнің тәлім-өнегесі дегенде айтпағымыздың өзі осы: кімге қарап һәм көбірек сүйініп өстік. Қазақты мұқатуға мәшкүл ілім сандырақтай береді. Қорықпайды да екен өздері Жаратқан иемнің қаһарынан. Қай пенде, айтыңызшы, жарық дүниеге келгенде өзінің нәсілін, ұлтын, дінін, ата-анасын, жүзін, руын таңдай алады екен? Қаһһар иемнен қорқыңыз, әлгі айтылғанның бәрі Аллаһ тағаланың қалауы, пешенеге жазғаны. Қалғанының бәрі бекер: еуротаным, коммунизм, жиһандану. Қалада тұрып аңсары ауылға ауа беретін Тәкең, Төлеген, Асқар; Алматыға көшпейтін Нармахан, Мархабат. Қаратаудың қарапайым ауылын кәдуілгі адамдарын, сұлу табиғатын, доланасы мен қандымын жырлап-ақ ешкімнен қалыспапты. Қайта дүниенің көзін ашыпты. Қалың-қалың том жазбай-ақ — Тәкеңнен өзгесі романға қол ұрмапты. Қаратауда не көп, оқшау көп: бұрынғысын сапырмағанның өзінде академик Р.Бердібай, профессор Р.Сейітметов, кинорежиссер С.Нарымбетовтың әрбірі өз алдына жеке мектеп; «бір өзі — бір театр» (С.Мәуленов) — Манап Көкенов; ақын қыздар Зияш Қалауова, Бәтима Батырбекова; Жүсіп Қыдыр, Тынымбай Нұрмағанбетов, Б.Қошым — Ноғай, Әкім Мейірбеков, Нұрмахан Елтаев; түркістандық Қаныбек, Өмірбай, Мұратбек, Елтай Бимағанбетов, суретші Асан Бижанов т.б. Қарадай есебіне жете алмаппын. Қап, қарап жүрмей Аян көкемнен оңбай таяқ жейтін де болдым-ау. Қарайлағаным — «Қаратау қазынасы», Тәкеңді төңіректеп ұзамаған тәлім; қол қусырған шәкірттері. Қасиманы — қазақи ар-ұяты. Құлаш-құлаш мысалы жетерлік: Қаражаяуға түсіргенді керіге қайтарған тәлімгөй текті Тәкең қаратаулық өнерпаздың (ділмар, ән-күйге сезімтал, мысқылы мен миығы мәрт) табиғи болмысын жете таныпты. Қазығұрт меридианына бойлаған асқақ Асқар шетжұрттықовтардың шиқанын сығып қоғамның қаскөйлігіне қарсы тұрды; интеллектімізді иледі; ойлы ұлт азаттығына бет бұрды. Қазанды қорғаған жұрттың жұрнағы — Төлеген Тоқбергенов әдебиет сынына қоңыр домбырасын сабалап Жырау мақамын, тектіге тәшіндікті сүйрелей келген құбылыс. Қаратау қазынасы — XX ғасырдың алпысыншы жылдары тіл ұстартып, діл жаңғыртып, үрдісті үкілеп айналасынан қолдау тапқан, бәсекеде бағы жанған әдепті әдебиет. Қаратау қазынасы — әсіресе әңгіме жанрының әрін бабына келтірген, әулие сипатына жеткерген — лирикалық лүпіл; әлеуметтік әулекіден тазартып әл-әлеуетін үрлеген психологизм — жан жықпылы; етенеге епсек; шеберлікте шаңбоз-шамғой. Қу тақырға бітпеген. Құнарын қарыстап ілгері бастырған. Құлқынын көздеп шатты-бұттыға ермеген. Құзғынның құлқын танып, қаһарынан қаймықпаған; жолай жалт бермеген. Қалшылдап, қарысып атақ-абырой дәметпеген. Қауымына қарайласқан. Қолында бары — өнер өнегесімен, өмір өрнегімен, өткір зейінімен. Қаратаудың жатаған, қар жатпайтын жотасынан-ақ ғаламды алақанындағыдай көкірек безбенімен бағалауға үйретіп кетті. Қарадай есті ақылдың (интеллект) шыңы осы. Қарадүрсін адымыңды аштырмады; мәдени ептілік алысқа апармады; ал ұлттық естілік алысыңды өзіңе жақындатты. Қаратаулық өнерпаздардың өнегесінде мұның орны айрықша. Қарасөзді ақынжандылыққа баурап-баулу әлем әдебиетінің үрдісінде бұрыннан бар болғанымен (Бодлер, Тургенев, Бунин) домбыраның сағағына Тәкеңдей телміргені жоқ. Қазақ болып тумағандығынан да болар... Қажыры босқа кетпепті, жарықтықтар! Қоңыржай мақамын іле қағып әкеткендер, шүкір, арамызда баршылық. Қарадай біз түгілі қардың көңілін босата алатын назымгөй Нармахан Бегалыұлы, машат көзінен су ішкен насыргөй Мархабат Байғұт Қаратау қазынасының өнегесін жұқтырғандар. Тәкеңдей тектіден жалғанатын жұмыры жұпар бір жұрнақ. Қарадай ешкімді күштемейміз. Қағылездігі ұқсайды. Құнт-құштары ұнайды. Қазақты қатардан қалдырмаймыз деп шым-шым шеберлікке, ләтте орамалындай лирикаға, әуезді әсерге ойлы бола тұра ойнақы образға, ықылас-ыждағатты ырғаққа ілінген жанасты-жарасты есте қалады. Қазақи ойлау машығы, сөз саптауы — ұлттық ұжданы ешкімнен қалыспайды; бұл интеллектуалды, өрісті, әрі, нәрі — бәрі сай өнер өнегесі; әдемі әдебиет. Қаратау қаламгерлік қазынасы Қазақ мәртебесіне қызметімен әдебиет тарихына енбек, ғылыми айналымдағы тақырыпқа телінбек.
ТӘЛІМГӨЙ ТӘКЕН
Сөздің өзі тағдыр, мінез, характер, пейзаж, қарекет арқылы туындап жатпағы ләзім.
Тәкең
Теріскей. Түз. Тұл жыныс.
Тәкең Әлімқұлов — жан-дүниеңді жіпсітіп, жұмырыңды жамыратқан жампоз жазушы.
Тұрпатын көз алдыма тап осылай елестетем.
Тоқмейілге бой бермейтін Тәкең бозбала һәм жігіт жасында өлең жазып, тәржімаға таласып; орта көргенде зерттеушілік білігін ұштап сынға білегін сыбанды. Тылсым көркемдік мұнары һәм ұшары — қарасөзге қамал бұзар жасында құлшынған. Талай мықтыны құйрық тістескеннен, тірнектеген шеберлігін шашқаннан шаң қаптырады. Тайдан тарлан ашқан талант (Т.Тоқбергенов) жазуға жетіліп әдеби ілімнен түгендегенін ұлттық тініне жарастырғаннан «Қаратау мектебінің» (Әбіш Кекілбаев), яғни әдеби үрдіс-дәстүрдің тізгінұстарына айналған. Тұсауы алынып, тісеуі қағылған әлеуметтік әуен кіртігін жазып көркем ойлаудың кілтіне айналғаны әңгімегөй Әлімқұловтың әлеуеті. Талғампаз Тәкең феномені осынау ерекшелігімен һәм үздік, Һәм қымбат. Тәкеңтанудың жол-жосығын жазушының көзі тірісінде жүйелеп тәшін қала беретін Төлеген Тоқбергеновтен асыра алмаспыз: «Тәкең іштей өнермен де ұстасып келген сырын аңғартты. Ақындығы — тіліне, сыншылдығы — діліне сеп қарасөз шеберін ұштаған екен. Қос қағыстан күмбір күй туғандай ...Тәкең прозадағы қадамын романнан бастағанымен көлем қумай шағын жанр әңгімеге біржола ден қойып ...Майлин, Әуезов, Мүсірепов шеберлігінің жалғасындай әсер тастады» (АЙМҮЙІЗ. А., Жазушы 1990 89-90 бет). Тақырып талғамайтын Тәкең талғам түртініп, тіл ұстартып шеберлікте шаршап-шалдықпады: «Тақырып пен мұратты егіз ұғым, тел ұғым біліп ұлттық колориттен табылуы, философиялық, әлеуметтік ой тереңін көздемегі керек. Мұндай ұғым жазушының ділімен жадағай, жалаң айтылмай нақтылы нақышқа айналмаққа тиіс» (сонда. 90-бет). Тақырыпқа телінбейтін тапқырлық Тәкеңнің қалам құдіретін қарадай ұқтырғаны, ендеше, әспетке әбден лайық. Тілінен майы тамған қапысыз қағыс-қайырымына қақпайламақ. Табиғи көркемдікке жанын салған жазушы тұңғышы «Ақбоз атта» лирикалық желі, сезімтал сүрлеу тапқаннан «ең алдымен өмірдің өзін, адам ғұмырын, қарекет мінезін суреттеп» (Т.Тоқбергенов. Қос қағыс. А., Жазушы 1981. 222-бет) кейіпкеріне тін үрлеген бояу-бедерін тапты. Тәкең жұмырбасты пенде, әлбетте. Төбеге тік ұстасақ, өзіне дейінгі (Майлин, Әуезов, Мүсірепов) қазақ әңгімесінің үздік үрдісін қабылдап, сөздік қорынан, көркемдік тінінен үйреніп өз бетінше байытқан сарабдал сергектігі сеп. Топан сулы тасқынға бөккен соцреализм XX ғасырдың 60-жылдарына жетпей жадау өзекті жалаңашқа айналды. Текірек әлеуметтік тапсырысқа тоңқаңдағаннан өзімізді ұмыттық, өзгеге жарамсақтандық. Топырлаған қарабайыр очерк әдемі өрім — әңгімеден алысқа ажыратты. Тасыр көбейген. Таптаурыннан тартыншақ Тәкең сарабдал сыншылдықпен әуал өз басына қатаң қарады. Таныс «Ақбоз аттың» кейіпкерлері кеңес заманындағы НЭП-тен 60жылдарға дейінгі тумалар, яғни жазушының біте қайнасқан ортасы һәм көзкөргені. Тәкеңнің ерекшелігі, зуаласы бір заманының өзегінен қылшық суырмайды, кеусен үрлемейді; кейіпкерін жақсы мен жаманға жорта алаламайды. Тән бергені — ішкі иірім, шыңдағаны — шымырлық, шым-шым сіңістісі — кәдуілгі қазақы тыныс-тіршілік. Теріскейдің тастүлегі ел аралап, жер таныған; алайда Тәкең жиған-тергенінен ақылмен танығанын ана тілінде ақтарып аңқылдайды.
Танымға жетелей түскен жағдаяттар міне осындай!
Талай жыл тұз-дәмін татырған Мәскеу атақ-абыройын, ақшасын күйіттеген «орыстілді қазақ қаламгеріне» айналдыра алмаған Тәкең өз ортасына аман-сау оралды. Тұмғылық болмыстың мұнысы өз алдына бір төбе ерлік. Түйткілін таратуға, әлбетте, бәрін іштен біліп туған салғырттығымыз олақ. Тұрмыс-тіршіліктегі Тәкеңнің салауаты — салаһиятты пендеге тән тірмезек. Танымы ұңғыл-шұңғыл, талғамы құмбыл «Қаратау қазынасын» жалаң жағрапияның желпінісіне саймауымыз керек-ақ. Тәлімін танымақ жөн. Тап осыны меңзегеннен Тәкең айналасын түгенделік. Төкпе жырау-сыншы Тоқбергенов (М.Байғұт); сылыңғыр сыпа стилист Асқар Сүлейменов; бақыты киноның бағына ауған жазушы-режиссер Сатыбалды Нарымбетов. Толқын қуалаған назымгөй Нармахан Бегалыұлы, насыргөй Мархабат Байғұт... Тәкеңнің тап өзіндей: мысқылы мірдей, мінгескен миығы — пілдей; жаны — тұнық, тәні — құнық. Тәңіріме жазып Тәкеңнің түп етегінен тістесіп өргенді толық түгендей алмасақ ғапу өтінемін. Тәкеңге қызу ықыластың өзім куә бір мысалын Тоқбергеновке қатысты естелігімде айтып қойып ем, амалсыз қайталаймын... Тұрсынзада Есімжанов жылдың әдеби қорытындысында «Ел мен жерде» Сәкенді оңдырмаған Тәкеңнің жағасына жата жармасты. Тоқбергенов мұны ести салысымен залдан тарғақ даусымен «Тәкеңде жұмысың болмасын!» деп айқайлап тұра бергеннен қасындағылар қолынан шап беріп, иығынан басып отырғызды. Тығыншықтай балуан денелі Аян Нысаналин алдыңғы қатардың бірінен атыла ұмтылып сахна табалдырығына жеткен жерінен қуып жеткендер кері сүйретіп әкетті. Топыр-топырдан сытылып шыққан қағілез денелі Нәсіредин Сералиев мінберге жетіп қапсағай денелі һәм бойшаң Тұрсынзадаға тап-тап бергенде оны да ұстай алысты. Тура бір алып соғатындай екпініне жұрт қыран-топан күліскен. Теріскей жұрты Тәкеңнің сексен жылдығын кеңінен атағанда сыншы Сайлаубек Жұмабеков бауырын жаза көсілді. Тәкеңнің «ерке болмысына» елітіп «ерен-тереңіне» шомған М.Байғұт сол 1998-жылы жазған сүйегі шымыр мақаласында: «Қысқасы, қазақ әңгімесін Тәкеңсіз, Тәкеңді қазақ әңгімесінсіз елестете, түйсініп-түйсіне алмасыңыз хақ» деп ой түйеді (Аңсар. А, ҚАЗақпарат 2002, 7-бет). Тұстас Марқа ағама еркінсініп еркелегенде: «Сіздің жазу шеберлігіңіз Иван Буниннен әсте олқы соқпайды» деп көлгірсіз шынымды айтсам — Тәкең көкемізге қайдан жетсін, шіркін! — деп миығымен мыжып масайрайды. Тықырлап жеп тауыса алмайтын Тәкеңтануды келісті де кемел бабына келтірмек, бәрібір, алдағының еншісінде.
Тәкеңтанудың басында тұра беретін Тоқбергеновше шиыра түссек: «Тәкең қазақ прозасындағы күй-құдірет қой. Тәкеңге жай өлшем жүрмес; Тәкеңмен танысуға талап керек; Тәкеңмен табысуға талант керек; Тәкең тұңғиығына бойлай білмесең, Тәкең тылсымы туралы ойлай білмесең, өзіңді ұлтыңның ұлы мен қызымын деп санауға хақың жоқ. Бәрібір, бола алмайсың, осыны жадыңа мықтап түймекке керек» (Аңсар. 13-бет).
Тәкеңнің тәнін ақымға тапсырғандағы Тоқбергеновтың қоштасу сөзі бұл! Тұлымы қырқылған тұл жесірдей қазақ әңгімесін тоқыраудан алып шыққан Тәкең Әлімқұлов текірек заманнан мойын оздырған тарлан. Тылсымы табиғи көркемдікке баулыған Тәкең Әлімқұлов... Тәңірі иіп үн-түнсіз Тәкең жанарының жайдары шуағына бөленгендер, әлбетте, шын бақытты. Тіріде шын сыйласқан Тәкең Әлімқұлов пен Төлеген Тоқбергеновтың достығына не жетсін, шіркін!
Әдебиеттің әжесі — поэзия.
Тәкең
Тәкеңді бұрмалау обал-ақ; өйткені, сөздің сіңімін сімірген сезімтал һәм сарабдал, салиқалы самарат. Талай жанрда қалам тербегенімен бас-көзге төпей бермейді. Тауып айтылған сөзге ғана бусанады. Тәкең мәдениетті прозаны ұштады деуіміздің астарында айтылмағы осылар. Тарлан қаламгердің поэтикалық жинақтары ендігі көзден таса, көңілден ұмыт. Табиғатынан әмбебап Тәкеңнің тамсандырған әңгімелеріне, тап-тұйнақ зерттеулеріне тұсала береміз. Танымдық бояу-бедерін көптеу ілгіштегеннен осы дағдымыздан ажырамадық. Тәкеңнің «Жұмбақ жаны» жұрт аузында; жампоз Мархабат Байғұт үшбу зерттеуге «таң-тамаша қалған, таңдай қаққан» құбылысқа жатқарады (Аңсар, 10-12-беттер). Тебіренсе ғана қаламға жүгінетін Тәкеңнің аз сөзбен андыздаған ой аңғартатын «Қасым Аманжолов» мақаласы («Жұмбақ жан», 177-230-беттер) қағаберісте қалып қойған. Таным шиырлағанға берері мол осынау небәрі үш баспатабақтан асар-аспас еңбекті де бағамдай алсақ. Тұтас қарастырсақ та «Жұмбақ жан» бірыңғай поэзияны талдаған сүйегі шымыр зерттеулер (1954-жылдан 1977-жылға дейінгі аралықты қамтыған). Тұстастарын қадағалап оқитыны, тәуір лебізін, ой түзетуін, салдыр-салақ сөзді көрсе ыршып түсеріне, аянып қалмасына көз жеткердік. Тәкеңнің емеурініне бақсақ: «Әдебиетте қаламгердің көбісі өлеңнен бастайтыны бесенеден білгілі. Бұл, әсіресе Қазақ әдебиетіне тән құбылыс. Біреулер елейней бастап кейіннен аудармашылыққа, зерттеушілікке, сыншылыққа ауысады. Біреулер балалар әдебиетіне ірге аударады. Қара сөзге баратындардың жолы өз алдына. Осының бәрі бастама-бастаушы емес, әрине — жанр екенін аңғартады. Әнге келгенде «әу!» дегенді білмейтін қазақ болмаса, әдеби әуестікке келгенде тым құрымаса бір өлең жазбайтын пенде жоқ» (Дәстүр жалғастығы. 252-бет). Тұманың көзін тырнап ашқан Тәкең прозаға лирикалық лепті ләтте орамал ұшына түйіп әкелді. Топырағына тарта туған демекте байсалдың буы бұрқырап бетке ұрсын. Тарамыс В.Белинский: «Лирика — поэзия атаулының жаны» дей беретін көрінеді. Табиғатынан ақын Тәкеңнің сын-зерттеулері де, қасиманды қарасөзі де лирика лүпіліне үпір-шүпір. Тінін қағыстырсақ: «Кейбір әдебиетшілер саяси өлеңде үгітке соқпай кетуге болмайды деседі. Асылы әдебиеттің өзі үгіт емес пе? Бірақ, сол үгіт искусствода образбен айтылады. Шынайы сезіммен, терең оймен, жарасымды бояумен көмкерілмеген үгіт әдебиетте өмір сүре алмайды. ... Әрине, саяси өлеңнің, айталық, махаббат лирикасынан айырмашылығы бар. Мұнда өлеңнің әлеуметтік мотиві өте-мөте күшті, айқын ашылуға тиіс. Тікелей толғаулар да болып отырады. Бірақ, соның өзі мейлінше лепті, күйлі, әсерлі болуы шарт» («Қ.Аманжолов», 182-бет). Тәкең айтса-айтқандай, әліңді алған әуес (һауас) белек, әбігерге салған әуестік бөлек; әуесің әдеміге ұласқанда ғана әлөзегің нығаймақ: «Шындық біреу. Әңгіме сол шындықты искусство шындығына түсіре білуде болса керек. Ал, бұл дарынның алғырлығына байланысты. Искусство тілінде кім қалай сөйлей алады, гәп осында». ... Сол дарын ерекшелігі автордың өзіндік табиғатын да, характерін де танытпай қоймайды (Сонда. Сол бетте). Таным шеңбері шексіз Тәкеңді көбірек сөйлеткеннен ұтылмаспыз. Талғамы ерек шебер творчестволық (Тәкең терминдерін қаз-қалпында қалдырдық) шынайылықтан адамдық табиғаты, ғұмыр жолы, халықтық қасиеті байқалмай қалмайды. Тарса ұмытқанымыз осы. Таптаурын кемел социализм бір тілде сөйлеп, бірдей ойлануға мәжбүрлегеннен тілден, халықтық қасиеттен ажырап сала бердік. Тақуаның да дінге құлай ден қойғаннан халықтан іргесін аулаққа сала беретінінен неге сабақ алмаймыз. Тез оңғақтан басы жоғары Тәкең халықтың тілінде жазып, мінезді ойын бедерлеп бақиға озды. Тақырыпқа лажсыз барғанның шәт-шәлекей шамасы шалағай екеніне назар аударған Тәкең: «Ақын, алдымен, өз қоғамының мүшесі және мейлінше белсенді мүшесі болмағын, шын ақын өз тағдыры арқылы да, өзгенің тағдыры арқылы да қоғамдық шындықты суреттейтінін, басқалай айтқанда әлеуметтік маңызы бар шығармалар ғана жазатынын» баса айтады (Сонда. 177-бет). Талғам қалай қалыптасқан: «Әрине, басыңнан кешкен, жақын байқаған шындықтың бәрі, өзің сезінген әсердің бәрі шетінен сәтті табысқа алып барады деген ойдан аулақпыз. Бірақ, бұл айтылғандар жазушылық еңбектің негізі екені де даусыз» (178-бет). Теория мен тәжірибе һақында ой таратуды Тәкең де ұмытпаған: «Өмір шындығын бұрмалап ойдан оқиға жасау, қоғамның тыныс-тіршілігін диалектикалық шеберлікпен ашу орнына көз жұмып жорамалдау автордың теориялық әзірлігінің жеткіліксіздігінен ғана емес, өмірден алған, әсіресе, балалық, жасөспірімдік әсерінің аздығынан да туады. Әлбетте, әсердің ұдайы ұлғайып, байып отыратыны да түсінікті. Тәжірибе ақылға ақыл қосады. Бұл жерде көркем творчество үшін азаматтық өмірбаянның маңызы мол екенін, өмірді жете зерттеу жазушыға ауадай қажет екенін айтып отырмыз» (178-бет). Тек Қасымға ғана қатысты емес осынау ой тұжырымдарына шындап тұщынасыз. Тәкең Әлімқұловтың әлеуетті әлеуметтік-лирикалық әуенін мұнан артық қалайша танып-түстемекпіз. Туасы, лирикалық лейтмотив бір ғана «тұзу балтыр, тоқ бұрым, тілемсек сүйіс» атаулымен шектелмей «ел мен жерге» сүйіспеншілік-махаббатпен ұласса шіркін. Туа салысымен жетіліп кетуді пенденің пешенесіне жазбаған — Тәңірі һақ. Тәжірибемен толысқан талант қана тарлан ашпақ. Тегеурін жүре қалыптаспақ. Талдау шеберлігі шәк-шүбһәсіз Тәкеңнің «поэзияның өзі мейлінше екшелген еңбектің жемісі» екеніне назар жығатынын есте тұту ләзім. Тәкеңнен тағы бір ғибрат: «Естелік — әдебиеттің дербес бір тарауы. Ол — тарихи шындықтың қаз-қалпында сақталуымен қымбат». Тіптен көп әсерін тауыса алмай тізбелеместен Қасымның кісілігін, мінезін, ақындық ерекшелігін ашатын басты-бастыларына ғана тоқталғаны айта беретін талғампаздығынан да болар. Тәкеңнің талқыға түскен өлеңдеріне Қасым: «Бұл — нағыз ақын. Қуандық Шаңғытбаев сияқты мәдениетті жазады» — деп пікірін білдірген 1948-жылдың 2-қаңтарынан кейін басталған таныстық Тәкеңнің жүрегін жылытып, ғұмырында сеп болған. Таныстық соңы жүре келе:
— Бүгіннен бастап сені бауырыма тарттым! — деген ағаның ақ жарылған бейіліне, есігінен емін-еркін аттатқан етенеге айналыпты.
Телегей Тәкеңді қыран қабақты Қасымнан бөліп-жаруға болмас. Тіршілікте басы сыйласқан қимас көңіл татудың жөні, әлбетте, бөлек. Тастүлек Қасымды өзіне ұстаз санайтынын қияметтік Қуанағамның (Шаңғытбаев) өз аузынан естігем. Тігісін жатқарғаным емес, Тәкең: «Ол кезде Сырбай Мәуленов Қостанайда, Қуандық Шаңғытбаев Ақтөбеде тұрады. Қасым маған екеуін де сыртынан матаушы еді. Кейін олармен Қасымның от басы, ошақ бұтынан кездестім» — деп жазады (227бет). Тоқбергенов жетектеп Әлімқұловпен таныстырғанда Тәкеңнен алғаш естігенім де мынау еді:
— Түрің таныстау, ә, Қуандықтың қасынан қалмайтын бала екенсің ғой, жөн, жөн!
Тұрмысқа сыр бермейтін Қасымның қайсарлығынан Тәкең де көп үйренсе керек.
Термелеп жатқанымыз Тәкеңнен тағы бір пікір:
«Қасым Аманжолов қайтыс болған соң оның сүбелі екі томдығына мен көлемді алғысөз жаздым. Кейін ол орыс тілінде мақала боп менің «О прошлом и настоящем» деген кітабыма енді. Күні кеше, 1975 жылы «Художественная литература» баспасынан шыққан бір томына жаңадан алғы сөз жаздым, баспаның өзі жаздырды. Демек, мен Аманжоловты зерттеушінің бірімін деген сөз. Осыған орай айтатын бір шындық, ақынды таныту бар да, ақын арқылы өзіңді таныту және бар. Бұл жағынан Қасым мұрасы мені ұятқа қалдырған жоқ» (229 бет). Тағы бірде: «Мен Қасымның тірі кезінде ол туралы бір де бір мақала жазбағаныма өкінемін. Мың дегенмен, тіршіліктегі ғанибетке не жетсін! Журналда қазақ поэзиясы туралы мақалам жарияланды. Қасым: «Әсіресе, тілі жақсы екен!» деп мақтады. Жаза баспасам, сол мақалада Аманжолов туралы бір сөз жоқ. Сірә, өте тату адамдар бірін бірі мақтамай ма қалай?!» — деп көсіледі (Сол бетте).
Әңгіменің жұп-жұмыр жұтынып тұруында шеберлікке ұласқан еңбекқорлық жатады.
Тәкең
Әсерге лықа Әлімқұлов әңгімелерінің ерекше әлемі! Әдемі де әуеніне бақсаң әрқилы. «Әңгіме — әулие жанр» (Әмірхан Меңдеке). Әулиеге халқымыз тіл тидірмесе керек. Әңгімені әулие тұтып әспеттеумен өзі де әзге айналған Әлімқұловтың әлемі де әдемі-ақ. Әсершіл ел-жұртының есінен кетпей қалғаны да шын бақыты. Әлімқұловтың әукесі әңгімеге салбырағаннан әуесіңді ашып, әлеуметтік әуенге әлдене ширатылатыны өзгеше құбылыс.
Әлеумет — әрине, кешегі, бүгінгі һәм ертеңгі өз халқымыз.
Әлеуетіне көптеу һәм көп болып жұмыла сүйінсек, әңгіме жанрына Әлімқұлов араласқаннан әсіреге бой шалдырған дерттен арылдық. Әлімқұлов, демек, талғамға тәрбиеледі. Әрі шырайы кірген әлеуметшілдік етенеге айналған. «Әлімқұлов әлемін» аралағаннан мұны мықтап есте ұстаған жөн. Әсте аттап-бұттауға көнбейтін шамшыл шындық бар: ортадан ойысып кеткен ешкімді көрмедік. Әжептарқы әлеуметшілдіктің мәні-мағынасын мыжғылай алмаймыз. Әуре-сарсаңнан құтқарған, кәдуілгі көңіл-күйімізгө жақындатқан Әлімқұловтың әлеуетті қолтаңбасы бұл. Әңгімелерін санамалап талдап әлекке түсуден тұрпатты тәкентанушылар Т.Тоқбергенов, М.Байғұт һәм басқалары құтқарып, шаруамды жеңілдетті. Әуен-әсерге біржола алаңсыз ойысқаным да сондықтан. Әлімқұлов ағамыз әдемі әңгімелер жазып қана қоймай үшбу жанрдың «ширақтық һәм шымырлық» формуласын ұсынса, солай қарай неге шалқымасқа?! Әу-жайға қанық қарасөз шебері әрбір сұрау-жауап, ой түйіні былай тұрсын әр сөздің салмақ, реті, орыны боларын қадай ескерткен. Әбес әуес, атаққұмарлық көбіне орға жығар. Әзәзілден бойды таза ұстаудың жолы қайсы?
Әлімқұловтың ойынша, әлбетте, құлта-бүкпесіз кәсібилік. «Әулие жанрға» қол ұрғанның табиғаты қандай болмақ?! Әлімқұловты тектен-текке әз демедік. Әспеттей бергенше өзіне де сөз берелік: 2. Сахабат С. 3-234 «Әлбетте, әдебиеттің мән-маңызы туралы сөйлеу оңай. Сұрау қою одан да оңай. Осы екеуінің көлеңкесінде күн көру — өткінші тіршілік. Бұл баяғы «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүруге соғады. Міндет артып, жүк көтермеудің бір белгісі — желбуаздық. Осындай салмақ көтеретін, көтеруге лайықты, көтеруге тиісті жанрдың бірі және бірегейі әңгіме. Әңгімеде экспозицияға орын тар, тіптен жоқ деуге де болады. Онда қоғамдық өмірдің, тарихи шындықтың көптеген кезеңі емес бір-ақ кезеңі, кейде сәт-сәттері көрініс табады. Бұл кезеңдер мен сәттер қиялдан шықпай, кездейсоқтыққа ұшырамай мейлінше типті келуі шарт. Қазақта қара сөздің төркіні әңгімеден тарайды. Шығыс әдебиетінен, оның ішінде әсіресе парсы әдебиетінен тараған — орысша халық романы аталатын ертегілер тұтасымен сақталмай ауызекі әңгімеге айналып "кеткен. Қазақтың тума әңгімелері сюжеттің оралымымен, характер тұтастығымен, тілінің қарапайым құнарымен жатталып қалған. Қиял ұшқырлығымен дүниеде теңдесі жоқ «Қырық өтірік» күні бүгін академиктерді таң қалдырады. Шағын ғана «Ертөстіктің» құнары қанша?! Әдебиет ежелден бір-бірімен аралас-құралас, ауыспалы, бауырмал, саяси тілмен айтқанда, интернационалды жүйеге жатады. XVІІІ ғасыр мен XІX ғасырдың бас шеніндегі ағылшын, француз әдебиетінің қарым-қатынасы әсіресе, әңгіме-новелланың жаңаша өрістенуіне ықпал жасады. Кейінірек француз және орыс әдебиетінің өзара ықпалы күшейеді. Мопассан мен Тургеневтің қияметтік достығы осының бір айғағы. Орыс топырағына келсек, әңгіме болмысына ат қойып, айдар тағуда қызық бір жәйт бар. Бұл — «рассказ» деген түбірлі сөз. Фонетика заңы бойынша бұл «бір-ақ рет айту» деген ұғым.
Әңгіме әдебиет үшін де, автор үшін де тың жаңалық, ойға келмес олжа. Әңгіме жазу оңай ма, роман жазу оңай ма? Екеуі де бейімге, дарынға байланысты. Даусыз бір шындық. Әлбетте, роман мен повестің айбақ-сайбағын оқушы кешіреді. Ал, әңгіменің олпы-солпысы оның өзін жанр ретінде жоққа шығарады. Демек, әңгіме әлбетте көп түзетіледі, көп көшіріледі» (358-360 беттер). Әңгіме табиғатын түгендеген Әлімқұловты текке сөйлетпедік. Әуесі алдамаған Әлімқұлов: «Әдебиетке қазақы әңгіме емес, қазақ әңгімесі керек», «Жазушы ұлт өмірін екшеп ең асылын паш етсін» деп үйретеді. Әңгіменің мәдениетті үрдісіне үңілген Тәкең Бейімбеттен көп ғибрат алғанын; Сәкеннің «Тар жол, тайғақ кешуінің» әр тарауын дербес әңгімедей қабыл көргенін, «Бандыны қуған Хамит» әрекет-қимылдық ерен ірілігімен есте қаларын; М.Әуезовтің «Қаралы сұлуын», «Көксерегін» үздікке қосарын, Ғабиттың «Этнографиялық әңгімесі» мен «Талпақ танауын» өмір шындығын шынайы бейнелеген ішті, сұлу шығармаға жатқаратынын ешкімнің күштеуінсіз өзі мойындайды (360-361 беттер). Әңгіме сынды «талғампаз жанр тақырға өспейді»; «жазушы мәдениеті мен шеберлігі өмір шындығына саяды». Әңгіме жазбаған Шоқан Уәлиханов публицист ретінде ұлы адамдардың санатына қосылғанын, ақын Абай Һакимнің «Ғақлиясын» әңгімеге телісек жұрт аттонын ала қашарын, ендеше жанр жігін жіті танығаннан әдебиетке зиян емес пайда келерін ойлаған пікірін Тәкең ортаға салған (362-бет). Әрілеп көрелік: «Сюжетті мақала болады, сезімге құрылған мақала және болады. Бірақ бұл екеуі әңгіменің бодауына жүрмейді. Әңгімені түсіндіру жолында лиризмге ат шалдырсақ мәселе басқаша. Осының да өз мөлшері болатыны және түсінікті» (362-бет). Әңгімеде өрімді ұшы-қиырсыз тарқатуға келмейді; бірақ, онда ширақтық бар; ұшына қорғасын құйған шолақ қамшыдай шымырлық бар. Тәкең әңгімелері, әңгімелері ғана емес-ау, бүкіл творчествосын көзге елестетсек, сөз саптауымен де ой түйгенімен де, түйсік-түсінігімен де ұлттық жазушы.
Төлеген ТОҚБЕРГЕНОВ
Тәкеңнің сөз өнері табиғатына көзқарасынан: «Көркем проза дүңк еткізіп қойып қалмасын дейді. Жан-дүниеңді байытпаған проза барқадар таппайды дейді. Арзанға саймау керек, ойлантып толғату керек дейді. Жазу үстінде оқыған кітабыңды уақытша ұмытуың керек, өйткені оқып-білгенің көз алдыңда тұрса — еліктеу кеп шығады; есіңде қалған нәрселердің өзі кейде жолдан тайдырады, яғни плагиаттыққа ұрындырады. Жазу үстінде болмыстың өзін, кәдуілгі тірлікті ойлау керек дейді. Әдебиетке жетпей жүрген нәрсе — философия; оны қызыл сөзбен беріп алдарқатпақ болсаң ұтылғаның; философия — характерлердің қақтығысынан, мінез шәркездігінен туындап жатуға тиіс; жалпы философияның өзі көркемдік тәсілдерден көрініп жатуға керек дейді» (Қос қағыс. 227-бет).
Талғам һақында:
— Біздің мақтанышымыз Шоқан орысша қандай әдемі жазады. Әр сөйлемінде қарапайым көркемдік, ойлы орамдар жатады. Бірақ, Шоқан публицистиканы таңдаған еді. Енді ойласақ, көркем шығармаға бармауында парасатқа сайған салмақ бар екен-ау! (Сонда. 277-бет).
Тәлім жұқтырған Тәкеңнің шарапаты, өзіне жуысқандардың қарабайыр жаза алмай жанын қажаған, талғам термелеген бейнеткештікке баулығанында. Тоқбергенов жасында әңгіме жазып, онысын ағасына көрсетіп, бір ауыз сөзіне бола бұл жанрға әуестігін қойып кеткенін айтады. Талайлар айтып жауыр қылғанымен, Тәкең айтқандай «тіл халықта» екеніне сан қайтара көзіміз жеткен. Тәкеңнің бір құлаққа берген атауларын санамалап көрсек: «қалқан құлақ, салпаң құлақ, бұрік құлақ, түрік құлақ, шұнақ құлақ, жарғақ құлақ, тарбақ құлақ» («Шіркін суайттар»). Тілге жарығанмен өзге тілде түсін бермей, түгін білдірмей қалатын Тәкең сынды хас шебердің тұңғиығына тереңдеп шоматын тәржіман табылмады. Тұсап қоятыны осы, сын мақалалары, 1972 жылы «Серый ястреб» нәмімен әңгіме-һикаяттары «Советский писатель» нәшриятынан жарық көргенімен бұл жалаң насихат, жәй таныстықтан аспайтын науқандық шаруа. Танымға түгел талпынулы Тәкең шығармалары ала қойды бөле қырықпай қала мен ауыл отын қатар жағады; күмбір күй тілін, ырғақ, әуен әлемін тінімен түсінеді. Тәкең, әлбетте, өз ортасының перзенті. Тіпті өзі ертерек әуестенген поэзияға ықыласын ақырына дейін сақтаған. Туасы, Алаштың ыстық қанында Абай һакимге құрметіміз бөлек. Тіл ұстартуда қолына қалам ұстағандар кеше, бүгін, ертең абыз Абайға соқпайынша тұра алмайтынын дөп түстеген Тәкеңнің пікірі көпке ортақ. Тәжікесіз бір шындық, Абайдан бері құлатқан ағартушылық көптеу қайда мойын бұрады. Тәкең айтады: «Тіл ұстартуда қалыптасқан дәстүрі бар әдебиет — озық орыс әдебиеті. Абай, Шоқан, Ыбырайдың тарихи орнын былай қойғанда біздің буын қоян-қолтық араласқан бұл әдебиеттің ішкі заңы, көркемдік мәдениеті серік сырластай медеу. Даулы сөзді орысшаға аударып, ажырататынымыз құпия емес». Түйткіл тап осында. Тәкең озық әдебиетті ауызға алғанда ортанқол опыр-топырды меңземейді. Тура түстемек ләзім — орашолақ орысқолдықтан жерінсек, жерінейік. Тәкең бұл арада ойсаң шеберлігінен өзі үйренген озық үрдісті Абай абыз сынды қайталап отыр. Тарпаңдарымыздың өзі де дүниенің іліміне орыс тілі арқылы сусағанын алақанымен көлегейлей алмас. Тіпті, озық үрдісінен үйрену дегеніміз омыраулаған отаршыл озбырлық оқпанына құлай кетуді әсте білдірмейді. Төл тағдырынан, төлеу тіршілігінен ой түйген, өнер төресі — Өлеңге, абыз Абайға асқан ілтипатын танытқан тарланбоз Тәкеңге енді не дей қоярмыз?!
Тақырға бітпейтін Тәкең тарланның тәлімі алдымыздан тоса бермек: «Менің байқауымша біздің көптеген шығармаларымызда әдеби заңсыздық, жалпыламалық басым. Басы артық сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан аяқ алып жүре алмайсыз. Бір сөз бір сөзді туындатып, өршітіп, асқындырып жатпаса, динамикалықтан тыс қалмақ. Өзің лебізіңе тамсанғаныңмен жұрт тамсана бермейді. Асылды аршып алудың қажеттігі сондықтан. Әдебиет ең алдымен сөздің тарихи төркінінен, өсуөзгеру қалпынан, қилы ұғымынан құралады. Үнділік, шырайлылық, дәмділік тілдің көркемдік қуатын арттырып, әсерін күшейтеді. Әдебиетте жанды сөз бар да, жансыз сөз жоқ. Жанды сөз, ең алдымен, автордың табиғатына, болмысына тәуелді. Шығарма текстінен әр түрлі әсер алатынымыз сондықтан. Жазушының жаны сөз шырайынан көрініп тұрмақ. Сөздің бетіне шыққан шырай жүрек қанының қызуы болмай жасанды бояу болса, ондай сөз иесі суреткер санатына қосылмақ емес. Тез оңатын әсіреқызылға бара-бар болмақ. Шынайылық табиғилықта, қарапайымдылықта болса, сол шынайылықтың өзі құдірет. Рас, пенде бір қалыпта тұрмайды. Құлпырады, қуарады, шалқиды, сазарады, күледі, күрсінеді. Соның бәрінде шынайылық жататыны және шындық. Олай болса көңіл күйінің сөз жанарына тебуі дарынның сыпатын танытпақ». Тылсым Тәкең Абай өрнегін талдай отырып өз жиған-тергенінен жарыса жаймалай бермек. Тілдің шырайы сөз — құрғақ қисыннан гөрі тіріге тән тіршіліктің бетіне тепсіген шым-шым иірімі: «Құнарлы ойдың, асыл сезімнің, биік сананың серпіні бір күнмен, бір жылмен шектелмей ұзаққа бойлағанда, ұрпақтан-ұрпаққа ауысқанда көзге ілікпес құдірет «сөз» деген ұғымда жатпақ, күнәсіз қағазға күнәсіз ой құйылсын. Шалажансар емес, ұзақ жасайтын сөздер екшелсін. Тегі-жөні, төркіні, дәстүрі бір әдебиетімізде кәсіби сын жанры кештеу дамығанын көлденең тартқанға Тәкең шамшылдығына сүйенсек «өнер бар жерде сын бар». Тін қуаласақ: «Әдебиетте бірыңғай сыншы бар да, жазушы-сыншы бар. Бұның соңғысы творчестволық психологияға бейім тұрады. Екеуінің мүддесі, мұраты бір бола тұра суреткер-сыншы талғамның ішкі сырына көбірек бой ұрады; ой айтудың, пікір саралаудың тәсілінде өзіндік нақыш бояуы жатады. Осыдан барып сынның сегіз қырлы бір сырлылығы пайда болады» («Жұмбақ жан». А., Жазушы 1978, 363-бет). Таралғысын мұның тартсақ: «кәсіби сынның ерекше мағынасы бар». Түбірлей келгенде: «шығарманы шенеу мен бағалау атаулының бәрі бірдей кәсіби сынның жоралғысына жарай бермейді» екен. Тәкең ойынша, тапқырлық таластырудың ақыры бейтарап төрелікпен шешілмек. Төреші кейде жалқының, кейде жалпының бағасы: «Қара қылды қақ жаратын қазының өнерді түсінуі шарт. Бірақ, оның өнерпаз болуы, көркем дүние тудыруы шарт емес. Жүйрік пен шобырды кәміл танудан сүйініс пен күйініш сезімі туындайды». Туасы, сыншылдық та қазақ арасында ертеден қалыптасқан. Таусыла бергеніміз жөнге жарамас. Тек «жүйелі дербестігі болмапты» демесек Тәкең сыншы дұрыс сілтеп отыр. Түк болмаған деп құры ауыз сүртінгенше сахара салтына көптеу сүйеніп, шымырын шырамытқан оң емес пе. Тұспал текке шашылмасын. Таным жолы ерекше һәм әр әлеуметтік ортада, яғни халықта әрқилы қалыптаспақ. Тәспір-тәсірі таусыла қоймайтын құбылыста кейде өмірді әдебиет арқылы танысақ, кейде әдебиетті өмір арқылы саралап жатамыз. Тәкең: «Осы екі шарт тұтас сақталғанда сын толқынды жанрға қосылады» дейді. Танымай өте шықпасақ көркем әдебиет өнердің барша қасиетін бойына сіңістіретін, жұмырына жұқтыратын жатқан жұмбақ. Тінін жағалай жатарсыз: сырт сымбаты мен ішкі үйлесім; сазы мен әсер — жеті бояу жамырасып өз ыңғайымен көркемдікке жанаспақ. Теорияны талмай езгеніңмен өмірдің қайшылықты шындығын мейлінше жақсы білмекке тағы міндеттісің. Тағдыр талқысын тарқататын да көркем сын болмақ. Тәкең ағамыз: «Сынның да мазмұны бар. Ол таусылғанда шұбалаңқылық басталады. Мәселен, әдебиеттің маңызы жайында айтсақ сөзде шеңбер жоқ. Әлбетте, «маңыз» керек. Бірақ ол жайында дерекпен, дәлелмен нақты айтылсын, сын сыр шертпейді, сырды шешеді, түсіндіреді, таратады. Осы арқылы шығармаға баға береді. Сын — әдебиет төрешісі дейтініміз сондықтан. Қоғамның өзі қателескенде оны түзеткен сыншы данышпан. Түзелуге көмектескен сыншы таза парасат. Бір кезде «тартыссыздық қисыны» деген шықты. Ол қисын бойынша жазылған шығармада өмір қайшылығы көрінбеді. Сол себепті ұзақ өмір сүрмеді де. Одан кейін «идеялық кейіпкер» деген ұғым тарады. Ол да бірыңғайлылыққа, ұшқарылыққа соқты. Бәрінен сорақысы «байшыл эпос» туралы даурықпа. Осы кезеңде біз мәселен «Біржан-Сарадан», «Қыз Жібектен» айрылдық. Сында қате бар да, қателесу және бар. Бұның біріншісі белгілі бір айғаққа сайса, екіншісі жүйеге жуықтайтындықтан әлдеқайда қауіпті. Бұл сауатты адамға түсінікті нәрсе. Ал, енді, осы екеуінің екінші жағы бар. Мұны мен эстетикалық қате дер едім. Әдебиетте көркемдіктен тысқары шуақ бола ма екен?!»
Тәкеңнің талғамы міне осындай.
Тап осынысына көптеу қызықтым. Түйткіл тарқатқан, тоғыс таратқан, темам жұртын аузына қаратқан Текен тап бір етене сырласыңдай. Танымға сүйкенгеннен ішіне дендеп, әсте жалықпай ақтарасың. Тәкеңнің табиғилығын өзінің Абай һакимге бағышлаған сөзімен де түсіндіруге болады: «Ерте оянып, ерте ойланған, ерте толғанған Абайдың көркем әдебиетпен әбден есейген, толысқан шағында шұғылдануында қайталанбас табиғилық бар. Пешенеге кеш жазылған ырыстың баянындай бұл табиғилыққа өкінуге орын жоқ». Толысқан, орта көрген Тәкеңнің қырықтың қырқасында қара сөзге келіп, осы жанрда қаламы ұштағанын тәуір ежіктеуші ек. Тұла бойынан табыла кететін Тәкең танымын, талғамын, тінін, тән бергенін көптеу төңіректедік. Тыңайған, әлденген, шынайылыққа һәм шымырлыққа, жалаң ұраннан келісті көңіл-күйіне қатарынан бұрын мойын бұрғаны, соңынан қара ертіп маңайының молыққаны кез келгенге бұйырмаған бақ. Түгі қарыс, жанға жайлы, жұмыры жұғымтал лирикалық прозаға жаппай ден қойыстық. Тұрпайы еліктеу емес, мығымдығымен мойындатқан машықгөй, дербес қолтаңбалар қалыптасты. Тәкеңнің тәлімі дегенде осыған меңзеп ек. Тура еліктеп-солықтаған ешкімді көрмедік. Тылсымға, тәмсілге айналған Тәкең ешкімге елітіп-солықтамады да, ешкімге артылып-асылмады да. Түпнұсқа қашан да қайталанбайтын үздік даралықтың үлгісі. Тәкең де солай. Тек оның «шеберлікке ұласқан еңбекқорлығынан», демек кәсіби құштарлығынан көбірек үйренгенімізді, солай болуға тиістігін айтып жатырмыз. Тәкең әдебиеттегі ең қиын нәзіктікке қолы жеткен, яғни қайталанбас жеке қолтаңбасын қалыптаған; маңлай тері, ыждағаты, өнегесі өтелген қарым-қабілетті қаламгер. Талқы кешкен Тәкеңнің шеберлік жолындағы ащы толғағы қаншаға түскенін өзінен асырып айта қоймаспыз. Тыраштану, әлбетте, күпірлік... Тағдыр тезі бұрыштан-бұрышқа қуалап жан ұшыратуға шебер-ақ. Тығырықтан алып шығатын өз құнтың, өз ықырарың, өз бейнетің. Талай жанрды бойында шебер тоғытқан Тәкең Өлімқұловтың бейнетқорлығы шәкшүбһәсіз. Тереңнен танымаққа, әлбетте, ішкі мәдениетке ұласқан білік-білімдарлық ләзім. Тіліне құштар ықыласты Тәкеңнің ділін, орашолақ орысқолдан артық білік һәм білімін төңіректей бердік. Текке емес, әрине: «Тіл халықтың болмысы, ұғымы, иланымы, бастан кешкен дәуірлерінің шежіресі», — дей берген Тәкең. Тәржіма өнеріне қойған талабы да ұшқыр: «Талап қарпін санап түгендеуде емес; сөзбе-сөз аудармай ой-пікірін аударып автордың интонациясын, тіл, образ, стиль ерекшелігін сақтап түгендеуде, бартасын жатық жеткеруде».
Тұмғылық Тәкеңнің тініне бойлағанға жеткермей діңкелетері тағы рас... Тілге танауын шүйіріп өнер санамағанның, атақ-абыройға айырбастағанның діліне дәнекер Тәкеңнен несі артық, әй қайдам-ау?! Тоңмейіл басы айналғанның көзінің тірісінде тым жиі еститін жалпақ мадақсөзі күрт тыйылыпты, өзі қызмет еткен идеологиямен көше-көше жұрты ауыпты. Тіршілік кешуінде шекесі шылқымаған, төрге озбаған Тәкең Әлімқұлов ақтық сөзінде өзі аманаттағандай Баб Атада, апасының қасындағы тым-тырыс бір төмпешікке айналған. Текке емес, әрине: Ана тіліне, өз Анасына махаббатымен мәңгі жасап, мағишатынан мойын оздырмаққа...
Таразының тең басына артылдық!
Тәкеңді тану қызғылықты һәм қиыншылықты машақат. Тоқсаныншы жылдардың басында жазылған Абайдың ғаламдағы әдеби байланыстарға қатысы һақындағы мақаламда «Жұмбақ жанды» қарауылда ұстап, ұқсап бағуға тыраштанған ем. Тіпті тақырыбын «Абай мен Тәкең» деуге аз-ақ қалдым. Талдау-сараптау үлгісіне еліткенім болмаса Тәкең бейнесі мүлдем көрінбейтінін аңғарып бұл ойымнан қайттым. Төк эпиграфқа Тәкеңді таңдадым. Тамсана беретін әсөрлі балалығым Анамның жанында, бозбала күндерім Украинада қалды, әскери парызымды Сарышағанда өтеп Алматыға жеттім. Төбесінен жай берген, арасында: «менің үйім саған гостиница ма?» деп қалжыңдайтын Төкең һәм оның жақын ортасы әсері әдемі жастығым, ару Алматының есімде қалған, естілікке баулыған ең қызығы. Тырнақ іліктіргенім — ҚазПИ-дің филфагы, өйткені журфактың конкурсына кешігіппін. Тағы бір жыл күтуім керек. Тәуекелім оңға басты, әрмиеден қайтқан стажниктің қатарында ең алдыңғы үштікке іліндім. Тез табысқан досым Роман Тоқбергенов қоймай үйіне ертіп апарады. Тыраштанып таныс-біліс арттыруға құмармыз. Талайы баласынып көзіне ілмейді, кейбірімен мінезің үйлеспей қарадай өзің қашқақтайсың. Тым құбатөбел кәдуілгі тіршілік. Тәлейіме шақтағаным — ел таныған ақын болуды көксейміз де баяғы. Табысқан досым өзі де өлең жазады һәм нәшіне келтіріп орыс ақындарын жатқа оқиды. Тартынғаныма қарамай отбасымен таныстырды. Танаулап көкбазардың көк желкесіндегі үйге барып тұрамын. Таңсық лифті бар, бұрын микроауданда бірінші қабаттағы көнелеу үйде тұратын.
Тиісе сөйлегенімен Төкеңнің қабағын төз таныдым. Татуға тез айналдық.
— Тәкеңді білесің бе осы, Түркістени, — деп қалды Төкең жаймашуақ шәй үстінде.
— Таныймын ғой, сыртынан керіп жүремін, — дедім жайбарақат қапелімде түпкі ойын барламай.
Түтеп салған Төкең:
— Табақтасы емес шығарсың. Тақылдауын жаман неменің қай кітабын оқыдың деп тұрмын саған.
Тым-тырыс қалдым.
— Тәкеңді, Тахауиды оқымасаң Қазақ емессің, — тарғақ дауысы құлақ түбін жеп барады.
Тап осылай! Тоқбергенов көсіле сөйлегенде Қазақ, Созақ, сосын Техасқа екпін түсіріп бас қаріппен айтады. Төкеңнің ашуы басылған соң кітапханасындағы Әлімқұловтың кітаптарын Романға алдыртып, оқып тауыстым. Төкеңнің арқасында Тәкеңмен танысып, екеуара әңгімесін қасында отырып тыңдайтын күнге де жеттім-ау. Тым жуысып кеттім десем елден ұшқарылық екенін әуал өзім айтайын. Түріңе анда-санда бір жалт қарағаны болмаса, Тәкең сөзге шығындалмайды. Тойын, мейлі тойынба — бары осы. Тәуір жері, көрген жерде жұгіре жетіп берген сәлеміңді сыздаусынбай алып, бетіңе бір қарайды. Танығаны. Тұрпатына жараса қоймайтын жіңішке саусақтарының жылуы ғана бойыңды исіндіреді. Тәкаппарға мүлдем ұқсамайды. Таптанбайды, сызданбайды. Тәкеңнің бар ыстық ықыласы көзінде, жайсаң жүзінде. Тек соны оқуға өзіңде сезімтал сауаттылық жетсе болғаны. Тақуаға да келмейді. Тап қасыңда үн-түнсіз отыра беретін, яки ертіп жүретін Тәкеңнің харизмасы өзіме майдай жаққан. Теріс айналмағаны дәтке қуат. Түзу, кіші ғой деп міндет артпайтын кісілігіне қарадай тоқпын. Тәкеңнің тілін табатын, аға тұтып қызғыштай қоритын Тоқбергеновтен бір елі ажырамай танаулап шаба бергенімді — өзіме шын қанағат, тәлім-тәрбие санаймын. Талай әңгімесін қызықтап аузымның суы құрығанда кішілік ізетпен құйып отырған шайымды ұмытып Тәкеңнен ескерту естіп қаламын. Тәбетіңді ашып буын бұрқыратып демдеген Бәтима (Батырбекова) тәтемнің палауы мен кәуабын басқа жерде бабына жеткере алмайтыны тағы рас. Табалдырықтан жамырай қарсы алып, дос бейілін, дәм-тұзын тосқанның ақ ниетін бағаламақ, ақтамақ ләзім. Тоқбергенов ақыл айтып жөнге салғанды тәуір көреді. Тәкең үндемейді, бәрін сезіп-біліп ілуде бір сөйлейді, бәрін үндемей-ақ көзімен ұқтырады. Тепсініп төсін сабаламайтын. Телмеңдеп емен есік жағаламайтын. Тәуендені жаны қаламайтын мінезі бір бөлек. Теріскейін сағынса көмір тиеген жүк мәшинесіне мінсе де ауылына салып-ұрып жететін «әпенділігіне» ел күледі. Төреғұлдың Нәзірі осы әпенді — афанди сөзін қалай түсіндіреді: ол ұлық зат «афанди» демек Афина тұрғыны, афиналық, мейлінше білімді дегенді білдіретін көне форматқа жатқарады. Тәкең де бөшкенің ішінде ғұмыр кешетін Диоген Афинский сынды қарапайым ойшыл күйінде фәниден озды. Тәкеңнің алпыс жылдығы Жазушылар одағының мәжіліс залында өтіп жатыр. Төрдегі Әлімқұловтың қасында шіреніп отырған аз, сахнаның көркі де көз тартпайды, опыр-топыр әшейіндегі тойшылдардың да қарасы кем. Тақау, алдыңғы қатарға жайғасқандықтан бәрі де алақандағыдай анық. Төбесінің сұйылған шашын сыйпалап, мұрнын орағыштап, баяндамашы мен құттықтап сөйлегеннің сөзін қуаттағандай Тәкең көкеміз жымыңдап-ақ отырған. Тәуір-тәуір пікір, арасында той ғадетінше бөстіріп мақтау айтылды. Тәкеңнің үндемейтіні болмаса тұнжырап жүргенін бұрын-соңды байқаған да емеспін. Той иесінің иығына шапан жабылды; ол шіркінің қазіргідей емес сөреге тым сирек түсетін. Тәкең иығына жапқан шапанды шешіп орындықтың арқасына іле салғаны сол екен шашын ақшыл сарыға боятып бұйралатқан жеңгеміз орнынан ұшып тұрып әлгі шапанды тақымына басып отырды. Тым-тырыс залда гу ете қалған күбір-сыбыр басталып кеткен. Тыпыршыған Тоқбергенов жүзі түтеп, бір қолының алақанын екінші қолының жұдырығымен түйгіштеді. Тызалақтап Аян теңселіп сахна сыртына шығып кетті. Тұнжырай қалған Тәкең көкеміз жанарын жерге жаныштап еңкейген еңсесін қайта тіктемеді. Тап сол жылы «Жұмбақ жан» қайта басылым көрген; қуана сатып алдым. Тыққыштап ұстап, жата-жастана оқитын кітабыма айналған. Тәкеңді соңғы рет 1985-жылдың жазы аяқталарда шығармашылық үйінде жатқанында көрдім. Тағы сол қысқа-қысқа тіл қатысу, елді, Анамның саулығын сұрастырып:
— Төзімді болсаң түбі бір жақсылыққа жолығасың, — деді.
Түнге қарай «шөлдедім» деген соң екі бөтелке сырасын әкеп беріп, өзім түскен достарымның бөлмесіне қайттым. Тарамыс саусақтарын уысымда ұстап тұрып «қайта көріспейміз-ау» деген ой келмепті маған. Тәкең, Асқар, Төкең кезегімен фәниден озып тұл қалғандай жүргенімде көзкөргендері табылып Марқа ағама, Нарағама тағдыр жолықтырды. Томаға-тұйықтығымды несін жасырайын. Тұз-дәмін алдыма қойып, аузыма тосқан Нарағам телефонмен:
— Құрып қайда кеттің сен, неге үйге келіп тұрмайсың? — деп шақырып алады.
— Тәкеңді жазбай қалай жүрсің? — деп кешегі облыс зиялыларының форумында тағы ұрысты.
Татулыққа, солай тәрбиелеген ақпейіл ағаларға қайдан жетсін!
Таңлайға басқан тәттіні айтып керіге шегерейін.
ТОҒЫСҚҰМАР ТОҚБЕРГЕНОВ
Кім жазушыға бар ынта-ықылас, сүйіспеншілігімен қарай білсе, сол ең тамаша сыншы.
А.В.Луначарский Тәкеңнің тарлан ашқанын дөп таныған Тоқбергенов сірә тегін кісі емес; әдебиет сынында төкпе жыраулықтың үлгісін танытқан тума дарын. Тап өзіндей термелесек: «Тілінде нәр, ойында мән» яки «тап басқан, тура тапқан». Текке тамсанбадық, сөз ләмін өлеңдей өткір стильге қаптайды. Тоқбергенов майлық-сулығы бірдей жорға, парлау пайым-парасат (интеллект). Тандем сірә қызық: тату аға мен іні, ұстаз бен шәкірт. Тәкең — әңгіменің әрін ашқан сезімтал. Төлеген Тоқбергенов сынның сүйегіне сеп сезімтал. Туа бітті сезімталдығы болар, поэзияны да, прозаны да қатар сүйреп тіке тартады. Тәкеңді көп жазатындықтан «көкесіне» жақпайтын Тоқбергенов қазақтың әдеби сынын өсірмей жүрген өрескелдікпен жағаласып өтіпті («Аймүйіз», 291-бет). Тыз етпе, шаршампаз шыға шаппа емес. Табаны қызған сайын түйдек-түйдек шаң лақтырып көсіле береді. Тоқтатуың сірә мүмкін емес. Талмай талай жақсы-жаманымызды талдаған сезімтал сыншы Тоқбергенов әмәнда жақсыға қызығулы, Қазаққа сүйіне жүреді. Тоқбергенов әпсін оқып әпшіңді қуыра да салады; құрысын демей дұрысын көп нұсқайды; орай сөз, ортақ ойға қисын құрайды. Тап бір сұңғыла мұратала сынды тез байқап, тез қуанатын. Тарпа бас салады. Төте тартатын. Түйсік тарқатады. Тура сөйлеу, мінез-машығыңның мінін тап басып айту Тоқбергенов сыншының төл мінезі, төлеу тілеуі. Табиғи тартымдылығының өзі осы болатын. Төбесіне тік көтерген тарлан Тәкеңнің өзіне де «қайта қарауға жоқ» (71-бет) деп сын айтады. Төлеген сыншы дәнекер тілінің ділгеріне романтикалық сарынды, пәлсапалық түйінді, шартты тұспалды түгелімен иіретін. Төл әдебиетімізге 60-жылдардың екінші жартысынан белсене араласқан Төлеген сыншы «өзіндік ой түйгенімен» (Сағат Әшімбаев. «Парасатқа құштарлық», Жазушы, 1985, 112-бет) бөлек әдебиетші. Терең пікірімен, нақты талдауымен, айқын стиль, сыншыл мәдениетімен оқырманның назарын өзіне аударады. «Тоғыз тарау» (С.Әшімбаев) мен «Қос қағыс» (Р.Нұрғалиев) сын еңбектеріне әріптестері арнайы тоқталып ғаділ бағасын берді. Тоқбергеновтің «Үш тоғыс» атты кітабы жұлмалауға көнбейтін тұтас желіге топтасқан. Төл әдебиеттің, төлеу әдебиеттің тініне тереңдеген Төлеген сыншы өнердің табиғатына мұрат-мұғдарына айрықша көңіл бөледі. Тілге Платонның этикалық функциясын тиек еткендегі мақсатының өзі де түпкі ойынан хабардар етуді ойластырғаны деп ұғындық мұны. Төлеген сыншының аталмыш кітабының композициялық жұмырлығынан ойының өзегі — өнер өнегесін танып-түстедік. Тұспал айтушылар болған һәм бола бермек: ақыл мен сезім арасындағы дилемманы өнер қалай шешпек. Тоқбергенов салғаннан суырылып яки тосын, яки тың тұжырымын алға тоспайды; төл әдебиетіміздегі құбылыстарды сарапқа салып, өнегесін іздеп әлек. Таным-түсінік те қызық, бір жеңнен қол шығаруымыздың өзі қиын; өйткені, өнер — жақсылық пен жамандықтың тайталасы. Тым құлшынғаннан жаманды сылып, жақсыны ғана жазсақ өнердің басты мұраты — өнеге ақталады деу құры жұпыны, қораш. Тіпті анайы ұғым. Төлеген сыншының ойынша, өнердің өнегесі деген — жақсылықты жазсақ та, жамандықты жазсақ та шындыққа бағыну керек. Жақсылық пен жамандықты өзек етіп алып қалай болса солай шатпақылдау — анық өнер де емес. Нағыз өнер туындысына тіл, мұрат, сюжет үйлесіп келген көркемдік лайық болады («Үш тоғыс». Жазушы, 1977, 11-бет). Тап осыны назарда ұстасақ. Тоқбергеновтың төл мінезіне төте апаратын жол осы болмақшы. Таптаурыннан тартынған алпысыншыжылдықтарға жетіп те құлармыз. Төкеңше төгілтсек: «Бақсақ, қазақта жақсы деген ұғымның өзі жақсылық, әдемілік, әсемдік деген ұғымдардың төңірегінен қайтады екен. Сонда адамға қатысы бар тұста ішкі әдемілікті, ішкі рухани байлықты, қасиеттің көптігін, мінездің мықтылығын, құлықтың адалдығын ойлағандықтан қайтады екен» (15-бет). Төкең нені меңзеді? Тінін таратсақ: «Негізгі әдеби жанрлардың: поэзия, проза, драматургия жанрларының өсу, нығаюына байланысты «20-жылдары қазақ совет әдебиетінде әдеби сын туды. Әлгі драматургия сияқты әдеби сын да қазақ совет әдебиетінде жаңа, тың жанр. 20-жылдардағы шығармалар мен жинақтар, ақындар мен жазушылар туралы әдеби сын мақалалардың үш түрлі кемшілігі бар. Олар мынадай: Бірінші — ол кездегі сын көбінесе шағын көлемді, кітап, жинақтың баспадан шыққанын, пьесаның театрда ойналғанын мәлімдеу ретінде библиография, рецензия болып келген. Екінші — ол кездегі сын әдеби сыннан гөрі саяси мақалаға ұқсайды. Оларда шығарма, жинаққа әдеби талдау жасалмай, әдеби сын, баға берілмей, саяси-идеялық талдау жасалған, олардан саяси қате, кемшіліктер ізделген; оларға саяси кінә тағылған. Үшінші — ол кездегі сынның әдеби, ғылыми дәрежесі төмен болған. Оларда шығарманың әсемдік асылын, көркемдік қасиетін, жазушының талантын байқау, тиісінше ашу, әділ бағалау жетпей жатады; шығарманың, жазушының жақсы жағынан жаман жағы, жетісінен кемісі әдейі баса, көбірек айтылады». (Бейсенбай Кенжебаев. «Әдебиет белестері». Жазушы. 1986, 376-бет). Тоқбергенов жырау-сыншының тал бойына құйыла кететін бағаның бірі: «Шын өнерді шыңдай түсу, өскелең әдебиетті өсіре түсу» (Ә.Кекілбаев). Төлеген сыншының әдебиетке қай жылдары араласқанына бекерден-бекер қадалмадық: 60-жылдардан бастап қазақ әдебиеті озық үлгіні, өнегелі өнерді бағдарға ала бастады; демек, сынның да сапасы артты. Тілерсектен ала бердік-ау. Тап осыған, яғни, 60-жылдарға дейін түк болмағандай өзі; бірақ, осыған дейін некен-саяқ индивидтер (Ж.Аймауытұлы, Б.Майлин, Мүсірепов, Әуезов, Ерубаев) болғанымен тұтас дүмпуге ұласып кете қоймайды. Тісеуі кетілмеген кеңестік дөрекі социология — шынайы шебердің аяғына шідер, көнбегеннің қолына кісен болатын. Тұсала бергеннен көбіне жаяу желе бергенімізді мойындаудан сірә ұтыла қоймаспыз. Тәк-тәктің салдарынан әсіресе сын жанры мол зардап шекті. Тоқбергеновке сілтеме жасасақ: «Қазіргі заман әдебиетіндегі басты-басты белгілер қандай, одан соң өзіміздің совет әдебиетіндегі жақсы нышандар, оның ішінде қазақ әдебиетіндегі бағыт-бағдарлар қай тұрғыда өріс алып барады деген сауалдар бой тастайды... Және бұл белгілердің өзі, тағы бір қызығы, әдеби жанрды, оның ерекшеліктерін талғап, таңдамайтыны назар аударады. Замана, дәуір, қоғамдық көзқарастар тудырған бұл бағыт-бағдар, соны сүрлеу, соқпақтар қанша уақыт үстемдік етпек, қандай кезеңдерді қамтымақ — ол арасын ашып айту қиын... Адамзат онсыз да бір орында тұрып қалған емес... Совет әдебиетінде елуінші жылдардың орта шенінен басталған өзгерістер, шынын айтсақ, жақсы нышандар туғызды. Сол кезден бастап жаңа бір өрлеу байқалады. Ол М.А.Шолоховтың «Адам тағдырынан» кейін бе, жоқ әлде, басқа бір шығармадан кейін бе — ол арасын дәлдеп айту бүкіл әдебиетке сәл тосындау, сәл қиындау, сәл-пәл қиянаттау болуы мүмкін. Тек, бүгінгі әдебиетіміздің, есеюге, ерекше тереңдікке бет алған әдебиетіміздің кейбір өзгерістері сол тұстан, сол кезеңнен басталады деп айтуымызға әбден болады. Бұл өзгеріс, ең алдымен, байсалды талдау-талқыға, психологиялық-пәлсапалық тереңдікке бет бұрып, романтикалық жарқылдан жүз тайдырудан көрінген-ді. Бірақ шынын айту керек, әдебиетіміздегі психологиялық, пәлсапалық тереңдік елуінші жылдарда көбіне классикалық туындылардан танылса, алпысыншы жылдарда жаппай белең алған еді. Біз осы күнге дейін қазақ әдебиетін әр тұрғыда, әр қырынан алып, зерттей, талдап келдік. Ең өзекті, ең басты, ең негізгі тақырып — адам тағдыры туралы көбірек сөз ететін болдық. Сөйтсе де өзіміздің қазақ әдебиетіндегі шын өзгеріс, жаңа талпыныстарды әлі де жеткіліксіз айтып келеміз. Алпысыншы жылдардан бастап тереңдей түскен психологиялық талдау, пәлсапалық түйіндер жайында көпке дейін түбегейлі сөз болмай келді. Кейінірек, рас, кешегі тарих пен бүгінгі заманды қабыстыра, жалғастыра, ұластыра қамту мәселесі кейбір қазақ сыншылары еңбегінде жазылды. Бірақ бұлардың бәрі де қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыт-бағдарды, жаңа нышанды дәлелдей алмайды. Бұл нышан кейінгі он-он бес жылдың әдебиетінен анық көрінеді, айқын сезіледі деп күмәнсіз айта аламыз» (17-18 бет). Тоқбергеновтың өз түйсігі, өз нысанасы; мұзарт Мүсірепов тура түстегендей: «Әр жазушының өз пәлсапасы болуы керек». Түйсік те өзіне шын сүйенгенді алдамайды. Төлеген сыншы жаза баспай, жаңсақ кетпей «Қилы заманға», «Абай жолына» ой шалдырады; Әуезовтей алыптың нышанын асау арынынан аңғармаққа қарекеттенеді. Табыссыз да емес, сыншының көкірек көзі Әуезов әлемінің көркемдік қуатын, парасат салмағын қияннан шалып, «Ұлпанның» тініндегі қазақ әйелінің тағдыр-тәлейін, замана зәйілін зәрресіз таниды. Тұрмыс-тіршілігіміздегі әлеуметтік-психологиялық талдаудың әдеби үлгісі — роман жанрына тоқталған Тоқбергенов С.Ерубаев романындағы керкемдік компоненттердің, құрылым-композициялық бейнелеу құралдарын қолданудың езінен кейінгіге із тастаған бедерлі дүние екеніне назар аударған. Тарихи тақырыпты талдауда Төлеген сыншы төлеу әдебиетке бұрын тоқталып, төл әдебиетіміздің ізденістерін сабақтастыра қарайды: «Сөйтіп, тарихи тақырыпты, соғыс тақырыбын, ауыл және жұмысшы тақырыбын тілге тиек еттік. Бірақ, өнердің өз міндетінен қарасақ, өнердің өзекті тақырыбы, өрнекті объектісі біреу-ақ. Ол — адам, адамның ақыл-ойы, сана-сезімі, қарекет, характері. Адам от кешіп, су сапырып жүрсін, темір жонып, шойын сындырып жүрсін, ауа райын барлап, ғарышта шарлап жүрсін — бәрібір адамдық мінезден, адамгершілік ізден табылуы керек. Техниканың тасасында қалмай, адам күйінде көрінуі керек. Адамды, адамның қуаныш-күлкісін, реніш-қайғысын, жақсы-жаманын қабат жеткізе алмаған, нәзік суреттей білмеген жазушыны өндірісті жазды деп, өндіріп жазды деп алданудың, өзіңді өзің алдаудың жөні жоқ. Жазушы еңбегі тақырыбына, әйтеуір «нан талабына» қарап емес, талғам-танымына қарап бағалануы керек. Шолоховтың құдіреті колхозды немесе Донды жазғанында емес, колхоз адамдарының тағдырын жазуында жатса керек. Әуезовтің құдіреті тарихи тақырыпты алғаш рет қамтуында емес, тарихи адамдардың тағдырын өзі де танып, өзгеге де танытып жаза білуінде болса керек. Демек, жұмысшы тақырыбы айтылғанда, әріберіден соң жұмысшының жұмысын емес, ой-сезімін, тағдыр-талайын, жан сарайын суреттей жеткізуді көздеуіміз керек. Сонда ғана көркем әдебиет өз міндетін, өнер міндетін атқарады, өз мұратын, өнер мұратын ақтайды». Тоқбергеновтен басқалары да Әуезов, Мүсірепов, яки өз тұстастары һақында таласа-тармаса жазды; әйтсе де ұлы Мұхаң Әуезов айтқандай: «Ойдың көпшілігін жұрт айтқан болуы мүмкін, бірақ соны басқаша түрде айта білудің өзі қасиет». Төреғұлдың Нәзірі қазақ әдебиетіндегі сынның атасы еді; бірақ, ресми билік Ғ.Тоғжановты «№1 сыншы» санады. Талай жақсы мен жайсаң Тоқбергеновтен бұрын сынды өнер тұтты. Төлеген сыншы өзінен бұрынғылардан басқаша айтпақ болғанда өнердің өнегесін өткір өрнектепті. Төл танымы, ой даралығы батыл; соцреализм, өндіріс, жұмысшы тақырыбына жаппай жұмылған принциптерді жағалай жүріп, қиыннан жол тауып, өз шындығын төтен шиырлайды. Тоқбергенов дүниенің ілімін ақтарған білімдар сыншы: Платон, Толстоймен ой таластырып тоқайласқан эстет; теорияны терең кеулеген танымы тарлан; тарихқа әсте селсоқ қарамайтын елжанды; турасын айтып туғанына жақпайтын қыңыр; жазушының жасына, атағына, ауылда жүргеніне қарап алаламайтын принципшіл. Тағы да өзіне сөз берелік: «Біздіңше, алдыңғы буын өкілдері жөнінде, аға жазушыларымыз жайында айта алатын сияқтымыз. Ал, жастар творчествосы туралы кібіртіктеп, күмілжи береміз. Сонда жастарды мақтауға болмайды — еліртіп, есіртіп аламыз, жамандауға болмайды — тұсау caп тұқыртып аламыз деушілік. Біз бұл екі тұспалдың екеуін де жөнсіз деп ойлаймыз. Шынында, замандас туралы айтудың өзінше қиындығы бар. Ол — таразыны тең басу, әділетін айту. Ал, мұның өзі «жақын», «жат» деген күйкі түсініктен аттап өтерлік әділеттен шығып жатуға керек. Әрі-беріден соң әділеттің өзі әдетімізге айналатын шақ туды» (143-144 бет). Тұстастарының «түймедей бір жылт еткен жетістікті түйедей етіп, дабырайтып көрсетуге ұмтылатыны, болмашыға құлап қалатыны бар», — деп сынап-мінегеніне шыдаған Тоқбергенов әділетін айтуға әуес азаматтық тұрғысынан айныған да емес. Төлеген сыншы әдебиетке әлпешіне әсте шық жуытпаған. Тіл білетін, тіршілік тынысын өз түйсігімен аңғаратын Мархабат Байғұт, Баққожа Мұқаи, Рысбек Баймахановтың бірлі-екілі әңгімесін оқып-ақ тұщынғаны өзін әбден ақтағаны енді ешкімге де құпия емес. «Тоғыз тарауында «өлең өнердің» өнегесін түрінен емес түпкі мәнінен іздеген сыншы өзекті ойына дөп келер лайығы деп Қуандық Шаңғытбаевтың жаны шырқырап жазатын шеберлігіне шәк келтірмейді. Тоқбергенов пайымынша, әділі де сол болар, Қуанаға «Ішкі жұбаныштың, күшті қуаныштың ақыны» «Толғам» тарауы сын өнеріне арналады; өте-мөте өзімізді өзіміз қолдап, ұзақ өріске шығаруды ойламайтындығымызға жаны кейіп, Одақтық сыншылардың құлқы болғанмен тілдік қарым-қалпы келе бермейтінін ескертеді. Тәуір санаған дүниелерді таратып айтады; бұл ретте З.Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері», Р.Бердібаевтың «Дәстүр тағлымы» атты жаңа кітаптарына, З.Серікқалиев, Ә.Кекілбаев, Мұрат Әуезов, М.Мағауин, Р.Нұрғалиев, С.Әшімбаев секілді дарынды сыншылардың мақалаларына тоқталады. Тоқбергеновтың ерекшелігі «көркем әдебиет жайында көріксіз ойдың құты шамалы» деп сын мақалалардың да тіл көркемдігіне баса көңіл аударады. Төлеген сыншының әдебиет сыншысын қазақтың атбегі сыншысымен салыстырып ой түйіндеуі де қызық: «Біз кейде сыншы өзін толғандырған нәрсені ғана айтып, сол арқылы оқушы көпті әдебиет пен өнердің өзі таныған биігіне, жақсылығы мен өнегелісіне қызықтырғысы келетініне ой жібере бермейміз. Ал, «сыншының міндеті — шығарманың жаманын іздеу ғана емес, көбіне-көп шығарманы талдап, негізгі мақсат-мұратты таратып айтып беру. Арғы-бергіні, жақсы-жаманды бірдей қозғайтын талдау ғана ойлы, талғампаз талдау ғана өрелі, өрісті сынға бастайды. Сосын сыншыны тек сынағаны үшін ғана сыншы демейміз ғой. Сынай ма, құптай ма — ол шығарманың, өнер туындысының өзіне байланысты... Өзіндік ойды өзгелік оймен ұштастыра алмаған, бірдің пікірін көптің пікірімен ұластыра алмаған, ішкі интуициялық сезім-сезгенін эрудициялық ой-өріске бағдарлап, мұғдарлай алмаған сыншыны нағыз сыншы демесек керек» (167-бет) — дегені А.С.Пушкиннің «Өнерге, әділдікке және шындыққа сүйіспеншілік болмаған жерде сын да болмайды» деген аталы сөзімен астасып жатқан жоқ па. «Тоғыс» тарауында сыншы өзі өнер жайлы таратып айтқандарын шындық пен шеберлік ұғымдарына шылау бере отырып түйіндемекке талап қылады. ТҮЙІН мынау — таным, талғам, талант үшеуінің тоғысы. Төлеген Тоқбергеновтың кітабы өз атын толық ақтай білген екен. Төлеген сыншы балықтың арқасындай тып-тығыз композициялық жұмырлықты жеріне жеткізеді. ТҮГЕЛ болатыны: өрелі ойды ділмар айтып, жалқыдан жалпыға ұштастырған. Тоқбергеновтың хас өнерді мұрат тұтқан мағишатын — мөлтек өнегесі деп қабылдадық. ТҮПкі себебі осынау өрелі өнердің төл табиғатында жатса керек, сыншы еңбегін (Тоқбергеновтен басқаларын да) лайықты бағалай алмаймыз. Толстой қария: «Сыншы ақылы ойшылдан да алғыр, дарынды суреткерден де даусыз ерекше шығармашылық қабілеттің иесі», — деп неге айтқанына ойланып та қаламыз. Туасы, өзі де сынға, өнер пәлсапасына бір кісідей тер төккен данамен кім дауласа қойсын! Төлеген сыншы қиын жолды таңдағанын жете білсек керек: «Әдеби сын — енер. Сынды енер деп ұққанда ғана, оған ғылыми таным мен көркемдік танымды қосарлап телігенде ғана парасатты сынға ұласады», — деп, тағы бірде: «қазіргі кезде әдеби сынның керкемдігі мен талғам тереңдігі, логикалық тереңдік бірінші орынға қойылып отырғаны белгілі», — деп мойындайды. Таңдау еркіңізде: қай жанрда болмасын ғазабына төтемек ләзім. Тым күрделі, күрмеуі қиын сын жанрынан баянын тапқан Төлеген Тоқбергенов, әлбетте, пешенесін сыйлаған пенде. Талдау жасағанда сыншы қай жанрды болмасын автордан кем білмей, онымен жарыстырған ойын оқырманға олжаға жетелемек; ділгер һәм дәнекер қанатымен су сеппек. Төлеген сыншының қадар-қасиетін қарлығаштың қанатына балағаннан, ең бастысы, ұлты ұтыла қоймас.
Өмірге екі келіп, екі кетпей...
Саттар Ерубаев
Татулығының табы қалған... Төкем-көкем дейтінім сол. Тоқжарау төкпе Төкеңнің қалайда қыры — қыруар, сыры сәруар. Телміргенім, тамсанғаным — әдеби орта. Танығаным — тарпаң Төкең. Төбесінен жай беріп, желіктіріп жанына ерітті. Танымайтындар: «ұлыңыз ба қасыңыздағы?» — деп сұрап жататын. Төкең бе асып-сасатын: «Түріне қарамайсың ба, қазанның түп күйесіндей» дейтін бір жағы әзілге жығып. «Тұңғышымның досы, өзі ақын» — деп алдын орағытатын танитындарының. «Төкеңнің жанынан жиі көруші ек» деп жіпсигеннің тегімді білгісі кеп көкейі күреңітеді. Топқа түсерсің, қарадай жақпассың. Тіпті ерінемін, мұндайға бас қатырып құры шаршамауға дағды алғам. Тайлағымда таралғымды тартқан, тегің жат деп сатыспаған текті ортамды сағынамын. Таныс-бейтанысқа сүйкенгім жоқ. Талдарға қарап сүйескен, төңбілім ішіме түсе береді. Тектен-тек емес, әлбетте. Табан мөріне телмеңдеткен ғазизаным... Тәңірінің ісі дерсің, басыңа салғанына іштен тынып-тыншығарсың. Төкпе Төкеңді қалай оңай жолықтырса, солай өзі тартып алды; қадырдан Анамды құзырына қайтарды; қияметтік Қуанағамды шарапатына шақырды. Темекі тозаңындай тамағымды қыра беретіні де осы. Тарпынған бұланжастығым тілеуқорларыммен бірге кеткен. Тоғашының тарпаңы ем, тентіреп қалған жалғанда. Төкеңнің көзін көрген — мұңымды түсінетін, ептеп есіркейтін марғасқа Марқа ағам, нарғасқа Нарағам барына шүкіршілік... Тәлімі қызық өзінің. Тәйт десе, тезге салса төтен ұрсатын. Тас-талқан ашуланып төпей ұрсу түк емес. Түтей салады. Төкпе Төкеңнің төпей ұрсып төгіп тастайтын ақылына марксизм-ленинизм жорғалары жете алмайды. Тана атап, түйе беріп енді таба алмай жүрген мен пақырыңыз. Түйтеңді таратып беретін тік мінезіне тәшін қаламын. Тік тұрамын. Түсіме бірде еніпті — түтігіп қырылдап-ақ тұр. Тағы неден жаздым деп калай жорырымды білмей біраз дөңбекшідім. Таң сарғайысымен жеті шелпек таратып, кешкі қамдалған ас үстінде қатым бағыштадым. Түйткілін тапқандаймын ақыры. Тілерсектен алатын ашуы мыйымның бір жықпылындағы жорамалды образға айналған екен... Тырқылдап іштей жырғадым. Тайлытаяғымызбен «Батя» деуші ек. Таппадым осыдан артығын, маған қалайда қитығы төтен «батальон командирі». Тайраңдап Алматыға барғанымда тағдырирегімді жорыған һәм қорыған. Тәлкек еткендей ұрса тұрып мәпелейді. Таласпай ойланғаныңды, тым-тырыс қалғанынды көріп өзі тұрып шәй қамдайтын. Түн жарымында жатын бөлмемізге бір соғады. Тымпиып жатқанымызды көріп «өй, күшік!» деп жағалай көрпемізді түзеп шығып кететін. Төкеңнің өсиеттен өтімді өткір қалжыңын қалай сағынбасқа?!
Төтен ашуының астарын енді жори жүрерсіз...
Тете жасты Романмен, екі курс ілгері, бір факультетте оқыдық. Түскен бетімде салғаннан оңай таныстым. Таңертең оқу корпусына коңыраумен таласып, кейде кешігіп келеміз — көлікке бірге аяқ саламыз. Тапырақтай жүріп танысып қалдық, жолай шүйіркелесеміз. Таптырмайтын көпшіл өзі. Таласып өлең оқимыз, филфакта жырқұмарлар жетерлік. Тынжымыз бар өңшең тәйтік тым еркінсіп һәм үйірсектеп бір-бірімізді сабақтан соң күтіп тұрамыз. Түгел дерлік қаланың балалары — арпа ішінде бір бидаймын. «Тыңдағың келсе үйге жүр» деп шақырғанымен тартыншақтап жүргем: Роман өзі үнтаспаларын қаттайтын «Битлз» десе ес-түсі қалмайтын фанат. Тиын-тебенімізді құрап жаңа көрсетіле бастаған фильмді тамашаладық. Тақымдап қоймаған соң үйіне бармаққа келістім.
— Түркістаннан дегелі мамам сені үйге шақыр деп қояды. Туысы екенсің ғой, — деді сөз арасында. Таңтамаша қалдым: нағашымның қызы осында тұрады, бірақ ұлдары мектеп жасына да жетпеген.
Табалдырықта қарсы жолыққан, қолымен көзіне күн салған кейуананың:
— Танымадым ғой, өзің қазақша білесің бе? — дегеніне басымды құры изей салдым. Тезірек жылыстамақ ойымнан түк шықпады. Тықырлаған кейуана шәй қойған, іле-шала жеткен тәтей қазан көтерген. Тәптіштеп сауалдың астына алды. Тыпыршыған досым бірер рет «ну, мама!» деп кыңқылдағанмен, қолын сермеп: «даңғыраң құрсын сенің» деген соң қайтып бөлмесінөн шықпаған.
Тегіс кешенің үлкендерін термелеп шыққанымда біразын танып, туыстығы барларын тым ежіктеді. ТГЖД-ні тауысып, құшхананың үлкен арығына ауыстық. Түркістан педучилищесіңде оқығанда сол маңда тұрған екен. Төкең жаңылмасам елге кеткен, үйінде жоқ. Тамақ түсіріліп алдымызға тартылды. Тәтей үй-ішімен таныстырып:
— Түней сал, ақыры ертең демалыс емес пе, — дегенімен қайтып кеттім.
Тыңдалмай қалған «Ливерпуль терттігін» шырқай мақтаған досым аялдамаға жеткеріп салды. Тиіп-ақ тұр үйі жатақханаға, бірер аялдамаға бола көлік күткенше деп төтелей тарттым. Танымайтын болған соң қасынан жанай өткем. Ту сыртымнан қадалған көзді жауырыным сезді. Терге шығып жайғаса бергенімде әй-шәй жоқ әлгі өткір кез иесінің кіріп келмесі бар ма... Тап бір ілесіп жүргендей. Тапырақтап бөлмесінен шыққан Роман дереу таныстырды: Түркістанның шпанасы ма? — деді амандасқалы қол бергенімде. Тегеурінді қолының табы жылы екен. Тәуір сезі жоқ па таныспай жатып мұнысы қалай, деймін іштей. «Тезірек музыкаңды тындайық» деуге досым қайтып шықпай қойды. түк болмағандай тақасып отыра берген Төкең:
— Так, өзіңді ақын дейді ғой, — деп сөзін жалғады.
Тымпиып тіл қатпадым. Төкең кұле түсіп:
— түсіңді алдырмайсың, кімдерді көбірек оқисың, ақын көп білуге тиіс, — деп бастырмалатты.
Толғанып жатпастан Хэм атай (Хэмингуэй), Лео аксакал (Толстой), Фолкнер деп ымпыртнойларды тізе жөнелдім. Төкең жанып түсті: Хэм мен Леоға өзі де ықыласты екен. Тосырқағаным ұмытылып біраз сілтедік.
— Талғамың тәуір көрінеді, қазақтан кімді оқисың?
Тайпала жорғалап Есенберлин, Мағауин, Олжас,
Нұрпейісовті атадым. Тәуір білем дегенімнен түк шықпады.
— Тәкең, Тахауи, Асқар, Қуандық ше?
Тұтығып қалдым. Табаны қызған Төкең: «қайтіп қазақ ақыны болмақсың?» деп тісін баса түсті.
Тәтей арашаға жарап:
— Тым ұялта бермесеңші, бірінші курсты енді бастаран бала ғой, — деді.
— Тыңдайық енді өлеңін оқысын.
Төрт-бесеуін жөпелдеме оқып тастадым.
Төкеңнің жүзі жұмсарып көңілді отыр. Талайға ұнаған ақ қайың жайлы өлеңім есіме түсіп соны оқи бастадым. Тәлімсимін деп Төкеңнің қырына ілініп калдым:
— Тоже мне Есенин. Танауың делдиіп «ақ қайың, ақ қайың» дей қалыпсың. Түркістеніңде қай қайыңның көлеңкесінде өсіп ең? Тораңғыл мен ешкіталды қарық қылсаңшы әуелі!
Таланым тызалақтап тарс кетті. Түтігуге шақ өзімді әрең бағып отырмын. Тамаққа зауқым соқпады, амалсыз табақтасуға тура келген Төкеңе тіктеп карамаймын.
Тұра қашқандай қайтуға тапырақтадым.
Төкең тыржиғаныма қарайтын емес:
— Тентек екенсің. Тегі өзің ұнап қалдың, әлі үйренісіп кетерміз. Тымпыймай келіп-кетіп балалармен араласып тұр.
Түкке түсінбей дереу жылыстадым. Тосын таныстықты тезірек ұмытқым келген... Төкеңдер көп ұзамай лифтісі бар зәулім үйдің төрт бөлмелі жаңа пәтеріне қоныс аударды. Трамвай жолының іргесінде, тап көкбазардың желкесінде. Тату досым сүйрегендей үйіне әкелген. Таяқ тастамда — жатақтан алыстағанымен, есесіне оқу корпусына тиіп тұр. Түкпір бөлме еншісіне тиген, өзара «мальчишник» дейміз. Тағы бір демалыс күнінде бардым. Терезеге мақта тыққыштап қысқа дайындалып жатыр. Төкең екеуміз залға кірістік.
— Түбі үйреніп алар дегенімнен түк шықпады. Түбіме орысша оқытқаным жетті, — деді Төкең маған етене жандай. — Тым орысшыл екенсің, ең болмаса балаларға ауызекі сөйлесуді үйретсеңші.
Төкеңді көкірек көзімен танып, басымды шын шұлғыдым. Тайраңдап үйрендім, барсам қондырмай жібермейді. Түнемелге әжеме бола ашытқан көжені басымызға төңкереміз. Таласып ішкенімізді қызық көре ме жарықтық өз қолымен құйып тарататын. Тәтейді «өзім тауысып іштім» деп алдарқатады. Тәтеймен жетектесіп мешітке жұма сайын барып, садақасын беріп келетін. Тәспісін қолынан тастамай әңгіме айтқанда да аудара береді:
— Төленжанның мұнда алпыс әпкесі, жетпіс жездесі тұрады ғой. Топырағың торқа болғыр шалым көнбегенде қу жалғыздың жанына селеу болайық деп бар малый бет бақтырмай саттырдым. Тек сары атанын қимады, елде қызым бар.
Тобарсып отырғаным сол. Тоба, бергеніне шүкір, ұрсысып қалса «шорту, шорту» деген тіліне түсінбеймін мына немелердің. Түсіп шығуым өздігімнен бір ақырет. Тар деп бұрынғыны осында ауыстық қой. Тайлы-таяғымызбен жиылып шәй ішіп тұратын бірінші этажым жақсы еді. Тіптен көршідегі Оспанхан балам (әйгілі сатирик О.Әубәкірұлы) мен далаға самаурын қойғанымда қасымнан шықпайтын.
Төкеңе қаратып тәтей де қынжыла беретін:
— Талай айттым. Тыңдамадың, Алматыны қой, облыс орталығының өзі тақияңа тар келмейтін еді ғой.
Төкең мұндайда суырылмайтын, үндемей қоя салатын.
Стиль — адам.
Бюффо
Тарпаң Төкең ұнатпаса тұз сепкендей тез көтеріледі. Танымайтынның өзін кеуделеп киіп-жаратын. Тартынбайтын, тарпа бас салатын көзсіз өжет. Тігіне ұшырағанда тырс етпей құтыламыз, нілдей бұзылатын ашуына етіміз үйренген. Төкең сырт топшыламайтын, кеуделеп ортамыздан бір-ақ шығады. Тәтей айтатындай: «көпшілдігі аумай папасына тартқан» Роман әр мерекені құр жібермей үйіне шақыратын.
«Токбергеновы приглашают друзей» деп қылжақтаймын өз басым.
Тікбақай қалалықтар әуейі еді бастапқыда, оларды біртіндеп Таласбек Әсемқұлов, Тұрсынжан Шапай, осында оқитын Созақтың қыз-жігіттері ығыстырды. Тұрсынжан ол кезде Чапаев еді, өзара Василий Иваныч дейміз. Төкең дастарханда бір отырғанда «күй тартып жарысайық» деп Таласты көбірек мүжитін. Тұрып кеткен соң әңгімемізге араласпайды. Түкпір бөлмеде білгенімізше тайраңдаймыз. Тырс етпейтін. Төбесін қоштасарда ғана көретінбіз. Тәйкілігім қалмаған. Төпей ұрсатын Төкеңе, ақыл айтқыш Асекеңе (Сүлейменов) оңашада пародия жасаймын. Тым беріліп Асекең боп Роман мен Нұрланға джентельмен қалай киінетінін үйретіп жатқанымда «Нұрша қайда?» деп кірген Төкең тап үстімізден түсті.
— Тұнған талант, мұны Асқарға айтып театрға қабылдату керек, — деді мошқағандай. Төкең қоштайды деген қиялға сірә берілмеймін. Тілімді жұтып тұрып қалдым.
Тайсақтап жүргенімде Асекеңнің, жұрттың көзінше: «Мынау сені айнытпайды» — деп төбемнен жай түсірді. Тыпырлап Қуанағама қараймыy, жайсаң көкем «саспа»дегендей кірпігін қағады.
Тамсанып койған Асекең: «Көрейік!» дейді сөйлеуге де ерініп. Тыжырындым. Тартыншақтаудың ретін тағы таппаймын. Тәуекел деп алақаныма түкірінігі темекімді тұтаттым, Түтінін шиыра шығарып, күлін иығымнан артқа асырып саусақпен шертіп түсіріп, ернімді шүйіріп: «Мен — Созақ Сәбеттік Социалистік Республикасының қожа азаматымын» дедім. Тым-тырыс қалған Төкең, Қуанағам, Сағи, Асекеңнің өзі қарқылдап күліп, алақан ұрып биске шақырды.
— Тәлпіш неме, өзі шөрнектің не екенін білесің бе?
— Түу, әлгі мәшине жіптің орайтын ағашы ма?
— Таптың, Шорнақты ше?
— Түркістанның іргесіндегі ғой.
— Так xто мен туылған Шорнақ атауы сол шөрнектен, бір тентектігінді кештім, —деп Асекеңнің көзі сүзіле түсті. Тас түскендей жеңілейіп калдым.
— Тоненький как стеблик, — дейтін Төкең сырт сымбатымызға көңілі толғанда.
Талтүсте үйінде жүретін, ойына түссе елге шыға салатын Төкең шығармашылық жұмыста. Тарамыс, бұлшық еті білеу көрінбейтін денесін күтіп-баптап кір тасын сығымдайды, эспандер кергілейді. Тек саусақтары жуантықтау шаруаторы. Төбе шашы шегінген, көзінің асты қалталанып тұрғанымен қарапайым, таза киінетін, тіп-тік бойының сымға тартқандай тән сымбаты оқшау. Тайлы-таяғымызбен қарадай қызығамыз. Toп ішінен қоңыр береткасын жазбай танимын. Тапқанын бала-шағасына жапсырады. Тік жаға свитерге әуес, галстук байлағанын сірә көрмеппін. Тон жаппай сәнге айналғанда елден шолақ етектің бірі посылкамен жеткен. Тегіс иленген, жеп-жеңіл, бояуы тоқ, төгіліп тұр. Тұңғышы құнтиып киіп шықты. Тағы келді, «ауырып жүр ғой» деп ортаншы ұлдың телімінде кетті. Тізесіне жетер-жетпес кремплин күздік пальтомен қыстан шықты. Төбесі барқыт, кұндызбен тыстаған бөрікке келесі жылы ауысты. Төкең иығына ашық қоңыр түстіні көбірек ілетін. Тықылдаған мәшіңке даусы естіле бастағаннан аяқ ұшымен жүреміз, даурықпаймыз. Түнгі жазуына қамданғанда әжей көзі көретінде өз қолымен тіккен ашық қоңыр шибарқыт шалбарын, күн салқында жеңсіз сырма қара кеудешесін тастамай киеді. Тобылғы күрең шайға қанып алатын. Таңғы тәтті ұйқыдан қағыла беретін көзінің асты осылайша қалталанып қалады. Тәтей қызарған көзін уқалап сүтке ертелеп барып шәй қамдап кететін. Табақ-аяққа араласпайтын Төкең қамыр оттан түскенде бар шаруасын тастай салып, қолын күйдіріп әжейге шақтап өзі турайтын, алдына қоятын. Түгел дастарханға жиып от басының иесі кім екенін білдіртіп, өзі билеп-төстейтін. Туасы, қайда болмасын сөз тізгінін уысынан шығармауды тәуір көреді. Тығыз шаруаң да шәй үстінде шешілетін, басқа уақытта бөлмесінен шықпайды.
Тырп етпейміз, үстіне баса-көктемейміз.
Төкең мен Сәукең (Бақбергенов) мені көрген сайын:
— Техас келе жатыр, — деп ымдасып сылқылдай күлетін. Техастығым қарадай жария. Таныс форсовщиктен (алыпсатар) алған, сірә, дүкенге түспейтін таза мақтадан тоқылған қара жемпір-көйлегім бар. Тастамай киемін, өзі биязы, мойнына ақ, қызыл әдіп салынған, кеуде жолағына «Техас» жазуы түскен нағыз американдық тауар.
Техас — АҚШ иелігіне талайға созылған соғыстан соң 1840-жылдың 28-желтоқсанында біржола өткен Мексиканың штаты. Түркістан жандарал-губернаторлығын 1860-жылы жариялаған, тақымдасқан Ресей патшалығы кімнен қалыса қойсын... Ташкенттің деміне нан піскен орыс әскерилері жергілікті жұртты топасқа балап «Техас» деп кемсіткенде үндістерше қырып тастаймыз деп дөң-айбат шегетін.
Түркіге әкіреңдеп үйренген есерліктің бұл үлгісін аузымыздан тастамаймыз... Техас жапсырмасының мағынасын өзінше жорамалдағыш білгіштер енді дөп түстей жүрсін. Тағы бір астамшыл мәтел — «Курица не птица, Персия не страна». Текірек қаққан шовинизм бірінші ғалам соғысы басталғанда жергілікті түркімендерден жалаңқылыш атты әскер құрап, қызылбасты шаппақ түгілі бас қайғысымен жайына кетті... Түнде кірпігім қамаспай, ас үйден су ішіп тықырлап тұрғанымда Төкең өзіне шақырып алды:
— Теңселіп жүргенше ақыр қара орыссың, мынаны аудар, — деп кітап, қағаз, қаламды қолыма ұстатты. Түгенделген соң кірістім.
Тырс етпейміз, таң сарғайғанша әркім өз шаруасымен. Түске дейін көз талдырған ұйқыны соқтым. Тұрып шәйға отырғанымда:
— Түндегіні қарап шықтым, ебің барға ұқсайсың. Түгел үлгере алар емеспін, уақыты қысып барады. Тықырлап қалмайын, ақыры каникулға ауылға барасың, екі-үш тарауын ала кетіп бітіріп қайт, — деп қолтықтатып жіберді.
Тамыздың аяғына бітіріп ала келдім.
Такси тоқтат — деді көшеде ұшырасқанымда. «Тещин языктен» бір-ақ шықтық. Тырс етпейді. Тосып сыртта тұра бердім. Төкең сүтпісірімнен соң шыққанда қалтама бір пәшкі ақшаны сүңгіте салды. Таксиді енді мен жалдап жырғадым.
Төкеңе бәрі бір жақпайсың:
Тым ысырапшылсың, — деп бұрқырады.
Түнеріңкі қарсы алды. Тәтей бұл жолы шалына жақтасқан. Төтен әңгіме басқа арнаға аунады. Тарғыл араласқан дауыс:
— Түркістеніңе қайт, жұмысқа тұрғанша, әуелі неге ақылдаспадың?
Төменшік тарттым. Тәтей үдей түсті:
— Тасбауырсыңдар, қалада не бар ей осы сендерге?!
Тағы бір қыс құры жылыстады. Тарықтым һәм жаным торықты. Төкеңе барып «мен қайтайын» дегенімде қутыңдап алдыма түсе бергені. Таңертең телефонға жармасып біреулермен тілдескен. Тұтқаны іліп:
— Кентауда аудармашылық орын бар, қабылдайтынын айтты, — деді,
Түс қайта Қуанағаның алдынан өтпекке кабинетінде отырдым сөлбірейіп. Төкең мен Сәукең әупірімдеп Қуанағамды көндірді. Түнделетіп Төкеңнің үйіне қайттық. Түн жарымына дейін тиегі ағытылды:
— Түбінде жасыңда жете алмағаның жасамысыңда шеніне жолатпайды.
Тарық жедік қазақтықтан жұрдай қалаға келіп. Тауысқан шығар шыдамын, анаңа қайт!
Терлігім жалбырап ауылға қайттым...
Тәуба.
Тиемелін түгендеген талтүсімде таң сәріме тамсанып жүрмін. Тектілерден үйренгенім тәмсіл-талғамыма татыған соң, артығын сұрап не қылмақшы ем...
Төкпе Төкем — таңдайға басқан татулық, тәк-тәктеген қатулық! Таза қазақи бекзаттық — өз басым Төлеген Тоқбергенов пен Мұхтар Мағауиннен тапқаным маргиналдық санадан біржола жерінтті. Тәкаппар қала балаларынан дос табу, өзіме үйіру маған аса қиын шаруа саналмаған. Тәлімсігенім емес. Табиғи бейімім бар. Тоқбергеновтер отбасымен табыстырған сондай қалалық баланың бірі. Тәйкелігім қалмаған жиырма жасымда ұзын шашты, ол тұста екінің бірі қолы жетпейтін джинси киетін, тайсалмас тентектігім бет қаратпайтын сері едім. Тегін ақылы тасығандар жүріс-тұрысыма саусағын шошайтып сырт күстәналайтын. Торс кетпеген тағы сол екеуі — Тоқбергенов пен Мағауин. Тағы бір қызығы маған да тек осылардың ақылы жұғысты. Төкең төтен ұрса салатын; Мұхаң миығынан мырс етеді, жақтырмаса қалшиып дәл қасыңнан көрмей өте шығады. Топқа екеуі де жақпайды, атын естігеннен қарадай тыржиятындар баршылық. Талғамы нәзік Қуанағам тауқыметін оңаша тартып, үйірден бөлек жүрді. Тату достарының өзі қарасын таппай, жазатайым ұшырасқанда шұрқырай кеп асты-үстіне түсетін. Тырнағының ұшына дейін бекзат, жүрісі-тұрысы құпия, шекесінен шертетін талғампаз нағыз шығыс шонжары. Талдықорғаннан Алматыға келгенде, жүні сыртына қараған тонын тастамай қорбиып жүретін Жұматай Жақыпбаев мәжнүн дәруіштей маңғаз жымиятын. Тәлімінен көптеу үйреніп мінезім тұрақтады, қаным емес жаным туысты. Тәлтіректей текірек қаққан ботатірсек жүрісімді түзедім. Тәуендеге көнбейтін сырт тәкаббар болмысым түзілді, ең бастысы тектен айнымадым. Төкең бойына «төкпе» эпитетін текке телімедік, ұйқасқа, қаріп қуған құры сылдырға құлап таңдаған жоқпын. Тоқбергенов сыншының бойындағы жыраулықты алғаш нұсқап, дәл шақтаған — Мархабат Байғұт. Тоқбергенов шығармашылығынан кандидаттық еңбек қорғалғанын айтып академик Рахманкұл Бердібай сүйіншіледі. Тек ғалымның аты-жөнін білмедім, өзін қыз бала деген. Табиғатынан қазақ қыздары тым ержүрек. Тәуелсіздік алғанымен әдебиет сынына ер азаматтардың өзінің жүрегі дауаламаған. Тамаша ғой, бала-шаға мен масыл еркекті асырамаққа базарға шығып шаршағаннан осынысы дұрыс. Төкең поэзия «шөп те өлең, шөңге де өлеңге» айналды деп жаны ауырды, Қ.Шаңғытбаевты оларға үлгі тұтты; сынды өзі лирикаға, тіл құнарына орал жазды; өнерден өнеге іздеп табанынан тозды. Тасырларға бәрібір жақпайсың, тіпті әуесқой сыншыға балап, орға құлатпақ болғанын қайтерсің. Тәкеңтануды Тоқбергенов бастағанын әдеби орта көздері кеткеннен соң ауызға алды. Тоқбергеновтың Тәкең Әлімқұловқа адалдығынан өзім көрген бір мысал: Түс ауа, әдеби жыл қорытындысы болса керек, жиын бар дегенін естіп Одаққа келсек басталып кетіпті. Топырлаған жұрт арасынан мойнымызды созып қызықтаймыз, орын босаса тып ете қалғаныңмен, баласынса тырқыратып қуып шығатын. Тұрсынзада Есімжанов мінберді қос қолымен мыжғылап жасаған баяндамасында жуырда жарық көрген «Ел мен жерді» қатты сынап, мейлінше шүйлікті. Тәкең қолымен мұрнын сыйпап отыра беретін мұндайда. Тым-тырыс, демін ішіне жұтқан зал бір сәтке тына қалысты. Тыныштықты «Тәкеңде жұмысың болмасын» деген Төкең айқайы бұзғанда тығыншықтай балуан денелі Аян Нысаналин, Шымкенттен ресми келген Нәсіредин Сералиев екі жақтап мінберге лап қойысты. Тапал бойлы, нәзік денелі Нәсірединнің еңгезердей Есімжановқа тап-тап бергені шу ете қалған жәмиғаттың көзін сүрткізген қызық болды. Төкең үстіне өзі құлап түскенді қызғыштай қоритын. Түннің жарымына қарамай есігін сабалайтын Асекеңе қабағын шытпайды.
Талай қызықты тізуге де болар, әдептен аспалық, тым берілмейік. Тоқбергеновтың күнгейлік қаламгерлерді назарынан қалдырмай түгендеп, әсіресе ауылда жүргендерін де ұмытпайтыны жершілдіктен бөлек дерт. Төкеңнің қыры қыруар екенінен сөз бастаған ек: дәулескер күйші, тәп-тәуір жидашы, анасын мәпелеген адал ұл, ұл-қызына мейірбан ата. Төкең әр мамыр сайын үбір-шүбірін шұбыртып атасының басына барып тұратын. Тап бірде үсті-басы топырақ, рахаттана шәй сораптап ас үйінде отырғанда үстінен түстім. Тарпаңдығы — жан тазалығының нәкас тірлікке қарсыласқан Созақи әжуасы шығар. Төкеңнің жан дүниесіне үңілген ешкім жоқ, өзінен жеті жас үлкен, әдебиет пәнінен сабақ берген мұғалимасы — Бәтима тәтейге құлай ғашықтығын, берекелі шаңырақ құрғанын Асекең, Созақтың елі тамсана айтады. Тауқымет түртінектеп өзі табады. Тәтей қайтқалы морт түскен Төкеңе, бәрінен жасы жүзге таяған әжеме қиын тиді. Тіршілікте тәлім азбайды, тақыстық тозбайды. Теріңе сыймағанмен тар қалыпқа сүйрелеп, тулақша сіліккен соң не шара... Тарпаң Төкем тілерсегін сыдыртты. Тарлан бөрідей азуын қажағанмен сілекейі құры шұбырып, сілелеп шаршады. Тоқсаныншы жылдың жазын тұтасымен Алматыда өткердім. Тұп-тура мүшел жасымда жаңа кәсіпке төселдім. Төкеңді іздеп Одаққа соқсам көз көргендерім елге жиі шығып жүргенін тілге тиек етеді. Тұрағын тағы біле алмадым, өйткені пәтерін ауыстырған. Табысқанымызда қыркүйектің демі басыла бастаған. Түрі маған ұнамады. Тек жылтыраған көзі; бет терісі тозғындап, бұрынғы шымырлықтың ізі қалмаған. Тіршілігінің тепеңін түгендеп біраз отырдық. Тәтейді көп айтады. Талпынып көргенмен бойын тіктеп әкете алмағаны тағы бар. Таусылмапты бірақ «қымыз ішіп қайтуға бара жатыр ем, міндетті түрде кейіндеу хабарлас» деп жаңа телефондарын түгендеп жазды. Тиіп-қашып өткенді еске алғанмен, жан жарасына тиіп кетпейін деп тосыла бердім. Тайсалмас мінезінен тырнағына ілінгенімен қайтпағаны тұщындырды. Таңертеңгісін өзім де Кеген жаққа жолға шығуым керек, билеті алынып қойған, жан-жақты келісілген, кешігуге әсте жол берілмейтін. Тіркесіп «Орбита 3» мөлтек ауданындағы жаңа пәтеріне бардық. Темір есікті өз кілтімен ашқан, көзі көрмейтін, құлағы тосаң әжем кісі танудан қалыпты. Түнекте отырмын деп бір, тәтейді еске ап екі күңіренді. Төкең қойған шәйді сораптадық. Түнге қарай амалсыз қайттым. Төкең мені шығарып салып, біраз сыртта сейілдеген. Түк жоқ еді ойымызда. Тезірек оралуды, Төкеңнің жанына қайта еріп жүруді ғaна қиялдадым. Таңертең жолға шығып, түсте жеттім. Тосып алды мұндағылар. Тосырқай қарағанмен тиесілі міндетіме кірістім.
Тәңірітауда алаңсыз жүрген ем. Тобықтан оңбай қағылдым.
Таңертең қолыма алған газетті жаза бергенімде көзім қалт тоқтады. Тосын мүсибат... көз алдым бұлдырай теңселіп, әрең түзелдім. Toп басына ептеп сөз шығындағаныммен, Нарынқолдың шекара заставасын айтып бетімді қайтарды. Тыржиып жүріп Кегенге қайтып келгенде күнімнің бітпегеніне қарамай қол сілтеп қайтып кеттім.
Төкпе Төкем-ай!
Текті көкемді түсі суық, қызыл қанатты Әзірейіл періште мінгестіріп тік ұшты.
Тәтеме жетуге асықты ма, қайдам...
АСҚАҚ АСҚАР
Бірегейліктің бір мағынасы — айрықша болмыс.
әл-Фараби
Айтылып келген һәм айтыла бермек ақиқат. Арық қара Асқар, Мавр сынды, фәниге келді-кетті. Асқақ алдамшыға бой бермеген ерекше мінезімен елдің есінде қалған. Алдамшы, әлбетте, фәни жалған. Айрықша болмыс — Асқар айтқан сертіне жетті. Айт, мейлі айтпа: «Суреткерлік — ең алдымен позиция». Ac өз позициясын шыр-пыр қорғаған; өзге кінәсін қайдам... Астамның қырына осынысына бола ілікті. Аспайтын да саспайтын Асқардың ақылы кемеліне жастай асыққан. Абыз жасына жетпек түгілі ердің жасын орталай бере өкпесін өшіргені өкінішті-ақ. Арзанға әсте әуейі емес. Атақ-абыройға бола жығылмайтыны, ащы мысқылымен жан баласының аузын аштырмағаны таусылмайтын тәмсіл. Ауыздан ауызға көшкен, мысқылы мәтелге айналған: «Боза — арақ емес, қожа — қазақ емес» сынды бірқақпайлары қаншама. Асқар сұңғыла суреткерліктің сүлей серісі екенін дәлелдеумен атақ-абыройға фәниден өзі озғанда барып ілікті. Астам орта асқақты көзі тірісінде сірә мойындамаған. Айылын жимаған «шілде сорып соры шыққан» шаршау пенде Асқар бұл құқайға азбай-тозбай алшаң басты. Ақиқат, әманда, кереғар фәни қайшылығынан ғибрат. Астам, әлбетте, замананың зәйілі. Алаш баласын ақылынан айнытқан қораш культрагерлік санамыз бар. Адамға әйтеуір астамшылық үйір. Асқарды абстрактивист деуге ешқандай негіз жоқ. Айтыла салған, шамасы солай-ау деген құры долбар. Ақылын аянбайтын жасы үлкеннің несі жаман... Ақпейіл көрінген соң оңай жуысқан бір біліс-танысым болған. Арамыз ойда-жоқта шорт үзілмесі бар ма.
— Әр нәрсені баттастырып мазать еткенді өнер санайтын Асқар ағаңнан аулақ жүр. Мықтағанда бояушы шығар, — деп қалды сөз арасында, дастархан басында образбен ой танытып оқшау көрінген үй иесі. Асығыстығымды желеу тұтып апыл-ғұпыл орнымнан тұрып кеттім. Ашқұрсақ студенттің мол дастарханға қарамағаны қонақжай танысымды қарадай таңырқатса керек.
Ас ет пен сүйектен жаралған, әлдекімге жақпауы бек мүмкін әжиз пенде. Ақылың жетпегенді бас-көзге қарамай ілгештеп мінеу де әбүйірсіз әлек. Аса жалбырау Ac табиғатына жат қылық. Алдырмас қамалы — ащы мысқылы. Арғы жағы әркімде-ақ шытынай салатын жан дүниесі, ғазиз басы. АС деп жазғанды басқалары (М.Қабанбай, В.Бадиков һәм өзгелері) ұнатады. Аға-іні боп жарытқанымыз шамалы; бірақ, Төлеген Тоқбергеновтың қарашаңырағында қарсы ұшырасып қала береміз. Апайы, әдебиет пәнінің мұғалимасы — Бәтима тәтейге кеудесіне қолын қусырады, дастархан басында мектеп партасындағыдай тіп-тік отырады. Алғашқыда аузым ашылатын. Ac миығымен мыжығанды құлай ұнатты. Асаулығы оның көкірек күмбезінде. Ащы мысқылы — есті серігі, әккі жалғанға аяғынан шалдырмаған бір құдіреті. Ата күшімен, ана сүтімен бойына сіңіскені шығар. Аярлықтан, есесіне, мүлдем ада. Аға тұтқаныңмен бес саусақ бірдей емес. Алдап-сулап қабызына кіргізгеннен қораның есігін тарса жаба салатыны да баршылық. Ac алдап-сулағаннан гөрі тәлкек ете салатын. Артық құрақ ұшпаймыз. Аш-тоғын білдірмейтін Ac оқып-тоқығаны мол, қала тұрмысына бейімделген десек те кәдуілгі Созақтың бір қазағы. Анау-мынаусы емес, ардасы! Аршын тес аруларын, апортын, кең кешесін, қайбір қызығын қанша жердей жата мақтағаныңмен — Алматы арзан поэтика. Анау культрагерлік санамыз, сәнқой кәрі қыздай, опа-далабын сүртінсе не болмақшы. Арда қазақ пен Жетісу казагы жағаласып шыға бермек; қайда жүрмесін атамандықтан нақа дәмелілер әліге бет қаратар емес. Асқардың артық мазалағысы келмегені де шығар, ортадан саяқ жүрді. Айтқанын болдыртпай тынбайтын өр мінезді болатын; ернін шүйгіп тамсана сөйлейтіні өнерге өліп-өшкен ішкі өртінің ыстығынан да болар. Ac академиялық нұсқаға барын салғаннан сүйегіне стиль сіңістірген сүлейлігін танытты. Ауыр дегеніміз жай сөз, өз жайбасарлығымызды ақтау ғана. Анығырағы, сананың соңынан салпақтауға ерінеміз; өрелі өлең орнына тақылдаған тақпақ та жарай береді. Айтылмайтын ойына да тұсауға құдіреті жететін стилист Сүлейменұғлы шебер ұшқыштан да ойы ұшқыр майталман-ас. AC емес, Ac дейтінім содан! Ac ағамды ғұмырында көбірек шаршатқаны — қопал қоқаңдаған Қазақтың қарақаспақ жеп күннен күнге керіге кеткен культрагерлік кесір санасы. Алаңға шықпайтын. Ақырып сөз сұрап мінберді мыжымайтын. Асқақтың айқайды жаны жаратпаған өнегелі өресі осы, суреткерлік позициясы. Асып туған Асқар алты қырдан әріге аунап кеткенімен әсте аласаратын емес. Арқасын алдырмаған асауды тұқырта алмайсың. Арық қара — Асқар фәниге сирек те болса бір келіп-қайтатын бірегей болмыс, сұқ саусағына су басындағы Сүлейменнің жүзігін киген сүлей суреткер. Аз жазды, аз көрінді; бұған Асқардың ғазиз басы әсте кіріптар емес. Аңызға айналған Ас-майталманның адымын аштырмаған замананың зәйілі. Алда айтпақ ойымызға барлау, яки салыстырма санатында тұжырым тере кетейік. Айтысуға дайын Ac сірә тақырып таңдамайтын; өзіңіз оған ілесе алмай шаршап болдыртуыңыз бек мүмкін. Ауызекі әңгімесінің өзінде аргумент қағыстырып, афоризм түйіп бет қаратпайды. Ac өзіне де, өзгеге де қатаң қарайтын; аса жоғары бағалаған Қазақты да есіркей бермейтін. Асып-тасып, болып-толғаннан гөрі өз басыңа қатаң қарауға үйретті. «Асқардың жалғызіліктілігі ортасынан озып кеткен суреткердің өз орнын тереңнен түйсінгені» (Дулат Исабеков). Ас-майталманды ортамызға оралтқымыз келсе, оны жатпай-тұрмай қолымыздан тастамай оқуға тиістіміз. Ауыр деп тыжырынбай, аз деп салмақтанбай. Айтарын азға сыйдыра білгенінің өзі өлмес өнер. Айтылмаған ойын бағамдап сүрлеуге түскеннің өзі де қызық емес пе білген құлға...
Асқақ Асқар ғарышты кезген, ғақибат, баянды бақи.
Асқар қалай жазады — мұзарт Мүсіреповтің салған санымен ілбіп көрелік. Арғымақ Асқар ақалтеке жүйрігіндей төрт аяғын тең басады. Алаш дәмелісі ғалам үрдісінің үздігінен тәлім алған, озығын жатырқамайтын озан. Аспаннан түспеген, сірә жерден өнбеген. Арғы-бергіні Шоқаннан шаңдатып, Абайдан алқап қағыстырсақ та ықылымнан солай.
Алаш қаламгерінің анық құбыланамасы — абыз Абай.
Алаш қаратаяқтары әдеби тіл төңірегінен 1916 жылдан қызылшеке таласып, ұзақ ырғасып талмай айтысты. Айтары жоқ, Қазақты ұшпаққа жеткеретін мұсылманша сауаттысы ма, орысша оқығаны ма?! Алғашқы мақаласымен «Қазақ» газетінің 1916-жылы 9-ақпанындағы санында көрінген Нәзір Төреғұлұлы Еуропадан ауызданған Абай үлгісіне шақырды. Апырм-ай дерсіз. Аптығыңызды баса тұрыңыз... Абай үлгісіне шақырған Нәзір ауыз әдебиетіміздің бай мұрасын жинастырып бастыруға енжарлығымызды жас та болса бетімізге шыжғырып басқан. Ахмет, Әлихан, Міржақып ағалары намыстанса керек — Ташкент жандарал-губернаторының бас тілмашы Әубәкір Дибаев жанабларына хат жазып, оның жиырма бес жыл бойына жинап-тергенін бастыруға рұқсатын алады. Аяқсыз қалған бұл іске Нәзір өзі 1920-1921 жылдары қызу кірісті, ТурЦИК төрағасы Нәзір Ә.Дибаевтың фольклор экспедициясын жасақтауға, жан-жақтан материал жинастыруға мұрындық болған. Айтсақ нұрын тасытқан жақсылығын термеледік; сол экспедицияға қатысқан профессор Әуелбек Қоңыратбаев қандай ұлт оқымыстысы, фольклортанушы дәрежесіне жетті. Алайда партиягөй пролеткульт ақылымызды айрандай ашытты. Алашты ауызға алудан қалдық. Абыз Абайды саудаласып ырғастық. Артық дәріптелген орысқол сәбетшілдік. Ара ағайын Шоқан, Ыбырай, Абай, Нәзір иегімен нұсқап орыс мәдениетінің озығынан үйреніп ұлттық ұжданымыз — ауыз әдебиетін көркейткен соң алтын қазығымызға оралуға шақырғанын тарса ұмыттық. Абайды жақтағандарымыздың саны арта түсті: «Абай әдебиет тілін бастаушы ғана емес, өзінен бұрынғы әдебиет тілін халықтың әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен классик деп білеміз» (Мұхтар Әуезов. «Сары арқа» газеті. 1917 ж.). Аттық-астық. Алаштың қаймағын қалқыдық. Абай әупіріммен аман қалғанымен, осының өзін көпсінетіндер біресе анаған-мынаған, қала берсе кришнаитке сүйрелеп сүйегін дөңбекшітуін әсте қоя алмай жүр; қалғанымыз несін өкпелейік. Алпысыншы жылдары барып алға ілгеріледік, мұртымыз өрге шаншылды. Ауыл мен қаланың тайталасынан ұлттың ұпайын түгендедік. Адамның жан дүниесіне жығылып, жіті үңіліп мәдениетті үрдіске төселгеніміз жолымызды оңғарды. Аймауытұлы, Майлин, Әуезов, Мүсірепов шеберлігін ілгері дамытқаннан Қаратаудың әмбебап әңгімегөй шеберлері Тәкең, Асқар үзеңгі қағыстырды. Аңызы, аңызағы аптап Қаратауда сүйегі сақайғандар дәстүрге дәнекер қамтыған стиль қаптады. Асқардың айшығынан аз-мұз мысал: «Сүмбіленің ақсары күні боз аспанның қақ түндігіне қақшиып қонып алыпты, үп еткен леп, не алып-қашпа бір ызың да жоқ, тек бүйірін соққан құтты күні аймаласып, Құдайдың құтты күні алдайтын Үйреншікті майданы — даланың төсіндегі өліні де, тіріні де қаласа жатқызып, қаласа өргізетін сағымның тәлкегі ме, Қаратау жақ беттегі көкжиектен абажадай көлеңке бейнелер сорайып көрініп, тізерлей бере құрдым ұшып жатыр» (Бесатар. «Ақ кемпір». А., Жазушы, 1987, 7-бет). Асқардың үлгі тұтары — Мұхтар Әуезов: «Құрмалас сөйлемдер орынды, көркем болып, айқын, мөлдір мағыналы болып үйлескен шағында ойлы жазушының талабын танытады, ұзақ сөйлем келісті құралса кенеулі ойдың да, сырлы суреттің де белгісі бола алады» (Көркем әдебиеттің тілі туралы) десе керек. Ауыр дейтініміз ауызекі тілге сыйыса бермейтін құрмаластың іркес-тіркесі. Алайда, қарадүрсін очеркке лап қойысқан партиялық әдебиеттің құрсауын бұзып-жарған Асқар Сұлейменұғлы «ойға мырза, образға бай, сөзге сараң» (Ғабит Мүсірепов). Алдыңызға айшық төккен асқақ Асқарға тән ыңғайлас ырғақ, әдемі әуез һәм құрыштай қисын. Апайтөс Мопассан, Толстой, Әуезов, Фолькнер өрісін өрлеп өре таңдаған өнерлі. Ауысқаны — құрмалас сөйлемді септеудің сұрапылы. Алайда, әсілөзегінен айнымаған сөз саптау мәнері, ой орамындағы он сан иірімі — ұлттық ұжданынан.
Анық та өзі, нақ-нақ та өзі!
Асқар сөздің көбігін сапырмайды, қаймағын қалқып ұртын бұлтаңдатады. Алдарқатып, таңлай тақылдатып сөз саптау өнерге жатпайтын өлермендік. Асқардың ойға бағынбаған сөйлемді көзіне ілмейтіні де содан. Алыпшалып жығатын әмбебап сүлейге жығылсақ: ақсары күн, боз аспан, сұр сағым — жетемізге сіңісті табиғаттың төл бояуы. Абажадай көлеңке — ойпаңға біткен олжалы образ. Қаласа жатқызып, қаласа өргізетін тіршілік пайым-парасаттың пәлсапасы. Арбалып үстіне құлап түскеніміз де содан. Асып, төгілген (баттасқан) басы артығын таппадық. Арнасына толмаса көңіліміз пас тартар, толып аққан десек бір сәрі... Апғыр Асқарға алда разылық айттық; сөз сыртқы мағынасында ғана емес, ішкі бояу-байсынымен де мәнді.
Қаракөк мынау
Алқаракөк фәниге
Келгендер көп —
Келмегендер көбірек.
Келген көптің бірі мен
Ірі болу, пір болу
Келе ме қолдан — білмеймін (Кек. 342-бет).
Ақылгөйден несі кем?! Ақ өлеңдеткен Асекең шығыс шайырларынан олқы түспеген. Асекеңнің ой үстемесі қандай: «Балық басынан (бірақ, көрер көзге ғана) шіриді»... Идиом да орнында, Асекең тапқырлығы да орынды екенін ерекшелеуге бола жақшаға жүгінген мен пақырыңыз. Ауырына таласпадық, қарапайым деген мына бір сөйлемін бояуын жоғалтпай өзге тілде өрнектеп көріңіз. «Ашатұяқ атаулыда ешкінің даусынан ащысы жоқ» (Адасқақ. 54-бет). Асқақ Асқардың қазақы ойлап-пішетін өресін өрге домалату ұстанымы (позициясы) оның қалай жазылатынына басты дәлел. Айна-қатесіз сол бір мінезі: «Қара айна боп жалтылдаған айдынның түбінде төңкерілген қайықтай етпетінен түсіп күміс ай жатыр екен» («Қара шал». Сонда, 35-бет). Ай сәулесі де, қара шал да, манағы ақ кемпір де — жанға жайлы етене.
Авторы Асқар да Қаратаудың кәдуілгі бір қазағы!
Асқар қалай һәм нені жазады?!
Асқақ, шеберлігі аузымыздың суын құртқан Асекең астарлы да. Асықпай кітап беттерін парақтадық. Ақыры 243-бетте көзіміз қалт тоқтады: «Арты тау, алды қазақ; бесатардың қай қойтастың түбінде қалғанын білмейді, Иноземцев, сосын ақжал айғырды езулеп барып өрге қайта салды да, аяңға түсірді».
«Астары несі?» дерсіз.
Асқақ Асқар Алаштың бел баласы, бедел досы!
Атып-асып арлы ұлдарымызды түгелімен тауыса алмапты. Астарлы Асқар төс сабаламай-ақ ұлтының ұжданын, ұпайын түгендеген ұлар. Айнала аңдысқан көз. Аздап саңылау бар; қырағы сәбеттік цензор ақ патшаны жер жастандырып жамандағанға алара бермейді. Асекең қазақ әлеуметшілдігінің әлегі 1916 жылдың (нені) санамыздағы сары шиқанын астарлап (қалай) жазып отыр. «... Қазығұрттың осынау аспаншыл биіктеріне, мынау тақтай төскейлеріне Крейгельдің іші қашаннан жылып көрген емес. Қайта — қай бір күні ойға қалғанда байқап еді — Тәшкеннің бұлтағы көп көшелерінің бұрыш-бұрышынан бақырып-шақырып шығып аттылы қазақтың атын үркіту парыз саналған бала кезінен бастап самайына сынап тұнған бүгінге дейін, осы атырапқа сыбағадай арнайы сақтап айта алмай жүрген бір сөзі, ата алмай жүрген бір оғы бардай» (247-бет). Анау-мынауды тән алмайтын ерінін шүйгіген еріншек Асқардың тереңге сілтеген тарихи танымы һәм астары. Ағызып өте шыға алмағанымыз. Асқақтың таңырқатарлық қыры мен сыры. Ащы қалжыңы болатын: «Созақ Сәбеттік Социалистік Республикасының бел азаматымын!» дегендейін. Астары әсте жайдауыт емес. Алпауыт СССР әкеміз Асқары бар, басқасы бар ұлт ұлдарының маңлайынан сірә сыйпамайтын қатігез өгей. Астамшыл қоғам орысша оқып-жазатынның, ойлаптолғанатынның (орыс қызына үйленсе, тіптен құба-құп) қолтығынан сүйеуге құрақ ұшатын. Асқақты діңкелеткен, нәзік жанын — ұлттың ұжданын шоқтай қарыған көнек жара ғаярлық Асқарды көзге шыққан сүйелдей көрсетуге тырысып бақты. Алып-ұшып Алматыға жеткенімен ауылда өсіп, дүниетанымы қалыптасқан Қазақ баласының ұлттық ұжданын қала керексінбейді. Ағайын тұтқан алқа-салқа алпыс әпке, жетпіс жездең ақпейіл алыста қалған. Аңдысқан, ар-ұят арзандаған бөлек пиғыл. Аузыңды айға білеп жүргенде кіндігіңнен өрген ұл мен қызың қырт орыс боп өскеннен араң алшаққа суыспақ.
Артық қорлық бар ма ұждандыға?!
Азарға алданғанның басы да, аяғы да емес Асқар өнерін таяныш тұтқан пұшайман мұңлық. Азбайтын өнерліден: «Сөз бар да, ой бар. Сылдырмақ сөзді саудыратып тізіп шығу емес. Болғанның өзінде арзаны. Ондай өнер, бар ақыл-парасаты, ұрыптан қайтатын, көтерем шешендіктің шеміршігін қаужап жүрген сөзуардың талшығы. Кейде шығарма аталып, кейде ғылым, кейде ғылыми-көркем монография аталып қағазға түскенімен, түптеліп шыққанымен сөзуардың қарекеті — сөзмердің әрекеті емес. Арзанға жығылмайтын асқақ Асқардың болмысына әрілесек: «Мұны айтып отырғаным идеологиялық жүктің қандайын болмасын көтеріп кететін қара нар болып алған біздің әдебиет сүйкейсал жазушыға емес, азаматтығы мен ақындығын тең ұстар, идеясы мен шеберлігі, айтары мен айтқаны бірін-бірі ішінен теппей, қылыш пен қынаптай бірігіп-кірігіп жататын, бүгінгі әлем әдебиетінің үздік өкілдері сапынан қорынбай, күйбежемектей көрінетін суреткерге мейлінше зәру. Емген малына, емген жеріне қоса сөз еміп өскен қазақ үшін сөз қайраткері атқарар шаруа қыруар. Сондықтан қудай парлап өте шығар қысқа ғұмырда бойға біткен талант не болса соған сарп етілмеуге керек, осы себепті де жазушы қол ұрған тақырыпқа, сол тақырып аясынан бауырын жарған өзекті ойларға қоғам мен қауым ділгер болмағы керек». Адамның жаны сезімтал сергек; өзін кеулегеннен оның әлеуметтік әлеуеті әлдене алмақ, танымы тарлан тартпақ. Асқар өзі ғұмыр кешкен соцқоғамның ұрдажық ұранынан ұлтының ұжданын арашалаған. Асқаралыға асылдырған, парасат падишаһы атандырған қаламының, қажыр-қайратының құдіреті.
Асқан шешен Асқар: «Қайбір ыңғайда аз жазу міндет емес. Ал кейбір ыңғайда аз жазу міндет — егер, қаламынан өрген көп сөз көбік шықса» — дей алыпты (Өлшеніп өнер тартылса. Ғ.Мүсіреповтың творчестволық портреті. «Сөзстан» №1. Құрастырған Бақыт Сарбалаев. «Жалын» А., 1980, 148-бет). Аз жазу, көп жазу, әлбетте, әркімнің ықтияр-ыждағаты. Асекең өзі бірде түстегендей: «Ғ.Мүсірепов аз жазады. Мұның себебін іздей барғанда, жазушының сөзге табынарын көресіз».
Асқақ Асқар мұзарт Мүсіреповке шын ықыласты: «... Талып жеткен тарихтың табысына құлақ түріп, бой алдырғанда көне болмыстың қойнауынан басқа, басқалар іздеген, іздеп жүрген металлды емес, өзіне, өзінше ойлайтын оқушыға керек металлды іздейді. Металл, ол — дүниеге шыңғырып келіп шалықтап кететін адамның тағдыры». Аз — көркемдік критерийі. Астарында сылдыр қаққан сазын, найқалған назын түгендей алсақ, әлбетте. Анық парасат — қоғамның қат күдігін, қатпар үмітін қағыс қалдырмайтын өмір шындығын қамдап-қамтыған аса күрделі материал. Асқақ Асқар оқырманын ойлы орамға баулыған, өнерде жақсы яки жаман тақырып болмайтынына; қолдан келсе тақырыпты жақсы меңгеріп сөзді құры сапырмай ішкі мазмұнмен байытуға көзімізді жеткерген анық шебердің ені бар, қаламының желі бар саңлақ суреткер.
Аққаптал-ай!
Асқарды қарау қоғамның көзіне сүйел көрсеткені оның Қазақ қарақотырын қасыған батылдығы. Асқақтың тарлан танымы, ұлттық ұжданы таласқа тұскен. Авторлық тұрғысы (позиция) асау, жуасымаған зийал (интеллект) дүңкілдек дүниенің дүміне дөңбекшімей өз өресіне бақты. Ағартушы-санаткерлерге, тәуба, әсте кенде қалмаппыз. Алғашқы толқын — Шоқан, Ыбырай, Абай. Алаш көсемдері — Әлихан, Ахмет, Міржақып. Алма-ғайыпта танылған — Санжар, Нәзір, Сұлтанбек, Тұрар, Мұстафа һәм басқа «он алтыншы жылдың жаңғырығы».
Асқардың «атын шығарған «Бесін» еді» (К.Әмірбек).
Абай абызымыздың жөні бөлек; Әлиханның ойы оқшау; Нәзірдің нәзілі нәзік. Ал Ac несімен нәй?! Адам Ата сафиуллаһ р.ғ. кісі қолынан мезгілсіз қазасын тапқан ұлы Әбілдің басын сүйегенде ішкі дүниесінің мазмұнын Аллаһ тағала жылап шаққан. Ақжарма шайырлықтың әліппесі осындай!
Ақан Құлагерінің қу басын құшақтап күңіренді.
Алладан айнымаған діндар атаның ұлы Ac кітап сөресінің ұшарына Құран Кәрімді әспеттеп қойып өткен. Айтыла бермейтін ойының нұсқалысына келейік: ой — һаққа құлдықтың ішкі мазмұны; тап осының, яғни ойдың психологиялық иірімін, пәлсапалық үйірімін жарылқайтын да Жаббар ием. Ac Алаш архетипінің басын құшақтап һаққа зарын төгіпті. Айтылған сөзді керіге қайтармайтын дәйек баршылық, өйткені, Ac ғарыш бәйтерегі — Қазығ йурт/Қазығұрт қылаңына төрт бүгілген. Архетип қазақ көмескі көнеден Қазығұртта түтіні түзу шалқып өсіп-өнді. Ақырзаманды айтып қазақ баласын қорқытып-үркітуің қиын; өйткені, мұның талайын бастан кешкен. Алмағайып 1916-жылдың бесінінде құрдымға қансырап құлаған кім, әлбетте, Алаш! Ac ағамды Алаш дәмелісіне, ағартушы санаткеріне күрмеп байлағаным да осыдан.
Айтылғаны — бесін, Қазығұрт, Жатжерліков.
Айтылмағаны — Алаш!
Асылдың сынығы Мұрат Әуезов XX ғасырдың 70 жылдарындағы кеңестік режимге қарсы қазақ жәнө орыс зиялыларның ара-жігіне тәуір ой жүгіртеді. Айырмасын ежіктеген. Алаш танымындағы мәдени-этникалық ерекшеліктің астын сызған мәдениеттанушы Мұрат ағамыз: «орыстың қалыптасқан ахуалды бұзбастан жетілдіре түсуге құлшынысын, ал қазақ зийалдары жаңа ұлттық шындықты қалыптастыруға қарыса беретінін» әдемі түйіндейді («Уйти, чтобы вернуться», А., 2002). Алаш ойының азаттығы жолындағы күрес; казак пен қазақтың қаржасы міне осында. Ac өз ойының, болмысының азаттығына басын тіккен бірегей: «Біз де ешкімнен кем емеспіз» деген табиғи дарын иелері осылай бой көрсете бастады. «Мемлекеттік жүйенің мүддесін қызғыштай қорыған ОК идеологиялық аппараты әсте қалғыған емес, қалт жібермеген» (Мұрат Әуезов. Сонда. стр. 4. 37). Ауыл тақырыбына ауысқандар да, тарихи көштің кешегісіне ілескендер де аянып қалмады. Ақиқатқа қоңсы қонғандар да осылар. Асқар ешкімнің де, өгей өренің де жетегіне жүрмейтін «Созақи» қисық-қыңыр мінезінен осылайша «сыр алдырған». Алғыр, ұшқыр таным иелерін барлаушыға да, пионерге де теңейміз. Аузынан қақпайлаған заманға бой бермеген Асқаққа аз жаздың деп ақыл айту да әбестік. Ac тәуекелшіл, елсүйер суреткер. Авторлық тұрғының Қазаққа жаны ашулы әлеуметтік әлеуетіне тән берелік әуелі. Алаш мәдениетінің 1916-жылы қыблаға бас беріп қорқыраған ақ сөңке қаңқасына дем үрлеген, құмырысқа талаған тінін тірілткен Ac ұлттық жазушы. Апайтөс Асқарға культрагерлік санаға қарсы тұру, жалғыз қалу сірә оңайға түспеген. Ac ағамның айрықша болмысын арашаладық. Ал қалғаны өзгелері де құйрық тістесіп жататын шеберлік шыңдаудың шытырман жолы. Ас «Арбат балаларынан» (Высоцкий, Окуджава, Галич, Хара һәм басқалары) мүлдем бөлек мәдени-ұлттық құбылыс. Азғын мәдениетпtн жүз шайысқан шаршау. Алашқа һәм адамзатқа құрметін құлшына кеудесіне басқан ділгер. Алдында қара тұтқан Тәкең Әлімқұлов, өзіне үлгі тұтқан Мұхтар Әуезов, батагөй мұзарт Мүсірепов кімнің тақиясына тар келе қоятындай. Арамыздан алыстаған сайын ойсыраған орны білінбек, ойымызға орала бермек. Алдын аңғарған зерек, ерте қамданған ерек фәни жолаушысы — пенде Асқардың өмірі өзгеше өріле алмайтын. Асқынған культрагерлік сана жайлаған сәбеттік қоғамда басқаша болуы мүмкін де емес. Аспирантураны бітірген Асқар неліктен ғылымның даңғылына түспеді. Айта беретін жалқаулығы ма кінәлі?! Алымы бөлек Ас-майталманның танымы себеп. Ac өз болмысында біте қайнасқан азат руһты өгей өренің өктеген өкпегінен қорғап шыр-пыр кешті. Асығы алшысынан түскен соцәдебиеттің арзан құндылығын, алдамшының күні өтіп бара жатқанын алдын аңғарған. Асылы «жолбарыстың жонын шымшып ойнаған» (Әбіш Кекілбаев) Ac нағыз жүрек жұтқан Ер еді. Арық қараға мұны қимаған қараулық өре тұрды. Адам (пенде) қоғамның төл перзенті бола тұра ортасынан азар көрмек. Аксиома дерлік, аттап-бұттап кете алмайтын шындығымыз. Анау заманда да, мынау заманда да алдымызды кескестемек. Ac өзі өкінбейтін қиын да қаржасулы ғұмыр кешті. Аллаһ тағаланың өзі сана берген пендеге, яғни ғұмыриесіне не деп ақыл үйретпекпіз. Асып-саспаса — бәрін де өткінші санайтын пәлсапаға үйір байсалының буы. Ащы мысқылдаса — өзіне де, өзгеге де сынай қарайтын парасаты. Ауырын артпай оқшау жүрсе — күйесін жұқтырғысы келмегені; сізді аяғаны. Ас-майталман неге қол ұрмасын: сынға, қарасөзге, драматургияға, киноға шым-шым шеберлігімен, өткір өресімен, қысқа-нұсқалығымен ерекше. Алаштың көркем ойын, көңіл-күйін күнеске сүйреп озыққа бой теңестірген, ой шалғылаған.
Ақылмен қаққанға ғана көкірегін ашқан асқақ Ac!
Асқақ Асқардың мысы азғын культрагерлікті шетке ығыстырған айтулы ұлттық-мәдени өжеттік. Алаш асылын аяқасты етуге мәшкүл Алматыда ғұмырын өткеру оған, ендеше, қайдан оңайға түссін. Ас-майталман әміркеннің әйдік әртісі ойнай салатын, бард гитарасын сабалап көше әндерінің әуенімен әуелете салатын образ емес. Алқынғанымен оларға бұл образ ана сүтімен дарымапты. Ақыл керек, пәлсапа-пайым керек. Алаштың алғырына тән зийал-зеһн қайдан... Астам бекерге қоқиланбақ. Атып-асып қанымызға сіңіскен ұлттық руһты тегімізден түре айдап шыға алмағанын кеш те болсын мойындасын. Абыз академик Бердібай, телегей Тәкең, толағай Тоқбергенов, асқақ Асқар Алаштың Әлихан, Ахмет, Міржақыбын көзімен көрмей-ақ, кітабын қолына ұстамай-ақ қанына қарысқан, тегіне тартқан ұлт мәдениетінің қуатты бір легі — «Қаратау қазынасының» қадау-қадау құбылыстары. Агионим (әулие-әнбие) әдебиетінде мынандай бір қызық үрдіс сақталған. Арыстанбаб Мұхаммед пайғамбарымыз с.ғ.с. құрмасын (ладуни ілім) ұртында сақтап Йассауиге жеткереді; Қызыр ғ.с. түсіне еніп ғайшарат білдіргенде Нақшпанд өзіне пір тұтқан Ә.Ғыждуани ілімін жалғастырып атаққа шығады. Асыра жамандайтын түгі де жоқ. Ақылға әбес көрінетіні де алдамшы. Анығын пайымдасақ, әсірелеп сөйлейтін кереметке иландыратын агиожанрға тән осы ерекшеліктен ажырай қоймаспыз. Аршып алу, керегін һәжетке жарату өз қолымызда. Арапшыға сеніп қоқысқа тастай салу таза ақымақтық. Алпамыс — Греко-Бактрияның күнін батырған, Батыста Рим империясының бел алуына тарихи алғышарт түзген Көшпелі Сака рауки заманының алып Ері, Тоңғардың туын ұстаған толағай. Ақылымыздан азған соң оны біресе қызылбаспен, біресе қалмақпен жағаластырып қойдық. Арыға бармағанның өзінде Асқар 1916-жылдың бесінінде санасы шайдай ашылған Алаш ұрпағы. Асқар асқақ болмаса айтысып қалған Дулат Исабековке түн жарымында телефон қоңыраулатып: «Өз басым Қазақ болып қаламын!» демес те еді. Ac өзінің кім екенін ашық айта алмаған пұшайман асау. Амалсыз пәлсапаға, өрелі өнер ұштауға ұрынбақ, ащы қалжыңдаспақ, ауырлай түспек. Атаусыз ғұлама ғалым, абыройын көзі тірісінде мойындата алмаған асқаралы жазушы һәм драматург жалғызіліктігіне неге күйінбесін, қалай сізді әжуаламасын?! Асқар да, Мұхтар Мағауин де шығармашылық жолын әдеби сыннан бастап, өресін ғылыммен шыңдаған еді. Ақындықтан бастап оқытушылыққа ауысқан кандидат, профессорларымыз қаншама?! Айырмасына шұқшимай-ақ қояйық. Айналасы Асқардың сыншылдығын, Мағауиннің тарихқа әуес ғалымдығын жаратпай бұл екеуінің «жазушылыққа жармасқанын» әсте кеше қоймады. Ac басындағы ахуалдың ауырлай түскенінің екінші ұштығы осы!
Алаштектілігін ОК кешпеді. Ағайыны бетінен қақпайлап шетке ысырды. Айтары жоқ: «Бүгінгінің кереметі — ғылым-білімсіз бірдеңені жасаймын деу» (Ж.Леге). Ағартушыларымыз Шоқан, Абай бастап өремізді өрге-төрге сүйрелеп әлек кешті. Арасы үзілмегені қандай ғанибет. Аузынан қақса ым-ишаратқа ауысты, иегімен нұсқады. Алғыр ақылыңа салмақ артты. Алаш қасіретін ашық айта алатын күнге жеткенімізге тәубе. Ата өзіміздікі, ақыл-санасы өзіміздікі. Артық не керек?!
Ac намысқой өрелі еді!
ӘҢГІМЕГӨЙ ӘДІҺАМ
Шығармашылық тағдыры бір бұралаң. Анық ғанибет — шырайына шымырын жамаған еңбектің жанғанында. Шынайылық, әлбетте, әдеби категория. Оқырманын тапқысы, сұхбат жарастырғысы келгеннің бұл есінде мықтап тұтынатын қағидасы. Жазу әліппесі. Жасы зейнетке жеткенінше партия-шаруашылық қызметінде абыройлы жүріп-тұрған ағамыз әдебиетке құлшынғанда осыны ұмытпапты. Әдіһам Шілтерхановтың қос томдығындағы он екі әңгімесі мен төрт һикаятын бас-басына жіліктеуді мұрат тұтпадық. Мұғдарға алғанымыз әңгімелеу машығы қарапайым құнарға бейім болмысы болды. Байырғы қазақ әңгімесі қашаннан ауылға ақпейіл етене. Ауылмен біте қайнасқан әңгімеші Әдекең кәдімгі шындыққа жанасты. Болмысты боямалауға, бойқыздырмаға мүлдем қырсыз. Жалықтырмайтын әңгімеші һәм һикаятшы Әдекеңнің қарадүрсіндікке аяқ шалдырмайтын кісілікті сүйкімі бар. Осыған тәшін қалдық. Күнделікті тыныс-тіршілікті шашпай-төкпей, шып-шырғасыз шүйіркелеседі. Көкірегіне көргенінен көптеу түйген.
Қарапайым өресіне иландырғаны, көңіл жықтырғаны — жазушының анық шеберлігі. «Ақжалдың ақыры» — осының бір мысалы. Тағдырдың талқысы, пенделердің тартысы — бәрі-баршасы қанық. Кейіпкер түптұлғасын — өзі дей алмаймын, алайда, Бәкір Сапаровты, неге екенін, шығармагерге көбірек ұқсаттым. Өйткені, мінез-құлқы үйлескен сыралғы, таным-көзқарасы ұқсас кейіпкеріне шығармагер кәдімгідей іш тартады. Кейіпкер Сапаров үстел тоқпақтайтынға, номенклатураға іліккеніне қарадай мәз бүлікқұмарға мүлде келмейді, керісінше, күнделікті араласып жүрген кеңсе қызметіндегі келеңсіздіктерге жаны ауырады. Кеңестік кейсе қызметкерін ілгеріде жалаң мақтап, төбесімен көк тіреттік. Кейіншелік қаралап, жерге тықтық. Әдекең ұстанымы бұл екеуінен мүлдем бөлек. Ақ-қараға ежіктемей, ысырапқа шашпай, бірсыдырғы баяндап берген. Қазқалпындағы, сезімталға жуық мақам. Сапаров жоғарыдан жетіп келетін уәкілдерден мезі шығып, бүгінгі жұмыс күнінің тым-тырыс өте бастағанына таңырқап үлгермеді... Тыныштықты тулаған телефон даусы түлендетті:
— Жоғары Совет Президиумынан баратын адамды жөндем қабылдап, келген жұмысының бітуіне жағдай жасауға өзің бірге еріп жүресің!
Арыз жазбаса асы сіңетін қазақы ауыл бар ма? Арыз тексеруші Алматының өзінен келіп тұрса, қайдан осал түссін. Қылтықтай қадалғаннан қан алмай тынбайтын алакөздер жетерлік. Жазым қайда демеңіз — бассақ аяқ астында. Жаман ойларын жамап, жөндем пікір түйе алмаған Сапаров қарадай мыйын шаншытып шаршады. Мұса қарияның мінездемесіне сенсек, бұл өмірде (кеңес тұсындағы) үш түрлі белсенді көрген: Бірі — 20 30-жылдардың тырнағына ілінсең тірі қалуың қиын кәззап белсендісі. Екіншісі — кешегі Отан соғысында елде есебін тауып қалған есер белсенді. Қазіргісі — көбі оқыған, сыпайы, ұр да жық емес белсенді. Енді мақтауға іліккен соңғы белсенді ауылының уәкілі Қаражалдың мінез-құлқына ауысалық. Дөкей Қаражал ауатком төрағасының орнындағы Сапаровтың апшысын қуыра келді. Жөнін айтпастан сұрақты қарша боратқанынан секем алдық. Оның айтуынша, арыз мемлекеттік жоспар орындалмаған жерден жазылатындықтан, бұл саяси мәні бар нәрсе. Ақыры түске қарай арыздың мазмұны белгілі болды. Сөйтсе, екі арыздың әуелгісінде «Күләйім кемпірдің төрт жылқысы (біреуі айғыр), бес сиыры, толып жатқан уақ тұяқ қоғамдық малдың жем-шөбіне ортақтас екен». Екіншісінде: «Құмның тереңінде тұратын аға шопан Қоңыратбайдың жүзге тарта қойы бар. Соның арқасында жоспарын үнемі артығымен орындайды. Озат болса, байлығымен емес, еңбегімен озат болсын» делініпті. Әдебиеттің қашан да адам баласының көңіл-күйіне, жан әлегіне қарайлауымен құны артқан. Өйткені, қоғамды қалыптастыратын да, құрайтын да сол адамдар. Жеке мүшесінің көңілі пәс түсіп, өмірі сұрқай тартысымен қоғамның да берекеті қашса керек. Сапаров Қаражал дөкейге ғадетінше ойындағысын бүкпесіз айтып, бәрібір жақпады. Қойшының қолындағы малынан қоғам әсте зардап шекпейтінін, керісінше кемкетігіне жапсыруға аянып қалмасын түсіндіре алмаған. Дөкей қайта өзіне бас салды:
— Капитализмді қайта тудыратын жекеменшіктік пиғылдан ел басқарып отырған өзіңіз арылмапсыз. Басқаларға өкпелеуге болмас, — деп сызданды, нықтап сөйледі.
Мұндайда ләм-мим уәж айтылмасы екібастан...
Кеңшар директоры да, ауылсәбет те білмейтін КҮләйім кемпірді табу әжептәуір әуреге түсірді. Кеңсе маңындағылар да білмейді екен өзін. Ақыры заманында ауылсәбет хатшысы болған, бүгінде зейнеткер һәм ауыл молдасы Әмзе біледі деп сілтеген кеңсе қарауылының ақылымен әлгі шалды ат шаптыртып алдырады. Түнімен әбігер кешіп, Сырдың арғы бетіне кеткен мілиса бастығын да, құдалықта жүрген кеңшардың бас есепшісін де таптыртып, топ құрайды. Түнерген тексерушілер түске таяу Торышаның (КҮләйім кемпірді осылай атап кетіпті) ауылына жетеді. Әсерлі әңгіме ауылдың алты ауызындай жеңіл, мұңлы ырғақпен оқылады. Алайда, мұң еңсені езіп кетпейтін есті, сезімтал. Сонысымен есте ұзақ сақталады. Қайбір қоғамда да адамшылықтың жөні бөлек. Пәлсапа түйгенге айтыларының өзі де осы... Сыр бойының салаһиятты бір ұлы Саттар Ерубаев — қазақ әдебиетінің романтикалық лебі бетке ұрған жастық дәуірі. Ойшыл жастың Петербор-Ленинградтағы тарих-философия, лингвистика институтында санасы ашылып, сары уызын жұқтырғаны мәуелі жемісін бере алмай, мезгілсіз қазанға ұрынды. Өкініште қалдырғаны — өрелі жастың өткір өзегінен өре тұрған өжеттігі. Өжет Саттар — өре теңестірмек өр оғылан. Жақсының жаттығы жоқ, әркім өз бауырынан өргенге исініп тұрады. Бәрібір, Саттардың туған жерін, тіпті дүниенің есігін ашқан жылын шатастыра беру жүйелі ғылымға жараспайтын қылық. Саттартанушы Шілтерханов ешкімнің шамына ши жүгірткелі отырған жоқ. Шырылы — шындықтың шылбырына шақталмақ ниетінде. Әлбетте, Шерімбет шамамен сөйлеп тұрған жоқ, әдебиет пен өнердің Ленинградтағы мемлекеттік мұрағатының мөр таңбалы құжатын көлденең тартып отыр. Қазақта кім көп, осы шал мен кемпірдің енші-басындағы сүткенжелер көп. Саттархан — Саттар да Ерубайдың емес, оның ұлы Асқардың баласы екен. Шілтерханов ағамыз мұны да шегелей айтқан. Шежіреқұмар Шілтерханов әулеттің арғы-бергі тауарихнамасынан шаңын сілкіп, Ерубай мен молда Мұсаның құдандалдығына ой жібереді. Саттардың бауыры Әбекең екеуі саусағын бүгіп, мүшел қайырысады. Бақара жылы фәниге келген Саттардың ғұмырдерегі 1913-жылға тіреле береді екен. Шенеуніктер Шілтерхановты көзіне қалай ілсін, әліге 1914-жылдан жылжымай қойдық. Саттардың тәлім-тәрбие алған текті ортасын дөп саралаған Әдіһам Шілтерхановтың ыждағаты шәк-шүбһәсіз. Телқоңыр Саттардың айналасын түгендеуге әсте ерінбеген. Тәуірі сол, жаттанды схемадан жоғары тұра білген. Әсіресе, Саттардың анасы Бапаның бейнесін дөп көрсете білген. Сүйікті ұлының қазасын көтере алмаған, көзден жазылмайтын дертке ұшыраған ананың қылаусыз сезім-мейіріміне қанықтық. Ұзынсақал, яки «Плановый комиссар» — Михаил Яковлевтің Асқармен тату достығы бөлек әуезе. Жасынғұмыр Саттардың тәлімі — ғылымның азығы. Профессор Т.Кәкішев Саттартанудың негізін қаласа, Ә.Шілтерханов оны тың деректермен байытты. Бұл — жалғастығын табатын өміршең шаруа екендігі даусыз. Өйткені, Саттар феномені әр заманның өзіндік бағамына сұранулы қайталанбас біртума үлгі.
НАЗМГӨЙ НАҚЫШ НАРАҒАМ
Өнерден өз керегін тапқаннан үйрен.
С.Батлер
Өлең — өнер өлшемі һәм өресі. Мұны өлермен өлеңшілер қаперіне ілмегенімен, анығы осы: солай болған, солай қала бермек. Айталық, музыканы сүйсіне тыңдауға, картинаны көз алмай тамашалауға білікті дайындық керегіне әсте дауласпаймыз. Ал, қара таныған сауатты, жүгіртіп оқи алатындар өнер төресі — Өлеңге һақ бағасын берсін деп кім бәтуаласыпты?! Ендеше, қолжаулыққа көнбейтін киесінен қорқалық әуелі. Жеңілтектерге ауыр Жұмекен, гүлге құмар Жүсіп Қыдыров — анығында толық тани алмай жүрген асылдарымыз. Сөз өнерінің, әлбетте, тақылдаған тақпақшыл, даңғазалы тұстары да бар. Мұндай көпшіл, ағымдық мәдени шараларға лайықталған жанрдан жуық арада сірә құтылмайтын сыңайлымыз. Мүшәйрада желпінген, тойда алқынған асабалықтан аспай барамыз. Кешегі кеңқолтық қызыл идеология бұқарашылдықтан сәл ауытқысаң басыңа бұлт үйіріп, дереу жағаңа жармасып, халықтың тезіне сүйрейтін. Мәселен, Иосиф Бродский тағдыры. Әбден зықыңды шығарып, запыран құстырған соң жайыңа жүріп-тұруға, жадағай жазуға бейіл бұрдық. Әзірге сол қызыл шеңберді шыр айналудан айнығанымыз, жалыққанымыз шамалы. Аңысын аңласақ, орысша қара танығандардың ездеpі орыс лирикасының мұзарт шыңынан саналатын Пушкин мен Блок поэзиясына қайбір тұста тісі батпайтынын мойындаудан қашпайды. Өлеңнің қарасөзден оқшаулығы — тұтасымен ырғақ (ритм) һәм ұйқасқа құралатыны. Бұл — сырт сұлулығы. Тереңдей түссек, сезіммен өрнектелген салмақты ойға ұшырасамыз. Пәлсапаға үйір ойшылдан, аузымен құс ұстаған шешеннен, көсілген көсемнен Ақынның ерекшелігі — төрт аяғы тең тайпалған жорғасында, шапшаң сезімінде, құмар-құштарлығында, құйқалы ойына ұйқасы бара-бар шымыр шеберлігінде. Жүрек көзін тартатын, қиял қылын шертетін Өлең өресі, ендеше, қалай қарабайыр, қайдан жеңіл болсын! Ақынның кәдуілгі қолданыстан бөлек, астарлы, ишаралы, қат-қабат мағыналы сөйлеу һәм ойлау мәнерін — көркемдік тінін түсінуге жаппай шамамыз жетпесе керек. Өйткені, хас өнердің қатал шарты — өзгені қайталамайтын өнегелі қолтаңба қалыптастыруда. Өзгені қабылдауға құлықсыздық — пенденің әуал бастан осалдығы. Абайдан кейінгі қазақ поэзиясы жақсы мағынадағы жаңарып-жасаруды да, құбылма құйтырқыны да бастан мол кешірді. Сүйінерлігі сол, озыққа дәстүрін сақтап қол созғандарымыз сан сынақтан сүрінбеді, артына ұлттық руһтағы мол мұра қалдырды, абырой арттырды. Өзегінен ажырамаған өренің жаңғырып-жасаруы, өлшем шұрайына лайық өнеге табуы мейлінше заңды құбылыс. Поэзия — бір орында қатып қалмайтын, жастыққа ләзім қызуға һәм байсал парасатқа бейім ойдың көрінісі. Мұны дастүршіл һәм озық әдебиеттің кез келгенінен аңғарып та жүрміз. Алайда, өз өміршеңдігін лайықты танытқан Қазақ поэзиясына төрелік айтуда өзге халықтың әдебиеттануына жалаң еліктеу, әсіре бас ұру салдарынан өзегімізді әбден жасытып қойдық. Мәселен, XX ғасыр беташарындағы Қазақ поэзиясы жаңалығының басы — Мағжан. Алаштың асылын Пушкинге, Есенинге жамырай теңедік, орыс лирикасының ырғағы мен өлшеміне (метрика) жаңалық қосқан ұлы ақыны Блоктың көлеңкесіне қуып тықтық. Сырт көзге бәрі дұрыс; бірақ, бойын теңегенмен, ойын теңемей, жанды қуыршаққа айналдырдық. Аузы уәлі Брюсов айтты екен деп, мұны істеген және өзіміз. Берісі қазақ, әрісі түркі поэзиясындағы жаңашыл, маңлай терін аямай сыпырған Мағжан кеудесін кімге бастырғандай?! Пір тұтқанымыз, мейлі ғалам поэзиясының аймүйізі болса да, Алаш ақыны неге әлдекімнің тасасынан сығалауы керек?! Орыс әдебиетіндегі жаңашыл А.С.Пушкинді ешкім «Ресей Байроны» деп атамаған... Поэзия мәңгілік категорияға жатқанымен, ақынның жасынға толы ғұмыры қалай да өткінші. Мағжаннан соң өлең басына бақ боп қонған, пешенесіне мықтап жазылған Қазақ ақындары жұбын жазбай, іркес-тіркес фәниге келіп жатты. Езуі кере қайыстай созылатын В.В.Маяковскийдің өзі: «Әр қилы танымдағы, шеберлігі қапысыз ақындар топ-тобымен келіп жатқанда әдебиеттің маңдайы ашылады», — деп мойындаған. Таптаурынға танбай бой ұрдық, енді талай асылымызды дер кезінде танымағанымыз өкінішті. Мұндайда «ештен кеш жақсысы» тағы анық. Алдыңғының ізін суытпаған, небәрі отызында қыршын кеткенімен 60-жылдардағы Қазақ поэзиясына жаңалық қосқан, тарихында қалған Төлеген Айбергенов жыр жақұтын түу алыстан емес, өзінің әлөзегіне сүйіне үңіліп тапқан. Соңынан ерген, етегін тұтқан сол тұстағы Нарша бала — бүгінгі Нарағаңа ақиық Айбергенов: «Сіз бен біздің арамыз жүректің қаны, көздің жасымен жазылған жырдан мөлдір, таза, сенімге толы. Мен сенің жақсы азамат-ақын боларыңа толық сенем. Тек, тек, тез дәлелде», — деп адал көңілінен қолтаңба жазып қалдырыпты. Айбергеновтей ағасының үмітін бозбала Нарша әбден ақтады, әсте алдамады. Фәниде ақын көңілінен жүйрік, түйсігінен ұшқыр не бар?! Бұл бірі кәнігі һәм қырағы, екіншісі бұланай екі жақсының шын табысуы! Қазақтағы ер көңілді сыйластықтың шыңы. Қиядағыны қапы жібермейтін, қалыс қалдырмайтын Нарағаң, әлбетте, тіл ұстартып, өнер шашты, өрелі өнеге таратты. Жаңа ырғақ пен соны бояу; мұнысын шашау шығармай шақтап өлшейтін, шым-шымдап жұмсайтын шынайы шеберлік соқпағын қалыптастырды. Танауын желге тоспайтын дағдыға жетілген, ұмсынғанын мүлт жібермейтін Нарағаңның қалам машығы, көркемдік тіні тамырын тереңге жібергелі қашшан?! Машығы бөлек нақышты, тіл үйірткен, көз суыртқан Нарағаң «желдің дірілін, шөптің сыбдырын, шегіртке өлеңін, ауаның ыстығын сезгіш, көргіш, жырлағыш» (Ғафу Қайырбеков). Нарағаңның өзі де Өлеңнің өрнегінен, өресінен аумай қалған: мейманасы тасымайды, «ақырын жүріп, анық басатын» салқам ғадетінен жаңылмайды. Тұңғиыққа төсін сабалау жат қылық. Иә, Өлең киесі қонғанның, өзегіне парасат-пайымы жарасқанның Тәңірі ықыласына құлай бөленері даусыз. Нарағаң — Нармахан Бегалыұлы қазақ поэзиясында сұрыпталған ғажайып лириктің бірі һәм бірегейі. Әлдекіммен шатастыруға көнбейтін көркемдік тінін, шынайы шеберлігін, ақындық қолтаңбасын ақыры ауызға алғаннан соң таратып айтуды жөн санадық. Әлбетте, көркемдік тінінің тылсымын Нарағаңның өзінен асырып айту, егжей-тегжейлі түсіндіріп беру — қолдан келмейтін-ақ құпиялы шаруа. Әйтсе де таңданысты жеткеруді өзімізге парыз санадық. Өйткені, таңданыс бар жерден нағыз лирика басталмақ... Нарағаңның сөз саптаудағы хас шеберлігі сол, дыбыстың әрбірі жымын тауып, көркем өріледі; сірә, қозғай, орнынан ауыстыра алмайсыз. Демек, сүйсінесіз. Ақыл айтып астамсымайтын һәм бойын қалыс ұстамайтын шыр-пыры бар. Өрнекті өлең — ақынның айнымас ұстанымы, мінез болмысы, ғұмырлық қағидасы. Ол һәмісе ағынан жарылады. Қуатты һәм қорғансыз... Мұнша битін салмайынша бекзат болмысқа небір ұшқыр ойың, ұтқыр ұйқасың ерісе алмай, бос лағады. Өйткені, хас лириканың сұрын да, шырайын да бабына келтіріп ашатын, қанын тулататын Ақынның пенделік тағдыры. Ендеше, Нарағаң тағдыр-тәлейлі ақын. Себебі ме? Себебі, шығармашылық қуаты аса мығым: сезімі ұшталған, ойы ұштанған, өз ырқына өлеңнің ұйқасын һәм құйқасын бағындырған, қалаған форма, яки идеяға жан бітіретін жойқын шебер. Ғадетте, көп білемін деу мен қисынсыз құмарлық, жан бұрайтын құры әбігерлік. Руһтың байсын бояуынсыз, анық шалымсыз, арқаңнан тастаса аяғыңмен тік тұратын епті шеберліксіз түкті бітіре алмайсыз. Дегдарлықты ана сүті мен ата тәрбиесі дарытпайынша; білімбілігің мен ғұмырың шеберлікке баулымайынша — бәрі бекер. Ақынға ең әуелі шығармашылыққа жарасты, күйкі пендешіліктен ада, мақсатты, биік ғұмыр кешпек ләзім. Жәмағатқа өзін қапысыз мойындатқан лирик Нарағаңның ғұмыры өзі сомдаған тағдырлы өлеңге; ғұмыр құштарлығы мінез-құлқының ыңғайына баққан көркемдік ой тінінің қуатына, өрелі өнегеге айналған. Мұнымыз — айтуға ғана жеңіл шеберлік құпиясы, тағдыр әліппесі! Мақсатты шығармашылықтың жемісіне айналуға тиіс Ақын ғұмырында жасандылыққа, қателікке ұрынудың қатерін қайда қоямыз?! Өйткені, өрелі өлеңмен күн кешу, қаншама дәлелді болғанымен — тым қиын шаруа. Ендеше, ақынша ғұмыр өткеруге мүлдем құлықсыз жұрттың бәрі Өлеңді қайдан түсіне қойсын... Өлшеулі демін кімде-кім болса да, жәмағат арасында өткереді. Дүние жаралғалы солай! Ұлы Отан соғысының қан майданы әбден қызған тұстағы қыркүйектің қара күзге ұласар жайдары шағында, қой жылы фәнидің есігін ашқан бір атаның тұяғы бес мүшелдің асқарына асылды. Қоңыртөбел тұрмысымен, қоңыр мінезімен-ақ шырқауға самғай көтерілді. Нарағаңның құлақ-күйі табиғатшыл. Ол кіндік қаны тамған ауыл іргесіндегі аудан орталығынан әсте табан мөрін теріс аудармаған. Тіпті, нағыз Ақынның астанадан тыс ауылдық жерде тұра алатынын дәлелдеген ердің сойынан. Жершіл ақын өз Мысыр шәрі —Темірланнан төрт тараптың біріне аттап шығуға әсте ықырар емес. Шымкент педагогика институтын 1966-жылы бітірісімен, аудандық радио хабарларын ұйымдастырушы ретінде еңбек жолын бастап, келер жылы аудандық газетке жауапты хатшы, редактордың орынбасары болып тағайындалды. 1974-жылдан бері бұрынғы «Коммунизм таңы», бүгінгі «Ордабасы оттары» газетінің редакторы. Кезінде аудандық Кеңестің, облыстық Мәслихаттың депутаттығына сайланған. Соңғы жылдары «Ордабасы» баспасын ұйымдастырып, шаруасын дөңгелетіп келеді. Жарық көрген жыр кітаптары бір қолдың саусағына жетер-жетпес. Шағын формалы, кең тынысты тылсым өлеңдер жазуға, ара-арасында көркем аудармаға құмбыл-ақ. Әлдебір жолы, яки бір сөзі ұнамаған өлеңі үстел тартпасында жылдап жата береді. Мерзімді басылымдардан жиі көрінбейді; есесіне, көрінсе — есіңнен кетпей қалады. Әдеби ортада аса сыйлы әзіл-қалжыңға ұста, бірақ, тым шашылмайды. Жұмсақ жымиып, ақырын дауыспен орнықты, орынды сөйлейді. Бос сөзге мүлдем құлықсыз. Пенделік ғұмырында, мұнысын мен біле бермеймін, табанын су асты тастарына қаншама жырғызып, шарттылыққа ұрынғанымен, шығармашылықта ұят-арын бетке ұстаған, арзан атақ саудаламаған ұлық көңіл. Өзін әліге тұңғыш жинағымен-ақ танытқан, тамсантқан, таңдандырған бекзат болмысынан айнымаған. Нарағаң өлеңде де, өмірде де тым шашылып-төгілмейтін сыпа, талғампаз тақуа. Артық қырым етсіз, ішмайсыз жарау тұлғасының ресми қара фрак кигені, жаз айларында бастан-аяқ аққа төгілгені сұмдық жарасады. Ақыры санамаладық, бұған мойыл мұртын, қою қасын, қыр мұрынын қосыңыз. Тура экраннан шыға келгендей: жанға жайлы, көзге ұнамды. Жақын тартуға, ой бөлісіп сұхбат жарастыруға, бірге жүріп-тұруға әуесіңіз құлап, сілекейіңізді шұбыртады. Бірақ, сезімге, сұлулыққа мырза Нарағаң сөзге сараң. Енді қалғаны өз сезімталдығыңызға сын... Жаны сұлудың — жыры жақұт: аста-төк сезімге үйлескен сұлу тіркес, ықшам ырғақ, ұрымтал ұйқас, орамды ойға оранған образ, тәтті һәм сәтті теңеу, жалаңаш жүрек, қазақи болмыс. Нарағаңның жеке басынан да мол Үйренуге болады. Жұбымен жарасып бір жүргендегі жеңгемізге сыпайылығы, көз қиығынан төгілетін мейірім-ілтипаты; қыз балаға қамқорлығы, ұлды қастерлеуі. Қысқасы, жүріс-тұрысының өзі қарадай жұтынып тұр. Хас ақынға тән аңғалдықтан да құралақан қалмаған. Онысы — кісіге құлай сенгіштігі. Абзал ақын айналасындағыларға аса үйірілгенімен, алысқа кеткен інілері ауылдағы Нарағаңды тез ұмытып, мұрнын шүйіреді. Өмір ғой баяғы! Бәрібір тәнті тұрарым: сыртынан сыпсыңдағандардың атына Нарағаң сөз шығындамайды. Олардың барына әсте сенбейтін сыңайлы. Ақын ғұмыры — тән саулығын қоса жеміретін, жүйкеңді жүндей түтетін тіршілік. Нарағаң үлкен ақын ағаларының алдын көрген, аялы алақанының табын өз арқасында сезінген, тәлімінен үйренген ерке һәм есті шәкірт, иманды инсан, көргенді пенде.
ІІ. АҚЫНДЫҚ АКСИОМАСЫ
Шайтан да күні түскенде киелі сөзге құмбыл.
У.Шекспир
Көркемдік тін мазмұнын, жеке тағдырын Ақынның өз басының мәдениетіне жатқарамыз. Әуелі оның поэтикалық форма сомдаудағы бесаспап шеберлігіне тоқталық. Өлеңнің лексикалық қолданыстағы форманттардан іріктелініп, қысыр сөзден мүлдем бөлек көркем шындықтың жоралғысына жаралатыны бесенеден белгілі. Осыған қарап, яғни сөз ұйқастыруын бетке ұстап Ақынды сөз құрастырушы деп шолақ топшылаймыз. Анығында, көмейі көсілген нағыз ақын сол қарапайым сөздерден Өлең шындығын кестелеп сомдаса керек. Өлең сомдау — жан тарықтыратын, тән тоздыратын тынымсыз жанкештілік. Майталман Заболоцкий: «Ақын жан-тәнін қоса аянбайды: санасын, жүрегін, жанын, бұлшық етін іске түгел қосады. Барша ағзасын қалтқысыз жұмсайды», — деп ақтарыла салған. Әрине, мұны сөзбе-сөз қарабайыр қабылдауға, ұғынуға болмас. Мәселе ақынның өз жұмысына жан-тәнімен құлшынысында, немесе ол қара күшін қолданбайды. Шеберліктің әліппесі — өз ғұмырыңды поэтикалық формаға түсірем деп әлекке қа-луыңда. Демек, сөз саптаумен, ырғақ табумен, ұйқас құраумен, амал-әдіс іздестірумен құры шектелмей, өз мінез-құлқыңды көркем шындыққа дарытып, тыныс-тіршілік бітіруде. Ендеше, өлең мазмұны сынды шеберлік те ақынның жеке басына әбден қатысты. Нарағаңның шағын формалы, шалқар сезімді өлең өрнектері әлөзегінен өріліп жатыр. Немесе Өлең автор өмірін сөзбе-сөз, қолма-қол қайталауға сірә міндетті емес. Өзектес деуіміздің себебі Ақынның көңіл-күйіне, қиялына, таным сілеміне байлаулы жатқанында. Қалай дегенмен, еріндегі емеурін көңіл-күйіне, ғұмыр ырғағына, жанымызға сіңіскенде ғана қалам жорғасы ұшталмақ. Есенин шынайы поэзияның ғұмырды қайталамайтынын, бірақ, өлеңге өмір демін үрлейтінін жиі қайталаған. Әркімнің-ақ жан-дүниесі тым күрделі, аса нәзік, күйлі бап тілейді. Өзімізді қорғауға келгенде алдымызға жан салмаймыз. Өзгені қорғау мен түсінуде ше? Егер оңайға үйірсек, ойлануға күпіншек итжанды құлқымыздан арылсақ, талайды: Жұматай, Жүсіп Қыдыров, Жұмекен, т.б. түсінуге, қастерлеуге болады-ақ екен. Өзімшіл болмайық, бұл оларға емес, әуелі біздің өзімізге зәру қажеттілік. Олар келте ғұмырын мәнді өткеріп, бақиға алмастырып кетті һәм әрбірімізге ой салып, үйретері бар тіршілік кешті. Ғафаңның бір пікірі осындайда жиі ойға оралады: «Нармахан творчествосын, оның ақындық лабораториясын, құрал-қаруларын, бояу-сырларын асықпай зерттеп, үңіле қарап, кепке танытуымыз керек. Осы күнгі ұрпақты поэзиядан ләззат алуға, эстетикалық сұлулық дүниесіне бойлауға тәрбиелеудің бұл да бір әулие жұмысы».
Қалайша жөн пікірге құлақ аспасқа, неге қостамасқа?..
Нарағаң өңіне айшық-өрнегі жарасымды һәм төгіліп тұрған «өз көйлегі өзіне шақ» ақын. Шайырдың шалқар сезімді, шұрайлы, ойлы, яғни өзекті өлеңдеріне шағын форманы шақ көретінін ескерткенбіз. Неге? А.Блоктың айтуынша, лирикалық өлең тым шұбалаңқы болмасын, ұзақтығы 20 жолдан аспасын. Ендеше, Нарағаң осы принципті берік ұстана жүрген һәм растығына өзі де қоса көз жеткерген. Өз сөзімен айтқанда:
«Емеурінмен еркелеп,
Енгенше ұяң үйлесім».
«Өрт қайнатқан өзегім,
Тауып сенен өз емін» — деп уақыты жеткенше сыр шашпайды.
Ақынның өмірі қашан да ерлікке толы. Сұңғыла С.Есенин «поэзияға бас тіктің бе, man бір майдан даласындағыдай қаныңды төгерсің» — депті. Нарағаңнын мынау ойлы шумағын алалық:
Бұлақтарға бұғаусыз,
Көрші қондым үш-ақ күн.
Қылығыңды қылаусыз,
Қуанышын құшақтың,
Ұмытпайтын шығармын!
Тағдырдың тәттісі мен теперіші қатар өрілген, өзегінен қыл суырған шынайылық.
Тәуекелің татымды,
Бірте-бірте татыр мұң.
Ұмытпассың ақынды,
Теперішті тірлікке,
Қайтып бара жатырмын.
Тайталассыз тіршілікті қашан таңлайға басқан едіңіз?!
Әйгілі Есенин мәшһүр Блок һақында: «Бұл ақынды құлай ұнатамын. Өйткені, өз Отанына терең құрметпен қарайды. Ең бастысының өзі осы, мұнсыз поэзия жоқ» — депті. Қазаққа сүйінулі ділі қарадай өртенулі Нарағаңның азаматтық өресі бұл ғибратты қайтара дәлелдеді. өре мен өлшемді өз ділінен қатар өріп, өгейге ұрынбаған өнегесі бір бөлек. Ақын жаны сатқындықты кешірмейді, өгей өреге шекелей қарайды, арзан атақшылдықты жаны қаламайды, әурешілді жек көреді. Сөз саптаудағы, ойлау машығындағы, өнеге жұқтырудағы менмен қазақылығымен-ақ поэзия әлемінде үздік саналатын оқшау нәзіктік үрдісіне иық теңестіруі — қайтпас қажырының, ерен ерлігінің, өткір өзегінің тәмсілі. «Мен» — мінез-құлықтың абсолюттік мәні қашанда әлөзегіне көбірек сүйінулі. Өзектен тайқып, өгей өреге сүрліккендердің сүрініп жатқанын күнде көре бастадық. Дәлелді атрибуттары жетерлік. Нарағаң поэзиясының ұлттық өремізден үйренгені мол ерен шеберлігіне мысалды ырғақтан бастап алалық:
Гүлдеген шыттай,
Төсінде қырдың;
Шыныдағы шықтай,
Мөлдіреп тұрмын,
Қайран, көңіл-ай! — бойы бусанған бес буынды бөлек бунақ.
Сағынышқа сыз артып,
Жылға жалғыз жылай ма-ау?
Қыстың татын тазартып,
Су әлі де ылайлау— желпінген жеті буынды жұлдыз бунақ.
Ауырлап кеттім мен неге,
Еменнен қиған есіктей— самаралы сегіз буынды сері бунақ.
Мойынсұнып мосқалдыққа,
Қағілездеу қайыңдар,
Жапырақтар ұшқанда ыққа,
Мойып қалды мойылдар — адуынды аласапыран аралас бунақ.
Нарағаңның қай ырғақты қаласа да қадау айтатын айтқыштығын байқаған да боларсыз?! Сымбатымен көз суырып, әуенімен әлдилеп, тұңғиығына тартқан астаңкестең көңіл-ай десеңізші! Хас ұстаның қолынан шыққан, шебер сомдалған осындай жақұт жырларды оқығанда «тұрмыстық қолданыстан аспайтын қазақ тілінің әуезі әлсіз, омыртқасы осал» дегендей даңғаза таратқандардың аузына қорғасын құяр ма, шіркін, деп қиялданасың. Өз басына қатаң қарайтын Нарағаң ешқашан өзін де, өзгені де кұштемейді, емін-еркін, жайдары болмысынан әсте ауытқымайды. Оның өлең сомдау мәнеріне: интонациясы, синтаксистік құрылымы, етістік, яки зат есімді өз ыңғайына көндірген ептілігіне т.б. сірә, қол сұғына алмайсыз. Өнер шашқан, өнеге ұштаған Нарағаң сөз сиқырының үйлесім, ұнасым, өрнек-өріміне мейлінше сақ қарайтын шебер ақын.
Оның:
Нәк гүлі нағыз нәшінде яки:
Торғайдың торғын тілегі ем, — дегені аллитерацияға құры әуестік емес, тума мінезділік. Жақұт жырдың сан бұрамға жығыла кететін жасық өзекті өлеңнен айырмасы, міне осында!
Нарағаңның ішкі ұйқасын бағамдалық:
Жазғы жаңбырдың,
Жұпар тілегіндесің.
Балғын балдырдың,
Балаң үрейіндесің — анық өрімнің жарасымдылығы! Енді осы өлең шумағының ырғағын:
Жазғы жаңбырдың жұпар тілегіндесің, Балғын балдырдың балаң үрейіндесің, — деп қолдан құбылтып көрелік. Әуелгі әдемілік, не сиқыры барын, әп-сәтте жоғалып сала береді. Байқаған боларсыз, шынайы шеберлік — өзгенің сұғанақтығын, киіп-жарып ентелегенін жақтырмайтын кірпияз болмыс. Ал кірпияздық пен әлін білмейтін даукестік — екі бөлек ұғым... Шалқар шабыттың шалымы — тамсанған таңлай тәттілігінде, теңеу сәттілігінде. Жұлдызы жанған Нарағаң мұндайда сірә қамшы салдырмайды.
Уәйімі де уызда,
Уылжып көктем — нұр әлем,
Өзекке тұспей тұз удай,
Ойнап оянған бұлақ ем.
Уәйімі уыздай уылжыған көктемде ытырынып тұрған жас көңілге қай дауа?! Жақсы өлең ойға батырады, намысыңды қамшылап, өнер бәсекесіне шақырады. Ымырт желі іңірмен таласа үдеп,
Тілік өкше тамшылар — дәмесі көп...
Тамшының өкшесін тану, теңеуге айналдыру тапқыр Нарағаңның қанша жүйкесін жүндей түтіп кеткенін тап басып айта алмаспыз. Сәуірдегі сәскенің сәулесіндей Сұлу сурет, сәтті теңеу кемел ойдың, жүйрік қаламның жорғасына тән емеуріні. Жалпы, Нарағаң поэзиясының сәулесі сәуірдің сәскесіндей жұмсақ, құлақ-күйі сезімтал, әуені ойнақы, сыр-сымбаты келісті, күйлі-мұңлы сұлулық әлемі.
Қапелімде күз суыт жүріске еніп,
Жапырақтар жабырқау сыбысты еміп;
Қаперінде қайғысыз — құлпырады
Қырау құмбыл құбыла күмістеніп — образдылық ойға оранғанда ғана өзегіңді қоса өртейді. Өлең — өзекті ойыңды өзгеге жеткерудің, сыр бөлісудің құралы. Сондықтан, Өлең мазмұнынан ақынның тұтас шығармашылығының тінін іздестіреміз. Нарағаңның кез келген шағын формалы әлеңі ғұмырлық байыпқа, өзекті ойға толы, ғалам лирикасының ғажайып шебері Тютчевке пара-пар жанкештілік танытады.
Жүрсем деп ем сәуірдей нұр себелеп,
Сезбедің-ау жаныңмен сонша зерек.
Бұл — өкініш, яки өкпе емес, жақынына балаған жанға арнаған назы ғана:
Көңілімді көтерген көкке менің,
Көктеміңе сен қалай өкпеледің?
Аңғарған шығарсыз, ақынның сәбидей таза көңілі таңырқаулы. Шындығында, бір кездері көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған күңдерге несіне өкінерсің, қалайша өкпелерсің?!
Бәрі өтеді басыңнан, сән өтеді, Шалғын-сазды уақыт шөл етеді. Байсалға бой ұрғанымен, Нарағаңның жұрттан белек бір мінезі — мысы құрымайды, ол тұңғиықтан тұщынады. Мизан басын тұщынысы басып жатыр. Өмірдің өтпелі екенін мойындаған естияр естілік мойымайды. Өйткені, өмір өткелектерінен өзегі өксімеген өр болмысын әлдилей алады.
Үйректер үрпек үркеді,
Жоғалтып жаздың желігін.
Сүреңсіздікті сүртеді,
Көктемге ғашық көңілім.
Мұнан асырып айта алмаспыз, Нарағаң сезімі көктемге тұрақты ғашық! Өмірге! Масайрап масықпайды:
Үмітті үзімделген,
Жылауық жаңбырға жектім.
Жас көрдім жүзімдерден,
Іркінді сулардан өттім.
Жұлдызсыз ыпыр-жыпыр,
Төнді аспан ауыр сындай.
Сезіндім құстан былтыр,
Қап қойған қауырсындай.
Мұзтабан мұзартқа бардым,
Мызғыған көктем бардай.
Бірақ, Сен ұзақта қалдың,
Ерте еріп кеткен қардай.
Әдемі мұң. Есті, ойлы, сырлы.
Ең бастысы, өкінішсіз ғұмырға тән.
Еркелікті есейтіп, ентіктіріп.
Иә, көктем-жазды күз, еркелікті естілік алмастырып жататын қамшығұмыр. Нарағаң жаны сұлу тазалығын, наз үмітін аңсай береді. Қараңызшы:
Сағынады бұталар бұлбұл түгіл
Көктемдегі көкектің көкжақтығын.
Өйткені:
Сияқты едік жігіттік жасқа жеткен,
Қылау-қырау қонып жүр шашқа көптен.
... Қайта оралып,
Наурызым назданар-ау,
Ол бәрібір, бауырым, басқа көктем!
Нарағаңның әр жолының тасасында таспадай өрілген тағдыр иректері: пенделік таным, қуаныш мұңы, жан сұлулығы, ойнақы ырғақ. Қалай десек те:
Мәмілелі, мұңсыз мезетпен Мейірімге бөлеп, мәз еткен,
Бозбала кезім бар еді;
Лездік ләзім ләззатпен
Бәрі де қалай тез өткен!
Қосыла күрсінерсіз, бірақ, жеңіл күрсінерсіз. Ақын тағдырының кәдуілгі шындығы иландырады, шынайылығына көз жеткереді.
Ынтықтырып құрақ, қайың,
Көңіліммен көл күреп;
Ботагөз бір бұлақтайын,
Қалдым құмда мөлдіреп-
Ақын жаны шөлдеулі екен:
Тепе-тең намыс, наласы,
Шал — тағдырлар таласы.
Шыт-шыт шытынаған шөлде әсте ғұмыр тәттірек. Барлық бақыттан да,
Қандай қайғыдан да,
Сексеуілге тіршілігі қымбаттырақ.
Талғаған үміт талдырмайды:
Тәттілік — таңдай суырған,
Тақұл-тұқыл тамшылар.
Өнегелі өлең еншісі Тәңірінің сыйы — тиемелі тағдырың болса керек. Ойнақы ырғақ байсал ойға ауысқан ғұрлым Нарағаңа тән жаны жұмсақ, жылуды аңсаулы Сұлулық пен Тазалық әлемінің буы сүйегіңізге сіңе береді. Сіңіскен ғұрлым сүйіндіре алады. Жыр киесі жаныңды исіндіретін, сұхбат жарастыратын адамшылық ақылында. Ақылдың айтуымен асқаралы алпысына аңдамай-ақ абайсызда жеткен аңғал Ақынның көркемдік әлемі — қашан да құнын түсірмейтін жан байлығы. Сезімін өрген, сымбатын түзеген Сұлулық дүниесі. Абыройлы, атақты, нардың жүгін көтерген азамат-ақынның әлөзегі. Жалтылы жанарыңды жуасытқан жақұт жырдың жұқанасы. Кісі қызығарлық, ақылы адамшылығына жарасқан өлеңғұмыр. Ғажайып лириканың ғаламдық құбылыстарымен иық теңестіретін Қазақ поэзиясының өнегелі озық үлгісінің бірі. Осыған дейін өгей өренің тасасына тығылып, қуыршаққа айналғанымыз жетер. Қазақ жырының бай әуені, сазды ырғағы, сыртқа тепсінген сұлу сымбаты жиһанға мәшһүр француз, араб, испан лирикасынан әсте кем түспейтінін мойындататын кезіміз жетті. Мұның ең әуелі өзімізге тиемелі шаруа екенін де ұғынайық. Нарағаң өз тұсындағы стадионға жұртты молынан жинайтын шоу-поэзияның үлгілеріне, арзан атаққа елігіп-солықпады. Верлибрмен ісі де болмады. Есесіне, өз тұнығына тереңнен үңіліп, тұңғиығынан сүзді, маржанынан терді, мазмұнын байытты, ырғақ, өлеңдік формасын сұлуландырды. Нармахан Бегалыұлына тән қазақи жан тазалығының, еркесылқымдықтың құлақ-күйін бұрап қалыптастырды. «Еңбегімді дер кезінде бағаламадың, атақ, сыйлық бермедің, төбеңе көтеріп жүрмедің» деп және байбалам салмады. Бәлкім, қазаққа тән қойдан жуас момындығынан, хас Ақынға лайық бекзаттығынан, шынайы дегдарлығынан болар. Әйтеуір, даурықпады, ешкімді төбелемеді. Атаққа шықпағанымен абыройы түспеді. Анасын әлпештеді, жар сүйді, ұл-қызын өсірді. Пенделік бақытынан қапы қалмады. Айбергенов, Мәуленов, Шаңғытбаев, Қайырбеков ағаларының әлпешін көрді, тәлімін бойына сіңірді. Өз бетінше көп ізденді, мол оқыды, ақыры тың өріске, соны соқпаққа аяқ басты. Үнсіз жүріп, үйдей тірлік бітірді. Және қандай абыроймен! Нарағаң өзіне дейінгі хас шеберлерден ерінбей-жалықпай үйренді, ұлағатын ұмыт қалдырмады, жақсысын жаңартып жалғастырды. Бірақ, ешкімге елпілдеп еліктемеді. Содан да өткеніне өкінбейтін ғұмыр кешіп, ұшпаққа жеткерген маңлай терін әсте бұлдамады.
Тасқа ғана — тасу мұң,
Шалқу, шаттық, — шалғында.
Жаңа әлем ашудың,
Қуанышы бар мұнда.
Нарағаң ақиқатын айнымай тапқан өз әлемін ашқан, анығын айта білген қуаныштың, ақындық алымдықтың ғұмыр иесі.
ІІІ. ӨНЕГЕ ӨЛШЕМІ
Жұртқа сөзіңді өткеру барша байлықтан қымбат.
Л.Вовенарг
Сөз өнері — ерекше болмысты, аса мән-мағыналы. Қарапайым сөзді тиянақтаушы Поэтика үндестік пен үйлесім, жан тазалығын, сұлулық, кемелдік дарытатын көңілдің күйі, киелі құбылыс. Өренің өлшемі өнегесінде, мұны сан қайталаудан жалықпадық. Хас ақынның бақыты — ғұмырын өлеңмен тыныстап өткеруінде. Нарағаңның өнегесі мұның әдемі бір мысалына мейлінше татитынын тарата кетелік. Шеберліктің шынайы шыңына жеткен Нарағаңның ауызға алғанын, яки тасқа бастырғанын қайталау әсте мүмкін емес: әрбір сөзінің әріне нәрі, өңіне сөлі жарасты. Яғни, Нарағаңның сөз саптауына тән өлең жолдарының мұртын басу — қияңқы қыршаңқылық. Әбден екшелген, тулаған табиғатпен, сері сезіммен қоса өрілген әрбір жолы жанды тіршілік, тұнған поэтика. Қарапайым мысалға жүгінелік:
Адасты аяз өзекті түршіктіргөн,
Тал түсіне бүгінде бүршік кірген.
Көңілі босап қардың да шатырдағы,
Төмен қарай сырғиды сусып бірден.
Кәдуілгі қара өлең үлгісіндегі бұл шумақтың бір қарпі де өзгертуге көнбейді. Кібіртіксіз, құлаққа сіңісті, сірә, жатырқай алмайтын мәнерде жазылған шымыр шумақтан Нарағаңның сөз саптауына тән белгілерін саусақпен санамалай жатарсыз. Менің көңілді баса аударғым келгені — ойдың образдылығы. Өйткені, шынайы поэтикалық шеберлік қашан да ойлы образ. Мұндағы поэтика заңдылығына бағынған қазақ тілінің байлығы мен грамматикалық-лексикалық ережесі тұтас ұғымды ишаралай алған: һақиқи мағынасындағы шынайылық, көркемдік, еркіндік толық сақтаулы. әлбетте, бұл — мақсатты шығарма. Өлең — құр тамсанып сөз саптау ұшқырлығы емес, нағыз өнер туындысына тән кемелдік. Ақынның жұрттан бөлек айтылған шындығына Өлеңін түйсінгенде, демек, сөзін баршаға өткөре алғанда ғана анық көз жеткереміз. Хабарлы, лепті, т.б. жай сөйлемдерден айырмашылығы сол, ақын қиялының жемісі — көркем шығарма. Шынайылық, өнегелі өлең иландырады, тереңге үңілдіреді, бойды сергітіп — сүйіндіреді, ойды сілкіп — жаңа танымға үйіреді. Құры ұйқаспен алысқа ұзамайсың, жай ырғақпен тайпала баспайсың. Шынайы шеберлік табиғи болмысымен баурайды. Бәлкім, Нарағаңның поэзиясына тән бояуларды жеткермек болған ыстық ықыласымыз, оң ниетіміздің өзі сол болмыстың жанында құры әбігерлік те болар. Сөз саптау, ұйқасқа ұластыру, яғни, өлең құрау тумысынан ақынжанды, түгел сауатты қазаққа аса қиын шаруа емес. Арамызда өлең техникасына аз-мұз қолы жаттыққандар көптеп саналады. Ал, ақындық шеберліктің шыңын нысанаға алған жанкештіге басты мақсат — қалған қазақтан асыра айту. Анықтай кетсек, асырып айтудың мәнісі сөз өнерінің ыңғайына қазақ тілінің заңдылығын бұзбай-жармай икемдеу қуатында. ... Көңілі босап қардың да шатырдағы — жылымыққа, көктемеге шыдас бермеген қардың еріп кетуі кәдуілгі шындық. Әйтсе де, Нарағаң оның «көңілі босап» калған «жұмсақ» мінезін бәрімізден бұрын байқап қалыпты! Тапқырлық һәм ұшқырлық, яғни асырып айту. Мұны байқатқан көкірек көзінің шалымы, ақындық алымы шығар. Көне дәуір мен орта ғасырлардағы сөз өнері әуестенген ырғақ, поэтика өз құндылығын, қанша басын кеміткенімен, әліге жоғалтқан жоқ. Сөз өнері эпика мен лирикаға бөле жарылғалы ерлік, яки фольклорлық сипаттағы поэмалардың өзі биязы мінезге табандылықпен ойысып барады. Тіпті, лирикалық проза ұғымы ажырамас дәстүрге сіңіскені, яғни мәуелі һәм ұзақ ғұмырлы мәртебені тұрақты иеленгені айдан анық. Кеңес билігі орныққалы орыс әдебиетіне құлай еліттік. XІX ғасыр басындағы сол орыс әдебиетінде өлең мен қарасөздің шекарасы тым буалдыр еді. Бұған дейінгі екі ғасырда қалыптасқан өлең формаларының қалыбы күйреп, прозадағы өлең, яки ырғақты (орнаменталдық) проза ағымдары қалыптасып Өлеңге қауіп төнді. Кеңес дәуірінің қалыптасу жылдарында поэзия публицистикалық сарынға, газеттік мәнерге көбірек икемделді. Қазақ әдебиеті жалаң еліктеп-солықтаудан XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап арылды. Лирика мен өлеңнің берік тұтасуы поэзияның ғұмыршаңдығын қамтамасыз етті. Лирик ақынның басынан кешкені өз ғұмыры. Мәселен, С.Есенин: «Ғұмырбаяным — өлеңім»
деп жалайырға бұрынырақ жар салыпты.
Қалай десек те, «жас жұттым», «жанға жайлы жас жұттым» мән-мағынасы әр қилы синтагмалар. Нарағаңның инверсиясы — ақынның ырқына көнген көркемдік құрылым. Өнеге — ата тәрбиесімен, ана сүтімен даритынын әркім-ақ айтар. Ендеше, омырауын идірген ананың поэтикалық бейнесіне сүйінелік:
Кешіре гөр момыныңды, жан ана,
Салғызбадым саған сая-сағана.
Қайтқаныңда көктем еді
Жыл сайын
Жас шөп өссін дедім ескі молаңа.
КҮН аялап игі нұрмен ырыстай,
Топырағыңды бөлеп жиі күміске Ай.
Сендегі ұлы үнсіздікке
Түнгі аспан
Жетсе деп ем қиялдағы дыбыстай.
Шаруа едің, жүзіңді ащы тер шылап,
Жүретінсің — жалғызың да жершіл-ақ.
Тас қараңғы мәңгілікке
Тірліктен
Алып кете алмадың-ау бір шырақ.
Қайран өмір сыймай мөлшер-өлшемге,
Түсіріп жүр енді ұлыңды ел-селге.
Армандаймын
Бүгінім мен ертеңнен
Өткеніңе жеткізсем деп бір сәуле.
Бесік жырың бойтұмарым, байырғы ән,
Дәметпеймін сенсіз мейір-қайырдан.
...Еркіндігін өртеп жатыр жапырақ,
Бұтағынан ізім-қайым айырған.
Ақыш Тайлақбай келіні ерке ұлын, қанша дегенмен жалғызы ғой, әлпештей жүріп естілікке тәрбиелеген ерен Мейірбанға ұқсайды. Мұның даусыз дәлелі Нарағаңның пенде ретіндегі, ақын ретіндегі мінез байлығы дер едім. Нарағаңның жан-дүниесіне бойлаған сайын, жүрегінің жалаңаштана бастағанын аңғарамыз. Ғадетте өзімшіл пенденің өзгенің ойымен, жан толқуымен санаса беруі нейғабіл-ақ нәрсе. Өнегенің шынайылығы — өзімсініп баурай алатын жан тазалығында. Нарағаң ишарасынан сәл алшақтасақ, ақынды танудың өзі «жаңа әлем ашудың қуанышы» ғой. Поэтика сөзге, сөз тіркестеріне кемелдік, сұлулық сіңіреді. Сұлулық — көрінгенге бас ие қоймайтын асау құбылыс. Сондықтан, шынайы сезім дүниесін әдемі сөйлеуге тырысумен шатастырып алмаудың мәнісі бар-ақ. Өзін ғана зор санайтын кеңестік орыс әдебиетінің Шығыс поэтикасын «алабажақ» санайтын астамшылығы бөлек бір әңгіменің арнасы. Мәселен, ХІХ-ХХ ғасырдың қиылысында атағы көкке өрлеген Фофанов, Бальмонт сынды ақындар «поэтикалық формалардың асқан шебері» саналғанымен, олардың қаламына мәнсүб шығармалары мазмұн байсындығымен, тереңдігімен үнемі қабыса бермейтін. Яғни, қарадүрсін шығып қалатын. Нарағаң қазақ лирикасын сырына ойы сай көңіл күйімен, сезіміне түрі лайық сұлулықпен байытқан, алқымы іспейтін шынайы шебер. Оның әрбір шумағы тыныс-тіршілікке, табиғат мөлдіріне толы жанды құбылыс.
Бәйшешектер өшеді,
Еншіңе тимес еседей.
Күнді еске алсам кешегі,
Жастық келте көшедей.
Мұнда ой тіні басым жатыр.
Сыршыл сыбыстар —
Тәтті тыныстар.
Бүршікте бұйыққан,
Тылсым дыбыстар.
Мұнда енді бәрі де бар, ұйқастың неше атасы — ішкі, сыртқы, аллитерация; сымдай тартылған сезім, нәзік жан-дүниесі, тұңғиық ойы! Немесе:
Сүле науқас сиқынан сай ұмсынып,
Құлаш созым құлшынып қайың-шыбық;
Қиқы-шойқы жартастың көлеңкесі,
Судан шығып келеді аюсынып.
Мұны оқығанда, өзіңіз де қайың шыбығына қосылып құлаш созымға құлшынарсыз, өмірге ынтық көзбен құмартарсыз.
Беп-белгілі үміттің де,
Белгісіз-ау тағдыры.
Денені дір еткізетін ақиқат заңдылық!
Енді ойланбай, мұңаймай көріңіз...
Қара судан қараша қаймақ алды.
Сөз саптаудың, ойлау машығының нағыз қазақы үлгісі.
Базарсыз бел бұлдырлықты бүркеніп,
Күдері жал, тұлдыр төбе бұлт еміп.
Мұңая білмеген қуана да білмейді.
Кестеледім көлеңкені,
Түрлі теңеу қайталап.
Мені таңырқатқаны — Нарағаңның «көлеңкені кестелегені». Көлеңкенің бояуы да, мағыналық ишарасы да қашаннан тұнжыр келеді. Тап осыны күлтелеп кестелеу ақынға ғана жарасатын ессіздік!
Нәк гүлі нағыз нәшінде —
Назыкеш көктем кешінде.
Нақысы жанған төсімде,
Қызғалдақ дәурен есімде.
Аңдаусыз тұма mac тұнық,
Алғаусыз аспан, жас бұлт,
Есімде ұяң ишарат,
Ибалы жастық — жақсылык,
Өтірік-өсек өтімсіз,
Мал, мүлкі мүлде жетімсіз,
Бозбала кезім бар еді,
Зеккісіз-зілді зекусіз.
Сәттіліктерге сеніскен,
Бейіліміз тең-ді жеңіспен.
Еркелік — елші жүретін,
Арадағы алыс-берісте.
Шығысқа тән шынайы шеберліктің — сұлу ойлап, сұлу сөйлеудің шымыр үлгісі Нарағаңның ерке болмысын, есті еркелігін айттық-ау деймін.
Көкқасқа бұлтты гүлдеткен,
Мамырдың майда шуағы-ай!
Қиялымыз шалқыса,
Мәуі көкті шарлайтын ежелгі дағдымыз-ай!
Мұның өзі Көк Тәңірінің текті ұлдарына ғана жарасатын бекзаттық!
Мәжнүнтал жылаңқылығынан,
Қайыңның ұяң қылығынан —
Бейхабар.
Иір бұтақтар —
Құмның қияңқылығынан.
Сексеуілдің қатал суреті, есесіне қапысыз шындық! ЬІрғақ та, сұлулық та, шынайылық та мазмұнды болуы керек-ақ. Өлең сонда ғана өлең! Нарағаңның өлең жолдарынан жан дауысын айна-қатесіз таба жүріп, өнегесіне тұщынамыз. Шындық қашан да сұлу сомдалса керек, сұлулық — өлеңмен өрнектелген ғұмыр бұлқынысында. Салқын ақылмен Нарағаңның мұнша батылдығын, еркіндігін, танып-түстеу сірә мүмкін емес. Оның жылы жымиысының өзі жұмбақ. Жаз күндері шымқай аққа киініп, жұрттан саяқ жүруінің өзі ғажап сурет. Жүріс-тұрысы, мінезі, өлеңі — баршасы жұмбаққа, тұңғиыққа, сұлулыққа толы жарасым тапқан ақынғұмыр. Оның лирикасы, сұхбат жарастырады, шөліңді қандырады, таныған ғұрлым шетсіз-шексіз, жан-жүрегі жап-жалаңаш. Ешкімге шекелеп қарап кісімсінбейтін, ізеттен айнымайтын һәм ешкімге ұқсамайтын Нарағаң лириканың ғажайып шеберлерімен иық теңестірген, төс түйістірген тату, жаны үйлескен өнер иесі. Жер тарпыған жүйріктермен құйрық тістескен һәм сірә қайталанбайтын құбылыс. Нарағаңның өлеңдегі өнегесі ұшан-теңіз, сірә, оқырманға оның өресіне жетіп жығылудың өзі күшкө түсетіні, бәлкім, осыдан болар. Өнегеге сүйенген өнер шашпақ өренге де Нарағаңның үйретері мол. Анаға қарайлап, ауылдан алыс кетпеген тағдырының; ғалам әдебиетінің озық үлгілерінен бойына сіңіргенімен қазақи болмысынан әсте ажырамаған азаматтық ерлігінің; өмір өресінің һақиқи парқы, міне, осындай. Ақынның жан-дүниесін тану оңай ма?! Әлбетте, қиын шаруа. Ақын боп қалмақтың қиындығы бір басқа. Мұны Гораций миләдтан алдын айтып үлгерген: Табаның сәл тайқыса — Шыңырауға құларсың. Өлеңнің жалына жармасу дегеніңіз — басыңды тігу. Белортада жүре бермей, мұны әуесқойлар місе тұтса керек, тыңнан түрен салу өз ісіңе құлай берілуге, жұрттан асқан шеберлікке жетуге міңдеттемек. Ақындық — жан бағатын жайлы кәсіп емес. Өлең — өнегелі өнер шашқанның жолы. «өнер» қзйбір тілде болса да ұқсас, мағыналас, яғни, шеберліктің шыңына жеткен ұғымды ишараламақ. Өсілі, Ақынның жоғары мәдениеті тек өлең құрастырудағы сыртқы жат мәнерімен шектелмейді. Шынайы өнерде салқам сезімнің қуаты мен байлығы, қисынды терең ой, ерекше таным һәм басқалары тұс-тұстан тоғысып жатпақ. Ақын осы айтылғандарды түгелімен меңгергенде ғана майталман сөз шеберіне айналмақ. Нарағаң поэзиясының мазмұн-мағынасы құпиялы, сыршыл, қуатты һәм байсын. Лирикада мәшһүр Фет, Тютчев Хименес, т.б. үлгілерімен салыстырып көрелік.
Фет:
Щепот, робкое дыханье,
Трели соловья,
Серебро и колыханье
Сонного ручья.
Нарағаң:
Жас жаңбырдың ізіне,
Кемпірқосақ сәлем сап;
Тірлік Күннің көзінен,
Жасыл сәуле сауар шақ.
Мықты болсаңыз, бағасын беріңіз, қазақи Нарағаңның ишаралы шиырысы кімнен кем, кімнен олқы?! Тютчев:
Bom бреду я вдоль большой дороги
В тихом свете гаснущего дня,
Тяжело мне, замирают ноги...
Друг мой милый, видишь ли меня?
Все темней, темней над землею
Улетел последний отблеск дня...
Вот тот мир, где жили мы с тобою,
Ангел мой, ты видишь ли меня?
Завтра день молитвы и печали,
Завтра память рокового дня...
Ангел мой, где бы души ни витали,
Ангел мой, ты видишь ли меня?
Нарағаң:
Қапелімде күз суыт жүріске еніп,
Жапырақтар жабырқау сыбысты еміп;
Қаперінде қайғысыз — құлпырады
Қырау құмбыл құбыла күмістеніп.
Қырау құмбыл құбылып, талап талмай,
Түнге шұғыл шүғыла таратқандай.
Дірілдейді жұлдыздан бір тал сәуле,
Инесіне жиденің сабақталмай.
Естеліктің ауырын сай көтеріп,
Суық тиіп қоя ма жел жөтеліп?
Мезгіл сылтау сүйретсе, иіледі
Қалың қамыс мамығын майда төгіп.
Тютчевтің есейген қаламына тән, орыс сыншылары жиһан лирикасындағы ұлы шығарманың бірінен санап түгел шулаған бір өлеңіне Нарағаңның әдеби сын тіс жара қоймаған бір өлеңін шендестіріп көріңіз.
Некрасов шеберлігінің теңдессіз үлгісінен саналатын шумағын таңдалық:
...Чу! Тянут в небе журавли,
И крик их, словно перекличка.
Хранящих сон родной земли
Господних часовых, несется.
Над темным лесом, над селом,
Над полем, где табун пасется.
И песня грустная поется,
Перед дымящимся костром...
Нарағаң:
Жүдеубас жусан. Атжал құм.
Медиен мекен — мақпал мұң.
Желбұйда жыңғыл. Қандымды қалғыған шығар деп қалдым.
Өзбек ақыны Муһаммад Юсуф:
Осман булсам, кушкимда
Сен яйрасанг, қалдирғоч,
Яйрар ми дил узим хам...
Уммон булсам, тушимда
Сузиб юрсанг ейиб соч,
Пойлармидим узим хам...
Қара қандай хотамман -
Сени узим беармон
Кузатдим бахт йулига.
Ахир нетар, одамман,
Одамзотнин хеч қачон
Қуш қунмайди қулига!
Нарағаң:
Мұздария қат-қабат -
Қатып қалған шер-шемен.
Толқындарды тақталап,
Тоңазиды жер-иіеген.
Мөлтек аспан мөлдірі Мөлт-мөлт...
Артық аспайды.
Қарағайлар бір-бірін Қосарлана қостайды.
Артық ауыс-түйіссіз,
Әсем сәнді салмақпен,
Арша керіс-кейіссіз,
Қыдырады тау жақпен.
Тоғайларда өң селдір,
Торғай сынап төзімін;
Мына өмірді өлшеп жүр,
Өресімен өзінің...
Қай жерінен: ырғақ, форма, ой, сезім — мін табарсыз. Ұқсайтыны — қуаты, қатпарлы мазмұн-мәні. Ұқсамайтыны — қазақша болмысы! Өзінше шиырсақ: Шалдықпас шынайылықтың,
Шаң жұқпас шырайындасың.
Сыпайы сыңайыңды ұқтым,
Мендегі уайымдасың.
Сынық жүріс-тұрысты, сырбаз сөз саптайтын барша болмыс-бояуы қазақи Нарағаңды танып-түстей жатарсыз. Ақыры салыстыру ниетіміз болған соң, дәсәуелден В.В.Кожиновтың «Как пишут стихи» атты, поэтикалық шығармашылықтың заңдылықтары һақындағы (Москва. «Просвещение», 1970) еңбегіндегі теориялық-әдістемелік тұжырымдарын үлгі ұстанған, осыдан ауытқымаған едік. Көңілден шыққаны сол, Нарағаң шеберлігінің осынау тұжырымдар талабының үдесінен шығуы дер едік. Өнегесі сол, Өлеңде өнер шашқан Нарағаңның шынайы сезімін кез келген қазақтың тұшына оқып, көңіліне тоқуы болар. Нарағаңа тән мағыналық сол өзі сомдаған Өлең жолдарында: тап сол формада, өзі ыңғайлаған ырғақта, ұйытқан ұйқаста, тапжылмас танымда ғана ғұмыр кешпек. Шабыттың, шығармашылық шеберліктің қапысыз танылуының мұнан асқан қандай үлгісі болмақшы өзі?!
Өнеге таратып өзеуреген өзегіміздің ақталғаны осы-ақ шығар!
ІV. ӨЗЕКТІ ҺӘМ ӨРЕЛІ
Үйіне қарап иесін емес, иесіне қарап үйін таны.
Цицерон
Ақын қашан да жеке тұлға. Ақынның тағдыры — лирикада ең бастысы. Ал, эпоста қоғамдағы лайықты орнын тапқан, билік ыңғайына жығылмастан, керісінше, елдің ебін қамдаған еркін ойлы күрескер. Ақынға шығармашылық жолында өзін танудың, төл танымын сақтаудың, одан айнымаудың ғұмырлық маңызы даусыз. Шынайы ақын таза сөз өнерін кіршіксіз ар-намыстын, пәк ділдің бұлқынысы деп қабылдамақ. Сондықтан, жаныңның тазалығын әу бастан жөндем қадағалау ләзім. Осы жан тазалығынан әлеуметтік әділеттікке талпынысты іздемек жөн. Енді мұншама ежіктеуіміздің себебіне тоқталайық. Біз қанша ақталғанымызбен, жалған әдеби құндылықтарға құлай еліткен, алдамшыға мінсіз қызмет атқарған кеңес қоғамында қалыптасқан үрдістен біржола қол үзбеген ұрпақпыз. Бұл өмірде жәй сөзіңді біреуге өткізудің жүйке түтетін қиындығын көріп-ақ жүрміз. Ал ақындық — көкейіңдегіні жұртқа жеткермек, әлденені түсіндірмек, өзінің дұрыстығына иландырмақ болған жан-дүниеңнің құлшынысы. Әлбетте, көркемдік тінін, яғни, жүйелі сөз өнерінің туындысын нақты әдеби шығармадан тыс қарастыруға, ойдан құрастыруға, жасандылыққа ұрынуға әсте болмас. Қайсы әдебиетте болмасын сөз өнері тіл құнарын қастерлейтін дәстүр қалыптасқанда ғұмырлы болмақ. Сол бейнелі, әсерлі, оқшау жазу мәнерінің өзі де осы тіл құнарына құрылғанда ғана құлпыра тұспек. Бір өкініштісі, кеңес әдебиетінде сәл ертерек, құлай елітетін бізде сәл кейіндеу ұлттық бояудан жұрдай, бүкілеуропалық әдеби тілден үйренген ақындарымыз пайда бола бастады. Мұның айшықты көрінісі верлибрге, пуб-лицистикалық поэзияға кұрт құмарлықтың етек жайғаны дер ек. Бірақ, мұндайлар шынайы, терең мазмұнды поэзия жасай алмады. Стилистикалық тәсіл ретінде қарастырғанның өзінде, прозада лирикалық жанрға құлшыныс барда поэзиядағы прозаизмді көзсіз қабылдау бойға әсте сыйыспайтын кереғарлық. Сөз өнерінің мәніне емес, сәніне қызығушылық, әрине, әбүйірсіз әуестік. Жер басып жүргеніне тәуба айтатын қаламгер демі түгесілгенше қолынан қаламын тастамасын. Оған есіл уақытын әлдебір теориялық тұжырымның төңірегіндегі дау-дамайға қор қылудың түкке қажеттігі жоқ. Бұл — Өлеңнен қолы бос әлдекімнің шаруасы. Хас ақынның мінездемесі: қиядағыны қалт жібермейтін қиял шалымы, төл танымы, тіл байлығы, сырбаз һәм асқақ сезім, ынсап, шынайылық һәм байсалды байып, даналық һәм балалық, көтеріңкі руһ һәм пенделік осалдық, өзегінен шыңдалатын буы бұрқыраған өресі.
Нарағаңның өлеңдерін қайталап оқудан сірә жалықпаймыз.
Бәрі орынды, баршасы жөн: әдебиеттанушы да, оқырман да мұны тым жетік біледі. Біреу ақын өнер, ғылым, пәлсапаны түгел пайымдаған жоғары мәдениетті болсын десе; екіншіміз сәбидей аңқылдаған бейілін сақтаса жетіп жатыр деп тұжырамыз. Үшіншіміз сөз өнерінің формасына, құпиясына бес саусақтай жетілсін десек; төртіншіміз шабыты келгенде ешбір әдіске жүгінбестен, бұрқырата жазып, шығармашылық ырқына бағынса болды деп даурығады. Анығында мұның бәрі Ақын атаулының дәруі һәм зәруі. Қанша өзеурегенімізбен, өнерлінің өзегі тағдыры ұштаған шығармашылық мінез-құлқында. Лириканың түп-төркіні Ақын ғұмырындағы сүйініші мен күйінішінен, яки жақсы мен жаманның ара-жігін танығаннан басталады десек, асылық бола қоймас. Әркімнің-ақ бастан кешіргені, өзегінен өргені сыртқа бұлқынып датын сұрайтыны бар. Бұланай бұлқыныс шынайылығымен қанша баурағанымен бәрі бірдей өнерге, поэзияға жетіп жығыла бермес.
Ақындық жолы ғұмыр мәнін танудан, адамшылықты аңсаудан басталмақ. Өнерін ұштауға, өнегесін шыңдауға Ақын өзегіне тоқығанын өз бойынан алысырақ ұстап, биік тұрсын; ғұмырлық танымын көркемдік тініне, шығармашылық пәніне айналдырып, тереңнен толғасын, нақты бағаласын. Ақынның өзіне дейінгі формалар мен дәстүрдің аса қуатты ықпалына жалаң еліктеуден қашып құтыла алмауы — ең қауіптісі. Әлбетте, дәстүрден әсте тыс қала алмайсың. Үйренудің өзі өзегіңді шыңдаудың әуелгі батылдығы; бірақ, нені қалай үйренудің өзі өнер шашпақ. Ендеше елітуден, еліктеуден тезірек құтылмағың үшін өзіңдік мінез-құлқыңды қалыптастыруға талпын. Өміріңді қанжығаңа сірә өңгеріп кете алмассың, бірақ, ақындық жолындағы тың соқпаққа жатпай-тұрмай көз тігерсің. Ғадетте өлеңінен ғұмыржолын, көркемдік шиырын танып-түстейміз. Боямасыз лирикада Ақын болмысы мен тағдырының тіні қатар түсіп, қоса өріледі. Поэзия тынымсыз Ақын тағдырының нақа өзіне айналғанда барып мақсат-мұратына жетпек. Лирика теориясындағы басты мәселе, яки қиыншылық тап осы арадан бой көрсетпек. Ақынның жеке тағдыры нақты күйінде тұтасымен лирикалық шығармашылықтың негізін қаласа, онда барша ғұмыры мен руһани сұранысы шынайы поэзияға айналмақ. Лирик өзінің, яки өзгенің өмірін ойдан құрастыра алмасына, өтіріктің өрге баспайтынына жетік келер. Сондықтан, лирика теориясында Ақынның жеке ғұмырына айрықша мән беріледі. Ап, шығармагерге (художник) сырты ғана жете таныс эпоста, яки драмада автордың қара басына көп шұқшия бермейміз. әлбетте, лирик те қара басын құры қызықтай бермей, уақытқа, өзгелерге көз қырын салуды сірә ұмытпайды. Бірақ, лирикадағы уақыт Ақынға тән жеке тағдырының аясында ғана танылмақ. Мұнсыз аттап баса алмайсың. Эпосқа мұның мүлдем қатысы жоқ. Өтмүштегі ұлы эпиктер мен драматургтер Эсхил, Апулей, Бокаччо, Рабле, Сервантес, Дефо һәм басқаларының жандүниесін олар сомдаған кейіпкерлерін көркемдік әлемі басым тұрып, көлегейлеп тастаған. Айталық, Мұхтар Мағауиннің аты шулы «Аласапыран» романын тұщына оқығанда оның басты кейіпкері Ораз-Мұхаммед ханды ғана танып-түстейміз, көбірек сүйінеміз. Осыдан болар, сонау жылдары Гомер мен Шекспир өзі ғұмырға келген бе, әлде келмеген бе дегендей солақай айтыс өрбіп кеткені бар. Шығыс әдебиетіндегі ұлы эпиктердің еңбектеріне қанша жетік болғанымызбен, жеке басын біле бермейміз. Өйткені, эпикадағы көңіл-күйдің ауаны өзін емес, өзгені көбірек қызықтап төңіректейді. Ал Омар Һайам, Сафо, Петрарка, Абай, Мағжан, Қуандық, Жұматай һәм басқаларын етене танысымыздай қастерлей жүреміз. Өйткені, лирик ақынның қайталанбас жан-дүниесі мейлінше қызықтырады, қарапайым пенделік тағдыры поэтикалық кестесімен есте қалады. Мұнан аңғаратынымыз: лирик ақынның жеке ғұмыры шынайы поэтикаға құрылады. Оқырманды өзіне тартып, баурайтынының өзі де осы. Түптей келгенде, әсіре поэтикалық шытырман ғұмырыңның өзі түкті шеше алмайды. Ендеше, шынайы поэтикалық тағдырды Ақын ғұмырының ішкі мазмұны мен мақсаттылығы айқындаса керек. Ғұмырдың әрбір сәті, әр оқиғасы бір анық мақсатқа бағынып қарекет құрағанда, ырғаққа айналғанда, кездейсоқтыққа емес, заңдылыққа жүгінеді. Мақсатты қарекет — ертегі яки тәмсіл емес. Лирика теориясында Ақынның ішкі қуаты мен өмірлік қағидасында мән-мағына бар. Олай болса, әңгімені ғұмырлық мақсатынан бұра тартпайтын һәм ештеңеге қарамайтын табандылық, тұрақты көзқарас төңірегінен бір қайырып аламыз. Нарағаңның астралдық (астарлы жұлдыз) әлемі, аурасы табиғат сұлулығына, адамшылық ауанына тамсанулы ғажайып таным-түйсіктің шұғыласы. Сондықтан, Нарағаңның көркемдік тінін Қазақ лирикасындағы кез келген шығармашылық ізденісті, ақындық мінез-құлықты қалыптастыруға игі ықпалын тигізе беретін табиғи құбылыс дей аламыз. Нарағаңның поэзиясы адам баласына сүйінулі жылы жүректі, ізетті, шынайы үлгіге айналған. Нарағаңның лирикасы — жұмсақ биоэнергияның таусылмас қайнары. Ол адам ғұмыры һақында мұңлы-күйлі, сырлы-қырлы сөз таратады, ой бөліседі. Оқырманды өзіңе қаратудың, баураудың бірден бір дұрыс жолының өзі осы-ақ. Нарағаң — бүгіннің де, ертеңнің де жалықтырмайтын, жан жылуын бөліскен, жылы жүзді ақыны.
Өзін тапқан, өзгені мойындатқан өрелі ақын.
Нәнге табынбаған, сөнге шашылмаған, табаны таймаған тағдыр иесі.
Нарағаң адамның күрделі жан-дүниесінің жеті бояуын — сүйініш, өкініш, махаббат, таңданыс, өрлік, түңіліс, үмітін қаз-қалпында құйылтып жеткере алатын құдіретті қалам иесі. Ғұмырнама лирикалық шығармашылықтың теориясында қылаң бергенімен, бар мәселе бұған тіреле қоймас. Анығында, ғұмыр жолындағы елеулі оқиғаларға байланысты Ақынның ішкі қуаты мен өмірлік қағидасында мән бар. Әңгімені тұрақты көзқарас, ғұмырлық мақсатыңнан бұра тартпайтын һәм ештеңеге қарамайтын табандылық төңірегінен өрбітеміз. Бар мәселе ақынның өз жолында, мақсатында, шығармашылық мінез-құлқында. Лирикалық шығармашылықты ауызға алғанда, ақынның алғыр һәм байсын ойын, оның ғұмырдың көп қырлы тылсымына сезімталдығына, көсіліп сөйлеу шеберлігіне жиі тоқталамыз. Шынайы лирикаға мұның өзі де аздық етеді. Поэзиялық ойы терең, сезімі жорға, майталман лирикке кейде тұнықтық, өзіндік мәнер-айшығы жетісе бермейді. Мұндай ақындар поэзия тарихында лайықты бағалануы, қызығушылық тудыруы мүмкін болғанымен, жәмағаттың руһына сіңісуі екі талай. Өйткені, олардың жеке адамның тағдырына тікелей үйретері жоқ келеді. Бұл айтылғанның өнердің қай саласына болса да қатысы болғанымен, лирикалық поэзиядағы ерекше орны айтып тауысқысыз. Лирика өзгелеріне қарағанда адамдардың жан-дүниесіне сіңісті һәм сүйкімдірек. Өзгелерінен де әсерде қаларсыз, бірақ, ол үзік-үзік естелік күйінде. Ал, көкейіңізге қонған өлең жолдарын шұғыл еске түсіріп, аузыңыздан тастамай айтып жүресіз. Лирикаға бейім майталман сөз шеберлерінің көбі шығармашылық өресін әр қилы нұсқада айтып та жүр. Айталық, Батюшков: «Поэзия ғылымының әуелгі қағидасы — қалай ғұмыр кешсең, солай жазуда» — деп санайды. Лирикалық прозаның майталманы Пришвин: «Мен сөз өнеріне бет бұрғалы мінез-құлқымда айрықша сақтық пайда болды», — деп ағынан жарылады. Ақын қашан да ғұмыр мен өнер арасындағы қылкөпірдің үстінде жүрмекші. Мұқағали Мақатаевша бейнелесек:
Жүрегім, жырым — бар тұлғам,
Бұл кұнде сымдай тартылған.
Табанын қылға ыспаған, жаны қыдырмаған ақынды, әй, кездестірмедік. Георг Юнгер мойындағандай: «Ақын өлең жазудың техникасына шеберленген күні өз болмысын сақтағысы келсе, сол ептілігінен басын тартсын. Мұны істемесе, оның өнері өлеңшілдікке бой ұрады». Бір жазып тастағанына (мәнері) қайта оралатын ақынның тірлігі күйкі. Шеберліктің қалыптасқан айла-тәсілдері ойыңды өсірмейді. Егер ақын өмірдің ағынына ықтап, кездейсоқ һәм таяу иірімдеріне сүңгіп шыға берсе, оның лирикасы шынайылығынан, өз бояуынан айнып, оңып кетеді. Айтпасқа, жазбасқа жол қалмағанда туылған Өлеңнің ғана ғұмыры ұзақ. Ұйқасшылдық — шынайы өлеңнің қас жауы, ұйқасы ойымен апалы-сіңлідей қабысқанда, өздігінше өрнектелгенде ғана Өлең тумақ.
Нарағаңша қайырсақ:
Көңіл әлі өзіңе алаң,
Өзгелікке сенбеймін.
Өлең болмысына өзіндік мінез-құлқын, ақындық тағдырын дарытқанда ғана Тәңірі таңлайыңа сөз салмақ, ойыңды тұшындырмақ, бойыңды түземек. Мінезсіз өлеңнің ойы ұйқасқа бағынбайды, құраған ұйқасы құры тақылдайды. Ендеше, Ақынға ең керегі сүтпен бітіп, СҮЙекпен кететін айтулы мінез, тәлейі жарық тағдыры екен.
Нарағаңды тағы бір шиырласақ:
Жарасушы еді жас үнге,
Тербеліп гүлдер демеугөй;
Қалдым ба сенің есіңде,
Сәтті де тәтті теңеудей?!
Нағыз өлең сезіміңді сілкілейді, тамсандырады, ой салады һәм қапысыз иландырады. Мықты саналатын талай ақынға тап осы қапысыз иландыратын қасиет жетіспейді. Демек, оқырманның жатпай-тұрмай іздейтіні, құлай сүйінетіні, дос тұтары — ақынның адами болмысы екен. Нарағаң оқырманын тапқан, сүйіспеншілігіне бөленген сыршыл-сырбаз, тағдыр-талайлы ақын! Ақын көжеге тойған қозы қарынын сипалаған көптің бірі болып қала алмас. Тұрмыста қара үздіріп ерекшеленбегенімен, тіпті, мұқтаж күй кешкенімен, оқшау ой кешетін оның жан-дүниесі қашан да алай-дүлей, мұңлы-күйлі, сезімі ширақ. Ең бастысы, өлеңінде өрілген, өзегіне айналған мазмұн Ақынның мінез-құлқымен, оның тағдырымен жарасым тапқанда, кібіртіксіз еркін құйылғанда барып шынайы лирикалық поэзия деп танимыз.
Қос сәбиге сүт анасың,
Жарың басқа таңдаған
Жастық шақтың жұқанасы,
Сияқтысың сен маған.
Әркім-ақ бүгінімен ғұмыр кешіп әлек. Сонда кешегіні бүркемелеп, жылы жауып қоя саламыз ба? Әрине, мұнымыз жараспайтын қылық. Осынау қарапайым шумақтан тұнық ой, тылсым тіркес іздеп әуреленбей-ақ қоярсыз. Қайдағы байсалдық, бар болғаны «жастығының жұқанасын» қимаған серіліктің нышаны ғана. Бәлкім, іштей күрсініп қоштасқаны болар. Жарқ-жұрқ етері де шамалы: үйреншікті, эпостық жырлардан жақсы таныс бунақ, буын саны, шалыс ұйқас. Сөз саптау мәнері де қарапайым: «Жарың басқа таңдаған», «сияқтысың сен маған». әйтсе де, бас көтермей тұшына оқисың. Өйткені, бұл жұлын жүйкесімен, мінез-құлқымен, кешегісіне қарыздар кісілігімен нағыз өлең. Жаны қатпар болғанымен, жүрегі жалаңаш Ақынның қимастығына шын иланып қаласыз. Елеңдейсіз, тағы не дер екен деген оймен әрі қарай оқисыз:
Күлімдейсің пәк пішінде,
Әсте әдептен озбайсың.
Балмұздақтай тәттісің де,
Балмұздақтай «мұздайсың»
Әлгі қимастық қазақы әдеп-инабатқа ұласқан пәктігімен сүйіндіре түсті, етене тартты. Шумақтың келесі жартысында сәтті теңеуді ұшырастырдық. Тым ойсыз да емес.
Үзілмейді мендегі үміт,
Орның бөлек бұл күнде.
...Балмұздаққа шөлде жүріп,
Қол созбауым мүмкін бе?
Иландыратын, әркімге жете таныс, шым-шымдап жеңіл күрсіндіретін ойнақы мазмұн. Бұл өлең адами болмысымен жеңіп тұр. Нарағаңның табиғатқа етене мінезі ел аузында. Меніңше, бұл Нарағаңның өзіне қолай көретін, мейлінше шеберлік ұштаған көркемдік формасы, ақындық тәсілі. Есенин ақындық жолына бата сұрап, өзі іздеп барып, алдынан өткен Блок ағасына 1918-жылы: «Шығармашылық табиғатқа етене болуы керек». «Сөз — жапырағын жайған ағаш та, басқа да емес: бұл — басқа табиғат» — деп жазыпты. Араға жылдар салып, ол: «Клюевтің өлеңдерінде өмір тым солғын, керісінше өлеңде өмір шыңғырып тұруы керек», — деп өз қатарын сынға алады. Нарағаң өлең жолдарындағы табиғат көрінісінің ойға қызмет етуін қатаң қадағалайтын, салыстырмалы тәсілге құмбыл ақын. Адамның табиғат аясында ғұмыр кешетін он сегіз мың ғаламның бір бөлшегі екендігі ғылыми мойындалған ақиқат. Шамдығой шындыққа қалай қарсы тұрарсыз?! Ендеше, табиғатқа сүйіне жүріңіз һәм мұны Нарағаңнан үйреніңіз. Табиғатқа сүйінулі, жан-дүниесінің тереңіне үңілулі Нарағаңның азаматтық ерлігіне тән кемелдігі — оның өзі ғұмыр кешкен қоғамның, ортаның ыңғайына жығылмауы, қызылына әсіре елітпеуі. Болмысын, бойын таза ұстады. Мінсіз талғам, дегдарлығынан айнымады. Атақабыройға бола өлең жазбады. Өзегіне үңілген, өнегеге үйірілген Нарағаң өткіншіге бой алдырмады. Өткінші емей немене, қазақ поэзиясында Ленин, Компартия һақында кім не жазбады, қандай мадақ айтылмады? Бірақ, «Күн көсем» де, оның поэзиясы да өлеңде берік орныға алмады. Белинский, Добролюбов, күні кешегі И. Роднянский әдебиеттің беллетристика мен шынайы сөз өнеріне жіктеліп бара жатқанын тілге тиек етеді. Кеңес тұсында өлең тіпті газет жанрының деңгейіне құлай жығылды. Қайта, өлең басуға құлықсыз, өсек пен төсекті күйіттеген бүгінгі баспасөздің оларға қарағанда ұяты артық екен. Тым болмағанда, өлеңнің қадірін, мәртебесін түсірмейді. Өлеңші — бүгінгі сұраныстағы көңіл-күйді тап басумен һәм жұртқа жадағай жеткерумен машғұл. Ол әркімнің ерінінде жыбырлағанды жария етеді. Өлеңшінің ғұмыры келте болғанымен, жәмағатына тез танылады. Ақын болса анығын айтқысы келеді. Бұрын да осылай болған, солай қала да береді. Ақын да, өлеңші де — уақыттың қажеттігінен қалыптасады. Біреу Ақынды ұнатып, іздестіріп тауып, оңашада құныға оқиды; екіншілері өлеңшілерді жақсы көріп ойланғысы, бас қатырғысы келмейді. Мазмұн-мағынасы бөлек бұл екі топтың бірін екіншісімен шатастырмау әдеби сынның еншісінде. Өлеңшіні тұқырту, оған жазба деу бізге жарасты шаруа емес. Тек шынайы поэзиядан талап етілетін құндылықтарды өлеңшілерден іздемеңіз. Кеңес заманындағы байсалды сыншылар (Ст. Рассадин, М.Лобанов) А.Возненский, Е.Евтушенко сынды беллетрист ақындарды мінеген, олқылығын бетке басқан, астамшылдығын түйреп өткен. Өйткені, олар ұшқарылыққа, әсіре атаққұмарлыққа бейім тұрған. Өзгеге ұқсамайтын, жан-дүниесі күрделі, тұмсығың оңайлықпен батпайтын лирик Ақынның маңайына танылуы қиын, тез бола қоймайтын құбылыс. Мұнда енді Ақын мен өлеңшіні ажырата алмайтын сыншылардың кінәсі де басымырақ. Шынайы өнерлінің шыдамы да ересен. Пушкин мен Есениннің өзі бірден танылмаған. Ал мәшһүр қатарында мойындалғанымен Фет, Тютчев, Баратынский, Анненский т.б. өз шығармашылығына лайықты бағасын әлі күнге күтулі. Кейінгілерінің қатарына Ж.Нәжімеденов, Ж.Қыдыров, Ж.Жақыпбаев, Б.Серікбаевты әбден қоса аламыз. Жұмекен һәм басқаларын үстірт танимыз, құры бас шұлғимыз, терең бара бермейміз, ең сорақысы — поэзиясын ысырып қойып, жеке басынан мін қаластырамыз. Пушкин бозбала күнінде тез танылғанымен, шеберлігі толысқан сайын, көзі тірісінде аты аталмады, елене бермеді. Тек қасіретті ажалы ғана оның атағын қалпына келтірді. Пушкиннің соңғы жылдарында жазғанын ақылы кемеліне толысқан, танымы мейлінше терең санаулы жандар ғана түсініп оқыды. Ал, Евгений Баратынский Пушкинді қайтыс болғаннан кейін, 1840 жылы ғана әзер таныған екен. Өзінің әйеліне жазған хатында ақын Жуковскийдің үйінде болғанында үш сағат бойы Пушкиннің бұрын жарияланбаған өлеңдерімен танысқанын, мейлінше тамсанып, таңырқағанын, қуаты мен тереңдігіне тақ тұрғанын, ұлы ақынның тағдырына аяныш білдіріп, әлденеше рет көзінің жасын сүрткенін жасырмайды. Баратынский 1827-жылдан кейін деревняға кетіп, сонда тұрып, шаруасын түзеген еді. Яғни, Пушкиннің әр түрлі альманах пен жорналдарда жарияланған жаңа өлеңдеріне қолы жете бермеген. Оның үстіне ұлы ақын лирикасының шыңы саналатын өзінің сүйікті өлеңдерін көзі тірісінде жариялап үлгермеген. Демек, бірін-бірі шынайы түсінісе алатын жандардың да тағдыр жолы тоқайласа бермейтін көрінеді. Нарағаң төзімі тобылғыдан беріктің сойынан. Алпыстың асқарына ағалары әлпештегенімен, оқырманы іздеп жүргенімен — атағы қораш, бірде-бір мемлекеттік сыйлық, яки лауреаттық алмаған күйінде ілігіпті. Шығыстың данасы Әбу Әли ибн Синаның «Зафарнама» атты әдеби еңбегінде тағлымы терең ой маржандары терілген екен. Солардың біріне жүгінелік:
— Жақсылардың жақсылығы неден көрінеді?
— Міндет артпаған мінез-құлқынан, сый дәметпеген қызметінен.
Иә, Нарағаңның мінезі осындай. Бірақ, өзі үндемейді ғой деп жайбарақат жүре беретін сүлесоқтығымыз — елдігімізге сын. Бірде Нарағаң: «Осы мүшәйраға қатысып, қадіріңді кетірмей-ақ қойғаның дұрыс» — деп маған ескертті. Үнсіз басымды изедім. Анығында, Нарағаңның еліне, жеріне, жырға деген кіршіксіз тазалығын, өнердегі майталман шеберлігін, сый дәметпейтін қоңыр мінезін қалай әлпештесек те, қалай марапаттасақ та әбден жарасар еді. Тұңғиық Ақын — жоғары мәдениеттің иесі. Мәдениеттілікті көбіне анадан-мынадан үзіп жұлқылаған, әлдекімнен есіткен білгіштікпен (ақпаратқұмарлық) шатастырамыз. Естіген құлақта, әрине, жазық жоқ, суырыла жөнелгенде шенімізге жан жолатпаймыз. Есте сақтау қабілетіне сеніп кеткеніміз соншалық, білетініміздің өзін бір қайтара пысықтауға еріншектейміз. Ал уақыт өте бұрынырақ бір оқығанымыз көмескі тартпай ма? Бірде аста-төк дастарқанның үстінен түстім. Әбілда Аймақ досым кеу-кеулеп төрге оздырды, танымайтындарға жөнімді түсіндіріп, шашбауымды көтеріп-ақ тастады. Маңайымызбен шүйіркелесе бастадық. Оң жағымда отырғандардың бірі Н.Рабғұзидің «Адам Ата әпсанасын» тілге тиек етті. Құлағым елеңдеді; өйткені, әңгіме «Жібек жолы» баспасынан таяуда жарық көрген менің тәржімем төңірегінде. Мәтінді тәп-тәуір термелеп отырған жігіт бірде мүлт кетті. Ойымда түк жоқ түзете салдым. Әңгімеші мені тыңдамай, өзінікін дұрыстап көсілді.
Асаба Әбілда шыдамаса керек:
— Әй, автордың өзіне ауыз салған қай мықтысың? — деп тобықтан қақты.
Сол жігіттің арыны басылды. Кейіннен жап-жақсы жарасып кеттік. Айтпағым, мәдениеттіліктің көп білуде емес, сол білгеніңді шығармашылық қабілетіңе шақтап жарату шеберлігінде екенін аңғартуда. Мағнауи құндылықтарымыз — ауыз әдебиетінің ғаламат үлгілері. Соңғы он жылда Түркілік дәстүрге үйірілдік; ептеп мұсылманшылыққа бастықтық. Көбіне мағнауи үлгіні, яғни ұлттық мәдениетті бетперде ұстауға құлшыныстымыз. Өйткені, өзегіміз Өлеңде өксігенімен, күнделікті тұрмыста бөлек әуенді күйіттейміз. Табиғатқа тым етене Нарағаңның тұрмысы өз ауылдастарынан ерекшелене бермейді. Әлбетте, С.Есенин, Жүсіп Қыдыров, Нарағаң т.б. қанша табиғатшыл болғанымен, қоста тұрмайды, шаруа еңбегімен күнелтпейді. Есіңізде болар, деревнядан астанаға кеткен Есенинге қала тұрмысы бас қайғыға айналады, Мұқағали соңғы өлеңдерінде Қарасазды жиі аузына алып, көп уһілейді. Ауылдан ұзамаған Нарағаң көзі үйренген тіршілігіне мейлінше қанық, қазақи таным мен ойлау машығынан сірә асып-төгілмеді. Лирикалық поэзия мәдениетін пәлсапалық (интеллектуалдық), яки халық тұрмысының көп ғасырлық үлгісі деп екіге жіктеумен шектелуге сірә болмас. Мұндай шектеуге ғажайып лириктердің көпшілігі мүлдем көндікпейді. Себебі, өз өлеңінде Ақын қашан да уақытқа, ел тағдырына, тым болмағанда өз ортасына тікелей қатысты жеке ғұмырын, төл танымын кестелеумен әлек. Міне, осынау жеке тағдырын поэзиясының мән-мазмұнына өрнектегенін Ақынның мәдениеті деп қарастырамыз. Ұлы мүшелге жеткен Нарағаң тағдырынан оқшау оқиғалар сілемін, қаһармандық қауырт қарекетін көре алмадық. Есесіне, әдеби ортадан алыс жүріп, өз тағдырын қызғыштай қорыды. Оның поэзиясындағы кіршіксіз тазалыққа, кәусар сұлулыққа, тоң мойын тіршілікке бой алдырмаған өрлікке, яғни жанкешті ерлікке таңырқаймыз. Ғажайып лирик ақынның бірі һәм бірегейі Қуандық Шаңғытбаев Алматыда күн кешкенімен, бойын қымқуыт әдеби ортадан аулаққа салды, таза болмысын «өз шеңберінде» тұйықталумен сақтап қалды. Мұндай Үрдісті А.Блок та ұстанған. Ап, Пушкиннің тұстасы Баратынский деревняға біржола кетіп қалған. Әуелде өзі жүгіріп Алматыдан маған қызмет тауып берген сол Қуанағам кейіншелік: «Аулыңа қайтып, анаңды асырап, қабағына қарайла. Анау өзбектер: Шымкент қыздарының сұлулығына жете алмаймыз деп біліп айтады. Үйленіп, шешеңнің қолын ұзартарсың» — деп елге қайтарды. Бір қызығы, Нарағаң екеумізді табыстырған да осы Қуан ағам. Шымкентке қоныс аударғанымда Нарағаңды танымаушы ем. Осыдан он жыл бұрын вокзалға Алматыдан келетін қонақтарды қарсы алуға ерте жиналдық. үлкен-кішіміздің басымыз құрала бергенде, Нарағаң білегімнен ұстай алып, оңашалау шығарып: Сахабат дегеніміз сен екенсің ғой. Қуан ағаны тойға шақыруға өткенде үйіне барғанымда, өзіңді көп айтып, қадағалай жүр дегені бар еді. Енді мені де біле жүрерсің, — деді. Сол тойға Қуанағам келе алмады. Ала-құла мінезді әдеби ортадан шын тәлімгер аға табуың — аса қиын шаруа. Бір есептен бұл ең алдымен өзіңнің инабатты кісілігіңе қатысты нәзіктік. Қуанағам мен Төлеген Тоқбергенов талай игі жақсылармен таныстырды; бірақ, жарасып кеткендерім тым санаулы. Нарағаңмен жиі ұшыраспасам да, жүз көріскенде жымыңдасып қала береміз. Ересекке тән сырт байқауымыз ұзаққа созылмады. Жанаса жүріп жарасқан ағаның сүйкімі арта берді. Жеңгеміздің қолынан дәм де таттық. Жиын арасынан көзбен іздеп тауып аламыз. Қалай десек те, қазақи әдеби ортаның аса өнегелі осы бір үрдісі: ұстаздың шәкіртке алабөтен ықыласы, бір ұстаздың алдын көргендердің ағалы-інілі жарастығы тамаша дәстүр-ақ! Нарағаңның ұлағатты бір ұстазы — Сырағаң 1975жылы «Қазақ әдебиетіне» тұңғыш өлеңімді жариялап еді. Өзі түрімді көрген де емес. Өлеңдерімді апарып берген ұлы Қасым болатын. Рахметімді айтуға алдына барғанымда арқамнан қағып мәз қылды. Нарағаңның «Шаттық күйі» атты пышақтың қырындай тұңғыш жинағы 1974-жылы жарық көрді. Содан бері отыз жылдың жүзі ауыпты; ал, Нарағаңның қалам машығынан тасқа басылған жыр шумақтарына әсте жайбарақат қала алмайсыз. Өйткені, қай жинағынан болса да қаншама қуанышқа, сергек мұңға, яғни Ақынның көңіл-күйіне жолығасыз. Жәй жолықпай, жаныңыз байып молығасыз. Оқырманына олжа тартқан Нарағаң таным-түйсігіңізді оттай ыстық демімен шарпып шыңдайды, ықыласыңызды иемденеді, өзін іздетеді.
Көбелек қанатының дірілімен,
Қиялда тербетілген бір ұлың ем.
— Әп, бәрекелді! — дейсіз бұған сүйініп. Әдебиеттің есігін осылай батыл қаққан Ақын:
Келе сала сұлулықты сөйлеткен, Тумысынан талантты ақын ғой көктем, - деп көсіледі. Сонда дейміз-ау, көктемнің сұлулығын, ақынжандылығын қапысыз байқаған, өрнекті өлеңге айналдырған сол жігіттің өзі кім болғаны, шамасы?!
Жыр төгіп қыздың жүзім жанарынан.
Қыздың тәтті екенін, жүзімнің шырынын әркім-ақ білер; бірақ, бұл екеуін шендестіріп, арудың жанарына сыйыстыру көрінгеннің қолынан келе бермейтін нәзік нақыш. Өсілі, Ғафу ағасын тәшін қалдырған Нарша бала бұл ғұмырға назмгөйлікгің жүгін арқалай келгені ғой. Нарағаңның жасын жырлары — шығармашылық шабыттың, Отанға, Адамға зор сүйіспеншіліктің, түптің-түбінде Сұлулықтың мерейі үстем тұрарына құлай сенудің үлгісі. Демек, шынайы ділгер жүректің, адамшылыққа тақ тұрған зор қажырдың, тәуекелшіл ерліктің бұлқынысы.
Нарағаңа нәзіл нәзіктіктің тіні, міне, осындай!
Теңізбін деп даурықпай-ақ жатамын,
Осы мінезбен көкірегіме көшіремін жыр селін.
Күн махабатты Отаным,
Амандығың болса болды бір сенің!..
Мағишатта майыспаған нар мінезді, биязылығымен-ақ небір адуындыны жасқай алатын Ер Нарағаңның басқаша айтуы, әсте, мүмкін емес. Өйткені, Нарағаңды түйсініп оқу, шындап сүйіну әсте оңайға түспегенімен, жаныңызды сірә жүдетпейді, шаршатпайды. Қашан да нағыз ақын жүректің аса мықты қауқарынан, жомарт бейілінен жаңылмайсыз, жаза баспайсыз. Биязы һәм мұнтаздай Нарағаң лирикасы нақтылығымен, сұлу суретімен қарадай жұтынып мәтелге, тұрақты сөз тіркесіне сұранып-ақ тұрғаны. Мұндай идиомаға, сұлу сөз тіркесіне лайықты жыр жолдарын бұрынырақ та мысалға келтіріп ек. Мәселен, Қара судан қараша қаймақ алды яки: Сәуірдегі сәскенің сәулесіндей немесе осыларды жалғастырып көрелік: Көлеңке көлбеу сайға ығып тағы да:
Қызыл тер буып буынын яки:
Аш өңеші өзеуреп немесе:
Күрмеуге келмей келте үміт.
Көк аспанға алаулатқан ақ жалын — Нарағаңның суреткерлік шеберлігі, тіл ұсталығы тап осындай иірімді, кәдуілгі қолданыстағы тіркестерге тың өрнек қосып, құлпырта түседі, кестелейді. Уызынан жарыған осындай-ақ болсын! Жадымызды жалмауыздай арбаған кешегі қызыл қоғамда қазақуарлыққа, қазақы ділге сүйінуден мүлде қала бастаған ек. Шын асылдың жүзіне тат жұқтырдық. Бірақ, Нарағаңдай хас Ақынның, текті ұлдың үлгі-өнегесі әсте текке кетпейді. Өйткені, бұл өз ықтиярымен халыққа қызмет етудің, қиында ойланбастан елінің табанына құлай кетудің нақа мысалы. Мейлі, жаны мұңайып, өзі қиналсын, тақсіретін анық тартсын, ынты-шынтымен Ана тілінің, ұлтының үстем мерейін қалағаны нағыз азаматтығы болар-ақ. Әдебиет қашан да ұлтының ар-ұятына баланатын киелі құбылыс! Нарағаң пендеге тән көңіл-күйді, күрделі жан әлемін ишаралаудың аса тегеурінді, ешкімге ұқсамайтын майталман шебері. Өзіне дейінгіні қайталамаған, өз өрісін тапқан, өзгемен әсте шатастырып алмайтын Нарағаңды енді қайталау мүмкін емес. Апайда, Нарағаңның Ақынға лайық адамгершілігінен, жершілдігінен, сөз ұстарту шеберлігінен ендігілерге үйренбек ләзім. Әлбетте, үйрену құры еліктеу-солықтаумен біте салмайды. Ендігіге Нарағаңның қазақуар жан тазалығы, тіл үйірімі, ой иірімі, сезім сұлулығы жолындағы ерлікке бара-бар еңбегі, табиғатқа іңкәрлігі, ботагөз бұлақтай болмысы үлгі-өнеге. Орынсыз сөз шығындамайтын қылаптығы өз алдына бір мектеп.
V. ТӘРЖІМАН ТӘЛІМІ
Оқырманын байыпқа баулитын ықшам ойдың қуатты құдіретін айт.
Лев Толстой
Құнығыма қан жүгіріп, құрысым жазылды. Құлағымда жазық жоқ. Қазағуар Нарағамның қыр соңынан қалмағаным: Афанасий Фет лирикасын тәржімелеп жүргенін естіп қалғам. Қолы ұсынақтығы, әлбетте, бір бөлек. Қолыма қолжазбасы тиді-ау ақыры, міне. «Қарап шығайын, әуелі бойыма сіңірейін» деген басалқы ойымды тез ұмытып, көзбен де, көкірек безбенімен де ерінбей қарыстадым. Қысқа һәм нұсқалы қырық шақты өлең. Қалың, А.Феттің жиған-тергенін түгендеген томнан ғадетінше, санға емес, сапасына шұқшиып Нарағаның шөкіп қалағаны. Құштар-жеңсігіңді желпіндірген поэзия, әлбетте, өнегесімен өміршең: ендеше, ұзын санында тұрған дәнеңе жоқ. Қысқа-нұсқаның (ықшам) қырық атанға жүк боларлық құпиясына қадам басалық. Құпиясы мол, қайраулы намысқой Нарағамның ана тілінің нәрлі уызына жарыған қашаулы шеберлігі көзге де, көңілге де оңай шалдырмайды. Құлай сүйінсек те, «құрт ішкендей құмардан да шыққан» қайран Қуанағамнан (Шаңғытбаев) асыра алмаппыз. Құнарлы қиялын әркім-ақ тәуір ежіктеген. Қағыстырып көрсек: «Санадан жұрдай қиял құбыжықтан айнымас, санасына септескен қиял — өнерді ұштаса, шығармашылықтың ошағына айналса керек» (Ф.Гойя).
«Қанатты қиялмен кеудемізде жан барында қоштаспаймыз» (И.Кант). «Қиялдың қуатымен енер атаулыда поэзия ерекше өмір кешеді. Қиялдың қорқынышты талғамсыздығынан сақтаныңыз» (И.Гете).
«Қиял образбен ойлана білетіндердің еншісі» (Д.Дидро).
Қазекем жарықтық жеңсік құртын қыстың қырауында, яки бойын жел-құз қармағанда болмаса күнде іше бермеген. Қолымызға түсе бермейтін Нарағаң жырлары да ілуде бір ілкіңізге ілінетін сирек қуаныш. Қалақтай қара шалға, қанша дегенмен пайғамбар жасына келген, қарадай үйірсектегелі қарым-қабілетіне қызығып жүремін. Қиялы — құнар, құнары — қатпар қырлауыт қабақтың қылау сезімталдығы бетке ұрады. Қаранып жүретін Нарағамның оқымайтыны, білмейтіні жоқ. Қағытпа әзілге шебер, қылын шертсең жайшылықта сөзге шашылмайтын қырлауыты жазылып сала береді. Қылау сезімтал сөзге қылап: Құр қызықтамайды, қабырғалы өзегін ұштап, бойына сіңіргенін електен екшейді. Қапысыз шебер қарауылға алғанын қапы жіберуге, сірә, ықырар емес. Қайбір жылы «Ботагөз бұлағындағы» аудармаларын көптеу парақтап, қызықтағам. Қазақи бәстің құлагері — Нармахан Бегалыұлы жиһанға танымал жеті өркениеттің жылқыдай кешіп тұнығынан қанған өрелі өнердің өрісіне өрлеген ерен-терең. Қазақ өресі қаржасулы, өйткені көшелі Көшпеліні көзге ілмейтіндерге сүрініп жығыламыз. Қуанып қалатынымыз назымгөй нақыш Нарағамдай нарғасқа аманында, тәубе, ешкімнен олқы соқпаймыз. Қамкөңіл көкірегімізді көркемдіктің қазақи бояуымен көмкергенде әмсе тамсана қаламыз. Қағілез, жақсы үрдістен қаға беріс қала қоймайтын жұғымтал мінезге де баймыз. Қадимда тік ирекпен түстелген төл поэзиямызды ұштадық, жыраулықтың жойқын шеберлігін төрт тарапқа түгелімен таныттық. Қалыспай, біте қайнасқан Шығыспен жарысқа түстік. Қоғамдасқалы Батыстың бәсірелі бояуын құлпырттық. «Қараңғы түнде тау қалғытқан» Абай һаким Гете, яки Лермонтовтың мөлдірінен маржан сүзіп, Пушкиннің Татьянасының аузына:
Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар Айға алыс, — деген ойлы орамды салды. Құлшынғаннан етене қылықты, өзгенің өнерлі өресін жерсіндірген жойқын шеберлікке емінулі күйдеміз. Құнарын шашқан топырағында құбылыс, яки өміршең өнеге қайталанатынға ұқсайды. Қамданғаннан осыны күйттедік. Құры ұшынбасқа, қапылмасқа қанық дәлел-дәйегін қағыстыралық.
Қараңыз: Теплым ветром потянуло,
Смолк далекий гул,
Поле тусклое уснуло,
Гуртовщик уснул.
(А.А.Фет. Соч.,т.1. М., «Худож. литература», 1982, стр. 118).
Жап-жайлы жылы жел есті,
Алыс capын тұйықталды.
Көз ілді дала көмескі,
Малшыға ұйқы ұйып қалды.
Қаріп ежіктеген калька емес: семантикасы да, лексикалық қоры да шашырамаған. Қара өлеңнің сезімталдығы шынайы шеберіне жолыққанда талайдың шыңыраудағысын шып-шырғасыз жеткермекке аса икемді һам қабілетті:
Редко, редко кочевая
Тучка бросит тень...
Неподвижная, немая,
Ночь светла, как день.
Зәу-сайтаны жоқ бұлттың,
Көлеңкесі жеңіл заулайды.
Сүттей тынық та тұнық түн,
Күндізден аумайды.
Қалай-қалай түрленіп кетті өзі? Қазақтан басқанын ойына «Зәу-сайтаны жоқ бұлт» секілді бейнелі тіркес оралмаса керек. Құлағына ілетін, көкірегіне қона кететін сөзді тәржіман дөп таңдаған, мейлінше қазақы ойластырған. Қапысыз шеберлік дей бергеніміз, сірә, тектен-тек емес, өзін тап осыпай мойындатады. Қосары жоқ, түпнұсқаға нұқсан келмегі былай тұрсын, қоңын жамап құлпыра түскен. Қалай да түпнұсқаның «н» қарпінен түзілген әуезі әрін жоғалтпастан «тынық та тұнық түнге» жалғасқан һәм сүттей (бұл Фетте жоқ анықтауыш) ағарып сала берген. Қазақшасында қоюлау сүртілген поэтика, ана тіліміздің артықшылығы екенін аңғартқан да тәржіман Бегалыұлы. Қадимның ғұламасы Аристотель сөз өнерінің теориясын тұңғыш тұжырғанда эстетикалық қанағат алмақтың жаңа өре-өрісіне нұсқаған. Құлаққа жағымды сөз құры желпіндірмей әлденеге үйретіп, біліміңді молайтады; сондықтан сезімталдыққа шынайы шеберлік қана баулиды. Қалай да көркем шығарманы оқырман төрелігіне ұсынғанда, сұлулықты композициялық һәм стилдік тәсілдерге сүйеніп саралаймыз. Қанша ежіктегенмен шешендік өнермен де, пәлсапамен де Поэзияның бәсеке-бәсі әсте толастар емес; Аристотель сөз өнерін дүниетанымнан бөлектейтін Платон ұстанымымен мүлде келіспеген. Қиялдың құры сенделтетін «бөспелігіне» шынайы шеберлік мүлдем жол қалдырмайды. Қос қолдап сыққан сайын Өлең материалы сезімге суарылып, әл құрап, жанданып сала бермек. Қара дүрсін тақпақгөйден өрелі өлеңгөйдің айырмасы осында. Қолтаңбасы, ақындық болмысы, табиғаты өзіне оңтай Афанасий Фет лирикасынан үйлесім-үндестік қағыстырған тәржіман алақанын құшырлана ысқан, қойнына қысқан.
Қылы үзілген қобыздайын,
Өшті қоңыз ізім-қайым.
Шекілдеуік жұбын іздеп,
Созды дыбыс сағыздайын.
Қанша қарсы ұрғаныңмен сұлулығы көз суырған сезімтал поэзия жалынан сипата бермейтін айтулы асау! Қағидаты қадау: қылаусыз шайыр — өзі көмейі көсілген шешен; өзі сары алтындай ойы салмақты пәйласуф, өзі ырғақ пен әуезге жанын төсеген шыр-пыр сезімтал музыкант.
Қысқа қайырымның байсын құпиясына қанығалық:
Құйтымдай құс құйқылжыта сайраса,
Апыл-ғұпыл алып-ұшып айлас-мұңдас жүрегім:
Сылаң қағып, сылаңдықпен жәй басса,
Кіріп келсең — томырыға күсіндім де жүдедім.
Яки:
Сүп-сүйкімді күлкісіндей сәбидің,
Ғашықтықпен жан-дүниеме емінген.
Мөлдір, өндір елестерді танимын,
Өтіп жатқан алқып-шалқыл көгімнен.
Немесе:
Қамығумен қабарады қабағым,
Ызғарыңмен ықтырғанда сен мені.
Жалаң жаным — жаралым
Мысқылыңа жарты мысқал сенбеді.
Қамық жеген, өмір өткелігінен өткен шеркөкіректің сыртқа сүйрелегені «бая-шая бақытынан басы айналған» бір сәттігі, қимас мұңы — пенденің пақыр басы. Қағажу көрсек те көкіректі қамағаннан сірі жанымыз уысын қылқұйрықтан жаза қоймас.
Қисынға сұранулы жөні бөлек тағы бір мысал:
Так невозможно, несомненно,
Огнем пронизан золотым.
С закатом солнечным мгновенно
Чертогов ярких тает дым (стр. 265).
Иегімен ел жұмсаған,
Патша сарай түтінін.
Кешкі шапақ тар құрсады,
Yemen үнсіз үкімін.
Қырағы көкірек көзін тым ежіктеуші ек. Қанша қыдырғанмен жай көзге ілінбейтіні — алтынмен (шапақ) апталатын патша сарайы емес пе... Қоспасы жоқ, ендеше «иегімен ел жұмсауға» патшадан өзгенің пәрмені қайдан жетсін. Қисынға жегілгеннің жақтан жаңылмайтыны, жұмыр жалықтырмайтыны-ай! Құлшына шұқшиғанның Өлеңнің әрбір жолынан олжаға жолығатынын айтсақ, композицияның, лексикалық тәсілдердің кемпірқосақтай құбыла түскенін жедел аңғарамыз.
Я полон дум, когда закрывший вежды,
Внимаю шум.
Младого дня и молодой надежды;
Я полон дум (стр.115).
Қас-қабақтан аңғарымпаз Нарағам «күйзеу көңілкүйін» ширатып, төгілдіре тәржімелейді:
Ой қандырды иімді, қабағым mac түйілді,
Өз еркіне үйірді.
Жаңа күн мен жас үміт күйзеу көңіл-күйімді,
Ой қандырды иімді.
Қамырдан қылын ажыратқан Нарағам сөздің мағыналық қабатын (Потебня қағидасы) аңғарып, дәлдікке дүдәмалсыз дөп тигізетін мерген. «Құсты көзінен ілген» деп жатпайтын ба едік!
Вот месяц всплыл в своем сияньи дивном
На высоты
И водомет в лобзаньи непрерывном, —
О где же ты?
Ай сырғыды самала сиқырымен құйып нұр,
Бағындырып биікті,
Бұрқақ судың сүйкімі сусылымен сүйіп тұр,
Қайдасың сен, сүйіктім?
Қолмен қашалған қарапайым сөздің құпия үйлесімі неде? Қаузап көрелік:
Тихо ночью на степи;
Небо ей сказало: спи!
И курганы сияет;
Звезды ж крупные в лучах
Говорят на небесах;
Вечный — свят, свят, свят!
В небе чутко и светло,
Недвижное крыло.
За плечом молчит, —
Нет движенья; лишь порой
Бриллиантовой слезой
Ангел пролетит (стр. 114).
Қапысыз майталман тәржімесі қалай ұйытар екен:
Жым-жырт дала,
— Ұйықта, — деді түнгі аспан күңгірт қана.
Орғыл-орғыл обалар қарауытып,
Жатыр ұйықтап молалар жым-жырттана.
Жұдырықтай жұлдыздар сыбырлайды:
«Жаратқаннан сұрасын ел-жұрт пана!»
Ибалы аспан иманжүз нұрға батқан,
Қозғалыссыз қанатпен қорғалап паң
Сұрқы сұсты құдірет сұғын қадап,
Ұлы үнсіздік ұлғайды ірге жақтан
Он баталы періште ұшып өтті,
Жауһар жасын жер үшін сорғалатқан.
Қалтқысыз шынайылық қапысыз дәлдікте. Қайырмалаған иірім: мұндағы «күңгірт қана» тек ұйқасқа бола алынбаған, әлбетте, поэтикалық, күшейтпелі шырай. Қарауытқан «орғыл оба» қазақы ұғымға ептеліп, етекжеңін қаға береді: «Курган» — түсіндірме сөздіктерді қарастырсақ, көне орыс тілінде «моланы» білдіреді. Қазақы нәрлі уызды (эстетикалық таным) нәзік байытқан; сөз ұстарту, ойлы образ шеберлігін ширатып шыңдаған Нармахан Бегалыұлының ілгері басуымызға қосқан үлесінің бір парасы — Абай атамыздың мектебінен түлеген тәржімалық шеберлігі дер едік. Құрмалдасқан «Жауһар жасын жер үшін сорғалатқан» ойлы образын жамаған тіркестерді тізбелесек: тәтті теңеу, яки метафора керек пе, міне мархамат! «Қозғалыссыз қанатпен қорғалап паң», «сұрқы сұсты сұқ», «ұлы үнсіздік ұлғайды» — Нарағаң әсте қиналмайтын үйреншікті шиырыстар. Құлдилай түсіп басты шалқаласақ жәй ірі емес, «жұдырықтай жұлдызға» көзіміз сүрінеді, ал «иманжүзді ибалы аспандағы оң баталы періштенің жауһар жасы» мұсылман баласының тіліндегі ұшқыр тіркестер! Қуаты бөлек Нарағам сөз көшіріп әлек кешпейді, ел өзегін әлпештеген Афанасий Феттің өзімен шыншыл өнер бәсіне құмбыл иық теңестіреді. Қазақ поэзиясында танымал тақырыпты жарыса жырлайтын нәзирагөй дәстүр болған; кітәби үрдіс (СҮлеймен Бақырғанның діни дастандарынан бері) кең етек жайған. Құлпыртып, Пушкин, Лермонтов, Гете, Бунин поэзиясының құнарлы нәрін дәл сақтап, әрін қазақи байытатын Абай һакимнің классикалық мектебі тым бөлек. Құлатасқын аударма Кеңес дәуірінде кейбіреулердің кәдуілгі күнкөріс тәсіліне ауысты. Қуанағамның Омар һайам, Роберт Бернс, мәшһүр поэтикалық роман — «Евгений Онегинді» тұтас аударған бәсі тағы бар. Қаламақыға қызықпайтын қайран Абай атамыздың кісілікті өнегесі Нарағама да жұққан-ау, шамасы. Қарбытып көлем қуаламайтын, көлденеңге тұра ұмтылмайтын Бегалыұлы А.Феттің қалың томынан небәрі қырық шақты қысқа өлеңін шақ таңдаған. Қуанағамның сирек жазатыны, Нарағамның құштар тініңді қоздырып, кілт тоқтайтыны айтыла жүретін тәмсіл!
Қысқаның қысыраққа жүк боларын құнттамаймыз.
Қой, таусылмайық...
Қабырғалы суреткерді құнтты құштарынсыз көзге елестетуіміз қиын, өйткені, дарын ессіз ерлігінсіз қалыптаспайды.
Йоганн Гете
Көркемдіктің көңін аршыған күлік Нарағам.
Шалдықпас шынайылықтың,
Шаң жұқпас шырайындасың, — деп сезімтал сабырлы сөз саптауынан-ақ қанымызға сіңісті Көшпелінің шырын жазбай танимыз. Көшпелі — жауынгер ғана емес, табиғатқа етене, көзі қай қиядағыны байқағыш, өзіне тән ой түйе жүретін нәзік сезімтал. Көркемдік кестесін байытуға барын жұмсап, лириканың кіреукесіз мәртебесіне бүгілген Нарағамның кібіртіксіз әріп әуезін, ықшам ырғағын, ойға орайлас образын көрмекке көз де керек, безбен де керек. Көмейі көсілген Ғафаң (Қайырбеков) өзіне өкшелес інісіне ағынан жарылып: «Біздің қазақ поэзиясының әр түрлі өрнегі бар. Сен бүкіл Еуропаның өркеніне кетіп бара жатқан қазақ поэзиясынын ең дамыған түрінің өкілісің» <...> «Нармахан дүниені бойына жиып алған, анау Арыстың жағасында дүниені миының шарасынан өткізіп, соны поэзияға сіңірген адам» дейтіні бар («Назымгөй нақыш Нармахан», А., «Өркениет», 2003, 156-бет). Күлік мінген десек, көркемдік өресін күнеске сүйреген Нарағаң, дәсәуелден, Көк Түркі поэзиясының жемірілмей бүгінге жеткен жәуһар бір жұқанасы.
Мөлтек аспан мөлдірі —
Мөлт-мөлт...
Артық аспайды.
Қарағайлар бір-бірін
Қосарлана қостайды.
Көзге жылы ұшырап, көкейіңе қона кететін кестелі өрнек кімнен, қайдан жұғысқан демессіз. Күнгей (Сир) Көшпелінің көмейі көркем көсілген Нарша баласының Көк Түркі бабасы кәміл сөзден ешкімге бой бермеген, сөз ләмін түзеп жұптағанда, сөз басындағы қаріптің әуезді сазына шұқшиған, қадарын қастерлеген. Көркемдікті қабылдап, сезімталдық сүзгісінен өткеру, кемерін әдіппен көмкеру әр ақынның қарым-қабілетінен сөз ұстартып, өнер шашқан мәдениетіне шақталарына Ғафаңның ілгерірек айтылған ойы меңзесе керек. Көптеу сүйкесіп қала беретін Нарағамның алымды ақындық мәдениетін бұрынырақта Ф.И.Тютчев, А.А.Фет (Шеньшин), Х.Р.Хименес һәм Мұхаммед Юсуп (өгей өре көзіне түркінің бұл баласын да ілмеген) шеберлігімен шендескенін айтам деп көзін алартқан ағайынымды кезіктіргем. Көсіп айтып, көпке жақпайтынның бір мысалы — күңкілдеген біреу-міреу аяқ астынан табылады. Кімнің де көлеңкесіне әсте зәру емес Қуанағам, Жұмекен, Жұматай, Жүсіп, Байбота, т.б. көркемдік тәжірибесі — қазақ әдеби сынының өз қазынасы, төл мұрасы. Көз суырған кестесіне, керілген акустикасына, орам ойына, сыңғыр сезімталдығына көлденеңнен килігіп, ешкім тамсана қоймас. Кеу-кеулеп те әлек кешпеңіз.
Кіммен салыстырайық...
Кішіазиялық стоиктер: Зенон, Кпеанф, Хрисипп пәйласуф жүйесі яки эллиндік әдебиет сынында болмасын өзгелерге өзін мойындатқан ерендер еді. Кезекпе-кезек стоик ағымының бас жібін қаққан бұл үшеуінің шыққан тегіне шұқшиған тарихи зерттеулер антикалық эллин дүниесінің Шығыспен тығыз байланысына амалсыз жығылады. Көне эллиндік (Йун-ан) мәдени ұғымды Шығыстың, Көшпелі деп құр даурықпалық, шырайынсыз елестете алмайтынымыз тағы һақиқи шындық (Pohlenz М. Dіe Stoa. Geschіchte eіner geіstіgen Bewegung. Gottіngen. 1959. №76a, 77a). Кеме апатында бар мүкәммалынан айрылған финикиялық көпес Зенон, миләдқа дейінгі ІV ғасырдың алғашқы онжылдығында, пәлсапаға бой ұрып, жан тыныштығын көксейді. Космополиттік сана ғылымның дамуына оң ықпалын тигізгенде полис (қала) мемлекеттігінің жеке қоқырайған шекарасын қақыратқан. Келмеске кеткен полистік ұғымды «ойкумена» алмастырды: стоиктер ғұмырдың мәнін тіл (сөйлем) заңдылықтарын шебер меңгерген адам даналығынан іздестіріп, оның сезімталдығын һәм метафизикалық танымын қастерледі, әлеуметтік һәм адамгершілік нормалары жаңарды. Кеңістік пен уақыттың ара қатынасына ұмтылған стоикалық физика ойлау категорияларының қатаң жүйесін ұқыпты сүзгілеп, ой қисынындағы (логика, гносеология) сөйлемнің (логос) ұшқыр да ұйытқыш қабілетін ерек бағалады. Кішіазиялықтардың ықпалымен кейінге мәртебеге айналған грек пәлсапасы жеке адамның ауқатты тұрмысын (ғадетте қалада ғұмыр кешетін), шыққан тегін алғаш рет жайына қалдырып, жан-дүниесінің байлығын жоғары бағалай бастады (Pohlenz, стр.111). Кішіпейіл оқымыстыны (Афанди — афиналық — әпенді) пір тұтқан стоиктер оның ғұмырын «рақатқа толы» деп есептейді (Хрисипп. SVF, 111,176, фраг.701), сөз өнерін өз қажетіне ұтымды жаратқан оқымыстылар үшбу тылсымның төңірегінен ой толғамай, құдіретін бағаламай тұра алмайтын. Классикалық поэзияға ден қойған стоикалық әдебиет бізге, әлбетте жетпеген, әсіресе, ерте және орта кезеңнің жәдігері сақталмады. Күні кешегі XX ғасырдың басында Г.Арним өзі құнттаған шағын үш томдығында классикалық поэзияның көптеген үлгілерін, төл ойын дәйекті жеткермекке ұмтылғанын анық аңғарамыз. Көбіне өлеңде өздері де бағын сынаған стоиктер (Хрисипп, Аристон, Диоген Вавилонский шығармалары тұтас болмағанымен біршама сақталған) сөз құдіретін пайымдаған. Кез келген стоик сөз құрастыруға, тіл шеберлігіне сірә енжар қарамады. Кпеанф пен Хрисипп шешендік өнерінен оқулық құрастырған. Кәделі шешендік өнерін төбеге ұстаған стоиктер оны диалектикамен бірге логиканы құрайтын, физика, этикамен тең һақылы ғылым санайды. Көпестіктен көңілі қалып, ойшылдыққа ұрынған Зенон сөйлемді тіл өнерінің ойды дөп жеткерудегі аса маңызды формасы дейді. Кісінің сөзін Зенон «ішкі» және «сыртқы» дауысқа жіктейді. Көмейдегі ішкі дауыс өз мағынасында сөзді жеткеретін негізін құрайтын дыбыстардан құралмақ. Көсілген сөздің өзі бейнелейтін мағынаға тікелей бағыныштылығын Диоген Бабылдық (Вавилонский) індете тұжырды. Күндердің күнінде Диогеннің «дыбыс туралы» еңбегін миләдтің ІІ ғасырында Дионосий Фракиялық өзінің «Грамматика өнері» кітабында түпдерекке пайдаланған. Кесімді стоикалық поэтикада осынау терминологиялық «Логос» шектеуі тақпақ пен өлеңнің ара-жігін ажыратқан құбылыс: тура мағынасында «сөйлеуді» білдіріп жекелеген сөздердің мәнді-мағыналы қабатын құрайтын, стилдік айқышын сақтаған белгілі ойды құрайтын тіркес. Келісті өлеңнің қара сөзден (проза) сырт айырмашылығын қамтитын тақпақтан өзгешелігі — мәнді ішкі элементтерді құрайтын табиғатында. Күсінген күпті сауалға кемел жауап осы болар. Керегімізге жараса, Посидоний: «Поэма — қара сөзден бой қашыртатын ырғаққа және өлшемге сіңіскен, көркем қашалған сөйлем болып санала бермек... Поэзия — Тәңірінің пендесі еліктейтін мазмұнға толы шығармашылық», — деп ой қалдырған (Dіogenes Laertіus. VІІ.60). Көз жеткерсек, тақпақ — келте кесте, өлең — ішкі экспрессия, мұның екеуі де диалектикалық байланыста. Керте берсек, форма мен мазмұнның байланысын зерделейтін бүгінгі теорияның ізашары — стоикалық поэтика. Контексте сөзді қолдану, сөйлем ұштау, стоиктер пікірінше, фонетикалық құрылымды тыңдаушының көңіл күйіне ықпал ететіндей ерекше шеберлікке жеткермегі ләзім. Көркемдікті қабылдап түйсінуге һәм сұлулықты саралауға баулитын осынау қағидат поэтикалық шығарма түзудің нақтылы ережесін ендірді, жаңа серпін әкелді. Келісті ой түзген Диоген Бабылдық «сезімталдықты тәрбиелеу» ұғымын ендіріп, сөздің сыңғырына (музыка) қатты еліткен. Кінәратсыз поэзияда музыкадағыдай ырғақ, әуен-әуез әдемілігінің әдеби сынның бағалауына іліккені әсемдікті қарадүрсінділіктен ажыратуға тәрбиелей келді. Кеңінен танылған шешендердің стилдік категориясын Феофрасттан кезіктірдік, мұны эстетика әлеміне батыл ендірген стоиктер ілімі. Кейіншелік Посидоний сөйлемнің сұлу орналасуы оқырманның көңілінде үйлесім табарын бөлек атады. Көне дәуірдегі Феофрасттың сөйлемнің төрт мәртебесін (атау, етістік, жалғау һәм сөйлем мүшесі) ерекшелеген ойын дамытқан Диоген қысқалықты ережеге ендірген (SVF.111, фрагм. 34). Кезінде Зенонның өзі көпіріп сөйлегенге қарсылық білдірсе, оны қостаған Плутарх: «Философтың ақылға бағып сөйлегені абзал», — деп қайырады («Жизнь Фокиона», гл. 5). Кратет, Пергамдағы пәлсапа мектебінің басшысы, сапалы поэзияның құлақты тербетумен қатар өнер қағидасын қатаң сақтауын да ескертіп, керегінше оймен көмкерілген сөз ғана қуатты; поэтиканың құнарын құрайтыны рационалдық принциптер; поэзияның мақсаты — оқырманды ойға қалдыру; оның тәсілі — сөйлем құрастыратын шеберлігі дей береді. Кратет мектебінің Александриялық дәстүрден ерекшелігі, ол өзін «сыншы» атайды: «сыншының тілшіден (грамматик) басты ерекшелігі, глосстарды дәлдікпен түсіндіруі жетіп жатқан тілшідей емес, сыншыға әрбір логикалық ілімді қапталдаса меңгермек керек» (Sext. Emp. adv. math., 1, 79). Kіcі бойындағы түйсікті табиғаттың өзі дарытқан, Кратеттің басты еңбегі әдеби сынның пәлсапаға құрылған теориясын қалыптауында. Кейінгілердің көркемдік танымын келісті баулып-баптаған көне дүние (антика) жәдігерліктерін қысқа шолдық. Көбірек айтылған — кестелі сөз өрнегінің ұзаққа созылған қалыптасу жолына мойын создық. Құры емес, әрине, Қазақи өремізді ерен-тереңге ерінбей сүйрелеген кейіпкер-тәржіманның келісті кемел тінін әрлемекке себін тигізер ме деген оймен.
Жаңаға ұмтылмақ — адам қиялының әуелгі қажеттігі.
Стендаль
«Қаратау мектебі» аталатын, Әбіш Кекілбай һәм басқаларының алқауымен, әп-әдемі әдеби үрдісіміз оқшау. «Қаратау шайырларынан» (Ә.Оспанұлы) мүлдем бөлек, дәстүрлі айшықтарды ғаламдық үрдіспен ұштастырған жаңашыл лепті қабырғалы қаламгерлер — Тәкең Әлімқұлов, Асқар Сүлейменов ана тілімізде-ақ лингвистикалық, интеллектуалдық өремізді өзгенің өкшесінен бастырды. Қуаныштан есі шыға қалбақтаған сыншы-эстет Төлеген Тоқбергенов Тәкең ағасының «тарлан ашқан талантына» тәшін қала беретін. Қазағуар, орыс тіліне яки әлем әдебиетіне жетік Тәкең, Асқар өгей тілде қағаз шимайлап атаққа шықпаған шын ерлік жасады. Қоңқақ мұрнын мол сипаудан аспайтын үндемес Тәкең, жан баласын жақтырмай тыржия беретін Асекең, Тәкең ағасына шық жуытпай қарлығыңқы даусымен қиқылдап айқайлайтын Тәкең озық ойлы әдебиетпен ырғасқан өнер бәсекесіне бәс тігіпті. Құдіретті ана тіліне уызынан жарыған шынайы пидагерлер иықтағы ауыр жүгін ың-шыңсыз, даңқ-даурықпасыз, жаяу-жалпы арқалады. Құламай қанша жерге жеткенін, менсіз де жұрт жақсы білетіндіктен, ежіктеп езбедік. «Қаратау мектебінен» қадай айта беретінім: поэзиядағы Нармахан Бегалыұлына, прозадағы Мархабат Байғұтқа өресі озық шеберлік қолтаңбасын қалыптастырудағы тәбәрік тәлімі. Құлай қызықтасақ, жалбағай жершілдікке желпінбедік, қасықтап төгіп құрғата алмайтын құнарына масайдық. Қамсыз-мұңсыз пендеге не дерсіз. Қалтасына қолын сұғып, тым жайбарақат балтырын шірер. Қазақтың қамы қабырғасына батқалы шыр бітпейтін кейіпкерімнің құндылық категориялары қолға ілінбейді, көзге сүртілмейді. Қызыл асығымды қажай түстім, кім не демесін, бәрібір қоя алмадық. Құстұмсық, кез қиығын қоштап-мошқарын байқатпай зәуде бір бұратын харизмасы, жүргені білінбейтін бір сылқым; поэтикаға епсек жұғымтал жұмыр.
Қайда салмаңыз
Қынсыз қылыштай қиғыр!
Чудная картина,
Как ты мне родна.
Белая равнина,
Полная луна (стр. 106).
Сусаулы жанға азық,
Жағымтал жалған-ай.
Ақ ұлпа жамылған кең жазық,
Сүттене толған Ай.
Қалыспайды, қатпарын қуалап дәлдікке һәм күшейтпелі екпінге кезек күш салады. Қимас көңілін жайып салған Фет сезімталдығын, сүйсінісін қазақы көмкерген «сусаулы жанға, жағымтал жалғанға» алмастырған тәржіман тіршілік тінін тірілткен.
В дымке-невидимке
Всплыл месяц вешний
Цвет садовый дышит Яблонью, черешней (стр.130).
Тыныстады бау балбырап,
Алма-алшаның гүл-гүлімен.
Шықты жүзіп Aй албырап,
Түссіз торқа-торғынымен.
Қалай да «дымка-невидимкаға» «түссіз торқа-торғыннан» артық баламаны қанша қағыстырарсыз. Қайдан табарсыз?
Не суждено нам с тобой дружно
Носить оков (стр.131).
Ымдас-жымдас көз жазбауды жазбаған,
Тұтымы қатты тағдырдың.
Қарекетшіл тәржіманның құнтын құптай бердік.
Когда я блестящий твой локон целую,
И жарко дышу так на милую грудь.
Жалт-жұлт еткен бұрымыңды аймалап,
Омырауыңа шарпылғанда от демің.
Қадалып кемшілік іздемедік, түпнұсқадағы «И жарко дышу так на милую грудь» аудармада: «омырауыңа шарпылғанда от демің» боп сәл-пәл қиыс түскен. Фет, яғни баяндаушы автор, өз атынан (лирикаға тән тәсіл) сөз тарқатқан.
Қаузап көрелік:
Мұның қалай, жәудір жанар тайғанап
Басқа қыздың жайын айтып кеткенің.
Ұйысқақ кеш ымырттанып, тәнге ызғар,
Төксе, сені сеңсеңіме орармын.
Ай жарықта шүпірлесе жұлдыздар,
Өзіңменен тек біреуіне қарармын.
Әп-сәтке илан... Сену үшін жүрекке —
Көзімнен ұқ, жалынды сез іштегі!
Күдігімді ыстығыңмен күл ет те,
Қызғаншақ қыз, құшырлана құш мені!
Қалтқысыз шынайы: «көз» бен «сөз» онсыз да түгел ұйқасты іштей жымдастырып түлеткен. Құлай беріп көлгірсу емес, бірер жаңсақ қаріпті ілмелеп ақыл айтуға әуес астамшылыққа ұрынбадық. Қарадай жұлдызы ыстық Нармахан ақынның емес, қай жұлқынғанмен иық теңестіріп бойласқан Қазақ лирикасының қабырғалы мәртебесіне қаныға бердік. Қасаң ежіктемейтін құмбыл көңілге жығылған жыр жолдарының қайырымына қайырыла оралсақ:
Шепот, робкое дыханье,
Трели соловья,
Серебро и колыханье
Сонного ручья.
Қазақша баламасында:
Сыбырлай сырпасып, елеңдей дем басып,
Бұлбұлды тыңдасып
Көгендеп күмісін, тербеле ырғасып
Ұйқылы жылғашық; Қадау 12 буынды түркіге тән аруз өлшемін әсте жатырқамадық. Қалжыр жылғашық қазақы нұсқасында кәдуілгі сыбырдан (шепот) сырлы сылқымға, үйреншікті ұялшақ (робкое) дем елеңдей беріп күміске көгенделген. Қолы ашық, шашпа-төкпе Нарағаңдай сақының күмісті көгендеген, тербелісін ырғалтқан бояулы жолдарына иланбай көріңіз. Қадау лирик А.Фет өзінің ана тілінде болса да, яки құлай еліткен немістік поэзия мәдениетінде болса да көгендеулі күміске әдді жетпей, мысы құрымақ. Қолтығынан шын демеп, түпнұсқаны қазақы нақышқа әлдендірген Н.Бегалыұлы суреттеменің тыңнан тынысын ашқан. Қарыз деп сірә бұлданбастан. Қарадай тұрып-ақ «көгендеп күмісін» тіркесі тұтас һәм тылсым, контекстке кіріккеннен қатпарын қарыс қалыңға қамастырады.
Қазақы шиырыстың қайырымынан көз жазбай, келесі шумаққа ауысалық:
Свет ночной, ночные тени,
Тени без конца.
Ряд волшебных изменений
Милого лица.
Қалың көлеңке — «тени без конца» Н.Бегалыұлының нұсқасында:
Түн тұнық, көлеңке көк жамбас,
Шексізге ұмтылып;
Сүтейген сүйкім жүз көз қанбас
Құмарта құлпырып;
Қимасыңдай етенеге айналған. Кара жамбас, сары жамбас көлеңкеге жанаспайды: келетіні кек жамбас екенін (әріп әуезін жағалағандықтан емес, мән-мағынаға майыса бергендіктен) тәржіман түйсігі тура түстеген. Қарапайым ұғымда жамбастай жығылған жалқаулық жатқан орнынан сірә жылыстамаса керек. Құнарлы қиялдың көк жамбасты көлеңкесі көз қанбас (сүтейген) сүйкімді жүзде құмарта құлпырғаны таза поэтиканың қолынан ғана келетін жойқын шеберлік. Қатпарыңды, қойны-қонышыңды ерінбей түгел ақтарып, дөп түстейтін Нарағаң тәржіманның зийалына зәредей шәк-шүбһә қалдырмаңыз. Қайырым сайын сырласып, дем басып, тыңдасып, ырғасып, жылғашық жағалаған ғұрлым ұйқасқа сүрінген «күмісін» қиыннан қиысып құйылысарына да назар жығыңыз. Қаузай түссек, көк жамбастың көз қанбасқа ұйқасуының өзі сырт қарағанда ғана оңай көрінгенімен, әуезін қабаттап, мән-мағынасына малшындырған нәзік мәдениетті күрделі болмыс. Қарадай сылқым Н.Бегалыұлы әріп әуезін құнттайтын, ырғағынан жаңылмайтын, ең бастысы — соншама сұлулықты мәндік-мағыналық категориядан мысқалға жаза бастырмайтын өзіне тән ойлау, дара танымдық машығын тәржімесінде де түгендей келмек. Қалт-құлт қаріпшілдікке қараспайтын, түпнұсқаға тұншықпайтын Нарағаңның шынайы өнерліге тән шеберлік үрдісі — бесті лириканың бәсі, бұқпантайсыз белгісі. Қанағатшыл қарапайым пенденің қас-қабақтан қалт бағып, қазақы құдіретке құлшынғаннан қолтығын үгіп, қиқуға қосылған азулыны қаңтарып қоятыны — білгенге шын ғанибет-ақ. Қарадүрсін сәбеттік сана Шығыс үлгісінде сөз саптап ләмін құлпыртқанды «цветастый» дел тұқыртқаны күні кеше — Нарағаңның жалынды жастығы, арда парасат-пайымды азаматтығы сол қасаң заманда өткеніне қарамастан, қат қоршауды бұзажарған жанкешті еңбегімен ереймен. Құран Кәрімнің, Пайғамбарымыз с.ғ.с. сүннәтінің, шариғат жол-жорасының дегенімен жүріп-тұрмаққа қарны тоқ, көйлегі көк, яғни өрікті жаймашуақ заманда әркім-ақ құмбыл. Қарыс өкшесі жерден көтерілгеннен уағыз-нәсият айтатындар да жетерлік. Қыры теріс айналған, қабағынан кіржамбыз қар саулаған заманда, айталық сол сәбеттік, аш-жоққа, соғысқа қарамастан ділін жоқтатпаған, дінін тоқтатпаған мүскүннің иманына тиесілі сауап еселеп жазылады екен. Қадір-қасиеті арзандамайтын Көк Түркілік намысының туын жықпаған, әріп әуезіне әуестігінің өзі сол дәстүргөйлігі; Нарағаңның қазақ лирикасын өрелі өрге сүйреген еңбегінің енші-есесін Тәңірі елесін. Қазақтың орысша, зәңгінің французша, үндістің португалша, испанша, үндінің ағылшынша ой толғап, образға орап, өзегін алмастырған әдебиет жасағаны адамзаттың қасіретті бір құлшынысы. Қаржасқан, ұлтының қамына қарасқан Тәкең, Асқар, Төлегеннің ізбасары Нармахан Бегалыұлындай шыр-пыр шайырдың, майталман тәржіманның өнегелі өнер шашқан өміршең өлең қағидатына сүйіндік. Қамытқа мойнынан іліккенін ерте аңғарған Абай һаким дер кезінде оянып, өріс сілтеп, озық ойлы әдебиетпен (Пушкин, Лермонтов, Гете, Байрон, Бунин, т.б.) өре теңестірген кеуделі мәдениетті поэзия қамдады. Қалғанымыз Мағжан, Ілияс, Қасым абыз ақынымыз Абай жолын ұстандық. Қауға от тигендей қаулап өстік, поэзиямыз прозаға оң ықпалын тигізіп, лирикалық бояуымыз қалың сүртілді. Қазақтың лиро-эпосы бар, алпысыншы жылдары жағалай тамсандыра бастаған лирикалық-пәлсапалық прозасы бар. Қиқуға қосылған Тәкең лингвистикалық құнарға, Асқар интеллектуалды өрнекке құмартып оқшау тартты. Құштарын құнттап, қиялының құнарына иек артқан Нарағаңды ен қаузадым. Қазаққа бола шырылдаса, қалайша «көре тұрып көрмедік дерміз» (Т.Тоқбергенов). Қайран, Қасым! Қарым-қабілеті ешкімнен олқы соқпағанымен, жаны қиналғанда күн құрғатпай келіп тұрған шәкірті Сырағаңа (Мәуленов) фәнидегі үш арманын айтқанда: «Аударма өнеріне қол ұрып Абайдан асыра алмадым», — деп өкініпті. Қалғанымыз қарасына жолай алмай жүрген Қасағаңның мұнысы жай пендешіліктен ада өнерлінің өкініші. Қасымға, Абай һакимге жетейін, артылып құлайын деп тыраштанбай-ақ өміршең өнегесінен үйренген — ғаламның қайбір пұшпағындағы өлең құдіретін қазақтың көңіл-күйіне, төл танымына теліп, жұмырын жұтындырып яки «тұмағын кигізіп (Нәзір Төреғұлұлы) өнер шашқан Нармахан Бегалыұлының Афанасий Фет (Шеньшин) лирикасынан ұлтымыздың ұғымына шақтап үйір жылқы қайырғаны, үркер жұлдызының астында жусатқаны мәртебелі поэзияның назым-нақышты бір асуы.
VІ. БОЛМЫС БЕКЗАТТЫҒЫ
Ақын болмысы. Айтылып жүрген ақпа-төкпе сезімталдық Ай астында алқымын ағыта бермек. Ауылдың алты ауызына ұқсайды. Ақын айналасынан байқап, ойына түйгенін айтып бола-тола салмайды; жалғыз жазу шеберлігімен жеріне жете алмайды. Алып-ұшпа сезімталдық (балаң, жас кезімізде әркімге де тән) талғамға төселмейінше ойлы образбен оңалмайынша ішкі мазмұнға таласа қоймас. Ақынның анық болмысы, ендеше жан жықпылы, жұмырдың жарасымы. Асылы, жалғыз сауаттылықпен көркемдік өресінде әлденені жапыра қоймасымызға жүре қанықтық. Ақылдың шектеусіз мүмкіндігіне, көлбеу көкжиектеріне көбірек көзімізді жеткеретін де ақиық Ақын болмысы. Айналшықтап соға беретініміз де содан. Айтыла берсе өз себеп-салдары, мәніс-мағынасы жетерлік. Ақылды кітап, яки Өлең ешқашан жалықтырмайды. Алдыңды орап, әр оқығаныңда жаңа бір мінезімен таныла бермек. Авторы да солай. Ақын аздың өзін нақыш назымен, сағыныш сазымен жетемізге сіңіріп, мақам-машығына сыйыстырады. Айқайлап айтылмайтын Ақын еңбегі, демек, ақыл-ойдың жемісі екен. Ал ақылға қалай тәрбиелейміз. Ақпейіл ортаның көркем тәрбиесін жоққа шығармадық. Ауадай қажеттігін қадала айтып та жүрміз. Алайда, Анадан ақын тумайынша бәрі бекер. Ақырында аталы ұстаздың еңбегін, тілеулес ортаның бейілін ақтамаққа жатпай-тұрмай өзің бейнет кешесің. Ананың сүтін ақтамағың бәрібір қалғанынан биік. Ақындық әліппесі. Ата күшімен, ана сүтімен сүйегі сақайған ұл-қыздың көбі білімге, өнерге бейім келетінін оқымыстыларымыз мейлінше тиянақтаған. Алаңсыз ойын баласы тақылдап тақпақ оқуға, әнге әуес; естігенін ересектен бұрын қағып алады; тақпақтың қимыл-қарекетін айна-қатесіз қайталайды; ынты-шынтымен қызығады (К.И.Чуковский. «От двух до пяти»). Алты жасында мектепке барып, бозбала жасында жұрттан жасырып өлең жаза бастайды. Алайда, бозбаланың әуестігінен Абай, Мағжан, Ілияс, Қасым, Қуандық һәм басқаларының әдемі поэзиясына — терең талғамға дейін небір айшылық алыс жолдардан айналып өтеміз. Аста-төк сезімталдық еркелете бермейтін тағдыр тезіне жолығып суынғаннан көбіміз әдемілік әуестігінен жеріп кетеміз. Аума-төкпесі құрысын деп бүйірі тоқ тірлікке жаппай ұмтыламыз. Ара алшақтайды. Айыптағалы отырған жоқпыз ешкімді, екінің бірі шыдамайтын ауыр ғазабын алға шығардық. Ақындыққа бозбала жасында тәуекел еткеннің өзін де жолай азғыратын атаққұмарлық, астамшылдық — жалған намысшылдық дегендейін қиянат жетерлік. Ананың мейіріміне қанып, тәрбие-тәліміне қанығып өскен Нарша бала нарғасқа Нармахандай шалдықпас шайырға айналған екен. Ақыш анамыз бетіне жел тигізбеген нәресте Наршаны босқа әлпештемепті. Ақ тер, көк тер еңбегі өтеліпті. Атасы қан майданнан қайтпай қалған. Ақыш анамыз ақын туып қана қоймай, ерекше қабілетке, тауқыметі таусылмайтын тепең тірлігін жеңе алатын төжім — қайталанбас ішкі мазмұнға баулып, әдібұлаққа жеткеріпті.
Соғыстан соң күнес күнге,
Бой түзеген көк өскін.
(Н.Бегалыұлы. Шығармалары. І т., Ш., Ордабасы. 2004, 102-бет).
Арда азаматтың қалыптасуы — қиын түзіліс, табиғи тұтастық һәм қарадай қымбат құпия.
Аса сұғына ал
Кешіре гөр момыныңды, жан ана,
Салғызбадым саған сая — сағана
Қайтқаныңда көктем еді.
Жыл сайын
Жас шөп өссін дедім ескі молаңа. (210-бет).
Арыс — Ғар үкүз, яғни таудың асау өзені. Анау марғасқа Мархабаттан сұрасам: «топырақ пен жапырақ» деп маңдайын мыжырады. Анық-қанық сөзі шығар. Алғашқы әсер сірә таусылмас, бүкіл ғұмырыңның аяғына жеткерер: табиғатты тамашалау; өнерге талпыну; достықты, махаббатты тану. Арыстың топырағында талпынған, жаны жапырақпен жамырасқан назмгөй Нарағам ішкі мазмұнын, демек көркемдік өресін танытқан шалқақ шайыр.
Жазуға аз екен ғой теңеу тегі... (4-бет).
Аз сөйлеп, аз һәм наз жазатын Нарағама осы жарасты өзі! Астарын танып жатсаңыз, онда өзіңіздің ойлана білетін кісілігіңіз. Ақыл-ой қашанда ішкі мазмұн — қатпарлы мағынаға жетелеп тәрбиелемек. Ақын ойының тартымдылығы, оны оқығанның көкірегі қызығарлықтай болмағы — жанр шарттылығы. Асықпай түсіндіріп жатпайды. Айтарын төте жеткеріп мөлиеді. Ақылымыз қызықпағанды оқымай, кері итеретініміз жасырын сырымызға сірә жата қоймас. Айналаңа сөзіңді өткеріп, бас шұлғыту — аса қиын өнер. Ақын еңбегінің қызығы да, шыжығы да осында. Ақылын тоздыратыны да. Ақылдың танымға құштарлығын, демек тартымын жоғалтқан қаламгер обалды қиянатты ең алдымен өзіне жасамақ. Астамшылыққа ұрынар. Анық кісілікті мұндайдан қорықса керек. Ақын Нарағамның арзан сөзден — сұрқайлықтан қашып, азға-сазға құлай беретіні де Өлең өнегесі. Ащы мысқылымен атан түйені құлататын Виссарион Белинский: «Өлең жаза білетінің ақындығыңа әсте дәлел-дәйек емес; мұның мысалына кітап дүкендерінің майысқан сөрелері әбден татиды», деп ашық тұқыртады. (Полное собрание сочинений, т. 1-13. М. — Я, 1928, стр. 443) — әліге солай. Ақынға керегі шеберлік пе, дарыны ма деген дилеммаға талайлар басын қатырған. Александр Пушкин өзінің өлеңге әуес бір замандасын: «Шығармашылыққа тән ұшқынды бойынан көре алмадым, есесіне сауаттылықтың сан ықылымына түсіп кетеді екен», — деп мошқайды (письмо П.А.Плетневу от 14-апреля 1831 г.). Ауызға алып қалдық. Аяғына жеткерелік. Александр Грибоедовтың замандасы һәм адал досы, тамаша ақын Павел Катенин: «Сенде шеберліктен гөрі дарының басым» дегенді хатында айтып сыр шертеді. Ағынан жарылған А.С.Грибоедов өз жауабында: «Сенің мақтауыңа татимын ба деп көп ойландым. Шеберлік те түптеп келгенде дарындыға ұқсап бағуда емес пе. Мен ғұмырды қалай кешсем, солай жазуға тырысамын — өз еркім өзімде» — дейді (Сочинения. Я, Гослитиздат, 1945, стр. 783). Ақыл сұрамайтын Нарағамның алғырлығы да қарадай аңыз. Алғаш Нарағамның өзінен бұрын сөзімен танысып, әуесім құлады; осы біледі-ау дегендерден сұрастырғанда естігенім мынау еді: «Нармахан айналасына энцикпопедияны жайып тастап өлең жазарында соларды қарап парақтайды екен». Алғаш сонда қалай болғаны деп таңырқап жүрдім; оқығанын тәптіштеп те ақын болады ма?! Айтып жеткере алмағаны екен «энциклопедиялық білімді ақын» дегенді енді ойлансам. Алғыр Нарағамның жалғанда білмейтіні жоқ; өйткені түртініп көп оқиды, зейініне тоқығанын жадында ұстап жүреді.
Күмістей күн батарда отқа еріген,
Ақ бұлттар — айналайын ақ керуен. (115-бет).
Асық ойнағанда Нарша бала қорғасын балқытып қолына сақа үйіре берсе керек. Алақаны күміс ерітіп күстенген кенші-балқытушы емес қой дегенім. Ақша бұлтты беріле жырлаған Әбу Сәрсенбаев ақсақалымыз атаққа ілікті. Айтылып жүргенді қайталайтының Нармахан емес. Алқына қоймас. Ақ бұлт «күн батарда отқа еріген күмістей» жайыла түскеннен тың тұжырымға түрлене салды. Ақынға ақылдың, яки көп оқудың керегін жоққа санайтындар оңбай қателесе бермек. Алғыр, өткір қалжыңқой Нарағам мүлдем керісінше көп оқиды. Арбай-арбай ақылымызды айнытқан бір ақиқатқа ауысалық. Атасы қалаға қоныстанған мәдениетті отбасында кісіліктің исі танауына жетпеген бала, ал керісінше қаладан алыс ауылдан тамаша мәдениетті бала өсіпжетілерін көп айтамыз, жиі таңырқаймыз. Ақиқаты сол, мойынтұрыққа мыжи салатын мәдениетіңіз де майысқақ. Алаш баласының көшелі болмысын, инсани қасиманын жорта елемеуден, қаперіне ілмеуден осылай шатасамыз. Ауыл — төл мінез, төлейтін таным; нарғасқа, марғасқа, ханқасқа осында туып-өсіп қалыптасады. Алматыға әсте көшіп бара алмайтын Абай һакимді жете түсінетін нарғасқа Нарағам туа бітті Темірланнан ұзамаған.
Шаруа едің, жүзіңді ащы тер шылап, Жүретінсің — жалғызың да жершіл-ақ. (210-б.). Ақылы өзіне жететін Нарағам құры жершіл емес, ол — азатқұмар. Ауылда туып-өскен. Алысқа зауқы соқпаған. Алпыс бесінде енді қайда көшіре қоймақсың. Ауданда жатып-ақ атағы алысқа жеткен, оны Мәскеу баталистері де бір ауыздан Симонов атындағы марапатқа лайық көріпті. Анау-мынау емес. Алтын медалға! Айтары жоқ, ақыл да тәрбиені керексінеді. Алайда, тәрбие бүлдіршіннің, яки бозбаланың бойында тумысынан бар бейім-қабілетті ғана ұштайтынын қалай ұмыта береміз.
Антикалық әдебиет те пендені ана сүтін ақтауға тәрбиелеп өнегеге жеткен. Адам танитын, қарым-қабілетіңді ұштайтын тәрбиелі ұстазға жолықпасаң тағы да өмірде өкініште қала бересің. Антикалық өнер өнегесінің екінші өткірі — адамға жан-жақты үйлесімнің жарастығын (гармония) құлағымызға құйғаны.
Құлай аңсап сұлулықтың шәй төсін
Ақыл кейде қабылдайды жай шешім
Ал сұлулық қарапайым қалпында-ақ,
Ақыл сөзін естімей жүр, қайтесің?! (290-бет).
Ағам мұны үнділік Рабиндранат Тагордан аударған — бас-аяғы бір шумақ жұмыршақтай жәуһар жыр! Алайда, Нарағам жай аудармайды, жан-тәнімен кірігіп ақындықта, шеберлікте бәсекеге барып жан жүрегін төсейді. Аударма деуге аузым бара бермейтіні содан. Ақын — ең алдымен жан-дүниесінің жұмбағын өзі шешіп, оған елді ортақтастыратын ерекше дарын иесі. Ақылман да, өнерлі де, пайласуф та — бір өзі. Арамызда «ол — өзі ақынжанды азамат» деген мақтауға лайықты жандар да аз емес. Алтын басын ардақтаудын бұл да бір қазақи тамаша үлгісі. Ақынға лайық жан дүниесінің байлығымен жұрттың алғысын алғанға қайдан жетсін! Анық ақын болса жан-дүниесі мазмұнды, әдемі, әсерлі, өзіндік таным-талғамымен таңырқататын бөлек кісі. Ақшулан ағам — нарғасқа Нармахан да осындай мінсіз Ақын! Адамның мінсізін, әлбетте, жолықтыра қоймадық — Нарағам да шырт ете қалатын қырлауыт қабағымен, ашылып-шашылмайтын тұйықтығымен, мұздай мысқылымен — барша осалдығымен оқшау мінезді; менің таным-талғамыма етене сіңісіп кеткен пәруана пенде, шыр-пыр Шайыр. Алғыр зеһн — Алладан; нарғасқа Нарағамның есте сақтау қабілеті ерек. Ақыл айтпайтын, кішіні қытықтап күлдірмейтін үлкен бар ма өзі?! Ағамның: «осы сахнаға шығып оқитын өлеңді неге жаттап алмайсыңдар?» Деп шаңымызды қағатыны бар. Айтары жоқ, бұл мінімді өзім де мойындаймын. Анау Байбота мен Есенғали, кешегі Сабырхан Асанов, естуімше Александр Блок та сахнада суырыла бермеген. Алланың бермеген өнерін қалай тартып аламыз. «Айқайламаса несі ақын?!» қағидасы назмгөй Нарағама мүлдем жараспайды, болмысына келмейді. Ақырындап, асықпай оқиды; әуелі өзгелерді, сосын өзін. Асып-таспайды: бетінің бір де бір бұлшық еті босамайды; дауысын құбылтпайды; қолын ерсілі-қарсылы сермемейді. Арқам бар деп жауырынын күжірейтпейді, жалданбайды, бастан-аяқ бірсыдырғы баппен оқып шыққанда сүйегің шымырлайды. Ағамның төрінде тайраңдап үйренгем. Ақпейіл Пернеш жеңгеміз де жаны жоқ жайдары. Айбергеновтың қызы Салтанат Нарағам үйіне қонаққа түскенде мен де шақырылдым. Ақ жауын себелеген әдемі бір кеш еді. Алқызыл футболка киіп Давид Шенгелия мен Игорь Беланов сынды аяқдоп шеберлерін еріксіз есіңе түсіретін Нарағама іштей сықылықтап кең отырдық, емін әңгіме көстік. Ac батасы қайырылды. Асықпай шай баптадық. Алыстағы Үндістанның тұрмыс ерекшелігін көзімен көріп қайтқан Салтанат әңгімесін аяқтай келе Нарағаңа оқыс бір қолқа салған:
— Білесіз мен айтпай-ақ, әкемнің бұрын жарық көрген кітабында талай өлең шумақтары редактор қайшысына ілігіп күзеліп кеткен. Соларды қалпына келтірудің қиынға түсетін сыңайы бар. Қолжазбасы сақталмаған. Бар үмітім енді сізде. Есіңізге түсіріңізші, мен соларды жазып алайын.
— Әлгі кітап бар ма өзіңде, — деді Нарағам сыбызғыдай сызылтып.
Аңырайып мен отырмын. Алдындағы кітаптың беттерін парақтап түгендеген Нарағам «ал, дайындал!» дегендей ым қақты; Салтанат әу бастан дайын отыр. Апырым-ай, естігенін қағып алатын, араға қаншама жыл түссін әсте ұмытпайтын мұндай да зерек пенде болады екен-ау! Ағам мүдірместен анау-мынау жұқалтаң жинаққа сыйып кететін өлең шумақтарын есіне түсіріп жадқа оқыды һәм қалпына келтірді. Анау-мынауға елікпейтін кердең басым мұны көзбен көргенімде қатты таңырқадым... Адал досты жолықтыруың бұл өмірде бір қиямет. Алайда, өзгенің өлеңін өзінен қалыспай қастерлеп жадында ұстап жүру дегеніңіз сенуің қиын қисмат қой! Аға мен інінің ажал да ара тұра алмаған, арамза редактор да сүйегінен ажырата алмаған шынайы сыйластығы. Адамшылықтың шыңы! Айбергенов Төлеген — ажалдың да көлеңкесінде бата қоймаған бақытты Ақын! Ақынның соңында мұншама ізетті іні қалдырғаны бәрінен де асқан дәулет.
Ақынды Ақын осылай бағаласа керек...
Ағам, бір қызығы, мұнысын бұлдамайды, осыны мен айтпасам, өзі ойына да алмайды. Айтқаныма қайтсем иландырам деп әлекке түспейді, өзіне өзі түсініктеме бермейді; ойыңа қозғау салып әбігерге салып қойғанына қанағат деп жымия салмақ. Кезіктірер кешікпей инелікпен,
Шаттық лебі шарпиды шилеуіттен. (211-бет).
Анық-қанық олжалы образ: «Ақын кез-келген елеусіз нәрсенің өзін қиялына көндіргеннен, шебер пайдаланғаннан құдіретті Өлең тудырады» (И.П.Эккерман. Разговоры с Гете. ч. 2. СПб., 1891, стр. 4). Алпысыншы жылдары — XX ғасырдың сұрқай соцреализмнің әдебиеттегі қатып-семген қағидаты кетіліп, естілеріміз ұлттық көңіл-күй ауанына ден қоя бастады. Ауырынан қашпағандар басын пәйге тіккен. Аузымыздың салымы бар екен. Ажарының айшығы ашылып сала берген әдеби үрдісімізге қан жүгірді. Ақынжанды қарасөз шеберлері — Тәкең, Асқар сөз дәмдеудің қазақи үлгісін балағынан үрлеп, әдемі жанр — әңгіменің һәм һикаяттың әрін ашты, әл беріп Өлеңдей өміршең өрнекпен өріп қаптады. Аққаптал Айбергенов болса жыр оқи келіп, тоқтайтын. Ер екпіннің ентіге тоқтағанындай (265-бет) апайтөс жыраулар поэзиясын тың өрнекпен байытты, сағыныштың сұлу сағымына сіңісті. Айбергеновтың сағынышы пенденің пәс көңілінен биік, тұтқыр тірлікке тұсалмайтын; періштекөңіл Поэзияның шалқақ шырайын сағынатын ерекше нышанайлы құбылыс еді. Ақын — сегіз қырлы, бір сырлы құбылыс. Антикалық әдебиет адамның абыройын асқақтатты; Ренессанс адам атын жоғары ұстауға үйреті. Арыңды жасыңнан сақта — орыс мақалы һәм арабтектес орыс ақыны А.С.Пушкиннің өмірдегі ұстанымы. Арыстан (Лев) Толстой «адамгершілікке жетіңдер» деп жағы тынбай уағыздаған. Адам деген ардақты атты алып жүр — Достай би әулетінің жұрыны — орыс жазушысы Ф.М.Достоевский. Ақынның өнегесі — Өлеңі, ал өнеге адамшылықтың сыңары.
Жадағайлау мақтаған
Жұрттан бөтен мұңды ұқтым.
Қарсы алдымда — қаптаған
Шытырманы шындықтың. (149-бет).
Арыс — табиғаттың бел баласы, тел айнасы. Ақынның сұйегі осынау аңыз-аңызақты өзеннің жағалауында сақайған, көз мөріне түсірген сұлулығына сүйсініп өскен. Атамекеннің тағы бір символы — Қарт Қаратау.
Сағындырған самалға,
Шомыл. Көңіл желпінер.
Менің туған даламда
Төңірегің төр түгел
Сая бағы аз-дағы,
Ырзығы мол бұл жақтың.
Сайғақ, ізі саздағы
Жартысындай жаңғақтың.
Сыртқа теппес жайды ұғып,
Жасарып қайт жайлаудан.
Сезіледі ойлылық,
Қоңырқабақ қойнаудан. (145-бет).
Ақын Нарағам табиғатқа тете етене, шыншыл да шымыр шеберлікке жетілген. Асқаққа шеберлік ләзім: «Жұртқа арналған кітаптар һәм әркім-ақ зәру кітаптар бар. Көпшілікке арнайтынымыз — оқулықтар, хрестоматиялар: ал, әркімге арнайтын кітаптан оқырман айнадан өзін танып, шымқай шындыққа жетеді» (М.Пришвин. Собр. соч. в шести томах, т. 5. М., Гослитиздат, 1957, стр. 418). Ақиқатқа құмарту оқырманның һақы — оны тартып алмайсыз, шындықты іздемек ләзім. Ақын еңбегінің өтеуі — шымыр шындығында.
Жабырқадым жұбатуға жарамай,
Құты қашып,
Дір-дір етіп барады Ай.
Қара суық безілдейді безгектей,
Қос қапталда — жол күзеткен қарағай. (243-бет).
Ақылдың ерлігі ерен; тынымсыз еңбек, таусылмас тауқымет — баянды бақыт. Асылы, екшеген ойын жеткеруге сөз сұрыптағаннан сәтті-тәтті теңеуге, еңсегей эпитетке, толайым тұжырымға талпынбақ; үндес-тіндес, ықшам ырғақ, қаптама қайталау, ұтырлы ұйқас — сүлей сөйлем, тосын тіркес оқшау ойға бас құрамақ.
Құлмерез қуат — күзгі ағыс
Шулай шайқап көкірегімнен ну қамыс;
Түйте түйтік түтеледі төзімді —
Қыңыр буын, қызыл қимыл қызғаныш.
Өн бойымда оянбаған от қалмай.
Жаяу өсек — жел үрлеп қыр шот маңдай;
Жарқылымды жанарымнан жұқартып,
Өліара өбіс өзектесіп жатқандай.
Өтініштің өрті өршітіп екпінін,
Құйынперен түпсізденіп текті мұң;
Жүдеу жүрек үзілердей үздігіп,
Алау-далау арпалыспен өтті күн.
Ірге жаудай үйреніскен — бірге өскен,
Іштарлықтан жоқ ем мұндай күн кешкен.
Қайран жастық — тегеурінге мендегі,
Сенің әсем әлсіздігің үйлескен!
Жанартауды жұтып қойған бермей дec,
Жасын көңілім жасыруға көнбейді еш
Сезесің бе қызғаныш та мендегі,
Саған деген құштарлығым деңгейлес.
Алып-шалып шығу осындай-ақ болар; тұтам тіркеске тұтас тұжырым тұнған. Алғыр-алғыр дей беріппін, Нарағам да қалғыр емес. Алпысына беттесе де қызу құштарлығы бетке тепсиді. Ақын мәдениеті мен талғамы тереңдеген сайын сезімталдықтан байсал ғылымға ойыса бермек. Алғашқыда Брюсовты мынауың өзі ақын ба, шала-жансар ғалым ба дегендердің де енді көбігі қайтқан. Айтпағым назмгөй Нармаханның шеберлік шың-даудан да бөлек Өнердің өріне — авторлық тұрғыға ауысып кеткеніне мысал тапқанымда. Айтары жоқ деп құры таңданбайық: ықшам ырғақты ырғай шіреген Шайыр аса күрделі нәзиғат құрағанда таңырқарлық синтаксистік, екпіндік және үндестік жүйесін көз алдымызда сымдай тартады; шып-шып шеберліктен басың айналады, тіптен қағидаттан қылдай ауытқымайтын ұстамды ұсталыққа қанықтық. Асықпай талдағанның өзінде бір Өлеңнің шымыр өрімінен әдеби форманың іліміне тән түсінік-танымға, қилы категорияларға (әлбетте, терминдерге) қанығып қаласыз. Анаған да, мынаған да түсінікті бола кету Ақынға сірә шарт емес. Анау түйте түсініктің мәнді мағынасын әркім өзінше бағаласын; әлһамшүкір, ел жаппай сауатты, өлең дегенде қазекем өрпи жөнеледі. Ақын көктен түспеген — кәдуілгі Қазақтың он бір буынды қара өлеңін (ептеп бірде 9 буынға түсіп, бірде 12 буынға алмасары да бар) көлденең тартқан. Айнақатесіз үйреншікті ырғақ, ұйқас буыны да кәдімгі толымсыз бунақ. Айшығына ауысалық: тіркес термелесек — ә дегеннен құлмерез қуат, әрі қарай түйте түйсік, қыңыр буын, қызыл қимыл қызғаныш, оянбаған от қалмай, ірге жаудай іштарлыққа ұласып кеткен. Анықтауыш алмастырған Нарағам екі жеп биге шығып отырады; қыңыр мен қисық төркіндес, ағайын, сыңарлас синоним, яғни мағына айнымаған, ал әсері әлдене-әрлене түскен. Ары бассақ қызылкөз қызғаныш қимылға тосын һәм үйреншікті ұғымда алмасқан; тіні тың, тұжырымы тосын. Ал түйте түйсік, оянбаған от қалмай, ірге жаудай ... бір көрмеге ғана қарапайым. Алда-жалда Нарағамнан басқаның аузынан естісек дүрілдете шапалақтар едік; түйдегімен іркес-тіркес түйіп оқырманын дәндеткен назмгөй Нарағамның шашасына шаң ілікпейтін шеберлігі — бөлек шымырлық. Аса күрделі идиомаға сұранулы «құлмерез қуатқа» да жеттік-ау ақыры, Тәңірі төбесін өпкен, татымды таңлайына сөз салған назмгөйдің жөні бөлек. Ауызға түсе бермейтінін ишаралағаным ғой. Асау десек те тым ақылды. Ауыздығын шайнаған асау Ақынның есті еркелігі. Алаштың қоңырқай өңдес баласы ақылды жүҺүттен, пысықай парсыдан, иісі бөлек испаннан әсте олқы соқпайтындай. Асып жығылатыны, құйрық тістесері жетерлік, әлбетте, шиырлап шебер айтуда. Албаты ілім не демейді, бәрібір ақыл нәсіл мен ұлтты таңдап қонбайды. Аңқасы шыт-шыт сезімтал алғыр Нарағам архетип бабасы Өкүздөй өр, Түркідей тұңғиық, ғазалға ғарыш бәйтерегі — Ғарда басынан жараса кетпек. Алқымы бүлкіл. Адам — оңғақ пенде, құлмерез қуатына мінген қызғанышы қайтпек. Алайда, назмгөй Нарағамның қызғанышы опық жегізбейді, құштарынан бас алып құлашын жазып ой оңалтады. Ақиқат жолы алуан, бәрі бірдей шырқау шындыққа самғата бермес. Аяусыз шындық жалқы. Алмастай өткір. Анық барласақ құштарлық та қызғаныш реңдес, бойымыздағы тіршілік қуаты қанмен түстес. Ақылға бақпаған құштарлық та сан соқтырарлықтай Ақынның жаны аяулы, оның өнімі — Өлең оқылықты. Ақ тер, көк тер сүртіндік, әлек кештік. Аузын ашқаннан жан жықпылына сүйрелеген сезімтал шеберлік шыңына — тылсымға жеткен. Артық-аспайы жоқ. Ащы-тұщыны тартқан, ес тоқтатқан. Апдыңа тартқаны — кәдуілгі пенде мұңы, сезімталдық шеңбері, ақыл-ес аурасы — шыр-пыр шырыл; шырмауыққа әсте ұқсамайтын шымырлауық. Асты талғап ішеміз, қолға ілінген киімді кимейміз т.с.с. — неге Өлеңді де шөкіп оқымасқа! Ақын қарадай қымбат. Азат, алғыр, зеһнді, ділмар, қарапайым, ақжарма. Ал ең бастысы, жер-жиһанның жағы талмай жата мақтайтын лирика шеберлерімен ұстасса жығылмайтын ұстамды ұста, ұлтын ұлықтаған ұжданды. Азалдан Нарағама Қуанағамнан естіп бауырына тартқан қайырымына бола сүйінемін. Асып-саспайтын ақ киінген періште суретіне сұқтанамын. Алдырмайтын-шалдырмайтын шеберлігіне, Алашнамыстылығына бола төбеме ұстаймын. Алғырды сынайтындар да баршылық. Ағамның шалдырмайтынына бірер мысал. Ақын інісі Қабылбек Төретаев жұмысында шаншылып отырған Нарағама телефон шалып, бүйірден сұрақ қояды:
— Нараға, ассалаумағалейкум! Қазақта осы тастанды баланы не дейтін еді?
— Қолым тимей жатыр. Бес минуттан кейін қайта хабарласшы. Есіме түсірейін, жарай ма...
Адуын інісі үш минөт өтер-өтпестен қайта қоңыраулатады:
— Аға, есіңізге түсті ме әлгі сұрағым?
— Қазақ тастанды баланы көрдемше дейді шырағым.
— Бәсе, білмейтіні жоқ деуші еді жұрт. Қойдым, енді бәстеспеймін, Нараға!
Анабір жылы стадионға жұртты иіріп өлең оқитындар табыла кетті. Айтары жоқ культрагерлік мәдениет, жапатармағай есірік. Адуын Андрей Вознесенскийдің танымал жолдарын келтірейік.
Я — Гойя!
Глазницы воронок мне выклевал ворог, слетая на поле нагое.
Я — горе.
Я — голос.
Войны, городов головни на снегу сорок первого года...
Ақылды Андрейдің алымы даусыз, шеберлігі шәксіз: ширатыла кететін ұйқас, ақылға сыймайтын теңеу, ассоциация, шымыр фонетикалық құрылым. Аса көзге ұратыны қаріп қайталамасы, ішкі ұйқас: Гойя — нагое — горе — голос; городов — гора; воронок — ворог; войны — головни. Айталық басқа өлеңдеріндегі: кариа-тиды — квартирах — крылья — реактивные; каблуки — потолки; туманный — турман — туман; милиционеры — эры, развинтили — ватине, пулеметы — телефоны — анемоны; анемоны — анонимки; получал — наповал. Алып-қосары жоқ шеберліктің шыңы, сөзді қамырша илеп еркіне емін-етене бағындырған қаріптік эффект. Ақылды — жүһүттен қалыспайды, алғыр деп мақтаған Нарағам қайтер екен? Алда-жалда кезегін алса:
Сүйкімі сүйеу төзімсің.
Сені сүйген сезім қалай көз ілсін?!
Ұяң әрі үрпексің,
Үлпектігің сүйінішті сыр төксін
Бал-бұл жанған ақ жалындай үркексің
Үлбіреген жақтасым
Саған қазір суық та сын, от та сын
Қиналмайсың күтіп бал,
Құпиялы құлшынысың ұқыпты-ақ
Еркелейсің ... қарсыласқан қуатпен
Қара желді қылығыңмен қытықтап
Қашықтықтағы қари шың,
Қаптатқанда сұсы суық қар исін,
Шытқыл сәтте шымырлаған түс көріп,
Ұйқы үстіне шетінеген сәбисің.
Андрей — Әнекеңнің әлденеше өлеңіндегі қаріп эффектісі Нарағамның жалғыз өлеңінен, оның өзінде керегін ғана қалдырып үзіп-жұлдық,табыла кетіпті: «С», «Ұ-Ү», «Б», «Қ», «Ш». Анық ұста кім, шеберлікте кімге дәріс оқи алатындай?! Алапат жаңашыл, верлибр ұстасы Әнекең қаріп қуалағанымен «ойын ережесіне» тұсалып шектеліп қала бергендіктен сөзді еркін төге алмайды; «глазницы воронок мне выклевал ворог» дегенде ішкі ұйқасты қуалап қопалдау сөзжасамға да ұрына салған.
Асқақ Пушкин:
Я вас любил безмолвно, безнадежно,
То робостью, то ревностью томим...
Анық үйлесім безмолвно — безнадежно, яки робостью — ревностью деп ішкі ұйқасқа ұмтыла береді. Алайда, Пушкин заманында ешкім ішкі ұйқасты көзіне ілмейтін; мұндай ұйқасты XX ғасырдан бері ғана елеп-ескеретін ұсынақты ғадет таптық.
Жазаң жетті жоқ болса да жазық түк.
Ақиық Нарағам Әнекеңе қарағанда көп-көрім ілгері шебер, «ойын ережесіне» шатылып шатқаяқтамайды, шымыр шалқыта бермек, сөзді иегімен жұмсап именшек тартқызбақ. Ал ұйқасқа назар жықсақ: күтіп бап — ұқыпты-ақ — қытықтап; «а» мен «ұ-ы» көзге көлбеу ұрмақ. Айтпақшы, Нарағамның біз талдап отырған өлеңі бұрын баспа бетін көрмеген, сиясы кеппеген, соңғы жылы жазылған дүниелігі. Алпыс бесінде шау тартқан, арасын үзіп алған дей қоймаспыз. Аңғал оқырман қаріп қуалағанды кейде біржақты бағаламақ. Асты-үстіне түсіп түсіндірме бермедік. Алайда, үндестік үйлесімі, мағына-мағизы ерекше өнерлі шеберлік. Ақын сезімтал, алғыр ғана емес, дыбыстың дәулескер дәнекерін аңлаған әнші, күйші, биші өнерпаз! Ақтала қоймасымыз екібастан: Әнекең шапшаң, шыға шаппа; Нарағам мағынаға бөкпейінше былқ етпейтін назмгөй нарғасқа. Айналымға жетсе де алқымы іспейтін арда қандай, ақпа-бөспе қандай. Айырмасын өз төрелігіңізге жықтық.
Ебелектер еркін еді,
Желпінетін жібек сәтпен;
Қосыла енді тентіреді,
Қос пысықай, бір епсекпен
Дымқыл демі дірілдей шың,
Өзен өршіп өзге өріммен;
Сен жүректе күлімдейсің,
Ең бақытты кездеріңмен.
Асқақ Нарағамды білімнің білігінсіз біле қоймайсын, танып үлгермейсің. Айт-айтпа, поэзиядағы форма мен мазмұн бірлігі — тылсым өнер. Алмағайып заманда әдебиеттің партиялығы, ақылгөйлігі алға озып соқыр жетелестік; бертін келе әр рудың батырын, биін, шешенін, бай-бағыланын жеке сүйрелеп кеттік. Айтыла-айтыла жауыр қылған ақылгөйлік жұртты өлеңнен жерітті, жақұтты жасырып оқып, жайыла жасықты мақтайтын екіжүзділікке етіміз үйренді. Алайда, форма мен мазмұн, яки шеберлік пен шынайылық бірлігі терең һәм талғамшыл мәселе, Поэзия мен Өнер болмысын бажайлап талдауда мұны түсінбейінше сірә аттап баса алмайсың.
Көлеңке тал түбінен іргеге өріп,
Күрмеуі күдігінің күрделеніп;
Ұйқысы үрей ымырт жүр көкжиектің
Кіл төменшік қызығын күлге көміп.
Алғыр ағамды күмілжімей көптеу мақтаймын; себебіне неге тоқталмасқа. Ақын ішкі мазмұнды, мәдениетті болсын дейміз. Апға нарғасқаны іле сүйрейміз. Ағам да өзімшіл; әдемі қыздың бірі көкесін көкке көтеріп екі-үш беттік мақала жазса дереу көкиіп Захардин Қыстаубаев екеумізді көзіне ілмей қалады. Алда-жалда көрінбей қалсаң телефон шалып: «қайдасың, даусың неге пәс, ұйықтап жатсың ба?» деп үйіне шақыртып алады. Аталмыш бірлікке — поэзиядағы мазмұн мен форма арақатынасына талай ғасыр бойына ешкім назар жықпапты, ұмыр-жұмыр түйе беріпті келсапты. Антикадан, ортағасырдан, қайта өрлеу мен бертінгі дәуірлерден бері солай. Ақыры XVІІІ ғасырдың аяғын ала XІX ғасырдың басындағы немістің классикалық эстетикасы, әсіресе Гегель еңбектерінде, форма мен мазмұнға жүгініпжүгіріп жығыла бастады. Ал «мазмұн байлығы» дегеніміз Өлең ғайшаратындағы — ойға, сезімге, ұмтылысқа, адам образына, оқиғаға, заттарға, табиғатқа т.б. шұқшиып шөки татқан. Айталық, «Я вас любил...» қысқа-нұсқа қайырсақ махаббат, шынайылық һақындағы өлең, тәмсіл тұспалы түгел — тұтас әлем. Аяқ-басын қарастырған «форма» қалыбында сыртқы жарқылға көз сүрінсе керек — дыбыс (қаріп), сөйлем құрылымы, сөз қоры — олардың үйлесімді үйірі. Айталық тропа (теңеу, метафора, эпитет) һәм композиция, яғни ыңғайлас орнын тауып, жеке-жалқыдан жұп-жұмыр жалпыласа алуы. Алға бастық, поэзия ғылымы алшаң балтырын жазды. Абай һакимның «жырау-құрауы» әсте астамшылық емес; Қазақ поэзиясын табиғатқа исіндіріп, дін қисматына қанықтыру, ғылым тереңіне бойлату. Алаш баласын алға бастыру — ағартушылықтың діл мұраты! Алайда ақылгөй партиялық патриот — әдеби қағидат бай баласы Абайдан адастырды; мазмұнды да, форманы да идеялық адалдықтың тасасына қуып тықты; қырағыға айналдық. Ащы дәмін тата-тата тыжырындық, таңлайымызға тәтті бастырса қарсы ұрмас едік. Арқа тұтқан ұрпақтың бетіне келмес едік. Аппысыншы жылдардан бастап әдемі әңгіме, өңді Өлең алға түскенімен сын да, ғылым да жұлқына қоймады. Ауызды құры шөппен сүртінбейік: сынның жеке жырауы, партиягөйліктен ада-күде ұжданы ұлтшыл Төлеген Тоқбергенов жалғыз шырқырады. Ағайын болса барды көре алматын мінезіне жығылып: «Көкең тұрып Тәкеңді неге жазасың?», «Тәкеңді қайта-қайта қалай жазбақсың?» яки «Аймүйіз ағаларың тұрғанда шиборбай жастарды жазатын не еткен ақымақсың» деп өзіне ақыл үйретті.
— Алпысқа да жеттің Мархабат, енді роман жаз! — дейді мінбер мыжғылаған оқымысты ағасы. Атын атап не қылайық. «Алпыста ақылың толды дегені ме» деп қарсы дау айттық; марғасқаның ақылы отызға жетер-жетпесінде толғанын, қалған жасында осыны дәлелдеп келе жатқанын тілге тиек еттік.
Ақылды нарғасқаның бір әдемі әзілі ойға оралады. Автордай жеткере қоймаспыз, төлеу сөзге еріп көрейік: Ақылды, алғыр кісілер арамызда аз емес; солардың біpі әдебиеттен, театр өнерінен жете хабардар болса керек, өзін қабілетті санағанымен жазуға мойыны жар бермепті. Ақыры бұл фөниден өтіпті; жаназасына жиналған жұрт марқұмның білімдарлығын мақтайды. Ал құлпытасына не деп жазамыз дегенде мәмілеге келе алмайды; жазушы деуге жазылған, жарық көрген бірде бір еңбегі жоқ; өнертанушы, театр қайраткері деуге тағы айғақ жетпейді. Амалсыз тараспай ма бет-бетіне. Ағайын түнімен қайтара ақылдасып тым болмаса аты-жөнін, туған, қайтқан жылын тасқа қашап түсірейік деп ұйғарады. Азанда қайта жиналып зират басына келсе құлпытасына әлдекім: «Құдайдың тапсырмасын орындамаған есіл ерім!» деп түнделетіп жазып кетіпті. Ақындық, әлбетте, Алланың аманаты. Ағамның тұспалы осы, яғни пенделік уәзипасын орындап, һақ Һүкіміне жығылғанын айтпақ. Ал Пайғамбарымыз с.ғ.с. мүбәрәк жасына жеткен Марқа ағама «неге роман жазбайсың?» деу ақылға қонбайды екен. Анық сөз «Құдай берсе құлай береді»; бірақ, рақым-мархабаттың да өз шегі бар. Алпыстан асқан Марқа ағамның ішкі мазмұны әулие жанр — әңгімеге оңтай, ал романға қолай емес. Алланың аманатын адал өтеген әсерлі әңгімешіл, ақын-жанды, стиль сүлейі М.Байғұт әдебиеттен роман жазбай-ақ орнын ойып тапқан ойлы-мұңлы қаламгер, қанағатшыл пенде. Анализ-талдаудың соңғы мәнзілі — синтез, бұл Поэзиядағы бірегей бірлік, телімді тұтастық. Алғаш шығармаға көз жүгірткеннен тек қана формасына, яғни әсерлі әдемілігіне құлай ден қоямыз. Ару қыздың балтыры оқтай түзу ме деген әуестік қой баяғы. Ақырында осы форманың әрбір элементі, жұлын жүйкесі жұп-жұмыр мазмұнға ептелеріне, мәністі миығына көз жеткереміз.
Әкетердей ызғарлы күз құрықтап,
Жетім сәуле жүректе ызғуыттап;
Жоғалтпаған жалғызым — Тағдыр отыр,
Жеңіл қызғын шарапты қызғын ұрттап.
Аяны осы; ендеше, форма дербес қалпында қатып қалмайды; біз форманың жеке элементін бажайлап алғаннан мазмұнға қанығамыз. Астар бүркемеленген дәнеңесі де жоқ. Ай астындағы «жоғалтаған жалғызы — Тағдыр» ғана. Аңдатпа — жалқы, астарды мүлдем керексінбейді. Ашық айтылған — тағдыр телімі. Ару қыздың сымбатты тәні мен жайдары жаны ілуде бір бойында түйіседі. Ал назмгөй Нармаханның жырлары шетінен жұтынып, іші-тысы бірдей өріле береді. Айтары жоқ мәдениетті талғам, байсын мазмұн! Анық бажайласақ, Нарағам поэзиясында мазмұн формадан бұрын ентелей қоймапты; мазмұн формамен (ырғақ, екпін, тіркес, ұйқас т.б.) бірге ұштанып, қоса ұшталып қайталанбас кейіпке енеді. Аңғалдық болар, Шайыр шалқар мазмұнын алдын ойластырып алып, оны дөп жеткеретін сөз, сөйлем, теңеу, ырғақ, ұйқас һәм басқасын іздестіреді деуге сенуіміз қиын. Алда-жалда ойына сaп ете қалған түйсік-түйінді, байқап қалғанын қойын дәптеріне түсіріп алды. Алайда, ырғақпен ырғасқаннан бастап әлгі мазмұн сан өзгеріске ұшырайды. Айтылатын ойды Өлең элементтері байытқанда, форма көйлегіне киінгенде барып ойсаңға айналдырмақ. Афанасий Фет өз өлеңдерін жазғанда образды ойдың аяғының астында жатпағанын, жай бір сөзге ұйқас іздестіріп, соны кеулей қазып жүргенде тұтас Өлең жазыларын айтқан екен («Русские писатели о литературе» т. І. Л., «Советский писатель», 1939, стр. 445). Ағамнан сұрасам: «Білмеймін үн бе, ырғақ па, ұйқас па — әйтеуір біреуі мазалай бергесін қолға аламын, қашан ойға жеткенше жаныңды қинайды. Мұны қайтіп түсіндіре аласың. Білгішім-ау, осыны енді өзің ежіктеп бере қойшы», — деп күледі. Айтқаны ып-ырас — қайтіп түсіндіресің. Аз да болса мағынаға өзі сыйысатын элемент іздеп әлекке түсесің. Азып-тозып тапқаның мағынаға жетелей бастайды. Апғашқы ойың електен-екшеуден өтіп еміне беріп мағына жағалай бастағаннан бастапқы ойыңнан мүлдем бөлек жағалаудан бір-ақ шығасың. Афанасий жәкем айтпақшы: «Шұқшия шүйілген образын көзге елеусіз кездейсоқтықтан құрала береді; не табарсың, не жоғалтарсың (Сонда. стр. 446). Асылық айтпаса керек Фет ақсақал; Пушкин поэзиясының шынайы білгірі С.М.Бонди өз еңбегінің бірінде мынандай мысал келтіреді.
Атақты ақынның танымал өлең жолдарының бірі:
На холмах Грузии лежит ночная мгла...
Алғашқыда осынау өлең жолы қолжазбасында: Все тихо. На Кавказ ночная тень легла... деп қағазға түскен көрінеді (С.М.Бонди. Новые страницы Пушкина. М., «Мир», 1931, стр. 18).
Арасында: «Все тихо. На Кавказ идет ночная мгла» деп те көрген екен. Алғашқыда Нарағамның «әлсіз-мәнсіз құр жымысқы дыбыстан» деп ойластырғанын ақырында «әнсіз-мәнсіз кіл зымыстан дыбыстан» деп өңдегенін өз аузынан естідім. Айбергеновтың көзін көрген, Қуанағамды «құрт ішкендей құмарын қандырып» батасын алған ізетті-ілтипатты інісі, Мұқағали, Жұмекен, Жүсіп Һәм басқаларының замандасы назмгөй Нармахан өз жолымен жүріп жеке-дара жол тартты. Ақынның бір өлеңін мазмұндағанда оның қайталанбас ерекшелігін талғап, оның тұтас шығармашылық мазмұнын қатар қағыстырамыз. Артықтығы жоқ, оның жүрек лүпілі әр өлеңінен бой көрсетеді емес пе! Айтып түгендегеніміздей Ақынның мәдениетіне онын Өлеңдегі ішкі мазмұны, мағыналы ой жотасы тәлей тағдырымен тұтас кіріккенде, ғұмыр кешу дағдысына айналғанда барып дәлел-дәйек болады. Ақынның басты қолтаңбасы — тіл ұстартудағы шеберлігіне осыдан кейін бас қоямыз. Албырт оқырман Ақын өз өлеңін құры «жазып» шығарады деп ойласа, тіпті оқыған-тоқығаны болмасын, оңбай қателеспек. Ақын жазып тастайды, суретші бояуын сүрте салады, өнші шырқай береді — мұның бәрі әдемі ертегі ғана. Ауыр еңбекті, ақылдың азабын, ойлы образына орайлас ғұмыр кешпегін ешкім байқамайды, жаны шырқырағанын сезбейді. Асабалыққа құмар емеспін. Ауылда не көп беташар көп, артынан тойы дүрілдейді. Ақыншалыстар таласып та қала береді. Ағайынның бірі ұлының Үйлену тойында мені қалап шақыртты. Ары-бері бас қашыртқанымды тыңдамайды:
— Атаң пәленше, нағашың түгенше — саған не тұрады, осындайда өзімізді мақтап төгіп-төгіп тастамайсың ба?
Амалсыз көндім. Ағайынның ойлағаны асабаның тегіндігі. Ақы дәметпейтінің — қанша дегенмен туысың ғой әуелбастан. Ал өзін мақтаған өгізтентектің ұяттығы қаперіне кіріп-шықпайды.
Ақынның жауыр бағасы, міне осындай!
Ақиық А.Блок «Возмездие» поэмасы һақында: «Осы еңбегімді барша қимыл-қарекетке келтірмекке бола тұла бойымның бұлшық еттерін іске түгел қостым», деп (Собр. соч. т. 3. М — Л., Гослитиздат 1960, стр. 267) өзі мойындаған екен. Ақынның қара жұмысқа қары салдырап жегілмейтінін ешкімнен жасыра қоймаспыз. Ағам елуінде, жаңа танысқанымда, бойы тіп-тік, сымбаты сымдай тартылған еді. Алпыстан асқалы жауырыны еңкіш. Арық қазбайтынын білемін ғой. Ақын өлең жазарында шыр-пыр жаны шырқырап, сөлін сығады: «Қатыбезер құныкерің құнысқан» деп жазбаққа Тағдырдан қанша беті қайтпағы керек еді?! Ақын тәлейіндегі тағдырымен тіл табыспайынша, тату кешпейінше ділмарлығы, білімі, мансап-лауазымы бос әурешілік. Алмақтың да салмағына енді шұқшимадық.
Қайсақтайды қайран қайсар құмарлық.
Азат басын Нарағамның тәптіштеп ек. Арзанға қалай түссін?! Арысын, Қаратауын, Темірланын қарадай қимаған. Анасы осыған баулыпты Апайтөс ортадан алыстау жүріп-тұрған. Араласа да білген. Арапшыға — алаңға жұртты жинап өлең оқитын шоупоэзияға, космополитке, культрагер санаға алданбаған назмгөй Нарағамның жөні бөлек.
Ағама Ғарыштан һалал һәм сенімді дос түскен.
Алланың аманатына — Өлеңге өрекпіген өткір өзегі.
Айтулы досы да сол. Ақын ұлтыкың ұжданымен ғұмыр кешіп ұшпаққа жетті. Атақ-абыройға лепіріп ұшынбады, ол шіркінің өз аяғымен іздеп келіп тапқаны — қарадай ғанибет.
Ақынның тал бойына жарасқан құйма мінезі.
Ақын — назмгөй нақыш Нармахан.
Ақынның бірі һәм бірегейі — нарғасқа Нарағам!
Айналасы айтса қалт айтпайды — нағыз нарғасқалығы ақиқат та болар...
Алып-қосары жоқ бір Өлең.
Айналып соға беретініміз — Ақынның мәдениеттілігі болса керек. Адам өмірінде өнер мен әдебиеттің молдау көрініс табатыны сірә жасырын емес. Алдамшы мәдениетке — культрагерлік санаға басымыз жиі шатылды. Астамшылығынан жан шошаяды. Анығына көшсек, кейбір ақын-жазушының шығармашылық өресі файласуфқа, яки тарихшыға, яки психологқа, тіпті физикке (ғылыми-фантастикалық жанрда) ұқсай кететіні бар. Астар қуаласақ қайсыбір ақын-жазушыларымыз диқан, орманшы, ағаш ұстасы, малшы т.б. сынды ата кәсібінің танымдық-пәлсапалық шыңына жеткендер. Ауылда туып-өскен, алысқа аттап шықпаған назмгөй Нарағам қазақ шаруасының мәдени шырқауына тік парлаған шығармашылық құбылыс. Ақшам түсе жетілік майшамның жарығымен жыр-қиссаларды оқып өскен; теледидарды білмеген, ұялы қалта телефонын ұстамаған. Айтысты тыңдап, ән-күйге тербеліп өсіпті есесіне. Ауылдың сұлу табиғатын шаруа баласынан артық кім түсіне қойсын. Ақынның лирикасы табиғатқа етене, сұлу өрілетіні сондықтан. Адырлы қырда өскен қазақ баласы перінің қызына, яки сары ала иекті (Абай) аруға әсте иексімейді. Айранның, сосын күннің иісі бұрымынан ескен қыздың (М.Байғұт) жан дүниесін айна-қатесіз түсінеді. Ағасының ақын өскеніне, оның токқа түсуі себеп болыпты деп әзілдейтін З.Қыстаубаевтың әңгімесі де жарасты. Ақыш апамыз отын теруден шаршамайды екен; құшақ-құшақ қу отынды арқасына қағып салып жүре береді. Арқалағанын қоржын тамның төбесіне жинайды ғой баяғы. Алып түсуге Нарша баланы жұмсайды; биік текшенің шетін қалай бұзамын деп төбесіне шығып кеткенде байқамай, қолы яки аяғы электр желісінің сымына тиіп мұрттай ұшыпты. Ағаш ұстасының баласы — Хуан Раймон Хименес испан тіліндегі лириканың маңдай алдысы. Ауыл шаруасының тәрбиесімен көгерген Нарағам Қазақ лирикасында сұрыпталған ғажайыптың бірі. Асфальтта өскендер бұл екеуінің ішкі мазмұн мәдениетіне әсте жете алатын емес. Арыстан ақсақалдың (Толстой) танымын шыңдаған ұлы ойшылдардың кітаптарын көп оқығаны ма, шаруа еңбегімен маңлайын терге шылағаны ма деп жата қап айтысуға да болар. Атқа құмар Асқар Сүлейменов, сейіс Жұматай, гүлге ынтық Жүсіп Қыдыр шаруаның баласы емей кім еді?! Атасының бар малын сатқызып, қоймай қалаға көшіріп қолына алған Төлеген Тоқбергенов мұнысына кейіншелік өкінумен өтті. Ауыл баласының қорынатын түгі де жоқ. Артықшылығы қайта көзге көрінеу. Алда-жалда қызықса пәлсапаны да, тарихты да жата-жастана оқып алады, кәдесіне жаратады. Ауылдың қызына қалаға келін түсіп сіңісуі қандай тез болса бұл да сондай. Азары екі-үш жылда төселіп шыға келеді. Анау Есенин жазғанды да кім не деп тұқыртпады, енді келіп оның да кітапты көп оқығанын амалсыз мойындауда. Ақынның мәдениеті бөстекі ақылға бағына бермейтініне талай көзіміз жетті; оның ғұмырбаяны, дәлірегі ақындық тағдыры, оқымыстылардың көбіне жете бермейді. Айталық ақындардың арасында пәлсапаға жанасу сәнге де айналғандай; бірегейін болмасын, боямасын болмасын талғамай қылғытып өз өлеңінде «ғаламдық ғаламаттарды» шешіп тастауға тыраштанады. Алайда, пәлсапалық мәдениет олардың шынайы болмысы емес, ал тезистер ырғақ, ұйқасқа кіріге қоймады. Айталық, Баратынский, Заболоцкий, Аян Нысаналин ақындық болмысымен табиғи пәлсапаға бейім қалыптасқан. Ақын жазғанға поэтиканың өз пәлсапасы да жетерін туа аңғарған Қуанағам, Жұмекен, Нарағам мүлдем бөлек, олар халықтың даналығын, қара ақылын місе тұтады. Ақыры поэтика мәдениетіндегі бой көрсетуі ықтимал екі бағыт: пәлсапалық, яки интеллектуалдық лириканың; екінші тұрғыдан ел тұрмысына талай ғасырдан сіңіскен халық даналығына сүйенген лириканың ара-жігін танып-түстедік. Адамның жаны жұмбақ, әлбетте елдің даналығы бөлек; лириканың лүпілі бұл екеуімен әсте шектеле қоймас. Ақындардың өзі де балуанға оңы мен солы бірдей деп екеуіне қатар ұмтыла бермек. Ауылдан табан мөрі аумайтын назмгөй Нарағамның нәзіл нәзіктігін тарата келе елден, табиғаттан көбірек үйренгеніне бөгіп қалдық. Ақының болмысы Өлеңге бұлқынғаннан тағдыр тірнегін тиянақтай салады. Айталық, А.Блок белгілі бір дәрежеде «қалай жазса солай өмір сүрді», оның шәкірті С.Есенин «қалай өмір сүрсе солай жазды». Ал Нарағамды өзім айта бергенше деп оқырманның төрелігіне қалдырдым.
МИЗАН-МАҚАМАТ МАРХАБAT
Көркем әдебиетке қарадүрсін социология қандай жат болса, жадағай эстетика да сондай жұғымсыз.
Тәкең Әлімқұлов
Мұғдарлы марғасқа Марқа ағам миығынан жымия жүріп, мүбәрак жасына — аймүйіз алпыс-талтүсіне тырнақ іліктіріпті.
Мәшалла, мұрт — сақалдан ным-нышансыз...
Мафияның, анау-мынау емес, шетінен шекелей қарайтын шіренқой қып-қызыл Шымкентский әдеби ортаның көкесі. Машайықтары: естісі мен есері, ептісі мен ебелек жегені бар — жапатармағай лап қойыстық. Машайығы емеспін деп азар-безер бой қашыртқаныма сылқым Серік Жанәбіл, сыңарезу Сұлтанбай әсте сене қоймас. Мақұл ғой бәріне, Техаста туып-өскен, шығандап барып осында қайта беретін пақырыңыз бұл атақтан тіріде құтыла алмас. Мінім — ілгеріде «Созақ сардарлары» мафиясының бас машайығы Төлеген Тоқбергенов күшігімнен баулып, желкемнен сүйреп сирағымды селтеңдетіп қанатпай-талатпай қатарға қосып кеткенінде. Мәулен иеме неден жақпағанымды қайдам, енді жалғыз қалып пұшайман жүрмін. Махаң Шымкентке алғаш, 1991-жылы, келгенімде бас машайығы — Төрегелді Байтасты «жұмсап» өз қасына икемдеп «Жібек жолындағы» қым-қуыт тіршілікте «созыла керіліп қимылдайтын талғампаздығымды» іштей кешіріп дымын білдірмеді. (Аңсар. — А. ҚАЗақпарат, 2002, 93-бет). «Маңайы — толы, танымайтын мені не қылсын» дегенім бекер шықты. Манаураған талтүсте Төрекелдінің есігіне әрең жеткенімде, іштен шығып келе жатқан Махаң «бері жүр» дегендей ымдап, екінші қабаттағы өз кабинетіне бастай берді. Мұнда алғаш бас сұғуым, кеңдеу, ортада «т» пішіндес ұзын стол, жағалай қабырға бойы онша сіреспеген қарапайым бөлме. Махаң төрдегі орнында шалқалай, қанатын кере отырып әжүк-күжік шүйіркелесті, жұмыс тапсырмады; таңырқай шығып бара жатқанымда өлеңдеріммен таныстығын айтты. Мейіріңді қандыратын әңгімелерін газет-журналдардан оқып өстік, кітап дүкенінен көре қалсақ, соңғы жармақ болмасын сатушының алақанына салып кетеміз. Мұным көлгірсіз шыным, осыны өз құлағыммен жасы қарайлас талайдың аузынан естідім. Менмендеу, салғырттау сынның көзіне көп ілікпегенімен Махаң жасы әркелкі оқырманын әу бастан тапқан, қызу ықыласының мәртебесіне еріскен. «Махаң бір жазғанын қайтып түземейді екен» деген әуезеге құлай таңырқап сенуші ек. Мұнысы ерен бақыты: ізінен ергендеріміз аузымыздан тастамай, қарадай хан көтереміз. Мұқиятшыл Махаңның қайта-қайта жазбайтынына ересек басым енді сенбейді. Маржандай жазуымен, шимайламай алып келетіні рас, бірақ таза күйінде шығаруға ерінбей көшіретін болса керек. Менен ара-тұра кездескенде «не жазып жүрсің?» дел қалмай ма, сонда «бұрынғымды түзеп ерінбей көшіріп жүрмін» десем «мұның ақылды тірлік» деп мақұлдап қояды. Масайратқан аралас-құраластығымыз ойламаған жерден үзілуге шақ қалған. Мизан күндерінің бірінде Махаң, Төрекелді үшеуміз бүгінгі «Кентукки» орнындағы бұрынғы асханадан түстік іштік. Мәзір соңынан Төрекелді шәй ішуге кабинетіне шақырғанымен Махаң жолға шығатынын айтып көнбеді, екеулеп шәйнекті орталағанымызда Төрекелді: «Алматы көргеннің аты Алматы көрген екенін; қарадай басым Махаңа ұнайтынын, ағамыздың әкімшілікке қызметке ауысқалы жатқанын» айтып қалды. Масайраған жоқпын, көзімше мақтағанға екібастан салғыртпын. Менің Шымқалада алғаш жолықтырғаным, ептеп үйірілгенім Төрекелді, Әбілда, Махаң; қалғанымен жүре танысып-білістік. Мұратбекті ғана бұрыннан, 1984-жылдан бері, ептеп танитынмын. Мейрамдардың бірінде Бақыт Тілеубаев ағамыз аулаға тіркеме ұзынсонар столға дастархан жайғанда Рыстай асабалық, Сатыш (Сатыбалды Дулати) көкем еншілік өнерін аянып қалған жоқ. Махаң кеңсесінде бөгеліп кештеу келіп жанымызға жайғасқанмен Сатыш көкем үйіндегі жеңгеміз қайта-қайта «дәурага түшіріп» иығын былқылдатып, аяқ суыттырмады. Махаңа маңайлатқысы келмейтіндер бар, жасымда екі жыл қатарынан комсомол жетекшісі болсам да Тәкең, Төкең, Асқардан жұғысты ма, кеңсе есігін жағалауға хош-зауқым мойын бұрғызбасы бар, сүлесапа жүре бердік. Мардымдардан Махаңның өзі суырып алғаны... Маханов Құдайберген, бұл кұнде профессор, декан, Анамның қырқын беріп жатқанда: «бірер күннен соң Темірланда өтетін Б.Кенжебаев ғұламаның 90 жылдығына Мұхтар Мағауиннің келе жатқанын, ұстазға сәлем бермек парыздығын» айтты. Менен сәл кейін бір факультетте оқығандықтан ол «Мағауиннің сүйікті шәкірті» атағымды жете білетін. Махаң жиналыс соңында, өзіміз басталып кеткенде кешігулі жеткен ек, үйімді білмейтіндіктен бара алмай жүргенін айтты. Мәрәсімнің кейінгі біріне арнайы шақырғанымда үйге келіп те қайтқан. Махаң әкімшіліктің ақ үйінен жеке шыққанда арнайы бас сұғатын ғадет таптым, жұмыс тауып беруге ниеттенгенімен Анам қазасынан есеңгіреп аза тұтып жүргенімді айтып алдаразылық білдірдім. Мақала, рецензия жазып сынға ептеп икемделіп жүргеніммен алғашқы көлемді еңбекке Махаңның елу жылдығына орай тәуекел еттім. Мұнша жүрдек жазылуын өзім де күтпеген ем; түн жарымында бастап сәске түске біте салғанына, шын жақсы-ау деп жүрмін, әліге таңырқаймын. Мәймөңкенің мәстүрі — Серік Жанәбіл көшенің қақ ортасында: «Ағаңа арнап кітап жазыпсың, қолыңды құры қалдырмаған шығар» дегені майысып. Міз бақпастан, кірпік қақпастан қырық қысырақ үйірінің құнын ауызға алдым. Мыжғылап тұрған қолымды жібере салған Серік мөңки күлді. Маған да, Махаң жомарттығына да сенбесе керек... Мезгіл сусып, майса жапырылды. Марқа ағамның барына масайып жүргенімде Арыс жағасындағы Шәмшінің 70 жылдығында жүз көрісіп қалдық — сонадайдан бұрылып кеп арқамнан қақты, жұп-жұқа кітапшамдағы сөздеріме разылығын білдірді, көзінің жасы тамғанын да жасырмады. Мұнымен тұрмай келесі жылдың басында «Ерекшелеу екі жинақ оқып едік» деп облыстың аға газеті бетінен пікірін жалайырға жар етті. « Мақала жазып та жазушы санатына ілігуге, марғасқалардан мақтау естуге болады екен», — деп мырс-мырс күлді Атанбек Наурыз. Мән-мағынаның жанрдың ұзын-қысқасына қарамайтынын білмей-ақ шашы ағарды ғой қатарымның. Мойылмұрт інім Алмас Ақылбек арнайы іздеп кеп «Шәмшіғұмыр» атауын көңілі құлап ұнатқанын, өзі құрастырып жатқан жинаққа қойғысы кеп құда түскісі барын айтқанда ілтипатына қарадай разы ем... Мүлдем ойламаппын баспа жүзін көріп қойған жұп-жұқа кітапшаның қабырғасын сөгіп тастайды деп. Мұқадимат (кіріспе) орнындағы өлеңімді арнау өлеңдердің арасына тоғытқан, соңындағы демеушіге арналған мадақнаманы бөлектеп, бүтінді үшке жіліктеген. Мейлінше ұтылған, жөнге жарасса ештеңе демейсің ғой. «Мұның қалай?» десем жинақты баспаға дайындауды өзі сеніп тапсырған, өзім де бір кісідей жақсы білетін Құралбек Ергөбекке сілтеді. Мәз еткен, синтездік жанрға күрделенген, хас шебер Махаңның назарына іліккен лирикалық әдеби-көсемсөздік танымым Алматыдан қырық құpay шыққанына жаным ауырған-ды. Мағзұм лирик дейтінім, Махаңа тән мақам-стилдің мұғжизасына құлай беремін. Майталман шебердің — әуесіңнің әукесін салбырататын әдемі әңгімелөрі талай мықты ақынды орап кетеді. Мұғжизасы несі демеңіз, пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер сарқылған тұстан дүниеде ақындар өсіп-өнген. Махаң қалайда «күллі қазаққа сүйікті суреткер» — Қарауылбек көкесіне босқа ермеген, интеллектуалдылирикалық жанрдың хас шеберлері арасынан жайшылықта сөлбірейіп жүргенімен жоны күдері саңлақтың бірі һәм бірегейі. Мен Жазушылар одағына мүшелікке өтерімде Махаң қыңқ деместен екі қайтара ұсыныс (рекомендация) жазғанда соңғысында ашыныңқыраса керек. Мұндай ұсынысты талайлар жазған һәм жазыла жатар; беделді комиссия шұқшиып қалғанда: «Махаңның мынаусы ұсынысы ма, әлде Байғұттың кезекті әдеби мақаласы ма?!» — десіп біраз күлісіпті, біраз таңырқасыпты. Мұндай-мұндай мінезі қызық қауымнан емеспіз бе... Меселімді әсте қайтармайтын Махаңның мінеген сыңайлы мақтауын термелей салатын мықтылығын қайтерсіз. Махаңды білеміз, жақсы танимыз дегендер де шатаса бермек; өйткені, маңдайының, мыж-мыж қатпарлы бетінің ой-шұқырынан адасып шыға алмайсың. Миығына мысқылы мінгесетіні тағы бар. «Мафия көкесін» жақтырмайтындар да баршылық. Міней қалса өзге түгілі өзін аямайтын Махаңның мұнысына, жеңешемді қайдам, әдемі әңгімелеріне аузының суы құрыйтын ару қьіздардың өзі өкпелеп қала береді. Махаң менмен емес, біздің өзіміз... Мысқылға мінгескіш миығы — Махаңның табиғи мінезі, сарабдал сыншылдығы. Мадақы айтпайтын Махаң мазақыға барьіп «мимо кетпейді». Миығының астарында, тіптен педант, абайшыл ақылы, мөңкіген ашуыңнан артық әдемі езілі жата береді. Мәздем тірлікті, мықыр пенде «даусының түсін» мүлт жібермейтін шебер жазушының әпенділеу кейіпкерлерін әжуалағандағы уытты әзіліне мәз-мәйрам қол соқпаушы ма едік?! Майрампаз әзілкештер, сыздаусыған сыншылдар, күңкілдеген күншілдер, мекіренген міншілдер Махаңдай «лирик — қалжыңқұмардан» үйреніп, бой түзеп жатса, қанеки! Мінтаққыш деп Нәзір Төреғұлұлының, төкпе жыраусыншы Төлеген Тоқбергеновтың, боза арақ емес, қожа қазақ еместігін айтып ерінін шүйіре беретін Асқар Сүлейменовтің маңайына кейде жақпай қалатынын жақсы білеміз. Маңғаздарыма кербез миық жараса береді. Мәселен, Арыс суының басында марғасқа Махаң, белортасында нарғасқа Нарағам, аяғында шамшырақ Шәмші; аз да болса саз, саз емес-ау нұқыл наз. Мірдің оғындай әзілкеш Көпен бірдеңені білсе ғана көңірсітеді.. Мейлі ғой, жұрттың мақтаулысына сырт тамсанғанмен, қайдан қолыңа жетектетіп жібере қойсын. Мадақыға мәз болмайтын, машайық жинаған мафия дегенге майыспайтын марғасқа Махаңды — барша пенделігімен өзімізге шақ жайсаң ағамды ешкімге айырбастағым жоқ. Махаң, әлбетте, жаны аяулы жақсы адам. Марғасқа десең дегендей Махаңның баяғыдағы «Интернаттын баласы» һикаяты: «Шашынан айранның, одан кейін күннің иісі шығады», — деп басталмайтын ба еді. Менің жайшылықта кіді танауыма Махаңа шақтаулы жұмырының жұпары жете береді... Машайық атағымнан қашпаймын. Мүдәріс Махаңа мүрид бола алмадым, оларға аздап қызығып жүретінім рас. Майталман жазушының, мығым кісіліктің өзіне үйіре беретін харизмасын айтқаным болмаса, маңайынан мүрид үзілмейтін магнетизмін менен гөрі Әбілда мен Шойбек, Төрекелді мен Бақытжан; жіптіктей кеңсешіл ететін тәлім-тәрбиесін сол Бақытжан Алдияр мен Зәкіржан Момынжан, Әнәпия Қадырбаева һәм басқалары жете түсініп-түстер. Мұнда аты аталмағандар маған ренжімесін, өзім жете білетініме бола қызыл кеңірдек ем... Мұздай кеңсешіл, уақыты там-тұм ағамның майдайшасын, яки қонысжайын қабығын тастаған жыландай жиі алмастыратын кәнторына зауқым соққан бір зәуіқайымда соғып қайтарым бар. Мәз-мәйрам бейіліне қарадай ризамын, келгенімді бұлдап бұйымтай айтпаймын. Мезіретіне қарай тақ-тұқ аман-саулық қайырыса сап та, молырақ жырғалып та қайтам. Малтамызды езгендегіміз: Махаңда Түркібасы мен Таупістелісі, тылсым Тәкең, мәжнүнталдай ағалары Қарауылбек, Нәсіреддин; менде — Түркі әлемі — Түркістан, нұсқалы Нәзірғұмыр, тәлім үйірген Тоқбергенов айналасы, мэтр Хуан — Шаңғытбаев ағам. Мазлұм дүниенің ұңғыл-шұңғылын сүзіп шығуға осы шеңбер бізге мейлінше жарап жатар. Мұрнын сипалайды, төбе шашын ұйпалайды, сырттағы тықырды қалт жібермейді, әңгімені бөле беретін шырылдағыш телефонға үлгереді. Мұрнынан шаншылып отырса қайта-қайта терезеге қарағыштап, сағатын саусағымен тықылдатады, иегін шошайтып барып жасырмай жөнін айтады. Мән-жайды ұғысқан соң, орнынан ерінбей тұрып, қолын құлаштай алақаныма ұрады, есікке жеткізіп күлімдеп қалады. Мейіздей алақанын сәл-пәл уыстап, ілтипатына разылығым, қайтып кетемін. Мырзатеректей сұңғақ ағамның алдында, әрине уақыты жетсе, арқабасым жазылып қалар. Мәзкүрін көзіме сүрткеніме жұртты иландырмақ мажалым мүжулі. Мағишатбозға сұқтаныңқырап жалықтырып жүрмейік. Мейір-Пейіл періштесі жебеген Ұятты Ұлысыңда қазақи мағынаға шөлдеулі ұрпақ басы өсулі. Мейір қандырған мүсінді сөзіңіз барда ұлыспен жарасты ыждағаттасыз.
Машақат-мағишатты жеңіп шығар
Ер мінезіңіз барда ләйім:
Майталмансыз
Марғасқасыз
Мұхтарамсыз!
«Новелла — өлеңнен кейінгі ең қиын форма».
Уильям Фолкнер
Кіші жанрдың бел асып, белең айналып әдебиеттің бағдарын айқындаушы күшке ие бола алатынын өткен ғасырдың танымал шеберлері біржола дәлелдеп берді. Флобер мен Мопассан «шағын әңгімелер формасы» арқылы көпке танылса, орыс әдебиетінде әуелі А.П.Чехов пен В.П. Короленко, кейіннен М.Горький, И.А.Бунин, А.Н.Куприн, Л.Н.Андреев өз шығармашылығында «жаңа форманың ескі мазмұнмен табиғи кірігуін» айдай әлемге паш етті. Сұңғыла В.Г.Белинскийдің айтуынша: «Уақыттың идеясы бар жерде, уақыттың формасы да табылады». Жоғарыда аталған суреткерлердің «қай-қайсысы да әңгіме жанрының табиғатын өзінше байытып, онын тұтастай структурасы мен жекелеген компоненттерін жетілдіре түсті». Мұндай сілкіністен, әдемі ұлттық үрдістен төл әдебиетіміз де құр алақан емес. Би-ағаңның сөз өнерінің жәуһарларына ұялмай қосатын «Шұғаның белгісінен» басталатын әдемілік дүниесі ізашар болып, Мұхаңның, Ғабеңнің қалам құдіретіне айналып сала берген жоқ па?! «Асылы, прозаның ғазабына көнген кісі ғана онын ғазалын аңдитын сияқты. Әуезов, Мүсіреповтен бастап орта буынның Тахауи, Тәкеңдері, кейінгі Әбіш, Қалихан, Сайын, Оралхан, Дулаттары осы проза ғазалына ден қойған» (Т.Тоқбергенов). Бұл күнде әңгіме жанрының майталман шеберлерінің қатарына қосылған Мархабат Байғұттың қалам қуаты, көркемдік нәрі, тартымдылығы қайсы? ...Шашынан айранның, одан кейін күннің иісі шығады... «Интернаттың баласы» һикаяты тап осылай басталады, жазушы ә дегеннен бойды шымырлатып, сізді өзінің бауырына тарта салды. әрі қарай құнығып оқыған сайын ықыласыңыз артпаса суымайды. Талай алапат сезімді бастан кәміл кешіресіз. Бұл не сонда? Анық шеберлік осы... Әр жазушының өз көзі болуы керек дегенге сайсақ, Мархабат Байғұт көкірек көзі танығанын жүректен қозғай біледі. Шынында да сырт көзге байқала бермейтін астаң-кестең жүрегінсіз сол адамды қалай танымаққа?! Мархабат Байғұт — міне, осыны әу бастан аңғарған, өз мұратына адал, талғампаз да тындырымды дарын иесі. «Хатты қайта оқыды. Бұл жолы жаңа ғана өрекпіген, өрлеп барып тұңғиыққа, төменге қарай тарта жөнелген көңіл шіркін қайта түзелуге беттегендей болды. Дүние өртеніп, жалған жанып жатқандай дәнеме жоқ деп, өзін-өзі жұбатуға тырысты. Хат жолдарының арасынан сиқырлана сығалаған қорқынышты көлеңкелер де бір жаққа безіп жөнелгендей». Тілдің құнары мен нәрі ошақтың отындай бетке тепсиді. Тәнті қалдырғаны рас, ал мұратына адалдығына келсек, ұлы Абай айтқандай, ақырын жүріп анық басқан, әсіреқызылға әсте бой алдырмайтын құдіретті кие тұтқан. Кешегі үдере қозғалған, ертерек коммунизмге жетіп жығылмақ қиқуға еліткен қою шаң қаншама тынысын тұмшалағанмен, сабырға бойын жеңдірген. Сондықтан өзі туып-өскелі табаны аумаған Күнгейдің тау түкпіріндегі алыс ауылын, оның бізге мәлім-беймәлім қарапайым адамдарын ешбір дау-дамайсыз дәтке Қуат, жанына жақын тұтқан. Әлбетте, көркемдіктің нәрі — адам жаны! «Реалистер секілді, біз де өнердегі жалғыз шындықты — өмірді мойындаймыз, — деп жазады В..Брюсов. — Бірақ, шындықты олар өзінен емес өзгеден іздейді, біз болсақ жан дүниемізге көбірек үңілеміз... Суреткер нағыз шындық сол болып табылатын, өз пайымына лайықты бастан кешкенін ғана жазуға тиіс». Біздің заманның алыбы Уильям Фолкнер айтса-айтқандай әңгіменің майын тамыза жазу қиынның қиыны екені рас. Мұның бір себебі, қайбір мықты жазушы болмасын терең ой тастап, жақсылық пен жамандық проблемасын көтереді. Дегеніне — жеріне жеткізе айту ушін сезім, ішкі дүниенің арпалысын, мінез қақтығысын қазық қып қағады, бейнелі, нақышты көркем тілді қамшы ғып ұстайды, өнеге-үлгі жақсылықты тізгін ғып қағады. «Қазақ прозасы қазір, әділін айтсақ, көп қырланып, әбден шымырланып алды» (Т.Тоқбергенов). Облыстың әдеби өмірінде аралас-құралас жүріп бір байқағаным — Махаңның ақынжандылығы, өлеңді нәзік түйсінетіні, сүйіп оқитыны. Кейде өзі де ақындықтың алымын айқын аңғартады. «Екеуі кім, өздері ғой, өздері, ұшқын шашып көздері жалын ата шарпысып, қарай берді аймаласып айналып, одан әрі бара алмай, құшақтасып қала алмай, өртеніп бір жана алмай. Клубтағылардың әзілі ме, шыны ма, қол соғады дуылдап, қайта шық деп шақырады шуылдап, қайта шықты қос ғашық, ниеттері досқа ашық». Махаң міне, осылай көсілтеді. Бұған Күнгейдің таулы табиғатын, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа шынайы қарауын, яки жақсылыққа ділгірлігін, бойға жарасты қалжыңын қосыңыз... Ықыласыңыз сонда қайда ауар екен?! «Мылтығы талға сүйеулі адам темекі тұтатты. Асықпай сорып, аузы-мұрнынан бұйра-бұйра түтін будақтатты. «У-ф-ф-ф-фі» деп, астыңғы ернін шүйіре, бұлардың үйіне отын бұтап бергендей міндетсіне кергіді» («Жанымайдың жотасы», 215-бет). Бұл — психологиялық мінездеудің Махаңа тән тәсілі. «Арғы жағада жалбырап жалбыз салбырайды, биігіректе киікоты көздің жауын алудан танбаған. Қурамаған, кеппеген, гүлінің түсі мен иісі кетпеген». «Табиғатты суреттеу мейлінше қысқа әрі нұсқа болсын <...> Табиғатты суреттегенде ұсақ-түйек болмасын, оларды топтастырғанда жұмулы көзбен оқи алатындай болсын», — дейді әңгіме жанрының барлық компоненттеріне айтулы үлес қосқан ұлы жаңашыл А.П.Чехов. Бояуды қанық әрі зәруінше ғана шым-шымдап жұмcay шынайы шеберлікке тән үлгі:
— Кенеп дорба саған да жетіпті ғой, — дедім мен де ештеңе болмағанын айрықша атап көрсеткім келгендей. — Модаға еліктемейтін сияқты едің.
— Ыңғайлы, қарапайым жағын жатырқамаймын. («Бір дорба диплом», 7-бет)
«Сопақтау жұзіне қарағанда ауызы сәл ғана үлкендеу, Ерні қызғылт, дымқыл. Көздерінде дымқыл жарқыл бар... Ол төмен қарады. Екеуміз енді бір-бірімізге қарауға бата алмаймыз. Екеуміз де ойланып қалыппыз. Көрпесай аулы экранға шыға келді, әрине, менің көңіл экраныма» («Көрпесай кітапханасы», 175-бет). Кейіпкердің көңіл күйін егжей-тегжей тәптіштемейді, тым суырылмайды. Анығы, кейіпкердің көңіл күйін қимыләрекетінен аңғарамыз. Қара-құра кісі саны да кемшін, әңгіме сол баяғы екеуінің төңірегінен аспайды. Көркем прозаның бейнелеу мен баяндау секілді екі түрлі элементы өрілген қыштай жымдастыру үлкен өнер. Ал, «Көрпесай кітапханасындағы» танымы, ойы, кісілігі таныс жігіт — бас кейіпкердің есімі кім? Сірә, соның керегі де шамалы-ау.. Баяндаушы М.Байғұт поэзияның лирикалық кейіпкері тәрізді бір басына бәрін жинақтаған: әңгімелеуші де, кейіпкері де, автор болмысын танытушы да — сол өзі. Ау, өлең кейіпкерінің есімі біреу-ақ, ол — автор емес пе? Әдебиет табалдырығынан имене аттаған әрбір шынайы суреткердің өз концепциясы, дүние мен адам баласына жеке көзқарасы, дара танымы болмайынша ешкімнен де, ештеңе де үйрене алмайды. Мұнсыз жеке шығармашылығының қайталанбас бет-бедері қалыптаспайды. «Шынында, мен әуелі тірлікке тым-тым беріліп кетемін, — дел жазады И.Бунин. — Дүниеге өз көзіммен қараудан әбден тойындым, бірақ басқаша қарай да алар емеспін».
Үлкен жүректі қаламгердің имандай сыры бұл.
Мархабат Байғұт — соғыстан кейінгі ұрпақтың өкілі. Жазушы танымы мұны әбден аңғартады. Махаңның тұстасы Кеңшілік ақын айтқандай: Алыс ауыл. Қиян түп. Шым мектепте Оқушы едік домбығып, дірдектеп те...
Көз қуаныш біз едік, ал ол болса,
Кетпейтінін біледі тірнек текке.
Құмырсқадай қыбырлап таң сәріден,
Қара жерді тырмалап саусағымен,
Шойырылма шал, шолақ қол бригадир.
Жесір әйел құсалы қан-сөлімен <...>
Біз тоқ едік — тоғайдық ниетпенен,
Асып-төкпей таупиық жиектеген.
Алты ай бойы жан анаң кетпен шапса,
Айырасың сұйелді сүйекпенен...
Осы бір қиыны да, қызығы да қымқуыт кезде өткен балалығының әсері мол М.Байғұттың дәстүрлі «Жалын» бәйгесінде топты жиі жарғаны кездейсоқтық болмаса керек. Бірқатар: «Ақ орамалды қыз», «Киікоты», «Адал адам» тағы басқа әңгімелері, «Интернаттың баласы», «Патефон», «Таудағы андыз» һикаяттары — мұның айқын мысалы. Жалпы, бала танымын әспеттеу — әдебиетте жиі қолданылып келген тәсіл. Талай тамсанулы туындылардың авторларын жіпке тізбегенімізбен, олар көзі қарақты оқырманның есінде шығар. Жазушы кейіпкерлері (мейлі бала, мейлі ересек) ең әуелі этностық тұтастығымен, аузын ашса, көмейі көрінетін қазақы болмысымен көз қуантып, көңіл сүйіндіреді. «Ақ желкеннің әсерімен ағайымыз теңіз бетімен ЖҮзіп жөнелетіндей көрінді. Жазғы каникул жақындағанда осындай желдің заулайтыны бар. Қыздарымыздың кекілдерін жұлмалап, қызыл галстуктер желбіреп, жетіжылдық мектебіміздің ауласы лаулап кеткен. Директордың тоқсан ауыз сөзінің тобықтай түйіні сол, каникулда қарап жүрмеуіміз керек. Колхоз тірлігіне өз еркімізбен көмектесуіміз үшін барлық жол ашық, бәрімізге лайықты жұмыс табылады. Жүгері бар, қызылша бар, пішен бар, арба айдауға да болады. Өзгелерді қайдам, мен бұрыннан-ақ каникулдың алғашқы күндерінен бастап колхоздың жұмысына шығуға бел байлап қойғанмын. Сонымен, ертеңіне ауылдың қақ ортасындағы бригадир отырған кеңсеге кірдім. Бар арманым — су таситын бөшкелі арба. Бірақ, оған конкурс көп болады. Өткен жылы аттың мойнына қамыт салуға бойым жетпей, арманым арман күйінде қала берген. Биыл сыриып өсіп кеткенімді өзім емес, ел-жұрт айтып жүр». («Ақ орамалды қыз», «Жалын», 1988 ж. 176-бет.)
Нанымды. Әдемі. Әсерлі.
Ересектердің мінезі де бала көзімен тартымды ашылады:
— Әй, кеше де жым-жырт кіріп ек астанамызға, бүгін бір ән бастасақ қайтеді, сентірдің тұрғындарын таң қалдырып, — деді Маржанбике қоқиланып, орнында отыра алмай тыпыршып. — Кә, бастаңдар.
Немесе:
— Міне, осы жерде екі күннен бері еңбектеніп жатыппыз, шырақ, — деді Маржанбике. — Сені бригадирдің бізге неге қосқанын білемін. Су таситын арбаны аласың ба, алмай аңқайып қаласың ба, ол мына менің қолымда. Саған мінездеме беретін — мына Маржанбике. Сол себепті айтқаныма көнесің, айдауыма жүресің. Маған ұнай білсең — бағың, жақпай қалсаң сорың» (179-180 бет).
Қосары жоқ әдемі мінездеме. «Анау еді, мынау еді» Деп артық сөз шығындамастан іс-әрекет үстінде түгел көрсете салған. «Әдетте, шын суреткер әр кейіпкерді өз сөзімен, іс-әрекетімен таныстырып, оқушының жанында оның кескін-келбетін ғана емес, кесек-кесек сөзі де қалып қоятындай бояу қолданады».
Сөйткен Маржекең ақкөңілдіктен де қамшы салдырмайды. «Кетпенім онша ауыр емес, бірақ сабы жаңа, кедірбұдыры кетпеген әрі кеппеген. Сәлден кейін басы босап, былқ-сылқ етіп қалады.
— «Қазақы бала — бала емес» деген осы! — деп Маржанбике ашуланды. Кең, ұзын, тек еркектер киетін шибарқыт костюмнің қалтасынан темір сына тауып, қағып берді.
Енді бірде:
— Еңкей, — дейді Маржанбике, — еңкей, есізқағыр (182-бет).
Ерінбей санамаласақ, адамның көңіл-күйін, мінезін дәл беретін мұндай детальдан көз сүрінер еді. Сайып келгенде өрнегі шымыр тіл де, кісі бойындағы қылтсылт дағды да ұлттық танымға жетелейді. Осыдан келіп өнер мұраты — Өнеге шыңдалады. Талайлы жазушының бізге етене жақындығының бір ұштығы, сірә, осынысынан. Екіншіден, тақырыпты өрбіткенде жазушы әлеуметтік қырынан қайтсем ірі келем деп өзін күштемейді. Бәрі де өз орнында, қаз-қалпында, кезек-кезегімен келіп отырады. Әйтсе де, сол тұстағы қайнаған әлеуметгік жағдаяттан мақұрым қала қоймайсыз:
— Қарқаралық жағдайды айтып жатыр, — деді Қалтөре есеп көшіріп отырып.
Содан соң:
— Әркіметикадан есеп үйретіп тұрсаң, радио тыңдатамын.
— Мақұл. Халықаралық жағдай қиын ғой, біліп тұ-райық. Қатырма нандарың қандай тәтті?! («Патефон»,9-10 бет).
Басқа бір кейіпкеріміз:
— Бейбітшілік солдаттарын шығарып сала бер, — деді Кендебай — өзінің аңғартқанындай, жауынгерлік және саяси даярлықтың үздігі екені осы сөзінен-ақ білініп тұрды. («Жанымайдың жотасы», 213-бет).
Тағы да салыстыруға жүгінейік. Кәсіби сыншылардың өздері де (Н.К.Михаиловский, А.М.Скабичевский, К.К.Арсеньев және басқалары) А.П.Чехов әңгімелерінің «идеясыздығына» кезінде қатты шүйілген. Оның «селқостығы», «бейпартиялығы», «идеясыздығы» туралы аз айтылмаса керек. Ал, жазушының ойынша идеологиялық платформа тұрмыста жиі кездесетін кездейсоқтықтың (ситуация, көңіл-кұй, психологияның уақытша жалпылама ерекшелігі) салдары ғана. Мұның барлығының жеке бастың нәзік дүниесіне ешқандай қатысы болмауы әбден мүмкін. Жеке адамның шындап танылуы өте қиын дүние <...> Ол қашан да болмасын жағдайлармен, тұрмыс тауқыметімен тұмшаулы, соларға кіріптар. Осыған қарамастан жеке бастың тәлімі ғана бәрінің шынайы өлшемі деп саналады». Кейіпкерлердің идеялық қақтығысында ой жүйесі темірдей берік әрі идеясы тиянақты жан емес, автордың ілтипатына адамгершілік өнегесімен ілінген жан ғана шындық үшін шырылдаушыға лайықты деп табылады. «Арысбайдың ауылы» үштағаны (бұрын «Варвараның көмбесі», «Айып», «Жалбыздының жағасында» деп аталған жеке әңгімелері) мінез даралығына, ата мен баланың қарым-қатынасына негізделіп топтастырылған. Біздіңше, автордың соңғы варианты дұрыс та. Кәдуілгі қазақы тұрмыстың дәл өзіндей оқиғасы қою әңгімелерді оқи отырып, ескі көзтаныстарды ешбір жатырқамайсыз. өз қанасынан шыққан ұлдың тентектігін тыйсам деп өлімші етіп сабаған, сонысы үшін баласындай учаскелік милиционерден деккі жеген Арекең; тұла бойы тұңғыш қызының қашып кеткеніне қатты қапалы, пұшайман Қаламан; он бір бала сүйген «батыр әке», тойшыл Тұрсынбек адал көңілімен, ұрыншақ аңғырттығымен езу тарттырады. Ешкімнің үгіт-күштеуінсіз, өз қалауымен тұрмыс кешіп жатқан, шындықты дәлелдемекке жан беріп, жан алыспайтын, өзімен-өзі жүріп жатқан пенделер. Сонысымен бақытты. Тез қасында қисық ағаш жатпайды демекші, тентек ұл да бастығар, кеткен қыз да орнын табар, ерні жібіп немере сүйгесін ашуы да басылар, ұл-қызы қастерлеп, медалды өз қолдарымен таққаны бір есептен дұрыс та шығар. Адам баласының заманы тынышта осылайша алаңсыз ғұмыр кешкеніне не жетсін, шіркін! «Дауыстың түсі», «Үш үй», «Кандидат», «Жылқы атылған түн», «Мәшине мәселесі» тақылетті әңгімелерінде жалдап тіршілікті, тоңмойын топастықты, кісілігі ішкен-жегеніне мәз күйкі жандарды тілімен жеңіл қағытса да оқырманын ойландырмай қоймайды. Сыншылдығы басым бұл дүниеліктерден ұрты майлы, жамбасқа жайлы тіршілікке үйренген ашкөз қорқаулықтың бірте-бірте кісіліктен шеттетіп, ақыр түбі қайтып тұрмастай құлатпай қоймасын бағамдайсыз. Құлқы қатты құлаған тоғышар жазатайым қиындықпен бетпе-бет келсе морт кететінге ұқсайды. Осының бәрін ешбір байбаламсыз есіңізге салып отырған жазушының түпкі ойын ә дегеннен түстей алмауыңыз да мүмкін. Әйтсе де, салмақты өзіңізге сырғыта салып, сыпайы қалжыңдасқан жазушының мақтамен бауыздайтын әдісқойлығына түбі сүйінесіз. Мынау жақсы, мынау жаман деп ақылгөйсу, баскөзге төпеп қаралау мұнда атымен жоқ. Әддін бір ашпайды, сыпайы биязылықтан әсте танбайды. Тіпті, кейіпкерлері де шетінен сырбаз.
Жуынып болып:
— Түк көрмеген тексіз иттер! — деп тістене күбірлегенін ешкім естіген жоқ-ты («Жылқы атылған түн». 195-бет).
«Ұсақтап кеткен ұрпақтарына қорынғандай қоңыртау қоңырайып, бұлдырай қарауытады». («Машине мәселесі». «Жібек жолы» Ш. 1993-ж. 39-бет). Соның өзінде де поэзия: «Ұ», «Қ» әріптері аллитерация құрып, ойдың келісімін түрлендіріп тұр. Ойлы, терең, мәдениетті, тұспалды, ишаралы прозаның бір үлгісі осы-ақ болар тегінде. Мархабат Байғұт қандай бір мәселені қашан да болмасын көтерудей-ақ көтереді, ал түйінін шешуді өзіңізге қалдырады. Кейбіреулерге бұл ұнамағанымен, оқу дегеніміздің өзі ойлану, түйсіну емес пе анық білген кісіге. Жазушының кеп қырлылығы сол, объективті мәнерде, аспай-саспай, бабына келтіре әңгімелеумен қатар, әңгімеші-автор кейде оқиғаның бел ортасында жүреді: өз атынан баяндап, жік-жігіне шейін талдап та тастайды, ара-тұра сізбен жеңіл қалжыңдасып қойғанды да ұнатады. Ішкі ойын оңайлықпен ұстатпайтын Мархабат Байғұттың не айтпақ ниетін қалай бағамдасаңыз да өз еркіңізде. Шынайы төрелігін беру үшін ол ішкі дайындықты, өмірге сауаттылықты, жақсылыққа ділгірлікті, кірпияз кісілікті қалайды. Сонысымен де ерекше, сонысымен де өз биігінен менмұндалайды. Шындап әуестеніп көрсеңіз ешбір өкінбейсіз, сан қайтара жасарып-жаңғырған әдемілік дүниесінен мейір қандырасыз. Әсемдік әлемі осы болар, өйткені ол көзді арбамайды, көңілді алдамайды. Әңгіме секілді қиын жанрда шеберлікке колы анық жеткен Мархабат Байғұттың тағылымы осынысымен ерекше. Әңгіме жанрының тарихына, әсіресе оның XІX ғасырдың соңынан бастап дүние әдебиетінде кең өріс алуына қатысты екі ұшты пікірлер жиі ұшырасады. Аталмыш жанрдың «өзіндік ерекше маңызы мен құндылығы», оның кең көлемді һәм көкейкесті мәселені күн төртібіне қоя білетін өткірлігі лайықты бағаланбай да келді. Бұл ретте кіші жанрды «қатарға қосуға» мықтап тырысқан ұлы қаламгер А.П.Чехов туралы айтылған пікір таластары жиі ойға оралады. «Роман жаза алмайтын Чеховтың дарыны оның жеке басының ғана емес, қаламгерге көкейкесті мәселелерді көтеруге мүмкіндік бере алмаған 80-90 жылдардағы зиялылардың тұрмыс жағдайына тән кемшілік <...> Чеховтың кейіпкерлері әлде романның жүгін көтеруге жарамаған, әлде сол мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмаған». Замананың зәйілі өзінің алдыңғы қатарлы мұраттары, концепциясы, дүние мен адамға деген жеке көзқарасымен қатар көркемдік бейнелеудің үстем формаларын, әдістері мен принциптерін ұстанатыны көпке мәлім. «Чеховтың роман жазбауының себептерін іздеп, бас қатырудың түкке керегі жоқ деп ойлаймыз. Чехов қашан да өз заманындағы қоғамдық-әдеби өмірдің бел ортасында жүріп, бірқатар жағдайда орыс және әлем әдебиеттерінің ілгері даму жолында басқаларынан қара үздіріп кетті. Өзінің әңгімелері мен хикаяларында «көкейкесті мәселелерді» дұрыс көтере білгені соншалық, бұл ретте оны даңғайыр жазушы-романистер Тургенев, Достоевский, Толстойлармен қатар қоюға да болады». Несі бар, уәлі пікірге құлақ асудан ешкім де ұтыла қоймас. Бір ескеретіні сол, біз баяғы теңгермешілдіктен аулақпыз, үйреншіктіге үйірілуден аманбыз. Биағаң, Мұхаң, Ғабең салған соқпаққа көз тігіп, бертін, 60-жылдары үркердей самсап шыққан, басқасын айтпағанда Тәкең Әлімқұлов, Асқар Сүлейменов, Нәсіредин Серәлиев, Қарауылбек Қазиев секілді Күнгейде өскен, не осында жасаған қаламгерлер тәлімінен өсіп шыққан Мархабат Байғұттың шығармашылық соқпағын өзгенің жақсысынан кем көрмеген, білген кісіге солармен иықтас тұрғанын сезіну — ұлттық мәртебе екенін аңғартпақ көңіліміз кінәлі шығар, бәлкім. Шынтуайтына көшсек, теңгермешілдіктің өзі — дәстүрді ескермеудің салдарынан туындайтын ұшқары байлам. Өз топырағына табанын мықтап тіреген, құнарлы тіліне уызынан жарыған, үрдісінің үздігін бойына сіңірген, өз зийалын өте кетпей, төте тапқан Мархабат Байғұт — сиқырлы қалам тартысымен басқаның биігімен батыл бой теңестірген дарын.
Бұл — жасқанбайтын, табан аудармайтын пікіріміз.
Мұны баса айтуымыздың бір себебі, бар мен жоқты бажайламай тұрып, яғни өзіне дейінгі мейлі төл, мейлі әлем әдебиетінің озық үлгілерінен мейлінше үйренбейінше әлденені тындырамын деу адамға әйтеуір абырой әпермейтіні анық. Осы асығыстыққа ұрынбау үшін дарынды болудың, ана тілін жетік білудің аздық ететіні даусыз ақиқат. Көсілу, төрт аяқты тең баспақ туа бітті дарынмен қоса қазіргі көркем әдебиеттің ұңғыл-шұңғылынан мол хабардар болуды талап ететіні айтуға ғана жеңіл, ал үйренбегің ауыр машақат. Көркемдік өренің биіктігі сөзүлмүш кісінің емес, бәрімізге қастерлі Қазақ әдебиетінің мерейі екенін аңғарсақ еді.
«Жан дүниеңді байытпаған проза барқадар таппайды».
Тәкең Әлімқұлов.
«Біз осы күнге дейін қазақ әдебиетін әр тұрғыда, әр қырынан алып, зерттеп, талдап келдік. Ең өзекті, ең басты, негізгі, тақырып — адам тағдыры туралы көбірек сөз ететін болдық. Сөйтсе де, дүние жүзі әдебиетіндегі, оның ішінде өзіміздің қазақ әдебиетіндегі шын өзгеріс, жаңа талпыныстарды әлі де жеткіліксіз айтып келеміз. Алпысыншы жылдардан бастап тереңдей түскен психологиялық талдау, философиялық түйіндер жайында көпке дейін түбегейлі сөз болмай келді <...> Біздіңше, қазақ әдебиетіндегі басты жаңалық ол — психологиялық тебіреніске, философиялык толғанысқа бетбұрыс. Бұл нышан кейінгі он-он бес жылдың әдебиетінен анық көрінеді, айқын сезіледі деп күмәнсіз айта аламыз. Жалпы тақырып, идея тұрғысынан сөйлегенде, алдымен ойлайтынымыз өрнек мұраты, өнердің өнегесі болуға керек» (Т.Тоқбергенов. «Үштоғыс», 18-19-беттер). Әлқисса, Лев Толстой «Анна Каренинаны» жаза жүріп поэзияны, әсіресе Тютчев пен Фет лирикасын тым ыждағаттаса керек. Оң нәтижеде «Анна мен Левинді суреттеуде терең лиризм, детальдардың символикасы пайда болып, құрғақ баяндау мүлдем кездеспейді. Әңгіме бұл жерде ақындардың Толстойға әсерінде ғана емес <...> мәселе Толстойдың бұрынғы тәсілдерінен қол үзіп, «Анна Каренинада» философиялық лирика әдісіне молынан жүгінуінде» (Б.Эйхенбаум. «Лев Толстой. Семидесятые годы», 181, 185-беттер). Бұл жолға Толстой ғана емес, басқалары да түсіп кетеді. Сол тұста Тургенев өзінің «Senіlіa» кітабын жазады бір қызықтысы. Поэзияның прозаға ықпалы, 1880-1900-жылдардағы әдебиеттің эпикалық жанрларында лирикалық-философиялық бағдардың едәуір белең алуы барлық жазушының шығармашылығына тән еді. Мұндай сабақтастық әңгіме жанрының структурасын өзгертумен ғана шектелместен, оның мүмкіндіктерін арттырып, мазмұнын үстемеледі. «Машаттағы махаббат» қалай басталушы еді... «Шағын станцияда қараңғылық қоюлана бастады». Тап осылай. Демек, М.Байғұт үшін құлақ күйінің, яғни шығарманың қалай басталуының мәні зор. Сезімі сергек жазушы оқырманын да сол биіктен көргісі келеді. Қараңғылық неге қоюлана бастады? Бұл — пейзажға үш қайнағанымен сорпасы қосылмайтын тәсіл. Амалсыз ойлануға мәжбүрміз. Украин әдебиетшісі А.Потебня айтқандай, «сөзде екі қабат бар екен: сыртқы қабат — ұғымдық қабат, ішкі қабат — образдық қабат. Керісінше сыртқы қабат — проза, ішкі қабат — поэзия». Ұғымның мағынасы шалқар, мәселе кімнің нені, қалай сыйғыза білуінде. Бұл жерде М.Байғұт ділмар сөйлеуді ғана қанағат тұтпайды, жазушы сізді әлі баяндалмаған жәйтке, айтылмаған ойға жетелейді. Кейде кітаптың бетін ашып, алғашқы сөйлемі қызықтырмаса, жылы жауып қоя салуымыз дағдылы әдет қой. Мұнда тіптен олай емес. әлдебір жан түкпіріңізде «апыр-ай, ә, енді не болар екен?» деген қызығу бас көтереді. Келесі сөйлем кәдуілгі хабарлы сөйлем: «Санжар пойыз келерде қатты толқынысқа түскен еді». Әлгі поэтикалық бояу жоқ, бірақ алдыңғы ойды толықтырады. «Мұның алдында ғана, бір күн бұрын жаңбыр жауып өткендіктен, кешқұрымғы жел бірден салқын тартып, өкпектеніп, өршеленіп алған. Қабат-қабат рельстердің ара-арасындағы арса-арса, әбден ескіріп, ауыстыруды ауырсына күтіп жатқан шпалдардың үстінде жел айдаған қиыршық mac ағараңдайды». Құмартуыңыз арта түскеніне, сезімтал болсаңыз сол шпалдарға қабырғаңыздың қосыла қайыса түскеніне мен де бәс тігуге бармын... «Күзгі күннің бозғылт сәулесі сәл де болса ағартып тұрған тұста қарауытып жота жатты. Оның өзі табан астында тоңып, қалтырап, тонын жамыла қойғандай бүк түсіпті. Әне, сол жотаны бауырлай жылжыған жолаушылар пойызының жарығы көрінеді. Саяның жанары жылт етіп, көзі жасаурап барып, басын төмен түсіргендіктен көрінбей кетті <...> Қарауытқан жотаны баурайлап, жалғыз көзі барған сайын үлкейіп, салып ұрып келе жатқан ұзын состав, сол бір минуттарда алып бір айдаһардай елестегені». Тап осы суреттемеде шындықты жеке таным тұрғысынан бейнелеу, рефлексия мен пәлсапалық пайымға ұмсыну, қысқа қайырып баяндаумен қатар бояуды қалыңдату — бәрі-бәрі тән. Осы бір үзіктен-ақ бүкіл һикаяттың бітім-болмысын, тақырыбын, тағдырдың ылдиөрін, үмітін, жалғыздығын санамалап, түстеп тануға болатындай. «Ол айқыш-ұйқыш темір жолдардың ортасында тұрып қалды. Табанына қиыршық тастар ма, баттасқан қара май ма, бірдеңе жабысып, жібермейтіндей». Келісті бояу, көркем тіл бәсеңсігенімен ой үстемесі қоюлана түсті. Табанын жібермей тұрғаны қара жердің тартылыс күші ғана емес, әйтеуір! Бұл — адам тағдыры, өмірдің өзі. Дөп басып, дәл айтудың қолды-аяқтай шымыр нұсқасы. Ықыласты аударған сол жұп-жұмыр бүтіндігі. Ендеше, «поэзияның прозаға ықпалы» дегеніміз әйтеуір етістікті, зат есімді ұйқастыруды місе тұтпай, түптің түбінде сөз бен сезімнің үйлесіміне жетуде көрінеді. Адамның ішкі дүниесін ашуға құрылған мұндай сәтті қадамның бір ғажабы — әркім барымен көзге ұрып, шынайы болмысымен танылады. Содан да бәзбір шығармадағыдай жақсы мен жаманға жіктеп тастай алмайсыз-ау тіптен. Қылаусыз көркемдік заңына жүгінсек, мұншалықты қазымырлықтың қажеті бар ма екен өзі?! «Алпысты алқымдаған, айналасына алқын-жұлқын қарап, әлденені ойлай қоятын, ылдым-жылдым әйелдің аты Мүстән екен. <...> Сұп-сұр бетінде бір түйір қан жоқ. Бірақ, денсаулығы мықты екені көрініп тұр. <...> Алпысты алқымдаған апайлардың жүзінен мейірбандық төгіліп тұрса ғой, шіркін. Құдайымның да жаратуы қызық қой деп ойлады Санжар, елуге жете қоймаған мына Айгүлдің тырнағына дейін шуақ шашып тұрыпты да, Мүстән апайдың жанарында жылу жоқ-ау, жылу жоқ». Сөзге мұқият қарап, сүліктей сезіммен сылап жазу, сарабдал ойға бөлеп жазу — лирикалық-философиялық прозаның төл қасиеті. Мұндағы әрбір сөздің мазмұнға сай келуі, ырғақ пен үйлесімнің кезектесіп ләззатқа бөлеуі кез келген қалам шеберінің маңдайына жазыла кетпейді. Жоғарыда сөзімізді дәйектеу үшін келтірілген мысалдардың басым көпшілігінде аллегориялық мазмұн, символдық ишара жиі кездеседі. Меніңше, М.Байғұттың соңғы кітабы «Қорғансыз жүрек» деп тектен-тек аталмағанға ұқсайды. Өзі де бірде кітапқа ат қоюға келгенде ұзақ толғанатынын айтып қалды Мен тұспалымның дұрыс шыққанына қуанып кеттім. Иә, жазушы айтса-айтқандай, замананың, оның үстем көзқарасының алдында адам баласы қашан да қорғансыз. Жүрек қалауымен басқаның тіптен санасқысы келе бермейді. Жазушы М.Байғұт сол жолы осынау «қорғансыз адамдарды» құлай жақсы көретінін, содан да олар қаламына жиі ілінетінін жасырмады. Бұған қосарым, Махаңның тап осы пікірінде адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты өзінше пайымдаған күрделі диалектика қылаңытады. Шынында да, адам тағдырын жырлай отырып, қайбір қоғамның болмысына бойлауықша батып шығуға әбден болатын секілді. Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Санжар амалсыздан неміс тілінен сабақ беруге мәжбүр. Себебі, төрт жүз мыңдай халқы бар облыс орталығында қазақ мектебі екеу ғана... Сая да бір сөзінде «кәсіптік-техникалық училищеде қазақтың қайбір тәуір қызы оқыды деп неге секем алмайсыз осы», — деп қарап тұр. Мұнан шығатын қорытынды: адамның сол өзі өмір сүретін қоғамның бір бөлшегі екенін жалайырға жар салмастан-ақ көркем бағамдауға әбден болатыны. Психологиялық талдауға бейімділік дегеніміз — адам тұрмысының көңіл-күйіне әсер ететін жағын суреттеуге құмбылдық қой екшеп келгенде. «Мына дүниеге, жер жүзіне, Машат өңіріне осы екеуі жараспайды, бөтен-бөгде көрінеді, кірікпейді деп ашық айтатындар тағы жоқ. Қайта бұл екеуінсіз оң көпір мен сол көпір, алма бақ пен қыземшек түбек, марал кешкен машаттардың бойлары — бәрі түп-түгел тұл қалардай, әрине, мұны ешкім де ашық, адамдарға естіртіп айта қоймас. Тек іштей ғана мойындап, шын мәнінде солай екенін ұғынатындар, сезінетіндер, түсінетіндер жоқ емес. Ал, бір-біріне, екі-екісіне басқаша баяндап, аян етіп, айыптап бағатын». М.Байғұт өз кейіпкерлерінің жан әлемін түйсініп қана қоймай, бедерлі суреттеудің принциптерін түрлендіріп, кейде ішкі әлемін тіке суреттеуден де бой қашырады. Оны басқалардың көзімен беруге тырысады. Санжар мен Саяның арасындағы ендігі түсіністік сөзге емес би тіліне көшеді; «бір-біріне еркелей қарап, ендігі бір сәтте бір-біріне сағына ұмтылысып, жүгірісе жетіп, одан арыға бармай, бара алмай, билей жөнелетін <...> Ешқандай музыка әуенінсіз-ақ екеуі дөңгеленіп билеуден шаршамайтын. Екеуі үшін айналаның бәрі әуенге толып тұрар». Түптеп келгенде қайбір лириканың қайнар көзі эмоция, сезім. Адамның жанына жақын лириканың түп қазығы, әлеуметтік, моральдық, пәлсапалық құнары татсаң таңлайыңнан кетпейтін көңіл кұйінде, астаң-кестең бұрқақта, шырқау шамырқаныста.
«Сая Санжардың қолынан ұстап, иығына басын бір тигізіп қойды.
Осы бір қылығы Санжарды есінен тандыра жаздайтынға айналды».
Образдық қабаттың екінші бір қыры ұлттық танымда, ұлттық ойлау жүйесінде.
«Түбектің табанындағы марал қыз кешкен машатбұлақтың суына да сәуле жүгіріп үлгерді <...> Түбектің жарлауыттанған беткейіне тырмысып өскен өріктің түптүгел сарғайған жапырағы сау етіп бірден төгілді. Қия беткейдің қара шашындай аспанға шаншылған қара бұтақтар бүкіл өмірге мұң төкті. Сары орамалын әп-сәтте біреу сыпырып ала қойған сияқтанады». Осындағы пейзаж да, тебіреніс те, өрік те, қара шашты қия беткей де, сары орамал да басқамен шатыстыруға күштеп көндіре алмайтын қазақы ұғым. Шырқау мен шырлау шынымен-ақ бойды ерітіп барады. Сонда бұл не? «МҮМКІН махаббат болар бұлардікі. МҮМКІН, бұлар бала махаббатты бастан кешпеген бейбақтар болар. Кешпеген болса, кешігіп келіп жеткен махаббатқа бұлар кінәлі ме? Кінәлі ме, кінәсіз бе? Кім айта алар оны?» Жанды жай таптырмаған жойқын қуаттың қуанышы тым қысқа. Қайғысы қай ғұмырға да жетерліктей. Сіз неге Санжармен бірге шарқ ұрып Саяны іздейсіз, ал Саяны неге жасқаншақ немесе тұрақсыз деп кінәлай алмайсыз. Іштей елжірейсіз, ортақтасасыз. Иә, сүйіспеншілік — ғұмырдың мәңгілік категориясы. Міне, бар пәлсапа! Өнер мұраты — енеге. Өнеге қайсы; өткінші ме, езгеше ме? Байқаңыз: «Осылайша отырудан екеуі де жалықпайтынын сездіріп алды. Екеуі де бір мезетте солай ойлаған сияқты еді. Солай ойлағандарына дейін бірдей сезіп, бірдей біліп қойғандарына қатты ұялып, екеуі екі жақта қызарып сала берді. Екеуі де ыңғайсызданып, төмен қарады. <...> Түні бойы сол жымиыспен жылынып шықты. <...> Осыны айтқан Санжар иығына Саяның самай шашы тиіп кеткеніне шаттанамын деп арғы жағын айта алмай, ұмытып қалды-ау, қып-қызыл болып, боз баладан бетер ұялыс тапты. <...> Көпке дейін үн-түнсіз, әрқайсысы өз ойымен өзі, әлде бір-бірімен іштей тілдесе ме, өздеріне ғана аян-ды.
— Менен он бір жас кіші екенсіз, — деді бұл.
— Бағаналы бері үндемегендегі ойлап тапқаныңыз осы ма?» — деді қыз <...> Бір-бірінің кім екенін, арғыбергі тарихтары мен тағдырларын ешқандай санаусыз да, сұраусыз, ағынан жарыла ақтарысып айтып та тастаған. Ештеңесін де бүкпей, бұлыңғырламай әңгімеледі екеуі де.
Түн ортасы ауған шақта бір-бірін қимай қоштасты. <...> Екеуінің таң атар-атпаста, елең-алаң мезетте, бір мезгілде, бірдей дерлік, кенет оянып кеткенін ешкім де білмейді. Білгенмен сенбейді. Сенгенмен дәлелдеп, дәйектеп, себеп-салдарын саралап, түсіндіру мүмкін емес <...> Бір-біріне еркелей қарап, енді бір сәтте бір-біріне сағына ұмтылысып, жүгірісе жетігі, одан арыға бармай, бара алмай, билей жөнелетін. Керісінше, осындағы адамдардың нағыз шынайы сезімділері, ерін тигізіп, емеурін білдірумен ғана тынып, одан арыға бармай, бара алмай, би алаңынан аттап өте алмай жүрген бейбақтар осы екеуі шығар, кім біледі. <...> Құстай ұшып келгенімен, асығып жеткенімен, сағыныса табысқандай көрінгенімен, бір-бірінің саусақтарын ғана сипап тынады. Бір-біріне сөйтіп жүріп-ақ аймалай қарап, еркелей алыстап бара жатады. <...> Басы ауырып, айналғандай тәлтіректеп кетті. Сая шыдай алмай, жүгіріп жетті. Қолынан ұстады, кеудесіне мұрнының ұшын ғана тигізіп қойды. Сонысының өзінен тоят тауып, қайтадан өңінен түсіне ауып, аяңдап кете барды. Сая алақандарын бір-бірінің үстіне қабаттап қойып, екі қолын да мұның иығына асып, екеуі қатар аяңдап келеді <...> Бірақ, енді қанша уақыт бірге жүрер. Бұл кұндер де бұл-бұл ұшып өтер де кетер. Бір сағат, бір минут болса да бірге жұріп, бірге күліп қалсын да бейбақтар <...> Бірі жатып, бірі отырып, саусақтарының ұшымен ғана ұғысып, жаңбыр үніне құлақ түріп, әлсін-әлсін әңгіме айтып, таңның атып келе жатқанын да білмей қалды. Тәжірибесіз, түк көрмеген, түк білмейтін, бастарынан ештеңе өткермеген бала махаббат иелеріндей толқып-қорқып, дірілдеп қалтырап, жүректері тарсылдай соғып, тоңып, таң қараңғысында екеуі қатар отырып, бір-біріне қарасты тағы <...>
— Қараңғыда қалай көріп отырсың?! — деді Санжар.
— Сезіп отырмын, түк те көріп отырғаным жоқ».
Өңештемей қоя қойсақ болмай ма, өнегесі тұнып тұрған өңкей келісім осы-ақ болар! Кітаптан кітапқа ауысқан сайын кемел тарту, соныға меңзеу, шеберлік ұштау — қайбір қаламгердің қабырғасын қайыстыратын қатпар үмітті, қат күдікті қиямет-қайым тірлік. Көркемдіктің астарында шынайы шеберлікті уысында мықтап ұстаудың азабы мен ауырын қатар арқалап дітінен шығу да ерлік емес пе? «Машаттағы махаббат» секілді ғазал дүниені жазып шығу Махаңның кәдуілгі ерлігінің бірі деп есептегенмен, оның қаншалықты қымбатқа түскенін әуелі Тәңірім, сонан соң «толғақ иесі» білер. Қиындығы сол, осы күні ғашықтық тақырыбына әркім де батыл, тіпті мұндай топан дүниелерден тоқмейіл тарта бастағанымыз ешбір құпия емес. Ал Мархабат Байғұттың «сиқырлы таяқшасы» дем берген «Машаттағы махаббат» — оқылықты дүние. Түйін сол, қалам құдіреті сыртқы жарқылында, демек сөз ойната білуде емес, кісіні баурап алатын, әммеге түсінікті мазмұн қарапайымдылығында.
ІV. МЫҢ ИІРІМ
Жанр таңдау, онда да өзіңнің табиғи талантыңа жарасарлық жанр табу қиын-ақ.
Төлеген Тоқбергенов
Мақамға мала салған Марқа ағама байсал қонған Сөз дертінің сапалық категориясына — құмбыл құнт-құштарына, ыждағатты мағына-маһиятына ауысалық.
Мақам — Машық — Стиль.
Мақамгөй Махаңды қалай мадақтамақ жөнге жанасар екен?!
Мархабат Байғұт модернист те, әлдебір айтулы ағымның, айталық лирикалық қара сөз жанрының тұсауын кескен батагөйі де емес... Маңғаз жұрттың аузынан тастамайтын «Стиль — мінез» (Стендаль), яки «Стиль — адам» (Бюффо) теориясын қапысыз қаққан жазушы Байғұт машық алған, мақам қалқыған сөз шебері. Марал кешкен машат суынан сімірген Мархабат мейір қандыратын мөп-мөлдір әңгіме-һикаяттың селт еткізерлік шынайы сергек суреткері. Мәселен, дүбәра космополиттің, бүгінгі дүмбілез тасқынның тасасынан көріне бермейтін ұлық мағыналы ұлттықтаным категориясын алалық. Мақам-машықты түгелімен осыған телісек, Махаңның «том-том романмен өлшенбейтін бір құдіретті суреткерлік шеберлігі» (Т.Тоқбергенов) аузымыздың дәмін келтіре бермек. Мақамға — ойлау һәм ғұмыр кешу машығына жүгіре беретініміз, жүгіне беретініміз: «Адам — күллі зат атаулының өлшемі» (Протагор). Мәніс-машықты тіршілік шіркін өздігінен ойлана алмайды, тек адамның бойына көшкенде тәнді-жанды, мән-мағыналы күйге ауыспақ. Махаң міне осыны, яғни жанды-ойлы сезімтал Сөз мүсінін, «әулие-әңгіме» жанрын айнымай тапқан, сөз ұстартып, өнер шашқан мінезді қаламгер. Мәуесін татса, мақтауға іліксе — өз еңбегі. Маңлайының теріне татығаны... Мынау кешегі-бүгінгі алмағайыпта мыңқ етпеген: мадақыға бүлінбеген, мазақыға мүдірмеген; мұғдарынан маң ауып ғайып-тайып мұң ембеген; мың сәулелі — бір әурелі Махаңның мақам өрнегі жүз ұялтады. Мақамының әуелгі мұғжиза-кереметі жұртқа етене қарапайымдылығында. Мұны Тоқбергеновшілесек: «Қарапайым шындық дегенді тым жұпыны ұғынатындар бар. Ал, тереңірек ойлап қарасақ, қарапайым шындық дегеніміз күнделікті тіршіліктің өзі. Өз басымыздағы жәйттерге біз әрқашан зер сала бермейміз. Сол жәйттерді суреткер қаламынан туған шығармадан оқып-білгенде кезінде елеусіз өткеріп алғанымызға жатып көп өкінеміз». Мойны оқ ілгері жазушы М.Байғұт қай әңгімесінде болмасын тіршілік атаулыны қаз-қалпында қарыштайды. Мәнді-мәнсізге, яки ақ-қараға жіктөп әлек кешпөйтін бір сезімтал. Мүйіздей мінегеннің өзінде мазаққа жүгірмейтін, әзілін әлемештейтін бір мәрт. Мақтамен бауыздауға төселген, тағы Тоқбергеновшілесек: «Тіл жұтаңдығын, тіл тапшылығын қарапайым деп түсіндіру өнерге жасалатын қиянат. Біздіңше, суреткерде ыстық-суығы, нақыш-нақысы, бояу-реңкі тоғысатын нағыз көркем тіл болуға керек...» Мінсіз шебер Мархабат тілді-ойлы деталь ойнатқанда деміңізді ішіңізге қайырады. Мәселен «Ақ шымылдық» һикаяты: «Күн күлтілдеп ісініп шықты» деп басталғаннан-ақ қылпыөзегіңізді қыбыр еткізбес. Меңзегені сюжеттің қаңқасы: әңкі-тәңкі әбігергө қаласыз, шарқ ұрып ойланасыз, шым-шымдап сіңісесіз — қилы күйге мойын бұра бересіз. Мәрт өзі, күшті бастайтын Н. А. Буниннен мына қазақтың несі кем деп қоялық — бұған кейіндеу қайта оралармыз... Мәрттің қарадай үйір қарапайымдылығына үңілген ғұрлым тұнығына тұщына береміз. Машақатыңа татитыны құры ділмәрсімей ой динамикасын ширатқан мән-мағына қалқып алуда; жанның жықпыл-қалтарыстарына таным сабылтуда; жұмырың жадырап тоғайғанда «уһ» деп бой жеңілейтіп дем қайыруда. Мағынаға майыса кететін Махаң кейіпкерлері өзі тектес: біртоға, суырыла бермейді, шашып-төгілмейді, жығылған жамбасынан тұрмайтын аздап қыңыр; ойыңда қап қоятын, қатпар үміт оқшау жандар, алпыс үшінші жылғы махаббаттар... Махаң танып — түстесе, неге екенін қайдам, қыз алдында ебедейсіз һәм естілеу, қазақи аңғал һәм ақжарқын. Мәселен, қырқылжың қырықтағы Санжар («Машаттағы махаббат»): «Мен кейде өңімнен түсімді жақсы көремін десем сенесің бе, сенесің бе?», — деп өзеурегенде күлкіңді келтіреді. Махаң кейіптеген махаббат серілері: «Коммунизмге Құдайдай, ал махаббат дегенге Құдайдан бетер сенетінбіз», — деп бетіңе қарап міз бақпайды (Ауыл әңгімелері. «Қайнар», А. 2004, 82-бет). Мінез қалай да бүгіп қалмайтын бүкпесіз құлығымен сөзінде, ісінде, болмысында көшіп жүре беретін, күштеуге өлсе көнбейтін тіршілік құбылысы. Меселіңді қайтармайтын Махаңдай мықты қарапайымын дәмдеп-демдеп көңіл-күйіңді ұштайды. Мазмұндау шеберінің көркемдік сонарындағы жан баурайтын айшықтары Қазақ әдебиетіндегі XX ғасырдың алпысыншы жылдарындағы пәлсапалық лириканың асқақ мәнері. Махаңды дәстүршіл һәм дәстүрді дамытқан демегіміздің бұл себеп-салдары. Майталман қарасөз шебері қазақ әңгіме-һикаяттарының сезімталдығын ілгері бастырды; М.Байғұтқа тән қайталанбайтын қолтаңба қалыптады. Мықшия жүріп, миығынан күліп мақамын таптаған хас суреткер Махаңның әрбір сөзге, жеке сөйлемге қазымырша шұқшиып мағына кеулейтіні соншалық, тініне ентелей ұмтыларлық олар ешқашан селтиіп бос тұрмайды. Мұны ешкім тап Махаңша қайталай бермесіне, мұқым шеберлікке сендіре алмасына бәс тігулі жүрген жайымыздан енді хабардарсыз... Мархабат Байғұттың сөз саптауынан-ақ кұнделікті тірлігімен әлек «қорғансыз пенденің» тағдыры көлденең тартатын тәш-пүшімен ұштасып қалып жүреміз. Марқа ағамның сөз ойнатқан қақпақылдан гөрі, қанша мақтағанмен бәрібір неоромантик-реалист, жан жықпылына бойлай енетін ерен ептілігі-ай! Мағұрдың қолынан шыққан сөз бояуға батыңқы әуен-әуезімен, сарғалдақ сезімімен, мейірімшіл-міншіл жан ырғағымен — мінез шынайылығымен қымбат. Мақамгөй Махаң ауылшыл ғұмыржасымен шетқақпай-шерге ұшынып жағрапияшыл әлдекімнің кәріне ұрынып, ілініп-салынып, әйтеуір, кеуде қатарында ауыздан түспей келеді. Мақтаса да, даттаса да қарауылға дөп һәм әуал ілінеді. Мұны мағишатбоз Махаңның өзі тамсана беретін кәдуілгі өмір шындығы делік. Мәртебелі мақам шындығын тарата қалсақ майталман дейміз; өйткені, мың саққа құбылтқанымызбен әңгіме-һикаяттарымен һақ жазушы (атақ-қызметін санамалаған жоқпыз, мүлде елеусіз қалдырдық) М.Байғұт қазақ лирикалық прозасының табалдырығынан аттағаннан есте қалған, тарихына енген, шеберліктен жан аямаған. Мақамға малынған Махаңның құлақ күйі келісті лирикасын — шеберлік машығын талдағанда, ілгері жүріп аңғаратын мәселеге назар жығалық: қазақи сөз шеберінің шығармашылық зертханасына үңілгенде орыстың озық пәлсапалық-лирикалық проза үрдісі мен кеңестік «деревенская проза» үлгісіне дереу жармаса кетеміз. Мұнымен баяғыша қазақты орыс классигінің «кеңқолтық көлеңкесіне» қуып тығып нарғасқа Нарағамды «қазақтың Феті», марғасқа Махаңды «қазақ Бунині» дегеннен нені ұтпақпыз?! Мәләдес, Перне жеңешем, бір барғанымда ғадеттегідей ақтарыла отырып, жұртқа: «Мені кім деп жүрсіндер, осы әліммен нарғасқа Нармаханның бәйбішесімін, марғасқа Мархабаттың әпкесімін!» дел айтып жүрмін», — деді. Мәз-мейрам күлістік, есіне әлдене түсті ме ұрттап отырған шәйін қоя салып: «Енді сарғасқа Сахабаттың жеңгесімін!» — деп жалғастырды сөзін. Мырс етіп шашала жаздадым. Маған, әлбетте, алдымда «Назмгөй нақыш Нарағам», «Мизан-мақамат Марқа ағам» жүргені жақсы; жазған балаға анда-санда болмасын еркелетіп тұратын біреулер керек қой.. Мөп-мөлдір мизан әңгімелерінің мөлиген астарына жегіле түсейік. Мұхтарам қарасөзшінің лирикаға қайым кейіпкерлері, күнге керілген көбелек қанатындай мыңсайрам тіні кісілікке жанасады; әңгімеші һәм кейіпкер Махаңның жұптап, әсерлеп бастауға бойы үйірлігін талайдан айтып келеміз. Мұны дара шығармашылықтың жан ғазабымен жете таныс марқалар да айтып көрсін. Мәселен, көпке ортақ И.А. Бунин: «Мен жазуға қалай отырамын дейсіз бе? Көбіне ойламаған тұстан. Өз басым әлденеге мұңайып әлде қуанып толқығанда, жалқы бір пенденің жан дүниесімен бетпе-бет қалғанда жазуға тәуекел етемін. Бұл, әрине, басы ғана. Идея піспей тұрғанда шығарманың жалпы мән-мазмұнына бойымды түгел билетемін. Қалай аяқтарымды сірә болжаған емеспін.
Иә, бастапқы сөйлемге барымды саламын».
Мәшһүрлерден Марқа ағамның несі кім! Мәселеге осы тұрғыдан жанасқанда мүлт түсіп жатамыз, «көрмедік» деп кеңкілдей күліп күмілжиміз. Мығым қазақ М.Байғұттың нағашы-жиендігі, яки құдандалдағы жоқ И.Бунинді танығаны күні кеше; 80-жылдардың аясында «қайта құруға» дейін эмигрант жазушының кітабын қайсыңыз қолға ұстап, парақтап көрдіңіз? Мойындасақ, мынаны мойындалық: таныс-біліс жүрмей-ақ, бүйрек бұрмай-ақ, өз түйтесінен жазбай хас шеберліктің мақамына жеткен қарадай бейнеткеш. Мүлт жібермес Махаң ілтипат танып мөлдір әңгіменің Жүсіпбек, Бейімбет, Тәкең, Асқар т.б. сынды хас шебер ағаларын, өз тұстастарын қадағалап оқыған; мейірі қанған, әлдеқайсысын пір тұтқан, «Тылсым Тәкеңге» бейіл қойған. Мәужір басы Қарауылбек, Нәсіреддин көкелерінің қадымынан қалмайын деп құлдыраңдап есейген. Махаң көркемсөзге зор дайындықпен келгенге дейін көсемсөздің майын ішті, «орысшаны тәуір білетін қазақ журналисі» болмаққа аудармаға машықтанды, ауылы мен Шымқаланың арасына бала-шағаны сағынып жұма күні кештете автобусқа қарғып мінсе, дүйсенбінің алагеуімінде жұмысына жете құлай ырғып түсті. Машақатын бір кісідей шекті, «уран ұрған» бет-маңдайына тұрмыс тауқыметі қосыла майда сызықты әжім қабаттады. Мойымады, жеңешемнің жанкештілігімен әрең қолдары жеткен; өздері соққан, бұл күнде желқұзға мүжіліп жапырайған шифрлы тамын жұртқа ұқсап пұлдап сатып та жібермеді. Мауһын басқалы қолы қалт еткенде барып тұрады. Мақамсаз қазақ прозасы XX ғасырдың 60-жылдарынан бергіде кеңестік әсіреотаншыл қасаң жұмысшыдан іштей жерініп, жан-дүниесінің жықпылына бет бұрғанда нағыз қазақы мінезін жазбай танып, өзгелермен иық теңестірді. Мұрнын сыйпалап, шөлдесе қос бөтелке сырадан артығын сұрамайтын «Тылсым Тәкеңге» үйір жүрді; ағасының жөні бөлек, астанаға сыймаса Шымқалаға, Созағына ат басын бұрып тұрғаны қандай жақсы... Махаң өзі: «әңгіме дейтін әулие жанр туралы толғанысқа түсе қалған сәттерде де, тіпті кез келген бір жазбагердің әңгімесін қолға аларда да ойымызға Тәкең Әлімқұлұлының оралатыны рас», — дел бір мойындап Тәкең ұстазының әңгіме жанры турасындағы теңдесі жоқ толғаныстарын ұзақ-сонар таратады. («Аңсар». Тылсым Тәкең. 6-14 бет). Махаңның жазу машығын зерделегенде хас шебердің бар жақсысы тылсым һәм тұнық ойлы Тәкең ағасынан жұққан, бой түзеген-ау дей беремін; өйткені, Махаңның алдында Тәкеңнің мұрнын сыйпалап, сыра сораптағанын, Төлеген көкемнің қырылдап-қылғынып ашу шақырғанын, Асқардың темекі түтінінөн шеңбер таратып, күлін жұртқа ұқсамай иығынан асырып артқа лақтырарын өзімше айнытпай салғанымда көзі жұмылып күледі, тәйт деп жекімейді. Мені «қайтеді, қайтеді, қане қайталашы!» деп екілендіре түседі. Махаңның сөз арасында өзі байқамай мұрнының ұшын сыйпап қоятыны осы Тәкең ағасынан сәл-пәл қолтаңбасы айнып жұғысқан: Тәкең молдау сүртетін, Махан ұшынан аспайды. Мәшһүр И.А.Бунин жастай өлең жаза жүріп күйлісазды қарасөзге ден қойған: «...Пенденің жан дүниесіне үңіле түскен жазушылар көбіне реализм мен романтизмнің синтезіне жолыға береді, олардың поэтикасында тұспал, аллегория, романтикалық образ жүйесі; жеке танымның лирикалық бояуын қалыңдату орын алған. Олар прозада қалам тартқанымен кіші жанрлық һикая, әңгіме, очерк формаларына әуес. Мұның салдарынан аталмыш жанр кеңінен танылды». Мұнан тыс Бунин өзінің алдындағы А.П.Чехов қолтаңбасына тән қилы формалық ізденістің нәтижесінде күрт өскен үлкен ақындығын мойындауға әдеби сынның мойны қалай жар бермегеніне таңырқайды. Махаң да әңгіме-һикаят жанрының Қазақ топырағында алдына ешкімді оздыра бермейтін ең бір ауылқұмар, ақынжанды қарасөз шебері. Мақұл-ақ, үйренбек ләзім — әркімнің басынан өткен; бәрібір, өз айтарың болмаса, мынау жалған фәни мен оның жолаушыларын (пенде) өз пайымыңа сүйеніп жіті танымасаң, жұртты сөзіңе иландырмасаң «ақ қағазға обал жасар жазғыш болмай-ақ қой!» — дейді міншіл, майталман Махаң. Мұның баршасы керекті, нәпақа бұйырған қоғамға шақталған уақыт шапанынан қол-аяғы шығып қала беретін, тар өлшемге сыйыспайтын адами болмыс бояулары:
Мағыналы категория.
Мәдени ұғым.
Мәрт ұлттың арлы намысы!
Мақамгөй Махаңа тәнті көңіліміз көкірек көзі қарақтының алдынан жолықсын. Марқа ағам Джек Лондонның «О писательской философии жизни» мақаласына арқау еткен: «Тек озығын, тек мәндісін оқыңыз. ұнамағанын бастап қойғаныңызға қарамай кері ысырудан қаймықпаңыз», — деуін өзі де ескертеді (Аңсар. 6-бет). Махаң үндемей, қолымен желкесін қаси берсе Тәкең көкесінің: «Ұялмас бетке талмас жақ береді деген, көп сөзділерді ұнатпаймын. Позитивизм мен тіл пәлсапасының дүріндей Витгенштейн үнсіз сөйлесетіндер туралы жазған» дегенін жадына тұтқаны, өнеге санағаны, ауыздан шығар көп сөздің көркемдігіне мән бергені. Мәнді кісілігі. Махаңды өз сөзімен қайырсақ: «Қазақ әңгімесін Мархабатсыз, Мархабатты қазақ әңгімесінсіз елестете, түсініп-түйсіне алмасыңыз һақ» дегіміз-ақ келгені. Мұның қалай, тым шырқатып жібердің-ау жазған бала дерсіз. Мәнісін аңғартайық: шұбыртпалы сылдыры, бәтуасыз баяны жоқ ширақ та шымыр бірер сөйлеммен таң-тамаша қалдырып тындыра қояды. Махаңның тылсымгөй ағасына таңданысынан әдейіге үзіп-жұлқыдық. Мықтыны дөп танып жатса, сол өзі де қайдан осал шықсын! Молырақ көсілген «Асқар аңсарында» машықгөй Махаң стиль сүлейі — Сүлейменовке сүріне береді: «Оны оқып-тану, зерттеп қану ғана жетіспей түр. Себеп: лингвистикалық прозаның теңдессіз үлгісінде, тосын түрінде, тың термесінде зерленген дүниелік жеңіл ұғылып, желпі зерделенер калька емес». Марқа ағам Қарауылбек көкесіне мұң шаққандай өзі де: «жасандылыққа жол бермей, табиғи тазалықты жырлап, текті талантқа ғана тән, адамзат көркем ойының көкжиегін көре алатындай көрегендік танытқан» (Аңсар. Қарауылбек рухымен сырласу. 43-бет) Махаңның «Айнала-төңірегіне нұрлы шуағын шашыратып, үн-түнсіз ғана тәлім деп тәрбиелей білетін Нәкеңдейін (Нәсіреддин Сералиев) ағасына ықыласілтипаты бөлектігін де аңғарып қала береміз. Марқа ағам Тәкеңдей текті көкесінің «ерке болмыс тәуелсіздігіне» қатты құлағанымен өзі қалыптан шыға бермейтін жүріс-тұрысынан айнымаған; Нәкең ағасындай үн-түнсіз тәрбиелей жүреді. Мұны түсінсең тәлім қаққаның; танып-түстемесең бірер әзілдеп мысқыл миығына көшкен жанары жаутаңдар. Менің үн-түнсіз ұғысқан, жалбақтауға жаным қас жүріс-тұрысым, орысшылдау көрінген қайырым-қағытпаларым, жапондарша адамды сүйегінен, бет-әлпетінен оқитын Шығыстық қабілетім осы жолы кәдеге шындап жараса дер едім...
Кімде-кім адамзат әлеміне ұлт адамы ретінде ғана енбек. Ұлт адамы — ұлттық қаны бар, дербес бояу-болмысы бар ұғым.
Николай Бердяев
Ауылды Аламанға қиқу қосқан қалада жатқанымыз бар. Ауылда жүріп анық аңқамыз кепкеніміз бар таласатармаса жаздық. Айталық, сәбеттік әдебиетте онталогиялық (қарабайыр пәлсапа) деп аталған ағым қалыптасқанда оны ақтап-жақтайтындар мен терістейтіндер дау-дамайға білек түріп қызу кіріскен еді. Алқымдай түссек, ХІХ-ХХ ғасырлар айырығында Ресей империясы халқының 90 пайызына жуық шаруамұжығы орыс халқының синонимі саналатын. Ақырындап қалаға жылыстаған — аттандаған деревнямен XX ғасырдың 60-жылдарында барып әрең бой теңестірген қала халқы астамсый түсті, 80-жылдары деревня жұрты елдің 30-25 пайызы төңірегіне төмен сырғыды. Алақайлаған санақшылар XX ғасыр аяғында село тұрғынын күллі халықтың 10 пайызынан асырмасқа алақандарын ысқылай берген. Алапат кешті тоқтата алмасына кезі жете бастаған орыс жазушыларының деревняда туып-өскендері енді ере қарсы тұрды. Айтулы ағымның алғышарты, әлеуметтік-қоғамдық анық-танық мінездемесі міне осындай! Ақыры, жаңаның басы — Валентин Овечкиннің «Районные будни» һикаятының бірінші бөлімі «Новый мир» журналының 1952-жылдың қыркүйегіндегі санында жарық көрген. Ауыр балалығын соғыс жылдары орыс деревнясында өткергендер көңіл-күйге беріліп жартылай аш-жалаңаш күндерін күңірене еске алатын, адами құндылықты деревня адамдарының қарым-қатынас құнарынан жатпай-тұрмай іздестіретін. Айпыр-ай дерсіз, азуы алты қарыс марксист-оппозиционер Плеханов кезінде: «Адамның табиғатпен күнделікті қарым-қатынасын урбанизация (қала мәдениеті) шылпара бұзады әлі», — деп күрсініпті. Айтыс-тартыс қызып кеп берісімен жұлқынған жұмысшыл әдебиеттің өкілдері деревняшылдарға «бесконфликтная теория» (ымырашыл) деген бөстекі қоңырау тақты. Айғыр кісінес ауылды қоғам өмірінен, әдебиеттен аластаудың таптырмайтын амалына қалқанға жарады. Алдымен Алтынсарин, Аймауытов, Әуезов, Майлин, Мүсірепов, Мұстафин аталатын Қазақ әңгімесі жанрының әрін ашқан, бағын желпіндірген қаламгерлер әлһамшүкір. Айта береміз өзін, Тоқбергеновшілесек: «Күнгейдегі сергек суреткердің тарлан ашқан төлбасы — Тәкең Әлімқұлұлы». Алаштың қаймағын сыпырып аяққа таптадыққа сайып қызара бөрткен соцреализмді алғаш есеңгіреткен алпысыншыжылдықтар. Асылдың жұқанасымын дер Тәкең Әлімқұлов, айсберг Асқар Сүлейменов, жырау-сыншы Төлеген Тоқбергенов мәшһүр Қаратау қазынасының хас жүйріктері. Ағалыққа мейлінше жараған, жассың деп жан баласына өктемсімейтін Тәкең ауылдың тұрмысын көркем тілімен қызықты әңгімелеп, мінез-құлқын дөп басып, дәнін құнарға шашқан. Алғыр, ақжелең лирикалық форманың астарында ауылдың адами табиғи бояу-болмысы ағараңдаған ғұрлым құйтырқы әлеуметтік-шаруашылық кеңестік фактор жылыстай шегіне-шегіне келмеске кетті. Алпысыншы жылдардың қаламгерлері алдамшы адамшылықты бетперде тұтқан соцреализм машығынан қол үзген ғұрлым үстемдікке үйренген мәдени фактордым сұры тартылып, ызасы бетіне тепсіді. Аласапыран мен алмағайып кешкендер қарап қалмаған: жан алысып — жан беріскен. Аңыраған қанасын кемел социализм дәуірінде жоқтағандарды, азынаған ақырамыштың өтінде дірдек қаққан дәстүрлі мәдениет жаршыларын кім аясын! Аюдың тырнағына іліккендерді — тарихи прозадағы Есенберлин, Мағауин; лирикалық прозадағы Әлімқұлов, Сүлейменовтің тағдыры; оларды тұрмыс ылаңы, қиыннан құрастырылған айла-шарғы аяғынан шала берді. Ажалына ерте асыққан Қарауылбек, Нәсіреддинді шалқасынан түсірген облыстағы Болтенко тектес бозөкпе кеңес идеологтары. Ауылқұмар Махаңа әліге кеңінен танылмағаны себеп болды ма, әйтеуір жаны аман қалды. Апырақтап барған обкомда он айдан артыққа шыдамады... Айқасқа түскен Тәкең, Асқар, Мағауин оқу-тоқуы ешкімнен кем түспегенімен Олжас, Әнуар һәм баскалары сынды орысша жазбады, әлемдік аренаға тыраштанбады. Ар-намыстары жібермегені болмаса, оларды орысша жаза алмайды деу бос долбар. Аңғалдау кезімізде Талас Әсемқұлов екеуміздің арамызда, қатар оқимыз, сырласып қаламыз дегендей, бір әңгіме өтті:
— Апыр-ай, — дейді досым. — Мұхаңның білмейтіні-оқымаОтыны жоқ, орысша оқымайды десем модернистерді жатқа соғады өзі, таңым бар...
Ақыры мені орысшылсың деп Төкең ауылға қуып тықты. Анда-санда Мұхаңа сәлем бергелі кірсем: «Мұнда неғып жүрсің, тезірек ауылыңа қайт!» деп мұртынан шаншылады.
Ағаларымның қамқор ақылына мін таға алмаймын.
Айтпағымыз Аңқасы құрғап кепкен Ақжелеңнің бірі Ауыл баласы Мархабат Байғұт Ауылдың әлеуметтік-психологиялық ахуалынан қанша сілкілегенмен мәндіөзегі ажырамайтын жуасқиқардың ата мен бала арасындағы мына жауаптасуына қараңыз.
— Ауылды тым жоғары бағалайсыз...
— Қателігіңіз осында демексің ғой?
— Бәлкім, артықшылығыңыз шығар (Әдебиет пәнінің періштесі. «Жібек жолы», Ш., 1999, 30-бет).
Анығының өзі осы, мұны тәптіштеу тым артық...
Ауылшыл Махаң осынысына бола аз таяқ жемепті. Ауылда агроном, яки ауылсәбет болмаған Марқа ағамдікі не жорық өзі?! Агроном да, ауыл әкімі де болған Сарманбай Исақ, інісі жүр ғой әне, ғарышқа көзін тігіп фантастикасын жазып... Алматыдан жырақта сөз өнеріне ұшынып, одан-бұдан тірнектеп заманауи әдебиеттен хабардар жүрмек, шаң қауып қалмау қаншама ықырар — ыждағатыңды ышқырына қыстыра кетеді. Айға атылмайтын аяншақпыз; Махаң ер жасы елуіне толғанда «ауылда қалып қойғансың» деп бір досы жазды, екіншісі Түркібасы елі жайған мол дастарханда сөз алғанда айтты. Арыстан Шерағаң соңғысында шыдамай «эй!» деп шешеннің сөзін бөлді, айбатын шегіп жөнге сілтеді. Ауыл баласы өз көргенін өтірік араластырмай әсерлі жазса алдынан жарылқасын деуге ерніміз жуыспай қала беретіні-ай...Ал «М.Байғұт — ауыл жыршысы» дегенде абайлап жеткерер сүйсінісіміз бар. Алғаш айтқан біз емес, беріден салғанның өзінде Павлодар университетінің аға оқытушысы Б.Ысқақ қарындасымыз. Алпысыншы жылдардың бозбаласы, алдыңғы ағаларына қарап бой түзеген «ауылшыл» М.Байғұт сәннен қалды, оны енді ешкім оқымайды дейтіндердікі не жорық?! Аптықпайық, рок музыкадан есеңгіреп жөнге құлағанымызда «айһай, Шәмшінің әндері-ай!» деп ұмытқанымызды қайта есімізге түсірдік емес пе... Ал, ендеше Тәкең, Асқар, Қарауылбек, Нәсіреддин, Дулат, Қалихан, Сайын, Оралхан, Мархабат, Дидахмет, т.б. әңгімелеріне аман жүрсек бірде ұмытып, бәрібір қайта-қайта ораларымызға кәміл сеніңіздер. Айтқандай былтыр ғана «Қайнар» баспасынан жарық көрген кезекті кітабы «Ауыл әңгімелері» нәмін иеленіпті. Аядай ауылы — Таупістеліні төңіректей жүріп сонша жаза беретіндей не бар... Арғы жағын қайдам алақандай жер пұшпағы — қазақ арасында Махаңды танымайтын жұрт кемде-кем. Ауылшыл Махаң жәй жазбайды, үстіне ентелей түсе жаздайды.
Айтпағымыздың дені осында... «Ауыл әңгімелерінің» бетін ашқаннан көзіміз сүрінді: «Қойдың кезегі екі айда бір келсе де, Тұрсынбек азар да безер. Өзі колхозда «разнырабош». Негізгі мамандығы — маяшы. Бас маяшы десе де болады...
Ал өзге уақытта — «разнырабош» (Жалбыздының жағасында, 5-бет). Ал, керек болса, өз малын кезегінде бағуға тыраштанған кешегі кеңестік ауыл жұмысшысының кекірттігіне қараңыз. Аштан өлтірмейтін, көштен қалдырмайтын өкіметтің берік дәстүрге енген мәдени көңіл-күйі. Арылып болған да жоқпыз әліге. Анық па анық, етене ме етене, көзтаныс па көзтаныс, ендеше осыдан асқан қоғамдық сананың қандай қарапайым шындығы керек?! «Арысбайдың ауылы» үштағаны бұл жолы қайта тарапты. «Айып» әңгімесінде, сол үштағанның ең сүйектісі, қазағы мол баяғы кеңестік ауыл. Алайда мінегіш Махаңнан басқасының түкпен ісі жоқ, мәз-мәйрам жүріп жатыр. Автордың алаңы не сонша? Айталық... Арысбай ақсақалдың өз белінен жараған жүгермегін жөнге салмаққа сабаймын деп бір-ақ күнде қып-қызыл дауға басы шатылған. Ауылдық кеңестің кеңсесіне шақыртып алған арық лейтенант заңның айтуымен өзін соттамақшы. Арызданушы қолхат түсіріп басын әрең арашалады. Ала келген бес жүз сомынан он бес сом айыппұл төлеп шықты. Ақсақалдың сүйегін жасытқан арық лейтенанттар жасасын деп жүре береміз-ау, сонда шамасы...
Авторлық ремаркаға назар жығалық:
«Автобус тоқтағанда ауыл адамдарының бәрі дерлік қадалып отырады ғой.
— Арысбай зауытқа ауысқан ба?
— Сырттай оқуға түскен шығар?
— Кешкі оқуға кірген шығар? — десіп мырс-мырс күліскен.
— Қамап қойыпты деп жүр еді.
— Кеше ақша сұрап жүрген — бірдеңе беріп құтылған екен де, — десіп болжам жасағандар да болған.
Кемер ауылында мұндай сөздер айтыла береді. Ауыл болған соң ондай әңгімелер айтылмай тұра ала ма? Айып емес, әрине. Айып емес...» Ащы шындық, ащы мысқыл. Айтпасыңа әддіңді қалдырмайтыны — Кемер ауылында ғана емес кез келген қазақ ауылында ұшырасатын ақиқат. Адам баласына қамқоршыл сәбет мәдениеті клуб та, аурухана да салды, болмашыға тәйтіксің деп түрмеге тоғытты. Абайламайсың, заңды сыйламайсың деп атаның сақалына жармастырды... Алдамшы мәдениеттің сыйқы осы! Ақкөз, удай мысқылынан басқа пәрмені һәм дәрмені жоқ Махаң қоғам дертін дөп басқан, сары шиқанын сығып қалған. Алдамшы мәдениет деревнясын дәстүрінен жұрдай қалдырғанына ширыққан Василий Шукшин өз прозасындағы драматизм шиеленісін, сарказм уытын шып-шып сыққанда шапалақтаудан аянбай «бәсе, бәрекелді» дестік. Ауылдағы бір жазушыны, бәлкім, осынау мәдени оспадарсыздықты В.Шукшин һәм басқаларынан бұрын аңғарған Алаш қаламгері М.Байғұтты кім елесін-ау, кім елесін. Айтулы ағым қалыптаған орыс жазушылары Абрамов, Астафьев, Дорош, Овечкин, Распутин, Стреля-ный, Яшин алты қарыс азулы сәбет мәдениетінің басқадан бұрын христиан мен кірестиәнді оң жамбасқа алып ұрғанын ашына жазғанын мойындаған біз емес, әуелі өз сыншылары. Айналамызға алақтай беруіміздің түпкі себебіне енді көз жеткерген боларсыз. Ал менің де, Махаңның да өгей өреде бес бересі, алты аласымыз жоқ. Алаш баласының сүйегі жасымасынға бола айтыла бермейтінді (Тоқбергенов жарықтық мұны «көрмедік деген көлгірлік» дейтін) аңғарттық. Апайтөс сын аңғармай келген Байғұт суреткер, ауылда жүргені аздай бірде-бір роман жаза алмаған, кәдуілгі адам санасынан озып кетпей-ақ өзі ғұмыр кешкен ортаның жасанды-жалаң емес қоғамдық көңіл-күйін ойып сала берген. Ауыл, оның адамдары: ата мен бала, қыз бен жігіт, отбасы, күнделікті араласқұралас — қайбір қоғамның да әлеуметтік құрылымы ғой. Айдағыны не қыласыз, қазақ мінезі қалаға кеше түгілі бүгінге дейін әбден үйлесіп үлгерген жоқ — өгей өрені өбектеген, орысша, ағылшынша шүлдіреген қаладан жартылай болмаса басы бүтін қазақ тұрмысын іздеудің өзі күлкілі һәм күйкі. Ақкөз Махаң жартылай қалалық сананың күнделікті күйбеңмен тіке тірескен сарсаңын, әр әңгімесінде жағы талмай қайталаған аңсарын ауылға бұра берген. Ауыл кейіпкерлері (қоғамның қарапайым, ортанқол бір мүшесі) — Байғұт көркемтанымының алтын тіні. Алағызған, сәбеттік алабажағын сыпыра қойсаң кәдуілгі пенде, соның өзінде өз Қазағың. Ақыры оқталған соң ішімізге бүкпелік. Ақжелең Байғұт күйкі күйбеңмен алыса жүріп амалы таусылғанда мінеп-мысқылдайды. Авторлық позицияда лириканың трагикалық иронияға ұласуына XX ғасырдың басынан бері талайлар ұрынған. Арыстан Толстойдың кейінгі шығармашылығында авторлық позиция әдебиет алыбының бұрыннан тамсандыра беретін ішкі монологтарын сәтімен алмастырып, ой саралаудың күрделі ағымын нұсқайды; көркемдік деталдың (метафора, аллегория, символ) мағыналық үстемесінің қоюлығына қасық тік тұрады. Алапат Толстой: «Адам ғұмырының басты қағидасы қарақан басының жем-ішімінен аспайтын құлқынынан бас тартпақта» (Т. 26, 365-366). Анығында жануарлық (сөзбе-сөз), аздап сыпайылап жатыстырдық. Алағызғанда қоғамдық қондырмаға құлай берілетін, қадалғаннан қаныңды теспей соратын әулекі әпербақандық қашан да болған һәм бола бермек. Адам-қоғамның осынау қараульный сынаған сыпайы әзілкеш Махаңның марайым міншілдігінің мінездемесі тап осындай. Абайлап көре жатарсыз... Ала-құла қайшылықты дүние-ай десеңізші. Алаш ауылына көз қиығын қиғысы жоқ сәбет әдебиеттануы өзіндегі әртектес, бәрібір тақырыбы ортақ И. Акулов пен М. Алексеев, Ф. Аврамов пен В. Астафьев, В. Белов пен Е. Дорош, С. Залыгин мен Б. Можаев, В. Овечкин мен В. Распутин, В. Солоухин мен В. Тендряков, В. Шукшин мен А.Яшин берік ұстанған деревнялық прозаның келешегіне сенбей «өткінші» деп бағалады (Виктор Чалмаев). Ақпарат танымы қайшылыққа толы. Атаулық ұғымның ақиқат аясында жалғаспағын, әлбетте, өмір қағидасына жатқарамыз. Астаршыл, ешкімге елітіп-солықтамайтын, әсіресақ Махаң мода атаулыға қарадай наразы. Айшықты лирикалық психологиямен ақырын жүріп, анық басады. «Арғы жағада жалбырап жалбыз салбырайды, биігіректе киікоты көздің жауын алудан танбаған, Қурамаған, кеппеген, гүлінің түсі мен исі кетпеген» (Қорғансыз жұрек, 369-бет). Адам баласының табиғатқа сұқтанулы жүретінін жақсы білеміз, бірақ оған-бұған тамсанып есеміз түгелдене қоймас. «Арса-арса қолымен ағаш ожауды көтере алмағанын жақсылыққа жорыған жоқ» (123-бет). Аспайтын-саспайтын әмбебап Махаң айтқыш, суреттегіш, әсер жұқтырғыш-ақ; тектен тек жампоз атана ма! Алдындағысын ысқаяқтай қағыстырып, қарпіне қарпін жымдастырғанда көңіл-күйін, адамдардың қимыл-қарекетін дәл шығарады, сез қуалай байсал ойға алмасады, ой әуресіне шомылдырады. Ақынжанды қарасөзшінің айшықты сөз мақамын мақтағанда оның ойлы машығына, сергек сезіміне, пайым-парасат парқына, ең аяғы мәнді миықмысқылына көбірек қарайластық. Ақ жолымен жүргенге тұйыққа тіремейтін небәрі екі жол бар: яки ұлтыңның өтмүшінө жығылып өзіңді тану; яки жан жықпылында жүйкелеп тапқан жәуһарыңды жарыққа сүйрелеу. Ақылы алқаған қарымды қабілет һәм қалам иесі М.Байғұт қазаққа әбден сіңісті лирик прозашы. Ағалық жасына жеткен, қырық жылдан бері қалада тұрып жатқан қаламгерді аяулы балалық естелігінен, құнт-құштарынан күштеп ажырата алмайсыз. Арқауы ауылдан тарқағанын әуелі өзі анық шамалайтын Байғұт шығармашылығына, суреткерлік қарымына құры тамсанып жақсы деу дәру-дәрмен емес, ал көрмедік деп дау-дамай айтқанмен бақыр тиынға татымайды. Ауылдың сәбеттік социализм, жарқын коммунизм елесіне малданған-алданған жайбарақат жұрты тағы жар жағалаумен оңбай азып-тозды. Аһылап-уһілеген айран ақылымыздан енді қайран жоқ. Алмағайыпты алқымдаған қорғансыз жүрек М. Байғұттың байғұс ауылы уызы мен уыты, тәлейі мен теперіші таласа жүріп, келмеске кеткен сезімтал сағыныштың көркем танымдық бір желісіне желпіне бермек. Адам кешегісін танымай; кем-кетігін жөндемей, кемел-кемерінен үйренбей әсте есейе қоймас. Амалсыз күрсінген Махаң аз-мұз аңырайып айналасына алақтап бірер жыл жүріп те қалды. Ақар-шақар той-томалақты, абыр-сабыр кеңсе жұмысын біржақты қуып кетпей қара ақылын қорытты, сара көркемдік тінін тынбай іздестірді. Арғымақ мінезді А.П.Чеховты замандас сыншылары мен сөз шеберлерінің өзі ескі мен жаңа әдебиеттердін шектігіндегі тұлға санайтын: «Чехов шекаралық басты бекөтіміз. Өткеннің орнын алмастырған жаңа тұрмыск,а талпынғанның, жаңа әдебиетке жол ашқанның бәрі оның бойында түйісетін» (Вестник Европы, 1915, №1, с. 304). Алқалаған Л.Н. Толстой: «Чехов, меніңше, бүкіл дүниеге үлгі боларлық мүлдем жаңа жазу формаларын жаратты, өз басым мұны еш жерден кездестірмедім... Суреткер Чеховты ендігі жерде бұрынғы орыс жазушылары Тургенев, Достоевский, яки менімен салыстыруға болмас. Чеховтың импрессионистерден сірә кем түспейтін өзіндік ерекше формасы бар». (П.Сергеенко. Толстой и его современники. М.; 1911, с. 226). Албырт көңілімізге қарадай басы ұнаған Махаңа осындай ешкімді алаламайтын бір уәлі пікір керек-ақ. Ауылқұмарлар ақылыңды арбайтын айшықты тіл мен ой оралымдарына, сөз тылсымына қалай да шебер. Алаш арасында ауылдан жерінетіндей ахуал кешегі сәбет, бүгінгі жабайы капиталистік қазақ қоғамында межелі дітіне жете алмай діңкелеуде. Ағым атаулының анаусы-мынаусына бір кісідей зер салған, әдебиет теориясына жетік М.Байғұт ағаларынан, замандастарынан қалыспай пәлсапашыл лирикаға, өз түйсігі алдамағанына қол ұрды. Алмағайыпқа аман жеткен ағамыз қым-қиғаш көңіл-күйінен асып төгілмеді. Ақтанау әңгіме жанрының сарғалдақ сезімді шебері мазмұндаудың құрылымдық жүйесін ширатқан үстіне ширатып, түйсікке бәрін топтаған. Ақпандағы «сүрі қардың сатпақ-сатпақ бетінде алысып ойнайтын мысықтар молайған» кердең тіршілікті Еуразия мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, ғылым кандидаты Жанат Ай-Мұхамбет дөп түстеді. Аңғартатыны мол М.Байғұт «мимо қарамайтын» нысанашыл дағдысынан әсте жаңылмады, небәрі көңіл-күй желілерін соцқоғамнан капқоғамға шебер Үйлестіріп, алақанын қағып қарап тұрғаны сол! «Алмағайып» кітабын («Жазушы». А., 2001) талдаған керекулік Б.Ысқақ: «Уақыт адамның өзін өзі түсінудегі әрі жеке адам ретіндегі өсіп-өну тарихындағы шешуші категория екендігі және оның қазақ әңгімелерінде жалғастықта бой көрсетуі әдеби тәсіл, көркемдік құрал ретінде жазушы М.Байғұт ізденісін байқаттырады», — деп ой түйіндеп әңгімелер жинағына тұшынған пікірін білдірген. Алдарқатуға, арзан атақ-абыройға илікпейтін ақезу Махаң мұншама мінезді суреткер. Адуын сыншы ағамыз Т.Тоқбергенов Т.Әлімқұлов һақында сөз тарата келіп: «Қолына қалам ұстағанның бәрі өз ойын, өз басынан өткенді тігісін жатқызып жаза білетін дәл осы кезеңде өзгелерге ұқсай бермейтін, тіл, тәсіл, стиль, жанр өзгешелігімен, өзінше үн-әуенімен нәзік тереңдіктен табылар мұндай сезімтал суреткер, қайталап айтамыз сирек құбылыс. Тәкеңді екінің бірі деп те, егіздің сыңары деп те айта алмайсың. Өйткені қазақ әдебиетінде оған ұқсайтын екінші бір жазушы жоқ. Тәкең әңгімелері, әңгімелері ғана емес-ау, бүткіл творчествосын көзге елестетсек, сөз саптауымен де, ой түйінімен де, түйсік-түсінігімен де ұлттық жазушы. Оның шығармаларынан тұнып тұрған ұлт өмірін, ұлттың тыныс-тірлігін, мінез-тәрбиесін, сезім-сенімін көреміз. Ол қолданған образды сөздің нақыш-нақысынан қазақтың өз өрнегі, өз өмірі анық көрініп атойлап тұрады. Табиғат суретінде, адамның кескін-кейпінде, ішкі мінезінің, ішкі сезімнің сыртқа тепкен тұстарында қолданылған ұлттық бояу-реңктері талғампаз суреткерді ғана емес, табиғи талантты жыршы қазаққа, жырау қазаққа, шешен қазаққа, ділмәр қазаққа тән құйма талантты танытады», — деп молынан көсілетіні бар. Айбозым Махаңды танимыз, білеміз, әспеттейміз дейтіндердің көмейіне не тұрып қала береді, неге Төкеңше бауырын жазып көсілмейді? Анар сығып Сырағаңа інілік қызметімен ұнаған Махаңның жеміс қабығы түгілі өзін де өлердей сыға беретінін қалай айтпасқа...
Ағынан жарылған Ф. Абрамов сұхбат барысында:
Русьте ғасырлар бойына қалыптасқан деревня ағзасының сау-тамтығы қалмады ғой, деп мұңая беріпті.
— Мұндай жағдайды жазудың өзі бір қасірет шығар, — дейді сонда сұхбаттасы.
Абрамовтай мықтыға ауыр тигені Алаш баласына әлденешеге еселенді: қомағай өңеште тұрмыс салты түгілі тілі мен діні, ділгері қоса жұтылды... Ауыртпалық Тәкөн, Асқар, Мағауин һәм басқаларын күлкіге ұшыратқан, мазаққа жыққан, тіпті түбіне жеткен — ұлтжандылыққа қысым танытқан кербілте мәдени қысастықта болар. Алаңдаулы күй кешкен, Қарауылбек ағасының басын сүйеген М.Байғұт осының бәрін ез кезімен көріп есті, жуасқиқар әлезегінен қылдай ауытқымады. Алмағайыптан қалай аман шықтым деп тағы айта алмайды, XXІ ғасырдың адуын жастары жата күліп жүрер... Ап-анық мизан сағынышы, іштей үнсіз шыңғыруы — аяусыз ақсамай ақиқат. Ақкез Махаңның мажалын мүжіген күмән — сәбеттік мәдениетке мәз-мәйрам ауылдың әрі-сәрі ахуалы, дүрмекке еріп құрдымға құлап жатқаны. Айырбасқа әсте қимас қазақи жан-дүниенің ажарына құлаған әуесіңді жәмиғатқа қалай жеткермексің. Ауылға жәй тамсанбайды, әпербақан пенделерін мысқыл-әжуасына әдеппен тізе береді. Ашынбай-ақ астарлап жеткізу бұл да енер һәм қалам құдіреті; тап осынысымен езге қаламдастарында кездесе бермейтін айшықты машық иесі. Арлы-ұятты, пысықай емес, әдепті ауыл баласы Мархабат Байғұт әдебиетке 70-ші жылдары келгендегі биязы — әрлі болмысынан еңкеймей кетті, ересек тарта лирик қалжыңбастығын үдетіп, саналы сезімен әдебиеттің әңгіме-һикаят жанрында қалып қойды. Ақжелең болмысы әлдебір кейіпкеріне тым ұқсас, қайсыбір кейіпкеріне мүлдем қарама-қайшы «Аса алғыр, езінің ғана емес, езгенің де қам-қарекетін ойлай жүретін, жолдас-жоралары кеп, керемет қонақжай, дастарханы бай» кейіпкеріне («Кандидат») он екіде бір нұсқасы келсе не дерсің... Адамшылығы ауылда қалыптасқан; сүйінсе де, Mінесе де тулап тастап кете алмайтын абыройлы қаламгерге қай бетімізбен ақыл айтпақпыз?! Алқаған Тәңірі бар анық шебердің көркемдік формуласы — ауыл айналасынан. Айналшықтап, қасынан кете алмадық. Айтпақшы, ауыл — мәдени категория, әлбетте алдамшы емес Адамшылық категориясы.
V-МҰҢ ҮЙІРІМ
Мұқы-тақы мәуріттің мұң-наласы...
М.Байғүт
«Машаттағы махаббат» һикаятын экрандауға өресі жетпейтін киногерлерге көңілім толмай жүргенде мынау дүниелік қатты таңырқатты. Маған ұнағаны — мәрсия жанрына қарадай сұранулы формалық жаңалығы: «Әдебиет пәнінің періштесі» жарық көрісімен («Жібек жолы», Ш. 1999) рецензия жазбақ ойымды, жаңалық байқағанымды жасырмағанмен Махаң «өзіме бола жазылған ішкі дүниелік нәрсе» деген соң үндемей қоя салғам. Мәрсия жанры — арнау өлеңдерге, ұзын-келте жоқтауларға аса бай әдебиетімізге онша сіңіспеген мәрәсімдік исламдық форма. Мұқағалидың, «Реквиемі» жан азасына меңзеген өткір, шымыр классикалық дүние; бірақ, шығыстық өрнек қамтылмаған. Мол пішілген етек-жеңін жұмырына үйіріп топтайтын мәрсия жанры бөлектеу. Мұнда өмір берген, өзіне қайтарған Ізім һақтың құдіретіне шәк келтірмеу — басты шарттылық. Мәрәсім жанрының озық үлгісі қатарында Ақмолла ақынның ислам ғұламасы, татар ағартушысы Шаһабуддин Маржани қазасына бағышлаған дастаны аталып жүр. Мәулен иемнің құдіретіне қалай иланбасқа?! Менің Анам қайтыс болардан тура бір ай алдын қарадай аласұрып үш түн бойы тұйық пен ғазал, қасида формасын пайдаланып мәрсия — дастан жараттым. Мажалым қарадай қаусады — сәл алдын барып қайтқам, хабарын жеткіземіз деген, кетіп қалуға ұлым мектепке жанадан барған — қадағаламақ керек. Мақтаулы досыма барып жағдайымды жасырмай 2-3 айдан бері алынбаған еңбекақымды сұрадым. Маған: «Қайдағы-жайдағыны шақырма, әлі-ақ жазылып кетеді» деп жұбату айтқан, арқамнан қаққан дос аузын қу шөппен сүртті. Мысым құрыды.
Мұңы асыраған өзекті пендеміз ғой...
Марқа ағамның һикаяты — іштей мүжілген пенденің Аллаһ құдіретіне амалсыз мойынсұнған көркемдік шешімі. Махаңа көңіл айта барғанымда Ыбырай қажы сөзге араласып, мен үндемедім. Мұңлық ағамның қолы тигенде, ішкі дірілін байқап мыйым шаншып, көзім қарауытты. Мықтымыз ғой, сырт мезіретке шашылмадық. Мазалы күйге ауысқан кейінгі бір уақытта: «..Періштені жазбағанымда жарылып кетер ме едім»... деп мойындап қалғаны.
Мажалымыз осылай титықтаса керек.
Марқұм Анам ашуға жеңдірткенде, яки қатты елжірегенде: «Артымда қалғыр!» дейтін, кәдімгідей шүйлігетін. Мәнін жүре ұқтық, енді өзіміз айтамыз. «Мағырыптан жел соғып, машырықтан аяз бүркіп тұрғанда» мәрт марайымдидар — ауыл мұғалімі өкпек өтінде риһлат кешті... Мұңлық Адам Ата Сафиуллаһтың өзі Қабыл қолынан ажалын тапқан Әбілдің басын сүйегенде ащы өзектен азалы сөзін айтқан әуал шайырымыз. Марқа ағам термелеп: «Алланың ісі дегейсіз. Деп те жүрсіз, тұрыңыз. Тірлікке мойын бұрыңыз. Ақ жолмен кетті ұлыңыз» (80-бет), — деп бекем белін таянады.
Мұны тақпаққа сайдық.
Мынадай мизан мақамының қаны сорғалаған поэзиядан несі кем?!
Зәндемдейін зауал ма бұл (54-бет).
Кегей де кегей дүние-ай, зарарлы зарат үймелер, зауқайым тұстан тал болды-ау. (75-бет). Іріткі-Ібіліс сақылдай күліп, сары доланаға жақындай алмай жүргенде. Долана дат беріп, таупісте сүйегендей (80-бет)
Мысалға шашқаным татыса.. мағыналы сөзін түгел тердім дегенім ұят. Мәрсия анықтамасын автор аузына да алмаған, жаның бебеу қақтырғанда аса ойланып-толғануға мұршаңды келтірмейді. Мен де өмірімде қолданбаған тұйыққа қалай барғанымды соңынан аңғардым — бар білерім Ажал періштесін көргенім... Мазлұм түртті. Мұңлы өзегін сүйреп шыққан Мұңлық ғаріп өзінің ақынжанды прозаик екенін танытты. Марқа ағамды мықты дей беретінім де осы... хас шебер Ажалды да жазушы күйінде өткірөзегінен таныды. Мұсылманшылық өзегіне жанасқан «Періште» һикаяты қазақ лирикалық прозасындағы теңдесі кем көркемдік таным белесі. Мейір-Пейіл (символ-деталь) жазушы жеке басының ғам-қасіреті емес, көпке ұнасқан-ұласқан көркемдік айшығы. Мағлұм шәһид Нәзір Төреғұлұлы «Әдебиет — көптің малы» деп өтіпті. Мөлдір мұңлы һикаяттың көркемдік қырын біршама мойындатуға Жанат Ай-Мұхамбет, Б.Ысқақ қарындастарымыз біршама сәтті талпынған. Молдау көсілейік; Ажал мәнділік һәм мәңгілік категориялары, арғы Көшпелі түпбабаларымыз Ажалдан қарадай қорыққан, қашып құтылмақ болғанымен (Алп Ер Тоңғра, Қорқыт Дада), ислам һақ ажалды мойындауға, сабырға шақырған. Махаң Аллаһ ыңғайына жығылды һәм аңыздык желілерді көркемдік тінінде символ-деталдарға таратты, тәніне дем үрледі. Мағдырсыз уақыт зырылдай бермек, жан баласын шақ келтірмес. Махаңның мәнділік категориясына қайырып қосқан Ұятты Ұлыс һәм Аятты Арыс символ-деталдары сұмдық ойландырады, тәубеңе келтіреді. Мұны енді дәтіңіз шыдаса көркемдік шешімнің жаңалығы емес деп тантып көріңізші... пәлсапасы қанық, ұлттық ұпайы анық. Мұғдарлы Марқа ағамның өнер-өнегесі Аятты Арысқа тиесілі, ұшталған қаламының Ұятты Ұлысқа қызметі аяқ ұшымен. Мейірбан Ата белінен жараған ботасына осыны сіңіріпті: «Қазақы рух жел өтінде қалқайып тұр, қайдам калай боларын?» — деп күрсініпті. Мұғалімнің жан ышқынысы: «Елді түзеу баланы оқытуды түзеуден басталады», — деген, Ахмет ағам айтқан бұл сөзді. Елді түземекке талпынған, баланы оқытуды түземекке жан салғанның жандалбаса жайына қара ендігі ?!»
Мағыналық құнар-қатпары қандай мұның?!
Мұңлық пенде — фәни қонағы
Момақан, қанағатшыл өзегімен бірге есеймек.
Мүсәпір-ай деселік Қуанағамшылап. Мажалың мағишат-тіршіліктің бұлжымас қағидасына қайдан жетсін, әжиз пенде. Мұндайда мүжілген, майысқан, мұқалған Морт — Күйрек опырылып құлар да, Март — Сергек өзегін шыңдай түсер. Мүсәпір, мүләйім дегеніміз мұсылманшылық сөз қорынан: әуелгісі «жолаушы», соңғысы «өнегелі мінез» мағыналас. Мүсәпір Махаң, фәниде қай-қайсымыз да жолаушымыз, пұшайман тарық жегенде сүйенішін Бір уа Бардан тапқан. Мүләзима — жақсы құлықты жазушы кәсіби машық дағдысымен бұрынғыша сөз мүсіндегенімен, көркемдік танымда иірімге һәм үйірімге құлатқан. Молдаға мүлдем кереғар мырзатеректей Марқа ағам сіресіп галстук түйеді, сыптай кәстөм-шалбар, басында қыстың суығында елтірі бұйрасынан папаха, көктем-күз салқынында көзіне түскен кепка — көзіміз әбден үйренгені. Махаңнан гөрі нарғасқа Нарағамның ас қайырғанда, өлім-жітімде сыбызғы дауысымен бір әлһам, үш құлһу қайыратын ақсақалдығы көп-көрім. Мәрсия — жан азасының мұғдары да мүләйім тәрбиеде. Мағыналы ғайшараттың алғышарты, алтын кілті — Ұятты Ұлыс пен Аятты Арысын өріне сүйреген ынтық-ықыласында. Мұғалім Періштенің жан яки руһ жықпылында Ахмет атасының (Байтұрсынұлы) бой танытары әсте кездейсоқтық емес. Мажалы кұнделікті, үйреншік небәрі төрт шақырым жол үстінде титығына жеткен, күрт һәм кілт. Мүскүн бәнде (бақи жолаушысы) кітап бетіндегі сүгіреттен жылы ұшырасатын (қолтығына қысқаны да сол аталары) ұлыстың ұзандарына құлай сенетін. Махаң — автордың көкірек көзіне сағыныштың көгілдірлеу-күреңдеу реңкі орнығыпты. Маэстро Марқа ағам миығымен мұны ымдаса қалайша қалт бақпасқа . Мұң-сағыныштың жықпылдай жүріп мінезге жайғасқаны, ойламаған тұстан Әзірейіл періштенің қызыл қанатына жармаса кеткені мұқы-тақы налыстың нәй шіреген нойыстығы. Мұң үйірсектің «Періште» һикаят ауқымындағы көркемдік тыныс-қуатын тың емес дей алмассыз. Мұның пәлсапалық салмағы, тағдыр кермесіне кере салатын көңіл-күйінің келісті бояуы — шығыс мақамымен поэзия күйінде шебер төгілген нақышталған формалық жеңіс. Марғасқа ағам керемет жазу мақамымен сендіре ой бойлатса көре тұра қалай үндемей жүре бермекпіз. Мән-мағына төркініндегі ғұмырнамалық фактордың көркемдік қуаты мұңайта беретін қарақан басының сәтті пәлсапасында. «Маусымнан ескен нұржамал самалдай» маужыратқан мың астарлы М.Байғұттың жан әлемінен үзіліп түскен дүррі жәуһар. Мұң татпақ, шерменде қалмақ мүрсал Адам Ата Сафи-ул иллаһ ғ.с. жолы. Мойымас жөнін тапқанына, шер қозғап төгілер көркемдік кестесінің жолыққанына шындап жалбырастық...
Махаң қаламының ұшында мәрсия жанры — қазақ прозасындағы формалық жаңалық.
Мейір-Пейіл Періштенің қасиман самалы һақ бейілді...
Мазмұндау шебері ой тұңғиығын жаймалағанда қазақи М.Байғұт діни санаға сүйенген аллегорияға, аңызға бейімделіп пенделік һәм періштелік дилеммасын көркемдік тұғырына көтерген. Мұңлы өзек һикаят алдыңызға фәни теориясын көлденең тартпақ. Мақамға ілескен періштелік мәртебесі... Мән-мағынаға майысқан һәм байыған Періштелік пенделіктен (фэни мүсәпірі) бәнделік (бақи мүсәпірі) аурасына көшкенде орны қалай ойсырамасын... қимастық — пәруайсыз тобалықтан көш ілгері ойлау бәсі-базынасында. Мық шегедей мықтылық, адам өз болмысынан қашқанымен құтылмас, пенделік осалдыққа аяусыздық. Мықыр пендеден қалай да үстем тұрмақ мырзатерек болмыс... Мүдірі жоқ көркем көкем көмейінің түймесін ағытқанда келісті дегдар, жұмырыңа жұғыстырып жан әлегін түсініп көр.. Марқа қаламгер адам ғұмырына бейтарап қала алмайтын, бейуаз қарамайтын құлығымен көркем. Мінез тоғышарлығын міней аларын қапысыз мойындатқан майталман суреткер жан жықпылын жазбай түгендейді. Марғасқа Махаң жан пендені шақ келтірмей тұйыққа тірей беретін үйірлі Мұңмен білек қарыстырған «...Періште» һикаятында мерейі үстем көркемдік олжаға ұшырасқан. Мұңқайырымға амалсыз тосын қайырылғанда жәмиғатына өнегелі айшық-ажарын алақанында жазбай уыстады. Мүдәріс Л.Н.Толстойшыласақ: «Әрбір адам үш ынтызарымен ғұмыр кешпек: яки соқыр түйтесіне жегіледі; яки тілге еріп ұшынады; яки санасын сабылтып адамшылық ұшарына жетеді. Әркімнің тағдыры осы үшеуінің талқысында шыр-пыр өте бермек» (Т.54,203). Мұғалім — әдебиет пәнінің періштесі де, мәзкүр автор да нәзіктік парасының ауыр һәм абыройлы соңғы жолынан, һақиқи таңдауынан сірә айнымаған Мағыналы һикаят ата мен баланың жан сүйінткен қарым-қатынасынан, кіршіксіз кісілігінен өрбиді. Менмұндалған ұғыныстық болмайынша адамдардың арасы қан туыстығына қарамастан алшақтай беретін алты айшылық алыс жол. Марқа ағамның көркемдік жаңалығы — дәстүрді даңғайыр озықпен иық теңестірген ізденгіш формасында. Мұндағы деталь, символ атаулы түгелімен ұлттық нақыс-нақышына малына тұра мұсылманшылық өзегі Мәулен һақтан қылдай ауытқымаған. Мойымаған Түркі басының бір түркі-қазағын ғаламзат көркем ойының Түркі күнесіне сүйрелеген басымыздың әурешілігін енді түсінерсіз... Мағына-мәнісін түгендеген жөнге құладық, мойныозықтығына құры даурықпадық. Мадақыға мастанбайтын, мазақыға бүлінбейтін — мен білетін Марқа ағам марапатқа өзі әсте сұранбайды. Маңайлағанмен, шыр айналдырғанмен шырайын сыртқа шашпайтын, шырт-пырт шоршып түсетін бас асаулығы құрыдай. Мұрнынан шаншылып уақытым жоқ дейді, мыж-мыж маңдайын жаза қоймайды, мошқап мінейді — әйтеуір маңайлатпайды. Махаңның мырзақолдығы — малын жұртынан аянбайтын, жасудай бүкпесі жоқ көркем танымында. Мамырдың маусымға ұласқан мамығында фәни есігін ашқан Марқа ағам мақтанбайтын, өзі һақында ашылыпшашылмайтын біртоға мәртебесімен оқшау шымыр һәм ширақ. Мәулен ием Мархабаттай марқа ағамды мархаматына малып Аб-ул Һайат суынан ішірген... Мизан-сағыныштың мұңымен астасқан Мейір-Пейіл періштесі жебеген Мерейіне мастанбай мирасқор іздеген Мизан-күмістің ой таразысы — маһиятына қаныққан ЕстиярМейірбан.
МИЗАН-УЛ ХАТИМАТ
Сөйлемнің жазатын өмірі бар да, сөйлемнің өз өмірі бар. Жазарман сөйлемді тірі шөпті таптағандай таптай-ды. Сөйлемнің тән екені, оның сан тарау тамырлары, капилляр тамшылары бары ұмыт қалады... Жазарманға бәрібір, ал жазушы үшін қиынға түсері — сөйлемдегі өмір мен сөйлем өмірінің жымын білдірмей өру.
Сөйлемдегі өмір мен сөйлемнің өмірі бірікпегесін тірі тіркес тумайды. Асқар Сүлейменов Аймауытұлынан көз жазып қалып кештеу табыссақ — қондырма қоғамның қасаң насихатының нойыстығы. Асқар Сұлейменовтей сүлөй тұлғамен толайым табысуымызға, айтыңызшы, қай кедергі?! Алпысыншы жылдардың айтулы айшықты прозасына жаппай құныққанымызда Кеңестік кесек (тоң) әңгімелердің аз-мұз жалықтыратынын аңғардық. Айнымаған, үнді киносындай: алақайлаған, адыр мінез сәбеттік жаңа салт; көмір шаңынан көзі жылтыраған ауыр жұмысқа жегілгеніне мәз, еңбек үстемесіне кездеме, қант-шай алғанына санын шапаттаған алаңғасарлау жұмысшы. Арырақ аунай салсақ: қалыңмалға ақылы алжасқан ата, бордай егілген ана, бедел аттамайтын ұл, бақытсыз қыздардың көз жасы, күйзеу ауыл. Аршындай екпіндеген пролеткульт пен соцреализм шірей тепкелі таразы басын адами мінезден гөрі жасанды мәдени жалт-жұлт аудара беретін. Адасқақта ат басын ірікпегендер адым аштырмайтын қарадүрсінге күмп-күмп құлады, құры шіренді. Алматыға Мәскеудің көшесін талай жыл таптап қайтқан Тәкең ағамызға аңқылдай ерген Асқар айналасына ернін шүйгіп тыржына берді. Алпысыншы жылдардың албырт жастары қою шаң көтерісімен жетпісінші жылдардың желөкпелері, арасында Марқа ағам да жұр, желпініп сала берген. Айшықты топтың ажары ала бөтен — ұлттық мәдениетке жаны төсеулі ықыласы қызу, мақамсазы ерентерең. Алпысыншы жылдары ойланбай орысша көсілтетін омыртқақазақтар асқақ абыройға әуал һәм салғаннан ілікті. Айналасын көзіне ілмей асқақтаған: қызметте де жалы күдері, әсте атаусыз қалмайтын. Авар да, абхаз да орыс тілінде жазып атаққа іліккенімен өз тауының арасында, өз теңізінің жағасында адасатын... Асып түспесе іші кебетін қазекем Эллин аңызын түгендеп, Чили яки Никарагуаға шығандап, ал Атырау-Алтай арасына мәу демейтін. Алыптарға қызыққаны ма, ауылдан қазақша тіл сындырып, ғаламдық, орбитаға (анығы, мәдени экспансия) тік қанат қағып «авторизованный переводты» місе тұтпай орысша мүдірмейтін неотәсілді ауыздықтадық.
Ауылдағының аузы сасықты айтқан апайтөсім-ай!
Ақ-адалына жүгінсек, қалалық әлеуметтік-психологиялық ахуал қазақиы танымда әліге айтақыр. Алматының мәдени экспансияға еліктеген астамшылдығын айта берерсіз... Апаңсыз қазақи қалалық модул қашпаған қашардың уызындай-ақ шығар. Айналшықтап жүргеніміз осы шеңбердің бойы. Алда, бәлкім, ондай аттылы күнге де жетерміз, бірегей модул (неокөшпелі санамен ұштасқан) бола жатар. Ауызға іліккен қазақ буржуазиялық зийаткерлері маргиналдық менталитетінен ада-күде арылса, қанеки. Ақ түйенің қарны жарылғаны да... Ауылда әркім тұрып жатыр, жонын күржиткен жазарманнан қай пайда дерсіз. Аптықпалық. Ауыздықпен алысқан хас шебердің текті енер мәртебесімен әлдеқашан бой теңескен көркемдік таным мәдениетін ежіктеуге ерінбеген ек. Айтақырда кездескен, бір тайқарға мінгескен Марқа ағам! Ауылдың неоромантик-реалист баласы Мархабат Байғұттың көркемдік әлемі қызғалдақ құштарымен, сарғалдақ сезімімен, нәуірзек нақысымен есте қалса — тәлей-тағдырына жеткені. Ауыл тағдырлас Мархабаттың нәмі Алашқа аяулы. Ар-абырой мәртебесінде Марқа ағамды ұлтының ұпайын түгендеген ұзан десем — жоқтан бар құрамағаным. Ай-һай, пай-пай Марқа ағам Ұятты Ұлысына кіндігінен байлаулы қазақи болмысында Түркі басынан шайқалып-найқалып ғаламзат ой-танымының мырзайым модуліне ілескен бір түркі. Алғашқы әңгімелерінен сұңғыла сыншы Т.Тоқбергеновтың тілеулес қабағына іліккен, сол тұстағы жасы отызға жетер-жетпес М.Байғұт ендігінің лирикалық прозасындағы бір ақынғұмыр ақтаңгер. Ағылшынша, яки жиһандану тілінде жаппай жазып кетпесек, әстейі, өзі солай қала бермекші.
Алдағыны кім болжаған...
«Аңсары» ауылға, адамшылыққа ауған
Марқа ағама еркелеп бақсам — бәрі өзінен:
Мысқылы миығына мінгескен десем, көкірегі ояу, көзі жасау намысшыл нәзіліңіз жазалы... Мұздай кеңсешіл десем, орта буын шенеуніктердің кеуде қатарындағы қоғамшылдығыңыз кінәлі... Машайық топтаған, мүрид баптаған «Мафия көкесі» десем; ұлтының ары — әдебиеттің бүгіні мен ертеңіне қабырғасы қайысатын көпшіл, бауырмал мінезіңіз міншілге тағы батпан... Мысықзәрі тай жолатпас жаман айғырлар миықтан бағып жұмсақ мінейтін кісітанығыш «Мафиози Махаңнан» әліге үйрене алмай жүр. Марқа десем де, мақпал десем де жарасатын жұмыры жанына жуысқаннан жұпар шашатын, бір менің емес талайдың Тәңіртаутектес бауырмал ағасы. Мәләдес Перне жеңешем (Нарағам үйіндегі) айтпақшы: «Түркінің жетім қалған балалары: Түркі басында — Мархабат, Түрк-и станда Сахабат...» ек. Мауһымыз жарасқанда жүз көрісіп, кісілік әрін тарата жүріп-тұралық:
Мағыналы тағдыр Мұңлы адам — Марқа ағам.
Мағишатбоз Мейірімді адам — Марқа ағам.
Мақам — машықта майталман Мизан ағам!
ХАТИМАТ-ЧП КИТАБ
Ұлтыңа, жұртыңа қызмет біліммен емес, мінезден.
Әлихан Бөкейханов
Ұғым жағаладық һәм жаңаладық. Ұшындық-ау, неге, яки кімге? Ұрт шайнаған дәнеңеміз жоқ. Ұнау және ұнамау. Ұнжырғам түсе қоймайтыны — бұл екі ұғымның орны оңай ауыса бермек. Ұшығы үрленген қызыл тарыны тіске құшырлана басамыз, ал осынау тазалыққа жеткерген қырманшының еңбегін ескермейміз — желпіп-желпіп талай меһнат өткереді ғой. Ұлық ағаларымды — жаға тұтқанымды көкке көтеріп, төбеме ұстап жұрт назарын өзіме құлатпақ ойдан аулақпын! Ұлы деп ұшырта мақтауға да ұяламын. Ұруға майыспаймын, жүзге желпінбеймін — бесеудің біреуі де аталасыма-жатырласыма сірә тартпайды, әрлі-мәнді миық әп-әдемі Қазақтар! Ұғым қынағаным осы. Ұлпа бұлттай жастық ауды басымыздан. Ұлый қоймаспын. Ұрыншақтықтан сақтап қалған; мектеп, университет үйрете алмайтын қара ақылыма қоң жамаған осы бесеуі һәм Қ.Шаңғытбаев, М.Мағауин, Р.Бердібай, қажы Ыбырай Исмаил. Ұшып-қонған жасқа тәлім-тәрбие, тәк-тәк керек. Ұзап ауылдан кетіп, Алматыға жетіп ойламаған тұстан Тоқбергеновтің қолына топ ете қаппын. Ұзынша бойлы, арық денелі һәм сіңірлі, қарлыққан даусымен-ақ денеңді дір еткізе алатын, төтеннен төпей соғатын Тоқбергенов аз-мұз мыйымның сілкіп шаңын қақты, шұқып татын шайды. Ұрысып алып қолымнан жетектеп ортасымен таныстырды — енді ойласам жан дүниесіне бойлатыпты. Ұрттап шайқайтын несі бар — екібастан екі туып бір қалғаны емеспін; бар болғаны Техастықпын; бірақ, ол кісі теріскейде, мен күнгейде тотығып өскем. Ұлтты сүймек тәрбиемен сіңісетін мінез. Ұлдарымен қосақтап ұрса беретін Төлеген Тоқбергенов жалбыратып қасына ерткенімен өлеңімді кәзитке бермеді, кітапқа жариялатпады. Ұстай алғаннан бар айтатыны: «ал қара орыстар не істеп, не ойлап жүрсіңдер?» — бірде менің алғашқы кітабым жасым отыздан асқанда шыққан десе, енді бірде жасында ақын болмағаннан қартайғанда түк те шықпайды дейді. Ұғып көр: шыны қайсы, мазағы қайсы? Ұнататыным: дос-жаранына мені «ақын, өзі қос тілге бірдей жүйрік ақылды бала» деп мақтай таныстырады. Ұрыншақ жасында бозбала С.Есенин имнажистерге, бойжеткен А.Ахматова акемистерге біраз елтіп, аз-кем еріпті; ес тоқтатқанда әлгілерден екеуі де ада-күде бас тартыпты. Ұшқалақ К.Бальмонт тістей жабысқанынан ажырамай өлең формасында жетістікке жеткенімен, мазмұн-мағынада, ұлттық қолтаңбада айдалада қалып қойған. Ұлыста даң көтерген Оғызда: «Мақта шірігінен мата шықпас» деп айтылатын нақылдың миығы ойсаң. Ұңғысы үңірейген ғаламдық үрдіс XX ғасырда ұлттың басына зобалаң, зәбір әкелген құбыжық еді; өзін көтермелеп жақсысын жаймалағаннан «сен де мендей болып ал» деп менменсіді; дінін, тілін бас-көзсіз тықпалады. Ұзын тарихқа жөндем көз салсақ, осының өзі ежелден еміне келетін ескі тақыс екен. Ұлы Жібек жолы дейміз — Қармақшы (жиһангер) Зұлқарнайынның алдына түсіп Шығысқа емпеңдеп жол бастаған ұрым парсылары Эллин мәдениетін дәріптеп, жолай талай елді бүлдіріпті; Бактрия, Мараканда, Марв, Ниса мәйегінен айнып мағизын жоғалтып майысыпты. Ұрымды тоңқаңдатқан Тохар (Тоңғар) елінің қалың қолын бастаған Ер Алпамыс (Бамса Байрақ) Сырдың басынан, бел ортасынан саудагер юечжиді қуғаннан жолай Соғдиана, Маргиана, Парфиананы азаттап Бактриананың (Персополь) күлін көкке суырып, шаңырағын ортасына түсірді. Ұлы Грекияның (Эллада) зәре-құты қалмады, сырбойлықтарға (сака рауки) Алан, Құбан, Азұқ қосыла ду көтеріп, тізе қосқан еді. Ұрымға бас салған сырбойлықтар, қаптаулықтар; қаратеңіздік һәм азаулық қыпшақтар өзіне тізесі батқан ата жауын Босфордың енсіз бұғазынан асыра қуып көңілін жайлады, емін-еркін тыныстады. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланған Рим күшейіп, батыстағы көкжал империяға айналды. Ұрымға, осындағы құрылықаралық (Жібек жолы) сауданың қызғын базарына Рим империясы неге қызықпасын. Ұзыншашты Клеопатраның есін сүйіспеншілікке аударған римдіктер дегеніне жетіп, сауданың тізгінін уысына көшіріп алғаннан өз мәдениетіне баулып, елді есеңгіреткен. Ұрым есіргеннен ырың-жырың кеуледі. Ұлы кеудесін жауына бастырмаған Көк (Аспан) Түркінің түбіне жымысқы жіпсіккөз жауы жеткеннен түпқазығымыз босай кетті. Ұрыста жауына дес бермейтін қылышкер Түркілер ілім-білімге де, дінге де салғырттығынан опық жеді. Ұрым да, Қытай да күндей күркіреген Көшпеліден өлердей қорқатын, ашық шайқаста талай сүйегі шашылып — жеңе алмасына көзі жеткеннен жымысқыға жең ұшынан жалғаса берді. Ұзындария (Сыр суы) міне осылайша ғаламдық діндердің тартысына — мәдениет тайталасына ойланбастан қойып кеткен. Ұрымның тілеуін кескен, бейдіндегілерден (йаһуди, православие, насрани) тазартып дін мұсылманның қорғанына айналған (Қаратау, Қазығұрт, Сыр бойы, Ембі мен Жем бойын, Әму бойын тастап шыққан) Оғыз ұлысы еді. Ұрдажықтың күні біткенін шежіре тілінде «Конец Византии» десе керек. Ұбақ-шұбақ Ұрымға аттанғанның соңына қарайлауға мұршасы келмеді, қарсыласқан жауынан қолы да тимеді. Ұртын шайнаған басбұзар Бұқардың өз деміне пісіп бұқалық мінезге көшкені осыдан соң. Ұрдажық түркітану мұныңа пысқырмайды. Ұзындарияның бойындағы, Өкүз ғарда (Қаратау) етегіндегі өнегелі өтмүшіңді — Қазығ йурт (Қазығұрт) бәйтерегіңді қайшымен қидалап қондағар (жұрт ауған), салжұқ пен салорға, қалған құтқанын сарт-сауанға сыпайы үлестіреді. Ұқпайтын, тықақтап ежіктейтін несі қалды? Ұлтынан (тілі, діні) безінгенге қарнын кептегеннен басқа алаңы қалмады. Ұлыған жұртта қалдық. Ұрынып орысша хат танығанымыздың енді әй-шәйсіз арий бола кеткісі бар. Ұшпақтап діннен сауаттанғанның қожа-молда, шайқы, қажы атанғаннан бөтен арманы жоқ. Ұлт мәдениетіне — Қазаққа мойын бұрғысы жоқ, қайта өзіңе жөн үйретіп, ақылын артып сабаласа кеткеннен де ұялмайды. Ұждан керек пендеге; ұжданың ұлт тілінен, мәдениетінен, әдебиетінен — ұлпа мәртебесінен басталмақ; тілің, ұлтың аманында — дін де, діл де; өнер де, өмір де ешқайда қашпайды; өнеге түгенделер. Ұлтымыз ғаламдық ой иелерінен, тәубе, әсте кенде емес; өзіндік жол-жорасы, жосыны қалыптасқан; айталық, Фараби, Шоқан, Абай, Нәзір, Әуезов. Ұрымның алабажақ афрауразиялық, Еуропаның астам арийлік, аюдай қорбаңдағанның түрпі түркітанымына төтеп келген ұлттық Ұжданымыз аман болсын. Ұзанның соңғы тұяғы — Тәкең, Төлеген, Асқар ожаромыраудың пролеткульт, соцреализм — культрагерлік санасына (мәдени экспансия) өре қарсы тұрғандар, өресін жаныштағандар, ұл-қыздың өгей тілде шүлдірлеп ұзақтай бастағанына жаны шошайғандар. Ұжмақтың төрінен дәметпей, ұлтының табан астында маңлай тері тамшылағандар. Ұлылық па — бұл арасын мен айта алмадым; өйткені, Нобель сыйлығын, Ленин мен Сталин (кейіннен мемлекеттік) сыйлықтарын алмағанның несі ұлы жазушы?! Ұлтжандылық па, бұлай сұрағанға тайсалмастан «иә» дер едім. Ұлт болмысында Тәкең мен Асқар баяғыны былай қойғанда Аймауытұлы, Майлин, Әуезов, Мүсіреповтен оза шауып алабөтен шеберлік, яки форма әкеле қойған жоқ. Ұстаса беретініміз неліктен, ендеше? Ұлттық бояуын қалың сіңірген шеберлік ұштаған текті Тәкең, асқақ Асқар тәлімге төселумен қатар ұмыт қалған тілдік бедерімізді жаңартты; ойы озық Алаштың асылына қарап бой теңесті; өз болмысымен, төл, пайым-парасатымен — тың өрнекпен кірікті. Ұмытылмастай өз мінезімен есте қалды. Ұлт әдебиетінің тарихында қалғанына сеп, әлбетте, мазмұн-мағыналы ерен еңбегі; мағишатта майыспаған, марапатқа ұшынбаған ерлігі. Ұлтқа қызметі, елге еңбегі. Ұлттық мәдениет пен ғаламдық үрдіс — басының тоғысуы қиын, көбіне піспей қала беретін шым-шытырық. Ұрынуға міртәуекел керек — ұтылуың аяқ астынан. Ұлтарағы шашыраған Қазақ намысына шапшыған Тәкең, Асқар осынау жұмбақты шешуге ақылы жеткендер; сыншы Тоқбергенов бұл екеуінің ғаламдық өнер өнегесімен таласа жүріп төл өремізді төрге сүйреген еңбегіне есі кеткенше мәз болыпты. Ұлтқа қызмет жасауға құнтиған — назмгөй Нармахан, насргөй Мархабат стиль жаулаған лирик; жан дүниенің жәуһарын тергендер. Ұрына кетіп бұл екеуіне неге Пушкин сынды өлеңмен роман, Толстой, Достоевский сынды құлаш-құлаш эпопея, құрығанда қалыңдығы кірпіштей роман жазбайсың деу әурейілік. Ұзақ көсілмейтін, есесіне өрнекті-өмірлі Өлең мен әдемі әңгіме жазып үйренген қасқалардың өз жанрына адалдығынан жата қап үйренейік. Ұялшақтау үндемес Тәкең, тайсалмай киіп-жаратын Төлеген, тілі мірдей Асқар, даусы бәсең Нармахан, төбесінің жалпағын сыйпай беретін Мархабат ешқашан «ұлтым, ұлтым» деп даң-даңғаза айтқан емес, көкірегін тоқпақтамаған құры сыпайылар. Ұрдажықтың өзін тырп еткізбейтін қырлауыт қабақ Нарағам;
Жалғыз ұлға сүйеніп жалғыз жүру,
Қолынан келеді тек мықтылардың, — депті Анасына арзу айтқанда.
Ұжданның берігі де, ұлттық нақыштың көрігі де осы білгенге. Ұлдың, оның үстіне жалғыздың, әлбетте, орны бөлек. Ұсақ мінезді көршіміздің қатындары қыз туса «қартайғанда өзімді асырайды» деп жүрегі жарылардай қуаныштан секіреді, әйеліне елпектеген ері де қызалағына емпеңдей бермек. Ұлттық мінезіміз солай — ұлға өліп-тірілеміз; жалғыз болса жолында өле жаздаймыз; Зейнептің ұлдан жеке Төлегені, Қымбаттың бетіне қараған Асқары, Ақыштың маңлайына басқан Нармаханы, не боп кетті өзі, Тәкең мен Мархабаттың да жетіскені шамалы! Ұл неме анасына тәнті; Тәкең жалғаннан озарында жетпісті желкелеп қалған шал болса да: «Баб Атаға, апамның қасына жерлеңдер!» деп аманат айтқан. Ұғылшақ өзі атадан жеке болған соң ұжданына, ұлтына сүйенбегенде енді несі қалсын?! Ұртын толтырып «ұлтым, ұлтым!» деп ұлығанның ұят боларын әуелі өзінің қуыс іші біледі ғой. Ұжданына сүйеніп үн-түнсіз ұлтына бола құлша бүгілмек. Ұлпасына бөтеннің көзі сірә оңайлықпен түспейтінін тағы біледі. Ұлтына ақыл-ойын арнағанның көрген күні осы енді. Ұлылық па — әй, қайдам-ау. Ұзап шығып Алматыда, Астанада алшаң басып жүрмегесін ауылдағы ауызы сасық несіне шіренеді?! Ұлтжандылық па, несі бар, болса болып та қалар... Ұлттық мәнерге иексіп «көркем көкем», «арқасүйер ағам», «жұмыры жұпар» дей беретінім де осылар. Ұлық тұтқан Қажы Ыбырай көкем де Нәзір туысқанының кітабын шығаруға бала-шағасына, жеңешеме бой бермей қаражатын тауып береді, ал өз өлеңдеріңді шығара ғой деп көк тиын ұстатпады. Ұзақ қайырдым-ау, Тоқбергеновтың аппысжылдығы ататусыз өтті; қолдың басындай кітапшамды тергізіп-беттеп дайын ұстағанымды қайтейін, еш жерге сөзімді өткере алмадым; әрі кетсе бес жүз доллардан аспайтын бар шығыны. Ұлып ішімнен қайттым. Ұлымасын дегені шығар, Нарағам: «бір кітабыңды шығарып берейін, дайын нең бар?» деді осы жолы. Ұялмай анауым бар, мынауым бар деп саусағымды бүге бердім де: «Мойнымдағы бір қарызымнан құтылайын — Созақи сөз сардарларын өңдеп-толықтырайын, соны шығарып беріңіз» дедім. Ұлт, әлбетте, қатарының молдығымен, шаруасының шалқақтығымен көркейе бермек; ал шаруа-шаруа дей жүріп ұжданынан айрылса несі қалмақ? Ұжданы — тілі, мәдениеті, өнері һәм әдебиеті емес пе; шаруаның қамымен шалғайдағы Ыстамбұл, ар-Рияд, Париж, Лондон, Нью-Йоркті шарлап; яки Ташкент пен Мәскеуді қоныстанып қала беруге де болады. Ұжданымыздан сонда не қалмақ; солардың қайтсем тілін табамын деп шүлдірерміз.уағызын құптап, мәдениетін алармыз. Ұяттан жұрдай қалмаймыз ба? Ұлт-ұлт деп тіл үйренбе, шетке аяғыңды қия баспа деп тағы айтпаймыз; жігітке жеті өнер де аздық етерін білеміз; бірақ, ұжданыңнан баз кешпе — үйренген-меңгерген өнеріңді әуелі ұлтыңның қамына жек дегелі отырмыз. Ұшпаққа жеткермейтін дүниенің материалдық байлығынан көшелі Көшпелі түпаталарымыз бетін бекер бұрмаса, бойын текке тартынбаса керек. Ұрымға текке ұрынбадық; осындағы ырың-жырыңның қалыңдығы жер-жиһаннан қаттаған қаражаты ақыр түбінде уафа бермеді. Ұстағанның қолында, тістегеннің тісінде кеткен қайран байлық. Ұлтарақтай жері қалмаған, халқы әр тарапқа шашырап кеткен ел қаншама. Ұлттың тұтастығы — өз тілі, өз діні, өз мәдениеті, өз әдебиеті болмайынша бұл қатерден тіріде құтылмассың. Ұртын қажаған саяси сайқымазақтың: «біздің досымыз — мынау, жауымыз анау!» дегені де; шал-шауқанның «түбі бір ата-анадан туысың мынау, қалған казак — анау» дегені де сасық көлдің батпағындай қолқаңды қапқан құры атала. Ұлы қазақ жазушысы ешқашан Нобель сыйлығына жете алмайды; КСРО мен Ресей сыйлықтарын жақсыжайсаңымыз да, сырты жайсаңымыз да алып та, шалып та жығып жүр ғой. Ұшына бермейік: Нобель сыйлығы өз кағидасына берік — еуроцентризмге, христиан құндылықтарына бас ұрмайынша қашпаған қашардың уызынан құры дәметпе. Ұлылыққа өзіміз жолатпайтын текті Тәкең орыс тілін өз бетінше үйреніп ешкімнен кем түсе қоймаған; Мәскеудің әдебиет институтына кетерінде Қасымды тыңдамаған; орыс қызына үйленіп Мәскеуде қалған; қазақ жазушыларының «Советский писатель» баспасынан көрінуіне жетекшілік жасай жүріп өз басына тым енжар қараған, құнттамаған. Ұңғылай берсек, авторизованный переводпен «орыс тілді қазақ жазушысы» атануға қарым-қабілеті де, қолындағы мүмкіндігі де молынан жететін. Ұжданына берік Тәкең мұны істемепті. Ұрса алмайсың, жазғыра алмайсың — онда ұяты өзімізге қалмақ.
Ұшын тарқатқан әңгіменің шегіне де жеттік:
Ұлды өзімдікі, өзгенікі демей ешбір ақы-пұлсыз мінезге тәрбиелеген Телеген Тоқбергенов; Ұлтты мінезге тәрбиелеген Тәңірберген Әлімқұлов — бұл да бір еңбегін тірі жанға міндетсінбейтін момын. Ұңғысына мысқылын мыжып көздейтін, мұрттай ұшырып түсіретін Асқар Сүлейменов. Ұлт көркеймейінше ұлылықты мойындау әстейі күшке түсе бермек-ау шамасы. Ұждан жолында шаршап шалдыққан Созақ сардарларының бәсе жұрттан несі артық; сол заман, сол орта! Ұрып жығардай алып денесі жоқ. Ұзынынан орап алатын қолында билігі бар ұлық та емес. Ұшырта беретін несі бар; солардың жазғанын біз де жазғанбыз. жаза да аламыз; олардың ала алмағанын аузынан жырып кетіп бар мақтауды естігенбіз; біз де қазақпыз... Ұмар-жұмар ұстаспадық; бәрі де дұрыс; сол өзіңіз айтқандай ешкімнен олқы түспейтін, осал соқпайтын өз жақсымызды әуелі өзіміз тануға талпындық. Ұғылшақтың ізет-ілтипаты сезімін қуынып артық-кем айтылса әуелі көркем көкелерінің өзі кеше жатар — ұрыншақты баста еркінсітіп жаман үйреткен өздері ғой!
Ұзынырғаспақтың тобықтай түйіні осы.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру