Мазмұнға өту
Home

Серт

Жәнібек Әлиман

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Серт

Авторы: Жәнібек Әлиман

Жәнібек ӘЛИМАН Жыр кітабы ҚАРАҒАНДЫ – 2015 CEPT Жәнібек ӘЛИМАН Тұңғыш жыр кітабымның жарық көруіне демеушілік еткен атымтай азамат Сапар ИПКЕЕВ және дәнекер болған Айтбай ЖҰМАҒҰЛОВ ағаларыма алғысым шексіз! Жанмен бірге дауыс туған. Рухтың үні. Өмір сүру – дауыс шақыру. Адамзаттың ішкі даусы пендеуи тірлігімен үйлесе ме?.. Қарағандылық жас ақын Жәнібек ӘЛИМАН тұңғыш жыр кітабында осы қасиеттер төңірегінде ой толғайды. Өмірден сезіп-білген сезім құбылыстары сөз болады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

СЕРТ Мен баспаған мақпал дала – Жазылмаған хаттар жаңа. Өмір деген — көңілде ерен Таңбаланған шақтар ғана... Есімімді ел көтерер, Бесігімді тербет, өнер! Жүректегі жерұйықта, Мен қалайын... Сен кете бер... «ЖЕР БЕТІНДЕ АҚЫРҒЫ АҚЫН ӨЛГЕНДЕ...» Жәнібек ӘЛИМАН СЕРТ ...Баяғыда былғанған ғой мына әлем, Мен әуелде Сақ боп туғам – бұла дем. Ерлігіне дүр сілкінген дүр әлем. Мен әуелде-ақ Сақ сарбазы

Шырақ ем! Ей, есалаң ессіз тобыр, нені ұқтың? Дүниеге Күн боп, Ғұн боп келіппін! Қас дұшпанын қара қанға тойдырып, Патша атанған Томиристей көріктім. Өлексе жеп, тығындаған өңешін, Маңайыма қаптап кетті неге сұм?! Есін жиған Еуропа емес пе ед Көріп алғаш ер Еділдің елесін. Содан бері түскені жоқ өр еңсем, Тәңірімнің алқауы ғой — көгерсем. Өр еліммен бірге көрем – не көрсем, Өр еліммен бір көнерем – көнерсем, Тәңіріне ғайбат айтқан жалаңбұт, Не жамандық көріп едің менен сен?.. Ғапыл кетіп, ғайбат айтпан ғасырға, Азат күннің бағы барда басымда. Күлкі болмай тексіздер мен тасырға, Ес жиғалы егестім де ұлтым деп Ең соңында рух боп тудым расында.

СЕРТ Есіңді жый, ей, есалаң, көр кеуде, Бұл күйімді қақың бар ма көрмеуге? Алла алдында аят оқып тұрамын Жер бетінде ақырғы адам өлгенде. Жер бетінде ақырғы ақын өлгенде... 20 желтоқсан, 2011 жыл Жәнібек ӘЛИМАН АБЫЛАЙДЫҢ ТҮСІ Арыстан да қалмапты түске енетін, Данышпан да аруақты түс көретін. Базыналы жұртым-ай, Ботақандай Көр түбінде жатып ап тістенетін... Балықтайын шіріген басынан ел, Тігетұғын таппай жүр қосына жер. Құлқынынан аспаған бүгінгінің Түсі түгіл, ісінен шошына бер... СЕРТ ӨҢІМ СЫНЫҚ Жалғай алмай жырымды

өңім сынып, Өңім сынық – келемін өмір сүріп. Шайқап төгіп шаттықты, мұң-налаға Жүрегімнің қойыппын төрін ұсынып. Сағыныш-шер жанымды билепті ерен, Сүлдерімді әйтеуір сүйреп келем. Мұң өптірген маған тек мына жалған Ыржалақты орынсыз үйретпеген. Сақ-сақ етіп күледі сайқал қоғам, Санасызға сықпыты байқалмаған. Бүгежектеп бөрінің бөлтірігі Келімсекке шағымын айта алмаған. Еңсе басып елеусіз батпан қайғым, Ұрын келсем ұрымтал шақты аулаймын. Бөрілігім байқаусыз түзде қалып Түлкі өмірге таланып жатқандаймын. Тоғышарлар толассыз арды жалмап, Рухым елес секілді сәл қылаңдап. Баяны жоқ тәуелсіз ғұмырымды Тәуелді етпек біреулер қарғыбаулап.

Жәнібек ӘЛИМАН Арғымақ ем атыздай, сере жалы. Күндерімнің кетіп тұр неге мәні? Баянсыздау бұлыңғыр,

бұлдыр күнмен Баян іздеп алысып келем әлі...

2010 жыл

СЕРТ * Қарағанды. Вокзал алды абат гүл, Азан-қазан бай мен кедей, жалақ құл. Қаныш көкем қара жұрттан қара үзіп Күншығысқа қарап тұр. Бабам бейне оянғандай түс көріп, Айтпасына қоймай, білем, ішкі ерік. «Қазақмысым» қайда дейді,

жазған-ау, Қазақ, мысың қайда?» деді тістеніп. Қаныш ағам қабағында сұсты зіл. Зәре-құтым ұшты-дүр... «Маңғаз қазақ мәңгүрттеніп кеткен бе Мінезі де қалмапты ғой, мыс түгіл», Көкем солай сөйлеп кетті күмбірлеп: «Бірін-бірі қазақ неге жүр күндеп?» Тобыр біткен күпінеді күңкілдеп: «Бізге өктем сөйлейтіндей бұл кім?» деп. Ессіз тобыр жетесіз, Ашынадан азып туған некесіз. Қаныш түгіл Құдайын да ұмытқан Нетесіз?!

Жәнібек ӘЛИМАН Жауап таппай Сәтбаевтың сөзіне, Ызаланып құл-құтанның езіне. Ұят қысып, дат айтпаққа билікке Тура тарттым хан орданың өзіне. Қайран басым абыржуды білмеген, Тарпаң қалпым жүрген ем. Қайсар рухым қайта оянып кеткендей Бұқар бабам аттап түсті мінбеден. А, Құдайым, өңім бе бұл түсім бе, Жан біткені мүсінге?! Қаңғып көшіп кеткен екен хан орда Тірі жан жоқ ішінде. Қарт бабамның мысы ма? Сатқын билік қашты төзбей сұсына. Қайран қалам қайран келмей қолымнан Кез келгендей хан Абылай тұсына... Аласұрып жүрегім, Ылғи осы күйді кешіп жүремін. Балбалдарын оятар ма ед Дештінің Қуу үшін ұлтсыздықтың түнегін...

СЕРТ БӨРІ ҰЛИДЫ Күңгірт тартты құбылып күнім арда, Жыр ойнайды жасындай жылы қанда. Аруағы асып Алаштың кете барған Ай астынан көк бөрі ұлығанда. Ай астында көк бөрі... ұлығанда Айбар бітіп Алашта тірі жанға. Көшпелі елдің көгінен Тәңір шығып Ғасыр көшіп, жылжыған

ғұмыры алға. Түркі елінің қалған ғой түнде кегі, Тәңірісіне табынып күн көреді. Шер-шеменін бөрі боп соған шағып Жүрегінің жазылған жырмен емі. Тәңірге Алаш, табынған Айға бөрі, Тірлігінің тектілік айғағы еді. Бөрі айбарын қалдырып бағзы күнге Түлкі болған түркінің қайран елі. Қайран елі түркінің! Бөрі айбары Көкіректен өшсін бе оңай бәрі?! Түн баласы түртпектеп мені оятқан Алтай шыңы, орманы, тоғайлары... Жәнібек ӘЛИМАН Зұлмат дәуір зәһәрлі зәрін үйді, Қайдан табам байырғы соны күйді. Тозып біткен түркінің рухын жоқтап Әлсін-әлсін Алтайда бөрі ұлиды... Бөрі ұлиды... Маусым, 2011 жыл

СЕРТ * «Жанбота, осы ма еді өлген жерім?..» БІРЖАН САЛ Теріп көр тағылымын баяғының, Ойымның оғаш көрем саябырын. Елімнің еркесі бар, серкесі бар, Басы — аңыз, ортасы — жыр,

аяғы — мұң... «Жанбота» — тыңдайтын ән

халқым ұйып, Кеудеме қалғандай сол ән түйіліп. Есерге поштабайдай сабатса да Біржанның Азнабайдан нарқы биік. «Жанбота» — ашу-ыза

ұшқыны ма ең?! Сал Біржан сергелдеңге түсті кілең. Соққысы поштабайдың жасытқан жоқ Кеудеден ызалы ән боп ұшты, білем. Жадыбас қамшы үйірген қаһарлана, Күлік қой Біржан жаны жатар дара. Сол күннен Азнабай мен

поштабай жоқ Сал Біржан, ызалы жыр, мақам ғана...

Ақпан, 2010 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН СЕС (Ж.ЖАҢҚАШҰЛЫНА) «Тұяғы барлар туған соң тыныш жатар ма?!.» КЕҢШІЛІК Мынау құлқын – мешеуліктің

месіндей, Анау жұртың – кие сіңген есімдей! Көне күннен кіріп келдің қалаға Көк бөрінің ит қашырған сесіндей!!! Ұят тұнар жара қаптап көздерді, Тұяқтылар қара қатқақ кезге енді... Орда қалмай орынында ой қалды Тылсымынан Тәңір бізге сөз берді! Құлынында, құнаншығар тайда емген, Қазақ еді құрсағында-ақ арда өнген. Тамырында топырағы, тегі жоқ, «Әлем» дейді бұлардыкі қай кердең?! Тақ тигенмен болмады елге тұтқа сұм. Жүрегіне жерлеп күлді жұрт жасын. Мерт болады мен білетін жүйріктер Мезгілінен озып өте шыққасын... Көкейіңде Қарқаралы, тау әні, Жатсаң-тұрсаң есіңді сол алады!..

СЕРТ Ханға айтқысыз қарасы сол топырақ Күрсінеді құрығандай амалы... Көзіңді ілсең түсіңе сол кіреді, Өлген – тірі, сұмдық қой бұл

тірі – өлі... Қарқаралы түс көреді, түсінде... Сенен артық түсінеді кім оны?!

Жәнібек ӘЛИМАН * «Қазақта бақсы асқан жоқ Қойлыбайдан...» МАҒЖАН Арқамды аруақ қысып, кек кергесін, Ауады аласұрып өткенге есім. Қазақта Қойлыбайға қонған кие Шайырдың шарпып өтсін

от кеудесін... Жаныма жеткенде ұшып

жын Қақаман, Күркіреп көк аспаннан тіл қата алам. Кеш түсе күмбір-күмбір күйге елітсем Қылаңдар бақсы биі қыр-жотадан. Шарпылған күйі көкке, әні асқарға, Бабамның өнеріне талас бар ма? «Қазақта бақсы асқан жоқ

Қойлыбайдан» Тарту қып берген екен Алашқа Алла... Баз кешсе бәйек болып бүлінетін, Бақсының жын-перісіз күні жетім. Жыр қылып кейінгіге кеткені анық Мәңгілік ұлы өнердің құдіретін. СЕРТ Құбылып лықсып шығар ырғағынан, Бақсылық – байлауы жоқ бұл да бір ән. Құпия, құдіреті басым білем Тағдырдың тоқсан тарау жұмбағынан. Айығар қобыз тартса қалың кептен, Бозарып Қойлыбайдан сабыр кеткен. Бабамды бақсы қылған жын-пері емес Түсірген ерек етіп Тәңір көктен. Тірліктің талқандай сап тас қабірін, Қондырған жер төсіне аспан үнін. Тәңірмен тілдеспек ем оятпаққа Қалғыған Қойлыбайдың қасқа мұңын. 6 қазан, 2011 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН АҚ БАУЫР БҰЛТТАР Ақ бауыр бұлттар маңып барады, Ауып барады қалықтап әні. Қамыға берген қаңғыбас көңіл Сәулелі сөзден жарық табады. Шұғыла жұтқан құбыла мекен, Қызара батса сұғына кетем. Ақбауыр бұлттар ақ тамақ қыздай Ақ көңілімді ұғына ма екен?! Сұлулық сыйған сазына керім, Ақ тамақ қалқа — нәзік әдемім. Алаңсыз жүзген ақ бауыр бұлтты Ақ тамақ қыздың назы ма дедім?.. Ақ бауыр бұлттай көшім өрелі – Ақбаян қыздай есілер еді. Ақ бауыр бұлттар аңырай көшсе, “Ақтабан” күндер есіме енеді. Ақ бауыр бұлттар аялдамайды, Аялап құшар таянған Айды. Аялдап қалған көшпелі ғұмыр Аядай жанға қаяу жамайды.

СЕРТ Ақ бауыр бұлтты жел көшіреді, Ақ сағым ойнап белде есіледі. Ақ бауыр бұлттай ағыла көшкен Алаштың арда көл-көсір елі... ...Салтанаты асқан көшпелі дәурен Ғайыпқа сіңген келмесім еді. Сол жұртты жоқтап сабыла көшкен Арыла көшкен көшпелі бұлттар – Арызымды айтар шерлесім еді. Шерлесім еді... Шілде, 2011 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Заманыңнан запыран, заһар ағып, Түйсіктілер түңілер қапаланып. Өңкей жебір зекіген төрге шықты Ақымақтар айқаймен атақ алып. Құлан құлап құдыққа құны кетті, Құрбақаның құтырар күні жетті. Тұғырынан тайған соң текті қыран Қыр көрсетіп құзғындар ығыр етті. Жетесіздер желкеңнен жекіреді Содан барып сенімің сетінеді. Төре болып кеткен соң төлеңгіттер Шабармандар шен алып секіреді. Бәле төніп басыңа бүлік бөксе – Шаң қаптырар сырт беріп үміт-кексе. Ұлтым дейтін ынсапты ұл

қайдан шықсын Ұлдан ұлық, қызыңнан

қылық кетсе...

Наурыз, 2010 жыл

СЕРТ ОРАЛ «Асқар Орал кәрі алып күзет тұрған...» МАҒЖАН Түркі бабам билеген байырғы күн, Сен ұғарсың, бір ұқсаң шайыр мұңын. Алтын бесік кешегі Алтай, Орал, Тұңғышыңның қанатын қайырды кім? Бұла шағын өткізген бөрі арланы, Көк Түріктің күндері-ай соны, арналы. Батыс жаққа бейуақта аза оқиды Оралмаған шақтарым Оралдағы. Сайқал уақыт, сен соны естідің бе, Азамды айттым күн батқан кешкі іңірге? Құсаланып басына бөрі шықса Қайран мекен дір етер ес түбінде... Бөрі емес-ау мен қалдым сосын ұлып, Баянсызын бес күннің кеш ұғынып. Тәңіріне табынып тау орнында Түркі елінің жатқандай сесі бұғып.

Жәнібек ӘЛИМАН Қалмағандай тағдырда басқа амалым, Алыбымдай түюлі қас-қабағым. Көкке ұмсынып Оралдай қалғып кеткен Тебіреніп тыңдаймын аспан әнін. Тәңір ұлы түйсінер көкте сыр көп, Шалағайдай кетпейін шетке сын боп. Биігіне бөрілі байрақ тіктім Орман басып Оралды кетпесін деп... 12 қазан, 2011 жыл СЕРТ МЫСҚЫЛ (ҚҰРМАНҒАЗЫҒА) Көншітетін таппаған соң көңілге ем, Өлексе емес, өмір іздеп өмірден. Құшып-сүйіп, оралыңның барында Ұшып шығып тірлік дейтін кебіннен... Жынды Әбеннің жұртын кеттің бетке алып, Сәкендейін серік іздеп текті анық, Жүрген ұлды өркениет мысқылдап Илеп ұрды сол жұртынан

шет қағып... Ит қып көрмек... Иілген жоқ ол да аса, Отқа түсіп сорламақ-ау сорласа... Әпенде іздеп несі бар ед? Айыбы – Сәкенді іздеп сорлағаны болмаса... Айырмасы осы-ақ күллі кещеден, Елпілдеуге емес-ті онда еп те кем... Құзғын біткен құдитады кезінде Қиясбайдың қадіріне жетпеген... Мысын елдің басқанымен өрекпіп, Жаны өзгеден жүрген жоқ-ау кем өксіп. Жәнібек ӘЛИМАН Ұлтқа тұғыр ұлы Абайды ұқпаған Қиясбайын қоғам қайтсін керек қып?! Бақсыдайын бүлінбеске бүлініп, Жақсыдайын жақсылыққа құнығып, МЕНДІ қойып, МЕНІКІМЕН сүйдіріп, Ақыр соңы сен де өтерсің түңіліп...

СЕРТ * «Ей, тәкәппар дүние...» ҚАСЫМ Аламанда азуын Айға білеп, Аласұрып, ұмтылды қайда жүрек? Өлең болып ғұмырың өрілгенмен Ойдағы кеп, сөнер ме бойдағы кек?! Өзегінде өлең қып ар-ибасын, Тұраны үшін тәрк еткен фәни-бәсін. Зәрін төгіп зұлмат күн өте шықты Жөргегінде бұлқынған сәби Қасым... Қайырмасын шырқатпас әннің асыл, Дімкәс, шала дәуір-тін зәрлі, насыр. Құлағыма зарлы үнің қалған тұнып Қасымдарды қаңғытқан қанды ғасыр. Кеудем шерлі, көңіл пәс,

басым бодан, Мен сүйетін қалмапты ғасырда мән. Жанбай қалған ағаштай шала бықсып Түзеле алмай келеді тасыр қоғам... Тозған шақта тұлыптай ғұмыр өңі, Ұласады түнекке түн іреңі. Қасым жыры түркілер тұлпарының Тұяғынан қап қойған дүбір еді.

Жәнібек ӘЛИМАН “Ей, тәкәппар дүние”, ақ дүние, Атилладай саған да болдым ие. Аманаты Аманжол баласының – Қара өлеңі қазаққа мәңгі кие.

Ақпан, 2011 жыл

СЕРТ * Өркениет! Келді бізге ел көрмей. Алаш аң-таң сұмдық деп бұл,

беу, нендей?! Алаш аң-таң: жаяу құрлық кешегі Жаулаушы жұрт атты Ғұнды

көргендей!!! Баса-көктеп кесел етпек жер үстін — Өркениет! Алаш аң-таң жоқ ұсқын: Кене ханның басын көріп кесілген Безе қашқан боярындай орыстың!!! Кез етсе кім содан құлқы дәмелі... Өркениет — Жезөкшенің әлемі! Нұрсыз ақыл, қырсыз қайрат немесе Сәулесіз жан, өлексе тән – бәлелі!

Жәнібек ӘЛИМАН * Көңіл делбеп, көгертпес көсегемді, Қоюым керек шығар осы өлеңді?! Шідерім жоқ Ләйлім қыз олжалайтын Сүйретпейін сабылып бос өремді... Жұмыр басқа жар болып

жаппар Ием, Түссе деп ем өлең боп хатқа кием. Жүре берсем бір күні баба салдай Атқа мінем... немесе отқа күйем... Несібеме не дейсің нала сырлы, Не десең де қоймаймын таласымды. Жазатайым жазылған жұмыр өлең Өмірдегі өлшеусіз баға сынды. (Бір қуанып қаламын бала сынды.) Өкіметке өгей тіл, өгей ғұрып, Жыртығымды жамар ма жебей жүріп? Тірлігінен тобырдың тумысы жат Не демейді... Мен жайлы не дейді жұрт?! СЕРТ Бөлтірік ем басқадан болмысы жат, Бақ табам деп жүргенде сор құшып ап, Бақыт іздеп жүргенде сорға ұшырап, Ақыретке барғанда білем, Алла, Өлең жайлы боларын соңғы сұрақ. 18 желтоқсан, 2011 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Будақ-будақ бұлт ауып төбемізден, Өлең оты лаулайды өремізден. Адам қылып жаратып Тәңір Ием Бабамды көк бөріге неге емізген? Қадым заман ол дәуір – жұмбақ елес, Тылсым сыры көненің тынбақ емес. Қу мен сұмға табынып құлдың бәрі Білмеген шақ Құдайын

бұрнағы ел еш. Күллі ғалам мақұрым Иесінен, Жын-перідей адасқан жиі есінен. Жалбарынар жан болса бір Аллаға Жаңылмаған бөрі еді киесінен. Пенде біткен жаңылса Ардан құлай, Оңбайтынын сездіріп жалған бұлай. Тым болмаса бөріше табынсын деп Бөрі баурына түркі ұлын

салған Құдай. Түз елітіп тылсымға, тағы үніне, Көзім жетіп құладым тағы, міне. Бөрі сүті арқылы бойға дарып, Қанға сіңген табыну Тәңіріме. СЕРТ Арды құшқан жүрекпен алып, арда, Алламды мен осылай танығанда. Басқа тобыр Хақ түгіл, Тәңір түгіл Қара таппай жүретін қағынарға. Тәні түгіл көміліп жаны лаңға. Замананың айналды зары заңға, Кетсем бе екен айналып кәрі ұзанға?! Рух тілінде өзіңмен тілдесерге Қуат берші жаныма, Тәңір-Алла! Жәнібек ӘЛИМАН ЕСКІ ЖҰРТТА Жапырағы жайқалған соны шалғын, Мен де бір күн сен құсап толысармын. Тағдыр тілген жүрегім жырым-жырым Жұртта қалған жаныма болысар кім? Жұртта қалған... Кием бар

ескі көңде, Ескі көңде бес түлер бесті кеуде. Сере мұңды сейілтіп сонда барып, Шеменімді шағамын өксігенде. Дәуірлер-ай, деміккен дөңестегі, Ескі жұртта есілген елес пе еді? Жусанына жыр оқып жігерлене Бөрі үніне балқимын белестегі... Белестерден бөрі үні талып жеткен, Түнді үркітіп, талықсып Тәңірді өпкен. Бұлдыраған бағзы шақ, көшпелі күн Өрісіме жете алмай қабынды өкпем. Сөйтіп сарнай көшемін құба-қырдан, Құба қырда жанымнан мұң ағылған. Ескі жұртқа еріксіз жерлеп кеткем Ескі үрдісін бабамның мұра қылған...

СЕРТ Талай босап, қайтсам да талай налып, Соққым-ақ кеп тұрады тағы айналып. Құр сүлдерім қалада жүргеніммен Рухым сонда қалғаны қалай да анық. 22 қыркүйек, 2011 жыл Жәнібек ӘЛИМАН ДАУЫС Төңірегім түгел дыбыс, түгел үн, Бірі келіп жалмап жатқан біреуін. Тәңір берген таң қаларлық даусымды Дүниеге таныта алмай жүдедім. Басыма ақыр бәле болды бұл сұмдық, Іштен тынып үнсіз ғана күрсіндік. Шерге оранып шыққан ойлы үнімді Қайдағы бір жұтып алды құнсыз жұрт. Мен түгілі даусым солай қаңғырды, Әумесерлер қағып алып әлгі үнді, Біреулері төбесінен балға ұрды, Біреулері тасқа да ұрды, тауға ұрды. Кеңірдектен мыстан тажал

қысқандай, Амал құрып, ышқынарлық күш қалмай. Аяп кетем азап құшқан үнімді Сыртқа сосын жүрем ылғи тіс жармай. Оңтайлы сәт туғанында өмірде ең, Бір жаңғыртам әлемді бар деміммен. Дүр сілкінед жаһан сонда даусымнан Немесе өзім жанып кетем сол үннен.

СЕРТ МЕН ТҮРКІ ЕДІМ... «...Түнеріп жүр түннен туған перілер, Тәңірісін табанына таптаған» МАҒЖАН Қатпарына көңілдің кек түнеді, Көкірегіме қоңыр мұң екті нені? Құлағыма түндерде талып жеткен Көк бөрінің Алтайда өксігені. Өксігені... ол бәлкім, ұлығаны, Көк Тәңірге жеткенде мұңы, зары, Түнекті өктеп кеткенде тағы даусы Тағат таппай түн ұлы бұғынады... Өксігінде өретін зарлы мұңын, Айғақ етіп Тәңірге Арлылығын. Түн баласы киесін бөрі баққан, Түркі жұрты күтетін таң ғұмырын. Мен түркі едім... Арайлы таңда туған, Базынам да, байлығым Арға тұнған. Кірпігімен күлгенде күн шығарып, Қаһарланса шоқ шайнап, қан қақырған.

Жәнібек ӘЛИМАН Өктемдікпен өткерген сан ғасырын, Тек Тәңірге шағатын арда сырын. Дүбірімен жаһанды көктей өткен Едіге мен Еділдің жалғасымын. Тәңір тектес танымас түркі ерін кім? Болмысымды ерлікпен бүркедім мың. Ұйықтап кетсем байқаусыз мазалайды Мүлгіп кеткен киесі Күлтегіннің. Тәңірінің түскенде көктен нұры, Өзегінде өнетін өктемдігі. Әлемді алам тағы да Атилланың – Аруағы шалықтап кеткен күні... 28 қыркүйек, 2011 жыл

СЕРТ «БАРАДЫ БАТЫП БІР КҮН...»

Жәнібек ӘЛИМАН * Жамалы жақұт нұрлы, Барады батып бір күн! Мен болсам мұңға байып, Қойылған жырға лайық, Налалы леп белгідей қатып тұрмын! Зарлымын іші күпті, Тағдырым түсініксіз, түсінікті... Барлығын өзім жасап жүрмегендей Әр жылым бойыма артты кісілікті... Кіндігі шер-налада, Ындыны жырға кепкен мен ғана ма?! Тірлігі кейде күйкі, кейде дара, Адамзат сүймеген соң пенде ғана! Ерттеп ап ерікті атша, Дерт жамап сезім суық, сезік патша. Өртке орап, жанып кеткен

жақсы, білем Күн құсап шығарына сеніп батса... Сорыма сүйенгенде, Жоғыма жетпеген соң күйем мен де. Қорыңа былғанғым жоқ, тәнмен бірге Түспесе болғаны да кием көрге...

СЕРТ Түршігіп тағы келем, Қырсығып кетсе кетсін бәрі менен. Аузыма тықпай жетім жүрегімді Қасымда қала тұршы, лағыл өлең! Жаным, өлең!.. Жәнібек ӘЛИМАН АНА І Адамзатқа ақынның опа мұңы, Боталыны боздатпа, о, Тәңірі! Жаның төсеп жолыма жапа шеккен Ана, сенің жүрегің Отан ұлы!!! Адамдықпен өлшенсе өмір мәні, Құзырыңда қалар ед сенің бәрі... Адам бола алмаған пенделер бар Сен келесің Хауа боп жолыңда әлі... Сен келесің сыйдырып гүл шағыңа... Адамзатты – күллі ұлы қасіретті!!! Сен келесің сыйдырып құрсағыңа... Адамзатты – күллі ұлы қасиетті!!!

СЕРТ ІІ Сені жасыта алмапты өмір кәрі, Өзді өзі әуре менікі ненің зары?! Жалғыз ұлдың ертеңі болмаса, ана, Дүние ғой басқасы қолыңдағы... Соңымдағы шұбырған гу-гу өсек, Жаныңдағы қайғы мен мұңды көсеп... Күзден бетер тоналдың шалыс бассам Бізден бетер жүдедің — біз жүдесек. Бағыштады демесең елге өнерді, Ар-намыссыз, ақымақ, сорлы емен-ді. Бір қызығым көтерсе сені көкке Бір қылығым тірідей жерге көмді... Сан биіктеп, сен солай сан басылдың, Әлегінен әуейі алғаш ұлдың. Қиқарлығым, Құдай-ау, ішім сезед Жасар әлі жалмады-ау сан жасыңды... Өреліге болған ба өмір мәні?! Өмір мәні... Менікі соның зары... Жалғыз ұлдың ертеңін

қойшы, құрысын, Ол бір жұмбақ Алланың қолындағы... Жәнібек ӘЛИМАН АҚИ КҮН «Күннен туған, Ғұннан туған...» МАҒЖАН Арасында фәнидің һәм бақидың, Мен де, сірә, бірталайға татимын. Міз бақпайтын, сыз қаппайтын сезімін – Ей, ақи күн! Озып әр күн көзім алдын жас алды: Күн астында күнім түсед қашанғы. Айласы бар, айнасы бар, ойнасы... Адамзаттың күні құрысын жасанды! Жердегі кіл жасандының кем ары, Нұр боп тылсым, күн боп тұрсың сен әлі... Адамзаттан арам шықты жаманмен Ала-құла заман шықты небары!.. Ей, ақи күн, жарықтық, Күн астында... Жалықтық та, зарықтық. Тәңір көзі, тылсымыңмен жебей көр Біздің бейбақ халықты!

СЕРТ * Шұрқырап шықты құлын дем, Жүрек қой тағы бүлінген. Сыбырлап самал тіл қатты Жапырақтағы дірілден. Ақ шашақ сағым нұр зерлі, Қиялда қалқып түрленді. Көзімнен ұшып жоғалған Жүрекке түсіп үлгерді... Мәңгілік кескен үкім бұл, Тұрақ та таппай тұтылды ұл… Арқамды қысып оятқан Түркіден қалған тұқыл жыр. Күттірмей келген кезегін, Сонымды ғана сеземін. Тәңірге тартып барады Тірліктің өртеп өзегін. Зарыма иіп заңғар көк, Аузыма салды Аллам бек. Өлең деп сүю өмірді Тірлікте басқа қалған жоқ. 25 маусым, 2012 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Ызғарымен ықтырған ізгі үмітті, Ала құйын көңілім күзді күтті. Күзді күттім үзіліп, үздігіп мың Алабұртқан күйіндей қыз-жігіттің. Күзгі жауын... кінәмшіл,

күдігі көп, Тарқатылды арудың бұрымы боп. Түзге көктем келсе де жібімейтін Күз боп өткен жандар-ай

жылуы жоқ. Сары жалқын нұр сіңген шалғайына, Тәңір алтын тылсыммен тал бойына, Тізбекті өмір тырналар топ құрғанда, Күз деп ғұмыр басыпты маңдайына. Бес күндіктің базары бар ма қолда? Арман дейтін адастым арда жолда. Күз мұнары кейіпті ізгі жаным Күте-күте көктемін қалған ол да... Күмілжуін қарашы күзгі өңірдің, Қылымсуын қайтесің қыз көңілдің. Ақыры атар таң болса атырапқа Жөні болмас оны да сыз көрудің. СЕРТ Айдың сұлу дидарын бұлт қамайды, Көз бояған көктемге жұрт қарайды. (Көктем ару қай көркін тықпалайды?) Күзді сүйем! Өйткені, ол жалтақтамай Дүниенің көзіне тік қарайды... 30 шілде, 2012 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Мұң жұтып қара түннің қабағынан, Сыр жұтып сағым күннің жанарынан, Отырам ойға кетіп, жазу жазып, Құтылып тағдырымның талауынан. Мұң іштім қара түннің қалбырынан, Нұр іштім бұлтты күннің

жаңбырынан. Сытылып шыға алмасым

мәлім, білем, Тәңірдің тәлкек еткен тағдырынан. Қайтейін қара түнді тілсіз, үнсіз, Ой қуып, миым қалған бір тынымсыз. Мазасыз қалың оймен арбасамын Мұңдылау, бірақ, менің

сыртым үнсіз. Басқалар базынамды білмес мынау, Түн құсап түнеріп бір күн кештім-ау. Жанымды аласұрған неғылайын, Сыр бүккен қара түнмен

үндес мынау?!. 2010 жыл

СЕРТ * Жүрек тулап, жынды қылып

жүйке бір, Сырғақ соғып суып кеткен ми-темір. Адамзаттан алабөтен жаратып Ақын қылып қинайды екен ит өмір... Сорым қайнап, сол азапқа байландым, Көз алдымда шыр айналып айман күн. Мұз жалғанға мейірімдей босанған Ана, сенің жүрегіңе қайранмын... Өмір шығар... Өлең жазғым келеді, Көңіл шығар... Түсіне ме ел оны?! Құрсағыңа қалай сыйғам, қиналып Өз-өзіме сыймай барам, себебі... Дүниеде мейріміңе қане тең? Мен әлемге күллі ананы жар етем. Біреу кердең... шіренгенмен енді ұқтым Тағдырыңның түйір жыры ғана екем... Қапелімде қадау-қадау ой бұғып, Ана десе, жүрек жылыр, бой жібіп...

Жәнібек ӘЛИМАН Туған әке-шешені естен шығарып Туған күнін шатасады ел той қылып... Өмір сырлы жалғанда бұл... қапалы-ақ, Махаббат деп көкиміз-ау жата қап. Аналардың құрсағынан өнген ғой Күллі мына дүниеге іңкәр махаббат!!! СЕРТ НАЗ (Е.А-ға) Түсіне алмай жүргендей

ешкімді ешкім... Сен өмірге даусыңмен кескін кестің. Мені өлең қып көлкітіп жыр Тәңірі Тастай салды ішіне бес күн көштің. Қанатынан әуеннің сен үзілдің, Құдіреті иектеп мені жырдың. Басқа – басқа, білгенім әуен мен жыр Сыңарындай мен үшін егізімнің. Тұманытып көз алдым және тұрам, Көңілімнің сөккенде көк етін ән. Кеңістіктің бос жерін сығымдаған Қарыздай-ақ даусыңа боп отырам. Жыларыңды, білмейсің күлеріңді, Армандай қып көрсеткен бұл өмірді Аманаты Алланың – өнер кие Жанитын да қаритын жігеріңді. Өзіңдей ұқ... Жан байып, қуанарға. Сезім кейіп көз жасым тұнады Арға. Қоңыр үнің қаңқ етсе қара өлеңнен Үкі тағып жібердім жұбанарға... 2 тамыз, 2013 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Сәулелерден сығымдап сөз қашадым, Дәурен өрген жанымда өзгеше арын. Өлең кие көшеді өр-ылдида Күміс нұрға қалқыған кезбе сағым. Жүрегіме құлаған күз, жапырақ, Басқалары санай ма бізді ақымақ?! Адамзаттың алдына түсер ме едім Тылсым ұшқан осынау

түзді оқып ап. Дүркіреген дүние пендеге оңай, Маған ауыр сезілді... елге қалай? Шеңберінде қап қойған

шерлі адамзат Шыр айнала бергенде жер домалай... Жаным — көктен, ал, тәнім — қара жерден. Сауық құрдым сезгелі сана безбен: Адамдардың ішінде ақын өліп, Пенделердің ішінде адам өлген... Түйсінем де түршігіп сезем анық, Өзім емес, жанымның өзегі арып. Іргесіне тірліктің ілініп ап Ілгерілеп кетпейсің не жоғалып... СЕРТ Тұманына туысқан тірлігі бек, Талайларды көрдім мен құлдығы жоқ. Тас төбеңе түйіліп тұрып алған Бір құдірет сөнбейді, бір құдірет... 22 тамыз, 2014 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Үзілген көктен жұлдызбын, Жүрегі күлді жыр қыздың. Көгілдір көктен зауласам Көре алған дейсің күндіз кім? Көгілдір көктем – қыз бейнең. Жүрегім менің түздей кең. Сұрланған сұрқай тірліктен — Кеудемді қауып күздей дем. Есіркеп болды ез үміт, Сағыздай іріп, созылып. Бес күндік мынау фәниден Баз кешіп барам безініп. Сабылып жүрмін сор қайнап, Күйкі бір іске қол байлап. Және бір күнім құлады Көк шолақ атын борбайлап. Алланың сөзі әуелгі, Кеудеме қонған өлең-ді. Қызарған күнге қош айтып Жырға арттым жалғыз дәмемді.

30 наурыз, 2012 жыл

СЕРТ * Жанымның өлең ағып жылғасынан, Әйтеуір, әлденеге күнде асығам. Сүзем деп қарап едім судан жақұт Мөлдірдің тұнық көрдім тұнбасынан. Мен содан менмен едім

тынып қалдым, Тұныққа қарай-қарай құрықталдым. Сылқылдап суретімді су ішкенде Өзімді өмір түгіл ұмытқанмын. Бетіме, басқама да қарайламай, Су салды суретімді шарайнадай. Таң қалып тұрғанымда тамашаға Тіл қатты көктен тамған арайдан Ай. Сол күймен сеңдей лықсып

мың түледім, Келген-ді көк аспан боп күркірегім. Еріксіз ескі жұртта қалып қойдым Жанымнан өткіздім де жұрт легін. Тұнықтан тылсым іштім

тұндырып ап, Жүректе шолпы түннің сыңғыры қап. Арбалып «Мың бір түнге» жүргенімде Батқанын білмей қалдым

күннің ұзап.

Жәнібек ӘЛИМАН Алланың аян беріп, буған демі – Жұмақтың жүрекке сол тұнған лебі. Қызықтап қырт өмірде қалмақ едім Ажал ғой асықтырып қуған мені...

СЕРТ * Қаперімнен тамызып қара түнге ес, Ақылымның аңдадым ағатын кеш. Қас қағымның қалдырып

жылдамдығын Қара өлеңім, қайғының

қанатын кес. Өнердегі қайтейін ақымды бұл?! Сатулы нұр, көрмедім

сатулы жыр... Адамзатқа айтарға демесеңіз Азап ғұмыр екен ғой

ақын ғұмыр. Өзімді емес, Өксіген өмірді айттым. Келмегесін қалқамды қоңырайтқым. Мені қойшы... Шалынып тірлігіне Жан сақтаған қалың ел, сені қайттім?! Аласұрған күйіндей айтары аңыз, Жыр кеулесе ындынды жай табамыз. Борышты боп біз солай өмір сүріп, Әр жүректің түбінен байқаламыз. Жәнібек ӘЛИМАН Жаным сыздар жорысам пенде түсін... Сорлағаның, қара өлең, сен де құсым! Екеуміздің еншіміз егіз тағдыр Мұң бар сосын жаралған жер беті үшін. Тамыз, 2014 жыл

СЕРТ * Жақтырта қоймас қаланың өңін, Жүрегі дархан далалық едім. Санама Сарысу сабыр күй теліп Қиылған қыздай ағады керім. Ғасырға шағып ғұмыр айғағын, Өркениет кеулеп шыныдай жанын. Самал кеп сырғып аймалап өбед, Толқындарының тұлым-айдарын. Тәңірі тартса талайлы шағын, Ақ таңы сыйлар арай құшағын. Қыз толқындары қиыла қалса Күміс кекілін тарайды сағым. Кер бесті күндер, кекілді ме едің? Кеудеме сыймай жетім жүрегім... Булығып іштен тынып аққаны Жан ағыстарым секілді менің. Ағыстың үні, толқынның әні, Шетін мұңымды шертіп жүр әлі. Мүлгіген дала, өксіген өзен Өбектеп, менің дертімді ұғады. Жағаңнан жайсаң сыр өпкем жаңа, Жұпарын жұптап дір еткен дала. Ұяңдау аққан толқынның үнін Тыңдар ең тынып жүрекпен ғана...

Жәнібек ӘЛИМАН * Ішке тартып тұрғанда әлем демін, Тексіз қоғам қылады тән ермегін. Көбелектей отқұмар, сен, адамзат Әуел баста-ақ нәпсіге тәуелді едің. Күлтелі ме, жиғаның білтелі ме, Ақыл-ойдың шығады кім төріне?! Жатып алып жұмақтың саясынан Қол созатын пенде ғой жын-періге.

СЕРТ САРЖАҒАЛ КҮЗ Сұлу күзді сұрланған тұман бүркеп, Іштей келем ыңылдап бір әнді үркек. Мен бейбақты, Тәңірім, жарылқасаң Махаббаттан жанымды қуандыр тек. Өршеленген шабыт аз, шүбәміз көп, Жабырқасам жаныма жыр-ән ізгі от. Мәнім кетіп мен бар ғой әйтпесе бұл Жер бетінен жүргем жоқ

жұмақ іздеп... Қарындастан қалмаса Арда көңіл, Сәлем бермен иіліп паңға небір. Анда-санда ақылым кіре қалса Мені қорқытатыны – жалған өмір. Сенен емес, сұрғылт күз, содан қорқам, Арсыз күліп қарайды оған да ортам. Тықыр таяп қалғанын сезінесің Аярлыққа алмасса обал мен қам!.. Сен кәделі болғанда мен дәмелі, Жасауымыз керек ед елге әуелі... Бес күн өмір жалған боп бұлдыраса, Шындық іздеп таусылып нем бар еді?! Жәнібек ӘЛИМАН Шағырмағы шырайлы саржағал күз, Әуел баста-ақ біз соны таңдағанбыз... Таусылудың жөні жоқ сондықтан да Сен де, мен де әзірге алданармыз... Саржағал күз...

СЕРТ * Өңі қашқан өндірдей текті келін, Шемен-күйік шырмаған ет-жүрегін. Телміретін үмітпен батыс бетке Сосын жаспен жуатын бетті керім. Белін бекем буынып ертесімен, Бітеу жара, бітердей дерт осымен. Жігерленіп қалатын жарын ойлап Түспесе де қиындық желкесінен. О, қайсарлық, сен неткен өр есім ең! Ешбір соққы өтпейтін көбесінен. Көздің жасын көрсетпей атасына Мұңдасатын кеш батса енесімен. Құр сүлдері аруақтан аумай қалған Өзегінде өрт өксік лаулай жанған. Күнде ақбас шал дұғасын

бағыштайтын Жалғыз ұлым келер деп

қан майданнан. Сұм соғыстың көрсетпе енді бетін. Тосып қалды-ау әкесін шерлі жетім. Жалғыз ұлы қайтпаған

қан майданнан Жетім шалдар бесікке телміретін... Жәнібек ӘЛИМАН Зарлы кемпір, жетім шал, жесір келін, Боздатқандай даламның төсін, белін. Соқыр үміт, қайғы-мұң, шер-сағыныш Ошақ отын әйтеуір өшірмедің... ...Дәл осындай сорақы із өткеніңнен Жазылмас дерт жаныңа бөктерілген. Жазатындай жарасын жауынгердің Белгі тақтық төсіне көк темірден.

СЕРТ БИЛЕТ Жанымның гүлін сүй де пәк, Арымның жырын күйге тақ. Өмірлік билет тағдырың Қайтесің, басқа билет ап... Өзгердім, білем, өзгемін, Пендеден бөлек сезгенім. Жүректе шығар өмірің Тіршілік қана — көздегің... Сезімнің оты сүңги кеп, Түрленіп тұрар мың күй боп. Менде де бар-ау бір тағдыр, Сенде де бар-ау бір билет... Бұрқансын, мейлі, ғалам, көк, Көресің бәрін содан бек. Айырбастап алғың келеді Әйтсе де, білем, шамаң жоқ! Сонымен құның өлшенер, Құдайдан түскен бөлшек ол. Ұсақтап жыртып кете бер Билетің құнсыз болса егер...

Жәнібек ӘЛИМАН САҒЫНЫШ (Қ.МЕДЕУБАЕВҚА) Булығып бойда кетті өлең, Шумағы ретсіз... ретпенен. Сағыныш бар-ды біздерде Пендеуи сана жетпеген. Құрлықтан озған қиялдай, Армандап тағы сыя алмай. Бейкүнә шақты отырмын Өлеңнен сұрап ұялмай, Өмірге көзім қия алмай... Құдайым қалай дарытқан?! Қияндап кеттік қалыптан. Жанымызды алшақ қыла алмай Құрлықтар менен сауыт тән. Жаныңды, жаным, мендей көр, Талантқа тар-ау көңдей жер. Құдірет рухы Құдайдың Осыдан кейін сенбей көр... Мәңгілік болмай мән де кем, Тірліктен таппай жар бөтен. Жазмышқа жазып тастаған Бақытсыз біздей бар ма екен?! Қылтитып жалған қоярдай, Өнерге мас боп, оянбай...

СЕРТ Жырға азық жалқы сәттерді Жарылқап, жалған дей алмай, Жалғасып жырмен арамыз, Қабарып қалды қара күз. Жалғаннан шығып жарысып Өмірге көшіп барамыз... Көңілден есіп наламыз. Күтумен соны шаршамай, Суретін сөзбен саламыз. Қиялдан туған қаршадай, Сезімге бесік қара қыз, Оралмай қайта қинайды, Соғардай қайта күй-жайды. Әйтпесе, біздің сағыныш Құрлыққа мынау сыймайды! Талайсыз, білем, қалғаны, Сүйгеннің қандай арманы?! Сағыныш сезім болмаса Өмірде басқа қалмады. Маздаған сол ғой сендегі, Қоздаған сол ғой мендегі. Сағына білмес пенделер – Тірліктің ғана ермегі, Құлдықтың қара жөргегі... СЛОВАКИЯ-БРАТИСЛАВА. 29 қазан, 2013 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Көз алдымда ән елес, өлең қырат, Естіп-біліп болмайтын керең құлақ. Адамзат тұр — тұлғасы таудан биік Топырақтан өлгесін төмен, бірақ... Ақиқатты дүмшедей шала біліп, Өз ісінен жанына нала жұғып, Адамзат тұр табаны топырақта Жер-анасын қасірет алаңы қып... Кем-кетікке күйініп, алаңдап бір, Ақыл-ардың иесі Адамзат тұр... Кезі келсе биік ол періштеден Кейде айуан — Маңайын арамдап құр. Жер-бесікте жайымен тербетіліп, Жата алмайды-ау алаңсыз

пенде күліп. Алты құрлық мекені аз болғандай Аспан жайлы айтады жерде тұрып... Көкейімде ән елес, өлең қырат, Жан түбіне кетіпті терең құлап. Адамзат тұр — тұлғасы таудан биік Топырақтан өлгесін төмен, бірақ...

СЕРТ «МҰҢАЙЫП ЖАТҚАН ЖАПЫРАҚ ЕДІ...»

Жәнібек ӘЛИМАН * Тағы көктем, тағы да тылсым әлем, Қызғалдаққа қалқа деп

құлшынар ең. Ерке желмен ырғалып аққайың тұр Бойы сұңғақ басқадан, бүршігі өлең. Тағы көктем – тұмадай тұна қалған. Болмысы – жыр өлкемнің

шуағы – Ардан. Балбырайды жер-жаһан

балқып нұрға Түрленеді муза боп мына жалған. Тағы көктем Жер-көктің иіп жаны. Көңілімді көктемнің күйі ұрлады. Самал тербеп майысса гүл-бәйшешек Ол бейне бір – қалқамның

қиылғаны. Тағы көктем... таза, пәк,

тым балауса. Гүл тағынып, атырап сырғаланса – Мың құмартып тағы да

музаны ойлап, Жан дүниең, қайтер ең,

жырға оранса.

СЕРТ Тағы көктем Маңайым тұнық әлем, Көктем қыздың көзінен сыр ұғар ең. Бір ақынның музасы кетіп барад Қарап тұрмын жай ғана құныға мен...

Мамыр, 2010 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Сіміріп күннен түскен шуақ-нұрды, Аралап кетті гүлдер қырат-қырды. Дүние дел-сал күйде тына қалып, Күйіне бозторғайдың құлақ түрді. Керілген көктеменің көркі қандай? Көрінген бұта біткен дертіп, Алла-ай, Жүректі жан өртіне салып бітті Жапырақ сылдыр-сылдыр

шолпылардай. Түз дала тіл қатады таң ғұмырдан, Тамылжып таңғы нұрдан

ән құбылған. Балбырап көктен арай еріп түссе Балқытып бала дүние бал қуырған. Бергісіз көрінеді Айың Күнге, Құлпырған сайын мүлде қайың, гүл де. Самал жел сал ғұмырды сипап өтіп Білмей жүр ақтарарын жайын кімге. Бір талда бүршік жарған түрлі жүрек, Өзінше сыбдыры көп, күмбірі көп. Аралап ақша бұлтты Қар қызы жүр Жаратқан неткен шебер бұл құдірет?! 26 қыркүйек, 2012 жыл

СЕРТ * Өртеніп кетті күн иіп кеп, Дидарын даламның сүйіп боп. Қимауын қарашы батарда Иманын оқиды биікте от... Өрт еміп, өртеніп күйі ішкі, Кешкілік күн мен түн түйісті. Ғашықтар секілді құмартқан – Екеуі қып-қызыл сүйісті. Күн қызыл,

Гүл қызыл,

Аспан өрт, Түнгі жыр...

түнгі жыр – басқа дерт. Ұяттан қызарып бұлт қалды «Әп, бәлем, көрермін, саспа» деп. Сүйістер шашқандай іңірге от, Күн кетті, түн қалды күбірлеп. Жамырап жұлдыздар оянды Құлаққа қызғаныш сыбыр кеп... Өсек те, өлең де айтылды, Әңгіме еді бұл қай түнгі? Жұлдыздар мазасын кетіріп Ақырын керіліп Ай туды. Жәнібек ӘЛИМАН Ай – сұлу нені ұқсын, түсініп, Басында тартынды қысылып. Ақыры жұлдыздар жаудырған Өсектен барады ісініп...

СЕРТ ҚАРАША Көктем өтіп, күз келіп, күмілжідім, Құйын, дауыл қараша құбылды күн. Түйткілі көп тырбанған тірлігімнің Тағдыр мыстан тілгілеп туырлығын. Сұп-сұр аспан, қараша, сұрқы үрейлі, Алқымнан ап долы жел сілкілейді. Сықпытынан айрылған қара ағаштың Қабағына қабарып мұң түнейді. Жүрегіме менің де мұң жамалып, Тажал тағдыр жанымды

тырнады анық. Діңгегінен нық тұрған қарт еменді Долы дауыл құлатпақ ырғап алып... Шалқарымның мұз қатып ернеуіне, Шараптайын жұтамын шерді еміне. Басыма кеп бұлыңғыр мезет түнеп, Батпан қайғы байланды белдеуіме. Күңгірт тартқан күйім бұл базыналы, Қарлы жаңбыр, қараша азынады. Қараша өтсе беймәлім желтоқсанда Пешенеме қай тағдыр жазылары... Қараша, 2010 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Күздің келгенін бұлттар айтады, Төңірек түгел тұлданып. Қызық қуғандар жұртқа қайтады, Жұртқа қайтады бұлданып. Мезгіл тезіне төзе алмайды алап, Суынған содан күнді көр. Тұлдыр әлемді тозаңдай қағад, Жымысқы мінез жынды жел. Жасанған әлем жалаңаш тіптен, Бірінің әне көзі аққан. Жұмақ-тын кеше

тал-ағаш біткен Қуылған сынды тозаққа. Сұрланған суық

құтырды тегі, Ұмытқан, білем, Алласын. Ажалдан бәрі үкім күтеді Сезеді-ау түбі оңбасын. Дауыл боп соқты

дариядай күш, Айылын жиып үлгермей. Таяғын ұстап қария байғұс Ажалын іздеп жүргендей.

СЕРТ Мәнісі бар ма мезгілдің әнін Көктем деп көтермелеудің. Күз ғұмыр келіп сездірді бәрін Алдамшы... Бекерге келдім. 7 тамыз, 2012 жыл Жәнібек ӘЛИМАН ЖАПЫРАҚ Күз келді сұрғылт атырап, маңай Қараша тірлік қапталымда тұр. Сарғайған бейбақ жапырақтар-ай Табан астында тапталып жатыр. Көктем-ай керім, сайыңнан белге Көшуші еді оны қақыратты оңай. Жапырақтар-ай жайылған жерге Мұңыма менің татымақ талай. Солғындау тартты қапыда реңі Мезгілдің қатал ызбары буып. Мұңайып жатқан жапырақ еді. Әкетті күздің ызғары қуып. Әуені күздің әнге ұласты ауыр, Жапырақ біткен жайрап, маталып. Қағынып жүрген қаңғыбас дауыл, Қаңғытар екен қай жаққа апарып?..

Қазан, 2010 жыл

СЕРТ * Күз келеді, Қара суық қусырып қыз денені. Қанатында құстардың кетеді ұшып Қалықтаған көктемнің ізгі өлеңі. Мен қараймын, Елес болып қаларсың енді арай күн. Қанатымен ұшқан қаз қағып өтер Қаудыраған қалдығын

шерлі арайдың. Бекі денем, Сабырымды қайтейін сетінеген. Алты Алаштан қалғаны қазақ қана Күзден қалған жанымда жетім өлең...

Жәнібек ӘЛИМАН ҚАР Қар жауды, Алғашқы қар! Жауысында мән бар-ды. Дауысында дір-дір еткен ән қалды. Жалбарынып қар тілеген жер еді: Күз болғалы бейшара жер себебі Әбүйірсіз қалмағына арланды. Жапырақ жоқ, жағалауға қонбай құс, Тоз-тоз күйі жетім қалды жер байғұс. Көктің аяп, жылай-жылай көзі ақты Қара күзге қарсы тұрар болмай күш. Көк жылады, көп жылады сазарып, Күз жанында мейірімнің азы анық. Періштелер мамықтарын боратты Жерге қорған, күз айуанға жаза ғып. Күн мен ақ қар шағылысып қыратта, Көз қарықты қарай алмай ұятқа. Әзірейіл аяз төзбей бірақ та Жылылықты қуып тықты жыраққа. Аяз айтты: «Ей, қар мен нұр, Шағылыспай әрмен жүр». Қарға тағы тіл қатады: «Мінезсіз, тапталуға келіп пе едің, бар болғыр».

СЕРТ Жазығы жоқ, қар бейбаққа не шара? Жерге бола түсіп еді кеше ана. Сен де мені сөгесің-ау жосықсыз Артық айтсам кеш, аға!

Жәнібек ӘЛИМАН * Ақ қанат қар, Тұлдыр жатқан төсейді баққа мақпал. Күллі әлемнің күнәсін бүркей салып, Жұмыр жерге жеткізер Хақтан ақпар. Сыз жүрегі – Күзді кері тастауға үздігеді. Аппақ болып тусақ та... тосар алдан Қарауытқан дүние бізді үнемі. Кеткен есі, Риясыздық ақ қарда жоқ демеші. Сезімдерге тұратын ерік беріп Күнәһарлау сенен де көктем осы. Көбелектей, Жауған қарды көр, кәне, өлең етпей. Мені жалған дүние жалықтырды Сені тағы алмады жер өбектей. Ақ қанатым, Менен гөрі сен едің Хаққа жақын. Дүние-есеп шешімін таба алмай дал Өлеңінің ұйқасын тапқан ақын... Қараша, 2011 жыл

СЕРТ «СЫРҒАҢДАЙ ДІРІЛ ҚАҒАТЫН ЖАНЫМ...»

Жәнібек ӘЛИМАН ҚЫЗЫЛ ПАЛЬТО Жоқ шығар сірә, таласы жаттың, Дел-сал қып жанды жаңа шуақ күн. Риясыз реңің, талдырмаш бойың Қып-қызыл пальтоң жарасып-ақ тұр. Қып-қызыл пальто қыз ғұмырдай ма, Қыз көктем мынау сізді жырлай ма? Үр жаңа, қызыл пальто киген қыз Көміп кеткендей бізді бір жайға. Қып-қызыл пальто, қыз көктем мынау, Жүрегім, жаным, сызды өткердің-ау. Сызылған қалқа, бейуақ мезгілде Жұмбақ бір жайды іздеп пе ем мынау?! Қып-қызыл пальто Құмарым ба едің? Қылықты қалқа жыр-әнім менің. Басқа күндерден бақыттырақ-ау Байыз таппаған мына күндерім. Қып-қызыл пальто...

Көрімдік қайда, Көрікті ой келіп көңілді ықтай ма? Көрімдігіңе жыр ұсынамын Қомсынбай қалқа сонымды ұқпай ма?.. 10 наурыз, 2010 жыл СЕРТ ҚОШТАСУ Қимасам да қоштастым «кете бер» деп, Сүймегенге сүйгендер екен ермек. Сендік мұң ғұмырымда енді қалған Жыр кеудем жәукемдеуге жете бермек. Өмір сүрмей қазір біз күнелтеміз, Қайбір соны кетті ұғып

тым ерке қыз. Ақыл-ой жанға дауа болмайды екен Жабықса жүрек дейтін жыр өлкеңіз. Жатпаған соң лапылдап ішіңде жыр, Құрып кеткір тірлікті қысыр де бұл. Сені қайдам, ғашықтар мен білетін Қол ұстасып сүреді түсінде өмір. Ондай бейкүнәларға бақ бер, Құдай, Сұм өмірді сүрмес ем әттең бұлай. Сүйдіріп сабырыңды сарқа-сарқа Ұстатпай кетеді екен сәттер құмай. Ғибраттан биіктеу ғұмыры Арман, Ынтық жүрек кеудемді бүріп алған. Ақиқатқа жүгінсе, сөйлері анық Ғашықтардың тілінде түбі жалған... Жәнібек ӘЛИМАН Ермек қып күлкіні бір, ұйқыны бір, Осылай өтіп жатыр күйкі ғұмыр. Сұрланған сан елесте бір жұбаныш – Сендегі сұлулықтың сүйкімі жүр...

СЕРТ * Алып-ұшқан аз ғана бақ қысқарып, Сүмбіледей суығаның іш қарып, Жұлдыз, сонда жанартауым атқақтап Биігінен бір жұлдызым түсті ағып. Биыл шабыт таппасам да көктемнен, Разылығым басым боп тұр өкпемнен. Жұлдыз деген – қол жетпеске

лайықты Қол жетпеді деп ешқашан

жек көрмен. Сені көріп сұлулықтың – серті ұлы, Баладаймын басылмаған ентігі. Аспандыққа таласардай менменсіп Жұлдыз қызға мекен

болған жер түбі. Манаураған мың күй өріп денеңде, Тіркес таппай тұрып қалам теңерге. Өзге түгіл өзім ұғып болмаған Ақындығым бақытты екен сенен де... Көз жанарың жалт еткенде жақұттай, Алабөтен алабұртам жат ұқпай. Жұлдыз біткен сыяды ақын кеудеме Шексіздігі – кеңістік пен уақыттай. Жәнібек ӘЛИМАН Ессіз жігіт ерке назға елітіп, Шығарып сап, алғаны жоқ не күтіп. Тым биікке жақпақшы ол да Жұлдызын Жер бетінде болмаған соң теңі түк.

СЕРТ МУЗА Сиқыры бөлек сырға бөгелдім, Ұйқыны бөгеп, мұңға неге ендім? Еліктей ерке, есімді алатын Жаршысы ма едің жұмбақ әлемнің? Құралай көзге құнықтым қалай, Тұңғиық барын шын ұқтырды оңай. Кішкентай, нәзік, жинақы бойға Сұлулық біткен сиып тұр қалай? Назыңнан қалқа бүлініп бетер, Лебізден сұлу сыр ұғып шекер. Небір ер маңғаз жаныңа барса Жігері білем, үгіліп кетер. Күлкісі сиқыр, гүл өңі көктем, Риясыз еді іреңі неткен?! Жүрегі құрығыр ынтыға берді Ынтық та болмай жүр еді көптен. Раушандай алау еріні дерсің, Сәбидің даусы дем-үні дерсің. Қайдан жүр жерде періште, бәлкім Перизаттардың керімі дерсің. Мамыр, 2010 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Тудыра салған текті өлең, Көрікті қалқа, көктем ең. Ақындық қиял болмаса Адамның қолы жетпеген. Кеудеңе күдік орнаса, Қасірет емес ол да аса. Пенденің мұңы белгілі... Ақынның мұңы болмаса, Дүние түгел далбаса. Ақынның мұңы сүйген бұл – Көйлектен тәнің киген жыр. Көйлектің сыйып ішіне Дүние түгел билеп жүр. Жүректі жыр ғып сөйлеткен, Түнекті нұр ғып кейде еппен. Дүние күліп тұрады Қос етек дүрия көйлектен. Көретін оны көз керек, Жүрек пе бәлкім өзгерек?! Ақындық отқа күйгенсің Тағдырың солай төз, демек!

СЕРТ Өлеңім сынды піспеген, Түсіре алмай тістенем. Көйлектің іші-сыртындай Осы екен өң мен түс деген... 8 маусым, 2012 жыл Жәнібек ӘЛИМАН СӘЛ МҰҢАЙСАҢ... Күркіреген кеудемнің от кемері – Шарпып өтер, орынсыз сөкпе мені. Жырға айналған жанымның жасын, нұры Сәл мұңайсаң көрерсің көктен оны. Сәл мұңайсаң...

қамығып жерге үңілме, Шағам деме сырымды енді кімге, Пұл іздемей, жалғаннан жыр іздеген Көкте жүрген құлақ тос мендік үнге. Соны тыңда, өртенбе, өртен мейлі. Ғайыптан кеп жаныңды сол тербейді... Келмеске еніп кетсем де көк жүзіне Жыр боп өнген сезімнің серті өлмейді. Күдік кеулеп, кеткенде кеміп үміт, Жырға айналар кеудемнің демі-күлік. Көңіл сұлық кетер ем онсыз, сірә, Өмір сүріп келемін соны біліп. Жүргеніммен ортаға сыйып бөтен, Жырсыз өмір сүргенім күйікке тең. Қарға сүйген қызығы қу тірліктің Арға түйген жырымнан биік пе екен?! Шілде, 2011 жыл

СЕРТ * Мамықтай үлбіреген Малика қыз, Сыпайы сылқым сырлы салиқаңыз. Аспандап аққу қанат, көктем көркің Көмкеріп көрсетердей фәниді аңыз. Малика – атына сай періште қыз, Табысқан тағдырлардай еңісте егіз. Сыңарсыз сыңсу айтқан мұңлықтарға Жүректен жұдырықтай төр үстеңіз. Малика, баяу қалқып есілесің, Сен жаққа ауа берді несіне есім?.. Кезінде көктемеңнің гүлдемесең Сезімге салқын түссе кешігесің... Малика – сайға біткен бүлдіргендей, Лүпілі қос жүректің... кім білгендей? Қытығы көңілдердің кірбіңге енбей. Айтуға алабұртып тіл қатпадым Қайтуға қайран бар ма,

жүргім келмей. Малика, жүз бүлініп, мың құбылдым, Алдында сұлулықтың құлдық ұрдым. Мейіздей ноқат меңге қарай бердім Түйткілі тарқайтындай тірлігімнің. 30 қараша, 2011 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН ЖАНАР Жаныма жұмбақ күй тұнып ауыр, Қана алмай кеткем сиқырыңа бір. Кездесе кетсем үздіктіретін Сұлуым едің сүйкімі лағыл. Шашылған шақта жүзіңнен жақұт Табатындай-ақ ізіңнен бақыт. Сырғаңдай діріл қағатын жаным Мойылдай көзің сүзілген уақыт. Даусының тәтті сазынан ерен, Жолына жыр боп жазыла берем. Ауызын ашса ай-жұлдыз құлап Өріле кеткен назынан өлең. Нәзігі ме едің нәресте жырдың? Әлемі ғажап ән ескегіңнің. Көрмей-ақ кетсем қайтетін еді Ынтығымды ұрлап тағы еске кірдің. Кімге айтам мына күйімді бөтен? Кеудеме жыр боп құйылды бекем. Әлемнің күллі әдемі көркі Бетіңе мең боп түйілді ме екен?

СЕРТ Бір сендік қашан алаң басылар, Сағыныш сірә, бағаңды асырар. Жазылмай жүрген мендегі жырдың Үзігі сендік жанарда шығар. Қараша, 2010 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Жұрнағы сынды мендегі мұңның Өлшемі – сендік күдіктің. Қиналмай ғана сенде бір күні Біржола мені ұмытқын. Мендегі жырдың тұма мекені, Сен ғана деп пе ең, жарығым. Сүйе білмеген жылап өтеді Сүйгеннің білмей қадірін. Біз сүйген көктем қуара жүдеп, Осылай үнсіз семеді. Мені ойлап бекер жыламашы тек Көз жасың ауыр, себебі... Қалып па еді амал мұнан да бөлек, Менен де бәлкім бар айып. Тоғыса алмаған бір арнаға кеп Қос тағдыр болып қалайық. Осылай кес те бір үкімді ерен Іздеме жанға еш дәру. ...Өмірдің бәрі ұмыту менен Сағынып қайта еске алу.

Ақпан, 2011 жыл

СЕРТ ОН БЕС (К.Х.-ға) Ей, Кәмшат қыз! Кермаралдай керілген, Өндіріңде толықсыған өмір ме ең? Өлең саған неге керек онсыз да Өлең аңқып тұрған жоқ па деміңнен?! Он бесіңде от оранған жасын ең, Сен өлеңсің, шабыт шығар бәсірең. Сені көрдім өмір өртке түсе сап Өлең жазған өзі өлең басымен. Алып-ұшқан ақындықтың талғамы, Мең-зең етті... мені саған арбады... Дүниенің есеп бәрі, былғанбай Өлең ғана қалғаны. Фәни-жалған ар-ибаңнан сәл төмен, Жыр жазғаннан өспесе де мәртебем, Дүниеге келмес пе едім құдірет Өзегімді өлең болмай өртеген... Әйтпесе, бұл нем бар еді басқада, Жазған жырым өмірімнен асқақ, ә?! Өмір бойы сағынамын өзімді Өлең сынды – он бестегі жас бала... 25 шілде, 2013 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН ҚҰНЫҒЫП... Ақ шұға – ақша бет, гүл ерін, Араймен аптаған түр-өңін. Мұнарды маңытып күн шықса – Жымия салғаны бұл – оның. Тілінен жыр ағып, сыр ағып, Лебізі түскендей гүл алып. Бұралып басады, соңында – Есілген еркелік, бұлалық. Байыз да таппайсың тұрақтап, Жамалы... жанары ұнап қап. Бір аттап, екі аттап ақырын Жылатып кетеді жырақтап. Не деген керемет үйлесім, Бұрала басқанын күй десін. Күн болып кезеді көк жүзін Күйдіріп кетеді сүймесін. Байыппен өрілген ерек үн, Түсінбей, түсініп келемін. Бір-ақ тал шашына татымай Адыра қалды-ау бар өлеңім.

СЕРТ Ұрынып, тағы да бүлініп... Мезі етіп бітірді ұры үміт. Сүзіліп қарасам қызығып, Үзіліп кетермін... Құнығып... 28 қыркүйек, 2011 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН * Ұмыта алмай, Ақ параққа жүректің жыры тамбай. Тағы отырмын таусылып тылсым іздеп Жауһар күндер жанымды

жылыта алмай... Құралайым, Тек өзіме қатысты мына жайым. Жалғыз сенің жақұттай жанарыңа Атар таңның қиып ем нұр-арайын. Шырын қылық, Сен жымисаң тұратын ғұмыр күліп. Тал шыбықтай бойыңа Тәңірі өзі Күллі әлемнің қойған ба сырын бүгіп?! Сәби үнің, Естідім де елітіп тағы ұйыдым. Менің жаным сезімнің ақ бораны Сенің жаның нәп-нәзік ән-иірім. Ерек керім, Тербеп жанның – самалың –

желектерін. Ақ боранда адасып әлі жүрмін Сиқырыңның таба алмай себептерін!.. Мамыр, 2010 жыл

СЕРТ * Жаралмайды жаныңда жоқтан сенім, Жалыны ыстық көзіңде от бар сенің. Қыз көктемді құшқанмен құмарлана Жайын білмей келемін көп нәрсенің... Кеудемдегі махаббат кекті өлтіред, Жанарыңа қалғандай көктем түнеп. Жуып-шайып кетеді бар өкпеңді Өлеңдерім жанымнан жеткен түлеп. Еркелігің бар онда, назың онда, Осы өлеңде өкпең де, базынаң да. Жүрегімнің сен дейтін бөлшегі сол Жүрегіңе медет қыл жазып ал да. Ақ сәулелер тыныстар ай қабағың, Күйін шертем көңілде қай наланың?! Шоқ жұлдыздай шашырап өлеңдерім Бұрымыңа білдің бе байланарын?! Сырбаз-сырбаз сыр айтар

сыршылым ең, Сүйкіміңе сұқтансам жыр сіңірем. Сәби сынды қарайтын айналаға Сені көрем ақ қайың бүршігінен. Шуағынан таңдардың сені көрем, Жүрегімнің дауа боп еміне өлең.

Жәнібек ӘЛИМАН Көк теңізге шомам да көзіңдегі Елесіңе емініп, тебіренем. Сұңғыла жыр, сезімнің кемерінде от, Жырым жүрсін жаныңда желегің боп. Мен ақын боп кетейін сенің үшін Ал, сен қалшы мәңгілік өлеңім боп.

28 наурыз, 2011 жыл

СЕРТ * Мен сені күткен едім... Онсыз да тірлікке жоқ түк керегім. Кірпігің қаққаныңда арасында Жанымның білмегем мың бүктелерін. Жаныма не жұпталып, Жатса да тынышым жоқ,

сезікті анық... Мен сені бұрынырақ сүйетінмін Жұлдыздан заулап аққан озып барып. Сен содан нені ұғындың? Нүктесі меңің шығар өмірімнің. Сәулеге сенен түскен шағылысып Дір етер ашыларда өзі гүлдің. Күлкіңді көріп ардай, Бір түрлі жұмақ түсін жорығандай. Өмірге өгей күйі өтіп барам Құдірет аластады мені қандай?.. Жолымнан жолығардай, Өзіммен өзім жүрем болып Алла-ай! Сәулелі сиқыр сіңген нұрлы бейнең, Өткенің қандай жақсы соны ұға алмай?! Мені ұға алмай...

Жәнібек ӘЛИМАН И-ға І Адалдығын айғақтар жауған ақ қар, Ақша жүзің албырап таңды адақтар. Орыс қызы, Ирина, кел екеуміз Сыр есейік арайлы таңға мақпал. Теңіздейін тулайды жиі асау қан, Тарпаң мінез жігіт ем күйі асаудан. Құдіретін қарашы Жаратқанның Көктің нұрын көзіңе құя салған. Көз нұрыңмен арбайсың сүзіліп бір, Қызығып бір қараймын, бұзылып бір. Кірпігіңді қағасың, қағып қалсаң Көк жүзінен түсердей үзіліп гүл. Кездесудің кейимін кештігіне, Бақыт жырын сыйдырдым бес күніңе. Бала күнгі қиялдың тұнбасындай Ертегі боп сіңерсің ес түбіне. Сендік сұлу мүсіннің шегі бар ма? Жаза көрсін жүректің емін Алла. Тілейтінім Тәңірден бір-ақ амал Сенде жүрек болсыншы мені ұғарға.

СЕРТ ІІ Өсегіне қарамай қалың елдің, Ирина қыз, сені іздеп тағы келдім. Хабаршысы секілді жүрегіңнің Сәл дір етті сезімнен ару ернің. Жақын барсам кетер ме ең

енді үзіліп, Жүрек тулап, тамырда сең бұзылып, Періштеге заматта айналдың-ау Күйді кешіп көрмеген пенде ұғынып. Жаның, сірә, шуаққа тұр бөленіп, Күннен еріп жаныма нұр боп еніп. Жалқынданған жүзіңнің садағасы – Бара жатты аспанда күн көнеріп. Бірде тұрам кештім деп неге осыны, Күн мен түннің секілді теңесуі. Күллі әлемнің жарығы маған құлап Ашылғандай жалғанның кең есігі. Кеңістікте керім Ай – қас қиылып, Жанарыңды жағалап жас тығылып. Қарға аунаған түлкідей қылаң беріп Белден төмен етекке қаштың үміт... Қос иықта қара шаш қара түн боп, Алтын айдар таң сүйді қанатын кеп. Жәнібек ӘЛИМАН Құдіретті немесе Тәңір Ием «Періште қыз,

сен солай жаратыл» деп, Үріп өзі ауызға сала салған, Қара түгіл көзінің аласы арман. Бешпетінің бедерлі түймелері Ай жүзінен домалап тама салған. Арнасын жеті өзеннің жалғап аққан, Лебізі шекер сынды балға қатқан. Аз ғана мызғып түнде көзін ашса Еркелеп күн шығады таң қабақтан. Тылсымның буы сынды түсін көріп, Қайғы-мұң кете барды ішімде өліп. Уыздай уылжыған әр мүшесі Ғұмырда қайталанбас мүсін делік. Бұл өзі судан емес, будан делік, Жұмақтың хош иісі тұнған келіп. Көнбейтін қайырымға, иірімге Шарықтап кете берер

сырлы ән деп ұқ. Періште құлар білем, пенде түгіл, Көрсе егер ынтығады жер беті – бұл. Жаһанда бір сұлулық болса егер де Мейіздей меңі ғана келбетінің.

СЕРТ Тұрғандай әспеттеуі кем боп әлі, Әлемде бұған келер тең жоқ әлі. Пенденің қолы жетпес бұл кім десең Ұшатын бақыт құсы ең жоғары.

Ирина...

Жәнібек ӘЛИМАН * Өктемси соқпай өкпеге тиген

өкпек жел, Соғатын күзде, соғатын ерте

көктемде ол. Өмір ғой дейсің өткен күн,

келер уақытты Өмір дегенің – ақылың, ойың

жеткен жер... «Сағындым, жаным» дегенің естен

кетпей бір, Ғашық екенсің — сағынышыңнан да

көктей біл. Бабамның кеше далалық миы

жеткенге Оқыған менің қалалық миым

жетпей жүр... Қанымда күллі сағыныш сырлы ән қалқып, Жанымның одан қалмапты жері сау-тамтық. Алысты болжап білетін ақыл-ес бермей, Кеудеме менің жүрек беріпті тарпаң қып. СЕРТ Асаудай соның баса алмай селін құрғатып, Ет-жүрегіңмен елжірей сүйсең шын бақыт. Мен кейде мынау күл-қоқысқа өнген өмірден Табылғанына таң қала берем жырға құт. Өктемси соқпай өкпеге тиген өкпек жел, Мазамды ап бітті мезгілсіз келген көктемдер. Сезесің бе осы шын бақытты емес бәрібір Ой-арманына қапысыз жүріп жеткендер...

Жәнібек ӘЛИМАН * Жырымдай қиялдағы жаза алмаған, Сендегі сүйкім ғажап, ажар – ғалам. Мен сенің мағмұрыңа өлең төсеп Жаныңды жырмен қауып,

мазаңды алам. Түрткілеп түйсігімді тудың өзің, Мөлдіреп нұрлы көзің, гүл мінезің. Еркелеп жүрсің енді қиялымда Құлатып аспандағы Күннің өзін. Басқалар үлбіресе, үлбіресін, Сен солай кірпік қағып нұрды үзесің. Сәждеге мың иілген молда құсап Қылады елесіңе құлдық есім. Күйімді баса аламастан толқынысты, Өрекпіп өзектегі өртім ішкі. Жүрегім симайды, әттең, өз кеудеме, Түздей кең... Жер тынысты... P.S. Жырымдай қиялдағы жаза алмаған...

СЕРТ * Шығыстың қызы – қылықты керім, Жүрегім сенен үмітті менің. Кеудеме даусың жұмақ боп орнап Мұз көңілімді жібітті демің. Тербейсің жанды тамылжып, күліп, Ақ ұлпа қармен арың жұп құрып. Алтайдан кеп пе ең ақ көйлегіңе Шығыстың шәрбәт таңын жұқтырып. Бес күндік мынау фәниіңдегі, Тарпаң ем Мен де таниын нені?! Балбалдан емес, бізден үмітті Алтайдың тұңғыш ақиық елі. Сымпылдап ұшқан сары ала қаздай, Жүрекке жазып, санама жазбай, Кетесің... Сендік сезімнен өршіп Баба мұратым жана ма маздай?! Аспаннан төнген Ай үлбірерсің, Қоштасқан сәт сол жайымды көрсін. Қазтуған жырдың базынасындай Бізден де «Сізге қайырлы болсын!».

Жәнібек ӘЛИМАН Қайырлы болсын бөліскен сезім, Есен жүргейсің көріскенше өзің. Түбі бір соғам Тұран Алтайға Әзірге осы – келіскен сөзім. Шығыстың қызы... Сезім емделмей – Қоштасар сәттің кезі келгендей: Менмендеу ақын кетіп барады Өмірден көріп... Өзінен көрмей.

СЕРТ * Тосыла бердім, таусыла жүдеп, Кескінің керім ән, шұға, жібек. Жұпарға балап деміңді жұттым Рауандап атқан таң шуағы деп. Лебізге балқып айрылып естен, Көз жаза бере қайғы-мұң ескем. Перизат туған аққу мүсіндім Қанаттарыңа ай-күн ілескен. Сүйкімнің бәрі жүзіне дарып, Ізгілік көрдім ізінен анық. Сырғаңа тұнған аялы сәуле Сағым боп ұшты үзіле барып. Ұрлаған сол ғой мазамды келіп, Жүректе жалын ғазал-жыр өріп. Сағымға сіңіп жоғалды сәтте Мен сүйген сұлу, ажарлы көрік. Қимайтын әсте өкпеге бөтен, Шәрбәт күндерім шектеле ме екен? Жібек жүзіңді жел болып сүйіп Ілесіп сонда кетпеген екем?!

Ақпан, 2011 жыл

Жәнібек ӘЛИМАН ҮШЕМ І Көз алдымда қым-қуыт қала шуы, Жанарыма қадалған дала сұғы. Соның бәрін көме сап сендік елес Жасаурайды жалғанның қарашығы. Көк аспандай көзіңе күн маталып, Бір қуантып, қояды бір қапа қып. Сені ойладым... Содан соң жырға таңып, Самал қызға сағымнан сырға тағып. Қиялымнан құстардың қиқуы еріп, Қара түнге қайғы алдым, ұйқы беріп. Сұлу-сұлу ойларға сиқыр еніп, Сұлу бейнең санамда сүйкім өріп... Ай нұрына қаныққан жұлдыз қылық, Түйсігімнің түбінде түн булығып. Сүйістерден құралған сәби үнің Көңілімде қап қойған кірбіңді үзіп. Өн бойымнан жоғалып өкпе-нала, Әр тынысым әуен боп көкте жаңа. Сенің әр тал шашыңа ән бағыштап, Жақындассын деп суып кеткен ара,

СЕРТ Мейірленіп уақыт та таңды әкеліп, Арай емген жүзіңнен арға теліп, Балбыраған балауса балғын нұрын Тән түгілі тұрғанда қанға сеуіп. Жүрегімнің тұсына егіл ән боп, Күнікейдей, көріктім, не күнәң жоқ. Адалдығың демінде нәрестенің Тұла бойын тастаған сезім әрлеп. Қадіріңді білмедім қалай ғана? Мағына жоқ өмірде, маңай — мола. Бақыт құсы секілді түу биіктен Сан айнала бересің арайлана, Күйігіме кеттің бе төзіп ал деп, Күйінбеген ақынның кезі бар ма ед?! Өзің болып түрленген өмір-әннің Қайырмасы бол дағы, озып ал деп... P.S. Оралшы... өзің ән боп!!!

Жәнібек ӘЛИМАН ІІ Жыр тілінде кісінеп құлын қырат, Түлкі іңірге тұтылды күнім құлап, Кеше жазып жұбанған жібек көңіл Тағы мазам болмады бүгін бірақ... Сағыныштан бәлкім, ол – сен ұсынар, Құдіреттің бойыңда не күші бар?! Жақын барсам көңілім кемісі бар, Алыс қалсам кеудемнің демісің әр... Ғаламаттың біріндей мен ұшырар?! Тырбанғым жоқ тірлікте тек

тырысып, Өлеңімді өзіме еттім ұшық. Ғаламаттан шықтың да ғасырдағы Ғаламатқа айналып кеттің ұшып... Жұмақ кеудем жұртында сен тірісің, Жаралғансың мендік жан елту үшін. Тылсым демім бір жетер, күрсінгенім Талып кетіп алғанда жер тынысын... Кездерімде қамығып жеке қалған, Жатсам-тұрсам өзіңді етем арман – Құдіреттің ішінен ұшып шығып Құдіретке айналып кете барған... СЕРТ ІІІ Саған ортақ қайғы-мұң маған сыңар, Көңіл алаң болған соң ғалам шұбар. Өзегімді өртеген өндір өлең Қырт өмірге қалдырған

бағам шығар... Дәтің жетсе тұтар ма ең соны кие, Өлеңі бар ақынның... Өмірі не?! Сайқалдың да арбалып желігіне, Сайтанның да айналып серігіне, Түнерулі отырған түрім мынау Дұға жазып өлеңмен өліміме... Жат қылығым болса да, сөкпе, бөтен, Реніш те жоқ кеудем де өкпе де кем. Қимас шаққа жүгірген қиялдай-ақ Дәурен өмір дегенің өтпелі екен. Сағыныштың кеудеме сарыны ауған, Күйкі тірлік – күнелту, әрі де арман. Батқан күн мен атқан таң ажарында Мендік құса көңілдің табы қалған... Жәнібек ӘЛИМАН ҚАЛҚАТАЙ Гүлге оранған сұлулығын жер-көктің, Кірпігіңе іліп қойып тербеттім. Көктем сырлы елесіңе ынтығам, Күн дидарлы келбеттім. Күйіп-жанып көріскендей

күн мен түн, Алабұртып тұрады ылғи гүл көркің. Бақыт атты бесік болса әлемде Сені құшқан күндер-тін. Ажарынан арай тамған, от ерін, Теңіз кеудем, сені іздеумен өтемін. Сен деп салған соңғы әнімді, қалқатай, Құстарға айтып кетемін.

СЕРТ МАЗМҰНЫ «ЖЕР БЕТІНДЕ АҚЫРҒЫ АҚЫН ӨЛГЕНДЕ...» Серт ..................................................... 4 Абылайдың түсі .................................... 6 Өңім сынық ......................................... 7 «Қарағанды...» ................................... 9 Бөрі ұлиды ......................................... 11 «Теріп көр тағылымын баяғының...» .... 13 Сес .................................................... 14 «Арқамды аруақ қысып...» .................. 16 Ақ бауыр бұлттар ................................ 18 «Заманыңнан запыран, заһар ағып...» ... 20 Орал .................................................. 21 Мысқыл ............................................ 23 «Аламанда азуын айға білеп...» .............. 25 Өркениет ........................................... 27 «Көңіл делбеп көгертпес көсегемді...» ...................................... 28 «Будақ-будақ бұлт ауып төбемізден...» ................................... 30 Ескі жұртта ...................................... 32 Дауыс ............................................... 34 Мен Түркі едім .................................. 35 «БАРАДЫ БАТЫП БІР КҮН...» «Жамалы жақұт нұрлы...» ................ 38 Ана .................................................. 40 Ақи күн ............................................ 42 «Шұрқырап шықты құлын дем...» .......... 43 «Ызғарымен ықтырған

Жәнібек ӘЛИМАН ізгі үмітті...» ..................................... 44 «Мұң жұтып қара түннің қабағынан...» .................................... 46 «Жүрек тулап, жынды қылып жүйке бір...» ............................. 47 Наз .................................................. 49 «Сәулелерден сығымдап сөз қашадым...» ................................. 50 «Үзілген көктен жұлдызбын...» ........... 52 «Жанымның өлең ағып жылғасынан...» ................................. 53 «Қаперімнен тамызып қара түнге ес...» ................................ 55 «Жақтырта қоймас қаланың өңін...» ............................................. 57 «Ішке тартып тұрғанда әлем демін...» .................................... 58 Саржағал күз ................................... 59 «Өңі қашқан өндірдей текті келін...» ....... 61 Билет ............................................... 63 Сағыныш ......................................... 64 «Көз алдымда ән елес, өлең қырат...» .... 66 «МҰҢАЙЫП ЖАТҚАН ЖАПЫРАҚ ЕДІ...» «Тағы көктем, тағы да тылсым әлем...» ................................ 68 «Сіміріп күннен түскен шуақ-нұрды...».. 70 «Өртеніп кетті күн...» ...................... 71 Қараша ........................................... 73 «Күздің келгенін бұлттар айтады...» ... 74 Жапырақ ......................................... 76

СЕРТ «Күз келеді...» .................................. 77 Қар ................................................. 78 «Ақ қанат қар...» ................................ 80 «СЫРҒАҢДАЙ ДІРІЛ ҚАҒАТЫН ЖАНЫМ...» Қызыл пальто ................................... 82 Қоштасу ......................................... 83 «Алып ұшқан аз ғана бақ қысқарып...».. 85 Муза ................................................ 87 «Тудыра салған текті өлең...» ........... 88 Сәл мұңайсаң ................................... 90 «Мамықтай үлбіреген...» ................. 91 Жанар ............................................. 92 «Жұрнағы сынды мендегі мұңның...» .. 94 Он бес ............................................. 95 Құнығып ........................................ 96 Ұмыта алмай .................................. 98 «Жаралмайды жаныңда жоқтан сенім...» ............................. 100 «Мен сені күткен едім...» .................. 101 И-ға ................................................ 102 «Өктемси соқпай...» .......................... 106 «Жырымдай қиялдағы жаза алмаған...» .............................. 108 Шығыстың қызы ............................ 109 «Тосыла бердім, таусыла жүдеп...» ... 111 Үшем .............................................. 112 Қалқатай ........................................ 116

Жәнібек ӘЛИМАН Жәнібек ӘЛИМАН СЕРТ (жыр кітабы) Редакторы: Серік САҒЫНТАЙ Көркемдеуші: Алмаз МЫРЗАХМЕТ Басуға: 10.03.2015 ж. қол қойылды. Пішімі: 60Х84/16. Офсеттік қағаз. Офсеттік басылым. Шартты баспа табағы 5,75. Таралымы 500 дана. Тапсырыс № Дайын электрондық тасымалдаушыдан «TENGRI LTD» баспаханасында басып шығарылды. Қарағанды қ., Бұқар жырау көшесі, 84 тел.: 8/7212/43-19-54, 99-60-88, 8 700 222 37 22 8 702 222 30 22

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙