Мазмұнға өту
Home

Қазақстанның қазіргі замандағы ғалымдары (7)

ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 18 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қазақстанның қазіргі замандағы ғалымдары (7)

Авторы: ISBN: 9965-893-92-6 Беттер саны: 18 Жанр:

ДАДАБАЕВ Əлім Юсупұлы (8.5. 1928 ж.т., Алматы қ.) – хим. ғыл. докт. (1975), проф. (1983). Алматы тау-кен ин-тын бітірген (1951, қазіргі ҚазҰТУ). 1952–55 ж. Қазақстан ҒА-ның Металлургия интында аспирант, 1955–96 ж. кіші, аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, 1996 жылдан ҚР ҰҒА Металлургия ин-тында бас ғыл. қызметкер. Д. 300-ден астам ғыл.- зерт. еңбектің, 2 монографияның авторы. ДАЙРАБАЕВ Ерғали Бейсенбайұлы (1928, Шығыс Қазақстан обл. Абралы ауд. – 2007, Алматы қ.) – пед. ғыл. канд. (1965), доцент (1980). ҚазПИ-ді (1947, қазіргі ҚазҰПУ), Қазақстан ҒА аспирантурасын (1952), КСРО Пед. ғылымдар академиясының Білім жетілдіру ин-тын (1983) бітірген. ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1980–86, қазіргі ҚазҰУ), кафедра доценті (1986–98), Қазақстан пед. ғылым саласында ғыл.- зерт. үйлестіру кеңесінің мүшесі (1970–85). «Мектептегі жазу жұмысының əдістемесі» деген тақырыпта канд. дисс. қорғаған. «1941–45 ж.ж. Ұлы Отан соғысы жылдары атқарған ерен еңбегі үшін», «Тың жəне тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», «Білім беру үздігі» медальдарымен жəне ҚР БҒМ грамоталарымен марапатталған. Д. 50ден астам ғыл. еңбектің авторы. ДАЙЫРБЕКОВ Жансұлтан (1930, Қарағанды обл. Қарқаралы ауд. Нүркен а. – 2004) – экон. ғыл. докт. (1988), проф. (1989). Мəскеу түсті металдар жəне алтын ин-тын бітірген (1952). Қазақстанның тау-кен кəсіпорындарында қызмет еткен. 1952–59 ж. Қазақстан ҒА-ның аспиранты, кіші ғыл. қызметкері, Қазақ КСР-і Мин Кеңесі төрағасының көмекшісі, бөлім бастығының орынбасары, Қазақ КСР-і Мемл. жоспарлау к-тінде бөлім бастығы, Алматы халық ш. ин-тының (қазіргі Қазақ экон. ун-ті) оқу жəне ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі. 1994 ж. Шығыс Қазақстан мемл. ун-тінде қаржы-экон. ф-ті мен қаржы жəне кредит кафедрасының ашылуына зор үлес қосты. 1998 жылдан Қазақ көлік жəне коммуникация академиясының кафедра меңгерушісі болды. 11 монография, 75 ғыл. мақаласы жарық көрген. ДАЙЫРБЕКОВ Нұрлан Слямханұлы (24.11.1960 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Ұлан ауд. Бозанбай а.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1996), доцент (2003). Новосибирск мемл. ун-тін (1983) бітірген. Ресей ҒА Сібір бөлімшесіндегі Матем. ин-тында (1983–2009, Новосибирск), Новосибирск мемл. ун-тінде (1984–2006, Новосибирск), 2005 жылдан ҚазақстанБритан тех. ун-тінде, 2006 жылдан Сүлейман Демирел атынд. ун-тте, 2009 жылдан Математика, информатика жəне механика интында қызмет атқарады. Негізгі ғыл. бағыты функциялар теориясы, дифференц. геометрия, интегралдық геометрия. Бірнеше кеңістіктік айнымалылардан тəуелді квазирегулярлы бейнелеулер теориясы құрастырылған. Екіқадамды (нильпотентті) Карно топтардың квазирегулярлы бейнелеулерінің топол. қасиеттері табылған. Риман көпбейнеліктерінің түрлі қаттылық теоремалары дəлелденген жəне интегралдық геометрияның бір қатар есептері шешілген. «Бейнелеу кластарының орнықтылығы Бельтрами теңдеулері, жəне бірнеше айнымалыдан тəуелді квазирегулярлы бейнелеулер» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ДАЙЫРБЕКОВ Орынбай (1.10. 1942 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Төле би ауд. Көксаяқ а.) – мед. ғыл. докт. (1993), проф. (1996), Қазақстанның еңб. сің. дəрігері (1990). Алматы мемл. мед. ин-тын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 1970–98 ж. Қазақ емдік-тəжірибелік хирургия интының кардиохирургия бөлімінде хирург-дəрігер, аспирант, Алматы қ-лық №4 ауруханасында бас дəрігердің орынбасары, бас дəрігері, Алматы обл. ауруханасының бас дəрігері, обл. денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, клиник. жəне эксперименттік хирургия ғыл.-зерт. ин-ты директорының орынбасары, Алматы қ. əкімі аппаратының денсаулық сақтау басқармасының бастығы болды. Оңт. Қазақстан мемл. мед. академиясының ректоры (1999–2008), Е.Дайрабаев Н.Дайырбеков О.Дайырбеков ДАДАБАЕВ

қазір Қазақ ұлттық мед. ун-тінде кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектері туа біткен жүрек ақауын анықтап, емдеу тəсілдерін қолдануға арналған. Ал ғыл. жұмыстары денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға, мед. көмек сапасын көтеруге бағытталған. «Құрмет» орденімен (2004) марапатталған. ДАЙЫРОВ Əлмағамбет Бекішұлы (10.5.1920 ж.т., Қызылорда обл. Шиелі ауд. Қараөзек а. – 19.8.2006) – мед. ғыл. докт. (1970), проф. (1971). Қазақ КСР-інің еңб. сің. дəрігері (1957). Алматы мемл. мед. ин-тын (1941, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Қызылорда қ. денсаулық сақтау бөлімінің бастығы (1946– 52), Алматы мемл. мед. ин-тында ассистент (1952–57), Ақтөбе мемл. мед. ин-тының ректоры (1957– 63), Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау мин-нің №4 басқармасына қарасты Орт. аурухананың бас дəрігері (1963–71), Қазақ ұлттық мед. ун-тінде кафедра меңгерушісі (1971–98) болды. «О влиянии обширных резекций тонких кишок на процессы пищеварения и общее состояние организма» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Д. ішек-қарын (ащы ішектің) бөліктерін алып тастау салдарынан ас қорыту жүйесінде болатын өзгерістерді зерттеді, лазер сəулесін қолдану, эхинококкозды анықтау, емдеу мəселелерімен шұғылданды. Қазан революциясы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, 2-дəрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. ДАЛЬЯН Иван Борисович (26. 6.1924 ж.т., Украина, Донецк обл. Кашлагаш а.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1979). Пермь мемл. унтін (1953) бітірген. 1953–87 ж. Ақтөбе мұнай бақылау тресінде геолог, Кеңқия, Жарқамыс мұнай бақылау экспед-ның бас геологы, геол. бөлімінің бастығы, Бозой, Қызылой, Құмсай, Кеңқия, Қаратөбе, Көкжиде, Ақжар, Көбен мұнай орындарының ашылуына тікелей ат салысқан. 1999 жылдан «Жаңажол» АҚ мұнай бақылау экспед-ның вице-президенті болып қызмет атқарады. «Глубинное строение и нефтегазоносность палеозойских отложений восточной части Прикаспийской впадины, ее обрамления» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 200-ге жуық ғыл. еңбегі, 4 монографиясы жарық көрген. ДАНАЕВ Нарқозы Тұрсынбайұлы (3.9.1948 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Майтөбе а.) – физ.- матем. ғыл. докт. (1995), проф. (2001). ҚР Ұлттық инж. академиясының акад. (2001), Халықар. инж. академиясының акад. (2004). Атырау мұнай жəне газ ин-тының акад. проф. (2004). ҚазМУ-ды (1972, қазіргі ҚазҰУ), КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің аспирантурасын (1977, Новосибирск қ.) бітірген. КСРО ҒА Сібір бөлімшесінің Есептеу орт-нда ғыл. ізденуші, аспирант, аға инж,, кіші ғыл, қызметкер (1972–83), ҚазҰУда аға оқытушы, доцент, проф. (1983–2012). Негізгі ғыл. бағыты матем. моделдеу, есептеу жəне ақпараттық технол. саласына арналған. Газдардың жəне сылымайтын сұйықтар қозғалысын сипаттайтын Навье-Стокс теңдеулерін шешудің сандық əдістерін жетілдірумен, орнықтылығын жəне жинақталу жылдамдықтарын зерттеумен айналысып, алғаш рет қарастырып отырған есеп шешіміне бейімделетін координаттар жүйесін құрудың негізгі қағидаларын анықтаған. «Күрделі облыстарда гидродинамика теңдеулерін шешудің тиімді тəсілдері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ҚР Мемл. сыйл. иегері (1994), «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2010), «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің (2001), «Атырау мұнай жəне газ институтына 25 жыл» төсбелгісінің (2005), ҚР Президенті алғыс хаттарының (2001, 2006) иегері, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2007), «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2008), «Астана» (2006) медальдерімен марапатталған. ДАНДАЕВА Ботагөз Маратқызы (23.7.1974 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Арыс қ.) – экон. ғыл. канд. (2007), доцент (2010). Халықар. қазақ-түрік ун-тін бітірген (1996). 1996 жылдан ун-тте оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарады. «Ауыл шаруашылығына инвестицияны тарту механизмдерін жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысының Ə.Дайыров И.Б.Дальян Н.Данаев ДАНДАЕВА

материалдары негізінде)» тақырыбында канд. дисс. қорғаған. 50дей ғыл. еңбектің, оның ішінде 1 монография, 3 оқулықтың авторы. ДАНИЛИНА Галина Петровна (13.7.1938 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш қ.) – тех. ғыл. докт. (1984), проф. (1992). ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1960–64 ж. Қазақстан ҒА-ның Матем. ин-тында аға лаборант, 1964 ж. Қазақстан ҒА-ның Тау-кен интында кіші ғыл. қызметкер, аспирант, аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, жетекші ғыл. қызметкері болып еңбек еткен. Д. 55 ғыл. еңбек пен 3 кітаптың авторы. ДАНИЯРОВ Асылхан Нұрмұхаметұлы (10.8.1935, Қарағанды обл. Нұра ауд. Казгородок а. – 1993) – тех. ғыл. докт. (1980), проф. (1987). Қарағанды политех. интын бітірген (1958). «Қарағандыкөмір» комб-ның «Октябрькөмір» тресіндегі шахтада кен мастері, механик (1958–61), Қарағанды политех. ин-тында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор (1964–87) қызметтерін атқарды. Негізгі ғыл. еңбектері мен өнертабыстары механикаландыру құралдарын жəне оларды пайдаланудың өзіне тəн шарттарын ескере отырып, бағалау тəсілдерін жасауға жəне жетілдіруге арналған. 25 өнертабыстың авторы. ДАРБАЕВА Талшен Есенаманқызы (29.7.1950 ж.т., бұрынғы Орал обл. Приуральный ауд. Спартак а.) – биол. ғыл. докт. (2003), проф. (2009). Орал пед. уч-щесін, Орал пед. ин-тын, КСРО ҒА Ботаника ин-тының аспирантурасын (1987), Санкт-Петербург қ-ндағы РҒА Ботаника институтының докторантурасын (2002) бітірген. Орал пед. ин-тында зертханашы, тəлімгер-зерттеуші (1972–83), 1972 жылдан Батыс Қазақстан мемл. ун-тінде қызмет атқарып келеді. Негізгі ғыл. бағыты Солт.-Батыс Қазақстанның флорасы мен өсімдік жамылғысы бойынша іргелі ғыл. зерттеулерге арналған. «Флора меловых возвышенностей Северо-Западного Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Д. 100-ден астам ғыл. еңбектің, соның ішінде 5 ұжымдық, 3 жеке монографиялардың авторы. ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің (2007) иегері. ДАУЫЛБАЕВ Мұратхан Құдайбергенұлы (14.11.1957 ж.т., Алматы обл. Қаратал ауд. Жаңаталап а.) – физ.-матем. ғыл. докт. (2003), проф. (2007). ҚазМУ-ды (1979, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1979– 88 ж. ҚазМУ-да аға инж., ассистент, 1988–97 ж. аға оқытушы, доцент, 1997–05 ж. доцент, проф., 2005–11 ж. кафедра меңгерушісі, 2011 жылдан кафедра проф. Негізгі ғыл. бағыты сингулярлы ауытқыған дифференц. жəне интегралды дифференц. теңдеулерді шешудің асимптотик. əдістері мəселелеріне арналған. «Бастапқы секірісті сингулярлы ауытқыған интегралды дифференциалдық теңдеулер» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Д. 80-нен астам ғыл. мақала, 4 оқу құралының авторы. ДАУЫЛБАЕВ Нəби Нұғманұлы (1910, Ақмола обл. Ақмола ауд. Ағанас а. – 1987, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. проф. ҚазПИ-ді (1946, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1929 ж. Ақмола пед. техникумында оқытушы, 1929–31 ж. Ортаазиялық мақта-ирригац. политех. ин-тының студенті, 1931–33 ж. Ақмола жетіжылдық қазақ мектебінің директоры жəне ОКМінің оқу ісі меңгерушісі, 1933– 36 ж. Солт. Қазақстан обл. Степняк қ-нда кадрлар бөлімінің басшысы, комб. меңгерушісінің орынбасары, рудниктің басқарушысының орынбасары, бөлім бастығы жəне директоры, 1937–38 ж. ҚазКСР жер Халкомында нұсқаушыБ.Дандаева А.Данияров Т.Дарбаева М.Дауылбаев ДАНИЛИНА

əдіскер, 1938–40 ж. Қазақ КСР Халық Комиссариатының сырттай оқу бөлімі жəне мұғалім мамандардың біліктілігін көтеру интының меңгерушісі, 1940–1941 ж. Ақмола обл. Степняк қ-ның қазақ орта мектебінің жəне пед. техникумның директоры, 1941– 43 ж. Алматы обл. Алматы ауд. орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, 1943–44 ж. Қазақ КСР совхоздары Халық Комиссариаты Саяси бөлім басқармасының лекторы, ҚазКСР халық комиссарлар Кеңесі жанындағы еңбек резервтерін басқару бөлімінің басшысы, 1944–1947 ж. ҚазКСР Ағарту мин-нің ғыл.-зерт. интында аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1946–1949 ж. ҚазКСР ҒА Тарих, археология жəне этнология ин-тында аспирант, 1948– 49 ж. ҚазМУ-да кафедраның аға оқытушысы, декан (1949–53), кафедра доценті (1953–57), кафедра меңгерушісі (1957–64) қызметтерін атқарды. ДАУЫЛБАЕВ Файзи Ахметұлы (26.11.1927, Батыс Қазақстан обл. Жымпиты ауд. Жымпиты а. – 10.6.1982, Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1980), проф. (1982). Алматы мемл. мед. ин-тын (1951, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) жəне аспирантурасын (1954) бітірген. Алматы мемл. мед. интында доцент (1960–68), кафедра меңгерушісі (1968–80), проректор (1976), ал 1980 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы дəрігерлер білімін жетілдіру ин-тының ректоры болды. ДАХБАЙҰЛЫ Бейбітхан (27.4. 1952 ж.т., Моңғолия, Баян Өлгий аймағы, Бұлған самоны ) – мед. ғыл. докт. (2002), проф. (2011). Халықар. ақпараттандыру академиясының акад. Улан-Батор мемл. мед. ин-тын бітірген (1975). 1975– 77 ж. Баян Өлгий аймағы денсаулық бөлімінің нұсқаушысы, 1977– 83 ж. Улан-Батор мед. ун-тінде оқытушы, 1983–86 ж. Жалпы жəне коммуналдық гигиена ғыл.- зерт. ин-тында аспирант, 1986– 93 ж. доцент, ф-т деканы, 1993– 2007 ж. ЕГжКА ҰО аға ғыл. қызметкер, зертхана меңгерушісі, 2007 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінде проф. Негізгі ғыл. бағыты гигиена, экология, шығыс медицинасы мəселелерін зерттеуге арналған. «Қала топырағының ластаушы жəне оның тұрғындар денсаулығына тигізер əсері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 100-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монография, 2 оқулық, 3 патенттің авторы. ДƏВІЛБЕКОВ (Дəуілбеков) Нариман Халбекұлы (12.8.1937 ж.т., Өзбекстан, Самарқан обл. ГалляАрал ауд.) – тех. ғыл. докт. (1986), проф. (1988). Мəскеу болат жəне қорытпа ин-тын (1960) бітірген. Қарағанды политех. ин-тында оқытушы (1960–62), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) политех. ин-тында аспирант (1962– 65), «Карметкомбинат» жанындағы ВТУЗ-да доцент, кафедра меңгерушісі, ғыл. жұмыстар жəне оқу ісі жөніндегі проректоры (1965–79), 1979 жылдан Қазақ ұлттық тех. ун-тінде доцент, проф., кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Д. 110 ғыл.-зерт. еңбектің, 3 монографияның авторы. ДƏДЕБАЕВ Жаңғара (15.10.1948 ж.т., Жамбыл обл. Талас ауд. Ойық а.) – филол. ғыл. докт. (1992), проф. (1993), ҚР жоғары мектебі (2002) жəне Халықар. жоғары мектебі (2004) академияларының акад. ҚазҰУ-дың (1975), Пед. шеберлік арттыру ин-тын (1980), Мəскеу мемл. ун-ті жанындағы біліктілікті жетілдіру фтін бітірген (1985). 1977 жылдан ҚазҰУ-да ассистент, аға оқытушы (1983–87), доцент (1987–91). ҚР Білім жəне ғыл. мин. Пед. ғылымдары ғыл.-зерт. ин-тының (1991–92, қазіргі Білім академиясы) директоры, ҚазҰУ-да проф., декан (1993–2000), кафедра меңгерушісі (2000–01), проректор (2001–08), 2008 жылдан кафедра меңгерушісі, ун-т жанындағы Абай ғыл.-зерт. ин-тының директоры қызметтерін атқарады. «Əдебиеттегі өмір шындығы жəне көркемдік шешім» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Дтың 60-тан астам монографиясы, 200-ден астам оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрді. ДƏЛЕНОВ Ерболат Дербісəліұлы (1946 ж.т., Қызылорда обл. Қазалы ауд. Қожабақы а.) – мед. ғыл. докт. (1993), проф. (1994). Нью-Йорк академиясының акад. (2001). Ақмола мемл. мед. интын (1969, қазіргі Астана мемл. Ф.Дауылбаев Б.Дахбайұлы Ж.Дəдебаев ДƏЛЕНОВ

мед. ун-ті) бітірген. 1969–71 ж. Ростов мед. ин-тының аспирантурасында оқыды. 1971 жылдан Aқмола мемл. мед. ин-тында қызмет істеді. Ғыл. еңбектері аурудың пайда болу, даму жолдарына жəне аурудан сақтану мен сауықтыру мəселелеріне арналған. Д. 200-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 10 монография, 17 өнертабыстың авторы. ДƏЛЕНОВ Шынболат Дербісəліұлы (28.3.1943 ж.т., Қызылорда обл. Қазалы ауд. Қожабақы а.) – а.ш. ғыл. докт. (1998), проф. (1998). Алматы зоотех. малдəрігерлік ин-тын (1971, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), аспирантурасын (1974) бітірген. 1959–62 ж. Ақмола обл. Астрахань ауд. веттехнигі, 1974–1975 ж. НИСА-да кіші, аға ғыл. қызметкер, 1975– 1981 ж. Алматы зоотех. малдəрігерлік ин-тында ассистент, 1981– 98 ж. доцент, 1998–2000 ж. кафедра проф., 2000–07 ж. кафедра меңгерушісі, 2007 жылдан кафедра проф. Д-тің негізгі ғыл. жұмыстарының бағыты Қазақстандағы сүтті ірі қара тұқымдарының селекц.-генетик. жолдармен жəне технол. тəсілдермен мал өнімдерін арттыру мəселелеріне арналған. Əулиеата сиыры тұқымының жоғары өнімді жаңа типін шығарды. «Селекционно-генетические методы и технологические приемы повышения молочной продуктивности коров молочных пород Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ҚазКСР Жоғары Кеңесінің (1988), ҚР А.ш. мин-нің (1993, 2003) құрмет грамоталарымен, «ҚР жоғары білім беру құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2003), «ҚР ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2005) марапатталған. Д. 90-нан астам ғыл. еңбектің, 4 авторлық куəліктің авторы. ДƏНДІБАЕВ Бертағы (1939 ж.т., Қарақалпақстан, Тақтақұпыр ауд.) – а. ш. ғыл. докт. (1996). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1968–74 ж. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс интында ассистент, 1974–86 ж. Қазақ су ш. ғыл.-зерт. ин-тында аспирант, кіші ғыл. қызметкер, аға ғыл. қызметкер, 1986–94 ж. Өзбек күріш ғыл.-зерт. ин-тының Қарақалпақ бөлімшесінде жəне Био-экология ин-тында лаб. меңгерушісі (1994–96) болды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық агр. унтінде доцент қызметін атқарады. Д. 52 ғыл. жарияланымның, 1 монографияның авторы. ДƏУЛЕТБАЕВ Дамир Абайділдаұлы (1.10.1964 ж.т., Қызылорда қ.) – мед. ғыл. докт. (2002). Ақтөбе мемл. мед. ин-тын (1987, қазіргі Батыс Қазақстан мед. ун-ті) бітірген. 1987–97 ж. Қызылорда обл. ауруханасында дəрігер-реаниматолог, дəрігер-хирург болып жұмыс істеді. Қызылорда обл. денсаулық сақтау басқармасының бастығы (1999–2003), Қызылорда обл. мед. орт-ның директоры (2003–05) қызметтерін атқарды. Д. 70-тен астам ғыл. еңбектің, 1 монографияның авторы. ДƏУЛЕТБАЕВА-САРЫҚҰЛОВА Сауле Мұсағұлқызы (12. 3.1950 ж.т., Қостанай обл. Қарабалық ауд. Бөрілі а.) – мед. ғыл. докт. (2009). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1973) КСРО Мед. ғыл. академиясы, Бүкілодақтық кардиол. ғыл. орт. Кардиология ин-тының аспирантурасын (1985) бітірген. 1974–77 ж. Қостанай обл. Комсомолская ауд-нда дəрігертерапевт, 1977–79 ж. Қарағанды қ-нда дəрігер-ординатор, 1985– 98 ж. Қарағанды мемл. мед. интында ассистент, Қарағанды қ. обл. диагност. орт. кардиолог – кеңесші, 1998–2002 ж. Оңт. Қазақстан мемл. мед. академиясында доцент, 2002–09 ж. кафедра меңгерушісі, 2009 жылдан кафедра басқарады. «Комплексная оценка влияния производственных факторов на развитие сердечно-сосудистых заболеваний у рабочих свинцового производства» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Е.Дəленов Ш.Дəленов Д.Дəулетбаев С.Дəулетбаева-Сарықұлова ДƏЛЕНОВ

Д. 160-тан астам ғыл. еңбектің авторы. ҚР Денсаулық сақтау мин-нің мақтау грамотасымен (2009), «ҚР Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен марапатталған. ДƏУЛЕТҚАЛИЕВ Сəкен Қаламқалиұлы (18.6.1935 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Тасқала ауд. Амангелді а.) – геогр. ғыл. докт. (1997). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) гидрометеорол. ин-тын бітірген (1958). ҚазКСРО ҒА Энергетика ин-тында (1958–71), 1972 жылдан қазіргі күнге дейін ҚазҰУ-да кафедра проф. Негізгі ғыл. бағыты гидрол. есептеулер мен болжамдар. «Гидрологиялық қатарларды жəне өзендер ағындысы гидрографтарын статистикалық моделдеу» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 120-ға тарта ғыл. жəне оқу-əдістем. еңбектің, оның ішінде 1 монография, 10 оқу құралы жəне 1 оқулық авторы. «Еңбек ардагері» (1988), «Білім беру озаты» (1995). ДƏУЛЕТҚАЛИЕВА Кира Мұташқызы (9.12.1934, Алматы қ. – 11.11.2007, сонда) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1988), проф. (1995). Ташкенттегі Орта Азия политех. ин-тын бітірген (1957). Қазақстан ҒА-ның Геол. ғылымдар ин-тында лаборант, аға лаборант, кіші, аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1957–66), 1995 жылдан осы ин-ттың бас ғыл. қызметкері əрі ҚазҰУ-дың проф. болған. Ғыл.- зерттеулерінің негізгі бағыты – Қазақстан жер асты суларының хим. құрамы. Д. ауыз суы жəне шаруашылық бағытта пайдаланылатын жер асты суы хим. құрамының қалыптасу ерекшеліктерін, гидросферадағы табиғи сулардың хим. құрамы қалыптасуының генетик. заңдылықтарын, кентастық кен орындарын іздеуді экол. тұрғыдан зерттеген. ДƏУРЕНБЕКОВА Əсима Нарбекқызы (24.9.1955 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Ордабасы ауд. Шұбар а.) – экон. ғыл. докт. (2007), проф. (2008). Жамбыл жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі технол. ин-тын (1977) бітірген. Шымкент қ. «Эластик» бірлестігінде (1977–78), Жамбыл жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі технол. ин-тында ассистент (1978–81), Алматы халық ш. интының аспирантурасында оқыды (1981–84), қазіргі Қазақ экон. ун-тінде доцент (1998–2007), 2007 жылдан ҚазҰПУ-да кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. «Қазақстан өнеркəсібінің индустриялық деңгейін көтеру: генезис, басымдылықтар жəне жүзеге асырудың экономикалық механизмі» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Д-ның 70-тен астам ғыл. еңбегі, 1 монографиясы жарық көрген. ДƏУРЕХАНОВ Асатай Мəмітұлы (8.12.1957 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Бəйдібек ауд. Бөген а.) – мед. ғыл. докт. (2007), доцент (1994). Ташкент мемл. мед. ин-тын (1981) бітірген. 1981–90 ж. Ташкент мемл. мед. ин-тында тəлімгер-зерттеуші, ассистент, 1990– 93 – Өзбекстан Республикасы Патол. анатомия орт. директорының орынбасары, 1994 ж. Ташкент мемл. мед. ин-тында доцент, 1994–2009 ж. Оңт. Қазақстан мемл. мед. ин-тында (академиясы) кафедра меңгерушісі, 2009 жылдан Халықар. Қазақ-Түрік ун-тінде кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. бағыты қанайналым жүйесінің аурулары, инфекц. патология мəселелеріне арналған. «Распространенность и морфогенез атеросклероза магистральных артерий в мужской популяции гг.Ташкента и Шымкента» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі (2007). ДƏУІТОВ Леонид Мұхамеджанұлы (1942 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд. Үлкен Нарын а.) – физ.-матем. ғыл. докт. (1994), проф. (1997). Мəскеу мемл. ун-тін (1967) бітірген. Қазақстан ҒА-ның Ядр. физ. ин-тында инж., кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер (1967–88), 1988 ж. ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметін атқарған. Д. 120-дан астам ғыл. мақаланың авторы. ДƏУІТОВ Сəрсенбі (1947 ж.т., ҚХР, Шығыс Түркістан, Шыңжаң өлкесі, Шын Пэн Зи қ.) – филол. ғыл. докт. (2001). ҚазПИ-ді (1970, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1970). Қазақ телевизиясында, Талдықорған обл. (қазіргі Алматы) «Октябрь туы» (1972–73), Фрунзе қлық ішкі істер бөлімінде (1973–74), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Социалистік Қазақстан» С.Дəулетқалиев Ə.Дəуренбекова А.Дəуреханов ДƏУІТОВ

(қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде (1974–75) қызмет атқарған. Қазақстан ҒА-ның Əдебиет жəне өнер ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1975–98). 1998 жылдан Д.Қонаев атынд. гуманит. ун-тінде дəріс береді. Д. «Көңіл сазы» (1989), «Диуани Хикмет жəне қазақ поэзиясы» (1998), т.б. зерттеу еңбектерінің авторы. ДƏУІТОВА Сəуле Батталқызы (28.1.1961 ж.т., Қарағанды қ.) – филол. ғыл. докт. (2006). ҚазПИдің филол. ф-тін (1983, орыс тілі мен əдебиеті; 2003, қазақ тілі мен əдебиеті; қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. 1983 ж. осы оқу орнында аспирант, кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер, декан (1997–2008), Əдебиеттану жəне тіл білімі ғыл.- зерт. ин-тының директоры (2008) қызметін атқарды. «Художественная концепция исторической личности в казахской драматургии» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Д. 60-тан аса ғыл. еңбектің авторы. ДЕГРАФ Геннадий Андреевич (1.6.1940 ж.т., Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Корнеевка а.) – тех. ғыл. докт. (1995), проф. (1996), Қазақстан А. ш. академиясының акад. (1997). Қазақ мемл. а. ш. интын (1962, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген соң осы интта ассистент (1962–63), аспирант (1966), доцент, кафедра меңгерушісі (1967–81), декан (1981–87), ғыл. оқу өндірістік орт-ның бастығы (1987–93), 1996 жылдан 1проректоры қызметтерін атқарады. 1994 ж. «Обоснование технических средств для фронтальной вспашки» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Д. 120-дан астам ғыл. еңбектің, 3 монографияның авторы. ДЕМЕСІНОВА Нəзипа Қабиқызы (25.12.1929, Павлодар обл. Ертіс ауд. – 2.6.2001, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1982). ҚазМУды бітірген (1953, қазіргі ҚазҰУ). Қазақстан ҒА-ның Тіл жəне əдебиет ин-тында аспирант (1953– 56), осы ин-тта кіші (1957–63), ал 1963 жылдан бастап зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін аға ғыл. қызметкер болып жұмыс істеді. «Кеңес дəуірінде қазақ тіліндегі синтаксистік жүйенің дамуы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Ғыл.-зерт. еңбектері салыстырмалы грамматика мəселесіне арналған. 30-ға жуық мақалалары жарияланды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. ДЕМИН Владимир Федорович (1952 ж.т.) – тех. ғыл. докт. (2005). Қарағанды политех. ин-тын (1974) бітірген соң осы ин-тта аға инж., аға ғыл. қызметкер, 1977 ж. аспирант, ассистент, лаб. меңгерушісі (1981–83), аға оқытушы, доцент (1983–89), аға ғыл. қызметкер (2001–03) болды. 2004 жылдан кафедра меңгерушісі. Д. 210-нан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. ДЕМЧЕНКО Раиса Семеновна (1.1.1919 ж.т., Алматы қ.) – тех. ғыл. канд. (1982). Мəскеу түсті металдар жəне алтын ин-тын бітірген (1945). Ресей жəне Қазақстанның түсті металлургия кəсіпорындары мен ғыл.-зерт. ин-ттарында жұмыс істеді (1945–57). Қазақстан ҒА-ның Металлургия жəне кен байыту ин-тында кіші ғыл. қызметкер, аға ғыл. қызметкер болды (1957–87). 1987 жылдан зейнеткер. Ғыл. жұмыстарының негізгі бағыты түсті металдар металлургиясының физ.- хим. негіздеріне арналған. Іргелі зерттеу жұмыстарының нəтижелері қорғасынның шала өнімдері мен қайта өңделетін шикізаттарды қайта өңдеудің электртерм. тəсілдерін жасауда пайдаланылып, Қазақстан, Ресей жəне Украина кəсіпорындарында қолданыс тапты. Қазақ КСР-і Мемл. сыйл. лауреаты (1972). ДЕРБІСƏЛІ Шейх Əбсаттар қажы Бағысбайұлы (15.9.1947 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түлкібас ауд.) – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти (2000), филол. ғыл. докт. (1988), проф. (1989). Шымкент пед. ин-тын (1969, қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті) бітірген. КСРО ҒА-ның Шығыстану интында ізденуші, аспирант болған (1970–75). Марокко (1975–76), Тунис ун-тінде араб тілі мен əдебиеті бойынша ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізген (1985–86). Қазақстан ҒА Əдебиет жəне өнер ин-тының ғыл. қызметкері (1976– 77), ҚазҰУ-да ассистент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбаС.Дəуітов С.Дəуітова В.Ф.Демин ДƏУІТОВА

сары, кафедра меңгерушісі (1977– 86), КСРО ҒА Шығыстану ин-тының докторанты (1986–88), ҚазҰУдың шығыстану ф-тің деканы (1989), проректор (1991–97), Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болған (1997– 2000). 2000 жылдан Қазақстан мұсылмандарының бас мүфтиі. Д-нің араб тілі мен əдебиеті, тарихы жəне қазақ əдебиеті мен мəдениетінің ежелгі дəуірі, сыртқы мұсылман елдерімен рухани байланысы, шығыс халықтарының ой-дүниесі мен тарихы туралы теор. жəне практик. мəні бар 300-ден астам ғыл. еңбектері жарық көрді. Араб тілді Марокко əдебиетінің тарихын жазып шықты. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі мен ондағы құлпытастардағы жазуларды ана тілімізге аударып, зерттеді. 10–18 ғ-ларда өмір сүрген Əбу-л Қасым əл-Фараби, Исмайыл əл-Жауһари əл-Фараби, Əбу Ибраһим Ысқақ əл-Фараби, Бурһан əд-Дин Ахмад əлФараби, Махмад əл-Фараби, Байлақ Қыпшақи, Хасан Əли Жалайри, Махмұт Тарази, Гийас əд-Дин Женди, Хусам əд-Дин Сығанақи жəне т.б. барлығы 50-ге жуық ғалымдар мен ойшылдар еңбектерін ғыл. айналымға енгізді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың өмірі мен шығармаларын зерттеуде де соны қадамдар жасады. Қашқарияға (1994), Пəкістанға (1995), Үндістанға (1998) арнайы барып, Кашмир өлкесінен ғалымның зиратын тауып, Берлин жəне Қашқар қолжазбасы бойынша ғұламаның «Жаһаннаме» атты поэмасын шағатай тілінен тəржімалап, баспаға дайындады. Қазақстанда араб тілі мен əдебиетін оқытуды жəне оны зерттеуді жеке ғылым саласы ретінде қалыптастырушылардың бірі. 1987 ж. «Эволюция и развитие арабоязычной литературы Марокко» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. ДЕРЕПАСКИН Алексей Иванович (27.10.1948 ж.т., Қостанай обл. Алтынсарин ауд. Силантьевка а.) – тех. ғыл. докт. (2010). Курган машинақұрылыс ин-тын (1971) бітірген. №4 Жетіқара автобазасында бөлім бастығы (1971– 73), Целинный механизация жəне электрификация а.ш. ғыл.-зерт. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1973–82, Астана қ.), лаб. меңгерушісі (1983–2003), 2003 жылдан тəжірибелік лаб. меңгерушісі. «Разработка, обоснование и внедрение комплекса машин для обработки солонцовых почв» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «КСРО өнертапқышы» төсбелгісінің, КСРО ХШБК күміс жəне екі қола медальдарының иегері. Д. 116 ғыл. еңбектің авторы. ДЕРНОВОЙ Анатолий Григорьевич (21.8.1951 ж.т., Қарағанды қ.) – мед. ғыл. канд. Қарағанды мед. ин-тын (1974) бітірген. Алматы обл-нда санит.-эпидемиол. ст-ның бөлім меңгерушісі, ауд. бас мемл. санит. дəрігер, 1991– 94 ж. Алматы обл. Бас мемл. санит. дəрігер, 1994–96 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, бас мемл. санит. дəрігер, 1996–2006 ж. ҚР Президенті Іс басқармасы Мед. орт-ның бастығы, 2006–08 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрі, 2009 жылдан ҚР Қоршаған ортаны қорғау миннің жауапты хатшысы. «Ерекше еңбегі үшін» медалімен (1987), «Астана» медалімен (2000), «Қазақстан Республикасына сіңірген ерен еңбегі үшін» медалімен (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2005) марапатталды. ҚР Мемл. сыйл. (2005) лауреаты. ДЕРЯБИН Павел Николаевич (1956 ж.т., Алматы қ.) – мед. ғыл. докт. (1992), проф. (1994). Алматы мемл. мед. ин-ты (1979, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау мин-нің ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер (1979–86), 1986 ж. лаб. меңгерушісі қызметтерін атқарған. Д. 87 ғыл. мақала мен 1 монографияның авторы. ДЗЕРЖИНСКИЙ Владислав Александрович (1939 ж.т., Мəскеу обл. Ухтомск ауд. Кузьминки а.) – ветеринария ғыл. докт. (1994). Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) обл-нда мал дəрігері (1963–65), Қазақстан ҒА-ның Клиник. жəне эксперименттік хирургия ғыл.- зерт. ин-тында аға лаборант (1965– 66), Қазақстан ҒА-ның Зоол. инƏ.Дербісəлі А.И.Дерепаскин А.Г.Дерновой ДЗЕРЖИНСКИЙ

тында аспирант, кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер (1966–94) болған. Д. 119 ғыл.-зерт. мақаланың авторы. ДИКОВ Геннадий Иванович (21. 11.1928 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Бородулиха ауд. Бородулиха а.) – ветеринария ғыл. докт. (1984), проф. (1989). Алматы зоотех.-малдəрігерлік ин-тын (1952, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Қазақстан ҒА-ның малдəрігерлік ғыл.-зерт. лаб-нда кіші (1953–61), аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі (1961–97). 1997 жылдан осы мекеменің ғыл. кеңесшісі қызметін атқарады. Д. 140 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 6 кітаптың авторы. 2 авторлық куəлігі бар. ДМИТРЮК Наталья Васильевна (16.2.1951 ж.т., Ақмола обл. Көкшетау қ.) – филол. ғыл. докт. (2000), проф. (2002). Шымкент пед. ин-тын (1972, қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті) бітірген. 1974–2001 ж. Шымкент пед. интында оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1991–96), тіл жөніндегі департамент меңгерушісі (1997–2001), «Мирас» ун-тінде декан қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Халықар. Қазақ-Түрік ун-тінде проф. болып еңбек етеді. 100-ден астам ғыл. еңбектің авторы. ДОБРИЦА Вячеслав Порфирьевич (1948 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Риддер қ-лық əкімдігі, Ульбастрой кенті) – физ.-матем. ғыл. докт. (1992), проф. (1992). ҚазМУды (1948, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң осы ун-тте ассистент (1971– 72), Қазақстан ҒА-ның Матем. жəне мех. ин-тында аспирант (1972–75), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) оқытушы, аға оқытушы (1975–79), деканның орынбасары (1976–78), доцент (1979– 85), аға ғыл. қызметкер, 1987 жылдан проф., ғыл.-зерт. жұмыстары жөніндегі проректоры қызметтерін атқарған. Д. 85 ғыл.-зерт. мақала мен 2 монографияның авторы. ДОДОНОВ Вячеслав Юрьевич (31.7.1967 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (2004). Алматы халық ш. ин-ты (1990, қазіргі Қазақ басқару академиясы) бітірген. ҚР БҒМ Экон. ин-тында экономист, кіші, аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі (1990–2007), ҚР «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-нда бас ғыл. қызметкер (2007–08), ҚР Тұңғыш Президенті Қорының жанындағы Əлемдік экон. жəне саясат ин-тында бас ғыл. қызметкер, жетекші сарапшы (2008–09), 2009 жылдан ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратег. зерттеулер ин-тында бас ғыл. қызметкер. Негізгі ғыл. бағыты қаржы нарықтары, əлемдік экономика, экономиканы мемл. реттестіру мəселерін зерттеуге арналған. «Дамушы қорлар нарығында акция портфельдерін басқару: теория, əдіснама, əдістеме» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. «ҚР Тəуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011) марапатталған. Д. 170тен астам ғыл. еңбектің авторы. ДОЛГОВ Петр Васильевич (1941 ж.т., Чуваш АКСР-і, Ядринский ауд. Сундырь а.) – тех. ғыл. докт. (1996). Қазақ политех. ин-тын (1970, қазіргі Қазақ ұлттық тех. ун-ті) бітірген. 1970–73 ж. осы оқу орнында аспирант, кіші, аға ғыл. қызметкер (1973–76), 1976 жылдан Тау-кен ин-тында аға, жетекші ғыл. қызметкер, ғыл. хатшы қызметтерін атқарған. Д. 77 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. 7 авторлық куəлігі мен патенттері бар. ДОЛГОВА Зинаида Яковлевна (10.12.1929 ж.т., Беларусь, Витебск қ.) – биол. ғыл. докт. (1976), проф. (1976). Алматы мемл. мед. ин-тын (1954, Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 1954–57 ж. осы оқу орнында аспирант, 1957–62 ж. Семей мемл. мед. ин-тында доцент, кафедра меңгерушісі (1962– 77, қазіргі Семей мемл. мед. унті), 1977 жылдан Шығыс Қазақстан мемл. ун-тінде кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарады. Д. 100 ғыл.-зерт. жарияланымның авторы. ДОЛГУШИН Игорь Александрович (30.3.1908, Ресей, Омбы қ. – 4.8.1966, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1955), проф. (1957). Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) Орман тех. академиясын бітірген (1931). 1933 жылдан Қазақстан ҒА-ның Зоол. ин-тында ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, осы ин-т директорының ғыл. жұмысы жөніндегі орынбасары (1947–53) болған. Республикадағы орнитол. зерттеулерге басшылық етіп, осы бағытта ғыл. мектепті қалыптастырған. Қазақстан аумағын орнитол. тұрғыдан бірнеше аймаққа бөлді, ондатрды жерсіндіру жұмысына қатысты (КСРО Мемл. сыйл., 1951). Аң ш-мен жəне құстарды қорғау мəселелерімен де шұғылданды. «Қазақстан құстары» атты 5 томдық жинақ (1960– 74) авторларының бірі (Қазақ КСР-і Мемл. сыйл., 1978). В.П.Добрица В.Ю.Додонов ДИКОВ

ДОРЖЕНОВ Секен Бəзілбайұлы (7.5.1937, Алматы обл. Ақсу ауд. Матай ст. – 13.10.2003, Алматы қ.) – тарих ғыл. докт. (1977), проф. (1978). 1959 ж. Қырғыз мемл. ун-тін, 1964 ж. КСРО ҒА Шығыстану ин-тының аспирантурасын бітірген. Қырғыз мемл. ун-тінде (1964–81), Алматы халық ш. ин-тында (1981–83; 1987– 97, қазіргі Қазақ экон. ун-ті), Алматы театр-көркемсурет ин-тында (1984–87) ғыл.-пед. жұмыстармен шұғылданды. 1997 жылдан респ. Гуманит. білім орт-ның директоры болды. 150-ден аса ғыл. еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы жарияланған. ДОСАЕВ Тасболат Молдахметұлы (1948 ж.т., Мəскеу қ.) – мед. ғыл. докт. (1997). Целиноград мемл. мед. ин-тын (1972, қазіргі Астана мемл. мед. ун-ті) бітірген. 1965–66 ж. осы оқу орнында лаборант, стажер-ізденуші (1972–74), 1974–75 ж. Алматы мемл. мед. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) кіші ғыл. қызметкер, ассистент (1975–82), аға оқытушы (1982–86), 1986 жылдан доцент болып қызмет атқарды. Д. 62 ғыл. мақаланың авторы. ДОСАХАНОВ Əлихан Хамзаұлы (1946 ж.т., Батыс Қазақстан обл. Казталов ауд.) – мед. ғыл. докт. (1974). Алматы мемл. мед. ин-тын (1968, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. Ленинград əскери округінде дəрігер (1968–70), Қазақ онкология жəне радиология ғыл.-зерт. ин-тында қызметкер (1970–80), респ. Денсаулық сақтау мин-нде бөлім бастығы, т.б. қызметтер атқарған. 130дан аса ғыл. жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. ДОСБЕНБЕТОВА Анар Шаймаханқызы (3.9.1958 ж.т., Оңт. Қазақстан обл.) – пед. ғыл. докт. (2010), проф. (2012 ). Шымкент пед. мəдени ин-тын (1977) бітірген. 1977–82 ж. мектепте мұғалім, 1982–85 ж. Шымкент пед. мəдени ин-тында комсомол к-тінің хатшысы, 1996–97 ж. Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде аспирантура меңгерушісі, 1997–99 ж. ф-т деканының орынбасары, 1991– 2012 ж. аға оқытушы (1991), доцент, проф. (2012). «Научно-педагогические основы формирования экономической культуры школьников с учетом с этнорегиональных особенностей Казахстана» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ДОСЖАНОВА Гүлсім Əбдірахманқызы (19.9.1946 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ.) – мед. ғыл. докт. (1994), проф. (1996). Ақмола мемл. мед. ин-тын (1972, қазіргі Астана мемл. мед. ун-ті), Мəскеу мемл. мед. ин-тының ординатурасын жəне аспирантурасын (1975) бітірген. 1976–80 ж. Ақмола мемл. мед. ин-тында ассистент, КСРО Денсаулық сақтау мин-нде аға ғыл. қызметкер (1980-83, Алматы қ.), Алматы мемл. мед. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) аға ғыл. қызметкер (1983–94), 1994 жылдан Оңт. Қазақстан мед. академиясында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі, Жыл оқытушысы (2005), ҚР «ЖОО үздік оқытушы» мемл. грантының (2007) иегері. Д. 265 ғыл. еңбектің, оны ішінде 2 монография, 2 оқулық, 2 электрондық оқулық, 2 патенттің авторы. ДОСҚАЛИЕВ Жақсылық Ақмырзаұлы (30.10.1955 ж.т., Ақтөбе обл. Алға қ.) – мед. ғыл. докт. (1994), проф. (1997). Ақтөбе мемл. мед. ин-тын (қазіргі Батыс Қазақстан мемл. мед. ун-ті) бітірген (1979). 1979–86 ж. Ақтөбе обл. Алға ауд. орт. ауруханасында дəрігер-хирург, бас дəрігердің орынбасары, 1986–88 ж. Мəскеу қ-ндағы Бүкілодақтық хирургия ғыл. орт-нда клиник. ординатор, 1988–91 ж. Ақтөбе мемл. мед. ин-тында ассистент, 1991–98 ж. Алматыдағы Хирургия ғыл. орт-нда аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1998– С.Дорженов Ə.Досаханов А.Досбенбетова Г.Досжанова ДОСҚАЛИЕВ

2000 ж. Батыс Қазақстан мед. ун-тінің ректоры болды. 2000– 01 ж. ҚР Денсаулық сақтау ісі агенттігінің төрағасы. 2001–04 ж. Қазақ ұлттық мед. ун-тінің ректоры, 2007–11 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрі болды. Негізгі ғыл. еңбектері жалпы хирургия мəселелеріне арналған. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1999). ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты болған. «Құрмет» орденімен марапатталған. ДОСҚАЛИЕВА Баян Бекқайырқызы (8.5.1959 ж.т., Қарағанды қ.) – экон. ғыл. докт. (20), проф. (2011). Қарағанды тұтыну кооперация ин-тын (1981) бітірген. Қарағанды тұтыну кооперация ин-тында (1984–97), Қарағанды экон. ун-тінде оқытушылық (1997–2012) қызметтер атқарады. Ғыл. бағыттары əлеум. салаларды дамыту, адами ресурстарды басқару, қазіргі таңдағы менеджмент мəселелеріне арналған. «Қазақстанның əлеуметтік саласын дамыту: теория, тəжірибе, механизмдер» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. 50 ғыл. еңбектің авторы. ДОСҚАРАЕВ Жұмат (1887, Павлодар обл. Баянауыл ауд. Жаңажол а. – 6.7.1972, Алматы қ.) – тіл білімі маманы, филол. ғыл. канд. (1945), қазақ диалектологиясы ғылымының негізін салушылардың бірі. Семей пед. техникумын (1925), Өзбекстан мемл. ун-тін (1983) бітірген. Мектептерде мұғалім болып жұмыс істеді. 1942–45 ж. ҚазКСР ҒА-ның Тіл жəне əдебиет ин-тында ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі. «Оңтүстік диалектінің кейбір ерекшеліктері» деген тақырыпта канд. дисс. қорғады. Д. 40 жыл бойы үзбей диалектол. экспед-ларға қатысып, диалектология саласынан алғаш рет мақала, дисс. жазған ғалым, қазақ тілінің диалектол. сөздігін құрастырушылардың бірі. Д. 40-тан астам ғыл. еңбектер жариялады. Ғылымға сің. еңбегі үшін КСРО медальдарымен жəне ҚазКСР Жоғ. Кеңесінің грамотасымен марапатталған. ДОСҚОЖАЕВ Досмұхаммед Тілеуліұлы (1948 ж.т., Жамбыл обл. Тараз қ.) – тех. ғыл. докт. (1995), проф. (1997). Мəскеу технол. ин-тын (1971), аспирантураны (1977) бітірген. 1983 жылға дейін Жамбыл технол. ин-тында ассистент, аға оқытушы, доцент, 1983–94 ж. осы ин-ттың Алматы бөлімшесінде декан қызметтерін атқарған. 1995–96 ж. Респ. жеңіл өнеркəсіп ғыл.-тех. инж. орт. бас директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1996– 2001 ж. Қазақ мемл. басқару академиясында бөлім бастығы, проректор, стратег. даму орт. бастығы болды. 2001 жылдан Қазақ экон., қаржы жəне халықар. сауда ун-тінің ректоры. 64 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монография, 8 авторлық куəліктің иесі. ДОСМАҒАМБЕТОВ Сұлтан Қапарұлы (1.9.1928 ж.т., Ақмола обл. Атбасар ауд. Шұңқыркөл а.) – экон. ғыл. кандид. (1958), проф. ҚР Əлеум. ҒА корр. мүшесі, «Еуразия» Халықар. экон. академиясының акад. Петропавл оқытушылар ин-тын (1946), Алматы мемл. заң ин-тын (1952), Орта Азия мемл. ун-тінің бір жылдық курсын (1953) бітірген. 1953–55 ж. Алматы заң ин-тында аға оқытушы, 1958–60 ж. Орал мемл. унтінде (Свердловск қ.) аспирант, 1960–63 ж. Қарағанды политех. Ж.Досқалиев Б.Досқалиева Ж.Досқараев Д.Досқожаев С.Досмағамбетов ДОСҚАЛИЕВА

ин-тында кафедра меңгерушісі, 1963–69 ж. Қазақстан КП Қарағанды обкомының екінші хатшысы, 1969–82 ж. Қарағанды обл. атқару к-тінің төрағасы, 1982– 96 ж. Қарағанды пед. ин-тының ректоры, 1996–97 ж. Қарағанды мемл. ун-ті ректорының кеңесшісі, 1997–2000 ж. Қарағанды обл. мəслихатының хатшысы. «Еңбек пен еңбекақыны ұйымдастыру жəне өнеркəсіптік өндірісті көтерудегі олардың рөлі (Қарағанды көмір бассейні шахталарының материалдары бойынша)» деген тақырыпта дисс. қорғаған. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту белгісі төрт орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Тың жəне тыңайған жерлерді меңгергені үшін», «Қажырлы еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Құрмет» орденімен (2007), «Халық шаруашылығын дамытуда жеткен жетістіктері үшін» ХШЖК 6 алтын медальдарымен марапатталған. «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» (1997). 190 ғыл. еңбектің, оның ішінде 5 монография авторы. ДОСМАҒАМБЕТОВА Раушан Сұлтанқызы (17.8.1956 ж.т.) – мед. ғыл. докт. (1999), проф. (2001). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1979, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) бітірген. 1979–2004 ж. дəрігер, Қарағанды мемл. мед. ин-тында стажер, доцент, проф., оқу жəне тəрбие ісі жөніндегі проректоры, 1-проректоры қызметтерін атқарған. 2004 жылдан Қарағанды мемл. мед. ун-тінің оқу-əдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры. 200-ден астам ғыл. жарияланымның, 4 монографияның авторы. ДОСМАҒАМБЕТОВА Сəуле Сарқантайқызы (16.10.1950 ж.т.) – хим. ғыл. докт. (2002), проф. (2005). ҚазМУ-ды (1973) бітірген. 1973-76 ж. ҚР ҒА Химия ғыл. интында кіші ғыл. қызметкер, 197697 ж. ҚазҰУ-да ғыл. қызметкер, аға ғыл. қызметкер, доцент, 1997 жылдан ЕҰУ-де кафедра проф. Негізгі ғыл. бағыты аналит. химия, экстракциялар химиясы мəселелеріне арналған. «Экстракция ряда s-, p-, d-, f-металлов расплавами легкоплавких органических веществ из твердой фазы и водных растворов и применение ее для аналитических целей» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Д. 80 ғыл. еңбектің авторы. ДОСМАМБЕТОВ Бақберген Сəрсенұлы (1945 ж.т., Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Диірментөбе ст.) – экон. ғыл. докт. (1994), проф. (1991). Мəскеу инж.-экон. ин-тын (1971), Мəскеу басқару ин-тының аспирантурасын (1976) бітірген. 1971–73 ж. «Риссовхозстрой» тресіне қарасты ПМК-12де аға инж., комсомол ұйымының хатшысы, Қызылорда пед. интында (Қызылорда мемл. ун-ті) оқытушы, 1976–77 ж. аға оқытушы болды. 1987 жылдан осы ин-ттың оқу ісі жөніндегі проректоры, 1991 жылдан ректоры, 1996 ж. Қызылорда қ-ның əкімі болды. 50-ден астам ғыл. жарияланымы, оның ішінде 3 монографиясы жарық көрген. ҚР Парламенті Сенатының депутаты (1996, 2004). ДОСТАЙ Жақыпбай (17.4.1951 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Бəйдібек ауд. Теректі а.) – геогр. ғыл. докт. (1999). ҚазМУ-ды (1979, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 2003 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі. Ол жоғары оқу орындарының гидрометеорология жəне су ш. студенттеріне арналған қазақ жəне орыс тілдерінде «Гидроэкология: табиғат суларын сарқылудан жəне ластанудан қорғау» атты оқу құралын шығарды (1993). Тұңғыш рет ун-т студенттері үшін қазақ тілінде «Жалпы гидрология» оқулығын (1996) жазды. Ол «Геология, география жəне геодезия», «Су шаруашылығы» (2000) қазақша-орысша, орысша-қазақша терминол. сөздіктерінің авторы жəне жетекшісі. Д. гидрол., гидроэкол. жəне Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау салалары бойынша 70-тен аса еңбек жариялады. 2003 ж. жарық көрген 10–11 сыныптарға арналған «Жалпы география» оқулығының авторы. ДОСТАНОВА Раушан Қажықұмарқызы (1937 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Шемонаиха қ.) – биол. ғыл. докт. (1997). ҚазМУды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1960–61 ж. Қазақстан ҒА-ның Ботаника ин-тында аға лаборант, 1961–64 ж. аспирант, 1966–73 ж. Р.Досмағамбетова С.Досмағамбетова Б.Досмамбетов ДОСТАНОВА

кіші, 1973–94 ж. аға ғыл. қызметкер, 1994–95 ж. ҚР ҰҒА Физиол. ин-тында аға, жетекші ғыл. қызметкер (1995). Д. 70 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 3 монографияның авторы. ДОСЫМБЕКОВ Сұлтан (1927 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ.) – заң ғыл. докт. (1970), проф. (1973). Мəскеу мемл. унтін (1950) бітірген. Қазақстан ҒАда кіші ғыл. қызметкер (1950–53), 1953 ж. Алматы заң ин-тының проректоры, 1955 ж. Алматы обл. «Білім» қоғамының жауапты хатшысы, 1956 ж. Алматы милиция мектебінде кафедра бастығының орынбасары, 1958 ж. Қазақстан ҒА-ның Филос. жəне құқық интында аға ғыл. кеңесші, 1965 ж. Қазақ политех. ин-тында (қазіргі ҚазҰТУ) доцент, 1970 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) оқытушы. ДОЩАНОВ Ғиззат Ысқақұлы (23.2.1948 ж.т., Ресей, Омбы обл. Таврия ауд. Үкібай а.) – биол. ғыл. канд. (1977). ҚазМУ-ды (1971, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1971– 83 ж. Қазақстан ҒА Ботаника интында аспирант, аға лаборант, кіші, аға ғыл. қызметкер, 1983–95 ж. ҚР ҰҒА Молекулярлық биология жəне биохимия ин-тында аға, жетекші ғыл. қызметкер, 2000– 03 ж. лаб. меңгеруші, 1995–2000 ж. ҚР ҰБО а. ш. ғыл.-зерт. ин-тында лаб. меңгерушісі, 2005–07 ж. «Столичная недвижимость» ААҚ, «Organic Food» АҚ биотехнология тобының басқарушысы, 2008 жылдан ҚР БҒМ ҒК «Биологиялық зерттеулер орталығы» РМК бөлім бастығы, бас маманы (2009 жылдан). Негізгі ғыл. бағыты молекулалық биология, биохимия, генет. инженерия, биотехнол. мəселелеріне арналған. 40-қа жуық ғыл. еңбектің авторы. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1979). ДРИЖД Николай Александрович (29.12.1927 ж.т., Саратов қ.) – тех. ғыл. докт. (1989), проф. (1989). Днепропетровск тау-кен ин-тын (1953) бітірген. Қарағанды қ-ндағы «Саранкөмір» тресі №101, №120 шахталарында бас инж., бастығы, трест басқарушысы болды. 1964–76 ж. шахта директоры, 1976–89 ж. «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің өндіріс жөніндегі директоры, бас директоры, 1989 жылдан Қарағанды мемл. тех. ун-тінде проф. Д. 150-ден астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монографияның авторы. Ленин жəне Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. ДУДКИН Михаил Васильевич (12.1.1959 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Зайсан ауд. Қаратал а.) – тех. ғыл. докт. (2010), проф. (2011). Халықар. ақпараттандыру академиясының акад. (2010). Семей автомоб.–мех. техникумын (1978), Мəскеу автомоб.-жол ин-тын (1985), аспирантурасын (1990) бітірген. Өскемен құрылыс-жол ин-тында ассистент (1985–87), аға оқытушы, доцент (1990–2001), ЕҰУ-де оқытушы (2001–04), Шығыс Қазақстан мемл. тех. ун-тінде доцент, проф. (2004–10). Ғыл. зерт-нің негізгі бөлігі автомоб. жолдарын салу мен пайдалану кезінде жол-құрылыс материалдарын тығыздау үрдісінде тиімділікті арттырудағы мəселелерді шешуге арналған. «Жол аунақтарының конструкцияларын жетілдіру негізінде тығыздалу үрдістерінің нəтижелілігін арттыру» тақырыбында докт. дисс. қорғады. «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі» (2006), «ЖОО ең үздік оқытушысы» мемл. грант (2006, 2010) иегері. Д. 150 ғыл. мақала, 4 монография авторы. ДУЛАТОВА Дина Исабайқызы (31.1.1931 ж.т., Жамбыл обл. Тараз қ.) – тарих ғыл. докт. (1986), проф. (1989). Мəскеу мемл. унтін бітірген (1954). Алматы обл. қазіргі Райымбек ауд-нда (1955– 56) жəне Алматы қ-ндағы (1956– 57) орта мектептерде дəріс берді. 1957 ж. қазіргі ҚазҰУ-да лаборант, осы ун-ттің аспиранты (1958– 61), аға оқытушы (1962–70), тарих ф-тінің деканы (1972–77), кафедра меңгерушісі (1988, 1993– 2001) болып еңбек етті. Ғыл. жұмыстармен айналысып, Қазақстан тарихы мен тарихнамасы бойынша монография, оқу құралдарын, 100-ден астам ғыл. мақалалар жариялады. Оның 1984 ж. «Революцияға дейінгі Қазақстанның тарихнамасы (1861–1917 жж.)» атты монографиясы жарық көрді. Ғ.Дощанов М.В.Дудкин Д.Дулатова ДОСЫМБЕКОВ

ДУМЛЕР Леопольд Федорович (20.7.1919, Ресей, Саратов обл. Маркс қ.) – геол.-минерал. ғыл. докт. (1970), проф. (1977). Мəскеу тау-кен ин-тын бітірген (1941). 1941–56 ж. Қарағанды көмір алабының шахталарында, Орт. Қазақстан геол.-барлау экспед-ларында инж., аға инж., бас инж., Орт. Қазақстан геол. басқармасының бас инж. (1956–71), бастығы (1971–79), «Орталыққазгеология» өндірістік-геол. бірлестігінің бас директоры (1979–87) қызметтерін атқарған. 1987 жылдан Қарағанды мемл. тех. ун-тінің проф. 1969 ж. «Закономерности размещения ископаемых углей в Центральном Казахстане» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Негізгі ғыл. еңбектері көмірдің аймақтық жəне термальдық метаморфтану құбылыстарын, көмір кендерінің пайда болу жəне орналасу заңдылықтарын зерттеуге арналған. Шұбаркөл көмір кен орнын ашқан (1983). Екі рет КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1977, 1988). Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен жəне медальдармен марапатталған. ДУШМАНОВ Сəлім Хуснутдинұлы (1938 ж.т., Батыс Қазақстан обл., қазіргі Бөрілі ауд. Орал а.) – мед. ғыл. докт. (1992), проф. (1993). Ақтөбе мемл. мед. ин-тын (1966, қазіргі Батыс Қазақстан мед. ун-ті) бітірген. Батыс Қазақстан обл. ауруханаларында хирург, Тайпақ ауд. орт. ауруханасының бас дəрігері (1968–81) болған. Орал пед. ин-тында кафедра меңгерушісі, аға оқытушы (1981– 92), 1992 жылдан Батыс Қазақстан мед. ун-тінде қызмет етеді. Негізгі ғыл. жұмыстары əлеум. гигиена, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырып, басқару мəселелерін зерттеуге арналған. ДҮЙСЕБАЙ Есболат Құлсабырұлы (2.11.1948 ж.т., Алматы обл. Алакөл ауд. Қоғалы а.) – сəулет өнері ғыл. докт. (2005) проф. (2008). КСРО архитекторлар одағының (1975) жəне Қазақстан сəулетшілер одағының (1998) мүшесі. Қазақ политех. ин-тын (1971, қазіргі ҚазҰТУ), КСРО Мемқұрылыс орт. ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1980) бітірген. «Қазқалақұрылысжобасы» мемл. бас жобалау ин-тында сəулетші (1971–75), Алматы сəулет құрылыс ин-тында ассистенттен проф. қызметіне дейін еңбек етті (1980– 2005), 2006 жылдан ЕҰУ-де проф. Негізгі ғыл. бағыты ұлттық мəдениет мұрасын көркем-граф. тұрғыдан сараптау жəне қазақтың болашақ сəулет өнерінің концептуалды-теор. негіздерін қалыптастыру мəселелеріне арналған. «Архитектура общественных зданий и сооружений гибко адаптируемая к динамике социальных перемен» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Көптеген ғимараттар жобалаған. Ашхабад қ-ндағы көпсалалы аурухана (1974), Алматы құрылыс техникумы (1975), Халықар. Алматы аэропортының жолаушылар терминалы (2004). Қазақстан индустрия жəне сауда мин-нің (2005), Халықар. архитекторлар Одағы Ассоциациясының (2006) жəне ҚР БҒМ (2010) құрмет грамоталарымен марапатталған. ҚР БҒМ «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы – 2007» грантының (2008 ) иегері, «Қазақстанның құрметті сəулетшісі» (2010). Д. 50-ден астам ғыл. еңбектің авторы. ДҮЙСЕҒАЛИЕВ Мұхит Жоламанұлы (15.7.1965 ж.т., Атырау обл. Қызылқоға ауд. Қоныстану а.). – а. ш. ғыл. докт. (2009) доцент. Батыс Қазақстан а.ш. ин-тын (1989) бітірген. Атырау Қаракөл ш. ғыл.-зерт. ин-тының Батыс бөлімінде (1989–95) кіші ғыл. қызметкер. Атырау ғыл.-зерт. интында аға ғыл. қызметкер (1995– 2000), Атырау мемл. ун-тінде аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары (2000–12). Ғыл. бағыты а.ш. малын өсіру, олардың семициясы, генетикасы жəне көбеюі мəселелеріне арналған. «Қаракөл қойының тұқымішілік қазақ сұр қойының селекциясының тəсілдерін жетілдіру» тақырыбында докт. дисс. қорғады. Д. 80 мақала, 2 өндіріске ұсыныстың авторы. ҚР БҒМ Мақтау грамотасымен марапатталған (2009). ДҮЙСЕКЕЕВ Амангелді (15.10. 1942 ж.т., Қызылорда обл. Қазалы қ.) – мед. ғыл. докт. (1995), Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (2002). Алматы мемл. мед. интын (1959, қазіргі Қазақ ұлттық С.Душманов Е.Дүйсебай М.Дүйсеғалиев ДҮЙСЕКЕЕВ

мед. ун-ті) бітірген. Алматы қндағы №1 (1961–81) жəне №2 (1981–84) ауруханаларында дəрігер, бас дəрігер, Алматы қ-ның денсаулық сақтау басқармасының бастығы (1985–91), Респ. балалар ауруханасының бас дəрігері (1991–92), ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары (1992–97), 1997 жылдан Денсаулық сақтау департаментінің директоры, обл. денсаулық сақтау басқармасының бастығы, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты (2007–07), Алматы мемл. дəрігерлер ілімін жетілдіру ин-тының ректоры (2007–09), 2009 жылдан Қазақ ұлттық мед. ун-тінде проректор. ДҮЙСЕМƏЛИЕВ Оразғали Кендайұлы (1930 ж.т., Атырау обл. Құрманғазы ауд. Мақаш а.) – тех. ғыл. докт. (1989), проф. (1994). Ленинград (қазіргі Санк-Петербург) политех. ин-тын (1954) бітірген. Жамбыл механика з-тында мастер, цех бастығы (1954– 56), Қазақстан ҒА-ның Физ. жəне тех. ин-тында аға лаборант, кіші ғыл. қызметкер (1956–58), КСРО ҒА-ның Металлургия интында аспирант (1958–61), Қазақстан ҒА-ның Ядр. физ. ин-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1962– 66), ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) доцент, декан, проф. (1966–90), Қазақ ұлттық тех. ун-тінде кафедра меңгерушісі, проф. (1990– 96) қызметтерін атқарады. Д. 170 ғыл. жарияланымның, оның ішінде 5 монография, 10 авторлық куəлік пен 4 мемл. патенттің авторы. ДҮЙСЕМБАЕВ Ахан (1939 ж.т. Қарағанды қ.) – экон. ғыл. докт. (1990), проф. (1993), Еуразия халықар. экон. академиясының акад. (2000). ҚазМУ-ды бітірген (1964, қазіргі ҚазҰУ). Қарағанды қ. көмір өнеркəсібі кəсіпорындарында экономист, аға экономист (1964–68) қызметтерін атқарған. Қарағанды мемл. тех. ун-тінде доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1972–98), 1998 жылдан Көпсалалы гуманит.-тех. ун-тінің ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі. 230-дан астам ғыл. жарияланымның, оның ішінде 8 монографияның авторы. ДҮЙСЕМБАЕВ Зейнолла Ершораұлы (1939 ж.т., Қарағанды қ.) – мед. ғыл. докт. (1993), проф. (1997). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (1963, қазіргі Қарағанды мемл. мед. ун-ті) бітірген. 1963–66 ж. Қарағанды қ-ндағы Еңбек гигиенасы ин-тында кіші ғыл. қызметкер, 1966–69 ж. Алматы дəрігерлер білімін жетілдіру ин-тында аспирант, 1972–76 ж. Қарағанды мемл. мед. ун-тінде кафедра меңгерушісі, 1976–79 ж. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқандар мен мүгедектерге арналған Респ. клиникада (Алматы қ.) бөлім меңгерушісі, 1980–93 ж. Қазақ ғыл.-зерт. ин-тында аға, бас ғыл. қызметкер, 1994 жылдан ҚР ҰҒА-ның Еңбек гигиенасы жəне физиология ин-тында лаб. меңгерушісі қызметін атқарады. Д-тың 80 ғыл. жарияланымы, оның ішінде 2 монографиясы жарық көрген. ДҮЙСЕМБАЕВ Кеңесхан Ыдырысұлы (25.6.1938 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Көкпекті ауд. Қойтас а.) – а. ш. ғыл. докт. (1990), проф. (1991). Алматы зоотех.- малдəрігерлік ин-тын (1963, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. 1963 ж. осы оқу орнында ассистент, аспирант, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, декан, ун-т жанындағы білім жетілдіру ин-тында проректор (1984), ғыл.-əдістем. жұмыстар жөніндегі проректор (1986), ҚР Жоғары оқу орындарында а. ш. мамандарын даярлау ғыл.- əдістем. орт. төрағасының орынбасары (1990) қызметтерін атқарды. 1995 жыдан Қазақ ұлттық агр. ун-тінде проф. Негізгі ғыл. бағыты өнімді бағыттағы жылқы жəне түйе ш. мəселелеріне арналған. ҚР Шығыс Қазақстан жəне т.б. ш. түрлерінде өсірілетін жылқылар мен түйелердің өнімділік жəне асыл тұқымдық сапасын жетілдіруді зерттеді. «Зоотехнические основы интенсификации производства кобыльего молока на кумысных фермах» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Еңбек ардагері (1988), КСРОның «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1989), екі рет ҚазКСР Жоғ. кеңесінің грамотасымен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» (1995). Д. 220-дан астам ғыл. еңбектің, соның ішінде 7 монография, 3 оқулық, 8 ғыл. нұсқаулар, 6 типтік оқу бағдарламасы, 15 авторлық куəліктің жəне патенттердің авторы. ДҮЙСЕН Ғалымжан Мұстахимұлы (23.8.1976 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (2011), доцент (2009). Алматы мемл. ун-тінің (қазіргі ҚазҰПУ) геогр.-экол. фтін халықар. туризм магистрі (1998), туризм менеджері (1996) академ. дəрежесі бойынша бітірген. ҚР БҒМ ҒК Экономика интында экономист (1998–2001), кіші ғыл. қызметкер (2001–04), ғыл. қызметкер (2004), ғалым хатшы А.Дүйсекеев К.Дүйсембаев ДҮЙСЕМƏЛИЕВ

(2006–10), аға ғыл. қызметкер (2010–11), докторант (2004–06). «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ-нда (Астана қ.) бас менеджер (2011). 2011 жылдан ҚР БҒМ ҒК Шығыстану ин-тында директордың орынбасары, бөлім меңгерушісі (2011). ҚазҰПУда кафедра доценті (2004–05), ҚазҰУ-да кафедра доценті (2009– 11). Негізгі ғыл. бағыты халықар. жəне ұлттық туризм экон., Шығыс елдері жəне түркі тілдес мемл. экон., Жібек жолы дамуының əлеум.-экон. аспектілері, аймақтық экон., рекреалогия мəселелерін қамтиды. «Қазақстан экономикасының туристік-рекреациялық сферасы дамуының стратегиялық басымдықтары: теориясы, əдіснамасы жəне жүзеге асуының болашағы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ҚР дарынды жастарға арналған мемл. стипендиясының иегері (2002–04; 2006-08), С.Е.Толыбеков атынд. бірінші сыйл. лауреаты (2005), ҚР Тұңғыш Президенті қорының зерттеушілерге арналған гранттың иегері (2008–09). Д. 80-ге жуық ғыл. еңбектің, соның ішінде 2 монография авторы. ДҮЙСЕНБАЕВ Кəкім Шаяхметұлы (28.2.1939 ж.т., қазіргі Солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов ауд. Сазоновка а.) – экон. ғыл. докт. (2000), проф. (2002). ҚазМУ-ды (1961, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Алматы халық ш. ин-тында декан (1983–87), кафедра меңгерушісі (1989–93), доцент (1993–2000), 2001 жылдан Қазақ экон. ун-тінде проф. қызметін атқарады. «Қаржы басқару саласындағы аудит пен талдау: теориясы жəне əдіснамасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Д. 118 ғыл. еңбектің, оның ішінде 8 монографияның авторы. ДҮЙСЕНБАЕВ Келес Əлімханұлы (31.5.1940 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ., Бабайқорған а.) – пед. ғыл. докт. (1997), проф. (2006). Халықар. пед. академиясының (1996), Халықар. психология, менеджмент жəне кəсіпкерлік академиясының (1999), Прибалтикалық Ресей білім академиясының толық мүшесі. Шымкент пед. ин-тын (1963, қазіргі Оңт. Қазақстан мемл. ун-ті) бітірген. Осы ин-тта 1962 жылдан лаборант, оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, ғыл. жұмыстар жөніндегі проректор, респ. ғыл.-əдістем. бірлестік проректоры, Оңт. Қазақстан мемл. ун-тінде декан, проф. қызметтерін атқарады. «Методологические основы конструирования содержания профессио нально-педагогического обучения учителей трудового профиля» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. КСРО Ағарту үздігі(1980), КСРО Жоғары мектеп озаты (1986), ҚР БҒМ «ЖОО ең үздік оқытушысы» (2008). Д. 190 ғыл. еңбектің, оның ішінде 12 монография, оқулық, оқу-əдістем. құрал, сөздіктер авторы. ДҮЙСЕНБИЕВ Алтынбек Сапаралыұлы (25.7.1951 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Арыс ауд.) – экон. ғыл. канд. (1997). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1973). 1973– 94 ж. Жамбыл жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі технол. ин-тында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, 1994–97 ж. Қазақ мемл. басқару академиясының Жамбыл бөлімшесінде оқу ісінің меңгерушісі, директор, Жамбыл унтінің Экономика кешенінде директор, 1997–99 ж. Қазақ ұлттық агр. ун-тінде кафедра меңгерушісі, 1999–2007 ж. ҚР Қаржы мин-нің Жамбыл обл. басқармасында директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2007– 09 ж. Халықар. қазақ-түрік унтінің Тараз бөлімшесінде бөлім меңгерушісі, ун-тте кафедра меңгерушісі, 2009 жылдан доцент болып жұмыс істейді. «Аймақтық экономикалық жүйелерді моделдеу» тақырыбында канд. дисс. қорғаған. ДҮЙСЕНОВ Мырзабек Төлегенұлы (20.12.1928, Қызылорда обл. Ғ.Дүйсен К.Дүйсенбаев К.Дүйсенбаев А.Дүйсенбиев ДҮЙСЕНОВ

Сырдария ауд. – 2.8.1988, Алматы қ.) – филол. ғыл. докт. (1968). ҚазМУ-ды (1949, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1952 ж. Қазақстан ҒАның Əдебиет жəне өнер ин-тында аға ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. «Ілияс Жансүгіров жəне қазіргі қазақ поэзиясының мəселелері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Д. «Əдебиеттегі мазмұн мен түрдің бірлігі» (1962), «Ілияс Жансүгіров» (1965), «Ақын мұраты» (1967) атты моногр. еңбектерінде əдебиеттің теор. мəселелері мен көрнекті ақындардың (І.Жансүгіров, Ə.Тəжібаев) шығарм-н зерттеген. Республикадағы орыс мектептері үшін «Қазақ əдебиеті хрестоматиясын» (М.Қаратаевпен бірге) құрастырды. ДҮРМАНОВ Қалыбай (25.1.1941 ж.т., Қызылорда обл. Жалағаш ауд. Ақарық а.) – мед. ғыл. докт. (1987). Алматы мемл. мед. интын (1967, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) бітірген. 1967–70 ж. Қызылорда обл. ауруханасында хирург, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1977 жылдан Алматы мемл. мед. ин-тында қызметте. Ғыл. еңбектері тері мен еріннің қатерлі жəне қатерлі ісік алды ауруларын, созылмалы остеомиелит ауруын лазер сəулесімен емдеуге арналған. 115 ғыл. еңбектің авторы. ДҮСƏЛИЕВ Қайырғали Мұқашұлы (1948 ж.т., Ресей, қазіргі Куйбышев обл. Самара қ. Непловка а.) – тех. ғыл. докт. (1991), проф. (1994). Куйбышев авиация интын (1974) бітірген. 1974–84 ж. Қазақстан ҒА-ның Тау-кен интында аға инж., кіші ғыл. қызметкер, 1984–96 ж. Алматы автокөлік жолдары ин-тында (қазіргі Қазақ көлік жəне коммуникация академиясы) кафедра меңгерушісі, проф., 1996 жылдан Қазақ ұлттық тех. ун-тінде кафедра меңгерушісі, проф. қызметтерін атқарады. Д. 100-ге жуық ғыл. мақаланың, 2 монографияның авторы. ДҮСІПОВ Ахметқали Зейнолдаұлы (10.7.1048 ж.т., Шығыс Қазақстан обл. Зайсан ауд. Мұжықсу а.) – мед. ғыл. докт. (1990), проф. (1992). Семей мемл. мед. ин-тын (1972, қазіргі Семей мемл. мед. ун-ті) бітірген. 1972–80 ж. осы интта ассистент, деканның орынбасары (1981–85), 1986 жылдан Семей мемл. мед. ун-тінде доцент, проф., кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Д. 1990 ж. «Диагностика и лечение закрытых повреждений голеностопного сустава» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 250-ден астам ғыл. еңбектің авторы. ДҮТБАЕВ Нартай Нұртайұлы (7.1.1956 ж., Жамбыл обл. Байзақ ауд.) – саяси ғыл. докт. (2007), проф. Қазақ политех. ин-тын (1978, қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. «Гипрофосфор» ғыл.-зерт. интында (1978–81), КСРО Мемл. қауіпсіздік к-ті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті органдарында (1981– 2006), ҚР Ұлттық қауіпсіздік к-ті академиясында (2006–08), ҚР Президентінің əкімш-нде (2008) қызметтер атқарады. Қазіргі таңда зейнеткер. Саяси ин-ттар, этносаяси конфликтология, ұлттық жəне саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша докт. дисс. қорғады. III дəрежелі «Барыс» орденімен (2004), «Қазақстан Тəуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен (2001), «ҚР Ұлттық кауіпсіздік к-тінің ардагері» естелік медалімен (2006) марапатталған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік ктінің «Құрметті қызметкері» атағының (2000) иегері. Д. 40 астам ғыл. еңбектің авторы. ДЫЛЮК Александр Георгиевич (1946 ж.т., Қарағанды обл. Теміртау қ.) – тех. ғыл. докт. (1997), проф. (1993). Қарметкомб-т (1970, ВТУЗ) тех. оқу орнын бітірген. 1970–76 ж. осы оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, доцент (1976– 79), 1979–87 ж. кафедра меңгерушісі, 1987–92 ж. ғыл.-зерт. жұмыстары жөніндегі проректор, 1992 жылдан Қарметкомб-т (ВТУЗ, қаМ.Дүйсенов Қ.Дүрманов А.Дүсіпов Н.Дүтбаев ДҮРМАНОВ

зіргі Қарағанды металлургия инты) ректоры қызметін атқарады. 105-ке жуық ғыл. еңбегі, 4 монографиясы жарық көрген. ДІЛБАРХАНОВА Жанат Рақымжанқызы (19.7.1967 ж.т., Алматы қ.) – заң ғыл. докт. (2008). Алматы мемл. мед. ин-тын (1989, қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті), Халықар. Қазақ-Түрік ун-тін (1997) бітірген. Қазақ ұлттық мед. ун-тінде ассистент, 1997 жылдан ішкі істер органдарында қызмет атқарады. «Трансұлттық қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеуде арнайы білімдерді пайдалану теориясы мен практикасы» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. ДІЛБАРХАНОВА Ырсай (2.2. 1952 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Шардара ауд.) – биол. ғыл. докт. (1998), проф. (2000). Қазақ мемл. қыздар пед. ин-тын (1974, қазіргі Қазақ мемл. қыздар пед. ун-ті) бітірген. 1976–90 ж. Қазақстан ҰҒАда ғыл. қызметкер, 1990–92 ж. Алматы мемл. мед. ин-тында (қазіргі Қазақ ұлттық мед. ун-ті) кафедра меңгерушісі, 1992–96 ж. Түркістан ун-тінде доцент, кафедра меңгерушісі, 1999 жылдан Халықар. Қазақ-Түрік ун-ті Кентау ин-тында кафедра меңгерушісі. 60-тан астам ғыл. еңбегі жарияланған. «Белоктар, белоктар биосинтезі, молекулалық генетиканың негіздері», «Ферменттер» оқулықтары жарық көрген. ДІЛМАНОВ Сатыбалды (1.5. 1947 ж.т., Қызылорда обл. Жаңақорған ауд. Қызылмақташы а.) – тарих ғыл. докт. (2002), проф. (2005), Ресей əскери академиясының акад. (2005). Қорған қ-ндағы (Ресей) жоғары əскери-саяси авиац. уч-щені (1973), ҚазМУды (1984, қазіргі ҚазҰУ) жəне Алматы жоғары партия мектебін (1986) бітірген. 1973–86 ж. əскери бөлімше жəне бөлім бастығының орынбасары, 1986–92 ж. Қырғызстанның əскери оқу орнында оқытушы, курсанттар бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары болды. Шетелдерден келген əскери қызметкерлерге саясиəлеум. пəндерден дəріс берді. 1992–2000 ж. Қазақ ұлттық агр. ун-тінде оқытушы, аға оқытушы, 2000–03 ж. Қазақстан Гуманит. ун-тінде əскери кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2003 жылдан Ұлттық қорғаныс ун-ті бастығының тəрбие жəне əлеум.- құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары. Д. Қазақстан тарихындағы «Ақтаңдақтарды» зерттеуге зор үлес қосты. «Исправительно-трудовые лагеря на территории Казахстана в 30-е –50-е годы ХХ века» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. 150-ден астам ғыл. еңбектің авторы. РФ əскери ғылым академиясының А.А.Свечин атынд. сыйл. лауреаты (2011). ДІНІШЕВ Фархат Мұсаұлы (7. 4.1949 ж.т., Алматы қ.) – экон. ғыл. докт. (1997), проф. (2005). Алматы халық ш. ин-тын (1970, қазіргі Қазақ экон. ун-тін) бітірген. 1970–73 ж. осы оқу орнында А.Г.Дылюк стажер-ізденуші, 1973–74 ж. Қазақ КСР-і Мемл. жоспарлау к-ті жанындағы экон. ғыл.-зерт. ин-тында кіші ғыл. қызметкер, 1974–81 ж. Қазақстан ҒА-ның Экон. ин-тында экономист, кіші ғыл. қызметкер, 1981–94 ж. ҚР ҰҒА-да кіші, аға, жетекші ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, ҚР БҒМ ҒК Экон. ин-тында бөлім меңгерушісі, орт. жетекшісі қызметтерін атқарды. «Қазақстанның ұлттық өндіргіш күштерінің ғылыми-техникалык дамуы (стратегиясы, нысаны жəне тетіктері)» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Д-тің 60 ғыл. еңбегі, 4 монографиясы бар. Å ЕВДОКИМОВ Валерий Валентинович (24.12.1942 ж.т., Ресей, Свердлов обл. Коптеловск ауд. Костино с.) – тарих ғыл. докт. (2002), проф. (2002). Орал мемл. ун-тін бітірген (1966) соң мектеп мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (1966–68), Қостанай обл. мұражайының аға ғыл. қызметкері (1968–69), Қостанай пед. ин-тының оқытушысы (1969–76), Қарағанды мемл. ун-тінде аға оқытушы, доцент, С.Ділманов Ф.Дінішев ЕВДОКИМОВ

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙