TELEGEI

Home

Бақытқа жету әліппесі

Әбу-Хамид Әл-Ғазали

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бақытқа жету әліппесі

Жалпы көпшілікке, мешіттер мен медреселердің оқытушыларына, шәкірттеріне, мұсылман және халықтық педагогикалық мектептерге арналып, оқырман қолына тиіп отырған бұл еңбек мұсылман әлемі әйгілі ғұламасының адамның өзін танып білуі арқылы бір Жаратушының бар екенін мойындауы керектігі, жантану, тәнтану, ділтану мен тіл жайында руханият мәселелерінің шындықтағы көрінісі туралы философиялық көзқарастар

ИМАМ ӘБУ ХАМИД ӘЛ-ҒАЗАЛИ

БАҚЫТҚА ЖЕТУ

ӘЛІППЕСІ

Аударған
Тұрсынәлі Айнабеков
Алматы
Баспалар үйі, 2014

ІSBN 978-601-80386-5-5 Имам Әбу Хамид әл-Ғазали. Бақытқа жету әліппесі / Өзбек тілінен аударған Тұрсынәлі Айна­бекұлы. – Алматы: Баспалар үйі. 2014. – 152 бет. ІSBN 978-601-80386-5-5 Жалпы көпшілікке, мешіттер мен медреселердің оқытушыларына, шә­ кірттері­не, мұсылман және халықтық педагогикалық мектептерге арналып, оқырман қо­лына тиіп отырған бұл еңбек мұсылман әлемі әйгілі ғұламасының адамның өзін танып білуі арқылы бір Жаратушының бар екенін мойындауы керектігі, жантану, тәнтану, ділтану мен тіл жайында руханият мәселелерінің шындықтағы көрінісі ту­ралы философиялық көзқарастардан тұрады. Кітаптың ең басты ұйытқысы – мәні терең көптеген мысалдар, дәлелдер ар­қылы Алланың бар екеніне иландыру, имандылыққа шақыру. Аударманың түпнұсқа қолжазбасы Әмзе Қалмырзаұлының жүйелеуі негізін­де «Қасиет» баспасынан (Алматы, 1998 жыл, 120 бет) жарыққа шыққан. Бұл ең­бек Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің қолдауымен марқұм Тұрсын­әлі Айнабекұлының отбасында сақталған нұсқадан құқықтық мұрагерлікті иеленуші балаларының келісімі бойынша көшіріп басылды. З16 © Имам Әбу Хамид әл-Ғазали, 2014 © Айнабекұлы Т., аударма, 2014 © «Баспалар үйі» АҚ, 2014 КІРІСПЕ СӨЗ Бұл еңбекте діни мәселелер теориялық сыни көзқараста аса мұқият саралаған. Автор оқырман зер­десіне терең түсінікті оңай жеткізу үшін мысалхикаялар тәсілін кемел дәрежеде пайдалана біл­ ген. Адамның адамдық қасиетін, Пәруардігер Алла тағаланың құдірет күшімен жасалған ерек­ ше жаратылысын, ақыл-ойдың иесі ретінде ке­ реметтей ұлылығын, оның тән және жан-ділі, ру­ хани дүниесін жан-жақты талдауда – аз сөзбен кең мағынасын жан-жақты терең ашып көрсеткен. Алла сыйлаған адамның алуан түрлі қасиеттерін тануды – ақиқаттың анық жолын іздеуден бас­ тайды. Пенде алдымен өзін-өзі тану арқылы – Алла тағаланы, әулие-әнбие, пайғамбарларды та­ ниды. Ғаззали міне осы құбылысты этика-әдеп, психология-жантану, табиғаттану, астрономия, ана­томия, тәуіптік ілімдерді тану мәселелерімен бай­ланыстыра, ғылыми дәйектемелерді келтіре отырып, оқырман қауымға жеткізе білген. Бүгін оқырмандар назарларына ұсынылып отырған «Әдеп әліппесі», «Бақытқа жету кілті», «Ей пер­ зент» атты ғибратнама еңбектерінде де ис­лам діні ӘОЖ 297 КБЖ 86.38 З 16 Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді ӘОЖ 297 КБЖ 86.38

негіздерін бұдан мың жыл бұрын хал-қадарынша
терең мағынада талдай білуі нәтижесінде бола­
шақ ұрпаққа өлмес мұра қалдырғаны таңданар­
лық жағдай.

Ғазали адам тәнін мемлекетке теңесе, ішкі
жан-ділін оның падишасы, ақыл-ойын – падиша
уәзірі, көкіректің сол жағындағы бір парша ет –
жүректі ділдің, яғни рухтың аяқ ұлау көлігі, адам

тәніндегі басқа да ағза мүшелерін ділдің сарбаз
қызметкерлеріне теңеген.
Алла тағала адамға сый еткен бес сезім, төрт
элемент – ақыл-ой, парасат кереметтерін кең

түр­де әңгімелеп, тек көкірек көзімен, ақыл-ой
па­расатымен көре алатын ділді рух деп атауға
бо­латынын баяндай келіп, дәлелдемелермен тұ­
жы­рымдайды. Діл, яғни рухты жан-жақты тал­

дап дәлелдеуге шариғат тыйым салатынын айта
келіп, оған адамдық қасиеттер тән екенін ашып
айтады...
Сонда бұл имам Ғаззали кім, қандай еңбектері

бар, оқырманына қаңшалықты дәрежеде таныс –
енді соған тоқталайық.
Қазақ совет энциклопедиясының ІІІ томын­
дағы Әбу Хамид Ғаззали жайында қысқаша мә­

лімдеме бар. Онда «Ғаззали – араб философы,
ислам діні философияның ірі өкілі, көп жыл мүт­
тәкәлимшілер жағында болып, өмірінің соңғы
кезінде суфизм жағына шыққан ол «Адасудан

арылу» атты кітабында өзінің философиялық іш­
кі сырын ашып, тану-білу теориясы саласында­
ғы толғаныстарын ортаға салады. Сезім, ақыл-ой
қабілетін сын көзімен қарап бағалайды. Әдіс­

темелік күмәндану тәсілін – ақиқатты ашудың
жолы деп түсіну туралы мәселе қояды» деп жа­
зылған (445-бет, 1973 ж.).
«Исламның төлқұжаты», «Теңіз бауыры» деген

жоғары атаққа ие болған Мұхаммад Ахмад әл-
Ғаззали 450-хижра жылында (қазіргі 1058 жыл,
екінші деректе 1059 жыл) Хорасанның Туси қа­
ласынан 20 шақырым солтүстік-батысындағы

Ғаззали қыстағында туылды делінген. Ол жас­
тайынан ілім-білім алуға ерекше ынта-ықыла­
сымен сусап өседі. Әуелі Тусидегі Ахма ар Рад­
гонийден, кейін Нишапурдегі әл Жуванийден

тә­лім алады. Ұстазы өмірден өткеннен кейін Ни­
шапурды тастап, Самарқанға қарай жол алып,
сол жерде уәзір Низамул Мүлікпен жолығып,
құрметіне бөленеді. Ол көптеген ғұлама ға­

лымдармен танысып, сұхбаттас болады. Өзінің
жоғарғы дәрежедегі ғалым екенін танытқан соң,
484-хижра жылында (1095 міллет жылы) Низа­мия
медресесінде сабақ беретін ұстаз мұғалім бола­

ды. Бағдадтта төрт жыл мұғалімдік ісін атқа­рып
1095 міллет жылында қажылық сапарға шыға­
ды. Қажылықтан қайтқан соң Дамашық-Сүрия
қа­ласына келіп, тағы біраз жыл мұғалімдік қыз­

метін атқарады. Одан Искандрияға келіп, біраз
уақыт тұрған соң, суфи Ташифийдің қарауы­на
бара жатып, жолда сұлтанның қаза болғанын есі­
тіп, өз отанына қайтады. Тусиде бірнеше жыл

ұстаздық жасап, Низамия медресесіне барады.
Бірақ онда көп тұра алмастан, туған жеріне қай­
тып келеді.
Тусиде Имам Ғаззали өзіне үй-жай салып,

оның жанынан медресе ашып, қалған өмірін
ілім және тағат-ғибадатпен өткізеді. Хижраның
505-жылында дүниеден өтеді.
Имам Ғаззалидің жазған шығармалары өте

көп. Оньщ ішінде халық арасындағы көп тара­
ғандары «Жәуһар», «Орталық», «Қысқа», «Қо­
ры­тынды», «Мұстафа», «Жас шыбық», «Фило­
софтардың бекерге шығаруы», «Адасудан ары­

лу», «Көзқарасты анықтау», «Ілім өлшемі»,
«Мақ­саттар», «Өзге халықтардың жаңылыс пі­к­
ір­лері», «Әдемі есімдер – Алла есімдері», «Шы­
ғыс», «Мақсат пен уақыт аралығында», «Құс­

тар жайында кітапша» болса, өмірінің соңғы
жылдарында шәкірттерінің өтініші бойынша
«Хақ жолының бастамасы», «Ей, перзент»,
«Діни ілімдердің тірілуі», «Алла есімдерінің ма­

ғынасы», «Түсінулер» деген кітаптар жазды. Ал
бүгінгі қазақ оқырмандарына жол алып отыр­ған
ғибратнамалық дүние «Бақытқа жету алхимия­
сы» кітабы мен «Ей перзент» кітапшасынан

тәржімаланған...
Мысалы, үшінші бөлім – ілім және оны іске қо­су
жайында. Адам өмірінің әрбір сәтін босқа өткіз­бей,
барлық күш-қайратын жақсы істерге жұмсау, есіл-

дерті дүние жинауға ауып кетпеу, айтқан наси­хат
сөзге сай болуға – берген уәдесі үдесінен шығуы
керектігін, алған ілімі пайдаға аспаған ғалым­ның
ақыретте азабы көп болатынына тоқталады.

Ей, перзент, ісіңде амалсыз болма,
Сопылардың сөзінен хабарсыз болма, – дейді.
Яғни, «жүз жыл ілім үйреніп, мың кітапты оқып
шықсаң да ондағы айтылғандарды іске асырма­

саң, Алланың шапағатынан үміт етуге хақың
жоқ» дейді. Бұл ойлар Елбасымыз Н.Назарбаев­
тың «Қазақстан – 2030» жылға дейін жоспар­
ла­ған стратегиялық бағдарламасымен үндесіп

жа­тыр. Осынау бағдарламаны жүзеге асыруда
мың­даған жылдар бойы қазақ халқының рухани
игілігіне айналып, тұрмыс-тіршілігімен біте-
қайнасқан мұсылман қауымының идеология­

сын насихаттау да артық болмаса керек. Ха­
лықтың көкейіне қонатын Құран Кәрімдегі сү­
релердің мән-мағынасына, пайғамбарымыздың
ха­дистеріне терең түсінік беретін Имам Ғаззали

сияқты ірі ғұламалардың жас ұрпаққа ғибратта­
ры арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын
қалыптастыру қажет. Сонда ғана бүгін кез кел­
ген елде бой көрсетіп жатқан маскүнемдік, на­

шақорлық, парақорлық, дүниеқоңыздық, екіжүз­
ді жалтақтық пен опасыздық сияқты қоғамдық
дерттерден мемлекетіміздің алтын тамыры –
болашақ жас ұрпағымызды таза сақтарымыз

хақ.
Міне, осындай үлкен мәнді идеяға ие Имам
Ғаззали, өзінің қысқа өмірінде өнімді еңбек етуі­
мен қатар, дүние жүзіне шығыс ойшылдары ішін­

дегі ең ірі Алланы танушы ғалымдығымен бел­
гілі болды. Оның ислам діні жөніндегі керемет­
тей танымдық шығармалары тоғыз ғасырдан
ас­там қолдан-қолға тимей, дүние жүзі тілдеріне

тәржімаланып, қайта-қайта басылып шығарылу­
да. Ислам дүниесінде «Ғаззалиға Алладан аян
келмеген. Уахи-аян келсе, ол пайғамбар болар еді»
деп бұл ұлы білімдардың терең еңбегіне лайық­ты

баға берген. Осыған қарағанда, имамның қазақ
тіліне тұңғыш тәржімеленген бұл жинағы ғибрат
аларлық қымбат баға, рухани азық болатынына
кәміл сенуге болады.

Манап Өтебайұлы,
Шымкент экономика және құқық колледжінің
Бас директоры, экономика ғылымдарының кандидаты

БІРІНШІ БӨЛІМ

ӘДЕП — БАҚЫТҚА

ЖЕТУ ӘЛІППЕСІ

Жақсы перзент – ата-ана қолындағы
аманат.
Барлық жамандық – нашар мінез-құ­
лықты адамдармен сұхбаттас болудан пай­

да болады.
Жалған сөйлеу және жалған ант беру –
екіжүзділіктің иәтижесі деуге болады.

Бірінші тарау

СӨЗДІҢ АПАТЫ ЖӘНЕ

ТІЛДІҢ ЗИЯНЫ

Аңғарсаңыз, тіл – бір жапырақ ет. Алайда
ақи­қатқа жүгінсек, онда көптеген мәселелердің
түйі­ні жатыр. Өмірге келген, келмеген нәрселер­
дің көбісіне себепкер – тіл. Мүмкін амалдардың

кеңесші уәзірі, оның қызмет басындағылары, әр
нәрсені ақыл-ой елегінен өткізіп істегісі келсе,
оны тіл арқылы ғана жүзеге асыра алады.
Тіл мен діл – сөз гауһарының негізі. Діл де, тіл

де – ақыл-ой, ар-ұят жауһарының сәулесін қажет
етеді. Мысалы, кейде тіл тотысы налынған зар­лы
сөздерімен сайрап кетсе, шуақты көктемдей діл
айнасына қайғы-қасіреттің көлеңкесін түсі­ріп,

үкім етуімен көз бұлағынан жас ағызар; Кері­
сінше, тіл дұрыс сөйлесе – діл тіктеліп, ақиқат­ты
айтса – раушан болар; Егер жалған айтса – көңіл
ділі көр болар. Білген жақсы, сөз апаты есепсіз

көп, одан сақтана білу қажет. Адам сөздерінің
залалсызы болмайды. Пайғамбары­мыз былай
деген екен: «Кісі үндемесе, үйдей пәле­ден құ­
тылар» және «Кісі – қарын, нәпсі, тіл апаты­нан

сақтана білсе, басқа апаттардың бәрінен де өзін
аман сақтайды».
«Қайсы амал дұрыс?» деп сұрағандарға пай­
ғамбарымыз аузынан тілін шығарыпты да қайта­

дан аузын жауыпты, яғни «үндемеген дұрыс» де­ге­
ні екен. Пайғамбарымыз «Адам баласы­ның көп­те­
ген қатесі себебінен, сіздерге айтаты­ным – ғибрат­
тың ең жақсысы тілді тістей сөйлеп, үндемеу және

құш көңіл бөлу» десе және бірде «Бақытты деп
сөздің сарасын сақтап, малдың сарасын беретін,
яғни әмиянын ашып, аузын жауып, тілін байлай
білетін адамды айтамыз» – деген екен.

Білген адамға тілдің ұзындығынан зиян еш
нәрсе жоқ.
Екінші тарау

ӨСЕКШІЛІК – КЕСАПАТ

Өсекшілік, яғни сөз тасымақ. Алла оның сұм­
дығы жөнінде көптеген хабар берген. Пай­ғам­
барымыз «Өсекші жұмаққа жуый алмас және
сендердің араларыңдағы жаман адам – сөз таси­

тындар» депті. Біреу бір әкімнен былай деп
сұрапты: «Аспаннан кең не? Оттан ыстық не?
Темірден қатты не? Жетімнен қор не?». Сон­
да әкім: «Ақ іс – аспаннан да кең, күнәсізді ба­

лағаттау – жерден ауыр, ұрық-аймағында кек
сақтап, өшпенділікпен қарау – мұздан суы­
ғы­рақ, қаскөйлік – оттан да қызулы, кәпірдің
көңілі – темірден де қаттырақ және өсекші, сөз

тасушылар – жетімнен де қор» деп жауап беріп­
ті. Білген жөн, өсекшілік – екі кісі арасында сөз
тасу ғана емес, ол – кісінің сөзі мен пейіл-құнын
әшкерелеп, ренжіту. Біреу әкімнің алдына келіп

«Пәлен кісі сізді жамандады» дегенде, әкім:
«Маған бұл хабарды айтып үш қиянат жасадың:
бірі – көңілсіздендірдің, ашық көңілімді уайым­
ға қалдырдың және өзіңнің жылпостығың­

ды көрсеттің» депті. Хасан Басри айтқан екен:

«Егер саған біреу сөз жеткізсе, ол сенің сөзіңді
де біреуге жеткізер» – деп. Сондықтан да өсекші­
ден өзіңді аулақ ұстап, оны дұшпаным деп есеп­
теу қажет. Оның құны-пейілі – қиянат, қастан­

дық, тазалықтан жұрдай. Өсекшіліктің үлкен
апат екенін білген жақсы. Оның себебінен нақақ­
тан қан төгіледі. Мысалы, біреу құл сатып аларда
«Мұның қандай айыбы бар?» деп сатушы­дан

сұрағанда: «Өсекшіліктен басқа айыбы жоқ»
деп­ті. Сатып алушы «Айыбы ауыр екен» деп қа­
былдайды. Келген соң құл қожасының әйеліне
«Қожайынның саған деген махаббаты кем екен

және бір сұлуды алғысы келетінін байқадым. Қо­
жайын ұйықтап жатқанда сақалының астынан
ақырын ұстарамен қыл кесіп алып берсең, мен
оған жады дуасын оқып, саған ғашық етіп қояр

едім» дейді де, қожайынына барып «Қатыны­
ңыз бір кісіге ғашық болыпты, сізді өлтірмекші
ниетте, егер сөзіме күмәндансаңыз, ұйықтаған
адам сияқты жатыңыз, өзіңіз байқайсыз» депті.

Қожайын жалған ұйықтаған кісі болып жата­
ды. Сөйтсе, әйелі ұстара алып келіп, қожайыны­
ның сақалынан ұстай береді. Осы кезде «Мені
өлтірмекші екен» деп ойлаған қожайын орнынан

секіріп тұрып, әйелін табанда мерт етеді. Сөйтіп,
бір өсекшінің жала сөзінен соң жазықсыз кісі
қаза табады.
Үшінші тарау

ПЕРЗЕНТ ТӘРБИЕСІ

Жақсы перзент – ата-ана қолындағы аманат.
Діл гауһары сияқты сап таза, момақан, әртүрлі
өр­нектегі жаңалықты қабылдауға құштар, лайық
және жерден өнім өндіргендей әр нәрсені үйре­

нуге бейім болады. Әр нәрсенің ұрығын сепсең,
оның дақылын егерде ұрықтың асылын тапса,
дү­ниенің де, ақыреттің де шарапатын табасың.
Ата-анасы ұстаз ретінде оған серік болады. Пер­

зент тәрбиелеп, оған ілім, әдебиет үйрету –
жақсы тағлым берумен қатар, жаман сұхбаттан
сақтандыру қажет. Барлық жамандық – жаман
мінез-құлықты адамдармен сұхбаттас болудан

пайда болады. Перзентті тәтті тағам, жақсы
киімге үйір қылмаған жөн. Ондайға үйренген
пер­зент бар өмірінде жақсы киім, тәтті тағамды
таңдап, босқа уақытын өткізеді. О бастан баланың

жан-дүниесін рухани пәктікке тәрбиелеген аб­зал.
Сондықтан баланың тәрбиешісі сыпайы да адал
болуы шарт. Сонда ол дәйім жаман қылықтар­дан
аулақ ұсталады. Артық ет – арам сүттен пайда

болар, арамдық – бұзықшылық, күнәкәрлік­
тің анасы деуге болады. Мұндай апаттар тағам­
ды тоя жеуден пайда болады. Тамақты аз-аздап
жеуді үйреткен жөн. Сонымен қатар, тағамды

оң қолымен «Бисмилла» деп алып, балдырап
сөй­лемей, артығымен тоя жемесін. Біреудің ал­
дындағыға көзін тікпей, қолына алғанын жеп
болмағанша, басқа кесеге қол ұзатпау, еңсесін

асқа қарай түсіріп жібермей, нанды халықтан ар­

тық жемеу сияқтылардан көңілін суытқан жөн.
Қалыптан артық тоя жеу – хайуандар мен на­
дандардың ісі деп түсіндіру керек. Перзентіңді
бейәдеп балаларға үйір қылмай, аулақ ұстап,

әдепті балалардан үлгі-өнеге алуды үйрету керек.
Тек жібекпен ғана киіндіруден сақтан. Жаман
балалармен сұхбаттас болуға тыйым сал. Әрбір
баланы жаман, бейбас балалармен бірге жүргіз­

сең, өтірік айтуды үйреніп, жаман жолға түсіп
кету­ге душар болады.
Егер бала қателессе, екі-үш рет көрмегенсіп,
білмегенсіп қоя салғын. Оған жауап беретін дә­

лелі болмауы да мүмкін. Оқтын-оқтын жаман
іске үйір болып әдеттенсе, кемшілігін бетіне
басып ұялтқын, түсіндіргін. «Егер бұл ниеттен,
бұл бағыттан тез қайтпасаң, адамгершіліктен

шығасың да халық арасында масқара боласың»
деу қажет. Әкесі өзінің перзентіне сабыр, шы­
дамдылық пен айбаттылығын өнеге ете білсін.
Күндіз ұйықтаудан сақтандырса жақсы болады.

Түнде жұмсақ төсекке жатқызуға әдеттенбесе,
денесі қуатты болып өседі. Әр күні бір сағат­
тан ойнатып, болмашыға алаңдаушылық, жаман
қылық, қара көңілділікке салындырмау қажет.

Жас балаларға біреулерден тілеп алу лажы жоқ
қайыршының ісі екенін ескертіп, біреуден бір
нәрсе дәме қылмауын ескерту керек. Көпшілік
ара­сында ісіп-кеуіп мақтанбасын, отырғанда кі­

сіге арқасын беріп отырмасын. Қолын жерге
таянбасын. Лепіріп сөйлеп, сұрамағанға жауап
бермесін. Өзінен үлкенді құрметтеп, тілін қыл­
жақы мазақ сөзден сақтай білсін. Әрдайым ыж­

даһатпен тәрбиеленсе, тасқа қашап жазған жа­
зудай баланың көңілінде өрнектеліп, берік ор­
наласып қалады. Егер әдепсіз, дөң мінезді бол­
са, үйге топырақ шашқандай, бұл сөздер жан-

дүниесіне жайлана алмайды.
Төртінші тарау

УӘДЕГЕ ОПА ЕТПЕУ

Пайғамбарымыз айтқан екен «Мынау үш нәр­
сенің бірі – адам бойында кездесе қалса, тіпті на­
маз оқып, ораза тұтса да екіжүзділікке жата­ды:
біріншісі – жалған сөйлесе, екіншісі – уәде­сіне

опа қылмаса, үшіншісі – аманатқа қиянат жаса­
са. «Уәде – қарыз». Оны орындамауға болмайды.
Әзіреті Исмаил әлейһиссалам бір кісіге бір жер­
ге барып тұрмаққа уәде қылыпты. Ол кісі келмеп­

ті. Солай болса да үш күн бойы оны кездестіру­ге
ынтызар болып, күтіп жүріпті. Білген жақсы – әр
уақытта кінәлі, залалды іске уәде бермегін. Егер
адал іске уәде қылсаң, өте зәру жағдай болма­

са, уәдеңді орындауға әрекеттен. Білгенің жөн,
кісіге бір нәрсе беріп, оны өндіріп алу уәдеге
опа қылмаудан да жаман. Пайғамбарымыз ондай
кісіні өз қиын өзі жеген итке балаған.

Бесінші тарау

КӨРЕ АЛМАУШЫЛЫҚ

Пайғамбарымыз «Көре алмаушылық – жақ­сы
қызметкерді пішенге түскен от-жалындай жай­

пап түсіреді және үш жаман нәрсе бар, одан кей­
бір пен­де құтыла алмас: ол – күмәндану, жаман
пейіл­ділік, көре алмаушылық» депті. Бұлардан
құтылу­дың жолын үйретіп: «Егер күмәнданушы­

лық пайда болса – алдымен өз нәпсіңді мұқият
тексеріп, байқап көргін. Жаман пейіл жаныңнан
жай ала бастаса – оны жүзеге асырмауға әрекет­
тен. Күншілдік, көре алмаушылық пайда болса – тіл

мен қолдарыңды сақтай біліңдер. Өйткені көп­
теген Пайғамбарлардың үмбеттері жойы­лып ке­
туіне басты себепкер – осы: күншілдік, көре ал­
маушылық» депті.

Алтыншы тарау

ЖАЛҒАН СӨЙЛЕУ

Жалған сөйлеу және жалған ант беру – екі­
жүзділік­тің нәтижесі деуге болады. Пайғам­
барымыз «Пенде бір рет жалған айтса, жарат­
қанның кең­дігінде тағы да бір өтірікші пайда

болып, оның ризық-несібесі кеми түсер. Екіншісі
саудагер кү­нәһарлардан деуге болады. Өйткені,
олар әр­дайым жалған айтып, жалған ант ішеді.
Олар кісінің хал-жағдайы жөнінде жалған сөй­

лейді» депті.
Абдулла Әмир «Е, расуллах момын (мұсыл­
ман) зінә қыла ма?» деп Мұхаммед пайғам­барға
сұрақ қойғанда: «Зінә қылуы ықтимал» деп жауап

қайтарыпты. Және «Момын жалған сөй­лей ме?»
дегенде, «Жалған сөйлемейді, жалған сөз­ді тек
иманы жоқтар айтады» депті.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

БАҚЫТҚА ЖЕТУ КІЛТІ

Сенің қалыбың екі нәрседен құралады.
Бірі – көзіңе көрініп тұрған дене құры­
лысың: мұны тән деп атайды, мұны көзбен
анық көруге болады; екіншісі – ішкі жан-

дүниең: оны жан деп те, діл деп те атайды.
Ақиқатында адам денесіне тән төрт
сипат бар. Олар – иттік, доңыздық және
диюлік пен періштелік.

Ділдің шарапаты – салыстыра қарасаң,
барлық
нәрселерден
ғажайыптығымен

ерекшеленеді. Көптеген адамдар оның
қыр-сыры ақиқатынан хабарсыз.

Бөлімге кіріспе тарау

МҰСЫЛМАНДЫҚ ДӘРЕЖЕСІН

ДӘЛЕЛДЕУ

Ол негізінде төртке бөлінеді: әуелгісі – адам өз
жан-дүниесін танымақ. Білген жөн, хазіреті-һақ
тағаланы танымақтың кілті – өз жан-дүниенді
тани білу. Әр кісі өз жан-дүниесін таныса, шын

мәнінде, ол пәруардігерді де таниды. Бұл ту­ралы
нұрлы Алла тағаланың хабарлаған Фус­сулят
сүресінің 53-аятында «Көрсетермін оларға құ­
діретімнің ғаламат нышандарын – өздерін қор­

шаған жер мен көк, жан-дүниесін – кітаптың
шын­дық екені оларға мәлім болғанша» депті.
Бұл сөздің шешуі – бар нәрсе өзіне-өзі жуық, әр­
уақытта алдымен өзіңді танымасаң, өзгені қалай

танығайсың? Әрдайым өзімді танимын деп ай­
тасың. Танданарсың һақ нұрлы Алла тағаланы та­
нымауға ешқандай себеп жоқ деп, төрт аяқтылар
да өздерін-өздері таниды ғой дерсің.

Ей адам! Сырт-сипатыңды тануда – бас, бет-
пішін, аяқ, қол, сүйек, еттен басқаны танымай­
сың. Ішкі жан-дүниеңнің ахуалын білуден: уақы­
ты келіп, қарның ашса – нан жерсің, шөлдесең –

су ішерсің, кейде ашуың келсе – бір кісіге тиісіп
зәбір берерсің, шауһат талабымен қатын алар­
сың – бұлардың бәрі төрт аяқты хайуанаттар­да
да бар қасиет.

Енді сен өз ақиқатыңды жан-жақты білуге та­
лап қылғайсың. Өз нәсілің не, ол қандай нәрсе,
қай жерді кездің және қай жерге барасың? Бұл
ғаламның қонақжайына не үшін келдің? Соңың­

дағы ұрпақ сені не үшін мадақ етпек? Мұрат-мақ­
саттарың не?
Бұл істерді білгейсің. Бұл сипаттар, жұмбағы
көп ішкі жан-дүниеңе жайласқан. Оның кей­

бірі төрт аяқтылар сипатында, бағзысы дию­
лер сипатын­да, бағзысы періштелер сияқ­ты
та­за­лардан. Сен осы сипаттардың қай тобы­
нан­сың? Көңіліңнің гауһары бұл сипаттардың

қай­сысын қайтарып тұр және қай сипаттарды
өзіңе лайықты не лайықсыз дейсің? Бұларды
білгеннен соң, өзіңнің мұрат-мақсат, бақытың­ды
іздегейсің. Бұл сипаттардың аялап асырайтын

қамқор қорегі бар. Мәселен, төрт аяқтылардың
мұрат-мақсат қорегі – ішпек, жемек, ұйықта­мақ,
жыныс қатынасы талабын орындамақ. Егер сен
төрт аяқтылардан болсаң, ертелі-кеш зор беріп

ішіп-жеу мен нәпсіңді қанағаттандыру қамын
жей бергін.
Ал жыртқыштардың басты мұрат-мақсаты –
тістемек, ғазап беру, өлтірмек. Ал диюлардің мақ­

саты – қулық, сұмдық, айла-шарғы, азғыру ісі­мен
шұғылдану. Егер сен төрт аяқтылар, яғни хай­
уандар мен жыртқыштардан болсаң, со­лар­дың
ісімен шұғылдана бер де, солардың істеген ісін

өзіме лайықты-ләзім деп біліп, төрт аяқтылар­
дың мұрат-мақсатына жете бер.
Періштелердің мұрат-мақсаты мен қорегі –
Алла тағаланың дидарына қарай, тамсана таң­

дану, оның кемелдігіне әуестену. Ғазап, шауһат –
төртаяқтылар мен жыртқыштардың және шай­
танның сипаттары. Олардың табиғи болмысы
егер сен періштелер гауһарынан болсаң, маңайы­

ңа жол тауып, жуи алмас. Өз әсіліңді періштелер­

дің әсіліндей етуге тырысқан күнде ғана, Хақ
тағаланы танығайсың. Оның көрікті жамалын
та­нымаққа жол тапқайсың. Хайуанат сипаттары
бол­мысы жаратылысының ішінде нендей қа­

сиет­тердің бар екенін біліп алғын. Олардың ай­
уандық сезімі сені тұтқын етпек, өз қызметіне
пайдаланбақ, ертелі-кеш сені өзіне тәуелді ету
әрекетінде екенінен хабарың болсын. Ал бұл

жаман қасиеттерді жөнге салып, өзіңе тұтқын
етіп бағындырып ала алсаң, ол дастарқандай
се­нің алдыңда болар. Бұл сипаттарды өзіңе
мойын ұсындырып пайдаланғайсың. Қанша күн

бұл ғаламның қонақжайында болсаң, бұл си­
паттарды қызметіңе жегіп, бұлардың жәрдемі ар­
қылы алға қойған мұрат-мақсат, бақыт ұрығын
қолыңа келтіре біл. Уақтылы сәтімен мақсаты­

ңа жетіп, бақыт ұрығын қолыңа келтірсең, жа­
ман қасиеттерді аяғыңның астына салып, ол ба­
қытыңды баянды еткейсің. Ғалымдардың мұ­
раты, баянды бақыты – Әзіреті күллі ғаламның

па­дишасының жамалының нұры. Ал қара­пайым
халықтың мұрат-мақсаты – жұмақ жайынан ірге
тебу болып табылады. Міне, бұлардың бәрінің
мән-мағынасын толық білгенде ғана өзіңді-өзің

таныған боларсың. Әрбір кісі бұл жайттардың
мән-мағынасын тани бермейді. Олардың несі­
бесі, иманы – кәміл сенімді жолдан аулақ және
ақи­қат дін жолын танудан құралақан болар.

Бірінші тарау

ДІЛІҢДІ БІЛСЕҢ ӨЗІҢДІ

ТАНЫРСЫҢ

Сенің қалыбыңның өзі неден тұрады? Сенің
қа­лыбың екі нәрседен құралады: бірі – көзіңе
кө­рініп тұрған дене құрылысың: оны тән деп
атайды, мұны көзбен анық көруге болады; екін­

шісі – ішкі жан-дүниең: оны жан деп те, діл деп
те атайды. Бұл көзге көрінбейтін жасырын ішкі
жан-дүниеңе жайғасқан. Бұны көкірек көзімен
ғана тануға болады. Көзбен ақиқатты керуге бол­

майды. Сенің бар ақиқатыңнын өзі осы ішкі жан-
дүниеңде.
Әрбір нәрсе бұл мағыналы жан-діліңнен өз­
геше бөлек болғанымен, оның тәуелді сарбазы

деуге болады. Шын мәнінде басқа нәрселердің
бәрі де – оның қызметкері. Өйткені, ол жан-
дүниеңе діл деп ат қойыпты. Енді ділдің қасиеті
мен ерекшеліктерін баяндайын.

Ділдің мұрат-мақсаты, ақиқаты – тек адамға
тән. Оны кейде рух деп те атайды. Кейде, ішкі
жан-дүние дейді. Діл деп көкіректің сол жағына
жайласқан бір парша етті айтпас па екенбіз? Оның

ешқандай қисыны жоқ. Ол ет хайуанда да бар,
өлген өлікте де бар. Бірақ оның ақиқаты, сырт­
қы көзбен көруге болады. Сол көзге көрінбей­тін
(көкірек көзіне көрінетіндерді), бұл дүниеге тән

емес нәрсені – ғалами көрсеткіш дейді. Діл­дің
шын мәніңдегі түпқі ақиқаты – бұл ғаламға тән
емес, ол бұл ғаламда бір ғаріп мүсәпір ғана.
Діл – бұл ғаламның көне керуен сарайынан,

ақыреттің жәннат жайына қайту үшін келіпті. Ал бір
парша ет – жүрек, падиша ділдің міне­тін аяқұлауы,
құрал-жабдық
дастарқаны.

Дене­дегі
барлық
мүшелер оның сарбазы. Қысқасын айтқанда, діл –
барлық дененің падишасы. Діл па­дишаның мақса­

ты – Алла тағаланы танымақ және Алла тағаланың
кемел жамалын кермек. Па­ди­ша – ділдің сипаты
және оның жәрдемшісі – сөз­дері. Ұсыныс та, үндеу
де, уәде де, атақ та – соның қолында. Ұлық та, бақыт

та, жоғары дә­ре­жедегі ықпал да – ділдің сипатында.
Ал дене болса – әруақытта оның қызметкері. Па­
диша-діл және оның сипаттарын тану – Әзіреті
һах нұрлы Алла тағаланы танымақтың кілті болар.

Бар күш-қайратыңды жұмсап, ділдің ақиқа­
тын танығайсың. Діл гау­һа­ры – ғазиз періште­
лер гауһарының жынысынан бо­лар. Ал ділдің
кені де, әсілі де – жалғыз Жаратқан­ның кеңдігі

болар. Кеңдігі арқылы – келуші де, кету­ші де, бұл
ғаламның қонақжайына ғаріп сауда­ласу мен рұқсат
үшін келіпті. Ділдің саудаласуы мен рұқсатынан
баяндайын.

Иншалла тағала.
Екінші тарау

ДІЛ АҚИҚАТЫ

Ділдің ақиқатын тану үшін ділдің жаратылыс
болмысын білмейінше, мүмкін емес екендігін
білгенің жөн. Әуелі ділдің болмысын білгейсің,
одан кейін діл ақиқатын талап еткін, ол не нәрсе

өзі?
Сонан соң, падиша ділдің сарбаздарын таны­
ғайсың, ол неше тайпалардан өткен? Одан кейін
падиша ділдің және оның сарбаздарының ара­

сындағы байланыс қарым-қатынастарын біл­
гей­сің. Ділдің сипаттарын танығанда һақ нұрлы
Алла тағаланың ілім-білімін қалай білу керек?
Осылардың мән-мағынасының әрбіреуіне қа­

тысты белгілерін де көрсетіпті.
Алайда ділдің жаратылыс болмысының сырт
көрінісімен аспан, жер және басқаларды да сырт
көзімен көруге болады. Бәрін тани білсе де, өз

болмысын нашар таниды. Ақиқатында сыртқы
дене, аспан мен жер, тағы да басқалардан толық
хабардар емес. Алайда, өзінше бәрінен де то­лық
хабардарға ұқсайды. Әруақытта бұл істер­ден

хабары болып, тырысып, жақсы әрекет қылса,
ақырет ақиқатын да сонша жақсы таныған. Сенен
бұл сыртқы тәндерді алатынын және сені сон­дай
жерге жеткізетінін, сен фәни дүниеден ол мекен­

ге баратын кездер келетінін біліп, есіңе алып жүр.
Үшінші тарау

РУХ АҚИҚАТЫ

Жалпы рух ақиқаты нелерден тұрады және
оған тән сипаттар нешеу? Бұларды баян қылуға
ша­риат рұқсат бермейді. Сондықтан да бұны Әзі­
рет Расулі Әлейһи салам талдап түсіндіру қа­жет

деп таппапты. Сондықтан һақ тағала Ал-исра
сүренің 85-аятында айтыпты: «Ей Мұхаммед, се­
нен рух туралы сұраса айтқын – рух жаратушы

ием әмірінде, сендерге өте аз мәліметтен басқа
ілімнен ештеме берілмеді» деп.
Әр нәрсе өзіне лайықты өлшем көлемінде жол
тапса, оны болмыстық деп атайды. «Болмыс» де­

ген сөз сөздікте өлшем, сандық, сапалық мәнін тү­
сіндіретін ұғым. Діл жәуһарының ойдай өлше­мі
жоқ. Сондықтан бөлшектеуді қабыл етпейді. Егер
бөлшектеуді қабыл қылса, сол бөлшектері жөнін­

де ілімнің болуы мүмкін болар еді. Сонымен діл
қожасы бір жағдайда білімділікке, бір жағдай­да
надандыққа жақын болады. Рухтың бөлшек­теуді
қабылдамауынан, әр түрлі көлемдегі бөлшекке

жол таппауынан – Әзреті хақ нұрлы Алла тағала­
ның сөз сыйы өлшемдерін жарату мәнісіне тіре­
леді. Сонымен, осы мән-мағынамен, яғни көлем­
ді өлшем – сырт көрінісін тапқан нәрселер, ғалам

халқының тобындағылар. Ал көлемді өлшемдер
жол таппайтын нәрселер ғалам халқына (тобына)
жатпайды. Бір тайпалар рухты байырғы ғой деп
күмән қылып, таңданыпты. Ол тайпалардың ай­

туынша, рух – өткінші, баянсыз, өзінше нақты
бір нәрсе емес деп ерсі көреді. Өткінші – өз
затында мызғымайтын қатып қалғаннан емес,
бәлкім және бір жәуһардың қызметкері болар.

Рух адам жаратылысы болмысының асылы бо­
лар. Барлық дене құрылысы соның қызметшісі.
Сонда қалай ол өткінші баянсыз болмақ? Сол
тайпалар тобы рухты «дене» деп айтыпты. Таң­

ғаларлығы, тән тағдырын қабылдап, рух тағ­
дырын қабылдамауында.
Жалпылап айтқанда, рух деп аталып, оның тағ­
дыры қабыл қылатыны не дегенде, төрт аяқты

хайуандардың да денесінде рух бар ма деген сауал
туылады? Біздің рух асылы дейтініміз – Құдай
тағаланың бізге сыйлаған білім орны. Хайуан­
дар­да бұл рух жоқ. Рух – дене емес, бөлінетін

де емес, нәзік бір жәуһар десе болады. Періште­
лер осы жәуһар жынысынан болар. Бұл рух ең
бір нәзік ақиқатты танымақтық, оны талдауға
рұқ­сат жоқ. Әрі сопылықтың алғашқы жолында

бұлар­ды танудың қажеті жоқ – бұл дін қағидасы­
ның жолындағы алғашқы қиыншылық, яғни дү­
ние ләз­затынан безу. Уақыты келіп сопылық­
тың шарт­тарын орнына келтірген жағдайда, бі­

лім асылы пайда болады. Оны кісіден естудің
қажеті болмас. Білім – тура жолға жетекшілік
ететін жолбасшылар сипатты. Хақ нұрлы Алла
тағала Құранның Анкабут сүресінің 69-аятында

айтқанындай: «Біз үшін жанқиярлықпен күрес­
кендерді, біз өзіміздің жолымызбен алып жүре­
міз». Егер әрбір кісі қайратын тауыспастан, со­
пы­лық қиыншылықтарын жеңіп, кемеліне кел­

тір­месе, ол кісіге рух ақиқатын баян қылмақ қа­
жет емес. Алайда, ол күш-қайраттың тарихын
білмектен ілгері, ділдің сарбаздарын танымағы
ләзім. Әр уақытта әрбір кісінің сарбазы болмаса,

жеңіске қолы жетпес.
Төртінші тарау

БЕС СЕЗІМ

Білгейсің, дене – падиша ділдің мемлекеті бо­
лар. Осы мемлекетте падиша ділдің түрлі-түр­
лі сарбаздары бар. «Мудассир» сүресінің 31-ая­

тында: «Пәруардігер сарбаздарының (пе­ріш­
телерінің) санын өзінен басқа білмес» депті. Алла
ділді ерекше етіп жаратыпты, Ақырет үшін діл­
дің мақсаты – әйімі бақыт талап қылмақта. Оның

бақыты – Һақ тағаланы танымақ, оның жарату
құдіретін және жаратқан нәрселерін білмекпен
бірге пайда болғысы келетінінде. Бұл тұрғыдан
қарағанда, ғалам – жаралатындар тобынан, діл –

ғалам ғажайыптарынан.
Алла тағала адамдарға бес қасиет беріпті.
«Адам­дар бұлардан пайдалансын» депті. Бұл
бес қасиеттің тұрар жайы дене болар. Әзіреті

нұр­лы Алла тағаланың ілім-білімінің аулайтын
аушысы діл болады. Ал діл сол бес қасиет – бес
сезімнің қақпаны болар, ақиқатында көзге кө­
рініп тұрған дене, сол қақпанды көтеріп тұрған

көлігі. Міне, сондықтан да ділге көзге көрініп
тұрған дененің қажеті бар. Сыртқы дене – судан,
топырақтан, ыстық-суықтан, ылғалдан сақтай­ды.
Дененің күшсіз әлсіздігі түрлі-түрлі жағдайлар­

ға байланысты. Дене ішкі жағынан – аштықтан,
шөлдеуден, және сыртқы жағынан – от, су, ұры,
дұшпан, қаскөйлер тағы да басқа себептерден
қауіп-қатерде болады. Дененің ашығу, шөлдеу се­

бебінен, тағам және су шербетке қажетті жағ­дайы
болады. Дененің ішпек және жемек жағы­нан екі
топ сарбазға қажеті бар. Бұл екі топ сарбаз­дың
бір тобы көзге көрініп тұрған – қол, аяқ, ауыз бен

көз, киінбек; екінші тобы – ішкі дүние сарбаз­
дары, бұлар шауһат және ғазаптардан тұрады.
Тамақты көрмей, талап қылу мүмкін емес. Дұш­
панды көрмей, шабуыл жасамайды. Сол сияқ­ты

ділге де қажетті нәрселер бар. Бұлардан сырт­
қы көзге көрінетіндері бес сезім – бес қасиет, ол:
көз, құлақ, мұрын, татып білмектік, сипап, тұтып
көрмектік. Бұл түйсіктердің ішкі жан-дүниеге

қатысы да бесеу болар: 1. Қиялдау, 2. Ойлау қуа­
ты, 3. Еске сақтау-зейін қуаты, 4. Түйсік пен қа­
былдау қуаты, 5. Сезім мен ерік қуаты. Бұл бес
қасиеттің тұрақты жайын ми деп атайды.

Осы қасиеттердің әрбіріне қатысты өзіне ғана
тән атқаратын іс-әрекет амалдары бар. Осы қа­
сиеттердің біреуінің орындалуына қарсылық
туыл­са, адамдардың атқаратын ісіне де қарсылық

пай­да болады және бұл сарбаздардың бәрі де,
ішкі және тысқы ділдің жарлығына бағынады.
Діл – бұлардың әмірші падишасы. Ол кейде тілге
жарлық берсе – сөзге келер, егер қолға жарлық

берсе – бір нәрсені ұстар, кейде аяққа жарлық
берсе – әрекетке кірісіп журер, көзге жарлық
берсе – көрер, ой қуатына жарлық берсе – ой-
пікір ісімен шұғылданар. Жалпылап айтсақ, ол

сарбаздардың бәрін падиша ділдің мүддесіне,
жарлығына бағындырыпты. Әрдайым падиша
діл бұл сарбаздардың күшімен дене мемлекетін
дұшпандар шабуылынан сақтап, ақырет сапары

жол азығын дайындап, өзінің баратын жері, яғни
Алла тағаланың ілім-білімінің мекені – ақырет
қамын жейтін жайға жеткізіп, бақыт ұрығын
ша­шады. Бұл сарбаз, падиша ділдің қарауын­

да болып, періштелердің Хақ тағала қарауында
болғаны сияқты, жарлығын мүлтіксіз орындайды.
Өз ықтияры, қалауы бойынша тапсырмаларын
беріп отырады.

Бесінші тарау

ДІЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ

Ділдің сарбаздары жайында баяндау біраз ұзақ­
қа созылар. Солай болса да, мысалдармен баян­дап
берейін. Денені, мысалы, бір шаһарға теңе­сек,
қол, аяқ, денедегі басқа да мүшелер – сол шаһар

өнершілерше ұқсайды. Шауһат зауқы шаһар хал­
қынан алым-салық жинаушысына ұқсайды. Ға­
зап бұл шаһардың түнгі падишасы сипатты. Діл
дегеніміз сол шаһардың падишасы, ақыл – оның

уәзірі. Падишаларға бұлардың ауадай қажеті
бар. Өйткені, мемлекет ісі тек осылармен бірге
орындалады. Ал шауһат – алым-салық жинаушы
амалдарға ұқсас, жалғаншы мен жаман қылық­

ты, ақты «қара» дейтіндер сияқтысы да болады.
Әрқалай жағдайда уәзір-ақыл айтар, шауһат
оған қарама-қарсы іс қылуды қалайды. Әрдайым
қалауы мол байлық болар. Ол дене мемлекетінде

баршылық, одан салық сылтауымен өзіне көбі­рек
алуға тырысады. Ғазап болса, шаһардың түнгі
падишасы – қатты, қайсар, наһақ жаман істер­
ден қорықпайтыннан болады. Әруақытта өлтір­

мек, сындырмақ, жаман істерді істеп, қан төкпек­
ті жаратар. Сондықтан бір шаһардың падишасы
әрбір істі уәзірімен бірге істеп, қызметкер шабар­
мандарының құлағын бұрап отырса, сол сияқ­ты

қызметкерлерінің жаман істерін әшкерелеп, тиым
салып, түн падишасын да уәзірі қарамағында
мықтап ұқыптылықпен ұстап, артық қадам бас­
тырмастан, қадағалап отырса ғана мемлекет ісі өз

дәрежесінде болар. Бұған қоса падиша діл уәзір­
дің кеңесімен ақылдасып іс қылса, шауһат, ғазап
жайын уәзірдің ақыл зердесінен тыс қалдыр­
май, жарлығының шегінде, дене мемлекеті оның

иелігінде болар. Сонымен қатар, бақыт жолын
тауып, Хақ тағаланың ілім-білімінен баһар алар.
Егер уәзір ақылды шауһат және ғазап қолына
тұтқын қылса, дене мемлекеті ойрандалып,

падиша діл де тұтқын болып, бақытсыздыққа тап
болар.
Алтыншы тарау

ДІЛ ҚАЛАУЫ (ДІЛ СЕЗІМІ)

Жоғарыдағы айтылған сөздерден біліп алдың,
ғазап және шауһатты – жемек және ішпек, дене­
ні сақтамақ үшін жаратыпты. Солай болса, ғазап
пен шауһат дененің қызметкері болар. Дене –

жоғарыда айтылған бес сезімді көтеру үшін жа­
ра­лыпты. Сонда дене сезімдердің қызметкері
бол­мақ және оның қалауы, уәзір-ақылға тыңшы
болмақ үшін жаратылыпты. Анығында, ақыл

се­зімдер жәрдемімен Хақ тағаланың ғажайып
си­рек кездесетін құдіреттерін білер. Қалау се­
зімінің өзі ақылдың қызметкері болар, ақылды
діл үшін жаратыпты, ақыл – ділдің шамшырағы

болар. Сондықтан да ол шам нұрымен Әзіреті
пәруардігердің нұрлы жамалын іздейді, ол – жа­
малы кемелденген падиша ділдің жәнаттын­да
болар. Сондықтан да ақыл – ділдің қызметкері

болар.
Ділді Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағала кемел

жамалын іздеу үшін жаратыпты. Сәті түсіп сол
кемел жамал нәсіп болса, Хақ тағаланың қызмет­
кері және пендесі екендігіне лайықты болға­ны.
Сондықтан, Алла тағала, Ва-з-зорият сүресі­нің

56-аятында: «Мен жын-періні және адамдар­ды
мені тану және ғибадат қылу үшін жарат­тым»
депті. Олай болса, падиша ділді сый етіп, оған
мемлекет пен сарбазын сеніп тапсырыпты, дене

дейтін мінетін көлігін де беріпті. Бұл мінетін
көлік сарбазы, көмекшілерімен бірге ғалам то­
пырағынан биіктің ең биігіне сапар қылар. Бұл
жердегі несібе, ризықтарын тауысу үшін және

пен­делік шартын орнына келтірмекті қаласа, діл
падишаның басшысы мемлекет басында отырар.
Хақ тағала жамалын көруді мақсат қылар. Ақы­
ретті отан тұрағы – денені мінетін көлік етіп,

дүниені шолақ деп түсінер. Ақылды – уәзір, қол-
аяқ, басқа мүшелерді – қызметкер және шауһат­
ты – ақылдың көмекшісі қылғай. Ғазапты – пади­
ша қалауының тыңшысы етіп, бұлардың әрбі­рін

бір іске жегіп, ғалам хабарларын біліп отырғай.
Қиял-қуатының көмейін толтырарлықтай қа­
зы­намен қамтамасыз еткен жөн. Өйткені хат-ха­
бар­ларды қиял жүзеге асырып, оны сақтап, өз

уақытында уәзір-ақылға арыз етер. Уәзір-ақыл
бұ­лардан хабардар болып, райына қарай мемле­
кет ісін жайғастырып орнына қойып, падиша діл­
дің сапарының керек-жарағын дайындап берер.

Кейде бұл сарбаздардың бірі, мысалы шауһат
ләззәті, ашу-ғазәбы, бұдан басқасы да падиша
діл­ге жақын болғансып, ділдің бағытынан жүз
үйі­ріп қарақшылық жасаса, уәзір-ақыл бұлар­дың

амалын тауып, керекті жағдайда күрес жүргі­
зіп, жеңіп, есебін тауып жөнге салғай. Оларды
өлтірмегені мақұл, өлтірсе мемлекет ісі бұлар­сыз
ойдағыдай орындалмас, бәлкім бұларды тағат

ибадатқа мойын ұсындырып, мәртебеге жеткіз­
гені жөн. Өйткені, олар сапар шебінің алдында
жүреді. Қанша қас, жолтосар қарақшылар болса
да, падиша ділге дос-жаран, жолдас болады. Егер

де уақытты сәтімен бұл сипатта дос-жаран бол­
са, бақыттылық нышаны мен үлесіне ие болға­
ны. Егер олай болмаған жағдайда ана мен мына­
ның шылауында кетіп, қаскөй дұшпан, қарақшы­

лар қармағына түссе, бақытқа қолы жете алмас
және оның жазаларын тартып қиыншылықтарын
көрер.
Ғалам иесі – Алла!

Жетінші тарау

ДІЛ ҚАЛАУЫ СИПАТТАРЫ

Діл ғаламында адам денесі шаһарындағы сар­
баздарының әрбірінің алыс-беріс қатынастары
бар, падиша ділге бұл сипаттардың әрбірінен
әр бөлек сипаттағы жағдайлар да болар. Бұл қа­

сиеттердің бағзы бірі жаман сипаттардан болып,
падиша ділді құртқысы келетіндер қатарында
бо­латынын білгені жөн. Кейбіреулері жақсы си­
пат­тардан, олармен діл падиша тағдырлас бо­лып,

бақытқа қолы жетер. Бұл қатынастарды айта бер­
сек есепсіз. Жалпы, оны төрт бөлікке айыру­ға
бо­лады: 1. Төртаяқты хайуандар сипатында­ғы
қа­тынас-байланыстар; 2. Жыртқыштар сипатын­

дағы қатынас-байланыстар; 3. Дию-шай­тан сипа­
тындағы қатынас-байланыстар; 4. Періш­телер
си­патындағы қатынас-байланыстар.
Сол сияқты, адам денесінде шауһат ләззатын

жаратыпты. Оның қалауы төртаяқты хайуандар
ісін істемек: азарлау, ішпек, жемек, жыныс қаты­
насын жасамақ. Және осы денеде ашу ғазабын
да жаратыпты, оның қалауы – ит, бөрі, арыстан

сияқты жыртқыштардың ісін істемек. Сонымен
қатар, балағаттап сөгу, ұру, өлтіру, халыққа қол­
мен, тілмен азар беру сияқты басқа да қастандық­
тарды жаратты.

Дию-шайтан сипатындағылардың қалауы – ме­
керлік, ила-әдіс қолданып ақты «қара» деп, ха­
лық арасында қулық пен сұмдық, аярлықты ас­
қындыру. Адам денесінде ақылды пайда қылып­

ты, оның қалауы – періштелер ісін қылмақтық,
ол ғұламалар мен ілімді дос тұтып, жаман істер­
ден бойын тартып, халық арасында туралыққа
жол ашып, қысастық, бақылдық, мейірімсіздік

пен қаталдықтан өзін тоқтатпақ, жақсы істері­
мен шаттанбақ, надандықты ар, намыс қылмаққа
шақырады.
Ақиқатында адам денесіне тән төрт сипат бар.

Олар: иттік, доңыздық және диюлік пен пе­ріш­
телік. Осылардан иттің халық арасында жек­сұ­
рын, жаман атануы, оның бас, аяқ терісі басқа да
сыртқы суретіне байланысты емес. Оның ішін­

дегі жаман сипаттарынан, халыққа азар беруі­нен,
жаман нәрселерге құмарлығына байланысты.
Доң­ыз сыртқы сипатына байланысты ғана емес,
ішкі дүниесінің настығы, лас жаман нәрселерге

құмарлығынан жексұрын атаққа ие.
Сонымен, рухтың ақиқаттын және ішкі жан-
дүниесіндегі иттік және доңыздық сипаттарды
аң­ғардың. Енді мағыналарын да осыған сай

пайымдауға болады. Айтылған нұсқаларда адам­
ға жарлық беріп келтірілген нұр – періштелердің
нұры сипаттас. Ол нұрмен шайтанның мекерлік
айла тәсілін біледі екен. Сондықтан да шайтан

мекерлік пен пітна-құлыққа жол таппай, қор бо­
лады екен. Сондықтан Әзіреті рассули әкрам сал­
лалаху Әлей уасаллам айтқан екен: «Әр адам­ның
бір шайтаны бар және менің де шайтаным бар.

Бірақ, Құдай тағала мені ол шайтаннан басым
етіпті. Шайтан менің ашу-қаһарымның қолын­
да – тұтқын. Менің қолымнан шығып, ешқандай
залал жасай алмас» депті. Адамға жарлық етіпті,

ышқуаздық шауһат-доңызы және ашу-итті әдеп­
пен ұстап, ақылдың алақанынан шығармау қа­
жет. Ақылдың жарлығынан тыс қадам баспауға
тиісті. Егер бұл жағдайлар орындалса, жақсы

сипаттар пайда болып, бақыт-сағадат ұрығын
қолыңа келтіресің. Егер бұлай болмай, шауһат
құмарлығы, ашу ғазабы алдында қызмет істе­
се, адамгершілікке жат сипаттар пайда болып,

шауһат-құмарлық ұрығын қолыңа келтірерсің.
Егер өз хал-жайын дәрменсіздік, ұйқысыздық
немесе ұйқыдағы жағдайда ұстаса, сөз жоқ доң­
ыз­дың, не иттің және шайтанның алдында қолы

байланғанын көресіздер.
Кімде-кім бір мұсылманды кәпірдің қолында
тұтқында көрсе, ол мұсылманның күнді қалай
кешетіні белгілі жағдай. Ал адам періштені, ит­

тің немесе доңыздың, я болмаса диюдің қолын­
да тұтқын екенін көрсе, оның жағдайы одан да

төмен болатыны белгілі жайт. Ғалам халқы егер
нысап қылса, істеген амалдарын есептесе, күн­
діз-түні жан-дүниесінің қалауына қызмет кеме­рін
байлағанын көреміз. Бұлардың халі шын мәнін­де

осындай. Олардың суреттері адамға ұқсар, қия­
мет пердесі ашылғанда олардың шын мағына­
сы әшкере болар. Суретімен де, мағынасымен
де өздерінің шын бейнесін көрсетер. Егер ол кі­

сінің шауһат құмарлығы басым болса, қиямет
күні халық көзіне доңыз суретінде көрінер. Ғазап
ашуы басым кісілер, ит не бөрі суретінде кө­
рінер. Осы бір жағдайларға байланысты анық­

тық – егер адам түсінде итті не бөріні көрсе, оның
жоруы залым дұшпанға тап болар. Егер түсінде
доңызды көрсе, оның жоруы нас, лас жаман
адамға кездесер. Сондықтан да ұйқы өлімнің

бір белгісі, інісі деуге де болады. Аңдағанға ұй­
қының өзі, бұл ғаламнан жырақта екен. Сурет –
мағына-мәннің бағынышты көлеңкесі. Әр адам
ішкі жан-дүниесіне сай көрінгісі келер. Бұлардың

мән-мағыналарын талдай беру бұл кітаптың
ауқымына сыймайды.
Сегізінші тарау

ІШКІ ДҮНИЕНІҢ ТӨРТ

ҚЫЗМЕТКЕРІН БАҒЫНДЫРУ

Ішкі жан-дүниеңде төрт қызметкердің барын
бі­летін боларсың: отырмақ және тұрмақ, тіпті әр
түрлі жағдайда өз әліңе ықтиятпенен қарағын,
бұл төрт бұйрық берушілердің қайсысына бой­

ұсы­натыныңды анықтап алғын. Әрбір пейіл құ­
ны саған жүз беріп байқала қалса, ол пейілдің бір
сипаты көңіліңде сақталсын.
Көңілің жай тауып, ол ғаламға сенімен бірге

барар. Бұл сипаттарды адамгерішлік дейді. Бар­
лық адамгершілік, осы айтылған төрт іс жүр­гі­
зушілерге байланысты пайда болар. Егер шауһат
доңызының ықпалында болсаң, сенде ұятсыз­

дық, нас, ластық сипаты, құмарлық, бақылдық
пен қарабеттік, бұлардан да басқа жаман сипат­
тар пайда болар. Егер төмен шауһатты, яғни
доңыз шауһатты нәпсіні жеңіп, оны қолға алып

әдеппен ұстасаң, сенің қол астыңда тәртіп пен
қанағат сипаты және ұят, парасаттылық, зеректік,
тахуалық, яғни пәктік, дәмеленбеушілік сипаттар
пайда болар. Егер ашу иттің ықпалында бол­саң,

сенде жаман істерге бейімділік, настық, ожар­
лық және өзін жоғары, өзгені төмен қор сана­мақ,
халыққа азар бермек және бұдан да басқа жаман
сипаттар пайда болар. Егер ашу итті өз билігің­де

әдеппен тұтсаң, сенде сабыр сипаты және біреу­
дің ауырын көтермек, кешірімділік, қошкөңілді­
лік, жомарттық сияқты сипаттар пайда болады.
Егер ол шайтанның ісін істегісі келсе, оның ісі

шауһат доңызы мен ашу итті орнынан қозғап,
бұларды шыр айналдырып, ила-мекерлігін үй­
ретер. Сонымен, шайтанның ықпалында болсаң,
сен де жақсы амалдан қиянат сипатын қолдап,

ақты «қара» деп көз бояп, халыққа теріс жол
көрсетіп, тура жолдан адасарсың. Бұдан басқа
да жаман істер көрініс беруі ықтимал. Егер ол
шайтанның мекерлігін істемей, оның мекерлік

иласына кіріптар болмаса, яғни алданбаса ақыл

сарбазына жар жолдас болса, сенде ұлықтық
қа­сиет және ілім, білім, хикмет, жақсылыққа
жаны құмар көсемдік сипаттар пайда болар. Бұл
жақсы қасиеттер сенің ықтиярыңда дәйімі болса

бақыт ұрығын қолыңа келтірерсің. Жамандық
туындайтын кейбір пейілдер бар, оны күнә деп
атайды. Кейбір пейіл-құн болады – олардан жақ­
сы сипаттар пайда болады, оны тағат деп атай­

ды. Адамдардың өлмек-тұрмағы осы екі жағдай­
дан шет болмайды. Шын мәнінде, адам ділі рау­
шан-айна сияқты. Ал жаман сипаттар зұлматқа
ұқсар. Егер діл айнасын шаң басатын болса, сөз

жоқ оны қараңғыландырар, қиямет күні Әзіреті
пәруардігердің жамалын, өз кемелін де көре
алмастан, мақұрым қалар.
Ал жақсы сипаттар нұрға ұқсас, ол нұр – діл

айнасында қарар тапса, барлық зұлмат күнәларды
айқын көрсетіп тұрар. Осыған байланысты Әзі­
реті расулі әкірам саллалаху әлейкі уассалам ай­
тыпты: «Әрбір жаман амалдан кейін бір жақсы

амал істегін, сол жақсы амалың жаман істерің­
ді жоқ қылар». Сонымен, қиямет күнінде рау­
шан ділдер Алла тағаланың пенделеріне марха­
бат қылады екен. Ол жәнінде Шура сүресінің

88–89-аятында: «Күнәкәрларға малы, дүниесі
мен перзенттері пайда бермейді, Хақ тағала­ның
кең­дігіне раушан, пәк қалыбында келгенде ғана
пай­да береді» депті.

Қорыта айтқанда, адам ділі, шындығында, те­
мірге ұқсас, сондықтан айна сияқты раушан­да­нып
тұрар. Егер, айнаны таза және пәк ұстаса, бар­лық
нәрсе одан жарқын көрінер. Егер ол айнаны шаң-

тозаң басса, оның ішінен еш нәрсе де көрін­бес.
Осы жайында Һақ тағала Мүтаффифун сүресінің
1-аятында: «Ақиқат биігін шаң баспаған жағдай­
да адамдар қылған амалдарын көңіл айнасынан

көрер», – депті.
Тоғызыншы тарау

ДІЛДІ КІР-ТОЗАҢНАН ТАЗА,

ПӘК ҰСТАУ

Адам болмысында жыртқыш жануарлар, шай­
тандар мен періштелер сипаттары бар деп әр
кез­де айтып жүрерсің. Адамның асылы періш­
те­лер гауһарынан екенін және өзге сипаттар­

дың жарамсыз екенін қандай дәлелмен білеміз?
Адамды періштелер қасиетіне бейімдеп жара­
тып, басқа сипаттарды бейім етіп жаратпаға­нын
қайдан білеміз?

Бұл жағдайды білгенде ықтият болғын, оны
тек дәлелмен білесің. Шын мәнінде, адам жырт­
қыш және төрт аяқтылардан кемелділік шама-
шарқымен жоғарыда тұр. Алла әр нәрсеге бір

кемел беріпті, ол кемел – сол нәрсенің өзіне
тән дәрежесі ғана, оны тек сол қасиеті үшін жа­
ратқан. Мұның мысалын ат пен есектің айыр­
машылығынан көруге болады. Есек – жүк кө­

теру үшін жаратылыпты. Атты – қазылар, батыр
шабандоздар астында шабуыл, жарыс май­
дандарында шабу үшін жаратыпты. Есекке де, атқа
ұқсас шабатын қуат беріпті. Бірақ, жаугершілік­

те ат үстінде ер-тұрман салып шабу кемелдік
дәрежесін байқатар. Бұл кемелдік төмен болса,

онда оған тоқым салып, есек орнына жүк артып
пайдаланар еді. Бұл мәртебе – оның кемшілігі,
кемелдіктен жұрдай екенін көрсетер еді.
Оныншы тарау

ДІЛ ҒАЛАМЫ ҒАЖАЙЫПТАРЫ

ШЕКСІЗДІГІ

Ділдің шарапаты – салыстыра қарасаң, бар­
лық нәрселерден ғажайыптығымен ерекшеленеді.
Көп­теген адамдар оның қыр-сыры ақиқатынан
ха­барсыз. Сонымен, ділдің шарапатын екі жағы­

нан байқауға болады: бірі – ілім жағынан болса,
екіншісі – құдірет күші болар. Алайда, ділдің
шарапаты ілімдік жағынан қарағанда екі топқа
бөлінеді: біреуі – көзге көрінетіндерден, жалпы

халық білетін болса, екіншісі – көзге көрінбейтін,
жасырын болғандықтан, әркім біле бермес. Сон­
дықтан да бұл бөлігі біріншіден ғазиздеу болар.
Алайда, бірінші бөлігі көзге зайыр көрініп тұр­

ғандықтан, оны жалпы жұрт біледі.
Осы тұрғыдан қарағанда ділде барлық ілім­ді,
барлық өнерді еркін білетін күш-қуат бар. Бар­
лық кітаптардың мәнісін түсінер сондай-ақ сызу

ілі­мі мен есеп ілімі, дәрігерлік ілімі мен астроно­
мия, жұлдызнама ілімдерін, шариғат ілімі басқа
да түрлі кәсіп ілімдерін айтуға болады.
Соған да қарамастан, ділдің бір бөлігі тағдыр

үшін қабылданбас. Бар ілім оның қалыбына
сыйып кетуге лайықты. Бәлкім, барлық ғалам­
ды ділге сыйғызып жіберу – дарияның тамшысы
тә­різдес. Әрбір сәтте өзінің пікір-әрекетімен тө­

меннен ең биікке, шығыстан батысқа сейіл құра
алар. Солай болса да, ол жер топырағына аяқ
ті­реп аялдайтындардан және барлап аспан жұл­
дыздары сызық жолдарының барар бағдарын бі­

леді. Балықты иламен дария тереңінен шығарар.
Аспан ауасында ұшқан құсты жерге түсірер, жол­
барыс пен пілді, жылқыны және бұдан басқа жан-
жануарлардың күштілерін өзіне бағындырар. Әр­

бір нәрселер ғалам ғажайыптарынан, оларды да
іліммен тану, қалау – бес сезім арқылы жүзеге
асады. Бұлардың да ғажабы, ділдің ішкі жағымен
періштелер ғаламы – жәннат бағының есігін ашу­

ға мүмкіншілігі бар болар. Сонымен, ділдің тыс­
қы жағынан ғалам табиғи болмысындағы нәрсе­
лерді танитын бес сезім – яғни бес дарбазаның
ашық екені.

Ғалам болмысындағы нәрселерге түрлі зат­тар
жатады. Ғалам періштелер деп рухани ғалам­ды
айтады. Толығырақ айтсақ, ғалам халқы – ға­
ламдық денелер, заттар. Ал ілімнің жолы деп бес

сезім қалауын айтар. Бұл ілімнің де өмірі қыс­
қа. Ділдің ішкі жағын ғалами періштенің тұрақ-
жайы деуге екі дәлел бар: оның бірі – түс көру.
Адам ұйқыға барған кезде сезім жолы байланар.

Сол кезде діл құдіреті күшінде болар, яғни ділден
тысқарыға түндік ашылып, періштелер ғаламы­
нан лауһіл-мақпұздан ғайып істерді көрер. Ал­
дағы болар нәрседен хабар берер. Біреулері ай­

дан анық көрінсе, біреулеріне түсініктеме қажет
болар. Ілімді үйрену үшін ұйықтамау зиянды
деп адамдар күмән қылады екен. Алайда ояу
кезде ғайыпты болжай алмайды. Ал түс көрген­де

ғайыпты болжап біледі. Түс көрмектегі шын­дық
ақиқатты бұл кітапта талдап баяндап беру мүм­кін
емес. Сонда да бір ғана білгенің жөн: діл – айна
сияқты. Лауһіл-махпұз айнаға ұқсар, онда барлық

нәрсенің суреті жазылып қойылған. Сондық­
тан, екі нәрсені қарама-қарсы қойса, бір айнадан
сурет екінші айнаға түскенге – ұқсас, лауһіл-
мақ­пұздағы бейнелердің суреті де – осылай, діл

айнасынан көрінер. Бұл мәртебе сол кезде пайда
болар – ол діл айнасы таза болып, сезім сәулесінен
өзінің парқын бөліп, періште ғаламына өткізіп,
пайда қылса, сонда ғана періштелер ғаламы ға­

жайыптарды көзге көрсетер. Егер қалау жолы
ұйқысынан тұрған жағдайда бәрібір қиял өз
жайында ұқыптылықпен тұрар. Бұл тұрғыдан
ал­ғанда, көрген нәрселерді қиял құралының

мы­сал пердесінен көрер. Алайда, анық раушан
күйін­де көре алмас. Адам уақыты жетіп, опат
болса, не қиял қалар немесе қалау қалар. Әр нәр­
сені ешқандай тосқынсыз көрер. Сондықтан,

Хақ тағаланың Құран Кәрімдегі Қап сүресінің
12-аятында: «Қатты күнді сізге қияметте тосылған
кезде көрсетеміз» депті. Сол сияқты Сажда
сүресінің 12-аятында: «Пәруардігер біздерді ғиб­

рат көзімен көретін қыл, жан құлағымен естіп,
жақсы амал істейтіндерден еткейсіз деп Алла
тағалаға жалбарынады және «қиямет күнінің
қорқынышын көрдік, сүрдің даусын естідік.

Сен бізді қайта фәни дүниеге жібер, біз енді
жақ­сы істерді істейміз» дейді. Ділдің барар ар­
ман-мекені, періштелердің тұрақ-жай екенінің
екінші дәлелі – ғажап, сирек парасатты және

таңданарлық мәслихаттар Алланың айтуымен
көңіліне түсетін ешқандай адам жоқ. Сондықтан
да бұл мәселе Алланың қалау жолы болмайды.
Бәлкім, ғалам ғайыптан діл мекен-жайына түс­

кен болар, яғни Аллаға тән рух болар. Енді бұл
дәлелмен біліп алғын, діл – бұл ғаламнан емес,
бәлкім періштелер ғаламынан екен және қалау,
ықылас әуестігін, бұл ғалым ілімін кәсіп қылмау

үшін жаратты. Әлсіз, нашар ділге періште ғала­мы
нұрлы жайларын көруге перде тосқауыл болар.
Қашан қалау ықыласы кемелденбейінше, періште
ғаламына жол таппас.

Он бірінші тарау

ДІЛГЕ ПЕРІШТЕ ҒАЛАМ-ЖОЛЫ

ҚАҚПАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Бұл мекен-жай діл не ұйықтамай не өлместен
бұрын дарбазасын ашпайды деме. Мәселе олай
емес. Мүмкін ояу кезде де кісі өзіне қиын­шы­
лықты қабылдай білсе, ділді ғазап, ашу, шауһат

құмарлығынан, өзіне тән нәпсі құмар­лықтан
тыйып, өзін қоршаған ортадан оқшау ұстап,
дүние ісінен назарын аударып, қалау әуес­тік
жолына тосқауыл қойып, ділдің назарын пе­

ріште ғаламына аударып, онымен достасу та­
лабын пайда қылса, Алла тағала сөздерін шын
көңілмен және тілмен айтып, тілді басқа ар­
тық әрекеттерден тыйып, өзінен және басқа да

ғаламнан хабарсыз болып, Хақ нұрлы Алла та­
ғаланы аузынан тастамай, өзгеден үмітін үзсе,
өзін осы қалпында ұстай білсе, егер ояу болса да

жұмақ есігі ашылын өзгелердің ұйқыда көрге­нін
ояу кезінде-ақ көреді. Оңған әруақтар өрісі және
періштелер пайда болып, жақсы суретте көрі­нер
және Пайғамбарларды көрер, олардың медет-

жәрдемдерін көрер. Аспан мен жер періштелері
аян болар. Періштелер мекен-жайы ашылған кі­
сіге, ұлық дәрежені нәсіп етер. Бұлар ауызекі ай­
тылатын аңыздамадан тыс. Хақ тағаланың сөзі­

нің Анһом сүресі 75-аятында: «Жерді, шығыс пен
батысты, яғни барлық жер жүзін көрдім, аспан
мен жер періштелерін Ибрахим Әлейһисаламға
көрсеткендей көрсеттім» депті. Бәлкім барлық

ғұлама әулие, әнбие, Әлейһус-саламға рухани жо­
лы бір болар, таным мен тағылым жолы бір емес
және бұл мәртебе, бұл дәрежелер қиыншылыққа
төзіп, барлық күш-қайратын аянбау нәтижесін­де

қолға келер. Сондықтан Алла тағала, Музза­мил
сүресінің 8-9-аяттарында айтылған сөздерінің
мағынасы «Батыс пен шығысың – пәруардігердікі.
Басқа ешқандай Алла жоқ, оның өзі ғана бар.

Сондықтан сіз өзіңіз үшін, Оны ғана бас өкіл
етіңіз». Ал соңғы 10-аятта: «Сабыр қылғын, дін­
ге сенбейтіндер айтқан сөзге (берген азарына)
олардың сөзін әдемілеп жоққа шығар» депті. Бұл

айтылған дәлелдер жалпы қиыншылыққа төтеп
беріп, шыдай білудің тағылымы болар. Сондық­
тан да діл – халқының дұшпаны, дүниеқорлық
және көзге түртіп, ерекше көрініп тұрған нәрсе­

лер­мен шұғылдану ісінен пәк таза болуы керек.
Сопылар жолы, әулиелер жол-жорықтары – осы­
лар. Дегенмен оқымақ пен үйренбектен, ілім-
білімді болу ғұламалардың жолы болса, бұл

ұлық шарапатты дәреже болар. Ал әулие мен
ән­биелер кісіден тәлім алмай, Хақ нұрлы Алла
тағаланың кеңдігінен, Алланың жолыменен, діл­
дері раушандалып арнайы жаһандық кәмілдікке

қолы жетер. Бұл ілімге қол ұрғанмен бірдей. Ол
ілімді қысқаша айтсақ, діл мекен-жайына жол­
дың ашықтығын тәжірибе жолымен де жетуге
болатынын дәлелдейді. Егер саған бұл ілімдер­

дің ләззаты мәлім болмаса да, иман келтіріп сен­
гін және куәландырғын, сонда үш дәрежелі ілім­
нен махұрым болмайсың. Сондықтан да діл ілімі
ғажайыптарының бірі осы болар. Осылар­мен ғана

діл адамының шарапаты.
Он екінші тарау

ДІЛ – ЖӘННАТ МЕКЕНІ

Бұл мәртебе мен дәреже пайғамбарларға
ғана тән қасиет деп күмәнданбағын. Бәлкім әр­
бір адамның гәуһары – асыл қасиеті ет­пелі
дәуір мемлекеті талабына лайық пайда болар.

Сон­дықтан да адам ділі темірге ұқсас, жа­
ра­тылысында айна сияқ­ты, жаһан суреті кө­
рінгендей болуға бейім тұрар. Егер айнаны шаң-
тозаң басса, тот басып қараңғы қалыпқа түсер.

Ол айналық қасиетін жоғалтар. Дәл осыған ұқсас
діл де дүние-қорлықтан, күнәға батудан кірле­
ніп, пәктіктен айрылып, дәрежеден мақрұм бо­
лар. Сондықтан өзіне лайықты әнбие, әулиелер­

ге жақтастығынан Хақ нұрлы Алла тағала Асы­
раф сүресінің 172-аятында «Олардан сұрады,
мен рәббіңіз емеспін бе? – деп, олар дәл солай

деп жауап берді». Сондықтан да барлық адамдар
түптеп келгенде, Хақ нұрлы Алла тағаланың ке­
шіруіне лайықты. Бұған дәлел ретінде Лұқман
сүресі 25-аятында: «Ал егер сен (Мұхаммед)

кәпірлерден аспан мен жерді жаратқан кім деп
сұрасаң, әлбетте Алла жаратқан» дейді. Бұл
дәлелден білетініміз, бұл Пайғамбарларымызға
тән қасиет емес, өйткені әулие-әнбие, Пайғам­

барлар да адам баласы ғой дегенге саяды. Қап сү­
ресінің 110-аятында: «Айтқын Мұхаммед (С.Ә.У.)
мен де сіздерге ұқсас адам ғой, алайда тек маған
Алла уақи (аян) жіберген» депті. Бірақ та ол кі­

сіге діл-жұмақ мекенінің жолы ашылып, жалпы
халықтың аңсағаны – халықты имандылыққа
шақыру жарлығы болса, онда оны пайғамбар
дейді. Сонда ғана оның халыққа тағлым берген

жолын шариат дейді.
Ол адамның діліне жұмақ мекенінің жолы ашы­
лып, халықты имандылыққа шақыруға жарлық
болмаса, онда ол кісіні уали дейді. Ондайлар­дан

пайда болған әдеттен тысқары амалдар, керемет
дейді. Әр кісінің діліне, жұмақ мекенінің ашылуы
міндетті шарт емес. Иманға шақыру үшін мүхр
белгісі болуы шарт. Уалиде бұның болуы шарт

емес. Әзіреті Пайғамбардан соң (С.Ә.У.) дүниеге
Пайғамбар келмейтіндігін еске сақтағын.Бірақ
білгенің жөн, әулиелер кереметінің куәлан­дыр­
ғанын дұрыс орындағын. Уалиліктің әуелгі шар­

ты қиыншылыққа төзе білуі болар. Бұл істе, өз
ықтияр қалауына да жол бар. Әрбір кісі дәнді
шашқанымен емес, орғанымен оның өнім-дә­
нін қолына келтірер. Бірақ әрбір атқарылатын

іс ғазиз да, шарапатты да болар. Оны табудың
жолы, орындалатын шарттарының қиындығы
да, мүшкілдігі де болар. Сондықтан мәртебелі
уали адам ахуалының кемелденуі, оның шарапа­

ты болар. Бұл мәртебені қиыншылықсыз талап
қылмақ және кәміл пірсіз қолға келмес. Уақыты
жетіп, бұл екі шарт жүзеге асса, қашан жарату­
шы­ға тәубесін айтқанша және Хақ нұрлы Алла

тағала ешуақытта бұл бақытты ол кісіге үкім
қылмаса, мұратына жете алмас. Бәлкім, дүниеде
көзге көрініп тұрған ілім де көсемдік дәрежесі­не
ие болуы ықтимал. Бұдан басқа жағымсыз пейіл

қалауының бәрі әзәл өкіміне лайықты, яғни Алла
әміріне байланысты.
Он үшінші тарау

ДІЛ ҚҰДІРЕТТЕРІ

Адамзаттың білім жолындағы шарапаты мен
қасиетін таныдың. Енді ділдің құдіреті жағынан
да пайда болатын қасиеттер бар екенін біл. Бұл
қасиеттер де періштелік сезімталдыққа тән, ол

өзге хайуанаттарда жоқ. Ол қасиеттер негізінен
періштелер ғаламына мойын ұсынар. Олар Әзіреті
Хақ Тағала талабы арқылы халыққа қажет бол­ған
уақытта, жаңбыр жауғызады. Көктем кездерін­де

жел ескізіп, жан-жануарларға ана сипатты қам­қор
болып, жер жүзіне нұр шашып, жайнаған жақ­сы
суреттерді пайда қылар. Сол бір жаратылыс­тың
әрбір түрлі жынысына топ-тобымен періште­лер

қамқоршы болар. Діл – адамға тән періште­лер
гауһары жынысынан болар. Оның да өзіне тән құ­

діреті бар. Ғалам жыныстарының кейбіреуі діл­ ге тәуелді. Бұлардың ғаламы – өзіне тән ғалам. Әрбіреуі – өзінше дене. Дене – ділге бағыныш­ ты. Діл сыртқы дененің ықтиярында емес екені мәлім жағдай. Ілім де, жігер де, қайрат та - дене ықтиярынан тыс. Діл жарлық бергенде ғана басқалар, яғни саусақ, аяқ, қолдар әрекетке кіре­ ді. Кей кезде ділде ашу ғазабы пайда болса дене тамырлары бадырайып кетер және бұны жаңбыр­ ға ұқсас деуге болады. Кей кезде шауһат құмарлы­ ғы көңілге жол тапса, зауық шабыты белгі беріп, қиял ғаламын сансаққа жүгіртер. Кейде тағам жемекті қаласаң тіл астынан су пайда болып, аузыңнан сілекей ағатын жағдайлар да пайда бо­лады. Бұлардан шығатын қорытынды, ділдің денеге жасайтын ықпалы айдан анық және дене ділге мойын ұсынатындығын білеміз. Бірақ біліп алғаның артық болмас, кейбір ділдер болады: бі­ рі – артығырак, болса, бірі – одан кемдеу болады. Періштелер жауһарына бірі – жуықтау болса, бірі – қашықтау болады. Бұл сипаттағы ділдерге, оз денелерінен өзге болмыстағы нәрселер де мүдделі, тәуелді деуге болар. Мәселен олардың айбаты арыстан мен жолбарысқа түссе, арыстан мен жолбарысқа жеңіліп тұтқында мүдделі болар. Егер адам жан-ділін салып кеселдерге қа­ раса, ауруы жазылар. Егер дені сауға ашу-ыза­ мен қадалса, ауру болар. Егер алыстағыны жа­ қын қыламын десе, көзді ашыпжұмғанша алды­ ңа келтірер. Егер жаңбыр жаудыруды кеңілі. қаласа, күнді жаудырар. Бұл сияқты істерді орын­дау, тәжірибе іс-жүзінде белгілі. Көз тимек пен сиқырлық жасауда осыған ұқсас нәпсіқор­ лық пен әуесқорлық, шауһат құмарлығының да денеге ықпалы бар. Сондықтан біpey қастық­ пен жануарға немесе адамға таңдана қараса өліп кетуі немесе нашарлауы ықтимал. Осындай жағдайға байланысты бір хабарда «Көз тимек – адамды қабірге кіргізер, түйені қазанға түсірер» депті. Міне, бұл да ділдің ғажайьп құдіреттерінің бірі. Бұл сияқты қасиеттер, егер халықты иманға шақыратын адамнан болса, бұны мұғжиза дейді. Ол кісіні Пайғамбар дейді. Ал егер иманға ша­ қырмай қайырымдылық үшін істегендерді уали дейді. Ал егер, жаман істер үшін бұл сипаттағы ға­ жайыпта пайда болса, оны сиқыр дейді. Со­ны­ мен сиқыр да, керемет те, мұғжиза да адами діл­ дің қасиеттері тобынан. Бұлардың арасындағы айырмашылық парықтары өте көп. Бұл оны тал­ дап, тәмәмдау мүмкін емес. Он төртінші тарау ДІЛДІҢ ШАРАПАТТАРЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІ Адамдар бұл сияқты мағыналарды білмеген екен. Ақиқаттың мөрі мен ұлықтығынан ешқан­ дай хабары болмапты. Дауыссыз есіту, Пайғам­ бар­лық мөр, нұбибат және уалилік – діл ғаламы­ ның дәреже шарапатынан дедік. Бұл мағына­ ның мәнінде үш қасиет бар: бірі – не нәрсені де жалпы халық түсінде көрер, Пайғамбар мен уали

оны ояу кезінде де көре алар; екіншісі – жалпы
халықтың ділі, өз денесіне ғана әсер қылар. Ал
Пайғамбарлар мен уалилер басқалардың денесі­
не әсер қылар; үшіншісі – жалпы халық оқу­мен,

үйренумен ілім-білімге ие болар. Ал олардың
қасиеті кісіден үйренбейді. Хақ тағала олардың
ішкі жан дүниесін кемелдендіріп білдіріп қояр.
Зерек те таза ділді болғандықтан, көптеген ілім­

дерді үйренбей-ақ біліп алар. Бұл сипаттағы ілім­
дерді іліми Ладуный дейді, яғни Аллалық ілім
дейді.Сондықтан да Хақ тағала Қахф сүресі­нің
65-аятында: «Біз Пайғамбарға Алла ілімі­нің бағ­

зыларын білдірдік» депті.
Осы үш қасиет бар кісі – Алланың Пай­
ғамбары, не әулиелер қатарында болар. Егер бұл
үш дәреженің бірі ғана болса,соншалықты айыр­

машылығы да болар. Хазіреті расулі (С.Ә.У.) ке­
мелі мен шарапаты осы үш дәрежеге де ие еді.
Хақ тағаланың қалауымен жалпы халыққа ән­
хазірет алайхи салламның мөр нүбибаты ба­рын

білдірген. Пайғамбар алайхи салламның айт­қан­
дарын істеумен мәңгі бақилық бақытқа қолың
жетер.
Міне үш қасиетті Алла тағала адам баласына

сый еткен. Сондықтан түс көрмек бір қасиет,
ақыл-парасатты беріпті. Екіншісі, ілім алуды та­
бандылықпен үйрену ақиқаты, үшінші қасиет
болар. Адамдарға өз нәсіл затында нәрселерді

куәландыру мүмкін емес. Әрбір нәрсе діл арқы­
лы суретінен көрмесе оны анық, айқын біле [ал­
майды]. Осы себептерден де Әзіреті Хақ нұр­лы
Алланың ақиқатын өзінен өзге ешкім де біле

алмас. Бұның жолы есепсіз көп. «Маонийн Ас­
моұл­лах» [Алла Тағаланың көркем есімдерінің
мағыналары] бұны жан-жақты анықтап баяндап
бердім. Айта кетейін дегенім, әулие- әнбиелерде

бұл үш қасиеттен басқа да қасиеттер болуы мүм­
кін, бірақ оны біз білмейміз. Бір анығы – ондай
қа­сиеттер біздің жаратылысымызда түп орнымен
жоқ деуге болады. Сондықтан нұрлы Хақ тағала

сырын өзінен өзге ешкім де біле алмас. Бұған
ұқсас әнбиелердің қадір-қасиет шарапаттарын
әнбиелердің өздері білер, біздің іліміміздің ша­
ма-шарқы әнбиелердің қадір-қасиетін игеріп қам­

тып ала алмас. Сондықтанда нұрлы Хақ та­ғала
бізге ұйқыны беріпті. Біреу бізге ұйқы жайында
әңгімелеп бер десе, ұйқы деп соны айтуға
болады – егер кісі өзінен хабарсыз болып, бар­

лық іс-әрекеттен қол үзіп, есту, сөйлеу, көру, ұялу
қасиегтерінен айырылса. Егер ояу болса көреді,
естиді және басқа да нәрселермен шұғылданып,
олардың қадір-қасиетін білер еді. Бұл әңгімелер­

ге біз онша мән бермейміз. Сондықтан Хақ
тағала Құрандағы Жүніс сүресінің 39-аятында:
«Олар Құран іліміндегі аяттардың мән-мағына­
сын білмей тұрып, жалған айтады» депті. Ал

Ахкоф сүресінің 2-аятында: «Олар өздері тура
жолды таба алмай, бұл ескі үлгі – ескі қалып
дейді» деп мәлімдепті. Бұл сияқты таңданарлық
қасиеттер әулиелер мен әнбиелерде ғана болар.

Ол сипаттардың ерен қасиеттерімен ләззатта­ну­ға
болады. Ал басқаларда бұл сияқты сипаттар бола
бермес, ондай ләззаттардан құры алақан болар.

Он бесінші тарау

КӨЗГЕ АЯН ІЛІМ, СОПЫЛЫҚ

ЖОЛЫНЫҢ ПЕРДЕЛЕРІ

Жоғарыдағы айтылған тараулардан діл ғала­
мының шарапаттары мағлұм болды. Сопылық
жолынан да хабардар болдың. Енді бұларды біл­
ген соң сырт көзге аян беріп, Тасаууф жо­лындағы

(сопылық) перделерін аңғарған соң – хабарың
болсын, көзге анық аян ілім – сопылық жолының
пердесі дер. Бұл сөзге таңданбағын, бұл сөз
ақиқат шындық. Бұл құрметпен сезім жолы

арқылы шұғылданып, тереңге шомсаң, әлбетте,
перделерді көресін. Ақиқатына келсек, діл мы­
салы, суқойма һәуізге ұқсар, оның қалауы бес
сезім сияқты, бес арыққа ұқсар. Бұл арықтармен

һәуіз сияқты көңілге су кірер. Егер көңіл қа­лап,
һәуіз түбінен таза су шықсын десең, оның жо­
лы һәуізге кіретұғын арықтарды бекем байла­
ғын. Оның ішіндегі суды шығарып тастағанда,

түбін терең кеулесең таза су шығар. Дәл осыған
ұқсас көзге аян ілімдер діл айнасының талабы
бойынша бес сезім қолымен пайда болар. Мұ­
нымен шұ­ғылданбаса, діл тереңінен ілім бұла­

ғының шығуы мүмкін емес. Сондықтан діл ай­
насының қалау талабына сай, оның жолы мәлім
болатын деректерден хабардар болып, һәуіз-
ділдің түбін қиыншылық кетпенімен қазған жағ­

дайда, әлбетте, таза білім бұлағының көзі ашы­
лып, айнасы жақыннан болар. Сонымен, көзге
аян ілім жолының перделенуінің себебі сол екен,
уақытында кісі ақылы, орындалатын жол-жорық

және жұртшылықтың көзқарас әдет-ғұрпын то­
лық білсе, оны басшылыққа алса, одан үлкен бас­
қа ілім жоқ. Егер көңілге ақиқат жағынан көктем
гүлдерінің иісі сезілсе, бұл мен білген ілімдерге

кереғар деп айтар едім. Бұл сияқты істер негіз­
сіз. Сонымен, бұл сияқтыларға ақиқат әр уақытта
мәлім бола бермес және орындалуы шарт ақыл,
сүннәт және жамағаттың қалыптасқан әдет-ғұ­

рып аңыздарға негізделген. Соқыр сезімдер, жал­
пылап айтқанда, халықтық ақиқат қалыбында бо­
лып көрініс табар. Бірақ ол шын мәніндегі ақи­қат
емес және білім деген сол болар, ақиқат сол бір

қалыптан бойын тіктер. Сондықтан ол сырт­қы
қабықтың ішіндегі маңызы сияқты.
Он алтыншы тарау

СЫРТҚЫ ІЛІМ МЕН СЫРТҚЫ-ІШКІ

ІЛІМ АРАСЫНДАҒЫ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖӘНЕ

ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАР

Сонымен, көрер көзге аян – тысқы ілім қабығы,
ішкі ілім ақиқат маңызы екенін білдік. Адам ерек­
ше жеделдік әрекеттерімен тысқы ілімді және
соқыр сеніммен орындалатын ақылға қияс және

жұртшылықты өзіне тартуымен ақиқатты таба
алмайды. Ондайлар тек тәкаппарлықпен, бар­лық
ілім менің білгендерім деп күмән келтірер. Бұл
сияқты күмәнданушы кеудемсоқтар ақиқат жо­

лына тек перде болар. Егер адамдар бұл сияқ­ты
кеудемсоқтықтан аулақ болса, тысқы және ішкі

ілім ақиқатына тосқын перде болмайды. Тысқы
ілім құралымен, өте қиын істерді жеңілдетіп,
оның ахуалының мәртебе дәрежесін көтеріп, ке­
ме­ліне келтірер.

Алайда бағзы сопылар ашудың атына мініп,
мү­десіне жетемін деген ұзаққа созылған қияли,
негізсіз, бос әурешіліктің тұтқынында қалып,
ұзақ уақыт шүбәлі перденің тасасында қалар. Со­

нымен қатар, кісі ілім шырағын қолына келтір­ді
дейік. Бұл жағдайда шүбәлі ойдан аман, кесел­ді
қатерлерден сау-саламат табандылардан болар.
Егерде тысқы ілім – ақиқат жолындағы перде­лер

деген сөзді ұлық уәлилер және білгір кәсіп­кер
дәрежесіне жеткен кісіден аңғарсаң таңданба­ғын.
Бірақ ұят дегенді жинастырып қойып, жеңіл­
дік­ке салынып, арам және мәкүрі істерді өзде­

рінше халал немесе мүба (халал мен арамның
ортасында) деп біліп, жеңіл табиғаттылардан
болғансып, киелі жерді тәуап еткен болып және
қабірстандарға зиярат етіп, пірлерімнің қыз­

метінде болдым деп жүргендер бүл заманда
пай­да болыпты. Әр уақытта мүндайлар ақиқат
жолын таба алмас хабарсыз болар. Бірақ олар
кейбір ғибраттарды сопылар қауымынан жат

алыпты, бұл сияқтылардың қылар істері қыды­
рымпаздық пен қонақ болу мардымсыз, жа­ғым­
паз сөздермен жұртты алдап, өсек-аяң та­ратып,
халықты тура жолдан шығуға итермелер. Ол үс­

тіне сопылардың шекпенін киіп, беліне бел­бау
байлап, мойындарын түрлі-түрлі моншақ тәс­
пімен безендіріп, ілімді ғұламаларды наһақ­тан
жамандаудан да қайтпайды. Бұлар сияқтылар­

ды өлтіру керек. Олар шайтанның қызметкер­
лері, шайтандық сипаттағылар. Құдай тағала мен
Расулилланың дұшпаны болар. Құдай Расулилла
барлық халыққа ілім үйретуді бұйырыпты.

Анықтап айтсақ, бұлар сияқты жеңіл табиғат­
ты опасыздарда қандай кісілік болмақ. Ілімді
ғұ­ламалар ілімге тән мәліметгер жайында теріс
үгіт­терін айтып, тіл ұзындығын жасар. Ал шын

мәнінде, Алла тағала Расулилла С.Ә.У-нің Хадис
Шәрібінде, Құран Кәрімде сан рет ғұламалар мен
ілімді мадақтапты.
Сонымен, бұл мұңдар-опасыздар ілімнен, не

дін­нен ләззат ала алмай, не тысқы ілімнен несі­
бе­сін таппай, бұл сияқты жағдайға не үшін тап
болған? Бұл сияқтылардың ахуалы ақымақтар­дың
халіне ұқсайды. Есіткенім бар еді, химиягер­лік

алтын жиғаннан абзал деп, өйткені одан өлшеу­сіз
алтын пайда болар. Абзалдығы – ақиқат, бірақ ал­
тын зерін асыл дейді ғой. Бұл тұрғыдан қарасақ,
олар химиягерліктен түк те хабарсыз. Химия –

ал­тыннан абзал деп лапылдап сөз айтқанымен,
әуре көр-саналықтан, яғни аштық аш-көздік­тен
опат болар. Шын мәнінде, әулие-әнбиелер­дің
жа­ңадан тапқан кереметтері химияға ұқсайды.

Олар­дың ілімі де алтынға қадір-мәртебесі хи­
мия зері­нен анағұрлым абзалдығы белгілі. Со­
лай болғанымен, бұнда да аз да болса бір өлшем
қасиет бар. Мысалы, бір кісіде жүз динар алтыны

болып, химиягерлікті білсе, мың динар алтыны
бар кісіден абзал емес пе? Химиягерлік деген
сөз ғаламда есепсіз. Бірақ химиягерлікті игеріп,
қо­лына келтіргендер бұл кезде табыла бермес.

Алайда, ол бір тобыр-топтар химиягерліктің қи­
лы тарабынан сөз айтар, олардың түп мақсаты,

өздерін ғана ойлап, өзгенің көзін бояп алдау. Ал
сопылардың да халі дәл осыларға ұқсас. Адам­
дар қиыншылықпен сопылық жолға кіргенімен,
кемел дәреже таппағы қиын, шамалы ғана болар.

Ақиқат жолына сондай дәреже тапқанымен,
ғұ­ламалардан артық болмаc. Және сопылардың
халі осындай жағдайда бола тұрып , бастапқы ке­
зеңде кейбір нәтижелерді көрер. Шариатқа теріс

істерінің себебінен, ол мәртебеден түсер. Кей­
бі­реулері қияли делбе ақылдан азғындағандар
қатарында болар. Одан ешқандай нәтиже шық­
пас. Күмәнданушылар де болар осы жолмен бі­

лім дәрежесіне қолы жетер деген. Алайда бұл
үміттен түк те шықпас. Бәлкім ғұламалардан ол
кісілер абзал шығар, іліми ақиқатта елеулі же­
тіс­тікке жеткен, дін исламға қатысты барлары

болады. Ілімді кісіден үйренбекке қажеті болмай
өз алдына Аллалық Ладуный ілімді игеріп, бұл
мәр­тебеге душар болған шығар. Әнбие мен әу­
лиелердің ілімдегі ашқан жаңалықтарын куә­

ландыра білгін. Бұл сияқты мұндарлар халінен
аулақ болмақпен бірге, әулиелердің де жоғарғы
құрмет дәрежесінен ықыласыңды аудармағын,
олар­дың айтқандарын жоққа шығарушы болма.

Кім­де-кім ілім мен ғұламаларға құрмет көрсет­
пей, менмендік аңғартса, әлбетте, ол – бұл дүние
де, ол дүниеде де несібесіздіктің белгісі болар.
Он жетінші тарау

АДАМДАРДЫҢ БИІК БАҚЫТЫ ОЙ-

ПІКІР САНАСЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ

БАҒЫТТАЛҒАН – ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ,

ОНЫҢ ДӘЛЕЛІ

Діл – адамдардың биік бақыты, Әзіреті Хақ
нұрлы Алла тағаланы танымақта себепкер еке­
нін қандай дәлелмен білеміз? Оны мына дәлел­
мен білгенің жөн. Әр нәрсенің бақыты – сол

нәр­селердің рақаты мен ләззатында болар, егер
оны табиғаты жақтыратын болса. Ал табиғаты
оны жарата қойсын, оны ол не үшін құрметтер,
не себеппен мадақтағай? Байқасаң, шауһат құ­

марлығының қалауы – өз талап тілегіне жету­
ді ойласа, ашу ғазаптың қалауы қарсыласын
сынамақ, яғни өшін алудың жолында болар.Көз­
дің қалауы – келісімді сұлу сурет, көрікті, таби­

ғи әдемілікті қалар. Құлақтың қалауы – әсем ән,
әсерлі дауыс естігісі келеді. Осыларға ұқсас діл­
дің қалауының өзіне тән қасиеті болар. Ділді сол
үшін құрметтер. Діл адамның ардақтайтын қалау­

лы қасиеті. Ділдің қасиеті сол болар, Хақ нұрлы
Алла тағаланы аспан көк сипаттарынан бастап,
барлық дүниедегі заттардың ақиқатын білуінде.
Барлық шауһат шабыты, ашу-ғазабы, басқаларды

да бес сезім жолымен білуге болады. Бұл қасиет
үй жануарларында да бар, осы тұрғыдан алып
қарағанда, адам өзі білмеген нәрселерді білмекке
талап, әрекет қылады. Оны уақытында білсе, кө­

ңілі шаттанар. Егер білуге ықыласы болмаған
жағдайда, көңілсіз болмас. Мысалы шатраж ойы­

нына ұқсас шатражды білетін адамға, ойнама­ғын
деп айтсаң, сабыр етіп тоқтауы өте қиын. Өйт­
кені, ол өте қызық ойын. Оны ойнауды мақтаныш
та мәртебе көрер. Ділдің қалауы – ақиқат жақсы

істерді білу болар. Қай нәрсенің ілімдік тағлымы,
ғазиз және игілікті іс екенін, оның ләззатының
да толық екенін білгейсің.Біреу уәзірімен көңіл­
дес болып, падиша ахуалынан хабары болса, әл­

бет­те, шат болар. Ал падишамен дос, көңілдес
бо­лып мемлекет жағдайынан хабардар болса,
оның шаттығы одан асып түсер. Егер сызу ілімін
меңгеріп, аспан-көктің мөлшерін білген кісі­нің

ләззаты, падишаның ләззатынан, шатранж біл­
ген кісінің ләззаты одан да артығырақ. Әр түрлі
нәрселерді білу жақсы қасиет. Жақсының ләзза­ты
да ұлығырақ.

Сонымен, дүниеде бар нәрсенің Алла тағала­
дан артығырағы жоқ. Барлық нәрселердің жақсы­
лық шарапаты соның қолында. Жалпы ғаламның
падишасы да – сол. Бұл ғаламның ғажайыптары

да Хақ тағаланың жарату құдіретінің күшінен
болар, яғни Алла құдіретінің нышан белгілері
бо­лар. Шын мәнінде, ол ешқандай ілім-білім
Хақ Тағаланың білімділігінен ғазиз да, артық

та емес. Ешбір көрегендік Әзіреті пәруардігер
ға­лам иесінің ғажайып өнері, теңдесі жоқ күш
құ­діретінің көрегендігінен артық та, ләзатты да
емес. Өйткені, ділдің табиғи қалауы да, талабы

да, тілегі де осы. Ділді сол үшін жаратыпты.
Сол ділде, бұл ілім-білім қалауы да, талабы да,
дерті де денеге ұқсас қарама-қайшы екен. Оның
назарында киім мен нанның парқы болмас. Егер

дертті жанның сауығуына дәрі беріп, іштаһасы
ашылып, тәбеті жайына келмесе, ол дертті бақыт­
сыздығынан әуре-сарсаң болар. Ол дүниенің кө­
ңіл зауқына басым келіп, Әзіреті Хақ нұрлы

Алла Тағаланың ілім-білімге деген зауқына сай
бол­маса, әлбетте, ол дертті болып қала бермек.
Егер жедел шара қолданбаса,дүниеде қарабет бо­
лып жеңіліс табар. Түрлі ерекшеліктің өзіне тән

ләззаты болар. Көңіл зауқы да адамның денесі­нен
орын тебер. Бәрі де текке өлмекпен жоқ бо­лар.
Ол зауықпен ләззаттар, ал қаншама ренжу мен
азапты еңбектері зая кетер. Әзіреті Хақ, Нұр­лы

Алла тағаланың ілім-білімі мен ләззаты ділден
берік орын тауып, өлген күнде де жоқ болмас.
Бәлкім, сан рет іске асар, бәрібір адам­дық діл
жоғалмас. Аллалық білім-ілім де ділде мәң­гі

бақи сақталар, таза күйінде раушандана берер.
Бұл сөздердің жалғасын осы кітаптың соңында­
ғы «Махаббат жолдары» тарауында баяндармын.
Иншалла Тағала.

Он сегізінші тарау

ДЕНЕ, АДАМНЫҢ

ЖАРАТЫЛЫСЫНДАҒЫ

САН ТҮРЛІ ҒАЖАЙЬПТАР

Діл ғаламы гауһарының сипаттары бұл кіта­
бымда мұншалықты айтылғаны жететін шығар.
Егер оқырман бұдан көбірек білуді қаласа «Ға­
жайып құлып» деген кітапта баяндағанмын. Ол

кітапты жақсылап оқысын. Сонда да екі кі­тап­
ты оқығанымен, адам өзін түгелдей тани алмас.

Өйткені, бүл екі кітапта да адамдағы ділдің кейбір
сипаттары ғана еді.
Біліп алғын, діл сипаты бір таяныш тіреу болса,
тон сипаты да бір таяныш тіреу сияқты. Тән –

адамның жаратылысы. Ол бастағы болмысында
көптеген ғажайыптар бар және әрбір мүшелері­
нің сырты мен ішінде ғажайып мағыналар мен
әрбірінде тіпті, кем ұшырайтын хикметтер сыр­

лар бар.
Адамның тәнінде неше мың сіңір мен тамыр
және сүйектер, әрбірі бір бөлек бола тұра, бір-
біріне тәуелді байланысты болып түзілген. Бір

си­паттары арнайы жолдармен ұштаса демеп, бір-
бірінің мүддесіне қызмет ету үшін жаратылып­ты.
Бұлардың сен бәрінен де хабарсызсың. Қол­ды
ұстау үшін, аяқты жүру үшін, тілді сөйлеу үшін

жаратқанын білерсің. Жалпы біліп алғын, көзді
он қабат түрлі-түрлі нәрселерден жаратыпты.
Бұл он қабаттың әрбіріне тосқауыл зиян жетсе
кө­руге нұқсан келтірер. Бұл он қабаттың әрбірін

Хақ тағала бір-біріне мұқтаж етіп, қошеметпен
қызмет етуге жаратыпты. Көрудің бұларға не
үшін қажеті бар? Көзді ғылыми кітаптарда жан-
жақ­ты зерттеп талдапты. Жануарлардың ішкі ағ­

заларының қасиетінен бейхабарсың. Мыса­лы,
бауыр, қараталақ, өт, бүйрек, қуық және тағы
басқаларды жаратыпты.
Біліп алғын, түрлі қажетті тағамдар асқазан

ар­қылы бауырға барар, бауыр оның қажеттісін
сұ­рыптап, қанның қалабына түсірер. Денеге сі­
ңіруге қолайлы жағдайлар жасар.Уақытымен қан
бауырда жетіліп, шамаға келсе, одан біраз залал-

зардап қалдығы шығар, олар запыран сияқты.
Бұларды бауырдан бөліп алу үшін, қараталақты
жаратыпты.Ол запыран сияқтыларды өтке жи­
нап, қанды тазартып, денеге жіберер. Өтті сол

үшін жаратыпты. Ол сары көбік сауда запы­ран­
ды бауырдан сорып алар. Кейде қан бауырдан
шыққанда қою және қуатсыз болар. Ол үшін
бүй­ректі жаратыпты. Ол запыран көбікті бауыр­

дан алар, сол сияқты артық суды да алып, қан
сауда запырансыз тамырларға жетер. Ал егер өт­
ке зиян жетсе, қанға запыран араласып барады.
Ондай жағдайда адамның көзі, денелері сарғайьп

кетер. Сары кесел пайда болады. Бұдан басқа да
запыранға байланысты кеселдер бар. Ал қарата­
лақ зияндалса, сары көбік қанға араласар. Содан
барып саудайлық кеселі пайда болады. Ал егер

бүйрекке кесел жетсе, су қанға араласар одан
қарынға су жиылу кеселі пайда болар. Айта
берсек, бұларға ұқсас ғажап жайлар дененің
сырт және ішкі дүниесінде әрбіреуін, әрбір істі

атқару үшін жаратыпты. Денеге бұларсыз нұқ­
сан келеді. Адамның денесі бұл сипатта шо­
ғыр­ланғандығынан
әлемдегі

барлық
жанды
нәрселерден кемелдісі болар. Бұл ғаламда неше
түрлі нәрселер бар болса,адам денесінде олардың

бір белгісі бар деуге болады. Сондықтан сүйек
тауға ұқсар. Тамыр жаңбырға, дене түктері тал­
дарға, таңдай аспанға, қалау қасиеттері жұл­дыз­
дар нышанына ұқсар. Айта берсек, бұл сипат­

тағы сөздер түсініктемесінің есебімен саны жоқ.
Бәлкім, дүниедегі бар нәрселердің бәрі де адам
денесінде бар сияқты.
Сондықтан да доңыз, бөрі және ит пен басқа

да төртаяқтыларды, пері мен періштелер және

бас­қаларды жоғарыда мәлімдедік. Барлық әлем
ішін­дегі өнерлілер мысалын адам денесінен кө­
руге болады. Мәселен, қуат сипатын қарынмен
байланыстырар, қарын аспаз мысалы, тағамды

пісіріп бір жөнге келтірер және ол қуат тағам­
ның таза маңызын бауырға, ал ауыр қалдықта­рын
ішекке қарай бөліп жіберетін бағ­бан сипатты. Ол
қуат тағамды бауыр арқылы қан реңіне келті­

ріп, рең беретін бояушыға ұқсас. Сол қуат қанды
қатындардың көкірегінде ағартып сүт етеді. Ерін­
нің тіл астынан ас сіңіруге себепкер сілекей су
шығарып, тағамның керектілерін өзі­не тартар.

Тағы да сол қуат, бауырдың суын тар­тып, қуыққа
жеткізетін қушығы ұқсар.
Тағы да сол қуат деген қалдықты ішек арқы­лы
тысқа шығаратын сыпыратын қызметкерге ұқс­ар.

Сол қуат денедегі сауда запырандар зиян ет­пеу
үшін тысқа шығарып жіберетін әділ емірлер­ге
ұқсар. Бұл сөздердің де талдайтын, түсініктеме
бе­ретіндері өте көп. Жалпы айтылмақ мақсатты

білгенің жөн, дененің ішкі әлемінде есепсіз жан-
жануар, жәндіктердің бәрі күндіз-түні сенің қыз­
метіңде болып, бір сәт те дамыл таппайды.
Алайда сен ұйқы ғапілетіненсің, не бұл қыз­

мет­керлерді білерсің, не білмессің. Білсең, бұл
қызметкерлерді берушіге шүкірлігіңді айтып ри­
залық борышыңды орындарсың. Егер саған бір
адам бір қызметкерін бір жылға пайдалануға бер­

се, бар өміріңде сол адамға рахметіңді айтып,
оның алдында борышты екеніңді мойындайсың.
Алайда Алла тағала сан мың қызметкерлерін де­
неңдегі ішкі және сыртқы дүниеңе қызмет етуге

сый етіпті. Олар бір сәт те қызметінен хабарсыз
болмас. Сол ұлық затты, оның сыйлаған қызмет­
керлерін, еш жадыңда сақтамайсың. Шүкірлік
ақы­сын қайтаруды ойыңа да алмайсың. Енді

пер­зент, білгенің жөн, тысқы және ішкі ағза мү­
шелерін зерттейтін ілімді «ташрих» (анатомия)
деп айтар. Ол ілімнен халықтың көбі хабарсыз.
Оны дәрігер тәуіп болу үшін оқиды. Ал дәрігер­

лік емдеу ілімі керемет жақсы ілім. Оны ұстаз
болу үшін оқиды. Бұл ілімді білмеген жан, тағ­
лім ілімін біле алмас. Алайда бұл ілімді білген
кісі Хақ нұрлы Алла тағаланың ғажайып сирек

кездесетін жаратылыс құдіреттерін білумен үш
қасиет пайда болар. Біріншісі – бұл дүние, бұл
қа­лыпты жаратушы өзінің қадір-қасиетімен ең
ке­мелділерден, ешқандай айып-кемшілік оның

құдіретіне жол таба алмас. Әр істі қалауынша іс­
тей алар және ешнәрсе де одан ғажабырақ емес.
Бір тамшы судан адам жаратып, оны халық қа­та­
рына қосады. Ал бұл сияқты керемет иесін өл­

геннен соң тірілтпек тіптен оңай. Екіншісі – Хақ
тағала ғұлама ең кемелділерден, өйткен оның
керемет жақсы ілімдері мұхит сипатты. Бұл сияқ­
ты ғажайып мақлұқаттарды ұлы даналықпен жа­

рату, кемел ілімінсіз, негізінен, сірә да мүмкін
емес. Үшіншісі – Әзіреті Хақ нұрлы Алла таға­
ланың пенделеріне жарылқаған мархабаты, қам­
қорлығы адам баласынан басқа ешкімде де жоқ,

пенделерге керекті нәрселердің бәрін жара­тып­
ты. Ешнәрседен кем қылмапты және ол нар­
селер­дің болмағы кажет екенін біліп, бәрін де
түгелдеп­ті. Сондықтан діл мен бауыр және басқа

да адам ағзалары, қол мен аяқ, тіл мен көз, басқа
да мүшелердің болғандығынан – тән сұлулығы

пайда болар. Бұларға да ие қылыпты, сол сияқты
түктердің қаралығы, еріннің қызылдығы, қас­тың
иірлігі, кірпіктің туралығы және бұдан да бас­
қа көріктілік қасиеттерді беріпті. Хақ тағаланың

қам­қорлық сыйлары жеке бір адамға тән емес.
Семі­рікқұс, шегір баяннан масаға дейін, пілден
шы­малға дейін, бәрі де жаратылысқа жат емес,
қатынасы барлардан. Бәрін де түрлі-түрлі сурет,

рең өрнектермен сипаттар беріпті.
Сонымен, дененің жаратылысына, түзіліміне
назар салмақтық – Хақ нұрлы Алла тағаланың
ілім-білімінің кілті болар. Сол себептен де оны

ілім-шарип деп атайды. Шарапаты тәуіптердің ісі
түскені ғана емес. Сондықтан «Шердар» және өз­
ге де кітап өнерлерінің, өнеркәсіп ғажайыптары
мен оны кемде-кем кездесетіндері ақындар мен

жазушылар, өнерпаздар, қадірін білерсің. Хақ
нұрлы Алла тағаланың ғажайып сирек кез­де­
сетіндерді жарату құдіретін көре білудің өзі.
Әзіреті Хақ нұрлы тағаланың сипаты мен жо­

лын танудың бір кілті болар. Сонымен, дене ілі­
мін білмек – өз жаратылысын танымақтың бір
тарауы.
Бірақ ол – діл іліміне қатысты сипаттама бе­

ру­мен қысқаша тұжырымдалмақ. Алайда тән –
мінетін ат-көлікке ұқсас, ал діл – атқа мінетін ша­
бандозға ұқсайды. О баста жаратылысынан ар­
ғымақ аттар шабандоздар үшін жаратылыпты.

Енді өзіңді оңай тани білгін, ешнәрсе өзіңе өз­
геден жақын емес. Әр кісі өз жаратылысын та­
нымай, өзге нәрселердің ақиқатын білуді қаласа,
ол – кедейлерге ұқсас. Ол жеуге нан таппаса

да қаладағы мүсәпір бейшараларға нан берсем
деп, бостан-босқа әуреленер. Бұл сияқты құр­ғақ
талаптың сырты бүтін болғанымен, іші бос – бір
нәрсе бар сияқты болар.

Он тоғызыншы тарау

АДАМҒА СЫЙ – ДІЛ ГАУҺАРЫ

Жоғарыда айтылғаннан діл гауһарының шара­
патын және ұлықтығын білдің. Енді сол ғазиз
гауһарды саған кім берді және денеңе кім пай­
да қылды? Сол қымбат баға гауһарды талап

қыл­масаң құралақан бос қаларсың. Бұл жағдай
өзіңе ісгеген қиянат және зиянкестік болар. Жа­
дыңда болсын, діл гауһарын қалап, дүниенің сан
түрлі оны-бұнысының парқын ажыратып, ша­

рапатын кемелдендіре біл. Ділдің ақыреттегі із­
ет-шарапаты сол болар – оның өлшеусіз мәңгі
ба­қилығы, есепсіз құдіреттілігі және шүбасыз бі­
лімділігімен Хақ тағаланың жамалын көрмектік.

Жалпы, ділдің бұл ғаламдағы шарапаты сол –
ділдің ақіретте ізет шарапатын көрмек-ті. Оны
табуды лайықты істермен қолға түсіргейсің және
бұл күндерде адамнан сорлы бейшаралау нәрсе

жоқ шығар – аштық пен сусау, ыстық пен суық,
бейнет пен қасірет қайғылардың тұтқыны деуге
болады, Әр нәрсе оған ләззат, рақат кейде зиянды
да жеткізеді. Олардың ақыры ренжу, машақаттар

болып шығар.
Сонымен, әр кісінің ізеті мен шарапаты ілім
және күш-қуат құдіретімен, не қымбатымен не
болмаса, сұлу сипат суретімен болар. Адамның

іліміне назар салсаң, одан азапты жоқ. Егер кө­
мейдегі бір тамырға зиян жетсе, қатерлі хал бо­
лар, оның ләжі не болар? Егер оның қуаты мен
құдіретіне қарасаң, одан әлсіз нәрсе жоқ, егер

маса-сона тұмсығын қадаса, ұйқысызданып бей-
жай болар. Егер оның қымбаттығына назар сал­
саң, тағамнан бір ноқат сияқты нәрсе зардап
жеткізсе, ренжу болар. Егер жамалы мен сурет­

ке назар салсаң, халі мүшкілдерден іші толы бір
былғаныш, екі күн өзін жумаса кір-қоңдылықтан
рәсуә болар.
Хикаят. Бір күні шайық Әбу-Сайд сопыла­

рымен сейілге шығып, бір жерге жетеді. Әжет­
хана қиын сол жерге шығарып тастаған еді. Со­
пылар мұрындарын ұстап, беттерін бұрып тұр­
ды. Шайық біраз басын төмен салып тұрды мү­

ридтеріне қарап: «Бұл лас нәжістердің маған
айт­қан сөзін естідіңдер ме?» деді. «Аңғармадық»
деп жауап берді мүридтері. Шайық айтты: «Бұл
нә­жістің маған айтқаны, мен күндіз-түні әр түр­

лі әсем безендірілген күйімде сатушылар мен
аспаздардың алдында тұратын едім, сіздер қал­
таларыңыздан динар, дирхем теңгелерін беріп,
мені қолға түсірдіңіздер. Сіздерменен бір түн де

сұхбаттас бола алмастан, бұл халге түстім. Ме­
нің сіздерден қашқаным жөн бе, я сіздер менен
қашасыздар ма?» деді. Мүридтер бұл істерден
қатты қынжылды.

Сонымен, ақиқатына келсек, адам бұл ғалам­да
есепсіз олқылық, әлсіз шарасыздықтан, опасыз­дық­
тан құры емес және оның барар жайы қия­мет­те
болар. Егер бақыт химиясын көңіліңе алсаң, оны

амал қылсаң, хайуандық мәртебесінен періште­
лік мәртебеге көтерілерсің. Ал егер дүниеге көңіл
қойсаң, қиямет күні ит пен доңыздан жаман бо­
ларсың. Саған айтарым, ғаріптер топырақ бо­

лып, тозақ азабынан аман, тыныш болар екен. Ал
күнәлілер, тозақ азабына тап болады екен. Сон­
дықтан шарапат жол-жорығын таныдың. Енді
кем­шілік, бейшаралығыңды да білгейсің. Ілім-

бі­лімнің пайда болуы – Хақ тағала ілімдерінің
кілті. Енді өзіңді танымаққа лайықты айтылған
сөздер, жеткілікті шығар. Бұл кітап қысқаша бол­
ғандыктан бұдан артық талдауды көтер алмас.

Жиырмасыншы тарау

ТАҒАЛАНЫ ТАНУ

Өткен әнбиелер кітаптарында мынадай қау­лы
жа­зылыпты: «Өз жаратылысыңды танысаң, өз
пәруардігеріңді танырсың». Ақбар шығармасында
айтылыпты: «Әрбір кісі өз жаратылысын таны­са,

пәруардігерін де шын мәнінде, ақиқат таныр».
Бұл сөздер жоғарыда айтылғандарға дәлел бо­
лар. Адам жаратылысы айнаға ұқсар. Егер кісі
айнаға қараса. Хақ Тағаланы көрер. Көптеген

халықтар жаратылысының айнасына қараса да
Хақ тағаланың жамалын көре алмас. Сен Хақ
Та­ғаланы көретұғын жолмен, сол айнаға қарау
тәсілін білгейсің. Ол екі түрлі тәсілмен қолға

түсер. Әуелгісі жасырын (халі мүшкіл қураған
ағаш сияқты), көптеген адамдар ол тәсілдің пайы­
мына жете алмас. Сондықтан кісі пайымына сый­
майтын сөзді айтудың өзі орынсыз. Екінші тә­

сілді жалпы халықтың пайымдауы оңай. Бұл оңай
дегеніміз адам өз заттының болмысынан, Хақ
нұрлы Алла тағаланың заты міндетті түрде орын­
далуға тиіс болмысын таныр. Өзіндегі сипат­

тардан, Хақ тағаланың сипаты, құдіретті тағ­
лымын білер. Өз мүлкі – өз денесін қолына алып,
иелік жасаудан Құдай тағала ғаламаның күллі
ғаламға иелік етуін байқар. Бұл сөздердің мән-

мағынасы, кісі – уақытында өз болмысын таныса,
бұлғаламға келместен бұрын атасының белін­
дегі бір тамшы судан пайда болғанын білер еді.
Онда ақыл-ес, құлақ, көз, қол, аяқ, сүйек, сіңір,

ет, тері жаратылған жоқ. Ал бұл ғажайыптар адам
болмысына өзінен-өзі пайда болды ма, я біреу
пайда қылды ма? Ал сен осы халіңде бір түк
сияқты нәрсені жаратуға шамаң келмес. Ал сен ол

кезде бір тамшы су едің, бұдан да әлсіз халде едің.
Енді сол әлжуаз затыңда бүл дәрежеге жеткіз­ген,
қадірлі табандылығымен, күш-қуатымен ерек­ше­
ленген ғалам пәруардігерінің құдіретін тамаша

қылғайсың. Әр уақытта адам өз денесіндегі тыс­
қы және ішкі ғажайыптарына назар салса, жа­
ратушының таңқаларлық құдіреттерін білер еді.
Бір тамшы судан жетілдіріп, бұл сипаттағы ке­

мелділікке, көрік-келбет, керемет сұлулыққа ие
eтіп жаратыпты.
Сонымен, адам өз сипаттары ағзаларының си­
рек кездесетін қасиеттерін көре білсе, сол сияқты

тысқы ағза – қол, аяқ, көз, құлақ, тіл және ішкі
ағ­за – бауыр, қараталақ, жүрек және бұдан басқа
бар­лық таңданарлық та, сирек кездесетін сипатта­
ры­ның керемет екеніне таң берер. Xақ тағаланың

ілімі мен құдіреттерін, кемелін білгейсің. Құдай
тағаланың ілімі әр нәрсені мүхитша орап алған.
Оның білетін ілімінен тыс еш нәрсе жоқ. Егер
барлық нәрселер топтасып, қол ұрғанымен адам

ағзаларының бір бөлігін де дәрежесінде жарата
алмас. Хақ тағала жаратқан суреттен артығырақ,
сұлуырақ сурет жасай алмайтынына ой жіберіп
ұялса, ұқсату мүмкін емес. Мәселен, денедегі

тіс суретінің және бір басқа суретте болмағын
ой­ланса жетеді. Сонан соң, сол ауыздағы отыз
екі тістерінің алдындағыларының ұшы өткір та­
ғамды кесіп немесе үзіп жер. Ал азу жақ тіс­тер

тістердің анасы сипатты. Олар тағамды жан­шып,
диірмен сияқты майдалап ұсақтаса, тіл асты­нан
сілемей су пайда болып, шайналған азыққа су қо­
сып, дәм кіргізіп, асқазанына дайындап берер.

Енді жалпы ғаламның ақыл-есі барлары, бұдан
жақсырақ бір суретті жаратып, жүзеге келтіруі
мүм­кін емес. Осыған ұқсас саусақтар – бас бар­мақ
төртеуінен бөлек суретте, басқаларынан оқшау­

лау орналасқан, жуан, келтелеу. Бұлардың әрбірі­
нің атқаратын міндеттері бөлек екені мәлім. Төрт
бармақтың буындары үшеуден, бас бармақтың
буы­ны екеу. Қолмен қалаған нәрсені ұстар, бұ­

дан да бөлек қызметтерді атқарар. Егер барлық
ақыл ғаламы жиналып, саусақтар суретін басқа
бір сипатта болуын қалаған жағдайда, мәселен
саусақтың бәрі-бірдей болуын немесе үш сау­

сақтың бір суретте болуын, я саусақтардың ал­
тау, я төртеу болуын, бұдан өзге де суретте жа­
ра­тылуын қаласа, әлбетте, бәрібір ойдағыдай
же­тілген кемелділікте бола қоймас. Шындық

осы­ны дәлелдер. Хақ нұрлы Алла тағала аса бір
ше­берлікпен жаратқаны мәлім екенін осылардан

байқауға болады. Жаратушы – бар ғаламға мұхит
сияқты екенін, барлық ғаламдағы нәрселердің
да­налықпен өз орнына сай жаратылғанына осы­
лардың өзі дәлел.

Сонымен, адам ағзаларының әр бөлігінде бұл
сияқты керекті жайттарға назар салсақ, ол ағза­
лар тағам мен киім-кешек, мезгіл мен мекен және
бұдан да басқа темір мен мыстан болған құрал­

дар, басқа да нәрселерді Хақ Нұрлы Тағала өз
қалауымен жаратыпты. Енді бұл пайда бол­ған
сөздерден пенделердің Хақ тағала пенделері­
не деген мейірбандығын білуі шарт, сондықтан

Хақ тағала: «Менің мейірім-шапағатым ғаза­
бым­да белгілі» депті. Әзіреті пайғамбар (С.Э.У.):
«Хақ тағаланың пенделеріне шапағаты және мар­
хабаты сүт емізген балаға анасының шапағат мар­

хабатынан да артық» депті. Енді адамзатының
күш-құдіретіне Әзіреті жаратушы қадірімен ке­
мел­ділігі белгілі болды. Қоршаған ортаның күш-
қадірінен, Алла тағала ғаламының ілімі бар­лық

нәрселерге мұхиттығын аңғартар. Бұл өз аты­
ра­бының мән-мағынасын және ғажайып қа­
сиеттерін біліп, хабардар болуы – Хақ тағаланың
құдіреті мен кемелдігін көрсетер. Пенде өзіне ке­

рексіз болатын, я қажет уақытта керек болатын
әсемдік, безену үшін керекті нәрселер өзінде,
өзінің ықтиярында. Барлығы Хақ тағаланың өл­
шеусіз жарылқайтын мархабаттарын білдірер.

Осы себептен де өз жаратылысыңды танымақ

– Хақ нұрлы Алла тағала ілімінің кілті екенін

білгін.
Жиырма бірінші тарау

СИПАТТАРЫН ТАНУ

Сонымен, өз затыңды танымақпын, Хақ нұрлы
тағаланың тұр-тұлғасын таныдың. Өзіңнің куә­
лан­дыруыңмен Хақ Нұрлы Алла тағаланың пәк­
тігі мен ғазиздігін таныдың. Енді Әзіреті Хақ

нұр­лы Алла тағаланың пәктік мүбәрәктігіне кел­
сек, ол сап таза және ғазиз теберік те және қиял­
дайтын нәрселерден де таза. Ешбір жай, Алла
тағаланың тұрақ жер мекені деуге болмайды.

Адам жаратылысында да бұндай жағдайдың бел­
гілері бар.
Рух ақиқатына діл деп ат қойдық. Бұл – сап таза,
оған өлшем, мөлшер, сызу, eceп, әдет сыйыспай­

ды, жоқ десек болады. Олардың қажеттігін керек
етпейді. Оның түс-тұлға реңі де жоқ. Әр нәрсе­
нің рең-түсі болмаса, өлшемі де болмас, қиял­
дап сипаттауды да қолына түсіре алмас. Қолына

түсірген оны көзімен көрген, немесе сол сияқты
бір нәрсені көрген адам жоқ. Алуан түрлі реңдер
сыртқы – тұлғалардан бөлек көз және қиялмен
нені көріп, нені болжай аласың? Мәселен, ешкім

білмеген нәрсені бұл немене деп сауал қылса
айтар еді. Немене деудің мәнісі – қандай тұлға,
үлкен бе, кіші қандай реңде демек. Ол нәрседе
бұл сипаттар болмаса, бұл қандай деп сауал қою

жоққа шығар еді. Егер де көңілің қаласа, немене
өзі дегенге жол таппай тұрған нәрселерді айтар.
Өз ақиқатыңа қарағанда, ақиқат орны ілім-білім
болар тағдыр-жазмыш қабыл қылмасқа, өлшем

мен мөлшер жол таппас. Егер бір кісі саған сауал

қойып: «Рух немене өзі?» десе, жауабы: «Немене
деудің өзі оған баратын жол таба алмас» дегін.
Уақытымен өзіңді осы сипатта танысаң, Хақ та­
ғаланың caп тазалығы, дәулеттілігі шектен тыс

екенін білесің. Ал адамдар таңқаларлық діни
бол­мыстағы түрлі нәрселер не үшін тұрлаусыз
болар? Адамдар өз тәніне дұрыс есеп берсе, көп­
теген нәрселер тұрлаусыз, баянсыз. Мысалға ға­

шықтық дертін алайық, оның азабы мен ләззаты
неліктен деп сауал қоюдың өзі дұрыс емес. Егер
адам дыбыстың, дәм мен иістің ақиқатын білейін
десе, қандай рең, қандай бейнелі суретте екенін

біле алмас. Бұл тұрғыдан алғанда, неліктен дейтін
қиял талабын тек көрумен ғана жүзеге асаты­нын
білер еді Алайда сол нәрселерді құлақпен естіп
білуге болар, көздің одан алар ешқандай үлесі

жоқ. Өйткені дауысты көзбен көріп болмас. Сол
сияқты сурет пен рең, түрлі-түстен құлақтың ба­
хар алар ешқандай үлесі жоқ. Ол нәрселерді ақыл,
ой және ділмен ғана білуге болады. Бұл сөздердің

талдауын «Мақұлықат» атты кітабымда кеңінен
талдағанмын. Осы айтқандарымның өзі жеткілік­
ті шығар. Басты мақсат бұл айтылғандардан,
адам өз затындағы сырт көзге сезілмейтін рухани

іш­кі жұмбақ сырлары көп екенін білуі керек. Хақ
тағала заты болмыс тұлғасындағы: «Ол немене,
неліктен?» дейтін қасиеттерін де білгенің жөн.
Жан – бар нәрсе, ол – дененің падишасы. Дене­

нің ішінде көп нәрсе бар, оны жіті сезім, зерек
пайымдылықпен білуге болады. Соның бәрі де –
жанның мемлекеті. Бұған ұқсас пәруардігер ға­
лам күллі әлемнің падишасы болар. Ол мекенсіз

де, тұлғасыз да. Әр нәрсенің мекені мен Өзіне тән
тұлғасы арқылы сипатталатын зат екені белгілі.
Әр нәрсенің белгілі мекені мен өзіне тән тұлғасы
бар.Сондықтан діл бұлардан өзгеше, діл – Әзі­

реті Алла тағаланың мемлекеті, сопы иелігінде
бо­лар. Ол – пәк тазалықтың белгісі. Әзіреті Нұр­
лы Хақ тағала бір мекен-жайда тұрады деп айту­
ға болмайды. Мәселен жан, қол мен аяқ, не баста

немесе басқа бір ағзада деуге болмайды, мүмкін
дененің барлық ағзасы тағдырын қабылдар, ал
жан тағдырын қабылдамас. Қош, тағдырды қа­
былдамайтын нәрсе, тағдырды қабыл қылатын

нәрсе де, қарар табар, ол уақытта, жан да тағ­
дырды қабыл қылушы болмағы ләзім болар. Со­
нымен, жан, ешбір бөлек ағзаға тән емес және
бірде-бір бөлегі оның ықпалынан шығып кете

алмас, барлық дене жанның қамқорында. Ешбір
нәрсе оның ықпалынан шетте емес. Мүмкін де­
недегінің бәрі де дене жанының бұйрығын орын­
дар. Жан – жалпы, дене.

Жиырма екінші тарау

ХАҚ НҰРЛЫ АЛЛА ТАҒАЛА –

БҮКІЛ ҒАЛАМ ПАДИШАСЫ

Сонымен, Хақ тағаланың сипатын танымақ –
әрбір адамның міндетті парызы. Оның сипаты
ежел­ден белгілі мекенсіздігі және тұлғасыз екен­
дігі. Заман-замандардан бері қарай оның мекен­

сіздігі мәлім болды. Бұл жағдайды білмектің кіл­
ті, адам өз жаратылысын танымақта екені баян­

далды. Хақ тағаланың бүкіл ғалам мемлекеті
па­дишасы болуының себебі неліктен? Бұны қай­
сы дәлелмен білуге болады? Періштелердін бұй­
рық қылмағы,періштелердің бұйрықты орын­да­

мағы және ғалам істеріне періштелердің көңіл
бөлмегі, аспаннан жерге бұйрықтарды жет­кіз­
бегі, аспан мен жер және жұлдыздарды сейіл
қыл­мағы және рызық-несібелердің қоймасын

ас­панға қоймағының себебі неліктен? Бұл та­
рауда осылардың ақиқатын баян етемін.Хақ та­
ға­ланың ілімін үйретпекте ұлы қасиеттер бар.
Бұны кең пейіл, ұлық Алла дер.Өйткені,әуелгі

тарау – Алланың заты мен сипаты деп аталған
еді. Сондықтан ұлық Алла сипатын танымақтын
да кілті адамның жаратылысын танымақта болар.
Егер де өз денеңнің мемлекетіне падишалық ету­

ді білмесең, ықпалынды жүргізе алмасаң, Хақ
тағаланың падишалық ету ықпалының сипаты­
нан не білерсің? Әуелі өзіңді танығын және өз
сипатынды білгін. Мәселен, «Бисмилланың» пай­

да болуын білгің келсе, ол адамның тілек-талап,
мақсатында пайда болар. Ал оның мұратын ше­
шуші діл болар. Бір парша ет-жүрек көкіректің
сол жағында тұрар. Сонымен ділден кеуде арқы­

лы көмейін әрекет қылар. Бұл кеудедегі жүрек
сөзде­рін тәуіптер рух деп атар. Барлық қуат, іс-
әрекеттер бұлармен байланысты, бірге болар және
бұл рухқа өлім жол табар. Адам мен хайуандар­

дың өлуімен бірге, бұл рух та өлер,бұны хайуан­
дық рух дейді. Бір рух бар – біз оған діл деп ат
қойдық. Бұл – жануарларда жоқ нәрсе. Әр уақытта
өлім оған жол таппас және бұл рух – Құдай Алла

тағала ілімінің орны болар бөлек, уақыты­мен
хайуани рухтын көмейіне жетсе, «Бисмилла»
суреті сол көмейдін қазынасы болар. Қуат пен
қиялдын мекені сонда пайда болар және көмей­ден

асып, аяқтарға жетіп, барлық денеге тарар. Жіп­ке
ұқсап таралып,бармақтардын ұшына дейін тарар.
Бұл сіңірлі жіптерді арық адамның қол-аяғы­
нан көруге болады. Енді бұл жіп-сіңір тамырлар

саусақтарды әрекетке кіргізеді. Сонымен, «Бис­
миллах» қиял қазынасында сурет сипатында қа­
ғазда пайда болар. Бұл суреттің қағазда пайда
болмағы сезім талабы жәрдемі арқылы болар.

Сондықтан ол көзбен байланысты,қашан көз
қиығы түспегенше болмас. Пенденің қылар ісі­нің
әуелгі талап-тілек қалауы да көнілде пайда болар.
Бұған ұқсас, Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағала­ның

сипаттарының бірін пайда қылар. Алғашқыға
бай­ланысты, қатынасы бар барлық істер жігердің
сипаты болар. Сондықтан пенденің қалауымен
жігерінің пайда болатын жері әуелі ділде пайда

болар, одан кейін ділдің көмегімен өзге ағза қуат­
қа кірер. Хақ тағаланың жігірлендіру әсері әуелі
ғарышта пайда болар,одан кейін басқаға жетер.
Сондықтан пенденің жаратылысында көкірек

кө­зі пайда болар. Бұған хайуандық рух деп ат
қой­дық, ділдің тамырларынан бұл із-таңбаны
кө­мейге жеткізер. Осыған ұқсас Хақ тағаланың
жігерлік із-таңбасы ғарыштан күрсіге жеткізетін,

жауһарлы сөздер бар екен,оны періште деп атай­
ды немесе рух дейді. Кейде рұхл Құддус та дейді
Сондықтан пенденің күш жігерінің ізі көмейі­
не жетіп, ділдің қазынашысы болар. Бұған ұқ­сас

Хақ нұрлы Алла тағаның жігер сипатының ізі ға­
рыштан күрсіге жетеді екен,күрсі ғарыштын ас­

тында болар, сондықтан пенденің пейіл құнының
суреті көмей қазынасының алдыңғы бөлігінде
пайда болар. Одан кейін ғана сыртқы сипатын
табар. Осыған ұқсас әр нәрсе де ғаламда пайда

болар. Олардың суреті ләуһіл Махфузда пайда
болып, одан кейін ғана ол нәрселер ғаламда пай­
да болар. Көмейдегі сөз қуаты сіңір-жүйке та­
мырларын іске қосар. Саусақ сіңірлі тамыр түзі­

лісін, қаламды да іске қосар. Бұған ұқсас Хақ
тағаланың ғаршы күрсіге тиісті періштелері бар,
олар аспан жұлдыздарын іске қосар. Көмейдегі
қуат сіңір-тамырлары арқылы саусақтарды қи­

мылға келтіргендей, періште қызметкерлер жұл­
дыздар орталығы және уақыт, сағат, ғаламдық
төрт асыл (төрт элемент) – топырақ, су от, желді
әрекетке келтіріп, іске қосар. Яғни қызулық, ыл­

ғал және құрғақтық, ыстық-суықтық іске қосыла­
тын болар.
Содан кейін қалам, сияны бөлек-бөлек пайда
қылып дайындар. Енді «Бисмиллах» суреті қағаз­

да өрнектелер. Осыған ұқсас періште уәкілдік­
те­рі ыстық пен суық, төрт асылды іске қосар.
Қағаз­ бен сияны істегенге ұқсас төрт асылдың
(элемент) ылғалы сияқтыны қабыл қылар. Құр­

ғақтық ол – көріністі сақтаушылардан, егер ыл­
ғал болмаса, өрнек көрінісі пайда болмас. Егер
құрғақтық болмаса, өрнек тұрақтамас. Сон­дық­
тан саусақтардың көмегімен қалам іске кірі­сіп,

өз істерін орындап, «Бисмиллах» суреті қиял­
дағы өрнекке сай, қалау сезімдері жәрдемі­мен
қағазға сурет болып жазылар. Осыған ұқ­сас
төрт асыл – ыстық пен суық та іске кірісіп, пе­

ріште өкілдерінің жәрдемімен өмір және өсім­
діктер дүниесі, бәлкім, жалпы жаратылыс су­
реті, ләуһл Махфуздағы суретке сәйкес дүние
майданына келер. Сондықтан пенденің қылатын

істері әуелі ділде пайда болар. Сонан сон адам
діліндегісін өрнектегенде дене мемлекеті оны
амалға асыруды мақұлдар. Бұған ұқсас Әзі­реті
Хақ тағала ғарышты жаратқыш және ға­рыш­

тың иесі бар құдірет кемелімен бірге ға­рышты
жаратып, ғалам мемлекетін жасауды амал­ға
асырушыдан. Жүніс сүресінің 3-аятында: «Әзі­
реті Хақ тағала ғарыштында иесі. Барлық ғалам

мемлекет істерін амалға асырушы болар». Біл­гін,
бұл қажетті де белгілі ақиқатта. Ақыли-ақиқатқа
ашылған жаңалық – анық көрінуімен мағ­
лұм болар. Ақиқатты білу керек, падишалықты

падишалардан өзге кісі білмес. Егер Хақ нұрлы
Аллах тағала жаратылысының мемлекетінде діл­
ді падиша қылмаса, Әзіреті Құдай тағала ғалам
падишалығын білмес еді. Енді шүкір қылғын,ол

падиша ием сені жаратты, сол жаратылысы­ның
мемлекетіне сені падиша қылды. Сонымен, са­
ған ділді ғарыш дайындап берді, көмекейлі күрсі
пайда қылды, қазынайы қиялдан ләуһл Махфуза

берді. Көз бен құлақ – бес сезімнен періштелерді
пайда қылды.
Көмей күмбезінен барлық сіңірлі тамырларды
таратып, оны аспан мен жұлдыздар іспетті жарат­

ты. Және саусақ пен қалам, сияны ділге мүдделі
етіп, бас игізді. Сонымен, сені жалғыз Аллах ме­
кеніңді де, Тұлғаңды да баянсыз етті. Бұлардың
бәріне сені падиша қылды және Хақ тағала саған

тапсырды: өзіңнен және падишалығыңнан ғапұл
болмағың, бұлардан ғапұл болсаң-пәруардігер­

ден ғапұл болғаның. Шын мәнінде, Аллах тағала
адамды өз суретіне ұқсастырып, бірге жаратты.
Ей, адам өзіңді және жаратушыңды біл­гін!
Жиырма үшінші тарау

ЖАРАТУШЫ ҒАЛАМНЫҢ

ПЕРІШТЕЛЕРІ

Сонымен, адам баласының падишалығы және
жаратушы ғалам падишалығын танымақты Ұлы
мәртебелі Алла екі ілім жолымен тануды иша­
рат етіпті: әуелгі ілім – адам өз жаратылысын

танымақ болар. Ағзалар қатынасының түзілісі
және қуаттар мен сипаттар ахуалын білмек. Бұл
ілім – ұшы-қиыры жоқ үлкен ілім. Оның баяны
бұл кітапқа сыймас. Екінші ілім – Әзіреті жарату­

шы ғалам мемлекетінің періштелерімен қатынасы
және періштелердің бір-бірімен байланысы. Ға­
рышы мен күрсі және аспанның алыс-берісі, қа­
рым-қатынасы жайында ілім, өте үлкен салмақты

дүние. Бұл ілімі де әуелгіден ұзағырақ. Мақсат

– бұл ілімдердің ишаратын білуі шарт, өйткені

әр­бір кісіде зеректік те, даналық та болады. Бұл
ілімдерді үйреніп қана қоймай, оны меңгеріп, өзі­
не бағындырумен, Хақ нұрлы Аллах тағаланың
жаратылысын танығай. Әзіреті жаратушы ғалам

сипатынан, оның биік дәрежесінен хабарсыз (ал­
дану зиянын көрген), оның жамалының кемел­
дігінен хабарсыз, құралақан мақұрым қалған кі­
сі – нағыз надандар қатарында болатынын өздері

де білмес. Ол бейшара құралақан қалғандар­дан;
табиғат танушылар, астрономдар – ғалам істерін
жұлдыздар ықпалында деп даурығатындар да
баршылық. Бұлардың мысалы, шамамен майда

шы­малға ұқсайды, қағаздың үстімен жүріп, оны
өзі байқар, қағаз бетінде жүру нәтижесінде өзіне
тән сиялы із-өрнек пайда болар. Қаламды көріп,
шаттанып, «Бұл істін ақиқатын білдім,бұны пайда

қылған қалам ғой» – деп айтады екен. Бұл таби­
ғат жайынан мысал,төмен мәртебелі әрекеттер­
ге тән, мәселені жетік біле бермес. Табиғи деп
(материалистік тұрғыдағы көзқарас) ғалам ішін­

де пайда болған бар нәрселерді аспан – көк және
уақыт – дәуірге байланыстыларды айтар. Мыса­
лы, көктем кезінде гүлдердін ашылуы, уақытын­
да суық болмағы және мұз қатпағы, өз дәуірінің

табиғатынан деп білер. Ал одан үлкенірек құ­
мырсқа келіп, айтар – сен қате істедің, бұл істің
ақиқатын мен жақсы біліп алдым, бұл нақыш
өрнекті пайда қылушы қалам емес, бәлкім сау­

сақтар, ол сол саусақтарға тәуелді дейді. Бұл
жұл­дызшылардың мысалы болар. Табиғатты
жұл­дыздарға бойұсынатын тәуелді де дейді.
Бұл ­да таңданарлық. Өйткені жұлдыздардың пе­

ріш­телерге тәуелді екенін білмейді, соны­мен
жұлдызшы (астроном, астрологтар) жұл­дыз­
дар­дан жоғарыға жол таба алмапты. Сондай-ақ
табиғатшылар мен жұлдызшылар арасында да

шектен тыс қарама-қайшылықтар бар. Толы­
ғырақ айтсақ, ғалам жаратылысы денелерін жан-
жақты талдасақ, ғалами әруақтан сондай несі­бе
тапса болады екен. Бұл дәрежеден артық қосуға

ұмтылмаса да бұл топтар не ғалами әруақ (рух
ғалами), не жол таба алмас – тосқауылға тап

болар. Сонымен, ғаламдық әруақ – ғаламның
хош иісі іспетті, одан да бұл сияқты қиыншылық
тос­қауылдар есепсіз. Кейбірінің дәрежесі жұл­
дыздарға ұқсас және кейбірінің дәрежесі айға,

бағзысы күнге ұқсас болар. Бұл жағынан қа­
рағанда, ол кісінің ғарыш алдындағы Миғражы
болар, аспан мен періштелерді оған көрсететін
шығар. Сондықтан да Хақ нұрлы Алла тағала

Ибраһим Халиоллаға хабар бергені жөнінде Ан­
ғам сүресінің 75-аятында «Яғни, біз Ибраһимге
дүниенің ғажайыптарын көрсеттік» депті. Осы
мағынаға байланысты, Әзіреті Расули акрам (с.а.у)

хабар берген хадисының мәнін «Мушакатул ан­
бар» (Нұрлар зиясы), «Сифатул асрар» (Сырлар
сипаттары)кітаптарында баяндағанмын.
Басты мақсат – табиғатшыл бейшаралар, ғалам

ісін ыстық пен суыққа байланыстыратынын ай­
ту. Шын­дығында егер ыстық – суық Алланың құ­
рал ас­пабының тобынан болмаса, дәрігер-тәуіп­тік
ілім жоқ болып құрыр еді. Алайда бұл жөні­нен

қате қылар еді, назары шектелген төмен мәр­тебені
ыстық-суық деп, бұны асыл-негіз деп білер. Кімге
тәуелділі­гін, бой ұсынатынын білмес. Қа­дірін де,
кемелін де танып, қызметкерлігін та­нымас. Ыстық

пен суық-ең төменгі дәрежедегі қызметкерлер
тобынан.
Астрологтар жұлдыздарды Алланың құрал-ас­
пабы тобынан санауда, шындығында егер сон­дай

болмаса, күндіз бен түн болмас еді. Соны­мен,
ыстық жалын жұлдыздар, ғалам раушандығы,
ыс­тықтығы сонымен бірге болар. Зымыстан-қыс,
жадыраған жаз барабар болар ма еді. Жаздың

ыстықтығы шектен тыс болар, ыстық аспанның
ортасында жақын жүрер. Жаратқан құдай аспан­
ды ыстық және жарық қылыпты, Сатурнды суық
етіп және құрғақ етіпті және Шолпанды ыс­

тық және ылғалды етіпті деп сендірудің мұсыл­
маншылыққа ешқандай зияны жоқ. Алайда
астро­лог жұлдызшылар ол себептерден бір бөлек
түсіндіріп, жұлдыздарды асыл-негізі деп санап,

ғалам істерін оған жүктейді. Жұлдыздардың кім­
ге тәуелді екенінен хабарсыздығын байқатар.
Ағраф сүресінің 54-аятында: «Ыстық күн мен ай
жұлдыздар Хақ нұрлы Алла тағаланың әміріне

бағынышты және бойұсынатындар» деп басқа
біреудін жарлығымен іс қылатындарды айтады.
Ал жұлдыздар өздігінше ешқандай жұмыс іс­
тей алмас, бәлкім періштелер жарлығымен іс

қылар. Сондықтан сіңір-тамыр, жүйке атқаратын
істе­рі – тұтас денені қимыл мен іс-әрекетке кі­
рісті­ру көмейдегі қуаттың әсерінен болар. Сон­
дық­тан жұлдыздар соңғы мәртебедегі қыз­мет­

кер­лер тобына жатады. Егер ескеретін зат­тар­
дың бастылары өз дәрежесінде болса да тәуел­ді
ғаламнан болар, төрт асыл элементтері ұқсас,
тө­менгі мәртебедегі қызметкерлерден. Яғни, жа­

зушы қолындағы қаламға ұқсас деуге болады.
Жиырма төртінші тарау

ТАБИҒАТТАНУШЫ-

МАТЕРИАЛИСТЕР ОСАЛДЫҒЫ

Халық арасында бұл мәселеден толығырақ
түсі­ніп берілсе, бәрі де шындық деп айтар еді.

Бірақ бағ­зылары көрмесе де көріп-білгендердің
дауын айтар. Бұлардың мысалы – көзі көрлерге
ұқсас деу­ге болады. Есіткенім бар еді – олардың
мекеніне бір піл келіпті. Кілең көзі көрмейтін

көрлер жина­лып келіп, пілді қолдарымен сипап
танымақшы болады. Кейбіреуі пілдің құлағын,
біреуі аяғын бірі тісін сипап, асып-сасып ол
жер-бұл жерлерін ұстап, байқағансып,қалған

соқырларға піл жайында хабар беріп,аяғын
ұстағаны – ұстынға ұқсаған екен десе,тісін
ұстағаны – япырай піл пышаққа ұқсаған нәрсе
екен дейді. Ал құлағын сипап көрген-піл кілемге

ұқсаған болады екен дейді. Бұлардың бәрінің де

– шындық,бірақ қате айтып тұр. Пілдің барлық

ағзаларын танығанмен, тұтасынан, толық бітім
тұлғасын танудан көңілдері күмән. Өйткені кей­
бір ағзаларын қолымен ұстап танығанымен өзге
толық түр-тұлғасынан хабарсызы екені ақи­

қат. Жұлдызшы,табиғаттанушы (материалист)
қауы­мы да, Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағаланы
қыз­меткерлерінің кейбірін таныпты. Алланың
құ­діретіне таңданып, Қазі Рәббі падиша осы

екен депті. Алла тағала бұларға да анық жолды
көрсетіпті. Бәрінің де кемшілігін көріпті. Бұлар
да біреудің жарлығымен болған шығар, бәрі де
тек қызметкер – Құдайлыққа жарамас.

Жиырма бесінші тарау

ҒАЛАМНЫҢ ТҮЗІЛІСІ

Жұлдыздар мен табиғат және аспан күмбезін­
дегі жұлдыздар, күннін жылдық қимыл және әре­
кет жолын бойлап жайласқаны он екі екен. Ғарыш
бұлардан өз алдын бөлегірек,басқаша ерекшелі­гі

бар. Падишаның, мысалы, отыратын үйі бар. Уә­
зір де, падиша жанында,сол үйде отырады және
бұл үйдің маңайында қоңсы-көршілері бо­лар.
(Олардың саны он екі-хамал, сәуір, зауза, сары

атан, әсет, сүмбіле, мизан, ақырап, қауыз, жәди,
дәлу, хүт). Сол он екі көршілес үйлердің си­па­
тында уәзірдің орынбасары отырар және жеті
атты жолбасшы бұл он екінің сыртқы жағы­нан

айналар. Бұл жеті ат үстіндегі жолбасшылар уә­зір
орынбасарларының жарлығына бағынады. Төрт
жаяу бұғау салғыш құрықшылар, жеті ат үстін­
дегі жолбасшылардан аулақтай маңайда, Әзіреті

падишадан қандай жарлық келеді деп, мұнтаз­дай
болып дайын тұрар. Төрт бұғау қоғанақты, төрт
жаяуға беріпті. Олар жарлық талабына кейбі­рін
падиша жаққа тартса, кейбірін аулақ алыста­тар.

Әзіреті Алла тағаланың бір үйдегі уәзірінің мем­
лекетіндегі періште сұхбаттастары оның қара­
рында болар.
Көк күмбезіндегі жұлдыздар сол бір үйдің

пеш хайуаны іспетті.Он екі жұлдыз,он екі си­
пат. Уәзірдің орынбасарлары бірнеше періш­те­
лер болар. Бұлардың дәрежесі, уәзірмен сұхбат­
тастығы болғанымен, сәл төменірек болар. Бұ­

лардың бәріне ілімді істі тапсырып қойыпты.
Жеті жұлдыз жеті атты жолбасшыға ұқсас. Әр­
дайым сипан маңайын айналып жүрер және әр
сипан­нан әртүрлі жарлық оларға жетер. Олар

әр нәрсе төрт асыл деп аталатын. Олар – от, су,
жел, топырақ, яғ­ни төрт жаяу қызметкерлер,
бұлар өз отандары­нан сапарға шықпас және

бұларға төрт тәуелділер бар. Олар – ыстық,
суық, ылғалдық және құрғақтық. Бұл төрт бұ­
ғаулы құрықтар, төрт асылдың қо­лында болар.
Мәселен, уақытында біреудің хәлі ауырлап, дү­

ниеден жүз үйіріп қайғымен уайым жеңіп дү­
ниенің қызығы да ризығы да көңіліне жақпай
ақырет қамы оған басым келсе, тәуіп бұл ауру
қапашылық меланхолиясы деп атайды екен.

Бұнын емі қызыл реңді дәрі шөп, дәмі тықырлау
ащы болар. Оның қайнатпа шербеті есінен айы­
рылған құсалық, рухани кеселдерге дауа болар
дейді. Кейбір көңілдегі дітімен болжайтын тәуіп

бұл кесел қыстың зымыстан құрғақ суығы сал­
дарынан пайда болған, көктем келіп, ылғал ба­сым
болмайынша, дені сауықпайды дейді. Жұлдыз­шы
айтар: «Бұл кесел жалқық көбіктің көбеюі­нен, бұл

жағдайдың қалыптасуына, Меркурийдің ықпа­лы
бар. Егер Меркурий Марсқа жақындаса, сөз жоқ
кесел пайда болады. Уақыты келіп, Мерку­рий
екі дәреже алшақтық дәрежесіне жеткенше, бұл

кеселден айыға алмайды» дейді. Сонымен, бұл
аты аталған топтардың бәрі де шындық айтқан іс­
петті, бірақ тек өз білгендерін ғана айтар. Алайда
бұл топтарға Әзіреті Хақ тағала кеңдігімен олар­

дың бақытына сол екі жолбасшы, дана керуен­ді
Меркурий мен Марс деп атауға өкім етіпті. Ол
заттар уақыты жетіп, жер жаяулық кеңдігінен
ас­панның көк кеңдігіне жаяулап шығады екен.

Ұзын бағаулы құрықты көмейдің басынан іліп,
дүние ләззатарынан жүз үйіріп, ғам қайғының
қамшысын ұрып, жігерлене талап, шылауын қо­
лына алып, Әзіреті Алла тағала кеңдігіне қарай

тартар. Сонымен, бұл тәуіптік ілім табиғат ілімі
және астролог ілімінен болмай, бәлкім бұл Пай­
ғамбардың телегей теңізінің тамшылары шығар,
барлық атрап мемлекет және барлық басшылар

да бағынушылар да, қызметшілер де қәзіретке
мұ­хит болар. Сонымен, бұл ілімді білушілер әр
кісіні не үшін жаратқаны және жаратушыны қа­
лайша талдап түсінер және қайсы істен шет қал­

дырар? Ал енді астролог, тәуіп табиғатшылар то­
бы әр сөзді айтар, не айтса да шын айтар. Бірақ
Қәзіреті падиша мәртебелім және оның сыпайы
салт атты қызметкерлерінің ахуалынан хабар таба

алмапты. Хақ тағала бұл сияқты бәле-кеселдер­
ді саудайы (Меленхол) бейнет пен кеңдігіне
жетелер және ол кесел емес деп айтады екен.
Бәл­кім, ілтипат мархабатымен бұғауына түсіріп

өзіне тартар. «Әулиелерімді сол бұғау арқылы
өзімен тартамын деген сипатты. Яғни «Ақиқат­тан
қиыншылық, әуелі Пайғамбарларға, одан кейін
соларға ұқсастыларға лайық депті. Сонымен, сен

бұларға кеселді назарымен қарама, бұлар мына
топтағылардан: я Мұса, бұлар жөнінде мынан­
дай хабар бар, кесел болдым, бәрібір жат қылма­
дың мені, Мұса! (бұл жерде егер кеселді барып

көргеніңде, мені көрген болар едің мағынасында).
Сонымен, әуелгі мысал, адамның денесіне пади­
шалығы дәлел болар. Екінші мысал, адамның өз
денесінен өзге мемлекетте падишалық ету. Осы

тұрғыдан алғанда, бұларды білмек те қазіреті
Хақ тағаланы танымау жағдайынан екенін айта
кету еді. Бұл себептен де ілім-білім мағрифаттың
жаратылуын әуелгі етіп алға тарттық.

Жиырма алтыншы тарау

«СУБХАНАЛЛАҺ УАЛХАМДУ

ЛИЛЛАХ» МАҒЫНАСЫН БІЛУ»

Сүбханаллаһи уалхамду лиллахи уа лә иләһә
илаллаһу уаллаһу әкбар! Мағынасын білгейсін,
бұл сөз талдаудың қысқаша жинағы. Хақ таға­
ланың пәктігін білгенін – Сүбханалланың мә­

нін білгенің болар. Уақытымен өзіңнін падиша­
лығыңның іс-әрекетінен Хақ Сүбханаһу уә та­
ғаланың падишалығын таныдың да, жалпы мақ­
сатқа жету құралдары оған тәуелді және жазу­шы

қолындағы қалам оның мысалы болар. «Әл­һам­
дулиллаһ» мағынасын білсен, Хақ тағаланы білсең
өзге ризық-несібе беруші жол екенін біл­генің. Ал
Хақ тағаладан өзгеге мадақ пен шү­кіршілік етуге

лайықты арзитындай да еш нәрсе жоқ және Лә
иләһә илаллаһ мәнісін білгенің бо­лар. Енді Аллаһу
әкбардын мәнісін білгейсін. Бі­ліп алғың, Хақ та­
ғаланы халық өздеріне ұқсас қылмақ пенен ғана

біле алмас. Аллаһу әкбардың мағынасы, Алланың
өзінен өзгелерді ұлығырақ деп болмас. Талдап
көрсек, Хақ тағалаға тең­дес ешбір де зат жоқ екен,
Хақ тағалаға осыны лайықты деп танумен бірге

жалпы ұлықтық онда болса және барлық жараты­
лыс Хақ таға­лаға нұр шұғыласынан болар. Мәсе­
лен, жалын­ның нұрын сол жалыннан ұлығырақ деп
болмас, сол сияқты бөліп те болмас. Сондықтан

Аллаһу әкбардың мәнісі сол болмақ – адам ақылы
оны тек салыстырмалы жағдайда ғана танығай.
Алла сақ­тасын. Қазіреті Хақ тағаланың пәктігі
мен дәулеті адамның пәктік дәулетіне ұқсас бол­

мас. Хақ тағала жалпы жаратылысқа ұқсамақтан
сап таза, адамдарда нендей ықылас болмақ, Аллаһ
сақ­тасын! Хақ тағаланың падишалығы пәк және
биікте – адамдарда қандай ол сияқты қәдір шара­

пат болар.
Бәлкім, бұл айтылғандағы лайықты үлгі шы­
ғар – Әзіреті Хақ нұрлы Аллаһ тағаланың кемелі
және ұлылығын танымаққа. Адамдар кемшіліксіз

емес – әлсіздеу де, тек болжам көрегендікпен жол
та­ба­ды. Сонымен, баяндалған сөздерде мысалы –
со­ған ұқсас.Егер нәресте бізге сауал берсе:
«Падишалық және мемлекет басшысы бол­мақ­

тық амалы мен ләззаты қандай? десе, жауап айтар
едік: «Асық, доп ойнаудың ләззатына ұқсар» деп.
Өйткені жас нәресте бұдан артық айтқанды түсіне
бермес және адам ол нәресенің нендей зат екені­

нің ақиқатын танымақ қой, салыстырумен оны бі­
ліп болмас. Мәлім жағдай – падиша салтанаты­ның
ләззатына, асық, доп ойнау ләззаты жанаспай­ды.
Бірақ әр екеуіндегі шаттықты ләззат деп айт­са

болады. Жанына жақын болу себебінен де сал­
танат ләззатын, ойын ләззатындай деп балаға аң­
ғартуға болар. Ал бұған ұқсас Хақ тағаланың ке­
мелі мен ұлықтылығының ақиқатын өзінен өз­ге

ешкім де білмес.
Жиырма жетінші тарау

АДАМНЫҢ БАҚЫТЫ – ПЕНДЕЛІКТІ

ӨТЕУІНДЕ

Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағала ілім-білімін
тал­дай берсек, өте ұзақ, бұл кітапқа сыймас.

Мұншалықты талдаудың өзі жеткілікті болар,
егер талапкерге барлық ілім-білімді үйренуге құш­
тарлық зауқым пайда қылса. Адамдықтың бар
ба­қыты – Хақ тағаланың ілімін үйренбек пен

оған ғибадат етіп, пенделігін өтемекте. Себебі
уа­қытымен адам дүниеден өтсе, Хақ тағаладан
өзге пана болмас. Алладан өзге шара көрсетуші
жоқ, яғни қайтып баратын жер – Хақ тағаланың

кеңшілігі ғана. Әр кісінің баяндылығы өз дос­
ымен сүйгені құзырында болар, достығы қан­
шалықты шынайы болса, бақыты да одан артық
болар. Хақ тағаланың ілімін білмейінше, оның

сөздерін толық айтпағанша, Алла тағаланың ма­
хаббаты оның діліне жайласа алмас. Егер адам
не нәрсені дос тұтса, оның айтқанын түгел орын­
дайтыны мәлім жағдай. Сол сөз арқылы жа­сал­

ған мәмілелер арқылы достығы қалыптасып
бекемделе түсер. Бұл жөнінде Алла тағала Дәуіт
(а.с): «Сенің дертіңе дауа қылушы және панаң мен
болармын. Барлық қолбасшың мені білер, ме­нің

айтқандарымнан бір сәтте ғапыл қалмағын» деп
хабарлапты.
Ал көңіліңдегі көрікті сөз сол сәтте ғана же­
ңіске жетер – егер пенде тағат пен ғибадатқа бой

ұсынып, оны міндетіне алып, ғибадаттың ләзза­
ты мен азабына шыдағанда ғана пайда болар.
Алатын алыс-беріс дүние ләззатынан қолын үзсе,
сол сияқты шауһат нәпсісін де тиып, қолын үзген

жағдайда күнә істеуден қолын тыйса ғана, жеңіске
қолы жетер. Ал күнәдан қол тартпақтың мәнісі,
көңілін суыту жағдайын пайда қылмақ себебінен
болар. Тағат және ғибадат та орнына келтірмек­тік

Хақ тағаланың айтқан соөздерінің жеңіске жет­ке­
ні болар. Бұл екеуі де Хақ тағаланың махаббаты
себебінен. Адамдық бақытының ұрығы осы­лар
болар, бұл мағынадан тек жақсылық, қайыр-

сақа­уат, басқа да ізгілктер пайда болар. Яғни бұл
істер Хақ тағаланың махаббатына тән жағдай­
лар. Хақ тағала жарлық беріп, Ағла сүресінің
14–15 аятында: «Ол момындарға мағрифатты ма­

хаббатты заттан. Ол ғарыш ұлығы аталатын өте
биік дәрежелерден», – деп хабарлаған. Жалпы,
амал Хақ тағалаға ғибадаттан абзал емес және
жалпы дүние ләззатынан қол жию да шарт емес.

Өйткені егер адам тағам жемесе өледі. Егер ерлі-
қатынның қатынасы болмаса, ұрпақ көбеймес.
Кейбір ләззаттан қол тартқанмен, бағзы біреуле­
рін орындауы ләзәм, яғни нәпсіні орта дәреже­де

ұстағаны жөн. Екі жағынанда құр алақан бол­
мағаны жөн. Адам өзінің ақыл қалауын шын кө­
ңі­лімен іске асырар немесе бір кісіден үйрену
арқылы жүзеге шығарар. Сондықтан әуестік

қа­лауы жеңіске жетуінің жалғасы, рухани Хақ
тағаланың көңіл көк жиегінде сақтауда болар.
Әр бір мұрат-мақсат, нәпсінің – қалауы болар.
Ол дүрыс емес нәрсені кісіге дұрысқа ұқсатып

көрсетер. Сонымен, сен ықтияр тізгінін әуес қа­
лауының қолына бермегейсің. Мүмкін, бір кі­сіге
тапсырарсың. Ол – халайықтың таңдап ал­ған таза
тап-тұйнақтай әулиелер сәлемдемесі іс­петті бо­

лар. Ал төмен тәртіпсіз шариат және мол­ласымақ­
тар Хақ тағаланы өзі тарапынан та­ратқысы келер,
өздерін дақындатуға бейімдер. Пен­денің бақыты
мен құлшылығы да осыларға ұқсар. Әрбір кісі

шариғат талабынан шығып, өз ықтиярымен амал
қылса, қатерден аулақ болмас. Осы бір мағынаны

Хақ тағала Талақ сүресінің 1-аятында: «Кісі Хақ
та­ғаланың жарлығы­нан шет шықса, ол ақиқатында
өзіне зұлымдық жасар» депті.
Жиырма сегізінші тарау

АҚЫЛ ЕРКІНДІГІНІҢ ҚАТЕЛІКТЕРІ

Бүл ақыл еркіндігіне қол қою өз алдына бір
мәселе. Хақ тағаланың әрбір жарлығынан шыға­
тындардан екен. Ал бұл мәселенің қате болмағы
білімсіздіктен пайда болар.

Әуелі негіз – көптеген білімсіздіктен құрала­
ды да, Хақ тағалаға иман келтірмеуге тіреледі.
Хақ тағаланы да көзбен көріп, қолмен ұстап кө­
руді талап қылар. Оның мекенсіз де, тұлғасыз да

еке­нін білместен, көзбен көргісі келер. Жалпы
жа­ратылыс ахуалын жұлдыздар мен табиғатқа
бай­ланыстырар. Олардың айтуынша адам мен
жан-жануарлар – барлық жаратылыстағы құбы­

лыстар өздігінен жаралған, өзінше пайда болған
дейді. Әр уақытта пайда бола бермек дейді. Иә,
бәрі де о бастан табиғи, өзінше пайда болар және
біреудің себебімен пайда болар деп бар даусымен

жариялар. Сондықтан бүл топтағылардың мыса­
лы – бір сауатты жазылған кітапты көріп, бұл кітап
та өздігінен пайда болған дегенге ұқсайды. Тура­
сын айтса, бұл ғаламның жаратылуына іңкәрлі­гін

ғана аңғартар. Адамдар бұл жағдайға бой ұр­са,
бақытсыздықтан өзгені көрмес Табиғатшы­лар
мен жолбасшылардың қате көзқарастары жоға­
ры­да баяндалды.

Екіші негіз – ақыретті қаламаушылар. Олар­дың
айтуынша, адам жан-жануар мен өсімдікке ұқ­сас.
Уақыты жетіп өлсе, жоқ болар. Оған сауап та,
азап та болмас. Ал бұл білімсіздер өз жаратылы­

сына сәйкестендіріп, өздерін әрбір жәндік неме­
се өсімдік қатарында санар. Ол топтағылар да
адам ақиқаты жайында айтылғанымен, оны та­
нымайды, ол рух мәңгі-бақилық өлмейтіннен еке­

нін білмес. Денеден ол рухты алады, оны өлім деп
атайды. Бүл сөздердің ақиқатын төртінші тарау­да
баяндағанмын, иншалла Алла Тағала.
Үшінші негіз – бұл білімсіз топтар. Құдай та­

ғаламен ақыретке иманы кәміл болар, бірақ ша­
риғат мән-мағынасын білер емес. Олардың ай­
татыны – ғибадат және күнә оның кеңдігіне ба­
рабар. Бұл жағдайды Құран да көрмей ме екен,

Хақ нұрлы Алла тағала «Фитир» сүресінің
18-аятында және «Анкабут» сүресінің 6-аятын­
да: «Кісілер өзін күнәдан пәк ұстапты, бұдан өзге
емес те, өз жаратылысының мән-мағына қасиеті

үшін күнәдан өзін пәк ұстапты. Адамдар кәпірлер­
мен күрес істепті. Бұдан басқа ештеңе де емес,
өз жа­ратылысының қадір-қасиеті үшін күресіп­
ті және олар жолдарын туралаушылардан, тек өз

жаратылысының қадыр-қасиетін істер. Яғни, бұл
қылған амалдарын қиямет күні өзі көрер. Ал бұл
сияқтылар шариғатқа теріс қарайтындардан».
Кейбір күмәнданатындар, қызметті – кісі Құ­

дай үшін істер, өз табиғатынан істемес дейді.
Бұ­лар, мысалы, сондай ауруларға ұқсар – өзі
кү­тінбесе, тәуіптің айтқанын істеу-істемеуден
тәуіп­ке келетін не зиян бар дейтіндерден. Бұл

сөзі шындық, бірақ күтінбегені – аурудың асқы­
нуына себепкер болушы, ал тәуіп сауығудың жо­

лын көрсетуші және оны дәлелдеп беруші ғой.
Сондықтан дәріні жеу-ішумен қатар, күтіну –
дененің саулығына себепкер. Тағат қылмақтан
ілімділік пайда болса, күнә істеуден сақтанып

күтіну – ділдің саламаттығына себепкер болар.
«Шуара» сүресінің 88–89-аятында: «Ол күнде
мал дәулеті пайда бермес, Алла құзырына таза
келген кісілерге ғана пайда берер» депті.

Төртінші негіз – бұл топтың өкілдері шариғат
үкімдерін білмейтіндерден тұрады. Олардың ай­
туынша, шариғат үкімі ділден – шауһат пен ға­
зап ашуды және екіжүзділікті босату шарт дей­

ді. Ал бұл сөздер дүрыс деуге болмайтын және
орындалмайтын қиын үкім. Сипаттап айтсақ,
олар­дың бұл сөздері қара киізді жуумен арту керек
дегенге үқсайды. Бұл болмайтын сөз, бұл білмес­

тік және ақымақтық деуге болады. Шариғат бұн­
дай іске жарлық бермейді. Ал шариғатты жарлы­
ғы «шауһат пен азап ашуды – ақылдың тұсында
тұтқын етіп ұстау керек» дейді. Шариғатқа ақыл­ға

басым болмасын және көсемдік жасамасын дей­ді.
Ал пенде шариғатты әрдайым есінде сақтаға­ны
ләзім және күнәкарлықтан сақтанғаны жөн. Сон­
да ғана Хақ Тағала кешірімді болар. Бұл істерді

орындайтын мүмкіндігі бар. Көп адамдардың
бұл мәртебеге қолы жеткен, Әзіреті Расул Акрам
сал­лалаху алайхи салям: «Адамдардың ойында
ашу ғазабы, шауһат шабыты болмаса, қатын құр­

лы емес. Мен де адаммын, ашуланамын кейбір
адамдар ашуланғаны сияқты» депті. Алла Таға­
ла «Әл-и имран» сүресінің 137-аятында: «Сіз­
дерден де ілгері көп жолдар – тәжірбиелер өт­кен.

Ал жерді айналып жүріп, Алланың дінін жал­ған
дегендердің жаман салдарының қандай бола­ты­
нын бір көріңдер» деп хабарлапты.
Алла тағала ашуын жұтушы, халықтың күнә­

сін кешірушіні мадақтапты. Тегінде ашусыздар­
ды мадақтамапты.
Жиырма тоғызыншы тарау

ДҮНИЕНІҢ АҚИҚАТЫН ТАНУ

Дүние – мезгіл сипаты. Адамдар – жолға шы­
ғулар, олардың жолдары Алла тағаланың кеңді­гіне
аттанады. Дүние базары – кең-байтақ, дала саха­ра
жолдарымен шектесіп жатар. Тек мүсәпірлер ғана

ол базардан керектілерін алады. Дүние мен ақы­
рет екі түрлі қасиетімен ерешеленер. Өлгеннен
кейін­гі кезеңді ақырет дейді. Мақсат сол болар,
бұл дүниеде ақыретке қажетті заттарды дайындап

алу болар. Алла адамды әуелде жаратқанда өте
қарапайым, көптеген кемшіліктермен жара­тып­
ты. Солай болған күнде де уақыты жетіп, кемел­
денуне жағдай жасапты. Әзірет Хақ тағала өзінің

кеңдігімен кемелдендіріпті, ол жарылқағанда­ры­
на да жамалын көрсетушілерден. Адамның ең
соңғы бақыт сағадаты да осы болар. Адам көру­
шілер қатарында бола алмас, қашан көңіл көзі

ашылғанша, ішкі жан дүниесінің көзі ашыл­май,
Хақ тағаланың жамалын көре алмас. Сол сияқ­ты,
ілім-білімін де көре алмайды. Ал ілім-білім – Алла
тағаланың дидарын көрудің кілті. Хақ тағала­ның

ғажайып жаратылысымен кемде-кем ұшырай­тын
күшіті құдіретін көрудің құлпын ашып берер.

Алла тағаланың жарату тәртібінің кілті бес се­зім
қалауында болар. Тән қалауы – адамдағы ажы­
ра­майтын қалыпты жағдай су мен топыраққа
бай­ланысты. Сондықтан су мен топыраққа тү­

сіпті. Ал бұл ғаламнан керек-жарақты заттарын
дайындап, өз жаратылысын тану мен қалау жолы
өнерімен Алланы тану арқылы, Хақ тағала ілім

– білімін бойына дарытар. Уақыты жетіп, қалау

қасиетінен айрылса, ақыретке барға­ны болар.
Ал адамның дүниелік болмысының себе­бі осы­
ларға сабақтасатыны баяндалады. Адам­ның дү­
ниде болуы екі түрлі жағдайға қажетті. Бірі –

діл. Ал діл талаптары – Хақ тағаланың ілім-бі­
ліміне құштарлығында. Таратыңқырап айт­сақ, әр
нәрсенің дәм-тұзы өз кезегінде қажетіне лайықты
болар. Бұл жағдай жоғарыда баяндалды. Ділдің

жойылуы себебі сол болар, Хақ тағаланың өзге
нәр­селермен достасуға бет бұрар болса, тәнді
сақ­тау діл үшін қажет. Тән – пәни-өткінші, діл –
мәңгі-бақи болар. Сонымен тән ділге, қажылардың

түйе­сіне ұқсау деуге болады. Қажылар қажылық
жолында сапарда жүргенде қажет болғандық­тан,
түйелерге су, пішен, басқа да жетіп жатса, ол бей­
неттер естен шығып кетер. Ал түйелерді бағу,

қажетті жағдайлардың бірі еді. Уақытымен әр
қажетті жағдайларға көңіл бөлінбесе, керуен то­
бынан ажырап қалып, адасып опат болуы сөзсіз
жағдай. Дәл осыған ұқсас, адам да денесін тәр­

биелеуге көңіл бөліп қарамаса, қажетті қару жа­
рақтарынан жұрдай болып, ақырет бақытынан
мақрұм қалар. Дене – бұл дүниеде үш нәрсені
қажет етпеуі мүмкін емес: жемек, кимек және

мекен-жай. Ішпек-жемектік – тағат-ғибадат қылу
үшін қуат пайда қылар. Ал киім денеңді сақтауға
қажет, мекен-жай ыстық-суықтан сақтап, басыңа
пана болар. Сонымен, адамға дүниеде бұлардан

қажетті зәрулер кем болар. Бәлкім, дүниенің не­
гізгі қажеттілері де осылар болар. Ал ділдің ең
қажеттісі – Хақ тағаланың ілім-білімі болар.
Егер бұдан айырылса, жоғалғаны деуге болады.

Дегенмен, Хақ тағала адам денесіне шауһат құш­
тарлығын пайда қылыпты, оның қалауы әрдайым
тамақ ішпек-жемек, жеңіл, әдемі киінбек және
үй салуды талап етер. Ал дене болса, ру­хының

қызметкері қашан өлгенінше шауһатты бойында
сақтар. Шариатты Пайғамбар Әлей­һус салам
сөздерімен жіберді. Шариаттың негіз­гі шарт­та­
рын сақтауға ықтияттық жасау қажет. Алай­да

бұл шауһат шабыты адам денесінде жас сәбилік
шағында пайда болғандықтан, ақыл мен шариғатқа
көсемдік жасады. Сондықтан адам да бар қымба­
тын тағам және киім, үй-жайға жұм­сады.

Осымен сен дүние, ақырет ақиқатымен дү­ние­
лік талаптардың (қажеттіліктердің) бәрін таны­
дың. Енді дүниеде бұтақталуын және шүбәлі
жер­лерін танып ал.

Отызыншы тарау

ДҮНИЕГЕ БЕРІЛМЕКТІҢ ЗИЯНЫ

Уақытымен дүниенің жай жапсарына назар
аударсаң үш нәрседен ғибраттануға болар. Бі­
ріншісі – жердің бетінде жаратылғандардың
есеп­сіз көптігі. Бұларды жанды-жансыз деп

те өсімдік, хайуанат деп те атап жатады. Жер­

ді мекен етіп, зиярат ету үшін жаратқан. Ал он­
да­ғы заттар – алтын, күміс, мыс, және темір –
құрал сайман, басқа да заттарды жасау үшін қа­
жеттілер. Ал жануарлар жемек, мінбек үшін

қа­жет. Адамдардың жан ділдерін бұларға үйір
қылыпты. Бірақ ділді дүниеге қызықтырмап­ты.
Ол тәннің қабілеттілігін, дұрыс қызмет істе­уін
жолға қойып отырар. Ділді дүниеге қызықты­ру

мәселесінде неше түрлі сипаттар пайда болар,
оның себебі тәннің өлуіне байланысты. Соны­
мен, бірге ашкөздік пен бақылдық, қастандық
пен дұш­пандық, басқа есепкерлер де баршылық.

Де­нені дүние игіліктеріне дос еткеннен кейін
діл өзін ұмытар және кейбірі бар қымбатын дү­
ниеге сарп етер. Сол себептен дүниенің негізгі
игілі үш нәрсаеден тұрады: тағам, киім, мекен-

жай. Өнер­мен нашықтану адамға қажет. Олар да
үшке бөлінеді: диқаншылық, тоқушылық, құр­
лысшы­лық. Бұлардың әрбірінің бұтақшалары
бар. Мы­салы, тоқушылық, шығырықшы және

жіп иіру­ші, бұлардың ісіне де көмектесіп қажетті
дә­ре­жеге жеткізер. Сондықтан тоқушы және егін
егушілердің түрлі аспап, құрал-саймандардың
қа­жеттілігі болар. Ағаш, темір бұдан да басқа

заттар қажет болар. Ал адам бар қажеттіліктер­
ді бір өзі тауып, тауыса алмас. Басқаға қажеті
түс­кен себебінен халықара қызметі пайда болар
және әр кісі өз ақысына риза болмай, бір-біріне

қастық жасар. Бұл жағдайдан да үш түрлі сипат
пайда болар: бірі – салтанат пен саясат, біреуі –
қазы­лық және бірі – өкімет. Бұлардан басқа діни
қағи­да, жол жоралғы мен салтанат және саясат

заңдарын халыққа жария етер. Осы істермен
дүниенің ой-қыры толықтанып, адамдар рухани
ба­қыт са­ға­да­тын ұмытар. Бұл дүниенің асыл не­гізі
үштіктен тұрмайды екен. Тағам, мекен-жай және

киім бұлар тәнді сақтау үшін, ал тән – ділді сақ­
тау үшін керек. Себебі, дене – ділдің қыз­меткері.
Діл – Хақ тағалаға тән. Ал адам о дүниеге жал­ғыз
кетумен бірге, өзін де және Хақ тағаланы да есі­нен

шығарыпты. Сонымен қажылық ниетімен шық­
қан адамдар түйелерін семірітпекпен шұғылда­
нып, керуеннен қалып кетіп өзін де, Қағбаны да
есінен шығарғандықтан, адасып, қажы бола ал­

май, қор болған «Қажылардың» халіне ұқсар. Мі­
не, дүниенің ақиқаты осында болар. Әр кісі өзін
бұл дүниеде: мүсәпірлік жағдайда тұтпаса және
қымбат дегенін ақыретке арнамаса, дүниенің

уақ-түйегінен қолын үзе алмай, қызығына түсу­
мен әуре болса, ол дүниенің негізгі асылын та­
нымағаны болар. Бұл білместіктің себебін, Әзі­
реті расулі акрам салалаху Әлейһи уассалам

ай­тып кетіпті. Дүние Харут пен Маруттан да
артығырақ (жәдігерлеу), одан азар болып шет­
теген жөн. Уақыт өте дүниенің жәдігөйлігі мәлім
болар. Оның мекерлігі мен адастырушы екенін

білмек халықтың парызы болар. Енді дүниенің
жәдігөйлігін бірнеше мысалдармен білдірейін.
Әуелгі мысал – дүниенің жадылығы сол болар,
өзін саған екі ғаламда опа қылғандар қатарында

көрсетер. Әрдайым сенімен бірге болғандай қал­
пын сақтар. Шын мәнінде олай емес. Бәлкім, дәйі­
мі сенен ұзақтап қашуда болар. Бейопалылық,
бейбақтығын аңғартар. Алайда астыртын әреке­

тінен опасыздық, қулық, сұмдығын саған біл­
дірмес. Өзіңнің көлеңкеңе ұқсап жақындап, сая­

лағың келсе, сенен қаша берер. Бірақ жырақтап
кеткені саған мәлім болмас. Ал өміріңде сенен
қашатындардың бірі одан сенің хабарың бол­мас.
Жақын да, жаны да сенімен бірге ұқсап көрі­нер.

Және бір мысал, дүниенің сыйқырлығы сол –
саған өзін дос көрсетер. Ал сен оған ғашық болар­
сың, саған сондай болып көрінер, тіпті, одан өт­кен
әлемде сұлу жоққа ұқсар. Бірақ уақыты келген­де

дұшпандығын аңғартып, сыртын көрсетуі де –
лез­де. Және бір мысалы, ол – жәдігөй немесе жә­
дігөй кемпірге ұқсар. Халықты өзіне ғашық етіп
адастырар, үйіне кіргізіп, оп-оңай қолына түсі­

ріп, жеңіске жетер. Иса Әлейһісалламнан қалған
нақыл екен. «Қанша ой-пікірін жүргізіп, көзбен
көріп, қолмен ұстап, дүниені сұлулар суретінде,
өздерін тіпті білмейтін сипатты, сұлу жүз назды

көзқарастарымен безендіре көрсетер. Бір сұлу­
дан «неше ерің бар?» деп сұраған екен: Дүние
көптігінен оның санының қанша екенін білмей­
мін депті. «Бұларды сен талақ еттің бе, жоқ өлтір­

дің бе?» дегенде айтқан екен: «Бәрін де өлтірген­
мін, қалғандарын да өлтіруге дайынмын» депті.
Иса Әлейһісалам айтыпты: «Таңым бар менің,
ол – ақылсыздар, дүниенің қулық-сұмдығын

көре-біле тұрып және соған бар ықыласымен
ұм­тылып, өзгелерден ғибрат алмайды» депті де:
«Ей, Құдай тағала, сақтағын бізді дүниенің сый­
қырынан» деген екен. Және бір мысал, тағы бір

сиқыры көзіңе көрінгенді мейірімді және опалы
сияқты жарқырата безендіріп көрсетер. Халыққа
жеткізетін бәлелер мен бейнетті жасырып таса­
да ұстар, білімсіз надандар оның сырт-сыпайы

көрінісіне сеніп, таңданар. Оның мысалы нағыз
сайқалдарға ұқсар, жүзіне перде жамылып, әсем
киімдер киініп, безенген түрлі заттарды тағып
алып, өзіне жасанды көркемдік беретіндер сияқ­

ты. Кімде-кім оны алыстан көрсе ғашық, болмауы
мүмкін емес. Уақыты жетіп, оның пердесін сы­
пырса, боямалығы мағлұм болып, өкінішті жағ­
дайға тап болар. Сенімді хабарларда дүниені,

бай­лықты қиямет күні кейіпсіз, түсі жаман, аяр
қа­тындарға ұқсатып қояр. Жүзі кір, лас, көзі көк,
тіс­тері ақсиып, аузынан шығып көрініп тұратын
сұмырай суретімен халыққа көрсетер. Халайық

оның аузынан шығатын сасықтарынан шошына
жиреніп, бұл шерменделік пен рәсуалық қалпы­
нан бойын тартып, шыдамсыздықпен шеттеуге
мәжбүр болады екен. Періштелер айтады: «Бүл

дүние сендердің жақсы көрген сұлуларың еді,
бұның соңына түсіп, бір-бірлеріңе қастық қылып,
нақақтан қанын төктіңдер, рақымсыздықпен қа­
рындас-қауымдарыңды жұрдай қылып қапа­лан­

дырдыңдар, бұған құмар болдыңдар».
Шын мәнінде, дүние сені тозаққа тастар. Дү­
ниелік ақыл да жақсы көрген байлықтарыңа іле­
сіп, отхана мен асхананың – ошақтарына енер.

Және бір мысал, адам өз әзәлдағысына жақсы
eceп берсе, әзәлдің бұл дүниеде болғаны жоқ.
Сол сияқты eceп берсек, атышулы абатшылық та
бұл дүниеде болмапты. Байқағын, әзәл мен абат­

шылықтың арасында неше күн бұл дүниеде болды
екен? Бұл дүниенің мысалы мүсәпірдің сапар
қылатын жолына ұқсар, әуелі бесік болса, ақыры

– көрдегі жай болар. Ал мұның расында неше

санаулы уақыттар бар. Әр жыл – бір мау­сымды
мезгіл. Әрбір сағат – бір қадамға ұқсас. Әрбір

ай – бір парсаңға ұқсар, «парсаң 6 шақырымға
жуық». Әр күн – бір мильге «4000 қадамға» тең
болар. Адам бұл сапарда дәйімі жүрумен әуре.
Кейбірі маусымға жетер, кейбірі парсаңға кетер.

Бұл дүниеде он жыл, я он күн болуың мәлім
емес. Дүниелік ақыл ләззатын дү­ниеден көрер.
Ал оның ренішін, расуалығын ақыретте көрер.
Мұның мысалы сол бір кісінің халіне ұқсар –

тағамның майлы тәттілерін мөл­шерден асық жеп,
оны асқазаны сіңіре алмай, күпті болғандарға
ұқсар. Бұл кеселден көрген машақаты – жегенін
желкесінен шығарып, ақыры үлкен өкінішке

тап қылар. Сондықтан тағам тәтті болғанымен,
оны сіңіру жағдайы сөтті бола бермес. Дүниенің
ләззаты да әрдайым бойға тарап кете бермес. Бұл
жағдай жан берер уақытта мәлім болар. Әрбір

адамның бағы – бостандығы, құл-кәнизагы,
алтын-күміс сияқты қазыналары көп бола қой­
сын. Дүниеден өтіп, жан берер уақытында оны­
мен қоштасып, айырылысу жағдайы өте қиын

болар. Дүниемен қоштасу – өлу – қиыншылық,
ренжулерімен тынбас. Ол достық ділінің сипаты
болар. Ділге – өлім жол таба алмас. Және бір
мысал, дүниенің ісі адамдарға жеңіл де, қысқа да

көрінер. Ал адамдар бұған күмәндана қарап, бұл
іспен шұғылдану жағдайын ұзақтатқысы келер.
Жақыны – сол бір істен мың іс пайда болар.
Бар өмірі де сонымен тәмәм болар. Иса әлейху

саллам айтқан екен: «Дүние іздеушілердің халі,
Шор-Дария суынан ішушілердің халіне ұқсар,
қанша ішсе, шөлдегені сонша өрши түсер, қашан
өліп тынбайынша, шөлдегені басылмас». Әзіреті

расуллі акрам саллалаху Әлейһі уасаллам айт­
қан екен: «Cyғa түскеннің құрғақ шығуға шарасы
жоқ” деп. Дүниеге былғанған кісінің бұзылмауына
лажы жоқ. Және бір мысал: бір адам дүниеге

келіп, ержеткен соң кісіге ұқсап, бір атақты қонақ­
үйге түсіпті. Ол қонақжайдың иесі қонақ түсетін
сарайын жарқырата әсемдеп – бар жағдайларды
жасап, алтын табақтарға түрлі тағамдарды салып

дайындап, күміс табақтарға хош иісті сусындар­
ды құйып, оқтын-оқтын қонақтарды аралап, ұша
етін пісіртіп, бір-бір кесегін қонақтарға береді.
Ол кісі ақылды еді. Қонақүй қожасының әдетін

білетін. Берген тағамдарын рақаттана ішіп-жеп,
жан жадыратар шербеттерінен шөлін қандырып,
өз мекеніне қайтатын еді. Кейбір надан опасыз­
дар кетер уақытында да сол дастарқандағылар­дан

сүйгендерін үйіне алып кетеді деп күмәндана­тын.
Міне дүние мысалы – осыған ұқсас қонақ сарайы,
мүсәпірлер бар жайып қойған қажеттілерін ішіп-
жеп кете береді. Бірақ алып кетемін деп дәме

қылмайды.
Және бір мысал, дүние-ай, ақылдың дүниеге
қызығып, ақыретті ұмытуы – кемеге мініп, теңіз­
де сапарға шығып, жазира шөл жиегіне жет­кен

қауымға ұқсайды. Жиекке шығып, табиғи қа­
жеттіліктерін өтеп, дәрет алып келмек. Кеме­
ші тысқа шыққандардың бір нәрсеге айналып
кешігіп қалмауын ескертеді. Дәрет алудан бас­

қа іске алданбауы керек. Өйткені кеме кешікпей
жүріп кетеді. Сонымен, бір топ адамдар жазира­
ға шығады. Ол топ тез дәрет алып, кемеге кі­
ріп, таза ауалы жақсы жайға орналасады. Бір

то­бы, жазирадан ғажайып таң қалғандай әдемі
құстардың даусын ecтіп, көз жауын алатындай

лағыл-маржан сияқты заттарды көремін деп ке­
шігіп келіп, кемеден жақсы жай таба алмай,
көңілсіз қараңғы жерге орналасады. Және бір то­
бы көргеніне қанағаттанбай, таңсық заттардан

олжаланамын деп, тіпті кешігіп келіп, кемеден
отыратын жай таппай қалады. Бұл топтағылар­
дың реңі қашып, тапқан олжалары бойына та­
рамай, қиын жағдайда қалып, ренжу азабын тар­

тады. Бір тобы жазираның ғажайыптарын та­
ма­шалаумен кемеден ұзап кетеді. Кеме оларға
қа­рамай, жүріп кетеді. Сол жазирада кейбіреуі
шөлдеп өлсе, бағзыларын жыртқыш хайуандар

жеп қояды. Сонымен, әуелгі топ – тәртіп сақ­
тайтын момындардың мысалы деуге болады.
Ақырғы топ тілге көнбейтін тәртіпсіз кәпірлер­
дің мысалы. Өйткені өздерін Құдай тағала және

ақыреттен хабарсыз етіп, бар ықыласын дүние-
байлық, қызықшылыққа жұмылдырып, есіл-дерті
дүние қамы болып, ділдері де дүние махаббаты­на
байланғандардан. Нақыл сүресінің 107-аятын­да:

«Дүниенің тіршілігін және достық махаббатын
ақыреттің мәңгілік өмірінен артық көргендер»
деп айтқандарға осы топтағылар жатады. Арада­
ғы екі топ, момын жалпы пенделердің мысалы.

Бұлар иман негізін саламат сақтағандар. Бірақ
дү­ниеден қол жимағандар. Бағзылар байлығы­
ның көбеюімен көңілді, бағзылар ауыр тұрмыс
жағдайында өмірі өтсе, кейбіреулер кезбеліктің

киімін киіп, қиыншылықпен өмірін өткізеді.
Отыз бірінші тарау

ДҮНИЕНІҢ АДАЛ ИГІЛІКТЕРІ

Нақақтан жамандауға әдеттенген өсекшілер –
дүние шарабынан жаратылғандардан. Дүниедегі
бар нәрсенің бәрі түптеп келгенде, жаман бо­лып
шығатынына күмәнданбағын. Бәлкім, жараты­

лы­сы дүниеге тән емес, дүниеде кейбір нәрселер
бар шығар. Сондықтан да ілім және оны пайдала­
нып амал қылмақ – дүниелік болғанымен, түп­
теп келгенде, дүниелік болмай шығады. Ілім мен

амал – адаммен бірге ақыретке баратындардан.
Амал шын мәнінде өзі жолдас болса, оның әсері
де жолдас болар. Амалдың әсері екі түрге бөлінеді.
Әуелгі бөлігі – діл жауһарын пәк және сап таза

сақтамақта. Күнә қылудан басқа да қолайсыз на­шар
істерден күтіне, сақтана білу керек. Екінші бөлігі

– Хақ тағаланың айтқан сөздерімен бір пікірлес

болу керек. Тағат және ғибадатқа бар ықыласымен
кірісіп, оны бұлжыттай орын­дауы­мен асыл болар.
Сонымен, ілім мен амал ең қажетті істер қатарына
жатады. Ақыретте адам­мен бірге болатындардан,

сондықтан, Хақ таға­ла Құран Кәрімнің Қаһф сүресі
46-аятында: «Жақ­сы істер мәңгі-бақи қалар» депті.
Сонымен, ілімнің ләззаты – ғибадат етіп сыйыну
ләзза­ты. Хақ тағаланың сөздерімен бір пікірлес

болып, оны жан-діліңмен қабыл алудың ләззаты

– бар ләзаттардан артық та және ұлық та болар.

Ілім мен амал дүниелік те, дүниелік емес те дедік.
Ал ләззаттардың барлығы, оның мазмұны бола
бермес. Бәлкім, кейбір ләззаттар дүниелік бол­
мауы ықтимал. Ал біреулері дүниелікке тән бо­

лады да, өлгенінде ақыретке жолдас болып бірге
бара алмас. Сондықтан қатын алмақ және тағат
етуге қуат беруші азық, тамақ, киім-кешек, отан
құрмақ, жыныс қатынасы – бірден-бір дүниелік

қажеттіліктерге жатады. Ал бұларды қадір тұту,
ақырет жолдарының шарттары болар. Дүниеден
тиетін бұлардың үлесіне қанағат қылу керек. Кей­
бір қарама-қайшылық болса да, бұлармен ақы­рет

ісін үлкен талап-талпыныспен орнына келті­ру
керек. Бұл жолда болған адамдар ақылый дүние
(есі-түсі дүниеге шығып кеткендер) қатарында
болмас. Дүниенің мазмұндық мәртебесі сол бо­

лар. Дүниеден ақырет мақсатының нәтижесін
табу болмаса, бәлкім өкінішке себеп болып, бұл
ғаламда тұрақтап қалуға көңілін байлап және
ақыретке жиіркенішпен қараса, бұл жағдайда

бол­мақ жиіркенішті мазмұн болар. Осыған бай­
ланысты, Әзірет (С.Ә.У.) дүние лағынатталған
(жиіркенішпен қаралған) және түрлі нәрселер
дүниеде болар. Олар да лағынатталған. Егер Хақ

тағаланың айтқаны мен сөздеріне сай болса, ме­
дет, көмек беретін нәрселер мақтауын тауып, жақ­
сылығы баяндалады. Сонымен, бұл дүние мақ­
саты мен ақиқатын мұншалықты сөз етуімнің өзі

жеткілікті шығар, қалғанын үшінші бөлімде баян­
дармын. Инші Алла тағала.
Отыз екінші тарау

АҚЫРЕТ АҚИҚАТЫН ТАНУ

Біліп алғын, ақыреттің ақиқатын ешкім де
тани алмас. Қашан өлім ақиқатын таныған­ша,
өлімнің ақиқатын білмес. Қашан тірлік ақиқатын
танығанша, тірлік ақиқатын танымас. Қашан

рухының ақиқатын білгенше, рухын тану ақи­
қаты, өз жаратылысын танумен байланысты
еке­нін жоғарыда айтып өткенмін. Жоғарыда ай­
тылғандай, адамның денесі қызметкерлерден ғой.

Екі асылдың бірі – рухы, біреуі – дене болмы­
сы. Ал рух – атты кісіге, дене болмысы – оның
қызметкеріне ұқсар және бұл рухқа ақыретте
қыз­меткер орындаушы ретінде, дене қалыбы­ның

қажеті болар. Және оған жұмақ пен тозақ та бар.
Ол pyx қалыбының ешқандай серік немесе өнімі
болмай, өз затына да қажеті болмас. Онда тозақ
пен жұмақ, бақыт пен бақытсыздық та бар. Бар

игілік ләззаттары діл қалыбына сай пайда бол­май,
өздігінше пайда болар. Бұларға «Жұмақ руха­ни»
деп ат қойдым. Ғалам және бақытсыздық, дене
қа­лыбының орындаушысы болмастан, рухқа

жетуін «От жалын руханиы» деп атадым. Бұлар­
ды «Жұмақ пен тозақ» деп атайды. Орындаушы
қызметкер денемен бірге болар. Жалпыға мәлім
жұмақта түрлі-түрлі дарақ, миуа, шербет, пәк таза

шарап, әдемі сарай, хор қыздары, түрлі қажетті
игіліктердің бәрі бар. Ал тозақ ішінде жылан-
шаян, от-жалын, көлеңкесіз, көріксіз ербиген алып
дарақ, ысқырған ыстық самал және бұдан бас­қа

да азаптаушы ғаламаттардың көп екені мәлім.
Жұмақ пен тозақтың сипаты Құран хабарларын­
да мәлімденген. Бәрін де пайымдайтындай етіп
„Ихио” атты кітабымда өлім жайында айтылған

сөзімде баяндағанмын. Бұл жерде өлім ақиқатын
баяндамаймын. Рухы жұмақ және тозаққа иша­
рат жайынан айтпақпын. Бұларды әр адам біле

бермес. Осы жайында Хадиси құдсида хабар бе­
ріп: «Жақсы жолдағы пенделерім, жақсы жол­
дағы пенделерім үшін, бәрін де дайындап қой­
ғанмын, оларды біреу көрмеген де, біреудің құ­

лағы есітпеген де, олар ешкімнің де қаперіне
келмеген де” дейді. Ал бұл дәулет пен игіліктер
жұмақ руханида болмақ, ділдің ішкі жағынан,
ғалами періште жағына қарай есік бар. Сол есік­

тен жоғарыда айтылған игіліктердің бәрі еш­
қандай шүбәсіз анық көрінер. Ол адамдарға жұ­
мақ есігі ашық болар. Ақыреттің бақыты, ша­
рапатының несібесі, өткір көз, сезімталдық – қа­

сиетті нәтижесімен раушандалып, анық көрініп
тұрар. Естіп, ғибраттанудың қажеті жоқ. Бәлкім,
сондықтан да денеге тәуіптің бақыт әкелуі немесе
бақытсыздық әкелуі мүмкін, оны саулық неме­

се кесел ауруы деп айтар. Саулықтың себебі, аз-
аздан өте тоя жемеу. Бір қалыпты мөлшермен
жеу керек. Ал кеселденудің себебі, мөлшерден
артық тоя жеудің себебінен болар. Осыған ұқсас

тәжірибелерімен мәлім болуға тиіс. Ділге, яғни
рухани адамға бақыт та, бақытсыздық та бар.
Ғибадат пен мағрипат (ілім-білім) бақыттың
дәруі, білімсіз надандық – бақыттың тосқауылы,

у-захәәрі деуге болады. Сонымен, бұл ілім – ең
бір ғазиз және теберік те. Ғұламалар бұл ілімді
көп үйрене алмадық деп өкініште болар. Бәлкім,
кейбіреулер ілімге іңкәр емес, тән алмайтындар

болуы мүмкін. Жұмақ-тозақты қолымен ұстап,
көріп, сезетін жанды дүние деп түсінер және
ақыретті тану үшін есту, тыңдау, ғибраттану ар­
қылы нақпа-нақты біле алмас.

Бұл сөздерді кең түрде талдауды „Ихио” атты
кітапта көптеген дәлелдермен баяндағанмын.
Адам­дар зерек және дана болып, ішкі жан дүние­
сін күнәдан таза ұстаса, бұл ілімге жол тауып

ақырет діліне мықты және берік болар. Керісін­
ше жағдайда, халықтың иманы ақыретке зағиб
және сус болар (яғни ақыретке соқыр сеніммен
бару деген сөз). Егер ақиқатты қаласаң, өлімнің

әсерінен осыларды пайым қылғайсың адамда
екі рух бары белгілі болды. Бірі – хайуани рухы,
бірі – періште рухы жынысынан. Бұны адами
немесе Инсани рухы деп атайды. Рух – хайуани­

дың мағынасы сол діл болар. Бұл деген – бір парша
ет, адам кеудесінің сол жағына жайғастырылған.
Рух – хайуани құрылыс шеберлерінің тілсіз сөз­
деріне ұқсас, хайуаннаттың ішкі жан-дүние­

сінен болар. Оның мінезі мен әдеттері тағат ғи­
батшылар сияқты. Рухани-хайуани – бұл бір рух.
Яғни, зауарип атты тамырдың әрекет ықпалы
мен көмейге және дененің қабат ағзаларына тар­

ар. Рухы күш-қуат, қимыл-әрекеттерді көтеріп
жүруші болар. Уақытымен бұл рухы тамыр
мен көмейге жетсе, ыстығы көтеріліп, тағат-ғи­
батшыл болғысы келер. Көз сол рухтың қуаты­

мен көре алар. Құлақ та соның ықпалымен ести
алар. Бәл­кім, жалпы сезімдердің бәрі де, сол рух
деп қуаттанар. Сонымен, рух-хайуанның мы­
салы – шыраққа ұқсар. Шырақты қараңғы үй­ге

қойса, қараңғылықты жарық етер. Осыған ұқ­
сас, Әзі­реті Хақ, нұрлы тағаланың құдіретімен
рух хай­уани денеде болмақпен бірге көру, есту
және басқа да сезімдер арқылы қуатқа ие болар.

Егер бағзы тамырға тоған байлап, рух-хайуани
сейілге шықса, ол түрлі іс-әрекеттерден қалып,

қураған шөлге айналар. Сонымен, рух-хайуани –
шырақтың отына ұқсас, ал діл – пілігіне ұқсас.
Сондықтан шырақта май болмаса, шырақ өшер.
Осыған ұқсас адам ішіп-жемесе, хайуани-рух

халі нашарлап, жеңіліске ұшырап, адам өлімге
тап болады. Шырақтың пілтесі май талап ет­
кен сияқты, хайуани-рухы да ішіп-жеуді талап
етер. Сол сияқты шыраққа таяқ немесе тас тисе,

ұшып түсер. Егер пілік пен майы орнында бол­
са жанады. Осыған ұқсас адамға, хайуанға
қатты зақым жетсе, оның себебінен өлер. Егер
рух хайуанидың сипаты тағат-ғибадатта болған

күнде де, рух-хайуани қуат пен сезім әрекеттерін
Хақ нұрлы Алла тағаланың жол дәстүрімен,
аспан періштелері – нұр сәулесі арқылы қа­был­
дар. Уақытымен рухи-хайуани мінез сипа­тын­

дағы ыстықтық үстемдігі, не болмаса суық­тық
қасіретінің көбеюі, басқа себептердің ба­сым­
дығымен періштелер нұрын қабылдауға мүм­кін­
дігі болмай қалар. Сол себептен айнадай анық,

болса, барлық суреттерін қабыл қылар. Уа­қыты
өтіп, шаң басса, қараңғы күңгірт тартса, еш­
қан­дай да суретті қабылдай алмас. Рух-хайуани
періштелер нұрларын қабылдауға, бар қалыбы­мен

ғибадатта болуы шарт. Уақыты жетіп рух-хайуа­
ни әдеті жоғалса, періштелер нұрларын қабыл­
дай алмас, сезім әрекетінен де қалар. Сонымен,
адам мен хайуандардың өлгені осылар болар.

Бұл рух хайуани әдеттерін қатардан шығарып
тастаудың себептерін іске асырушы, Алла та­ғала
Махлұқатының мақлұғы оны «мәләкул мәуіт»
деп атар, халайық содан біліп алар. Рух ақиқа­

тын танымаған жағдайда хайуанат өлге­нінің
мағынасы осы болар. Жалпы адамның өлуі және
бір себеппен болар. Өйткені адамда рух-хай­уани
бар ғой. Және бір рух бар екен. Оны рухи адами

деп атағанбыз. Және оған діл деп ат қойдық.
Өткен тараулардың кейбіреулерін­де баян­даған
болатынбыз. Алайда, рух-адами – рухи-хайуа­
нидан емес. Рухи-адами жасайды, яғни де­не

емес. Сондықтан тағдырды қабылдамайды. Хақ
таға­ланың ілім-білім мағрупаты рухи-адамида
қарар табар. Хақ тағала жеке дара болғандық­тан,
ілім үлесін қабыл қылмас. Даралардың мағри­

пат ілімі де жеке болмақ. Ілім үлесін қабылда­
мас. Хақ тағаланың мағрипаты ілім үлесі өзінде
ғана қарар табар. Сонымен пілік, шырақ оты, нұр
шырақ, бұл үшеуін байқап көргін: пілік – діл­

дің мысалы, шырақ оты – рухани-хайуанидың
мысалы, шырақ нұры – рухи-адамидың мыса­
лы. Сондықтан шырақтың нұры, шырақ отынан
абза­лырақ. Оған анықтаманың керегі болмас.

Ру­хи-адами да осыған ұқсас – рухи-хайуаннан
артығырақ үлес тарату оған жол таппас. Бұл мы­
сал рухи-адамидың маңызы мен нәзіктігіне на­
зар салмақпен анықталар. Және бір себеппен,

бұл мысал анық дәлелденбес. Шырақтың нұры
шыраққа бағынышты және оның шашыраған
ша­пағаты бұтақ тармағы сияқты. Уақыты келіп,
оның әсілі, негізі жоқ болса, одан тарайтын

нұры да жоқ болар. Сонымен, рух-адами, рух-
хай­уаниға тәуелді емес. Анығы рух-адами жоқ
болмас, бәлкім, мұны қаласаң иман нұрын жо­
ғары етерсің, шырақтың нұрынан жақсырақ бол­

сын десе, шырақтың бір жағы ол нұрмен бол­ғай.
Ол уақытта бұл мысал дұрыс келер. Ал рухи-хай­

уани – рухи-адамидің қызметкері сипатты. Уа­
қы­ты жетіп, рухи-хайуани жоқ болса, өлсе – со­
лай болмақ. Онда бәрібір рухи-адами өз жайын­да
қалар. Бірақ қызметкерсіз әлсіздікте болар. Ал

қызметкердің өлуі, хал-жағдайын нашарлат­қа­
ны­мен, атқа мінерлері де түгелдей жоқ болмас.
Сонымен, рухи-хайуани, рухи-адамиға куш-қуат
беретіндерден екен. Хақ нұрлы Алла тағала, мағ­

рипат ілім-білімін көсем басшы еткей! Егер мағ­
рипат көсемін қолға берсе, хал жағдай және қыз­
меткерлері жоқ болмағы, рухи-адамиға жақсы­лық
болған артықшылықтан құтылар. Бұл жайында

Әзіреті расул акрам: «Өлім – болмысқа сауға да
тартуда» депті. Сонымен, кісі әрбір демін сайд­тік
үшін (көсемдік үшін) сақтар. Уақытымен сайд­
тік қолға келсе, демінің таусылып, жоқ болуын

ғанибет деп білер. Егер Алла тағаладан пана ті­
лемек, сайдтік қолға келместен, ілгері (бұрын),
бұл жағдайға сай қызметі болмаса, оның қасіреті
мен күнәсіне шек жоқ. Бұл ғалам қасірет-азабы

қабірінің алғашқысы болар.
Отыз үшінші тарау

АДАМИ РУХТЫҢ АҚИҚАТЫ

Осы кезден біліп алғын, хайуани-рух – бұл ға­
ламдық төменгі дәрежедегі тән түзілісі болар.
Шы­ғыт тастындылары төртке бөлінеді: олар – су,
от, топырақ, жел-ауа және әуестену әдеті (яғни

қалауы) сол сияқты қан, қақырық, запыран, жал­
қық. Сонымен су, от, топырақ, жел және қалау қал­
пы қызығу, әуестену әдеті, әр түрлі де, бір-бірімен
сабақтас болмақта. Ыстықтық пен суықтық, ыл­

ғал­дық пен құрғақтық, мығдарлық өлшемінің
ара-қатынасы тәуіп, дәрігерлік іліміне қажет бо­
ла­ды. Бұл төртеуінің орта дәрежедегі ара қаты­на­
сы ыстық және суық, құрғақтық пен ылғал­ды­лық

тең түсуі – орташа, жағымды делінеді. Орташа
ұс­тамақпен хайуани-рух қалыбын (сипатын) сақ­
тай білу керек. Бұл адами-рухқа қызмет етіп,
күш-қуат беретіндерден болар. Сонымен, адами-

рух, бұл ғалам сапындағылардан емес. Бәлкім,
жо­ғарғы ұлық, ғалам періштелер жауһарынан
бо­лар. Бұл ғалам да рухы тән шахарында ғаріп-
мүсәпірлерден, бірақ бұл адами-рухқа ғаріп­тік

себебінен ақырет сапарына қажетті затта­рын
дайындап берер. Сол себептен де Хақ таға­ла
Бахара сүресінің 38-аятында, 71–72-аяттарын­
да: «Бұл – ақиқат, адамды топырақтан халық етіп

жаратқан мен боламын. Уақытында дайындап
адам жасайтын, адам денесіне өз рухымды пай­
да қыл­дым» дейді. Міне, бұл аяттарда екі рух­
тың бар екендігіне ишарат бар. Біреуін алғаш,

яғни лайға қарығанда пайда қылыпты. Және
оның жаратылыс қалыбына бұл ғибаратпен бір­
ге жақсы хабар жіберіп, оны шын мәнінде, жан-
жақты дайындадым депті. Міне, қалыпқа түсіру

деген осы болар. Одан кейін рухиды өзіме тән
дейді. Бұның мысалы сол болар. Бір парша ма­
таға от тұтатпақшы болсаң, әуелі ол матаны от­
ты қабылдауға жақсылап дайындау қажет, одан

кейін матаны отқа жақын келтіріп үрлер, со­дан
кейін ғана от тұтанар. Хайуани-рухқа да си­
пат қалыбы қажет, және тәуіп-дәрігерлік ілі­
мінде ол рухидың қажеттілігін біледі. Осы жол­

мен аурудың алдын алып, өлім қаупінен аман
сақтайды. Осыған ұқсас адами-рухтың ақиқаты
діл болар. Оның да қалыбы бар. Жақсы ғибадат
және ұқыптылықпен шариат жолы арқылы оны

білуге болады. Өйткені, шариат адами-рухды бір
қалыпта сақтар. Оның саулығына себеп болар.
Бұдан кейін мұсылмандықтың ұлық дәреже­сін
баяндаймын. Кісілер ақиқатында адами-рухты

біл­месе, ақыретті де зеректік парасатымен тани
ал­мас. Хақ тағаланы танымақ та мүмкін емес. Өз
жаратылысын танымақ – ақыретті танымақтың
кілті болар. Діннің негіз әсілі – иман келтіріп,

Алланы тану мен ақыретті тану болар. Осы тұр­
ғыдан алғанда бұл ілімді жан-жақты талда­дым.
Жалпы адами-рух ұлықтығының бір сырын баян
еткенім жоқ. Себебі оны баяндауға рұқсат жоқ.

Ол ешбір жанның да пайымына сыя бермес. Хақ
тағаланы танымақ және ақыретті танымақ – бәрі
осы бір әсілге байланып қойылған. Қиын­шы­
лық­та, оны жеңу қайратының тарихымен ғана

ол әсілді білерсің. Егер біреуден естісең оны
қол­ға түсіріп, тұта алмассың. Ал халық Алла
та­ғаланың өлшеусіз бұл сипатын аңғарған-ды,
бірақ сене берме. Бұл сипат адам болмысында

бар екеніне қалай сенесің? Бәлкім, ол сипат Хақ
тағаладағы жаратылыста бар екеніне аят, ха­
дистен айдан анық дәлел жоқ болар. Пайым
ақылына сыймаған сөзді, халық естумен ғана

ің­кәр болар деп Пайғамбар Әлейһумус салам:
«Адамға ақыл және пайымына сыятын сөзді ай­
тыңдар» депті. Әнбиелердің кейбіреулеріне уа­
қи хабар келіпті: «Сипаттарымнан халайықтың

пайы­мына сыймайтынын баяндамаңдар. Тек
пайы­мы жететінін ғана айтыңдар, егер пайымы
жет­пей іңкәр болса, өздеріне зиян болар”.
Отыз төртінші тарау

РУХТЫҢ МӘҢГІ-БАҚИЛЫҒЫ

Шындығына келгенде, адами-рух – қалып­сыз,
өз затында – мәңгі-бақилық. Өз затының жөн-
жоба, діл сипаттарының қалыбын айту қажет­сіз.
Өлім – ақиқат рухын набыт қыла алмас. Бәл­кім,

өлгеннің мәнісі – адами-рухты қолына алу­дың
әрекеті болар. Өлу, өлгеннен соң тірілу, мәңгі
ұйқының мағынасы ол емес. Рухының өлген­нен
соң тірілетініндігі болар. Бәлкім, мағынасы сол

болар, рухын қалыбына келтірер. Бұл мән арқы­
лы набыт болған денені жан-жақты дайындап,
рухының қолына берер. Сондықтан әуелгіде де
бұл сияқты жағдай жасаған болатын. Мүмкін

ал­ғашқысынан оңайлау болар. Ілгеріде де рух
қа­лыбы айқындаған еді. Ұйқыдағы кезінде рух
мәңгі-бақи, ол қалыбының дәрменсіз әлсіздігі де
мәңгі-бақи болар.

Отыз бесінші тарау

ДЕНЕ ЖӘНЕ РУХ

Жолдары белгілі бұл мәндегі діл ілімділері­
нің арасында адамның өлімімен бірге, рухы да
жоқ болады дегендер табылар. Тек одан кейін
қайтадан денеге келтірер дегендер де болар. Бұл

қаулы – теріс қаулы, әр кісі біреудің сөзімен амал

қылса, құры алақан болар. Сонымен, кісі бұл жол­
ға бара қойсын, ақылдың ішкі көрінісі емес, сырт­
қы көрінісі деуге де жарамас. Егер ақылдың ішкі
көрінісінен хабары болса білер еді, дененің өлме­

гі – рух ақиқатын набыт қыла алмас. Егер акыл­
дың сырт көрінісі болса, аят пен хадис мазмұны­
мен білер еді.
Адам өлгеннен кейін рух екіге бөлінер: бақыт­

тылар, бақытсыздар рухы деп аталады. Бақыт­
тылар рухы жөнінде Құранның Әл-и Имран» сү­
ре­сінің 169–170-аятында: «Ол тайпалар Хақ жо­
лында өліпті, өлік күмәнданбағын, бәлкім, олар

Хақ Тағаланың өз пәзіл-кәрәмінен сый еткен игі­
лік­терінен аямастан, мархабат етіп берген түр­лі
нәрселерінен шад-шадыман көңілденген бо­лар».
Алайда, кәпірлер оның сыбайластары жө­нінде,

Әзіреті расуллі акрам (С.Ә.У.) Бадр шай­қасында
өлтірілген кәпірлерді жинатып, бір құ­дыққа тас­
татты. Әзіреті расуллі Әлейһихус салам ол құдық­
тың басына барып, кәпірлердің әрбірінің атын атап

айқайлап: «Ей, пәленше, уәде бойынша, Құдай
та­ғала дұшпандарға қаһар ашуын төгіп, жаза бе­
руді біздерге тапсырып еді. Бәрін де шын мәнін­
де орындап шықтық. Құдай тағала ол уәделерін

ақырына жеткізді және сіздерге де өлгеннен кейін
азап қинауға саламын деген уәделерінің ақиқат
екенін көрдіңдер ме?» деген екен. Сахабалар: «Я,
Расулилла, бұл мүрде өлік қой, өлілер де сөзді

есітеді ме?» – дегенде, Әзіреті Пайғамбар (С.Ә.У.):
«Қасам етемін, Құдайдың атымен, Мұхаммедтің
жаны – оның құдіретті қолында. Өліктер, сіздер­
ден есіткіштеу, бірақ жауап беру қасиетінен

айрыл­ған» депті. Әрбір адам өліктермен тамырлас
болған хадистер және ақпарлардан хабардар бол­
са, соншалықты ақыл, қайғы-қасіретінен хабар­
дар болмағы және зиярат қылғанды және ғалам­да

болып жатқан жағдайлардың бәрінен де хабары
болар. Сонымен, сенімді хабарларға қарағанда,
рухының жоғалуына ешқандай негіз жоқ. Бәлкім,
сипат уақыт жоқ болар. Сондықтан, хадисте кел­

тірілгендей, қабір – адам рухы жасайтын ғар (үң­
гір) және ол – тозақтың ғарларынан, жұмақтың
бау-бақшаларынан болар.
Өлумен бірге, өз затыңнан және затыңа ұқсас

тиісті сипаттардан ешқайсысы жоқ болмайды. Бі­
рақ қалау сезімдерінен: әрекет, тағлым, тәбет, кем­
ей мен ағзалар мақсаты бір еді. Өлген соң бұлар
жоқ болар. Дүние ләззатынан бөлектенерсің (оңа­

ша, жеке қаларсың). Сондықтан адам денесі қыз­
меткерге ұқсар. Кісінің аты өлсе, жаяу қалар. Ал
кісі білімсіз болса, данышпан болмас. Егер көр
болса, құрылыс үй-жайларды, түрлі өрнектерді

көре алмас, керісінше де солай болар. Атсыздар
жаяу қалар, сонымен дене қызметкердің де рухы
атқа мінер. Рухы бар қажетті заттардан өзін аулақ
ұстап, Хақ тағаланың айтқандарының ағысына

ғарық болып шомған күйінде, бір пікірлестікті та­
бандылықпен алып барса, сонда ғана сопылық жо­
лының даңғылына түсер. Ол жолдың талап-тал­
ғамы осындай болар. Ақырет ахуалын көре білуге

талпынар. Өзгелерге өлгеннен кейін мәлім бола­
тын нәрселерді, болған, көрген нәрселердің бәрі
де есте қала бермес. Бірақ әсері мәңгі-бақи қалар.
Жұмақты оған көрсеткен болса, pyx рақат және

шат­тықта болар. Ол кісіге көңіл шаттығы нәсіп бо­
лар. Егер оған тозақтың белгілерін көрсетсе, азап-

қиыншылыққа тап болар. Ал көрген оқиғалары жа­
дында болса, әңгімелеп берер. Сондықтан ай­тыл­
ған нақыл бар екен. Әзіреті расуллі акрам (С.Ә.У.)
намазда тұрып, қолдарын созған екен. Намаз­дан

кейін сахабалары арыз айтып: «Ей, Расулилла, не
себептен намазда тұрғанда мүбәрәк қолыңызды
ұзаттыңыз» дейді. Расулилла (С.Ә.У.) айтыпты:
«Жұ­мақтан бір бас әдемі піскен жүзімді алғын деп,

бұл дүниеге келтіруді жөн көріп, қолымды соз­
ғанымда, кенеттен ғайып болды» депті. Ал сен,
жұмақ игілігін бұл ғаламға келтіруге болмас па
еді деп күмәнданбағын. Жұмақтың игілігін бұл

ғаламға келтіруге болар еді. Егер Әзіреті Расулла
(С.Ә.У.) келтіремін десе, келтірер еді. Оның қажет,
қажет еместігін әңгімелеу ұзақ. Бұл кітабымыз­
дың көлеміне сыймайды. Әзіреті расул Әлейһиса­

лам жұмақтың ахуалын Жәбрейіл Әлейһисалам­нан
есту арқылы баян қылады дейді. Әзіреті расуллі
акрам (С.Ә.У.) жұмақты өздері көріп баяндаған­нан.
Жұмақ ақиқатын бұл ғаламнан көрген жоқ. Өзі бұл

ғаламнан ғайьп болып, ол ғаламға барып көрді.
Бұл жағдай Расуллі акрам (С.Ә.У.) бір уақытта
Миғражға барғаны дәлел болар. Сонымен қатар,
ғайып болу екі жағдайда пайда болар. Бірі – хайуа­

ни-рухтың өлуіне байланысты, бірі – адами-рух­тың
сейіл қылуына байланысты. Алайда жұмақты бұл
ғаламда көруге болмас. Сондықтан жеті қат аспан,
жеті қабат жер бір пісте шопағына сыймас. Осыған

ұқсас, жұмақ та бұл ғаламға сыймас. Ада­мидың
бұл ғаламдағы қалауы, әуестік сезімі – жұмақты
көрмекке тағат келтіре алмас. Ал ол ға­ламның
қалау-әуестік сезімі – өзгеше болар.

ҮШІНШІ БӨЛІМ

«ЕЙ, ПЕРЗЕНТІМ...»

Тағы бір айтатын мәселе, Алла­
ның жақсылық, мархабаты мол, мейі­
рім-шапағаты өлшеусіз деп халық­ты
адастырып қоймағын!

Жүз жыл білім үйреніп, мың кітапты
оқып шықсаң да, ондағы айтылған­дар­
ды іске асырмасаң, Алланың мейірім-
шапағатынан үміт етуге хақың жоқ.

Өлгеннен соң халім мүшкіл болма­сын
десең, бүгін ойлан!

Бірінші тарау

ІЛІМ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ ҚОСУ

(Тараудың алғы сөзі)
Ей, перзент, сақ болғын, Расулилланың үмбет­
теріне айтқан ақылдарының бірінде: «Алла таға­
ла пендесін өз кеңдігінен жырақ ұстауының се­

бе­бі – ол пенденің ақыретте пайда бермейтін іс­
тер­мен шұғылдануынан болар. Ол кісі өмірінің
титім­дей болса да бір сәтін босқа өткізсе, соның
өзі қия­мет күні өкінішті жай. Бір адамның өмі­

рі қырық жас­тан өтсе, жақсы істері жаманынан
ар­тық болмаса, бұл кісі де жаһәнға дайындық
жасай берсін» депті. Осы бір хадисте ақыл ілімін
қастерлейтін ұлық ғибрат бар. Ей, перзент, наси­

хат айтпақ оңай. Алайда оны қабыл ету қиын екен.
Кейде насихат айту көңіл талабына сай келген­
мен, істі атқарушы кісінің табиғатына сай кел­
меуі ықтимал. Оның себебі, шариғатта жаратпай

тасталған нәрселер. Сол бір сәтте ол кісінің көңі­
ліне мақұл келіп, оны қолынан шығарып таста­
ғысы келмейді. Ақиқатында, сондай кісілерге ка­
ләм, шарип, басқа да қисынды ойлау ілімінің тала­

бынан тыс айналып, заң ілімімен керегінен артық
шұғылданып, көңілі қалаған дүние істеріне ес-түсі
бүтіндей ауып кетеді. Бұларға да насихат айту өте
ауырға айналады. Өйткені олар: «Бұл жеке іліміміз

Алланы разы қылуға және жаһаннамнан құтылу­
ға пайдасы болар» деген күмәнді пайымдауларға
берілгендер. Және ілім болғанымен де іске қаже­
ті жоқ деген ұғымға сай іс істейтіндерден. Осы

сияқтылардың өзімен ғана қанағаттанып, істерін
істеп жүргендер баршылық. Мұндай кісілер ша­
ри­ғатты құрметтеген болып, олар ілімі бола тұ­
рып амалға аспаса да бұл сияқты жайттан пай­да

жоқтығын білмейтіндерден. Қабыл етіп, оқып
үй­реніп, оны іске асырмай тастаған адамдар­
дың қия­мет күніндегі азабы екі есе артық болар.
Расулилла (С.Э.У.): «Оқыған ілімі пайда берме­

ген ғалымның қияметтегі азабы қатты болар»
депті. Айтылып келе жатқан дерекке қарағанда,
Жүнайт Бағдади дүниеден өткен соң, бір кісі
түсінде ол бір қасиетті ғазизден сұраған екен:

«Ей, Абул Қасым халіңіз қалай?» деп. Сонда ол:
«Оқылған ілімдер бекер болды. «Оны істе, бұны
істемеге» ұқсаған нәрселер жоқ болды. Тек түнде
тұрып оқыған намаздар ғана пайдаға қалды»

депті.
Ей, перзент ісіңде амалсыз болма,
Сопылардың сөзінен хабарсыз болма.
Іске асырылмаған ілім ешқашан пайда бермейді.

Мәселен, бір кісі шөлде жалғыз қалды делік. Оның
он бірдей үнді қылышы және басқа да құралдары
бар болсын, өзі де мықтылардан бола қойсын.
Кенеттен бір жолбарыс оған қарсы шабуылға

шықса, сол құралдарының өзі апаттан сақтай ала
ма? Жоқ әлбетте, оны өз қолымен қайратын іске
қосқанда ғана, апаттан аман сақтап қалады.
Құрылысшы бір кісі жүз мың мәселені оқып-

үйреніп, оны басқаларға үйретсе, ал өзі оны біле
тұрып, амал қылмаса, іске асырмаса, мұнда өзіне
келетін не пайда бар? Айтайық, бір адамның
ыстығы асып, запыранды дертке жолықса, оның

емі – „Сканжабин” – запыран айдайтын дәрі бо­

лар. Кеселденген сол дәріні тауып ішіп, іске асыр­
маса, оның ахуалы дұрыс болмас.
Екі мың қадақ шарапты шөлмекке өлшеп құйсаң да,
Mac болмайсың ішпесең, жан-жағыңа қойсаң да.

Мысалы: Жүз жыл ілім үйреніп, мың кітап­
ты оқып шықсаң да, ондағы айтылғандарды іске
асыр­масаң, Алланың мейірім-шапағатынан үміт
етуге хақың жоқ. Бұл сияқтыларды Алла тағала

Құран Кәрімде: «Адам әр уақытта істеген істері­
нің нәтижесінде пайда көрер. Кімде-кімнің Алла
тағаланың жамалын көруден үміті болса, жақсы
істерді істесін. Уақытында істеген жақсы істері –

өзіне жақсы сый, жаман істері өзіне жаман жаза
болып қайтады. Көптеген кісілер иман келтіріп,
тура, таза жолменен жүрер. Оларға жаратқан ие
Фирдауси жұмағын мекен етер» депті.

Ей, перзент, бұл хадиске не дейсің? Ислам бес
амалмен жүзеге шығып, іске асады: біріншісі –
Құданың жеке даралығы, Мұхаммедтің Пайғам­
бар­лығына сену, иман келтіру; екіншісі – бес

уақыт намазды орындау; үшіншісі – зекет беру;
төртіншісі – рамазан айында ораза тұту; бесін­
шісі – шамасы келсе адам өмірінде бір рет қажы­
лыққа зиярат ету.

Осы бес амалдың алғашқысы иман жөнінде.
Иман – Пайғамбардың айтып кеткен үкімдерін
тілмен айтып, ділмен тастықтап, жан-тәніңмен
оны амалға асыруыңда. Керекті, пайдалы амал­дар

үшін есепсіз амалдар көп. Бірақ пендесі жал­ғыз
Алла тағалаға тағат ғибадат қылады. Сонда ғана
жаратқанның жарылқауымен жұмақтан жай алу­
ға қолы жетеді. Өйткені, тек ізгі істерді істеумен

ғана Алланың мейір-шапағатына лайықты болар.
Егер сұрау беріп: «Жалғыз иманмен кісі жұмақ­
қа бара ала ма?» десе: «Бара алады» дейміз.
Бірақ иманмен жұмаққа жеткенше пенденің ал­

дында көптеген тар жол, тайғақ кешулі асулар
бар. Осы асуларды асып өтпей, жұмаққа жету­
дің мүмкін­дігі жоқ, ол асулардың ең әуелгі және
қатерлісі «Иман тауы» болар. Әр пенде өмірін­

де иманын шайтанның қармағынан сау-саламат
жеткізе ала ма, жоқ па – әңгіменің бар түйіні
осында жатыр. Осы қиын істердің үдесінен шы­
ғуға күші жеткенде ғана, жалғыз иман мен жұ­

мақтан жай алуы ықтимал. Қасан Басири Рах­
маттула Әлейһи: «Ертеңгі қиямет күніңде Алла
тағала пенделеріне, ей, пенделерім тек менің
рақым шапағатыммен жұмаққа кіріңдер де істе­

ген істеріңе жараса, үлестеріңді алыңдар» деп
жазыпты. Сол айтылғандай, жақсы істері жоқ
адамдар, жаратушы Алланың беретін үлестері­
нен құры алақан қалады екен. Ей, перзент, ықтият

бол, амал қылмасаң cayaп таппайсың!
ХИКАЯТ Бани Исраиыл халқынан бір кісі жет­
піс жыл Құдайға тағат-ғибадат етеді. Құдай бұл
кісінің ахуалын періштелерге білдіруді жөн кө­

ріп, бір періштені оның құзырына жолдайды да:
«Барып айтқын, сонша ғибадатымен ол пенде ме­
нің жарылқауыма лайық емес дегін» дейді. Алла­
ның бұл сөзін қалт жібермей, ол пендеге жеткізе­

ді. Сонда ол пенде жауап береді: «Біз ғибадат
үшін жаратылдық, ғибадат ету біздерге міндет»
депті. Періште Алланың құзырына қайтып келіп:
«Я Алла, ол пенденің не дегені өзің аян” деді.

Сонда Алла айтыпты: «Ол пендем маған ғи­

ба­дат етуден бетін қайтармады. Енді мен де
оны жарылқаудан жүз үйірмегенім болсын. Ей,
періштелерім, куә болыңдар, мен оны марапат­
тап жарылқадым» депті. Міне, көрдің, бұл кісі

тек ғибадатпен Алланың ризалығына лайықты
болыпты.
ХАДИС. Мұхаммед (С.Ә.У.) айтқан екен: «Қия­
меттің сұрауларынан бұрын, өзіңе-өзің есеп бе­ріп

тұрғын. Алла қиямет таразысына тартуға қой­
мастан бұрын, өз істеген іс-амалдарыңыздың сал­
мағын өлшеп жүріңіздер» деп.
Али Карамулла құрмет иесі айтыпты: «Кімде-

кім бір жақсы амалға әрекет қылмастан, жұмаққа
кіремін деп үміт қылса, ол жақсы кәсіпсіз Алла­
дан тілеушілер қатарында (яғни бір кәсіпті үйрен­
бестен алдын, білгір кәсіпкерлердің ісін атқа­

ра­мын дейтіндерден). Өз әлін білмей, өзге жақ­
сы іс істегендермен бірге жұмақтан жәй аламын
де­гендер де өзін қиыншылыққа қалдырар».
Қасан Басри Рахматулла: «Амалсыз, яғни жақсы

істеріңсіз жұмақты талап етпек – күнәкарлық»
депті. Және бір сөзінде: «Амалға сеніп, оған
сүйеніп те қалма. Амалды жоққа шығарып, одан
жүз үйіруші де болма, тек сонда ғана, жұмақтан

орын алуға лайықты боларсың» депті. Мұхаммед
Әлейһисалам айтқан екен: «Ақылды кісі деп
соны айтамыз. Егер, оның ақылы нәпсісінен ба­
сым келсе және өлгеннен кейін тірілуді біліп,

жақсы істің амалдарын іске асырар. Ал ақымақ
кісі, сол кісі болар, нәпсінің қалауына ілесіп
және жаратқанның жарылқауынан үміттенетін
жан­дар» деп. Ей, перзент, ықтият бол, түнімен

кітап оқып, ұйқыңды арам қылдың. Мұндағы
мақсат не? Егер ниетің – дүниелік абырой-атақ
алу, мүлік жинау, я бұл фәни дүниеде бірден-бір
мансап – лауазымға ие болу, немесе жақында­

рың мен теңдестеріңнің арасында мақтану болса,
онда шама-шарқыңа болайын! Егер мақсатың –
Рәсулилла шариаттарын тірілдірмек немесе мінез-
құлқыңды тазаламақ, пәктеу арқылы жамандық­қа

бұйырушы нәпсінің мойнын сындырмақ болса,
онда саған екі дүниеде де ғазиз бақыт орнасын!
Ақындар айтқан екен:
Көзім хақтан басқаны ойлап, ұйықтамауы бекер дүр,

Көзім хақтан басқаны іздеп, жылауы да қате дүр.
Жыламақ, тек Алла үшін ғана болмағы шарт.
Ей, перзент, Алланың әмірімен бұл дүниеге қанша
қаласаң, сонша жасағын, бәрібір адал ақиқаты

сол, сен оны бір күні тастап кетесің. Өлгеннен
соң халім мүшкіл болмасын десең, бүгін ойлан!
Нені қаласаң, соны өзіңе дос тұт! Бірақ, бәрібір
одан ажырасасың. Не істі амал қылсаң, қалауың

да, істеген ісіңе қарай тағдырың да – солай бо­
лар. Жақсы амал – жақсы ісіңе жақсы үкім, жа­
ман ісің – жаман үкім. Ей, перзент, қисын және
қарама-қайшылық жайында ілімдердің саған

пай­дасы шамалы. Ақыретте пайда бермейтін бұл
сияқты дүниелік ілімдермен шұғылданып, Алла
алдында күнәкар болып, өміріңді зая өткізесің.
Ұлық иесі Алланың құрметімен Иса Әлейһи

саламнан түскен Інжілден көрдім. Мүрдені жана­
за уақытынан қабір басына жеткізгенше, Алла
одан өзінің ұлылығымен қырық сұрау береді екен.
Алғашқы сауалы: «Ей, пендем, сен неше жыл

бойы пенделердің көзі түсетін жерлеріңді таза­

лап, пәктеп жүрдің ғой, ал менің назарым түсетін
жерлерді неге бірде-бір рет таза сақтап жүрме­
дің! Мен болсам, ол жағдайдан үміт етіп, күн
сайын саған қарайлаудамын. Ей, пендем, адам

киіміне ора­нып алып, менен басқаларға не іс­
теп, не істеме­дің, халің бұл екен, менен басқа­
ның ықпалы­нан пайдаланып, бір сәт те болса,
демалудың өзі саған лайық емес еді. Сөйле, жоқ

әлде сөзді естімейтін саңыраумысың?!» дейді
екен.
Ей, перзент, сақ болғын, іске аспайтын амалсыз
ілім – делбеліктен басқа ештеңе де емес. Бірақ

ілімсіз амал да ешқандай пайда келтірмейді.
Соны білгін де есіңнен шығарма. Әр қандай ілім
болса да бүл дүниеде күнәдан аулақтатып тағат-
ғибадатқа ықпал етпесе, ондай ілім қиямет күні

сені жаһаннамнан қайтара алмас. Бұндай ілімнен
сақтан!
Егер сен бүгінге дейін және бұдан кейін де
істеген істеріңе амал қылып өткізген және өткіз­

беген күндеріңді есіңе келтіріп, есепке алмасаң
қиямет күні әрқашан да: «Біздерді фәни дүниеге
қайтар, енді туралыққа негізделген жақсы жол­
ды амал қыламыз» дегеніңде, саған: «Ей, ақы­мақ,

өзің ғой сол бір дүниеден келген және не дей­сің?»
деп жауап береді.
Ей, перзент, рухыңа құрмет қыл, нәпсіңе сы­
нықтықты қарсы қоя біл. Тән үкіміне өктемдік

етіп өлтіре біл. Рух деген ұлық нәрсе, ол кілең
жақсы амалдарды қалайды. Соны білгін де жақ­
сы іс, жақсы амалдарды істе. Нәпсің бұйырған
істер­ді істесең, ақыры бір күні жеңілерсің – нәп­

сіңді тый, оны сындыра біл. Тәніңнің талабына
ерік берсең, ол семіріп кетеді де ғибадат ету мә­
селесі қиындай түседі. Сондықтан әрі тәніңді ба­
ғындырып (арықтатып) ғибадат етуте жеңіл бол­

ғын. Түптеп келгенде, баратын жерің – қабір Ол
қабір қай күні, қай сағатга баратыныңды күтіп
тұ­рады. Сен болсаң, олар алдын сауығасыз, яғни
жақсы ғибадатсыз барудан сақтанғын. Сенен қа­

бір де ренжімесін.
Абу Бәкір Сыддық разияалла анху: «Бұл дене –
құстардың қапасы және жабайы хайуандарды қа­
майтын ағылқана. Ал сен ойлан, осы екеуінің қай­

сысына лайықтысың. Егер жоғарыда аспандап
ұша­тын құстар қатарынан болсаң, яғни ізгі ниет­
ті ғибадатты кісілер тобынан болсаң, Алла тара­
бынан келетін «Ей, пәк, жаратылған» деген ха­

барды естіп, жоғарыға қарай ұшқайсың. Сен жұ­
мақтың ұлы дәрежелі жайларын құшарсың!»
Бір себеп болып Расулилла саллаллаху Әлей­һи
уассалам айтқан екен: «Неліктен Сайд ибн Муаз

ғаламнан өткен күні Алланың ғаршысына келел­
ді? Әйтеуір, оның иәк тәнінен шыққан пәк рухы
ғарыш Аллаға көтерілген еді. Алайда, Алланың
өзі сақтасын. Бұл жағдай екінші тайпадағыларға

нәсіп болмады. Өйткені, Алланың өзі хабар бе­
ріп: «Бұл имансыздар хайуандар сияқты, тіпті,
хайуандар­дан да артық адасқандардан-ды» депті.
Бұл халде оларға, дүниеден тура жаһаннамға

барып түсуден басқа жол қалмаған еді. Айтылған
деректерге қарағанда: «Хасан Басриға мұздай су
берген екен. Ол кесені қолына алысымен, есі­
нен айырылады да кесе жерге түседі. Есін қайта

жиғанда: «Сізге не болды, уа, Абу Сайд?» деп
сұрады. Сонда ол жауап беріп: «Ертеңгі қиямет

күнге тозақтың дәйімі тілегені – арыз-наласы.
Ей, жұмақ жайы, бізге мұздай су беріңіздер деп
жалынғаны есіме түсті де есімнен танып қа­лып­
пын» депті. Ей, перзент, сен біліп алғын, егер

іс-амалсыз ілімнің өзі ғана пайда қылатын бол­
са, Алла тағала» менен сұраушы, мағрипат талап
қылушы, тәубе қылушы бар ма деп сұрамаған
болар еді».

Екінші тарау

ҒИБАДАТ

Аңызнама. Бір жамағат сахабалар Расулланың
қатысуымен Абдулла ибн Омарды естеріне ал­ды.
Сонда Расулла айтқан екен: «Абдулла, әлбет­те
жақсы кісіден егер, түнімен намаз оқымаса он­

дай кісі мадақтауға жатпас еді». Расуилла (с.а.у.)
сахабаларының біріне айтқан екен: «Ей, пәленше,
көп ұйықтама. Алла көп ұйықтайтындарды қия­
мет күнінде кедейлендіреді» деді.

Ей, перзент, түнде нәпіл намаздарды оқу – Алла
тағаланың өзі бұйырған дәстүр. Алла таң сәріде
тұрып оқыса, мағрипат талап етушісі момын­дар­
ды мадақтайды. Бұл жөніндегі аяттар біздерге

терең түсінуді талап етеді.
«Таңертең тұрып, ғибадат қылу, Алланың та­
лап еткен сөзі Мұхаммед (С.Ә.У.) Алла тағала үш
дауысты дос тұтады» депті.

Біріншісі – сәр уақытта шақыратын қораздың
дауысы, ол адамдарды намазға оятады; екін­
шісі – Құран тіләуәт қылған кісінің даусы, үшін­
шісі – сәр уақытта Алладан мағрипат ілім-білім

тілейтіндердің дауысы. Суфиани Саури Рах­ма­
туллах айтыпты: «Құдай тағала бір самал-желді
жаратыпты. Ол сондай самал екен, сәр уақытта
дүниені кезіп есетін және түрлі дуаларды, жақсы

сөздерді, ұлық падиша Құдай тағаланың құзыры­
на көтеріп жеткізеді». Әуелі, ақшамда күн батқан­
ша ғарыш астынан хабар беріп жақтан дауыстап:
«Ей, ақылды момын, тұр орныңнан, уақыт жетті»

дейді. Момындар тұрып, қалауынша намаз оқиды
және бір дауыс болады: «Ей, Құдайдан қорқу­шы
момындар, тұрмайсыңдар ма?» деген. Алладан
қор­қушы пенделер тұрып, сәр уақыт біткенше

намаз оқумен шұғылданады. Күн шыққан кейін
хабар беруші: «Ей, өкініште – қалған пенделер,
орындарыңнан тұрмайсыңдар ма?» дегенде, олар
дәл қабірде жатқан өліктердей төсектерінен қоз­

ғалады.
Әрбір момын мұсылман сәр уақытында ұйық­
тап ғапыл қалушылар тобында қалудан сақтан­
ғаны абзал. Лұхман һәкім балаларына насихат

етіп айтқан екен. «Ей, ұлдарым, ерте тұруда сенен
қораз пысық болмасын, сәр уақытында қораз ша­
қырғанда сен ұйқыда боласың». Жұхет ақынның
нәзік бір өлеңі еске түседі: «Бір ағаштың басына

қонған кептер әуезі пәс болса да түнімен зікір
айтып, ән салып шығады. Ал біз болсақ, түнімен
ұйықтаймыз. Аллаға айтарым, мен жалғаншы бол­
дым. Егер шынымен ғашық болғанымда, Аллаға

ғашықтығыммен жылағанымда, хайуандар мені
тау­да қалдырмас еді. Бұл халмен жыламасам, хай­
уандар басын төмен салмайды. Мен болмы­сыз
өзімді, Алланың ғашығы деп күмән қыламын.

Әрбір өкініште қалған адам осыған келісетін бол­
сын» депті. Бұл тарауда әуелі хайуандар айтқан
пікірден ғибрат алуды жөн көрдім.
Үшінші тарау

ҒИБАДАТТЫҢ МҰРАТ-МАҚСАТЫ

Ей, перзент, ілім алудың басты мұраты – тағат-
ғибадаттың түпкі мақсатына жетуі болар. Біліп
алғын, тағат-ғибадат жақсы және жаман, әдемі,
сұлу да және көріксіз де, адал және арам істер

де, сөз бен нақты іс амал да шариғатқа араласу­да
көрініс табады. Әрдайым сөйлегеніңді істегенің,
сөйлемегеніңді істемеуің, бәрі де шариғатқа
сай келетін болсын. Шариғатқа сай емес деп та­

былған істі істеу, күнә деп саналады. Айт не­
месе қатерлі операция күндерінде ораза тұттың,
я біреуге күш көрсетіп, тартып алған киіміңмен
на­маз оқыдың. Бұлар сырт қарағанда ғибадатқа

ұқсаса да шариғатқа сай келмегендіктен, бәрібір
күнәкар қатарында боласың. Ей, перзент, айтар
сөзің де, пейіл құның да шариатқа теріс келме­
сін! Өйткені, шариатқа сай келмейтін ілім де, іс

амалың да адамды тура жолдан жаңылыстыру­шы
болар. Надан сопылардың шариаттан тыс айт­
қан сездеріне алаңдамағайсың, сен солардың су­
ретіне емес, ісі мен жүріс- тұрысына бақ. Нағыз

сопылық махамы ғибадатқа түгелдей берілмек.
Нәпсілік шауһат талабын қырқуы шарт. Нәпсіге
бейімделіп тұрғанды ар-ұят семсерімен шабу ар­
қылы жүзеге асырар. Кейбір жүзеге асыратын

істер жасырын қупия атқарылар. Бірақ та шариат­
қа қарсы сөйлеу, нағыз шариғатқа жанаспай­тын
істерді істеп, бейсеубет сөздерді ауызға алмақ со­
пылыққа жатпайды. Ей, перзент, бұл тіл жақсы,

жаман сөздерді сөйлеуші және бұл жағдай шауһат
ғапілетімен толысқан жағдайда, бақытсыздық
ға­ламаты алыс емес екенін біліп алғын. Қашан
сен нағыз ғибадатқа бел байлап, осы нәпсілік ке­

селдерін жеңіп өлтірмесең, жалпы жағдайың, бол­
мыс қалыбың, мағрипат нұрына малына алмас!
Төртінші тарау

БАҒЗЫ БІР ПАРЫЗ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ей, перзент, жазған хатыңда кейбір мәселелерді
сұрапсың. Бірақ оларды жазып, не айтумен түгел
сипаттап беруге болмайды. Оның мән-мағынасы
мен жай-жапсарына қанығып, ілесе алмасаң, көбі

көңіліңе аян болмайды. Өйткені, сенің сұраған
ілі­мің рухани шабытқа байланысты, көркемөнер,
сұлулық, әдемілікке әуестеніп, қызығу ілімі. Оны
«Зауық ілімі» кейде оны (іліми хал) деп те атай­

ды. Айтып өткеніміздей, ол ілімге тиісті ілімдер­
ді сөзбен жан-жақты сипаттап айтуға мүмкіндік
жоқ. Өйткені, бұл ащы, не шырын тағамның дә­
мін татып көргенде ғана сезіп білетін жағдай

іспетті. Хикаяда айтылған екен: «Бір кісі өзінің
тәуір керетін досына жыныс қатынасының ләз­
заты қандай болады» деп хат жазғанда, досы: «Ей,
пәленше, мен сені тек жынды деп есептеп жүр­

сем, енді білдім, сен жынды-ақымак, екенсің» деп

түңіле жауап жазыпты. Құрылысшының қалау, се­
зім-ләззатына терең түсініп, ілесе алған жағдай­
да ғана, бұл ілімге қызығып тереңіне бойлап қаді­
рін білерсің, ал тек айтып жазғанмен ешқан­дай

нәтижеге жете алмайсың. Ей, перзент, сұраған
бағзы мәселелерін «Эһяұл-ұлым» атты кітабым­
да талданып айтылса да төменде қысқаша тоқта­
лып өтемін. Ей, перзент, шариғатқа тән амал­дың

алғашқы сатысы сабыр-ықтиятың берік болсын!
Оны әрдайым, басқа көлденең кесірлерден сақ­тай
біл. Екіншісі – тәубеге келген соң, қайтадан күнә
істерді ісгеме. Үшіншісі – сенен Хақ тағала талап

еткендерді түгел орында, бойыңда біреудің ақысы
қалмасын.

– Алланың әмірлерін орындауға жететін, саған

ақыретте пайда беретін ілімді бойыңа сіңіріп, жи­
нақтауың керек. Осы бір мөлшерден артық білім
алу саған міндет емес.
ХИКАЯ. Шибли Рахматуллах Әлейһи айтқан

екен: «Төрт жүз пірі мұраттарына қызмет етіп, төрт
мың хадисті оқып түсіндім. Бірақ сол төрт мың­
нан, тек біреуін бекем ұстап, сол хадисті пайдаға
асырдым. Басқасына көңіл аудармадым. Басқа­

ша айтқанда, терең және жан-жақты пікір ойлап
сенімді болдым, жаһаннамнан құтылуды ойлап,
осы хадиске сүйеніп, ілім үйрендім. Өйткені, сол
бір хадистің өзі, қажетті ілімнің жиынтығы екен.

Сондықтан, сол хадисті пайдаландым» депті.
Хадис. Расулла саллалаху Әлейһи уассалам
кей­бір сахабаларына айтқан екен: «Бұл дүниеде
қанша уақыт тұруыңа қарап іс қылғын. Алайда

ар­тық істермен шұғылданып, өміріңді босқа өт­
кізбе. Ақыретте қанша уақыт тұратыныңды ой­
лан (мәңгілін ескертіп отыр). Аллаға өлшеусіз
мұқ­таждығыңды және жаһаннам жалынына қан­

шалықты шыдай алатыныңа қарап іс істегін». Бұл
хадисті терең аңғарып мойындағын. Жаһаннам
алаңында сен тағат қыла алмассың және қажет­
тіліктің күнәкәрліктен айырмашылығы болар.

Ей, перзент, осы хадистің маңызына түсініп, оны
амалға асырып іс істесең, есепсіз ілімдерді оқып-
үйренудің қажеті де болмайды. Шақиқи Бал­
қия­мен сұхбаттас болғандардың бірі, Хатам Ұл-

Асамнан (Алла екеуін де жарылқағай) және бір
басынан өткен хикаядан айтайын, сен құлағың­
ды салғын. Бір күні Шақиқи Хатамнан сұрапты:
«Міне отыз жылдан бері сенімен сұхбаттаспыз,

шыныңды айтшы, сол уақыттан бері осы сұхбат­
тастығымыздан не пайда көрдің? Хатам айтып­ты:
«Бұл уақытта үйренген ілімдерімнен сегіз пай­
да көрдім», осы сегіз пайда мені жаһаннам­нан

сақтауға ықпал жасар деген үмітім бар» депті.
Бұл сегіз пайдаң нелерден құралады дегенде,
бірінші пайда сол – халыққа жүзімді бұрын
көрдім.

Әрқайсысының өзіне лайықты ғашық-машық,
сүй­ген дос жараны бар. Бағзы біреулері өлім шер­
бетін ішкенге дейін сұхбаттас болып, ажырамас
кейбір сүйіскендер қабір жанында да бірге бола­ды.

Ол ғаламнан өткеннен кейін жалғыз өзін қабір­ге
қойып қайтады. Бірде-бір ғашықтардың екі бір­
дей сүйгендері жоқ. Сүйген жарымен бірге қабірге
кірсе, (ғаламнан өткен соң) ол ғашық-машық­тар

бір-біріне жанашырлық жасап, көмектесе ал­
майды. Соларды ойлап өзіме-өзім айттым: «Ең
жақсы сүйіктім сол болар, ол өлгеннен соң, көрге

өзіммен бірге кірер және жанашырлық жасап
жәрдемін береді. Өзіме ізгі іс, ізгі-амалдан басқа
қамқор сүйіктіні таппадым, соны ғана дос тұт­
тым, өйткені, ол қабірде де маған жарық нұр

бол­сын және мені жалғыз қалдырмасын!» дедім.
Екінші пайда халыққа бетімді бұрып және бір
көргенім бәрі де көңілі ұнаған бағытқа бет бұрып,
нәпсі талабын орындауға асығады. Бұл жағдай­ды

аңғарып, Алла тағаланың мына бір айтқанда­ры
есіме оралды. «Кімде-кім Алла алдында жауап
беруден қорқып, нәпсісін жамандықтан тыйса,
әлбетте жұмақ оның жайы болары ақиқат» дегені.

Анық білгенім, Құран – Хақ және Шындық. Ал­
дымен Алла айтқан ғибадаттарына разы болып,
мойын ұсынғанша нәпсіге қарсы тұрдым. Оған
қарсы ұрыс ашып, өзімді жаман пікірлерден

қай­тарғанша қатты қиналдым. Үшінші пайда

– әр­бір адамды көрдім. Мал-дүние үшін желіп-

жортып жиған малдарын бекем ұстап қайырлы
және cayaп істерге жұмсамайды. Бұны көріп
Алла тағаланың бір сөзін есіме алдым. «Сіз­
дерде болған мал мен байлық таусылады. Алла

алдындағы байлықтар таусылмайды” деген. Бұл
дүниеде не бір байлық арттырған болсам, бәрін
де Алланың разылығы жолында жұмса­дым да
және оның құзыры алдын­да жариялық тап­сын

деп кедейлерге таратып бер­дім. Төртінші пай­да –
кейбір ел-жұртты көрдім: «Біз­дің абырой ізетіміз
қауым-қарындастарымыз­дың көптігінен» деп
мастанып, астамшылыққа салынады. Кейбір

халықтар өздерінің абырой ізеттерін, оның се­
бе­бін мал-мүлкінің және пер­зентгерінің көті­
гі­нен деп ойлайтыны да болар. Басқалары өз
абырой атағының асқақтауынан десе, біреулері

зұ­лымдықпен мал топтаса, біреулері зорлық-
зомбылықпен тартып алып, дүниесін көбейтсе,
тағы біреулері бар мал-мүліктерін қажет емес
жерлерге сарп етіп, ысырапқа жол берушілік

жағдайды армандайды. Сонда Алланың сөзі ерік­
сіз есіңе түседі: «Шын мәнінде сіздің абырой
ізетке ие болуыңыз, Алладан қорқып, тахуалық
жасауыңызға байланысты» деген. Ал тахуалықты

қалап, Құранның һақтығына, шындығына сеніп,
иман келтірдім. Әлгі кісілердің күмәнденуі, сен­
беуі ғапілетте қалып, адасып абыржуының дәле­
лі. Бесінші пайда – көптеген адамдарды көрдім,

кейбіреулері бір-бірін жамандап, сыртынан сөгіп,
өсек-аяңмен шұғылданып, ғайбат жасаумен бо­
лады. Бұлардың негізі пенделердің мал-дүние,
мәртебе үшін бір-біріне қастандық жасау деп тү­

сіндім. Алла тағаланың «Мен олардың бұл дү­
ниеде толық жақсы жасауы үшін жеткілікті ризық-
несібелерін бөліп бердім» деген сөздерін есіме
алдым. Ризық-несібенің бөлінуі, әзалда Алла та­

ғаланың ұйғаруымен бөлінген және алдын-ала
белгіленіп қойылған екен. Сондықтан ешбір жан­
ға қастандык жасамастан, Алланың қалауына
ра­зы болдым. Алтыншы – әрбір адамды көріп,

өткінші дүниенің мәртебе-мансабының қызығы­
на кенеле беремін деумен бір-бірін дұшпан са­
нап, өзара дау-дамай туғызып, араздасады екен.
Сонда Алланың бір айтқан сөзі еріксіз есіме

түсті: «Шайтан сіздердің дұшпандарыңыз болар,
шайтанды өзіңізге дұшпан деп біліңіз». Анық аң­
ғарғаным, шайтаннан басқаның дұшпандық­тан
артық емес екеніне күмәнсіз көзім жетті. Жетін­

ші пайда – не бір кісілерді көрдім. Байлықты
көбейту жолында желіп жортып жүріп, қулық-
сұмдықтан жиренбей, басын от пен шоққа ұрып,
өздерін арам, шүбәлі ісгерден аулақ ұстамастан,

өз қадірін кетіріп, өзін-өзі төменге тартып, қор
болуда. Бұларды көріп, Алла тағала сөзін есіме
алып, қайталап айттым. «Жер жүзіндегі барша
ма­құлықтың ризығын жеткізуші – жалғыз Алла

тағала ғой!» дегенді қайта айтуға мәжбүр бол­дым.
Шын мәнінде, ризық – Алланың ықтиярында еке­
ніне кезім жетіп, оның ғибадатына басымды иіп,
басқа жақтан үмітімді үздім. Сегізінші пайда –

қайсы бір пендені көрмейін, сүйеніші де, таянышы
да өзіне ұқсаған және бір пенде. Яғни, мақұлык,
болып жаратылады да және бір мақұлыққатты па­
налайды. Кейбіреуі пұлына, кейбіреуі үй-мүлкі­

не, біреуі кәсібіне, біреулері өзіне ұқсаған нашар
мақұлық қатарында жаратылғандарға сүйенеді.
Соларды көріп, Алла тағаланың мына бір сөзде­
рі есіме түсті: «Кімде-кім Алла тағалаға тәуекел

қылып сүйенсе, Алла оның жәрдемшісі болар.
Әлбетте, ол кісінің Алла ісін оңынан келтіріп,
ке­меліне келтірер, Алла тағала сөзсіз әрбір нәр­
сені және құбылыстарды өз тағдыры мен жа­

ратушыдан деп Алла тағалаға тәуекел қылдым.
Ол менің сүйенішім де, жақсылық етушім де,
ұлық жарылқаушым да!».
Шақиқи Балқи айтқан екен:«Мен Тәурат, Забур,

Інжіл және Құранды оқып тәмамдадым. Сол төрт
кітап мына айтылған сегіз пайдаға ие болуыма
себепкер болып, әмірін айтуда, кімде-кім осы се­
гіз пайданы амалға асырса, сол төрт ұлық кітап­

қа сүйенгені болады» депті. Ей, перзент, жоғары­
да айтылған екі хикаядан білдің. Көп ілімге емес,
көп амалға асыратын істерге мұқтаж екенсің.
Ен­ді сен Хақ жолын ұстағын! Оның астанасына

қадамыңды басқын! Қадам қойған кісіге нелер­
дің орындалуы міндет екенін жоғарыда баянда­
дым. Біліп алғын, Хақ жолына кіруші кісіге,
әлбетте, кемел тәрбие беріп, тура жолға бастау­

шы қиыншылықпен қол жеткізуге болатын тура
жол. Жаман мінез-құлықтарды қалыптастыру
үшін, шайық ұстаз қолында болу міндетті жағ­
дай. Шайықтың мүридті тәрбиелеуі жерден өн­

ген егіннің жақсы өнім бермегі үшін диқан
оның маңайын бөтен арам шөптен, тікендерден
тазалағаны сияқты жағдай. Дәл осы сияқты әр­
бір мүридке Алланың тура жолын нұсқап, сара

жол көрсетіп, тәрбиелеуші пірі керек болады.
Шайықтың шарты – ол тәрбие беруге лайықты,
Ра­сулла міндеттеген жолға жетектеп жүре ала­тын
ғалым болмағы шарт. Алайда әрқандай ғалым да

шайықтыққа жарай бермейді. Мен бұны әрбір кісі
«Мен шайықпын» деп жалғаннан жаңылысты­
рып жүрмесін деп шайықтардың кейбір ғаламат
әрекеттерін қысқаша баяндап беремін. Өйткені,

шайыққа ілескен әуелі мал-мүлік заттай байлық
жинаудан жүз үйіруі шарт, мансап-мәртебе, қы­
зықшылық дегеннен бас тартып, Расулилланың
жолына бас иіп, сара жолға түсуі керек. Және

аз жеп, кем ішіп, көп намаз оқып, көп тағат-ғи­
бадат қылатын ораза тұтып, садақаларын беріп,
нәпсісін қиын да болса тыюы шарт. Міне, осы
сияқты нағыз шайыққа ілесіп, төмендегі мінез-

құлықтарды өзіне жолдас етсе, сабыр-тағат шү­
кірлік, Аллаға тәуекел, сыпайылық, сақилық,

қа­нағат, нәпсіқорлықтан өзін тыйьп, мүләйім,
кем­тарлыққа бейім, білімпаз, шыншыл қиялдай
бі­летін және опалылар қатарында болуы ке­
рек. Міне, осындай белгілерінен ерекшеленген

шайық – Расулла нұрына кенелгендерден болар.
Қане енді, сондай шайыққа жолығып, оның ар­
тынан ілесетін болсаң! Алайда, бұл сияқты ша­
йықты табу қиын. Бұл сияқтылар қымбат баға

қызыл тастан да ғазиз болар. Кімге егер бақыт
күліп қарап, сондай шайық кез болып, ол шайық
оны қабылдаса, сол мүрид шайықтың құрметін
ашық жарияда ішкі жан-дүниесімен құпияда қас­

терлеуі керек. Жария дегеніміз, сол әр маселеде
шайықпен таласып тартыспасын. Ұстаздың қа­
те­сін сезіп қалғанда да бәрібір оған құжат көр­
сетумен шұғылданбасын және құрметсіздік қыл­

масын. Жайнамазыңды шайықтан алдын жаз­
бағын. Шайық намазын тауысып бітірген соң, мү­
ридтік сыпайылығымен, оның жайнамазын жер­
ден жиып алатын болғын. Шайық алдында нәпіл

намаздарды бос, артықша оқымағын, шайық нені
бұйырса, қолыңнан келгенше орындағын. Енді
құпия, яғни жасырын құрмет дегеніміз, сырт кө­
ріністе естіп, нені мақұлдаса, екіжүзділіктің ға­

ламат белгісі байқалып, немесе соған жақындап
қалмауы үшін ішінен, сол сырттан есіткенін түгел
тастықтауға құмар болмасын, Яғни, сөзі мен ісін­
де айырмашылық болмасын. Егер де кейбіреулер­

дің сыртқы көрінісі ішкі дүниесіне сай келме­
се, оны екіжүзділік дейді немесе соған жақын­
дау болады. Егер мүрид осы айтылғандардың
үдесінен шыға алмаса, онда ол тысқы да, ішкі

де дүниесіне сай келгенше, шайықтың сұхбатын
жоқ­қа шығарып тұрғаны мақұл. Ілгеріде баяндап
өткізгеніміздей, мүрид өз нәпсісіне тиым салып,
оған жанашырлық жасауы қажет. Бұл дәрежеге

негізінен, жаман, пасық адамдардың сұхбатынан
сақтану арқылы қолы жетеді. Көңілінен жайғас­
қан түпкі тегі жындардан болған шайтанның би­
лігінен тазарасың. Сонда ғана оның қалыбы, жан-

дүниесі шайтанның азғыруынан құтылады. Әр
уақытта кедейлікті қалағайсың.
Міне, осы айтылған насихаттарды сопылық
жол­ға түспекші болған мүрид үшін бұлжытпай

орындау – бірден-бір міндет болмақ. Ей, перзент,
біліп ал, сопылык, екі іс болар. Бірі Алла бұй­
рығымен тура жүрмек. (Алла мұсылмандарға па­
рыз қылған істерді амалға асыру.) Екіншісі – көп­

шіліктен шектемек, яғни халық арасындағы жа­
ман істерден өзін аулақ ұстамақ. Кімде-кім Алла
бұйрығын толық орындаса, жүріс тұрысы, мінез-
құлқы, адамдармен мәмілесі мүләйім жағымды

болса, сондай жандарды шын мәнінде сопы деу­
ге болады. Жаратушы Алла бұйырғандай, тура
болмақ нәпсіні Алла жолында Құрбан қылудың
жағдайымен барабар. Құлқы таза, тәбеті аза­

адамдармен мәміледе болмақтың жолдары мы­
надай: Адамдарға өз қалау ықтиярымен өкімің­
ді өткізбе, егер шариғатқа теріс келмеген халде
олардың да қалау ықтиярымен есептесе отырып,

байланыста болғаның жақсы болар.

Бесінші таpay

ПЕНДЕШІЛІК ЖОЛЫ

Ей, перзент, пендешілік жолынан оның мән-ма­
ғынасы жайында сұраған екенсің жауап берейін.
Пен­дешілік үш негізгі мәселеден тұрады: Бірін­
шісі – шариғат істерін қолға алып, оны амалға

асыр­мақ. Екіншісі – Алланың тағдыры мен әзә­
лі қазасының қадіріне көну. Үшіншісі – Алланың
ризалығын тілеп, нәпсі талап еткен нәрселерді
шектемек (яғни нәпсіні тимақ).

Және тәуекел жайында сұраған екенсің. Тәуе­
кел – бұл шапағатты және мейірімді Алланың
мархабатына пендесіне атаған уәделеріне сенім­
ді­лі­гі берік және күшті болуда ғибрат алар. Басқа­

ша айтқанда, бір нәрсені саған жан-жақтың бәрі
лайық көрмей қайтарса да, саған сол тағдырыңа
жазылған болса немесе керісінше, сол бір нәрсе
тағдырыңа жазылмаса, саған нәсіп болмайты­нына

сенуің берік болуы шарт. (Дүние төңкеріліп кетсе
де тағдырға тәнтілік жасау қажет)
Ей, перзент, ықылас жайында сұраған екенсің.
Ықылас деген істеген іс амалдарың (Алла үшін)

және егер сені біреу сыртыңнан мақтаса, одан
сенің діліңе артықша мастандық пайда болмауы,
мадақтаған жағдайдың өзінде, пәруәйіңә алмаған
дұрыс. Түптеп келгенде, істеген іс-әрекет амал­

дарың пенделер үшін емес, Алла үшін істеліп
отырғандығы есіңде болсын. Адамдар ізет-құр­
мет жайына қойып, тағзым етіп жатады. Ал бұн­
дай жағдайдан рия пайда болады. Рияны қайта­

ру­дың дауасы, адамдарды Алланың құдіретіне
мойынұсынған жағдайда көру болар. Пенделер
саған ақиқат мағынадағы рақат, яки машақатты
қиыншылықты жеткізе алмас. Оған құрбы қуа­ты

жетпейді. Жаратылыстағының бәрін жансыз бір
нәрсе сияқты есепте. Егер жұртшылықты ұлық
мақсаттың бірден-бір иесі деп күмәнданатын бол­
саң, рия сенен қашықтамайды. Бұл рия мен сен

Алла жолына емес халайық үшін ғибадат қылған
боласың.
Ей, перзент, басқа да қалған мәселелерді сұра­
ған екенсің. Оның жауабын басқа кітаптарымнан

тауып аласың. Кейбіреулерін жазу – күпір (арам).
Ен­ді, өз білгеніңше іc-әpекет амалыңды атқару үс­
тінде білмегендеріңнің беті ашылады.
Ей, перзент, бүгіннен бастап тілге алудың өзі

лайықсыз нәрселерді сұрамағын. Жан-жағыңа
назар салсаң, әр жерден таңданарлық та түңілетін
де істерді көресің. Сопылықтың бастамасы жан­
нан кешу деген сөз. Бұл жолы да жаннан кешу

керек. Зүннүн Мисри шәкірттерінің біріне: «Егер
жаныңнан кешуге қүдірет-тағатың жетсе, бұл жол­
ға кір жетпесе, сопылықпен шұғылданба» депті.
Ей, перзент, сегіз насихат айтайын, қабылда­ғын.

Алдымен, істеген іс-әрекет амалдарың қиямет кү­
нінде өзіңе дұшпан болып шықпасын. Бұл сегіз
амалдың төртеуіне рия қылғын, қалған төртеуі­нен
баз кешіп үміт етпе! Үмітіңді үзетін төрт амал­

дың алғашқысы – бірде-бір мәселе үстінде біреу­
мен тағатың таусылғанша бақастасып жанжал
шы­ғатын дәрежеде тартыспа. Өйткені мұның
пай­дасынан гөрі, зияны көбірек. Рия – қастық,

тәкәппарлық, кінәмшілдік, дұшпандық және бас­
қа кеселді жаман қылықтармен тектес болар. Мы­

салға: сұхбаттасың иә сенімен ақылдасушы ор­
тасында бір мәселе шығып қалса, сол мәселенің
шешімінсіз кетуіңді қаламауды талап қылсаң, ол
жағдайда ақиқатты анықтауға рұқсат беріледі.

Алайда, мұның екі жағдайы бар. Біріншісі – мә­
селенің құжаты, ақиқат дәлелі сенің тіліңнен
шыға ма, я сұхбаттасың жағынан шыға ма? Бұр­
маламай, бұны өзіңе артық-кемдік те сана­май,

теңдік дәрежедегі ақиқат сөзді тауып айтуың
керек. Екіншісі – бақас халайықтың қоршауынан
гөрі, оңашалау жайда болғаны мақұл. Бақастық­
тан бұл қорыққандығың емес, бәлкім бұл Алла­

ның ризалығы болар. Ұмытпағын, сен үшін бір
қызметкер бар қадірі мүшкіл болған мәселені ға­
лым данышпандардан сұрап білмегін. Кеселді­нің
хал-жайы білгір тәуіпке емдеткендей нәрсе. Ол

мәселе шешімін тапқан жағдайда ауырған жерің
шипа тапқандай болады. Ей, перзент, жадыңда
болсын. Надан, білімсіз адамдардың болмыс біті­
мі ауру адамдарға ұқсаған болар. Оларды емдей­тін

тәуіп, ғалымдар мен данышпандар болар. Алайда,
надан адам бұған ынтызар емес. Әрдайым нағыз
(тәуіп) ғалымдар ғана кеселдінің жазылуына көзі
жетсе ғана емдей алады. Өз кезегімен кеселге бер­

ген дәрі-дәрмегін шама-шартына қарай қабылдай­
ды. Егер жазылмайтын дертке тап болған жағдайда
білгір тәуіптер ем қонбайтын бұл сияқты кесел­ді
алдынан біліп, бостан-босқа ауре болмайды. Ей,

перзент, надандық кеселі төрт түрлі болар: оның
бірінші түрі – берген дәрі-дәрмекті қабыл етуші.
Қалған үш түрі – бұған керісінше, басқаша. Осы
үш түрлі кеселділердің бірі – кімде-кім саған қарсы

сауал берсе, сен оған иба-ізет сақтап, мәнді жауап
қайтарсаң да, я әдебіне лайықты мәмілелі жауап
берсең де саған бәрібір бастапқы ашу-ғазабымен
қарай берер. Жақсысы мұндай адаммен сауалына

жауап іздеумен шұғылданбай, сөйлемей қоя салу.
Ақымаққа айтылатын жауаптың ең жақсысы
сөйлемей қоя салу. Бәйіт:
Ақымаққа ақыл айтсаң жаудай болар,

Өзге – төбе, өзі бір таудай болар.
Алла тағала Құран Кәрімде хабар беріпті. «Ей,
Мұхаммед, Құраннан жүз үйірген кісілерден сен
де жүзіңді үйір. Олар бұл дүниедегі өмірден бас­

қаны қаламайды және нәпсі қызығына ілесіп
өліп тынады» депті. Шын мәнінде, қастандық­
пен не қылмасын, не демесін, бәрі барлығын да
отқа жағады. Бір себеп болып, Пайғамбары­мыз

Мұхаммед Әлейһисалам айтыпты: «Алау оты
жанғандай, қастандық адамдағы бар жақсылық­
ты жағушы» деп. Надандықтың екінші түрі –
емді қабыл етпейтін кесел – ақымақтық болар.

Сон­дықтан Иса Әлейһисалам: «Өлікті тірілтуге
құрбым жетеді, бірақ ақымақты емдеуге шамам
келмеді» депті. Ақымақ сондай кісі болар. Аз
ғана уақытта, ақыл шарқы арғы-бергі ілімдер­

ден хабары болады да, кез келген адаммен сол
үйренгендері жүзесінен әңгіме көтеріп, тарты­сып
бағады. Ақылға ауыр келген мәселелерді ұлық
данышпандай, ішінде түсініксіз күмән қылады

және ол асыл заттардың қадіріне жетпейді. Бер­ген
сауалдары майда-сиқалыққа негізделген, демек
ақы­мақтықтан алшақ кете алмайды. Міне сол
сияқ­ты ақымақтардың сауал жауабына тұты­лып

қал­мағаның мақұл. Ал үшінші – емдеу кеңесі әсер

етпейтін надандар қауымына, мына топтағыларды
жатқызуға болады. Егер де әрбір жан ақиқатты
талап қылса, жалпы ұлықтардың бұл атыраптағы
сөздерін пайымдай білсе, бұны өзінің пайымы­

ның нұқсандығы екенін біле тұра, соған қарамай
бір нәрседен үміткер болып сауал бере берсе, бір
сөзбен айтқанда, ақиқатты білуге зейін парасаты
жетпесе, ондай адаммен мәмілелесіп өзіңді қина­

ма. Бәрібір сөзіңді ұқпайды. Сондықтан Расулла­
ның (С.Ә.У.): «Біз, Пайғамбарлар, халықтың ақы­
лына орай сөйлеуге бұйрық алғанбыз» дегенін еске
алған жөн. Төртінші – дәрі-дәрмекті қабылдаушы

кесел, яғни надан жайында кісі ақылды, пайым-
па­расатты, ақиқатты сүйетін, күнәмшілдік, қас­
тық сияқтылардан аулақ және мал-дүние, абыр­
ой мәртебеге берілмеген сұраған сауалдары қас­

тандық күмән әдепсіздіктен болмай, ниеті қа­
лыс жолда болса, бұндай кесел дәрі-дәрмекті
уа­қыты мезгілінде қабылдауға лайықты. Оның
сауалдарына тиянақты жауап берсе болады. Жауап

берілу қажет те. Өйткені, берген жауаптарың оның
надандық кеселіне ем болады. Алайда жоғары­да,
айтылған қаскөй надандардың сауалына жауап
жоқ. Енді осы сегіз насихаттың (істелмеуге тиіс­

ті терт амалынан) екіншісінің баянына келейін.
Ақыли момынға бағзы бір сөздерде айтуда ықтият
болған жақсы. Өйткені, сөз сейлеушіге апат көп.
Егер айтатын үгіт-насихаттарыңа алдымен өзің

амал қылып, соңынан халыққа айтсаң бұл сөзің
дұрыс болар. Ей, перзент, Иса Әлейһисаламға
айтылған сездерді есіңе сақта: «Ей, Мариям
ұлы, әуелі өзіңе насихат айт,, қабылдасаң оны ха­

лыққа айтуға жүзіңді бұр. Егер өзің насихатты
қабыл етпесең, құдайдан қорық, халықтан ұялып,
оларды мазалама» деген екен. Егер кейбір істер­
ді орындамауға ләжің қалмаса екі нәрсеге сақ

бол. Біріншісі – сөздерің артықша ишараттар,
негізсіз хикаялардан, мағынасыз өлең-жырлар­
дан жалпаштанып, көпірме сөзге айналмасын.
Өйткені, Алла тағала ондай көпірме сөзділерді

ұнатпайды. Оларды дос тұтпайды. Шеттен шық­
қан көп сөзділіктің ішкі мазмұнының мағынасыз
да, мәнсіз, өкінішті екенін дәлелдеп тұрады. Кей­
бір сөйлеулердің мән-мағынасы пенде ақырет­

ті еске алып, Алла алдында өзінің әлсіз екенін
мойындағаны, өткен өмірінің пайдасыз істермен
зая кеткенін және болашақта небір қиыншылық­
тар күтіп тұрғаны, Әзірейіл жан алғыш алдында

халі қандай болатыны, Мүңкір-нәңкір сұраулары­
на жауап беруге дайын, не дайын еместігі жөнін­
де, қиямет күні Махшардағы ахуалы, сират көпі­
рі­нен өту жағдайы, жаһаннамға түсіп кетпеудің

қа­мын жеуі сияқтылардан құралады. Міне, осы
қиыншылықтар дәйімі бағзы тыңдаушылардың
жады-қаперінде болуы, өн бойында оттай жанып
тұруы және бой көрсеткен кейбіреулердің қай­ғы-

қасіретінен ғибрат алғаны жөн. Насихат деп соны
айтады, яғни халыққа насихат айтпақтағы мұрат-
мақсат – ең бір қажетті деген ақиқатты жинал­
ған мәжіліс қауымына хабардар ету, сыналған

кем-кетік олқылықтардан жұртшылықты хабар­
дар ету. Кейбіреулердің айыптарын бетіне басу,
болатын қайғы-қам оттарын болмыс жан-дүние­
сіне алып кіріп, көңілін жылытып, сол қайғы ға­

ламатынан сергектендірмек. Өткен өмірлерінің
қорытындыларын қал-қадірінше жүйелеп, Алла

ғибадатынан тыс кешкен күндеріне қасірет-өкі­
ніштерін білдіріп, тәубеге келу болар. Сол сияқ­
тыларды насихаттар мазмұны деуге болады. Мы­
салға, бір адамның үйін сел басып келе жатыр

дейік, сен бұл жағдайдан хабардар болып, сол
адамның үй-ішін ойда-жоқта, төтен селден қа­
шыңдар, сақтаныңдар деп хабарландырасың. Сол
қатерлі жағдайда үйдің иелеріне тосыннан бол­ған

оқиғадан хабар айтып, сөз сөйлеп, оларды селден
құтқару жайында айтқандарың олардың көңіліне
дұрыс келіп, сендіре алдың ба? Жоқ, әлбетте,
егер сен қандай сөз болсын айтып, тез оларды

апаттан құтқарып қалуың керек қой. Түсіндіріп
отыру ақылға лайық па? Насихат деге­нің де
сол сияқты. Халайықты көр азабы, жаһан­нам
азабынан хабардар етіп, қалай болсын тезірек

түсінетін тілде апаттан құтқарып қалу шарт.
Кейбір түсіндіруден өте сақ болмақ абзал.
Үгіт-насихат айтуда өте ықтият болмақтың
екінші жағы – насихаттың мақсаты – мәжіліс

қауымын таңқаларлықтай, олардың ынта-ықы­
ласын аударып, «Ой, қандай ұлық аталы сөз­
дерден насихат айтылды!» дейтіндей дәрежеде
сөй­леніп, тыңдағандар жағасын ұстап, мейір-

ма­хаббатын асырып, өзіңе қарай бетін аудара
білу керек. Өйткені, олардың бәрі риякерлікке
жақын. Ал рия деген – білімсіздік, артта қалушы­
лық, оралымсыздықпен ұштасып жатады. Бәлкім

бағзы айтатындардың негізгі мақсаты – халықты
фәни дүниеден ақыретке қарай назарын аударып,
күнәдан – ғибадатқа, ашкөздіктен – нысаптылық­қа,
бақылдықтан – сақилыққа, ақыретке күмәндану­

дан – каміл сенімге, білімсіздіктен – білімділікке,
астамшылықтан – тахуалыққа, кішіпейілдікке бе­
тін бұрғызу қажет. Бұл мағынасыз қалыбына ақы­
рет ышқы махаббатын пайда етіп, өткінші дүние­

ге көңіл бөле бермей, ғибадат жолдарына түсуге
беттерін бұру керек.
Тағы да айтатын бір мәселе, Алланың жақсы­
лық мархабаты мол, мейірім-шапағаты елшеу­

сіз деп халықты адастырып қоймағын! Өйт­кені,
бұдан оның көңіліне жайбарақаттық, астам­
шы­лық кесепаты пайда болар. Шариғат жолы­
на кірместен, Алла рүқсат етпеген істермен шұ­

ғылдану жаман құлықтарды арттырады. Бұның
орнына келешекте кияметте болатын азапты
оқи­ғаларды ескертіп, олардан қорқу қасиетін
жан-діліне жарастыру қажет. Олардың ішкі жан-

дүниесіндегі жағымсыз кеселдерді жойып, сырт
көрінісі де жүз берген жаман іс-амалдарын жақ­
сы істермен алмастырып, тағат-ғибадатқа бет бұ­
рып, мейір-шапағат нышандарын арттыра түсіп

тартынбастан, қол ұрған күнәлардан арылуға
бе­тін бұрып, тәубе қылуға шақыру керек. Үгіт-
наси­хат айту жолы, міне, осындай болуы шарт.
Әр­бір айтылған үгіх-насихатта жоғарыда айтыл­

ған шарт­тар орындалмаса, онда насихатшының
да, тыңдаушының да халі мүшкіл. Бәлкім, бұл
сияқ­ты риягерліктен білімсіздікпен, құдіретсіз
насихат айтушылар – шайтанның көмекшісі. Олар

халықты тура жолдан аздырып, апатты жаман жол
жаққа қарай жетелейді. Ал халық деген бұл сияқ­
ты үгітгердің жетегіне тез көнуге бейім тұрады.
Бұл сияқты үгіт дінді соншалықты бұзады. Ондай

іс шайтанның да қолынан келе бермейді. Кімде-
кімнің құдіреті жетсе, осы сияқты насихат-уағыз

айтатын риякерлерді мінбеден түсіріп, қуу керек.
Ондайларға әмір, мағрұп жайында насихат уағыз
айттырмай, тойтарыс беру керек (шариатқа жаман
саналған істі айтатындарға тиым салу қажет де­

мекші), Енді сол сегіз насихаттың орындалмау­
ға тиісті төртеуінің үшіншісіне тоқталып, баян­
даймын.
Өзіңді падиша әмірлерінің үйлеріне жақын­

датып, сұхбаттас болма және оларға дәме көзің­
мен қарама! Өйткені, олармен бірге отыру көңіл­
дес, сұхбаттас болудың үлкен апатты жағдайлары
болады. Ілуде бір реті келіп, бірге отырып қала­тын

жағдайда оларды мақтап, дәріптеуден өзіңді ау­лақ
ұстағын. Пасық залымдар мақталған уақытта, Алла
тағала ғазаптанып ашуланады. Кімде-кім, за­лым
пасықтардың

мансап-мәртебесінің
мәңгі-бақи
өсе беруіне қол көтеріп дұға қылса, Алла тағала
олар­ды өзі жаралған жерінде тұрып, күнә ісгеуге

лайықтымын дегендерден депті. Шын мәнінде,
залым-пасықтардың күнәдан басқа істейтіндері
жоқ қой. Істеуге тиым салынған төрт амалдың
бірі – төртіншісі, есіңде болсын, әміршілердің

сыйын әр уақытта қабылдай бермегін. Тіпті, ол
адал, сый болған жағдайдың өзінде алмағаның
жөн. Өйткені әкімдердің сыяпатына дәмелену­дің
өзі бұзады. Дәме – дінді де, болмыс-қалыбың­

ды да бұзады. Егер берген сыйларды қабыл қыла
қалсаң, әкімдерге жақтас, бұл жұмысыңмен сен
де ақыретіңді ойламай, дүниені қамтып қалу
жағына шығып, үстемдік жағында болып, ха­

лыкқа жасаған жәбір-зұлымдығына разылық, қо­
шеметшілдік сияқты істерден жиренбейтіндер
қатарынан көрінерсің. Мұндайлардың атын «ірі­
ген келісімпаздар» дейді. Айталық, сен олардан

арзымайтын сауға-сый алдың, ал ол сыйың саған
істелген сиқырдың жадысындай залым қуларды
дос тұтып қаласаң, залымға дос болу деген – оның
өмірі ұзақ, мәртебесі биік болуына өмір-бақи

тілектес болу деген сөз. Кімде-кім, залым әкім­
нің өмірі ұзақ, мансабы биік, мәңгі-бақи болуы­
на тілектес болса, ол әкімнің қол астындағылар­
ға зұлымдық жасауға, ғаламды қарап етуге разы­

лық бергенінің ғаламаты болар. Міне, сондай
кісілермен (әкімдермен) дос тұтынсаң дінді та­
ланға салып, иман саламаттығын қатерге тап
ететін ең залалды кеселге тап боларсың.

Ей, перзент, шайтанның айла-шарына түсіп
қал­мауға әрекет жаса. Шайтан саған залымдардан
тіллә-байлықтарды алғаның мақұл деп азғырады,
мүсәпір-ғаріптерге нәпәқа бергін деп айла жа­

сайды. Сен шайтанның мұндай айласына алдан­
ба! Өйткені, шайтан осылайша талай иманы то­
лық адамдарды қармағына түсіріп, қор қылған,
шайтанның азғыруында неше түрлі жасырын

апаттар бар. Ол жайында жан-жақты білгің келсе
«Эхия-ул-улым» кітабын оқы.
Енді, осы сегіз насихаттан өзіңді дұрыс бағыт­
та ұстауыңа қажетті төрт амалдың біріншісін

баяндайын: ол Алла тағалага деген мәмілең, қа­
рым-қатынасыңның қандай болмағы жөнінде. Бұл
мысалы, сатып алған құлың сенімен қай жосын­да
мәміле қылса, сенің көңіліңе ұнап, оның қызме­

тіне разы болсаң, Алла тағалаға сен де дәл сон­
дай разы болатындай дәрежеде қызмет істеуің
керек. Құлыңның кейбір теріс істерінен ренжісең,
Алла тағала да сенің теріс істеріңе разы болмай­

ды. Мұндай мәміле Аллаға әр уақытта лайықты
деп ойламағын. Ол сенің шын мәніндегі ұлық қо­
жайының ғой! Төрт жақсы амалдың екіншісі – әр
уақытта адамдармен бірге іс істемек болсаң, өз

ақылыңа мақұл келген нәрсені оларға да айтқын.
Өйткені, өзің мақұл келген нәрсені басқа бір мұ­
сылманға түсіндіріп, оны қабылдамайынша, еш­
бір пенденің саған деген сенімі артып, иманы

кәміл болмайды. Үшінші насихат – төмендегіше,
егер талап қылып білім алсаң, ол ілімің нәпсің­ді
тазалап, жан-дүниеңді нұрландырып жарқыра­
та түсетіндей болсын. Егер өміріңнің аяқталып

қалғанын сезсең, қисын-логика сияқты пайдасы
шамалы ілімдермен шұғылданба. Өйткені, бұл
ілімдер ақыретте саған ешқаңдай пайда бермес.
Жан-тәніңді шүбәсіз пәктеу үшін нәпсінің зиян

апаттарын жан-жақты танып қана қоймай, дүние­
нің барды-келділерінен жүз үйіргенің мақұл. Тек
қана нәпсіңді жаман қылықтардан тазалап, оны
жақсы сипаттармен безендіргенде ғана Алла ма­

хаббатымен шұғылдануға лайықты боларсың.
Өйт­кені жетіліп-пісіп қалған адам, фәни дү­
ниенің ешқандай да уақытын бос өткізбей, дү­
ние­ден алаңсыз болғаны абзал. Осы тұрғыдан

қарағанда, бір күн өмірің қалған болса да жан-
тәніңді қалыбына келтіретін нәпсіңді пәктеуге
бағытталған істермен шұғылданғаның жөн. Ей,
перзент, бұл сөзім әруақытта құлағыңда бол­

сын және әрқалай ойланып көргін! Одан ешқан­
дай зиян таппайсың. Егер саған бір аптадан кейін
Падиша үйіңе зиаратқа келеді деп хабар бер­се,
анық сенемін, осы қысқа мерзім ішінде ғалам

иесінің назары түседі – үй-жайың, киім-кешегің,
түр-тұлғаңды тазалап, ішіп-жейтіндеріңді рет­
теп, бәрін де дайындап қоюдан басқа істермен
шұғылданбағайсың. Сен нәзік пайымдыдансың,

неменелерге ишарат етіп айтып отырғанымды
сезіп отырған шығарсың? «Зерек пайымдыға –
бір сөз, ақылдыға – бір ишарат жеткілікті» дейді.
Бұл дүниенің падишасы үшін, оның назары түсуі

мүмкін болғаны үшін – соншалықты желіп-жор­
тып жүрдің – падишалардың падишасы бола­
тын Акиқат Падиша – Алла тағаланың назары
қиялыңа келді ме? Бірақ Алла тағаланың назары

жан-тәніңнің қалыбынан басқа жерге түспейді.
Жаратылыс қалыбыңды дүниеңнен де таза пәк
ұстай біл! Расулла (С.Ә.У.): «Ақиқатында Алла
тағала сіздердің суреттерің мен амалдарыңа қа­

рамайды, оның назары жан-дүние, жаратылыс-
қалыбыңа, ниеттеріңе қаратылған» депті. Егер
қалып жағдайынан кеңірек хабардар болғың
келсе «Эхия-ул-улыма» және басқа да жазған кі­

таптарыма қарағын. Өйткені, қалып ілімін біл­
мек – парыз, Алланың парыздарын орындау
жайында жетерлі мөлшерде тахарат, намаз, ілім
және басқа да ілімдерді иеленбекке парыздың

өзі жетіп жатады. Алла тағала саған нысап беріп
тәубаға келтірсін. Менің бұл насихаттарымды іш­
кі жан-дүниеңе жайғастырып, иелік етуге әре­кет
қылғайсың. Ендігі төртінші насихат, бір жылға

жетерлі мөлшерден артық байлық жинама. Бұл
жөнінде Мұхаммед (С.Ә.У.) бағзы бір үйлеріне
қатын, бала-шағалы отандарға қажетті ас-ауқат
басқа да қажеттіліктерді дайындауда айтады екен:

«Ей, Рәббім, Мұхаммед үйлерінің қажетті нәпа­
қасын өз мөлшерінде қылғын, көп те қылма, аз да

қылма» депті. Мұхаммед Әлейһисалам барлық
үйлеріне қажетті напақаны жинамайды екен,
кейде қиналып қалмасын деп ас-ауқаты азайып
қалған үйлеріне тарығып қалмауына сенімге­

рін күшейтіп тәуекелге бел байлатып, бір күн­
дік немесе жарым күндік ризықтарын жеткізіп
тұрған екен.
Алтыншы тарау

КІТАПТЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ

Ей, перзент, бұл тарауда сен сұраған мәселе­
лер хақында сөз қозғамадым, себебі амалды іс­
ке асыруды өз міндетім деп білгейсің. Ал мені
жақсы дұғалармен есіңе алып тұрғайсың! Қайсы

дұғаларды оқудың қажеттігін сұрапсың, оларды
өзің «Сахиқи Бұхари», «Сахиқи Муслимге» ұқса­
ған жақсы кітаптардан іздеп тапқын. Бұл кітап­
тағы дұғалар Расуллаилла дұғалары. Бұл дұғаны

әрдайым оқып жүр, әсіресе, намаз соңында: «Ей,
тәңірім, біздер сенен бар асылық және күнәлар­
дан сақтамақты, бар рақымыңмен денсаулықты,
түрлі тіршіліктегі қошуақ өмірді (сенен келетін

қияметтeгі пайдаларды), мейірбандықты, кемел
адамгершілікті, жалпы ризық, несібеңді тілеуші­
міз! Пәруардігер сенен өтінішіміз, әруақытта
жақ­сылықты біздің пайдамызға нәсіп ет! Арыз

үміттеріміздің орындалу жолын ашық ет! Арыз
үміттерімізді артығымен ақиқатқа айналдыр, ер­
телі-кеш саламаттығымызға сәттілікті сауға етіп,
өміріміздің соңында келетін ажалымызға асқан

шеберлікпен алып барар жеріңізге рақметіңнің
сара жолымен жеткізіп, күнәларымызды Ғәфу
жаң­бырымен жуып, айыптарымызды түзетіп,
жөн­деу істерін бізге нәсіп еткін және тахуалық

рухани мән-мағынамызды саламаттықта сақтау­
ға себепкер болып, оны тәнімізге киім етіп кигі­
зе гөр! Күш-қайратымызды діл жолына жолдап,
тәуекелімізді өзіңе бағдарлатып тұрар мекенімізді

жұмақ айы болуға несіп ет!
Ей, Рәббім, бізді тура жолға түсуге себепкер
болып, қиямет қиыншылықтарынан сақтап, күнә­
ла­рымыздың ауырлығын жеңілдетіп, жақсылар

қатарынан, ризық-мәртебе, көңіл-күй, адал­дық­пен
пайда беріп, арамдық жиіркеніш­тері­нен, жауыз­
дардың жауыздығынан сақтап, ата-ана, аға-іні, апа-
қарындастарымызды қия­мет қасіреттерінен және

жалпы момындар мен момунияларды жаһаннам
азабынан азат қыл­ғайсын.
Ей, Ғазиз, ей, ұлық, жалпы ғалам көсемі, құ­ді­
ретті күштісі, ей, айып нұқсандарымызды бүркеп

бекітуші, қүрметтілер ішіндегі жеке сайып құр­мет
Иесі!
Ей, мейір-шапағат, рақым-рақматы мен ша­па­
ғаттылар арасындағы жеке-дара шапағатты Алла.

Әмин!

ИМАМ ҒАЗЗАЛИ БАТАСЫ* Ей , пәруардігер рақым ет, Жақсылығыңды жақын ет. Мейір-шапағатыңмен, Күнәмізді ғапу ет. Мұратымызды асыл ет, Зияныңнан әрдайым, Пайдамызды асық ет. Кемел дидарыңа, Жан-ділімізді ғашық ет. Рақмет жаңбырыңмен жуып, Күнәмізді жеңіл ет, Сауабымызды басым ет. Кетпес дәулет, кең пейілді Жан-тәнімізге хасіл ет. Аманатыңды асан алып, Иманымызды кәміл ет. Адаспайтын ақ жолды Дін-Исламға ашық ет! Ата-ана, аға-іні, Қарындас, қауым, момыннан Нұрлы жамалыңды көретін Жәннат жайын нәсіп ет! Әмин! Аллаху акбар! * Имам Ғаззалидің қарасөз батасын өлеңге түсіріп аударған Тұрсынәлі Айнабекұлы. МАЗМҰНЫ Кіріспе сөз.......................................................................... 3 Бірінші бөлім. Әдеп – бақытқа жету әліппесі................. 9 Екінші бөлім. Бақытқа жету кілті.................................... 17 Үшінші бөлім. «Ей, перзентім...».................................... 115

ИМАМ ӘБУ ХАМИД ӘЛ-ҒАЗАЛИ БАҚЫТҚА ЖЕТУ ӘЛІППЕСІ (Қазақ тілінде) (Өзбек тілінен аударылған) Редакторы Құттыбек Байділдаұлы Дизайнері Нағым Нұрмұханбетов Техникалық редакторы Гүлмаржан Сәбитова Компьютерде беттеген Әйгерім Молдахметова Басуға 02.09.14 ж. қол қойылды. Пішімі 60х901/16. Офсеттік басылым. Әріп түрі “Tіmes New Roman”. Офсеттік қағаз. Шартты баспа табағы 9,5. Есептік баспа табағы 5,04. Таралымы 2000 дана. «Баспалар үйі» АҚ. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙