TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 41 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 41 том

«Бабалар сөзі» сериясының 41-томына «Қарасай, Қази» жырының Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрпейіс Байғанин, Құдайберген Шоқаев, Мүстежеп Ахметұлы, Ш.Кәрібаев нұсқалары енді.

Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды

Құл-Мұхаммед М., төраға
Досжан А., төрағаның орынбасары
Асқаров Ә., жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:

Абдрахманов С.
Аяған Б.
Әбусейітова М.
Әйтімова Б.

Әлімбай Н.
Әуезов М.
Базылхан Н.
Байпақов К.

Биекенов К.
Бурханов К.
Ертісбаев Е.
Кенжеғозин М.

Қасқабасов С.
Нысанбаев Ә.
Өмірбеков Б.
Салғара Қ.

Сариева Р.
Сейдімбек А.
Сұлтанов Қ.
Таймағамбетов Ж.

Тұяқбаева Б.
Хұсайынов К.
«Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасын

іске асыру жөніндегі
қоғамдық кеңестің құрамы

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Батырлар жыры
41 том

ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Қосан С. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Ақыш Н., Әкімова Т. Томның ғылыми түсініктемелерін жазып, баспаға дайындаған: филология ғылымдарының кандидаты С.Cәкенов Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2007. Т. 41: Батырлар жыры.—2007.—448 бет. ІSBN 9965-35-381-6 «Бабалар сөзі» сериясының 41-томына «Қарасай, Қази» жыры­ ның Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрпейіс Байғанин, Құдайберген Шоқаев, Мүстежеп Ахметұлы, Ш.Кәрібаев нұсқалары енді. Б 00(05)—07

ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-381-6 (т. 41)
© Әдебиет және өнер институты, 2007

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2007

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­
кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын

әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған қырық томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып са­
налатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқанда,

бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни
дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз томы,
тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының сегіз томы,
сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп, баспа

бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы қазақ
фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат
қазынасы—фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­
дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен

қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін
жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның
41-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Қарасай,

Қази» жырының мынадай алты нұсқасы топтастырылды:
Мұрат, Қашаған, Нұрпейіс ақындар және Шоқаев Құдайберген
мен Мүстежеп Ахметов жырлаған нұсқалар, Ш.Кәрібаев
әзірлеген, «Әдебиеттік оқу кітабының» (1944 ж.) құрамына кір­

ген, жырлаушысының кім екені көрсетілмеген нұсқа.
«Қарасай, Қази» жырының бізге отыздан астам нұсқасы
сақталып, жеткен. Бұл жыр ежелден келе жатқан ғажайып
эпикалық мұра—«Қырымның қырық батыры» атты жыр­

лар циклының құрамына енген қаһармандық эпос үлгілерінің
бірі. Жырдың нұсқаларын халық арасына таратушылардың

батырлар  жыры
қатарында
Мұрат
Мөңкеұлы,

Қашаған
Күржіманұлы,
Нұрпейіс Байғанин, Нұртуған Кенжеғұлұлы сияқты ақиық
ақындар, А.Байтабынов, Қ.Иманғалиев, Жақсылық, Наурыз­

бек, Төренияз және одан да өзге жыршылар мен жыраулар бар.
Нұсқаларының көптігін және ол нұсқалардың арасында азды-
көпті айырмашылықтар орын алатынын ескере отырып, «Баба­
лар сөзі» жүзтомдығының қырық бірінші, қырық екінші том­

дарына «Қарасай, Қази» жыры нұсқаларының үлгілерін енгізу
жоспарланып отыр.
Көркемдік, танымдық-тағлымдық жағынан зор мән-маңызы
болуына орай, кезінде үлкен сұранысқа ие болғаны Мұрат

ақын жырлаған нұсқасының 1924, 1943 жылдары баспа бе­
тін көруінен, Нұрпейіс жырлаған нұсқасының ақынның 1946
жылы баспа бетін көрген «Таңдамалы шығармалар» атты кі­
табына енуінен, енді бір нұсқасы 1944 жылы жарық көрген, 5-

сыныпқа арналған «Әдебиеттік оқу кітабының» құрамына енген
сөз өнері үлгілерінің қатарынан орын алуынан, Қ.Жұмалиев,
Ә.Марғұлан және тағы басқа көрнекті ғалымдардың іргелі
зерттеулерінің нысанына айналуынан аңғарылатын «Қарасай,

Қази» жырының жариялануына, зерттелуіне ұзақ уақыт бойы
тыйым салынып келді. Бұған ВКП(б) Орталық Комитетінің 1944
жылғы 9 тамызда қабылданған Татар партиялық ұйымындағы
бұқаралық-саяси және идеологиялық жұмыстарды жақсарту

жөніндегі шаралар туралы қаулысы мен Қазақстан Компарти­
ясы Орталық Комитетінің 1947 жылы қабылданған Қазақ КСР
Ғылым академиясының Тіл, әдебиет институтының жұмысы
туралы қаулысы себепші болғаны белгілі.

Солақай саясаттың осындай зардабын жою оған мүмкіндік
туған кезеңнің өзінде де баяу жүзеге асырылып келгені «Қара­
сай, Қази» жырының жариялылық заманы орнағаннан кей­
ін жарық көруі 1988 жылы Қ.Иманғалиевтің орындауындағы

күйтабақтың шығарылуымен, Мұрат ақын жырлаған нұсқаның
Х.Досмұхамедов еңбектерінің жинағында және «Алқаласа,
әлеумет» (1991) жинағында қайта басылуымен, Қашаған
Күржіманұлы нұсқасының ақын шығармаларының «Топан»

атты жинағына енуімен, Сейіт жырау нұсқасының Қытай
Халық Республикасында шығып тұратын «Мұра» журналының
1990 жылғы 2-санында жариялануымен және Мұрын жырау­
дан жазылып алынған «Қырымның қырық батыры» жырлар

орақ  билән  мамай  батырдың  хикаясы
циклының 1989 жылғы, 2005 жылғы басылымдарында да бұл
жырдың бір нұсқасы болуымен ғана шектелетінінен айқын
аңғарылады.

Демек, нұсқаларының басым көпшілігі осы кезге дейін жа­
рияланбай, оқырман қауымының назарынан тысқары қалып
келген «Қарасай, Қази» және «Әділ сұлтан» жырларының
алдағы уақытта оқырманмен қауышқалы отырған екі томдық

жинағы мәдени мұраны танып-білу, игеру, халық игілігіне асы­
ру бағытында жасалған елеулі қадам екені анық.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті қырық бірінші томы
көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосым­

шалармен толықтырылды.
Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған
түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­
тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,

эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­
ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын
тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі—28 б.т.

М Ә Т І Н Д Е Р

Өткен заманда Мұса деген би болыпты. Мұса биден отыз
ұл қалады. Отыз ұлдың ішінде Мамай би болып, ел билейді,
Орақ батыр болып, ел қорғайды. Мамай мен Орақ билік пен
батырлықты қатар жүргізіп, еліне өте қадірлі болады. Мұса

бидің қалған балалары, басы—Қарабатыр, Тілеке, Алшы,
Исмайыл, Тобаяқ дегендер болып, бұларды күндейді. Бұлар
Орақтың алмас қылышын жасырып алып, түнде Орақ жатқан
үйдің есігіне көлденең құрып қойып, ауылды айнала жылқы

қуып, «Жау келді! Аттан, Орақ! Аттан!»—деп айқай салады.
Төсекте жатқан Орақ сыртқа жүгіре шығамын дегенде, есіктегі
құрулы алмасқа ұшырап, жараланады. Осы жерде Орақ өледі.
Орақтың артында Қараүлек деген шешесі, бір аяғы ақсақ, бір

көзі соқыр қатыны, Қарасай, Қази деген екі баласы һәм Қибат
деген бір қызы қалады.
Қарасай, Қази жасынан-ақ батыр болып, атасының дұш­
пандарымен көп жауласып, Орақтың елін қайта меңгеріп

алады.
Орақ ауырып жатқанда Ақмырза деген досының айтқаны:

—Ебей басты құба үлек,

Сенен соң жүк көтерер түйе жоқ!
Айғыры өлген ақ байтал,
Сенен соң ат туарға бие жоқ!
Бұ сөзімде жүйе жоқ,

Ертеңнен кешке зарласам,
Есіркер бізді ие жоқ!
Арыстан сынды ер Орақ
Жатыр екен бүгіліп,

Қарасай, Қази
(Мұрат Мөңкеұлы нұсқасы)

батырлар  жыры
Әділ жаннан түңіліп.
Досыма жаман түс көріп,
Бір ұқсаусыз іс көріп,

Ертеңменен мен жазған
Шыға да салдым жүгіріп.
Көтерсем басын, тұрмайды,
Отырмын жаман түңіліп.

Жел жағыма желпілдеп
Жапанға біткен бәйтерек
Ортасынан шарт сынып,
Екі басқа көрінді.

Дұшпанға сенген қан жұтар,
Жазған, ақылың неден бүлінді?!
Қай жаманға тастайсың
Орда байтақ еліңді?!

Аңдып жүрген көп жаман,
Сындырған екен беліңді!
Қапылықпен кеттің бе,
Бір сермемей қолыңды!

Артыңа тастап барасың
Алған бір жұпты теліңді.
Қарасай мен Қазидай
Жас қалдырдың төліңді.

Тілесек бізге берер ме
Бұ секілді өлімді?!
Жарылқаса Жасаған,
Шәйіттің кеттің жолында!

Сарғайғанмен, сарғайып,
Қиямет болмай, көрмек жоқ.
Қош, аман бол, жан достым,
Ұжмақтың болшы төрінде!

Орақтың қайырған жауабы:

—Ақмырза досым, келдің бе,

Орақты жатқан көрдің бе?
Мен сөйлейін, сөз тыңда,
Зейініңді қой да, тез тыңда.
Қос-қос орда, қос орда

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қосылып қонбас менен соң.
Қоспақ өркеш нар түйе
Бұрынғыдай қом бітіп,

Өркеш алмас менен соң.
Жарлылардың жаз аты
Жалдана алмас менен соң.
Адырмақтың Алатау

Баса жайлап, шет көшіп,
Ел қона алмас менен соң.
Былдыр-былдыр сөйлеген,
Адам тілін білмеген

Басы шоқты қалмағың,
Аузы түкті кәуірің
Жан-жағыңды қамалап,
Қала салар менен соң.

Қара қазан, сары бала,
Үш Бұлдыртау, маң дала,
Мұсылманды қуалап,
Қалмақ алар менен соң.

Әмір жазып, пешеттеп,
Мал-басыңды есептеп,
Біліп алып шешіміңді,
Қыраж алар менен соң.

Тәртібіне көнбеген,
Малынан қыраж бермеген
Қойдай шулап, қоныстан
Көтерілер менен соң.

Еділдің бойы ен тоғай,
Ендей көшкен көп Ноғай
Қарасынан жүргізбей,
Қалмақ алар менен соң.

Арыстан досың кеткен соң,
Байтақтан қалған көп халық
Бұрынғыдай көшіп-қона алмас.
Артымда қалған көп жаман

Ер Орақтай кек ала алмас.
Еділ, Жайық арасы—
Екі судың саласы,

батырлар  жыры
Байтақта қалған көп жұртқа
Алдасы болғай панасы.
Қош, аман бол,жан досым,

Көкіректе шыбын жан
Кетер де білем, шамасы!
Орақ өледі. Ақ жауып, арулап көмеді. Артынан бір бөлек күн
өткен соң баяғы өлтірген Алшы, Исмайыл, Тобаяқ, Қарабатыр,

Тілеке келіп, жылап-сықтап отырып бата оқиды. Сонда Орақтың
сексен беске келген Қараүлек деген шешесінің Орақты жоқтап
айтқаны:

—Айдынды Орақ, айлы Орақ,

Айбалтасы қанды Орақ,
Аштарханда даңды Орақ,
Арғымақ атың азды, Орақ,
Байтақ жұртың тозды, Орақ,

Келер де болсаң, жылдам кел,
Сексенге келген қарт анаң
Жылай да жылай, жазды, Орақ!
Қарауыл қарап болар ма

Қара өлең жеген атпенен!
Қарусыз жүріп болар ма
Қалудай атасы басқа жатпенен!
Қоңқалаған көп жаман

Орағымды өлтірдің
Долай да долай матпенен!
Қоғалы көлді жағалап
Қалмақпенен қон енді,

Алшайып атқа мінген соң,
Орағымдай бол енді!
Хан Мұсадан жүлде алған,
Ағасы—би Мамайдан үлгі алған,

Аждаһаның тынысын,
Қолын салып, барлаған,
Сөйткен менің Орағым,
Аюдай арқыраған Орағым,

Күндей күркіреген шырағым,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Кетіпті алыс сапарға!
Қоңқалған көп жаман
Ере алмайтұғын қатарға!

Орағым менің бар болса,
Атан тіркеп, нар қылып,
Аруанаға жүк артып,
Ел жаңғыртып жатар ма?!

Орағымды өлтірген
Алшы, Исмайыл, Тобаяқ
Есімнен менің кетер ме?!
Лашын, сұңқар—екі құс,

Екеуі бір ұяның құсы екен.
Құладын құстың құлы екен,
Күндердің күні болғанда,
Құладынның көрдің бе

Аспаннан қу төңкеріп ілгенін!
Аңдаймысың, жігіттер,
Ноғайлының мынау үстімен
Ауыр әскер ертіп жүргенін.

Үстімнен жүрген дұшпанның
Езуін тартып күлгенін.
Қаршыға менен қарлығаш—
Екеуі бір ұяның құсы екен.

Күндердің күні болғанда
Көрдің бе екі басқа қонғанын?!
Қарауыл басы—қолбасым,
Жортуыл басы—жолбарысым,

Ежелден сырлас, мұңдасым,
Жау дегенде, тынбасым!
Орағымды өлтірген
Қалу мен Сары оңбасын!

Егізде екі болмасын!
Ертеменен тұра алмай,
Белімді бекем буа алмай,
Көзімнің жасын тыя алмай,

Отырғанда мен сөйтіп,
Бата оқи да келдің бе
Шыныңмен де, балам, ұялмай!?

батырлар  жыры
Бата оқи келген Алшы, Исмайыл, Тобаяқ сөйлейді:

—Әй, қарт ана, қарт ана,

Атамыз—Мұса бидің ұлы едік,
Жаратқан бір Тәңірінің құлы едік,
Жантаза деген ханымның
Біріміз жүрегінің қасы едік,

Біріміз жүрегінің басы едік,
Біз Еділ үшін егестік,
Біз Жайық үшін жандастық,
Біз Қиғаш үшін қырылдық,

Біз Тептер үшін тебістік,
Біз таразы сайлап, оқ аттық,
Аюдай арқыраған Орақты,
Күндей күркіреген шырақты,

Семсер қылыш, балдақты,
Түзу мылтық, құндақты,
Қарағай найза сымбатты,
Күшіген жүнді көп оқты,

Қайрылмас алтын садақты,
Жараған бура қабақты,
Алғыр бүркіт тамақты,
Қарсы арыстан сымбатты,

Арыстан туған Орақтың
Біріміз еш қадірін білмедік,
Ақырда күндей де күндей, жоғалттық.
Сонда шешесін жұбатып, Орақтың Қарасай деген баласы

сөйлейді:

—Жылама, шеше, жылама,

Жыламай, көңіл тына ма?!
Мен—балдағы алтын ақ берен
Алып, белге ілермін.
Атамнан қалған берендер,

Бек сауытын киермін.
Мен Қабан құлақ қара атты
Қатырып тұрып мінермін.
Мен көрмеген Алаш жоқ,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бәріне де тиермін.
Мен болаттай сарт-сұрт сынармын,
Дариядай аққан тұнармын,

Қалу менен Сарының
Басын кесіп алармын,
Ақ құрбандай шалармын,
Тап өзімдей қылармын.

Қалу менен Сарының
Басын кесіп алмасам,
Ақ құрбандай шалмасам,
Тап өзімдей қылмасам,

Қарасай атым құрысын!
Ер Орақтың ұлы едім,
Осы еді менің туысым.
Сонда бір аяғы ақсақ, бір көзі соқыр Орақтың қатыны

сөйлейді:

Кешегі Орақ кеткен соң,
Кемшілік басқа жеткен соң,
Бұлбұлдай соқыр сайраған,
Ауыздығын шайнаған,

Әрі де бері қозғаған.
Қозғағанмен, қоймаған,
Алғаны асыл болған соң,
Шыдамай, соқыр толғаған,

Не қылып соқыр шыдаған,
Ер еді Орақ болмаған!
Тағы да соқыр толғайды,
Әдемілеп қозғайды,

—Айдынды Орақ, айлы Орақ,

Айбалтасы қанды Орақ,
Аштарханда даңды Орақ,
Қаланың аузын қандатқан,
Қақпаның аузын шаңдатқан,

Едің күшті, даңды Орақ!
Аяғым ақсақ, көзім соқыр болса да,
Үстіме қатын алмадың,
Артылдыра қамшы салмадың,

2–165

батырлар  жыры
Алшаңдатқан мені Орақ!
Құланды қақтан қайырған,
Хандарды тақтан тайдырған,

Қарсыласып келгенде,
Қақ жүректен салдырған,
Қылышын қызыл қанға малдырған,
Қаланы алған, сен Орақ!

Мен жыламай, қайтейін,
Айналайын Қарасай,
Соны да көрген мен бейбақ!
Қырқадан қырқа қараған,

Қырық шалғысын тараған,
Мың сан қолды талаған,
Бір өзін мыңға балаған,
Қалмақтан аққан қара қан

Көбіктей көріп, жалаған,
Қалмақтың қара, хандарын
Жаяу айдап, сабаған,
Кешегі менің Орағым

Болып өткен ер еді,
Айтулы ердің бірі еді!
Ел шетіне жау келсе,
Атын мініп сайланып,

Алмас қылыш байланып,
«Мен барайын!»—дер еді,
Қарсыласқан дұшпанды
Қабыландай соғып, жер еді!

Маңдайы күндей балқыған,
Көзі судай толқыған,
Иісі зағфырандай аңқыған
Бір патшадай неме еді,

«Өтіп кетті»,—демесең,
Қай батырдан кем еді?!
Орақ еді алғаным,
Алғанымнан қалғаным.

«Атаңа нәлет»!—демедің,
Артылдыра қамшы салмадың,
Аяғым ақсақ, көзім соқыр болса да,
Үстіме қатын алмадың.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Өлеріңді білмедім,
Өлеріңді білгенде,
Сары мойын серке мен болып,

Құрбаныңа шалмадың,
Тілімді, айтсам, алмадың.
«Анасы мұның әйел»,—деп—
Қайырып ақыл салмадың,

Ақылдасып қалмадым,
Сол жерде болды арманым,
Арманда өлдің, алғаным!
Өлеріңді білмедім,

Өлеріңді білгенде,
Мынау Қабан құлақ қара атты
Қатырып мініп, шаппадым,
Ел қыдырып, ізденіп,

Бір бағымды таппадым.
Өлеріңді білмедім,
Өлеріңді білгенде,
Сары мойын серке мен болып,

Өкпеммен неге қақпадым!
Өлеріңді білмедім,
Өлеріңді білгенде,
Алданың берген түнінде

Армансыз құшып жатпадым!

Орақтың жауы бар екен. Орақ жауына бармастан бұрын өліп
кеткен екен. Орақты өлтіргендер: «Орақтың жауын жаулап
аламыз»,—деп қол жинап, аттаныпты.
Сол күнде Қарасай он жеті жасар екен. Жауға бармай, үйде

қалыпты. Жауға бармай, үйде қалғанына ызаланып, Қарасайды
қайрап, жауға кеткен Алшы Исмайыл, Тобаяқтарды «бес қатын»
деп қорлап, шешесінің айтқаны:

—Атқышым, мергенім,

Шиленгерім, зергерім,
Ілмей қалар ма екен күнінде
Ұядағы көргенін?
Отырған билер, сардарым,

Алтын тақта хандарым!

батырлар  жыры
Атаңа тартып тумадың,
Беліңе садақ бумадың,
Не болды саған, балаларым?

Тумағыр, балам, тумадың,
Беліңе садақ бумадың,
Бес қатын кетіп, сен қалдың,
Атаңның жолын қумадың!

Жауыңды жауға алдырдың,
Дауыңды дауға алдырдың,
Жүзіңе қара салдырдың.
Әкеңнің жауын жаулаған

Бес қатынға алдырдың.
Кешегі әкең барында
Мынау Қабан құлақ қара атты
Мінуші еді салдыртып,

Жүруші еді жардырып,
Бетіме неге қарайсың,
Жүзіңе қара шалдырып,
Әкеңнің жауын жаулаған

Бес қатынға алдыртып?!
Айналайын Қарасай,
Мен саған жерік болғанда,
Аюдың етін жегіздің,

Жолбарыстың сүтін ішкіздің.
Екпініңнің қаттысы-ай,
Белден қарға аунаттың,
Онда да қоңыр күздей болмады,

Онда да мейірім қанбады.
Сөйтіп туған сен едің,
Сенің анаң мен едім.
Мен саған жерік болғанда,

Сегіз жылан жеп едім,
Сөйтіп туған сен едің,
Кешегі әкең Орақ өлгенде,
«Орнын басар ма екен» деп едім!

Балаларын қайрайды
Қарасайдың анасы-ай.
Қайырып жауап айтады
Анасына баласы-ай:

қаРаСАй,  ҚАЗИ

—Алшы, Исмайыл, Тобаяқ

Атам Орақ барында
Жүруші еді таласа-ай,
Бес қатын жауға жете алмас,
Жетсе де, қайрат ете алмас,

Тербетпе өлген әкем сүйегін.
Қайрай берсең, шешеке-ау,
Оған да бармай, тек жатпас,
Жауға бармай, тек жатпан.

Жауға бармай, тек жатсам,
Қарасай атым құрысын!
Ер Орақтың ұлы едім,
Осы еді менің туысым.

Қарасай жап-жас баладай,
Бала да болса, данадай,
Қолына құрық алады-ай,
Жылқыға жүгіріп барады-ай.

«Атамның антты досы»,—деп
Қабан құлақ қара аттың
Мойнына құрық салады-ай.
Сонда Қара ат ат сөйлейді,

Сөйлегенде, не дейді:

—Айналайын Қарасай,

Асылың нұрдан жараған,
Ер Орақтың баласы-ай,
Мені мінбе, Қарасай.
Неге десең, Қарасай,

Жау ішінде қаласың,
Мені мінсең, Қарасай.
Кешегі Орақ кеткен соң,
Аузым сүтке тиген жоқ,

Арқам үйге кірген жоқ,
Жалшылар мінді жайдақтап,
Қойшылар мінді ойнақтап,
Мойнымда жалым жоқ,

Бұра тартар әлім жоқ.
Өзіңдей ерлер мінген жоқ,
Қадірімді ешкім білген жоқ.
Мен кешегі Орақ барында

батырлар  жыры
Құлында емдім, тайда емдім,
Құнанымда арда емдім.
Дөненімде үйретті,

Мойныма арқан сүйретті.
Бес жасыма келгенде,
«Белін түзеп алсын»,— деп,
Онда да Орақ мінген жоқ.

Алты жасқа келгенде,
«Азу тісін жарсын»,—деп,
Онда да Орақ мінген жоқ.
Жеті жасқа келгенде,

«Аршынын түзеп алсын,—деп,
Мүшесін сыртқа салсын»,—деп,
Онда да Орақ мінген жоқ.
Сегіз жасқа келгенде,

«Серке санды болсын,—деп,—
Олқы жері толсын»,—деп,
Онда да Орақ мінген жоқ.
Тоғыз жасқа келгенде,

Сонда мені үйретті,
Мойныма жібектен арқан сүйретті,
Бауырымнан жаратты,
Маңдайымды жауға қаратты.

Тұяқтан ұшқан тозаңды
Жауған қардай боратты.
Желпілдетіп ту алды,
«Ат болды»,—деп, қуанды,

Не сұрайсың, Қарасай?!
Күндердің күні болғанда,
Көлдей тасқан көкірек
Қайғыменен суалды!

Кешегі әкең—Орақ мінгенде,
Алдымнан қара кетпеді,
Артымнан кара жетпеді.
Әкең—Орақ өлерде,

Аманат жанын берерде:
«Қожа, молда жинатып,
Дуа берме»,—деп пе еді?
Айналайын, Қарасай,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Енді мені сойсайшы,
Қара етіме тойсайшы.
Әкең—Орақ жазғанға

Жалғыз ат та көп пе еді?!
Айналайын, Қарасай,
Бұ сөзіме қансайшы,
Тілімді менің алсайшы,

Енді мені сойсайшы,
Басыма жалау байла да,
Орақпен бастас қойсайшы!

Қарасай Қабан құлақ қара атты сояды, әкесіне дуа береді,
сонан соң жауға мінуге ат іздейді. Сол заманда қартайып, от
басындағы құмалақты көсеумен қуалап отырған Ноғайлының
Көкше деген батыры бар екен. Қарасай Көкшеден Көкбұйра

атты саудалайды. Көкше: «Атымды бір қызға беремін»,—
дейді. «Жаудан әкеліп төрт қыз берейін»,—дейді Қарасай.
«Жаудан түскен қыздың керегі жоқ. Алсаң, Орақтан қалған
қарындасың—Қибатты беріп, ал»,—дейді Көкше. Атты ала

алмай, қайтып келіп, Қарасай шешесімен ақылдасады. Сонда
шешесі айтады:
«Атқа барып мін,—деді,
Олай-бұлай жел,—деді,

Ат жүрісін көр,—деді,
Ат көңліңе жараса,
«Жалғыз қызым—Қибатты
Жалғыз атқа берем»,—деп,

Айналайын Қарасай,
Налыма оған сен, деді.
Айналайын, Қарасай,
Асылың нұрдан жараған

Аруақты ердің баласы-ай,
Жараған атты алмасаң,
Жауға таман бармасаң,
Сыртымыздағы дұшпанның

Бізге де кепті табасы-ай.
Қибат түгіл, мені сат,
Ат көңліңе жараса-ай!»

батырлар  жыры
Олай-бұлай шабады,
Ат жүрісін қарады.
Ат жүрісін көрген соң,

Ат көңліне жарады.
Жараған соң көңліне,
Қарындасы—Қибатты
Беремін,—деп алады.

Үстіне тоқым салған соң,
Арқасы кетті жазылып,
Жоны кетті қазылып,
Басын тартса, ырғиды,

Мініп алса, қарғиды.
«Мінер атым—осы,—деп,—
Тәңірінің берген досы»,—деп,
Көкбұйра атқа ер салды,

Ермен бірге жем салды,
Арқандап қойса, Көкбұйра ат
Бұзантаудың басында
Өз өзіне зең салды.

Енді Қарасай жауға кетпекші болады. Аттанарда Қарасайға
қарындасы—Қибат келеді.
Ер-тоқымын салған соң,
Ат үстіне мінген соң,

Шын кетерін білген соң,
Талағы түскір қыз Қибат
Сонда тұрып толғайды.
Толғағанда, не дейді:

—Айналайын, Қареке,

Не қылғаның, ағеке?!
Өгей аға сен бе едің,
Қарындасың өгей мен бе едім?
Мен сенің бүйтеріңді білмедім!

Бүйтеріңді білгенде,
Кешегі кеткен әкеммен
Бастасып неге өлмедім?!
Кешегі әкем кеткен соң,

Кемшілік басқа жеткен соң,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жалғыз тайға саттың ба?!
Атым әйел демесең,
Мен екеуіңнен кем бе едім?

Әкелі қыз азар ма,
Күлтелі көйлек тозар ма?
Мен кешегі әкем барында
«Белім сұлу болсын»,—деп,

Бешбетпенен қынағам,
«Шашым майда болсын»,—деп
Сары маймен сылағам.
Ойбай, әке, тұрсайшы,

Қибатың мұнда жылаған!
Ішімде шемен көп жатыр,
Әкем салған жол жатыр.
Ойбай, әке, тұрсайшы,

Екі бөрің жеп жатыр!
Мініп алдым қараға,
Қарамен шаптым далаға.
Ойбай, әке, тұрсайшы,

Екі бөрің талады!
Жетім құлын емеген,
Қулық бие тебеген.
Оймауыттан ел көшсе,

Қос ордасы сол күнде
Алпыс нармен жөнелген.
Кешегі әкем өлерде,
Аманат жанын берерде,

Ұмыттың ба, ағеке,
Сонда саған не деген?!
Қарындасы бұлай деген соң, Қарасай аттан түседі де, атты
тастай беріп, жауға қарай жаяу жүре береді. Сонда Қибат шы­

дай алмай, Қарасайдың артынан келіп, атты беріп, сөйлейді:

—Айналайын, Қареке,

Не қылғаның, ағеке!
Өгей аға сен бе едің,
Қарындасың өгей мен бе едім?!
Сен томсарып кетпе, күліп кет,

батырлар  жыры
Қалаған атың мініп кет.
Мен қыз да болсам, ұлдаймын,
Қадірімді біліп кет.

Айналайын, Қареке!
Мен бір бата берейін,
Қолыңды жай, ағеке!
Әуелі Құдай оңдасын,

Табаның тастан таймасын,
Маңдайың жаудан аумасын!!!
Күндердің күні болғанда,
Жалғыз тайға сатқаның

Тек байлаулы басым болмасын!
Қарадан боздар өтер ме,
Қайрылмай дәурен кетер ме!
Күндердің күні болғанда,

Абысын-ажын бар болып,
«Жалғыз тайға келдің!» деп,
Бетіме салық етер ме!
Бетіме салық еткен күн,

Айтып, бір сөзім өтер ме,
Есімнен менің кетер ме?!
Шешелерімен, туғандарымен амандасып, Көкбұйра атқа мі­
ніп, Қарасай кеткен қолды қуып, жауға қарай жөнеледі. Жол­

шыбай Қарасай Көкбұйра атқа бір сөз дейді:

—Айналайын, Көкбұйра ат,

Сен де шықтың бұл жерге,
Мен де шықтым бұл жерге.
Елден шыққан екеуіміз
Аман-есен Құдайым,

Қосқай еді үйірге.
Айналайын, қызыл ат,
Жал—құйрығың ұзын ат,
Қибатқа алып, мінген соң,

Кісінікі емес, біздің ат.
Айналайын, Көкбұйра ат,
Шамаң келсе, жылдамдат!
Көкбұйра ат сонда сөйлейді,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сөйлегенде, бүй дейді:

—Айналайын, Қарасай,

Мінген атың мен болсам,
Менің ием сен болсаң,
Мені Қибатқа алып не етесің,
Бір тұлпардан кем болсам?!

Бірінші күдер асады,
Аспанға тозаң шашады.
Екінші күдер асқанда,
Бұйраның бауыры сөгілді.

Үшінші күдер асқанда,
Қолтық еті бөлінді.
Төртінші күдер асқанда,
Аш қабыландай бүгілді.

Бесінші күдер асқанда,
Көрген адам түңілді.
Алтыншы күдер асқанда,
Теңгеліктің терең суының

Ортасына кез келді.
Екпініне шыдамай,
Су арнадан қашады,
Қарасай жаман сасады.

Жетінші күдер асқанда,
Көзі кетті қызарып,
Тілі кетті қызарып,
Аш қарсақтай бұлтарып,

Ор қояндай жалтарып,
Қырық күн бұрын кеткен әскердің
Соңынан қуып жетеді.
Алшы, Исмайыл, Тобаяқ,

Қарабатыр, Тілеке—
Бұларға сәлем етеді.
«Алшы Исмайыл, Тобаяқ,
Қарабатыр, Тілеке,

Қарамай кеттің сен, бәлем,
Артыңнан келдім мен—бала!
Оймауыттың ойында,
Қызылкөлдің бойында

Атам Орақ барында

батырлар  жыры
Атысып қалған тасы бар,
Бәстесіп қалған бәсі бар,
Сол тасқа барып,

Атысалық, кел, бәлем!»
Алшы, Исмайыл Тобаяқ,
Қарабатыр, Тілеке
Қарасайға ереді,

Құрсап жатқан көп қолды
Ертіп тасқа келеді.
Қарабатыр, Тілеке,
Алшы, Исмайыл, Тобаяқ

Тасты барып, атады,
Шақыр-шұқыр етеді,
Оғы қайта шығып кетеді.
Қарасай барып атқанда,

Қаһарланып тартқанда,
Үй орнындай қара тас
Қақ жарылып кетеді.
Алшы, Исмайыл, Тобаяқ,

Қарабатыр, Тілеке
Баланың көріп қайратын,
Өзінен өзі қорынды,
Қайратынан жерінді.

Қарап тұрса, аттанған
Қалмақтың қолы көрінді.
Қалмақтың қолын көрген соң,
Көп екенін білген соң,

Қайтуға беті берілді.
Жаудан қорқып, Алшы, Исмайыл, Тобаяқ, Қарабатыр, Ті­
леке еліне қайтпақшы болады. Өздерінің қайтқанымен тұрмай,
Қарасайға да: «Қайт»,—дейді.

«Ау, ағалар, ағалар!
Мен сөйлейін, сөз тыңда,
Зейінің қойып тез тыңда.
Пұттаған үнем болмайды,

Пұтқа қазан толмайды,
Қаһары қайтса, хан оңбайды.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қияқты күміс найзаны
Сілтеп жауға салалы,
Қаптап жауға баралы,

Алаштап ұран салалы,
Не қылар дейсің жау шіркін?!
Баса шауып алалы,
Қайтпаңыз, көп, қайтпаңыз,

Қалмаққа анау баралы,
Қайтпаңыз!»—деп көп қолға,
Қарасай тағы толғайды.
«Ау, ағалар, ағалар!

Мен сөйлейін, сөз тыңда,
Зейінің қойып, тез тыңда.
Астымдағы Көкбұйра ат
Қара асым менің болсын деп,

Қибатқа алып, мінгенмін.
Үстімдегі ақ сауыт
Кебінім менің болсын деп,
Үстіме алып кигенмін.

Солқылдаған ақ найза
Басыма сайғақ болсын деп,
Оң қарыма ілгенмін.
Мен атамнан туған күн,

Алшайып атқа мінген соң,
Ер тілегін әрқайда
Бір Жасаған оңдайды,
Қожа Бәуеден қолдайды,

Қайтпаңыз, көп, қайтпаңыз,—
Деп Қарасай толғайды.—
Өлерімді білгенмін.
Не қылғаным, қайтқаным,

Жанды құрбанға айтқанмын!
Қайтпаңыз көп, қайтпаңыз,
Атыңның басын тартпаңыз.
Төсегіме төрт кісі,

Жастығыма бес кісі,
Қылышыма қырық кісі,
Найзамның ұшы—жүз кісі,
Мылтығыма мың кісі,

батырлар  жыры
Садағыма сан кісі.
Қарабатыр, Тілеке,
Алшы, Исмайыл, Тобаяқ—

Бесеуіңіз—бес қатын,
Бесеу ара бір кісі,
Енді қалған не кісі?
Қайтпаңыз, көп, қайтпаңыз»,—

Деп Қарасай толғайды,
Әрі де, бері де қозғайды.
«Қайтпаңыз»!—деп айтса да,
Оған әскер болмайды.

Аттанып келген көп әскер
Алды-артыңа қарамайды,
Қарасайдың сөзін тыңдамайды.
Алшы, Исмайыл, Тобаяқ, Қарабатыр, Тілеке көп қолмен

қайтып кетеді. Қолдың ішінде Естерек ұлы ер Тарғын бар екен,
қолдан бөлініп, Тарғын Қарасайдың қасында қалады. Сонда
Қарасай Тарғынға сөйлейді:

—Әй, Тарғын-ау, әй,Тарғын,

Сөзімді тыңда, сен Тарғын!
Қырқадан қырқа көрінген
Қарағай ма екен, тал ма екен?!
Қарағай басын қырқа ұшқан

Қаршыға ма екен, қаз ба екен?!
Үйде туып, түзде өлген
Жігітте арман бар ма екен?!
Қалмақтың қолын көрдің бе,

Көп пе екен бізден, аз ба екен?
Сонда Тарғын сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Қалмақтың қолын мен көрдім,

Екі мың да жүз кісі.
Бір жағыма қарасам,
Тағы да сондай бір кісі.
Қалмақтың қолы көп екен,

Көп те болса, шөп екен.
Әруақты ердің баласы,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Айнымай шапсаң, сендердің
Алуыңа дөп екен.
Айналайын, Қарасай,

Сенің қосшың мен болсам,
Қалмақты шауып аласың,
Табаныңа саласың.
Атыңды атқа сатамын,

«Қарасай»!—деп атыңды атаған
Кешегі кеткен Орақтың
Тап өзінен кем болсаң.
Асу да асу бел еді,

Аса бір соққан жел еді.
Қарасай сынды жас бала
Жауға жалғыз келеді
Соңынан Тарғын ереді.

Әрі-бері жүрген соң,
Артынан шықты бір қара,
Қарасай мұны көреді,
Көріп, көңлін бөледі.

Қарсы алдына қараса,
Үйіндегі қалған інісі,
Он бес жасар Қази сол еді.
Ағасын қуған артынан

Қази сынды жас бала
Жазыла алмай келеді.
Омырауын таныған,
Ақ қолтық ат шабылған,

Шабысы желдей еседі,
Тұлпардың о да иесі еді.
Ағасына келіп жетеді,
Келіп сәлем етеді.

«Арманым жоқ, өлсем»!—деп,
Ағасымен тізгіндесіп кетеді.
Қарасай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Айналайын, Қазижан,

Оймауыттан ел көшер,
Азаматы тең көшер,
Неге келдің, сен Қази?!

батырлар  жыры
Жап-жас бала сен түгіл,
Алдалап әзер келем мен, Қази.
Қайт-сана, Қази, қайт-сана,

Атыңның басын тарт-сана!
Әулиеге ат айтып,
Құрбандыққа мені айт-сана.
Сонда Қази сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Айналайын, Қареке,

Не қылғаның, ағеке?!
«Қайт»!—десең де, қайтпаймын,
Атымның басын тартпаймын.
Тәуекелсіз іс болмас,

Қорқуды жолдас етпеймін.
Қарадан боз да өтер ме,
Қайрылмай дәурен кетер ме?!
Осыдан елге мен барып,

Тоғыз қатын алсам да,
Тоқсан бала сүйсем де,
Ұяласым, жалғызым,
Екеуміздің бірігіп

Бір күн жүруімізге жетер ме?!
Қарасай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Айналайын, Қазижан,

Аспандағы жұлдызым,
Маңдайдағы құндызым,
Артыңда енді кім қалды,
Айналайын, жалғызым?!

Жалғызым, сенен айрылсам,
Қуқыл тартар ақ жүзім.
Қайт-сана, Қази, қайт-сана!
Атыңның басын тарт-сана!

Құшақтатшы етіңнен,
Бір сүйдірші бетіңнен,
Әліде көріп өлемін,
Әліде көрмей өлемін,

Тәңрінің ісі тәуекел,
Мен тәуекелмен келемін!

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ағасы «Қайт!» деп қанша өтінсе де, Қази қайтпайды. Осы­
лай сөйлеп келе жатқанда, бұлардың алдынан алты құлаш ала
атпен қалмақтың қарауыл қараған Бөріхан деген әрі батыр, әрі

ханы шығады. Бөріхан сөйлейді:

—Қарауыл келіп қарасам,

Қара айдарым тарасам,
Қарайып келіп күн батты,
Сарғайып келіп таң атты,
Қызара келіп күн шықты.

Күн астына қарасам,
Будуақ-будақ шаң шықты.
Шаң астына қарасам,
Жасыл ала ту шықты,

Ат кейпіне қарасам,
Түсі қашып, түн қатқан.
Ер кейпіне қарасам,
Асық ойнап, доп атқан.

Ертеңменен шешесі
Ұйқыдан әзер оятқан,
«Дана» десем, баласың.
Екі бірдей жас бала

Не бұйымға жарарсың,
Қайда кетіп барасың?!
Кеудем—темір, бөксем—тас,
Мені не қып аласың?!

Қайт-сана, батыр, қайт-сана!
Атақсыз өліп қаларсың,
Аты—жөніңді айт-сана.
«Қайт»! десем де, қайтпайды,

Атының басын тартпайды.
Кеудем—темір, бөксем—тас,
Атсаң, оғың өтпейді,
Маған әлің жетпейді.

Қарасай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Атаңа нәлет, айдын хан,

Мен сендей, жапанда тұрып, даурықпан.
Алда Тағала демесе,
3–165

батырлар  жыры
Біздерді Алда жебесе,
Сыртыңнан тіліп аларға
Тұрмын бір киімге баулық, хан.

Қара өгіздей даусың зор,
Кеудең—темір, бөксең—тас,
Тас болса да, маған бор.
Қызығымды бүгін көр,

Көрген жерден кері шалып,
Түртті ме сені, бәлем, сор?!
Әй, кәуір-ай, әй,кәуір,
Сөзімді тыңда, сен кәуір,

Мен хас асылдан боламын,
Күркіресем, күндей борадым,
Күлсем, жаймашуақ болармын.
Мен бурылша аттан мықтымын,

Бұғалық салсаң, үзермін.
Мен буыршыннан мықтымын,
Мұзға салсаң, мұңайман.
Мен толарсақтан қисықпын,

Тезге салсаң, түзелмен.
Мен—ашылмас қара тұманмын,
Көлденең жатқан қара шұбар жыланмын.
Атым—Қара туыппын,

Сабындап жусаң, ағарман.
Мен—қонаға шыққан бұлтпын,
Келе бір жаумай, ашылман.
Мың болмақ түгіл, сан бол,

Бір соғыспай, басылман.
Асылымды сұрасаң,
Мен қан жұқпайтын
Қара алмастан асылмын.

Мен беліме садақ асынған,
Біріндеп жауды қашырған,
Қарсыласқан дұшпанға
Найзағайдай жасылмын.

Кеудеден кетер жан үшін,
Жерге тамар қан үшін,
Атамның атын жасырман.
Мен, мен-дүрмін, мен-дүрмін,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Мен де өзіңдей кен—дүрмін,
Мен өзіңнен де ер-дүрмін,
Атыссаң да, жеңдірмен.

Хан Мұсадан жүлде алған,
Ағасы—би Мамайдан үлгі алған,
Түрікпеннен, барып, мал тапқан,
Қапелімде сөз тапқан,

Аждаһаның тынысын
Қолын салып барлаған,
Тұлпар мініп, ту алған,
Туын қанға суарған,

Туғаннан туға таласқан,
Дулығалы басты көп кескен,
Мен—айдынды ер Орақтың ұлымын,
Жаратқан бір Тәңрінің құлымын.

Мен тура қарап тұрармын,
Бір оғыңды салып ал,
Етімнің болат жасығын,
Сынап та, қалмақ, танып ал.

Асу да, асу бел еді,
Аса бір соққан жел еді.
«Жасы үлкен ағам, деп,
Ақ сақалды бабам», деп,

Әлгі келген қалмаққа
Қарасай кезек береді.
Атаңа нәлет ит қалмақ
Қорамсаққа қол салды,

Бір салғанда, мол салды.
Суырып оғын алады,
«Көкбұйра аттың басы,—деп,
Алтынды ердің қасы,—деп,

Қақ жүректің тұсы,—деп,
Өлер жерің—осы», деп,
Кірісінен өткізіп,
Масағына жеткізіп,

Толықсып тұрған Қарасайды
Толғап бір қалмақ ұрады.
Зырқырап оғы кетеді,
Қарасайға жетеді,

батырлар  жыры
Шақыр да шұқыр етеді,
Қайта шығып кетеді.
Қарасай сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

—Атаңа нәлет, Бөріхан,

Атыссаң, келші бері, хан
Атар да жерің білмедің,
Көкбұйра аттың басына ат,
Қақ жүректің тұсына ат!

Сақалыңның ағы бар,
Ағалығың тағы бар,
Бір оғыңды тағы да ал.
Бір оғыңды тасқа жанып ал,

Қапыда қалсаң, ит шіркін,
Оғыңды тағы салып ал.
Бір атпады, екі атты,
Табанға қойып, ширатты.

Зырқырап оғы кетеді,
Қарасайға жетеді,
Шақыр да шұқыр етеді,
Қайта шығып кетеді.

Қарасай сынды жас бала:
«Алда»!—деді, ақырды,
Аруағын шақырды.
«Уылжыған етімді

Ит әуре оғың етеді.
Атаңа нәлет, ит қалмақ,
Қатты бір тартсаң, не етеді?!
Етімді бір кеттің сыздырмай,

Аруағымды кеттің қоздырмай!
Алты атқа алған адырна,
Ата алмасам, маған серт!
Атқанымда ұсынып,

Өте алмасаң, саған серт!
Шым жібектен ескен кірісі,
Үзіліп кетсең, саған серт!
Кебеже қарын, кең құрсақ,

Қой мойынды, қоян жақ,
Ұмтыла басқан Көкбұйра ат,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Шіренгенде, шыдамай,
Жығылып кетсең, саған серт!
Тигізбесем, маған серт»!

Атайын деп Қарасай,
Көтеріп оғын алғанда,
Сонда Қази сөйлейді:

—Айналайын, Қареке,

Не қылғаның, ағеке?!
«Қал»!—десең де, қалмадым,
Бағана-ақ тіліңді алмадым,
Артыңда тұрып, бармадым,

Жау қызық екен, аңдадым.
Менен батыр сен емес,
Сенен де кем мен емес.
Тоқтатпайды сұм жүрек,

Артыңда жүрер ер емес.
Артыңнан келген Қазиға
Кезегіңді бермеген—
Сенің де мұның жол емес.

Қарасай сонда сөйлейді:

—Айналайын, Қазижан,

Жас түлеген көрінесің
Менің-дағы көзіме-ай.
Өлмесең, сен де жетерсің
Осындай жаудың кезіне-ай.

Осы жауды шабайын,
Берсейші менің өзіме-ай!
Сонда Қази сөйлейді:

—Айналайын, Қареке,

Не қылғаның, ағеке?!
«Қал»!—десең де, қалмадым,
Бағана-ақ тіліңді алмадым.
Өгей аға сен бе едің,

Інің де өгей мен бе едім?
Мен сенің бүйтеріңді білмедім!
Бүйтеріңді білгенде,
Үйде жатып, неге өлмедім?!

Алдымды барлап, ұрысып,
Қызығымды көрмедің.

батырлар  жыры
Айналайын, Қареке,
Не қылғаның, ағеке?!
Бір тілеген тілегін

Ініңнің де бермедің.

—Жемісін таудың терейін,

Ат құйрығын өрейін.
Олай болса, қарағым,
Кезегімді берейін.
Айналайын, ат,—деді,

Айнымай тұрып,—тарт,—деді.
Қази сонда қозғалды,
Қозы жауырын қолға алды,
Атайын деп оңдалды.

Сыбанады білегін,
Тоқтатады жүрегін,
Суырып келіп алады
Атасының бір оғын.

«Алаша аттың басы,—деп,
Қалмақ ердің қасы,—деп,
Қақ жүректің тұсы,—деп,
Өлер жерің—осы», деп,

Толықсып тұрған қалмақты
Толғап Қази ұрады.
Екі атпады, бір атты,
Табанға салып, ширатты,

Бөріхандай ханыңды
Алты құлаш ала аттан
Он бес жасар Қази құлатты.
Осылай сөйлесіп тұрған уақытта қалмақтың көп қолы келіп

қалған екен. Бөріханның жығылғанын көрген соң, көп қалмақ
бұларға жабыла қоя берді.

Толып жатқан көп қалмақ,
Атына үбішін жабады,
Әрі де бері кеңесіп,
Ақыл-айла табады.

Қарасай, Қази, Ер Тарғын
Жерінде тұрған қамады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қамағанын көрген соң,
Қарасай мінген Көкбұйра ат
Шап айылын босатты,

Құйысқанын қысқартты,
Қаһарланып, қамшыменен үш тартты.
Келді қалмақ, қаптады,
Қаптады да, батпады.

Аруақты ердің баласын
Бір Құдайым сақтады.
Жау таянып келген соң,
Үшеуі жауға шабады.

Ай бетінен кіреді,
Күн бетінен шығады.
Екі-үш күн айқай салады,
Қарасай, Қази—жас бала

Ұйқыдан шаршап құлады.
Беті-қолын жуады,
Белін қынай буады,
Аюдай ақырған Орақтың,

Күндей күркіреген шырақтың
Көріне жетіп келеді.
«Аюдай ақырған Орағым,
Күндей күркіреген шырағым,

Аруағың болса, тұр,—деді,
Балаңа туған бар,—деді,
Аман-есен балаңды
Өз қолыңа ал,—деді.

Екі бірдей жас қарғаң
Ауру-сауын біл»,—деді.
Аюдай ақырған Орақтың,
Күндей қүркіреген шырақтың

Аруағы көрден шығады,
«Атаңа нәлет ит қатын,
Екеуі неге кетті?—деп,
Екеуінің біреуін

Жібермесең не етті?» деп.
Асу да асу бел еді,
Аса бір соққан жел еді.
«Ә» дегенше болмады,

батырлар  жыры
Жауға жетіп келеді.
Балаға екі «Тұр!—деді,
Аттарыңа мін!»—деді.

Ұйқыдан түсіп қалғанын
Сонадан соқыр біледі,
Біледі де, жылады,
«Не қылғаның жауда жатқаның?

Мен біліп келдім сендердің
Сілелерің қатқанын,
Жауға қарай шапқаның».
Шабумен келіп кіреді,

Ай бетінен кіреді,
Күн бетінен шығады,
Екі—үш күн айқай салады,
Қарасай, Қази, Ер Тарғын

Қалмақты жаулап алады,
Табанына салады.
Әңгімесін айтады,
Еліне аман қайтады.

Өткен заманда Ноғайлы дәуірінде Құрманбай деген бай
болған екен. Өмірінің бойында ол кісіде ұл да, қыз да болмапты.
Күндердің күнінде әйелі жүкті болып, ұл бала туыпты. Баланың
қуанышына үлкен той жасайды. Тойға Қазақ, Ноғайлы халқын

түгел шақырады. Тойға тігілген үй мен келген адамның саны
көп болады. Адам көп болғандықтан, көптің ішінде тентек пен
теліден қауіптеніп, тойды басқару үшін Қырымның қырық
батырын іздестіреді. Сұрастырғанда, олар әлі тойға келмеген

екен. Орақ батырдың өлгеніне бір жыл толып, оның қарасына
Орақ батырдың Қабан құлақ қара атын сойып, олар сонда жа­
тыр екен. Екінші рет шақыртқанда, олар тойға келеді. Тойдың
басқару міндетін батырларға тапсырады. Қызық той бірнеше

күнге созылады.
Бір күні түс қайта құбыла жақтан жұлдыздай бұрқыраған
шаң көрінеді. Ол бір атты кісі екен. Ол Қазақ, Ноғай халқын
түгелдей басқаратын Қондыкер деген патшаның шабарманы

болады. Шабарман осы көпшілікке патшадан хат әкелген екен.
Хатты беріп, өзі кейін шауып кетеді. Хатты азар дегенде шала
сауатты бір шалға оқытып көрсе, он екі баулы Қазақ, Ноғайды
басқаратын Қондыкер ханның хаты болады.

Ханның хат жазу себебі мынадай екен: Мұсылманның
Қондыкер деген ханына Қалмақтың Күзбан деген ханы:
«Бүкіл еліңмен, соғыс жасамай, бағын, болмаса, қызыңды
қатын, үйіңді отын етіп шауып аламын, ұрысатын болсаң,

қапы қалма!»—деп хабар салған екен. Содан Қондыкердің
қалмаққа бағынғысы келмей, Қырымның қырық батыры­
на (бұның ішінде атақтыларына) мына төмендегі мазмұнда
жазылған хат екен (және «Жауды қаласынан шығармай, ба­

рып жойың»,—деген екен):
Қарасай, Қази
(Қашаған Күржіманұлы нұсқасы)

батырлар  жыры
Әуелі, дұғай сәлем айт!
Мекен еткен Еділ сағасын,
Аузы түкті кәпірдің

Бітірмеген жарасын,
Аузы түкті кәпірдің
Еңіреткен қатын-баласын,
Ат үстіне мінгесін,

Қазақ пенен қалмақтың
Ашқан екен арасын,
Қысас болған қалмақтың
Талай жыртқан жағасын,

Көк Еділ мен Самардың
Кестірмеген ағашын,
Дұшпанға намыс бермеген,
Дұшпанның көңлін көрмеген,

Мылтық пенен зеңбірек
Оғы тисе де, өлмеген,
Мұсылмандардың бәрін «ес» деген,
Ерлердің бәрін «дос» деген,

Кәпірдің бәрін «өш» деген,
Жазыммен тиген жалын от
Терісіне қажау салып, теспеген.
Қызыл шұбар ту алған,

Алмасын қанға суарған,
Дұшпанын көрсе, қуанған.
Елдің ішін толтырған
Қалмақтың қызы мен жуаннан.

Мұнартып жатқан дария,
Қатуланып, арыса,
Қара жер болды суалған.
Сүйініштің ұлы батыр Қазтуған,

Сізге арнаған хат екен,
Ежелден қапа болмаған.
Және дұғай сәлем айт!
Астына мінген Ақтабан,

Ақтабаннан басқа жақпаған,
Дұшпанға қарсы шапқанда,
Ерлердің бәрі мақтаған.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қорамсақ толы көп оғын
Алтынменен қаптаған.
Он жасына келгесін,

Төсекке түзу жатпаған.
Бір өзінің дәл басын
Мың кісіге шақтаған.
Аламанын қырмен өргізсін,

Әскерін қырмен жүргізсін.
Менің жазған бұл хатым,
Іркілмесін, барғасын,
Қалмақтың қара қошқыл қанына

Суарсын, келіп, алмасын,
Көгістің ұлы ер Тама—
Бұ да келсін, жаудан қалмасын.
Және дұғай сәлем айт!

Мүниям байтақ шәрінен,
Дию, кәпір—бәрімен
Жалғыз өзі жау болған.
Қырылған әскер сүйегі

Асқаралы тау болған.
Бұлағай салып, бу етсе,
Бұдан да аман-сау болған.
Барпардың қара тасын атып, сындырған,

Халықтың көңлін тындырған,
Ханның да көңлін тындырған,
Ханның қызы—Ақжүніс
Ат саурына мінгізген.

Шағаннан қалмақ сайлаған,
Қалмақты қойдай айдаған,
Балқашқа малды кіргіздің,
Ноғайға дәурен сүргіздің,

Алты мыңдай келген қалмақтың
Бәрін қоймай, бір жойдың.
Не қыларыңды өзің біл,
Мөр басылды қағазға,

Қарсының ұлы ер Тарғын,
Атыңды жазып, қол қойдым.

батырлар  жыры
Және дұғай сәлем айт!
Анасы өткен ақ Меңді,
Ол бойына біткенде,

Толғатып тұрған қырық күн,
Қайғы жеп еді күн мен түн.
Қорамсақ толған көп оқты
Ор аузына төккен ер,

Мұсылмандардың қамы үшін
Қиындық, жапа шеккен ер,
Атқан оғын сұрасаң,
Алты қырдан әрмен зулатқан,

Астына мінген тұлпарды
Шабуылмен қунатқан.
Байласын белге алмасын,
Арып—ашып талмасын.

Атақты ердің баласы—
Нәріктің ұлы ер Шора
Бұ да келсін, жаудан қалмасын.
Және дұғай сәлем айт!

Аламанды бастап, меңгерген,
Ерлердің бәрін тең көрген,
Дұшпанның бәрін кем көрген,
Көк сүңгісін алға өңгерген,

Талай жерден жол көрген,
Садағын сала байлаған,
Астана жұртын айналған,
Қылжуырдай қисайған,

Қалмақты қырса, тыншайған,
Ар алған талай қамалдан,
Мұсылманның батпай жатқан жауынан
Оза шауып, талай жол алған.

«Аттанды»,— деп есітіп,
Қорыққаннан, ерлерім,
Кетпей тұр аузым тобамнан,
Кетпей тұр қолым жағамнан,

Сәлем хат осы жеткен соң,
«Аламанды бастап келер», деп,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Дәмелі болып мен тұрмын
Қарт Нәрік сынды ағамнан.
Және дұғай сәлем айт!

Қалмақтың алған елдерін,
Елін жаман бүлдіріп,
Тартып алған жерлерін,
Тартып алып, меңгерген

Дария, шалқар көлдерін,
Біздің елге қарай бағыттап,
Менің келді жансызым.
«Аттанды»,—деп айтып тұр,—

Есіктегі күң менен,
Құл болмаса қойдағы,
Қалмақтардан бұл күнде
Бізге қарай бағыттап,

Аттанды,—деп айтып тұр,—
Қыбырлап жатқан аймағы».
Мына сөзді естіп,
Есіме түсті қайдағы.

Бұ да келсін, батырым—
Қыдырбайдың ұлы ер Қобылан
Туа бастан ер болған.
Ерлігінің белгісі—

Қолына талай ел қонған,
Оза шауып, олжа алған,
Жасанған жауға қол салған.
Айдарлысын құл еткен,

Тұлымдысын күң еткен,
Алдына айдап мал салған,
«Қайратың қандай хансың», деп,
Иә, бір қыбырлаған жансың», деп,

Сәтемір хан мен Сәтті хан—
Екі бірдей ақ сұлтан,
Екеуіне де хабар, жар салған.
Алмасын шапса, кеседі,

Жау көрсе, көңлі өседі .
Қайратын көзім көрген жоқ,
Қыдырбайдың ұлы Ер Қобылан,

батырлар  жыры
Атын айтып әркімдер,
Мұны да «Қобылан, Қобылан» деседі .
Және дұғай сәлем айт!

Алтын сарай ішіне
Ерлердің бәрін жидырған,
Садақтың оғын құйдырған,
Мылтық пенен зеңбірек,

Мұның да оғын жидырған.
Атасы өткен Бүркіт хан,
Билеген елі бес мың сан.
Қаумасынан кетпеген

Бас көтерген мұсылман.
Дұшпанға қарсы шыққанда,
Оқ дәрісін арттырған,
Арбаға пұттап тарттырған.

Жөнелер кезде той етіп,
Ат бәйгісін шаптырған.
Бір параға нар беріп,
Бір параға ат беріп,

Бір параға сарпай жаптырған.
Байтақ малды сойдырған,
Астана жұртын тойдырған,
Аламанның сыртына

Күзетші, сақшы қойдырған.
Қара көңіл жаманды
Сағатқа қоймай, жойдырған.
Шариғаттан басқаны

Құлағына алмаған.
Өз көзімен көрмесе,
Айтқан сөзге нанбаған.
Руза мен бес намаз

Біреуін қаза салмаған.
Уәде, қаулы етіссін,
Уәделерін бекітсін,
Сәлем хат осы жеткен соң,

Бүркіттің ұлы ер Әділ—
Бұ да қалмай жаудан, жетіссін.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Және дұғай сәлем айт!
Күндік жерден оқ атқан,
Атқан оғын алты қырдан асырып,

Ерте тұрып, кеш жатқан,
Күндіз жүріп, түн қатқан,
Қабағына қарыс сүйемге
Жақын мұз қатқан,

Айдаһармен, аюмен
Қойындаса келіп бір жатқан.
Айдаһардың ішкен су
Қордасынан келіп дәм татқан.

Астында мінген тұлпары—
Қабан құлақ қараша ат
Дұшпанға қарсы шапқанда
Қаршыға құстай парлаған.

Айдаһардың жүрегіне
Қолдарын салып барлаған,
Дулығалы бастарды көп кескен,
Дұшпанды көрсе, өштескен,

«Менің жебедей жауһар қияғым—
Өлді,—деп тұр ғой,—Орағым».
Орағымнан қалған қарағым—
Айналайын, Қарасай,

Аламаннан, қалқам, қалмай кел,
Қабыл болсын талабың!
Осы хатты оқығасын, атағы шыққан батырлар баруға да­
ярланып, қару-жарақтарын, әскерлерін дайындай бастады.

Қарасайдың мінуге аты, тағынуға қару-құралы болмайды.
Қарасайдың ат алуға және пұлы да болмайды. Қарасай: «Бұл
патша менің атымды тумай жатып қайдан білді екен? Бүйтіп,
жұрт қатарынан қалғанша, өлгенім артық қой»,—деп, жұрттан

жасырынып қашып, екі ауылдың ортасындағы бір апанға ке­
ліп, жылап жатады. Қарасай жылап жата тұрсын. Ендігі сөзді
Қарасайдың шешесінен естіңіз.
Орақ батыр тірісінде Алауса—Масал деген қалмақтың

қаласын шауып, көп әскермен келе жатып, бір ауылдың де­
ніне келгенде, ол ауылдан бір қыз сияқты ақсақ әйел адам
дәретке отырған екен. Дәретін болып, жүре бергенде, дәрет

батырлар  жыры
еткен жерінен аспанға қарай қара түтін көтеріледі. Сонда ба­
тыр: «Апыр-ай, мынау тегін түтін емес!»—деп, атын бауырға
салып жіберіп келсе, жаңағы қыздың дәреті жерді күйдіріп,

түтіні аспанға шығып жатыр екен. Соны көреді де, батыр
әскерін сол араға түсіреді. Өзі қасына Қосай деген батырды
ертіп, ауылға түсіп, сұрастырып қараса, ауыл Шәлгез деген
батырдың ауылы екен. Қыздың оң қолы жазылмайтын бүкір

екен, бір көзі соқыр екен. «Батырдың қызы бар» дегенді естіп,
байдың ұлы—мырза, бидің ұлы—шора, әнші-домбырашылар
айттыруға келіп, көреді екен. Көрсе, әлгідей жеті мүшесінің
үшеуі жарымжан болғасын, алмай кететін көрінеді. Ауыл

иесі дана, қатыны өлген қырқар, тоқал құмар шалдар: «Бала
көтерсе болады», деп айттырса, оған қыз бармайды екен.
Сөйтіп жүргенде, қыздың жасы қырықтың біреуіне келген
екен. Сонда Орақ батыр сол ауылда отырып қызбен бетпе-бет

сөйлесіп, оны әйелдікке сұраған. Сұраса, әкесі: «Берем»,—де­
ген, қыз да: «Осы кісіге барам»,—деген. Орақ батырдың ол
уақыттағы ойы «Осы әйелден бала туса, өзімнің әруағымды
ұстайтын бала туар», деп ойлап алған екен. Бұл кісіден үш

бала туады. Олар—Қарасай, Қибат, Қази. Шешесі, үлкен ба­
ласы—Қарасай апанда жылап жатыр, деген соң, өзі баласына
келген екен. Сондағы айтқаны:
«Пәруардігер Жасаған,

Өзектің жолын өртеттің,
Жүректі қайғы, дерт еттің.
Қарасайдай қарағым,
Ішкі сырыңды айтпастай

Мұнша неге серт еттің?!
Атаға тартпас жаман боқ,
Сенің жау жаулаумен ісің жоқ,
Саған тисейші жалғыз оқ.

Қарғаған қарғыс жетті ме,
Біреудің сөзі өтті ме.
Иә, болмаса, шырағым,
«Жасы кіші бала»,—деп,

Біреу зорлық етті ме?
Не қылайын, Жасаған,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бұл күндері болғанда,
Ақ сұңқар құстың баласы
Құладын болып кетті ме?!

Сенің атаң сұлу таңдаған,
Асылын жұрттың аңдаған.
Сонда менің аяғым ақсақ,
Көзім көр еді-ау,

Мені айттырып, соңымнан қалмаған.
«Асыл бала болар, деп,
Ажалым жетіп, мен өлсем,
Әруағым сонда қалар», деп,

Сөйтіп алған мен едім.
Бір жеріңнен дәмем бар,
Сен бойыма біткенде,
Айдаһардың мен жедім

Жауырыны мен төс етін.
Және алдырып бір жедім
Көзі менен ернін,
Бұдан да жерік қанбаған.

Қанбағасын, қарағым,
Аюдың жедім қол етін,
Жолбарыстың жедім сан етін,
Пілдің жедім сан етін.

Атаға тартпас жаман боқ,
Төсекте жатып жылаумен
Өлер болдың ба, сен жетім?!
Отын алып, от жақсаң,

Таяқ алып, мал бақсаң,
Өз-өзіңе пышақ сал,
Қазаңнан бұрын өле қал,
Көре көрме тіпті ел бетін.

Мен өз-өзімнен еліктім,
Сен бойыма біткенде
Жеті айдаһар жыланның,
Тірідей қосып, басын бір шайнап,

Сонда қандырған
Бейбақ едім-ау жерікті».
4–165

батырлар  жыры
Сонда Қарасай апаннан шығып, шешесіне сөйлейді:
Келіп тұрған қарт ана,
Ақылың асқан сен дана,

Айтпасам, нені білесіз?!
Мен бүгін тойға барғанда,
Қатар-қатар ат келді.
Ат үстінде бір азамат—

Хабаршы бір адамзат келді.
Ұзындығы—үш құлаш,
Көлденеңі—бір құлаш,
Бойға таза сақтаулы,

Алтын сырмен қаптаулы,
Алақандай мөр басқан,
Оқыған адам адасқан,
Бір қызыл печатты хат келді.

Оқытып, тыңдап қарасақ,
Қондыкердей Ноғайлы
Патшаның жазған хаты екен.
Еліме қалмақ келді, деп,

Аңсырап жүрген ерлердің
Тілеуін Алла берді, деп.
Күзбан деген—күшті жау,
Мұны келіп көрсін, деп.

Тәңірім берсе тілекті,
Қозы жауырын қол оқпен
Сыбағасын берсін!—деп,
Ерлердің бәріне де сәлем жазыпты.

Аруақты батыр баласы—
Қарасай да қалмай келсін, деп,
Атаға тартпас ұл болса,
Мал бағу үшін туған құл болса,

Үйінде жатып өлсін,—деп,
Мен сорлының атымды
Қағазға патша іліпті,
Патша қайдан біліпті?!

Көрмесін патша жорықты,
Патша қайдан білді екен
Мендей жетім ғаріпті?

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Барайын десем бұл жауға,
Атсыз қайда барамын?
Егерде атсыз жөнелсем,

Маңдайымды күн тесіп,
Табанымды жер тесіп,
Бір майданда қалармын.
Атамнан қалған тұлпарым—

Қабан құлақ қара ат жоқ,
Атасы кәпір дұшпанға
Жаяу бармақ санат жоқ,
Ұшайын десем, қанат жоқ.

Өзім барып, алмадым
Қалмақтың соққан қаланы.
Етіме қажау салдырып,
Түсірмедім жараны.

Мен қалмаққа бармасам,
Атаның орнын алмасам,
Жұрт келемеж етеді.
Жұрттың еткен күлкі сөз

Сүйегіме жетеді.
Мұндай қорлық көргенше,
Жасымнан өлсем, не етеді!
Тәңірім, тілек бермедің,

Көздің жасын көрмедің.
Астымда атым бар болса,
Айналайын, қарт ана,
Жауға бармайтын

Жаман туған сенен мен бе едім?!
Сонда кемпір баласының сөзіне қуанып: «Атың жоқ болса,
атың табылады, Азды-көпті малыңды бер, оған түспейтін бол­
са, қарындасың—Қибат сұлу бар, бір-жар қараның жетпесіне

алса, мені де бер, қалай да ат тауып, жауға аттан, қатарыңнан
қалма»,—дейді. Бірақ бұл сапарға тек тұлпар жарайтын болады.
Сондықтан төрт жігітке ат қаратып жіберді. Және: «Тұлпарды
сендер танымассыңдар, тұлпар деген жусаған сағатта басын са­

уырына салып, құс құсап жусайды. Егер осындай ат табылса,
арығына қарамай, саудалаңдар,—дейді.—Басқа ат саудала­
май-ақ қойың»,—дейді. Ат іздеген жігіттер бір жерде бір кәрі

батырлар  жыры
тарланның басын сауырына салып жусап тұрғанын көреді.
Атты елдің ортасына қарай айдап келіп, сұраса, бұл аттың
иесі Көкшенің ұлы ер Қосай деген кісі екен. Қосай сол кезде

тоқсанға келіп, алжып жатыр екен. Қосайға келіп атты сұрап
қараса: «Әлі жаудан ойым бар»,—деп, атын бермейді. Келген
жігіттер ұзақ саудаласып, атты алатын болады. Сонда Қосай
Қарасайға мынадай сәлем айтады: «Менің атыма 9 құл, 9 күң, 9

сусар тон және Ноғайлыдағы сұлу қарындасы—Қибатты маған
тоқалдыққа берсін»,—деп сәлем айтады. Қарасай осыған ке­
лісіп, атты алған екен. Келген атты таң асырып байлап қояды.
Таң ата Шолпан жұлдыз белгі бере бес қаруды белге байлап, ат

мінейін деп келсе, қарындасы—Қибат аттың шылбырын беліне
орап алып, мына сөзді айтады:

«Ардақты ағам Қарасай!
Менен үлкен сен едің,
Сенен кіші мен едім.
Атам Орақ өлгелі

Қайғы мен уайым жеп едім.
Атам тірі тұрғанда,
Қай қазақтан кем едім?
Жамандарға көп едім,

Жақсыларға еп едім.
Атқа тұрман саласың,
Жалғыз тайға саудалап,
Мені сатып, барасың.

Мен қарғасам, тай өлер,
Ит пен құсқа жем болып,
Бір жапан түзде қаласың.
Жүретін едім сағынып,

Жалғыз тайға сатқандай
Күнәлі болдым, не қылып?
Күнәсіз болсам, Қареке,
Сенің өлгенің жақсы, қағынып.

Мырзаға көңілімді бермеген
Сұмырай басым, қайтейін,
Бір алжыған қақбасқа
Қаламын ба бағынып?

Алманың мойным сабындай,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Менен ару бар ма еді
Мүниям жатқан табыңда-ай,
Ашпаған екен бағымды-ай?!

Бір жаратқан Аллаға
Мендей жетім не қылды-ай?!
Маңдайым күндей балқыған,
Ажарым нұрдай шалқыған,

Қастарым қама құндыздай,
Көздерім Шолпан жұлдыздай.
Қасиетіме қарасам,
Атқа таққан андыздай.

Жылатып шалға берер ме
Мендей сұлу жалғызды - ай?
Шал аузына қор қылма
Жауқазындай етімді,

Күн көрмеген бетімді.
Менің ағам сен болсаң,
Жаман көрдім ниетіңді.
Көп өтініш етемін,

Тілімді алсаң, ағажан,
Жылатпа мендей жетімді.
Сонда Қарасай қарындасынан жеңіліп, тумаластық еске
түсіп: «Қарағым, сені жылатып кеткенше, жаяу кетейін»,—деп,

аттан секіріп түсіп, бес қаруы белінде, жаяу жүгіріп кетеді. Ел
тоқтатуға қорқады. Шешесі мүгедек, үлкен кісі ғой, қоштасып,
үйде қалған екен, соған халық хабар берді. «Бір себеп болып,
балаң жаяу кетті, ол жауға да, ауылға да жете алмайды, дала­

да қалады»,—деп хабарлайды. Сонда кемпір тұра жүгіргенде,
ұйықтап жатқан баласы Қазидың басына сүрініп жылады.
Сонда Қазидың басын ұстап отырып айтқаны:
«Басыңды көтер бермен, Қазижан,

Атады бізге, не қып, таң?!
Жаңа келіп отырмын,
Аузымнан кетіп қара қан.
Жаяу кетті жалғызым,

Болмады айла етерге,
Алған атын бермеді.

батырлар  жыры
Айтсам, сөзім өтер ме,
Соңынан қуып жетерге?!
Есіктің алды қос терек,

Біреуі бар да, бірі жоқ.
Бір желіде—қос тұлпар,
Біреуі бар да, бірі жоқ.
Бір ұяда отырған

Бір лашын, бір сұңқар,
Біреуі бар да, бірі жоқ.
Бір айдаһар, бір жылан,
Оның да біреуі бар да, бірі жоқ.

Ойлап-ойлап, қарасам,
Айым жатыр, күнім жоқ.
Көкірегім толған шер,
Енді болдым қара жер.

Жаңағы кеткен қарғама
Бабай түкті шашты Әзиз,
Сыртынан қолдап, көмек бер».
Сонда ұйқыдан оянып, Қази ағасын сұрап, кетіп қалғанын

естіп, тұра жүгіріп келе жатып айтқаны:
Мына сөзді естіп,
Ұйқыдан Қази тұрады.
«Қарекем қайда кеткен?»,—деп

Анасынан сұрады.
Сұрады да, жылады,
Жылады да, жүгірді.
Жүгіре-жүгіре келеді,

Бұ да жаннан түңілді.
Сөйтіп жүріп, сөйлейді:
«Қолымнан кетті көмегім,
Белімнен кеттің демеуім,

Алланың берген медеуім.
Жалаң аяқ, жалаң бас
Жүгіре-жүгіре келемін,
Әлдеқашан көремін?

Көре алмай қалсам осыдан,
Қайғы менен қан жұтып ,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қайғырып мен де өлемін.
Ішіп-жеуге нәрім жоқ,
Бір Жаратқан Алладан

Болмаса менің қорегім.
Айрылып қалдым мен жалғыз,
Алла қылды, амал жоқ.
Енді байқап қарасам,

Қарасай—ағам маған жоқ.
Еңіреп қалған Қази саған жоқ.
Айбары едің елімнің,
Елімде сендей адам жоқ.

Халқымның кетті қаласы,
Айдаһардың кетті баласы.
Бастыратұғын болмады
Табандарымның жарасы.

Жасаған Жаббар Құдай-ай,
Бұл күндері болғанда,
Аңдып жүрген дұшпанның
Қанатын болды табасы».

Қази жылап келе жатқанда алдыңғы кеткен Қарасай шар­
шап-шалдығып, енді жүруге әлі келмей, табаны тесіліп,
маңдайы кесіліп, бар киімін шешініп, екі аяғын көсіліп, май­
дан далада, тау шатқалды салада есі кетіп еңіреп, аузын ашып

отыр екен. Үстіне Қази келіп, екеуі жарлылықты, жоқтықты
айтып отыра береді.
Сонда қарындасы—Қибат ауылда отырып, әр түрлі ойға ке­
теді. Қосайдың Тарланын алып келген күні түс көріп, бұл кет­

кенде, Қарасайдың жауды жеңе алмайтынын біледі. Қази да
жаңа түс көріп жатқанда, шешесі оятып жіберген екен. Қибат
ойлап-ойлап: «Атты апарып берейін, көнсе, екеуін, көнбесе бі­
реуін алып қайтайын»,—деп Тарланға мініп, арттарынан қуып

жетіп, Қарасайға сөйлеуге қорқып, Қазиға айтқаны екен:

—Кел, Қазижан, елге қайтайық,

Ағамен қош-қош айтайық.
Қареке, кетіп барасың,
Көрерміз бе енді біз жарық?
Біздер шулап жылаймыз

батырлар  жыры
Құс ұшпастың құба шөлінде.
Орақ, Мамай хан болған
Он сан Ноғай елінде.

Жолдасыңды жауға тастасаң,
Халыққа қайта көрінбе.
Ұйқыда жатып түс көріп,
Бір ғаламат іс көріп,

Ат бермей қалдым сынарға.
Атам—Орақ, Мамайдың
Сүйегі тұтам асылды-ай.
Келген жері бар ма еді,

Барса, жауын қашырмай?!
Сол атаның орнын алдырма,
Етіңе қажау салдырма.
Буыршын мен бесті атан,

Құладын құсқа да шалдырма!
Айналайын Қазижан,
Еділ қайда, ел қайда?!
Болып тұр ма, қарағым,

Сенің де көкірегіңе жел пайда?
Қайсыбірің мінерсің
Айналдырған бір тайға?!
Ойлап-ойлап қарашы,

Орынсыз қалып, шұнайма!
Сонда Қазидың айтқаны:

—Апырмау, қалай сөйлейсің?

Мен артыма, апа, қараман,
Семірген атам жарадан.
Көкемді жалғыз жіберіп,
Мұнда не қып қаламын?!

Ауырып өлсе бір жерде,
Сүйегі қалмай ма далада?!
Атадан жетім қалдырды
Құдіреті күшті Жасаған.

Жер тебіренткен Орақты
Сұм қара жер асаған.
Көкемді жалғыз жіберіп,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Мені қара баса ма?!
Мұнда қалып, мен енді
Не бұйымға асамын?!

Шыққанмын жаяу елімнен,
Қоштасқанмын шығарда
Асу асқар беліммен,
Мамыр үйрек, қаз бен қу,

Шағалалы шалқар көліммен.
Мен, саулық баста тұрғанда
Қорқа алмаспын қалмақ ерінен.
Ажал нәубет келген күн

Қай пенде қашып құтылған
Алланың қазған көрінен?!
Апеке-ау, қалай сөйлейсің,
Мен де бір белгілі туған перімін,

Мен көкемнен тіпті қала алман?!
Мен бойына біткенде
Жеріген Анам арамнан.
Көкемді жалғыз жіберіп,

Мен кең қонысқа қарай
Тіпті бара алман.
Және мен құладын құсқа көз салып,
Қанжығама қаранғам.

Не қылып шыдап тұрармын,
Жіберіп тұлпар қарамнан?!
Ноғайлының ерлері
Түсімде торға оралған,

Торға қалды оралып.
Келер жылы болғанда,
Екі құс барды соңынан,
Шалқұйрықтарын таранып.

Торға қарай құстар түйілді,
Қанаттарын қомдап, шүйілді.
«Неге жаздым торды?»—деп,
Тордың иесі күйінді.

Осы сапар қайт, аға,
Сұраймын сізден бұйымды.
Тыңдамасаң айтқанды,
Шығарарсың жаудан шиіңді.

батырлар  жыры
Сонда Қарасайдың берген жауабы:

—Азып тұрған кілең боқ шіркін,

Мұндай сөзді сөйлемей,
Апаңменен елге қайт.
Қазижан мен Қибатым,
Жер тепкілеп ырғиды

Байлаулы тұрған Ғиратым.
Алла берсе тілекті,
Шығарармын жаудың биратын.
Қазам жетсе, өлермін,

Қазасыз болсам, келермін,
Бітпеген болса ажал ширатым.
Және айтамын сіздерге:
Ажал жетсе, өлермін.

Атам—Орақ, ер Мамай
Бүлдірмеген жаудың нелерін?!
Бөрі тиген қойдайын
Ортасынан бөлермін.

Мен—бір қайнаған қара бұлтпын,
Желге қарап өрлеген.
Жаудан қорқып тұрар ма,
Асыл болса ер деген?!

Атам—Орақ, ер Мамай
Қасарған жауға: «Кел!»,—деген.
Мен—бір жез бұйдалы нар тайлақ,
Сүйретіп жез бұйдасын,

Желге қарай өрлеген.
Және мен—жез шынжырлы құнан піл,
Сүйкенермін барып қалаға,
Тәңірім берсе тілекті

Сонда біздей жетім балаға!
Сен апакеңмен елге қайт,
Алды-артыңа қарамай.
Мұнша жерге келгенсін,

Кеткенімді халық білген соң,
Енді елге қайта жүгіріп,
Мен бір доп ойнауға шыққан бала ма?!
Айналайын інім-ай,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қызғалдақтай қызыл гүлім-ай,
Енді ауылға мен қайтсам,
Ұят болмай ма мұным-ай?!

Алып келермін Қосайдың
Тоғыз сусар қара тоны мен
Тоғыз күң мен тоғыз құлын-ай.
Ұйтқыған жүрек басылмас,

Бір тайпа елге ұрынбай.
Сендер айтқан түстерді
Мен де көргем бұрында-ай.
Бірақ атам—Орақ, ер Мамай

Талай түскен тіркеуге,
Мұнан да келген аман-сау,
Мұрындығы жырылмай.
Сен апаңмен елге қайт,

Мен кетейін енді бұрылмай.
Осы сөзді айтып, Қибат пен Қазиді елге қайтарып, өзі көк
Тарланмен тартып кеткен екен. Көк Тарлан әрі арық, әрі кәрі,
әрі бапталмаған. Соған қарамай, әуелгі екпінімен шаңды-

шаңға ілестірмей, Қибат пен Қазидың көзінен ғайып болады.
Әрі-бері шапқаннан кейін тұлпардың екпіні қайтып, тек желе
шоқырақтап отырады. Содан батыр тұлпардан күдерін үзеді.
Тұлпар екпінімен елден он екі күндік жерге ұзап кеткен екен.

Қарасай: «Бұл мені енді елге де, жауға да апармайтын болды,
мені далаға қалдыратын болған екен»,—деп қылышты суырып
алып, бір жерді белгілеп алып, «Соған дейін шапсаң, шабасың,
басыңды өзім-ақ алайын»,—деп, тебініп жіберіп, шаба жө­

неледі. Осылай шауып келе жатқанда бірте-бірте тұлпардың
шабысы үдей бастайды. Қарасай байқап қараса, екі құлақтың
түбі, сауыры терлей бастаған екен. Сөйтіп шауып келе жатып,
тұлпар үш рет үш қаптай ішіндегі тезегін тастап, ішін тазар­

тады. Батыр мойнын бұрып, аттың сауырына қараса, сауыр­
дан ақ көбік жаңа шығып келе жатыр екен. Ақ көбікті көрді
де, батыр тақымын қысып, тұлпардың басын қоя береді. Сон­
да тұлпар бүктеледі, жазылады, шапқанда, артында ошақтай

ізін қалдырады. Шаңды-шаңға қосқандай, ұшқан құстың ал­
дын тосқандай, құйрық-жалы аспанға көтеріліп, шуылдай бе­
реді. Тұлпар шауып, жерде келе жатыр ма, ұшып, көкте шау­

батырлар  жыры
ып келе жатыр ма,— бұл батырға белгісіз болады. Сонда батыр
аттың шабысынан қауіп етіп, тұлпардың басын тартайын десе,
әл бермейді. «Апырай, бұл қалай болды? Алдымнан асқар тау

шығып, соғар ма екен немесе дария болып, соған салып ке­
тер ме екен?»— деп, аттың шабысынан сескенеді. Сөйтіп келе
жатқанда алдынан бір төбе кездесіп, соның өріне қарай шау­
ып, үстіне шыққанда, басына әлі келіп, атты тоқтатып, секіріп

түсіп, жетелеп жүріп қараса, баяғы өзінің жас күніне қайта
түскендей екен. Бұрынғы жамандықтың біреуі жоқ, шекесі­
нен қарайды, аяғын кербез басады, баяғы тердің бірі жоқ, ша­
уып келе жатқанда кеуіп кеткен екен. Міне, көк Тарланның

ащы тері кетіп, тұлпар қалпына түсіп, батырдың тұлпарға риза
болған жері екен. Батыр шаршап тұрып алдына көз салса, көп
қара көрінген екен. Бірақ Қарасай оның жау екенін немесе ел
екенін, немесе алдыңғы кеткен қол екенін біле алмайды. Батыр

сонда өзінен-өзі қапа болады. «Не де болса, бара көрейін»,—
деп, атқа мініп, тұлпарды қараға қарай қоя беріп келе жатып
айтқаны екен:
Ал көзіме көріндің,

Көтергейсің, Алла, белімді.
«Көп екен» деп, мен тайсам,
Бергенің жақсы өлімді.
«Бұл жорықтан қалма!—деп,

Қалсаң, перзент болма!»—деп,
Түн ұйқыда жатқанда
Атам Орақ келіп көрінді.
Қалмақтың келдім жеріне,

Көрінген қара еліне,
Жау көрінді көзіме.
Тебіренер ме екен сөзіме,
Атам Орақ, қайдасың,

Медет бергейсің өзіме?!
Атаға тартқан ұл болса,
Көптен көмек сұрар ма,
Келген соң жауға кезіне?!

Кел, тәуекел қылайын!
Әулие мен Әнбие,
Жар бола гөр жұбайым!

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Мерт қылмағай дұшпанға,
Жаратқан Жаббар Құдайым!
Бабаларым, Шашты Әзиз,

Ер қайратын сынайын.
Тәуекел еттім қыларға,
Батырлар жауға құмар ма?
Көкіректің шерлері,

Соғыссам жаумен, шығар ма?!
Мен—бидайық, қырғимын,
Шабытым келсе, шүйілемін
Қалмақ шіркін—қаз, торғай,

Құстарды келдім қуарға.
Мен—көкжал бөрімін,
Сан мың көпек алдымда
Қарсы шыдап тұрар ма?!

Қарасай қараның ортасынан қақ жарып өте шығып,
қылышын суырып, қайтып келсе, бұл ел де емес, жау да емес,
бұрынғы кеткен Қырымның қырық батырларының әскері екен.
Олар өздерінің қайсысын хан сайлауға білмей, біреуі: «Мен!»—

деп, екіншісі: «Мен!»—деп, соған өзара таласып жатыр екен.
Қарасай келіп көріп: «Мыналарың дұрыс емес. «Жау көрмей,
жаман бүлінеді», деген нақыл сөз бар, жау бізге әлі алыс болу
керек. Біздің атамыз—Орақ пен Мамайдың менің жас күнімде

айтқан әңгімесіне қарағанда, мына жерлердің белгі-белгісі
соған келеді»,—деп айтқан екен:
Құлақ салсаң, ерлерім,
Атамнан қалған есімде,

Көріп тұрмыз бүгін бесінде.
«Бұл бағытқа жүргенде,
Кездесер,—деп еді,—Бұлдыртау.
Ар жағында бар,—дейтін еді,—бір Құрғыртау!»

Көрінген сонау екі жол
Екі аттыға тар болар,
Қиыншылығы да үлкен бар болар.
Әскері екі бөлініп,

Бірін-бірі көргенше
Бір жетіге шейін зар болар.

батырлар  жыры
Құрғырдың тауынан өткенде,
Қиғаш тауға жеткенде,
Біз іздеген дұшпаннан

Бейне белгі, сірә, бар болар.
Тәуекел етіп жүрелік,
Ғайып ерен, Қырық шілтен,
Алланың өзі жар болар.

Қарасайдың мына сөзін естігеннен кейін батырлар ойға
қалды. «Мына Қарасай Орақ батырдың баласы еді, осыны
ортамыздан хан сайлайық. Орақ батырдың аруағына тап бо­
лармыз»,—деп ойлайды. Сөйтіп, орталарынан Қарасайды хан

сайлайды. Сонда бір батырдың тағы бір айтатыны болды. Ол:
«Қарасайдың айтуы бойынша, мына жолдан өткенде әскер екіге
бөлінетін болып тұр, сондықтан екінші әскерге хан етіп Бүркіт
ханның ұлы—Әділді сайлайық»,—деді. Бұны батырлардың

бәрі қуаттады. Әскерді екеуі тең бөліп алып, жүріп кетеді.
Қарасайдың айтқанындай, бір жетіден кейін бірін-бірі көріп,
қуанысып, сол жерге түсіп, дем алысады. Қарап жатқанша, ал­
дын болжау үшін барлаушылар жібереді. Бұлар: Қарасайдың

әскерінен Тама, Әділдің әскерінен Қарсының ұлы Ер Тарғын
болды. Екі батыр Қиғаштың басына шығып, арғы жағына
қараса, көз жетпейтін дария екен. Қарап тұрса, дарияның ен­
сіздеу жерінің жағасынан бір қара көрінеді. Келіп қараса, та­

стан қалаған бір оба тас екен. Тасты қарап жүрсе, бір қақпақ та­
ста мұсылманша ойып жазылған жазуды көреді. Жазуды оқып
қараса: «Менің атым—Орақ. Мен дарияның осы енсіздеу жері­
нен жер асты арқылы арғы бетке өтетін жол салдым, жолдың

аузы—осы оба. Егер Ноғайлы батырлары Күзбанның шаһарын
іздеп келе қойса немесе ат тұяғын салып келсе, менің соларға
тастап кеткен белгім. Қолдарына шамшырақ алып, аттарына
мініп, арғы бетке өтсе, қалмақтың берік соққан қамалы бар.

Бұл жолды салған мен қайта айналып келем бе, болмаса, ажал
жетіп, өліп қалам ба? Сондықтан ескерткіш ретінде салған бел­
гім еді. Мұсаұлы Орақ»,—деп қол қойған екен.
Сонда батырлар обаны құлатып жіберіп, қарап жүрсе, ұзыны

да 100 қадам, ені де 100 қадам болатын тас бар екен, екеуі күш
қосып, аударса, астынан үңгір көрінеді. Аттарын белдеріне бай­
лап, қолдарына шамшырақ алып түсіп, арғы бетке шықса, бе­

қаРаСАй,  ҚАЗИ
рік соққан қалмақтың қамалы көрінеді. Әбден ойларына тоқып,
қайта келіп, әскерге берген жауаптары екен.
Бірінші Тама сөйлейді:

—Ал, барып келді Таманыз,

Көп жиналған ағамыз,
Адам көрмеген қиын жолы бар,
Келер ме, ерлер, бұған шамаңыз?!
Алладан жәрдем болмаса,

Қайтер екен бала-шағаңыз.
Осындай қиын жолы бар,
Сескеніп келді Тамаңыз.
Орақтан да қалған қала екен,

Бұған қайтіп барамыз,
Бұны қайтіп аламыз?
Асты—тас та, үсті—жол,
Қараңғы жерде жолы бар.

Жүре алмайтынға
Ұқсайды ауыр қол.
Жолының барған төрінде
Беріктік соққан тас қала,

Айнала қазған оры бар.
Қаласының басында
Асылы гауһар болаттан
Құрулы жебе торы бар.

Енділігі—қырық аршын,
Ел жағалай қонғандай.
Сол қамалдың басына
Шабуыл шапсаң да болғандай.

Сырты темірмен қаптаулы
Мұнараның басында,
«Мұсылмандардан жаулар келер», деп,
Күзетшілер тұр сақтаулы.

Қорғанның басында
Қырық мыңдай мергені тұр сақтаулы.
Бұл қалаға барған жан
Бір пәлеге анық жолығар,—

деп, Тама сөзін аяқтайды.

батырлар  жыры
Сонда батырлар не қыларын білмей, бір-біріне қарасқан
екен. Топ ішінде тұрған Тарғын: «Мен де сол кісінің жолдасы­
мын ғой, мен де көрген-білгенімді айтайын»,—деп мына сөзді

сөйлеген екен:

—Батыр Тама, ер аға,

Ойпырмау, қалай сөйлейсің?!
Мен де көрдім қалмақтың қаласын,
Жұрттың көрдім қаласын.
Аруағыңды қарасам,

Қаптаған қара борасын.
Сенен де батыр болар ма,
Жұрттың жүрегін жарасың,
Жұртқа уайым саласың.

Қазулы жатқан орлары
Ат зарпынан жол болар.
Беріктік соққан тас қала
Ерлерімнің зарпынан,

Ақырса, кесек, күл болар.
Қалмақтың қызы күң болар,
Солқылдаған мырзасы
Табанға түсіп, құл болар.

Ат жарағы, аламан
Біздерге қара, пұл болар.
Жұрттың зейінін құлатпа,
Жұртты босқа жылатпа,

Қаларсың, қайтсаң, ұятқа.
Қалаға қарсы біз барып,
Өлгендерін өлтіріп,
Қалғандарын бір қосып,

Кәлимаға тілін келтірсек,
Жетпейміз бе мұратқа?!
Сіз айтқан сөз де ып-рас:
Қаласының басында

Жаюлы тұрған торы бар,
Айнала қазған оры бар.
Айтпай кеттің сен жаңа,
Айдын шалқар соры бар.

Қалаға қарсы барғанда,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қатындар қалар, ер барар.
Соған барған аламан
Қарық олжаға мол болар.

Батыр екеуі екі түрлі хабар айтқаннан кейін жұрт: «Қалаға
апаратын жол болса, қаланы қалай да аламыз»,—дейді.
Батырлар Тама мен Тарғынның бастауымен, қолдарына
шамшырақтарын алып, Орақтың жолымен қала жаққа

шығады. Батырлар байқап қараса, Тама батырдың айтқанының
бәрі рас болды. Бұл уақыттарда қалмақтар жауды көріп,
соғыс дабылын қағып, дайын тұрған мергендер ата бастайды.
Қамалға кіруге ешқандай мүмкіншілік болмайды. Сондықтан

атақты батырлар аттарын жеңілдеп, қалаға штурм жасайды.
Сонда қаланың ішіне бару үшін тұлпарларын әуелі сорға, со­
сын орға, сосын торға, сосын қалаға секірту арқылы жететін
болады. Сөйтіп, қалаға бір кіріп, бір шығып жүргенде, ту алып

жүрген Әділ жоқ болып шығады. Және әскер көп қырғынға
ұшырайды. Сонда Қарасай қалаға тоғыз кіріп, Әділден еш де­
рек таба алмай (екеуі өмірлік бірін-бірі жауға тастамасқа серт
етіп, дос болған екен), жауға ұстатпай жүрген Әділдің Ақтабан

тұлпарын алып шығады. Бұл сапарда батырлар қаланы ала
алмайды. Бірақ батырлардың елге тигізген пайдасы: егер бір-
екі күн кешіккенде, Күзбан хан жорыққа жүріп кетеді екен.
Батырлар жорыққа дайындағандарының үстінен шығады.

Сонда Күзбан: «Біз Ноғайлы елін нашар ел ғой» деп жүрсек,
олардың да мынадай батырлары бар екен»,—деп, батырлар­
дан қорқып, енді шабуға шықпай қалады. «Бұл батырлар
тағы да қайтып келер»,—деп, дайындығын күшейте береді.

Қарасай қалған әскерімен елге қайтады. Қарасайдың еш зат­
пен ісі болмай, өзінен-өзі қамығып, Әділдің Ақтабанын жете­
гіне алып, әскердің ел шетін ала отырып жүре береді. Әскерлер
бірнеше күннен кейін елге жақындайды, бірақ мұны Қарасай

байқамайды.
Елде Әділдің шешесі төбеге шығып күнде баласын қарайды
екен. Бір күні қарап тұрса, төбеден құлап келе жатқан көп
әскерді, әскердің ел жақ бетінде Әділдің Ақтабанын жетелеп

келе жатқан Қарасайды көріп, әскердің санының бұрынғыдан
азайып қалғанын біліп, баласына бір сойқанның болғанын біле­
ді. Сонда кемпір: «Көрініп барып сұрасам, айтпас. Не де болса,
5–165

батырлар  жыры
тосын сұрап, састырып, айттырайын»,—деп әскердің жолына
жасырынып, Қарасай тұсына келе берген мезгілде атының тіз­
гінін ұстап, баласын сұрағаны екен:

—Уа, шырағым, Қарасай,

Аман-есен келдің бе,
Қалмақтың жауын көрдің бе?!
Менің Әділ сұлтанжанымды
Жауға тастап келдің бе?!

Иә болмаса, шырағым,
Өз қолыңнан көмдің бе?!
Қарасай достым сен едің,
Әуре бейбақ мен едім.

Екі көзім еңіреуде,
Қайғымен уайым жеп едім.
Сен қасында бар болсаң,
Кешегі Әділ сұлтан—қарағым

Жауда қалмас па екен»,—деп едім.
Сол бойыма біткенде,
Балалы пілді асырап,
Пілдің сүтін ішкен де мен едім.

Қарасай, айтшы шыныңды,
Мен алайын тынымды,
Қорқып тұрмын, қарағым,
Көрген соң сенің түріңді.

Әуре қылмай, шыныңды айт,
Қай жаққа тастап келесің
Менің Әділ сынды ұлымды?—
деп айтқанда Қарасай жалт қараса, Әділдің шешесі екен.

Сонда:—Балаң жауда қалған жоқ,—деп, үйіне қарай кете
берген. Өзінің үйіне келгенде, алдынан шешесі шығып, мына
сөзді айтқан еді:

—Әуре болдым сенделіп,

Талай кездім желденіп,
Жағасы жақұт кіреуке
Жыртыла жазды енденіп.
Кете жаздым, шырағым,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Көрінген жұртқа жем болып.
Айым мен күнің—екеуің
Қосылдың ба жаңа тең болып?

Алғаным кетіп, арланып,
Алғаным қолдан кеткен соң,
Айдаһардың екі баласы,
Іздендің талап қарманып.

Тәңірім тілек бермеді,
Көздің жасын көрмеді.
Аян беріп түсіңде
Бабаңыз жәрдем бермеді.

Қарасай, аман келдің бе,
Қалмақтың жауын көрдің бе?
Қасыңдағы әскерің
Бәрі де сау-саламат келді ме?

Мына сөзді естігеннен кейін Қарасайдың шешесіне берген
жауабы:

—Аруақты қарт ана,

Ақылға кәміл сен дана.
Мен өзім теңімнен кем болып,
Жамандармен тең болып,
Дұшпанға қылған қайратым

Сонда қалды шен болып.
Әділімнен айрылып,
Жез қанатым қайрылып,
Жасыған жездей майрылып,

Осы күнде келемін
Қас масқара мен болып.
Өртенді бауыр-үйегім,
Қайғыменен күйемін.

Тоғыз қайтара ат салдым,
Сонда да көре алмадым оның сүйегін.
Қамалға қанша кірсем де,
Әділімді көрмедім,

Қайратымнан не пайда?
Соның жатқан жерінде
Мен де жатып өлмедім!
Енді қашан көрермін,

батырлар  жыры
Бір көрмесем, өлермін?!
Таңда мақшар күнінде,
Тар көшенің жүзінде,

Бір көрсем, сонда көрермін.
Сонда соқыр кемпір ойлайды: «Бұлар Әділді «өлді» деп,
күдерін үзіп келген екен. Әділ менің көрген түсім бойынша,
өлген жоқ сияқты еді. Шешесі жылап жатырған шығар, көңілін

көтерейін»,—деп, бір адамға жетелетіп келсе, Әділдің шешесі
абысынын көріп, мына сөзді айтқан көрінеді:

—Айналайын, ене-еке,

Мен өз теңімнен кем болып,
Пақырлармен тең болып,
Дұшпанға қалдым жем болып.
Әділімнен айрылып,

Жез қанатым қайрылып,
Осы күні отырмын
Қас масқара мен болып.
Жүруші едім сағынып,

Болармын адам не қылып?!
Кешегі менің жалғызым
Жатыр ма екен жерді бағынып?!
Қалды ма екен жалғызым

Ақ кіреуке жамылып?
Қолдан жуып қоярға
Үйде де өлмеді қағынып.
Кезіп қайда барайын,

Қайдан ақыл табайын?
Маңдайсыз болған арлы қаз,
Сені қайтіп бағайын?!
Бір үйдегі бір-екі жан,

Қайткенде бабың табайын?
Әділ менен Қарасай
Жүретін еді тең болып,
Қалғаны рас-тағы айрылып.

Бір көрінсең көзіме,
Өкпемді алып қағайын.
Қара тамақ қамы үшін

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қай есікте жүрермін?
Дорба салып мойныма,
Қайдан тамақ тілермін?

Таяқ алып қолыма,
Неғып жаяу жүрермін?
Жетім қызды құшақтап,
Не қылып дәурен сүрермін?

Қарағым келіп қасқайып,
Құдай-ай, қашан күлермін?!
Енді қайтып баруға
Жүрегі де қайтты бұл елдің.

Айналайын қарағым,
Артыңда қалған ағаң жоқ,
Жалғыздықтан жаман жоқ.
Иә болмаса, Құдай-ай,

Артыңда балаң жоқ,
Көкіректе алаң жоқ,
Тым болмаса, қарағым,
Артыңда қалған інің жоқ,

Мен сорлыда тыным жоқ.
Халқым қалды қаласыз,
Мен сорлы қалдым баласыз.
Бишара болған сорлы қыз,

Сен де қалдың ағасыз.
Адыра қалған ақ орда,
Әділім саған кірер ме?!
Арқасы құтсыз Ақтабан,

Әділім саған мінер ме?!
Аулымның үстіне
Билер кеңес құрар ма?!
Билер басы құралып,

Көңілімді сұрар ма?!
Отырсам, не қып тұрармын,
Қарағым еді-ау тұрағым?!
Қарағың аман келеді, деп,

Естір ме екен құлағым?
Алладан үміт үзбейін,
Саламат жаны бар болса,
Бір күні келеді-дағы, шырағым!

батырлар  жыры
Сонда соқыр кемпір абысынына мынадай сөзді айтқан екен:

—Жылама, байғұс, жылама,

Жылағаннан пайда жоқ,
Көзіңнің жасын босқа бұлама.
Қаза мен бейнет әуелден
Әр пендеге сыбаға.

Жалына бер, шырағым,
Жаратқан Жаббар Құдайға.
Тұлпарың кетті желіңнен,
Айбарың кетті еліңнен,

Қуатың кетті беліңнен.
Кімнің көзі жетіпті,
Көрген түсім шын болса,
Әділің аман еді-ау өлімнен.

Сен Әділден кетпе түңіліп,
Екі көзің көр болар,
«Жолына қараймын», деп үңіліп.
Қауыл қарап кеткенде,

Жолға талап еткенде,
«Енді өлмей, не еткен?!»—деп,
Мына кілең боқ жаман
Келіп тұр ғой одан түңіліп.

Жолда жатқан асқар тау,
Жоғалды белден қылыш бау,
Жаулаған талай қалмақ жау,
Тоғыз жыл жатып зынданда,

Орақ пенен Ер Мамай—
Олар да келген бір күн аман-сау.
«Қалды,—деп,—балаң»,—налыма.
Көзі ұйқыда жатқанда,

Үңіліп едім жолына,
Ұшып барып, тап болды
Қамалдың құрған торына.
Алыстан тұрып, шақырдым,

Кешігіп қонды қолыма.
Әділ аман өлімнен,
Тағы да бір зат, сор маңдай,
Тап болмаса сенің сорыңа.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Төрт түлік қалды жиған мал,
Бұл сөзге айтқан құлақ сал.
Болмаса да Әділдей,

Бас-көз болар малыңа,
Қарасай мен Қазидың
Екеуінің, қалап, бірін ал.
Бұл айтқан сөзді естіп, Әділдің шешесі: «Олай болса,

баламның досы еді, Қарасайды алам-дағы»,—деп, Қарасайды
алып, отыра береді. Бұған да бір жыл толады. Атақты батыр­
лар жау жаулап тарап кетеді. Бұл күндердің ішінде Әділден
ешқандай хабар болмады. Бір күні Әділдің қарындасы Ілия

түс көріп, түсінен қуанып оянып, ұйықтап жатқан шешесін
оятып, мына сөзді айтады. Бұл кезде шешесі де түс көріп жа­
тыр екен:

—Түрегел, ана, түрегел!

Жаңа менің жан көкем
Қасыма менің келіп жүр,
Қолынан тағам беріп жүр,
Көтеріп, алдына алып жүр,

Мойныма қолын салып жүр.
«Қарасайдай досым жоқ,
Көңілімде хошым жоқ»,—
Деп, өртеніп, жанып-күйіп жүр.

«Торға түсіп қалдым»,—деп,
Өзінен-өзі налып тұр.
Кемпірдің сөзі:

—Ұйықтап едім мен жатып,

Келіп жүр еді қарағым
Қасыма менің, сөз қатып.
Және жүр еді қарағым
Емшегімнен дәм татып,

Қойныма келіп бір жатып.
Сөйтіп жүріп, айтып еді:
«Жатырмын қалмақ жерінде,
Жеті қабат темір үй,

батырлар  жыры
Темір үйдің төрінде,
Шынжыр арқандармен байлаулы,
Арқандар менің белімде.

Қарасайдай досым жоқ,
Көңілімде хошым жоқ,
Кәдірсіз дос мен бе едім?!
Мал ішінен жоғалған

Бір жандықтай көрмеді.
Мен қиында жатқанда
Мойнын тартар ер ме еді?
Ілия мен қарт анам

Жылатқаны оның жөн бе еді?!»
Түсті көріп, Әділдің тірі екенін біледі. «Батырларды тағы
аттандырып көрейік»,—деп, елге сауал салады. Елдегі атақты
батырлар тарап кеткен, елде тек Қарасай, Қази қалады. Атағы

шамалы батырлар бұрын жүректері шайылып қалған, баруға
батпайды. Сонда Қарасай, Қази тәуекел етіп, жолға аттанады.
Қази Әділдің Ақтабан тұлпарын мінеді. Бұрынғы көрген жолы
бойынша барып, қалаға тимей, сахарада жүріп, қалмақтың

еліне күн көрсетпейді. Содан ел запы болып, Күзбанға хабар
береді. Күзбан бұлардың «Екі бала»,—дегеніне сенбей: «Бұлар
тек екеу болмас, бұлардың артында қолы бар болар. Мыналар
соның шолғыншылары болар,—деп,—ұстап алып, қызыққа

батайық»,—деп, барлық есікті ашып, әскерді сырнай, керней­
мен, иттерімен шығарады. Күзбанның өзі тамашалауға еріп
шығады. Сонда қалмақтың Әшке деген батыры: «Балдарды өзім
ұстап аламын»,—деп, бірінші кезекке шығады. Сонда Әшке

батырдың өзінің сөзіне қарағанда, түр-сипаты мынадай екен:
Күндік жерден әрмен ақырған,
Айбатына қарасаң,
Дүнияның жүзі қапылған.

Қырық қашыр екен көлігі,
Дәулер екен серігі.
Ашуланып балаларға
Батырдың келді желігі.

Келе бере сөйледі:

—Танимысың бабаңды,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Тарттырармын жазаңды?!
Соны іздеп келіп жүрмісің,
Біздегі жатқан ағаңды?

Ноғайлы, Қалмақ болдым қас,
Менің кеудем—темір, басым—тас.
Барасың қайда, екі жас?!
Жерге түседі ғой домалап

Сендердің анау келдең бас.
Мен, мен едім, мен едім,
Мен қалмақтан шыққан ер едім.
Ноғайлының батырын

Қырып жүрген де мен едім.
Кеудем—темір, басым—тас,
Мен не қылған күнде тең едім?!
Сендер ат-жөндеріңді айтып білдірші,

Бүгін қайдан шыға қалған неме едің?!
Сонда балалар сөйлейді:

—Ол айтқаның ып-рас,

Сенің кеудең—темір, басың—тас.
Тәңірім берсе тілекті,
Өзіңнің жерге түсер келдең бас.
Сөйлейін сөзді, жараса,

Қылармын саған тамаша.
Менің атымды сұрасаң,
Айдынды Орақ, айлы Орақ,
Айбалтасы қанды Орақ,

Атса, мылтық өтпеген,
Салса, найза теспеген,
Қылышпен шапса, кеспеген,
Әзір болған жарандар

Түк қасынан кетпеген.
Мен аты-жөнімді айтайын:
Қази менен Қарасай,
Мен—сол ер Орақтың баласы!

Көп айтып, алма мазамды,
Жеткізермін қазаңды,
Тартқызармын сазаңды.

батырлар  жыры
Келбетіңе қарасам,
Жасың үлкенге ұқсайды.
Кезегіңді берейін,

Қалдырмай етші маған жазаңды!
Мына сөзді естіп,
Сонда қалмақ бұрқанды.
Буырқанып, бұрсанып,

Мұздай темір құрсанды.
Садағын қолға алады,
Толқып тұрған баланы
Толғай тартып қалады.

Қалмақтың атқан қол оғы
Темірге тиген кемедей
Қайтарып қайтып қалады.
Сонда Қарасай тұрып сөйлейді,

Сөйлегенде, не дейді?
«Мен де саржамды тартып көрейін,
Тәңірім берсе тілекті,
Қозы жауырын қол оқпен

Сыбағаңды берейін!».
Садағын қолға алады,
Толықсып тұрған қалмақты
Толғай тартып қалады.

Баланың атқан қол оғы
Аспаннан түскен жасылдай
Саулап өтіп барады,
Сол жерде қалмағың құлап қалады.

Енді келіп қос батыр
Ойранды жауға салады.
Сөйтіп жүріп сөйлейді:
«Әділ сұлтан хан үшін

Қылайын құрбан жанымды.
Әділімнің жолына
Садақа еттім бүкіл малымды.
Алла берсе тілекті,

Жоқ қылайын өңшең залымды.
Атам—Орақ аруағы,
Бүгін пана болыңыз,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бүгін басқа қоныңыз»,
Деп айқайлап дауыстар
Аспанға соза береді.

Сол уақыттар болғанда,
Көк те Аллалап келеді,
Шөп те Аллалап келеді,
Тас та Аллалап келеді,

Тау да аллалап келеді,
Аспандағы ұшқан құс—
Бұ да Аллалап келеді.
Бір бәленің келгенін,

Бір сойқанның болғанын
Сонда қалмақ біледі.
Алтыншы күн қырады,
Қызыл қанға бояды

Көлденең сай мен жыраны.
Жетінші күн болғанда,
Батырлар сыртқа шығып қараса,
Әлі үштің бірі болмапты.

Батырлар Хаққа жылады,
Сөйтіп жүріп және сөйлейді:
«Астымда мінген тұлпарым,
Аузыңа мың кісі,

Сыпыра жалың—мың кісі,
Әр құйрығыңның талына да.
Біз—өзіміз қос жетім,
Қалмақ деген—көп кісі.

Көп кісіге жолықтырған
Мінеки, Алла-Тәңірісі!»
Деп айқайлаған дауыстар
Аспанға соза береді.

Сол уақыттар болғанда,
Алладан болған пәрменмен,
Көк шекпенді, көк атты,
«Менің атым—Орақ!»—деп,

Саулап кірді қалмаққа,
Аламаны қойдай дуылдап.
Көп әскері артынан
Маңыраған қойдай шуылдап.

батырлар  жыры
Аламандар кетті соңынан,
Аш бөрідей зуылдап,
Тартты жаудың қоңынан.

Сол мезгілдер болғанда,
Айналдырған екеуі
Шаһарды кетті аралап,
Аш бөрідей жаралап.

Қалмақ шіркін сап болды,
Байқап тұрса шамалап.
Көк семсердің астында
Талай қалмақ құлады,

Талай қалмақ жылады,
Талай қалмақ сұлады.
Қалмақ шіркін сап болды,
Батырлардың көңлі тынады.

Сол мезгілдер болғанда,
Қылыш астында бір әйел
Баса жаздап қалып жүр.
Басы мен кеудесін

Ат астына салып жүр.
Батырлар байқап қараса,
Асылы нашар бір әйел
Тізгіндеріне оралып,

Шаужайдан келіп алып жүр.
Сөйтіп жүріп сөйлейді:
«Ноғайлық еді жақыным,
Азап берді мына кәпірің.

Мен де—бір Ноғайлы баласы,
Мен—бір жүрген пақырың.
Қарақтарым, мені алып кет,
Иә, өз қолдарыңнан өлтіріп,

Дарияға салып кет.
Ноғайлыдан мен де бір
Қалмаққа түскен жан едім.
Ноғайлыны көрмекке

Көптен бері зар едім,
Әділің аман, сүйінші!
Жеті қабат темір үй,
Темір үйдің төрінде

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Әділің аман бар еді.
Қысас болған қалмақтың
Білдірмей берген дәрісі.

Сол дәрінің уыты,
Әлі келсе, азғантай,
Қарақтарым, менде бар еді.
Бұдан артық не дейін,

Әділіңді тауып берейін?!
Мұсылманға жаяу ертсең,
Ат бергендей көрейін.
Өлсем, шейіт болармын,

Мұсылманның жолына
Талап мен де етіп көрейін».
Арпалыс соғыс үстінде мұсылман әйелдің сөзін естіп,
«Әділге көмегі тиетін дәрі»,—деген соң, Қарасай қолын соза

береді, қолына бірдеңе ілінеді. Соғыс бітіп, Қарасай қаланы
аралап, қауіпті жерлерді қарап жүрсе, айтқандай, жеті қабат
темір үйді көреді. Ішіне кіріп келсе, темір үйдің төрінде, аяқ-
қолында кісен, жатқан Әділді көреді. Қарасай кісенді үзіп, екеуі

көріскенде, екеуінің де көңілдері босап, көздерінен жас шығып
кетеді. Сонда Әділ Қарасайға мынадай өкпе-назын айтады:

—Қияметтік досым—Қарасай,

Мұнша жаттың, не қылып?!
Өлер болдым сені сағынып.
Әділ сұлтан—досыңды
Іздемей жаттың, не қылып?!

Көптен бері келмедің,
Келіп, сәлем бермедің,
Тауға басқан көкірегім
Қайғы басты да, шерледің.

Мен қиында жатқанда
Бас тартатын ер ме едің?!
Мал ішінен жоғалған
Бір жандықтай көрмедің.

Ілия мен қарт ана
Жылатқаның жөн бе еді?!
Қарасай, қайтіп жасармын,

батырлар  жыры
Елге қайтіп асармын?!
Қол-аяқта дәрмен жоқ,
Не қылып, аяқ басармын?!—

деп жатқанда, Қази кіріп келеді. Екеуінің көзіндегі жасты
көріп: «Бұларың не, жаудың көңлін өсіріп? Ер емес, қатын
екенсіңдер ғой! Сонда сендердің бастарыңды өзім-ақ алайын»,—
деп қылышқа қол қояды. Екі батыр қорықпағанмен, сескеніп:

«Еті қызып жүрген батыр неме бір жерімізді жазым қылар!»—
деп, көздерінің жасын сүрте бастаған екен. Әділді сол қаланың
бір тәуір үйіне кіргізіп, тамақтың тәуірін, табылған дәрілерін
беріп, баяғы қалпына келтіреді. Өздері қолдарынан халыққа

жағымды деген адамдарын хан сайлап, елге қайтуға дайындала
бастайды. Сонда Қарасай: «Адамнан Қосайға және Құдайға
берген уәдем бар еді, соны осы жерден орындаймын»,—деп,
Қосайға беретін тоғыз құл, тоғыз күңін, тоғыз қара сусар тонын

бөлек алады. Сөйтіп, Қарасай мен Қази көңілдері тасып, елге
қайтып келе жатады. Елге жақындаған соң Қарасай сүйінші
сұрауға Қазиды оздырып жібереді. Олардан ұзағасын Қазиға
ой келеді: «Осы біздің анамыз бізге әрнемені айта береді, сол

біліп айта ма екен немесе аналығын бұлдап айта ма екен, сынап
көрейін»,—деп атын тоғайға тастап келіп, жабықтан сығаласа,
үйде тек Қибат пен анасы бар екен. Қази кіріп келіп сөйлегені:
Ассалаумағалейкүм,

Қибат пен қарт ана,
Ақылың асқан сен дана.
Айналайын Қибатжан,
Неге бардым қасыңа,

Болмадым қамқа басыңа!
Ойлап-ойлап қарасам,
Қарағым, сенің көзіңнің
Қалып келіп тұрмын жасына.

Тәңірім тілек бермеді,
Көздің жасын көрмеді.
Қарекем қолда барында
Дұшпанға теңдік бермедім.

Бұл күндері болғанда
Қарекемнен айрылып,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жез қанатым қайрылып,
Жасыған жездей майрылып,
Қарекемнен келгенім.

Дұшпандар кетті зор болып,
Біз сорлы қалдық қор болып.
Шаба алмады қайта қамалға,
Келмеді тілі аманға.

Қарекемнен айрылып,
Бишара болып, Қибатжан,
Тап болып тұрмын мұндай заманға.
Мына сөзді естіп Қибат шошып кетіп, Қазиға қарай

жүгіргенде, кемпірдің басы жерге түсіп кетеді. Сонда кемпір
басын көтеріп, байқаса, келіп тұрған өзінің баласы екен. Кем­
пір сонда Қибатқа қарап: «Сен бұлардан хабар сұрама, хабар­
ды менен сұра»,—деп сөйлей жөнеледі. Бұлардың біреуі емес,

екеуінің де менімен іш бәсекелері бар»,—деп хабарды өзі айта
бастайды:
Іншалла, теріс емес еді тілегім,
Келеді аман, білемін.

Тәк, жайыңа қарап тұр,
Албырт туған боқ шіркін,
Баланың жарма жүрегін!
Менің қарағым жауда қалған жоқ,

Көкіректе арман жоқ,
Налып жатып көргенмін.
Сенің атаң—Орақ пен Мамай да
Мұндай жауды алған жоқ.

Халыққа мұндай олжаны
Тіпті салған жоқ.
Ризамын Құдайға,
Бүгін өлсе де, арман жоқ.

Қарасай, Қази сен едің,
Сендер менен туған неме едің.
Талай жерде тарықтың,
Сонда сендерге жәрдемші

Болып жүрген де мен едім.
Кешегі қалмақтың

батырлар  жыры
Әшке батырын өлтіріп,
Сәтіне істі келтіріп,
Өлгендерін өлтіріп,

Қалғандарын бір қосып,
Кәлимаға тілін келтіріп,
Ә, сонда жағалай таудың басында
Екі емшегім салынып,

Көзімнен аққан қанды жас
Өңірім судай малынып,
Еңіреп жүрген мен едім.
Сонда мұсылманнан әйел табылып,

Абыройларың жабылып,
Жеті қабат темір үй,
Темір үйдің ішінде
Әділ менен Қарасай

Көрісіп еді сағынып.
«Өлтірейін,—деп,—сендерді!»
Қарағым маған ұрыспа.
Өзің ойлап қарашы,

Қолыңды қоймадың ба қылышқа,
Осы айтқан сөзім менің дұрыс па?
Сонда Қази шешесінің алдына құлай кеткен екен. Қибат пен
Қазиды үйге қалдырып, өзі бір кісіге жетектетіп, налып жатқан

Әділдің шешесіне келіп, сүйінші сұрайды:
Шешесіне Әділдің
Соқыр жетіп келеді.
Келе сөйлей береді:

«Сүйінші, байғұс, сүйінші,
Көңліңнен кетсін күйінішің.
Бармысың үйде, қарымыз,
Тірілді өшкен жанымыз.

Қайта жанды жарқырап
Өшіп қалған шамыңыз.
Келіп қалды Әділ хан,
Бұл сөзге айтқан наныңыз.

Әділден кеттің түңіліп,
Екі көзің көр болды,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жолына қараймын, деп үңіліп.
Талай қатты зарладың
Аш күзендей бүгіліп».

Мына сөзді естіп,
Қарындасы—Ілия
Жөнеле берді жүгіріп.
О да шықты анасы,

Көруге шықты қаланың
Үлкені мен бала-шағасы.
Менің айтқан бұл сөзім—
Өтірік емес, жігіттер,

Шежіренің санасы.
Анасы келіп сөйлейді:
«Құшақтап сүйген құмарым,
Айдан ару шынарым,

Молдалар жазған тұмарым,
Түк болмай кетті хабарың.
Мұз басқандай сырғанап,
Тайғақ болды табаным.

Алла басқа салған күн
Болмады тіпті амалым.
Жасаған ием жар болып,
Оңғарылған екен заманым.

Не қылайын, көп айтып,
Аллаға шүкір қылайын.
Иесі келген екен ғой
Біздің де мал мен қораның!»

Ел батырларына қосылып, қуанышына той жасап, ат шап­
тырып, думан жасайды. Тойға қос атпен Қосайды алдырады.
Той аяқтала бастағанда, Қарасай халыққа сөз сөйлейді. Сөзінде
Қосайдың тұлпарын тоғыз құл, тоғыз күң, тоғыз қара сусар тон,

бұның үстіне қарындасы—Қибатты беретін болып алғанын, сол
айтқанын қазір орындайтыны білдіреді. Молдаға Құран беріп:
«Қибаттың некесін қи»,—дейді. Молда Құранды оқи бергенде,
Қосай орнынан тұрып, молдадан Құранды алып»,—сөйлейді:

«Орақ батыр қалмақтың Алауса-Марал деген қаласын жау­
лап келе жатып, мына балалардың шешесінен дәметіп: «Осы­
дан бала туса, менің аруағым соларда болады»,—деп алып
6–165

батырлар  жыры
еді. Құманбайдың тойының үстінде келген хат маған тойдан
тоғыз күн бұрын белгілі болып еді. Онда кім батырлардың
аты аталғанын және Қарасайдың аты жоғын, атасына тартқан

бала болса, бұл жаудан қалмайтынын, ол үшін ат іздейтінін,
ат іздесе, менің атыма келетінін білдім. Сонда мен: «Сынай
түсейін»,—деп, аттың сатылмайтын бағасын айттым. Сонда
Қарасай бұдан да қорықпай, атымды алып еді. Бұрынғы кезде

«Атадан бала ширек кем туады» деген мақал бар еді, бұл бір­
де рас, бірде бұрыс болады екен. Кейде бала атадан пұт артық
та туады екен. Мына Қарасай мен Қази атадан пұт артық туды.
Себебі: атасы, Күзбанды, Орақ, жолын салып, ала алмап еді,

Қарасай мен Қази мұны алды. Мен басқа әкелген заттарына
ризамын, мен тек Қибатты сынау үшін айтып едім, сондықтан
бұл той Әділ мен Қибаттың қосылу тойы болсын»,—деп, өз
қолынан молдаға некелетеді. Басқа заттарының алғанын алып,

алмағанын өз қолынан жұртқа береді.

Қалмақтың ханы Қабартиын мен Нұрадынның әкесі бөле бол­
ды екен. Нұрадыннан хан Мұса туады. Мұсаның бәйбішесінен
Мамай, Орақ туады, тоқалынан 30 ұл туады, Мамайдан бала
болмайды, Орақтан Қарасай мен Қази туады.

Қабартиынның балалары Палуан сұлтан, Батыр хан деген­
дер болады. Палуан сұлтан мен Батыр хан Орақ пен Мамайдың
тұсындағы хандар еді.
Бір күні Мамай ауырады, ауырып жатып ел қайғысын ойла­

ды. Көп ұзамай осы ауруынан жазылады.
Жазылған соң, елінің биі мен бегін, уәзірін шақырып алып,
Мамай өсиет айтады.

—Жиылып келген елдерім,

Ел ішінде ерлерім,
Билер менен бектерім,
Палуан сұлтан, Батыр хан
Ішінде жүрген кек еді,

Ойлағаны көп еді.
Бір күні көзім жұмылса,
Сендерге қысым береді.
«Еділ, Шаған суларды,

Қалың жыныс, нуларды
Қоныс қып алсам», дер еді.
Көзім тірі шағында
Сендерге ақыл салайын,

Мақұл көрсең барлығың,
Хан қалмақты алдайын.
Кезі келсе, дұшпанның
Қанын ұрттап, жалмайын.

Қарасай, Қази
(Нұрпейіс Байғанин нұсқасы)

батырлар  жыры
Еділ, Сақмар суларым,
Жыныс ағаш, нуларым,
Елек пен Қобда, Ойылым

Қалмаққа кетіп қалмасын.
Мұным қалай, Сыпыра,
Сізге ақыл салайын?
Сыпыра:

—Халықтың қамын ойламай,

Ғаділ сұлтан бола ма,
Пайдасын айтпай халықтың,
Хан адамдар оңа ма.
Ханым, айтқан бұл сөзің

Келеді тура жобаға.
Ғаділ ханым—Мамай—сен
Халықтың қамын ойлаған.
Сөйледі сонда Мамай хан:

—Алты жолдас ал,—деді,

Палуан сұлтан, Батыр хан
Падишаға бар,—деді.
Іште болсын кек деген,
«Дос болам», деп, амалмен

Өзіңе тартып ал,—деді.
Арғы жағым бөле еді,
Өмірлік тату болуға.
Ал жеті елші барыңдар,

Менің айтқан сөзімді
Ойыңа тоқып алыңдар.
Алыс емес, қалмақтың
Жақын екен арасы.

Бес күн сапар жол шегіп,
Сыпыра келді қалмаққа.
Екі ханды дос қылып
Сыпыра дана ақылгөй,

Абыройды өзі алмаққа.
Сыпыра қартың жырлайды,
Жырламай қарт, тұрмайды,
Көңлі дана қарт еді,

Айтса, жырға ыңғайлы.

қаРаСАй,  ҚАЗИ

—Халықта дана хан едің,

Қайыспас қара нар едің,
Асырмас биік тау едің,
Сыртқа зәрді шығармай,
Бізбенен іштен жау едің.

Мамайменен екеуің
Халықты тату бағуға.
Ішке пікір сақтамай,
Адал досты болыңдар.

Жамандықтан, хандарым,
Бір-біріңді қорыңдар.
Палуан сұлтан, Батыр хан—
Ақыл, ойлы артық жан,

Ел бастығы, ер еді,
Әрі батыр, әрі паң.

—Ей, Сыпыра, Сыпыра!

Сөзіңді байқап, аңдаймын.
Айлалы Мамай сөзіне
Өлгенімше нанбаймын.
Мамайдың менен кем емес

Жиған әскер, құралы.
«Дос болам», деп ханыңыз
Қандай шартқа тұрады?
Шын дос болса менімен,

Байлау болсын ортада
Мұсылманның Құраны.
Осы сертке тұралық
Әскермен келсін хан Мамай.

Әскерменен, сәнменен
Біз де алдынан шығалық.
Адал ниет көңілмен
Шын достықта тұралық.

Екі патша сап түзеп,
Әңгіме дүкен құралық
Палуан сұлтан ханменен
Қатты уәде байлады.

Уәде етіп ханменен,
Елге қайтып Сыпыра,
Берік сөзін сайлайды.

батырлар  жыры
Хан Мамайға келеді,
Көргенінің баршасын
Баяндап айтып береді.

—Е, хан Мамай, хан Мамай!

Палуан сұлтан батырдың
Бір сөзінің мерті бар.
Ханның айтқан сөзінде
Жанған оттай өрті бар.

«Құран алып, құшақтасып,
Анттасу», деген серті бар.
Сол сертке көнесің,
Құранмен ант бересің.

Сонда Мамай ойлайды,
Ойламасқа болмайды.

—Қараға ант берген жан

Әуелден де оңбайды.
Ақылгөйім, жолдастар,
Ой ойлайтын жер болды,
Халқым, ойға салайық.

Құранмен ант бермесек,
Палуан сұлтан сенбейді.
Палуан сұлтан залымға
Дәлелмен ант берейін.

Бір болат біз аламын,
Жеңіме тығып барамын
Анттасар уақытта
Жең ішіне біз тығып,

«Біз алдасақ, бізді ұрсын!
Сіз алдасаң, сізді ұрсын!»
Құранмен бізді қағамын.
«Бізді ұрсын!» деп, Құранмен

Көкірекке ұрайын.
Бүктеме семсер, ақ алмас
Жең ішіне тығайын.
Құшақтасқан шағында

Жүрегінен жарайын.
Бір қатары сөйлейді

—Не десең де, хан Мамай,

Сөзіңді қабыл аламыз.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Халық бастаған хан едің,
Білімге артық данамыз.
Билік Мамай өзіңде,

Ақылмен ойлап қараңыз!

—Өлтіруге сол ханды

Көкірегім ынтызар.
Бұрын өлсем залымнан,
Ноғай, Қазақ халқымнан
Қарсы оған кім шығар?!

Қаста жолдас, нөкермен
Салтанатпен келеді.
Уәдесі ханменен
Ортадағы көл еді.

Қалың ағаш-жыныс
Бір жағы құба бел еді,
Уәде еткен жеріне
Екі жасақ келеді.

Палуан сұлтан, Батыр хан
Көрнекті оба басына
Еш нәрседен қаперсіз
Қарусыз барып шығады.

«Досым Мамай, қайдасың?
Кел, бері»,—деп тұрады.
Дулыға, бөрік басында,
Хан Мамай шығады.

Көрген адам таң қалып,
Қызыққа қарап тұрады.
Бірін-бірі «досым» деп,
Екеуі құшақ жаяды.

Жең ішінде ақ алмас,
Көк сауытын көтеріп,
Қалмақты Мамай жарады.
Құлаған соң Батыр хан,

Соғысқа бастар басшы жоқ,
Жылап-сықтап қалмақтар,
Шарасыз қайтып барады.
Өлтірген соң патшаны,

Мамайдың көңлі өсіпті,
Жең ішінде болат біз

батырлар  жыры
Жадынан шығып кетіпті.
Ордасына келеді,
Жиылған халық көп еді.

Жең ішінде болат біз
Жеңін шешкен шағында
Шынтағына кіреді.
Аққан қанды сорғалап

Елемеді хан Мамай.
Ақырыңда сол бізден
Ажалдың болған себебі.
Аурудың беті жаман болған соң өлеріне көзі жеткен Мамай

елімен арыздасып былай дейді:
«Қайран жұртым сен едің,
Халыққа басшы мен едім.
Қанаттыға қақтырмай,

Тұмсықтыға шұқытпай,
Қорғап бақсам деп едім.
Қараға ант бергенім—
Сенің қамың жеп едім.

Ат жалын тартып мінген соң
Халқымның ары үшін,
Бермеске жауға намысын
Тұлпар мініп, ту алдым,

Тас кесетін ақ алмас
Талай қанға суардым,
Арқарлықтың алты жау,
Айқай салып, мұны алдым.

Қазақ, Ноғай елі үшін
Қысқарттым жаудың өрісін.
Шапса қолы жетпеген,
Басына қонған бағы артық.

Қайрат, күші тағы артық,
Құрал-сайман, сәні артық
Қалмақтың басы Қараман,
Қан жаудырып, мұны алдым.

Туып-өскен жер үшін,
Қазақ, Ноғай елі үшін.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жауды көрсе, қайтпаған,
Үш қырлы найза саптаған.
Ертістің ханы—ер Шабан

Еңіретіп мұны алдым.
Құралмен іздеп барғанмын,
Он төрт күн ойран салғанмын,
Он бес күнде алғанмын.

Жау табылса, қуандым.
Үрімнің басы—Ертіс хан,
Үн салдырып мұны алдым.
Сансыз халық елі бар,

Жан бармайтын жері бар,
Мұсылманмен қашаннан
Атасының кегі бар,
Біздің байтақ халықты,

«Шабамын», дейтін сөзі бар.
Хабарына қанған соң,
Бұйырдым би мен бегіме,
Есепсіз ауыр қол болып,

Есебі жоқ мол болып,
Аттандым Қытай еліне.
Алдырмайтын жау екен,
Жері де биік тау екен,

Қытайдың ханын қан етіп,
Қырғын салып, мұны алдым.
Қыс болмайтын жері бар,
Берік жатқан елі бар,

Алдырмайтын, алысса,
Талай мықты ері бар,
Еліне жау келмеген,
Жауласқан жауы жеңбеген,

Екі талай жер болса,
Қайтпай, қылыш сермеген,
Бұрын-соңды еш жаудан
Қорлық-зорлық көрмеген,

Қызылбаста Қырым хан,
Қырғын салып, мұны алдым.
Шүршіттің басы—Шүмен хан,
Түн жаудырып, мұны алдым.

батырлар  жыры
Сен ырза болсаң, мен ырза,
Жауға айдасам, тіл алдың,
Қырқарлықтың қырық жұрты,

Қырғын салып мұны алдым.
Халқымыз айтқан өсиет:
Ынтымақпенен жүріңдер,
Азаматым, қорған бол

Байтақ халық еліңе.
Ынтымақты болсаңдар,
Кіре алмас дұшпан шегіңе.
Мен өлген соң, бұл дұшпан

Ескі кекті еске алар.
Палуан сұлтан батырдың
Төгілген қаны жоқталар.
Орақтан қалған қос жетім

Жетіспеген жас еді,
Қабартиын тұқымы
Жеті атадан қас еді»,—
Деп қоштасып халқымен,

Дүниеден Мамай өтеді.
Орақ, Мамай өткен соң,
«Хансыз халық оңбас»,—деп.
Сыпырадай кәрі бар,

Кешегі өткен Мамайдың
Есіз қалған тағы бар,
Нұрадын ердің нәсілі—
Қарасай менен Қазидың

Атасының даңы бар.
Алған жауы көп еді,
Ауызға толы сөз еді,
Қарасай мен Қазижан

Кешегі Орақ, Мамайдың
Артында қалған көзі еді.
Кешегі өткен хан Мамай,
Қази атты баланы

«Менің балам» дер еді.
«Өскен соң Қази бар болып,
Мен мінген таққа мінсін»,—деп

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Талай айтқан сөзі еді.
Қараүлек сонда сөйлейді:

—Жиылған халқым—сен,—дейді,

Өтінем сізге мен,—дейді.
Қара ағаштай қайран жұрт,
Бір тілегім бер,—дейді.
Жеті мен тоғыз жасында

Қарасай менен Қазиым
Жетіспеген жас,—дейді.
Хан болып, елді баға алмас,
Ел шетіне жау келсе,

Қасқайып қарсы бара алмас.
Халықтың Сыпыра қорғаны,
Жібекпен жағын торлады,
Халық алдыңда толғады,

Толғамасқа болмады,
Елінің қамын ойлады.

—Алтын Орда, Сарайдан

Елге басшы қарт едім,
Сөз бастаған талайдан.
Қарасай, Қази—қос жетім,
Аталыдан хан болса,

Халық жетер мақсатқа,
Жиылып келген мақсатқа,
Жиылып келген көп халқым,
Қараүлек тілін алсаңыз,

Қарасай менен Қазижан
Кәміл жасқа келгенше,
Шаруа еді мал баққан,
Мінезі елге бек жаққан,

Қапияда сөз тапқан,
«Бұзаубақтың баласы—
Шынтемірдей мырзаның
Ойлаймын бар деп санасы».

Хандықты соған берейік,
Қара боп, соңына ерейік!
Сыпыраның бұл сөзін
Халқы мақұл көреді.

Есіз тұрған алтын тақ

батырлар  жыры
Шынтемірге береді.
Халыққа басшы ғаділ хан,
Екі кісі айтысса,

Береді тура төрені.
Палуан сұлтан өлген соң, қалмақтың ханы Палуан сұлтанның
баласы—Жаседіл бір күні азаматтарын жияды да, солармен
ақылдасады.«Мамай атамды алдап, өлтіргенін білесіңдер.

Атаның кегін алуды мақұл көрсеңдер, Қарасай, Қази болса ата­
дан жас, ақылдан бос қалды. Бұзаубақтың Шынтемірі қазақ
халқына хан болған секілді. Оның бізге қарсы келуге ерлік, се­
рілігі жоқ. Оның халқын шауып, Еділ, Шаған, Сақмар жерін

алып, атамыздың кегін алалық»,—деді. Халқы бұл мәслихатты
мақұл көрді. Сөйтіп, араға елші жібереді. Елшілер Шынтемір
ханға келіп мәнісін айтады. Шынтемір хан: «Бір айдың ішінде
көнсек те, көнбесек те, жауабын береміз»,—деп, уәде байласады.

Бұлар кеткен соң Шынтемір хан халқын жиып, былай дейді:
«Атаңа нәлет Жаседіл—
Айтулы мықты ер,—дейді.
Палуан сұлтан батырдың

Қанын жоқтап жүр,—дейді.
Мақұл көрсен, халқым,
Жол шығар деп,—ойлаймын,
Күшті жаудың алдына

Қарсыласып бармаған.
Бұл қоныстан көшелік,
Шалғысы жетпес қалмақтың
Кең қонысқа жетелік».

Хан айтқан соң, халық көнеді,
Билікті ханға береді.
Есебі жоқ көп халық
Қоныстан көшкен жер еді.

Қараүлек: «Жаудан тайған жоқ еді, жеті атадан дұшпан көзін
салған жоқ еді, қалмақ кегін алған жоқ еді. Қарасай, Қазидың
жас уақтында Орақ, Мамайдан қалған орда қалмаққа мирас бо­
латын болса, жау мені шапсын»,—деп, көшпей қалады. Мамай

өзінің тірі шағында Қарасай мен Қазиға күміс пен алтыннан

қаРаСАй,  ҚАЗИ
сақа құйдырып беріп еді. Екі бала асық ойнап жүріп босқын елді
көреді. Қази төсектің үстінде ұйықтап қалады. Сонда Қарасай
анасы Қараүлекке толғайды:

—Қараүлек анам—сен дейді.

Қарасай жетім—мен,—дейді.
Сөгіле көшті ел,—дейді,
Неге көшті көп халық,
Хабарын айтып бер,—дейді.

Сонда Қараүлек сөйлейді.

—Орақ, Мамай барында

Халқымның ары кетпеген,
Ел намысын кетпеген,
Дұшпанның қолы жетпеген,
Екеуінің барында

Жау халқымнан шеттеген.
Қалмақтың ханы—Жаседіл
Атасының төгілген
Қара қанын кектеген.

«Орақ пенен Мамайдың
Қос жетімін өлтіріп,
Қанын ұрттап, қанам»,—деп,
Ханыңа хабар салыпты.

Хан болып тұрған Шынтемір,
Бойында жоқ ерлігі,
Жасқанып жаудан қалыпты.
Орақтан туған Қарасай,

Енді болды тамаша-ай.
Алтын Орда—бұл шаһар—
Мамай, Орақ қаласы-ай.
Тоғызға келдің, жетімім.

Жастық қылар болар ма
Текті атаның баласы-ай!
Атадан бала туса, игі,
Атаның жолын қуса, игі.

Атаның жолын қумаса,
Атаға тартып тумаса,
Жасық туған жаманның
Барынан да жоғы игі.

батырлар  жыры
Атаға тартсаң, Қарасай,
Алтын сарай ішінде
Қабан құлақ қара ат бар.

Мамайдан қалған көк сауыт,
Тас кесетін ақ алмас,
Орақтан қалған садақ бар.
Жетесіз, жаман болмасаң,

Қабан құлақ қара атқа,
Қарасай жетім, мін,—деді.
Бадана көзді көк сауыт
Мамайдан қалған ки,—деді.

Сан жетпейтін қол болсын,
Есепсіз қалмақ мол болсын,
Қайтпай, шіркін, ти,—деді.
Жалаңаштан да, жауға шап,

Ажалдан бұрын өлмейсің.
Ал, немерем—Қарасай,
Кім шыдайды, шырағым,
Сен долдансаң, ашуға?!

Жалғызбын деп, жаспын деп,
Дұшпаныңа бас ұрма.
Келбетіңе қарасам,
Атаға тартқан секілді.

Сонда Қарасай сөйлейді:

—Қараүлектей анайым,

Жұмсадың, тіліңді алайын.
Батаңды бер, қарт шеше,
Қасыма жолдас ертпей,
Жападан жалғыз көп жауға

Өзім-ақ қимыл салайын.
Қашып кеткен халқыма,
Ана, хабар бермейін.
Атамнан қалған көк болат

Сансыз жауға сермейін.
Батыр батыр бола ма,
«Жалғызбын» деп, торықса,
Жауды санап, қорықса.

Жауды көрсе, қайтпайтын
Тұқым едім қарыспа.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Құралды халық ағайын
Қорыққаннан қалмақтан
Кетті босып алысқа.

Байтақ халық елімнің
Өзім-ақ арын арлайын.
Қайырлы болса сапарым,
Қалмақтың ханы—Жаседіл

Қара қанын төгемін.
Аттанар жауға болды жер,
Қарасайдай балаңды
Осы жолда сынап көр.

Қараүлектей қарт анам,
Ықыласпен батаң бер.
Сонда қолын жаяды,
Батасын беріп қарады:

«Ерендер болсын жолдасың!
Әулиелер қолдасын!
Ескі аруақ торласын!
Мамай ханның бағы кеп,

Басыңа, балам, орнасын!»
Шешесі бата берген жер,—
Қарыспа туған Қарасай
Атадан қалған сауытты

«Кебінім» деп киген жер.
Тас кесетін алмасты
«Сайғағым» деп ілген жер.
Атадан қалған қара атты

Жауға тұңғыш мінген жер.
Көк садағын асынып,
Жауға жалғыз жүрген жер.
Қарасай жауға аттанды,

Көтеріліп көңлі,
Көкірегі желденіп,
Қарасай батыр шаттанды.
Қаруларын басқарып,

Жаседілдің жауына
Жападан жалғыз қасқарды.
Ұйықтап жатқан ер Қази
Ұйқыдан шошып тұрады.

батырлар  жыры
Орақтан қалған жас жетім—
Қараүлектің шырағы
«Қарасай қайда кетті?»—деп

Шешесінен сұрады.
Сонда Қараүлек сөйлейді:

—Шынтемірдей ханыңның

Айла-ақылы кем екен.
«Қалмақ келді»,—деген сөз
Босқа айтылған кеп екен.
Бейбітшілік болған соң,

Босып кеткен халқыңа
Хабар бере кетіпті.
Сонда Қази сөйлейді:

—Алдама, анам, сен,—дейді,

Жаседіл берген қысымнан
Босқан халық-ел,—дейді.
Өп-өтірік алдайсын,
Жаселді сынды жауыңды

Қарасайға арнайсың.
«Екі жасы кіші»,—деп,
Мені неге қорлайсын?
Қарасайға не жаздым,

Қатарына алмастай.
Серік қылып қасына,
Екеу болып жауға бармастай?!
Ерлерді жауға шаптырған

Намыс пенен ар шығар.
Қысқа ма, өмір ұзақ па,
Болжалды күнім бар шығар.
Жеті жасар күнімде

Жетімдікпен зарлатқан
Әмірден болған кәр шығар.
Қарасай—қорғау, мен—сүйеу,
Жалғыз кеткен батырға

Барып, жәрдем беремін.
Сонда Қараүлек сөйлейді:

—Қазиым, тыңда сырымды,

Тек екеуің болмаса,
Сүйеу болар балам жоқ.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қабыртқаң, балам, қатпаған,
Омыртқаң, балам, өспеген,
Былбырап тұрған қауынсың.

Сонда Қази сөйлейді:

—Қараүлек елдің анайым,

Сізге тілек салайын,
Қарасай жауға кеткен соң,
Үйде не қып қалайын?!
Қарасай—қанат, мен—құйрық,

Жәрдем бере барайын.
Қару-қапшық жетімге,
Тауып бер, ана, тұлпар ат.
Қараүлек сонда сөйлейді:

—Пірлерден бөтен панаң жоқ.

Қолыңа құрық ал,—деді,
Беліңе жүген шал,—деді,
Елсізде жатыр көп жылқың,
Көп жылқыңа бар,—деді.

Сыншы болсаң, білерсің,
Қарағанын бетіңе,
Тай да болса, мінерсің.
Белге жүген шалады,

Жылқы аралап қарады.
Үсті қотыр лықыған
Қызыл шолақ көк құнан
Оқыранып, Қазиға

Ұсынып мойнын барады.
Борбайында қоңы жоқ,
Мойнында жалы жоқ,
Жал-құйрығы тағы жоқ,

Қызылды жаяу қуады,
Аттан сағы сынады.
Шешесіне келді де:

—Ат тауып бер,—деп жылады.

—Сансыз жылқы мол,—дейді,

Сапарың болсын оң,—дейді,
Тағы да бар сен,—дейді,
Қайта келсе алдыңнан,
Тәуекел ет те, міне бер,

7–165

батырлар  жыры
Бұйырған атың—сол,—дейді.
Жылқыға тағы келеді,
Қызыл құнан Қазиды

Келген бойда көреді,
Оқыранып, желеді,
Ұсынып мойнын береді,
Басына жүген салғанда,

Басының кірді ажары.
«Құл-құтан мазамды алар, деп,
Жылқышы мініп шабар», деп,
Қотыр болып жүр екен,

«Қази іздеп табар», деп.
Сән-сайманды салған соң,
Тұлпардың көңілі шат болды,
Сағынып жүрген жануар,

Мінер иесі тап болды.
Айыл-тұрман салған соң,
Таутекедей ат болды.
«Сен—шарыққа шыққан бүркітсің,

Қанатың қайтпас сұңқарсың,
Жем тастаса, қайрылма.
Сен—қарағайға қарсы біткен бұтақсың,
Балталаса да айрылма.

Сен—қайсар қара болатсың,
Тасқа шапса, жасып, майрылма».
Белестен белес, бел асып,
Емен садақ, сай кез оқ,

Беліне алмас жарасып,
Қырқа-қырқа жерлерден
Қарауыл Қази қарасып,
Қарауыл салған ағаның

Артынан жетті жанасып.
Бес жүз шатырмен, есепсіз қолмен тау жарған көк бұлақта
жатқан қалмақты көріп, Қарасайдың Қазиға айтқаны:

—Бауырым Қази—сен,—дейді,

Алдыңда қорған мен,—дейді,
Есіз тастап қалаңды,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Еңіретіп анаңды,
Артымнан келген нең?—дейді.
Сонда Қази сөйлейді:

—Қарасай, сөзіңді алмаймын,

Сөзіңе құлақ салмаймын.
Жеделмен атқа мінген соң,
Талабымнан танбаймын.
Қорлық бердің, Қарасай,

Зәбіріңді арлаймын.
Жауға қарсы бармастай
Қази сенен кем бе еді?!
Берсең де, батыр, бер,—деді,

Бермесең де, бер,—деді.
Жақсы атыңды қимасаң,
Қай мықтымыз барайық.
Сынасайық, кел,—деді,

—Бауырым едің, қарағым.

Қайтпасын сенің талабың
Қарағым, етпе балалық,
Екеуміз бірге баралық,
Жаседілдің ханына

Тізе қосып шабалық.
Ей, ерке туған Қазиым,
Енді болмас амалым,
Қарашоқының басында

Қарауылда қаламын.
Қиындық саған іс болса,
Мен де артыңнан барамын.
Қызыл атты жаратып,

Аспанға басын қаратып.
Қамшыға бұтын таратып,
Тұяқтан шыққан тозаңын
Жауға қардай боратып,

Белестен белес, бел асты,
Мінген аты, сән-сайман
Бір-біріне жарасты.
Қарауылшы қалмақтар

Қазиды көріп алыстан,
Ақылынан адасты.

батырлар  жыры
Азаматын шақырып,
Хан әңгіме құрады,
Сыншыларын жияды.

Олар келіп, алдынан
Қазиды сынап тұрады.
Мінген аты терлеген,
Алдыңда тұрған ерлерді

Бір кісідей көрмеген.
Сыншылары сынады,
Сынап, көңлі тынады.
Бұл—атаның баласы,

Қази екен шамасы.
Қарасай мен Қазиға
Кімнің болар шарасы?!
Қайтпас ердің өзі екен,

Баба түкті нәсілі,
Шын батырдың тегі екен.
Егер айла қылмасақ,
Көрсетер бізге көрімді,

Әлек етер елімді.
Сыншылардың бастығы
Отаман деген ер еді,
Асқан сыншы, айлакер,

Амалға озған кен еді.
Жаседілге келеді,
Келе жылай береді.
Көзінен аққан ыстық жас

Қойныңа төгеді.

—Ей, Жаседіл—ханымсың,

Халықтағы барымсың,
Арымас, биік тауымсың,
Құламас биік жарымсың.
Келбеті асқан ер көрдім,

Жау сағынған шер көрдім,
Айла-ақылын кең көрдім,
Қабағынан қар жауған,
Мұртынан мұз тамған,

Қанды Орақтың баласы—
Қази атты ер көрдім.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Айла, ақыл табалық,
Алдап, арбап қаралық.
Ақылы көп ер екен,

Қазида артық даналық,
Шамамыз келсе, жағалық.
Алдамасақ егер де,
Құртатын шығар шараны.

Айла-амал қылыңдар,
Болаттан жебе құрыңдар
«Қази ер, саған сенем,—деп.
Не айтсаң да, көнем»,—деп,

Қол қусырып тұрыңдар.
Болат жебе үстіне
Жібек кілем салыңдар,
Үстіне мақпал жайыңдар.

Есікте тұрсын қос батыр,
Алмас семсер қолға алып,
Төрде тұрсын төрт батыр,
Сыртынан басқын шатырдың.

Даярланып барша жау,
Қамсыз болып тұрады.
Қази ердің алдынан
Отаман сыншы шығады.

—Аталы Қази сен едің,

Жеті атадан ер едің,
Ернің қанды бөрі едің.
Орақ пенен Мамайдың
Артында қалған көзі едің.

Жаудан қайтпас ер болсаң,
Сескенбес Қази сен болсаң,
Алтын шатыр ішінде
Жаседілдей ханым бар.

Кілең батыр сайланған
Бағып тұрған бағы бар.
Батыр болсаң сен,—деді,
Жаседілдей патшаның

Дидар жүзін көр,—деді.
Қол қусырып сәлем бер.
Егер ханға бармасаң,

батырлар  жыры
Ер емессің, сасқаның,
Шатырына кірмесең,
Қорыққаннан қашқаның.

Мұнан Қази саспады,
Қази халық бастады
Астындағы тұлпарын
Берік қаңтарып тастады.

Қарыспа туған Қази ер
Жалаң қылыш қолға алды,
Ашуланып, долданды.
Қабағын түйіп, сұрланып,

Жаседілдің шатырына
Шапшаң басып жолданды.
Самсап тұрған көп жауға
Қайрылмай кетіп барады.

Есіктен еніп, өрледі,
Ханға сәлем бермеді,
Құрып қойған жебені
Қу қамыстай көрмеді.

Жолға құрған көк болат,
Басқаныңда, қырады.
Отыра қалған шағында,
Жебе тіреп қолтықтан,

Өтірік емес, шын, рас
Жебелердің сынғаны.
Даярланған батырлар
Қалтырасып, дірілдеп,

Тырп етуге әлі жоқ,
Бәрі жылап, шулады.
Жаседіл хан сөйледі:

—Қазимысын сен?—деді,

Жаседілмін—мен,—деді.
Ханға сәлем бермеген,
Төрге қарап өрлеген,
Қази, сенің нең?—деді.

Сонда Қази ақырды,
Ақырып сөйлеп, жапырды,

—Қалмақтың басы—Жаседіл,

Кесе келдім басыңды,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Шаба келдім еліңді,
Сындыра келдім беліңді,
Көрсете келдім көріңді.

Бейпіл жатқан халқыма
Саласың неге көзіңді?!
Тақта отырған қалмаққа
Сыбанып жетіп барады

Сескенген ерден Жаседіл:

—Сынау үшін қол жидым

Ашу тұтпа, сабыр ет,
Орақ пен Мамай шырағы.
Түп несептен бөле едің,
Орақтан туған сен едің,

Палуан сұлтан баласы—
Жаседіл хан мен едім.
«Орақтың екі баласын,
Жүздесіп, көрсем»,—деп едім.

Қази ер, саған сенемін,
Не десең де, көнемін,
«Досың болсам»,—деп едім.
Айыбыма, ер Қази,

Тұлпарымды таңдап мін,—деді.
Ақ кіреуке қамқадан
Киімді таңдап ки,—деді.
Оң қолының басы алтын,

Қиғаш қара қасы—алтын,
Сары алтынмен қаптаған,
Сұлуымның шашы алтын,
Аруымды сүй,—деді.

Қазижан, ақыл саламын,
Халқыңның көңлін табамын.
Шын достыққа той етіп,
Қызмет етіп, жағамын.

—Осы айтқаның шын болса,

Мұныңды бөтен демейін.
Қарасай ағам—туысым,
Ақылдасып көрейін.
«Мақұл»,—десе Қарасай,

Бұл тілегің берейін.

батырлар  жыры
Өтірік айтсаң егер де,
Көңліме кір болар.
Сан қалың қалмағың

Кеңшілікке мұң болар.
Кейін қалған ағасы—
Қарасайға келіпті,
Уәдесін, көргенін

Түгел айтып беріпті.
Қалмақпенен Қази ер
Уәдеге сеніпті.
Қайырмады Қарасай,

Қазидың айтқан сөзіне
Қуанышпен көніпті.
Екеуі Жаседіл ханға қонаққа барады. Жаседіл қонақ етіп,
құшақтасып, дос болады.

Қарасай, Қази, Жаседіл
Бір біріне сеністі,
«Ақыреттік доспыз»,—деп,
Дос шартына көністі.

Жаседіл хан жадырап,
Жар салды жалпы халқына.
«Ту көтеріп, той етем
Шын достықтың шартына.

Жасыңыз бен кәріңіз,
Әйел, еркек—бәріңіз,
Салтанатпен келіңіз.
Қызығымды көріңіз!»

Қарасай менен Қази ер
Дос болып қайтты еліне.
Хабар берді: «Келсін»,—деп,
Еліндегі еріне,

Шынтемірдей ханы мен
Халықтың би мен бегіне.
Қуанышқа халық толады,
Ел қуанбай, не қылсын,

Ойлаған мақсат болады.
Босып кеткен көп халық
Қонысына қайта қонады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сол кезде Жаседіл ханнан мынадай хабар келеді.

—Қарасай, Қази—жан досым,

Шын достыққа нан, досым!
Даярландым мен тойға,
Халқыңа хабар сал, досым.
Құрметін, сыйын көп қалмақ

Алдыңыздан сайласын.
Кемпір, шалдар және де
Көпті көрген дана да
Келмей тойға қалмасын!

Хабарды естіп Шынтемір,
Елін жиып алады,
Халыққа ақыл салады.
«Алпысқа жасым келгенше

Бір балаға кем едім.
Осы тойға барған соң,
Ұлдыны да көремін,
Қыздыны да көремін,

Іштегі шерім қозғалып,
Қорланып, топта шөгемін.
«Соның үшін жиынға,
Мақұл көрсең, Қарасай,

Бармай-ақ қойсам»,—деп едім
Хан бармайды, қалады.
Халықты бастап Қарасай
Қалмаққа кетіп барады.

Жаседіл патша халқын
Қасына жиып алады.

—Қонақты келген бағыңдар,

Көптің бабын табыңдар.
Біреуің кейін тұрмай-ақ,
Етіңдер қызмет құлдай-ақ.
Қарасай менен Қазидың

Халқыменен жау болдық,
Боларын мұндай білмей-ақ.
Алтын жамбы аттырып,
Ат бәйгісін шаптырып,

Теңселтіп балуан тұрғызып,

батырлар  жыры
Назарын көптің бұрғызып,
Сапырып беріп шарабын,
Тік тұрып қалмақ, бас иді.

Келген қонақтар жеті күн жатып, еліне қайтпақ болады. Жа­
седіл хан тарту-таралғы сыйлық беріп, разы етеді. Аттанар ал­
дында Қарасай тұрып: «Ұлсызға, қызсызға қызық жоқ»,—деп,
елімнің ханы—Шынтемір бұл жиынға келмей қалып еді. Шын

көңліңізбен сол кісіге батаңызды беріңіз, ала барайын»,—деді.
Жаседіл хан қолын жайып: «Бір ұлды, бір қызды болсын!»—
деп бата берді. Жаседіл бастаған қалмақтың құрметіне ырза бо­
лып, екі батыр еліне келеді. Шынтемірдің тоқалы Ақханым сол

кезде 42 жаста екен. Ұзамай, Ақханым жерік болады:

Күндердің күні өткенде
Ақханым жерік болады.
Ақханымның жерігі
Қара тастан қанады.

Тоғыз ай, он күн көтеріп,
Егіз бала табады.

«Жаседіл ғаділ патша еді, осы перзент соның батасынан бо­
лып еді, бұ да ер жеткенде, сондай ғаділ болар»,—деп, ұлының
атын Еділ қойған екен. Еділ жеті жасқа келгенше халық ты­
ныш, ел бейбіт болды. Қарасай, Қази біреуі 16- ға, біреуі 14-ке

келді. Қалмақ пен Қазақ, Ноғайдың арасы жіксіз, жақсы тату
болды. Еділ жеті жасқа келген соң, Шынтемір ауырды. Қарасай
мен Қазидың аулы Шынтемірдің аулына сәске түстік жер еді.
Ауру меңдетіп, жеңе бастады. Ауырып жатып Шынтемір былай

деп толғады:
«Жалғыз еді балам,—деп,
Жетімнің күні қараң,—деп,
Қалай болар заман?—деп,

Әуелден жазу осылай,
Нешік болар шарам?!»—деп,
Ауырып жатып толғайды,
Толғамасқа болмайды.

«Өлерде көрген Еділді

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қарасай мен Қазиға
Тапсырам», деп ойлайды.
Қайғысын ойлап жалғыздың,

Ажары кетіп, түнерді,
Жанынан үзді күдерді.
Қос тұлпармен хабаршы
Қарасай ерге жіберді

Шынтемір жатқан ордаға
Сәске түсте келіпті.
Қол қусырып, есіктен
Иіліп сәлем беріпті.

Бұларды көрген Шынтемір
Көтеріп басын сөйлейді:

—Қарасай, Қази—сен—деді,

Шынтемір ханың—мен,—деді,
«Көңілге келген бір сөзді
Айтып кетсем»,—деп едім.
Ой-өрісі кеңеймей,

Артымда жас қалып Еділім
Мойын ұсынып қарсы алам
Жаратқан Алла әмірін.
«Санаулы күнің бітед»,—деп,

Қағып тұр ажал дабылын.
Ерлер киген көк сауыт
Берік болмас жағасыз,
Астыңа мінген шын тұлпар

Тасқа шаппас тағасыз.
Орақтан туған ұл болсаң,
Жетім қалған Еділді
Қапталыңа аласыз.

Жалғыз қалған Еділжан
Сүйеусіз де панасыз.
Сонда Қарасай сөйлейді:

—Қамқорым, ханым сен едің,

Қарасай, Қази мен едім,
Тірі болса, Еділді
Қазимен қатар көрермін.
Өлсек, шұқыр бір болар,

Шықсақ, басы төбенің.

батырлар  жыры
Қарасай, Қази, Еділ боп,
Тізе қосып, жабармыз
Ашылған жерін көбенің.

Ел шетіне жау келсе,
Ер басына дау келсе,
Сағасын қанға малармыз
Сегіз қырлы жебенің,

Деп, Қарасай көтеріп
Ақ алмасын, ант берді.
Тізе бүккен Қази мен
Еділді жатқан хан көрді.

Батасын беріп балаларға,
Шынтемір хан жан берді.
Шынтемір хан өткен соң,
Шын дүниеге кеткен соң,

Сыпыра—дана кәріңіз
Елге көңіл бұрады.
Би менен бекті жияды,
Елге басшы хан іздеп,

Әңгіме дүкен құрады.
«Халыққа қорған батыр да
Елдің қамын ойлаған.
Баба түкті шашты Әзіз,

Ер Нұрадын нәсілі,
Ежелден жаумен ойнаған.
Қарсы келер жан болса,
Қасарған беті таймаған.

Халықтың халық болғаны—
Бұл тұқымның себебі
Орақ, Мамай өлерде
Қарасай, Қази жас қалды.

Жас болса да, жалындап,
Самсаған қолды басқарды.
Өлерінде хан Мамай:
«Қази мінсін тағыма,

Әділ болар,—деп еді,
Қалың елдің бағына».
Соны естіген Сыпыра
Алыстан сөзбен орады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ

—Атадан қалған алтын тақ,

Мақұл көрсең әлеумет,
Қазиға мирас болады.
Жиылған көп мақұлдап,
Сыпыра қартты қостады.

Халықты ертіп дана қарт,
Ордаға қарай бастады,
Тобын жазбай келеді.
Игі жақсы, бектердің

Келгенін Қараүлек көреді.
Мамайдан қалған орданы
Көк майсаға тігеді.
Жиылып келген халқына

Ту биені сояды,
Жал-жаяны кертіп,
Астаумен тартып, қояды.
Сабаны пісіп жігіттер,

Сапырып қымыз, құяды.
Қараүлек сынды дана ана
Жиылып келген халқына
Тік тұрып қызмет қылады.

Сөздің реті келгенде,
«Бұйымтайың бар ма?»—деп
Қараүлек ана сұрады.
Сыпыра сонда толғады,

Тереңнен сөзді қозғады.
Кәріліктен түскен қос жағын
Жібекпен таңып торлады.
Сөзге шешен сұр таңдай

Сүрінер сірә болмады.

—Әйел де болсаң, Қараүлек,

Ер атанған сен едің.
Ақылменен ана боп,
Он сан елге тел едің.
Тегіңе ерлік орнаған,

Қарауыл таумен тең едің.
Ежелден сұлтан Нұрадың
Халықтың көздеп мұрадын,
Орақ, Мамай батырлар

батырлар  жыры
Шеккенде сапар, жыладың.
Көз нұрың, қолда ермегің—
Қарасай, Қази шырағың.

Көп тілегін, қалауын
Сізге баян қыламын.
Қази сынды ұланың
Ханға лайық тұлғасы,

«Хан болар»,—деп сынадым.
Өлеріңде Мамай хан
Тапсырған сөзі көп еді
«Тірі болса Қазиым,

Таққа отырар»,—деп еді.
Сол Қази толды 14-ке
Дүние салды Шынтемір.
Билік берсең халыққа,

«Хан қойсақ»,—деген бар көңіл.
Айбынды ана—Қараүлек
Қарасайды шақырады,
Жан еді туған ақылды.

—Қарасай, Қази—шырағым,

Бір хабар шалды құлағым.
Ізгі жанды ерлердің
Өсірер Алла мұрадын.
Хан болып өткен өлгенше

Мамай, Сұлтан, Нұрадын
Хан қоймақ сен, Қазижан,
Елдің қалпын сынадым.
Қарасай, Қази—бөбегім,

Қос қыраным, түлегім,
Қызығыңды сендердің
Көріп өлсем»,—деп едім.
Көрдім, шүкір Құдайға

Балаға ана шыдай ма?
Екі сөйлеу ерлерге,
Ойлаңдаршы, ұнай ма?!
Кешегі өлген Шынтемір

Тапсырған еді Еділді.
Дос болып ең, анттасып,
Бұзбаңдар, жаным, әмірді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қызықпаңдар хандыққа,
Бермеңдер жасқа зәбірді.
Атасынан қалған алтын тақ—

Мирас жетім Еділге.
Жоғары көтер достықты
Болғандай үлгі өмірге.
Екі сөйлеу—ерге өлім,

Алыңдар тоқып көңілге.
Ерлікпен өткен жеті атаң,
Айрылмаңдар сол жолдан.
Ел қорғау ерге жеңіл ме?

Хан болсын Еділ достарың
Ойлаңдар, жаным, дос қамын.
Көпті көрген көне едім,
Сендерге ақыл қосқаным.

Билер мен бекті, Қарасай,
Хан ордасына бастағын
Ағаңның тілін қайырмай,
Қазижан, сен қостағын,—

Деп, қарт ана тоқтады,
Қостады мұны топ тағы.
Шынтемір ханның ордасына
Топ та келіп, тоқтады.

Халықты ханым қарсы алды,
Хан ордасын күн шалды.
Еділді таққа мінгізіп,
Басына тәж кигізіп,

«Хан!—деп елге жар салды.
Жеті жасар Еділ хан
Жұртты аузына қаратты.
Жасы жастық қылмайды,

Туса бала талапты.
Он сан елді тең ұстап,
Алдынан бәрін таратты.
Қарасай, Қази—қол басы,

Сайлады әскер жарақты.
Ерлеріне сайма-сай
Сансыз тұлпар жаратты.
Қарасай, Қази, Еділ хан—

батырлар  жыры
Үшеуі қатар ер жетті.
Жау шыдамас бетіне,
Арыстандай келбетті.

Әділдік, ерлік жолында
Тасын қырға өрлетті.
Он сан елі орнығып
Тыныштықта гүлдепті.

Ең байлықта еркін ел
Дауды, жауды білмепті.
Күндерден күн өткенде,
Көтерілер күн жеткенде

Қарасай сынды ағасына
Еділ хан келіп сөйледі:

—Бізден бұрын өткен хан,

Ерлігі артық өктем хан,
Жау жағасын сөккен хан,
Дұшпанның қанын төккен хан,
Мұрадына жеткен хан.

«Жау!» дегенде, аттанған,
Жау табылса, шаттанған,
«Қалмақ»,—десе, қасарған,
Мінген аты бапталған.

Үш қырлы жебе, көк найза
Қарағайға сапталған,
Астана халқын басқарған.
Талай жауды жылатқан,

Жігер менен қайратын
Есіткен жан ұнатқан.
Ерлігіме сын болар,
Хандығыма мін болар,

Көңліме кір болар,
Атаның жолын қумасам.
Тас кесетін ақ алмас
Беліме құрсап бумасам.

Ала көбең жаулар көп,
Бастап барып халқымды,
Дұшпанымды қырмасам.
Кектескен жаудың кегі үшін,

Керегесін отын қып,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қызын қатын қылмасам.
Көншір емес көңлім,
Соғысар маған жау тап,—деп,

Қасарып Еділ болмады.
Қарасай сонда толғады:

—Әміріңді екі қылмайын,

Сөзіңді жақсы тыңдайын.
Осы айтқаның шын болса,
Қарайын жаудың ыңғайын.
Ағада болар ағалық,

Жастықта болар шалалық.
Жай жатқанда жау іздеп,
Шырағым, етпе балалық
Алда-жалда болмасаң,

Тілімді айтқан алмасаң,
Қараүлекке баралық.
Қараүлек анам жау табар,
Содан сұрап қаралық,

Қарттан ақыл алалық.
Халыққа басшы ханымсың,
Не айтсаң да, көнеміз,
Айтқаныңа сенеміз,

Сізге тізгін береміз.
Қараүлек тұрған ордаға
Екі батыр жүреді.
Талма-тал түс кезінде

Ақылды ана біледі,
«Жолдарың болсын жаным»,—деп,
Миығынан күледі,
Ордаға келіп кіреді,

Желіккенін ерлердің.
Сонда Еділ сөйледі:

—Жас күнімде хан қойдың,

Соңымнан ерді ел,—деді.
Ойыма түсті бір қиял,
Өзіңіз ақыл бер,—деді.
Ой мәнісін айтайын,

Жақсы тыңдап көр,—деді.
Жан жолдасым—Қарасай,
8–165

батырлар  жыры
Көпті көрген көнеге
Бұйымымды айтып бер,—деді.
Сонда Қарасай сөйледі:

—Жеті жаста Еділің

Халыққа ғаділ хан болды,
Ойлағаны ар болды,
Сескенер емес батыл ер.
«Бұрынғы өткен хандардың

Мен де жолын қуам,—деп,
Беліме алмас буам,—деп,
Ел көңлінен шығам,—деп,
Жау табылса, қырам»,—деп,

Еділің тыным бермеді,
Айтқаныма көнбеді.
«Жауласуға жас жетті,
Жау іздеуім жөн»,—деді,

Тегі Сұлтан Нұра хан,
Орақ, Мамай заманнан
Кекті дұшпан бар ма еді?
Қараүлек сонда сөйледі:

—Еділ ханым—шырағым,

Келген бойда-ақ сынадым.
Орақ, Мамай барында
Көздеген елдің мұрадын.
Балалықпен шешеңе:

«Жау тауып бер»,—деп сұрадың.
Ауыр тиді анаңа
Күтпеген жерден сұрағың.
Қазақ қазақ болғалы,

Талай хандар орнады,
Қызылбас, қалмақ жауласып,
Тыныштық елге болмады.
Шауып, шаншып қазақты,

Талай дұшпан қорлады.
Сенен бұрын бәрі өтті,
Талай батыр, хан өтті.
Атандың елге «Әділ хан»,

Төреңді кім кемітті?
Жау іздеп, жаным, жауықпа,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Дүрліктіріп ел-жұртты.
Жауың келсе өзі іздеп,
Көрінер сонда кім мықты.

Тілімді алсаң, Еділжан,
Ел ұйтқысын бұзбай-ақ,
Сақтайтын тыныш күн жетті.
Сонда Еділ сөйледі:

—Болғаным жабы ұнай ма,

Ел намысын жоқтамай,
Жатуға ер ұл шыдай ма?
Соқтықпай жауға, тынбаймын,
Тапсырып ақырын Құдайға.

Өткен хандар жауласқан
Менен артық Құдай ма?!
Қарасай, Қази—екі ағам
Ақырып кірсе майданға,

Қашпай жауы, шыдай ма.
Қауырсыны қатқан соң,
Бүркіт құс жатпас ұяда.
Белгілі берен ер жігіт

Көк сауытқа сыя ма.
Қас жаманның белгісі:
Ел үшін жанын қия ма.
Халықтың намыс-ары үшін

Елден жаным садаға.
Қараүлек сонда сөйледі:

—Олай болса, шырағым,

Осы айтқаның шын болса,
Құлыным, өссін мұрадың.
Ұзақ өмір, ұзын жас,
Қарағым, саған сұрадым.

Іздесеңдер ел кегін,
Құтты болсын талабың!
Шын жау болса керегің
Алдырмайтын ауыр қол—

Ата жауды табамын.
«Қайта оралып келер!»—деп,
Қуанып, көңлім күтеді
Орақ, Мамай заманын.

батырлар  жыры
Жау сағынсаң, Еділжан,
Қуандырдың өзімді.
Құлағың салып, тыңдай бер

Ауыздан шыққан сөзімді.
Кешегі Мамай барында
Қара қыпшақ Қобланды
Осы ордаға келгенде,

Маған сәлем бергенде,
Мамайменен екеуі
Билік айтып, кеңесті,
Ерлік айтып, егесті.

Сонда Қобылан не десті:

—Он екіге келгенде,

Туырлықтай ту алдым
«Жау!»—деп айтса, қуандым.
Мен қалмақтың елінен
Таңдап Құртқа қыз алдым,

Барсакелмес шөлді алдым,
Алдырмайтын ханды алдым.
Кеңдік күнге зар қылып,
Тарылттым сонда заманды.

Көбікті деген көп қалмақ,
Есепсіз саны жоқ қалмақ,
Тағы шаптым Қазанды.
Өзім Қобылан болғалы

Талайға бердім ажалды».
Қара қыпшақ ер Қобылан
Осылайша деп еді.
Алты айшылық жері бар,

Үш айшылық шөлі бар.
Сондай асу кезеңде
Қызылбастың елі бар.
Іздегенің жау болса,

Керегің менен табылар,
Сол жауға барсаң, не қылар.
Жау іздеуің шын болса,
Халыққа хабар салыңдар.

Жеделді туған ерлердің
Бәрін жиып алыңдар.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Пайдасы тиер әр жерде,
Ақыл табар тар жерде
Сыпырадай кәріні

Қалдырмай, барыңдар.
Қалмасын елде бихабар.
Жай бұлтындай жайнаған,
Сансыз жаудан таймаған.

Жауды көзі көргенде,
Жігері оттай қайнаған,
Қолындағы ақ қылыш
Қанға, жасып, тоймаған,

Ата тегі—алып күш,
Ежелден ерлік орнаған,
Талай жерді шарлаған,
Соғысар жауын таңдаған,

Айдаһардың лебіне
Қолын салып, барлаған.
Барған жауын тындырған,
Шойыннан шоқпар құйдырған,

Қанша дұшпан келсе де,
Бір қауызға сыйдырған.
Ахмет сынды батырды
Қасыңа ал, Еділжан.

Қарасай, соған жылдам жет,
Сол ағаңда қайрат көп,
Ерлігі мықты, құдірет.
Алшынның ұлы—Алау бар,

Оған да, ерлер, хабар сал.
Көн садақты Көрбет бар,
Жау сескенер келбет бар
Оны да шақыр, Еділжан,

Осы күннен қасыңа ал.
Мінген аты қасқа азбан,
Ертеңнен шапса, кешке озған,
Ылдидан шапса, төске озған,

Қоңыраулы найза қолында,
Қоңыр салқын төске алған
Қарулы батыр Қартқожақ,
Сол батырды-ай қоссаңыз,

батырлар  жыры
Жауға жетер шамаңыз,
Қиғаштың қызыл тауында,
Қызылбастың жауында

Жыртыла қалмас жағаңыз.
Жаңбыршының баласы—
Ағыс батыр және бар.
Алдынан жау қайтпайтын

Жолдастыққа Ағысты ал,—
Деп Қараүлек анаңыз,
Ерлерге кісі шаптырды.
Ерлердің естіп хабарын,

Сыпыра қартың сап құрды.
Іріктеп алып жүз кісі,
Жолды бастап тартты өзі.
Айтулы батыр Ахмет—

Алдырмас жауға асыл тек,
Нөкер алып жүз кісі,
Киініп сауыт,ол келед.
Арлы туған Алау ер,

Ақылы терең, балуан ер,
Хан хабарын алған оң,
Бойынан күш, ақты сел.
Нөкері бар жүз кісі,

Батырмен туған бәрі тел,
Сайланып, самсап келеді
Қайысқандай қара жер.
Алысқан жауы маталған,

Соғысқан жауы оталған,
Ызғары күшті ер еді,
Көрбетті содан атанған.
Ізденіп келіп талай ер,

Көрбеттіден бата алған.
Хабарды естіп Көрбетті,
Жадырап жаны, желікті,
Көптен бері жау көрмей,

Үйде отырып ерікті,
Қарына қару іледі.
Бесін уақыты болғанда,
Қараүлектің үйіне

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бұлар да жетіп келеді.
Қатулы батыр Қартқожақ
Жүз кісіден қол алып,

О да келді бір жақтан.
Күйіне түскен бедеулер
Ор текедей орғытқан.
Жау құмар батыр ежелден

Сарқып ойын, қорытқан.
Баратын жаудың жері алыс,
Көрмеген жанға жол шалыс,
Сексен кісі серімен

Келіп жетті ер Ағыс.
Көрікті ерлер жиылды,
Көруге бірге қиынды.
Дабысын естіп ерлердің,

Жан-жақтан әскер құйылды.
Жиналып халық болған соң,
Сыпыра қартың сөйледі:

—Қараүлек атты ана едің,

Көпті көрген дана едің.
Болашақты болжап көр,
Айтқаныңыз келетін
Әдетіңіз бар еді.

Қараүлек сонда толғады.
Сөйлер сөзге жорға-ды:

—Егеліп тұрған ерлерім,

Сыртынан қоршап аласың,
Іздеген жауды табасың,
Қойға тиген бөрідей
Ойран-топыр саласың.

Жанталасқан жауыңның
Құртасыңдар шарасын.
Анық жете білмедім,
Аяулы ердің біреуі

Жау қолында қаласың.
Батырлар киіп сауытын,
Садақтарын асынды.
Қоржындарын бөктеріп,

Айбалта ерге асылды.

батырлар  жыры
Қараүлекпен қоштасып
Аттанғанда батырлар,
Іздемеді еш адам

Қази сынды жас ұлды.
Қазиды көріп Қараүлек,
«Қалдың,—деп,—неге?»—сұрады.

—Батаңды жеке алам,—деп,

Қасқайып Қази тұрады.
Қазиын сүйіп Қараүлек,
Батасын сонда береді:

—Ал, қолымды жаяйын,

Сенен немді аяйын!
Қырық шілтен, Ғайып Ерен,
Қолдасын сені Құдайым!
Қайрылмай кетті Қарасай,

Сол болар маған уайым.
Жараланар майданда,
Жәрдем ет соған, сұраймын.
Жолың болсын, құлыным,

Сендер аман келгенше,
Не көрсем де, шыдайын,—
Деп, Қараүлек түюлі
Бір зат ерге ұсынды.

Не екеніне түсінбей,
Қази сонда қысылды.
Қамқор болған қарт ана
Қайыра тағы сөйледі:

—Қырық болаттың қылауымен

Уыттаған дәрі еді,
Ала кет, жаным, майданға.
Жөнелді Еділ ту ұстап,
Реттеп қолды, дұрыстап.

Жаз күнінде, күн ыстық,
Күндіз-түні дамылсыз,
Қонбай жүрді, тыныстап.
Алты айшылық жер еді,

Арада үш ай шөл еді,
Ерігіп ерлер жарысты.
Күйіндегі кіл бедеу

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ауыздықпен қарысты,
Басыменен алысты.
Астындағы тұлпардың

Табанынан жер соқты,
Маңдайынан күн соқты.
Енді шөлейт жер келді,
Адам да, ат та шөлдейді,

Шөлдеуменен меңдейді.
Жалды аттардан жал кетті,
Батырлардан әл кетті.
Әуе айналған аңызақ

Кептіріп аңқа, шөлдетті.
Еділ хан сонда сасады,
Бетінен өңі қашады.
Батыр мен бегін жиып,

Ақылға ақыл қосады,
Қолдың жайын баяндап,
Көптен көмек тосады.
Ахмет батыр тіл қатпай,

Қамшы басып тұлпарға,
Қарауыл жаққа жөнелді,
Атына жедел мінеді.
Қарауыл шоқы басынан

Қияға көзді салады.
Жарқырап жатқан бір көлді
Алыстан көзі шалады,
Көлге қарап шабады.

Қақтығып батыр барады,
Ат суарып алады,
Өзі суға қанады.
«Тәтті көл» деген көл екен,

Қуанып, көңлі тынады.
Аспанға атып шапшыған
Таудан аққан бұлағы.
Басы—бұлақ, аяғы—

Айдын көл, жасыл құрағы,
Бір жағына көз салса,
Адыр биік тау екен,
Қалың орман арасы,

батырлар  жыры
Белден шабын, бау екен.
Бір жағына көз салса,
Жоңышқалы көк шалғын,

Кілең тілкем сай екен,
Ат отына жай екен.
Күннің көзі көрінбес
Таласа шыққан ағаштан.

Шортаны қара бақандай,
Бақасы шөккен атандай,
Жапырақтың жалпағы
Ерлер киген шапандай.

Айналасы сол көлдің,
Ат шаптырса, жеткісіз.
Суы тәтті шекерден,
Ішкен жан қиып кеткісіз.

Қалмақтың ханы—қожасы
Алма бағын ектірген.
«Ел қонбаған нулы көл,
Ақ сары бас қулы көл,

Елсіздегі еркін көл,
Шалқып жатқан шалқар көл
Ахмет батыр көрдім»,—деп,
Хан алдына барады.

Аңсаған қол шілдеде
Көлге қарай шабады.
Шырадай ашылып көздері,
Шөлдеген ерлер қанады.

Бойы ширап, ес жиып,
Қияға көзді салады.
Жеңсік болған жемістен
Жеп, мейірі қанады.

Жеті күн жатып батырлар,
Жиды тегіс бойларын.
Аттанар жауға күн жақын,
Ортаға салды ойларын.

Ұшынып кетіп сөзден сөз,
Өз ара сонда керісті.
Бірімен-бірі егесіп,
Басылар, сірә, болмады,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Найзаларын тіресіп,
«Қой!» дегенге қоймады.
Сонда Ағыс сөйледі:

—Осыларың жөн бе еді,

Бұздыңдар бүгін бірлікті,
Бет алған ісің өнбеді?!
Ер ынтасы бытырап,
Біріне бірі көнбеді.

«Атым—Қазақ»—дегенде
Ерлер неге кірледі,
Бұл—масқара, не сұмдық?!
Хан әмірімен жүрмеді.

Сонда Еділ хан бұйырды,
Самсаған қол жиылды.

—Соғысыңдар жекпе-жек,

Сынаңдар, күшті, қиынды.
Біріңді-бірің аяма,
Аясаң, соғыс бола ма?!
Күш сынасып бағыңдар,

Алысқа тентек тоя ма?!
Мұны естіген Сыпыра қарт
Орнынан ұшып тұрады,
Көптен тілек сұрады:

—Татулықпен сына күшіңді,—

Деп жалынып, жылады.
Тау басында қара тас
Жатыр, әне, қарашы.
Жауласпаңдар өзді-өзің,

Болайын мен арашы.
Ашуды тастап, батырлар,
Соны атып қарашы.
Онша да мұнша қамал жоқ

Алмаған адам баласы.
Кезекпен бәрің атыңдар,
Қалмасын тасқа жаласы.
Содан анық көрінер

Батыр мен батыр арасы...
Батырлардың баршасы
Қарт сөзіне көнеді.

батырлар  жыры
Садақтарын асынып,
Тауға қарай жөнеді.
Қазандай қара тас жатыр

Тау басында, көреді.
Батырлардың ішінде
Ахмет үлкен,—дер еді,
Үлкенге кезек береді.

Садағын Ақаң кезеді,
Көздеп тартып қалады,
Өтпеді тасқа садағы.
Алау алды кезекті,

Үші өткір жебесін
Сарыжаға керіпті,
Толғап тартып қалады.
Зуылдап оғы барады,

Қара тасқа қадалып,
Төрт елідей жарады.
Көн садақты батыр Көрбетті
Алаңғасар ер еді,

Кезек соған келеді.
Садағын қолға алады,
Толғап тартып қалады.
Қара тасты бұл-дағы

Қарыс сүйем жарады.
Қартқожақ батыр желденді,
Желігіп, жетіп келді енді,
Қара тасты көрді енді.

«Талқандайын тасты»,—деп,
Толғап тартып қалады,
Атқан оғы оның да
Төрт қарыстай барады.

Бармағын тістеп Қартқожақ,
Жан-жағына қарады.
Ақырып Ағыс келеді,
Құлаштан садақ кереді,

Жебесі зырлап кетеді,
Қара тасқа жетеді,
Бес қарыстай барады,
Майрылып оғы қалады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қатуланып Қазбан сұр,
Асығып кезек сұрап тұр,
Кезегін енді алады,

Садағын тартып қалады,
Қара тасты шатынатып
Жеті қарыс барады,
Майрылып оғы қалады.

Орақтан туған Қарасай
Енді кезек алады.
Қасқайып жетіп барады,
Садағын тартып қалады,

Зуылдаған сұр жебе
Қара тасты жарады.
Тастан өтіп болат оқ,
Қара жерді қабады.

Қайратына батырдың
Хан Еділ таң қалады.
Білдірмейд бірақ Еділ хан,
Білдіруге арланды.

«Өзімнен артып кетер»,—деп,
Қызғанып сонда, шамданды:

—Байқадың ба, батырлар,

Аталы ердің атысын?!
Қара тасты қақ жарып,
Қарасай тапты қапысын.
Қатардан қалғым келмейді,

Келіп тұр менің қатысқым?
«Қарасай сынды ерменен
Күш сынассам»,—деп едім.
Садағын Еділ қолға алды,

Әлденеге долданды.
Талабын жастың бір Алла
Сағатында оңғарды.
Атқан оғы Еділдің

Қара тастан өтіпті,
Таудың талай шоқысын
Төңкеріп-ақ кетіпті.
Атқан оғын оздырып,

Еділдің көңлі өседі.

батырлар  жыры
Қайратына мастанып,
Хан Еділ желдей еседі:
«Арық аттар жалданды.

Жүдеген ерлер әлденді.
Рақатта жан, хош кеуіл,
Баршаңа да әл берді.
Ерлік сынап, егесіп,

Көл басында шаттандық.
Қол бастаған Ахмет,
Атақты басшым сен едің.
Қиғаштың биік тауынан

Қарауыл, батыр, қарап кел.
Жау шамасын болжап көр,
Аумағы қанша ел екен?»
Хан әмірін қайтармай,

Мойнаққа тоқым салыпты,
Ерді ерттеп алыпты.
Бес қаруын асынып,
Мінгені атқа анық-ты.

Шарықтады, шалқыды,
Астындағы боз мойнақ
Соққан желдей аңқыды.
Қара терге боялып,

Аттың бойы балқыды.
Ор қояндай ырғытып,
Сайлау жерден қарғытып,
Көбелеп тау желеді.

Өтуіне жол қиын
Көлденеңнен кез келді.
Тауды төмен ағады,
Жағалап кетіп барады.

Өтетұғын бір кезең
Ақаң батыр табады.
Сол кезеңнен асады,
Атқа қамшы басады,

Жігер қайнап, тасады.
Өтейін десе, өте алмай,
Төтеден өтіп кете алмай,
Ақыл-ойға батады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қалың қолдан Қарасай
Ахметке ереді.
Асудың талай қиынын

Қияда ерлер көреді.
Асырмайтын бұл тауды
Қиялап басып, өрлейді.
Қара атқа да күш түсіп,

Жануар содан терлейді
Жан ұшырып жайсаңдар,
Өрмелеп тауға шығады.
Тауға шығу қиын-ды

Қос өкпені сығады.
Ақырды кенет айдаһар,
Сескеніп бұлар, бұғады.
Жата қалып тұлпарлар

Елеңдеді құлағы.
Қарасы таудай айдаһар
Леппен тартып барады.
Қатулы батыр Қарасай—

Халықтың сенген қарағы.

—Кесірткеден қорыққан,

Ойласам, маған сын екен,
Ерлігіме мін екен.
Маңдайыма тап болған
Айдаһардың күні екен.

Мұны мен «жау» демейін,
Кесірткеге теңейін.
Тас кесетін алмаспен
Ортасынан бөлейін.

Сыпырып алып қабығын,
Құс таңдай қылып өрейін.
Құйрығымен тау соғып,
Лебімен тартып барады.

Ат аяғы тоқтамай,
Жақындап батыр қалады.
Әулиеге ат айтып,
Буынын бекем қатайтып,

Орақтан қалған семсермен
Оралта келіп салады.

батырлар  жыры
Айбат шеккен айдаһар
Бүктетіліп қалады,
Аға батыр Ахмет

Қарасай сынды балаға
Қадала сонда қарады.
Жаусыраған батырлар
Қараобаның басынан

Қарауыл қарап тұрады,
Қаланы болжап қарады.
Он екі қатар қақпалы,
Бекінген бекем ел екен.

Бұрын-соңды жаулардың
Еш бармаған жері екен.
Шаһардың сырты айнала
Он жеті қатар ор екен.

Айналасы болаттан
Жағалай құрған тор екен.
Мұны көріп Қарасай,
Дулығасы көк болат,

Басына киді бөрікті.
Жауға жалғыз шабуға
Өзіне батыр сеніпті.
Гүрзіні қолға алады,

Қорғанға жақын барады,
Гүрзіменен салады,
Айбалтамен шабады,
Талқан қылад қаланы,

Мұны көрген қалмақтар,
Барабанын қағады.
Сан жетпейтін қалың қол
Батырды қамап алады.

Қас жауымен қасқарып
Қарсыласып барады.
Қабан құлақ қарамен
Қашқан жауын орады,

Құрыды қалмақ амалы,
Еркін шауып, еліріп,
Еріңнің жүрді талабы.
Қу томардай құлатып,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Талайдың басын қағады.
Қарсы келген жауларды
Қарсысынан шабады.

Жылға-жылға жерлерден
Жылжып қан да ағады.
Тебінгіден тесе атты,
Үзенгіден кесе атты.

Қабаттасып келгенін
Қабатынан қоса атты.
Талайларын құлатты,
Батырларын сұлатты,

Алмасы өткір қияқты,
Арыстандай сияқты,
Жалғыз жүріп Қарасай
Осындай салды бүлікті.

Қарауыл хан еңіреп
Қарасайдың алдында
Қол қусырып тұрыпты,
Аяғына бас ұрыпты.

Қаһарлы туған Қарасай
Мойнына арқан салады,
Жетектеп ханды алады.
Екі көзі қызарып,

Ұшқын атып жанады.
Хан Еділдің алдына
Сүйретіп алып барады.

—Елдің басы—ер Еділ,

Әміріңмен барғанмын.
Мекені берік жау екен,
Көрген шақта таңдандым.
Айтқан сөзі анамның

Өтірік емес, жөн екен,
Қауіп-қатер көп екен,
Беріктегі ел екен.
Бұрын-соңды бұл елге

Жау бармаған жер екен.
Сол қалаға бардым мен,
Ойран-бүлік салдым мен.
Қарауыл ханның қол астын

9–165

батырлар  жыры
Түгел шауып алдым мен.
Қалмақтың ханы мінекей,
Қолыңа әкеп бердім мен.

Сонда Еділ сөйледі:
«Ханын айдап келдім», деп,
Өтірік айтпа сен маған.
Қолыңа оңай түспейді

Қалмақтың ханы ол,—деді.
Бұл сөзіңе нанбаймын,
Сөзіңе құлақ салмаймын!».
Қарасайға сөз бермей

Қази атып тұрады:
«Садаға кет, ант ұрған,
Баба түкті бабамнан!
Хан қойған соң, құтырып,

Алдың ба енді жағамнан.
Ала алмай жүрген бар ма өшің
Жауыңды жеңген ағамнан?!
Боққа шыққан сүйрік ең,

Жаңылдың ба тобаңнан?!
Шақырды ашу хан Еділ,
Болды сонда көп дабыр.
Ерлердің сезіп арасын,

Сөйледі Сыпыра—қарт бұлбұл:

—Жеті ханды өткергем

Сендерден бұрын, балалар!
Данышпан хандар қашан да
Ер ерлігін бағалар,
Ер де елді сағалар.

Өзді-өздерің керіссең,
Дұшпаның білген табалар.
Ала ауыз болсаң, Еділ хан,
Аузыңдағы жоғалар.

Жанжалды қойып, жауға шап,
Дұшпаның білген табалар.
Қарт сөзі екі болмады.
Мақұлдап, көп те қолдады.

Суыт жүріп батырлар,
Қызылбасты шаппаққа
Тәуекелдеп бет алды.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жау тұсына келеді,
Шамалап ерлер көреді,
Әр батырды бас қылып,

Жүз кісіден бөледі.
Тұс-тұстан жауға тимекке
Бекініп ерлер жөнеді.
Алшынның ұлы—Алауы

Тастады іліп жалауын,
Жүз батырын жүздіріп,
Бұзды жаудың қамалын.
Айсаның ұлы Ахмет,

Айбыны, күшті құдірет,
Бір бүйірден ол тиді
Жауар күндей күркіреп,
Қамалды бұзып, кетті өтіп,

Сілкініп дүние, дүрілдеп.
Тигеннен жауды еңіретті
Көн садақты Көрбетті,
Тас қорғанды талқандап,

Тар кезеңнен ол да өтті.
Қатулы батыр Қартқожақ
Азу тісін қайрады,
Ақ көбік шашып тұлпары,

Ор қояндай ойнады,
Жүрген жері жосадай,
Көпіршіп қан, қайнады,
Найзаға тізіп өлігін,

Тірісін қойдай айдады.
Қызылбасты қыруға
Құмартты сондай, тоймады.
Жаңбыршының ұлы Ағыс-ты,

Бір тұстан салды соғысты,
Тасыған дария сеңіндей
Өлік пен қан тоғысты.
Тоғыз жасар Қазбансұр,

Жау еді жастың тілегі,
Жау ішінде жайнаңдап,
Сыбанулы білегі.
Қанша қалмақ қамасын,

Айнымады жүрегі.

батырлар  жыры
Жаудың күнін салдырды.
Қарасай мен ер Қази:
«Бабам!» деп ұран салып жүр,

Тізгін қосып екеуі,
Семсерін қанға малып жүр,
Талайдың басын қағып жүр.
Қаланы алып болғанда,

Қарауытқан түн болды.
Батырлар бәрі бас қосып,
Сапарлары оң болды.
Тыныс ала бергенде,

Тыңнан келді бір хабар:
«Жау алды,—деп,—бар жолды».
Қарасай естіп, ақырды,
Аруағын шақырды,

Қараға басты тақымды.
«Қайдасың?»—деп, Қазиды
Қатулана шақырды.
Қарасай мен Қази ер

Ақырып жауға тиеді.
Қаннан бұлақ ағызып,
Өліктен оба үйеді.
Қара жүрек Қызылбас

Жерден кебін киеді.
Ердің ерлік істерін
Жырлауды жаным сүйеді.
Жау қырылып болады,

Жол да еркін қалады.
Әскерлерін түгендеп
Батырдың бәрі санады.
Жүз нөкер мен Еділ хан

Жоқ болып топта шығады.
«Аламыз,—деп,—ер құнын»,
Ерлер қайта аттанды.
Кектенсе, көрмес ер тыным,

Егеліп, тегіс саптанды.
«Қара да емес, хан құны»,—
Деп, батырлар оқтанды.
Ашу, намыс кек кернеп,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Көздерінен от жанды.
Жанталас майдан басталды.
Домалап доптай бас қалды.

Қарасай Қази—екі өрен
Батырларды басқарды.
Жердің көгі жабысып,
Боялып қанға тас қалды.

Тұманнан күнді көрмеді,
Семсерін кезек сермеді.
Құлаштап салып найзаны,
Бұқтырып жауды, өрледі.

Осылай тасып жүргенде,
Жараланды Қарасай,
Қызумен өзі білмеді.
Сорғалап аққан ыстық қан

Құртып барад сүлдені,
Аққан қаннан әлсіреп,
Қарасай аттан құлады.
Қабан құлақ қарасы

Қасынан кетпей тұрады.
Тұрпарды көріп Қази ер,
Атының басын бұрады.
«Қарасай жазым болды-ау!»—деп,

Жүрегі ердің ұрады.
Екпіндеп Қази келеді,
Ағасын жатқан көреді.
Жатқанына арланып,

Түйдектеп сөйлей береді:

—Ініден төмен болар ма

Алдында өскен ағасы?!
Ер жігітке бата ма
Жаудың салған жарасы?!
Қарасай саған не болды,

Қанды-ау Қызылбас табасы?!
Ашуланып Қарасай,
Қайраты тасып қызады,
Қанын тартып ішіне,

Суытып түсін, бұзады,
Не болды бүгін маған? деп.
Тілі тиді Қазидың,

батырлар  жыры
Өңменен өтті жаман, деп.
Бірге туған Қазидан
Қалайша кейін қалам? деп,

Шамырқанып, шамданып,
Қарасай батыр арланып,
Пірлерден жәрдем сұрады.
Сауытының сыртына

Түгі тұтам шығады,
Есін жинап алады.
Енді ұмытты батырың
Денедегі жараны.

Айбаттанып ақырып,
Жан-жағына қарады.
Қанталаған қара көз
Қазиды шолып қарады.

Темір тікен секілді
Бетінің түгін көреді.
Түйіліпті қабағы,
Кейігенін біледі.

Жараны таңып жалма-жан,
Қабан құлаққа мінеді.
Айбаттанып ақырып,
Қайта жауға кіреді.

Бұрынғыдан артықша
Бойына қуат барады,
Кеуде ашуға толады.
Келген жерден талайын

Қарасай ерің жояды.
Еш нәрсені білмеді,
Үш қырлы өткір жебемен
Кез келгенін түйреді.

Бір кезде майдан басылды,
Қара түнек ашылды,
Самсаған қол, сарбаздар
Біріне-бірі қосылды.

Қызылбас жерін шарлады,
Жабыла іздеп жамырады
Еділ сынды жас ұлды.
Қайтпайтын беті, қасқарған

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қази сондай ер еді.
Тастан салған зынданның
Есігін бұзып кіреді.

Қапаста жатқан қаріптің
Босатып бәрін жіберді.
Көзіне түспей Еділ хан,
Түтігіп батыр, жүдеді.

Алыстан талып зарлы үн
Құлағыңа келеді.
«Елім-жұртым, ерлерім
Хабарсыз қалды алыста.

Ен жауда қалып, ерлерім,
Кім салар құлақ дабысқа.
Қарасай, Қази—қаһарман,
Кеттіңдер ме шынымен

Бір бұрылмай намысқа?!».
Сонда Қази тыңдады,
Зарлы үн ерді шыңдады.
Үн шыққан жаққа жөнелді,

Дәт тұтып батыр тұрмады.
Жапырып жауын келеді,
Самсаған қолды көреді,
Арбада Еділ жегулі,

Мойнында қамыт тұр еді.
Арбаны тізіп, тіркеген,
Құрыммен бетін бүркеген.
Денеден кеткен торы еті,

Тірі адамның суреті,
Еділді Қази біледі.
Сонда батыр долданды,
Тас шоқпарын қолға алды.

Құлдарды ұрып, жапырды,
Жүрегін жара ақырды.
Еділ ханды босатып,
Қызылбас көзін батырды.

Ханын ертіп Қази ер,
Ерлерге келіп қосылды.
Елдің жоғын тауып кеп,
Қуандырып қосынды.

батырлар  жыры
Қызылбас елін талқандап,
Тентектерін тұтқынға ап,
Алдына салып жылқысын,

Тыйды жауды күлкісін.
Қызылбас сынды дұшпанның
Сындырды азу бар тісін.
Кекті жаудан кек алып,

Батырлар елге жол шекті
Қазиналы көп олжа
Ер көңілін желдентті.
Жырлаған еркін шаттық үн

Ен даланы күңірентті.
Ежелгі жауын жаншып,
Еліне бәрі бет алды.
Естеріне ел түсіп,

Ер жүрегі от жанды.
Тау мен тасты тербетіп
Қосылып бәрі ән салды.
Қашаннан сақ Қарасай

Тоқтай қалды кенеттен.
Алыстан сонда естілді
Қоңырау даусы күңіренткен.
Дыбысқа қарай бой ұрып,

Ізімен Қази шабады.
Көзді ашып-жұмғанша
Қасына жетіп барады.
Қоршаған әскер төрт жағын

Көк күймені көзі шалады.
Ағып өтіп жанынан,
Алдынан қарсы орады

—Кім болад?»—деп, бұрылып,

Күймені Қази сұрады.
Сонда тұрып бас уәзір
Батырға жауап береді:

—Ханымыздың еркесі,

Екі анаға тел еді.
Күлсе, күміс төгілген,
«Күнсұлу» атын дер еді.
Тең құрбыға сөйлесе,

Бикештің сөзі өр еді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Екі көзі шамшырақ,
Қараған жігіт қадала
Көзінен жүзін көреді.

Тізілген тісі ақ маржан,
Ақ патса басқан мөр еді.
Білгің келсе, ей, мырза,
Ерке бикеш зерігіп,

Серуендеп келеді.
Сонда Қази сөйлейді:

—Көрсем,—деймін,—хан қызын,

Күннен сұлу ақ жүзін.
Ұнатсам, өзім аламын.
Ұнатпасам, бикешті
Ат көтіне саламын,

Еліме алып барамын.
Менің атым—ер Қази,
Орақтан туған баламын.
Ұрпағымын

Қаһарман қазақ боламын.
Қыз нөкері қызарып,
Серпіле берді күймеден.
Күймеге келіп ер Қази,

Ашулы үнмен сөйлеген:

—Басыңды көтер, керік қыз,

Көруге сені келдік біз.
Тербетіп тұрар уақыт жоқ,
Мініңіз атқа, келіп сіз!
Дегеніме көнбесең,

Көнгеніңді білесің.
Сыйлағанды білмесең,
Жер басып, тірі жүрмессің!
Күймеден түсіп хан қызы,

Батырға басын иеді.
Шыдай алмай қорлыққа,
Жалындап іші, күйеді.
Батырдың айтқан әр сөзі

Жанына оқ боп тиеді.
Бикеш қолын қусырып,
Сонда сөйлей жөнелді:

батырлар  жыры

—Қазақтың батыр ұлы да

Мұндай долы болар ма?!
Заманы бірге құрбыға
Сөзбен жара салар ма?!
Төреле өзің, батырым,

Мұны да «мін» деп ойласаң,
Сөзіңе көңлім толар ма?!
Қарсы тұрар халім жоқ,
Дегеніңе көнемін.

Қорғап алар жарым жоқ,
Жетегіңе еремін.
Болғанда мен хан қызы,
Сен—батыры қазақтың.

Лайықта да, алып жүр,
Ерікті саған беремін.
Қази ер сөзден жеңіліп,
Не дерін сонда білмеді.

—Күймеңе мін, Күнсұлу!

Қосынға қарай жүр,—деді.
«Хан қызына мін болар
Жайдақ атқа салғаным.
Ерлігіме мін болар

Күнсұлуды алғаным»,
Деп ойлаған Қази ер
Қосынға алып келеді.
Қосындағы көп қолы

Тұтқын қызды көреді.
Тарту қылып олжасын,
Еділ ханға береді.
Салтанатын өзгертпей,

Күнсұлу сынды сұлуды
Елге алып жөнеді.
Алысқан жауын адақтап,
Қарасай, Қази—ерлердің

Еліне қайтқан жері еді.
Ел айтқан ертектің
Бір саласын жыр етіп
Қарт жырауың береді.

Сөзді бастап көрейін,
Қайырман көптің мерейін.
Құлақ салып тыңдасаң,
Қанды Орақтай батырдың

Олжа әкеліп, бөлгенін,
Әркімдерге бергенін
Сендерге айтып берейін.
Бөтенге ақыл шашпайын,

Осы арадан бастайын.
Қанды Орақтай батырдың
Олжа әкеліп, бөлгенін,
Әркімдерге бергенін

Сендерге айтып тастайын.
Орақ елге келіпті,
Олжаларын бөліпті.
Ақтүйме деген сұлуды

Ағасы—хан Мамайға беріпті.
Көктегей деген тұлпарды
Телағысқа беріпті.
Көкшәулі деген сұңқарды

Қарабекке беріпті.
Қанды қанжар, екі алмас
Қарасай, Қази—баласы
Мирас қылып, іліпті.

Орақ елге келгенде,
Олжаларын бөлгенде,
Жиырма сегіз інісі—
Бұлар елде жоқ еді,

Мал жайыңда жүр еді.
Қарасай, Қази
(Құдайберген Шоқаев нұсқасы)

батырлар  жыры
Орақтың елге келгенін,
Олжаларын бөлгенін
Бұлар анық біледі.

Жиырма сегіз інісі
Сонда тұрып кеңесті,
Кеңескенде, не десті?
Ең үлкені бұлардың

Алу Сары деп еді,
Алу Сары сөйледі:

—Орақ елге келіпті,

Олжаларын бөліпті.
Ақтүйме деген сұлу қыз
Ағасы—хан Мамайға беріпті.
Көктегей деген тұлпарды

Атасы басқа бір Ноғай—
Телағысқа беріпті.
Көкшәулі деген сұңқарды
Қарабекке беріпті.

Қанды қанжар, екі алмас
Қарасай, Қази—баласы,
Соған арнап іліпті.
Босқа тастап біздерді,

Не себепті желікті?
Арқамызбен біздердің
Батыр болып, жау жаулап,
Атқа мініп жүріпті.

Орақ туған Мұсадан
Біз де туған жоқ па едік?
Бұл қорлыққа көнбелік,
Қанды Орақты өлтіріп,

Қолымыздан жерлелік.
Бір екеуміз би болып,
Бір екеуміз ер болып,
Арғы шеті Қырымды,

Бергі шеті Сарайды,
Түсіріп тақтан Мамайды,
Өздеріміз сұралық.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ер Сыйдақ деген біреуі
Сонда тұрып сөйледі.

—Мен айтамын, тұр!—деді,

Батырлығы Орақтың
Бізден гөрі зор,—деді.
Хан таңбалы ат мініп,
Қарағай найза қарға іліп,

Он сегіз мың адамға
Жалғыз шауып жүр,—деді.
Орақ бізге алдырмас,
Бұл бір жүрген сұңқар ғой,

Жалғыз да болса, шалдырмас.
Біз бір малды соялық,
Қанды Орақты шақырып,
Ортамызға алалық,

Алдына тамақ қоялық.
Тамаққа қолды салғанда,
Қауіпсіз батыр тұрғанда,
Есіктен келіп екеуіміз,

Төрде тұрып төртеуіміз,
Жабықтан келіп жетеуіміз,
Тұс-тұстан найза салайық.
Қорқыратып, Орақтың

Қанын ішіп, тоялық.
Мәжілісті, жігіттер,
Осы араға қоялық.
Әлқисса, сонда Тобаяқтың айтқаны: «Орақ өлмейді. Орақтың

өлетін амалы мынау: Орақта аруақ бар. Әйелінің қасына жатқан
уақытта үстіне оған құсыл суын құймаса, аруағы қонбайды. Мен
Ораққа барамын. Еншілес боламын. Әкем бір, шешем басқа,
«Мен жамандық қылар»,—деп ойламайды. Мен сол жатқан

уақтында алмасты ұрлап аламын. Жүзін төрге қаратып, есікке
кесе керіп байлап кетемін. Атқа мінемін де, жылқыны дүркіретіп
қуа беремін. Сол уақытта Орақ орнынан ұшып тұрады. Қараңғы
үйде су құюды білмей, сасып, есікке қарай жүгіргенде, керулі

алмасқа ұрынып, ортасынан бөлініп, өледі. Осы айламен ала­
мын»,—деді Тобаяқ. Сөйтті де, атқа мініп, жүріп кетті.

батырлар  жыры
Бұл сөзді айтып Тобаяқ,
Енді атына мінеді,
Қарына найза іледі.

Туысы жаман ант ұрған
Бірге туған ағасын
Өлтірмек болып келеді.
Сол күні жүріп күнімен,

Тағы да жүріп түнімен,
Қанды Ораққа келеді.
Орақтың көзі көреді,
Көріп, сәлем береді.

«Ассалаумаәлейкөм,
Айдынды туған Орағым!
Жауда ойнаған жарағың.
Орағым аман келгей,—деп,

Кешегі кеткен сапардан,
Қарағым, сені сұрадым.
Құлақ салып, тыңдасаң,
Сенен бар менің сұрағым.

Мен қолыңа кірейін,
Еншілес болып жүрейін,
Тілегімді бер,—деді.
Мұсадан туған көп жаман,

Көрмеймін оны мен,—деді,
Бұл сөзіме сен»,—деді.
Батыр аңқау, ер көдек,
Бұл сөзіне сенеді,

Бұл тілегін береді.
Қанды Орақтың қолында
Еншілес болып жүреді.
Бір уақыттар болғанда,

Орақ ұйықтай қалғанда,
Тобаяқ үйге кіреді.
Қанды Орақтай батырдың
Ұйықтағанын біледі.

Ілулі тұрған алмасты
Білдірмей ұрлап алады.
Есікке жақын келеді,
Алмасты келіп кереді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Атына мініп Тобаяқ,
Толып жатқан көп жылқы
Қуып алып жөнелді,

Мұны Орақ білмеді.
Қайтып келіп тұсына,
Тобаяқ тағы сөйледі,
Сөйлегенде, бүй деді:

«Ассалаумаәлейкөм,
Айдынды туған Орағым!
Жауда ойнаған жарағың.
Үстіңе дұшпан келгенде,

Түнде келіп төнгенде,
Жатырсың не қып, қарағым?
Қапыл жатып ұйқыда,
Енді болдың шерменде.

Аттаншы, Орақ! Аттан!»—деп,
Тобаяқ айқай салады.
Айқайлаған дауысы
Ұйықтап жатқан Орақтың

Құлағына сол кезде
Сар-сар дауыс барады.
Төсектен тұра жүгірді,
Екі қолды сермеді.

Таба алмады алмасты,
Қараңғы үйдің ішінде
Қайда екенін білмеді.
Қасындағы қатыны

Етегіне жабысты.
«Батыр, ғұсыл суын құй,—деді,
Киіміңді ки,—деді.
Ер қаруы —бес қару

Беліңе дұрыс іл,—деді.
Тобаяқтай залымға
Сенбеймін тіпті мен,—деді.
Кеткенің арам—нең?—деді.

Тазаланып алуың,
Батыр, саған жөн,—деді.
Екі әйелдің баласы,
Жақсы болса, бір,—деді.

батырлар  жыры
Жаман болса, айтайын,
Екі рулы ел,—деді.
Тобаяқтай залымға

Сенемісің сен?—деді,
Жібермеймін мен»,—деді.
Етектен әйел жабысып,
Әйелдің тілін алуға

Ойлап тұр Орақ намысты.
Жұлып алып етекті,
Есіктен шыға бергенде
Керулі тұрған алмасқа

Ұйқылы көзбен ұрынды,
Ортасынан бөлінді.
Сыртқа ұшып кеудесі,
Іште қалып бөксесі.

Ашумен батыр ақырды,
Ақырған қатты даусы
Жер түгіл, көкті жапырды.
«Қайда кеттің, ана?»—деп,

Қараүлектей кемпірді
Қанды Орақ батыр шақырды.
Қараүлек жетіп келеді,
Қанды Орақты көреді.

Жаманның еткен залалын,
Кереметтей кемпір ғой,
Айтпаса да, біледі.
Сол уақытта Орақтың

Сөйлейтін әлі бар еді.
Сонда Орақ сөйлейді:
«Қараүлек ана—сен,—дейді,
Бермен жақын кел,—деді.

Байқадың ба балаңды?
Қапыда кеттім мен,—деді.
Қулықтан туған құлынның
Ат боларын білмедім.

Жаман туған жақынның
Жат боларын білмедім.
Бірге туған адамнан
Мұндай істің басыма

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Тап боларын білмедім.
Қараүлек ана—сен,—деді,
Бермен жақын кел,—деді.

Ішімде бар еді үш арман,
Бітірмей кеттім мен,—деді.
Қарасай болса ер,—деді,
Құлағына сал,—деді.

Үш арманым бар,—деді,
Тобаяққа тимесін
Төрт аяқты мал,—деді.
Бір арманымды айтайын:

Орал, Орал, Орал тау,
Орал таудай тау болмас.
Орал таудың баурында
Шұбырып жүрген бес тұлпар.

Бес тұлпардай мал болмас,
Бес тұлпардың ішінде
Ешкі тұяқ қызыл ат,
Қызыл аттай мал болмас.

Иесі мұның Көкше қарт,
Сол Көкшеден қызылды
Тартып алып ерлікпен,
Міне алмай, кетіп барамын.

Бір арманым—сол,—деді.
«Қарасай, Қази қос жетім
Адам болып Ер жетсе,
Ер Көкшені өкіртіп,

Қызыл атты секіртіп,
Тартып мінсін»,—дегенім.
Екінші менің арманым
Тағы да, ана, бар,—дейді,

Ер жеткен күні жетімнің
Құлағына сал,—деді.
Бұл арманды айтайын:
Бірге туған Мамайым,

Бермеді бала Құдайым.
Сол секілді Мамайдың
Бір күлгенін көрмедім,
Бір күлдіріп, өлмедім.

10–165

батырлар  жыры
«Күлер ме екен Мамай?»—деп,
Бере ме екен Құдай?»—деп,
Теңселтіп жорға мінгіздім,

Мұнда да Мамай күлмеді.
Қамадай қанды қасты бет
Сұлуды таңдай сүйгіздім,
Мұнда да Мамай күлмеді.

Жазығы жоқ, кінә жоқ,
Өгізтаудың басында
Балуан сұлтан ханды өлтіріп,
Тағын тартып, мінгіздім,

Мұнда да Мамай күлмеді.
Күлмегенінің себебі:
Етегін тартып бір бала,
Артынан оның ермеді.

Күлмегеннің себебі
Мамайымның сол,—деді.
«Қарасай болса ер,—деді,
Қайғылы Мамай атасын

Бір күлдірсін»,—деп едім,
Бір арманым—сол,—деді.
Адам болып, ер жетсе,
Айтарсың, ана, сен деді.

Үшінші менің арманым
Тағы да, ана, бар,—деді.
Алты айшылық жолы бар,
Үш айшылық шөлі бар,

Қиғаш деген тауы бар,
Қызылбас деген жауы бар,
Бір жағында оры бар,
Бір жағында соры бар,

Сондай қиын жолы бар,
Бұрғымен тескен тесік бар.
Адам тартса, ашылмас
Тастан құйған есік бар.

Сол Қиғаштың тауынан
Аса алмай кетіп барамын.
Кеулімдегі арманды
Баса алмай кетіп барамын.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Тастан құйған есігін,
Қайратымды бір сынап,
Аша алмай кетіп барамын.

Он екі қақпа ханы бар,
Ала алмай кетіп барамын.
Мұсылманды хақ жолға
Сала алмай кетіп барамын.

«Қарасай болса ер,—деді,
Сол Қиғаштың тауына
Бір киліксе»,—деп едім,
Бір арманым—сол,—деді.

Адам болып, ер жетсе,
Айтасың, ана, сен»,—деді.
Арманын айтып Қанды Орақ,
Дүниеден қайтып жөнелді.

Орақ батыр өлгесін,
Арада неше ай өтеді,
Неше дүркін күн өтті,
Қарасай, Қази—қос жетім

Адам болып, ер жетті.
Әлқисса, бұл кезде Шынтемір хан өліп, баласы—Әділ он
бір жасында әкесінің орнына хан болып сайланған еді. Әділ
Қарасай мен Қазидың жан қиярлық досы екен. Бір күні Әділ

ой ойлапты: «Осы менің достарымның атасы батыр болған.
Солардың ала алмаған жаулары бар ма екен?»—деп, ойға ке­
ліп, және «Қарасай, Қази—достарымның батырлығы солардай
ма екен?»—деп, достарын шақырып алып, сұраған жері екен.

Сонда Әділдің Қарасай, Қазиға айтқаны:

—Ай, Қарасай, Қарасай!

Қанды Орақтың баласы-ай!
Саған кімнің шарасы-ай!?
Арғы атаңды айтайын:
Баба түкті шашты Әзіз,

Одан туған Нұрадын
Араласқан әскерін
Құтқармаған бір адым,

батырлар  жыры
Жасынан берген мұрадын.
Бұдан туған хан Мұса.
Айға қолын сермеген,

Дұшпанға теңдік бермеген
Отыз ұлдың бабасы,
Мұсаға кімнің шарасы?!
Бұдан туған кешегі

Орақ пенен Мамай-ды.
Бұл өзіме белгілі,
Қалай десем, солай-ды.
Орақтан туған—сен,—деді,

Сенің досың—мен,—деді,
Ноғай Ноғай болғанда,
Оралға Ноғай қонғанда,
Орақтың барған ол жауын

Әркімдер де алып жүр.
Сол секілді атаңның
Алмаған жауы бар ма еді?
Бармаған жауы бар ма еді?

Білесін бе сен?—деді.
Білетін болсаң сен,—деді,
Әскер жинап қырық мың,
Болайын басшы мен,—деді.

Қарасай сонда сөйледі:

—Алдымдағы Әділ хан,

Менің досым—сен,—деді,
Сенің досың—мен,—деді,
Сұрағаның жөн,—деді.
Ноғай Ноғай болғанда,

Оралға Ноғай қонғанда,
Орақтың барған ол жауын
Екінің бірі алып жүр,
Барып, ойран салып жүр.

Ол күнде мен атадан жас қалдым,
Мен ақылдан бос қалдым,
Білмей қалдым мен,—деді.
Бұл ақылын танбаса,

Ол азуын шалмаса,
Бұрынғы жанның арты еді,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бүгінгінің қарты еді,
Әулие туған жан еді,
Кереметі бар еді,

Орақ пенен Мамайдың—
Қараүлек кемпір—анасы,
Білетін шығар сол,—деді,
Сұрайық содан, кел,—деді.

Атыңа, Әділ, мін,—деді,
Қасыма менің ер,—деді.
Қарасай, Қази—қос батыр,
Әділменен үш батыр

Алдырып атын, мінеді.
«Сұрайық»,—деп үшеуі,
Қараүлекке келеді.
Осындай жақын келгенде,

Қараүлектей кемпірге
Қарасай сәлем береді.

—Ассалаумаәлейкөм,

Алдияр сұлтан—ханымсың!
Ақылды туған данамсың,
Менің әкемді тапқан—сен,—деді,
Сенің балаңнан туған—мен,—деді.

Ноғай Ноғай болғанда,
Оралға Ноғай қонғанда,
Орақтың барған ол жауын
Екінің бірі алып жүр,

Барып, ойран салып жүр.
Сол секілді атамның
Алмаған жауы бар ма еді?
Бармаған жауы бар ма еді?

Білесің бе сен?—деді.
Білесің бе балаңды,
Мен де—соның тұқымы,
Аңсырап жүрмін мен?!—деді.

Қараүлектей кемпірің,
Көтеріп алып ол басын,
Көзінің төгіп бұл жасын:

—Қарасай, Қази,—қарағым,

Асылдан қалған шырағым,

батырлар  жыры
Әкең Орақ батырдың
Үш арманы бар еді:
«Бітірем»,—десең, шырағым,

Ал тыңдасын құлағың.
Бір арманын айтайын:
«Орал, Орал, Орал тау,
Орал таудай тау болмас.

Орал таудың баурыңда
Шұбырып ішкен бес тұлпар,
Бес тұлпардай мал болмас.
Бес тұлпардың ішінде

Ешкі тұяқ қызыл ат,
Иесі мұның—Көкше қарт.
Сол Көкшеден қызылды
Міне алмай кеттім»,—деп еді,

Бір арманы сол еді.
«Адам болып, ер жетсе,
Айтарсың, ана»,—деп еді.
Екінші айтқан арманы:

«Бірге туған Мамайым.
Бермеді бала Құдайым.
Сол секілді Мамайдың
Бір күлгенін көрмедім,

Бір күлдіріп, өлмедім.
Күлер ме екен Мамай деп,
Теңселтіп жорға мінгіздім.
Мұнда да Мамай күлмеді.

Қамадай қасы, қанды бет
Сұлуды таңдап сүйгіздім,
Мұнда да Мамай күлмеді.
Өгізді таудың басында

Сұлтан ханды өлтіріп,
Тағын тартып мінгіздім,
Мұнда да Мамай күлмеді.
Күлмегеннің себебі:

Етегін тартып бір бала
Артынан мұның ермеді.
Күлмегеннің себебі
Мамайымның сол,—деді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қарасай болса ер,—деді.
Қайғылы Мамай атасын
Бір күлдірсін»,—деп еді,

Бір арманы сол еді.
«Адам болып, ер жетсе,
Айтарсың, ана»,—деп еді.
Қартайсам да, жадымда,

Ұмыт болмай менен жүр еді.
Кемпірің айтып береді,
Саған болса керегі.
Үшінші айтқан арманы

Тағы да, балам, бар,—деді.
Атаңа тарт, қарағым,
Ар жағың болған нар,—деді.
Үшінші айтқан арманы:

«Алты айшылық жолы бар,
Үш айшылық шөлі бар,
Қиғаш деген тауы бар,
Қызылбас деген жауы бар,

Бұрғымен тескен тесік бар,
Тастан сементтей құйған есік бар.
Соның арғы жағында
Он екі ханның елі бар.

Сол Қиғаштың тауынан
Аса алмай кетіп барамын,
Тастан құйған есігін
Аша алмай кетіп барамын.

Кеулімдегі арманды
Баса алмай кетіп барамын.
Қарасай болса ер,—деді.—
Соған бір киліксін»,—деп еді.

Сол Қиғаштың тауына
Бір килігіп көресің.
Ажалың жетсе, өлесің.
Батыр болсаң, барасың,

Қорқақ болсаң, қаласың.
Дұрыс тартсаң Ораққа,
Қайратты туған баласың.
Сені жаман бие тапты ма,

батырлар  жыры
Жаман айғыр тапты ма?
Жатыры құрғыр күйді ме?
Әкең құмға сиді ме?

Асылдан қалған нәсілім,
Біреудің тілі тиді ме?
Егізде екі болмағыр,
Жар басына қонбағыр,

Босқа жүрдің ауылда,
Жаман тудың, оңбағыр!
Үш арманды естіп, Қараүлектен Қарасай тұлпардың жүрген
жерін сұрап, қолына жүгенін алып, беліне арқанын шалып,

тұлпарға жалғыз өзі жүріп кетті.
Мұны естіп Қарасай—
Қанды Орақтың баласы-ай,
Қолына жүген алады,

Беліне арқан шалады.
Бес тұлпардың сілтеуін
Қараүлектен алған соң,
Неше күндей жер жүріп,

Орал тауға барады.
Тұлпардың ізін қарады,
Ізін тауып алады.
Шөлдегенде ішетін

Сол секілді тұлпардың
Бар екен балды бұлағы.
«Сол бұлаққа келеді,—деп,
Келгенсін, көзім көреді»,—деп,

Сол бұлақтың басына
Қарасай жатып алады.
Сәске мезгіл болғанда
Шұбырып тұлпар құлады.

Шөлдеп келген тұлпарлар
Бұлаққа басын қояды.
Қызыл атты Қарасай
Тамаша етіп тұрады.

Қызыл аттың, қараса,
Артық екен сияғы.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
От орнындай көрінді
Құйған алтын тұяғы.
Төбесінде көрінді

Қайшыланған құлағы.
Қолтығында көрінді
Құс қанаттың қияғы.
Маңдайында көрінді

Алтынменен қаптаған
Кеседей алтын тұмары.
Қызыл атты көрген соң,
Баланың болды құмары.

Аңдып барып Қарасай,
Бұғалықты салады.
Бас білмеген тұлпар еді,
Қарасайдай баланы

Тоқтатпай кетіп барады.
«Иә, Алла!»—деп Қарасай,
Өкшесін жерге тіреді.
Үзілмеді, тартса да,

Шыңғырып, көкке атса да,
Бұқардың күлте жібегі
Жіберсін бе бір атты?!
Қанды Орақтың баласы

Құлақтан басып, шыңғыртып,
Жібермей ұстап тұр еді.
Иесі мұның—Көкше қарт
Сыртынан бағып жүр еді.

Қызыл атты біреудің
Ұстағанын көреді,
Қасына жетіп келеді.
Осындай жақын келгенде,

Қанды Орақтың баласы—
Қарасай жетім екенін
Аруағынан біледі.
Оның білген себебі:

Қанды Орақтың аруағы
«Бір ақ бұлт»,—деп еді.
Сол уақытта ақ бұлт
Қарасайдың үстіне

батырлар  жыры
Көлеңке салып тұр еді.
«Орақтан туған қос жетім—
Қарасай, Қази бар»,—деген

Құлаққа бұрын келеді.
Сол екенін білгесін,
«Сынайын деп баланы»,
Көкше сөйлей береді.

—Ай, қу жетім, қу жетім!

Ақылы жоқ, кем жетім!
Менің қызыл атымды
Мінгенің ұстап—нең, жетім?!
Берем бе саған мен, жетім?!

Ай, Қарасай, Қарасай—
Қанды Орақтың баласы-ай!
Атымды неге мінесін,
Көргенсіз иттің баласы-ай?!

Атымды қазір бер,—деді,
Сен сықылды жетімге
Ат берем бе мен?!—деді.
Сенің әкең—қанды Орақ

Қатар өсті менімен.
Мінбек түгіл атымды,
Маңайыма келмеді.
Қарасай сонда сөйледі:

—Не сөйлейсің, Көкше қарт?!

Тілің ащы сен—бір сарт.
Көргенсіз иттің баласы
Мен емеспін, сен,—деді,
Енді, қартым, тілің тарт.

Бұрын болса сенікі,
Бүгін болды менікі,
Ізіңмен, бабам, кейін қайт.
Айтқан сөзің жөн емес,

Сен секілді дұшпанға
Ат беретін мен емес.
Қанды Орақтың баласы
Әкесінен кем емес.

Сонда Көкше сөйлейді:

—Көкше қартың мен едім,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Әкеңді көрген ер едім.
Қызыл атты сен түгіл,
Әкең—Қанды Ораққа бермедім.

Әкең ұстап мінбеген,
Балам саған кейідім.
Ашумен айтқан бір сөзім
Келген шығар кеуліңе.

Сақалымның ағы бар,
Тағы бір атым тағы бар,
Не қылсаң да, өзің біл,
Салдым, балам, өзіңе.

Әкең Орақ батырдың
Тартыпсың, балам, өзіне.
Аты құрсын, не етейін?
Атсыз-ақ болып, өтейін,

Ұлықсат берсең өзіме.
Қарасай сонда сөйледі:

—Алдымдағы қартым-ай!

Ашуыңнан қайттың-ай!
Шығып едім ауылдан
Мінуге атты тартып-ай,
Маған шамаң келмейтін

Түсіндім сөздің парқын-ай
Атыңның майын мінейін,
Атыңның майын төлейін.
Төлеуге малым жетпесе,

Қарындасым—қыз Қибат,
Үлкенсінбей мен сені,
Құшағыңа берейін.
Сонда қартың не деді?

Ес-ақылы келеді,
Атқа салды шідерді,
Атынан үзді күдерді.
Қыз Қибатты айтқанда,

Қыз деген құрғыр қиын ғой,
Көкше күліп жіберді.
Сонда Көкше сөйлейді:

—Қибатқа алған қызыл ат—

Жал құйрығы ұзын ат.

батырлар  жыры
Кете бер, бала, кете бер,
Біздің ат емес, сіздің ат.
Қызыл атты Қарасай

Сол себепті мінеді.
Әкесінің тапсырған
Бір арманы сол еді.
Қызыл атты ойнатып

Елге қарай желеді.
Былай шығып алғасын,
Қыз түгіл, оған дым да жоқ,
Үлкендігін еске алып,

Дәлелдей айтқан сөзі еді.
Сол заманның шағында
Әлеуке деген ауыр қол
Ел шетіне келіпті,

«Қанды Орақ өлді»,—деген соң,
Хан Мамай жалғыз қалған соң,
«Хан Мамайдың басына
Салайын,—деп,—бүлікті».

Алдынан шығып әскердің,
Хан Мамайдай қартыңыз
Ала алмай жатқан жері еді.
Мұсадан туған көп жаман

Өлтіретін Орақты—
Қасына ерген көмегі.
Туысқанды өлтірген
Мұсадан туған көп жаман

Кімге опа береді?
Тоқсан бес жерден ту алып,
Мамайды көріп, қуанып,
Әскер қоршап келгенде,

Жалғыз тастап Мамайды,
Қасына ерген көп жаман
Қашып кетті»,—деп еді.
Қашайын десе, арланып,

Сүйегі асыл—шар болат,
Иә, іні жоқ, бала жоқ,
Қасында әскер және жоқ,
Тарығып Мамай тұр еді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Тарығып тұрған Мамайға,
Қарасайдың жолы еді,
Қызыл атты ойнатып

Қарасай жетіп келеді,
Атасын Мамай көреді.
Жаңа шыққан жас қыран
Әскерге келіп тиеді.

Садақпен саржа оқ атқан,
Алды-артына тең атқан,
Орақтап алып ұранды-ай,
Ұмтылды бала қырандай.

Шыдатсың ба Қарасай,
Тоз-тоз қылды бұларды-ай,
Жауға шапты Орақтай,
Жарқылдатып жарақты-ай.

Тозғындатып қырып жүр,
Тәңірі оңғарып талапты-ай.
Құтқармайды қашқанын,
Қызыл ат сондай қанатты-ай.

Сыртында тұрып хан Мамай,
Қарасайдай баланың
Қайратын көріп, ұнатты-ай.
Ер екенін біліпті,

«Орақ інім келді,—деп,
Қарасай менен Қазиым
Орағымдай болды,—деп,
Кемімеспін енді»,—деп,

Баланы сынап көріпті.
Хан Мамайдың қасына
Қарасай жетіп келіпті,
Келіп, сәлем беріпті.

Осындай жақын келгенде,
Хан Мамайдай қартыңыз
Риза болып балаға,
Езуін тартып күліпті,

Күлгенін бала көріпті.
«Күлдірдім,—деп,—атамды»,
Ішінен бала жорыпты.
Бір шыққанда Қарасай,

батырлар  жыры
Қызыл атты тартып бұл мініп,
Атасын Мамай күлдіріп,
Сонымен елге келіпті.

Әлқисса, сонда Әділ қырық мың әскер жинап, Қарасай,
Қази достарын қасына ертіп, Орақтың үшінші арман-мақсұтын
орындауға аттанған жері. Қалың қол жауға аттанып бара
жатқанда Қази жолдан қайтып, анасы—Қараүлектен «Бірінші

аттануым еді»,—деп, бата сұрап тұрған жері.

—Қырық мың болып құралды-ай,

Көк темірге оранды-ай.
Жас Әділді хан қылып,
Қырымнан айдап шығарды-ай.
Батасын алып кетуге,

Артынан қуып жетуге,
Қараүлектей кемпірге
Қази жетіп келеді,
Көп ішінде тұра алмай.

—Ассалаумаәлейкөм!

Алдияр сұлтан—анамсың,
Ақылды туған данамсың.
«Менің әкемді тапқан—сен,—деді,
Келді балаң—мен,—деді.

Ноғай Ноғай болғанда,
Оралға Ноғай қонғанда,
Орақтың барған ол жауын
Екінің бірі алып жүр,

Барып, ойран салып жүр.
Сол секілді атамның
Аттанбаған жауына
Аттанып кетіп барамын.

Әкемді тапқан кемпірсің,
Батаңды сенің аламын.
Бұрын жауды көрмеген
Жаңа өспірім баламын.

Екі талай жолым бар,
Әлде қандай боламын.
Қараүлектей кемпірің,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Көтеріп алып ол басын,
Көзінің төгіп бұл жасын,
Қараүлек кемпір сөйледі.

—Нұрадындай бабаңыз

Енді болсын жолдасың!
Мұса сұлтан—бұл бабаң
Сапарыңды оңдасын!
Орақ пен Мамай—бұл бабаң

Қысылған жерде тап болып,
Қолтығыңнан қолдасын!
Қарасай шіркін келмеді,
Кемпірге сәлем бермеді,

Сол шіркіннің білдім ғой
Бұл сапарда оңбасын.
Әуелі шайтан болмаса,
Осы шыққан сапарда

Қысылмас па екен Қарасай?
Батамды алмай бара жатыр.
Әулиесі әркімнің—
Ата менен анасы-ай.

Көзіңнің қырын салып жүр,
Жаныңа, Қази, алып жүр.
Қысылады бұл жолдан
Жалғыз ағаң Қарасай

Батасын Қази алады.
Қырық мың әскер қолына
Қайтадан шауып барады.
Әділанның шешесі—Бәйбіше ханым Әділ ханның артынан

түс көріп, Әділ ханмен туысқан қарындасына жорытып жатқан
жері еді.

Қырық мың болып құралды-ай,
Көк темірге оранды-ай,
Жас Әділді хан қылып,
Қырымнан айдап шығарды-ай.

Әділдің тапқан анасы,
Емшек берген мамасы
Сол күні жатып түс көріп,

батырлар  жыры
Түсінен шошып оянды-ай.
Қасындағы қызына
Бәйбіше ханым сөйледі:

—Басыңды көтер, Ілия!

Бүгін менің түсімде
Білдірді маған жан ие,
Әйелдің пірі—Мәрие.
Асқар биік Алатау,

Алтын Сарай қалама
Асқар тау келіп құлап жүр,
Бұл не болар, шырағым?
Борасындап жел соққан,

Соққан желді тоқтатқан
Тіреулі алтын сырығым
Ортасынан қырқылды,
Бұл не болар, шырағым?

Үшінші көрген түсімде
Асқар биік тау жақтан
Шыға қашқан асауды
Жібере тартып, тоқтатқан

Талдан кескен құрығым
Ортасынан үзілді,
Бұл не болар, шырағым?
Шошыдым ғой түсімнен,

Қорқайын дедім ішімнен
Шынтемір кеткен тұл үйден,
Әділ хан кеткен бұл үйден.
Сонда қызы сөйледі:

—Айналайын анам-ай!

Асқар тау келіп құласа
Алтын Сарай қалаңа-ай,
Асқар таудай бақ қонып,
Әділге ықпал тап болып,

Кеткен Әділ—балаң-ай
Саламат келіп Қырымға,
Хан болады екен ағам-ай!
«Жоры»,—десең маған-ай,

Көрінген екен соған-ай.
Екінші көрген түсіңді

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Және, ана, жориын,
Түсіңде көрген ісіңді.
Арқадан борай қар жауып,

Борасындай жел соққан,
Соққан желді тоқтатқан
Тіреулі алтын сырығың
Ортасынан қырқылса,

Осы арасын білмедім.
Аман келсе, жақсы еді,
Менің жалғыз ағам-ай.
Үшінші көрген түсіңді,

Және, ана, жориын,
Түсіңде көрген ісіңді.
Асқар биік тау жақтан
Борасындап жел соққан,

Шыға қашқан асауды
Жібере тартып, тоқтатқан
Талдан кескен құрығың
Ортасынан үзілсе,

Табылмаса қиюы,
Не қылып келсін қиюы.
Енді атқа мінелік,
Жауға кеткен көкемнің

Артынан қуып жүрелік.
Тілімді алса, көкемді
Ауылға алып келелік.
Тілімді көкем алмаса,

Жанымыз содан артық па,
Қасында жүріп өлелік,—
Деді дағы Ілия,
Жылқыда жүрген екі боз—

Екеуін ұстап алады,
Үстіне тоқым салады.
Анасыменен екеуі
Ағасын қуып барады.

Сол күні қуып күнімен,
Ертең қуып түнімен,
Ертең тал түс болғанда
Артынан қуып жетеді.

11–165

батырлар  жыры
Белес-белес бел жатыр,
Соған қарап келе жатыр.
Қатар тіккен көк шатыр,

Алтын шатыр ішінде
Жалғыз Әділ хан жатыр.
Ханды көзі көргенде,
Шатырға жақын келгенде,

Қасындағы анасы
Қызына тағы сөйледі:

—Айналайын, қызым-ай,

Туған егіз қозым-ай!
Сенің жалғыз ағаңды
Асырадым, өсірдім,
Емшектен сүтті ішірдім.

Қауырсыны қатпаған
Балапан еді қарағым,
Ұядан баулып ұшырдым.
Балапаным ұшқан соң,

Қайғыға басым түсірдім.
Кемеліне келтірдім,
Беліне садақ ілдірдім,
Таңдап бедеу міндірдім.

Еш жамандық көрген жоқ,
Жалғыздығын білген жоқ.
Көрмеген соң, біле алмас,
Сапарын маған бере алмас,

Көзімнің жасын көре алмас.
Бауыры едің, қарағым,
Алдына бар да, жылай көр,
«Сапарың бер»,—деп сұрай көр.

Бірге туған бауырсың,
Сені көріп, шыдамас.
Мұны естіп Ілия,
Аттан түсе қалады,

Шатырға жетіп барады.
«Бауырың келді»,—дегенде,
Жүгіре шығып шатырдан,
Әділ хан тұрып жылады.

«Қарағым, не қып жүрсің?»—деп,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Келген жолын сұрады.
Сонда Ілия сөйледі:

—Құтты болсын, жан көке,

Алтын таққа мінгенің,
Қырық сан Қырым, Ноғайға
Басшы болып жүргенің.
Алды-артыңда таяу жоқ,

Жан көке, кімге сенгенің?!
«Сапарыңды берсеңіз,
Көзімнің жасын көрсеңіз,
Сапарыңды бер»,—дедім.

Сапарыңды бермесең,
Жақсы емес пе, жан көке,
Қасыңда жүріп өлгенім?!
Сол еді менің келгенім.

Әділ хан сонда сөйледі:

—Қарындасым, бауырым,

Қайғының салдың ауырын.
Сен жыласаң, басылады
Менің хандық дәуірім.
Бірге туған нашарым,

Бір ұядан жасарым,
Сен жыласаң, білемін
Буынымның босарын.
Қарағым, неге жылайсың,

Көзіңнің жасын бұлайсың?
«Осы жолға барма»,—деп,
Сапарымды сұрайсың.
Жалғыз жауда жүрмей ме?

«Жары—Алла»,—демей ме?
Айсадан туды бес батыр,
Бесеуі кетіп барады,
Мұны көзің көрмей ме?!

Қарындасы—Ақсүңгі,
Бұл жыласа, көрмей ме?!
Қарасай, Қази—қос батыр
Екеуі кетіп бара жатыр.

Мұны көзің көрмей ме?!
Қарындасы—қыз Қибат,

батырлар  жыры
Бұл жыласа, көрмей ме?!
Жалғызды Құдай сақтаса,
Жаудан аман келмей ме?!

Бір Алланың ісіне,
Құдіреттің күшіне,
Салса, пенде көнбей ме?!
Өзі үшін туып азамат,

Халық үшін жауда өлмей ме?!
Қарағым, неге жылайсын,
Көзіңнің жасын бұлайсын?!
Осыларды еске алмай,

Балалықпенен сұрайсың.
Ілия сонда сөйледі:

—Туысқаным, туғаным,

Ағеке, не деп тұрғаның?
Еркек болып мен тусам,
Қасыңда жүріп, бір тұрсам,
Болмас па едім құрбаның?!

Айсадан туған бес батыр—
Бесеуі кетіп бара жатса,
Ақсүңгі неге жыласын,
Ағасы бесеу болғасын?!

Бір-бірін жауға тастай ма,
Атадан бірге туғасын?!
Мен жыламай, кім жылар,
Жалғыз ағам—жан көкем

Енеден жалғыз болғасын,
Жалғыз кетіп қалғасын?!
Жауда басың қалғанда,
Сен секілді жалғызға

Кімдер қолын жалғасын?!
Білмей қалдым мен және
Бірге туған көкемнің
Күндердің күні болғанда

Сөзіме құлақ салмасын.
Тілімді алсаң, қайт, көке,
Бірге туған бауырмын,
Кеуілім менің қалмасын!

Қарасай, Қази—қос батыр,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Екеуі кетіп бара жатыр.
Екеуі кетіп бара жатса,
Қыз Қибат неге жыласын,

Ағасы екеу болғасын?!
Қарасай жауда қалғанда,
Қази барып, алмай ма?!
Қази жауда қалғанда,

Қарасай барып, алмай ма?!
Өзінде туған жоқ болса,
Жалғыз шіркін шырқырап,
Басы жауда қалмай ма?!

Осы сөзді, жан көке,
Жадыңа алсаң, болмай ма?!
Қарындасын қия алмай,
Көзінің жасын тыя алмай,

Әділ хан жылап тұрады.
Сол уақыттар болғанда,
Әділ хан жылап тұрғанда,
Қарасай, Қази—қос батыр

Бір қиялды ойлады.
«Қала ма?»—деп қауіп етіп,
Аламанды жүргізіп,
Шын достығын білгізіп,

Орақтап айқай салады-ай.
Орақтаған дауыспен,
Айқайлаған дабыспен
Сүйегі қызып Әділдің,

Кете берді, қарамай.
Қол жөнеліп кеткенін,
Қыздан да арман өткенін
Анасы тұрып көреді,

Көріп, кеулін бөледі.
Алдын алып кеселей
Анасы жетіп келеді.
Келіп, сөйлей береді:

—Қарағым Әділ, хан Әділ,

Артық туған жан Әділ,
Аманбысың, саумысың?!
Саламат-сау, бармысың?!

батырлар  жыры
Артыңнан келіп тұр
Ана деген байқұсың.
Менен туған ұлмысың?

Ұл екенін шын білсін,
Сен кеткесін, қарағым,
Болды ғой күнім бір қысым.
Бір қысым болмай, не қылсын

Қорқытты көрген бұл түсім?!
Көзімнің жасы—көл дария,
Мұны қалай етесің?
Емшек сүтім—ен дария,

Оны қалай етесің?
Алты айшылық жолы бар,
Үш айшылық шөлі бар,
Қиғаш деген тауы бар,

Қызылбас деген жауы бар,
Бұрғымен тескен тесік бар,
Таспен мықтап бекітіп,
Сементтеп құйған есік бар,

Мұнан қалай өтесің?
Алтын сарай қалаң бар,
Мендей жасы жеткен анаң бар,
Кімге тастап кетесің?

Сонда Әділ сөйледі:

—Айналайын, анам-ай!

Өзімнің қорғар панам-ай!
Тапшы қылды балаңды
Іні менен ағаға-ай.
Бірге туған бауырым—

Ілиядай нашарға
Кеттім ғой жаңа қарамай.
Бірге туған бауырым,
Қиын соқты маған-ай,

Кеткен соң оған қарамай,
Тіліңді, ана, алмаймын.
Сен—ана да, мен—бала,
Еркелеймін саған-ай.

Онан дағы, анам-ай,
Батаңды берсейші балаңа-ай!

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сонда анасы зарлайды,
Көзінен жасы парлайды.
Батасын беріп Әділге,

Көтеріп, хаққа қол жайды.
Он сегіз мың әлемді,
Арсы-күрсі ғаламды
Жаратқан Алла, өзіңе

Тапсырдым Әділ баламды.
Қысылған жерде сала көр,
Жаратушы, панаңды.
Төрт мағури періште,

Аспаннан түсір саяңды.
Ақ шалмалы пірадар,
Баламнан болғын хабардар.
Қысылған күні, қарағым,

Осы пірді жадыңа ал.
Жадыңа алып, сыйынсаң,
Жар болар, балам, өзіңе.
Ұмытып қалма, Әділ-ау,

Құлақ ас айтқан сөзіме.
Шын қысылсаң, қарағым,
Адам болып, жақындап,
Көрінер сенің көзіңе.

Батасын Әділ алады,
Қырық мың әскер қолына
Бұ да жетіп барады.
Қырық мың болып құралды-ай,

Көк темірге оранды-ай.
Жас Әділді хан қылып,
Қырымнан айдап шығарды-ай.
Домбыраны тартады,

Сындырған алпыс балтаны
Бұл батырдың ішінде
Кімдер бар да, кімдер жоқ?!
Белгілі ерді айталық:

Белге жарақ байлаған,
Жүрегі жаудан таймаған.
Ерлігіне мас болып,
Ұйықтап жатқан айдаһар

батырлар  жыры
Қолтығына, қорықпай,
Қолын салып, барлаған
Айсадан туған Ахмет бар.

«Және кім бар?»—десеңіз
Ұзын Айдар Қоңырат,
Ер Сүлеймен, Әмет бар.
«Және кім бар?»—десеңіз,

Таққа мініп, хан болған,
Қараңғы жерде шам болған,
Жеті жаста желденіп,
«Не бол»,—десең, сол болған

Он бір жасар Әділ бар.
«Тағы кім бар?»—десеңіз,
Қырық мың әскер жинаған,
Аруағы оттай қаулаған

Қарасай, Қази—ер де бар.
«Және кім бар?»—десеңіз,
Көпті көрген көне еді,
Көрмеген заты жоқ еді,

Көрмеген жерді бұрыннан
Көрген жердей білетін
Көңлі зерек ер еді,
Қоянақ қартың—бұ да бар.

Көпті көрген Қоянақ
Көпті көрген көне еді.
Адастырмай әскерді,
Туралап алып келеді.

Алты айшылық жол жүрді,
Үш айшылық шөл жүрді,
Есебі жоқ мол жүрді.
Жүруге әскер жарады,

Бедеудің жалын тарады.
Қамысты көл, құрақ көл,
Айналасы қырық көл
Әскер келіп құлады.

Шөлдеп келген тұлпарлар
Суға мықтап қанады,
Жатып, демін алады.
Ақылы артық Әділ хан

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қырдың шығып басына,
Жан-жағына қарады.
Жан-жағына қараса,

Қиғаш биік қара тау
Бұлдыр-бұлдыр көрініп,
Мұнарланып тұр екен,
Әділдің көзі шалады.

Тауды көзі көрген соң,
Жалғыздық деген жаман-ай,
«Тұра алмады,—дейді,—табаны-ай».
Қарасай, Қази—досына

Сөйлеп тұр Әділ және де-ай.

—Қарасай, Қази, ер едің,

Екі достым сен едің.
Екі досым болмаса,
Жоқ еді менің сенерім.
Көрініп тұр қара тау.

Астында бар ғой қиын жау.
Ақылдастым мен,—деді,
Не дейсін маған сен?—деді.
Қарасай сонда сөйледі:

—Алдымдағы Әділ хан,

Менің досым—сен,—деді,
Сенің досың—мен,—деді,
Ойласқаның жөн,—деді.
Есебін тауып, жұмсасаң,

Қол билігі сенде,—деп,
Барған жерді бітірмек,
Жол билігі менде,—деп,
Қарасай жауап берген соң,

Сонда Әділ хан сөйледі:

—Көп жасаған, қайдасың,

Қоянақ қартым, кел,—деді,
Боз тұлпарға мін,—деді.
Көрініп тұр қара тау,
Астында бар қалың жау.

Таудың қиын жолдарын,
Жаудың біліп бағдарын,
Көзбенен көріп, хабарын,

батырлар  жыры
Анығын жылдам бер,—деді,
Жылдам барып, кел,—деді.
Айсадан туған Серігім,

Сен едің жауда ерегім.
«Қырық мың шығын әскерге
Серік ерді»,—дегенде,
«Қиғаш—биік қара тау,

Қызылбастың қиын жау
Талқан қылар»,—деп едім.
Қоянаққа: «Ер, —деді,
Қандай екен жол?—деді,

Қандай екен ел?—деді.
Екі бірдей қос батыр,
Жұмсап тұрмын мен»,—деді.
Мұны естіп Қоянақ,

Іркіліп тұрар ер ме еді,
Боз тұлпарға мінеді,
Ер Серікті ертіп,
Қара тауға жүреді.

Қарқыңдап шапқан бойымен
Тауға жетіп барады,
Асты-үстіне қарады.
Айтылған сөздің бәрі рас,

Биіктігі тағы рас.
Тіпті биік тау екен
Қалықтап ұшқан қара құс
Басына шығып қона алмас.

Бұрғымен тескен тесік бар.
Адам тартса, ашылмас
Тастан құйған есік бар.
Жолдың түрін байқады.

Шошынып жаудан, айтады:
«Ашылмайды осы-ау!»—деп,
Басын, тұрып, шайқады.
Тұтқадан ұстап есікті,

Екі бірдей қос батыр
Табандап келіп тартады.
Аша алмады есікті,
Армансыз күшін байқады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Аша алмады есікті,
Тау басынан қайтады.
Ер Әділге келеді,

Келіп, сөйлей береді:

—Алдымдағы ер Әділ,

Досым едің, сен Әділ.
«Жалғыз аяқ тар жолды
Барлап кел!»—деп, жібердің.
Әміріңді қайта етпей,

Қара тауға жөнелдім.
Қара тауға барған соң,
Толып жатыр көргенім,
«Кірейін»,—десем, сенбедім.

Мұндай қиын тар жолды
Жер жүзінде көрмедім.
Асты—тас та, үсті—тас,
Шақырлаған қара тас,

Ат қиялап шаба алмас.
Бұрғымен тескен тесік бар,
Торғайдан бөтен кіре алмас.
Тастан құйған есік бар,

«Ашылмады осы-ау!»—деп,
Басымды, тұрып, шайқадым.
Тұтқадан ұстап есікті,
Тартып едім табандап,

Қозғалатын түрі жоқ.
Армансыз күшті байқадым,
Өтірік емес айтқаным.
«Қандай мықты?»—десең де,

Аша алмай, балаға айтқаным.
Сонда Әділ хан сөйледі:

—Қоянақ қартым, не дейсің?

Неге өтірік сөйлейсің?
Тауды көзің көргесін,
Тастан құйған бір есік
Ашып, неге кірмейсің?

Қырық жыл қырғын болса да,
Ажалдан бұрын өлмейсің.
Тау басынан қайтыпсың,

батырлар  жыры
Өтірік сөзді айтыпсың.
Анығын жолдың білмейсің.
Айсадан туған Серігім,

Сен едің жауда керегім
«Қырық мың шығын әскерге
Серік ерді»,—дегенде,
«Қиғаш биік қара тау

Талқан қылар»,—деп едім.
Жаудан қорқып, сескеніп,
Жолдан қайтып келгенің,
Жоқ екен сенің жүрегің,

Өтірік сөзді айтасыз,
Болмайды қабыл тілегің,—
Деді дағы—Әділ хан,
Және тұрып сөйледі:

—Айтқанымды мақұл ет.

Алысымды жақын ет.
Қайда кеттің? Мұнда кел,
Айсадан туған Ахмет,
Белге жарақ байлаған,

Жүрегің жаудан таймаған,
Ерлігіңе мас болып,
Ұйықтап жатқан айдаһар
Қолтығына, қорықпай,

Қолын салып, барлаған.
Алабас атқа мін,—деді,
Қандай екен жол?—деді,
Қандай екен ел?—деді,

Соны біліп кел,—деді.
Айдаһарды ұстаған
Батыр болсаң сен—деді,
Жұмсап тұрмын мен,—деді.

Мұны естіп Ахмет,
Іркіліп тұрар ер ме еді.
Ала бас атқа мінеді,
Қарыңа найза іледі,

Бадана көзді ақ сауыт
Үстіне баса киеді,
Қорамсаққа толтырып,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Толтырып салып жебені,
Алабас атты қамшылап,
Алтын туы жарқырап,

Қиғаштың қара тауына
Ахмет батыр жөнеді.
Қарқындап шапқан бойымен
Тауға жетіп барады,

Асты-үстіне қарады.
Айтылған сөздің бәрі рас,
Биіктігі тағы рас.
Қалықтап ұшқан қара құс

Басына шығып, қона алмас.
Бұрғымен тескен тесік бар,
Тастан құйған есік бар.
Жолдың түрін байқады,

Бұ да басын шайқады.
Тұтқадан ұстап есікті,
Табандап келіп тартады.
Аша алмады есікті,

Армансыз күшін байқады.
Тау басынан қайтады,
Ер Әділге келеді.
Қара таудың хабарын

Ахмет батыр береді:

—Алдымдағы ер Әділ,

Досым едің, сен Әділ.
«Қара таудың баурында
Жалғыз аяқ тар жолды
Барлап кел!»—деп жібердің.

Әміріңді қайта етпей,
Қара тауға жөнелдім.
Қара тауға барған соң
Толып жатыр көргенім.

«Кірейін» десем сенбедім,
Мұндай қиын тар жолды
Мен де, Әділ, көрмедім.
Асты—тас та, үсті—тас,

Шақырлаған қара тас,
Ат бауырлап, шаба алмас.

батырлар  жыры
Бұрғымен тескен тесік бар,
Тастан құйған есік бар.
«Ашылмайды мынау»,—деп,

Басымды, тұрып, шайқадым.
Тұтқадан ұстап есікті,
Тартып едім мен оны,
Аша алатын түрім жоқ,

Армансыз күшті байқадым,
Өтірік емес айтқаным.
«Қандай мықты?»—десең де,
Тастан құйған бір есік

Аша алмай, бала, қайтқаным.
Сонда Әділ сөйлейді:

—Ай, Ахмет, оңбағыр,

Жаман ба едің, құрымағыр?!
«Айдаһар»,—деп қол салып,
Күшін барлап жүргенің
Кесіртке ме еді, оңбағыр?!

Туғандығың осыма-ай,
Қорқып, келдің қасыма-ай?!
«Айдаһар»,—деп жүргенің
Өлген жылан екен ғой,

Жүргенің айтып осыны-ай.
Бір өзіңді жұмсадым,
Қоспай жолдас қасыңа-ай.
Жаудан қорқып, сескеніп,

Сен де болдың жасық-ай.
Кірер едің тар жолға,
Тусаң егер асыл-ай.
Жаудан қорқып, сескеніп,

Бәрің де болдың пасық-ай.
Қайда кеттің, Қарасай—
Қанды Орақтың баласы-ай?!
Жақсы менен жаманның,

Жаулы жерге келгенде,
Аспан мен жердей арасы-ай,
Қареке, өзің бармасаң,
Ешкімнің келмес шамасы-ай!

Қибатқа алған қызыл ат

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қиғаштап тоқым сал,—деді,
Мамайдан қалған жасыл ту
Жарқыратып ал,—деді,

Үлкен де болсаң, жұмсадым,
Қареке, өзің бар,—деді.
Мұны естіп Қарасай,
Қанды Орақтың баласы-ай,

Қибатқа алған қызылға
Қиғаштап тоқым салады,
Мамайдан қалған жасыл ту
Жарқыратып алады,

Қарағай найза өңгеріп,
Басын мыңға теңгеріп,
Қиғаштың қара тауына
Қарасай кетіп барады.

Қарқындап шапқан бойымен
Тауға жетіп барады.
Асты-үстіне қарады,
Айтылған сөздің бәрі рас,

Биіктігі тағы рас.
Қалықтап ұшқан қара құс
Басына шығып, қона алмас.
Бұрғымен тескен тесік бар,

Торғайдан басқа кіре алмас.
Тастан құйған есік бар,
Жолдың түрін байқады,
Шошынып жауап айтады:

—Қайратымды сынайын.

Есігін ашып, кірмесем,
Ар жағын, барып, көрмесем,
Мен Орақтан тумайын,
Атаның жолын қумайын,

Атаға тартып, сөз айтып,
Көтеріп белді бумайын.
Менің әкем—қанды Орақ
Айқасқа мен Байқасқа,

Көкеманқасқа, Көкқасқа,
Ең үлкені—Жанқасқа—
Бес батырға парыпты.

батырлар  жыры
Бесеуін де қанды Орақ
Жалғыз өзі алыпты.
Атамыздың аруағы

Біздей жетім балаға
Мирас болып қалыпты.
Аша алмасам есікті,
Қорғаймын қалай халықты?!—

Деді дағы Қарасай,
Қызыл атқа сөйледі:

—Астымдағы қызыл ат,

Тартып сені мінгенде,
«Қара асым»,—деп мінгенмін.
Үстімдегі ақ сауыт
«Кебінім»,—деп, кигенмін.

Солқылдаған көк найза,
«Басыма сайғақ болсын»,—деп,
Оң қарыма ілгенмін.
Мен анамнан туған соң,

Өлерімді білгенмін.
Бұрын келген батырлар
Таудан, сірә, аспады.
Қарасай қорқып, саспады,

Тастан қойған есікті
Тұтқадан ұстап Қарасай,
Лақтырып тастады.
Айнымайтын ер еді,

Ашып тастап есікті,
Жалғыз аяқ тар жолға
Қарасай батыр кіреді.
Түніменен Қарасай

Аяқ жолды көрмейтін
Қараңғы жолмен жүреді.
Жолбарыс, аю, арыстан—
Әрбіреуі ұмтылып,

Қарасайға жабысқан.
Атып жығып барады,
Мерген туған Қарасай
Оқ жіберіп алыстан.

Айдаһар жылан алдында

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ысқырады дейді ұмтылып.
Астына мінген қызыл ат
Қан сиеді дейді, ышқынып.

Қылышпенен өтеді дейді
Ортасынан үш бөліп.
Ертең сәске болғанда
Таудың шықты бетіне,

Жолдың шықты шетіне.
Қарасай жетіп келе жатыр
Әділдің айтқан сертіне.
Ар жағын жолдың байқады,

Бірталай жерін шайқады.
Бастан-аяқ тар жолдың
Бәрін де көріп, қайтады.
Көргенін енді Қарасай

Баян етіп айтады.
Көрген заты көп екен,
Көрмегені жоқ екен.
Ойлай келіп қараса,

Қиыны жолдың сол екен.
Ат бауырлап, шаба алмас
Өрген-өрген құмы бар.
Құмның арғы жағына

Көз жіберіп қараса,
Кемесіз адам жүре алмас,
Іші балдыр, жүзе алмас,
Айдын шалқар көлі бар.

Көлдің арғы жағына
Көз жіберіп қараса,
Жығылған тұлпар тұра алмас,
Аяғын басып жүре алмас

Терең батпақ соры бар.
Сордың арғы жағына
Көз жіберіп қараса,
Қарғыған тұлпар өте алмас,

Одан өтіп кете алмас
Алты қатар оры бар.
Ордың арғы жағына
Көз жіберіп қараса,

12–165

батырлар  жыры
Болаттан құрған тағы да
Тоғыз қабат торы бар.
Тордың арғы жағына

Көз жіберіп қараса,
Арғы шеті айшылық,
Айналасы күншілік
Он екі ханның елі бар.

Сондай қиын жолдарға
Қарасай батыр жолығар.
Жалғыздық деген қиын ғой,
Есебін таппай, торығар.

Аң-таң болып қарады,
Жолға көзін салады.
Кірейін десе, кіре алмай,
Жүрейін десе, жүре алмай,

Қарғытуға, тұлпарға
Астындағы сене алмай,
Қайта айналып Қарасай
Әділге қайтып барады.

Ер Әділге келеді,
Қара таудың хабарын
Қарасай батыр береді.

—Алдымдағы ер Әділ,

Досым едің, сен Әділ.
«Қара таудың баурында
Жалғыз аяқ тар жолды
Барлап кел!»—деп жібердің.

Әміріңді қайта етпей,
Қара тауға жөнелдім.
Қаратауға барған соң
Толып жатыр көргенім,

Кірейін десем, сенбедім.
Мұндай қиын тар жолды
Жер жүзінде көрмедім.
Асты—тас та, үсті—тас,

Шақылдаған қара тас,
Ат қиялап шаба алмас.
Бұрғымен тескен тесік бар,
Тастан құйған есік бар.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ешкімнен қорқып саспадым.
Тұтқадан ұстап есікті,
Лақтырып тастадым.

Ар жағын жолдың байқадым,
Бірталай жерін шайқадым.
Айдаһар менен жолбарыс
Шығып еді алдымнан,

Қылышпенен жайқадым.
Қиыны жолдың сол екен,
Жан бармаған жер екен.
Ат бауырлап шаба алмас

Өрген-өрген құм екен.
Құмның арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,
Кемесіз адам жүре алмас,

Іші балдыр, жүзе алмас,
Жойқын терең көл екен.
Көлдің арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,

Жығылған тұлпар тұра алмас,
Аяғын басып жүре алмас
Терең батпақ сор екен.
Сордың арғы жағына

Көз жіберіп қарасам,
Қарғыған тұлпар өте алмас.
Қандай жүйрік болса да,
Одан өтіп кете алмас

Алты қатар ор екен.
Ордың арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,
Тоғыз қабат тағы да

Болаттан құрған тор екен.
Тордың арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,
Арғы шеті айшылық,

Айналасы күншілік
Он екі ханның елі екен.
Қарғаса деген хан екен,
Жолы қиын тар екен.

батырлар  жыры
Қатынасып қалаға,
Баратын жері жоқ екен.
Қанша батыр болсам да,

Жалғыз жүріп, жол таппақ
Бір кісіге зор екен.
Тілімді алсаң, Әділ хан,
Қайтқаның елге жөн екен,

Алдыртпайтын ел екен.
Әділ хан сонда сөйледі:

—Ай, Қарасай, Қарасай!

Қанды Орақтың баласы-ай!
Атаң Орақ болса да,
Туыпсың жаман, шамасы-ай!
Бәрі өтірік—көргенің,

Бәрі өтірік—жүргенің.
Рас болса көргенің,
Босқа неге сен қайттың?
Бір белгіні қолыңа

Алып неге келмедің?
Қанша батыр болсаң да,
Қарасай, саған сенбедім.
Қой, Қарасай, алдама.

Алдайтын кісің мен бе едім?
Сол уақыттар болғанда
Қарасайдай батырға
Құлағын салып ер Қази

Жатыр екен жамбастап.
Асылдығын бұдан біл:
Сөйлемейді екен бейбастақ.
Әділдің сөзін естіп,

Көтеріп алды басын-ай,
Жетіп келді қасына-ай.
Қатты келді ашуы-ай
Әділ хандай досына-ай,

Айтты дейді сонда осыны-ай:

—Алдымдағы Әділім,

Білесің бе кіміңді?!
Мен білем ата тегіңді.
Қатты-қатты сөз айтып,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жасы үлкен ағаңа
Тигізе берме тіліңді.
Жасы үлкен ағаңа

Тигізе берсең тіліңді
Өзің төре, өзің хан,
Ойланып қара, Әділім,
Кім дұрыс дейді мұныңды?!

«Бұ да менің досым ед,
Кеуліне келіп қалар»,—деп,
Ағасы—Қарасайға сөйледі:

—Ай, Қарасай, Қарасай!

Қанды Орақтың баласы-ай!
Әкең Орақ болса да,
Туыпсың жаман, шамасы-ай.
Әділ хандай досымның

Айтқаны саған рас-ай.
Қарасай аға, саған айтайын:
«Орақтан тудым» дегенше,
«Арамнан тудым» десейші.

«Ерден тудым» дегенше,
«Езден тудым» десейші.
«Батырдан тудым» дегенше,
«Қатыннан тудым» десейші.

Мен сияқты бөрімен
«Бірге тудым» дегенше,
«Басқа тудым» десейші.
Уайым айтып келгенше,

Сол жақта жүріп, өлсейші.
Өлмегенің осы ма,
Күлкі болдың досыма?!
Шұбар атты алып кел,

Ер-тоқымын салып кел.
Жалғыз өзім жүрейін,
Жан ертпей қасыма,—
Деді дағы, ер Қази

Шұбар атқа мінеді,
Ер қаруы—бес қару
Беліне орай іледі,
Қара бөркін киеді,

батырлар  жыры
Қабағын қатты түйеді,
Қиғаштың қара тауына
Қази батыр жүреді.

Қарқындап шапқан бойымен
Тауға жетіп барады.
Асты-үстіне қарады
Айтылған сөздің бәрі рас,

Биіктігі тағы рас.
Тіпті биік тау екен,
Қалықтап ұшқан қара құс
Басына шығып, қона алмас.

Бұрғымен тескен тесігін,
Тағы Қази көреді,
Қарасай бұзған есігін.
Айнымайтын ер еді,

Жалғыз аяқ тар жолға
Қази батыр кіреді.
Түніменен ер Қази
Аяқ жолды көрмейтін

Қараңғы жермен жүреді.
Ертең сәске болғанда
Таудың шықты бетіне,
Жолдың шықты шетіне

Бұ да жетіп келе жатыр
Әділдің айтқан сертіне.
Ар жағын жолдың байқады,
Бірталай жерін жайқады.

Ағасынан артық па?!
Жолды көріп, шошынып,
Қази да жауап айтады:

—Апырмай!

Қарасай көкем ер екен!
Ер екені шын екен!
Мана қайтып барғанда
Көргенін айтып жүр екен.

Ағайыннан әл кетпей,
Әділ жаннан баз кешпей,
Жан кірмейтін жер екен.
Кірейін десе, кіре алмай,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жүрейін десе, жүре алмай,
Қара тауға, тұлпарға
Астындағы сене алмай,

Не қыларын біле алмай,
Қапа болып тұр екен.
Қази сынды батырдың
Сондағы айтқан сөзі екен:

«Ай, Жаратқан, Пір,—деді,
Тілекті бүгін бер,—деді.
Жалғыз атты жолаушы
Себеппен айдап кел»,—деді.

Тілегі қабыл ер еді,
Тілегін Құдай береді.
Көмір артқан қырық адам
Қази сынды батырдың

Алдынан шыға келеді.
Мұны көріп ер Қази,
Қабағын ашып, күледі.
Қасына жетіп барады,

Айнала шауып, қамады.
«Ұстаймын!»—деп, тақымдап,
Ақ алмасы жарқылдап.
Қазиды көріп, қорықты,

Қорықпай, не қып, шыдасын,
Бір ашуға жолықты.
Бәрін де ұстап алады,
Айдап жолға салады.

Қуып жүріп, сабады,
Келе жатып бұлардан
Жолдың түрін сұрады,
Елдің түрін сұрады,

Қызыл жұрты қорқады.
Ер екенін байқады
Қорыққан соң, Қазиға
Жолдың түрін айтады:

«Бір жағында оры бар,
Бір жағында соры бар.
Қашап, салған таспенен,
Адам білмес бір жерді,

батырлар  жыры
Жалғыз аяқ жолы бар.
Жолдың арғы шетінде
Баба түкті шашты Әзіз—

Бұл келмеген жері бар,
Бұдан туған Нұрадын—
Бұл келмеген жері бар.
Бұдан туған хан Мұса—

Бұл келмеген жері бар,
Батыр Мамай, Қанды Орақ—
Бұл келмеген жері бар.
Қыдырбайдың баласы—

Қобыландыдай шырағым—
Ер келмеген жері бар.
Адамзаттың ұлына
Тергелмеген жері бар.

«Бәрінен де солардың
Қарасай, Қази—қос жетім,
Әділменен үш жетім
Озып туды»,—деп еді.

Үшеуінің дабысы
Біздің елдің ханының
Құлағына келеді.
«Қарасай атқа мінген соң,

Кемеліне келген соң
Қанды Орақтың тұқымы
Келмей қалмас»,—деп еді.
Үшеуінен қауіп етіп,

Он екі ханның құралып,
Қала салған жері еді.
Қала толған көп әскер
Қарғаса ханның қолы еді,

Әскері тым-ақ мол еді.
«Қарасай, Қази келеді»,—деп,
Мұнараның басында,
Күндіз-түні түспестен,

Қарауыл қарап тұр еді.
Адам түгіл, алыстан
Ұшқан құсты көреді.
Әмір етсе Қарғаса,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Көптігін саған айтайын,
Сайланып тұрған көп әскер
Құмырсқадай өреді».

Сұрағанда, көмірші
Қази сынды батырға
Осындай жауап береді.
Хабарына қанады,

Айдап жолға салады.
Ер Әділдің алдына
Қырық адамды ер Қази
Қуып алып барады.

Әділ хан көріп қуанды,
Ақ білегін сыбанды.

—«Жолы қандай екен?»—деп

Қазидан Әділ сұрады.
Сонда Қази сөйледі:
«Оңай» деп, Әділ, қуанба.
«Қиын» деп, жаудан тұрар ма?!

Тәуекел етпей әр іске,
Ер құмардан шығар ма?!
Көргендер қайран қалады,
Жолды көзің көргенде,

Хан болсаң да, Әділ хан,
Өзіңнің есің ауады.
Қарасай көкем ер екен,
Ер екені шын екен.

Мана қайтып келгенде
Көргенін айтып жүр екен.
Ағайыннан әл кетпей
Әділ жаннан баз кешпей,

Жан кірмейтін жер екен.
Қатты-қатты сөз айттым
Сол секілді ағама.
Айтқанымды көтерді,

Қос әулие бір екен.
Абайламай, асқақтап,
Тәкәппарлық сөйлеген
Хас ақылсыз мен екем.

Көмір артқан қырық адам,

батырлар  жыры
Таудың бергі астында
Бұл қаңғырып жүр екен.
Жаудың түрін сұрадым,

Он екі ханның елі екен.
«Қарасай, Қази—қос батыр,
Әділ ханмен—үшеуі
Келмей қалмас»,—дер екен.

Хабарым білген—сол,—деді,
Көргенім—қиын жол,—деді,
Ендігісін, Әділ хан,
Өзің ойлап, біл,—деді.

Сен сай болсаң, мен де сай,
«Барайық» десең, кел,—деді,
Не дейсің бұған сен?—деді.
Халық үшін туған ер болсаң,

Жаныңды жаудан сақтама,
Халық үшін жүр де, өл,—деді.
Сонда Әділ хан сөйледі:

—Қарасай, Қази, ер едің.

Жүргенде елде, мақтанып:
«Әкем Орақтан оздым»,—деп едің.
Осы бүгін білінді
Сендердің Қанды Орақтан төменің.

Көмір артқан қырық адам,
Ұялмай, «Олжа» деп, алып келгенің.
Баратын жерін білген соң,
Дұшпанның елін көрген соң,

Талқан қылып қаласын,
Шулатып қатын-баласын,
Мінгестіріп бір қызды
Әкеліп неге бермедің?!

Қанша батыр болсаң да,
Қазиым, саған сенбедім.
Қой, Қазиым, алдама,
Алдайтын кісің мен бе едім?!

Босқа барып, бос келдің,
Қанды Орақтың баласы
Бөтенменен тең бе едің?
Сонда Қази сөйледі:

қаРаСАй,  ҚАЗИ

—Алдымдағы Әділім,

Білесің бе кіміңді?
Мен білемін ата тегіңді.
Қатты-қатты сөз айтып,
Тигізе берме тіліңді,

Келтіре берме жынымды.
Сенің атаңды айтайын:
Хан баласы төре еді,
Сенде ерлік жоқ еді.

Перзент үшін зарлаған,
Перзент тілей Алладан,
Ата-бабаң кім еді?!
Мен атамды айтайын:

Баба түкті шашты Әзіз
Баласызға ұл берген
Әулие туған пір еді.
Бұдан туған Нұрадын

Араласқан әскерін
Құтқармаған бір адым.
Қай жерімде кемдік бар,
Көзіме айтшы, шырағым?!

Бұдан туған хан Мұса
Айға қолды сермеген,
Дұшпанға теңдік бермеген,
Отыз ұлдың бабасы.

Мұсаға кімнің шарасы?!
Осыным да бекер ме,
Өзің сынап қарашы?!
Бұдан туған кешегі

Орақ пенен Мамай-ды.
Өзіңе де белгілі,
Қалай десең, солай-ды.
Орақтан туған—мен,—деді,

Менің қай жерім сенен кем?—деді.
Сенің атаң—Шынтемір
Перзент үшін зарлаған,
Перзент тілеп Алладан.

Хан болып, жұртты алдаған,
Сенің атаң сол еді.

батырлар  жыры
Атаң болса батыр-ай,
Қашқан кісі қатын-ай,
Қайратыңды көрейін,

Меніменен сынасып,
Жалғыз аяқ тар жолға,
Мініп, шықшы, атыңа-ай,—
Деді дағы ер Қази,

Ашуланып Әділге,
Әскерін бөліп алады.
Он төрт мыңдай әскерді
Қази бөліп алады.

Он үш мыңдай әскерді
Әділ бөліп алады.
Он үш мыңдай әскерді
Айсадан туған бес батыр,

Ахмет бөліп алады.
Шайтан кіріп араға,
Қырық мыңдай әскерлер
Үш бөлініп барады.

Мұны көріп Әділ хан,
Жалғыздық деген жаман-ай,
Тұра алмады табаны-ай.
Қазидың келіп артынан,

Сөйледі Әділ және де-ай.

—Қарасай, Қази, ер едің,

Екі досым сен едің.
Екі досым болмаса,
Жоқ еді менің сенерім.
«Олай-бұлай іс болып,

Басым жауда қалғанда,
Екі досым ат салып
Алып шығар»,—деп едім.
Бұл жерлерге келгенде,

Бөлек салдың қосыңды,
Тастадың мендей досыңды.
Осы арасын білдіріп,
Айтып кет маған себебін.

Сонда Қази сөйледі:

—Менің досым сен едің,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сенің досың мен едім.
Әуелі елден шығарда
Бұл қиялда жоқ едім.

«Жалғыз ағам—Қарасай
Жауға түсіп қалғанда,
Алдыменен, Әділ хан,
Сені алармын»,—деп едім.

Бұл жерлерге келгенде
Қылап салдың кеуліме.
Өз білігің өзіңе,
Кете бер, Әділ, жөніңе.

Орақтап айқай салармын,
Тар жолға айдап, шабармын.
Қатын-бала қамы үшін,
Қарындастың ары үшін

Жауда қалсаң, алармын.
Сонда Әділ сөйледі:

—Олай болса, ер Қази,

Бұл дүниеге келген соң,
Өлерімді білгенмін
Жаяулық пен жалғыздық,
Не болса да, көнгенмін.

Кісіге бүйтіп сенгенше,
Бұл қорлықты көргенше,
Жақсы екен менің өлгенім,—
Деді дағы Әділ хан,

Атының басын бұрады.
«Жалғыз аяқ тар жолға
Қазидан бұрын барам»,—деп,
Әділ хан шауып барады.

Мұны көріп ер Қази:

—Шаппа!—деп айқай салады.

Ай, Әділім, баласың,
Бала да болсаң, шаласың.
Бара жатқан жолың менікі,
Менен қалай аласың?!

Менен бұрын жол алмақ,
Қарсы шауып, ел алмақ,
Әділім, қандай адамсың?!

батырлар  жыры
Сонда Әділ сөйледі:

—Жалғыз аяқ тар жолға

Шапқан Әділ төре ме,
Қорлыққа асыл көне ме?!
Жолға шапқан ер жігіт,
Өлмей, жолын бере ме?!

Сен жүрсің: «Атам бәлен болды»,—деп,
Атаңның басын өңгеріп.
Мен жүрмін, өзім туып,
Атымның басын теңгеріп,

Сөйлейсің кімді кем көріп?!
Жолға шапқан ер жігіт
Ат басын жолдан бұра ма?
Өзі туған жігіт көп,

Ата тегін сұрама!
Қорлыққа асыл көне ме?
Жауға шапқан ер жігіт,
Өлмей, жолын бере ме?!

Алдынан шықты кеселеп,
Сөз сөйледі еселеп.
Екеуі жолға таласты,
Достығынан адасты.

Сөз алысып, алжасып,
Салуға қару таясты.
Сол уақыттар болғанда,
Қази менен Әділ хан

Таласып жолға тұрғанда,
Көпті көрген Қоянақ
Көпті көрген көне еді,
Көрмеген заты жоқ еді,

Екі бірдей бөрінің
Алжасқанын біледі,
Қасына жетіп келеді.
«Ақылы көп төре еді,

Айтқаныма көнер», деп,
Әділге сөйлей береді:

—Ай, Әділім, Әділім!

Жоқ еді сенің аға-інің.
Жалғыздығың болмаса,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Кемі жоқ қой саған да
Құдайдың берген бағының.
Ақтайшаның ханынан бата алып,

Әділ хан болып атанып,
Қырық мыңдай әскердің
Бастығы болдың бәрінің.
Ау, Қазижан, шырағым,

Арғы атаң—сенің пір,—деді,
Қанды Орақ пен хан Мамай—
Бергі атаң—сол,—деді,
Ата-бабаң—ер,—деді.

«Жол менікі»,—дегенің
Сенікі де жөн,—деді.
Хан едің, Әділ, қой,—деді,
Қарасай, Қази—досыңа

Жол кезегін бер,—деді.
«Хандық пенен ерлікті
Алам деме мен»,—деді,
Адаспа, Әділ, сен,—деді.

Қол бастамақ—хандікі,
Жол бастамақ—ердікі.
Хан едің, Әділ, қой,—деді,
Хандығың да жетеді,

Қазиға жолды бер,—деді.
Бөтен десең бұл сөзім,
Ойланып өзің көр,—деді.
Ақылы көп төре еді,

Ойланып Әділ көреді.
«Хандық пенен ерлікті
Жалғыз өзім алғаным
Менікі ұят екен»,—деп,

Қарасай, Қази—досына
Жол кезегін береді,
Артынан өзі ереді.
Ақылы артық Қоянақ

Қазиға алып береді.
Болмаса, Әділ бермейді,
Өзі жалғыз болса да,
Бақытты туған төре еді.

батырлар  жыры
Бұрғымен тескен тесікке,
Тастан құйған есікке
Қази бастап кіреді.

Әлқисса, Қарасай, Қази он төрт мың әскерімен кіріп кетті.
Оның артынан Әділ хан он үш мың әскерімен бұ да кетті. Енді
Ахмет он үш мың әскерімен кірмей, сол қақпа аузында қалып,
әскеріне айтқан ақылы.

Сонда Ахмет сөйлепті:

—Қарасай, Қази ер кетті,

Соңынан Әділ бұл кетті.
Екі жағы—батпақ сор,
Ортасынан жол кетті.
Осы жолға түскен соң,

Көп көреміз бейнетті.
Біздің тілді алсаңыз,
Осы арада жаталық.
Бұл сөзіме нансаңыз,

Қарасай, Қази—қос батыр
Кескілеспей, басылмас.
Шар болаттың суы еді,
Тасқа тимей, қайта алмас.

«Қанды Орақтың,—деп еді,—
Аламанын алдырмас»,
Қази жауын алар-ау.
Мына кеткен Әділ хан

Абайламай, асқақтап,
Тәкаппарлық сөйледі,
Орға түсіп қалады-ау!
Қарасай шапса қалаға-ай,

Қызылбастың көп жауы
Қаласына қарамай,
Қашып шығар далаға-ай.
Осы таудың ішінде

Табан жол деген бар еді,
Табан жолға баралы.
Табан жолдың аузында
Табандап жатып қалалы.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Осы айтқаным шын болса,
Қызылбас қашар күн болса,
Алдынан шығып, өткізбей,

Табан жолда тақасып,
Жаумен қарсы шатасып,
Біздер де ұрыс салалы,
Ортаға қамап алалы.

—Ахмет сөзі мақұл,—деп,

Осы айтқаны—ақыл,—деп,
Ахметтің әскері
Сол жерде жатып қалады.
Ертең сәске болғанда

Қарасай, Қази—қос батыр
Тиген екен қалаға-ай.
Қызылбастың көп жауы
Қаласына қарамай,

Қашып шықты далаға-ай,
Табан жолға барады.
Алдынан шығып Ахмет,
Сол жерде ұрыс салады.

Ахметтің, көрдің бе,
Айтқанындай болады.
Сонда Ахмет сөйледі:

—Ер Серік, ер Әмет,

Төрт арыстан інім-ай!
Қайрат салың бүгін-ай!
Мына жаудың көбінен
Қорқайын деді көзім-ай!

Қолдың алдын қорғай көр,
Шамаң келсе, зорлай көр.
Мен арт жағын қорғайын,
Шамам келсе, зорлайын,—

Деп Ахмет толғады,
Аламанын қорғады.
Қорғауына болмады,
Ахмет жағы оңбады.

«Оңды дейін, не қылып?»
Қара құрттай жабылып,
Жауатын бұлттай торлады.
13–165

батырлар  жыры
Сонда дағы Ахмет,
Бір тарқатты құмарды-ай.
Аз адамы болмаса,

Көп адамын қалдырмай,
Дұшпандарға шалдырмай,
Бағанағы тесіктен
Әскерін айдап шығарды-ай.

Қызылбастың көп жауы
Тесік тауға барады,
Ахметтей батырды
Далаға қуып шығарды.

Тесік тауды бекітіп,
Биіктігі қырық аршын
Тастан қала салады.
Ахметтей батырды

Далаға қуып шығады.
Сонда тұрып сөйлейді:

—Қалаға кірген ауыр қол—

Қарасай, Қази ер шығар.
Ер болса да екеуі,
Осы жолдан бір шығар.
Келген жерден қамалы-ай,

Мылтықпенен сабалы-ай,
Әскерін қойдай қыралы-ай.
Қарасай мен Қазиды
Тірідей ұстап алалы-ай,—

Деді дағы қызылбас,
«Қарасай, Қази қайтады»,—деп,
Жолдың аузын қамады-ай.
Тесік тауды бекітіп,

Таспенен мықтап алады-ай.
Әлқисса, ендігі сөз Әділден. Ахмет батыр қайтып кеткесін,
дұшпандар «Қарасай, Қазиды шығармай, ұстап аламыз», деп,
тесік тауды бекітіп, жолдың аузын қамап жатыр. Енді Әділ

ханның 13 мың әскерімен жаудың бір шетінен тиген жері.
Ахмет батыр кеткесін,
Біраз күндер өткесін,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Әділге келді бір кезек,
Қиын жолға жеткесін,
Табан жолдың аузында

Қызылбас жауы күткесін,
Жауға мәлім жер еді,
Алты қатар ту алып,
Әділді көріп қуанып,

Жолдың аузын бөгеді.
Атқа мініп ұрысатын
Құрғақ жері жоқ еді.
Құрғақ жерін бұрыннан

Дұшпандар алды деп еді.
Жеті жаста желденген,
Оқ атып үйренген,
Жүрегі тастан жаралған

Жаудан қайтпас ер еді.
Қасына ерген жолдасы—
Сүлеймен батыр деп еді.
Екі жерден оқ атып,

Мұқатып жауды тұр еді.
Сол уақытта оққа ұшып
Сүлеймен батыр өледі,
Енді Әділ хан жүдеді.

Бір өзі ұрысып тұрғанда,
Ортасынан шарт етіп,
Сары жебесі сынады.
Қылышын белден суырып,

Заманасын қуырып,
Әскерін қорғап Әділ хан,
Әділ хан ұрыс салады.
Ақ шалмалы пірәдәр

Әділ ханның пірі еді.
Шығар жерде кемпірдің
Тапсырған пірі сол еді.
Қысылған соң, Әділдің

Қасына жетіп келеді.
Пірінен көмек тілемей,
Қайратына сенеді.
«Кереметті әулие

батырлар  жыры
Әділ хандай төреңе
Ренжіп кетті»,—деп еді.
Ескен желдей құбылып,

Жан базары құрылып,
Әділдің шапқан жерінде
Қызылбас жатыр қырылып.
Жалғыз аяқ тар жолдан

Жүре алмайды бұрылып.
Тайып кетсе табаны,
Қалады тұлпар жығылып.
Терең сордың ішімен,

Тұлпардың қайрат-күшімен
Шығады зорға ұрынып.
Шапқан сайын түседі,
Бауырлап сорды кешеді.

«Сол уақыттар болғанда,
Болдырды тұлпар»,—деседі.
Бауырын жазып шаба алмай,
Бір құмардан шыға алмай,

Діңкесін ердің кеседі.
Күн батуға таянды-ай.
Шыбын жанын аянбай
Әділ хан ұрыс салады.

Салғаны құрысын, Әділдің
Астында тұлпар болдырып,
Жүруге қалды жарамай.
Тұлпарын баса қамшылап,

Маңдайдан тері тамшылап,
Әділ хан жүріп қарады-ай.
Қараңғы түннің ішінде,
Жалғыздық түсіп басына,

Әділ хан тұрып жылады-ай.
«Атасына нәлет адамның,
Асу-асу жол жүрсе,
Алты айшылық жер жүрсе,

Белгісіз тұлпар мінгеннің.
Атадан бірге тумаса,
«Жақын»,—деп, жатқа сенгеннің.
Енеден екеу болмаса,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сапар шегіп жүргеннің.
Астымда тұлпар болдырды,
Атты қайдан мінермін?

Жалғыз туған мен сорлы
Кімнен көмек тілермін?!
Іздеп алар ағам жоқ,
Алладан басқа панам жоқ.

Тәңірім жалғыз жаратты,
«Көппін» дейтін шарам жоқ,
Астымда тұлпар болдырды,
Атты қайдан мінемін?!

Артыма таяу інім жоқ,
Жалғыздықтан бөтен мінім жоқ.
Не болса да, көнейін,
Ажалдан бұрын өлім жоқ!

Ар-намысты тастайын,
Жалғыз туған қасқамын,
Қарасай, Қази—досыма,
Жетуге соған ұқсайын.

Сайлап бір тұлпар мінейін,
Қайтадан жауға тиейін,—
Деді дағы Әділ хан,
Тұлпарға қамшы басады,

Шабуға тұлпар шаршады.
Ызаланып келе жатса,
Адасып кеткен ұқсады.
Адасқанын біледі,

Алты қатар қазған ор
Қарсы алдынан келеді.
Орды көзі көргенде,
Астындағы қызылды

Тартып-тартып жіберді,
Толғап басып санына.
Қызыл ат қарғып қалады,
Батқансың қамшы жанына.

Қарғығаны құрысын,
Құлашын қысқа жазады.
Үшінші ордан өтеді,
Төртінші орға жетеді.

батырлар  жыры
Омақата сүрініп,
Өмілдірік үзіліп,
Үстіндегі Әділді

Орға тастап кетеді.
Қол бастап келген Әділ хан
Шырқырап орда қалады,
Бұған не амал қылады.

Қарасай, Қази—қос батыр
Алты күндей ұрысып,
Қаланы бұйрат қылады.
Алты күнге толғанда

Қазбан деген қаланы
Сонда алып болады.
«Дербент деген қаланы,
Әділ ханға бірігіп,

Аламыз ертең»,—деп еді.
Қарасай Қази—қос батыр
Табан жолдың аузына
Әскерден бұрын келеді.

Әділге ерген әскердің
Өлімтігін көреді.
Өлімтікті көрген соң,
Сонда Қази сөйледі.

—Қарасай аға, туғаным,

Туғаннан жолдас болғаным,
Білдің бе Құдай ұрғанын,
Досымның жауда қалғанын,
Хабар алмай біздерден,

Әділді қырсық шалғанын!
Досымды іздеп келейін,
Досымды тапсам, келермін.
Таба алмасам досымды,

Досым үшін өлермін.
Алдымнан шығып анасы,
Ішінен шыққан баласы,
«Әділім қайда?»—дегенде

Не деп жауап беремін?
Кәне, менің жақсыларға ергенім,
Кәне, менің үлгі көргенім,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қасыма ерген жолдасты
Жау қолына бергенім,
Одан да жақсы өлгенім.

Қарасай сонда сөйледі:

—Қарағым Қази—туғаным,

Туғаннан жолдас болғаным,
Білдім ғой Құдай ұрғанын,
Досыңның жауда қалғанын.
Алдыңда жатқан, қарағым,

Қиғаш деген тауы бар,
Қызылбас деген жауы бар,
Жау шамасын айтайын:
Қырылғанменен таусылмас,

Көрмеген жауың тағы бар.
Осы жерден біз қайтып,
Тесік тауға баралық.
Әскерді таудан шығарып,

Ағайынды екеуіміз
Әділ хандай досымды,
Қайтадан кіріп, қаралық.
Әскерменен қарасақ,

Әділді қарап жүргенде,
Қасыңа ерген көп әскер
Болып қалар жаралы.
Таудың арғы сыртына

Шығарып тастай салалық.
Осылай деп Қарасай,
Жібермей тұр інісін.
Қара тауға барады,

Үш күншілік жер еді,
Қара тауға келеді.
Қара таудың баурында
Қамалып жатқан көп әскер

Қарасай көзі көреді,
Көріп, сөйлей береді.

—Қарағым Қази, келдің бе?

Мына жауды көрдің бе?
Жау екен үлкен қауіпті.

батырлар  жыры
Жолдың аузын жауыпты,
«Қарасай, Қази қайтар» деп
Болған екен қауіпті.

«Осы жолдан шығар» деп,
Ақылды қалай тауыпты?
Біз де ақыл табалық,
Ақылдасып қаралық.

Қас қарайып, күн батсын,
Төсегіне жау жатсын.
Жеті түнде шабалық,
Орақтап айқай салалық.

Ұйықтап жатқан жерінде,
Таң алдында тәтті ұйқы,
Мезгілсіз уақытта алалық.
«Шабалық деп тал түсте»,

Қазиым, етпе балалық,
Баланың ісі—шалалық.
Айламен нашар тең,
Айласыз батыр тез өлер,

Айламен жауды алалық.
Сонда Қази сөйледі:

—Айналайын, жан көке-ай!

Қатардан артық, хан көке-ай!
Екі айрылар күн болды,
Енді бізге сын болды.
Сеніменен, Қареке,

Қош айтысар күн болды.
Бұрын жауды көрмеген,
Жау айласын білмеген
Жаңа өспірім бала едім.

Екеуміз бірге жүргенде
Маған сүйеу сен едің,
Саған сүйеу мен едім.
Мен қалатын күн болса,

«Қарекем!»—деп, шақырсам,
Ағекем, маған келгейсің.
Не екенін білгейсін,
Тарығып жатқан жерімде

Туғандықты білдіріп,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қолыңның ұшын бергейсің.
Сен қалатын күн болса,
Айқайлауға арланбай,

«Қазиым!»—деп, шақырсаң,
Қиын да болса, шабармын.
Осылай деп, екеуі
Екі айрылып барады.

Орақтың ұлы Қарасай
Күншығыстан шабады,
Орақтап айқай салады.
Күнбатыстан ер Қази,

Бұ да айқай салады.
Орақтаған қос дауыс
Жер-дүниені жарады.
Не қыларын біле алмай,

Дұшпандар сасып қалады.
Қарасай, Қази—қос батыр
Тигеннен соң қалаға-ай,
Қаласына қарамай,

Қызылбас қашты далаға-ай.
Табан жолдың аузын,
Таласып, тартып алады-ай.
Тартып алған тар жолға

Аламанын салады-ай.
Алдын бастай ер Қази,
Артын бастап Қарасай,
Көп әскерді екеуі

Ортасына алады-ай.
Қарсы келген дұшпанды
Алмаспенен ер Қази
Шалып тастап барады-ай.

Бекітіп қойған көк тасқа
Найза салып ер Қази,
Алып тастап барады-ай.
Тіркеп қойған түйедей

Жалғыз аяқ тар жолмен
Шұбалып кетіп барады-ай.
Ертең сәске болғанда
Қызылбастың көп жауы

батырлар  жыры
Қайтадан қолға шабады-ай.
Мұны көріп, Қазиға
Қарасай тағы толғады-ай.

—Қарағым, Қази, келдің бе,

Мына бір жауды көрдің бе?
Ағытқан қойдай шұбалған
Мына жаудың көбін-ай!
Мына жаудың көбінен

Қорқайын деді көзім-ай!
Жолға түсіп, жөн тартып,
Жүр, бала, жөніңе-ай!
Қолдың алдын қорғай көр,

Шамаң келсе, зорлай көр.
Мен арт жағын қорғайын,—
Деді дағы Қарасай,
Жаудың артын қорғады

Қорғағаны болмады,
Қарасай жағы оңбады.
«Оңды дейін не қылып?»
Қара құрттай жабылып,

Жауатын бұлттай торлады.
«Оңды дейін не қылып?»
Қара құрттай жабылып,
Алдындағы олжасын

Алды дұшпан айырып.
О да есен, бұ да есең,
Олжасын жауға алдырып,
Жаманның тиіп кесірі,

Қарасай, Қази—қос батыр
Шықты дейді таудан тарығып.
Әлқисса, таудан шығып алған соң, інісі—Қази Әділдің қайда
екенін білуге, Әділді іздеп көруге кіріседі. «Қарасай аға, сен де

мына әскермен осы арада қала бер»,—деп, жауға кіру үшін,
Әділдің қайда қалғанын білу үшін інісі—Қазидың ағасына
айтқан сөзі.
Таудан шығып алады-ай.

Сөйледі Қази және де-ай.

қаРаСАй,  ҚАЗИ

—Мен досымды іздеймін,

Қош аман, бол, ағам-ай!
Қош айтысып мен тұрмын,
Қарасай аға, сенімен,
Туысып едің менімен,

Бір іздемей Әділді,
Кетемін бе шынымен?!
Талаптанып мен тұрмын
Тауға қайтып кіруге,

Жауда қалған Әділдің
Қайда екенің білуге.
Бір іздемей Әділді,
Осы арадан мен қайтсам,

Ұяламын досымнын,
«Досым» деп, жүзін көруге.
Ұяламын мен және,
Алдымнан шығып анасы,

Ішінен шыққан баласы,
«Әділім қайда?»—дегенде,
Соған жауап беруге.
Қорықсаң, аға, қайта бер,

Қасыма менің еруге.
Ойланып тұрмын мен және
Досым үшін кіруге.
Қарасай сонда сөйледі:

—Қарағым, Қази—туысқан,

Ата жолын қуысқан,
Әскерді аман шығардық
Қараңғы тар жол, қуыстан.
Досың еді ер Әділ

Көкіректі таясқан.
Көкіректе шыбын жан
Бар ма еді одан аясқан.
Тірі болса, табармыз,

Жау қолынан алармыз,
Бұзылмаса жер-аспан.
Ау, Қазижан-қарағым,
Сенен не деп қаламын?!

Сенен қалып, қарағым,

батырлар  жыры
Елге не деп барамын?
Қызыл атқа мінейін,
Мен де бірге жүрейін.

Тірі болсаң, қарағым,
Қызығыңды көрейін.
Өле қойсаң, мен сені
Өз қолымнан көмейін.

Не болмаса, қасыңда
Тілектес болып жүрейін.
Сені жіберіп жау жаққа,
Өзім қайтып ел жаққа,

Елде кімді көрейін?
Қарасай айтып осыны-ай,
Жолдас болды қасына-ай.
Екі батыр жөнелді

Іздеп Әділ досын-ай.
Қарасай, Қази—қос батыр
Аттанып ала салады-ай.
Қызыл, жасыл екі ту

Қолдарына алады-ай.
Жалғыз аяқ тар жолға
Қайтадан кіріп барады-ай.
Тауды тастап қызылбас,

Қайтқан екен қалаға-ай.
Аш бөрідей екеуі
Араласты далада-ай.
Қырғын салды екеуі

Қызылбасқа және де-ай,
Қызылбастың ішінен
Әділ хан досын қарады-ай.
«Әділ хан досым қайда?» —деп,

Айқай-сүрең салады-ай.
Найзасы аумай қолынан,
Желі тұрып оңынан,
Екі батыр тиеді,

Кіріп-шығып жүреді
Оңы менен солынан.
Қызыл туы жарқылдап,
Қарулары сартылдап,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қырғын салып келеді,
Қызылбас жауын алқындап.
Басын салды балтаға

Қанын құйды қалтаға.
Шыбын жанын аямай,
Екеуі салды ортаға.
Ердің сойы болған соң,

Бұлар жаудан қорқа ма?
Әділ хан досын қарады.
Қараса да, таба алмай,
Бес күн ұрыс салады.

Бес күн өтіп арада,
Алты күнге толады.
Сол күні ұрыс зор болып,
Көргендер қайран қалады.

Аспан жүзі шаң болды,
Жердің жүзі қан болды,
Алты күндей ұрысты,
Көргендерге таң болды.

Жауда Әділ хан қалды,
Енді өлмеген нең қалды?!
Қарасай, Қази—қос батыр
Қызыл қанға былғанды.

Алты күнгі ұрыста
Аспан мен жер жанды.
Әділ хан досын таба алмай,
Қайда екенін біле алмай,

Бір қызылбасты танымай,
«Сен—Әділмісің, жаным-ай!
Әділ болсаң, кел!—деді,
Кел, артыма мін!»—деді.

Қорыққан соң ол байғұс:
«Әділ хан деген—мен»,—деді.
Мінгестіріп Қарасай,
Шаңның шығып сыртына,

Алып шығып, қараса-ай,
Бір мұрны орақтай құл дейді.
Мұрнын кесіп өлтіріп,
«Сенің теңің—бұл»,—дейді.

батырлар  жыры
Әділ хан досын екеуі
Алты күндей іздейді.
«Табылар деп бір»,

Сонда да үміт үзбейді.
Қызыл атпен өрлейді,
Шапқан сайын өрлейді,
Сүйегі қызып, терлейді,

Екі тұлпар оянды-ай.
Суыннан туған жануар
Дұшпандардың үстінен
Секіріп жүр дейді қояндай.

Алты күндей ұрысты
Екі батыр аянбай.
Таусылатын жау емес,
Жау жарыға жаңа таянды-ай.

Алты күнгі ұрыста
Ағасы Қарасай болды жаралы-ай.
Аяқ-аяқ қан құсып,
Аттың жалын ол құшып,

Шыбын жаннан баз кешіп,
Тұрған екен табандай.
«Қази інім қайда?»—деп,
Жаудан жаман найза жеп,

Тұрған екен шақырып,
«Алып шық,—деп,—ағаңды-ай»,
Жарасынан шаба алмай.
«Қайда қалды көкем?»—деп,

Жүр екен Қази таба алмай.
Қазидың көзі шалады-ай,
Бауыр деген қиын ғой,
Көкелеп ойбай салады-ай.

Осында келді қасына-ай,
Ойлады батыр осыны-ай.
«Осыны қайрап көрейін.
Шығар ма екен асылы-ай.

Шар болаттың суы еді,
Қанды Орақтың ұлы еді,
Ашуын, қайрап, келтірсем,
Түзеліп кетер ме.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ондай-мұндай жараны
Ауырламай кетер ме.
Ашуын, қайрап, келтірсем,

Қызып кетіп сүйегі,
Тау басына жетер ме!
Есіл менің ағекем
Жараға себеп етер ме!»—

Деді дағы ер Қази,
Қасына жетіп келеді,
Ағасын көзі көреді.
Көріп, сөйлей береді:

—Не қып тұрсың, Қарасай?!

Жаныңа жаман батты ма
Жаудың салған жарасы-ай?!
Жауға сырды алдырмас,
Жетпесе ердің қазасы-ай,

Мұнша неге кем болдың?!
Екеуміз де, Қареке,
Бір кісінің баласы-ай.
Мылтық тисе, күрт етіп,

Найза тисе, морт етіп,
Жасық болып туыпсың,
Сүйегің бос қой, шамасы-ай.
Біз ауылдан шығарда

Айтып еді анам-ай.
Ана сыншы балаға-ай,
Атадан бірге туғанмен,
Бәрі бірдей бола ма-ай?!

Атам—Орақ ер еді,
Ақылға анам кен еді,
«Қарасай адам болмас,—деп,
Қарасай шіркін оңбас»,—деп,

Кереметті әулие—
Қараүлек солай деп еді.
Күндердің күні болғанда,
Кереметтей кемпірдің

Айтқаны қалай келеді?!
Тағы да былай деп еді:
«Қарасайдың әуелде

батырлар  жыры
Кем болған мұның себебі:
Қарасайды туарда
Менің мынау келінім

Ләшкердің қара тасына
Жерік еді,—деп еді.
Жегенде ләшкер тасын-ай,
Жерігі бұдан басылмай,

Жыланның жеді басын-ай.
Жыланнан қанып жерігі,
Жабылған жері ашылды-ай.
Үш ай тоқсан болғанда

Сол секілді баланың
Қызуына шыдамай,
Белден қарға аунады,
Сонда да, сірә, тоңбады.

Туатұғын уақытта
Қызуы кетіп баланың,
Сүйегі босап, жасыды-ай.
Содан болды себебі,

Қарасайдың жасығы-ай».
Анамыз солай деп еді,
Айтқаны қалай келеді?!
Қызыл атқа мінгенше,

Орақтап жауға тигенше,
Артық еді, Қареке,
Таяқ алып қолыңа,
Қойды бағып жүргенің.

Жаралы болып тұрғанша,
Жұртқа күлкі болғанша,
Жақсы еді, көке, өлгенің.
Өлмегенің осы ма?

Күлкі болдың досыма!
Сені «туған» дегенше,
Сендей итті көргенше,
Сенімен бірге жүргенше,

Кескілеп сені кетейін,
«Туғаным» деп не етейін?!
Ендігі қалған жерімде,
Жалғыз-ақ болып өтейін.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қарасай сонда сөйледі:

—Ай, Қазижан, қарағым!

Жауда ойнаған жарағың.
Қатты-қатты сөз айтып,
Мені қайрап қарадың.
Таба алмай тұрмын лажын

Ішіме түскен жараның.
Тұрып қалып мен тұрмын,
Болмаған соң амалым.
Ағып тұрған қаным бар,

Шықпай тұрған жаным бар.
Қарағым, сүйеп жүрмесең,
Жүре алмайтын халім бар.
Қабыртқамда қырық жара,

Омыртқамда он жара,
Қос өкпемде бір жара,
Сол жараға не шара?
Алтын үйден жан тәтті,

Жан ауырса, тым тәтті.
Өкпедегі жараның
Осы күні аузына
Кесек-кесек қан қатты.

«Жақыным» десең, аларсың,
«Бауырым» десең, шабарсың.
Алуға әлің келмесе,
Әркім де тастап кетеді

Қысылған күні жауына
Ата мен тапқан анасын,
Іні менен ағасын,
Әйел менен баласын.

Айналайын, Қази-ай!
Менімен ісің болмасын.
Жауда қалған ағаңды,
Кез келтірсе бір Алла,

Тәңір алдында табасың.
Қарасай артық ер еді,
Қазиға солай деп еді.
Осыны естіп ер Қази,

Шыдасын ба бауырға,
14–165

батырлар  жыры
Көзінің жасын төгеді.
Жаңағы айтқан сөздері,
«Қызар ма екен көкем?» деп,

Қыздырып айтқан сөзі еді,
Әл кеткенін біледі.
Қолтығынан сүйеді
Бір жағынан демейді.

Сол уақытта Қазидың
Қайғысы жаман көбейді.
Осындайда болмаса,
Туғанды не деп тілейді.

Туысқанның себебі,
Тарлықта тиер көмегі.
Қарасайды інісі
Сүйеп алып келеді.

Жараға қолын салады,
Қанын сорып алады.
Осындайда болмаса,
Жалғыздық жаман болады.

Мынау Қази болмаса,
Артық па еді Әділден,
Қарасай да қалады.
Інісі мұның болған соң,

Қолтығынан сүйейді,
Бір жағынан демейді,
Қалдырмай алып барады,
Құшақтап жүріп ағасын.

Таудан шығып алады,
Айдын көлге құлады.
Ағасының жарасын
Осы көлдің басында

Он күн жатып бағады.
Ақ аюдың дәрісін
Сол жараға салады.
Себеп болып сол дәрі,

Сонымен жарып алады.
Енді қайтып бара алмай,
Әділ хан досын таба алмай,
Қайда екенін біле алмай,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бұлар да қайтып барады.
Жалғыздық деген жаман ғой,
Іздеп алар аға жоқ,

Енді оған шара жоқ,
Алладан басқа паңа жоқ,
Терең ордың ішінде
Әділ хан жалғыз қалады.

Жалғыздық деген қиын ғой,
Іс түскен күн басына
Әркім де сондай болады.
Әлқисса, Қарасай, Қази қайтып кеткен соң, қызылбастар:

«Қайтадан халық боламыз»,—деп, еліне қайтып бара жатып,
Әділдің орға түскен жеріндегі он үш мың әскердің өлімтігінің
үстінен шығып, олжасын алып жүргенде, қасындағы орда
жатқан Әділді тауып алған.

Қарасай, Қази кеткесін,
Біраз күндер өткесін,
Қызылбас қайтты қалаға-ай.
Қырылғаны қырылып,

Қалғаны болды жаралы-ай.
Табан жолға келеді,
Қырылған қолды көреді,
Олжасын теріп жүреді.

Олжасын теріп жүргенде,
Орда жатқан Әділді
Жаулар көзі көреді.
Баланы көріп, қызығып,

Ор ішіне түседі.
Бірінен-бірі қызығып,
«Мен ұстаймын»,—деседі.
Үстіне топырақ шашады

Жолбарыстай басады.
Ұстамақ түгіл қызылбас,
Алды-алдына қашады.
Оң келгенің оң ұрып,

Сол келгенін сол ұрып,
Терең ордың ішінде

батырлар  жыры
Әділ хан соғыс жасады.
Ұстатпайтын болған соң,
Қызылбас ордан шығады.

Ор ішінде баланы
Айнала келіп қамады.
Жүгіріп жүріп Әділ хан,
Қолына бір тас алады.

Қамап тұрған адамға
Жіберіп келіп қалады.
Лақтырған бір тасы
Бірінің көзін шығарып,

Бірінің басын жарады.
Ұрыс салып, ұстатпай,
Терең ордың ішінде
Әділ хан кетіп барады.

Ұстатпайтын болған соң,
Қызылбас ақыл табады.
Қолдарына көп адам
Бір-бір белді алады.

Топырақты құлатып,
Төбесінен құяды.
Емшегіне жеткенше
Топырақпен бастырып,

Шықпастай әбден тас қылып,
Әділді ұстап алады.
Топырақтың астында
Әділ хан батып жатқанда,

Екі қолын баланың
Арт жағына қайырып,
Қаңылтырмен құрсаулап,
Болаттан құрсау салады.

Қолға түскен арыстан,
Екі қолы байлаулы,
Бұған не амал қылады?
Қолға түсіп, қор болып,

Қызылбасқа құл болып,
Көзі жайнап тұрады.
Ортаға алып дұшпандар,
Әділден жауап сұрады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ

—Орға түскен сен бала,

Сенің өзің—кім, бала?
Ор ішінде ұстатпай,
Бізге салдың зор, бала.
Шыныңды айтсаң, босатып

Жіберейіқ, бейшара.
Баба түкті шашты Әзіз—
Бұл келмеген жер еді.
Бұдан туған Нұрадын—

Бұл келмеген жер еді.
Бұдан туған хан Мұса—
Бұл келмеген жер еді.
Батыр Мамай, Қанды Орақ—

Бұл келмеген жер еді.
Қыдырбайдың баласы—
Қобыландыдай шырағым—
Ер келмеген жер еді.

Адамзаттың ұлына
Тергелмеген жер еді.
Талқандаған қаламды,
Шулатқан қатын-баламды

Осы келген әскердің
Басшы ханы кім еді?
Ханын айтып бер,—деді,
Шыныңды айтсаң, бейшара,

Жіберейін мен,—деді.
Сонда Әділ сөйледі:

—Шүлдірлеген қызылбас,

Астымда тұлпар болдырып,
Қолыңа түсті біздің бас.
«Жіберер» деп, жалынып,
Аяғыңа бас ұрмас.

Бүгін өліп кетсе де,
Әділ хан атын жасырмас.
Тәуекел еттім Аллаға-ай!
Жалған айтып болама-ай?

Тапшы қылды Құдайым
Іні менен ағаға-ай.
Қырық мың қолға бас болып

батырлар  жыры
Келіп едім қалаңа-ай.
Қарасай, Қази—қос батыр
Қалаңа салды лаң-ай.

Қол бастап келген солардың
Қолбасшы ханы мен едім.
Осы сөзім шын еді,
Бүлгін салған қалаңа

Қарасай, Қази ер еді.
Менің атым—хан Әділ,
Қызылбас, өзің біл,—деді,
Әділ хан деген ер едім.

«Қызылбасты қиратып,
Шауып алсам»,—деп едім,
Ол айтқаным болмады.
Астымда тұлпар болдырып,

Орға түсіп, сорладым.
Пеңде болып бұл күнде
Қолыңда сенің тұрғаным.
Өлсем, өліп кетермін,

Егер өліп кетпесем,
Айтқан сертке жетермін.
«Жібереді мені» деп,
Жағынып саған не етермін?!

Түбінде бар бір өлім,
Сол өліммен кетермін.
Сүйегім асыл төремін,
Аузымнан шыққан ләбізді

Қалайша екеу етермін.
Басымды қазір алсаң да,
Бір сөзбенен кетермін.
Қызылбас сонда сөйледі:

—Қол бастап келген сен болсаң,

Әділ хан деген ер болсаң,
Мойныңа қамыт ілейін.
Өзің мықты піл болсаң,
Алты арбаға жегейін.

Алты арбаның үстіне
Толтырып тасты үйейін.
Алдыңғы арба үстіне

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бір адамды мінгізіп,
Шыбықтап айдап жүрейін.
Қалама алып барайын,

Арбаға жегіп қарайын.
Қарасай бұзған қаланы,
Сеніменен тас тасып,
Сонымен салып алайын,—

Деді дағы, қызылбас
Қалаға алып келеді,
Мойнына қамыт іледі.
Алты арбаны қосақтап,

Әділ ханға жегеді.
Алты арбаның үстіне
Толтырып тасты үйеді.
Алты арбаның алдына

Бір адамы мінеді.
Арбаға жеккен өгіздей
Шыбықтап айдап жүреді.
Қолыңа алды көк шыбық,

Әділге болды бір қызық.
Шыбықпенен тартады,
Арбаға тасты артады.
Аямай залым ұрғанда,

Жанына қатты батады.
Еркелейтін ел қайда?!
Еркіндейтін күн қайда?!
Алты арбамен Әділ хан

Өгіздей өрге тартады.
Қарасай бұзған қаланы,
Арбаға жегіп баланы,
Құдай атқан қызылбас

Алты айда салып болады.
Қаласын салып болған соң,
Және бір қызық қылады.
Тісімен тезек тергізіп,

Тірілей қорлық көргізіп,
Тезекке салды баланы.
Тісімен тезек тереді,
Әділ хан қорлық көреді,

батырлар  жыры
Алты арбаны сүйретіп
Кеш болғанда келеді.
Ол кеш пенен бұл кешке

Жарты алма болды жегені.
Басына Құдай салған соң,
Амалы бар ма, көнеді.
Оныменен қоймайды,

Және бір жерге айдайды.
Аяғына тас қағып,
Сыналап, мықтап байлайды.
Күндіз-түні азапта

Әділдің соры қайнайды.
Қолынан келер амал жоқ,
Екі көзі жайнайды.
Бұ да қылған қастығы:

Қызылбастың баласы
Қозы-лақтай секіріп,
Басына шығып ойнайды.
Қуалап ұстар қолы жоқ,

Жайымен жатып жамбастап,
Аузына түскен баланы
Балтырынан шайнайды.
Қызылбаста бар екен

Алма деген бір жеміс.
Ол кеш пенен бұл кешке
Жарты алма жейді-міс.
Қадір білер жақсылар:

«Қолға түсіп, қор болды.
Ардақтаған біреудің
Шырағы ғой»,—дейді-міс.
Қадір білмес жамандар:

«Жарты алмаға тоймаған
Жаман шығар оңбаған.
Бір жаман ғой»,—дейді-міс.
Сөйтіп жүрген сорлыға,

Керек десе, келмепті
Қырым деген шәһәрден
Ұшып жүрген қарақұс.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Әлқисса, батырлардың ауылға келгені. Ахмет бұрын кетіп
еді, бұрын келді. Қарасай, Қази Әділді іздеп соң қалып еді, соң
келді.

Ендігі Ахметтің әскерімен аман келе жатқан көріп, Әділдің
қарындасы шешесіне сөйлеп тұрған жері еді. Және Ахметтен
сұрағаны. Тағы да Әділдің Омар, Оспан деген екі құлы бар еді.
«Батырлар жауда қалды деп, Әділдің қарындасын мен алам,

мен алам»,—деп жүретін еді. Ілия: «Батырлардың келетін
уақыты болды»,—деп, мұнараның басына шығып қараса, Ах­
метті көреді. Көре сөйлей береді. Сонда анасына айтқаны:

—Айналайын, анам ай!

Мен қайтейін, жыламай.
Жығылғанға ұқсайды
Алтын сарай, қалаң-ай.
Жауда қалған ұқсайды

Жалғыз Әділ—балаң-ай.
Алды-артында таяу жоқ,
Жалғыздық иттің жаманы-ай.
Қарасай, Қази мұнда жоқ,

Бұл келе жатқан қолда жоқ.
Қанды Орақтың баласы,
Досы жауда қалған соң,
Асылдықты білдіріп,

Қайрылған шығар соған-ай.
Атадан бесеу туғанның
Жоқ екен ғой арманы,
Аламаны соңында,

Төрт інісі қолында,
Айсаның ұлы Ахмет
Келе жатыр аман-ай.
Ойлап келіп, қарасам,

Жалғыздық иттің жаманы-ай.
Ахметтің алдынан
Жалғызыңның хабарын,
Оның аман-жаманын

Білелік, ана, сұрап-ай,—
Деді дағы Ілия,
Екі етегін түрінді,

батырлар  жыры
Аш күзендей бүгілді,
Ахметтің алдынан
Екі мұңды жүгірді.

Ахмет көріп, тұра алмай,
Тұрайын десе, ұялды-ай.
Ахмет кетіп барады,
Атының басын бұра алмай.

Алдын орап Ілия,
Көкесінің хабарын
Ахметтен сұрады:

—Ай, Ахмет, ағасың!

Басыма қайғы саласың.
Хабарын айтпай көкемнің,
Қайда кетіп барасың?
Қарасай, Қази—ер қайда?

Қырық мың әскер қол қайда?
Қол бастап кеткен ер Әділ—
Жалғыз көкем—бұл қайда?
Өздерің аман келесің.

Келгеніңнен не пайда?
Келеді аман туғаның,
Туғаның, жолдас болғаның.
«Көкем жалғыз, сен—бесеу.

Болар ма екен деп едім,
Қысылған күні қорғаным?».
Ай, Ахмет, айтып кет
Көкемнің қайда қалғанын!

«Шын сөйлесем, жылар»,—деп,
Сөйлеме сөздің жалғанын.
Сонда Ахмет сөйледі:

—Көкең аман, жылама.

Шынымды айтсам, бола ма?
Ағаңды аман көргенше,
Бейшара, көңлің тына ма?
Қосыларсың аман-сау

Сағынған Әділ ағаңа.
Енді жылап, мұңайма.
Айналды ісің оңайға.
Ісің жаққан пендесің

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бір Жаратқан Құдайға.
Қиғаш деген тауды алдық,
Қызылбас деген жауды алдық.

Хан болып Әділ келе жатыр
Қырық сан Қырым, Ноғайға.
Қарасай, Қази қасында,
Бақыт қонған басына,

Жолы болып келе жатыр,
Алды толып асылға.
Асылды артып келе жатыр
Қырық шамалы қашырға.

Қызылбас елін бүлдірген,
Жүректен найза ілдірген
Хан болып Әділ келе жатыр,
Хабарым осы білдірген.

Ілия сонда сөйледі:

—Ахмет, қалай айтасың?!

Білген адам байқасын.
Қиғаш деген тауды алсаң,
Қызылбас деген жауды алсаң,
Олжасыз неге қайтасың?

Көтеріп кеуіл, делбейсің.
Өтірік неге сөйлейсің?
Рас болса айтқаның,
Озып неге келмейсің?

Сүйінші сұрап, мені алып,
Ахмет, неге сүймейсің?
Мен ойлаймын, Ахмет,
«Осы сөзің бекер,—деп,

Зарлаумен күнім өтер,—деп.
Жалғыз ағам келмесе,
Көрінгеннің қолында
Жесір болып өтем»,—деп,

Ілия жылап-еңіреді,
Ахметке сенбеді.
Сенбегенмен, байқұстың
Қолынан нәрсе келмеді,

Көтеріп аяқ тастады.
«Тастап кеткен білемін

батырлар  жыры
Жалғыз туған қасқаны»,—
Деді дағы Ілия,
Сөзін айтып болады,

Қарасай, Қази—досының
Алдынан жылап шығады.
Көкесін жоқтап сұрады:

—Қарасай, Қази—қос батыр,

Келемісің аман-сау?!
Жіберді ме сендерді
Қиғаш деген қара тау?
Қалды ма алып көкемді

Қызылбас деген кәпір жау?
«Құдай!» дескен досың-ай
Еріп еді сенің қасыңа-ай.
Досыңды жауға қалдырып,

Дос болғаның осыма-ай.
«Жауға түссем, алар,—деп,
Іздеп, досың табар»,—деп,
Еріп едік қасыңа-ай

Не болса да, себебін
Айта бер, досым, шошымай.
Екі досым сен едің,
Сендер еді менің сенерім.

Тек екеуің келгесін,
Сендерге де сенбедім.
Қанды Орақтың баласы
Жолдасын жауға тастайтын

Сендер де сондай ер ме едің?!
Мен көкемді көре алмай,
Алдарыңда еңіредім.
Қайда қалды жан көкем?

«Хабарын анық бер»—дедім.
Қарасай сонда сөйледі:

—Жалғыз да болса, Әділді

Құдай артық жаратты-ай.
Қырық мың қолға бас болып,
Жұртты аузына қаратты-ай.
Таққа мініп, хан болып,

Оңғарып Алла талапты-ай.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сапарымыз оң болып,
Тарыққанды қуантты-ай.
Таққа мініп, хан болып,

Жылағанды жұбантты-ай.
Хан болып Әділ келеді,
Жеткізіп Алла мұратқа-ай.
Сонда Қази ақырды-ай,

Батыр еді ақылды-ай.
Ағасына Қазидың
Қатты келді ашуы-ай.

—Ай, Қарасай, не дейсің?!

Неге өтірік сөйлейсің?!
Іздеймін деп Әділді,
Болмап па едің жаралы-ай?!
Мұны неге білмейсің?

Келтірдің жаман жынымды,
Ашуланттың ініңді.
Сұрағанда, қасқаға
Неге айтпайсың шыныңды?!

«Жауда қалды» дегенде,
«Жаныңды алар» дедің бе!
«Жалғызың қалды» дегенде,
«Қаныңды алар» дедің бе?!

Өтірік сөзді айтқанмен,
Бұларды нанар білдің бе?
Әділ хан жауда қалулы,
Басымнан бағым таюлы.

Осы сапар Құдайым
Нарыңды менен алулы
Досымның белі сынулы,
Дұшпанның көңлі тынулы.

Жолдасын жауда қалдырып,
Қаршығасын алдырып,
Мені Құдай ұрулы.
Ақ үйге қара тіге бер,

«Өлді!»—деп күдер үзе бер.
Бір Алланың ісіне,
Не қылса да, көне бер,
Қайғы суын іше бер,

батырлар  жыры
Қайғы тонын піше бер,
Әділ хан мінген жорғаның
Жал-құйрығын кесе бер,

Қайғыменен өте бер,
Күдер үзіп кете бер.
Әділ хан қалды, біз келдік,
Ететініңді ете бер.

Ілиядай сұлу қыз
Мына сөзді естіп,
Жер бауырлап құлады-ай.
Құдайға: «Ал»,—деп жылады-ай.

Оныменен өлсін бе,
Таусылмаса уағы-ай?
Алты күн жатты дым татпай,
Бар тапқаны: зар қақты-ай.

«Әділ хан жауда қалды»,—деп,
Екеуін Қази зарлатты-ай.
Алты күннен өтеді,
Жеті күнге жетеді.

Жылап жатқан қызына
Анасы кеңес етеді.
«Түре кел, қызым! Түре кел!
Алла ісіне көне бер.

Кімге еркелеп жатырсың?
Сен—бір жетім пақырсың.
«Жылап жатыр мынау»,—деп,
Кім есіркеп, шақырсын.

Қасыңа келіп, қаймалап,
Тұрғызатын ағаң жоқ.
Тәрбиелеп емізген,
«Мынау—анам», дегізген,

Саған түгіл, ер Әділ
Ішімнен шыққан маған жоқ.
Түрегел, қызым! Түрегел!
Ағаң түгіл, інің жоқ,

Енді бізге тыным жоқ.
Хақ ісіне көнелі,
Иесіз үйге кірелі.
Жатқанменен, келер ме?

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Тілекті Құдай берер ме?
Тұр, шырағым, жүрелі».
Жылап жатқан қызына

Анасы солай деп еді,
Анасының дауысы құлағына келеді.
Көтеріп басын Ілия,
Анасына ереді.

Иесіз қалған ордаға
Екі мұңды келеді.
Омар құл мен Оспанның
Тілеуін Құдай береді.

«Әділ хан жауда қалды!»—деп,
Екеуі ойнап-күледі.
Екеуінің ниетін
Екі мұңды біледі.

Басында ерік болмады,
Басынып бұлар, қорлады.
«Ардақтаған Ілия
Аламыз»,—деп ойлады.

Біріне-бірі екеуі
Ілияны қимады.
Екеуінің бір жерге
Енді басы сыймады.

Көзі жаман аларды,
Кеулі жаман қарайды.
Ілияға таласып,
Далада жүріп екеуі,

Төбелесті салады,
Төбелесіп қалады.
Жалғыздық деген жаман ғой,
Іс түскен күні басына

Әркім де сондай болады.
Әділ хан бір күн зарланды:
«Бір Жаратқан Құдайым,
Бір өзіңе жылайын.

Ақ шалмалы пірәдәр,
Сенен жәрдем сұрайын.
Жаңа түсті есіме
Анамның айтқан бір сөзі,

батырлар  жыры
Ескеріп бүгін алайын.
Жаңа түсті есіме
Қарасай, Қази досым-ай.

Пірімнен жәрдем болмаса,
Кетті қуат-күшім-ай.
Арба жегіп мойныма,
Жас сорғалап қойныма,

Тезек теріп, кетілді
Ақ меруерт тісім-ай.
Көніп жүрмін, қайтейін,
Құдіреттің ісіне-ай!

Заманым жаман тарылды-ай.
Қызылбасқа құл болып,
Қолына түсіп, қор болып,
Басымнан бақыт арылды-ай.

Әділ хандай балаңыз,
Пірім, саған жалынды-ай.
Жер жүзінде бар болсаң,
Егер бізге жар болсаң,

Есіте көр менің зарымды-ай».
Әділ хан жылап тіледі,
Қысылғанын Әділдің
Енді пірі біледі.

Ақ шалмалы пірәдәр
Әділ ханның пірі еді
«Адам болсам, білер»,—деп,
Бір қарақұс болды да,

Пірі ұшып жөнелді.
Мысалы, болды қарақұс
Қанаты—күміс, мойны—мыс.
Кереметтей пір болсаң,

Қарақұс бол да, болып ұш.
Бір Құдайдың пәрмәні:
Ұшқан сайын заулады,
Жер-дүниені қоймады.

Қарақұс емес, пір еді,
Ұшқан бойда келеді.
Сол күні тал түс болғанда,
Әділ хан жылап тұрғанда

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қалықтап ұшып келе жатқан
Қарақұсты көреді,
Көріп, сөйлей береді:

«Адыра қалғыр, қара тау,
Болып тұрсың маған жау.
Бір қарақұс аспаннан
Қиялап ұшып келеді-ау!

Бір себебі бар шығар,
Шарапатты жан шығар.
Алладан әмір болсайшы,
Қасыма келіп қонсайшы.

Қасыма қонар күн болса,
Төс қалтамнан, еңкейіп,
Қалам-дәуіт алайын.
Тіліммен тістеп қаламды,

Еліме сәлем жазайын.
Тілегімді бере көр,
Жаратушы Құдайым!»
Әділ хан жылап тіледі.

Етпесе де тілекті,
Өзі іздеп келеді.
Қасына келіп қонады,
Тілегі қабыл болады.

Төс қалтадан, еңкейіп,
Қалам-дәуіт алады,
Тісіменен тістеді,
Ерніменен күштеді,

Сонымен сәлем жазады.
Сәлемхаттың басына
Әуелі жазды Алланы,
Сұрап Алладан пананы.

Екіншіде жазады
Ақ сүт берген ананы.
Үшіншіде жазады
Қарындасы—Ілия—

Жарым көңіл баланы.
Төртіншіде жазады
Қарасай, Қази—дананы.
Бара жатыр сызылып

15–165

батырлар  жыры
Тісімен жазған қаламы.
Қары бойы хат болды
Әділ ханның сәлемі.

«Бісімілда!»—деп бастап тұр,
«Мұсылманның шарты»,—деп
«Ғаріп көңлім бүгінде
Қайғыменен жарты,—деп,

Мен жатырмын тұтқында,
Екі досым іздемей,
Ауылға барып жатыр,—деп.
Қарасай, Қази—батыр-ай,

Досың аман жатыр-ай.
Жолдасыңды қалдырып,
Не деп бардың халқыңа-ай!
Бір қарамай кеткенің

Лайық па атыңа-ай?
Жылап шығып алдыңнан,
Сұрағанда, не дедің
Ақ сүт берген қартыма-ай?

Алты арбаны мойныма
Жегіп қойды қызылбас,
Өрге сүйреп өгіздей,
Арбаны сүйреп тартып-ай.

Құтылармыз азаптан,
Қайыры болса ақыры-ай.
Және дұғай көп сәлем
Қырық сан Қырым еліме-ай.

Жететұғын ел қайда
Туып-өскен жеріме-ай?
Еш пеңдеге бермесін
Менің көрген күнімді-ай.

Қызылбастың қолында
Көріп жүрмін көрімді-ай.
Тісіммен хат жазып,
Тарқатайын шерімді-ай.

Дұшпан аузын бірлеулі,
Күнде мені тергеулі.
Босануға шарам жоқ,
Екі қолым сірілеулі.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бір адамы бағулы,
Мойныма арқан тағулы.
Аяғыма, түн болса,

Сыналап тасты қағулы.
Осындайда келмеген,
Достың жайын білмеген
Екі досым, сендерден

Кеулім менің қалулы.
Қызылбастың қолында
Досың азап шегулі,
Күнде жасым кемулі.

Алты арбаны қосақтап
Мойныма жегулі.
Арбалап тасты алдырды,
Ішімді оттай жандырды.

Қарасай бұзған қаланы,
Меніменен тас тасып,
Сонымен салдырды.
Қаласын салып болған соң,

Тісіммен тезек тергізді,
Тірілей қорлық көргізді.
Шыбықтап айдап жүретін
Бір адамды мінгізді.

Ен далада жүремін,
Тісіммен тезек теремін,
Алты арбаны сүйретіп
Кеш болғанда келемін.

Ол кеш пенен бұл кешке
Жарты алма болды жегенім.
Оныменен қоймайды,
Және бір жерге айдайды.

Аяғыма тас қағып,
Сыналап мықтап байлайды.
Күндіз-түні азапта,
Досыңның соры қайнайды.

Бұ да қылған қастығы:
Қызылбастың баласы
Қозы-лақтай секіріп,
Басыма шығып, ойнайды.

батырлар  жыры
Қуалап ұстар қолым жоқ,
Аузыма түскен баланы
Балтырынан шайнаймын.

Осы сәлем барған соң,
Қолына дұрыс алған соң,
Қарасай, Қази—досымды
«Келер-ау»,—деп ойлаймын.

Қарасай, Қази—жолдасым,
Сендер едің сырласым.
Өкпелейтін күн қайда,
Жан досым болған соң?!

«Досым» десе Әділді,
Бұл азапта қоймасын.
Қызылбастың қолында
Тірі жүрмін, ойласын.

Ақтайша ханнан бата алып,
Қолыңа бұйрық хат алып,
Қырымнан әскер жинасын.
Қырымнан әскер ермесе,

Өздері атын баптасын.
Екіден тұлпар ат алсын.
Еменге саптап балтасын,
Азығына малта алсын,

Азық салып алатын
Жібектен тігіп қалтасын.
Тұлпарға балдан жем алсын,
Шаршаған жерде дем алсын.

Екі досым болмаса,
Мені іздеп кім алсын?
Мені іздеп таппаса,
Дұшпандардан тіл алсын.

Және дұғай көп сәлем
Бәйбіше ханым—анама-ай
Маңдайдағы Кабәма-ай.
Аман болса, көрерсің,

Сабыр ет, ана, жыламай.
Және дұғай көп сәлем,
Емшектесім, жұбайым,
Мен үшін жеген уайым

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бауырым—жалғыз Ілия!
Айырды сенен Құдайым.
Құдіреттің ісіне—

Бұған не амал қылайын?
Әзір аман, тіріміз.
Себеп болса піріміз,
Көкеңді аман көрерсің,

Бір күні туса күніміз.
Және дұғай көп сәлем
Омар құл мен Оспанға-ай,
Арамдық қылған дұшпанға-ай.

Сонда сені көрермін,
Шыға қойсам бостанға-ай.
Екі нашар мұңдыға
Жылатып, зәбір бермесін.

Алтын сарай үйіме
Ықтиярсыз кірмесін.
Кім біледі өлерім?
Кім біледі келерім?

Келер күнім бар болса,
Сонда менен көп сәлем
Қырық сан үйлі Қырымға-ай,
Батыр шыққан орынға-ай.

Және дұғай көп сәлем
Он екі баулы Өзбекке.
Аруақты ерлерім,
Шыққайсыңыз көмекке.

Және дұғай көп сәлем
Түрікпен, Татар, Қыпшаққа,
Ар жақтағы Қазаққа.
Аруақты ерлерім,

Мінгейсіңіз жақсы атқа,
Жеткейсіңіз мақсатқа!
Енді мені қақсатпа.
Қақсатқаның жақсы ат па!?

Өзіңді-өзің қақсатып,
Өзіңді-өзің ақсатпа!
Және де дұғай көп сәлем
Қарасай, Қази—өзіңе!

батырлар  жыры
Осындайда бір келіп,
Достығыңды білдіріп,
Тарыққан ерді күлдіріп,

Көрінсейші менің көзіме.
Ай, қарақұс—жануар,
Жазып болдым хатымды,
Рұқсат бердім өзіңе».

Қарақұс емес, пір еді,
Сөзге қарап тұр еді.
Қары бойы ақ қағаз
Қанатына қыстырып,

Қырым деген шәһәрге
Қарақұс ұшып жөнелді.
Еліне сәлем жіберіп,
Әділдің кеулі тынады.

Алты арбасын сүйретіп
Кеш болғанда барады.
Айдап жүрген қызылбас:
«Осындай қызық көрдім»,—деп,

Ханына хабар салады.
«Хат кетті,—деп,—еліне»,
Өлтірмекке Әділді
Ханы бұйрық қылады.

Атса, мылтық өтпеді,
Қарғаса, қарғыс жетпеді,
Отқа салса, күймеді,
Мылтығы атқан тимеді,

Суға салса, батпады,
Пірінен болып себебі,
Бәрінен Құдай сақтады.
Өлтіруге дұшпандар

Енді амал таппады.
Енді тапқан амалы,
Амалының жаманы:
Жеті қабат зынданға

Алып барып салады.
Ақырында Әділ хан
Жеті қабат зынданның
Түбіне түсіп қалады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қарасай, Қази келгенде
Қалайша тауып алады?
Сол жері қиын болады.

Қары бойы қағазды
Қанатына қыстырып
Қырым деген шәһерге
Қарақұс алып келеді.

Екі мұңды тынбастан
Отырған жылап күні еді,
Бейшара не қып жатады?
Жалғызының қайғысы

Жанына қатты батады.
Бір уақыттар болғанда
Таң сарғайып атады.
Екі мұңды егіліп,

Көзінен жасы төгіліп,
Отырған жылап күні еді
Аш күзендей бүгіліп.
Тілегі қабыл болады,

Кеулі нұрға толады.
Бір қарақұс келеді де,
Шаңыраққа қонады.
Қары бойы ақ қағаз

Тастап кетіп барады.
Тастап кеткен қарақұс
Көзінен ғайып болады.
Тастап кеткен қағазды

Әділдің тапқан шешесі—
Ханым алып қарады.
Ханым алып қараса,
Жалғыз Әділ баланың—

Соның жазған қағазы.
Қайта жанды мұңдының
Сөніп қалған шырағы.
Жауда қалған баласын

Көргендей-ақ болады.
Қағазды алып қолына,
Қасына қызын ертіп,
Қарасай, Қази—достына

батырлар  жыры
Сапарланып салады,
Қағазды алып барады.
Қарасай, Қази ер еді,

Асып туған шер еді.
Әділдің сәлем қағазын
Алып келіп береді.
Әділдің жазған қағазын

Қази алып көреді,
Көріп, сөйлей береді:
«Бүгін өлсем, ризамын!
Аллаға риза болғанмын!

Бір шыбындай жанымды
Жолына құрбан қылғанмын.
Бүгіннен бастап досымды
Іздейін деп тұрғанмын.

Қырымға қайтып жүре бер,
Қызыңды, ханым, ертіп.
Ордаңа бар да, кіре бер.
Құдайың тілек бергенсін,

Қабағыңды аш та, күле бер.
Өлсем, өліп кеткенім,
Қайғымен онда өткенім.
Тіріде бағың ашылмай,

Жылаумен сенің кеткенің.
Егер өліп кетпесем,
Бір күні, ханым, көрерсің,
Балаңды алып жеткенім.

Тұрғанымда бұл бақта
Әділді қоймай азапқа,
Қызылбасқа жүрейік,
Қарасай аға, мін атқа.

Қасыңдағы қызыңды,
Қайғы беріп, жылатпа!
Кеуліңді хош етіп,
Қайта бер, ханым, үй жаққа!

Балаңды аман әкеліп,
Жеткізермін мұратқа.
Екі сорлы мұңдының
Қуантып кеулін, жай етті

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қарасай, Қази—қос батыр
Әділдің жатқан жеріне,
Қызылбастың еліне

Жүрейін деп қам етті.
Қарасай, Қази ер еді,
Артық туған шер еді.
Баратын жері—Қызылбас,

Алты айшылық жер еді.
Ақтайша ханға келеді,
«Іздейміз,—деп,—Әділді»,
Ханнан әскер тіледі.

«Қызылбасқа аттан!»—деп
Ханнан әмір берілді.
Хан жарлығын қылмады,
Қарасай, Қази тынбады.

Бұрын барған ноғайлар:
«Қырылам!»—деп, бармады.
«Қиғаш деген—биік тау,
Қызылбас деген—жаман жау.

Оған барсақ аттанып,
Келе алмаймыз аман-сау.
Бара алмаймыз біз,—деді,
Бізден үміт үз, —деді.

Қызылбастан өлгенше,
Осы жерде бізді қыр»,—деді.
Сонда Қази толғанды-ай,
Ашуланды, долданды-ай.

Орақтың туын көтеріп
Жарқыратып қолға алды-ай.
«Ай, Қарасай, оңбағыр!
Сен атадан тумағыр!

Жаман итке жалынып,
Не қып тұрсың, құрымағыр?!
Туғандығың осыма-ай,
Мен жетейін досыма-ай?!

Көп аламан не керек
Жолдас етіп қасыңа-ай?
Қысылғанда, көп жаман
Болады еңбек басыңа-ай.

батырлар  жыры
Жалғыз аяқ тар жолда
Қамағаңда қызылбас,
Олжаны жауға алдырдық,

Жаманның тиіп кесірі-ай,
Ұмытып па едің осыны-ай?
Жалынғанша жаманға,
Қос тұлпарды бағалық,

Аттың бабын табалық.
Тасқа салса таймастай
Алмастан таға қағалық.
Сауыры күнге күйместей

Мақпалдан жабу жабалық.
Ағайынды екеуіміз,
Еш адамды ертпелік,
Сапарланып баралық.

Бағындырып алайық
Дербент деген қаланы.
Бағындырып біз алсақ
Дербент деген қаланы,

Сонда бітер атамның
Қараүлектей кемпірге
Тапсырып кеткен арманы.
Бітірмесек арманды,

Адамдар неге тілейді
Хақынан: «Бер деп баланы».
«Қазидың сөзі мақұл,—деп,
Осы айтқаны ақыл»,—деп,

Елге қайтып барады,
Тұлпар атын бағады.
Сауыры күнге күйместей
Мақпалдан жабу жабады.

Ат тұяғы азбастай
Алмастан таға қағады.
Қарасай, Қази ер еді,
Баратын жері—Қызылбас,

Алты айшылық жер еді.
«Алысқа аңсап шапсын»,—деп,
Қанттың суын береді.
«Мейіздей болып қатар,—деп,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жолым—алыс сапар,—деп,
Кіндігің сұлу тартар»,—деп,
Басына мейіз іледі.

Тұлпарын сөйтіп бағады,
Тұлпардың бабын табады.
Ағайынды екеуі,
Еш адамды ертпей,

Сапарланып барады.
Жүруге Ноғай қорықты,
Ноғайдың кеулі торықты.
Қызылбасқа түзеп тұр

Қарасай, Қази жорықты.
Бара жатқан жолында
Әділдің тапқан шешесі—
Ханымға келіп жолықты

«Бәйбіше—ханым, қайдасың?
Садақа малын байласын.
Батырлар кетіп бара жатыр
Тұтқында жатқан досына

Тигізуге пайдасын.
Сапарланып барады,
Жауға тігіп найзасын.
Қарындасы—Ілия

Қызыл гүлдей жайнасын,
Қызыл гүлдің ішінде
Бұлбұл құстай сайрасын.
Жиырма күннен қалдырмай

Алып келем ағасын.
Сол уақытта біздерге
Сұрағанда беретін
Шүйіншісін сайласын.

Әділ хан досын босатар,
Құдай қалап, жасатар.
Қолыңды жай да, бата бер,
Дұғасы қабыл мүсәпір.

Сапар еттім бармақ-ай,
Әділ хан досты алмақ-ай.
Екі достың жата ма
Қызылбасты жауламай?!

батырлар  жыры
Ер тілегін бере ме,
Шын қысылып, зарламай?!
Ер жігітке ар қайда,

Өлімге басты байламай?!
Талапты ерге мал қайда,
Шыбын жанды қинамай.
Арғымақтың баласы

Жүреді қамшы салдырмай.
Тауға біткен тас бұлақ
Суалмайды, қандырмай.
Сөніп қалған шырақты

Қоямыз ба жандырмай?!
Атам—Орақ жар болса,
Әділді алып келермін
Жиырма күннен қалдырмай.

Жиырма күннен қалдырсам,
Алланың ісі болғаны,
Әділ хан досын ала алмай,
Досының өліп қалғаны.

Егер өліп қалмаса,
Әділді жаудан алғаны.
Жиырма күннен қалдырмай,
Балаңды алып келермін,

Сөзімнің болмас жалғаны».
Осыны айтып Қарасай—
Қанды Орақтан баласы-ай,
Батасын сонда берді дейді

Әділдің тапқан анасы-ай.
«Аумиін!»—деп, қол жайып,
Батырлар бата алады-ай.
Өзі көрген жолменен,

Белгілеп кеткен жерменен
Қарасай кетіп барады-ай.
Екі батыр жөнелді,
Рауан жолға кенелді,

Күн-түн қатып келеді.
«Тоғыз күн болды» дегенде,
Қатты жүрді деп еді,
Тау қарасын көреді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Екі тұлпар жарады-ай.
Жал-құйрығын тарады-ай.
Таң сарғайып атқанда

Тауға жетіп барады-ай.
Жалғыз аяқ тар жолдан
Өте шықты, қарамай.
Сәске мезгіл болғанда

Тас өткелге барады,
Бұдан да өте шығады.
Талма-тал түс болғанда,
Сонда барып кіреді,

Сонда көзі көреді
Өзі бұзған қаланы-ай.
Қаланы көріп Қарасай,
Қасындағы Қазиға

Сонда тұрып толғады-ай:

—Қарағым—Қази, келдің бе?

Мына бір жауды көрдің бе?
Қызылбас ақыл тауыпты,
Қаласын қайта салыпты.
Дарбазасың жауыпты,

Біздерді «қайтып келер» деп,
«Қалаға шауып кірер», деп,
Болған екен қауіпті.
Қас қарайып, күн батсын,

Төсегіне жау жатсын.
Жеті түнде шабалық.
Орақтап айқай салалық.
Таң алдында тәтті ұйқы,

Мезгілсіз уақытта алалық.
«Шабамын,—деп,—тал түсте»,
Қазиым, етпе балалық.
Сонда Қази сөйледі:

—Ау, Қарасай—ағамыз!

Қай сөзіңе нанамыз?!
Іздеп келген қаламыз
Алдымыздан шыққан соң,
Шаппай, қалай тұрамыз?!

Өнемейім сөй дейсің.

батырлар  жыры
Батыр болсаң, Қареке-ау,
Күндіз неге тимейсің?!
Ол айтқаның жөн емес,

Жасырынған ер емес.
Жасырынып жау алған—
Ол—атамның жолы емес.
Қорықсаң, аға, жата бер,

Қорқатын кісің мен емес.
Жаудың көріп көбін-ай,
Қайғы салма кеуліме-ай.
Көп те болса, жауды

Қоя бер жалғыз өзіме-ай.
Жаман туған сен жасық,
Көрінбей, жөнел, көзіме-ай!
Керек емес сөзің-ай,

Аламын жалғыз өзім-ай!
Айтқан тілін алмады,
Сөзіне құлақ салмады.
Желбіретіп ту байлап,

Қази салды Алланы.
Амалы бар ма, Қарасай
Далада жалғыз қалмады.
Талма-тал түс болғанда

Екеуі шапты қалаға-ай.
Қаланың кіріп ішіне,
Салды дейді лаң-ай.
Екі жерден екеуі

Орақтап айқай салады-ай.
Қызыл жасыл екі ту,
Мысалы, оттай жанады-ай.
Ақ алмасын суырып,

Асқабақтай қуырып,
Қызылбастың ішінен
Әділ досын қарады-ай.
Ақылы ойран, дал болды,

Әділ досын таба алмай.
Дербент деген қалаға
Қызылбас барып, қамалды-ай.
Алдырмасқа қызылбас

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Және тапты амалды-ай.
Сонда Қази сөйледі:

—Қареке, менің ойым бар.

Істейтұғын тойым бар.
Табылмаса Әділ хан,
Салатұғын ойын бар.
Мақұл көрсең, Қареке,

Саған айтар сөзім бар.
Таққа мінген хан болсын,
Мырза болсын, бай болсын,
Жаны тәтті, қадірлі,

Сондай қымбат жан болсын,
Таңдап ұстап алалық.
Ұстап алып, «Әділді
Тауып бер!» деп сұралық.

«Өлтірем!» деп сұрасақ,
Шынын айтар Қызылбас.
Тұтқында қалған досымды
Осы айламенен табалық.

—Қази сөзі—мақұл,—деп,

Осы айтқаның—ақыл,—деп,
Елге қайтып барады.
Қызылбастың байларын
Таудан ұстап алады.

«Тауып бер,—деп,—Әділді,
Өлтірем!»—деп сұрады,
Өлсе, шынын айтпады.
Дініне берік ел екен,

Айтқанынан қайтпады.
Айтпаған соң, ер Қази
Талайларының сол жерде
Басын қағып тастады.

«Табамыз,—деп,—Әділді»,
Талай жерді ақтарды,
Әділ хан досын іздеді,
Бір хабарын сезбеді.

«Жердің асты болмаса,
Жердің үстін тауыстым,
Енді қайдан табайын?

батырлар  жыры
Біл сілтеуді бере көр,
Әкемді тапқан, көтеріп,
Кереметтей әулие—

Қараүлектей анайым!»
Қази зарлап тұр еді
Шыныменен тілесе,
Тілегі қабыл ер еді.

Тілегін оның береді,
Бергені емей, немене?
Айқайлаған бір дауыс
Зарлап тұрған Қазидың

Құлағына келеді.
«Қарасай, Қази—інім-ай!
Маған таман келің-ай!
Таба алмай тұрсаң досыңды,

Ізіме түсіп, ерің-ай.
Менің інім сен едің,
Сенің апаң мен едім.
Қызылбастың еліне

Жас күнімде, шырағым,
Жесір болып кеп едім.
Екі інім, кел,—деді,
Болайын себеп мен,—деді.

Досыңды тауып берейін
Таба алмай тұрсаң сен»,—деді.
Деді дағы ол дауыс,
Жүріп кетіп барады-ай.

Айқайлаған бұл дауыс—
Өзі бір әйел сияқты,
Кете берді, қарамай.
«Жолығып кет!»—деп, батырлар

Артынан айқай салады-ай.
Жеткізетін болмады,
Барған сайын ұзады-ай.
Бір қаланың қасына

Әйелдің өзі тұрады-ай.
Қарасай, Қази келген соң,
Сонда әйел толғады-ай.
«Қарасай, Қази—қозым-ай!

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Көп тарықтың бүгін-ай!
«Жетемін!»—деп екеуін,
Қатты түстің ізіме-ай.

Жете алмастай болған соң,
Сол уақытта бір нәрсе
Түспеді ме есіңе-ай?!
Бастап келіп мен тұрмын

Әділдің жатқан жеріне-ай.
Әне бір қала түбінде
Жеті қабат зындан бар.
Салып қойды апарып

Сол зынданың түбіне-ай.
Тауып ал, барып, досыңды.
Жөн сілтедім, інім-ай.
Бастап келіп, көрсетті

Елде қалған баяғы
Қараүлек кемпір—анасы-ай.
Келген екен ол байғұс,
Қысылғасын баласы-ай.

Анасы жебеп, желеді,
Тілегін Құдай береді.
Жеті қабат зынданға
Екі батыр келеді.

Қази түсті атынан,
Төбесіне мінеді.
Жоқ екен зындан есігі,
Төбесінде бар екен

Бір кішкентай тесігі.
Сол тесіктен төнеді,
Қази батыр дауыстап:

—Әділ хан—досым, зынданда

Жатырмысың?—деп еді.
Әділ хан—досым, бармысың?
Өзің сондай саумысың?
Әділ хан болсаң, айқайла.

Келіп тұр іздеп жан досың,
Қарасай, Қази—досыңыз
Іздеп келді сағынып.
Досың іздеп келгенде,

16–165

батырлар  жыры
Жатырсың, достым, не қылып?
Қараңғыда адасып,
Астыңда тұлпар болдырып,

Орға түстің, жаңылып.
Алты күн іздеп, таба алмай,
Жаралы болып Қарасай,
Келе алмадық қайрылып.

Қатты ұятқа біз қалдық,
Әділ хан, сенен айрылып.
Жұрттың бетін көре алмай,
Елді аралап жүре алмай,

Жатыр едік майрылып.
Қарақұстан хат жазған,
«Әділмін», деген ат жазған
Хабарыңа қанығып,

Шығып едік аттанып.
Қаланы бұзып, қан төгіп,
Досым сені таппадық.
«Енді қалай табалық,

Ауылға не деп барамыз?!»
Сөйтіп жылап тұрғанда,
Себеп болды біздерге
Кереметті әулие—

Қараүлек кемпір—анамыз.
Әділ хан, шығар даусыңды,
Келсе сіздің шамаңыз.
Келіп тұрған ізденіп—

Қанды Орақтың баласы—
Қарасай, Қази—баламыз.
Сонда Әділ сөйледі:

—Қарасай, Қази—ермісің?

Екі досым, сенбісің?
«Даусыңды шығар Әділ», деп,
Ұялмай келіп тұрмысың?
Қарасай, Қази—ер болсаң,

Екі досым—сен болсаң,
Зынданымнан аулақ кет.
Жатқанымды барлап кет,
Келме менің жаныма-ай!

қаРаСАй,  ҚАЗИ
«Жан қимайтын дос еді»,—деп,
Көрермін сені не қып-ай?!
Сендерді «досым» демеймін,

«Дос екен»,—деп білмеймін.
Ақыретте болмаса,
Тіріде сені көрмеймін.
Өздеріңдей көрмедің,

Жүргенде, бірге жүрмедің.
Қысылған күні екеуің
Қолдың ұшын бермедің.
Мен үшін неге өлмедің?

Досым болсаң, қайда едің,
Алты қатар қандектің
Ішіне түсіп жатқанда?!
Мұнда неге келмедің?!

Алты арбаны сүйретіп,
Тісіммен тезек тергенде,
Өзімнен төмен бір жаман
Шыбықтап айдап жүргенде,

Мұнда неге келмедің?!
Ор түбінде өлермін,
Өлмесем, шығып, келермін.
Доссыз-ақ болып жүрермін.

«Жан қимайтын досым»,—деп,
Осылар еске түскенде,
Сендерді қалай көрермін?!
Бұл сөзді айтып Әділ хан:

«Аулақ кет!»—деп ақырды.
Ақырғанда, дауысы,
Жер түгіл, көкті жапырды,
Өкпесін толғап айтады.

Сонда Қази сөйледі:

—Әділ хан, саған ризамын,

Сені тірі көрсеткен
Аллаға риза болғанмын.
Бір шыбындай жанымды
Жолыңа құрбан қылғанмын.

Қызылбастың мырзасын,
«Тауып бер!»—деп, қырғанмын.

батырлар  жыры
«Өкпелеме, досым!—деп,
Досыңа аман қосыл!»—деп,
Келіп, жылап тұрғанмын.

Шықпайтының шын болса,
Көрмейтінің мен болса,
Жеті қабат зынданға
Өзімді-өзім ұрамын.

Сені көріп, жан досым,
Ұрмай, не деп тұрамын?!
Сен үшін жанды қиямын,
Не болмаса, аламын.

Не болмаса, қасыңда
Бірге жатып қаламын.
Халық үшін туған батырмын,
Жауға тастап мен сені,

Ауылға не деп барамын?
Сонда Әділ сөйлейді:

—Қарасай, Қази, ер едің,

Екі досым сен едің.
Жаныңды қиып мен үшін
Жұрттан безіп жүргенің.
Жаудың бұздың құралын

Мені таппақ—мұрадың.
Тізесінен қан кешті
Астыңа мінген шұбарың.
Жеті қабат зынданнан

Бір шығарып алмасаң,
Қанды Орақтың баласы
Маған сырың белгілі,
Тарқай ма сенің құмарың?!

Достарым, сені көрмесем,
Дұрыстап жауап бермесем,
Біліп тұрмын Қазидың
Үстіме, ұшып, құларын.

Үстіме Қази құласа,
Қарасай сыртта жыласа,
Бұдан да жаман тарылып,
Кетер-ау менің ажарым.

Достарым, сені көрейін,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жеті қабат зынданнан
Амалдап мені шығарың.
Екі қолым байлаулы,

Екі көзім жайнаулы,
Қалай етіп шығармын.
Арқан салып алмасаң,
Тісіммен тістеп, бармасам,

Шығуға жоқ-ты лажым.
Досының сөзін естіп,
Жүректері қуанып,
Қолына арқан, жіп алып,

Шылбырын жалғап салады,
Салбырап арқан барады.
Досының салған арқанын
Әділ хан тістеп қарады.

Соныменен амалдап,
Қауғалап тартып алады.
Досын аман шығарып,
Батырлар кеулі тынады.

Құрсауларын талқандап,
Бірін қоймай бұзады.
Қолыңдағы қолеткі,
Салған екен болаттан,

Бұл бұзылмай қалады.
«Бұзайын», десе, Әділдің
Екі қолы сынады,
Болмаса, Қази бұзады.

Қарасай, Қази—қос батыр
Лажын таппай тұрады.
Әділ хандай төреңіз
Бағанағы піріне

Сыйынып, тағы жылады.
«Бір жаратқан Құдайым,
Бір өзіңе жылайын!
Ақ шалмалы пірәдар,

Сенен жәрдем сұрайын.
Кереметтей пір едің,
Жәрдем болып жүр едің.
Екі досым келгенде,

батырлар  жыры
Досымның жүзін көргенде,
Көрісе алмай мен тұрмын.
Қолеткені бұзуға

Таба алмай тұрмын себебін».
Әділ хан жылап зарланды,
Ашуланды, долданды.
Қолеткені бұзуға

Пірінен себеп болған-ды.
«Қарасай, Қази,—досыңа,
Көзден аққан жасына
Берейін,—деп,—жәрдемді»,

Пірі келді қасына.
Қонайын деп бақыт тұр
Үшеуінің басына.
Тілегі қабыл ер еді,

Тілегін оның береді.
Бергені мынау емес пе:
Қырық жолбарыс қайраты
Әділ ханға енеді.

Оныменен қоймады,
«Жұлқын, бала, жұлқын!» деп,
«Жұлқын!» деген бір дауыс
Құлағына келеді.

Мұны естіп, ер Әділ:
«Е, пірім!»—деп, жұлқынды,
Ашуланып, бұлқынды.
Болаттан соққан қолетке,

Мысалы, жіптей қырқылды.
Қолеткені бұзады,
Талқан болып, сынады.
Қарасай, Қази—қос батыр,

Әділменен үш батыр
Құшақтасып, жылады.
Достықтың жайын айтайын:
Міне, осындай болады.

Ақылы бар ер жігіт
Бұлардан үлгі алады,
Өзі үшін туса ер жігіт,
Халық үшін жауға барады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Әділ хан мінген сары қызыл
Хан жайында тұр екен,
Қази тартып алады,

Әділге алып келеді.
Өз атына мінгізді,
Кіреуке тонды кигізді.
Қарасай, Қази—қос батыр

Шын достығын білгізді.
Дербент деген қаланы,
Арты арбаға жегіліп,
Өзі салды Әділдің.

Атына мініп алған соң,
Өзі бастап кіргізді.
Үш арыстан келе жатыр
Салайын деп бүлгінді.

Келіп, бүлгін салады,
Қаласын отқа жағады.
Үш арыстан үш жерден,
Оқ жіберіп көш жерден,

Қызылбасты қырады.
Дербент деген қаласын,
Шулатып қатын-баласын,
Бірін қоймай, қырады.

Қарғаса ханды өлтіріп,
Тамағынан шалады.
Қарғаса хан ер еді,
Әскері тым-ақ көп еді.

Ұстап алып Әділді,
Арбаға жеккен сол еді.
«Жақсылық қылсаң біреуге,
Өзің үшін, деп еді,

Жамандық қылсаң біреуге,
Өзің үшін», деп еді.
Жамандық қылған Қарғаса
Ақырында Әділдің

Өз қолынан өледі.
Қонаққа сойған қозыдай
Қолынан өлім береді.
Атаның айтқан нақылы,

батырлар  жыры
Алдына қалай келеді?!
Хандардан елді сақтаған,
Хандардың басын таптаған,

Халықтың қамын жақтаған
Бұлар сондай ер еді.
Қарғаса ханы өлген соң,
Қалғандары бағынып,

Қарасайға жалынып,
Қол көтеріп тұрады.
Тоғыз күнде барады,
Тоғыз күнде алып болады.

Айтып кеткен жиырма күн
Екі-ақ күні қалады.
Он екі қақпа ел еді,
Елі сондай көп еді.

Бұрынғы өткен ерлердің
Ала алмай жүрген жері еді.
Қарасай, Қази—қос баттыр,
Әділменен үш батыр,

Асып кетіп қайраты,
Бағындырды деп еді.
Он екі қақпа елді алды,
Жауға түскен ерді алды.

Тоғыз күндей ұрысып,
Қызылбасты зорға алды.
Бағындырып болған соң,
Сабақты жіп алмады.

Үшеу болып Әділмен,
Ауылға қарай қозғалды.
Сөйтіп, көңлі тынады,
Қайратын ерлер сынады.

Әділ хан досын ертіп
Қырым деген шәһерге
Жақындап келіп қонады.
Жақындап келіп қонған күн

Әділдің тапқан анасы—
Емшек берген данасы
Сол күні жатып, түс көрді.
Шақырып алып қасына

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ілиядай сұлуды,
Көрген түсін сөйледі:

—Айналайын Ілия,

Бүгін менің түсімде,
Шын ұйқымның ішінде
Асқар биік қара тау,
Алтын сарай, қалама-ай,

Асқар тау келіп құлап жүр,
Бұл не болар, балам-ай?
Екінші көрген түсімде
Ақ үйімнің төрінен

Аяғы жоқ, басы жоқ
Бір ақ дария ағып жүр.
Бөгесем де, болмады.
Ағыны бұзып, тұрмады,

Бұл не болар, шырағым?
Үшінші көрген түсімде
Ақ үйімнің төріне
Кілең жақсы келіп жүр,

Ақ батасын беріп жүр,
Соны көзім көріп жүр,
Бұл не болар, шырағым?
Төртінші тағы түс көрдім,

Түсімде мұндай іс көрдім:
Томағасы алтыннан,
Аяқ бауы жібектен,
Бір қаршыға құс көрдім,

Өзін еркін бос көрдім.
Оң жағымнан күн туды,
Сол жағымнан ай туды,
Бұл не болар, шырағым?

Жорып бер менің түсімді,
Естісе, қызым, құлағың!
Сонда қызы жорыды:

—Айналайын, анам-ай!

Асқар тау келіп құласа-ай
Алтын сарай қалаңа-ай,
Асқар таудай бақ қонып,
Әділге ықпал тап болып,

батырлар  жыры
Кеткен Әділ балаң-ай
Саламат келіп Қырымға,
Хан болады екен ағам-ай,

Көрінген екен соған-ай.
Қарасай, Қази—қос батыр,
Әділменен үш батыр,
Жаңылмасам, анам-ай,

«Жоры»,—десең маған-ай,
Екінші көрген түсіңде
Ақ үйіңнің төрінен
Ағып жүрсе бір дария,

Бөгесең де, болмаса,
Ағыны бұзып, тұрмаса,
Мұның несін сұрайсың,
Менің көкем келгесін,

Озады екен халқынан,
Асады екен шарқынан.
Дұшпаны кешіп өте алмас
Алды менен артынан

Осындай суды шалқыған.
Үшінші көрген түсіңде
Ақ үйіңнің төріне
Кілең жақсы кіргені,

Ақ батасын бергені:
Менің көкем келгесін,
Халқын аман көргесін,
Жұртын жинап той қылар,

Жұрттан салтын оздырып.
Мен жорысам, осылай,
Озып келіп алдымен,
Қуантады екен, анам-ай,

Қарасай деген досың-ай,
Көріпсің, кемпір, осыны-ай.
Төртінші тағы түс көрсең,
Түсіңде мұндай іс көрсең,

Томағасы алтыннан,
Аяқ бауы жібектен,
Бір қаршыға құс көрсең
Әділ хан балаң болғаны.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Өзің еркін бос көрсең,
Босатып жаудан алғаны.
Оң жағыңнан күн туса,

Қарасай досың болғаны.
Сол жағыңнан ай туса,
Қази досың болғаны.
Әділ хан досын босатып,

Қанды Орақтың баласы
Ортасына алғаны.
Түсіңді, ана, жорыдым,
Жоқ екен түстің жалғаны.

Сонда анасы толғайды:

—Айналайын, қызым-ай!

Туған егіз қозым-ай!
«Осылай»,—деп, қарағым,
Шамалап едім өзім-ай.
Жорып бердің түсімді,

Келістіргей ісімді-ай.
Қарағым, талай жыладым:
«Көрген күнім бекер, деп,
Әділім аман келмесе,

Зарлаумен күнім өтер деп.
Әділім аман-сау келсе,
Сүйінші сұрап келгенге
Қызымды берсем, не етер деп.

Ағасы үшін Ілия
Сүйіншіге өтер, деп.
Бере қойсам қызымды,
Кім айтады: «Бекер!» деп».

Осылай деп бәйбіше,
Сөзін айтып болады.
Қарасай мен Қазидың
Кеткен күнін санады.

Кеткен күнін санаса,
Жиырма күнге толады.
Келетін күні болады,
«Қанды Орақтың баласы

Өтірік айтпайды енді»,—деп,
Мұнараның басына

батырлар  жыры
Ілия шығып қарады.
Қарасай, Қази—қос батыр
Ел шетіне таянды.

Ел шетіне келген соң
Қарасай тұрып, сөйледі:

—Қази мен Әділ—екеуің

Жайыңмен жүріп келерсің.
Ақ сүт берген анаңа
Келіп, сәлем берерсің.
Аман-есен қосылып,

Күліп-ойнап жүрерсің.
Бұрын озып барайын,
Мұндыларды қуантып,
Жүректерін жарайын,—

Деді дағы Қарасай,
Бұрын озып барады.
Сол күні тал түс болады,
Қарай-қарай қыздың да

Екі көзі талады.
Қарап тұрса сарғайып,

Келе жатқан қараны
Қыздың көзі шалады.
Анасына Ілия
Және толғап қарады:

«Айналайын, анам-ай!
Қарап тұрсам тау жаққа,
Көрінеді бір қара,
Біреу де болса, зор қара.

Мен танысам, анам-ай,
Қарасай білем сол қара-ай.
Әлі сенбей мен тұрмын,
Көзім қорқып қалған бейшара.

Бірде шауып, желеді.
Құбылып ойнап, жер басып,
Астындағы қызыл ат
Дөңгеленіп келеді.

Қарулары сартылдап
Бәйбішедей ханымның
Қасына батыр келеді,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Келіп, сәлем береді.

—Бәйбіше—ханым, саумысың?!

Саламат-сау, бармысың?!
Балаңды алып келемін,
Тілегі қабыл бәйбішем.
Кер маралдай керілген,

Сары майдай езілген,
Тәңірі берген екі аяқ
Басарына ерінген,
Көргеннің көңлі бөлінген

Ілия, аман жүрмісің?!
Бақшада қызыл гүлмісің?!
Мұнараның басында
Ағаңды қарап тұрмысың?

Әркім де жақсы көреді
Өзінің қатар-құрбысын.
Қысым кетіп, жаз болды,
Қолыма қонып жыл құсым.

«Жыл құсым», деген—ер Әділ,
Жанымды қияр жан досым.
Досым үшін аттанып,
Қызылбасқа ат салып,

Қиғаш деген тауды алдық,
Қызылбас деген жауды алдық.
Бағындырып болғасын,
Сабақты жіп алмадық.

Үшеу болып Әділмен,
Ауылға қарай қозғалдық.
Әділ хан досын ертіп
Келеді Қази туғаным.

Қуантуға сендерді
Сол еді менің озғаным.
Озып келіп алдымен,
Бәйбішедей ханымнан

Сүйінші сұрап тұрғаным!
Бәйбіше ханым толғайды,
Және бір кеңес қозғайды:

—Қарасай, Қази, ер едің,

«Әкем Орақтан оздым!»—деп едің.

батырлар  жыры
Осы бүгін білінді
Қанды Орақтан төменің.
Қызылбасқа барғанда,

Бағындырып дұшпанды,
Әділді қолға алғанда,
Бермен қарай жүргенде,
Орта жолға келгенде,

Сол күні түсті көргенде,
Ырза болып сендерге,
Түспенен қызды көндіріп,
Сүйіншіге бергенмін,

Сен неге соны білмедің?
Сен неге түсті көрмедің?
Жалғыздығын білдірмей,
Әділ хандай досыңның

Қасында неге келмедің?
Қасындағы ер Қази
Бәрін де біліп келеді.
Қазидан гөрі мен сенің

Аруағыңды кем дедім.
Бұрын досым болсаң да,
Енді болдың күйеуім.
Сүйіншіңе, Қарасай,

Қызымды саған бергенім.
Осылай деп бәйбіше
Сөзін айтып болады,
Кеулі нұрға толады.

«Әділ хан қашан келеді?»—деп
Жолын тосып тұрады.
Бір уақыттар болғанда
Әділ де жетіп келеді.

Келгенін ханым көреді.
Құшақтап алып баласын,
Оң бетінен бір сүйіп
«Қанды Орақтың баласы,

Халық үшін туған ерсіңдер,
Ризамын сізге!»—деп еді.
Ақтайша хан Әділге
Өкіл ата деп еді,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ұлы-қызы жоқ еді.
Әділ аман келгесін,
«Қартайдым,—деп,—қарағым»,

Тағын түсіп береді.
Тағына мініп Әділ хан,
Хандық дәурен сүреді.
Бағанағы Ілия:

«Хан болады көкем»,—деп
Жорып қойған бір түсі
Осы араға келеді.
Атасын «әйел» десек те,

Осы қыз білгір төре еді.
Отыз күндей той қылып,
Елі-жұртын жидырып,
Қарындасы—Ілияны

Қарасайға береді.
Омар менен Оспан құл
Енді соған келеді.
«Әділ хан жауда жатқанда

Жамандық қылды»,—деп еді.
«Тарттырайын!» дегенде,
Жазасы мұның көп еді.
Байлауынан шешеді,

Жамандығын кешеді.
Жамандыққа жақсылық
Ердің қылар ісі еді.
Осындай Әділ іс қылып,

Шиелгенді шешеді.
Сол күндегі халықтар
Әділ ханның ақылын,
Ісінің сондай мақұлын,

«Ақылды кісі»,—деседі.
Сөйлесем, сөзім жөнді, аға.
Домбыраның тетігі—
Он екі перне, екі ішек

Дұрыстап тартқан қолда, аға.
«Қарасай, Қази» жырымыз
Осымен тамам болды, аға.

Батыр Мамай, Қанды Орақ
Ел қамдаған ер еді.
Қарасай, Қази—екеуі
Қанды Орақтың ұлы еді.

Арғы атасын сұрасаң,
Баба түкті шашты Әзиз—
Әулие, шайық пір еді,
Бұдан туған Едіге.

Және бірін сұрасаң,
Нұраддин, Мұса дер едім.
«Мұсаның ұлы кім?» десең,
Білдірейін, білмесең:

Орақ пенен Мамайдың
Бірі—батыр, бірі—хан,
Ақылдың асқан кені еді.
Жасынан-ақ хан болып,

Дүниені шарлап жүреді.
Батыр болсын, бай болсын,
Кедей болсын, хан болсын,
Бұл дүниеге келген соң,

Армансыз пенде болмайды.
Бітпей жүрген Орақтың
Үш арманы бар еді.
Қанша шалқып жүрсе де,

Бітіре алмай жүр еді.
Өлерінде хан Орақ
Үш арманын баяндап,
Әйеліне сөйледі:

«Некелескен жұбайым,
Қарасай, Қази
(Мүстежеп Ахметұлы нұсқасы)

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сені қосқан Құдайым.
Бұ дүниеде жүргенде
Үш арманым бар еді,

Бітіре алмай барамын.
Сол арманды, алғаным,
Саған баян қылайын.
Бірінші менің арманым:

Емшектесім, жұбайым—
Бірге туған Мамайым
Езуін тартып күлмеді,
Күлгенін көзім көрмеді.

Теңселтіп жорға мінгіздім.
Сонда да Мамай күлмеді.
Палуан сұлтан, Батыр хан—
Қалмақтың ханын өлтіріп,

Алтын тағын мінгіздім.
Ақ Бұрмаштай аруын
Қойнына салып, сүйгіздім,
Сонда да Мамай күлмеді,

Күлгенін көзім көрмеді.
Күлмеуінің себебі:
Өзіне перзент бермеді.
Бір баланың жоғынан

Бірге туған Мамайды
Күлдіре алмай барамын.
«Қарасай—менің шырағым
Менен туған ұл болса,

Ұл екені шын болса,
Қайғылы ата—Мамайды
Бір күлдірсін», деп едім.
Екінші менің арманым:

Орал, Орал, Орал тау,
Орал таудай тау болмас.
Орал таудың баурында
Шұбырып өскен бес тұлпар.

Бес тұлпардың ішінде
Ешкі тұяқ қызыл ат
Ер Көкшенің аты еді,
Міне алмай кетіп барамын,

17–165

батырлар  жыры
Бір арманым сол еді.
«Қарасай—менің шырағым
Кемеліне келген соң,

Қызыл атты Көкшеден
Алып мінсін», деп едім.
Үшінші менің арманым:
Арғы атам еді Едіге,

Ол бармаған жер еді.
Одан туған ер Мұса,
Ол бармаған жер еді.
Қара қыпшақ Қобыланды

Асып туған ер еді,
Бұл бармаған жер еді.
Әзіреті Әли пір еді,
Ол бармаған жер еді.

Бармаған жерін сұрасаң,
Қиғаштың биік тауы еді,
Қызылбас мықты жау еді,
Мен алмай кетіп барамын.

«Қарасай—менің шырағым,
Аттанып барып Қарасай,
Соны бір алсын»,—деп едім.
Үшінші менің арманым:

Қызылбасты қаратып,
Өзім шауып алмадым,
Осы айтылған—үш арманым.
Баяндап анасы бір күн толғады:

—Қарасай—менің қарағым,

Ақылға түсін, бұлағым.
Атаң—Орақ батырдың
Үш арманы бар еді,
Есітіп қалды құлағым.

«Арманы не?»—деп сұрасаң,
Мен айтайын, шырағым.
Атаңның айтқан арманы:
«Қызыл атты міне алмай

Кетіп барам,—деп еді.
Қарасай—менің шырағым
Өзі адам болған соң,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Соны ұстап мінсін»,—деп еді.
Екінші атаң арманы:
«Бірге туған Мамайым

Күлдіре алмай барамын.
Қарасай—менің шырағым
Менен туған ұл болса,
Ұл екені шын болса,

Қайғылы Мамай—атасын
Бір күлдірсін»,—деп еді.
Үшінші менің арманым:
Қиғаштың биік тауы еді,

Қызылбас мықты жау еді,
Ала алмай кетіп барамын.
«Қарасай менің—шырағым.
Аттанып барып Қарасай,

Соны бір алсын»,—деп еді.
Атасы—Орақ батырдың
Үш арманын Қарасай
Анасынан естіп,

Орал тауға барады
Ешкі тұяқ қызыл ат
Қарасай ұстап алады.
«Қызыл атты Қарасай

Алып кетті», деген сөз
Үйде жатқан Көкшенің
Құлағына барады.
«Ат иесі шалғай,—деп,

Даладағы мал ғой»,—деп,
Атымды алып кеткені».
Ыза болып Көкше қарт,
Барып, жанжал салады

Сонда Көкше сөйлейді:

—Атаң—Орақ ер еді.

Он екі баулы Ноғайға,
Ноғай түгіл, талайға
Залалы тиген жоқ еді.
Біз секілді қарыны

«Енді жауға бармас»,—деп,
«Жасы жеткен шал ғой»,—деп,

батырлар  жыры
«Атымды мінсін», дейтұғын
Бауырымнан шыққан балам жоқ,
«Иесіз жүрген мал ғой»,—деп,

Көз салып маған жүргенің.
Тауда жүрген қызылды,
Еркінсіп, ұстап мінгенің.
Өзім тірі отырып,

Атымды саған бергенше,
Бұл қорлыққа көнгенше,
Жақсы емес пе, Қарасай,
Менің сенен өлгенім?!

Сексен жасқа келгенше,
Жас та болсаң, Қарасай,
Қорлығыңа көнбедім.
Сатып алсаң Қызылды

Жалғыз басты ақ Қибат[қа],
Орақтың ұлы болған соң,
Артығын саған қиғаным.
Қарасай сонда сөйледі:

—Жасы үлкен ағамыз,

Ақ сақалды бабамыз,
Бітір үшін арманын,
Қибатқа берсең Қызылды,
Қол қағысып, алғаным.

Қартайған әкем—хан Мамай
Әлеуке ханды ала алмай,
Дұшпанға ойран сала алмай,
Жапанда жалғыз жатқанда,

Тоғыз жасым толғанда,
Орақтан туған болған соң,
Ақылсыз туған жамандай
Мамайға көмек беруге,

Қалмақты жаулап алуға
Мінуге тұлпар таба алмай,
Сексенге келген Көкшеге
Соның үшін Қибатты

Қызыл атқа бергенім,—
Дейді дағы, Қарасай
Атты мініп алады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
«Қарасайдың Қибатты
Сексенге келген Көкшеге
Сатты», дегенін Қибат естіп,

Еңіреп жылай бастады.
Мұны ағасы Қази естіп,
«Бұл рас болса,
Қарасайға барайын», деп,

Ашуланып Қарасайға,
«Тұра тұр!»—деп шақырып,
Қази айқай салады.
Мұны естіп Қарасай,

Атының басын бұрады,
Қарасай қайтып келеді.

—Не себепті, Қази-ау,

Ашуланып шақырдың?—деп сұрады.
Сонда Қази сөйледі.
Сөйлегенде бүй деді:

—Бір атқа сатып Қибатты,

Барасың қайда сен?—деді.
Ақ Қибатты жылатпа,
Жүзін төмен қаратпа.
Сол секілді Қибатты

Бір атқа сатып жүргенің,
Қареке-ау, саған жөн бе еді?!
Жылаған соң ақ Қибат,
Дәтім шыдап тұра алмай,

Шақырғаным сол еді.
Қарындасың—ақ Қибат
Атқа сатып жүргенше,
Жаяу барып, өл,—деді.

Сонда Қарасай сөйледі:

—Қазижан, неге шақырдың?

Маған неге ақырдың?
Мәнісін, інім, айтайын.
Өлген Орақ атамның
Үш арманы бар еді.

Бірінші арманы—қызыл ат.
Қызыл атты көргесін,
Сол еді ұстап мінгенім.

батырлар  жыры
Қибатты сатып бір атқа,
Жақсы емес пе өлгенім?!
«Қыз берем», деп Көкшеге,

Ақ Қибатты жылатып,
Жүзін төмен қаратып,
Жақсы емес пе бұдан да
Жаяулап жауда өлгенім?!

Қибатты неге берейін,
Қибатты кімге теңейін?!
Көкшеге қайтып бер атты,
Жыласа, «Жаяу қалам», демейін.

Ақ Қибатты жылатып,
Жүзін төмен қаратып,
Қибатты сатып мінгенше,
Жаяулап жорта берейін,—

Деді дағы, Қарасай
Атынан түсіп қалады.
Ыза болып, жылады,
Жаяу түсіп, жүгіріп,

Атын беріп Қазиға,
Қарасай кетіп барады.
Ордадан шығып ақ Қибат,
Бұған көзін салады.

Қази жетіп келеді,
Қази жетіп келген соң,
Мұны Қибат біледі.
Бауырға шыдап тұра алмай,

Жаны ашып, жылай береді.
«Қази аға, сен,—деді,
Жыламаймын мен,—деді.
Қарекем жаяу кетпесін,

Қызыл атты апарып,
Беріп соған кел»,—деді.
Қарасайдың қасына
Қази жетіп келеді.

«Жаяу кетпе, аға»,—деп,
Түсіп атын береді.
Қарындасы—ақ Қибат:
«Көкшеден алған Қызыл ат

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қарекем мінсін»,—деп еді.
«Атыңды, аға, мін,—деді,
Жаяу жолға кеткенің

Болар бізге сын»,—деді.
Деді дағы, ер Қази
Түсіп атын береді.
«Атам—Орақ батырдың

Арманы бітсін»,—деп еді.
Қызыл атты Қарасай
Қайтадан мініп алады.
Сол күндері хан Мамай

Әділ ханның елімен
Атысып жатқан кезі еді.
Мұсадан туған отыз ұл
Хан Мамайдың елімен

Атысып жатқан жеріне
Қарасай жетіп келеді.
Бір жағынан, «Орақ!»—деп,
Қарасай жауға тиеді.

Жекпе-жекке келгенін
Ақ сүңгімен түйреді.
Түйреп, шауып келгенін,
Қылышпенен сермеді.

Сөйтіп жүріп Қарасай,
Жауын жеңіп бергенін—
Оны Мамай білмеді.
«Жаңбыршы ұлы Телағыс

Келген шығар»,—деп еді.
Жауын жеңіп берген соң,
Мамайдың көңлі бітеді.
Намазын оқып тұр еді,

Шабайын деп келгенін
Қарасай сондай түсінді.
Мұны көріп баланың,
Үш сүрініп, жығылды.

Жығылып, тұрып жүргенде
Баласын Мамай көреді.
Өмірінде күлмеген,
Күлгенін адам көрмеген,

батырлар  жыры
Баласын көріп, қуанып,
Езуін тартып күледі.
Атасының күлгенін

Қарасай сонда көреді.
Атасы—Орақ батырдың
Үш арманының біреуі:
«Қайғылы Мамай атасын

Бір күлдірсін»,—деп еді.
Күлгенін көріп Мамайдың,
Қарасайдың есіне
Сонда түсті деп еді.

Хан Мамайдың алдына
Қарасай жылап келеді.
Қол қусырып, «Ата»,— деп,
Бірден сәлем береді.

Келіп, сәлем береді,
Еңкейіп қолын алады.
«Шырағым!»—деп хан Мамай,
Құшақтап алып баласын,

Бетінен сүйді», деп еді,
Құдайым соны қалады.
Қуанғанның белгісі—
Өлген Орақ—інісі

Тірілгендей болады.
Отыз ұлдың көнесін
Атасы сұрап салады,
Толысып, табысып барады.

Бөлініп кеткен Ноғайлы
Қонысына қонады.
Қызыл атты Көкше қарт
Қарасайдан алмады.

«Қияметтік балам», деп,
Атқа көзін салмады.
Разы болып балаға,
Көңлінде қайғы қалмады.

Пәни жалған дүниеден
Мамайлар кетіп барады.
Қарасай, Қази ер жетіп,
Ежелгі жауын алады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Өкім ханда не болсын?
Өнім ханды өлтіріп,
Қаласын билеп тұр еді.

Қарасай, Қази ер жетіп,
Ұрысқан жауын мұқатып,
Атасының тапсырған
Үш арманының екеуін

Қарасай, Қази бітіріп,
Елдігі қалған біреуін
Бітіре алмай жүреді.
Құса болып, сарғайып,

Ауру болып жүр еді.
Қарт анасы біледі,
Біледі де анасы,
Қарасайға не деді?

—Әу, Қарасай—шырағым,

Асылдан қалған тұяғым,
Тұлпардан қалған қарағым!
Атаң—Орақ мінбеген
Ешкі тұяқ қызыл ат,

Атаңның жауын қайтарып,
Беліңе будың жарағын.
Ханның бұздың жебесін,
Жаудың бұздың қамалын.

Жауды жеңіп келгенде,
«Тіріледі ме екен,—деп едім,—
Өлген атаң—қанды Орақ?»
Ажарыңа қарасам

Осы күнде, қарағым,
Жүзің неден солып жүр,
Қайғыменен толып жүр?!
Сені көріп, шырағым,

Бар жасым менің кеміп жүр.
Жүдеп кеттің, сарғайып,
Бір күлмедің ыржиып.
Мұнша жүдеп, балам-ай,

Не жақпасың болып жүр?
Қарасай сонда сөйледі:

—Ақ сүт берген анам-ай,

батырлар  жыры
Маңда бір ақ үй Кебам-ай
Ауруымның себебін
Мен айтайын саған-ай:

Атам Орақ батырдың
Үш арманы бар еді
Тапсырып кеткен маған-ай,
Бітіріп едім, талмай-ай.

Үшінші арманы атамның—
Біреуі бітпей қалғаны-ай.
Бітіре алмай жүргенде,
Құса болып, сарғайдым,

Азып жүрмін, мұңайып.
Бітпей жүрген арманы
Қиғаштың биік тауы еді,
Қызылбастың елі еді,

Он екі ханның ханы еді,
Қарғасаның ханы еді.
Атам—Орақ батырдың
Бара алмай кеткен жері еді.

«Менен туған ұл болса,
Қызылбасты алсын,—деп,
Ат шауып барсын»,—деп еді.
Тапсырып кеткен сөзі еді.

«Соған қалай барам?—деп,
Соны қалай алам?»—деп,
Сапары қиын жер екен,
Ауруының себебі

Қарасайдың сол екен.
Анасы сонда сөйледі:

—Айналайын, балам-ай,

Құлағың сал маған-ай.
Олай болса, шырағым,
Айтамын саған мынаны-ай.
Барсаң да соған, өлесің.

Бармасаң да, өлесің.
Мұнда жүріп өлгенше,
Қызылбасқа барып, өл.
Барып өлсең, шырағым,

Бітіре алмай, өлерсің,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Атаң—Орақ арманын.
Қызылбас деген жауының
Мен айтайын мәнісін:

Атаңның айтқан жауабы,
«Жолы қандай?»—деп едім,
«Алты айшылық»,—деп еді.
«Тауы қандай?»—деп едім,

«Қалықтап ұшқан қарақұс
Тіке ұшып шыға алмас,
Сондай биік»,—деп еді.
«Елі қандай?»—деп едім,

«Он екі ханнан»,—деп еді,
«Қырық мыңға толса әскері,
Сонда барсын,—деп еді.
Қырық мыңға егер толмаса,

Бармасын оған»,—деп еді.
«Қорқамын!»—деп айтпайды,
Бір көрінбей жатпайды.
Қызылбасқа бір шауып,

Талқан қылмай, қайтпассың,
Тұлпардың басын тартпассың.
Барған жауың түгеспей,
Иә, болмасса, шырағым,

Әскеріңді түгеспей,
Бекер, босқа қайтпассың.
Сол себепті, шырағым,
Саған әскер ермейді,

Өз еркімен жүрмейді.
Қызылбас деген—жаман жау,
«Өлемін»,—деп, қорқады.
Қырымға, балам, бар,—деді,

Әділге баян қыл,—деді.
Қырық мың әскер Қырымнан
Жинап берер ол,—дейді.
Қиғаштың биік тауына,

Қызылбастың жауына
Сөйтіп, балам, бар,— дейді.

батырлар  жыры
Әлқисса, Қарасай анасынан бұл сөзді естіп, жүрмек болады.
Қырымның ханы он бір жасар Әділ бала болса, жалғыз өзі батыр
еді. Қарасай, Қазидың «Құдай» дескен досы еді. «Қызылбасқа

барамыз»,—деп бұйрық сұрайды. Сол заманда Түріктің патша­
сы Қырымның бұдан бұрынғы ханы Махамбет деген кісі еді.
Баласы жоқ еді. Кейін әйелі босанып бір ұл, бір қыз болады.
Баланың атын Әділ, қызының атын Ілия қояды. Сонан соң Ма­

хамбет дүниеден өтпестен бұрын: «Балам жалғыз еді, сүйенері
жоқ. Жалғыз баламды Қарасай, Қазиға дос қыламын. Атадан
келе жатқан мықты ер еді. Басына қиын іс түссе, жәрдем бе­
рер»,—деп еді. Қарасайға келіп, баласын дос қылады. Сөйтіп,

өзі дүниеден өтіп кетеді. Әділ он бір жасқа жеткен еді. Атасының
тағына мініп, хан болады. Бұл заманда Ноғай патшасы отыз
ұлдың бастығы—Ысмайыл деген ер еді. Үстінен қарайтын
Түріктің патшасына Әділді жамандап хат жазады. «Әділ деген

Қырымның патшасы мықты болса, Қарғасаның Қызылбас де­
ген жауын бағындырып алсын. Менің әлім келмейді»,—деген
патшасынан хат келеді. Міне, Әділдің Қызылбастың жауына
қырық мың әскерімен аттанғанының себебі осыдан болады.

Шамырқанып, шамданып
Әскер шықты қаладан,
Найза, қылыш, балталы,
Айбалтасы қалтада.

Бұл әскердің ішінде
Белгілі ерді айталық:
Мұсылман арын арлаған,
Кәпір жауын жаулаған,

Жаудан қорқып, таймаған,
Ұйықтап жатқан жерінде
Қолтығына қол салып,
Айдаһарды барлаған

Айсаның ұлы Ахметжан.
Десеңіз: «Кімі бар?»
Мұсылман арын арлаған,
Мұсылман жауын жаулаған,

Барған жерін тындырған,
Соғыста базар қыздырған,
Соғыс салған жерінде

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Алпыс жебе сындырған
Айсаның ұлы Серік бар.
Қырымнан шыққан аттанып

Қырық мың әскер көмек бар.
Ұзын Айдар Қоңырат,
Ер Сүлеймен, Әмет бар.
Айсадан туған бес батыр,

Бәрінде қайтпас жүрек бар.
Қалмай кетіп барады,
Бұзылмаған тілек бар.
«Және кім бар?» десеңіз,

Он бір жаста хан болған,
Қараңғыда шам болған,
Әмір тілеп Қырымнан,
Бес жасында белсенген,

Өскен сайын түрленген,
Алты жаста оқ атып,
Жасынан өзі үйреніп,
Дұшпанына оқ атып,

Қайраты асып, желденген,
«Не бол!» десең, сол болған,
Қияқты қылыш сермеген,
Сегіз жасқа келгенде,

Үстіне дұшпан келмеген,
Тоғыз жасқа келгенде,
Қырымның жұртын билеген,
Қырық мың әскер қамдаған

Он бір жасар Әділ бар.
«Және кім бар?» десеңіз,
Батыр туған Орақтан,
Жұртты аузына қаратқан,

Шын қаһары келгенде,
Қалмақ жауын көргенде,
Дариядай оғын боратқан
Қарасай, Қази—қос батыр

Қол бастардың бірі еді.
Көпті көрген көне еді,
Көрген жері көп еді,
Көрмеген жерін білетін

батырлар  жыры
Көңлі сергек ер еді,
Көкшенің ұлы Қолнақ
Қырық мың әскер Жем басып,

Қырымнан көлбей шығады.
Көп жасаған Қолнақ
Қолды бастап келеді.
Қырымнан шыққан әскерге

Хан болып Әділ келеді,
Сонда үш күн толады.
Сол күні ханым түс көрген,
Түсінен шошып оянды.

Қасындағы қызына
Түсін айтып жылады.

—Басыңды көтер, Ілия!

Тарылды заман, дүние!
Заманың ешбір оңбады,
Тілеймін, қашан қонады,
Қолымнан ұшқан сұңқарым

Қайтып, қашан қонады?
Осы бүгін түс көрдім.
Түсімде жамас іс көрдім,
Асқар биік Алатау

Үстіме келіп құлап тұр,
Бұл не болар екен, шырағым?
Арқадан боран жел соқса,
Бораса да, қар жауып,

Соққан желді тоқтатқан,
Ортасынан сырт етіп,
Ашасынан морт етіп,
Ортасынан шырт етіп,

Сынып жүр алтын сырығым.
Жібектен есіп, бау таққан,
Байланбаған асауды-ай
Жібере тартып, тоқтатқан,

Ортасынан сынып жүр
Жібек баулы сырығым.
Құрасам да, тұрмады,
Құрайтындай болмады,

Ол не болар екен, шырағым?

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Алтын айдар басыңда,
Отыр еді қасыңда,
Басыңдағы тұлымын

Ортасынан түйіп жүр,
Бұл не болар, шырағым?
Сонда Ілия сөйлейді

—Айналайын анам-ай,

Ақ сүт берген Кебам-ай
Алланың салған ісіне
Көнбесең, айла болама-ай?!
Асқар биік Алатау

Тігіп қойған ордаңның
Үстіне келіп құласа,
Асқар таудай бақ орнар.
Кеткен Әділ балаңа-ай,—

Көрінген шығар соған-ай
Ортасынан морт етіп,
Ашасынан сырт етіп
Сынса алтын сырығың,

Осы жерін білмедім,
Аман келсе жақсы еді
Кеткен Әділ құлының.
Жібектен есіп, бау таққан,

Байланбаған асауды-ай
Жібере, тартып тоқтатқан,
Сынбай жүрсе жақсы еді
Жібек баулы сырығым.

Шақырсаң да, келмесе,
Не қылып келсін ықпалың,
Жалғыздықтың жаманы-ай,
Жауға кеткен жалғызың

Келгей дағы аман-ай.
Ортасынан мерт етіп
Үзіліп жүрсе айдарым,
Төлемім кеткен Әділ құлының

Жоқ шығар саған аман-ай.
Тосқан аға-іні жоқ,
Алладан басқа пана жоқ,
Жалғыздыққа сенім жоқ,

батырлар  жыры
Иесі кетпес, елім жоқ,
Алды-артыңда тіреу жоқ,
Жауға түссе, амал жоқ,

Жалғыздықтан жаман жоқ,
Бірге жүріп, өлмек жоқ.
Соңынан қуып бармасаң,
Сапарын тілеп алмасаң,

Жібермей алып қалмасаң,—
Дейді,—енді саған балаң жоқ.
Қуып барып соңынан,
Көздің жасын төгелік.

«Қызылбасқа барма»,—деп
Сапарын сұрап көрелік.
Сапарын онда бермесе,
Соңында жүріп өлелік.

Сонда тілек бермесе,
Алтын орда тұл қалар,
Бізге әкім кім болар,
Жалғызым аман келмесе?

Екі мұңды бейшара
Жылай-жылай, қор болар.
Ойлай-ойлай келіп, қарасам,
Жауға кеткен көкемді

Күн ұзатпай жетемін,—
Деп, Ілия егілді,
Моншақтап жасы төгілді.
Өңшең бозға мінеді,

Жауға кеткен Әділді
Соңынан қуып келеді.
Екі мұңды бейшара
Келеді қуып шынымен.

Талма-тал түс кезінде,
Ер Әділге жете алмай,
Екі мұңды жылады
Алдында белес қыр жатыр,

Соған қарап келеді.
Ол белестің астында
Айдын шалқар көл жатыр.
Соған қарап келеді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Көл жағалай құрылған
Есебі жоқ көп шатыр.
Көп шатырдың ішінде

Жібектен құрған бір шатыр,
Баласы Әділ ер жатыр.
Байбикеш ханым көреді,
Көргеннен сөйлей береді.

—Әділ—менің құлыным,

Тәрбиелеп өсіріп,
Ақ сүтімді ішірдім,
Басыма қайғы түсірдің,
Қапияда ұшырдың.

Қауырсыны қатпаған
Балапанды ұшырдың.
Енді қайтып қолыма
Қондыра алмай, өкіндім.

«Ашылып өңі жүрсін», деп,
Жастан білім білгіздім
«Қалмақ жауға барсын», деп,
Сайлап тұлпар, мінгіздім,

Бойына садақ ілгіздім.
Атадан жастай қалса да,
Жетімдікті көрген жоқ.
Атадан жалғыз екенін

Әділ бала білген жоқ.
Алыстағы жауына
Сапар етіп жүрген жоқ.
Көп ішінде жалғыздық

Шекесіне тиген жоқ.
Тимеген соң, біле алмай,
«Барма», десе, тіл алмай,
Сапарын маған бере алмай,

Жүрейін деп тұр жалғызым.
Ал, қарағым—Ілия,
Алдына барып жыласаң,
«Сапарын бер»,—деп сұрасаң,

Сені көріп, тұра алмас,
Болғасын бауыр, шыдамас.
Оны естіп Ілия,
18–165

батырлар  жыры
Есінен шықты дүние,
Атынан түсіп қалады,
Әділге жылап барады.

«Ағам менің қайда?»—деп,
Шатырға келіп, сұрады
Бауырдың естіп дауысын,
Жатқан Әділ шатырынан,

Жүгіріп Әділ шығады.

—Шырағым, не қып жүрсің?»—деп,

Келген жөнін сұрады.
Ілия сонда сөйлейді:

—Айналайын, ағеке-ау!

Менің қуып келгенім,
Қызылбастың жауына
Сапар етіп жүргенім:
Алды-артыңда сүйеу жоқ,

Ағеке-ау, кімге сенгенің?!
Жарамсыз анам түс көріп,
Бұл түсінен сескеніп,
«Қызылбасқа жібермей,

Жолдан алып қалғайсың»,—деді.
Саған келгенім:
Сапарыңды берсеңіз,
Көзімнің жасын көрсеңіз,

Қадірімді білсеңіз
Ізіңнен жылап тұрғаным.
Сонда Әділ сөйлейді:

—Емшектесім, бауырым!

Жаудан аман келермін,
Сақтаса Жаппар Құдайым.
Уайым етпе, бауырым,
Қайғының салма ауырын.

Сен жыласаң кетеді
Басымдағы дәуірім,
Баламысың, қарағым?
Ұяда бірге жасадым,

Артымнан жылап келгенің,
Еріген жездей бусадым.
Айналайын, шырағым,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Келермін қайтып, жылама,
Сапарымды сұрама.
Қырық мың әскер бір қолға

Басшы болып аттандым.
Шырағым, неге жылайсың,
Көзіңнің жасын бұлайсың?!
«Қызылбасқа барма»,—деп,

Сапарымды сұрайсың,
Жалғыз көпке ермей ме?!
«Жалғыздың досы—бір Құдай!»,—
Бұрынғылар демей ме?!

Ажал жетіп, ауырса,
Үйде жатып, өлмей ме!
Құдай аман сақтаса,
Жаудан қайтып келмей ме?!

Исадан туған бес батыр
Бәрі қалмай, бара жатыр.
Қарындасы—Ақсүңгі—
Бұл жыласа, көрмей ме?!

Қарасай, Қази—қос батыр,
Бізіңменен дос батыр,
Екеуі қалмай бара жатыр
Қарындасы—ақ Қибат—

Бұл жыласа, көрмей ме?!
Егер аман келмесе,
Құдіреттің салған ісіне
Пендесі—адам көнбей ме?!

Содан кейін, Ілия:

—Туысқаным, туғаным,

Болайын сенің құрбаның!
«Қызылбасқа барма»,—деп,
Менің жылап тұрғаным,
Ағеке-ау, не деп тұрғаның?

Басыңа қиын іс түссе,
Жалғыз едің, ағеке-ау,
Сонда түсер есіңе
Атадан жалғыз туғаның.

Исадан туған бесеуі—
Мұны кеуліме медет қыласың.

батырлар  жыры
Бесеуі де бара жатса,
Ақсүңгі неге жыласын?!
Біреуін жауға тастамас

Қасындағы аға-інісі.
Кім қайрылар, қалғанда,
Атадан жалғыз туған соң?!
Басқа Құдай салып тұр,

Қайғыны ауыр салған соң,
Сапарыңды бермесең,
Көз жасымды көрмесең,
Саудаға түсер сау басың.

Бізге салған сауданы
Құдайым саған салмасын.
Қарасай, Қази бара жатса,
Қибат неге жыласын?!

Қарасай жауда қалғанда,
Қази барып, алмай ма?!
Қази жауда қалғанда,
Қарасай барып, алмай ма?!

Туысқаны жоқ болса,
Шыбын жаны шырқырап
Жалғыз жауда қалмай ма?!
Осы айтқанды, ағеке-ау,

Ойласаңыз, болмай ма?!
Аға қалса, іні алар,
Інісі қалса, аға алар.
Ағайынды екеудің

Бірі қалса, бірі алар.
Жазатайым іс болса,
Сен қасқаны кім алар?!
Осыны айтып Әділге,

Қарындасы жылайды.
«Жалғыз едің, кетпе!»—деп,
Сапарын сұрап, жылады.
Қарындасын қия аламай,

Көзінің жасын тыя алмай,
Әділ де жылап тұрады.
Сол уақыттары болғанда,
Күн ортаға толғанда,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қарындасын қия алмай,
Көзінің жасын тыя алмай,
Не дерін енді біле алмай,

Қайғыменен тұрғанда,
Қарасай, Қази тұрмады,
Бір қиялды ойлады.
Әділ досын қия алмай,

Қызылбас елі—екі тау,
Қызыл, жасыл екі ту
Екеуі қолға алады,
«Хан Мамай!»—деп, қуаттап

Досты Әділ баланы,
Аламанды өргізіп,
«Орақ!»—деп айғай салады.
Орақтаған даусынан

Аламан көпшілік,
Сүйегі қызып Әділдің,
Бұ да кетіп барады.
Екі көзі мөлдіреп,

Желке айдары желбіреп,
Мұңды болып бейшара,
Жылап-еңіреп қалады.
Қол жөнеліп жатқанда

Анасы қуып келеді.
Баласын көріп бейшара,
Көзінің жасын төгеді.

—Қорқып, жеттім, құлыным,

Ұйқыда көрген түсімнен.
Құлыным, едің, Әділім,
Барасың қайда, жалғызым?!
Сен кеткен соң, шырағым,

Болмайды менің сабырым,
Жоқ еді сенің аға-інің.
Жас та болсаң, әр жерде
Жайылып еді дабылың.

Қызылбас деген зор еді,
Барған адам келмейтін.
Бұрынғы өткен ерлердің
Келе алмаған жері еді.

батырлар  жыры
Жалғызым едің, шырағым,
Бұл сөзіме сен,—деді,
Көз жасымды көр,—деді,

Сұрап тұрмын алдыңда,
Мұңымды балам бер,—деді.
Қорқып келдім түсімнен,
Көзімнің жасын көр,—деді.

Сөйтіп тұрған анаңа
Сапарыңды бер,—деді.
Қызылбасқа кетерсің.
Емшек сүтім ақ дария

Болып шықса алдыңнан,
Сүттен қайтіп өтесің?!
Көзімнің жасы көл дария
Болып шықса алдыңнан,

Мұнан қалай өтерсің?!
Бара жатқан жауыңның
Алты айшылық жолы бар,
Талай қиын жері бар,

Үш айшылық шөлі бар,
Шөлге не амал етерсің?!
Аспанменен тірескен,
Ақ бұлтпенен күрескен

Асқар биік тауы бар.
Қайтіп тесіп өтерсің?!
Астында қиын жауы бар,
Жауға не амал етерсің?!

Ақ сүт берген анаңды,
Салған сарай, қалаңды,
Қарындасың—Ілияң,
Толып жатқан дүниең

Не қып тастап кетерсің?!
Сонда Әділ сөйлейді:
«Тұр!» десе де, тұрмадым.
Жыламай, анам, сұрасаң,

Кеуліме жел енгесін,
Кетпей балаң тұра ма,
Бір тәуекен етермін?!
Қызылбастың еліне—

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бұрынғы өткен ерлердің
Бармай кеткен жеріне
Алты ай жүріп, жетермін.

Алдымнан шықса бір қиыр,
Баса-жанша өтермін.
Көзіңнің жасы көл дария
Болып шықса алдымнан,

Қырық мың әскер қолым бар,
Көпір салып өтермін.
Емшек сүтің ел дария
Болып шықса алдымнан,

Түсіп оған кетермін
Батырмаса Құдайым,
Бұдан да аман өтермін.
Алты айшылық жол болса,

Жауыныңды жаудырып,
Әскерімді қандырып,
Саулатып өтіп кетермін.
Аспанменен тірескен,

Тауы болса күрескен,
Жалғыз аяқ жол болса,
Әскерімді шұбыртып
Таудан құлап кетермін.

Қызылбас мықты жау болса,
Қырық мың әскер қолым бар,
Қол бастағын ерлер бар,
Барып сойқан етермін,

Бір тәуекен етермін.
Уайым етпе, анам-ай,
Маңдайымнан көрермін.
«Түс—түлкінің боғы», деп

Айтып кеткен бабам-ай,
Қорықпа түстен, анам-ай.
Тапшы қылды Құдайым
Іні менен ағаға-ай.

Күні бүгін болғанда
Аға менен ініні
Қайдан іздеп табайын?!
«Жалғызсың», деп, анам-ай,

батырлар  жыры
Сапарымды бере алман,
Ілия жанды ізіңе ал.
Қырық мың үйлі Ноғайға,

Ноғай түгіл, талайға
Басшы болып аттанды,
Сізден жауап сұрамай.
Жазатайым іс болса,

Таңда мақшар күнінде—
Сонда іздеп табам-ай».
Осылай деп ер Әділ,
Анасына жылады.

Қайтпағасын анасы,
Амалы құрып тұрады.
«Жолың болсын балам,—деп,
Лажым жоқ, қалам»,—деп,

Батасын беріп анасы,
Көтеріп, хаққа қол жайды.

—Он сегіз мың әлемді,

Абзал қылып жаратты
Барлық пенде—адамды.
Құдіреттің ісіне,
Жазып кеткен әлемге,

Жаратқан, ісің шартарап,
Көре жүр мені панаңда-ай.
Құдайыма тапсырдым
Әділ сынды баламды-ай.

Әулиелер, пайғамбар,
Жәрдем берің балама-ай,
Бергейсің өзің аян-ай.
Ерлердің пірі—ер Әли,

Жеті пірдің ішінде
Ақ шалмалы пірәдәр
Пірің еді, шырағым.
Қысылған жерде есіңе ал,

Пайдасы тиер басыңа-ай.
Ұмытпа, балам, сырыңды,
Кемітпе, балам, есіңді.
Кемітіп кетсең есіңді,

Көрерсің, балам, бейнетті-ай,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Көрмейсің қайтып Қырымды-ай.
Айтып болып, тарқатам
Ішімдегі шерімді-ай.

Ердің пірі—ер Әли,
Тапсырдым, Құдай, саған-ай
Әділ жалғыз ұлымды.
Сал құлағың сөзіме,

Ұмытпа, балам, ұмытпа
Жеті қайып піріңді.
Жеті қайып ішінде
Ақ шалмалы пірәдәр—

Сенің пірің, шырағым.
Қысылған жерде есіңе ал,
Пайдасы тиер өзіңе.
Сөйлеме, балам, орынсыз,

Ұмытпа, балам, піріңді.
Кемітіп кетсең, шырағым,
Көрмейсің қайтып Қырымды.
Сені қайтып көргенше

Көре алмаймыз тынымды.
Бір Аллаға тапсырдым
Әділ жалғыз ұлымды.
Таңса Құдай, көнбей ме,

Туғызса Құдай күнімді.
Анасы хаққа қол жайып,
Батасын беріп, жылады.
Анасының батасын,

Әділ тұрып, алады.
Ақ сүт берген анасын,
Қарындасы—Ілияны
Әділ бала қия алмай,

Көзінің жасын тыя алмай,
Қолдан қалып тұрады.
Сол уақыттары болғанда
«Орақ!»—деп ұран шақырып,

Тасқан судай жапырып,
Қол жөнеліп барады.
Естіп, Әділ тұра алмай,
Сүйегі қызып Әділдің,

батырлар  жыры
Шешесіменен қоштасып,
Бұ да кетіп барады.
Екі мұңды амалсыз,

Бұрынғы кеткен ерлердің
Бара алмаған жеріне,
Екі мұңды жыласып,
Әділменен қоштасып,

Қайтып кетіп барады
Қырымдағы үйіне.
Әскер өріп жөнелді,
Күні-түні тынбастан

Әскер жүріп келеді.
Көп жасаған Қоянақ
Көпті көрген ер еді.
Көрмеген жерді білетін

Көңлі зерек көне еді,
Қолды бастап келеді.
Бірнеше күн жол жүріп,
Азғантай емес, мол жүріп,

Бір күн тал түс болғанда,
Күн алты айға толғанда,
Қамысты көл, қияқ көл,
Айналасы құрақ көл,

Қоянақ қартқа сынақ көл—
Осы көлдің басына
Әскер келіп қонады.
Шаршап келген көп әскер

Келіп, тыным алады.
Әскер тыным алғасын,
Жолын байқап қарады.
Қиғаш—биік қара тау,

Ақшыл бұлт пен барар тау
Мұнарланып тұрады,
Әділдің көзі шалады.
Сонда ойына түседі

Жалғыздықтың салдары.
Қанша мықты болса да,
Табан тіреп, жалғыздық
Тұра алмады тапжылмай.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жалғыздық түсіп басына,
Сонда Әділ сөйлейді:

—Қарасай, Қази сен едің,

Екі достым, ер едің.
Сен—атадан екеусің,
Атадан туған жалғыз—мен.
Атадан жалғыз болғасын,

Қырымнан шығып жөнелдім.
Алға бастап жүр еді,
Екі досым—сен едің.
Айтқан сөзің шын болса,

Және жауап бер,—деді.
Қарасай сонда сөйлейді:

—Әділ досым сен едің,

Саған жолдас мен едім.
«Осы Қырық мың әскердің
Билігі сенде», деп едім.
Айтқан сөзің шын болса,

Жалған емес бірі де.
«Осы қырық мың әскердің
Билігі сенде»,—деп едім
Айтқан сөзім шын еді,

Жалған емес, бірі де.
Осы қырық мың әскердің
Ханы және сен едің.
Қарғасаның биік тауына,

Қызылбастың жауына
Бастаған қолды сен едің.
Сонда Әділ сөйлейді:

—Қол бастаған Қоянақ,

Саған жолды бергенім.
Қартайсаң да, қарт бабам,
Берерсің жауға тиянақ.
Қолнақ қартым, кел,—деді,

Бір тұлпарға мін,—деді,
Жолдас алып қасыңа,
Таудың жолын көр,—деді.
Жолдың қиын бағдарын,

Жүре алмайтын жолдарын

батырлар  жыры
Көріп, байқап кел,—деді,
Хабарын жылдам бер,—дейді.
Исадан туған Серігім,

Қиын жолда керегім,
«Осындай қиын, тар жолда
Пайдасын қияр»,—деп едім.
«Серігім ерді»,—дегенде,

«Қызылбастың қаласын
Талқан қылар»,—деп едім.
Қоянақ қартым,—дейді,
Жүре алмайтын жолдарын,

Таудың қиын бағдарын
Анықтап барып кел,— дейді,
Жол хабарын бер,—дейді.
Көріп келіп жолдарын,

Қолды бастап жүр,—деді.
Бұйырғасын Әділ хан,
Бұрғымен тескен тар жолға
Батыр барып, кіреді.

Тұлпарына мінеді,
Қаруларын іледі,
Қиғаштың қара тауына
Екі батыр жөнеді.

Қара таудың басына
Салып жетіп келеді.
Жалғыз аяқ тар жолға
Екі батыр енеді.

Қиын жолды көрген соң,
Қанша батыр болса да,
Көңліне қайғы енеді.
Іші тастай қараңғы,

Кірейін десе, сенбеді.
Мұндай бұрын тар толды
Өмірінде көрмеген.
Көрмеген соң Қоянақ,

Жолдың түрін байқады.
Бұрғымен тескен тесік жол—
Ойлап келіп қарасам,
Ерлерге түскен кесір жол.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
1100 Жолды көріп Қоянақ,
Атының басын бұрады.
Екі батыр кеңесіп,

Қатты уайым қылады.
Кірмесе де, тар жолды,
Жолды көріп байқады.
«Бұған кіріп болмас,—деп,

Кірген кісі оңбас»,—деп,
Қоянақ басын шайқады.
Жолдың түрін байқады,
Тау басынан қайтады.

Қоянақ қайтып келеді,
Ер Әділді көреді.
«Қиғаштың биік тауына
Барып келдім,—деп еді,

Хабарын берем мен»,—деді.
Сонда қартың сөйледі:

—Бір жейтұғын жем үшін

Қаршыға құс торға түседі.
Шайтанның құрған торына
Қонады екен адамдар,
Жеті мүше соңына.

Барып келдім, ай, Әділ,
Қызылбастың жауына,
Бара алмайтын жер екен,
Қарғасаның тауына.

Есіткеннің бәрі рас,
Қаратаудың, Қарасай,
Биіктігі тағы рас.
Биіктігін сұрасаң,

Қалықтап ұшқан қарақұс
Тікелей ұшып шыға алмас.
Баруын байқап қарасам,
Биік, ұшпа қызыл құм

Ат қиялап шаба алмас.
Бұрғымен тескен тар жолға
Адам батып кіре алмас.
Жалғыз адам болмаса,

Екі адам қатар кіре алмас,

батырлар  жыры
Сондай қиын жол екен.
«Тілімді алсаң, қайт»,—деймін,
Алдырмайтын ел екен

Жолды барып, зерлеп ем,
Жалған айтар мен бе едім?
Жалғыз аяқ тар жолға
Батылым барып кірмедім,

Кірейін десем, сенбедім.
Мұндай қиын тар жолды
Өмірімде көрмедім.
Қол бастаған ер Әділ,

Ендігісін өзің біл.
Сонда Әділ сөйледі:

—Қолнақ қартым—сен,—деді,

«Жолды көрмей, даладан
Елге қайтар кім?»—дейсің.
Жолды барып көргесін,
Ішіне неге кірмейсің?

Қырық жыл қырғын келсе де,
Ажал жетпей, өлмейсің.
Кірмегесін ішіне,
Жол мәнісін білмейсің.

Жолдың арғы шетіне,
Қызылбастың кентіне
Барып, неге келмейсің?!
Тау басынан қайтыпсың,

Неге жалған сөйлейсің?!
Анықтап барып көзіңмен,
Сөйтіп, хабарын неге бермейсің?!
«Исаның ұлы Серігім»,—деп,

Қолнақ қарттың қасына
Қосып сені жібердім.
Тар жолға батып кіре алмай,
Уайым айтып келгенің.

«Ер» деп сені жүрсем де,
Жоқ құсайды керегің.
Осыны айтып болды да,
Ахметке қарап толғады:

—Исадан туған Ахмет,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Алладан болып рақмет,
Жолды барлап келуге
Жаманға қиын ақырет.

Бұйырамын тар жолға,
Айтқанымды мақұл ет.
Өлімге басын байлаған,
Айдаһарды барлаған

Сен қашанғы ер едің,
Артық туған шер едің.
«Осындай қиын тар жолға
Пайдасы тиер»,—деп едім.

Қиын жолда болмаса,
Пайдаңды қашан көремін?
«Алабас атқа мін,—деймін,
Қару-жарақ іл,—деймін.

Қоянақ пенен ер Серік—
Бұлар қорқып кірмеген,
Тау басынан қайтыпты.
Хабарын дұрыс бермеді,

Көрмеген соң тар жолды,
Сөзіне адам сенбеді.
Ай, Ахмет, сен!—деді,
Бұйырамын мен,—деді.

Жалғыз аяқ тар жолды,
Таудан құлап, көр,—деді.
Жолдың кіріп шетіне,
Хабарын жылдам бер,—деді.

Бұйырғасын ер Әділ,
Ала бас атқа мінеді,
Беліне қару іледі,
Ала бас атты қамшылап,

Тауға қарап жөнеді.
Қаратауға Ахмет
Салып жетіп келеді.
Тау жағалап шығады,

Оттай қаулап жанады.
Бұрғымен тескен тар жолды
Мұның да көзі шалады,
Тау басынан қарады.

батырлар  жыры
Жалғыз аяқ тесік жол,
Таң-тамаша қалады.
Төмен түсіп кіре алмай,

Тау басынан қарады.
Атын кесе қаңтарып,
Жолдың түрін байқады.
Жалғыз аяқ тесік жол

Табады да, қайтады.
Ер де болса, кіре алмай,
Кірейін десе, сене алмай,
Бұ да уайым айтады.

«Қоянақ қартың ер екен.
Көргенін айтып жүр екен.
Жолдың жаман екені
Жалған емес, шын екен.

Жолды көріп Ахмет,
Батылы барып, кірмеді,
Жолдың түрін байқады.
Тар жолда шыдап тұра алмай,

Ахмет батыр қайтады,
Әділге жетіп келеді,
Келе жауап береді.
Алдына келіп Әділдің,

Бұл хабарды береді:

—Жұмсаған, Әділ, сен едің,

Тауға барған мен едім.
«Жалғыз аяқ тар жолды
Көріп кел»,—маған деп едің.
Жұмсағасын, бұйырып,

Тауға қарай жөнелдім.
Бұрғымен тескен тар жолды
Тау басынан зерледім,
Ішіне кіріп, көрмедім.

Кірейін десем, сенбедім.
Қоянақ қарттың көргені
Жалған емес, шын екен.
Бұндай бұрын тар жолдың

Бұл жалғанда жоқ екен.
Тілімді алсаң, қайталық,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Алдырмайтын жау екен.
Сонда Әділ сөйледі:

—Ай, Ахмет, оңбағыр!

Қорқақ па едің, құрымағыр?!
«Айдаһар»,—деп жүргенің
Кесіртке ме еді, құрымағыр?!
Қайта бер енді қосыңа-ай.

«Айдаһар»,—деп көз салып,
Барлап жүрсең, батыр-ай,
Өлген жылан болғаны-ай.
Жүрген соң айтып осылай,

«Ер» деп сені жібердім,
Ертпей адам қасыңа-ай.
Жолға кірмей, қайтқаның,
Болдың қапа басыңа-ай.

«Қиын жол!» деп, қорқытып,
Уайым салдың басыма-ай.
Кірер едің тар жолға-ай,
Болғанда егер асыл-ай.

«Жауынгер болады», дегенің
Болып шықты жасық-ай.
Тар жолға барып, кіре алмай,
Сенің етің қатым-ай.

Ей, Қарасай, Қарасай—
Қанды Орақтың баласы-ай!
Қайда кеттің, Қарасай?
Жақсы менен жаманның

Айрылып тұр арасы-ай.
Қарасай өзің, бармасаң,
Батырсынып жүргендер
Белгілі болды шамасы-ай.

Барып келген батырлар
Уайым етіп келеді,
Ішіне кірмей тар жолдың.
Өзің баршы, Қарасай.

Қарасай, Қази болмаса,
Белгілі жұрттың шамасы-ай.
Тесік жолға кіре алмай,
Ар жағын барлап, біле алмай,

19–165

батырлар  жыры
Болып тұр жұрттың, таласы-ай.
Қаратауды көргенде
Таудай болған батырлар

Болып кетті аласа-ай.
Таудың жолы тар,—дейді,
Қызылға тоқым сал,—дейді.
Орақтан қалған жасал ту

Желбіретіп ал,—дейді.
Жасың үлкен болса да,
Жұмсадым сені, Қарасай.
Сол уақытта Қарасай—

Асыл ердің баласы-ай,
Айтуы да мұң еді,
Тар жолдың барып ішіне
Кірмейтұғын себебі:

Барса, келмес жер екен,
Қызылға тоқым салады,
Жасыл туын алады,
Жалғыз аяқ тар жолға

Қарасай кетіп барады.
Тар жолға жақын барған соң,
Жалғыз аяқ тар жолды
Мұның да көзі шалады.

Атын кесе қаңтарды,
Жолдың түрін қарады.
Жол қиынын көрген соң,
Қарасай бір сөз айтады:

—Бір Жаратқан Құдайым,

Өзіңнен жәрдем сұрайын.
Жігітке пайда бермейді
Көп ойлаған уайым.
Тау үстінде тұрмайын,

Кірмей кетсем тар жолға,
Мен Орақтан тумайын.
Не болса да, кірейін,
Маңдайымнан көрейін.

Айтып кеткен атамның
Бітірейін арманын.
Маған намыс ар болар,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Тар жолға кірмей, қайтып барғаным.
Мынау қиын жол екен,
Көрмеген адам көп екен,

Қиын да болса, кірейін.
Сақтаса Құдай жігітті,
Еш бәлеге шатылмас.
Жолды көріп бармасам,

Қарасай атым аталмас.
Кірмей кетсем бұл жолға,
Өлген атам—хан Орақ
Көрінде тыныш жата алмас,—

Деді дағы, Қарасай
Өзін-өзі қайрады,
Өлімге басын байлады,
Ол сайланып алады,

Екі көзін шарт жұмып,
Астындағы Қызылды
Айдап, жолға салады.
Жалғыз аяқ тар жолменен

Қарасай кетіп барады.
Екі көзі Қызылдың
Шамшырақтай жанады.
Сол уақыттар болғанда,

Түн де болды қараңғы.
Түніменен жүреді,
Жол азабын көреді.
Бір уақыттар болғанда,

Таң белгісін береді.
Таң атқан соң Қарасай,
Таудың шықты шетіне.
Жақындаған құсайды

Қызылбастың кентіне,
Дарбазалы темірмен
Бекітіп қойған бетіне.
Біраз ғана келеді

Әділдің айтқан сертіне.
Атын кесе қаңтарды,
Жолдың түрін байқады.
«Көрмегенім көп екен,

батырлар  жыры
Жүрер жолы жоқ екен.
Байқап, келіп, қарасам,
Жолы қиын жол екен.

Ат бауырын жаза алмас
Орғу-орғу құм екен.
Мұның арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,

Терең батпақ сор екен.
Сордың арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,
Шалқып жатқан көл екен.

Көлдің арғы жағына
Көз жіберіп қарасам,
Алты қабат ор екен.
Ордың арғы жағына

Көз жіберіп қарасам,
Айналасы айшылық,
Көлденеңі көмейлік
Он екі қабат там ел екен.

Қарғасаның хандығы
Жолы қиын тар екен.
Ханның басы—Қарғаса
Алдырмайтын жау екен.

Асты аққан су екен,
Үсті биік тау екен.
Арасына салдырған
Дербент деген қала екен.

Дарбазасы темірден,
Ол екі пар өгізбен
Қырық құл ашып-жабатын
Дарбазасы бар екен.

Күзеткен әскер көп екен,
Қаласы мықты жер екен.
Бұл қалаға тай салмай
Баратын жолы жоқ екен.

Жаудан белгі ала алмай,
Ойран-асыр сала алмай,
Кейін қайтып барады.
Ертең тал түс болғанда

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қарасай таудан шығады,
Әділге шауып келеді.
Келіп, жауап береді:

—Әділ, досым,—деп еді,

Көріп келдім жолыңды.
«Жалған»,—деме мұнымды,
Таудың шықтым шетіне,
Көз жіберіп қарасам,

Қызылбастың кентіне,
Асқар биік тау екен,
Қызылбас мықты жау екен.
Жалғыз аяқ тар жолы,

Бұрғымен тескен, тар екен.
Бұдан құлап қарасам,
Көріп қайтқан ерлердің
Айтқан сөзі шын екен.

Тесік жолдың ар жағы
Жалтаң жатқан құм екен,
Терең батпақ сор екен.
Сорға салған тас өткел

Жалғыз аяқ жол екен.
Жолдан өтіп қарасам,
Сорға жалғыз қаздырған
Алты қабат ор екен.

Қазылған ордың ар жағы
Он екі қабат там екен,
Қарғаса деген хан екен.
Дербент деген қаласы

Әр қаладан зор екен.
Жалғыз аяқ тар жолда
Қауіп-қатер көп екен.
Бұдан басқа жүретін

Ешбір жолы жоқ екен.
Мен қорқытып айтпайын,
Көз қорыққандай жер екен.
Әділ сонда сөйледі.

—Орақтан туған Қарасай—

Асыл ердің баласы-ай!
Өз басыңа бермесе,

батырлар  жыры
Жақсы менен жаманның
Айрылып жүр арасы.
Не болады жігітке

Атаң менен бабаң-ай?!
Атаң Орақ болса да,
Туыпсың жаман, шала-ай!
Мұндай қиын тар жолда

Айрылады арасы-ай.
Қауіп жолды көргенің
Рас болса, Қарасай,
Бір белгісін қолыңа

Ұстап неге келмейсің?
Қауіпті жерге бата алмай,
Сенің қорқып келгенің.
Досым болсаң, қайтейін?

Бұл сөзіңе сенбедім.
Қарасай досым сен едің,
Саған сеніп жүр едім.
Ахмет, Серік, Қоянақ—

Солардан артық көрмедім.
Қарасайға ер Әділ
Осыны айтып тұрғанда,
Құлағын салып ер Қази,

Жатыр еді жамбастап,
Сөйлемейді бейбастақ,
Көтеріп алды басын-ай,
Келді оның ашуы-ай.

Қатуланып, қаһарланып,
Әділдің келді қасына-ай,
Сөйлей берді осылай:

—Алдымдағы жас Әділ—

Құдай дескен досым-ай!
Дос болғаның осыма-ай?
Қатты-қатты сөз айтып,
Қалдырып тұрсың көңілді-ай.

Ұрысқанда тиіссіз,
Тұрғаныңа өзіңе тиер қырсық-ай.
Кем көресің бе өзіңнен
Жасы үлкен ағаны-ай?

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Тигізе берме тіліңді!
Кімнің жақсы-жаманын,
Кімнің жүйрік-шабанын

Жаңа болып келеді
Сынайтұғын заман-ай.
Жолдың қиын-оңайын
Таудан құлап көрейін.

Жалғыз аяқ тар жолдан
Шұбырып, Әділ, жүрейін,
Кімнің еркек-қатынын
Сол уақытта білейін,—

Деді дағы, ер Қази
Қарасайға келеді,
Келе сөйлей береді:

—Асыл ердің баласы-ай!

«Орақтан тудым»,—дегенше,
«Орманнан тудым»,—десейші.
«Ерден тудым»,—дегенше,
«Жерден тудым»,—десейші

«Енеден тудым»,—дегенше,
«Елден тудым»,—десейші.
Қара басың келгенше,
Жауда жүріп, өлсейші!

Өлмегенің осы ма-ай,
Күлкі болдың досыңа,
Таба болып дұшпанға?!
Киім толды пұшманға.

Тар жолға өзім кірейін,
Тіл әкеліп берейін,
Ұлықсат берші басыма,
Шұбалаңдап желейін.

Бергенін қайтып алмаса,
Ісімді Құдай оңдаса,
Қызылбастан бір белгі
Алып келіп берейін.

Сол жақта жүріп өлейін,—
Деді дағы, ер Қази
Шұбар атқа мінеді,
Шұбалаңдап желеді.

батырлар  жыры
Сары ала туын көтеріп,
Тауға қарай жөнеді.
Баруға жақын кеш болды,

Қас қарайып күн батты,
Әжептеуір іс болды.
Сонда да Қази іркілмей,
Тынбастан жүріп барады.

Жалғыз аяқ тар жолға
Түсіп алып, жол тартты.
Бір мезгілдер болғанда
Жердің жүзі сарғайып,

Жарық болып, таң атып,
Жаудың шықты шетіне,
Жолдың шықты бетіне.
Келе жатыр жақындап

Қызылбастың кентіне.
Келіп тұрған секілді
Дарбазасын бекітіп
Байлап қойған бетіне.

Күркіреп тұр жанында
Жолбарыстай арыстан.
Көрінеді қарасы
Қалың тоғай қамыстан.

Үстіне келіп қалғанда
Қазиға келіп жабысқан.
Шауып кетіп барады
Астындағы шұбары.

Қази жетіп барады,
Даусы жерді жарады.
«Қызылбаста осындай
Ел бар ма?»—деп сұрады.

Қараса, адам жоқ екен,
Қауіп-қатер қылады.
Ойлап келіп қараса,
Адамзаттың баласы-ай

Бара алмайды жауына-ай.
Олай-бұлай жүрсе де,
Ерге болды уайым.
Қайғы түсті жүрекке,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Аузы кетті тілекке.
Қази келіп тұрады
Жан жүрмейтін түбекке.

Бара алмайды жол тауып
Қызылбастың еліне.
Тіл ұстауға Қызылбас
Көрінбейді көзіне

Келіп тұрған секілді
Қарасайдың ат қойып
Келіп кеткен жеріне.
Осы жерге келгенде,

Атынан түсіп ер Қази,
Атты кесе қаңтарды,
Жолдың түрін байқады.
Құр алақан қайта алмай,

Сонда бір сөз айтады:
«Қарасай көкем ер екен,
Көргенін айтып жүр екен.
Қадірін білмей, сөйледім,

Айтқанымды көтерді-ай,
Қос әулие пір екен.
Шыдай алмай сөз айттым,
Хас ақылсыз мен екем.

Қызылбастың еліне
Баратын жайымыз жоқ екен».
Қызылбастан тіл алмай,
Құр алақан қайта алмай,

Жалған сөзді айта алмай,
Тарылып Қази тұрғанда,
Жылап тұрып, Қазидың
Мынау айтқан сөзі екен:

«Әй, Жаратқан Құдайым,
Өзіңнен жәрдем сұрайын,
Басыма түсті уайым.
Тіл ұстамай, құрдан құр

Өзіме не деп барамын,
Осы жерде өліп қалайын!
Көрінбейді еш адам,
Қалаға қалай шабайын?!

батырлар  жыры
Батыр Орақ ұлы едім
«Қызылбастан бір белгі
Келермін алып»,—деп едім.

Бұл тілегім болмады,
Басыма бақыт қонбады.
Талап етіп келсем де,
Бұл талабым оңбады.

Келіспеді талабым,
Өзің сапар бермесең,
Құрыды менің амалым.
Қызылбастан бір белгі

Әділге алып бармасам.
Алдына айдап барайын,
Тілегімді берсеңші,
Көз жасымды көрсеңші,

Қызылбастан алдыма,
Тәңірі, айдап келсеңші».
Осыны айтып тұрғанда,
Күн ортадан ауғанда,

Тілегін Құдай береді,
Тілегі қабыл ер еді.
Көмір артқан түйеге
Қырық көмірші келеді.

Тарығып тұрған ер Қази
Қабағын ашып, күледі.
Атын мініп алады,
Көк бүркіттей шаңқылдап

Көміршіге жетіп барады,
Қорқытып, ұстап алады.
Қызылбасты жаман қорқытып,
Қызылбастан тіл ұстап,

Хабарына молықты.
Төгіп тастап көмірін,
Тар жолға салып, айдады.
Ер Әділдің алдына

Шұбыртып айдап барады.
Қызылбастан тіл алды,
Әділ көріп, қуанды.
«Жолы қандай екен?»—деп,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Әділ жаудан сұрады.

— Қарасай, Қази сен едің,

Жандай досым сен едің.
«Қызылбастан бір белгі
Келермін алып»,—деп едің.
Алып келдің белгісін,

Қабыл екен тілегі,
Атаң—Орақ ер еді,
Менің дәмем сол еді.
Сенен басқа батырлар

Уайым айтып келген-ді.
Қызылбастан бір белгі
Алып келген сен едің,
Хабарын маған бер,—деді.

Сонда Қази толғады,
Өз хабарын айтады.
Сұрап тұрған Әділге
Хабарын айтып тұрмады.

«Оңай»,—деп,—жолды, қуанба,
Жол хабарын сұрама.
Өзің барып, көрерсің,
Көрмей, көңлің тына ма?!

Тәуекел етіп әр іске,
Ердің көңлі тына ма?!
Барған адам тең екен,
Көргенін айтып жүр екен.

Таудың бардым бетіне,
Жолдың шықтым шетіне.
Жете алмаған ерлерге,
Уайым түспей, не қылсын,

Кенттің арғы бетіне,
Жолды көріп байқадым,
Жолы қиын жер екен.
Қиын да болса жолдары,

Анықтап барып, көргенім,
Жалған айтар мен бе едім?
Бұл жерден кетіп, мен бардым
Қиғаштың биік тауына.

Қиғаш биік тау екен,

батырлар  жыры
Бұрғымен тескен
Табан жолы бар екен.
Барып келген ерлердің

Айтқандары шын екен.
Бұрғымен тескен тесік жол
Қауіпті қиын жол екен.
Қиын да болса, қайтейін?!

Жолдан өтіп, қарасам,
Ат бауырын жаза алмас
Орғу-орғу құм екен.
Құмның арғы жағына

Көз жіберіп қарасам,
Көлденеңі күншілік,
Айналасы айшылық
Ол екі қабат ел екен,

Қарғаса деген хан екен,
Алдырмайтын жау екен.
Мен қорқытып айтпайын,
Көз қорқатын жер екен.

Мен бара жатқан жолымда
Қырық көмірші тап келіп,
Қолыма белгі алғасын,
Одан әрі бармадым.

Не десең де, ер Әділ,
Ендігі жерін өзің біл.

—Орақтың Қази баласы,

Асыл ердің данасы,
Өз басыңа бермесе,
Әуре болып жігітке,
Ата менен бабаның,

Атаң—Орақ болса да,
Туыпсың жаман, шамасы.
Сенің айдап келгенің—
Қаңғып жүрген көмірші,

Батыр болған сен бе едің?!
Қызылбастың елінен
Бір қыз алып келмедің!
Қиын жолды көрген соң,

Сенің қайтып келгенің.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сонда Қази сөйледі:

—Қайдан білдің кемімді,

Білмейсің менің тегімді!
Қатты-қатты сөз айтып,
Қалдырып тұрсың көңілді.
Ата тегің кім еді,

Түбіңде ерлік жоқ еді?!
Қайдан таптың ерлікті?
Бересің кімге зорлықты?!
Менің атам—Едіге

Ата жауын жаулаған,
Әруақты басым пір еді.
«Ерегіскен хандардың
Басын кесті», деп еді.

Сенің атаң—Махамбет,
Түбінде ерлік жоқ еді.
Біреудің арын арлаған
Сенің атаң сол еді.

Осы жерден мен қазір
Шұбар атқа мінейін,
Жолды бастап жүрейін,
Сенің атаң ер болса,

Өлмеуіңді көрейін!
Осыны айтып ер Қази,
Орақ туын алады,
Оттай қаулап жанады,

Таласып тұрған Әділдің,
Тар жолға барып, әскерін
Айдап жолға салады.
Әскер кетіп барады,

Таудан құлап алған соң,
Әскерді санап алады.
Сол уақытта ер Әділ
Жолдың түрін байқады,

Жолды көріп налиды.
Жан ашыры болмаса,
Жалғыздықтың жаманы.
Жалғыздық түсіп есіне,

Тұра алмады тіреп табан-ай.

батырлар  жыры
Қарасай, Қази—досына
Сөйледі Әділ және де:

—Екі досым болмаса,

Жоқ еді менің сенерім.
Қиын жолды көрген соң,
Қайғыланды жүрегім,
Қайғыланбай, не қылсын?!

Алды-артымда таяу жоқ,
Менде аға-іні жоқ,
Жан ашырым кім еді?!
«Басыма қиын іс түссе,

Екі досым ат салып,
Алып шығар»,—деп едім.
Енді жауға тиерсің,
Ат құйрығын өрерсің.

Екі досым сен едің,
Көңлімді айтып жүр едім,
Өздерің енді білерсің.
Сонда Қази сөйлейді:

«Қарасай жауда қалса да,
Сені алармын»,—деп едім.
Бұрынғы көңлім сен едің,
Бұл көңілді білмедің.

«Жамансың!» деп айттың сен,
Тигізіп қатты тіліңді.
Батырдың айтқан сөзінен
Қылау салдым көңліме.

Талабыңнан көрерсің,
Өз билігің өзіңе,
Жүре бер, Әділ, жөніңе.
«Орақ!» деп айқай салармын

Мұсылманның ары үшін.
Жауда қалсаң, Әділім,
Сонда іздеп табармын.
Сонда Әділ сөйлейді:

—Бұл дүнияға келген соң,

Аяқ басып жүрген соң,
Өлеріңді білген соң,
Белге қару ілген соң,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жалғыздыққа көнгенмін.
Жалғыз болып жүрсем де,
Қайратыма сенгенім.

Туысқаным—тәуекел,
Жолдас болып жүргенім.
Кісіге сеніп жүргенше,
Жақсы емес пе бұдан да

Жауға шауып, өлгенім,—
Деді дағы, ер Әділ
Ызаланып, долданып,
Алтын туын қолға алып,

Тас өткелдің жолына,
Көп әскерге қарамай,
Жалғыз шауып жөнелді.
Досына көңлі қалады,

Тас өткелдің аузына
Жалғыз шауып барады.
Қази көріп шапқанын,
Атына мініп алады.

Бара жатқан жалғыз Әділге:
«Тұр!»—деп айқай салады.
Қуып келіп соңынан,
Сонда Қази сөйлейді:

—Әділ, қайда барасың,

Жолға не деп шабасың?!
Жол менікі шабатын,
Менен қалай аласың?!
«Аламын»,—деп жүргенде,

Пенде болып қаласың.
Менен бұрын жол алмақ,
Елді шауып, қала алмақ,
Қаланы шауып, жауды алмақ

Келе ме, Әділ, қолыңнан?!
Жолымды беріп өзіме,
Ере бер, Әділ, ізіме.
Сонда Әділ сөйлейді:

—Шапқан Әділ тұра ма,

Атының басын бұра ма?!
Өзі болған жігіттің

батырлар  жыры
Түп атасын сұрама!
Қазасы жетпей, өлмейді,
Қорлыққа Әділ көнбейді.

«Жол менікі»,— дегенге,
Қорқып, жолды бермейді.
«Құдай дескен досым», деп,
Енді саған ермейді.

Жол сенікі болса да,
Ермегесін, бермедім.
Сендер—екеу, мен—жалғыз,
Жалғыз да болса, тұра ма?!

Қорқып, берер мен емес,
Қорқып, саған жол беріп,
Болмаймын елге келемеж.
Сенен қорқар мен емес,

Ерлігім сенен кем емес.
Мықты болсаң, тартып ал,
Қази, саған бермедім.
Әбірейлі мар жолынан,

Алтын туын көтеріп,
Тастамады қолынан.
Атайын деп бір жебе
Суырып алды оғынан.

Екеуі жолға таласып,
Алуға қару таласып,
Достықты осылай бұзады.
Таласып жолға тұрғанда,

Қарасай шауып келеді
Бір уақыт болғанда,
«Өзім барсам, болмас»,—деп,
Қоянақ қартқа келеді.

Келе сөйлей береді:
«Қол бастауға бола ма?
Көпті көрген көнесің,
Қази менен Әділдің

Таласып жолға тұрғанын
Тапсырамын саған-ай.
Екеуі де ер еді,
Екеуінің біреуі

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Болмаса еді жазым-ай.
Қойеке, жылдам бара гөр,
Ұрыстырмай екеуін,

Тату қылып ала гөр.
Екеуі де көрім-ай,
Бара қойсам қасына,
«Інісіне Қарасай

Болысуға келді»,—дер,
Досымның келер көңліне.
Көпті көрген сен едің,
Сен ақылға кен едің.

Ақылменен, Қойеке,
Тату қылып жібер деп
Тапсырып тұрмын өзіңе-ай».
Мұны естіп Қоянақ,

Боз тұлпарға мінеді.
Қази менен Әділің
Табан жолға таласып,
Ұрысайын деп тұр еді.

Қартың жетіп келеді,
Алдындағы Әділге
Келе сөйлей берді:
«Қырық мың қолға бас Әділ,

Табан жолға таласып,
Досыңменен, алжасып,
Болып тұрсың қас, Әділ.
Асыл туған Әділім,

Әр жерге кетті дабылың.
Ешкім өлшеу қыла алмас
Алланың берген бағына.
Қырық мың әскер қолда еді,

Жол бастаған сен едің.
«Жол менікі»,—дегенің
Сенікі де жөн,—деді.
Жөн болса да, досыңа

Жолыңды, Әділ, бер,—деді.
Басыңа қиын іс түссе,
Пайдасы тиер ер»,—деді.
20–165

батырлар  жыры
Әділді сөзбен тоқтатып,
Қазиға жетіп келеді.
Келе сөйлей береді:

—Орақтың ұлы—ер Қази,

Жолды берді саған-ай.
Арғы атаңды сұрасам,
Баба түкті шашты Әзиз
Әулие шайық пірі еді.

Содан туған Едіге
Кереметті ер еді,
Қарауыл тұрған жол еді.
Сенің атаң—хан Орақ

Едіге ердің соңы еді.
«Қарсы келген хандарды
Тай-құлындай шыңғыртып,
Басын кесті»,— деп еді.

Атаң—Орақ өлген соң,
«Жол менікі»,—дегенің,
Сенікі де жөн еді.
Жолыңды алдың, ер Қази,

Жолың болсын!—деп еді.
Ашуыңды тастап, ер Қази,
Досыңмен тату бол,—деді.
Орақтың ұлы—ер Қази,

Сен де бер маған жолыңды,
Кел, соңымнан ер,—деді.
Қырық мың әскер қолыңды
Ертіп алып кейініңнен

Қызылбасқа жүр,—деді.
Тас өткелдің аузына
Қолыңды бастап кір»,—деді.
Қази қатаң ер еді,

Сөзін мақұл көреді,
«Ақылға түпсіз»,—дер еді.
Досыменен көрісіп,
Өзінше кектемеді.

Татуласып досымен,
Қайта қолын береді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Әлқисса, екі батырды ұрыспайтындай қылып қайтадан
көрістіріп, дос қылды. Енді қырық мың әскерді үшке бөліп,
он төрт мың қолға бас болып Қарасай, Қази кетеді. Он үш мың

қолға бас болып ер Әділ жалғыз аяқ тар жолға түсіп кетеді. Он
үш мың қолға бас болып Ахмет тас өткелге түсіп, жолда тұрып
қалады. Жас Әділ жалғыз аяқ тар жолға түсіп, жүре тұрсын,
енді жолдың ортасында тұрып қалған Ахметтен хабар берей­

ін. Ахмет батыр айла етіп, тар жолға түспей, қайтады. Тар
жолға түспей, әскерлеріне толғап тұрған құсайды. Қарасай,
Қази тас өткелден өтеді. Қазбан деген қалаға бұлар барып же­
теді. Қазбанды шауып алғасын, алты күн жатып, сонда болады,

Қызылбаспен ұрысып, Ахмет шауып кетеді.
Қамауда қалған ер Әділ,
Бұған не амал етеді?
Жолдан шығып бұрылса,

Сорға түсіп кетеді.
Қызылбас жауы көп еді,
Өзіне жол мәлім-ді.
Қара таспен бастырып,

Қиын салған жер еді.
Сегіз жерден ту алып,
Әділді көріп қуанып,
Шығар аузын бөгеді.

Келе жатып ер Әділ,
Аңдып тұрған алдында
Көп дұшпанды көреді.
«Жайсыз жерге келдім,—деп,

Не болса да, көндім»,—деп,
Қарсы жүріп келеді.
Бұрылса, түсіп кететін
Екі жағы сор еді.

Жүретін жолын жөндетіп,
Ізіне амал етеді.
Түсе қалып атынан,
Табанын жауға тіреді.

«Жеті қайып пірі» еді,
Сол күндері Әділдің
Пірі есінде жоқ еді.

батырлар  жыры
Жеті жаста жолданған,
Оқ атып өзі үйренген,
Жүрегі тастан жаралған,

Бір өзін мыңға балаған,
Жеке туған ер еді.
Ер Сүлеймен дейтұғын
Жан жолдасы сол еді.

Екі жерден оқ атып,
Қиратып жауды жүреді.
Кіші бесін болғанда,
Атысып жаумен тұрғанда,

Ер Сүлеймен оққа ұшып,
Қайтыс болды дүниеден.
Досы оққа ұшқан соң,
Атыса берді бір өзі.

Қасындағы көп әскер
Енді өлерін біледі.
Жүрген жері батпақ сор,
Әскері жаман жүдеді.

Күн кеш болып барады,
Қызылбас жауы қамады.
Ер Әділдің әскерін
Жолдан сыртқа шығармай,

Жолдың аузын алады.
Ер Әділдің басына
Ақыр заман салады.
Атысып тұрған Әділдің

Ортасынан сырт етіп
Саржасы сынады,
Бармағын тістеп, жылады.
Атынан түсе, шаршау жоқ,

Енді не амал қылады?
Сондағы тапқан амалы:
Тұлпарына мінеді,
Қылышты Әділ сермеді,

Қызылбасқа шабады.
Көзі жауды көрмеді.
Жалғыз өзі ұрысып,
Әскерін жауға бермеді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Таусылатын жау емес,
Толып жатыр өлгені.
Қабат-қабат әскерге

Әділ шауып кіреді.
Кейін қайтып шығуға
Терең батпақ сор еді,
Бір жағы терең көл еді.

Көлге жалғас жатырған
Алты қабат ор еді,
Жолын алып тұр еді,
Әскерін көріп жүр еді.

Жалғыз өзі ұрысып,
Алдырмай жауға тұр еді.
Ақ шалмалы пірәдар
Ер Әділдің пірі еді.

Жеті пірінің ішінде
Кереметі зор еді.
Сол күндері Әділдің
Пірі есінде жоқ еді.

Пірінен жәрдем сұрамай,
Күшіне сеніп жүр еді.
Ескен желдей гуледі,
Жан базары құрылды.

Әділдің жүрген жерінде
Көп Қызылбас қырылды.
Жалғыз аяқ тар жолда
Ұрысып жүріп, бұрылды.

Астындағы тұлпардың
Тайып кетіп табаны,
Батпақ сорға жығылды.
Батпақ сордың ішінен

Боз тұлпардың күшімен
Шығайын деп, ұрынды.
Шыққан сайын түседі,
Бауырлап сорды кешеді.

Сонымен жүргенде,
Болдырмай тұлпар не қылсын?!
Жазылып сауаш сала алмай,
Діңкесі ердің кетеді.

батырлар  жыры
Күн батуға таянды,
Аты қалды жарамай.
Қас қарайып, түн болды,

Алды болды қараңғы.
Атқа басып қамшыны,
Маңдайдан тері ағады,
Тұлпарды шауып қарады,

Атынан көңлі қалады.
Әділ мінген қызыл ат
Әбден қайрат қылады,
Шабысынан танады.

Келіспеді бұл сапар
Ер Әділдің талабы.
Жалғыздық түсіп басына,
Ер Әділ сонда жылады.

—Арманы күшті ерлердің

Бармағын тістеп өлгені,
Асудан асып, жол жүрсе,
Алты айшылық жол жүрсе,
Белгісіз тұлпар мінгенім.

Жалғыз да болсам атадан,
Сапар шегіп жүргенім.
Атадан бірге тумаса,
Жақын деп жауға сенгені.

Болса да күшті ер Әділ,
Одан көресіні көреді.
Жазылысып шаба алмай,
Арманда болып кетеді,

Тұлпар атым болдырды,
Атты кімнен мінейін?!
Жалғыздық түсіп басыма.
Кімнен көмек сұрайын?!

Туысқан, аға менде жоқ.
Аға түгіл, іні жоқ.
Ізі кімге сенейін?!
Жалғыздықтан мінім жоқ,

Құдай жалғыз жаратты,
Бұған қылар амал жоқ.
Ар-намысты тастайын,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Енді аяққа баспайын.
Екі досым болмаса,
Жалғыз туған қасқамын.

Аламанды алдырып,
Басымды алып қашпайын.
Тазадан тұлпар мінейін,
Халіме қайта келейін,

Қамаған жауды көрейін.
Қамалып тұрған әскердің
Жолын ашып берейін.
Бара алмасам, алдымен

Ұрысып өзім өлейін»,—
Деді дағы, ер Әділ
Атына қамшы басады.
Ат болдырып, шаба алмай,

Айналасын Әділдің
Қызылбас жауы қамады.
Адасқанын білген соң,
Ұстайын деп қамады.

Сол уақыттары болғанда,
Әділ жылап тұрғанда,
«Сапарым менің оңбады,
Басыма бақыт қонбады.

Дәулетім тайып басымнан,
Жолдасымнан айрылып,
Болмаған соң туысқан,
Тастап жауға дос кетті.

«Әділ жауда қалды»,—деп
Әрбір жаққа даңқ кетті.
Кетті демей не дейін?!
Тұлпарымнан әл кетті,—

Деді дағы, ер Әділ
Астындағы Қызылға
Бес-алты ауыз сөз айтты.
Шауып келіп жолменен

Алты қатар қандекте
Астындағы Қызылға:
«Шүу, жануар, қарғы!»— деп,
Қамшысын ұрды сауырға.

батырлар  жыры
Жануар тұлпар қызыл ат,
Жал-құйрығы ұзын ат
Алты қатар қандектен

Оқ жыландай қарғып өтіп барады.
Сонда Әділ сөйлейді:
Қыласың мені мат, тұлпарым,
Менің атым—сен,—деді,

Сенің ерің-мен,—деді.
Алты қатар қандектен,
Атым, сені қарғытсам,
Болар ма екен себебі?»

Деді дағы атына,
Екі көзін ер Әділ
Шарта жұмып алады.
Қамшы ұрып қызылға,

Орға айдап салады.
Қамшы тиген жерінен
Қан сорғалап ағады.
Жауға барса, амал жоқ,

Қызыл ат қарғып барады.
Алты қатар қандектен
Пырылдап қарғып барады.
Болдырып жүрген жануар

Адымын қысқа жазады.
Төрт қабат ордан кідірмей,
Бұдан да аман өтеді.
Бесінші орға жетеді,

Бұдан да қарғып өтеді.
Алтыншы орға келгенде,
Ордан қарғи бергенде,
Сүрініп кетіп тұяғы,

Тайып кетіп аяғы,
Орға барып түседі.
Әділдің екі бөксесі
Орға түсіп кетеді.

Өмілдірік үзіліп,
Еріменен жығылып,
Әділ орға түскен соң,
Әділді тастап қызыл ат,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Омақатып жығылды,
Ордан шығып барады.
Қол бастаған ер Әділ

Жалғыз өзі, шырқырап
Орға түсіп қалады.
Түскенін ешкім көрмеді,
Қарасай, Қази білмеді.

Енді мұны қандектен
Кім шығарып алады?
Ер Әділдің қолын Қызылбас
Қамап ұстап алады.

Бір парасын бұлардың
Тірілей ұстап алады.
Қарасай, Қази—қос батыр
Қазбан деген қаланы

Алты күнде алады.
Олжалап жесір-мал алып,
Алды малға толады.
Дербент деген—зор қала,

Бұл қаланы байқады.
Дербентте әскер көп еді,
Қаласы мықты зор еді.
«Әділге аман қосылсақ,

Алармыз»,—деп келеді.
Әділдің орға түскенін
Қарасай, Қази білмеді.
Тас өткелге келеді,

Әділге ерген әскердің
Қырылғанын көреді.
Жоқ болғанын Әділдің
Екі досы біледі.

Досын жоқтап ер Қази
Қарасайға сөйледі:

—Қарасай аға, туғаным,

Білдің бе Құдай ұрғанын,
Дұшпанның көңлі тынғанын,
Достың белі сынғанын,
Хабар алмай досыңнан,

Қырымды құдай алғанын?!

батырлар  жыры
Шұбар атқа мінейін,
Жауда қалған досыңның
Өлі-тірісін білейін,

Өлмесе, тауып келейін.
Досымды іздеп келмесем,
Өлі-тірісін білмесем,
Түнде мақшар күнде

Жүзін не қып көрейін!
Қырымға қайтып барғанда,
Шешесі сұрап тұрғанда,
Не деп жауап беремін?

«Өлді» деп, күдер үзбейін,
Аман болса, келермін,
Қазам жетсе, өлермін.
Жазатайым іс болса,

Ақыретте көрермін.
Қарасай сонда сөйлейді:

—Ай, Қазижан, туғаным,

Сен едің менің қорғаным.
Сені жалғыз жіберіп,
Көңлім менің көншімес.
Алдында биік тауы бар,

Таудан биік жауы бар,
Қырғанмен, таусылмас,
Көрмеген жауың тағы бар.
Қара тауға баралы,

Жау қамалын алалы.
Құдай берсе талапты,
Сонда жаудан алармыз—
Жалғыз аяқ тар жолды

Содан әрман шығатын.
Жауда қалған досыңды
Сонда іздеп табайық.—
Деді дағы, Қарасай

Қазиды ұстап жібермей,
Жетегіне алады.
Қара таудың басына
Бұ да кетіп барады.

Үш күншілік жолды алды,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Тынбастан жүріп келеді.
Намаздыгер кезінде
Жау қарасын көреді.

Қарасай сонда сөйлейді:

—Ау, Қазижан, қарағым!

Табайық таудың бұлағын.
Суға қанып алған соң,
Бұзайық жаудың қамалын.
Жатқан жауды көрдің бе,

Табан жолға келдің бе,
«Осы жолдан өтер»,—деп,
Жатқанын жаудың көрдің бе?!
Жау екен мықты, қауіпті,

Жолдың аузын алыпты.
Жалғыз аяқ тар жолды
Бізден бұрын алыпты.
Ұясына қамалып,

Қас қарайып, күн батсын,
Қаласына жау жатсын.
Қызылбасқа тигенде,
Қызығына тау батсын.

Атаның туын алайық,
Екі жерден екеуіміз
«Орақ!»—деп ұран салайық.
«Орақ!» деген дауыспен

Қара тауды жарайық.
Жолда жатқан әскердің
Құлағына барсын-ай.
«Қарасайдың қолы!»—деп,

Дұшпан қашсын, сасып-ай.
Қаланың ішін жусатып,
Қызылбас кетсін қашып-ай.
Жаудың құрып амалы,

Тайғанасын оның табаны.
Қашып бұлар түнімен,
Тайғанаса табаны,
Таудан шыққан айғайға

Тастап қашар қаланы.
Таң атқанша қаланы

батырлар  жыры
Ұрыспай, тартып алармыз.
Екі батыр кеңесіп,
Әскерді бөлді екіге.

Түнде барып тиюге
Қаруын алды бөлісіп.
Көтеріп туын, бұлғады,
Қази тұрып, толғады:

«Қас қарйып, күн батты.
Қарасай аға, сенімен
Айрылысарлық күн жетті.
Жауға жалғыз тимеген,

Жау әдісін білмеген,
Ысылмаған мен бе едім?!
Маған серік сен едің,
«Екеуіміз бірге жүргенде,

Жауды алармыз»,—деп едім.
Енді айрылар күн болды,
Екі талай сын болды.
Құлағың салып жүргейсің.

«Қази қайда?»—дегенде,
Мен қалатын күн болса,
Шақырамын: «Аға!»—деп,
Сонда, аға, келгейсің.

Сен қалатын күн болса,
Шақыруға арсынба,
«Қазижан!»—деп шақырсаң,
Қайдан да болса, табармын.

«Бауырым!»—деп, ат қойып,
Болсаң да қайдан, табармын,
Айырып жаудан алармын,—
Деді дағы, екеуі

Айырылысып кетеді.
Көтеріп алған жасыл ту
Масаладай жанады.
Күн батыстан Қарасай,

Күн шығыстан ер Қази
«Орақ!»—деп айқай салады,
«Орақ!» деген даусымен
Жер-дүниені жарады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қалада жатқан әскердің
Құлағына барады.
«Қарасай, Қази келді!—деп,

Екі жақтан тиді,—деп,
Қаладан шығып кетпесек,
Бізге тиер бүлік,— деп,
Келсе бізді қоймас деп,

Бұл жерде тұрып, болмас»,—деп,
Тауды тастап Қызылбас,
Қайтқан екен қалаға.
Орта жолдан екеуі,

Жолығады далада,
Қалаға теріп шығады.
Қызылбастың ішінен
Әділ досын қарады.

Ұстап алып бір Қызылбасты,
«Тауып бер»,—деп қинады.
Найзасы түспей қолынан,
Жұлдызы туды қырынан,

Тумады жұлдыз оңынан,
Екі батыр терледі.
Қарулары жарқылдап,
Тебінгісі сартылдап,

Қырып-жойып келеді,
Қызылбасты алқынтып.
Таяныпты сол кезде,
Жау қолына жақындап.

Досын іздеп таба алмай,
Басын салды ордаға-ай,
Қанын түйді қалтаға-ай.
Ердің соңы болғасын,

Бұлар жаудан қорқама-ай,
Қызылбасқа жабылды,
Досын іздеп қарады.
Соңғы ұрыс зор болды,

Көргендер қайран қалады.
Қараңғы тұман, шаң болды,
Қала өртеніп, жанады.
Алты күнгі соғыста

батырлар  жыры
Ат жығылып, қан төкті
Жауда Әділ шын қалды.
Енді алмаған не қалды?

Қази менен Қарасай
Әділ досын таба алмай,
Қызыл қанға боялды.
Алты күндей соғыста

Ат жығылып, қан төкті.
Жауда Әділ ер қалды?
Ізі өлмеген не қалды?
Қази менен Қарасай

Әділ досын таба алмай,
Кеткенін қайда біле алмай,
«Әділмісің сен?»—деді,
Бір қызылбасты танымай.

Қорыққанынан Қызылбас:
«Әділ досың—мен»,—деді.
«Әділ болсаң сен,—деді,
«Кел, артыма мін»,—деді.

Қылшықтары сабаудай
Бір Қызылбас екені
Белгілі болды батырға.

—Өлер жерің—осы!—деп,

Сенің өзің бол,—дейді.
Әділ досын екеуі
Алты күндей іздейді.
«Табылар,—деп,—бір жерден»,

Әлі де күдер үзбеді.
Екі тұлпар жануар,
Сүйегі қызып, ойнайды,
Секіреді қояндай,

Салды соғыс аянбай.
Таусылатын жау емес,
Жау жаралы, тынар-ай.
Алты күнгі соғыста

Жарадар болды Қарасай.
Аяқ-аяқ қан құсып ішінен,
Шыбын жаннан баз кешіп,
Тұрған екен таба алмай:

қаРаСАй,  ҚАЗИ
«Шырағым—Қази қайда?—деп,
Жаудан жаман найза жеп,
Найзасына таянып,

Тұрған екен шырқырап.
«Қайда кетті көкем?»—деп,
Жүр екен Қази таба алмай.
Зарлап тұрған ағасын

Сонда көзі көреді.
Шұбар атын қамшылап,
Маңдайдан тері тамшылап,
«Бауырым!»—деп шабады,

Жетіп келді қасына,
Болады Қази қасында-ай.
«Жауға қайрап көрейін,
Шығар ма екен асыл-ай,

Асыл ердің соңы еді.
«Жамансың!»—деп қыздырсам,
Көтерер ме екен басын-ай?
Жанына тиіп, қайрасам,

Түзеліп батыр кетер ме?
Етіне түскен жарасын
Ауырсынбай кетер ме?
Қолтығынан сүйесем,

Бір жағынан демесем,
Тау басына жетер ме?»—
Деді дағы, ер Қази
Қази жетіп келеді.

Қамап тұрған Қызылбас
Қазидан қашып кетеді.
Қан құсып тұрған ағасы
Қазиды сонда көреді.

Жараны Қази көрген соң,
Көзінің жасын тыяды.
Не қып тұрсың аға?—деп,
Қызылбастан жапа жеп.

Кейіп сөйлей береді.
Не қып тұрсың, Қарасай?!
Батып тұр ма жаныңа
Жаудың салған жарасы?

батырлар  жыры
Жауға сырын алдырмас,
Жетпесе ердің қазасы.
Апта болса, көр болар

Санасыз ердің сазасы-ай.
Шыдамсыз болып жараға,
Мұнша неге кем болдың?!
Екеуміз де, ағеке-ау,

Әкесінің баласы.
Осындайда ашылар
Жақсы менен жаманның—
Екеуінің арасы-ай.

Атадан бірге туса да,
Қылыш тисе күрт тиіп,
Найза тисе мерт тиіп,
Жасық болып атадан,

Туыпсың жасық, шамасы-ай.
Айтушы еді анам-ай,
Ана сыншы балаға-ай,
Атадан бірге туса да

Бәрі бірдей бола ма?!
Атамыз—Орақ ер еді.
Ақылға атам кен еді.
«Қарасай адам болмас»,—деп,

Атамыз сондай деп еді.
«Қази жауға кеткенде,
Жауы қашар»,—деп еді.
«Қарасайды туғанда,

Есірдің қара тасына
Жерік болды»,—деп еді.
Сол себепті нашарсың,
«Кеш болып туған»,—деп еді.

Қарасай сонда сөйлейді:

—Шырағым, қалқам, Қазижан!

Омыртқыдан он жара,
Қабыртқадан қырық найза
Түніменен тұрғанда,
Мені қорғап жүргенде,

Өзің түсіп қаларсың,
Жауда қалған ағаңды

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бұл дүниеден таппассың,
Ақыретте табарсың.
Қарасай, қандай ер еді,

Жанынан үміт үзеді!
Үміт үзбей, не қылсын?
Жарасы мыңдай бар еді,
Қайғыны жаман шегеді.

Ағасының жарадан
Қуатының кеткенін,
Жараны көріп, біледі.
Келіп, басын сүйеді,

Қолтығынан қол салып.
Осындайда болмаса,
Жақынды неге тілейді.
Туысқанның себебі:

Тар жерде тиер көмегі.
Туғаны жоқ жалғыздың
Жауда қалар сүйегі.
Қарасайды қалдырмай,

Қази сүйеп келеді.
Жараға көзін салады,
Қаны судай ағады.
Ағасын сүйеп, жетелеп,

Жаудан алып шығады.
Жаудан шығып, аяңдап,
Айдын көлге келеді.
Ағасының жарасын,

Көлде жатып, бағады.
Ақ дәрісін аюдың
Жарасына жағады.
Он күн бағып жарасын,

Жазып әбден алады.
Енді қайтып бара алмай,
Арманда болып екеуі,
Қайтып кетіп барады.

Әділ досы шырқырап
Баяғы орда қалады.
Бұны көрген ешкім жоқ,
Кім шығарып алады?

21–165

батырлар  жыры
Әлқисса, енді Қызылбастан ер Қази, ағасын қалдырмай,
өздерін алдырмай, Қарасай жаралы болып ағайынды екеуі елі­
не қайтқан соң, Қызылбастар да еліне қайтады. Тас өткелге

барғанда, ер Әділдің қырылып өлген адамынан қалған олжасын
тереді. Теріп жүріп орда жатқан ер Әділді көреді. Қасына кел­
се, ызлулығынан ордың ішіне сәуле түсіп тұр екен. Қызылбас
Әділді көріп, қызығып, шығарып алады. Әділ қорамсақпен

біразын қырып, ұстатпай жүреді. Әділдің түскен орына көп
Қызылбас келеді. Орды жарық етіп тұрған Әділді көреді. Әділді
көрген Қызылбас Қарғасаның қолы еді. Қарғасаның батыры
бәрінен де зор еді. Үш бөлініп, үш жерден соғыс қылып жүреді.

Көп олжаға тап болды. Көп Қызылбас таласып, орға төніп тұр
еді. Бірінен бірі қызғанып, «Мен ұстаймын» десе де, ер Әділ
Қызылбастың үстіне топырақ шашады. Қолына түскенін жібер­
мей, жолбарыстай басады. Ұстай алмай, Қызылбас ордан шыға

қашады. Оң келгенін оқ атып, сол келгенін сол атып, терең
ордың ішінде сала берді соғысты.
Қасына жақын келе алмай,
Қызылбас жауы қамады.

Жүгіріп жүріп ер Әділ,
Қолына кесек алады.
Қашып тұрған жауына
Жіберіп келіп қалады.

Ордан қуып шығарып,
Бірінің басын жарады.
Ұстай алмай қызылбас,
Бір бәлеге қалады.

Көп қызылбас кеңесіп,
Бір айланы табады.
Қолдарына Қызылбас
Бір-бір белден алады.

Топырақты құлатып,
Төбесіне құяды.
Топырақпен бастырып,
Әділді ұстап алады.

Мықтылығын білген соң,
Екі қолын артына
Қайырып, мықтап байлайды.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Колотка салып мойнына,
Ордан алып шығады.
Қолға түскен ер Әділ,

Екі қолы байлаулы,
Енді не амал қылады?!
Қолға түсіп, қор болып,
Көзі жайнап тұрады.

Қарап тұрған қызылбас
Әділден жауап сұрады:

—Орға түскен сен бала,

Шыныңды айтшы, бейшара.
Жіберің мені босатып,
Бұл не деген шер еді?
Әрбір шерің зор еді.

Шердің соңы—Едіге—
Ол келмеген жер еді.
Орақ, Мамай, Қобыланды—
Бұлар келмеген жер еді.

Спандияр, Тұлқұл—
Бұл келмеген жер еді.
Он екі ханның елі едік
Әр патшадан зор едік.

Аттап келген жеріме,
Бұның бүлік салған жеріме,
Жылатқан қатын-баламды
Қазина, дүкен, қаламды

Шауып кеткен әскердің
Қолбасшысы кім еді?
Сонда Әділ сөйлейді:

—Қамап тұрған қызылбас,

Қолыңа түсті біздің бас.
«Аяқ-қолымды босатып,
Жібер»,—деп, саған жалынбас,
Аяғыңа бас ұрмас.

Менің атым—Әділ,
Қорқып, атын жасырмас.
Жасырғанмен бола ма?
Жалынбаймын саған-ай!

«Жалғыз аяқ жолменен,

батырлар  жыры
Салайық,—деп,—ұрысты»,
Үш бөлініп, үш жерден
Тиіп едік қалаңа-ай.

Алдың толған көп әскер,
Қарасай, Қази—қос батыр
Қазбан деген қалаңды
Алған шауып бұл күнде-ай.

Екінші әскер мен едім,
Жалғыз аяқ тар жолға
Түскенімде, қызылбас
Ортаға алды қаумалап,

Қамап алдың қолымды.
Қосымды қорғап тұрғанда,
Ортасынан сарт етіп
Садағым екіге бөлінді.

Тұлпарым орға жығылды,
Секіріп шыға бергенде.
Өмілдірік үзіліп,
Сыпырылып мен түстім

Қараңғы ордың ішіне,
Таба алмадым жолымды.
Қыдырып жүріп қызылбас,
Мені көріп, жиылдың.

«Ұстаймын»,—деп тұрғанда,
Талайың тағы қырылдың.
«Ұстаймын»,—деп тағы да,
Орға түсіп қызылбас,

Ақыл тауып тағы да,
Қазған ордың ішіне
Топырақты суырдың.
Топырақты суырып,

Көрсетпедің көзіме.
Топырақпен толтырып,
Ұстап алдың өзімді.
Атаңа нәлет, қызылбас,

Білгенің болса, аянба.
Енді саған бір күні
Көрсетермін көрімді,
Жеткізермін өлімді,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Босатсаң, Құдай, қолымды.
Менің жөнімді сұрасаң,
Қырық мың әскер ханы едім.

«Қызылбасты қиратып,
Жесірін қойдай шұбыртып,
Шауып алам»,—деп едім.
Тұлпарым орға жығылып,

Болмады асыл тілегім.
Өлсем де, өліп кетермін,
Бұл дүниеден өтермін.
Егер өліп кетпесем,

Білгенімді етермін,
Түбі ақыр жетермін.
Қызылбас ханы сөйлейді:

—Қол бастаған сен болсаң,

Әділдігің шын болса,
Мойныңа қамыт ілейін,
Алты арбаны жегейін,
Толтырып тасты тиейін.

Мықтысынған батырдың
Күшін сонда көрейін.
Әділ болсаң сен өзің,
Не қылмадың бізге?!—деп,

Жазаңды сөйтіп берейін.
Осыны айтып қызылбас,
Қолын байлап келеді,
Мойнына қамыт іледі,

Алты арбаны жегеді.
Бір қызылбас мінеді,
Арбаға жеккен өгіздей
Мықтап айдап келеді.

Айдап жүрген қызылбас
Қолына алды көп шыбық,
Әділге болды көп қызық.
Арбаға тасты тиеді,

Алты арбаны ер Әділ
Өгіздей өрге тартады.
Қаһарланып тартқанда,
Үзіледі арқаны.

батырлар  жыры
Арқан қиып арқасын,
Жанына қатты батады.
Қасына жақын келуге

Қызылбас жаман қорқады.
Бұрынғыдай Әділдің
Еркелейтін елі жоқ,
Алты арбасын сүйретіп,

Жолға түсіп, жортады.
Қарасай бұзған қаланы,
Әділге жегіп арбаны,
Алты айда түзеп болады.

Қаланы түзеп алғасын,
Тағы да қастық қылады,
Әділге тезек тергізіп.
Қол-аяғы тұсауда,

Тісімен тезек тергізіп,
Қорлықты әбден көреді.
Бір қызылбас әуелі
Тергізіп тезек жүреді.

Арбаға тиеп тезегін,
Кеш болғанда келеді.
Өліп-талып келгенде,
Және азап береді.

«Сондай азап-қорлықты
Көрем» деген ойда жоқ,
Басқа түссе, амал жоқ.
Және бір жерге айдады,

Азапты сондай сайлады.
Табанына тас тиеп,
Бетін мықтап байлады.
Күні-түні азапта,

Әділдің соры қайнады,
Екі көзі жайнады.
Бұ да қылған Әділге
Қызылбастың қастығы:

Қызылбастың баласы
Қозы-лақтай секіріп,
Басына шығып ойнады.
Қудалап ұстап алуға

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Әділдің оған қолы жоқ,
Жамбастап жатып жайымен,
Қолына түскен баланы

Қашыр-қашыр шайнайды.
Қызылбас та көп екен
Алма деген бір жеміс.
Ол кеші мен бұл кешке

Жарты алма береді.
Қадірін білген жақсылар:
«Қолға түсіп қор болған
Артық туған ер екен

Бұны орай»,—дейді-міс.
Қадірін білмес жамандар:
«Жарты алмаға тоймады,
Бір жаман ғой»,—дейді-міс.

Күні-түні азапта,
Сірә, тыным көрмеді.
Жазы-қысы жылап жүрген сорлы ғой:
«Қырым жақтан келсейші

Ұшып жүрген қарақұс»,—деп.
Ер Әділ азаппен арбасын сүйреп, тезек теріп жүре тұрсын.
Қырымдағы қарындасынан хабар берейін:
Әділ жауға кеткелі

Бірнеше айлар өтеді,
Неше жылдар өтеді.
Жаудан жалғыз келмеді,
Не болғанын білмеді.

Екі мұңдының сәні кетеді,
Бастан билік кетеді.
Омар менен Оспан құл
Малға билік етеді.

Екі нашардың басына
Ақыр заман жетеді.
Тірімісің, ер Әділ?
Екі мұңды нашардың

Қорлығы жоқ көрмеген,
Зәбірі жоқ бермеген,

батырлар  жыры
Тек жаны бар өлмеген.
Қырық мың қолға бас болып
Кеткен Әділ келмеген.

Омар менен Оспан құл
Мал менен басты билеген,
Есіктен төрге өрлеген,
Жүйрігі жоқ мінбеген,

Жорғасы жоқ сүрмеген.
Ер Әділдің барында
Мінбек түгіл жорғасын,
Орынсыз қатты күлмеген.

Құдіреттің күшіне,
Салса, пенде көнбей ме?!
Екі мұңды жыласып,
Төңірекке қараса,

Төбеден түспей, еңіреп,
Еңіремей не қылсын,
Қызылбасқа кеткен жалғыздың,
Не боларын білмеген.

Қызы жылап тұрғанда,
Қызылбастан келе жатқан,
Ұйқы көрмей, түн қатқан
Ауыр әскер қол көрді.

Келе жатқан Әділ жоқ,
Қолды көріп, еңіреді.
«Айналайын, анам-ай!
Маңдайдағы Кәбам-ай!

Бұл келе жатқан әскердің
Ішінде сенің балаң жоқ,
Мен қайтейін, жыламай?!
Жығылғанға ұқсайды

Алтын Сарай, қалаң-ай,
Әділ—жалғыз балаң-ай.
Тапшы қылды Құдайым
Іні менен ағаға-ай.

Қарасай, Қази-досымыз,
Келе жатқан қолда
Олар да жоқ.
Әділ түсіп қалған ғой,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қайырылған шығар соған-ай.
Анадан бесеу туған соң,
Жоқ шығар-ау арманы,

Жолдастары қасында,
Көп жолдастың ішінде
Исаның ұлы Ахмет
Келе жатыр аман-ай.

Көкемнің аман-жаманын,
Алдынан шығып Ахметтің,
Білейін аман-сауын-ай»,—
Деді дағы, Ілия

Екі етегін түрінді,
Аш күзендей бүгілді,
Жүгіре шығып Ахметтің
Алдынан, екі мұңды

Көзінің жасын төгеді.
Ахмет көріп, тұра алмай,
Тұрайын десе, ұялды-ай.
Ахмет кетіп бара жатыр

Атының басын бұра алмай.
Екі мұңды жүгіріп,
Көзінің жасы төгіліп,
Алдынан келіп, оралды.

Қарсы шығып алдынан,
Ілия келіп, сұрады:

—Ахмет—батыр ағамсың,

Басыма қайғы саларсың.
Хабарын айтпай көкемнің,
Қай жаққа кетіп барасың?
Бірге кеткен жолдасың—

Қарасай, Қази—ер қайда?
Оған ерген қол қайда?
Қол бастаған ер Әділ—
Жалғыз көкем—бұл қайда?

Жан жолдасың—бұлар жоқ,
Әскеріңмен аман-сау
Келгеніңмен, не пайда?!
Сендей болып, көкемді

Біз көретін күн қайда?!

батырлар  жыры
«Көкем жалғыз, сен—бесеу.
«Болар ма екен,—деп едім,—
Қысылған жерде қорғаны!»

Ахмет батыр, айтып кет
Көкемнің қайда қалғанын,
Сөйлеме сөздің жалғанын.
Ахмет сонда сөйлейді:

—Көкең аман келеді.

Жыламай, көңлің тола ма?!
Қашан аман келгенше,
Жыламасқа бола ма?!
Көкең аман келеді,

Қосыларсың аман-сау
Кеткен Әділ ағаңа.
Ілияжан, мұңайма,
Сене бер бір Құдайға.

Қарасай, Қази—жолдасы,
Жалғыз емес ер Әділ,
Басшы болып келеді,
Алды толы көп малға,

Олжасын артып көп нарға,
Қызылбасты бүлдіріп,
Дені сау, Әділ келеді,
Хабарым осы білдірген.

Сонда Ілия сөйледі:

—Ахмет, жалған айтасың.

Қиғаштай биік тауды алсаң,
Алып келген олжаң жоқ,
Неге босқа қайтасың?
Жалған неге айтасың,

Сөзбен көңіл делбейсің.
Рас болса айтқаның,
Неге озып келмейсің?!
Сүйіншіге мені алып,

Ахмет, неге сүймейсің?!
Ойлап тұрмын, Ахмет,
Осы сөздің бекерін.
«Қайғымен көңілім өтер,—деп,

Осыдан көкем келмесе,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қарындасы—Ілия
Көрінгеннің қолында
Олжа болып кетер»,—деп,

Ілия еңіреп, толғайды,
Ахметке сенбейді.
Екі мұңды қалады,
Қайғыланып, жылады.

Қарасай мен Қазидың
Жолын тосып тұрады.
Бір күндері болғанда,
Қосарланып қос қара,

Қызылбас жақтан шығады.
Екі мұңды нашардың
Алыстан көзі шалады.
Анасына Ілия

Сонда толғап тұрады:
«Айналайын, анам-ай!
Көрдің бе ана қараны-ай.
Қарасай, Қази секілді

Келе жатқан, анам-ай.
Өздері аман кела жатыр,
Көрінбейді балаң-ай.
Өздері жалғыз болған соң,

Жауға түсіп қалғаны-ай.
Ойлап келіп қарасам,
Жалғыздықтың жаманы-ай.
Қарасай батыр секілді

Қолына қамшы ұстауы,
Көтеріп, аяқ басқаны.
Келе жатыр қасында
Туысқан—Қази—інісі,

Жалғыз туған қасқаны»,—
Деді дағы, бейшара
Зар еңіреп жылады,
Көзінің жасын бұлады,

Қарасай, Қази—батырдың
Жолын тосып тұрады.
Осындай жақын келгенде
Қарындасы Әділдің

батырлар  жыры
Алдынан жылап шығады.
Қарасай, Қази досынан
Әділді жоқтап сұрады.

—Қарасай, Қази—досым-ай!

Дос болғаның осы ма-ай?!
Жалғыз көкем—ер Әділ
Еріп кетті қасыңа-ай.
Жауға тастап досыңды,

Өздерің аман келесің
Лайық па осының,
Айта берің, жасырмай?!
Екі досым сен едің,

Сендер еді сенгенім.
«Екі досым бар болса,
Қалдырмас жауда»,—деп едім.
Не болса да, жасырмай,

Достарым, енді айта бер.
Сонда Қарасай сөйледі:

—Болса да жалғыз, Әділді

Құдайым артық жаратты.
Қырық мың қолға бас болып,
Жолдастарды қуантты.
Әділ аман келеді,

Тәңір оңдап талапты,
Хабарлы бол жолдастан.
Сол уақыттары болғанда,
Қарасай сөйлеп тұрғанда,

Қази сөйлеп, ақырды,
Батыр еді, батылды.
Ағасына Қазидың
Қатты келді ашуы.

Қатты ашуы келген соң,
Ойламады жақынды.

—Ау, Қарасай, не дейсің,

Неге жалған сөйлейсің?!
«Іздеймін,—деп,—Әділді»,
Алты күндей соғыста
Болған едің жарадар,

Жеті жерден жарадар,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бұны неге білмейсің?!
Жаралы болып тұрғанда,
Байлап шыққам беліңді.

Сұрағанда нашары,
Неге айтпадың шыныңды,
Дұрысын айтсаң, болмай ма?!
Ер болған соң, Қарасай,

Ер жігітке тай салып,
Жалған айтқан өлім-ді.
«Әділ досым—жолдасым
Жауда қалды» дегенде,

Жанымды алар,—деп пе едің,
Өзің тастап келген соң,
Оныңменен өлдің бе?!
«Өтірік сөзді айтқанмен,

Мені айтпас», дедің бе?!
Жалған сөзді айтпаймын,
Әділ жауда қалулы,
Басыңнан бақыт таюлы.

Досымды жауға түсіріп,
Осы сапар Құдайым
Қырымды менің алулы.
Дұшпан көңлі тынулы,

Достың көңілі қалулы.
Әділді жауда қалдырып,
Мені Құдай ұрулы.
Үйіңе қара тіге бер,

Әділден үміт үзе бер.
Бір Құданың ісіне,
Не қылса да, көне бер,
Қайғы тонын кие бер.

Әділ мінген жорғаның
Жал-құйрығын үзе бер,
Қайғыменен өте бер,
Күдер үзіп кете бер.

Әділ қалды, біз келдік,
Білгеніңді ете бер,—
Деді дағы, ер Қази
Кете берді жөніне.

батырлар  жыры
Күйінгенмен, күлмек жоқ,
Қазасы жетпей, өлмек жоқ,
Көрге барып, кірмек жоқ,

Ой түбіне жетпек жоқ.
Бір Құдайдың ісіне,
Құдіреттің күшіне,
Не қылса да, амал жоқ.

Екі мұңды бейшара
Жер бауырлап жылады.
Оныменен өлсін бе,
Таусылмаса демдері.

Алты күн жатып, дәм татпай,
«Әділ жауда өлді!»,—деп,
Екеуі де зарлапты-ай.
Екеуі жылап жатқалы

Алты күндей өтеді,
Жетінші күні жетеді.
Қасындағы қызына:
«Тұр, шырағым! Жатпа!—деп,

Шешесі тілек етеді.—
Тұрғын, қызым, тұрғын!—деп,
Алла ісіне көне бер.
Кімге еркелеп жатырсың?!

Қасыңа келіп аймалап:
«Шырағым, тұр!»—деп кім айтар?
Тұрғызатын адам жоқ.
Саған түгіл, шырағым,

Ішімнен шыққан маған жоқ.
Бір Құдайдың ісіне,
Пендеге салса, амал жоқ.
Аға түгіле іні жоқ,

Енді бізге тыным жоқ.
Алты күн жаттық,
Дәм татпай,
Ажалдан бұрын өлмек жоқ.

Ордамызға кірелі,
Хақ ісіне көнелі.
Есіз қалған дүниені
Соның үшін көрелі.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жатқанменен, келе ме?
Тілесем, ием бере ме?
Тұр, шырағым, тұралы!

Ордамызға кірелі.
Жылап жатқан қызына:
«Тұр!»—деп, тілей береді.
Жылап жүрген қызының,

«Тұр шырағым!» дегені,
Құлағына келеді.
Тұрып алып Ілия,
Шешесіне келеді.

Есіз қалған ордаға
Екі мұңды кіреді.
Құдіреттің ісіне
Енді бұлар көнеді.

Омар менен Оспанның
Тілегін Құдай береді.
Әділ жауда қалған соң,
Қуанып, ойнап келеді.

Ілия менен дүниесін
Екі құл иеленіп жүреді.
Екеуінің ниетін
Екі мұңды біледі.

Басында ерік болмады,
Қолы батып, қорлады.
«Ардақтаған Ілияны
Аламыз»,—деп ойлады.

Екеуінің бір жерге
Өмірде басы сыймады.
Көңлі жаман қарайды,
Бір күндері екі құл

Ілияға таласып,
Төбелесті салады.
Бірін-бірі өлтіріп,
Ілияны алмақ болады.

Ал, енді Омар мен Оспан құл Ілияға таласып жүре тұрсын.
Қызылбаста қалған Әділден хабар берейін:

батырлар  жыры
Күндерден күн өтеді,
Айлардан ай өтеді,
Жыл ақылы кетеді.

Іздейтұғын бауыр жоқ,
Жеке туған ер еді.
Алты арбасы мойнында,
Күні-түні азапта,

Жыламай Әділ, не етеді,
Бұрынғы дәуір күн қалды?!
Мүшесінен әл кетіп,
Тек шықпаған жан қалды.

Бұрынғы жедел—бұл қалды,
Бұрынғы ашу, зәр қалды.
Есі кетіп, сандалып,
Тек шықпаған жан қалды.

Пірлері түсіп есіне,
Бір күні жолығып, зарланды:
«Жаратқан жалғыз Құдайым,
Бір өзіңе жылайын!

Тарыққанда, ерлерге,
Келіп, жәрдем бер гөр,
Қайып Ерен, Қырық шілтен!
Көп пірімнің ішінде

Ақ шалмалы пірадар,
Пірім, жәрдем сұрайын.
Пірлерім жәрдем бермесең,
Енді не амал қылайын?!

Басыма түсіп уайым,
Сүйретіп жүрмін алты арба,
Босанып, қайтып шығайын?!
Тас өткелім қолымда,

Бұны қалай бұзайын?!
Апамның айтқан бір сөзі
Жаңа түсті есіме.
Қайырлы Пірім—жеті пір,

Жеті Пірдің ішінде,
Ақ шалмалы пірәдар,
Шарапатың көп еді.
Аңсаған жерде есіңе ал,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Айтып еді кетерде,
Апамның сөзі шын болса,
Ақ шалмалы пірәдар,

Пірлеріме сыйындым.
Апамның айтқан бір сөзі
Жаңа түсті есіме.
Пірден медет болмаса,

Кетті қуат-күшім-ай.
Арба жегіп мойныма,
Жасымды төгіп қойныма,
Тезек теріп келемін.

Құрыдың-ай, қайтемін,
Ақ маржандай тісім-ай!
Ең болмаса, пірлерім,
Берсеңші аян түсіме.

Күтіп жүрмін, Қайтейін
Құдіреттің ісіне-ай!
Табан етім жарылды,
Заманым менің тарылды.

Қолға түсіп, қор болып,
Басымнан бақыт арылды.
Әділ, күтіп, балаңыз,
Тілегім саған, жалынып,

Жер жүзінде бар болып,
Есіткенше бар болып».
Ақ шалмалы пірәдар
Ер Әділдің пірі еді,

Кереметі зор еді.
Анасының тапсырып
Айтқан пірі сол еді.
Есі кетіп Әділдің,

Есіне түспей жүр еді.
Жылағаны осы баланың
Ақ шалмалы пірінің
Құлағына тиеді.

Қысылғанын Әділдің
Енді пірі біледі.
Мәдинаның жолынан,
Пірі құс болды да,

22–165

батырлар  жыры
Ұшып келе береді.
Қанаты—күміс, мойны—мыс,
Мысалы, болды қарақұс.

Кереметті пір болсаң,
Қарақұстай болып ұш.
Бір Құдайдың әрімен,
Қанаты, ұшып, талмады,

Жерге түсіп, қонбады.
Қарақұс болған пір еді,
Әділге ұшып келеді.
Ұшып келген қасына

Қарақұсты көреді.
Көре, сөйлей береді:
«Аспанменен тірескен,
Ақ бұлтпенен күрескен,

Адыра қалғыр Қара тау,
Болып тұрсың маған жау.
Бір қарақұс үстінен
Кеулеп ұшып келеді-ау.

Қасыма келіп қонбақшы,
Тілегім қабыл болсаңшы.
Қабыл болса тілегім,
Осы келген қарақұс,

Қасыма келіп, қонсаңшы.
Қасыма келер күн болса,
Төс қалтамнан, еңкейіп,
Алар едім қағазды.

Тісімменен Қырымға
Жазар едім сәлемді.
Бір жасаған Құдайым,
Осыған себеп болсаңшы!»—

Деді дағы, ер Әділ
Тұрып жылай береді.
Қарақұс емес пірі еді,
Тілемесе тілекті,

Өздері келіп тұр еді.
Пірінен жәрдем болады,
Көңілі нұрға толады.
Төс қалтадан, еңкейіп,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қолына қағаз алады.
Тісіменен тістеді,
Ерніменен күштеді.

Әділ байқұс амалдап
Қырымға қағаз жазады.
Әуелі бастап жазады
Бір Жаратқан Алланы-ай,

Тарылған соң заман-ай,
Себеп болды пірінен.
Екіншілей жазады
Қарындасы Ілияны.

Үшінші және жазады
Ақ сүт берген анасын.
Бара жатыр жазылып
Тісімен жазған қағазы.

Қары бойы хат болды
Әділдің жазған сәлемі.
Тарыққан соң, Әділің,
«Бір Құдай» деп, бастады, қостады.

Көріп, көңлім ұнатты-ау,
Бөтен емес, жаратты-ау.
«Қарасай, Қази—жан досым
Бір іздемей Әділді,

Не қып шыдап жатады-ай,
Екі досыма көп сәлем?!
Тісім болды хат, қалам,
Қимылдауға шама жоқ.

Қарасай, Қази—досым-ай,
Дос болғаның осыма-ай?!
Мені тұтқан қызылбас
Саудаға салды басымды-ай.

Жылағанда, көл болды
Көзден аққан жасым-ай.
Қарасай, Қази—досым-ай!
Сендерді «дос» деп кім айтар?

Осындайда көрініп,
Бір келмедің қасыма-ай!
Екі досым сен бе едің?
«Жауға түсіп қалғанда,

батырлар  жыры
Алып шығар»,—деп едім.
«Досым жауда қалды»,—деп,
Көтеріліп, келмедің.

Келмесең де, достарым,
Сендерден үміт үзбедім.
Үзбесем де, батыр-ау
Елге барып жатыр-ау.

Бір іздемей жатқаның,
Қарасай, Қази—досым-ай,
Қиналды менің басым-ай.
Қызылбастың қолында

Алты арбаны сүйретіп,
Өгіздей жүрмін жегіліп
Қарасай, Қази—досым-ай,
Мұны жаздым, алмай.

Және дұғай сәлем
Он мың санды Ноғай еліне,
Құрбы-құрдас, теңіме.
Жететұғын күн қайда?

Туып-өскен жер қайда?
Алаулаған қызылбас
Жеткізді қиянат басыма-ай.
Қарасай, Қази—досым-ай!

Әр уақытта, ерлерім
Екі досым сау болса,
Жетермін ақыр түбіңе-ай.
Осы күнде, достарым,

Қызылбас ауыз бірледі.
Күні-түні тергеулі,
Қимылдауға әлім жоқ,
Екі қолым сермеулі,

Мойныма шынжыр тағулы.
Жасауыл алып күні-түні,
Бір қызылбас бағулы.
Аяғыма, түн болса,

Тағы шынжыр тағулы.
Мұндайда келмеген,
Достың жайын білмеген,
Екі досым, сендерге

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Менің көңлім қалулы.
Қызылбастың қолында
Әділ азап шегулі,

Жары жасым кемулі.
Қамыт іліп мойныма,
Алты арбаға жегулі.
Арбалап тасты алдырды,

Азап беріп қызылбас,
Айыңды оттай жандырды.
Қарасай бұзған қаланы,
Маған жегіп арбасын,

Зорлап маған, салдырды.
Қаланы салып берген соң,
Тісіммен тезек тергізді,
Талай азап көргізді.

Жетектеп айдап жүргізіп,
Тісіммен тезек тергізіп,
Алты арбаны сүйретіп,
Күн батқан соң келемін.

Ол кеш пенен бұл кешке
Тамағыма беретін
Жарты алма—жегенім.
Басыма Құдай салған соң,

Амалым жоқ, көнемін.
Және бір жерге айдайды,
Алып барып бір жерге,
Тасқа мықтап байлайды.

Содан таң атқанша
Әділдің соры қайнайды.
Қызылбастың баласы
Қозы-лақтай секіріп,

Басыма шығып, ойнайды.
Ұстап алар қолым жоқ,
Екі көзім жайнаулы,
Аузыма түскен баланы

Әділің жатып шайнайды.
Қарасай, Қази—достарым,
Сендер еді сырласым.
Өкпелемей, қайтейін,

батырлар  жыры
«Ақыреттік дос болған.
«Досым»,—десең Әділді,
Бұл азапты қоймассың.

Осы сәлем барған соң,
«Тірі екен!»—деп, жыларсың,
Ақташы ханнан бата алып,
Халыққа бұйрық хат алғын,

Қырымнан әскер жинарсың.
Екі досым сау болса,
Достарым шын болса,
Мен үшін жанды қинарсың.

Осы сәлем барғанша
Екі досым, жатарсың.
Әскер алып Қырымнан,
Қызылбасқа аттанарсың.

Мені жаудан шығарып,
Қарасай, Қази—жан досым
Сол уақыттар мақтансын.
Қырымнан әскер шықпаса,

Өздері атын баптасын.
Екі тұлпар ат алсын,
Азығына малта алсын,
Жібектен қалта алсын,

Тұлпарға балдан жем алсын.
Мен сорлыда туған жоқ,
Екі досым болмаса,
Мені жоқтап кім алсын?!

Қызылбас жақтан тіл алсын!
Және дұғай көп сәлем
Ақ сүт берген анама-ай,
Маңдайдағы Кебама-ай

Қызылбастың қолында
Жүріпті балаң аман-ай.
Аман болсам, көрермін,
Сабыр ет, анам, жыламай.

Рақат пен азапты
Әуел бастан Құдайым
Жазған шығар маған-ай.
Екі қолым байлаулы,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Мойныма ілді арбаны.
Тісіммен тезек теремін,
Құртып қойды дінкені.

Және дұғай көп сәлем,
Емшектесім, қарындасым,
Мен үшін шекпе уайым,
Ілия—жалғыз бауырым!

Айырды сенен Құдайым,
Құдіреттің күшіне—
Бұған не амал қылайын?!
Екі қолым байлаулы

Бұзып қалай шығайын?!
Қапа болма, шырағым,
Тісіммен хат жазып,
Осы—айтқан сәлемім.

Бұдан басқа сөзім жоқ,
Қимылдауға әлім жоқ.
Зарлаған даусым тиеді
Көп қызылбас еліне.

Тапсырылсын еліме
Осы жазған қағазым.
Ұстап жазар қолым жоқ,
Ісім болды тісіммен

Осы хаттан білінер
Аман жүрген балаң-ай.
Әзір аман тұрамыз,
Жәрдем берсе піріміз.

Ағаңды аман көрерсің,
Бір күн туса күніңіз.
Және дұғай көп сәлем
Омар менен Оспанға-ай.

Жамандық етсең, шығарсың
Азат пенен шайтанға-ай.
Тірі болсам, қоймаспын,
Кетсең де шығып аспанға.

Айтып, жаздым сәлемді,
Омар менен Оспанға.
Жылатып, зәбір бермесін
Ілия менен анама.

батырлар  жыры
Алтынды орда үйіме
Ынтықпасын, кірмесін.
Екі бірдей мұңдыға,

Жалынтып, зәбір бермесін.
Кім біледі, өлермін,
Кім біледі, барармын.
Баратын күнім бар болса,

Сонда менен көрерсің,
Қорлықты жаман көрерсің.
Және дұғай сәлемін
Он екі баулы Өзбекке,

Бәрі де жоқ, көнбекке.
Және дұғай көп сәлем,
Үш таңбалы Ноғайлы.
Тәуекел етіп Құдайға,

Екі достым сау болса,
Ісім шығар оңайға.
Және дұғай көп сәлем
Ел билеген бегіме,

Сарық атты піріме.
Ал, қарақұс, жануар,
Ұлықсат бердім мәңгіге.
Осы жазған қағазды

Тапсырғайсың еліме.
Қарақұс емес, пірі еді,
Қағазға қарап тұрады.
Тіспен жазып болған соң,

Қары бойы қағазды
Қанатына қыстырып,
Қарақұс ұшып жөнеді.
Құдайға Әділ жылады,

Тілегі қабыл болады.
Қырымға қағаз жіберіп,
Әділдің көңлі тынады.
Кеш болған соң, ер Әділ

Алты арбаны сүйретіп,
Қаласына барады.
Айдап жүрген қызылбас:
«Осындай нәрсе көрдім»,—деп,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ханға хабар береді.
«Хат келіпті»,—демеймін,
Өлтіруге Әділді

Ханы бұйрық береді.
Атса, мылтық өтпеді,
Шапса, қылыш өтпеді,
Отқа салса, күймеді,

Суға салса, батпады.
Пірінен себеп болған соң,
Дерегімен Құдай сақтады.
«Өлтіремін»,—десе де,

Қызылбас амал таппады.
Іздеп жатқан амалы,
Амалының жаманы:
Жеті қабат зынданға

Шықпастай етіп тастады.
Әлқисса, Әділ бала зынданда жата тұрсын. Қырымға ұшып
кеткен қара-құстан хабар берейін:
Қарақұс ұшып жөнелді,

Бұл құстың тегін сұрасаң,
Қарақұс емес, пірі еді.
Қырым деген қалаға
Қарақұс ұшып келеді.

Екі мұңды бейшара
Отырған жылап күні еді.
Жыламай, не қып жатады,
Көреді зәбір, жапаны?!

Жалғызының қайғысы
Жанына мықтап батады.
Бір уақыттар болғанда,
Таң сарғайып атады.

Екі мұңды егіліп,
Көзінің жасы төгіліп,
Аш күзендей бүгіліп,
Жылап жатқан мұңдының

Ісін құдай қалады.
Бір қарақұс аспаннан

батырлар  жыры
Ұшып келіп, қонады.
Қанатына қыстырып,
Үстіне келіп түседі.

Әділдің берген қағазын
Бәйбіше қолына алады.
Аспаннан келген қарақұс
Тастап, ұшып барады.

Әділдің берген қағазын
Ашып, оқып қарады.
Хатты оқып қараса,
Өзінің жалғыз баласы—

Әділдің жазған қағазы.
Екі мұңды қуанып,
Жүректері жарылып,
Жылағандарын қояды.

Жауда қалған Әділдің
Көргендей жүзін болады.
Қайта жанды мұңдының
Өшіп қалған шырағы.

Хатты алып, қараса,
Жауға түскен Әділдің
Тірі екенін біледі.
Қарасай мен Қазидың

Аулына қарай ат салады.
Қарасай, Қази ер еді,
Жауда қалған досының
Тірі екенін біледі.

Досының жазған қағазын
Қарасайға береді.
Әділдің жазған қағазын
Ашып, оқып қараса,

Жауға түскен Әділдің
Тірі екенін біледі.
Сонда Қази сөйлейді,
Сөйлегенде, не дейді?

«Бүгін өлсем, ризамын!
Бір шыбындай жанымды
Досыма құрбан қылайын!
Досым үшін өмірді

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сарп етуге тұрайын!
Қаріптер, қайта жүре бер,
Қызық дәурен сүре бер,

Ордаңа барып, кіре бер.
Құдай тілек берген соң,
Ашылып, ойнап жүре бер.
Өлсем, өліп кетермін,

Досым үшін күйермін.
Егер өліп кетпесем,
Енді тұрман бұл жақта,
Әділді қойман азапта.

Қызылбасқа жүрелік,
Қарасай аға, мін атқа.
Көңілдерді хош етіп,
Қайта бер, ханым, үй жаққа

Қасыңдағы қызыңды,
Қайғыра беріп, жылатпа.
Қарасай-Қази Байбикеш ханымды, жылағанын қойдырып,
ордасына қайтарып қоя береді. Жатпай-тұрмай, досын іздеуді

талап етеді.
Екі мұңды қуантып көңілдерін,
Жұбатып, қызылбастың еліне,
Әділдің жатқан жеріне

Аттануға қош етіп,
Екеуі атқа мінеді.
«Іздейін,—деп,—Әділді»,
Ханынан жауап сұрады.

«Қырымға Әділ келуге,
Бұрын барған жеріне
«Қырыламыз»,—деп бармады.
Достан хабар келген соң,

Қарасай, Қази тұрмады.
«Қиғаш деген—биік тау.
Қызылбас деген—мықты жау.
Оған барса, аттанып,

Келе алмайсың аман-сау.
Қарасай-Қази—екеуің,

батырлар  жыры
Бізден күдер үзе бер,
Бара алмаспыз біз,—деді.
Қызылбастан өлгенше,

Өзің бізді көм,—деді.
Сонда Қази сөйледі,
Ашуы келіп, долданып,
Шамырқанды, шамданып,

Мұздай темір құрсанды,
Орақтың туын қолға алып,
Қырымнан көмек сұраған
Ағасына оқталып,

Сонда Қази толғады:

—Ал, Қарасай, оңбағыр!

Неге тудың, құрымағыр?!
Көп жаманға жалынып,
Не қып тұрсың, оңбағыр?!
Туғаның сенің осы ма,

Кетейін өзім досыма?!
Жамандарға жалынып,
Не қып бардың қасына.
Жалынғанмен, көп жаман

Келе ме сенің қасыңа?!
Жалғыз аяқ тар жолға
Қамағанда Қызылбас,
Көрінген жоқ па осылай?!

Жалынғанша жаманға,
Тұлпар атты тағала,
Мұзға тисе, таймайтын,
Тасқа тисе, сынбайтын

Болаттан таға қағалы.
Қырымнан көмек сұрамай,
Ағайынды екеуіміз
Қызылбасқа баралы.

Сапарды Құдай оңғарса,
Атаң—Орақ жар болса,
Шығарып жаудан алалы.
Осы сапар алармын

Дербент деген қаланы.
Қызылбасты қиратып,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Барып оны біз алсақ,
Атамның бітер арманы,
Осылай деп ер Қази,

Қарасайға толғады.
Қарасай мұны тыңдады,
Қырымнан әскер алмады,
Жаманға бұйым салмады.

Қарасай, Қази—екеуі
Еліне кетіп барады.
Елден көмек сұрамай,
Тұлпар атты бағады,

Атының күйін табады.
Тұлпар атқа мінеді,
Баратын жері—Қызылбас,
Алты айшылық жол еді.

Алысқа аңсап шұбарды,
Шырынның суын береді.
«Сауыры күнге күймес» деп,
Мақпалдан жабу жабады.

«Табаны тасқа тиед» деп,
Болаттан таға қағады.
Ат-жарағын сай етіп,
Қызылбасқа жүруге

Даярланып алады.
Арадан күндер өтеді,
Күн дәуірге жетеді.
Қиғаштың биік тауына,

Қызылбастың жауына
Жүруге талап етеді.
Қызылбасқа баруға
Қырым жұрты қорқыпты,

Қырымнан көңілі торықты.
Екі батыр жүреді,
Бара жатып екеуі,
Қарыға келіп жолықты.

Байбикеш ханымға
Келіп, айтады:

—Семіртіп қойын, байласын,

Тарыққан жерде көрмесе,

батырлар  жыры
Құдай дескен досының
Көреді қашан пайдасын?!
Досын іздеп баралы,

Жауға тиіп, алалық
Қарындасым—Ілия
Қызыл гүлдей жайнасын.
Қызыл гүлдің ішінде

Бұлбұлдай болып сайрасын.
Жиырма күннен қалдырмай
Келермін алып ағасын,
Қуандырып анасын.

Сол уақытта анасы
Сүйінші сұрап келгенге
Беретұғын нәрсесін
Осы бастан ойласын.

Арғымақтың аяғын
Жібекпенен тұсасын.
Әділ досын шығарып,
Жаудан қолын босатып,

Екі досы аттанып,
Әділді іздеп барады,
Қолыңды жайып, бата бер,
Дуаң қабыл мүсәпір.

Әділдің жатқан жеріне,
Қызылбастың еліне
Сапар етіп баруға,
Тұтқындағы Әділді

Шығарып жаудан алуға,
Достың естіп хабарын.
Көрген соң сәлем, уағызын,
Тұра ма көңлім, бір бармай?

Сапарды Құдай оңдаса,
Әділді алып келерміз
Жиырма күннен қалдырмай.
Жиырма күннен қалдырсақ,

Алланың ісі болғаны-ай,
Әділ досты ала алмай,
Досыңның жауда қалғаны-ай.
Бұл күннен бастап, санай бер,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сөзімнің болмас жалғаны-ай.
Қызылбасты қиратып,
Бағындырып алайық.

Сонда бітер атаның
Айтып кеткен арманы.
Осылай деп Қарасай
Тұрған екен, шамасы.

Қарасай мен Қазиға
Батасын береді
Ер Әділдің анасы:

—Көңілді болып барың!—деп,

Әділді жаудан алың!—деп,
Тілекті тілеп қалады.
Өзінің келген жолымен,
Белгілеп кеткен жерімен

Екі батыр жөнеді.
Аман-сау жолға келеді,
Күні-түні тынбастан,
Бірде шауып, желеді,

Тау қарасын көреді.
Екі тұлпар жануар
Бауырынан жарады.
Сипап батырлар,

Жал-құйрығын өреді.
Таң сарғайып атқанда,
Жалғыз аяқ жолменен,
Өзі көрген жерменен

Қара таудан құлады.
Күн қызарып шыққанда
Тас өткелге барады.
Бұдан да өтіп барады,

Сәске уақыт болғанда,
Сонда келіп тұрады
Өзі бұзған қалаға.
Қаланы тауып, қараса,

Қызылбас ақыл тауыпты.
Он екі жерден ашылған
Дарбазасын жауыпты.
Қас қарйып, күн батсын,

батырлар  жыры
Қаласына жау жатсын,
Қаланы түнде шабайық.
«Орақ!»—деп айқай салайық,

«Орақ!» деген дауыспен
Тастап қашар қаланы.
Қаласынан шығарып,
Қызылбасты қыралық.

Қаланы жаудан босатсақ,
Түнімен оны алайық.
Қызылбастан тіл ұстап
Тұтқындағы Әділдің

Жатқан жерін сұрайық.
Сонда Қази сөйлейді:

—Ай, Қарасай ағамыз!

Өзің көрген қалаңыз
Алдымыздан шыққан соң,
Қайтіп шыдап тұрамыз?!
Қарасай ағам білмей ме?

Қарасай аға, оныменен
Сөйтесің бе, Қареке?
Күндіз неге тимейсің?
Бұл айтқаның жөн емес,

Жасырынған жол емес.
Жасырынып жау алған—
Бұл атаның теңі емес,
Жасырынған ер емес.

Ұяламын мен, көке,
Атам—Орақ жүзінен,—
Деді дағы, ер Қази
Шыдамады сөзіне,

Айтқан сөзді алмады,
Сөзіне құлақ салмады.

—Кірің,—деді,—қалаға!

Ат маңдайын тіреді
Құдай салды аузына.
Қарасайдан кем бе еді,
Қорқып тұрар ер ме еді?!

Інісінен қала алмай,
Талма түс болғанда,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Екеуі шапты қалаға.
Қаланың ішін қандатып,
Екеуі салды бұлаға.

Екі жерден екеуі:
«Орақ!»—деп ұран салады.
Қызыл, жасыл—екі ту
Көтеріп, жауға шабады,

Маңдай оттай жанады.
Қызылбастың үстіне
Ақыр заман салады.
Қалай да болса Қызылбас,

Құрыды енді амалы,
Қоралады қаланы.
Екі жерден екеуі
Қызылбасты құлатып,

Шұбыртып айдап салады.
Қаланың іші-сыртынан
Әділ досын таба алмай,
Амалы құрып тұрады.

Бұл қаладан таба алмай,
Дербент деген—зор қала,
Соған қарап шабады.
Бұдан бұрын Қызылбас

Дербент деген қалаға
Қашып барып, қамалды-ай.
Алдырмайтын Қызылбас
Салып жатыр айланы-ай.

Сонда тұрып ер Қази,
«Қарекем, менің ойым бар.
Осы жерден тайсалсақ,
Онда тамшы сорым бар,

Саған ниетімді айтамын.
Таққа мінген хан болса,
Төре болса, би болса,
Алдап ұстап алайық.

«Тауып бер,—деп,—Әділді,
Өлтіремін!»—деп сұрайық.
Қорыққаннан Қызылбас,
Шынын айтар, жасырмас.

23–165

батырлар  жыры
Әділді сөйтіп табайық»,—
Деді дағы, екеуі
Қызылбасқа шабады.

Төре менен мырзасын
Табанда ұстап алады.
«Өлтірем!—деп қорқытып,—
Әділ батыр қайда?»—деп,

Қызылбастан сұрады.
Сұраса да, айтпады,
Өлсе де, тілін тартпады,
Дініне мықты ел екен,

Айтқанынан қайтпады.
Айтпаған соң Қызылбас,
Әділді бірден таппады.
Таба алмай Әділді,

Қаланың ішін шарлады.
Әділ досын іздеді,
Бір хабарын сезбеді.
«Ізіңді қайдан табам?»—деп,

Қарасай жылап, еңіреді.
Бір Жаратқан Құдайым,
Бір өзіңе жылайын.
Іздеп келген досымды

Таба алмадым қаладан,
Қала түгіл, даладан,
Енді қайдан табармын?
Ұстап алған Қызылбас,

Өлтірсе де, шынын айтпады,
Енді кімнен сұрайын?
Таба алмасам Әділді,
Қырымға қалай барамын?

Бір себебін бере гөр,
Атам—Орақ бар болсаң,
Ақ сүт берген анам-ай.
Сендер себеп болмасаң,

Қайдан іздеп табам-ай?
Әділ—досты таба алмай,
Басыма түсті уайым».

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Әлқисса, Қарасай Әділ досын іздеп таба алмай тұрғанда,
өзінің анасы пір болып ұшып келіп, Әділдің жатқан жерін
көрсетіп, ұшып кетеді.

—Ал, Қарасай балам-ай,

Шығарып ал досыңды.
Қарасай, Қази—шырағым,
Екеуің еді—қозым-ай!
Пірі болған шешесі

Ғайып болып, ұшады,
Бір көрінді көзіне-ай.
Бастап келіп, көрсетті
Ақ сүт берген анасы.

Келген екен бейшара,
Тарыққан соң баласы.
Тарығып жүрген ерлердің
Қабыл болды тілегі,

Тілегін Құдай береді.
Ішінде жердің бар екен
Біраз ғана тесігі,
Сол тесіктен қарады.

Әділ досын шақырып,
«Бармысың?»—деп ақырып,
Қарасай сесін береді.
Сол мезгілдер болғанда

Зынданда жатқан Әділдің
Құлағына барады.
Дауысын танып досының,
Көтеріп басын алады.

Сонда Қази толғады:
«Әділ—досым, аман-сау
Жатырмысың тұтқында?
Досың іздеп келгенде,

Бұзып-жарып шығуға
Әлің қалай бұл күнде?
Екі досың келіп тұр,
Іздеп келді сағынып.

Жатырсың, досым, не қылып?
Тілекті Құдай беріп тұр,

батырлар  жыры
Іздегенім табылып.
Әуелгі келген сапарда
Досым сенен айрылып,

Кетіп едік тарығып.
Қараңғыда адасып,
Орға түсіп, таңылып,
Қызылбаспенен атысып,

Қара қанға батысып,
Алпыс күн іздеп таба алмай,
Қарасай болды жарадар,
Келе алмадық қайрылып,

Жүгімменен жүре алмай.
Алла енді аралап,
Жатыр едік көре алмай,
Қарақұстан хат жазып,

«Әділ» деген ат жазып,
Жіберген соң, досым-ай,
Шамырқанып, шамданып,
Досым сені табуға,

Шығарып жаудан алуға
Келіп едік аттанып.
Қаланы бұзып, қан жұтып,
Достым, сені тапқаным.

Жаудың бұзып қамалын,
Тізесінен қан кешіп,
Тұлпар мінген достарың
Жетті, міне, өзіңе.

Әділ тұрып сөйледі:

—Жеті қабат зынданнан

Шығарып мені алмасаң,
Тарқамайды құмарым.
Достым жауап бермесе,
Көз жасымды көрмесе,

Жеті қабат зынданға,
Үстіме ұшып құласа,
Жаннан жаман тарығып,
Тарығып тұрмын, жарқыным.

Мені амалдап шығарың,
Екі қолым байлаулы,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қимылдауға амал жоқ.
Екі көзім жайнаулы,
Талап етіп шығармын.

Арқан салың, Қарасай,
Тісіммен тістеп шығармын.
Мұны естіп екеуі,
Қуанысып қалады.

Жалғап арқан, салады,
Тісімен тістеп қарады.
Екі досы амалдап,
Қаумалап тартып алады.

Досын аман шығарып,
Қуанысып қалады.
Түйілген жерін жазады,
Құрсауларын алады.

Құлпын бұза алмай,
Бұзайын десе ер Әділ,
Екі қолы сынады.
Колодкілі тұрғанда,

Бұзуы қиын болады.
Қарасай, Қази—екеуі
Амалын таппай тұрады.
Тарығып Әділ сөйлейді:

«Жаратқан жалғыз Құдайым,
Бір өзіңе жылайын!
Ақ шалмалы пірәдар,
Сенен себеп болмаса,

Енді не амал қылайын,
Байлаулы тұрған қолым бар?!
Колодкіде қолымды
Шығара алмай, сасып тұр.

Жеті кәміл пірім-ді,
Қысылғанда жар еді,
Жәрдем беріп жүр еді.
Менің шығып тұрғаным—

Ол да—соның себебі.
Колодкіні бұза алмай,
Мен тарығып жүр едім.
Көрісе алмай досыма,

батырлар  жыры
Менің жылап тұрғаным».
Осылай деп ер Әділ,
Жылап тұрып, зарлады.

Ашуланып, долданып,
Калөткіні бұзуға
Пірінен жәрдем сұрады.

—Қарасай, Қази—досым-ай!

Жылаған көздің жасым-ай.
Берейін деп жәрдемін,
Пірлері келіп қасына,
Қонайын деп бақыт тұр

Үш батырдың басына-ай.
Тілегі қабыл ер еді,
Пірлері жәрдем береді.
Қырық жолбарыс қуаты

Ер Әділге енеді.
Қайып болып ерлері,
Қолтығынан сүйеді,
Келеді мұны естіп.

Ер Әділ: «Пірім!»—деп
Болаттан салған колодкі
Жібектей болып үзіліп,
Талабы мұның түзелді.

Алыстан келген досына
Құшақтасып, көрісіп,
Тілегі қабыл болады.
Әділ досын шығарып,

Қарасай мен Қазидың
Басына бақыт қонады.
Шеттен жауын алған соң,
«Атқа, досым, мінгін!»—деп,

Көлденең тартты атын да.
«Мінгеспеймін атқа!»—деп,
Әділ толғап тұрады.
Екі досым сен едің

Ақылға артық кен едің.
Көлденең тартып атыңды,
«Мінгесейік»,—дегенің.
Мен айтайын, достарым,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Мінгеспеген себебім:
Ат көтіне мінбеймін,
Қызылбастан олжаға алып

Кетер құл ма едім мен.
Осы жерін, достарым,
Өздерің ойлап, білмедің.
Қызылбастың қолында,

Хан сарайы жанында,
Бағулы тұр сары қызыл.
Мынау тұлпар атың бар,
Соны әкеліп беріңдер,

Шұбарымды мінейін,
Шұбалаңдап желейін.
Шамаң келсе, алып бер,
Тұрған шығар байлаулы.

Мұны естіп ер Қази,
Сары қызылға шабады,
Мұны іздеп табады,
Хан жанында тұрады.

Атты сарайдан
Қази алып келеді.
Әділ досын атына
Мінгізіп алып, жүреді.

Артық туған ер Әділ
Қаруларын іледі.
Қарасай, Қази—қос батыр
Шын достығын білдіріп,

Дербент деген қалаға
Досты бастап жүреді.
«Қызылбастай жауына
Саламын,—деп,—бүлікті»,

Үш арыстан келеді.
Келіп, бүлік салады,
Қаласын өртеп, қан төгіп,
Бір күн, бір түн үшеуі

Қызылбасты қырады.
Көбі болды жарадар,
Дербент деген қаласын
Талқан қылып, шабады.

батырлар  жыры
Қарасай, Қази—қос батыр,
Әділменен үш батыр
Қызылбасты қиратып,

Бір құмардан шығады.
Қарғаса ханды өлтіріп,
Тамағынан шалады.
Әскері тым зор еді,

Ұстап алып Әділді,
Қорлық берген сол еді.
Қарғаса ханды алған соң,
Қалған елі бағынып,

Қарасайға жалынып,
Қол қусырып тұрады,
Тілегі қабыл болады.
Қайтып кетіп барады,

Әділ досын ертіп,
Қайта шығып келеді.
Шыққан күні Әділдің
Ақ сүт берген анасы,

Ол—ақылдың данасы,
Түнде жатып түс көрді.
Өзі жорып ол түсті,
Қуанып, көңлі хош болды.

Ұйқыдан көзі оянып,
Көрген түсін сынатып,
Ілия қызын жұбатып,
Бәйбіше ханым сөйлейді:

—Басыңды көтер, қызым-ай!

Ойдағы бағлан қозым-ай!
Мен бір бүгін түс көрдім.
Осы көрген түсімді,
Айналайын қызым-ай,

Жорып берші өзіме-ай.
Асқар биік Алатау
Үстіме келіп құлап тұр,
Бұл не болар, шырағым?

Аяғы жоқ, басы жоқ,
Ағып кетті дария су.
Сүттей ақ дария

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ақ дарияның түбінен
Сарқырап ағып, тасып тұр.
Бөгесем де, тұрмайды,

Бұрынғыдай болмайды,
Бұл не болар, шырағым?
Және жатып түс көрдім,
Түсімде бұндай іс көрдім:

Томағасы алтыннан,
Аяқ бауы жібектен,
Бір қаршыға құс көрдім,
Қолыма еркін қонып жүр.

Ақ орданың ішіне
Жақсы адамдар келіп жүр,
Бұл не болар, шырағым?
Түнде жатсам, түсімде,

Жалғыз қызым, есімде,
Елестеп келіп көзіме,
Әділ екен деп едім,
Еркін жүзін көрмедім,

Оң жағынан ай туып,
Сол жағынан күн туып,
Жүр екен ағаң, қарағым,
Бұл не болар екен, шырағым?

Сонда Ілия сөйлейді:

—Шынымен тілек тілесең,

Қабыл екен тілегің!
Тілегіңді Жасаған
Берген екен саған-ай!
Бүгін жаудан Әділің

Шыққан екен аман-ай.
Алтын сарай—үйіңе
Асқар тау келіп құласа,
Асқар таудай бақ қонар.

Сарқырап аққан дария су,
Бөгесең де, тұрмаса,
Батырдан дұшпан өте алмас,
Алды түгіл, артынан,

Көрінген шығар соған-ай.
Алтын сарай үйіңе

батырлар  жыры
Жақсы адам жиналса,
Жұртын жинап, той қылар досына-ай,
Айналайын, көрінді жақсы түсің-ай.

Бір қаршыға құс көрсең,
Әділ—балаң болғаны-ай,
Бүгін шығып, қонғаны-ай.
Оң жағыңнан ай туса,

Қарасай—досың болғаны-ай.
Сол жағыңнан күн туса,
Қази—досың болғаны-ай.
Әділ досын шығарып,

Ортасына алғаны-ай.
Қайғысы кетіп барады,
Шамшырағы жанғаны-ай,
Әділ жалғыз болғаны-ай,

Жау қолынан босанып,
Жүрегінің жарылған.
Түсіңді, шеше, жорыдым,
Жоқ екен бұнда жалған-ай.

Осының бәрін ойласам,
Әуелде солай жазған-ай.
Сонда анасы толғады,
Және бір кеңес қозғады:

—Айналайын, қызым-ай!

Туған бүгін қозым-ай!
Осылай деп, шырағым,
Жорығаным өзім-ай.
Осылай бұдан былай Жасаған

Келістірсін ісімді,
Жорып қойдым түсімді.
Сүйіншіге келгенге,
Жарлы болсын, бай болсын,

Шырағым, сені беремін,
Ренжімей, риза бол.
Қарағым, талай жыладым:
«Осы күнім жетер,—деп,

Жаудан Әділ келмесе,
Қайғымен күнім өтер,—деп.
Осыдан Құдай келтірсе,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ардақтаған, қызым-ай,
«Сүйінгей!»—деп келгенге
Берейін деп едім.

Екі мұңды қуанып,
«Уһ!»—деп, демін алады.
Қарасай мен Қазидың
Кеткен күнін санады.

Санап келіп отырса,
Жиырма күнге толады.
Екі мұңды бейшара
Төбеден түспей тұрады.

Қарасай, Қази—қос батыр,
Әділменен үш батыр
Ел шетіне таяды.
Ел шетіне келгенде

Қарасай тұрып толғады:
«Қази, Әділ—екеуің
Жаймен жүріп келерсің.
Ақ сүт берген анаңа

Келіп, сәлем берерсің.
Аман-есен қосылып,
Қуанысып, күлерсің.
Берді тілек Құдайым!

Бұрын өзім барайын.
Мұңдыларды қуантып,
Жүректерін жарайын»,—
Деді дағы Қарасай,

Қуантуға ханымды
Қарасай өзі барады.
Сол күн тал түс болғанда,
Қарай-қарай, қаріптің

Екі көзі талады.
Қарап тұрса қаріптер,
Бір қараны көреді.
Бірде шауып, желеді,

Бір де болса, зор қара,
Қатты жүріп келеді.
Қызының көзі шалады,
Қараны көріп Ілия:

батырлар  жыры
«Айналайын анам-ай
Маңдайдағы Кәбам-ай.
Қарап тұрсам далаға-ай,

Көрінеді бір қара.
Бір де болса, зор қара
Мен танимын, шешеке-ау,
Қарасай білем, шамасы-ай.

Сол қараға сенбеймін
Көзім қорқақ бейшара.
Қатты жүріп келеді,
Бірде шауып, желеді.

Қарасай батыр екенін
Екі мұңды көреді.
Көзді ашып-жұмғанша,
Қарасай жетіп келеді.

Мұңдыларды көреді,
Келе, сөйлей береді:

—Бәйбіше—ханым, саумысың?

Сау-саламат жүрмісің?
Әділді алып келеміз,
Тілегің қабыл, байқасаң.
Ақ арудай керілген,

Қайғыменен езілген
Ілияжаным, тұрмысың,
Бақтағы қызыл гүлімсің,
Мұнараның басында.

Әркім жақсы көреді
Өзінің жақсы құрбысын.
Қысың кетіп, жаз келіп,
Қолыма қонды сол құсым.

«Құс» деген—Әділім,
Қияметтік бұл досым.
Досым үшін аттанып,
Қызылбасқа ат салып,

Қиғаш деген тауды алып,
Жауға түскен ерді алып,
Тоғыз күндей атысып,
Қара қанға батысып,

Қызылбасты зорға алып,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бағындырып алған соң,
Сабақты жібін алмадық.
Үш бөлісіп Әділмен,

Елге қарай қозғалдық.
Әділ досын ертіп,
Келеді Қази қуанып.
Қуантуға сендерді

Өзім келдім алдымен.
Байбикештей ханымнан
Сүйінші сұрап келгенім.
Ендігісін өзің біл,

Менің айтып болғаным.
Қарасай айтып болған соң,
Байбикеш ханым толғады:

—Қарасай—досым сен едің.

«Атам—Орақ батырдан
Артық тудым»,—деп едің.
Әділді алып қайтқанда,
Елге қарап тартқанда,

Сүйіншіге мен саған,
Ардақтаған қызымды
Сол күні саған бергенім,
Соны неге білмейсің?!

Бұрын досым болсаң да,
Енді болдың күйеуім,—
Осылай деп Байбикеш
Сөзін айтып болады,

Көңлі нұрға толады.
«Әділім қашан келер?» деп,
Жолын тосып тұрады.
Бір уақыттары болғанда

Әділ жетіп келеді,
Баласын танып көреді.
Рақымы келіп Алланың,
Емшек сүті иеді.

Жауға түскен баласын
Зарлаған мұңды анасы
Жарылқаған күн еді.
Жазуда сондай болған соң,

батырлар  жыры
Әділ азап шегеді.
Азабынан айрылып,
Шығар күні болған соң,

Пірінен болды себебі.
Екі досы ат салып,
Әділді алып келеді.
Ақ сүт берген анасы

Қайғыны бастан кетірді.
Қос жетімнің бір Құдай
Тілегін қабыл етеді.
Еткені емей, немене,

Баласы аман келеді?!
Ақташы ханға Әділдің
Келгендігі барады.
Жол азабын шегеді,

Тұтқын болған Әділдің
Тілегін сөйтіп береді.
Әділ аман келген соң,
Тағын түсіп береді.

Таққа мініп ер Әділ,
Хандық дәурен сүреді.
Отыз күндей той қылып,
Елі-халқын жидырып,

Некесін қыздың қидырып,
Қарындасы—Ілияны
Қарасайға береді.
Омар менен Оспанға

Жанына таман келеді.
Қызылбастың қолына
Әділ түсіп қалғанда,
Жамандық қылған құл еді.

Тартсын енді жазасын,
Жазасы мұның көп еді.
Жері енді олардың
Жеті қабат зындан түбі еді.

Қойғызады шешесі
Жамандыққа жақсылық
Ердің қылар ісі еді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
«Омар менен Оспанның,
Сол секілді дұшпанның
Күнасын кешті»,—деседі,

Сондай күнәсі шешілді.
Және бір сөзге келгенде,
Күнәсін өтеп жіберді.
Тағын беріп төреге,

Қызылбасқа жұмсаған.
Қоқанның ханы—Ысмайыл,
Ысмайыл ханның тілімен
Түрік патша сөзінің

Жұмсаған күні сол еді.
Әділ аман келген соң,
Мұңды болған бейшара—
Әділ сұрап Қырымды,

Бұзылғанын түзеді.
Әділ алып жұмысын,
Мұратына жетті»,—деседі.
Қарасай, Қази ер еді,

Орақтың бұлар ұлы еді.
Бұлар өспей тұрғанда,
Өлерінде Орақтың
Бітіре алмай бара жатқан

Үш арманы бар еді.
Екі арманын бітіріп,
Бір арманын Орақтың
Бітіре алмай жүр еді,

Қаласы мықты зор еді.
Қарасай, Қази аттанып,
Жалғыз аяқ жолменен
Таудан құлап Қарасай,

Қызылбасты ала алмай,
Әділді орға түсіріп,
Аламанын қырдырып,
Жаралы болып Қарасай,

Қайтып кеткен жері еді,
Қолға түскен Әділдің
Өлі-тірісін біле алмай.
Жақсы-жаман сөз қылдық

батырлар  жыры
Әңгіме еткен ерлердің
Істеген ерлік істерін.
Тыңдап шыққан жақсылар,

Осымен жырым тамам-ай.
Көне архивтен аударып
Бұл қағазға жаздым-ай.
Ахмет ұлы Мүстежеп.

Он таңбалы Ұрымда,
Қырық таңбалы Қырымда,
Сан таңбалы санайда,
Он екі баулы ноғайда

Баба түкті баба өтті,
Төрехан, Мұса және өтті.
Онан туған Орақ пен Мамай-ай:
Орақ, Мамай күнінде

Теңгерілген ноғай-ай.
Орақ деген ер өтті,
Мамай деген хан өтті.
Орақтан қалған қос жетім—

Қарасай, Қази бала өтті.
Әкесінен Қарасай қалды он бесте,
Қази қалды он үште.
Жетімге дұшпан көп болды,

Қорғайтын кісі жоқ болды.
Орақ, Мамай анасы—
Ақылдың қара сабасы.
Қорғанышы жоқ болып,

Қолында жетім қалған соң
Немере екі баласы,
Кемпір елін жинады.
«Басшысыз халық болмас»,—деп,

Шынтемір деген шал екен,
Баласы жоқ жан екен,
Бір перзентке зар екен.
«Көтеріп көңіл жүрсін»,—деп,

Хан Мамайдың орнына
Қарасай, Қази
(Ш. Кәрібаев нұсқасы)
24–165

батырлар  жыры
Таққа халық мінгізді.
Қалмақтың ханы Темір ханнан
Қырық кісі келеді.

Қырық кісінің ішінде
Ханбегі деген ер еді.
Шынтемір хан сөйледі:

—Әскер жинап қасыңа,

Ханбегі, қайда барасың?
Ханбегі сонда сөйлейді:

—Кешегі кеткен Орағың,

Жеті ханымды өлтіріп,
Алтын тағым құлаған.
Темір хан саған жіберді:
«Айдауымда жүрсін»!—деп,

Айтқаныма көнсін!—деп.
Мамайдан туған Қымбатты
Тоқалдыққа берсін,—деп.
Қарасай, Қази—қос жетім

Құл болуға көнсін,—деп.
Айтқаныма көнбесе,
Соғысуға келсін»,—деп.
Шынтемір сонда сөйледі:

—Кеңесіп елмен қарайын,

«Көнемін»,—десе, көнейін.
«Көнбеймін»,—десе көп халық,
Соғысуға келейін.
Ноғай тұрып, жиналды,

Ақыл таппай, қиналды.
Қасым би мен Қалу би—
Екеуі тұрып сөйледі:
«Кел, Қарасай мен Қазиды

Біз шақырып алалық,
Сол көнсе, біз де көнелік.
Сол өлген жерде өлелік,
Соған билік берелік».

Қарасай батыр келеді,
Сыпыра жырау сөйлей береді:

—Ай, Қарасай. Қарасай!

Орақтың екі баласы-ай!

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Жаңбыр жаумай жерің тұр,
Балығы кетіп көлің тұр,
Панасы кетіп елің тұр.

Ақыл таппай, ойланып,
Шешендер мен биің тұр.
Темір хан хабар салып тұр,
Мазамызды алып тұр.

Кілең жетім қарағым,
Жақсыдан қалған тұяғым—
Сендерге торын жайып тұр.
Ел панасы кеткен соң,

Алтындарың мыс болып,
Қорғасын болып ағып тұр.
Қарасай сонда сөйледі:

—Жақсы айтасың, атеке!

Мен дұшпанға көнбеймін,
Қолымнан арды бермеймін,
Мен дұшпанға бас ұрып,
Аяғына бас ұрман,

Басымнан дұшпан сөзін асырман.
Жабықпа, халқым, жабықпа,
Тарықпа, халқым, тарықпа!
Не қылғаным—дұшпанға

Қолдан арды бергенім?!
Қызылбасқа бағынып,
Не қылғаным—жүргенім?!
Мұнан дағы маған көп жақсы

Он бесіме келгенде
Халқымның ары үшін,
Қатын менен бала үшін,
Жылаған кемпір-шал үшін

Оққа ұшып өлгенім!
Қарасай кетіп қалған соң,
Әлі Сымайыл сөйледі:
«Он бестегі баланың

Не келеді қолынан?
Көшіп қашып кетелік.
Орақ, Мамай ауылын
Жұртқа тастап кетелік».

батырлар  жыры
Әлі Сымайыл сөзіне
Көп Ноғайлар нанады.
Түн ортасы болғанда

Қонысынан көтеріліп
Қашып көшіп барады.
Ертең таңдар атқанда
Үйден шығып Караүлек,

Жан-жағына қарады,
Таң-тамаша қалады.
«Сен, Қарасай, оңбадың!
Ноғайлы деген ел қайда?!

Қатар-құрбы, тең қайда?!
Қу жетім, кімге сенесің?
Әкең өліп қалған соң,
Білмедің бе шешеңнің

Қайырға соққан кемесін?!
Ел көшті, жылқыны жау алды,
Атты қайдан мінесің?!
Қу жетім, ақыл менен ойың қайда?!

Кешегі Ноғайға айтқан сөзің қайда?
Ішімде тарқамайтын болды арман,
Адамға болды қорлық жаяу қалған.
Аңдыған сырттарыңнан жауларың көп,

Қалдырмай, көп жылқының бәрін алған».
Мамай мінген Көкмойнақ,
Орақ мінген Тайқара ат
Көп жылқының ішінде

Қиқумен кетіп барады.
Жау екенін білген соң
Шекесінен қарады,
Құйрығын сауырына салады,

Кейін қарап шабады.
Орақ пенен Мамайдың
Моласына барады.
Қарасайды иіскелеп,

Жүгенге басын кіргізді,
Ауыздықты тістелеп.
Қарасай мініп алады,
Мініп алып, шүу деді.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
«Шүу»,—дегенде, гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Арандай аузын ашады,

Көлденең жатқан қара тас
Қорғасындай басады.
Үш күн болған қалмақтың
Кіші бесін уақытта

Артынан жалғыз құлапты-ай.
Ескен желдер тынғанша,
Қарасай келді ақырып,
Қойға тиген бөрідей

Келген жерден жапырып,
Қарсы келген қалмақты
Қағып тастап барады,
Кесе келген қалмақты

Кесіп кетіп барады.
Шанжау-шанжау қалмақты
Шашып кетіп барады.
Қалмақтың бәрі айдарлы,

Асып туған Қарасай
Айқастырып байлады.
Жеті күн соғыс салады,
Қарасай соғыс салып жүр.

Омыртқада он жара,
Қабырғада қырық жара,
Шұрқылтайда бір жара,
Шүмектеп қаны ағып жүр.

Анда-санда Қара аттың
Жалын құшып қалып жүр.
Басы айналмай, не қылсын?!
Сорғалап қандар ағып жүр.

Қази батыр келеді,
Қарасай сөйлей береді:

—Келдің бе, жалғыз бауырым?

Иесіз қалды-ау ауылым!
Аз кісіге мол олжа,
Жаудан малды айырдық,
Қайтқанымыз жөн еді.

Кел, қайталық,—деп еді,

батырлар  жыры
Қази сонда сөйледі:

—Жаудан қорқып, қайтар ма?!

Аттың басын тартар ма?!
Жарау атқа мінген соң,
Қару-жарақ ілген соң,
Жау қарасын көрген соң,

Қайғыны жігіт айтар ма?!
Сосын бізді кім айтар:
«Қарасай мен Қази!» деп.
«Жаудан қорықты демей ме,

Орақтың екі баласы-ай?»
«Шүу»,—деді де, жөнелді,
Ақ алмасты сермеді,
Сермесе, қолы дендеді.

Қарсыласып, қағысуға
Қазиға кісі келмеді.
Қылышпенен шапқылап,
Көк найзамен сұққылап,

Тағы атты мылтықты,
Қызылбас жаман тарықты,
«Өлемін» деп қорықты.
Қолдың басы—Көкеман

Ақылы көп ер еді,
Көкеман сөйлей береді:

—Айналайын, Қарасай!

Дегеніңе көнемін,
Айдауыңа жүремін,
«Көзімнің жасын көр»,—деймін.
Бір шыбындай жанымды

Сауғаға сұрап, еңіреймін.
Артын ойлап Қарасай:

—Тілегің бердім,—деп еді,

Қуарғыр Қази сөйлейді:

—Бізбен осы дос болмайды.

Бізбен осы дос болса,
Күндердің күні болғанда
Көңліміз ашық, қош болмайды.
Уәде бұған бермелік,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Сөзіне мұның сенбелік.
Біз түгіл, Орақ, Мамай ақыл сұраған
Анамызға баралық,

Содан ақыл сұралық,
Не дер екен анам-ай?!
Қалмаққа Қази сөйледі:

—Мен ауылға барамын,

Қараүлектей анамның
Құлағына саламын.
Не дер екен сол анам,
Шешемнің тілін аламын.

Он бес күнде келемін,
Оған дейін тырп етпе,
Жауабын сонда беремін.
Ауылына келеді,

Қази сөйлей береді:

—Айналайын, анам,-ай!

Арнап келдім саған-ай.
«Не қыл?» дейсің, анам-ай?
Қаратып келдім саған-ай.
Сонда кемпір сөйледі:

—Мен садаға кетейін!

Жанымды құрбан етейін,
Садаға кетпей, не етейін?!
Орақ, Мамай тірілді-ау,
Тірілгені білінді-ау!

Еділ, Жайық—екі өзен
Ел орнаған жер еді,
Алпыс екі саласы мал орнаған жер еді.
Сол қоныстан көтеріліп

Он екі баулы Ноғайлы
Көшіп кетті еліміз.
Көшті-дағы ел кетті,
Бармағын тістей ер кетті,

Қайғыменен би кетті,
Қаралы болып қыз кетті,
Қоныстан тайып мал кетті,
Ботасын тастап нар кетті.

батырлар  жыры
Бәрі кетіп қалған соң,
Қарасынсыз болған соң,
Мен сорлыны еңіретті!

Елеулі болсаң, ел ерер,
Басшылық қылсаң, көп ерер.
Басшысыз болсаң, кім ерер?!
Қамқор болсаң, ел келер,

Қорғамасаң, кім келер?!
Қарасай, атқа міне көр,
Түн ұйқыңды бөле көр,
Түнделетіп жүре көр,

Кешегі кеткен Ноғайды
Қайтарып қонысқа алып келе көр.
Қарасай атқа мінеді,
Үріккен елдің артынан

Қарасай салып келеді.
«Айтамын сөзді, халқым-ай,
Ноғай, Қазақ, жалпыңа-ай.
Көшіңдер қайта жеріңе,

Көшіруге мен келдім
Ноғайлы деген еліме.
Орақтан туған қос бала—
Біздер аман тұрғанда

Келе ме дұшпан шеніңе?!»
Шынтемірді ертіп,
Қарасай батыр жөнелді.
Үркіп көшкен қалың ел

Қайта көшті деп еді.
Көкемандай бейшара:
«Бір ұл, бір қыз берем,—деп,
Ақыреттік дос болып

Сеніменен жүрем»,—деп,
Қазидың қолын алады-ау.
Қалмақтар кетіп қалады,
Түйе боздап, қой маңырап,

Жылқылары шұрқырап,
Құлын, тайлар бұлтылдап,
Қонысқа малдар құлады.

қаРаСАй,  ҚАЗИ ІІ. Шынтемірдей ханың-ай Шақыртып Қарасайды алады. Ханың сөйлей береді: —Қарағым, қалқам—Қарасай, Еліміздің панасы-ай! Саған кімнің шарасы-ай?! Қайтпас қара, ақ болат— Орақтың үлкен баласы-ай! Болыпты енді тілегім, Жеңешең жерік болыпты. Өзің тауып бере көр Жеті басты айдаһар, Қарағым, соның жүрегін. Қарасай сонда күледі, Күле сөйлей береді: —Мен анама барайын, Құлағына салайын, Дүниеде бар ма екен? Шешемнен, барып, сұрайын. Сонда кемпір сөйледі: —Алпыс күндік жолы бар, Алты күндік шөлі бар, Күйгентаудың басында Айдаһардың іні бар. Жеті басты айдаһар Сол арадан табылар. Тайқара атқа мін,—деді, Беліңе қару іл,—деді, Жатпай-тұрмай жүр,—деді. Айдаһардың жүрегі, Қабыл болса тілегі, Әкеліп, қарағым, бер,—деді. Тайқара атқа мінеді, Орақтан қалған ақ сауыт— Мұны үстіне іледі. Туғалы тіпті көрмеген, Адам басып жүрмеген

батырлар  жыры
Күйгентаудың басына
Қарасай шауып жөнеді.
Түлкі жортпас түлейден

Түнде жортып барады.
Қия-қия, қия жол
Қиялап кетіп барады.
Он бес күн жүрген жеріне

Күн төбеден ауғанда
Жер өртеніп, тас күйген,
Топырақ жанып, аспанға жалын тиген,
Соған салып келеді.

Жүрген сайын қара аттың
Жүрісі енді асады.
Жанып жатқан шоқтарды
Жер үстіндей басады.

Бір түтін аспанға шығады зырқырап,
Үңірейген тесікті көреді,
Талмай салып келеді.
Жер өртеніп, тас күйген

Айдаһардың демі екен.
Үңірейген тесік дегені
Айдаһардың іні екен.
Шыққан түтін дегені

Айдаһардың демі екен.
Айдаһар айбаттанып ысқырады,
Алты таудың тасын құйрығына қыстырады.
Бір тасты бір тасқа ұрып, шақылдатты,

Аузынан қанды көбік бұрқылдатты,
Оғындай найзағайдың жарқылдатты.
Олардың екі елу кез тілдері бар,
Тілдерін найзағайдай жылтылдатты.

Қарасай одан қайтпады,
Уайым шегіп, қайғы айтпады.
Айдаһар сонда сөйледі:
«Айдаһар» деген мен едім,

Қарасай деген сен едің.
Дүниеде бір зиян,
Қайтпас қара бұлтың бар,
Сенің тұқымың қылар деп едім.

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Келетініңді білгенмін,
Топырақты өртеп, тасты жандырдым,
Бұған да сен қайтпадың.

Құйрығыммен жер сабап,
Жер өртеп, тасты жаудырдым,
Бұған да сен қайтпадың,
«Қайтамын»,—деп айтпадың.

Құйрығымнан бір елі кесіп берейін».
Құйрығынан бір елі кесіп береді,
«Бір елі құйрығы он пұт,
Он қадақ шықты»,—деп еді.

Құйрығын кесіп алады,
Бөктеріп артына салады,
Аулына қарай шабады.
Он бес күнге толғанда,

Қуанғаннан Қарасай
Жеті күнде барады,
Ақтолқынға береді.
Мезгілді күні болған соң,

Шақырып Қараүлекті алады,
Кемпірден ақыл сұрады.
Қараүлек сонда сөйледі:
«Ішіндегі ер екен,

Еңіреген ердің бірі екен.
Сырты—шойын, сүйегі—темір,
Жүзі жарқын, өзі алғыр,
Билер халқын.

Жайшы деген кемпір бар,
Шақырт та енді, соны ал.
Жайшы кемпір келмесе,
Жайшы жайын білмесе,

Біле алмадым мен»,—деді.
Қараүлек тағы сөйледі:
«Ай, Қарасай, Қарасай!
Үмітін үзіп жүргенде

Жеңгең менен ағаңның
Сағынып көрген баласы-ай.
Жайшы кемпір келмесе,
Туа алмайды-ау, шамасы-ай.

батырлар  жыры
Қарасай, атқа мін,—деді,
Беліңе қару іл,—деді.
Қақпақты таудың астында

Жайшы дейтін кемпір бар,
Жылдам алып кел»,—деді.
Қарасай атқа мінеді,
Қақпақты тауға жөнелді.

Сонда кемпір сөйледі:
«Туатұғын бұл бала—
Өзіңнен де артық ер,—деді,
Дүбірін көрмей тұлпардың,

Туа алмайды бұл,—деді,
Әскерің жинап ал,—деді,
«Жау да келіп қалды!»—деп,
Аллалап ұран сал!—деді.

Сонда бала туады,
Дауасы содан болады».
Қарасай аулына барады,
Әскерін жинап алады,

Сәскелік жерге барады.
Туын алып қолына,
«Жау да келіп қалды!»—деп,
Ауылға қарап шабады,

Бір ұл, бір қыз туады.
Ұл балаға қарасаң,
Басы бақыр қазандай,
Тереңнен шыққан сазандай,

Омырауы есіктей,
Ойынды еті бесіктей.
Саусағына қарасаң,
Құмға тиген көсіктей.

Қыз балаға қарасаң,
Екі көзі жаудырап,
Тұлымшағы салбырап,
Алмадай беті албырап,

Шынтемірдей ханыңыз
Асау сойып, ақыртты,
Мая сойып, бақыртты,
Қол астын қоймай шақыртты,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Осы шал той қылады.
Той малына сойғаны
Ту бие мен қой болды.

Молдалар келіп қамалды
Сәлдесі қара қазандай.
Баланың атын таба алмай,
«Шариғатпен қоям»,—деп,

Кітабын алып, қарады-ай.
Қази келіп, сөйледі:
«Ұлдың аты—Әділ,—деп,
Қыздың аты—Ілия.

Осы екеуі болмаса,
Неге керек, Шынтемір,
Иесі жоқ жиған дүние?!»
Алтыға Әділ келгенде,

Шынтемірге ажал келеді,
Келгенін халық біледі.
Шынтемір ханың сөйледі:

—Қази менен Қарасай,

Жас болсаң да екеуің,
Елдің болдың панасы-ай,
Ноғайдың болдың ағасы-ай.
Айналайын, Қарасай,

Екі бірдей асыл зат,
Алтыда қалған жалғызым—
Екеуіңе аманат!
Сонда Қази сөйледі:

—Хандығыңды алмаймын.

Бақытты туған Әділдің
Бағына көзім салмаймын.
Он бесіне келгенше,
Тағына өзі мінгенше,

Балапанын қорғаған
Көк бүркіттей қорғаймын.
Шынтемір дүниеден қайтып кетті,
Тапсырып бала жайын айтып кетті.

Жүргенде өйтіп-бүйтіп сол арада,
Он беске он алты мен бала жетті.
Қалмақтың басы—Теміртау

батырлар  жыры
Он екі айлық жер еді,
Алты айшылық шөл еді.
Барса деген ханына

Қағазбен хабар салыпты,
Сонан хабар алыпты.
«Қырымның қырық батырын
Алдайын»,—деп ойлады,

Өтірік айтып, сол тесікке айдады.
Бір сөйлем хат келеді,
Әділ патша оқыды.
Оқыды да, сөйледі:

«Темір хан жазған хаты бар,
Темір ханның аты бар.
Әуелі хат жазыпты
Қарасай, Қази—ағаға.

Екінші, хатты жазыпты
Телағыс, Қобылан—саған да.
Үшінші, хатты жазыпты
Ахметтей бабаға.

Аяғында жазыпты,
«Ханы ғой»,—деп, маған да:
«Мұсылмандыққа көндің,—деп,
Ноғайға бала бердің»,—деп.

Тесіктегі қызылбас,
Ай, солар шабатын болды
Менің елімді!
Дос болсаң, Қарасай, Қази,

Осы жауға барып кел.
Осы жауымды алмасаң,
Барса туырлығымды тоқым қылады,
Керегемді отын қылады,

Төгеді қанымды,
Шығарады жанымды,
Талап алады малымды»,
Хатында айтып, жалынды.

Хатын оқып хан Әділ,
Қарасайға сөйледі:

—Барамысың, Қарасай,

Бармаймысың, Қарасай,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Еліміздің ағасы-ай,
Ноғайлының панасы-ай?!
Қарасай сонда сөйледі:

—Қарағай садақ, қырық кез оқ

Буынып алсам, белім тоқ,
«Жау!» десе, менде қайғы жоқ.
Достан хабар келгенде,
Досқа зәбір тигенде,

Бармай батыр, тұрар ма?!
Бармаған батыр оңар ма?!
Қорыққан соң, зарланып,
Хат жазған ғой Темір хан.

Көп жиналған, құралған,
Кел, баралық,—деп еді,—
Он екі айлық жеріне,
Алты айшылық шөліне,

Қызылбас Барса еліне.
Кілең жайсаң ер кетті,
Ер кеткенде, кім кетті?
Қара қыпшақ Ер Қобылан

Торы бесті атпен бұл кетті.
Мың қаралы қол жүрді,
Ахмет батыр—сол жүрді,
Телағыс батыр—бұл жүрді,

Құбығұл батыр—бұл жүрді.
Қару-қапшық бойда жоқ,
«Өлемін»,—деген ойда жоқ,
Әуез тентек—бұл жүрді.

Төрт жерден туын байлады,
Әділ әскерін алысқа айдады.
Он екі айдай жол жүрді,
Алты ай кәміл шөл жүрді.

«Өлдім-талдым!» дегенде,
Жапан көлге құлады,
Неше күндей әскер шұбады.
Он бес күн жатып сол жерде,

Аты болса, аунады,
Өздері болса, қунады.
Ішуіне асы жоқ,

батырлар  жыры
Қоға мен борық қоймады.
Көйлектерін ау қылып,
Судан шабақ аулады.

Дәл он бес күн болғанда,
Әскерлерін жинады.
Әділ ханың сөйледі:
«Ай, бұрынғының арты едің,

Осы күнгі қарт едің,
Көптен қалған көне едің.
Қайыспайтын, қайғысыз,
Ахмет аға, ер едің.

Тар жер, тайғақ кешуде
Саған да сеніп келемін.
Тарлан атқа мін,—деді,
Беліңе қару іл,—деді.

Талай келген өзіңе
Бұл белгілі жер,—деді.
Қандай екен жерлері?
Қалың ба екен елдері?

Ахмет, көріп кел!»,—деді.
Ахмет атқа мінеді,
Бес қару белге іледі.
Қабағын түйіп, түнеріп,

Қызылбасқа жөнелді.
Ар жағында Теміртау
Он бес күндік жер еді.
Он бес күн кәміл болғанда

Ахмет салып келеді.
Болаттан деген тау екен,
Төбесі көкке тиіп тұр.
Биіктігін қарасаң,

Көшкен бұлтты іліп тұр.
Төбесінде қара тас,
Күн көзіне шыдамай,
Қорғасын болып еріп тұр.

Төбеден аққан сортағы
Таудың бауырына келіп тұр.
Ол таудың ол шеті мен бұл шеті
Тоқсан жылдық жер екен,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Ортасында тесік бар,
Болаттан салған есік бар,
Қазулы тұрған көр емес,

Жан баратын жер емес,
Ахмет оны көреді.
Ахмет келді қайтып ай,
Көргенін түгел айтып-ай.

«Мен барайын тесікке»,—деп,
Хан Әділ сонда сөйледі:
«Ай, Қарасай, Қарасай,
Саған кімнің шарасы ай?!

Тайқара атқа мін,—деді,
Шақыр-шұқыр көк болат
Беліңе орай іл,»—деді.
Қарасай шауып жөнелді,

Он бес күндік жеріне
Жеті күнде барады.
Қабағын тастай түйініп,
Ақ сауытын киініп,

Көк найзаны шүйіріп,
Атасына сыйынып
Тесікке кірді Қарасай.
Ол тесіктің іштері

Қап-қараңғы түн еді,
Ар жағы мен бер жағы
Он бес күндік жер еді,
Он бес күнде тесіктен

Қарасай өтті деп еді.
Ар жағына қараса,
Он екі қабат оры бар,
Тоқсан қабат торы бар.

Тап тесіктің аузында
Бір тұлпардың ізі бар.
Қарасай оны көреді,
«Қарауыл екен» деп еді.

Қарасай салып барады,
Екеуі тұрып қағысты,
Жаман сөзге барысты,
«Қашпа, бәлем, қашпа!»—деп,

25–165

батырлар  жыры
Қашпаласа қалады;
«Тайма, бәлем, тайма!»—деп,
Таймаласа қалады.

Қыл жалаулы көк сүңгі,
«Қақ жүректің басы,—деп,
Өлер жерің—осы»,—деп,
Біріне-бірі салады.

Ұңғысынан омырылып,
Адыра болып қалады.
Қолға алмас алады,
Шын болаттан соқтырған,

Қызыл қанға суарған,
Өткенін адам білмеген,
Егер де қанға тимесе,
Қынабына сыймаған.

Жарқылдатып екеуі
Бірін-бірі шабады.
Тасқа шапқан пышақтай
Бұ да адыра қалады;

Кіл болаттан соқтырған,
Шынжырдан бауды тақтырған,
Қолға шоқпар алады,
Ауырлығы жүз пұттай.

Ұңғысынан омырылып,
Бұ да адыра қалады.
Замананы қуырып,
Шын болаттан таптатқан,

Темірлерге саптатқан,
Бірін-бірі шабады,
Тақымынан балта суырып.
Тасқа шапқан пышақтай,

Жерге қаққан жебедей,
Таңда шапқан немедей
Бұ да адыра қалады.
Қой жауырын қол масақ

Екеуі тұрып атысты,
Саржаларын тартысты.
Сауытқа тиіп, тақылдап,
Оты шығып, жарқылдап,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Бұ да адыра қалады.
Бес қаруды тауысты,
Ат үстінен алысты,

Екеуінің аты да
Шөге-шөге қалысты.
Аттан түсе қалады,
Беліне шынжыр салады.

Енді екеуі алысты,
Айғыр, нардай шайнасып,
Жағаласты салысты.
Қарасай тұрып ақырды,

Ақырған ащы дауысы
Тау үстінде қара тас,
Шыққан шөпті жапырды.
Манағы айтқан Қызылбасты

Көтеріп алып, үйірді.
Етегімен, жеңімен,
Қызылбастың лебімен,
Борансыз Көк қасқа ат

Омақа асып жығылды.
Қызылбас жерге тарс етті,
Қара жер де солқ етті,
Топырағы бұрқ етті.

Аузынан қаны жылп етті,
Салмағымен жығылып,
Іші-бауыры шырқ етті.
Басын кесіп алады,

Қанжығаға таңады,
Тесіктен кіріп, еркіндеп,
Ханға келді бүлкілдеп.
Қызылбасқа өтуге

Жеті батыр бөлінді.
Ең әуелі кім жүрді?
Қарасай, Қази ер жүрді.
Тесіктен бастап кім кірді?

Қарасай, Қази ер кірді,
Екеуі қатар тең кірді.
Қази менен Қарасай
Туларын қолға алады,

батырлар  жыры
Екеуінің тұлпары
Он екі қабат орлардан,
Тоқсан қабат торлардан

Ор текедей ырғыды.
Әділ орда қалыпты,
Мінген аты Күрең-ді,
Жетеуінің соңынан

Жалғыз шауып келеді.
Тоқсан қабат торынан
Аман-есен өтеді,
Он екі қабат орына

Екпінімен аттың жетеді.
Өмілдірік үзіліп,
Әділ орда қалады.
Ахмет мінген Тарлан ат

Омақса құлады.
Құлап жатқан жерінде
Ахметтей шалыңды
Қызылбастар қамады,

Қара таспен сабады.
Ахмет сонда ақырды,
Қолтығынан оқ тиіп,
Қара қанды қақырды.

«Шалдың даусы екен»,—деп,
Шауып жетіп келеді,
Көтеріп шалды жерден
Қобылан алады.

Қобыланның жүрген жағынан
Сарқыраған қан шықты.
Қазидың жүрген жағынан
Тырп етпейді, шаң шығады.

Қарасай жүрген жағынан
Ойбайлаған шу шығады.
Өнгесінің жүрген жерінен
Ай тозаңы шаң шығады.

Ағысты Қази қарады,
Жығылып-тұрып жүр екен.
Омыртқадан он жара,
Қабыртқадан қырық жара,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Тек шықпаған жаны бар,
Шүмектеп аққан қаны бар.
Көтеріп аттан алады,

Сонда Қази ақырды,
«Әуез-ау!»—деп шақырды.
Телағыс көзін жұмып-жұмып қалып жүр,
Шүмектеп қаны ағып жүр.

Салып келді ер Әуез,
Қойны-қонышы оққа толыпты,
Жаралы о да болыпты.
«Ағысты қосқа алып қайт,—деді.

Біз қайтпаймыз омақа асып құлағанша,
«Қайтамыз деп айтпаймыз».
Әуез Ағысты алып жөнелді,
Арада үш күн өткен соң,

Құбығұл ерге оқ батты.
Құбығұл аттан құлады,
Үстіне келіп ер Қобылан:
«Бауырым!»—деп жылады.

Атына Құбығұлды мінгізіп,
Тізгінін беріп қолына,
«Ерсің ғой, мықтап бекін»,—деп,
Қайтадан салып жіберді

Қосқа қайтар жолына,
Әуездің ертті соңына.
Үшеуі қалған долданды,
Ісі келмей оңына,

Қабырғадан қан болды,
Тебінгіден тер болды,
Елді жерлер көл болды,
Жердің жүзін қан алды.

Күн сәскеге толғанда,
Тайқара аттың үстінен,
Өкпеден жеті жерден оқ тиіп,
Қарасай, қанатын жайып құлады.

—Қазижан, бермен келіп кет,

Өз қолыңнан көміп кет.
Сонда Қази сөйледі:

—Қарасай сені кім айтар

батырлар  жыры
«Қазидың,—деп,—ағасы,
Орақтың ,—деп,—баласы!»
Жігітке бұйым бола ма

Қорғасынның жарасы?!
Орнынан тұрады,
Қол-аяғын жияды.
Он екі қабат ақ жібек

Белін орай буады.
Тайқара атқа мінеді,
Қылышын алып, жарқылдап,
Көк найзасы жалтылдап,

Соғысайын деп еді,
Тағы тиді қалың оқ.
Бұрынғы құлау құлау ма?!
Шыныменен құлады,

Әділді жоқтап жылады:
«Қарағым—Қази, елге қайт,
Сорлы болған анаға,
Іні менен ағаға,

Қазақ пенен Ноғайға,
Сұрағанға сәлем айт!»
Қарасайды көтеріп,
Қази алдына алады,

Орақтың екі баласы
Бірін-бірі алып барады.
Қыдырбайдың Қобыланы
Жеті күн соғыс салады,

Дәл сегіз күн болғанда
Қызылбас Қобыландыны қамады,
Үстіне торды жаяды.
Аңсыз шауып жүргенде,

Торға түсті деп еді,
Астындағы торы бесті
Тырп етуге халі жоқ,
Төрт тағандап тұрады.

Салып жіберіп торы атты,
Ат үстінде қозғалды,
Ақырып келіп, ырғалды,
Жайып қойған торларын

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Шуда жіп құрлы көрмеді,
Бір тартуға келмеді,
Торы бесті атты тебініп,

Шыға келді желігіп,
Аулына қайтып жөнелді.
Қази Қарасайды бағады,
Жапалақты, Жаманкөл

Алып барып, салады.
Көлдің беті қан болып,
Қанды су болып барады,
Жау дәрісін жағады,

Жазылмай кетіп барады.
Бір тышқан суға келеді,
Ол тышқанды талаған
Мысық залым деп еді.

Тышқанның үстінде
Жарасы көп деп еді.
Судан келіп ол тышқан
Көлден шөпті алады,

Жарасына жағады,
Жарасы тышқан жазылды.
Жүгіріп барып қу Қази,
Шөбін тартып алады,

Қарасайдың жарасына жағады.
Қарасайдың жарасы жазылады,
Дауасы сонан табылады.
Тышқан емес, Қарасайдың пірі екен,

Шөп емес, тамыр дәрі деген шөп екен.
Қарасай саламаттанды, жазылды,
Әділ орда қалынды,
Қарасай, Қази аулына қарап жөнелді.

Қарасай салып келеді,
Ілияны көреді.
Сонда Ілия сөйледі:

—Қолыма алдым шар айна,

Қылыш, мылтық, бар найза.
Аманат қылған жалғызым,
Қарасай, қасындағы хан қайда?!
Сонда Қази сөйледі:

батырлар  жыры —Өлген жоқ, тірі-ау,—деп, Алып келем мен-ау,—деп. Келгенше балаң бағамын, Бабыңды кемпір табамын, Дұшпаннан кегіңді аламын. Атымды болса, аунатып, Өзім болсам, қунаймын, Есімді әбден жинаймын, Қайта айналып барамын, Әділді жаудан аламын! ІІІ Бұлар кетіп қалған соң, «Қалған Ноғай бар ма?»—деп, Қызылбастың тірісі Ор жағалап жүр екен. Жатыр екен хан Әділ, Қызылбас тауып алады, Тас кесекпен сабады, Жіберілген тас кесекті Әділ қағып алады, Өзімен соғыс салады. Жеті күндей соғысты, Жеті жүз қалмақ алады. Бір қасық судың жоғынан Таңдайы кеуіп хан Әділ, Еңбектей барып құлады. Құлап жатқан жерінде Шынжырдан бұғалық салады. Алты нарға сүйретіп Хан Әділді ордан алады, Қол-аяғын таңады, Қырық пұттай тас байлап Көк теңізге салады. Шикі өкпедей қалқыды, Мұнан да өлмей қалады. Қол-аяғын таңады, Алпыс түйе сексеуіл

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Алып барып, жағады,
Талтаңдатып ханыңды
Қызыл шоққа салады,

Мұнан да өлмей қалады.
Үш жүз тоқсан жасаған,
Азу тісі босаған
Қу мыстан деген кемпір бар,

Мыстаннан ақыл сұрады,
Сонда мыстан сөйледі:
«Сүйегі шойын, терісі болат неме екен.
Тоғыз бие сойыңдар,

Тоғызы да—ту бие,
Қара көк пен сұр бие
Тай қазанға салыңдар,
Тас көмірді жағыңдар.

Майға бөлеп, балқытып,
Қарын кесіп алыңдар».
Кемпірдің сөзі ұнады,
Жеті күн майға қайнатып,

Екі көзін жайнатып,
Зығырын оттай қайнатып,
Қарын кесіп алады.
Жеті бура сояды,

Қабаттап көнін тігеді,
Үші біздей ақ болат
Қу жебені қағады.
Көк арбаны жегеді,

Қу жебелі көндерді
Қамыт қылды деп еді.
Жатыр еді бір күні,
Бабасы келіп сөйледі:

—Мінемісің үстіме?

Алып кетейін, балам-ай.
Сонда Әділ сөйледі:

—Тіліңді, бабам, алмаймын,

Он саусақ пен қарым жоқ,
Сопайып елге бармаймын.
Осы күні бейне бір
Бұтағы кеткен талдаймын.

батырлар  жыры
Бабам болсаң сен ,—деді,
Берменірек кел,—деді,
Қанатыңды бер,—деді,

Қасыма таман кел,—деді.
Қанатына хат жазып,
Жерден, асап, саз алып,
Тілімен жазып жіберді,

Қарақұс ұшып жөнелді.
Күндіз-түні ұшқанда,
Тоқсан бір күн толғанда,
Үш ай да бір күн болғанда,

Шынтемір тіккен боз үйдің
Көлеңкеге қонады.
Үйден шығып Ілия
Қарақұсты көреді,

Көре сала келеді.
Жүгіріп келсе, Ілияға
Қанатын соза береді.
Қанаттағы хатын-ай,

Әділдің танып атын-ай,
Ілия айғай салады-ау.
Қарасай мен Қазидың
Жүрем деген күні еді.

Қарасай мен Қазиға
Ілия айтып береді.
Таң атуға тұра алмай,
Хабарын естіп, шыдамай,

Қарасай, Қази—қос жайсаң:
«Шүу»,—деді де, жөнелді,
Қалмаққа салып келеді,
Етпеттен жатыр хан Әділ.

Қази аттан түсе қалады,
Мойнындағы арбаны
Көтеріп, жерге ұрады.
Мойнындағы көнін-ай,

Жебедей қаққан темірді-ай.
Тойтара қаққан шегені
Тісімен дал-дал қылады.
Қарасай да келеді,

қаРаСАй,  ҚАЗИ
Қалмақтар секектеп,
«Былтырғы қара атты
Келіп қалды, көтек!»—деп.

Бәрін де ұстап алады,
Кез келген талға таңады.
Қанжарбек деген хандарын
Ат баурынан өткізіп

Қази жаман сабады.
Қанжарбек хан жылады,
Бір шыбын жанын сұрады:
«Ханыңды сенің жазайын,

Ханыңның қарын салайын»
Уәзірін аулына жіберді:
«Жылдам, ойбай, барып кел!
Мыстанды, барып, алып кел!

Қарын жылдам салсын!—деп,
Жан дәріні жақсын!»—деп.
Кемпір салып келеді,
Әділдің қарын салады,

Жан дәрісін жағады,
Жеті күнде жазады.
Ақ татырдың басында
Құланмен бірге жүр еді,

Күрең шауып жөнелді,
Хан Әділге келеді,
Гулесіп елге жөнелді.
Тоқсанға келген Сыпыра—

Ноғайлының жырауы
Домбыра қолға алады,
Оңнан, солдан қағады,
Сыпыра толғап алады:

«Әй, бәйбіше—Ақтолқын,
Кеткеніңнің келген күн,
Дегеннің бәрі болған күн.
Кемтіктің бәрі толған күн

Желпініп ұшқан ақ сұңқар
Ұясына қонған күн.
Тұлпарлар шауып озған күн,
Тамырдың бәрі иген күн,

батырлар  жыры
Үрпіңе сүтің келген күн,
Боз інгеннің тайлағы
Енесін келіп емген күн,

Құлап қалған терегің
Қайта енді ол тұрып,
Төбесі көкке тиген күн,
Төбесіндегі қаршыға

Бұтағына келген күн.
Бүгінгі күн не еткен күн!
Төбе көкке жеткен күн,
Қайғының бәрі кеткен күн!»,

Толқынды жыршың жуатты,
Сана айтып қуатты,
Әділ патша той қылды...

Ғ Ы Л Ы М И

Қ О С Ы М Ш А Л А Р

Томға енген мәтіндерге түсініктеме «Қарасай, Қази» жыры—қазақ халқының эпикалық жырларының қата-рынан нұсқаларының көптігімен де, көр­кемдік айшығының жоғарылығымен де, тілінің шұрай­ лылығымен де, өткен тарихтан жеткізетін мағлұматтарының молдығымен де айрықша орын алатын эпикалық туынды. Аталмыш жырдың нұсқаларын Мұрат Мөңкеұлы, Қашаған Күржіманұлы, Нұрпейіс Байғанин, Айса Байтабынұлы, Мұрын жырау, Нұртуған Кенжеғұлұлы сияқты ақиық ақындар мен жыршылар, Сейіт, Жақсылық, Төренияз, Тілеумағамбет, На­ урызбек, Жақып жыраулар және Қобылаш Бекмағамбетов, Құдайберген Шоқаев, Қайролла Иманғалиев, Таңатар Кәрібаев, Атаубай Мәмбетов, Тілеген Аяпов, Өмірзақ Қалбаев, Мүстежеп Ахметұлы, Орынбасар Оңғарбаев, Тұрлан Бейсенбаев, Еркін Хасенов секілді жыршылар жырлап, ел арасына таратқан, Асайын Хангелдин, Мұрат Құсниев, Т.Күнтуғанов, Қартбай Қылышұлы секілді халық сөз өнерінің жанашырлары ел ара­ сынан жинаған нұсқалары сақталып, жеткен. Жырдың бұл аталғандардан өзге он нұсқасының жырлаушылары туралы мәлімет болғанымен, мәтіндері қолға түсе қойған жоқ. «Қарасай, Қази» жырының бас қаһармандары болып табы­ латын екі батырдың ХVІ ғасырда өмір сүрген тарихи тұлғалар екені белгілі. Олар—Мұса бидің немересі болып табылатын Алшағырұлы Орақ батырдың ұлдары. Орақ батырдың өзі де қыпшақ тілдес түркі халықтары айтып келген «Орақ, Мамай» атты эпостық туындылардың және аңыздардың бас қаһарманы екені де баршаға аян. «Қарасай, Қази» жырында Ноғай Ордасы мен Қырым хандығының тарихында ХVІ ғасырда орын алған тарихи оқиғалар жыршылардың көркемдік көзқарастарының елегі­

батырлар  жыры
нен өткізіле отырып бейнеленген. ХVІ ғасырдың орта шенін­
де Кіші Ноғай Ордасының негізін қалап, сол орданы өмірінің
ақырғы сәттеріне, яғни 1576 жылға дейін билеген Қази бидің

тұсында және ол өмірден өткеннен кейін болған оқиғалар
жырда эпикалық жинақтау тәсілі арқылы суреттелген.
Оған жырда бейнеленген әскери қақтығыстардың Астрахан
маңындағы Қиғаш тауында, Дербент қаласында болуы және

жыр нұсқаларының көпшілігінде Әділдің тұтқынға түсуіне
байланысты оқиғалар кең эпикалық құлашпен жырлануы
айғақ болады.
Астраханды өздерінің ықпалында ұстау Едіге ұрпақтары­

ның бұрын-соңғы ең басты мүдделерінің бірі болғандығын
тари­хи деректер айқын байқатады. Қази бастаған Кіші Ноғай
Ордасы әскерлерінің Түркия сұлтаны мен Қырым ханының
әскерімен Ұлы Ноғай Ордасы жауынгерлерімен бірлесіп,

1569 және 1571 жылдары Ресей патшалығына қарсы жорық
жасауындағы басты мақсаттардың бірі де орыс патшалығы
1552 жылы өзіне күшпен қаратып алған Астрахан хандығын
кері қайтарып алу еді. Демек, Қиғаш тауының бір кездері

Қазидың әскери қимылдары болған жерлердің бірі екені күмән
туғызбайды.
Ал жырдың ендігі бір кейіпкері Әділдің прототипі—Қырым
ханы—Дәулеткерейдің ұлы әрі қалғасы—Әділгерей сұлтанның

қызылбастарға жасалған жорық барысында тұтқынға түсіп,
1583 жылы өлтірілгені, Кіші Ноғай Ордасының Қази тірі кезде
де, одан кейін де Қырым хандығы мен Түрік сұлтанының васса­
лы, сенімді атты әскері қызметін атқарғаны, оның үстіне жыр­

да сөз болатын Дербент қаласы Азербайжан еліне тиесілі қала
екені, ал Азербайжанның ұзақ уақыт бойы Иран мемлекетінің
ықпалында болғаны да —тарихи шындық.
Жырдағы көркемдік жинақтаушылықтың белгілері бірі­

нен-бірі жырақ орналасқан Қиғаш тауы мен Дербентке қарсы
бағытталған Ноғайлы мен Қырым хандығы әскерлерінің бірле­
се жасаған жорықтары бір мезгілде болған оқиғалар ретінде су­
реттелуінен, жырды оқыған адамға Қиғаш тауы мен Дербенттің

бір-біріне астасып жатқан географиялық нысандар секілді еле­
стеуінен және Қазидың өзі қайтыс болғаннан кейін бірнеше
жыл өткен соң тұтқынға түскен Әділгерейді құтқарғандығы ба­
яндалуынан аңғарылады.

ғылыми  қосымшалар
Әділ сұлтанның басына түскен қасіретті жағдай қазақ,
ноғай және татар халықтарының фольклорлық туындыла­
рына арқау болған. «Әділ сұлтан» атты халық шығармалары

нұсқаларының ішінде жазылып алынған уақыты жағынан
алғанда ең көнесі ретінде академик В.Радлов жазып алып, 1896
жылы жарық көрген «Образцы народной литературы северных
тюркских племен. Ч.7. Наречия Крымского полуострова» атты

жинаққа енгізген туынды танылып келді. Дегенмен, тарихшы
ғалым А.Исиннің Санкт-Петербург университетінде сақтаулы
қазақ қолжазба кітабын тауып, зерттеп, бастырып шығара
отырып, бұл қолжазба туралы: «Бізге жеткен жинақтағы

шығармалардың соңғы көшіріліп жазылған уақыты—ХІХ
ғасырдың алғашқы ширегі деп есептеуге келеді»,—деп орынды
тұжырым жасауы (15, 12) көпшілік арасына кезінде кеңінен
тараған халықтық туындылардың барлық үлгілері анықталып

болмағандығын аңдатады.
Жырдың жоғарыда көрсетілген нұсқаларын, «Әділ сұлтан»
жырының 1910 жылы Орынборда жарық көрген «Шайыр»
жинағына енген мәтінін, 1924 жылы Әмзе Мүтәліпұлынан

Әбділхамид жазып алған ноғай нұсқасын, Г.Ананьев 1895
жылы жазып алып, 1900 жылы жариялаған қара ноғайлардың
«Қырымлы Әділ сұлтан» атты аңызын қазақтың «Қарасай,
Қази» жырының нұсқаларымен салыстыра қарастырудың

нәтижесінде А.Исиннің: »Бауыр халықтар, әсіресе қазақ,
ноғай, қарақалпақтың эпикалық шығармалары бір қайнардан
бастау алғаны аян.
«Әділ сұлтан» жыры қырымлы ноғайда да, қазақта да

ХVІІ ғасырдан жырлана бастаса керек. Қазақта «Әділ сұлтан»
әңгімесі бертін келе ХІХ—ХХ ғасырларда көбінесе «Қарасай,
Қазы» жырымен қабыса дамыды»,—деген тұжырымының (15,

69) дұрыстығына ден қоюға тура келеді.

«Әділ сұлтан» туралы туындылардың «Қарасай, Қази»
жырының
нұсқаларынан
басты-басты

мынадай
айырма­
шылықтары бар: біріншіден, туындылардың аттарынан да
байқалып тұрғандай «Әділ сұлтан» атты шығармалардың

бас кейіпкері—Әділ сұлтан, ал «Қарасай, Қази» жырының
бас қаһармандары—Орақ батырдың екі ұлы болып табыла­
ды; екіншіден «Әділ сұлтан» атты туындыларда Қарасайдың
ерлігі дәріптеліп, Қазидың есімі мүлде аталмағанымен,

26–165

батырлар  жыры
«Қарасай, Қази» жырында Қарасаймен қатар, Қазидың да ер­
лігі әсірелене жырланады, тіпті кейбір нұсқаларда аталған
ағайынды батырлардың кішісі ерлігінің ағасынан да асып

түсетінін айқын танытады; үшіншіден, «Қарасай, Қази» жы­
рында Әділдің балалық, бозбалалық сәтіндегі сипаттары мүлде
сөз болмайды, керісінше, Қарасай мен Қазидың жырға арқау
болған оқиғаларға бала кезінде араласқаны баяндалады. Оның

үстіне «Қарасай, Қази» жырының кейбір нұсқаларында Әділ
сұлтанның аты да аталмайды, оған қатысты оқиғалар да баян­
далмайды.
«Қарасай, Қази» жырын сюжеттік құрылымдарындағы

айырмашылықтарына орай шартты түрде төрт версия аясында
топтастыруға болады.
Бірінші версияға тек Мұрат ақын жырлаған, М.Құсниев ел
аузынан жинаған нұсқалар жатады. Онда Қарасай мен Қазидың

әкелері—Орақтың жауына аттанып, көрсеткен ерліктері бей­
неленеді. Бұл нұсқаларда Әділ сұлтанның бейнесі кездеспейді,
оған қатысты оқиғалар баяндалмайды.
Екінші версияда Қарасай мен Қазидың әкелерінің үш өсие­

тін қалай орындағаны баяндалады.
Үшінші версияда Қарасай мен Қазимен қатар, Әділ сұлтан­
ның бейнесі де жасалады. Әділ сұлтанның жырдың бас кейіпкер­
лерімен қатар көрінуі жыр нұсқаларының басым көпшілігінде

байқалады. Оған қыпшақ тілдес түркі халықтарының, атап
айтқанда ноғайлар мен татарлардың, фольклорында «Әділ
сұлтан» атты жырдың болуы әсер еткені даусыз. Оған «Әділ
сұлтан» жырының нұсқаларын «Қарасай, Қази» жырының

нұсқаларымен салыстыру арқылы көз жеткізуге болады.
Төренияз жырау жырлаған нұсқаның бізге жеткен үзінді­
лері жырдың осы уақытқа дейін зерттеушілерге беймәлім бо­
лып келген төртінші версиясы болғанынан хабар береді.

«Қарасай, Қази», «Әділ сұлтан» жырлары, түптеп келген­
де, Едіге бидің ұрпақтары, Ноғай Ордасының мырзалары, Кіші
Ноғай Ордасының негізін қалаушылар, қалыптасуын жүзеге
асырушылар болып табылатын Қарасай мен Қазидың ерлікте­

рін дәріптеу мақсатында шығарылғаны анық байқалады.
Жалпы түркі халықтарының, оның ішінде қазақтың,
эпикалық дәстүрінде есімдері жырдың атауына айналған
қаһармандар міндетті түрде мінсіз жағымды кейіпкерлер

ғылыми  қосымшалар
санатына қосылып, оларға ешқандай жан баласының тең
келмейтіні бейнелі түрде дәлелденетіні көпшілікке мәлім.
Осындай ұстаным «Қарасай, Қази» жырының барлық

нұсқаларында берік сақталса, «Әділ сұлтан» жырында бас кей­
іпкер—Әділ сұлтан дәріптелгенімен қатар, оның қарамағын­
дағы батыр болып табылатын Қарасайдың да өз билеушісінен
ешқандай кемдігі жоқтығы да аңғартылады. Жоғарыда сөз

болған эпикалық дәстүрден ауытқушылық ре­тінде қарасты­
руға болатын бұл құбылыстың астарында бұл жыр­ды дүниеге
әкелушілердің Қарасайдың, оның інісі—Қазидың елі бо­
лып табылатыны жатқандығын ол туындыларды бізге сақтап

жеткізушілердің құрамы анықтайды.
Мұрат ақын нұсқасында Мамайдың би болғаны айтылса,
кейбір нұсқаларда Мамайдың да, Орақтың да хан болғаны
туралы баяндалады.

Бірақ Мамай мен Орақ хан да, би де болмаған.
Хандық атақ пен дәреже тек Шыңғыс ханның ұрпақтары
болып табылатын төре тұқымынан шыққан адамдарға ғана
бұйыратыны белгілі. Сондықтан Орақ пен Мамай түгілі,

олардың атасы—төрт ханға өз ықтиярын жүргізген, бірнеше
жыл Алтын Орданың бар билігін өз қолында ұстаған Едігенің
өзі Маңғыт руынан, яғни қарадан шыққандықтан, би болуды
қанағат тұтқан.

Жырда жағымсыз кейіпте көрінетін, Орақты өлтірушілердің
ең белсендісі ретінде танылатын Ысмайылдың орыс патшасына
Қазиды жамандап, оның құрған Кіші Ноғай Ордасына қарсы
әрекеттеріне қолдау көрсетуді сұранып жазған хаттары біздің

заманымызға жеткені белгілі. Бірақ оның Орақтың өліміне
қатысы бары-жоғын анықтайтын деректер жоқ.
Қолдарыңыздағы
томға

«Қарасай,
Қази»
жырының
төмендегідей мәтіндері енгізілді.

Мұрат Мөңкеұлы нұсқасы. Бұл нұсқаны Х.Досмұхамедұлы
Ығылман Шөрековтен жазып алып, 1924 жылы Ташкент­
те шыққан «Мұрат ақын сөздері» атты жинаққа енгізген.
Бұл мәтін 1943 жылы жеке кітап болып шыққан, сонымен

қатар Х.Досмұхаммедұлы еңбектерінің 1991 жылы жарық
көрген «Аламан» атты жинағына және одан бергі уақыттарда
жарық көрген топтамаларына да енген. Аталмыш нұсқа 1991
жылы баспадан шыққан «Алқаласа әлеумет» атты жинақта да

батырлар  жыры
жарияланған. Бұл туындыны осы басылымға дайындау үшін
1943 жылы жарық көрген «Мұрат Мөңкеұлы. Қарасай, Қази»
атты кітап пайдаланылды.

Мұрат Мөңкеұлы—қазақ поэзиясының аса көрнекті өкіл­
дерінің бірі, қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымының дамуына
зор үлес қосқан ақын. Аталған сөз зергері шығармашылығы­
ның қырлары аса мол екенін Б.Омарұлы былайша аңғартқан:

«Мұрат ақынның мұралары—«Үш қиян», «Сарыарқа» толғау-
поэмаларынан, «Қазтуған», «Шәлгез», «Қарасай, Қази» жыр­
ларынан, айтыстарынан, бірнеше толғау-термелерінен, арнау
өлеңдерден тұрады. «Үш қиян» мен «Сарыарқаға» халық басы­

на түскен ауыртпалықты арқау етсе, «Қазтуған», «Қарасай—
Қази», «Шәлгез» Ноғайлы жұртының аңыздарын өзінше баян­
дайды. Мұраттың алты ақынмен айтысы сақталған. Ал арнау
өлеңдерінің дені би-болыстарға бағышталып айтылған. Сондай-

ақ хат түрінде жазылған «Оқудан қайтқан жігітке», «Елінен
жазғаны», «Бір досқа» деген үш өлеңі, тойбастар жырлары
бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр» (28, 14-15).
Мұрат ақын ел арасына таратқан туындыларының бізге

жеткенінен жетпегені көп екені оның репертуарында болған
жырлар туралы мағлұматтардан-ақ аңғарылады. Ел ара­
сында ұзақ уақыт бойы айтылып келіп, 1942 жылы 82 жа­
сар Мұрын жырау Сеңгірбекұлының айтуы бойынша ғана

қағазға түсірілген «Қырымның қырық батыры» атты ғажайып
эпикалық циклдың кейінгі ұрпақтың игілігіне айналуына
үлес қосқандардың бірі—Мұрат Мөңкеұлы. Мұрын жырау
өзінің «Қырымның қырық батырын» Нұрым, Мұрат және

Қашаған ақындардан үйренгенін, соның ішінде Мұраттың
айтып беріп, ұстаздық етуі арқылы «Қарадөң», «Жұбаныш»,
«Сүйініш», «Тегіс», «Тама», «Тана», «Нәрік», «Нәрік ұлы
Шора», «Құлыншақ», «Ақжонас», «Ақжонас ұлы Кеңес»,

«Жаңбыршы», «Жаңбыршы ұлы Телағыс», «Оғыз батыр»
жырларын жаттағанын айтқан (8, 252). Сөз болып отырған
өнерпаз орындаған эпикалық туындылар бұнымен шектел­
мейтінін Х.Досмұхамедұлының: «Орақ, Мамай, Қарасай,

Қази, Асан қайғы, Қазтуған секілді өткен адамдар туралы
Мұрат көп өлеңдер шығарған. «Қарасай, Қази туралы Мұрат
екі күндей айтатын еді»,—деп ақсақалдардан естігенім
бар. Мұрат сөздерінің көбі осы күнде жойылған. Біздің ба­

ғылыми  қосымшалар сып отырған «Қарасай—Қазиымыз» ұзақ сөзден қалған бір жұрнақ қана»,—деп жазғанынан да аңғарамыз (11, 103). Соңғы аталған жыр Мұрат ақын айтып, жұртқа насихаттаған телегей-теңіз эпикалық қазынаның бізге жеткен бірден-бір үлгісі болып табылады. Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығының ХVІ—ХVІІ ғасырлардағы, яғни сөз болып отырған жырларда бейне­ ленген кезеңдегі арақатынасын арнайы зерттеген тарихшы А.Исиннің «Қарасай, Қази» жырының Мұрат Мөңкеұлынан жазылып алынған нұсқасында Әділ сұлтан тақырыбының байқалмауының себебін іздестіру барысында жасаған «Мұрат нұсқасының толық жазылып алынбағанын кезінде кезінде Халел Досмұхамедұлы ескертіп өткен-тін»,—деген ескертпесі (15, 69) бұл нұсқаның қағазға түспеген бөлігінде Әділ сұлтан оқиғасының баяндалғанына анық көз жеткізерлік дәлел бола алмайтыны даусыз. Оның үстіне Әділгерей сұлтанның қызылбастардың қолына түсіп, мерт болған уақытында Қазидың өмірде болмаған­ды­ғын халықтың барлығы бірдей ұмытуы да да неғайбыл. Өйткені қазақтар көшпелі өмір салтын ұстанған өзге де халық­тар сияқты, өзінің өткен өмірі туралы мәліметтерді көбінесе жазусызу арқылы емес, фольклорлық жанрлар үлгілерінде көздің қарашығындай сақтауды өмірлік маңызы бар мәселе санаған. Бұл туралы кезінде Ш.Уәлиханов: «Изумительно с какой све­ жестью сохранили киргизы свои древние предания и поверья, и еще изумительнее, что во всех отдаленнейших концах степи, особенно стихотворные саги, передаются одинаково и при сли­ чении были буквально тождественны как списки одной руко­ писи»,—деп жазған болатын (37, 291). Соны ескерсек, өткен заманның көркем шежіресін бізге жеткізуші жыршылар, ше­ жірешілер Қази мен оның ағасы—Қарасайдың Әділ қатыспаған талай әскери қақтығысқа қатысқанынан хабардар болғанын жоққа шығара алмаймыз. Қарастырылып отырған жырдың көптеген нұсқа­ла­рын­ дағыдай бұл нұсқада Орақтың өзімен бір әкеден туған бауыр­ ларының опасыздығы салдарынан қаза тапқаны баяндалады. Орақтың нақты қай жылы, қандай жағдайда және кімдердің қолынан өлгенін айғақтайтын деректер сақталмағанымен, Орақ қайтыс болғаннан кейін Қазидың бірден Ысмайыл биге

батырлар  жыры
қарсы қарулы қарсылық көрсеткен топтың ең белсенділе­
рі қатарына қосылуы, біраз уақыт қазақшылықты да басы­
нан өткеріп, ақырында дербес Кіші Ноғай Ордасын құруы,

одан кейінгі уақыттарда да аталған екі бидің ымыраға келе
алмағаны, Ысмайылдың орыс патшасына Қазиды жамандап,
оған деген жаулық пиғылын аңғарта жазған хаттары және өзге
де деректер түркі халықтарының барлығы да өз фольклорлық

мұраларында Орақты өлтіруші Ысмайыл екенін баяндауы те­
гін еместігін аңдатады. Бұл халықтардың ауызша тараған
аңыздауларында Ысмайылдың үнемі жағымсыз сипатта
көрінуінің сыры аталған бидің орысшыл саясат ұстануын халық

өздерінің тәуелсіздіктен айрылуының ең негізгі себептерінің
бірі деп ұққандығында жатқан секілді.
Бұл нұсқадағы бас қаһармандардың ерліктерін танытатын
негізгі оқиғалар жырдағы «Орақтың жауы бар екен. Орақ жа­

уына бармастан бұрын өліп кеткен екен. Орақты өлтіргендер
«Орақтың жауын жаулап аламыз» деп, қол жинап, аттанып­
ты» деген сөйлемдерден кейін бейнеленеді. Бұл жерде Орақ
пен оның аға-інілерінің, балаларының жауының қай халық­

тың өкілі екенін нақтылап айтпауда да өзіндік мән бар сияқты.
Өйткені Орақтың өмірі туралы мәліметтер, оның әскери
әрекеттері кейде Қырым хандығы, Қазақ хандығы, Астрахан
хандығы секілді бауырлас мемлекеттерге қарсы да, тіпті Мұса

би ұрпақтарының алауыздықтарын өз пайдасына шешу үшін де
бағытталып отырған. Ол өмір сүрген кезде қалмақ, қызылбас,
орыс секілді сыртқы жаулар Ноғай Ордасының тәуелсіздігіне
ашықтан-ашық қауіп төндіре қоймаған еді. Сондықтан сөз бо­

лып отырған нұсқа оқиғаларының өрбуі барысында Ноғайлы
жұртының батырлары Орақтың мақсатын орындау үшін іздеп
барған дұшпанның Бөрі хан бастаған қалмақ елі болып шығуын
анахронизмге жатқызбай тұра алмаймыз. Өйткені Ноғай Ор­

дасы орналасқан жерлерге қалмақтардың үстемдік орнатуға
ұмтылуы ХVІІ ғасырдың алғашқы жылдарында бастау алғаны
анықталған.
«Қарасай, Қази» жыры нұсқаларының басым көпшілігінде

Орақтың балалары жауға мініп баруға лайық ат таппай
қиналғаны баяндалып, ол мәселенің қалай шешілгені әр алуан
сипатта баяндалады. Сол нұсқалардың бірқатарында және өзге
жырларда Орақтың Қабанқұлақ қара ат деген тұлпары болғаны

ғылыми  қосымшалар айтылғанымен, әдетте Қарасай ол тұрған күннің өзінде өзге тұлпар іздестіреді. Бұның себебін Мұрат ақын жырлаған нұсқаны оқи отырып жақсы түсінуге болады. Бұнда Қабан құлақ қара ат өзін мінгісі келген Қарасайдың ойын құптамай, оның себебін өзінің иесі өлгеннен кейін күтімсіз қалып, күйі кетке­ німен түсіндіріп, өзін сойып, қожа-молданы жиып, Ораққа дуа оқыту керектігін айта келіп: «Енді мені сойсайшы, Басыма жалау байла да, Орақпен бастас қойсайшы»,— деп, кеңес беруі Қабан құлақ қара атты Қарасайдың мінуіне кедергі болатын негізгі себеп өткен заманда ер-азамат өлген соң оның атын тұлдау, яғни оның жал-құйрығын күзеп, құр жіберіп, бір жыл өткен соң иесінің асына сою дәстүрінде жатқанын аңдатады. Ата-бабаларымыздың одан көне дәуір­ лерде жерленген адамдарды бұл дүниеде пайдаланған зат­ тарымен, сонымен қатар аттарымен де бірге жерлеу дәстүрінен хабар беріп, эпос үлгілерінде жиі кездесетін көп қабатты­ лықтан бұл жыр да ада емес екенін білдіреді. Бұл нұсқаның көзге ұрып тұрған өзгешеліктерінің бірі ре­ тінде бірнеше күн қалмақпен екі-үш күн бойы Тарғынмен үшеуі ғана соғысқан Қарасай мен Қазидың майдан алаңында ұйықтап қалғанын білген Орақтың аруағы көрден шығып, келіп, жау­ ды түпкілікті жеңіп, балаларын қатерден құтқаруына тоқталу лазым. Өйткені желеп-жебеуші аруақтардың бас қаһарманның ұрыс қимылдарына тікелей араласуы классикалық қа­ һармандық эпос үлгілерінде сирек кездеседі. Өйткені батыр­ лар жырының алдындағы ең негізгі нысана —бас кейіпкердің өз ерлігі мен күш-қайратын дәріптей суреттеп, халыққа үлгі ете көрсету. Сондықтан үшінші біреудің көмегі тиюі батырды мадақтауға қызмет етуі былай тұрсын, оған көлеңке түсіреді. Басқа нұсқаларда бұндай мотивтің қайталанбауы осыған бай­ ланысты екені хақ. Қарастырылған нұсқаның осы және басқа да өзгешелігі әр жыршының өзі жырлап отырған эпикалық туындыға қайталанбас, тыңдаушыны жалықтырмас сипат да­ рыту үшін пайдаланатын мотивтер қорында шек жоқ екенін сездіреді.

батырлар  жыры Қашаған Күржіманұлы нұсқасы. Бұл нұсқаны филоло­ гия ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдиықов қағаз бетіне түсіріп, өзінің баспаға дайындауымен 1991 жылы баспа бетін көрген Қашаған ақын шығармаларының «Топан» атты жинағына енгізіп, бұл нұсқа жөнінде мынадай ғылыми түсінік берген: «Қашағанның немере інісі, маңғыстаулық жыршы— Шәдіман Үсембаевтың айтуынан 1964 жылы хатқа түскен. Осы жырдың бір жазбасы Қазақ ССР Ғылым академиясының Орталық кітапханасында сақтаулы (398-папка). Шәдіман «Қарасай—Қазиды» ақынның өз айтуынан үйренген. Ел ара­ сында бұл жырдың Қашағаннан үйреніп, Мұса, Мұрын жырау­ лар айтқан басқа да нұсқалары кездеседі» (24, 175). Жырдың бұл мәтіні жоғарыда көрсетілген «Топан» жинағынан алынып, баспаға дайындалды. Қазақ поэзиясының көптеген жанрында айшықты із қал­ дырған көрнекті ақын эпикалық дәстүрдің дамуына көпте­ген халық жырларын орындап, өзге жыршыларға үйрету, жаңа­дан жыр шығару арқылы айрықша зор үлес қосқан. «Қырым­ның қырық батырын» бізге жеткізуші Мұрын жырау мына жыр­ ларды өзіне жаттатып, оларды үйреткен Қашаған екенін айтқан: «Қыдырбайұлы Қобыланды», «Шынтасұлы Төрехан», «Әмет», «Алау», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Асан қайғы», «Абат», «Тоған», «Манашы», «Манашыұлы Тұяқбай», «Айсаұлы Ах­ мет», «Қарғабойлы, Қазтуған» (8, 352). Қашаған жырау айтқан көл-көсір халық эпосы үлгілерінің ішінен осы заманға дейін сақталғаны—жалғыз «Қарасай— Қази» жыры. Жалпы фольклор үлгілеріне мәтіннің ақпалылығы тән. В.Радлов мотивтердің ақпалылығы, бөлшектердің үнемі өзгеріп отыратындығы, олардың варианттары пайда болуы бір­ тіндеп жырдың мазмұнын да өзгертетіндігі, жалпыхалықтық дәстүр негізінде жаңа жыр тудырудағы жеке жыршының рөлі эпос үлгілеріне ортақ заңдылықтар екенін анықтап, қырғыз жомоқшылары-ның өнері туралы «Поет так вдохновенно, так как он не в состоянии спеть одно и то же два раза, не изменяя форму изложения» деген ғылыми тұжырымының (31, 1-10) қазақ жыршыларына да қатысы бар екеніне «Қарасай—Қази» жыры нұсқаларын салыстыра отырып та көз жеткізе аламыз. Жырдың әрі суырып салма ақын, әрі көптеген жырларды

ғылыми  қосымшалар
жатқа білген Қашаған ақын репертуарында болған нұсқасында
да өзіндік ерекшеліктер мол. Бұл нұсқаның басталуының өзі
өзге нұсқаларға қарағанда сонылығымен дараланады. Мы­

салы, бұл нұсқада ең бірінші есімі аталатын Құрманбай де­
ген кісіні өзге ешқандай фольклорлық туындыдан да, өзге де
дереккөздерінен ұшырастыру мүмкін емес.
Ал Әділ, Қарасай және өзге батырлардың жорыққа ат­

тануына Қондыгердің хаты себепші болғаны «Әділ сұлтан»
жыры­ның нұсқаларында айтылғанымен, «Қарасай, Қази»
жырының тек осы нұсқасында сөз етіледі. Зерттеуші­
лер қазақтардың «Қондыгер» немесе «Көндігер» жұртына

Селжүк сұлтандарына еріп, Кіші Азияға қоныс аударған
қандастарымызды
жатқызатынын
анықтаған.

Демек,
Қашаған жырлаған нұсқада «Қондыгер» деген сөз «он екі
баулы Қазақ, Ноғайды басқаратын» ханның атауы ретін­
де қолданылуының шындыққа сәйкес келетін де, келмей­

тін де жақтары бар. Шындыққа сәйкес келетіні: Қарасай,
Қазилар және оларға үкімін жүргізе алатын Қырым ханының
Түркия
сұлтанының

ықпалында
болғаны,
Әділгерей
сұлтанның сол Түрік билеушісінің бұйрығын орындау ба­

рысында бас бостандығынан айрылғаны—шындық. Де­
генмен Ноғайлардың барлығы бірдей Түрік сұлтанының
қарамағында болмағаны, мысалы, Ұлы Ноғай Ордасы мен
Түркия мемлекетінің арасында тұрақты саяси байланыс та

болмағаны белгілі. Дереккөздері Қазақ хандығы мен Түркия
мемлекетінің арасында тығыз қарым-қатынас болмағанын
аңдатады. Демек, Түркия мемлекетіне тәуелді болмаған
елде өмір сүрген қазақ жыршыларының көпшілігі жырдың

бас қаһарманының өзге бір ықпалды билеушінің тапсырма­
сын орындаушы ретінде көрінуі ғасырлар бойы қалыптасқан
жыршылық дәстүрдің ұстанымдарына қайшы келетінін, яғни
халық батырын дәріптеуге нұқсан келтіретінін жіті аңғара

білген. Ал Қашағанның өзі өмір сүрген өлкеде айтылып, 1910
жылы баспа бетін де көрген «Әділ сұлтан» жырында баянда­
латын шындықтан ауытқуды жөн деп есептемегені сезіледі.
Осы нұсқада Орақтың қайын атасы ретінде есімі ауызға алы­

натын Шәлгездің есімі қазақтың ақындары мен әңгімешілері­нің
ауыздарына көбірек ілінгені өзіне назар аудартпай қоймайды.
Бұл кейіпкердің прототипі Батыс Қазақстан сөз зергерлері­нің

батырлар  жыры
жадында көптеген толғаулары сақталып келген әрі жырау, әрі
қаһарман жорықшы Шалкиіз деп білеміз. «Қарасай, Қази»
жырының өзге нұсқаларында Шәлгездің аты ұшыраспауына

оның және Орақтың арасында туыстық шын өмірде туыстық
байланыс болмағаны себеп болғаны хақ. Ал оның әрі ақсақ,
әрі шолақ, әрі соқыр қызының Орақтың «Осы әйелден бала
туса, өзімнің аруағымды ұстайтын бала туар» деген үмітін

ақтауы адамзат баласы дамуының алғашқы сатыларында орын
алған инициация ғұрпына қатысты түсініктерді елестетеді.
Дереккөздері жасөспірімдерді жоғарғы қауымға қабылдау
алдындағы сынақ ретінде өткізілетін инициация ғұрпын ба­

стан кешірген адамдардың дене мүшелерін міндетті түрде кем­
тар ету салты болғанын, яғни кемтарлық тектіліктің нышаны
ретінде ұғынылғанын байқатады. Қазақтардың бергі уақытқа
дейін тумысынан бір мүшесі артық немесе кем адамдарды «ны­

шаналы» деп атап, оларды ерекше қасиетке ие деп білуі және
халқымыздың «Тегін адам таз бола ма?» деген мәтелінің бо­
луы—осындай наным-сенімдердің сарқыншағы.
Бұл нұсқаның өзге нұсқалардан өзгешеліктерінің бірі—

жауға аттанған Қырымның қырық батырының хандыққа та­
ласуы. Бұл да ертегілік сарынның әсерімен жырға енген анах­
ронизм болып табылады. Шындығына келгенде, Қарасай мен
Қази тарих аренасында болған мезгілде Қырым хандығының

тағында әуелі сол мемлекетті құрған ханның ұрпақтары
мұрагерлік ретпен кезек-кезегімен билік құрып, өзге әулеттен
шыққандардың билік басына келуіне, әсіресе төре тұқымынан
шықпаған батырлардың таққа таласуына ешқандай жол бер­

мей отырған болатын. Өзге нұсқалардың көпшілігінде Қарасай,
Қази және өзге батырлардың Әділдің хандығын мойындап,
оның қандай тапсырмасы болса да, бұлжытпай орындап отыруы,
Әділдің өмірінің соңғы жылдарында өз әкесі әрі Қырымның

ханы—Дәулеткерейдің қалғасы, яғни орынбасары лауазымын
иеленгенінің, аталмыш хандықтағы екінші тұлға болғанының
әсері екені анық.
Ал Қашаған жырау нұсқасында хандыққа таласушы батыр­

лардың ақырында Қарасайды хан сайлауы да өткен заманның
оқиғаларының егжей-тегжейлері кейінгі дәуір адамдарының
барлығының бірдей санасында толық сақтала бермегенін
байқатады. Едіге де, оның ұрпақтары да хандық лауазымды

ғылыми  қосымшалар
иелене алмағандығы, Шыңғыстың ұрпағы бол­ма­ғандықтан,
өз үстемдіктерін хандардың беглербегі, яғни әмірлердің
әмірі қызметін атқару арқылы жүргізуді көзде­гені—тари­

хи шындық. Оның үстіне Қарасай—Ноғай Ордасын­дағы ең
жоғарғы лауазым—би атағын да иеленбеген кісі. Осын­дай
шындықтың көрінісі «Қарасай, Қази» жыры нұсқала­ры­ның
басым көпшілігінде хан ретінде Әділдің ғана бой көрсе­ті­ні­нен,

ал Қарасай, Қази жырда ерлігі жаннан асқан батырлар ре­тін­де
ғана дәріптелетінінен аңғарылады.
Дегенмен хандық лауазымды биліктің, мәртебенің ең биік
шыңы ретінде ұғынған халық әдетте бас қаһарманның бар­

ша мұратына жетуімен тамамдалып жататын фольклорлық
туындыларында, оның ішінде классикалық қаһармандық
эпостың көптеген үлгілерінде де, бас кейіпкердің жеңісінің
ең зор нәтижесі оның өз еліне хан болғаны екенін атап өтіп от­

ырады. «Қарасай, Қази» жырының көптеген нұсқаларында
Мамайдың хан ретінде таныстырылуы, қарастырылып отырған
нұсқада осындай дәрежеге Қарасайдың қол жеткізуі—осын­
дай дәстүрдің ізі. Бірақ «Қырымның қырық батыры» жырлар

циклының көптеген үлгілерін жатқа білген Қашаған әдетте
хандық Әділге тиесілі екенін де ескермей тұра алмайды. Соның
айғағы—бұл нұсқада бір батырдың «Қарасайдың айтуы бой­
ынша мына жолдан өткенде әскер екіге бөлінетін болып тұр,

сондықтан екінші әскерге хан етіп Бүркіт хан ұлы Әділді
сайлайық» деген ұсынысы өзгелерден қолдау табуы. Осы тұста
нұсқаларда ойдан шығарылған кісі, жер-су аттары да жиі кезде­
сіп тұратынын, әлгінде сөз болған Бүркіт хан, Мұрат жырлаған

нұсқадағы «қалмақтың Бөрі ханы» деген кейіпкерлердің та­
рихи прототипін табу тіпті мүмкін еместігін де ескерте кету
артықтық етпес.
Әділдің бұйрығымен жаудың мекен еткен жерін барлап

келген батырлардың аттары да нұсқалардың әрқайсысында
азды-көпті өзгеріске түсіп отыратыны байқалады. Тама мен
Тарғынның осындай қызметті атқаруы тек осы нұсқада ғана
баяндалады. Тарғынның бұл жырдың бас кейіпкерлеріне се­

рік болғандығы Мұрат Мөңкеұлы нұсқасында да байқалса,
Таманың есімі Қашағанның ойына оралуына «Қырымның
қырық батыры» циклына енетін жырлардың бірі осы батырдың
ерлігін баяндауға арналғанына байланысты секілді.

батырлар  жыры
Бұл нұсқада адмзат баласының көне замандардан осы
уақыттарға дейінгі наным-сенімдерінің нәтижесі болып табы­
латын түс көру мотивінің атқаратын қызметіне баса мән бері­

леді. Сол себепке байланысты өзге нұсқаларда Әділдің хабарын
оның жанашырларына білгізуші болып табылатын қарлығаш,
қарақұс кейпінде көрінетін пір бұл нұсқада ұшыраспайды. Бас
кейіпкерлердің бірі жау тұтқынынан босағандығын нанымды,

дәлелді етіп көрсету үшін қолданылған мотивировка қызмет
атқаратын ондай хабаршының да, кейбір нұсқаларда Қарасай
мен Қазиға жөн сілтейтін Ноғайлы халқынан шыққан әйелдің
де, өз ұлдарына көрден шығып жәрдем беретін Орақтың

аруағының да міндетін бас кейіпкерлердің ерекше қасиетке
ие болып табылатын анасы атқарады. Бұлар көне дәуірдегі
түсініктердің кейінгі замандардағы жаңаша пайымдала баста­
уынан туындаған өзгерістер санатына жатады.

Нұрпейіс Байғанин нұсқасы. Бұл нұсқа 1946 жылы
Н.Байғаниннің «Таңдамалы шығармалар» атты жинағына ен­
ген, сол кітаптан алынып, осы томға енгізілді.
Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі —Нұрпейіс Байғанин,

профессор О.Нұрмағамбетованың тілімен айтқанда, «жан-
жақты, көп қырлы ақын. Бір жағынан ол асқан төкпе (импро­
визатор) ақын болса, екінші жағынан творчествосының басым
жағы оның халықтың дәстүрлі батырлық, ерлік дастанда­

рын жырлауында жатыр. Басқа ақын-жыршылардан бөлек
айрықша көзге түсетін ерекшелігі де осында. Оның революцияға
дейінгі репертуары, негізінен, халық арасына кеңінен тараған,
ақыннан ақынға, жыраудан жырауға мирас боп айтылып келе

жатқан эпостық жырлардан тұрады» (5, 10).
Н.Байғанин жырлаған қазақ эпосы үлгілері қазір Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолжазба қор­
ла­рында сақталып келе жатқан «Құбығұл», «Алпамыс» (үзінді),

«Төрехан», «Қобыланды» және тағы басқа жырлармен ғана шек­
телмегенін зерттеушілер анықтаған. Бұл туралы О.Нұрмағамбе­
това: «Нұрпейіс «Ер Тарғынды», «Қыз Жібекті», «Айман—Шол­
панды» т.б. көп жырларды айтты» деген дерек болғанымен, ол

жырлар кезінде жазылып алынбаған. Әрине, дарынды ақпа-төкпе
ақын­ның, даңқты жыраудың халық жырларын көп білуі, олар­
ды ұзақ жылдар бойы өзі айтып қоймай, көптеген шәкірттеріне
үйретіп, тапсыруы ғажап емес,—деп жазған болатын (5, 10).

ғылыми  қосымшалар
Нұрпейіс шығармашылығының тағы бір саласы ел іші­
не кеңінен таралған аңыз-әңгімелерді өлең өрнегіне түсіріп,
жырға айналдыру болғанын «Ақкенже», «Нарқыз» атты да­

стандары аңдатады. Ақынның жыршылық дәстүрді жетік
меңгергендігі «Ер туралы жыр», «Жиырма бес» поэмалары­
нан да айқын аңғарылады.
«Қарасай—Қази» жырының Н.Байғанин нұсқасы қалмақ­

тың ханы Қабартиын мен Мамайдың арасында орын алған қан­тө­
гіс оқиғаны баяндаудан басталады. Жырдағы: «Қабартиынның
балалары Палуан сұлтан, Батыр хан дегендер болады. Палуан
сұлтан мен Батыр хан Орақ пен Мамайдың тұсындағы хандар

еді»,—деген сөйлемдер кездесуі және одан ары қарай сол билеу­
шілерді Мамайдың опасыздықпен өлтіргендігі баяндалуы бұл
тұста «Палуан сұлтан», «Батыр хан» деп аталған екі кейіпкердің
прототипі ХVІ ғасырда өмір сүрген Баһадүргерей екенін аңдата­

ды. Ол 1523 жылы Астраханда өзінің одақтастары болған Мұса би
ұлы—Мамайдың, Жаңбыршыұлы Ағыстың және Алшағырұлы
Орақтың опасыздық әрекеттері салдарынан қаза табады.
Ноғай Ордасының жоғарыда аталған қайраткерлері XVІ

ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында Қырымның
сол кездегі ханы— Мұхаммедгереймен одақтасып, оған
бағынған сыңай танытады. Осы бірлесудің нәтижесінде 1522
жылдың соңында Мұхаммедгерей Астраханды ұрыссыз алып,

қашып кеткен жергілікті хан Хұсейін б. Жәнібектің орнына
өзінің ұлы—Баһадүргерейді отырғызады. Бірақ Мамай мен
Телағыс өздерінің тәуелсіздігін көксеп, 1523 жылы Астраханда
Мұхаммедгерей мен Баһадүргерейді өлтіреді. «Қарасай-Қази»

жырында қалмақтың ханы ретінде көрінетін Батыр хан—осы
Баһадүргерей.
Бірқатар түркі халықтарының фольклорлық мұраларында
Батыр және Палуан атты ағайынды екі сұлтан туралы сөз бола­

ды. Бұл жөнінде В.В.Трепавлов: «Как обычно, в фольклорном
сюжете есть несоответствии историческим реалиям (к приме­
ру, Пелван—султан не существовало вообще, но это имя может
быть переосмыслением личности и переводом имени калги Ба­

хадур-Гирея—«Богатыр-салтана русских источников»,—деп
жазған (34, 168-169).
Ал Нұрпейіс жырлаған нұсқада олардың әкесінің «қал­мақ­
тың ханы Қабартиын» деп аталуының, біздің ойымызша, мы­

батырлар  жыры
надай мәнісі бар: біріншіден, фольклорлық мұраларды сақтап
жеткізушілер бертінірек уақыттарда жырға арқау болған
оқиғаларға қатысушылардың нақты ел-жұрттарының атаула­

рын «қалмақ» этнониміне алмастыруға көбірек ден қойғандығы
аңғарылады. Бұған қандас, туыстас халықтардың арасындағы
өткендегі алауыздықтарды замандастарының есіне қайтадан
түсіріп, ескі жараның аузын тырнауды дұрыс көрмеген

жыршылардың азаматтық ұстанымдары мен өзге де де себеп­
тер ықпал еткені байқалады; екіншіден, көп жағдайларда жыр­
ды айтушы халықпен әр замандарда әскери қақтығыстарға
түскен халықтардың атаулары жырларда жеке батырлардың

есімі ретінде де қолданылуы кездеседі. Мысалы, қазақ жырла­
рында дұшпандардың өкілі ретінде бейнеленетін Қараман деген
батырдың есімі оның түрікмен халқынан шыққан адам екенін
аңдатады. Бірқатар қазақ тарихи жырлары мен аңыздарында

«Қалмақтың ханы Қатаған» деп аталатын кейіпкердің прототи­
пі Есім ханмен қақтығыстың салдарынан қаза тапқан Қатаған
қауымының билеушісі—Тұрсын хан екенін анықтау қиын емес.
Түркі халықтарының фольклорында Едігенің қарсыласы ре­

тінде бейнеленетін «Кабантин» немесе «Кабартин» атты алып
күштің иесі дәудің есімі де түп тамырын Кавказды мекендеу­
ші Кабарды руының атауынан алатыны анық. Бұл кейіпкердің
Едіге туралы жыр аңыздарда бой көрсетуіне бұл туындылардың

бас қаһарманына қарасты елдің әуел баста Солтүстік Кавказда
тұрғанына байланысты болса керек. Ал Қазидың да Кіші Ноғай
Ордасын өзінің арғы атасының байырғы мекені—Солтүстік
Кавказда құруы, көрші халықтардың арасында бірде тату, бір­

де қату қарым-қатынастар болмай тұрмайтыны Қарасай мен
Қазидың сүйікті атасы—Мамайдың жауының «Қабартиын» деп
аталуының жайдан-жай емес екенін ұқтырады. Тарихи деректер
Қази мен Ысмайыл билер өздерінің арасындағы алауыздықтарға

кейде Кавказ халықтарының, солардың ішінде Кабардының да,
билеушілерін қатыстыруды теріс көрмегенін сездіреді.
Ноғай Ордасы мен Қырым хандығының жырда аталған
Еділ, Шаған суларын, лажы болса, ешкімді еншілес қылмай,

басы бүтін иеленуді көксей отырып, қайрат жұмсағаны да,
күш-қуаттары тасып тұрған шақтарында біріне-бірі осындай
мүдде тұрғысынан күш те көрсеткені —өмір шындығы. Деген­
мен бұл мемлекеттердің арасындағы туыстық байланыстардың

ғылыми  қосымшалар жібі ешқашан үзілмеген. Қырым хандығының ілгері-соңғы уақыттардағы билерінің, қолбасыларының көпшілігі Ноғай ордасының мырзалары болуы, оның үстіне сол мемлекеттің құрамында Ноғай диаспорасының ерекше беделге ие болуы, олардың саны уақыт өткен сайын Ұлы Ноғай Ордасынан әр түрлі себептермен бөлінген халық есебінен молайып отыруы, Ноғай Ордасы түпкілікті ыдырағанда оның елеулі бөлігі Қырым хандығына сіңуі және өзге де осы тәрізді жағдайлар Ноғайлы дәуірінің қаһармандарының жауы ретінде Қырым хандығы­ ның билеушілерін көрсету кейінгі дәуір жыршыларына ерсі көрінуіне әкеліп соқтырған. Өйткені қазақ халқы және онымен іргелес жатқан қандас елдердің шежірешілерінің түсінігінде ХІV—ХVІІ ғасырлардағы Ноғайлы дәуірінің қаһармандары Қырымның қырық батыры санатына жатады. Сондықтан көптеген жырларда Қырым хандығы мен Ноғай Ордасы ара­ сында болған кейбір саяси шиеленістер көбінесе «Қарасай— Қази» жырының Нұрпейіс жырлаған нұсқасындағыдай тігісі жатықтырыла баяндалады. Кезінде әкесінен жаулық көрген Қырым хандары әулетімен Қазидың өзі орда басқарған кезде берік те баянды ынтымақ орнатуының сыры да ол мемлекеттерден алыстау жерлерді мекендеген қандастарымыз үшін жұмбақ құбылыс болғанын жырдың Нұрпейіс нұсқасындағы Еділдің (бұл нұсқада Әділ сұлтан осылайша аталады) туу тарихының баяндалуы бары­ сында аңғарамыз. Онда Ноғайлының ханы Шынтемірдің ұлы— Еділдің Қарасай, Қазилармен татуласқан Палуан сұлтан ұлы Жаседіл ханның батасының күшімен дүниеге келгендігі бейне­ ленеді. Қарасай мен Қазидың да, олардың әжесі—Қараүлектің де хан тағын иеленуден бас тартып, оны әуелі Шынтемірге, ол өлген соң Еділге беруі де бергі дәуірдің көне көз қариялары да Едіге ұрпақтарының хандық лауазымды ешқашан иеленбегенін жадынан шығара қоймағандығын білдіреді. Еділ ханның бастауымен Қызылбасқа жасалған жорыққа қатысқан батырлардың қатарында Ахмет, Алау, Телағыстың да есімдері аталуы—классикалық қаһармандық эпос үшін типологиялық құбылыс болып табылатын көп қабаттылық­ тың (полистадиальность) мысалдарының бірі. Өйткені бұл батырлардың алдыңғы аталған екеуі—түркі халықтарының ХІV-ХVІІ ғасырлар оқиғалары туралы аңыздары мен

батырлар  жыры
жырларының көпшілігінің кейіпкерлері ретінде кездеседі. Ал
Жаңбыршы ұлы Телағыс Мамаймен және оның інісі—Орақпен
1523 жылғы «Астрахан апатынан» кейін көп уақыт өтпей-ақ

жауласуға көшкені, аз ғана мезгіл өткен соң өмірден өткені бел­
гілі. Демек, «Қарасай, Қази» жырының кейбір нұсқаларында
Телағыстың Қарасай, Қазимен тізе қоса отырып ерлік көрсетуі,
Мұрын жырлаған «Жаңбыршыұлы Телағыс» жырындағы не­

гізгі тартыс Телағыс пен Қарасай, Қази бастаған Мұсаның отыз
ұлы арасында өрбуі анахронизм болып табылады.
Фольклор туындылары арқылы халықтың асыл арманы,
эстетикалық мұраты паш етілуі әдетте жағымды кейіпкер

атаулыны мінсіздендіре сипаттау арқылы жүзеге асырыла­
ды. Қарасай, Қазилардың іс-әрекеттерін баяндау мақсатында
айтылатын туындылар ішінде бұл поэтикалық ұстанымға
адалдықтың тамаша үлгісі Нұрпейіс жырлаған «Қарасай—

Қази» жырында әсіресе жақсы танылады. Бұл нұсқада өзге
нұсқалардағыдай Ноғайлы батырларының бірін артық, екін­
шісін кем етіп көрсетудің байқалмауы—осы пікіріміздің
дұрыстығына дәлел. Соған орай, Еділдің қолға түсуі жорыққа

қатысқан Ноғайлы батырларының осалдық танытуының емес,
қараңғылықтың салдары ретінде бейнеленеді. Еділді табуға
батырлардың барлығы бірдей үлес қосады.
Бұл нұсқаның соңында баяндалған оқиғалар да жырдың өзге

нұсқаларында қайталанбайтын сонылығымен дараланады.
Құдайберген Шоқаев нұсқасы. Бұл нұсқаны 1947 жылы жи­
нап, қолжазба қорына тапсырған—Иманбай Ұйықбаев. Қазір
бұл нұсқаның қолжазбасы Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасындағы
784-бумада сақтаулы. Бұл мәтін бұрын баспа бетін көрмеген.
Қ.Шоқаев және М.Ахметов нұсқалары «Қарасай, Қази»
жырының жоғарыда сөз болған версияларының екінші тобына

жатады. Бұл нұсқаның басталуында өзге нұсқалардан бірқатар
айырмашылық кездеседі. Оның біріншісі —Орақтың өлімінің
себебін бас қаһарманның ғұсыл құюды ұмытып кетуімен бай­
ланыстыру. Бұл—қазақ фольклорына ислам дінінің әсерімен

енген мотивтердің бірі. Екінші өзгешелік —Ораққа қастық
жасаушы Мұсаның ұлдарының қатарында Алу Сарының,
Сыйдақтың аттары аталуы. Төменде жырда кездесетін тари­
хи тұлғалар туралы ғылыми түсінікте Ноғай Ордасының билері

ғылыми  қосымшалар
мен мырзалары туралы шежіре үлгілерінің кейбірінде Мұса­ның
Қалу, Сары деген екі ұлы болғаны айтылатынына тоқта­ламыз.
Ал қазір сөз етіліп отырған нұсқада бұл екі сөз бір адамның есі­

мі ретінде қолданылған. Қалу мен Сарының Орақты өлтіруші
ретінде көрінуін өзге де фольклорлық туындылардан, мысалы,
осы жинаққа кірген «Қарасай, Қази» жырының Мұрат ақын
жырлаған нұсқасынан, байқаймыз. Дегенмен ауызша таралған

аңыздар мен жырлардың біріне-бірі қайшы да келіп жататынын
осы томға кірген жырдың Ш.Кәрібаев жариялаған нұсқасында
Қалудың Орақтың ұлы —Қарасайға достық пиғыл танытуы­
нан да аңдаймыз. Ал Сыйдақтың шын есімі Саидахмет екені, ол

Ноғай Ордасының биі болған кезде Орақтың сол мемлекеттің бе­
делді адамдарының бірі болғанын тарихи құжаттар айғақтайды.
Сыйдақ пен Орақтың арасында қантөгіске апаратындай
алауыздық болғандығы туралы дерек кездеспейді.

Мүстежеп Ахметұлы нұсқасы. Бұл нұсқаның қолжазбасы
Қыдырәлі Саттаров басқарған фольклорлық экспедицияның
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы қол­
жазба қорында сақтаулы материалдарының ішінен алынды.

Бұл мәтін—жоғарыда аталған фольклорлық экпедицияның
Амудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиетін жинау
барысында тапқан рухани қазыналарының бірі.
Бұл нұсқаның қолжазбасында: Бұл «Қарасай, Қази» даста­

ны Қарақалпақстанның Қоңырат ауданының «Раушан» совхо­
зында тұрушы Әмір Сейілханұлынан жазып алынды. Руы - Та­
бын, Қарақойлы.
Бұл дастанды алғаш 1914 жылы, одан бергі жылдары ата­

сы—Тілеумағанбет жыраудан естіген екен. Ахмет, оның бала­
сы—Мүстежеп деген кісілер де той-жиындарда айтып жүрген.
Бұл кісіде сол Тілеумағанбеттен жазып алынған қолжазба бар
екен. Бізге сол қолжазбадан оқып та, өзі ауызша да айтып жаз­

дырды. Жазып алғандар: Қыдырәлі Саттаров пен Құлпыбаева
Қадиша» деген мағлұмат берілген.
Бұл қолжазбаның ең соңғы шумағындағы:
«Тыңдап шыққан жақсылар,

Осымен жырым тамам-ай.
Көне архивтен аударып,
27–165

батырлар  жыры
Бұл қағазға жаздым-ай.

Ахмет ұлы Мүстежеп»,—деген сөздер бұл мәтінді
«Мүстежеп Ахметов нұсқасы» деп атаған жөн екенін білдіреді
Ш.Кәрібаев нұсқасы. Бұл нұсқа Ш.Кәрібаевтың дайындау­
ымен 1944 жылы жарық көрген 5-класқа арналған «Әдебиеттік

оқу кітабынан» алынып, осы томға енгізілді. Ол еңбекте жырдың
бұл мәтіні кімнен жазылып алынғаны, жинаушысы кім екені
туралы мағлұмат келтірілмеген, тек нұсқаның қысқартылып
берілгені туралы ескертпе ғана бар.

Бұл нұсқада да өзге нұсқаларда кездеспейтін бірқатар
фольклорлық сарындар байқалады.
Солардың бірі—өзге нұсқалардың бірқатарында жағымсыз
сипатта көрінетін Қалудың бұл нұсқада ізгі ниетті би кейпінде

танылатыны. Жырда оның және Қасым деген кісілер би ретінде
бой көрсетілетініне келсек, дерекөздерінде есімдері аталатын
Ноғай Ордасының билері санатында бұндай адамдардың есімде­
рі ұшыраспайды.

Әділдің ғайыптан пайда болуын осы нұсқадағыдай бейнелеу
де жырдың өзге нұсқаларынан байқалмайды. Бас кейіпкердің
зақымданбайтындығы туралы кеңейте жырлау туралы да осы­
ны айтуға болады.

Әділ басқарған жорыққа қатысушылардың ішіне Қобыланды,
Әуез, Құбығұл батырлар енуі жырдың өзге нұсқаларында
кездеспейді.
Құбығұлға арналған жеке жыр бар екені белгілі. Ал

Қобыланды батыр өзіне арналған жеке эпикалық туынды­
мен қатар, Едіге туралы жырда да есімі аталатын қаһарман.
Едігенің 1419 жылы, ал, Қазидың 1576 жылы қаза тапқанын
ескерсек, бұл кейіпкердің бұл туындыда бой көрсетуін эпосқа

тән көп қабаттылықтың салдары деп білеміз. Біз қарастырып
отырған нұсқада Қарасайға ақыл айтатын Сыпыра жыраудың
түркі халықтары эпосында Едігенің жауы—Тоқтамыс ханның
ақылшысы ретінде көрінетіні, ал қазақ эпосының «Ер Тарғын»,

«Жаңбыршы ұлы Телағыс» және т.б. үлгілерінде белсенді
әрекетімен көзге түсуі туралы да осыны айту ләзім.

С. Сәкенов

Мәтіндерде кездесетін тарихи және
діни есімдер
Айсаның ұлы Ахмет—қазақ және өзге де қыпшақ тілді
түркі халықтарының қаһармандық эпосындағы бас қаһарманға

айналған тарихи қайраткер.
Мұрын жырлаған «Қырымның қырық батыры» атты жыр­
лар циклына «Айсаның ұлы Ахмет», «Әмет» атты жырлар ене­
ді. Онда Әмет Айсаның інісі ретінде көрінеді.

Ал татар, ноғай фольклорында «Айсылдың ұлы Амет» атты
жыр кездеседі. Онда Айсылдың ұлы Амет пен оның ғашық
жарының қыздың әкесі болып табылатын Алтын Орданың ханы—
Жәнібектің бұлардың қосылуына бөгет жасамақшы болған

әрекетіне қарсы күресі баяндалады. Сол халықтардың аталған
жырында кейде бас қаһарманның есімі «Ахмет» деп те аталады.
Ал «Қарасай-Қази» жырында Ахмет пен Әмет—екеуі де—
Айсаның ұлдары, ағайынды батырлар.

Татар ғалымы М.Усманов өзінің «Татарские исторические ис­
точники XVІІ—XVІІІ века» атты еңбегінде Айсылдың ұлы Амет­
тің тарихта шындығында болған тұлға екенін ибн Бату­таның
естеліктерінде аталған саяхатшының Өзбек ханның әрі күйеу

баласы, әрі қайын атасы болып табылатын, аталған хан­ның әмір­
лерінің әмірі қызметін атқаратын Исабек гураганның үйінде
қонақта болғандығын әңгімелеу ұшырасатынын және «Никон
жылнамасында» осы Исабектің немересі Астрахан князі—Сал­

шы­ның ушкуйниктік қарақшыларды алдаусыратып өлтіргені
баяндалатынына, Салшының есімі «Айсылдың ұлы Амет» жыры­­
ның соңында аталатынына сүйене отырып анықтаған.
Ахмет Мұрын жырау жырлаған «Едіге», «Асан қайғы,

Тоған, Абат», «Жаңбыршы ұлы Телағыс» және өзге де
жырлардың кейіпкері ретінде кездеседі. Ахметтің «Қарасай-
Қази» жыры нұсқаларында да ұшырасуы қаһармандық

батырлар  жыры эпосқа полистадиялық (көпқабаттылық) сипат тән екенін айғақтай түседі. Өйткені Жәнібек ханның Алтын Орданың билігін ұста­ған кезі XІV ғасырдың орта шені болса, Едіге XІV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың басында билік басында болған, ал Телағыс пен Қарасай, Қази—XVІ ғасырда тарихи белсенділік танытқан қайраткерлер. Айсаның ұлы Әмет—Бұл туралы мәліметті Айсаның ұлы Ахмет туралы ғылыми түсініктен қараңыз. Айсаның ұлы Серік—Ол туралы тарихи дерек кездеспейді. Ақташы—«Ақташ» сөзін Ш.Уәлиханов ру аты деп түсіндірген, ал профессор И.Березин сарай қызметкерлерінің ла­ уазымы деп есептейді. «Шора батыр» жырының нұсқаларында Ақтажы Әліби деген кейіпкер кездеседі. Ш.Уәлиханов Қырым ханы—Сағадатгерейдің жарлықтарының біріне «Ақгаш Али би» деп қол қойған тарихи тұлғаның осы Әліби екеніне нық се­ нім білдірген (37, 138). «Қарасай-Қази» жыры нұсқаларында кездесетін «Ақташы», «Ақтайша» деген кісі атаулары осы «Ақташ» сөзінің өзгеріске түскен түрлері деп білеміз. Алау—қазақтың шежіресінде, Татар, Ноғай халықтары­ ның «Айсылдың ұлы Амет» жырында сөз болатын батыр. Кіші жүз рулары Алауды өздерінің атасы деп біледі. «Қырымның қырық батыры» циклында «Алау батыр» атты жыр бар. Алау—сонымен қатар Мұрын жырау репертуарындағы өзге де бірқатар жырлардың кейіпкері. Алшы—Ноғай Ордасының биі Ысмайылдың есіміне қосар­ ланып айтылатын анықтауыш мәнді сөз. Аталған тарихи тұлғаның «Алшы Ысмайыл» атануын зерттеушілер «алшы» сөзімен байланыстырып, оның жолы болғыштығын мегзейтін, яғни «асығы алшысынан түскен» деген мағынаны білдіретін эпитет деп жорамалдаған. «Қарасай-Қази» жырының кейбір нұсқаларында «Алшы» сөзі жеке кісінің атауы, яғни Мұсаның отыз ұлының бірінің есімі ретінде қолданылған. Әлі Смайыл Жырды оқи отырып, осындай есімді иеленген кейіпкердің прототипі де жоғарыда сөз болған Алшы Ысмайыл би екенін аңғаруға болады. Әнжі—Ысмайылдың есіміне қосарлана айтылатын эпитет­ тің бірі. Эпикалық туындыларда кейде Ысмайылдың атауы ре­ тінде жеке де қолданылады. «Әнжі» сөзі «аяр» деген мағынаны

ғылыми  қосымшалар
білдіреді, яғни Ысмайылдың зұлымдығын, опасыздығына орай
қолданылған сөз.
Баба түкті шашты Әзіз—мұсылман дінінің орнығуына

аса зор еңбек сіңірген қайраткер. Оның мазары Оңтүстік
Қазақстан облысы, Созақ ауданына қарасты Жылыбұлақ де­
ген жерде. Қыпшақ тілдес түркі халықтарының аңыздары мен
жырларының көпшілігінде Баба түкті шашты Әзіз Едігенің

әкесі (кейбір фольклорлық туындыларда атасы) екені айтыла­
ды. Дегенмен академик В.Бартольд өзінің «Отец Едигея» атты
арнайы ғылыми зерттеуінде Едігенің әкесінің аты—Балтышақ
екенін, Балтышақтың Орыс хан ұлы Темір Мәліктің әмірлерінің

әмірі қызметін атқарғанын, Тоқтамыс ханның қолынан қаза
тапқанын анықтаған (7, 798-799).
Батыр
сұлтан—Қырымның

ханы—Мұхаммедгерейдің
ұлы, Қырым ханының қалғасы—Баһадүргерей. Ол туралы осы
томның ғылыми түсінігінде кеңірек сөз болды.
Едіге—1391 жылы Ұлы Ноғай ордасын құрған тарихи

қайраткер. Ол аталған мемлекеттің билігін өзі қайтыс болған
1419 жылға дейін қолында ұстаған.
Тарихи деректер Ш.Уәлихановтың «Это—Идиге тот са­
мый Идиге, Эдеку и Идигей безотчетно который при четырех

ханах» деген мағлұматының (37, 201) растығын айғақтайды.
Шынында да, Едіге өзі би лауазымын иелене отырып, Ал­
тын Орда тағына өзінің айтқанынан шықпайтын хандарды
отырғызу арқылы аталған мемлекетте өзінің шектеусіз билі­

гін жүргізген.
Ер Көкше—қазақтың батыры. Шежіреде Уақ руының Ер
Көкшеден тарағаны айтылады. Қадырғали Жалайырдың ше­
жіресіндегі «Никон жылнамасындағы» деректерге қарағанда,

ол 1419 жылғы Едіге мен Қадырберді әскерлерінің арасындағы
ұрыс кезінде қайтыс болған. Қазақ халқында «Ер Көкше»
атты бірнеше жыр бар. Ер Көкше сонымен қатар Мұрын жы­
раудан жазылып алынған өзге жырлардың бірқатарында да,

қырғыздың «Манас» жырында да кейіпкер ретінде көрінеді.
Ер Қосай—Ер Көкшенің ұлы, қазақтың батыры. Қазақ
халқында «Ер Қосай» атты бірнеше жыр бар. Ер Қосай—соны­
мен қатар «Манас» жырының да бас кейіпкерлерінің бірі.

Ер Тарғын—Қазақ және Ноғай эпостарының бас қаһар­
маны болып табылатын Ноғайлы батыры.

батырлар  жыры
Жантаза—Мұса бидің бірінші әйелінің есімі. Академик
В.М.Жирмунский келтірген жоғарыдағы кестеде оның есімі
«Хандаза» деп берілген. Қосымша мағлұматтар болмаған­дық­

тан, бұл екі атаудың қайсысы дұрыс екенін анықтауға мүм­
кіндік болмады.
Жаңбыршы—Мұса бидің інісі. Ол ағасы қайтыс болған соң
Ноғай ордасының биі болған. Қадырғали Жалайыр: «Ямхурчи

ағасының көзі тірісінде би болды»,—деп жазған (16, 256).
Көгістің ұлы Тама—түркі тектес рудың, сол рудың арғы
атасы болып табылатын батырдың аты.
Мұрын

жырау
жырлаған
«Қырымның
қырық

батырының» құрамындағы «Қарадөң батыр және оны
ұрпақтары» циклында «Тама» атты жыр бар. «Башкирское
народное творчество» атты Мәскеуден шыққан кітапта да
Башқұрт ұлтын құрайтын негізгі алты рудың бірі—Тамян

руының арғы атасы туралы аңыз бар. М.Тынышбаев өзінің
тарихи еңбектерінде Тамань түбегін де «Тама» атауымен
байланыстырған (33, 97-98).
«Қырымның қырық батырында» «Көгіс, Тегіс» атты жыр бар,

сол жырлар циклында Көгістің Таманың әкесі екені айтылады.
«Шора батыр» жырының В.Радлов жазып алған нұсқасында
да «Когушли Тама» деген этноним кездеседі.
Қази—Алшағыр ұлы Орақтың кіші ұлы, Кіші Ноғай

ордасының негізін қалап, билеген тарихи қайраткер.
Қарасай—Алшағыр ұлы Орақтың тұңғыш ұлы.
Қожа Бәуеден—Бахауддин Нағышпенді. Ол—Орта Азия­
дағы сопылық ағымдардың бірінің негізін қалаған басшысы.

Мамай—Мұса бидің екінші әйелінен туған ұлы. Оны зерт­
теушілер де, халықтық туындыларды айтушылар да көбінесе
Мұса бидің бірінші әйелі—Хандазадан туған Шейхмамаймен
шатастырады.

Мұса—Едігенің шөбересі, Нұрадынның Оқас атты ұлынан
туған. Мұса—Ноғай Ордасының биі. Хорезми қаза тапқан соң
би лауазымын Нұрадынның ұлы—Аббас иеленген. Қадырғали
Жалайыр Хорезмиді Оқастың інісі ретінде көрсеткенімен,

В.В.Трепавлов оның Оқастың ұлы екенін атап өткен (34, 10).
Аббас бидің тұсында-ақ Ноғай Ордасының жалпы жұрт­
шылық мойындаған басшысы Мұса болған. Аббастың көзі тірі­
сінде Жәдігер ханның беглербегі қызметін атқарған Мұса өзінің

ғылыми  қосымшалар
інісі—Жаңбыршы екеуі Шығыс Дештінің Аралдан бастап Еділ­
ге дейін созылып жатқан елеулі бөлігіне үстемдігін жүргізген.
Дереккөздерінде Аббас бидің есімі 1491 жылдан бастап бірде-

бір аталмауына қарап, зерттеушілер Аббастың қайтыс болған
және Мұсаның би болып сайланған уақыты осы жылы деп жо­
рамалдайды.
Мұса би—«Дешті Қыпшақтың хакімі» атағын иеленген би­

леуші.
Мұсаның отыз ұлы—халық аңыздарында Мұса бидің отыз
ұлы болғаны туралы естелік сақталған. Бірақ ол отыз ұлдың
кім екендігі туралы мағлұматтар бір-біріне қайшы келіп от­

ырады.
Академик В.М. Жирмунский Мұса би ұрпақтарының
шындыққа жақынырақ шежіресін Мұсаның ұлы—Жүсіп би
ұрпақтарының отбасылық шежіресіндегі Н.Б.Юсупов жасаған

схема негізінде қалпына келтірген. Сол мәлімет бойынша Мұса
бидің бірінші әйелі Хандазадан—Шейхмұхамед (Шиқым),
Шейхмамай, Қажымұхаммед (Көшім), Досмұхаммед (Досым),
Жүсіп, Ысмайыл, ал екінші әйелінен—Қожа дегеннің қызынан

Алшағыр, Саидахмет (Шейдяк), Тоғай, Сұлтанай, Жанғосты,
Мамай, үшінші әйелінен Ысқақ, төртінші әйелінен Ескендір,
Темір, бесінші әйелінен Құтым, Құлыш, Құлахмет, Жанахмет
туғанын білуге болады.

Татар ғалымы Ахметзянов іздеп тапқан татар шежірелері­
нің бірінде: «От Мусы родились Калау, Мамай хан, хан Исма­
гиль хаилче, Алчагир хан, Айданле Урак хан, сұлтан Сайдак,
Нартлы желтый Юсуп, Сары, Мамай шейх, Ямгырчы»—деген

мағлұмат қазақ эпосы үлгілеріндегі Мұса би ұрпақтары тура­
лы түсінік қыпшақ тілді түркі халықтарының бірқатарының
фольк­лорында бой көрсететінін байқаймыз.
Тарихи деректер Шейхмамайдың би болғанын, ал Мамай­

дың би болмағанын білдіреді.
Мұсеке—Ноғай эпосы кейіпкерлерінің бірі.
Ноғайлы—Ш.Уәлихановтың пайымдауынша, «Ноғайлы»
дегеніміз—Алтын Орданың құрамына енген көшпелі тайпа­

лардың өз­де­рін отырықшы қандастарынан даралау үшін
қолданған этно­ни­мі. Ноғай, Қазақ, Татар, Башқұрт, Өзбек,
Қарақалпақ халықтары өз­де­рі­нің шежірелік аңыздарында
түпкі тегін Ноғайлыдан таратады.

батырлар  жыры
Нұрадын—Едігенің тұңғыш ұлы. Ол Едігенің ең сенім­
ді саяси серігі болып, ол басқарған мемлекеттің үлкен бір
бөлігін басқарған, Едігенің жауларына қарсы күресте та­

бысты қолбасшы ретінде танылған. Қадырғали Жалайыр
өзінің шежіресінде Нұрадынның әкесінің көзі тірі уақытта
іш ауруынан қайтыс болғандығы туралы мәлімет келтірген
(16, 256).

Орақ—Жүсіп бидің екінші әйелінің тұңғыш ұлы—
Алшағырдың ұлы. Оның халық жырларында өзінің әкесімен
бір әке, бір шешеден туған Мамаймен үнемі бірге аталуының
сырын Г.Ананьевтің «Караногайлы и их предания» атты

еңбегінде келтірілген аңызда Орақ бала кезінің өзінде-
ақ ағасы—Мамайды қатты сүйсіндіргені, Мамай ағасы—
Алшағырдан Орақты сұрап алып, батыр етіп тәрбиелегенінің
баяндалуынан (1) аңғарамыз.

Демек, Орақ—жырларда баяндалғандай, Мұса бидің ұлы
емес, немересі.
Палуан сұлтан—Баһадүргерейдің фольклорлық туынды­
лардағы ендігі бір есімі. Бұл туралы осы томға берілген ғылыми

түсінікте кеңірек сөз болады.
Сәтемір—Орта Азияның билеушісі, ұлы жаулап алу­
шы Ақсақ Темір (1336-1405) қазақтың халық ауыз әдебиеті
үлгілерінде осылай аталады.

Сыйдақ—Мұса бидің екінші әйелінен туған Саидахметтің
(Шейдяктың) есімінің халықтық нұсқаларының бірі. Ол 1533
жылы Ұлы Ноғай ордасының биі болып сайланған. Мұса бидің
ұлдары арасындағы алауыздықтың салдарынан XVІ ғасырдың

қырқыншы жылдары ол биліктен тайдырылып, Орта Азияға
кетіп, билік лауазымды Шейхмамай иеленген.
Сыпыра жырау—қыпшақ тектес түркі халықтары эпосы­
ның кейіпкері болып табылатын данышпан жырау. Ол «Еді­

ге», «Жаңбыршыұлы Телағыс», «Ер Тарғын», «Қарасай-Қази»
және тағы басқа халықтық туындыларда хандарға да, жалпы
халыққа да қиын-қыстау сәттерден шығатын ақыл тауып беріп
отыратын көргені де, түйгені де көп, батагөй қария әрі өнерпаз

ретінде көрінеді. Қазақ, қарақалпақ және ноғай халықта­ры­
ның жыршылары өздерін Сыпыра жыраудың жыршылық мек­
те­бінің өкілдері деп білген. Мысалы, Мұрын жырау «Қырым­
ның қырық батырын» әуелі Сыпыра жырау шығарғанын, одан

ғылыми  қосымшалар
Абыл, Абылдан Нұрым үйренгені, Нұрымның өзінің ұстазы
екенін айтқан.
Дегенмен Сыпыра жыраудың Мұрын жырау өмір сүрген за­

маннан әлденеше ғасыр әріректе өмір сүргені анық. «Едіге» жы­
рында ол жағын жібекпен таңып отырған аса қарт кісі ретінде
бейнеленген. Соған қарағанда, ол—Ноғайлы заманында немесе
тіпті одан арғы уақытта өмір сүрген сөз зергері.

Телағыс (шын аты—Ағыс)—Жаңбыршы бидің ұлы. Қа­дыр­
ғали Жалайыр Жаңбыршы қайтыс болғаннан кейінгі жағдай
туралы: «Содан Хуразми би болды... Содан соң Ямғурчидың
ұлы Ағиш би болды», деп мағлұмат берген (16, 256-б).

1523 жылдары орын алған «Астрахан апаты» атты Мұхаммед­
герей хан мен Баһадүргерейлер опат болған қанды қырғын­нан
кейін Мұса және Жаңбыршының ұрпақтары арасына жік түсіп,
олар бір-бірлерінің бітіспес жауларына айналған.

Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, бұл алауыздықтар
Ағыстың көп уақыт өзінің сенімді серігі болып келген Мамай­
мен билікті бөліскісі келмегендігі себеп болған сияқты. Ол
1524 жылы Қажытарханның билеушісі Хұсейінге өзінің оны­

мен бірлесіп, Мамайға қарсы шайқасуға әзірлігін білдірген.
Ағыс Мамайға қарсы одақ құру жөнінде Қырымның ханы—
Сағадатгереймен де келісім жүргізе бастаған.
Бірақ көп ұзамай, ол Қазан ханы—Сапагереймен қақтығыста

қайтыс болған.
Тобаяқ—Ысмайылдың есіміне тіркесетін қосарлы анық­
тауыштардың бірі. «Тобаяқ» сөзі аяқтың кемтарлығын білді­
реді. Бұл сөз Ысмайылдың ақсақтығын білдіретін көрінеді.

«Қарасай, Қази» жырының кейбір нұсқаларында «Тобаяқ» сөзі
де жеке кісінің атауы, яғни Мұса бидің отыз ұлының бірінің есі­
мі ретінде қолданылған.
Тоқтым хан—Алтын Орданың соңғы ханы—Тоқтамыстың

өзгеріске түскен атауы.
Ұзын Айдар Қоңырат. Бұл батыр туралы да тарихи дерек
кездеспейді. Ол да—«Әділ сұлтан» жырының В.Радлов Қырым
татарларынан жазып алған нұсқасының кейіпкері.

Үйсін Сүлеймен батыр. Ол туралы тарихи дерек кездеспей­
ді. Үйсін Сүлеймен батырдың есімі «Әділ сұлтан» жырының
В.Радлов Қырым татарларынан жазып алынған нұсқасында да
кездеседі.

батырлар  жыры
Шарабас—Қазақ жырларында Нұрадынның ұлдарының
бірі Шарабас екендігі туралы айтылады. Бұл мағлұматты тари­
хи деректер қуаттамайды.

Шиға—Мұсылман дінінің шиит ағымындағы халық
Ысмайыл—Ноғай Ордасының биі болған тарихи тұлға. Ол
Мұсаның бірінші әйелі Хандазадан туған. Түркі халықтары­
ның фольклорлық туындыларында Ысмайылдың жексұрын

сипатта бейнеленуіне оның орысшыл саясат ұстанып, орыстың
ақ патшасына мойын ұсынып, соған жағыну мақсатында өз
халқының тәуелсіздігіне нұқсан келтіретіндей әрекеттерге
де баруы себепші болған секілді. Ол өзімен бір әке-шешеден

туған Жүсіп би Ноғай ордасының билеушісі болған уақытта
да тәуелсіз саясат ұстанған ағасының іс-әрекеттеріне кедер­
гі келтіретін астыртын әрекеттерге барған. Бұны Ресейдің ақ
патшасы да ұтымды пайдаланып, Ысмайылды Жүсіпке айдап

салып отырған. Осыған байланысты Жүсіп пен Ысмайылдың
арасында тұтанған араздық өрши келе, ақыры соңғысының
алдыңғысын өлтіріп, Ноғай Ордасының билігін иемденуіне
апарып соқтырған.

Ысмайылдың
әрекетіне
қарулы
қақтығыс

арқылы
наразылық білдірген Жүсіптің ұлдарын қолдаған Ноғай Орда­
сы мырзаларының қатарында Қази да болған.
Орақ пен Мамайдың қандай жағдайда қайтыс болғандығы

жөнінде нақты деректер сақталмағандықтан, олардың өліміне
Ысмайылдың қаншалықты қатысы барлығын анықтау мүмкін
емес.

Ақ, Хақ /а/—шын, шындық, күмәнсіз ақиқат; нағыз; Алла
Тағаланың 99 есімінің бірі
Ақырет, ахирет /а/—діни ұғым бойынша, бұл күні қия­
меттің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін

сұрақтың қойылатындығы анық. Пенделер тірі кезінде істеген
күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса,
Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тарта­
тын күн

Әнжі /ж.с./—аяр
Даңды—даңқты
Жайшы—жайдың күшімен ауа райын өзгерте алады-мыс
деп танылған адам, сиқыршы

Жаппар, Жағыпар /а /—құдіретті; Алла Тағаланың 99
есімінің бірі
Жарыға /ж.с./—Жартыға
Кәбам—Қағбам.

Қағба—мұсылмандардың
қажылыққа
барғанда тәуап ат ететін қасиетті орны
Кеулі /ж.с./—көңлі

Күдер /ж.с./—белес, асу
Кіреуке—сауыттың бір түрі
Қыраж—алым-салық
Қолоткі /о/—кісен

Мақшар—ақырзаман күнінде болатын сот
Өмілдірік—былғары не қайыстан жасалған, ат ер-тоқы­
мының артқа кетпеуі үшін тағылатын ат әбзелі
Өнемейін /ж.с/—үнели

Пешеттеп /о/—мөр басып
Пір—қолдап-қорғаушы рух, аруақ
Сөздік

батырлар  жыры
Руза (ораза)—мұсылмандардың өздерінің ай календа­ры­
ның тоғызыншы айы—Рамазанда ауыз бекітіп, Құдайға құл­
шы­лық білдіруі

Саржа—сүйекпен әшекейленген әдемі садақ, садақтың оғы
Сементтеп /о/—цементтеп
Сой—арғы заты, тегі
Сөтке /о/—тәулік

Суын—қазақтың халық прозасы үлгілерінде бейнелене­
тін су айғыры. Көптеген халықтық туындыларда жас бие мен
суын­ның қатынасынан кейін су тұлпары дүниеге келетіні ба­
яндалады

Штурм /о/—шабуыл

Жер-су атаулары
Аштархан—Астрахан, Алтын орданың орнында пайда
болған хандықтардың бірі, Астрахан қаласы соның астанасы
болған.

Бұзан—Еділдің тармақтарының бірі. (Астрахан қаласынан
40 шақырым солтүстікте).
Дербент—Кавказ-Иран шегарасындағы орта ғасырлық бе­
кіністі қала.

Еділ—Еуропадағы ең үлкен өзен, Валдай қыратынан баста­
лып, Каспий теңізіне құяды.
Жайық—Ресейдің
Башқұртстан,

Челябинск,
Орынбар
әкімшілік аймақтарының және Қазақстанның Орал, Атырау
облыстарының территориясымен ағатын өзен.

Күйкен—Маңғыстаудағы таудың аты. Толық атауы—
Күйкенұшқан
Қиғаш—Астрахан облысының территориясындағы тау
Қырым—Еуропаның оңтүстігіндегі түбек, Қара теңіз,

Азов теңіздері мойнағы арқылы Шығыс Еуропа жазығымен
ұштасады. Осы территорияда Алтын Орданың орнында пайда
болған хандықтардың бірі ту көтерген. Қырым хандығы XVІІ
ғасырдың екінші жартысына дейін дербес мемлекет болған.

Қазанның Сырлы қаласы—«Қобыланды батыр» жы­
рында қызылбастың ханы Қазан басып алған Ноғайлының
қалаларының бірі ретінде сөз болады. М.Әуезов аталған
жырдағы Қырлы, Сырлы қалалар Қазан қаласының бұрынғы

орындары деген болжам жасаған.
Самар—Орынбор және бұрынғы Куйбышев облыстарының
жерімен ағатын өзен.
Санай (Синай)—Құранда және Інжілде сөз болатын қасиет­

ті тау.

батырлар  жыры
Сарай (Сарайшық)—Алтын Орданың астанасы. Бұндай екі
қала болған. Олардың бірі Батудың Сарайы, екіншісі Беркенің
Сарайы деп аталған.

Тептер—Еділдің бір саласы.
Шаған—Ақтөбе облысының Шалқар және Байғанин аудан­
дары жеріндегі өзен. Шығыс Каспий аймағында.
Ұрым (Рум)—Византия империясы.

Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет Байғанин Нұрпейіс—(1860 ж, Ақтөбе облысы, қазіргі Байғанин ауданы—9. ІV. 1945, Ақтөбе қаласы)—көрнекті ақын әрі жыршы. Оның репертуарында «Қобыланды», «Құбығұл», «Төрехан» және тағы басқа халықтың эпостық жырларымен бірге, «Ақкенже», «Нарғыз», «Ер туралы жыр» секілді өзі шығарған жырлар болған. Досмұхамедұлы Халел—(24. ІV. 1883, Атырау облы­ сы, Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмы—19.VІІІ.1939, Алматы)—Алаш қозғалысының қайраткері, профессор, әдебиеттанушы әрі фольклортанушы. Ол Ақпан және Қазан төңкерістерінен кейін Жанша Досмұхамедұлымен бірге Оралда Батыс «Алашорданы» құрады. Оның жан-жақты саяси, қоғамдық, ғылыми жұмыстарының қатарында қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, зерттеу де елеулі орын алған. Оның «Шернияз шешен» (1925), «Қазақ әдебиеттінің тари­ хы» және т.б. ғылыми-теориялық еңбектері, оның жинап, ба­ стыруымен жарық көрген «Мұрат ақын сөзі» (1924), «Иса­ тай Махамбет» (1925), «Аламан» (1926) атты жинақтар, оның редакторлық етуімен баспа бетін көрген «Қыз Жібек», (1923), «Кенесары—Наурызбай» (1923) атты кітаптар қазақ сөз өнерін тануға қосылған зор үлес болды. Мөңкеұлы Мұрат—қазақтың XІX ғасырда өмір сүрген аса көрнекті ақыны әрі жыршысы. Ол «Зар заман» поэзиясының өкілдерінің бірі ретінде елді тәуелсіздікке үндейтін өлеңдер шығарумен қатар «Қырымның қырық батыры» эпикалық ци­ клын халық арасында жырлап, таратқан. Күржіманұлы Қашаған—(1841 ж., Түрікменстанның Та­ шауыз облысы—1929, Маңғыстау облысы, Қырықкез аулы)—

батырлар  жыры
атақты ақын әрі жыршы. Ол «Қырымның қырық батыры»
эпопеясының біздің дәуірімізге сақталып жетуіне үлес қосқан
жыршы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлына тәлімгерлік жасаған

өнерпаздардың бірі. Оның репертуарында халықтық жырлар­
мен қатар, «Адай тегі», «Атамекен», «Топан» атты өзі шығарған
эпикалық туындылар болған.
Саттаров Қыдырәлі—филология ғылымдарының док­

торы, фольклортанушы. Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан
Республикасы, Ташкент өңіріне ұйымдастырылған бірнеше
фольклорлық-этнографиялық
экспедицияларды

басқарған,
ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының Қолжазбалар қорына тапсырған.
Шартты  қысқартулар

ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр

дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы

/тат/—татар
/т/—түркі
/ж/—жергілікті
моңғ.—моңғол

/қ/—қытай
/к.с./—көнерген сөз

Пайдаланылған әдебиеттер Томға енген мәтіндер сақталған кітаптар мен қолжазбалар 1.  Мұрат ақын сөздері. – Ташкент, 1924. 2.  Мұрат Мөңкеұлы. Қарасай, Қази. – Алматы, 1943. 3.  Ш.Кәрібаев. 5-класқа арналған «Әдебиеттік оқу кітабы». – Алматы, 1944. 4.  Байғанин Н. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1946. 5.  Қарасай, Қази. Жыршысы—Шоқаев Құдайберген. 1947 жылы жинап, тапсырған—Иманбай Ұйықбаев. —ОҒК, Ш. 784, 1-дәптер. 6.  Қашаған Күржіманұлы. Топан. – Алматы, 1991. 7.  Қарасай, Қази. Мүстежеп Ахметов нұсқасы. Әмірхан Сейілханұлы берген қолжазбадан және сол кісінің айтуынан жазып алғандар—Қ.Саттаров, Қ.Құлпыбаева. ӘӨИ, Ш.920/ 50. 8.  Шайыр. Орынбор, 1910. Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық жинақтар, сөздіктер 1.  Ананьев Г. Караногайские исторические предания // Сборник материалов для описания местностей и племен Кавка­ за. Вып. 27. – Тифлис, 1900. 2.  Арабско-русский словарь. Составитель Х.К. Баранов. —М., 1968. 3.  Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. 17-том. —Алматы, 1985. 4.  Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. —Ал­ маты, 2003. 28–165

батырлар  жыры 5.  Байғанин Н. Таңдамалы. Өлеңдер, толғаулар, дастандар.

– Алматы, 1991.

6.  Бартольд В.В. Сочинения. Т. 2, ч. 1. – М., 1963. Стр. 798-

799. 7.  Батырлар жыры. Бесінші том. Қырымның қырық баты­

ры. —Алматы, 1989. 8.  Батырлар жыры. Алтыншы том /Мұрын жыраудан жа­

зылып алынған мұралар/. – Алматы, 1990. 9.  Бердібаев Р. Қазақ эпосы. —Алматы, 1982 10.  Ғабдулллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық

жыры. —Алматы, 1972. 11.  Досмұхаммедұлы Х. Аламан. —Алматы, 1991. 12.  Древнетюркский словарь. —Л., 1969. 13.  Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. –

Л.: 1974.

14.  Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының

мәселелері. 1-кітап.—Алматы, 1958. 15.  Исин А.«Әділ сұлтан» эпикалық жыры. – Алматы,

2000. 16.  Қадырғали би Қосымбекұлы. Жылнамалар жинағы.

– Алматы, 1991.

17.  Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-кітап. —Алматы,

1960. 18.  Қазақ кітаптары. Құрастырғандар: Е. Есова, Ү. Сұб­хан­

бердина, Д. Сейфуллина. —Алматы, 1986. 19.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.

— Алматы, 2001.

20.  Қазақ тілінің сөздігі. — Алматы, 1999. 21.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К.Кеңесбаев. — Алматы, 1977. 22.  Қазақ фольклористикасының тарихы. —Алматы, 1988. 23.  Қасқабасов С. Жаназық. —Астана, 2002. 24.  Қашаған. Топан. – Алматы, 1991. 25.  Қоңыратбаев Ә. Эпос және оның айтушылары.—Алма­

ты, 1975. 26.  Қоңыратбаев Т. Эпос және этнос. — Алматы, 2000. 27.  Қырымның қырық батыры. — Алматы, 2005.

ғылыми  қосымшалар 28.  Омарұлы Б. Мұрат Мөңкеұлы. — Алматы, 1993. 29.  Орлов А.С. Казахский героический эпос. – М., 1945. 30.  Персидско-русский словарь. Под ред. Ю.А. Рубинчика. І-ІІ т. — М., 1970. 31.  Радлов В.В. Образцы народной литературы северных тюркских племен. Ч. V. – СПб, 1885. 32.  Сейфуллин С. Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары. — Қызылорда, 1931. 33.  Татарско-русский словарь. —М.: Советская энциклопе­ дия, 1966. 34.  Трепавлов В.В. История Ногайской Орды. — Москва, 2002. 35.  Турецко-русский словарь. — М.: Русский язык медиа, 2005. 36.  Тынышпаев М. История казахского народа. — Алматы, 1993. 37.  Уәлиханов Ш.Ш. Шығармаларының бес томдық жинағы. — Алматы, 1961. 38.  Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. — Алматы, 1993. 39.  Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары. — Ал­ маты, 1996.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Минис­
терства образования и науки РК продолжает работу по подго­
товке и изданию очередных томов свода казахского фольклора
«Бабалар сөзі», выполняемого в рамках Государственной про­

граммы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).
По состоянию на сегодняшний день Институтом подготов­
лено и издано 40 томов фольклорных текстов, в том числе: две­
надцать томов новеллистических дастанов, семь томов религи­

озно-нравственного содержания, три тома исторических поэм,
восемь томов дастанов романического (любовного) содержания,
один том генеалогических дастанов, а также девять томов геро­
ического эпоса.

41 том включает в себя шесть вариантов героического эпоса
«Карасай, Кази», являющегося одним из лучших в эпическом
наследии казахского народа. О популярности эпической поэмы
«Карасай, Кази» говорит тот факт, что до наших дней сохрани­

лись свыше тридцати текстов этого произведения. Примечатель­
но то, что бытование эпоса «Карасай, Кази» замечено только у
казахского народа. Среди них есть варианты, которые вошли в
репертуар великих певцов Мурата Монкеулы, Кашагана Кур­

жиманулы, Нурпеиса Байганина, Мурын жырау Сенгирбекулы,
Айсы Байтабынова и других. Составителями настоящей серии
планируется подготовка и издание двух томов вышеназванного
эпоса.

Некоторые герои казахской эпической поэмы «Карасай,
Кази» присутствуют в эпической поэме «Әділ сұлтан» («Адил
солтан»), варианты которой записаны из уст народных певцов
ногайского, татарского и казахского народов. Прототипом глав­

ного героя этого произведения —султана Адиля, является сын

ғылыми  қосымшалар
и калга Крымского хана Девлетгерея—султан Адилгерей. В ка­
честве одного из ближайших соратников и самой надежной опо­
рой Адиля выступает в этой поэме Карасай, который вместе со

своим младшим братом являются главными героями эпоса «Ка­
расай, Кази». Неупоминание в последнем варианте личности и
даже имени Кази —создателя и предводителя Малой Ногайской
Орды —некоторые ученые связывают с тем, что в то время, ког­

да султан Адилгерей попал в плен и в 1583 был убит, Кази уже
не было в живых, он скончался в 1576 году.
Но в эпосе «Карасай, Кази» для вызволения Адиля из пле­
на самую большую услугу оказывает Кази и именно он предо­

храняет в некоторых вариантах этого эпоса своего старшего
брата от отступнического настроения. В другом варианте это­
го произведения, записанного в исполнении Мурын жырау в
первом походе сорока крымских богатырей во главе с ханом

Адилем, не участвует Кази. Поэтому Адиль хан и попадает в
плен именно из-за отсутствия Кази. В письме на родину Адиль
называет имя батыра, который способен освободить его. Им
оказался Кази, который впоследствии и оправдывает надеж­

ду Адиля.
Исторические источники свидетельствуют об участии Кази
и Адилгерея в совместных походах турецкого султана и крым­
ского хана, конниц Большой и Малой Ногайских Орд против

Московского государства в 1569 и 1571 гг. Конница Малой
Ногайской Орды играла роль самой надежной военной силы
Крымского хана, а полководцы этого государства избирались в
основном из ногайских мурз. Одновременное изображение со­

вместного похода Кази и Адилгерея и последнего похода Адил­
герея в эпической поэме «Карасай, Кази» служит примером
полистадиальности, которая присуща многим образцам народ­
ного эпоса. Во всех вариантах «Адил солтана», сохранившихся

среди ногайского и татарского народов и в казахской рукопис­
ной книге, которая найдена в Санкт-Петербурге, Адил умира­
ет в плену. Только в казахском варианте этой поэмы, которая
вошла в сборник «Шайыр» (1910), не сообщается о гибели Ади­

ля. В последних строках этого произведении, которое дошло до
нас в незаконченном виде, неизвестный молодой батыр уверяет
мать Адиля в том, что ее сын в скором времени вернется живым
и здоровым. Тот факт, что во всех других вариантах эпоса «Ка­

батырлар  жыры
расай, Кази» такое обещание дает Кази и успешно выполняет
свою клятву, дает нам основание полагать, что не дошедшая до
нас часть текста повторяет концовку большинства вариантов,

где воспевалось освобождение Адиля при совместных усилиях
Карасая и Кази.
Из шести вариантов эпической поэмы «Карасай, Кази», во­
шедших в 41 том серии «Бабалар сөзі», четыре были ранее опуб­

ликованы. Речь идет о вариантах великих акынов Мурата, Ка­
шагана, Нурпеиса и о варианте, опубликованном в сокращенном
виде в книге для чтения по казахской литературе («Әдебиеттік
оқу кітабы») для 5-класса (1944), составленном Ш. Карибае­

вым.
Вариант Мурата Монкеулы первый раз увидел свет в сбор­
нике «Мұрат ақын сөздері», изданном в Ташкенте в 1924 году.
Этот вариант был издан отдельной книгой, которая называлась

«Мұрат Мөңкеұлы. Қарасай, Қази». Данный текст вошел в
сборник «Алқаласа, әлеумет» (1991), а также в сборники трудов
Халела Досмухаммедова, изданные в период независимости.
Вариант Нурпеиса Байганина вошел в сборник избранных про­

изведений акына, который был издан в 1946 году.
Вариант Кашагана Куржиманулы, который сохранился в
памяти двоюродного младшего брата акына-певца, записан и
опубликован в сборнике избранных произведений Кашагана

«Топан» (1991) кандидатом филологических наук Кабиболла
Сыдыикулы.
Нужно отметить, что два варианта эпоса «Карасай, Кази»,
вошедшие в данную книгу, публикуются впервые. Это вариант

акына-певца Шокаева Кудайбергена, рукопись которого сейчас
хранится в Центральной научной библиотеке Республики Ка­
захстан. Другой вариант подготовлен из архивных источников
Мустежепом Ахметовым и предоставлен членам фольклорной

экспедиции Кыдырали Саттарову и Кадише Кулпыбаевой. Но
при этом отмечено, что текст записан и со слов Амира Сеилхан­
улы. Поэтому мы решили называть его «вариантом Мустежепа
Ахметова».

Различия в сюжетных составах этих шести вариантов по­
зволяют разделить их на три версии. К первой версии относит­
ся вариант Мурата Монкеулы. В этом варианте изображаются
подвиги Карасая и Кази, которые отправились на битву против

ғылыми  қосымшалар
врага покойного отца —богатыря Урака. Здесь имя Адиля даже
не упоминается.
Во второй версии Карасай и Кази претворяют в жизнь три

мечты Урака. К этой версии относятся варианты Шокаева Ку­
дайбергена и Мустежепа Ахметова.
В третьей версии, а это варианты Кашагана, Нурпеиса,
Ш.Карибаева, зачинщиком основной коллизии эпоса является

молодой хан Адиль — друг Карасая и Кази.
Эти три версии отличаются друг от друга и по участию пер­
сонажей. Если в первой версии соратником Карасая и Кази яв­
ляется единственный богатырь — Таргын, то во второй версии

описываются подвиги хана Адиля и других богатырей —Ахме­
та, Коянака, Серика. А в третьей версии наряду с тремя главны­
ми героями этого произведения изображаются подвиги Телагы­
са, Кубыгула, Кобланды, Ауэза и других богатырей.

Если в вариантах Мурата и Кашагана Карасай и Кази воюют
против калмыков, то в остальных вариантах этноним «калмак»
заменен этнонимом «кызылбас».
Все варианты данного тома даны в адекватном первоисточ­

нику виде, поэтому исключается любое внешнее вмешательство
в текст.
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі» том
снабжен научными приложениями, которые включают в себя

сведения о публикуемых текстах; краткий историко-фолькло­
ристический и текстологический анализ; данные об историче­
ских и религиозных деятелях, имена которых встречаются в
текстах; словарь древнетюркских, арабских и персидских слов,

терминов и понятий религиозного характера, а также географи­
ческих названий; сведения о сказителях, собирателях и публи­
каторах; список использованной литературы; резюме на рус­
ском и английском языках.

Объем тома—28 п.л.

Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Ed­ ucatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on pre­ paratіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozі» іn the frame of the State program «Madenі Mura» («Cultural herіtage»). By present day the staff of the Іnstіtute have prepared and pu­ blіshed 40 volumes of folklore texts іncludіng twelve volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of relіgіous and moral content, three volumes of hіstorіcal poems, eіght volumes of romantіc (love) content, one volume of genealogіc dastans and nіne volumes of he­ roіc epos. Volume 41 іncludes sіx versіons of heroіc epos «Karasaі-Kazі» that іs one of the best epіc works of Kazakh people. Epіc poem «Ka­ rasaі-Kazі» іs consіdered as a popular poem because more than th­ іrty texts have conserved tіll present perіod. Іt іs notable that thіs epos exіsts only іn Kazakh people. Among them there are versіo­ ns that have been іncluded іnto the repertoіre of the great sіngers such as Murat Monkeuly, Kashagan Kurzhіmanuly, Nurpeіs Baіg­ anіn, Murіn Zhyrau Sengіrbekuly, Aіsі Baіtabynov and others. The compіlers of thіs serіes plan to prepare and publіsh two volumes of the above mentіoned epos. Some heroes of Kazakh epіc poem «Karasaі, Kazі» exіst іn the epіc poem «Adіl sultan» («Adіl soltan») whіch versіons have been recorded from folk sіngers of Nogaі, Tatar and Kazakh peoples. The prototype of the maіn hero of thіs work-sultan Adіl іs a son and kalga of Crіmea Khan Devletgereіsultan Adіlgereі. Іn thіs poem Karasaі іs one of the closest partners and most relіable persons for Adіl, who together wіth hіs younger brother are the maіn heroes of the epos «Karasaі Kazі». The fact that іn the last work personalіty and even the name of Kazі the founder and leader of Mіnor Nogaі

ғылыми  қосымшалар Horde іs not mentіoned, some researchers explaіn that sultan Adі­ lgereі was captured and kіlled іn 1583 and Kazі dіed іn 1576. However іn the epos «Karasaі Kazі» Kazі dіd all hіs best to rel­ ease Adіl from capture, he prevents hіs elder brother from retreat moods іn some versіons of thіs epos and іn the versіon recorded by Muryn zhyrau іn the fіrst trіp of forty Crіmean warrіors leaded by Khan Adіl, Kazі dіdn’t partіcіpate and thіs fact explaіns why Adіl Khan was captured durіng thіs trіp, іn hіs letter to hіs natіve land Adіl mentіoned the only person who could release hіm. Thіs batyr was Kazі and he fulfіlled Adіl’s hope. Hіstorіcal sources testіfy that Kazі and Adіlgereі have partі­ cіpated іn joіnt trіps of the army of Turkіsh sultan and Crіmean khan, cavalry of Bіg and Mіnor Nogaі Hordes agaіnst Moscow State іn 1569 and 1571and that cavalry of Mіnor Nogaі Horde has played the role of the most relіable mіlіtary power of Crіm­ ean khan and mіlіtary leaders of thіs State have been selected from Nogaі murzas. Іt means that showіng vіctory of Karasaі and Kazі as the result of theіr heroіc deeds іn two mentіoned epіc poems the narrators of those works were truthful. Descrі­ ptіon of joіnt trіp of Kazі and Adіlgereі and the last trіp of Ad­ іlgereі as the events that took place at the same tіme іn the epіc poem «Karasaі, Kazі» serves as an example of poly stage chara­ cter that іs typіcal for many patterns of folklore epos. Thіs work ends wіth safe return of Adіl home but other versіons of «Adіl soltan» іn Nogaі and Tatar peoples and іn Kazakh manuscrіpt that was found іn Saіnt-Petersburg tell that Adіl dіed іn captu­ re. Only іn Kazakh versіon of thіs poem that was іncluded іnto collectіon «Shayіr» publіshed іn 1910 іt іs not mentіoned that Adіl dіed, іn the last lіnes of thіs poem that has reached our day as unfіnіshed work, one young batyr tells Adіl’s mother that he іs alіve and wіll soon return home. The fact that іn all versіons of the epos «Karasaі, Kazі» Kazі gіves such promіse and succe­ ssfully fulfіls hіs oath shows that the last part of the work that hasn’t reach our days repeats the end of the most versіons that tell that Karasaі and Kazі released Adіl. From sіx versіons of the epіc poem «Karasaі, Kazі» іncluded іnto volume 41 of serіes «Babalar sozі», four versіons have been publіshed earlіer. These are versіons performed by great akyns such as Murat, Kashagan, Nurpeіs and others and versіon that was publіshed as shortened

батырлар  жыры versіon іn the book of Kazakh lіterature («Adebіettіk oku kіta­ bі») for 5th grade (1944) compіled by І.Karіbaev. Versіon of Murat Monkeuly was fіrst publіshed іn collectіon «Murat akyn sozderі» that was publіshed іn Tashkent іn 1924. Thіs versіon was publіshed as a separate book under the tіtle «M.Mo­ nkeuly. Karasaі, Kazі». Thіs versіon was іncluded іnto collectіon «Alkalasa, aleumet» (1991) and also іnto collectіons of works of Khalel Dosmukhammedov that were publіshed earlіer durіng dіf­ ferent years. Versіon of Nurpeіs Baіganіn was іncluded іnto collectіon of sel­ ected works of akyn that was publіshed іn 1946. Versіon of Kashagan Kurzhіmanuly that hіs younger cousіn re­ membered was recorded and publіshed by Kabіbolla Sysіykuly Ca­ ndіdate of Phіlology іn collectіon of works «Topan» (1991) wrіtten by Kashagan. Two versіons of the epos «Karasaі, Kazі» іncluded іnto thіs book are publіshed for the fіrst tіme. One of them іs a versіon of sіnger Kudaіbergen Shokaev whіch manuscrіpt іs kept now іn Central scі­ entіfіc lіbrary of the Republіc of Kazakshtan. Another versіon was wrіtten from old archіve by Mustezhep Akhmetov, Amіr Seіlkhan­ uly has presented іt to the members of folklore expedіtіon Kіdіralі Sattarov and Kadіsha Kulpіbayeva. Therefore we have decіded to call іt «Mustezhep Akhmetov’s versіon». Those sіx versіons can be dіvіded іnto three optіons accordіng to the dіfferences іn theіr plot composіtіon. Fіrst optіon іncludes versіon of Murat Monkeuly. Thіs optіon descrіbes deeds of Karasaі and Kazі who began fіght wіth the enemy of theіr father Urak bog­ atyr who dіed. Here name of Adіl іs not mentіoned. Second optіon tells how Karasaі and Kazі have fulfіlled Urak’s three dreams. Thіs optіon іncludes versіons of Kudaіbergen Shok­ aev and Mustezhep Akhmetov. Thіrd optіon іs focused on the young khan Adіl, Karasaі and Kazі. Those three optіons dіffer from each other on personages. Іn fіrst optіon partner of Karasaі and Kazі іs only warrіor Targyn, іn second optіon deeds of khan Adіl and other warrіors Akhmat, Koyanak, Serіk are descrіbed. Thіrd optіon іncludes descrіptіon of maіn heroes and feats of Telagіs, Kubіgul, Kobylandі, Auez and other warrіors.

ғылыми  қосымшалар Іn Murat’s and Kashagan’s versіons Kazі fіghts wіth Kalmaks and іn other versіons ethnonym «Kalmak» іs changed to ethnonym «kyzylbas». All versіons of thіs volume are adequate to the orіgіnal source and therefore anyіnterference іnto text іs excluded. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the volume has scіe­ ntіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc an­ alysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіgures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Volume—28 pp.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Қарасай, Қази (Мұрат Мөңкеұлы нұсқасы)........................ 11 Қарасай, Қази (Қашаған Күржіманұлы нұсқасы) ............... 41 Қарасай, Қази (Нұрпейіс Байғанин нұсқасы) ..................... 83 Қарасай, Қази (Құдайберген Шоқаев нұсқасы) ..................139 Қарасай, Қази (Мүстежеп Ахметұлы нұсқасы) ................256 Қарасай, Қази (Ш. Кәрібаев нұсқасы) ...............................369 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................399 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................419 Сөздік ..............................................................................427 Жер-су атаулары ...............................................................429 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................431 Шартты қысқартулар ........................................................432 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................433 Резюме ............................................................................436 Summary ..........................................................................440

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 41 том ГЕРОИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген Е.А. Сманова Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева

Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы ИБ № 2223 Теруге 15.01.07 жіберілді. Басуға 27.04.07 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 28,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 165.

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1
«Фолиант» баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙