Қазақ халқының философиялық мұрасы 14 кітап
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Әбдімәлік Нысанбаев
I. ҚАЗАҚ ЭТИКАСЫ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАСЫ
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӘДЕП ЖҮЙЕСІ (БАЛА ТӘРБИЕСІ, ОТАУ ҚҰРУ ТАҒЫЛЫМЫ, БАТА Т.Т.)
Бесік жыры Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін. Әлди, әлди, аппағым, Қойдың жүні – қалпағың Жұртқа жаман болса да, Өзім сүйген аппағым. Әлди, әлди, шырағым, Көлге біткен құрағым Жапанға біткен тірегім, Жаман күнде керегім!..
Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем! Айналайын күн бөпем, Бурыл тайға мін, бөпем! Ақ қызы бар үйінде, Ақылбайдың үйіне Бұрала барып түс, бөпем, Қымызынан іш, бөпем! Қолымыздан іс алып, Мойныңа күш алып, Бізді бағар ма екенсің? Құрығыңды майырып, Түнде жылқы қайырып, Жаудан жылқы айырып, Жігіт болар ма екенсің? Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Ұста болар ма екенсің? Сөйлегенде сөз бермей, Шешен болар ма екенсің? Ұлы топта күрескен Палуан болар ма екенсің? Бал қайнатып, шай ішкен, Қазы кертіп, жал жеген, Асты болар ма екенсің? Ұзақ жасап, көбірек,
Басты болар ма екенсің? Қуып ойдың жетігін, Біліп ғылым тетігін, Ғалым болар ма екенсің? Еңбек етіп бар елге, Өнеріңмен әлемге Мәлім болар ма екенсің? Көп қиыннан өтерсің, Мақсатыңа жетерсің. Ұйықтай қойшы, бөпешім! Қаз-қаз, балам, басарсың, Сүтке суды қосарсың. Тал шыбықтан ат мініп, Балдырған мылтық асарсың. Жылама, балам, жылама, Апаңды сен қинама! Жұмыстарың таусылмай, Терлеп-тепшіп жүрерсің. Қызығымен ойынның, Сақылдап сен де күлерсің. Ес тоқтатып бір кезде, Алды-артыңды білерсің. Әкең сенің қуансын, Шешең сенің қуансын, Өзіңе арнап, бөпешім, Тау суындай сарқырап, Толқып аққан жыр қалсын.
Жеңілтек болма, бөпешім, Салмақты бол ерлердей. Жүгіре берме далаңдап, Құр бекерге ербеңдей. Жылама, балам, жылама, Апасы айтқан бұл сөзді, Бөпешім менің ұға ма? Әлди, балам, әлди-ай! Жетіге қашан келесің? Суын әкеп шешеңнің Ер жеткен соң берерсің, Құрығын ұстап әкеңнің Соңына сен де ерерсің. Жылама, балам, жылама, Апаңды сен қинама! Айналайын айдан, Су алайын сайдан... Жігіт болып, бөпешім, Тисін елге пайдаң! Аспандағы жұлдызым, Маңдайдағы құндызым, Ұйықтай қойшы тезірек, Толықсыған қырмызым! Дене күтімі өлеңдері
Өс-өс, балам, өсе бер, Батыр бол - балуан білекті, Батыл бол - таймас жүректі Аяғыңды созайық, Саусағыңды жазайық. Етті болсын балтырың, Епті боп өс, жарқыным. Сылап-сипау өлеңі Тәу, тәу, тәу, Сыламақ менен, Қатып қалмақ сенен. Менің қолым емес, Бибі Фатима, Бибі Зухра қолы! Ұмай ана, Қамбар ана қолы! Мақал-мәтел тағылымы Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болып табылатын мақал-мәтелдер үлкен философиялық ойлардың маржаны іспеттес, бүкіл адамзат тіршілігінің барлық саласын қамтиды. Сондықтан оның тәрбиелік маңызы да осында. Бала тәрбиесі туралы
Ата - балаға сыншы. Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер. Есер баладан ерке бала жаман. Бала - ананың бауыр еті. Ананың сүті - бал, Баланың тілі - бал Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры. Ат болатын тай саяққа үйір, Адам болатын бала қонаққа үйір. Әдепті бала - арлы бала, Әдепсіз бала - сорлы бала. Тәлім-тәрбие туралы Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен жоқ болса, кішіден сұра. Біліп тұрсаң да, сұрап ал Ойын түбі - от, ой түбі - алтын.
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман. Көп біл, аз сөйле. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені. Сыйлассаң, сыйымды боларсың, Ұлық болсаң, кішік бол Қарағайға қарап тал өсер, Қатарына қарап бала өсер. Өзін-өзі мақтаған өліммен тең. Ашу - дұшпан, ақыл дос, Ақылыңа ақыл қос. Адам және оның қасиеттері туралы Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол Жақсы адам - елдің ырысы, Жақсы жер - жанның тынысы. Кісі болар баланың, Кісіменен ісі бар. Кісі болмас баланың, Кісіменен несі бар. Әдептілік, ар-ұят – Адамдықтың белгісі. Ынтымақ-бірлік туралы
Ырыс алды - ынтымақ. Бірлік болмай, Тірлік болмас. Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді. Ынтымақ түбі - игілік. Тірлік, тірлік түбі - бірлік. Татулық - табылмас бақыт. Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады. Игілік басы - ынтымақ. Жақсылық, жамандық, достық, қастық туралы Жақсы - ай мен күндей, Әлемге бірдей. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ. Жақсы туса - ел ырысы, Жаңбыр жауса - жер ырысы. Жақсы болсаң - жақын көп. Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. Досыңның көзінде болғанша, Көңілінде бол Жолдасы көптің қолдасы көп. Жолдас қадірін жорықта білерсің. Батырлық, ерлік туралы
Отан үшін отқа түс - күймейсің. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар. Ерлік білекте емес, жүректе. Айласыз батыр алдырар. Жігіт - ел үшін туады, Ел үшін өледі. Батыр туса - ел ырысы, Жаңбыр жауса - жер ырысы. Болат қайнауда шынығады, Батыр майданда шынығады. Шын ер жеңсе - тасымас, Жеңілсе - жасымас. Еменнің иілгені - сынғаны, Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Жауға жаныңды берсең де, Сырыңды берме. Өжет адам өлімді жеңеді. Еліңді сүйсең, ерлік істейсің. Еңбек туралы
Ер дәулеті - еңбек. Еңбегіне қарай өнбегі. Еңбек ерлікке жеткізеді, Ерлік елдікке жеткізеді. Ердің атын еңбек шығарады. Жан қиналмай, жұмыс бітпес, Талап қылмай, мұратқа жетпес. Еңбек түбі - береке. Ер қадірін ел біледі, Зер қадірін зергер біледі. Еңбек етсең, емерсің. Еңбегі аздың өнбегі аз. Өнер-білім туралы Ақыл - тозбайтын тон, Білім - таусылмайтын кен. Білім - қымбат, білу - қиын. Өнерлі өрге жүзеді. Өнерлінің өрісі ұзақ. Өнер - ердің қанаты. Ақыл көпке жеткізеді,
Өнер көкке жеткізеді. Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын. Өнерлі бала сүйкімді. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ. Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ. Өнер - таусылмас азық, Жұтамас байлық. Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні ғарып. Тіл өнері туралы Өнер алды - қызыл тіл Шешеннің тілі ортақ. Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген. Қаһарлы сөз қамал бұзар. Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді. Көз жетпеген жерге, Сөз жетеді. Жақсы сөз - жарым ырыс. Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар. "Түркістан уәлаяты" газетінде жарияланған мақал-мәтелдер
Мал досы көп, жан досы аз болады. Атаның ақ батасы бала ойын бекітеді, Шешенің қарғысы бала зейінін жоқ етеді. Сөйлеген кісі ақымақ болса, тыңдаған кісі ақылды болсын. Бие мінсең - құлын жоқ, Саумал ішсең - қымыз жоқ. Өсекке кіріспе, есепке кіріс. Аңғырт ойын бұзар, тентек жиын бұзар. Сыйлағанды сыйла - ол біреудің құлы емес, Сыйламағанды сыйлама - ол пайғамбар ұлы емес. Ісің ақ болса, құдайың жақ болады. Қадір білмес досыңнан дұшпан артық. Алыстағы дұшпаннан аңдып жүрген дос жаман. Мал таппас ер болмас - құрарын айт, Ұл таппас қатын болмас - тұрарын айт. Залым жайын залым білер, Ғалым жайын ғалым білер.
Жаман істен ғана емес, жаман сөзден де сақтан. Жақсы алдында жазыласың, Жаман алдында тарыласың. Жақсыдан жаман туса - жыннан пайда болғаны, Жаманнан жақсы туса - нұрдан пайда болғаны. Дәулет келерінде - тойға келген қыздай, Кетерінде - қолға ұстаған мұздай. Жақсылықты басыңа, басыңнан асса, досыңа қыл Ант ішкеннің мыңы өледі, у ішкеннің бірі өледі. Алмақтың салмағы бар, Бермектің алмағы бар. Айырылған - азады, қосылған - озады. Ғашық жардың белгісі - ата-анадан бездірер, Қыран құстың белгісі - тау мен тасты кездірер. Малдан айырылсаң да, ақылдан айырылма. Бай мақтанса - табылар, Жоқ мақтанса - шабылар. Ашушаң жақсы болмас, Жақсы ашушаң болмас. Сауда садақпен тең, иілсе - түзей алмайсың. Тату болсаң - балдай бол, Араз болсаң - тұздай бол Мың мәрте тыңда, бір мәрте айт. Іссіз тұрған білімді жаңбырсыз бұлттай. Өзгенің айыбын саған айтқан өз айыбыңды өзгеге айтады. Қасың шілдей болса да, пілдей көр. Жалаңашты ұры таламас.
ОТАУ ҚҰРУ ТАҒЫЛЫМЫ
Тойбастар
Ағалар, тойыңызды бастай келдік, Жақсы менен жаманды қоспай келдік. Билікке той бастамақ лайық деп, Халқым рұқсат берген соң қақсай бердік. Ал келін-ау, ал келін, Лебізің шыққан бал, келін. Құлағыңды сал, келін, Білген ақыл-насихат. Айтпай кетсек - бізге өлім, Тыңдамасаң - сізге өлім. Әйел деген асыл зат, Балапан болсаң тым жақсы, Уызда халал шайқалған... Сөз сөйледім үлгілеп, Кемісі болар кім білед. Ерінбесең, келіншек, Енді өзіме сәлем ет!
- *
Айналайын, ақ келін – Ағайынға, бақ келін! Шырағы бол дәулеттің, Шаттық тойға бөленсін, Шаңырағың - сәулетің.
Жақсылыққа тасыма, Жамандыққа жасыма. Бақыт тіле бағым деп, Бас иеңнің басына! Берік болсын босаға: Болымсызға босама. Көп дүние - бос бейнет: Көз тоймастық жасама!
БАТАЛАР
Қазақ дәстүрінде әрбір жақсылық іс-әрекет, ниетте "Әумин" деп бата тілеу, оған бата беріп, "Аллау әкпар!" деп тілек айту ежелден бүгінге дейін үздіксіз жалғасын тауып келеді. Батаның түрлері көп. Дастарқанға, сойылатын малға, соғымға, жаңа жұрт, қызметке айтылатын ақ тілектер де осыған жатады. Жаңа туған нәрестеге, жаңа түскен келінге, шарапаты тиген жеке адамға, жолға шығар жолаушыға, алғаш білім жолына түскен шәкірттерге, сонымен қатар діни наным-сенімге қатысты наурыз көже, жарапазан, құрбандықтарға арналған да баталар бар. Олардың жаттанды түрлері де, бата берушінің ұйқасты, үйлесімді сөз шеберлігіне байланысты импровизациялық түрлері де күнделікті өмірде жиі кездеседі. Төменде солардың кейбір үлгілері беріліп отыр.
Шайға бата Шайың қызыл болсын, Ғұмырың ұзын болсын. Несібең таса берсін, Дұшпаның қаша берсін. Аллауакбар! Ас қайыру батасы Құдай жолың қабыл болсын, Әрбір нәрсең әзір болсын. Кеткеніңді келтіріп, Кемтігіңді алла толтырсын. Бақыт пен дәулетті құдайым нәсіп етсін. Аллауакбар! Жаңа туған нәрестеге бата сұрау Көкірегі басқаның жаны басқа, Шаһарда көп алтын-күміс, асыл тас та. Жиналған үлкен, кіші, ақсақалдар, Қарт ата, әзіз әже бәрілеріңіз, Беріңдер батаңызды туған жасқа. Әумин! Жас балаға берілетін бата
Ал білек, ал білек, Атқа тоқым сал, білек. Жасыңнан малды баға біл, Атқа да жақсы шаба біл Өнеге, өнер таба біл, Аймағыңа жаға біл Аллауакбар! Келін түсірген үйге берілетін бата Келінің баянды болсын, Үлкен-кішіні сыйлайтын, Аяулы болсын. Жылы жүзді болсын, Жұмсақ сөзді болсын. Ел қыдырса, сыпайы жүрсін, Күлсе, сыпайы күлсін. Алдымен еріне жақсын, Қолға қонған қырғидай, Атасы мен енесіне жақсын. Аллауакбар! Келінге бата
Ақ отау ойға тіккен қырға қонсын, Ақ жүзің алақандай нұрға толсын. Менің берген батам қабыл болып, Үйіңе Қыдыр ата келіп қонсын. Қара су мал жериді лайынан, Тілей көр күнде тілек құдайыңнан. Мал басың дәулетіңмен бірдей өсіп, Бір құдай айырмасын жұбайыңнан. Аллауакбар!
Жаңа жұртқа бата
Қонған жерің орда болсын, Келген жерің базар болсын. Жүзің жарқын болсын, Тілегің қабыл болсын. Аллауакбар!
Қонақтың батасы
Әумин десең бізге, Бата берелік сізге. Жасың жетсін жүзге, Желің кетсін құла дүзге. Құдайым зор талап берсін, Мал мен басты, Иман мен жасты, Қабат берсін. Аллауакпар!
- *
Атағың мен атыңнан, Жұртқа тисін қайраның. Айдағысыз малды бол, Ағайынның алды бол, Отыз ұлды - орда бол, Ұман жұрттың басы бол! Аллауакбар!
- *
Береке дарысын жасыңа. Дуа тисін асыңа, Әр кез шайтан келмесін, Өлгеніңше қасыңа! Аллауакбар!
- *
Құдайым, бай ет, Төрт түлікке сай ет. Ұл-қызды көп беріп, Көңілін жай ет. Аллауакбар!
Сәт сапар батасы
Жортқанда жолың болсын, Мәртебең үстем болсын! От пен судан сақтасын, Пәле-жаладан сақтасын. Аман барып, cay қайт. Аллауакбар!
- * Жортқанда жолың болсын, Жолдасың Қыдыр болсын. Періштелер қолдап, Қоржының олжаға толсын.
Аман барып, cay қайт, Үйіңнен жазсын дәміңді Аллаң! Аллауакбар!
Наурыз батасы Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Қайда барса, Жол болсын! Жарапазан батасы Байдың көңілі жай болсын, Мың жылқылы бай болсын. Айдағаны қой болсын, Шайнағаны май болсын. Азын-аулақ дәулеті, Күнде өзіне май болсын. Жұртта қалған жұрыны, Домалап келіп қой болсын. Жұртта қалған тулағы, Тулап келіп тай болсын. Есігіңнің алдында, Елу інген боздасын, Қораңда бес жүз саулық қоздасын, Жылқың сенің мың болсын, Бетегелі тауға жаба сал Сиырың сенің мың болсын, Қысың қатты болғанда, Қамысты жерге айдап сал Бісмілла, аллауакбар!
Маң-маң маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Төрт аяғын тең басқан, Ботақанның атасы, Бура бассын үйіңді. Шыңғыр - шыңғыр кісінескен, Құлыншақтың атасы, Айғыр бассын үйіңді. Желге қарап қаптаған, Жайылған жерін таптаған, Қошақанның атасы, Қошқар бассын үйіңді. Қасқыр көрсе пысқырған, Құйрығын бұтқа қыстырған, Лақ атасы текелер, Теке бассын үйіңді. Үй арасын боқ еткен, Балаларды тоқ еткен, Бұзау қанның атасы, Бұқа бассын үйіңді. Аллауакбар! Құрмалдыққа бата Құдайым жарылқасын, Бай қылсын! Төрт түлігін сай қылсын! Кетпес дәулет берсін! Кең пейіл берсін! Құрмалдығың қабыл болсын! Аллауакбар! Садақаға бата
Садақаң қабыл болсын, Құдай оңдасын, Қыдыр қолдасын! Мал-басың аман болып, Еш жамандық болмасын! Аллауакбар! Соңғы сапар тағылымы
Қазақ шет жұртқа қоныс аударғанда, соғысқа аттанғанда, сондай-ақ өлім сәті таялғанын сезгенде өзінің жақын адамдарымен, ел-жұртымен арыздасып, қоштасқан. Бұлармен бірге қазалы жағдайда естірту, тоқтау, басу айту, жұбату, көңіл айту тәрізді қаралы күйге ұшыраған адамға психологиялық тұрғыдан демеу көрсету мақсатындағы сөздер айту да әрбір тілеулес адамның парызы саналған. Қоштасу, естіртулердің қарасөз өлең, кейде күй түрінде айтылатын нұсқалары қазақ ішінде көптеп кездеседі. Төменде солардың өлең сөз түріндегі нұсқалары ұсынылып отыр.
ҚОШТАСУ
Таңсықтың елмен, жермен қоштасуы Балталы, Бағаналы ел аман бол, Бақалы, балдырғанды көл, аман бол! Кірім жуып, кіндігім кескен жерім, Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!.. Жасы кіші аға мен іні, аман бол, Іребдел өңшең мырза жаға, аман бол! Қайын атаң Қарабай сенен қашты, Жөргекте Қозы Көрпеш, тағы аман бол!... Қобыланды мен қарындасы Қарлығаның қоштасуы
Қ а р л ы ғ а: Желі толған сары түйе, Ағажан, кімге қалдырдың? Қора толған ақты қой, Ай көке, кімге қалдырдың? Тоғай толған көп жылқы, Күн көке, кімге қалдырдың? Тоқсанда әкең Тоқтарбай, Алпыста шешең Аналық, Ақ көке, кімге қалдырдың? Бірге туып, бірге өскен, Көкежан деп жылаған, Мен сорды кімге тапсырдың? Бұ дүниеде мұңдасың, Төсекте жатсаң, сырласың, Ақиреттік жолдасың, Бұлаңдаған қыз Құртқа, Оны да кімге тапсырдың?
Қ о б ы л а н д ы: Желі толған сары түйе, Сары суға тапсырдым. Қора толған ақты қой, Аш бөріге тапсырдым. Азу тісі балғадай, Жас бөріге тапсырдым. Тоғай толған көп жылқы, Жасанған жауға тапсырдым. Төртеуіңді тәуекел, Бір құдайға тапсырдым. Сіздер - төртеу, мен - жалғыз, Жауға кетіп барамын, Әлдеқандай боламын, Айналайын Қарлығаш, Ағаңды кімге тапсырдың?
БІЛІМДІК АЙТЫС
Ғылым мен Надандық Ғ ы л ы м: Әй, малғұн, мен келгенде көтер басты, Болдың ғой түпке жетіп сен албасты. Қалғыздың кейбіреудің құр сүлдесін, Тынышына қоймаймысың қалған жасты. Н а д а н д ы қ: Шайқама тәтті ұйқымды тентіреген, "Келсін" деп сені мұнда кім тілеген? Күшпенен кімді жеңіп алғандайсың, Нәп-нәзік түрің мынау үлбіреген. Ғ ы л ы м: Көгілдір ғой, сенің мені қомсынғаның, Көріп пе ең құтылғанын құл сынғаным. Қиылып бір нұқысам қалатұғын, Желкең бе, күжірейген молсынғаның?! Н а д а н д ы қ: Сен кімсің, түрің нашар, сөзің жуан, Бар еді күш берерлік қанша дуаң? Қолыңнан келмейтұғын жұмыс жоқтай, Жыландай жылмаңдайсың сумаң-сумаң.
Ғ ы л ы м: Танырсың асықпай тұр, жуан мойным, Қар менен мұзға толар жылы қойның. Жоқ қылмақ сендейлерді бұл жаһаннан, Бұл күнде істеп тұрған менің ойым. Н а д а н д ы қ: Мен сенің шошымаймын пошымыңнан, Достасып сеніменен қосыла алман. Қақпамды ашып қойып сендейлерге, Батыр-ай, келе ғой деп ұсына алман. Ғ ы л ы м: Қызғаншақ сорлы екенсің, ішің тар - ақ, Сөз айтсам тыржиясың әрмен қарап. Жіңішкелеп қазағың да сөз салып тұр, Шаруаға жайлы екен деп біздің тарап. Н а д а н д ы қ: Ол жұртым, ақылы кем, азған еді, Тілге ерме дәйегі жоқ жазған еді. Саны да көп болғанда қырық миллион, Есептеусіз шетте жатқан аз ғана еді.
Ғ ы л ы м: Бұл күнде қытайың да сөз салып тұр, Қызығып біздің түрге көз салып тұр Азырақ арасынан жанжал шығып, Ол сауал кемді күнге тоқталып тұр.
Н а д а н д ы қ: Қой, жаным, алаң болма, қазағыма, Ол сенің ереді деп мазағыңа. Жұмысың тұрғанымен шимай - сызбай, Көндігер олар неғып азабыңа.
Ғ ы л ы м: Түрің жоқ, надандық - ау ақыл шығар,
Мен білсем, өлімің де жақын шығар?! Арада соғыс шықса, қан төгілер, Бергенің татулықпен мақұл шығар.
- * Надандық қысылғаннан кетті терлеп, Не шара күшті тұрса, нәубет бер деп. Бар еді қазақтарда көп аласым, Алғанша жалыныпты мәулет бер деп.
ХАЙУАНАТ ПЕН АДАМ АЙТЫСЫ
Иесі мен сиыр И е с і: Неғып жүрсің, қу жалғыз, шолақ сиыр, Сиырымен Айтақтың болдың үйір. Үй маңында көдені жұлып жатпай, Сен шолаққа бір сойқан болды биыл С и ы р: Мейірімсіз адамсың тастан қатты, Сүмеңдетіп арыттың кер жорға атты. Үй қасында көденің түк дәмі жоқ, Қала өлеңнің, қамыстың түбі тәтті. И е с і: Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба, Биылғы жыл соғымға сояйын ба? Биылғы жыл соғымға сойып алып, Танабайға жаяңды қояйын ба? С и ы р: Шиыршықтап қыл арқан ескеніңді, Қу шолақты соялық дескеніңді, Қу шолақты соғымға сойып алып, Бүржекейден көрермін көшкеніңді. Мешел мен бұзау
М е ш е л: Қу бұзау, бұл сөзіңе сенейін бе, Кеш болды енді үйіме жүрейін де, Алыстан жаяу шаршап әзер жеттім. Бір кезек енді өзіңе мінейін бе? Б ұ з а у: Мойнымды арықтықтан бұра алмаймын. Орнымнан әлім аз ғой тұра алмаймын. Орнымнан үш ұмтылып тұрсам - дағы, Көтеріп сені үйіңе бара алмаймын. Мешел мен саяқ қой М е ш е л: Қызыл қой, сойын ба осы арада, Әкеңнің басы бар ма бұл арада? Жүре алмай өзім шаршап жүргенімде, Ісіне құдіреттің амал бар ма? Қ о й: Қара су кетіп жатыр төмен ағып, Келмеуші - ең мен қалғанда, келдің неғып? Жерімді сынып қалған таңып алып, Жүрерсің әуре болып өзің бағып...
ҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ ДАСТАН ТАҒЫЛЫМЫ
Әбуғалисина - Әбілхарис Дастан бойынша әйгілі ғалым Әбу Әли ибн Сина мен Әбілхарис егіз болған. Екеуі Писағұрыстың жер астындағы кітапханасына кіріп, түрлі ғылым салаларын меңгеріп, ұстаздық жолға түседі. Дастанда Әбу Әли ибн Синаның адамның мәңгі өмір сүруі үшін еткен әрекеті баяндалады. Сол жерге Ғалисина қайтып келіп, Отырған өлгенінше мекенденіп. Самарқан қаласының оң жағында, Екі үлкен жасапты зейнет беріп. Сыйысқан әр бөлмеге елу бала, Тамаша сұлулығы оның және. Сұлулық сәулетіне көз тойынған, Әр пәннен алды оқыған білім, сана.
Синаның жетпістерге жасы жетті, Көшесін қызықты өмір басып өтті. Өтерін бұл дүниеден анық біліп, Данышпан бұған да әдіс айла етті... Ойлады оқығанда мұнша ғылым, Өлімді сүймепті ол да жетсе білім. Жолдарын ой жеткенше қарастырды, Ажалдың жоймақ үшін арты түбін. Жасапты жеті жұлдыз төбесіне, Жеті ыдыс жасады оның өресіне. Қасиетін жеті ыдысқа қосты үркердің, Білімнен сақтап таза оны есіне. Ғылыммен жеті ыдысқа дәрі толды, Өлгенде жан енетін денесіне. Тапсырды шәкіртіне бәрін соның, Жамас хакім дер еді есімін оның. Бағдатта туған жері сенімі асқан, Бірлесіп көп сапарда жүрген жолын.
Ешкімге әшкере етпе өлігімді, Орында менің айтқан сенімімді. Алжаспай дәрілерді жұмса тегіс, Ұстаздан алсаң мақтау орыныңды. Мақұл деп қабыл алып иді басын, Мүлтіксіз орындауға уағдасын. Көз жұмып Ғалисина өлгеннен соң, Қолға алды Жамас хакім тапсырмасын...
Дәрінің шыныдағы тағы бірін, Құйғанда айнығысыз адам түрін. Көрініп тіршіліктің барлық сиқы, Тағы бір жұмсағанда ыдыстарды, Дем шығып, көзін ашып тыныс алды. Бетіне шәкіртінің тура қарап, Шығарды "бәриз" деген дыбыстарды. Және бір "қүй" деген сөз "бәриз" деген, Талабы тірілудің қамын жеген. Дәрінің енді қалған бірін құйса, Дүниеде мәңгі тірі жүреді екен. Айтқандай ғалым Сина ашты көзін, Тіріліп кететіндей білді өзін. Жамастың көңіліне кірді пікір, "Бәриз" деп естігенде айтқан сөзін. Ойлапты, тұрса қазір Сина ғалым, Шүһрәті хабарлатқан халықтың бәрін. Келетін менің бақыт кезегіме, Кез болып, бермес бедел ықтиярын... Шәкірті өзі оқытып сабақ берген, Сенімін адалдамай, садақ көрген. Қолынан шынша түсіп сынды дейді, Аңдамай аттағанда аяқ жерден...
ЖОМАРТТЫҚ ТУРАЛЫ ДАСТАН ТАҒЫЛЫМЫ
Атымтай жомарт Аты әлемге аңыз болған араб Атымтайдың (Хатим ат-Таий) жомарт атануы туралы оқиғалар. Атымтай дүниеден өтті бір күн, Жоқ қылып дүниені неше дүркін. Інісі "мен де сақи боламын" деп, Мирастық тағып порма, киді бөркін. Бұл хабар жетті бір күн анасына, Қараңыз анасының, данасына. "Сен, сірә, Атымтайдай бола алмайсың, Оныңды қой, сен, - депті баласына. – Туғаннан Атымтайдың нышаны бар, Әркімнің ісі лайықты шамасына... Атымтай ұсынбасам емшек ембес, Перзенттің ата-анаға жайы мәлім. Кейісем қол қусырып келуші еді, "Ризамын өлтірсең, - деп, - анажаным" Қасым Жомарт
Қасым Жомарт та жомарттығымен аты аңызға айналған адам. Ерекшелігі - оған байлық атасынан мұра боп қалған. һарон Рашид өзіне жомарттығы артқан Қасымды бір көру үшін арнайы аттанады. Таң атқан соң патшаға келді Қасым, Аман-есен тұрдың ба, замандасым. Қалағаның бар болса алып кеткің, Аямаймын, жолында мал мен басым. - Бір күн, бір түн, Қасымжан, болдық қонақ, Бәрімізден өтеді дүние шолақ. Қызық қызмет ісіңе разы болдым. Еш нәрсеңді алмаймын тіпті қалап. Халифа жүремін деп тысқа шықты, Қасымжан әдеппенен тағзым етті. Алтынды ер жабдықты ат мінгізді, Патша ондай атты көрген жоқ-ты.
Мұнан соң әлгі атқа мініп кетті, Патша ойлап келеді талай кепті. "Бұл Қасым жомарт емес, мақтаншақ қой, Мақтанып әр нәрсесін бір көрсетті. Талай нәрсе көрсетті Қасым маған, Мұның несін мақтады уәзір надан. Жомарт болса біреуін берер еді, Көрсетіп алып кетті бәрін тамам". Ойлай-ойлай патша жүріп кетті, Жолдасы қалған сарайға барып жетті. Сарайды төңіректеп көп жандар тұр, Бұларды көріп патша тамаша етті. Әнші қыз келді - дағы бір хат берді, Халифа алдыдағы ашып көрді. Барша көрген істерін ән ағам қылған, Халифа қайран болып оқып тұрды.
Жазыпты ол хатында: "Қарарым сол, Мейманым, өкпелемей разы бол Бұған разы болмасаң тағы бір кел, Сізді разы қылайын ендігі жол". Патша ойлады, "Бұл Қасым неткен адам, Мұндай жомарт табылмас тірі жаннан. Патшамын деп бекер-ақ мақтанамыз, Бұл Қасымға тең келмес патша мен хан. Ойлаушы ем менен артық адам жоқ деп, Өзім патша, артықша жомартпын деп. Тәкаппарлық қылып мен үйде отырып, Кісісіне жолықпай жүріппін тек". Жомарттық шапағаты Мұса пайғамбардың заманында бір патша перзентке зар болып, Аллаға жылда жалбарынады екен. Бірақ оның маңдайына Алла перзент жазбапты.
...Аяңдай Тор тауына келді Мұса, Тоқсан ауыз сөз айтты енді Мұса. "Бұл құлың сізге зарлық етер тілеп, Бір ұл берсең нетеді?" - дейді Мұса. Құдайым пайғамбарға берді жауап, "Мені ойласа, тапқаны оның сауап. Бір ұғыл бердім енді оған, Мұса, Өмірі үш күн болар оның бірақ". Мұса қайтты тәңірімен сөйлесіп сөз, Алдынан тағы патша жолықты кез. "Бір бала берді, - дейді, - сізге Алла Өмірі қысқа - үш күнде алады тез". "Шын ба екен естігенім осы сөзің, Перзент деп сарғайды менің жүзім. Бергені маған бала рас болса, Бермеспін оны қайтып құдайға өзім".
Падиша бұл сөзімен келді үйіне, Бір қиял түсіп оның және ойына. Халқын жинап падиша той қылады, Келеді көп халайық бұл тойына. Той қылып қазынаның кілтін ашты, Ғаріпке, мүсәпірмен қайыр шашты. Бір кезде ханымы да буаз болды, Падишаның мұны көріп көңілі тасты. Күнде есіктен кетпейді көп халайық, Жатады ғаріп - мүскін алтын алып. Тоғыз ай, он күн тамам болған шақта, Ханымнан туды айдай боп бала ғаріп. Әкеліп Мұсаға да тағам қойды, Бір бала қызмет етіп алдында жүр. Пайғамбар мұны көріп ойлайды енді, Баласын падишаның енді білді. Аяңдап Тор тауына келеді енді, "He себепті бұл жеті жасқа келді?" Деп сауал бір Аллаға береді енді.
"Айтады мұнша неге жасар ұзақ, Айтып едің деп өмірі үш күн - ақ. Пенде өтірік айтса егер, Алла тағалам, Айтасың орның дозақ, қатты ғазап. Келіпті патша ұлы жеті жасқа, Деп едің үш күн өмір әуел баста. Я, раббым, өтірік сөз сіз айтсаңыз, Жалған сөз неғып айтпас сізден басқа?!" Құдайым пайғамбарға жауап берді, "Ей, Мұса, жауабым тұр тыңдап деді. Садақа қайырменен ол падиша, Зияда үлкен сауап тапқан деді. Естігеннен ол патша той қылып жүр, Шығарды садақамен патша көп пұл Әр адам ұғылының өмірін тілеуші еді, Көп тілеуімен өмірі ұзарған сол". ("Көп тілеуі көл" дегенді қисса ойға арқау еткен.)
ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫР ТАҒЫЛЫМЫ
Қыз Жібек (үзінді) Төлеген әке-шешесінің алдынан өтіп, Жібекке құда түсіру үшін Ақжайық еліне аттанбақ болады. Жібек жаман түс көріп, жеңгесі арқылы Төлеген жолға шықпасын деп хабар салады. ...Мен бүгін бір түс көрдім, Түсімде жаман іс көрдім, Төлеген мінген Көкжорға ат, Ер-тоқымсыз бос көрдім. Ел жайлаған Ақжайық, Жағалай біткен бидайық, Алдымда жанған шырағым, Біреу үрлеп өшіріп, Көзімнен болды сол ғайып. Қолымдағы тұйғынның, Заулап келіп аспаннан, Желкесін қиды бидайық. Пендем десең, құдая, Бұл түс емес еді ғой, Көруге маған лайық. Айналайын, жеңеше - ау, Төлегеннің мен білдім,
Бір кеткен соң келмесін, Мұнан кетсе, Төлеген, Білгізді, құдай, мен қуға Бұл жерді қайтып көрмесін... Төлеген Жібектің сөзіне құлақ аспай, Сыр еліне жүріп кетеді. Еліне аман-есен келгенімен, әкесі құдалыққа келісім бермейді. Төлеген ешкімге айтпай, Жібектің елі Ақжайыққа жасырынып кетеді. Осы сапарда Төлеген Қособа түбінде Бекежан қолынан қаза табады. Бекежан Көкжорға атты жетекке алып, "Төлегенді өлтіргенімді айтсам, Жібек маған тимей қайда барар дейсің" деген ойға келеді де, былайша өлеңдетеді: - Айтамын айт дегеннен әуелім - жар, Қыз Жібек, әлі-ақ болар пиғылың тар, Өліп қалған немеңді сонша мақтап, Көкжорға ат астымдағы көзіңді сал
- Жоқ екен, әй, Бекежан, ақыл-айлаң, Қанеки, құрбы болып тиген пайдаң? Атаңа алты лағынет ит қарақшы, Көкжорға астындағы алдың қайдан? Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы (Он томдық). 1-т. Алматы: Сөздік - Словарь, 2005. 114-196-бб.
ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ
ӘДЕТ-ҒҰРЫП АЙНАСЫ
Ұлы Даланы сан ғасырлар бойы мекендеген ата-бабаларымыз қылыш ұстап серт берген дәуірден - құран ұстап ант берген заманға дейін талай-талай асулардан асып, бұралаңбұлтарысы көп жолдардан өткен. Сырт көзге сыр бермейтін көшпелі өмір-тіршіліктің қаншама асылдары мен құндылықтары тарихтың аударылған ауыр парақтарының астында қалып бара жатыр.
Шоқан Уәлихановтың 1862-1863 жылдары жазылған "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" атты мақаласына көңіл аударайық: "Қазақтар туралы барлық зерттеушілердің айтуынша да, барлық географиялық нұсқауларда да; қазақтар - мұсылмандар, бірақ шамандық ырым, сенімді ұстайды. Олар мұсылман дініне табынумен қоса шамандық нанымдарға да иланады. Бұл пікірлер шындыққа келеді, дегенмен олардың шамандығы (бақсылығы) неден тұрады? Бірақ, өкінішке орай қазақ арасындағы шамандық, бақсылық жөнінде әртүрлі мерзімді басылымдарда мақалалар жарық көргенімен, осы жай туралы осы күнге дейін ешкім егжей-тегжейіне жетіп жазған емес". (Ш.Уәлиханов "Таңдамалы", Алматы, "Жазушы", 1985).
Қазақ ырымдарының, наным-сенімдерінің түп төркіні тым әріде жатқанына ұлы Шоқан осылайша назар аудартады. Ол өзінің "Тәңірі (Құдай)" деп аталатын (шамамен 1854 - 1855ж.ж. жазылған) мақаласында да қазақтың ырым - кәделерінің отқа табынған; табиғат пен жаратылыстың барлық тосын құбылыстарын қасиетті деп санаған, ислам дінімен араласқан тәңірі дінінде жатқанын жақсы аңғартқан. Қазақтың бүкіл салт-сана, әдет-ғұрып, наным-сенімдерінің, ырымдарының бастау бұлағы Көк Тәңірге, Көк Аспанға, табиғатқа табынған қадым замандарда жатқанына шүбәсіз иланамыз.
"ЬІрым, - дейді Шоқан, - әдет-ғүрыптың бір түрі. Шаман дінінде осы әдетті сақтау шамандықтың бетін қайтарады. Ал ырымды бұзу адамға қайғы-қасірет әкеледі. Бір сөзбен айтқанда, еуропалықтар осындай ырымды діндарлық, соқыр наным дейді, ал осы салтсана шамандық сенімдегі дәстүрлі әдет-ғұрыптың құрамдас бөлігі. Ырым халықпен бірге көптеп жасап келе жатқан әдет-ғүрып болып саналады, ал аян, лепес, жақсылық нышаны ретінде де жасалады. Мысалы, әйелі үнемі қыз тауып, ұл көрмей жүргендер, игі ниетпен ең соңғы қызына Ұлтуған деген ат қояды. Майкөт деп те атайды, артынан ұл туса екен деп". (Ш.Уәлиханов, "Таңдамалы", Алматы, "Жазушы", 1985).
Бүгінгі күнге қазақ ырымдарының ғасырлар көшінде әбден сана сүзгісінен өтіп, ешқандай күмән туғызбайтын, наным-сенімге әбден берік ұялаған түрлері ғана жеткенге ұқсайды. Бірақ ғылыми бағасын алып, толық елеп-екшеуден өткізілмегендіктен де бір ізге, жүйеге түсірілген жоқ. "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деп ғұмыр кешкен ата-бабамыздың тіршілікте ұстанған позициясы, көзқарасы арман - аңсары да осы ырымдарында терең жасырынып жатқан тәрізді. Бұған жан-жақты ғылыми талдаулар жасалатынына үміт артамыз. Ырымдар
- Адамның құлағы шуылдаса қазақ екі түрлі ырымға жатқызады. Сол құлағы шуылдаса - өлімнің хабарына жориды. Жақын-туыс, ағайын - алаш, құдажекжат, ауылдастардан біреу өлген екен деп ойлайды да, "оң құлағым, оң құлағым" деп үш рет айтады. "Жақсылыққа көріне гөр" деп, тілеу тілейді. Оң құлағы шуылдаса - қуанышты хабарға жориды. "Оңыңа бастай гөр" деп, оң құлағының түбін оң қолының бас бармағымен үш рет қағады. Онысы - жақсылық орнықты болсын дегені. 2. Дене мүшелерінің жыбырлауы да ырымның арқауы. Оң қабағы тартса "қуанамын, бір игі хабар естимін" деп, жақсылыққа бейімдейді. Ал сол қабақ тартса "бір жайсыз жағдай болар" деп іштей үрейленеді. Қабағына сілекей жағып: "Жамандықтан сақтай гөр!" деп тілейді.
Мүсәпірлерге садақа береді. Ерні тартса - жақсы дәм бұйырады, сарқыт жейміз деп ойлайды. Иық тартса - жаңа шапан немесе киіт киюге бағыттанды. Табан қышыса - алыс сапарға шығуға, жол жүруге ырымдайды. "Жолым оң, сәтті сапар болғай" деп тілейді. Тақым тартса - ат мінуге немесе үйленуге жориды. Алақан қышыса - ақша болады, байлық қонады деп нанады. Шеке тартса - басқа бақ қонады, мәртебе өседі деседі. Мұрын жыбырласа - иіскерлік көбейеді, той-томалақ, "ақ түйенің қарны жарылғандай сый-сияпат болады" деп қуанысады.
- Қазақ тұзды бейберекет шашпайды. Себебі, барлық тағамның тұзсыз дәмі жоқ. "Астың иманы - түз" деп қарайды. Түз төгілсе - ырыс төгіледі, дәм шамданады, ас азаяды. Жерге төгілген түз еріп жоғалғанша сол жерге тұзды төккен адам тұздай ащы тұрмыс кешіреді деп ырымдайды.
- Байғыз - түнде ұшатын құс. Ол шаңыраққа қонып шақырса жаман ырымға жатқызады. Көсеудің басын отқа күйдіріп: "Жамандық қара басыңа көрінсін!" деп отпен аластайды. Байғыздың шаңыраққа қонуы - қара түнде қара ниет тарататын сайтанның
сілтемесі деп қарайды. Бұл сол үйдің шаңырағын шайқайды деп, жаман ырымға балайды. Байғыз қонақтап кеткен жерде бір тамшы қан қалады дейді. Байғызды отпен аластаудың себебі артында сайтан қалмасын, сайтан оттан қорқады деген нанымнан шыққан. Байғыз қонған шаңырақта қан дағы байқалса, сол шаңырақты шағып, отқа жағады. Өйтпесе бұл шаңырақтан пәле артылмайды деп ұйғарады.
- Қарға қысты күні үйге қарап "қақ, қақ, қақ" десе, қар жауады, жазда жаңбыр жауады деп ырымдайды. Мұның ауылда той болатын жайға бейімделетін жағы да бар.
- Әдетте бұта-бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса "құт құйды" деп ырымдалады. Қазақ ырымында ит опадар саналады. Жеті қазынаның біріне қосылады.
- Ит аспанға қарап ұлыса - сол шаңырақ иесінің өліміне көрінеді, деп жаман ырымға жорылады. "Пәле өз басыңмен кетсін" деп итті қарғайды. Қуып жүріп ұрып өлтіреді. Қара жерді терең қазып көміп тастайды. Үстіне жеті адам қара тасты бастырады да, түкіріп безінеді. Онысы - иттің пәлесі өзімен бірге кетсін дегені.
- Ит адамға опадар саналады. Малды күзетіп, ит-құстан қорғайды. Жаугершілік кезінде сақтыққа себін тигізеді, жаудың келіп қалғанын сездіреді. Осыған орай аңыз да бар. Мысық: "Күлден басқа бермеді, тозақ отына күйдір" деп, иесіне опасыздық істеді екен. Ал ит құйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан құтқаруға ұмтылады деген сөз бар.
- Күн күркіреп, нөсер жауып, найзағай жарқылдаса - үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар "бисмилла, бисмилла!" деп, тәубе қып, иман келтіреді. Қазақ ұғымында найзағай - алланың жын-сайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні - құдай тағала даладағы жын-сайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қорқытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсуі ықтимал. Адамдардың сол пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды.
- Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: "Несібе төгіледі, ырыс шайқалады, ас азайып, дән далаға қашады. Отқа төгіліп, дән күйеді. Күл астында қалады. Қазан шайқалса - ырыс шамданады" деп ырымдайды.
- Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса - отқа тұз құйылып, күйеді. Тұз күйсе - үйдегі қыз ащы азам арқалайды деп ырымдалады. "Тұз - астың иманы, қыз - үйдің көркі". Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса - қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.
- Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе - қуып жүріп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шұбар төс дұшпан деп қаралайды.
- Қорада тұрған ат иесін көргенде құйрығын көтеріп, борт-борт жел шығарса - сапар нысаны деп ұйғарылады. Ал аузын ашып есінесе - жақсылық нышаны. Жолға жүргелі тұрған ат құмалақ тастаса - жолдың оңға бастағаны, олжалы болмақ. Қуаныш сыйлайды деп ырымдалады. Сүрінген атты ұрмайды. Қайта көзін оң қолмен сүртіп, тазалайды. Онысы - сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін дегені. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды немесе қамшы салмайды. Себебі, жапанда жалғыз өзі келе
жатқан жолаушыны қолдап, жебеген Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жорылады.
- Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі, ат иесі өлсе - оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені.
- Ауылдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені, ит иесіне опадар. Мүмкін, жолы болар, сапары оң болар деп, жақсылыққа жориды.
- Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені, мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты сөнеді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады.
- Қазақ қыз баланы қорламайды. Қыз - ару, болашақ ана. Ұрпақ қыз арқылы өрбиді. "Қыздың жолы жіңішке", "Қыз назы қырық кісіні мас қылады", "Қыз - жат жұрттық" деп әлпештейді. "Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы - күрең тартса - ел жұтқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе - құт қонады. Қызды қорлаған қызыл шақасынан айырылады. Қыздың жолы қырық кісінің жолын бөгейді. Қызды жылатқанның қырсығы қырық есекке жүк болады" деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.
- Қонақ боп барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, "қызда қырық көліктік бақыт бар". Төрде отырса сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады. "Қызда қырық қырсық та бар". Босағада отырса - сол қырсық сол үйде қалады. "Қызда оттай ыстық мейір бар". Төрде отырса - сол мейір сол үйге бағышталады. "Қызда мұздай суық ызғар да бар". Есік жақта отырса сол ызғар сол үйді шалады. "Қызда қырық періште бар". Төрде отырса, сол періштелер сол үйге қонады. "Қызда қырық сайтан да бар". Есік жақта отырса, сайтандар сол үйде қалады. Осындай ырымдардың салқынынан қалтырап, ыстығына қуанады. "Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді" дейтін мәтел осындай ырымдардың жемісі болар.
- Соғымға сойылған малдың сүйегін далаға шашып тастамайды. Таза жерде сақталады. Себебі, соғым сүйегінде астың құты тұрады. Соғымға да малдың қасиеттісін, семізін сояды. Сүйекті далаға шашып тастаса, қорадағы малға ит-құс шауып, тыным бермейді. Мал ақ сүйек жұтқа, апатқа ұшырайды деп ырымдалады. Қыстай жиналған сүйек-саяқ жазғытұрым қайнатылып, майы алынады. Сонан соң сүйектер оң жақ босағаға терең қазылып көміледі. Онысы келесі жылғы соғымға дейін жұрт қуармасын, босаға майлы болсын деген ырымы.
- Таңертең ас үстіне келген адам астан ауыз тиюге тиіс. Себебі, "Таңертеңгі асты тастама", "Таңертеңгі асты тастасаң - ұжымың сені тастайды" деген тәмсіл бар. Сондықтан таңертеңгі ас үстіне келген адам жақсылық үшін астан ауыз тиіп аттанады. Адам жастан үлкен болса да, астан үлкен емес. "Ас - адамның арқауы". Таңертеңгі ас бір күндік өмірдің бастамасы. Таңертеңгі асты тастамай, көңілді отырып ішсе, сол күнгі жұмысың да оңға басады деп жорылады.
- Топ болып жолаушылап келе жатқанда біреуінің аты тұра қалып сарыса, басқалары тоқтап тосады. Егер тоспай жүре берсе - жолдастыққа жарамағаны. Жайшылықта тоспаған адам, басқа күн туған кезде тосушы ма еді? Дос бола алмайды. Ала қол, қара нанды, ала күдік адам екен деп ырымдайды. Жүзін суыққа салып, бірте-бірте арасын алшақтатады.
- Жол үстінде келе жатқан жолаушыдан: "Қайда барасың?" - деп сұрамайды. Қайта "Жол болсын!" деп, ақ жол тілейді. Себебі, жолаушы барар бағытын құпия ұстайды. Қаскөй біреулер біліп қалып, соңыма түседі, жолымды ториды, сайтан соңымнан ереді деп, жаман ырымға балайды.
- Мама ағашта байлаулы тұрған ат қасынысып, бірін-бірі тістелесе - жақсы ырым. "Құда боламыз, құшақ айқастырамыз, мерекелі күн туады" деп ағынан жарылады.
- Өрісте жайылып жүрген малдың не қоралы қойдың ортасын қақ жарып өтпейді. Себебі, үйірлі малдың ішінде Қызыр пайғамбар жүреді. Малдың оттай ыстық көрінуі содан деп ырымдайды. "Малды ауылда құт бар", "Мал бар жерде жан бар", "Қойдың сүті қорғасын, қойды қырған оңбасын" деген мақалдар да бар. Қоралы қойдың ортасын жарып өтсе - Қызыр шамданады, мал екіге бөлінеді. Ортасынан айырылады, шығынға ұшырайды. "Қой Меккеден шыққан" дейтін ырымдармен байланысты болуы ықтимал.
- Үйге кіріп келе жатқан қонақ оқыстан сүрініп кетсе, үй иесі марқаяды және төрінен сыйлы орын ұсынады. Үйге аяқ астынан байлық толады, бақ қонады, үй сәулетті тігіліп, қонақ абыройының басы деп ырымдалады.
- Шапан-шалбарды, аяқ-киімдерді кигенде әуелі бисмилла деп, оң қолдан, оң аяқтан бастау керек. Шешкенде сол аяқ, сол қолдан бастайды. Қазақ бақыт ылғи оң жақтан келеді деп иланады. Сондықтан оңның тілеуі мол Оң сапар бер, ісімді ондай гөр, оң болса екен, оң жағыңа алтын тіреу орнасын деген секілді тілектер осындай ырымдармен тамырлас болуы мүмкін.
- Қазақ асты оң қолымен алып жейді. Сол қолымен алғанды ерсі көреді. Оң қолмен тамақ жеу, оң қолмен амандасу, есіктен оң аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу - осының бәрі ісім оң болсын, оңға бассын, оңға бастасын деген ақ ниеттің ырымы.
- Жайшылықта ер кісілердің жүресінен отыруы - жаман ырымға жатады. Бұл қаралы күйлі, өлім-жітім жағдайын еске түсіретін құбылыс. Қайғылы ерлер, серігінен айырылған кісілер осылай қара тұтып отырады. Сондықтан жайшылықта ер адамдар құйрығын жерге басып, жайраң қағып отыруға тиіс. Ал әйел адамдардың жүрелеп отыруы - жақсы ырым. Әйелдердің биязы түрмен ибалы бейнеде жүрелеп отыруы - ерлерге, үлкен кісілерге көрсеткен құрметі есептеледі. Ерлер жүрелесе - ауылға катер төнеді, әйелдер жүрелесе - ауылға иба кіреді деп жориды.
- Еркек те, әйел де, бала-шаға да сыртқы киімдерін желбегей жамылып жүрмей, жеңін киіп жүруі керек. Себебі, аруақтар ғана жеңсіз кебінін желбегей жамылып, үйге кіреді деп, үрейлі ырымға жатқызады. Екі қолы жоқ кемтар, мүгедек адамдар да сондай кейіпте болады деп, жаман ырымға жатқызады.
- Екі қолды артқа ұстап жүрудің де жосыны теріс. Себебі, бұл қолы артына байланған тұтқын пендені еске түсіреді. Сол сияқты бүйір таяну да жаман ырым. Өйткені, жұбайынан айрылған қаралы әйел немесе талақ етілген әйелдер ғана бүйірін таянып, аһылап-үһілеп қайғы шегеді. Жайшылықта мұндай қылық көрсеткендерді жұрт ұнатпайды.
- Түн ішінде қорадағы малды санамайды. Қандай жақын адамы болса да түн ішінде қорадан мал ұстап бермейді. Өйткені, қой жусап жатқан қорада бақ та жатады. Қораның бейқамдығы ыдыраса малдың тыныштығы бұзылады. Малдың күйі бұзылса - төл
азайып,саны кемиді. Түн ішінде мал берсе - сол малмен бірге малдың құты да, сол үйдің байлығы де кетеді деп жорылады.
- Қазақ мініс атын сатқанда немесе ағайын-туысына сыйға бергенде ноқтасы мен жүгенін алып қалады. Себебі, малдың құты, бағы басында деп жорылады. Басына пайдаланған, басын байлаған ноқта мен жүгенде құттың да демі бар. Бұл мүліктер атпен қоса берілсе - үйдің бүкіл байлығы, бағы еріп кетеді деп ырымдалады. Сондықтан алып қалған ноқта мен жүгенді үйдің оң жақ босағасына іліп қойып, үнемі майлап, баптап ұстайды.
- Қыстаудан жайлауға алғаш көшкен кезде бірінші күні көп ұзамай, жол бойына ерулейді. Себебі, арттағы жұрт бірден иесіз қалмасын, жұрынсыз болмасын, бақыт сақтаған орта шамданбасын, жұрт қуарып қалса, жаңа жұртқа барғанда бақ көне жұртқа қарай алаңдамасын деп ырымдалғаны. Келесі күні әрі қарай көшерде жолдың екі жағына от жағып, сол оттың ортасынан жүк артылған көліктерді өткізеді. Мұнысы - көне жұрттағы әжыналар көшке ілеспей, адасып қалсын дегені. Жаңа қоныста жаңаша өмір сүрсек деген ырымның жоралғысы.
- Жазғытұрым мал төлдеген кезде бірінші сауыннан алынған иіндіні асқа қолданбайды. Майды да жемейді. Маймен есіктің жақтауы, маңдайша, қазан-ошақтың құлағы мен сирағы майланады. Себебі, ақ мол болсын, індет шалмасын, сауар көбейсін, ақ пен бақ қонсын, мал басы артсын деген ниеттен туған ырымның жоралғысы.
- Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түспек болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп аттан түспейді. Оң жағынан түседі әрі үйді айналмайды. Себебі, жау үйіңнің жай-күйіне қарамайды, өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамай үйге кіреді. Сондықтан жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын дегені. Дос, туыстар оң жол, оң тілеумен келіп, оң аяқпен үйге кіреді.
- Қазақ салты бойынша түнде сыпырынды төкпейді, үй сыпырмайды. Сыпыра қалғанда: "Үйге бүйі кіріп кетті" дегенді айтып барып сыпырады. Себебі, сыпырынды жатқан жерге жын жиналады. Түнде сыпырындының ласы денеге шашыраса, адамға жын жабысады да, жазылмайтын науқасқа тап болады деп ырымдалады. Түнде үй сыпырмайтыны - сыпыртқының ұшына жын жабысады. Төсек салатын орынға жын орнығып алса, адам төсегінен суынып, ұшынады деп жорылады.
- Аң аулауға алғаш шыққан адам тұңғыш олжасын біреуге сыйламайды. Онда қанжыға қурап, құр қалады, қанды болмайды, жол болмайды.Бақ пен несібе басқаға кетеді деп ырымдалады. Ал келесі саятта олжасын дос-жаран, туған-туыстарына сайлауға болады. Мұның мәнісі - әр қандай істің бастамасы өзімнен болады. Жақсылығы да, жамандығы да басқаға көшпесін деген ниеттен туған ырым. Мұның түп төркіні - дүниеқұмарлық емес, жақын кісілері сол олжадан бақытсыздыққа ұшырамаса екен деген тілектің нышаны...
- Алыс сапарға шыққанда жолға сары май, тұз алып шықпайды. Оның мәнісі - жолым сарғайып, зарықтырмасын, тұздай ащы азап тартпайтын деген ниетті бейнелегені.
- Жаңа түскен келін өзінің киім-кешегін албаты қысқарта бермейді. Өйткені, бұлай еткенде дүниеге келетін нәресте кем туылады немесе түсік болып түсіп қалады деп ырымдайды.
- Егіннің тұқымы үшін біреу қарызға дән сұраса, ренжімей берілуге тиіс. Өйткені, дәнді адам емес, қара жер тілеп жатыр деп ырымдалады. Тіпті, түк жоқ деген күнде де бір уыс дән ұстатады. «Егін әлей болсын!» деген тілек айтып, қарыз сұраушыны жылы шыраймен шығарып салады. Мұнысы - үйден дән арылмасын, дән тасып, елдің қажетін өтесін дегені.
- Қырманға астық бастырар алдында егінші Дихан атаны еске алады да, бір шайнам дәнді аузына салып: "Дән дәмді болсын, ішер көбейсін" деген тілек айтып барып іске кіріседі. Мұнысы - қырмандағы дән шашылмасын, алдымен өзіміз ауыз тиелік, басқаға жем боп кетпесін дегені.
- Жаңа туған ботаның құйрығының ұшы кесіліп тасталады. Себебі, бота тез марқайсын, тез аяқтансын деген ниет. Ботаның құйрығына тас жабысып туады, сол тасты алып тастаса, бота тез марқаяды деп иланады.
- Бие саууға қолданатын көнек пен үйдегі сабаны төңкермейді. Түбін қолмен немесе таяқпен қағып ұрмайды. Бұлай істегенде көнек пен саба түбіндегі құт ұшады, ақ тартылады, ырыс шайқалады деп ырымдалады.
- Асқа, тойға арнайы әкелінген қымыз толы сабаны түгел сарықпайды. Түбінде азғантай болса да сарқыт қалуға тиіс. Себебі, саба кеуіп, семіп қалмасын, саба кепсе, малдың желіні семіп, сүті тартылады, құт-береке кетеді, сарқыт ішер жан қалмайды деп ырымдаған.
- Қазақ құда-жекжатына, туыс-туғанына, дос-жаранына ит бермейді. Себебі, "Иттей ырылдасып қалмайық", "Ит ырылдаса береке бұзылады", "Құдалық, достық, туыстық баянды болмайды" деп ырымдалады. "Құда мың жылдық" деп татулықты тілейді.
- Бесікті бейуақытта сыртқа шығармайды. Нәрестені алты айдан асқанша үйде жалғыз қалдырмайды. Өйткені, қараңғылық пен жарық жер бетінде таласып тұрған кезде Бақ пен Сор да тез алмасады. Перілер мен жын соғысып жатады дейді. Осы кезде ұйықтауға да болмайды. Бейуақтың күнәсі жабысады деп ырымдайды. Кіндігі қатпаған сәби осы мезгілде үйде жалғыз қалса, шошынады, перілер баланы алып кетіп, орнына өздерінің ақыл-есі дұрыс емес баласын тастап кетеді деп жориды. Кейде баланың ұрық безі бұзылып, рухынан айырылады, сондықтан қасынан адам үзілмеген жақсы деп иландырады.
- Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз демалғаннан кейін беті-қолын жуып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілденген соң барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартқан адамның түсі сұсты, қабағы қатыңқы болады. Өмір есігін жаңа ашып, көзі мөлдіреп жатқан сәби мен сай-сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген кісіге ілесіп келіп, жын жабыспасын деп ырымдаған.
- Бос бесікті тербетпейді. Баласы өліп, бағы сөніп, өзегі өртенген, содан есалаң күйге ұшыраған әйел ғана солай істейді. Сондай жамандық болмасын деген ырымы.
- Нәрестенің еңбегін баспайды. Өйткені, баланың бақыты еңбегінде болады. Нәрестенің былқылдап тұрған еңбегін басса - миы зақымданады. Өміріне қатер төнеді деп жориды.
- Бесікке қолданып жүрген түбекті, шүмекті төңкермейді. Себебі, түбек пен шүмек нәрестенің рақаты үшін жасалған мүліктер. Оны төңкеріп қойса, ішіне кір жабысады, от басына қойса қурап семеді, сондықтан таза жуып, күн көзіне қақтау керек, әйтпесе бала қуығы тұтылып ауырады деп ырымдалады.
- Баланың ит жейдесін далаға тастамайды, біреуге бермейді. Себебі, нәрестенің бақыты сол жейдені киген күннен басталады, сол жейде сол бақытты сақтайды деп жориды. Әуелі, бұрынғы заманда дауға барған адамдар, жауға шапқан батырлар баласының ит жейдесін қойнына тығып ала жүрген. Себебі, сол жейде қауіп-қатерден, пәле-жаладан сақтайды деп ырымдаған.
- Қыдырып келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. Өйткені сәбидің меселі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық жүз көріп, кейіген кейіппен шығып кетсе, бүл шаңырақтан бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады. "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген мәтел осындайдан пайда болған шығар.
- Көне бұйымдар мен заттарды жаңғыртып жонбайды. Бұлай істегенде беті жабулы тұрған пәле мен дау қайта қозады деп ырымдайды.
- Мал төлдеп жатқанда басқа біреуге мал сыйламайды. Төлді біреуге атамайды және сатпайды. Бұлай істесе Шопан ата шамданады, шамырқанады. Жаңа туған төл қырық күн өткенше иіссіз болады. Сондықтан бақ пен байлық басқаға ауысады, мал шығынға ұшырап, індет жайлайды, қора бос қалады деп ырымдалады.
- Алғашқы некеге пайдаланылған бұйымдар бұзылмайды, той киімдері сөгілмейді. Себебі, бұлай етсе, тату неке бұзылады не адам өледі, көңіл жыртылады, араға суық түседі, ыстық құшақ суиды. От жүректе тұтап, өрт кеудеде лапылдап тұрған махаббат сезімі өшеді, әуелі адамдар бір-бірімен жауласады, бітпес дау басталады деп ырымдалады.
- Асқа, тойға, мереке-мейрамға бағышталып сойылған малдың еті сол үйдің адамдары ауыз тимей тұрып, басқаларға берілмейді. Қанын итке иіскетпей көміп тастайды. Бұл - жақсы тілеу басқаға аумасын, он тілек ит-құсқа жем болмасын дегені. Сондықтан мұндай кезде ылғи да нысаналы мал сойылады. Дені сау көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, атан өгіз, ту бие секілді. Сондай мал сойылған соң қасиеті кетпесін дегені.
- Сауысқан үйдің төбесіне қонып немесе үйге қарап шықылықтаса - үйге қонақ келудің нысаны. Алыстан жолаушы келеді, жолаушылар аман-есен оралады деп ырымдайды... "Әлей-әлей, ақ сөйлей гөр!" деп тілек айтады.
- Дастарқан басында, ас алдында, тамақтанып отырғанда сырттан сәлем беріп кірген кісінің қолын алмайды. Бас изеп, асқа кел деп шақырады. Жуылмаған қолды астан артық көру - адамдық қасиетке жатпайды. Астан аттауға болмайды. Майлы ас жеп отырып, қолды сілікпейді. Бұлай істегенде ас сілкінеді, дәм-тұз ағады деп ұйғарылады.
- Әйел толғатқанда үй ішінде ілулі тұрған заттардың бәрі алынып тасталады. Сандықтардың аузын ашып қояды. Осылай істелсе - толғақ жеңіл болады, жолдың бәрі ашық, ақ ниетпен тілеу тілеп тұр деп ырымдалады.
- Үйге кіргізілген отынды қайта сыртқа шығармайды. Олай еткенде сол үйдің оты сөнеді, отағасы өледі деп ырымдалады.
- Түн ішінде сандық ашпайды. Бұлай істесе отағасы өледі деп жамандыққа жорылады. Сандықты амалсыз ашуға тура келсе: "Сандыққа жылан кіріп кетті" деп барып ашады. Аузын жабарда: "Жылан сыртқа шықты" деп жабады. Онысы - суық қол ұрылар түн ішінде сандық ашып, жамандық жасамасын дегені. Оның қолын түсі суық жыланға балап салып, жыланға балап сыртқа шығарғаны.
- Қазақтың келіндері асықты жіліктің асығы бар басындағы сіңірді мүжімейді. Онда толғағы ащы болады, қатты қиналады деп ырымдалады. Әйелдің толғағы қатты болса, бураның қураған бас сүйегін ақ байлап төрге іліп қояды. Мұнысы - жын-шайтан бурадан қорқып қашады дегені.
- Жаңа босанған әйел үйге кірген итке шық демейді. Бұлай істесе - әйелдің тісі түсіп қалады, бойынан қайраты жойылады деп ырымдалады.
- Әйелдер ошақтың үш бұғанынан асырып отын үймейді. Олай болғанда күйеуінің көңілі басқа әйелге ауып кетеді деп ырымдалады.
- Екі қабат әйел керулі тұрған және шұбатылып жатқан арқаннан аттамайды. Бұлай істесе - босанған кезде баланың кіндігі мойнына оралып, өміріне қауіп төнеді деп ырымдалады.
- Әкесі бар бала қолын төбесіне қойып, төр алдында шалқасынан жатпайды. Бұлай істесе - әкесіне наразы болып, өлім тілеп, зауал әкелгелі жатар деген жаман ырымға жорылады.
- Киіз үйдің есігін үйдің үстіне қарай лақтыруға болмайды. Есіктен Бак пен Бақыт та, Сор мен Қайғы да кіреді. Есікте кие болады. Лақтырғанда сол кие шамырқанады. Жау шапқанда ғана есікті үйдің үстіне түре лақтырып, жауға құқай көрсетіледі. Жайшылықта есікті лақтырмау - сондай жаман әрекет болмасын дегені.
- Екі қолды төбеге қоймайды. Жамандық істен қолға түскен тұтқындар ғана ант-су ішкенде екі қолын төбесіне қойып, жүресінен отырады. Сондай жамандық көрінбесін дегені.
- Есіктің босағасын екі қолмен керіп тұрмайды. Табалдырықты баспайды. Маңдайшаға артылмайды. Өлім шыққан, жау шапқан, қаралы күнге ұшыраған үйлерде ғана сондай көріністер болады. Сондай жаман ырымды істеуге тыйым салынады.
- Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Оның ішінде ақ сақалды қариялар да отыруы мүмкін. Малды және қолға түскен тұтқынды ғана саусақты шошайтып санайды. Ал үйден отырған кісілерге бұлай істеу - әдепсіздік саналады. Қонақтар шамданады. Тіпті, қариялар адам өледі деп те ырымдайды.
- Қазақ отқа түкірмейді. Отқа, шалаға су құймайды. Отқа су құйса - пырылдап, үй ішін күл басады. Күл басса - нас басады. От киесі қашады. Оттай ыстық жалын суиды. Құштарлық сөнеді. Адам өледі. "От бар жерде - жан бар". От - тірліктің негізі. Отқа су құю - жамандықтың нышаны.
- Таңертеңгі асты ішіп отырғанда ерлі-зайыпты адамдар ұрыспайды. Таңғы тірлік басталады. Күн шуағымен өмірге бақыт келеді. Ырызық тасыған, көңіл шалқыған күн туады деп, ыстық ықыласпен таңертеңгі асты ойнап-күліп отырып ішеді. Сонда қабақтар жадырап, жақсы күн болады деп ырымдалады.
- Жүкті әйелдер түйенің етін жемейді. Жесе - баланы он екі ай көтереді, толғағы қатты болады деп ырымдалады. Түйенің етін жеп, уағында толғатып, мезгілінде босана алмаса - сол үйдің төріне өлген бураның бас сүйегін іліп қояды. Онысы - әйел қиналмай, тез босансын дегені.
- Сәбилер тоңқайып, екі бұтының арасынан қараса - жақсы нысанға баланады. "Жолаушы келеді", "Жол ашылады", "Алыстан туыстар қатынасады" деп қуанысады.
- Аяқты көкке көтеру - жақсы қимыл емес, оспадарлық. Онда аспаққа асыласың, аяғың көктен келеді, үйде өлім-жітім, қорада мал шығын болады, Көк тәңірі шамданады деп жорылады.
- Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты сындырмайды. Өйткені, жас өндірдің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң - көктей орыласың, қарғыс атады деп ырымдалады.
- Қазақ баласы бастау басына, бұлақтың қасына дәретке отырмайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да сол бұлақ, сол бастау деп біледі. Сондықтан бұлай істегенде оның киесі атады, қарғысы тиеді. Тазаны арамдасаң - арың кірленеді, абыройың төгіледі деп ырымдайды.
- Қазақ жапан даладағы жалғыз ағашты кеспейді, зақым келтірмейді. Саясына барып паналап, ұйықтамайды. Олай істесең сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың, дүниеде жалғыздықтан өткен жамандық жоқ. Жаның құлазудан асқан қорлық жоқ. Жалғыз ағашты жамандық тілеп тұрған жауыздықтың нысаны деп қарайды.
- Қазақ қосарланып өскен, қатар біткен ағашты кеспейді. Олай істегенде қосағыңнан айырыласың, қанатыңнан қайырыласың, бақайыңнан майырыласың, тамырыңмен қырқыласың деп шошиды. Дүние түгел егізден жаралған. Егіздің сыңарын құлатқан оңбайды. Көңілі қарауытып, санадай сарғайып, зарығып, қиналып өтеді деп ырымдайды.
- Далада жатқан, шала жанған ағашты үйге кіргізбейді. Өйткені, күйелі ағаштай пәле жұққыш болады. Көңіл шаладай бықсып, үй ішінде алауыздық туады. Қорадағы қой, өрістегі жылқы, қотандағы сиыр, даладағы түйе шала туып, шығын көбейеді. Береке кетіп, бақыт сөнеді, адам өледі деп ырымдалады.
- Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мереке-мейрамда сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, дөнен өгіз сойылады. Сонда барлық тілеу қабыл болып, зор бақыт қонады деп сеніп, ырымдалады.
- Соғымға сойылған малдың жілігін шаққанда майы толық болса, сол жылы мал майлы, көңіл жайлы, тоқтылық болады деп ырымдалады.
- Қазақ үйіне қонған қонақты да ырымдайды. Қонақ қонған түні мал төлдесе, құйрық асып қонақты сыйлайды. Әрі киіт кигізіп: "Ақ жолтай қонақ" деп шығарып салады.
- Қазақ жақсы көретін адамына, туыс-туғанына, құда-жекжатына, алаш-ағайынына шақпақ тас, пышақ, қайрақ сыйламайды. Бұлай істесе араға от түседі, пышақтасады, "қырық пышақ болады", дұшпан араға от жағады, егестіріп қайрайды, тату тірлік бұзылады деп, жаман ырымға жатқызады. Сондықтан жақын кісілер шақпақты, пышақты, қайрақты сұрап алмайды, көрсетпей ұрлап алады. Иесі оны білсе де ренжімейді. Бұл жаман ырым басталмасын дегені.
- Қазақ күнге, Айға қарап тұрып түзге отырмайды. Ал құбыла жаққа, күн батысқа қарап тұрып бұлай істеуге тіпті де болмайды. Бұлай істеу әрі күнә, әрі рух шамданып, ұшынады, ауру иелеп, қуығы тұтылады, жіңішке ауруға тап болады, аузы қисаяды деп ырымдайды. Ай мен Күн - қазақ ұғымында дүниенің жарығы, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.
- Жайлау үстінде далаға қазан асқанда түбіндегі судан жұлдыздар шоғыры көрінсе - мал өседі, төл көбейеді, байлық артып, дәулет шалқып, рақат өмір сүреміз деп ырымдайды. Отқа май құйып қоздандырып, ақ тілеу тілейді.
- Қазақ сейсенбі күні жолға шықпайды, сапарға аттанбайды. Бұл күні жол болмайды, жолдан пәле кезігеді, сейсенбі күні жолды жылан кес-кестеп жатады деп ырымдайды.
- Қазақ некелі төсекке басқа адамды жатқызбайды. Көрпе-жастықтарды да біреуге қолданбайды. Неке бұзылады, махаббат тітіркеніп, шетке ауады деп ырымдалады.
- Қазақтың келіні қайын енесі мен қайын атасының төсегіне отырмайды. Бұлай істеу әдепсіздік, арадағы сыйластық бұзылады, адамдық жойылады, құрметтен айырылады, келіннің етегі ашылады деп, қатал тәртіппен тыйым салып, жаман ырымға жатқызады.
- Қазақ аққуды, сары ала қазды, бұлбұлды және жалғыз жүрген құсты ауламайды, атпайды. Өйткені, бұларды киелі құс деп есептейді.
- Қазақ біреуге қатты ашуланған адамға "тісіңді қайра", "ерініңді тістеме", "жұдырығыңды түй" дейді. Өйтпесе кек ішінде кетеді деп ойлайды. Кек ішінде кеткен адам дертке шалдығып, ем табылмай өмірден өтеді, түсі жылымайды, жүрегі жібімейді, кекшіл болып, көпшіл болмайды. Тісін қайраса, жұдырығын түйсе - ашуы сыртқа шығып, көңілі жадырайды деп жориды.
- Қазақта түн ішінде ысқырмайды. Ысқырса сырттағы жылан үйдегі дыбысты іздеп кіреді деп ұйғарады.
- Қазақ түнде айқайламайды. Тек жаугершілікте ғана солай істелуге тиіс. Жайшылықта ондай теріс қылықтан аулақ болған жөн деп ұйғарылады.
- Ымырт кезінде жатып ұйықтамау керек. Өйткені бүл мезгілде жарық пен қараңғылық, Бақ пен Сор, өлім мен өмір ауысады. Ымырт кезінде жатқан адам өлім тілегені деп ырымдалады.
- Түн ішінде сыртқа от шығармайды. Бұлай істегенде ауылға жау шабады немесе қораға қасқыр тиеді, апат болады, далаға өрт кетеді деп ырымдалады.
- Қазақта денесінде тарыдай-тарыдай қара қалы бар адамдардың қызы көп болады деп жорылады.
- Қазақ бейіт баспайды, қолмен нұсқап көрсетпейді. Бұлай істесе аруақ атады. Бейіт басқан адам топ, сал ауруына ұшырайды, қол-аяғы тартылып қалады деп ырымдайды.
- Қазақ "Бүлінген елден бүлдіргі алма" деп, өз ішінен бұзылған елге теріс қарайды. Бұлай істесе бүлік жұғады, пәлесі қалады, жала жабылады деп ырымдайды.
- Қазақ пышақтың жүзі көкке қарап жатқанды жаман ырымға жатқызады. Ондай пышақ өлім тілеп жатыр деп ырымдап, пышақты жалпағынан жатқызады.
- Қазақ түнде үрейлі түс көрсе, таңертең жерге үш рет түкіреді де: "Түс - түлкінің боғы" дегенді үш рет айтып, түкірікті оң аяғының табанымен үш рет басып таптайды. Онысы - тоймас қара жер жаман түсімді жесін деп ырымдайды.
- Қазақ оң жағындағы иығына қарай түкірмейді, сол иығына қарай түкіреді. Себебі, он иықта адамды қолдаушы періште отырады, түкіргенде ол жеркенеді деп ұйғарады.
- Қазақта түнде айнаға қарамайды. Қараса - ажары кетеді, өңі бұзылады, нұры таяды, дидары солады, шұғыла қуарады деп ырымдалады. Өйткені, адам баласы жарықта жүзіне нұр жинайды. Түнде айнаға қараса сол нұр адамның көзіне шағылысып, тайғанайды деп жориды.
- Қазақ мүшел жасын жасырады, басқаларға айтпайды. Себебі, мүшел жас - қатерлі жас, тіл мен көз сұғынан сақтасын деп ұйғарады да, жасты айтуға тура келсе не асырып, не кемітіп айтады.
- Қазақта жаңа киген киімге байғазы береді, түйме тағады. Онысы - түйме артынан түйе келеді деген ырымы.
- Қазақта жалғыз ұл балаға жамау-жамау киім кигізіп, төбесіне айдар қояды. Онысы - балаға жат көздің сұғы қадалмасын, тіл тимесін дегені.
- Қазақ көне жұртты, оттың орнын баспайды. Басса - ауру жабысады, пәле қонады деп жориды.
- Қазақта қыл арқанды ұрламайды. Ұрласа - аспаққа асылады, қыл мойнына қыл арқан түседі деп ырымдайды.
- Қазақ өзі мініп жүрген атын соғымға соймайды. Ал біреуге берсе - сілекейін алып қалады. Онысы - бағы да, соры да басқаға кетпесін дегені.
- Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса - бас ауыруға шалдығады, бас айналғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдығады деп ырымдайды.
- Кептерге қарай тас лақтырмайды. Олай істесе - тыныштық бұзылады, береке кетеді деп ырымдалады.
- Қазақ салтында үйдің ішінде тырнақ алмайды. Тырнақ тамаққа түссе - жазылмайтын ауруға тап болады деп жориды. Бұрынғы заманда мыстан кемпірлер
тырнағын алып, қастасқан адамының төсегіне қойса, жады ауруына ұшырайды екен деген аңыз бар.
- Қазақ нанды баспайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі. Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшырайды, өзегі талып өкіреді деп ұтады.
- Қазақ әйелдері қасын боямайды, жұлып тақырламайды. Бұлай істесе - қастасы көбейеді, жауы басына шығып, басынады деп жориды.
- Қазақ басқа үйді айналмайды. Айналса, сол үйдің пәлесі жабысады немесе өзіне қонуға тиісті бақ адасады деп ырымдайды.
- Қазақ теңделген жүкті буып байлаған жіпті кеспейді. Бұлай істегенді өзіңдікі өзіңе бұйырмайды, талапайға түседі, жолда тоналасың, жау шапқандай болады деп, жаман ырымға жориды.
- Қазақта кетік, жырық ыдыспен қонаққа ас бермейді. Себебі, ыдыстың кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, қонақтың жебеуші иесі шамданып, кәрін төгеді деп ырымдайды.
- Қазақ кем-кетік, мүгедек, жарымжан адамдарға күлмейді, мазақтап масқараламайды. Өйткені бүл - әдепсіздік. Менмендік істесең - өз басыңа келеді. Күлген кісі күлге көміледі, көлге кетеді, екі етегін түре кетеді, өмір бойы күрсініп өтеді деп, жамандыққа жатқызады.
- Дастарқан оң бетімен жайылады. Дастарқан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын қонаққа қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Мұны "дастарқан оң болмай, ісіңде жол болмайды" деп ырымдайды. Дастарқан - береке-бірліктің, тірліктің бейнесі ретінде қастерленеді.
- Қазақ жазғытұрым далада ұйықтамайды. Бүл қыс пен жаздың өларасы, шегі. Ыстық пен суық алмасар түс. Осы мезгілде жер бетіне жын-перілер соғысып жатады. Далада ұйықтап қалған кісінің бет-аузы қисаяды, жынданып ауырады деп ырымдайды.
- Атты кісі бейіт тұсынан шауып өтпейді. Бұл аруақты сыйламағанның қылығы. Сондықтан аруақ атады, сайтан жабысады, аруақ соңынан қуалап үйге келеді деп ырымдайды.
- Малға оба тисе, қасиетті саналған адамдардың моласынан топырақ әкеліп, малды ұшықтайды. Себебі, оба да бір қасиеттің белгісі. Оның да күшті қорғаушысы болады деп ырымдайды.
- Пұшпағы қанамаған бедеу әйел жуынып-шайынып тазаланып алған соң, әулие адамдардың қабіріне барып тәу етіп жалбарынса, сүйегі жарылып, бала көтереді деп ырымдайды.
- Қазақ дос-жаранына, туыс-туғанына сары түсті заттарды тарту-таралғыға ұсынбайды. Сары түс - дерттің белгісі, сары ауру жабыстырады, жазылмас дертке ұрындырады деп жориды.
- Қазақ беталды жер шұқымайды, жер қазбайды. Бұл қылық өлім шақырады, ажалды хабарлайды деп, жаман ырымға балайды.
- Әкесі тірі адам төрге шықпайды, бас ұстамайды. Бұлай істесе әкесі өледі деп ырымдалады.
- Қазақ салтында от жаққан орынды баспайды. Отта кие бар. Бұлай істегенде оттың киесі атады деп, тыйым салады.
- Қазақ ұғымында аспан денелерінің де өзіндік қасиеті бар деп есептеледі. Мысалы, көктен жұлдыз ақса - адам өлгені деп жориды.
- Ауа райының құбылысы да әртүрлі ырыммен парықталады. Күн тұтылса - мұсылманға, Ай тұтылса - кәпірге көрінеді, патшалары өледі деп жориды.
- Жанып тұрған шырақты үрлеп сөндірмейді, бір затпен басып өшіреді. Үрлеп өшірсе - бақ таяды, бақыт сөнеді, адам ұмытшақтық дертіне тап болады деп ырымдайды.
- Түн ішінде біреудің үйіне кіргенде "Ассалаумағалейкүм" деп сәлем бермейді. Тек "Кеш жарық" деп қана тілек айтады. Өйткені кейде сайтан түн ішінде періште бейнесіне еніп төрде отырады дейді. Соны абайламай сәлем беріп қалған жағдайда сол адамның аузы қисайып, ақыры ауырып өледі деп жориды.
- Әдетте қазақ түйені басқа ұрмайды. Өйткені түйенің басында жылды бастайтын бақыты тұрады деп жориды.
- Түнде әйел заты суға бармайды. Әйел жаны нәзік әрі қорқақ келеді. Су жануарларын көргенде жын деп ойлап, шошынып қалады деп есептеледі.
- Асқа сойылған малдың етінен үй иесі дәм татпай тұрып қан-жынын итке жегізбейді. Адал малдың етін иман айтып жемей тұрып, қан-жынын ит жесе, адал несібе арамданады, ас дәмі бұзылады деп ырымдалады.
- Көктемде алғаш күн күркірегенде үйдің іргесіне ақ төгіледі. Бұл ақ мол болсын деген ниеттен туған ырым.
- Жайшылықта түндікті бақанмен тіремейді. Себебі, өлім шыққан үй ғана осылай істейді. Жақсы күнде жаман ырым жасалмауы керек деп ұйғарылады.
- Тұңғыш баланы алыс сапарға той жасап аттандырады. Тойға үлкен-кішінің бәрі жиналады. Бала үлкендерден бата алсын, жолы ашылсын, маңдайы жарылып қуансын, сапарға жарқын жүзбен аттанса, ғұмырлық сапары да сәтті болады деп ырымдалады.
- Жаңадан келіп, қоныс қонғандарға ауыл ерулік береді. Қоныс құтты болсын айтады. "Көрші ақысы - тәңір ақысы" деген сөз бар. Ерулік бермесе, дән қусырайды, босаға сөгіледі, жер жериді деп ырымдалады.
- Құрықтың үш жағын жоғары көтермейді. Онда малдың аяғы көктен келіп, орта ойылған жұт болады деп ырымдалады,
- Жолаушы сапар шегіп келе жатқанда жол бойында тұмсығы жолға қарап аттың не түйенің қу басы жатса, жол ақ, оң болады деп ырымдалады. Ал керісінше жатса, жолаушы аттан түсіп, қу бастың тұмсығын жолға қаратып қойып кетеді.
- Қазақта сейсенбі күні алыс сапарға аттанбайды, үлкен іс бастамайды. Себебі, бұл ауыр күн болып есептеледі. Бас зеңіп тұрады деп ырымдалады.
- Тырнақ пен шаш бейсенбі, жұма күндері алынуы тиіс. Түнде тырнақ пен шашты алмайды. Себебі, адамның жаны түнде тырнаққа ілініп тұрады екен. Ал түнде шаш алу бас алумен бірдей деп жорылады.
- Тамақты тек қана оң қолмен жеу керек. Сол қолмен жеген ас сіңімді болмайды деп ұйғарылады.
- Шалбарды, ыштанды, дамбалды отырып кию керек. Бұл - ибалылықтың нышаны, құтты өмірдің қалпын бейнелейді. Түрегеп тұрып кию - жаугершілікті, қанды қырғын соғысты елестетеді. Сондықтан, мұндай теріс әрекеттен аулақ болу керек.
- Түнде беті ашық қалған асты жемейді. Себебі, мұндай ас бұзылады, айниды. Асқа сайтан сарыды деп ұйғарылады.
- Таңертеңгісін жол үстінен алғаш кезіккен әйел еркектің оң жағынан өтпеуі керек. Бұлай істесе, ердің жолы бөгеледі, бақыты шайқалады, қырсыққа ұрынады деп ырымдалады.
- Жаңа босанған әйел қырық күнге дейін қолын суық суға малмауы керек. Салқын заттарға қол тигізбеу керек. Жаңа туған нәресте суық жүрек, тасбауыр болып өседі деп ырымдалады.
- Жаңа туған сәбидің кіндігін киелі әйелге немесе жасы үлкен парасатты кемпірлерге кестіреді. Себебі, "Нәресте кіндік шешесіне тартады" деген сенім бар. Ауру-сырқат немесе жарымжан әйелдер кіндік кессе, бала соған тартып кетеді деп ырымдалады.
- Нәресте туғанда кіндігін ай балтамен кесіп, таза жіппен байлайды. Кіндік кескен балтаны пайдаланбай, сақтап қояды. Кіндік үш-төрт күнде түседі. Ұл баланың кіндігін "үй күшік болмасын, далада өскен батыр болсын" деп, қырдан асырып лақтырып жібереді. Ал қыз баланың кіндігін "үйдің құты болсын" деп, от басына ошақтың түбіне көмеді. Бала оқымысты болсын деген ниетпен кітап арасына сақтап қоятын да, ат құлағында ойнасын деген тілекпен, аттың жалына байлап қоятын да дағды бар. "Тілегімізді кіндік кескен жерден, кіндік қаны тамған жерден бер" дейтін сөз осындай ырымдардан қалған.
- Жаңа босанған әйелге ақ сарыбас қой сойып, ақ тілеу айтып, қалжа жегізеді. Себебі, туыттағы тері шықпаса, ана мен баланы қырық түрлі қырсық шалады, қалжа жемеген әйелдің баласы ынжық болады деп ырымдалады.
- Бала емізіп отырған әйел омырауын басқа кісілерге көрсетпеуі тиіс. Баланы қалқалап отырып емізеді. Бұл кезде сөйлемейді. Себебі, басқаның көзі омырауға түссе - емшегі ісінеді, сыздауық шығады деп ырымдалады. Ал сөйлесе бала шашалып, қолқасы қабынады да, ауруға шалдығады.
- Қалжаға сойылған қойдың омыртқасын тазалап мүжиді де, тобылғы шыбыққа өткізіп, есіктің бас жағына іліп қояды. Онысы - баланың мойны тез бекісін дегені. Ал қалжаға жиналған әйелдердің бәрі де омыртқа етінен ауыз тиюге тиіс. Ең соңында кіндік шешесі қырнап мүжиді де, есік маңдайшасының төбесіне іліп қояды. Әйелдер осы омыртқа етінен ауыз тисе, бала көтереді деп ырымдалады.
- Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізген сәбиді бесікке кез келген әйел салмайды. Бұл қызметті бойы таза, инабатты жөн білетін, ел жұртқа сыйлы, үбірлі-шүбірлі бәйбіше орындайды. Баланы бесікке саларда таза темірді немесе сол үйдегі қысқашты, темір көсеуді отқа қыздырып, бесіктің арқалығынан бірнеше жерді қариды. Бұл жын-шайтан өлсін, балаға пәле-жала жабыспасын дегені.
Сонан соң әйелдердің біреуі: "Бала қырандай алғыр болсын" деп, бүркіттің тұяғын бесікке байлайды. Тағы біреуі бесіктің екі жағынан қылыш жарқылдатып: "Жау жүрек батыр болсын" десе, үшіншісі бесіктің екі жағынан қамшы үйіріп: "Тақымынан тұлпар кетпесін, бәйге бермес шабандоз болсын" деген тілек айтады. Сонан соң бесіктің түбек орнататын тесігінен тәтті тағамдар төгіп: "бала тышты" деп, төгілген дәмді алып шығады. Оны той дәмінің сарқыты ретінде балаларына апарып береді. Бұл сәбидің ырзығы тасып, қонағы көп, мерейі үстем, достарына сыйлы, ашық қол болсын дегені. Осыдан кейін үйдегі әйелдердің бәрі үнсіз отырып, баланы әзірленген бесікке салады. Ешкім үн шығармайды. Себебі, сөйлеп қойса, бала жылауық, өскенде өсекші болады деп ырымдалады.
- Қаз тұрып, апыл-тапыл жүре бастаған баланың тұсауы салтанатты түрде кесіледі. Бұл "Тұсау кесер тойы" деп аталады. Баланың аяғы ала жіппен тұсалып, байланады да, оны сол ауылдың желаяқ, жылпың, қадірлі кісілердің бірі кеседі. Сонан кейін сәбиді әрібері жетелеп жүргізеді. Тұсауы кесілетін баланың қалтасына тәтті тағамдар, күміс тиындар сықап салынады. Тұсауы кесілген соң тойға келгендер мұны таратып алады. Тұсау кесілмесе - бала сүріншек болады, үлкейгенде топ ауруына шалдығады деп ырымдалады.
- Бостан-бос тасты шықылдатпайды. Бүйтсе - қасқырдың тісі қышиды, қорадағы, өрістегі малға шабады. Мал шығыны көбейеді деп ырымдалады.
- Баланы сыпыртқымен, көсеумен ұрмайды. Бұлай істегенде балаға пәле жабысады, қырсық шалады деп ырымдалады.
- От басында отырған қарияның орнына кез келген адам отыра бермейді. Кейбіреуіне қарияның кәрі тиеді. Жарымжан, дімкәс адам болса, ауыруы асқынады деп ырымдайды.
- Жаңа түскен келіннің бетін ашқанда, жыр айтушы ақын оң қолымен ашады. Жеміс ағашына немесе тобылғы сапталған қамшының сабына қызыл торғын орамал байлап, сонымен ашады. Онысы: "Келіннің беті айдай жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын" деп ырымдалады.
- Жауырынды мүжіп болған соң, етек жағын жарып, ашып тастайды, өйтпесе жол бітеледі, жол азабы көбейеді, жол тұйыққа тірелді деп жориды.
- Қазақ үш әйел тастаған еркекті жақтырмайды. Оның қолынан балаларына дәм татырмайды. Жамандығы бастарына келеді деп ырымдалады.
- Тай мініп, өзінің сүндет тойына шақыра келген баланың қолына тәтті ұстатып, тайының жалына шүберек байлап: "Жол болсын, той құтты болсын!" деп жол көрсетеді.
- Қызына құда түсе келген адамның тілегін қабыл еткенде жағалы шапан кигізеді. Оны "шеге шапан" дейді. Бұл құдалық баянды болсын деген ниет.
- Шыр айналып соққан құйынды көргенде "Тіфә! Тіфә!" деп, жерге үш рет түкіреді. "Таздың үйіне бар, таздың үйіне бар" деп, құйынды қуады. Өйткені, құйын соққан жерде жын жүреді, жын соққан адамның аузы-мұрны қисаяды деп есептейді.
- Отырған адамды айналуға балаға да, басқаға да рұқсат етпейді. Олай істесе, әлгі адамның ауру-дерті болса, соны айналған кісіге көшеді, барлық сиқыры қонады, жұқпалы дерті жабысады, соның салдарынан бақытсыздыққа душар болады деп ырымдалады.
- Біреудің ұл баласы жоқ болса, әйелі қыз туа берсе, ол соңғы туған қызына "Ұлбосын, Ұлтуған..." деген секілді тілеу аттар қояды. Онысы - келесі балам ұл болсын деп ырымдағаны.
- Баласы тоқтамай өле берген немесе түсік тастай берген әйел бір баланы аман-есен туа қалған жағдайда жеті әйелдің бұтының арасынан өткізіп алып, оған Жетпісбай деген ат қояды. Онысы ғұмыр-жасы ұзақ болсын, артынан өзіндей ұл мен қыз өрби берсін деп ырымдағаны.
- Қазақ үйірлі жылқысынан біреуге мал ұстап берген кезде, сол жылқының жалынан бір тал қылды жұлып алады да, қылға сол жылқының сілекейін жағып, қалтаға салып сақтап қояды Бұл - "сілекей сірне" деп аталады. Онысы - әлгі жылқымен бірге ырыс кетпесін деп ырымдаған.
- Қазақ біреуге өзінің киім-кешегін берсе, бір түймесін не бір бауын үзіп алып қалады. Онысы - басымдағы бағым түймемен немесе баумен бірге кетпесін дегені. "Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер" деген сөз бар. Бұл сөз осындай ырымнан шыққан болуы да ықтимал.
- Егер сататын жағдай болып қалса, аттың жүгенін, түйе мен сиырдың бұйдасын, бүркіт пен сұңқардың томағасын, иттің қарғыбауын алып қалуы шарт. Өйтпесе, бұлар сиқырмен басқа бейнеге айналып, жүгенді, бұйданы, томағаны, қарғыбауды алып қалуды талап етіп, маза бермейді деп ырымдалады.
- Қазақ әйелдері өзінің әдейілеп басына салып жүрген арнаулы жаулығын басқаларға бермейді. Олай етсе басымдағы бақ басқаға көшеді деп ырымдалады.
- Қазақ жорыққа аттанған кезде "аттан түс", "атты байла" деген сөздерді тіке айтпады. Жамандыққа бастамасын деп, сол мағынаны білдіретін, қон, бекіт, кір деген сияқты сөздерді қолданады. Жорыққа аттанғанда өлең айтпайды, жыламайды. Саптаяқты Жолдыаяқ деп, мінгені байтал болса - ат деп атайды. Жорыққа байтал мініп барса, жол болмайды деп есептейді. Байтал жорық көлігі емес, құлындайтын, сауылатын мал.
- Үйге тамақ шайнаған қалыппен кіруге болмайды. Ал тамақ шайнап шығу - жақсылықтың нышаны. Қазақ: "Дұшпанның үйіне жеп кір, достың үйінен жеп шық" дейді. Біреудің тамақ шайнап кіріп келе жатқанын байқаса, үй иесі оның аузындағысын босағаға төктіреді. "Қан түкір" деп, жамандыққа балап назаланады.
- Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда есікті үй иесі ашпайды, қонақтың өзі ашып шығады. Қонақ үйге келгенде құт бірге кіреді деп жориды. Қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен ілесіп кетеді деп ырымдалады.
- Қазақ ұғымында, үкі - қасиетті құс. Үкінің үлпілдек жүні, басы, сирағы және қауырсынын жын-сайтаннан қорғайды деп, төсектің басына, бесікке, бас киімге қадайды.
- Тіл тиюден, көз сұғынан сақтану үшін "Есек тас" деп аталатын белгі тас тағылады. Сонда көз сұғы, тіл зары тасқа тиеді деп ырымдалады.
- Қазақ жын-сайтан бурадан және кірпікшешеннен қорқады деп жориды да. Үйдің бір қолайлы тұсына бураның бас сүйегін, кірпінің түрпісін іліп қояды.
- Қазақ үйінде ыдыс-аяқты салдырлатпайды. Онда ырыс үркеді. Дім шамданады, бақ жоламайды деп ырымдалады.
- Қазақта "ақты телміртпе" деген сөз бар. Алдыға қойылған айран, сүт, қымыз секілді тағамдарды көп тостырмай, тез ішу керек. Ақ көп телмірсе, аққа адам да телміріп, зарығатын болады деп ырымдалады.
- Қазақта: "Сыйға - сый, сыраға - бал" дейтін сөз бар. Жігіт жағы құдаларды есік көрсетуге шақырады. Мұндағы мақсат - қалыңдықтың барлық туыс-туғандарын күйеуге таныстыру, өз ел-жұртын, дәулеті мен сәулетін көрсету. "Өлі-тірісіне" бір мал аталады. Бұл - аруақ разы болсын дегені. Егер өлі-тірісіне мал аталмаса, келін ауруға шалдығады деп есептейді.
- Қазақта шын көңілмен, адал ниетпен құдаласып, қонақ болып отырғанда табақ тартар алдында құйрық-бауырды араластырып турап, үстіне айран құяды да, құдаларға асатады. Бұл асатудың әзілге ұласатын жағы да бар. Алайда адал ниет те қабысып жатады. Айран араластыруы - тілек ақ болсын, іші-бауырымыз араласып мың жылдық құда боламыз деп ырымдағаны.
- Қазақ бір үйге алып барған өзінің сыбағасынан өзі жемейді. Онда әйелі қыз табады деп ырымдайды. Ұдайы жаугершілікке ұшырай берген қазақ елді қорғайтын ер-азаматты көксегендіктен ұл баланы ерекше тілейді.
- Қазақта түн ортасында қораздың шақыруы теріске жорылады. Ондай қораздың басын кеседі де, жерге көміп тастайды. Өйтпесе, адам өлімге ұшырайды деп есептейді.
- Жаңа түскен келіннің бала көтеріп, жерік болғанын сезсе, қайын енесі ағынан жарылып, "төсек той" жасап, көршілерін де қуантады. Жиналғандар төсекке теңге, қыран құстың қасиетті саналған дене мүшелерін іледі. Жастығының астына пышақ жастап қояды. Онысы бала аман-есен жарық дүниеге келсін. Тіл-көзден аман болсын дегені.
- Жас жұбайлардың алғаш жататын төсегі - "Ақ некенің ақ төсегі" деп аталады. Енесі мен жеңгелері төсекті аршамен аластайды, иіс су себеді. Төсекті бұлай аластамаса, жынсайтан жабысып, неке бұзылады деп жориды.
- Қазақ мойынға жіп салмайды. Өйтсе сайтан есінен тандыра аздырып, өзін-өзі білмей буынып өледі деп ырымдайды.
- Төрдің төбесіне түлкінің, қасқырдың, аюдың және басқа жыртқыш аңдардың терісін іліп қоймайды. Өйтсе - бақ тұрмайды, үйді үрей билейді. Үй іші жыртқыш аңдарға толып тұрғандай сезіледі деп, жамандыққа жориды. Әсіресе, жас отау иелерінің бұлай істеуіне тіпті болмайды.
- Қазақ қыздары үйдегі қонақтың қарсы алдына келіп, талтайып отырмайды. Мұндай қылық қызды ұятсыз іске ұрындырады, бақытсыздыққа душар етеді деп ырымдайды.
- Қазақ тартылған табақпен қоса ұсынылған бас келгенде оң құлағын сол үйде отырған қонақтардың ішіндегі балаға береді. Онысы - бала сөз тыңдайтын, тілазар емес, елгезек, жақсы болып өссін деп тілегені.
- Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарқанмен бірге жиналып кетсе, қайтарып берілмейді. Қонақ ет турағанда пышағын езі сүртіп қынына салып алуы керек. Егер дастарқанмен бірге жиналып кетсе, қонақ үндемейді, пышағын сұрамайды. Сұраса: "Қырық пышақ боп өштеседі" деп жориды.
- Қатар тартылған екі табақтың адамдары түгел ет турап алуға пышақ сұрап алса, етті турап болған соң, пышақты құр қайтармайды, пышақтың ұшына май шаншып беріп, алғыс айтады. Өйткені пышақ - ердің қаруы. Ақ май сол ниетті білдіреді.
- Қазақ: "Ай құлақтанса - аяғыңды сайла, күн құлақтанса - күрегіңді сайла" дейді. Онысы - Ай қораланса күн жылы болады. Ай шалқасынан туса - қатты аяз болады. Ай қырынан туса - күн жылы болады деп жориды.
- Біреудің атынан ғайбат сөз айту - қазақта жан түршігерлік жаман ырым. Ғайбат айту - кешірілмес күнә. "Ердің ғайбатын айтпа, қайратын айт" дейтін нақыл бар.
- Қазақ суға түкірмейді, ағынды суды бет алды бөгемейді. "Дәм татқан құдығыңа түкірме" деген нақыл сондай ырымдардан қалған.
- Қазақ шығып бара жатып, есікті қатты серпімейді. "Қайта кірер есігіңді қатты серпіме" деген де нақыл бар. Өйткені бақ есік пен төрде катар тұрады. Есікті қатты серпісең, үйден бақ қашады деп ұйғарады.
- Қазақ казан-ошақты теппейді. Ондай істегенде аяқ дертке шалдығып, кем болады. "Қазанның қарасы, ошақтың киесі атады" деп есептейді.
- Қазақ жаңа туған нәрестені "не деген сұлу" немесе "неткен семіз" деп айтпайды. Бұлай айтып қалған болса, жерге үш рет түкіреді. "Жағыңа жылан жұмыртқаласын", "Аузыңа қара қан толсын" деп, бір дегдар әйел аузын жаптырады.
- Қазақ үйінде қазан күр тұрмайды. Тым болмағанда бір қалақ май тамызып қояды. Бұл "қазан қаңсымасын" дегені. Қазан толы болса, уайым жоқ.
- Қазақ қайыршыға түске дейін ғана садақа береді. Жұма және бейсенбі күндері де қайыр садақа таратады. Себебі, түстен кейін жиналған мал-мүлікті бытыратпайды. Бәрі де түске дейін жиналады. Егер осы жиналған мүліктен біреуге берсе - ырыс кетеді деп ырымдайды.
- Қазақта қолды жуып болған соң, сілікпейді. Қайта суды сорғытып барып, орамалмен сүртеді, жуған қолды сілку - жаман ырым. Бүйткенде су иесі Сүлейменнің киесі атады, соның салдарынан бастау көздері бітеледі деп жорылады.
- Қазақта айдалада жалғыз кетіп бара жатып, түнге қалса, мұсылмандардың моласындағы мазарға түнеп шығады. Таңертең аруақтарға бағыштап құран оқып аттанады. Жалғыз адамды түнде аруақтар қорғайды деп жорылады.
- Қазақтар жайбарақат кезде бас бармақты тістемейді. Қаралы күн, құсалы түн өткізіп, өзегі талған адамдар ғана солай істейді. Ешбір себепсіз бұлай істеу - жамандық нышаны деп жорылады, оған қатаң тыйым салынады. Қатты өкінгенде ғана бармақ тістейді.
- Қазақ көкке, шаңыраққа қарап түкірмейді. Көк тәңірі атады, шаңырақ киесі соғады деп ұйғарылады.
- Қазақ аяқ киімінің табанына қарамайды. Аяқтың баспайтын жері жоқ, аяқ киім де таза емес. Былғанышты көрсе - көз ұшынады деп есептейді. Ал аяқ киімінің табанына қарай қалған күннің өзінде үш мәрте түкіреді. Онысы - көзім ұшынбасын, аяғым ақсамасын дегені.
- Қазақ салтында жаңа түскен жас келін көрші ауылға алғаш қыдыра шыққанда, үлкен енелері оған "итаяғыңа сал" деп сақина, білезік, жүзік секілді заттар ұсынады. Келіншек тұңғышын босанып, нәрестені алғаш шілде суына шомылдырғанда ыдысқа осы заттарды салады. Нәрестені шомылдырып болған соң әйелдер бұл заттарды бөліп алып, балаға ақ тілеу тілейді. Онысы - нәресте сараң емес, жомарт, қайырымды болсын дегені.
- Қазақта нәрестенің иткөйлегін шешкен күні яғни қырқынан шығарғанда ауылдағы әйелдер жиналады. Иткөйлекті шешкен соң, оған тәтті түйіп, иттің мойнына байлап жібереді. Ауыл балалары сол итті қуып жүріп ұстап алып, тәттіні бөлісіп алады. Иткөйлекті ырым деп, баласы жоқ әйелге береді. Онысы - барлық адамды қуантатын бала көп болсын дегені.
- Қазақта балаға кекіл қояды. Шашын тегіс ұстарамен қырып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырады. Жиегін тегістеп қояды. Ол кекіл деп аталады. Кекіл баланы ажарландырады. Соған орай баланы еркелетеді. Аттың да маңдайындағы бір шоқ түгін кекіл деп атайды. Кекіл баланы тіл көзден, сүқтан қорғайды, пәле-жаладан қағады деп есептеледі.
- Қазақта көз тиеді, сұқ өтеді, тіл батады деген ұғым бар. Кейбіреулерді "сұқ көзді, сұқ тілді" деп сескенеді. Көз сұғы - жақсы адамға, жас балаға, жүйрік атқа, қыран құсқа, сұлу қызға, қайсар батырға, қайратты палуанға тиеді деп нанады. Сондықтан ас пен тойларда палуандарды, жүйрік атты көптің көзінен тасада ұстайды. Онысы - тіл мен көздің сұғы тимесін дегені. Біреу жас келінге немесе сәбиге сүқтана қараса, "көзің тиеді, қара жерге түкір" деп, жерге түкіртеді. Көз тисе "сұқ-сұқ" деп, тіл тисе "тіфә-тіфә" деп, ерекше мақтаса "тілің тасқа" деп қайырым айтады.
- Қазақ жас келінге, жаңа туған балаға, тағы басқа ерекшеліктерге алғаш көрген сәтте көрімдік сұрайды. Бұл - дүние құмарлық емес, сол жаңа нәрселердің елге таныла беруі үшін айтылған тілек. Көрімдік байғазы да емес. Көрімдік жас адамға, жақсы атқа, құсқа сұралады. Байғазы бала немесе жастар жаңа киім кигенде көңілін аулап беріледі.
- Қазақта ұзатылған қыз жыл толмай төркініне келмейді. Себебі, отаудың оты лаулай түссін дегені. Бұл мезгіл бұзылса - ақ төсек суиды, көңілге жел кіреді деп ұйғарылады. Мұндай кезде туған бала безбүйрек, қатал болады деп сенеді. Сондықтан отауды жайнатып ұстап, отбасына самауырды қайнатып қойып, келген-кеткенді ашық-жарқын қабақпен қарсы алу арқылы жас келін келген жеріне әбден бауыр басып кетуі керек. Содан кейін ғана төркініне баруға болады. Төркіндей барғанда дауыс айтып, сағынышын да білдіруге ерікті. Қуанышты көрісу - жақсылық. Ата-анасы сағынып келген қызын жылы шыраймен, ақ пейілмен күтеді. Қайтар кезінде қалағанын береді. Қыз марқайса - ел көңілі өседі деп жориды.
- Қазақта "Күйеу аяқ" дейтін ырым бар. Жігіт қалыңдығын өз үйіне түсіргеннен кейін қызын ұзата барған енесін қошаметпен қайта жеткізіп салады. Сонда ата-енесі күйеу балаға мал атайды. "Күйеу аяқ" дегені сол Бұл күйеудің аяғы жеңіл болсын, көңілі ашық боп қайтсын дегені.
- Қазақта "жарыс қазан" деген ырым бар. Бір әйел толғатып жатқанда, басқа үйдің әйелдері қазанға жеңіл-желпі тамақ салып, оны босанатын әйел бала тапқанша пісіріп үлгеру үшін жарысады. Қазақ ұйғарымында туатын бала "жарыс қазанға" қатынасып, пісетін тамақтан бұрын жарық дүниеге келуге ұмтылады.
- Көрші-қолаңнан біреу алыс жолға аттанғанда ауылдағылар жолаушының тоқымын қағады. Бүл - тоқымқағар деп аталады. Жолаушы аттандырған үйдің иесі дастарқан жайып, жиналған жұртты сыйлайды. Жұрт жолаушыға ақ тілеу айтады.
- Қазақта "тобық жұту" деген ырым бар. Жұтатыны - қоян тобығы. Шарты былай, тобық жұтатын адам мынадай серт айтады: Батыр болсам - Жүрегімнен шық, Палуан болсам - Білегімнен шық. Шешен болсам - Таңдайымнан шық, Бақытты болсам - Маңдайымнан шық. Тобық жұтқан адамның қасиетіне қарай айтқан тұсынан шығады деп есептеледі.
- Қазақта "тұмар тағу" ырымы да бар. Бала не жасы кіші біреу ауырса молдаға дұға жаздырып алып, оны ақ шүберекке не теріге үш бұрыштап бүктеп тігеді де, дұға арналып жазылған адамның мойнына тағып қояды. Бұл тұмар сол адамды не баланы пәледен, тілкөзден, ауру-сырқаудан сақтанды деп сенеді. Тұмардың түрі көп. Кейде жас төлдерге де, ботаға да, ауырған малға да тағады.
- Қазақ ұғымы бойынша шаруамен бір үйге кірген адам тізе бүгеді, тіпті өте асығыс болғанның өзінде де тізе бүгіп, үй иесіне ілтипат жасауға тиіс. Бұл - шаңырақтың құрметі. Егер келген адам түрегеп тұрып шаруасын айтып, тізе бүкпей шығып бара жатса, үй иесі: "Неге тізе бүкпейсің, біздің үйдің сиыры түрегеп тұрып бұзауласын дегенің бе?" деп өкпе айтады. Қариялар: "От ала келген жоқсың, тізе бүк!" деп бұйырады. Бұл - үйдің иесіне тағзым ету.
- Қазақ салты бойынша от алуға келген кісі от алғалы келгенін айтпайды. Отты алады да, үнсіз шығып кетеді. Тек от алып жатып: "От ана, сақтай гөр!" деген тілек айтады. Әсілі от алу - жақсы әдет емес, сондықтан от алушы басқалармен сөйлеспейді. "Отқа келген әйелдің отыз ауыз сөзі бар" деп, өсекті лаулатып айтуға тыйым салады. "Ел іші ала, кереге басы пәле болмасын" деп ұйғарады.
- Ас-тамақтан, жел-құздан, иіс-қоқыстан ұшынған адамдарды ұшықтау ертеден келе жатқан емдеу тәсілі. Жығылған адамның бір жері ауырып қалса да, сол жерде: "Кет, пәлекет, кет!", "Ұшық-ұшық" деп ұшықтайды. Науқас адамды күн батар алдында жерге жатқызып ұшықтап, үйге әкеліп жылы жауып тастайды.
- Әдетте басқа ауруды да үшкіріп, ұшықтап емдейді. Үшкіру де емдеу тәсілінің бір түрі. Емші дұға оқып, "сүф-сүф" деп үшкіреді. Емделуші сол үшін оған мал, орамал секілді садақа береді. Онысы - аурудың жолы болып, тез оңалсын дегені.
- Ұзатылған қыз соңынан ерген сіңлісіне өзінің тақиясын, бөркін береді. Бұл: "Ендігі кезек сенікі, бағың ашылсын" дегені. Мұны қазақ "Шарғы" дейді. Шарғылы қызға жеңгелері, құрбылары: "Бағың жансын, бағың ашылсын" деп жақсылық тілейді. Жасы үлкендері: "Маңдайың жарық болсын" деп маңдайынан иіскейді.
- Келін түскенде, қыз ұзатылғанда, жолаушы сапардан оралғанда, құда не туыс-туған келгенде, тағы басқа қуанышты күндерде ауыл әйелдері құрт-ірімшік, қант-кәмпит, күміс тиын араластырып, топтасып тұрған адамдардың ортасына "Шашу, шашу!" деп айқайлап тұрып шашады. Шашуды барлығы теріп алып, ырым ретінде үйлеріндегі балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады. Еркек шашпайды. Шашуды балаларға берудің себебі "ырысты болсын" дегені.
- Қошқардан күйек аларда "шашыратқы" жасайды. Қошқардың күйегін алып, саулықтарға қосып жіберген соң, мал иелері тілеу тілейді. "Төл көбейсін, егіз-егізден болғай" деп, мәре-сәре болады. Әйелдер дастарқан жайып, қонақтарды күтеді. Осы ас шашыратқы деп аталады. Сонда: "Мал төлді болады, шөп басы екі аша шығады, қой егіз табады" деп қуанысады.
- Шөп басын сындыратын ырым да бар. Бүл жақсылыққа, өтелген іске байланысты ырым. Сараңдар жомарттық жасаса, қорқақтар ерлік көрсетсе, біреу оқыс әрекетімен көзге түссе, соны естіген кісі: "Мынау шөп сындыратын іс екен" деп, жерден шөп не қу шырпы алып сындырады. Бұл тіл, көз тимесін дегені.
- Қазақ өрттің алдына ақ құяды. Онысы - өрт тез сөнсін, апат болмасын дегені.
- Адам қатты ауырғанда, басына күн туып, бағы тайғанда, қауіп-қатерге жолыққанда, алладан медет сұрап, ақсарыбас қой сояды. Пәледен құтқар деп тілейді.
- Баланың төбе шашын ұзын өсіріп, моншақ араластырып өріп қояды. Бұл "Айдар" деп аталады. Айдарлы адам айбарлы көрінеді, оған тіл-көз тимейді деп біледі.
- Айт күні ренжуге болмайды. Жайраң қағып, жылы шыраймен, ыстық жүрекпен, тасыған мереймен жүреді. Айт күні ренжісе, келесі айтқа дейін ашу тарқамайды деп жориды.
- Айттан бұрын үй тазаланады. Ескі-құсқыны, кетік ыдыс-аяқты тастайды. Айт күні жаңа нәрселер ғана істетіледі. Онысы - жаңа дүние көбейсін, бақ орнасын дегені.
- Қазақ баласы түнде қасқырдың атын атамайды. "Ит-құс" деп бүркемелеп сөйлейді. Қасқыр десе - қастасып, қораға шабады деп жориды.
- Келін қайын атасының, енесінің, қайын ағасының, қайын жұртындағы үлкен-кіші туыстардың атын атамайды. Ата-енесінен басқаларға қосалқы ат қояды. Бұл - қайын жұртына құрметі әрі сыйлағаны, жақсы келін атанудың жөні.
- Қазақ баласы айға телміріп, ұзақ қарамайды, түнде жұлдыз санамайды. Айда бір кемпір бар, айға телміріп қарасаң, әлгі кемпір сенің кірпігіңді санайды, кірпігі саналған адам қазаға ұшырайды деп жориды.
- Қазақта жаңа туған айға сәлем беретін әдет бар. Жазды күні айға сәлем берген жерінің шөбін жұлып, үйге алып келіп, отқа салады. Онысы - пәле-қазадан аман болайық дегені.
- Қазақ ұғымында от - үйдің жарылқаушысы, шам-шырағы. Қазақ отты ерекше құрметтейді. Жаңа түскен келінді үйге кіргізгенде үлкен үйдегі отқа сәлем бергізеді. Одан кейін от басына төселген жұмсақ бөстекке (теріге) отырғызады. Онысы - оттай жайнап түр, терідей жұмсақ бол дегені.
- Жаңа түскен келін отқа сәлем бергенде: "От - ана, Май - ана, жарылқа!" деп тілеу тілейді. Басқа әйелдер отқа май құйып, алақандарын қыздырып алып, келіннің бетін аластайды. Бұл - келіннің жүзі жылы, дидары ыстық болсын, тіл-көз тимесін дегені.
- Наурыз күні кетік ыдыстарды пайдаланбай тастайды. "Жаңа күн - жаңа өмір, жаңа жыл" деп біледі. Бұл күні кетік ыдыспен ас ішсе - көне пәле, көне сүрдек қалады, жаңа күннің жаңа ырысын көре алмаймыз деп жориды.
- Бірге туған бауырына, қарындасына қатты ашуланған кісі екі қолымен екі бүйірін таянып, көзін шарт жұмып тұра қалса, ашуы басылады, көңілі сабасына түседі деп жориды. Қазақ "Ашу - дұшпан, ақыл - дос" дейді.
- Екіқабат әйел "ұл табамын" десе, еркектің қару-жарағын, шалбарын басына жастанып жатады. Ал қыз тапқысы келсе - қызыл ала шыт, әйелдің көйлегі, жүзік, сырға, алқа, маржан білезік, моншақ жастанады.
- Ағайынды кісілер араздасып қалса, басқа бір туысы ақ дастарқанына шақырып, дәм сыйлап, татуластырады. Кейде араздасқандар бірін-бірі шақырып, дәм береді. Онысы - түгі жығылып жүрсін, таспен ұрғанды аспен ұр деп ұйғарғаны.
- Сұраған кісіге инені ұшығымен бермейді. Ұшық - қастыққа, өштікке, араздыққа ұрындырады деп жориды. Инені қайтарғанда да иесіне ұшықсыз қайтарады. Қолға бермей, жерге тастайды. Бұл - иненің шаншуы жерде қалсын дегені.
- Торқалы тойдың, өлім-қазаның ас-суы елге үлестіріледі. Бұл - береке сақталсын, дәм-тұз таусылмасын, қазан қаңсымасын дегені.
- Адамның, малдың құлағына ауызды тақап тұрып айқайламайды. Құлақтың пердесі жарылып, саңырау боп қалады, миға зақым келеді деп жорылады.
- Ұйықтап жатқан адамды айқайлап, не қатты жұлқып оятпайды. "Ұйқыңды қи, құдай оңдай гөр, қыз ұйқысын бер" деп, ақырын жұмсақ үнмен атын үш рет атайды. Ұйқыдағы кісі оянып, көзін ашқанда, орныңнан тұр дейді. Айқайлап, жұлқылап ояту - жүйкені тітіркендіріп, ызаландырады деп жориды.
- Түнде жатқан төсегіңді таңертең өзің жина. Жиналмай, қалған көрпе-жастықтың ішіне сайтан кіріп алады да, адамға жамандық тілейді. Жиналмаған төсек-орын жаугершілікті де еске түсіреді. Төсектің жиналмауы - әйелге де сын. "Салпы етек, салақ, бос әйел" деген қаңқу сөз тарайды. Сөзге іліккен әйелдің үйінен құт қашады деп ұйғарылады.
- Қамшы, садақ, жебе, тағы басқа қару-жарақты сыйлағанда беретін кісінің қолына ұстатпай, жерге тастайды. Онысы - қолдың қатты-жұмсақтығы немесе береке бірге кетпесін, ұшығы жерде болсын дегені. Ауыр салмақты жер ғана көтереді деп ырымдағаны.
- Қазақта қыздардың кіндігін көрсетіп жүруге тыйым салынады деп жаман ырымға жориды. Абыройы ашылып, ары төгіледі, бағы таяды, кіндігі кірлеп, шайтан ұялайды, іш кірне ауруына шалдығып, өміріне қатер төнеді деп ұйғарады.
- Емшекте баласы бар әйел жалаң бас отырып, бала емізбейді, орамал салып алуға тиіс. Жалаң бас болса, қайызғағын шайтан баланың аузына салып жібереді, бала есейгенде мәңгүрт болады, анадан безеді, басына шығып, аяқ асты етеді деп біледі.
- Қазақта әйел еркектің алдында төсін ашып, жарқыратып отырмайды. Бұлай істесе, сұқ көз қадалады, тіл тиеді. Соның салдарынан төсі қараяды, омырауы іседі. Тас емшек болып, омырауынан сүт қашады. Сүт болмаған соң, құт та болмайды, құшағы суық, бауыры тас болады деп жориды.
- Ішіп отырған шай немесе, ас төгілсе: "Бісміллә, бісміллә, бісміллә" деп үш рет айту керек. Өйтпесе асқазанға ас байланады десе, кейде ас шашылып-төгілсе той болады деп те жориды.
- Үлкен кісілердің киім-кешегін көзі тірі кезінде жасы кішілер кимеуі керек. Бұлай істесе, тез өліп қалады, өмір жасы қысқарады.
- Қыздар өзінен жасы үлкен адамға немесе жігіттерге қарап тілін шығарып, жалақтатпайды. Бұл әдепсіздікке жатады, кейін тапқан баласы сақау болады деп ырымдалады.
- Әйел кісі итке тас лақтырмайды. Бұлай істесе құт қашады. Ит - жеті қазынаның бірі, шамданады. Әйел қолының берекесі қашады, ырысы кетеді деп ырымдалады.
- Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе, құйрық қойып отыратын жерге қоймау қажет. Себебі, бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады. Адамның басынан қадірлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ.
- Киіп жүрген бас киімді сыйға немесе кие тұруға бермейді. Себебі, бастан бақ кетеді, соры қайнайды. Сыйлыққа жаңа бас киім беру керек. Бұл басты қастерлегендік.
- Еркек әйелдің киімін кимейді, жаулығын салмайды. Өйтсе, еркектігі сөнеді, рухы жасиды, өсекші болып кетеді.
- Жас келіншек еліріп, желігіп, желпініп жүрмеуі керек. Бұлай істесе баласы желіккіш болады. Толғағы ауыр болады, өзі де құтырып кетуі ықтимал деп жорылады.
- Насыбай атқанды құдай атады. Демі сасып, дерті асқынып, қойнындағы жары жиіркенеді. Мерез ұрпақ туады. Кем иек, кетік і іс, есалаң бала опа қылмайды деп ырымдалады.
- Әйелдер ер адамға қарсы қарап жүрелеп отырмайды. Абыройы ашылады деп жорылады.
- Түн ішінде қазаға көңіл айтпайды. Бұлай істесе өлім көбейеді деп жориды.
- Әйел мал бауыздамайды. Басқа амал болмаған жағдайда тіреуішке мініп тұрып бауыздайды. Өйткені, әйел мал бауыздағанда сескенеді. Сескеніп бауыздаған малдың еті мәкіру саналады.
- Әйел ат тағаламайды. Әйелдің қолы жеңіл, ат жазым болады деп жориды.
- Әйел пышақ қайрамайды, жаниды. Пышақ қайраса еркегінің сағы сынады деп жорылады.
- Ұстаның төс теміріне отыруға болмайды. Онда ұстаның қолы тарылады. Отырған кісі дертке шалдығады деп жориды.
- Оттың орнына отыруға болмайды. Оттың киесі ұрады. Ақыры отқа өртеніп өледі деп ырымдалады.
- Отты және оттың басын сабамайды. Бұлай істелсе - үй-ішінің құты қашады, шаңырақтың оты өшеді деп жориды.
- Еркек кісі әйелдің іш киімін жумайды. Бұлай істесе - сағы сынады, кір суындай көңілін кір және нас басады деп тыйым салады.
- Әйел биязы, сыпайы, жібектей есіліп тұруы керек. Үй ішінің мүлкін, ыдыс-аяқты салдырлатпауы қажет. Адам тамақ ішетін ыдысты "ит аяқ" деп атамайды. Бұлай атаса - ыдыстың ырысы қашады, адамның дәм-тұзы төгіледі.
- Әйел еш уақытта еріне қол жұмсамауы керек. Күш көрсетіп, таяқпен сабамайды немесе таяқ ала жүгіріп, сес көрсетпеуі тиіс. Ұрысқанда тілдеп, бетіне түкірмейді. Бұлай істеген әйелдің ақ некесі бұзылады, өзінен-өзі талақ болады деп есептейді.
- Өлген адамды қабірге қою үшін үйден шығарарда бас жағымен есіктен шығарады. Дән түйген ақ орамалды басынан айналдырып алып қалады. Мұнысы - аруақ үйден дәмін біржола үзіп кетсін дегені.
- Өлген адамның қайыр-садақасына малдан басқа бидай да береді. Онысы - артындағы ұрпағы бидайдай жайқалып өссін дегені.
- Малды бауыздар алдында басын құбылаға қаратып тұрып, бата жасайды. "Бұйыртып жегіз" деп тілек айтады. Онысы - малдың еті дәмді, адал болсын дегені.
- Малдың басын үйткенде алдымен бауыздау жағынан бастап үйтеді. Бұл - пышақтың жүзіндегі қылау өртенсін дегені.
- Жолаушылап жүрерде, бір жұмыспен жолға шыққанда үйдегі қаптың, сандықтың ауызын ашып кетеді. Онысы - жол ашық болсын дегені.
- Адам қайтыс болған күннің түнінде туыстары, ауылдастары жиналып, мәйітті күзетеді. Онысы - егер адам талып қалған болса, тіріледі деп үмітпен күткені. Өлген адам аруланып, ақыретке оралғанға дейін сайтан аралап немесе мәйітті перілер ұрлап кетпесін деп сақтанғаны.
- Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. Жол оң болады деп жориды. Байлық, бақ қонады деп иланады. Жіліктерді еттен тазалап мүжіп, өзі алып кетеді де, үйінің босағасына іліп қояды.
- Қамшыны ұстап, төрге шықпайды. Бұл - ағайындар араздасып, дауласқан жағдайда жасалатын қылық. Жақсылық нышаны емес.
- Жолдың үстіне күл төгуге тыйым салынады. Күн батқаннан кейін сыртқа күл шығарып төкпейді. Жолға күл төккеннің жолы кесіледі, осы жолмен жүргендерге дерт жабысады. Күн батқан соң күл төксе - адамға ұшық жабысады.
- Қандай жағдай болса да таңдай қақпайды, орынсыз таңырқамайды, жөнсіз есіркемейді. Адамды есіркеу - құдайдың ғана ісі. Бұл адам баласының қолынан келмейді.
- Соғым сойған күні тоқпан жілік асылады. Үйдегілер етті тоя жейді. Бұл тоқшылық, молшылық болсын деген ниетін білдіреді.
- Адам қайтыс болған соң, мәйіт көмілмей тұрғанда, көп жылауға болмайды. Көп жыласа көрі көз жасына толып кетеді деп жориды.
- Дәретке отырғанда сөйлесу - әдепсіздік. Сондай қалыпта сәлем беруге де тыйым салынады. Тек түзге отырып болған соң ғана қолын жуып барып сөйлеседі, сәлем береді.
- Мал төлдеп жатқан кезде сақал, мұрт, шаш алуға тыйым салынады. Өйткені тел шала туады, дертке шалдығады деп жорылады.
- Қазақтың үлкен кісілері балаларына құстардың жұмыртқасына тиіспеуді, балапанын өлтірмеуді тапсырып, міндеттеп отырады. Бұлай істесе - құстың қарғысына ұшырайды деп сенеді.
- Егер біреу байқамай, абайсызда адамның дайрағын басып кетсе, басқалар оны олжаға батады деп сенеді.
- Сыпыртқының үш жағын жоғары қаратып қоймайды. Бұл Көк тәңірін шамдантады, жын шаңыраққа шығып алады деп жорығаны.
- Жас балалы әйел дәметеді деп, бұл үйге кіретін кісі тағам, дәм ала келеді. Дәм етіп қалса омырауы іседі, сүті тартылады деп ырымдайды. Емшекте баласы бар әйелдің омырауы іссе бір қарт ана жаңа піскен ыстық нанды қойнына тығып келіп сонымен аластайды.
- Баланың қарын шашын алған соң, тастай салмай, сақтап қояды. Бала қырқынан шыққанша, жеті ай толғанша әлсіз болады. Сондықтан бір тал шашын тастамай, сақтау керек деп біледі.
- Бала тісегенде түскен тісін шидің арасына тастайды. Бұл қайта өскен тісінің түбі берік болсын дегені.
- Баланы сүндетке отырғызғанда сертпені тастамай, киіз үй құрулы тұрған шидің басына іліп қояды. Бұл - бала ержетіп, отау тіккенде босағасы берік болсын деген ниеті.
- Дастарқан басында, кісі көп жерде керілмейді және адамға қарсы қарап тұрып керілуге де болмайды. Бұл қылық тосаттан болатын өлінің елесі саналады.
- Ат үстінде тұрып шіренбейді. Бұлай істеу - әулекіліктің, дарақылықтың белгісі деп біледі жұрт.
- Тойы жасалып, үйінен ұзатылып шығарылған қыз кетіп бара жатқанда артына бұрылып қарамайды. Бұлай істесе - некесі бұзылады, күйеуімен отаспай, үйіне қайтып келеді деп жорылады.
- Күйеу жігіт қалыңдығын ұзатып алып кететін жолы стегінен басып, шапанын алып қалады. Мұнысы - күйеу ескі тонын шешіп тастап, жаңа киім кисін, өмірі ажарлы болсын дегені.
- Қыз бен жігіт алғаш қосылған түні жігіт жеңгесіне жолдық береді. Өйткені жеңгесі төсек салып, жайлы жатуларын тілейді. Қыздың пәктігіне куә болады, кірді де өзі жуады. Бұл - өмірлік адалдық нысаны саналады.
- Келін барған жерінде алғаш үйге кіргенде босағаға соғылмай кіруі керек. Енесі қарсы алып, маңдайынан сүйеді, ілесіп келгендерге көрімдік береді. Келін босағаға соғылып қалса - үйдің берекесі қашады, келін баянды болмайды деп жориды.
- Түйе мойнын созып жіберіп, басын жерге салып жатса, ұзақ жол немесе көш басталады деп ұйғарылады.
- Аптаның сейсенбі, жұма күндері қазақта жолға шықпайды, ағаш кеспейді. Ал жолға шығу қажет болған жағдайда бір затты не ақшаны (жеті, он жеті, қырық теңге) жолға тастайды.
- Қой топалаң дертіне шалдықса - аршаны өртеп аластайды немесе елсіз түзге айдап тастайды, қасқыр шапса топалаң айығады деп сенеді.
- Қоралы қойға қасқыр шапса, көк бөрінің аузы тиді, Көк тәңірі қолдайды, мал өсіп, жан аман болады деп жориды.
- Туыс-туғанға, ағайын-бауырға, дос-жаранға үш, бес, жеті санымен құрт, бауырсақ, шелпекті сыбаға ретінде бермейді. Осы санмен тек садақа ғана беріледі.
- Түйенің ішінде аруананы соғымға соймайды. Егер соғымға соятын болса, бұл әулеттен күш-қуат, негізгі мейір кетеді деп ырымдайды.
- Хайуандарды, аңды, малды адамдай көру парыз саналады. Жүрегі кір, қара ниеттер ғана бұлай істей алмайды. Бұл міндетті өтемегендерде адамдық қасиет жойылады.
- Жаңа туған айды алғаш көргенде тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінәжәт етеді де, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып, отқа тастайды. Бұл - әулетім оттай қаулап өсе берсін дегені.
- Аспандағы жұлдыз әрбір адам жанының бейнесі саналады. Бір жұлдыз ағып түссе - бір жан үзілді деп нанады.
- Табиғаттың ерекше, тосын құбылыстары құдірет саналған. Топырақ үйілген төбешіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, бұтақтары тарбиып өскен бұталардың өнген жері қасиетті делінеді. Сол жерлерге түнейді, шүберек байлайды. Әулие көмілген жерлерге мал сойып, тілеу тілейді.
- Құлын, қозы-лақ байланып, көгенделетін желі арқанды аттамайды. Желінің киесі атып, шарапаты шайылады деп жориды.
- Арқан-жіп ескен кезде жасөспірім балалардың керілген жіптің астынан өтуіне тыйым салынады. Бойы өспей тапал болып қалады деп жориды.
- Арқан-жіп ескенде кейбірінің жібі ширамай, селкеу қалса, жұбайы болбыр, бос белбеу, - бота тірсек болады деп ырымдайды.
- Жылқышы ұстайтын құрықтан, балта мен бақанның үстінен аттауға болмайды. "Бақан аттаған байымайды, балта аттаған жарымайды" деген сенім бар.
- Қазақ түнде айдалада жайылып жүрген жалғыз сиыр көрсе, қамшымен сабайды. Себебі, түнде сиырды жын-шайтан мініп жүреді деп нанады.
- Жал-құйрығының арасында шоқ-шоқ ақ қылы бар жылқы құтты саналады. Ол сатылмайды, біреуге берілмейді. Себебі, сол малмен бірге құт-береке кетеді.
- Қазақ көкек құсына тиіспейді. Аңыз бойынша көкек адам екен. Бір ауылға күйеу келіп жатады. Аяқ астынан аты жоғалады. Қалыңдықтың сіңлісі жездесінің атын тауып әкелуге шығады. Бір аяғына өзінің етігін, бір аяғына асығып жүріп жездесінің етігін киіп алады. Сол күз айдалада көкек құсқа айналып кетеді. Көкектің бір аяғы қызыл, бір аяғы көк болатыны содан екен. Ат іздеп шығып, жоғалған қыздан пайда болған көкек те аты жоқ құс аталады. Киелі құс санатына жатады. Көкек қонған ағаштың бұтағын сындырып алып, майы мол болады деген ұғыммен іркітке салады.
- "Айналмақ" деген өзін-өзі садақа етіп, құрбандыққа қиятын ырым екен. Өзін біреудің жолына құрбан еткісі келген кісі ауырып жатқан науқасты үш айналып шығуы керек. Қазақтың жақсы көрген адамын "айналайын" деп айтатыны осыдан шыққан.
- Торға түсіп немесе үйге бекіліп қалған құсты ұстаған соң, басынан үш мәрте айналдырып, босатып жіберу керек. Бүл пәлекет сол құспен бірге ұшып кетсін деген ниетті білдіреді.
- Қазақта жанып тұрған отқа май тастап, соның лапылына қарап болашақты болжайтын ырым бар. Май тасталған оттың жалыны ашық түсте болса - жақсылықтың нышаны. Оттың жалыны қара қошқыл болса - жамандықтың белгісі.
- Қазақ ішінде жауырынға қарап болашақты, тұрмыс-тіршілік ағысын, жақсылық пен жамандық нышанын болжайтын да ырым бар. Жауырынды тіс тигізбей тақырлап, таза мүжу керек. Тіс тиген жауырын сөйлемейді деп иланады.
- Ұлыстың ұлы күнінде, торқалы тойда, қаралы қазада жеті қазынаның бірі қара қазанда ас пісіріледі. Қара қазанда пісірілген ас ел бірлігін сақтайды деп ырымдайды.
- Бейуақытта үйге шам жағып қою керек. Себебі, бұл кезде де қараңғыны жамылып жүретін шайтан оттан, жарықтан сескенеді, үйге кіре алмайды деп жориды.
- Көкпарға тарту үшін қазақта тек қана ешкі түлігі беріледі. Қара ешкі - қыс бейнесі есептелінеді. Бата жасап сойылып, додаға салуға тапсырылады. Осы қимыл арқылы тіршілік қимылы басталатын көктемге құрмет көрсетіледі, жаңа күн құттықталады.
- Емшектегі баланың аузынан қалған тамақты әкесіне жегізбейді. Себебі, бұл асқа емшек сүті араласады. Баланың әкесі әйелінің сүтін емгендей болады деп жориды.
- Екі кісі қатар тұрып бір жерге дәрет сындырмайды. Онда нәсіп, тұқым бұзылады, қан сескенеді деп ырымдалады.
- Өлген кісінің иман киізі қырқына дейін таза жерде сақталуы керек. Өйткені, қырқы берілгенше, аруақ дәметіп, өзінің үйіне келіп жүреді, лас киізді көріп, ренжімесін деп жориды.
- Жерік болған әйел жерік асын жеуі керек. Жерігі қанбаған әйелдің баласы су ауыз болып туылады, ондай бала суайт болады деп ырымдалады.
- Бозбала төрге шығып алып етпетінен жатпайды. Бұлай істеген балаға "Әкең өліп, бауырыңды жерге төсеп жатырсың ба?" деп, қатал ескерту жасайды үлкен кісілер.
- Таңертеңгі асты төкпей, шайқалтпай, аса жайдары кейіпте, ашық-жарқын ішу керек. Бүл таңғы ырзық, шашылмауы керек деген сенімді білдіреді.
- Адамның қызыл меңі көп болса қызы, қара меңі көп болса ұлы көп болады деп жориды.
- Үйге түйе сүйкенсе - көші-қон болады. Үй жығылып, жүк теңделеді деп жорылады.
- Малдың мезгілсіз қашқаннан кейін туған төлін қазақта малдың иесі малданбайды, басқа бір күйі нашар кісіге садақа ретінде береді.
- Ордалы жыланның маңына жақындап барып, жұғысуға болмайды. Өйткені, қазақтар перілер жылан бейнесіне еніп, топтасып жүреді деп нанады.
- Жараланған жыртқыш аңға жуысуға болмайды. Жолбарыс, аю, қасқыр жараланған кезде бүкіл дүниені талқандағысы келіп, кектеніп, қаһарланады. Қазақ қаһарлануды ең үлкен қырсық санайды.
- Күн батып, ымырт үйірілгенде, жалғыз қалып төбе басын сақтамайды. Бұлай істесе - төбе басында жалғыз қалады деп жорылады.
- Ит шөп жесе - жақсылыққа жорылады. "Ілгері басқанның иті оттайды, кері кеткеннің келіні ұрлық жасайды" деп ұйғарады қазақ баласы.
- Пышақты пышаққа жанымайды. Бұл қылық жаман әрекеттің нышаны. Елдің берекесін қашыратын соғыс болады деп жориды.
- Ешкінің құйыршығын, сирағын, қойдың құйымшағын ойнау үшін балаға бермейді. Бұл заттармен ойнаған бала тұштақай, тұрақсыз болады деп жорылады.
- Итті үйге кіргізіп, төрге шығармайды. Ас ішіп отырғанда есіктен сығалатпайды. Иттің демі лас, асты былғайды деп есептейді.
- Меңсіз қап-қара малды аса сыйлы қонаққа соймайды. Тұнжыр түс тұңғиыққа бастайды деп ырымдайды. Союға тура келген жағдайда, мүйізіне, мойнына ен байлап барып сояды. Бүл ақ тілек қабыл болсын деген ниет белгісі.
- Көші-қон жүк артылып жатқанда, жұмыс үстінде жүк артушылар көп сөйлеуге болмайды. Бұлай істесе, қимылдың арты керіске айналып кетеді деп ырымдайды.
- Жүк артылып болып, көш жылжыған кезде көшті аталар мен әжелер бастайды. Жастар мен орта жастағылар соларға ілеседі. Үлкен кісілер тай-құнанға мініп шапқылап жүрген балаларға ұзағынан сүйіндірсін деп тілейді.
- Көш бастауға тиісті кісілердің он екі мүшесі бүтін болуы керек. Кемтар адамдарға бұл міндет жүктелмейді. Дені сау адам бастаған елдің жолы деп ырымдалады.
- Мешітке имам сайлаған кезде де он екі мүшесі бүтін, дені сау, ақыл-есі дұрыс адам таңдалады. Ақылды, иманжүзді адам оқыған дұғаның сауабы мол деп жориды.
- Ел жайлауға шыққан соң желі тартып, алғаш бие байлаған кезде үйірдің бастаушысы - айғырдың сауырына май жағылады. Бұл үйірдің төлі көбейсін деген тілеудің ырымы.
- Ұзақ ауырып, айықпаған кісінің дертін ешкінің серкесіне көшіретін де ырым бар. Дұға оқып, ауруды серкеге көшірерде, науқас адамды үш рет айналдырып шыққан соң, мал ішіне қоя береді.
- Ішкісі келмеген жағдайда "асыңа разымын" деп ықылас білдіреді. "Ас - адамның арқауы" саналады. Асты жамандаған аштан өледі деп жориды.
- Жаңа туған нәрестені құттықтап, шашу алып барғанда шикі етті қоспау керек. Шикі ет өлімнің нышаны, жаман ырым.
- Көшкен кезде жұртқа бір құшақ отын тастап кетеді. Жұрт, қоныс құр қалмағанына қуанады деп жориды. Жұрт қуармай жатады деп сенеді.
- Бір үйде қонақ болып отырған кісі сол үйдің қазан-ошағына араласпауы тиіс. Өйткені, бөтен, үйренбеген кісіден үйдің берекесі үркеді деп жорылады.
- Қазақ баласы үйдің ішінде төрге қарап тұрып керілмейді. Төсек кермейді. Шаңыраққа, керегеге асылмайды. Бұлай істесе үйдің киесі атып, дертке шалдығады деп ырымдайды.
- Дастарқанға нанды теріс қаратып, төңкеріп қоймайды. Оң қояды. Нанды жалғыз қолмен жерге басып тұрып сындырмау керек. Оң қолмен алып, сол қолмен ұстап тұрып сындырып жейді. Саусағы тиген бір жапырақ нанды тауысуы керек. Өйтпесе, несібе шала қалады деп жорылады.
- Алдыға қойылған асты қастерлеу керек. Табақпен ас келгенде өзінің алдынан ғана алуға тиіс. Басқалардың алдына қол созбайды. Бұлай істеу - ырыздыққа таласқандық болады. Адамның өзіне бұйырған ас - құдайдың берген ырыздығы саналады.
- Есінегенде ауызды аңқайтып ашпай, оң қолдың сыртымен қалқалап жабу керек. Аңқайған ашық ауызға сайтан түкіреді деп жориды. Бүл қылық әдепсіздік саналады.
- Бейтаныс екі кісі жол үстінде кездесіп, бірімен-бірі тез шүйіркелесіп кетсе, жұлдыздары жарасқан деп саналады. Біріне-бірі жұғыса алмай, мәміледе болса, жұлдызы қарсы түр деп ұйғарылады.
- Ақ болып ауырған малды қасқырдың бас сүйегімен қағып ұшықтайды. Бұнымен қасқырдың киесі дертті қуады деп сенеді.
- Қазақ ұл баланы тұқым жалғайтын, үйдің отын сөндірмейтін мұрагер санайды. Сондықтан бұған ерекше мән береді. Бір үйде ылғи қыз бала туыла берсе, соңғы туылған қызға "Ұлбосын", "Жаңылсын" деген сияқты ат қояды. Бұл - енді бала ұл болсын деген үмітпен ырымдалады.
- Мал төлдеп жатқанда, балалардың асық ойнауына тыйым салынады. Өйткені, асық ойнағанда сақа мен кенейлерді соғыстырып, шықылдаған дыбыс шығарады. Міне, осы дыбыс мал киесін ызаландырады, төл шығын болады деп ырымдалады.
- Асқа пісірілген жауырынды мүжіп болған соң, соған қарап жол ашатын салт бар. Бұл салтты әйел кісінің жасауына болмайды.
- Қазақ ырымдағанда да, баласына жаман ат қоймайды. Өссін, көбейсін деген мағынадағы атауларды таңдайды да, Тоқтасын, Өскенбай, Көпбосын деп қояды.
- Балаға ат қою қазақта кілең тілекпен, үмітпен астасып жатады, "Нұрсұлтан" атаса, жүзіңде нұры жайнасын, дарқан сұлтан болады. "Дінмұхамед" десе, дін қолдаған иман жүзді адам болады деп ырымдайды.
- Балаға қойылған кейбір атты өте ауыр деп сезінетін жай да бар. Мысалы: "Мұхамет" аталған бала балиғатқа толғанша "Ахмет", "Мұқан", "Мұқаш" деген секілді жанама аттарды қолданады. Бұл баланың өмір жасы ұзақ болсын дегені.
- Қазақ баласына сұлу, ажарлы болсын деген тілекпен ырым етіп: Айнұр, Айгүл, Күннұр, Жұлдыз, Шолпан деп ат қояды.
- Қазақ асқан еттің көбігін екі рет алады. Алдыңғысы - қанды көбік, екіншісі - ащы көбік деп аталады. Көбігін алмай жеген ет мөкүрік болады, ауру жабысады деп жориды.
- Қазақ алыстан келген жолаушыны, қонақты, ағайындарын, қандас бауырларын "Қырықтың бірі Қыдыр, Мыңның бірі Уәлі" деп ырымдап, төрге отырғызады. Дастарқанға бата жасатады.
- Қазақта: "Көсені үйге кіргізбе, бөксесін жерге тигізбе" деген сөз бар. "Көседен көсеу де қалмайды" деп ырымдайды да, көсе отырған жерден бір шым-шым топырақты алып, далаға "тфу-тфу" деп шашып жібереді.
- "Алапесті үйге кіргізбе, құйрығын жерге тигізбе" дейді. Алапес қазақ ұғымында, ем қонбайтын дерт. Ниеті бұзық, пиғылы тар адамдарды да алапес деп жек көреді.
- Қазақ "Құлғанаға жолама, құлғанаға жоласаң, қу жаның одан қала ма" деп, осы бір қатерлі дерттен сақтандырады. Дерттің жұқпауын ырым етеді.
- Құмалақ салғанда, құмалақ басын (ырымдап бергенді) қолға алмайды. Онысы құмалақ ақ сөйлесін дегені.
- Қазақ "Сүйелдің қозылы қойлық жаны бар" дейді. Қара сүйел елеусіз сырқат, өздігінен ұшып кетеді. Ал ақ сүйелді елеусіз қалдыруға болмайды. Садақасы - қозылы қойлық. Адам жанына, мал басының шығынына көрінеді деп секемденеді.
- Қазақ Тәуетті ұстап алып, алғашқы шыққан сүйелді тістетіп, қайта қоя береді. Сонда сүйел толық жазылады деп біледі.
- Күйеу жігіттің "есік ашар" дәстүрі орындалған соң, қыз ағасының үйінде өлі-тіріге арнап күйеу жігіт алып келген серке не еркек қой сойылады да, аруақтарға арналады. Ауыл ақсақалдары шақырылып, табақ тартылады. Бата сұралады. Өлі-тіріге сойылған малдың етінен қалыңдық дәм татпауға тиіс. Халық сенімі бойынша: дәм татса, қыз ауруға шалдығады.
- "Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды" дейді. Ырымы жасалмай ұзатылған қызды, оны алған күйеу жігітті ананың ақ сүті, атаның ары мен кәрі атады деп ырымдайды.
- Отау үйдің тұс киізін үйдің тек оң жағына ғана құрады. Сол жағына құрса неке баянсыз болады деп жориды.
- Шөп тістеп жүруге болмайды. Шимен тіс шұқымайды. Бұлай істесе тіс қақсайды. Ауыз ойылады. Езуге ауыздық түседі.
- Жылқыны "талағың түскір", сиырды "қарасан болғыр", қойды "топалаң келгір", ешкіні "кебенек келгір" деп зілмен қарғауға болмайды. Бұлай істесе мал иесі шамданады. Мал ішіне жылауық қаптайды.
- Тіліне теріскен шыққан адамға әртүрлі жан-жануарларды атап, бұл дерттің солардың артынан кетсін десе, теріскен шамданып, ұшып кетеді деп жориды.
- Құмырсқалар күндіз илеуіне асығыс кіріп жатса, ауа райы бұзылады деп ұйғарады.
- Баланың төбесіндегі орайы екеу болса, ұл балаға - екі рет үйленеді немесе қыз балаға - екі рет тұрмысқа шығады деп жориды.
- Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады деп ырымдайды.
- Сәби өзінің нәжісін өзі жесе, жоғалған нәрсені тапқыш болады деп нанады.
- Бала көк жөтелмен ауырса, көк ат мінген жолаушының жолын тосып "Көлденең көк атты, көк жөтелдің емі не" деп сұрайды. Ол қандай ем айтса, соны ауру балаға қолданса шипа болады дейді.
- Күйеуге шықпаған қыздар жігіттің қолынан шай, ас құйдырып ішпейді. Күйеуге шықпай қаламыз деп ырымдайды.
- Қой қотыр шыққан балаға сойған малдың көзінің суын жақса, жазылады деп есептейді.
- Сәби бала ішегін тартса - жаманшылық болады деп ырымдайды
- Сәбидің тілі мезгілінде шықпаса нағашысының үйіне апарып, қой сойдырып, соның тоқ ішегін мойнына байлап береді. Сонда баланың тілі шығады деп жориды.
- Сәби алақанын шапалақтаса - қуанышты хабар келеді деп ырымдайды.
- Есіктің тұтқасын жуған сумен көз тиген баланың бетін, екі қолының алақанын, екі аяғының табанын жуса көз сұғы қайтады деп жориды.
- Қыз-келіншектер қара орамалды басына салмайды. Қара киім - қайғының белгісі деп ырымдалады.
- Үйге кісі сыртын қаратып кірмейді. Ырыс шашылады деп есептейді.
- Құмыраның, торсықтың аузынан су ішпейді. Қалған суға дем тиеді. Егер ауру адамның демі тисе, кейінгі су ішкен адам ауру болады деп жориды.
- Өзен суын төніп, етпетінен жатып су ішпейді. Суға кетесің, не су мақұлығы жұғады, не асқазан ауруына, өңеш қабынуына жолығады деп жориды.
- Үйге келген қонаққа үйдей өкпеңді айтпа дейді. Бұлай істесе құт қашады, қонақ шамданады Ырзық ашынады, береке-бірлік бұзылады деп ұйғарылады.
- Ыстық асты, шайды, тағамды үрлеуге болмайды. Суығанша, ыстығы басылғанша шыдау керек. Үрлеп ішкен ас мәкүрік саналады. Ол асқазанға дерт болып, байланады деп есептеледі.
- Бүркіт бағылатын үйге жын-шайтан жоламайды. Қыранның ісі теріс пиғылдылардың делебесін басады.
- Еліңнің патшасын, өз балаңды, өз жұбайыңды қарғасаң тіліңе күйе жағып қарға. Қарғысың күйеде қалсын. Патшаға, балаға, жұбайыңа жуымасын деп те ырымдалады.
- Қандай үйге кіргенде де, мейлі адам болсын, болмасын сәлем беріп кіру керек. Себебі, үйдің төрінде Қызыр Пайғамбар отыруы мүмкін. Сол риза болады. Үйге береке кіреді. Амандық сақталады. Жамандық болмайды деп ырымдалады.
- Жылқыны басқа бір алыс жерге апарғанда бұрынғы тұрған қорасындағы тезегінен ала жүріп, шым-шымдап жемге қосып береді. Сонда жылқы жат жерге тез үйренеді. Және бұрынғы жерді аңсап, қашпайды деп есептейді.
- Адам кіндік қаны тамған ата жұртынан басқа жаққа қоныс аударып барғанда сол жерге бірден үйрене алмайды. Жат жердің суы, ауасы жақпайды деп кіндік қаны тамған жерден топырақ ала кетеді де, барған жерінде суға шомылдырып ішіседі. Сонда жат жерге тез бауыр басып кетеді деп ұйғарады.
- Пұшпағы қанамаған бедеу әйел қоныс аударып, жат жердің суын ішсе, екіқабат болып, бала көтереді деп те жориды.
- Жаңа түскен келін бірер жыл бала көтермесе, нағашы жұртының баласын қойнына алып жатады. Сонда бала көтереді деп ырымдайды.
- Жас шопан қайын жұртының ауылына барғанда қойды мойнынан ұстап, жетелеп барса, ит үрмейді. "Сағындым қыздың қойнын, жетелеген қойдың мойнын" деген өлең осындай ырымға орай айтылған.
- Ұзатылып бара жатқан қыз өзінің сіңлісіне немесе құрбы қызына басына киіп жүрген бөркін береді. Онысы артта қалған қыздардың жолы ашылсын, жолы ақ әрі оң болсын, отырып қалмасын дегені.
- Ит жонынан түлесе, қыс жақсы болады деп жориды. Бауырынан түлесе, қыс аяғы ұзаққа созылады деп нанады.
- Ит жатып үрсе, өлім-жітім коп болады, апат туылады, ханды қара басады, жол ауыр болады деп жорып, ақсарыбас сойып, Алладан мейір-шапағат тілейді.
- Ойнап жүрген балалар екі тымақты үсті-үстіне қабаттап кисе, екі қатын алады деп жориды.
- Сапарда кетіп бара жатқанда жолды кес-кестеп жылан өтсе, оны қуып жүріп өлтіреді. Өлтіре алмай адасып қалса, саусағының біреуіне ине шаншып, қан шығарады да, жолдың жағасына тамызып кетеді. Онысы құрбандық бергені. Жылан сол қанды жалайды да, адамға қастығынан қайтады.
- Жолаушылар алыс сапарға беттегенде атына мінген сәтінде аты күрсінсе немесе есінесе жол болмайды деп ырымдап, сол күні жолға шықпай, атты босатып қоя береді. Одан кейін басқа ат мінеді.
- Аттарының жалы оң жағына қарай жығылып жатса, оны мінген кісінің жолы болады деп жориды.
- Ат жер тарпып тұрса, жақсы жолды көксегені. Алыс сапар басталады. Мұны жылқы жер көксеп түр деп жақсылыққа жориды.
- Қазақта бала туғанда да жасалатын ырым көп. Біреу балаға құлын атап, "Бәсіре" берсе, құлынды қастерлеп, бала аман болсын, жасқа толсын деп соймайды және сатпайды. Біреуге бермейді. Өйткені, ол баланың дүние есігін аша салып алған өз несібесі, құт деп нанады. Оны біреуге берсе, бала есейгенде қолына құт қонбай кедей болады деп жориды.
- Көктемде көк мойын ұзақ қарға алдымен келсе, қыс аяғы қысқа болады. Сары ала қаз келсе, қыс аяғы ұзақ болады деп есептейді.
- Біреудің тамақ ішкен ыдысының сарқытын балаға бергізбейді. Өтірікші, өсекші болады. Ауру жабысады деп сенеді.
- Қазақ салтында ерлі-зайыпты адамдардың ортасына есі кеткен отырады деп жұбайларды бөліп отырғызбайды.
- Жыңғылмен атты қамшыламайды. Малды не адамды ұрмайды. Жыңғыл - тікенді бұға. Онымен ұрса мал да, адам да ұшынады деп ұйғарады.
- Қазақ жазғытұрым алғаш жауған жаңбырды "Алланың нұры" деп басын тосады. Онысы ала жаздай басы ауырмайды, басына бақ қонады дегені.
- Жаңа түскен келін күйеуі бір жаққа кеткенде орын ауыстырып жатуға тура келсе, өзінің некелі төсегін құр тастамайды. Жастық астына балта, пышақ секілді заттарды қойып қояды. Онысы - йен қалған төсекте жын-шайтан ойнамасын дегені.
- Бейіт топырағын сәндемейді. Табиғи қалпында жатқанын, көгеріп өсімдік өсіп тұрғанын ұнатады. Бейіттен бір шым-шым топырақ алып, тастайды. Бейітті айналмайды.
- Атпен келе жатқан адам бейіттің қасынан шауып өтпейді. Қайта іштей дұға оқып, аруаққа сиынады. Оң аяғын үзеңгіден шығарып, "Қиямет жақын, қиямет жақын" деп тәубе етеді, әйтпесе аруақ атады деп нанады.
- Қазақ қарттары екіқабат әйелге қай аяғын алдымен басар екен деп қарайды. Егер оң аяғымен табалдырықтан бұрын аттап кірсе - ұл туады. Сол аяғымен кірсе - қыз туады деп жориды.
- Қазақ құдалыққа барғанда немесе сапарға, жолға шыққанда шұнақ түйеге жүк артпайды. Жол болмайды, пәле ұшырайды деп жориды.
- Қазақта ер-азаматтар босанған әйелге сойылған қалжаның етін жемейді. Онда әйелі ылғи қыз табады. Шашы түсіп қалады деп ұйғарады.
- Кешке жақын жайылған кірлер жиналады. Далаға түнетіп қалдырмайды. Себебі, киім иесіне бұйырмай қалады. Түнде жаңбыр жауса не боран соқса, былғанады.
- Қазақ жолаушылап жолға шығар алдында үйіндегі кішкене балаға аяғыңды көтерші дейді. Егер бала оң аяғын көтерсе, жол болады екен деп қуанады. Сол аяғын көтерсе, жол теріс деп жолға шықпайды.
- Қазақ от шашпайды. Ыстық күлді төкпейді. От шашса өрт шығады, күл төксе, бұрқырап көзді қармайды. Сөйтіп, ойды адастырады деп жориды.
- Қазақ торғайдың және басқа құстардың жұмыртқасын шақпайды. Бұлай істесе бетке секпіл түседі деп ырымдайды. Құстар қарғайды деп те нанады. Мәселен, торғай аузынан былайша қарғайды екен:
Торғай деген атым бар, Бір жапырақ етім бар. Жұмыртқамды шаққандар Әкең жауға кетсін де, Шешең өліп жетім қал!..
- Қазақ ай толып, дөп-дөңгелек болып туғанда да сәлем береді. Айға қарап тілек айтып, бет сипайды. Онысы көңіл айдай жарық болсын, сөзім айдай толсын дегені.
- Қазақ үйде, дастарқан басында сасық жел шығармайды. Қақырып, түкірмейді. Олай етсе бақ қашады, ас айниды деп сескенеді.
- Қазақта шалбардың бауын кісіге қарап тұрып байламайды. Жүріп бара жатып та олай істеуге тыйым салады. Бұл қылық әдепсіздік, жөн білмегендік саналады.
- Қазақта басқа кісілерге қаратып аяқ киім шешпейді. Әйелдерге көбінесе тасаланып тұрып шешінеді.
- Үйіне келген жауды "Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш" деп құдасындай күтеді. "Таспен ұрғанды аспен ұр" деп сый көрсетеді.
- Науқастанған адам әбден әлсіреп, өлім халіне жеткенде, ағайын-туыстарын жинап, арыздасады. Бірінен-бірі кешірім сұрасады. Алым-берім қарыздары болса, қайтаруды тапсырады. Ұрық-жұрағаты бұл істерді өсиет деп біледі. Өлетін адамның әрқандай тілегі, "Ақтық дем" есептеліп, ол бұлжытпай орындалады.
- Өлген адамның қасында күзетіп ақсақал қариялар оған иман тілейді. Бетін жабады. Көзін жұмғызады. Үйдің оң жағына салып қояды. Басын солтүстікке, бетін құбылаға қаратып, шалқасынан жатқызады. Үстіндегі киімдерін шешіп алады да, денесін ақ шүберекпен жауып қояды. Олай етпесе аруақ разы болмайды деп нанады.
- Өлген адамның жаназасына шақыра барған кісі жаяу болсын, атты болсын басқалардың үйіне кірмейді. Далада тұрып жай-жапсарды айтады. Егер шөлдеп тұрса, сұраған сусынын сыртта ішеді. Үйге кірсе сол үйден өлім шығады деп ырымдайды.
- Қыста жаңбыр жауса жер сілкінеді. Жер астынан айдаһар шығады деп нанады.
- Жазда, яғни жазғытұрым ақ жауын жауса құт құйды, құт құйды, жер иіп, егін мол өнім береді деп жақсылыққа жориды.
- Қысты күні кемпірқосақ көрінсе жыл құтты, ел тынышты, мал төлді, өнім мол, тіршілік жайдары болады дейді.
- Күзде ағаш жапырағы көк қалпында түссе, сол жылы жастар қызыл қырғынға ұшырайды деп жориды.
- Түн ішінде қарыз сұрамайды. Түн зауал уақыты, қарыз сұрау - жан сұрағанмен бірдей деп нанады.
- Қорылдап ұйықтап жатқан адамға пышақ оқтаса, қорылы басылады. Буындырған шайтан пышақтан қорқады деп нанады.
- Сақал мен шашты жұлмайды. Құлақты созбайды. Көзді ақшыраңдатпайды. Бұл жамандық. Нәубетке, зұлымдыққа ұшыратады деп ырымдайды.
- Жаңа киім-кешекті бісміллә деп киеді. Өйтпей, базардан әкелген беті үйге қоя салса, түнде шайтан киіп ойнайды. Шайтан киген киім адамға бұйырмайды деп жориды.
- Ботаға, тайға, құлынға қоңырау тағады. Бұл - қасқыр жемеуі, жоғалмауы, көз тимеуі үшін жасаған жоралғы.
- Біреуді сыртынан ғайбат қып отырып, сол кісінің үйіне бара қалса, үш рет аузын шайқап, тәубе айтып барып, асқа отыру керек. Өйтпесе - ішкен асы арам болады.
- Сапардағы жолаушылар жапан далаға түнесе, атының шылбырын сүйретіп қояды. Шылбыры сүйретіліп жүрген атқа қасқыр шаппайды. Өйткені, қасқырдың ала жіп аттамайтын серті бар.
- Аңшылар далаға түнесе өзі жатқан жерді айналдыра сызып қойып жатады. Шеңберге бәле-қаза, жыртқыш аң жоламайды деп ұйғарады.
- Біреумен дауласқанда сұқ саусақты шығарма. "Иман саусақ" деп аталады. Қастерлеу керек.
- Адамдар ит дайрағын көргенде үш рет "тіфу-тіфу-тіфу" деп түкіріп өтеді. Өйтпесе нас басады деп жориды.
- Қабақтың үстіндегі қастың арасынан оқшау шыққан ұзын жуан әрі жалғыз тал қылды жұлып алады да үш рет түкіріп, табанымен басады. Онысы тіл-көзден, пәлежаладан қақсын, өз басымен кетсін дегені.
- Қамшының сабы сынса - қатын өледі. Пышақ сабы сынса - күйеу өледі деп ырымдайды.
- Сырттан келген адам босағаға ат байламайды. Егер ат байласа - ондай адамды ниеті бұзық, жау екен деп есептейді.
- Қазақта бала ата-анасына қол жұмсамайды. Егер қол жұмсаса құдай атып, жер жұтады деп жориды.
- Қазақ баласы ата-анасына тіл тигізбеуі керек. Бұлай істесе қара тас жалап, тілің тасқа тисін деп қан шығарады.
- Қазақ баласы албаты ант ішпейді. "Адал болсаң ант ішпе" деп біледі. Ант ішіп, ант бұзғаннан асқан жамандық жоқ деп иланады.
- Қазақ құда түсіп, құйрық бауыр жескен соң, құда түскен қыз жатқа кетпейді. Уәде бұзылса, дау туады. Ел жауығады. Арты пәлеге айналады деп тыйым салады.
- Қазақ ұрлық жасамайды. Бұлай істесе - қол-аяғың сынады, қара басып, кемтар болады деп нанады.
- Қазақ өлген адамды жоқтап жылағанда, әйел заты шашын жайып жіберіп жыласа - ішіндегі шер тарқайды деп сенеді.
- Қазалы күндері өлімге келген ауыл адамдары қызыл-жасыл киім кимейді. Әйелдер жалтырауық бұйымдар тағынбайды. Бұл торқалы той емес. Қаралы өлімді құрметтеу керек.
- Өлген ер адамның сүйегіне ерлер түседі. Әйел адамның сүйегіне әйелдер түседі.
- Мәйітті үйден шығарып, қабір басына қарай алып жүргенде әйел адам бармайды. Үйде қалады. Келесі күннен бастап баруына болады. Әйел - ана. Сондықтан оның жүрегі суымасын, өмірден түңілмесін дегені.
- Қазақ мәйітті қабіріне кірген соң басын құбылаға қаратып жатқызады. Жанама қабірдің аузы жабылмай тұрып, жиналғандар бір-бір шым-шым топырақ салады. Онысы көптен бұйырған топырақ деген ізгі ниеті.
- Қазақтың қарттары көзі тірісінде өз қабірін қаздырып қояды. Жанақымды тас құмы жоқ керіш жерден таңдап, бес адам олай-бұлай аунап, жататындай етіп қаздырады. Онысы Алланың бергеніне де, алғанына да разылығын мойындауы. Ақырет түніне иман келтіргені.
- Қабір басынан қайтқан мәйіт жерлеушілер үйге келгеннен кейін беті-қолын жуады. Онысы - бақи дүниеге аттанған адамды шығарып салған адамдар ол дүниенің есігін көргендіктен, бетін жуып, пәни дүниеге оралуы.
- Өлген адамды жерлеген соң молда құран оқиды. Жасы келген адам болса, бейіт басында тәбәрік ретінде жыртыс жыртады. Онысы - өлген қарттың жасын берсін, арты той болсын дегені.
- Қабір талқысына, торт бұрышына төрт ұсақ мал атайды. Оны жетім-жесір, кәріпқасір, кем-кетік, жоқ-жітік адамдарға береді. Онысы - төрт құбыласы тең болсын дегені.
- Баланың тілі шығып, есі кіре бастаған кезде, ауылдың ақсақалын шақырып, баладан: "Өлең аласың ба, көген аласың ба?" деп сұратады. Сонда бала: "Көген аламын" десе - малшы болады. "Өлең аламын" десе - ақын болады деп жориды.
- Ас-тұзды төгіп-шашпайды. Кесірлі кесапат сөздерді айтпайды. Нан тептілік істемейді. Бұл - ашаршылықтар тартпасқа, тоқшылық қадіріне жетеді дегені.
- Өзен жағасынан тоған қазып, жаңа тоғанға алғаш су салғанда тоған жағасынан түйе айтып соятын ырым бар. Онысы - ақ түйенің қарны жарылғандай той болсын. Ел тоқшылық өмір кешсін. Тоған киесі разы болсын дегені.
- Жел иесі - Мырқайдар. Қара тұман бұлтты айдар дейтін ырым бар. Қырман соғып, дәнді жерге ұшырып, тазартқанда жел иесі Майдаға сиынады. Мұнысы - дән көп болсын, қауыз топан аз болсын, Майда ие қолдай гөр дегені.
- Қазақта қой қырқын, жүн сабаған және киіз басқан кезде жел соқса, жүнді ұшырып кетеді деп екі тал шиді яки шөмшекті айқастырып, жүнмен байлап қояды. Онысы - жел шамынан сақтану.
- Мал төлдеп жатқанда кереге басына, бақанға, қойдың құйрығына қызыл шүберек байлап іліп қояды. Оны елдің көзі төлге түспей, құйрыққа түссін дегені.
- Өлген кісінің фидиясына мал, ақша бергеннен басқа бидай да береді. Бұл абзал саналады. Онысы - кейінгі ұрпағы егіндей көгеріп жайқалсын дегені.
- Қазақ, жер бетін тоқсан тоғыз түрлі пәле қаптағанда заман ақыр болады деп жориды.
- Жүкті әйел толғатқан кезде сол үйдегі киіп жүрген қыз бала көйлегінің етегін жыртып қояды. Ұл бала киген шалбардың балағын сөгеді. Онысы - толғақ жеңілдесін, баланың беті тез ашылсын дегені. Толғатып жатқан әйелді күзетіп отырған әйелдерден біреу сыртқа шықса, қолжаулығын немесе бір тал түймесін үзіп алып қалады. Онысы толғақ ілесіп кетпесін дегені.
- Шелектегі суды биікке шығарып қоймайды. Сол үйдегі әйел жүкті болса "Су егіз болады" деп жориды.
- Қасқырдың бас сүйегі мен жыланның бас сүйегін алып, жағын мықтап таңған соң, сандыққа сақтап қояды. Сонда малды қасқыр жемейді. Адамды және малды жылан шақпайды деп жориды.
- Дәретке кетіп бара жатқан кісіге қол беріп амандаспайды. Бойында нәжісі бар деп ырымдайды.
- Балалардың ит болып үріп ойнауына тыйым салынады. Бұлай істесе ұрпақтың берекесі кетеді деп жориды.
А. Қайбарұлы, Б. Бопайұлы. Қазақ ырымдары. Казахские поверья. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. 3-72-б.
ДАЛА ДАНАЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЭТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ АЙШЫҚТАР
ҚОРҚЫТ АТА
Қорқыт Ата жырлары Сыр бойы оғыз-қыпшақтарының айтуымен VIIVIII ғасырлардаақ ауызша таралған. Кейінірек хатқа түскен "Қорқыт Ата кітабының" 12 жырдан тұратын нұсқасы 1815 жылы Дрезден кітапханасынан табылған. Қорқыт айтқан нақыл сөздер қазақ мақал-мәтелдерінде, жекелеген жырларының тіркестері кейінгі қазақ жырауларының толғауларында сол қалпында сақталған. Сондай-ақ көптеген оқиғалары, айтылатын кейіпкерлері қазақ жыр, ертегілерінде кездеседі. Қорқыт Ата халқымыздың жыраулық, бақсылық, күй өнерінің атасы болып есептеледі. Дерсе хан ұлы Бұқаш хан туралы жырдан үзінді
Жаздың салқын самалы, Таң сәріден соққанда, Қаба сақал бозторғай Тамақ іздеп даладан Әндеріне басқанда: Белдеуде тұрған бедеулер Бірімен-бірі тілдесіп, Кісінесіп жатқанда; Бал арасы - ұзын мұрт Ызыңдап ұшып ұядан, Өрісіне шыққанда; Ақ пен қара білініп, Таң сазарып атқанда; Қыз-қырқындар оянып, Қыналап бетін боянып, Сыбырласып, күлісіп, Қызыққа әбден батқанда, Биік таулар басынан Күннің көзі көрініп, Сай мен сала керіліп, Сылдырап сулар аққанда; Оғыздардың жастары Күреспекке қамданып, Қыр басына тартқанда; Қырық жігітін қасына ап, Арғымағын қамшылап, Аңға шықты Дирсе хан.
- * О, Дирсе хан, Дирсе хан, Хан әкемнің күйеуі ең, Ханым - ана тілеуі ең, Атам мен анам қосқан соң, От басының тіреуі ең. Атадан туған тақ едің, Мен өзіңе жақ едім, Аман-есен келдің бе? Қара жал қаба айғырға, Таңертеңмен ер салып. Аңға шықтың қамданып,
Тауларды кездің таңғалып, Екеу едің кеткенде. Жалғыз келдің жеткенде. Жалғыз ұлым бар еді, Қараңғы мынау дүниені, Жарық еткен шам еді. Сол балам қайда, көрдің бе? Ақ сүтімді аялап, Одан басқа емген бе? Алдымнан неге шықпайды? Көзім неге шықпайды? Асыл туған ақ денем Жылан келіп шаққандай, Ішім от боп жанады. Жүрегі құрғыр суынып, Мазамды неге алады? Өмірде көрген жалғызым, Тауға біткен жалбызым. Көрінбейді көзіме, Құлағың сал сөзіме: Жалғызым жарық көргенде, Қуарып жатқан қу дала Ығысып аққан сел болды, Қымыз деген сел болды, Ет дегенің бел болды, Дәруіштер беріп батасын. Аш-жалаңаш бай болды, Көп зарығып көрген соң, Көңілім менің жай болды. Жалғызым жайын білдің бе? Таудан құлап кетті ме? Ажалы судан жетті ме? әлде арыстан, жолбарыс Жемтік етіп жеді ме? Гәуірлерге1 тұтқын боп, Зынданда күні өтті ме?
Қасы-көзі қиылып, Жатырмысың, құлыным? Аш көзіңді бір мезгіл, Кеудеңде болса шыбының? Он екі мүшең мұз болып, Тынды ма аққан бұлағың? Тәтті өмірің үзіліп, Сөнді ме жанған шырағың? Көзіңнен нұрың кетпепті, Тірідейсің сен маған Тал отындай шытынап, Жанып келді сорлы анаң. 1 Гәуір - кафир (кәпір) деген сөз. Түркі тайпалары солай атаған.
Тірлігіңді білдіріп, Жауап берші, жан балам. Құрбандық болдым өзіңнен, Айналайын көзіңнен, Сенсіз маған күн қараң. Ағысыңды қалың су, Гүлденіп өспей, қурап қал, Адыра қалған қалың ну, Маралдар қатып тас болсын. Жүгіріп тауда жарысқан. Баламды кім өлтірген? Жолбарыс яки арыстан? Мұндай халге қалайша Душар болдың, жан балам? Жолыңа басын құрбан ғып, Қасыңа келді сорлы анаң. Тіл шығаршы тебіреніп, Қуансын анаң аңыраған.
Қорқыттың нақыл сөздерінен
Ат тұяқты келеді, Ақыл тілді келеді.
- * Су гүрілдеп, шұбыра тасығанымен, Теңіз тола қоймайды.
- * Тәкаппарлықты тәңірім сүймес, Көңілі пасық ерге дәулет бітпес.
- * Жат баласы саған жақсы болмайды ұл, Жақсылық та көрдім демес сондай бір.
- * Тау төбесі күл болмайды, Күйеу бала ұл болмайды.
- * Aт шалдықпай жол білмес, Қанжар тимей жау кайтпас.
- * Анасыз қыз ақылға жарымас, Әкесіз ұл сыйға жарымас.
- * Алтын жүген кигізсең де Тұлпар болмас қара есек,
Қамқадан тон жапқаныңмен, Ханым болмас қара күң.
- * Жапалақ-жапалақ қар жауса да, Жазға дейін жата алмас.
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
Бүкіл Шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ұстазымыз деп таныған ұлы философ Әбу Насыр әл-Фараби Отырар қаласында дүниеге келген. Оқу-білім іздеумен сол кездегі Араб халифатындағы ірі білім орталықтарын аралаған. Сирияда, Шам шаһарында (Дамаск) қайтыс болған. Поэзияның табиғатын талдайтын трактат жазып, өлең де шығарған. Қашықтасың туған жер - қалың елім, Не бір жүйрік болдырып жарау деген. Шаршадым мен, қанатым талды менің, Шаңыт жолға сарылып қарауменен. Кері оралмай жылдарым жатыр ағын, Қасіреттің жасына көз жуынар. О, жаратқан, көп неткен ақымағың, Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте, Әкімдікке күллісі жүгіреді. Көкірекпен сезініп, күрсінші көп, Жаным менің түршігіп, түңіледі.
- * Бауырым, қанша сүйгенмен, Өтеді өмір күйбеңмен. Шындыққа бас тік алаулап, Пенделіктен бол аулақ.
Жататын дәйім жаңғырып, Бұл ғұмыр емес мәңгілік. Бейопа мына заманда, Бақұл боп кетер адам да, Жұрт кілең күнін көп қызық, Жіберер зая өткізіп.
Қағаздың түсіп бетіне, Сызықтай бейне тартылған. Тап болып, жігер сарқылған, Кездейсоқ өмір өтіне, Қайыспай тұрса нар тұлғаң.
Сонда да беріп кетеміз, Жүректің отын молында Арманды аңсап өтеміз,
Біз ұлы мұрат жолында.
- * Қайтейін мен көкжиек көңілімді, Келер күнге үмітпен жол ашамын. Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді, Соны медет етеді болашағым.
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса, Екіншіде - шарап бар жайы мәлім. Даналықты сиямен молықтырсам, Шарабымен шерімнен айығамын.
- * Тамылжып бал тыныштық айналамнан, Тылсым түнге құшағын жайғап далам, Мен жатырмын, ұйқысыз жапа-жалғыз, Жанымды ой жарығы аймалаған.
Аққан жұлдыз құласа кейде егер, Сенің нұрлы бейнең боп кеудеме енер. Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып, Өміріме бір ғажап сәуле берер.
Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең, Сезініп мен деміңді гүл атқанмен, Оның өзі бір-ақ сот... содан кейін, Мұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен... Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Сан мәртебе алдаса да өзіңді. Тағдырыңды еш уақытта жазғырма, Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған. Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. Жүргендер көп достық атын малданып, Алайда тек қалма оған алданып. Аударған А. Нысаналин
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ
Шамамен 1015 жылы Баласағұн қаласында туып, Түрік қағанатының орнына құрылған Қарахан мемлекетінің мәдени орталығы Қашқарда тұрған. "Құтты білік" дастанын, өзінің айтуы бойынша, он сегіз ай жазып, 54 жасында Қашқарда аяқтаған (1069). Дастан 85 тараудан тұрады. Құдай кімге ақыл-ой, білім берсе, Мың сан игілікке қол созады.
- *
Білімді биік, ақылды ұлық деп есепте. Бұл екеуі [Алланың] таңдаулы құлдарын биікке шығарады.
- * Ақыл қайда болса, ұлықтық (сонда) болады.
- * Ақылды ұғады, білімді біледі. Білімді, ұғымды тілегіне жетеді.
- * Білімсіз кісілердің барлығы - ауру, Ауруды емдемесе, адам тез өледі.
- * Көрікті істердің барлығы да ақылменен істелген, Бектер бұл дүниеде біліммен ерекше (сый-құрметке бөленген]
- * Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл Ердің мерейін көтеретін жүйрік тілді біл
- * Тіл кісінің абыройын арттырады, бақыт әпереді. Тіл кісінің беделін түсіреді, басын жарады.
- * Мені тіл аса көп азапқа салды, Басым кесілмес үшін тілімді кесейін.
- * Сөзіңді күзет, басың кетпесін. Тіліңді күзет, тісің сынбасын.
- * Сен өзіңе есендік қаласаң, Керегі жоқ сөзді тіліңнен шығарма.
- * Тауып сөйлеген сөз білгенге саналады, Білімсіздің сөзі өзінің басын жейді.
- * Мың сөздің түйінін бір сөзбен шеш.
- * Жігіттік кетеді, тіршілік өшеді, Бұл түс сияқты дүниеден өзің көзді ашып-жұмғанша көшесің.
ҚОЖА АХМЕТ ИАСАУИ
Қасиетті Түркістан топырағында туып, күллі Күншығыс елдері мұсылмандарының рухани көсеміне айналған Қожа Ахмет Иасауи бала кезінде ұстазы Арыстан бабтан сабақ алады, кейін Бұхара қаласындағы Хамадани медресесінде оқиды. Мұны бітірген соң, өзі де сол білім ордасында шәкірт тәрбиелеген. Одан әрі қарай сопылық жолдың ащы-тұщысын татып, жеті ыңылым жерлерді аралаған сапары басталады. Он жеті жасында туған мекеніне оралған ол Иасыға келіп қоныс тепкен. Алпыс үш жасында қылуетке түсіп, пәни дүниеден өз еркімен оқшауланып, әлемнің ақиқат сырына оймен үңіледі. Сонда дүние салған. Оның басына 1397 жылы Әмір Темір Көрегеннің жарлығымен зәулім ескерткіш кесене орнатылды.
Қожа Ахметтің ақындығын төрткүл дүниеге танытқан ұлы шығармасы - "Диуани хикмет " ("Даналық кітабы "). Бұл жырлар XII ғасырда оғыз-қыпшақ тілінде жазылған түркі халықтарының ортақ әдеби мұрасы саналады. "Диуани Хикмет" кітабынан Әркім қашар махаббатсыз халықтан, Жақсы-жайсаң жүрмес оған жаршыға, Күйіп-жанып, асық жолда зарықсаң, Сұхбан ием мейман қылар ғаршыда. Алла сүйген болса күйген бибағын, Хақ көрсетер, олла-білла, дидарын. Қайда барса, тәпсілері жиғанын Ақ жолына шашулауды хош санар. Айтсаң зікір Алла деп - нұр шашылды. Албастыдан арашалап басыңды, Дертті болсаң, құрғатар көз жасыңды, Ондай құлды өзі тауып, дос санар.
Түн баласы көкірегін өрт керіп, Көзін ілмес ғашығы үшін серттеніп. Еңіретер Құдай емсіз дерт беріп, Мұнда ұлтан қып, ойда сұлтан тұтады. Хаққа ғашық жатпайды ұйқы қандырып, Мақсатына жетсем деп ой дал қылып, Қамын жемес қатын-бала, мал-мүлік, Ысмағұлдай ғазиз басын жұтады. Хақты тапты ол дуаналық жол бағып, Нәпсіні ұрды Хақ қылышын қолға алып, Қайда да ашық сыр ақтарды толғанып, Жомарт кісі - еш бүкпесі жоғында. Шайықпын деп Хаққа қарсы шыққандар Шалқақтаумен серік болмас Сұхбанға. Құдайсызға ем-дауа жоқ, бұқсаң да – Зындан қылар бұл дүниені момынға.
Ей, мұсылман, тағат қылсаң, танбағын, Ғазиз жаның - аманаты Алланың. Харамдықпен, ұқ, жиған мал-жалғанын, Қарыш атты жылан қылар малыңды. Қайда Карун мал жинаудан талмаған? Өсиет шашқан қайда Пірғауын һәм һаман? Қайда Фархад, Шырын, Мәжнүн зарлаған? Қаһарланса, жерге тығар жаныңды! Көрдің бе адам өлмей тірі қалғаның, Білдің бе енді бұл пәнидің жалғанын?! Дүние - талап, ризығы - алғаның, Алла десең, көз жасы боп жауасың. Ем табылмас ғашық дертке ексең де, Іші-сырты жымысқыға бек сенбе. Арың таза болса, жеңіс тек сенде. Алла білер ғашық дерттің дауасын.
Шыққансиды жалған ғашық шыбыны, Сырты жылмаң, іші арамдық жылымы. Болмаған соң Құдай сүйер қылығы, Сарсаң қылар махшар күні пасықты. Тән тілінде, жан тілінде нәпсі бар, Алланы ойлап, арды тыңдар жақсылар. Ғұламаларға қызмет қып бақ сынар, Сұлтан қылар халыққа сол ғашықты. Ғашық болсаң, асық болғын әманда, Жатпай түнде, жалбарынған жан Алла, Ақылың болса, сырыңды айтпа наданға, Нағыз дәруіш сиынады ішпенен. Дәруішсің бе, тыңдап ұят әмірін, Шын тағат қыл, көріп отыр Тәңірім. Ел қыдырма болсаң, кетер қадірің, Әділ патша арам жолға түспеген.
Ей, Жасаған, сол дәруішке пана бол, Шын сүймесе, шыбын жанын ала бер. Адасқанды өзің жолға сала гөр, Құлдың үйін Қожам гүлзар етеді. Дәруішпін деп жұрт алдында дәрпілдеп, Жүз құбылып зыр жүгірер әркімге. Құдай үшін құлдық ұрмай нарқың не, Шын дәруіштің тау мен шөл ғой мекені. Ғашық болсаң, асық жолда құрбан бол, Дидарды іздеп, дүниеден бет бұрған бол, Қайғы-дертке қайырымды нұрдан бол, Қаза кезде қадір-құрмет ел қылар... Аударған Е. Дүйсенбайұлы
СҮЛЕЙМЕН БАҚЫРҒАНИ
Түркістандық ақын, лақап аты - Хакім ата. Ол Қожа Ахмет Иасауидің жолын қуған мүриті болған. Ұстазының үлгісімен діни мазмұнда өлең кітабын жазған (".Бақырғани кітабы " немесе "Ақырзаман кітабы"). Кітапта сопылық дәстүр дәріптеледі, адамгершілік, ғашықтық, білім, тағы басқа жайында дидактикалық өсиет өлеңдер бар. Діни аңыздардың желісімен сюжетті өлеңдер де жазған. Сөйтіп, түркі әдебиетінде XIII-XIV ғасырларда кең өріс алып, қазақтың кейінгі қиссашыл ақындарының шығармашылығында дамытылған нәзирашылдық (бұрыннан белгілі сюжеттерді жаңғыртып жазу) үдерістің алғашқы бастауларына жол салған. "Бақырғани кітабынан"
Жаратушы ие, қиямет күні Мен күнәмді қайда қоямын? Осы аһ ұрған өкініш күні Мен күнәмді қайда қоямын? Таразысы мен көпірін құрса, Айдаушылар әзір тұрса, Не істегенімді сұраса, Мен күнәмді қайда қоямын? Пайғамбарлар тізерлеп отырып, Бетін жерге баса қалса, Баршасы өз [басын] ғана ойласа, Мен күнәмді қайда қоямын? Арасат [майданына] келтірсе, Маған [күнәм жазылған] дәптерді берсе, "Дауыстап оқы" деп бұйырса, Мен күнәмді қайда қоямын? Сенің жабық сарайыңда Еш ғибадат қылмадым. Сұрақ сұрағанда ойбайладым. Мен күнәмді қайда қоямын? Денемнің баршасы күнәкар Менде я қайыр, я жақсылық [жоқ]. Осы халіммен кешірім бола ма? Мен күнәмді қайда қоямын? Халайықтың бірі дәруіш, Бірі ғалым, бірі тақуа, Бірі сопы, бірі пір Мен күнәмді қайда қоямын? Бірі ілімін аян етеді, Бірі дәруіштігін баян етеді. Құлшылық еткендер аман болады. Мен күнәмді қайда қоямын?
Егер фазылыңменен сұрасаң, Ғафу етсең [күнәмнан] құтыламын. Ал егер әділшілікпен сұрасаң, Мен күнәмді қайда қоямын? Дүниені қуалап жүруші едім, Жаратушы неге деген құлшылығымды тастап Осы адасқанымды жөн біліп. Мен күнәмді қайда қоямын? Денемнен киімімді сыпырып алғанда, Өлігімді тақтаға салғанда, Басымнан суды құйғанда, Мен күнәмді қайда қоямын? Алла саған сиынамын. Дереу шапағат қылмасаң, Мен күнәмді қайда қоямын?
- * Жан-тәніммен жинадым Бүл дүниеде мал-мүлікті. Ол мал-мүліктің ақыр соңы Ойран екенін білмедім. Жиһаз, [тәтті] тағам іздедім, Сауық-сайран, жан тыныштық жолында. Әттең, бүл істердің бәрі Шектеулі екенін білмедім. Білместігімнен мен оны Айлап, жылдап іздедім. Тынбай, шаршамай, Жылдам жүгірдім, пай-пай! "Қап" дегізетін [жалғаншыға] өмірімді Зая жұмсаппын, ойбай! Қапы қалған басымның Надан екенін білмедім. Дүниенің мал-мүлкіне Көңіл бөлген надан екен. Оңбағандық пен пасықтықты істеген Пірғауын мен һаман екен. Рақат дүние дегеніңіз Жан мен тәннің апаты екен. Оның бауы мен бағы Зындан екенін білмедім. Салтанат, құрметпенен Әр жерге барғаным, келгенім, Хан, сұлтан, шонжарлардың Алдында жүгіріп, желгенім, Лауазымды залымдар әр сәт Адал, әділ дегенім, Бұтқа табынғанмен Тең екенін білмедім. Әуейі нәпсі үшін Күні-түні жанымды қинағаным,
неше түрлі жиһазды Жар салып жүріп жинағаным, Осынша жылдар жеп-ішіп, Сауық-сайран, жан тыныштық қылғаным, Баршасының азғырушы Шайтан екенін білмедім. Дүние мені алдады, Қызылды-жасылды жадысымен. Жезөкшелер сияқты Ерлерді сиқырлап аздыратын. Маған уәде берді Алтын, күміс, малыменен. Оның барлық уәдесі Жалған екенін білмедім. Мешіттің жолын тастап, Пасықханаға барғаным, Данышпаннан қашып, Наданға дос болғаным, Дін ісін кейінге қалдырып, Дүние үшін жаным салғаным, Дін ислам ісіне Нұқсан екенін білмедім. Қанша пікір етсең дағы Өлімге жоқ еш лаж. Барша туар өлмек үшін Өлімге жоқ еш лаж. Жаһанда қанша жан болса, Барлығы бұған қайран қалады. Патша да, кедей де (жермен) жексен болады. Өлімге жоқ еш лаж. Пайғамбар келеді, өмір сүреді, Дүниеден көшеді. Жан шырағын өшіреді. Өлімге жоқ еш лаж. Қорғаны қат-қат темірден Дарбазасы болаттан болса да, Баршасын жайпап өтеді. Өлімге жоқ еш лаж. Өлім қанатыңды қайырар. Туысқан-туғаныңнан айырар. Ақырғы ісің осындай болар. Өлімге жоқ еш лаж. Бейшара кедей Шамшаддин Тобаға келіп жыла. Тұр орныңнан! Беліңді байла! Өлімге жоқ еш лаж.
КЕТБҰҒА
- Теңіз бастан бұлғанды, Кім тұндырар, а ханым?! Терек түптен жығылды, Кім тұрғызар, а ханым?! - Теңіз бастан бұлғанса, Тұндырар ұлым Жошы-дүр! Терек түптен жығылса, Тұрғызар ұлым Жошы-дүр! - Ақсақ құлан шошыған, Таудан төмен жосыған. Балаң өлді - Жошы хан! Нанбайсың ба осыған?! Арымайтын семіз жоқ, Құрымайтын теңіз жоқ! Құрымайтын теңіз жоқ, Өзіңе берсін денсаулық! - Құлынын алған құландай Құлынымнан айырылдым! Айырылысқан аққудай Ер ұлымнан айырылдым!
ҚАЗТУҒАН
Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақ ала ордам қонған жұрт, Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт, Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт, Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт. Салп-салпыншақ анау үш өзен, Салуалы менің ордам қонған жер, Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер, Жатып қалың бір тоқты Жайылып - мың қой болған жер! Жарлысы мен байы тең, Жабысы мен тайы тең, Жары менен сайы тең, Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған, Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,
Балығы көлге жылқы жаптырмас, Бақасы мен шаяны Кежідегі адамға Түн ұйқысын таптырмас. Қайран менің Еділім, Мен салмадым, сен салдың! Қайырлы болсын сіздерге Менен қалған мынау Еділ жұрт!..
ДОСПАМБЕТ
Айнала бұлақ басы Тең, Азаулының Стамбұлдан несі кем?! Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағайын Хан ұлынан несі жоқ, Би ұлынан несі кем?! Тәңірінің өзі берген күнінде Хан ұлынан артық еді менің несібем! Азаулыда аға болған ерлер көп еді, Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді! Сере, сере, сере қар, Асты кілең, үсті мұз, Күн-түн қатса жібімес. Мен көлікке қосымды артқанмын, Көмбідей ару жаларға Күректей мұзды тоңдырып, Кірмембес ауыр қолға бас болып, Күңіреніп күн түбіне жортқанмын! Дүниенің басы сайран, түбі ойран, Озар сойды бұ дүние Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағадан.
Ағарып атқан таңдай деп, Шолпанды шыққан күндей деп, Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп, Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз – Арғымақтың талдай мойнын талдырып, Үйде қалған арудың Ал иіндігін аудырып. Арғымаққа оқ тиді Қыл майқанның түбінен. Аймадетке оқ тиді Отыз екі омыртқаның буынынан. Зырлап аққан қара қан Тыйылмайды жонның уақ тамырдан. Сақ етер тиді саныма, Сақсырым толды қаныма. Жара бір қатты, жан тәтті, Жара аузына қан қатты. Жарықшылар жоқ па екен Жармай білте саларға?! Жағдайсыз, жаман қалып барамын Жанымда бір туғанның жоғынан!..
Қарағайлы көдік бойында Қамшым қалды ойында: Бүлдіргесі бұлан терісі, Өрімі құнан білдің қайысы, Шырмауығы алтын, сабы жез. Бейазының бойында Күзен, қарсақ Жер ме екен?! Алғаным Әли ағаның қызы еді. Қас арудың өзі еді. Маңдайы күнге тимеген, Желге шашын үрмеген. Серпіліп адам бетін көрмеген, Қалай күні кешті екен! Қосақай, Қосай, Ер Досайдың анасы Хан қызындай сұлтанның Айдындықтай ақ білегін жастанып. Ерең үйін тіктіріп, Омыраудағы он түймесін ағытып, Кейінгі қалған көпекке Қалай да белін шешті екен!..
Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым, өкінбен. Толғамалы ала балта қолға алып, Топ бастадым, өкінбен. Тобыршығы биік жай салып, Дұспан аттым, өкінбен. Тоғынды сарты нар жегіп. Көш түзедім, өкінбен. Ту құйрығы бір тұтам Тұлпар міндім, өкінбен. Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім, өкінбен. Зерлі орындық үстінде, Ақ шымылдық ішінде Тұлымшағын төгілтіп, Ару сүйдім, өкінбен. Бүгін, соңды өкінбен, Өкінбестей болғанмын. Ер Мамайдың алдында Шаһид кештім, өкінбен!..
ШАЛКИІЗ
Алаштан байтақ озбаса,
Арабыдан атты сайлап мінбен-ді! Күлікке тастай болып тимесе, Үстіме көбе сайлап кимен-ді! Күмістен екі қолтық жоқ болса, Сыпайышылық сүрмен-ді! Алғаным ару болмаса, Алдыма алып сүймен-ді! Дулығамның төбесі Туған айдай болмаса, Батыршылық сүрмен-ді!!
- * Жапырағы жасыл жаутерек Жайқалмағы желден-дүр, Шалулығы белден-дүр, Төренің кежігуі елден-дүр, Байлардың мақтанбағы малдан-дүр, Ақ киіктің шабар жері майдан-дүр, Кешу кешмек сайдан-дүр, Батыр болмақ сойдан-дүр, Жалаңаш барып жауға ти, Тәңірі өзі біледі, Ажалымыз қайдан-дүр!
Би Темірге айтқан бірінші толғауы
Аспанды бұлт құрсайды - Күн жауарға ұқсайды. Көлдерде қулар шулайды - Көкшіліден ол айуан Соққы жегенге ұқсайды. Көп ішінде бір жалғыз Көп мұңайып жылайды - Күйбеңдескен көп жаман Сөзі тигенге ұқсайды! Алп, алп басқан, алп басқан Арабы торым өзіңсің, Жазылы, алтын, қол кескен Алдаспаным өзіңсің! Білерді білмес не демес, Султан нем, сен менің Бармай тапқан Қағбамсың! Алтынды кесе сары бал Алсам, мен саған ұсынармын, Тал мойныма қол артсаң, Күліктен бек ұнармын. Көбең семіз торыңмын, Көп құлыңның бірімін - Жақсыңнан мені кем көрдің, Жаманыңмен тең көрдің. Жақсыңнан мені кем көрсең,
Жаманыңмен тең көрсең, Ұялы берікке қос артып, Сен есенде, мен сауда Ырысымды сындайын, Сегіз қиыр шартараптан іздермін! Еділден аққан сызашық Біз көргенде тебінгіге жетер-жетпес су еді Телегейдей сайқалтып, Жарқыраған беренді Теңіз етсе, Тәңірі етті! Жағасына қыршын біткен тал еді - Жапырағын жайқалтып, Терек етсе, Тәңірі етті! Тебінгеннің астынан Ала балта суырысып, Тепсінісіп келгенде Тең атаның ұлы едің, Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі етті! Тобылғының берегі Иіл болып беріш бітсе, Айбар болар терегі, Атаның ұлы жақсыға Малыңды бер де басың қос, Бір күні болар керегі. Бостаны бар-ды теректің, Болаты бар-ды беректің, Тұсындағы болған нартың қорлама, Тұсындағы болған нартың қорласаң, Табылмас-ты керекте. Айдын шүйсең - тарлан шүй, Көтерілген сона құтылмас. Жауға кисең - берен ки, Егеулеген болат өте алмас. Есендікте малыңды бер де батыр жи, Басыңа қыстау іс түссе, Дұшпанның қолы жете алмас! Бар күшіңді сынамай, Балуандармен күреспе - Таң боларсың әлемге, Сөз боларсың күлемге. Ақылсыз достыдан Ақылды дұшпан артық-ты, Дұшпаныңнан бір сақын. Елі ішінде айқасып, Ойнап жүрген достарыңнан мың сақын. Жоғары қарап оқ атпа, Жуық түсер қасыңа. Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа, Күндердің күні болғанда, Сол жаман айғақ болар басыңа. Жақсы да келер бұ көпке.
Жаман да келер бұ көпке. Түгел іс қойып болмас бір кепке. Сен - алтынсың, мен - пұлмын, Сен - жібексің, мен - жүнмін, Сен - сұлтансың, мен - құлмын, Сен - сұңқарсың, мен - қумын, Жемсауыңа келгенде, Сұлтан ием, сом жүрегім аяман! Саған дұшпан - маған жау, Керекті күні алдыңда Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!! Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны
Қара бас күспен шалдырып, Көк теңіздің үстінде Көтеріп желкен аштырып, Жүк тиедің кемеге, Ниет еттің Тәңірінің үйі Кебеге! Жүк тиесең, кетерсің, Ниет етсең, жетерсің, Жетсең, тауап етерсің, - Етектеп жиған көп халқың, Султан нем, кімге асмар етерсің!.. Ашалай шалың ақталап, Шемшірлігің ноқталап, Шал сақалың жылаттың, Атаңнан қалған көп халықты Ер өзіңнен соңратын Тек бір жардан құлаттың! Қара басты ақ құспен Кендір баулы ақ желкен Көк теңізді жал толқынға жектірдің! Қара сия, ақ қағаз Дестіге өнер төктірдің! Бұ кеткеннен қайтпасаң, Ел, әйелің, сәбиің Көзінің жасын төктірдің, Қабырғасын сөктірдің! Едігеден туған ұғылдың Мырзасы өзің болғансың, Атан қумас бурасың, һәр ісінде тұрасың. Ер өзіңден соңратын Емен салдай батар ол. Алыс жерден мөһүлі шұбар хат келсе. Күйбеңдескен көп жаман Құлағын салып тұрар ол Ақ ала таудың алдында Ақ ала жылқы жусайды. Айналдырып қарасам,
Сол жылқының ішінде Ат тапқандай бие жоқ. Жолың да болсын, ay, ием, Сен де кетіп барасың. Енді өзіңден соңратын Жұртқа бір лайық ие жоқ. Темір еді биіміз, Теңіз еді халқымыз, Тебірлерге қалғанда Теңселер сойды ауыр ноғай жұртыңыз! Соқса бір жілік сындырған, Көк қоянның қос құлағын тұндырған, Көгілдірдің жез қанатын сындырған, Тегеурінді болат темірдің Тегеуріні өзіңсің! Айдынды көлге қас шауып, Тоғызын соғып ұшырған Қу сұлтаны саһарсың! Саһарыңды сайлап қаусырған Боз сұңқарым өзіңсің! Тебірдің жұртта не ісі бар, Тепкісіздің сеніменен не ісі бар, Султан нем, жұрт иесі өзіңсің! Соқса бір қурай сындырмас, Құладын жаман қу алмас, Құладын қудың теңі түгіл-ді, - Тебіренсе ауыр жұртын тындырмас, Тебір жаман жұрттың теңі түгіл-ді. Тіленшіұғлы Шалкиіз Иесі би Темірдің тұсында Бұлтқа жете жаздады бұ мүйіз. Иесі би Темірден соңратын Тұқылдықтан тарсылдап, Үзілер болғай сол мүйіз, Әбсінде ғалым жидырып, Ақ кітабын жайдырып, Қайратымды білгейсің. Ағбытпа, ханым, күннен соң, Сіздің естен кеткенмен, Біздің естен кеткен жоқ: Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Соқыр бурыл байталға Сонда бір жайдақ мінгенсің... Қалмақтың Бөрі ханы келгенде, Қаланың қасы бүлгенде, Хандар қалаға қылаған...
АҚТАМБЕРДІ
Күлдір де күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екеміз?! Күдеріден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екеміз?! Жағасы алтын, жеңі жез, Шығыршығы торғай көз Сауыт киер ме екеміз?! Ор қояндай жүгінтіп, Аш күзендей бүгілтіп, Жолбарыстай шұбарды Таңдап мінер ме екеміз?! Сол шұбарға мінген соң, Қоңыраулы найза қолға алып, Қоңыр салқын төске алып, Қол төңкерер ме екеміз?! Жалаулы найза жанға алып, Жау қашырар ма екеміз?! Тобыршықты әндіген Толтыра тартар ма екеміз?! Тобылғы түбі құралай, Бытыратып атар ма екеміз! Жарлауға біткен жапырақ – Жамылсақ, тоңар ма екеміз?! Жазыққа біткен бүлдірген – Сұғынсақ, тояр ма екеміз! Тобылғы сапты қамшы алып, Тұмар мойын ат мініп, Қоныс та қарар ма екеміз! Ел жазылып жайлауда, Жақсылар кеңес құрғанда, Мұртымыз өрге шаншылып, Бұрын да сөйлер ме екеміз?!
От басар орны отаудай, Қабырғасы халық орнаған жонсаудай, Ор қояндай қабақты, Қиған қамыс құлақты, Сары мысықтай азулы, Саптыаяқтай ерінді, Қидасын кәрі жілікті, Омырауы есіктей, Ойынды еті бесіктей, Табаны жалпақ тарланды Таңбалап мінер ме екеміз?! Сол тарланға мінген соң, Өзен де өзен, өзен су, Өрлерде жортар ма екеміз?! Аңдысын жүрген дұшпанның Бұлттан шыққан ай бетті, Мұнардан шыққан күн бетті, Айттырса, бермес сұлуын Аппақ қылып маңдайын, Бұғақ қылып таңдайын, Қиылдырып қастарын, Төгілдіріп шаштарын, Күнінде аламанға Тегін олжа қылар ма екеміз?!
Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екеміз?! Күдеріден бау тағып, Қамқапты киер ме екеміз?! Өзенге бие байлатып, Төскейге орда орнатып, Төрткілдеп ошақ қаздырып, Төбел бие сойғызып, Төменде бидің кеңесін Біз де бір құрар ма екеміз?! Құлаты тауға қол салып, Садақтың оғын мол салып, Бетпақтың ең бір шөлінен Төтелеп жүріп жол салып, Қолды бір бастар ма екеміз?! Майданда дабыл қақтырып, Ерлердің жолын аштырып, Атасы басқа қалмақты Жұртынан шауып бостырып, Түйедегі наршасын, Әлпештеген ханшасын Ат артына мінгізіп, Тегін бір олжа қылар ма екеміз?! Кеуде бір жерді жол қылсам, Шөлең бір жерді көл қылсам, Құрап жанды көп жиып, Өз алдына ел қылсам! Асқар бір тауды жайласам, Желілеп бие байласам, Күнде жиын, күнде той, Қыз-бозбала ойнатсам, Тентегін түзеп байқа деп, Ішінен биді сайлатсам, Құлым бір ұлдай киінсе, Көркемін көрген сүйінсе, Атымтай Жомарт секілді Атағым жұртқа білінсе! Өзім бір бөлек жайласам, Жігіттен нөкер сайласам,
Ойпаң жерге он отау. Қыраң жерге қырық шатыр тігіп, Қонағымды жайғасам! Пышақтан малым кетпесе, Қазаным оттан түспесе, Ауылдан топыр үзілмей, Ошақтың оты өшпесе. Май жемесе қонағым, Қан жемесе барағым, Он кісіге жараса Бір кісіге арнап тартқан табағым! Халыққа атым білініп, Шүлеңгір мырза атанар ма екеміз?! Төскейде кеңес топтанып, Жақсылар үйде баптанып, Нөкерлер жүрсе сап түзеп, Қос-қосымен шаттанып. Қиуадан ақыл алатын, Қияннан айла табатын Ерлерден салсам нөкерді Дұшпаннан кекті алатын! Жоны бір жалпақ жотадай, Мойны бір жалпақ бұқадай, Балуаннан нөкер барлатып, Күреске салар ма екеміз?! Артықша көзге көрініп, Балуаным жықса таңлатып, Алмасын арнап суарып, Ақ сауыт соқса зергерім, Таудағы сала бұғыны Аңдып бір атса мергенім! Көкорай көктем болғанда Дауысы бар азандай, Желіні бар қазандай, Жаралы қудай ыңырантып, Жарылған мұздай күңірентіп, Қайрауықтың ащы күйіндей Қайырып боздап күйлентіп, Боталаған боз інген Азан-қазан, уда-шу О да бір алса мазамды-ай! Алғайдың құба жонына Жайылған қойым сыймаса, Жүз бүркеншек, жүз қоспен Қатар жүріп жинаса! Көк алалы көп жылқы Көлге бір түссе көз жетпей, Санап санын алуға Есебіне жан жетпей... Беглерім мінсе шұбарын, Жұлындай қылып жаратып!
Елден елді аралап, Тектіден текті саралап, Беглердің қызын айттырсам, Нұсқасын байқап шамалап – Сынға толса сияғы, Әлбеті шамның шырағы, Мұхиттан сүзіп шығарған Қымбатты гауһар бағасы. Жүз нарға кілем жаптырып, Қазақтан сәнін арттырып, Ұзатып алсам сәнменен, Көңілімді хош таптырып. Бала берсе тезінен, - Пірлердің бітсе демінен, Шілтеннің тиіп шылауы, Артылып туса өзімнен! Осындай берген дәулетті Көтеріп тұра алар ма екеміз?!
ҮМБЕТЕЙ
Қабырғасы сөгіліп, Шапқанда батыр төгіліп: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян мен Сағынбай Қырмап па еді жауыңды, Қуантпап па еді қауымды, Ұмыттың ба соны, Абылай! Дүние кезек, Абылай! Қаласың әлі-ақ сен былай! Артыңдағы балаңа Табылар батыр тағы да-ай! Сондай ерлер көп тусын Деп тілей бер, а Құдай! Орта жүзде қатын көп, Туатын кейін батыр көп, Сол мұқатар жауды деп, Елестер көзге сағымдай. Ей, Абылай, Абылай, Сөзімді тыңда тағы да-ай! Өзіңнен біраз жасы үлкен, Дөмпеш таудай басы үлкен, Жасында болған сырласың, Үлкен де болса құрдасың, Сексеннен аса бергенде, Қайырылмас қаза келгенде, Батырың өлді - Бөгенбай!
Иманын айтып өлерде, Иекке жаны келгенде, Сәлем айтты үш қайта, Кеттім деп сізді көре алмай. Батырды қолдан өткіздім, Сәлемін міне жеткіздім. Жыламай тыңда, Абылай, Жараға жақсы қасқарар, Ойбайлап жаман бас салар, Көріспей айтты демеңіз, Осы еді біздің келген жай. Көзіңнің жасын тыя көр, Жақсылық бата қыла көр. Тағы да талай бақ берсін, Балаңа алтын тақ берсін, Бөгенбайдай жас берсін, Өлшеусіз мал мен бас берсін! Бөгенбай сынды батырдың Береке берсін артына-ай, Сабыр берсін халқына-ай. Жасаған ие жар болып, Бейіште нұры шалқығай! Екі мың жылдық дала жыры /Ред. Ә. Нысанбаев . Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000. 113-191-бб.
ХІХ-ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ЭТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР
БҰҚАР ЖЫРАУ
Бірінші тілек тілеңіз: Бір Аллаға жазбасқа. Екінші тілек тілеңіз: Әзәзіл, пасық,2 залымның Тіліне еріп азбасқа. Үшінші тілек тілеңіз: Үшкілсіз көйлек кимеске. Төртінші тілек тілеңіз: Төрде төсек тартып жатпасқа. Бесінші тілек тілеңіз: Бес уақытқы бес намаз Біреуі қаза қалмасқа. Алтыншы тілек тілеңіз: Алпыс қанат3 ақ орда, Ардақтаған аяулың Күнінде ертең4 біреуге 2 Пекин нұсқасы бойынша ("Ана тілі", 12-шілде, 1990 жыл). 3 Бұл да сонда.
Тегіннен-тегін олжа болмасқа. Жетінші тілек тілеңіз: Желкілдеген ту келіп, Жер қайысқан қол келіп, Сонан сасып тұрмасқа. Сегізінші тілек тілеңіз: Сегіз қиыр шартарап Жер тұлданып тұрмасқа. Тоғызыншы тілек тілеңіз: Төреңіз тақтан таймасқа, Тоқсандағы қарт бабаң Топқа жаяу бармасқа. Оныншы тілек тілеңіз: Он ай сені көтерген, Омыртқасы үзілген, Аязды күнде айналған, Бұлтты күнде толғанған, Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен Анаң бір аңырап қалмасқа. Он бірінші тілек тілеңіз: Он бармағы қыналы, Омырауы жұпарлы, Иісі жұпар аңқыған, Даусы қудай саңқыған, Назыменен күйдірген, Қылығыменен сүйдірген, Ардақтап жүрген бикешің Жылай да жесір қалмасқа.
- * Ай, Абылай, Абылай! Қатын алма қарадан, Қара тумас сарадан. Қатын алсаң қарадан, Алды кетпес баладан, Арты кетпес жаладан. Қатын алма төреден, Қатын алсаң төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер жанды, Төре берер ұл туса, Аузы кетпес парадан. Мал жинасаң, қойдан жи, Майы кетпес шарадан. Ит жинасаң, сырттан жи, Қойды бермес қорадан. Аталыдан би қойсаң, Адаспас жол мен жорадан.
4 Бұл да сонда.
Атасыздан би қойсаң, Босанбас аузы парадан. Қалмаса қайнар азайып, Аққан дария су ал мас. Қалмақтан алсаң бір зайып, Сүйегіңді жоғалтпас. Абылайымсың алқатқан, Отының болсын жантақтан, Қатының болсын қалмақтан, Қосының болсын қазақтан! Сегіз қиыр шартарап, Төрт құбылаңды түгел қып, Төріңде жатып салмақтан.
- * Он екі айда жаз келер, Құс алдында қаз келер. Айтып-айтпай немене, Дәуреніңіз аз келер. Сондай заман жеткенде Шаңырағың тұл болар. Еліңе қауіп төнгенде Ата ұрпағың құл болар. Қараларың қас болар, Қаскөйлерің бас болар. Өзі сары, көзі көк, Орыстар келер ғалым боп. Әулиедей көрінер, Діндәрінің аты - поп. Поптары болар сазандай, Кітабы болар қазандай. Ақыретке барғанда, Ақсүйекті қор тұтқан, Қараны онан зор тұтқан, Орыстарды пір тұтқан, Сорлы болған қазағым, Тартарсың сонда жазаңды-ай
- * Қазақтың ханы Абылай, Абылай ханым, бұл қалай? Ақиықты аспанға Ұшпастай ғып торлады. Құлағанға ұқсайды Қазақтың қамал-қорғаны. Қайғырмаңыз, ханзадам, Айтпасыма болмады, Батырың өтті - Бөгенбай!
Қиядан қиқу төгілсе, Аттың басын тартпаған,
Қисапсыз қол көрінсе, Қорқып жаудан қайтпаған, Қазақ деген халқынан, Батыр шыққан даңқынан, Қарсыласқан асылдар Қорғасындай балқыған, Батырың өтті - Бөгенбай!
Бұтақты мүйіз бұғысы Саласында жайылған, Мылтық атқан мергені Киігін қойдай қайырған, Құланы құлындай тулаған, Түлкісі иттей шулаған, Қыс қыстайтын жеріңді Аң етімен тау қылған, Батырың өтті - Бөгенбай!
Асу салған тас бұзып Тарбағатай белінен, Қол қондырған қос тігіп Бөрлі деген көлінен, Қалмақты шапқан шулатып Ақшәулінің өрінен, Қоныс қылған найманға, Бәрін қуып жерінен, Батырың өтті - Бөгенбай! Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек — Ормандай көп Орта жүз, Содан шыққан төрт тірек. Тұғыр болған сол еді Сіздей төре сұңқарға. Жастық дәурен жалын-өрт Басымыздан көшкен соң; Айтуға бәрін әлім жоқ Мезгіліміз жеткен соң! Қатты тамақ шайнарға Мен пақырда тіс бар ма? Арыстан ем айбарлы, Бұл күнде қуат, күш бар ма?!
- * Көкшетаудан салдырған Қара үңгір жолдары. Сабантаудан жиылып, Бес сан болды қолдары. Өзің қонған Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла. Жарқақ деген жерлерге Шашылып шеті барды, ойла. Атбасар мен Қалқотан Балығы тәтті су еді, Өне бойын шандып ап, Сүзекісін салысты, ойла. Қарқаралы деген тауларға Қарқарасын шанышты, ойла. Бетеге мен көденің Берекесі қашты, ойла. Көкмұрын деген жерлерге Қыстауын сонан соқты, ойла. Жылқының суат суына Шошқасын әкеп төкті, ойла. Ұлытау шеті Созақтан, Созақтан бергі жерлерден Көкорай шалғын көре алмай, Шұбырып қазақ кетті, ойла. Нұраның бойы Ақмола, Есілде бар Қараөткел, Екі өткелдің аузынан Тас қорғанды салды, ойла. Баянаула, Қызылтау, Оны да кәпір алды, ойла. ......................................... Шүршітпенен құлақтас, Қырғызбенен жұбаптас. Ортасында ұйлығып, Кетпейін десе, жері тар, Кетейін десе, алды-артын Қоршап бір алған кәуір бар. Ұйлыққан қойдай қамалып, Бүйірінен шаншу қадалып, Сорлы бір қазақ қалды, ойла!
ШАЛ АҚЫН
Пасыл да пасыл, пасылман, Жақсыға сырым жасырман, Жаманға сірә бас ұрман, Мен - бір шапқан жүйрік ат, Бір желіксем, басылман. Өттің бір, дүние, өттің-ай, Теңселе басып кеттің-ай. Мен - бір жүрген жорға тай, Жылжи да басып кеттім-ай. Домбыра қолда қарағай, Қолға да оны алған соң, Әріден бері салам-ай. Жоғары мен төменге, Ылди менен өреңге Даңқым кеткен баламын. Шын ажалым жеткен соң, Сызықтан мәлім өткен соң, Айтпасам да, жарандар, Мен де бір күн өлем-ай.
Түйе деген бір мал бар, Тамағы тойса, көп кетер. Қас жаманның белгісі – Жиын-тойға барғанда Тамағына өкпе етер, Өкпелейім деп кетер. Нәпсің бір көкжал бөрідей, Иманың бағлан қозыдай, - Егер тыю салмасаң, Иманыңды жеп кетер. Ел, елдетер, елдетер, Ашылған тұман желдетер, Жақсылардың алдында Біразырақ сөйлесем, Онан да менің нем кетер?! Өлгеннен соң басыңа Топырақ үйіп белгі етер. Белгі еткеннің белгісі – Көміп бір тастап ел кетер.
Қайырсақ та сазда өтер, Қаңқылдаған қаз да өтер, Үш ай тоқсан жаз да өтер, Ақ бетіне қан құйған, Орамалын дәл құйған, Ерніне бал құйған Қылықты туған қыз да өтер. Домбыра қолда қарағай, Қолға да оны алған соң, Жүйрік туған ағаңыз Арыдан бері тербетер. Базарға барсаң, бақ білер, Базардағы береннің Әр бағасын сарт білер, Өткен менен кеткенді Көп жасаған қарт білер, Жолдың алыс-жуығын Белі де жуан ат білер. Біреуді жақсы демесең, Біреуді жаман демесең,
Бұл дүниеден өткен соң, Шын дүниеге жеткен соң, Көтеріп көрге салған соң, Көр қараңғы болған соң, ........................................ ......................................... Кімнің жақсы-жаманын Бір жаратқан Хақ білер.
- * Бұл өлім қайда жоқ? Жарқыраған айда жоқ, Күркіреген күнде жоқ, Өтері өтіп кеткен соң, Мың теңгелік қайғыдан Бір теңгелік пайда жоқ.
- * Өлімнен құтылмассың қашсаң-дағы, Атадан арыстан туып ассаң-дағы, Алладан шыныменен жарлық келсе, Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.
Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң, Намаз оқы, Алланы ойыңа алсаң. Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген, Түбінде сөз сенікі, өлмей қалсаң.
Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ, Жас өлсе, бәйтерегің сынғандай-ақ. Жігіттер, жас кезіңде тәубеге кел, Ажал деген көзді ашып-жұмғандай-ақ. Махамбет Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей, Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала Сақалы шығып жат болмай, Ат үстінде күн көрмей, Ашаршылық шөл көрмей, Өзегі талып ет жемей, Ер төсектен безінбей, Ұлы түске ұрынбай, Түн қатып жүріп түс қашпай, Тебінті теріс тағынбай, Темір қазық жастанбай, Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?! Тарланым
Таудан мұнартып ұшып тарланым! Саған ұсынсам - қолым жетер ме, Арызым айтсам - өтер ме? Арыстаным, көп болды-ау Саған да менің арманым! Кермиығым, кербезім, Керіскідей шандозым, Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім, Қырмызыдай ажарлым. Хиуадай базарлым. Теңіздей терең ақылдым, Тебіренбес ауыр мінездім! Садағына сары жебені салдырған, Садағының кірісін Сары алтынға малдырған. Тереңнен көзін ойдырған, Сұр жебелі оғына Тауықтың жүнін қойдырған, Маңдайын сары сусар бөрік басқан, Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан, Айқайласа белдік байланған, Астана жұртын айналған, Атына тұрман болсам деп, Жұртына құрбан болсам деп, Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен. Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен Атқанын қардай боратқан. Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан Арыстан еді-ау Исатай! Бұл фәнидің жүзінде Арыстан одан кім өткен?!
Мұнар күн Мұнар да мұнар, мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн, Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн! Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы бақыт тайған күн! Қатарланған қара нар, - Арқанын қиып алған күн,
Алма мойын аруды Ат көтіне салған күн, Бұландай ерді кескен күн, Буулы теңді шешкен күн, Сандық толы сары алтын Сапырып судай шашқан күн! Түс қыла көр, Құдайым, Біздей мейманасы тасқанға, Біздің ер Исатай өлген күн – Он сан байтақ бүлген күн! Орта белін сырлаған Оқ жаңбырдай жауған күн, Оң қанатын теріс жайып, Лашын қуға төнген күн! Желпілдеген ала ту Жиырылып ойға түскен күн! Жез қарғылы құба арлан, Жез қарғыдан айырылып, Қорашыл төбет болған күн! Аса шапқан құлаша ат Зымырандай болған күн! Арқаулының бойынан Теріскей дауыл соққан күн! Қас бәйтерек жығылып, Жығылғаны естіліп, Алыстағы дұшпанның Қуанып көңілі тынған күн!
БАЙМАҒАМБЕТ СҰЛТАНҒА АЙТҚАНЫ I
Алай ма, сұлтан, алай ма! Астыма мінген арғымақ Аяңдай түсіп марай ма? Арғымақ дейтін жығылар Найза бойы жар келсе. Жабыдайын жалтаңдай, Түсер жерін қарай ма? Арғымақ атқа айдай таға қақтырса, Кілегей қатқан Еділдің Көкше мұзынан таяр ма?! Ата ұлының баласы - Асыл ерге малың бер, Малың бер де, басың қос, Басыңа тарлық түскенде, Ардақтаған әділ жанын аяр ма?! Біз бір енеден бір едік, Бір енеден екі едік. Екеуіміз жүргенде, Бір-бірімізге ес едік. Бір енеден үш едік, Үшеуіміз жүргенде, Толып жатқан күш едік. Бір енеден бес едік, Бесеуіміз жүргенде, Алашқа болман деуші едік. Өтемістен туған он едік, Онымыз атқа мінгенде, Жер қайысқан қол едік.
ІІІ
Еділді көріп емсеген, Жайықты көріп жемсеген, Таудағы тарлан шұбар біз едік. Исатайдың барында, Қара қазан, сары бала Қамы үшін қылыш сермедік. Шабытымыз келгенде, Ерегіскен дұшпанды Шетінен сүйреп жеп едік. Баста дәурен тұрғанда, Біздер дағы, байеке, Оза көшіп, кең жайлап, Еркімен еркін жатқан ел едік.
Еділ үшін егестік, Тептер үшін тебістік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық. Теңдікті малды бермедік, Теңдіксіз малға көнбедік. Ханның кірген ақ орда Бұзуын ойлап кеңестік. Аламанға жел бердік, Аса жұртты меңгердік. Қара қазақ баласын Хан ұлына теңгердік. Өздеріңдей хандарды Қабырғасын сөгілтіп, Қабырғадан аққан қан Ат бауырына төгілтіп, Әділ жаннан түңілтіп, Ат көтіне өңгердік.
Кешегі Исатайдың барында, Алақандай Нарынды Басушы едім құлаштай. Жәбір беріп, жала етсең, Былғанған басым ласқа-ай! Мен бір шарға ұстаған қара балта едім, Шабуын таппай кетілдім, Қайраса, тағы жетілдім. Көрмес, келмес деп едім Өз еркіммен бетіңді-ай! Есігіңнің алдына Ұрмай, соқпай келтірдің (Арманың бар ма Құдайға) Мынау Махамбет сынды "жетімді"-ай! Ханнан кегім ала алмай, Арқаның алыс екі саласына барғанда, Айдаһардай арбадың, Арбадың да қалмадың. Қайрат қылар ер біз болсақ, Заманымда болған "сұлтаным", Бізді жіпсіз байладың.
Еділ мен Жайық жер еді-ау, Мекен еткен шаруаға Жағасы қорған жай еді-ау. Жай-қоныстан айырылып, Мен - бір қаңғып жүрген қараша. Қайта-қайта іздетіп, Менде қандай ауыр ақың бар еді-ау?! Мен ақ сұңқар құстың сойы едім, Шамырқансам, тағы кетермін. Кетпей де нешік етермін? Бұл барғаннан барармын, Қиядан орын алармын. Өтініп алып от жақпан, Дұшпанға қылыш ұрармын. Жазға бір ай қалғанда, Аласапыран болғанда, Бөліне көшкен еліңді Бөрліккен қойдай қылармын. Жарыла көшкен еліңді Жаралы қойдай қылармын. Мен кеткенмен, тек кетпен, Сізден артық табармын. Ашуыма көп тисең, Өзекті жанға бір өлім, Ордаңды талқан ғып шабармын!
Беркініп садақ асынған, Біртіндеп жауын қашырған, Құйқылжыған құла жирен ат мінген, Құйрық-жалын шарт түйген, Мен - кескекті ердің сойымын, Кескілеспей бір басылман. Алдыңа келіп тұрмын деп, Ар-намысым қашырман. Сүйегім тұтам қалғанша, Тартынбай сөйлер асылмын. Ай, тақсыр-ау, ай, тақсыр, Бойың жетпес биікпін, Бұлтқа жетпей шарт сынбан! Айта келген сөзім бар, Не қылсаң да жасырман. Шамдансам - шығар асаумын, Шамырқансам - сынар болатпын, Кәр қылады деп, тақсыр-ау, Аяғыңа бас ұрман! Байеке сұлтан ақсүйек, Қыларың болса - қылып қал! Күндердің күні болғанда, Бас кесермін, жасырман.
Ай, тақсыр-ау, ай, тақсыр! Боз орданы тіктім деп, Боз ағашты жықтым деп, "Ханым, ханым" дегенге, Көтере берме бұтыңды, Көптіре берме ұртыңды, Күндердің күні болғанда, Өзіңнен мықты жолықса, Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді. Тәуекел хаққа бел байлап, Қималы найза өңгеріп, Бозбалаға жел беріп, Атқа мініп шыққанда, Зұлым төре, сенің де Көрер едім көтіңді!
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ
Мөңірей жұртқа ой қайтты Бұзауы өлген сиырдай. Ләпсі - төбет қабаған: Жемтік көрсе, тұра ма – Ырылдар танау жиырмай, Өзімнен өзім қызғанып, Азын-аулақ жиғаным Өзіме де бұйырмай. Күнәм - жойқын, тәубем - аз, Тіршіліктен не таптым? Дүние - жемтік, мен - төбет, Соны бақпай, не бақтым? Ырылдасып әркіммен, Не қапқыздым, не қаптым...
- * Қыржың, қылжақ туысқан, Қырт пен мылжың ағайын. Бәрінен де дауасыз Өсекті қайтіп бағайын? Мақтан күйшіл бүркіттей Бабын қалай табайын? Жағымсыз сөз әркімге Жұмсайтұғын малайым – Бәрі тегін жер тезек, Қайсысын таңдап алайын? – Асыл сөзден бұл кетті. Келемеж қылып атасын, Алмай ақыл батасын, Мойнына алмай қатасын, Шаруа десе - жиреңдеп, Өсек десе - сүйреңдеп, Қымыз аңдып қыдырып, Бейпіл сөзге сыдырып, Жалаңдасып ұл кетті.
Ағайын араз мал үшін, Аңдысып алды абысын, Жаттай болып танысың, Қазақтан мүлде түңіліп, Артына қарап үңіліп, Қайран талай жыл кетті. Аңдығаны жілік боп, Тілегені бүлік боп, Момынды сорып сүлік боп, Адам дауға келгенде,
Жел жетпейтін күлік боп, Қонақасы бермесе, Ат-шапанға ілік боп, Параны көздеп би кетті. Сөзден кетіп бәтуа, Базынаң жүрмей татуға, Аңдысып құда сүйекпен, Көтеріп тастап иекпен, Қадір, қасиет, сый кетті. Ескіден қалған бұрынғы Бәтуалы ырымды, Адаспастай даңғыл сол – Қасым салған қасқа жол, Шиырға салып із кетті. Жақының, берсең, жау болып, Бермесең, құрған ау болып, Аяғы бәле дау болып, Ұлғайып бәле қау болып, Татқан дәм мен түз кетті. Күземе байтал кекілді, Жетекшіл түйе секілді, Шешесі айтса, кейін деп, Жеңгесі айтса бейімдеп, Дамбалын тастап қыз кетті.
Қонысына қона алмай, Шаруалары оңалмай, Бай мен кедей аңдысып, Арасынан жем тауып Араласқан сан пысық – Дөң асқан мал табылмай, Ашылған етек жабылмай, Біріне-бірі сеніспей, Бет-бетімен ел кетті. Дұрыс бастар басшы жоқ, Әділетке шөлдетті. Татуға өсек жүргізіп, Бәленің отын өргізіп, Қайран заман, аман бол, Ер шөгіп, есер ержетті.
ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ
Зар заман Зар, зар заман, зар заман, Зарлап өткен тар заман. Төрт аяқты хайуан – Бұл дүниенің жарығы. Бағасы кеткен жігіттің Бетінен алар зайыбы. Бір Алладан басқаның Көп-ті қылған айыбы. Кесапаттың кесірі Келе ме деп керт басқа, Сол себептен қорқамын! Әуелгі қорлар зор болды, Сондағы зорлар қор болды. Әуелгі барлар жоқ болды, Сондағы жоқтар тоқ болды. Жан білмейтін жамандар, Жөн білмейтін надандар Ел билеген бек болды. Көтере алмай билігін, Ұласқан үлкен кек болды. Ниетіне қазақтың Тым-ақ тәуір еп болды. Заманақыр болар деп, Сол себептен қорқамын!
Қыс көбейді - жаз аз боп, Бай таусылды - мал аз боп. Ағайынын көре алмай, Атаға бала араз боп, Қорлықпен өткен күніміз. Кетер ме деп дініміз, Сол себептен қорқамын. Әр нәрсенің болжалы Келе жатыр жақындап. Ағашты тауға үй салып, Алды кәпір ақымдап. Елді еркіне қоймайды, Буыршындай тақымдап. Дуанбасы, болыс тұр Орыстың сөзін мақұлдап. Айтқан сөздің құны жоқ, Құр жылайды қақылдап. Жарысқа кірген жақсылар, Аша алмассың көзің деп, Сол себептен қорқамын! Елге егін жайылды, Байға қоңсы жоламас. Алдап-арбап жүрем деп, Өзге тілеу сұрамас. Арам сідік балаға Атаның сөзі ұнамас. Адам азар болар деп, Сол себептен қорқамын!
Мынау ақыр заманда Алуан-алуан жан шықты, Арам, араз хан шықты, Қайыры жоқ бай шықты. Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ Ақша деген мал шықты, Кедей қайтіп күн көрер? – Сол себептен қорқамын! Келе жатыр жақындап Ай мен күннің арасы. Таңда мақшар болғанда, Таразыны аударар Залымның қылған күнәсы. Тәубе, таупық келтірмес Азған елдің молдасы. Жаһаннам деген дозақта Шайтан болар жолдасы. Құбыласын білмей құл, Сонда тартар жазасын. Кешірмейді Құдайым Бес намаздың қазасын. Құрт-құмырсқа жиналып, Кетірер оның мазасын. Сақта, Құдай, сонан деп, Сол себептен қорқамын!
- * Асылық, асқан заманда Шөп сұйылды жердегі, Құс таусылды көлдегі, Бай таусылды елдегі... Жақсылықтан түгім жоқ Жан қуанып сүйінген. Естігенің жамандық – Жұрт жиылып бүлінген... Шошқаның етін қақтаған, Құбылаға бақпаған, Атасының малындай Арақты ас қып сақтаған – Кәлимасыз кәпірге Кіріптар қылдың, Құдіреттім! Ал бұл зар заманның аяғы – Заманың кетті баяғы. Жанның жалғыз сүйініші – Мал болып тұр тамағы. Ықылас, ниет қалмады, Үлкенге билік салмады.
Ұлықсыған ұл туып, Бұлықсыған қыз туып, Жан есінен адасты. Жарысқа кірген жақсылар, Жақыным деп жан тартпай, Жаумен бірге таласты. Аузына кәпір қаратты Дін мұсылман алашты. Дүниенің тұтқасы, Ойлап тұрсам, мал екен, Кәпір мен қазақ таласты.
Заман қайтіп оңалсын, Адам қайтіп қуансын – Жандарал болды ұлығың, Майыр болды сиынғаның!.. Кәпірді көрдің піріңдей, Тілмашты көрдің биіңдей, Дуанды көрдің үйіңдей, Абақты тұр қасыңда Қазылған қара көріңдей! Байлар ұрлық қылады, Көзіне малы көрінбей. Билер жейді параны Сақтап қойған сүріндей. Заманның түрі бұзылды Текеметтің түріндей. Ойлағаның жамандық Жарадан аққан іріңдей. Жеті жұрт кешкен бұл жерден, Сен тұрмайсың бүлінбей! Қазақтың ұлы жиылып, Құдайына сиынып, Қондыгерге хат жазып, Кешіктірмей дат жазып, Өлместің енді қамын қыл, Басың сотқа ілінбей!
- * Мына заман қай заман? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман! Тарлығының белгісі – Бірін-бірі күндеген, Жай-жайына жүрмеген, Жақсылар малдан түңілген, Жамандар жаннан түңілген. Мұның өзі зар заман! Зарлығының белгісі – Ұл сыйламас атасын. Арам сідік болған соң,
Атасы бермес батасын. Қазы, болыс қойыпты Некесіз туған шатасын... Қыз сыйламас енесін, Арттырам деп егесіп, Салыстырар денесін. Пысықсыған немесі Көзіңді ойып барады, Күнде тесіп төбесін. Ақсақалдан әл кетті, Болмаса Тәңірім демесін... Жас сыйламас ағасын, Алып жыртты-ай жағасын!.. Асың жұқпас бойыңа, Әр не түсер ойыңа. Жалмауыз болды ұлығың, Қазақ, сенің сорыңа! Арқадан дәурен өткен соң, Қуғындап орыс жеткен соң, Тіпті амал жоқ қазулы Түспеске енді торына... Кім мұсылман, кім кәпір – Бір Аллаға аян-ды. Пірлерден кетіп керемет, Патшадан кетіп әділет, Ақырзаман таянды!
- * Күйіп бір күймей, немене, Құр қызады делебе. Сақтасын жалғыз қайғыдан, Көппен көрген - селебе. Жылқың менен балаңды Бір алған соң аузына, Алмайды деген немене?! Ұзын аққан Сарысу, Жағасын жайлап көбеле. Айдамай тұрып солдатқа, Зар қылмай тұрып жалды атқа, Жүйрік пенен жорғаңды Өзің бір мініп, жебеле. Жалаңаш барып жауға шап, Ажалдан бұрын өле ме! Ноқталы басқа бір өлім, Өлмей де адам жүре ме? Қатын-бала қамы үшін Қарсы шап та, мылтық құш, Құр жабырқап жүдеме!
- * Еділді алып - елді алды,
Енді алмаған нең қалды? Қараны санап - малды алды, Қазаққа қамқор жанды алды. Кетейін десең - жерің тар, Кетпейін десең - кәпір бар... Тілеуіңді бермейді, Көзіңнің жасын имейді. Азаматтар, жігіттер, Айғыр айтып сойсаң да, Әуелгі заман келмейді.
- * Заман да заман, замана! Асқар таудай әкеге Ұл қышқырған замана. Қылсаң жұмыс бітпейді, Күн қысқарған замана. Бай қайырып байланып, Түн қысқарған замана. Арғымақ ат тасырқап, Тағалы болған замана. Мәстек-жабы жалданып, Бағалы болған замана. Бұрынғы семіз арықтап, Кенелі болған замана. Кімде тамақ бар болса, Дегені болған замана!..
КҮДЕРІҚОЖА КӨШЕКҰЛЫ
Қарқаралы, Қазылық Найманда жұрттың ағасы, Кіреуке тонның жағасы. Ел жайлаудан келгенде Көрініп тұрар обасы. Аударыла шапса да, Кетпейді екен күнінде Артқы айылдың доғасы. Майдай болып жұғатын Малданған түрлі малдарға Қорқылдақ көлдің қоғасы... Қаласың енді, амал жоқ, Жазылып құмар жайлаудан... Бесқазылық, Ойтүндік, Көрінер жерің бір күндік. Күншілік жерден көрінген, Көрінсе, көңілім сүйінген Баянаула, Қазылық. Жазғытұрым болғанда, Бауырыңнан ел көшкенде,
Көштің жолы сүрлеу боп, Қалушы еді қазылып. Жаз жайлауға шыққанда, Қонушы едік жазылып. Қыс болғанда қонған тау, Жаз болғанда көшкен тау. Бәйбішелер отырып, Сабаларын толтырып, Нияздарын аштырып, Наурыздама берген тау. Басымнан малым кетпеген, Үстімнен боран өтпеген, Күңіреніп дәурен сүрген тау. Құтты, құтты, құтты тау, Құт сан қара біткен тау. Өмір бойы іздесем, Табылмас сендей сүтті тау... Жатып қалған жас қозы Жайылып, қой болған тау. Бағлан қозы қой болар, Бірін сойса - той болар. Сойғанының терісі Жөнін білген шеберге Бір өзі бір бой болар. Илей білмес жаманға Елі құрып кеткенде, Ала шолақ иттерге Көкпар болып тартылып, Не зор мереке, той болар. Қарқаралы, қайран тау, Тиюші еді пайдаң, тау. Пайдасының белгісі – Үйімде тұрған үлгісі. Үлгісінің белгісі: Шаңырағым, уығым, Адал бақан, сырығым, Ат ұстайтын құрығым, Аяғым мен табағым, Отқа жағар дарағым, Желі соғар тоқпағым, Арбаға арыс белдігім, Ел қыстауға келгенде, Сиыр жатар шілігім, Арқанды атқа кіселім, Байлаулы атқа пішенім, Сарымсақты, жуалым, Жер біткеннің дуалым, Ат жүре алмас аралдым, Ішінде бұғы, маралдым! Бұғы да марал жатқан жер, Мергендер таңдап атқан жер,
Мерекеге батқан жер, Артығын алып сатқан жер, Бабам өсіп-өнген жер, Аруағым көмген жер! Өрелерін сүйеніп, Үзеңгісін шіреніп, Құлым шора болған тау. Байтөбетім маңқылдап, Байсал тауып үрген тау. Балалы қаздай байпаңдап Бәйбішелер жүрген тау. Азаматым бас құрап, Басында дәурен сүрген тау. Жалғыз ауыл қонған тау, Жайқалып ел болған тау. Айдарлары желкілдеп, Атам бала болған тау, Әкем бір күйеу болған тау, Шешем бір келін болған тау. Ақ бүркеншік салынып, Ала берен киген тау. Ағашың әйбат көрінген, Жемісі жерге төгілген, Жарықтығым, қайран тау. Еш болмассың, ойран тау, Жалғыз сиыр сауған тау. Артық белгің сол еді, Шілігің толған айран тау. Баянаула, Қызылтау, Бауыры толған бие бау... Қарада қуыс бастауым, Белгілі еді қыстауым. Қожыр да қожыр тастарың, Көзімнен аққан жастарым. Сабынды қопа қамысым. Тамам бір жұртқа танысым... Боранда малым ықпаған, Үйімді дауыл жықпаған. Шағыр бір жусан, изендім, Сенен де кетіп күйзелдім. Ат арқандар қазығым, Балаларға азығым... Он екі Қазылық, он түнек, Маңырап жатқан қой түнек.
Есіл, Нұра - екі су, Еңкейіп, онан бетін жу. Бірің шекер, бірің бал, Қайсыбірін айтайын, Бетеге көде жарылса, Шулап тұрған бәрің бал...
Қайран Есіл, Нұрамыз, Қайда барып сыямыз? Әлдилеген әлпешті, Бүлдилеген болпышты, Қайда апарып қырамыз?! Есіл, Нұра сазымыз, Қаңқылдайды қазымыз, Сыр, Қуаң деген жерлерге Енді кетіп барамыз. Барсақ тағы жүре алмай, Шырқ айналып келерміз. Түрлі-түрлі жібектей Түйіні басқа жеріміз. Түлкі менен қарсақтай Түгі де басқа жеріміз. Айдын-шалқар көліміз, Жағалай қонған еліміз, Баса бір тартқан желіміз. Сондай жерге қонғанда, Көтерілген көңіліміз, Кіруші еді бейіліміз. Кетейін деп кетпедім, Қалды-ау есіл жеріміз. Ақ сақалды бабалар, Ақ сүт берген аналар, Таласып өскен жеңгелер, Теңесіп өскен інілер, Қожыр да қожыр тастарың, Басыңа соққан достарым! Соға тұрса дауылың, Жауа тұрса жауының! Күзгітұры болғанда, Қаптай қонып алушы ек. Жамайда жатқан көп аруақ, Молаңды елде көруші ек. Жыл он екі ай болғанда, Басыңа дұға беруші ек. Бұ барғаннан келмесем, Өз еркіммен жүрмесем, Жебеп-желеп жүре гөр, Арқада қалған аруақ!
СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ
Бөрілі менің байрағым Бөрілі байрақ астында Бөгеліп көрген жан емен. Бөрідей жортып кеткенде, Бөлініп қалған жан емен. Бөрілі найза ұстаса, Түйремей кеткен жан емен. Бөрілі байрақ құласа, Күйремей кеткен жан емен. Жау тисе жапан далада, Бөрілі найза атамыз, Қарасайлап шабамыз, Қызыл қанға батамыз. Бөрілі байрақ астында Ту түсіріп, жау алған Қазыбек, Қастек атамыз. Бөрілі байрақ көтерсе, Жоқты жонып табамыз. Бөрілі байрақ астында Ту түсіріп, жау алған Шапырашты батыр бабамыз. Бөрі басы - ұраным, Бөрілі менің байрағым. Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым. Датқаларға
Ат құйрығын бұлаған, Қол жеткен жерін сұраған, Егескен жауы жылаған, Қызыл тілін безеген, Найзасын тасқа тежеген, Тұлпар мініп, ту алған – Мен Қарасай ұлымын. Беліне садақ байланып, Алмас қылыш асынған, Арыстан болған жасынан, Қол үзілмей қасынан, Дулыға кетпей басынан, Құрсанған жаудың әскерін Қуып еді Қарасай Жоңғардың қақпа тасынан. Атамекен жері үшін Дұшпанды сөйтіп қашырған. Пенде болған көп қалмақ, Қарасайды көргенде, Құлдық ұрып бас ұрған. Қарасай тартып жебесін. Жай оғындай жайнатып, Дұшпанның ойған төбесін, Гүрзісін көкке ойнатып,
Өлігіне толтырған Жоңғардың биік белесін. Үш жүздің басы бірігіп, Көктөбеде ту тікті. Абылайды хан сайлап, Қалмаққа тиді айғайлап. Датқалар, несін сұрайсың, Қарасай мен Сұраншы Өтіп еді-ау елді ойлап... Заманында датқалар, Ұрты кеуіп, мақтанар. Пайда тапса дау-шардан, Шоқтығына дақ салар. Екі ауылды егер ғып, Қолтығына шоқ салар. Басындағы дәулетін Бір күн болмай ақтарар. Елге жақпас қылығы – Бұл заманның ұлығы Параменен мал жиып, Бойынан асқан былығы. Оязға қайтсем жағам деп, Үзілер болды жұлыны. Өз елін өзі қарақтап, Ебі келсе, тамақтап, Кең ақтарған қорқаудай Датқалар жүр жалақтап... Қайран қазақ қор болды-ау Құр бекерге далақтап.
Жақсы менен жаманның айырмасы Ер жігіт ел-жұртының қаласындай, Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ, Көреді бәрін де өз баласындай. Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады Қыранның қырдан байқар баласындай Жақсы парқы жаманмен бірдей емес, Жақсының сөзін әркім пайдаланар Миуалы алма-өріктің ағашындай. Жаманның көкірегі көр, көзі соқыр. Жүрер жолдан талтүсте адасып-ай! Нышаны кем болса да адамдықтың, Әркім жүр жақсымын деп таласып-ай. Жамандар өтірікші, есегі көп, Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын Жанбай қалған ағаштың шаласындай. Соқтығып әркімге бір ұрынады Сиырдың тентек болған танасындай. Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ Жылқының қотыр болған аласындай. Жақсы адам елдің ерке серкесіндей, Халқының қалың жүнді көрпесіндей. Жақсы болар баланың жүзі жылы Орыстың күймей піскен бөлкесіндей. Жақсының айтқан сөзі тиянақты Түйенің аумайтұғын өркешіндей. Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы Жасынан бірге өскен еркесіндей. Жақсы кісі көрінер жыл құсындай, Жаман адам балтаның ұңғысындай. "Олақтан салақ жаман" деген мақал, Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.
Жақсы адам жатты да жақын етер Беттескен екі таудың тұрғысындай. Жамандар өсек-аяң айтып жүрер, Өзінің білмегенсіп қылмысын-ай! Ту алып жауға шықсаң сен Ей, Сұраншы, Саурық! Қоқанның қолы мықты деп, Жатырмысың жабығып?! Тілеуқабылдың қос шалы Жылап келді сабылып. Дулат елі қалыпты. Сарыкемерде шабылып, Ей, Сұраншы, Саурық! Қоқанның қолы қаптады, Қасиетті жерімді Тозаң қылып таптады. Қыспақта қалған елің бар, Құтылар жолды таппады. Құдияр хан қағынып, Қыз-қатын болды баққаны. Қатын, бала, қарындас Жауға пенде болғанда, Сары қымызды сапырып, Батырдың қалай жатқаны?!
Ей, Сұраншы, Саурық! Қоқанның қолы көп болды Жетісуда жатқалы, Бар жақсыны талап жеп, Сүбеңе қолы батқалы. Бейсенбі күні бесінде, Ғизрат күні кешінде, Қордайдың биік төсінде, Қоқанның ханы Құдияр Зорлық қып алған көп малды Әндіжанға айдатты. Қол-аяғын кісендеп, Көнбеген ерді байлапты. Қауызын әлі жармаған Сұлуларды зорлапты. Араша тұрар пенде жоқ, Еліңді сөйтіп қорлапты. Ақ тұяқ атқа мінесің, Бүгін маған ересің. Қаншама халқың ереді, Оны да кейін көресің. Ту алып жауға шықсаң сен, Іледе жатқан жаныс пен Шапырашты, көп дулат Олар да атқа мінеді, Өздеріңдей болған соң Сұраншы, Саурық тірегі!
АБАЙ (ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫ
Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға. Салаң етіп жолықса қайтқан ізі, Сағадан сымпың қағып із шалғанда. Бүркітші тау басында, қағушы ойда, Іздің бетін түзетіп аңдағанда. Томағасын тартқанда бір қырымнан, Қыран құс көзі көріп самғағанда. Төмен ұшсам, түлкі өрлеп құтылар деп, Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға, Көре тұра қалады қашқан түлкі, Құтылмасын білген соң құр қашқанға. Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап, О да талас қылады шыбын жанға. Қызық көрер, көңілді болса аңшылар, Шабар жерін қарамас жығылғанға. Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі,
О да осал жау емес қыран паңға. Сегіз найза қолында, көз аудармай, Батыр да аял қылмайды ертең таңға. Қанат, құйрық суылдап, ысқырады, Көктен қыран сорғалап құйылғанда. Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, Жеке батыр шыққандай қан майданға. Біреуі - көк, біреуі - жер тағысы, Адам үшін батысып қызыл қанға. Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға. Қара шашын көтеріп екі шынтақ, О да бүлк-бүлк етпей ме сипанғанда, Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. Күйеуі ер, қалыңдығы сұлу болып, Және ұқсар тар төсекте жолығысқанға. Арт жағынан жаурыны бүлкілдейді, Қыран бүктеп астына діл басқанда. Құсы да, иесі де қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда. "Үйірімен үш тоғыз" деп жымыңдап, Жасы үлкені жанына байланғанда, Сілке киіп тымақты, насыбайды Бір атасың көңілің жайланғанда. Таудан жиде тергендей ала берсе, Бір жасайсың, құмарың әр қанғанда. Көкіректе жамандық еш ниет жоқ, Аң болады кеңесің құс салғанда. Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген Бір қызық ісім екен сұм жалғанда. Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда? Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң, Суретін көре алмассың көп бақпасаң. Көлеңкесі түседі көкейіңе. Әр сөзін бір ойланып салмақтасаң. Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын, Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң.
Жаз Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын бәйшешек Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап, Арасында құлын-тай Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек-қаз Ұшып тұрса сымпылдап, Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Мал ішінен айналып, Көңілі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға, Аяңшылы жылпылдап. Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып, Жасы үлкендер бір бөлек Кеңесіп, күліп сылқылдап, Жалшы алдаған жас бала Жағалайды шешесін: "Ет әпер", - деп қыңқылдап, Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап.
Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап, Өзгелер басын изейді: "Әрине", - деп мақұлдап. Ақ көйлекті, таяқты Ақсақал шығар бір шеттен: "Малыңды әрі қайтар", - деп, Малшыларға қаңқылдап. Бай байғұсым десін деп, Шақырып қымыз берсін деп, Жарамсақсып, жалпылдап. Шапандарын белсенген, Асау мініп теңселген, Жылқышылар кеп тұрса, Таңертеңнен салпылдап; Мылтық атқан, құс салған Жас бозбала бір бөлек Су жағалап қутыңдап. Қайырып салған көк құсы Көтеріле бергенде, Қаз сыпырса жарқылдап – Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер қайрат жоқ, Бағанағы байғұс шал Ауылда тұрып күледі, Қошемет қылып қарқылдап.
- * Қалың елім қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Өзімдікі дей алмай өз малынды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың. Көрсеқызар келеді байлауы жоқ – Бір күн тыртың етеді, бір күн - бұртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың. Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың, Оның да алған жоқ па Құдай құлқын? Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың. Баста ми, қолда малға талас қылған – Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқың. Оңалмай, бойда жүрсе осы қыртың, Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың? Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық, Қыр артылмас болған соң, мінсе, қырқың? Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың, Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың, Ұғындырар кісіге кез келгенде, Пыш-пыш демей қала ма ол да астыртын?
- * Менсінбеуші ем наданды, Ақылсыз деп қор тұтып. Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып.
Таппадым көмек өзіме, Көп наданмен алысып. Көнбеді ешкім сөзіме, Әдетіне қарысып.
Жан шошырлық түрінде Бәрі бірдей еліріп. Ұстай алмадым бірін де,
Кекиді кейін шегініп.
Әринемен ел кетті, Қоқиланды, мақтанды. Қуат бітті, күн өтті, Жарылқа, құдай, жатқанды.
Мен - қажыған арықпын, Қатын, бала қонағы. Сендерге де қанықпын, Жұртың анау баяғы.
Жарлы емеспін, зарлымын, Оны да ойла толғанып. Жұртым деуге арлымын, Өзге жұрттан ұялып.
Барымта мен партия – Бәрі мастық, жұрт құмар. Сыпыра елірме, сұрқия, Көп пияншік нені ұғар?
Татулықты, тыныштықты Қоңыр көрер, кем көрер. Ұрлық пенен қулықты Қызық көрер, өңі енер.
Мұндай елден бойың тарт, Мен қажыдым, сен қажы! Айтып-айтып етті қарт, Көнбеді жұрт, не лажы?
- * Малға достың мұңы жоқ малдан басқа. Аларында шара жоқ алдамасқа. Табысына табынып, қалтаң қағып, Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.
Мал жияды мақтанып білдірмекке, Көзге шұқып, малменен күйдірмекке. Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар, Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке.
Ақылды деп, арлы деп, ақ бейіл деп Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп. Осы күнде мал қайда - боқ ішінде, Алтын алсаң, береді боғынан жеп.
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек, Еңбекті сат, ар сатып неге керек? Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
- * Адамның кейбір кездері Көңілде алаң басылса, Тәңірінің берген өнері Көк бұлттан ашылса.
Сылдырлап өңкей келісім Тас бұлақтың суындай, Кірлеген жүрек өзі ішін Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап, Ұйқыдан көңіл ашар көз. Қуатты ойдан бас құрап, Еркеленіп шығар сөз.
Сонда ақын белін буынып, Алды-артына қаранар. Дүние кірін жуынып, Көрініп ойға сөз салар.
Қыранша қарап қырымға, Мұң мен зарды қолға алар. Кектеніп надан зұлымға, Шиыршық атар, толғанар.
Әділет пен ақылға Сынатып көрген-білгенін, Білдірер алыс, жақынға Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол, Улы сия, ащы тіл Не жазып кетсе, жайы сол, Жек көрсеңдер, өзің біл * Көкала бұлт сөгіліп, Күн жауады кей шақта. Өне бойың егіліп, Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып, Жер көгеріп, күш алар. Аққан жасқа қаңғырып, Бас ауырып, іш жанар.
- * Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса, Хайуанша жүріп күнелтпек.
Аспаса ақыл қайраттан, Тереңге бармас, үстірттер. Қартыңның ойы шау тартқан, Әдеті жеңіп, күңгірттер.
Тән сүйгенін бермесе, Жан шыдамас жаны ашып. Бере берсең, бер десе, Үміт етер таласып.
Малда да бар жан мен тән, Ақыл, сезім болмаса. Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса?
Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын? Халқым надан болған соң, Қайда барып оңайын?!
- * Көлеңке басын ұзартып, Алысты көзден жасырса; Күнді уақыт қызартып, Көк жиектен асырса; Күңгірт көңілім сырласар Сұрғылт тартқан бейуаққа. Төмен қарап мұңдасар, Ой жіберіп әр жаққа.
Өткен өмір - қу соқпақ, Қыдырады талайды. Кім алдады, кім тоқпақ Салды, соны санайды.
Нені тапсаң, оны тап, Жарамайды керекке. Өңкей уды жинап ап, Себеді сорлы жүрекке.
Адасқан күшік секілді Ұлып жұртқа қайтқан ой. Өкінді, жолың бекінді, Әуре болма, оны қой.
- * Тоты құс түсті көбелек Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек, Көбелек өлмек, сиремек.
Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек, Қарекет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап сөйлемек.
Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан билемек? Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек.
- * Өлсем орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл, бір ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат, ғадауатпен майдандасқан, Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма? Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? Асау жүрек аяғын шалыс басқан, Жерін тауып артқыға сөз болмай ма? Сонда жауап бере алман мен бишара? Сіздерге еркін тиер, байқап қара. Екі күймек бір жанға әділет пе? Қаны қара бір жанмын, жаны жара. Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ, Айлаға, ашуға да жақтым шырақ. Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым, Етек басты көп көрдім елден бірақ.
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме. Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме. Өзі ермей, ерік бермей, жұрт қор етті, Сен есірке, тыныш ұйықтат, бас сөзіме!
Ішім - толған у мен өрт, сыртым дүрдей, Мен келмеске кетермін түк өндірмей. Өлең шіркін - өсекші, жұртқа жаяр, Сырымды тоқтатайын, айта бермей.
- * Есіңде бар ма жас күнің,
Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің? Кімді көрсең - бәрі дос.
Махаббат, қызық, мал мен бақ, Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ?
Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар?! Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар.
Жалынасың, боқтайсың, Сағынасың, жоқтайсың. Махаббат кетті, дос кетті – Жете алмайсың, тоқтайсың.
Көзіме жас бер, жылайын, Шыдам бер, сабыр қылайын. Жарлы болған жүрекке Дауа бер, жамап сынайын.
- * Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп. Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен гүрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа, Келмеп пе едің жол тосып, Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып, Бір суынып, бір ысып, Дем ала алмай дамыл қып, Елең қағып, бос шошып,
Сөз айта алмай бөгеліп, Дүрсіл қағып жүрегі, Тұрмап па еді сүйеніп, Тамаққа кіріп иегі?!
- *
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір, Желігін жерге тықпас кісің бар ма?!
Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма? Бір бес күннің орны жоқ аптығарға. Қай қызығы татиды қу өмірдің Татуды араз, жақынды жат қыларға?
Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін, Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін. Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма? Шымылдық боп көрсетпес шыңның жүзін.
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда, Тал гүлден, шалғын өсіп оңалғанда, Көлбеңдеп, көкорайда күрілдетіп, Орақшы пішен шауып, шөп алғанда; Бүлдірген, қарақатты тереміз деп, Қыз-келіншек сай-сайға жоғалғанда, Аулақта құмарымды қандырам деп, Асыға іздеп барар со барғанда. Оларға тал - шымылдық, шалғын - төсек, Басына жастық қылар томардан да. Көз тойып, көңіл толмақ пендеде жоқ, Болады айырылған соң со да арманда. Адамда, санай берсең, көп арманда, Мінсіз бақ, сансыз дәулет деп арманда. Жанның бәрін жалмайтын күш те керек, Айлакеске алдайтын еп арманда.
Ит пен қарға, шошқаға боқ арманда, Мергенге түзу мылтық, оқ арманда. Тамақсыз, табысы доқ кәріптерге Жалғыз күнгі қарынның тоғы арманда. Жалаңашқа киімнің жоғы арманда, Тоңғанға отын менен шоқ арманда. Талап қылса, табылар соның бәрі, Мал жаусын ба оларға жоғарыдан да?! Жастық көксеп - кемпір мен шал арманда, Өсіп үлкен бола алмай, бала арманда. Еркектей еркін өмір сүрмедік деп, Әйелдер де болады және арманда. Тамам жанға бақ пенен мал арманда, Ұрыға жүйрік аттың жалы арманда. Жердің жүзін жесе де көзі тоймай, Патшалар да болып жүр әлі арманда.
Кербезге киімінің сәні арманда, Науқасқа жалғыз шыбын жаны арманда. Кек қуған кер, ызақор, күншілдерге Жұтатын дұшпанының қаны арманда.
Бағаласам, адамның бәрі арманда, Санай берсем, табылар сан арманда. Өзі білмес, білгеннің тілін алмас, - Анық ойлап қарасам, - әне арманда!
- * Көкіректе толған шер, көңіл қаяу, Ермейсің деп елім жау, досым баяу. Сүйер кісім, сүйенер жақыным жоқ. Бір өзіңе сиындым, бар Құдай-ау.
Елге көнсем, ақ жолдан адасамын, Көнбей жүрсем, көп итпен таласамын. Тек отырсам, тепкілеп шыдатпайды, Енді қайтіп бұл елмен жарасамын?
Бір момынның ұстасам түзу ісін, Жөндейін деп ғаріптің жөн жұмысын, Ақтан безген ары жоқ өңкей залым Арылдатып жабады ит пен құсын. Көп төбетке жетеді қайдан күшім, Құтқара алмай адалды, пысады ішім. Қабағыңды қаққанша қас болады Жақыным деп болысып жүрген кісім. Осы күнде арамның жолдасы мол, Қу мен сұмды кім жиса - шын мықты сол Мақтан, атақ іздесең - құдайдан без, Ардан күсіп, арамның біреуі бол Мұны қылсаң, боласың сен де мықты, Қайдағы қу, алдампаз төрге шықты. Ел ішінде сенен қор жан бола ма Ұстаймын деп отырсаң адалдықты.
Елеуреген есірік елдің бәрі, Өңкей батыр, пәлеқор жас пен кәрі. Сені адам деп ескеріп кім елейді, Құлап қалған қу молаң кімге дәрі! Әрине, сен де бірге жүрсең екен, Көтіңді ашып, көйлекті түрсең екен. Абұйыр жоқ, сана жоқ, ақтан безіп, Дамбал шеш ит зікірге кірсең екен. Мен адалмын дегенге жолдас қайда, Екі көзі төрт болып, қалар сайда. Сырласы жоқ, сырласар жақыны жоқ, Бар сүйеніш, үміті бір Құдайда.
- * Қабағынан қар жауған Қараңғы бұлт жоғалды. Қасқара алмай бет ауған Қаһарлы жел де оңалды. Көшейін деп қыбырлап, Ел қыстаудан қозғалды – Жаралы жүрек жыбырлап, Жазылмай жалғыз сол қалды. Қырдан ойға дүбірлеп, Жас балалар шуласты. Күншуақта күбірлеп, Кемпір-шал да сырласты. Қыз-бозбала бір бөлек, Әзілдесіп дуласты – Өліп қалған сұм жүрек Оятсам да тұрмас-ты.
Бетіме жылы тиеді Күнгейдегі күншуақ. Жан жылыны сүйеді, Жанға рақат осы уақ. Өлі жердің сүйегін Тірілтті жайнап жапырақ – Жаралы менің жүрегім, Жайнай алмас сол бірақ. Күн нұрымен көгеріп, Жауқазын шықты жалбырап. Жер жүзіне өң беріп, Қызыл гүл бітті албырап. Тоң еріді, қар кетіп, Жан-жануар балбырап – Қайғылы көңіл тырп етіп, Қабағын ашпас салбырап. Қолдағы малға төл еріп, Жандыдан өсіп жан шықты. Жаңадан Құдай жан беріп, Неше түрлі мал шықты. Қатып қалған желіннен Қаймағы бар бал шықты – Қайғылы біздің көңілден Қайғырған сайын қан шықты.
Жер жүзіне нұр жауып, Күн жылынды, шөп өсті. Бие байлап, қой сауып, Буаз малдан төл өсті, Жанған оттай жалындап, Жайлауға қарай ел көшті – Жанбақ түгіл, жабырқап, Жаралы жүрек қайта өшті.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
Қазақ салты Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара-көлге қонып салқындаған. Бір өртке қаудан шыққан душар болып, Не қалды тәнімізде шарпылмаған? Алаштың адамының бәрі мәлім: Кім қалды таразыға тартылмаған? Дегендер "мен жақсымын" толып жатыр Жақсылық өз басынан артылмаған. Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп Екпіндеп ұшқыр атша қарқындаған. Бос белбеу, босаң туған бозбала көп Киіздей шала басып қарпылмаған. Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп Телміріп бір тойғанын ар қылмаған. Ақ көңіл, алаң-бұлаң адамдар көп Есептеп азын көпке, аңқылдаған.
Қайырсыз неше сараң байлар да бар Қайықтай толқындағы қалтылдаған. Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп, Ұмтылып, талап ойлап талпынбаған. Солардың қатарында біз де жүрміз, Мәз болып құр түймеге жарқылдаған. Не пайда өнерің мен біліміңнен Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?! Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа жазған, Қалмаған түк қасиет, қазақ азған. Байға - мал, оқығанға - шен мақсұт боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі хәлі Міржақып, неге отырсың қалам тартпай, Бәйге алмас болғанымен жүйрік шаппай? Шамаңды кәдәри хал көрсетсеңші, Байғұс-ау, оянсаңшы, қарап жатпай. Не пайда бір орыннан қозғалмайтын, Тазармас қара су да жатқан ақпай. Артықтан тағылым алып, кемге үйретпей, Жүруің лайық па ғақыл таппай? Сен неге бой көрсетпей, жасқанасың? Тастаса көзің көрсін халық ұнатпай. Бұл шақта сөз базары көтеріңкі, Сынасай бақытыңды сен де баптай. Бірде алып, бірде қалып жүрмес пе едің, Сөзіңді біреу сөгіп, біреу мақтай. Бой тежеп, жүрексіну дұрыс емес, Шашылған ризықты жүріп татпай.
һиммәт тау кеседі деп мысалда бар, Жігітке өнер қайда зейін артпай. Талапты жаңа өспірім бағландар Жүруге лайықты ғой атын ақтай. Жігіттің несі жігіт босқа жүрген, Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай, "Бәсең бол, әсем болсаң" деген жөнмен Өнерін мұқтаждарға жүрсе сатпай. Жан пида, малың тәрк болсын, жігіт, Дін, милләт деген сөзді түр жәһидлай. Мен кепіл сонда жаман болмасыңа, Тұрмасам, қолыңды әкел, айтқан шартта-ай. Адасып қараңғыда сорлы қазақ, Ай тумай, күн һәм шықпай, тұр таң атпай. Сөндірмей жанған өртті көрген адам, Қалайша тұру мүмкін жанға батпай?!
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
Пайғамбар Күнбатысты қараңғылық қаптаған, Күні батып, жаңа таңы атпаған. Түнеріп жүр түннен туған перілер, Тәңірісін табанына таптаған. Күнбатысты қараңғылық таптаған, Көгінде жоқ жалғыз жұлдыз батпаған. Түн баласы Тәңірісін өлтіріп, Табынатын басқа Тәңірі таппаған. Күнбатысты қараңғылық қаптаған, Жалғыз жан жоқ қараңғыда лақпаған. Білген емес - иман деген не нәрсе, "Қарын" деген сөзді ғана жаттаған. Түн баласы... Түн жолына түскен ол, Сақаусың деп Мұса тілін кескен ол, Тәңірінің сүйікті ұлы Айсаның Тітіркенбей ұрттап қанын ішкен ол..
Түн баласы түнерген түн жамылған, Аллаға емес, әзәзілге табынған. Інжілді өртеп, табанға сап Құранды, Әділдікті күткен ессіз қарыннан. Түн баласы өмірінде араз таңменен, Қабыл ұлы ауызданған қанменен. Табынатын құр денеге жануар, Болған емес жұмысы оның жанменен. Төгілмей ме кемерінен асқан су, Өлтірмей ме жайылған соң күшті у!? Түн баласы түнеріп түр өлгелі, Көзіңді сал - күнбатыста қанды шу; Көзге түртсе көрінбейтін қара түн, Күңірене ме, күле ме әлде әлдекім? Жылайды да, шулайды да ұлиды, Бұл кім? Бұл ма - түн баласы түссіз жын.
Қап-қара түн. Түн баласы күңіренед, Күңіренумен бір-біріне үн беред. Сөгінеді, сүрінеді, жығылад, Қара түнде көр көзімен не көред? Қап-қара түн. Шегір көзді жындар жүр. Қап-қара түн. Қайғы мен қан ойнап тұр. Қайғы менен қара қанға тұншығып, Түн баласы ауыр ойлар ойлап тұр. Қап-қара түн. Уақыт ауыр өтеді, Ой артынан ойлар келіп кетеді. Түн баласы көр көзінен жас төгіп, Күншығыстан бір пайғамбар күтеді... Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры, Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы. Күншығыста ақ алтын бір сызық бар: Мен келемін, мен пайғамбар - Күн ұлы. Мені де, өлім, әлдиле
Қажыдым енді, күш бітті, Көңілсіз, салқын, күн бұлтты, Жел бұйығып тербелген, Әлдекімнің өлгенін, Оны қалай көмгенін Әңгіме ғып күңіренген. Жел, күңіренбе, жасың тый, Өлім күйі - тәтті күй, Балқиды жаным бұл күйге. Мені де, өлім, әлдиле, Әлдиле, өлім, әлдиле!.. Қара орманның шетінде, Нағыз желдің өтінде Өскен жалғыз жас қайың Былқ-сылқ етіп билеген, Сылдыр-сылдыр күйлеген, Болсын онда не уайым? Сол жас қайың құлапты, Жанында жел жылапты, Балқиды жаным бұл күйге. Мені де, өлім, әлдиле... Әлдиле, өлім, әлдиле!.. Жел құмменен көміпті, Балқиды жаным бұл күйге. Мені де, өлім, әлдиле... Әлдиле, өлім, әлдиле!..
Бетінен алма қан тамған, Тілінен тәтті бал тамған, Бұйра толқын шашы бар, Күлкісі - меруерт шашылған, Өзі - гүл жаңа ашылған, Дәл он бесте жасы бар Сұлу көп жас төгіпті, Тұншығып жасқа өліпті... Балқиды жаным бұл күйге. Мені де, өлім, әлдиле... Әлдиле, өлім, әлдиле!.. Талпынған жаңа нәресте, Ақ қанатты періште, Былдырлаған бұлақтай, Көрінген жанды күлдірген, Жаңа піскен бүлдірген, Балауса нәзік құрақтай – Қайтыпты қозы көз тиіп, Бетінен кейде жел сүйіп... Балқиды жаным бұл күйге. Мені де, өлім, әлдиле... Әлдиле, өлім, әлдиле!..
Алыста айдын шалқыған, Көбігі меруерт балқыған. Сол айдынның астында Бар екен алпыс ақ отау, Алтын уық, жібек бау. Бәрі он алты жасында, Отау сайын толқын шаш, Толқын шаштар жалаңаш... Балқиды жаным бүл күйге. Мені де, өлім, әлдиле... Әлдиле, өлім, әлдиле!.. Жаңа біткен балдырған, Сүйсе, мейір қандырған, Айдынға барып түсіпті. Отауларды аралап, Жас жүрегін жаралап, Сұлуларды құшыпты. Құшыпты да өліпті, Жел толқыннан біліпті... Балқиды жаным бұл күйге. Мені де, өлім, әлдиле... Әлдиле, өлім, әлдиле!..
Балдырғанмен бастасып, Сұлумен қол ұстасып, Жас ұланмен жолдас боп, Жас қайыңды қолға алып, Баланы сүйіп бір қанып, Жолаушымен мұңдас боп, Мен де тезірек өлейін, Әлі жаспын демейін, Балқиды жаным бұл күйге. Мені де, өлім, әлдиле... Әлдиле, өлім, әлдиле!.. Бетімнен тәтті бір сүйіп, Алдыңа алшы әлдилеп, Келші, өлім, тезірек. Жан ұшудан тоқтады, Жынданып енді соқпады Кешегі асау жас жүрек. Бетімнен тәтті бір сүйіп, Алдыңа алшы әлдилеп... Балқиды жаным бұл күйге. Мені де, өлім, әлдиле... Әлдиле, өлім, әлдиле! Сүй, жан сәулем
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! Жылы, тәтті у тарады қаныма. Бұл ләззаттың бір минутын бермеймін Патша тағы, бүкіл дүние малына. Құшақтатып нәзік талдай беліңнен, Сүйгіз, сәулем, тәтті балдай тіліңнен. Бой шымырлап, талықсиды жүрегім. Балқып денем, барам еріп деміңнен. Кір қойныма, қыпша белің бұралып, Тарқат шашың, жатсын жібек оралып. Жаным! Жаным! Тезірек тисін төске төс, Көз жұмулы, жиі ыстық дем алып. Шашың - қара, денең - ақ бұлт, жүзің - Ай, Тісің - меруерт, көзің, сәулем, құралай. Ләззат, рақат, бақыт - бәрі қойныңда, Сұрамаймын енді ұжмақ - жақсы жай!
Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да! Жылы, тәтті у тарады қаныма. Жасағаннан бір-ақ нәрсе тілеймін: Өтпесе түн, атпаса екен таңы да! Екі мың жылдық дала жыры /Ред. Ә. Нысанбаев. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2000. 309-346-бб.
II. ҚАЗАҚ ЭТИКАСЫ
Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ, Зәуре СӘРСЕНБАЕВА
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЭТИКАСЫ
Азаматтық қоғам бірден жеке меншік институтының дамуы және индивидтер мүдделерінің өзара әрекеттері нәтижесінде қалыптаспайды. Субъективтік сипаттамаларды қабылдауға себебін тигізетін, меншік формаларының жеке тұлға құқықтары мен еркіндіктерінің либерализациясы қоғамның демократиялық жаңғыруының негізгі факторлары болып табылмайды, адамгершілік қатардағы факторлар одан да мәнділеу. Шынында да, оның негізінде экономикалық еркіндік пен азаматтардың іскерлік белсенділігі жататын нарық жүйесі, рухани мәдениеттің шектеуші күшінсіз, қоғамдық өмірді "бәрінің бәріне қарсы күресіне" айналдырып жіберуі мүмкін. "Құқықтық қоғам" деп аталатын, шындығында бәрі үшін ортақ мақсат, жалпыадамдық, корпоративтік және жеке мүдделер мен құндылықтардың үйлесуін жақтайтын, этиканың дүниетанымдық ұстындарына негізделген адамгершілік ұстанымдары арқылы "тұрақтанып" тұр. Тұтас халық пен дәуірдің құндылықтарын ашып көрсететін, адамгершілік әмбебаптары қоғамдық пен адамдықтың үйлесуінде құрастырылған.
Азаматтық қоғам топтық моральдың тұрақтылығына, қылықтың қоғамдық нормаларына, индивидуалды құндылықтарға, қатынасқа мөлшерлес болып келеді. Сондықтан, азаматтық ұстын мүмкіндігі туралы сұрақ тұлғаның құндылықтары және адамгершілік императивтері туралы сұраққа трансформацияланады. Соңғылардың мазмұны индивид субъектілігінің сипаты және типімен корреляцияланады. Индивидтің мағыналық өрісін адамның дүниедегі болмысының қайтадан өңделген және синтезделген тәсілдері мен формалары құрастырады. Тұлға әлеуметте, өз "Менің" адамгершілік заңына еркін бағындыруға мүмкіндік беретін, өзіндік санадан басталады.
Әлеуметтік "ерітілген" тұлға сияқты, қоғамнан тыс та тұлға құлдырайтындықтан, тұлғаның қалыптасуы рухани мәдениеттің негізгі элементтерін (адамгершілік нормаларын, философиялық ақиқаттарды, діни идеяларды, ғылыми білімді, эстетикалық талғамды және т.б.) сіңіру арқылы әлеуметтік-мәдени құндылықтардың жоғарылауы заңына сай жүзеге асады, олардың қайта өңделуімен, болмыс парадигмаларының ол үшін өмірлік маңыздыларының іске асқандарын ұғынумен ілесіп жүреді.
Осыған сәйкес, тұлға қалыптасуы адамгершілік таңдаудан, өз халқының рухани мұрасын, дәстүрлі этиканы ұғынудан басталады. Оның үстіне, таным үдерісінде қарама-қарсы бағыттанулардың қатар өмір сүруі айқындалады: бір құндылықтар әлеуметтік орталыққа бағдарлануға (даму үдерісінің тұйықтануына және индивид тіршілігін әлеуметтік сақтау және нығайту міндеттеріне бағындыратын), басқалары - әмбебапты-тарихиға (әмбебап субъектілердің дамуын себептейтін) ие. Атап айтқанда, осымен дәстүрлі мәдениетте ашықтық пен жабықтықтың, әмбебаптылық пен түпкі, шектелген құндылықтардың катар өмір сүруі түсіндіріледі.
Бұл бағыттануларды біз қазақ халқының рухани мұрасына, адамгершілік құндылықтарының қайнарларына - халықтың мақал-мәтелдеріне, эпосқа назар аударғанда; ойшылдар мен философтардың, ақындардың шығармашылығын зерттегенде көре аламыз. Бүкіл түсініктер және олар барлық жерде әмбебап сипатта болмады, кейде жақсылық пен жамандық туралы, прогресс туралы түсініктер де әлеуметтік интенциялармен тығыз байланыстылықты аңғартты.
Қазақтың дәстүрлі этикасының негіздерін ұғыну үшін ғарыштың тернарлық үлгісі әлеуметтік айна екендігін, яғни, өз кезегінде, орталық шеңберді құрастыратын, үш горизонтальды буындарға бөлінушілікті ескеру маңызды [1]. (Галиев А.А. Традиционное
мировоззрение казахов. Алматы, 1997). Дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымы үш жүзді болып келді, әрбір жүз өзіне сай функцияларды атқаруға жауапты болды.
Космологиялық көзқарастарға сай, діңгекпен құрастырылатын, орталық шеңбер әлеумет құрылымының бірлігің, тұтастығын және мәңгілігін рәміздейді. Қазақтардың артта қалғандығы және енжарлығы туралы кездесетін түсініктерден қылық бағдарларының жоқтығы шықпайды, қайта керісінше, көшпелі өмір салты мен қатал ауа-райы индивидтерді дербестікке мәжбүрлейді. Алайда қасиетті тәртіпке қатыстылық пен оны ұстап тұрудың маңыздылығы әрекеттердің мақсаттары мен түпкі мағынасын айқындап отырды, оның өмірлік табыстарының болашақтығын және тұлғалық бірегейлікке жете алуды себептеді.
Қазақтардың дәстүрлі этикасы тіршілік етушілер әлемі мен рухтар әлемінің шекараларының мөлдірлігі туралы космологиялық түсініктерге, өткеннің, қазіргінің, болашақтың байланысының органикалығы мен үздіксіздігі жөніндегі бейнелерге сүйенеді. Өлгендердің рухы біздерге әсер етеді, олардан тағдыр, сәттіліктер, сәтсіздіктер, апаттар тәуелді. Егер адам дұрыс және айтарлықтай теріс қылықтарға барса, олар қамқорлық жасай, көмектесе, қорғай, жазалай алады. Осылай аруақтарға табыну пайда болды. Қайтыс болғандарды, жолы үлкендерді құрметтеу қазақ ділінің ажырамайтын белгілерін құрастырады.
Этикалық категориялардың мазмұндық жағына зороастризм, тәңіршілдік, буддизм, суфизм, манихейшілдік, ислам көрнекі ықпалын тигізеді. Аспанға (Тәңіріге) табыну жоғарылылықты аңсауға ниеттендірді, адамды тәкаппар, ымыраласпайтын етіп баулыды, бодандық психологиямен сыйыспайтын, ерлік философиясын ұстауға шақырады. ЖерАнаға (Тәңірі - Ұмай) табыну адам сенімін, туған жердің қасиеттілігін, рухтардың жебеушілігін нығайтты. Зороастрлық этикаға сай, үш ұстынды - ізгі ойлауды, ізгі сөзді, ізгі әрекетті ұстанып жүрген қажетті. Жақсылық пен жамандықтың арасындағы таңдауды әркім тек өз игілігі үшін емес, бірақ сонымен бірге бүкіл әлемнің тағдырын шешу үшін жасайды.
Шаманизм - исламға дейінгі сенім, адамнан жер бетіндегі өмірде ар-ұят пен тұтастықты сақтауды талап етті. Егер исламда нақтылы адамдық өмір о дүниедегі өмірге ерекше тектегі дайындық болса, онда ежелгі қазақ үшін жердегі өмір шынайы болып табылады, сондықтан көшпелі сәттілікті жоғалтпау үшін, ауырып қалмау үшін «алдамшы» болғысы келмеді.
Қазақ руханилығының түйінделген бітімі Абай философиясы жөне ол жариялаған "Адам бол!" (яғни адамгершілік) ұстыны болып табылады. Абай бойынша "мұсылман болу" үш нәрсеге: Аллаға, адамзатқа, әділдікке деген "махаббатты" білдіреді. Исламның адамгершілік шеңберінде, адам бақытының мәнісін түсінуде дүниетанымдық әмбебаптар төрт негізгі ұстындарды - әділет, дәулет, ақыл, қанағатты қатаң сақтап жүруге келіп тіреледі.
Исламның тарауы барысында жақсылық пен жамандық туралы түсініктер түбегейлі өзгерді: жақсылық - бүл ислам қағидаларына қарсы келмейтіндер, ал жамандық - бүл соларға қайшылықта болатындар. Міне осы көзқарас тұғырынан адам қылықтары бағаланады, және сондықтан кім болса да тағайындалған дәстүрлерді бұзуға, оларға қарсы тұруға батылдары, шамасы жете алмады. Сонда да ислам дүниені түсіндіру мен қазақ моралінің бірден-бір қайнары болып шықпады. Халық қашанда, оның негізінде дұрыс мағына мен ақылға сай әрекеттер жатқан, моральді жақтады.
Халық даналығы былай дейді: "Адам тегінен емес, ол тіршілігінің барысында бұзылады", ақылға сай өмір бүл - оларды адам өзінде мәпелейтін және соларға сай қылыққа баратын, ізгіліктердің жиынтығы. Оның үстіне адамнан тек дана сөйлеу емес, ең алдымен практикалық істер талап етіледі. Адамның абыройлығы оның сыртқы белгілерімен емес, ал сол немесе басқа жағдаятта қалай пайымдайтынымен, қандай қылықтарға баратынымен бағаланады. "Егер жақсының ізімен жүрсең, аңсағаныңа жетесің, егер жаманды қайталасаң, ұятты болып қаласың".
Адам бақыты материалдық дәулеттің жай-күйімен емес (дегенмен қайсыбір дәрежеде ол да маңызды), ал адам жанының байлығымен және адамгершілік істерімен анықталады. "Кім пайымшыл және кішіпейіл, ары таза және әділ болса, кім өзінде ізгіліктерді мәпелесе, тек сол бақытқа жете алады". Исламның әйелге деген ұстанымдары қазақ коғамында терең сіңбеді, онда ана-әйелге, қорғаушыға, отбасы сүйенішіне деген ізгілікпен қарау тұрақтады.
Моральдық құқықтар мен міндеттер сапасында орын алған, салттар мен дәстүрлерді билеуші топ өз мұқтаждарына пайдаланады. Ерекше әлеуметтік топ - билер - халық салттарының сақтаушылары және білгірлері болып есептелді. Оларға әрекет етуші нормаларды анықтауда және тағайындауда шешуші орын берілді, мүліктік, отбасылықнекелік таластарды шешуде өтімді сөз солардікі болды. Олардың шешімдеріне, дәстүрсалттарына іс жүзінде кәдімгі құқықтық нормалар күші берілді. XVI ғасырдан бастап кәдімгі қазақ құқығы деп аталатындар - "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Тәуке ханның Жеті жарғысы" кең тарады. Рулық бастама ұстыны - руластарының іс-әрекеті үшін ұжымдық жауапкершілік және руласты өлтіргені үшін қанды кек, ежелгі кодифицияландырылған кәдімгі құқықтан ("Жаса") өз бастауын алады. Ұлы қазақ ағартушысы, Ш.Уәлиханов кәдімгі қазақ құқығының демократиялық бастауларын атап өтеді, олар - жариялылық, рулық ынтымақтастық, қарапайымдылық, сот үдерісінің бәсекелестігі, оған жақтар өкілдерінің қатысуы; қоғамдық пікір қуатын пайдалану; бостандығынан айыру, қапасқа қамау сияқты репрессиялық шаралардың жоқтығы.
Шынында да, қазақтың дәстүрлі этикасы бодандық пен конформизмге негізделмеген, ол өзіне еркіндік сүйгіш дәстүрлерді, демократияшылдықты енгізді. Бұл дәстүрлер хан сайлау рәсімінде көрініс табады. Соңғы болып, қасиетті харизмалық сапаларға ие индивид; халық тағдыры, игілігі және гүлденуі үшін өзіне жауапкерлікті қабылдайтын көшбасшы сайланады. Ал сонымен бірге оз пікірін жеткізу және лайық еместердің бетіне сын айтуға құқын заңдастыратын, айтыс сияқты, ауызекі халық шығармашылығында да осылай болды.
Дәстүрлі қоғамдағы кәдімгі құқықтың қуатын Ш. Уәлиханов әлеуметтік-мәдени тамырланумен түсіндіреді, себебі "ол көбірек белгілі болғандай, оның бүл заңы қаншама жетілмеген болып көрінгенімен, ол бүкіл бірге алынған басқа заңнамаларға қарағанда, түсініктілеу және айқындау болып көрінуге міндетті, төлтума заң болғандықтан халық үшін ол жақсы".
Айтпақшы, Гегельдің құқық философиясында, шынайы адамгершілік абстрактылы және объективті құқықтың, абстрактылы және субъективті моральдің қосындысы емес деп, аталып өтеді. Егер балықтарды алтын аквариумға орналастырғаннан, олар алтын болып кетпейтіні сияқты, адамдар да, оларға заңдар сыртқы түрімен, өзінің жеке руханилығындай емес түрде ендірілген, сол заңдардан әдепті болып кетпейді. Гегель бойынша, "Мемлекет азаматы" болу заңмен рухани қосылуды білдіреді. Алайда заңды орындау ғана азамат болып қалыптасу үшін жеткіліксіз, заңдардың рухани, мәдени құбылыс, игілік ретінде қабылдануы маңызды.
Қазақтың кәдімгі құқығының әсерлілігі, әлеуметтік-мәдени үдерістермен тұтасуымен бірге, "ар-ұят мәдениетінің", яғни бүкіл рудың алдында бетсіз болып қалудан қауіптенудің, ру алдындағы жауапкершілік пен өзіндік жетілуді себептеген, төлтума мәдени-психологиялық тетіктің өмір сүруімен түсіндіріледі.
Бүгінгі күн шындықтарына қайта оралайық. Қалыптасып келе жатқан плюралистік қоғамның этикасы тұлға автономдығының өсуші дәрежесінен қашан индивид тек мемлекет жағынан әсерді қабылдаушы объект болуды қойып, әлеуметтік өзара қатынастардың субъектісі бола бастайтын, үлкен еркіндік пен индивидуалдандырылған көп өлшемділікке ие болатын, адамның көп өлшемділігінен шығуы керек.
Қазіргі индивид тұлғалық бірегейлікке жету үшін сакральды бірлікке енді ұмтылмайды. Ол көпті немесе азды қоршағандардан, қоғам жағынан бақылаудан азат. Индивидтің моральдық құндылықтарының қайнарлары да өзгерді - олар енді тек сенім бойынша қабылданбайды, қоғамдық бақылау формалары өзіндік тәртіппен ауыстырылады, дәстүрлі институциональдық моральдан тұлғалық этикаға өту жүріп жатыр. Мифологиялық сананың, бейрационализмнің бұғауларынан босай келе, түсініктер мен қылықтар да рационалдандырылып келеді.
Қазіргі азаматтық қоғамды талдау оның қажетті әлеуметтік-мәдени және бір уақытта нарықтық модустары рационализм, теңдік, прагматизм, дербестілік, жауаптылық, ашықтық және т.б. болып табылатындығын көрсете алады. Өркениеттік сипаттағы бірқатар себептер бойынша аталған модустар қазақстандық қоғам шындығында ұлттық ділді, дәстүрлі этиканы қайсыбір трансформациялаусыз бұтақтана алмайды. Терең әлеуметтік-мәдени түпнегіздерде ұяланған, көрінбейтін кедергілерді әлеуметтікорталықтық үлгілер кездестіре бастайды. Солай, рационализм тұрғындардың мұсылмандық бөлігіне жат емес. Бірақ ол батыстық рационализмнен мәнді ерекшеленеді, себебі рационализмнің бүл типі өзінде көбірек тұйықталған, өз мақсаты ретінде рас білім мен ақиқатқа жетуді қоймайды, ал керісінше, интуициялық-мистикалық танымға
қызығушылық байқатады, интуицияға, субъективтік сезімталдыққа артықшылық танытады. Осыдан міндетті түрде болып жатқанның ақиқаттығы субъективті түрде көрінеді. Тек құдайлық белгімен таңбаланған білім ғана абсолютті ақиқат ретінде мойындалады. Сондықтан еуропалықтардың көзге анықты ұстануы мұсылмандармен күйбең тіршілік, болып жатқанда құдайлықты көре алмау ретінде бағаланды. Және "рационалды еңбек" ұғымы мұсылман мәдениетіне жат еді.
Ұлттық ділдегі рулық бастамалардың басымдылығы еркін индивидуалдық әрекет жолында тежеуіш болып шықты. Дегенмен көшпелі өмір салты өз жеткіліктігін дамытуға себебін тигізгенімен, бірақ әрбір көшпелі өз өмірінің мағынасын қасиеттіге қызмет етуден көрді, осымен оның өз еркімен руға қызмет етуі түсіндіріледі. Рудан қуылу ғарыштан, Құдайдан аластатылумен бірдей деп бағаланды, масқара болып есептелді. Көшпелі малшының еңбегі белгілі бір кәсіппен шектелген еңбек емес еді, өйткені бүл өмір салты кәсіби іс ретінде қабылданбады. Құрмет еңбектің өзі емес, оның иесіне беретін, мал және сол артықшылықтар болды. Байлыққа ие болу дұрыс қылығы үшін берілетін Аруақтардың қамқорлығы ретінде бағаланды.
Бүгін "жаңа қазақтар" да, рационалды еңбек пен еңбек этикасына қарағанда, байлық рәміздерін жоғары бағалайды. Арғы тектердің жебеуші қамқорлығына сенеді, "өлі риза болмай, тірі байымайды" деген дәстүрлі нақыл сөздерді ұстанады.
Жалпы мейрамшыл көңіл-күй қазақ ділінің ерекшелігі болып табылады. Соңғы еңбек ету, әскери күндерден және мейрамдардан жинақталады. Тойлар бар әлем тәртібін қасиеттендірді, өмір сүріп тұрған құрылысты бекітті, иерархиялық қатынастардан (ақсүйек - қарасүйек) және тәуелділіктерден, тыйымдар мен нормалардан уақытша еркіндік енгізді. Бұл тойлар ахуалынсыз тіршілік толымсыз болды және жалпылықтың, азаттықтың, теңдіктің және молшылықтың утопиялық патшалығы халықтық мейрамдау күндері салтанат құрмас еді . Еңбектің әлсіз мамандануы және бөлінуі, соңғысын өмір салтымен теңестіру еңбек этикасының пайда болуына кедергі қызметін атқарды.
Еңбек этикасының маңызды элементі ынтымақтастық болып табылады. Дәстүрлі қазақ қоғамында хан бір өзінде демеуші, жұмыс беруші, әкім, сот төресі, әскери басшы тұлғаларын біріктірді. Оған деген сенімділік, іскерлік әріптестік немесе ынтымақтастық қатынастарында емес, ал туысқандық немесе харизмаға негізделген, жеке тәуелділік қатынастарында құрылды. Ынтымақтасу формасы тәуелділік сипатына ие және нақтылы болды, яғни белгілі бір дәстүрлер мен жағдаяттарға байланыстырылды.
Кеңес Одағы кезеңінде бірдейлендіру мен абстрактылы субъектілердің жалған субъектившілдігі орын алды. Тең құқылы субъектілердің ынтымақтасуы ретіндегі шынайы ұжымшылдық іскерлік әріптестікке, жауапты әрі мүдделі өзара қарым-қатынасқа жол ашады. Демократияшылдық, әділдік, теңдік сияқты басқа әлеуметтік-мәдени модустарға келсек, онда олар этикалық категориялардың мазмұнын қиып өтеді, бірақ тағы да еркіндіктің батыстық түсінігінен өз айырмашылықтарына ие болады.
Дәстүршіл түсінікте еркіндік ережесіз ойын, стихия, ретсіздік, жігер іспеттес болып келеді. Онда бір-біріне және әлеуметтік ұжымдарға, әлеуметтік тәртіптің ұстап тұрушы негізі ретінде, қалыпты қылық туралы түсінік жоқ. Батыстық түсінікте еркіндік әлеуметтік ұжымдардың сапасымен, әлеуметтік тәртіпті ұйымдастырудың ұстынымен, әлеуметке қатысты құқықпен, жауаптылық және міндеттілікпен т.т. теңестіріледі.
Қоғамның артушы үзіктілігі және субъектілердің автономдығы кейбіреулерде нарық экономикасы мен азаматтық қоғам этикасының арасындағы сәйкестілікке, өзара сенімділікті сақтауға деген күмән туындайды. Бірақ нарық экономикасы мен этиканы бірбіріне қарама-қарсы қою бізді тек тіршілік ету шектеріне жақындатады. Бүгін ортақ мақсаттарды, индивидуалды мен қоғамдықтың үйлесуін, ұжымдық ақыл мен жігерді қалыптастыру және дамыту мәселелерін ойластыру маңызды. Бұл қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғам, негізінен, әлеуметтік-орталықтық құндылықтарға (әлеуметтікмәдени және нарықтық модустар) емес, ал әмбебаптыларға бағдарлану керек дегенді білдіреді. Демократиялық қоғам ұстындарына өзіміздің бағытталатындығымызды жариялай отырып, біз индивидуализмге, рационализмге, ынтымақтастыққа және т.б. бағдарлануға тиісті емеспіз, ал бұл модустарда адамдық индивидтердің, қашан, мысалы, жеке индивидтердің рационализмі адамгершілік заңына қайшы келіп, басқалардың еркіндігін шектейтін жағдайдан арылып, әмбебап субъектілер бола бастауының, дамуының әмбебап-тарихи мүмкіндіктерін қарастыруымыз керек. Сонда жоғары құндылық табыс емес, карьера емес, адам Тұлғасы мен Абыройлығы бола бастайды.
Аталған модустар, конфессиональдық нормалар мен міндеттер, салықтар, этикалық талаптар сияқты, сынақтан өткен әлеуметтік-мәдени тетіктермен жетуге болатын, индивидуалдық пен қоғамдық мүдделердің үйлесуінде құрылған. Батыстық үлгідегі индивидуализм жалпы қамтушы емес: ол қалай ішкі өзіндік реттеу болсын, солай сыртқы әлеуметтік-мәдени тетіктермен болсын, ретке келтіріледі және түзетіліп отырады, бүл әлеуметтік модустарды механикалық түрде ендірудің мүмкін еместігін және рухани-адамгершілік өсу ортақ мақсаттар мен сенімсіз сананы планеталық ақыл идеясына дейін кеңейтусіз мүмкін еместігін куәландырады.
Қазақ дәстүрлі дүниетанымының семантикалық өзегі, ол "өмірлік күш", "ұрықтандырушы бастама", "тіршілік потенциясы" ретінде түсіндірілетін, сонымен бірге "байлықпен", "молшылықпен", "игілікпен", "үлеспен", "тағдырмен" байланысты бақытпен бірге қарастырылатын, түйінді "құт" ұғымы болып табылады. Бұл ұғым онтологияны, антропологияны және әлеуметтік философияны тұтас біріктіреді, дәстүрлі қазақ мәдениеті шындығының мәндік рәмізшілдігін көрсетіп береді. Онда, утилитарлы, прагматикалық пайдалануға жетіп тірелетін, "қарапайым заттар" орын алмайды, бірақ адамды қоршап тұрғанның және оған қызмет ететіннің бәрі, өзінің екіжақты сипаттылығын аңғартады: бүкіл табиғи объектілер, тұрмыс нәрселері, үй, киім, тағам тек қана утилитарлы функцияларды орындап қоймай, сонымен бірге түсініктемені талап ететін рәміздер және трансцендентті, көрінбейтін әлемге бірге қатыстылықты ғана білдіріп қоймай, адамдардың байланыстары мен қатынастарын олардың жынысына, жасына, туысқандық дәрежесіне, байлығына, шыққан тегіне сәйкес ұйымдастыратын және корреляциялайтын әлеуметтік кодтар болып табылады.
"Құт" ең алдымен өмірлік күшті, оның алға жылжуға қабілеттілігін білдіреді. Дәстүрлі дүниетаным үшін адам, өсімдік, жануар бір-бірімен туысқан және табиғатқа тән және онымен туындатылатын, тірінің түрлі формаларын бітімдейді. Тірінің көңіл күйі, рухани және құндылық анықтамалардың негізі бола тұрып, олар адамның дүниеге қатынасын сипаттайды. Сондықтан рәсімдердің басты идеясы - жоғары құндылықты, адам өмірін қабылдап алу. Салт-ғұрыптар шектерінде дәстүрлі драма, табиғатпен қосылу ойналады. Өмірді қайтадан шығару барлық деңгейлерінде тойлар мен шамандық қамданулардың басты тақырыбы болып табылады. Өнімділік пен туудың құпиясы дәстүрлі мәдениеттің түйінін құрастырады. Табиғаттан қабылдап алынған, бірінші сый болып тіршілік сыйы, құт, тірі жан есептеледі. Бұл өмірлік күштің рәмізі таудың төбесіндегі сүт көлі, Тіршілік
пен Өнімділіктің орталығы болып табылады. Сүт сондықтан - жай ғана гагам емес, бірақ семиотикалық мәртебеге ие; сүтті ұйытуды шетжерлікке беруге тыйым салынған, ол ру тіршілігінің қуатты рәмізі, сүтті қонаққа құйып беруге болмайды. Ендеше, табиғи өнімділік идеясы дәстүрлі түркілік дүниетаным үшін әмбебап болып табылады және бүкіл дәстүрлік фольклорды кесіп өтеді. Түркі дискурсының онтологиясы "өмір мен өнімділіктің" семиотикалық коды кілтінде оқылады.
Бұл кілттің көмегімен түркілердің үй-тұрағын, адамның үстінен төңкеріліп тасталған, аспан шеңберін өзімен көрсететін, киіз үйдің семантикалық кеңістігін түсіндірмелеп беруге болады. Киіз үйдің бүкіл нүктелері мен сегменттері, бақыт және игілік ретінде түсінілетін "құт" рәмізі тұрғысынан қатаң регламенттелген. Түйінді орынға орталықтағы ошақ жатады. Отбасының жойылуы ошақтың сөнуімен теңестірілді. Сондықтан күлді араластыруға, ошаққа су құюға, одан тамыздық алуға және отты шығаруға тыйым салынды, әйтпесе отбасын бақытсыздықтар күтіп тұрады. Үйдегі отбасы иесінің орны биліктің рәмізі, жолбарыс, ал әйелдікі - "қоян", "бағынуды білдіру" деп аталды. Жастар "құс" деп аталатын орында жайғасады.
Герменевтикалық әдіс дәстүрлі мәдениеттегі тамақтану жүйесінің рәміздік функцияларын ашуға және ас қабылдау кезіндегі қонақтарды орналастыру тәртібін (қойдың басын үлестіре болу және "құлақтарды", "таңдайды", "көздерді" әлеуметтік рөлдер және жас ерекшеліктеріне сай тарату), жыныспен, жаспен, әлеуметтік мәртебесімен байланысты тұлға аралық қатынастардың күрделі суреттемесін ашатын, рәсімдік әрекеттердің белгілі бір кешені ретінде "оқып шығуға" мүмкіндік береді. Тамақтану жүйесінің рәсімдік, сакральдық, этнобелгілеуші функциялары туралы айтуға болады. Жеке тақырып - көшпелі шаруашылықтың кезеңдерімен ілесіп жүретін, белгілі бір өмірлік циклдер және ғұрыптармен байланысты, дәстүрлі киім семантикасы. "Жас сыныптары" институты онда бөлініп көрсетілетін, жас рәміздерінің жүйесі де "құт" ұғымы тұғырынан түсіндіріледі. Өмірлік күштің, өнімділіктің түйіні ретінде орта жас алынады, ал сонда қария мен нәресте өзінің семиотикалық мәртебесінде жақындатылады. Қария - жай ғана жас мөлшері емес, ол антивалентті әлеуметтік функцияны білдіреді: әрекет кең мәтінінен шыға отырып, ол толымсыздық таңбаларымен белгіленеді, бірақ сол уақытта, арғы тектер мен аруақтар әлеміне жақындай келе, оған ерекше құрмет көрсетіледі.
"Бақыт" дәстүрлі мәдениетте қашанда өнімділікпен, құтпен, некемен байланысты қарастырылады. Өнімділік игіліктің, сәттіліктің, бақыттың кепілі болды, сондықтан, жыныстық потенция тұлғалық абырой мен әлеуметтік беделдің белгісі ретінде түсіндіріледі, ал ең нашарлар болып бедеу әйел мен үйленбейтін еркек есептелді. Гендерлік тақырып дәстүрлік дүниеге қатынаста ерекше орын алды. Бұл коғамда орталық фигура болып қашан да еркек саналды. Бірақ сол уақытта еркектің салиқалығы мен іске қабілеттілігі, оның әйелге қатынасына тәуелді қойылды. "Адам болу" отбасы болуды, өз отбасын құруды білдіру. Әйелдің жердің туындатушы функциясына жақындығы, жасампаздық пен бақыттың иегері екендігі айрықша аталып өтті. Көптеген түркілік мәндерде Жер беті әйел тәнімен салыстырылады. Неке, адам өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі бола келіп, болмыстың қасиетті өрісімен қарым-қатынаста болады.
Дәстүрлі қоғамда әлеуметтік байланыс, ең алдымен, қандық-туысқандық, табиғи, өмірлік болып келді. Ру, бай заттық және таңбалық бітімделуі бар, көп жоспарлы ұйым ретінде көрініс табады. Туысқандық қатынастардың күрделі нақтылы және рәміздік жүйесі, онда дәстүр тікелей қарым-қатынас тәсілі ретінде, арғы тектердің тірілердің арасында бірге болуы ретінде қабылданатын, әлеуметтік ортаға адамның бейімделу тетіктерін анықтады. Ру, мүшелерінің тұтастығы және бөліктерінің бірлігі бола отырып, ерекше "мифорәсімдік" өмірбаянға ие, әлдебір қоғамдастықты құрастырады.
Рудың өзіндік санасы, "аруақ", "қыдыр", "ырым" сияқты , сондай ұғымдармен құралады. Аруақтар бұлар ата-бабалар рухы. Көшпелілердің түсінігі бойынша, әрбір адам ұрпағына мұра етіп тек өз киіз үйін, өз байланыстарын, мәртебелі есімін ғана емес, бірақ сонымен бірге олардың тағдырына ықпалын тигізетін, сол арқылы ол тірілердің арасында қала беретін, өз аруағын (рухын) да қалдырады. Егер ол абыройлы адам болса, оның рухы, оларды қиын сәттерде қолдай отырып, балалары мен немерелерінің тағдырына әсер ететін болады. Егер адам, керісінше, дұрыс өмір сүрмесе, онда оның аруағы осындай көмегін тигізе алмайды және оның үстіне, жаңа бәлелер мен қасіреттерді әкеле алады.
Дәстүрлі дүниетанымның бүл ерекшелігі қазақ фольклорында көрініс тапқан. "Алпамыс" эпосында былай баяндалады: «Алпамыстың бірінші шабуылынан кейін, қалмақтар батырдың жалғыз келгенін көреді және күш жұмсамай-ақ оны оқтың астына алуды шешеді. Қалмақтар садақтарын тартады, Алпамысқа атылған мыңдаған жебелер, оған тіпті сызат түсірмей, оның тәнінен өтпей кері кетіп жатады. Мәселе Алпамыстың ұрыс алдында жебеушісі Ғайып ерен Қырық шілтеннен қорғау өтінуінде тұр, жебеушіні қара тұмандай орала келіп, байқатпай аспаннан түсіп, батырды өз қанатының астына алады".
Қарама-қарсы мысал - "Қыз Жібек" жырындағы Төлегеннің тағдыры. Өз қалыңдығына аттанған Төлегенге әкесі батасын бермейді, оны аруақтар қорғамайды, сондықтан ол Қособа маңында өз ажалын кездестіреді. Қобыланды мен Алпамыс батырлар - елін сүйген ержүрек, батыр тұлғалар. Қозы КөрпешБаян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген адал сезім мен махаббаттың құрбандары.
Дәстүрлі дүниетанымның маңызды ұғымына "Қыдыр" да жатады. "Қыдыр" - бұл бүкіл тілектерді орындауға қабілетті, сәттілік, байлық, денсаулық әкеле алатын, жаратылыстан тыс жан. Бірақ "Қыдыр" қашанда бейшара, қария, үйсіз қаңғырушы кейпінде көрінеді. Және ешкім, ол шын қайыршы ма, әлде құдіретті рух екендігін біле алмайды. Қаңғып жүрген қырықтың бірі - "Қыдыр", бірақ олардың бәріне көмектесу және рақымдылық таныту қажет. Солай, Абайдың "Масғұт" поэмасында қаһарман, оған бұзақы тиісіп жатқан, кедей шалға риясыз көмегін береді.
"Қыдыр" туралы түсініктен шығатын басқа тағы бір бейне бар ол - оның таңдаулылығын белгілей отырып, адам алақанына қонатын бақыт құсы. Солай, Бұқар жырау Абылай ханның ұлы жолын оның осындай бақыт құсымен кездесуімен түсіндіреді: Бақыт құсы басыңа сенің қонды, Қыдыр - байлықтың қамқоршысы саған келді, Және бақыт үйіңе сенің қонды.
Ш.Уәлиханов өзінің "Қырғыздардағы шамандықтың қалдығы" атты еңбегінде дәстүрлі дүниетанымның тағы бір ұғымын - бақытсыздықтың алдын алу мақсатындағы белгілі бір әрекеттерді жасауды, ырымдарды - талқылайды. Солай, "әлдекімге көйлегін қалдыра отырып, бір түйемесін немесе байлауын өзінде қалдырады... ешқашан табындағы басты жануарды - "құтты" сатпайды, себебі бүл жағдайда игілік, яғни мал, бүл отбасында азаймайды".
Байлық та өз мағынасын айрықша семиотикалық кең мәтінде айқындайды. Байлықта адамның тұлғалық сапалары мен артықшылықтары көрініс табады. Ол таңдаулылықты таңбалайды. Байлыққа деген осындай құрмет "бай" сөзінің этимологиясын да білдіреді. Ол байлық иесі және сол уақытта лайықты, құрметті, сыйлы дегенді көрсетеді.
Көшпелі мәдениетті, құндылық-мағыналық бірлікке ие төлтума мәтін ретінде көрсетуге болады. Құрастырушы идея сапасында, "құт" - "ұрықтандырушы бастама", "өмір потенциясы", "бақыт", "молшылық", "игілік" - ұғымымен байланысты, күрделі идеологиялық кешен қарастырылады. Дәстүрлі мәдениеттің дүниетанымдық әмбебаптарына тым жақын болып келетін, қазақ философиясы, экзистенциалдық сипатын жоғалтпайды, бірақ сол уақытта мәдениет өрісімен толық теңестірілмейді. Философия түсіндірудің айрықша қызметін атқарады, ол бірінші кезекте герменевтика, дәстүрлі мәдениеттің күрделі мәтінін ашу болып табылады.
Қазақ философиясының шыңы - Абайдың шығармашылығы болып табылады. Дүниежүзілік дәрежедегі мәдениеттің басқа да құбылыстары сияқты, оның философиясы түрлі тұғырлардан түсіндіріле алады және бұл түсіндірулерде Абайдың рухани мұрасы өзінің болмыстылығын тек сақтап қоймай, сонымен бірге оны көбейте түседі. Абайды, ол қазақ халқы үшін құндылықтардың жаңа жүйесін ашқан, бірінші рет білімді адам болмысының ұстыны ретінде негіздеген және оны даму ұстынымен байланыстырған, ағартушы ретінде сипаттау белгілі. Бүкіл дала бойында оның "Адам бол!" деген ұраны дауылдап өтті. Соңғы кездері Абай шығармашылығының экзистенциалдық сипаты туралы идеялар да айтылып жүр: өзінің "Қара сөзінде" ол болмыстың мәндік қабаттарын өзінің қайғы мен бақытқа толы өмірлік тәжірибесі арқылы ашады. Бізге солай көрінетін, бірегей тұтас мәтін ретінде түсінілетін, қазақтың дәстүрлі мәдениетіне Абай герменевтикалық түсіндіру береді. Осындай өнімді тәсіл Абай философиясының ұлттық төлтумалығын айқындай алады, бұл оның мұрасын дүниежүзілік мәдениет кең мәтінінде айрықша маңызды етеді. Абай - "адам - әлем" қатынасының тұтастығына негізделген, қазақ ділінің көрсеткіші. Осында - ерекше тұлғалық тип те, ақыл мен жүректің арасындағы айырылудың жоқтығы да, жүрекпен ойлау шеберлігі де түр. Жүрекпен ойлау дағдылығын қалыптастыру - XXI ғасырдың маңызды міндеті. Абай жалқаулық мен надандықты жек көреді. Ол ағартушылыққа, ғылымдардың негіздерін оқып-үйренуге шақырады. Бірақ ол сол уақытта, ар-ұят және жүрек жылуынан ажыраған, ғылымның қауіптілігі туралы да ескертеді. Оның ұстыны - ақылды жүрек немесе арлы ақыл "Кімде махаббат пен әділеттілік сезімі билік жүргізсе - сол дана, сол білімді".5
Біз осында, ол "адам - әлем" тұтас қатынасын қалпына келтіруге ұмтылған, "әлемнің ішкілігі" және "Dasein" терминдерін енгізген, М. Хайдеггердің фундаментальдық онтологиясы идеяларымен тура параллельдер жүргізуге болады. Қазіргі әлемде, дейді М. Хайдеггер, барлық алыстар мен қашықтар қысқарады. Бірақ жақындай келе, заттар бізден алыстай береді. Олар "заттануын" қояды, өйткені адам оларды тек пайдаланғысы, тұтынғысы келеді. Әлемді қабылдау тұтастығы жоғалады. Хайдеггер және Абай оны "ақылды жүрек" деп атайтын, дүниені солай түйсінуді батыс адамына қайтарғысы келеді. Қашан біз әлдекімге суы бар тостағанды ұсынғанда, онда "ұсынылып тұрған суда қайнар да тұр. Қайнарда жартас орын алады, онда - жердің қараңғы мүлгіген құнары өзіне жауын мен аспан шығын қабылдап тұр. Қайнар суында аспан мен жердің некесі қиылған".6 Батыс өркениеті құтқарылуын Хайдеггер Шығыстың бай рухани тәжірибесіне назар аударумен байланыстырады.
5Абай. Слова назидания. - С. 90. 6 Хайдеггер М. Время и бытие. М., 1993. - С. 320.
Егер XX ғасырдың батыс философиясы, дүниеге тұтастық қатынасқа бағытталған, жаңа онтологияның қалыптасу қажеттілігін сезінсе, онда қазақ халқы бұл тұтас дүниені түсінуді дәстүрлі мәдениетінде, атақты ақын-жырауларының шығармаларында сақтады. Және қашан ресми идеология өз догмаларын танып келгенде, қазақтардың ішкі өмірі олардың дәстүрлі дүниетанымымен айқындалып келді. Дүниеге қатынастың осындай типі, жаңа мыңжылдыққа аяқ басқан, адамзаттың тұтас дүниетанымын қалыптастыру дәуірінде өзекті болып шықты. Мыңжылдықтар аралығында өсіп-жетіліп келе жатқан, тұтас дүниетанымның маңызды көрінісіне қазақ философиясы жатады.
О традиционной этике казахов. Алматы: Институт философии и политологии МОН РК. 1997. - С. 3-20 Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ, Төлеуғазы ӘБЖАНОВ
АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ПАЙЫМДАР
Ғалымжан. Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, жетіледі. Сондықтан да адамгершілік мәнін абстрактылы түрде қарап, оны адамдардың табиғатымен, биологиялық ерекшелігімен ғана байланыстыруға болмайды.
Әрине адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген категориялар - жомарттық, батылдық, шыншылдық, баққұмарлық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс тағы басқалары сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпаған. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары - үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде.
Дегенмен бүл адамгершілік категорияларына әрбір қоғам өзінің даму үдерісінде оның мазмұнына көптеген өзгерістер енгізіп отырды. Айталық, көне грек дәуіріндегі адамгершілік категориялары сол қоғамдағы тарихы, әлеуметтік, экономикалық үдеріске тығыз байланысты болып, сол заманның негізгі қозғаушы күші - құлдарды ойшыл, философ, жазушы, тарихшы, тағы басқаларын адам деп есептемеді. Сөйтіп, ол қоғамдағы қалыптасқан моральдық, адамгершілік категориялардың құлдарға ешқандай қатысы жоқ болып шықты. Одан кейінгі ортағасырлық дәуірде де адамгершілік проблемалар дін жолымен шешіліп, құдай туралы идеологияның қолында болып, адамдарды бағындырудың құралына айналды. Ал капиталистік қоғам барлық қатынастарды заттық қатынастар арқылы шешпекші болғандықтан адамның өзі мен күші сатылатын тауарға айналғандықтан адамзат қалыптастырған моральдық адамгершілік категориялар қайшылыққа ұшырады, қанаушы таптың қолындағы рухани құралдарға айналды.
Асан. Біздің еліміздегі орын алған жатсыну үдерісіне байланысты мораль мен адамгершілік құны түсе бастады ғой. Қазір кейбір жастардың арасында адалдық, шыншылдық, ар-ұят, ұждан жауапкершілігі, сыйластық, тағы басқалары өзінің мазмұнынан айырылып, кейде жай бос сөз, кейде күлкіге айналып кетті ғой? Үсен. Ол рас шынында да осы адамзаттың рухани азығы болып келген адамгершілік пен моральдың казіргі күндердегі маңызы төмендеп барады. Сондықтан осы адамгершіліктің қалыптасуының тарихи жолдарына қысқаша көз жүгіртейікші. Өйткені онсыз адамгершілік пен моральды, оның қазіргі рөлін түсіну қиынға соғады.
Ғалымжан. Үсен дұрыс айтасың. Әуелі тарихи шолу жасасақ адамгершілік пен мораль мәні де ашылатын шығар.
Адамгершілік пен моральдың шығуы қоғамдық қатынастармен тығыз байланысты екені сіздерге түсінікті. Бірақ қоғамдық қатынастар әр дәуірде әртүрлі ғой. Дегенмен сонау құлдық қоғамдық формацияның өзінде де жалпы адамзатқа тән, оның өмір сүру жағдайына лайықты моральдық, адамгершілік принциптері қалыптаса бастады. Сондықтан да осы көне заманның өзінде де адамның қарым-қатынасының негізінде туған адамгершілік принциптері қоғам өмірімен байланысты болды. Ортағасырлық дәуірдегі моральдық, адамгершілік принциптер дін мен шіркеудің идеологиялық құралына айналса да өмір шындығынан алшақ кете алмады. Сондықтан да діни идеология адамгершілік проблемаларымен біте қайнасып жатты.
Ұзақ жылдар бойы (тіпті жетпіс жылдан астам) біздің еліміздегі дінге, оның идеологиясына қарсы күрестің негізінде дін мен имандылық арасындағы айырмашылықтардың жігін аша алмай, сайып келгенде жаңа заманның өзіне тән дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, салт-санасын қалыптастыра алмай, адамдарымыздың ішкі рухани дүниесін босаңсытып жібердік. Әрине, орта ғасырдағы дін мен біте қайнасқан моральды, оның кодексін сынауға қазір әркім батылдана кіріседі. Бірақ оның негізі неде, оның орнына нендей ұстынды ұсынамыз, ол жағы белгісіз. Олай болса орта ғасыр дәуіріндегі рухани адамгершілік ұстындарын әлі де болса толық зерттеуіміз, өзімізге қажетті жақтарын пайдалануымыз керек.
Бірақ мораль мен адамгершіліктің қалыптасуы ортағасырлық дәуірден өтіп, капитализмнің өрлеу заманына тап болды. Осы буржуазиялық қоғамның адамгершілік және моральдық ұстындарына сын көзімен қараған немістің классикалық философиясының өкілдері өз тарапынан осы мәселелер жөнінде келелі пікірлер айтты. Енді осы мәселені ортаға салайық.
Асан. Бұл мәселеге ерекше мән берген И. Кант өзінің "Практикалық ақыл-ойға сын" деген шығармасында мораль мен әдет-ғұрыптың борыш пен ынталықтың, ақыл-ой мен сезімнің арасындағы қайшылықтарды атап көрсетті. Сондықтан да Канттың мораль туралы пікірлері күні бүгінге дейін өте маңызды. Ол моральды адамзаттың мәдениетіне жатқызып, оның екінші адамдандырылған табиғатты тудыратынын атап көрсетті. Мораль - индивидтің өзара қоғамдық қатынасынан келіп шығатын үдеріс. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста бола алатын қабілеті. Мораль - адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі, олардың практикалық өмірдегі бейнесін жасаудағы іс-әрекеті. Сондай-ақ мораль адамдардың қатынасынан туатын идеалды түрде өмір сүретін объективті, жалпы маңызды, әрі қажетті адамгершіліктің жиынтығы. Сонымен қатар мораль - өзінің мәні жағынан жеке-дара мен рулықтың, адам мен адамзаттың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы. Осы жиынтық арқылы әр адам өзінің адамдық қасиеттерін қалыптастырып дамыта алады.
Үсен. Бір сөзбен айтқанда Кант адамгершілікті моральға бағындырды, содан алып келіп шығарды десеңізші? Асан. Иә, оның моральдық ұстындары өзінің сыншылдығымен ескі, қатып семіп қалған қағидаларды батыл ысырып тастауымен бағалы.
Үсен. Ал Гегель болса, мораль мен адамгершілікті бір-бірінен бөліп алып қарайды. Ол көбінесе адамгершілікке назар аударып, оның мәнін ашуға ұмтылады. Адамгершілік қоғамның әдет-ғұрыптарымен ғасырларға созылған дағдылы дәстүрлерімен тығыз байланысты. Ол жеке индивидке сыртқы дүние сияқты болса да, сайып келгенде онымен бірдей қоян-қолтық қосыла кетеді. Ал мораль болса адамның ішкі сенімділігі, рухани куәлендіруі. Шынында да адамгершілікке ие болған адам сыншылдықтың не түрлі тексерулерінен өткен жөн.
Адамгершілік адамдардың практикалық өмірінен келіп шыққан әдет-ғүрып, дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес келеді. Ал мораль болса шыңдыққа қарама-қарсы, теріс қарымқатынаста пайда болады және субъективті түрдегі міндеттенушіліктен келіп шығады. Сондықтан да адамгершілікті қоғамдық мораль деп қарауға да болады. Өйткені ол адамдардың, қоғамдық ортаның (отбасы, мемлекет) негізінде туындайды. Мораль керісінше адамгершіліктің жекелеген жақтары сияқты. Ол жеке адамның өзіндік бағалы идеясынан келіп шығады. Асан. Сонда Гегель керісінше моральды адамгершілікке тәуелді етіп, содан туындатып отыр ғой?
Үсен. Әрине, негізінде адамгершілік моральдан гөрі жоғары тұрады ғой. Асан. Қалайша? Оны әлі ойлау керек. Ғалымжан. Сіздердің бағанадан бергі Кант пен Гегель туралы айтқан пікірлеріңіз оқулықтар мен кейбір монографияларда кездеседі. Ал шындығында мына мәселені ойланайық. Қазір ғой, мораль мен адамгершілікті бөліп алып қарай ма, әлде оларды бірге деп есептей ме?
Асан. Меніңше олар бірге, біте қайнасқан. Өйткені қай жерге барсаң да мораль, мораль деп қақсап жатқаны. Сондағы айтайын дегені адамгершілік. Кейде адамды жұмысқа алғанда, оған мінездеме бергенде "моральдық жағынан ұстамды" деп жазамыз. Ол адамның қандай екенінде біздің жұмысымыз жоқ. Сондықтан да бұл категориялық ұғымның мазмұны ішкі жағынан жалаңаштанып, сыртқы, сөз бейнесі ретінде ғана қалады. Соның тармақтарын білесіңдер ме? Үсен. Жоқ, есімде ештеңе қалмапты.
Асан. Міне, осындай кодекстің кесірінен мораль адамдардың ішкі дүниесінің көрнекті белгісі болудың орнына елдің ат-тонын ала қашатын құбыжығына айналды. Қазір үй ішінде ата-анасы ұрысқан бала: "Маған мораль оқымаңыз" деп шыға келеді. Сасып қалған ата-ана: "Жоға, жоқ мен мораль оқымаймын" деп ақтала бастайды. Үсен. Міне осыдан келіп "моральдандыру" деген жат сөз, ұғым пайда болды емес пе? Мораль десе төбе шашымыз тік тұратын дәрежеге жеттік.
Асан. Дұрыс айтасың. Адамдар моральдан қашты, оны өздері әңгіме кезінде қолданбауға тырысты. Мұндай теріс көзқарас қайдан пайда болды? Меніңше бар пәле тәрбиеде жатыр. Алдымен отбасында одан соң балалар бақшасында тәрбие мәселесін моральды ұғындырудан, соны насихаттаудан бастаған дұрыс. Бірақ, мораль жалаң болғандықтан, күнделікті өмірмен, практикамен, қоғамдық қызметпен байланыспағандықтан, жастар бүкіл моральдық қағидалардан соңғы кездері безіп кетті ғой.
Әрине, бұған тоқыраушылық жылдардағы өмірдің екпінді дамуына төтеп бере алмай, іске алғысыз болған моральдық кодекстер жауапты. Өйткені олар өмір қайшылығына тап болды. Сондықтан моральдық принциптер, керісінше эсер етіп "адам бол", деген жақсы ниет арамзалардың шығуына, "еңбек ет" деген қағида арамтамақтардың кең өріс алуына жағдай жасады.
Үсен. Иә, солай болды ғой. Мұның барлығын біз өмірде біле тұрып, білмеген боламыз. Сөйтіп біз адамгершілік принциптерінде аяққа таптадық. Адамгершілікке тәрбиелейтін отбасы өз міндетін балалар бақшасы мен мектепке жүктеп, ал олар болса керісінше барлық мәселені отбасына қарай артып, екі ортада жастарымыз далада қалды. Сонау ананың ақ сүтімен басталатын адамгершілік ұстындары қазір көптеген отбасында балалар бақшасы мен мектептерде әлі де толық қалыптаспаған.
Ғалымжан. Мұның барлығы дұрыс, бүл жерде ешбір дау жоқ. Бірақ мәселе тек сынапмінеуде ғана емес, қазіргі қоғамды ең алдымен адамгершілікке бай етіп қайта құру болып отыр ғой. Осы мәселенің түйіні қайда жатыр?
Асан. Ол үшін моральды Кант айтқандай өте маңызды фактор деп, адамның ішкі дүниесінің шешуші түйіні деп терең түсінуіміз керек. Үйде де, түзде де, балалар бақшасында да, мектепте де, - барлық жерлерде жаттап алған моральдық қағидаларды қақсап айта бермей, сөзден іске көшіп, өмірдің өз дамуынан шыққан үдерістерді моральдық негізде бағалауымыз керек. Өйткені сан ғасырлар бойы қалыптасқан адамзаттың мәдениеті бойынша моральдық қасиеттерді де кеңінен сақтаған. Соларды ұғынып, түсініп қана қоймай, оларды өмірдің өзіне пайдалану қажет. Әрине ғасырлар бойы жинақтаған моральдық ережелер бар. Оларды да адамдардың арасындағы қатынастар арқылы қарап, бағалап, негізгі мәнге айналдырған дұрыс. Сонда ғана адам мен адамзаттың біртүтас рухани мұрагерлігі қалыптасып, қоғамның шын моральдық негізде дамуына жол ашылады.
Үсен. Әрине адамгершілік принциптерінсіз мораль алысқа бара алмайды. Қазір біз ұзақ жылдар бойы дамымай жоғалуға айналған әрбір ұлттың, әсіресе қазақ халқының әдетғұрпын, салт-санасын, дәстүрін, тағы басқа ерекшеліктерін қайтадан жандандыруға кірістік. Өйткені қазіргі жастар өзінің ұлтын, оның даму ерекшелігін, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерін түсіне алмай жүр. Бұл жағынан алғанда мораль адамгершілікке көмектесуі қажет. Сонда ғана мораль адамгершіліктен келіп шығады. Сонау көне грек заманындағы Сократ әуелі адамгершілікті қарапайым, адамдар арасындағы қатынастардан шығатынын терең ойлармен түсіндіре келіп, моральға тіреледі. Одан соң ол мораль адамның бойындағы негізгі байлық екенін көрсете отырып, қайтадан оны адамгершілікпен ұштастырды.
Кейде мораль дегеніміз сыртқы көрініс, этикаға, формаға қалай жүріп тұрудың, адамның өзін-өзі қалай ұстаудың ережелеріне айналып, ал адамгершілік деген ешбір түсініксіз абстрактылы нәрсеге ұқсайды. Сондықтан да моральды жеке адамға, адамдарға тән десек, адамгершілік бүкіл адамзаттың, қоғамның бойындағы асыл қасиет деп есептеп, екеуінің арасындағы органикалық, гармониялық үйлесімділігін көре білуіміз керек. Ғалымжан. Мұның бәрі өте дұрыс айтылған пікірлер. Бірақ сіздер Кант пен Гегельдің айналасынан шыға алмай жүрсіздер. Мәселе осы ойшылдардың пікірлерінде қажетті нәр,
дән жоқ деген тұжырымда емес. Олардың сол данышпандық ойларының қалай жүзеге асырылып келе жатқандығында болып отыр. Ол үшін әуелі маркстік-лениндік позицияға түсіп, немістің классикалық философиясының тар өрістілігін қалайша жеңіп шығуы керек екендігін ұғынуымыз керек.
Марксизм мораль мен адамгершілік мәселелерін алдымен адамдардың арасындағы өндірістік практикалық қатынастардың тірі арқауына әкеліп кіргізеді. Сондықтан да әрбір қоғаммен әрбір тап осы ұғымдарға өзінің әлеуметтік мазмұнын енгізіп, үнемі өзгертіп отырады. Ал енді адамдардың арасындағы әлеуметтік, саяси-экономикалық қатынас қоғамның өндіріс қатынастарынан келіп шығатыны сіздерге белгілі. Қоғамдық өмірдің өндірісімен ұдайы өндіруі екі жақты үдеріс. Ф. Энгельстің тілімен айтқанда "тіршіліктің өзін өндірудің және ұдайы өндіріп отырудың" екі жағы бар. "Бір жағынан - тіршілік заттары" тамақ, киім-кешек, тұрғын үй, және осыған керекті құралдар өндіру; екінші жағынан - адамдардың өзін өндіру, ұрпақтың жалғасуы" (К. Маркс, Ф. Энгельс. Таңдамалы шығармалар. II том, 210-бет).
Олай болса мораль мен адамгершілік осы үдерістің екі жағымен де тығыз байланысты. Адамдар өздерінің болмысын, тұрмыс жағдайын, тіршілік заттарын өндіргенде өзара өндірістік қатынаста болады. Сол қоғамдық қатынастардың негізінде адамдардың арасындағы бір-бірін түсінушілік, бір-біріне деген ілтипат, бірін-бірі сыйлаушылық, тағы басқа да қатынастар әуелі ғасырлар бойы орын алып келген моральдық принциптер негізінде құрылды. Одан соң әрбір адамның өзіндік ерекшелігі мен бойындағы қасиеті, басқаларға деген қатынасы, оның отбасымен өткен ортадан алған тәрбиесінің айнасы ретінде не күңгірттеніп, не жарқырай көрінеді. Осындай моральдық қатынастар өндіріске де әсер етпей қоймайды. Шығарылған өнімнің сандық жағымен бірге сапасының бар екені бәрімізге мәлім. Ендеше сапа осы адамгершілік қасиеттерінің ерекше көріністерінің бірі десек қателеспеген болар едік. Өйткені жұмысқа, өндіріс үдерісіне жауапсыз, немқұрайлы қарау, қалай болса солай атқару өнімнің сапасын көрсетеді. Екінші жағынан, мораль мен адамгершіліктің "адамның өзін өндіруге", ұрпақ жалғастыруға тікелей қатысы бар. Біздің еліміздегі адамдардың, әсіресе жастардың жоғары білім алуымен қатар, өнегелі, тәрбиелі, адамгершілігі зор болғаны бірінші орында тұрғаны жөн.
Омар ақсақал. Дұрыс айтасың қарағым. Қазір екінің бірі оқу оқып, жоғары білім алатын дәрежеге жеттік қой. Бірақ солардың ішінде оқығаны коп те, тоқығаны шамалы болып тұр-ау. Әсіресе жоғары білімді, тіпті ғалым иесі немесе мекеменің басшысы, тағы басқалары өзінің адамға деген қарым-қатынасынан-ақ "әй мынау ешбір тәрбие алмаған қуау, шіренуін қарашы", деп ойлайсың. Олардың кейбіреулері өзіңмен тіл катысып сөйлеспейді де. Олар өздерінің атқаратын жұмысын басқа біреуге, көмекшілерге аудара салады. "Адамды түсінен танығанша ісінен таны" деген осы-ау. "Әй, қайтейін, қайсыбірін айтайын" депті баяғыда біреу. Сол айтқандай бұл өнегесіздіктің қайсын айтып тауысасың? Өркен жайып барады ғой бұл құрғыр бетін аулақ қылсын?
Асан. Осының бәрі жастайынан берілетін тәрбиеден. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" дейді халық мәтелі. Тәлім-тәрбие болмаған жерде адамгершілік қайдан қалыптасады? Австриялық жазушы С. Цвейгтің "Жозеф Фуше" деген кітабында атақты қолбасшы Наполеонның дөрекі мінезінің бір көрінісі бар. Сол туралы: "Осындай ұлы адамның осыншама жаман тәрбие алғаны қандай өкінішті" деп министр Талейран императордың бетіне тіке сарт еткізіп айтты емес пе?! (Стефан Цвейг. Собрание сочинений в семи томах. Том четвертый. М. 1963. стр. 530). Үсен. Сонда тәлім-тәрбиемен кім айналысуы керек?
Асан. Ең алдымен отбасында! Өйткені тәлім-тәрбиенің ананың ақ сүтімен қоса берілетіні бәрімізге белгілі ғой.
Ғалымжан. Әрине, тәрбие әсіресе адамгершілік, оның алғашқы нәрі отбасында берілуге тиіс. "Адам тәрбиесі ол туысымен басталады" деді француз философы Ж. Ж. Руссо. Шынында да адамгершілік ананың ақ сүтімен келіп, адамның әрі қарай жетілуіне үлкен негіз болады. Бірақ осы ананың ақ сүтімен келген адамгершілік ақиқатын көп жерде көре алмай жүрміз-ау. Менің есіме атақты жазушы В. Распутиннің көрнекті ойы түсті. Ол өзінің сөзінде, егер біздің заманымызда жас Пушкин өмір сүріп, бірақ ол ардақты күтушісі - Арина Радионовнаның өлең-жырларынан, ертегілері мен әндерінен нәр алып тәрбиеленбесе, керісінше ол сахнадағы күні-түні ән айтатын жалба-жұлба киімді актрисаның барылдаған даусын естісе, онда ол Пушкин емес, Дантес болып өсер еді депті. Жазушының бүл сөзінде терең шындық жатыр. Қазіргі жастардың көбі дерлік шетел эстрадасы, музыкасы, ансамбльдері, тағы басқаларымен тым әуестеніп, өзінің халқының, ұлтының, елінің музыкасын, өнерін, мәдениетін білмей, оларды білейінші деп ұмтылмайақ өсіп келеді. Міне, қорқынышты нәрсе осы!
Асан. Әрине, бүл жастардың өз мәдениеті мен әдебиетіне, сонымен қатар өткен тарихына немқұрайды қараушылықты тудырды. Ал өз тарихын білмеушіліктен өткен сорақылық бар дейсің бе? Адамгершілік әрбір халықтың аса бай рухани қазынасымен тығыз байланысты. Үсен. Шынында да Оралхан Бөкеев ағайдың "Атау кере" повесіндегі бір кейіпкер осы мәселе жөнінде былай дейді: "Біз күні бүгінге дейін ұлттық адамгершілік, бет-бейнесі мен болмысын, келбеті мен лайықтылығын анықтай алмай жүрміз. Әсіресе қазақтардың ...ұлтымыздың ар-ұждандық идеалын білмейміз".
Ғалымжан. Шынында да біз өз дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздан айырылып, құр алақан қала жаздадық. Оған не себеп болғанын сіздер жақсы білесіздер. Асан. Оған себеп болған сталинизм, хрущевизм және брежневизм тоқырау заманындағы жағдайлар мен содан келіп шыққан идеологияшылдық үдерісі. Идеологияшылдықтың кең өріс алғандығы сонша тіпті осы жоғалтқан мәдениетіміз бен әдет-ғүрып, салт-санамыздың орнына "интернационализм" деген даурықпа ұран шықты. Үсен. Интернационализм жалпы адамзаттың өзара бірлік қатынасының ең жоғарғы белгісі ғой.
Асан. Әрине ол дұрыс. Бұл сөздің мағынасы өте тереңде жатыр. Бірақ осы ұғымның әбден сілікпесін шығара пайдаланып, қисыны келсе де келмесе де интернационализм деп, кім ұлты үшін жаны ашып, халқы үшін қабырғасы қайыса, мәселе қозғаса оны ұлтшылдық дедік-ау. Үсен. Интернационализм әрине ұлт мүддесін; оның мәдениеті мен әдет-ғұрпын, салтсанасын жоққа шығармай, қайта оларды бойына тереңдетіп сіңіре береді. Бірақ ең жаман нәрсе біз интернационализм деп басқа жақтан, буржуазиялық батыстан келген көптеген келеңсіз нәрселерді үйрендік-ау деймін.
Асан. Дәл солай. Тағы да Оралхан ағаға жүгінейік. Оның жоғарыда аты аталған повесінде мына сөздер адамды ойландырады: "Ішімдікке салыну, ана тілінен жеріну, дәстүр мен салтты саудалауға солай... үйретеді, үйренеді". Үсен. Өз ұлтымыздың ана тілін, дәстүрін, өнері мен салт-санасын білмеген соң басқа ұлттың модаға айналған жөн-жобасын қабылдау әдетке айналып барады. Біздің құрбы жастарымыз жаман тәрбиеден тыс нәрселерді көп үйренеді. Еліктеушілік - жігерлі еріктен айырушылықтың бір түрі емес пе?!
Омар ақсақал. Ғасырлар бойы қалыптасып келген ата-бабамыздың әдет-ғұрпын, салтсанасын жаңаша жаңа өмірге сәйкес неге жандандырмасқа. Әрине, ондай салт-саналардың озығы да, тозығы да бар. Бізге керегі сол озығы, күні бүгінге дейін сақталып келген қажетті жақтары емес пе? Алдымен, меніңше, барлық халықтарға тән адамгершіліктің жалпы өрнектері - адамды сыйлау, ең алдымен үлкенді, қарияны, елге еңбегі сіңген қадірлі адамдарды сый-құрметке бөлеу. "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" демей ме халқымыз. Сонда ол адамдар өзінің қызметінің жемісін көріп, өмірге риза болып, болашақ ұрпаққа сенім арта қарар еді ғой.
Ал қазір шетелдерден бе, әлде өзіміздегі басқа халықтардан үйрендік пе оны құдай білсін, ана тілімізде сөйлеуге тілі келмей түр, "қарттар үйі" деген сұмдық сөз шықты. Әрине, үлкен-үлкен қалаларда жетім-жесір, панасыз, ешбір ағайын туысқаны жоқ (қазақта ағайын туысқаны, жамағайыны жоқ дегенге кім сенсін, қарға тамырлы қазақ емес пе?!) қарттарды мүмкін осында әкеліп, орналастыруға болатын шығар? Әй, қайдам? Ал бала-шағасы бар, немерелері жүгіріп жүрген қария әжелер мен ақсақалдарды әкеліп, осы үйге тастап кету қандай қиямет! Ондай қатыгез адамдарға болашақ ұрпақ қарғыс жаудырудан басқа не айтар дейсің?! Әлгі айналып кетейін Алтынбек Қоразбаевтың "Қара кемпір", "Қара шал", "Қара бала" деген әндері іші-бауырыңызды елжірете езгілеп, не түрлі сұмдық, адамгершіліктен безген жанның бейнесін көз алдымызға әкеледі.
Асан. Ойбай, ата ондай безбүйрек, тас бауыр жандар көп-ақ қой, қазір. Олар өз ұлтымызда да жиіленіп барады. Омар ақсақал. О, тоба-ай десеңізші. Бұрын-соңды біздің қазағымыздың тарихында да жан түршігерлік соғыстар, қантөгістер, бір-бірінен өш алу, қаталдық болған шығар. Ал енді мына біздің заманымыз болашаққа ұмтылып, еңбек етіп жатқанда, осындай үлкен адамдарға, қарттарға деген қатыгездік пен қиянатшылық тарихымызда ешбір болмаған еді ғой. Сонау көне заманнан бері қариялар, қарт адамдар дастарқанымыздың сыйлы қонағы болып, төрімізден орын алушы еді. Кімнен ғана үйрендік екен осы қатыгездікті?
Асан. Ақсақал біз бір жағынан әрине осыған үйрендік те, үйретті де ғой, мына қиюы қашқан дүние!
Ғалымжан. Дегенмен тәрбиеде көп мән жатқанын ұмытпауымыз керек. Балалардың өсуіне, олардың рухани түрде жетілуіне, адамгершіліктің қалыптасуына көңіл бөлмеген соң олар тасбауыр, менменшіл, қайырымсыз боп өседі. Әрине өміріміздің жоғарыда айтқандай жат қылықтары біздің жастарымызға үлкен әсер етті. Дегенмен адамның өзіндік тәрбие алу, даму үдерісін ұмытпайық. Белгілі кеңес педагогы Василий Александрович Сухомлинский осы тәрбие туралы былай деді емес пе: "Тасбауыршылық адамдарға немқұрайды қарауды, ал немқұрайдылық - менмендікті, менмендік - қатыгездікті тудырады".
Омар ақсақал. Мәселе үлкенді сыйлау, ештемені білмей жатталған көрсоқырлық емес, қайта ол адамдардың ақыл-өсиетін, сөздерін еске сақтап, тәлім-тәрбие алу, олардың өмір жолын әрі қарай жалғастыру.
Ал енді балаларды, жастарды қай халық болмасын ерекше сүйіп, құрметтеп, мәпелеп өсіруге тырысады. Мұнда да адамгершілікке байланысты көптеген жайлар бар. Алдымен жастарды, балаларды еркелетіп, мәпелеп "құлыным", "шыбыным", "ботам" дей отырып, оларға қатал да болып, тәртіпке шақырып, жаман әдет-ғұрыптардан жирендіріп отыру керек. Баяғыда "ұры" деген сөз өте қорқынышты, өте ауыр сөз болатын. Ұрлығы ашылып қалған адам не өте қатты жазаланып, не ауыр ар таразысынан өтетін. Ал қазір ұрлық деген көбейіп кетті. Жолда жатқан нәрсені іле кету былай тұрсын, үйлерді, мекемелерді тонау, әсіресе, жастар жағынан, әдетке айналып бара ма деймін? Кейде осы мәселені "Бізде дүние әлі жетіспейді, адамдардың еңбекақысы әлі аз" деп түсіндірмекші болғанына қайран қаласың. Сонда немене бұл тонай беруге рұқсат деген сөз бе?
Баяғыда ананың ақ сүтіне аузы тиген балаға "ешкімнің ала жібін аттап басушы болма!" деп үйретпеуші ме еді, құдайым-ау. Айтайық Әз Тәукенің жеті жарғысында осы ұрлыққа қарсы, адамгершілікті тәрбиелеу туралы мәселелер көп айтылды емес пе? Соның бірекеуін еске түсіре кетейік: 3-жарғы "Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын!" 4-жарғы "Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын!" 5-жарғы "Өреде тұрған тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын!"
Міне, аса қатал болса да бірақ әділ заңның өткен заманындағы бейнесі осындай. Яғни "Ар жанға, жан тәнге батады" деген осы! Адамгершіліктің тағы бір көрінісі біздің тарапымыздан жастарға деген қатынасымыздың қате қалыптасуынан болып отыр-ау деймін. Біз балаларды, жастарды тым өбектеп, асыра бағалап, нақты түрде олардың өзіндік даму ерекшелігін бағдарлай алмаймыз. Осындай тәрбие алған жастар кейін келе ата-анасының мойнынан қартайғанша түспейді. Ондай балалар ата-анасын сыйламайды да, келешекте күтпейді, тіпті бара-бара өзімізге масыл болмасын деп олардан құтылуға тырысады.
Әрине, балаға жөнсіз қатал болып, ұрсу-жеку, олардың жер-жебірлеріне жете кемсіту де жақсылыққа әкеле бермейді. Ондай орынсыз жәбір көрген жастар, қауіпті жолға түсіп кетуі де мүмкін. Дегенмен жастарға әдет-ғүрып сақтау керек-ақ. Олар ғасырлар бойы халқымыз қадірлеп келген асыл қазынасы - адамгершілікті игеру қажет. Мәселен, сый-құрметті көрсету ғана емес, ізеттілік те кейде әрбір жастың киім-киісіне, өне бойын ұқыпты ұстап, әрбір істе ізгілікті болуына қарап отырып, оның ішкі дүниесіне де көз жүгіртуге болады. Асан. Яғни белгілі немістің ақыны әрі драматургы Ф. Шиллер айтқандай: "Адам өз ісімен танылады" ғой!
Ар деген сөзден шығады біздің өткен өмір тарихымыз біздің арымыз. Арымыз таза болса тарихымыз да таза. Бірақ тарихымыздағы ұзақ жылдар бойы орын алып келген қиянат пен ауыр зардаптар халқымыздың адамгершілік сана-сезімін ойсыратып жіберді ме деймін? Өйткені сонау жетпіс жылғы тарихымыздың өзі идеологияшылдықтың құрсауында болып, ресми түрде өмір сүрді ғой. Ал сонау ғасырларға созылып, мыңдаған жылдарды қамтыған тарих жөнінде ештеңе айта алмайтын жағдайға жеттік. Тарих және оны зерттеу белгілі бір адамдардың қолжаулығына айналды. Енді ғана тарихымызды ластаған идеологиялық үдерістерден тазаруға, олай болса арымызды да тазалауға мүмкіндік туды. Дегенмен әлі де толық тазалыққа жетуге әкімшілік-әміршілік жүйе бөгет жасап келеді.
Үсен. Е, қайдам? Арымыз толығынан тазарды деген сөздің өзі іске асар қояр ма екен? Өйткені, қазір кейбір адамдардың адамгершіліктен жатсынып бара жатқанын көріп отырмыз ғой. Ондай мәңгүртке айналған адамға не істей аласың? Онда ешбір парасаттық қасиеті қалмаған - ол үшін ар-намыс, ұлттық сана-сезім бос сөз, адамгершіліктің барлық жағынан жұрдай болған. Абайдың тілімен айтқанда "сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауызға" не істейсің? Әлде Ш. Айтматовтың "Жан пида" романындағы Базарбайды "сен бұл дүниеде өмір сүруге татымайсың" деп өз қолымен атып тастаған Бостон сияқты іс-әрекет жасау керек пе? Ол да табыла кеткен ақыл емес. Өйткені мұндай іс-әрекеттен соң Бостонның қандай жағдайға ұшырағанын Шыңғыс ағамыз былай деп суреттейді: "Мына адамдардың жүзіне қарап, Бостон кенет өзінің әлдебір сызықтан өтіп, өзгелерден мүлде бөлініп қалғанын сезді... Қазір олардың жүзіне қарап, жатсынуды, жатырқауды байқады. Сонда барып енді өзі бүл адамдарға мәңгі мүлде жат екенін ұқты. Өмір бақи бұлар оны көріп білмегендей жат. Егер өліп қалып, көрден қайтадан тіріліп келсе, жұрт қандай шошыр еді, қазіргі халі де сондай" (Шыңғыс Айтматов. "Жан пида". Роман. Алматы. "Жалын" 1988. 475-бет).
Міне адамгершілік үшін күрескен адамның жағдайы осындай. Адамдықтан безген "өзі де ит" адамды заңсыз әркім өзінше жазалауға тиіс емес. Бірақ ондай "ит адамға" жазалайтын заң біздің конституциямызда жоқ. Жатсыну деген үдерістің диалектикалық арақатынасы осындай. Асан. Ал адамгершіліктен босап шығып, еркіндік алып ар мен намысты аяққа басып жүргендерге не істеу керек? Олар үшін адамгершілік принциптерінің бәрі де бос сөз. Дүниедегі ең мықты - ақша мен дүние-мүлік. Ал басқаларын, оның ішінде адамгершілік қасиеттерін де сатып алуға болады. Тек бар, бай болу керек! Олардың ойынша бай болсаң, тіпті Қарабай болсаң да ештеме етпейді.
Омар ақсақал. Астапыралла! Қарабай несі, ойбай! Қазақ қазақ болғалы байлықты дәріптеп, оның иесі болған дүниеқоңыз Қарабай сияқты жанды адамның қатарына қосып көрген жоқ. Ол адамзат тарихындағы азғындықтың, қорқаулықтың, қанағатсыздықтың, сараңдықтың, қатыгездіктің, адамгершіліктен жұрдай болып малмен бірге малға айналған сұмның бейнесі емес пе? Сан ғасырлар бойы халқымыз сол есімнен жиіркеніп келді ғой?! Жоқ, жоқ! Бізге Қарабайдың керегі жоқ! Ғалымжан. Иә, қазіргі заманда тіпті жеке меншікке кең өріс ашып, сауда саттыққа жол берсек, байлықтың көзін ашып еріге бастасақ та Қарабайды бүгінгі таңда қажет-ақ деп айту - саяси соқырлық болар еді.
Сонымен қатар қазіргі қайта құру дәуірі кеңінен көтеріп отырған - демократияландыру, жариялылық, бюрократизмге қарсы күрес, ұлтаралық қатынастардың мәселелері ең алдымен адамгершіліктің санасынан өтуге тиіс. Әйтпесе осы келелі проблемалар бос сөздердің тасқынына ұшырап, өзінен-өзі жойылып кетеді.
Әсіресе бюрократизмге қарсы күрес әлі де мардымсыз. Әміршілік-әкімшілік жүйенің қоғамымызға бойлап енгендігі сонша, одан құтылу, оның көзін жою оңайға түспейді. Олай болса теріс моральмен әбден жарақтанып алған бюрократизм оқ өтпейтін берік қамал сияқты, қанша сынасақ та мұрты қисаяр емес. Бұл жүйенің түрі өзгергенмен мазмұны сол қалпында. Халыққа, қоғамға оның зияны үлкен. Ұлтаралық қатынастар туралы мәселені өздерің де жақсы білесіңдер. Бұл шиеленіскен ауыр жағдайға, азамат соғысының қаупіне жақындап кеп тұрған мәселе. Ендеше оны адамгершілік принциптері арқылы ғана шешуге болады. Басқа жол жоқ....
Асан. Осы жоғарыда айтылған жаулар, пәлелер бір уақытта құрып кетті емес пе? Сонда олардың қайта туып жанданғаны ма? Ғалымжан. Иә, жоғарыда айтылған адамгершіліктің қас жаулары әр уақытта өмір сүріп келеді. Олардың қоғамдық, экономикалық, саяси-әлеуметтік, идеологиялық дағдарысына байланысты ерекше көрініп қалатын кездер болады. Міне қазіргі коғамның өз арын тазалау кезеңінде бұл жаулардың адамгершілікке қарсы барынша күреске шығуы да заңды нәрсе сияқты. Сонымен адамгершілік дегеніміз не болды?
Асан. Адамгершілік қоғамдағы ресми дамудың ең жоғарғы кезеңі деуге болады. Қандай қоғамда болмасын әуелі оның адамгершіліктегі жеткен шыңымен бағалағанымыз дұрыс шығар?! Үсен. Мұндай ойды толығынан қостауға болады. Өйткені адамгершілік деген - ойлау үдерісі мен ақыл-ойдың диалектикалық өзара бірлігі. Себебі біздің санамыз ақыл-оймен тығыз байланысты ғой. Ал бұл екеуінің диалектикалық арақатынасы, екеуінің де мәнінің ашылуы тек адамгершілік арқылы ғана бола алатын үдеріс.
ТҮЙІН
Ғалымжан. Омеке, бағанадан бергі айтылған әңгімелердің басы-қасында болып, өз ойларыңызды да ортаға салдыңыз. "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін" енді сізден тыңдасақ. Мен сізге рұқсат болса бірер сұрақ қояйын деп едім. Омар ақсақал. Егер жауап бере алсам, жақсы болар еді? Ғалымжан. Біз ой-сана, білім, ақыл туралы пікір алыстық. Бұл мәселелер бір жағынан философиялық көне заманнан бері қарай адамзаттың көкейінде кең орын алып келеді. Ал екінші жағынан, күні бүгінге дейін оның ашылмаған қырлары мен сырлары жеткілікті екен. Сіздің ойыңызша сана халқымыздың өмірінде қандай орын алды, сол туралы не дер едіңіз?
Омар ақсақал. Ой-сана біздің халқымыздың өмірінде (басқа ұлттарда да солай болар) үлкен орын алды және әлі де маңызды. Басымыздан кешірген қилы-қилы кезеңдерді, ауыртпашылықтар мен түрлі қырғын апаттарды халқымыз санасында сақтап келді ғой. Оны жазушылар мен көптеген зергер ойшылдар өз шығармаларына арқау етті. Біздің санамыз әрдайым еркіндік аңсаған сана болды ғой. Ол қалай да еркіндікке жетуге ұмтылды және жетті де. Оған айқын айғақ ретінде таяуда ғана кейінгі ұрпаққа таныс бола бастаған Шәкәрім, Мағжан, Ахмет, Жүсіпбек, тағы басқаларының есімдері мен ұзақ жылдар бойы торға қамалған ой сезімдері.
Бірақ қарағым-ай қазіргі кезеңде санамыздың өзі бірте-бірте "қасіреттің" құшағына кіріп бара жатқан жоқ па? Ғалымжан. Ақсақал "қасірет" деген ауыр сөз ғой? Ол сонау 1932 жылғы ашаршылық пен Ұлы Отан соғысынан кейін айтылмай кетіп еді?!
Омар ақсақал. Е, қарағым, Семей мен Ақтөбедегі тарсылдатып жарып жатқан сынақ орындары қасірет емей немене? Ал бір уақытта шортаны аттай тулап, шағаласы мен үйрек-құсы шулап жатқан Аралымыздың тартылып бара жатқаны, одан ұшқан ақ тозаң тұздардың балаға да, анаға да, барлық адамдарға ауру таратып жатқаны қасірет емей немене? Дүние жүзіне даңқы жайылған, кеңдігі мен кенділігі адам баласын таңғалдырған Балқашымыздың екі жақты қыспаққа ұшырап, жер бетінен жойылып бара жатқаны қасірет емей немене? Өз мекенінде, өз жерінде орын таба алмай, халқымыздың шұбап жүргені, қала мен аудан орталықтарының табиғаты жағынан бүлініп, енді қоныс болудан қалып бара жатқаны қасірет емей немене?
Ғалымжан. Жеке адамның өміріне қасірет әкелетін не жаман? Омар ақсақал. Е, қарағым, өсек пен төсек қой! Ғалымжан. Онда ақымақтық деген не болды, ақсақал? Омар ақсақал. Бастаған істі аяқтамай, не орта жолда қалдырып тастап кету! Ғалымжан. Онда біздің 70 жылдан астам уақыт бойы істеген ісіміздің аяқталмай қалғанын не деуге болады? Омар ақсақал. Оны сіздер білесіздер, оқыған ғалым адамсыздар ғой?! Оны да ақтап, "дәләлдейтін" оқымыстылар табылар?!
Ғалымжан. Сіздер балаларыңыз бен немерелеріңізге "оқыңдар, әйтпесе надан боласыңдар" деп үйретесіздер ғой?! Сол оқығандық ақылдылыққа әкеле бермейтінін жаңа талқыладық емес пе?! Оған қалай қарайсыз? Омар ақсақал. Түсіндім сұрағыңды, қарағым! Заманына қарай ағымы, толқыны емес пе?! Көптің ойы осыған қарай ауып кетті ғой, оған не істейміз? Бірақ оқығаннан гөрі тоқыған ата-баба дәстүрімен оның өткен жолына көбірек үңілу, содан сабақ алу дұрыс қой?! Ғалымжан. Ата-баба жолын игеруден әлі де қалып бара жатырмыз ғой, ақсақал?! Омар ақсақал. Онда зауал келді десеңші - артың қараңғы, алдың - терең жар, енді қайда барып оңасың?
Ғалымжан. Адамдық пен надандықтың арасы қанша? Омар ақсақал. Әрі қашық, әрі өте жақын. Көне замандағы даналар айтты емес пе? Егер надан өзінің надандығын білсе, ол ақылды болатын көрінеді. Ғалымжан. Онда өнегесіздік надандықтың негізгі белгісі болғаны ғой?! Омар ақсақал. Дұрыс айтасың, қарағым! Өнегесіздік жайлаған жерде адамдыққа жол жоқ! Ғалымжан. Е, кең дүние тарылып, қуырыла бастады десеңізші?! Омар ақсақал. Иә шырағым, заман озып болды ғой. Ізгіліктен ізде қалмай жүрмесе жақсы болар еді?! Ғалымжан. Адамның бойындағы ең жаман қасиет қандай дейсіз? Омар ақсақал. Меніңше, ұстамсыздық! Ғалымжан. Тәрбиедегі ең жаман не?
Омар ақсақал. Қатыгездік! Ғалымжан. Онда қоғамымыздың жөнді өркендей алмағаны ғой? Омар ақсақал. Мүмкін. Мен кейінгі балалардан, жастардан қорқамын. Олар тым қатыгез болып адамгершіліктен безіп бара жатқан сияқты. Ғалымжан. Онда тәрбиедегі ең жақсы не болды? Омар ақсақал. Мейірімділік! Ғалымжан. Адамның бойындағы жазылмайтын кесел не? Омар ақсақал. Күншілдік. Әсіресе біздің халқымыздың өмірінде ол едәуір орын алып келді ғой?! Ғалымжан. Жан азабы дегеніміз не? Омар ақсақал. Қайғы! Одан өткен азап, одан өткен тозақ бар ма?! Ғалымжан. Жан рақаты дегеніміз не болды? Омар ақсақал. Арманыңның орындалуы! Одан өткен жұмақ пен рақат бар ма?!
Ғалымжан. Ондай болса неден сақтану керек? Омар ақсақал. Есі шыққан есерден, тосыннан келген кеселден! Ғалымжан. Енді тілектеріңіз қандай? Омар ақсақал. Айта бер, қарағым! Ғалымжан. Қарияларға не тілер едіңіз? Омар ақсақал. Өмірде ешкімге керексіз болып қалмаңдар! Ғалымжан. Еркектерге ше? Омар ақсақал. Дүние мен өмірдің тұтқасы екендіктеріңді ұмытпаңдар дер едім. Ғалымжан. Әйелдерге қандай тілек айтасыз? Омар ақсақал. Ана деген қасиетті есімді әрдайым ардақтап қастерлей біліңдер! Ғалымжан. Балаларға не дейсіз? Омар ақсақал. Қарттарға қарап өз өмірлеріңнің мән-жайын түсінуге ұмтылыңдар!
Ғалымжан. Бүкіл адам баласына не тілегіңіз бар, ақсақал? Омар ақсақал. Ой, қарағым-ай, қайдағы жоқты тауып алдың ғой. Бүкіл адам баласына тілек айтатын мен кіммін, мұншама? Ғалымжан. Дегенмен? Омар ақсақал. Қоймадың ғой, қарағым. О, адамзат! Адам деген ардақты атты ұмытпа, қадірле, әрі терең түсін дер едім! Ой. Ақыл Адамгершілік. Алматы: Білім, 1994. 93-109-бб. Тұрсын ҒАБИТОВ ҚАЗАҚ ЭТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ҮДЕРІСТЕРІ
Архаикалық қауым әдептік реттеуі басым қоғамға айналуы үшін бірнеше сатылардан өтуі қажет. Осы жөнінде әдебиетте әдептің қалыптасуындағы үш саты аталып өтіледі: 1) Культ (табыну) сатысы. Бұл сатыда жеке адам табиғаттан да, қауымнан да ажырамаған, "Біз" феномені үстемдік етеді. 2) Мәдениет сатысы. Бұл сатыда әдеп, құқық, өркениет қалыптаса бастайды. Жеке адам тарихи өзгерістердің басты күшіне айналады. 3) Әлеуметтік сатысы. Бұл сатыда жеке адамның құқықтарын қастерлеу және келісімділік негізінде азаматтық қоғам (адамдық қауымдастық) қалыптасады.7
Біз бұл мақалада "әдептік реттеу" түсінігін адамдық ынтымақтастық пен бірегейленудің, адамдардың бірлесе өмір сүруінің ерекше формасы ретінде қолданамыз. Кезінде Э. Дюркгейм адамдық қауымдасудың органикалық түрі туралы арнайы пікір айтқан. Ол мұндай тұтастықты биологиялық ағзамен салыстырады: онда барлық мүшелер бір-біріне ұқсамайды, бірақ барлығы бірігіп ағзаның өмір сүруін қамтамасыз етеді. Органикалық ынтымақтастықтың әлеуметтік-мәдени негізінде әдеп, тұлғалық еркіндік, мүдделер келісімі және заң жатады. Осындай тұлға жалпы келісімге негізделген императивтер аймағында еркін әрекет ете алады. Бұл қоғамның жетекші ұстыны - дарашылдық. Ф.
7 Габитов Т.Х. Этика юриста. - Алматы: Дәнекер, 1999. - С. 6. Хайек те қазіргі кезде "капитализм" мен "социализм" деген атаулардың ескіргенін және бүгінгі адамдар бірлігін "адамдық қауымдасу мен ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі" деп атау керек деген.
Архаикалық тобыр мен адамдық қауымның арақатынасы жөнінде әдебиетте сан алуан көзқарас бар. Адамдық және әлеуметтік құрылымдарды еңбек теориясымен түсіндіретін марксистік ілімдерде шаруашылық ұжымдары мен туысқандық қауым біртектес болып келеді деген қағида басшылыққа алынады. Алайда этнографиялық деректер бұл көзқарасқа күмән келтіреді. Қазіргі этнологиялық зерттеулер антропоидтардағы топтар мен гоминиттердің ілкі топтарының арасында ұқсастық барлығын дәлелдейді (экзогамия, иерархиялық құрылым, реттеу т.т.). Жыныстық қатынастарды реттеу алғашқы қауымдық бірлестіктердің (отбасы, ру, тайпа т.т.) пайда болуының маңызды факторына жатады. Басқаша айтқанда, тобырдан жеке индивид емес, қауымдық құрылымдар бөлініп шықты. Алғашқы қауымдық мәдениеттер (аңшылық - көшпелік және екінші көшпелік - номадизм) пайда мен табыс табу ұстынында емес, керісінше, "сый экономикасына" негізделген. Қонақжайлық осының бір көрінісі болып табылады. Табиғи ресурстар қауымының меншігі болып табылғандықтан эгоистік мүдде қалыптаса алмайды. Егер патриархалдық бастауларға сүйенетін отбасында индивидуализм үстем болса, Бахофен ашқан "Аналық құқықта" қауымшылдық пен жалпылық алдыңғы қатарға шығады. Алғашқы адамдық бірлестіктер элитарлық емес, қайта эгалитарлық негізде пайда болады.8 Туысқандық қауымда руластар арасындағы кикілжіңдер ақсақалдарының араласуымен шешіліп отырған. Қазіргі кең тараған айтыс бір замандарда адамдар немесе олардың топтары арасындағы қайшылықтарды шешуге бағытталған.
Өз тарихымыздан, минорат салтының көшпелі қауымда адамгершілік ұстындарының жоғары деңгейінің дәлелі екендігі туралы еске салғымыз келеді. Әртүрлі себептермен әкесінен айырылған кіші ұл осы "алтын мұра" арқылы аяғына тұра алады және қара шаңырақты бекем ұстай алады. Әрине адамның материалдық болмысынан туатын әлеуметтік-мәдени факторлар тұлғалық дербестіліктің қалыптасуына үлкен эсер еткенін бекерге шығара алмаймыз. Шынында да еңбектің бөлінісі, меншіктік қатынастардың дамуы, әлеуметтік байланыстардың күрделенуі өзіне-өзі жауапты дербес адамды тарих сахнасына шығара алады. Алайда қоғамдағы бірінші әлеуметтік бөлініс - жыныстық бөлініс екендігін естен шығармау қажет. Гендерлік қатынастардың дамуы тұлғалық мәдениеттің қалыптасуында әлеуметтік-экономикалық факторлардан кем рөл атқарған жоқ. Сол себепті қазақтың және оның арғы тектерінің әдеп мәдениетін сипаттағанда тек "патриномиялық ру" төңірегінде айнала беру жеткіліксіз. Қазақ мәдениеті тарихын зерттеушілер еуразиялық далада матриархат ұзақ ғасырлар бойы қоғамдасудың басты түрі болды дейді. Археологиялық деректер балалардың аналарының қасында жерленгенін дәлелдеуде.
Енді осы қауымнан алғашқы дараланып шыққан феномендерге этикалық талдау берейік. Алғашқы қоғамдастықтарда тұтастықтың басымдылығы жөніндегі пайымдау дұрыс болғанымен, бүл тұтастықты не механикалық агрегат, не биологиялық популяция, не көпмүшелі ағза ретінде қарастырған дұрыс емес. Адамдық ұжымды (тіпті, қоныс аударушы ежелгі аңшылар мен терімшілердің өзінде) жекелік қасиеттерін жоғалтпаған адамдар бірлестігі құрастырады. Осының бір дәлелі - субъективтік жаны жоқ адамдардың о бастан болмағандығы. 8 Фромм Э. Анатомия человеческий деструктивности. - М.: Аст-Атд, 1998. - С. 192.
Архаикалық көшпелілер мәдениетін зерттеушілер қауымнан алғашқы дараланған адамдар ретінде ру басыларды, ақсақалдарды, батырды, абыз, бек, көсемдерді, сәуегейлерді т.т. атап өтеді. Бүл сипаттағы ру басылар адамдық ынтымақтастықтың қауымдық тәртібін жүзеге асырушыларға жатады. Ру басылардың «билігің шын мәнісінде бағындырушы қатынастардан тумайды. Ру басы мен кейінгі қазақ қоғамындағы билердің арасында түбегейлі айырмашылықтар бар. Ежелгі мәдениет кең мәтінінде ру басылардың төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге болады. Біріншіден, ауызекі ақпараттық берілу жағдайында ру басылар ең тәжірибелі, көпті көрген және көпті түйген, осының нәтижесінде руластарының арасынан дараланып шыққан. Екіншіден, ру басының белгі мен беделі сакральды (қасиетті) сипатта тиянақталған.
Осы туралы толығырақ тоқталып өткен этнограф Е. Тұрсынов ру басыларының қауымнан дараланған және бүл екінші мифологизациялану нәтижесінде жүзеге аса бастады дейді. Әлеуметтік жіктері ажыратылмаған қоғамда адамдық қарым-қатынастар дәстүр, рәсім (ритуал) және мифтік сананың қауымда шексіз үстемдік етуімен реттеліп отырды. Алғашқы фратрияларда (жыныстық қатынастары шектелген тотемдік топтарда) дәстүр рәсімдерін ұжым мүшелерінің барлығы орындаған және білген. Кейін дуалдық (қосбайланыстық) фратриялардың әлеуметтік өмірі күрделенген жағдайда осы топтардағы ең беделді адамдар өкілеттік функцияға ие болып, бүкіл рудың атынан әртүрлі сайысқа түсе алатын болған.
Ру басылардың сакральдық билігі тек олардың қоғамдағы орнын фетиштендірумен қатар, туысқандық қауымға тән тотемдік сенімдермен де нығайтылған. Арғы тек (тотем) тек қауым-фратрияны ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлысты біріктіретін магиялық бейнеге жатады. Жаңа тас дәуірінен бастап ру басылар басқа қауымдастарынан бөліне бастайды және бүл олардың жол-жоралық дәнекершілер қызметінен де туады. Әдетте, ақсақалдар дәстүр-рәсімдердің тасадағы мазмұнын терең меңгергендіктен басқа қандастарының арасында киелі адамдарға айналады. Егер әскери демократия батырлардың дараланып шығуына эсер етсе, ілкі тектерді антропоморфтандыру ру басыларының мәдени функцияларын күрделендірді. Осы кезеңде адам мен дүниенің жаратылуы туралы этнологиялық, ру мен тайпаның арғы тектен бергі тарихын баяндайтын генеалогиялық, мифтер мен арғы аталардың ерлігін жырлайтын поэтика қалыптасады.
Ру басыларының қауымнан дараланып бөлінуінің тағы бір әлеуметтік-мәдени негізіне көшпелі қауымдағы ақсақалдардың билігі (геронтократия) жатады. Бұл әлеуметтік құрылым, қауымдық меншік шытынап, негізгі тіршілік құралдарына (көшпелілерде - малға) индивидуалдық меншік пайда бола бастаған кезде өз нышанын береді. Патриархаттың матриархатты ауыстыруы нәтижесінде еркектердің рөлі бірінші орынға шығады және ру басылар, көсемдер, әскер басылар т.т. олардың арасынан таңдалып алынады. Шын мәнісіндегі әлеуметтік мұралану тек аталық құқықта жүзеге аса алады. Э. Фроммның пікірін қайталасақ, аналық қоғам қауымшылдықтың тірегі болса, аталық қоғам тарихтағы индивидуалдандыру үдерісін бастап берді. Патриархалдық қатынастар геронтократия мен арғы текке сүйенді.
Жоғары келтірілген аңыздардан алғашқы қоғамдастықтарда жеке билік тек сакральды, дәстүр мен салттық сананың күші арқылы бекітілетінін көреміз. Әрине, ата-бабалар қиынқыстауда арқа сүйейтін тірек бола алады. Бірақ оларға сай құрмет көрсете алмаған жағдайда арғы тектер кесірлі күштерге де айналып кетуі мүмкін. Сол себепті ата-бабалар культі жіктеле басталған қауым ынтымақтастығын сақтайтын басты фактор еді.
Исламды қабылдағанға дейінгі түрік көшпелілерінде "басқарушы" топтың әлеуметтік орны арнаулы дәстүр мен салттық сананың бақылауында болды. Бұл дәстүр көптеген жағдайда хандар мен бектердің билігін қауым мүдделері тұрғысынан шектеуге бағытталған. Сол себепті осы әдептік тұтастыққа қатысты автаркия мен деспотия туралы айту орынсыз. Мысалы, қытай тарихшылары көшпелі түрік иеліктерінде хан мен бектердің қатардағы тайпаластарынан артықшылығы аз екенін және соғыс жағдайында ғана олардың билігінің артатындығын атап өтеді. зерттеушілер көшпелі мемлекеттерде "хан талау" деген дәстүрдің болғанын айтып өтеді. Бұл бір сипатта Дж. Фрезер мен 3. Фрейд еңбектерінде кездесетін архаикалық "көсемді құрбандыққа шалу" сарынымен ұқсас келеді. Аталған үдеріс қазақ хандығында да сақталып келген. Мысалы, Орынбор губернаторы Ваконскийдің мына бір куәлігі бар: "Күшті ру басылары немесе топтасқан барымташылар ханға бағынбақ түгіл, оның малын тартып алады" . Тағы бір куәлік: Әбілхайыр хан Ресейге бодандыққа ену туралы келісімге келгеннен кейін, ел жиыны оны өлім жазасына бұйырады және сонда бұл үкімді Барақ сұлтан жүзеге асырады. Ш.Уәлиханов та осы сипатта өз дәлелін келтіреді. "Қазақтың ешқандай ханы Абылайға дейін шексіз билікке ие болған жоқ. Ол бірінші болып өз кеңестерімен хан билігін тежеп келген күшті ру басылары мен сұлтандарды бағындырды, тек халық жиынының ғана шешімімен берілетін өлім жазасын өзі бұйыруға мүмкіндік алды".9
Бумын, Естемі, Білге, Күлтегін, Тоныкөк қағандар "елдік" ұстынын басшылыққа алып, мәдени тұтастықта түрік халқы үшін басты қауіп Табғаштан (Қытайдан) келеді дейді. Табғаштар жібек маталарымен қоса өздерінің өмір салтын, діні мен ділін арамызда таратып, түбінде түріктерді бодандандыруды көксейді. Сол себепті ішкі бірлікті нығайту қажет. Біз, әрине, мәдени қаһармандар ретіндегі елбасылардың орны мен қызметін әсірелеуден аулақпыз. Бір орталыққа бағындырылған биліктің жеткіліксіздігі ру-тайпалық сепаратизмді өршелендіріп жіберуі мүмкін. Бұл жағдайда, Л. Гумилев айтқан, түрік тайпаларының тарихи қарғысы - рулар қақтығысы орын алды.
Қазақтың және оның арғы аталарының қоғамындағы әлеуметтік жіктер мен топтардың қарым-қатынасын марксизм тұрғысынан "қанау", "феодализм" деп сипаттаудың ауылы шындықтан алыс. Өйткені туысқандық қатынастарға негізделген көшпелі қауымда құндылықтар да басқаша сипатта болды. Осы жөнінде белгілі түркітанушы Мұрад Аджи былай дейді: "Далалықтарда зат емес, керісінше әрекет пен руханият құндылық қасиеттеріне ие болды. Шығыс мәдениеті мен шығыс дүниетанымы ең алдымен материалдық негіздерге емес, керісінше руханиятқа табынған. Сылдырмақ алтындар - бос нәрсенің сыртынан ғана жылтырауы. Ат - алтыннан да жоғары бағаланған. Тағы қылыш пен садақ. Далалыққа үш тілек қасиетті болып табылған. Біріншісі - ат ерттеп міну, Екіншісі - ет жеу. Үшіншісі - әйел алу. Шығыс мәдениетін бойына сіңірген шығыс адамының психологиясы руханияттың материалдықтан басымдығы қағидасымен қалыптасқан. Бүл өте маңызды жағдай және ол көптеген тарихи оқиғалардың, тіпті адамдардың трагедияларын түсінуге мүмкіндік береді".10
Әрине экономикалық стимулдардың төмендігінің көшпелілер үшін теріс әсері де жеткілікті: еңбек өнімділігінің бір қалыптылығы және техникалық инновациялардың жоқтығы. Бұл көшпелі қауымның батыстық, ресейлік және қытайлық экспансияға қарап тұра алмауына әкелді. 9 Уәлиханов Ш. Абылай // Собр соч. В 5 т. T.4. - Алма-Ата: Каз. Энцик., 1985. 115-116-66. 10 Төрт би төренің заң-ереже түзімдері. Абақ Керей шежіресі /Дайындаған Қайрат Ғабитханұлы. - Алматы, КАУархив, 1994. 71-6.
Арнаулы зерттеулерде көшпелі қауымдағы әлеуметтік теңсіздікті кемітіп, адамдық ынтымақтастықты арттыратын этикалық тетіктер аталып өтеді. Мысалы, қазақтың құқық мәдениеті тарихын зерттеудегі Сәкен Өзбекұлы Абайдың Шар съезі Ережелерін талдай келе, "сойыс, қонақ асын бермеген адамға ат-шапаннан түйе құнына дейін айып салынады" дейді . Қазақ даласын көп зерттеген И. Георги мынандай куәлік келтірген: "...Қазақ байлары нашарларына мал бөліп береді, ал олар оның қарымтасына ырза болып өзінің қамқоршысының малына көз қырын салып жүреді. Егер кімде-кімнің табыны көбейіп кетсе, бұл Алланың ырзығы деп кедей адамдарға мал бөледі. Егер жаңағы мал иесінің болашақта ырзығы толмай жүрсе, мал алғандар еш міндет өтемейді, ал егер жұттан малы қырылса, не ұрлап әкетсе, шауып алса, не басқа бір қырсықтан малынан айырылса, бұрын ол ырза қылған адамдар өзінің жасаған жәрдемі арқылы өз малын мәңгілік қылып жібереді" . Осындай дәстүрлердің қатарында шүлен тарту (байлықтың бір бөлігін кемтар, бейшара, науқас, жетім-жесірге таратып беру), қызыл көтеру (мертіккен малды 12 мүшеге бөліп сатып алып, құнын мал иесіне беру), жылу (кенеттен кедейлікке ұшыраған адамға рулық тегін көмек беру) т.т. атап өткен жөн. Олардың мәдени негізінде қонақжайлылық жатыр. Бұл феномен туралы қазақ әдебі тарихына қатысты еңбектердің көпшілігінде нақтылы деректер келтіріледі. Біз қонақжайлылықтың аңыздық, сакральды тұрғыдан әдеп пен әдет нормасы ретінде көрсетілгеніне назар аударамыз. Мысалы, Алаша хан өз байлығын үш ұлына бөліп беріп, былай деген екен: "Көшпелі өмірдің жағдайларына байланысты сендердің өмірлерің отырықшылықтан бөлек болғандықтан да оның саудасы мен базарынан әр жолаушы, қайда барса да өзіне белгілі ақыға жатар орын табады: сендердің араларыңда осындай ыңғайлылықтың жоқтығына байланысты тараған ұрпақтарыңа, олардың бір-біріне қатынас жасауы қиынға түседі, себебі, сендер жарты күндік жолға өз қойларыңды, ал одан алыс шыққанда тіптен алып жүрмейсіңдер ғой, міне сондықтан менің сендерге айтатын мәңгілік өсиетім: бір-бірлеріңе барғанда тамақ үшін ақы алмаңдар, бір-бірлеріңе үнемі қонаққа шақырылғандай болыңдар, соның нәтижесінде бір-біріңе қонақ асы беретін құқықты немесе ақы төлемей жататын орын және тамақ беруді пайдаланыңдар - осыған менен қалған байлықтың төртінші бөлігін алып, оны тек өз меншіктерің деп санамай, жалпы бөлінбейтін игілік, ғасырға кеткен енші деп таныңдар'".
Әрине, миф пен аңызда қауымдық ынтымақтастық керағар жақтарынан арылып, мұрат тұтатын қоғам ретінде суреттелген. Егер тарихи сананың шежірешілдік пен мифтік санадан айырмашылығын ескерсек, онда көшпелі қауымда "элитарлық" тұлғалармен қатар қауымға жатпайтын құлдар мен өздерін қауымнан аластағандардың болғанын ескерген қажет. Әдет пен әдеп аймағынан өздерін тыс қойған адамдардың болғаны ежелгі мәдени мәтіндерде бейнеленген "Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған", әсіреленген әлеуметтік мәдени тұтастықта ағайын арасындағы келеңсіздіктер мен араздықтар, қатыгездік пен күш көрсетудің кейбір көріністері әдейі көмескіленген. Талас пен тартыс, ішкі қайшылықтар мүліктік теңсіздіктен және адам еркіндігін шектеуден туады (бұл тек марксистік қағида емес, оның әмбебапты сипаты да бар).
Көшпелі қауымдастықта жеке-дара моральдық қасиет жоғары бағаланған. Мәдени қаһарман - көлеңкеде емес, тіршілік майданында толыққанды өмір сүріп, бүл дүниеден өкінбей өткен. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тұлғаны "Шығыста тек енжар, еріктілігі шектелген, жасампаздыққа бара алмайтын, мүлгіген адамдарды кездестіреміз" деушілер ақиқаттан алыс. Тұлға - топ бастаған, жауды қайтарған, ару сүйген, өзін елі мен мұраты жолында құрбандыққа шалуға да дайын. Осындай даралану эгоцентризмге емес, керісінше интерсубъектілікке сүйенеді. Батырлық рухпен қуатталған жырау үшін тек көпшіліктің мүддесін білу және қорғау маңызды емес. Ол ұжымдық ұмтылыстың бір мүшесі де емес. Оған сана мен ерік дербестілігі тән. Сондықтан жауаптылықты да өзіне ала алады.
Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі тұлғалық дарашылдық мұсылмандық ділдегі, әсіресе, арабпарсы әрекеттілік аймағындағы адамдық болмыс ерекшеліктерінен басқаша негіздерге сүйенеді. Кейбір белгілері бойынша оны Нара дәуіріндегі синтоистік (аруақтар мен табиғатқа табыну) дәстүрімен салыстыруға болады. Егер мұсылмандық дәстүрде адам өзінің пендешілдігінен арылып, жаратушыға жақындауы қажет деп есептеп, фәни дүниеден бақиға өтуге дайындалуы міндет болса, қазақ ақын-жыраулары осы дүниеде толыққанды өмір сүруге шақырады. Шалкиіз жыраудың Би Темірді қажылық сапарынан тоқтатуға айтқаны:
"Әй, хан ием, сұраймын: Тәңірінің үйі Кебені Ибраһим Халил Алла жасапты, Ғазырейіл - жан алмауға қасап-ты. Жығылғанды тұрғызсаң, Жылағанды жуатсаң, Қисайғанды түзетсең, Тәңірің үйі Бәйтолла, Сұлтан ием, қарсы алдыңда жасапты!".11
Ру, қауым, тайпа, жүз - дәстүрлі көшпелілік әдептің іргетасы болғандығы даусыз. "У ішсең де, руыңмен іш" дейді халық мақалы. Қазақтың дәстүрлі рулық қоғамы туысқандық қатынастарға негізделгені де белгілі. Ш.Уалиханов атап өткендей, жүз бен жүздің, жүз ішіндегі рулардың бір-бірімен арасындағы қатынас нағыз тығыз туысқандыққа сәйкес, ал рулардың өз жүзіне деген қатынасы баланың әкеге, үлкен жүздің аға руына көзқарасы жиеннің нағашысына қатынасындай. Әрине, рулық адамның классикалық көшпелілік қоғамдағы оң құндылықтары туралы жеткілікті жазылған. Алайда бір жағдайды ескеру қажет. Қауым жеке тұлғаны, кісіні емес, алдымен тұтастықты қайталауға ұмтылады. Бұл тұлғалық енжарлықтың бір себебі де болып табылады . Қазақтың бір мақалы "Жеңім жаман болса, жағам жақсы, өзім жаман болсам, ағам жақсы" дейді. Мақалды екі түрлі түсіндіруге болады. Бірінші жағынан, арқа сүйейтін тұлғаның болуы қалыптасып келе жатқан жас өркен үшін маңызды.
Қауымшылдық құндылығы тек тікелей отбасылық негіздерге сүйенуден ғана емес, сонымен бірге аталас-руластарымен бір болумен айшықталады. Шалкиіз жыраудан бір үзінді келтірейік: "Атаның ұлы жақсыға Малыңды бер де, басың қос, Бір күні болар керегі. Бостаны бар-ды теректің, Болаты бар-ды беректің, Тұсындағы болған нартың қорлама, Тұсындағы болған нартың қорласаң, Табылмас-ты керекте". Қазақтың дәстүрлі әдебіндегі қауымдық арналардың басымдылығы туралы аз жазылып жүрген жоқ және оған деректерді де біршама келтіруге болады. Осы түсінік туралы біз өз 11 Шу батыр // Екі мың жылдық дала жыры. - Алматы: Қазэнциклопедия., 2000. 129-6.
назарымызды даралық пен қауымдылықтың казак қоғамындағы тоғысқан ұғымбейнелеріне аудармақпыз.
Жоғары кісілік қасиеттер жеке адамдағы өрісі тар өзімшілдіктен арылуға мүмкіндік береді. "Адам өзін-өзі тану жолына түспей, өзінің ішкі дүниесін толық түсінбей, мәңгілік құндылықтарды танып білмей, өмірде тыныштық таба алмайды. Нағыз өмірге мәңгілік құндылықтарды игеру, эгоистік "Мен"-нен мәңгілік "Мен"-ге көшу арқылы ғана қол жеткізуге болады, ал бұл өзгеріс рухани даму жеке адам өмірінің негізгі мазмұнына айналғанда ғана мүмкін. Бұл - қағида ханға да, қараға да ортақ бұлжымас қағида. Мәселе ханның тағында емес, оның ар-ұятында, адамшылдығы мен руханилығында",12 - дейді Г. Нұрышева. Дәстүрлі рухани қазақ мәдениетінде кісі бірден дайын күйінде дүниеге келе салатын кейіпкер ретінде емес, күрделі қалыптасу сатыларынан өтетін адам түрінде бейнеленеді. Туысқандық қауымда адамдық ересектену кластары /сатылары/ мәдени мазмұны мен арнаулы функциялардың субъектілері негізінде жіктеледі.
Адамның кісілік ер жетуіндегі мәдени кластарды (нәресте, бала, жігіт, жігіт ағасы (отағасы), қария) тек биологиялық немесе табиғи факторлармен түсіндіру сыңаржақтылыққа жатады.
Адамның ересектенуі мәдени үдеріске жатады және онда даралану мен қауымдасу бірге жүреді. Әрбір мәдени ғұмырлық топқа әртүрлі әлеуметтік талаптар қойылады. Зерттеушілер дәстүрлі қазақ мәдениетінде ересектену кластарының Африка және Полинезия сияқты аймақтардағыдай қатал кәсіби шектелмегенін атап өтеді. Мысалы, Шығыс Африкада жас мөлшеріне қарай жіктелу еңбектің және жауынгерлік функцияларының қоғамдық жолмен бөлінуінің негізгі тәсілі болды: шәкірттер, кіші жауынгерлер, аға жауынгерлер, басқарушылар, ақсақалдар кеңесі. Бүл жүйеде бір топтан екінші топқа өту арнаулы сынақтар мен инициациялық рәсімдер арқылы жүргізілген. Қоғамда жеке-дара әлеуметтік-экономикалық құрылымдар пайда болған соң ұжымдық жауаптылық кластарының рөлі кеміп кетті және тек тарихи, мәдени құндылық ретінде сақталады. Соңғы қағида, әсіресе, генотиптік және геронтократиялық белгілері басым дәстүрлі қазақ қоғамына сәйкес келеді. Өйткені ержету кезеңдері қазақ коғамында кәсіби салаға тікелей әсер етеді. Жалшының баласы қанша тырысқанымен құдай белгілеген несібесінен шыға алмайды. "Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін" дейді қазақтың нақыл сөзінде. Сол себепті ержету сатылары дәстүрлі қазақ қауымында негізінен рәміздік мағынаға ие болды. Кісінің қалыптасуындағы жас мөлшерінің әсері эпос пен ақынжыраулар шығармаларында да көркем суреттелген. Бұл жерде мифтік сана мен эпикалық санадағы есею айырмашылықтарын ескерген жөн. Көне эпос пен батырлық ертегілерде қаһарман (мәдени кейіпкер) таңғажайып жағдайда дүниеге келеді.
Сонымен бірге дәстүрлі қазақ қоғамында шектеусіз геронтократиялық билік үстемдік етті дегенге де байыппен қарау қажет. Қазақ қауымында ақсақалдардың рөлі ерекше болды. Алайда олардың билігінде әдептік-мәдени негіздер басым еді. Ақсақал атану көп жағдайда жасқа қарамай, әлеуметтік мәртебемен әйгіленіп отырады. Осыны қазақтың "көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра" деген мақалынан да аңғаруға болады.13 Оған қоса енші бөлініп бергеннен кейін қазақ қауымында "ортақ меншік" деген болған және ол "қонақ кәдесімен" қоса әлеуметтік әділеттілікті көздеген. Жесір мен жетімнің ол "бастапқы капиталы" іспеттес болған.
12 Нурышева Г. Адам өмірінің философиялық мәні. - Алматы; 2001. 143-6. 13 Артықбаев Ж. Қазақ этнографиясы: Этнос және коғам. XVIII ғ. - Қарағанды: ҚМУ, 1995. 134-6.
Қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениетінде туысқандық құрылымдармен қатар, тікелей қандастық байланысы жоқ жеке адамдарды қауым құрамына қосуға мүмкіндік беретін "анда", "тамыр", дос сияқты мәртебелік ұғымдар болған. Осы жөнінде тарихшы этгнограф Ж. Артықов былай дейді: "Құрдастық сияқты анда да бөтен ру, алыс ұлыс, басқа жүздің адамдарын бір-бірімен жақындастырады. Тіпті кейде бөтен елдің, өзге этностың кірмелері де қазақ арасынан анда тауып ел қатарына қосылып кетеді. "Құрдас", "тамыр", "дос", "жолдас", "андалар" нағыз туыстардан да шынайы жақын болады. Анда адамдар сенікіменікі демейді, бір-бірінің бетін қайырмайды. Анда тәртібі алыс руларды, елдерді бірбірімен туыстастырып, қоғамдық құрылымның берік негізіне оз үлесін қосады. Сонымен қатар қазақ ішінде жан дос, дос, тамыр сияқты әріптес, замандас адамдардың бір-бірімен тіл табысып, көңіл жақындастырып, араласуына мүмкіндік беретін дәстүрлі институттар бар. Жалпы қоғамдық араластық үдерісінде олардың тигізер ықпалы зор".14
Қазақтың дәстүрлі әдебіндегі индивидуалдық және қауымдық факторлардың арақатынасын қарастырғанда, оларды органикалық тұтастық немесе адамдық ынтымақтасудың көшпелілік тәртібі деп анықтауға болады. Хандық дәуірде бұл тәртіп қазақ қоғамының болмыс бітіміне сәйкес болғанымен, кейінгі трансформацияларда өзінің үйлесімдіруші функцияларынан айырылып қалды. Өйткені XVIII ғасырдан бастап қазақтың әлеуметтік мәдениеті ішкі қисындылықтан гөрі сыртқы әсерлер ықпалымен түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Бұл әсерлер (Ресей отаршылдығы, Қытай мен Орта Азия мемлекеттерінің экспансиясы, жоңғар шапқыншылығы) қазақтың әлеуметтік мәдениетін шайқалтып жіберді.
Атамекеннің тарылуы қазақтың кісілік негіздерін шайқалтатын, жаугершілік пен отаршылық әсерінен өрістеген теріс қылықтардың көбеюіне әкелді. Біз бұл жерде бодандық психологиядан тарайтын жасқаншақтық, үрей, жағымпаздық, ұлт мүддесін сату сияқты құбылыстарды айтып отырмыз. Қауымшыл кісінің (ынтымақтастық құндылығы мағынасында) орнын "пысық" пен "масыл" басты. Қазіргі замандағы әдеп пен мәдениеттен тыс пысықтар ("крутойлар") мен алыпсатарлық "масыл буржуазиямен" оларды салыстыруға болады. Бодандық адамның типтік ерекшеліктерін XIX ғасырда өмір сүрген қазақ ақындары көркем суреттеген. Мысалы, Дулат Бабатайұлы бодан пысықтарды былай шенейді:
Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады-ай. Өзі елді қорқытып, Онан өзі қорқады-ай, Алдана түсіп топаңдай. Жарлылардың торпағы, Бір торпаққа он болып Пысықтардың ортағы, Қара шығын алымы – Бай-кедейге бірдей боп Шаңыраққа салығы, Ел ұйтқысы шайқалып, Төгіліп судай аққандай.15 14 Артықбаев Ж. Қазақ этнографиясы: Этнос және қоғам. XVIII ғ. - Қарағанды: ҚМУ, 1995. 152-6. 15 Шу батыр // Екі мың жылдық дала жыры. - Алматы: Қаз энциклопедия., 2000. 176-6.
Дәстүрлі әдептен айырылу тек отаршыл әкімшілікпен байланысты "жаңа қазақтарды" ғана емес, оған қоса бұрынғы дәстүрлі тұлғалардың болмысын құлазытып жіберді. Дулат ақыннан тағы бір үзінді келтірейік: Мынау азған заманда Қарасы - антқор, ханы - арам; Батыры көксер бас аман; Қырсыға туда қыз балаң; Нары - жалқау, кер табан; Құсы - күйшіл, ат - шабан; Жырғалаң жоқ, зобалаң, Ебі кеткен ел болды.16
Қазақ мәдениетіндегі қауымдық ынтымақтастықтың шайқалып, кісілік қасиеттер өрістей алмай, теріс қалықтардың көбейгенін тек сыртқы факторлармен түсіндіру біржақтылыққа жатады. Тарихта мынандай бір қағида бар: өзі бодандыққа көнгісі келмеген елді ешкім бағындыра алмайды. Мысалы, палестиналықтарды Израил қаншама қысқанымен, олар ел азаттығы үшін күресін тоқтатқан жоқ. Керісінше, Саддам Хусейннің авторитарлық билігі уақытында моральдық төмендеген халық, АҚШ сол режимді құлата сала мұражайларды тонай бастады.
Отарлық қысым жағдайындағы қазақ мәдениетінде тұлғалық пен қауымдық ынтымақтастықты, ел мен ер абыройы және намысын қорғауға бағытталған үдерістер де болды. Тарихшылар атап көрсеткендей, отарлық езгіге қарсы күрес қазақ мәдениеті өрісінде бірнеше дараланған кісілік типтердің қалыптасуына себеп болды. А.Сейдімбек отаршылдарға қарсы 300-ге жуық көтерілістер мен қақтығыстардың болғанын атап өтеді . Құлдықты көтермейтін тәкаппар ерлер мен осы тұйыққа тірелген жағдайдан шығу үшін жол іздеген ел даналарын жаңа мәдени қаһармандар деп қарастыруға болады. Сондай тұлғалардың бірі - Мұрат Мөңкеұлы еді. Ә. Қодар атап өткендей, Дулат пен Шортанбай сияқты Мұрат сатқын қандастарын әшкерелеп, азаттық туын жеке-дара көтеру арқылы желбіретті. Отарлық езгімен бірге келген орыстандыру саясатының халықтың адамгершілік қасиеттерін жұрдай еткендігіне налыған ақын "қоңсыдан туып би болған", "қара кісі хан болған", "асылзада баласының құл болып", "асылсыз баласының ақшасына сүйеніп пұл болғанын" батыл сынайды. Оның пікірінше, халықты текті тұқымнан шыққандар ғана басқаруы тиіс, "құлдан туған төрені, ақсүйектер ұлы деп", оған ел тізгінін ұстау "адыра қалғыр заманының белгісіне" жатады. "Діні басқалардың ел билеуін" бар пәленің бастауы деп есептеген Мұрат ақын, бекерден-бекер жылай бермей, "кейінгі туған бала үшін", кейінгі ұрпақтың "сауабы үшін", "күндердің күні болғанда, обалы маған" болмас үшін "дулығалы қара нарларды" атқа қонуға шақырады . Осындай ерлердің арасында Кенесары хан ерекше орын алады. Абылайдың немересі Кене хан ұлт азаттығы үшін күрестің рәміздік тұлғасына айналды. Нысанбай жырау ол туралы мынадай жолдарын қалдырған:
Қоғамы күшті ер еді, Киімді бала тудырған. Ықпалы жүрген ер еді, Алтынды қылыш будырған, Абылайлатып ат қойып, Дұшпанды көрсе қудырған – 16 Сонда, 158-6. Көп сарғайтып келместей, Кене хан, саған не болды?!... Кенесары кеткен соң, Иесіз қалды тағымыз. Бұлбұлдай сайрап жүр едік, Байланды тіл мен жағымыз. Азғанымыз емес пе, Қойшыдан сынды сағымыз. Артында қалған жетім ел, Келіспей кетті сәніміз. Ақырында, әлеумет, Осындай болды халіміз.17
Нысанбай жыраудың жолдарында қазақтың әдептік мәдениетіне тән, кейін жиі және орынсыз қолданудан инфляцияға ұшыраған "қоғам" ұғымының жасампаз мағынасына назар аудару қажет. Оған қоса тұлғасыздандырылған қоғам жетім елге айналып кетеді деген де ой айтылады. Бұл қалыпқа түспеу үшін қинала жүріп, күйзелісті басыңнан өткізіп, одан арылып, бодан адам санасынан шығу қажет делінеді.
Қазақтың әдеп жүйелеріне арналған еңбектерде XVII-XVIII ғасырлардың түйіскен шенінде қазақ халқының бірлігі ойдағыдай болмағаны расталады, оның тарихи себептері де жоқ емес. Көшпелі өркениет кезінде қазақ сай-саланы паналады, өзен-көл жағасын жағалады. Жер дауы, жесір дауы, барымта мен қарымта қазақ еліне маза бермеді. Қазақтың саяси ынтымағының әлсіз болғандығының тағы бір себебі рулық, тайпалық өмір кешуінде еді. Көшпелі өркениет кезінде ел билеу жүйесінің рулық, тайпалық болып бөлінгені оны одан әрі заңдандыра түсті. Орта ғасыр кезеңінде қазақтың этнотерриториялық бірлестік ретінде қалыптасуы, табиғи географиялық жағынан көшпелі өмір қаракеті, ру-тайпалық қатынастар халқымыздың жан дүниесіне өз әсерін тигізеді деу қателік болар еді". Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым Датұлы т.т. сияқты тұлғаларды халық өз дәуірінде елін, жерін шапқыншы жаудан қорғап қалу, халықтың бірлігін, ынтымағын нығайту, адамгершілік, парасаттылық, ата-баба намысын, салтдәстүрін сақтау жолында зор еңбек сіңірген, әлеуметтік ақыл-кеңес берген билердің биі, көсем би деп қадір тұтады.
Қазақ халқының бұл қадірменді билері ел басында күн туған қиыншылық кездерінде, ел жиналған айт, той тұсында, жер дауы, жесір дауы, барымта дауы көтерілген жерлерде ауыл ақсақалдарымен кеңесіп, ел тағдырын бірге шешісіп келген. Кейде ауыл ақсақалдары, билері бір шешімге келе алмай қалғанда ортадан билік айтып дауды тындырып отырған . Алайда отарлық әлеуметтік құрылымда қазақ биінің қоғамдық қызметі кейін орыс әкімшілігі тарапынан "болыс", "старшина", "ояз", "аудармашы", "писарь" сияқты функционерлермен ығыстырылған. Билік айту мен әкімшілік басқарудың арасында түбегейлі айырмашылықтар бар. Біздің зерттеу тақырыбымызға қатысты мынандай тұжырым айтуға болса: болыс әкімшілдік тұлға болса, онда би - мәдени тұлға. Өйткені бидің билігі сөз (шешендік өнер) қасиеттілігіне жүгінетін ынтымақтастықтың қауымдық тәртібіне негізделгенін мына мақалдардан көруге болады; "Бір ғылымнан басқаның бәрі тұл", "Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, салпылдап сағым қуған бойыңа епті ме?" (Абай). Ұлыс билері көпшілікке бағыну керек деген тәлім айтпаған. Бұл саясат қана, ол ғылыммен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Би төбеде қаралуға тиісті мәселелер қаралып болып, шешілетін мәселелер шешімін тапқан соң дәстүрлі ойын-сауық думаны
17 Шу батыр // Екі мың жылдық дала жыры. - Алматы: Қазэнциклопедия., 2000. 172-173-66.
өткізілетін. Бұл ойындар ақақу-сықақу деп аталатын. Этнографиялық деректер билердің көріпкелдікпен айналысқанын да дәлелдейді. "Мысалы: түс жору, түс - көрінген елес, оның қандай мәнісі бар екенін шамалау - жору делінеді. Жора - халық пікірін жинаушы билер. Би - би төбеге әр рудан сайланған алқалар. Халықтың қақ ортасында жұмыс жүргізушілер. Халық пікірін бас алқаға жеткізушілер. Халықтың қандай ой-пікірі, жағдайы бар, оны ары дамытудың немесе нашар жағдайларды болдырмаудың жолдары, бұрынғы заң ережелердің өмірге сәйкеспейтін, өзгертуге қажетті тұстары талқыланды. Демек, би - би жиынына баратын, онда ру атынан сөз алатын адамға жатады. Мәселе талқылауға қатысып, пікір білдіретін кісі, жиында қабылданған заң-ереже, қағида, жөнжобаларды қайтып халыққа жеткізуші және соны іске асырып орындаушы. Халыққа басшылық етуші. Халықтың өз ішінен тапқырлығымен, шешендігімен, әділдігімен қатарынан озған, сынақтан өткен адам". Қазақтың дәстүрлі қауымдық мәдениетіндегі әлеуметтік-мәдени тұлғалар мен құрылымдарды кейінгі өзгерген формалармен теңестіріп, басқа мәдени кең мәтінде алған дұрыс емес. Мысалы, "барымта" түсінігін алайық. Көшпелі шаруашылық-мәдени тип күйзеліске ұшыраған жағдайда барымтада деструкциялық мақсаттар басым болған. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы оның мәнісі басқа еді. Құқықтық әдебиетте оны әдет құқығының нормасы ретінде қарастырады: "Барымтаның алуан түрлі себептері бар. Біреудің ақ баталы жесірі яки некелі әйелі кетсе, біреу кісі өлтіріп, кісі өлтірген жағы тиісті құн төлеуден бас тартса, біреудің қорық жерінде малы жайылып, бүлдірсе; қыс қыстауына, жаз жайлауына біреулер рұқсатсыз қонса; ортаға түскен олжадан тиісті сыбаға берілмесе; тойға шақырылмай елеусіз қалдырылса; арнап келіп түскен қонаққа тиісті қонақасы берілмесе т.б. салт-сана, әдетғүрып қағидалары бойынша барымталаушы ісі заңды деп саналатын. Әсіресе, кісі өлімі үстінде тиесілі құны мөлшерінде барымталап, мал қуып алса да ерсі болмайтын. Оның әлі де болса шексіз, ретсіз қолданылуына Тәуке бірталай тыйым салды" . Ресей империясы құрамына енгеннен кейін және дәстүрлі әлеуметтік реттеу өзгергеннен соң барымта бастапқы мағынасын жойып, заңсыздық аймағына кетті. Әрине, өзгерген заман жағдайында ескі әлеуметтік құрылымдарды қайтадан қалпына келтіруге шақырудың теріс жақтары айтпаса да түсінікті.
Өзгерістер жағдайында қазақтың әдеп мәдениетін трансформациялауға шақырған тұлғалар ағартушылар болды. Ыбырай Алтынсариннің мына жолдарында бүл ой анық айтылып тұр: Желкілдеп шыққан көк шөптей Жас өспірім достарым, Қатарың кетті-ау алысқа-ай, Ұмтылыңыз қалыспай. Біз надан боп өсірдік Иектегі сақалды. "Өнер - жігіт көркі" деп Ескермедік мақалды... Біз болмасақ, сіз барсыз, Үміт еткен, достарым Сіздерге бердім батамды.18
Қазақстандағы Ресей империясының отаршылдық саясаты халықты рухани жағынан күйзеліске ұшыратты, оның діні мен діліне, әдебіне, әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне нұқсан келтірді. Халықтың тәуелсіздіктен айырылып, бодан болуынан ұлттық мінезде ұнамсыз қылықтар көбейе түсіп, жасқаншақтық, "құлдық психология" пайда бола бастады. Қазақ 18 Шу батыр // Екі мың жылдык дала жыры. - Алматы: Қазэнциклопедия., 2000. 224-6.
елі осындай тұйыққа тіреліп, одан қалай шығуды білмей, болашағын ойлап, қабырғасы қайысқан кезде халқымыздың Шоқаң, Ыбырай, Абай сынды асыл перзенттері ұлттық әдеп жүйесінің күрделі мәселелерін шешуге ұмтылды. Абай әдеп тақырыбын қозғағанда иман мәселесіне коп көңіл аударады және оны арлылық пен ұяттың баламалары ретінде түсіндіреді. Абай өз халқының бойындағы кісілік қасиеттермен қатар, теріс қылықтарды да қатал сынға алады: Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ.., -
деген өлең жолдарында Абайдың сыни этикасы көрініс тауып тұр. Хакім отыз төртінші қара сөзінде "Адам баласына адам баласының бәрі - дос", - дейді. Абай қазақ этикасының түбегейлі ұстанымы - "Адам болу" талап-мұратын жоғары деңгейге қойды. Абайдың тағдыры метрополия айқындап берген жолдан басқаша болып шықты. Ол бодандық адамдық тип шеңберінен шығуға талпыныс жатады. Абай орыс білімі мен ислам дінінің қазақ қабылдаған құндылықтарын тоғыстыруға ұмтылды және осы негізде заман талаптарына сай қазақ адамын қалыптастыруға шақырды. Абай тұлғасыздандырылған еуропалық білім жүйесінің қазақ қоғамына сәйкес келмейтіндігін анық түсінді және "Адам болуды" негізгі бағдар ретінде қабылдады. Бұрынғы ислам арқылы келген шығыстық "кемел адам" ілімін Абай дәстүрлі көшпелілік кісілік қасиеттермен және еуропалық (ресейлік) біліммен органикалық түрде қосуға ұмтылды. Сол себепті ол Ақыл, Жүрек және Еріктің бірлігіне шақырды. Абай Алланы жеке-дара жүрекпен қабылдайтын сопылық бағытқа жақын келді. Қазақ адамына мұсылмандық отарлық жағдайда өзіндік менді сақтайтын күш ретінде ұсынылады:
Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және қақ жолы осы деп әділетті. Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс, Жақсы болсаң, жақсы түт бәрін тегіс.19
Абайдың көзқарасы бойынша, Алланы сүю адамды сүюге жеткізеді. Адамды Алла табиғатқа жақын етіп жаратқан. "Адамды жаратушы, - дейді ақын, - әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтіп ләззат алар едік? Ол көз нәзіктігінен керегіне қарай ашып, жауып тұруы үшін қабақ беріпті. Желден, ұшқыннан қаға беріс болу үшін кірпік беріпті. Маңдай теріні көзден қорғап тұруға керек болғандықтан, басқа тағы керегі бар қылып қас беріпті. Құлақ болмаса, не қоңыр, не күңгір дауыс, жақсы үн, күй, ән - ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не дәмдінің қайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың бәрі біздің пайдамыз емес пе?".20 Яғни, Абай табиғатпен үйлесімді адамды мұрат тұтқан дәстүрлі қазақ мәдениетінің ұстанымдарын қолдап шығады. Бірінші бөлімде Абайдың "Мен" және "менікінің" арасындағы айырмашылықты руханилықпен түсіндіретіні туралы жазып өткенбіз. Жалпы руханилыққа ден қою шығыстық және көшпелі өркениеттің айшықты белгісіне жатады. Абай да осы принципті басшылыққа алады. "Жас бала да, - дейді Абай, - анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі - білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен демелік. Мұның бәрі - жан құмары" (Абай. Шығармалары. 2-т. 154-
Қунанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының екі томдық жиынтығы. 1-том. - Алматы: Ғылым, 1977. 304-6.19 20 Сонда, 304-6.
6.). Дуалы ауызды Абай үшін туа біткен қасиет (жан құмары) - жибилиде, ал жүре біткен білім (тән құмары) - кәсіби. "Ақыл, ғылым бұлар кәсіби. Көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз қалпымен әрнешік өз суретімен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілге суреттемек. Ол - жанның жибили қуаты дүр". Тәнді жаннан жоғары қоюшылық пендешілдікке жатады. Пендешілдік тобырлық белгілері басым көпшілікке бас иеді. Олар "ұзақтай шулайды, қарғадай барқылдайды, ауылдағы боқтықтан ұзамайды". Пенде кісілік қасиеттерін азайтып, хайуан малдан артығы шамалы болып қалады".21
Қазақ этикасын кәсіби деңгейге көтерген ұлы тұлға - Шәкәрім. Ол өзінің "Үш анық" атты еңбегінде этиканы "ар ілімі" деп атап, әдептанудың көптеген мәселелерін теориялық тұрғыдан талдады. Шәкәрім ар-ұждан о дүниеде де бар және осыған сену имандылықтың түп қазығын құрастырады дейді. "Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұжданы соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты", - дейді ғұлама. Ал әдеп жолы дегеніміз адам баласына пайда тигізу, жақсылық ету деп түсіндіреді. Ол үшін адам оз бойындағы кемшіліктерден арыла білуі керек, сөйтіп оз ар-ұжданына кір келтірмейтіндей өмір сүруі қажет. Арұжданның мазмұнын нысап, қанағат, тәубе, әділет, намыс құрайды деп түсінетін ойшыл олардың мазмұнын кісілік қасиеттермен байланыстырады:
Кісіге адамшылық неге керек, Адамдық - өзге айуаннан артық демек. Ит талаған төбеттей қалай дейсің, Аямай әл келгенін жұлып жемек. (Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1988).
XX ғасырдың басында қазақтың дәстүрлі әдеп мәдениетін өзгерту қажеттігін мойындаған мынадай бағыттар қалыптасқан:
- Түркиядағы "Таизимат" және Ресейдегі милләтшілдік пен жәдидшілдік идеялары ықпалымен дамыған діни-реформистік ағым (М.Ж. Көпеев, Ғ. Қараш, Г. Мұсағали, А. Әділбайұлы, Ә. Кердері т.т.) Жәдидшілдік атауын қазақ тіліне "жаңару, елдікті сақтау үшін жаңа бағытты ұстау" деп аударуға болады. Осы бағыттың бір өкілі, ақын Ғүмар Қараш былай деген:
Надан шейх діннің соры, күннің соры, Бір қашпа, надан шейхтан мың кері қаш. Құран - шам, ақыл - басшы, ғылым - құрал, Құралсыз шекпе сапар, жолың болмас! Айырылма жатсаң-тұрсаң Құранды ұста, Жол бастар қараңғыда ол бір компас'".22
Бұл бағыт қазақ топырағында жаңа мағынадағы "мұсылманшыл қазақ әдебін" қалыптастыруға ұмтылды.
- "Түрікшілдік бағыт" (М. Шоқай, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов, М. Ходжаев т.т.)
21 Абай. Қара сөз. Поэмалар. - Алматы: Ел, 1992. 22-6. 22 Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. - Астана: Фолиант, 2002. 63-64-66.
Бұл бағыттың өкілдері түркілік өркениет тұтастығы кең мәтінде қазақ әдебін қалыптастыруға шақырды. Бұл типтің басты ерекшеліктеріне тарихи сананы түркілік тұтастық идеясы негізінде жаңғырту, тәңіршілдік, Батыс пен Шығыстан даралану, қазақ халқы түріктің қара шаңырағының иегері деп мойындау т.т. жатады. Осы бағыттың басты ерекшеліктері М. Жұмабаевтың "Пайғамбар" өлеңінде көрнекті суреттелген.
Ерте күнде отты күннен Гун туған, Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам, Жүзімді де, қысық қара көзімді Туа сала жалынменен мен жуғам. Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, Мен - Күн ұлы, көзімде күн нұры бар. Мен келемін, мен келемін, мен келемін – Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар. Соқыр сорлы, көрмей ме әлде көзің көр? Күншығыстан таң келеді, енді көр. Жердің жүзін қараңғылық қаптаған, Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!".23
XX ғасырдың басында қазақ қоғамында қалыптасқан келесі бағытқа реформашыл либерал-демократтық сипаттағы тұлғалар жатады және олар Алаш ұлттық қозғалысын дүниеге әкелді (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т.т.). Ә. Қодар Алаш қозғалысының руханият саласында үш тенденциясы болды дейді: а) ағартушылық (А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов); ә) көшпелі әлеммен ностальгиялық қоштасу (Ж Аймауытов, М. Әуезов); б) жаңа ұлттық мифтік шығармашылық (М. Жұмабаев).
Әдеп пен мәдениетке Алаш қозғалысының өкілдері ұлттық мүдде тұрғысынан қарады. Алдымен олар большевизм ұсынған таптық ұстынды бекерге шығарды және "қазақта тап жоқ" деді. Мысалы 1919 жылы Мәскеуде жарияланған А. Байтұрсыновтың "Революция және қазақтар" атты мақаласында қазақ қауымының мүддесін білдіретін жазушы қалай болу керек деген сұраққа жауапты былай топтастыруға болады: "Алаш жазушысы бауырмал, қазақшыл, ұлтшыл. Өйткені жұрттың теңсіздігі осы қасиетті талап етеді".
"Қазақ азаматтары мәдениет жігін жою жолындағы жұмысқа күшін, ісін сарп ету керек. Басқалармен мәдениеті теңеліп, жарыса-жармаса күнелтуге қазақ жеткен күні қазақтың қасындағылары қыңсылауды қояды". "Мәдениет алға басу тіршілік ісі шеберленуімен, сана-саңылауы күшеюімен болады. Тіршілік ісінен шыққан шеберлікті - өнер дейміз, сана-саңылау күшінен шыққан білімді - ғылым дейміз. Бұл екеуі де үйренумен табылатын нәрсе". "Оқу ісі сабақтас әдебиетпен: оқу әдебиетті күшейтеді, әдебиет оқуды күшейтеді". 23 Шу батыр II Екі мың жылдық дала жыры. - Алматы: Қазэнциклопедия., 2000. 331-6.
"Қалам қайраткерлерінің жұмысы - әдебиет, әдебиетсіз оқуда қуаттану жоқ, оқусыз мәдениетте қуаттану жоқ, мәдениет қуаттанбай қазаққа қорлықтан, зорлықтан құтылу жоқ".
"Азаттық асылы - мәдениетте, мәдениет күшеюінің тетігі - оқу мен әдебиетте".
- "Жазушыларымыз бытыранды болмай, ұйымдасып, бірлесіп іс істесе, бәлкім істері берекелі, өнімді болар".
Алаш қозғалысы ұсынған қазақ әлеуметтік мәдениетін реформалау жобалары тоталитарлық мәдениетте жүзеге аспай қалғаны белгілі.
Кеңес Одағы кезіндегі әдеп-ахуалын тікелей қарастырудан бұрын тоталитарлық қоғамның моральдық негіздеріне қысқаша тоқталып өтейік. Біріншіден, адамзат тарихындағы барлық қоғамдарды қауымдасу негіздері бойынша екі түрге (ынтымақтастықтың келісімді тәртібі және күш көрсетуге сүйенетін тәртіп) бөлуге болады. Егер біріншісін – тұлға орталықтық қоғам десек, екіншісі – жүйе орталықтық әлеуметтік құрылымға жатады. Екіншісіне жасандылық тән, сондықтан оны "құрылыс" (үлгі бойынша жасалған) деп атайды. Осы жүйе орталықтық әлеуметтік қауымдасудың қисынды шегіне жеткен түрін тоталитаризм деп атайды. Фашистік тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаушылардың бірі Б. Муссолини оған мынадай сипаттама береді: "Бәрі мемлекет үшін, мемлекеттен өзге және қарсы ештеңе болмауы керек", тоталитаризмнің Ресей большевиктері жүзеге асырған сталинистік партия-мемлекет үлгісі жеке адам түгіл бүкіл қоғамнан жатсынған және қоғамды басып тастаған.
Көпшілік әдебиетте кеңестік тоталитаризм мен К. Маркс ұсынған "Қоғамды коллективистік рухта қайта құру" феномендері жиі шатастырылады. Бұл К. Маркс еңбектерімен сырттай таныс болудан шығады. К. Маркс өзінің "1844 жылғы экономикалық және философиялық қолжазбаларында" қоғамдық дамудың мақсаты "еркін индивидуалдық" деген және ұжымдық жан-жақты дамыған индивидтердің ассоциацияланған бірлестігі деп түсіндірген. Неміс ойшылы "тұрпайы коммунизмді" қатал сынға алған. Әрине, марксизм классиктерінде дара адамдардың қауымдасуының орнына тап күресін, пролетариат диктатурасын ұсыну сияқты қазіргі заман тұрғысынан теріс пікірлер де кездеседі. Большевиктер орта ғасырлардағы схоластар Аристотельге қалай қараса, Маркс мұрасына да солай қарады. Жасампаз идеялар жасырылып, конъюктуралық ұстанымдар бірінші қатарға қойылды. Сол себепті ресейлік марксизм шегіне жеткен антигуманизмге (Альтюссер) айналды. Қазіргі телесериалдарға ұқсас айтқанда, Ресейде мутацияға ұшыраған марксизм жеңіп шықты. Пролетариат диктатурасының атын жамылған партия көсемдері мен бюрократиясының диктатурасы өмірге келді. Кейін бүл жүйе әлем халқының үштен бірін қамтыды және бекерден-бекер ол "лагерь" деп аталған жоқ. Лагерьде моральдық еркіндік пен ынтымақтасқан қауым туралы сөз қозғау артық.
Коммунада бәрі араның ұясындағыдай: аналық ара, жұмысшы - солдаттар, қуылған және аластатылған дарашылдар. "Ұжым мүддесі жеке адам мүддесінен жоғары қойылады" және ауыстырылмайтын адам болмайды. Сталинге жазған хатында Ф. Раскольников "Сіз адамды жек көретін социализмді жақтайсыз" деген екен. Тек бір ғана адам еркін бола алады. Ол - харизматикалық көсем. Шын мағынасында ол - Әзәзіл Жеке адам мемлекеттік машинаның тетігі ғана. Ең жақсы мінездеме - "революция солдаты".
XX ғасырда мемлекеттік емес қауымдасу ұжымдарының барлығы азаматтық қоғамның белгісі деп есептелген. Ұлы Инквизитор билеген жүйеде еркін адамдық қауымдасуға орын жоқ. Әсіре Мен жеке Менді толық бақылауға алады. Қазақ этикасы Кеңес өкіметі тұсында қайшылықты жағдайда дамыды. Социалистік құрылыс қазақы әдеп пен мінез-құлық жүйесіне теріс әсерлерін тигізді. Кең байтақ жерді иемденіп келген көшпелілер табиғатынан ер мінезді, бостандық пен еркіндікті қастерлеген, өр тұлғалы қайсар халық еді. Тоталитарлық жүйе "жылқы мінезді" халықты момын "қой мінездіге" айналдырды. Шолақ белсенділер, "пысықтар", "шаш ал десе, бас алуға" дайын тұратындар пайда болды. "Адам - адамға дос, бауыр", "Барлық адам тең құқықты" деп ұрандатқанымен, қолында билігі барлардың арасында екіжүзділік, озбырлық, тамыр-таныстық, жүгенсіздік, парақорлық өріс алды. "Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары" деген ұран адам еріктілігіне нұқсан келтірді, "қуыршақ адамдарды" көбейтті. Әкімшіл-әміршіл жүйе ескінің қалдықтарымен күресуді желеу етіп, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп құндылықтарын жойып жіберуге барынша тырысты. "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" деп келген халықтың ішінен сан мыңдаған мәңгүрттер шықты. Осы талдауды қазақтың дәстүрлі әдептік мәдениеті заман талаптарына сай инновацияларға икемдеді ме деген сұрақ төңірегінде аяқтайық. Себебі бұл ұлттың болашағына байланысты мәселеге жатады. XIX ғасырдың ортасында Шоқан Уәлиханов қазақтардың ұлттық дәстүрге деген тұрақтылығына назар аударады: "Қазақ өздерінің көне аңыздары мен наным-сенімдерін қайран қаларлық тазалықты сақтай білген. Одан да өткен ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы әсіресе өлең-жырлар еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз. Көшпелі сауатсыз ордадағы ауызша тараған осынау үлгілердің бір-бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет, алайда күмән келтіруге болмайтын шындық".
Тоталитарлық қоғамдағы адамдық даралықтың шектелуі Кеңес Одағында қатал бақылауға қарамастан жеке дара тұлғалар қатарынан наразылық тудырып, қарсылық қозғалысын дүниеге әкелді. Олардың арасында зиялы қауымның еркін ойларын, катокомбалық өнер мен тұлға аралық қарым-қатынаста өрістеген саяси анекдоттарды, диссиденттер әрекеттерін атап өтуге болады. Тоталитарлық құрылыс идеологтарының терминін қолдансақ, онда адам үшін күрес "мәдениет майданында" да жүріп жатты.
Социалистік қоғамда ресми функционерлер ("шолақ белсенділер") мәдениетті идеологиялық құбылыс деп түсініп, абстракты "коммунистік тұлға" дегенді тәрбиелеу құралы ретінде насихаттады. Мәдени қаһармандар "ақ" пен "қызыл" саяси жіктемесі бойынша "үстем тап өкілдері" мен "еңбекшілер мүдделерін қорғаушылар" болып жасанды екі топқа бөлінді. 50-жылдардың ортасына дейін Абайдың өзі патриархалды-феодалдық тұлға деңгейінен шықпай қалды. Дегуманизацияға ұшыраған социалистік қауымды сол себепті "тарихи қателік" деп бағалаудың негізі бар. Енді тоталитарлық қоғамдағы қазақтың әдеп мәдениетіне тікелей көшсек, онда мынадай үдерістерге назар аударған жөн:
Кеңес Одағының басқа да халықтарындағы сияқты қазақтың төлтума мәдениетіндегі дәстүрлі әдептің ғасырлар бойы қалыптасқан тетіктері шайқалып, аномиялық жағдай мен тұлғасыздандырылу өрістеді. Қ. Әбішевтің тілімен айтқанда, қазақтың әдебі жат болмыста әрекет етті.
Тоталитарлық қоғамдағы дәстүрлі қауымдасу мен даралану нормаларын өзгерту күш көрсету мен жасанды сұлбалардың тар шеңберлері арқылы жүргізілді. Осы жөнінде Елбасының "Тарих толқыны" атты кітабында мынадай ой айтылады: "Олардың түпкі негізінде кез келген тоталитарлық доктринаның жан түршіктіретін табиғи және тарихи кінәраты - адамның жеке басы мен адамдар қауымын кез келген жоспар бойынша оңдауға да, жондауға да бола береді дейтін түсінік жатады. Өзгені былай қойғанда, мыңдаған жылдар бойы жинақталған қазынаны тас-талқан қылып қиратып, "жасаймыз жаңа дүние" дейтін тоталитаризмнің ең танымал гимнінің өзі-ақ осыған айқын дәлел'".
Тоталитаризм дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан қазақ адамын "Мен" дегізерлік әдептік қасиеттерінің тарихи құндылықтарына (еркіндік, азаттық, қонақжайлылық, мәмілелік, тәубешілдік, қауымдық ынтымақтастық, үлкенді сыйлау т.т.) орасан зор нұқсан келтірді. Әдептік сана әлеуметтік-таптық санамен ауыстырылды. Халық ғасырлар бойы құрмет тұтып келген хандар, билер, шонжарлар, батырлар, діни әулиелер т.т. (Қазыбек би, Төле би, Айтеке би, Иасауи, Қорқыт, Абылай, Кенесары, Алаша хан, Жәнібек, Қасым т.б.) нигилистік деструкцияға ұшырады. Елбасы кітабынан осы туралы тағы бір үзінді келтірейік: "Тоталитаризмнің өзге бір "тамаша формуласы" - ұлттық сананы әлеуметтіктоптық санамен алмастыру. Сонда ұлттық сананы тастай қып бекітетін ұйытқыны қалай ірітпек керек? Мұның бірден-бір тәсілі ұлттық тұтастықтың орнына топтасқан тобырды әкеліп қою. Жағдайдың насырға шапқандығы сондай, осы күнгі бәз біреулердің өзі ататегін "заңгердің баласынан" бермен қарай тартатынын еске түсіретін еді. Ұлттық санасезімді талқандаудың қосымша тетіктері ретінде неше түрлі мифтер мен жағымсыз үлгі өнегелер іске қосылды".
- Тоталитаризм уақытында қазақтың тек әдептік қауымдасу негіздері ғана емес, оған қоса кісілік даралану типтері мен мендік сана-сезімінде теріс қылықтар көбейіп кетті. Бүл мәселені философ Ғарифолла Есім өзінің "Сана болмысы: Саясат пен мәдениет туралы ойлар" кітабында арнаулы қарастырады. Автордың пікірі бойынша, Абай сынаған "пысықтар" Кеңес заманында шолақ белсенділер болып шығады. "Желтоқсан оқиғасынан кейін де осындай "пысықтар" өрбіп шыға келмеді ме? Абай айтқандай, атым шығып қалсын деп, пысық журналистер, ғалымдар, партия, кеңес қызметкерлері халықты қуырып жібере жаздады. Олар халықтың жанды жерлері - тіліне, ұлттық мектептеріне, тарихына, өніп-өсіп келе жатқан студенттерге ауыз салды емес пе? Сол "пысықтар" қазір пәс болып, беттері қайтып қалғанымен, орайы келсе тағы да "көктеп шыға келуі әбден ықтимал" . XX ғасырдағы қазақ қоғамында рушылдықтың қозып кетуі де, дейді ғалым, осы "пысықтар" мен "шолақ белсенділердің" эгоистік пиғылынан туады. Бұл құбылысты жасырын түрде қазақтарды бір-біріне айдап салу үшін әкімшіл жүйе де қолданған. Мысалы, басқарушылардың әр жүзден болуын ескеріп отыру. Ғарифолла Есімнің сараптауы бойынша, "шолақ белсенділіктің" теориялық негізі - ұлттық мүдде мен таптық мүддені шатастыру". Мемлекеттік "казармада" адамның тектілігі оның шыққан әлеуметтік тобымен айқындалады. Анкеталарда "әке-шешем жүмысшы болды" деп жазуға көп адамдар ынталанған.
Тоталитарлық қоғамдағы әдептік мәдениеттің органикалық формаларының бұзылуы туралы коп дәлелдер мен деректер келтіруге болады. Алайда жағдайды қара бояумен суреттей беру де сыңаржақтылыққа жатады. Жоғарыда аталып өткендей, тоталитаризм "қазақ адамын" мүлдем өз ыңғайына көндіріп, орындаушы мәңгүртке айналдыра алмады. Осыған дәлелдер мен мысалдарды көптеп келтіруге болады. Қатал сынға ұшыраған қазақтың әдептік-мәдени құрылымдары (қауымдық және тұлғалық деңгейде де) өзіне тән ынтымақтастық, кісілік пен сұхбатшылдық құндылықтарын сақтап қалды. Оны бірнеше себептермен түсіндіруге болады.
Біріншіден, Қазақстанда индустрализация жүргізіліп, қалалардағы тұрғындардың саны артқанымен қазақтардың басым көпшілігі ауылдарда қоныстанды. Нақтылы тарихи жағдайда, осы кеңестік 70 жылдың ішінде қазақтың төлтума мәдениеті ауылдарда өз бітімін сақтай алды, маргиналдыққа кем ұшырады, дүбаралық қатынастар аздау болды. Қысқаша айтқанда, ауыл тоталитарлық қоғамда да қазақ әдеп мәдениеті үшін ұйытқы болды. Қазіргі қазақ зиялыларының басым көпшілігі ауылдан шыққандар.
Екіншіден, Кеңес Одағында жүргізілген мәдени революцияның жағымды жақтары да болды. Жалпы сауаттылықтың қалыптасуы мен білім-ғылым ордаларының ашылуы, ұлттық мамандарды дайындау қоғамның мәдени деңгейін кетерді. Көзі ашық қазақ зиялылары тоталитарлық бақылау жағдайының өзінде қазақтың әлеуметтік мәдениетін жетілдіруге үлкен қызмет атқарды. Мысалы Қ. Кемеңгерұлы: "Бұқарашыл орыс қиялиларының жеке-дара ұстаған жалпы бақыт-махаббатына көтермеші болмай, таза Жапония жолымен жүріп, бірлік-берекеден айырылмай, ұлтшылдықты сақтау керек, - деді. Тағы бір ескеретін жайт: коммунистер өзінің Батысқа қарсы текетіресінде Шығысқа иек артқысы келді. Қазақ зиялылары осы ұстанымды пайдаланып, жалпы Шығыстың (соның ішінде қазақтың) азаттығын армандады. Мысалы, кеңесшіл деп аталатын Сәкен Сейфуллиннің өзі "Күн Шығыстан атады!" деді.
Шын мәнісінде, 1991 жылдан Қазақстан үшін Күн атып, тәуелсіздік заманы келді. Қазіргі постиндустриалдық қоғамда әдеп негіздері: тұлға мен қауымның, әлеуметтік тұтастықтардың арасалмағы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Ақпараттық қоғамда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін даралану (индивидуализация) үдерістері бұрын-соңды болмаған қарқынға ие бола бастады. Жаңа әлеуметтік жағдайда ұжымшылдықтың бұрынғы формалары (социализм, корпоративтік құрылымдар, аграрлық мәдениеттен қалған қауымшылдық т.т.) өздерінің нормативтік мүмкіндіктерінен айырылып, тарихи шектілігін анық аңғартты.
Индивидуалдану жағдайындағы теңсіздік таптық сипатынан айырылып, тұлғалық белсенділік пен жасампаздыққа негізделе бастады. Марксизм тілімен айтқанда, тапсыз капитализм орнықты. Индивид әлеуметтік реттелген қатынастар аймағынан шығып, өзі өз өмірін айқындаудың орталығына айнала бастады.
Постиндустриалдық қоғамда тек аумақты әлеуметтік құрылымдар ғана емес, сонымен бірге бұрынғы қоғамдардың үясы - отбасы да күрделі өзгерістерге ұшырап кетті. Жекедара амбициялар қалыптасқан отбасылық тұрақтылықты шайқалтып жіберді, "келісімді некелер" көбейе бастады, гендерлік қатынастар бірінші орынға шықты. Басқаша айтқанда, даралану үдерістері өздерінің құндылы нәтижелерімен (еркіндік, шығармашылық, жасампаздық, таңдау т.т.) қоса дәстүрден арылған, индивидуалдандырылған мәдени кеңістікте жаңа қайшылықтар мен ауытқуларды тудыра бастады.
Индивидуалдандырылған мәдени-әлеуметтік бірлестіктің өзіндік санасына постмодернизм жатады. Өйткені соңғының негізгі принципі - орталықтандырудан бас тарту. Соңғы жылдары постмодернизм жан-жақты талқыланды және арнаулы әдебиет те жеткілікті. Бұл мәдени феноменді тура мағынасында "модерннен кейінгі" деп қабылдасақ, онда одан капитализм мен социализмнің теке-тіресінен кейін қалыптасқан өркениеттілік үлгісін аңғаруға болады. Енді постсоциалистік әлемдік тәртіп американдық үлгінің толық жеңісін
білдіреді деп жариялаушыларды да тудырды. Ф. Фукуяма өзінің атышулы "Тарихтың ақыры" атты еңбегінде енді батыстық либерализмге ешқандай балама жол жоқ, ол түбегейлі жеңіске жетті деді . Алайда қазіргі тарих либерализмнің жеңіске жетуіне күмән да келтіруге негіз бола алды. Біз бұл жерде қазіргі көп полярлық әлемдегі ұлттық және діни қақтығыстардың белең алып кеткендігін еске салып отырмыз. Қаншама жеке адам құқықтарын қорғаймыз деп жар салғанымен (либерализмнің басты қағидасы), қазіргі посткапиталистік (немесе постсоциалистік) билеушілер жаңа империалистік әлемдік тәртіпті орнатқысы келді. Бұған АҚШ-тың халықаралық терроризмді құртамыз деп Ауғанстан мен Иракты жаулап алуы да мысал болады. Баяғы "ақ нәсілдік адамның тарихи миссиясы" және "төменгі нәсілдерді өркениеттендіру қажеттілігі" теория сымақтары еріксіз еске түседі.
XX ғасырда бірнеше жаңа мифтер өрістеді. Солардың біріне мұқтаждықтан арылған, тұлғалық қатынастар құқықпен үйлесімді реттелген мұрат қоғам туралы утопия жатады. Бүл утопияның марксистік және жаңа либералдық үлгілері бар. Соңғысын Ф. Фукуяма тарихтан кейінгі қоғамда идеология да, философия да, қақтығыс пен мүдделер күресі де жоқ бірлестік деп суреттеді.
Алайда қазіргі өркениеттілік бағдарларын объективтік талдау аталған "жерұйықтың" әлі алыс екендігін көрсетеді. Базистік мұқтаждықтарды өтеу мүмкіндігі мүдделер қақтығысын шеше алмайды. Адамның әдептік тұлғалық қасиеттері жетілгенімен, олар жеке адамның бірлесе, қауымдаса өмір сүруге ұмтылысын бекерге шығара алмайды. Егер "Мен" тек өзім үшін ғана өмір сүрсем және ешкімге керегім болмаса, онда менің өзімнің де қажетім жоқ.
Таптық қоғамның қозғаушы бір факторына аштықтан қорқу жатса, онда жаңа ақпараттық қоғамда тұлғалық таңдау алдында үрейлену пайда болды. Осы жөнінде У. Бек - адам қаншама бай тұтынушы қоғамда өмір сүргенімен, болашақ жөніндегі қорқыныштан арылмайды дейді.
Осы үдерістің көптеген себептерінің арасында шектеусіз даралану ерекше орын алады. Бүл шектеусіз даралану батыстық ойшылдар арасында, мифологиялық реттелген қоғамның ақыры келді деген ілімдерді дүниеге әкелді. Бірақ индустриалдық өркениеттің реттелген құрылымдарынан құтыла бастаған жеке адам жаңа әлеуметтік тұтастықтардың құрсауына түседі. Гипершындық бұрынғы материалды немесе субъективті шындықтан да адам тіршілігін шектеп тастады. Көптеген Батыс ойшылдары осы жаңа жағдайда "қаупі мол өркениет" қалыптасты дейді. Олардың арасында экологиялық, тар мамандану, денсаулық, жаңа кедейшілік қауіптерін атап өткен жөн. Басқаша айтқанда, шексіз даралану әлеуметтік қауіпті өркениет үлгісін тудырады. Рухани өмірді айтқанда тұтынушылық қатынастар, құнсыздану мен жатсыну шегінен шығып кетеді. Индивидуалдандырылған қоғамда жатсыну жеке адамның өзіндік тағдырынан туғандай болып көрінеді. Бәріне "өзім кінәлімін" деген принцип А. Камю суреттеген адамдық шарасыздыққа әкелуі әбден мүмкін.
Адам мен әлеуметтік тұтастықтың арасындағы мәдени үйлесімділіктің бұзылуынан туған құнсыздану мен жатсынудың жаңа формалары Қазақстан сияқты жаңа қалыптасып келе жатқан қоғамдарда ерекше байқалады. Бұл мәселе енді ғана теориялық талдаудың объектісіне айналып келе жатқандықтан, ғылыми және көпшілік әдебиеттегі кейбір көзқарастарға салыстырмалы сараптау беріп, сосын өз тұғырнамамызды анықтайық.
Бұл мәселені басқаша қарастыратын позициялар да жеткілікті. Әсіресе, этноцентристік дүниетанымда жекешілдік, Меншілдік ұлт мүддесінде қарсы келеді деген ой айтылады. Қазақ ұлтының жалғыз мемлекетінде бірегейлену этникалық деңгейінде өту керек делінеді. "Ең алдымен, бірегейлену үдерісіндегі ұйтқы ұлт - мына біздер, қазақтар өзімізге жүктелген күрделі де жауапты міндеттің салмағын толық сезіне алмай отырмыз. Өз елімізде отырып, атамекенімізге өзге отандастарымызды бауырға тарта қамқорлық жасаудың орнына, жетімдіктің зары өтіп кеткен бала тәрізді жеке мүддеміздің аясынан шыға алмай, айналамыздың бәріне өгейлене қараймыз. Бізге салса, "ақша бөлмейтін тас сараң үкіметте өгей", "жиналып ап өзге тілде сөйлейтін парламент мүшелері де өгей", "өз өнерпаз - дарыннан гөрі жат елдің әншілерін жарылқауға құмар кәсіпкерлер де өгей".
Алайда ұлттық бірегейлену абстрактылы уран болып қалмауы керек. Ұлттың өзі адамдық Мен төңірегінде заман талаптарына сай модернизацияға ұшырап отыруы қажет. Мысалы, Орталық Азияның постсоциалистік ұлттарын нақтылы алсақ, онда олардың капиталистік те, социалистік те, демократиялық та, монархиялық та тәжірибелері жоқ екендігіне көз жеткізу қиын емес. Басқаша айтқанда, патриархалды - рулық өзіндік сана мен тоталитарлық құрылымдардың тарихи тұйыққа апарып тірейтіні сөзсіз. Әрине, жоғарыдағы ойларды тек оппозицияның өкілдері ғана емес, сонымен бірге ресми билікті жақтаушылар да айтады. Қазақстан сияқты өтпелі қоғамда азаматтық құрылымдар бірден пісіп-жетіле салмайды. Мәселе, мемлекеттің бағыты туралы болып отыр. Айталық Қазақстан Президенті индивидуализмге негізделген қоғамды орнатуды елдің мақсаты дейді. 2030 Стратегиясында: "Қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарымқатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік, - қысқасы біз азаттық алдық. Мемлекеттік - ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетанымына ауысу біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті" . Жоғарыда аталып өткендей, жекешіл дүниетанымды орнықты ету орасан зор талпыныс пен ерікті қажет етеді. Осы мәселенің мәдени жақтарына назар аударайық.
Утопиялық ұжымдық пен бұрмаланған жекешілдіктен басқа Мендік сезім өркениеттілік құндылықтарымен үйлесімді тоғысқан қоғамға өту күрделі үдеріске жатады. Мәселенің әлеуметтік - мәдени маңызды қырына өтпелі қоғамдағы таратылған (кейде жойылған) әлеуметтік құрылымдардың орнында қайтадан құрастырылған жаңа қоғамдастықтар мен адамдық бірлестіктерді сараптау жатады. Жаңа қоғамдастықтар адамның индивидуалдық табиғатына сәйкес ұйымдастырылуы қажет. Марксизмнің қоғамдық адам жобасының жүзеге аспау себебі осы ілімді дәйексіз жүргізуі емес. Мәселе индивидуализм мен ұжымдықты бір-біріне қарсы қоюда да емес. Шын мәніндегі жекешілдік эгоизм мен альтруизмді де, сұхбат пен ынтымақтастықты да, мораль мен құқықты да бекерге шығармайды. Индивидуализм тұлғасыздандырылған әлеуметтік жүйелермен үйлеспегенімен, мәдени архетиптерге ("ұжымдық бейсаналық негіздер"), ұлттық діл мен рухқа, комплиментарлық бірегейленуге әр уақытта сүйенеді. Сол себепті әрбір жеке адамға ұлттық тарих пен мәдени мұра, мифтер мен аңыздар, батырлық жырлар ауадай қажет.
Орталықсыздандыру (постмодерндік) мәдениетінде басқарушы және бақылаушы орталықтардың құрсауынан босаған индивид үшін таңдау мүмкіндігі ұлғайды. Әлеуетті трансформацияның нәтижесінде және бұрынғы мұраттардың жоғалуы жеке тұлғаны, бір жағынан, белсенділікке, алға ұмтылуға, жасампаздыққа жетелесе, екінші жағынан, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағаламауы арқылы енжарлыққа, сенімсіздікке, түңілуге, қоғамға жат қылықтарға апаруы мүмкін. Өтпелі мәдениетке тән тұлға мен қоғамдастықтардың аралық жағдайын білдіретін қалыпты маргиналдану деп атайды. Бүл ұғым тікелей
мәдениетке қатысты болғандықтан оған арнайы тоқталайық. "Мәдениеттану сөздігінде" аталған феноменге мынандай анықтама беріледі: "Маргиналдық (лат. Marginali - шет, жиектегі, шекарадағы) - қоғамдағы әртүрлі үдерістердің нәтижесінде (көші-қон, этномәдени әрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің модернизациялануы және басқа) пайда болатын, өзге мәдениет. Маргинал - дәстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен мәдени құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мәжбүр, аралық, шекаралық әлеуметтік топтардың мәдени құндылықтары, дәстүрлі нанымдары, бағдарлары және тұрмыс салттарының, басқа да элементтерінің конгломераты. "Маргиналды тұлға" ұғымын 1920 жылдары өздері үшін жаңа урбанистік тұрмыс қалпына бейімделуге мәжбүр жағдайға тап болған иммигранттардың мәдени мәртебесі мен сана - сезімін белгілеу үшін Р.Парк ұсынды".
Сонымен, маргиналдық шекаралық әдептік - мәдени кеңістіктегі ауытқушы адамдарға жатады. Олар бұрынғы құндылық аймағынан шығып қалғанымен, жаңа топтың құрамына да ене алмай қалды. Әрине, маргиналдықтың жағымды жақтары да бар: инновацияшылдық, мобильдік, ашықтық т.т. Алайда маргиналдану, 3.Фрейд тілімен айтқанда, Мен және Идеал меннің арасындағы үйлесімсіздіктен туындайды. Мысалы, Қазақстан жүргізілген реформалардың нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік меншікпен байланысты адамдар (инженерлер, жобалау институтының қызметкерлері, зоотехниктер мен агрономдар т.т.) маргиналдану үдерісіне ұшыраған. Осы жөнінде ғалым - социологтар мынандай қорытындыға келеді: "Әлеуметтік маргиналдау адамның әлеуметтік тек не өзін бір топпен бірдей санауы туралы ойларын өзгерте отырып, әлеуметтік институттарының функцияларын шатастырды, ірі және шағын әлеуметтік топтардың әлеуметтік позициясын өзгертті, жаңа әлеуметтік топтарды дүниеге келтірді. Қазіргі қазақстандық қоғамда адамның өзін бір топпен бірдей санауы дағдарысқа ұшыратуда. Өзінің қай топқа жататыны туралы ойламайтын, не оған бейтарап қарайтын адамдар тобы көбеюде. Бүл мағынада дүние макро деңгейде ғана емес, микро байланыстар деңгейінен де топқа өзін мүше санау қатынасын бұзды. Э. Гидденстің айтуынша, "өзін сол топпен бірдей санау субъектінің әлеуметтік қатынастар мен байланыстарға қосылуының бірден - бір тәсілі болып саналады, ал бұл үдерістің күйреуі қазіргі қоғамның автономизациялануын сипаттайды".
Бүгінгі таңда елімізде әдеп мәдениетінде басқа да қайшылықтар мен қиындықтар жеткілікті. Алдымен көзге түсетіні - адамгершілік мәдениеттің төмендеуі. Егер тоталитарлық жүйеде қоғам мемлекет ішіндегі бағынышты тетікке айналса, онда көптеген посткеңестік елдерде қоғамдық құрылымдар мүлдем еленбей қалды: бір жағынан, өзінің мәнді белгілері бойынша тұлғасыз көпшілікке (масса) айналған халық бұқарасы бар. Екінші жағынан, жүйелер теориясы бойынша, құрылымы бір типтес тұтастық түбінде деградацияға ұшырайды. Әрине, Қазақстан және ТМД-ның басқа елдерінде жаңа әлеуметтік-мәдени құрылымдар қалыптасып жатты. Алайда олар билеуші топтың белсенділігіне қатысты болды. Халықтың онда ісі аз болды.
Халықтың бұқаралық мәдениеттің теріс жақтарын өз бойына жылдам сіңіріп алуының тарихи себептері бар. Біріншіден, еліміздің негізгі тұрғындары қазақтар мен орыстар ғасырлар бойы қауымшылдық ділде әрекет етті. Мысалы, Ресейдің "алтын ғасырындағы" соборлық идея жеке индивидтің ар-ожданы негізінде қоғамдасуын білдіреді. "У ішсең де, руыңмен іш" деген қазақтар менталитеті айтпаса да түсінікті. Жоғарыда дәстүрлі мәдениеттегі тұлға мен қауымның арақатынасы белгіленген. XX ғасырдың аяғында дейін ол өз тұрақтылығын сақтап келді. Социалистік құрылыстағы "ұжымшылдық" турасынан алғанда қауымшылдықтың ерекше түріне жатады.
Бұл сипатта мына бір теориялық қағиданы ескеру қажет: қоғамдастық, қауым, неше түрлі корпоративтіктер (клан - ру, діни ұжымдар, отбасы, мамандық, спорттық бірлестіктер, клубтар, мүдделі құрылымдар т.т.) адамдық келісімнің нәтижесінде өмірге келеді және оған тәуелді болып отырады. Сол себепті тұлғалық және әлеуметтік бірлестіктер тарихи - релятивтік болып келеді . Қоғамдастықтың относительдігі (салыстырмалылығы) әлеуметтік-мәдени феномендерінің де шарттылығын тудырады. Мысалы, КСРО тарағаннан кейін отарсыздану үдерістері әлемдік өркениеттіліктің басқа тарихи жағдайында өтіп жатыр. Өйткені XX ғасырдың 60-жылдарыидағы отарсыздану Батыс метрополиясы емес, бұрынғы метрополияның үлкен болса да бөлігінде жүрді. Сол себепті этнократиялық ұстаным тарихи үдерістердің жалпы бағытына сәйкес келмейді, индивидуализмге негізделген қоғамды құру үшін батыстық немесе ресейлік құндылықтардан алшақтамай, қайта олармен ұлттық архетиптерді сақтай отыра конвергенцияға бару қажет.
Автордың жалпы шыншылдық тұғырнамасы шығармашылық сипатта болғанымен бір нәрсені естен шығармаған жөн: жетілген өркениеттерде этноцентризм өзінің позитивтік қуаттылығын жоғалтқанымен (мысалы, АҚШ-тың әлемдік қауымдастық пікірін ескермей, басқа елдердің ішкі істеріне араласуы), көптеген ғасырлар бойы отар болып келген елдердегі ұлтжандылықтың мәнісі мен табиғаты мүлдем басқа. Сонда да Абай бастап берген оз қоғамы мен адамы бойындағы теріс қасиеттерді объективті тұрғыдан сынау жағымды. Ол жағымсыз қатынастар мен қылықтардан арылуға себебін тигізе алады. Тек әмбебапты әділдік принципі бағыт беруші тетік кызметін атқарып отыруы қажет.
Индустриалдық және бұрмаланған тоталитарлық қоғамдардың дағдарыстанған және тұлғасыздандырылған әдептік құрылымдарды шекті. Оның негізінде өркениеттік дағдарыс жатыр. "Өркениет" термині бұл жерде адам мен қоғамның барлық деңгейлерін біріктіре алатын құрылымды білдіріп тұр. Үшінші толқын көпшілікке арналмаған жоғары сапалы индивидуалдық құндылықтарды көздейді. ұлтшылдық ескі индустриалдық қоғамның туындысы. Ақпараттық өркениетте индивидуалдық құқық нормалары қоғамдық мүдделерден жоғары қойылады. Ғаламдану ұлттық "шекараларды" бұзып отырады. Бұл жерде екі бағыттың күресі қазіргі әлемдік өркениеттердің қарым-қатынастарының мазмұнына айналды. Осы екі бағытқа ғаламдану мен ұлттық - мемлекеттік төлтумалықты сақтау жатады.
Бұл, әрине, тым "қоюланған" сценарий. Ғаламдану мен постиндустриалдық өркениеттің теріс жақтары жөнінде жеткілікті жазылған. Біздің назар аударатын мәселеміз: осы постиндустриалдық қоғам ондағы тұлға әдебін қалай өзгертті? Басты жауап: Үшінші толқын мәдениет, құндылықтар мен моральды индивидуалдандырды. Орталық өзінің көптеген функцияларын шет аймақтарға бере бастады. Өйткені өзгермелі қоршаған ортада ақпарат орталыққа жеткенше ескіріп кетуі мүмкін. Тотальдық иерархиялық құрылымдар тиімді нәтижелерге жете алатын мобильдік топтармен ауыстырыла бастады. Индивидуалистік мәдениет өндірістік - әлеуметтік қатынастармен бірге білім беру саласын да қамти бастады. Бұрынғы мектептегі типтік бағдарламалар бойынша стандартты оқыту мен күнделікті қарадүрсін тексеру постиндустриалдық өркениет талаптарына сәйкес болмай шықты. Елдерді сандық өлшемдер бойынша салыстырудың орнына келген адамдық даму индексінің (білім деңгейі, өмір ұзақтығы, тіршілік сапасы) тиімділігі қанша болса, жалпыға бірдей білім берудің орнына мақсаттық, дара, арнаулы білім беру де сонша тиімді.
Бұқаралық емес мәдениетте азшылықтың рөлі ерекше артады. Үндемейтін көпшілік индустриалдық немесе тоталитарлық қоғамдарға тән. Бір мақсатты көздеген миллиондар шектеусіз қиратушы күшке, массаға айналып кетуі мүмкін. Егер осы миллиондар өздерінің индивидуалистік мақсаттарын жеке түсініп және осының негізінде үйлесімді әрекетке барса, онда біз орнықты дамитын өркениет үлгісін көреміз. Кейін тарихшылар жалпыға бірдей дауыс беруді және көпшілік мүддесін ескеруді архаикалық рудимент деп қарастыруы мүмкін.
Бір жағынан, маркстік философияда шынайы ұтымды нақтылы жалпылық деген ұғым бар. Оны тұтастықтың жеке ерекшеліктері айқындалған, көптүрліліктің бірлігі деп анықтауға болды. Саяси жағынан индивидуалдандырылған қоғамдағы демократия өкілеттік емес, тікелей қатысушы демократиямен ауысады. Егер сайлаған өкілдер біздің көзқарасымызды дәйекті жүргізе алмаса, онда өз көзқарасымызды өзіміз жүргізуіміз керек. Мысалы, "электрондық парламент" арқылы; Интернет жүйесін де естен шығармаған жөн. Мәселе қашанда орталықсыздандыру арқылы шешіле бермейді. Мәселені шешудің жолы - жауапкершілікті арттыруда. Экзистенциализм терминімен айтқанда, кез келген адам барлығы үшін жауапты. Керісінше емес. Онда анонимді әдепсіз қоғам пайда болады.
Жоғарыда келтірілген қағидалар қазіргі өркениеттілік тенденцияларын сараптаудан алынған. Енді осы тенденциялар мен қазіргі Қазақстан шындығын салыстыра қарастырайық.
Осыдан бұрын аталып өткендей, Қазақстандағы тоталитарлық жүйені қазіргі өркениеттілік үлгілерімен (нарық, азаматтық коғам, демократия т.т.) ауыстыру жергілікті элитаның белсенділігімен және қол жеткен тәуелсіздікті нығайту ұрандарымен жүргізілді. Еркіндік пен теңдік арасындағы дисгармонияны болдырмау тұлғалық және әлеуметтік мәдени құндылықтардың арасындағы амбиваленттік қатынастарды уақытында айқындап, нақтылы тарихи жағдайларды ескере отырып, үйлестіру шаралармен байланысты. Бұл жерде жалпы үлгі, сұлба жоқ. Сонда да әлемдік тәжірибелерден тағылым алған артықшылық болмайды. Мысалы, Латын Америкасында өткен рестратификация мен жекешелендіру элита мен халық бұқарасының арасында терең шатқалдың пайда болуына әкелді және көпшіліктегі сауатсыздық пен саяси мәдениеттің төмен деңгейі экстремизм мен терроризмнің пайда болуына себептер болды. Осы сияқты құбылыстарды Ауғанстан сияқты мұсылман елдерінен де байқауға болады.
Егер Қазақстанда өтіп жатқан рестратификация мен десоциализация үдерістеріне назар аударсақ, онда сол "латынамерикандық дамудың" жаңа түрлерін аңғаруға болады. Мысалы, соңғы жылдары (бұқаралық ақпарат құралдарында (әсіресе, теледидарда) "зомби" туралы жиі айтылып жүр. Аталған ұғымның көркемдік, көпшілік мәдениетінде – табыстық - кассалық мағынасынан басқа рәміздік (символдық) мазмұны бар. "Тірі өлік" немесе зомби деп көптеген жағдайда рухани мәдениеттен тыс адамды айтады. Зомби тарихимәдени жадыдан тыс адам. Зомбиге жақын типтік ұғымға мәңгүрт жатады. Бұл Ш. Айтматовтың көрген бейнесі кейін әлеуметтік - мәдени рәмізге айналған. Осы ұғым жөнінде арнаулы талдау біршама жеткілікті болғандықтан, оның кейбір жақтарына ғана назар аударайық. Тәуелсіздік жылдарында рестратификация мен бірегейлену біздің елімізде этникалық доминанттар ықпалымен (тәуелсіздікті, егемендікті, жер мен ел тұтастығын сақтау т.т.) жүргізілгендіктен, кейбір зерттеушілер қазақ мәдениетіндегі екі субэтнос (қазақ тілді және орыс тілді қазақтар) тұралы жазып жүр. біздің ойымызша, осындай бөліністің кейбір негіздері болғанымен қазіргі өркениеттілік үдерістері мен индивидуалданған қоғамда омың жасандылығы да айқын көрініс табады. Басқаша айтқанда, этносты тілдік негіз бойынша жіктеу мәдениеттанулық у-хрония мен у-топияға
жатады. Архаикалық және патриархалдық - кландық сананың белгілі бір өкілдері орыс тілді қазақ мәдениетінде мәңгүрттік белгілер бар дегенді де шығарады. Өйткені олар үшін рухани мәдениет қоршаған орта мен заман талаптарына оқшауландырылған мұражай сипаттас болып келеді . Бұл сана ежелгі туысқандық қатынастарды адамдық пен кісіліктің жоғары үлгісі деп жариялады. Қазақстанда бұрын "ауыл - ұлт тірегі" деген тіркес "ұлтжанды" интеллигенция өкілдері тарабынан жиі айтылады. Ауыл шаруашылығына жүргізілген де ұжымшылдықтан соң оның да мәнділігі азайып, ауылды жаңғырту бағдарламасының жағымды мүмкіндіктері де бар екенін мойындау қажет. Қазіргі постмодерндік қоғамдастықта тұлғаның төмендегідей қасиеттері жоғары бағаланады: автономдық, атомарлық, жасампаздық, еркіндік, шығармашылық. Осындай дара тұлға үшін ең басты әдептік ұстын - "құлдық ділден" арылу. Ол "ұжымшылдық нарциссизмнің" де мәнісін түсінеді. Орталықсыздандырылған дискурс постмодеріндік әлеуметтік мәдениеттің басты белгісіне жатады. Адам - негізгі капиталға айналды және бұл жай айтыла салған сөз емес.
Философ Н.Садықов казіргі Қазақстанда екі түрлі моральдық бағыттағы өркениетті құру бағдарламасы бар дейді, біріншісінің жасампаздық мүмкіндіктері төмен және архаистік санадан нәр алады. Оның басты сипаттарына жататындары: - ру - тайпалық және тоталитарлық инерция; - мәдениетті пайдасы шамалы сала деп санау; - "толымсыздық кешені" немесе "ұлттық мания"; - әлемдік өркениеттік үлгілерімен салыстырмалы зерттеулерден үрейлену; - шындықты жасыру, жаңа мифтерді, репрессиялық сананы қалау. Келесі бағдарлама әдептік мәдениетті заман талаптарына сай қалыптастыруға бағытталған: - субъекторталық ұстаным;
- мәдениетті әмбебапты реттеуші тетік және сұхбат деп қарастыру; - жеке адам санасына манипуляция жасауды тоқтату; - XX ғасырдың бейбіт мәдениеті құндылықтарын (демократия, адам құқықтары, азаматтық қоғам, орнықты даму, толеранттылық, күш көрсетпеу т.т.) қабылдау.24 Қуаныш ӘЛЖАН
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ АДАМНЫҢ ДҮНИЕГЕ ЭТИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
24 Бейбіт мәдениеті жолында /Нұржанов Б.Ғ., т.т. - Алматы: ҚазМУ, 2000. 100-6. Дүниетанымдық кең мәтіндегі этикалық қарым-қатынастар, жалпы қазақ философиясындағыдай, жыраулар шығармашылығында адам және адамзат қоғамы үшін ең құнды қатынастар ретінде қарастырылады. Қазақ жырауларының тәртіпке этикалық көзқарас логикалық ойлаудан жоғарырақ дейтін ойлары бүл орайда өте түсінікті. Олардың ұғымында әлемнің эзотериялық бірлігі - әлемнің ең түпкі негізі - әлемнің бастамасы деп аталатынның жердегі өмірде шындыққа айналуы.
Осылайша дүниетанымдық кең мәтінде этикалық қарым - қатынастар адам мен адамзат коғамы үшін ең зор құндылыққа ие қарым-қатынастар ретінде қарастырылады. Олар адам дамуының мақсаттарынан және оның қоғамдағы мінез-құлықтарының өлшемдерінен гөрі ауқымдырақ нәрсені қамтиды және білдіреді, өйткені субъект мінез-құлқы оның дамуы мен өлшемдерінің мақсаттары, даму құралдары мен салдарлары сияқты рационалды сәттерден де тұрады. Этикалық салада субъектінің өздігінен қозғалуы және өздігінен дамуы шындығында бастапқы болып табылады. Ол Гегель философиясында классикалық түрде ашып көрсетілген. Рас, оның философиялық мұрасында субъект мен рух көбінесе объективтік дамудың заңдары арқылы көрсетілген.
Қазақ жырауларының дүниетанымында субъектінің өздігінен дамуы эзотериялық кеңістікпен байланыс арқылы ашылған. Субъектілік дамуда тек объектілік қана емес, әлдеқандай тылсымдық та бар, ол - субъектінің өзіне ұқсастар әлеміндегі еркі. Бұл орайда этикалық қарым-қатынастар адамның субъективтік әлемімен тікелей байланысатынына орай, бұндай субъективтік, және сонымен бір мезгілде объективтік этиканың негізгі объектісі моральдық сана, субъектінің өз мінез-құлқы мен іс-әрекеттері үлгісін саналы түрде таңдауы болып табылатынына орай.
Жартылай көшпелі өркениетте әлемге қарым-қатынастар жүйесінде белгілі бір рухани тәртіп болды, қазіргі замандағы зерттеулерде оларды сыртқы мінез-құлықтың тар шеңберлері және дұрыс қарапайым ойлау дағдылары және ұйғарымдар арқылы түсіндіру мен шектеу логикаға тіпті жат болар еді. Тіпті керісінше, жеке тұлғалардың немесе әлеуметтік топтардың мінез-құлықтары бүл жерде бір-бірімен өзара және қоршаған әлеммен қарым - қатынастың айрықша рухани кеңістігімен, медитациялардың, құдайға құлшылық етумен толғаныстардың айрықша кеңістігімен толығады. Оған эзотериялық қарым-қатынастарды: субъективтік өзін тануды, импровизацияны, мистикалық тәжірибелерді, шамырқанған шабытты, ресми мораль мойындаған және мойындамаған әдеттен тыс және соған ұқсас құбылыстарды жүзеге асыру үшін қажет бос кеңістік ретінде анықтама беруге болар еді.
Бұл кеңістікте субъектінің бостандығы мен тәуелсіздігі тек өзін - өзі жетілдіру, даму мен түйсікті жетілдіру арқылы әлемнің эзотериялық бірлігін түйсіну қабілеті арқылы, сондайақ ойдың өзіндік және әлеуметтік жетілу жолдарын жүзеге асыратын тұрақты жұмысы нәтижесінде ғана мүмкін болады. XVIII-XIX ғ ғ. қазақ халқының көрнекті тұлғалары - жыраулары, билері және т.с.с. бір шоғыр ой өнер саңлақтары өздерінің мәдени, әлеуметтік, құқықтық және поэтикалық шығармашылығы арқылы осы тектес аса мол мұра қалдырды.
Осылайша, "этика" және "этикалық қарым-қатынастар" ұғымдарын қазақ жырауларының шығармашылығына қатысты пайдаланар болсақ, "жақсылық" йен "жамандық" категориялары немесе "әлеуметтік заң" және "мінез-құлық ережелері" ұғымдарын мүмкіндік деңгейінен гөрі кеңірек мәнде ұғыну қажет. Сөз, біріншіден, бұл қарым- қатынастардың діни астары туралы және екіншіден, тұлғаның жеке және әлеуметтік эзотериялық мәнде өзін табуы мен өзін іске асыруы туралы болып отыр.
XVIII-XIX ғ ғ. қазақ ойшылдарының бүтін нәрсе ретіндегі әлемнің мазмұны мен пішініне қатысты көзқарастары, қатаң сын тұрғысынан айтқанда, терең дүниетанымдық және логикалық мазмұнға ие, ол мазмұнның және қазіргі замандағы философияның онтологиялық мәселелерінің аясын кеңейтеді. Әлем мен адамның эзотериялық бірлігі, сондай-ақ бұл бірліктің қажеттігі де төмендегідей пікірлер арқылы дәлелденеді:
- егер субъективтік идеализм субъект өзінің қабілеттері арқылы өзі үшін объективтік әлем қалыптастырады деп сендірсе, ал объективтік идеализм Абсолют, Құдай материалдық әлемді жасайды деген және т.с.с. пікір ұстанса, жыраулар философиясында субъект сананың, еріктің, іс-әрекеттің, өмірлік қуаттың, сезімнің және т.б. иесі ретінде қарастырылады; - субъект екінші және ол тек өзін қоршаған объективтік әлемді бейнелей алады деген пікірді ұстанатын материализмге қарама - қарсы субъектінің белсенділігі дәлелденеді. Мұндай ерекшелік натурфилософияда орын алады, онда субъект тіпті енжар;
- бұл сияқты пікірлердің кез келгені субъектіні дара бірдеме, жақсы жағдайда айрықша бірдеме ретінде түсінуге негізделген. Шын мәнінде, құдай да діндегі жеке және енжар материалдық табиғат түріндегі өзінің "өзгеше бірдемесін" жасаушы ретінде және толығуы үшін табиғи даму жетіспейтін Абсолют те осындай; - әрбір жеке индивид сонымен бірге өзі арқылы жалпыға ортақ заңды және әлдеқандай жалпыға ортақ қарым-қатынасты білдіретін бірдеңе; - субъектінің өздігінен дамуы мен өзін-өзі табуы да осынау жалпыға ортақ қарымқатынастың бейнеленуі;
- сонымен бір мезгілде бүл - адамның иррационалды бастамасы, оның еркінің, оның ой-өрісінің, сана-сезімінің, қуаныш - қайғысының, трансценденттік және субъективтік бастамаларының және қабілеттерінің иррационалдық негізі; - барлық жеке субъектілер - әрқайсысы өзінің белгілі бір шамасына қарай өз бойына иррационалдылықты да, сондай-ақ жалпыға ортақты да сіңірушілер. Олардың эзотериялық бірлігі мен әлемнің эзотериялық бірлігі осында жатыр;
- эзотериялық бірліксіз, яғни жеке заттардың, объектілердің, және субъектілердің "бойындағы" жалпыға ортақтықсыз ешқандай - табиғи да, рухани да бірліктің болуы мүмкін емес. Сол арқылы жалпыға ортақтықтың, ерекшелік пен даралықтың имманенттік бірлігі пайда болады. XVIII-XIX ғ ғ. өмір сүрген жыраулардың дүниетанымы түрі мен мазмұны бойынша шығыстың классикалық менталитетіне етене жақын. Бәрінен бұрын тұтастай қабылдау "архетипін" сақтауы және білдіруі арқылы, оның үстіне олар жоғары мәдениетті идеологиялық, этикалық және эстетикалық феноменге дейін дамытты.
Архаикалық санада әлемді түйсінудің барлығын білдіретін жаппай бүтіндік сыртқы әсердің ықпалынсыз, ішкі себептер арқылы иррационалдық өзін-өзі сезінуді білдіру және сонымен бір мезгілде мәдени, моральдық, саяси және басқа (емшілік культі, шаманизм, көріпкелдік және басқа культтер) қарым-қатынастарды бейнелеу болды.
Қазақ ойшылдары, жыраулары идеялық - образдық және поэтикалық шығармашылығына тән құндылықтардың бірі, олардың өз туындыларында дүниетанымның осындай "аса зор" мінсіз түрін сақтай білгендігінде жатыр. Оның үстіне олар бұрынғы дәстүрлер рухын дамытып қана қоймай, оны қазақ халқының болашағына да бағышталған мүлдем жаңа гуманистік, авторлық, жігерлі, ғибраттық, этикалық, идеологиялық және эстетикалық мазмұнымен толтыра білді.
Қазақ ойшылдарының, жырауларының қазақ халқы дүниетанымын қалыптастырудағы бұдан маңыздылығы кем соқпайтын жетістігі ретінде олардың философиялық және дүниетанымдық ақиқат іздеулерінде метафизикалық көзқарастардан өзге пан субъективизм, метасубъективизм де орын алғандығын есептеу қажет. Мұндай философиялық көзқарас аясында ең бастысы әлемнің аса субъективтік бастамасы идеясы мен жалпыға ортақ заңдар шеңберіндегі субъективтік бірлік идеясы болды. Бұл көзқарас субъективтік әлемнің жалпыға ортақтығын, субъективтік заңдардың қолданбалылығын объективтік әлемге, заттарға, құбылыстарға телиді.
Философияда бұған рухы жағынан жақын эзотериялық бірлікті әр жағынан сипаттайтын пантеизм, панлогизм, панпсихизм, парапсихология және т.б. мектептер жақсы белгілі. Қазақ ойшылдарының туындыларында бұл субъективтік негіз, біріншіден, айрықша бірдеме, жерге игілік немесе көктің қаһары, яғни тәңірілік билік, тәңірілік эманация (жер асты әлеміне аттану) жіберілетін кеңістік ретінде көрсетіледі. Адам бүл кеңістікте рухани, моральдық (мейірімді немесе қатыгез) тіршілік иесі болып табылады, ал заттар әр алуан заңдар мен қарым-қатынастардың негізін бойында сақтайды және өзі арқылы білдіреді.
Әлемнің көзге көрінбейтін субъективтік негізін ең дерексіз мағынада тірі немесе эзотериялық субстанция ретінде атауға болады. Ей, айтшы, Алланы айт. Аты жақсы құдайды айт. Төрт шадияр, Мұстафа, Мұсқап ашқан ғаламды айт. Тәңірім сөзі бұрқанды айт. Кәлим Алла - Құранды айт. Тәңірім салса аузыңа, Жан жолдасың иманды айт.25
Бұл субстанцияны Аристотель "энтелехия", Платон "әлемдік рух" деп атады. Көптеген көне ілімдерде, біздің пайымдауымызша, ол бірыңғай әлемнің субъективтік бастамасы ретінде ұғынылатын Логос ұғымымен белгілі бір дәрежеде байланысты. Оның объектілерге және объективтік әлемнің құбылыстарына шартты түрде қолданылуында И.Кант оны "өзіндік зат", яғни, құбылыста берілмеген және түйсік арқылы сезілмейтін деп атады. Гегельде бүл - абсолюттік рух. Экзистенциализм оны онтология шеңберіне, болмыс категориясының шекарасына көшіріп, экзистенция, Меннің субстанциясы немесе ең жоғары тұрған Мен деп атады.
25 Қазак хандығы дәуіріндегі әдебиет. Алматы, "Ана тілі", 1993, 101-6. Даосизм философиясында бұл субстанция "бос кеңістік" деп аталған, ежелгі материалистік ілімдерде бүл "праматерия" деген атауға ие болды. Ал диалектикалық материализмде ол екінші дәрежедегі категориялар қатарына қосылды. Бұл философиялық категориялар, бастапқы логикалық анықтамалар философия ғылымында ешқандай дамымады.
Жаңа заманнан бергі Батыс Еуропа философиялық мектебі ақыл - естің, ойлы адамның күшін паш етіп, аясында заттық, тәжірибелік сапаларды және қарым-қатынастарды талдау, рефлексия мүмкін болатын дәлелденетін категорияларды зерттеу жолымен жүрді. Осылайша Батыс Еуропа философиясы мен ғылымында негізінен бірыңғай сезім мен тәжірибенің объективтік мәліметтеріне сүйенетін логицизм шеңберімен шектелген зерттелуші объектіні қарабайырландыру жолы таңдап алынды.
Еуропаның И. Кант секілді көрнекті ойшылдары, экзистенциализм мен иррационализмнің өкілдері, өздерінің рационализмнің тар өрістілігі жөніндегі сындарында бұл зерттеушілік бағытта айрықша философиялық көзқарастар ұсынды, бірақ олар бытыраңқы, тұтас емес әлемді көрсетті.
Қазақ жырауларының дүниетанымында әлем, ғарыш эзотериялық субстанцияның арқасында толысқан бүтіндікке, жоғарғы, орта және төменгі әлемдердің арасындағы байланысқа ие болады. Қазақ ойшылдарының поэтикалық мұрасында этикалық қарымқатынастардың жаңа аспектісі, әлеммен адамның, олардың бірлігін және өзгешелігін түсінудің тарихи алғышарттарының бірі зерттелген. Сонымен бірге әлемнің мұншалықты аса зор, синтетикалық үлгісі қазіргі заман ғылымынан логикалық танымның құралдарының бірі ретінде рационалдық ойлаудың да, интуицияның да басын қоса алатын айрықша әдістемелік, терең философиялық көзқарасты талап етеді.
Қазақ ойшылары "қоғам - адам" қарым-қатынасының идеялық, әлеуметтік және дүниетанымдық мазмұнына да маңызды үлес қосты. Қазақ жырауларының әлемдік суретінде этика мен этикалық көбінесе адамның сәулелендіруші енжар санасынан гөрі жігерлі, белсенді бастамасы ретінде түсіндіріледі. Олар өздерінің замандастарына, мемлекет қайраткерлеріне, батырларға, хандарға, билерге, жауынгерлерге және жастарға еш уақытта маңызын жоғалтпайтын моральдық құндылықтарды бағалауға және сақтауға шақырып, сөз арнайды.
Жыраулардың рухани және мәдени құндылықтары әлеуметтік өмір мен моральдық сананың жалпыға ортақ кең мәтініне көпшілік мақұлдаған дәстүрлер мен жаңа көзқарастардың жаңашылдық бірлігі болып табылады. Олар өздерінің халқын діни және адамгершілік бастаулар мен дәстүрлерді маңызды, өмір сынынан өткен моральдық өлшемдер ретінде сақтауға шақырады. Жалпыға ортақтыққа қосылудың дара рухани құралы ретінде өзін-өзі жетілдіруге шақырады.
Көшпелі ер адамның өміріндегі ең басты әлеуметтік мақсаттардың бірі - қадірлі тұлғаға айналу, далалық әлеуметтік иерархияда лайықты орын алу. Жас жігіт, жас жауынгер өз алдына ізгі мақсаттар қоюға: Отанның сарбазы - қорғаушысы, дәулетті ер - қожайын болуға, және содан кейін мемлекеттік, тұрмыстық және отбасылық істерде данышпан басшыға және кеңесшіге айналуға міндетті. Жастарға үндеулерінде жыраулар осыған сәйкес ғибратты кеңестер айтады.
Қазақ жырауларының шығармашылық мұрасында қалдырылған рухани құндылықтар саласында, поэтикалық суреттерде адамның ойланып жасалған таңдауына негізгі акцент жасалады. Мінез-құлық пен әлеуметтік қарым-қатынастардың олар теріс деп есептейтін ерекшеліктері олардың туындыларында сыналады және рухтың әлсіздік танытуының белгісі ретінде бейнеленеді.
Бұл образдар мен суреттер әсерді ширата түсетін сияқты көрінетін арнайы тәсілдің көмегімен көрсетілген. Әлеуметтік өмірдің әр алуан ұнамсыз құбылыстары мен қасиеттері, ұнамсыз кейіпкерлер мен образдар, салыстырмалы түрде алғанда шағын сюжеттік көріністе бейнеленген. "Тығыздаудың" мұндай метафоралық тәсілін жыраулар жағымды қасиеттерді бейнелеуде де өте жиі пайдаланады. Ол оларға субъективтік түйсіну энергиясын арттыруға көмектеседі, көпшілікті субъективтік энергияны бейнелеп отырған суреттің фонындағы дербес бірдеме ретінде сезінуге мәжбүр етеді.
Ойластырылған адамгершілік таңдау жыраулардың өздері салған әлемнің поэтикалық суретіндегі ұғымдарында өз еркін субъектінің рухани тәуелсіздігін оның өзінде, қоғам өмірінде және қоршаған әлемде бейнеленген жалпыға ортақ қарым-қатынастарға жігерлі түрде талпынушылығын білдіру болып табылады. Мұндай пішінде адамгершілік таңдау этикалық анықтамаға дәлірек сәйкес келетін императив болып табылады. Бұл терминнің мағынасы дәл осы жағдайда кеңейтілді және біз өзіміз жоғарыда сүйенген изотериялықты түсіндіруге түзету енгізу арқылы нақтыланды.
"Этикалық императивте" субъектілердің барлығының изотериялық та, сондай-ақ ерік пен интуицияның иесі ретінде нақты қарым - қатынастарындағы бірлігі сәулеленген. Адам сананың, рухтың, иерархиялық кеңістіктік мәртебенің иесі, мақсаттар, іс-әрекеттер, мінезқұлықтар және ең бастысы, рух арқылы өзін-өзі табу түрінде жүзеге асырылған жеке және әлеуметтік қарым-қатынастардың субъектісі ретінде ұғынылады. Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, Қызыққа тоймас адамзат.26
Этикалық императивті осылайша толық ұғыну XVIII-XIX ғасырлардағы мәдени ахуалды тереңірек түсінуге көмектеседі. Түркі халықтарының көптеген көне культтері, рухани және әлеуметтік-тұрмыстық культтер, Шыңғыс ұрпақтарының иерархиялық культтері, исламның ықпалдары, исламның мистикалық бағыттары және басқа культтер далалық өмірдің рухани дүниесін толықтырды. Олар жиынтықталған түрде "адамзаттан жоғарғы" бастамалардың, өздерінің түпкі тектері көктің билеушісінен, аспаннан, әртүрлі тотемдік және анимистік символ - ата-бабалардан бастау алады деп санайтын әулеттердің әрқилы архетиптерін бейнеледі.
Рух пен қоғамдық сана қызметінің бүл жағы әлі күнге дейін толық зерттеле қойған жоқ, субъектілердің өздерін табуы - түсіндірілуі қиын рухани қызмет. Қазақ және басқа халықтардың тарихында олар өзін тану, өздігінен даму арқылы білінеді. Танымның бүл түрінің жолында ең бастысы олардың өміріндегі өз орнын танып-білуі, сананы әлемнің абсолюттік бірлігі жүйесінің, "әлем - адам", "қоғам - адам" және т.б. қарым-қатынастар жүйесінің ішіне "орнату" үдерісі болып табылады. Сол сияқты адам қоғамының танымы 26 Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Алматы, "Ана тілі", 1993, 104-6.
жетілуі және практикасы үдерістеріндегі изотериялық және нақты бастамалардың бірлігі мен дамуы да осында жатыр. Жыраулардың көзқарастары бойынша адам мен қоғам дамуының бүл жолында іс-әрекетке негізгі басшылықты этикалық императив пен тиісінше ыңғайластырылған интуиция атқаруы тиіс. XVIII-XIX ғасырларда қазақ ойшылдарының ауызша және сонымен бірге музыкалық мұрасы бірінші кезекте идеялық және образдық мазмұнға негізделетіні баршаға аян. Бүл туындылар олар Еуропа философтарының еңбектерінде логикалық дәлелдемелерге, логикалық пікірлерге, категориялар мен ұғымдарға құрылмаған. Көптеген зерттеушілер бұдан қазақ жырауларының ойлау сипаты мен тәсіліне синкретизмнің жасаған ықпалын аңғаруы әділеттілікке жатады. Мұндай түсіндірумен сөз поэзияның олар пайдаланған дәстүрлі түрлері туралы болған жағдайда ғана келісуге болады.
Қазақ жыраулары туындыларындағы әлем құрылымдары, оларды негіздеу Шығыс және Батыс Еуропа философиясындағы осындай көзқарастардан өзгеше. Бүл айырмашылықтың мәні мынада жатыр. Еуропаның рационалды философиясы Аристотель заманынан бері танымның, ойлаудың таза логикалық түрлері арқылы жүзеге асатын жолын таңдады. Оның көмегімен философтар негізінде ақыл-парасаттың, сол сияқты заттық, табиғи әлемнің түрлері мен мазмұнын анықтайды, олардың бірлігі мен заңдарын, өркениеттің дамуындағы техногендік бағыттарды айқындайды. Логикалық ойлау адамның рухани және танымдық қабілеттері иерархиясында алғашқы орынды иеленеді. Образдардың рөлі бүл тұста ұғымдардың мазмұндық шеңбері енгізілген бағынышты, енжар фигуралар дәрежесіне дейін құлдыратылған. Образ мұндай түсіндіруде тек сәулелендіруші, енжар бірдеңе болып табылады.
Шығыстың философиялық дүниетанымы мен танымы арнасында іс басқаша сипат алады. Адамның субъективтік қабілеттерінің иерархиясында басым және негізгі рөлді интуициялық білім, потериялық кеңістік және олардың бірлігі атқарады. Субъективтік қабілеттер мен объективтік білімнің осы аймағын бұл жерде жалпыға ортақтықтар сапына қосады. Осыған орай шығыстың философиялық мектептерінің көпшілігінде логикалық ұғымдар мен образдар өзара теңестірілген және таным үдерісінде интеллектуалды бірінбірі толықтыратын түрлер рөлін атқарады. Сондықтан бүл тұста адамгершілік көмекші ұғым немесе образдық емес, категорияның рөлінде көрінеді. Бүл категория адамгершілікті рух ретінде және әлемдік үйлесім бастауларының бірі ретінде айқындайды.
Сонымен бірге образдар шығыстық дүниетанымда екі түрге бөлінеді: бірінші қарапайым түрі - бұл сәулелендіруші, жинақтаушы образдар, ал екінші, күрделі түрі - норма, аксиома ретінде қызмет атқаратын және рухты, жалпыға ортақтықтың мәнін білдіретін образдар. Біздің ойымызша, образды рухани өлшем ретінде шығыстық ұғыну, істің шын мәнінде, ойшылдың интуициялық нұрлану сәтін сәулелендіру жөніндегі әрекеті болып табылады. Субъект санасының өзіне-өзі бүтін мен бөлшектің "архетипі" ретінде назар аударуы табылған жаңа арақатысты рухани өлшем ретінде бекіту сәті образ жалпыға ортақтықтың таңбасынан әлі арылмаған сәт болып табылады. Бұндай сәттерде ол, әлі де болса, жалпыға ортақтықтың сәйкестігі жуықтау немесе алшақтау, "басылымы" болып табылады. Образдың өлшемдік мазмұны интуиция кеңістігінде және санада әрі қарай танудың құралы ретінде сақталады. Таным үдерісінің бүл аспектісі ұғымдар мен образдарды өзара теңестіреді. Бүл тылсым сәт жаңа түрдің, жаңа білімнің, негізгі аксиоманың екі теңдігі, бірін-бірі толықтыратын жақтары болып табылады.
Ұғынудың кез келген образы белгілі әлемдік суреттен немесе әлем онтологиясынан шығады және таралады. Талданып отырған тарихи кезеңнің дәл өзінің жағдайлары мен оқиғалары ықпал жасамай тұра алмады. XV-XIX ғ ғ. аралығындағы кезеңде оларға төмендегілерді жатқызуға болады: - қазақ халқының жатжерлік басқыншылармен аса ауыр күресте қорғаған аумақтық және экономикалық тәуелсіздігі; - қазақ халқының жартылай көшпелі өркениетінің мәдени және рухани кеңістігінің дербестігі және салыстырмалы түрде өзімен - өзі болушылығы; - көптеген көне түркі тайпаларының бір мемлекет туының астында бірлесіп өмір сүруі;
- мемлекет аясында бір мәртебемен бірігуге ұмтылған көптеген діни және әулеттік культтердің бейбіт қатар өмір сүруі; - ұлттық бірлікке жаппай ұмтылыс жағдайында қоғамның рухани иерархиясындағы орын үшін шиеленіскен бәсекелестік күрес; - көшпелі адамның дүниетаным жүйесіндегі өзін-өзі тану және рухани өзін-өзі табу үдерісінде "жалпыға ортақтық - даралық" және "даралық - жалпыға ортақтық" қарымқатынастарын іздеуге бағытталған санасы; - жеке және топтық импровизацияның (айтыс), жеке поэтикалық және музыкалық шығармашылықтың дамыған түрлерінің кеңінен таралуы.
Бұл жағдайлар тарихтың субъектісі ретінде этностың сана - сезімінің елеулі түрде өсуіне, оның дүниетанымында және ұлттық сана-сезімінде субъективтік фактордың күшеюіне, жеке адамның сана-сезімінің толысуына мүмкіндік берді.
Қазақ жырауларының дүнияуи көзқарастары бүл сыртқы тарихи және ішкі рухани жағдайларға тірелмей тұра алмады. Таным мен ойлау үдерісіндегі басты тұлға ақиқатқа ұмтылған субъектінің өзі екені мойындалады. Адамның ойлау үдерісі барысында аксиома түрінде жаңа артықшылықтар мен басымдықтарды анықтауға рухани қабілеттілігінің маңыздылығы олардың түпкілікті білімге қол жеткізуінде емес, оның жетілуге және өздігінен жетілуге қабілеттілігінде жатыр.
Жыраулардың дүниетанымында адамгершілік - бүл әлеуметтік өмір аясында субъект ісәрекеттерінің тек жеке бір түрін ғана бейнелейтін категория болып табылады. Олардың айтқан пікірлеріне, образдары мен идеяларына қарағанда, субъект жанының интуицияның нұрлану сәтінде қызмет етуіне мүмкіндік туғызатын адамның оның барлық әлеуметтік байқалуларында, оз өмірінде қадір - құрметке лайықтылығын анықтайтын ең басты, белсенді жағдайларының бірі болып табылады. Олар үшін ең бастысы - адамгершілігі мол адамның есейе келе жеке тұлға, эзотериялық бірліктің субъектісі ретінде бұрынғыдан да гөрі қадір-құрмет көруге лайық бола түсетіндігі. Бұндай жағдайда ол әлеуметтік өмірде де үйлесімге қол жеткізуге мүмкіндік туғызады.
Адамның теріс пиғылдары бұған кедергі жасайды. Олар субъект бойында жалпыға ортақтықтың бұрмаланған, жалған бейнесі көрінуіне себепші болады. Бүл ондағы жалпыға ортақ қарым - қатынастар әлемнің эзотериялық бірлігінің үйлесімі принципіне қарамақайшы келетін ішінара өзімшілдікпен алмастырылуына байланысты болады.
Біздің теориялық талдауымыз барысында оңай аңғарылатындай, қазақ ойшылдарының ойлау тәсілі жан-жақты еріктік бастамаға негізделген. Олардың түсінігі бойынша ерік - әлдеқандай жалпыға ортақтық, өйткені ерік субъективтік, сонымен бірге объективтік. Тәңір - аспан ретінде аспанның ерік немесе құдай, сондай-ақ қоғамдық: хан әулетінің, халықтың, әлеуметтік топтардың және т.с.с. еркі, сипаты болады. Олардың туындыларында ерік образдар мен кейіпкерлердің сипаты, қуаты және бірлігі, идеялық - көркемдік, танымдық және дүниетанымдық мазмұн мен кеңістіктің бүтіндігі, этикалық және рухани кең мәтіндер оған тәуелді болып тұратын басым фон ретінде көрсетілген.
Бұл тұста жыраулардың ойлауы ұғымдардың, образдардың, символдардың және жеке түсініктердің синкретизміне сүйенеді. Олардың барлығы жиынтықталған күйде айрықша бірлікті немесе бүтіндік түрлерінің жүйесін құрайды. Сондықтан олар интуициямен және ойлаумен байланысты және мұнда бүтіндіктің дүниетаным аясындағы парадигмасы болып табылады. Қазақ ойшылдары танымдық кең мәтінде толық негізді түрде алдыңғы қатарға кез келген танымның субъективтік негізі ретіндегі этикалық максиманы шығарады. Бұл максима адамның жетілуі мен өзін-өзі жетілуі, өзін тануының құпиясы болып табылады, ал оның этикалық бастамасы, этикалық императиві осыдан шығады.
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ойшылдары этикалық императивінің одан бұрынғы барлық моральдық кодекстерден және әдет-ғүрыптардан түбірлі айырмашылығы бар. Көшпелі коғамда "қан орнына қан алу" күштінің, күштің артық құқыққа ие болуы сияқты сарқыншақтар бой көрсетуімен қатар жауынгер жыраулар жауынгерлік рух пен ақылгөйдің, ұстаздың аса ізгі рухын бойына сіңірген жаңа дүниетанымның иесі болып табылды.
Әскербасы жыраулар мен батырлар жаулар жасақтарымен және өз айналасындағылардың сатқындығымен, зұлымдығымен күресте қазақтардың әлеуметтік және тұрмыстық әділеттілік мұратына қол жеткізуге ұмтылды. Олардың арнауларында, образдарында және символдарында адам қарым-қатынастарының рухани аспектісін дамытуға талпыныс аңғарылады. Олар догмалармен мінез-құлықтың қарабайырландырылған стереотиптеріне, адам қызметінің бағалануына қарсы болды.
Соғыстар, алауыздықтар және билік үшін қан төгіс күрестер заманында өмір сүрген жыраулардың ізгілігі қарапайым рецептер мен жобалар ұсынатын аңғырт ізгіліктен өзгеше. Олардың биік моральдық өмір салты мен мінез-құлықты өсиет етуінің, соған үндеуінің негізінде тәңірілік көрегендікке, сенім, әлемнің, адамдардың және олардың ісәрекеттерінің эзотериялық бірлігіне сену жатыр. Өздерінің ерліктерімен, қадір-құрметке лайықтылығымен және әлемдік, әлеуметтік және дара кесапатпен күресімен олар эзотериялық бірліктің нығаюына мүмкіндік туғызады, өз отбасы мен ата мекенін қорғайды. Және олардың игі идеялары мен образдарына орай тек осы жағдайда ғана олар өздерін "тәңір жаққан от ішіндегі ұшқынға" санай алады. Олардың көзқарастарының және әлемнің, қоғамның және адамның бірлігіне ұмтылыстарының өздеріне тән ерекшеліктерін осыдан да аңғаруға болады.
Олардың көзқарастары бойынша, кемелденгендік, артықшылық - егер олар бір-біріне көмектесу, жетілу, әлеуметтік даму үшін және жамандықтың барлық түріне қарсы күреске қызмет ететін болса, адам өміріндегі аса қажетті нәрселер. Жетілудің түрі ретіндегі рухани артықшылыққа қол жеткізу үшін адамнан ізгілік, адамдар арасындағы бірлікті ұғыну, интуицияға ие болу және құдай санасына ерекше нұр құйғандар ғана байланыса
алатын эзотериялық кеңістікті сергек түйсіну талап етіледі. Өздерінің идеялары мен шығармашылығы арқылы жыраулар Алланың ерекше нұрына бөленген тұлғалардан өзгелерге беймәлім осынау тылсым мәнділікті мүмкіндігінше жалпы жұртшылық түсіне алатындай етуге ұмтылды.
Жалпылама сипаттама бергенде, казак ойшылдарының тылсым сырлы білімі мынаны білдіреді: кез келген танымның, ақиқатты іздеудің, іс-әрекеттің, мінез-құлық йен қылықтардың негізінде жалпыға ортақ қарым-қатынас жатады, атап айтқанда, субъектінің бойында әлемнің күнделікті және эзотериялық бірлігі, яғни жалпыға ортақтық болады; оның игі мақсаты бұл бірлік пен өзін - өзі жетілдіруге аялы қарым-қатынас және мүмкіндігінше талпыну болып табылады. Сондықтан: - сенің өзіңдегі және өзгелердегі жалпыға ортақтықты үнемі басшылыққа алу; - жетілушілік және жалпыға ортақ заңдылық ретінде интуицияны жетілдіру;
- кез келген артықшылықтың негізі мақсаты қайырымдылық болсын деп іс қимыл жаса; - қоршаған ортамен бірлігіңді негізге ала жақсылықтың жамандықтан, интуицияның (бүтіннің) бөлшектен басымдығын сақтай отырып іс-әрекет жаса; - кез келген даралықтан жалпыға ортақтықтың, ақиқаттың өлшемін ізде, соған сәйкес іс-әрекет жаса; - жетілу сен үшін де, барлығы үшін де, кездейсоқ жағдайларда да, кез келген қарымқатынаста да көрінетін, байқалатын етіп іс - әрекет жаса; - моральдық сананың мақсаттары - даналық, ақиқат, адамның қадір-құрметке лайықтылығы және қоғамның ізгілікті ілгері басушылығы;
- парасатты жауынгердің мақсаты - жамандықты жазалаудың негізі ретінде, өсиет үшін, ру мен барлық халықтың бірлігі үшін және Отан үшін жалпыға ортақтыққа қосылу; - сенің тағдырың - жалпыға ортақтықтар сапындағы сен жасаған таңдаудың тек себебі ғана емес, сондай-ақ салдары да.
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ жырауларының әлемді тану жөніндегі ұстындарында танымның жолдары мен білімнің ақиқаттығының маңызды ұстындары анықталған. Білімнің ақиқаттығы зерттелетін заттың, кеңістіктің, уақыттың, мекеннің бірлігіне және ол байланысты болатын бір ғана қарым-қатынасқа ғана емес, сондай-ақ осы құрамдас бөліктердің субъективтік қабылдаудағы сапалық бірлігіне де тәуелді. Олардың барлығы бір мезгілде тек бір ғана интуициялық нұрлану актісінде байқалған, демек, бір ғана жалпыға ортақ қарым-қатынас бүтін мен бөлшектің бір қарым-қатынасы арқылы қосылған жағдайда біріге алады. Керісінше жағдайда ақиқаттан алшақ ыдыраңқы, кірме құрамалар болып шығуы мүмкін. Бүл мәні жағынан әл - Фарабидің, жалпылама мазмұнда айтсақ, айтылғанның ақиқаттығына сену сонымен бірге ойшылдың беделіне сенуге негізделуі мүмкін дегенді білдіретін пікіріне жақынырақ.
Құнды қасиеттерге даналықты, шешендікті "сөз сарасын" жатқызатын қазақ жыраулары адам күші мен талантының пайдаланылатын негізгі саласы әлеуметтік өмір "істің логикасы" деп есептеді. Жыраулардың халық игілігі үшін атқарған ізгі қызметі нәтижесінде қол жеткізген қоғамдық дәрежесі олар үшін халықты ізгілікті өмір салтына басты талап ретінде шақыруын паш етуге қажетті бастау тірек қызметін орындайды. Жырау жетілушілікке, қазақтардың бірлігіне, адамның табиғатпен, әлеммен бірлігіне талпынудың этикалық ұстынына негізделген ісі, ойлары және іс әрекеттерінің бірлігі олардың аса биік әлеуметтік және шығармашылық жетістіктерінің, қазақ халқына сіңірген еңбектерінің өзіндік себептерінің ең бастыларының бірі болып табылады.
Қазақ ойшылдарының, жырауларының шығармашылығымен қатар Далалық өлкеде басқа жанрлар да - аңыз-жырлар, ақындар айтыстары, жеңіл әуенді әндер және әдет-ғүрыптарды әнмен орындау да кеңінен таралды. Олардың барлығының да түпкі тегі көне дәуірлерде жатыр және олардың кез келгені Далалық өлкеде өзінің айрықша қызметін атқарды. Еуропа ғалымдарына жиын - тойлар кезінде көпшіліктің, бай туысқандарының көңілін көтеруді өз міндеттеріне алған ақындар, жыршылар, өлеңшілер, сал-серілер және поэзияның басқа да жанрларының дүлдүлдері белгілі. П.И. Пашино: "Қырғыз (қазақ) немен айналысса да, үнемі ән салады және міндетті түрде суырып салушылықпен айналысады", - деп жазады. Өз ісінің шебері болып табылатын әрбір ақын өз жанрының заңдылықтарына сәйкес Далалық өлкеде әлемге, табиғатқа, қоғамға және өз замандастарына эзотериялық қарым - қатынастың ұлттық дәстүрлерін одан әрі дамытты және таратты.
Қазақ хандығының бір орталыққа бағынған мемлекет ретінде құрылмағаны, бірнеше ұлыстардан - ірі әкімшілік бірлестіктерден тұрғаны белгілі. Ибн Рузбихан Исфаханидің мағлұматына қарағанда, XVI ғ. басында олардың саны он шақты болған. Мемлекеттің басында азаматтық, әкімшілік және әскери билікті бірге жүргізген хан отырды. Мемлекет басқару ісі дәстүрлі құқыққа - датқа және мұсылмандық құқықтың өлшемдеріне негізделді. Дәстүрлі құқықты XVII ғ. соңында Тәуке хан "Жеті жарғы" заңдар жинағы түрінде толықтырды. Бұл оқулықтың авторлары одан әрі қарай былай деп жазады:
"Қазақ қоғамы соңғы ортағасырлық дәуірде әлеуметтік - экономикалық қарымқатынастарының дамуы бойынша патриархалдық - феодалдық қарым-қатынастар деңгейінде болды, ал қалыптасқан қазақ мемлекеттігі феодалдық еді".27 Ғылымда ұзақ уақыт үстемдік құрған қазақ мәдениетіне тар өрісті таптық көзқарас қазақ халқы мәдениетінің барлық байлығын, оның эзотериялық, дүниетанымдық және философиялық байлығын ашып көрсете алмады.
Ұзақ жылдарға созылған өзара қырқысулардан, тонаушылықтардан, соғыстардан және әскери жеңістерден кейін жаулап алушылар назарынан тасаланып қалатын және терең ұлттық дүниетанымның, идеяның, мұраттардың, ұғымдардың және образдардың тұла бойында сақталатын эзотериялық қарым - қатынастардың байлығы жөніндегі жаңа түсініктермен толысты. Бұл олқылық қазіргі заман ғылымынан жан-жақты байыпты зерттеулер мен толықтыруларды талап етеді. 27 Байпаков К.М., Кумеков Б.Е., Пищулина К.А. История Казахстана в средние века. Алматы: "Рауан", 1999. - С. 131.
Жыраулар шығармашылығын ғылыми саралаған белгілі зерттеушілердің бірі - М.Мағауин. Оның "Қобыз и копье" атты монографиясы түгелдей қазақ ойшылдарының, жырауларының шығармашылығына арналған. Оның кең ауқымды әрі тыңғылықты теориялық талдауы XV ғасыр төлтума әдебиетінің негізін қалаушылар Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, XVI ғасырда Шалкиіз және басқалар екенін ашып көрсетеді. Одан берігіректегі кездің ақын-жыраулары, XVIII ғасырда Бұқар жырау және басқалар "қазақ поэзиясының озық дәстүрлерін тереңдете әрі кеңіте дамытты. Ол (Бұқар) жекелеген туындыларында Еуропа поэзиясының үлгілеріне жақындап келді, ал Абай оны қазақ даласының топырағына көшірді".28
Басқа қазақ ғалымдары мен философтарының әдебиет танушылық және философиялық монографияларында және ғылыми еңбектерінде қазақтың ұлы ойшылдары болып табылатын қазақ жыраулары шығармашылығының идеялық - тақырыптық және образдық мазмұны толық және терең ашып көрсетілген. Табиғи - әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінде қазақ жыраулары импровизациялық шеберлікті аса биік деңгейге көтере дамытты, бүл туралы қазіргі замандағы ғылыми әдебиетте көп жазылған.
Сөз болып отырған кезеңдегі саяси, дипломатиялық және әскери жағдайдың жеке адамнан және жартылай көшпелі қазақ қоғамының барлығынан зор күш-қуат көрсетуді талап еткені баршаға аян. Жат - жұрттық басқыншылардың - жоңғарлардың әскери шапқыншылығына қарсы көпжылдық күрес, "Ақтабан шұбырынды" аталған қайғылы кезең және одан кейінгі жылдардағы жау әскерлерін қаһармандықтың небір тамаша үлгілерін көрсете отырып, ойсырата жеңу көшпелілердің мәдени кеңістігіндегі азаттық рухын және тәуелсіздікке талпынысты бұрынғыдан да гөрі күшейте түсті.
Сол уақытта жартылай көшпелі қазақ қоғамының өмірінде өзін қоршаған аумақтық және саяси кеңістіктен қолдау, мүмкіндігінше, озбыр мемлекеттердің дұшпан ниеттерінен қорғаныс іздеудің өзін - өзі ақтаған қажеттігі туындады. Ресеймен жақындасу және оның қол астына кіру үдерістері тарихи-саяси, көзқарастар тұрғысынан қарағанда, толығымен түсінуге болатын әрқилы шиеленістермен және қарама-қайшылықтармен араласа жүрді. Исатай Таймановтың серігі, әрі досы болған Махамбет жырау шығармашылығы - осындай идеялық - тақырыптық рухтың нәтижесі.
Қазақ жырауларының және күллі қазақ халқының көшпелі қоғамының ілгері қарай дамуы жөніндегі әрқилы көзқарастары одан кейінгі уақытта Қазақстанның XVIII-XIX ғ ғ. Ресейдің қарамағына енуіне ықпал жасады. Бұл қоғамның дұрыс-бұрыстығы жөнінде көшпелі қоғамда біріне-бірі кереғар пікірлер болды. Қазақ халқының ықпалды өкілдерінің бір бөлігі сыртқы жау күштерге қарсы тұру үшін қуатты көршілердің бірімен, бұл жағдайларда болмай қоймайтын құрбандықтарға қарамастан, қосылу керек деп есептеді. Егер сол замандағы көшпелі қоғамға ізгі ниетті әлемдік қауымдастықтың, "әлем - адам" игілікті әлемдік үдерісінің бөлшегі ретінде қарасақ, бұл қабылдауға болатын көзқарас.
Қазақ ақсүйектерінің басқа бір бөлігі бұл жағдайда табиғи және өзге де қосылуға қарсы болған және отаршылдыққа қарсы күрескен жағдайдағыдан гөрі көбірек болуы мүмкін деген жорамал айтты. Мұндай көзқарас техникалық жағынан жақсы жабдықталған, бірақ техникалық жағынан нашар дамыған көршісінің дамуына мүдделі емес қоғам оның мәдениетін жоюға ұмытылуы мүмкін деген ұғымға келеді. Бұл пікір көптеген тарихи объективті толыққанды негіздерге сүйенеді және нақты әлеуметтік құбылыстарды олардың барлық қайшылықтарымен ұғындырады. 28 Магауин М. Кобыз и копье. Алматы: "Жазушы", 1970. - С. 154.
Бұл тарихи кезеңде Қазақстанның сыртқы қарым - қатынастарына әлеуметтік заңдылықтың күші эсер ете бастады, оған сәйкес көршілес тарихи субъектілердің мақсаттары объективтік заңдылыққа сәйкес өзара қарама-қайшылыққа түсуі мүмкін және тиіс еді. Гегельдің қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күрес заңында бұл аса логикалық және мазмұнды түрде ашып көрсетілген.
Тілге тиек болып отырған жағдайда, қазақ халқының XVIII-XIX ғ ғ. тарихында қоғамдық сананың, дүниетанымның, дүниетанымдық және одан басқа барлық қарым-қатынастардың одан кейінгі даму барысына ықпал жасаған мәдени-тарихи оқиға болды. Жартылай көшпелі өркениеттің әлеуметтік және рухани ахуалы кейінірек түзеле бастады. XIX ғасырдың екінші жартысында, яғни Ағартушылық дәуірі деп аталған кезеңде Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және басқа да қазақтың ағартушылары, қайраткерлері қазақ халқын орыс, ал ол арқылы Еуропа және әлем мәдениетінің қазыналарынан сусындауға шақырды.
Олар қазақ ойшылдары, жыраулары рухани мұрасының мәні мол мазмұнын толық сақтай отырып, қазақ мәдениетінің гуманистік бағыттанушылығын жалғастырды. Олардың дүниетанымында адам барлық қарым-қатынастарда бұрынғыдан да зор маңызға ие болды. Дегенмен олардың басты жетістігі олардың орыс және Еуропа мәдениетімен бір-біріне сенушіліктің және жақындасудың мәдени негізін дайындауы болды. Олар ойшылдардың көптеген ұрпақтары мен қазақ халқы мәдени кеңістігінің өзге өкілдері өмірге келтірген ең жақсылар мен шынайылардың барлығы сақталатындығынан және одан әрі дамитынына үміттенді деп есептеген жөн. Сол уақыт үшін бүл Ресей жағынан әскери, экономикалық және саяси қорғаушылық жөніндегі келісімшарттан өндірістік және өндірістік деңгейі жоғарырақ өркениетпен, орыс және әлем мәдениетімен жақындасу үдерісіне көшуді білдірді.
Қазіргі замандағы философия ғылымының алдындағы келелі міндеттердің бірі - мәдениеттер мен халықтардың терең деңгейлерде мәдени-тарихи жақындасуын, олардың психоментальдылығын, мәдени және мінез - құлықтың архетиптерін, діни дүниетанымының және білімдерінің философиялық негіздерін талдай отырып, зерттеу және шешу. Бұл бағытта әлем мен адамның бірлігі мәселелеріне қатысты проблемаларды түсінуге кедергі келтіретін ақтаңдақтар бар.
Философия ғылымы, барлық жағынан алып қарағанда, өзінің іргелі мүдделерімен қоса қазіргі кезеңде ол үшін үйреншікті әлемдік ағартушының ролін атқаруға тиіс. Бүл үшін одан осы күнге дейін өздерінің болмыстары жағынан мүлдем өзгеше Батыс және Шығыс дүниетанымдарының тереңде жатқан негіздерін бұрынғыдан да егжей-тегжейлі және дұрыс талқылау талап етіледі. Қазіргі заман философтарының алдында Әлемге, адам интеракцияларына, қарым-қатынастарға бүтіндік және толықтық сипат бере түсу, эзотериялық кеңістіктің түпкі қабаттарын тану міндеті тұр. Человек и мир в казахской философии XVIII-XIX веков. Алматы, 2006. - С. 43-63. Ғалихан АҚМАМБЕТОВ
АБАЙДЫҢ АДАМГЕРШІЛIК ТУРАЛЫ ІЛІМІ
Қазақ халқының әдебіне көңіл аудару, оның ерекшеліктерін түсіну, жалпы руханилықты жаңғырту - бүгінгі күннің келелі міндеттерінің бірі. Егемен Қазақстанды баурап алған, терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздеу, лайықты тұлға аралық және этносаралық қатынастары қалыптасқан демократиялық қоғамның негіздерін құру байыпты рухани түпнегізсіз мүмкін емес. "Экономикалық кереметті" жасаушы елдердің тәжірибесі көрсететіндей, қайта өркендеу идеологиясында жетекші рөлді ұлтты гүлдендіру бағытындағы ортақ күш салу идеясы атқарады, бұл дүниежүзілік қауымдастық жетістіктерін, табанды еңбекті, ынтымақтастықты, төзімділікті т.т. шығармашылық түрде сіңіруге мүмкіндік беретін, ұлттық діл мен мінездің сол белгілерін барынша пайдалануды ұйғарады. Қоғамды реформалау, егер жаңартулардың стратегиясы мен идеологиясы, мақсаты мен міндеттері, оған тарихилықтың белгілі бір типі, әлеуметтік мұралану мен жаңашылдықтың тетігі тон, бүл әлеумет өмір сүруінің ерекше тәсілімен байланысты, ұлттық дүниетанымға және түбінде - нақтылы мәдениеттің негіздері мен қисынын, оның шығармашыл, қозғаушы бастамасын тануға сүйенетін болса, тек сол жағдайда табысты бола алады.
Нақтылы мәдениет, жеке дананың шығармашылығында тұлғалық кейіпке еніп, толық өзіндік төлтумалығы мен өзіндік құндылығында оның ақыл-ойы мен сезімінде көрініс тауып, шексіз мүмкін әлемнің, шексіз мүмкін болмыстың бір мүмкіндігінің өзектілігі ретінде жалпылама маңыздылыққа ие болады. Мәдениеттің өзіндік санасы тек дарынның шығармашылығында өз мәңгілігін, мәдениеттер сұхбатына ену қабілеттігін қабылдайды. Жеке дарын кейпіндегі бұл сұхбат монологқа ауыспайды, сіңіп кетпейді, бірдейленбейді, тұлғасыздандырылмайды, ол анықталған мәдениеттердің сұхбаты ретінде өмір сүреді және тіршілік етеді.
Өмір сүру және тарихи тәжірибенің айрықша тәсілінде қалыптасқан, қазақ мәдениеті өзінің бай рухани мазмұнымен ерекшеленеді, ғасырлар мен мәдениеттер сұхбатына ол өзінің қызықты тақырыбын енгізе алады және осылай жасауға міндетті. Абай шығармашылығындағы қазақтардың рухани мәдениеті өзінің ең жоғары кернеуі мен шыңында көрініс тапты.
Мақаланың "Абайдың адамгершілік ілімі" деп аталуы кездейсоқ емес. Менің ойымша, атап айтқанда Абай қазақтардың адамгершілік ілімінің негізін қалаушы болып табылады, дегенмен олардың этикалық дәстүрі ғасырлар қойнауында тамырланады және арнаулы ғылыми зерттеуді талап етеді. Абайдың философиялық - этикалық дүниетанымының орталығында адам, оның санасы, сезім, ақыл және адамгершілік, нақтылы тұлғалық қылық түр. Философиялық ой қаншама алыс шарықтап кеткенімен және жоғары қалқығанымен, ол ешқашан болмыстың күрделі, қитұрқы сұрағы - нақтылы, бүгінгі, жер бетіндегі адам туралы мәселе бойынша шешім табуы міндетті екендігін, ұмытпағаны абзал. Абайдың философиялық - этикалық пайымдары бүл атауға, міндетке лайық, өйткені олар қашанда және қалай болса да адамға, оның өмірлік ізденістері мен мүдделеріне жақын.
Абайдың әдеп туралы ілімінің аттану нүктесінде, жоғарыда айтылғандай, адамның өзі түр, міне тек ол өзінде бүкіл әдепті, сол шындықпен қосылып кеткісі келетіндей, қамтып және баурап алады, ол өз ұрпақтарына ары қарай ойша жалғастыру, қарастырылып өткен адамдық тағдырларды, идеяларды, сауалдарды түбіне дейін ойластыру, ары қарай "тергеуге алу" үшін кең арна қалдырады.
Өзінің философиялық толғауларында Абай өмірдің күрделілігінен, мәселелігінен шығады, оның туындыларында адамгершілік ізденістерінің тайғақ, жиі ретте терең қайшылықты жолына ең көрнекі түрде көз жүгіртуге болады. Осыдан оның ішкі дүниесінің мәселелігі байқалады: бір жағынан, оны сыртқы жағдайлар қанағаттандырмады, басқасынан - міне, осы қанағаттанбау тұрғысынан, тек қазақ халқының философиялық ойын дамыту үшін өшпейтін маңыздылыққа ие емес, бірақ сонымен бірге барлық замандастарды толғандыратын, өзінің адамгершілік ілімін жеткілікті түрде анық және жарқын көрсете білді.
Адамзат тарихының ұлы кейіпкерлерін адам өнерінің ұлы кейіпкерлерімен бір нәрсенің қосып тұрғаны, қай заманнан бері аталып өтеді: олар түпсіз. Абай бейнесі де тап осындай. Оны тек "жаттап алу" пайдалы емес, бірақ ойластыру, түсіну, "өзінен өткізу" қажет, кімнің өмірі, ілімі әрбір жаңа дәуірмен өнеге, сабақ ретінде қабылданатын, олар осындай сирек таңғаларлық тағдыры бар адамға соқпай өтетін, дүниежүзілік тарихта кезең мен ұрпақ болған жоқ. Өйткені өткен шақ бізге тек оларды сіңіріп алу және ары қарай дамыту қажетті жалғыз идеяларды, ойларды емес, бірақ сонымен бірге, оларды әлі шешуге тура келетін, талай "дүние - жүзілік жұмбақтарды" қалдырды. Және солардың арасында - әрбір ұрпақ үшін өмірдің өзі сияқты түпсіз, Абайдың тұрақты маңыздылығының құпиясы түр. Осыдан Абайдың тарихи тиесілігі бойынша ғылыми расталған, "объективті" бейнесін қайтадан жасап шығаруға талпыныс, оның адамгершілік ілімінің мағынасы мен мазмұнын ақиқатқа барынша жақындата ашу - бүл философия тарихшылары мен этиктері үшін қарапайым міндет емес және болашақ зерттеушілер үлесіне де әлі талай "ақтаңдақтар" қала береді деп, ұйғаруға болады.
Адамзаттың дүниежүзілік тәжірибе қорларында, құбылыстар мен деректерді танудағы қатаң "ғылымилықтан", "ұғымдылықтан" басқа, өткенді түсінудің одан да кем қызықтырмайтын және расталған жолы бар. Бұл - дүниені рухани - практикалық тәсілмен игерген және объективтік ақиқатқа өзінің айрықша тәсілдерімен соқпақ салатын, өнер жолы. Әйтсе де өнердің танымдық күші әлдеқашан мойындалғанымен, оның ғылыммен қатар болмыстың ең күрделі мәселелерін көтеру құқымен ешкім таласпайтынымен, сенімсіздіктің белгілі бір сәті бәрібір қала береді. Бүл өнерде ғылыми білім жиі, ешқандай нақтылы деректермен бекітілмеген, ойдан шығарылған және ойша жорытылғандармен қайшылықты түрде қақтығысып қалатынымен түсіндіріледі. Бірақ осыған қарамай, өнер адамдық мәселелердің кең шеңберін - олармен ғылым айналысуға міндетті, сол және басқа мәселелерді өзінше білдіреді және бағалайды. Өнер үшін осындай әрбір құбылыстың объективтік мазмұны, бұл жағдайда Абаймен терең ойластырылған, солардай тарихи мәселелерді күні бүгінге дейін бізге шешуге тура келетін, сол мәселелермен қатысты, оны өзекті ететін, дүниені белгілі бір тарихи түрде көретін, басымдылықтарды реттеп қоятын, біздің уақытымыздағы адамның өз сезім - күйлерінен бөлінбейтіндігі, маңызды болып табылады.
Бірақ бұл іске асуы үшін, оларды қазақ халқы өзінің көпғасырлық тарихы барысында жасап шығарған, адамгершілік принциптеріне, сол дәстүрлерге берілгендікті аяқтау қажет. Атап айтқанда, бүл адалдық оның нақтылы шындықпен қарым-қатынастар үдерісінде өткен туралы емес, не бола алатындығы туралы, ықтималдығы немесе қажеттілігі бойынша іске аса алатындығы туралы айтуға, мүмкіндік береді. Бүл мағынада өнердің белгілі бір "дерексіздігі" соңғының, тіпті кейде ғылымның алдында, күші мен артықшылығының белгісіне жатады. Оның үстіне, қазақ мәдениетінің ерекшеліктеріне дүниені тұтас қабылдау, сонымен бірге істетпеген жағдайларда рационалдыдан кем түспей, өзінің көптеген көрсеткіштерінде одан артып түсетін және табыстылау, өнімділеу болып табылатын, шындықты эмоционалды, көркем түсіну және ұғыну жатады.
"Қазақ қоғамы үшін, олар адамдық әрекетті қалыптастыратын, дүниетаным әмбебаптары деңгейіндегі философиялық емес (философиялық пайымдау сипатты... Бұл философиялық жүйелерді зерттеуді әлеуметтік-мәдени кең мәтінде құруға, "философияларды" дүниетанымдық мәтіндер өрісінде бөліп көрсету үшін күш салуға міндеттейді", - дейді М. Орынбеков. Егер Абайдың адамгершілік ілімін осы көзқарастан қарастырсақ, онда оның негізі қазақ халқының руханилығы, нормалары мен салттары, құндылықтары және ісәрекет формалары болып табылады. Оның үстіне қазақ қоғамының сапалық ерекшелігі, ең алдымен индивидтердің материалды және рухани қатынастар саласындағы жалпылама байланыстарына негізделген, тұрақты әлеуметтік өмірді қалыптастыруда тұрғанын, ескерту керек. Басқаша айтқанда, олар әрекеттің түрлі формаларында өзінше жүзеге асып жатқан, қоғамдық байланыстың рухани формалары айрықша мағынаға ие болады. Бүл өркениеттің әлеуметтік иегерлерімен оның тұтастығы қамтамасыз етіледі, ол рухани құндылықтардың, идеялардың, білімдердің, нормалар мен дәстүрлердің бірлігінде көрініс тапты. Осыған байланысты қазақ қоғамы үшін анықтаушы болып шаруашылық - экономикалық жақтар емес, тұлға аралық қатынастар, тұрақты рухани құндылықтар мен реттеушілер алға шықты, сондықтан олар бұл коғамның ерекшелігін сипаттады. Мұнда өмірдің рухани құндылық жақтары экономикалық факторларға қарағанда маңыздылау болды. Адамдық қатынастар соншама түп негізділеу болып шыққандықтан, олар құндылықтар саласында шаруашылық байланыстарынан жоғары тұрды. Осыдан, халықпен жасалып шыққан, ортақ рухани құндылықтар әрбір қазақ үшін өшпес маңыздылыққа ие болғандығы шығады. Олар өзінше білім мен адамгершілікті, ақыл мен ерікті, әсемдік пен адамгершілікті синтездеді. Бүкіл бүл сапалар адамның ішкі дүниесін құрастырғандықтан, "адам болу" постулаты адамгершіліктің түйініне айналды. Абайдың адамгершілік ілімінің өзегі адамның өзі болып табылатындығы, кездейсоқ емес. Бұл жөнінде оның адамдарға "Адам бол!" деген сөзі куәландырады. Осыған байланысты М.Әуезов былай жазады: "Қашан біз Абайға бұрылғанда, онда адам философиясы мен адамдыққа тікелей қатысы бар мәселелер жөнінде... көп түрлі, түрлі сапалы, терең ойлы пайымдардың кездесетіні талассыз. Біздің көзқарасымыз бойынша, Абайдың философиялық көзқарастарының көпшілігі адамгершілік мәселесіне келіп тіреледі".
Бұл, сыртқы көзге, әбден анық сияқты "формулада" терең философиялық мағына жатыр. Абайдың ақиқат, шындық қырында адамдар, қашан бірдемені, бұл жағдайда адам болуды ортақ мойындағанда ғана мәмілеге келетінін тамаша түсінгенінде мәселе түр, өйткені тек осында объективтілік, таным үдерісіне шынайы адамдық мағына бере келе, рухани жалпыламалық ретінде көрініс табады.
Жеке алғанда ойластыру мұқтаждығынан, өзінің әлеммен рухани байланысын және бірлігін ұғынудан тап осындай философиялық пайымдау да басталады. Философия әркімге, бірде - бір адам оның әлемге және өзі - өзіне қатынасын білдіретін, қайсыбір идеялар мен түсініктерсіз жүре алмайтындығынан керек болып шығады. Абайдың "Адам бол!" дегені дүниетанымның шектіліктен шығатын жалпы негіздерін білдіреді, яғни адам болмысының түпнегізді сипаттамасын нысанаға алады. Осында бүкіл замандар мен халықтардың өзіндік философиялық ойының айрықшалығы түр, дегенмен оның көрініс тәсілдері, жоғарыда аталып өткендей, әлеуметтік-мәдени факторлардан тәуелді әртүрлі болуы мүмкін. Өз халқының тағдырымен байланысты түрлі мәселелер жөнінде пайымдағанда, Абай тек түсінуге, ақылмен ұғынуға және ақиқатты тауып алуға ұмтылып қоймай, сонымен бірге өзінің бүкіл интеллектуалдық және адамгершілік күштерін жұмылдыра отырып, адамның ішкі дүниесін ашқысы да келеді.
Бірақ сонда да адамгершілікпен байланысты жалпылама мәселені - адам қандай болуы керек екенін - бірінші жоспарға шығара отырып, Абай оны, тек бірлікте алға шығатын, ақиқат пен жақсылықты сезіну ретінде түсінеді. Ендеше, ақыл мен ізгіліктің ішкі, туыстық байланысы оның философиясында айқын берілген. Бұл байланыстың соншама беріктігінен және үйлесімділігінен, ақыл тек жақсылыққа сүйенгенде, "ақиқатты білдіре бастайтындығы" шығады. Егер Абайдың ақылды түсінуін, сұранысты "ғылымилыққа" шақыратын және ақылды пайымдаушылықпен шатастыратын, жалған "рационализммен" ауыстырып алмасақ және осылардың кең таралған құбылыс екендігін ескерсек, онда оның философиясындағы ақыл мен ізгіліктің ішкі байланысы, әрине, айрықша көңіл аударуға лайық.
Абайдың ақылды түсінуі және оған жүгінуі, ақылдың қуаты санада емес, әсіресе, "пікір сымақтарда" емес, объективті жалпыламалықта тұрады деген ойға жақындатады, онымен жүру ақылды болу дегенді білдіреді.
Осылай түсінілген ақыл Абайда өзіндік сананың әмбебап ұстынына, соңғының қуат қайнарына айналады. Оның "Адам бол!" деген ережесі тек сыртқа, басқаларға қарай емес, алдымен ішкіге бағытталған, яғни адамгершілік қырына ие, өйткені субъектіге өз ұғымы және сенімділігі бойынша әрекет етуге еркіндік қалдырады. Осында Абайдың адамгершілік ілімінің мәні ашылады, атап айтқанда: моральдық қылық салт-дәстүрлермен міндеттелген әрекеттерді ғана жасамай, оларды шын көңілмен істеуді, сонымен бірге (қазіргі тілмен айтқанда) оларға деген саналы мотивациялы қатынаста болуды талап етеді: тек керек нәтижелелерге ғана жетіп қоймай, бірақ сонымен бірге парызды өтеу, пайдалылық ниетіндегі жеке мақсатқа сәйкеске қатыссыз ортақ талапқа еркін бағыну қажет болады.
Абай үшін ақылға сай қылық шынайы адамдық қылық та болып табылады. Оның үстіне, адамгершілікті, ізгілікті ақылдың әлдебір ұстанымы ретінде қарастыра отырып, Абай оны табиғилыққа, яғни "табиғатпен келісімді өмір сүруге" қарсы қоймайды. Адам, дейді ол, сол мезгілде өзінің әлеуметтік табиғатымен де келісімді өмір сүруі керек. "Абай үшін бастапқы адам мен табиғаттың бірлігі ұстыны болып табылады: адам табиғаттың ең маңызды бөлігі болып қарастырылады. Бірақ сол уақытта ол адамды табиғаттың ішіне сіңіріп жібермейді және адам басқа тірі жандардан, солардың арасында жоғары жануарлардан, ойлау, идеяларды қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді деп пайымдайды; адам - ақылды жан" . Бүкіл жалпы қабылданған және жалпы мойындалған моральдық қатынаста ол адамға лайық мазмұны бойынша бағаланады. Ақыл жігерді басқаруға, құштарлықтар мен инстинктерді меңгеруге қабілетті болғандықтан, әдептілік (ақылдылық, даналық) табиғаттан туа біткен "табиғи бастамадан" көтеріле білу дәрежесімен анықталады. Ол жиырма бірінші қара сөзінде былай жазады:
"Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым; біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есе қылмақ. Яғни надан атан бастығын, жеңіл атан бастығын, мақтаншақ атан бастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық көріп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтылардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады".
Әрине, нақтылы өмірлік тәжірибеде мораль көп түрлі адамдық талпыныстармен, тілектермен, мұқтаждықтармен есептесуге міндетті, осының күшімен игілік пайда немесе қанағаттанумен өлшене алады, бірақ бүл күнделікті сана деңгейінде әркімге тән, қазіргі тілмен айтқанда, этикалық релятивизмді ақтамайды. Абай басқаша ойлайды, ол қоғамда өмір сүретін адамдардың күнделікті барлық өмірлік мақсаттары, мүдделері мен қылықтары жоғары игілік болып табылатын ортақ және жоғары мақсаттан тәуелді болуы керек деп есептейді.
Абай ойлары адамгершіліктен ажырау дегенді білмейді және сондықтан адамның ішкі дүниесін адекватты білдіреді. Абайға сай, адам құдай жазасынан қорыққанынан емес, ол өз қылықтары үшін өзінің ар-ұяты, ақылы және басқа адамдардың алдындағы жауаптылықты сезінетіндігінен, ізгі болуға міндетті. Міне оның осы көзқарасы оған өз халқы туралы, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы бүкіл шындықты айтуға міндеттеді. Оның өз халқына деген терең сенімі, ішкі талаптылығы, өзіндік сыншылдығы, әдептілігі, соған оның өзі жататын, халық туралы бүкіл ақиқатты айтып беруге мәжбүрледі. Он алтыншы қара сөзінде ол былай дейді:
"Қазақ құлшылығым құдайға лайықты болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды қылып, жығылып тұрса болғаны. Саудагер несиесін жия келгенде, "тапқаным осы, біттім деп, алсаң ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазамын ба?" дейтұғыны болушы еді ғой. Құдайтағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. "Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын" дейді. "Оқымадың демесе болады тағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді" дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?".29
Бұл сөздерден оның халық тағдыры туралы қам жеуі анық көрініс тауып түр. Осы жөнінде Ж.Аймауытов жазғандай, "Абайдың өзіне дананың нәзіктігі, ақ пейілділігі, әділдігі, ақиқатты сүйгіштігі тән еді, ол бүкіл ғұмыры бойында адасқандарды шынайы жолға салуға күш жұмсады".
Абай дүниетанымы реформашыл болды. Ол өз халқының рухани құндылықтарын сыни бағалады, қазақ санасына тән, кейбір кертартпа жақтарды іштей түсінді. Оған ауыл өмірінің туралап қалған жақтары тынышсыздық сезімін туғызды, оларды түсіндіруге және содан шығу жолдарын көрсетуге талпынды. Оны әсіресе сол ауылға тән мақтаншақтық, еріншектік, көре алмаушылық, түрлі интригалар мен дүрдараздық қинады. Ашу сезімге толы түрде ол былай жазады:
"Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уа, әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, я көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым жоқ. Егер жек көрсем - сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, "не қылды, не болды?" демей жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпас болмас еді.
Мен өзім тірі болсам да анық тірі де емеспін. Әншейін осылардың ызасынан ба, өзіме - өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен себептен бе, - білмеймін. Сыртым сау болса да ішім 29 Абай. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 37-6. өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі'". Осыған байланысты ол жатып ішерлік пен надандықты, дүрдараздық пен жалқаулықты, мағынасыз мақтаншақтықты жоюға, адам тіршілігінің негізгі формаларына деген сүйіспеншілікті қалпына келтіруге шақырды. Осыған байланысты ол ерік-жігерге, қайратқа үлкен мән берді:
"Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, әбүйір, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкарлықтан, көрсеқызар жеңілдіктен, нәпсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? - депті". Нағыз адамның қайраты, ол жиі ретте алдау, қитұрқылық, опасыздық жолымен жүзеге асатын, билікке деген жігерде ғана емес, оның үстіне оған беріле табынатындықтан, ол ең алдымен өз ісінде жүзеге асуы қажет. Жігердің күші жұмысқа, кәсіпке, сауда, халық үшін пайдалы әрекетке деген қатынаста айқындалады. Ол былай деп жазды: "...адамдар белгісіз кәсіпке үйрену үшін туған жерін тастап сапарға шықпады, алқаптарды өңдемеді, саудадан пайда алуға тырыспады. Бірде бүл, бірде басқа партияға қосыла отырып, тек өздерін саудаға салды".
Масылдық пен енжарлықты жек көре, ақын өз ойларын өткір жеткізеді: «Қазақтың бірінің-біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі - қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз - қорқақ, мақтанғыш келеді; әрбір мақтаншақ - қорқақ ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз - надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан; өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді". Абайдың рухани әлемінде Шығыс пен Батыс құндылықтары өзінше үйлеседі. Бірақ осында олар, ол қазақ мәдениетіне тән, сол төлтумалықта айрықша түйінделеді. Оның бүкіл рухын өзінде қондырған, қазақ ретінде ол өмір бойы өз халқы болмысының адамгершілігінің мағынасын іздеумен болды және оның ұлылығын дүниежүзілік деңгейге көтере білді.
Қазақтың өзіндік санасының ішкі даму қисынын іздеу Абайға адамның моральдық дүниесінің терең қабаттарын көтеруге мүмкіндік берді, бұл оны адамгершілік ілімінің негізін қалаушылардың қатарына қосты. Абай ілімінде әдептік сана өз тұтастығында алға шығады, өйткені халықтың рухани төлтумалығын түсінудің негізі адамдықтың өзінің имманентті формалары, яғни моральдылық болып табылады. Моральдылық халық төлтумалығының мазмұнын құрастырады, онда оның барлық мүшелерінің өмірлік басымдылықтарының ортақтығы мен ерекшелігіне негізделген, адамның дербестілігі,
сапалық айқындылығы білдіріледі. Адамгершілікте, халық руханилығымен себептелген, адам тіршілігінің түрлі жақтары ерекше байқалады. Сондықтан адамгершіліктің өзі жиі салт-дәстүрлер, моральдық құндылықтар және қылық формаларында қолданылады. Бұл үғым, жалпы алғанда ол қазақтар үшін өмірдің құндылық-әдептік жақтарының қоғамның басқа нақтылықтарымен салыстырғанда үлкен маңыздылығын бекітуге келіп тірелетін, қоғамның сапалық ерекшелігін білдіруде белсенді түрде қолданылады. Бұл тағы да, қазақ қоғамында рухани-әдептік құндылықтардың күнделікті өмірмен нақты практиканың ішіне сіңісіп кеткенін көрсетеді. Абай әдебінің тіршіліктің адамгершілік бастауларымен үйлеспей қалуының болмайтынын және сондықтан оның адамдық мәнін адекватты білдіретінін, бәлкім, осымен түсіндіруге де болады. Қоғам үшін, соның ішінде қазіргі де қоғам үшін "адамгершілік" пен "моральдың" арасында қайшылық тән, себебі адамгершілікпен әрекет ету үшін (өз арының талабы бойынша, өз сенімдері мен мұраттарына сай), қайта-қайта ресми қабылданған моральдық нормаларды бұзу керек болады, ал соңғылары бойынша әрекет ету оз ар-ұятын сатып жібергенмен бірдей болып шығады. Абай үшін ізгілікті білу мен адамгершілік әрекет ажырамайды, ал оз қылығында ақылды болу - қоғамдық қылыққа бару. Адамдар іс-әрекетінің жалпы әлеуметтік реттеушісі ретінде моральдың қажеттілігін түсіне отырып, Абай қоғам мен тұлға арасындағы қақтығыстың (өз тағдырының мысалында) мүмкіндігін және нақтылығын алдын ала көре білді. Және оның мораль философиясының логикасы мынадай қорытындыға жеткізеді: адам өзінің ішкі дүниесіне үңілуі қажет және сонда қылық бағытын таңдау үшін негіз іздеуі керек. Ал бұл іс жүзінде, адамның саналы және жауапты әрекетін ұйғаратын, әдепті өмірлік әрекеттің тұлғалық бастамасын мойындау болып табылады. Жоғары дамыған адамгершілік санасына не адам, тек сыртқы талаптарды бұлжытпай орындап қоймай, бірақ өзінде қоғамдық императивтерді дербес меңгеруге, өзі үшін белгілі бір адамгершілік бағдарламасын жасап шығаруға, түрлі факторлардың ықпалынан тәуелсіз қоғамда әрекет етіп тұрған ережелердің мағынасын ұғынуға және бағалауға қабілетті.
Әдеп тұғырынан адамның тұлғалық дамуының белгісіне оның әртүрлі күрделі өмірлік жағдаяттарда ішкі сенімділігі бойынша іс-әрекетке баруға, жауапкершілікті басқаға аударып тастамауға, көзсіз түрде жағдайларға беріліп кетпей және тек оларды "ескерумен" шектелмей, сонымен бірге оларға қарап тұра білу, өз жігерін, өз қайратын, мінезін көрсете отырып, оқиғалар барысына араласа алу қабілеттілігі жатады. Өмірдің бүкіл жағдайларына жарайтын, "дайын ережелер" жинағы сияқты, мораль туралы түсініктің қаншама жеңіл-желпі және өнімсіз екендігін түсіндіріп жату қажет пе? Оған кез келген жағдайда әдебі бойынша, "ар-ұяты бойынша" іске баруға міндеттей отырып, мәнді әлдене адамның өзімен жауапталады.
Ар-ұят, адамгершілік сондықтан әлеуметтік категория болып табылады, ол адамға туа біте тиесілі емес және оның генотипінде мүлгіп жатқан жоқ, дегенмен оның табиғаты мен көрініс тәсілдері тым күрделі. Сонда да ар-ұят тұлғаның қоғамдық және индивидуалдық даму үдерісінде оянады және қалыптасады. Өзінің жеке-дара мұқтаждықтарын, тілектерін, армандарын парыз сезімімен танылатынмен мөлшерлей отырып, арлы өмір сүру - бұл жауапты, саналы, мотивацияланған, яғни бұл сөздің ең кең мағынасындағы тұлғалық әрекетке бару.
Адамдардың әдепке сай тіршілігінің бұл маңызды қыры туралы пайымдарды біз Абай ғақлияларында кездестіре аламыз, оларда бізді қызықтыратын тұлғаның моральдық әлеуеті туралы мәселе өткір және қоғамдық маңыздылығымен қойылған.
Белгілі бір жағдаяттарға байланысты, ақын онда әрекет еткен, өткір "шекаралық" жағдай оның алдына іс-әрекет бағдарын таңдау мәселесін қояды, яғни терең психологиялық сезімталдық деңгейінде экзистенциалдық мәселе туындайды. Өмірді өзінше түсіну негізінде ол шешім қабылдайды, оның мағынасы "Қара сөздің" бірінші сөзінде түсіндіріледі: "Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын! Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік. Сопылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған сопылық!
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым. Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ".
Бұл таңғаларлық қызықты, терең, шын көңілмен айтылған ойлар, қайда мәре - өмір болатын, таңдау сипатын анықтайды. Ал мәнісінде олар көпшілік үшін танымал болып келеді, өйткені әдеп қуатын сынақтан өткізу - азды-көпті рухани кернеулі өмір сүретін кез келген адам үшін бүл күнделікті, үйреншікті құбылыс. Қашан адам өзімен-өзі жалғыз қалатын, көмекті ешкімнен және ешқайдан күтпеуге тура келетін, моральдық тіректі сырттан емес, өзінде іздеу қажет болатын жағдайлар жиі туындайды. Және егер бұл тірек болмаса, немесе басқаша айтқанда, тұлғаның әдептік көрсеткіштері "нөлдің" маңайында болса, онда ешқандай жанқиярлықтың, ерліктің кереметті немесе жай ғана таза адамгершілік қылық жүзеге аспайды, себебі олар қашанда тұлға санасының, қайраты мен мінез-құлқының көрінісі болып табылады.
Міне осындай жағдайларда адамның әдептік қуаты түбіне дейін ашылады, өйткені моральдық ұстын, тек қашан ол белсенді, ар, ішкі сенім және тұлғаның адамгершілік сезімі бола бастағанда ғана, жүзеге асады. Басқаша айтқанда, қашан "міндетті" деген сырттан танылған бірдеме емес, ал өз таңдауыңның нәтижесі болғанда, және одан бас тарту немесе елемеу өзіңнен, өз индивидуалдығынан бас тартумен бірдей. Ал шынайы
индивидуалдық (Гегель дәл айтқандай, жалған және "ақылсыз" емес) өз "ерекшелігінде" ретсіз ұсына беру немесе болмашы нәрсемен "көзге түсе беру" емес, ал өз тіршілігіндегі әрбір сәтте ар-ұятпен әрекетке баруға үйрену болып табылады. Ар-ұятпен іс істеу, өз қылығының басқа адамдардың мүдделері және игіліктерімен тығыз байланысын өткір сезінетін, өзіне-өзі шынайы қоғамдық жан ретінде қарайтын қатынаста бүкіл өмірінен сабақ сияқты алып шыққан, әрекет болып табылады. Егер адам өзінің адамгершілік тәжірибесінде тиістінің емес, жалпы қабылданған мен дұрыс пайымдаудың қисыны бойынша ғана әрекетке барса, онда оның моральдан тыс тұрғанын, айрықша атап өту керек.
Ол тек, оларды таңдау сәті жоқ, әрекет етіп тұрған салт-дәстүрлер шегінде ғана әдепті. Міне осыда моральдың "қитұрқылығы" тұр, себебі ол жай жалпы қабылданған әдеп нормаларын орындап жүруді ғана емес, сонымен бірге ол адамда өзіне және қоршаған ортаға сыни көзқараста болуды талап етеді. Нақтылы жағдайлармен әбден санаса отырып, Абай, әрине, өзінің ішкі, рухани, адамгершілік еркіндігімен қуатты еді, қашан оған сыртқы жағдайлардың қысымымен тәуелді әрекетке баруға тура келгенде, ол олардан адами, тұлғалық түрде көтеріле алу қабілеттілігімен, соны дәлелдеді. Осы жөнінде ақынның өзі былай дейді:
"...Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл үшін, ар үшін болсын".30
Адамгершілік санасы қозғалысындағы ең қарапайым жағдай, қашан ол дұрыс ақыл мен кең таралған мораль ұйғарымдарымен қанағаттанбаған түрде, туындайтын сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл, олар кейін жоғарылау, адамдар санасында қалыптасып қалған үйреншікті түсініктерді өзгертуге қабілетті "айрықша" қылықтарға барудың қозғаушы себептері тап осындай, өйткені жеке адамдардың адамгершілік әрекеттері басқалар үшін жағымды үлгі бола алады. Әдепті жан ретінде, адам тұрақты түрде "пайдалылықтың жалпылама жүйесінің" шегінен шығуға ұмтылады және іске басшылық ретінде, өзімен-өзі расталған, яғни әрекеттің риясыз, көтеріңкі мотивтерін қабылдайды.
Абай өмірінің мысалында, әрбір жеке-дара тағдырдағы қоғаммен берілген және қабылданған құндылықтар, қасиеттер, сапалар, сипаттамалар адамның өз "бойынан" өтетіндігін көруге болады. Жеке тұлға үшін олар алдын ала берілмеген, әлдебір "дайын үлгі" емес, ал оның өзімен қоғамдық және индивидуалдық даму барысында жасалып шығарылады. Абайдың адамгершілік ілімі туралы толғамдар, ол бүгін бізді қобалжытпай қоймайтын, сол құбылыспен байланысты бүгін көкейтесті болған, соның бір қырынан тоқталуға ниеттендіреді.
Абай кез келген материалды молшылыққа немқұрайды болды. Замандастарын тек қажеттіге ұмтылуға шақыра отырып, Абай қоғамдық емес, ал тек қара басының қамымен шектелетін (сондықтан бассыздықпен жақын), жеке адамдардың қара дүрсін игілігі мұратымен күреседі. 30 Абай. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 70-6.
"Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты халал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі? Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сөйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпенен айырылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа еш нәрсе бойында қалмайды.
Барында баймын деп мақтанады. Жоғында "маған да баяғыда мал бітіп еді" деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі".
Сол, не қазіргі тілде "тұтынушылық", "баю", "затшылдық" деп аталатын, іс жүзінде этикалық ұстынсыздықты туындатады және қолдайды, өйткені осындай психологияның қармауына түскен адам, өз өміріндегі мақсат пен құралдарды шатастырады, олардың орнын ауыстырып жібереді, құралды мақсатқа айналдырады немесе жалғыз құралдармен өмір сүреді. Абай мұны жақсы түсінген: « Бұл күндегіде байлық та мақтан емес, ақыл, абырой да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу - мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі салт атты, сабау қамшылы кедей де болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке қолы жетеді. Желөкпелеу, мақтаншақ байларды: "сіз айтсаңыз, отқа түсуге бармын" деп желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ, малын бақпай-ақ содан киімін бүтейтіп киіп, тәуір атын мініп алып, қатарлы бір құрметке жетіп жүре береді.
Ал бай өз тыныштығын да білмейді. Бос шығынданғанын да ескермейді. Бір кісімен сөйлессе, мұны қайтеміз деп бағанағы антұрғанмен ақылдасады. Ол сиырдың жорғасы секілденіп, қарайғанда жалғыз өзім болсам екен дейтұғын ниетімен және ақылдасар досы көбейсе, қадірім кетіп қалады деп "Ой, тәңір-ай, соны білмей тұрсыз ба? Ол ана қулық қой, бұл мына қулық қой, оған бүйдей салсаң болмай ма!" деп бар оңбаған жауапты үйретіп, амалшылықтың жолын қылады. Және байдың өзіне де адам сенбейтұғын болады. Байдың өз жауабы, өз мінезі оңбай тұрған соң, бағанағы кісі бұзылса, әлгі антұрған байға, "мен айтпап па едім, онікі қулық сөз деп, міне көрдің бе?" деп, екіншіде тырп етпейтұғын қылып алады. Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харекеті де - осы".
Адам "өзін базарға салып, өз атына мақтау есту немесе біреудің қызғанышын тудыру үшін" тамақтанбайды, су ішпейді, киім кимейді. Бірақ біреудің оның киген киімдеріне қызғана қарағанында, не тұр? Өмір тек жеке пайданы көздеу - бұл шектелген адам болу. Дүниенің барлық игіліктерін алуға ұмтылу үшін көп ақылдың керегі жоқ» . Тек соның өзі үшін, байлыққа ұмтылу, қазіргі тілмен айтқанда, тұтынушылық болып табылады, себебі, Абайдың түсінігіне сай, байлық тағдырлық мақсат емес, өмірді сақтап түру құралы болып табылады. Адамға бақыт әкелмейтін тойымсыздық сезімі, қалыпты өмір сүру үшін қажеттінің бәріне, тіпті одан да артыққа не болудан емес, осыдан басқа оның мақсаты болмаудан туындайды. Тек осы және басқа емес себеппен тойымсыздық жиі ретте жалығумен, түңілумен, пессимизммен және рухани бос, шекті өмір сүрудің басқа атрибуттарымен ілесіп жүреді.
Әрине, Абай мүлдем аскетизмді дәріптемейді, біз оның жеке өмірі туралы білеміз, оған "бүкіл адамдық жат емес". Байлыққа катысты оның айтқандарының бәрі - сұраныстарының аздығын көрсету емес, мұқтаждықтарының тапшылығы немесе тілектерінің кедейлігін байқату емес. Мұқтаждықтардың сан алуан түрлеріне ие бола отырып, Абай заттар мен ләззаттардың бағасын білді деп айтуға, барлық негіз бар. Бірақ ақылға сай таңдау жасау үшін, Абай логикасы бойынша, адам неден әбден бас тарта алатындығын толық білуі керек. "Оған көп нәрсе жетпейтіндіктен, бірдемеге аз мұқтаждық көрсететінмен және көп нәрсесіз-ақ жүре беретіндіктен, аз мұқтаждық көрсететіннің арасында айырмашылық бар" , - деп классикалық неміс философиясының белгілі өкілі И. Кант жазған. Осыған ұқсас ойды Абай да айтады: "Күшті көп нәрсені қалағанымен, азбен риза болады, мардымсыз адам аз сұрайды, бірақ көбірек алғанда да, риза емес".
Мәселе, әрине, заттардың өзінде емес, ал адамның оларға қатынасында тұр, яғни оларды "жамандықтың себепшілер" және моральдық реттегі бейшаралықтың пайда болуының факторлары деп көрсетпеу керек. Ал осының бәрінің орнына материалды игіліктер мен құндылықтар дүниесімен "адамша" өз қатынастарын ретке қоюға адамның әдептік, рухани дайындығы туралы байыпты ойластыру қажет. Бұл кез келген, тіпті ең шатастырылған және сенің бүкіл тілектеріңді қызықтыратын жағдайда, ақылға сай таңдауға дайын, тұлғаның моральдығы және мәдениеттілігі туралы мәселе. Берік жалпылама негіздерге сүйенетін, Абай моралі өзінің нақтылы күшін, қашан ол қылық, әрекет, яғни адамның индивидуалдық жігерінің туындысы бола бастағанда көрсетеді. Сондықтан ол, ұстындарды өмірден жоғары қоятын, ешқандай ригорист емес. Ол шынайы дана, өйткені ол тек даналықпен ойлап қоймай, сонымен бірге даналық мұратын іске асыруға талпынады. Осында оның адамгершілік ілімінің асқақ мәні тұр, бұл істе, өз өмірлік әрекетінде білім мен адамгершіліктің, қоғамдық пен тұлғалықтың ажырамас бірлігін негіздеу де және практикалық бекіту де қажет болады. Абай білімді адамгершіліктен бөлмейді. Ол үшін ақылға сай әрекет - бұл санаға, адамша, яғни қоғамдық, әрекет етудің дамыған қабілеттілігіне айналған білім. Басқа адамды түсінудің, өзін басқадан көрудің және басқа адамдармен бірге өмір сүруге үйренудің дамыған қабілеттілігі Абайдың өмір салтына, жеке тәжірибелік іс-әрекет бағдарына жатады.
Бұл мақалада біз көтеріп отырған мәселе, арнаулы талдауды қажет етеді, өйткені нақтылы өмірде кездесетін, білім мен сананың, білім беру мен адамгершіліктің арасындағы қақтығыстар, ғылым мен білім өзінен-өзі саналылықтың артуына жетелемейді, моральдық прогресспен теріс түсініктерден бас тартуға міндеттемейді дегенді дәлелдейді. Өкінішке орай, сирек емес білімділік моральдық кереңдікпен, адамгершілік жағынан кешеуілдеп қалумен, ұстынсыздықпен айрықша қосылып кетеді. Абайды қиналысқа түсірген, мынадай сұрақтар: "Қылықтың арғы жағында не жатыр?", "Ізгі моральдық іс-әрекет немен негізделеді?", "Неліктен білім қашанда игілікке әкелмейді?", "Қайратты, Ақылды, Жүректі не біріктіреді және неге олардың арасында қайшылықтар шыға береді" және т.б. - бүгін де өз өткірлігі мен өмірлік маңызын сақтайды. Бұл жағдайда, ғылымға, танымға деген махаббат Абайда адамгершіліктің өзінен шығатынын, тек атап өтейік.
"Әуелі - білім-ғылым табылса, дүниенің бір қызықты нәрсесіне де керек болар еді деп іздемеске керек. Ол үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең һәм әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рақат хүзур хасил болады. Сол рақат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деген үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады".
Ол білімге деген көтеріңкі, асқақ, риясыз қатынасты қалыптастыру мен тәрбиелеудің субстанционалды негізі болып табылатын, адамдық тіршіліктің дәл сол саласын құрастыратын, адамгершіліктің әлеуметтік табиғаты мұнда өте терең және түпнегізді қамтылған. Атай айтқанда, бұл салада адам тұтас және сөздің толық мағынасындағы қоғамдық жан ретінде алға шығады.
Абайдың адамгершілік туралы кейбір идеяларын қысқаша талдау этика саласындағы оның көзқарастарының бүкіл тереңдігін анық және айқын көрсетеді. Оның үстіне, оның адамгершілік ілімі қазақ халқының философиялық жай-күйінен шығатынын ескеру қажет, өйткені өз халқының философиялық ойлары ол үшін түпнегізді айқындаушы болды. Бәлкім, бұл көрнекті ойшылдың адамгершілік ілімін тұрпайы түсінуге әкелген, идеологияландырылған ресми философияның негізгі постулаттарын оның дүниетанымының үстінен жапсырудан шыққан, Абайдың этикалық ілімін зерттеудегі дәстүрлі сыңаржақтылық осымен түсіндіріледі. Қазақ халқының атақты ұлы бола отырып, Абай белгілі бір тарихи және геосаяси жағдайлардың күшімен бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесін ерекше синтездей алды және адамгершілік ілімінің жеткілікті сымбатты жүйесін жасап шығарды. Осындай ілімді құрап шығаруға, сондай субъектінің танымдық әрекеті көркем әдебиет арқылы дүниенің рухани-практикалық игерілуіне қиылысты еніп кеткен, қазақ халқының рухани дамуының ерекшеліктері де себебін тигізді. Абаймен жүзеге асырған, атап айтқанда, шындықты көркем меңгеру органикалық сипатта әлдебір түсініктер, болжамдар, ұстанымдар, суреттемелер түрінде әлемнің ғылыми суретінің элементтерін өзіне енгізді.
Өмірге терең философиялық бойлауының қуатымен, өзі бейнелеп тұрған объектілердің мәнін оған түсінуге мүмкіндік берген, әлемнің айрықша суреттемесін Абай өнер құралдары арқылы білдірді. Осындай объектілер көп санды: адамның ішкі дүниесі, психологиялық үдерістер, интуиция, тылсым сана және бейсана сияқты, адам психикасының сондай қиын жетуге болатын қабаттары, рухани мен тәндіктің, әлеуметтік пен табиғидың, адамдық пен ғарыштықтың байланысы.
Абайдың рухани дүниесімен іштесу, адамда қайсыбір жаңғырық қалдырмай, ізсіз өте шықпайды. Кездейсоқтық пен кеңестілікке толы, өткінші өмір, Абай ұрандаған "Адам бол!" деген шақыру біздің әрқайсымыздың рухани өсуімізді арттырады. Нравственное учение Абая //Известия HAH РК. Серия общественная наука. Алматы, 1995. №5. - С. 11-23. Тұрсын ҒАБИТОВ
ҚАЗАҚ ЭТИКАСЫНЫҢ КАТЕГОРИЯЛАРЫ МЕН ҰСТЫНДАРЫ
Қазақ философиясының негізгі мәселелерінің біріне кісілік пен әдептілікті айқындау жатады. Қазақ философиясындағы әдеп мәселесін қарастырудан бұрын, осы мәселенің өзегін құрастыратын ұғымдардың мазмұнына қысқаша түсініктемелер беріп өтелік. Өйткені әртүрлі мәтіндегі бұл ұғымдар сан қилы мағынада қолданылады. Алғашқы мәдени-әдептік бинарлық оппозиция ретінде "адам" мен "пендені" алуға болады. Адам діни философиялық бағытта қалыптасқан және иудей-христиан-ислам теологиясындағы жаратушы құдіреттілігімен әлемге келген туынды, барлық кісілердің арғы тегі. Кейін адам батыс философиясында да, шығыстық философияда да бүкіл адамзатты әмбебапты
бейнелейтін тектік ұғымға айналады. Алла тағала адамды табиғаттан жаратқан және оған өзіндік мағына мен рух берген.
Жақсы адам - рухани бай адам. Осындай мұрат тұтатын адам туралы қазақтанушы Қ. Жарықбаев ойларын былай түйіндейді: "Ақылды адам өзіндік ойы, өзіндік мақсаты, өзіндік бағыты бар, кез келгеннің жетегіне еріп кетпейді. Салқынқандылық, тұрақтылық, мінезділік - адамға ауадай қажет. "Қайда жүрсең де өзіңді тізгіндеп ұста", "Адам болу үшін ерлікпен қатар ақкөңілділік те керек", "Байсалдылық - ізгі қасиет". Адамның осындай жақсы қасиеттерін тізбектей келе, жұртты жаман мінез, жат қылықтан жирендіреді. ("Сараңның жұрт түгілі өзіне де дәрмені жетпейді", "Топасқа қылығы да қырсық болып жабысады", "Ұятсыздан үйдей пәле шығады"). Адамға төмендегідей қылықтар, атап айтқанда - өтірік айтып, дандайсу, ішкілікке салыну, нәпсіге құмарту, іштарлық, күншілдік пен бас араздық, бұзық жолға түсу, босқа күйіп-пісіп, ашушаң болу, адамның өзін-өзі ұстай алмауы және тағы басқалары еш уақытта опа бермейді. Ақылды адам бұларды бойына дарытпау үшін ылғи қам жеп, сақ жүреді. Жақсы адам ылғи да жеке басымен қоса, отбасының да берекесін ойлап жүреді. Бақытты болу, асыл мұратқа жету жақсы қасиеттерсіз жүзеге аспайды. ("Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бак та, бақыт та қонбайды"). Ал бақ пен бақытқа жету адамның өз қолында. Кісі - өз бақытының қожасы. Бұл үшін ол аянбай еңбек етіп, оз бойына адамгершілік қасиеттерді егіп отыруы тиіс. Адам өзінің ақыл-парасатымен қатар сезім дүниесін де билеп-төстеуі керек, яғни өз көңілкүйінің де қожасы болсын, солғын, қораш сезімді адам - бұл әлде де болса тәрбиесі жетіспеген адам. ("Жан ұшырушылық - топас адамның белгісі", "Ашу шақыру - ақылға нұқсан келтіреді", "Ақылдылық ашумен бірге жүрмейді".
Этиканың зерттеу нысаны "әдеп" ұғымы арнаулы әдебиетте бірнеше мағынада қолданылады. Әдеп - қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптарды білдіретін ұғым. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтіруімен байланысты. Бүл сипатта әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Әдеп өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған. Қазіргі заманғы ғылым әдептің қалыптасуына эсер еткен үш басты факторды атап өтеді. Олар: жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тыйым салу; қариялар мен балаларға қамқорлық ету. Мәдениеттің өзегін салт-дәстүрлік әдеп құрастырады. Егер соқыр сезім жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етеді. Дәстүрлі қоғамдағы әдептің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары алмастырды. Алайда бұдан көне әдеп жоғалып кетті деген ой тумайды. Себебі көне мәдениет казіргі ұлттық мәдениеттің архетипі кызметін атқарады. Қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесі сонау көшпелілер мәдениетінен нәр алады. Ол қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді.
Қазақ философиясындағы әдеп мәселесіне қатысты әлі де мағынасы терең ашылмаған, зерттеуді қажет ететін ұғымға "кісі" жағады. Бұл ұғым туралы сан алуан түсіндірмелер бар. "Қазақ даласының ойшылдары (XIII-XV ғасырлар)" кітабының авторлары ортағасырлық түркі ойшылдары мен хакім Абай да адамның теріс қылықтарына сай "кісі" деген ұғым қолданды дейді де, мынадай қорытындыға келеді: "...әдетте, хакім де пендені адамнан бөліп алады да, оны адам қатарына жатқызбай, ол туралы тек "кісі" деген ғана ұғымды қолданады" . Алайда "кісі" ұғымы жақсы адамды бейнелеуге де қолданылады. Қазақтың "кісі болар баланың кісілерде ісі бар, кісі болмас баланың кісілерде несі бар"
деген мақалын еске алайық. Немесе халық: "Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі" дейді. Семантикалық жағынан алғанда "адам" мен "кісі" синонимдер іспеттес және қазақ дүниетанымына тән сннкретизмнің көрінісі (Тәңірі, Құдай, Алла сияқты). "Адам" - мұсылмандық мәдениеттен келсе, "кісі" - түркілік атау. Абай бойынша, жақсы кісіде үш қасиет: ыстық қайрат, нұрлы ақыл және жылы жүрек болу керек делінеді. Адамгершілік құндылықтары қашанда кісілік қасиеттерде көрініс табады. "Кішілік пен кісілік - ұлылықтың белгісі", - деген Махмұт Қашқари.
"Кісілік қасиеттер" ұғымы Қ. Жарықбаев, Ә. Алдамұратов, Т. Ғабитовтардың "Әдеп негіздері" атты кітабында арнаулы талқыланған: Қазақ тілінде "кісі" - адам деген ұғымның мәнді бір атауы, ал "кісілік", "адамгершілік" дегендер ауқымы кең ұғымды білдіреді. Халықтық атауда кісі атауы кез келген адамға берілмейді. Мәселен, тілі шықпаған баланы, жан дүниесі күйзеліске ұшыраған кем ақылды, өзіндік бағыт-бағдары жоқ адамдарды да "кісі" деп айту қиын. Кісілік өзіндік іс-әрекеті, мінез-құлқы орнықты, өзге адамдармен қалыпты қатынас жасауды білдіретін адамға тән атау. Кісілігі бар адамның мінезінде ұнамды қасиеттер аз болмайды. Ол ақыл тоқтатып, жұртқа өнегелі сөз айтып, өзгені де тыңдай білетін адам. Кісілігі бар адам бір істі бастаса, оны аяғына дейін жеткізіп, тындыруы тиіс. Оның әрбір қимыл-қозғалысы, әрекеті діттеген мақсатына бағытталып отырады.31
Байқап отырғанымыздай, жоғарыдағы мәтінде "адам" мен "кісі" синонимдер сипатында қолданылады. Жүсіп Баласағұн "кісі - адам" мен "кісі - киікті" ажыратқан. Бұл қисын бойынша, тек әдепті кісі ғана адам бола алады. Кісіні көрсең, есікке, Жүгіре шық кешікпе. Қарсы алмасаң мейманды, Кесір болар нәсіпке," - депті, Үмбетай жырау.32
Біздің пайымдауымызша, "адам", "тұлға" тәрізді ұғымдармен салыстырғанда "кісі" қазақ мәдениеті өрісінде экзистенциалдық мазмұны айқын түсінікке жатады. Кісінің басты кісілігі оның басқалармен қарым-қатынастың субъектісі деңгейіне көтерілуімен көрініс табады, көпшіліктің назарын өзіне қарата алады. Бұл үшін ол "жарқын жүзді, көңілді, ыждаһатшыл, жылы, шуақ және жүзі арайлы, игі мақсатты, иманды" болуы қажет. Керісінше, кісілігі жоқ адам "қара бет, суық, көк бет, қалың бет, т.т." болып келеді . Ондай кісіге қарап көңілің толмайды, көншімейді.
Кісілік қасиеттер әл-Фарабидің "Қайырымды қала" ілімінде арнаулы қарастырылады. Оның пікірінше, кісілік белгілер, әсіресе, елбасыға тән болуы қажет. Осындай кісіге қойылатын талаптар: "Біріншіден, бұл кісінің мүшелері мүлдем мінсіз болуға тиіс: жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан анық айтып бере алатын ділмар болуы шарт; өнер-білімге құштар болуы, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болуы керек; тағамға, ішімдік ішуге, сұхбат
31 Жарықбаев Қ., Алдамұратов Ә., Ғабитов Т. Әдеп негіздері. - Алматы: Мұраттас, 1997. 25-6. 32 Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. - Алматы: Атамұра, 1999. 65-6.
құруға келгенде қанағатшыл болуы керек; шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірікжалған мен суайттарды жек көруі керек; жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып, игі істерге ынтазар болуға тиіс; дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарауы керек; жаратылыстан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көру керек; қыңыр болмау керек; өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек", - дейді . Сонымен, "кісі" шығыстық мәдениетте инабатты адам мағынасына жақын қолданылатын адамдық келбет болып табылады.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде "кісі" ұғымы өзіндік Менің және сөз өнерін жете меңгеру арқылы үлгі боларлық адамды да білдіреді. Бұл әсіресе, ақын-жыраулардың перформативтік дискурсына тән (Ә. Наурызбаева). Бұл дискурста кісілік алдыңғы қатарға шығады. Асанқайғы толғауындағы кісі өзінің ерекше әдептілігімен көзге түседі: Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер, Ерегесіп ұрыспа. Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа. Мінезі жаман адамға Енді қайтып жуыспа. Тәуір көрер кісіңмен Жалған айтып суыспа.33
Әрине, дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі "кісілік" ұғымы тек эпикалық дәстүрден ғана емес, сонымен бірге мұсылмандық әлеммен қатысты ортағасырлық жазба мәдениетінен де бастау алады. Ұлттық қазақ философиясында "жетілген адам" мәселесі жалпы шығыс философиясы шеңберінде қарастырылып, адамды этика, адамгершілік тұрғысынан қарай отырып, сонымен катар оны білімділікке, парасаттылыққа шақыруға ерекше көңіл бөлінеді. "Түркі тілдес халықтарының Конфуцийі" деген беделге ие болған Жүсіп Баласағұн Конфуций сияқты адам мен адам, адам мен мемлекет арақатынасы, әсіресе мемлекетті басқару мәселесін айшықтағанына байланысты жетілген адам мәселесін осы тұрғыдан қарастырады. Ал әл-Фараби бұл мәселені "Мұрат қоғамды" ұйымдастырумен байланыстырады. Әл-Фараби бақыт мәселесіне, ең алдымен адамның осы дүниеде бақытты өмір сүруінің жолдарын іздестіруге өзінің философиясын бағыттады. Сонымен қатар, әрбір жеке адамның жетілуіне ақыл-ойдың, парасаттылық пен білімнің рөлін ерекше жоғары бағалады. Кетеген болса - түйең жау, Тебеген болса - биең жау, Ұрысқақ болса - келінің жау, Бәйбішең аю болса аса алмассың, Қарау болса, әй деуге бата алмассың, Мейманға отыңның басы болса суық, Еліңе жақсы жігіт атанбассың!34
Үмбетей жыраудың осынау жыры әдепті адам болмақтың басты шарты үй ішінен, отбасынан басталады деген ойды тарқатады. Азаматтың өз ортасында, елінде ісі жүріп, 33 Әбішев Қ. Философия. - Алматы: Ақыл кітабы, 1998. 119-6. 34 XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы. - Алматы: Ғылым, 1982.
абыройы биіктеп кетуі үшін бар жағдай отбасынан басталып, көңілі тыныш, көкірегі жүйрік болуы керек екен. Бұлай болмаған жағдайда, яғни, отбасында сені түсінетін, ақыл бөлісетін кісі табылмаса бейне "арқаңа түз артқандай" еңсең езіліп, ілгері басқан аяғың кері кетіп, күнкөрістің қамымен кеткенің. Ақын-жыраулар сан тараулы өмірдің қиындығы мен қуанышын, шер мен қайғысын, байлығы мен кедейлігін, ылдиы мен өрін кезек алып, сырластыра суреттеп көзге елестетуге шебер. Адам бойындағы кісіні кері кеткізер кесапат қылықтарды ашумен қатар, жақсы мен жаманның айырымын таразылап көрсетуімен қымбат. Ақылгөй даналарды тыңдаған жас қауым іштей жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтыла жүреді, өзін ар таразысының алдында әрқашан салмақты, таза ұстауға тырысып бағады. Жыраулар өмірдің өткіншілігін, дүниенің опасыздығын айтып, пәлсапалық түйіндеулер жасайды. Пенденің көзі мен көңілі тойымсыз, ашқарақ көңіл ішсем, жесем, байысам, қуансам, құшсам, сүйсінсем деп, еш басылып болмайды. Дүниені жиған үстіне жинай берсем, жұрт менің байлығыма қызықса, тіпті кезі келгенде аяғыма жығылса деп армандайды. Тоқтамы, шүкіршілігі кем адамдар сол арманының соңына шам алып түсемін деп жүріп жарық тіршіліктің баянсыз боларын, бәрінің де бүгін бар, ертең жоқ екеніне ой жібермейді. Намысты ұмытады.
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде кісілікке жетелейтін рухани күштердің арасында намыс ерекше рөл атқарады. Намыс адамдық Менді қайрай түседі; "ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді" дейді халық. Қазақ руханиятындағы өмірдің мәні мәселесімен айналысқан ғалым Г. Нұрышева намысты кісілік пен елдікті (қауымды) тұтастырып тұратын фактор ретінде қарастырады.
"Намыс" ұғымына Д. Кішібеков өзінің "Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең" (Алматы: Ғылым, 1999) деген монографиясында арнайы тоқталып өтеді. Оның пікірінше, намыс адамгершілік қасиеттің ең бағалы көріністерінің біріне жатады. Әрине, намыстың түрлері көп. Ол отандық намыс, ұлттық намыс, діни намыс, жершілдік намыс, рулық намыс, жыныстық намыс, отбасылық намыс, мамандық намыс болып бөлініп кете береді. Намыс бар жерде жігер бар, қайсарлық, алған мақсатқа жету үшін қиындықтарды жеңе алатын табандылық бар. Намысы жоқ, ар-ұяттан, тіпті адамдық бейнеден айырылады. Намыс азаматтықтың басты бір көрінісі. Қазақтың тегі нашар емес. Ол мықты халық. Онда намыс та, жігер де, батырлық та болған. Оның негізі де бар. Тарихқа үңілейікші. Александр Македонский көп әскерлерімен Орта Азия жерлеріне енгенде мықты қаруланған күштің қарсылығына тап болған, олардың ішінде әсіресе ерекше қимыл көрсеткен сақ-скифтер екендігі тарихтан белгілі.
Томиристің (Тұмардың) намысты ту етіп, осыған дейін жеңілмеген парсы патшасы Кирді талқандағанына да тарих куә. Әрине, тарихтан әртүрлі себептермен қазақ халқының боданға (орыс тілінің "подданный" деген сөзінің аудармасы) айналғанын, халық арасында құлдық психологиясы, жасықтық, үрей, қорқыныш сияқты сезімдердің де тарағанын бекерге шығара алмаймыз. Алайда, намыс осы халық ділінде ешқашан өшпеген. Мысал ретінде Желтоқсан көтерілісін келтіруге болады.
Мәселен, 1986 жылы 17-19 желтоқсанда халқына беделді Дінмұхамед Қонаев жаламен жұмыстан алынғанда, оның орнына Қазақстанның басшысы қазақ ұлтынан, не болмаса қазақстандық болсын деп заңды талап қойып қазақ жастары ұлттық намысты қорғаған жоқ па? Осынау әділетті талап-тілек аяққа тапталып, арты қанды қырғынға ұласып, қаншама адам қаза болды. Қазақтың қыздарына қол тигізіп жатқан қарулы милиция қызметкерлерінің дөрекілік ісіне шыдай алмаған жас өрен Қайрат Рысқұлбеков нағыз азаматтық, жігіттік намыспен осындай әділетсіздікке қарсы тұрып, араласып, аяусыз жазаланды. Ол өлімге кесілсе де оған қасқая қарап тұрып, тергеушілер алдында басын
имеді. Оның "Атам десең атыңдар, еркек тоқты құрбандық" - деген сөзі кейін нақылға айналып, ұлт намысын қорғаудың тамаша ұраны болды. Қайраттың осынау жүректілігі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі боларлық, ұлттық намысты жанынан артық бағалаудың тамаша үлгісі.
Әрине, қазақ қоғамында, намыссыздық пен жігерсіздіктің көріністері де кездесіп отырған. Қазіргі заманды Бауыржан Момышұлы былай деген екен: "Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әже, әке жоқ". Қазақтың дәстүрлі әдет құқығы немесе әдеп жүйесі туралы сөз болғанда жалпы адамзаттық нормалармен қатар діни ықпал арқылы енген, алайда ұлттық дәстүр құндылықтарын өз бойына жинақтаған ұғым-түсініктерді де естен шығармаған жөн.
Осындай ұғым-нормалар арасында қазақ әдеп жүйесі мен тұлға аралық қатынастарды реттеу қызметтері бойынша "күнә" мен "кінә", "обал" мен "сауап", "тәубе", "киелілік", "бейнет" пен "зейнет", "қанағат", "рақымдылық" т.т. маңызды рөл атқарады. Қазақы түсінікте аталған ұғымдар тек рухани дүниемен шектелмей, нақтылы тіршіліктегі кісілік қасиеттердің маңызды бөлігін құрады. Енді оларға қысқаша талдау беріп өтелік.
Күнә ұғымы халық санасында ислам діні арқылы кең жайылған. Бұл Алланың қаһарына ұшыраған адамның басында жиі кездеседі. Күнәға жалпы адамгершілікке жатпайтын көптеген теріс қылықтар (нәпсіқұмарлық, арамдық, азғындық, опасыздық, екіжүзділік, жауыздық, т.б.) жатады. Өз күнәсін кешіру үшін адам қателігін мойындап, ізгілік бағытында аянбай қызмет етуі тиіс.
Күнәкарлық кешірілуі екі талай, сойқан мінездің көрінісі болса, кінә күнделікті өмірде жиі кездесетін құбылыс. Кінәні әдетте ықылас қойып түзеуге, жуып-шаюға болады. Кей жағдайда дұрыс секілді көрінген іс-әрекеттердің өзі де адамдарды кінәлі етіп қоюы мүмкін. Мәселен, аңдамай сөйлеу, қателесіп кету, осындай қылыққа жатады. Кінә мен күнә ұғымдары қазақ ақын-жазушылары мен даналарының қашанда жиі талқыланған мәселесі болып келген. Оларды қазақ өмірінің айнасы деп қарастыруға болады. Мысалы, Шәкәрім өз заманындағы теріс қылықтармен келіспес күрес жүргізе отырып, ол замана мәселелерін, адамның өміріндегі адал еңбек пен маңдай тер төгіп жасаған кәсіптің орны мен маңызын, адамзат қоғамының дамуы барысындағы өнер мен ғылымның, мәдениеттің пайдасын шабыттана айтып, мынадай тұжырым жасайды: "Өзінің қадір-қасиетін жақсы білетін адам өзгелерді қорламайды. Ол ісінде де, сөзінде де ешқашан пасықтыққа бармайды, ол әрқашанда сабырлы, ұстамды болады. Өзін құрметтейтін адам өзі барда өзгелердің де өзін лайықсыз ұстауына, бейпіл сөздер айтуына немесе дауыс көтеруіне жол бермейді. Ол өзі орындай алмайтын уәделер бермейді. Ол берген сөзінде тұру қажет екенін біледі. Өзінің қадір-қасиетін сезінетін адам сенімді бағалай біледі".
Күнә ұғымы әр мәдени-өркениеттік жүйеде, әртүрлі мазмұнға ие болуы мүмкін. Мысалы, христианды мәдениетте басты күнәларға жататындары: өзін құдайдан жоғары санау ("грех гордыни"), пайдакүнемдік ("грех корысти") және нәпсіқұмарлық ("грех сладострастия") болып есептелсе, онда мұсылмандық өркениетке бұлардың қатарына шарап ішу, бес парызды орындамау, несиеге берген ақшадан пайда табу т.т. қосылады. Көшпелі қазақ мәдениетінде "обал" және "сауап" түсініктерінің моральдық реттеуші қызметі жоғары болған және бүл ұғымдар діни мазмұн шеңберінен шыққан.
Обал - жақсы нәрсенің қадірін біл, оны тастама, түбінде оның зарын тартасың деген ұғымды білдіреді. Бұл - қоршаған ортаға зиян келтіруге, жамандық жасауға, яғни жындыны жәбірлеуге, жансызды бүлдіруге болмайды деген сөз. Мәселен, біреуге қиянат жасау - обал. Нанның түйірін аяққа басу, не оны рәсуа ету де обал. "Судың да сұрауы бар" дегендей тамақты босқа ысырап ету, соны жасау үшін төгілген терді, қажырлы еңбекті бағаламау деген сөз. Көргенсіздік пен әдепсіздіктің осындайлардан шығатынын түсіну қиын емес. Сөйтіп обал ұғымы біреуге қиянат жасаған жағдайдың бәрінде де орын алады. Сауап - бұл айналадағы жанды-жансыздың бәріне бірдей жақсылық жасауға, қамқорлық көрсетуге байланысты айтылатын ұғым. Мәселен, құстың ұясын түзеу, жетім-жесірге қарайласу, аяқ астындағы нан қалдығын көтеріп алу - бұл сауап.
Обал мен сауап ұғымдары қазақ ырымдарында жан-жақты көрініс тапқан. - "Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты ұясына салса - бас ауруға шалдықтырады, бас айналғыш болады, ұмытшақтық, жеңілтектік дертке шалдырады деп пайымдайды. Обал мен сауап нормалары ауызекі мәдениетте киелілік түсінігімен астас келеді. Оның негізінде анималистикалық, тотемистік және фетишистік көне нанымдар да жатыр.
Қазақ дәстүрлі мәдениетіндегі әдептіліктің басты белгілеріне жататындары: атамекен мен туған халқына деген сүйіспеншілік, ар-ұятты қастерлеу, намыстылық, мейірімділік, ізеттілік, ата-бабалар аруағы мен ақсақалдарды сыйлау, ата-аналық парыз бен балалық қарыз, әділдік, қанағатшылдық және т.т. Басқаша айтқанда, этностың басты ұғымдары әдептіліктің, кісіліктің төңірегінде топтасқан.
Бірақ, қазақтың дәстүрлі мәдениетінде айшықталған әдеп ұстанымдары батыстық этика ұғымдарынан басқаша, өзіндік бітімі бойынша тұжырымдалады. Біріншіден, кісілік қасиеттер ауызекі поэтикалық арнада көркем суреттемелер арқылы берілген. Екіншіден, әдеп нормалары (кісілік белгілер) қазақы руханиятта құқықтық, діни, көркем өнерлік нормалармен синкретті әрекет еткен. Үшіншіден, әдеп нормалары ақын-жырауларда ауызекі мәдениеттің көне үлгілерін қамти отырып жырланған.
Жақсылық пен жамандықты айыру табиғат құбылыстарына табыну, олардан мейірім күту, әсіресе, бата беру, сиыну, құрбандық шалу сияқты қазақы рәсімдерде, бәдік өлеңдерде анық байқалады. Сөзіміз дәлелді болу үшін бірнеше дерек сілтемелер келтірейік. Аспан шырақтарына табынудың үлгісі: Ай көрдім, аман көрдім, Баяғыдай заман көрдім. Ескі айды есірке, Жаңа айды жарылқа. Наурыз күні берілетін батаның бір түрі: Ақ мол болсын, Қайда барса жол болсын, Ұлыс бақытты болсын, Төрт түлік ақты болсын, Ұлыс береке берсін Бәле-жала жерге енсін! Бәдік өлеңінде жамандықты аластау басты тақырып ретінде алынады:
Кешер болсаң әй бәдік, жыланға көш! Құйрығы жоқ, жалы жоқ құланға көш! Көш айласын білмесең мен айтайын, Жердің жүзін қаптаған тұманға көш!"
Әдеп, тіпті, жалпы рухани мәдениет, жақсылық пен жамандықты айыра білу қабілеттілігінен басталады. Жануардың жануар болып қалатын түпнегізі осы қабілеттіліктің болмауында. Қ. Жарықбаевтың қос авторлықпен жазған "Әдеп негіздері" кітабында бұл ұғымдарға мынадай анықтамалар беріледі: "Жақсылық - жалпы әдептің баламасы, адамгершілік пен имандылықты білдірудің ең жалпылама ұғым-түсінігі. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымына кіреді... жамандық - керісінше, адам күн көрісіндегі жағымсыз көріністердің жалпылама аталуы. Оған қоғамдық пікірмен айыпталатын теріс қылықтар мен пиғылдар жатады".
Қазақы дүниетанымда жақсылық пен жамандық ұғымдары ақын-жыраулар шығармашылығында жан-жақты әрі көркем суреттелген. Бұл түсініктер таза поэзия аумағынан шығып, халық даналығы үлгілеріне, философиялық пайымдауларға айналған. Жақсылықтың отаны - Жерұйықтың қандай басты белгілері бар? Бұл сұраққа жауапты заман талаптарынан, халықтың арман-аңсауларынан, өкініштері мен мұқтаждарынан іздеу керек. Шоқан Уәлиханов - осы мәселеге алғашқы назар аударғандардың бірі. Ғалымның сараптауы бойынша, қазақтардың аңыздарында ноғайлармен көрші отырған кездері алтын заман болғаны туралы айтылады. "Ноғайлы мен қазақтың бағы жанған заманда" - дейді олардың эпостары әрбір қиссаларының басында.
Яғни, Жерұйық ешқандай утопия да емес, болашақ туралы сәуегейлік те емес, бұрынғы туыс түркі халықтарының (алты алаш) бірлігін жырлау болып табылады. Жерұйық идеясын батыстың утопиялық құрылымдарымен теңдестіру біздің зерттеулерімізде жиі кездесетін үлгі болып табылады. Бұл әдістеме батыстық барлық модельдердің біздегі баламаларын іздеумен әуестенеді. Халық "жерұйықты" - "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды немесе елді қиыншылықтан құтқаратын батыр, дана, көсем туралы утопиялы әңгіме, аңыз шығарады және бұл аңыздық тұлғалар тарихта болған кейіпкерлерден шығарылады. Осыдан барып мессияндық рөл атқаратын адам, елге ырысдәулет беретін қоныс жайында әпсана-хикаят қалыптасады".
Қазақ әдебінде жақсылық пен жамандық синкретті: әрі әдептік, әрі тәлімдік, әрі өнегелік категориялар ретінде баяндалады және олар кісілік қасиеттердің санатында жүзеге асу мүмкіндіктерімен жырланады. Бұл өмірлік философияда жақсылықтың өлшемі адамның өз атына сай тіршілік етуі болса, онда жамандық тіршілікті шектеу деп түсіндіріледі. Яғни, жақсылық адам мен әлем арасындағы үйлесімдік. Тек нағыз адамның қолынан ғана жақсылық жасай білу келеді. Жамандық - үйлесімсіздік, шектен шығу, теріс қылық, "ғаріп" нәрсе: Бұл заманда не ғаріп ? Ақ қалалы боз ғаріп, Жақсыларға айтпаған
Асыл шырын сөз ғаріп, Замандасы болмаса, Қариялар болар тез ғаріп, Қадірін жеңге білмесе, Бойға жеткен қыз ғаріп,... Мүритін тауып алмаса, Азғын болса пір ғаріп.35 Жоғарыдағы жолдардан жақсылық пен адамдық қасиеттер көрінісі ғана емес, оған қоса жалпы ізгілікпен тепе-тең, абсолютті бастау ретінде қарастырылатынына көзіміз жетеді. Қазақ философы Қ. Әбішев жазғандай, жақсылықтың айшықты өлшеміне адамдардың дүниемен қатынасына да, өзара қатынастарына да олардың ешқашан өшпес құндылықтар екенін мойындап, оларды сақтау, қастерлеу және оны бұзатын, оны былғайтын, оны тәрік ететіннің бәрін де жамандық деп қарау.
Бұл сипатта жамандықтың жиі кездесетін түрі - жетесіздік, қадірлей білмеу: Ауылдағы жамандар Ер қадірін не білсін! Көшіп-қонып көрмеген Жер қадірін не білсін! Көшсе, қона білмеген, Ақылыңа көнбеген Жұрт қадірін не білсін!36
Бұл жерде маңызды этикалық мәселе көтеріліп тұр. Ол - жақсылықтың шартсыздығы. Біздің ісіміз жақсылық па, әлде жамандық па деп дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Ол дауысқа салынбайды, бірден аңғарылады. Не болса да, сол болуы керек. Өйткені ізгілік адамның болмысымен тікелей қатынасты, жақсылықтың жасалуы есеппен жүрмейді; онда ол оны сатқанмен, міндетсінгенмен бірдей әрекет болып табылады; ол "өз қайтарымын күтпейтін және адамның шынайылығынан туындаған өмірдегі нұрлы қадамдар болып табылады". Жақсылықтың бағдары адамды көтермелеу. Керісінше жасалған әрекет жамандыққа әкеледі.
Ақын-жыраулар шығармашылығын жан-жақты зерттеген ғалым-жазушы Мұхтар Мағауин осы жөнінде мынадай ойын алға тартады: "Жаман кім, жақсы кім - ол жағын жырау онша қазбаламайды. Мысалы, Шалкиіздің түсінігіндегі жаман - жолдасының "басы жауда қалғанда" жан қиюға шыдамай бас сауғалап кетер адам. Ал жақсы - жолдасын жауға қалдырмас, "тұсында тұлпары тарп ұрып тұратын атаулы ер'". Шалкиіздің жақсылық пен ізгілік түсініктерін мәтіндік (немесе интермәтіндік) талдау мәселенің жаңа қырларын аша түседі және ғылыми объективтің кепілі болып табылады. Сонымен, Шалкиіз толғауларындағы жақсылыққа жататындары: - алаштан байтақ озуы; - алғаным ару болуы;
- батырлық өмір сүруі; 35 XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /ред. Ә. Дербісалиев. - Алматы: Ғылым, 1982. 8-6. 36 Бес ғасыр жырлайды. 1-т. - Алматы: Жазушы, 1984. 28-6. - ерлердің алдаспаннан игі қолы болуы; - бас иетін Темір сияқты сұлтанның болуы; - тәңірінің дәрежені артық етуі; - дұшпанның қолы жете алмауы; - мал аямайтын достың болуы; - ата-ана үйінің Меккеден артық болуы; - жығылғанды тұрғызу, жылағанды уату; - ата қоныс: қоғалы көлдер, қом сулар; - туысқанның көптігі; - көбе бұзар жебенің болуы; - ел бастар ғаділ төре, сөз бастар шешен, қол бастар аға жігіт бар; - жақсылардың өлмейтін сөзі бар.
Жыраудың адам, оны қоршаған орта жайындағы түсінігі сол заманның санасынан елес береді. "Көптің құрығы ұзын", "Көп - жауға сұс, елге - қорған". Бұл мақалдың ақиқаттығы әсіресе білектің күші билікші болған ескі жаугершілік заманда ерекше көзге түседі. Сол қалың көпті қайтсем біріктірем деп жырау мұңаяды. Ол заман үшін мұның жалғыз-ақ жолы ол - рулар туыстығы, қандастық. Сондықтан Шалкиіз "жалғыздың жоғы табылмас, рулының оғы қалса табылар" деген мақалдың даналығына бас ұрады. Алайда туыстың бәрі бірдей емес, жақсысы да, жаманы да бар.
Жақсылық пен жамандықтың арақатынасын зерттеу әдептанудың басты мәселесіне жатады. Жақсылықтың үш түрлі түсінігін атап өтуге болады: 1) ізгілік ретіндегі жақсылық - этикалық ұстаным, онтологиялық бастау, әдептің жалпы ұстыны; 2) кісілік қасиет (жақсы адам); 3) әрекет (жақсылық жасау). Жамандық, әдетте, кісілікке қарсы бағытталған әрекет ретінде қаралады. Жамандық күнә, кінә және мәдениетсіздіктен (мәкрүх) тұрады. Бұқар жырау өз заманындағы жамандықтың басты себебі ретінде қоғамдық күйзелісті алады. Ай заман-ай, заман-ай, Түсті мынау тұман-ай, Істің бәрі күмән-ай, Баспақ, тана жиылып Пана болған заман-ай,! Құл-құтандар жиылып, Құда болған заман-ай! Жақсылардың малы жоқ – Жамандар малыменен теңелер!"37
37 XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /ред. Ә. Дербісалиев. - Алматы: Ғылым, 1982. 75-6. Бұқар жырау тек жамандықтарды сынап қана қоймай, олардан арылудың жолдарын көрсетуге тырысады: "әрекетсіз жақсылық жоқ, жақсы іссіз кісілік жоқ, кісіліксіз адам жоқ, адамсыз махаббат жоқ, махаббатсыз бақыт жоқ". Жақсылықты осылай түсіну арқылы жырлау "Адам тіршілігінің мәні не және ол не істеу керек?" - деген сұраққа жауап іздейді. Жыраудың көзқарасы бойынша дүниеде бәрі өткінші, тек адамның жақсы істері мен аты мәңгіге қалады.
Адам үшін оның өміріне мән беріп тұрған негізгі нәрсе - өз бойындағы адамшылықты жоймау, бүкіл өмір бойында адамға лайықты өмір сүру. Осы дүниеге адам болып келгендіктен, осы дүниеден адам болып кету керек. Адамның адамдық қасиетін өмір сүру барысында жоғалтып алмау, бұл да адамның ең алдымен оз алдында, басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі, ол адам тарапынан белгілі бір ерік-жігерді, қайратты қажет етеді. Адам баласы ежелден-ақ бақытты өмірді, бейбіт тіршілікті, берекелі тұрмысты аңсап-армандап, іздеген. Қайткенде адам бақытты болады? Қай жерде, қандай жағдайда ол өзін бақытты сезінеді? Міне мұндай сұрақтар әр заманның данышпанын да, қарапайым жұртын да толғандырған.
Бұқар жырау жырларынан оның нақыл сөздерге философиялық ойлы тебіреністерге толы, заманының көкейтесті мәселелерін көтеріп отырған азамат ақын болғандығын көреміз. Шашырап шыққан қандар көп, Шашау жатқан малдар көп. Қайсыбірін айтайын, Айта берсең сөздер көп", —
деп, ішкі жан дүниесімен күйзеле толғайды. Оның толғауларынан жыраудың өмірге, өзін қоршаған ортаға деген философиялық көзқарасы аңғарылады. Сонымен қатар жырау тек сөзбен емес, жамандықты іспен де шектеуге шақырады. Құр сөз, дейді ол, бос болып қалды: Көкте бұлт сөгілсе, Көктеп болмас не пайда. Көкіректен жан шықса, Қайтып келмес не пайда. Дін мұсылман болмаса, Тіл мұсылман не пайда. Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда. Ерге дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда.38
Хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың этикалық түсініктері жоғарыда аталған фольклор үлгілерімен үндес келеді. Өйткені олар бір этномәдени кеңістікте қалыптасқан. Хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың этикалық ойларының философиялық негіздерін қарастырғанда олардың исламдық және байырғы нанымдардың синкретті қосындысы екендігіне назар аудару қажет. Бұл сипатта екі қайшы пікір бар екендігін атап өтуге болады. Кеңес Одағында қазақ ақын-жырауларының діни өкілдерді сынаған кейбір жолдарынан олар исламды онша қолдамады деген тұжырым жасалды. Бұл сарын соңғы жылдары жазылған кейбір зерттеулерде де орын алады. Мысалы, қазақ халқының "аңқау
38Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия /кұр. Мағауин М. — Алматы: Ана тілі, 1993. 117-6. елге арамза молда", "молдаға мал қайғы, момынға жан қайғы", "мың күн ұжмақтан - бір күн тірлік", "дін қараңғы ін" сияқты мақалдарынан қазақ дүниетанымына материализм мен пантеизмнің кейбір көріністері тән болды деген сараптаулар да кездесіп тұрады.
Келесі көзқарастағы ақын-жыраулар имандылық мәселесіне үлкен көңіл бөлді, сондықтан олардың шығармашылығы діндарлық ұстанымды қолдады деген пікірмен байланысты. А. Мейірманов исламға дейінгі қазақтың монотеистік және табиғи нанымдары моральдан тыс болды, тек мұсылманшылдық шынайы әдепке жеткізді деген қағиданы ұсынады: "пұтқа, отқа, жеке адам басына, тауға, тасқа, т.б... табынған соқыр сенім - ақылды бұғаулап, рухты басып-жаншып өсірмеудің және қоғамның әлеуметтік күйзелуінің бірденбір себебі". Сонда тәңіршілдікті ту еткен түркі қағанаттары күйзелген коғам болып шыға келді. Әрине, исламның өркениеттендіру қызметін ешкім бекерге шығарып отырған жоқ. Алайда аруақты қадірлеу соқыр сенімге жата қоймас. Әр тарихи кезеңнің, этномәдениеттің өзіндік реттеу тетіктері (әдебі) болған.
Таза діни ұстанымда бүл дүниенің жалғандығына басты назар аударылады. Әлем жетіспеушілігі оның кемістігін о дүниеде толтыруға болады деген ой туындайды. Алайда қатал даланы шебер игере білген көшпелілер үшін бұл дүниенің қиындықтарын жеңе білу өз қабілеттілігін жетілдірумен байланысты. Ол үшін жоғары моральдық қасиет қажет. Осындай өмірлік позиция ақын-жыраулар шығармашылығында анық жарияланады. "Мен нағыз адаммын, себебі адамдық белгілерді өз бойыма жинақтай білдім",- дейді олар.
Тоғай, тоғай, тоғай су, Тоғай қондым өкінбен, Толғамалы ала балта колға алып, Топ бастадым, өкінбен, Тобыршығы биік жай салып. Дұшпан аттым, өкінбен, Тоғынды сарты нар жегіп, Көш түзедім, өкінбен, Ту құйрығы бір тұтам, Тұлпар міндім, өкінбен, Туған айдай нұрланып Дулыға кидім, өкінбен, Зерлі орындық үстінде, Ақ шымылдық ішінде Тұлымшағын төгілтіп, Ару сүйдім өкінбен, - дейді Доспамбет жырау.
Хандық дәуірінің көркем санасында, бір жағынан, күйбең тіршіліктің ырықсыз иесі болу құпталмаса, екінші жағынан, қиял мен елеске бағытталған өмір де мұрат болмады. Осы тұрғыдан қазақ ақын-жыраулары діндегі әдептік бастамаларға басты назар аударды. Бұл жөнінде белгілі философ Қ.Ш. Нұрланова оз ойын былай тұжырымдайды: қазақта "жалпы жарық дүниеге табыну мәдениеті терең орын алған. Еш нәрсеге, ешкімге қиянат жасамау мұсылманшылықтың негізгі этикалық арқауы. Қазақ дүниетанымының негізі - этикалық арқау".
Сол сияқты хандық дәуірдегі қазақ мәдениетінде де түркілік "Тәңірі" мұсылмандық "Алламен" бір бейнеге айналып кетті. Ақын-жыраулардың әдептік түсініктері де жалпы мұсылмандық кең мәтіннен аулақ болмады. Сөзіміз дәлелді болу үшін ақын-жыраулар шығармашылығына жүгінейік: Басты, бірінші тілек Аллаға арналады: Бірінші тілек тілеңіз, Бір Аллаға жазбасқа. Немесе жыраудың басқа да өсиеттері: Ей, айтшы, Алланы айт, Аты жақсы құдайды айт. Төрт шадияр Мұстафа, Нұсқап ашқан ғаламды айт. Тәңірім сөзі бұрқанды айт, Кәлим Алла құранды айт, Тәңірім салса аузына Жан жолдасың иманды айт.
Халқымыздың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып табылады. Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, үлкен адамға орын беру, оны төрге шығарып құрметтеу, оған сәлем беру, көңіліне қарау - адамгершілік борыш ретінде қалыптасқан дәстүрлер. Ерлік пен елдік, отаншылдық пен сүйіспеншілдік, ынтымақ пен бірлік, жан тазалығы мен адал достық - бәрі де ақын-жырауларымыздың жыраулық поэзиясынан орын алған, осының өзі - болашақ ұрпақтарымыздың бойына бүкіл кісілік асыл қасиеттерді жинақтауға зор көмек беретін бала тәрбиесінің бастау бұлағы.
Жыраулық поэзияның ірі өкілдері Асанқайғы мен Қазтуғанның, Доспамбет пен Шалкиіздің, Ақтамберді мен Бұқар жыраудың ж.т.б. елдік пен ерлікті, азаматтық пен адамгершілікті жырлаған өршіл өлең-жырлары, туған жер, ата-қоныс, ел тағдыры, өмір өткелдері мен қоғам жайлы философиялық толғау-тұжырымдары, өткір ойшылдық пен шешендік өнер өнегелері адамзат атаулыға тән асқақ кісілік идеяны паш етеді. Осы үлгіөнеге тұтар ұрпағымыз мақтанышпен мәңгі естерінде ұстар ақын-жырау, даналарымыздың әрқайсысының өмір жолдары сол өзі өмір сүрген заман тарихымен тығыз сабақтастықта жатыр. Жалпы кісілік құндылық болып табылатын: салауаттылық, инабаттылық, ізеттілік, ар-ұятты болу, қайырымдылық, перзенттік парыз, ата-анаға, отанға қызмет ету, ұлтын, халқын отанын сүю, қорғау, әдептілік, имандылық, арнамыстылық, өнерпаздық, ата-текті қастерлеу, бүкіл адамзаттық адамгершілік қасиеттерді ардақтау, ерлік деген ұғымдарды тәлім-тәрбиеде кісілік өлшемдердің көрсеткіші деп санасақ, адам бойына қуат берер осынау ізгі қасиеттерге баулуда жыраулық поэзиядан аларымыз өте көп.
Тұтастай белгілі бір кезеңдердің қоғамдық-әлеуметтік, тарихи сипатын таныта алатын дидактикалық-философиялық сарындағы толғаулармен қатар соз зергерлері адамгершілік, этика, мораль тақырыптарын да адам өмірінің түрлі жағдайларына қатысты келістіре жырлап, ел ішінде тәрбиелік міндет атқарып отырғаны байқалады. Кісілік құндылықтары туралы жалпы пайымдаудан кейін, олардың қазақтың әдеп мәдениетіндегі нақтылы көріністеріне назар аударалық. Академик Әлкей Марғұлан қазақ халқының эпикалық мұрасында мынадай құндылықтар басты орын алады дейді: "...қаһармандық жырлар, сұлу ертегілер туғызуға патриархалдық дәуірдегі негізгі сарындар мынадай еді:
а) бейбітшілік; ә) ел қорғаған ерлерді ардақтау; б) жұртқа ақылшы болатын қарияларды қадірлеу (Қорқыт, Жиренше шешен, Асанқайғы); в) алып ер туатын ананы құрмет тұту; г) алпыс басты "ақ орданың аяулысы" - жас әйелді біреуге олжа түсірмеу; д) келешекте ана болатын қыз баланы тәрбиелеу; е) ер баланы баулап, садақ аттыру, жапан түзге жалғыз жіберіп, аң аулатып, ерлік сынаудан өткізу (мергендер типі); ж) жүйрік жылқыны тануды бағалау... Міне, осының бәрі аталық дәуірдегі жұртшылық тілегін білдіреді".
Жақсылық, әділеттілік, достық, махаббат сияқты әмбебапты кісілік қасиеттермен қатар, ақын-жыраулар шығармашылығында мұсылмандық (имандылық, сауаптылық, тәубешілдік, рақымдылық және т.б.), көшпелілік (тектілік, төзімділік, шешендік, сөзге тоқтау, қауымшылдық, балажандық, меймандостық, киелілік және т.б.) құндылықтары жырланады.
Жазусыз ақпараттық аяда қалыптасқан кісілік құндылықтарда діни, этикалық және қауымдық бастауларды үйлестіру мәселесі маңызды. Мысалы, "киелі" түсінігін кейбір зерттеушілер христиан халықтарындағы "сакральды", "қасиетті" (священный) сөздерімен тели салады және аталған ұғымды тек діни мағынада түсіндіреді. Бүл әрине, көшпелілік тұрмысты жете білмеуден шығады. Кезінде Шоқан Уәлиханов қазақтар екі тылсым күшті: "киелі" мен "кесірді" мойындайды деген. Дәстүрлі мәдениеттегі ырымшыл қазақ үшін киелі нәрселер мнемоникалық рәміздер қызметін атқарды. Батыстық бағыттағы зерттеушілер үшін "киелі" діни әдет-ғұрыптармен ғана байланысты болса, номадалық тіршілік тынысын терең зерделеген ғалымдар киелілік деген деңгейден табиғи тылсым оқиғалар, құбылыстар мен нәрселерден көрінетіндігін атап өтеді.
Мысалы, аспан шырақтары, жапан даладағы жалғыз ағаш, бұлақ, қолдан жасалған балбалдар, пұттар, қорғандар және т.б. "Едіге батыр" жырында айтылғандай, киелі дәрежеге табиғи құбылыс өзімен-өзі емес, керісінше, адамға тигізетін оң ықпалы арқылы ие болады. Қарға қонбас қара ағаш Қаз қондырдым жұрт үшін. Құзғын қонбас қу ағаш Қу қондырдым жұрт үшін. Қу қанатын сал қылып, Еділ-Жайық өзеннен Көктей өттім жұрт үшін...
Қазақ даласын жете білген поляк саяхатшысы Бронислав Залесскийдің "Қазақтардың киелі ағашы" деген суреттемесінен осы мәселе жөнінде түбегейлі ақпарат алуға болады. Саяхатшының әрі суретшінің бейнелеуі бойынша, киелі ағаштың жанынан өткен кезде «қазақтар түйелерін шөгеріп, аттың жабуын немесе кілемшені жайып қояды да тізелерін бүгіп, немесе малдас құрып отырып дұға оқиды. Сонан соң өздері де ағаш бұтақтарына киімінен жыртып алған шүберек немесе қой терісінің қиындысын, тіпті болмаса ат құйрығынан кесіп алған қылды ақтық ретінде байлап кетеді. Олар киелі ағашқа ақтық байлау бақыт әкеліп, ауру-сырқаудан қорғап-қоршайды, өмір жастарын ұзартады деп ойлайды. Сондықтан тек биік ағаш қана емес, шөлдегі жол бойында кездесетін аласа бұталарда да ақтық байлаулы тұрады.
Мұндай ағашты кесу қазақтар үшін күнәнің ең ауыры болып саналады, сондықтан оның тіпті қураған бір бұтағын сындырар бір жан болмайды. Мұғаджар тауына жақын жазықтардың бірінде өсіп тұрған бірнеше діңді жабайы өрік ағашын көргенім бар, әбден қурап қалған көптеген ірі бұтақтардың біреуіне қол тигізуге ешкімнің жүрегі дауаламайды. Ілінген ақтық шүберектер мен қой терісінің қиындыларының көптігіне септік жоқ, ағаш басына салынған ой бүркітінің ұясына да адамдар тарапынан келер еш қиянат жоқ, себебі, киелі ағашқа салынған ұя да киелі".
Бұл суреттемеге, шынында, артық нәрсені қосу қиын болар. Осы көзқараспен ақынжыраулар мәтіндеріндегі киелілік суреттемелерін салыстырып көрелік. Асанқайғыдан: "Ел жағалай қонбаған көл" - кесір; "Жазда жайлайтын, қыста қыстайтын Еділ мен Жайық" - киелі; "Өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін ұрысу" - кесір; Қазтуғаннан: "Салуалы менің ордам қонған жер" - киелі; Ақтамбердіден: "Түйе мойнын тұз кесер, Жігіт мойнын қыз кесер... Жомарт қолын жоқ кесер". Өртеніп кеткен жар, Қайырсыз болған бай (кесір )" Үмбетей жырау, "кие" мен "кесір" түсініктерін тікелей кісілік қасиеттермен теңестіреді:
"Кісіні көрсең есікке, Жүгіре шық, кешікпе, Қарсы алмасаң мейманды Кесір болар несіпке'" [9, 64-6.]. Немесе:
"Елімді иесіз деймісің, Ерімді киесіз деймісің, Алты арасқа білдірмей, Басып жеймін деймісің?!". Бұқар жыраудан: "Жұмсасаң бала тіл алмай, Қатының қарсы шауып ұялмай... Ел қонбайтын шөл..." Көтеш ақыннан: "Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз, Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз, Ата тілін алмаған арам ұлды, Аузы түкті кәпірден кем демеңіз".
Сонымен, "киелі" және "кесірлі" түсініктерін не христиандық "священный" және "не угодный богу", не мұсылмандық "қасиетті" және "мәкрұх" ұғымдарымен теңестіру дұрыс емес. Қазақы дүниетанымда бұл ұғымдар көшпелілік өмір салтынан туындаған және адам мен дүниенің арақатынасын айқындай түседі.
Қазақ әдебіндегі жиі қолданылатын кісілік құндылықтың бірі - тектілік. Бұл ұғым ортағасырлық түркі философиясында да жан-жақты қарастырылған (әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн және т.б.). Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тектілік рулық және генетикалық қатынастардың басым мүдделілігін білдіреді. Тектіліктің нақтылы тарихи формасына жеті аталық үдеріс жатады. Қазақтың "жеті атасының атын білген бала, жеті рулы елдің қамын жейді" деген нақыл сөзі бар. Жеті аталық үдерісті әдебиетте инцестке тыйым салудың дәйекті түрі десе, көптеген зерттеушілер жеті аталық үдерісті "туысқандық қоғамның" айқын көрінісі деп қарастырады. Ақын-жыраулар шығармашылығында тектілік мәселесі балажанды қазақ үшін текті әйел алумен байланысты қойылады. Белгілі жазушы-ғалым А. Сейдімбектің атап өткеніндей, миф, әфсаналардан бастап ортағасырлық жырауларға дейін әйел тектілігінің маңызы туралы талай ғибрат сөздер айтылған: "Шығыс халықтарының ішінде қазақ сияқты санаулы ғана халықтың әйелдері бетіне паранжы салмай, дидарын ашық ұстап, қымсынбай еркін жүруі де көшпелілер өмірінде әйел баласы ер адаммен бірдей, тең дәрежеде болғандығынан шығар. Әйел-ананы құрметтеуге, қастер тұтуға деген дарқан этиканың қалыптасуына не себеп?! Себеп біреу-ақ, ол - көшпелі өмір салтынан туындайтын әлеуметтік қажеттілік демекпіз. Талдаңқырап айтқанда, көшпелі өмір салтында әйел-ана еш уақытта еңбектен қол үзіп ажыраған емес. Яғни отбасы бақыты, ру амандығы, ел тағдырына қатысты қазақ әйелдерінің қоғамдық жауапкершілігі ерлерден еш кем болмаған".
Тектілік кісілік құндылық ретінде қазақ халқының күнделікті тіршілігіне етене еніп кеткен. Оның нақтылы көріністеріне жататындары: ата-баба аруағын ардақтау, ата-ана алдындағы перзенттік борышын ақтау, ағаны арқа түту, "құданы құдайдай сыйлау", күйеу баласын туған ұлындай көру, қыз баланы ерекше құрметтеп, әпке - екінші ана, "келіннің аяғынан, қойшының таяғынан", "келін келді - құт-береке келді", "балалы үй базар", "бала бауыр етің", "бір үйде қанша болсаң, бір-біріңе қонақсың", "жақсы жеңге - анадай абзал", "әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін", "төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бөле тату", "інім де, інім дегенше - күнім де", "ағасы бардың жағасы бар" және т.б.
Ақын-жыраулардың осы құндылықтар жөніндегі суреттемелеріне назар аударайық. Олардағы бұл түсініктің қалыптасуына мынадай бір қисын бар: тектілік дәстүр жалғастығымен айқындалады және өмір сүріп отырған әлеуметпен үйлесімдікті талап етеді: "Өз басыңды зорайтып, Теңдес қайдан табарсың? Қарияларын жамандап, Кеңес қайдан табарсың? Қарындасын жамандап Өзіңе туған табылмас'". Егер тарихи арғы текке назар аударсақ, онда бұл түсінік "аталы" сөзімен айқын берілетіндігін байқауға болады: "Аталының баласы Жабыққанын білдірмес Жамандар мазақ қылар деп".
Текті адам деп құрметті ата-бабалары бар кісі айтылады. Бұл үшін "ата жұрты бұқара өз қолында болуы қажет". Қазақы түсінікте тарихи арғы тек аруақ ретінде құрметтеледі. Алайда тектілік өзімен-өзі кісілік құндылық бола алмайды. Өйткені: "Жаманнан туған жақсы бар, Адам айтса нанғысыз. Жақсыдан туған жаман бар, Күндердің күні болғанда, Бір аяқ асқа алғысыз".
Ақын-жырауларда тектілік бірнеше мағынада қолданылады. Оның бірі - қауымнан, қалың бұқарадан өзінің ерекше қасиеттерімен бөлініп шыққан текті кісі. Бұл әсіресе, Темір би, Абылай хан және батырлар суреттемелерінде айшықтана түседі. Текті адам "көпшіліктен" өзгеше жаралған тұлға. Көпшілік, әдетте, өзінен суырылып шыққанды ұнатпайды. "Қоңқалаған көп жаман, Сол жақсыны көре алмас".
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы түсінік бойынша көпшілікті аталы (текті) кісі басқару қажет. Шал ақын жазғандай: "Атасыздан би қойсаң Алжастырар еліңді, Жолды сөзді айта алмай, Сындырар бір күн беліңді. Аталы елден би қойсаң, Бір бұтағы сенімді. Сылап-сипап құрметтер, Бетін бұрып оңға еліңді.
Қазақ этикасының басты құндылықтарының бірі - төзімділік (толеранттылық) мұраты. Біз өткен құндылықтарды жаңа заманға әдейі таңып отырғанымыз жоқ. Бұл жерде құндылықтар сабақтастығы туралы айтуға болады. Мәселе тек терминде емес, ол осы терминмен белгіленетін ұғымның мағынасында. Қазіргі философияда "дискурс" деген термин бар. Түсініктемелері көп. Біз оны қысқаша "мәдениеттердің мағыналық деңгейінің сұхбаттық табиғаты" деп аударар едік. Егер төзімділікке келсек, онда С. Айдарбаев оған
мынандай түсіндірме береді: "саяси төзімділік (толеранттық) деп өзгеше көзқарасқа жол беруден тайынбайтын белгілі бір саяси күштердің тұрғысын (позициясын) түсіну керек. Егер бұл күштер билік басында болса, саяси төзімділік барынша кең түсінілетін конституциялық шеңберде оппозицияның қызметіне жол беру саясатынан көрініс табады. Жеке тұлғаға келетін болсақ, саяси төзімділік терминін саяси қарсыластар пікіріне құлақ асуға дайын болуды, оларды логикалық дәлелдеу арқылы өз жағына тартуға тырысуды білдіреді".
Төзімділік тек саяси ұстаным ғана емес, оның діни, этикалық, мәдениеттанулық және тағы басқа қырлары бар. Қазіргі кезде кейбір саясаткер сымақтар ислам төзімділікке қарсы дін деп пікір айтады. Қазақ ақын-жырауларының исламдық дүниетаным шеңберінде болғаны белгілі. Көп талқылауға бармай-ақ қасиетті құрандағы 109-сүреден бір үзінді келтірейік: "Мен сіздердің табынатындарыңа табынбаймын ғой, сіздерде менің табынатыныма табынбайсыздар. Сіздерге - өзіңіздің дініңіз, маған болса өз дінім". Бұл жолдарда төзімділіктің негізгі қағидасы анық әрі дәл тұжырымдалған.
Оған қоса төзімділік адамгершіліктің "алтын ережесімен" де (өзіне не тілемесең, басқаға да оны тілеме) тығыз байланысты. Қазақ халқына төзімділік ерекше тән болған. Оның негіздері ретінде қатал далада тіршілік етуге қажетті жоғары табиғи және моральдық төзімділік, меймандостық, іштесу мен сұхбатшылдық (Қ. Нұрланова) және тағы басқаларын атап өтуге болады.
Қазақ халқына тән төзімділіктің көрінісін "таспен ұрғанды аспен үр" деген мақал береді. Халық даналығының мағынасы төзімділік танытып, мәселелерді зорлық-зомбылықсыз шешуге шақыруда. Осыған ұқсас мағынаны "сабыр түбі - сары алтын" деген мақал береді. Бұл жерде де қиын істің бәрін сабырлылықтың, төзімділіктің негізінде асығыстық жасамай, күйгелектікке, ашуға берілмей шешу қажеттілігі көрсетіледі. Атап өткен және басқа да қазақтың мақал-мәтелдері қазақтың халық философиясы негізінде төзімділік пен зорлық-зомбылықты болдырмау идеяларының жатқанын жарқын көрсетеді.
Жалпы адамзаттық құндылық болып саналатын сүйіспеншілік, қайырымдылық, еркіндік, имандылық, ар-намыс, ар-ождан, ерлік, инабаттылық сияқты кісілік қасиеттерді тұлғаның адамгершілік өлшемі деп санасақ, кісі бойына қуат берер осынау ізгі қасиеттерге баулуда қазақ этикасынан аларымыз өте көп. Әдептілік кісілік қасиеттің айшықты белгісіне жатады. Әдептілік, ибалылық, ізеттілік пен түзулік сияқты жақсы қасиеттерді, тәлімтәрбиені, біздің ата-бабаларымыз оз баласының, немересінің құлағына сәби күнінен құя береді. Олар беделі өте жоғары, сүйікті адамдардың өсиеті сәбиінің жадында ұзақ сақталатынын жақсы білген. "Уәде берсең қайтпа, қолыңнан келмесе айтпа" дей отырып, "кісілік қымбат емес, кішілік қымбат", "тіліңді бақ, басың аман болады", "сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады" сияқты нақылдарды кісілік бағдар деп айшықтаған. Шынайы әдептілік сезімі өз қылығыңның өзге біреудің жанына бататыны мен қуанышқа жетелейтінін түйсінуді, басқа біреудің қажеттерін ұғынуды, уайым-қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамның орнына қоя білу керек. Әдепті адам езінің басқа адамды жеккөретінін байқатпайды және шамадан тыс ұнатқандық сезімін де білдірмейді, мұның өзі айналадағыларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
Ғылыми әдебиетке соңғы жылдары ғана ене бастаған, қазақ дәстүрлі әдебінде этикалық ұстаным ретінде қолданылатын кейбір әдептік ұғымдарға назарымызды аударалық. Осындай ұғымдардың бірі - нысап. Нысап - әдептіліктің басты нышандарының бірі. Ол
әділдікті, турашылдықты, уәдесіне адалдықты, өзінің және басқалардың алдындағы шыншылдықты, өзге адамдардың да құқын мойындау мен құрметтеуді қамтиды. Нысаптылық адамдардың іскерлік іс-қимылдарына байланысты және олардың талаптары мен әрекеттерін қадағалап, әрі үйлестіріп отырудан туындайды. Адамдар арасындағы қанағат пен тойымсыздықты бағалау да нысапқа байланысты. Сондай-ақ ол адамның қоғамда атқаратын рөлі мен әлеуметтік ахуалының үйлесуін, кісілігі мен оны бағалаудың құқылық және міндеттілік қатынастарын көрсететін, жалпы адамзаттық ұғым түсінігіне сай келетін тұрмыс тәртібі. Сол үшін біреудің өз мүддесіне бағып әділдік, туралықты бұзғанын, мүмкіндігін пайдаланып, кісі ақысын жегенін, жамандық жасағанын, дүниеге, байлыққа көзі тоймай алдарқатып өтірік айтқанын көргенде, халық ондай адамды "нысапсыз" дейді. Сонымен, нысап кісіліктің өлшемі, адамдықтың құндылық деңгейіне жатады.
Ақын-жыраулар жырларының заман жүгін көтерер мәселелерінің бірі - ар, адамгершілік туралы ой-толғаулары. Бұл жырлар қазақ философиясында кісілік қасиеттің бірі адамгершіліктің қазығы екендігі даусыз. Қазақ ақын-жырауларының еңбектері негізінен, атақоныс, көшпелілер болмысы, қоғам, адам, батырлық, көркемдік, адамгершілік мәселелеріне байланысты болып келеді. Отанды сүю ата-анасын сүюден басталады. Бұл нысаптылықтың айшықты белгісіне жатады және оған ата-анасының өзін жақсы көріп коймай, тіпті олар жүріп өткен әрбір қадам жердің, әрбір уыс топырағын, тау-тасын да жан-тәнімен сүйетін азаматтық сезімін мақтаныш, үлгі-өнеге ету. Әрбір кісінің туған жерге деген, отанға деген сүйіспеншілігін де, оны көздің қарашығындай қорғауы да, "ел басына күн туып, ер етікпен су кешкен" замандарда жанқиярлық ерлік жасауы да әке мен анаға деген махаббаттан ғана бастау алары сөзсіз.
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде нысап, несібе, тәубе негізінен имандылық талаптарынан туатын кісілік құндылықтар ретінде қабылданған Ислам дінінің қазақ сахарасында нығаюына қатысты этикалық ұғымдардың діни мазмұны арта түсті. XV-XVI ғасырлардағы жырауларда кісілік құндылықтардың көшпелілік, тәңіршілдік түсіндірмелері мен суреттемелері басым болса, XVIII ғасыр ақын-жырауларында "обал", "сауап", "тәубе", "несібе" сияқты мұсылмандық түсініктегі сөздер жиі қолданыла бастады. Әрине, бүл ұғымдарда жалпы адамзаттық нормалар да көрініс тапты. Ғылыми кітаптар және оқулықтарда "тәубеге" мынадай түсіндірме беріледі: "Тәубе - адамның ағат кеткен іс-қылығына өкініш білдіріп, келешекте оны болдырмауға үзілді-кесілді бел байлауы, барға шүкіршілік етуі, жаман әдет бойға сіңбей тұрғанда, тез тәубеге келіп, оны қайталамауға, жаманшылықтың орнығуына жол бермеуі. Тәубе - адамның өзін-өзі тәрбиелеудің бір жолы. Кімде-кім қателікке барып, теріс жолға түсіп қалса, дереу өзін-өзі жазғырып, адамшылық жолға түсуге бел байлап, бойын тез жинап алып, ар намысы алдында таза болуы жағын ойластыруы тиіс. Сонда ғана ол "менің ожданым (ар-намысым) таза деп қысылып-қымтырылмай айта алады".
Әрине, бұл анықтамаларда дидактикалық және педагогикалық ұстанымдар бірінші орында түр. Бірақ қазақ әдебіндегі кісілік құндылықтардың тізбегі көптеген ұғымдарды қамтиды. Олардың арасында қазақ әдеп жүйесінің маңызды ұғымы "қанағат" ерекше орын алады. Қанағат нысапсыздық, нәпсіқұмарлық, екіжүзділік антиподы ретінде қарастырылады. "Қанағат - барға риза болу, місе тұту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу. Қанағат - ашкөзділікке жібермейді, біреудің дүние затына сұқтандырмайды, сұғанақтық жасаттырмайды. Қанағатшыл кісі - барынша кішіпейіл, қарапайым, иі жұмсақ. Сондықтан да ол көпшіліктің көзіне түсе бермейді. Қанағатшылық - қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы болу, шүкіршілік ету. Әрине, кейбіреулер мұны адамшылыққа жарасатын көркем сипат, өмірде ортаймайтын қазына деп түсіне бермейді. Қаншама мол
байлығы болса да, оны қанағат қылмайтындар да кездеседі. Мұндайларды жұрт көзі тоймайтын, қанағаты жоқ адам дейді. Ондайлар "болған сайын болсам деп, толған сайын толсам деп" ылғи да ашкөзділікке салынып, Алланың қанағат-нысабын ұмытады, көбіне жалған сөйлеп, екі жүзділікке барады. Пайғамбарымыз: "монтаны екіжүзділіктің белгісі үшеу дейді. Олар: өтірік айту, уәдесінде тұрмау және аманатқа қиянат жасау". "Екіжүзділік - жарамсақ жағымпаздықпен егіз қозыдай. Арамза, жарамсақ пен екі жүздіге қарағанда ашық жаудың өзі артық. Ондайлар: "адамның сиқын кетіреді. Адам қолындағы барының игілігін көріп, соған шүкіршілік қылса, өмірі де мәндірек, қызығырақ болар еді. Қанағатшылдық түсінігінің түркілік әлемде ерекше орын алғаны белгілі. Айталық, Жүсіп Баласағұн Одғұрмыш бейнесі арқылы бұл ұстанымды өз еңбегінің арқауы етіп алса, Қожа Ахмет Иасауи қанағатты кісілікке жеткізетін басты жол деп сараптайды. Ақын-жыраулар бұл дәстүрді жалғастыра отырып, қанағат түсінігі мазмұнына хандық дәуірге тән рухани бітімдерді үйлесімді қоса білді. Айталық, Асанқайғы жырларында қанағат кең пейілділікпен, нәпсіні тыюмен, ақсүйектер мен батырларды ел мүддесінен алшақтамауға шақырумен және тағы басқалармен айшықталады ("асқынып жауап айтпаңыз", "күн шығарып жатпаңыз", "табиғат, ел қадірін біліңіз"...).
Қазақтың дәстүрлі әдебі әділдікті биліктің басты сипаттамасы ретінде алады. Әділетті билік ақын-жырауларда әрі мәдени, әрі әдептік, әрі құқықтық феномен ретінде суреттеледі. Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі әдептік және құқықтық бастаулардың синкретизмі тек күнделікті қолданыста емес, сонымен бірге ғылыми еңбекте оларды ажыратпай пайдалануға әкеледі. Бір мысал келтірейік. Әдеп және құқықтық реттеу тетіктерінің мызғымас бірлігі қазақтар арасында мәдени синкретизмге де негіз болады. Ол тек рулық-тайпалық қатынастармен шектелмей, сонымен бірге қоғамдық тұтастықтың элементтері болып табылатын әртүрлі әлеуметтік топтар мен жіктерді, қауым мен отбасыны, меншіктік, мұрагерлік қатынастарды, әлеуметтік бірлестіктердегі неше түрлі демографиялық топтарды (қариялар, балалар, әйелдер) қамтиды. Бұл жерде әлеуметтік бедел мәселесі, әлеуметтік қатынастардың сұрықсыздығы, тұрлаусыздығы, шиеленістілігі, жанжалдылығы, келісімділігі, ынтымақтастығы жыраулар үшін алдыңғы қатарға шығады. Мысалы, Бұқар жырау шығармаларындағы өзекті мәселелердің бірі - елдің бірлігі. Ол "бірлік болмай тірлік болмас" деген қағиданы ұстанады, халықты бірауыздылыққа, ынтымаққа, елді қорғауға насихаттайды. Ру-руға бөлініп өзара қырқысу елді жақсылыққа алып келмейтіндігін, бір-бірімен тату тұруды, руаралық қақтығыс халықты елдігінен айырып, ел тағдырын мүшкіл халге алып келуі мүмкін деп елді бірлікке шақырып, елдің қорғанысын күшейту қажет деп, Абылай хандығын нығайту саясатын жүргізді.
Енді осы әлеуметтік ынтымақтастық құндылығы хандық дәуірінде қандай құқық-әдептік тетіктердің қуатымен жүзеге асты деген мәселені қарастырайық. Бұл мәселенің өз астары бар. Өйткені қазаққа көршілес мұсылман елдерінде тұлға аралық қарым-қатынас шариғат заңдарымен реттеліп келеді. Қазақ хандығында көшпелі мәдениетке негізделген әдет құқығы оз күшін жоймады. Осы жөнінде Ә.Х. Марғұлан мынадай түсіндірме береді: "Қасым ханның қасқа жолының" негізі орта ғасырларда қыпшақ, шағатай ұлыстары қолданған "ярғу" заңынан алынған, қазақша жарғы (хақиқат) деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл, әділ шешуден шыққан. Дауды еділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап "қара қылды қақ жарған" деп мадақтаған. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскеридемократия арнасына барып тіреледі".
Әділеттіліктің нысаны - елдегі тыныштық. Бұл жөнінде ақын-жыраулар шығармашылығында талай тиянақты ойлар айтылған. Қазақ арасында рулық қақтығыстар, ағайын арасындағы жанжал, екі адамның ұрыс-керісі бола қалған күнде қазақтың ағайындық береке деген ескі жосығы болған. Мұндайда қалыс ағайындар қарап тұрмайды, оларды берекеге шақырып, араға арашашы, дәнекер болады. Бірер шәугім шайын беріп немесе бірер малын сойып, оларды бір дастарқаннан дәм татуға шақырады. Дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп білетін халқымыз мұндайда салт бойынша дәмге үйірілуі, ағайын берекесінен аспауы шарт етіледі.
Заңгер ғалым 3. Кенжалиевтің пайымдауынша, қазақ халқында тәртіп адам еркіндігін шектеуге бағытталмаған. Қоғамдық тәртіп жайлы халықтың көзқарасының негізінде бейбіт өмірге деген құлшыныс, тыныш өмірді аңсау жатыр. Бір ғажабы, қоғамдық тәртіп заңмен, құқықтық нормалармен тікелей байланыстырылмайды. Тіптен, қоғамдық тәртіп туралы ойдың өзі әлі жеке-дара боп шықпаған еді. Ол ел ішінің тыныштығы, ағайын татулығы, ел жарастығы тәрізді ой-ағымдардың бір қабаты, ажырамас бөлігі түрінде өмір сүрді. Халықтың бірлігі, ынтымақтығы, тату-тәттілігі - оның өз азаттығынан, еркіндігінен айырылып қалмауы үшін қойылар ең бірінші талап. Алауыздықтан бойын аулақ сала білген ел ғана еркін өмірге лайық, әйтпесе құлдық пен күңдікке душар болу қаупі әрқашан дайын.
Сонымен, хандық дәуірінде кісілік ынтымақтастықтың ерекше тәртібі болғандығы күмән келтірмейді. Әрине, оны Ф. Хайек тұжырымдаған батыстық өркениетке тән "адамдық ынтымақтастықтың кеңейтілген тәртібі" деп теңестіру дұрыс болмас. Әр этномәдениеттің өзіне тән адам мен әлеумет арасындағы үйлесімділікті нығайту тетіктері болған. Бұл жерде белгілі социолог Э. Дюркгеймнің "органикалық ынтымақтастық" ілімін еске алуға болады. Осындай ынтымақтастыққа әр кісі жеке-дара әрекеттеніп (жасуша сияқты) өз мүдделерін көздегенімен, жалпы осы әрекеттердің түпкі бағыты тұтастықты жетілдіруге, икемді етуге және сақтап қалуға арналған. Әрине, көшпелілік органикалық тұтастықта сегментарлық, рулық, кландық мүдделер үстемдік етеді. Хандық дәуіріндегі ынтымақтастық тәртібін зерттеушілер "әскери демократия" деп те атайды. Бұл ұғымның мазмұны көп қырлы болып келеді және арнаулы зерттеуді талап етеді. Біз әскери демократияның билігіне байланысты ерекшеліктеріне назар аудармақпыз.
Бұл еркіндік рухының қазіргі тәуелсіздікке енді ғана қолы жеткен Қазақстан үшін де ғибраты мол. М.М. Қаратаев пен С.Е. Нұрмұратов осы жөнінде мынадай түйінді ой айтады: "Еңбекке, жаугершілікке деген ұмтылыс көшпелі қазақтар арасында батырлықтың дүниетанымдық, аксиологиялық, эстетикалық ұғымын сараптап шығарды. Құба далада, шетсіз-шексіз жерінде, төбесінде тек қана көгілдір аспаны бар, осындай табиғатта күнелтіп жүрген, өзінің батырлығына сүйенген, өзін аман сақтап қалатын әдіс-амалына, садағы мен жебесіне сүйенген көшпелінің бейнесін елестете аламыз. Ондай тарихи кезең болмаса, ондай тұлғалар болмаса халқымыздың қазіргідей жері, аумағы, тәуелсіз мемлекеті де болмас еді. Міне, жауынгерлік дүниетанымының тарихи қызметі де осында'". Егер көшпелілердегі қатыгездік туралы пікірлерге келсек, онда оны шығаратын мынадай қағидаларды есте ұстаған жөн болар:
- Көшпелілер айыптыны тар қапаста ұстамаған, түрме болмаған.
- Көптеген қылмыс қатыгездік емес, керісінше, ру аясындағы мәмлеге келумен шешілген.
- Өзгеше қылмыстар, тіпті кісі өліміне дейінгі айыпты мен жәбірленушіні татуластырып табыстыру, достастыру, құдандалы ету, бірінен бала асырап алу секілді ізгі ниетті шешім табатын. Кішігірім өкпе-араз, жанжал-ұрыс аяққа жығылу, ат мінгізіп шапан
жабу, бас иіп тағзым ету, иіліп ас ұсыну секілді әдетке баулу, бірлікке, достыққа келтіру, кеңдік пен біліктілік таныту арқылы шешімін тапқан.
Қазақы дүниетанымда әдептік, құқықтық және діни құндылықтардың синкретизмі жөнінде жоғарыда атап өткенбіз. Бұл мәселені басқа қырынан қарағанда мынадай тұжырымға келуге болады: дәстүрлі қазақ қоғамында әділеттілік пен еркіндік имандылық талаптарымен шектелген. Имандылық ұғымын біз бүл жерде арнайы қарауға мақсат қоймадық. Имандылықтың шыққан тегі дінде болса, кейін бұл ұғым әдептілік пен кісілікті білдіретін басты құндылыққа айналды.
Иман дегеніміз - ардан аспау, ақылдан алжаспау. Иманның екі мағынасы бар. Бірі - тіл, сөз. Яғни тілмен жеткізіп, сөзбен сипаттау. Олар: көркем сөз, куәлік сөз, бірлеу сөз, тойтару сөз, тілеу сөз және ұлықтау сөз. Екіншісі - илану, шарттық, яғни болмыспен бетпе-бет кездесу. Алланың қасиеті мен сипатын арлау. Олар: оның барлығы, мәңгілігі, періштелері, пайғамбарлары, бірлігі, жекелігі, ақырет күні, тірлігі, білуі, естуі, көруі, қалауы, күші жетуі, жаратуы, сөйлеуі. Осылардың арқасында иман пенделерде үш түрлі: тілмен айтып, жүрекпен бекітетін иман; шешімге келетін қорытынды иман; риясыз иланатын толық иман, не сенімсіз күй кешетін әлсіз иман өмір сүреді. Ал аталмыш иманның ақ-қарасын білу үшін адам мен хайуанды һәм жақсылық пен жамандықты айырып, ажалдың уақыт әмірі екендігін мойындап, зұлымдық пен өтіріктен сақтанып, мінез мінін кетіріп, адам өзін-өзі таныса құдайын да ұмытпасы хақ. Сонда ғана адам іске икемді, мінезге бай болары анық.
Адамның ең асылы – Қиянатсыз, ақпейіл Ең зиянкес жасығы – Тайғақ мінез, екі тіл Сөз мінезі құбылса Ар, иманы жоқ деп біл Аулақта жемтік сыдырса, Оны ойыңмен айуан қыл" - деп, Шәкәрім айтқандай шындық. Демек, имандылық - ар өлшемі екендігі даусыз.
Имандылық ұстанымы хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың тек шығармашылығында ғана емес, сонымен бірге олардың өмірбаянында да айшықты көрініс тапты. Ел шетіне жау тиіп, ер намысын қайраған сол қилы заманда тұлпар мініп, ту алған біртуар ұлдар, алдаспанын ата жауының қанына суарып, шөліне орман, жұртына қорған болумен қатар, суырып-салма ақын, жыраулық өнерді қатар алып жүріп, қанатты сөздерімен, ақиқат өткір жырларымен өздерінен кейінгі буынға үлкен үлгі-өнеге бола білді.
Қазақы әдептік құндылықтар жөнінде сөз қозғағанда, отбасылық игіліктер туралы, айтпай кетуге болмас, өйткені әйелге деген көзқарас қоғамның жалпы мәдениеті мен әдебі деңгейін білдіреді.
Әлемдік әдебиетте дәстүрлі казак қоғамындағы әйел жағдайы туралы сан алуан көзқарас бар, жүйелеп келгенде мынадай пікірлерді атап өтуге болады:
- Көшпелі қазақтарда патриархалдық қатынастар үстем болған, сол себепті әйелдер ерлеріне басыбайлы, кіріптар болған.
- Ислам діні нығайғаннан кейін қазақ әйелдерінің жағдайы онан бетер қиындап кетті.
- Қазақ қоғамына тән полигамия, әмеңгерлік пен айттыру әйел еркіндігін шектеп тастады.
- Қалыптасқан ережелерді бұзған әйелдерге ауыр (варварлық) жазалар қолданылды.
Енді жоғарыдағы "қағидаларды" дәстүрлі қазақ қоғамының айнасы - ақын-жыраулар толғауларындағы әйел бейнелерімен және этнографиялық деректермен салыстырып көрелік. Бұл толғаулардан қазақ әйелінің әлеуметтік мәртебесі төмен болды деген жорамалдың негізсіздігі анық көрінеді. Мысалы, ақындық дәстүрде қыз бен жігіт айтысы кең орын алған. Шал ақын адам бақыты өзіңе тең құрбыңды тауып алу дейді. Ондай әйел "саясы мол бәйтерекпен, Алла жаудырған нұрмен тең". Керісінше "екі қатын алғанның дауы үйінде, жаман қатын алғанның жауы үйінде" дейді.
Шал ақын әйелді тек елдің құты ғана емес, оған қоса дүниелік сұлулықтың бейнесі, рәмізі деп жырлайды: Дегдар қыз екенсің бір алма мойын, Ұжмақтан жаратылған жұпар қойның, Жарқырап зуһрадай екі көзің Таранған әр тарапқа созып мойын Сіздердің мен таң қалдым жамалыңа, Ақылға толықсыған кәмалыңа Елшіге елу теңге бермек мақұл, Арада хат апарған адамына. Асыл ғой баға жетпес осындай қыз Әр елдің аты шыққан тарауына". Ақындық дәстүрде әйел сыны ерекше орын алған. Өйткені отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қойған қазақ қоғамы үшін ("балажанды қазақ") әйел тек эстетикалық ләззат объектісі болмады. Әйел отбасының ұйтқысы деп саналды.
Әйелді құрметтеп жырға қосу дәстүрін тек ақындар ғана емес, оған қоса жырауларда сақтаған. Мысалы, жорықшыл жырау Ақтамберді: "Арудан асқан жар бар ма, жылқыдан асқан мал бар ма" деп толғайды. Әрине, жаугершілік заманда жырау жаудың "Әлпештеген ханшасын тегін олжа қылуды" да бекерге шығармайды . Бұқар жырау: "Ардақтаған аяулыңның біреуге олжа болмауын, тас емшегін жібіткен анаңыздың аңырап қалмауын" тіле дейді.
"Мұрат" категориясы кез келген этикалық жүйенің түйінді ұғымына жатады. Өйткені әдептік нормалар күнделікті күйбең өмірдің міндеттері жоғары, болашақпен байланысты тұжырымдалады. Әлемдік этикалық және әлеуметтанулық әдебиетте мұрат мәселесі жанжақты талқыланғанымен, бұл жетекші әдептік бағдар қазақ дүниетанымы кең мәтінінде әлі жеткіліксіз қарастырылған. Мұрат - тұлға немесе әлеуметтік топтардың мінез-құлқы мен арман-тілектерінің сипаты мен көріністерін айқындайтын "рухани күш, үлгі-өнеге. Арман мен мұрат құстың қос қанатындай өмір шындығынан туады, олармен рухтанған адам қиыншылық пен кертартпа қырсықтың сор батпағынан құтылуды аңсайды. Арман мен мұрат адамның өмірге деген құштарлығын арттыра түседі. Шындық - бұл іске асырылған арман болса, мұрат - алыстағы көкжиек. Мұрат туралы нақтылы ұғымға жету үшін оны этномәдени кең мәтінде қарастырған жөн.
Жоғарыда аталып өткендей, хандық дәуірдің ақын-жыраулары мұрат сияқты қазақтың ділдік, әдептік түсініктерін төлтумалық сипатта барынша суреттеп берген.
Жаңа қалыптасқан мемлекет үшін басты мұрат - ел берекелігі және оның тұтастығы жолындағы қажымас қайратты қажет ететін күрес. Бұл мұратты іске асыратын тұлғаға батырдың сомдалған бейнесі жатады. Қуаң даланы алғашқы игергендер - номадтар және басқа мәдени ареалдар (орман, тау, суармалы алқап және т.б.) оларды көп қызықтыра қоймаған. Көшпелілердің өзіндік санасында дала ол үшін ең қолайлы мекен болып есептелген. Қазақ сахарасы қазақ елінің балама түсінігіне айналған. Өзен мен көлдің өзі жайлауға ыңғайлы жер деп есептелген. Асанқайғы айтқандай:
Қырында киік жайлаған, Суында балық ойнаған. Оймауыттай тоғай егіннің Ойына келген асын жейтұғын, Желде кеңес қылмайды Жемнен де елді көшірдің". Адамзат ұрпағы өз мүмкіндігін табиғат құбылыстарымен де шамалай алатынын әсіресе үндестік, үйлесім (гармония) ұғымымен айқынырақ түсіндіруге болады. Өйткені жан иесі өзінің белгілі бір дәрежеде жаратылыс жұрағаты екенін сезінбей жүре алмайды. Әлдебір адам болмысын, көңіл-күйі, жан сарайын, қажет кезінде сыртқы мүсін-келбетін жете таныту үшін де көркем шығармада жаратылыс құбылыстарының тікелей көмекке келетін сәттері аз емес. Үйлесім (гармония) дейтініміздің бір көрінісі сол.
Ақын-жыраулар шығармашылығында көрініс тапқан әдемілік пен ізгілік мұраттарының тұтастығы қазіргі заман мәселелерін шешуде де оңтайлық танытады. Жоғарыда аталған ізгілік пен әсемдіктің мұрат деңгейінде тұтастануы ақын-жыраулар шығармашылығында айшықты көрініс табады. Қазақтың өнегелі бата сөзінде ең бірінші үміт жерге, сосын сол жердегі ерге және осы ерді өсірген елге айтылады.
Мұрат ретінде қастерленетін туған табиғат дәстүрлі қазақ дүниетанымда батыстық бағындырылуға тиісті түсінігінен мүлдем басқаша қабылданады. Бұл ерекшелікке ақынжыраулар шығармашылығын зерттеген философтар мен әдебиетшілер де өз мазарын аударады. Белгілі ғалым Ш.Ыбыраев өзінің эпикалық кеңістік тұжырымдамасында тел (бинарлық) оппозицияға негізделген көшпелі қазақтардың тіліндегі табиғат туралы түсініктерінің ұтымды болғанына назар аударады: "табиғат көрінісі, кеңістік бітімі әрекет пен бірлікте ғана көрінеді.
Батыстың адамгершілік философиясы мен этикасында кісілік мұрат мәселесімен айналысқан ойшылдар жеткілікті. Олардың арасында мұрат мәселесімен тікелей айналысқан және батыс этикасына жүйелік талдау берген Д. Мур (1873-1958) ерекше рөл атқарады. Сол себепті айшықты үлгі ретінде Д. Мурдың мұрат (идеал) теориясының негіздеріне көңіл бөлелік. "Этика принциптері" атты еңбегінде Д. Мур "идеал" ұғымының мағыналылығына назар аударады. Біріншіден, мұрат шексіз ізгілік, мінсіз жағдаят, абсолютті жетілгендік деп түсіндіріледі. Бұл мағынада мұрат діни түсініктегі "жұмақ" ұғымына сәйкес келеді. Екіншіден, мұрат түпкі мақсат, арман-тілек, ең жақсы қоғам, мінсіз адам дегендерге жақын мағынада қолданылады. Бұл әртүрлі утопиялық ілімдерге тән позиция. Үшіншіден, мұрат ұғымы ішкі құндылығы жоғары және жеткілікті тұтастықпен байланыстырылады. Аталған аксиологиялық позиция құндылық ұғымын қайтадан негіздеуді талап етеді. Жоғарыдағы позицияның басты кемшілігі жалпы
рационалистік парадигмадан туындайды. Ақиқат кісілік қасиеттерден абстрактыландырылған объективті шындыққа сәйкестік болып табылса, онда мұрат жеке тұлғадан гөрі, жалпылама әлеуметтік тұтастыққа көбірек иек артады.
Егер қазақ ақын-жырауларының мұрат туралы түсініктеріне қайта оралсақ, онда оларда қаншама теориялық көп деңгейлілік болмағанымен интуитивті деңгейде мұрат пен кісіліктің тығыз байланыста пайымдалатынын атап өткен жөн. Бұл жерде назар аударатын нәрсе эстетикалық мұрат пен ақиқаттың тұтаса келуі. Алайда бүл синкретизм ақынжыраулар мен эпоста әртүрлі көрініс табады. Соңғымен салыстырғанда тұлғалық мұраттар еуропадағыдай дараланбаса да, өзіндік сипатқа ие бола бастады. М.З. Ахметовтың пікірінше, эпоста жырды шығарушының мұраттары бой тасалап қалады, "онан гөрі белгілі тарихи ортада қалыптасқан дәстүрлі қоғамдық сана айқынырақ көрініс береді, кейіпкерлердің бейнесі де соған лайық жасалады. Көбінесе, олар ересен күш-қуаты бар батырлар, мифтік образдар, әділеттілік, адалдық үшін аянбай күресетін аңыздық бейнелер кейіпінде көрінеді". Батыр мәдени феномен ретінде қаншама қауымнан бөлінгенімен, одан тым алыс кете алмайды. Біз осы сипатта батыстық мұрат туралы позициялардың көшпелі ел мұратын түсіндіруде дәрменсіздік көрсететініне назар аудардық. Кейінгі ғасырларда ел мұраты түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Рулық құндылықтар мемлекет, ұлыс игіліктеріне тәуелді бола бастады. Қазақ хандығы жайында батыр мәдени феномені қаншама маңызды болғанымен, мұрат жаршысына ақын-жырау айналады. Осы туралы Ахмет Байтұрсынов тура бағасын бере алады: "Елде бар рухты ақын ықтимал дәріптеп, күшейтіп, көпіртіп, көркейтіп айтуы. Бірақ жұртта жоқ рухты ақын өзінен шығара алмайды. Ақын сөзіне жұрт рухының сәулесі түспей тұрмайды. Халықтың батырлары кетіп, басқаға бағынып, рухы сөнген уақыттағы қазақ ақындарының сөзі әлі айтылғанды сипаттайды".
Ақын-жыраулар адамдық толыққанды тіршіліктен туатын өмір қызықтарының толассыз қуатына назар аударайық. Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, Қызыққа тоймас адамзат! Әлемді түгел білсе де, Қызығын қолдан білсе де, Қызықты күні қырындап, Қисынсыз күйге түссе де, Өмірге тоймас адамзат"
[19, 131 б.] дейді Бұқар жырау. Жоғарыда өлең жолдарындағы басты түсінікке "қызығу" жатады. Оны орыс тіліндегі тек "интереспен" баламалау жеткіліксіз. Қызығу - тіршілік иесі адамның өмірге деген құштарлығы және оны нәпсіқұмарлықпен теңеуге де болмайды. Нағыз кісіде қызығу имандылықпен бақыланып отырады.
"Қызығу" позициясы тіршілікті жандандыратын, оған мән мен мағына беретін бастауды білдіреді. "Қызығу" болмаса кісі құштарлықтан айырылып, тірі өліктің бір түріне айналып кетуі мүмкін. Қызығу абстрактыланған бейне емес, ол "өмір қызықтары" ретінде нақтылы көрініс табады. Қызықты өмірде мұрат - тіршілік мақсаттарына айналады және бұл мақсаттар кісілік қасиеттерді нығайтуға бағытталады. Қазақ ақын-жыраулары өмір мақсаттарын кісілік тіршіліктің қызықтарымен тұтас қарастырады.
Әрине, бұл мұратты нәпсіқұмарлыққа шақыру деп анайы түсіну дұрыс емес. Дәстүрлі әдеп адамдық толыққанды тіршіліктен бас тартуды қаламайды. Әсіресе, бұл принцип Бұқар жыраудың әйгілі "он бір тілегінде" айқын көрінеді. Олардың екеуі мұсылмандық парызбен, екеуі отанды қорғау міндеттерімен, ал қалған жетеуі денсаулық, сыйластық, бақытты өмір құндылықтарымен байланысты. Бұл жерде назар аударатын нәрсе қазақ ақын-жырауларының мұратты тым дерексіздендірілген, күнделікті өмір мәселелерінен алшақ қиялға немесе өрісі тар пендешілік қажеттіліктерімен шектелмеуі. Осындай позиция еліміздің қазіргі жағдайындағы тіршілік қиындықтарынан туған түңілу мен жалған мұраттардың жетегінде кетудің (экзистенциалдық дағдарыс) көбеюінен де көрініс табады.
"Мұрат жақындаған сайын алыстай беретін сағым сияқты емес. Кейбір, әсіресе өмір туралы дұрыс түсінігі қалыптаспаған жастар, шындықтағы алғашқы қиындықтардан кейін-ақ өмір мен мұраттың арасы түпсіз тұңғиық екен деп ойлап қалады. Мұрат тек кітаптарда, адамзаттың қиял-армандарында ғана болады, ал адамдардың күнделікті әрекеттерінде оған орын жоқ деседі. Өмірді раушан гүлдермен безендіру үшін, гүлдегі тікенектерді де ескеру қажет'".
Қазақ ақын-жыраулары мұратының бедерлі қырына адамдық мұратты отансүйгіштік сезіммен үйлесімді ұштастыру жатады. Ел мұраты мен ер мұраты бір-бірімен тұтас әрекет етеді. Ақын-жыраулардың саяси-әлеуметтік мұраттары эпикалық арнадан бастау алады. Ал эпостың түйсінді мәселесі елдің намысы мен мұратын қорғау. Хандық дәуірдегі толассыз жаугершілік елдік мұратты алдыңғы қатарға шығарып отырады. "Өзім жаман болсам, ағам жақсы", "у ішсең де руыңмен іш" деп ұстанған қоғамда, оған қоса қатал, қуаң далада жалғыз өмір сүрудің мүмкіндігі жоқ еді. Сол себепті кісілік еркіндіктің өзі шектеулі болды. Әрине, рулар арасында оппозициялық қатынастар да белең алып отырды. Бұл әсіресе, бейбіт кезеңдерге тән еді. Бірақ тоқтаусыз сыртқы қауіп рулық еркіндікті ортақ мүддеге бағындырып отырды және жеке адамның жоқтаушысы рулық мүдделер этникалық тұтастыққа тәуелді бола бастады. Ж.О. Артықбаевтың пікірі бойынша, "саясипотестарлы биліктің қай бөлігінде болмасын көсемдерді жеке басының қабілетіне байланысты қолдау, мойындау басым. Бұл меритократиялық принцип саяси биліктің өміршеңдігінің бірден-бір кепілі. Қай ру болмасын өзінің басшылығынан жігерлі адамды көруге ықтиярлы және мүдделі. Сол сияқты хан сайланар адамның ел тізгініне ие болар қабілетін айрықша ескереді"'. Яғни, хан-сұлтандар ел мұратына сәйкес болуы міндетті. Айталық, ақын-жыраулар Абылай сияқты хандарды үлгі-өнеге тұтып, оларда кездесетін жеке кемістіктерді аяусыз сынап отырған. Алайда осыдан келіп, ақын-жырауларды "сарай ақындары" немесе марксистік терминологиядағы "үстем тап" мүдделерін қорғаушылар деген жаңсақтық болар. Мәселе - қазақ сахарасында қалыптасқан үйлесімділік пен ынтымақтастықтың ерекше бітімінде. Адамдық қарым-қатынастарды реттеуде ақынжыраулар жоғары үлгі - ел мұратын білдіретін төрешілер қызметін атқарған. Егер елбасылар осы мұраттарға сәйкес болмаса, ақын-жыраулар да оларды аяусыз және өткір сынға алған. Сонымен, қазақ ақын-жырауларының адамдық мұраттары туралы түсініктері өзіндік мазмұны терең, халықтың рухани ізденістерінен туған қазына болып табылады. Біз бұл қазынаның кейбір жақтарын ғана қарастырып өттік. Бұл мұра кейінгі қазақ мәдениетінде өз жалғасын таба білді.
III. ҚАЗАҚ ЭСТЕТИКАСЫ
Бәтеш ҚАЗЫХАНОВА
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
- Көшпелі қазақ қоғамының эстетикасы
Адамдардың сырт келбетінде, олардың қарым-қатынастарында, киімінде, үйінде, олар жасап шығаратын заттарда, олардың сөйлеу тілі мен өнер туындыларында - олардың эстетикалық мәдениетінің ерекшеліктері, негіздері көрініс табады.
Ұлттардың тарихи тағдыры экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың даму деңгейі мен сипаттамасы, географиялық және басқа да жағдайларға байланысты әртүрлі қалыптасады. Міне, сондықтан әр халық өз ерекшеліктеріне ие және соған байланысты әлемдік мәдениеттің алтын қазынасына барынша үлес қосады. Алға қарай сенімді қадам басу үшін кешегі ұрпақтардың нәтижелі тәжірибесін жақсы білу әрі дұрыс пайдалану қажет. Тағы бір маңызды мәселеге эстетикалық ойлар, талғамдар мен түсініктердің қалай қалыптасып, қалай таратылатынына зер салып ұғыну жатады.
Бұл еңбектің мазмұнын қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуы мәселелері құрайды. Шын болмысты эстетикалық бейнелеу қабілеті қай халықтың болса да дамуының ең алғашқы сатыларында пайда болады, оның дәлеліне өткен мәдениеттің құндылықтарын зерттейтін тарих, археология, этнография ғылымдарының көптеген мәліметтері жатады. Қазіргі заман халықтарының эстетикалық мәдениеті өз құрамына кешегі ұрпақтың көркем шығармашылығында жинақталған эстетикалық сезімдер мен түсініктерді қамтиды.
Басқа да халықтар сияқты, қазақ халқының да бай тарихы бар. Қазақ өнерінің тамыры тереңде. Ол халықтың рухани шығармашылығының құнды нәтижелерін қамтиды және бұл жағдай бүгінгі ұрпақты кешегі ата-баба мәдениетімен жалғастырады. Адамзаттың рухани мәдениетінің шексіз сан түрлілігінен қазіргі заманның ешбір адамы оқшаулана алмайды. Сондықтан салт-дәстүр - өткен уақыттың ізі, құндылығы. Өнер туындыларына деген қызығушылықты арттыру және олардың шынайы құндылығын айқындау үшін, әрбір ұрпақ өзінің әлеуметтік-тарихи кең мәтініне енгізеді.
Адамның қоршаған әлемге деген эстетикалық қатынасы оның өміршең практикалық қажеттіліктері қанағаттандырылған кезде пайда болады. Қоршаған табиғатты игеру үдерісінде адамдар түске, дыбысқа және т.б. немқұрайды қараған жоқ. Мысалы, музыканың пайда болуының басты негізі адамның сөйлеуімен қатар дауысқа еліктеушілік те болды. Өнер дегеніміз табиғатқа, ғарышқа және адамдардың іс-әрекетіне еліктеу болып табылады деген ойды, музыканы "сфералар үйлесімділігіне" еліктеу деп таныған, пифагоршылдар айтқан болатын. Демокриттің пікірі бойынша, барлық өнер түрлері мен қолөнер кәсібі жануарлардың іс-әрекетіне еліктеу болып табылады: ән салуда біз құстарға еліктейміз, үй салуда - қарлығаштарға және т.с.с.
Алғашқы қауым өнерінің тарихындағы ең маңыздысы, ол өзінің алғашқы қадамынан бастап, қоршаған әлемді дәлдікпен, шынайы жеткізуі болып табылады. Мысалы, жоғарғы палеолит өнері, оның ең жақсы үлгілерін алғанда, табиғатқа деген таңғаларлық белгілерді дәлдікпен жеткізуімен ерекшеленеді. Көшпелі халықтар мәдениетіне қатысты Қазан төңкерісіне дейінгі орыс әдебиетінде әртүрлі ғылыми пікірлер айтылды.
Кейбір авторлар, мысалы, Д. Хвольсон, В. Васильев, В.Д. Тропов және тағы да басқалары, көшпелілерді жасампаздыққа емес, тек қиратуға ғана қабілетті деп санап, көшпелі халықтарда қандай да бір мәдениеттің болуын мүлде мойындамады. А. Левшин, Г. Ядринцев, О.И. Сенковский, Н.Васильев, В.В.Григорьев, Н. Остроумов және басқа ғалымдар әртүрлі көзқарасты ұстанады. Алайда аталған екінші топтың ішінде тек прогрессивті ойлаушы зиялылар ғана емес, В.В. Григорьев сияқты, мемлекеттік шенеуніктер және мақсаты христиан діні негізінде орыс мәдениетін тарату болған адамдар да (Н. Ильминский, Н. Остроумов) болған, олар адал ниетті ғалымдар болғысы келгенімен, көшпелі халықтардың белгілі бір артта қалушылығын олардың туа біткен табиғи қасиеттерімен түсіндіруге тырысты.
Мысалы, Н. Остроумов: "Орталық Азия көшпелілері, тарихи себептердің салдарынан алғашқы қауымдық дерлік жағдайда қалып отыр... Ежелгі халықтар тарихы, олардың көбісі өз өмірлерінің алғашқы даму кезеңінде ақыл-ой мен өнегеліктің дамуы бойынша төменгі сатыда тұрғандығын, бірақ ақырында ағартушылық пен мәдениеттің жоғары сатысына жеткендігін дәлелдейді" деп жазды.
Шығыс тарихына терең қызығушылық танытқан, профессор В.В. Григорьев, көшпелі халықтардың жалпы дамуындағы басқа халықтардан артта қалуын тарихи себептермен түсіндірумен шектелмей, ерекше назар аударарлық пікірлер айтты. "Көшпелі тұрмысты әдетте қандай да бір экономикалық немесе едәуір интеллектуалдық дамумен сыйыспайды деп есептейді, бірақ бүл солай бола қоюы негізді ме екен. Ойдың жаттығуы үшін екі жағдайдың қажеттілігі шүбәсіз: бос уақыт және қарым-қатынаста болу, көшпелі, егіншіге қарағанда, осында қолайлырақ жағдайда тұрады... көшпелі қиялдау, жігерлілік пен ақындық шығармашылыққа қатысты барлық жерде басқалардан анағүрлым асып түседі: суырып салып айту - далада тіптен кәдімгі көрініс... қолөнер кәсібі: былғары, тері илеу, токарлық, темір соғу және басқалары әдетте отырықшы ауыл тұрғындарында көретінімізбен бірдей немесе одан да жоғары сатыда болады. Сөйтіп, тіпті таза көшпелілерде де, оларға әдетте білмей берілетін, азаматтық пен мәдениеттіліктің айтарлықтай төменгі сатысында орналаспағандығы танылады" , - деп қорытады профессор В.В. Григорьев.
Әйтсе де, көшпелі халықтардың тұрмысы мен рухани өмірін зерттеу барысында Қазан төңкерісіне дейін орыс және кейбір батыс еуропалық ғалымдар талай әрекет жасаса да, бірақ көбісі мәлімсіз қалды, басқалары оларға жаңылыс түсінілді, олардың Азия халықтары туралы айтқандарындағы қайшылықтары, шамасы, осымен түсіндіріледі. Реакцияшыл ғалымдар, тарихи шындықты бұрмалауға алып келетін жалған негіздерді әдейі біле тұра басшылыққа алды.
Көшпелі халықтардың рухани өмірін шынтуайттап ашу үшін, алдымен мәдениет жемісі болып табылатын, олардың экономикалық, тұрмыстық жағдайларын зерттеу қажет. Жалпы көшпелі халықтарда, соның ішінде қазақ халқында, өзінің көпғасырлық тәжірибесі, болмыс туралы өз мағлұматы, әсемдікке деген және т.б. өз көзқарастары бар. Кейбір авторлар тарих, археология, этнография және әдебиет пен өнер тарихының аса бай мәліметтерімен таныстығы жеткіліксіздігінен ғана көшпелілердің рухани мәдениетінің маңыздылығын төмендетеді. Әйтсе де, бұл халықтардың рухани өмірінің ерте кездегі даму сатысы әлі толық зерттелмеген.
Соңғы онжылдықта ғалымдар өз назарын Орта Азия мен Қазақстан тарихының феодалдыққа дейінгі кезеңіне аударды. "Эллинистік Шығыс" пен Иранның көркем шет аймағы ретінде көрсетілген көне Түркістан туралы қалыптасқан көзқарасты күрт
өзгертетін, өнер мен мәдениеттің тамаша ескерткіштері ашылды. Бұл жаңалықтар, бізге, Орта Азия мен Қазақстан халықтарында алғашқы қауымдық қоғам сатысында көркем шығармашылықтың дамуын мойындамайтын кейбір қазіргі заман ғалымдарының пікірлерімен келісуге мүмкіндік бермейді, өйткені әлдеқашан өткен жылдардағы рухани даму іздерін жасыру да жою да мүмкін емес. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазССР ҒА Геологиялық ғылымдар институтының палеолиттік отрядының 1965 жылы ашқан осындай бір жаңалығы туралы, тарихшылар Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисенов баяндайды.
Отряд Балқаш маңының неолит және ертедегі аттылы көшпелілер дәуір адамының суреттерін тапты. "Бұл суреттерде табиғат, алғашқы адамдарды қоршаған орта туралы анималистік түсініктер ғана емес, сонымен қатар олардың аңыздарының, салтжораларының, отбасылық әдет-ғүрыптары мен дәстүрлерінің мазмұны да көркем образдарда өз көріністерін тапқан". Біз осындай айғақтарды Қазақстанның ірі ғалымдары - А.Х. Кушаев, A.M. Оразбаевтардың тыңғылықты зерттеулерінен де табамыз.
Міне жарты ғасырдан аса уақыт ғалымдарды Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеген көшпелі халықтардың тіршілік кешкен едәуір жоғары әрі өзгеше мәдениеті қызықтырады. Археологтар мен этнографтар, өз кезінде көшпелі халықтар жасаған, осы уақытқа дейін белгісіз болып келген мәдениет ескерткіштерін ашты. Олардың ішінде – орта азиялық өнердің гамаша мұражайы - Түркістан қаласындағы Иасауи мешітінде сақталған, темір дәуірінің қоладан жасалған керемет бұйымдары (қазан, шам қойғыш шамдалдар).
Қазақтың көркем шығармашылығы қашан және қалай пайда болды деген сұраққа нақты жауап беру қиын. Алайда төңкеріске дейінгі Орта Азия мен Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетінің тарихи деректерін талдау Шығыс халықтарының онеріндегі дербестік элементтерін ашуға мүмкіндік береді. Түрлі ғылыми зерттеу еңбектері бізге, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының, олардың ертедегі ата-бабалары негізін салған, өзгеше өнері бар екендігіне сендіруге негіз береді. Бұл қорытынды қазақ ғалымдарының ежелгі түркі тайпаларының фольклор үлгілерін, түркі жазуларының ескерткіштерін және бірқатар басқа деректерді ғылыми зерттеу ізденістері мүмкіндік береді.
Э.А. Масанов қазақ халқының бүкіл этнографиялық зерттеу тарихын үш кезеңге бөледі: біріншісі - орыс әдебиетінде қазақ халқы мен оның шығу тегі туралы алғашқы этнографиялық мәліметтердің пайда болуынан бастап, XIX ғасырдың ортасына дейін (ол Ресейдегі феодализм дәуірімен сәйкес келеді); екіншісі - XIX ғасырдың ортасынан бастап Ұлы Қазан төңкерісіне дейін (Ресейдегі капитализм дәуірі); үшіншісі - 1917 жылдан бастап қазіргі күнге дейін. "Егер бұл дәуірдің бірінші кезеңі, қазақ халқы туралы фрагменттік, ауық-ауық және айтарлықтай бірқатар кездейсоқ этнографиялық мағлұматтарды жинақтау сипатында болса, онда екіншісі Ресейге қосылумен сәйкес келеді... Қазақтардың этнографиясын азды-көпті жүйелі зерттеу сипатында және ғылыми мағлұматтарды жинақтау ғана емес, оларды біршама зерттеу де тән".
Сонымен, Э.А. Масанов ескерткендей, 1456 жылдан қазақ халқы туралы нақты тарихи мағлұматтар бар. Олар орыс және еуропалық мәліметтерде басылып шыққан материалдармен 1517 жылдан бастап едәуір толықтырылды. Тарихтың айғақтауынша, монғол шапқыншылығы басып алған халықтардың, соның ішінде Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың шаруашылығы мен мәдениетіне орасан зор зиян келтірді. Ол тұрғылықты халықты жаппай қыруға әкеліп соқты, аймақтың
өндірістік күшіне зиян келтірді және экономика мен мәдениеттің құлдырауы жағдайына әкеліп қана қоймай олардың дамуын ұзақ уақытқа тоқтатты. Монғолдар, Суаб, Сығнақ, Баласағұн, Тараз, Отырар, Сауран, Женд және басқалар сияқты, Қазақстанның мәдени орталықтарын қираған орындарға айналдырды. Сонымен қатар бұл қалалар, Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен халықтар өмірінде маңызды рол атқарған: олар ірі сауда орталықтары болған, олар арқылы даланың көшпелі халықтары отырықшы егіншілік аудандармен өздерінің шаруашылық байланыстарын жасайтын.
Зерттеушілер Н. Бернштам мен Ә.Х. Марғұлан анықтағандай, мысалы, IX ғасырда Отырар маңызды тарихи өзара байланыстар мен сауда жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан, ірі мәдени орталық болған. Ондағы кітаптар саны бойынша, әйгілі Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орынды иемденген кітапхана болған деседі; бүл қаланың қарқынды мәдени өмірінің дәлелі, Отырардан ғалымдардың жарқын саңлақтар тобы (соның ішінде әйгілі Әбу Насыр әл-Фараби) шыққан.
Бірақ Отырар сол уақытта, айтып кеткеніміздей, Қазақстан аумағындағы жалғыз мәдени ошақ болған жоқ. Бүл аумақтың өнер, қолөнер кәсібі, ғылымды жасауға қабілетті болғандығы және шын мәнінде жасағандығы, қазір айдан анық. Алайда, К. Маркс пен Ф. Энгельс "Неміс идеологиясы" еңбегінде ескерткеніндей, "өндірістік күштері мен талаптары дамыған қандай болмасын елді барлығын басынан бастау қажеттілігіне жеткізуге жабайы халықтардың басып енуі немесе кәдімгі соғыстар сияқты, жай кездейсоқтықтар жеткілікті" . Жоғарыда баяндалған фактілер, біз неліктен казак халқының эстетикалық мәдениеті туралы зерттеулерімізді қазақ ұлтының қалыптасу кезеңінен ғана бастағанымызды түсінуге мүмкіндік береді. Бізде осы дәуірдегі қазақтарға қатысты тарихи, археологиялық және этнографиялық анық мәліметтер жеткілікті болмаса да, біз қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткізіп, сақтағам бай көркем шығармашылығына сүйене аламыз. Жеке тайпалар мен халықтарда егіншілік пен отырықшылықтың дамуына байланысты қолөнер бұйымдарын жасау көбейді және сауда өсті. Мұның барлығы қалалардағы сауда, мәдени орталықтарының көбеюі мен дамуына себепші болды.
Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен халықтардың мәдениеті, жалпы халықтардың өмір сүру жағдайы мен саяси жағдайларға байланысты әртүрлі дамыды. Сондықтан олардың мәдени жетістіктерін Қазақстанның жеке аудандарындағы өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар ерекшеліктерінің дамуының деңгейімен тығыз байланыста зерттеу қажет. Халықтың дамуының экономикалық және мәдени себебінен және қазақтардың бытыраңқылығы мен олардың арасындағы үздіксіз соғыс салдарынан Қазақстан экономикалық және аумақтық үш жүзге бөлінген болатын.
Ұлы жүз - Жетісу өңірін мекендеген, Орта жүз - Орталық Қазақстан аудандарын, Кіші Жүз - Батыс Қазақстан аудандарында орналасқан болатын. Ескілікте экономикалық жағдайы мықты дамыған оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандары болған, ал XIX ғасырдың соңында, XX ғасырдың басында - солтүстік аудандары болды. Бұл көптеген экономикалық және саяси факторларға, сондай-ақ егіншіліктің даму деңгейіне, жаңа қалалардың пайда болуына, дамыған көрші халықтардың және т.б. ықпал жасауына байланысты болды.
Шаруашылықтың негізгі түрі жайылымдық-көшпелі мал шаруашылығы болды. Шаруашылыққа қажетті барлық шикізат та мал шаруашылығынан алынды. Егіншілік XVXVIII ғасырларда қазақтарда өте нашар дамыған еді. Өндіріс туралы бүл кезеңде айтудың да реті жоқ. Еңбек құралдарын, ыдыстарды жасауда негізінен ағаш, темір, былғары пайдаланылған. Қазақ халқының рухани мәдениеті де экономикалық және әлеуметтік жағдайларға сәйкес келіп отырды.
Тарихтың айғақтауынша, адамның сұлулыққа деген талпынысы алғашқы қауымдық дәуірден байқалады. Сондықтан өнер адам шығармаларының ішіндегі ең көнесі болып табылады. Болмыс пен адамның рухани әлемін көркем образдарда көрсетіп, өнер маңызды қоғамдық қызмет атқарады. Адамдарға эсер етіп, ол адамдардың бірігуіне ықпал етеді, өнер туындылары махаббат пен жеккөрушілік, қуаныш пен қорқыныш, сәулеттілік пен әсемдік сезімдерін оятады.
Өнерде, оның мазмұнында сол немесе басқа қоғамдық таптың, халықтың идеялары, эстетикалық көзқарастары көрініс табады. Жалпы мәдени дамуда халық артта қалған болса да, оның өнерінің, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасының дамуын жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан, Қазан төңкерісіне дейін артта қалған халықтарда эстетикалық сезімдер, ұғымдар, түсініктер болмаған деп жорамалдаушылардың пікірімен ешбір келісуге болмайды. Адам табиғатына, ол рухани дамудың қандай төменгі сатысында тұрса да, сол дамуға сәйкес сезімдік қатынастар қажеттігі тән.
Қазақтың ұлттық мәдениеті XV-XVII ғасырларда қалыптасты. Сол кезеңнің өзінде дамудың екі тенденциясы анық көрінді - халықтық және феодалдық. Мысалы, бай адамға кедей адам өз ойлары мен мұң-мұқтажын ешқашан айта алмаған, ол оның малын бағып қана тіршілік еткен.
Қазақ халқының көркем шығармашылығы оның тарихи жолымен, оның түрлі тарихи кезеңдерде алдында тұрған қажеттіліктер және мақсаттарымен тығыз байланысты болды. Көшпелілер, соның ішінде қазақтар, шешендік өнер мен сезім тілі - поэзияға ерекше мән берген. Мұхтар Мағауин өзінің "Қобыз бен Найза" кітабында атап өткендей: "Әрине, бұл қасиет біздің халқымызға бір әдемі күні аспаннан түскен жоқ. Поэзиялық мәдениеттің мұндай кең таралуы ұзақ уақыт дамудың нәтижесі екені әбден айқын"'.
Қазақ өнері оны жасаушы халықпен бірге біртіндеп қалыптасты және өзгерді. Қазақтарда XIX ғасырдың екінші жартысына дейін өз жазуы болмады, сондықтан барлық өткен тарихи оқиғалар мен халық тұрмысының ерекшеліктерін біз негізінен ұрпақтан-ұрпаққа берілген аңыздардан, эпостан, ертегілерден әңгімелерден білеміз. Халық ауыз әдебиеті шығармаларында қазақтардың экономикалық және саяси құрылымы, сонымен қатар оның тұрмысы, әдет-ғұрпы мен эстетикалық көзқарастары өз көрінісін тапты.
Күрделі, көп қырлы адам өмірінде болып жатқанның барлығы, халықтың рухани мәдениетінде де өз бейнесін табады. Алайда төңкеріске дейін қазақтың рухани мәдениетінде көркем шығармашылық формалары шектеулі еді. Байтақ далада көшіпқонып жүріп, қазақтар өздерін толғандырған сезімдерді эпоста, аңызда, он мен күйде ғана көрсете алатын. Өнердің басқа түрлері дамымады, өйткені ол үшін объективті жағдайлар болмады. Өндірістің жоқтығына байланысты техника да дамымады. Бұл өз таңбасын рухани мәдениеттің дамуына да салды. Қазақ халқының көркем шығармашылығы мен эстетикалық құндылықтарында халықтың өзі туралы айтқан үлкен тарихи шындық бар.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі ауыр болса да, шығармашылыққа толы рухани өмірі байып, жалғасын тауып отырды. Қазақтардың ауызша-поэтикалық шығармашылығы да басқа халықтардағыдай, әртүрлі болды. Халық ауыз әдебиетінде фольклордың барлық классикалық формалары әсіресе эпостық жырлар, мақалдар-мәтелдер, ертегі-аңыздар, тарихи әңгімелер дамыды. Би өнері сияқты халық шығармашылығының түрі, халық әдет-ғұрыптарымен, ойындарымен және т.б. ғана орын алды. Төңкеріске дейін қазақтарда театр өнері мүлде болған жоқ.
Экономиканың дамуы, көшпелілік өмір салты, діни тыйымдар, әрине, халықтың шығармашылық күшіне бұғау салды. Төңкеріске дейінгі Қазақстандағы сәндікқолданбалы өнердің айрықша дамуы да осы себептермен түсіндіріледі. Қазақстанда, қазақ халқының түрлі тарихи даму кезеңдеріне және оның ізбасарларына қатысты, көптеген монументалды сәулет ескерткіштері сақталған. Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін сәулет ескерткіштерінің аз бөлігі ғана жетті. Олар Бабаджа-Хатун, Айша-Бибі, Қожа Ахмет Иасауи кесенелері. Мәдени мураны пайдалана отырып, қазақ халқы, оның эстетикалық мұраттары көрініс тапқан, өзіндік, ерекше сәулет өнерінің туындыларын жасады.
Бірақ Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқының сәулет өнерінің мұраларына арналған, И.А. Кастаньенің ("Древности киргизской степи и Оренбургского края". Оренбург, 1910) еңбегінен басқа, бірде-бір ғылыми еңбек болмаған. Исламның тірі жанды бейнелеуге тыйым салуы оларды бейнелеу өнері саласынан шығарып тастауға әкелді. Осының нәтижесінде исламға дейінгі дәуірде жасалған адамның тас мүсіндерінің орнына, кескінсіз құлпытастар (стеллалар) пайда болды. Ою өнерінде де даяр қалыпқа үйірлік ерекше жоғары бағалана бастады.
Алайда ертедегі өнер дәстүрлері ізсіз жоғалған жоқ. Оның дәлелі, археологиялық ізденістер кезінде табылған керамика бұйымдары, қоладан құйылған қазандар, сонымен қатар сәулеттік керамика, арасында жануарлардың суреттері жиі кездесетін, жартастардағы суреттер. Қазақтар тұрмыстық жағдайларына сәйкес еңбек үдерісі барысында өзінің қолданбалы өнерін дамытты. Қазақтар өз қажеттілігі мен талғамдарына сай бірінші қажеттіліктегі
бұйымдарды жасады, алғашында олар тек қана рулық, отбасылық және жеке бастың мұқтаждығын қамтамасыз етсе, ал кейіннен саудалық айырбасқа да пайдалана бастады. Бұл бұйымдарды жасау үшін негізгі материалға жүн, тері, сүйектер және мүйіздер пайдаланылды. Нақ осы материалдардың қолданылуы, қазақтарда шаруашылықтың негізгі түрі мал шаруашылығы болуымен түсіндіріледі.
Қазақ халқының көшпелі тұрмысы көрініс тапқан, материалдық мәдениеттің көңіл аударарлық ескерткіші - киіз үй болып табылады. Ол киізбен қапталған ағаш сүйенішті күмбез тәріздес жаппа түрінде болады. Киіз үйге қажетті заттардың барлығы түрлі-түсті ою-өрнекпен безендірілетін. Киіз үйлердің іші шидан (шым ши) жасалған полихромды тоқымамен, әртүрлі түсті киізден жасалған тоқымалы кілемдермен, тықыр кілемдермен, кестелі перделермен (шымылдық), сандықтарға арналған өрнекті тыстармен және т.б. безендірілетін болған.
Қазақтарда кең тараған қолданбалы өнер түрі - ою-өрнектер. Ол киімді, тұрмыс заттарын, зергер бұйымдарын безендіруде, ағаш, сүйек, темір және тастағы ойма суреттерде қолданылған. Оюлау техникасы тіпті әртүрлі болады. Бүл киізге өрнекті басу және аппликация да, мозаикалық әдіс және көптеген басқалары.
Қазақ оюының тақырыбы сан алуан. Олар негізінен халықтың қоршаған табиғатқа, болмысқа эстетикалық қатынасын көрсеткен. Осыған сәйкес алғашында өсімдіктен жасалған, ал кейіннен жасанды бояулардың әртүрлі түстері таңдалып алынған. Осы күнге дейін сақталған ою-өрнектерде космогониялық, зооморфтық, өсімдік және геометриялық әуендер бар. Әсіресе, бұл айшық гүл, сегіз қырлы жапырақ формалы әшекейлер, жұлдыз гүл, шыққан күн, қошқар мүйіз сияқты өрнектерге тән болды.
Төңкеріске дейінгі қазақ халық өнерінде - сәндік кесте кең таралған болатын. Кесте тігумен негізінен жас әйелдер мен қыздар айналысқан. Кестемен төсек-орын, әйелдердің бас киімдері, көйлектері, қабырғаға ілінетін кілемдер, сандық тыстары, әртүрлі сөмкелер, орамалдар, сүлгілер және т.б. безендірілген. Кестені маталарға ғана емес, былғарыға да, киізге де түсірген. Кесте тігуде боялған жіптер, сонымен қатар күміс және алтын зерлі жіптер пайдаланылған. Қолданбалы өнер негізінен тұрмысты безендіру үшін қолданылса да, оларға эстетикалық мән беріп, бұл пайдалы заттарды өнер туындыларына айналдырады.
Олар арқылы (халық шығармашылығының басқа да түрлерімен қатар) қалың бұқараның эстетикалық сезімдері, көркем талғамдары қалыптасады. Қазақтың ұлттық оюы әртүрлі тоқыма бұйымдарда да кең қолданыс тапты. "Қазақтардың халықтық сәндік-қолданбалы өнері" атты кітапта халық ұсталарының бұйымның сипаты мен оның сәндік безендірілуінің байланысын керемет түсінуі, материалға деген сезімталдық және асқан шеберлікке жеткізілген, ұсталықтың жоғары дәрежедегі техникасы туралы айтылады.
Әртүрлі халық өнеріне тән, үстемдік етуші мақсатқа сәйкестілік, дәстүр арқылы берілетіндігі және негізгі шикізат болып табылатын жүннің өңінің сипаты мен түсін пайдалануда мүмкіндік беретіндігі, көптеген ұрпақтардың дағдысының дәлелі". Кілем бұйымдарына өте үлкен мән берілді. Олардың әрқайсысының тоқылуында бірнеше халық шеберлері қатысқан. Бұл шеберлер жоғары эстетикалық талғамға, олардың қолынан шыққан кілем, алаша, киіз немесе басқа бұйымдар көз тарту үшін, сурет бөліктерін қиыстыру, асқан әсерлілікке қол жеткізу іскерлігіне ие болған.
Қалалардың өсуіне, құрылыс жұмыстарының күшеюіне байланысты, қазақтарда төңкеріске дейін таза қолданбалы өнермен қатар монументалды-сәндік өнер де дамыды. Тас мүсіндер стильдеу нәтижесінде "құлпытастарға" айналды, құрылыстарда фреска әшекейленуі пайда болды. Қолөнер кәсібінің дамуымен керамикадан, қоладан және басқалардан бұйымдарды жасап шығаруда іскерлік ұшталды. Зергерлік өнері де қазақтарда жоғары дамуға ие болды. Қазақтардың арасында, нәзік эстетикалық талғам иесі тамаша зергерлер болған.
Қазақтар табиғатынан шешен болады, өз ойларын тамаша әрі образды формада тұлғалап білдіре алады, басқалардың көркем де дұрыс сөзін тыңдағанда үлкен ләззат алады. Бізге дейін эпос, өлең, ертегі, мақал-мәтел, тарихи әңгіме түрінде жеткен көркем туындылары, қазақ халқының бай рухани мұрасын ғана құрамай, сонымен қатар оның ары қарай жемісті дамуының кепілі де болады.
Қазақтарда халық шығармашылығының ең ірі түрі эпос болып табылады. Эпостық туындылар ғасырлар бойы қалыптасты және Қазақстан аумағында әртүрлі кезеңдерде болған барлық тарихи оқиғалармен тығыз байланысты болды. XVI-XVIII ғасырларға жататын туындылар, қалмақ және қалмақ-жоңғар жаулап алушыларына көрсетілген қарсылық туралы баяндаса, ал кейінгі кезеңдегі көптеген этикалық туындылар үшін (XIX ғ. және XX ғ. басы) әлеуметтік теңсіздікті тереңдете көрсету, жат елдіктер мен өз рақымсыздарын әшкерелеу және т.б. талаптану сипаты тән болды.
Қазақ эпосы батырлық және әлеуметтік-тұрмыстық туындылардан құралады. Расында, бұл бөлініс шартты, өйткені, қантөгіс соғыстар туралы, халық мүддесін қорғаған, ержүрек батырлар туралы баяндайтын батырлар жырында да, махаббат тақырыбына да орын бар, ал басты тақырыбы күнделікті өмір, лирикалық әсерленушілік болатын шығармаларда, біз батырлардың ерен ерліктерінің бейнесін табамыз.
Ал кеңес фольклоршылары, эпикалық шығармаларды, жыр-дастандарды - ерлік салты, әлде әлеуметтік-тұрмыстық сарын жанрлардың қай түріне жататынын жіктеуді ұсынады. Әдебиеттануда қабылданған жіктеуді пайдаланып, біз "Ер Тарғынды" халыққа кең танымал батырлар жыры қатарына, ал "Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек", "АйманШолпан", "Мақпал қыз" және "Күлше қызды" - лирикалық, әлеуметтік-тұрмыстық жырларға жатқызамыз. Ескерте кететін жай, батырлар жыры көбінесе басты жағымды кейіпкердің атымен аталады, ал әлеуметтік-тұрмыстық шығармалардың лирикалық бастауы, барлық суреттелген оқиғалар бас кейіпкер - бойжеткен қыздың айналасында өрбитіндіктен, жыр көп жағдайда соның есімімен аталады.
Қандай да бір ауыз әдебиеті дәстүріндегі шығармадай, қазақ эпикалық жырлары бірнеше нұсқада болады, олардың әрқайсысы аңыз-жыр айтушының дербес туындысы. Ең дарынды аңыз-жыр айтушыларда өз сөзімен айтудың немесе жырлаудың өзіндік үлгісі болған аңыз-жырларын әуенге қосып айтып отырған.
Аңыз-жыр айтушы, өз шеберлігін байқата отырып, әңгімеленген аңыздағы барлық оқиғаға және құбылыстарға өзінің эстетикалық қатынасын білдірген. Ақын дарындылығына сай, оның басты кейіпкері - батыр өмірінің жеке көріністерін топтауы тартымдырақ, оның баяндауы батырдың ерліктері мен қызық оқиғаларға толы болады. А.С.Орлов қазақ эпосына арналған зерттеуінде: "Қазақ батырлар жыры, құрылымында түйсінуге эсер етуші әртүрлі тәсілдер қолданылған, көркем әңгіме болып табылады. Бұл батырлар жырлары әңгіменің механикалық жылжуымен шектеліп қана қоймайды, олар көркем әрі әсерлі кейіпкерлер қарым-қатынастары психологиялық күрделі'", - деп ескертеді.
Эпикалық шығармалар, әдетте, өте ұзақ, олардың орындалуы бірнеше күнге де созылуы мүмкін, сондықтан аңыз-жыр айтушылар табиғатынан дарынды, жаттап алуға қабілетті күш-қуат иесі де болу керек еді.
Ақындар мен жыраулардың халық арасында үлкен қадір-қасиетке ие болуы әбден орынды. Аңыз-жыр айтушының қайсыбір ауылға келуі үлкен оқиға болады, айтушыны тыңдаушылар аса құрметтейді. Қазақтардың халық ауыз әдебиетіне ерекше құрметпен қарайтыны туралы ғалымдар өткен ғасырда жазған. Айтарлық, 1893 жылы "Астрахань хабаршысында" осы құрметтеу арқасында "Әмір Темір уақытына жататын, жүздеген аңыздар мен деректер, оқиғалар, он жыл бұрын ғана болғандай, керемет дәлдікпен беріледі" деп көрсетіледі.
Халық ақындарының, аңыз-жыр айтушыларының және әншілерінің әрбір жаңа ұрпағы бұрын жазылған шығармаларды есте сақтап, таратып қана қоймай, үлестерін де қосып, қазақ фольклорының алтын қазынасын байытып отырды.
Қазақ халқының өткен тарихы туралы поэтикалық әңгіме ретінде, эпикалық шығармалар халықтың рухани мұрасында ерекше орын алады. Қазіргі күнде Қазақстан Республикасы Ғылым академиясында жүз алпыс бес эпикалық, эпостық жырлар бар. "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Қамбар батыр", "Алпамыс батыр", "Қыз Жібек", "Қозы КөрпешБаян сұлу", "Айман-Шолпан" және басқада халықтың көркем шығармасының аса көрнекті туындылары да бар. Олардың мазмұнында халықтың қоғамдық өмірі жан-жақты суреттелді, сондай-ақ оның болмысқа деген эстетикалық қатынасы да көрініс тапты. "Қазақ поэзиясында көшпелі халықтың болмысының өткір байқағыштығы мен зеректігі айқын байқалады. Әнші, оны қоршаған өмірдегі барлық маңыздыны; ауылдың көктемде жазғы жайлауға көшуін, гүлге, жас шөпке толған даланы; ақ киіз үйлерге сәуле шашқан ай нұрын; жазық кең даланың шексіз кеңістігіне күннің алғашқы сәулелері төгілген, таңды өлеңмен суреттейді. Өткен батырлар ерлігі туралы, әсерлі әрі нәзік махаббат туралы, өжет жігіттер мен сүйкімді бойжеткен қыздар туралы - барлығы да ақындыққа бөленген, мұның бәрі көшпелі қазақ қоғамының өмірі, тұрмысы туралы көрнекі түсінік береді'" деп жазады өз зерттеуінде З.А. Ахметов.
Қазақ халқының эстетикалық көзқарасы көп жағдайларда оның этикалық түсініктерімен тығыз байланыста. Халық өзінің эстетикалық сезімдерін білдіруде көбінесе оларды еңбекке, азаматтық борышын адал орындауға, азаматтық қажыр-қайрат көрсетуге және т.б. шақыру түрінде көрсетеді. Сол уақыттағы қазақтар санасындағы әсемдік - бұл, о дүние туралы түсінік емес, ең алдымен нақты жердегі өмір.
Қазақ фольклорындағы бұл түсінікті XIX ғасырда академик В.В. Радлов атап өтті. "Қырғыз (қазақ. - Б.Қ.) өз өлеңдерінде қандай бір таңғаларлық әрі қорқынышты, ертегідей әлемді бағаламайды, керісінше - ол өзінің өмірін, өзінің сезімдері мен мақсат-мұраттарын, қоғамның әрбір мүшесін толғандыратын арманды шырқайды, тыңдаушыларға аса күрделі әрі ғажайып емес, ал ақиқат бар нәрсе ләззат береді" деп жазды ол.
Қазақ халқының көркем шығармасының негізгі арқауы - адамдар. Адамның байлығы - оның шынайы абыройы, асқан ақылы, мейірімді жүрегі, адалдығы деп саналған. Адал, ақылды, ержүрек, жақсылық пен әділдік жеңісі үшін күресуге қабілетті адамдарды батырлар деп атаған. Олардың ең абыройлыларының есімдерін бізге аңыздар мен эпикалық жырлар жеткізді. Қарапайым халықтан шыққан Сырым, Ер Тарғын, Қобыланды, Есет, Жанқожа, Бекет, Ер Назар сынды батырлардың есімдері көпке танымал.
Эпикалық туындыны қағазға түсірушілер; сыртқы және ішкі жаулардан, жаулап алушылар мен қанаушылардан қорғаған халықтың өз батырларына сүйіспеншілігін көрсетуде майын тамызып айтып беруге талпынды. Қаһармандарға ең жақсы адамдық қасиеттер берілген. Қаһарманның ақыл-ойының тереңдігі сонша, ол дұшпанының зұлым ниетін біліп, шешуге қабілетті, ал қара күшінің молдығы сонша, батырдың жалғыз өзі жауының басым күштерін жеңуіне мүмкіндік береді. Эпикалық шығармалардың жағымды кейіпкері жолындағы барлық қиыншылықтар мен тосқауылдарды жеңеді, күрделі әрі қиын жағдайлардан ол жеңімпаз болып шығады. Басқаша болуы да мүмкін емес — өйткені ол бүкіл халықтың қорғаушысы, қалың бұқараның мүддесін жеткізуші, ол халықтың ғасырлар бойы аңсаған еркіндігі мен әділдіктің орнауы үшін, бақытты өмірдің болуы үшін күреседі.
Сондықтан, қаһарманға ғажайып күш пен терең ақыл беріледі, өйткені ол бүкіл халықтың рухын өзінің бойына жинайды. Батырдың адал досы және көмекшісі, астындағы тұлпары болған.
"Ер Тарғын" жырында Тарғын батыр мен оның адал серігі Тарлан былай суреттеледі: "Жау келгенін білген соң, Бұл әскерді көрген соң, Сарала туы салбырап, Сауытының шашағы Тұс-тұсына саудырап, Қабағынан қар жауып, Кірпігіне мұз тоңып, Жауырыны жазық, мойны ұзын, Атарына қолы ұзын, Құланды қақтан қайырған, Егескен ханды елінен, Алтын тақтан айырған, Ертеңнен салса - түсте озған, Ылдидан салса - төске озған, Оза, оза зырлаған, Басын тартса - болмаған, Көк айыл болып көпірсе, Айшылықты алты аттауға ойлаған, Артынан қиқу таянса, Қара терге боялса,
Томауыл көрсе - қарғыған, Қарғи барып атылған, Атыла барып тік түскен, Аяғының дәңкімен Қазандай тасқа жік түскен – Томаға көзді Тарланды Жауға қарай тебініп, Жалмауыздай емініп. Толып жатқан әскерге Келді Тарғын желігіп".39
"Әдетте батырдың тұлпары да болмашы ертегідегідей сынақта суреттеледі, бірақ едәуір шындық тұрғысында беріледі. Жалпы алғанда, моңғол, ойрат және тіптен орыс батырлық жырларымен салыстырғанда, қазақ жырлары өздерінің ақындық әсірелеулерінде (гиперболаларында) орындырақ және күнделікті тұрмысқа жақын" деп жазды академик А.С. Орлов. Эпикалық образдардың халық үшін өткенде де, осы күнде де өшпес құндылығы осы ақиқат өмірге жақындығымен түсіндіріледі.
Лирикалық жырлардың мазмұны әдетте махаббат тарихы болады. Лирикалық жырларда, батырлар жырына қарағанда, ғашықтардың сезімдері мен қасіреттерін, басты кейіпкерлердің сыртқы және ішкі сұлулығын суреттеумен қатар, әсем көріністер мен тұрмыстағы оқиғаларға көбірек назар аударылады. Халық арасында кең тараған "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілер бұл жырдың басты кейіпкерлерін дала Ромеосы мен Джульеттасы деп әділетті атайды.
Оның мазмұны қысқаша мынадай: Қозы Көрпеш пен Баян дүниеге келген кезде күйеу мен қалыңдық деп атастырып қойған болатын. Бірақ, жетім қалған Қозы Көрпешке өз қызын бергісі келмеген Баянның әкесі, олардың бала кезінде қоныс аударып, көшіп кетеді. Есейген кезінде, Қозы өз қалыңдығын іздеуге жолға шығады, сүйгенімен енді ғана табысқан Қозы, өз бақталасы Қодардың қолынан қайғылы қазаға ұшырайды. Сол қатал заманда оқиғаның бұдан басқа түйіні болуы мүмкін де емес еді, ру басшысы әрі отбасы рудың барлық мүшелеріне билік жүргізген, ру басының ықтиярына қарсы тұра алмайтын мұндай жағдай рулық-тайпалық қауымдағы әдеттегі оқиға екендігі белгілі, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу махаббаттарының тарихы қазақтар арасында ғана емес, басқа да түркі халықтарының арасында кең таралады.
Қазақ халқы үшін "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жыры, қырғыз халқы үшін "Манас" немесе неміс халқы үшін "Нибелунгтер туралы ән" сияқты дәуірдің құнды ескерткіші болып табылады. Бұл лиро-эпостық жыр - "көшпелілер тұрмысының тамаша ескерткіші, онда бүкіл шығармашылық сөлі, бүкіл халық даналығы, оның құнарлығы, философиясы, мұраттары жинақталған'" деп жазады Г.Н. Твердин. Бұл туындының поэтикалық формасы қазақ халқы үшін түсінікті. Табиғат суреті берілген жыр үзінділерінің бірі: "Елімнің қонған тұрағы, Асқар тау, жазық белдерім. Шалғында өскен көп ойнап, 39 Батырлар жыры, 2-т. - Алматы: Жазушы, 2006. 28-29-66.
Сағынған туған жерлерім. Құба түз дала, сортаң тау, Тапқанша сая терледім... Лашын, тұйғын, сұңқары, Ойнаған ұстап ермегім. Дуадақ, көлде аққу, Үйрек-қаз тамақ жемдерім. Соларды бағып өсірген, Айдын-шалқар көлдерім. Мал өрістеп су ішкен, Өзен, су, бұлақ кендерім – Жердің көркі аман ба?".40 Батырлар жырында әлеуметтік-тұрмыстық жырларға қарағанда, табиғат суреттері кейіпкердің бейнесін көркем бейнелеуге мүмкіндік береді ("таулар жарқырап, тас жанады, егер бала-батыр шапса", "ол борандай ұйтқымалы, енді ол дауылдай мейірімсіз").
Халықтың поэтикалық туындыларында, соның ішінде эпоста, кейіпкерлердің портреттік сипаттамасына үлкен назар аударылады. Олардың сұлулығын бейнелеу үшін ақындар теңеулер мен образдарды қазақ - көшпеліліктен, сондай жақын әрі ыстық қоршаған табиғаттан алған. Бұған әйел сұлулығы ерекше жарқын бейнеленген, парсы және өзбек поэзиясының ықпалы болғаны сөзсіз. А.Е. Алекторовтың ескертуі бойынша, қазақ өлеңінің сөз саптауына, ондағы айтылған сезімдер күшіне "жартылай көшпелі ордалық, әркім, басқа мәдениеттегі халық та" қызыға қарауы мүмкін.
Эпостық шығармалардың бас кейіпкеріне (бойжеткен қыз, әйел) анағүрлым толықтау сипаттамалар беріледі. "Халықтың эпикалық поэзиясының туындыларында қазақ әйелінің ұлттық ерекшеліктері деп; сезім тереңдігі, күшті және терең әсерленуге қабілеттілік, махаббатта берілгендік пен тұрақтылық, адамгершілік, адалдық пен ақыл, өзін-өзі құрбан етуге қабілеттілік қасиеттері атап көрсетіледі" , - деп жазады З.А. Ахметов.
Эпикалық жырлардың бас кейіпкерлері Құртқа, Гүлбаршын, Қарагөз, Қарлыға, Назым, Ақ Жүніс, Қыз Жібек, Баян сұлу, Айман мен Шолпан нақ сондай болып біздің көз алдымызға елестейді. Иә, әрине, олардың әрқайсысы - әдемі, ақылды, сұлу, Қобыландының сүйгені - Құртқа бейнесі былай суреттеледі: "Сонда сұлу Қыз Құртқа Қылаң етіп, қылт етіп, Сылаң етіп, сылт етіп, Шекеде шоғы бұл етіп, Саулы інгендей ыңқылдап, Күшігендей сыңқылдап, Сүмбіледей жылтылдап, Буыны түсіп былқылдап, Алтын қақпақ дулыға Шекесінде жарқылдап, 40 Қозы Көрпеш-Баян сұлу. - Астана: "Фолиант", 2002. 401-402-66. Мақпал төсек мамықтан, Алтын иек, ақ тамақ, Көтеріп басын сөйледі'".
Қазақ халық ауыз әдебиетінің алып қазынасы Жібек пен Төлегеннің махаббаты, адалдығы суреттелетін - "Қыз Жібек" жыры. Төлегенге өз сүйгені - Жібекпен қосылуға әкесі батасын бермейді. Тоқсан көштің ішінен сүйгенін іздеп жүріп тапқан Төлегеннің Жібекке махаббаты адал, ақ. Бірақ махаббатта жолы болмаған Төлеген Бекежан қолынан қаза болады. Қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі Қыз Жібек жырында толық көрініс табады. Бұл лиро-эпостық жырда көптеген әйел бейнелері беріледі. Бірақ халықтың әсемдік мұратына сай келетін Жібек бейнесі ең қанық бояулармен суреттелген. Бұл жырдағы Жібек бейнесі былай суреттеледі:
"Қыз Жібектің құрметі, Жиһаннан асқан сәулеті, Ләйлі-Мәжнүн болмаса, Өзгеден артық келбеті.... Өзі он төрт жасында-ай, Кебісінің өкшесі Бұхардың гауһар тасындай, Ақ маңдайы жалтылдап, Танадай көзі жарқылдап, Алтын шашбау шашында-ай. Қыз Жібектің ақтығы Наурыздың ақша қарындай, Ақ бетінің қызылы Ақ тауықтың қанындай, Екі беттің ажары Жазғы түскен сағымдай ... Оймақ ауыз, құмар көз Іздеген ерге табылады-ай. Өткірлігін байқасаң. Ұсталар соққан кетпендей. Нұр тұқымын еккендей, Екі ауыз сөз сөйлескен Мұратына жеткендей".41 Келтірілген үзінділер қазақтың өткен заманда әсемдік туралы түсінігі қандай болғандығын тануға мүмкіндік береді.
Қазақтардың ауызша-поэтикалық шығармашылығында, әсіресе эпос пен ертегілерде, көп құбылыстар қиял-ғажайып образдармен толықтырылған, бірақ, бұған қарамастан, халық ауыз әдебиетінің туындыларының мазмұны шынайы болмыстың көрінісі болып табылады, өйткені, Н. Шамота әділ көрсеткендей, "ең бай қиял, ең дамыған елестету, өз формаларымен тірі өмір формаларын еске салмайтын болса, ештеңені жасауға мүмкіншілігі болмайды". 41 Қыз Жібек. Лиро-эпикалық жыр. - Алматы: Мектеп, 2003. 51, 53-66.
Қазақ эпосында да, халық әртүрлі кезеңде басынан өткізген, ақиқат оқиғалар, оның отан тәуелсіздігін жаулап алушылардан қорғап қалу күресі, оның күнделікті қайғы мен қуаныштары, шынайы сезімдері мен тұрмыстық жағдайлары, дүниетанымы мен әлеуметтік құрылымы, өнегелік және эстетикалық көзқарастары көрініс тапты. Міне сондықтан қазақтар ата-бабалардың шығармашылық данышпандығының туындысы, баға жетпес мұраны әрбір жаңа ұрпаққа сақтап әрі байытып жеткізеді. Міне, сондықтан эпос қазақ халқы үшін де, басқа халықтар үшін де, эстетикалық көзқарастардың қалыптасуының негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Барлық халықтарда, соның ішінде қазақтарда да, ауызша поэтикалық шығармашылықтың кең таралған түрі - әндер. Ұлы қазақ ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбаев: қазақ әнмен әлем есігін ашады және ән оның мәңгі серігі болады деген. Қазақ өмірінде - қуаныш болсын, қайғы болсын - ол оз жан тебіренісін өлеңмен айтқан.
Қазақтар өз әндерінде табиғатты, даласын, тауларды, даңқты батырлардың бастан кешірген оқиғаларын мадақтаған, сондай-ақ махаббат туралы, ғашықтардың ажырасуы мен қайғысы туралы да өлеңмен айтқан. Өлеңдерде өздерінің әсерлерін, қасіретқайғыларын, қоршаған әлемнен алған эстетикалық ләззатын білдірген. Ал өлең шығаруда қазақтар өте шебер еді. Әйгілі өнертанушы, қазақ халық әндерін жинақтаушы Б.Г. Ерзакович, оларды төмендегідей түрлерге бөледі: лирикалық, тарихи және әлеуметтік, еңбекке қатысты, отбасылы-тұрмыстық, тұрмыс-салт жырлары.
Қазақтар әнді бір өзі, екеуі, анда-санда ғана бірнеше адам бірігіп айтқан (төңкеріске дейін қазақтарда хормен өлең айту болмаған, мүмкін бұл, тағы да, тұрмыс жағдайлары мен салтдәстүрге байланысты болар). Ән айтқанда қазақтар сөздердің дұрыс айтылуына, әннің мазмұны мен әуеніне зор мән берген. Мейрамдарда немесе әртүрлі халық көп жиналған жиылыстарда қазақтар өлең айтады, ақындар сайысы - айтыс ұйымдастырады. Бұл сайыстарда әншілер, ақындар өз шеберлігін көрсетеді. Қазақ халқында үйлену тойы, ас беру, баланың дүниеге келуі - әртүрлі ойындармен, сайыстармен қоса өткізілетін сөзсіз орасан зор салтанат.
Ән - қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарған. Халықтың әншілік шығармашылығын айтылған әннің шығу тарихы арқылы бағалай аламыз. Ертедегі бір заманда, ән аспанда қалықтап ұшып бара жатқанда, басқа мекендерге қарағанда, қазақ даласына төмендеп түсіпті. Міне сондықтан қазақтар ең жақсы әншілер дейді аңыздар.
Қазақ халқының әндерінің мәнділігі оның табиғилығы мен қарапайымдылығының нақтылы түрде көрсетілуі болып табылады. Қазақ әндері бізге халықтың эстетикалық көзқарасын көрсетуге мүмкіндік береді. "Шығыс поэзиясында.... суреттелген оқиғалардың немесе түйсінулердің қарапайымдылығы мен өмірге орайлылығымен қатар, тілдің бейнелілігі және тіпті көпірмелілігі байқалады. Тыңдаушыларды тартатын, оларға әншілерді бірнеше сағат тыңдататын, мүмкін осы шығар" , - дейді төңкеріске дейінгі зерттеушілер.
Қазақ әншілерінің арасында асқан шеберлер бар. Олар әнге үлкен мәнерлілік бере алады, әндерді өңдеп, асқан шеберлікпен орындайды. Дарынды орындаушының айтқан әнін тыңдағанда, өзіңді кең байтақ далада, ғажайып табиғат аясында жүргендей сезінесің.
Мазмұны әртүрлі бүл әндерде халықтың эстетикалық көзқарасы, оның әсемдікті түсінуі көрініс тапқан. Әлемдегі барлық халық әндері бір тілде сөйлейді деп жазған Анри Барбюс. Ештеңеге қарамастан, олар өмір қуанышы туралы, жастық шақ туралы, көктем туралы, салт-дәстүрдің көркемдігі туралы айтады, өйткені адам жаны, қандай болғанда да, күнге талпынады, бостандыққа жол іздейді. Ал аңыздар мен өлеңдер - халық қасіретінің сүйеніші болған құндылықтар. Оларда көпшіліктің даусы естіледі, оларда тарихтың шақырған даусы естіледі.
Бұл анықтама қазақ халқының ән шығармашылығын бүтіндей түседі. Егер өлеңдерді "жанды құндылықтар" деп санасақ, онда "мұндай құндылықтардың ерекше көптігінен, - деп жазады А.Затаевич, жақында ғана, өзінің басым көпшілігі кедейлік пен бейшаралық халге түскендіктің синонимі тәрізді саналған қазақ халқы әлемдегі халықтардың байларының бірі болып танылуы қажет, оның әндеріндегі мазмұн мен күйзелістер тереңдігі, сондай-ақ формаларының көркемдігі мен таңдамашылығы оның үлкен ойлы дарындылығының дәлелі". Өнер арқылы адамдар бір-біріне өздерінің ойлары мен сезімдерін жеткізетіні белгілі.
Қазақ халқы үшін өлеңдер ерекше қарым-қатынас құралы болған, қазақтар олардың көмегімен бір-бірімен қоршаған болмыс туралы эстетикалық әсерлерімен алмасқан. Ерте замандағы адамдар лирикасы - "бүл ... ішкі дүниенің толықтығы мен молдығынан болатын, өз болмысы мен сыртқы әлемді түйсінгенде оянатын және дұғалар мен әндерде берілетін, шаттықтың есепсіз төгілуі" , - деп сендіреді В.Г. Белинский. Шынында да, көптеген халық әндерінде, соның ішінде қазақ әндерінде, халық қайғысы туралы, адам өмірінің өткіншілігі туралы айтылады, махаббатқа, жақсылыққа өздерінің азаматтық борыштарын адал орындауға, өмірге, еңбекке шақырады.
Қазақтардың әннен қалай ләззат алғаны мен әнші-ақындардың әнге қалай сүйіспеншілік туғыза алғандығын бізге "Қырғыз әншісі Үлкенбайдың қазасы» туралы аңыз баяндайды. Оның қысқаша мазмұны мынадай.
Кәрі, ауру Үлкенбай ақын қолына өзінің екі ішекті домбырасын алды да ән айта бастады. Ол тыңдаушыларының назарына толық ие болған, оларды, оның әні тудырған әлемге шарықтауға, оның өзін шабыт сәттерінде толғандырған, сол сезімдерді сезінуге, сол өмірді бірге сүруге мәжбүр еткен. Нәзік сезімге бой алдырған кәрі әнші бой жазды, оған бұрынғы күші қайтып келді. Оның тыңдаушылары ақынға таңғалып қарады, бұл ұлы күштің қайдан келгенін түсіне алмады, ол қалай тез адамды тірілтті, бұлай тез жанатын от, қандай ұшқыннан тұтанды. Оған күшті өзі сүйген ән берді. Үлкенбай өз әндеріне жанын, адал шынайы сезімдерін халыққа деген сүйіспеншілігін салды.
Қазақ халқының кең танымал, сүйікті ақынның бірі Ноғайбай болған. Оның даңқы бүкіл кең байтақ далаға тарады. Ноғайбай әндерінің күшті ықпалы, сондай зор эсер беретіндігі соншалық оның әндерінен кейін тыңдаушыларға басқа орындаушылардың әндері ұнамайтын болған. "Жоғары дәрежеде нәзік әрі көркем, "дала ұлына" тән керемет психикалық сараптаумен Ноғайбай тыңдаушыларының көз алдында сурет салды" , олардың анық болғандығы соншалық, тәнмен сезінуге болатындай еді.
Қазақ халқының әсемдікті жеңіл және еркін қабылдауға қабілеті бар. Қазақтардың жоғарғы шығармашылық күшінің жемісі - поэзия, онда халықтың бүкіл өмірі толығымен көрініс табады. Махаббат туралы қазақ әндерінің бірін тыңдап отырып, А. Алектров: "Сол уақытта, адам табиғаты барлық жерде бірдей және кедей күркесі мен өркениетті еуропалықтың бай сарайында патшалық етуші махаббат, сондай билікпен қырғыз (қазақ - Б.Қ.) киіз үйлерінде де, өте аз зерттелген қайдағы Мугоджамаларда да патшалық етеді" - деген ойға келген.
Қазақтарда төңкеріске дейін көп бұрын кең дамыған ән шығармашылығымен тығыз байланыстысы халық музыкасы еді. Қазақ халқы әндерді көбінесе ұлттық аспаптар сүйемелдеуімен айтқан. Қазіргі уақытта зерттеуші - музыкатанушылар ұлттық музыка аспаптарының санын жиырма алтыға жеткізді. Бізге дейін жеткен, ең әйгілі халық аспаптары - бұл домбыра (шертпелі), сыбызғы (үрлеп тартатын музыкалық аспап) және қобыз ысқы (қыл керілген шыбықпен ойналатын). Осылардың ішіндегі қазақтардың ең сүйікті аспабы - домбыра. Домбыраны тек кәсіпқой домбырашылар немесе әншілер ғана емес, ән мен музыканы сүйетін әуесқой көпшілік те меңгерген.
Қазақтың музыка мәдениетін халықтың өзі және оның ақындары мен композиторлары жасаған. Қазақтарды қоршаған әлем сонша бай әрі оқиғаларға толы болса, қазақ халқының музыкасының мазмұны мен тақырыптары да соншалық әртүрлі болған: оның әуендері жеке адамды да, әлеуметтік өмірді де қамтиды. "Күйлерде адамның нәзік сезімдері мен күйзелістері беріледі: баланың дүниеге келуі әкелген қуаныш та, жақын адамынан айырылу қайғысы да, қаламаған адамына күйеуге ұзатылған бойжеткен қыз мұңы да, айырылыс зарығуы да, музыкалық портреті де, табиғатқа масаттану да" деп жазады А.Е. Алекторов "Қырғыздардың халық әдебиеті» атты мақаласында. Дарынды композиторлар музыка мәдениетінің дамуына үлес қосты және халықтың жалпы өнерге, атап айтқанда музыкаға эстетикалық қатынасының қалыптасуына ықпал етті.
Ән сияқты, қазақ халқының музыкасы оның тарихымен, тұрмысымен, салт-дәстүрімен тығыз байланыста болды. Міне сондықтан кеңес музыкатанушылары қазақ халқының күйлерін лирикалық, тарихи, әлеуметтік және басқаларға бөледі. Шығармашылық мұрасы қазақ халқының рухани өмірінде ерекше маңызды орын алатын, ең ірі халық композиторлары, әншілері мен күйшілері: Біржан Қожағұлов, Құрманғазы Сағырбаев, Дәулеткерей Шығаев, Жаяу Мұса Байжанов, Тәттімбет Қазанғапов, Мұхит Мералыұлы, Ақан сері Қорамсаұлы және басқалар.
Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ертерек кезеңде дамыған түрі - "Той бастар", "Беташар", "Жоқтау", "Жар-жар", "Алтыбақан" және басқалар сияқты тұрмыс-салт жырлары. Әлеуметтік, саяси, тарихи тақырыптарға арналған музыкалық шығармалар анағүрлым кейініректе жазылған.
Халық композиторлары өз шығармаларында өз заманының болмысын шынайы көрсеткен. Олар өз шығармаларында тарихи оқиғаларға, адамдар қарым-қатынастарына, әсемдікті түсінуі тұрғысынан барлығына баға беріп, эстетикалық түйсінуін білдірді. Олардың шығармашылығын әйгілі қазақ музыкатанушысы әрі композиторы Ахмет Жұбанов "Қазақ музыкасы" мақаласында атап көрсетті: "Шебердің сол кездегі ой өрісі оған дейінгі адамзат жинақтаған білім жиынтығын ол игере алмағандықтан, оның өмірлік тәжірибесімен, күйзелістерімен, саяси және экономикалық жағдайлардың ықпал етуімен анықталады".
Тарихи әлеуметтік, лирикалық сюжеттерге жазылған күйлерде қазақ халқының тарихының оқиғалары, жалпы өнерге деген, басқа халықтардың музыкасына, музыканың қоғамдағы рөлі, оның адамдардың эстетикалық сезімдеріне әсері және т.б көзқарастары көрініс тапқан. П.В. Аравин атап өткендей: "Қазақтың домбыра музыкасында, жай дыбысқа еліктеуден, әсем көріністерді бейнелеулерден бастап және портреттік сипаттамалармен аяқталатын, және де әртүрлі психологиялық хал-жағдайларды қорытудың сарыны бар бағдарламалық мазмұн әртүрлі білдіріледі" . Оған мысалы, мынадай күйлер дәлел болады: "Боз-төбе", "Сары өзен", "Ақсақ құлан", "Бұл-бұл", "Баламайсаң" және тағы басқалары.
Туған жер, табиғат суреттері, халық өмірі, тұрмыс жағдайының түрлі жақтары, халық композиторларының лиро-эпикалық күйзелістері арқылы өзінше түсініліп, олардың шығармаларын мазмұнмен толтырған. "Халық шеберлеріне тән жоғары дамыған эстетикалық қорытындылау сезімінің арқасында, табиғат пен тұрмыс көріністері қазақ күйлерінде, дарынды күйшінің санасында алдын ала өңдеу алған, болмыстың көркем бейнесі сияқты, нәзік лирикалық сәуледе беріледі" деп жазды П.В. Аравин, қазақ күйлерінде адамның ішкі күйзелістерінің түрлі қатпарлары беріледі, "бірде айбынды байсалды, бірде жұмсақ нәзік, бірде қайғылы әрі мұңды". Бұл, әсіресе, "Ақсақ құлан", "Ақсақ киік", "Сарыарқа" күйлеріне тән.
Қазақ күйлерінің арасында оның қоғамдық өмір құбылыстарына қатынасын білдіретін күйлер көп. Халық оларды қастерлеп сақтап және жоғары бағалап ұрпақтан-ұрпаққа таза, өзгермеген күйінде жеткізеді. Мұндай күйлерге: "Ақсақ құлан", "Тепен көк", "Алты қаз", "Жез киік", "Қорқыт", "Дайрабай", "Аққу" және т.б. жатады. Бұл күйлердің әрқайсысында халықтың әлеуметтік әділетсіздікке деген ашу-ызасы, байлардың, сұлтандардың, хандардың зорлық-зомбылығына наразылығы көрініс тапқан.
Мысалы, "Ақсақ құлан" күйінде мынадай оқиға баяндалады. Мейірімсіз хан ұлы көңіл көтеруді қалап, аңшылық құруға кетеді. Аңшылық сәтсіз аяқталады. Бірақ халық арасынан ешкімнің қайғылы хабарды ханға айтуға батылы жетпейді; қайғылы оқиға туралы шындықты айтқан адамның жұтқыншағына хан балқытылған қорғасын құюға әмір беретінін біледі. Бірақ үндемей қалуға болмайды - хан күтіп отыр және ол ашулы. Осы сәтте кәрі күйші хан алдына барады да домбырасының ішектерін тереді. Сәтсіз оқиғаны домбыра күй тілімен айтып берді. Ханның жарлығы екі болмай, домбыраның шанағына балқытылған қорғасын құйғызады.
Халық композиторлары, тыңдаушылары күйді түсінуі және музыкадан толық ләззат алуы үшін, күй ойнардың алдында шығарма мазмұнын баяндап берген. Бұл тәсіл арқылы, жеке тарихи тұлғаларға немесе тарихи оқиғаларға және т.б. сипаттамалар берілген, сондай-ақ күрделі бағдарламалық күйлерді орындағанда қолданылған. Осылай көпшілікті эстетикалық тәрбиелеу мақсатын арнайы қоймаған, халық композиторлары іс жүзінде оны өздерінің көркем шығармашылығы арқылы жүргізген.
Музыкалық туындылар қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуының ең әсерлі құралы болған. Бұл, біріншіден, музыка қазақтардың көркем шығармашылығының барлық түрлерімен қоса жүретінімен; екіншіден, әрбір музыкалық туынды өмірдің нақты көрінісін, қоғамның салты мен әдет-ғүрыптары туралы баяндайтынымен, халықтың өз өмірінің түрлі тарихи кезеңдеріндегі музыкаға қатынасымен сараланады. Мұның барлығы музыканы түсінікті әрі оңай қабылданатын етеді.
Атақты халық композиторы орындаған күйлерді тыңдап, ауылдың музыкалық дарыны бар тұрғындарының сол сәтте қолына домбыра алып, жаңа ғана тыңдаған шығарманы есте сақтап ойнап беруі, сирек емес еді. Бұл музыка тыңдаушыларға эстетикалық ләззат беріп қана қоймай, оларды көркем шығармашылыққа баулуға да ықпал жасайтындығы туралы айтады.
Бүгінгі таңда, Қазақстан өнерінің дамуына арналған көптеген еңбектерде төңкеріске дейін қазақтарда би өнері болмаған деген ойлар айтылып жүр. Қазақ халқының тұрмысын, салтын, өнерін тану арқылы би элементтері оның көркем шығармашылығында төңкеріске дейін орын алғандығы туралы пікір айтуға негіз бар. Қазақ тілінде "би" сөзінің ертеден қолданылуы бұған дәлел бола алады. Бұдан басқа, көптеген музыкалық шығармалар биге сүйемелдеуге арналған. Мұндай күйлер: "Қара жорға", "Тепен көк", "Қазақ биі", сонымен қатар лирикалық әуендер "Өрмек" пен "Аққу" және кейбір басқалары.
Төңкеріске дейінгі жазба материалдарда, XIX ғасырдағы орыс саяхатшыларының этнографиялық зерттеу әдісі ретінде қазақ халық билерінің қағаз бетіне түсірілген суреттері бар. "Музыка және өмір" журналының бір мақаласында; би — қырғыздардың пұтқа табынушылық кезеңіндегі, бұрынғы замандағы ескіліктің қалдығынан соң жалпы қандай да болсын өнер түрінің нышаны Құранмен басылып қалды делінген.
Халық арасында күлдіргіштер мен әзілқойлар кеңінен танымал болған. Мысалы, XIX ғасырдың тамаша күлдіргіші Рахымбердінің есімі әйгілі болған. Оның жалған аты Ағашаяқ еді. Ол шөккен түйенің үстінен секірумен қоса би билеген, күрделі қойылымдар орындаған. Билеп жатқанда ол "Қалды-ау, қалды-ау, қыз қалды-ау" әнін орындаған. Көрермендер онымен бірге қосыла он салып, оның биіне елтіп, оның ырғағында шайқалған. Халық билерін және күлкілі көріністерді орындаушылар Жынды Қара мен Жынды Омар да халық есінде. Сықақ пантомималар мен билерде олар байлар мен билерді келемеждеді, сол үшін келемеждегендері қуғынға ұшыратып, тіпті ақылынан айырылған адамдар деп те жарияланған.
Би элементтері, мысалы, қазақтың ұлттық ойындары мен ойын-сауықтары айгөлек, шыт тастау, тартыс, таяқ айна (таяқ жүгірту), аударыспақ, жігіт қуу, арқан шалу, алтыбақан және тағы басқаларында айқын көрінеді. Әйтсе де, Қазақстанда би өнерінің айтарлықтай дамуына халықтың көшпелі өмірі, бытыраңқылығы кедергі жасады. Өнердің көп түрлеріне, би билеуге қатаң тыйым салған, биді "шайтанның ісі" деп есептеген дін де билеушілерді қуғынға ұшыратып, бұл өнердің дамуына кедергі жасады.
Сөйтіп, қазақ халқы өз дамуымен толық қалыптасқан, өз заманы үшін жоғары көркем мәдениетке ие болған. Одан арғы өз дамуында мәдениеті қалыптасып, өңделіп әрі толығып, талдап қорытындылауға және көркемдікке, сонылыққа және ұлттықэстетикалық құндылыққа қол жеткізді. Барлық ғасырларда ол қазақ халқының эстетикалық көзқарастары мен талғамдарының қалыптасуына ықпал етті. Қазақ көркем шығармашылығы мұрасының ерекшелігі, оның алғашқы әлі дамымаған жағдайын сипаттайтын синкретизм (яғни, жіктелмегендік, біріктірілгендік) болып табылады.
Әрине, синкретизм төңкеріске дейінгі қазақ халық шығармашылығына ғана тән ерекше қасиет емес, ол қандай да бір шығармашылық әрекеттің дамуының алғашқы кезеңіне тән
болады. Бірақ өнердің дамымағандығы, жанрлар мен түрлерге жіктелмегендігі өнер түрлерінің толығымен жоқтығын білдірмейді. Мысалы, төңкеріске дейін қазақтарда театр, хореография, симфониялық музыка, сурет өнері, графика, мүсін өнері болмаған, бірақ бұл өнер түрлерінің халық шығармашылығында біздің заманымыздан өте ерте кезеңінде қандай да бір нышандары, жеке элементтері орын алған. Мысалы, әдет-ғүрып көріністері ақындық сөздің, ән айтудың, музыканың, драмалық элементтер мен би өнерінің үндесуі емес пе!
Халықтың көркем шығармашылығы дегеніміз жеке тұлғаны, белгілі бір адамдар ортасын және тіпті қандай да бір тапты ғана, қызықтыратын болмыстың эстетикалық заңдылықтарының көрінісі емес, ол бүкіл халық бұқарасы үшін өмірлік маңызды болады. Сондықтан көркемдік таным бүкіл халықтың өмірлік қажеттіліктеріне жауап беретін тақырыптарды қамтиды. Көркемдік танымның тақырыбында оның тұтастығының, біріктірілгендігінің, өнер жалпы халықтық екендігінің негізі қаланып қойған. "Халық бұқарасының өнер туындысын қандай да бір бейнелі ойлау формасымен ғана тануға болмайды, ол бір мезгілде бірнеше формалармен (көркем сөз, бейнелі музыка) тануға болатындығы осының айғағы" деп атап өтеді өз зерттеуінде В.Е. Гусев.
Қазақ өнері жалпы халық өмірмен, атап айтқанда, оның тұрмыс салтымен тығыз байланысты болған. Сондықтан көптеген ғасырлар бойы ауызша ақындық шығармашылық пен халық музыкасы, қолданбалы өнер қазақ халқы үшін қоғамдық сананың негізгі формаларының көрінісі болды, оларда халықтың ойы мен сезімі, оның талпыныстары мен әсемдік туралы түсінігі жан-жақты әрі айқын көрінді. Халықтың эстетикалық көзқарасын оның дүниетанымынан бөлек алып қарау мүмкін емес. Қоғамда әсемдік пен көріксіздік адамдардың жүріс-тұрысы, олардың өмірінің ахуалына қатысты болғандықтан, дүниетанымдық мағлұматтар болып табылады. Олар эстетикалық мұраттың деңгейіне өз ықпалын жасайды, осы тұрғыдан өнер, өмір туралы пікір айтады. Қоғамдық сананың өсуіне қарай қоғамның көркемдік көзқарастары да өзгереді, өйткені соңғысы қоғамдық сананың бір бөлігі болып табылады. Көркемдік көзқарастар, жалпы қоғамдық сана сияқты, шынайы болмысты, қоғамдық өмірді қамтып көрсетеді. Өнер өмірдің езіндегі әсемдікті ашуға және бағалауға көмектеседі. Сонымен бірге ол, әлеуметтік дамуға кедергі жасайтын, барлық жағымсыздықты ашып көрсетеді. Қағида бойынша, халықтың алдыңғы қатарлы эстетикалық түсініктері қоғамдық дамудың субъективті тенденцияларын суреттейді, ал өнерде, шынайы әсемдікті мадақтамай және бүкіл кертартпаны, антиэстетикалық, көріксіздік ретінде әшкерелемей, өмір шындығын суреттеу мүмкін емес.
Болмыстың эстетикалық бағалануы халықтың көркем шығармашылығында, оның әсемдік туралы түсінігінде шынайы болмыста айқын көрінеді. Қазақ халқының эстетикалық қатынасы оның ауыз әдебиетінде - эпоста, аңызда, өлеңде, ертегілерде, мақал-мәтелдерде және т.б. нақтылы түрде көрсетілген.
Эстетикалық категориялардың ішінде қазақтардың көркем шығармашылығында кең қарастырылғаны әсемдік категориясы, бірақ, әрине, ол теориялық деңгейде емес. Сол замандағы қазақтардың түсінігінше табиғат пен қоғамның барлық сұлу, нақышты заттары әсемдік көрінісі еді.
- Шоқан Уәлиханов және Ыбырай Алтынсаринның эстетикалық көзқарастары
Қазақ ағартушы-демократтары, эстетика мәселелеріне арналған арнайы еңбектер қалдырмағаны мәлім, бірақ өздерінің қоғамдық-саяси, ғылыми және әдеби еңбектерінде олар қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің дамуы мәселелеріне үлкен назар аударған. Қазақ ағартушы-демократтарының эстетикалық көзқарастары халық бұқарасының өздерін қанаушыларға қарсы азаттық қозғалысының, капитализмнің Қазақстан ішіне кіріп, рулықфеодалдық қарым-қатынастарды бұза бастаған кезеңіндегі демократиялық ойдың нақтылы көрінісі болып табылады.
Сондықтан қазақ ағартушы-демократтарының эстетикалық көзқарастары олардың дүниетанымымен тығыз байланыста болуы - олар өмір сүрген сол дәуірдегі тарихи жағдайлар тудырған заңды құбылыс.
Әңгіме ағартушылардың эстетика мәселелерін қаншалықты жүйелі әрі жан-жақты қарастырғанында емес. Маңыздысы - олар эстетика мәселелерін көтерді және оларға өз қатынастарын білдірді. Өнер мен сұлулықты барлық халық өз дамуының қандай сатысында болса да жасайды, ал философиялық ой, олар таптық күрестің күрделі түрлерінде шынайы күшке айналған кезден ертерек бұл құбылыстарды қарастырмайды. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қазақ халқының эстетикалық көзқарастары алғашқы рет қазақ ағартушы-демократтары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев шығармаларында теориялық қорытындылауын және одан арғы дамуын тапты. Шоқан Уәлихановтың эстетикалық көзқарастары, біз атап өткендей, оның қоғамдық-саяси және философиялық көзқарастарымен тығыз байланысты болды.
Шоқанның балалық шағы Көкшетау өңіріндегі Құсмұрын мен Сырымбетте өтті. Бүл өңір тарихи аңыздарға толы, ал оның ғажайып сұлу табиғатын көптеген қазақ ақындары мен халық композиторлары жырлаған. Сол кездерде Көкшетау бүкіл Солтүстік Қазақстанның мәдени өмірінің орталығы болды, Шоқанның рухани дамуы үшін бүл жағдай, сөзсіз, өте маңызды еді. Бала кезінен-ақ ол халықтың тарихи аңыздары мен әңгімелеріне үлкен қызығушылық танытқан. Шоқан қарапайым адамдардың әндері мен әңгімелерін тыңдағанды жақсы көрген. Әсіресе, оның рухани өсуіне көп ықпал жасаған әжесі Айғаным аңыздар мен әңгімелерді айтуға шебер еді.
Замандастарының пікірі бойынша (Г.Н. Потанин, И.Ибрагимов, А.К. Гейне), Шоқан Уәлихановтың әкесі - Шыңғыс сол кезеңдегі қазақ қоғамының тұрмысын, әдетғұрыптарын, экономикасы мен саяси өмірін жақсы білген. Білімді адам болған, Шоқанның әкесі көптеген мәдени бастамаларға көмек көрсеткен. Атап айтқанда, ол ғылыми мекемелерге көрмелер ұйымдастыруға көмектескен, географиялық және антропологиялық қоғамдарға, мұражайларға және т.б. этнографиялық материалдар жинаған.
Ол қазақтың халық поэзиясы мен қазақтың музыкалық фольклорының зерттелуі үшін коп еңбек етті. Әкесі де қабілетті сазгер болған, қобыз бен домбырада ойнаған, өз ауылында атақты әншілер, ақындар және сазгерлердің қатысуымен музыкалық-поэтикалық сайыстар өткізгенді ұнатқан. Осының барлығы да Шоқанның зейінді жан дүниесіне әсер етпеуі мүмкін емес еді.
Шоқан жастайынан шығыс тілдерін үйрене бастады. Ол ортағасырлық әдебиет ескерткіштерін шағатай тілінде оқыды, араб және парсы тілдерінде сөйлеп жаттықты, шығыс ақындарының өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Ата-анасы оның болашағына қамқорлық жасап, Шоқанды, Қазақтарда сол уақытта сирек құбылыс болатын, орыс
мектебіне берді. Осының барлығы Шоқан Уәлихановтың эстетикалық көзқарасының қалыптасуы мен дамуы үшін өте маңызды болды. Дарынды бозбала болғандықтан, Шоқан табиғаттағы әсемдікті терең сезінді. Орыс суретші-топографтары мен геодезистері Құсмұрын қамалында, Уәлихановтар отбасында ұзақ уақыт тұрғанда, Шоқан бойында сурет салуға деген талпынысты оятты. Шоқанның өзінің туған ауылында, сондай-ақ Ыстықкөл мен Памирға, Жоңғарияға, Қытайға және басқа жерлерге жасаған алыс саяхаттарында салған суреттерінен кейіннен, үлкен эстетикалық және этнографиялық құндылық болып саналатын, бай топтама (коллекция) жиналды. Өзінің ғылыми ізденістерін жүргізу барысында, ол ұлттық киімді, Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген халықтар өмірінің тұрмыс көріністерін, үйлердің және табиғат ерекшеліктерінің суреттерін салған. Кеңес дәуірі кезінде Шоқан суреттері бойынша көптеген тарихи жерлер, жеке тұлғалардың портреттері, олардың киім түрлері, тұрмыс жағдайлары және т.б. қалпына келтірілді . Шоқанның замандастарының естеліктерінен Уәлихановтар ауылына қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетіне үлкен қызығушылық танытқан орыс зиялыларының көп келгені мәлім. Олармен Шоқан өте тез табысатын. Орыс зиялылары бозбаланың қабілеттерін танып, Шоқанға орыс әдебиеті мен өнеріне деген қызығушылықты барынша дарытуға талпынды.
Осының бәрі Шоқанның ішкі дүниесінде өшпес әсер қалдырды. Кейінірек ол туралы Шоқан өзінің досы Г.Н. Потанинге айтқан. Адам қоршаған әлемнен эсер алып қана қоймай, оған деген өзінің қатынасын да білдіргісі келетіні, жұртқа мәлім. Бұның Шоқан Уәлихановтың қолынан келгендігіне оның ғылыми және әдеби еңбектері сендіреді.
Шығыс және орыс классикалық әдебиетін білуі Шоқанға өз халқының көркем шығармашылығын жаңаша қабылдауға және жоғары эстетикалық деңгейден бағалауға мүмкіндік берді. Ол қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жазып алу мүмкіндігін жібермеген, көп нәрсені жаттап алып, кейін туыстары мен достарының ортасында мәнерлеп оқып беретін болған. Өзінің ауылында болғанда, Шоқан "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" және "Ер Көкше" атты халық жырларының бірнеше нұсқаларын жазып алған болатын.
Ш.Уәлихановтың дарыны, ол Омскінің кадет корпусында білім алған кезінде, содан кейін озық ойшылдармен танысуы мен жалықпай оқуы барысында, өңделіп, әсерлері мен түсініктері толығымен дерлік нақты ғылыми қызығушылыққа реттелді әрі қалыптасты. Бұл оқудың қаншалықты жемісті болғандығына Ш.Уәлихановтың еңбектері дәлел. Оның еңбектерінде, жалпы өнер туралы атап айтқанда, Шығыс пен Орта Азия халықтарының көркем шығармашылығы туралы көптеген терең ойлар бар. Ш.Уәлихановтың тарих, этнография және әдебиет салалары бойынша жазған еңбектерінің Шығыс халықтарының, ең алдымен, қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің дамуы үшін маңызы зор. Бұл еңбектерде алғаш рет, ноғай, өзбек, қарақалпақ, қазақ, қырғыз халықтарының халық ауыз әдебиетінің көптеген туындыларына ғылыми талдау берілді. Шоқан қазақ және қырғыз халықтарының көркем мұрасын өзінің "Жоңғария очерктері", "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" және басқа да еңбектерінде эстетика тұрғысынан қарастырады. Халық ауыз әдебиеті туындыларын Ш. Уәлиханов қазақ халқының ең жоғары эстетикалық сезімдерінің көрінісі, "сезінумен, өмірмен және бүкіл қоғамның дамуымен айқындалатын, нақ халық ақыл-ойының туындылары'" деп санады.
Өзінің халқына және оның көркем шығармашылығына деген жалынды сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін Уәлиханов өзінің эстетикалық көзқарастарында білдірді. Оларды сипаттаудағы ескеретін маңызды жай, Шоқан Шығыс халықтарының, атап айтқанда, ноғай, өзбек, қазақ, қырғыз халықтарының ауызекі поэтикалық шығармашылығын сараптауда реализм және халықтық ұстындарын қолданған. Ш.Уәлиханов қазақ, қырғыз, өзбек және ноғай халықтарының көркем шығармашылығында кең тараған жанр - батырлық эпос екендігі туралы жазды. "Бұл батырлық жырлар эпикалық сипатта және ұйқасты өлеңдермен айтылатындықтан халық ауыз әдебиетіне жатады. Олар халық рухының, түсінігінің, әдет-ғүрыптарының, өнегелігінің, өмір салтының көрінісі ретінде тамаша, сондай-ақ филологиялық қатынаста да тамаша тарихи қызығушылықты тудырады". Мұндай жырларға Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген қазақтардағы, өзбектер мен ноғайлардағы Едіге, Ер Көкше, Орақ, Шөре және басқалар туралы жырлар жатады.
Ш.Уәлиханов бұл жырлардың басты кейіпкерлері тарихи тұлғалар екендігін атап көрсетеді. Ш. Уәлихановтың эпостың қалыптасуы кезеңі туралы айтқан пікірлері де назар аударарлықтай. Оның пікірінше, эпикалық шығармалар XIV, XV, XVI ғасырларда пайда болған және біздің заманымызға олар ауызекі түрде ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жеткен. Эпикалық шығармалардың көне заманнан сақталу фактісін ескерте отырып, Ш.Уәлиханов бұл жазуы жоқ кездегі халықтың ұлы ерлігі деп санаған.
Ш.Уәлиханов, сондай-ақ көптеген көшпелі халықтардың аңыздарының ұқсастығына назар аударған, оның ойынша, бұл ұқсастықтар "қоныстардың ауыспалы болуы мен тіл ұқсастығынан" пайда болған. Көптеген халықтарда кездесетін, осындай аңыздардың бірі - Едіге туралы тарихи жыр. Бұл жыр түркмендерде, қазақтарда, ноғайларда және басқа да халықтарда кең тараған. Бұл халықтардың әрқайсысында Едіге туралы жыр сол ұлттың ерекшеліктері ескеріле тиісті өңдеу алған. "Міне сондықтан оларды айыра білу керек" , - деп ескертеді Ш. Уәлиханов.
Мұрағат материалдарынан, сондай-ақ Ш. Уәлиханов шығармашылығын зерттеушілердің еңбектерінен, оның қырғыз халық ауыз әдебиетінің тамаша ескерткіші - "Манас" жырының алғашқы болып ғылыми жазбасын жасағаны белгілі, сонымен қатар Шоқан бұл жыр үзінділерін орыс тіліне аударды. В. Жирмунский бұл жырды қырғыз халқының өткен тарихының поэтикалық энциклопедиясы ретінде бағалаған. Өз көлемі бойынша бұл танымал ескерткіштер: үндінің "Махабхаратасынан", гректің "Илиадасы" мен "Одиссеясынан" және Фирдоусидің "Шахнамесінен" бірнеше есе асып түсетіндігі туралы академик Қ. Жұмалиев жазды.
Ш. Уәлихановтың өзі халық шығармашылығының бүл тамаша туындысының мәнін былай анықтайды: "Манас" бүкіл қырғыз аңыздарының, ертегілерінің, әңгімелерінің бір уақытқа әкелінген және бір тұлға - батыр Манас жанына жинақталған энциклопедиялық жиынтығы. Бұл дала Илиадасы тәріздес. Қырғыздардың өмір салты, әдет-ғүрыптары, дәстүрлері, географиясы, діни және медициналық танымдары, және олардың халықаралық қатынастары осы үлкен эпопеяда өз көрінісін тапты... "Манас" тұтастық кейпіне ие көптеген дербес көріністерден құралған. Басқа "Самятей" эпосы "Манастың" жалғасы болады, және бұл бурят "Одиссеясы".
Ш. Уәлихановтың арқасында қырғыздың рухани мәдениетінің ескерткіші, тек қана қырғыз халқының емес, сондай-ақ қазақ, орыс және басқа халықтардың игілігіне айналды.
"Манас" жыры Шоқанның әдеби ізденістерінің тақырыбы болуы да, кездейсоқ емес. Ол "Манас" сияқты кесек туындының сараптамасы бүкіл халықтың эстетикалық дамуының ерекшеліктерін көрсете алатындығын жақсы түсінген. Ал Шығыс, Ресей және Батыс Еуропа халықтарының мәдени жетістіктерімен таныстығы, оған бүл жырды басқа халықтардың әдеби туындыларымен салыстыруға мүмкіндік берді. Жыр уақыт талабына сәйкес көптеген өңдеулерге түскендігі мәлім. Бұл өңдеулерді Шоқан Манас образы негізінде көрсетеді. "Басында Манас өзін шектен тыс әдепсіз ұстайды, өз әкесін тонайды және Жақып шал мен кәрі анасын мұқтаждықта қалдырады. Кейінгі көріністерде біз, әлсіздерді қорғайтын, қалмақтарға қарсы соғысып өзінің ерлік істерінің іздерін Жоңғарияда қалдырған батырды көреміз".
Жырдан Ш. Уалиханов орыс тіліне "Көкетай хан қазасы мен оның асы" бөлімін аударды. "Бұл үзінді Шоқанға өзінің шынайылығымен, тарихи-этнографиялық, шаруашылықтұрмыстық және заңды мәліметтерге толылығымен, Қазақстан аумағын мекендеген ертедегі тайпалардың қарым-қатынастары туралы мағлұмат беретіндігімен ұнаған" деп жазады Ә. Марғұлан.
Шоқан Уәлиханов қырғыздар манасшы деп атайтын, шебер айтушылардың орындауында аңыз-жырларды тыңдағанда халықтың алған жоғары эстетикалық ләззатын айтып өтеді. Дарынды манасшылар әңгімелерінің тыңдаушысын баурайтыны соншалық, бүкіл "Манасты" тыңдауға үш түн жеткіліксіз болса да, олардың ешқайсысы жырдың соңына дейін кетпеген. Шоқанның қазақ эпикалық туындылары мен өлеңдеріне қатысты да айтқан құнды эстетикалық пікірлері бар.
Шоқан Едіге мен Тоқтамыс туралы жырлардың үш нұсқасын қалдырды. Бұл батырлар жырының нұсқаларын ол Жұмағұл, Арслан ақындардан және басқа адамдардан жазып алған. Мұны ол суреттелген тарихи оқиғалардың анықтылығын, сондай-ақ аңыздың шығу тарихын анықтау мақсатында жасаған. Батырлар жырының үш нұсқасынан Шоқан кейінірек бір нұсқа жасады және сол нұсқадан ол, өз шығармаларында берілген аударманы жасады.
Шоқанның осы аңызға қатысты жазғаны мен түсіндірмелерінен бүл жырдың ноғай баламасымен, сондай-ақ Шығыстың басқа халықтарының аңыз-әңгімелерімен де үлкен ұқсастығы бар екендігі көрінеді. Ал Ш. Уәлихановты аңыздың тарихи тұлғалармен және шынайы тарихи оқиғалармен байланысы таң қалдырды.
Осы аңызда суреттелген XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында болған оқиғалар өздерінің эстетикалық мәнін біздің заманымызға дейін жоғалтпаған. Мысалы, "Едіге" жыры оқиғалар желісі бойынша XIV ғасырдың аяғына жатады, бірақ, шамамен, XV ғасырдың басында құралған. "Бұл қазір тілде жоқ, көптеген ескі сөздермен және сөз тізбектерімен дәлелденеді, айта кететін жайт, бүкіл рапсодияда бірде-бір парсы немесе араб сөзі жоқ, ал қазір ислам діні таралуымен, тіпті қарапайым халық өзара жай әңгімесінде де, осы тілдерден енген сөздерді пайдаланады".
Шоқан өзі 1841 жылы жазып алған "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырының да поэтикалық ерекшеліктерін өте жоғары бағалаған. Шоқан сілтемелерінен бүл жырдың қазақ халқының арасында ғана емес, сондай-ақ Шығыстың көптеген басқа халықтарының арасында да кең танымал болғандығы мәлім болады. Шоқан халықтың көркем шығармашылығын қаншалықты жоғары бағалағандығының дәлелі ол халық ауыз әдебиеті туындыларын жазып алумен ғана шектелмеген, ол көптеген шығармалардың мазмұны мен формасына талдау жасаған.
Міне, осындай талдаудың мысалы: "Жырдың тақырыбы әдетте ертедегі әйгілі халық батырының өмірі мен ерліктері болады. Ескерте кететінім, батыр өмірінің оқиғалары, оның ерліктері, басқаша айтқанда, оқиға желісін құрайтынның бәрі қара сөзбен баяндалады, өлең жолдары бас кейіпкер немесе ондағы катысушы басқа да бас кейіпкерлер сөйлеу керек болғанда ғана қолданылады". "Ер Көкше" және "Орақ батыр" жырлары туралы ол былай деген: "Олар мазмұны бойынша аса тарихи қызығушылық тудырмаса да, бірақ олардағы өлең жолдары ерекше әсерлі әрі үнді". Өз пікірлерінің дәлелі ретінде, ол дағдыдағыдай, сол жырлардан жазып алған үзінділерді келтіретін.
Халық өлеңдері мен олардың түрлері туралы (жыр, қара өлең, өлең және басқалары) және олардың қайсысын да таңдау оның мазмұнымен анықталатындығы туралы айта келе, Шоқан, мысалы, «өлең түрін әншілер ең қолайлы ретінде, импровизация үшін де қолдануға ыңғайлы санап және олар бұған үйреніңкірегендей, импровизация үшін де қолданатынын ескертеді. Әйгілі "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын атақты Жанақ маған өлең түрінде айтып берді" дейді . Ақын, немесе оларды Шоқан атағандай өлеңшілер, әңгімелердің формаларын өз талғамына сай және олардың мазмұнын тыңдаушыларына ашу үшін өзгертуге толық құқылы. Әдетте, әнді, жырды, әңгімені, аңызды және т.б. орындаушы ақын оларға өзінің кіріспесі мен қорытындысын қоса алады. Атақты Жанақ ақын "Қозы Көрпеш-Баян сұлуды" осылай жырлаған деп көрсетеді Шоқан Уәлиханов.
"Қырғыздардың поэтикалық туындылары: эпостар, мадақ өлең, жоқтаулар - қайтыс болған күйеуіне жоқтап жылаған әйел, ұлын жоқтаған ана өлеңі осылай аталады; тіптен сұрып салма ақындардың өлеңдерінде ұйқас пен өлшем бар және рудан - руға, ұрпақтан-ұрпаққа, ежелгі Грекияда Гомер өлеңдері рапсодаларымен берілгендей, ерекше қоғамдық тап – ақын - әншілермен ауызша жеткізілген, бұл ақындар халықтың ерекше құрметіне ие болған... өздеріне атақ пен байлық жинаған".
Ш. Уәлиханов халық ауыз әдебиетіне өзінің эстетикалық қатынасын көрсетті. Ол қазақ және қырғыз халықтарының өлеңдері мен эпостарының тамаша талдау үлгілерін қалдырды: Абылай туралы ән, Орақ әндері, Абылай, Шуна батыр және басқалары. Орыс реализмі дәстүрін ұстанып, Ш.Уәлиханов өнерді қоғамдық күрес құралы ретінде қарастырды. Оның шығармашылығы халыққа қызмет ету идеясымен рухтанған. Шоқан шығармашылығы өнер мен қоғамдық өмірдегі барлық реакциялықты, кер тартпалықты айыптаушылыққа толы.
Шоқанның халық бұқарасының мүддесін жалынды қорғағандығы туралы, оның ақын А.Н. Майковқа жазған хатынан алынған келесі үзінді баяндайды: "Жергілікті қара сүйек сұлтандармен және байлармен тату емеспін, өйткені олар өздерінің бұрынғы құлдарына нашар қарайды, құлдар енді еркін болса да, қалай кетерін білмей, соларда тұрады. Мен оларға жалақы төлеулерін және адам сияқты қарауларын бірнеше рет талап еттім, олай болмаған күнде заңмен қорқыттым. Оның есесіне дала пролетариатымен мен үлкен достықтамын және тез тіл табысамыз". Шоқан Уәлиханов, сол уақыттағы Ресейдің әдеби ортасында айтылып жүрген әртүрлі көзқарастар жөнінде көбінесе өзінің келіспеушілігін білдірген немесе күмәнін айтқан. Мысалы, ол өзінің досы ақын Аполлон Николаевич Майковқа Достоевский журналында берік позицияның жоқтығы туралы жазды. "Өзара айтқанда, мен олардың негіздерін, халықтығын түсіне алмаймын, бірде славянофильдік,
бірде нағыз батысшылдық иісі шығады, татуласуы көрінбейді, әлде оларға бұл татуласу сәті түспейді ме? Менің ойымша, соның бірі: не батыс үлгісі бойынша өзгерістер, не ескіні ұстанып, тіпті ескі дінге құлшылық ету қажет. Қытайдың біреуден ілгері, біреуден кейін болуы енді іске жарамсыз. Бокль айтқандай ұлттық қасиеттер жоқ, ал білім жалпы адамзаттық болуы тиіс. Ал халықтық сипатты ол өзінен-өзі, тұрғылықты жер әсерінен, біздің тіл және әдет-ғұрыптарымыздың әсерінен алады. Біздің тарихымыздың жоқтығы, мәлім".
Берілген хат үзіндісінен, даладағы өмір, оның ғылыми әлемнен алыстығы Шоқанның көзқарастарына өте ықпал еткендігін білдіреді. Қазақтардың тарихы жоқ деген пікірмен келісуге болмайды. Бұл оның басқа көзқарастарының, бүкіл оның ғылыми шығармашылығының рухына қайшы келеді. Эстетиканың көптеген мәселелері бойынша да ол оз ойларын ақырына дейін айқын айтпайды. Бұл қазақ даласына алдыңғы қатарлы көзқарастардың кешеуілдеп келуімен түсіндірілуі мүмкін. Міне сондықтан да ағылшын идеалисі Генри Томас Бокльдің ойлары ешбір сынсыз бұл хатта жазылған.
Қажетті әдебиеттің жеткіліксіздігі мен өзінің сол кездегі көптеген әдеби мәселелерді білмегендігін, Шоқанның өзі де мойындаған. Сол хатында: "Сізден кейбір әдеби жанжалдар мен ғылыми сынды білу қызықты болар еді", - деп жазады ол
Бірақ бұл, ол әдебиет пен өнер мәселелерімен айналыспады дегенді білдірмейді. Шоқан әркез халық шығармашылығын жинады және зерттеді, осы саладағы оз танымдарын ғылыми әлемге жеткізуге ұмтылды. Мұны оның өз достарына - халық шығармашылығы саласындағы өз зерттеулерін баспадан шығару туралы өтініштері дәлелдейді. Мысалы, оның бір хатында былай деп жазылған: "Санкт-Петербург хабарларының" Орта Азия мен қырғыз даласы жағдайы туралы корреспонденті болғым келеді... Мүмкін болса, "Отечественные запискида", орыс ертегілеріне ұқсас қырғыз ертегілерін жариялайды ма және менің қырғыз шамандығы туралы зерттеулерімді, Алтын Орда тарихына жаңа көзқарас тудыратын, сондай-ақ орданың құлауы себептерін түсіндіретін қырғыз өлеңдерін баспадан шығару туралы білуге бола ма екен".
Ш.Уәлихановтың жолсапар дәптерлерінде, ғылыми еңбектерінде өзі болған жерлердің назар аударарлық орындары, түрлі халықтардың тұрмыстық заттары жоғары көркем талғаммен суреттелген. Ол домбыра, қобыз және басқа халық музыкалық аспаптарын суреттеген. Ш. Уәлиханов шығармалары, бізге оның әдеби еңбектерінде көркем шығармашылықтағы форма мен мазмұн сияқты, эстетикалық категориялар ашылғандығы туралы қорытынды жасауға толығымен негіз бола алады. Ол эстетиканың, әдебиеттің халықтығы деген мәселені де зерттеді. Ол фольклор бастауының халықтық екендігін, халық өміріндегі өнердің үлкен рөлін атап көрсетті.
Қоғамдық өмір құбылыстарын түсіндіруде, Ш.Уәлиханов, оның көптеген замандастары секілді, жалпы идеалистік позицияда қалды. Ол рулық - феодалдық қоғамның барлық қарама-қарсылықтарын шешудің жолын халыққа білім беруден іздейді. Бұл ойды біз оның эстетикалық пікірлерінен де байқаймыз. "Біздің халықтың өте бай әрі поэтикалық құндылығы бар, сондай бағыттағы Шығыс туындыларына қарағанда, индогермандық эпостарға жақын әдебиеті бар. Сайып келгенде, барлығынан маңыздысы,
біздің қоғамдық дамуымыздың формалары олардың мәдени дамуының жетістіктерімен үйлестік қуратын дәл сол табиғилық кезеңде тұр, осы фактіге біздің болашаққа деген барлық үмітіміз негізделген. Біз Батый татарларының ұрпағы ретінде орыстармен тарихи және тіпті қандық туыстықтамыз".
Әлеуметтік мәселелерге қатысты мұндай тұрақсыз көзқарас оның кінәсі емес, ол сол уақыттағы бүкіл казак қоғамының қасіреті. Ш. Уәлиханов 60-жылдардағы, Ресейдегі революцияшыл демократтардың дүниетанымы деңгейіне көтерілмеді. Сондықтан ол ағартушылық позициясында қалды. Қазақ халқының мүддесін ойлап, Шоқан Ресеймен жақындастық, қазақ халқының экономикалық және мәдени дамуына жол ашады деп санады. Ал сол кезде қазақ халқын да, Ресей бодандығындағы барлық халықтарды да тәуелсіздікке әкелер жолды ол түсіне алмады.
Ш. Уәлихановтың бастаған ісін, педагогика саласында қазақтың екінші ағартушы демократы Ыбырай Алтынсарин жалғастырды. Ол да артында эстетика мәселелері бойынша арнайы еңбектер қалдырған жоқ. Оның эстетикалық көзқарастары педагогикалық қызметінде көрініс тапты. Ол ағартушылық арқылы қазақ халқының жалпы мәдени деңгейін көтеруге тырысты, сауатсыз адамның эстетикалық құндылықтарға ғана емес, жалпы мәдениеттің ең төменіне де қолы жетпесін айқын түсінді. Ы. Алтынсарин өз халқының көркем шығармашылығын жоғары бағалады және ағартушылық оған өмірдегі де, өнердегі де барлық әсемдікті дұрыс түсіндіруге әрі бағалауға мүмкіндік береді деп санады.
Ы. Алтынсарин, өзінің педагогикалық қызметінің мақсаты халықтың сауатын ашу ғана емес, мүмкін қазақтарды озық мәдениетпен кеңірек таныстыру болған шығар деп есептеді. Бұл туралы ол "Қазақ хрестоматиясының" кіріспесінде жазады: "Бұл кітап ғылыми әрі жалпы пайдалы орыс кітаптарына, тікелей соңғысына өзінің мазмұнымен де, әліппесімен де қайшы келмей, тікелей жол бастаушы болып қызмет етуі үшін жазылды". "Марқұм Ы. Алтынсарин қазақ даласында болған уақытта бүкіл өмірі өзінің сүйікті қырғыз (қазақ - Б.Қ.) халқына білім беруге жұмсалды. Ол халық өмірін жіті бақылаған және оны терең түсінген".
"Орынбор парағы" газеті қазақ мәдениетінің дамуындағы Ы.Алтынсарин рөлін атап өтіп, көшпелі қазақтар үшін Ы. Алтынсарин еңбектері, оның өзіндей аса қымбат екендігі, мұны Ресейде зиялылар әдебиетінің мәнін білетіндер ғана түсіне алатыны туралы жазды. Халық Ы. Алтынсарин тұлғасында бүкіл халықтың, оның рухының, ақыл-ойының, әдетғұрпының, мінез-құлқының және жалпы оның өмірі көрініс тапқан батырды көруге дайын. Бұдан былай делінеді әрі қарай, көшпелі Азия прогресс жолына түсті, фанатизмді, ырымшылдықты қабыл алмайтын, өмірлік жолын таңдады деп ойлауға болады. Ы. Алтынсаринге дейінгі қазақ халқының арасынан шыққан ұлы ойшылдар мен ақындар мұндай айқын көрінбейтін, олар даладағы қасірет пен кемшіліктер арасында адасатын, өздерінің туа біткен таланттарына, өздерінің данышпандығына қарамастан, жазу құралымен өз халқына бүкіл пайдасын тигізуге күштері болмады.
Ы. Алтынсарин кейпінде біз, діни фанатизмге және ол қолдайтын білімсіздікке қарсы шыққан, қазақ халқының білім алуы мен эстетикалық білімі жолындағы күрескер, түңғыш ағартушы демократты көреміз. Орыс-қазақ және қазақ мектептеріне ол үлкен үміт артты, бүл мектеп оқушылары отбасыларында, жақын адамдар ортасында, исламдық көзқарастар ықпалынан дербес жаңа озық мәдениеттің насихаттаушылары әрі жол бастаушылары
болуы керек деп санады. Ы. Алтынсарин бұл мектептерде оқыту медреседегідей татар немесе араб тілдерінде емес, ал ана тілі - қазақ тілінде болуы үшін күресті, ана тілі күнделікті өмірде ғана қолданыс таппай, қазақ халқының кітап тілі, мәдениет тілі болуы үшін ат салысты. Ы. Алтынсарин қазақ даласындағы қыздардың да білім алуының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы болды. 1887 жылы оның өтінішімен Ырғызда қазақ қыздары үшін училище ашылған болатын. Бұл училищенің қазақ қыздары үшін қандай үлкен тәрбиелік мәні болғандығын дәлелдеу артық болар.
Ы. Алтынсарин орыс тілін білуге де үлкен мән берген. Ол қазақ халқы орыс тілінің көмегімен озық мәдениет үлгілерімен таныса алады деп санаған. "Табиғи ақыл, оны қоршаған ортаны ғана қамти алады, оны дамыту және көрмегенді де тануға қабілетті ету, тек ғана білім алу арқылы мүмкін. Біз мұны түсінеміз және өз балаларымызды орыс қырғыз мектептерінде ынтамен оқытамыз".
Ы. Алтынсарин Шекспир, Байрон, Гете, Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Фирдоуси, Низами және көптеген басқа да әлемдік әдебиет классиктерінің шығармаларын өте жақсы білген. Ол өзінің бүкіл орыс, батыс және шығыс әдебиетінен алған білімін, ағартушылық қызметін жүргізу арқылы, оларды туған халқына жеткізуге ұмтылды.
Сонымен қатар ол өз күшін қазақ халқының шығармашылығының ең озық үлгілерін баспасөз көмегі арқылы жариялап отырды. Бұл туралы оның өзі былай жазды: "Бұл кітапты ("Қазақ хрестоматиясы") құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде түңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын; екіншіден, кітапта келтірілген әңгімелер негізінен қырғыздар рухында болғандығын көздедім".
Ы. Алтынсарин жалпы қазақ халқының өміріндегі кітаптың және өзінің "Қазақ хрестоматиясының" мәнін осылай бағалаған. Ол өз алдына Қазақстанда жоғары мәдениетті, орыс, батыс және шығыс әдебиетін білетін, халықтың қалың бұқарасына өз білімін таратуға қабілетті адамдарды дайындау міндетін қойды. Ал бұған Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда халық мектептері арқылы ғана қол жеткізуге болатын. Ол әрбір мектеп жанында кітапхана болуын қадағалады, өйткені кітаптарды оқымаса ешқандай білімділік туралы айту мүмкін емес.
Қазақтардың эстетикалық дамуы туралы қамқорлық жасап, Ы. Алтынсарин мектеп бағдарламаларына орыс жазушыларының шығармаларын енгізген, балалардың Крыловтың мысалдарын, Лермонтовтың және басқа орыс ақындарының өлеңдерін жаттап алуын талап еткен. Ы. Алтынсарин мектептерінің барлығында ән сабағы болған және гимнастика енгізілген еді. Оның өзі 60-жылдардағы орыс зиялыларының озық ойларында тәрбиеленген және сол кездегі демократиялық ағартушылық ұстындарына жақын болған. Ы. Алтынсарин - Чернышевский мен Добролюбов еңбектерін жоғары бағалап, олардың демократиялық идеяларын өз халқының эстетикалық мәдениетінің дамуына пайдаланды. "Мен әрқашан оған шын ықылас білдіретінмін, әсіресе, мен оның бойындағы орыс біліміне деген қызу әуестігін және қырғыздар (қазақтар. - Б.Қ.) үшін бұл білімнің қажеттілігі туралы тұрақты ойын бағаладым".
Ы. Алтынсарин шығармаларында, сондай-ақ хаттарында оның білімге көзқарасы, қазақтардың білім алуы туралы түсінігі және оз халқын ағартуға деген ыстық талпынысы
толығымен көрініс тапқан. Өз ойларын жүзеге асыру үшін ол казак мектептері мен өз халқының ана тілін пайдаланды. Қазақтар үшін, басқа халықтардағыдан, оларға түсінікті тілде жазылған, оқыған кезде олардың ақылы мен ойларына әсер ететін кітаптар қажет"' деп жазды. Қазақ даласында мәдени-ағартушылық ошақтарының жоқтығына күйініп және олардың қажеттілігін айқын түсініп, Ы. Алтынсарин В.В. Катаринскийге жазған хатында былай дейді: "Халық, көшпелі кезеңде тұрғанда, өзіне қандай да бір өнегелік азық талап етеді және бүл азықты қажетінде надан қолдана алады, оны асыға сіңдіріп өзінің сау ағзасын құртады". Бұл жерде ол қазақ халқы арасында молдалар таратып жүрген, көпшіліктің санасын уландыратын діни кітаптар туралы айтқан. Сондықтан өзінің ағартушылық қызметінің мақсаты етіп - қазақ халқын жабысқақ молдалар ықпалынан барлық күшін салып және барлық тәсілдерді пайдаланып қорғауды қойды. Өзінің бұл ойын ол қазақ халқы арасында озық орыс әдебиет үлгілерін тарату жолымен іске асырды. Халықты ағарту міндеттерін Алтынсарин қазақтардың өмір сүру жағдайларымен тығыз байланыстырды. Ол мектептер қазақтардың өмір салтына сәйкес болуы қажет деп санады, олар "көшпелі мектептер болуы керек: жазда қазақ ауылдарымен жайлауға көшуі, ал қыс мезгілінде - қыстаулар жанында болуы керек". Осындай жағдайда ғана балалардың көбін мектепте оқыту мүмкін. Жүйелі түрде қазақ халқының тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын, мәдениетін танып, Ы. Алтынсарин өз жұмыстарында қазақ этнографиясының көптеген мәселелерін зерттеді әрі қорытындылады.
Ол өзінің "Қазақ хрестоматиясы" атты кітабында: "Сәтемір хан", "Ізбасты", "Байұлы", "Жәнібек батыр", "Қара батыр", "Жиренше шешен", "Қара қылыш", "Лұқпан дана" және көптеген басқаларда қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинады, жүйеледі және жарыққа шығарды.
Ы. Алтынсариннің қазақ халқының эстетикалық мәдениетін дамытудағы рөлі оның әдебиет саласындағы қызметінде айқын көрінеді. Ол ұлы ұстаз ғана емес, сонымен катар этнограф, жазушы, ақын және аудармашы болған. Өз кезеңінде оның этнографиядан жазған мақалалары Ресей географиялық қоғамының назарын аударған, ал қазақтардағы құда түсу мен үйлену тойы, жерлеу мен ас беру салттары туралы жазған очеркі осы күнге дейін оз мәнін жоғалтқан жоқ...
Ы. Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелерінде оның өз халқына деген шексіз сүйіспеншілігі және қысым көрсетушілер мен қанаушыларға деген өшпенділігі көрініс табады. Бұл әсіресе "Таза бұлақ", "Бай баласы мен жарлы баласы", "Азған елдің хандары", "Әділдік көрмегені үшін төреге айтылған сөз" және басқа шығармаларында айқын бейнеленген. Оның шығармаларында қазақ халқының өмір сүру жағдайы, оның барлық жақсы және жаман жақтары шынайы суреттелген. Ауылдағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін ашып, ол былай жазды: "Азған елдің хандары, Тақ үстінде отырғандары. Жарлыдан алып, байларға "Сыйлап берсе" керек-ті"
Оның өлеңдері гуманизм идеяларына толы, өз өлеңдерінде Ы. Алтынсарин қарапайым халықты өз қадірін сезінуге шақырады: "Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен, Кете бар кессе басың шындықпенен! Қорек тап бейнеттен де, тәңірім жәрдем, Телмірме бір адамға мұңдықпенен". Ы. Алтынсарин шығармаларында өнерге деген оз қатынасын білдіреді, қоғамдық өмірдегі әдебиет пен өнердің орны мен рөлін түсіндіреді. "Ы. Алтынсаринге дейін қазақ әдебиетінде әдебиеттің қоғамдық рөлін айқын түсінген қайраткер болған жоқ" , - деп жазады Ә. Дербісалин.
Ол әдебиеттің ең маңызды міндеті ақиқат болмысты шынайы көрсету, ал жазушының шығармашылық міндеті - халық пен қоғамға қызмет ету деп санады. Өз шығармаларында ол қазақтар өмірінің көп қырын көрсетті. Ы. Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелері, оның табиғат пен адам сезімдерінің сұлулығын қалай түсінгендігін көрсетеді. Оның "Жаз", "Көктем", "Өзен" және басқа өлеңдерінде адамның әдемі сезімдерімен үндес ғажайып табиғат суреттері берілген: "Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен, Құдайым дәрмен бол деп етер кәрмен... Бір малы шаруаның екеу болып, Қыстаудан ел шығады алуан-алуан, Күлісіп, құшақтасып әділ етер, Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған... Кеш болса күн қонады таудан асып, Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып, Аһ ұрып шүкіршілікпен құшақтасар Рақатпен кеш уақытында неше асық ... Боз үйден таң алдында күйеу шықса, Артынан қарар жары жүзін басып'".
Оның "Жаз" атты өлеңінде табиғат сұлулығы адамдарға қаншама қуаныш әкелетіндігі туралы айтылады: "Жақындар құдайымның көктен күні, Тең болар жарлықпенен күн мен түні. Аспаннан рақыммен күн төнгенде, Қуанып қыбырлайды жыныс - жыны. Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша Жайқалып шыға келер жердің гүлі" Адамзат сайран етер көңілі жай, Секіріп ойын салар құлын мен тай. Қой маңырап, сиыр мөңіреп шат болады, Тасиды күркіресіп өзен мен сай. Аяғын алшақ басып түйе шығар, Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай".
Ы. Алтынсарин өлеңдерінде суреттелген табиғат, лирикалық кейіпкер халыққа өздерінің әсем сезімдерімен және асқақ талаптарымен жақын әрі түсінікті. Оның "Өзен" атты өлеңі бұған дәлел бола алады: "Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған, Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады, Өксіген оттай жанып жануарлар Өзеннен рақат тауып басылады." "Он мың мал айдап өтсең де лай қалмайды, Тасыса, су бармаған сай қалмайды. Тасыған өзен - судың қуатымен Көк шалғын шөп бітпеген жай қалмайды. Ел қыстап күн көреді жаныбында..."
"Жаз", "Көктем", "Өзен" өлеңдерінде табиғат құбылыстарындағы сұлулық аса әсерлі суреттеліп қана қоймай, қазақтардың халық шығармашылығының барлық көркемдік поэтикалық жақтары және Ы. Алтынсариннің ақындық шеберлігі де көрініс тапқан. Табиғаттың әсем көріністерін суреттеп, оқырмандарға қуаныш пен шабыт сезімдерін тудырды. Ол өз өлеңдері мен әңгімелері арқылы халық үшін пайдалы озық идеялар мен талпыныстарды таратты.
Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері тілі жағынан да, мазмұны жағынан да терең, халықтық. Оның шығармалары қарапайымдылығымен, заттарды терең түсінумен және сонылығымен ерекшеленеді. Өз шығармаларында Ы.Алтынсарин жалпы адамзаттық идеяларды дәріптеді. Осы жағдай оның шығармаларын замандастарына ғана емес, біздің уақытымызда да жақын әрі түсінікті етеді. Ы. Алтынсарин орыс тілінен қазақ тіліне аударуға көп көңіл бөлді және күш салды. Ол ана тіліне К.Д. Ушинскийдің, Л.H. Толстойдың әңгімелерін, сондай-ақ Крылов мысалдарын және көптеген басқа шығармаларды аударды.
Ол аударма жасағанда қазақ қоғамының қызығушылығы мен талғамын ескеріп отыруға тырысты. Сондықтан бұл шығармалар қазақтарға өте жақын әрі түсінікті болды және халық арасында өте тез таралды. Ы. Алтынсарин балаларды жоғары өнегелік пен мәдениет рухында тәрбиелеуге көмектесетін шығармаларды ғана аударды. Зерттеуші Ә. Дербісәлин көрсеткендей, "оның аудармаларының негізгі тақырыптары: еңбек, адамсүйгіштік, адал достық, қарапайымдылық, үлкендерді құрметтеу, сыпайылық және т.с.с." болды. Ы. Алтынсарин шығармаларында да, аудармаларында да ағартушылық идеялары, халық мүддесі туралы қамқорлығы айқын байқалады.
Алғашқы халық поэзиясының жинақтарын және халық оқуына арналған алғашқы кітаптарды құрастыру бастамасы Ы. Алтынсарин еншілігінде. Торғай облысының қазақтары Ы. Алтынсарин шығармаларынан өнегелік ақиқаттар мен озық мәдениеттің жалпы адамзаттық идеяларын көргендігі туралы жазды. Оның жастарға айтылған өсиеттері таза, мейірімді жүректен төгіледі және өмірдегі барлық әсемдіктен ләззат алу, еңбек ету, білім алу ынтасын тудырады. Ы. Алтынсариннің жанында әрқашан одан орыс тілін үйренетін, оның шығармаларын оқитын және халық арасына тарататын жастар болған.
"Баспадан Ы. Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелерінің қазақ тілінде шығуы қазақ халқының өміріндегі үлкен маңызы бар оқиға болды және халық оны қуана қарсы алды"'. Қазақ жастары Ы. Алтынсарин туралы үлкен құрметпен пікір айтты және оның қазақ
халқының эстетикалық дамуындағы еңбегін жоғары бағалады. Ы. Алтынсарин жастардың рухани өсуіне ықпал етті және олардан қазақ даласында озық эстетикалық ойларды таратуға қабілетті болатын қазақ зиялыларын тәрбиелегісі келді. "Орынбор листогы" газетінде жарияланған бір мақаласында Ы. Алтынсарин еуропалық дипломаттар қазақтарға "жақсы жауынгер, тамаша егінші және табиғатынан мал өсіруші ретінде ғана" қарайды, - деп жазды. Ы. Алтынсарин қазақ зиялыларының міндеті қазақ халқын өркениетке араластыру деп түсінді.
Жас әрі аз қазақ зиялылары Алтынсаринді бүкіл жақсылық йен әсемдікке тәрбиелеуші ұстаз ретінде қабылдады. "Алтынсарин мырзаның шығармалары әдебиетте бірінші орынды алады және бірінші орында болуы тиіс, біз үшін ол Ломоносов ғана емес, қазақ ағартушылығының түңғыш апостолы да" деп жазды олар.
- Абай Құнанбаевтың эстетикалық көзқарасы
Қазақ халқының эстетикалық ойының шыңы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ағартушы - демократ Абай Құнанбаев шығармашылығы болды. Егер Шоқан мен Ыбырайдың эстетикалық көзқарастары осы күнге дейін ғалымдардың зерттеулерінің арнайы тақырыбы болмаған болса, Абайдың эстетикалық көзқарастары қазақтың көрнекті жазушылары, әдебиеттанушылары, өнертанушылары М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Сильченко, А.Жұбанов, М.Қаратаев, Б.Ерзакович, З.Ахметов еңбектерінде жарық көрді. Бұл авторлардың еңбектерінде Абайдың эстетикалық көзқарастарының және ұлы орыс революцияшыл демократтары - Белинский, Чернышевский және Добролюбов көзқарастарының үндестігі туралы, сондай-ақ Абай өзінің көркем шығармашылығында реалистік орыс, батыс және шығыс әдебиетін кең пайдаланғандығы туралы айтылған. Жарық көрген Абай шығармашылығы туралы ғылыми еңбектер мен диссертацияларда оның шеберлігі, омың поэзиясы мен прозасының қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихи дамуындағы рөлі мәселелері көрініс тапты.
Абайдың философиялық мұрасын талдауға көңіл аз бөлінді. Профессор К. Бейсембиевтің "Абай Құнанбаев дүниетанымы" атты бір ғана жұмысы бар, бұл да, автордың мойындауынша, "әдебиеттану саласында маман болмағандықтан, ақын - ойшылдың негізгі эстетикалық түсініктеріне қысқаша ғана тоқталуды жон көрдім" - деп жазды ол. Сонымен, философия тұрғысынан Абайдың эстетикалық көзқарастарын тыңғылықты зерттеген еңбектер әлі жоқ. Біз шамамыз келгенше, бұл кемшілікті толтыруға тырысамыз. Абайдың эстетикалық көзқарастары оның дүниетанымының негізгі бөлімін құрайды. Оның шығармаларын мұқият зерттеу барысында, Абайдың көркем шығармашылыққа талдау жасағанда оны реалистік тұрғыдан қарастырғанын көреміз. Ол даму бастауы мен өнер мазмұны, адам өзінің шығармашылық іс-әрекеті барысында танитын, шынайы болмыс деп санаған.
Н.Г. Чернышевский, "ең жоғарғы сұлулық дегеніміз өнер тудырған сұлулық емес, адамның болмыс әлемінде кездестіретін сұлулығы екендігі, ақиқат" - деп дәлелдеген. Осындай пікірді біз Абайдың қырық үшінші қара сөзінде кездестіреміз, бүл сөзінде ол дәстүрлі біліммен қанағаттанбай, оларға сыни қарауға шақырады. "Сыншыл ақылы бар, сараптауға қабілетті, керексізден керектіні ажырата білетін адам, әдетте, күшті рух иесі болады. Ал кімде-кім естігені мен көргені туралы ойланбаса, ол жаңаны қабылдамақ түгілі, ескі танымдарын да жоғалтып алады" . Басқа сөздермен айтқанда, Абай адам өмірі мен оны қоршаған болмыс арасындағы диалектикалық байланысты көрген.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру