Бабалар сөзі 47 том
Серікбай Қосан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 47-томына түркімен батырлық аңыздарының сюжетіне құрылған «Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек», «Жүсіп – Ахмет», «Қисса Бозұғлан», «Ахметбек—Жүсіпбек қиссасы», «Бозұғлан» жырлары енді.
Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды
Құл-Мұхаммед М., төраға
Досжан А., төрағаның орынбасары
Асқаров Ә., жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:
Абдрахманов С.
Аяған Б.
Әбусейітова М.
Әйтімова Б.
Әлімбай Н.
Әуезов М.
Базылхан Н.
Байпақов К.
Биекенов К.
Бурханов К.
Ертісбаев Е.
Кенжеғозин М.
Қасқабасов С.
Нысанбаев Ә.
Өмірбеков Б.
Салғара Қ.
Сариева Р.
Сейдімбек А.
Сұлтанов Қ.
Таймағамбетов Ж.
Тұяқбаева Б.
Хұсайынов К.
«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ
БАБАЛАР
СӨЗІ
жүз томдық
Батырлар жыры
47 том
ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Қосан С. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Ісмақова А., Әзібаева Б. Томның ғылыми түсініктемелерін жазып, баспаға дайындағандар: Қосан С. (филология ғылымдарының кандидаты), Әкімова Т. (жауапты шығарушы) Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.– Астана: Фолиант, 2008. Т. 47: Батырлар жыры.– 2008.– 424 бет. ІSBN 9965-35-529-0 «Бабалар сөзі» сериясының 47-томына түркімен батырлық аңыздарының сюжетіне құрылған «Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек», «Жүсіп – Ахмет», «Қисса Бозұғлан», «Ахметбек— Жүсіпбек қиссасы», «Бозұғлан» жырлары енді. Б 00(05)—07
ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-529-0 (т. 47)
© Әдебиет және өнер институты, 2008
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2008
Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мемле
кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған қырық алты томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы
болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек
айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы,
діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз
томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он төрт
томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп,
баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы
қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының қымбат
қазынасы—фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен
дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен
қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін
жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның
47-томы батырлар жырына арналды.
Бұл томға негізінен түркімен бектері Бозұғлан, Жүсіп және
Ахмет сынды батырлардың ерлікке толы өмірін баяндайтын бес
жыр нұсқасы енді. Олар—Ешбай Көзбергенұлы, Базар жырау,
белгісіз жыршы, Әзімбай Бижанұлы, Әбдімұрат Қоңырбайұлы
нұсқалары.
Жырдың
алғашқы
нұсқаларының
бірін
Ешбай
Көзбергенұлы деген (қай өңірден екендігі беймәлім) қазақ
азаматы көне басылымдардың бірінен тәржімелеп, 1890
жылы Қазан қаласында кітап етіп бастырады. Шығарманың
мәтінінде ескі түркі, шағатай, араб-парсы тілдері мол
қолданыс тапқан. Сірә, аудармашы Ташкент қаласында не
батырлар жыры месе Қазанда шағатайша басылған түркімен дастанын оқыған қазақтар түсінерліктей сол кезде қалыптасқан «түркі» стилі не өңдеуге тырысқан. «Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек» жырының қазақ тіліндегі тұңғыш басылымы қара сөз көбірек араласқан өлең түрінде жазылғаны белгілі. Осы әуелгі нұсқаның сюжетіне қызыққан қазақ билеушілері эпостың мәтінін қарауындағы сауатты қызметшілеріне жолма-жол аудартып, кейін өзімен қадірлес, сөзін тыңдайтын дарынды жыршы-жырауларға өтініш етіп, өлеңмен, домбыра, қобыз сүйемелімен айтқызатын болған. Сондай бір әдемі әрленіп, тіл қадірін білетін талантты сөз зергерінің қолынан шыққан көркем халық жыры—Базар жырлаған «Жүсіп—Ахмет» эпосы. Сондай-ақ Қостанай фольклорлық экспедициясы кезін де табылған (1939) «Ахметбек—Жүсіпбек» қиссасы атты нұсқаның сюжеттік желісі де Қазан баспасының мазмұнынан онша алшақ емес. Жалпы ертеректе жарық көрген жырдастандардың халықтық варианттарына тән құбылыс— кейінгілердің «кітаптың сөзін көп өзгерте алмауынан» бол са керек. Мұны ХІХ ғасырдың соңында Қазан қаласында басылған «Қыз Жібек» эпосының тағдырынан да байқау қиын емес. «Қобыланды» жырындағы «Тайбурылдың шабысы» оның көптеген нұсқаларында өзгеріссіз қайталанып отыра тыны мәлім. Бір жағынан, бұл фольклорлық жанрларда жиі ұшырайтын қалыпты, дәстүрлі сарын-тәсіл десек те болады. «Бозұғлан» аталатын жырдың тағы бір нұсқасын семей лік Әзімбай ақын жырлаған. Мұнда да жыршы эпостық кітапта басылған вариантының мазмұнына аздаған мо тивтік, эпизодтық өзгерістер енгізе отырып, жергілікті қыр қазақтарының тілімен көсілте жырлағаны көрінеді. «Бозұғланның» екінші бір үлгісі Қарақалпақстан қазақтарының арасынан жазылып алынған. Жыршы сы—Әбдімұрат Қоңырбайұлы. Бір қызығы, мұнда жырдың тақырыбы бірдей болғанмен, шығарма сюжеті алдыңғыларға мүлдем ұқсамайды. Керісінше, Әбдімұрат жырлаған «Бозұғлан» нұсқасы қазақтың атақты «Қобыланды батыр» эпосының оқиғаларымен өте үндес, кей тұста тіпті, эпизодтық қайталаулар ұшырайды. Дегенмен кісі есімдері, жер-су, этно нимдерде көп айырма бары аңғарылады.
БОЗҰҒЛАН Томға енген жыр нұсқаларының тілі—көркем, сюжеттері— қызық. Олардың мәтінінен қазақтың әр өңірінен шыққан жыршы-ақындардың эпикалық мектебіне тән стильдік қолтаңбалары, айту мәнерлері мен жергілікті тіл ерекшелік тері айқын сезіледі. Ұсынылып отырған «Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек» эпосының нұсқаларының көпшілігі бұрынсоңды жарияланбауы және зерттеу назарына ілінбеуі де аталған жырдың ғылыми құндылығын арттыра түседі. «Бабалар сөзі» сериясының кезекті қырық жетінші томы бұл көптомдықтың негізгі ұстанымдарына сәйкес, ғылыми қосымшалармен толықтырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атау лары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, эпостың жинаушылары мен оның жырла ушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді. Томның көлемі—26,25 б.т.
М Ә Т І Н Д Е Р
Исфаһан шаһарында Бозұғлан деген падишаһ бар ерді. Аның Әжібек уа Бабабек деген екі саркардасы бар ерді, уа және Бозұғланның екі қарындасы бар ерді. Әжібек уа Баба бек деген саркардасына екі қарындасын беріп, өзіге мұқарраб қылды. Екі қарындасынан екі ұғыл туды. Әжібектің ұғлының атын Жүсіпбек қойды. Бабабектің ұғлының атын Ахметбек қойды. Бозұғлан патшаға баян болды, бес мың үйліктен он мың үйлік елу ат берді. Екеуі жігіт болып, ат үстіне мініп, сахараға шықтылар. Жігіттерге екеуі ат, сарпай кигізіп, Бозұғлан падишаһының жақсы жігіттерінен ешкім қалмады. Күндерде бір күн бір саркардасы келіп, Бозұғлан патшаға арыз қылды: «Патша сәруар жаһан хатыр шәріптеріңізге арыз аулан сіздің жақсы жігіттеріңізден алдыңызда тұрмады. Жүсіпбек бірлән Ахметбекке бардылар. Сізге зарар тиер,—дейді,—Бозұғлан, шара қылың,»—дейді. Бозұғлан патшаға бұ сөз мақұл бол ды. Мырзасына нама жаздырып жіберді: «Бұл жұртқа да хил қылмасын» деп, елшіден беріп жіберді. Жүсіпбекке бер ділер. Жүсіпбек көрсе сол мазмұнда жіберген нама бұ дүр. Бозұғланның жауабы: «Бір шаһарда екі сұлтан не іслер, Пітнәшілік деп тұман болар-мыш. Шишмада жүралмай бірнешік құслар, Қарға, құзғын, зағ һәм болар-мыш. Және дахил бар ма мұнда ол жігіт, Исфаһаннан көшіп кетсін сол заман. Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек* (Ешбай нұсқасы, Қазан, 1904) * Ғылыми басылым болғандықтан жыр мәтініндегі ескі «түркі» жазба стилі түзетусіз берілді.
батырлар жыры
Бізлер кім дұшман болар бекман,
Түлкі, шағаллар һәм арыслан болар-мыш.
Ұғры қылып барар ермыш қасыға,
Халын біліп тәубе қылып ісіне.
Саудалар түсіп оның басына,
Бараһиндан тиғ жүрер боран болар-мыш.
Сұлтанаттық тахыт алуан дүр,
Жанат берен хак алуан менде дүр,
Исфаһан тиғ жаһан менде дүр,
Калблидай закир қабылан болар-мыш.
Бозұғлан дер Жүсіпбекке пиямым,
Елшіден жібердім тұғры кәламым.
Көрсін мұны, тұтсын жолдың анжамын,
Жүсіп, Ахмет жұртқа сұлтан болар-мыш».
Әл-ғарыз, Жүсіпбек бұл наманы оқып болған заман жігіт
тердің реңі ұшып айттылар:—«Ердің дұшманы аяқ астында бо
лар екен» деп біздің дұшманымыз Бозұғлан екен. Әй, ханым,
біздерге жауап бергіл, нама келтірген елшіні өлтіріп жібере
рміз,—дейді. Жүсіпбек жігіттердің реңін қайтарып, бірнеше
жерден тімсал келтіріп бір сөз дейді:
—Нааһл билән қорық менің һәр жерде,
Сұхбат һәр кіме сыр ғылымын білдірер.
Көңілдегі сырды айтсам нәмартқа,
Дұшпандарға сағ солын білдірер.
Махаббатсыз гүлінен әула дүр жапырақ,
Бейбаһра гияһыдан баһрақ дүр топырақ.
Бейақыл жолдастан жақсы дүр таяқ,
Ғамилерге жүрген жолын білдірер.
Надандарды қойып болмас аралыға,
Азарын салар білмей ғамның жайға.
Мұханнастың меһман бар үйге,
Калблидек қасқыр қабылан білдіріп,
Құрбан болай мәрт жігіттің бештіне,
Алтын, бақыр қаза қылмақ қасдына.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Жаман бірлән бар мың дұшпан үстіне,
Жетектетер жаман тілін білдіріп.
Жүсіпбек дер шөйлә болды заманлар,
Емді бізге бұ жұрт харам жұртлар.
Өз халыны һәркез білмес наданлар,
Бір іс бастап һәрне халын білдірер.
Әл-ғарыз, бұл сөзден соң бес мыңнан он мың үйліктен елу
атын алып Исфаһаннан көшіп кетті. Қырық бес күн дегенде
Сабзар деген чешмеге барып түстілер. Зияда хош бір жай ерді.
Мекен тұтып асайышта болып, ел атынан қырық жігіт сайлап
алып, Әшірбек деген бір назаркарде бар ерді. Сардар қылып
алдыға салып, қызылбасқа ғазат қылып, со орынға қан төкті.
Исфаһанның неше жолын шауып келділер. Жүсіпбектің ауаза
сы Үргеніш жұртына түсті. Бес шаһар бар ерді. Һәр шаһарында
бір ханы бар ерді. Хиуаның хакімі Нәдір сұлтан ұғлы Ерғали
хан, бір хакімі бектер бегі дер ерді. Жүсіпбекке елші жіберді.
Жүсіпбек уақыты хош болып, Ахметбектің шамиесіне барып,
Жүсіпбек бір ғазал оқығаны бұ дүр:
—Құлақ салып есіт, сұлтаным,
Бектер бегі сіздерге инғам жібермес.
Үргеніштің әділеттік сұлтаны,
Жақсы сөйлеп айтып сәлем жібермес.
Аты Айхан ер Ғалидың қарындасы,
Күнтуған ханның һәм емектесі.
Екеумізге келтіріп дүр төрт наманы,
Мейірбандық бірлән инғам жібермес.
Түрлік тарту билән он бедеу аты,
Бес мөһір басылған жіберген хаты.
Алмас қылыш билән зерен қалқаны,
Екеумізге шұндағ инғам жібермес.
Һәр пендеге Құда болса мейірбан,
Қайда болса қор болмағай бекман.
Үргеніш мәліктен бізге бес сұлтан,
Сапаршылар қылып кәлам жібермес.
Жүсіпбек дер және дәуренлер келді,
батырлар жыры
Бізге бұл дәулеттер Құдайдан келді.
Ахметбек, біздің мәслихаттар келді,
Келсінлер деп бізге инғам жібермес.
Әл-ғарыз, Ахметбек айтты:—Кеңес қылып барғаныңыз
жақсы дүр, сыйлы тон қысқа болмас,—деп бірнеше жерден тім
сал келтіріп бір ғазал оқығаны бұ дүр:
—Кеңесті тон қысқа болмас һәр жерде,
Ағасы ағайынның, жігітнің,
Нәсібесі зияда болар дүниеде,
Ұлықтардың пендең алың жігітнің.
Аты Ерғали хан, өзі уәли дүр,
Әгар білсең шілтендердің бірі дүр.
Жүрген батқан ісің камалы бар дүр,
Ада болмас бақыт ықпал дәулет дүр.
Тез келген дәулеттің зауалы бар дүр,
Ада болмас лекін қылған жігіттің.
Алар кәбі сұлтан жоқ дүр зияда,
Назар салып жетісерміз мұрады.
Күн-түн құрметің болсын зияда,
Падишадан дұға алған жігіттің.
Бақыт жеткерер кәр дүниені,
Жаудырың бір жерге хорд калани.
Мақшар күні болғай аны иманы,
Ел атын, қадірін білген жігіттің.
Әл-ғарыз, бұл сөз мақұл болып, он мың үйлік кісі құрылып
бір жерге жамғ болып Ерғали ханның жіберген тартылғыларға
көз салдылар. Елі, халқы сарафраз болып еді.
—Әй, төрем, бәрің ер сыйлаған ғәзиз дүр, сізің дәулетің зи
яда, елі, халқы асайышта болыппыз,—дейді. Жүсіпбек ханнан
келген елшілерге көп инғам беріп жіберді. Сарафраз қылып:
«Біздер арқаңыздан апта өткеннен соң барармыз»,—деп көңлін
толтырып ұзатып қалдылар. Әй, хан, неше мүддет жүріп Ерғали
ханның елшісі қызметке бардылар, һәм хандар сұрадылар:
«Шаһзадалар нешік жігіттер екен?» деп, әй хан, бектердің
тағриф қылғаны бұ дүр:
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
—Хұб бек ұғлы Ерғали сұлтан,
Шажағат бабында Рүстемше бар дүр.
Мәрд майдан елінде белгі ұстады,
Шажағат бабында Рүстемше бар дүр.
Бір шаһ ерүр шаһы Кесауардай,
Әшірбек сардар діндардай.
Шаһы шабат бабында Рұм Қайсардай,
Әділет бабында Омарша бар дүр.
Кімсе деп болмас тура бек бабында,
Һәм һешкімні көрмедім һәр әмір бабында.
Мінген аты Ғайн Шұбар бабында,
Қояндай шыршып қоразша болар.
Күнде неше қазынасы ашылар,
Ғаріп билән дәйім ғұмыры кешілер.
Мағрифат айласа дарлар ашылар,
Бисахиф дүр бабында ғабаша бар дүр.
Пақыр, міскіндерге мейір-шапағатты,
Кімді жақсы десең, ұшанша бар дүр.
Жүзі нұрлы, тілі зікір саналы,
Қош қылықты меруетті, опалы.
Шекерден һәр сөзі білсең мазалы,
Риуаят білгенше ұшанша бар дүр.
Аптадан соң келер мұнда ишарат,
Алар үшін қылсаң дейле ғимарат.
Қадір Мәулән қылар бізге кәрамат,
Бірі хор, бірі шер дүр, қабыланша бар дүр.
Екі сұлтан бір-біріге муафиқ,
Құдайым жаратпас дәулетке лайық.
Иман айтар көріп келдім, халайық,
Естігеннен жүзін көргенше бар дүр.
Әл-ғарыз, Ерғали екі зеренкар мейманхана қылдырып
қойды. Бір апта өткеннен соң Жүсіпбек билән Ахметбек
қырық жігіт билән Үргеніш жұртыға келділер. Ерғали хан
тамам беклері бірле Жүсіпбектің алдыға шығып, ізет қылып
қолтығынан сүйеп, таққа ишарат қылды.
(Әзизім деп бір ғазал оқығаны бұ дүр)
—Хош келіпсің, Жүсіп-Ахмет, бас үстіне,
батырлар жыры
Тәж-тахтым сеңа болсын, Жүсіпжан.
Шырынға тояйын сахиб шырағым,
Мал-мүлкім сеңа болсын, Жүсіпжан.
Баройе сеңа хүкіметім бәріні,
Танха қылайым Хорезм шаһарны.
Қылғыл, балам, дәйім Үргеніш баһарны,
Сеңа жаным пида болсын, Жүсіпжан.
Ергаштырып неше жақсы бекларны,
Ағазы ғұнша хұсни таза гүлларны.
Сайран етіп марға зерлі гүлларны,
Сұңқар баһрақ исубуле, Жүсіпжан.
Һәр сөзіңе пида болсын бұ жаным,
Сеңа баройе бүгін тахыт дәуренім.
Сүйер қозым пида болсын бұ жаным,
Пида сеңа пана болсын, Жүсіпжан.
Ерғали хан әзім раһың өзіммен,
Қадам қойсаң хак пайың өзіммен.
Кеше-күндіз дәйім дұғада өзіммен,
Сенің жасың ұзақ болсын, Жүсіпжан.
Әл-ғарыз, әдеп сақтап тахтыға шықпады. Пәст түсіп отырып
дұға қылды. Түрікменнің бектері айтты:—Сахрай екен, өзіне
ізетті лайық көрмей,—деп шикаят қылды. Жүсіпбек түрікмен
бектерге қарап, бірнеше жерден тімсәл келтіріп бір сөз дейді.
—Әй, умаралар, ака бірлар,
Азар халны білген жақсы дүр.
Падшаһларның жолы ұлық,
Ғиззатның қылған жақсы дүр.
Падишаға қызмет қылып,
Инғамларын алған жақсы дүр.
Һәркім болсын жолын біліп,
Кетмес аяғы тайылып,
Падишаһларын жай жала,
Бізге сонша тахыт дейле,
Тек сізлердей ұмтылғандан,
Өзіні білген жақсы дүр.
Жігіт деген жәуһар болар,
Қызмет қылса нөкер болар.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Патша деген жәуһар болар,
Қата қылмаған жақсы дүр.
Патша, шаһтар бір шаһарда,
Шаруа дарлар жүрер шөлде.
Падишаһлар баршасы назаркарде,
Дұғасын алса жақсы дүр.
Бейәдептің жайы нар дүр,
Бейәдеплік бекер дүр.
Падшаһларға шілтен жар дүр,
Қызметін қылған жақсы дүр.
Бек Жүсіп дер, әй, жарандар,
Мені айып айламаң жандар.
Есітің, бек сұлтандар,
Һәркім халды білген жақсы дүр.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектің бұ сөзіне тамам бектер қайыл болып,
Ерғали ханның бір қызы бар ерді Күлғасыл деген, Жүсіпбекке
никах оқып берді. Нәдірбек қызын Ахметбекке фатиха оқып
қосты. Жүсіпбекке дін Хорезм деген шаһары бар ерді. Аны
беріп Жүсіпбектің өзін бек қылдылар. Бараржын деген шаһар
бар ерді. Ахметбекті бек қылдылар. Жүсіпбек Әлу қожа ишанға
қол берді. Ахметбек шәриф ишанға қол берділер. Екеуі екі зат
шәрифке қол тапсырдылар. Жүсіпбек билән Ахметбек екеуінің
ауазасы тахта фәлакке кетті. Мешел жұртына ауазасы жет
ті. Көзалшаһ деген патшасы бар ерді. Кешелерде бір кеш түс
көрді. Өзі пұт параст кәпір ерді. Үш жүз алпыс сәркардасы бар
ерді. Қазынасына кіріп, канду ділләні басқа көтеріп барар ерді.
Екі жолбарыс екі жақтан көшеден пайда болып, екі қолын екі
жаққа тістеп тартты. Аяғы желкесіп сүрінді. Ділләлары жер
ге шашылды. Басы төмен түсіп ашылды. Ағазынан бір қара құс
ұшып, паруаз болып тұрарда аһ тартып оянды. Тамам умаралар
афдалдарды жаудырып, тағбирын сұрады. Һешкімнің ақылы
жетпеді. Сол халде бір қапле салар тұрып арыз қылды:—Әй,
сұлтан ғалам, діллә сарайға бір адам келді. Шаһар Шын-Ма
шыннан келіп қонды. Үш түйе кітабы бар. Өзі мұсылман, аһл
хикмет дүр, не жақсы адам дүр. Аты—Баба Ғұмар. Түсіңіздің
тағбирын ошал кісі табар,—дейді.
Көзалшаһ баба Ғұмарды алдырып келді. Көрген түсін айтып
бір сөз дейді:
батырлар жыры
—Жатып ердім тахыт үстінде кеше,
Екі жолбарыс маған тіктеп тұрдылар.
Жаныма қасд етіп меңа бірнеше,
Уахшат билән текрадашым алдылар.
Нағыра тартып маған қарап тігілді,
Зарып сенден қанатларым бүгілді.
Басыма алғаным жерге төгілді,
Қол көтеріп маған шеңгел салдылар.
Көргеш аны шашырап тұрдым жерімнен,
Сен хабар ал емді менім халымнан.
Бір қара құс озып ағазымнан,
Паруаз етіп көп аңланып тұрдылар.
Сағ солдан ағыр ләшкер жетісіп,
Жасау тартып менім билән тұтысып.
Көшеге ғауға салып топтар атысып,
Елатым өзіме дұшпан болдылар.
Көзалшаһ дер менде тағат қалмады,
Көргеш аны хаб рахат қалмады.
Ұлығ-кішік тағбирды білмеді,
«Хош тағбир» деп сізге хабар берділер.
Әл-ғарыз, Баба Ғұмар айтты:—Бұ түстің тағбирын хұп білер
мін. Төменде тұрып айтпағаны өзіме мінәсіп көрмеспін,—дей
ді. Көзалшаһ тахтынан түсіп Баба Ғұмарды тахтыға шақырып,
Көзалшаһтың түсін, уақиғасын айтып бір сөз дейді.
Сол халде Баба Ғұмар Көзалшаһқа қарап жауап бергені бұ
дүр:
—Көрген түсің сеңа дәрд, әлам дүр,
Язит шаһы есіт үшбу кәлам дүр.
Жолбарыстай шеңгел салған белінен,
Жүсіп алар шаһарыңды көрген ахуалың.
Көтерген ләкин қан маңдайын—
Мейірлерге шашылған қызыл қаның дүр.
Ағазыңдан шыққан рух—жаның дүр,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Жүсіп алар шаһарыңды көрген ахуалын.
Хорезмде бар дүр Жүсіп атлығ,
Ғасар салах сұхбатыда ғайш-ғишратлық,
Түсіңде болған дүр жолбарыс сипатлық,
Жүсіп алар шаһарыңды көрген ахуалын.
Не себептен шаһым реңін қорқарды,
Аспаннан Тәңірім төрт кітап жіберді.
Әлидің шәкірті Баба Ғұмарды,
Жүсіп алар шаһарыңды, көрген ахуалын.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ ашуы келіп, Баба Ғұмарды зынданға
салды. Көзалшаһ жар шақыртып еді: «Һәркім Жүсіпбек билән
Ахметбекті бенде қылып келтірсе қазынамды, қызымды беріп,
бектер бегі ілімді берермін»,—дейді. Һешкімнің өзі талап
қылмады. Мырза Мәмет деген бір ғаяр бар ерді. «Мен бағлап
келермін» деп талап қылды. Көзалшаһ айтты:—Неше ауазас
ын есітіп қорқып кеткен,—дейді. Сонда Мырза Мәмет:—Мен
барсам бір жыл, бір-екі жыл қызмет қылсам, Лат-Манат му
яссар қылса, бағлап келермін,—дейді. Анда Көзалшаһ айт
ты:—Білгеніңше қылғыл,—деп жауап берді. Мырза Мәметке
Батпай деген жорғасы бар ерді, аны берді. Мырза Мәмет мініп
жөней берді. Бір айлық жолды үш күнде алды. Машал билән
Үргеніштің арасы жеті айлық жол ерді. Жеті тау бар ерді. Мыр
за Мәмет жиырма бір күнде Үргеніш жұртына келді. Жүсіпбекті
көрді. Жүсіпбек айтты:—Қайдан келіп, қайда барарсың? Мыр
за Мәмет айтты:—Машал шаһарынан келермін. Көзалшаһтың
қазынашысы ердім. Көзалшаһ бір жаман түс көріп, тағбирын
сұрады. Һешкім табалмады. Әлқисса бұл Көзалшаһтың үш жүз
алпыс сәркардасы бар ерді. Көзалшаһ ғадаб қылды. «Түсімді
тағбирын табалмасаңдар, өлтүрермін» дейді. Бағзыларын
өлтірді, бағзылар қашып кетті. Мен сізге бас қанжығалап кел
дім,—дейді. Жүсіпбек айтты:—Хош келіпсің! Ат, анжам берді.
Өзіне нөкер қылды. Мырза Мәмет бедірек зияда атақ болды.
Әлқисса, екі жыл арадан кешті. Исфаһан жұртына Жүсіпбек
билән Ахметбектің ауазасы кетті. Бозұғлан хан тағасы есітіп
арзу қылып: «Шырындай жиендерімді сапам деп көрмесем
жаман болар» деп, Исфаһан жұртын дәулет хауасыға тапсы
рып, екі мың жігіт билән жөнелді. Неше мүдәт жүріп, Үргеніш
жұртына келді. Жүсіпбек билән Ахметбекті көріп, зияда хош
батырлар жыры
уақыт болды. Күндерде бір күн көп жігіттер билән Жүсіпбек
Бозұғлан патшаны саламға келді. Банагаһ алардың ішінде Мыр
за Мәметті көріп: «Сол бедіректі өлтір,—дейді,—пендеге зарар
тиер, өлтірің»,—деп бір ғазал оқыды бұ түрлі:
—Бір насихат саған баян етейін,
Көздері ала дүр, өлтір сол құлды.
Жанымды жанға құрбан етейін,
Көздері ала дүр, өлтір сол құлды.
Неше уақыттар жүріп халды сақлар,
Хайла білесің қолыңды бағлар.
Айрылысу отына баурыңды дағлар,
Басыңа бағлар бәлесін, өлтір құлды.
Көздері ала дүр, жүздері қансыз,
Шаһтан келген дүр сізлерге жансыз.
Қолын бағлағанда мұны танырсыз,
Көздері ала дүр, өлтір сол құлды!
Әл-ғарыз, Бозұғланның бұ сөзі Жүсіпбектің көңліне қатты
тиді.
—Ауазым тұтып дүр күллі жиһанды,
Мендей дүнияда арыслан болар ма.
Муяссар айлар ем жеті ағламды,
Дост һәм досты келер мәрдтің жанына.
Алар ма бәріні күмән болар ма,
Өлтірсем мырза мен дүр қанына.
Бұ сөздерің мұханнастың шәніне,
Бір кісі мың кісіге дұшпан болар ма.
Мені деп келген дүр неге білменім,
Дұшман болса бұ істерді қылманым.
Бұ құлды өлтіріп нәмарт болғаным,
Менің кәбі сахиб қыран болар ма.
Хош сауда табар бинай жаны,
Дафиғ етермін жерден келген бәлені.
Көрерсің дүниеде жақсы-жаманы,
Біздердей дүниеде балуан болар ма.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Жеті жастан бері ғазат қылармын,
Қызылбасқа қара күндер салармын.
Қасд қылғанда Исфаһанды алармын,
Жүсіп-Ахметбек кәбі сұлтан болар ма?
Әл-ғарыз, Бозұғлан айтты:—Менмендік қылып, кәпірлерге
бенде болғанда, «тағамның сөзін қабыл қылмадым» деп арзу
қыларсың.
Өкпе қылып Исфаһанға кетті.
Бірнеше күн арадан өтті. Күндерде бір күн Мырза Мәмет
уақытын тауып Жүсіпбек, Ахметбекке арыз қылды:—Әй,
сұлтан ғалам, меңа жауап берсеңіз. Көзалшаһтың қазынасын
алып келермін,—дейді.
Жүсіпбек айтты:—Неше қылып алып келерсің?
Мырза Мәмет айтты:—Мен жылап барып Лат -Манатқа
сәжде қылсам, баз ишанып меңа тапсырарсыз. Менің алдым
нан шығып баһра қылып қайтың,—деп Жүсіпбек, Ахметбектің
ақылын ғаярлық билән алып, Асқар тауына алып барып,
онда өзі жауап тілеп жөнеліп кетті. Неше мүддет жол жүріп,
Көзалшаһқа барды. «Емді меңа қырық мың ләшкер бергіл. Лат-
Манат медет қылса, бағлап келермін». Мырза Мәметті ұзатып
жіберді. Бірнеше күн жүріп, Асқар тауына келді. Ошал жерге
ләшкерні ыхтият қылып қойып жөнеліп ерді. Ерсе Құдай Тағала
Жүсіпбекті хақ жаратып ерді. Бір аұхласа қырық кеше-күндіз
ұйықтар ерді. Бір ұйықтамаса үш кеше-күндіз ұйықтамас ерді.
Бір күн ұйықтар нәубеті ерді. Хисаб қылып жүрер ерді. Мырза
Мәмет Жүсіпбекті жатқан жерге келіп, хадимы қылып оятты.
Жүсіпбек айтты:—Әй, Мырза Мәмет, алып келген ділләларың
қане?—дейді. Мырза Мәмет айтты:—Қырық қашарға діллә
жүктеп келер ердім. Сеңір ұрып келер ердім. Бүгін ұйықтап
қалыппын, отызы далаға кетіп, оны қалып дүр. Жүсіпбек айт
ты:—Жігіттерді оятқыл. Мырза Мәмет айтты:—Қызметті
қылсам, сізге қылыппын,—деп Жүсіпбек, Ахметбек екеуін
алып кетті. Қырық мың ләшкердің ортасына барды. Аттан
түсіп екеуін Мырза Мәмет бағлады. «Мені сөккен күндерің
өткен дүр» деп басына елік қамшы ұрды. Қызыл қанға батырып
жөнеліп берді. Жүсіпбек менменлік болып, кәпірге бенде бол
дым деп Асқар тауға қарап бір сөз дейді:
батырлар жыры
—Үсті қарлы ала таулар,
Болғанымды көрдіңіз бе?
Язидлерге бенде болып
Кеткенімді көрдіңіз бе?
Бенде болып сол арада,
Қалыппын сансыз бәледе.
Дұшман атты, мен пияда,
Көргенімді көрдіңіз бе?
Қандар тұнып көз жасым,
Фәлак тітірер налашым.
Қамшылар жауып басыма,
Қалғанымды көрдіңіз бе?
Қырық жігітім барша қалып,
Өз-өзіні ғамға салып,
Ахметбекті бірге алып,
Түскенімді көрдіңіз бе?
Жүсіпбек дер сенім дағлы,
Арманым көп дүр неше қилы.
Ат жалындай қолым бағлы,
Болғанымды көрдіңіз бе?
Әл-ғарыз, таудың дарасыдан өткеріп жөнелді. Ахметбек
ғарық маст еді. Хаял банкле көзін ашып көрсе Жүсіпбекке айт
ты:—Әй, Жүсіп аға, біздер нема күнә қылдық? Әшірбек сардар
бағлап келер,—дейді. Жүсіпбек Ахметбекті көріп, бұ халатта
Ғасыр сардардың қалған дүр деп бір ғазал оқыды бұ дүр:
—Көзін ашқыл бек Ахметім,
Дін Хорезм шаһарым қалды.
Қолым бағлап бенде болып,
Айрылысу дәрдін салып,
Исфаһаннан бірге келген,
Сидықы бірле қызмет қылған,
Жігіттерге сардар болған
Әшірбектей серім қалды.
Ада болмас менің күйім,
Ғаріплік дадыға күйім.
Сарғайып рең, рауаным,
Қыбылагөһім атам қалды,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Не менің нышаным қалды?
Күйіп кағба ханым қалды,
Менің үшін қандар жылап,
Меһірбаным анам қалды.
Бағлап дүр білектерім,
Қабыл болмас тілектерім,
Көтерем ағыр жүктерім,
Қатар билән нарым қалды.
Он бесі қозылы сазлы,
Жиырма бесті, отызлы,
Жиырма бесі баһар сазлы,
Шөйлә қожақларым қалды.
Ел көзінден болдым ғайып,
Мүлкім болды бейсахиб,
Ағакем деп шашын жайып,
Қандар жылап сіңлім қалды.
Жүсіпбек дер жоқ хасаным,
Сонда болған дүр несібім.
Һәм дамым, һәм мұсахибым,
Күлғасыл жарым қалды.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді есіткен Ахметбек һошиар
болып айдылар:—Бұ істерді Құдай Тағаладан,— деп бәлаға
сабыр қылды. «Құдайдың өзі білер,—деп марданалық
беріп,—тағамның сөзін қабыл қылмадым»,—деп бір әфсана
оқыды, бұ дүр:
—Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал,
Қырық мың ләшкер шаһтың бізге,
Қалқаным тұтмады шерияздан жүзге,
Атымды шаптым қалғадан түзге.
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал,
Ахмет менен кішік, мен Ахметке бас,
Ғаным бірлән һәр кез болмағыл жолдас,
Кісі қолға түсер ме кесілмей бас.
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал,
Ойран болды дін шаһар Хорезм,
Хазан болып дүр фасыл баһар,
Арқамнан жетпеді қырық аждаһарым,
батырлар жыры
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал.
Бір тағамның насихатын алмадым,
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал.
Фәлак бұзды беклігімнің санын,
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал.
Жүсіпбек дер хата қылдым ісімді,
Арманым көп қалды, иә, Зүлжалал.
Әл-ғарыз, бұлар мұнда тұра тұрсын. Әшірбек сардардан
сөз есіткіл: Көп жігіттер билән ғарық маст болып жатып ерді.
Банагаһ Әшірбек тұрып көзін ашып көрсе, Жүсіпбек билән Ах
метбек аты һәм жоқ, ерсе ізін алып жөнелділер. Ошал кемерге
қайтып жігіттерді оятпақшы болып Әшірбек бір әфсана оқығаны
бұ дүр:
—Язидлерден ағыр ләшкер келіп дүр,
Жүсіпбекке шоқ саудалар салып дүр.
Уа Алла ағлам, Жүсіпбек құл болып дүр,
Төрең, бектер айырып алай ханымды.
Бізді жоқтап көзден жасын төкпесін,
Бенде болып марданы көңлі шекпесін.
Әй, жігіттер, бізге намыс болмасын,
Төрең, бектер айырып алай ханымды.
Мұнан барсақ бізден тілер сауға,
Бисағат екен күн шығыппыз.
Һамангаһ тұрғыл, мінгіл емді бедеуге,
Төрең, бектер айырып алай ханымды.
Әшірбектің аңлаң емді сөзіні,
Ақылыңызға келіп аңлаң тұғры,
Құда жар болса, біз қырсақ кәпірді,
Төрең, бектер айырып алай ханымды.
Әл-ғарыз, жігіттерді оятып, Жүсіпбектің, Ахметбектің
фирақына өртеніп жөнелді. Ошал кемерге барып, жігіттерің
көңілге алып «Жүсіпбек, Ахметбекті көріп өлсек, арман
қалмасмыз» деп ерді. Біз сөз дейді:
—Шайтан лағин иманға қасд етер,
Ошал рузи жан шығар жасаттан.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Фәлак менің ықпалымды пәст етер,
Арманым билән бектер ханнан айрылса.
Жолсыз болар керуен көрмесе,
Қараңғы тұман, бұлт жанға көрмесе,
Бектер үшін үшбу жаннан кешпесе,
Мүлкі хараб болар ханнан айрылса.
Жүсіп—Ахмет менің ханым еділер,
Кеше-күндіз біздің ғамны жеділер.
Бүгін көрсем ғам-ғұсаға күйділер,
Не қасірет дүр рухым тәннен айрылса.
Қырың бүгін кәпірлернің бәріні,
Медет берсе шілтендердің рухтары,
Жүрегімде көп дүр дағлары,
Жігіттер көрмей ханнан айрылса.
Әшірбекте көп дүр дағ армандар,
Һеш кімсе көрмесін шөйлә армандар.
Не қасірет дүр, не кулфат дүр, жарандар,
Бенде болып бектер менен айрылса.
Әл-ғарыз, жігіттер жөнелді енді. Жүсіпбектен сөз есітің барар
ерді. Арқасынан бір бөлек ләшкер ерісті. Жүсіпбек бұ ғаламатты
көріп, фәлактан шикаят қылып бір әфсана оқығаны бұ дүр:
—Гөһи Қаптан көп дүр қылған күнәһым,
Фәлак салды мені салды халдарға.
Айрылысу дәрдінен баурым бенім барамын,
Не себептен бақыт неден қарамын,
Язидлерге бенде болып барамын.
Қолым бағлы асып тау-шөлдерге,
Ашылмайын хазан ұрды гүлзарым,
Әгар өлсем ғарұп болар мазарым,
Қырық жігітім, қане Әшірбек сардарым,
Мені іздеп көрмеділер жолдарға.
Қырық жастың қолы бір күн ұласты,
Артымыздан сансыз ләшкер жетісті.
Жасау тартып шөлден жетуші,
Өз басымды салдым жаман күндерге.
Ләшкер басып текрадашым тұман дүр,
Бүгін бізге күйі ақыр заман дүр.
батырлар жыры
Бек Жүсіп дер құтылмағым күмән дүр,
Арман билән бенде болдым құлдарға.
Әл-ғарыз, Жүсіпбек бенде болып тұрсын. Емді Әшірбектен
сөз есітің: Жидал қылып келер ерді. Банагаһ кәпірлерді көріп,
жігіттерге марданалық беріп еді. Бір қылыш ұрғанның сауабы
қырық жылдық тағаттан жақсы дүр деп хазіреті Шаһмарданнан
истағанат тілеп, мінәжат оқыды:
—Қырық жігітім, қарағым,
Іс көрсетер [күн] бүгін,
Бенде болып беклеріміз,
Бір натауан [күн] бүгін,
Құдайымнан көп дүр үміт,
Қан жыласын аһл язит.
Хаһ ғасы, хаһ шаһид,
Ақырзаман күн дүр бүгін.
Мені білмес нешік бәле,
Қылыштасып майданы арая.
Қол сілтесер күн дүр[бүгін],
Ақыр пірлерге жүз келтіріп,
Язидлерді қан жылатып,
Шаһмарданы жад етіп,
Қылыштасып көрің бүгін.
Жүсіп, Ахмедтің өзіне
Жас төгілер күн дүр бүгін.
Бектеріміз түсіп бәнда,
Біздер қалдық арманда,
Соғыс етіп сол майданда,
Қан жыласар күн дүр бүгін.
Әшірбек сол тұр зары,
Құрылсын махшар базары,
Бек Жүсіптің қошақлары,
Жаннан кешер күн дүр бүгін.
Әл-ғарыз, Алла деп ат қойды. Аш бөрі қойға кіргендей семізін
саралап, жаманды жаралап, бағзыларының миларын жарып
түсіріп, бағзыларының жаны жаһаннамға кетті. Язидлердің
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
реңі ұшып кетті. Әшірбек сардар жігіттеріне тасалли діл беріп,
бір ғазал оқығаны бұ дүр:
—Дін Хорезмнің бектері,
Жүрің сала салаты,
Қамыс құлақ бедеулері,
Жүрің сала салаты,
Қойың сала салаты.
Бүгін Рүстем соғысы,
Қандар тұтсын текрадашы.
Майданда толған қызылбасы,
Қырың сала салаты.
Есірік болған нарға ұқсап,
Нағра сала салаты.
Әшірбекке бөлің һәм дам,
Язидтің жаны жаһаннам.
Нағра тартып сала Рүстем,
Қырың сала салаты.
Әл-ғарыз, үш кеше-күндіз ұрыс қылдылар. Сол халде
Жүсіпбекті он мың дұшпан қырдың үстіне шығарып қойды.
Жүсіпбек бектерге истағанат тілеп бір мінәжат оқығаны бұ дүр:
—Қызылбасқа бенде болып,
Көзім толды жасыға.
Ол баһадүр ракетсем,
Біздің тауларша таулар,
Базаркалардың қадам гоһи,
Жол үстінен аша таулар,
Көһне заманнан қалғансын,
Пайғамбарды көргенсін таулар,
Армансыз дәурен көргенсін,
Сонша ұзақ жасы таулар.
Сыр фәлаклар жүрмеген,
Жолбарыс дәурен сүрмеген,
Шілтендер сұхбатын құрмаған,
Һәрбір күншік төбе таулар.
Жігіттер соғыс қылғанда,
Сайлар өлікке толғанда,
батырлар жыры
Кәпірлер үстіме келгенде,
Тұна көргіл тасқа таулар.
Болып дүр мұндағ заманы,
Таулар көрінбес тұманы,
Дараларның бәрі қанға
Шашып жатса таулар.
Бас тауының қасыға
Тұрып қашар бас-басыға.
Әшірбектің соғысына
Сен қылғыл тамаша таулар.
Қызылбастар жолым тұтып,
Текрадашым ләшкер басып,
Өз халыға жылар Жүсіп,
Бергіл медет бас таулар.
Әл-ғарыз, сол ұрыста енді төрт-бес кеше-күндіз соғыс
қылдылар. Даларышы таудың жерлері дұшпандардың өлігі
билән бағланды. Сол халде Әшірбек сардар көп дұшпандардың
ортасында қалып, екі кем отыз жара көтеріп, көзі тұнып, найза
сы қолынан түсіп қалды. Өз халіне қарап жігіттерді жоқтап, ат
жалын құшақтап Әшірбек сардар бір әфсана оқығаны бұ дүр:
—Жігіттерім, келің менің жаныма,
Боз атым бірге қанды қаныма.
Екі кем отыз захмат жетті жаныма,
Қошақларым, мені сүйеп жүріңдер.
Хақтан келмей тұрып меңа мұхасыл,
Келсе кім қоймас бір фасыл.
Майданда болмады мақсұттар хасыл,
Қошақларым, мені сүйеп жүріңдер.
Алыстан көргенмін ол бәлені,
Дафиғ қыла білмедім келген қазаны,
Мен көтердім екі кем отыз жараны,
Қошақларым, мені сүйеңдер.
Мән білмеспін бақытым неден қарамын,
Нәшім кәбі барша жисым жара дүр.
Тұнып көзім жасы ағып баратыр,
Қошақларым, мені сүйеп жүріңдер.
Нән екен жігітнің сабил дүр жаны,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Біздерге хайф екен дүр Жүсіпбек жаны,
Боз атқа жарасар Ғасыр қане,
Қошақларым, мені сүйеп жүріңдер.
Әл-ғарыз, Әшірбектің бұ сөзін естіп, жігіттер сүйеп алып
кеттілер. Банагаһ Әшірбекті бұ халде көріп, Жүсіпбек: «А, сіз
Әшірбегім»,—деп бір әфсана оқығаны:
—Нешік болды білмедім халыңды,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.
Құдайым сақтасын сенің жаныңды,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.
Қолым бағлы бара білмен жаныңа,
Егем рахым айласын гүлдей жаныңа.
Боз атың лаледей болмас қаныңа,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.
Кәпір салубан найза жарасын,
Және сайлап шаныштың кәпір баршасын.
Өлікке толтырдың таулар дарасын,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.
Емді менің ғаріп болармыз арайым,
Хазан болды менің фасыл баһарым.
Сейліклік һәм дамым Әшірбек,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.
Бек Жүсіп дер фәлак бұзды санамды,
Насамдай жерге төкті қанымды.
Сенің үшін алса баройе жанымды,
Мен айланай атың бірле өзіңнен.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп, Әшірбек Жүсіпбекке
мәрданалық беріп, бір әфсана оқығаны бұ дүр:
—Менің үшін мәтім тұтып жылама,
Өлген жақсы сенен қалғанша, сұлтаным.
Нала қылып жүргенімді дағлама,
Сабыр айлағыл мен келгенше, сұлтаным.
батырлар жыры
Түсті бізге айрылысудың фирақы,
Нала төніп дүр өмірім шырағы.
Жан жасаттан шығып лахд топырағы,
Көздерімге [жас] толғанша, сұлтаным.
Мойныма салып тиғ қазаны,
Бір Хақ ерер Мұхаммедтің азаны.
Нагаһаннан жетсе ажал жазаны,
Ғұмырым күллі таусылғанша, сұлтаным.
Ғашараттар қан дүр Үргеніш жұртында,
Көңілімде айрылысу дәрдінде,
Бұ майданда бүгін сенің алдында,
Өлсем жақсы мен жүргенше, сұлтаным.
Үміт сенсіз отандарын тұтпадым,
Айрылысудың заһар бесін жұтпадым,
Сені қойып сол жерлерден кетмедім,
Әшірбек дер на өлгенше, сұлтаным.
Әл-ғарыз, Әшірбек сардарын сүйеп алып кеттілер. Әшірбек
екі кем отыз жараны жандылап, атқа мініп, дұшпандарын және
қырдылар. Хазірет Шаһмарданға мінәжат қылып, Әшірбек бір
әфсана оқығаны бұ дүр:
—Екі дүние раһбарым, мәрд майданым, иә Әли,
Руз жазада дәсткерім саябаным, иә, Әли.
Істерім сізден бір медет басыма түсті қиямет,
Мүшкілім айлаң кәшад шер рауаным, иә, Әли,
Ғаріпладрың панаһы шер,
күллі еренлер шаһысыз,
Шілтендердің патшаһысыз рухы рауаным,
иә, Әли,
Болып дүр шөйлә мәламат,
қалдым мұнан саламат,
Мұрадым айлаң кифаят шапағат тілейім,
иә, Әли,
Бұ дұшпандарда жоқ дүр медет,
шерім дейді сізді Ахмет,
Әшірбекке берің медет бешт панаһым иә, Әли.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Әл-ғарыз, ұрысқа жігіттер қайратлы болдылар. Һәрқаяға
жүріп, һәр тарапқа кезділер бүгін деп Әшірбек бір мінәжат
оқығаны бұ дүр:
—Мүшкіл істер түсті менің басыма,
Жарандардан бізге медет болмаса,
Не жаздым, не жаңылдым пәни дүниеде,
Бұ майданға жеталмаспын мұрада.
Рахым айлап көзден аққан жасыма,
Саябаным фахар жаһан болмаса,
Күшлі ғаным билән қалдым бәледе,
Бұ мүшкілім және асан болмаса.
Жаман болды менің сағат арманым,
Пәруаз етер бүгін рух рауаным,
Жасымнан айрылмас қайғы тұманым,
Жетпіс екі сахиб қыран болмаса.
Бенде болды менің жантек суарым,
Көзімнің раушаны жанда мадарым.
Басымнан қалмады сабыр қарарым,
Әбу Бәкір, Омар, Оспан болмаса.
Соғыс ете тауының жанында,
Сауыттары бара болсын иығында.
Әшірбек дер қалдым махшар күнінде,
Меһірбаным Шаһмардан болмаса.
Әл-ғарыз, ұрысқа мықты болдылар. Дұшпандар бірлән тоғыз
кеше-күндіз ұрыстылар. Әшірбек сардар жігіттерге марданелік
беріп бір әфсана оқығаны бұ дүр:
—Шабың, шақлап ат қойыңдар,
Көп бір жаннан, аз бір жаннан.
Язидтің көзін ойыңлар,
Қырық бір жаннан, жүз бір жаннан.
Таулар басын бүгін алсын тұман,
Дұшпандарға һәркез бермең аман.
Айындан қашмаң, болар жаман,
Аз бір жаннан, көп бір жаннан.
Бұл шырын жаннан кешіңдер,
Кәфын топтан бешіңлер.
батырлар жыры
Һәрқайсының отын шашыңдар,
Жүз бір жаннан, қырық бір жаннан.
Қырғын тапсын қызылбасы,
Боялсын таулардың тасы.
Тамаша қылсын су іші,
Тау бір жаннан, жүз бір жаннан.
Әшірбекті шаһ суары,
Басында махшар базары,
Дін Хорезмнің беклері,
Сіз бір жаннан, біз бір жаннан.
Әл-ғарыз, бұл ұрысқа Жүсіпбек билән Ахметбектің атын
айырып алып қалды. Бұлар жөнелділер. Банагаһ отыз мың
дұшпан бірден ат қойып, Әшірбекті ортаға алып шанши бер
ділер. Қырқы көріп, «Алла» деп ат қойдылар. Жүсіпбек билән
Ахметбек қала берді. Әшірбек сардарын алып шықты. Әшірбек
бейһүш болып қалды. Жігіттердің белі босап қалды. Жүсіпбек
жігіттерге айттылар; ата-анасын, қарындасы, күллі құрбы-
құрдасы жадыға түсіп жігіттерге уәделесіп, өлім жадыға түсіп
тұрғанда бұ әфсана оқығаны:
—Сүйеклік һәм дамым бектер,
Біздің шөжектерге сәлем деңдер.
Зинһар біздің елдерге, Ерғали сұлтан атама,
Арызым зинһар айтыңдар біздің пінһан дердімді.
Әшірбекке тапсырыңдар жұртымды,
Сәлем деңдер қыблаға һәм атама,
Менмендіктен қалдым мұндай бәлеге,
Сұм язидтер мені салды ызаға.
Менің үшін қан жылаған атама,
Сәлем деңдер зинһар кағбам анама.
Лале күн болып дүр көзде бұл жасым,
Ғаріптікте Ахмет болды жолдасым.
Бір анадан сүт еміскен қарындасым,
Сәлем деңдер зинһар нашар сіңліме.
Менің фирақымнан өртеніп күйген,
Жүздерді жыртып, шашын жайған,
Үміт бірлән жастыққа бас қойған,
Сәлем деңдер Күлғасылжан жаныма.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Алар кезер анда ғайыш-ғишратта,
Бенде болып мен қалмасам қасіретте,
Бұ халымды зинһар айтың әлбетте,
Сәлем деңдер уәделескен бектерге.
Бәрі жұртым сүрсе Жүсіп өлді дең,
Өліктері ара жолда қалды дең,
Денесін құзғын-қарға жеді дең,
Сәлем деңдер зинһар намдар бектерге.
Әл-ғарыз, жігіттер қайтып Үргеніш жұртына жөнеліп бер
ділер. Дұшпан Жүсіпбек бірле Ахметбекті алдыға салып жөней
берді. Енді сөзді Жүсіпбектің жары Күлғасылдан есітің. Ке
лер мүддеті болды деп ақ тон тігіп, тағам пісіріп ерді. Күндерде
бір күн төсектің үстінен жығылып кетті. Аһ тартып оянғанда
жүрегіне от түсіп, Жүсіпбекті жоқтап бір әбият оқығаны бұ дүр:
—Хабар кімнен сұрайын,
келмеді жарым нелайын,
Айрылмыш басым бұ ғамнан, келмеді жарым.
Бектерім билән ауға кетті келер мүддеті,
Мекер бізден дәулет қайтты,
келмеді жарым нелайын.
Менің ісім зар болды, гүлстаным қара болды,
Жақсы жаһан қара болды,
келмеді жарым нелайын.
Құдаяна қылдым, биік жерден жығылдым,
Айрылысу отта қалдым, келмеді жарым нелайын.
Өзімді жолға шақтармын, һәр кімседен сұрармын,
Күлғасыл дер қан жылармын,
келмеді жарым нелайын.
Әл-ғарыз, бірнеше күн арадан өтті. Бір топ атты пайда болды.
Күлғасыл айым үш жүз алпыс кәнизактар билән мастана олып
үйден шығып көрсе, Жүсіпбекті, Ахметбекті аттарына шарша
қылып келер ерді. Банагаһ Күлғасыл бір әфсана оқығаны бұ дүр:
—Жылаңыздар, қиямет болғанға ұқсайды,
Қызыл гүл солғанға ұқсайды,
Шаш жайып егем қалғанға ұқсайды,
батырлар жыры
Бұл бәле нешік бәле дүр?
Шапқан аяғы жара дүр,
Мінген аты бос келе дүр,
Бектерім қалғанға ұқсайды.
Құтылманым ғамнан тасып,
Кімге жылай сенім ашып,
Аттары келер бос,
Шаһзадам қалғанға ұқсайды.
Тахатым бұ сағат, бұ заман,
Айрылудан аман бүгін болды ақыр заман,
Бектерім қалғанға ұқсайды.
Һәр кімсеге ажал жетсе дам,
аларға қоймас мажал,
Қан жылағыл, әй, Күлғасыл,
Жүсіпбек өлгенге ұқсайды.
Әл-ғарыз, топ болып, жыласып тұрды. Күлғасыл айым бек
терді сұрап бір ғазал оқыды:
—Кеше-күндіз қан жылармын мен жолында.
Желеу сақтаң, бек ділдарым қане,
Һамра болып жүрген сағ-солында,
Желеу сақтаң, бек ділдарым қане.
Амандықта менің бар дүр дегендер,
Желеу сақлаң, бек ділдарым қане,
Сұңқарым, бек ділдарым қане.
Сыйлап жақсы инғамды алғандар,
Өзін қойып атын мініп келгендер,
Бектерімді көрмегім болды күмән,
Айрылу дердінен келмейм аман.
Желеу сақлаң, бек ділдарым қане.
Қайсы тауда қалды, қайсы шөлдерде,
Фәлак салды мені язид халдарда,
Мәраууат айлаңыз міскін құлдарға,
Желеу сақлаң, бек ділдарым қане.
Құлақ салың Күлғасылдың дадына,
Хабар беріп өтің көңіл шадына.
Тәбриклейін күйдірмейін отына,
Желеу сақтаң, бек ділдарым қане.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Әл-ғарыз, Күлғасыл айымның сөзін естіп, Әшірбектің көңлі
бұзылып, басқа түскен күндерін баян қылып, бектерді бенде
болғандарын дастан қылып бір мұхаммас оқығаны:
—Емді ахуалым болған болмасым жаннан жада,
Екі халықтың раһбары ол екі сұлтаннан жада.
Көтеріп сансыз жараны келмесем андан жада,
Жисмым хасте өртеніп дүр жан-жанынан жада,
Чун садафтай қалмаспын лағыл гауһардан жада,
Бектерімнен айрылып қасіретте қалдым мен,
Жисым ішре от түсіп махаббатта қалдым мен.
Ат шауып майдан ара зұлматта қалдым нелайын,
Сад һезар мәтім тұтып кулфатта қалдым нелайын.
Көтеріп сансыз жараны болмадым жаннан жада,
Һеш ылажым бітпеді, сынды қанатым қайрылып,
Нелайын ғам шаһына кетті аяғым тайылып.
Сұлтанаттық шаһтан бейшара болдым айрылып,
Нелайын екі төремнен ауаре болдым айрылып,
Тәж-тахтымның егесі болмасым жаннан жада.
Ол ханымнан айрылып қалғанша өлген жақсы дүр,
Үшбу дүнияда кешіп бейкүнә болған жақсы дүр,
Мен ғаріп афтаданы халын білген жақсы дүр.
Бұ тірікліктен меңа әлбетте өлген жақсы дүр,
Дер Әшірбек өртеніп болдым сұлтаннан жада.
Әл-ғарыз, Әшірбекті бұ сөзді естіп Күлғасыл айым бір ғазал
оқыды:
—Атының жалын өргенлер,
Бегіме қызмет қылғандар,
Алла аман болыңдар,
Төрені көріп келгендер.
Емді кімнен сұрағларым,
Жүрегім отқа дағларым,
Мәтім тұтып қан жыларым,
Басымнан қайғы, тұмандар.
Құдайым қысметі уақыты,
Бауырым қаны көзден ақты,
Болды маған қара күндер.
батырлар жыры
Һешкім сүрмес менің халім,
Жылап өтер маһ салым,
Айрылысу уақыты дер залым.
Көздерімнен ағар қандар,
Күлғасыл шығып жар жарға,
Зар болып жарың ізіне,
Разымын бекем жолыңа,
Жауап берді ұлық бектерге.
Әл-ғарыз, өтіп жігіттер кетті. Күлғасыл бұ ұлық топты
көріп, ғаза тұтып жөнеліп берді. Жүсіпбектің Қарлығаш деген
қарындасы бар еді. Банагаһ көрсе көшенің панжарасынан қарап
ерді. Бір топ атылғаны көріп ағам келер деп сауға алармыз деп
қыздарға қарап, бір ғазал оқығаны бұ дүр:
—Назнинлар, жүрің емді,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Ат шабысып Хорезмде,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Һамра қылып неше жақсы беклерін,
Қадими, хұсни таза гүлдерін,
Сайыр етіп марғазарлы гүлдерін,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Һәр бендені Құда қылса сарафраз,
Ғашырат жетер бір сағатта баз,
Жүрің емді, шығың алдыға баз,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Менің ағам жігіттердің ағасы,
Аңа тікті Шаһимардан дұғасы,
Желеу беріп көрне тірер қарасы,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Қарлығаш дер қыздар ағам жолдасы,
Кеше-күндіз һәм сардашым.
Жүсіп—Ахмет екі қарындасым,
Сауға алың, қыздар, ағам келе дүр.
Әл-ғарыз, Қарлығаш алдыға шығып тұрдылар, бұл Әшірбек
сардар ерді. Қарлығаш айым көріп, шашын жайып, жүзін жыр
тып, фәлактан шикаят қылып бір ғазал оқыды:
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
—Дад фарияд сұм фәлакты жерінен,
Шаш жазып жылаң, қалғанға ұқсайды,
Қан жыларым ағаларым дердінен,
Жас төгіп жылаңдар, қалғанға ұқсайды.
Һажран оты истиханым жағып дүр,
Барды ажал ғамыратым жағып дүр.
Әзиз тәннен шырын жаным шығып дүр,
Дад етіп жылаңдар қалғанға ұқсайды.
Фәлак салды меңа Махшар күніні,
Залым бірлән жада қылмас жаныны,
Атында көрсетем бұғаз қаныны,
Шаш жайып жылаңдар, қалғанға ұқсайды.
Қалды бір натай бауырым езілді,
Сол қысметтер руз әзал жазылды.
Уақытым жетіп, жаным тәннен үзілді,
Жас төгіп жылаңдар, қалғанға ұқсайды.
Әл-ғарыз, жігіттер жауап бермей өте берді. Қарлығаш жігіт
терге қарап бір ғазал оқыды.
—Бірге кеткендер, жавонлар,
Бек Жүсіпті көрдіңлер,
Жұрт егесі бек ханлар,
Бек Жүсіпті көрдіңлер.
Хазан болды гүлстаным,
Фәлак жақты истиханым,
Көз үстінде можганым,
Жан ағамды неладыңдар.
Тағам тоймақ күндіз-кеше,
Халыма жылап бірнеше,
Ахметбек тағам беже ағамды неладың,
Атын шауып өлмегей.
Қызылбасқа қылыш салмай,
Нешік келдің ұялмай,
Бек Жүсіпті неладыңдар.
Жүзін көріп келгендермін мен дегендер,
Жүйрік бедеу мінгендер,
Сайлап инғамын алғандар,
Жан ағамды неладыңдар.
батырлар жыры
Емді ізні қылсам тауап,
Фәлак қылды баурым кебаб,
Қарлығашқа бергіл жауап,
Бек Жүсіпті неладыңдар?!
Әл-ғарыз, жігіттер жауап бермей өтіп кетті. Қарлығаш айым
жылап, жоқтап көргендерді баян қылып, бір сөз айтқаны бұ
дүр. Мінәжат:
—Бүгін саған ақырзаман болып дүр,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Бақи ғұмырың емді жаман болып дүр,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Хазан болды Хорезмнің гүлзары,
Құрылып дүр бүгін махшар базары.
Жанның оты айралиғның азары,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Көздің раушаны жан рахатың,
Сүйер қозың Құда берген дәулетің.
Арта тұрған дәулетің бағ-жанатың,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Исфаһанда ел халыққа бас болған,
Әзиз басы жат елдерде жас өлген.
Әфсанасы ел-халыққа шашылған,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Қарлығаш дер күйіп қалды бұ жаным,
Бір аһ ұрсам көкке жетер афғаным.
Жүсіп—Ахмет, қане, екі сұлтаным,
Жыла, ана, гүлнарыңнан айрылдың.
Әл-ғарыз, Лағыл хан қызына мәрденелік беріп, дұшпандарды
мәламат қылып бір ғазал оқығаны бұ дүр:
—Нала қылып бұ жанымды күйдірме,
Көп жылама, ағаң есен-аман келатыр.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Қан төгіп рең өзре һәркез солдырма,
Көп жылама, ағаң есен-аман келатыр.
Не себептен қылдың аһ уа надамат,
Кімнен түсті сеңа уаһым қиямат.
Көп жыласаң, дұшпан қылар мәламат,
Көп жылама, ағаң есен-аман келатыр.
Ағаң кетті шекар етіп шөлдерде,
Жүрген дүр марғазарлы гүлдерде.
Балам, мені салма үшбу халыма,
Көп жылама, ағаң есен аман келатыр.
Лағыл хан дер көп жылама сол заман,
Ағаң сенің аман келер бекман.
Сипаһының бірі дүр Шаһимардан,
Көп жылама, ағаң есен-аман келатыр.
Әл-ғарыз, Қарлығаш айтты:—Жамандық, жақсылық бірдей
екен,—деп ерді. Банагаһ Күлғасыл айым аза тұтып, қара киіп,
шашын жайып жылап келді. Лағыл хан келінді бұ халда көріп
бір сөз, Күлғасыл бір сөз, Қарлығаш бір сөз дейді:
—Көзіме көрінбес бектерім досты,
Қара киіп келдің баламның құсы.
Сенен келер мекен баламның исі,
Һәмме келді, менің ұғлым келмеді.
—Ғұншалықта хазан ұрған лаламын,
Һешкім білмес бақыты неден қарамын.
Айрылысу дердінен бауыры бариянмын,
Һәмме келді, менің ағам келмеді.
Ағам ғарыз малын берді сеңа,
Ауға кетті кеңес қылмайын меңа.
Нешік ауда болды біздің елдерге,
Һәмме келді, менің ағам келмеді.
—Жігіттердің һәммелері келділер,
Қара күні басымызға салдылар.
батырлар жыры
Сүрдім меңа бенде болды деділер,
Һәмме келді менің жарым келмеді.
—Фәлак салды бізге қайғы әлімді,
Кімге барып көрсетейін сенімді,
Және емді көрермін бе баламды,
Һәмме келді, менің ұғлым келмеді.
—Алғадай жайдай бүгілмес,
Бізге бүгін қатты күндер түспес.
Бұғаз қаны ат жалына төгілмес,
Һәмме келді, менің ағам келмеді.
—Күлғасыл дер анам ахуалым бітеміз,
Айрылысу қанжары жанымнан өтер,
Бір аһ ұрсам, фәлак бауыры жыртар,
Һәмме келді, менің төрем келмеді.
—Қарлығаштың көп дүр пінһаны,
Ағам ерді Хорезмнің сұлтаны,
Жүрегімде қалды дағ арманы,
Һәмме келді, менің ағам келмеді.
Әл-ғарыз, бұлар мұнда тұрсын Жүсіпбек билән Ахметбек
тен сөз есітің. Көп дұшпан алдыға салып барар еді. Отыз күн
дегенде Ахметбектің аяғы жарамды [болды]. Дұшпандар айт
ты:—Жүргіл, болмаса басыңды кесіп алып кетерміз,—деп
ортаға алып ұрдылар. Ахметбек Жүсіпбекке қарап бір сөз
дейді.
—Жүсіп аға, арман қалмас,
Қолым бағлы зұлым бірлән өліппін.
Қияметте дад етермін халымнан,
Қолым бағлы зұлым бірлән өліппін.
Неше таудан аса-аса бүгіліп,
Мәжнүн кәбі қамытларым бүгіліп,
Тасқа тиіп тырнақтарым бүгіліп,
Қолым бағлы зұлым бірлән өлдім мен.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК Аяғыма тисе еді бір тікен, Қылар ерді мұшфақ анам менің фаған, Налашымнан тітірермін заманы, Қолым бағлы зұлым бірлән өлдім мен. Рухым пәруаз етер ұшар тәнімден, Күндің айғашы өтіп отым қолымнан, Аяқ басып тұра білмейм жерімнен, Қолым бағлы зұлым бірлән өлдім мен. Ахметбек дер һешкім жоқ дүр қасыма, Рахым айласа көзден аққан жасыма. Жамғұрадан қамшы жауып басыма, Рахым қылмады көзден аққан жасыма. Әл-ғарыз, Ахметбектен бұ сөзді естіп, Жүсіпбек дұшпандарға қарап атқа міндіргіл деп бұ өзі жас ұғлан деп бір сөз дейді бұ дүр: —Біздің бірлән һәмра болған жігіттер, Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл. Жүсіптің тез кесілсін дұшпан язит, Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл. Арман билән бенде қылып түсіріп, Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл. Нәзік кәне аяқтарын тас ұрып, Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл. Маған болды дерд уа әлім зияда, Уа қасіретте жетпедім мұрада, Өзім жүрсем жаһаннамға пияда, Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл. Жас ұлан дүр білмегенін білдіргіл, Ұрма, соқпа, шадына күлдіргіл, Көздерім көрмесін мені ұрғыл, Қолын шешіп Ахмет ханды міндіргіл. Әл-ғарыз, дұшпандардың ашуы келіп Жүсіпбекті ұрдылар. Ахметбек бұ халатта айтты:—Құдай тағаланың ісіне разы мын,—деп әй-уайыне һәм қоймады. Ахметбек Жүсіпбекке қарап бір сөз дейді:
батырлар жыры
—Мұнан біздің елдер шаһның қасына,
Саудалар түсірмедің жасына.
Разы болғыл Құда қылған ісіне,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным.
Менмендіктен көрдім бойле бәлені,
Жад етіп жылар ем Қадір Құданы.
Биажал шықпасын пешенең жаны,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным.
Бұлбұлдай гоя бастар ғазар рахматы,
Құда ашқай һәр бенденің бақытын.
Ақыр алармын Машал шаһардың тахытын,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным.
Жолым түсті захмат сақтадым,
Фәлак зұлымнан қандар жыладым,
Жеті жыл уаһабе һаммат бағладым,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным.
Кештлер етіп кезермін таулар,
Қырандар етермін дұшпандар бәрін.
Иншалла алармын шаһтың қызын,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным,
Пендесінің үмітін Құдадан рахмат,
Шерияздан бізге болып химаят.
Бұ сөзді айтып өткен Ахмет,
Айланамын жүргіл, Жүсіп сұлтаным.
Әл-ғарыз, дұшпандар айтты:—Кәттасының мойны жуан
екен, бұлардың көзінің жасын Көзалшаһ өзі білсін деп жөней
берді. Бес ай дегенде бәле қасірет тауына келділер. Үш жүз ал
пыс әулиелерден истиғанат тілеп мінәжат қылды:
—Жетті халым Хазірет тауы,
Биік дүр жолдарың сенің,
Ашылар гүлшан бағың,
Сайратар бұлбұлдар сенің.
Еренлер жолым түскенде,
Күшлі ғанимдер қасында,
Қыбладан шамал үстінде,
Сайратар шерлерің сенің.
Менмендіктен көрдім мен,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Жол бір болмады бізге дала,
Биікте таулар, кең дала,
Дала ішінде жыладым қасында.
Қиямет таңы атқанда,
Ысрапыл сорын тартқанда,
Дүниені пәни еткенде,
Тебіренбес сенің таулар.
Бір таулар бар аты Қап-ты,
Ақ гауһардан жақты,
Һеш кімсе көрмесін лапты.
Һеш жоқ дүр теңдерің сенің,
Бір жамамың бар көбісте,
Көрген адамдар хасте,
Суын ішкен болмаса шипа,
Болар суларың сенің.
Сен таулардың сұлтаны,
Білерсің адам заманы,
Үш жүз алпыс пір мекені,
Шекерден дүр суларың.
Сенен медет сияда,
Ісім барша хата жылармын.
Әл-ғарыз, Жүсіпбек, Ахметбекті Машалдың шаһарына
жақындап, жұртқа тигерді. Жүсіпбек шаһарға келдік деп Ах
метбекке қарап бір сөз дейді бұ дүр:
—Сен меңа жігербенде,
Язидтың шаһарына келдік,
Кісі көңлімнің қарары,
Құрылды махшар базары.
Қырық жігітімнен айрылып сынды қанатым,
Язидлерге бенде болыппын,
Машалдың шаһарына келдік.
Басымда һажаранның бәлесі,
Тәнімде кулфат жарасы,
Көрінген Машал қалғасы,
Язидтің шаһарына келдік.
Ахметбекті бауырын дағлап,
Язидлер қолды бағлап,
батырлар жыры
Жүсіпбек дер қандар жылап,
Машалдың шаһарына келдік.
Әл-ғарыз, дұшпандар сонша кісі жіберді. Көзалшаһқа
арыз қылды ке сұлтан ғалым Жүсіпбек бірлән Ахметбек
ті Лат-Манат мұяссар қылды. «Бенде қылып келдік», [деді].
Көзалшаһтың көңлі хош болып, көп әнғамлар беріп, жалатты
қосып зынданға келтіріп, өлтіріп ташлан деп Жүсіпбек бірлән
Ахметбекті жаллатқа берді. Жүсіпбек бұ ғаламатын көріп, бар
ша әулиелерді шафиғ келтіріп мінәжат оқыды:
—Дүниені жаратқан қадір Құдайым,
Ахмет бірле екеумізге не болды,
Ғаріплікте менің панаһым,
Ахмет бірлән екеумізге не болды?!
Мұқарраб періште ғарыш үстінде он екі мың,
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Мағрипта, Машриқта өткен еренлер
Ахмет бірле екеумізге не болды?!
Құрбаның болайын фахыр жаһан,
Әбу Бәкір, Омар Сыдық, Оспан,
Меңа пешт панаһ пірім, иә, Шаһмардан,
Ахмет бірле екеумізге не болды?!
Бүгін болды айрылудың махшары,
Жағынып тилан етті көңлім кесірі,
Хасен, Хұсейін шаһидтің сәруары,
Ахмет бірле екеумізге не болды?!
Баһауаддин Бұқара дүр мәнзілі,
Зеңгі Баба сұлтаны үш ерлі,
Асфар Махмұд пірім ер хабибы,
Ахмет бірле екеумізге не болды?!
Нәсім кәби жан жисымым бара дүр
Арман бірле ғұмырым өтіп бара дүр,
Ахмет бірле екеумізге не болды?!
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Бек Жүсіп дер һеш қалмады,
Сол нәсімнен көкке шығар афғаным.
Әлу қожа Шейх Шәріп ишаным,
Ахмет бірле екеумізге не болды?!
Әл-ғарыз, дұшпандар тасқа тұттылар. Пірлердің рухтарынан
медет истағанат келіп, дұшпандар тасқа тұттылар. Тасты ұрса,
қайтып өзіне тиді. Көзалшаһ естіп уаһым басып, Рикастанға
тахтыны құрып, үш жүз алпыс сәркардасы билән Жүсіпбек,
Ахметбекті Машалдың халқы тамашаға жиылып, мұрадын
уа шәріп хорларын көрмек үшін келерлар. Тасты атқан бағзы
дұшпандар мағиуб мүбтала болып қалды. Көзалшаһ айтты:—
Бұл жерде жылап тілер жоралар бар ма?—деп айтты. Жүсіпбек
Көзалшаһқа қарап, өзін тағриф қылып, бір ғазал оқығаны бұ
дүр:
—Әй, шаһым, біздің елдері,
Хош өтер жаз уа қыстары.
Бағларға бағбан бағар,
Миуалық дүр ағаштары.
Қыздары үйінде жатар,
Жігіттері садақ атар,
Қыз-жавоны сұхбат тұтар,
Зауық сапа дүр істері.
Хабар барса бір күнменен,
Ләшкер келер бір күн андан.
Алты батпан қара темірден,
Кәбі садақтың кірселері.
Бедеулері желеу шабар,
Шапқанда бәйгеден өтер,
Дабыл қақсаң ордай ұшар.
Бәланд паруаз құстары,
Падишалар әділ сұрар.
Бүшені бір көзден көрер,
Жүсіп пайғамбарым ерер.
Зынданда көрген достары,
Құда бір дүр, расул хақ дүр.
Лағыл маржаннан дүр тахты тастары,
Ауызда дін ислам иманы.
батырлар жыры
Біздің елге Құдайым
Тияр сегіз беһештері.
Құлақ салғыл сөзге дұшпан,
Сеңа қайтып қылсам сапар,
Сілтесе қырық мың кәпір,
Исфаһанның қылыштары,
Жадалдары бар лале базары.
Хош шаһарлар бәзілде,
Нафралар һауа зары,
Ел-жайымның достары,
Көңіл ішре арман бесияр,
Кетті біздерден ықтияр.
Майдан ішре Рүстемше бар
Жігітімнің ұрыстары.
Һешкім менің халім сүрмес,
Бұ дұшпандар көзге ілмес,
Ажал жетпей шыбын өлмес.
Ағар көзімнің жастары,
Үлкен дүр асқар таулары.
Қырық жігітің ұлық дүр.
Бұне тырнаның байлаулары,
Үстінде бар жасыл барлары,
Бек Жүсіп дер сол ісім,
Құдайға тигей налашым.
Азат болса басым,
Дұға қылған рухтарым.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ дүр ғадаб болып, Хамза мерсубке
бұйырды: «Зынданға сал» деп. «Һәркім бұларға бір ішім су
берсе иә шәй, нан берсе, терісіне саман тығармын» деп үкім
қылды. Хамза мерсуб зынданға салды. Жүсіпбек айтты:—Бұ
зынданда бізден басқа адам бар мекен?—деп. Оян-бұян қарады.
Зынданның оң жанында бір ақ сақалды кісі олтырып дүр.
Жүсіпбек сәлем берді. Баба әлейк алды. Жүсіпбек айтты:—
Баба, не себептен бенде зындан болдың?—деп сауал сүрді. Баба
жауап бермек үшін бір ғазал оқыды:
—Шаһ ішінде жатқан баба,
Қайда болар жаның сенің?
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Бенде болған, әй, бейнауа,
Не жерлік жайың сенің?
—Қайнап тасыған бек хошлар,
Дашт болар жайым менің.
Арман билән түскен бектер,
Дашт болар жайым, бектер.
—Тұрың, баба, көріселі,
Жан да болсақ танысалы,
Неше уақыт дүр түскелі,
Не болды халдарың сенің?
—Келің, балам, көріселі,
Ғаріпліктен сұрасалы,
Бір жыл болды түскелі,
Сол дүр ахуалым менің.
—Бар ма сені мұнда көрген,
Көріп сеңа һәм дам болған,
Нешік зат сен фәлак ұрған,
Не болды халдарың сенің?
—Өз жұртымда сұлтан едім,
Елін кезген керуен едім.
Көзалшаһтың түсін жорыдым,
Сол болды күнәһым менің.
—Не себептен азап тарттың,
Истиханы ағраттың.
Шаһтың түсі неше айттың,
Не болды тағбирың сенің?
—Жүсіп—Ахмет келер дедім,
Сені шаһқа салар дедім,
Тәж-тахтың алар дедім,
Сол болды тағбирым менің.
—Қайсы жұрттың әуладысың,
Сен кімсенің мілләтісің,
батырлар жыры
Қайсы шаһтың үмметісің,
Нешік дүр діндерің сенің?
—Толса басымға һәр жапа,
Есітемін андан сапа.
Дінім—Мұхаммед Мұстафа,
Ағзам дүр мәзһабым менің.
—Ғарызым есіт маһ ануар,
Жүклер едім мәсік уа ғанбар.
Менің атым—Баба Ғұмар,
Шын-Машын жайларым менің.
—Атым Жүсіп дүр менің,
Бәдр мунир уа қасіретім,
Хорезмде сұлтаным,
Үргеніш дүр жайларым менің.
Әл-ғарыз, бектер билән Баба Ғұмар һәмра болып жатты. Неше
мүддет арадан өтті. Хамза мерсубтың қызы бар ерді. Аты—
Қаракөз ерді. Зынданға қарады. Жүсіпбек бірле Ахметбекті
көріп тағзым қылды. Жүсіпбек айтты:—Бізлер сазанда ердік.
Бенде болып, көп қапа болыппыз. Ғарызың болса, біздерге бір
тасты келтірің. Жақсы болар ерді. Қаракөз барып тасты тастап
кетті. Баба Ғұмар болып Ахметбекке дағлап, Жүсіпбек бір тас
ты салып Қаракөзді тағриф қылғаны:
—Ақырын, ақырын сөзле шалы,
Мен сені сүйдім, Қаракөз.
Кесіп бауырым түселі,
Қызылбастардың гөзалы,
Қара санә, қысмет дүр әзалы.
Меһманым сеңа, Қаракөз,
Үстінде жандар үзілер,
Сен кетсең, мәжіліс бұзылар,
Бір заман тұрғыл, Қаракөз.
Шарбағның бір датасы сазым,
Сеңа шығар ма ауазым.
Сен менің сыр уа назым,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Арам жаным, Қаракөз.
Сәкің келер тезіңнен,
Айналайын қасың бірле көзіңнен,
Сен, сен менің жаным, Қаракөз.
Бек Жүсіп шоқлар берені,
Шақырып налы гүліні,
Нәсіп етсе өзімді,
Сені алармын, Қаракөз.
Әл-ғарыз, аужайлары халынан хабардар болған Қаракөз бол
ды. Баба Ғұмар айтты:—Сол Қаракөз маған ғашық болып дүр.
Ахметбек айтты:—Маған ғашық болып дүр. Баба Ғұмар қабыл
қылмады. Жүсіпбек, Ахметбек зынданның екі бұрышына ол
тырды. Баба Ғұмар зынданның ортасында олтырды. Қаракөз
барып бір хұрма, қатық, тоғыз нан келтіріп берді. Баба Ғұмар
жемекке машғұл болды. Қаракөз зынданға қарап, Жүсіпбек
бірле Ахметбекті көрмей бір сөз дейді:
—Бенде болған ақ сақалды жан Баба,
Жүсіп бірле Ахмет ханды неладың?
Нан жүзіні һеш көрмеген бейнауа,
Жүсіпбек бірле Ахмет ханды неладың?
Адам жұтқан аждаһадан бетерсің,
Қатық бірле нанды ада етерсің.
Һеш тоймассың, хұрмамды һәм жұтарсың,
Жүсіп бірле Ахмет ханды неладың?
Қатықты ішерсің сақалың батып,
Зынданның ішінде реңің сарғайтып,
Иләһи өлгейсің тіріклері қатып,
Жүсіп бірле Ахмет ханды неладың?
Жауап бергіл мен есітейін сөздерің,
Әй, наынсап, қара болсын жүздерің.
Адам жұтпай һеш тоймас дүр көздерің,
Жүсіп бірле Ахметбекті неладың?
Қаракөз дер мәрке сенің сақалың,
Көп сөздер сен есітпейін сауалың.
батырлар жыры
Кетті бүгін менен сенің обалың,
Жүсіп бірле Ахмет ханды неладың?
Әл-ғарыз, бұ сөзді есітіп Баба Ғұмар Қаракөзге қарап бір сөз
дейді:
—Жаным алды бүгін шәриф сөздерің,
Рахымың келіп сұрағыл менен, Қаракөз.
Қаным толды жаллад кәбі көздерің,
Бабаның халын сұрағыл, Қаракөз.
Мен болыппын гүл жүзіңнің шаһаны,
Бойында қалмасын дадларың жағы.
Көксіңе жара сар сақалым ағы,
Жалған деме раст білгіл, Қаракөз.
Сақи болып мен шараптар сұнамын,
Түсіңдегі екі назың еремін,
Қабыл көрсең, рухыкларыңнан өбемін,
Қайым болып тұғры тұрғыл, Қаракөз.
Тіктеп барып сенің сағрыңа мінсем мен,
Маст болып жығылып үстіңе жатсам мен.
Мұрадымды бүгін сенен алсам мен,
Өзің куәһ болып қабыл қыл, Қаракөз.
Қолымды өткеріп сағ солыңнан,
Құшақтасам сенің жана беліңнен,
Тістесем ләбіңнен, сорсам тіліңнен,
Сен һәм қабыл қылғыл емді, Қаракөз.
Ғұмар айтар сенің бағың гүлзар дүр,
Бір жыл болды менің халім харап дүр.
Жүсіп, Ахмет ғашық емес бекер дүр,
Бабаңның халін сұрағыл, Қаракөз.
Әл-ғарыз, Баба Ғұмардан бұ сөзді естіп, Қаракөздің ашуы
келіп, қарай-қарай кете берді. Баба Ғұмар айтты:—Әй,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Жүсіпбек, сіздерге ғашық екен. Емді қайтып келмес. Өздеріңді
көрсеткіл, Қаракөз қарап кетіп барар ерді. Жүсіпбекке көзі
түсіп үйге барып тоғыз нан, қатық бірлән келтіріп тастап кетті.
Әлқисса, Құдай тағала ризығына Қаракөзді себеп қылды.
Емді басқа сөз есітің: Үргеніш жұртына Жүсіпбектің
дұшпандары айтар:—Жүсіпбектің, Ахметбектің өзіне дұшпан
Көзалшаһ дарға асып дүр. Ахметбекті мұнарадан тастап
дүр,—деп Машалдан саудагер келіп жалғаннан ауыз қылып,
Хорезм жұртын тартып алып, Жүсіпбектің Лағылхан Айым
деген анасын шаһарынан шығарып тек жіберді. Жүсіпбектің
шарбағына келіп гүлді сұрады. Бір-бірін құшақтап Жүсіпбек
бірле Ахметбекті жоқтап басқа түскен күндерін хикаят қылып
бір сөз дейді.
—Емді жоқтап қан жылаңдар,
Жүсіп қане, Ахмет қане.
Дад жаралды дәулет құсы,
Жаныма түсті каһашы.
Өлді деп дүр келген кісі,
Жүсіп қане, Ахмет қане.
Жүсіпті тастап мұнара,
Ахметті асмыш дара,
Бауырым болды пара-пара,
Жүсіп қане, Ахмет қане.
Күнне күнге болды дертім зияда,
Жетістім мен фасыл баһара,
Өлді деп болмас ауаза,
Жүсіп қане, Ахмет қане.
Емді неласың, Лағыл хан,
Бүгін болды ақырзаман.
Қан жылағыл, Күлғасыл хан,
Жүсіп қане, Ахмет қане?!
Әл-ғарыз, бұ сөзді естіп, қатынлар тағаты қалмай бір сағаттан
соң көзін ашып шаһар тарапқа қарасып, Жүсіпті жоқтап
Лағылхан анасы бірле Күлғасыл бір мұхаммас оқыды:
—Нелайын афтадамын ол жерден айрылмасым,
Һәм латафат гүлшаны ділдардан айрылмасым,
батырлар жыры
Халыма рахым етуші қамқордан айрылмасым,
Жаке дүрмін уақиф сардардан айрылмасым,
Хауыз кәусар шаһы мұхтардан айрылмасым.
Достарым, ғам отына мүбтала болдым бүгін,
Ақыр ғұмырымда натай бақыты
қара болдым бүгін.
Қасіреттен бүгін ада болдым бүгін,
Дост дұшпан ара сахиб құса болдым бүгін,
Көздерімнің раушаны гүлжардан айрылмасым.
Айрылып қалдым төремнен ғараб мажра,
Тиғ фурқат салды көксіме бұ менің жара.
Һижран отына болмасам Хорезмде мүбтала,
Жеті жыл бенде болып ақыр зындан ара,
Болдым зұлымнан ділдардан айрылмасым.
Һажр уақытта қояндай тарап сардардан,
Тоты да тақыттай һәм зар наламын және,
Ділбарымнан айрылып ашафтамын және,
Ғам өлімнен уа басте һәм хана ойранымен,
Елі, халқы сәруары қамқ хордан айрылмасым.
Күлғасылдай һеш кішігім хана ойран болмасын,
Һәм дамидан айрылып һәм дейді
гөриян болмасын,
Дәнашым сахыр, бауыры толы қан болмасын,
Һеш кісі һабеяры бенде зындан болмасын,
Бақыттым қарамын Күлғасыл нелайын,
Гүлжардан айрылмасым.
Әл-ғарыз, бұ сөзді айтып болған соң шарбағында бес тыр
насы бар ерді. Күлғасылдың налашын естіп қасына кел
ді. Күлғасыл айтты:—Әй, жануарлар, Жүсіпбекті көріп
келсеңіз қоярдана ердің, не болар, барып келің,—дейді.
Кәтта тырна қанатын ашты. Жазып Күлғасын қанатына
нама жазып, истағат бірлән жіберді. Бейшара Күлғасыл
айым бір сөз дейді:
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
—Қадір Алла дәргаһына бас қойдым,
Мәшт пәрмен бектеріме пиям бер
Тырналарды бүгін саған тапсырдым,
Хастелерге, ғәзиздарға пиям бер.
Түнімен қалмасым айрылысқан жеріне,
Тағат қыла білмедім жардың һажарына.
Жануарлар барар Машал шаһарына,
Ұшып кеткен тырналарға пиям бер.
Түсті меңа бүгін жүз мың ғаламат,
Гоя меңа арасат қиямат.
Жаратқан Зүлжалал қадір кәрамат,
Афтада мен міскіндерге пиям бер.
Жоқтан өзің һәр кімсені бар еттің,
Бейшара мен ғаріплерге пиям бер.
Күлғасыл дер болды әлам таза,
Фасыл зымыстаным болмады жаза,
Өлді деп жұртқа болмас ауаза,
Бенде болған бектеріме пиям бер.
Әл-ғарыз, тырналар ұшып Машалға кетті. Жеті айлық жолды
үш күнде алдылар. Бесін шақта зынданның үстінен тырналар ай
лана берділер. Жүсіпбек тырналарды көріп, бір сөз дейді бұ дүр:
—Мен айтай бүгін арыз халыны,
Тырна, сәлем дегіл біздің елдерге.
Жылап өткертем өзімді,
Тырна, сәлем дегіл біздің елдерге.
Бір түс көрдім атам рух қанаты,
Айрылысудан хасте тәнім жанады.
Ат екен дүр мәрд жігіттің қанаты,
Тырна, сәлем дегіл қыблагөһіме.
Бұ зынданнан жапа шегермін,
Фәлакаттың ләшкеріне төгермін,
Көздерімнен қанды жастар төгермін,
Тырна, сәлем дегіл кағбам анама.
батырлар жыры
Дін Хорезм ерді менің мекенім,
Анда қалды ойнап өскен жараным.
Емікдешім һәм мейірбаным,
Сәлем дей гөр нашар сіңліме.
Һеш кетпедің бұ зынданнан,
Бұлттардай кетпедің,
Хорезмнен бұ жұртқа келдің,
Сәлем дей көргіл асыл жан жарыма.
Мен қалмасым қияметтің күніне,
Жаһд айлабан бара білмейм жаныңа.
Арыз халім хош жігіттер,
Тырна, сәлем дей гөр елдерге.
Бүгін мұндан ғизам тұтармын,
Жеті жыл бәланд қарлы таудан өтермін.
Жүсіптің сәлемін айтарсың,
Тырна, сәлем дегіл намдар бектерге.
Әл-ғарыз, тырналар Жүсіпбектің бұ сөзін есітіп, зынданның
лебіне қонды. Андан соң зынданның басынан айлана берді.
Кәтта тырнаның қанатына көзі түсті. Хатты оқып Жүсіпбектің
көңлі хош етті. Тырналары шаһар Машал барып гүл-гүл һәммат
қылып, таудан асып баян алып келгіл деп хабар бергені:
—Қанатыңа тоған түсіп,
Жолдарда көрмесін лашын,
Мәшты пәрмен менің үшін,
Бары-жоғын біліп келгіл.
Мен едім жаһанның бір гүлі,
Ұшты бағым бұлбұлы,
Жүсіпбегім әгар болса һәм тірі,
Қанат қағып ойнап келгіл.
Фәлак андан жада қылса,
Хазан ұрып гүлім солса,
Жүсіпбегім өлген болса,
Қара байлап жылап келгіл.
Мен қалдым ғамға былғанып,
Һижраны лайық шұлғанып,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Қанымға қарап жүзланып,
Алыс жерге барып келгіл.
Мен қалып есім кетіп,
Кеше-күндіз қандар жұтып,
Ықылас бірле пәруаз етіп,
Басымнан айланып келгіл.
Естіп кел Күлғасыл зары,
Асыл сөз сенің оқлы жайлы,
Исфаһан шаһарынан Бозұғлан келсін.
Жігіттері бар дүр діллә бишақлы,
Ұрыс майданында жолбарыс сипатлы,
Һәр жігіттің бірі бар дүр не шақлы,
Исфаһан шаһарынан Бозұғлан келсін.
Жігіттері бар дүр арыстан жүректі,
Майданға кіргенде кіргелі,
Бедеулі ат һәм самарлар тілеклі,
Исфаһан шаһарынан Бозұғлан келсін.
Қарлығаш, сол дүр сізге сәлемім,
Тағдыр билән есітіңлер кәламым.
Бек Жүсіп дер тигір үшбу пиямым,
Исфаһан шаһарынан Бозұғлан келсін.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзні естіп битағат болып Исфаһан
шаһарына қарап жөнеліп берді. Әл-ғарыз, зынданда Баба
Ғұмарды имам қылып намаз оқыдылар. Көңлі бұзылып, біздің
зындандан шығар күніміз бар мекен деп пірлерден медет тілеп,
пайғамбарлардан шафиғ келтіріп, зар-зар жылап Әлу қожа,
Шәріп қожа пірлерін жоқтап бір мінәжат оқыды:
—Баршаны жаратқан Қадір Құдайым,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Кім жақсы, кім жаман өзің білесің,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Көздерімнен ағар лале тынбай жасым,
Жеті жыл дүр болдық ғамдарға һәм дам.
Бихақ құрметі Хазірет Адам,
Хабар алғыл ғаріптердің халінен.
батырлар жыры
Бұ халімді кімге айлайын дафтар,
Ғаріппін зынданда көңлім мукаддар,
Бихақ құрметі Нұх пайғамбар,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Жеті жыл дүр мекенім қараңғы зындан,
Көрінбес көзіме жер бірле аспан.
Әбу Бәкір, Омар, Оспан, Хайдар,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Айрылдым елімнен болдым сәркардан,
Кеше-күндіз болды көңлім гөриян.
Сипаһының пірі дүр Шаһмардан,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Дін шырағы болан, иә, Имам Ағзам,
Мұхаммедке үммет, халыққа мүслім.
Бихақ құрметі Мекке Мұстафам,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Кағбаның сетуны Ханнан, Маннан,
Таурат билән Інжіл, Забур, Құран,
Бихақ құрметі бұл жақсы жаһан,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Бұ бәледен мені айлаңыз халас,
Қызырзәнда билән иә Ғауыс, Ғияс.
Бихақ құрмет Қызыр бірле Ілияс,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Хақ қабыл айламас айласам тәуба,
Алла арысланы, иә, Әли баба,
Зиярат айлар ем жылда бір кағба,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Зындан ішре болып қалдым мұсаххар,
Ғарыш үстінде он екі мың мәлак мұқаррар.
Бихақ құрметі күллі еренлер,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Үргеніш біздің өскен жеріміз,
Баһауаддин бала гардан піріміз.
Бихақ құрметі Сейіт атамыз,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Құдайым салып дүр біздерге кулфат,
Һеш бенде көрмесін мұнда қанша зұлмат.
Хасен, Хұсейін, Мұхаммедке жегербәнд,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Бек Жүсіп дер һеш қалмады нышаным,
Жүрегімде көп дүр дағ арманым,
Әлу Қожа шейх Шәриф ишаным,
Хабар алғыл ғаріптердің халынан.
Әл-ғарыз, бұл мінәжат Құда даргаһында қабыл болды. Баба
Ғұмар Құраннан аят оқып, ұйықтап қалды. Банагаһ зынданның
ішіне бір жарық пайда болды. Жүсіпбек уақыты хош болып қарады.
Зынданның ішіне ғұлғала ұрып, мұхабат ұрып, шілтендерін рух
тары билән пірлердің рухтары құрметі Хазірет Шаһмардан хазір
болып, Жүсіпбектің қолына үш гүл беріп, арқасына пәнжа ұрып,
Әлу қожа, Шәріп қожа желуларында болып жөнеліп берді. Бұ
Шәріпні көріп Баба Ғұмарны оятты. Пірлері кәрамат билән ғайып
болды. Баба Ғұмар:—Мен түсімде хазірет Шаһмардан пірімді
аяғына басымды қойып жатып ердім.
—Сен һошыңда көрген болсаң, мен түсімде көрдім,—
Жүсіпбек айтты.
—Кімдер еді?—Баба Ғұмар сауал сұрады. Жүсіпбек жауап
берді.
—Сахар уақытында жатқанда,
Тұр дегендер кімдер еді?
Тұтып даст даманымнан,
Жүр дегендер кімдер еді?
—Сахар уақытында жатқанда,
Пірлер жылап келділер.
Тұтып даст даманымнан,
Тұрғыл жолға кір деділер.
батырлар жыры
—Пікір дүр үммет қасдына,
Нұрдан қаддахлар бастына.
Олтырған тахытның үстіне,
Таныдың ба кімдер еді?
—Әділеттік таққа мінген,
Қап қаусынға барған.
Рафраф мініп көктен енген,
Хақ Мұстафа ерділер.
—Сахар қасыңа келгендер,
Арқаңа үш пәнжа ұрғандар,
Қолыңа үш гүл бергендер,
Хабар берген кімдер еді?
—Пида болсын жан жаһан,
Еренлер болды мейірбан.
Әбу Бәкір, Омар, Оспан—
Құда сүйген құлдар еді.
—Хақтың мінген дүлдүлі,
Еренлер ішре бұлбұлы,
Зұлфақарлы, қара тонды
Оң жақтағы кімдер еді?
—Құдайымның сүйген досты,
Ғаза қылмақ оның қасты,
Тауды жығар-ды басы,
Шаһмардан шерлер еді.
—Радасы дүр бойында дүр,
Тасбих қалам қойнында дүр,
Жәндасы бар елінде,
Тіллә киген кімдер еді?
—Хақ жолыны сыйлаған,
Уәли ішре сөйлеген,
Дүниені жеті айланған,
Баһауаддин пірлер еді.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
—Залымдар көрген дүнияда,
Мехнаттар тартқан зияда.
Екі қошақ патша зада,
Хабар берген кімдер еді?
—Язидлерден зұлым көрген,
Кербалада шаһид болған,
Фатимаға дағлар болған,
Хасен, Хұсейін гүлдер еді.
—Ғұмар едүр болдым кәбаб,
Бергіл, балам, маған жауап,
Медет берген кімдер еді
Тез күн тұтып мұнан жөнеп?
—Жүсіпбек дер көрдім ғажап,
Үкіре тұр ілім адаб,
Әлу Қожа, шейх Шәріп,
Палуан ата пірлер еді.
Әл-ғарыз, баба Ғұмар:—Көргенің раст екен,—деп,—үш гүл
бергендер үш күннен соң азат болып кетерсің. Ел-халқыңды
көрерсің. Арқаңа үш пәнжа ұрғаны—қайтып келіп Көзалшаһ
тың тахтын алып, мына зынданнан шығарып аларсың. Сахиб
қыран болып мұрадыңа жетерсің.
Жүсіпбектің уақыты қош болып құлдық қылды. Әл-ғарыз,
үш күн арадан өтті. Көзалшаһ Хамза мерсүбке айтты:—Әй,
мерсүб, Жүсіпбек бірле Ахметбектің сүйеклері хак болып кет
ті ме? Хамза мерсүб айтты:—Әй, Көзалшаһ, Жүсіпбек сазанда
һәм сахир дүр екен. Нешік құстар өтсе хабар алмай кетпей дүр.
Сиқыркер ма, иә жәдіугер ме дейді. Дар ғадаб болып жүз бұзушы
мұхасылын беріп:—Баба Ғұмарды қойып, Жүсіпбек билән Ах
метбекті алып келгіл. Лат-Манатқа сәжде қылса, мейірбандық
қылайын дейді. Әгар өз дінінен қайтпаса, Жүсіпбекті мұнарадан
тастап, Ахметбекті дарға асайын дейді. Төрт жүз мұхасылды
көріп, көңлі бұзылып, Баба Ғұмар билән уағдаласып, дүниеден
үміт үзіп, бір ғазал оқығаны бұ дүр:
—Пана қылған Қадір Хақ,
Ажал бізге мұғаллақ дүр.
батырлар жыры
Ажал елге жапам тұты,
Бабам Ғұмар, қош қал емді.
Құда қосқан бас һамраһым,
Һәм дамым пешт панаһым,
Қайтып сізді көрмек жоқ дүр,
Баба Ғұмар, қош қал емді.
Һешкімге жетпес дүр зарым,
Қалмады сабыр-қарарым,
Қолымнан кетті ыхтиярым,
Кағбам Ғұмар қош қал енді.
Жүсіпбек дер есіт, Баба,
Ғұмырым болды бүгін ада,
Ғаріптікте жетті қаза,
Бабам Ғұмар, қош қал енді.
Әл-ғарыз, шунке Жүсіпбектен бұ сөзді естіп, дұшпандарды
көріп, көңлі бұзылып, мойнынан құшақтап, Баба Ғұмар бір
әфсана оқығаны бұ дүр мінәжат қылып:
—Кел, кел жігерім, қанатым жыласалы,
Бүгін меңа ақырзаман болып дүр.
Жүсіп, Ахмет, сенсің менің перзентім,
Бүгін меңа ақырзаман болып дүр.
Шығарып зынданнан сені алсалар,
Шартараптан қанжар салсалар,
Тәнімді мың пара қылсалар,
Бүгін меңа ақырзаман болып дүр.
Жисмым, жаным сеңа пида қылмасам,
Сіздер үшін бұ жанымды бермесем,
Не қасірет дүр сіздерді мен көрмесем,
Бүгін маған ақырзаман болып дүр.
Болды бүгін сізге бойле ғаламат,
Құдайым сақтасын бүгін саламат,
Не мехнат дүр, не кулфат, не зұлмат,
Бүгін маған ақыр заман болып дүр.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Ғұмар айтар сіздің үшін өлсем,
Арман қанатымнан айрылсам,
Қан жылармын сіздерді көрмесем,
Бүгін маған ақырзаман болып дүр.
Әл-ғарыз, Баба Ғұмар билән уәделесіп, һәр нешік тағдырға
тәнін қойып, бәлаға сабыр, қазаға разы болыппыз деп бел
ге арғамшы байлап дұшпандар тартып алды. Жүсіпбек
айтты:—Әй, дұшпандар, бізді неше нема қыладүр? Жал
латтар айтты:—Сені мұнарадан тастап, Ахметбекті дарға
асармыз,—дейді. Жүсіпбек бұ сөзді естіп:—Уа, дариға,
атам, анам, уа қарындасым, уа Күлғасыл, уа Ерғали хан, уа
Әшірбек сардарым, уа қырық жігіт билән қосылып дәурен
сүреалман өттім,—деп, Жүсіпбек Баба Ғұмарға қарап бір
әфсана оқығаны бұ дүр:
—Қиямет дүр бүгін, баба, басыма,
Та көргенше, ұлық шаһым, қош емді.
Зұлым билән жігер бауырым барамын,
Ықпал кенжем нетай бақты қарамын.
Жаллаттар жығылмас текрадашым,
Та көргенше, қошақларым, қош емді.
Мүшкіл болды Ахметбектің жанына,
Бенде дүр мен бара білмейм жаныңа,
Һеш бенде біздердей ғаріп болмасын,
Арман бірле бенде болып қалмасын.
Біздей болса бұ дүнияға келмесін,
Та көргенше, нашар сіңлім, хош емді.
Шаһтан шығып зауық сапа көрмедім,
Хорезмге және қайтып мен бармадым,
Арман болды гүл жүзіні көрмедім,
Та көргенше, сүйер жаным, қош емді.
Өз жанымға өзім қылдым зұлматны,
Арман бірле бағлатыпмын қолымны.
Кімге айтай емді олар халымны,
Та көргенше, Әшірбегім, қош емді.
Мені елтіп тастар ермыш мұнара,
Ахметбекті асар ермыш дара.
батырлар жыры
Бек Жүсіп дер бағуырым болды мың пара,
Ахмет та көргенше, Бабам, қош емді.
Әл-ғарыз, жаллаттар алып жөнеліп берді. Жүсіпбекті
мұнарадан, Ахметбекті дарға асар ермыш. Ауаза болды.
Кәпірлердің аял уа еркек бір-біріге тығылып, бағзылар мүбтала
болды. Сиясат билән Көзалшаһның қасыға алып келді. Көзалшаһ
көрген соң:—Бұл жақсы жігітлер екен,—дейді,—Әй, Жүсіп,
дініңді біздің дінге қиғыл. Лат-Манатқа сәжде қылғыл. Сахиб
хүкімет беклер бегі амал берермін.
Жүсіпбек Көзалшаһқа қарап бір сөз дейді:
—Жолым түсті қызылбастың еліне,
Не дерсін біз түсінмей дүрміз тіліңе.
Меңа өзің шошқа табанлы,
Малдарың бар біздің малға банзалмыш,
Бұрынларың қолың ұзын қабанлы,
Беклерің бар біздің құлға банзалмыш.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп, Көзалшаһ дүр ғадаб
болып айтты:—Әй, мойны жуан өзбек, әл-хал бойны жуанлық
қыларсың. Бізнің һәр сөзімізге сиксат берерсің. Жүсіпбек
айтты:—Жеті жыл бенде болып, мойным жіңішкеліп дүр.
Қазір уақытым болса ерді. Мұрынды кесіп, өзіңе жедірер едім.
Көзалшаһ айтты:—Әй, Жүсіпбек, не шақлы халық бар. Мырза
Мәмет бенде қылып екеуіңді,—дейді,—Даурығ лап қыларсың.
Қолыңдан һеш іс келмес,—дейді. Жүсіпбек Көзалшаһқа қарап
бір сөз дейді:
—Нәсіп болса Мешел шаһы,
Келермін ләшкерім тартып.
Отыз алпыс тау жөнетіп,
Жеті мың топты саратып,
Шекерде Жақып шырағы,
Янғин қылмаға шырағы,
Арамызда жеті тағы,
Мен өтмесем жорлатып,
Шашкаша арыз етерлер,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Бесін ислам қайтарлар.
Һәр көшінде топ атарлар,
Тәж-тахтың күмбірлетіп,
Тырналардан барды хаты,
Сенден алмаққа дәулеті,
Ләшкерімнің сиясаты.
Шаһар тахтыңды қамарлатып,
Қазынаны артарлар,
Елтіп Хорезм сатырлар,
Сырнай-керней тартарлар.
Елі, халқың сайыллатып,
Сенің өзіні тырназы,
Неках оқып берер қазы,
Қолдарында діллә сазы.
Өзінің жанымда тұрарлатып,
Шаһ бенде айладың мені,
Өсиетім естіп қані,
Қырық жігітім келіп сені,
Алар кетер қолатып.
Жеті жыл салдың жапаға,
Жетістім зауық-сапаға,
Қызларың гүл мағафаға,
Болған дүр қойнымда жатып.
Бек Жүсіп раст айтар,
Андан түсмей қайтар,
Дауғ ұрғыларың сатыр,
Канде кенжелерін жылатып.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп бұл шайыр екен, Көкше
шайырны алып келгіл қырық қашар діллә берермін. Бас-аяқ
сарпай берермін. Көкше шайырны жүз елік шәкірті билән алып
келділер. Көзалшаһ айтты:
—Қазынадағы діллә дутарны Жүсіпбекке бергіл. Жүсіпбек
айтты:—Сенің дутарың менің қолымға мүнәсіп ермыш. Зын
данда Баба Ғұмардың қасында өз дутарым бар,—дейді. Жаса
уылдар алып келділер. Дутарны Көкшеге алғыл дейді. «Алар
мын»,—дейді Көкше. Сол сұрады. Жүсіпбек айтты, рұқсат
қылды.
батырлар жыры
—Соғыс болса, майдан жолын ашарлар,
Қылыштан қызыл қанлар шашарлар.
Бір дұшмандан жүз өзбек қашарлар,
Шаһ үстіңе төнгенде көрсетмесе,
Жігітлерім аждаһардай көзғалып,
Сардарларым ғазат қылмақ талиб.
Өзбеклерім шартараптан ат салып,
Сүріп тахтың алғанда көрсетмесе,
Басың кетер сенің шашың кәбі,
Башанға тігер шөллерін жұпы,
Көрмедінмі жатқан он төрт күзетіп,
Бүклеп салып атқанда көрсетмесе,
Сенден көшкен көрсет күшні,
Һай-һай салып қырғанда көрсетмесе.
Ай-а, өзбек, нәзік белің бүгілсін,
Истиханын ақ сақал алып төгілсін,
Тоғыз керней, отыз сырнай жеңкіллесін,
Түлкі, шағал жегенде көрсетмесе.
Меңа тікті еренлердің назары,
Азары бар һәркез жоқ дүр базары,
Чаһаршанбе күн қызар Үргеніш базары,
Сүріп, елтіп сатқанда көрсетмесе.
Ай-а, өзбек, құтылмағың күмән дүр,
Қадалып жетсем сеңа ақыр заман дүр.
Тауларның үсті қарлы тұман дүр,
Ара жолда қырғанда көрсетмесе.
Нәсіп болса дүлдүл бедеу мінелі,
Үргеніш барып және қайтып келелі.
Он бармағы бұғын-бұғын һөнерлі,
Қызларыңны алғанда көрсетмесе.
Ай-а, өзбек, шақламайсың халыны,
Уақытың қош дүр бос болып қолыны.
Текрадашын алып сағ саулаулы,
Қара күндер салғанда көрсетпесе.
Көзалшаһтың екі көзін ойдырып,
Сәркардасын тұтып қандар жылатып,
Мың күшіңе кетті топтар шаратып,
Ерғали хан келгенде көрсетпесе.
Ай-а, өзбек, һеш іс келмес қолыңнан,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Мырза Мәмет бағлап келді еліңнен,
Аждаһардай һәр бір сөзің тіліңнен,
Өзбек олжа болғанда көрсетпесе.
Ай-а, өзбек, шығалмассың қалғадан,
Өзбектері қайтып келсе ділләдан.
Ордағы неках қылар қорлықтан,
Сипаһына бергенде көрсетпесе.
Ай-а, өзбек, жетерсің сен еліңе,
Өлім шәрбаты тиген дүр лебіңе.
Түлкі шағал жылар сенің халыңа,
Бөлек-бөлек қырғанда көрсетпесе.
Бек Жүсіп дер аттан түспей келмесем,
Халықтарын бірін-бірін алмасам,
Өзім кірген шаһқа Шахты салмасам,
Намым өзбек келгенде көрсетпесе.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ айтты:—Мұның қайсысы бәланд кел
ді. Сәркардасы айтты: Көкше хош сайыр бәланд етер,—дейді.
Қатындай қызып айтадүр. Мәрд сайыр Жүсіпбек екен. Бір сөзден
қайтып болмай дүр. Хош қылып һеш сөз айтпай дүр,—дейді.
Хош от қылып Көкше шайырны жалаңаш қылып, бойынан
жетпіс бір таяқ ұрып қуалап жіберді. Көкшенің діллә жығасын
жоқ қылып, Жүсіпбекке берділер. Қырық қашар діллә берді.
Бас-аяқ сарпай, екі ат, екі қылыш берділер. Көзалшаһ айтты:
—Әй, Жүсіпбек, өз жұртыңа барған соң біздің жұртқа келме
гіл. Ықтияр қыла көрмегіл. Һәр уақыт тарлық тартарсың. Бір
қызметкер жібергіл, діллә жіберермін. Зинһар қайтып келе
көрмегіл,—дейді. Жүсіпбек Көзалшаһқа қарап уақыты хош бо
лып бір сөз дейді.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп:—Әй, мойны жуан
өзбек, мұнша лап ұрма. Мырза Мәмет бенде қылып келтірген
дүр. Не шақлы халың бар дүр. Жұртың Үргеніш пе, бұ лаплар
ды маған айтпа. Ғарық маст өзбексің,—дейді. Жүсіпбек тоқсан
екі баулы өзбектің бекістан қарындастарын баян қылып бір
ғазал оқығаны бұ дүр:
—Әндіжан бірле Маргиланнан,
Қырық мың елді қырқан келер.
Бір-біріне аһд бағлы,
батырлар жыры
Жанды жанға тапсырып,
Бір қан келер ел ғап жегіп.
Ұзақтан бізді тілеп жарақтан,
Шерден нәрі қызақтан,
Ғазатқа өзін шақтаған,
Майданға атын бағлаған,
Біздерді жетпей жоқтаған,
Ағайыны туған келер.
Ләшкер келер тұманлар,
Қасқыр ақыр зауандан,
Кернейлетіп Исфаһаннан,
Бозұғлан тағам келер.
Сағ соалың ләшкер алар,
Жұтларың ортада қалар,
Бірлік үйлік салар,
Сайланып қалмай келер,
Балах шаһарына барар хабар,
Шашар халқы қылар сапар.
Таулар Зер уа Зебер,
Отыз бірлік оған келер.
Нама барса, келер өзбек,
Шірік түсер Куһастаны,
Хабар жетіп Түркістаны,
Намым кетіп Һиндустаны,
Піріміз дүр Шаһмардан,
Һаммат берсе Шерияздан,
Баһауаддин бала гардан,
Бек Жүсіп дер қысламға,
Бенде қылып исламға,
Өліклерің шашлаған
Әшірбектей арыстан келер.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп қапа болып, азар
қылғанға пүшайман болып қалды. Мырза Мәмет құл естіп,
тоғыз қашар діллә жүктеп, жай нам келсем сеңа ұят болармын
деп жүрді. Алдыға шығып тағзым қылып сәлем берді. Ахметбек
танып:—Сол құл бізлерді алдап бенде қылған,—деп оны-мұны
дегенше бір шапты. Басы жада болды. Дұшпандар бас басыға
болды. Көзалшаһқа хабар болды. Көзалшаһ айтты:—Бек мүшкіл
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
болды. Ахметбек, Жүсіпбек шаһардан шықпай тұрып қырып
жатып дүр. Көзалшаһ зынданнан шығарғанға пүшайман болып
қалды. Жүсіпбек, Ахметбек қашарларды Машалдан шығарып,
Үргенішке жөнеліп берді. Неше мүддет жол жүріп, қызылбастың
ауыл елінің үстіне барды. Бір бұлақтан бір келіншек, бір қыз
кездесіп, суға толтырып барар ерді. Жүсіпбек айтты:—Ахмет
бек, сен тұғры болған келіншек қасыға бар, бұлар билән хошлық
қылып өтелік. Қыз Жүсіпбекті көріп, бетін ұстап, ләб кенесін
тістеп тұрды. Жүсіпбек айтты:—Біздер адасып жүрерміз.
Қыздан қарап бір сөз сұрады. Қыз жауап берді бұ дүр:
—Су бойында тұрған гөзал,
Сеңа айтай бір ғазал,
Келдім сеңа мен сөз сұрай,
Біздің жолдар қандай болар?
—Танымаймын нешік жансың,
Білмейм жайың қандай болар.
Бәлки сен намахрамсың,
Білмейм жолың қандай болар.
—Жетіп келіп мен үстіңе,
Шауып келермін қасыңа.
Құрбаным қой басыңа,
Біздің елдер қандай болар?
—Қайдан келерсің мұнда сен,
Хош меңа болдың бендесің.
Атаның базар кезіндесің,
Білмен дінің қандай болар.
—Қызылбасқа болып бенде,
Құлдарына салды күнде.
Азат болып келдім мұнда,
Біздің гүлдер қандай болар?
—Қойың емді сізлері мені,
Бірге келген теңім қане.
Көрсе, атам ұрар сені,
Білмейм келдің қандай болар.
—Өзгелер меңа шаһал дүр,
Тасың ғани махал дүр,
Жарым аты Күлғасыл дүр,
Біздің жарлар қандай болар?
батырлар жыры
—Бүгін мұрадым табармын,
Басқан ізіңді өбермін,
Мен ғайыл мешт пірмін,
Білмейм жарың қандай болар.
—Хасан уа жамалың құрметі,
Асылың қызылбас үмметі.
Жүсіпбек дер білің мені,
Біздің жайлар қандай болар?
—Мінгендерім көшек ағла,
Көзім қара, хұсным рағна,
Сұрасың атым—Зұхра,
Білмейм жайың қандай болар.
Әл-ғарыз, бұлардан сөзді естіп келіншек:—Мен Хошрауи
мын,—дейді. Қарай-қарай барар ерді. Тасқа аяғы сүрінді. Есі
кетіп күзесі сынды. Көтеріп қарап тұрды. Ахметбектен хабары
жоқ ерді. Ахметбек айтты:—Сіздің шаһраңыз қыздан жақсы
дүр. Келіншектің уақыты хош болып андағ болса рас па, тұрам
деп, тағзым қылып қарап, Ахметбек сауал сұрады. Келіншек
жауап бермек үшін бір сөз дейді:
—Күзесін сындырған келіншек,
Хабар бергіл елдеріңнен.
Нәзік кәне су бергіл ішелі,
Бір ішелі қолдарыңнан.
—Ғазал бірне жігіттерден,
Айланай бойларыңнан,
Сол кісіден жол сұрап,
Баһра алай тілдеріңнен.
—Сенбісің келіншек хұбы,
Садақа сенен қыздың хұбы.
Білмейм кімнің махбұбы,
Сөзле шырын тілдеріңнен.
—Һәзал қылма біздің біле,
Сен барарсың алыс жолға.
Жарым сенен болар ұлы,
Сен кешкіл бұ халдарыңнан.
—Емді сенен һеш дүрманым,
Атымнан жерге қонбадым.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Хабасым сүйейін қанбайым,
Сүйіп кетей леблеріңнен.
—Сауытлар мен келгіл бері,
Һәзал қылма кетпе нәрі.
Тұрам сеңа бұлай хоры,
Қайнап ішсем балдарыңнан.
Һәр қыздан хұсның ғалиб,
Мен болыппын саған талиб.
Атның саурына салып,
Ішсем тау, шөлдеріңнен.
Мені көрсең хор андырмын,
Әлишек өзін жарың тұрмын.
Кеше-күндіз жарың дүрмін,
Сөзле шырын тілдеріңнен.
Қыздың қасында Жүсіпбек,
Мен қылдым аңа тахсин.
Ахметбекке сен мүнәсіп,
Дана-дана қалдарыңнан,
Айне хал дер тұт қолымнан,
Кір бағыма өз гүлімнен,
Қос білімден, ши тілімнен,
Мекер келсе қолдарыңнан.
Әл-ғарыз, Ахметбек бұ сөздерді айтты:—Біздерден бұ бадағат
істерді талап қылма,—деп жөнеліп берді. Келіншек дағ болып
қалды. Жүсіп айтты:—Әй, қыз, мен сеңа қошлық қылып сөзлер
едім. Менің Күлғасыл деген жарым бар дүр. Жарымның шоры
қатарында жоқсың,—деп жөнеліп берді. Айна қыз айтты:—
Қамшының сабы шашбауыма тисе, шоры қатарында көрсең бо
лар,—деп арқасынан жүгіре берді. Екі сайдан асты. Шоршып
қалды. Күлғасыл айымды жад қылып: «Әлбетте, саған қарыз
қиямет» деп бір сөз дейді:
—Жүсіпбегім, менен сәлем Күлғасыл айыма,
Ғұнша тіслі, қалам қаслы,
Халқы хұбы мүлайымға,
Сәлем дидармыз қанлы бастан,
Азат болдым қызылбастан.
Және сәлем қайта бастан,
батырлар жыры
Жәду көз, хұсни маһыма.
Әуелде дашт боларсың,
Ақырда сүбсат боларсың,
Әгар сұрасаң, маст боларсың,
Лебің тисе тамағыма.
Мен гүліңмін, сен бұлбұлым,
Алыстап қалды мазалым,
Келіп кіргіл шарбағыма.
Бізге бұра білмедің мекер,
Әгар көзіңе ілмедің,
Шоршып қалдым сенен,
Кірмедің құшағыма.
Зұхра келді және-және,
Қалдарым бар дана-дана,
Хауа ашына бұл шабына,
Бар тапсырдым Құдайыма.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен сөз есітің. Қызылбастың жұртынан
шығып, бәдир сулардан, бәланд таулардан асып, он күндік жол
жүріп, Күлхадиша баршасы жадыға түсіп, фәлактан шикаят
қылып бір мұхаммас оқыды бұ дүр:
—Жеті жыл дүр айыра түстім
ділбарлар бар мекен,
Тигере достым, ақриба, қарындастар бар мекен.
Бізді жоқтаған қарындастар
сахиб аза бар мекен,
Пәруана айлаған ата-аналар бар мекен,
Жар-жорам һәм Әшірбек
қырық жігіттер бар мекен.
Мағрифат майданды дәйім гүлстан айлаған,
Хақ жолына зар тынбайын һәм
зікір сұбхан айлаған,
Қары қыран болып хош хан қыран айлаған,
Хақ жолына зар жылап көз жасын қан айлаған,
Елі дауыс сайыпқыран дұғалар бар мекен.
Жеті жыл зынданда қалдым, Ахмет,
мен нелайын,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Сегіз жыл фирқат һижарында қалдым,
Ахмет, нелайын.
Қасірет арманда қалдым, Ахмет, нелайын,
Сегіз жыл дегенде келдім, Ахмет, нелайын,
Өнген, өскен ұлық, иә, Хорезми
жоралар бар мекен?
Білмәнім жігіттерім, Әшірбек сардарым,
Біздің үшін зар жылап ана ынтызар,
Өлмей тірік тауып көрмек болар ма әгар,
Тағатым жоқ һәммелерін көрмегенше бір қарар,
Мен барып та көргенше сабыр-қарар бар мекен?
Бек Жүсіп дер нелайын арманда бүгін,
Көрмегенше һижарында қалдым мен бүгін,
Ғанделептік және налында қалдым бүгін,
Қайта бастап зұлмат зынданда қалдым бүгін,
Күлхадиша, Күлғасыл залф сияһ бар мекен?
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді естіп, Ахметбектің көңлі
бұзылып, жылап жөнеліп берді. Әл-ғарыз, Үргеніш жұртына
жақындасып келділер. Бес мың кісі көкбары шауып жатып дүр.
Бұларды көріп асқар таудың кісілері тұрар. Сұлтанның тойға
пісте жаңғақ алып келе жатып дүр дейділер. Әлқисса, Жүсіпбек,
Ахметбекті танымадылар. Басына көк пұта байлап, бір жігіт
атын шауып алдыға шығып тағзым қылды. Сәлем берді. Жауап
алып сәлемін алып, Жүсіпбек айтты:—Әй, қарындасым, бұ кәтта
кімдікі той?—дейді. Ол жігіт айтты:—Жылап менен сұрамаң.
Мен айтмаймын,—дейді,—мұныңдағы менде көп. Жүсіпбек
айтты:—Айтқыл. Ол жігіт айтты:—Менің атым—Опабек.
Жүсіпбек, Ахметбек деген екі бекзадамыз бар ерді. Жеті жыл
дүр қызылбасқа бенде болып кетті. Емді бұл жұртқа ауаза бо
лып дүр. «Жүсіпбекті мұнарадан тастап, Ахметбекті дарға асып
дүрлар» деп Жүсіпбектің атасы өлді. Ахметбектің атасы, ана
сы ұғлыны көрмей жылап өлді. Жүсіпбектің Күлғасыл айым,
Ахметбектің қызы Саламат Ахметбектің өзі өлді деп аза тұтып,
көк пұта байлап жүрермін. Жүсіпбектің ілгері қарындасы ер
дім, қырық жігіттің бірі ердім. Арман билә беклерімнен айрыл
дым деп жылай берді.
батырлар жыры
Жүсіпбек, Ахметбек бұ сөзді естіп тап тағаты қалмай жарды
жоқтап біздерді алып барғыл деп бір сөз дейді:
—Базарканмен келдім таулардан аса,
Арыз халым есіт емді, сұлтаным.
Жарымды тойды қылай тамаша,
Жүр біздерді ерткіл тойға, құрдасым.
Сөйле болды менің тағдыр азалым,
Танырмекен мені көрсе гөзалым.
Жүр біздерді ерткіл тойға, құрдасым.
Сені көріп дәрдім болды зияда,
Не жүз бірле кезермін дүнияда.
Жарым билән жете алмадым мұрада,
Жүр біздерді ерткіл тойға, қарындасым.
Қайта бастан қалдым бүгін бір датте,
Кеше тағат қылмадым сол аһисарда.
Емді мені тұрманым жоқ бұ жерде,
Жүр біздерді елткіл тойға, қарындасым.
Ахметбек дер көре алмадым бойыны,
Жүр біздерді елткіл тойға, қарындасым.
Әл-ғарыз, Ахметбектен бұ сөзді естіп, аттан түсіп өзінің көзін
сүртіп болғандарды жад қылып, көзін сүртіп Жүсіпбек билен
Ахметбекті бенде болғандарды арыз аян қылып, күйекі дастан
қылып, Опабек бір ғазал оқығаны бұ дүр:
Бенде болып бес тауды илән айрылған,
Сол тоты құс алғаны бәнз алмас,
Арманы көп шахидан айрылған,
Тін ашылған гүлстаны бәнз алмас.
Көңлімнің мақсұды, азары, арманы,
Жүрегім қуаты, дердім дәрмені,
Хорезми әділеттік сұлтаны,
Бенде болған сол және банзарсыз.
Иә бір күндер түсті менің басыма,
Егем рахым айлағай көз жасыма.
Сол кешесі кіріп ерді түсіме,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Қан жылатқан сол сұлтаны банзарсыз.
Жаным алды жас төгілген көздерім,
Көздеріме дәру басқан іздерсіз.
Құлағыма жағар һәр сөздерің,
Жүсіпбек билән Ахмет ханға банзарсыз.
Көре алмадым һәркез дүние зауықты,
Жарым көрген қайғылы жайға жетістім.
Һешбір адам бұ дүнияға тояр ма,
Жар һижрандан екі көзін ояр ма,
Мен өлмей тірік жарым күйер ме,
Қандар жылап тұрған жайға жетістім.
Қарағымды кеше-күндіз жад етіп,
Рақиблар шад етіп жыласып,
Мағафасынан жарын көкке боянып,
Жарым жапа жеткен жайға жетістім.
Бек Жүсіп дер күйіп һижран отына,
Һешкім жетпес менің қылған дадыма.
Менің үшін мініп ажал атына,
Жаназамды қылған жайға жетістім.
Әл-ғарыз, Жүсіпбекті Күлғасыл айым білмеді, тіріліктен
хабары жоқ. Жүсіпбек Ахметбекке қарап фәлактан шикаят
қылып бір ғазал оқыды.
—Білермісің, Ахмет ханым,
Ақырзаман күн дүр бүгін.
Һешкім көрмес бұ дәуренім,
Ақырзаман күн дүр бүгін.
Жарым келер аза тұтып,
Біздер үшін жүзін жыртып.
Дұшпандарым қандар жұтып,
Тараны шор күн дүр бүгін.
Жоқтар мекен жарың сенің,
Һижар отына күйді сенім,
Пәрауаз етіп рухым менің,
Қауіп-қатер күн дүр бүгін.
батырлар жыры
Дердім болды бүгін бітер,
Һәр кімседен дәурен өтер.
Көргенше көп қауіп-қатер,
Қауіп қиял күн дүр бүгін.
Аза тұтып шер дұшман,
Кәнизалар көп әнжемен,
Бек Жүсіп дер жарым билән
Жыласар күн дүр бүгін.
Әл-ғарыз, Күлғасыл айым Жүсіпбек сөзін естіп тап тағаты
қалмады. Қыздар қарап Жүсіпбек деп бір әфсана оқыды:
—Өлмесін өлмесін,
Рақиблар һәркез қалмасын.
Һәр бір жерден қараңдар,
Біздің Жүсіпбек болмасын.
Бірге келген жананлар,
Біздің билән һәм ханалар,
Барып көрің дүкәнлар,
Біздің Жүсіпбек болмасын.
Жыламақ дүр менің ісім,
Көзден ағып қанды жасым,
Құда қосқан бас жолдасым,
Біздің Жүсіпбек болмасын.
Ауазы жылап өзіме,
Шаһзадамыз дүр ғарызыма,
Асиғ көрінер көзіме,
Біздің Жүсіпбек болмасын.
Күлғасыл дер күйді жаным,
Есітіңлер, жараным,
Мұрадым екі жаһаным.
Әл-ғарыз,
Күлғасыл
айым
кәнизактарды
бұйырды,
жүгіріп Жүсіпбекті алдына шығып қадір даналарды көріп
бір сөз дейді.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
—Жәду көз, қырмызы леблері,
Келің, жанлар, көріселі.
Көрдім ғажап білері,
Мен Бозұғлан ұланы,
Келің, жанлар, көріселі.
Көрдім ғажап махбұблары,
Күлғасылдың мұнислары,
Келің, жанлар, көріселі.
Шырағым, көрмей сізлерді,
Таныр мекен бізлерді.
Біздің жардың канизалары,
Келің, жанлар, көріселі.
Той тойлаған қыз-келіндер,
Пірі шаһра, залфы хасанлар,
Мин нұр назнинлар,
Келің, жанлар, көріселі.
Есітіңлер фариядымды,
Құда бергей мұрадымды.
Бек Жүсіп дер атымды,
Келің, жанлар, көріселі.
Әл-ғарыз,
кәнизаклар
Жүсіпбек
билән
Ахметбекті
үзеңгісіне көздерін сүртіп, Күлғасылдың қасына алып кел
ділер. Күлғасылдың көзі көр болып, Жүсіпбектің һижарында
жылап ерді. Мағафадан шықпады. Жүсіпбек мағафаға қарап,
бір сөз дейді. Күлғасыл жауап берді.
—Сенсің менің опадарым,
Келің, айым, көріселі.
Жеті жыл болды зындандамын,
Аттан түсің, көріселі.
Қияметтік хорынмен,
Аттан түсің, көріселі.
Қызыл гүлдерің сағатты,
Байға харидар таптың ба,
Білмей біздің ұмыттың ба,
Келің, айым, көріселі.
Жеті жыл дүр қан жыладым,
Бауырымды отқа дағладым.
батырлар жыры
Мақсұтқа жетер ұқсадым,
Аттан түсіп көріселі.
Дұшманға түсіп бәнда,
Жеті жыл болдым зынданда.
Мұнда келдім сол заманда,
Келің, айым, көріселі.
Ерғали қатты аламат,
Басыма түсті қиямат
Дұшман қылар мәламат,
Аттан түсің, көріселі.
Шықпасам зындан астынан,
Құтылып дұшман дастынан,
Уағда сол дүр ат үстінен,
Келің, айым, көріселі.
Келің асылдың кәнізі,
Жүзіңе ынтызар олды,
Екі көзім ғабар олды,
Аттан түсің көріселі.
Әл-ғарыз, мағафадан Күлғасыл айым шығып, Жүсіпбектің
қасына келді. Жүсіп бәрін бұ халде көріп, бейһүш болып Ах
метбек һәм жарды жоқтап бір әфсана оқығаны бұ дүр:
—Мен келдім Машал шаһарынан,
Қандай болар жарым менің.
Қан жылар ем жар һажарынан,
Жетпес аһ зарым менің.
Бұлбұл кәбі наладамын,
Дағ қасіретте армандамын.
Әзалдан күйген бендемын,
Кетті намыс ғарым менің.
Фәлак пәст жеті иқбалым,
Тараж олды мүлік, малым.
Айрылу дүр менің ісім,
Құда болды жарым менің.
Жарымға жетпес налашым,
Жыламақ дүр менің ісім.
Ахметбек жылар аһ ұрып,
Сынды қанатым қайрылып.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Қасіретте қалдым айрылып,
Келің, Хадиша, жарым менің.
Әл-ғарыз, Ахметбек һәм бейһүш болып аттан жығылып
қалды. Емді Қарлығаш айым һәм тойға келер ерді. Банагаһ үш
адам бейһүш жатар. Бірі Күлғасыл және бірінің жүзін ашып
көрсе, Жүсіпбектің оң қабағында нахұттай қалы бар ерді. Басы
нан айланып берді. Лағыл хан айымның көзі көр болып жатыр.
Қарлығаш жазып ғазал оқығаны бұ дүр:
—Наз қылғыл бір Құдаға,
Ғарыз арманың келді,
Бенде болып Машал кеткен,
Қатерлі керуенің келді.
Жүзлері жанат гүлшаны,
Хасте жаның жошыны,
Екі көзіңнің раушаны,
Бұ чешманың жайың келді.
Жеті жылдар шаһта жатқан,
Көзде жасыңды еткен.
Жақып кәбі қан жылатқан,
Жүсіп кағбаң келді.
Құдайым болды мейірбан,
Жарылқады Ізім сұбхан.
Жеті жыл болдың арман,
Дәрдіңе дәрменің келді.
Анажан, кетер каһашың,
Бейһүште төкпе көз жасың,
Қарлығаш дер көтер басың,
Жүсіпбек билән Ахмет келді.
Әл-ғарыз, Лағылхан айым әйелмен жылай берді. Сол хал
де Әшірбек сардар һәм көзі көр болып, дұшпанға қор болып,
топырақ жастанып жатып атырды. Лағыл хан аһ тартып бір сөз
дейді мінәжат.
—Ізін көзіме зар олдым,
Танырмысың, балам, мені.
Жолыңда ынтызар олдым,
батырлар жыры
Табармын ба, балам, сені.
Қасіретте қалдым аһ ұрып,
Көзім һәр кімге телміріп,
Көрсем жаһанды ақтарып,
Табармын ба, балам, сені.
Бұлбұлдай налан айласам,
Мансұрдай дарда ойнасам,
Жер жастай жыласам,
Табармын ба, балам, сені.
Тірік айласам масуаны,
Дәрдім қабылсам дәріні,
Ақтарсам үшбу дүнияны,
Көрермін бе, балам, сені.
Лағылхан дер қапсам дәрдіні,
Ақтарып көрсем үшбу дүнияны.
Аһ ұрып махшарды бозым,
Табармын ба, балам, сені.
Әл-ғарыз, Лағылхан айымның бұ налашын естіп Әшірбек
сардар келіп барып көрерміз деп ерді. Қарлығаш бұларды же
телеп жөнеп, Жүсіпбек һошиар болып олтырып ерді. Жүсіпбек
бұларды көріп бір сөз дейді бұ дүр:
—Бауырым болды пара-пара,
Қасірет билән кеше залым айрылу,
Шектім дәрд фарағ,
Жүрегіме түсіп дерт қандар,
Жер қатты, асманы жұрағат,
Залым айрылу табалмас жолыны,
Аңламас сағ-сауалны,
Көріп жеталмас халыны,
Залым айрылу.
Бек Жүсіп жылар сол заманды,
Айрылу залым жүрсе табалмас жолыны,
Айрылысу өлімнен жаман,
Залым айрылу.
Әл-ғарыз, Лағылхан Айым Жүсіпбекті ауазын естіп уақыты
хош болып бір әбият оқығандары:
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
—Жеті жыл дүр айра түскен,
Дәрдіме дәрменімбісің,
Дәрд мехнат сатышқан,
Қатерлі керуенбісің?
Шықты бақытымның ахтары,
Жазылды шаһтық дәптері,
Елі-халқымның сәруары,
Рүстем дастанымбысың?
Жүсіп шамсым талғатым,
Мұрадым белде қуатым,
Басымда тәжім, дәулетім,
Зинат дәуренімбісің?
Һажарында көрдім налашын,
Ақыр көрдім кісиясы,
Тәнде жаным асиясы,
Жанат рауанымбысың?
Ұғлыны тапты Лағылхан,
Майсар айлады рахман,
Көңлімде қалмады арман,
Жүсіп, Ахмет жанымбысың?!
Әл-ғарыз, Жүсіпбек анасына зынданда жеті жыл жатып, хар
зар болып ақыр шілтендерден башарат тауып, азат болғандарын
баян қылып бір ғазал оқығаны:
—Арызым есіт, кағбам анам,
Менмендіктен зауал таптым.
Бенде болып қандар жылап,
Бұ кемдіктен камал таптым.
Арманы билән бенде болып,
Айрылысу дәрдін салып,
Жеті жылдар шаһта қалып,
Бұ жаныма ашыр таптым.
Қолым бағлы түсіп бәнда,
Шаһ ішінде жатып занда.
Аяғыма түсіп күнда,
Жүз мың зарар таптым сонда.
Жүз бәлеге ұшыратып,
Нәсімдей қанға боялдым,
батырлар жыры
Дұшпан сөзіне инандым,
Ниһаятсыз мадар таптым.
Ұшырадым накаһ залымға,
Һәркім жылар ахуалыма.
Егем рахым әйлап халыма,
Еренлерден назар таптым.
Бек Жүсіп дер түсіп занда,
Жеті жылда келдім мұнда.
Шілтендерден шаһ ішінде
Қайта бастан камал таптым.
Әл-ғарыз, Лағылхан айым басына түскен күндерін айтып бір
ғазал оқыды:
—Ел ішінде ғаріп болды,
Балам, сенен айрылғалы.
Хазан болды бақ гүлшанда,
Көздерімнен кетті раушан.
Дұшпандар маған болды жапа,
Балам, сенен айрылғалы.
Қалмады һәркез мадарым,
Сенсің мені қамқорым.
Қолымнан кетті ықтиярым,
Балам, сенен айрылғалы.
Дұшпан да бізге қылды қасд,
Бәланд тауларым пәст болды,
Көрер көзім көрмес болды,
Балам, сенен айрылғалы.
Лағылхан айым дер болдым харап,
Ерендерін қылсам тауап.
Күйіп бауырым болды кебап,
Балам, сенен айрылғалы.
Әл-ғарыз, Жүсіпбекке Баба Ғұмар хазірет Шаһмарданның
дүлдүлдерінің ізін топырақтан беріп тұрып ерді. Жадыға түсіп
кісесінен шығарып берді. Лағылхан зиярат қылды. Әшірбек
һәм Күлғасыл һәм зиярат қылды. Көздері ашылды. Мұрадына
жетті. Ахметбек жарын ойлап бір мұхаммас оқыды:
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
—Жеті жылдар шаһ ішінде зар
қайран болмасым,
Күйігі бір тау едім жер бірле жексен болмасым.
Сұм фәлактың зұлымдан мен дейді
гөриян болмасым,
Әула жастық шақта зынданда болмасым,
Сол себептен нелайын мен хана ойран болмасым.
Үшбу саудалар билән мәтім қылды фәлак,
Хасте жанымды жүз мың жапа қылды фәлак.
Қасірет арман билән жүз мың
жапа қылды фәлак,
Ел ішінде нелайын сахиб аза қылды фәлак,
Мен ке бақыты қарамын хана ойран болмасым.
Айрылып мен ділбардан ғаріп мажра,
Тиғ һажран салды көксіме мажра,
Сол себептен нелайын мен хана ойран болмасым.
Әула шунке анадан тумағаймын кешегі,
Үшбу қасіреттен жиһаны келмегемін кешегі,
Бұл қиямет күндерін көрмегей едім кешегі,
Өртеніп һажран отына күймегеймін кешегі,
Менің бір бақыты қарамын хана
ойран болмасым.
Ахмет дер нелайын мен мүбтала болдым бүгін,
Ділбарымнан айрылып сахиб аза болдым бүгін,
Ақыл хошым ықтиярымнан жада болдым бүгін,
Үшбу дүниеде ғаріп бенде болдым бүгін,
Сол себептен нелайын хана ойран болмасым.
Әл-ғарыз, Әшірбек сардар Ахметбекке айтты:—Әй, төрем,
жүргіл, Нәдірбектің тойына баралық,—деп жөнеліп берді.
Нәдірбек тойын тарқатып Күлхадишаға қазы хұтба оқыды.
Күлхадиша өкіл бермеді. «Та тірікмен қабыл қылмаспын»,—
дейді. Қыз-келіндер ортаға алып «өкілді бергіл» дейді. «Ах
метбек өлген болса, өлік арыстаннан тірік тышқан жақсы»
дейді. Уа Күлхадиша қабыл қылмады, қыздар азар бер
ді.—Сенің бақытың ашылмас, өліктен ашыналық талап
қылмағыл,—дейді. Күлхадиша бір дадайын жүзін ашып бір
әфсана оқыды:
батырлар жыры
—Әй, жарандар, мажарам тұтып жылар ем,
Арман билән мен төремнен айрылдым.
Бұ жанымды һажар отына дағлар ем,
Рахым етуші қамқорымнан айрылдым.
Емді менің шырын жаным керекмес,
Көңіл шады бүгін маған жарамас.
Ахметбек ханнан басқа керекмес,
Жүрек жағы медетімнен айрылдым.
Бұ жүргеннен ажал жетсе ризамын,
Жұрт егесі қамқорымнан айрылдым.
Сегіз жыл дүр шектім дерт һажранлар,
Жас орнына ағар көзімнен қандар.
Қарағымнан ада болдым жарандар,
Мен нелайын, Ахметбектен айрылдым.
Гүлхадиша қан жылар дад айтып,
Ләледейін жақсыны шәк етіп.
Та өлгенше Ахмет ханды жад етіп,
Арман билән мен төремнен айрылдым.
Әл-ғарыз, Гүлхадишаның налашын Құдай Тағала қабыл
қылды. Әшірбек сардар жетіп келді. Тойханаларды үстіне даф
қылып, жеті адамды шауып, катафты түсірді. Халықтар тұс-
тұсқа қашып кетті. Әшірбек сардар Нәдірбектің, Әлу қожаның
насихаттары жадыға түсіп, бұларды қоя берділер. Гүлхадишаны
Ахметбектің өзіне неках оқып берді. Бұл той екеуінің атына
қалып, мұрадына жетілер. Әл-ғарыз, Жүсіпбек Ерғали ханның
өзін сұрап, Әшірбек сардар айтты:—Әй, төрем, сіздер бенде бо
лып кеткен соң, хұсусан сізлер өлді деп зынданға барды. Жа
тар халыққа көрінбей жылап тұрар,—дейді. Жүсіпбекті бастап
барды. Зынданға барып сәлем берді. Білмей мені таныған кімсің
деп, Жүсіпбек бір әфсана оқыды:
—Құба фәлак әуел салды каһашы,
Жеті жылдар шаһ ішінде жай тұтып,
Арман билән бенде болдым язитке,
Кеше-күндіз фаған бірле аһ тұтып.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Арман билән бенде болдым жапаға,
Дию дишуа болып бәлелерден бәлеге,
Сым сахар қан жылар ем Құдаға,
Зат пәкті өзіме пана тұтып,
Хасен-Хұсейін он екі имам,
Аларны жолыға бағлар ем ахрам.
Ақ сақалдар түрлі тартулар билән Жүсіп ханды көре келді.
Жүсіп хан Үргеніштен жеті мың ләшкер алып жүрмекші бо
лып ерді. Үш жүз алпыс жасауылды өзбек дастанның беклеріне
беріп жіберді. Жүсіп хан нама жазып бір ғазал оқыды:
—Бізден сәлем беріп айтың,
Ғадатлі сұлтан келсін.
Жасауылдар алып қайтың,
Сусар арыстан келсін.
Қарындастар көңіл шады,
Асыл зат тұр әулады,
Жұлдыз бабам зүрияты,
Жүніс сұлтан атам келсін.
Неше алуан соғыс білген,
Ұстаздардан тағлым алған,
Көрұғлыны көріп қалған
Сапа ұғлы Шаған келсін.
Сырдың жері дүр мекені,
Есте тұрмас заманы,
Күллі қазақтың сұлтаны—
Бүркіт сұлтан әкам келсін.
Бәрі бір жерге қош болып,
Хұрыш қылсынлар нұш болып,
Тәж түркменге бас болып,
Текебегі заман келсін.
Мәрд болмас дүр һәр бұл хошы,
Мехнаты қылар ғайшы.
Меңа фият жүкнекеш,
Мәжілістен бір туған келер,
Һеш қалмасын күллі сарай.
Қоңыр ат бүркіт бұдай,
Баһранмай қыпшақ бұдай,
батырлар жыры Қышлағы бір отан келсін. Хабар берсе бір күн менен, Ләшкер келер Рұм шаһарынан, Ғаріп бірле ғанымнан, Он екі намдар палуан келсін. Дін жолын аша-аша, Назал алсын көше-көше, Һеш қалмасын молда-қожа, Шам хакімі қалмай келсін. Жазылды шаһлығ дафтары, Басымда дәулет ахтары. Дүниені тұтып ләшкері, Отыз бірлік оған келсін. Бір дам Рұм, Бағдад, Франкстан, Болжан Ғирақстан, Тоқсан екі Өзбекстан, Бір назары накиһан келсін. Найзасы келген білеулі, Жау күні ағры алуалы, Шаһлығы жарасар шәукаты, Жүсіпбек бірі мұрада, Медет берсе Шерияздан, Сапа өсткен мәрд майдан, Сиясатлы беклер келсін. Әл-ғарыз, Жүсіпбек хан жасауылдарын Құдай үшін жөнетіп жіберді. Атасының қызметіне барды. «Жауап бергіл, дұшмандардан қысасымны алармын»,—дейді. Атасы рұқсат берді және анасының қызметіне барды. Лағыл хан айым айт ты:—Әй, балам, жеті жыл бенде болып, сегіз жыл дегенде енді адам санына қосылдың. Сол дәулет болмай ма, бармағыл,—дей ді. Жүсіп хан айтты:—Баба Ғұмар деген бабам бар ерді. Жеті жыл зынданда бізлер билән һамра ерді. Халы нешік болды. Бармасам болмас,—дейді. Лағылхан жауап бермек үшін бір сөз дейді: —Сайранға доянын алғыз сұңқарым, Құданың сынғынан болған баламсың. Жүрегім қуаты, жаным сүйерім, Әзелден душарлы келген баламсың.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Ұрыс майданда Рүстем қуатты,
Сахилік бабында хатым һаматлы.
Қызылбас аһлына жолбарыс сипатлы,
Шілтендер сұхбатын көрген баламсың.
Қылған ісің дәйім ғылым әйле адап,
Құдайым тигірер қылсаң һәр талап.
Әлу қожа пірім, иә, Шейх Шәріп,
Алардың дұғасын алған баламсың.
Қайда барсаң Шерияздан жар болсын,
Дұшпандарың саған келіп зар болсын.
Басында дәулетің жар болсын,
Лағылхан халын білген баламсың.
Әл-ғарыз, Жүсіпбек хан анасынан дұға алып, ләшкерге
қосылып жөнеп берді. Жеті күн дегенде Асқар тауына барды.
Екі жүз дәриясы бар ерді. Һәр дариясы бір бұлақ ерді. Һәммесі
қосылып Көркен деген дария болып кетер ерді. Һәр дариясын
көріп, Жүсіпбек хан ошал дарияның жағасына қонды. Ошал
кеш таң атты. Таһарат таза қылып, намаз оқыды. Андан соң
жөнелмекші болып ерді. Бір азим кард пайда болды. Әшірбек
сардарын жіберді. Барып көрсе, Текебектің заманы жеті мың
ләшкер билән түрікменнің уақыты хош болып, Көркен деген
дарияға қарап бір сөз дейді:
—Бір Құданың махлұқысың,
Ақма тұр емді, тұр емді.
Дариялар сейіт бегісің,
Ақма тұр емді, тұр емді.
Болар нұрсың һәр пәнжара,
Баршасынан алар баһра.
Жетісерсің шаһра,
Ақма тұр емді, тұр емді.
Кенер бергіл бізге кашат,
Сейілдерін қылма зият.
Барған жерің болар абат,
Ақма тұр емді, тұр емді.
Сапар қылдым шаһар Машал,
Болып дұшпанға мұхасыл.
Сенен пайда болар хасыл,
батырлар жыры
Ақма тұр емді, тұр емді.
Жүсіпбек дер қылсам ғаза,
Әлемге кеткен ауаза.
Таһарат қылған болар таза,
Ақма тұр емді, тұр емді.
Әл-ғарыз, Көркен дариядан өтіп жөнеп берді. Бірнеше жол
жүріп, күндерде бір күн Көкше шайырды жеті жүз жігіт
ті қырған далаға келді. Өліклері сасып жатып дүр. Бүркіт
құстар жеп ада қылмай дүр. Ләшкер ислам көріп, Ахметбек
тен сұрадылар:—Бұл нешік уақиға?—деп. Ахметбек беклерге
қарап, Көкшені қырғандарын баян қылып бір әбият оқыды:
—Арқамыздан Көкше жетті,
Бізлер шаптық ат үстіне.
Даралар өлікке толды,
Сайлар сабаз илән хар үстіне.
Алдық дұшпан жаныны,
Салдық қиямет күніні,
Төктік язидтің қаныны,
Құрба билән қыр үстіне,
Қалды ғанимлар алғасып.
Қызылбастар қырылды,
Бірі біріне шалысып.
Шабар илән хар үстіне,
Адам жығып жеті жүзше,
Ләшкер ұрып тынбай кеше,
Қырғын тапты келіп Көкше,
Жолбарыс билән шер үстіне.
Қылдық язидтің ғазасы,
Көрінді Көкше жазасы.
Келгені тапты ызасы,
Азар билән мар үстіне.
Дұшман болды теке-теке,
Ауаз болды фәлакқа.
Ахметбек дер әй бегі сұлтан,
Дін жолында жаным құрбан.
Һамат берді Шаһмардан,
Баз келдік хұнкар үстіне.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Әл-ғарыз, Ахмет ханнан бұ сөзді естіп көңілдері шат болып,
«Алла» деп сиясат билән жөнеп берді. Алты күн дегенде бали
Асқар тауына бардылар һәм таулардың сұлтаны ерді. Үш жүз
алпыс әулиелердің мекені ерді. Етегі қосылып Әзле деген дария
болып кетер ерді. Ошал дарияға қарап қондылар. Ләшкер арам
тапты. Ол кеше-күндіз таң атты. Намаз памдат оқыды. Ошал
халде бір кард азим пайда болды. Әшірбек сардарды бұйырды.
Барып көрсе отыз бірлік, оған баршалары Жүсіпбек ханға
қосылды. Ләшкер он жеті барсах жолын алып қонды. Жүсіп
хан әулиелерді зиярат қылып бір сөз дейді бұ дүр:
—Рух пәгі Мұстафаны көргендер,
Бүгін маған медет берер күнің дүр.
Асқар тауда сұхбатыны құрғандар,
Бүгін маған медет берер күнің дүр.
Кереметі бәдіклердің мәнзілі,
Гүлстанда сайрар дәйім бұлбұлы,
Бәли асқар дер таулар сұлтаны,
Көріп қалған дүр сан адам заманы,
Үш жүз алпыс фердаус пірлер мекені,
Бүгін маған медет берер күнің дүр.
Шаһимардан шілтендердің сәруары,
Азап айлап қырған ғантары,
Сәруарсыз патшалардың раһбары,
Бүгін медет берер күнің дүр.
Дархан баба пірім, сұлтан уәли,
Бүгін маған медет берер күнің дүр.
Бек Жүсіп дер істеп келдім һамаят,
Мұрадымды қылың бүгін кифаят,
Мені қылып жақсы жолға һидаят,
Бүгін маған медет берер күнің дүр.
Әл-ғарыз, базаркаларын зиярат қылып жөнелмекші бо
лып ерді. Банагаһ бір кард азим пайда болып келді. Бозұғлан
падишаһы Исфаһаннан елік мың ләшкер илән келіп қосылып
ерді. Бозұғлан хан Жүсіпбекке айтты: менмендіктен Мырза
батырлар жыры
Мәмет құлды өлтірмей дұшпандарға бенде болып кеткеніне
қарап бір сөз дейді:
—Құлақ салып есіт, Жүсіп сұлтаным,
Дүниені жаратқан Қадір мағбұд дүр.
Аның мүлкі ерер бұл жисым жаным,
Құдіретінен күллі ашия маужуд дүр.
Өзің дәрден бешт елге манзұр,
Ахырет үйін қылғансың мағмұр.
Такбирлік қылды балағым бағұр,
Менменлік әйлаган ахыр набұд дүр.
Зікір хақты тынмай еткіл сен дәйім,
Мұрадыңды хасыл қылғай Құдайым,
Менменлік айлады шайтан залым,
Сол себептен даргаһынан мардуд дүр.
Құданы жад етіп жыла һамише,
Көз жасыңның һәр қатарасы жақұт дүр,
Бозұғланның саған сол дүр сауалы,
Ғазат қылмақ ерлер көрер сауабы.
Әл-ғарыз, Жүсіпбек айтты:—Ыхтияр сізден. Бозұғлан хан
айтты:—Алдыңа қарауыл қылып адам бұйырғыл. Бір айлық
жол қалды,—дейді. Жүсіп хан Әшірбек сардарды үш жүз ал
пыс жігіт билән қарауыл қылып берді. Әшірбек сардар он бес
күні болғанда бір қырдың үстіне шықты. Он бес байрақ, тоғыз
ту келер. Көзалшаһ Үргеніш жұртына ләшкер қылып Асқар
тауына жығылып жөнелмекші ерді. Бұ бөлегі ерді. Жігіт
тер бұларды көріп уа һәм басты Әшірбек сардар жігіттерге
марданалық беріп бір ғазал оқыды:
—Еніп келдік ғанимдарың үстіне,
Жаннан кешпектік дүр емді, жарандар.
Шаһмардан һаммат берер біздерге,
Дін жолын ашпақтық дүр, жарандар.
Ауаза кетсін тахта фәлакқа,
Ғұлғалалар жетсін көкте малакқа.
Олжа қылсаң байрақ билән туыны,
Тұман басып бәле қасірет тауыны.
Язидтен өткеріп найза тиғыны,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Қанын жара шашпақтық дүр, жарандар.
Қайыл болсын бізге аһл заманы,
Сұм язидтер кетпесін де аманы.
Мәрд жігіттер соғыс етсін майданда,
Мехнатқа қашпақтық дүр жарандар.
Жүректен кетсін дерт дағлары,
Бүгін бұл дүр айрылысу шақтары.
Алла десіп Хорезмнің бектері,
Шырын кешпек жаннан тұрар жарандар.
Әшірбек дер дәйім сол дүр матлаб,
Шаһид болмақ менің мақсұдым,
Арызым есіт барша менің һәм дамым,
Кебін тонын шешпектік дүр, жарандар.
Әл-ғарыз, Әшірбек сардар «Алла» деп ат қойып, бір
те-бірте шаншып дұшпандарды бенде қылып, мың бендені
Жүсіп ханға келтіріп берді. Жүсіп хан тілеш қылып жібер
ді. Һәммесін қырдылар. Әшірбек сардарға бахас қылды ке
тек бегі заман қатты мың жігіт билән талап қылды. Жүсіп
хан фатиха беріп, сегіз күн дегенде көп ләшкер азим көрінді.
Отыз ту, елік байрақ әкелер жігіттерімен келдік. Аһасте
қылдық деп Теке бегі заманы неше жерден тимсал келтіріп
бір сөз дейді:
—Мардана жігіттер әгар кірсе майданы,
Мұханнастар жары бермек істемес.
Реңі ұшып басын тығар жағаға,
Жасау тартып қарап тұрмақ істемес.
Мұханнастар соғыс етпес міскінін,
Бағбан болса жыға білмес гүлшаны.
Мәрд жігіттер мекер болса дұшпанын,
Соғыс етер сағат заман істемес.
Мұханнастар қыла білмес ісіні,
Жаман күнде төгер ермес көз жасын.
Қошақларға үшін берер басыны,
Мұханнастар һәркез майдан істемес.
батырлар жыры
Әл-ғарыз, бұларға бахас қылып Сапа ұғлы Шаған деген
баһадүр бар ерді. Көрұғлыны көріп қалған сипаһы кезер ерді.
Жасы отызда ерді. Тоғыз мың жігіт билән келіп, талап қылды.
Жүсіп хан фатиха беріп жіберді. Үш кеше-күндіз болғанда үш
жүз алпыс ту көрінді. Бұл Көзалшаһтың өзі ерді. Көп ләшкер
билән келер Сапа ұғры бір ғазал айтты:
—Жарандарым, Кербалада бас берер,
Қылыш шапса химаят бер, Құдайым.
Дін жолында раббана деп жан берер,
Мүшкілдерге кифаят бер, Құдайым.
Фазылың билән сауал сұрар хабарда,
Кәрім бірле башарат бер, Құдайым.
Тыңда барым ағайыны сұрарлар,
Өзің сақта аманат дүр, Құдайым.
Иләһи құрметі сұлтаны сәруар,
Бихақ құрметі әуел шаһ сәруар.
Һәр жігітті қылғыл мыңға барабар,
Бұ дәулетті керемет қыл, Құдайым.
Кісі білмес бұ дұшпанның саныны,
Бүгін бізге керемет қыл, Құдайым.
Құдірет билән бұ әлемді жаратқан,
Күллі ашия құдірет бірле бар еткен.
Сапабек дүр қадір екем данасын,
Кім жақсы, кім жаман өзің білесің.
Заһир-батын һәм сырын егесін,
Мұрадымды кифаят қыл, Құдайым.
Әл-ғарыз, Сапа ұғлы Шаған «Алла» деп ат қойды. Кәпірлердің
ләшкерін бұздылар. Ошал халде Хазірет Шаһмардан рухтары
хазыр болды. Дұшпандарын әруақ ұрды. Топханасын тастап
шаһарға кірділер. Сапа ұғлы Шағанның жігіттері бенде олжаға
қалды. Көзалшаһты қамап, топханасын алып Жүсіпбекке
келділер. Отыз бірлік оған Сапа ұғлы Шағанға қайыл болып
Жүсіп хан айтты:—Әй, Баба, сипаһылығын кімнен үйрендіңіз.
Халқын қайыл қылдыңыз,—дейді. Сапа ұғры Шаған айтты:—
Көрұғлының екі назаркарде баһадүрлары бар ерді. Жадыға
түсіп жарларды жоқтап Сапа ұғлы Шаған бір сөз дейді сонда:
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
—Ұстазымды сізге баян етейін,
Соғыспақты Көрұғлыдан үйрендім.
Фарағыға жаным құрбан қылайын,
Сұлтан ұғлы Кемершеден көргенмін.
Атқан оғы тоғыз белден өтеді,
Қасиетлі Қалдар бектен көргенмін.
Бедеу мініп күнде тауды кезер-ді,
Ғанимдардың басын тәннен үзер-ді,
Топқа шауып ауыр саптар бұзар-ды,
Хасан ұғлы Теміршеден көргенмін.
Кәзім сұлтан қане, Дәуіт базаркан,
Керуен билән Қараша ол палуан.
Сапабек, Опабек ол қаһарман,
Шадияршы бек ұғлы сардардан көргенмін.
Алтын садақ билән атын сайлаған,
Шадиярлар Асқар тауда бүркенген.
Тоғыз мәнзіл жолдан дұшпан өлген,
Шаман ұғлы Алабектен көргенмін.
....... майданда кірер ерді жеке,
Ғұлғалалар түсіп көкте фәлакқа,
Ауазасы кеткен тахта фәлакқа,
Шаман ұғлы ер Арысланнан көргенмін.
Бір наужуан ерді өзі палуан,
Хұсни зипа еді өзі хараман.
Жанымды қылар ердім жолға құрбан,
Қасап ұғлы Ғауаз ханнан көргенмін.
Сапар қылды баршаларын жаһаннан,
Қол шектілер һәм сауда һәм зияннан.
Үшбу сөзде Сапа ұғлы Шағаннан,
Шер Құда Мұртазадан көргенмін.
Әл-ғарыз, Жүсіп хан ұғры Шағанға көп анғамдар беріп уақы
ты хош қылды. Емді Көзалшаһтан сөз естің: Тамам саркардалар
мәслихат қылды. Қырық саркарданы елші қылып қырық қашар
діллә билән зері тола болып нама жазып жіберді. Жүсіп хан
Машалдың кенеріне келіп қонды. Елшілер барып Көзалшаһтың
тартуларын өткерді. Жүсіпбек хан һәм нама бітіп, елшіден беріп
жіберді. Көзалшаһқа берді. Оқып көрді. Нама мазмұны:
батырлар жыры
«Машал шаһарын берсін, дұшпан харажын,
Қырық мың кемхап, қырық мың
жақұт жіберсін.
Малын қосып зекет біле һәм бажын,
Және қырық мың таза сарпай жіберсін.
Қырық мың бедеу жіберсін діллә егерлі,
Қырық мың түйе берсін мәселі, нәрлі,
Қырық мың қамшы шөйле салынған,
Болды өзгесі алтыннан жіберсін.
Қырық мың сазанда бұлбұл дауысты,
Қырық мың келіншек-қызы зиба жіберсін.
Қырық мың бозбала болсын қырық төрт,
Қырық мың бедеу болсын сап төрт.
Қырық мың серік жорға, қырық жетім,
Жалладтарға қырық мың борна жіберсін.
Сағ-сауалға сиязалпы тастаған,
Дана-дана қалы жүзге сайлаған,
Белдеріне діллә нар байлаған,
Қырық мың қызы хұсни зиба жіберсін.
Лат-Манаттарың бізге не дәркер,
Һәммең кіргіл бізді дінге, бек бар».
Әл-ғарыз, саркардалар наманы алып, Көзалшаһтың қолына
берді. Көзалшаһ наманы оқып ол халда реңі ұшып айтты:—Әй,
саркардаларым, Жүсіпбектің айтқандарының баршасын тап
са болар ма? «Лат-Манат» деп дүр айтты:—Айнақ адамдарды
көргендерің бар ма? Ортаға салып бір төле болып көрсек,—дей
ді. Ерсе бір сәркарда айтты:—Бозұғлан деген тағасы бар ерді.
Исфаһанның падишаһы еді. Дархал Көзалшаһ тоғыз түрлік
тарту билән қырық саркарданы елшіге Бозұғлан ханға жіберді.
Сол сөз кім Лат-Манат деп зинһар етпесінлер. Бізге барадарлық
қылып, ортаға түсіп жарастырсын. Һәр мұддағасы болса
қылайын. Елшісі барып Бозұғлан патшаға тартуларын өткеріп,
намасын шығарып берді. Бозұғлан оқып көрсе, бұл һәм нама
бітіп бір сөз дейді бұ дүр.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ наманы оқып, реңі ұшып айтты:—Бұл
ойың күйкіл. Бұ сөз айтып дүр емді нешік табдир қылармыз.
Мұнан басқа айнақ адамдары бармекен деп дал болды. Ерсе
бір саркардасы айтты:—Ахметбек деген інісі бар дүр. Анда
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Көзалшаһ мұнда һәм бір тола болып көрсек деп тоғыз түрлік
тарту, он қашар діллә, он хошруй қыз жіберді. Зинһар Лат-Ма
натты жетпесін, барадарлық қылып ортаға түсіп жарастырып
елші жіберіп, Ахметбек нама жазып, бұ наманы жіберді. Оқып
көрсе сөзі сол дүр.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ наманы оқып, «Лат-Манат» деп дүр.—
Емді нешік қылармын, нама бәле болды,—деп дал болды. Ерсе
бір саркардасы айтты:—Ошал уақытта ерді бір түс көрдіңіз.
Тағбирын һешкім білмеді. Әма Баба Ғұмар білді. Жұртыңды
Жүсіп алар деп айтты. Аны зынданға салдың. Ақыр Баба
Ғұмардың айтқаны келді. Хазір һәм болса зары тола қылып
азар қылып көңліңнен кінәсын шығарсаң болар,—дейді. Бұл
саркарданның сөзі мақбұл болып, үш жүз алпыс саркардасы
билән Баба Ғұмарға барып сәлем берді. Һәммесі бірден азар етіп
көңіл кірін шығарды.—Жүсіп, Ахмет біздің үстімізге келіп дүр.
Сізді елші қылып жіберерміз. Анда Баба Ғұмар басын көтеріп,
Көзалшаһқа қарап бір сөз айтқаны бұ дүр:
—Жүсіп, Ахмет келер болса үстіңе,
Дүние малын берсең қабыл айламыз.
Һәммең қалдың қылыш, найза астыға,
Қан жыласаң һәркез манзұр айламыз.
Әуел тұтып бенде қылып өзіңді,
Дад айласаң есітмеслер сөзіңді.
Қабыл қылмас шорылыққа қызыңды,
Басыңды кесер аслан манзұр айламыз.
Һамаңа мойынына заулын салдырып,
Жалладларға терілерің сойдырып,
Тәж-тахтың отқа салып күйдіріп,
Көшер кетер аслан мәнзіл айламыз.
Жүсіп ханға үшбу істер баһана,
Ристаның толар қырмызы қаны.
Екеуін жеті жыл салдың зынданы,
Қасасты алар табдал айламыз.
Кәтталарын топқа салып атарлар,
Біріңе біріңді кепіл айламыз.
Әгар берсең жүздік құл хорларды,
Тәж-тахтың қазына баршаны.
Қабыл қылмас қарар еткен сөзіңді,
батырлар жыры
Жараспаққа һәркез мәйіл айламыз.
Ғадаб қылып сағ-сауалын алар дүр,
Хандаққа өліктерін толтырып,
Баба Ғұмар тұғры сөзді айта дүр,
Тұғры сол һәркез рахымы айламыз.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ Баба Ғұмардан бұ сөзді естіп уаһым басып
еді. Ылажны білермісіз?—дейді. Көзалшаһ айтты:—Қайсы кітап
та көрдіңіз?—дейді. Ерсе Баба Ғұмар Көзалшаһқа бір сөз дейді:
—Нұсқаларда, тарихтарда бітілген,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Сол жіберген төрт кітапта бітілген,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Далан етіп қызы, жавон бәріні,
Тұғры қылып асырамаққа жолыны.
Анғам етіп қызы, жавон бәріні,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Азап бірле марғұбларға бұйырып,
Көздеріне қорғасындар құйдырып,
Ағазыңнан тілдеріңді суырып,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Рахымы келмес көзден аққан жасыңа,
Шенің шар кісі қоймас қасыңа,
Ғамлар салып әлу қояр басыңа,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Көген солар бойын махкам тартарлар,
Жерге көміп нысанаға атарлар,
Жазайыл оқтап мың топ атарлар,
Түсің дүр Ахмет билән Жүсіп хан.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ айтты:—Әй, пірім, һеш ылаж бар
ма?— дейді. Ерсе Баба Ғұмар айтты:—Әй, дұшман, сен бектер
ді хұсумат қылғанда бір қыз көп жақсылық қылған ерді. Ошал
қызды қырық қызға бас қылып елші қылып жіберсең бір хабар
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
болғай ерді,—дейді. Көзалшаһ сұрады:—Ол қыз кім?—деп.
Баба Ғұмар Қаракөзді баяны бұ дүр:
—Жұртыңда бар дүр бір Көзалшаһ нар,
Бұ арызыңды ошал рағна тигірер.
Алардың қызметін қылған кісі бар,
Има билән шипа тигірер.
Елші қылып жібер Жүсіп ханға,
Хүкімет қылай ошал арысланы.
Тоғыз құрған ошал мәрд майданы,
Ишаратты ошал рағна тигірер.
Жеті жыл айладың сен аны зындан,
Шаһ ішінде айлар дінің пінһан.
Он төрт жасар болсын бірдей,
Қызмет қылған ошал жаннан тигірер.
Қырық мағафа түзеп зерен жасаған,
Һәммелері болсын хафиз хош хан.
Лебі мейкін, тіслері дүр уа маржан,
Шырын-шырын сахын бәле тигірер.
Баба Ғұмар етер Жүсіпке тигерсе дады,
Дегейсіз назым Хамза еді.
Хамза мерсүб қызы Қаракөз аты,
Һәмменің арызыңды барша тигірер.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ Баба Ғұмардан бұ сөзді естіп айтты:—
Әй, Хамза мерсүб, қызды алып кел. Барып қызды алып келді.
Көзалшаһқа Қаракөз келді. Көзалшаһ қырық қызға бас қылып
Қаракөзге қарап бір сөз дейді:
—Латымыздан дүнмәкіл жаным,
Өзіңді һәм сүрсе бергіл жан.
Латың бірле Манаттан дүнмәкіл,
Қызметіңе бердім қырық нөкер.
Мейкүн дүр тілдері шүкір,
Һәркім өз дінінен қайтсе жаман дүр.
Ғасылық қылма гүл жүзім,
Қабыл қылғыл дүние майын айтса.
Беремін мәлік айтса біріңіз,
Қасты қағып жүздерін,
батырлар жыры
Ниқабын көтеріп каһназ.
Сөйлегей хош ауаз билән,
Бойыңа пида болсын бұ жаным.
Арыз халын айтып кетем демеслер,
Қызметке жіберділер қыздарын.
Бұлар билән бірге қосып біздерді,
Арыз сол дүр демеслер.
Сізге Қаракөздің сөзлері,
Қандар жылап сізге сәлем демеслер.
Қаракөз дүр көздерін сәруары,
Мысырдың жұртының малы алынар.
Бағда қылып жіберділер біздерді,
Шырын жанын құрбан демеслер.
Бүгілген һәм гөзалдардың қуанышы,
Бойыңа жарасар киген либасы.
Қаракөздің көп сізге ықыласы,
Ағам берсін бізге инғам демеслер.
Талан етпең шаһар Мысыр еліні,
Бенде айламаң жан жавоны.
Өсиетім жандар айтар арыз,
Қаракөз сізге сәлем демеслер.
Әл-ғарыз, Жүсіпбек бұ сөзді есіткеш еді.—Қаракөздің өзі
келсін. Қаракөз бірле басқа сөзім бар. Сізлерге мен жауап бере
алмаспын,—дейді. Алар барып Қаракөздің өзі келсін деп айт
ты. Андан соң Қаракөз мағафаға мініп қырық қыз билән барып
Жүсіпбектің ләшкерін аралап барар ерді. Жүсіпбек жасауыл
қойып, адамдарын көше қылып келіп қондырды. Бір шатырны
босатып кіргізді. Жүсіпбек Қаракөзді көргелі келді. Жүзінен
ниқабын көтеріп келді. Жүзінен ниқабын көтеріп, тағзым
қылып қарап тұрды. Жүсіпбек Қаракөз айымды көргеш бен
де болып жатқандары, Қаракөздің ас, нан бергендері жадыға
түсіп, көңлі бұзылып, қызметкерді баян қылып, Қаракөзге
қарап Жүсіпбек бір сөз дейді:
—Бенделікте сұрап менің қасыма,
Бенделерден хабар алған, Қаракөз
Не саудалар түсті менің басыма,
Шаһ ішінде хабар алған, Қаракөз.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Залыфларыңа дана гауһарлар таққан,
Ишарат айлап қасыңды қаққан.
Жеті жыл тынбайын біздерді баққан,
Баршамызға себеп болған, Қаракөз.
Бауырым қан етті көздерің,
Жанымды күйдірді сенің сөздерің.
Себеп болған қызыл гүлдей жүздерің,
Жүрегіме оттар салған, Қаракөз.
Пәруанадай мен айлансам басыңа,
Жаным құрбан болсын қалам қасыңа.
Қайыл болдым сенің қылған ісіңе,
Елші болып және келген, Қаракөз.
Хасан ішінде гөзалдардың ханысың,
Сөйлескенде гоя адам жанысың.
Мейір-шапағат, махаббаттың кенісің,
Жүзінен ниқабын алған, Қаракөз.
Сендейін жанан жоқ дүр жиһанда,
Жеті жыл пәруа қылдың біздерді зынданда.
Баба Ғұмар болар хасаныңа бәнда.
Сен боларсың бұ Бабам илән, Қаракөз.
Бенделікте сенен көрдім хасият,
Кеше-күндіз біздерге қылдың, Қаракөз.
Һәркез қылмайм шаһтың біле хайрат,
Барып айтың елші болған, Қаракөз.
Шәмсие әйле қамар деп жүзіңді,
Ғандала әйле әсел дерлер сөзіңді.
Жаһанның хұблары дерлер өзіңді,
Елші болып және келген, Қаракөз.
Адам нәсілімісің иә перизат,
Ақылымды айладың бір дамдамат.
Қастарың қылыш дүр, көздерің жаллад,
Жүзінен ниқабын алған, Қаракөз.
батырлар жыры
Һәмме қыздарын хасаның ғайыб,
Бабам болған саған талиб.
Келгіл бабам бізге алып,
Сен боларсың бабам билән, Қаракөз.
Бихамдилла көрерсің бүгін талиб,
Бар ма Бабам, ол бабам мейір шапағатың,
Көп болды шаһ ішінде зияпатың,
Елші болып және келген, Қаракөз.
Жүсіпбек дер мұддағамыз бұ ерді,
Ғұмар Баба деу құл сеңа еді.
Жарастығым бас келуші сол ерді,
Қайтып келген Ғұмар билән Қаракөз.
Әл-ғарыз, Қаракөз бұ сөзді есіткеш. Баба Ғұмарға өзін еп
көрмей ашуы келіп, жеті қыздарды өзіне куә қылып:—Баба
Ғұмар өлді. Ишенмесеңіз сол қыздардан сұраңыз,—дейді,—сіз
дерді зынданнан шығарған соң Баба Ғұмарды топыраққа көміп
тастады. Андан соң Баба Ғұмар деп Жүсіпбек бір сөз дейді:
—Әй, сұлтаным, есіт менің арызымды,
Мәрәууат илән бүгін біздерге.
Көздерімізге сырттай басқан азаны,
Мейірбандық айлаған ғаріп біздерге.
Қайран қылма шаһар Мысрының еліні,
Хазанлар донмысың бақ гүліні.
Баба дәу дедің қалмас табым сөзіңе,
Баба деп айтмаң мажалым қалмас сөзіңе.
Мейірбандық айлаң келген қыздарға,
Елші болып келдік бүгін бектерге.
Арызым айтайын бүгін сіздерге,
Бір назар айлаңыз бүгін қыздарға.
Ризам ай санам дүр наһалы билән,
Лағыл хан, Сәмет хан, Айна хан билән.
Гүлсенім жан және Сәметгүл билән,
Елші қылып жіберділер араға.
Қаракөзге ғадаб билән ғазатың,
Мұрадларын зынданда деп сұрамаң.
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Пана болған адамдарды ізлемең,
Естіп тұрай ол бабаңды сіздерге.
Баба деп жаным отқа саласың,
Қанарында ақыл һошым аласың.
Қайтып келіпсің аламын дегенсің,
Елші болып біздер келдік бектерге.
Қаракөз дермін іштей бұ сөздерін,
Жаным алды менде көздерін.
Бейһүш болдым көріп бүгін жүздерін,
Есіттірдім әуел бабаны сіздерге.
Әл-ғарыз, бұ сөзді Қаракөзден есіткеш Жүсіпбек ишанып
қапа болып ерді. Ахметбек билән екеуі жақсы көрер ерді.
Бұлар һәм Баба Ғұмарды жоқтап Жүсіпбек, Ахметбек зар-зар
жылап, бір-бірін құшақтап, асыз Бабамды көрмей қалдық деп
Ахметбек бір сөз дейді:
—Енді нелайын, Жүсіп аға,
Кағбам Ғұмар Баба қане.
Тілімнен жаным садаға,
Кағбам Ғұмар Баба қане.
Тілдері зікір саналы,
Біздерге мейірбан опалы,
Ақыр сол болды ахуалы,
Кағбам Ғұмар Бабам қане.
Асыз менің қадірданым,
Фәлак жақты истиханым,
Сенім ауаза шырын жаным,
Кағбам Ғұмар Бабам қане.
Заһарым пешт панаһым,
Ғаріптікте бас һамраһым.
Сейітбегім қыблагөһым,
Кағбам Ғұмар Бабам қане.
Зияда болды аның дерді,
Шын-Машын ерді шаһары.
батырлар жыры
Со даргаһның шәкірті,
Кағбам Ғұмар Бабам қане.
Ахметбек дер сол дүр ісім,
Фәлакқа жеткей налашым.
Зынданда болғанда жолдасым,
Кағбам Ғұмар Бабам қане.
Әл-ғарыз, бұ сөзді Ахметбектен есіткеш Жүсіпбек айтты:—
Әй, Бабам өлген болса, өлігін діллә табытқа салып көрсетпесе,
һәммелерін қылыштан өткерермін,— деп Жүсіпбек бабасын
жоқтап, аның жүзін көргенше:
—Бабам үшін келдім Үргеніш жұртынан,
Жарас қылмайм аның жүзін көргенше.
Тура білмейм жан Бабамның дертінен,
Үміт үзбейм тегі андан өлгенше.
Зындан ішре дәйім ерді һамраһым,
Дұғагөйім менің пешет уа панаһым.
Көзімдің раушаны һәм қыблагөһым,
Өлсем жақсы андан жада болғанша.
Ғұмар Бабам тірікліктен сұрармын,
Өлген болса, тән жасадын көрермін.
Әгар жоқ десе, бәріңді һәм қырармын,
Аузыңа қан ағып келгенше.
Ансыз көрінбес дүр жан жаһаным,
Кітабымыз һәм діні иманым.
Жүрегім, қанатым, арам жаным,
Тағатым жоқ андан жада болғанша.
Емді нелайын шаһ ішінде мұңдасым,
Кешелер һәм дамым күндіз сырласым.
Бабам еді пенделікте жолдасым,
Тағатым жоқ та Бабамды көргенше.
Мен Бабамды қылмасам зиярат,
Қырғын етей майдан қанға толғанша.
Әл-ғарыз, андан соң Жүсіпбектен бұ сөзді есіткеш Қаракөздің
реңі ұшып, қайта барып Көзалшаһқа айтты:—Баба Ғұмарды
шығарып алмасақ болмай дүр,—дейді. Әл-ғарыз, Көзалшаһ
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
үш жүз алпыс саркардасы билән зынданға барып Баба Ғұмарға
сәлем беріп, Көзалшаһ бір сөз дейді:
—Жүсіпбектің пірі иман жарым,
Мейірбанлық билән шықсаң, иә, пірім.
Сіз ерерсіз менің пешт панаһым,
Көзіме көрінбес намаш ғұрбаһым.
Куһтен көп дүр күнәһым менің,
Тәуба қылдым бахш айлаң, иә, пірім.
Та өлгенше бенде болсын басымыз,
Ләшкер алды біздің текрадашымыз.
Асан қылың біздің мүшкіл ісіміз,
Тәубе қылдым қата қылдым, иә, пірім.
Фәлак бұзды менің көңіл хошымды,
Қолымнан ұшырдым дәулет құсымды.
Әуел баста жорыдың түсімді,
Айтқаның бәрі келді, иә, пірім.
Көзалшаһ дер сізді салдым жапанға,
Рахым айлаң мені жүзі қараға.
Рахым етпесең қалдым қатты бәлеге,
Бұ зынданнан шығың емді, иә, пірім.
Әл-ғарыз, Көзалшаһтан бұ сөзді естіп Баба Ғұмар Көзал
шаһқа қарап бір сөз дейді:
—Есіт емді гөзал,
Һәркез шықманым, шықманым.
Бұ сөзіңе айла бауыр,
Һәркез шықманым, шықманым.
Мекен болды маған зындан,
Елілхалқынан болдым пінһан.
Неше уақыттар көрдім һадам,
Пенделігім болды мағлұм.
Қаза жетпей жоқ дүр өлім,
Тағын шықманым, шықманым.
Жапа бірле шұлғаныппын,
Һажран отына өртеніппін.
Бұ зынданға үйреніппін,
Емді шықманым, шықманым.
батырлар жыры
Баба Ғұмар айтар саған,
Жапа шектім күннен-күнге,
Отан болды зындан маған,
Мұнан шықманым, шықманым.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ жасауыл беріп шаһарға мардкар салып,
зынданның атрапын ойдырып, жер бірле жексен қылдырып,
Көзалшаһтың өзі келіп Баба Ғұмарға тола болып қоймай,
зынданнан шығарып діллә керней келтіріп, шаһана сыр
най қақтырып, қазынадан інжу-маржан шығарып, ділләдан
арба қылдырып, үстіне Баба Ғұмарды міндіріп, қырық
саркардасының қасына қырық қызды алдыға салып ұзатаны
ұзатып жіберді. Банагаһ Жүсіпбектің ләшкері көріп тұрды.
Ділләдан арбаға мініп, жалтырап шаһардан шықты. Көріп Баба
Ғұмарды һәммелері зиярат қылды. Жүсіпбек, Ахметбек жылап
Баба Ғұмар билән көрісіп, хал-ахуалын сұрасып, Баба Ғұмарға
Жүсіп хан бір сөз дейді:
—Жеке қалып шектің рәнжі мехнатқа,
Мағзұр тұтың бабам бірле шықпадым.
Бенде болмақ сізге азалы қысмет,
Бір арманым пірім бірге шықпадым.
Неше жыл дүр қалдың, Баба, зынданда,
Һәркез шат олмадым үшбу жаһанда.
Біздер үшін қалдың қайғы арманда,
Қыблаға һәм шаһтан бірге шықпадым.
Неше уақыттар сіздің билән бір едім,
Кеше-күндіз сол зынданда жар едім.
Бір көргелі мен жүзіңе зар едім,
Мейірбаным, шаһтан бірге шықпадым.
Өзбектің бәріне серік салыппын,
Адам жығып ұлық ләшкер қылыппын.
Хорезмнен сізді іздеп келіппін,
Қыдырданым, шаһтан бірге шықпадым.
Бек Жүсіпті қойма махшар күніне,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Мен қосылай адамдардың санына.
Бір нәмәрттік қылдым сенің шәніңе,
Сенің бірлән шаһтан бірге шықпадым.
Әл-ғарыз, Жүсіпбектен бұ сөзді есіткеш Баба Ғұмар неше
жерден тимсал келтіріп бір сөз дейді:
—Есіт емді, Жүсіп сұлтаным,
Бұ қысметтер әзалдан дүр.
Есітке топ йазан, Жүсіп сұлтаным,
Ғаламаттар әзалдан дүр.
Шын-Машынан Мысырға келдім,
Көзалшаһтың түсін жорыдым.
Шаһ ішінде азап көрдім,
Ғадауатлар әзалдан дүр.
Қан жыладым кеше-күндіз,
Шегіп һәр дам аһы діл сөз.
Сіздер кеттің қалдым жалғыз,
Бұ қысметтер әзалдан дүр.
Дәйім шектім дерт әлім,
Шаһ ішінде көрдім сәтім.
Жүсіп, Ахмет жаным балам,
Хұсуматлар әзалдан дүр.
Он бес жыл болдым ынтызарым,
Таттым зынданның заһарын әзалдан дүр.
Қолымнан кетті ықтиярым,
Бұ мехнаттар әзалдан дүр.
Әуел шектім жәбір-жапа,
Ақыр көрдім мейір-опа.
Сүрдім зауық сапа,
Сол қасіреттер әзалдан дүр,
Хақ жадыны зікір қылғыл ақырет пікір,
Айтар Ғұмар шүкір қылғыл
Бұ дәулет әзалдан дүр.
Әл-ғарыз, Баба Ғұмардың қасына Жүсіпбек келіп айт
ты:—Өзіңізді елші қылып жіберермін. Баба Ғұмар барып Мы
сыр шаһарына кіріп, Көзалшаһтың қасына барды. Көзалшаһ
айтты:—Әй, пірім, Жүсіпбектің ләшкерін баян қылғыл, не
батырлар жыры
шақлы?—дейді. Баба Ғұмар Көзалшаһқа қарап хош уақытты
болып тағриф қылып бір сөз дейді:
—Ләшкер келіп Көзалшаһым үстіңе,
Отыз бірлік парсы оған келіп дүр.
Шатыр тігіп қалмай бәланд пәстіңе,
Ханым сұлтан Жүніс келіп дүр.
Жігіттері бар дүр сатыр телпеклі,
Қарағалы найзалы жолын төпеклі,
Майданында арыслан жүректі,
Ғадаб бірлән Бүркіт сұлтан келіп дүр.
Айхан, Күнтуған бәрі келіп дүр,
Нәдір сұлтан Әли ханға дос болып дүр.
Емді саған һәркез бермеслер арман,
Шаһардың үстін алып дүр тұман.
Көрұғлыны көріп қалған бегіман,
Шаған ұғлы Сапабек палуан келіп дүр.
Жазайыл оқтап мың топ атарлар,
Исфаһаннан Бозұғлан келіп дүр.
Жігіттері гүлзар не шақлы,
Теке бегі сахып қыран келіп дүр.
Үш жүз алпыс пірді айлап зиярат,
Асардың тауында казан қылып дүр.
Майдан ішре теблі шенің ұрмаққа,
Қазына бөлістіріп бармаққа,
Қырып-жойып соғыс қылмаққа,
Мұнда мәрді Шаһмардан келіп дүр.
Хақ һәр дам секенлі садақлар атқан,
Һәр бір оқ атқан дағлардан батқан,
Ауазасы тахтыдан фәлакқа кеткен,
Әли хаматлы беклері келіп дүр.
Басында дулыға диуарлар нышанлы,
Садақ киерлі түрікменді,
Кімсе қыбла діллә қылғаны,
Бұлттай күркіреп шерлер келіп дүр.
Майданда ат қашып сұрар,
Мұнда мәрд Шаһимардан келіп дүр.
Ғұмар етер ғадаб бірлән тұтарлар,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Лат-Манатыңды ойран етерлер,
Әйелдерің, ұғлың елтіп сатарлар,
Тоқсан екі баулы өзбекстан келіп дүр.
Әл-ғарыз, Баба Ғұмардан бұ сөзді есіткеш Көзалшаһ тахты
нан түсіп, өзін тастап, көзін жасыртып көңлі бұзылып, Баба
Ғұмардың аяғына жығылып, зар-зар жылап Көзалшаһ бір сөз
дейді:
—Ғұмырым бәрін фәлакатта өткердім,
Тәубе қылсам, Құда бендем дегей ме?
Кесапат бұ жаныма тигердім,
Тәубе қылсам, Құда бендем дегей ме?
Әуелінде даст айлады қабалып,
Ақырында забун болды ахуалым.
Ғадаб бірлән ағарған дүр сақалым,
Тәубе қылсам, Құда бендем дегей ме?
Залым билән қамытларым бүгілмес,
Ақырет уаһымнан бауырым сөгілмес.
Көзім нұры кетіп төгілмес,
Тәубе қылсам, Құда бендем дегей ме?
Ашылар ма менің бақыт сияһым,
Қадірданым, пірім, пешт панаһым.
Бұ дүнияға дін сыймас менің күнәһым,
Тәубе қылсам, құда бендем дегей ме?
Шаһқа салдым жәбір бірле жапаны,
Қылмасым дін асы болдым Құдая,
Рахым айлағыл мен ғаріп кадая,
Тәубе қылсам, Құда бендем дегей ме?
Неше жыл зынданда табдил айладым,
Қылғанымнан қорқып қандар жыладым.
Құдаға зар жылап сақтадым,
Тәубе қылсам құда, бендем дегей ме?
батырлар жыры
Көзалшаһқа қылғыл мейір шафқаты,
Қудаға бендемін расул үмметі.
Кетермекен бұ көңілім дулматы,
Тәубе қылсам құда, бендем дегей ме?
Әл-ғарыз, Жүсіпбектің уақыты хош болып айтты:—Сіз бізге
барадар болдыңыз,—дейді. Көзалшаһ Баба Ғұмарға ғазал оқып
мінәжат айтты:
—Бір асымын жүзім тұттым тәубе қылдым,
Күнәһым бахш айлаң, әзиз сұлтаным.
Ахырет уаһымнан ақылым ұмыттым,
Ғинаят айлаңыз, әзиз сұлтаным.
Қары құлмын та өлгенше бендемін,
Һидаят айлаңыз, әзиз сұлтаным.
Мені қойма Махшар күні ызаға,
Рахым айлаңыз мендей бақыты қараға.
Шырын жаным сенен болсын садаға,
Керемет айлаңыз, әзиз сұлтаным.
Пайғамбар сәруар Махшар құрметі,
Шерияздан хайыр алар құрметі.
Қадірданның Баба Ғұмар құрметі,
Мұрат айлаңыз, әзиз сұлтаным.
Ғауыс-Ғияс ол хазірет құрметі,
Ілияс билән шаһариярлар құрметі,
Хасен-Хұсейін Кербаланың құрметі,
Күнәһым бахш айлаңыз, сұлтаным.
Ибраһим, Халил, Ысмайыл құрметі,
Күллі өткен әулие уа шаһидтер құрметі.
Әлу қожа, Шейх Шәріп пірлердің құрметі,
Ғинаят айлаңыз, әзиз сұлтаным.
Көзалшаһтың дер қылай жаным құрбан,
Өтті ғұмырым жүз мың қылдым пүшайман.
Әл-ғарыз, Көзалшаһ Жүсіпбек билән Ахметбектің Баба
Ғұмар тамам беклер, хандар билән шаһарға кіргізіп, тахытқа
шығарып зияпат қылып хұзырлық айлады. Андан соң Жүсіп
бек Мысыр шаһарын Көзалшаһтың өзіне берді. Қаракөзді Баба
Ғұмарға неках оқып берді. Қаракөзден басқа екі қыз алып бер
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
ді Баба Ғұмарға. Әлқисса, Баба Ғұмар Шын-Машын шаһарына
қайтар уақыт болды деп керуендер билән уәде қылып, Жүсіпбек,
Ахметбекті құшақтап зар-зар жылап, уағдаласып Баба Ғұмар
бір сөз дейді:
—Екі көзімнің раушаны сәруарданым,
жан балам,
Һәм рафиқым, мунисым, арам жан жаным,
балам.
Жүсіп һәм Ахметім сахип қыраным, жан балам,
Шәні шаукат бабында шаһи жаһаным, балам.
Мен кетермін хош хал мейірбаным, жан балам,
Арыз ағыр, бауыр қабайыл ғам кезерім,
жан балам,
Тахыт зерен көшкі нәфас никарым еді,
Мен кетермін хош хал емді, жан балам.
Ғұмар бейшара жылап қылды Құдаға ғинаят,
Басымыздан кетті қайғы келді бізге кәшад.
Әуел расул Алла мені үммет дейбан жад,
Бенде едік шықтым шаһтан болдым азат.
Мен кетермін хош хал емді, Жүсіп балам,
Сұм фәлактың жәбірінен болдым
мекенімнен жада,
Масуа болдым нетей жан жаһанымнан жада,
Міскінім диарым шианымнан жада,
Ғандалып бендемін гүлстанымнан жада.
Мен кетермін хош хал мейірбаным,
жан бабам,
Мен кетермін хош хал емді,
Ахмет, Жүсіп, Ахметжан балам.
Әлқисса, андан соң Жүсіп зар-зар жылап Баба Ғұмарға
қарап, Жүсіпбек бір сөз дейді сонда:
—Жаным алды бүгін шырын сөздерің,
Көңлім тынбас көзде жасым, аман бол.
Қуатым, жан ділім, арам жаным өзлерің,
Атым нелай, кағбам Ғұмар, аман бол.
Мұнан кетер болсаң бәлки көрменім,
батырлар жыры
Сенсіз Баба отан илән тұтмадым.
Қандар жылап зар жалын жұтпадым,
От алып дүр кәрде досым аман бол.
Шаһ ішінде қараңғы ғам, күнда, жан балам,
Кеше-күндіз думаным, дұғагөйім бабам.
Һәм рафиқым, мунисым, арам жаным,
жан бабам,
Дұғагөйім, көңіл хошым, аман бол.
Нелайын афтадамын гауһар бар сарғайып,
Ахмет, Жүсіп жан ұғлан қалды
бабадан айрылып,
Сен кетсең, жан баба,
сынды қанатым қайрылып,
Емді тынмас көзде жасым аман бол.
Сенің үшін көп болармын ынтызар,
Баба үшін нелайын қалмас бір қарар.
Ұлық уағдаласып кеттің баба Жүсіп нар,
Жар жорам һәм дамым, жан мұндасым
аман бол.
Бек Жүсіп дер жоқ тағатым, әй, Құдая,
Дұшпандар зарпыдан сен бергей бенде Алла.
Біздің Шаһмардан ол Әли Мұртаза,
Қадірданым мұшфақым, кағба Ғұмар, аман бол.
Әлқисса, Жүсіпбек Баба Ғұмарды жолға салып ұзатып, керу
ендер билән жөнетіп жіберді. Баба Ғұмардың өзі кетті. Андан соң
Жүсіп хан өзі, Бозұғлан хан, Сапабек теке бегі һәммесі ләшкерін
жамғ қылып, Көзалшаһ билән уағдаласып шаһардан шығып
қайттылар. «Алла» деп жөней берді. Неше мүддет жол жүріп
Шер тауына барып, шаһид болған жігіттердің қабіріне келіп,
көңіл бұзылып жігіттерді жоқтап Жүсіп хан бір сөз дейді:
—Арқамыздан іздеп келген жігіттер,
Мен сенің қабіріңе құрбан болайын.
Бастарыңа ту көтерген шаһидтер,
Мен сенің қабіріңе құрбан болайын.
Атқан оғын тоғыз белден өткерген,
Палуандық істерді көтерген,
БОЗҰҒЛАН, АХМЕТБЕК ҺӘМ ЖҮСІПБЕК
Ғаза қылып саудасын біткерген,
Мен сенің қабіріңе құрбан болайын.
Бағышладым оқып Құран тілауат,
Құдайым әйлагай дидар қиямет.
Сонда тапқан дәреже самауат,
Мен сенің қабіріңе құрбан болайын.
Өзім бірлән болдым мен сіздерді көрмедім,
Майдан ішре құшақтасып өлмедім,
Арман болды мен жүзіңді көрмедім,
Мен сенің қабіріңе құрбан болайын.
Аларынан ғұлман хор болмасын,
Құдайдың нұрына қырын пір болсын.
Имам Хасен, Хұсейін жар болсын,
Мен сенің қабіріңе құрбан болайын.
Құдайым сақтады келдім саламат,
Дидарыңыз қалды бізге қиямат.
Махшар күні айлаң бауыры шапағат,
Мен сенің қабіріңе құрбан болайын.
Бек Жүсіп дермін һәм бір күн барармын,
Қияметте халайықтан сұрармын
Нәсіп болса, дидарыңды көрермін,
Мен сенің қабіріңе құрбан болайын.
Әл-ғарыз, Жүсіпбек бұ сөзді айтып жөней берді. Неше мүддет
жол жүріп, алты ай өтіп жеті ай дегенде Үргеніш жұртына ба
рып тамам ләшкерге әнғам беріп жауап беріп өз мұрадына
жетіп, Бибіниязды алып барып ата-анасына қосты. Һәркім
жайлы жайға кетті. Бір кеше-күндіз ошақ ойдырып, күнінше
қойын сойдырып, аттарға бәйге қылып ғұлама умара афдалда
рын сыйлап, сарпай кидіріп, неше тамаша қылып, мұрадына
жетті. Көңлімде қалмады, һеш арманым қалмады деп кеше
ұлық, кішіктерді жығып, қолына діллә сазды алып бек Жүсіп
бір сөз дейді.
батырлар жыры
—Ойыншысың құба фәлак сенде
арманым қалмады,
Жер-көкте мәлік һәркез арманым қалмады.
Көрдім неше қатты күндер болды неше ерлер,
Кесіп жыладым тағ түзлер.
Һәркез арманым қалмады бұл қажат,
Құрып шаһ ішінде сұхбат құрдым.
Менмендіктен бенде болып жаттым,
Арманым қалмады деп.
Таммат тамам.
Ғаламның бір жері ылди, бір жері қыр,
Аспан - жер жаралғалы тіреусіз тұр.
Жаһанға нелер келіп, не кеткен жоқ,
Байқасақ, бір ғажайып—белгісіз сыр.
Секілді шарқы - пәлек шыр айналған.
Мысалы, бейопаның бейне шығыр.
Қалады кенттен—оба, жұрттан—жоба,
Шеберден—үлгі өрнек, шешеннен—дүр.
Көзге ыстық көрінеді кетсе де өзі,
Қыранның қалса орнында қонған тұғыр.
Ішінде аз өмірдің абайласақ,
Адамзат не көрмейді басы жұмыр?
Байқайды білімді ерлер сөздің парқын,
Білмеске қажеті жоқ айтқанмен құр,
Етіпті хакім Ұлықпан бір жасқа есеп.
Достармен мәжіліс бас қосқан бір.
Саулықта сағынысып қауышқанда,
Алқаның ылайығы—өлең мен жыр.
Басталық бұрынғыдан бір хикаят,
Халайық, зейінің қой да, мойыныңды бұр.
Шығыпты түрікпеннен Жүсіп—Ахмет,
Шегіпті неше жылдай зәбір-зақымет.
Дұшпанға менмендіктен бенде болған,
Айтайын көргендерін өлмей мехнат.
Әкесі екеуінің жасында өлген,
Бабасы—Ерсары деп берілген ат.
Аңқаны ара өпіспен тастап көшті.
Кеуліне еніп самал екі бекзат,
Жүсіп—Ахмет хикаясы
(Базар жырау нұсқасы)
батырлар жыры
Халқына Қаразымның талақ салды.
Бір жұртты табармыз деп одан абат,
Саранұр—Шашыма деген жерге барды.
Жырасы тауларының қабат-қабат,
Жау болып Қиуа менен Жүсіп—Ахмет,
Бір көлге «Һәудек» деген қонды сабат.
Шығыпты түрікпеннен Ахмет—Жүсіп,
Адамзат не көрмейді тартса несіп.
Жеткенсін жиырмаға жастары оның
Жүрмепті Қиуаменен басы пісіп.
Сол кезде Бозұғлан хан тағасы екен,
Бір күні барып қайтты өкпелесіп.
Бар екен Әшір деген бір сардары,
Байласты уағданы «Құдай» десіп.
Жау болып Қиуаның ханыменен,
Бір көлге «Һәудек» деген кетті көшіп.
Сол жерде бұл екеуі тұра тұрсын,
Мысырда Көзалшаһтың сөзін есіт.
Көзалшаһ патша болды халқын сорып,
Ұйықтады ғапылатқа кеулін беріп.
Бір күні ұйықтап жатып сахар уақта,
Орынынан тұрды шошып бір түс көріп.
Қорықып көрген түстің ақырынан,
Ел-жұртын жинап алды ат шаптырып.
Жиналған әр тараптан сәркардаға,
Мұңайды патша түсін айтып тұрып.
Ғажайып бұл қалайша уақиға деп,
Сыр ашпай қалды халқы қайран болып.
Ешбір жан көрген түсті жори алмай,
Қуарды патша жүзі гүлдей солып.
Келді деп Шын-Машыннан бір данышпан,
Патшаны қуантыпты хабар беріп.
Сол екен кітап сатқыш баба Қамбар,
Жорытты патша түсін алып келіп.
Бір хакім бізден бұрын өтіпті-мыс,
Дейді екен тағдырға тән Алладан іс.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Ғажайып ұйықтап жатып төсегімде,
Орнымнан түре келдім көріп бір түс.
Қауіп айлап тұла бойым тітіреді,
Бұрын-соң көрмегенсін мұндай жұмыс.
Жолбарыс екі бірдей салып шеңгел,
Денемнен көтерілді бір қарақұс.
Сияғы жолбарыстың тым-ақ жаман,
Құладым мен тағымнан болып бейһұш.
Дад айлап бұқарама жылай бердім,
Түскесін денеме зор, жаныма күш.
Телпегім басымдағы жерге түсті,
Салмасын адамзатқа мұндай істі.
Қара жер қақ айырылып «ап» дегенде,
Болар ма жанда мақұлық одан күшті.
Шарбағым босағасы құлап қалып,
Һәуізімнен әр мақұлық басып ішті.
Түсімде ұйықтап жатып көргенменен,
Көремін бейне өңімдей бұл жұмысты.
Шәкірті сен Ғалының Қамбар болсаң,
Жори гөр жақсылыққа біздің түсті.
Жорыды патша түсін баба Қамбар,
Шошыды оны есітіп көрген жандар.
Қалайша қария түсті жориды деп,
Теп-тегіс тыңдай қалды жиналғандар.
Қорынбай қаһарынан падишаның,
Бабаңның айтқан мынау сөзін аңғар:
—Жау келер,—дейді,—еліңе күн шығыстан,
Ол келсе, түсер басқа көп зымыстан.
Дегенің екі жолбарыс—Ахмет-Жүсіп,
Денеңнен жаның шығар құс боп ұшқан.
Һәуізіңнен әр мақұлық басып ішсе,
Қалаңа ат шабылар әрбір тұстан.
Дад айлап бұқараңа жылай берсең,
Өзіңе өз елатың болар дұшпан.
Телпегің басыңдағы жерге түссе,
Тез тайып бақытыңнан жерсің пұшпан.
Сен мұны Құдайдан көрме,—дейді,—балам,
батырлар жыры
Тағдырда не жазбайды Хақ тағалам.
Жаралған құдіретімен таңғажайып,
Аспан-жер, ғаршы-күрші, лаухы-қалам.
Түсіңнің жоруы сол болғаннан соң,
Алжарыс айтуға сөз келмейд шамам.
Шәкірті Ғалы шердің Қамбар болсақ,
Жоруы осылай шығар Алла—ғалам.
Кеулімді қара қылдың, баба, менің,
Бейнеті тартты сені әлде ненің.
Именбей ишаратсыз айттың жауап,
Кім артық, білдірейін кімнің кемін.
Көрсетпей бұл дүниенің жарық жүзін,
Денеңді шірітейін енді сенің.
Апарып қырық құлаш зынданға сал,
Құдайдың көрсін дейді көрсеткенін.
Зынданға салды апарып есіл ерді,
Зынданы қырық құлаш қазған жерді.
Шақыртып шаһар халқын кеңесуге,
Жинады не бір білгір кемеңгерді.
Бұл Мысыр уәлаяты—менің жерім,
Құлақ сал бұл сөзіме, нөкерлерім.
Біздерге түрікпеннен жау шығыпты,
Іс болды қамданарлық, кемеңгерім.
Айламен ебін тауып екі бекті,
Алып кел тұзым татқан гөзелдерім.
Бұл Мысыр—билеп тұрған менің шәрім,
Болады шәрім қараб келсе кәрім.
Жайылып кетер барлық жұртқа ауазаң,
Аттансаң көп сәркарда қалмай бәрің.
Әркімнен ақылың артық адам едің.
Алып кел барып, Көкше, келсе халың.
Сұрапты Көкше сауал түре келіп,
Етем деп қызметіңді аттай желіп.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Жұмсадың, тақсыр, мені қызметіңе,
Жолыңда разымын кетсем де өліп.
Әр мақсат тілегімді берер ме едің,
Сұрасам, дұшпаныңды тірі әкеліп.
Жұмсадың қызметіңе, тақсыр, мені,
Жол еді алты айшылық оның шені.
«Мен қашқан қызылбастан қашақпын» деп,
Айтармын көп жамандап, тақсыр, сені.
Бір қағаз он бес айда сала алмасам,
Бұл елді Көкше шайырдың көрмегені.
Көкшеңнің өліп қалып ара шөлде,
Болмаса, сатылғаны болып пенде.
Жұмсадың қиыншылық жолға, тақсыр,
Бұза алмай әміріңді кеттім мен де.
Өз басым обалымды жүктемеймін,
Бұл елге қайта айналып келмегенде.
Осыдан мен Мысырды көрмей өлсем,
Хақы көп біздің үйдің, тақсыр, сенде.
Жүрмекке ел-жұртымен амандасты,
Пісенттеп сөзді ұзатпай тамамдасты.
Туған жер өскен елден кетпек болды,
Туысқан тастап құрбы-замандасты.
Қоштасып Көкше, сөйтіп, үй-ішімен,
Бел байлап бір талапқа қадам басты.
Бар еді бір тұлпары Көзалшаның,
Атаушы ед Телқоңыр деп атын аның.
Жабдықтап Көкшеге оны мінгізді әкеп,
Кеуліңде қалмасын деп қайғы-ғамың.
Жүсіп пен Ахметті әкелмесең,
Бұл елді көрем деме, қайтып, жаным!
Көзалша Көкшеменен қоштасыпты,
«Ойға алған оң болсын,—деп,—бұл талабың».
Тапсырып қатын-бала, аға-інісін,
Аттанды Қаразымға Көкше залым.
батырлар жыры
Қиуамен алты айлық жол екі арасы,
Ешкімнің ол туралы жоқ таласы.
Бұрында бірнеше рет келіп қайтқан,
Көкшеге белгілі екен жер шамасы.
Жасырын адам жүрмес алыс жолға,
Жолдассыз шекті сапар жалғыз басы.
«Шу-шулеп» Телқоңырды қамшылады,
Бұршақтап бойдан тері тамшылады.
Қуырып жер танабын ұшқан құстай,
Алысып ауыздықпен арқырады.
Алсам деп аптасына айлық жолды,
Жүрегі алып-ұшып талпынады.
Алыпты айлық жолды алты күнде,
Демалып дамыл көрмей күндіз-түнде.
Бір үйге кешкітұрым келді жетіп,
Қиуаның шаһарының етегінде.
Сол үйде жатты бір күн дамыл алып,
Сөз тартып бектер жайын білмекке анық.
Білгенін баяндапты үй егесі,
Сұраған алдарқатып сөзге нанып.
Жағдайын Жүсіп, Ахметтің Көкше залым,
Біліпті сырттан сұрап әбден қанып.
Сөйлепті үй егесі білгендерін,
Қалдырмай кіммен дұшпан, кімге—елін.
Ханымен Қиуаның араздасып,
Айтады өкпелесіп жүргендерін.
Құс салып, ит жүгіртіп қырық жігітпен,
Һәудекте жатып дәурен сүргендігін.
Баяндап бәрін тегіс мейманына,
Үй иесі айтты сөйтіп білгендерін.
Сілтетіп Бал-һәудектің алды жолын,
Анықтап білді болжап оң мен солын.
Бектерге келіп Көкше дидарласып,
Құрметпен айлап тағзым алған қолын.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Шатырға келді кіріп түсіп аттан,
Баяндап білдірді хал жағдаяттан.
«Кісі едім,—дейді,—сырттан құмар болып,
Көрмекке әдейі іздеп келе жатқан».
Жүсіпбек сұрапты оның аты-жөнін:
«Болад,—деп,—нәсілің кім, қай елаттан?»
—Көзалша—патшамыз,—дейді,
—атым—Көкше,
Келатқан мүсәпірмін Мысыр жақтан.
Ылажсыз ел-жұртымды шықтым тастап,
Патшаның азарынан жанға батқан.
Мен едім ол Мысырда даруазабан,
Бейсауат тұрушы едім өткізбей жан.
Елаты ол Мысырдың бұзылысты,
Патшамыз таққа мінген болып жаман.
Туысқан, қатын-балам қалды бәрі,
Жан саулап, жалғыз басым кеттім аман.
Бір болған ұрлықты ол менен көрді,
Айтар ма ұрысың деп мендей ерді.
Алды да мал-мүлкімді патшалыққа,
Өзіме неше түрлі азап берді.
Залымдық зәбірінен Көзалшаның,
Лажсыз кеттім тастап туған жерді.
Мен шықтым Көзалшаға ашуланып,
Туысқан-туғанымның бәрі қалып.
Жұртына Аспаһанның аман барсам,
Деуші едім бір келермін қосын алып.
Текеге Көкше кетті дегеннен соң,
Патшамыз қалған ұсайды қапаланып.
Бұл жұртқа тұз-дәм айдап келгеннен соң,
Бектердің жүрмек кеулім құсын салып.
«Илла Алла лә Иллаһа»—мұсылманмын,
Айырылдым кәпірліктен діні ғалыб.
Үмбеті пайғамбардың мен мұсылман,
Илансаң, тақсыр, енді тілге нанып.
батырлар жыры
Батырға бәрі бірдей аз бен көптің,
Қасында қырық жігіті екі бектің.
Тағасы Бозғұлан хан мейман екен,
Есітіп білді жайын айтқан кептің.
Көкшенің айтқанына сенбеді ол,
Жаһангез жансызы деп жүрген шеттің.
Бектерге айтып ақылын қайтып кетті,
Жуытпай жой деп көзін арам ниеттің.
Бозұғлан барып тыныш жата алмайды,
Жайма-жай ұйқы ұйықтап, дәм тата алмайды.
Қауіптен күн ілгері күтінбесе,
Кінәсіз кімдер босқа шаталмайды.
Кетерде Көкшені өзі әкетуге,
Бектерді ренжір деп бата алмайды.
Жұмсапты бір жігітті барып кел деп,
Бектерден барып хабар алып кел деп.
Тапсырды бастан-аяқ бәрін де айтып,
Көкшенің мән-жайына қанып кел деп.
Хат жазып әдейі арнап айтты сәлем,
Бектердің жадтарына салып кел деп.
Ол жігіт тапсырды әкеп жазған хатты,
Орындап айтылынған аманатты.
Хатында Бозұғлан хан жазған екен,
Бектерге былайша деп өсиятты:
«Бек Жүсіп ұзамасын үйде жатсын,
Еріксе, жақын жерден құсын атсын.
Кешегі Көкше деген қызылбасты,
Өлтірсін, не болмаса базар сатсын.
Сөзіне оның айтқан иланбасын,
Десе де ол «нандырдым» бұ нанбасын.
Бір істі кеңнен ойлап күтінбесе,
Аңсызда ол алып кетер оның басын.
Өлігі қандай болған Ғали Шердің,
Дұшпаны көп болады ондай ердің.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Өлтірсін, иә болмаса маған берсін,
Сол екен кезіндесі жаман жердің.
Тіл алсаң отыр, бектер, кетпей үйде,
Бұл айтқан кеңесімді ішке түй де.
Дұспаны ердің сөйтіп жүретұғын,
Амалмен салып өзін әрбір күйге.
Көкшенің көп ұзатпай құрт қарасын,
Әгарда айтқан сөзім қонса миге».
Сәлемін көрді Жүсіп Бозұғланың,
Азбайды ер алған ақылын данышпанның.
Бір қырсық ер басына айналарда,
Айтылған қонбайды сөзі ешбір жанның.
Ол хатқа былайша деп берді жауап,
«Алды жөн,—деген мысал,—адасқанның».
—Құл емес арам қиял менің құлым,
Секілді болмас пе екен туған ұлым.
Әркімдер жұртын тастап жүретұғын,
Патшасы таққа мінген болса зұлым.
«Құдай» деп есігіме келгеннен соң,
Аламын, кім өлтірсе, содан құнын.
Айрықша адал көріп сенгендіктен,
Кем емес Ахметжаннан жалғыз інім.
Еліне қызылбастың етсем сапар,
Біледі жол мәнісін менің мұным.
Өлтіріп обалына қала алмаймын,
Мұсылман болып еді беріп дінін.
Бір құлдан есіктегі сонша қорқып,
Құрысын, Жүсіп-Ахмет, көрген күнім»
Бектерге Көкше залым қызмет етті,
Ай түгіл, жылға жақын күндер өтті.
Білдірмей бірте-бірте айламенен,
Қызметі бектерге әбден жағып кетті.
Әуелде шылым салғыш болып жүрсе,
Есіктен өрлеп басы төрге жетті.
Кеңесі кеуліне ұнап ақырында,
батырлар жыры
Айламен алды билеп екі бекті.
Опасыз достың еткен жапасынан
Айталық біразырақ, тыңда кепті.
Екі бек тауға шықты сайран етіп,
Алмаққа көрген аңды қуып жетіп.
Қырық жігіт Әшір сардар о да шықты,
Ажалсыз құтылар деп, бізден не етіп.
Екі бек жүре берді құсын салды,
Құстары әрбір түрлі аңдарды алды.
Тұрғанды атып, қашқанды қуа-қуа,
Тауына Сара-нұрдың барып қалды.
Келді де, түсе қалды көл жағалап,
Көлдер бар ызылдаған әрбір алап.
Шатырды шетке тікті Көкше залым,
Кеш болса жатқызбас деп шыбын талап.
Ит Көкше ел жатқасын мылтық атқан,
Қиянат ерге ойлайды тұзын татқан.
Көкшенің бір жіберген қағазымен,
Бар екен топ қызылбас келіп жатқан.
Білдірмей Көкше түнде кетті жаяу,
Ісінен ол залымның шықты қаяу.
Барды да көп қосынды ертіп келді,
Болмады қырық жігіттің бірі де ояу.
Көп қосын жүгіреді бәрі де аңдап,
Шатырды басып қалды жаяу салдат.
Ұйқыда екі бекті Көкше залым,
Қолына қызылбастың түсірді алдап.
Зор ғауға екі бекке түскен кезде,
Қырық жігіт қашып шықты бас амандап.
Шыдамай Әшір сардар зар жылады,
Жаны аяр жолдасын жауға алдырады.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Айырылып екі бектен ел көрмекке,
Әшірбек сол арада ар қылады.
«Қырық жігіт шығып едік біздер—ауға,
Жолықтық ауда жүріп мұндай жауға.
Көп жүрген есігінде Көкше залым,
Басына екі бектің салды ғауға.
Ыразы болсын бізге Жүсіп-Ахмет,
Төгелік қызыл қанды Қаратауға.
Айырылып екі бектен ел көрмекке,
Біздерге болар қатты қиын сауға.
Алдыңнан Гүласылдай шығып жеңгең,
Береміз не деп жауап, десе: «Сауға».
Қырық жігіт таң атқасын қуып жетті,
Көреді зар жылаған екі бекті.
Көп жүрген есігінде Көкше залым,
Бектерді жаяу айдап алды кекті.
Ерлерді күнге күйіп жер баспаған,
Кәпірлер ат үстінен басқа тепті.
Бек еді Қаразымда халық билеген,
Құдайым ақырында мұндай етті.
Тауында Сара-нұрдың соғыс қылып,
Өлтіртіп жеті адамды, қайтып кетті.
Әскердің ерді Әшірбек қарасына,
Білдірмей кірді жалғыз арасына.
Бектерге бір көрініп қош айтысты,
Атымдап келген кезде шамасына.
Жүсіпбек айтты сәлем қалдырмастан,
Теп-тегіс дін мұсылман баласына:
«Сәлем де жорамызға Нәдір сұлтан,
Өзбек бар тоқсан баулы қосшы, құлтан.
Жар досымның жаны ашыған тілін алмай,
Өткіздім қателікті бастан мың-сан.
Көред те досың енді ат жарақтан,
Артынан әр намаздың дұға қылсаң.
батырлар жыры
Сәлем айт бізден арнап Сапабекке,
Шын әулет тоған жеке асыл бетекке.
Бозұғлан тілін алмай сорлы басым,
Қор болдық Көкше залым бедірекке.
Пірлерім Алау қожа, Шайқы-шарап,
Зар болдым хан ағасын бір көрмекке.
Мысырға Жүсіп-Ахмет тірі кетті деп,
Білдірсін тоқсан баулы көп Өзбекке.
Өзбектің түркі тілді өнген жері,
Түркістан—қабарлассын Әзіретке.
Айрықша бізден сәлем Бозұғланға,
Зор түсті тағдыр айдап шыбын жанға.
Өзіме-өзім қылдым алмай тілін,
Мен ақымақ обалы жоқ ойлағанға.
Аттанар мұны естісе бірі қалмай,
Жоқ еді еш жазығым мұсылманға.
Әшірбек, қырық жігітке едің бастық,
Ойлады Көкше залым бізге қастық.
Бек едік Қаразымда халық сұраған,
Жолдардан тағдыр айдап біз адастық.
Жау болып Қиуаның ханыменен,
Көшеге ат ойнаттық о да мастық.
Көрінбей дарияның бергі беті,
Әр жаққа ерегеспен хабар шаштық.
Көп қайрат көкіректе тоқтата алмай,
Барып құл қызылбастан алып қаштық.
Құрытқан ат тұяғын қара тасты,
Бұл кезде жалаңаяқ біз де бастық.
«Жер—қатты, аспан—алыс» деген нақыл,
Айрылып ақыл-естен бүгін састық.
Көргенше кім бар, кім жоқ, қош аман бол,
Арманда кеттік алмай жаудан жастық.
Көп қосын екі бекті кетті қуып,
Артына екі қолын бекем буып.
Баратыр Жүсіп-Ахмет зар-зар жылап,
Беттерін екі көздің жасы жуып.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Жол жүріп алты айшылық арып-ашып,
Шәріне ол Мысырдың келді жуық.
Қарайған ақша жүзі күнге күйіп,
Қанаған башайлары тасқа тиіп.
Айтады сонда Ахмет ағасына
Көз жасын тоқтата алмай кеулін тиып.
—Ей, аға, назарың сал, бермен қара,
Ат міндік жаман жабы екеу ара.
Қор болдық қапылыста қолға түсіп,
Ісіне Құдіреттің бар ма шара?
Бір дария көрінеді көз ұшында,
Ар жағы мұнарланып жатқан қала.
Сөзімді тыңдашы, аға, зейінің салып,
Мен тұрмын бір нәрсені көзім шалып.
Көп кісі Көкше алдына шықты үрметтеп,
Күймелі алтын жабдық арбаны алып.
Әркімдер айтып жатыр құтты болсын,
Мен соған тұрмын қатты қапаланып.
Бау-бақша арғы жағы дарияның,
Шаһары көрінеді мұнарланып.
Аздырған ат тұяғын жерің еді,
Айтшы, аға, бұл жерлерді тұрсаң танып.
Айтады інісіне сонда Жүсіп,
Қасірет қай-қайдағы ойға түсіп.
Пайда жоқ басқа келер уайымнан,
Айтқанмен өткен іске өкінісіп.
Тағдырдың тақсымына төзбек керек,
Тайсалмай тәуекелге бел буысып.
Шаһары ол көрінген Көзалшаның,
Біз тарттық тақсыретін бұл дүнияның.
Көкірек бұзылып тұр, көз жасаурап,
Айтайын байқаңқырап шыда, жаным.
Дарияның арғы жағы қала болса,
Шаһары ол Көзалша деген падишаның.
батырлар жыры
Біз, қалқам, келдік жерге екіталай,
Демесе, өзі «ал, құлым» Меһірбаным!
Бұл іске болма ғамкүн, Ахмет ұғлан,
Алланың хүкімі шығар бізге болған.
Еске алсақ ерлерді өткен ертедегі,
Қиындық бар ма, сірә, көрмеген жан.
Өлтіріп Хұсейінды Шымар кәпір,
Шаһары Мәдинаның зар жылаған.
Сындырып таспен тісін пайғамбардың,
Һамзені Хұт тауында шейіт қылған.
Тағдырдан біздер қайтіп құтылармыз,
Мансұр да зұһметпенен дарға асылған.
Намұрыт—Шұддат деген шығып кәпір,
Бір тегіс дүнияның жүзін алған.
Пейішті дозақ пенен қолдан жасап,
Дозаққа мұсылманнан адам салған.
Пейішін бір көре алмай еңбек еткен,
Дүния солардан да қапы қалған.
Сүлеймен, Зұлқарнайын—Іскендірмен
Төрт бұрышын дүниенің неше оралған.
Тарттырып қайғы-қасірет шектіріп зар,
Қалған жоқ кімнен қапыл дүние—жалған!
Үстіне наз бедеудің бір міне алмай,
Көп болды көкіректе біздің арман.
Көрерміз, пешенеге жазса тағдыр.
Амал не, болса бұйрық Хақтан пәрман.
«Үмітсіз шайтан» депті бұрынғылар,
Үзуге болмайды үміт Жаратқаннан.
Патшаға шабармандар кеткен екен,
Қуантып барып хабар еткен екен.
Айдауда Ахмет-Жүсіп көп қосынмен,
Олар да ізерттесе жеткен екен.
Дұшпандар—қуанышты, бектер—ғамкүн,
Ерлерге азары әбден өткен екен.
Патшаны күтіп Көкше, тоқтап қосын,
Шаһардан тұрған жері шеткері екен.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Есітіп патша хабар шаттаныпты,
Жіберген Көкше жазып хатты алыпты.
Алдынан күтіп қарсы алмақ үшін,
Көзалша уәзірлермен татталыпты.
Қауіпті дұшпанымнан тыншайдым деп,
Патшасы мас боп әбден мақтаныпты.
Салтанат сәулет пенен саркардалар
Көкшені қарсы алмаққа аттаныпты.
Көрісіп Көкше залым падишамен,
Айтып сыр, тарқатты шер кеуілінен.
Көкшенің ерлігіне ырза болып,
Көтеріп мәртебесін, ұлғайтты шен.
Айырып екі бекті сол арада,
Зынданға салды апарып айдауменен.
Зынданның түбі—терең, ауызы—тар,
Бектерге мұндай жағдай болды душар.
Ақырын Хақтың өзі оңғармаса,
Кетпестей болды естен көрген азар.
Бұлардан бірнеше жыл бұрын түскен
Бар екен сол зынданда баба Қамбар.
Қауышып қапас жайда бектерменен,
Келді рет жөн айтысып, жағдай сұрар.
—Жаратқан жұмла жанды Жаппар—Кәрім,
Түбінде бұл зынданның кеулім жарым.
Көп болды көрмегелі жарық дүние,
Білмеймін кімнің жоғын, кімнің барын.
Киімің, шаш алуың—мұсылмансың,
Қай жұрттың адамы едің, балаларым?
—Бұл кезде біз де сіздей кеулі жарым,
Қапыда қайғы қасіреттің тартқан зарын.
Баласы Кәлимагөйдің мұсылманбыз,
Мұқамбет—Хақ Расұл пайғамбарым.
Әй, ата, құлағың сал, бермен қарап,
Өзбек бар тоқсан баулы неше тарап.
батырлар жыры
Түрікпен, асылымыз Теке-Жәуміт,
Пірлерім: Алау қожа, Шайқы-шарап.
Сіздерге бұл қасірет қайдан жеткен,
Ер қайтпайт тарыққанмен айтқан серттен.
Жол еді алты айшылық екі арасы,
Бұл елге пенде болдың не себептен?
Бұл елге пенде болдық тағдыр айдап,
Жатушы ек Һәудек деген көлді жайлап.
Қызылбас Көкше деген қашып барып,
Көп жүрді есігімде күліп-ойнап.
Көрді де Бозғұлан хан: «Өлтір»,—деді,
Алмадым оның тілін сорым қайнап.
Көп қосын Сара-нұрға сақтап қойып,
Ол залым жүрген екен сұмдық айлап.
Хабарсыз қараңғыда қамап әскер,
Қозғалтпай қолдарымызды алды байлап.
Жан қинап жеттік, тартып жол азабын,
Бір атқа екеуара мініп жайдақ.
Білмейміз енді халіміз не боларын,
Толқиды кеуіл, шіркін, әр нәрсе ойлап.
Әй, баллар, айтқан менің сөзімді аңғар,
Ұмытты бізді елдегі көрген жандар.
Мен едім Ғалы шерді көре қалған,
Сөзіме айтқан менің нансаңыздар.
Бейхабар жатқан шығар білмей ешкім,
Білсе әгар қайғырар ед мұсылмандар.
Түскелі мен зынданға болды көп жыл,
Білінбейд батқан күн мен атқан таңдар.
Баяндап бастан кешкен азаптарын,
Ол дағы екі бекке айлады зар:
«Көзалша көріп бір түс таңғажайып,
Етпепті қорқып кеулі сабыр—қарар.
Жоритын адам таппай отырғанда,
Келді деп айтылыпты біздің хабар.
Шақыртып құзырына алды дағы,
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
«Жоры,—деп етті жарлық,—білсең әгар».
«Білмеймін» дей алмадым жазған басым,
Болғансын біздің аттан халық қабардар.
Жорыдым Көзалшаның көрген түсін,
Сүйеніп пазылына Пәруардигар.
«Түсімді дұшпандықпен жорыдың»,—деп,
Патшаның кеулі ренжіп тартты шұбар.
Зынданға салды сол күн қаһар айлап,
Жазықсыз мен жатырмын тартып азар.
Ойлаймын бұл зынданға біз жатқалы,
Кемінде бес-алты жыл болған шығар.
Хал-жағдай нашарлады күннен-күнге,
Қамқорлық етпесе өзі Қадір-Жаппар.
Қолдар деп қысылғанда үмітім көп,
Хабибі—әл-хазірет Хақ Сәруар.
Ұстаздық тәлім алған пірім еді,
Біреуі—Ғалы арыстан төрт шадияр.
Шын-Машын шәрім аты, асылым—араб,
Сұрасаң өз атымды—баба Қамбар.
Бұл жайға әзіреті Ғайса түскен,
Болмайды бұған сабыр қылмасаңдар.
Дос күліп, дұшпандарың мерейленіп,
Ғамкүн боп жабықсаңдар жат табалар».
Бектерге бұл тариқа басалқа айтып,
Баяндап өз жайынан берді хабар.
«Һәудекте жатушы едік айлап сұхбет,
Жар-досты қадірлеуші ек, етіп құрмет.
Білгеннің айтқан ақыл, алмай тілін,
Біз тарттық бұл секілді қайғы-қасірет.
Арасын дос-дұшпанның айыра алмай,
Алыстап кеттік елден айдалып шет.
Түрікпеннің Теке-Жәуміт бектері едік,
Сұрасаң атымызды—Жүсіп-Ахмет.
Әй, баба, заман түрі болды қалай?
Күн боп тұр ойлағанға екіталай.
Тас қағып табанымызды, арып-ашып,
Бұл елге жеттік жүдеп біздер солай.
батырлар жыры
Ол көрген, өлмей қалсақ, бейнет шығар,
Белгісіз не болады бұдан былай.
Арманда кетеміз бе, жетсе нәубет,
Беліне назбедеудің бір міне алмай?!»
Деп бектер айтып жайын тоса тұрсын,
Бастауға басқа сөзді келді жағдай.
Жәйті сол Жүсіп-Ахмет жайларының,
Түбіне жетпейт зейін ойларының.
Бар екен бір шорысы Түрікпен елден,
Қызылбастың Қыртас атты байларының.
Аты екен Бибінияз ол шорының,
Мәриямдай дейді сұлу бар порымын.
Данышпан, өзі көркем, парасатты
Қызы екен Түрікпендегі бір орынның.
Түрікпен Теке-Жәуміт қызылбастан,
Неше рет құл менен күң алып қашқан.
Мал қуып, кісі өлтіріп, дүние талап,
Жауласқан бірін-бірі аямастан.
Бір кентін оқшау жатқан Түрікпендердің
Көп қосын қапияда келіп басқан.
Өлтіріп бас көртерген адамдарын,
Мал-мүлкін кеткен талап қалдырмастан.
Сол сапар Бибінияз қолға түсіп,
Кіріптар сүйтіп басы болған жастан.
Ел шапқан қызылбастар күн-түн қатып,
Сол сапар көп олжаға қайтқан батып.
Есен-сау ел атына келіпті олар,
Жан-жаққа жайып дәрпін таңырқатып.
Айырып ата-анадан жас кезінде,
Бибіні алып келген зар жылатып.
Алсын деп пұлы жеткен талапкерлер,
Саудаға салған басын базар сатып.
Бір байы қызылбастың Қыртас деген
Алыпты көп пұл беріп, кеулі ұнатып.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Отыз жыл өткен екен одан бері,
Хабарсыз бар-жоғынан туған елі.
Айрылған ата-анадан тірі жетім—
Қалайша тарқар іштің қайғы-шері.
Хан, қара, би мен бекке белгілі екен,
Күң болып Бибінияздың келген жері.
Келді деп жайылыпты халыққа хабар
Түрікпеннің Жүсіп-Ахмет гөзелдері.
Есітіп Бибінияз бұл хабарды,
Жолына байлап басын, қиыпты арды.
Бектерді бір көрмекке ынтық болып,
Жалынып жұбайына еткен зарды.
Хал-жайын сырттан сұрап қайтайын деп,
Көп айтып көндіріпті Қыртас жарды.
Ол келген перизат еді Үргеніштен,
Қор болып қапияда қолға түскен.
Есітіп екі бектің сырт хабарын,
Көзалша қорқып еді көрген түстен.
Сайрандап сахарада Жүсіп-Ахмет,
Хабарсыз болды бейғам бұл жұмыспен.
Асырып айла-амалын Көкше залым,
Бектерді пенде қылды ерегеспен.
Ерінен Бибінияз рұқсат алды,
«Бектерді көрейін,—деп,—қолға түскен».
Жан еді ол сұлулықта озған жұрттан,
Талайлар болған ғашық көрмей сырттан.
Сөйлесіп сұқбатында болғандардың
Қатырып сілелерін әбден құртқан.
Қиғаш қас, құралай көз, оймақ ауыз,
Бейне бір айдай көркі бұлттан шыққан.
Іспетін сөзбен тамам ету қиын,
Жаһанда жанды оздырмайд сұлулықтан.
Қайғымен өрт боп қаулап жанған іші,
Жабырқап қасіретпен тайған түсі.
Көнбеске адамзаттың халі бар ма,
батырлар жыры
Тағдырдың болса солай жазған ісі.
Ішінде аз өмірдің азап шегіп,
Талайлар тартқан қасірет жаз бен қысы.
Халелді Намұрыт—Шұддат отқа тастап,
Тірідей келген өртеп жандырғысы.
Саламат шыққаннан соң күймей отқа,
Ден қойған қайыл болып көрген кісі.
Жүсіпті ағалары зындан салған,
Аман-сау ол да тірі өлмей қалған.
Кенғанның шаһарына патша болып,
Жетіпті мақсатына кеуліне алған.
Ақырын айласа абат ғажап емес,
Етпеген кімді арманда дүние-жалған?!
Өз кеулін осыны айтып жұбатқылап,
Көрмекке інілерін етеді арман.
Бұлайша Бибінияз толғап сөзін,
Жасартқан жылауменен екі көзін.
Қапастан қалайынша құтқарам деп,
Тербетіп әртүрлі ойға салады өзін.
Зынданға келді жақын сол бетімен,
Көрген жан пәр алғандай келбетінен.
Жанға еткен жақсылығың қалмас босқа,
Жамандық табады әркім өз ниетінен.
Зынданның ауызы—тар, аймағы—кең,
Қырық құлаш тереңдігі жер бетінен.
Бибінің бетінде бар тұтқан перде,
Көзде—жас, көкірегі—қайғы шерде.
Бектерді көрейін деп келді жетіп,
Тірілей тартып азап жатқан көрде.
Былайша Бибінияз сөз толғапты,
Зынданның күзетшісін көрген жерде.
Екі кісі қарауыл бар зынданда,
Рұқсатсыз жан келтірмейт бұл маңға.
Бибінияз келді жалғыз туралап,
Тоқталмастан күзетшілер тұрғанда.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Қарауылдардың келді жетіп қасына,
Көрсетпей жүзін жамылған перде басына.
Ортасына екеуінің отырды,
Қолдарын салып иығына асыла.
Әрқайсысына жүз ділдәдан береді,
Дейді:—Қалқам, ішім бір толған шер еді.
Жолықсам деп ем зынданда жатқан ғаріпке,
Кеуілдерің оны қалай көреді?
Дейді:—Жеңге, ділдәңізді алмаймыз,
Ділдә алам деп пәлесіне қалмаймыз.
Біздің елдің дұшпаны екен қауіпті—
Жұрттың айтқан сөздерінен аңдаймыз.
Бетіне тұтқан пердесін ашты қолымен,
Күле қарап оң жағына солымен.
Жеңгеңнің сөзін сыйлар деген кеулім бар,
Қатар-құрбы қадірлеушілік жолымен.
Дүниеге өлгенше көзің тоймайды,
Тіріде, шіркін, алдауын ол да қоймайды.
Ренжімей кетсін деп Бибі жеңгеміз,
Қарауылдар көрсетуге ойлайды.
—Ал, жеңеше, айтқаның болсын бар,—дейді,
Білесіз ғой біздің де жағдай тар,—дейді.
Сездірмей жұртқа келіп-кетіп тұрарсың,
Жадыңызға бізді де, жеңге, ал,—дейді.
Бибінияз келсе түсіп зынданға,
Зындандағы танымапты бір жан да.
«Арымасын» айтып тегіс бәріне
Сездіріпті себебін келген бұл маңға.
Жай сұрасты жатқандармен тіл қатысып,
Тоқтатып кеулін көзінің жасын құрғатып.
Аты-жөнін білдіріпті баяндап,
Жатқандарға жағдайын айтып тыңдатып.
батырлар жыры
—Дінім—ислам, мұсылманмын асылым,
Теке-Жәуміт түрікпен елден нәсілім.
Жастайымнан қолға түсіп пенде боп,
Уайыммен өксіп өмір жасыдым.
Естіп келдім сыртыңнан бектер атыңды,
Теке-Жәуміт түрікпен деген затыңды.
Әкелді деп Көкше залым айламен,
Пенде қылып Жүсіп-Ахмет батырды.
Көріпті бейнет нәбилердің де талайы,
Тартыпты азар әркімнің болып малайы.
Ақырында мақсатына жетіпті,
Қабыл болып айлаған арзу-санайы.
Әзіреті Ғайсаны ұстап даладан,
Кәпірлер әкеп қапасқа салып қамаған.
Пәруардигар пәрманы менен босатып,
Жай алған дейді төртінші қат сәмадан.
Сендер үшін бір жанымды қиямын,
Қолдан келер жәрдемім болса қылармын.
Тәуекелге байлаңдар белді, бектерім,
Әрқашан келіп білісіп жағдай тұрармын.
Апасына айтты Жүсіп алғысын,
Қамқорлық етіп аямай жүрген бар күшін.
Тірі болсақ кегіміз кетпес дұшпанға,
Мезгілсіз нәубет көрмесе төтен жан қысым.
Қапалықпен тарқамай тұр іштен шер,
Қиыншылық қараңғы зындан жатқан жер.
Бөлер ме екен қасіретті ойдағы,
Келсең, апа, бір ділдә дудар әкеп бер.
Кеуіліндегі мүддаларын айтады,
Бір-бірінің хал, жағдайын байқады.
Қош айтысып, қолын ұстап бектердің,
Бибінияз рұқсат алып қайтады.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Базарға барды Бибінияз бетімен,
«Дудар сатып алайын» деген ниетімен.
Жүр екен біреу дудар ұстап қолына,
Келгендей түрі бөтен бір елдің шетінен.
Дудар иесі айтады, «сат» деп барғанда,
«Пұлың жетсе,—дейді,—бұдан қам қалма,
Қымбат емес қадірін білген кісіге
Екі жүз ділдә бағасы,—дейді,—алғанға.
Одан кемге өтінгенменен сатпаймын,
Бұдан артық болмайды дудар жалғанда.
Көкіректегі барлық шерін тарқатар,
Білетін кісі бір-екі мәрте шалғанда».
Ол күні дудар мақтағанмен өтпеді,
Дудар иесі ол базардан кетпеді.
Қызыққандардың ақшасы жетпей алуға,
«Арзанға сатса, алсақ»,—деп әркім ептейді.
Келесі күні қыдырды тағы базарды,
Қызығып әркім дударға салды назарды.
Алайын деп қызыққанменен құмартып,
Пұлы жетпей талайлар тартты азарды.
Дудар иесін Бибінияз байқады,
Дәруіш екен аралап жүрген тайпаны.
Ретке келсе, алайын деп дударды,
Сөз тартпақ үшін жағдайын Бибі айтады:
«Дударыңды,—дейді,—баба, маған сат,
Кездеспей жүрген керегім еді бір қажат.
Болар ма екен деп ойлаймын дауасы
Жазылмай жүрген іштегі дертке—жарақат».
Бұл сөзіне береді жауап ақсақал,
Дейді: «Менің сөзіме айтқан құлақ сал,
Қапаланып қайғы-қасірет шеккендей,
Сездірші, балам, кеуіліңде бар не малал?
батырлар жыры
Жаһанды кезіп сақал мен шашым ағарған,
Дударымды алмады ешкім базардан.
Бұл кезде жасым үш жүзден асып баратыр,
Емеспін қалас әр замандағы хабардан.
Жаһанның жүзін жаяу кезіп жүр едім,
«Дәркармын» деп дударды неге тіледің?
Берейін саған пұл алмай-ақ, шырағым,
Түсіндірші, жөніңді айтып, кім едің?»
Басында сәлде, қолында аса, пірадар,
Ақ киімді, астында есек жана бар.
Қолынан келер жәрдемі болса етпекке,
Хал-жайын сұрап білуге боп тұр ынтызар.
Бибінияз көзінің жасын сүртеді,
Қалайша одан жасырып сырын іркеді.
Дос адам жоқ, дұшпаны көп болғасын,
Сыр білдірмей, сескеніп жұрттан үркеді.
«Мен, бейшара, торға түскен лашын,
Қатесі жоқ, тыңдаңыз, сөздің расын.
Қардар ед дудар қапаста жатқан ерлерге,
Шерленіп іші, жаза алмай жатқан құлашын.
Отыз жыл өтті, ел-жұртымды ойладым,
Кеуілімнен қайғы-қапалықты жоймадым.
Хал-жағдайымды сұрадың, сізге айтайын,
«Ат-жөніңді білдірт» деп, баба, қоймадың.
Теке-Жәуміт түрікпен, асылым—мұсылман,
Мен бір ғаріп басынан дәуір ұшырған.
Болар деп жәрдем пірлерден үміт етемін,
Көрсетіп сәуе, қиындық жайда қысылған.
Ата, сенің таң қалып тұрмын түріңе,
Ұқсайсың менің қамқоршымның біріне.
Қысылған кезде қол беретұғын қашаннан,
Ойлап тұрмын кездестім бе деп піріме.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Назарың салып, пірлерім, біздей ғарыпқа,
Орынсыз босқа жылатып дәйім налытпа.
Ғайып-ерен, қырық шілтендей, қамқоршым,
Қараңғыдан шығар күн бар ма жарыққа?»
Деп зар айлап, жас алады көзіне,
Егітілді ие болмай өзіне.
Беріп кеңес, етіп достық бабаңның,
Құлағың сал, Бибіге айтқан сөзіне:
—Саспа, балам, сусаған болсаң қанарсың,
Көп ұзамай бір жақсылық табарсың.
Қайғы-қасіреттің кетіп бәрі кеуліңнен,
Құмарың тарқап, дұшпаннан кекті аларсың.
Бибіге «ал» деп дударын тегін береді,
Адамзат, не жазса тағдыр, көреді.
Батасын беріп, «мақсатқа жет» деп кешікпей,
Сол ара енді бабаңның кетер жері еді.
«Қош бол,—дейт,—балам, басыңа бақыт қонады,
Залымдық қылған дұшпанның гүлі солады».
Осылайша білгенін айтып Бибіге,
Бабаң да сөйтіп көзден ғайып болады.
Бибінияз Хаққа шүкір айлады,
Қай-қайдағы зығырданы қайнады.
Сары алтынмен сыртын қаптап сәндеген,
Күміс құлақ, дудар екен айналы.
Дударды Бибі тапсырды әкеп беклерге,
Ызаланып дұшпанға кеткен кеклерге.
Шалған кезде ділдәдудардың дауысы,
Естіліпті зынданнан шығып көп жерге.
Ол кездерде дударды шалғыш кем еді,
Тартуға дудар екі бек бірдей тең еді.
Осымен бектер кідіре тұрсын шамалы,
Ендігі сөз Қаракөзайымнан келеді.
батырлар жыры
Қаркөзайым сұлу— Көкше қызы,
Талайды таңырқатқан көркем жүзі.
Әркімнен ақылы артық, парасатты,
Сөйлесе, жанға жайлы бар лебізі.
Сүмбіл шаш, оймақ ауыз, пісте мұрын,
Кетпестей көрген кісі қыздың түрін.
Бейне бір бейіштегі хор секілді
Түрлентіп ақ жүзінен төккен нұрын.
Есітіп әкесінен ол бишара,
Ренжіп кеулі қатты болған нала.
«Жамандық жан түршігер етпесін,—дейт,
Жақсылық еткен ерге осыншама.
Жандарды жазығы жоқ зар еңіретіп,
Өзіңде жоқ па олардай қатын-бала?
Келсе әгар қайтер едің өз басыңа,
Осыны өлшестір де, ойлап қара».
Қаракөз ашынғаннан айтты ауыр сөз:
«Шықтың,—деп,—адамшылық жолдан сара».
Көніспей кеулі ренжіп кетті бөлек,
Жолынан әкесінің жүз аудара.
Бектердің ерлігіне ырза болып,
Аруға ашықлық дерт салған жара.
«Көрсет,—деп,—Жүсіп пенен Ахметті»
Бұл сырын Бибіниязға айтты бара.
Екеуі ерлерді азат етпек үшін,
Бел буды бір қиялға талаптана.
Ырза боп Жүсіп пенен Ахметке,
Ерлерді болады арзу бір көрмекке.
Жамандық жақсылыққа еткені үшін,
Ісіне әкесінің етеді өкпе.
Бектердің татып тұзын, қиып көзін,
Арамдық Көкше залым еткен текке.
Кім артық, кімнің кемі сыналар ед,
Майданға шыққан кезде жекпе-жекке.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Қаракөз, Бибінияз көп кідірмей,
Зынданға келді ешкімге сыр білдірмей.
Жүсіп пен Ахметке дидарласты,
Екеуі «арымасын» айтып бірдей.
Бектермен берік уәде байласты Айым,
Айнымас айтқан серттен бейне хүрдей.
Кеулінен Қаракөздің кетпейді Ахмет,
Тұрса— ойда, жатса—ұйқыда түске кірмей.
Ойға алған мақсатқа оңай жетпейді ешкім,
Бел байлап, тәуекелге білек түрмей.
Қаракөз жорытқандай көрген түсін,
Айтыпты анасына ойдағысын:
«Әлпештеп есейгенше етіп бейнет,
Төрт бөлген анам ең,—деп,—түн ұйқысын,
Кеш,—дейді,—ақ сүтіңді, бер батаңды,
Ренжіп, назаланбай менің үшін.
Әкеме қатты кеулім қалды,—депті,
Есітіп опасыздық еткен ісін».
Ашық боп Ахметбекке Айым сұлу,
Күйдірген қасірет дерті өрт боп ішін.
Кідіртіп Қаракөзді қоя тұрып,
Басталық екі бектен ендігісін.
Падиша жиды жұртын шақыртып жар,
Өзінің уәлаятын үкімінде бар.
Қалмастан келді тегіс құзырына,
Данышпан, небір білгір саркардалар.
Жиналған жұртқа патша жариялап,
Жүсіп пен Ахмет жайлы айтты хабар.
Көкшені көпке айрықша дәріптеді,
Жаһанда жан келмес деп онымен пар.
Әкелген аса жұрттан дұшпандарын
«Қажеті жоқ,—дейді,—енді сақтап бекар.
Жазасы берілсін,—дейт,—екі бектің
Саясат майданында тарттырып дар».
Бас уәзір берді жауап түрегеліп,
Былайша өз кеулінен хабар беріп.
батырлар жыры
«Түрікпеннің Жүсіп-Ахмет кемеңгері,
Ел-жұрты құрметтейтін ізіне еріп.
Көкше де өз міндетін орындады,
Айламен сол ерлерді алып келіп.
Халық тегіс хабарланып бұл жұмыстан,
Қайтет деп сынауда отыр кеуіл бөліп.
Хан саспас, халыққа мүшкіл іс келмесе,
Ер саспас, жанға зауал күш келмесе.
Қожырайт көптің кеулі кәпелемде
Қайбір іс қисынымен істелмесе.
Айырмай ақ-қарасын дарға тарту—
Шаһналық даражаңа ол тұс келмесе.
Қисынсыз келмес жөні дарға асудың,
Кінәсін таппай жұртқа жармасудың.
Құр сырттан көрінгенді жазаласақ,
Жолына түсті дер жұрт алжасудың.
Өлшейтін ақ-қарасын адамзаттың,
Әділдік—таразысы тең басудың.
Айырып ақ-қарасын сынау керек,
Майданға халықтың басын құрау керек.
Көкшемен екі бекті айтыстырып,
Сөзінің аяғына шыдау керек.
Айтылып артық-кемі халық алдында,
Кеуліне көпшіліктің ұнау керек.
Бетпе-бет қарсы қойып айтыстырсақ,
Сарапқа салып сөзін тыңдап тұрсақ.
Қалдырмай халайықтың жинап бәрін,
Сәулетпен саясатты майдан құрсақ.
Көкшеге таппай дәлел, тоқталса әгар,
Кінәлап сонда екеуін дарға астырсақ.
Көкшені Жүсіп-Ахмет жеңсе сөзбен,
Жеңгенін тыңдаушылар көрсе көзбен.
Кешіріп кінәларын рұқсат беріп,
Босатсақ, елатыңа қайт деп тезден».
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Уәзірдің бұл кеңесін көрді мақұл,
Ұнады патшаға бұл айтқан ақыл.
Көкшені қошеметтеп бірқатары,
Күні ертең күтін бол дейт қалмай қапыл.
Сөндірмес ақтың отын, ақымақ үрлеп,
Деген бар бұрынғыдан қалған нақыл.
Ұнатқан бұл кеңесті бәрі қалап,
Келгендер жай-жайына кеткен тарап.
Күйеуі Бибінияздың Қыртас мырза
Қалмайтын мәжіліс болса жанамалап.
Қалдырмай естігенін бектер жайлы
Бибіге баяндапты оңашалап.
Ерінен естігенсін бұл жағдайды,
Былайша етіп тілек қойған талап:
—Сүйікті, сөзім тыңда, жарым,—дейді,
Сүйенер сенсің жалғыз барым,—дейді.
Тағдырда таланыма жазылғасын,
Дүниенің көрдім кең мен тарын,—дейді.
Байлық пен сән-салтанат, даражаға
Ешкімге кеткен емес арың,—дейді.
Орнымен бар дәулетін жұмсай алмай,
Құр бекер тартқандар көп зарын,—дейді.
Тең келіп таласарлық сақилықта,
Сенің жоқ бұл шаһарда парың,—дейді.
Тілегім уәзірлердің қосып басын,
Қонаққа шақыралық бәрін,—дейді.
Дәриға, дәулет пен бақ тұрмайт баста,
Талайлар зар болып жүр ішер асқа.
Тірліктің дүние, шіркін, дәнекері,
Деген бар «жібір майға қара тас та».
Жанасып жақсылармен жар-дос болсаң,
Жалғанда не қызық бар онан басқа.
Күн санап көтерілмек мәртабасы,
Қол артсаң ел басқарған ер жолдасқа.
батырлар жыры
Бибінің мақұлдапты сөзін ері,
«Жоқ,—депті,—кеңесіңнің кесір жері».
Адамға жолдас емес дүние, шіркін,
Ерге—дос, ердің керек кемеңгері.
Қыртасты көндіріпті айтқанына,
Бибісі қоймай жүріп көптен бері.
Үйіне Қыртас байдың барлық уәзір
Қонаққа шақырылды бір күндері.
Сәндеді салтанат пен мейманжайын,
Әртүрлі ас әнжамын айлап дайын.
Құрметтеп уәзірлерді сыйламаққа,
Қаражат аянбады Қыртас байың.
Түрленіп неше алуан Бибінияз,
Әркімнің аударды есін көрген сайын.
Мейманын қошеметтеп ішкен шарап,
Қыртастың кетірді әбден хал-жағдайын.
Қолынан Бибінияз құйып шарап,
Ұсынды уәзірлерге күле қарап.
«Қай кезде қынжылмаймын жақсылардың
Мен дайын қызметіне тұрсам жарап.
Сондықтан сырттарыңнан әрқайсыңды,
Кеулімше бағалаймын мыңға балап».
Мас болып, құлап қалған Қыртас байды
Жатқызды бір бөлмеге оңашалап.
Ұлпатпен уәзірлерге Бибінияз
Серлетті мүддағасын сөзбен жанап:
«Бір жағдай білдірмекке арзу едім,
Сіздердің сырттарыңнан кеулім қалап,
Ойлама орындалмай қалады деп,
Жеңгеңе қойсаңдар да қандай талап.
Бәрің де бірдейсіңдер, бекзадалар,
Кеуіл жоқ қарайтұғын менде алалап».
Уәзірлер ырза болып жеңгесіне,
Айтысты жағдайларын жанамалап.
Білдіртпей бір-біріне берісті сөз,
Кеуліне мұхаббаттың дертін жамап.
Бибінің болды айтқанын орындайтын,
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Уәзірлер өзін-өзі сертке қамап.
Былайша Бибінияз баяндапты,
Мүддасын кеуліндегі тәржімалап:
«Ықыласпен, беклер, сөзіме құлақ салыңыз,
Қайғы-қасіретпен болып тұр мүшкіл халіміз.
Әділетті халық басқарған ерлерім,
Қамқорлық етіп жаттарыңа алыңыз.
Қапалықпен тиылмай жүр көз жасым,
Қиыншылық түсті шарға бір басым.
Мүддамды айтып сіздерден жәрдем күтемін,
Біле алмай жүрмін кімдер досым, кім қасым?
Екі ақсұңқар оралды құрған торыңа,
Пенде болып түсіп тұр бектер қолыңа.
Көрсетіп көмек құтқарсаңдар қапастан,
Солар үшін мен пәруана—жолыңа.
Бауырларым қапаста жатыр кінәсіз,
Ақ пенен қараны айырып сіздер тұрасыз.
Сөзімді сыйлап, өзімді құрмет етсеңдер,
Осы жолы бір жақсылық қыласыз.
Не қылсаңдар да олардың еркі қолыңда,
Байлаулы басым не десеңдер де жолыңда.
Олар үшін аянар менің нәрсем жоқ,
Бір жаным пида, екі бектің жолында.
Есіттім кеше сол үшін болған кеңесті,
Айтыстырып ашпақшы болған егесті.
Жүсіп-Ахмет айтысқан кезде жеңсе де,
Бар дейді кеуілі Көкше жеңді демекші.
Күнәсіз бекер күйдірмей босқа ерлерді,
Сол кезде сіздер болад деп сенем көмекші.
Ақ-қараны ашатын сіздер майданда,
Екі жақ болып егескен қиын жайларда.
«Жалғыз қаздың үні шықпас» деген бар,
батырлар жыры
Сол үшін түрлі түседі қиял ойларға.
Марқаматыңнан етемін үміт сіздердің,
Тілегімді етер деп қабыл бір жолға.
Сіздерде де бар шығар бауыр, қыз бен ұл,
Бәрінен де басыңа түссе қиын бұл.
Елі мен жұртын екі бекке жамандап,
Жауыздық қылған тұзын татып неше жыл.
Жақсылық еткен ерлерге сондай істеген,
Кімдерге опа етпекші Көкше дінсіз құл.
Ақ-қарасын әділдік жолмен айырып,
Күйдірмей босқа бір жақсылық жәрдем қыл.
Мен бір ғаріп ел-жұртынан айрылған,
Айласы құрып, білмейтін жатты бай қылған.
Балалық жастан бақытсыздыққа душар боп,
Көрмеген елді, жүрмеген жерді жай қылған.
Ертелі-кеш ете алмай тақат зарлаймын,
Іштегі шер, күйзелткен қасірет-қайғымнан.
Қалдырмас деп сол үшін сөзімді аяқсыз
Етемін үміт өздеріңдей қайнымнан.
Бұдан басқа тілегім жоқ сұрайтын,
Осы жалғыз айтып арызым жылайтын.
Естігенше сіздерден пісент бір сөзді,
Болмай тұр сабыр-тақатым менің шыдайтын.
Ертеңгі күні егесті жерде ерлерім,
Күн болып тұр сіздерді жеңгең сынайтын.
Орындалса жеңгесінің тілегі,
Қайнысы да жеңгенің кеуліне ұнайтын».
Бибіге уәде берді меймандары,
Қабыл боп айтқан тілек, қылған зары.
Шат болды шамадан тыс Бибінияз,
Ойға алған орындалып армандары.
Сол кезде ұйқысынан ояныпты,
Бибінің Қыртас мырза алған жары.
Хабарсыз қалыпты ұйықтап бұл жұмыстан,
Белгісіз, не жағдайдың болғандары.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Уәзірлер көп зиапа көріп құрмет,
Тарқапты таң алдында қалмай бәрі.
Патшаның хабары жоқ бұл жұмыспен,
Бара-бар болды ұйқыда көрген түспен.
Уәзірлер бірінікін бірі білмей,
Сырларын шығармапты сыртқа тістен.
Кеулі өсіп Көкше жақсы көріп сыйлық,
Бейхабар алдындағы болар істен.
Көзалша жиды жұртын айлап жарлық,
Көрсетіп көпке тәртіп таңырқарлық.
Қарт пен жас, ер мен әйел тамашаға
Жиналды шаһар халқы қалмай барлық.
Сарапта сыналатын майдан екен,
Көкше мен Жүсіп-Ахмет айтысарлық.
Әкел деп айлады әмір жалдаттарға,
Күнәлі тұтқындарды басы—дарлық.
Тұрмайды бір қалыпта өзгерілмей,
Жалғаншы бірде кеңдік, бірде тарлық.
Зынданға жасауылдап жеткенінше,
Келді рет екі бектен сөз қыларлық.
Қапаста бектер қайғылы,
Лашын құстай талпынып.
Өкпелері қабынған
Қанаға симай алқынып.
Аһ ұрған қасірет лебіне
Күйгендей дене шарпылып.
Тән болып тағдыр ісіне,
Жаратқанға жалбарды.
Былай деп бектер зар қылып:
«Елде еркін жүргенде
Ешкімді пісент етпеуші ек,
Қияға кесе артылып.
Бұл кездерде біз тарттық
Тақсыретін тарлықтың,
Еткендей Хаққа қарсылық.
Ақылын алмай білгеннің,
батырлар жыры
Алды-артын істің болжамай,
Өткіздік бастан қапылық.
Дәуіттің ұлы Сүлеймен,
Үкіміне оның бағынған
Жер жүзіндегі мақұлық.
Аспан мен жердің арасы
Құзырына қарапты,
Батыс пен шығыс қамтылып.
Азғырған тілін әйелдің
Аламын деп ол дағы
Түсіпті күйге таршылық.
Жүзігінен айрылып,
Қырық күн азап тартыпты,
Неше алуан әр түлік.
Қабыл болып тілегі,
Қалыбына қайтып түскен күн,
Тазарған тозаңы аршылып.
Әзіреті Ғайса қапаста
Тартыпты азап ол дағы
Қаншама уақыт сарсылып.
Құтылып сондай бәледен
Төртінші қат көкте оның
Мекені болған «аршылық».
Осыларды ойға алып,
Уайымменен ұзақ түн
Алмаған дамыл жан тынып.
Таң мезгілі болғанда,
Ілінді көзі ерлердің
Көптен ұйқы көрмеген
Мажалы кетіп, әл құрып.
Ол секілді ұйқыда
Не болсын дамыл мазалы.
Жазмыштан озмыш болмайды,
Тағдырда жазса—әзәлі.
Баба Қамбар ұйықтамай,
Таң күзетіп, сол түні
Қасіретте болды назалы.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Шырт ұйқыдан аблығып,
Оянды Жүсіп бір кезде
Жүзінің кіріп ажары.
«Неге шошып тұрдың?»—деп,
Баба Қамбар сұрапты,
Жүсіпке түсіп назары.
Сол уақытта Жүсіптің
Көрген түсін баяндап,
Жорытып баба Қамбарға
Сөйлеген мынау ғазалы:
«Екі ақсұңқар көрдім торға оралған,
Болғансын тағдыр жазуы солай жаралған.
Бір ақсарбас қу шыр айналып үстінде,
Кетер емес еш жаққа ұзап олардан.
Бір лашын жанасып дәйім қасына,
Шыр айналып шықпайды дауам асыла.
Торда тұрған сұңқарларға жаны ашып,
Ие болмайт көзінен тамған жасына.
Бір көгершін болды пайда сол кезде,
Ешкім сезіп түспей қалды ол көзге.
Торды қиып босатып екі сұңқарды,
Ғайып болып кетті көзден ілезде.
Екі ақсұңқар босанған тордан бетімен
Аш бөрідей аңдарға тиді шетінен.
Ұшқан құс пенен жүгірген аңдар әлек боп,
Қырылды көбі күйдірген өрттей лебінен.
Бір бәйтерек өсті зәулім сол жерден,
Таңырқасты жиналып халық көз көрген.
Көлеңкесі көпке түсіп гүжімнің,
Гүлденіп көркі жапырағы жайнап өзгерген.
Сол дарақты саялап көбі халықтың,
Мекендеп бәрі кетпеген қайтып кез келген».
Көрген түсін осылайша деп баяндап,
Баба Қамбарға жорытып Жүсіп сөз берген.
батырлар жыры
«Дегенің екі ақсұңқар түскен торға,
Келіп тұр екеуіңе аумай порма.
Саспаңдар сабыр-айла босанарсың,
Шыдаңдар көрген кем күн бейнет-сорға.
Ақсарбас қу боп жүрген бабаң шығар,
Қамқоршы қысылғанда панаң шығар.
Көруге көп ұзамай жарық дүние
Шығатын күн таянған шамаң шығар.
Лашын кетпей жүрсе, шыр айналып,
Сол шығар тілегіңдегі апаң ғаріп.
Күндіз-түн пәруана боп сендер үшін,
Зар айлап, тілеп жүрген Хақтан налып.
Көгершін көрген сенің түсіңдегі,
Нышаны бір жақсылықтың ісіңдегі.
Ашық боп сырттарыңнан бір перизат,
Ықыласын Хақтың сөйтіп түсіргені.
Сол екен себепші боп шығаратын,
Достарың бұл шаһардың ішіндегі.
Көгершін түсте көрген қыз болады,
Тәжірибе түс жорудың ісіндегі.
Кеңшілік көрерсіңдер көп кешікпей,
Бабаңның болмаса алжас түсінгені.
Аңдарға аш бөрідей тисе ақсұңқар,
Екеуің—Жүсіп-Ахмет сендер шығар.
Аяусыз әлек салып дұшпаныңа,
Кешікпей кек аларсың тарқап құмар.
Байтерек көлеңкелі зәулім өскен,
Өзгеріп Көзалшаның бақыты көшкен.
Басынан падишалық ықпал тайып,
Ғаламнан орны құрып, атағы өшкен.
Жаңадан ғадалатты орнап үкімет,
Көп заман сүрер дәурен өзгерместен.
Көгершін көп ұзамай лашынмен
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Жетісер мақсатына ол да іздескен.
Сендер де сау-саламат қауышарсың,
Еліңе кірің жуып, кіндік кескен.
Бұл күндер бір мезгілдей болмай әлі-ақ,
Күн ертең ұмыт болып кетер естен.
Бейнетті әркім көред, ажалды өлед
Болса да дүние жүзі астан-кестен.
Тәжірибе түспен көрген Жақып нәби
Жүсіптің уақиғасын бастан кешкен».
Деп Қамбар жорып түсін Жүсіпбектің,
Доғарды сөз аяғын бұл кеңеспен.
Сол халде екі жалдат келді жетіп,
Пәтпенен кідірместен екпіндетіп.
«Тоқтаусыз Жүсіп-Ахметті алып кел,—деп,—
Көзалша бұйырды»,—деп жарлық етіп.
Есітіп Жүсіп-Ахмет айтқан кепті,
Қауіп айлап қапаланып, қайғы жепті.
Қоштасып кетпек болып Жүсіп сонда,
Қамбарға айтып халін былай депті:
—«Ескер,—деп айтушы едің,—екі балам»,
Әмірін тәрк етуге бар ма шамам?
Жүр-жүрлеп асықтырып әкетуге
Келіп тұр патшалықтан бізге екі адам.
Ұстаған қолдарында темір таяқ,
Жан екен түсі суық, әлпі жаман.
Сасқанда аян беріп тұрушы едің,
Ерсары, қайда кеттің, ата-бабам?
Кетуге, баба, сізден тірі айырылып,
Қиындық басымызға туды заман.
Қия алмай баба Қамбар екі бекті,
Ол дағы егітіліп зар жылаған.
Жалбарып сонда бабаң былайша деп,
Жалынып жалдаттардан сөз сұраған:
—Жолыңда біз—пәруана, екі жігіт,
Мен ғаріп сіздей ерден етем үміт.
батырлар жыры
Шақырды патшаң неге екі бекті,
Білсеңіз, мәні-жайын аңлатып кет.
—Ұлықпан бізден бұрын мың жасады,
Өлгенсін ақ денеңді құм басады.
Апарып Көкшеменен айтыстырып,
Жеңілсе, екеуін де дарға асады.
Есітіп бұл хабарды баба Қамбар,
Ақылмен болар істің жайын аңлар.
Қапаста жатқан жанға қай кезде де,
Белгісіз батқан күн мен атқан таңдар.
«Өнетін уайымнан ешнәрсе жоқ,
Құр жасып, қарақтарым, қайғырмаңдар».
Былайша айтып ақылын екі бекке,
Жалбарып Жаратқанға айлайды зар:
—Сөзімді тыңда, бектер, құлақ салып,
Ұмытпа қай кезде де жадыңа алып.
Алдында көпшіліктің екеуіңді
Көкшемен айтыстырар алып барып.
Сарапшы сынар сөзін екі жақтың,
Бөлініп жиналған жұрт екі тарап.
Нақақтан неше түрлі жабар жала,
Қорқытып бағындыруға ол ұйғарып.
Көп айтар алдарқатып кір деп дінге,
Амалын неше түрлі айлап сарып.
Жеті жыл жер астында жатса дағы,
Аңлайды әр нәрсені бабаң ғаріп.
Пайғамбар, бір Құдадан айрылмасаң,
Тықпайды еш уақытта жонға жарып.
Көкше мен Көзалшаның қиянатын
Бетіне айт, қорғаламай тая шалып.
Патшасы әділ болса, болар теңдік
Болмаса нағыз залым, діні—ғалыб.
Деп Қамбар айтты ақылын екі бекке,
—Ерлерім, бекер жасып, қапа шекпе.
«Жалғыздың жары—Құдай» деген сөз бар,
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Тәуекел бір жаратқан Құдіретке.
Атамыз Адам Сәпи, Шиштен бермен
Мұндайша кездеспеген кім бейнетке?
Топанның апатынан Нұхы нәби
Қайғы мен өткен ол да қасіретте.
Ыдрыс, Қызыр-Ілияс, Ғайса менен
Мекендеп қалған өлмей жер мен көкте.
Ыбыраһим, Жүніс, Аюб, Сүлеймен де
Орынсыз көп машақат көрген текке.
Олардың шеккен қасірет, азаптары
Кейінге тарих болып қалған көпке.
Мұстапа ән-хазірет—Хақтың досты
Жалшылық еткен көп жыл күн көрмекке.
Ойласақ, олардан біз артықпыз ба,
Болмасқа тағдырға тән келмейді епке.
Деп Қамбар айтып ақылын, қош айтысып,
Зынданда қалды жылап ол тілекте.
Кетті айдап екі бекті жасауылдар,
Түрі жоқ жалынғанмен жағдай тыңдар.
Байлаулы екі қолы арттарына,
Көнбейтін қорлығына кімде амал бар?
Жиналған халайықтың ортасында
Бейкүнә бенде болып тұрды енді олар.
Саясат-сәулетпенен сап түзетіп,
Майданға Көзалша құрғызды дар.
Айнала отырғызып әйел-ерді,
Патшамен болды ортада сарапшылар.
Тәж киіп, тақ үстінде Көзалшаһы
Былайша әмірін халыққа айлады жар:
«Түрікпеннің тұтқын қылған екі бегін,
Дейді ешкім келе алмайды Көкшеге пар.
Жиналған жұрт алдында беттескенде,
Кім артық, кімнің кемі мәлім болар.
Айтысты ықыласпенен тыңдаңдар»,—деп,
Падиша халайыққа етті хабар.
Бастады алдыменен Көкше сөзін,
Дәріптеп шамадан тыс көтерді өзін.
батырлар жыры
Тым-тырыс жиналған жұрт судай тынып,
Айтысқан екеуіне салды көзін.
Көкше:
Көкшенің сонда мынау айтқан кебі,
Мақсатын орындауға кеуліндегі.
Көкшеңді шылым салғыш танисың ба,
Аңқаның Ада-орыс пен екі бегі?
Алмадың елатыңда халықтан алғыс,
Есіттің менмендікпен жұрттан қарғыс.
Еліңнен ерлікпенен алып келген,
Көкшеңді танимысың шылым салғыш?
Ойыңша отырмысың өлмеймін деп,
Жүруші ең, бұл жерлерге келмеймін деп.
Әлде де тіріліктен дәмең болса,
Тырыспа біздің дінге енбеймін деп.
Қырылған Құсайының Кербалада,
Қылышын өлгенінше сермеймін деп.
Айтамын әлі де саған жаным ашып,
Еркіңді болма арамтер бермеймін деп.
Жүсіп:
—Танимын, құлым едің есіктегі,
Баламдай баққан сыйлап бесіктегі.
Бозұғлан көріп сені «өлтір» деп ед,
Ол сөзін біздің құлақ есітпеді.
Сен, нәмарт, сүйдер ме едің болса пәмың,
Ерлерге сонша қорғап соққан қамың.
Жамандап патшаң менен ел-жұртыңды,
Дініңнен безіп едің беріп жаның.
Сүгіретке қолдан жасап табынасың,
Құрысын ғадалатсыз закүн-заңың.
Жамандық адам түгіл ит те етпейді,
Иесіне тұзын ішіп, татқан дәмін.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Құсайын—ол Құданың сүйген құлы,
Арыстанның Ғалы шердей туған ұлы.
Шайтаннан басқа өлмейтін болмайт мақұлық,
Өлшеулі күн таусылып, бітсе жылы.
Талайын кәпірлердің ол қылған һәлек,
Аузына симай жүріп, шөлдеп тілі.
Хаққа—құл, достысының үмбетімін,
Құрысын сен залымның тұтқан діні.
Қапылдық еттім саған сенемін деп,
Сөзіңе сенің айтқан еремін деп.
Ақырында тарттым сенен сазайымды,
Бауырымдай бірге туған көремін деп.
Ұялмай не бетіңмен айтып тұрсың,
Қайратпен алып келген ер едім деп.
Көремін тиіп теңдік, туса күнім,
Күлтектеп құр қалмаймын өлемін деп.
Көкше:
—Сен, Жүсіп, ақымақ болма есің кеткен,
Пайдаң бар ерегістен қаншама еткен.
Аузыңнан ақ Сәруар деп тастамайсың,
Не пайда көрдің, айтшы, Мұқамбеттен?
Дініме кірмеймін деп қасарыспа,
Түбіңе сол мінезің сенің жеткен.
Тіл алсаң, меніменен ерегіспе,
Айтамын ашып жаным сол себептен.
Жүсіп:
—Көкше, сен айтпа маған ақылыңды,
Көрермін күнім туса ақырыңды.
Дініңді жақсы болса боқтап неге,
Ант ішіп, жамандадың жақыныңды?
Патшаңды балағаттап сөгіп сонша,
Демеп пе ең артық одан қатыныңды.
Ел-жұртын сатып жүрген сен бір залым,
Білмей жүр патшаң қалай тәсіліңді.
батырлар жыры
Бұл күнде саған қалай сенер жұртың,
Білгенсін арамзалық нәсіліңді.
Жоқ шығар әкіміңде ғадалаттық,
Тыймаса сенің мұндай кәсібіңді.
Көкше:
—Сен, Жүсіп, қайда тұрсың білсең өзің?
Қалмайды тәкаппарлық астам сөзің.
Осындай өркөкірек мінезіңнен
Төрт болды жер астында екі көзің.
Қайтпасаң пейіліңнен обалың жоқ,
Түзелер дарда, сорлы, бұл мінезің.
Айтамын әлі де жаным ашығаннан,
Қой, байғұс, ете алмассың шыдап төзім.
Жүсіп:
—Ұялмай, айттың ба ақыл сендей құл да,
Тағдырлық жұмыс шығар бізге бұл да.
Қосақтап қойдай басын талайыңды,
Базарға сатушы едім әрбір жылда.
Ант беріп, бұзып дінің, тұзым татып,
Келтірдің залымдықпен мат-қапылда.
Тілеймін Хақтан жәрдем, пірден медет,
Сен маған жаның ашып, ара тұрма!
Көкше:
—Ай, Жүсіп, неге алдастың мұнша сасып,
Қарашы жан-жағыңа көзіңді ашып.
Қайтейін қасарысып тіл алмасаң,
Сен сорлы жүрген шығар қаның тасып.
Еліңнен жалғыз барып алып келген,
Маған пар келе алмайсың тайталасып.
Неше күн жалаң аяқ, жаяу айдап,
Өкшеңді азар шектің аттар басып.
Тауында Сара-нұрдың соғысам деп,
Қырылып, Әшір тағаң, кеткен қашып.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Азарды тарттың жолда әлденешік,
Жүгірдің талай жаяу өкпең өшіп.
Дарияға Күрген деген келген жерде,
Айдаттым босаттырып қолың шешіп.
Етіңе ұрған таяқ батқаннан соң,
Дариядан тоғытылып өттің кешіп.
Білемін мән-жайыңды сенің, Жүсіп,
Көп жүрдім есігіңде тұзыңды ішіп.
Бастарың Қаразымға сиыспады,
Жау болып көрінгенмен ерегісіп.
Жерлерге бәсің жетпес аяқ салдың,
Сен байғұс, өз сорыңа өзің түсіп.
Жүсіп:
Кез болды, Көкше, саған ерлік қайдан?
Бұйрықсыз жан шықпайды бір Құдайдан.
Сен, арсыз, не бетіңмен мақтанасың,
Ант беріп, дінің бұзып, серттен тайған.
Кім артық, кімнің кемі байқалар ед,
Сынасып жекпе-жекке шықсақ майдан.
Босансам, күнім туып көрер едің,
Боларын мекеніңнің қандай жайдан.
Азарың күйдіріп тұр жанға батып,
Еншілес болып едің тұзым татып.
Залымға сен секілді сенгендіктен,
Кеуліңді көрген жоқ ем жабырқатып.
Жәумітке қызылбастар мал секілді ед,
Керегін алатұғын базар сатып.
Бір жігіт үш-төртеуіңді әкетуші ек,
Тал түсте шаһарыңа ат ойнатып.
Қарсылық қылғаныңды қылышпенен,
Бастарын түсіруші ек домалатып.
Байлаулы тұрғанымда батырсынбай,
Майданға қарсы шығып көр, босатып.
Шәріңе салып ойран екеуміз-ақ,
Алар ек кегімізді зар жылатып.
батырлар жыры
Көкше:
—Еткенің сол ма, Жүсіп, бетке салық?
Өткен жоқ бізден бұрын қанша халық.
«Дінім—Хақ, Құдайым—бір» деп айтам деп,
Халелің тірі өртенген отқа жанып.
Исаң да перғауынның заманында,
Қаншама тарттырды азар үйге салып.
Өзінің тұтқан жолын мақтаймын деп,
Көрген жоқ оларың да жақсы ат алып.
Абайлар өлшестіріп ақылы барлар,
Кім артық, кімнің кемін айтысалық.
Қалай деп мені, Жүсіп, кемітесің,
Еліңнен алып келген жалғыз барып?
Тоқталсаң таппай дәлел сорың қайнап,
Жыларсың, дар астында екі ғаріп.
Жүсіп:
—Білмейтін әмірін Хақтың сен бейпаһам,
Көтеріп өзіңді-өзің етпе нәһан.
Адамнан әзіреті бермен қарай,
Еткен жоқ ешкімге опа үшбу жаһан.
Үстіне назбедеудің бір міне алмай,
Көп боп тұр көкіректе қайғы-қапам.
Мойнына патшаң менен сен залымның
Жазықсыз көрген зәбір, шеккен жапам.
Осыдан өлмей тірі қала қойсам,
Сенің де сүріп дәурен, болмас сапаң.
Көкше:
—Ақылсыз ақымақ болсаң, мен не дейін,
Білмейсің өлеріңді әліге дейін.
Еліңнен жалғыз барып әкелген ер,
Болмайды не десең де сенен кейін.
Асырып амалымды айламенен,
Сырымды сездірмедім көпке дейін.
Басыңды қорғай алмай қор болғансын,
Өзіммен қайтіп сені тең көрейін?
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Жүсіп:
—Болмасқа тағдырға—тән, бар ма амалым?
Жазуы болса осылай бір Алланың.
Ер түгіл, ұяты бар әйел де етпес,
Бұл қылған қиянатын Көзалшаның.
Сыртымнан сонша қорқып, сұмдық ойлап,
Айрықша артық кімнен сөйткен жаның?
Жазықсыз жауыздықпен жәбірлетіп,
Бар болса, сүйтер ме едің ұят-арың?
Бұрын-соң бұндай, сірә, бар ма еді жолы,
Тәж киіп, таққа мінген падишаның.
Ант беріп, айтып лағнет елатына,
Дініме кіріп еді Көкше залым.
Бұл күнде оның бәрі ойында жоқ,
Ол да отыр асырдым деп айла-амалын.
Сөзімде қате болса көзіме айтсын,
Бұл жағдай бір мен емес, халыққа мәлім.
Жалтақтап, жалбаратын жазығым жоқ,
Амал не, таусылып дем, жетсе ажалым.
Көзалша шыдай алмай айтқан сөзге,
Қынжылып састы жаман көрер көзге.
Тоқтат деп екі жақтың егес сөзін,
Бұйырды енді ешнәрсе айтпасқа өзге.
Еркіне кеп сөйлетіп қоя бермей,
Түзелсін дейді тентек салып тезге.
Айтқанын есітіп жұрт екі жақтың,
Байқалды қара менен арасы ақтың.
Кеуілі Көзалшаның болды мәлім,
Көкшені талабында жақтамақтың.
Білген жұрт бектерге еткен қиянатын,
Қынжылды қылуасына ол бетбақтың.
Уәзірлер Жүсіп-Ахметтің жақтап сөзін,
Басталды басы сөйтіп зор шатақтың.
Көкшенің сөзін сөйлеп жақындары,
Дәріптеп жан теңгермей жатыр бәрі.
батырлар жыры
Кінәсі жоқ деп Жүсіп-Ахметтің,
Уәзірлер ол екеуін мақұлдады.
Ұлғайып ерегіс пен егес-жанжал,
Ешкімнің ем болмады ақылдары.
Ақырында, абыр-жабыр алашаңмен,
Кеш болып күн батуға жақындады.
Шеше алмай сөз түйінін сарапшылар,
Өзінің кетті қорғап басын бәрі.
Білдірмей Бибіняз қара көзбен,
Олар да ойдағы ісін атымдады.
Әзірлеп екі атпенен қару-жарақ,
Жүреді жолын күтіп, сырттан қарап.
Қаракөзайым менен Бибінияз
Сол кезде келді жетіп жанамалап.
Әскерше киген киім үстеріне,
Сезбестей сырт пормасын жан шамалап.
Әйел деп ешкім күмән етер емес,
Қаншама қарағанмен қадағалап.
Босатып қол-аяғын екі бектің,
Айрықша көрсетті ерлік күнге жарап.
Зор қатер бастарына төнген шақта,
Ажалдан алды ерлерді арашалап.
Бедеу ат, бес қаруын тақтап беріп,
Арулар айтысып қош, кетті тарап.
Бұл еткен еңбектерін еске сақтап,
Бектер де қалды өздерін сертке қамап.
Асынып қаруларын мінеді атқа,
Жалбарып Жаратқанды алып жатқа.
Сиынып әруағына атасының,
Дұға етіп, қол көтерді мінәжатқа.
Бір ауыз берік қорған даруазасы—
Қамалған бәрі тегіс бір шарбаққа.
Патшаның әмірімен қаптап әскер,
Қақпаны жапты мықтап сол сағатта.
Далаға шығармастан екі бекті,
Патшадан болды жарлық ұстамаққа.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Сыртқа жан шыға алмастай, қорған биік,
Көп әскер тұрды ішіне әрең сиып.
Болғанын білмей кімнен бұл жұмыстың,
Көзалшаһ көп өкінді, іші күйіп.
Аспаққа Жүсіп-Ахметті ұстап дарға,
Жар шашты падишалық күшін жиып.
Көп әскер екі бекті ортаға алды,
Ашулы арыстандарға өзі тиіп.
Әскерге аш бөрідей тиді екеуі,
Жапырып, жауын бейне шөпше қиып.
Жабылған төрт мың әскер екі адамға,
Соғысқан ерлер қарсы сонша жанға.
Сол күні кешке дейін қолға түспей,
Бояған майдан ішін қызыл қанға.
Бұлт болып құбыладан дауыл тұрып,
Айналған қорған іші ала шаңға.
Ғажайып бұл не қылған ғаламат деп,
Күйзеліп халықтың бәрі қалған таңға.
Бектердің хал-дәрмені нашарлапты,
Жайылған жарақаттан бар бәданға.
Қамалдан қайрат қылып шықпаса ерлер,
Күн бопты алмағайып аңлағанға.
Қырылған қамалдағы қаншама әскер,
Табылмайд от орнындай өліксіз жер.
Қалыпты жалғыз күнде төрттен бірі,
Халайық, қанша екенін шамалап көр.
Аңдысқан ажал—бөрі, адам—қозы,
Секілді екі арасы есік пен төр.
Қамаған қалың қолмен қақпа аузында
Аянбай кескілесіп соғысты ерлер.
Қиратып қақпаларын қан майданның,
Құтылып жау қолынан шықты екі шер.
Көзалша көріп набыт болғандарды,
Күйінді қайғы-қасірет шегіп зарды.
Қалдырмай халқын тегіс жинамаққа,
Таратты елатына тез хабарды.
батырлар жыры
Көрген жан кеткен жауды білдірсін деп,
Жұртына шаһналық шашты жарды.
Бес есе бұрынғыдан жинап әскер,
Ұстауға бұйрық етті қашқындарды.
Қай жерде қолға түссе Жүсіп-Ахмет,
Сұраусыз тартпақ болды құрып дарды.
Шықты іздеп қуғыншылар екі бекті,
Сансыз қол қаптап тегіс төңіректі.
Көп қосын күндіз-түні қарағанмен,
Дағдарды таппағансын еш деректі.
Құтылып қолға түспей кеткеніне,
Көзалша көп күйзеліп қайғы шекті.
Жайылып жұмла жұртқа бұл уақиға,
Абыройын патшалықтың әбден төкті.
Ескертіп Бибінияз ерте бастан,
Білгенін бектерге айтқан қалдырмастан.
Жасырынып жан сақтарлық орындардың,
Сілтепті жай-жағдайын етіп дастан.
«Бір таудың жан бармайтын жырасында,
Үңгір бар жаратылған бір жартастан.
Іші кең, есігі тар, ауызы жабық,
Белгісіз жатқан бір жер жан бармастан.
Ол жерді менен басқа жан көрген жоқ,
Емеспін мен де ешкімге ол сырды ашқан.
Жасымда жау қолында келе жатып,
Жерім ед сол бір менің түнде қашқан.
Жай қылып жалғыз басым бірнеше күн,
Сол үңгір мекенім еді орналасқан»
Деп айтқан сілтеуімен тауып алып,
Бектердін бұл қадамы оңға басқан.
Құтылып кеткен ерлер қалың қолдан,
Бет алған баябанға шығып жолдан.
Азықсыз, арып-шаршап һәм жарақат,
Амалсыз жетіпті олар шыдап зордан.
Паналап сол жартаста жата берді,
«Құтқар,—деп,—Құдірет өзің, құрған тордан».
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Сол жерде Жүсіп-Ахмет жата тұрсын,
Қасіретін таршылықтың тата тұрсын.
Азары екі бектің естен кетпей,
Жанына Көзалшаның бата тұрсын.
Тыңдаңдар Әшір сардардың әңгімесін,
Сөйлеушің сөз аяғын соған бұрсын.
Айрылып Әшір сардар қалып еді,
Қайғырып қалғанына налып еді.
Жиырмасы жараланып, жетеуі өліп,
Есінен олар да әбден танып еді.
Күйініп кеткеніне екі бектің,
Қасіретпен жүдеп-жадап арып еді.
Мезгілсіз дем бітпесе, жан шыға ма,
Еліне қалғаны әрең барып еді.
Екі бектің досы еді Әшір сардар,
Қасіретпенен көбейді қайғы-зарлар.
Бозғұланның айтқаны келіп ақырында,
Көкірегінде кетті ерлердің арманы.
Ілгері басқан аяғы кейін кетеді,
Бір қатар күндер арада сөйтіп өтеді.
Әшір сардар сол күйіменен еліне,
Олар да бір күн арып-ашып жетеді.
Үш күндік жерге екі апта жүріп барыпты,
Қайғы шегіп, қасірет тартып налыпты.
Әшір сардар алдымен жетіп ауылға,
Өзгелері ізінде кейін қалыпты.
Жеткен кезде орданың Әшір қасына,
Гүласыл шықты далаға үйден асыға.
Мұңайған түрін көргенсін Әшір сардардың,
Гүласылдың түсті уайым басына.
«Екі бек қайда кетті?» деп одан сұрады,
Тоқтамай кеуілі егітіліп жылады.
Әшір сардар Гүласылдың сөзіне
Не деп жауап айтарын білмей тұрады.
батырлар жыры
Айтты амалсыз жасыра алмай көргенін,
Көкше залым сазайын сөйтіп бергенін.
Екі бекті тірідей айдап әкетіп,
Қырық жігіттің жетеуінің өлгенін.
—Жараландық,—дейді,—қалған басқамыз,
Өлмесек те, зардабы ауыр қастамыз.
Екі бектен амалсыздан айрылып,
Көкірегі қайғылы, көзі жастамыз.
Қараңғыда қапыда қалдық арманда,
Көкшенің естен азары кетпес жалғанда.
Байлаулы қол айдауда кетті екі бек,
Айтып сәлем бұл жақтағы қалғанға.
Мұны есітіп, Гүласыл естен танады,
Алжасып ақылы, демін зорға алады.
Хабарланып халықтың бәрі сол жерде,
Жан-жақтан келіп жұрт жиналып қалады.
«Әшір сардар, келіпсің,—дейді,—өзің сау,
Жолдасыңды кеткенде жаяу айдап жау.
Көз алдыңда айрылып тірі ерлерден,
Жандарың, сірә, олардан тәтті болған-ау».
Деп Гүласыл аңлатты кеулін ашынып,
Күйініп қатты бетінің нұрын қашырып.
Әшір сардар есітіп мұндай зілді сөз,
Қайғы үстіне жамады қайғы асырып.
Тұра алмай төзіп Гүласылдың сөзіне,
Қысылып жаман, қынжылды қатты өзі де.
Ат басын бұрды кетпекші болып қаңғырып,
«Өлгенім жөн,—деп,—көрінбей жұрттың көзіне».
Екі бектің хабарсыз бұдан анасы,
Екеуінен жоқ еді басқа баласы.
Кеткен екен Бозұғланның ауылына,
Көрінді оның келатқан қайтып қарасы.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Ол келгенше Әшір сардар кеткен-ді,
Гүласыл сөзі сүйегінен өткенді.
Басалқа айтып тоқтатпаққа кідіртіп,
Артынан қуып жар-достары жеткен-ді.
Олардың айтқан сөзіне тоқтап қайтпады,
Шерленіп іші, шешіліп сырын айтпады.
Айнала қоршап атының ұстап шылбырын,
Жібермеді туысқан, жекжаттары.
Екі бектің анасы жағдайды есітті,
Есіткенменен етерлік ылаж нешік-ті.
Зар еңіреді іші-бауыры елжіреп,
Еткей деп Тәңірім көруге дидар-несіпті.
Ерлердің туған анасы ақылы дана еді,
Халқына басы қадірлі туған жан еді.
Әшір сардар кездеспей қалай кетті деп,
Ойланып соған дақ болып қайран-таң еді.
Соңынан ол да Әшірдің қуып келіпті,
Ренжіп кетіп бара жатқанын көріпті.
Балалары есіне түсіп сол жерде,
Ел-сел болып, елжіреп бауыры еріпті.
Әшір сардар қайғырып қатты күйінген,
Қасіретпенен қабағын тастай түйінген.
Екі бектің анасын көріп егіліп,
Атынан түсіп айлап, тағзым иілген.
Көрісті жылап көзінен жасын тия алмай,
Қасірет-қайғы іштеріне сия алмай.
Екі бектің анасының сөздерін,
Тоқтады тыңдап, Әшір сардар қия алмай.
Сол кезде Әшір сардарға,
Былай деп сөзді толғапты
Екі бектің анасы:
батырлар жыры
—Әлпештеп жастан өсірген,
Бейнетін бастан кешірген.
Анаға жақын бәрінен
Ақ сүтін емген баласы.
Балалық дәуір өткенсін,
Ес біліп, ер жеткенсін,
Қатар туып, бірге өскен,
Қиындық бастан күн кешкен.
Жортуылда дос болып,
Жыртысып жейде, нан жескен—
Ердің жақын досы сол,
Кімнің бар оған таласы.
Ақылы қысқа әйелдің,
Ашуы көп те, шашы ұзын,
Деп айтылған мысал ғып,
Бұрынғылардың сөзі шын.
Айтты деп артық бір сөзді
Гүласыл сынды жеңгеңе
Ренжіпсің шамасы.
Ашуды тастап, шырағым,
Атыңның басын елге бұр.
Табалап жүрер дұшпаның,
Досыңа күлкі болма құр.
Әшір сардар, сен едің
Жолдасы екі қозымның.
Тірідегі солар ед
Қарашығындай көзімнің,
Кеуілдің кірбіңі ашылар,
Айтылса сөздің сарасы.
Ылажым бар ма көнбеске,
Тағдыр жазса көрмеске.
Бұл туралы білгенге,
Жер басып тірі жүргенге,
Болмайды, сірә, ешкімнің
Менен ауыр жарасы.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Аралап тегіс еліңді,
Аяқ жетер жеріңді.
Өз аузыңнан айтпасаң,
Сөздерің болмас сенімді.
Шықпаған жаннан үміт бар,
Пірлері медет болсын жар.
Тоқталмастан тезірек,
Бозұғланға бер хабар.
Халық болып қолға алмаса,
Ертерек іздеп бармаса,
Жайбарақат жататын
Жақын-жуық жер де емес,
Алты айлық жол арасы.
Әшір сардар сол жерде
Ұялып, қатты қысылды.
Жалбарынды «кешір» деп
Анасынан бектердің
Білместік еткен ісімді.
Ауылға қарай бет алып,
Басын бұрып атының,
Туралап жолға түсірді.
Сол бетіменен кідірмей,
Бозұғлан ханға арнаулы
Ат шаптырып, хат жазып,
Былай деп хабар ұсынды:
«Екі бек кетті айдалып жау қолында,
Қамауда қалың әскер оң-солында.
Айрықша ала-бөле болды бір сыр,
Тұрғанда хан тағында, халық орнында.
Байлаулы қолы артына кетті тірі,
Тағдырдың алмағайып тар жолында.
Күн туды ер басына екіталай,
Болмаса пірлері жар қамқорында».
Хат жазды Бозұғланға Әшір сардар,
Жағдайды айтып тегіс жадында бар.
«Көкшенің арамзалық айласымен,
батырлар жыры
Кетті,—деп,—қолға түсіп бекзадалар.
Һәудектің жағасында жатқанда ұйықтап,
Әскерге байлатты ұстап ол діні—қар.
Мейрімсіз жаны ашымас жаулар сөйтіп,
Түсірді басқа мүшкіл қиындықтар.
Ерлердің ел көрмегі екіталай,
Болмаса Хақтан көмек, пірлері жар.
Соғыстың Сара-нұрда қуып барып,
Қалуды бас амандап көрдік деп ар.
Жиырмамыз жараланып, жетеуі өліп,
Құтылып қалғанымыз қайттық азар».
Сәлемін Жүсіп-Ахметтің айтқан арнап,
Қалдырмай қоса жазып етті хабар.
Қол жинап қырық күнде аттанбаққа,
Арзуын айтып Әшір айлады зар.
Хатты алып, кідірместен күн-түн қатып,
Әшірден Бозғұланға жетті хабар.
Хатты оқып көрген кезде Бозұғлан хан
Күйініп, қатты налып зар жылаған.
Ауытқып, естен танып ерлерді ойлап,
Алжасты ақылынан біраз заман.
Өрт болып іші-бауры өкінішпен,
Ағызды жас аралас көзінен қан.
Бозұғлан екі бекті есіне алып,
Былай деп қасірет шегіп дат айлаған:
«Құдіреті күшті, Құдайым,
Еркі өзіңде пенденің.
Кереметіңмен көрсеттің,
Күшіңнің басым жерлерін.
Ойласам жалғыз осы емес,
Көп еді жастан көргенім.
Бұл шамаға келгенде
Есітпей суық, сұмдық сөз,
Жақсы еді менің өлгенім.
Тарттырып қайғы-қасірет,
Немерем Жүсіп-Ахмет,
Кеткенің бе, ерлерім?!
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Болғанмен «жиен» атағың,
Бел баламнан сендердің
Жоқ еді ешбір кемдерің.
Ұл перзенттің жоқтығы
Тұрғанда сендер ойыма
Шықпаушы еді кіріп, ол менің.
Қайратың симай қанаға,
Өз дегенің болмаса,
Ырқына жанның көнбедің.
Саяхат сайран еттіңдер,
Сара-нұрдың тауы мен
Бал-Һәудектің көлдерін.
«Елден оқшау шықпа» деп
Ескертіп айтқан сөзіме
Еш уақытта көнбедің.
Естідім бір күн хабарын,
Көкше деген залымның
Асырымнан келгенін.
Байқасам, барып әдейі,
Өзі екен нағыз жансыздың
Өзгертіп жүрген өңдерін.
Екі бекке зар қылдым,
Құрта көр деп Көкшені,
Болмаса маған бер дедім.
Ол айтқаным болмады,
Ақырында тарттырды
Қайғының мұндай шерлерін.
Өкініштен пайда жоқ,
Орынға келмейді өткен іс.
Ызаланып айтамын,
Еш болғансын еңбегім.
Сексеннен жасым асқанда,
Тоқсанға аяқ басқанда,
Шығарма деуші ем үстінен,
Көп жасатып көмбенің
Тілегімді берсе әгар,
Көзімнің жасын көрсе әгар,
Көзалша менен Көкшеге
Көрсетермін мен көрім.
батырлар жыры
Ойран салып еліне,
Ат ойнатып жеріне,
Қаздырармын тірідей
Өздеріне көрлерін.
Ат мініп қару асынып,
Бастарың түгел қосылып,
Бірің қалмай аттанып,
Ізімнен, халқым, ер менің».
Бұқара ол уақытта қыстақ еді,
Бір бөлім Қиуалықтың пұшпағы еді.
Қарайтын Қаразымға халықтың тегіс
Билігін Жүсіп-Ахмет ұстап еді.
Ауған мен өзбек, қазақ, қырғыз халқы
Олардың құзырынан тысқары еді.
Көп өзбек Қоқан менен Самарқанда,
Халқымен дін-Қаразым бір мақамда.
Жәрдемін жауға қарсы аянбайтын,
Бір еді ауыздары сырт дұшпанға.
Халыққа жол жобасын жария айлап,
Қаразым болған ұйтқы дін-исламға.
Ауғанның ниеті бір, намысы ортақ,
Аянбай атсалатын мұсылманға.
Бозұғлан ел-халқымен ақылдасып,
Атырапқа ат шаптырды хабар шашып.
Қырық күнде Қаразымға жиналмаққа,
Болғанмен аралары қанша қашық.
Ауғанға Әшір сардардың өзі кетті,
Айтпаққа жай-жағдайын дидарласып.
Барлығын баяндапты Сапабекке,
Қалдырмай ауызба-ауыз ұшырасып.
Сұрланып Сапабектің қашты түрі,
Ерлердің айтылғанда жағдай-сыры.
Жүсіп пен Ахметке шын тілектес,
Сол еді жан аямас достың бірі.
Өкініп, өткен іске ызаланып,
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Ашумен қаһарланды қашып түрі.
Хан еді қайраты зор, айбаты мол,
Дәрпі артық, қатарынан атағы ірі.
Ауғаннан алды таңдап бес жүз сарбаз,
Ішінде көп палуан, баһадүрі.
Жол тартып жүріп кетті Қаразымға,
Тозаңытып жазираның ой мен қыры.
Қоқан мен келді қосын Самарқаннан,
Сыр бойлық, Сайрам намы—Түркістаннан.
Олардың мың жарымнан асты саны,
Аттанған алмаққа кек ол дұшпаннан.
Ғәзизбек келді бастап көп қосынды,
Басшысы барлығының қол басқарған.
Қырық күнде Қаразымға жиналысты,
Тақ болып барлық әскер оң мен солдан.
Болыпты саны бес мың жиған әскер,
Баһадүр сахиб-құрыш бәрі де ерлер.
Сайлапты басшы қылып Бозұғланды,
Мұндайды бастан талай атқарған ер.
Сапабек, Әшір сардар, Ғәзизбек пен
Болыпты әскер басы кемеңгерлер.
Жол тартып қызылбасқа сапар шекті,
Самсаған сарбаздармен қайысқан жер.
Жол екен алты айшылық екі арасы,
Жақсы жол одан төте жоқ шамасы.
Сол кезде Мысыр шәрін билеп тұрған
Көзалша—қызылбастың падишасы.
Кідірмей күн-түн қатқан көп қосынға,
Көрінді тоқсан күнде ел қарасы.
Барлығы белгілі екен Сапабекке—
Ол елдің жер менен су, тау мен тасы.
Мысырдың бір зәулім тау арқасында,
Етектеп еткен қоныс халық осында.
Бір жағы қоршап жатқан Ніл дариясы,
Солардың Мысыр шәрі ортасында.
батырлар жыры
Көп қосын келіп түнде сырттан торып,
Сол таудың жатты барлап жартасында.
Басталсын ендігі сөз екі бектен,
Тыңдай қал, ықыластарың болса осында.
Үңгірді Жүсіп-Ахмет паналады,
Ауырған жанға батты жаралары.
Аштық пен жарақаттың зардабынан,
Келместей қимылдауға шамалары.
Тасалап түнде бектер кетпек үшін,
Үңгірден шығып тауды жағалады.
Тау бетін қаптап жатқан таң сәріде
Көрінді көп қосынның қаралары.
Жалтарып жан-жағына кете алмастай,
Жақындап қалған екен аралары.
Екі бек естен танып жаман састы,
Білгенсін бұдан қашып құтылмасты.
Жағдай жоқ жауға қарсы тұратұғын,
Қалың қол жан-жағынан қамаласты.
Күн туып қиыншылық бастарына,
Қоштасып бір-бірімен арыздасты.
Ел-жұрты еске түсіп егітіліп,
«Арманда кеттік-ау» деп зар жыласты.
Сол кезде Бозұғланның туын танып,
Қуанып кеуілдері судай тасты.
Айқайлап атын айтып өздерінің,
Әскерге Жүсіп-Ахмет араласты.
Кідірмей келіп бірден Бозұғланға,
Көрісіп кезек-кезек мауқын басты.
«Қуанған қорыққанмен бірдей» деген,
Егітіліп төкті бәрі көзден жасты.
Сапабек, Әшір сардар Ғәзизбектер
Олар да достарымен құшақтасты.
Баяндап бастан кешкен уақиғаны,
Білмекке бір-бірінен жай сұрасты.
Көп қосын жатып апта демін алды,
Бозұғлан Көзалшаға хабар салды.
«Соғыспай кіріп дінге бағынсын» деп,
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Жауабын қайтарғанша күтіп қалды.
Жазылып жарақаты екі бектің,
Тынығып олар да әбден дайындалды.
Күтініп Көзалша да жатыр екен,
Білгенсін барлаушыдан бұл хабарды.
Көзалша берді жауап Бозұғланға,
Мен қорқып бағынбаймын ешбір жанға.
Мысырдың падишасы—Көзалшамын,
Атағым болған мәшһүр жер-жаһанға.
Алыстан ажал айдап келген шығар,
Құрбан боп боялуға қызыл қанға.
Менімен соғысуға келген болса,
«Шықсын,—дейт,—ертең ерте қан майданға».
Көзалша жар шақыртып жинады әскер,
Жиналған әскеріне қайысты жер.
Жиырма мың болды саны сарбазының,
Қайтпайтын сахиб-құрыш бәрі де ерлер.
Әскердің түзеп тобын сапқа бөліп,
Басқарды қол басшысы кемеңгерлер.
Патшалық ұстап туды Көзалшаға,
Басына киіп тәжін, буды кемер.
Сап түзеп саясатпен екі жақтан,
Майданға соғыспаққа келді нөкер.
Соғыстың қақты дабыл—барабанын,
Шақырып жекпе-жекке талабанын.
Бозұғлан қолында ақ ту, Көкжорғамен
Әскердің келді жарып араларын.
Көп қолдың қарсы алдында тұрды жеке,
Дұшпанға көрсетіп күш шамаларын.
Бозұғлан берді кезек Көзалшаға,
Ете бер деп кеуіліңнің қалағанын.
Батырлар жекпе-жекке шықпақ болды,
Сарбаздың сап тұрғызып аламанын.
Жекеге шықты біреу қызылбастан,
Атағын батырлықтың алған жастан.
батырлар жыры
Наумұрын деген бір зор палуан екен,
Адамын оңдырмайтын қарсыласқан.
Шаһыма дейтін палуан шықты қарсы,
Жекпе жек Наумұрынға тайсалмастан.
Алдымен қызылбасқа тиді кезек,
Кезінде екі жағы жол сұрасқан.
Күрзімен Шаһыманы ұрған кезде,
Атынан түсті ауытқып тұра алмастан.
Шынжырлап Шаһыманы алып кетті,
Шаттанып дұшпандардың кеуілі тасқан.
Зынданға Шаһыманы салды апарып,
Қапасқа қараңғылық түсті ғаріп.
Біреуің кел деп жылдам жекпе-жекке.
Наумұрын тұрды орнында айқай салып.
Ахмет келді шауып Бозұғланға,
Шықпаққа жекпе-жекке рұқсат алып.
Шыдамай азарына қызылбастың,
Күшіне мінді қатты қаһарланып.
Бозұғлан берді рұқсат қимағаннан,
Бермесе, ренжитін болды налып.
Айқасты ат үстінен екі арыстан,
Қарама-қарсы шауып тұспа-тұстан.
Аударып ат бауырына Наумұрынды,
Ахмет шығармады бір жұлқыстан.
Бұрында тісі батып қалған екен,
Бектерге қарсы келген кәтте ұрыстан.
Сүйретіп Наумұрынды тастады әкеп,
Алдына Бозұғланның тұрғызбастан.
Інісі Наумұрынның—батыр Кәлан,
Майданға жекпе-жекке шықты ортадан.
Баһадүр палуаны екен патшалықтың,
Ешбір жан келе алмайтын парлас оған.
Сілтесіп қылыш-найза ұрып күрзі,
Айқасты ат үстінен тіреп табан.
Бетпе-бет қарсыласып қағысқанда,
Іске аспай қарулары, қирап сынған.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Алысты аттарынан түсе қалып,
Жазылмай жағадан қол ұсталған.
Екеуі бірін-бірі жеңісе алмай,
Іс болды екіталай жұрт қысылған.
Сол кезде Ахметбек қаһарланып,
Ұмтылды айқай салып айтып ұран.
Көтеріп айналдырып ұрып жерге,
Батырды Кәлен атты етті жоян.
Қайыл боп қайратына Ахметтің,
Халқымен болды разы хан Бозұғлан.
Кеш болып күн батқан соң жай-жайына,
Осымен майдандағы жұрт тараған.
Сайланып сахар тұрып соғыспаққа,
Екі жақ бір-біріне хабарлаған.
Әскерін Бозұғлан хан беске бөлді,
Бір мыннан басқарсын деп бектер қолды.
Сапабек, Жүсіп, Ахмет, Әшір сардар,
Ғәзизбек қол басшысы солар болды.
Бастығы баршасының Бозұғлан хан,
Тұратын беріп тәртіп нұсқап жолды.
Жиналып таң сәріде екі жақтан,
Майданға соғыспаққа әскер толды.
Жиырма мың болыпты әскер қызылбастан,
Барлығын жинағанда қалдырмастан.
Бірі еді атағы зор падишаның,
Көзалша даражасы халықтан асқан.
Шықсын деп он мың әскер етті жарлық,
Дұшпанға нұс бермекке қарсыласқан.
Қаптаған қалың қолдың тозаңынан,
Шаңдатып дұшпан жүзін мұнар басқан.
Біреуін Бозұғлан хан онға балап,
Шығарды екі мың қол ол да санап.
Екі жақ дабыл қағып қан майданда,
Әскерлер араласты тұрған қамап.
Ғажайып бір ғаламат болып қырғын,
Майданнан ақты сел боп қан сорғалап.
батырлар жыры
Сапабек, Жүсіп, Ахмет, Әшір сардар.
Әскерге аш бөрідей тиді аралап.
Төрт мыңы қызылбастан өлген екен,
Көзалша көз жіберіп көрсе қарап.
Артығы екі мыңнан жараланып,
Бір күнде болған набыт қаншамалап.
Бозұғлан әскерінен сексен өліп,
Қайтыпты жүз жиырмасын ол жаралап.
Кеш болып екі жағы дабыл қағып,
Майданнан жай-жайына кеткен тарап.
Көзалша көп күйініп ызаланды,
Бір күнде жоқ қылғансын сонша жанды.
Кеміген қолдың орнын толықтырып,
Соғысқа таң сәріден дайындалды.
Айрықша етіп жарлық әскеріне,
Ешбірің қалмаңдар деп хабар салды.
Зеңбірек, садақ, найза, қылыш, шоқпар—
Майданға шықты сайлап бар құралды.
Бозұғлан жауға қарсы екі мың қол,
Іріктеп шығарды ол да сарбаздарды.
Бас болып Жүсіп, Ахмет, Сапабек пен
Қалмастан қолбасшының бәрі-бәрі.
Соғысты қолма қолтық кескілесіп,
Ағызып ат бауырынан қызыл қанды.
Болғандай астын-үстін аспан мен жер,
Біреуді біреу білмей естен танды.
Ғаламат бұл секілді бұрын-соңда,
Көрмеген ешкім мұндай қан майданды.
Сұрапыл соғысумен ұзақты күн,
Болдырды батқызып күн намазшамды.
Тоқтатты дабыл қағып екі жағы,
Қалдырып келер күнге соғыс қанды.
Түгендеп көрді екі жақ өлгендерін,
Қаншасы өлмей тірі келгендерін.
Жасаққа жарамайтын жарадардың,
Есепке алды санат көз көргенін.
Алты мың өлген екен қызылбастан,
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Мың жарым жараланған көрді ерлерін.
Жүз сексен Бозұғланнан өліп әскер,
Жарадар етті өлгеннен сәл кемдерін.
Екі жақ жатып үш күн, дамыл алды,
Әскердің толықтырып кем жерлерін.
Жиналды соғыспаққа үшінші рет,
Сап тартты майданға әскер түзетіп бет.
Иә жеңу, иә жеңілу—осы жолы,
Сол болды екі жақтағы ойға алған ниет.
Көзалша қалдырмай бар жинап күшін,
Кернеді көкірегін қайғы-қасірет.
Екі әскер қарсыласып қан майданда,
Басталды қырғын соғыс бір әлемет.
Баһадүр Бозұғланның гөзелдері
Көрсетті ғажайып күш, зор керемет.
Зынданға Шаһыманы салған екен,
Есітіп Бибінияз да барған екен.
Жәуміттің палуаны екен деген сөзді,
Құлағы сырт хабарын шалған екен.
Қалдырмай қарауылды зындандағы,
Әскерлік бұғалығын салған екен.
Зынданға Бибінияз өзі барып,
Шығарып Шаһыманы алған екен.
Әзірлеп ат жарағын аттандырып,
Бектерге сәлем айтып қалған екен.
Шаһыма қосылыпты қолға келіп,
Тиіскен жауға қарсы ол да келіп.
Соғыстың қызба базар майданында
Табысқан бір-бірімен сонда көріп.
Қырылып қызылбастың әскерлері,
Қызыл қан болды майдан толған өлік.
Қалыпты Көзалшаның әскерінің
Майданда төрттен бірі, қалғаны—өліп.
Қаруын тастап тегіс жеңілген соң,
Бағынды қалғандары қол көтеріп.
Көзалша тұтқын болып түсті қолға,
Кеткенсін жеңіліп күш, бастан ерік.
батырлар жыры
Соғысты тоқтатыпты Бозұғлан хан,
Алты жүз әскерінен шығын болып.
Мақсаты ойындағы орындалды,
Ерлердің еткен іске кеуілі толып.
Бозұғлан Көзалшаның кесті басын,
Орындап ойына алған мүддағасын.
«Хан алар ханның басын» деген сөздің
Халайық көзбен анық көрді расын.
Жығылып Көзалшаның тіккен туы,
Тайдырды бастан бақыт даражасын.
Патшалық ордасына ойран салып,
Айлады талан-тараж қазынасын.
Көкшені тауып тірі алдырды ұстап,
Бүлдірген ылаң салып халық арасын.
Кісендеп қол-аяғын қылды тұтқын,
Залымның тарттырмаққа соң жазасын.
Бозұғлан жар шақыртып жиды халықты,
Танытып туралықтың жол-жобасын.
Халықты қайыл қылып айтқанына,
Теп-тегіс бағындырды қарт пен жасын.
Қыртасты хан сайлатып елатына,
Шаһналық етті балант мәртабасын.
Баяғы ғадалатты қырық уәзірге,
Билеткен бөліп беріп бұқарасын.
Ханым боп хан зайыбы Бибінияз,
Мүшкілдің шешкен қиын көп саласын.
Ырза боп еткен оның еңбегіне,
Айрықша аударды жұрт ықыласын.
Некелеп Ахметке Қаракөзді,
Көркейткен кеуіл шаттық ырадасын.
Ойға алған мақсаттары орындалып,
Орнатқан өнегелі іс пормасын.
Шығарып алған барып Ахмет-Жүсіп,
Зынданда жатқан Қамбар-қарт бабасын.
Қыртасқа тапсырыпты ол өлгенше,
Бермекке қазынадан нәпақасын.
Көп сыйлық құрметпенен қайтарыпты,
Қосынның елатына бір парасын.
ЖҮСІП — АХМЕТ ХИКАЯСЫ
Бозұғлан, Жүсіп, Ахмет, Әшір сардар
Үш айдай жатқан жақтап хан ордасын.
Олар да қайтпақ болды бір күндері,
Сағынып елі-халқын, жар-жолдасын.
Қайтпаққа ерлер талап етті еліне,
Даярлап тартты тұрман ат беліне.
Көкшеге қандай жаза қолайлы деп,
Мысырдың салды кеңес бектеріне.
Қалдырмай өзіңменен әкет депті,
Күйзелтіп халықты әбігер еткеніне.
Салар деп тағы бүлік тірі қалса,
Залымның сенбепті елі ниеттеріне.
Артына екі қолын байлап беріп,
Ел-жұрты шашқан топырақ беттеріне.
Қоштасып Мысыр халқы бектерменен,
Шығарып салған сапар өткеліне.
Алып кек, жеңіп жауын көп олжамен,
Бозұғлан бастап қолын, қайтты еліне.
Көкшені көшке тіркеп жаяу айдап,
Салт аттың салған дүрмек өктеміне.
Өліпті өкпесі өшіп Көкше залым,
Жеткенде Қаразымның шеттеріне.
Түс болып Көзалшаға көрінгені,
Қатесіз болды өзгермей өңіндегі.
Жем болып құрт-құзғынға Көкше сөйтіп,
Болыпты рәсуа өлімдері.
Тас атпай кетпейді екен өлігіне,
Жан болса жүрген жақын шеніндегі.
Биіктеп бірте-бірте тау атанған,
Басында сол жер дейді көмілгені.
Көкшенің тауы дейтін сол деп айтад,
Қаразым елатының жеріндегі.
Есен-сау елатына келген бәрі,
Қауышқан сағынысып дос пен жары.
Көрісіп, құшақтасып, басқан мауқың
Ата-ана, аға-жеңге туғандары.
батырлар жыры
Бозұғлан, Жүсіп, Ахмет, Әшір сардар
Келген соң дін Қаразым кірді ажары.
Той қылып ат шаптырып бірнеше күн,
Жиналған тамашаға жас пен кәрі.
Айналған арты сөйтіп мерекеге,
Бектердің бастан кешкен қайғы-зары.
Қарапты құзырына екі бектің,
Халқымен Қаразымның барлық шәрі.
Содан соң Мамырстан болып жұрты,
Жайылған атырапқа бұл хабары.
Хиса боп шыққан бұрын хикая екен,
Түрікпеннің Жүсіп-Ахмет батырлары.
Түзетіп, ажарладым хикаясын
Тарқасын тыңдаушының деп құмары.
Айтылса мәжілісте мәнерлі сөз,
Қалмайды аударылмай жұрт назары.
Жылында мың сегіз жүз тоқсан тоғыз
Наурыздың жауған кезде ақша қары.
Аударттым Алдажардың Қалқашына,
Балқының халыққа мәлім мен—Базары.
Ұзатпай осыменен қысқарталық,
Көп сөздің болмайды онша барқадары.
Ертеде Бозұғлан деген хан болыпты. Оның екі қарындасы
болған. Бірінің аты—Гүлхадиша, бірінің аты—Лағыл екен. Екі
бас уәзірі о да бір туған ағайынды екен, аттары - Әжібек пен Опа
бек екен. Бозұғлан екі қарындасын екеуіне қосыпты. Халқының
барлығын сол екеуі билейді екен. Лағылдан Жүсіп, Ахмет екі
ұл, бір қызы болыпты. Қызының аты—Қарлығаш екен. Оба
деген аурудан Әжібек, Опабек, Гүлхадиша үшеуі өледі. Жүсіп,
Ахмет, Қарлығаш, шешесі Лағыл қалады. Бозұғлан хан [олар
ды] тәрбиелеп өсіріп, Ахмет, Жүсіп ер жетіп халқын билейді.
Қырық нөкері бар болады. Халқы күндеп ханға шағыстырып,
хандығыңды алып орныңа мінгелі жүр деп шағыстырып [айтқан
соң], оған сеніп, «бұл шаһарда тұрмасын, кетсін» деп, әмір етіп
қуады. Қырық нөкер соңынан көп халық еріп: «Босқа кетпей
атысып кетейік» дейді.
Адам сопы Хауадай ата-анасы,
Таралып дүниеге көп баласы.
Жайларын адамзатқа қоныс үшін
Жер мен көк жарық берген екі арасы.
Жұрт өткен неше ғылым бізден бұрын,
Бірі кеп, бірі қайтып бірін-бірін.
Исфаһан шаһарында Бозұғлан хан—
Бір сұлтан шыққан екен ерте бұрын.
Әжібек, Опабекпен бас уәзірі
Патшаның билейді екен ішкі ақылын.
Бір туған өзіменен қарындасын
Қосыпты екеуіне екі қызын.
Қисса Бозұғлан
(Ә. Бижанұлы нұсқасы)
батырлар жыры
Екі қыз, бірі—Лағыл, [бірі]—Гүлхадиша,
Таусылмас айта берсе осы қисса.
Әжібек, Опабек пен Гүлхадиша
Жұманың қайтыс болды арасынша.
Бозұғлан қос жиенін тәрбиелеп,
Өзінің асырады баласынша.
Білімді, нұсқасы артық, бәрі толық,
Ақылдасы патшаға болды серік.
«Тақтыңды қос жиенің басады» деп,
Сұлтанға сөз жүргізді шағым беріп.
«Кетсін,—деп,—шаһарымнан» хабар салды,
Өсек айтқан дұшпанның тіліне еріп,
Атсам деп қарашы нөкерлері
Айтады Жүсіпбекке бәрі келіп.
Жүсіпбектің атысты ұнатпай айтқаны:
—Ей, жарандар, ұнамайды бұл сөзің,
Қуаттама дұшпандардың күң сөзін.
Күңшілікке сабыр қылсаң керек-ті,
Ішке сақтай ойланып жүр бір кезін.
Әрқашан сабырлықтың арты кеніш,
Б астама, ей, жарандар, жолға теріс.
Кәрия, көп жасаған, көп жол көрген,
Жайлы жер бар ма бізге сияр қоныс?
—Оңаша Сабзар деген жақсы жер бар,
Шаһары бір арғынның сияр тегіс.
Жана да киік, құлан мекендеген,
Қызықты соған жетсек өзі дұрыс.
Сол жерге бармақ болып ауып берді,
Әшірбек өңшең басшы, ылғи шер-ді.
Қыр киік, үйі балық айтуындай,
Бір жайлы, тамашалы, жақсы жер-ді.
Ерендер дарымаса ер болмайды,
Басшы боп қырық шілтен жол оңдайды.
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Әуезі атырапқа көтерілді,
Атағын естімеген ел болмайды.
Бар екен Үргеніштің бес қаласы,
Сарттың өсіп-өнген бір парасы.
Таяулау қалмақ жақта қонысы бар,
Қорқақтап болады екен қорғаласы.
Қыз жіберіп сыйлаумен тұрады екен,
Қарсылық күштесуге жоқ шамасы.
Бес шаһар билейтұғын бес ханы бар,
Үлкені Ерғали хан отағасы.
Сабзарға екі ер кепті заты бөлек,
Ер дейді Көрұғлыдай даңқы бөлек.
Дұшпанға қайраты артық қару дейді,
Мөр басып келер еді қылсақ керек.
Бес қала мөр басады бекке сайлап,
Жарарлық тарту берді құрмет айлап.
Жол жүріп бірнеше күнде бекке келді,
Сабзар жер сахараны жатқан жайлап.
Бұл келген елшілерді мақұл көріп,
Жатады сауықпенен күліп-ойнап.
Елшілер бірнеше күн көрді қызық,
Болмайды мін қоюға бәрі түзік.
Ап келген олжасынан бес есе ғып,
Олжасын лайықты берді бұзып.
«Қонаққа артыңыздан барамыз» деп,
Қағазға уағда етіп берді сызып.
Қандай екен деп сұрағанда елшілер айтқаны:
—Біз барып көрдік сол екі сұлтанды,
Тұз татқан ер бір көрмекке іңкәр-ді,
Мінген аты ылғи шұбар тұлпар-ды,
Қоянша шоршып қоразша болар,
Ешкімді көрмедік оның теңінде,
батырлар жыры
Ондай сұлтан болмас әмір бабында,
Жұпар иісі аңқып тұр отырған сондай жерінде.
Айтып болмас қару-жарақ сайманын,
Бәрі түгел жан қорғайтын айланың.
Нашар үшін бостан тағам пісіп тұр,
Бір уәзір тексеріп тұр жайларын.
Тауыса алмаймыз айтуға
Қос сұлтанның ғажап қылдық сайранын.
Жасатты бек келеді деп неше сарай,
Есептеп шықса келмес баһасы-ай.
Жиһазға жиған мүлік таңға қалып,
Көрген жан көзі талды қарай-қарай.
Жолына масатыдан кілем жайған,
Бүлініп бек келеді деп қылған сайран.
Сондайлық дайындықта бектер келді,
Келбеті нұрларына қалған қайран.
Күтініп тұрғанында бектер келді,
Бастырмай алып жүрді қара жерді.
Көргендер көзі талып қарайтұғын,
Кез қылды бізге осындай ылғи шерді.
Сол үйге Ерғалидың тағын қойған,
Даяршы екі бекке отыр деді.
Екі бек таққа шықпай жерге отырып,
Үстіне қара кілем дұға қылды.
«Қорынды таққа шықпай» деген сөздер
Құлаққа екі бектің естіледі.
Сонда Жүсіпбектің айтқаны:
—Жігіт деген жауһар болар,
Қызмет қылса нөкер болар,
Көңілі дүрлік бекер болар,
Өнерімен жетер болар.
Патша жаққан гауһар болар,
Жарығы да жетер болар.
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Әркім жүрсе жолын біліп,
Кетпес аяқ тайылып.
Патшаның жолы ұлық,
Құрмет қылған жақсы дүр.
Ден қойды білімді деп екі бекке,
Неше күн қонақ болды сый-құрметте.
Хандармен ақылдасып Ерғали хан,
Бектерге көңілі кетті қыз бермекке.
Өз қызы Күлғасыл неке оқып,
Ұзатты салтанатпен Жүсіпбекке.
Ахмет жастау екен ол уақытта,
Арнатып құда қылды Нәдірбекке.
Елі сол екі бектің келді көшіп,
Дұшпанға қазат қылды, жол түзетіп.
Айдар мал қазынаға қаны болды,
Жұртына Үргеніштің болды нәсіп.
Шығады мәселеден әр түрлі гәп,
Кәуірден қорқатұғын құтылдық деп.
Бұл жұрттан қауіп кетті уайымы жоқ,
Шаһарды сөйлейді екен Үргеніш деп,
Хикая сөзден сөзге сөйлейді екен,
Қысқа айтса ұғынуға келмейді деп.
Қалмақтың Көзелше падишасы—
Шаһарды үш жүз алпыс билейді екен.
Сол патша ұйықтап жатып бір түс көрді,
Түсінде екі қошқар кіріп келді.
Патшаны келе сүзіп екі қошқар,
Тақытын быт-шыт қылып жүре берді.
Патша түрегелді бұл қалай деп,
Турасын осы түстің көреді жек.
Оқыған мүнжім ғалым молласы бар,
Айтады соларына жорып бер деп.
Моллалар, қариялар таба алмады,
«Жоруға еш мәнісін білмейміз» деп.
батырлар жыры
Жолдасы Ерғалидың Баба Ғұмар
Тірі екен үш жүз отыз жасына кеп.
Осы айтылған кәуірдің қаласына
Керуен шығып келіпті саудагер боп.
Бал ашып елге мәлім болған екен,
Кітаппен соны біледі табушы еді деп.
—Мәнісі түсіңіздің жаман екен,
Біздерге өтірік айтсақ харам екен.
Жүсіпбек, Ахметбек дін мұсылман,
Сол келіп шаһарыңды алады екен.
Тәж-тақтың, салтанатың кәміл бақтың,
Ықтияр сол сұлтанда болады екен.
—Қаңғырған бір диуана шал,—деп айтты,
Мұнда не қасиет бар,—деп айтты.
Бұл бейәдеп көңілімді бек қайтарды,
Апарып зынданына сал,—деп айтты.
Шақырып білімдіні қылды жиын:
—Жүсіп пен Ахметтің нәсілі кім?
Білген адам сөйлейді Сейітбаттал,
Секілді Көрұғлыдай батырлығын.
—Таппаса Мырза Мәмет бір қайласын,
Қол қайрат күш қылуға болмас қиын.
Ғаярдың Мырза Мәмет ақылы артық,
Зейіні көп, оқыған білім тартып,
Таратып дүниені сөйлегенде
Тыңдаған таң қалады бойы балқып.
Етейін жаным пида сіздің үшін,
Татырған құрметпенен тұзың үшін,
Артылған өз атағын кім іздемес,
Қолынан аяна ма келген ісін.
Ізденіп жалғыз өзі бармақ болды,
Көдекті жолдас етіп алмақ болды.
Он күнде бір айлық жол жүретұғын
Бір жорға Батпай деген таңдап берді.
Қазаққа тура тартқан қара жол бар,
Еліне қос сұлтаның келіп кірді.
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Сұлтанға арыз айтып болды мәлім,
Сөйлейді хикая қып арыз халін.
—Ерлік, серілік өнерің, салтанатың,
Біздің жұртқа жайылды дабыстарың.
Жерлерге қиын-қыспақ жол табамын,
Білемін өнерменен әр іс жағын.
Қабыл көрсең қызметкер нөкеріңмін,
Құмар боп сізге келдім, ей, сұлтаным.
—Ойпыр-ай, иір жақты қызыл тілің,
Мұндай жан жаратыпты пәруарым.
Нөкер ғып сол ғаярды қасына алды,
Бір қызмет бір күн өтсе асырады.
Екі бастық біраздан соң уәзір ғып,
Отыртып оң жағына қасына алды.
Кез келді осы қисса басқа сөзге,
Мәнісі бір әңгіме келді кезге.
Бозұғлан—екі бектің нағашысы,
Шағыммен қат айырылды қапас жерде.
Татулық кешулесіп қайтайын деп,
Бектерді іздеп келді тұрған елге.
Келіпті нөкерімен әсемдетіп,
Бектерге біреу келді қабар етіп.
Келгенге нағашысы қуаныш қып,
Сәлеммен қарсы шықты тағзым етіп.
Сарайға нағашысын алып келді,
Алтын панар, гауһар шам жағып берді.
Ол күні қонақ болып таң атқан соң,
Сәлемге нөкерімен бектер кірді.
Сонда Бозұғлан хан әр жігітіне қарап отырып: «Мынау
нағылған жігіт?»—деп Мырза Мәметке көзі түсіп, өте сыншы
екен, жақтырмай айтқаны:
—Ей, бектер, қастық үшін келген екен,
Сіздерге жағымды боп ерген екен.
батырлар жыры
Байқасаң көзі ала, жүзі қара,
Антұрған шын Құдайдан безген екен.
Мұндай жан елге симай нағып жүрсін,
Байқасам түрін арам жеңген екен.
Тез жоғалт көзін жылдам мына сұмның,
Талайын көп көргемін мұндай қудың.
Басыңа пәле келер кешікпей-ақ,
Пәлелік жеңіп тұр ғой бәрін түрдің.
Тез өлтір кешіктірмей, қос жиенім,
Қолқа сый осы болсын нағашыңның.
Сонда өлтір дегенді ұнатпай Жүсіпбектің айтқаны:
—Құмар болып келіп еді басыма,
Мұны өлтірсем жігіт келмес қасыма.
Нақақ істеп қанына ортақ болмаймын,
Естіген жан мін қоймай ма атыма.
Бір кісінің не бар қуат қолында,
Бір кісі мың кісіге дұшпан болар ма.
Нақақ істеп қанына ортақ болмаймын,
Ұяламын келмейді деп толымға.
Өкпелеп Бозұғлан қайтып кетті,
Бірнеше арасында күндер өтті.
Мастанып қызуменен сол екі бек,
Қарашы нөкерімен кеңес етті:
—Біздерге салтанаты тең бар ма екен,
Қайрат қып қарсы тұрар ер бар ма екен?
Құстар салып, аң аулап барар едік,
Тамаша шер тарқатар жер бар ма екен?
Сөйлейді Мырза Мәмет жердің мәнін:
—Алатау арғы беті тамашалы,
Ақылдан көрген адам адасады.
Жемістер неше түрлі бос шығатын,
Миуасына ұжмақтың жанасады.
Райхан гүл шөптері шым жібектен,
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Кестеге бейне тіккен ұнасады.
Дейтұғын Уәлиасқар қазақ жері,
Оған да ат қойылып Асқар деді.
Өзені бері қарай төменге ағып,
Аяқта күн жарымдық әуе көлі.
Үйрек-қаз, ала құстың бәрі сонда,
Кетпейді жазы-қысы сол мекені.
Ендер құм айналасы шүлең кең жер,
Киік пенен құланның жүрер жері.
Азық қамдап үстіне шатыр алды,
Өнерпаз мергендерді қосып алды.
Айтқаны дұрыс екен жер туралы
Қайтпалық тарқағанша шер-құмарды.
Сонда Мырза Мәмет айтады:
—Ей, сұлтан, біздің жерге келдің жақын,
Алатау арғы беті бір-ақ асым.
Кілттің ықтияры қолымда еді,
Мен едім билейтұғын қазынасын.
Сізден артық ел таппай келдім десем,
Орнымды берер еді ол жолдасым.
Қолымнан әр саудагер қарыз алған,
Бар еді құда болған әр жекжатым.
Алтынды солардан да алар едім,
Ей, сұлтан, рұқсат етсең барар едім.
Жүретін күнде бері саудагерге,
Кіреге ақы беріп салар едім.
Сіздерге алтын қажет деп тұрғам жоқ,
Сылтауым осы болып табар едім.
Бар еді жастай қалған жалғыз ұлым,
Қуаныш көз қызығым көрер едім.
Ойымда Құдайға рас бір бөтен жоқ,
Екі бек көркеюің тілегенім.
Екі бек берді ұлық Мәмет қуға,
Алданды аярлықпен, шіркін, суға.
батырлар жыры
«Тез барып Батпайменен келіңіз» деп,
Жөнелтті қош айтысып ғаяр суға.
Мәмет қу жылдам келді Көзелшеге,
Лайықты өнер берген әр пендеге.
Көргенін бастан-аяқ түгел айтып:
«Жинаңыз қырық мың әскер қазірінде.
Алдаумен қапылыста ұстамасақ
Ол әскер түк қылмайды екеуіне.
Шыға алмай уағдамнан келдім қайтып,
Сөйлесем баға келмес өлшеуіме».
Жинады қырық мың әскер қазірінде,
Патшаның не десе де әмірінде.
Басы ғып Көкше батырды қосып берді,
Қос-қос қып басшы берді әрбіріне.
Он қашар алтын-күміс, гауһар артты,
Бектерді басқы сөзбен сендіруге.
Мырза Мәмет отыз мыңды тау арасына қойып, он мыңды
ойға түсірді, он қашар алтынды әкеле жатып бесеуін бір жаққа
жіберіп, бесеуін тағы бір жаққа жіберіп, өзі бектерге келіп: «Он
қашарға алтын-күміс артып келе жатып, қашарды жүгімен
қойып дем алсам, ұйықтап кетіппін, тауып алайық»,—деп
қырық нөкерімен атқа мінді. Бес қашарды таптырып, бесеуін
таптырмай қарады, екі бек Мырза Мәметті ертіп бір тұсқа кет
ті. Әшірбек пен қырық нөкер бір тұсқа кетті. Өте жайшекен
[деп] күн жайлатып бір үңгірге келіп паналап, бектер шарап
ішер екен, шарапты ішкізіп ұйықтатып тастап, он мың әскерді
әкеліп аяққа кісен салып, екі қолға күнде салып оятты. Шо
шытып айдап жөнелгенде Ахметтің бойынан мастығы арыл
май, «жігіттерге осындай қорлық көрсеткендей не жаздық» деп
ағасы Жүсіпбектен сұрады.
Сонда Жүсіпбектің айтқаны:
—Көзіңді ашқыл, бек Ахметім,
Дін Қоразбан шәрің қалды.
Исфаһаннан бірге келген,
Жігіттерге басшы болған
Әшірбектей шерің қалды.
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Не менің сәнім қалды,
Ойнап жүрген жаран қалды.
Байлаулы дүр білектерім,
Қабыл болмай тілектерім,
Көтеріп ауыр жүктерім,
Қатарым мен нарым қалды.
Емшектесіп бірге туған,
Менің үшін жанын қиған,
Қарлығаштай сіңілім қалды.
Бенде болдым мұндай күймен,
Неке оқытып мені сүйген,
Гүлғасылдай жарым қалды.
Қызын беріп рұқсат берген ерік,
Ерғалидай атам қалды.
Қазақ тауынан өте айдап бара жатқанда елге, жерге қош ай
тып айтқаны:
—Мен жылаймын, жылаймын,
Қадірда Хаққа зар-зар.
Қам-қалымнан бір аларсың,
Өзі де болсын хабардар.
Бұлдыр-бұлдыр артта қалып барасың,
Қош-аман бол, асқар таулар,
Құстар салып, сауық құрған мекен-жайлар,
Қайта айланып көруге болар ма екен нәсіп айлар.
Бұл сағатта бізден дәурен өтті де,
Сұм ғаярдың зұлымдығы жетті де,
Қуып келсе қырық жігіт пен Әшірбек,
Осы жолмен кәпір байлап кетті де.
Көп ләшкер жетті бізге,
Қалқанды тұтпадым жүзге.
Арманым көп болды-ау, әй, Зұлжалал,
Кез болмады-ау жапан түзде.
Мұнан артық болмас зұлым,
Жаман бірлән әр кез болмағыл жолдас.
Арманым көп болды-ау, әй, Зұлжалал,
Кісі қолына түсер ме кесілмей бас.
Ойран болды дін Қоразбан шаһарым,
батырлар жыры
Қазан ұрып солды менің баһарым.
Арманым көп болды-ау, әй, Зұлжалал,
Қасымда болмады-ау қырық аждаһа нөкерім.
Өз жаныма өзім қылдым зұлымды,
Арман бірлән бағыттаппын қолымды.
Арманым көп болды-ау, әй, Зұлжалал,
Ерте жүрмей Әшірбектей шерімді,
Өз жаныма өзім қылдым қысымды,
Биһуада қашырдым дәулет құсымды.
Арманым көп болды-ау, әй, Зұлжалал,
Жүсіпбек, қата қылдым барша ісімді.
Әшірбек бір тұсты қарап, бір жерге қонып, түсінен шошып
оянып айтқаны:
—Ей, жігіттер, нағып ұйықтап жатырсың,
Еш қауіпсіз екі бектен қапылсың.
Кәпір айдап бенде қылып барады,
Соғыспенен бастарымыз қосылсын.
Бұл сағатта бізден дәурен өтті ғой,
Қарасатын мақшар күні жетті ғой.
Ей, жігіттер, шапшаңдатып мін атқа,
Сұлтаныңды кәпір байлап кетті ғой.
Қара киіп, қан жұтып,
Ерғалиды медет тілеп, пір тұтып,
Екі бектен жан аямақ дұрыс па,
Ант пенен татқан тұзын ұмытып.
Не боламыз қос сұлтаннан қалған соң,
Жан не керек мұндай жұмыс болған соң,
Бек жолында атыста өлмей, жарандар,
Елге тірі не айтамыз барған соң.
Бектен қалып неге керек сұм жалған,
Бақшадағы жапырақпыз қуарған.
Қос сұлтанды түсте көріп қазатта,
Өліп кетсек болмас еді-ау басқа арман.
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Әшірбек қырық жігітпен қуып, Пашаның тауына жетіп,
жолдастарына жан аяма деп айтқаны:
—Ей, қырық жігіт, қырық жігіт,
Бүгін бір бізге сын, жігіт.
Айрылып бектен бос барсақ,
Бойдан кетпес мін, жігіт.
Жар шақырып, ат қойыңдар,
Кәпірге болсын ойындар.
Жан аяма, қырық жігіт,
Жолдас болып бектен татқан тұзың бар.
Мен білмеймін нешік пәле,
Қолға бір толды кер дала.
Қылыштасып майданмен
Қол сілтесер күн бүгін.
Ғәзиз жаннан кешіңдер,
Кебін тонды пішіңдер.
Жан аяма, жігіттер,
Кәпірдің қанын ішіңдер.
Таудың басын алсын тұман,
Кәпірлерді қылма аман.
Жанымдағы арыстандарым,
Жаннан кешер күн бүгін.
Қызуменен кірді қайрат күшіне,
Таң қаларсың қырық жігіттің ісіне.
Медет тілеп пірлерден,
Кіріп кетті ауыр да қолдың ішіне.
Ақ садақ заулап атылды,
Атқан оқтың даусынан
Естіген құлақ сарылды.
Қызыл қан ақты сел болып,
Өзендерге қосылды.
Салды қияметті қырық жігіт,
Мылтықтың оғы жайнады.
Көктен жұлдыз ұшқандай болып,
Күн қарайып тұтылды.
батырлар жыры Нажағай көктен түскендей болып, Қайрат қылды мәрт Әшірбек, Ғәзиз бір жаннан кешкендей болып. Жігіттер шапты кәпірге, Қойға тиген бөрідей болып. Кәпірлер жаман қырылды, Оба тиген керімдей болып. Қайрат қылды мәрт Әшірбек, Майданда Рүстемдей болып. Мәрт Әшірбек жұмсады Сол уақытта найзаны. Көтеріп салған көк сүңгі Тіріде қанға тоймады. Біріне бірін қосты жігіттер, Кәпірлер қарсы тұрмады. Зікір салып кәміл пірді шақырды, Нар бурадай зор дауыспен бақырды. Ойда жүрсе шыдатпай, Кәпірлерді бек састырып жапырды. Көкше батыр басы боп, Екі бекті биік өрдің басына Көп мергенмен қашырды. Қарсы шапты Әшірбек биік өрдің басына, Жақын келді қос сұлтанның қасына. Айналасы Көкше батыр, көп мерген Алды сонда көп оқтардың астына. —Ешкім білмес бақытым неден қара дүр, Барша тәнім кебек бірлән жара дүр. Ей, жігіттер, мені келіп сүйей бер, Есім шығып көзім тұнып бара дүр. Әшірбектің бұл халде болғанын біліп, Жүсіпбектің айтқаны: —Қолым бағлы, бара алмаймын жаныңа, Ием рақым айласын сенің халыңа.
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Біз ырзамыз екі бек,
Біз үшін боялды-ау боз ат сенің қаныңа.
Бегі кетсе жігіттің не дүр сәні,
Бекер жолдас бұрын өліп қимаса жаны.
Бұл жарадан саламатпын, сұлтаным,
Атқа жұққан дүр кәпірлердің қаны.
Астындағы шапса талмас боз ойнақ,
Сақтап жүрген ерендер бар дұға айлап.
Көзі қимай қайта кірді майданға,
Мәрт Әшірбек пір шақырды айғайлап.
Мергендерді қиын тасқа тығыпты,
Пана қылып үңгірлерді бұғыпты.
Қол-аяғы кісендеулі бектердің
Босата алмай атын алып шығыпты.
Әшірбек дер:— Бұл не деген қиямат,
Ғәзиз жаның бір Құдайға аманат.
Біз қайтамыз тірі бол,
Кәміл пірлер сақтағай-ды саламат.
Қош айтып, сәлем айтқаны:
—Қайта-қайта сәлем айт
Мұңлы да болған анама.
Шама келмес, жігіттер,
Енді бір бізге қарама.
Қан төгіспей қапылдықпен
Бенде болып ішім толып,
Кіріп тұрмын ызаға.
Душар болдым қияметтің күніне,
Мен алдандым бір ғаярдың тіліне.
Бізден барсаң сәлем айт
Қарлығаштай сіңліме.
Менің үшін жылаған,
Жүзін қанға бояған,
Үш қайтара сәлем айт
батырлар жыры
Күлғасылдай жарыма.
Лала көл болды менің көз жасым,
Қан төгіспей бенде болды бұл басым.
Бізден барсаң сәлем айт,
Ұмытпасын тұз татысқан жолдасым.
Бізді сұраса, ғаріптікте болды де,
Рақымсыз кәпірлерде қалды де.
Мехнаттан қиын емес құтқарса,
Құдіреті жарылқаса, кең дейді,
Ерғали сұлтан атама арызымды айтыңдар,
Бейнаһан болған дертімді,
Әшірбекке тапсырсын ие болған жұртымды.
Сендер кетіп мен қаларға ұқсадым,
Ғаріп жаннан енді үздім ғой үмітімді.
Қош болыңдар, қырық жігіт,
Ұмытпай жүр батаңызға кіргізіп,
Әр қиыннан қол бар құтқарылған
Тірі қалдық біздерден үзбе үміт.
Айырылып екі бектен қайта жүрді,
Бәрі де қырық жігіттің жылай берді.
Жетелеп екі бектің атын алып,
Қайғымен бейшаралар елге кірді.
Қарлығаш, Күлғасылдың нөкері бар,
Түрленген тоты құстай бәрі қыздар.
Мөлшері келетұғын тақалды деп,
Таң атса, жол аузында қарап тұрар.
—Ей, назнинлер, қарашы,
Келе жатыр бір топ атты жолаушы.
Көзді салып таза байқа, ей, қыздар,
Сұлтандарға келе ме екен ұнасы.
Ойпыр-ау, мынау қалай жарандар,
Бек қайғылы, кейпі жаман адамдар.
Жолдастар, бұл не деген замандар,
Мен бейбаққа түскен екен қарандар.
Сұлтандар қайда қалды, жоқ қой бөлек,
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Осы елде әйел жағы жетіп жатыр,
Сендердей кісі бізге неге керек?
Бектер тұрды аш бүйірін таянып,
Үсті-басы қызыл қанға боялып.
—Ей, назнин, күйген жанды күйдірме,
Қалған жоқпыз қос сұлтаннан аянып.
Аянбаған мехнат бар түсіңде,
Шомылыпсың қызыл қанның ішіне.
Тағдырға табдил табылмас,
Ырзамын бектер жолыңа.
Қарлығаш, Күлғасыл, шешесі келіп естірткені: Күлғасылға
тәртіп бойынша қара салып, жылап тұрды сонда:
—Ана, бізге шын қиямет болыпты,
Бақшаңызға өрт жанып, қызыл гүлің солыпты.
Әй, әй, ана, сүйеріңнен айрылдың,
Екі сұлтан кәпірге бенде болыпты.
Жұбанышта қуат қылған сұлтаның,
Шешіліпті тұғырдағы сұңқарың.
Әй, әй, ана, сүйеріңнен айрылдың,
Енді жоқ дүр екі қамқор сұлтаның.
—Қос қарағым, жылама,
Тапсырғыл қадір Құдаға.
Аман-есен келеді,
Көреміз аман дүнияда.
Аман-есен келеді,
Еш болмас еңбек зияда.
Тұмар алған әр ешеннің қолынан,
Шілтендер көп екі бекті шолыған.
Шер Ғали көп аян берген түсінде,
Сапар жүрсең қалмаймын деп соңыңнан.
Көзіме келіп көрінбедің бектердің досты,
Қара киіп келдің сен баламның қосты.
Бері келіп тамағыңнан иіскетші,
Сенен білінер ме екен қос сұлтанның иісі.
батырлар жыры
Жоқ қылдың қадір парымды,
Кетірдің ғой сәнімді.
Қазан ұрып солған болса гүлзарым,
Кімге барып естіртермін назымды.
Күйінді Үргеніштің бес қаласы,
Байғыздай ертелі-кеш зарланады.
Көр болып екі көзі көрмес болды,
Ерғали қызын берген қайын атасы.
Мұнымен елі-жұрты тұра тұрсын,
Енді сөз екі бектің әңгімесі:
Айдады кәпір жаяу екі бекті,
Көрмеген еш кемшілік қара көкті.
Айдарын ат басады жерге түскен,
Қып-қызыл аяқтары қан боп кетті.
Жүсіп сонда сөйлейді:
—Көрмеген қорлық дүнияда,
Еңбегі еш боп зияда.
Сөйлеме деп ұрады
Алынбай сөзі рияда.
Ахметті мінгіз атына,
Ол үшін мен жүрейін пияда.
Оларын кәпір білмейді,
«Шапшаңырақ жүр» дейді.
«Құтқарайық ажалдан,
Біздің дінге кір» дейді.
Сөз екен деп оларын
Құлағына ілмейді.
Шілтендер келді қасына,
Көзінен аққан жасына.
Табанын жерге тигізбей,
Көтерді шілтен басына.
Патшаға сүйіншіге Мәмет кетті,
Айтқанша Батпайменен қазір жетті.
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Алдаумен қапылыста ұстап алып,
Әскерлер әкеледі екі бекті.
—Жарайды, Мәметім-ай, болдым ырза,
Қалаған мұқтажыңды алғыл,—депті.
Көзелше шықты алдынан әскерімен,
Оларды көреміз деп ел бүлінген.
Екеуін алдына сап келеді екен,
Айдардан шағылысқан күн көрінген.
Патшаның Қаракөзайым жалғыз қызы,
Ғашық боп сол арада ой бөлінген.
Екеуін осы арада атыңдар деп,
Патша әскерлерге бұйрық берген.
Әскерлер сол арада барды да атты,
Мылтықпен жарым-жарты бастан шапты.
Атқан оқ, шапқан қылыш ешбіреуі
Зәредей жара түсіп дарымапты.
Етсе де қанша айла өлмеген соң,
Патша «дараға ас» деп жарлық етті.
Жендеттер алып келді дар басына,
Жат етіп сиынады Алласына.
Асса да қайта-қайта үзе берді,
Көзі жетті жендеттердің болмасына.
Табалмай еш ылажды не қыларын,
Келеді қабар бере патшасына.
Патша елі-жұртын жинап алды,
«Бұл қалай хикмет» деп таңға қалды:
—Зынданға қазірінде салыңыздар,
Қорлықпен өлтірейік мұндай жанды.
Тіл қатып ешбір адам көрінбесін,
Аштықтан қатырайық бермей дәмді.
Тіл қатып ешбір адам көрінбесін,
Күзетші айналасын аңдып тұрсын.
Білінсе егер біреу тамақ берген,
Терісін тірі күйде бітеу сойсын.
батырлар жыры
Соны айтып әкеп салды зынданына,
Көрсетті қысымшылық бір жанына.
Бабаң да жатыр екен түс жорығыш,
Танысып амандасты бір-біріне.
—Қарағым, жолың болсын, балаларым,
Көп болды мен татқалы зындан дәмін.
Болмаса аз күн бейнет неғылады,
Қадірдің көзін көрді паналарын.
Соны айтып бата берді Баба Ғұмар,
Ғашық боп іші еріген Қаракөз бар.
Бұларға бір жақсылық істейін деп,
Жете алса ойлайтұғын ниеті бар.
Зынданның басшысына ақша төгіп,
Тағамды енді бұл қыздар даяр қылар.
Не керек екі бекке барлық шара,
Жай-күйін күнде келіп біліп тұрар.
Сонымен сегіз жылға кәміл жетті,
Қос сұлтан зындан түбін мекен етті.
—Ұйықтамай, балаларым, отырайық,
Қадірдің бүгін болар түні,—депті.
Үшеуі Құран оқып тілек тілеп,
Жантайып Баба Ғұмар ұйықтап кетті.
Жарық боп зындан түбі жарқырады,
Сол кезде бір төрт адам кіріп кепті.
Басында ақ шалмалы сәлдесі бар,
Отырып тақ үстінде дұға етті.
Қаһарлы біреуі бар түсі суық,
Екеуі жас бала екен көзі түсті.
Айналып үш бұрышқа қарады да,
Төртеуі көп кешікпей шығып кетті.
Бабасын оятады асып-сасып:
—Біз көрдік тамашалы үлкен нәсіп.
Көргенін бастан-аяқ түгел айтып:
—Ей, баба, біз отырмыз көңіл тасып.
ҚИССА БОЗҰҒЛАН —Ол келген хақ пайғамбар сәруары, Қаһарлы түсі суық хазіреті Ғали. Сіздердің көзің түскен екі бекзат, Жас жігіт Хасен—Хұсейін балалары. Көрсетті ишарат қып сіздерге үш күн, Шығасыз енді үш күннен соң мөлшер шағы. Аз күнгі тататұғын маған нәсіп, Зынданнан мен шыға алмай қалдым тағы. Көзелше патша «зынданда жатқалы сегіз жыл болды, сүйегі қурап қалған шығар» деп білуге уәзірлерін жібереді, келсе өлгеннің орнына қуанып отыр екен. Бұларды патшаға айтып келеді. Пат ша бұларды кім тамақ беріп асырады екен деп, халқын жинап қысса:—Енді бізді қинамаңыз, атсақ өлмеді, шапсақ өлмеді, аштан өле ме десек, ол да болмады. Бір кереметі бар ғой,—деп сөйледі.—Ендеше қазір алып кел, дінге кірсе, қоямын, болмаса отқа салып өртеп өлтіремін,—дейді. Алып келеді, оларға:—Дінге кір, болмаса өртеймін,— дейді. Сонда Жүсіпбек айтады: —Өлтіре бер жаман дінге кірмейміз, Сіздің дінді дін екен деп білмейміз. Біздер өлсек, жайлы орнымыз ұжмақтан, Кәпір болып тар тозаққа кірмейміз,—дейді. Сонда Көзелше:—Сен ақын екенсің. Менің Көкше батырым мен айтысасың ба?—дейді. —Атыспаймыз, айтысайық. Жарлықты патша болсаң біз жеңсек, қаруымыздай қару, атымыздай ат берсең, айтысамыз. Жеңілсек, не қылсаң қолыңдамыз ғой,—дейді. —Жарайды,—деп қағаз жасап айтысады, айтысы дәмсіз, дінін мақтасады. Онан Көкше жеңіліп, оларға қару беріп, атын дай ат беріп қайырады. Тірі кеткен соң Мырза Мәмет ғаяр жол түсіп ғафу сұрап қалайын деп қаладан шығып, қолын қусырып айтқаны: —Кінәсізден қастық қылдым, жолдасым, Мехнатқа салдым әз басың. Уағдалы шартымды бұза алмай, Мойныма болды-ау көз жасың.
батырлар жыры
Кеңлік-тарлық өзіңнен,
Алсаң даяр бұл басым.
Сөйлейді Ахметбек:— Тұрсың нағып,
Тағы да нанғалы сөзіне азып.
Бетпақтың түрін көріп тұрмақ харам,—
Жіберді қылышпенен басын қағып.
Жүсіп айтар:— Ахмет, жас баласың,
Ашуың тез, асығыс, тоқтамайсың.
Бұл Мәмет үлкен керек адам еді,
Қашықлық келді бізге тоқтамайтын.
Ал енді, ей, ақымақ, бізді қуды,
Өлтірдің асығыстан әлгі суды.
Сиысып көп қол жүріп қуалмайтын,
Естіп ем тар жол дейтін Бабақұмды.
Ал, енді сол жолменен жөнелейік,
Қимылын кәпірлердің біз көрейік.
Пашаға бұрын жетіп ұрысайық,
Алайық жылдам барып тез жүрейік.
Қалмақтан бұрын жетті Паша тауға,
Тынығып қонды түсті бектер сонда.
—Ахмет, жастау едің, бауырым-ай,
Лайық көрдім сізді ту ұстауға.
Ахмет сонда сөйлер:—Жүсіп ағам,
Ұрысты қимадың ба енді маған.
Лайық тудың жөні сіздікі ғой,
Кәпірмен ұрысуға өзім барам.
Көкше бас он мың кісі қуған екен,
Сол жерде олар дағы келіп қалған.
«Жолдасым қырық қауыс, қырық шілтен»,
Деді де шауып түсті ойға таман.
«Жерлерден қиын-қыспақ құтқарып ең,
Өлерміз, ажал жетсе, осы арадан».
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Деді де айғай салып кіріп кетті,
Тегін ғып жаратқан жоқ екі бекті.
Қамалып көп әскерге қалармыз деп,
Екеуі қашып жүріп ұрыс етті.
Көңілі екі сандал өрт боп жанған,
Әр жерде әрбірінің басын алған.
Атқан оқ, шапқан қылыш дарымайды,
Қоршайтын ерендер бар жолдас болған.
Екеуі қойға тиген бөрідей боп,
Ықтырып кәпірлерге салған сайран.
Тып-типыл шапқан шөптей басын кесіп,
Кәпірден сол уақытта жан қалмаған.
Аз кісі Көкше батыр қашқан екен,
Тар жолмен бағанағы қайта салған.
Көкшенің терілерін тірі сойып,
Шөп тығып жол аузына сүйеп қойған.
Әскердің қару-жарақ, баршаларын,
Мінген ат бірін қоймай жинап алған.
Бет алып елге жүрді екі бекзат,
Көңілден шыққандай боп шерлі арман.
Бұлардың осындай болып келетінін біліп, Балуан ата
пірі алдынан шығып жол аузында қолын қусырып, екеуінің
қол тапсырған пірі тосып тұр екен. Иіліп, жылап түсе қап
Жүсіпбек құшақтай апты, Ахмет аттан түспей:—Сегіз жыл
кәпір қолында бенде болғанда бір қолдауға жарамадың, пірлік
жөнінен нияз,—деп,—алған ақымды бер,—депті. Сонда Балу
ан ата пірдің айтқаны:
—Жолдас болдым, екі бек,
Екеуіңнің қасыңда.
Кәпірлер жаяу айдады,
Онда да бабаң қасыңда.
Жаяулығың білгізбей,
Табаның жерге тигізбей,
батырлар жыры
Көтерді шілтен басына,
Онда да бабаң қасыңда.
Кәпірлер оқпен атқанда,
Қылышпенен шапқанда,
Онда да бабаң қасыңда.
Сегіз жылдай күзеттім
Тар зынданда жатқанда,
Онда да бабаң қасыңда.
Сегіз жыл кәміл толғанда,
Сәресі уақыты болғанда
Нұр Мұхаммед Ғалимен
Аян бере келгенде,
Тана жаздың есіңнен
Оларды сіздер көргенде,
Онда да бабаң қасыңда.
Көзбен көргендей бірге жүргенін айтқан соң, Ахмет жы
лап:—Жаздым, жаңылдым,—деп қолын ұстап пірдің патиха
сын алып, жүріп кетті.
Елге таяп келе жатса, көп адам ойын-сауықпен бара жатады.
Бір адам қосылмай жалғыз келе жатады. «Аттыдан тіл алайық»
деп келіп сұрайды. Сонда ол кісі жауап береді:
—Ана көп атты тойға барады, менің жеке келе жатқаным,
елімізде бөлек жаралған екі бегіміз бар еді, мен қырық нөкерінің
бірі едім. Інісі Ахметке Нәдірбектің қызын атастырып еді, олар
тірі емес, сегіз жыл болды деп Ай ханның баласына қызын бер
гелі той қылып жатыр. Мен үйде жата алмай, қызықсыз тойға
несіне барайын деп жалғыз келе жатқаным сол,—деді.
—Бізбен бірге жүр,—деп сөйлесіп,—біз қашық жерден келе
жатқан жолаушымыз,—деп үйге түседі. Аужар айтатын жол
біздікі деп, бастасын дегенде ауыздарына өлең түспей ашу түсіп
айтқаны:
—Кезіктік жолаушы едік қызық тойға,
Түсеміз қиялданып әрбір жолға.
Нәдірбек қайырсыз той істегені,
Жолығады-ау бұл ақымақ қалың сорға.
Сөйлейді қалай деді біреу,
Айтыңдар енді басқа мұны қой да.
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Сөйлейік неке алыпты біз жолаушы,
Көрсетші Нәдірбекті той тойлаушы.
Құярмын дәл көзіне қорғасынды,
Жетісіп патшаға Айхан қыз беруші.
Ақырды тез шақырды Нәдірбекті,
Ел сонда есі-түсі қашып кетті.
Жарымжар тел аяғын құшақтады,
Түйсінді сол арада екі бекті.
Жан шулап тірі көрдік дегендей боп,
Үйіне сүйіншіге қабар кетті.
Бермесе бұл ашуын Әшірбекке,
Ажалы Нәдірбектің енді жетті.
Әшірбек келді сонда жан досты,
Көрген соң жан достыны аттан түсті.
—Бегім-ай, ақ сұңқарым, келдің бе аман,
Көзімнен сағынғаннан бұлбұл ұшты.
Оң тізең баса алмасам отырмаушы ем,
Құдайдың жазуы ғой үлкен күшті.
Дүниеден бүгін өлсем арманым жоқ,
Сұңқарым ұшып кеткен қолға түсті.
Зарланып келді ханым баласына,
Көзінің ағы менен қарасына.
—Жұбаныш қуат қылған, қарағым-ай,
Қайғыны салдың ауыр жарасына.
Тірікпен бізді көрдің арманың жоқ,—
Деді де тоқтау айтты анасына.
Көргенін кемшілігін түгел айтып,
Көрісті Қарлығаш та ағасына.
Ел шулап бет-бетімен күңіренді,
Бозінген табысқандай ботасына.
Бермесе бұл ашуын Әшірбекке,
Нәдірбек қайғы түсті әз басына.
Күнәсін Нәдірбектің сұрап ал деп,
Әшірбек ел жабылды жолдасына.
батырлар жыры
Ашуын келді сұрап қос сұлтанға,
—Кеңпейіл бегім едің мұсылманда.
Тілеймін Нәдірбектің күнәларын,
Шошынып жанның бәрі қысылғанға.
Бұл сөз түгіл жанымды қи десең де,
Аяйтын сізден менің ісім бар ма?
Нәдірбек той жасады жұртын жинап,
Болды ғой үлкен олжа шыбын жанға.
Тарқамай той аяғы қырық күндей,
Болмады үйде жатқан ешбір бәнда.
Әр арман екі бектің ойында бар,
Зынданда қолда жатыр Баба Ғұмар.
Патшаның Қаракөз айым жалғыз қызы,
Ғашық боп іші еріген Қаракөз бар.
Босатып сол екеуін алсам-ау деп,
Шығармай сырын сыртқа қылады зар.
Мұсылман отыз екі рулы екен,
Асхаптан өзбек деген ұл таралар.
Жіберді хабар беріп төңірекке,
Жан қалмай жүрсін деді күш көмекке.
Келер жыл жазға салым бет қоямыз,
Қалмақты шауып, олжа салам көпке.
Болғанда ат қаратіл аттанады,
Кім қорқып бек тұрғанда жасқанады.
Хабармен Бозұғлан хан о да келіп,
Әскерге билеуші боп бас болады.
Көп қолмен мұсылман боп келеді енді,
Қабарын білдіреді береді енді.
Үш күнге әскер жинап дайындалсын,
Әгарда қамданбаса көреді енді.
Осылай бәрін түгел хатқа жазып,
Хабарды Көзелшеге жібереді.
ҚИССА БОЗҰҒЛАН
Көзелше халқын жинап шошып, қарсыласуға шама жоғын
айтып:—Зындандағы шалды алдырайық, сол ақыл таппаса,
қырады, елді қоймайды,—деп айтқаны:
Көзелше елі-жұртын жиып алды,
Ақылгөй адамына хабар салды:
—Қырады халқымызды бүлікке сап,
Зынданнан алып келіңдер жатқан шалды.
Таппаса ол ақылын Баба Ғұмар,
Қайткенде тоқтатады мұсылманды.
«Бабаңды алып кел» деп жалынады,
«Халықты қырғызба» деп зар қылады.
«Біз көндік не десеңіз айтқаныңа,
Қалайша қорыққан елге кәр қылады.
Біз көндік діндеріңе кіреміз де,
Уағда сізге осылай береміз де.
Көрген түс сіз жорыған тура келді,
Күш жетпесе қарсыласып өлеміз бе».
Таммат тамам
Әлқисса, кеңес басталық,
Басқа сөзді қоспалық,
Жатамысың көп сөзді
Кеуіл шіркін жастанып.
Бар өнерің мүшелік,
Айтпасаң да топ жарып,
Үлкендік мінбей басыңа
Кеуілді көтер қозғалып.
Аспаһандай шаһардың
Ханы бопты Бозұғлан.
Ауылына төрт жардың
Қызмет еткен ол жиһан,
Әмір етіп еркінше,
Жүргізіпті көп парман.
Жақын көріп дос еткен,
Көңілдің зауат қош еткен,
Бас уәзірі Нақыл хан
Әрбір қайрат көрсеткен,
Қарасыпты ақылдан.
Артықша қызмет етіпті,
Туысқан неше жақыннан.
Қарындасын ханыңыз
Бұл уәзірге беріпті,
Жолдасым деп ақырдан.
Лағылхан айым сұлудан
Екі бала туыпты,
Нақыл хандай батырдан.
Таңғажайып той қылып,
Елі-жұртын шақырған.
Ахметбек—Жүсіпбек
қиссасы
(Белгісіз жыршының нұсқасы)
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Жиендерін Бозұғлан
Қол астына білдірді,
Жеті жасқа келгенше,
Жылатпай сабап күлдірді.
Он төрт жасқа келгенде
Өнер-ғылым білдіріп,
Әдетін етіп ерлердің,
Үстіне сауыт кидірді.
Он мың миллат халқының
Көңлін бұған идірді.
Ашуланса, көп жұртты
Бір қауызға сидырды.
Ахметбек, Жүсіпбек
Дабылы шықты ғаламға,
Өз бетімен жұрт жинап,
Олжа салды жаманға.
Заманында ер жігіт
Іздемей мақсат табар ма?
Талап етті жетпекке,
Көңілде алған құмарға.
Неше сардар бекзаттар
Іздеп келіп қосылды
Осылай деген хабарға.
Не қылғаннан екі бек
Мұнда жайнап күтіпті,
Тұлпар мініп ту алып,
Ерлердің жолын қуыпты.
Рақымды затары мен
Елін оңдап бағыпты.
Бір күндері болғанда,
Көп уәзірлер көре алмай,
Екі бірдей жиенді
Бозұғлан ханға шағыпты:
—Ая, пақыр, құлақ сал
Уәзірлердің сөзіне.
Жиендерің мінезі
Көрінбей ме көзіңе?!
«Менің туған тағам» деп,
батырлар жыры
«Халықтың ханы—бабам» деп,
Қарамайды өзіңе.
Мұнан былай кеткен соң,
Басыңдағы бағың мен
Астыңдағы тағыңа,
Көз салмай ма өзіңе.
Уәзірлердің сөзіне
Ханның көңлі өзгерді,
Ашулары тез келді.
Көшірмек болып шаһардан
Өсек айтқан сөз кірді.
Қалам алып қат жазып,
Кеуілге алған дат жазып,
«Көшсін» деп хабар береді.
Екі жиен сол шақта,
Елшіден қатқа жолықты,
Бұлғын кеуіл торықты.
Көшпек болып шаһардан,
Беклер үзді күдерді,
Асаулар үзді шідерді.
Ұзартайын мұрсат деп,
Босатайын жұртты деп,
Қайырып қағаз береді:
«Нәсіл туған тағам,—деп,
Еркелетер бабам,—деп,
Көңілге едің кедергі,
Айналуға жарамай
Өзің бұздың бедерді.
Арыстаным түлкіге
Қайдан барып теңелді.
Тұлпардың білмей кәдірін
Мәстек үрікпе жөнелді.
Жаманменен болсаң жолдас,
Басқа жанға кеуіл бермес,
Тыңдамасқа айтып болмас,
Бір ұшқансын екі сұңқар,
Шақырғанмен қайтып қонбас.
Есіт, таға, құлағыңды,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Түстің мінген пырағыңнан,
Бір кеткен соң келмек күмән
Қош айрылдың шырағыңнан.
Есіт, таға, айтар сөзің,
Раушаның мен көрер көзің,
Асқар тауың белеңі өзім,
Қош болып тұр, жаным таға,
Аспаһандан кеткен қозың.
Кімге болар жиған мүлкің,
Қайырлы болсын мінген тағың,
Қош болып тұр, жаным таға.
Сөнгендірме шам шырағым,
Кеше-күндіз көргеніңмен,
Дұшпан десең ерігемін,
Қош болып тұр, жаным таға,
Жүсіп, Ахмет беклеріңмен.
Ертең түсте Аспаһандан кетермін,
Тәңір берсе, мен де сайран етермін.
Егер рақым дұшпанымнан алмасам,
Бекзадалық талабынан бекермін».
Ертең түсте беглер көшті шаһардан,
Әр уақытта болмай бізге Хақ жәрдем.
Қырық мың үймен екі бекзат жөнелді,
Күңірентіп Аспаһанды мәнзілден.
Біз ғаріптің шілтен болған панасы,
Сөгілген дүр дұшпанымның жағасы.
Ақырында жиендерін қиялмай,
Бірге кетті Ғашірбектей тағасы.
Жиендердің қуанышын көрсем деп,
Кәпірлерге қылыш шайқап ерсем деп,
Қырық мың үйден қырық тоғыз жігітті сайлайды,
Дұшпанның жанжасын берсем деп.
Еріп кетті Ғашірбек
Көңлі біткен ерлерге,
Асылына көз салып,
Жүр тоқтаған беклерге.
Шілтендер болды доғада,
батырлар жыры
Алмас қылыш серлерге.
Бірнеше күн өткенсін,
Елін жайлап қондырды
Дарбұлақ деген жерлерге.
Жұртына салды санатты
Бозұғлан ханнан ел алмақ,
Ойлады беглер талапты.
Арындатып қырық жігіт
Арғымақ бедеу жаратты,
Екі бекпен Ғашірбек
Қырық жігітін ертіп-ай,
Бозұғлан ханның еліне
Барып та салған әлекті.
Қырық алты күн ұрысып,
Жетпіс екі шаһарды
Өз аузына қаратты.
Аспаһанды Манза алды,
Қайта шауып қанатты,
Алтын-күміс қазынасын,
Жетпіс үш шаһардың
Адамына талапты.
Көп ашуды басқанын
Дарбұлаққа жол шегіп,
Тер төгіп елге кетуге
Көңілді жайлап таратты.
Кемшілік көрген ерлердің
Құмары сүйтіп басылды,
Қызыр Илияс, қырық шілтен
Сауаты бектің ашылды.
Тамашасы екі есе,
Ұла жатқан шашылды,
Көнбеймін деп неше ерлер,
Аяғына бас ұрды.
Үргеніштен естіңіз
Әлеумет енді пасылды.
Үргеніштей шаһарда
Бес бекзада бар екен,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Шын ұлынан Шыңғыстың
Асылы таза хан екен.
Ахмет пенен Жүсіптің
Риза болып ісіне,
Көрмекке ынтызар екен.
Есімдері олардың:
Ерғали хан, Нәдірбек,
Айхан, Күнхандар екен.
Бір күні беклер бас қосып
Зор мәжіліс құрады,
Ахметбек, Жүсіптің
Сыртынан сырын сынады.
Беклердің қылған қайраты
Бәріне де ұнады.
Жапанда жатқан екі бек,
Тұрағы қайдан болады,
Сауғаға басын сұрады.
Талқан қып шапты елдерін,
Бөлістіріп алды жерлерін,
Басқаға Құдай бермесін,
Бозұғлан ханның көргенін.
Басын шайқап Ерғали:
—Ақылым көпке ұнаса,
Көремін мақұл келгенін,
Егер келсе екі бек,
Күлғасыл айым өзі мен
Тағымды соған бергенім.
Дұшпанға белді міндірмес
Елімнен асқан беклерім.
Ішін сүйтіп баспасақ,
Ақырда арлым келгенің,
Мұнарлатып жөнелді,
Дарбұлақтың делесін.
Айхан мырза басшысы
Білетін жолдың жүйесін.
Бірнеше күн болғанда,
Көрді Үргеніш қарасын.
Мұны көріп Ерғали,
Жар салды қалың халқына,
батырлар жыры
Қаһарлы қатал хан болса,
Жан шыдамас зарпына.
Екі бекті көргенше
Құмарытты даңқына.
Қырық мың әскер Ерғали
Сайлап ертті артына.
Ділдә дабыл қолға алып
Ерлердің ұсап салтына,
Алдынан шығып беклердің,
Көзі тиді қалпына.
Дүние малын жиса да,
Ерлердің жетпес нарқына.
Ертіп келіп той қылып,
Жүсіпбекті міндірді
Өзінің хандық тағына.
Күлғасыл айым жалғызын
Жүсіпбекке беріпті.
Ерғалидың бұл ісін
Халқы мақұл көріпті.
Қырық күн ұдай той қылып,
Көрсетті қызық көрікті.
Барша жұрттың алдында
Беклерге берді ерікті.
Хан інісі Нәдірбек
Беклерді ертіп қадірлеп,
Күлғадиша сұлуды
Ахметбекке бергелі
Дайындайды әзірлеп.
Құдай төсер қылады,
Алмайды малды әзір деп.
Жүсіпбекті қош көрді,
Айта ма бізге әзіл деп.
Жалған емес, жарандар,
Ахметбекке Нәдірбек
Тіленіп қызын бергені.
Заманда жоқ бекзатты
Әлемнен артық көргені.
Қырық мың үйлі көп нөкер
Бектермен еріп келгені.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Қауарзымды жерлерін
Босатып соған бергені,
Салдырып шаһар той қылып,
Тұрмысын оның өндеді.
Отырып таққа Жүсіпбек,
Қайратын кеңнен сермеді.
Қанша дұшман келсе де,
Намысын оған бермеді.
Өзінен артық жалғанда
Адам бар деп білмеді.
Отырған бектің қасына
Ұлықсатсыз кірмеді,
Парманын сондай жүргізді,
Ахмет-Жүсіп бар жерде
Көлденең адам келмеді,
Ахмет-Жүсіп атағы
Дүниеге симай кернеді.
Бек болып бұлар мұнда тұра тұрсын,
Ойына ұнағанын қыла тұрсын.
Патшадан Көзалшаһи өлең айтып,
Әлеумет, қандырайын құлақ құршын.
Сол күні қызылбастың падишасы,
Жараған патшалыққа жастан басы.
Байлығы Көзалшаның дүниеде жоқ,
Кейіннен анықталар хикаясы.
Түс көріп бір күн түнде, қатты қорқып,
Бойына тарамады ішкен асы.
Қол астын жинап жүр табаққа,
Патшаның соған ауды ықыласы.
Қаншама қызылбастың жорығаны,
Соқпайды көрген түске еш жобасы.
Дағдарды жұрттың бәрі түсті білмей,
Қорқытқан падишаны түсті білмей,
Патша айтты:—Бөтен елден адам жоқ па,
Жәй жүрген бұл секілді істі білмей.
батырлар жыры
Болса бөтен елден кісі,—дейді,
Түсімді менің жорып берсін,—дейді.
Таппаса түс мазмұнын келген адам,
Астында жібек дардың өлсін,—дейді.
Сөйлейді көп ішінде кәпірлері,
Таңырқап қарап тұрды барлық елі:
—Шын-Машын шаһарында кітап сатып,
Жүр дейді бір түрікпен сәудегері.
Өзінің аты болат Баба Ғамбар,
Ей, тақсыр, айтып тұрған сөзімді аңғар,
Дартушы өзі асқан білімді адам,
Бұл түсті келе қалса, нақ сол табар.
Баршасы мына сөзді мақұл көрді,
Келсін деп Бабаңызға хабар берді,
Теңдеген бір есекке кітабымен
Бұл жерге Баба Ғамбар жетіп келді.
Патша айтты:—Мынау менің көрген түсім,
Әуелі мазмұнына өзің түсін,
Түсімде алтын жиған сарайыма
Барыппын жалғыз өзім болып ісім,
Толтыра бір табағын салып алып,
Ұстадым нақ төбеме бір оңдысын.
Көшені сол бойыммен араладым,
Әлі жоқ қасыма ерген жалғыз кісім,
Бір-екі жолбарысқа қарсы шықтым,
Көрмеген өмірінде бұрын түсін.
Өзіме екеуі де қарсы ұмтылды,
Ашумен шақырлатып қайрап тісін.
Шыдамай айбатына қайта қаштым,
Денеден көрген кезде кетіп күшім.
Төгіліп ділдәм қалды топыраққа,
Басымнан аспанға ұшты қара құсым.
Дамылсыз сонан бері ізденемін,
Білалмай осы түстің әдірісін.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Жорығаны мынау болды:
—Түсіңде жолбарыс боп көрінгендер,
Басуға аяқтарын ерінгендер,
Үргеніш жұртында бар екі палуан,
Қайраты бойға симай бүлінгендер.
Беклердің Жүсіп, Ахмет есімдері,
Шын атын есіткенде сүрінгендер.
Еліңе сол екеуі келеді екен,
Зарарды патша саған берер екен,
Бірнеше жан ашитын палуандарың
Көшенің ортасында өледі екен.
Сары алтын сарайыңда жиған малың,
Қара құс басыңдағы ұшқан бағың.
Шашылып топыраққа жоқ боп қалған,
Еліңді сондай шашар, тақсыр ханым.
Падиша мына сөзге ашуланды,
Шақырып жендеттерін жинап алды,
Зарымен азық бермей өлтірем деп,
Зынданға жаптырыпты Ғамбар шалды.
Мұнан соң жар шақырды елдеріне
Айтады мына сөзді келгеніне:
«Қақ бөліп қазынамның жартысын берем,
Өлтіріп екі бекті бергеніңе».
—Тақсыр!—деп тұра келді Мырза Мәмбет,
Айтады тамылжытып сөзін сәндеп,—
Бектерді пәнде қылып тірі әкелем,
Жеті айлық кең сүрекпен берсең дәлдеп.
Бас қылып батпайдай жорға берсең,
Бір дорба сыйлық үшін ділдә берсең,
Қазіргі осы екі зат өте керек,
Алмаймын басқа нәрсе мүлде берсең.
Патша сұрағанын бермек болды,
Патшаның сүйікті атын мінбек болды,
Жеті айлық Үргенішке жетінші күн
Кідірмей Мырза Мәмбет жетіп келді.
батырлар жыры
Сөйлейді келесі күн бекке барып,
Ойлайды кету жағын ептеп алып,
Өтірік Жүсіпбекке соғып жатыр,
Әрине, жату қиын текке барып.
—Ай, тақсыр, көз салыңыз келгеніме,
Атыңды бұрын көрмей білгеніме,
Нақ бүгін ойлап тұрсам үш ай болды
Бір түсті таңғажайып көргеніме.
Бір күні ұйықтап жатып түс көріппін,
Өзімнің жастығымды мыс көріппін,
Қондырған ай мен күндей өз қолына,
Бір екі аяқ баулы құс көріппін.
Қорықты осы құстан жұрттың бәрі
Ұстаса асырамақ ынтызары,
Соңынан көп жұлдызды ұстап алып,
Құс кетті жоғарылап онан да әрі.
Сол құстың қонған жері Қаптың тауы,
Жете алмай қайтып қалды жұрттың тауы,
Мен соған жоғары өрлеп секіргенде
Қолыма түсе кетті аяқ бауы.
Ұстаған аяқ баудан айрылмадым,
Артымда қалған елге қайрылмадым,
Жетерсің, шыдай тұр деп тастап кетті,
Ашылмай іште қалды бұл арманым.
Түсті көріп ертең ерте тұрдым, тақсыр,
Жұрт жинап бір мәжіліс құрдым, тақсыр,
Мазмұнын бұл түсімнің ешкім білмей,
Күйікпен басты жерге ұрдым, тақсыр.
Аралап жүріп кеттім елдің бәрін,
Кетірді текке жылап беттің арын.
Зор сәудегер түрікпеннің адамы екен,
Кез болды бір шаһарда Ғамбар шалың.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Бүгінде көргенімді баяндаймын,
Соңына қалмай қарттың аяңдайым.
«Ей, балам, бері жүр» деп алып кетті,
Ашылды сол арада бар арманым.
Шал айтты: «Қалай жақсы көрген түсің,
Ахметбек, Жүсіпбек көрген түсің,
Үргеніштің баһадүр палуандары
Ей, бала, бекзаттарды білемісің.
Ай мен күн басындағы қонған бағы,
Көп жұлдыз еріп жүрген жаранлары,
Жоғары Қап тауына барып қонса,
Онан да жоғарылар әруағы.
Жастығың сары мыс болса қайғыдасың,
Жетсем деп сондай жерге ой қыласың,
Бектерге іздеп барып нөкер болсаң,
Кеуліңді соныменен жай қыласың.
Шал сөзі кеуіліме қонып кетті,
Ішіме ғашық оты толып кетті.
Ай, тақсыр, сізді көрдім арманым жоқ,
Өзің біл не қылсаң да мұддам бітті.
Жүсіпбек мұның сөзін мақұл көрді,
Тілектес өздеріне жақын көрді,
Қадірлеп ғашық болып келген ер деп,
Бірігіп қырық жігіттің орнын берді.
Бектерге Мырза Мәмбет жүрді жағып,
Есебін табамын деп мұның нағып,
Бір айда қырық жігіттен асып кетті,
Бектерді күні-түні тынбай бағып.
Қызметті Мырза Мәмбет дүрілдетті,
Бірталай осыменен күндер өтті,
Баяғы Аспаһанда Бозұғланнан
Әлеумет, бір әңгіме тағы жетті.
батырлар жыры
Күндерде бір күн Бозұғлан жиендерін сағынды.
Ғашықтық түсіп есіне,
Пұшайман болып ісіне
Бурадай жарап шабынды.
«Ашумен кеткен екі бек,
Қарағым әлде не қалде?»,
Іздемек болып Бозұғлан
Сайланып құрал тағынды,
Неше сардар бек ертіп,
Кішіріп жолға бағынды.
Үргеніш елін бетке алып,
Қырық мың әскер шепке алып,
Жеткенше зарлап шабынды.
Хабарын естіп екі бек,
Алдынан шығып барады,
Құмартып сағынып,
Жетпей-ақ байлап қарады.
Кішіріп аттан түседі
Көрген кезде қараны,
Құшақтасып көрісіп,
Тарқатып кеуіл жылады.
Аман көріп перзентін,
Бозұғланның көңлі тынады.
Ертіп келіп еліне
Тамаша тойлар қылады.
Істеп жатқан құрметі
Хан көңліне ұнады.
Мәжіліс тарқап болған соң,
Жұмысын ханның сұрады.
Бозұғлан сонда сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Көрейін деп келіп ем
Тұрақтаған жеріңді,
Хан боп бағып меңгеріп,
Ұстапсың билеп еліңді.
Үргеніштің байлығын
Көргенде көзім сүрінді,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Сыйлық берсең алмаймын,
Айтайын таза шынымды.
Күні бұрын сақтанып,
Алдырма жауға бойыңды.
Жолдас ертсең сайлап ерт,
Алатын жоқтап құныңды.
Тегі менің достығым,
Көресің қалай мұнымды.
Қисаңыздар сұраймын
Мырза Мәмбет құлыңды.
Діні қара, көзі ала,
Жаймасын сыртқа сырыңды.
Жүзі суық қансыз дүр,
Шаһардан келген жансыз дүр,
Жігіт емес сенімді.
—Сағынып іздеп келдің жаныма,
Разы болдың көріп мінген тағыма,
Сендей қорқақ қалар момын қанына,
Бұл сөзді айтып енді маған қарама.
Бозұғлан тағы сөйлейді:
—Жаңылыста жат қалар,
Шат кеуілде қат қалар,
Сүрінбе құрам сүрінбе,
Бір сүрінсең бақ қалар.
Айтайын, беклер, ойымды,
Алдырма жауға бойыңды,
Алдырсаң жауға бойыңды,
Қияметтік дақ қалар.
Алмайсың ғой тілімді,
Сонда да айтам шынымды,
Дұшпаның осы сақтанар.
Айтып, айтып Бозұғлан
Зарланып қайтып кетеді,
Арада көп күн өтеді.
Көзалшаһи баршаның
Сүрегі жеті ай бітеді,
батырлар жыры
Мырза Мәмбет ғаярды
Келе ме деп күтеді,
Алдау үшін бектерді
Мырза Мәмбет нетеді.
Шарап жинап ішітіп,
Қырық жігіт пен бектерді
Шақырып, қонақ етеді.
Мәжіліс әбден қызғанда
Мырза Мәмбет бектерге
Түрегеп арыз етеді.
Мырза Мәмбет сөйлейді:
—Ғаламнан асқан сәулетің,
Дүниені тұтқан дәулетің,
Бағыңа адам таласпас,
Ерлік, байлық мырзалық
Сіздермен ешкім санаспас.
Алтын-күміс қазынаны
Кеуіліме ұнамас,
Тілімді алсаң, хандарым,
Қорсыз тұру жарамас.
Жиналған сома аз екен,
Мұнымен адам тым аспас,
Мен Месілде жүргенде
Қырық жігітке бастық боп,
Күзеттім жинаған ділданы,
Ішінде жүріп алтынның
Көңлім оған тынбады.
Әкелмек болып сіздерге
Толтырдым сегіз дорбаны,
Патшадан ұрлап тағы алдым
Батпайдай жорғаны.
Атқа теңдеп кетіппін
Әуелден алмай арбаны,
Белі кетіп атымның,
Көп алтын жолда қалғаны,
Мақсұт түгел болмаса,
Пенденің бітпес арманы.
Әкел деп әмір етсеңіз,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Беклердің әмір жүрер парманы,
Бір сапар маған берсеңіз
Осы қолдың билігін.
Қырық жігітке міндірсең
Бедеудің сайлап жүйрігін.
Сайран етсең не деді,
Ақ көлдің аулап бұлбұлын.
Ділдә дабыл қолға алып,
Жүргізсең хандық бұйрығын,
Құс ілдіріп үйректен,
Сұңқардың көрсек ілгінін,
Шарап ішіп шаттанып,
Майлатсаң сұңқар құйрығын.
«Жарайды» деп екі бек,
Тілегін мұның береді,
Қырық жігітін байланып,
Соңынан бәрі ереді.
Екі өтіп арада,
Ақ көлге жетіп келеді.
Сайран етіп құс аулап,
Біраз қызық көреді.
Амал ойлап білдірмей
Мырза Мәмбет жүреді,
Кеңес бастап бір кезде,
Сылауға кірді төрені,
Алдиярлап көтеріп,
Арақты баса береді.
Қырық арыстан, екі бек,
Жәбірді енді көреді.
Еркі өзіне тиген соң,
Баса беріп мас қылды,
Бекітіп кеуіл тас қылды,
Ұдай ойлаған мақсұтын
Бітіріп көңіл, мас қылды,
Мен келгенше қозғалмай
Жата бер деп тапсырды.
Өзі барып Месілге
Қылғанын айтып пас қылды.
батырлар жыры
Әкелем деп жақында
Патшамен тағы бас қылды.
Қырық мың әскер ертіп ап,
Жүрмекке соған нас қылды.
Ұстатпаққа беклерді
Аямай ойлап қас қылды.
Тынбай жүріп күн мен түн,
Бектерді жауға ас қылды.
Мас боп жатқан жерінде
Байлатып, көзін тас қылды.
Бұларды байлап алып бара жатқанда Жүсіпбектің Ахмет
ке айтқаны:
—Ахметбек, құлақ сал
Менің айтқан сөзіме.
Нешік шара, қайранмын
Бұл ғажаптың тезіне.
Мырза Мәмбет айдапты
Көзалшаның өзіне.
Біздің сапар түзелді,
Ғашірбектей тағам жоқ
Тауап еткен ізіме.
Бәдірек бізді байлап алды,
Жалаңаяқ жолға салды,
Ол Бәдірек ойламады
Біздің қолдан татқан дәмді.
Баршасы өршеу билікті,
Жаудан қайтпас жүректі,
Пиянлықта ерлерім қалды.
Аспаһаннан бірге келген,
Садықпенен қызмет қылған,
Қырық жігітке сардар болған
Ғашірбектей тағам қалды.
Қатар-қатар нарым қалды,
Нар үстінде барым қалды,
Көп кәпірде арым қалды.
Көзіңді ашшы, бек Ахметім,
Дәурен сүрген шаһарың қалды.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Кетерміз бе асқардан алып,
Тәнімізге от тұтатып,
Шашын жайып төрем десіп,
Күлғасылдай жарым қалды.
Ағасының сөзіне
Ахмет құлақ салады,
Қасіретке шыдамай,
Есінен танып қалады.
Әйеліне қарамай,
Кәпірлер айдап барады.
Жүсіпбек айтты бір сөзді:
—Ахметжан, жылама,
Жыламай көңіл тына ма,
Жылағанмен не пайда,
Айтқаның қабыл бола ма?!
Мың шүкірлік етелік
Жаратқан Жаппар Құдайға,
Ажалсыз пенде өлмейді,
Бұйрықсыз пәлен келмейді.
Сабыр етіп Алланың
Басқа салған ісіне.
Көңілім толған жоқ еді,
Өзімнен басқа кісіге.
Ахмет, Жүсіп алашқа
Атым қатар шыққан соң,
Тартынайын деуші едім,
Мен дұшпанның несіне.
Бозұғландай бабаның
Бәрекелді түсіне.
Насихатын бабамның
Бір алмадым есіме.
Ақырында ойласам,
Осы ма бізге әзелде,
Құданың жазған несібі.
Ахметжан, жылама,
Сен жыласаң толады
Көкірегім санаға.
батырлар жыры
Жәрдем ет деп тілей көр
Ғайып ерен бабаға.
Қарай да қарай артыма
Екі көздің талғаны-ай.
Дәуірлеп ұшқан бала құс
Қапыда тұтқын болғаны-ай.
Кешегі көкжал Ғашірбек
Нешік хабар алмады.
Біздей ғаріп, нашарға
Хақтың тисін жәрдемі.
Алдымызда көрінген
Балабамның тау әмірі.
Артымызда көрінген
Үргеніштің ақыры.
Енді бізге күн қайда,
Қайтып оған барғалы.
А, дариға дүние,
Көкірегімнің арманы
Күндер қайда тасқандай.
Еттім қайрат он жаста,
Хан-қарадан жасқанбай.
Он бес жасымда қат білдім,
Қынаптан қайнап тасқандай.
Құдіреті Алла, не жаздым,
Бір сағатта тосқандай.
Өткізе алмай келемін
Нашарлықпен күнімді.
Мұсылманға бермесін
Менің мұндай сынымды.
Өліп кетсем бұл жолда
Қайратты серік кім қалды
Жоқтайтұғын құнымды.
Тарқатуға дәрмен жоқ
Іштегі қалың жынымды.
Көре алмадым дүниеде
Асқандықтың пайдасын.
Ала түстім мен жауға
Ахметтей жалғыз інімді.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Ахметбек сөйлейді:
—Ғажайып есіт сырымды,
Жад етіп Жаппар пірімді,
Енді көрер күн қайда
Бұқара жеткіл елімді.
Ол елдердің ішінде
Найза ұстаған бегімді.
Ит жүгіртіп, құс салған
Балһүдіктей көлімді.
Жасаған болғай панамыз,
Жиырмаға жетпей-ақ
Тасып еді қатамыз.
Үргеніштің сұлтаны
Тұтқынға кетіп барамыз.
Кейін қалай барады
Ата менен анамыз.
Жапанға біткен бәйтерек,
Басына шықса сынбай ма?!
Мырза Мәмбет жолдасым
Айтқанымды қылмай ма?!
Бізді пенде қылғансын,
Дұшпанның кеулі тынбай ма?!
Бегі кетіп, ел қалса,
Жұрты қаран қалмай ма?!
Хақтан күдер үзбелік,
Кешегі көкжал Ғашірбек
Бізді айырып алмай ма?!
Осыны айтып екі бек,
Жылай, жылай барады,
Атаңа нәлет Бәдірек
Айдап жолға салады.
Дариядай толып тасып,
Неше қатар белден асып,
Жөней берді екі бекзат
Ат алдында Аллаласып.
Неше қатер азап көріп,
Аз ғана күн дәурен сүріп,
Екі бекті кәпір айдайды,
батырлар жыры
Кекілінен тұтып ұрып.
Бектер осыменен кете берсін,
Кәпірлер ойына алғанын ете берсін.
Қырық жігіттен сөз келеді.
Үш күннен кейін Ғашірбек
Көтеріп басын тұрады.
Беклер жатқан шатырға
Сайран етіп барады.
Орны жатыр, өзі жоқ,
Тамаша ғажап қалады.
Жүгіріп шығып далаға
Жан-жаққа көзін салады.
Есіне сонда түсіпті
Бозұғлан ханның ұраны.
Айғай салып ақырып,
Қырық жігітті оятып,
Мінекей, берген хабары:
—Жігіттер, тұрыңыз,
Бір әңгіме құрыңыз,
Бектерің кеткен тәрізді,
Тезірек атқа мініңіз.
Сол бектердің үстінде
Заман ақыр нышаны,
Болсын бүгін күніміз.
Атаңа нәлет Бәдірек
Сұлтанның қолын байлатқан,
Жансыз келіп пияда,
Екі бекке қол артқан.
Қайда барып оңалар,
Әуминдей бата маған,
Ықыласты адам татқан,
Екі бірдей бек қайда
Шойын тапқан болаттан?!
Сұңқар қолы байланып,
Айрылып екі қанаттан.
Тезірек атқа мініңдер,
Жайын да қорқар болар ма
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Суда жүген шабақтан.
Арманда бектер болмасын,
Кәпірлер жолға салмасын.
Екі де бірдей бек қайда,
Таразы басқан қорғасын,
Балдағы алтын болатты,
Тастан қайтпас қуатты,
Дінсіздер олжа қылмасын?!
Екі бектен садаға,
Теңімдегі бұл басым!
Біз бекілді аждаһа
Дұшпанға олжа қылар ма
Қасына ерген жолдасын?!
Тезірек атқа мініңдер,
Жолыңды Құдай оңдасын!
Мына бір сөзге құлақ сал,
Өтірік емес шын еді,
Зор майданның болғанын
Қырық арыстан біледі.
Қайғыменен қан жұтып
Сайланып атқа мінеді.
Үш күн тынбай жол жүріп,
Көп кәпірдің қарасын
Қырық аждаһа көреді.
Жау қарасын көргенсін,
Ғашірбектей көк желік
Ақсұңқар құстай түледі.
Бұрынғы өткен ерлерден
Ғайып ерен пірлерден
Жаңадан тоят тіледі.
Атаңа нәлет Бәдірек
Көп кәпірге бас болып,
Ішпей-жемей мас болып,
Басса таулар белінен,
Неше қатар көлінен
Өтіп кетіп барады.
Шүкірлінің шөлінен
Қырық жігітті көрген соң,
Қуып жанына келген соң,
батырлар жыры
Мырза Мәмбет сөйледі:
—Көп әлеумет, көп жасаң,
Басында пәле тұрғансын,
Аттың басын бұрыңыз,
Бір әңгіме құрыңыз.
Қырық мың әскер қырық жерде
Сап-сап болып тұрыңыз,
Лат-Манат бар болса,
Қырқысына қырық оқпен
Жан жазасын беріңіз.
Бұл сөзді естіп кәпірлер
Беклерді ортаға алады,
Қырық мың әскер айналып,
Пенде болып бектер тұр,
Дұшпанға қолы байланып.
Саптарын түзеп кәпір тұр
Ұрыспаққа сайланып.
Мұны көріп Ғашірбек,
Өрттей қаулап жанады,
Қара ағаштай алдыңда
Кәпірге кежін салады.
Жақындап жауға келгенде,
Көтерген мынау ұраны:
—Қырық жігітім, азаматым,
Баршаң менің қолқанатым,
Жұмла момынды жар етіп,
Кәпірлерді зар еңіретіп,
Кеуделерден жанлар кетіп,
Майдан етер күндер бүгін.
Ұран етіп тау-тасты,
Қанға көзі жасыны,
Шүлдірлеген қызылбасты
Сайлап шаншар күндер бүгін.
Асыл емес пышақтары,
Нағрадан дүр шашақтары,
Ахметжанның қошақлары,
Жандан кешер күндер бүгін.
Құрылсын мақшар базары,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Бек Жүсіптің қошқарлары,
Жандан кешер күндер бүгін.
Ат құлағын теңестіріп,
Бір-біріне егестіріп,
Шері бектер құрмаш-ай,
Мәдет бер деп бір Құдай
Алтын керней, күміс сырнай
Тартылды майдан ішінде.
Ұрыс етіп алуан-алуан,
Үміт етпей бұл дүниеден,
Ғашірбек сайлап ұрысты,
Кәпірлерге жұмсайды
Болаттан соққан қылышты.
Ғашірбектің ақ боз аты
Күні-түні шапса да,
Тұшынып сонда терлері,
Арындауы қайтқан жоқ,
Найзасын оңнан сермеді.
Қырық арыстан қырып жүр,
Кәпірді көзі көрмеді,
Қанша қайрат етсе де,
Бектерді кәпір бермеді.
Үш күн, үш түн ұрысып,
Бес жүз атты бос айдап,
Ғашірбектей көкжалдың
Майданнан қайтып келгені.
Бұлардың күні-күні ұрысып, көп кәпірді қойдай қырғанын
көріп, бұларға жәрдем бер деп тілегені.
Жүсіп жылап сөйлейді:
—Он сегіз мың ғаламның
Падишасы Құдайым,
Кешіргейсің күнәйім.
Өзіңнің нашар пендеңмін,
Әр жапаңа көнгенмін.
Ғашірбектей тағама
Медет берер күндер енді.
Адал баһа келіп кеттім,
батырлар жыры
Пенде болып сеңа жеттім,
Қабарыңа башша таулар,
Көзім толды жасқа, таулар.
Неше заман тұрғансың,
Армансыз дәурен сүргенсің,
Пайғамбарды көргенсің,
Тұт кәпірді тасқа, таулар,
Бабасысың таулардың,
Мекенісің пірлердің,
Аяғына аттардың тасқа қаулар.
Пенде болып саған келіп,
Сені тұрмын жаңа көріп,
Ғашірбекке көмек беріп,
Тұт кәпірді тасқа, таулар.
Бастарымнан дәулет қашып,
Аяғымнан қандар шашып,
Жылап айтар ғаріп Жүсіп,
Тұт кәпірді тасқа, таулар.
Он сегіз мың ғаламды
Халық етіп бар еттің,
Неше әулие-әнбие,
Неше хакім хан еттің.
Пенде болған біз ғаріп,
Құдіретіңе зар еттім.
Ғашірбек сұлтан тағама
Медет берер күн бүгін.
Бектердің бұл сөзін естіп, Ғашірбектің қырық жігітке
айтқаны:
—Тау басында жылайды,
Жүсіп, Ахмет ханыңыз,
Қайрат етіп беклерім,
Соны айырып алыңыз.
Өліп кетсек, арман жоқ,
Сол бектерден артық па
Біздің де мұнда жанымыз.
Ғашірбек сынды көкжалың,
Жүрген жері қан болып,
Кәпірдің жолы қан болды,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Ойран етті қырғызды
Банша таудың басында.
Жиырма мыңдай кәпір тұр
Екі бектің қасында.
Кәпірдің шебін бұзғалы,
Қалың қолдың ішіне
Ғашірбек кірді жылысып.
Дұшпанға қайрат қылғалы,
Кәпірге жалғыз барғалы,
Айырып алмай сұлтанын,
Ерлердің көңлі тынбады.
Айырып алмай бітпейді
Ғашірбектің арманы.
Қол-аяғы байлаулы,
Тұтқында тұр бұл келсе,
Екі бірдей сұлтаны.
Аузын ашып есінеп,
Оқыранып кісінеп,
Ғашірбектен қалмайды
Жүсіпбектің тұлпары.
Екіде бірдей сұлтанның
Пенде болып жатқаны.
Шара бар ма Құдайға,
Бұл шабарда қақпады.
Жалғыз келген еріңді,
Жабылып кәпір атқаны.
Атқан оқтың бәрі де,
Тұра барып тапқаны.
Жетпіс жерден оқ тиіп,
Ғашірбектей көкжалдың
Қарада қанға батқаны.
Ғашірбек оқтан қозғала алмай, қашып келіп, жігіттерге
айтқаны:
—Жігіттер, келші бермен жаныма,
Боз атым боялды аққан қаныма,
Жетпіс екі жара түсті тәніме,
Жігіттер, айырып алшы ханыңды.
Мен көрмедім көз алдымдағы қараны,
батырлар жыры
Қайтармадым басқа келген пәлені,
Көзім тұнып есім ауып барады,
Жігіттер, айрып алшы ханыңды.
Боз атқа жарасқан Ғашірбек қаны,
Қинамай шықсаңшы тәнімнің жаны,
Жүсіп, Ахмет бектерім кәні,
Жігіттер, айырып алшы ханыңды.
Бұл сөзді естіп қырық жігіт,
Сайланып атқа мінеді,
Алладан медет тіледі.
Кәпірдің кіріп шебіне,
Айырмаққа төрені
Әр қайсысы бір мыңнан
Қырамыз деп сенеді.
Аянбай бастап Сапабек,
Жігіттерді демеді,
Көп кәпірден өткізді,
Жез айыр оқты жебелі.
Қанша қайрат қылса да,
Болмады қабыл дегені.
Он бес мыңын өлтіріп,
Кәпірді азар жеңгені.
Қанға батып ұрысып,
Тоздырды оқпен денені.
Мұнан артық бектерге
Тие алмады көмегі.
Қозғала алмай жарадан,
Бас сауғалап қырық жігіт,
Майданнан қайтып келеді.
Бұлардың туы тайғанын,
Екі бегі көреді.
Мырза Мәмбет ғаярға
Бектер арыз береді.
Қырық жігітпен қоштаспақ,
Сұраған сонда тілегі:
—Қош аман бол, бектерім,
Сізден қалып бұл жерде,
Менің де мынау көргенім.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Енді қайтып келер ме,
Қырық жігіт, сені ертіп,
Кәне дәурен сүргенім.
Он жасымда хан болып,
Көргендерге таң болып,
А, дариға, жүргенім.
Асығыс жүрген дәулеттің
Мен пайдасын көрмедім.
Он жасымда оқ атып,
Дұшпанға қолды сермедім.
Өзімнен үлкен ұлыққа
Кішіріп орын бермедім.
Әгар пиян болмасам,
Бұл сияқты доңызға
Пенде болар ер ме едім.
Мұнан барсаң сәлем де
Ата менен анаға.
Сабырлықпен жад етсін
Жаратқан Жаппар Құдайға.
Көрмей кетсең дүниеде,
Разы болсын айтыңыз
Біздей ғаріп балаға.
Және де сәлем айтыңыз
Қарлығаштай маралға.
Ағаң түсті дегейсің
Бір шықпастай аранға.
Бізді Құдай тап қылды
Өмірі жоқ заманға.
Қарлығаштай жалғыздың
Тәңірі күнін салады
Әлде қандай заманға.
Бетіне Құдай жар болсын,
Соның нешік халына.
Кімдер көзін салмайды
Қатардағы нарына.
Достық етер кім қалды
Қайрылып қарап зарына.
Дағдырда жазса не шара,
Тәңірі мұндай халыма.
батырлар жыры
Қазір өліп кетсем де,
Қырық жігітім, мен разы
Сендерге берген наныма.
Көп, көп сәлем, көп дұғай,
Бозұғлан білмеген
Қамқоршылық панама.
Және де сәлем айтыңыз
Ерғали хан бабаға.
Мұнан барсаң сәлем айт,
Біздің үшін тапсырсын
Қауарзым шаһарын
Ғашірбектей данаға.
Және сәлем айтыңыз
Үргеніштей көп елге.
Артығырақ айтыңыз,
Сол хандар қайда дегенге.
Ақырын Құдай бермесе,
Жолдас болып біз кеттік,
Тіл-аузы жоқ кереңге.
Есін жисын, сәлем де
Ғашірбектей бегіме.
Разы мен өлсем де,
Қайратының көбіне.
Таманың кетті дәрмені,
Дұшманның кіріп шебіне.
Қош аман бол, бектерім,
Біздің сапар түзелді,
Шаһи Көзалдың еліне.
Аман-есен қырық жігіт,
Зар-зар жылап қалады.
Қозғаларлық дәрмен жоқ,
Жүректі қайғы шалады.
Атаңа нәлет Бәдірек
Төрені айдап барады.
Ғашірбек қалды есіз боп,
Жүралмай жұртқа араны.
Найзадан сайлап тең буып,
Өбектеп мұны алады.
Айрылып бектен қайғы жеп,
Үргенішке барады.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Бұлар жеткенше ата-анасынан сөз келді.
Бұ күндері болғанда
Нақыл хандай атасы,
Лағылхан айым анасы
Кез болып, бәрі сөйлесті
Күлғасыл айым сұлу мен
Қарлығаштай баласы.
Бектерден хабар болмады
Біткенше екі ай шамасы.
Үргеніштен басылды
Күнде қызық, күнде той,
Таусылмастай тамаша.
Ақылдасып төртеуі,
Бектердің кеткен жолына
Тіктірді орда оңаша.
Шарап жинап ашытып,
Келетін жолын күзетті,
Істері сондай далбаса.
Қарлығаш айым төзе алмай,
Ағаларын сағынды.
Қырық қыз ертіп нөкерге,
Сайланып құрал тағынды.
Іздемек болып ағасын,
Ойлады түрлі ағымды.
«Келместей мұнша ағекем,
Құдіретті Алла неғылды».
Бұлар бүйтіп жатқанда,
Бектер кеткен тараптан
Бір топ қара көрінді.
Қараны көріп қуанып,
Тоқтатып көңіл жұбатып,
Алдынан соның барғалы,
Қарлығаш шықты шұбалып.
Қырық қыз нөкер қасында,
«Ағекемнен сіздерге
Әперем,—деп,—сый алып»,
Ақ білегін сыбанып,
батырлар жыры
Қолына жасыл ту алып,
Жақындап бойлап қарайды,
Кідіре тұрып дем алып.
Қол астында көреді
Ғашірбектей нағашын,
Қанша қарап көрмеді
Өзінің екі ағасын.
Бектердің аты жетекте,
Ғашірбек те білмеді
Не істерлік шамасын.
Мұны біліп Қарлығаш,
Күйікпен жыртты жағасын.
Опасы жоқ, сұм дүние,
Кімге жолдас боласың.
Зарланып келіп Қарлығаш:
—Бұл жұмыстың мазмұнын
Ғашірбектен сұраймын.
Бұл дүниенің баршасы пәни,
Сіздер Үргеніш сұлтаны,
Ырас айтшы, жаным таға,
Мұнан кеткен бектер кәні.
—Ырас айтам, жаным, тағаң,
Ғайып ерен болмай панаң,
Жылай берме, Қарлығашжан,
Екі ағаң есен-аман.
—Аттарына мінбес пе еді,
Шырағым деп күлмес пе еді,
Есен болса екі ағам,
Сіздерменен келмес пе еді?!
—Хақтың ісі маған болды,
Жүрегіме қайғы толды.
Айтпасыма енді болмас,
Мырза Мәмбет қайла қылды,
Достығы айла болды.
Бізді мас қып қашып кетіп,
Қызылбасқа пайда қылды.
Қырық мың әскер жетіп келді,
Мас боп жатқан жерде көрді.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Екі бекті байлап алып,
Қырық жігітке қайғы берді.
—Дұшпанның күні солмай ма,
Кәпір өліп қалмай ма.
Жиендері пенде болса,
Нағашы айырып алмай ма?!
—Дұшпанға қылдым ұрысты,
Жұмсадым алмас қылышты,
Жеті күндей тынбай жүріп,
Сансыз салдым ұрысты.
—Жауды көрсе қарысқан,
Ақылы артық данышпан,
Сіздер барып ұрыс қылсаң,
Біреулерің өлмес пе еді
Мұнан кеткен қырық арыстан?!
—Жүректерім болды пара,
Қарлығашжан, маған қара,
Жеті күндей тынбай жүріп,
Маған тиді мұнша жара.
Бұл сөзді естіп Қарлығаш,
Жүгіріп үйге келеді,
Іздеп барып таппады
Екі бірдей төрені.
Кемпір мен шалды құшақтап,
Қарлығаш зарлай береді:
—Айналайын, атажан,
Жақсы Алла бізді шырмады,
Өздері қалып тұтқында,
Атының келіп тұрғаны.
Бұл секілді ғаламат,
Құданың басқа салғаны.
Әйел тудым інім жоқ,
Айырып алар күнім жоқ,
Екі ағадан айрылып,
Мен секілді бишара
Жапанда зарлап қалғаны.
Айналайын жеңеше,
батырлар жыры
Енді күнің не болар,
Құлады бектің қорғаны.
Үргеніштің жұртына
Екі ағам менің бек еді,
Іреуі жоқ күмістей
Туған асыл тек еді.
Осындай аудан келгенде,
Кезек-кезек шақырып,
Қарлығаш қалқам дер еді.
Сөйткен ағам менің жоқ,
Ішіме толды қайғы шоқ,
Алшаңдап басқан аяғым
Ұрмай, соқпай кем болды.
Келмеске кетсең, ағеке,
Көзімнің жасы көл болды.
Артыңда қалған мен нашар
Әлдекімге жем болды.
Айналайын атажан,
Ұшып бір кетті тұяғың,
Ортасында қайрылды
Қауырсын қанат қияғың.
Екі сұлтан қайда деп,
Ғашірбектен сұрадым.
Пенде бопты дұшпанға
Екі бірдей шырағың.
Қасіретке шыдамай,
Өрттей қаулап жанамын,
Екі ағаны мен көріп,
Енді қашан тынамын.
Ағаларым келмесе,
Білдім дүние жалғанын,
Ойын-күлкі мәжлісі,
Қатарымнан қалғаным.
Құдіретіңе бір Құдай,
Бұл нашар зарладым,
Дұшпандағы хандарға
Тигізші Құдірет пәрменің.
Осы меді әуелде
Бізге деген нығамың,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Жүрушеді аға екем
Ертіп неше беклерін,
Аралап үйрек көлдерін.
Ағаларға еркелеп
Неше дәурен сүргенім.
Айналайын жақсы Алла,
Осы менің көргенім,
Ақырын тілеп бұл істің,
Баршасы ғаламның
Бір өзіңе сенгенім.
Бұларды солай тоқтатып,
Кідіртейін, халайық.
Тұтқындағы беклерге
Оралып қайтып барайық.
Мырза Мәмбет айдаған,
Қанға мықтап қарайып,
Төрт ай жаяу жүрген соң
Жүдеді бектер мұңайып.
Табаны тозып тау тіліп,
Өкшесі шықты сорайып,
Саусақтары салдырап,
Ойылған табан шұқырайып.
Мұңдай азап көрген соң,
Жасы ақты көзден мөлдіреп,
Ахметбектей жас ұлан
Дәрмені келмей жүруге,
Отыра кетті шоқайып.
Кәпір келе қалады,
Жүр-жүрлеп бәрі сабады.
Кекілінен сүйретіп,
Кәпірлер алып барады.
Қызылбастың жұрты тұр
Бектерге сондай араны.
Мұны көріп Жүсіпбек,
Шыдамай жетіп барады.
Ашуланып кәпірге,
Алартып көзін қарады.
Дінсізден көрген азары
батырлар жыры
Жүрегін өртеп барады.
Қозғаларлық дәрмен жоқ,
Сөйлескен мынау хабары:
—Әуелгідей емес менің сияғым,
Еске түсіп зар жылаймын баяғым,
Атыңның тізгінін тартшы, қызылбас.
Мырза Мәмбет, мыналарға қойғызшы,
Кінәм қандай айтып мені сойғызшы,
Екі бектің аяқтарын тас жырды,
Қолын шешіп бір дем атқа мінгізші.
Күннен күнге дертім болды зияда,
Бұл жиһанда жете алмадым сұрада,
Ахмет үшін мен жүрейін пияда,
Жас ұланды бір дем атқа мінгізші.
Әсемдікке міндім жорға қызылды,
Мұны көріп менің көңлім бұзылды,
Аттар басып зияр көңлім өз болды,
Атыңның тізгінін тартшы, қызылбас.
Ахметбектің көздерінен қан ақты,
Рақым етіп бір дем алып назар салшы,
Көзің көр боп мұрындарың кесілгір,
Нешік сөзді тыңдамайын, қызылбас.
Бек Жүсіп дер ешкім мұндай болмасын,
Мұндай болса дүниеге келмесін.
Арман бірлән інім шөлдеп өлмесін,
Жас ұланды бірер атқа мінгізші.
Бұл сөздерге кәпірдің ашуы келіп, әр қайсысы бір ұрып өтті,
жүре алмай келе жатқан Ахметбек:
—Айналайын, ағажан,
Бұл кәпірге жалынба,
Көкірегіңді жасытып,
Бұрынғы күнді сағынба.
Қазам жетсе өлермін,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Бұйрығын Хақтың көрермін,
Патша Құдай бар болса,
Көзалшаһи кәпірдің
Жан жарасын берермін.
Атаңа нағлет Бәдіри,
Көріңді сенің сайлармын,
Артыңа қолың байлармын.
Көзалшаһи ханыңды,
Үргенішке айдармын.
Хан қылармын бағасын,
Жоғалтармын қарасын,
Өзім пенде болсам да,
Жеті жылдан мен кейін
Кетірермін мазасын.
Айналайын аға-еке,
Жалына берме наданға,
Мұндай болам деп педің,
Бұнда басың аманда.
Бұ дағы бізге бір нәубет,
Жылай да берме арманда.
Бұл сөзді естіп Жүсіпбек
Қайратына мінеді,
Тар жерде берерлік
Ахмет сондай сенеді.
Жәрдем тілеп пірлерден,
«Тәуекел Хақ» деп жүреді.
Арада бес ай жол жүріп,
Месілге жақын келеді.
Мұнарасын көргенде
Ақсұңқар құстай түледі.
Қор қылма деп дұшпанға,
Шынықтырды денені.
Қолға ұстайтын күн болса,
Жез айыр оқты жебелі,
Сол секілді сөз айтып,
Табанды бектер тіреді.
Мырза Мәмбет сол кезде,
«Қуантшы деп патшаны»,
батырлар жыры
Біреуін жұмсап жіберді.
Сүйінші сұрап патшадан,
Олжаға батып кенелді.
Екі бектен үзіп тұр
Әзір кәпір күдерді.
Тұтқындағы екі бек,
Сазайын мұның беремін,
Босатса Құдай шідерді.
Жүсіпбектің айтқаны:
—Ахметбек, біз келдік
Көзалшаның еліне.
Патша Құдай жар болсын
Дұшпандағы кегіме.
Біздей пенде бар ма екен,
А, дариға, арманда,
Осы болса не көрдім
Опасы жоқ жалғанда.
Қорғалап кішік сөйлеме,
Әлі қазір, Ахметжан,
Көзалшаға барғанда.
Әзірде жас бала едің,
Ақылың кең дана едің,
Үргеніштің жұртында
Неге де мұқтаж зар едің.
Ағаң Жүсіп мен болсам
Сол шаһардың ханы едім.
Разылықпен күтелік
Құданың берген нәубетін.
Көріп қорықпа, шырағым,
Көзалшаның жаллатын.
А, дариға, бар болса,
Бұрынғы менің сәулетім,
Олжа қылар күн қайда,
Сол дүниенің дәулетін.
Дұшпанға Құдай тап қылды,
Менің мұндай күнімді,
Пенде тапқан жоқ еді,
Оқиға артық мінімді.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Жад етемін аһ ұрып,
Шайқы Шәріп пірімді.
Қазір елім кетсең де,
Тартпай сөйле тіліңді.
Не боларым білмеймін,
Ішім күйіп жанған соң.
Қасіретте ел-жұртым
Қапалыққа қалған соң.
Елдің көркі не болар,
Қаһарлы ғаділ ханнан соң.
Әйелдің көркі не болар,
Тәңірі қосқан жардан соң.
Ақырын күтпей не шара,
Тағдырда басқа салғансын.
Біз сөз Көзалшадан:
Хабарын естіп бектердің,
Халқына қабар салады,
Неше адам қорқарлық,
Хайуандарын алады.
Мақсұты бітіп қуанып,
Алдынан шығып барады.
Алтын тақта отырып,
Халқына жүрген араны.
Елу палуан көтеріп,
Ежелден жеккен маманы,
Пенде болған бектерге
Жақындай барып қарады.
Порымдарын көргенде
Рақымы түсіп аяды.
Он бестен кейін жастары,
Алмадай піскен бастары.
Қысқа етіп айтсам баяны,
Пұшайман боп ісіне,
Ғашық болып түсіне,
Кішіріп жауап сұрады.
—Ай-а, өзбек, мен сұраймын жауапты,
Әлің білмей мұнда салдың әлекті.
батырлар жыры
Тастар жыртып аяқтарың қанапты,
Кім болады, екі өзбек, елдерің?
Жүсіпбек:
—Ай-а, кәпір, мен айтайын жөнімді,
Сайран еттім Балһүдіктей көлімді,
Асылым сұрасаңыз, Аспаһанның төресі,
Өзім сұрасаң, Мұқамбеттің үмбеті.
Көзалша:
—Ай-а, өзбек, мен сұраймын сарасын,
Қазір пенде біздің қолда боласың.
Асылыңды енді білдім, екі бек,
Үргеніште кімнің ұлы боласың?
Жүсіпбек:
—Жүсіпбектің Үргеніш дүр қаласы,
Жеті айлық жол бұл арадан арасы,
Қызметім сол шаһардың төресі,
Өзім деген Нақыл ханның баласы.
Көзалша:
—Қазір, өзбек, қайғың сенің зияда,
Не көріп өткіздің пәни дүнияда,
Төре болсаң екеуің де еліңде,
Неге жүрсің араз көріп пияда?
Жүсіпбек:
—Ай-а, кәпір, жоқ па сенің еш кемің,
Пияндықта армандарым көп менің,
Алайын деп туған айдай қызыңды,
Әдеп сақтап жаяу жүріп келгенім.
Көзалша:
—Бағымдағы таза гүлдер сола ма,
Көкірегің қапалықпен жана ма.
Шамаң келсе, ат тауып мін астыңа,
Сендей жаяу маған күйеу бола ма?!
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Жүсіпбек:
—Ай-а, патша, сенің көнлің тынды ма,
Пияндықта мені пенде қылдың ба,
Ат мінбеймін табылса да тұлпар боп,
Атамыз деп келдім жаяу алдыңа.
Көзалша:
—Екеуің де көре алмассың еліңді,
Шамаң келсе, шешіп таста қолыңды.
Ашулансам, екі өзбек, бұл жерде,
Суыртып алармын, қызыл тіліңді.
Жүсіпбек:
—Себебі сол Жүсіпбектің келгені,
Келдім сынап бұл шаһарды білгелі.
Ахметжаным келді күйеу болғалы,
Өзім келдім Месіл шаһарын алғалы.
Патша мына сөзге ашуланды,
Айтарлық сөз табалмай жабырланды,
Табанда екеуін де өлтіруге
Орнатты мұнар биік ділдә дарды.
Бұл істен екі бектің жаны шошып,
Жүсіпбек сөлей берді мына зарды:
—Әуелі, Алла, өзіңе,
Назарың сал сөзіме,
Өзіңнің нашар пендеңмін,
Әр жапаңа көнгенмін,
Үргеніштің шырағы,
Бір сағатта сөнгенмін.
Кәпір аспақ қылдан дар,
Дар астында қылам зар,
Дін шырағы Мұқамбет,
Сенен басқа кімім бар.
Құданың досы я, Ғалы,
Бізден болса кәпір дар.
Айналайын имам Ағзам,
батырлар жыры
Қанша еді менің жазам.
Шын хақиқат сөзім деп,
Назар салар күн енді,
Аса соққан борандай,
Өтемісің күндерім,
Ғасы болып Аллаға,
Бұзылмағай діндерім.
Баба түкті Шашты әзіз,
Сөзіңді салшы пірлерге.
Қолымды кәпір байлаған,
Аспаққа дарын сайлаған,
Балһүдіктің көлінде
Қырық жігітім сені ертіп,
Күндерім кәне ойнаған.
Мақсұтыма жетпедім
Дүниядағы ойлаған.
Он сегіз мың ғаламның
Падишасы бір Құдай,
Құлым дейтін күн енді.
Қайрат етіп қан төкпе,
Қапалыққа кеткенім.
Алды-артыңа қарамай,
Ырас па дүние өткенің.
Әгар пиян болмасам,
Бұл сияқты дінсізге
Пенде болар бек пе едім?!
Ақырын тілеп бұл істің,
Падишасы ғаламның.
Өлтір [деп] патша дарға асып,
Жендетке әмір етеді.
Арқан тағып мойнына
Сүйретіп дарға жетеді.
Шайқы Шәріп безек,
Сол заманның қарты еді.
Асылдығын сұрасаң,
Үргеніштің сарты еді.
Жылағанда қолдайтын
Өздерінің шарты еді.
Кездесіп қалды бұларға,
Дегенде патша тарт енді.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Жетіп барып екеуі,
Дары арқанын ұстады,
Құс секілді көрініп,
Үркітсе де дұшпанды,
Ашуланып тепкенде,
Қиратып дарыны тастады.
Қайта құрып түзетіп,
Өлтіртуге бастады.
Қайтып келіп екі қарт,
Құлатып дарыны тастады.
Жеті рет оңдап тартса да,
Құс секілді екі қарт
Бұрынғысын бастады.
Әлек болып бұзылып,
Пайдаға дары аспады.
Қайрат болып қызылбас,
Дары құруға бастады.
Өнерімен екі қарт
Зарлатып тұрған бектерді
Өлімнен басын ашқаны.
Бұл секілді жұмысқа
Патша қайран қалады.
Екі бекті шақырып,
Өз жанына алады.
Бұрынғыдай жүрмеді
Қызылбастың араны.
—Дініме кіріп ұл болсаң,
Әмірім тұтып құл болсаң,
Басымдағы бағымды,
Астымдағы тағымды
Берем,—деп айтып қарады.
Мынау зары бектердің
Ішін өртеп барады.
Көзі аларып Жүсіпбек,
Қайтарған мынау жауабы:
—Көзалшаһи, тыңдап тұр
Жүсіпбектің кеңесін.
батырлар жыры
Пенде болған жас ұғлан,
Расын айтпай не десін.
Шайтан малғұн тіліне,
Надандықпен ересің,
Тіліңді алса Құдайың,
Не себепті өлесің.
Жазықсыз жүрген жас жанға
Нақақтан жәбір бересің,
Отырсың ұстап пенде ғып
Үргеніштің төресін.
Өлтірмесең табанда,
Зардан менен көресің,
Бүгін патша болсаң да,
Ертең менен өлесің.
Дініме кіріп ұл бол деп,
Не себептен сенесің.
Мұсылман жайын сұрасаң,
Тілінде бар санасы,
Садақ атып, оқ жонар
Жеті жасар баласы.
Дұшпанды көрген жоқ қылар,
Мына тағы қарттар бабасы.
Сенен артық Көзалша,
Мұсылманның әуелден
Ханы түгіл қарасы.
Еш тағатың қалмайды
Жүсіпбектің даңқына,
Мұсылман бол деп хабар ет
Бұқара жетіл халқыңа.
Саған тұрмын, падиша,
Бір әңгіме айтуға.
Қажет емес берсеңдер
Алтын, күміс тартуға.
Сөзімді қабыл етерсің,
Мақсұтыңа жетерсің.
Егер тілімді алмасаң,
Арманда болып өтерсің.
Айтқанымды қылмасаң,
Мазаң кетіп маңдырап,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Шашылып текке кетерсің.
Ахмет, Жүсіп шын дұшпан,
Жібек орап тақ берсе,
Жібімес көкке кетерсің.
Үргеніштің шаһары
Өсіп-өнген жерлерім,
Ит жүгіртіп, құс салған
Балһүдіктей көлдерім.
Қапияда қалып тұр
Қырық арыстан ерлерім,
Олжа қылар қалаңды,
Ызғытып айдар Месілден
Қатының мен балаңды,
Келсе егер бұл жерге,
Найза ұстаған ерлерім,
Мырза Мәмбет құлыңды,
Мен айтайын шынымды,
Мұсылман сені қылмаққа,
Пенде қылып алдыңа,
Әуелден осы өлгенім.
Бұл сөзді естіп Көзалша,
Ашуланып қарады,
Жүсіпбектің сөздері
Жүрегін өртеп барады.
«Тұтқынға ал» деп бұйырды,
Жұртына жүрген араны.
«Бір кесе су, бір үзім
Нан берме,—деп,—бұларға»,
Таратып жарлық салады.
«Бұларға жақын болғанның,
Малы болсын қанауда,
Басы болсын талауда»
Деген сөзі патшаның
Көлеміне тарады.
Мына сөзге екі бек
Күдерін үзіп торықты,
Ұсталып азар көргелі,
Санаса, бес ай болыпты.
батырлар жыры
Жапқалы сүйреп тұтқынға
Кетірді бастан ерікті,
Пенде қылып айдап екеуін,
Күзетшіге беріпті.
Қолдан келер жұмыс жоқ,
Абақтыға кіріпті.
Бүкшиіп жатқан ішінде
Бір қартты бектер көріпті.
Сөйлесіп хабар білгелі,
Қасына жақын келіпті.
Баба Ғамбар баяғы
Түрегеп сәлем беріпті.
Жүсіпбектің сөйлегені:
—Зындан шерін жатқан, баба,
Қариясың ақылың дана,
Пенде болған, ей, бейшара,
Не болған дүр кінәң сенің?
—Қайнап тасқан ерлерім,
Алмас қылыш серлерім,
Арманмен келген ерлерім,
Түрікпен еді елдерім.
—Түрік баба, көрісалы,
Жат болсаң, інім, таныс алы,
Неше жылдар сен түскелі,
Не болған дүр күнәң сенің?
—Ел ішінде сұлтан едім,
Көпті көрген керуен едім,
Көзалшаның түсін жордым,
Сол болған дүр күнәм менің.
—Мұндай болып жапа тарттың,
Сақалыңды ағарттың,
Патша түсін нешік айттың,
Не болғаны кінәң сенің?
—Жүсіп, Ахмет келер дедім,
Шаһарыңды алар дедім,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Сені ғамға салар дедім,
Сол болғаны күнәм менің.
—Сыртымыздан сіз мақтапсыз,
Жүсіп, Ахмет келер депсіз,
Сол айтқан біз бектеріңіз,
Баба, қалай жорығаныңыз?
—Бабаңызға мұндай сөзді айтарсың,
Садақ сайлап дұшпаныңды атарсың,
Көп асығып сөйлей берме, бекзатлар,
Бір жеті жыл жатарсың.
Бабаң айтқан насихатын ұғарсың,
Дұшпаныңды жеңіп жерге тығарсың,
Шаттық кіріп, қайғы шығып, беклерім,
Сонан кейін бұл тұтқыннан шығарсың.
Көзалшаның тар пиғылын кең етіп,
Қызылбастың қатқан көңлін жібітіп,
Тар орында дәм татысқан, бекзатлар,
Шыққан күнде кетпе мені ұмытып.
Бектерді солай жатқызың,
Басқадан сөйлеу мақұлы,
Көкше Шағыр—патшаның
Бас уәзірі, жақыны,
Сөзіне көпті таратқан
Қатардағы ақыны.
Соның қызы Қаракөз
Бектерге ауды ақылы,
Ғашық болып даңқына,
Көптен күтіп жатуы.
Жатқанын естіп Қаракөз,
Қайғыға меңдеп батуы,
Бектерден хабар белгілі,
Еншелей басып аһ ұруы.
Зынданның барып сыртына,
«Жүсіпбек!» деп шақырды.
батырлар жыры
Білмедім хабар ерлерден,
Айрылған Үргеніш елдерден,
Өтірікші бұл дүние
Қалған алдап кімдерден.
Кәпірдің қызы Қаракөз,
Алмаққа хабар келіп тұр
Жүсіп, Ахмет беклерден.
Жүк артамын нарға деп,
Нар жығылар жарға деп,
Жауға шабар ер жігіт,
Қолдай гөр өзің Алла деп.
Бұрынғыдан қалған сөз,
«Қырық кісінің ақылы
Алтын тақ мінген ханда» деп,
Дауыстап сұлу сөйлейді:
—Жүсіпбек, Ахмет бар ма?—деп.
Батырлар алар паңдықты,
Патшалар алар жарлықты,
Адам ата, Хауана,
Дүниеге келгенсін,
Азғырып әркім аңдыпты.
Кетпесе де жоғалып,
Мазалап басын даң қыпты.
Азғана сөйлеп өтейін,
Кідірте тұрып шалдықты.
Көздерін ашса екі бек,
Зынданға келіп қарап тұр,
Қаракөз сұлу бектермен
Киінген түрлі жабдықты.
Жүсіпбек:
—Сөз сөйледің даладан,
Қайғым бар асқан шамадан,
Ашылып жауап бере алмас,
Ойында қасірет бар адам.
Он үш жасқа келгенсін,
Кеулім қалған жоқ еді,
Замандас, сіздей баладан.
Тағдырға көнбей кетпек жоқ,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Туғасын шырлап анадан.
Өз жөніңді білдірші,
Сұраған кісің боламыз
Атағы жұртқа тараған.
Қаракөз тағы сөйлейді:
—Бектерім, келдім көрмекке,
Иіліп сәлем бермекке,
Атамның аты—Көкшағыр,
Сөзін алған өрнекке.
Өзім атым—Қаракөз,
Сұрай алған ермекке.
Ойлаушы едім кез келсе,
Айтқаныңа көнбекке.
Жүсіп, Ахмет, ер едің,
Дұшпандар аспас бел едің,
Құдай артық жаратқан
Мұсылманның сері едің.
Ертең кесті демеймін,
Айтқаныңа көнемін,
Ажалым жетсе, екі бек,
Сендер үшін өлемін.
Сендер жатсаң осында,
Барымша жәрдем беремін.
Жүсіпбек жана сөйлейді:
—Тар жерде көрдім жүзіңді,
Қараттым сізге жүзімді,
Жүйесіз мақтап не дейін
Тұтқында жатып өзімді.
Тар жерде айтқан жауабың
Жүрекке барып еріді.
Шыныңмен айтсаң, Қаракөз,
Қылармын куә өзіңді.
Үргеніштің елдерін,
Балһүдіктің көлдерін
Аман-есен көрсетсе,
Қырық арыстан ерлерін,
Ғашірбекті басшы ғып
батырлар жыры
Қайтып келсем еліңе,
Растар едім сөзіңді.
Мұны естіп Қаракөз,
Ойлады түрлі талапты,
Шамасы келсе, бектерді
Аздырмау жағын қарапты.
Үйіне келіп, тұтқынның
Күзетшісін сұрапты,
Сұрады мынау сұрақты:
—Қош көрдім Бабанияз келгеніңіз,
Сізге арнап қонағасы бергеніміз.
Қай ұлтсың, қашан кірдің бұл қызметке,
Дәм айдап бөтен жерде жүргеніңіз.
Бабанияз:
—Айтайын әуел бастан көргенімді,
Тіліне әркімдердің ергенімді.
Сүйегім Аспаһандық Түрікпен едім,
Естіңіз не жағдаймен келгенімді.
Атадан жеті жаста жетім болдым,
Азарды сонан бері біраз көрдім.
Жау шауып елімізді сол заманда,
Қолында мен сол жаудың тұтқын болдым.
Сатылып бірден бірге құл есепті,
Нақ биыл бес жыл болар Месіл келдім.
Патшаға қызметім сондай жағып,
Күзетші тұтқындарға бастық болдым.
Қыз айтты:—Жан жолатпай жүремісіз,
Рұқсат сұрағанға беремісіз,
Жүсіпбек, Ахметбек екі бектің
Бар-жоғын сол тұтқында білемісіз?
Бар болса, екі бекті жақын тартып,
Көмекті қолдан келген беремісіз?
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Мен саған бектер үшін бір сөз айтсам,
Қарсы алып, қабыл көріп, сенемісіз?!
Бабанияз:
—Атадан жеті жаста қалдым жетім,
Бектердің көргенім жоқ құрметін.
Дегенмен қаным тартат туысы бірге,
Келгелі бірге тарттым қасіретін.
Хандары Үргеніштің екі палуан,
Беремін, шын сұраса, кесіп етім.
Барымды қолымдағы беріп болдым,
Қаракөз, менің осы адал ниетім.
Қаракөз және сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Шын шешіліп сыр айтам,
Берігірек кел,—дейді.
Шарттасып белді байлайық,
Бұл сөзіме сен,—дейді.
Болмасын мұқтаж дүниеден,
Назар салып көр,—дейді.
Мұқтажын тауып берейін,
Сен апарып бер,—дейді.
Дайындап тұрды Қаракөз
Бектердің керек-жарағын,
Мақсұтына жеткізіп,
Көтерді бектің талабын.
Тамақ түгіл Қаракөз
Жеткізіп тұрды бұларға
Күй тартатын құралын,
Күні-түні дамылсыз,
Аударды сұлу қиялын.
Домбыра тартып екі бек,
Жүргізді күйдің шұрайын.
Аспандағы құстардың,
Балбыратып денесін,
Келтірді күйге талайын.
батырлар жыры
Бұларды тастап осылай
Үргенішке барайық,
Ата, анасы, әйелі,
Қарындасы Қарлығаш,
Бұлардың көрген зарарын
Алдарыңа салайын.
Екі төре кеткен соң,
Баяғы құда Нәдірбек
Жүргізіпті таяғын.
Қырық жігітке оқ атып,
Бектердің қатын, баласын,
Ойламады бағайын.
Жөні келсе қорқытып,
Қарлығашты алайын.
Қан бұзылып кеткенін,
Жатым деп аяп қасына,
Келмеді ешбір ағайын.
Айрылып бақтан Ғашірбек,
Жиалмады маңайын,
Күні-түні жылаумен,
Жауласпақ түгіл қырық жігіт,
Тамағы болды уайым.
Бейшара болған Күлғасыл
Бұлардың көрді шамасын,
Нәдірбектен көреді
Бұл жұмыстың жаласын.
Үйреткен еді Күлғасыл,
Үйреткен еді адамша
Тырнаның жеті баласын.
Қай шаһарға жіберсе,
Табатын дүзу арасын.
Шақырып алып алдына:
—Месілге,—деді,—барасың,
Өлі-тірі болса да,
Екі бекті табасың.
Мойнына жазып хат байлап,
Сөйледі көрген жазасын.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Хат сөзі:
«Құрметті сәлем хандарға,
Бәдені шірін жандарға,
Қапияда айрылған
Жүсіп, Ахмет жарларға.
Көрген түстей жоқ қылып,
Опасы жоқ сұм дүние,
Осынша бізді алдар ма?
Құдайдан дәрмен болмаса,
Іздейтін бізді қал бар ма?
Туысқанның белгісі,
Шыдамайды деушеді,
Айғайлап ойран салғанда.
Туысы бөлек болғасын,
Ескермеді Үргеніш,
Қырық жігіт оқ атып,
Біздер бүйтіп қалғанда.
Осы болса не көрдім,
Опасы жоқ жалғанда.
Ерғали қылды кеңестен,
Нәдірбек бізбен егескен,
Аспаһандық қырық мың үй,
Қаналып бәрін түгескен.
Адамды алып құлданды,
Қорғалған малдан үлескен,
Нәдірбек алды хандықты,
Жұртына қылды жарлықты.
Ханнан кетсе әділдік,
Қарашы көрер тарлықты.
Қайырсыз болды бегіміз,
Қайғылы болды еліміз.
Мезгілді күнде келмесең,
Келіспей кетті түріміз».
Құс қабары
Тырналар кеткен хат алып,
Месілдің іздеп еліне,
батырлар жыры
Неше шөлді көрсе де,
Айналмады көліне.
Адамнан зият үйреткен,
Ақылдың қара себені,
Жоғары өрлеп ұшады,
Хайуаннан қорқып көбіне.
Сайран етіп шалықтап,
Зынданның барды түбіне,
Күйін танып бектердің,
Төмен түсіп құлдилап,
Бектерге келді көріне.
Хатын алып екі бек,
Разы болды жасынан,
Құстарға берген жеміне.
Зарын естіп жабығып,
Шықпастай ойлап тарығып,
«Нәдірбек бәлем, сені ме!».
Бектердің хаты
«Жеті жыл жаттым зынданда,
Не көрдім пәни жалғанда,
Қайта айланып бір келмей,
Өттің бе дүние арманда.
Ерғали хан, Нәдірбек,
Достардан жәрдем болмады,
Біздер бүйтіп қалғанда.
Біз де аман жатырмыз
Көзалшаһи хандарда.
Босатып ал деп айтпаймын
Мейірімсіз туған жандарға.
Бізді ойласа екі хан,
Салар еді назарын
Артымда шулап қалғанға.
Және де сәлем айтамын
Өтірік күлген достарға,
Достығы жалған бостарға.
Соқтықпасын, жәй жүрсін,
Біз секілді қошқарға.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Және сәлем жазайын
Ғашірбектей бектерге,
Нәсілді туған тектерге.
Қазір қолда дәрмен жоқ,
Бұл жұмысты кектерге.
Бізден күдер үзбеңіз,
Жолығармыз саламат,
Мезгілді күндер жеткенде.
Жеті жыл тамам өткенде,
Үргеніштің азары,
Орын алды өкпемде.
Көп, көп сәлем айтыңыз,
Қырық арыстан жолдасқа,
Жасынан жолдас сырласқа.
Дұшпанға бойды алдырма,
Келсе де ажал бір басқа.
Балдағы алтын шар болат,
Қын түбінде сынбас па.
Және сәлем айтайын,
Күлғасылдай жарларға,
Көңілде қасірет барларға.
Ойнамасын, күлмесін,
Назар салсын арларға.
Жалған болса көргенім,
Сарт болып бүгін кетпесем,
Аман-есен қосылар,
Жүсіп, Ахмет хандарың».
Хат алып тырна кетеді,
Бір қапы бастан өтеді,
Жол аударып қисайып,
Шәкеменнің тауына
Бауырлай ұшып жетеді.
Мекен еткен сол тауды
Жетпіс үйлі жөйт еді,
Кәсібі сол істейтін—
Ұшқан құсты күтеді.
Тырнаны көріп қуанып,
Жаудырған мылтық түтеді.
батырлар жыры
Атып түсіріп бәрін де,
Үлесіп алып кетеді.
Хабар таппай елінен,
Зынданда бектер торықты,
Көңілге қайғы толыпты.
Бұл тұтқында жатқалы
Жеті жыл кәміл болыпты.
Елінен таппай хабарды,
Кәпірден көріп зарарды,
Зынданға салып кеткен соң,
Салмады ешкім назарды.
Жүйесіз қорлық теңдік пе,
Азалсыз қорлық кемдік пе,
Не боларын бұл істің
Көзіміз жетіп, сендік пе,
Кімдер қайғы тартқан жоқ,
Ажал жетпей өлдік пе.
Ғамбардың айтқан жеті жыл,
Зынданда күнін толтырып,
Баба Ғамбар шалыңа
Аяңдап тағы келдің бе.
Шым түлей зарға деп,
Басым түсті шарға деп,
Бабадан бектер сұрайды:
«Шығатын заман бар ма?» деп.
—Болды ма солай, бектерім,
Дұшпандар аспас белдерім,
Мұндай іске кез болып,
Мұсылманның жүдеткен
Бұл уақытта елдерін.
Жеті жыл өтсе тамам боп,
Ашылар енді жөндерің.
Енді үш күннің ішінде,
Босанбасаң көргенім.
Осы айтқаным келмесе,
Ақырда мұнда өлгенің.
Әрбір түрлі екі бек
Көңілге қиял алады,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Жеті жылдай зынданда
Пір қылған Ғамбар бабаны.
Піріменен сөйлесіп,
Ұйқыға көзі барады.
Ұйқыда жатыр ерлерің,
Зынданға кірді пірлерің.
Өңіндей беклер көреді,
Түсінде пірдің түрлерін,
Талғандарға нан берген,
Тасқандарға хан берген,
Көнгендерге бақ берген,
Көпкендерге дақ берген.
Мұсылманды жебеген,
Шаршағанды демеген,
Насихатпен сөз сөйлеп,
Шаһимардан пірлерің,
Бектерге сонда не деген:
—Жүсіп, Ахмет хандарым,
Қайратты туған жандарым,
Қайратыңа мас болып,
Айрылып бізден қалғаның.
Ойыңда бар ма, екі бек,
Аспаһанды ойран қып
Үргенішке барғаның.
Бозұғланға дақ салып,
Талаттың жұртқа малдарын.
Бозұғланның дұғасы
Осындай күйде қалғаның.
Пірлерден жәрдем болмаса,
Бадбақтың шөлінде
Таусылып еді нандарың.
Месілге айдап барғанда,
Кетерің өліп арманда,
Қызылбас қамап тұрғанда,
Ділдәдан дары құрғанда,
Құс кебін киіп барғанмын.
Мойныңа арқан таққанда,
Қолыңнан ажал тартқанда,
Арып дарыдан алғанмын.
батырлар жыры
Сіз секілді ерлерге,
Жәрдем ет деп біздерге,
Тапсырған Құдай пәрменін.
Жаратса жәрдем береміз,
Таубаға қайтсаң екі бек,
Қазірде жәрдем береміз.
Осы күні кәпірлер,
Сіздер үшін кеңесті,
Кеңескенде бүй десті:
«Тірі болса екі бек,
Өлтірейік біз»,—десті.
Көрерсің аман еліңді,
Айдын шалқар көліңді,
Жалған айтар деп педің,
Қырық әулие піріңді.
Қызылбас дарыға тартқанша,
Тартпай сөйле тіліңді,
Бұлайша жауап бер,—деді.
Қоштасып тұрып кетеді,
Құдіретінде Құданың,
Баба Ғамбар шалдарға,
Жолыға кетсе нетеді.
Ұйқыда жатқан бабаны
Оятып ап екі бек,
Көргенін баян етеді.
Бұл сөзді естіп түсініп,
Баба Ғамбар сөйледі,
Сөйлегенде не дейді:
—Мен сұрайын бірің деп,
Маған жауап бер,—деді.
Күрең қасқа келген атты,
Айтқан сөзі балдан тәтті,
Аждаһадай бек айбатты,
Тұрып сізге уағыз айтты,
Көрдің, қозым, кімдер еді?
—Келіп бізге тұрғыл деді,
Жылдам атқа мінгіл деді,
Бердім мынау үш гүл деді,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Қыдыр Ілияс пірлер еді.
—Ақырын күтіп Жаппар Хақтан,
Кезіп жүріп жапа тартқан,
Неге жүрсің бұл зынданда,
Жылдам елге қайт деп айтқан,
Білдіңіз бе кімдер еді?
—Ғаламнан асқан тұлғасы,
Астында дүлдүл жорғасы,
Шын түскен бізге ықыласы,
Шаһимардан шерлер еді.
—Бәдандары күнге күйген,
Аяқтары жерге тиген,
Жалбыратып шашын түйген,
Көрдің қозым кімдер еді?
—Шаршағандар жәрдем күткен,
Көріп мехнат сапар шеккен,
Сасқандарға жәрдем еткен,
Тасқандарды қанды еткен,
Баһауиттен пірлер еді.
—Басында қызыл дастары,
Қиылған қара қастары,
Дүниені тұтқан әскері,
Көрдің, қозым, кімдер еді?
—Шөлде жүрген қысы-жазы,
Қолында ділдә дабылпазы,
Бабай түкті Шашты әзіз,
Балуан ноян ерлер еді.
Баба Ғамбар соны есітіп,
Түсініп тартты өкпені:
—Қалай ғажап әңгіме,
Жолықпай маған кеткені.
Үш гүл бар сіздерге,
Зындандағы жеті жыл,
Үш-ақ күн қалып біткені,
Үш күннен кейін шығар деп,
Жолыңды пірлер күткені.
Мен қалармын босанбай,
Соқпауы ыншан үйткені.
батырлар жыры
Күндерде бір күн Көзалша
Тамаша ойлар қылады,
Неше сардар төрені
Өз қасына жияды,
Сөз басталып біріндеп:
«Жүсіп, Ахмет баяғы
Тірі ме?» деп сұрады.
Топырақ болып қалды ғой,
Деп жүретін қылалы.
Тірлігінен қаупі зор,
Тие ме деп зияны.
Бабаниязды алдырып:
«Білдің бе?» деп сұрады.
Бабанияз түрегеп:
—Айтайын, тақсыр, басынан,
Ертелі-кеш өтемін
Зынданның жақын қасынан.
Жатумен беклер күйленді,
Өлетін емес асылан.
Үйлерінде бар екен
Тырнаның жеті баласы,
Үйреткен баулып жасынан.
Хат әкеліп елінен,
Жақында кетті осыдан.
Айтқаны өлең, тартқаны күй,
Тырнадан тағы хат берді,
Жәрдем етіп өзінің
Еліндегі досынан.
Бұл сөзін естіп Нияздың,
Қызылбастар шошынған,
Қырық жігіт үйткені,
Жиырма мыңын өлтірген,
Ғашірбек еткен соғыстан,
Қырық мың әскер қосынан.
Түк қалдырмай қырар ет,
Қырық жігітке сол күні,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Он кісі болса қосылған.
Елімізді бүлдірер,
Ғаскер келсе жосылған.
Аман-есен тұрғанда,
Құтылмадық осыдан.
Қорқу кіріп бәрі де,
Сол жердегі адамдар,
Қырғанда болды мұсылман.
Ақыл таппай дағдарып,
Қорықты кәпір шынымен.
Көкшағыр сөйледі
Бұл жұмыстың тынымын:
—Өлеңші болса алдырып,
Айтыстыршы менімен.
Мені жеңсе екеуін,
Сыйлық беріп тойғанша,
Еліне қайтар сыйымен.
Жеңілсе менен екеуі,
Бізге кірсін дінімен.
Осы сөзге шарт қойып,
Алдырды бекті ортаға,
Отырған мынау түрімен.
Еркінсіп өскен Көкшағыр
Өлеңді бастап жіберді,
Бектердің көріп порымын.
—Ай-а, бектер, ел жұртыңнан айрылған,
Пенде болып қос қанатың қайрылған,
Жеті жылдай жатып зындан қайғырған,
Әлі қазір бізден көрші тамаша.
Жүсіпбек:
—Жеті жылдай қалдым мәжіліс қызықтан,
Жәбір көріп Мырза Мәмбет бұзықтан,
Озмыш болмас Тәңрі жазған сызықтан,
Қалы қазір көрсең көрші тамаша.
батырлар жыры
Көкшағыр:
—Әлі сенің тәкәппарлық басыңда,
Ахметбек жалғыз інің қасыңда,
Аяушылық берді өлімге басыңды,
Қазір дарға тартқанда көр тамаша.
Жүсіпбек:
—Қайлаң бар ма қызылбастар етпеген,
Менің датым дұшпанымда кетпеген,
Бедеу мініп қару-жарақ күйіттеген,
Ғашір тағам келгенде көр тамаша.
Көкшағыр:
—Қараңыздар, бұл өзбектің есерін,
Бадбақытта шығып еді кеселің,
Жалғыз тұрып жарамайды шешенің,
Мұнарадан ұшқанда көр тамаша.
Жүсіпбек:
—Бек Жүсіптің қанасына толған-ай,
Бақ-дәулетім бүгін басқа қонған-ай,
Үш күн болды пірлер қонақ болғаны,
Шығасың деп айтқанда көр тамаша.
Көкшағыр:
—Ай-а, өзбек, пірлер кімді қолдайды,
Пір қолдаған не үшін көрді мұндайды,
Енді тірлік бізден сізге болмайды,
Күл талқаның шыққанда көр тамаша.
Жүсіпбек:
—Бек Жүсіптің Шаһимардан пірлері,
Ғұмар, Ғұсман төрт жарға кір деді,
Бүгінгі күн сілтеу берген күндері,
Қазір елге жүргенде көр тамаша.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Көкшағыр:
—Тәңрі кессін, екі өзбек, тіліңді,
Ойран етем барып Түрікпен еліңді,
Малай қылып сендей неше бегіңді,
Күлғасылды құшқанда көр тамаша.
Жүсіпбек:
—Қылған ісің сенің кәпір өтіп тұр,
Қазір нәубет енді бізге жетіп тұр,
Қаракөз де бізге қызмет етіп тұр,
Мінгестіріп қайтқанда, көр тамаша.
Көкшағыр:
—Мынау өзбек сөзін қалай айтады,
Ырас болса азат болып қайтады,
Жалған айтса, қазір дарға тартады,
Қаракөзім келгенде көр тамаша.
Жүсіпбек:
—Жалған айтсам, мені дарға тартыңыз,
Ырас болса, қырық қашар зер артыңыз,
Шақырып ал да Қаракөзден сұраңдар,
Қаракөзім келгенде көр тамаша.
Қаракөздің жауабы:
—Айтады бектер ырасын,
Сөзімді қалқам сынасын,
Күнәсі қанша бар еді,
Нақақтан жала қыласың.
Жеті жыл салып зынданға,
Ділдәдан дары құрасың,
Дарыңа құрған мені тарт,
Бектердің сағы сынбасын.
Шын дінге қарап кеткенмін,
Тынбай қызмет еткенмін,
Кемшілік бердім десең де,
Мұрадына жеткенмін.
батырлар жыры
Алмаса да сөзім шын,
Сонда да Хақтан күткенмін,
Беклер сүйсе, мен сүйдім,
Жалған айтар деп пе едің
Жүсіп, Ахмет бектерім.
Бұлай деп сөйлеп Қаракөз,
Мойнына сөзді алады,
Ырастап сөзін бектердің,
Кәпірге қайғы салады.
Намыс қылып қызылбас,
Ажырайып қарады,
Қаракөз бен бектерді
Өлтіру жағын қарады.
Келмесе де қолынан,
Патшадан тағы сұрады.
Көзалша сонда сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Тыңда,—деді—көбіне,
Нақақ еді әуелден,
Қарасақ істің жөніне.
Жауаптан тағы жығып тұр
Ақыныңды көріне.
Қол-аяғын шешіңдер,
Қайтарайық еліне.
Екі бедеу ат беріп,
Сыйлыққа түрлі зат беріп,
Екі қылыш байлайды
Бектердің әкеп беліне.
Қырық қашарға толтырып,
Алтын-күміс береді,
Пенде болған бегіне.
Ертіп шықты падиша,
Шаһардың оқшау шетіне.
—Ғафу ет,—деп,—ісімді,
Сөйледі патша өтіне,—
Бұл сөзіме құлағың сал, екі бек,
Пенде болдың жеті жылдай қайғы жеп,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Алтын артып қырық қашарды сый қылдым,
Қабыл етсең, енді бізден келді көп.
Жазықсыздан бердім сізге қапаны,
Көңліңізге салдым түрлі жапаны,
Еркек болсаң ерлігімді білерсің,
Кешірсін деп ділдә бердім қатаны.
Жүсіпбек:
—Ай-а, кәпір, енді тоқтат сөзіңді,
Жеті жылдай төмен еттің жүзімді.
Дүниеңе менің көңлім бітпейді,
Қырық жігітке бір ойдырмай көзіңді.
Жазықсыздан неге маған қас болдың,
Жеті жылдай көздерімді жас қылдың,
Дүние малын маған айдап берсең де,
Алла ғалам мен көңлімді тас қылдым.
Қылған ісің сенің кәпір өтіп тұр,
Қазір нәубет енді бізге жетіп тұр,
Дүние малын бәрін сыйға берсең де,
Саған деген менің көңлім бекіп тұр.
Күшің болса сен де ойла жабдықты,
Үргеніште жүргізермін хандықты.
Жеті ай өтіп, сегізінші ай жүзінде
Көрсетермін саған, кәпір, тарлықты.
Жүріп кетті екі бекзат
Көзалшаға зарар беріп,
Босатқанға пұшайман боп,
Кетті патша кейін жүріп.
Қашарды айдап кетті бектер,
Қайғы кетіп шаттық толып.
Ойнап-күліп сайрандайды,
Жеті жылдай қалған өліп,
Күйге салып кей уақытта,
Ән қозғайды тоқтап тұрып.
батырлар жыры
Бағ уақытты жаңғыртады,
Кейде зарлап, кейде күліп,
Ата-анасы еске түсіп,
Кей уақыттар күлмей тынып,
Бірін-бірі жұбатады,
Кей уақытта сабыр беріп.
Балһүдіктей көлге жетті бір күні,
Тынбай жолда жетті ай жүріп.
Сұңқарларды есіне алды,
Қан құсты жүрегін тіліп.
Саясында сайраған гүл
Бала жастан зауық қылып.
«Біз кеткелі нешік заман,
Қалай жым-жырт жатыр тынып.
Қырық жігіттен түк хабар жоқ,
Құс ілдірген бедеу мініп,
Шамасы жан жүрмеген-ау,
Біз кеткелі біреу келіп».
Бұлай сөйлеп келе жатып,
Үргеніштің мұнарасын,
Қуанады тағы көріп.
Өткен істер естен шығып,
Ахметбекке бір сөз айтты,
Жүсіпбектің іші жылып.
—Дариядан көктей өтіп,
Фәлакт қайғы күтіп,
Үргенішке келдің, Ахмет,
Жеті жылдай зар еңіреп.
Өткен күндер бар ма екен деп,
Көңілде арман зар ма екен деп,
Екі бекзат аһ ұрады,
Бұрынғы жұрт бар ма екен деп.
Екі бектің есі кетіп,
Қайғылары қанден өтіп,
Біз кеткелі не замандар,
Ел-жұртымыз қалды неғып.
Жаңа шаттық көріп едік,
Он екіде қайғы жедік,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Өз жеріңе келдің, Ахмет,
Пенде болып Месіл кетіп.
Ахметжан сөйлейді:
—Шыққан жоқ арман көңілден,
Айрылдым жастай елімнен,
Дәуренім басқа келген жоқ,
Басуға жерді ерінген.
Бүгін өткен түсімде,
Қожа Шайхы кәміл пір
Көрінді менің көзіме.
Тау түлкісі жүгірген,
Қияға сұңқар ілінген,
Сүйіп алған Нәдірбек,
Көрместей бізден түңілген.
Қызын беріп күйеуге,
Той қылып қырық күн бүлінген.
Түзелмес деп ойлапты
Біздерді Хақтан сүрінген.
Үргенішті ел көріп,
Нәдірбекті бек көріп,
Сенушедім шынымен.
Бүгін айдың нешесі,
Көңілдің қайғы көшесі,
Дүниеден өтті деп,
Айтып кетті Шайхы пір
Ахмет, Жүсіптің әкесі мен шешесі.
Ырас болса көргенім,
Жалған елге келгенім.
Маған ешкім жоламас,
Қолында дұшпан жатсам да,
Тірліктен хабар бергенмін.
Рақымсыз шіркіннің
Құтсыз болып іргесі,
Қалды ғой жалғыз өлгенім.
Мұны қылса Нәдірбек,
Қайрат етіп қан төгіп,
Осы екен жаулар елдерім.
батырлар жыры
Осы сөзбен екі бек
Үргенішке келеді,
Көшенің бір жақ шетінен
Қашарын айдап енеді.
Ақырғы той ед сол күні,
Көкпары тартылған қызықты
Сыртынан бектер көреді,
Нәдірбектің азары
Бектерге қайрат береді.
«А, дариға, кісі елі,
Осы екен» деп айтатын,
Амалсыз зорға көнеді.
Мұнан өтсе бір жерде
Қырық жігіттің бастығы
Сапабекті көреді.
Жолығып тұрды танымай
Қолында өскен төрені,
Шақырып алып Жүсіпбек,
Сөйлетіп мұны көреді.
—Ай-а, жігіт, атың басын бұра тұр,
Сөзің болса бізге баян қыла тұр.
Біз мүсәпір елден елге жүргінші,
Жөн сұраймыз жөніңді айтып бере тұр.
—Мен мүсәпір жүдеп жүрген жөнімнен,
Әм айрылған айдын шалқар көлінен.
Мен ешкімге жөн сілтеуді білмеймін,
Айрылғалы Жүсіп, Ахмет бегімнен.
—Кім болады Жүсіп, Ахмет бегіңіз,
Және бізге баян қылшы жөніңіз.
Айтпасаң да қапаңыз бар бойында,
Арманда боп кімде кетті кегіңіз?
—Пенде болды Жүсіп, Ахмет екі бек,
Мандайыма сиғызбады құдірет.
Ай, жігіттер, енді мені сөйлетпе,
Біздің бастан таусылмайды өткен кеп.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
—Пенде болса Жүсіп, Ахмет бектерің,
Кім білмейді қызылбасқа кеткенін.
Иә ағасы, иә тағасы медіңіз,
Сегіз жылдай оның дертін күткенің?
—Сол бектердің бізде қалды тілеуі,
Алтын бақан жұрттың тайды тіреуі.
Өзімменен жатса-тұрса жан жолдас,
Мен сорлы едім қырық жігіттің біреуі.
—Ол бектерің елге қайтып келмей ме,
Барса кәпір мұсылмандар жеңбей ме?!
Сенің көзің не себептен көр болды,
Үргеніштің елі түгел сендей ме?
—Бектер тайды мініп тұрған тағынан,
Тұлпар қалды озып жүрген бабынан.
Үргеніштің несі кетсін дариға,
Жұда болған біз болмасақ қағынан.
—Құлдай ісі бектер қайтып келмесе,
Пенде нашар Хақ ісіне көнбесе.
Еркек түгіл әйелдер де күн көрер,
Жақынынан жәбір-жапа көрмесе.
Патшамыз осы күні Нәдірбек,
Патша қылды оны халқы кәдірлеп.
Ахметбектің атасы еді ол доңыз,
Бара жатыр бұл уақытта жәбірлеп.
—Өскен сөзге бармаушы еді қалыбың,
Үрістемдей шықты бір тысқа дабылың.
Өтірік айтпай, ырас сөйле, ай, жігіт,
Патшаңыздың қалай көрдің жәбірін?!
—Ерғали хан дүниеден өтіп тұр,
Қазір нәубет Нәдірбекке жетіп тұр.
Қызын беріп бұл уақытта күйеуге,
Тағы бізге зәбір-жапа етіп тұр.
батырлар жыры
—Бұл жұмысқа оның қызы көнді ме,
Көнбесе де өзі зорлап берді ме?
Ахмет, Жүсіп, иә өлік пе, тірік пе,
Жұртыңызға бұрын хабар келді ме?
—Ол бектерден ешкім хабар білмейді,
Азат болса неге қайтып келмейді.
Қырық күн болды бүгін тойдың ақыры,
Қыз сүймейді, бірақ әлі келмейді.
—Ол бектердің біз білеміз дерегін,
Бұл елдерді қуантуға келемін.
Бірге шықтым қызылбастың елінен,
Сол хабарды енді сізге беремін.
Сапабек сонда сөйлейді:
—Тұра тұр, бектер, кідіріп,
Жүріпсіз елді қыдырып,
Кете ме деген ойым бар,
Жабыққан көңлім тындырып.
Құданың салған дағы бар,
Белімді жастай сындырып.
Пірлердің айтқан сөзі бар,
Жақында қызық бүлдіріп.
Жүрегі құрғыр тартады,
Жүсіп, Ахмет бектер кеп,
Жүргендей бедеу міндіріп.
Ині құрғыр тартады,
Қамқаны таңдап кигендей.
Аузы құрғыр тартады,
Сұлуды таңдап сүйгендей.
Қолы құрғыр тартады,
Шұбар ала ту алып,
Айқайлап жауға тигендей.
Жүрегі құрғыр тартады,
Бектер деп сізді білгендей.
Құс сәулесі көлменен,
Көл сәулесі желменен,
Ел сәулесі ерменен.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Панасы жоқ байтақ жұрт,
Қаңғыған қаңбақ жоленмен,
Аспаһандық қырық мың үй,
Не жерім қалды өлмеген.
Құдіретіне Құданың
Пенде бар ма көнбеген.
Жүсіп, Ахмет бектердің
Хабары емес, өзі деп,
Ойым бар сізге сенбеген.
Жүсіпбек сонда сөйлейді:
—Тұра тұр жігіт қапалы,
Сөйлесін жауап аталы,
Дәм айдаған ер жігіт,
Бұйырған дәмді татады.
Жүсіп, Ахмет бектерміз,
Қызыр Ілияс, қырық шілтен
Неге айтсын саған қатаны.
Ғашірбекке бастаңыз,
Қорлықты жойып тастаңыз.
Жүсіп, Ахмет келді деп,
Ешкімге хабар шашпаңыз.
Қырық жігіт келсін сайланып,
Алмас қылыш байланып,
Тойханада бас қосып,
Алтын тақтың үстінде
Нәдірбек ханды жаныштаңыз.
Ертіп жүрді Сапабек
Алдына түсіп төрені,
Жылап жүрген ғаріптің
Хабар болды дегені.
Қайғы кетіп шат болып,
Ғашірбекке келеді,
Жиылып тұрған адамды
Ынтыққан Ғашір көреді.
Алмасын қолдан сынған деп,
Төбеден Құдай ұрған деп,
Сапабектен Ғашірбек
Бектердің жөнін сұрады:
батырлар жыры
—Мынауың кімдер тұрған?—деп.
Бұл сөзді естіп Жүсіпбек:
—Айтайын, таға, жөнімді,
Ер едің жұртқа сенімді,
Біз үшін тастап келіп ең,
Аспаһан, Шамбол еліңді?
Ұмытып бізді кеттің бе,
Арманда өткен бегіңді?
—Бектерім, шын ба келгенің,
Ырас па Құдай көргенім?!
Саламат қайтып келдің бе,
Қолында дұшпан өлгенім.
Жәрдем ет енді біздерге,
Әлу қожа пірлерім!
Қазір өле кетсем де,
Арманым жоқ құдірет!
Ғашірбекке танытып,
Келтірді бектер ажарын.
Қайтармақ болды дұшпаннан,
Болса да қанша зарарын.
Қырық жігітке хабар бер,
Ат қорын дайындап,
Оятсын деп назарын,
Есегін айдап екі бек,
Жүре берді аралап
Үргеніштің базарын.
Бір бұрышта көріпті
Шайхы Шәріп бабасын,
Талай қиын жерлерде
Тигізген еді бектерге
Әлденеше панасын.
Бектерді айдап кеткенде,
Қыдырған батпақ даласын.
Бектердің келіп жанына,
Былай деп сөйлеп қарасын:
—Айдалып көзің көр боп ед,
Қызылбастың қаласын,
Өлтірмекке дар құрып,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Келтірген өлім қарасын.
Ашуды таста, екі бек,
Бұл елдің алма мазасын.
Өзі тартар Нәдірбек
Сендерге берген жазасын.
Жаңадан тілеп талапты,
Өткеннің тастап шатасын,
Сыйламай кетпе, Жүсіпбек,
Пірлердің алмай батасын.
Бұл сөзді естіп пірлерден,
Аяғына жығылды,
Барамыз деп сіздерге
Ақылын айтқан ұғынды.
Бата беріп бектерге,
Әмірін күтіп сиынды,
—Ай-а, бектер, келдің аман,
Мақсұтыңыз бітсін тамам,
Дұшпаным деп етпе жаман,
Жүре бер, бектер, жүре бер.
Елге берме жамандық,
Әрдайым бергіл адалдық,
Бұлардікі надандық,
Жүре бер, бектер, жүре бер.
Жаһандық сын жақсы болмас,
Уақытсыз болат сынбас,
Ешкім енді қарсы тұрмас,
Жүре бер, бектер, жүре бер.
Жүзіне ұрма қатаны,
Таппасын онан сапаны,
Мойнына қойып батаны,
Жүре бер, бектер, жүре бер.
Бата алып пірден мәз боп,
Тойханаға жүріпті,
Көрмек үшін қызығын
Арнап соған келіпті.
Жиналған көпке кіріпті,
Әдеппен сәлем беріпті.
Қаракөз берген домбыра,
батырлар жыры
Арқада сұлу көрікті.
Неше түрлеп сырлаған,
Қырық екі шекті құрмаған,
Таңырқап халық көріпті.
Бір естуге дауысын,
Құмарланып желікті.
Жетіп барып біреуі,
Ханға хабар беріпті.
Хан шақырды қасына,
Тартыпты сондай сенікті,
Айтар деп мақтап тойымды,
Өлеңші деп сеніпті.
Ахметбек:
—Менің өзім көп кеңесті білмеймін,
Және сізге қошемет қып күлмеймін,
Бұл сөзімнен ғибрат алып біл деймін.
Баба, құтты болсын тойыңыз,
Ұят болар, осы тойды қойыңыз.
Месіл кеткен бекзадалар аман дүр,
Олар келсе, мынау ісің жаман дүр,
Мұнан кейін ойын-күлкің тамам дүр.
Баба, құтты бола берсін тойыңыз,
Тілімді алсаң, осы тойды қойыңыз.
Беклер қайтып өз жұртына келмей ме,
Ақыл берген неше тентек сендейге,
Сендей хандар ат астында өлмей ме.
Баба, құтты болсын тойыңыз,
Әлі де болса осы тойды қойыңыз.
Сен бектерден қалай хабар алмадың,
Қызың тұл ма беремін деп қамдадың,
Ақырына неге назар салмадың.
Баба, құтты болсын тойыңыз,
Масқара ғой, мынау тойды қойыңыз.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Жөн сұрасаң, біз Месілден келеміз,
Екі бектің біз де жайын білеміз,
Бұл мәжіліс қазір сіздің кереңіз.
Баба, құтты бола-ақ қойсын тойыңыз,
Әлі де болса осы тойды қойыңыз.
Қарап болып Нәдірбек,
Аңқайып қарап тұрады,
Ойға қалып шақырып,
Уәзірлерден сұрады:
«Түсіндің бе сөзіне,
Өлең кімге ұнады?».
Қыдырып жүрген жендеп деп,
Уәзір мазақ қылады.
Айдап шығып жиыннан
Кеуілдері тынады.
Кісі салып қызына,
Жүргізе бастат құданы:
—Бұл сөзді айтыңыз
Ата менен анаға,
Қайта жамау қылмасын
Бұрынғы көрген қапаға.
Әуелде разы болғанмын
Бектермен қылған батаға.
Дерегін білмей солардың,
Басымды қоспан шатама.
Тірі болса бектерім,
Іздемей бізді жата ма.
Ашылмады маңдайым,
Тақылдады таңдайым,
Дүниені ақтарсам,
Маған енді кездеспес
Жүсіп, Ахмет хандарым.
Ол бектерді ұмытып,
Басқаны қайтып таңдайын,
Ішімде кетті арманым,
Алланың күттім парманын.
Дерт қабыңдап күшейіп,
Сегіз жыл болды зарладым.
Мейрімсіз ата-ана,
батырлар жыры
Көзіңнің қырын салмадың,
Өлгенше естен кетер ме,
Жүсіп, Ахмет хандарым,
Үрістем мен Дастандай,
Қайратты туған жандарым.
Айып етпе, ел жұртым,
Кетті ғой менің арларым.
Баралмаймын Айханға,
Келмесе де екі бек,
Соларды күтіп қалғаным.
Күлғасыл Жүсіпбектің әйелі келіп, Күлхадишамен көріскені
—Күлхадиша, құлақ сал,
Менің айтқан сөзіме.
Нешік шара қылармын
Бұл ғажаптың тезіне.
Бүгін өткен түсімде,
Ғайып ерен кәміл пір,
Ол көрген түсім шын болса!
Осы тойға ханымыз,
Қабыл болса зарымыз,
Әлгі жыршы не деді,
Кетті ғой біздің сәніміз.
Ырас болса ол түсім,
Аман-есен қосылар,
Жүсіп, Ахмет жарымыз.
«Кемшілік күнің қалған,—деп,
Оралды қайта жалған,—деп,
Қапаланба, Күлғасыл,
Бүгін тойға қамдан,—деп,
Егер барсаң ол тойға,
Кеуілден шығар арман,—деп,
Саған келген пәлеге,
Көптен ара түсем деп,
Қанатым менің талған»,—деп,
Ол көрген түсім шын болса,
Әлгі сөзді сөйлеген,
Отырмын біздің хандар деп.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Қарлығаш тағы сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Хабар алды екі бек
Үргеніштің қалынан,
Тағатым қалмай барады
Ханшалардың зарынан.
Айрылса, кімдер зарламас,
Басындағы бағынан.
Қайғылы болған Қарлығаш
Келіп еді со жерге,
Күлғасылдың соңынан.
Келмей нағып шыдасын,
Күлхадиша жеңгесін
Ұзатам деп жатқанда,
Құдай ұрған Нәдірбек
Ақ батаны ұмытып,
Жаңадан малға сатқанда.
Ақылың болса, жігіттер,
Осы бес күн дүниені
Басымда тұр деп мақтанба.
Айхан деген мырзалар,
Ахметбек, Жүсіпбектің
Алмақ түгіл әйелін
Жарамаушы еді бір кезде
Калошын қорықпай сақтарға.
—Айналайын қос жеңеше,
Жүрушедім сіздерді
Ағекемнің көзі деп,
Тірі болса ойлаушы ем,
Келетін болды кезі деп.
Бұл уақытта ойлаймын,
Көрінген маған жақсылық,
Болды ма жалған кезі деп.
Әлгі шыққан қос бекке,
Үрікпейді жүрегім,
Ағекемнің өзі деп.
Ахмет ағам сияқты,
Ақ бетінің қалы бар,
Маңдайында алты қыл,
батырлар жыры
Көлденең біткен ағы бар.
Шамырқанды шамданды,
Көңлінде қасірет тағы бар,
Сенің атаң Нәдірбек,
Отыра алмады көргенде,
Артып тұрған бейлі бар.
Әлгі шыққан қос көкжал,
Жұрт иесі әкекем,
Бектерің болып табылар.
Бұлар шулап жатқанда,
Қаланың алдын қан басты,
Есіктің алдын шаң басты.
Таң қалып халық тұрғанда,
Қырық арыстан Ғашірбек,
«Жүсіпбек хан!» деп жар шашты.
Ғашірбектің шұбар ту
Бау ішінде тігілді,
Мұны көріп шошынып,
Жұрт жаннан түңілді.
Дұшпандары қорқып басылып,
Достардың бойы жылынды.
Жүсіпбектің ұраны
Сегіз жыл болды өшкелі,
Бүгін келді қырық жігіт,
Басынан заман көшкелі.
Табандатып қырық жігіт,
Дұшпанның басын кескелі.
Қырылып қалды сол жерде
Жеті жүздей әскері.
Қырық жігіт жүр көшеде,
Сайрандап шауып қыдырып.
Нәдірбек түсіп тағынан,
Түсе қашты тығылып.
Қылыштан аман қалмады,
Кездескен дұшпан сығылып.
Хан қасында отырған
Қазық аяқ жәндеттер
Қоса кетті қырылып.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Ау, тақсырлап отырған
Хан қасында қайрақтар
Жау ішіне кіре алмас,
Жүрегі жоқ тайғақтар.
Патшадан инғам алғандар,
Жұртты жебеп дәндеп қалғандар,
Бұлар да қалды қырылып.
Қайратына сенгендер,
Аман кетті құтылып.
Жан сауғалап келгенде,
Аяғын алшаң басқандар,
Халыққа зәрін шашқандар,
Бұлар да қалды қырылып.
Қанасынан асқандар,
Қазалы тапты қазасын,
Дұшпанның берді жазасын.
Қызыл қанға бояды
Ақ алмастың сағасын.
Мұны көріп Жүсіпбек,
Шақырып алды қасына
Ғашірбектей тағасын.
Жүсіпбек келді:—Тағам,—деп,
Әлу қожа шайхы пір,
Жолыққан бізге бабам деп.
Ханның қанын сұрады,
Беріңіз бізге балам деп.
Пірлерге сөзді мен бердім,
Ұнай ма бұл сөз саған деп.
Бердім деп түсті Ғашірбек
Жүсіпбектің жанына.
Зар жыласып қырық жігіт,
Жығылды аттан жабыла.
Қырық жігітпен көрісіп,
Шүкір қылды екі бек
Құданың салған дағына.
Бұларды болсаң баяндап,
Енді бармай қайтеміз
Нәдірбек атты ханыңа.
Шылбыр салып мойнына,
батырлар жыры
Текпілеп тақтан құлатты,
Қарамады арына.
Әруағын қаштырып,
Өкшесін атқа бастырып,
Алып келді қырық жігіт
Жүсіпбектің алдына.
Жүсіпбек күліп сөйлейді:
—Нәдірбекпісің сен,— дейді,
Жүсіп құдаң мен,— дейді.
Ұмытып мені қалдың ба,
Көрісейік кел,—дейді.
Не жазығым бар еді,
Ұмытып мені кеткендей.
Залалым қанша болып ет,
Ішке пікір бүккендей.
Қылған ісің ойласам,
Тірілік сенен біткендей.
Қызылбасқа кеткенсін,
Келер деп бізді білмедің.
Білмегенің емес пе,
Аспаһандық қырық мың үй
Адамын көзге ілмедің.
Төрт ұлтты дерт беріп,
Ғариларды тергедің.
Ойламадың обал деп,
Келеке қылдың өлгенін.
Өз ісіңді өзіңе,
Келтірмек еді мақсатым,
Әлу қожа пірлерге,
Қаныңды соған бергенім.
Бұл сөзді айтып Жүсіпбек,
Қол аяғын шештірді,
Нәдірбектің кінәсін
Өзінше айтып естірді.
Некесін сол күн кестірді,
Үргеніштің тағына
Қайта отырып Жүсіпбек,
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Көңілді жайып өстірді.
Тілектес жүрген достары.
Дұшпанды жеңіп бостырды.
Күлғасылды әкеліп,
Жүсіпбекке көрістірді.
Күлғасыл сонда сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Бұл дүниенің баршасы пәни,
Көңлімнің көп дүр арманы,
Әрне болса хақ парманы,
Тірлігімнің меһірбаны,
Келің, төрем, көріселі.
Жүсіпбек
—Әмір болып Жаппар Хақтан,
Ішім толып маламаттан,
Жаңа шықтым қасіреттен.
Неге айтасың түс деп тақтан,
Келің, айым, көріселі.
—Сенің дертің менде қожа,
Күнде күйіп жандым шоққа.
Дерт айтыспа, төрем, тоқта,
Тақтан түсіп көріселі.
—Неге қатты сенің дертің,
Патша қызы сұлу көршің,
Үргеніштің бердім жұртын,
Қалдың бізден өзің еркін,
Келің, айым, көрсшали.
—Күйдім, жандым, көрдім сені,
Жәбірледің мұнша мені.
Анаң таза, анаң жәби,
Тақтан түсіп көріселі.
—Атам төре тудым заттан,
Ағаң Нәдір бізді сатқан.
батырлар жыры
Ісіңді өлшеп дұрыс мақтан,
Келің, айым, көріселі.
—Қата айтылса менің сөзім,
Көре алмай тұр екі көзім,
Аяйтұғын болды кезің,
Көзіме ем сүртсең дүрің,
Келің, төрем, көріселі.
Бұл сөзден тоқтап Жүсіпбек,
Қасына жетіп келеді.
Күлғасылдың тілегін
Аяп қабыл етеді.
Неше күндей той қылып,
Мақсұтына жетеді.
Айханменен табысып,
Қарлығаш айым сұлуды
Сол күн неках етеді.
Дәурен сүріп осындай,
Бірталай күн өтеді.
Месілден көрген азары,
Еске түсіп бір күні
Жүрмекке талап етеді.
Хат арқылы нөкер жинағаны:
«Бізден сәлем Бозұғландай бабаға,
Көп өтініш үлкен-кіші ағаға,
Азат болып қызылбастан келсем де,
Менің басым бұл уақытта табада.
Бұл сапарда дұғагөй болып жүріңіз,
Өз басыңа өтініш сол жанада.
Жазығым жоқ жәбір көрдім залымнан,
Дін мұсылман бұл намыстан қала ма.
Сіз хабар бер Шақан ағай батырға,
Үргеніштен шықсам керек жақында.
Көрұғлының көріп қалған соғысын,
Сол данышпан келсін демін ақылға.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Көп ұзамай келсін ерлер сайланып,
Әсем қылыш белдеріне байланып.
Бұл назымды баршаңызға шағамын,
Енді үйде отырмаңдар жайланып.
Ауған бегі бұл хабардан қалмасын,
Қызылбастың қылышын талау мал басын.
Жүре берсем өз әлім де келеді,
Мұсылмандар алсын деймін олжасын.
Бозұғлан хан, сізге шақтым қапамды,
Кешіріңіз өткендегі қатамды.
Жүсіп, Ахмет әуре болған жиенің,
Қабыл алып өтінеміз батаңды.
Бұл арадан жеті айлық жол арасы,
Соған қият Көреген дария саласы.
Бадбақытта бас қосалық жиналып,
Сөзім осы, қош аман бол, нағашы».
Он екі мың Үргеніштен қол алды,
Қол бүлігін Нәдірбек хан сол алды,
Қырық жігітке сардар болып Ғашірбек,
Қарауыл мен Шындауылға бұл барды.
Дүйсенбі күн қосын шықты далаға,
Бектер барды қош безірек бабаға.
«Жолың болат жақсы келдің, парзантым,
Бар жүре бер, алды-артыңа қарама.
Көптен бері Көзалша да жатпады,
Сіз кеткелі дұрыс таңы атпады.
Қол алдында қырық жігітке кездесіп,
Олжа болар біразының аттары.
Ауазыңыз жер мен көкке тарап тұр,
Дін мұсылман жолдастыққа жарап тұр.
Баба Ғамбар, Бабанияз, Қаракөз
Келе ме деп жолдарыңды қарап тұр».
батырлар жыры
Жүріп кетті пірдің алып батасын,
Кешіргіл деп сөздің болса қатасын.
Батбақытқа барған күні бас қосып,
Бектер тапты Бозұғлан хан атасын.
Бозұғлан сөзі
—Келдің бе аман, бектерім,
Атадан асқан тектерім,
Менен саған кім жақын,
Сөзімді менің кектедің.
Аспаһанды ойран қып,
Үргенішке кеткенің,
Ғаярға бойыңды алдырып,
Бетімнің арын төккенің.
Қайсыбірін айтайын
Бойымда жүрген өкпемнің.
Сөзімді алмай қалдырдың,
Ішімді оттай жандырдың,
Аңдып жүрген дұшпанға
Аяғыңнан алдырдың.
Сол жерде мені жоқтадың,
Өлем деп ырас қорықпадың.
Жүралмай бара жатқанда,
Шыдамай барып соққанмын.
Пірлер жәрдем бергенсін,
Түзеліп еді соқпағың.
Сені айдаған екі бек,
Үргеніштің надандары,
Шақырып қойған хандары,
Тағын беріп хан қылып,
Қызын беріп алдады.
Сіздер пенде болғанда,
Ешкімге хабар салмады.
Сарт аралас жұрт екен,
Қорқытқанда сыйлайтын,
Уағда жоқ танбағы.
Маған дұшпан болғаның,
О да соның салдары.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Сендерді аман көргенсін,
Ішімде пікір қалмады.
Таусылып мұнша нетемін,
Дүниеден мен де өтемін.
Екеуіңді мұқатып,
Не мақсұтқа жетемін.
Осыдан аман келгенсін,
Еліңе жүр, екі бек,
Аспаһан сенің мекенің.
Он бес мың әскер әкелген
Бозұғлан хан бабасы.
Құр нағашы болғанша,
Қысылған жерде жігітке
Осындай сын панасы.
Бұлар бүйтіп жатқанда
Оңтүстіктен шаң шықты,
Бауыр болып жан шықты,
Қосынға келіп жолықты,
Адамы екен ауғанның,
Қайраты қардай жауғанның,
Он бес мың ерген нөкері,
Батыр Шақан бастығы,
Басын кескен жандардың.
Тоқсан бесте жасы бар,
Қарап тұрған басы бар,
Сол дәуірдің өзінде-ақ,
Талғандар келіп асылар.
Алдынан шықты екі бек:
«Жасы бір үлкен ағам,—деп,
Датпан туған бабам»,—деп.
Аттан түсіп көрісіп,
Амандасты ер Шақан:
«Ардақты туған балам,—деп.
Аспаһанда жүргенде,
Естушедім сыртыңнан
Үсті туған адам деп.
Аспаһанды талқан ғып,
Үргенішке барғанда,
батырлар жыры
Өкпеледім саған,—деп,
Хан баласы тағаң,—деп,
Халық иесі бабаң,—деп,
Ұлық болсаң кішік бол,
Тәкәппарлық жаман,—деп.
Құшағын жайды ер Шақан:
«Сіздерге берген санам»,—деп,
Тағы бір адам көрініп,
Келе жатыр алыстан,
Бозбаласы сауыққой,
Аударысып жарысқан.
Бұлардан хабар алмаққа,
Қарсы шықты алдынан
Ғашірбек атты арыстан.
Адамы екен текенің,
Бастығы заман данышпан.
Он алты мың ерменен
Бектерге келіп қауышқан.
Белді белден бел асты,
Бектерге садақ жарасты,
Дұшпаны қорқып қайғы ұрып,
Көңілге достар жанасты.
Көргендер қашты, достасты,
Тозаңдатып жердің жүзін,
Неше шөлден тынбай басты,
Үш ай, төрт ай бітіп,
Месілге келіп араласты.
Көгеннің дариясына
Қосын түсіп орналасты.
Адам салып екі бекзат,
Көзалшаға хабарласты:
—Көзалшаһи, құлақ салғын сөзіме,
Дұшпан болып қайтып келдім өзіңе.
Асығыс саспай алды-артыңды жинап ал,
Үш айға мәулет бердім өзіңе.
Өш бітпей дұшпандық арада,
Залымдықпен сый қылмаймын жана да,
Кеуліме алған мақсұтыма жетемін,
Уәделі үш ай біткен шамада.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
Оған дейін расқотты қат берсін,
Бір түстен үш жүз үлкен нар берсін,
Осы нардың қатарынан қалдырмай,
Әр түліктен сайлап қосып әкелсін.
Нардың жүні болсын алтын ділдәдан,
Дайын қылсын бір жетінің ішінде,
Патша ғой көптен бері жинаған.
Он мың тұлпар болсын бедеу қарадан,
Артық болсын көріп жүрген шамадан.
Мініп алып шу дегенде ағыны,
Алып түссін ұшқан құсты әуеден.
Мұнан басқа он мың жорға ат керек,
Және бізге он мың алтын тақ керек.
Үшбу менің сізге берген хабарым,
Бар ма ойыңда бізге берген азарың.
Күшің жетсе, бар жатыңды қырдырып,
Месіл шаһарын күл ғып отқа жағамын.
Осы бүгін Көзалша
Елшіден хабар тапқаны,
Месілден бектер кеткелі,
Бір күн дамыл таппады.
Елін жалпақ жиғанда
Бұлардың мынау тапқаны.
Әуел бастан белгілі,
Мырза Мәмбет ғаярдың,
Өнермен әкеп тапқаны,
Көштен қалар шама жоқ,
Болмаса сондай қақпаны.
Қайткенде жаным қалар деп,
Еліне патша шаққаны.
Пәле болып патшаға,
Бектерді ұстап жапқаны.
Дағдарып халық тұрғанда,
Мырза Мәмбет төре кеп,
Патшаға жауып қатқаны:
—Ай-а, тақсыр, құлақ сал,
батырлар жыры
Менің айтқан сөзіме.
Қырық мың әскер сайлап ерт,
Бағындырып өзіме.
Жоғалтпай тынбас мынаяр ғой,
Дұшпанның салсаң ізіне.
Бір амалын табармын,
Көрінсе бектер көзіме.
Жорыққа түсіп жатайын,
Бектердің келер кезінде.
Онан бұрын орнықсақ,
Көзегеннің өзінде,
Ар жағы шөл ғой батбақыт,
Көлінен шаршап мезімді.
Ғаярдың айтқан бұл сөзі
Барша жұртқа ұнады.
Жиып әскер құралдап,
Бәрін де дайын қылады.
Мырза Мәмбет бас болып,
Алдынан шығып барады.
Сайрандап жатып екі ай
Жан-жаққа хабар салады.
Кездесіп тұрған дұшпан жоқ,
Жалығып әбден талады.
Көлге келіп құс атып,
Өзеннің иірім түбекте
Қамалып жатып қалады.
Сол қызықпен бектердің
Келгенін білмей қалады.
Бір күні тұрып Ғашірбек
Төңірекке қарады.
Көзегеннің бойында
Көріпті жатқан қараны,
Қырық жігітті ертіп ап,
Зарлатып жетіп барады.
Мырза Мәмбет бастық қой,
Әскерге жүрген араны,
Кездесіп дұшпан қалады,
Бұғып жатып қарады.
АХМЕТБЕК—ЖҮСІПБЕК ҚИССАСЫ
«Анау Мырза Мәмбет» деп,
Ғашірбектей көкжалдың
Қиядан көзі шалады.
Орнынан басып ұстамақ,
Ғашірбектің қиялы.
Ортаға алып Мәмбетті,
Қызылбас шепке тарады.
Араласып қырық жігіт,
Қойдай айдап барады.
Соғысқан жау бірталай,
Қай уақытта тынады.
Бір күн, бір түн ұрысып,
Қырық мың келген дұшпанның,
Құтқармай бірін қырады.
Мырза Мәмбет ғаярды
Өкіртіп ұстап алады.
Ұстап алып шыңғыртып,
Құлағын кесіп құнтитып,
Мұрнын кесіп шұнтитып,
Екі көзін ойып ап,
Қу басын қойды сымпитып.
Тілерсегін тіледі,
Мазақ қылып күледі,
Ойына келген зарарды,
Аяусыз бәрін береді.
Қырық мың атты бос айдап,
Қалдырмай қару-жарағын,
Қосынға қайта жүреді.
Адам сиқын көтеріп,
Мырза Мәмбет жолдасын
Бектерге әкеп береді.
Көзал патша бұл істен
Әлі хабар білген жоқ,
Дұшпан өтіп бұлардан,
Келеді деп жүрген жоқ.
Бектердің естіп хабарын,
Ішіне түсті қайғы шоқ.
Мырза Мәмбет не болды,
Бізге хабар берген жоқ.
батырлар жыры
Айтқанын қылмай бектердің,
Қайсарын қылар дәрмен жоқ.
Баба Ғамбар, Қаракөз
Жау қолында өлген жоқ.
Бұларға барып падиша,
Ақылдасып көрген жоқ.
Бектерден қорқып қысылып,
Өлтірмейт деп білген жоқ,
Көкше шағыр ақты да,
Ақыл тауып берген жоқ,
Қаракөзді алдырып,
Жалынды патша сөнген жоқ.
—Ай, Қаракөз, қарағым,
Тағымды тастап, кешіріп,
Алдыңа келіп сұрадым.
Жолдас едің бектермен,
Тар жерде берген мұрадың.
Тіліңді алса хандарың,
Қанымды менің сұрағын.
Дайындап жинап беремін
Сұратқан түрлі құралын.
Өз сүйегім емес пе ең,
Бірге туған шырағым.
Сенен себеп болмаса,
Келіп кетті сияғым.
Қаракөз сонда сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
—Тарту деп алып барайын,
Малыңды түгел жи,—деді.
Батпай жүрген атың мен
Өз отырған тағыңды
Бас қылып маған бер,—деді.
Сыйламай кетпес бекзаттар
Қызығымды көр,—деді.
Отырудан пайда жоқ
Қамалып бұлай құр,—деді...
Бұрынғы өткен заманда,
Басталар өмір азанда,
Бүкіл қазақ аманда
Қазақтардың ішінде,
Елдігі мықты кезінде,
Көк орайлы жерінде,
Көк ордалы елінде,
Күлкілері көзінде,
Қуанышы жүзінде,
Құт-береке жерінде,
Малы семіз, елі құт,
Көрмепті халқы ешбір жұт.
Сөз маржанын шашқан жай,
Ұшқан әндер қалқалай.
Төгілген күйлер сорғалай,
Болыпты дәурен қызық-ай.
Сол қызықты бұзуға,
Бұзып жарып алуға,
Қалмақтар белді буады-ай.
Қазақтың ханы Жаманке
Ақылдан қатты сасады-ай.
Сасқанының белгісі—
Қалың да тобыр жас бала,
Қырылып кетсе не шара?!
Әлқисса, елі-халқын ойлаған, өлімге халқын қимаған хан са
сып жата берсін. Қазақтың жеріне қаптап келген қалмақтардан
сөзді есітің.
Бозұғлан
(Әбдімұрат нұсқасы)
батырлар жыры Бұрында жау болуды, елге дау салуды қалмақтың хандықтарының ішінде өзі мықты, батыры да көп, елінің аза маты да көп Қарадәу, Сарыдәудей озбыр батыры бар Қарахан патша қазақтармен сыбайлас отырған ноғайлық жұрты болар Үрім ханға сөз салды, сөз салғанда да өз күшін салмақтап, ба тырларын ардақтап, хандығын мақтап, қазақтарды даттап, Үрімге қазақтың ханы Жаманкені хандықтан қуып, олардың елін талауды, таланған малының үштен екі бөлегін Қарахан өзіне жіберуді сұрады. Айтқанды орындамаса, Үрім хандай кіші патшаның кеудесінен бас, көкіректен жан кететінін тап сырды. Бес жастағы қызы Айбаршаны Қарадәудей батырына айттырды. Үрім бұл хабарды есітіп, көңлі бұзылды. Күштіге қылар шара жоқ, айтқанына көнді. Билерінің басын қосып, ақылдасуға кірісті. Сонда ақылгөй Байбақты деген биі: —Шындығында, тақсыр, Жаманке қартайды, миы ортай ды. Елін шаппай-ақ хандықтан Жаманкені тайдырып, малымүлкін алдырып, сұрағанын Қараханға жіберейік. Қашаннан қазақтар қоңсы еді, зияны жоқ еді. Үлкейген кісіні халық ор тасында өлтірмейік, өлтірсек кейін қайғылы ел бүліншілікке ұшырайды,—дейді,—адам көрмейтін, көрініп көзге түспейтін, елсіз, шөлістанға, иә шыбын шіркейі мол, жыланы, құрбақасы тыныштық бермейтін көл жағасына олар тасталсын, ауқатсыз өздері-ақ өлер,—деді. Бұл бәріне мақұл түсті. Үрім ханның елінде Қараман дәудің Қалқаман деген баты ры бар еді. Ол Қарахан патшаның бір батырының күйеу бала сы еді. Қайын жұрттан келген хабарды есітіп, Байбақтының, Үрімнің айтқанын тыңдамай, қазақтың хансыз елін шауды, бар байлығын алды, күнде, күніме де түсіріп байлығына бусанып жата береді. Байбақтының сілтеуімен жаман арбаға мінгізіп, бірне ше күн жол жүргізіп, Терісақпа судың бойына, таспа таудың ойына тастап кетті. Бір-екі күндік азық қанша болсын, тау сылды. Жаманкенің мойнына өлімнің құрығы асылды. Жейін десе наны жоқ, ішейін десе тамағы жоқ, не қыларын білмей, бір биіктің басына шығып жан-жағына қарады, көзінің жа сын бұлады, теңселіп қарап тұрғанда, көл жағалай отырған көкқұтан менен Қарабайды көреді. Қарабай құстың астынан аса бұға балықтың қалдығын тауып алыпты. Қалдықты әкеліп
БОЗҰҒЛАН үйіне пісіріп жеп, кемпірін құшақтап, әзіл айтып қыңқылдап, күйіне келіпті. Бауырға тартып кемпірін, жатып дем алыпты. Ертеңіне тұрады, көп ойласық қылады, жан-жағына қарады, кемпірдің жағасында тұрған инеге көзі түсті, оны суырып ала ды, отқа апарып салады, қайысжырын қармақ қып, көңілді бір жөн қылады. Қармағына бау таппай, алдындағы кемпірінің қос бұрымын кесіп, сабақ қылып иіп, қармақты әбден кіжіріп, көлге салады, күнделікті екеуіне екі балық алады. Осылай Жа манке Терісақпаның бойында, Таспа таудың ойында жер асты на кетпей, жасай береді. Жаманке елінде жүргенде, дәурені өріс жүзгенде Құдайға зар қылып, бір перзент бер деп налып жүрген тілегі қабыл болып, Терісақпаға келгенде кемпір бойында үш айлық бала бар еді. Сол бала 9 ай тоғыз күн, тоғыз сағатта арыстан білекті, арыстандай айбатты, жолбарыстай жүректі боп дүниеге келеді. Әке-шеше қуанды, дүниядағы тау, күн, түн, көл, теңіз шыр айланып, Жаманкеге құтты болсын айтты. Дүние заттарына Жаманке айқайлап: «Дүниеге ұланым келді, қысқа өмірім ұзарды!»—деп айқай салды. Дауыс Таспа тауға жетіп, одан шуылдаған көп да уыс боздаған аруана дауыс боп кейін естілді. Боздаған аруана даусы басылмады, жер жүзін алып кетті. Көктен бұлт келіп, көлеңкесін күнде жатқан балаға түсірді, дауыс басылмады, аздап күшейе берді. Жаманкенің боздаған аруана даусы жүйкесін боса тып, кемпірін егілтіп, елін есіне түсірді. «Өмірінің соңы боздаған аруанаға ұқсас екен-ау, балам да сондай аруанадай боздап өтетін болды-ау!»—деп жылай берді. Аруана даусы боздап сембеді. «Бұл боздау сазы шығар. Өмірімде көрген жалғызға Бозұғлан қойсам қайтер?» деді. Тау күңіреніп күшейтті. Анасы: «Бозұғлан деп ат болғайсың, бишара мынау таудың боздауы біздің өміріміздің бозды кезін еске салды-ау»,—деп көзін сықты. Солай етіп, шал баласының атын Бозұғлан деп, бала құлағына үш рет айқайлағанда, тау да солқ етіп даусы басылды. Баланың аты Бозұғлан болды. Әлқисса, Терісақпаның бойында жеті жыл отырды. Бозұғлан жеті жасқа келді. Әр жылы Бозұғлан туылған күні тау аруана болып бір боздамай басылмады. Бозұғлан жеті жасқа шығарда кемпір мен шал отырып:—Осы бала өкпемді суырып баратыр, емшектен шығарсам қайтеді. Ерні де түрік боп кетер, өзі тен тек, ер бола ма,—деп шалына айтты.
батырлар жыры
Шалы сол күні балаға ниеттеп қармақ салды. Бұрын екі
шабақ алса, бүгін үш шабақ болды. Шабақты қазанға салып
пісірді. Қайқайтып қалашын, тасырайтып көзін, аштырып ау
зын, қазаннан алып балаға салып беріп алдына: «Же!»—деді.
Емшекті бермеді, бала балық жемеді. Аш боламын демеді.
Далаға шығып жөнелді. Не де болса балаға емшекті бермей
ік, өзегі талып өзі жер деп ойласып еді Жаманке мен кемпірі.
Бозұғлан Таспа тауға барды, барып басына шықты. Жан-
жағында ел жоқ, жұрт жоқ. Ақылды құрбы іздеді. Сол уақта
барып өзінің жалғыз екенін білді. Табаны тасқа тілініп, қырық
күн шөлде жол жүріп, жүргенде де мол жүріп, ілгері қарай
жүре алмай, аяғын баса алмай, зар жылап Бозұғлан етпетінен
құлады, көзінің жасын бұлады. Етпеттеп жатып Бозұғлан көзі
ұйқыға кетеді. Күн қызарып батады, таң сарғайып атады. Сон
да да ұйқы қанбады. Арадан бір шама өтеді.
Таң шолпаны батқанда,
Көк ешегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Үстінде бар шапаны,
Қолында бар асасы,
Өзі ақтық жолында,
Ерлерді демер,
Ықыластанып бата берер,
Ерлердің пірі Ықылас ата шашты Әзиз
Бозұғланды оятып:
—Тұрсаңшы, балам, тұрсаңшы,
Атаңа мойын бұрсаңшы.
Жатар жерің бұл емес,
Жатқызар пірің мен емес,
Кектескен сенің жауың бар,
Басып алған жеріңді,
Қуып салған өзіңді.
Үрім ханның елінде,
Қалқамандай батыр бар,
Қарахандай жаулар бар.
Айбарша менен Қарашаш—
Елден асқан сұлу бар.
Қарадәу мен Сарыдәу—
БОЗҰҒЛАН
Бұл халқыңның дұшпаны,
Осылардың бәрін қиратпай,
Табаныңа салмай,—
Халқыңа тыныштық, өзіңе ел жоқ. Бар, соларға. Атаң
сені қимай, олардың жөнін айтпап еді. Тура кейініңе қайт, әр
сапарға шығарда ата мен анадан еш бата алмай шықсаң, талабың
оңбайды, бар әкеңнің батасын сұра. Мынау саған тіреу—алтын
аса, аяғыңа алтын кеуіш, киімің менен осы екі белгіні әкеңе
көрсет, әкең рұқсат берер,—деді. Көзден ғайып болды. Бозұғлан
қырық күншілік жолды алтын аса, кеуіш кереметінен жеті
күнде өтіп, үйіне жетеді, келіп атасына сәлем береді. Көрген-
білгенін атасына айтып, рұқсат сұрап тұрған жері екен дейді.
—Айналайын, жан ата,
Сөзіме құлақ сал, ата.
Алды-артымда сүйеу жоқ,
Ішім жалын, сыртым шоқ.
Мен жалғызбын панам жоқ,
Алды-артымда тіреу жоқ,
Қалмақтардың көңлі тоқ.
Бір Жаратқан жар болса,
Үрім хан атты қалмаққа
Жалғызың тұр бармаққа.
Сені қуып қалмақтар
Талапты елі-жұртыңды,
Шулатыпты қалаңды,
Қартайған кілең бабаңды.
Ақ сүт беріп әлдилеп
Өміріңді гүлденткен
Жетім қыпты анаңды.
Қалқаман атты қалмағым
Көрсетіп азап қазаққа,
Жалғызың енді баратыр
Қазақтың кегін алмаққа,
Қарахан атты қалмаққа.
Өзім барып алайын,
Алмасам сонда қалайын.
Ажалым жетсе өлейін,
батырлар жыры
Жеті жасқа толғанда
Дұшпанымды өлтіріп,
Достарымды күлдіріп,
Қайратымды көрейін—
Батияңды бер, ата.
Бозұғлан да ер еді,
Санаулы ердің бірі еді.
Кемпір-шалда кеміс жоқ,
Бұл сөзін мақұл көреді.
Кемпір мен шал қол жайды:
—Жалғызым, сені тапсырдым
Бір жаратқан Құдайға,
Айналғай иің оңайға,
Жалғызбын деп мұңайма,
Жалпақ жатқан елің бар.
Сол еліңнің ішінде
Басшы болсаң еретін
Еңіреген ерлер бар.
Талабыңды оңғарсын
Жасаған өзі қалайда.
Ықылас ата, шашты Әзиз
Әрқашан сақта жадыңда.
Қабыл болғай батамыз,
Бәлекет келсе балама,
Бір Алла, өзің қаға жүр.
Баратқан жауға жалғызды
Сүрінсе, сүйеп алып жүр.
Қартайған шақта жұлынды
Жұлмай, Алла, жалғай гөр.
Қолыңа берген қамшыны
Қылыштан артық көре гөр.
Жауға кеткен жалғызға,
Бір Жаратқан Құдайым,
Көзіңнің қырын сала жүр!
Осыны айтып, кемпір-шал
Батиясын береді.
Батыр туған Бозұғлан
БОЗҰҒЛАН
Жан-жағына қарады,
Көзі оттай жанады.
Ашты өрме қамшыны
Беліне шалып алады.
Үрім хан атты қалмаққа
Мінейін десе аты жоқ,
Киейін десе киім жоқ,
Белге ілер қару жоқ.
Бақытымды Алла ашқыл деп,
Жаяу кетіп барады.
Көлден тартып борықты,
Арада кеше қоныпты,
Жаяу жүріп зорықты.
Неше айлар өткенде,
Ақболат таудың басына
Бозұғлан келіп қоныпты.
Ұйықтамаған қабаққа,
Шалдықпаған жанына
Ұзақ жол батып барады.
Жүрген сайын жұмылар
Көз ұйқыға тартады.
Түн ортасы өткенде,
Таң сарғайып жеткенде,
Ұйқыда мағлұм жатқанда,
Көк ешегі астында,
Нұрлы асасы қолында,
Өзі ақтың жолында
Ықылас ата, шашты Әзиз
Жетіп келді қасына.
Рақым етіп баланың
Тізесін бүгіп басына,
Көзден аққан жасына.
«Белең белең бел емес,
Белден соққан жел емес.
Түрегел, қозым, көзіңді аш,
Маңдайыңа қадам бас.
Сен жататын жер емес,
Ұйықтама, жаным, ұйқыңды аш.
Берекесіз қалмақтар
батырлар жыры
Қаріптерді мазақтар,
Ел-жұртыңды шулатар.
Сенің әкең кеткен соң,
Иесіз қалды ноғайлар.
Жер-суынан айрылған
Еліңнің кегін сен алмай,
Дұшпаныңды жайратпай,
Ұйықтағаның жарамас».
Осыны айтып кәмбіл пір
Ғайып болып жөнелді.
Ақтан беріп аянды,
Батыр сонда оянды.
Тұрды сөзін есітіп,
Бозұғлан шошып ойланды.
«Өңім бе» десе, түсі екен,
Түсімде аян бергені—
Өзіме жаббар кісі екен.
Осылай деп Бозұғлан,
Жаяу тартып жөнелді.
Таудан теріп шиені,
Жар етіп Жаббар иені,
Сәске мезгіл болғанда
Баланың көзі көреді
Жайылып жатқан түйені.
Түйенің алдын «шөк-шөк» деп,
Бір шал енді көрінді.
Шалға жетіп келеді,
Иіліп сәлем береді:
—Ассалаумағалайкум,
Алдымдағы қарт ата!
Отбасың менен ел-халқың
Бәрі тегіс аман ба?!
Атаңа нәлет ит қалмақ
Беріпті-ау азар саған да.
Сенен бөтен жан жоқ па,
Бағатын түйе қалаңда?
Қысылып, қартым, жасқанба,
Жас үлкенді сыйламай,
БОЗҰҒЛАН
Азар берген оңар ма,
Жауап қайтар бұған да.
Сонда шалың сөйледі:
—Алайкүм ассалам,
Жаяу жүрген жолаушым.
Қайырлы болсын қадамың,
Алдымдағы жас бала,
Қайратына мас бала.
Өзің жап-жас баласың,
Құрақ шөптей жанасың,
Қайсы жөнге барасың?
Бидай өңді, қой көзді,
Тамаша бойлы, нұр жүзді
Жолың болсын, жолаушы,
Қай сапарға барасың?!
Сонда бала сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Алдымдағы қарт ата,
Сөзіме құлақ сал, ата.
Үрім хандай қалмаққа
Халқымның кегін алмаққа,
Табаныма салмаққа.
Үрім ханын өлтіріп,
Қанын ішіп тоймаққа.
Зұлымдықтың ашығын
Жер үстінен жоймаққа.
Қиыншылық іс болса,
Сиынамын әруаққа.
Менің әкем Жаманке
Хан болыпты қазаққа.
Әкемді қуды тағынан,
Айырыпты бағынан.
Елі-халқын шулатып,
Түңіліпті жанынан.
Алдымдағы қарт ата,
Апарып тастап кетіпті
Жаманкедей атамды
Терісақпаның бойына.
батырлар жыры
Атам менен анам.
Құдайдан тілеп баланы,
Сол жерде күнін көріпті.
Әр күніне бір шабақ
Жеке-жеке тиіпті.
Қабыл болып тілегі,
Жеке туған баламын,
Бала да болсам данамын.
Ел-халқыңды шулатып,
Теңдігімді аламын.
Шұбырып жүрген қалмаққа
Жаяу да болса барамын.
Алла оңғарса ісімді,
Табаныма дұшпанды
Жалындырып саламын.
Табаныма салмасам,
Халқымның кегін алмасам,
Үрім хандай қалмақта
Бенде болып қаламын.
Үрім патша қызы бар,
Қарадәуге бермелі.
Нәсіп болса айырып,
Айбаршаны алалы.
Алдымдағы кәрі ата,
Сөзіме құлақ сал, ата.
Сексен жасқа жеткенше,
Осымен күнің өткенше,
Отырсаңшы үйіңде.
Баққан малың кімдікі,
Тұрған жерім кімдікі?
Еліңдегі ханың кім,
Топ бастаған биің кім?
Топты жарып баратын,
Ұрандап шетке шығатын
Ер жүректі ерің кім?
Сөйлеші, қартым, сескенбей,
Соққан жел боп ескендей.
Сонда қартың сөйледі:
—Алдымдағы жас бала,
БОЗҰҒЛАН
Қайратына мас бала,
Дұшпанына қас бала,
Өз еліңе бас бала.
Дұшпаннан аман еліміз.
Қысқа күнде қырық толғанған
Байбақты дейтін биіміз.
Алтын тақ мініп жұрт алған
Үрім патша—ханымыз.
Хан қасында қаралас,
Дұшпанға барар баспа-бас—
Қалқаман дейді еріміз.
Мұнан басқа, балақай,
Ағарып атқан ақ таңдай.
Таң алдында туатын
Жарқыраған шолпандай.
Ұрғашының сұлуы—
Айбарша атты қызымыз.
Тайғызып ханын тағынан,
Айырып халқын бағынан.
Жаулап алған ханымның
Ноғайлық атты малай бар,
Толып жүрген талай бар.
Бәрін сұрап қайтесің,
Жұдырықтай жас бала,
Тартып алған ноғайдан
Жайылып жатқан нары бар.
Азан-қазан шу қылған
Қозы, қой жандық табы бар,
Шалқып тұрған бағы бар.
Арылмаған ырысы
Қалмақтардың, қарағым,
Есігінде күңше бар.
Сен де барсаң, жас бала,
Боласың ханға қол бала.
Бозұғлан сонда сөйледі:
—Алдымдағы, қалмағым,
Таудан ауыр салмағым,
Мақтанба тұрған ханыңа.
Ханға айтатын бар еді
батырлар жыры
Бір азырақ зарымыз,
Алып бізді, ханыңа
Жол көрсетіп барыңыз.
Бозұғландай балаға
Қалмағың көңіл бұрмады,
Сөзіне құлақ салмады,
Бала тілін алмады.
Кішіпейіл жас бала
Сөйлеген сөзі ыңғайлы.
Ханды көрмей баланың
Көңлі еш жерде тұрмады.
Қанаға симай, Бозұғлан
Бар дауыспен ақырды,
Нар бурадай бақырды.
Ұстап алып қалмақты
Саз батпаққа тықпаққа
Ыңғайланды ақыры.
Арыстандай дауыстан
Менсінбей тұрған қалмағың
Қорқып кетіп құлады,
Естен танып жылады.
Бір азғантай болғанда
Есін жиып алады.
Түйеге қарай жүгіріп,
Маңдайдан тері шұбырып,
Ақ бас нарын шөктіріп,
Аузынан жынын төктіріп,
Жүрегі ұшып шалыңыз
Баладан қашып баратыр.
Қашқан жолы терең сай,
Жеткенше ханға шыдамай,
Шалың зорға баратыр.
Кеудесінен жан шықпай,
Өлдім-талдым дегенде
Хан алдына жетеді,
Иіліп сәлем береді.
Екі инінен дем алып,
Түкірігіне шақалып,
Қартың да сөйлей береді:
БОЗҰҒЛАН
—Алдияр, тақсыр ханымыз,
Сөзіме құлақ салыңыз.
Бір өзіңнен басқаға
Айтылмасын зарымыз.
Жүргенімде далада
Кез болды маған бір бала.
Бір шыбындай жанымды
Таппадым жер тығарға.
Қорыққаным соншалық—
Өлмей қалдым азырақ.
Шабамын дейді беліңді,
Қырамын дейді еліңді,
Жеймін дейді етіңді.
Істегенін халқыма
Келтірем дейді алдына.
Қорқып кетіп баладан,
Тұра қаштым жалма-жан,
Кек алуға келатыр
Айбаттанған бір қасқыр.
Терісақпаның бойынан,
Таспа таудың ойынан
Жаманкенің жалғызы—
Бозұғландай ер бала,
Қорқамын, ханым, мен сонан.
Әлқисса, Жаманкеден бала туғанын, оның батыр болғанын
есіткен Үрім жағасын ұстады, өз Құдайына жылады: «Сақтай
гөр,—деп,—жанымды!». Балаға қайрат қылуға Қалқаманды
іздеді, бірақ батыр аулында, табылмады орнында. Не қыларын
біле алмай, балаға амал ете алмай, дал болған күйінде Үрім пат
ша тағында отыра берді.
Ендігі сөзді Боғұғланнан есітің [іздер].
Түйеші қашып жеткен соң,
Бозұғлан тұрып ойланды:
«Әкемнің аты—Жаманке,
Жаратылдым жалғанда
Ойнап-күліп жүрмекке.
Кек алуға қылып ем
батырлар жыры
Мына бүгін тірлікте.
Жазғанына Алланың
Әрбір бенде көнбеке.
Жазбаған шығар Жаратқан
Қалмақта маған өлмекке.
Ықылас ата, Шашты Әзиз
Сұрадым сізден көмекті.
Мен секілді жалғызың
Атыңды айтып тербеттім.
Азғантай үйлі ноғайдың
Тыныштығын бермепті.
Еркін алып қолынан,
Табанға салып жерлепті.
Тыныш жатқан халқыма
Бермеген қалмақ ырықты.
Елдің кегін алуға
Тәуекел етсем керек-ті».
Осыны айтып Бозұғлан,
Патша отырған сарайға,
Көзін салып жан-жаққа,
Кіріп барды жас бала.
Төрге шықпай қас бала
Отыра кетті жапсарға.
Бозұғлан сонда сөйледі
Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,
Буырқанып бұрсанып,
Мұздайда темір құрсанып:
—Хандар көрген балды күн,
Билер көрген жолды күн.
Ноғайды азат етпесең,
Басыңа төнді бұлтты күн.
Хан, қараша демесең,
Еліңнен жылу бермесең,
Қара түге, ханыңды
Бөрідей жұлқып кетермін.
Ұрттап ішіп қаныңды,
Елің менен жұртыңды,
БОЗҰҒЛАН
Ұлың менен қызыңды,
Оярмын екі көзіңді.
Сөйлеп болмай Бозұғлан,
Ақыл-есін жоғалтып,
Тағынан түсіп қашады.
Қашса, бала қоймады,
Патша ақылдан сасады,
Мылтыққа білте басады.
Бозұғландай баланың
Әруағы асады.
Жаны шығып ханыңыз,
Сарайдан шығып қашады.
Едәуір жерге барған соң,
Үрім хан сонда тоқтапты.
«Сабыр, сабыр, патша» деп,
Бір ақылды ойлады,
Балаға мойнын бұрады.
Баланың айтқан әр сөзін
Миына тоқып алады.
Отыз мың үйлі қалмаққа,
Бір-бір тайды салмаққа,
Әзірінше алмаққа,
Хабар салып жан-жаққа,
Патша салды жалтаққа.
Үрім хан ойлап салмақты:
«Берсем жиып байлықты,
Иә, ұстатсам балаға,
Отыз мың жылқы үй басы—
Түспес пе екен соқпаққа.
Бермегенменен не пайда?
Шығынсыз аман құтылар
Ондай айтты күн қайда?
Бүлдірмейін елімді,
Сындырмайын белімді.
Отыз мың тайды берейін,
Баланың шартын білейін».
Үрімдейін патшаның
Кетпеді қайғы басынан,
батырлар жыры
Қапалықты асырған.
Қорқып кетіп баладан
Отыз мың тайды жиып береді.
Тай бергенін есітіп,
Байбақты кетті шошынып.
Тай беруге уәде еткенде Үрім ханның ақылгөй биі ел аралап
кеткен еді.
Хан сұрауындағы «әр бір үйдің басына бір тай бере бергенде
неміз қалады» деп ойланған Байбақты:
—Қой, өзім барайын. Көзіммен көріп, ақылға салып сы
найын. Батыр болса, батырлығын, болмаса, қаріп болса
қаріптігін көріп, қолына бір тайды беріп, қаладан сыртқа
шығарып жіберейін,—дейді де Байбақты хан сарайына жол
алды.
Мінгені Байбақтының дөнен еді,
Торқаға тоғыз қабат бөленеді.
Баланы хан қасында көрмей, білмей,
Бесінде тарлан атпен жөнеледі.
Байбақты жетіп келеді,
Баланы көзі көреді.
Баланы көзі көрген соң,
Миығын тартып күледі,
Күліп сөйлей береді.
Сөйлегенде не дейді:
—Үрім дейтін патша,
Отырған жерім тас қала.
Теріс ақпаның бойынан,
Таспа таудың ойынан
Келген болса бұл бала,
Өз-өзіне ол дана.
Тай берсең де бәрі бір,
Мал берсең де бәрі бір.
Күндердің күні болғанда
Мына тұрған жас бала
Қылады бізді масқара.
Қайнар ма десем көл екен,
Асқар ма десем шың екен.
БОЗҰҒЛАН
Қол астыңдағы қалмақты
Бөрідей жұлқып жер екен.
Мына тұрған жас бала
Елі менен әкенің
Біздегі кеткен кегі үшін
Өртейді қоныс жеріңді,
Қарындас қалың елімді.
Әдейі арнап келген соң,
Шулатар қалмақ елімді.
Әлі бастар назы бар,
Көлденең салар қолы бар.
Тиіп-тиіп алатын
Алатын да орны бар.
Батыр болса ол алар,
Жағамызға қол салар.
Сонда да патша, халайық,
Залым болса, кәпірдің
Басына тисін киесі.
Тайларыңды қайтып ал,
Тай берген қалмақ иесі.
Байбақтының бұл сөзін
Қалмақтар мақұл көреді.
Берген тайды бір-бірлеп
Үлесін алып кетеді.
Тайын қайтып алады,
Тайын қайтып алған соң,
Қабағынан қар жауып,
Кірпігіне мұз қатып,
Мұздай да темір құрсанып,
Алып туған Бозұғлан
Арыстандай айбатпен
Айқара тастап сөздерін,
Жасқантып қалмақ көздерін,
Салдыртып дұшпан жүздерін,
Батыр сөйлей береді,
Сөйлеп батыр не дейді:
—Бейбітшілік жолменен
Келіп едім бітімге.
батырлар жыры
Қатын да екі сөйлемес,
Халық басқарған хан түгіл.
Берген тайдан қол жаздым,
Теңдікке бізді алмайтын,
Патша, саған не жаздым?
Ауру болмай, сау болдым,
Өлгенімше, қалмағым,
Сеніменен жау болдым.
«Жаулығымның алды» деп,
Босағасын патшаның
Қопарып тастап барады.
Жолда тұрған заттарын
Қиратып кетіп барады.
Көкейі болған баланы
Ізінен ешкім қумады,
Қуатын батыр шықпады.
Былай шығып Бозұғлан
Бір ақылды ойлады:
«Айналайын апайым,
Ақ жаратқан Құдайым!
Бермеді қалмақ тайларын,
Нешік айла қылайын.
Өзім жаяу болсам да,
Аттылардан кем емес
Менің маңдай, талайым.
Үрім хандай қалмақта
Бар ма екен тұлпар сынайын», —
Деді дағы, Бозұғлан
Жан-жағына қарады.
Адасқанның алды жөн,
Жаяу кетіп барады.
Сәске мезгіл өткенде,
Күн-төбеге жеткенде,
Тау басына шығады.
Жалпақ жатқан даланың
Етек жағына қарады.
Жайылып жатқан жылқыны
Бозұғлан көзі шалады.
БОЗҰҒЛАН
Жылқыға таман барады,
Көз жіберіп қарады.
Қараса, Қарақұлақ пішімді
Боз тұлпарға жолықты.
—Сен тұлпар болсаң, мен сұңқар,
Сендей тұлпар таба алмай,
Көп сандалдым ынтызар.
Бастан өткенді баяндап,
Тілің бар ма мұны ұғар?
Тілі шығып тілдеспей,
Тұлпардың ерні қыбырлап
Қалғаннан соң жануар,
Батыр толғай береді:
—Өзің тұлпар болсаң да,
Сені мініп қор болып,
Жүрмейін жұрттың шаңында,
Жолама менің маңыма.
Халқымның кегін алайын,
Мінемін патша тағына.
Қалмақтың түбі қарабас,
Бісмілләсіз ішер ас.
Неше тұлпар болсаң да,
Тілдесуге келмеген,
Сөйлеп сөзді бермеген,
Жүйрік болса да жануар,
Мен мінуге жарамас.
Оны мінбей кетеді,
Одан да арман өтеді,
Көп жылқыға жетеді.
Көз жіберіп қарады,
Көз жіберіп қараса,
Аққудай мойны бүгілген,
Құйрық-жалы төгілген
Ақмоншақ атқа жолықты,
Жолығып батыр сөйледі:
—Аманбысың, Ақмоншақ,
Сен тұлпар да, мен сұңқар.
Жақсыны жақсы таба алмай,
Төгілді талай ынтық зар.
батырлар жыры
Ұзақ жолға мінуге,
Мініп дәурен сүруге,
Шамаң жетсе жануар,
Бірім-бірім баянда.
Тұлпар сонда ұмсынды,
Еріндерін қымсынды.
Тілі шығып сайрамай,
Ақмоншақ ат қынжылды.
Сол уақытта Бозұғлан:
—Ақмоншақ тұлпар болсаң да,
Көңілімді ашарға.
Адам болып ат мінсем,
Өкпелеме, Ақмоншақ,
Бір түсерсің кесарға.
Жаратқан өзі жар болса,
Келіп тұрмын қалмаққа,
Қалқымның кегін алмаққа.
Тұлпар да болсаң, біліңіз,
Бір шықпады тіліңіз.
Тілдеспей мінген тұлпармен
Қалмақты қалай жеңеміз.
Ақырет азан көріпті,
Байтақ жатқан еліміз.
Осыны айтып Бозұғлан
Оны да мінбей кетеді.
Көлденең тартып қарықты,
Арада неше қаныпты.
Сәске мезгіл болғанда,
Көп жылқыға жолықты.
Көп жылқының ішінде,
Қара құлық пішімді
Боз биеге жолықты.
—Аманбысың, боз бие,
Тас қаладан мен келдім
Шыдамай қалмақ зәріне.
Жалғыз өзім келемін,
Қырғалы қалмақ, бәріне.
Соғайын саған қорған-ай,
БОЗҰҒЛАН
Жабармын сенің үстіңе
Жібек пенен мақпалды-ай.
Жегізермін жемістің
Ішіндегі тәттіні-ай.
Үлкен-үлкен алдыңда,
Ұлан мақсат талап бар,
Шын тұлпардан балаң бар.
Жеті жылда туасың,
Түрі-түсі мынадай
Қаз мойын, қара тұлпар балаң бар.
Көз жібердім шараңа,
Қойын алып, ұл сүйсем,
Қылармын енші балама.
Оны мінбей кетеді,
Онан арман өтеді.
Бала жаман тарықты,
Жаяу жүріп зарықты.
Табандарын тас қағып,
Шеңгелдерге сойылды.
Ертең сәске болғанда,
Тарлан атқа жолықты.
Қасына жетіп барады,
Келе сөйлей береді:
—Аманбысың, Тарлан ат,
Үстіңе мініп, мен алсам,
Болар ма ең маған қолқанат.
Мінуге тұлпар таба алмай,
Зар қағып жүрмін сандалып.
Ат таба алмай тарығып,
Талабым оңбай қисайып.
Сонда Тарлан есінеп,
Қасына келді кісінеп.
Шілтерлер мөрін алады,
Астыңғы ерні қыбырлап,
Үстіңгі ерні жыбырлап,
Бозұғландай баланың
Құлағына сыбырлап:
—Айналайын жас бала,
Қайратыңа мас бала.
батырлар жыры
Ұшқан құстай қалқимын,
Аянбай барды сермеймін.
Әлі де болса мені мін,
Біраз жылға шалқимын.
Бозұғлан батыр қуанды,
Ат сөзіне жұбанды.
Тарланды әбден байқауға
Алды-артына шығады.
Аяқтарын саралап,
Қуаттарын көп барлап,
Бозұғлан тұрып толғады:
—Артса бидай қабықты,
Құстың жүні мамықты.
Көтере алмас байларың,
Жылына бір қой саулықты.
Мақтанба, Тарлан, мақтанба,
Мақтансаң да, Тарланым,
Бір жылдық әлің қалыпты.
Сені мініп аралап,
Жүре алмаспын халықты.
Оны мінбей кетеді,
Одан да арман өтеді.
Неше айлар өткенде,
Неше күндер жеткенде,
Асқар тауға жетеді.
Тау басына шығады,
Табандарын тас қағып,
Буындары салдырап,
Аяқ-қолы қалтырап,
Етбетімен құлады,
Құлап жатып ұйықтады.
Ұйықтап жатып Бозұғлан бір түс көреді.Түсінде тау етегін
де Алтын орданы, оның ішінде аққудың көгілдіріндей асқан
арумен жолығысады. Бірақ келісім болмайды емес, ғашық боп,
өлер халге келеді. Бірме-бір қол созғанда оянып кетеді. Қасында
шөпшек теріп жүрген екі әйелді көреді.
Бұлар Үрім ханның дана, сұлу Айбарша атты қызының ма
лай әйелдері еді.
БОЗҰҒЛАН
Айбаршаға Бозұғланның ат іздеп тау арасында жүргенін,
соның Айбаршаға ер болатынан Ықылас ата Шашты Әзиз
Айбаршаға аян беріп, алдынан шығуды бұйырып еді. Міне,
Айбарша тарығып, жеріне, Бозұғлан тау арасында жолығар,
құмарын тарқатсын, сусын—тамақ ішсін, үйімде қонақ бол
сын деп Алтын шатырды тіктіріп, қырық қыз, отыншы қырық
қатынмен тау арасына келіп жатқанына екі күн болып еді.
Қырық қатынның ішінен екі қатын бөлініп шығып, «біз
дер отын теріп келейік» деп, Айбаршаны алдап, Айбаршадан
рұқсат сұрайды. Рұқсат алады. Ондағы ойы бұрын-соң әйел
көрмеген жас біздерге зейні ауып, жұғысар ма екен деген ой еді.
Әне, ұйқыдағы Бозұғлан қолын созғанда екі қатын екі қолынан
тартып қарап тұрады. Сонда екі қатынға Бозұғланның сөйлеп
тұрған жері екен:
—Келістікті жеңгелер,
Бет алдыңа қарасам,
Кілең күміс теңгелер.
Туысқан-туған менде жоқ,
Қысылғанда сүйенер.
Мен бір жүрген ылағың,
Қос қолымды ұстаған
Жансын, жеңеше, шырағың.
Етегіне бұл таудың
Тігілген анау орданың
Қандай-қандай сыйы бар,
Қандай-қандай жаны бар.
Осыншама ардақты
Бұл орданың несі бар.
Бұл орданы көргенше
Болмады менің тұрағым.
Сонда қатын сөйледі,
Қылаң етіп қылт етіп,
Сылаң етіп сылт етіп.
Саулы тигендей ыңқылдап,
Сөйлеген сөзі тымпылдап,
Бозұғландай баланың
Қасына келді былқылдап:
батырлар жыры
—Күзетпесек қорқамыз,
Үрім хан атты қалмақтың
Айбарша атты қызы бар.
Иретілген жыландай
Бұратылған назы бар.
Құралайдың көзіндей
Ойнақтаған жанар бар.
Таудың аппақ тасындай
Тұла бойы беден бар.
Жаңа ашылған қырмызы
Үлбіреген ерін бар.
Отау үйдей тігілген,
Көрген сөзге егілген,
Төсінде бар алмасы,
Алған жігіт олжасы.
Күндіз-түні күтулі
Бозұғлан атты мырзасы.
Өзіңдей неше ерлердің
Қайнаған талай ызасы.
Сонда бала сөйледі:
—Айналайын, жеңеше,
Мінезің екен өзгеше.
Жоғарылы төмен бар,
Құласа құдық шелек бар.
Жасымнан қалған ішімде
Ұлан ауру, шемен бар.
Палкерге палды салдырсам,
Жазылмайтын жара бар.
Табанымды тас тіліп,
Күні-түні жол жүріп,
Келе жатқан жөнім бар.
Жақсы қызды көрсетің,
Дәмелілік зарым бар.
Сөйледі сонда қатындар:
—Хатта қалем сызық бар,
Қай сөзімде бұзық бар,
Бара алмассың, жері тар.
Барамын десең, қарағым,
БОЗҰҒЛАН
Ішінде алып жүрейік.
Кеңнен пішкен көйлектің
Екеумізбенен бірге бар.
Дәулетің кетпей басыңнан,
Көп ұзатпай қасымнан,
Жоқшылық көрсең жасыңнан,
Бозұғланбысың, шырағым,
Азын-аулақ хабар бар—
«Келе жатыр» деген сыртыңнан.
Жаңа түлек, жас сұңқар,
Екеумізбенен барып қал.
Ер жігітке қиын емес,
Таман қылса дүние-мал.
Ортаға алып барайық,
Белімізден құшақтап,
Шамаң жетсе барып қал.
Сонда бала сөйледі:
—Айбаршадай аруды
Өзім-ақ барып сынайын.
Жеті әулие кәміл пір,
Баршаңызға сиындым,
Жалғыздың ісі қиын-ды.
Астыма мінер атым жоқ,
Жігіттіктен не пайда?
Қолыма алар қару жоқ,
Батырлықтан не пайда?
Жоқшылықпен жүріппін,
Қараңғы түнек тұманда.
Ықылас ата, шашты Әзиз,
Екі қолым жағамда.
Мен секілді балаңды
Қалдыра көрме табанда.
Тигізе көр шапағат,
Зарланып балаң тұрғанда.
Дұшпанға кекті бермейтін,
Тірі жүрсем жалғанда
Не бар, не жоқ көрейін.
Алтыннан тіккен орданы
Өзім барып сынайын,—
батырлар жыры
деп Бозұғлан Алтын ордаға келсе, Айбарша мұсылман болып,
қырық қызымен намаз оқып отыр екен. Барлығы да сәждеге бас
қойғанда Бозұғлан жан-жағына қараса, барлық кеуіштің ішін
дегі алтын кеуішті көреді.
Алтыннан тіккен кеуішті
Баланың көзі шалады,
Кеуішке жақын барады.
Кеуішті бала қолға алып,
Әбжыландай толғанды,
Қашайын деп ойланды.
Әруағы асады,
Алтыннан тіккен кеуіштің
Біреуін алып қашады.
Кеуішті алған баланы
Қуайын деп қырық қатын
Киімін шешіп сайланды.
Тәңірім бергей тілекті,
Сабырлық етсе керекті,
Айбарша қыз білекті.
Балаға жұпты болажақ,
Тәңірі берсе тілекті.
Зауқы-сапа сүрежақ,
Ойнап-күліп бірлікте.
Намазын бұзбай Айбарша
Қырық қатынға қума деп,
Қыз көтерді иекті.
Оқуын болып намазды,
Жібектен тіккен дамбалды
Сыдыра киіп алады.
Әлгі кеткен баланы
Айбаршадай сұлудың
Өзі қуып барады.
Едәуір жерге барған соң,
Бала артына қарады.
Бала артына қараса,
Қыз қуғанға ұқсады.
Қыз қуғанын білген соң,
Бала қулық жасады.
БОЗҰҒЛАН
«Ғашықтың зарын тартсын,—деп,
Қорлықтың зорын көрсін,—деп,
Оңаша маған қалсын»,—деп,
Бала қашып баратыр.
«Не қылса да көнем,—деп,—
Әулие болса, Айбарша
Ақылыменен білер,—деп,
Қайтса да қыз көнер,—деп,
Қызыл қия шеңгелдің
Арасын жарып қашады.
Айбаршадай бұла қыз,
Бетіне тозаң тимеген,
Қамқадан бөтен кимеген,
Жаядан бөтен жемеген,
Қиыншылық көрмеген,
Жел тимеген уыз ед.
Әр шеңгелдің бастары
Мақтадай түтіп баратыр
Айбаршаның ақ санын.
Кіршілдеп кірген тікеннен
Айбаршадай сұлудың
Қан-қан болып табаны.
Ғашықтық дерті—дерт екен,
Білгізбеді жараны,
Қызыл қия шеңгелде.
Бозұғлан сонда тоқтады,
Айбарша қалды қабынып,
Шапқан аттай сабылып.
Сонда Айбарша сөйледі:
—Таспа таудың ойында,
Терісақпаның бойында,
Жаманке ханның жалғызы—
Бозұғлан сұлтан сенбісің?!
Басыр-басыр басыр-ды,
Аққа құлпы жасылды.
Батыр туған Бозұғлан
Өз атын сонда жасырды:
—Ерлер киер кебенек,
Қарлар жауар себелеп.
батырлар жыры
Не сөйлейсің, Айбарша,
Бозұғлан деген немене?
Сонда Айбарша сөйледі:
—Мал жаямын Ақтасқа,
Жоқ жоғалттым нанбасқа.
Сен Бозұғлан болмасаң,
Мұншама әлек қылдың,—деп,
Жұлып алып кеуішті,
Бозұғландай баланың
Керіліп ұрды қақ басқа.
—Отырған жерім Тасқала,
Қырық қыз нөкер қасымда.
Мұнша қылып масқара,
Тағы да ұрды маңдайға,
Келмес мұндай қолайға.
—Кеуішімде нең бар еді?,—деп,—
Жөніңе жүрсең болмай ма,
Осылай саған сыбаға.
Енді қайтып жолама,
Мен жүрген осы маңайға.
Бозұғлан тұрып толғады,
Толғаудың басы оңбады:
—Таспа таудың ойында,
Терісақпаның бойында,
«Өлсін» деп бір кез тастаған,
Үрім хан деген оңбаған.
Жаманке ханның жалғызы—
Бозұғлан бала мен едім.
Өзің әулие Айбарша,
Ақылмен білсін деп едім.
Мен де өзіңдей, Айбарша,
Әруақпен сені көріп ем,
Көріп ғашық болып ем.
Ықылас Ата, шашты Әзиз,
Өзі қосқан жар едім,
Өзіңнен таяқ жегенім.
Кеудеден шықпас бұл арман,
Жүре береді ғой адамзат
Шықпаған соң шыбын жан.
БОЗҰҒЛАН
Маңдай сүю орнына,
Маңдайыма ұрғаның—
Бәрінен де сол жаман.
Ендігі сөздің қысқасы,
Жаманке ханның жалғызы,
Сұрасаң, атым—Бозұғлан.
Сонда Айбарша сөйледі:
—Қынама бешпент қынадым,
«Бақытты қыл» деп Құдайға
Күндіз-түні жыладым.
Көзімнің жасы көл болды,
Тасыған судай мол болды.
Ғашық болған ғайыптан
Мен бір жолдас лағың.
Айналайын, Бозұғлан,
Білмей ұрдым, шырағым.
Күнәмді кеш, Бозұғлан,
Сізден осы сұрағым.
Айбарша: «Мені ал,—деді,
Сөзіме құлақ сал»,—деді.
—Айбарша, сені алмаймын,
Сөзіңе құлақ салмаймын.
Жақсы менен жаманды
Бала да болсам аңдаймын.
Қатын алып болған соң,
Тоқалдыққа аламын.
Осыны айтып болған соң,
Жан-жағына қарады,
Көзі оттай жанады.
Сол секілді аруға
Қарамай кетіп барады.
Көлденең тартып қарықты,
Жеті жасар Бозұғлан
Жаяу жүріп зарықты.
Мойыл-мойыл мойылды,
Көдеге қозы тойынды.
Жүруге аяқ жарамай,
Табаны тасқа сойылды.
батырлар жыры
Есіктің алды ығынды,
Бала жаздай шығынды.
Қара тасты құшақтап,
Бозұғлан бала жығылды.
Бозұғлан жатып толғайды,
Толғаудың басын қозғайды:
—Жеті әулие, кәмбіл пір,
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Ықылас ата, шашты Әзиз,
Көрермісің, пірлерім,
Көзден аққан жасымды.
Алдымдағы талабым
От арман боп басылды,
Тауда ізім жосылды.
Табаннан аққан қызыл қан
Өзен суға қосылды.
Ынтықтырған Айбарша
Маңдайға кеуіш соқтырды,
Кетпес таңба бастырды.
Кектесуге қалмаққа
Кек алуға келіп ем.
Жолдасым жоқ қасымда,
Қамшыдан бөтен қару жоқ,
Иә, мінерлік атым жоқ.
Жоқшылық пенен жаяулық,
Сыртым жалын, ішім шоқ.
Ғайып ерен қырық шілтен,
Атыңды айтып шақырсам,
Келер ме екен қасыма?
Осыны айтты Бозұғлан
Ұйықтамаған ұйқыға
Белшесінен батады.
Түн ортасы өткенде,
Таң сарғайып жеткенде,
Ұйқыға мағлым кеткенде,
Көк ешегі астында,
Нұрлы асасы қолында,
Өзі ақтың жолында,
Ықылас ата Шашты Әзиз
БОЗҰҒЛАН
Жетіп келді қасына.
Рахым етіп баланы
Тізесін бүкті басына,
Көзден аққан жасына.
«Арқам жаман қозды ғой,
Дұшпандар сенен озды ғой.
Саған келген бәледен
Қорғаймын деп, қарағым,
Ақ тонымның етегі
Тамтық қалмай тозды ғой.
Балам, балам, бал емес,
Белден соққан жел емес.
Қара тасқа сүрінтіп,
Кететін бабаң мен емес.
Сенің малың айдаулы,
Болат тұяқ боз тұлпар.
Қару-жарақ сайлаулы,
Алтын қазық қағулы,
Қасында соның байлаушы.
Сен жататын жер емес,
Ұйықтама, балам, көзіңді аш,
Халық кегін сен алмай,
Ұйықтағаның жөн емес.
Үрім хандай қалмақтар
Сенің елменен болды қас.
Одан әрі сұрасаң,
Қарахан—сенің дұшпаның».
Осыны айтып болған соң,
Өзі әулие, кәмбіл пір
Ғайып болып жөнелді,
Аққа берді аянды.
Пірдің сөзін есітіп,
Бозұғлан шошып оянды,
Ояна келіп ойлады.
«Өңім бе» десе, түсі екен,
—Түсімде аян бергені
Өзіме жаббар кісі екен.
Осыны айтып, Бозұғлан
Сәске мезгіл болғанда,
батырлар жыры
Маңдай алдым осы,—деп,
Бозұғлан енді жөнелді.
Қаратауды жағалап,
Бір Құдайды паналап.
Ашудың оты арындап,
Тасқын судай қабындап,
Жүргені қайнап, жалындап.
Жаны асығып жас бала
Күні-түні дем алмай,
Асыққаннан тоқталмай:
«Ықылас ата, шашты Әзиз
Түсімде аян бергенсін,
Содан соң болды көңілім жай.
Жаратқан жалғыз бір Құдай,
Бір сүйесең болар еді—
Мен секілді сорлыңды-ай».
Осыны айтып, Бозұғлан
Келе жатқан секілді,
Едәуір жерге барған соң,
Бір биікке шығады.
Көз жіберіп қараса,
Байлаулы тұрған тұлпарды
Баланың көзі шалады,
Тұлпарға жақын барады.
Азғана тұрып ойлайды:
«Пірдің берген киімін
Бидәретсіз кимейін,
Көрінген жанға тимейін.
Жазықсыз қанды төкпейін,
Жылаулы жасты көрмейін.
Өзі келіп ұрныққан
Жауларды жаншып жерлейін»,—
Деп Бозұғлан ойланды.
Қаза намаз оқиды,
Көңілге ақыл тоқиды.
Ат қасына барады,
Тұлпарға жақын барған соң,
Бозұғлан тұрып толғайды.
—Түлкідей көзі жайнаған,
БОЗҰҒЛАН
Құлпырып жаздай ойнаған,
Болат тұяқ боз тұлпар—
Атамыз бізге сайлаған.
Жете алмай сізге мен жүрмін,
Дидарлы уақтым болмаған.
Қиық құлақ тұлпарым,
Денсаулық қалай, аман ба?
Ықылас ата, Шашты Әзиз,
Арнаған сізді маған да.
Құйрығыңа болайын,
Күлтеленген жібектей.
Танауыңа болайын,
Ұсталар соққан шелектей.
Жалы сұлу жануар,
Сымға тартқан күмістей.
Тісің сұлу, жануар,
Базардағы күріштей.
Болат тұяқ боз тұлпар,
Сен—тұлпар болсаң, біз—сұңқар.
Кездесе алмай мен сізге
Саған да болдым ынтызар.
Оңғарса Құдай ісімді,
Талабымды оңғарып,
Болат тұяқ боз тұлпар,
Үстіңе мініп алайын,
Жауменен ұрыс салайын.
Бұрын жүрдім ат таппай,
Жаяулық батып жалтақтай.
Сілтеген соң сені атам,
Болды ғой менің көңлім жай.
Осыны айтып, Бозұғлан
Қос тартпасын берік тартып,
Тұлпарға мініп алады.
Қару-жарақ өңгеріп,
Пірдің пішкен киімін
Үстіне киіп алады.
Қалмаққа қарай жас бала
Тұлпарды жолға салады.
батырлар жыры
Айтып-айтпай не керек,
Қолдаса Құдай пендесін,
Мақсатына жетерге,
Сиынып ата пірлерге.
—Әуелі бастан сиындым,
Бір Жаратқан, өзіңе.
Салсам жылқы тоқтар ма,
Арқаның бөрікөзіне.
Қалмақтан бөтен маған да
Жау көрінбес көзіме.
Елімнің кегін алайын,
Келтіріп Алла кезіме.
Үрім хандай қалмақты
Табаныма салайын.
Осыны айтып Бозұғлан
Үрім хан атты қалмаққа
Сапар тартып барады.
Атқа мініп алған соң,
Кеулі меккем болған соң,
Қалмаққа бару балаға
Белгілі міндет болған соң,
Ер шыдамас намысқа,
Қоян шыдамас қамысқа.
Атқа мініп Бозұғлан,
Жан-жаққа көзін салады,
Көзі оттай жанады.
«Бақытымды Алла ашқыл» деп,
Үрім хандай қалмаққа
Сапар шегіп барады.
Астындағы тұлпарға:
—Шу, жануар, шу,—деді,
Шу деген сайын гуледі.
Астындағы Боз тұлпар
Тауды, тасты білмеді.
Тұлпар атты құтыртып,
Батыр көңлін өсіртіп,
Жайлаулы жармен сыпыртып,
Кемдік күнді кетіртіп,
Батыр туған Бозұғлан
БОЗҰҒЛАН
Боз тұлпарды көсілтіп,
Желдей есіп келеді.
Төрт тұяқтан шыққан от
Шақпақ тастай жылтылдап.
Астындағы тұлпар ат
Ор қояндай бұлтылдап.
Сауырдан аққан қара тер
Тебінгіден шалпылдап.
Бүркіттей көзі жайнаған,
Асау тайдай ойнаған,
Боз тұлпардай асылдың
Қос құлағы тігілді,
Өр жыландай бүгілді.
Ол төбені бір басты,
Бұл төбені бір басты,
Шаңы-шаңға ұласты.
Үш айшылық жолдарды
Болат тұяқ Боз тұлпар
Үш күнде бірден өтіпті.
Намазшамнан өткенде,
Құптанға таман жеткенде,
Ақболат таудың басына
Бозұғлан келіп қоныпты.
Тынығып бала далада,
Ұйықтамай қайтсін, шаршаса.
Түн ортасы өткенде,
Таң сарғайып жеткенде,
Болат тұяқ Боз тұлпар
Табаныменен тас тартып,
Жатқызбайды баланы.
Оянған шошып Бозұғлан,
Тұлпарға қатты қарайды,
Сонда бала сөйледі:
—Ерлер бермейтін намысты,
Табаныңменен тас тартып,
Ауыздықпенен алысып,
Қандай да бәле жабысты.
Тұлпар сонда сөйледі,
Астыңғы ерні қыбырлап,
батырлар жыры
Үстіңгі ерні жыбырлап,
Бозұғландай баланың
Құлағына сыбырлап:
—Жау екенін білмеймін,
Дәу екенін білмеймін,
Дос екенін білмеймін,
Бір тұлпардың дүбірі
Құлағымды жарып баратыр.
Мен қорқамын, көз жетпес,
Не қылса да бендеге,
Алла әмірін өзгертпес.
Үстіңе дүбір келатса,
Бозұғлан, қалай шыдайсың?
Мұны есітіп Бозұғлан
Орнынан қарғып тұрады.
Қос айылын берік тартып,
Тұлпарға мініп алады.
Қастасып жүрген қалмаққа
Сапарда шегіп барады.
Ауыздықпенен алысып,
Табан жолға тарысып,
Бозұғлан кетіп баратыр.
Сәске мезгіл өткенде,
Күн төбеге жеткенде
Тау басына шығады,
Аз кідіріп тұрады,
Көз жіберіп қарады.
Көз жіберіп қараса,
Келе жатқан қараны
Баланың көзі шалады.
Әне-міне дегенше
Бозұғландай баланың
Қасына жетіп келеді.
Келгенге көзін қадаса,
Танадай көзі жайнаған,
Бұлтсыз күндей ойнаған.
Алтын кеуіш аяқта,
Камшат бөрік басында,
Тарлан аты астында,
БОЗҰҒЛАН
Жолдасы жоқ қасында,
Үрім хандай патшаның
Айбарша атты қызы екен.
Ағыны судай арқырап,
Бозұғландай баланың
Жетіп келді қасына,
Шыққан айдай жарқырап.
—Ар ма, бала, ар ма,—деп,
Қасыңда адам бар ма?—деп,
Атының басын бұрады,
Әңгіме дүкен құрады.
Қылаң етіп қылт етіп,
Орманнан қашқан түлкідей,
Сылаң етіп сылт етіп,
Саулы інгендей ыңқылдап,
Күшігендей сыңқылдап.
Бозұғландай баланың
Қасына жетті былқылдап:
—Екі қозы, бір саулық,
Баһар айда қырқарым,
Аман-есен барсың ба,
Жұрт егесі сұңқарым?
Сен көрінсең көзіме,
Сүйреңдейді тіл мен жақ.
Екеумізді қосқай да
Бір жаратқан Жаббар Ақ.
Өлгенімше сендікпін,
Көңіліме салма дақ.
Бұрынғы өткен жандардың
Үлгісі ғой, жан қосақ.
Айналайын Бозұғлан,
Бар айыпты мойындап,
Шығып келем алдыңнан.
Дидарлы күн жеткені,
Қосыла қойсақ екеуміз,
Рахым Алла еткені.
Мен де өзіңдей ер едім,
Есепті ердің бірі едім.
Сұлтаным қашан қайтар деп,
батырлар жыры
Жолыңа қарап жүр едім.
Артсам, жүкті көтерер
Қабақ өркеш қара нар.
Сені ойлап, сұлтаным,
Маржан көзім шыланар.
Сұлтаныма қосылып,
Көңлім қашан жұбанар.
Жұрт иесі сұңқарым,
Не қылсаң да өзің біл.
Көңліңізге келді ме,
Ызалы жүрек, долы қол?
Долы қолға жолдас қой
Улы жүрек, ащы тіл.
Кешіре көр, жарқыным,
Әзәзіл шайтан азғырып,
Істеген менің күнәйім.
Батқан күнмен батайын,
Атқан таңмен атайын.
Әуелі бастан мен едім,
Қосылатұғын жұбайың.
«Сұлтаным қашан келер» деп
Жеп жүр едім уайым.
Екеумізді қосқай да,
Бір Жаратқан Құдайым.
Бозұғлан сонда сөйледі:
—Айбарша, сені алмаймын,
Сөзіңе құлақ салмаймын.
Иесі дейді Жаратқан
Он сегіз мың ғаламның.
Кіріп едім ордаңа,
Көз қырыңды салдың ба,
Адам деп қарсы алдың ба?
Көп кеуіштің ішінен
Алтын кеуіш алғаным,
Кейін қарап қашқаным.
Асыл туса Айбарша
Болатын болса жан-жарым,
Ақылымен білер деп,
Қызыл шеңгелге салғаным.
БОЗҰҒЛАН
Екі белгі жасадым,
Сонда Айбарша білдің бе,
Ақылыңмен сездің бе?!
Сұрадың тағы, ойсыз қыз,
Берсе де хабар Шашты Әзиз
Алтын кеуіш ардақты,
Патша қызы салмақты.
Ақылың жоқ жап-жақсы,
Ақылсызға қостар боп
Ала-алмаспын тамұқты.
Кездескенде сенімен
Мен бір жүрген бишара.
Маңдайға тиді кеуішің,
Қыз ұрған соң, не шара?
Қайта келіп мазақтап,
Айбарша, мені қорлама.
Бозұғландай балаңыз,
Мәрт болсаң, сондай бол—
Осыны айтып болған соң,
Ай секілді сұлуға
Қарамай кетіп барады.
Әне, Бозұғлан сол кетістен кетіп, Қосақты көлдің бойына
түсіп, шатырды құрып, Боз тұлпарға, өзіне дем берейін деп, жа
тып дем алуға кіреді.
Батыр қарамаған соң, Айбарша әкесіне келді, келіп Бозұғлан
баланың нар күшіне толып, пірлерінен болат тұяқ Боз тұлпарға
ие болғанын хабарлап, Қосақты көлге барып дем алып жатқанын
айтты. Ханға қарсы ұрысқа шығарда батырлардың дем алаты
нын ақылды Айбарша әкесіне ескертті. Байбақты менен Үрімге
Айбарша қыз:
—Еліңе қорған, жауыңа дұшпан болар батыр ол. Егер
ұрысқан жағдайда ұлыңды ұрым, қызыңды қияға жібере ала
ды. Оған шамасы жетер батырың жоқ. Оған мені тарту ет, елім
үшін мен құрбан, қан төгілмесін,—деп Айбарша тіл қатты,
бірақ Бозұғланға ашық екенін атасынан ұялып айтпады.
Сонда Байбақты:
—Жоқ, қызым, Бозұғланға енші бермейік, бағынайық, сенің
Құдай қосқан Қарадәудей күйеу жұртың бар,—деді.
батырлар жыры —Менің әкем Қарадәуге өз келісімі бойынша берген емес, қорыққанынан берген. Әуелгі тырнағын батырған дұшпанға әйел бола алмаймын,—деп қатты айтты. Әке де ыңғай бермеді, Бозұғландай батырға тоғыз адамнан елші құрап Қосақты көлдің бойында жатқан Бозұғланға жібер ді. —Елге жау боп тимесін, халық қарғысы басына келмесін,— деп елшілер Үрім ханның сөзін жеткереді. —Қарғыс алмасын депті, қарғыстан қорықса халқымды шулатып, табанында таптап, кәрі, жасты жылатып, әкем Жа манкені өлім ошағының мойнына түсер жеріне апарып салған ханыңмен келісер жайым жоқ, ұрысар жерін айтсын,—деп, келген елшілерді саз балшыққа тығып, ішіндегі Жылтыңбай деген қалмақты «көрген-білгеніңді айтып бар» деп қайтарып жіберді. Бұл хабарды есіткен Үрім хан, Байбақты Айбаршаның тілін лажсыз алуға, қыз айтқанына көнуге тиісті болды. Хан Айбарша аруды Бозұғланға тарту етуді естіген Қарадәу дің жездесі Қалқаман батыр, ханға қатты кейіп, батырлықпен қорқытып, ізіне әскер жинатып алып, «Бозұғландай баланы өлтіріп, жанын жаһаннамға кетіріп жіберем ғой» деп ойлап, көп әскерді Үрім ханға жинатты. Көп аламанға бас болып Қалқаман Бозұғланға аттанды, хан да, Байбақты да, Айбарша да көптен қала алмай көп әскерменен бірге олар да жол тартты. Ендігі сөзді Бозұғланнан есітің. Ол жақсылап демін алып, кәмбіл пірлерін есіне сақтап жатып, азанда ерте тұрып Үрім ханға тиейін. Атының ер-тұрманын жөнге салып, атына мініп Үрім ханның елінің қай шамада екенін біліп алайын деп тау ба сына шығады. Тау басына шығады, Көз жіберіп қарады. Көз жіберіп қараса, Баланың көзі шалады. Күн астынан шаң шықты, Шаң астынан ту шықты. Қарағай найза қолында, Дулығасы басында, Ақмоншақ аты астында,
БОЗҰҒЛАН
Қарамай дәудің баласы—
Қалқаман ойнап бұл шықты.
Ат ойнатып алыстап,
Жауды тілем таныстап,
Қабағына қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,
Бозұғландай балаға
Келіп сөйлей береді:
—Өзің құрттай баласың,
Оттай қаулап жанасың.
Ұрысатын адамдай,
Қасқайып қарап тұрасың.
Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі.
Сақалымның ағы бар,
Ағалығым тағы бар,
Кезегімді бер,—деді.
Бозұғлан да ер еді,
Есепті ердің бірі еді.
Жиылып келген қалмаққа
Кезекті соған береді.
Қалқаман кезек алған соң
Қорамсаққа қол салды,
Қол салғанда мол салды.
Сұр жебе деген оқ алды,
Суырып алған сол жебе
Көп оғына жол салды.
Ақбас ердің балы деп,
Аш бүйірдің түсі деп,
Толғап тартып қалады.
Асылы айуан жануар,
Болат тұяқ Боз тұлпар
Оққа көзін салып тұр.
Оқ тиер де, өтер деп,
Жалғызыма жетер деп,
Көкке ұшып кетеді.
«Ер кезегі екі деп,
Екінші кезек, бекі»,—деп,
Және байлап және атты.
батырлар жыры
«Жоғары көзден салдым,—деп,
Ақ бас ердің басы,—деп,
Өлер жерің осы,—деп,
Толғап тартып қалады.
Болат тұяқ Боз тұлпар
Оққа көзін салып тұр,
Оқ тиер деп налып тұр.
Оқ кірістен өтер,—деп,
Бозұғланға жетер,—деп,
Лаппа жатып қалады.
Антында тұрмас Қалқаман:
—Ер кезегі үш,—деді,
Үштен соңғы күш,—деді.
Үш оғым да тимесе,
Болармын жаман пұш,—деді.
Төмен көзден салдым,—деп
Және байлап және атты,
Ақбас ердің қасы,—деп,
Өлер тұсы осы,—деп.
Болат тұяқ Боз тұлпар
Бұлтарып кетіп жалт етті.
Болат тұяқ боз тұлпар
Құйрығын құстай тарады,
Желкесінен қарады.
Үш атқан оғын тигізбей,
Кеулі өсіп жануар,
Бозұғландай баланы
Алып қашып барады.
Тигізбей оғын кеткен соң
Қалқаман тұрып жылады:
—Атаңа нәлет Боз тұлпар,
Бұлтарып кетті бұлт етті,
Қисайып кетіп қылт етті.
Үш атқан оғым тигізбей,
Құдай бізді шұнтитты.
Осыны айтып болғанда
Бозұғлан жетіп келеді,
Келе сөйлей береді:
—Жоғың мұнан табылсын,
БОЗҰҒЛАН
Қашаннан жүрген қандарым,
Басыңа қылыш шабылсын.
Сендей ақымақ қалмаққа
Оқ шығын қылып нетейін.
Әкемнің берген қамшысы
Мойныңа орай салынсын.
Осыны айтып Бозұғлан
Қамшыны қолға алады,
Қасына жетіп барады.
Көк желкенің тұсы деп,
Өлетін жері осы деп,
Толғап ұрып қалады.
Бір ұрғанға шыдамай,
Қалқаман кетті көз жұмып,
Аударылып аттан құлады-ай.
Батыр туған Бозұғлан
Қарқыратып шалды да:
—Халқымның қанын ішіп ең,—
Қанына тойып алады-ай.
Басын кесіп алады,
Қолы қоржынға салады.
«Кектің алды қайтты»,—деп,
Батыр ішті сипады-ай.
Әлқисса, сөзді Айбаршадан есітің: зорлықпенен жиылған,
көп қалмақ жазықсыз қырылатынын айтып, Айбарша әкесінен
соғысты қойғызуды тіледі, көзінің жасын көлдеді. Бұны естіген
Байбақты буындары босап, тізелері қалтырап, өлім құрығының
тақалып келгенін сезіп, хан бұйрығына қарамай, Бозұғландай
балаға атын тақымдай шауып аса жөнелді.
—Ар ма, батыр, ар ма,—деп,
Орта жолда талма,—деп,
Жиылып тұрған қосынның
Көз жасына қалма,—деп.
Қалқаманды өлтірдің,
Әуелдік жолдан тайма,—деп.
Келсе де қаптап дұшпаның
Өлтіргенің батырды
батырлар жыры
Адалдықтың алды,—деп.
Қой десек те қоймаған,
Айтқан тілді алмаған,
Халқыңды тартып талаған
Өлтірдің, батыр, дұшпанды.
Тоқтағыл, енді, тоқтағыл,
Сен сен едің, сен едің,
Есепті ердің бірі едің.
Бергенде тайды үй басы
Батырлықпенен ісі жоқ,
Шаруа болар деп едім.
Батыр болдың бұл күнде,
Пайманаң толды, батырым,
Жиылып тұрған халықты
Қырма, батыр, қырма,
—деп Байбақты сөз салды. Тәуелдеге ақылды Бозұғлан тоқтады.
Қан төгуді қаламайтын батыр көптің жанын олжаға қалдырды.
Байбақты өткен қателіктерін мойындап, Бозұғландай ерге
ақыреттік дос болуға қол берді, қол ұшынан қан берді. Сүйтіп
екі дана дос болды. Әне, Бозұғлан:
Байбақтыменен қосылып,
Жібектей болып есіліп,
Бірі—ақылды, бірі—ер
Байбақтының үйіне
Жетіп олар келеді.
Батырды аттан түсіріп,
Шербет суын ішіріп,
Қой семізін сойдырып,
Бәйбішеге «бол, бол» деп,
Самаурынды қойдырып,
Батқан күнмен батады,
Атқан таңмен атады.
Екі алып қосылып,
Жатып демін алады.
Көптен шаршап шалдыққан, жаяулық өтіп, көп күндер
кезіп, жаңа бір дұшпанының үстінен жеңіске еріскен Бозұғлан
БОЗҰҒЛАН
батыр ұйықтап жатқанда көк ешегі астында, нұрлы асасы
қолында, өзі ақтың жолында, Ықыласты ата Шашты Әзиз
Бозұғланға ренжіп:
—Арқам жаман қозды ғой,
Саған келген пәледен
Қорғаймын деп, қарағым,
Ақ тонымның етегі
Тамтық қалмай тозды ғой.
—дейді де: «Көзіңді аш, Қараханды Құланай, Қарадәу мен
Сарыдәуді жоймай еліңе азаттық жоқ. Бір күні болмаса, бір
күні көзіңді құртар, соған аттан»,—дейді. Шошып оянған
Бозұғланның Байбақтыға сөйлеп тұрған жері екен дейді.
—Әй, батырым, батырым,
Сенен жоқ менің жақыным.
Бүгін түнде түс көрдім,
Түсімнің көрген ішінде
Әжептәуір іс көрдім.
Тұлпар атқа мінейік,
Ақ найзаны қолға алып,
Қараханның еліне
Біз аттанып жөнейік.
Сапар шегіп бармаққа
Менің көңлім осылай,
Сапар шегіп жүрейік.
Бұл сөзін қабыл көреді,
Тұлпар атқа ер салды,
Азын-аулақ жем алды,
Қару-жарақ қолға алды.
Азды-көпті тең көрді,
Екі батыр қосылып,
Қараханның еліне
Сапар шегіп жөнелді.
Атқа мініп алған соң,
Кеулі бекем толған соң,
Айқайлап дәурен салады,
Айшылық жерді алады.
батырлар жыры
Күркіреген дауысы
Күншілік жерді алады.
Ақ сауыты жарқылдап,
Танадай көзі жалтылдап,
Атқа мініп алған соң
Астындағы тұлпарға:
—Шу, жануар, шу,—деді.
Атасы берген боз тұлпар
Шу деген сайын гуледі
Астындағы тұлпардың
Табаны жерді ілмеді,
Еш нәрсені білмеді.
Ор қояндай ойнақтап,
Ақ бөкендей ойнатып,
Тер шыққан сайын құлағын
Қиғаштап тастап, бұрыштап,
Көрінген затты ұзақтан
Болжамай бала келеді.
Бірде желіп, бірде шауып,
Шабысын бала біледі.
Сыпырып желген уағында
Дауылдай құйын жел тұрып,
Батырдың демін бөледі.
Шабысына қараса,
Тұлпардың ісі тамаша.
Бұтадан да аласа,
Төрт аяғы жазылса.
Төрт аяқтан шыққан от
Тандырдан шыққан жалындай,
Көз жіберіп қараса.
Тұяқтан ұшқан қара тас
Шақпақ тастай жылтылдап.
Сауырдан аққан қара тер
Тебінгіден сылқылдап,
Құйылады шылқылдап.
Қарағай найза қолында,
Найзағайдай жарқылдап,
Астындағы тұлпардың
Қояндай шаңы бұрқылдап,
БОЗҰҒЛАН
Келе жатқан сықылды
Жау шетіне қырындап.
Көлденең тартып қорықта
Арада неше қоныпты.
Неше күндер өткенде
Байбақты менен Бозұғлан
Қарахан патша елінің
Шетіне келіп қоныпты.
Қарахан патшаның сенген екі мықты Сарыдәу, Қарадәу атты
батырлары бар еді. Осы екі батыр жасы ортадан асып, жасында
басқа елге берген зәбірін еске алып, соңғы кездері кегі кеткен
сол елдерден батырлар шығыпты дегенді есітіп, шыдамы таусы
лып, күнде келіп қала ма деп жүріп, күндерде бір күн Сарыдәу
інісі Қарадәуге:
—Жан-жағымыз жау болды, өрде отырған Қалқаман бір
де тірек, бірде пана еді. Баяғы Үрімге жаулатып алған Жа
манкеден бала туылып, сол Қалқаманды өлтіріп, үрімдіктерді
бағындырыпты. Ол келмей қоймас, алдынан шық, Асқартауға
бар дейді. Ал мен Алатау жаққа барамын. Қай жағымыздан
келсе де, осы осал болмас, қорқамын,—депті.
Қарадәудің құралы тоқсан батпан темір шоқпар екен. Ол
Асқартауға келіп, дем алуға кірісті. Ол әр ұйықтағанда тоғыз
күн ұйықтайды екен. Күндерде бір күн Бозұғлан қорылды са
лып, Дәрбент жолды бір өзі алып жатқан Қарадәудің үстінен
шығады. Оның тек адам емес екенін біледі. «Бірақ ұйықтап
жатқан жерінде өлтірмейін, оным ездік болар. Оятып көрейін,
әлім келсе өлтірермін, жетпесе ажалым шығар» деп Бозұғлан
ұйықтап жатқан Қарадәуді оятады, оянбады. Айқайлады,
тұрмады. Бір кезде қозғалғанда бір көзін ашып:
—Ей, батырым, батырым,
Желді күні болғанда
Жылтылтайды тақымың.
Саған айтар ақылым
Мені неге қозғайсың,
Қозғасаң мені оңбайсың.
Мен де өзіңдей ер едім,
Сендей-сендей дұшпанның
батырлар жыры
Тірілей етін жер едім.
Келсең менің қасыма
Бір аяғымды беремін,
Ұйқыма тағы кетемін,
Істеп қал, бала, амалды-ай,
Қапылда қалдым дерсің сен,
Байқап көр, бала, шамаңды-ай.
Қарадәу де ер еді,
Мазақ қылып батырды
Бір аяғын береді.
Ашуланып Бозұғлан
Алғыменен күресті.
Аяғыменен алысты—
Көрмеген бала бұл істі.
Жыға алмай жас бала
Бозұғландай баланың
Қабырғасы қайысты.
Көзінің жасы төгілді,
Қиналып жылап тұрғанда
Болат тұяқ боз тұлпар,
Асылы текті жануар
Құйрығын құстай тарады.
Жоғары қарап есінеп,
«Ием бе» деп кісінеп,
Алтыннан қаққан қазықты
Шыдай алмай суырып,
Бозұғландай баланың
Қасына жетіп келеді.
Ғайып ерен қырық шілтен
Таңдайдан мөрін алады.
Таңдайдан мөрі кеткен соң,
Астыңғы ерні қыбырлап,
Үстіңгі ерні жыбырлап,
Боз тұлпарға тіл бітті:
—Менің ием сен едің,
Жолдасың сенің мен едім.
Мені өзіңдей көр,—деді,
Сөзіме құлақ сал,—деді,
Айтқан тілді ал,—деді.
БОЗҰҒЛАН
Ер басындағы кісенді
Қарадәудей дұшпанның
Аяғына тұзақтап
Кілттен ұрып сал,—деді.
Жылқышы ата жар болса,
Үстіме мініп ал,—деді.
Ер басына қыстырып,
Тұлпарға мініп алады.
Тұлпарға мініп алғансын
Адамнан есті жануар
Қарадәудей батырды
Сүйретіп сонда барады.
Қара тасқа сүйретті,
Етін тасқа күйретті.
Қарадәу сонда толғайды,
Толғауы сірә оңбайды:
—Алдарқатып жас бала
Аяққа кісен салыпты-ау,
Шешілместей таңыпты-ау.
Ат көтінде сүйретіп,
Бытырлатып сүйекті
Қара тастың қақ ұшы
Алып қалып етімді-ау.
Сорғалап қаным тастарға,
Соғылып басым аяққа,
Тарылдың ғой, Құдайым,
Бір өзіңе жылайын.
Ат көтіне сүйретті,
Нешік айла қылайын.
Екеу еді алғаным,
Тіршілікте білмедім
Өмірдің өтер жалғанын.
Ат көтіне сүйрелдім,
Қайда кетті салмағым?!
Қарахан ханым, қалмағым,
Ішімде кетті арманым.
Қолымды менің бір босат,
Айналайын, қарағым.
Осыны айтып болған соң
батырлар жыры
Қарадәудей батырдың
Қара таста сүйретіліп
Қара басы бөлініп,
Жаһаннамға жеткен соң
Басын кесіп алады.
Атынан түсіп Бозұғлан
Қоржынға салып алады.
Басты кесіп алғансын,
Байбақты менен Бозұғлан
Қараханға жол шегіп,
Сапарланып барады.
Әне, әлқисса, сөзді Қарахан патшаның қызы Қарашаштан
есітің. Оның айдары алтыннан, шашы күмістен еді. Бозұғланның
сыртынан ғайбана ғашық еді. Бозұғланның Қарахан еліне са
парланып келе жатырғанын Ықылас ата Шашты Әзиз хабарла
ды. «Шалдығып, шаршап келеді, ақ ордаңды тік, тынықсын»
деп маза беріп еді. Міне, бірнеше күннен бері Қарашаш нөкер
қыздарын жинап, алтын, ақ шатырын тігіп, асқар таудың бір
шұрайлы әдемі жерін мекен қылып жатыр еді.
Ендігі сөз батыр Бозұғланнан:
Бозұғлан мінген боз тұлпар
Қарахан қалмақ еліне
Борбайлап тартып келеді.
Сәске мезгіл өтеді,
Күн төбеге жетеді.
Күн төбеге жеткенде
Асқар таудың басына
Бозұғлан шығып барады.
Тау басына шыққан соң
Жан-жағына Бозұғлан
Көз жіберіп қарады.
Көз жіберіп қараса,
Тігулі тұрған шатырды
Баланың көзі шалады.
Әне-міне дегенше
Шатырға жетіп барады,
Әңгіме дүкен құрады:
БОЗҰҒЛАН
—Мынау қандай шатыр?—деп,
Шатырда кімдер жатыр?—деп,
Сол жердегі адамнан
Бозұғлан батыр сұрады.
—Саздау жердің сызы бар,
Кебіртең жердің соры бар.
Күзетпесек қорқамыз,
Қарахан ханның, шырағым,
Қарашаш атты қызы бар.
Мұны есітіп Бозұғлан,
Аттан түсе қалады,
Барып айқай салады:
—Қарашаш, жата бермей көтер басты,
Тұсыңа қонақ келіп жақындасты.
Еліңе әдейі арнап келатырмын,
Өзіңдей көрейін деп қарындасты.
Қарашаш, бар ма жайың сөйлескендей,
Еш адам сөйлеспеді, тіл кескендей.
Әдейі сенің үшін келатырмын,
Батырға көңлің бар ма мінгескендей?
Мұны есітіп Қарашаш,
Ислам дінге қалқа паш.
Құрметтің жайын етеді,
Батырға енді артық маш.
«Болайын,—деп,—шын жолдас»,
Алтын есік ашады.
Алтын шашы жарқылдап,
Ботадай көзі ойнақтап,
Өзі он бес жасында,
Камшат бөрік басында,
Жолдасы жоқ қасында,
Қасына жетіп барады.
Қылаң етіп қылт етіп,
Сылаң етіп сылт етіп,
Саулы тигендей ыңқылдап,
Аққудай болып сыңқылдап,
Сөйлеген сөзі тымпылдап,
Бозұғландай баланың
батырлар жыры
Қасына келді, былқылдап.
Келе сөйлей береді:
—Сен сен едің, сен едің,
Ашықтың бірі мен едім.
Батыр қашан келет деп,
Тілектес болып жүр едім.
Ойымда жоқ қилы қол,
Жұбайыңмын, мені ал.
Анамыз еді Бибіжар,
Ашықтың бірі мен едім,
Мен ғаріпті жадыңа ал.
Көтеріп аттан алады,
Аяғын жерге тигізбей,
Ақ орданың ішіне
Батырды алып барады,
Белден мамық салады.
Жая десе, жал беріп,
Шекер десе, бал беріп,
Батыр кеулін табады.
Ұйықтамаған ұйқыға
Ұйықтап батыр қалады.
Түн ортасы өткенде,
Таң сарғайып жеткенде,
Ұйқыға мағлұм кеткенде
«Қайда»,—деген бір дауыс,
«Бауырымды өлтірген
Қайда»,—деген бір дауыс,
«Қатын болмай ер болса,
Шықсын»,—деген бір дауыс
Ұйықтап жатқан баланың
Құлағын жарып барады.
Мұны есітіп Бозұғлан
Орнынан қарғып тұрады.
Жау келед деген ойда жоқ,
Жан-жаққа көңіл бұрады.
Қару-жарақ бойда жоқ,
Бозұғлан сонда сасады.
Есіктің алды ығынды,
Бола жаздап шығынды,
БОЗҰҒЛАН
Есігі менен төріне
Неше қайта жүгірді.
Төрде отырып Қарашаш
Қасына жетіп келеді.
Аулыққанын батырдың
Қарашаш көріп біледі.
Қару-жарақ, қылышты
Бозұғланға береді.
Қару-жарақ асынып,
Батыр туған Бозұғлан
Беліне қылыш байлады,
Көзі оттай жайнады.
Не қылсаң Алла өзің біл,
Ашудың тегі қайнады.
Боз тұлпардың қасына
Бозұғлан жетіп барады.
Қос тартпаны бек тартып,
Тұлпарға мініп алады.
Қараханның батырына,
Батырын шауып алмаққа,
Көзін салып жан-жаққа
Қарсы шауып барады.
Сарыдәу де ер еді,
Белгілі ердің бірі еді.
Қаз мойын қара тұлпармен
Бозұғландай баланың
Қасына жетіп келеді,
Келе сөйлей береді:
—Өзің құрттай баласың,
Оттай қаулап жанасың.
Ұрысатын кісідей
Қасқайып қарап тұрасың.
Меніменен ұрыссаң,
Құдайыңа барасың.
Қалжың сөзге көнбеймін,
Астыңдағы боз тұлпар
Қан тигізбей бер деймін.
Қылышпенен өлтірсем,
Қиқалады дерсің сен.
батырлар жыры
Найзаменен өлтірсем,
Мипалады дерсің сен.
Садақпенен өлтірсем,
Қапыда кеттім дерсің сен.
Есіткен соң бұл сөзді
Дәу сөзіне шыдамай,
Атының басын бұрады,
Әңгіме дүкен құрады.
Батырсынған қалмаққа
Батыр туған Бозұғлан
Бір сөз айтып тұрады:
—Ау, қалмағым, қалмағым,
Шөптен оңай алмағым.
Таразыға тартқанда
Тастан ауыр салмағым.
Оңғарса Құдай ісімді,
Қиын емес, батырым,
О дүниеге бармағың.
Мінген атың құла ғой,
Сендер көп те, мен жалғыз,
Қолыңа келді бір бала,
Білгеніңді қыла ғой.
Әуелгі сөзге барысты,
Екінші сөзге келмеді,
Әне-міне дегенше
Шайтан келіп жабысты.
Ат үстінде қос алып,
Жағаға қолдар салысты.
Қарағай найза серместі,
Ат тізесін бүгісті,
Екі батыр тіресті,
Жығыса алмай керісті.
Қанжарменен қайрасты,
Семсерменен серместі.
Қанжар қалды қайысып,
Семсер қалды майысып.
Екеуі де ер еді,
Белгілі ердің бірі еді,
Жеті күнге дейін алысты.
БОЗҰҒЛАН
Жығыса алмай жүргенде,
Тоғыз күнге жеткенде,
Сарыдәу күші асады.
Бозұғландай баланы
Тақымына басады.
Қыз қасында жатқанда,
Көңлі тасып дариядай
Қызыққа әбден батқанда,
Мамық төсек үстінде
Қарашаштың қызығын
Көріп батыр жатқанда,
Ұмытқан батыр пірлерін.
Ұмытып батыр пірлерін,
Салмағы содан кемиді,
Қайраты содан жасыды.
Тоғыз күнге жеткенде,
Сол күнге батыр жеткенше
Ықыласты ата Шашты Әзиз
Бозұғландай баланың
Қасына келіп жетпеді,
Жетіп көмек етпеді.
Мәкіру болған балаға
Кеткен теке шалаға
Жолай да алмай атасы,
Төңіректеп жүр еді.
Тақымға түскен жас бала,
Дұшпанына қас бала
Пірлеріне сиынып,
Жылап та жатқан кезі екен:
—Әуелі, Алла анайым,
Бір Жаратқан Құдайым!
Тақымда кетіп барамын,
Нешік бір айла қылайын?
Жеті әулие кәмбіл пір,
Ықыласты ата Шашты Әзиз,
Атыңды айтып шақырсам,
Келер ме екен қасыма!
Кеткен бәден қатені
Кішілік жасап кешіріп,
батырлар жыры
Рахымы түсер ме,
Сорғалап аққан жасыма.
Мен сықылды жалғыздың
Неше күннен ел көрмей,
Қызық дәурен бір сүрмей,
Істеген менің ісімді
Кешірсін Алла, кешіргей.
Алдымда менің ағам жоқ,
Бауырды іздеп келерге.
Туысқан-іні менде жоқ,
Паналарға панам жоқ,
Бір жаратқан Құдайым,
Бір өзіңе жылайын,
Ғайып ерен қырық шілтен,
Атыңды айтып шақырдым.
Осыдан өліп мен кетсем,
Жаратқан, сізге аманат,
Ағайын-туған, азамат.
Әр қашанда шыбын жан
Бір өзіңе аманат.
Тілектес болып көк пен жер,
Тақымда кеткен жалғыздың
Амандығын тілеп тұр.
Және де сәлем дегейсің,
Ақ сүт берген анама.
Осыдан өліп мен кетсем,
Тапсырдым сені Аллаға,
Ақ сүт берген анам-ай,
Маңдайдағы қабам-ай.
Тақымда кетіп баратыр
Мен секілді балаң-ай.
Жығылғанға ұқсатпа
Асқарда биік мұнар-ай,
Жауда халқы жалғыздың.
Ата менен анам-ай,
Жауға кеткен жалғызды
Өлді деп күдер үзе бер,
Қайғы суын іше бер.
Қайғыменен қарайып,
БОЗҰҒЛАН
Санаменен сарғайып,
Қара киім кие бер.
Ақ сүт берген анашым,
Осыдан өліп мен кетсем,
Ат бас қара қайғының
Ал басыңа төнгені.
Мен едім жалғыз шырағың,
Тақымда кетіп баратыр
Бозұғлан атты лағың.
Әне, халайық, Бозұғландай баланың жылаған көз жасыме
нен тұла бойдағы барлық бедені жуылып, пәк болды.
Ғайып ерен қырық шілтен
Бозұғландай баланың
Ақ қарабас қу болып,
Тақымына қонады.
Бір мезгілдер болғанда,
Салмақ еніп кем-кемнен,
Сарыдәудей батырдың
Тақымынан түсіп қалады,
Бойын тіктеп алады.
Еріп жүрген тұлпары,
Пірлеріне сиынып
Бозұғлан мініп алады.
Сарыдәуді ай-шайға
Бара ұстап алады.
Басынан үш айналдырып,
Қара жерге ұрады,
Табанына салады.
Басын кесіп алғансын
Қоржынға тастап жіберіп,
Қарахандай қалмаққа
Сапар шегіп барады.
Бозұғландай батырдың
Айналды ісі оңайға.
Сиынып батыр барады
Бір Жаратқан Құдайға.
Қарсыласқан қалмақты
батырлар жыры
Қырып кетіп баратыр.
Қарсыласқан батырды
Сайып кетіп баратыр.
Жетпіс атты бір жерге,
Сексен атты бір жерге,
Шылбырларын қосақтап,
Түйіп кетіп баратыр.
Үсті-басы қан болып,
Көрген жанға таң болып,
Астындағы боз тұлпар
Шабысына қарасаң,
Аспанда аққан жұлдыздай.
Ұра бер деп Бозұғлан,
Тізгінді бұрып тұрғызбай.
Пірден болып себебі,
Кідіртіп атты тұрғызбай.
Ай қауысты, қауысты,
Жібермей қолдан намысты,
Қараханның қолымен
Он күн жатып соғысты.
Қарасыласқанның бәрін де
Бірін қоймай тауысты.
Пірінен болып себебі
Топтап айдап қалмақты
Бағындырып алады.
Қараханды тайдырып,
Байбақтыны қан қойды.
Отыз күн ұдай той қылып,
Қырық күн ұдай ойын қып,
Ишан молда жидырып,
Ақ некесін қидырып,
Қарашаштай аруды
Бозұғлан бала алады.
Сарыдәудей батырдың
Гүлсін атты гүл қызын
«Бәріңнің тегің бір ғой» деп,
Байбақтыға береді.
Байбақтыға бергенсін
Айбаршаның еліне
БОЗҰҒЛАН
Қырық түйе алтын арттырып,
Үстіне кілем жаптырып,
Сырнай-керней тарттырып,
Жібектей болып есілтіп,
Жолға түсіп жосылтып,
Батыр туған Бозұғлан
Өз еліне қайтады.
Бенде боп кеткен бұрынғы
Ноғайлықты тойдырып,
Барлық малын алдырып,
Үдере көшіп келеді.
Әне, әлқисса, Қарахан қалмақты тойдырды, бірақ өлтірмеді.
Егер өлтірсем, ғайыптан қосқан Қарашаш қапа болар деді. Не
де болса жарымның әкесі ғой деп тірі қалдырды. Байбақтыны
орнына қойып, бүкіл ноғайлықты өзінің бұрынғы жайлаған
құтты мекеніне көшіріп, Бозұғлан алып келе берсін. Ендігі
сөзді Үрім ханның қызы Айбаршадан есітің.
Бозұғланның алмай, Қарахан қалмақтың қызын бірінші
алғанына ыза болып, сарайдан шықпай жата берді. Менің де
зауалым жетсе, бір көрермін деп. Уақыт өте берді. Бір күндері
ұйықтап жатса, Ықыласты ата Шашты Әзиз:—Қызым,
мұсылман дініне кіріп тұрып, Бозұғланға күпірлік ойлама,
дұшмандығыңды сайлама, Қараханға кетерде Бозұғлан: «аман
оралсам, алармын»,—деп өзіне серт айтып еді. Сол бұрынғы
ғашығың Бозұғлан Қарашашты алып, Қараханды өлтірмей,
жамандық етуге тілін келтірмей қайтып келеді. Алдынан шық,
құтты болсын айт,—деді. Көзден ғайыбана болды.
Айбарша шошып оянды,
Ояна келіп ойлайды,
Алды-артын тұрып болжайды.
Өңім бе десе, түсі екен,
Түсінде аян бергені
Өзіне таныс кісі екен.
Сол уақтары болғанда,
Сәске мезгіл болғанда,
Тарлан атқа мінеді,
Төбеге шашты түйеді.
батырлар жыры
Бозұғланға бармаққа,
Қарсы күтіп алмаққа,
Тарлан атты қамшылап,
Батырды қашан көрем деп,
Тама-тал түс кезінде
Күн астына қарады,
Көз жіберіп қарады.
Көз жіберіп қараса,
Боз тұлпары астында,
Шұбырған халқы артында
Жаманкенің жалғызы
Көз ұшынан көрінді.
Батыр туған Бозұғлан
Елбеңдеген бір қара
Баланың көзі шалады.
Байқастырып қараса,
Камшат бөрік басында,
Жолдасы жоқ қасында,
Қарсы алуға батырды
Айбаршаның шыққанын
Батыр сонда көреді.
Бізді қашан келет деп,
Жолымды тосып жүр екен.
Айбаршаны қапталдай
Бозұғлан да жақындай,
Жақындап батыр келгенде:
—Топтан озған тұлпарым,
Биіктен ұшқан сұңқарым,
Аман-есен жеттің бе?
Уағда болса орнында
Алдыңнан шығып тұрыппын.
Айбаттанған айбаттым,
Сен едің менің іңкәрім.
Дұшпандарың өлтіріп,
Құтты болсын, батырым,
Қарашашты алғаның.
Деп Айбарша толғады,
Қайырлы болсын тағы да,
Иелік еткен халқыңа
БОЗҰҒЛАН
Әне-міне дегенше
Екі ашық көрісті,
Өткендерін терісті.
Айбарша тіккен ордаға
Бәрі аман жетісті.
Әне, әлқисса, осы жерде Бозұғланға Айбаршаның некесін
қиюға жиналған тойқұмар халыққа Айбарша қарсылық жа
сады.
—Бозұғланға жолда қосылып той өткеруіне қайылшылы
ғын жоқ,—деді.—Егер Бозұғлан мәрт болса, ата-анасына
адал перзент болса, менің тойымды Терісақпаның бойын
да, Таспа таудың ойында, жылауменен жалғыздан хабарсыз
отырған атам менен енемнің алдында өткерсін. Оған асықса
батыр, өмірім ерсіз өтсе де, өз жөнімен кете берсін,—деді. Бұл
Айбаршаның сөзі көпке, Бозұғланға мақұл түсіп, атасы менен
енесінің жайлаған жеріне әкеліп той берді.
Ноғайлының еліне
Бозұғлан аман жетеді
Елін сонда жинайды.
Үлкені менен кішісін
Тегіс бәрін жинайды,
Алып келген дүниеден
Қаріп пенен кемтарға
Ат, шапан, сарпай береді.
Ат, шапан, сарпай алғансын
Халқы жақсы көреді.
Жар шақыртып еліне
Мереке тойын бастайды.
Қуаныштың ұранын
Көп ортаға тастайды.
Ноғайлының басына
Еркіндіктің тигенін
Баршасына жырлайды.
Таспа таудың ойында,
Терісақпаның бойында
Айбаршадай ару қыз
Ақ некелі болады.
батырлар жыры
Сырнай-керней тарттырып,
Алтын қабақ аттырып,
Ноғайлының ішіне
Шулаған тойды береді.
Езуінен жиылмай
Қуаныштың күлкісі,
Әр үй менен кісіден
Халықта тыным болмады,
Қуанышқа тоймады.
Ақындарын алдырып,
Ән маржанын салдырып,
Бастан өткен күндерін
Жыршыларға жырлатып,
Жыр майларын тамызып,
Халықтың көңлін алады.
Жиналып келген халайық
Бозұғландай батырға
Жиылған елі жиналып,
Ақ батасын береді.
«Бозұғланның ғұмырын
Ұзақ қыл» деп Алладан
Баршасы тұрып тіледі:
—Қошқардай бер ұлдарын,
Жыламасын қыздарың,
Жиналған халқың алдында
Жылап жасын төкпесін.
Ноғайлының елінен
Арылмасын тұздарың,—
Деп батаға қосады,—
Алдымдағы халайық,
Егер айып көрмесең,
Бозұғлан атты жырымыз
Осымен тамам болады.
Ғ Ы Л Ы М И
Қ О С Ы М Ш А Л А Р
Томға енген мәтіндерге түсініктеме «Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек» жыры (Қазан, 1904) «Бозұғлан» Орта Азия мен Қазақстанда кең таралған жыр. Бұл жырдың Қазақ, түрікмен, өзбек нұсқалары ХІХ ғасырдың аяғында Ташкент, Самарқанд, Қазанда басылды. Венгр түркі танушысы Вамбери жырдың хорезмдік қолжазбасын 1867 және 1911 жылы жариялады.1 Жырдың қазақша нұсқасын 1890, 1894 және 1904 жылдары Ешбай Көзбергенұлы Қазанда жариялай ды. Жырдың соңына: «Тарихның бір мың екі жүз тоқсан жетін ші жылында ражаб айында тамам әйладым. Қазақ тіллерінше хатасы болса, әуел шығарғандан, екінші кісілерден мәдадасы бұ Жүсіпбек—Ахметбек кітабының сауабы жазушы Ешбай қазақ Көзбергенұғлы» деп жазған. «Бозұғлан» жыры осыдан кейін жарық көрген жоқ. Жырдың кейбір нұсқалары жайында «Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасының» 1-томын да жазылғанымен, мәлімет толық берілмеген. Жыр жайын да Ә.Қоңыратбаев, В.Жирмунский, Х.Зарифов, Х.Короглы, С.Қосан тәрізді ғалымдардың еңбектерінде сөз қозғалады.2 «Бозұғлан» жырында Исфаһан шаһарының патшасы Бозұғлан мен оның Ахметбек пен Жүсіпбек деген екі жиені жайында баяндалады. Бозұғланның уәзірлері жиендерін жа 1 В.М. Жирмунский, Х.Т. Зарифов. Узбекский народный героический эпос.— Москва, 1947. 2 Ә. Қоңыратбаев. Қазақ эпосы және түркология.—Алматы, 1987; В.М. Жир мунский, Х.Т. Зарифов. Узбекский народный героический эпос.—Москва, 1947; Х. Короглы. Огузский героический эпос.—Москва, 1976; Х. Короглы. Туркменская литература.—Москва, 1972; С. Қосан. Базар жырау Оңдасұлының әдеби мұрасы (ақындық дәстүр, жанр, поэтика). Филология ғыл. кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.—Алматы, 2005.
батырлар жыры
мандап, екеуін қаладан қудырады. Екі бек Сабзар деген жер
ге көшіп кетеді. Үргеніштің ханы Ерғали екі батырдың атақ-
даңқын естіп, өзінің қаласына шақырады. Ерғали хан Күлғасыл
деген қызын Жүсіпбекке некелеп, Хорезм қаласына әкім етеді.
Хиуаның ханы Нәдірбек қызын Ахметбекке беріп, Бараржын
қаласын тарту қылады.
Сол уақытта Мешел қаласының патшасы Көзалшаһ бір түс
көреді. Түсінде екі жолбарыс тап беріп, тақтан түсіргенде, ау
зынан бір құс ұшып кетеді. Түсін Шын-Машыннан келген кітап
саудагері Баба Ғұмар былайша жориды: «Тағыңызды Хорезмнің
бектері Жүсіпбек пен Ахметбек алар. Аузыңыздан ұшқан
құс—сіздің жаныңыз». Ашуланған Көзалшаһ оны зынданға
тастатады. Көзалшаһтың жіберген Мырза Мәмет деген жансы
зы Ахметбек пен Жүсіпбекке келіп, «Көзалшаһ түсінің мәнісін
таппағандарды өлтіремін деген соң қашып келдім» деп сеніміне
кіріп, қызмет етеді де, бір күні кәпірлерге ұстап береді.
Екеуі жеті жыл зынданда жатады. Күзет бастығы Хамзаның
қызы Қаракөз Жүсіпбекке ғашық болады. Жеті жыл бойы
Қаракөз тамақ беріп, асырайды. Екі бектің дұшпандары Ах
метбекті мұнарадан тастап, Жүсіпбекті дарға асты деп жалған
хабар таратады. Күлғасыл бес тырнаның қанатына хат жа
зып жібереді. Жүсіпбек хатты оқып тырналарға Исфаһаннан
Бозұғлан келсін деп айтып жібереді. Бір күні зынданның ішін
де бір жарық пайда болып, хазірет Шаһмардан Жүсіпбекке үш
гүл беріп, арқасына пәнжа ұрады. Сонда Баба Ғұмар үш күннен
соң бостандыққа шығатындарын айтады. Көзалшаһ Жүсіпбекті
Көкшемен айтыстырады. Айтыста жеңіске жеткен екі бек елі
не келгенде Нәдірбектің Ахметбекке атастырған қызын ұзату
тойының үстіне түседі. Жүсіпбектін жары Күлғасылдың, сардар
Әшірбектің, анасы Лағылханның көздері көр болған екен. Баба
Ғұмар берген топыраққа зиярат еткен үшеуінің көздері ашы
лады. Күлхадишаны Ахметбекке неке оқып береді. Жүсіпбек
әскер жинап барып, Баба Ғұмарды босатады.
Жыр эпикалық шығармалардың дәстүріне сай «өзге елге
көшу», «түс көру», «жау қолында тұтқын болу», «хабаршы
тырналар», «күйеудің өз әйелінің тойына келу», «жау қызының
көмегі» т.с.с. мотивтерден құралған. «Оғыз дәуірі халық
поэзиясының көптеген келелі үлгілерін туғызады. Қазақтың
«Қозы Көрпеш», «Алпамыс», «Қозы Көрпеш», «Мұңлық—
ғылыми қосымшалар Зарлық» сюжеттері, өзбектің «Бозұғлан» жырлары, арғысы «Кітаби Қорқыт» осы дәуірде туған»3,—деп жазған ғалым Ә.Қоңыратбаев бұл сюжеттің бүкіл Орта Азияға ортақ екендігін көрсетті. «Последняя часть дастана—рассказ о пленении и возвра щении Юсуфа и Ахмеда—по общему содержанию и целому комплексу мотивов совпадает со ІІ частью «Алпамыша». Как в «Алпамыше», герои попадают в плен к врагам (во время бо гатырского сна), по повелению шаха их бросают в зиндан, где они проводят 7 лет, помощь герою оказывает влюбленная в него дочь тюремщика, птицы посылаются вестниками на ро дину, пленник мастерит себе самодельный музыкальный инс трумент.»4 Өзге эпикалық туындылардың ішінде «Бозұғлан» жы рында исламдық белгілер көп кездеседі. Жырда дінге, Аллаға, Пайғамбарларға, пірлерге байланысты көріністер жиі ұшырайды. Сондай-ақ Мұхаммед, Адам ата, Нұх, Ілияс пайғамбарлар, пайғамбардың төрт жары: Әли, Омар, Оспан, Әбу Бәкір, Әлидің ұлдары Хасен—Хұсейін аттары зор құрметпен аталады. Қазан басылымының лексикасында араб, парсы, түркі сөздері көп. Түркі сөздері қазақ тіліндегі сөздердің жазылу нор масына сай түзетіліп берілді. Олардың бірқатары: болұр—болар, менда—менде, яхшы—жақсы, Юсуп—Жүсіп, йұрт—жұрт, йер—жер, йапырағ—жапырақ, йаман—жаман, іш—іс, баш лап—бастап, беш—бес, түшділар—түстілер, чықып—шығып, болсун—болсын, баш—бас, көрмай—көрмей, йар—жар, йаран—жаран, йолбарыс—жолбарыс, алдуруп—алдырып, йетішіп—жетісіп, топлар—топтар, атушып—атысып, білма ды—білмеді, сізга—сізге, йыл—жыл, йығлап—жылап, игыр ма—жиырма, ұхлау—ұйықтау т.б. Бозұғланға қатысты жырлардың нұсқалары ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы: 3 Ә. Қоңыратбаев. Қазақ эпосы және түркология.—Алматы, 1987. 115-б. 4 В.М. Жирмунский, Х.Т. Зарифов. Узбекский народный героический эпос.— Москва, 1947. 116-б.
батырлар жыры 1. Бозұғлан. Ахметбек һәм Жүсіпбек. Ешбай Көзберген
ұлының Қазан қаласында бастырған (1894, 1904) нұсқасы.
ОҒК: Ш.2610.
2. Қисса Бозұғлан. Семейлік ақын Әзімбай Бижанұлы
жырлаған нұсқа. ӘӨИ: Ш.679, 1-дәптер. Жыр жол дәптерге
араб әрпінде жазылған.
3. Ахметбек-Жүсіпбек қиссасы. ОҒК: Ш.746. 2-дәптер. 1939
жылғы Қостанай экспедициясының жинаған материалдары.
Жыр машинкаға басылған. Жыршысы белгісіз.
4. Жүсіп-Ахмет хикаясы. Базар жырау нұсқасы. ӘӨИ: Ш.
917/7. Араб әрпі. 5. Бозұғлан. Қарақалпақстан Республикасының еңбек сі
ңірген халық білімдендіру қызметкері Жұмажанов Қаржау
байдың жинаған нұсқасы. Айтушысы—Әбдімұрат жыршы.
6. Ахметбек пен Жүсіпбек. ОҒК: Ш.746. 1-дәптер. Қали
Өтешов нұсқасы. 1935 жылы қорға Васильев тапсырған. Жыр
араб әрпінде жазылған.
7. Бозұғлан (Ахметбек һәм Юсуфбек). ӘӨИ: Ш.193. 1-
дәптер. Бұл қолжазбаны 1882 жылы Мұртаза Бөлекұлы хатқа
түсірген. 1960 жылы Омбы экспедициясының мүшесі Сыдықов
Тұрлыбек жинаған. Араб әрпінде жазылған. Бұл мәтін Қазан
басылымының бір көшірмесі.
8. Жүсіп-Ахметтің қиссасы. ӘӨИ: Ш.97. Құрбанқожа
Мырзақұлқожаұлы нұсқасы. Айтушысы—Мұзарап Жүсіпов.
1962 жылғы Қызылорда экспедициясының мүшесі Мардан
Байділдаев қорға тапсырған. Қолжазба араб әрпінде жазылған.
Жыр мазмұны Базар жырау нұсқасына ұқсас.
9. Бозұғлан. ОҒК: Ш.841. Қарақалпақстан экспедиция
сының мүшесі Ахметов Шеген 1947 жылы Дәуітбайұлы
Мұратбайдан жазып алған. Жыр Бозұғлан хан жайында.
10. Бозұғлан ханның әңгімесі. ОҒК: Ш.203. Жантөбетов Ж.
жинаған нұсқа. 11. Бозұғлан.
ӘӨИ:
Ш.804.
6-дәптер.
Жинаушысы—
Қаратай Биғожин.
Жыр мәтіні Қазан басылымының (1904) Орталық ғылыми
кітапхананың қолжазбалар қорында сақталған араб харпіндегі
түпнұсқадан (ОҒК: Ш. 2610) ешбір өзгеріссіз дайындалды.
Т. Әкімова
ғылыми қосымшалар
5 Ә. Қайнарбаев жинаған ауыз әдебиет үлгілері. ӘӨИ, ҚҚ: Ш 917/7.
6 Сонда. 2-бет.
7 Ә. Қайнарбаев жинаған ауыз әдебиет үлгілері. ӘӨИ, ҚҚ: Ш 917/7.
8 Сонда. 1-бет.
Жүсіп-Ахмет
(Базар жырау нұсқасы)
Базар Оңдасұлы жырлаған «Жүсіп-Ахмет» дастаны бұрын
зерттеушілер назарына іліне қоймаған. Жырдың бұл нұсқасы
белгілі фольклор жинаушысы, Қызылорда облысы Қармақшы
ауданының азаматы марқұм Ә.Қайнарбаев жинаған ауыз
әдебиеті үлгілерінің арасынан табылды5. Жинаушының өзі
берген мәліметте: «Жүсіп-Ахмет» хикаясының осы нұсқасы
бұрынғы Қазалы уезі, Көшербай болысының қазағы Отарбай
Балқы—Қалқаш Алдажарұлынан алынған, Базар жыраудікі»6
делінген. Базардың өзі де жырдың соңында осы деректі айтып
кеткен екен. Ондағы:
Қисса боп шыққан бұрын хикая екен,
Түрікпеннің «Жүсіп-Ахмет» батырлары.
Түзетіп, ажарладым хикаясын,
Тарқасын тыңдаушының деп құмары.
Айтылса мәжілісте мәнерлі сөз,
Қалмайды аударылмай жұрт назары.
Жылында мың сегіз жүз тоқсан тоғыз—
Наурыздың жауған кезде ақша қары.
Аударттым Алдажардың Қалқашына,
Балқының халыққа мәлім—мен Базары.
Ұзатпай осыменен қысқарталық.
Көп сөздің болмайды онша барқадары7,—
дейтін жыр жолдары соның айғағы. Яғни сол уақытта Молда
Қисық, Қалқаш деген сауатты жастар Базардың әрі туысқаны
болса, әрі ақын өлеңдерін көшіруші хұсни-хатшы қатарында
саналғанын көреміз. Сонымен бірге назар аударатын нәрсе,
дастанның жинаушысы Ә.Қайнарбаев Базардың «Жүсіп-
Ахметті» түрікпен тілінен аударғанын айтқан8. Сірә, бұл
пікір Қазанда жарық көрген «Бозұғлан, Ахмедбек, һәм Иу
батырлар жыры
суфбек» (1889) дастанының түрікпен тіліне жақын шағатай
диалектісінде жазылуынан туындаса керек. Өйткені Ешбай
Көзбергенұлының кітабындағы нұсқа былайша басталады:
«Андағ руаят қылурлар: Кәм Исфаһан шаһарында Бозұғлан
дигән падишаһы бар ерді. Аның Ажыбек, уа Бабабек дигән екі
сәркардасы бар ерді. Уа иәна Бозұғланның екі қарындашы бар
ерді. Ажыбек уа Бабабек дигән сәркардасынға екі қарындашын
беріп, өзигә муқарриб қилды. Екі қарындашиндин екі ұғыл
туғды. Ажыбекнің ұғлының атын Иусуфбек қойды, Бабабекнің
ұғлының атын Ахмедбек қойды. Бозұғлан падишаһқа баян
алды: Бес мың үйліктен он мың үйлік елат берді...».
Немесе, Бозұғланның Иусуфбекке жазған реніш хатын
дағы:
Бір шаһарда екі сұлтан не ішләр.
Фитнәшілік деп тұман болұр-мыш.
Шишмеде жүре алмай бір нешік құшлар,
Қарға-құзғұн, зағ һәм болұр-мыш.
Иәне дахил бар му мұнда ол иігіт,
Исфаһандан көшіп кетсін шол заман...9
деген жолдар да Қазан нұсқасының тілінде Орта Азиялық
«түрки» стилдің мол орын алғанын анық аңғартады. Бұдан
ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақталған Құрбанқожа (Ш.97, 1-
дәп) мен Мұртаза Жолақұлының варианттары (Ш.193) да құр
алақан емес. Бұл орайда Базар жыраудың «Бозұғлан, Ахмед
бек, һәм Иусуфбек» дастанын «түзетіп, ажарлауы»—қазақ
тыңдаушылары тарапынан сұраныс тапқан заңды құбылыс деу
ләзім. Себебі жыраудың өзі де сөз өнеріне, жырдың айшығы
мен ажарына аса мән беріп, көптеген қисса үлгілерін нәзира
дәстүрімен қайта өңдеп, құлпырта орындайтын болған. Қалың
жұртшылық та Базарды терең толғау, телегей жырдың хас ше
бері ретінде танып айрықша құрмет көрсеткен.
Базар жырау мен Ешбай нұсқасының (Қазан, 1904) және
аталған дастанның түпнұсқасы ретінде саналатын түрікпен
варианттарының сюжеттік желісінде де пәлендей өзгешелік
байқалмайды. Басты айырмашылықтары—түркпен, қазақ
9 Көзбергенұлы Е. Бозұғлан. Ахметбек һәм Иусуфбек. Қазан, 1904.
ғылыми қосымшалар
нұсқаларының мәтінінде қара сөз бен жыр үлгілері аралас
келіп отырса, Базар варианты бірыңғай өлең түрінде тараған.
Екіншіден, түрікпен және Ешбай, Қали, Құрбанқожа т.б. қазақ
нұсқаларында негізгі кейіпкерлер есімі бірдей болғанмен, кейбір
эпизодтарда кездесетін кісі аттарында өзгерістер жолығысады.
Мәселен, түпнұсқада (Мағрупи) Үргеніш қалаларының ат
тары: Нәдірхан, Аралхан, Айхан, Елбарс, Ералы делінсе,
қазақ варианттарында Өнер сұлтан, Өмірхан, Күнхан, Ай
хан т.б. болып келеді. Не болмаса, Бозұғланның екі уәзірінің
есімі Әжібек—Ағабек, ал Мысыр падишасы Көзел шаһтың
жансызының аты бірде Көкше, енді бірде Мәмбет, Мамат болып
түрліше айтылса, түрікпен вариантында оның ныспысы—Мур
заммет. Базар жырау нұсқасында Бозұғланның екі күйеу ба
ласы—Ағабек пен Бабабектің аты аталмайды. Мұның себебі,
Жүсіпбек пен Ахметбектің әкелері ерте өліп, оқиғаға тіке
лей араласпағандықтан, есімдері әдейі алынып тасталған. Екі
бектің әкесі туралы жырау сөз арасында айтып өтеді.
Дастанның географиясы едәуір ауқымды. Мәселен, Ба
зар жырау нұсқасында Иран, Тұран, Хорезм, Хиуа, Аңқа, Бал
һәудек, Саранұр, Қаратау, Кенған, Бұхара, Қоқан, Самарқан,
Ауған,
Шын-Машын,
Нілдария,
Сайрам,
Сырбойлық,
Түркістан секілді Азияның бірқатар елдері мен қалаларының,
гидронимдердің аттары аталады. Әрине, олардың көпшілігі
Орта Азиялық эпикалық кеңістікті құрайтын халықтық
эпонимдердің қатарына жатады. Бір айта кетерлігі, Базар
түрікпен дастанында ұшырайтын Сабзивар, Шабад, Газабад, Ха
накин, Гурген, Гиссар секілді кейбір қазақ тыңдаушысына бей
таныс топонимдердің атауларын ғана өзгерткені байқалады.
Базар Оңдасұлы жырлаған дастанның сюжеті жоғарыда
аталған нұсқалардың қайсысынан алынғаны туралы мәселе
әзірге басы ашық күйінде қалып отыр. Сөйтсе де, мына бір
нәрсе ерекше назар аудартады. Ол—жырдың түрікпен тілін
дегі түпнұсқасы мен Базар жырау дастанының бірдей «Жүсіп-
Ахмет» аталуы. Өйткені қазақ нұсқаларының ешқайсысында
мұндай атау ұшыраспайды. Бұған қарап, жырау дастанның
Қазанда жарияланған вариантынан өзге де, мәселен түрікпен,
өзбек қарақалпақ елдерінде тараған сюжеттерімен де таныс
болуы мүмкін деген ой туады. Базардың Бұхара маңындағы
түрікпеннің Ерсары руларымен және Бесқаладағы түркі тіл
батырлар жыры дес халықтармен көп араласып, белгілі бахшылармен бір ге жыр сайысына түсуі де осындай ойға жетелейді. 1964 жылғы Қарақалпақ экспедициясы кезінде ӘӨИ-дің ғылыми қызметкерлері Базардың талантты шәкірттерінің бірі Жалғасбай жыраудан аталған дастанның тағы бір үлгісін маг нитофон таспасына және микрофильмге түсіргені10 жөнінде мәлімет сақталған. Хорезм-түрікпен сарындары жыраудың стилінен де аңғарылады. Бір толғауында Базар өзінің шығармашылық шабытын «түрікпен соққан мылтықтың // толқыған шойын оғына» теңейді11. Мұндай бейнелеу басқа қазақ ақындарының ешбіреуінде кезіккен емес. Ал дастанның түпнұсқасына келер болсақ, «Жүсіп-Ах мет» жырын алғаш шығарушы ретінде XVІІІ ғасырда өмір сүрген түрікпен халқының белгілі ақын-бахшысы Ғұрбаналы Мағрупидің есімі аталады12. Фольклортанушы ғалым Х.Көроғлы түрікпен бахшысының бұл туындысын жазба әдеби мұралардың қатарына жатқыза келіп, Мағрупидің оғыз заманының ескілігінен мол материал қамти отырып, оның халық әдебиеті дәстүрінің негізгі белгілерін де сақтай алғанын және оқиғалардың идеялық, тілдік, стилдік тұрғыдан аздаған өзгерістермен жырланғанын13 атап өтеді. Зерттеуші «ЖүсіпАхмет» дастанының патриоттық-отаншылдық тақырыптағы шығарма екендігін жазған. Дастан сюжетіне негіз болған оқиғалар түркі қағанаты кезеңдерінен бастау алып, ортасы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсындағы тайпааралық қақтығыстардың сұлбасын елесте теді. Сондай-ақ мұнда Орта Азияның XVІ-XVІІ ғасырлардағы қилы тарихы да қылаң береді. Х.Көроғлы «Жүсіп-Ахметтің» кейбір сюжеттерін «Қорқыт ата» кітабынан тауып, былайша тұжырым жасаған: «Существует сюжетная общность третьего «Огузнаме» и с дастаном «Юсуп и Ахмет», герои обоих памят ников попадают в плен к гяурам при одинаковых обстоятельс твах, совпадает срок из заточения. Оба героя забавляют тюрем щиков своими песнями. В обоих случаях в отсутствие героев их 10 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. І том. Алматы: Ғылым, 1975. 43-б. 11 Базар жырау шығармалары. Алматы: Жазушы, 1986, 57-б. 12 Кор-оглы Х. Туркменская литература. Москва, 1972. 152-б. 13 Сонда, 153-б.
ғылыми қосымшалар жен пытаются выдать замуж. В финале обоих памятников ге рои не считают себя в праве соединится с возлюбленной, пока томятся в плену их товарищи...»14. Зерттеуші Жүсіп-Ахметтің нағашысы, Исфаһан билеушісі Бозұғланның бейнесін Қорқыт дастанындағы Бәмсі образынан іздейді және осы екеуінің түпкі прототипі Кіші Азиядағы Байбурд қамалына иелік еткен түрікпен, аққойынлылардың байындыр тайпасының көсемі Туралыбей—оның лақабы «Боздоған» (Боз қаршыға) болуы мүмкін деген пікір білдіреді. Автор Боздоған есімін кейінгі озан, бахшылардың түсінбестікпен Бозоғлан деп атаған болу керек,—дейді15. Біздіңше, Бозұғлан есімі Қорқыт кітабында ұшырайтын «боз оқ» этнониміне қатысты шығуы ғажап емес. Дастандағы кейбір оқиғалар «Көрұғлы», «Алпамыс», «Қобыланды», «Орақ-Мамай» жырларындағы сюжеттерді қайталайды. Бұл эпизодтар да әртүрлі фольклорлық мотивтер де көрініс берген. Мысалы, «Көрұғлы» дастанында Ахметбек атты әскер басының есімі кездеседі. Ол Көрұғлының белгілі батырлары ның бірі ретінде оған Шағдат ханнан әкесінің кегін алуға көмектеседі. Үлкен шайқаста Ахметбек жаудың Шахмет, Зы мыран, Таһир сынды батырларын өлтіріп, асқан ерлік көрсетеді. Жырда оның әрекеті: Ахметбек пірлеріне сыйынды, Таһир ерді найза ұшында үйірді. Басын кесіп өлтіргенде Таһирді, Шағдат көріп өте қатты күйінді. Ер Көрұғлы Ахметбекті шақырды, Батырым деп батыл, күшті, ақылды. Жатып біраз деміңді алып тынық деп, Құрып берді қызыл жібек шатырды16,— деп сипатталған. «Көрұғлының» Ғауазхан батыр туралы са ласында Ахмет сардар жәй ғана батыр емес. Ғауазхан һәудек көлден құс атып келе жатып, Ахметбектің қызы Ботагөзайымға жолығып жөн сұрайды. 14 Сонда, 35-б. 15 Сонда, 36-б. 16 Қазақ халық әдебиеті: Көптомдық. Т.4. Батырлар жыры. Алматы, 1989, 110-б.
батырлар жыры Сонда қыз: Басында бар жиегі зерлі жығасы, Түркіменнің ақыл айтар ағасы. Қырық мың аймақ қол астына қарайды, Өзі және Көрұғлыға нағашы17— екендігін айтады. Мұның өзі Ахметбектің қай кезеңде өмір кешсе де, халық жүрегінен құрметті орын алған сүйікті кейіпкерлерінің бірі екендігін аңғартады. Сондай-ақ түрікпен тіліндегі дастанның бір нұсқасында «Ахмед бегниң өйлениши»18 атты жеке тарау берілгенін көреміз. «Жүсіп-Ахмет» дастанының сюжеттік құрылымы «Ал памыс» жырындағы оқиға мотивтерін түгелдей қайталайды. Қазақ жырында Байбөріге өкпелеп, Байсарының көшуі—ежел гі мотивтердің бірі. Бұл сарын оғыз-қыпшақ ұлысы мен ноғайқазақ халықтарының айырылысу кезеңдерін бейнелейтін та рихи оқиғалардың елесін меңзейді. Мұны «Жүсіп-Ахметтегі» екі бектің Бозұғланға өкпелеп Һәудек көлге көшіп кетуінен де аңғарамыз. Екіншіден, «Алпамыстағы» қалмақтың ханы көретін «түс көру» мотиві түрікпендік сюжеттегі Мысыр патшасының түсімен ауыстырылған. «Алпамыста» Тайшықтың түсіне құтырынғы бура кірсе, Көзел шаһтың ажалы түсіне екі жолба рыс түрінде енеді. Қазақ эпосында қалмақтың дарбазасы шаң болып, қақпаның алды қан болса, «Жүсіп-Ахметте» қызылбас патшасының қамалы құлайды. Үшіншіден, опасыздық, аярлық сарындары «Алпамыс» жырында мыстан кемпірдің айлакерлігі арқылы көрінсе, бұл мотив түрікпендік сюжетте Көкше зұлымның Ахметбек пен Жүсіпбекті алдап қолға түсіруімен жүзеге асады. Екі эпизод та да жансыздар батырлардың сеніміне кіріп, ұйқыда жатқан жерінде тұтқынға алады. Төртіншіден, Алпамысқа зынданда жатқанда Кейқуат сы бызғы тартып хан қызы Қаракөзайымның назарын аударады және батыр қалмақ қызының көмегімен тұтқыннан шығады. 17 Сонда, 211-б. 18 GOROGLU. Turmen Halk Destanі. Билиг Неишрлери. Анкара, 1996, 441425 бб.
ғылыми қосымшалар
Ал Ахмет пен Жүсіп батырларға түрікпен қызы Бибінияз дутар
сатып әпереді. Бір қызығы, мұндағы жәуміт бектерін зындан
нан босатуға себепкер болған Көкше залымның қызының есімі
де—Қаракөзайым.
Бесіншіден, «батырдың өз әйелінің басқа адамға үйлену
тойына келу» мотивін «Алпамыстан» да, «Жүсіп-Ахмет
тен де жолықтырамыз. Қазақ батыры мен түрікпен сардары
әйелдерінің тұсына келіп, «ау-жар» айту арқылы өздерін таны
тады.
Әрине, «Алпамыс» пен «Жүсіп-Ахмет» дастандарының
арасындағы сюжеттік жақындықты зерттеушілер де байқаған.
Мәселен, түрікпен дастанын алғаш сөз еткен әзербайжан
ғалымы
Х.Көроғлы
«Жүсіп-Ахмет»
дастанында
батыс
оғыздары эпосының белгілері бар екенін айта келіп, жырдың
өзбектер арасында «Алпамыспен» қатар орындалатынын жа
зады. Ғалым сондай-ақ екі дастанның сюжеттік бөлшектерінің
ортақтығы қатты назар аудартатынын, мұның себебі олардың
негізінде бірегей ежелгі оғыздар ескерткіші—«Қорқыт Ата»
кітабының жатқандығын ескертіп өткен»19 Ә.Қоңыратбаев
өзбектің «Бозұғлан» дастанындағы оқиғаларды талдай оты
рып, оның сюжетінде VІІІ ғасырдағы араб-түркі шайқастары
және ноғайлы дәуірінің мотивтері орын алғандығын айтады.
Ғалым «Бозұғлан» мен Мұрын жырау орындаған «Орақ—Ма
май» жырының ортақ тұстарын сөз ете келіп: «Ортақ сюжеттер
ертеде түркі тайпалары бірге көшіп-қонып жүрген кездері тууға
тиіс. Сол бірлік, туыстық көп заман эпосқа еніп, көптеген ұқсас
жыр, аралас сюжет туғызған. Өзбектің «Бозұғлан» жырында
немесе Мұрын жырларында қазақ-өзбек батырлары дәстүрлес
болып суреттелген. Олар бір-бірінен көмек табады»20,—деген
қорытынды жасайды. Ә.Қоңыратбаевтың осы пайымдаулары
белгілі эпостанушы Ф.Жирмунскийдің пікірлерімен астарла
сып жатыр. Зерттеуші өзінің түркі эпостары жөніндегі көлемді
еңбегінде «Вариант Муруна жырау представляет рассказ о ге
роическом детстве будущих их прославленных богатырей. Его
источником является хорезмо-туркменская воинская повесть
«Юсуф и Ахмед» (или «Боз-оглан»), распространенная по всей
19 Кор-оглы Х. Туркменская литература. Москва, 1972. 158-б.
20 Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. Алматы: 1987. 81-б
батырлар жыры Средней Азий в форме широко популярой народной книги («кыс са»)…—все эти мотивы из истории Юсуфа и Ахмеда были перене сены Муруном (или одним из его учителей) на Орака и Мамая»21 деп жазған болатын. Эпостың қалыптасу дәуірі ұзақ дәуірді бастан кешірді. Фольклортанушы ғалым В.Я.Пропп Орталық Азия эпостарының бай мұраларын атай келіп, олардың сюжеті мемлекет құрған кезеңге дейін пайда болғанын жазған еді22. Шынында да, көне оғыз эпостары мен ноғайлы батырларының жырларындағы ортақ сарындар бұл мұралардың сюжеттік желісі бір арнадан бастау алатынын аңғартады. Бұл орайда Б.Н.Путиловтың «Как было показано выше, для классического эпоса характерно представление о смене двух эпох, знаменую щей резкие сдвиги сдвиги в исторической жизни народа. Идея эта получает чисто эпическое воплощение в двух тематических оппозициях: «отцы-сыновья, старшие богатыри—младшие бо гатыри»23 деген орынды ой-пікірлері соның дәлелі. Көріп отырғанымыздай, Бозұғлан аталық эпостың кейіпкері болса да, ол кейінгі кезең де өмір сүрген Көрұғлы мен Жүсіпбек, Ахметбектерге ата-ана, нағашы, яғни ұстаз ретінде ілесіп жүреді. Мұның жарқын дәлелін «Қырымның қырық батыры» эпосының желісін құрайтын кейіпкерлердің генеалогиялық шежіресінен де байқау қиын емес. Фольклордағы осы құбылыс жөнінде терең ой өрбіткен академик С.Қасқабасов эпостық жырлардың ел басына қатер төнген сәтте, әсіресе ірі шайқас— соғыс кезінде сұранысқа ие болып, қайта жаңғырып, жаңа сю жеттік оқиғалармен, тың мазмұнмен толығып, сонымен қатар жаңа жырлар да туатынын жазады. Оның айтуынша, «осындай жағдайда эпостың тарихи тұтастану процесі қаттырақ жүреді де, байырғы заман оқиғалары кейінгі дәуірге көшіріледі, ежел гі дұшпан орнын кейінгі жау басады, тіпті кейде олар араласып та кетеді. Ал бұрынғы батырлар ұмытылып, оның іс-әрекеті, ер лігі жаңа шыққан батырға телінеді, рас, кейбір жырларда олар қатар көрінуі мүмкін, бірақ соның өзінде де кейінгі дәуірдің батыры ерекше болып бейнеленеді, немесе ол екіншісі—баласы болып келеді»24. 21 Чистов К.В. Народные традиции и фольклор. Ленинград, 1986. 498-б. 22 Пропп В.Я. Фольклор и действительность. Избранные статьи. Москва, 1976. 122-б. 23 Путилов Б.Н. Героические эпос и действительность. Ленинград, 1988. 56-б. 24 Қасқабасов С. Жаназық (зерттеулер). Астана, 2002. 478-б.
ғылыми қосымшалар Базар жыраудың «Жүсіп-Ахмет» дастанында көрініс тапқан сюжеттердің бәрі бірдей ескінің сарқыны емес, сондай-ақ жырда кейінгі дәуір оқиғалары да көрініс тапқан. Мәселен, жырда ай тылатын Нәдір шаһ тарихта болған адам. 1736 жылы Сефевилер династиясының өкілі парсы шаһы Таһмаспты орнынан түсіріп, Иранның сол кездегі астанасы Исфаһан шаһарында таққа мін гені мәлім25. Ол өзі бағындырған Индия, Ауған, Армения, Грузия, Азербайжан, Бұхара, Хорезм елдеріндегі қалаларға хан сайлап, солар арқылы жергілікті халықты аяусыз қанап отырған. Нәдіршаһтың әпербақан кісілерінің қорлығына шы дай алмаған түркімен, өзбек, қазақ, қарақалпақ батырлары 1744 жылы Хиуа билеушілеріне қарсы көтеріліп, Таһир хан ды өлтіреді. «Көрұғлы» жырында Ахмедбектің найзаға түйреп өлтірген адамы есімі Таһир батыр екені белгілі. Дастан сю жетінде осы оқиғалардың ізі сақталған. Мұнан соң Хорасан өлкесінің сипахсалары Али Кули-хан (Нәдіршаһтың хиені) түркімендерге Хиуаның үш ханымен және 40 мың әскерімен соғыс ашады. Қырғын шайқас күн батқанша созылып, екі жақтан көп шығын болады. Парсы әскеріне қосымша күш кел ген соң түркімен тайпалары әр жаққа тарап кетеді. Мәселен, Теке, Жәуміт рулары Маңғышлақ, Балқан тауларына қарай ығыса көшіп кетеді26. Хиуаны сегіз ай бойы қоршауда ұстаған түркімен батырларының даңқы шыққан кезі де осы. Алайда бұл тұста қызылбастың шаһы болған Нәдір сұлтан түркіменнің қаджар руынан, ал сол кездегі батырлығымен аты жайылған Ауғаныстан патшасы Ахмад шаһ—абдал тайпасынан тарай тын, әрі екеуі де сүннит мұсылман болатын. Сондықтан да ТекеЖәуміт тайпаларының бахшылары өздерінің тарихи дастанда рында Нәдір, Ерали, Әшірбек, Сапабек секілді билеушілерді түрікпендердің жақтасы ретінде бейнелеп, олардың орнын Мы сыр шаһымен ауыстырғаны түсінікті де. Өйткені «қызылбас» этнонимі XVІ ғасырдан бергі заманда сүннит түркілердің басты қарсыласы «діні басқа гәуір» ретінде Орта Азия халықтарының, әсіресе қазақ, түрікпен, ноғай, өзбек, татар т.б. елдердің фоль клорында олардың эпикалық жауы кейпінде көрсетілген. Бір жағынан, Хорезм түркілері Иран, Бұхара, Хиуа әміршілерінің 25 Путилов Б.Н. Героический эпос и действительность. Ленинград, 1988. 303-б. 26 Васильев Л.С. История Востока (в 2-томах). т.1. Москва, 1998. 81-б.
батырлар жыры ықпалында ұзақ уақыт болуы да дастанның идеялық позици ясына едәуір әсер еткені байқалады. Тіпті, күні кешеге дейін Хиуа билеушілері Әбілғазы, Қайып, Елбарыс, Ералы, Шерғазы секілді қазақ топырағынан шыққан ақсүйектер еді. Қазақ ба тырлары көп ретте кәпірлерге қарсы азаттық күресінде Хиуа бектеріне арқа сүйеуге мәжбүр болды. Махамбет батырдың өзі де Үргеніш хандарынан рухани көмек сұрап, өзінің ата-тегін парсы шаһы Нәдір сұлтаннан таратуы кездейсоқ емес. Осының бәрі түркі дастанындағы Бозұғлан, Ералы, Нәдір сияқты Хо резм-Исфаһан бектерін жағымды образда бейнелеуге итерме лейтін тарихи себеп екендігіне күмән жоқ. «Жүсіп-Ахмет» дастанындағы Исфаһаннан көшкен түркі мен жәуміттердің саны—он мың деп көрсетілген. Бұл да та рихи деректерге қарағанда шындыққа келеді. Ресей-түркімен қатынастарының құжаттарында 1741 жылы Хиуадан бөліне көшкен тайпалардың да саны—он мың екені айтылған27. Со нымен бірге кейінгі деректерде жәуміттердің билеушісі Қият ханның қарамағында қырық мың үйлі жәуміт барлығы анық жазылады28. Мұның өзі түркімен тайпасының сол уақыттағы шамамен көрсетілген түтін саны, әрі бұл—сол халықтың сана сында қалыптасқан эпикалық өлшем, сандық эпитет ретінде көршілес қазақ эпосында да көрініс тапқан. Мысалы, «ЖүсіпАхметтегі» қырық жігіт, «Қобыланды» жырындағы «Қырық мың үйлі Қият» деген секілді сандық эпитеттер жай ғана өлшем бірлігі, яки ойдан шығарылған нәрсе де емес, керісінше, тари хи шындыққа жақын келетін қалыптасқан эпикалық сананың көрінісі екені айқын. Осындай сандық эпитеттер «Қырымның қырық батыры» циклінен де байқалуы жай емес. Базар жырау нұсқасында «Жүсіп-Ахмет» дастанының кейіп керлері мен ондағы эпикалық жер-су атаулары, сондай-ақ жыр оқиғаларының фольклортанушы С.Қасқабасовтың еңбектерін де талдап жазылғандай, ғұмырнамалық, географиялық және сюжеттік тұтастану деңгейіне жақын тұрғандығын аңғартады29. «Жүсіп-Ахмет» дастанында негізгі кейіпкерлерден басқа әр түрлі аңыздық және діни персонаждардың аттары аталады. 27 Русско-туркменские отношения в ХVІІІ-XІX вв. Ашхабад, 1963. 10-б. 28 Сонда, 320-б. 29 Қасқабасов С. Жаназық (зерттеулер). Астана, 2002. 441-б.
ғылыми қосымшалар
Мысалы, Хұсейін, Шымыр, Хамза, Нәмурд, Шодат, Мәнсұр,
Сүлеймен, Іскендір, Әлішер т.б. шығыс дастандарында жиі кезі
гетін типтік бейнелер екендігі мәлім. Олардың қайсыбіреуінің
есімін Базар қазақ шежіресіндегі әулие бабаларымыздың
атымен ауыстырған. Түркімен жырындағы Әли қожа қазақ
нұсқасында Алау қожа делініп, Кіші жүз аталарының бірінің
атымен аталғанын көреміз.
Базардың
«Жүсіп-Ахмет»—қазақ
эпосының
көркем
үлгілерінің бірі. Жырау түркімен дастанын қазақша сөйлете
отырып, екі халықтың жыршылық дәстүрін қатар ұстанған.
Базар нұсқасында негізінен ғазал формасы қолданылса да,
арасында бірде қазақтың 7-8 буынды жыры, бірде түрікпен
халқының өлең өрнектері кезектесіп, дастанды ажарландыра
түседі. Жырау халық нақылдары мен өзі шығарған қанатты
сөздерді молынан пайдалана отырып, ғажайып теңеулер, небір
метафоралық тіркестерді шеберлікпен қиюластырғанына куә
боламыз. Жырау ғазалдары дидактикалық өнегесімен қоса,
терең ойға суарылған даналық иірімдеріне толы. Базардың
шығыс пен дала пәлсапасына жетік, ақылға кемелдігі «Жүсіп-
Ахмет» дастанының кіріспесінен де сезіліп тұр:
Ғаламның бір жері—ылди, бір жері—қыр,
Аспан-жер жаралғалы тіреусіз тұр.
Жаһанға нелер келіп, не кеткен жоқ—
Байқасақ, бір ғажайып белгісіз сыр.
Секілді шарқи-пәлек шыр айналған
Мысалы—бейопаның бейне шығар.
Қалады кенттен—оба, жұрттан—жоба,
Шеберден—үлгілі өрнек, шешеннен—дүр.
Даналық дариясынан мейірін қандырған, ескілік дүниесінің
көзін көрген есті жырау осылай төгіп-төгіп жіберіп, дуылдаған
қауымды өзіне емінте қаратып алады да, ерлік шежіресін егіл-
тегіл жырлап кетеді.
Қорыта айтқанда, Базар өзі жырлаған «Жүсіп-Ахмет» дас
танында түрікпен жұртының батырлық жырын нәзиралай оты
рып, түпнұсқадан еш кем түспейтін көркем де кестелі, орамды
ойға толы тамаша туындыны дүниеге әкелген.
С. Қосан
батырлар жыры
Ахметбек—Жүсіпбек қиссасы
«Ахметбек—Жүсіпбек қиссасы» 1939 жылғы Қостанай
экспедициясының жинаған материалы. Жыршысы, айтушы
сы не тапсырушысы жөнінде еш мәлімет берілмеген. Жыр
машинкаға басылған. Түпнұсқасы латын не араб әрпінде болуы
мүмкін. Бірақ түпнұсқасы жайында еш нәрсе жазылмаған.
Қиссаны жырлаушы Қазан басылымының сюжетін сақтай
отырып, өзінше көркем түрде жырлаған. Қисса жеті буын
ды жыр үлгісінде айтылған, кейбір тұстары он бір буынды
өлшеумен жырланған. Нұсқаның тілі жатық, басқа тілден ен
ген сөздер аз кездеседі. Қара сөз жоқтың қасы.
Жыр мазмұнында өзге нұсқалардан біршама айырмашылық
бар. Ә.Бижанұлы, Қ.Өтешов нұсқаларында Жүсіпбек пен Ах
метбек Бозұғланның екі қарындасынан туған ұлдары болса,
бұнда бір қарындасынан туған жиендері. Көзалша екі батыр
ды ұстап әкелгенге жарты қазынамды берем дегенде, Мырза
Мәмбет Жүсіпбек—Ахметбекке келіп:
Бір күні ұйықтап жатып түс көріппін,
Өзімнің жастығымды-мыс көріппін,
Қондырған ай мен күндей өз қолына,
Бір екі аяқ баулы құс көріппін.
Қорықты осы құстан жұрттың бәрі,
Ұстаса асырамақ ынтызары.
Соңынан көп жұлдызды ұстап алып,
Құс кетті жоғарылап онан да әрі,—
деп түсін айтып, Шын-Машыннан келген саудагер Баба Ғамбар
ол құстың Үргеніштің балуандары Ахметбек пен Жүсіпбек
екендігін, ай мен күн бастарындағы бағы, жұлдыздар соңынан
ерген жарандары болғандығын жорып, соларға барып нөкер
болатындығын айтқанын баяндап, екі батырдың сеніміне ал
даумен кіреді. Басқа нұсқаларда Мырза Мәмбеттің түс көру
мотиві кездеспейді. Бұндағы Қаракөз—Көзалша патшаның
бас уәзірі Көкше шағырдың қызы. Басқа нұсқалардағы (Базар
жырау т.б.) жау қолында отырғанда екі батырға қол ұшын бе
ретін Бибінияз сұлу бұл мәтінде тұтқындардың күзетшісі ретін
де көрініс тапқан. Ол жау қолына жеті жасында тұтқын болып
келген Исфаһандық түрікпен Бабанияз болып өзгерген.
ғылыми қосымшалар
Жырдағы хабар әкелуші тырналардың саны—жеті. Ол тыр
наларды жетпіс үйлі жөйіт атып алады. Нұсқадағы Жүсіпбек
пен Көкше шағырдың арасындағы айтыс қызықты да тартым
ды жазылған. Эпикалық шығармаларға тән тұрақты тіркестер
көп пайдаланған. Мәселен Мырза Мәмбетті өлтіргендегі:
Құлағын кесіп құнтитып,
Мұрнын кесіп шұнтитып,
Екі көзін ойып ап,
Қу басын қойды сымпитып,—
деген жыр жолдары «Алпамыс», «Қобыланды» т.б. батырлық
жырларда кең қолданылған.
Жыр Жүсіпбек пен Ахметбектің жау қолында қалған Баба
Ғамбарды құтқаруға келген тұсынан бітеді. Аяқсыз қалғанына
қарамастан, бұл жыр көлемді, 4198 жолдан тұрады.
Томға енген жыр Қолжазба қорында сақтаулы тұрған
түпнұсқасынан (ОҒК: Ш.746, 2-дәптер) дайындалды. Бұрын-
соңды жарияланбаған.
Т. Әкімова
Бозұғлан
(Ә.Бижанұлы нұсқасы)
Әзімбай—бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданында
туған жазушы, ақын. Ол көптеген өлеңдер, поэмалар шығарған.
Бірақ олардың көбі әркімдердің қолында жүріп жоғалып кет
кен. Ә.Бижановтың шығармаларын баласы Тәңірберген инсти
тут қорына 1969 жылы тапсырған.
«Бұл қиссаны өзбек ақыны шығарған екен. Жатқа ай
тушы еді. Кәртейген уағында сендер мен құсап үйлестіріп айта
алмайсың деп баласы маған былай айтыңдар деп түсініксіз
жерін алып тастап, көпшілігін өзі жазды. Ішінде көңілге
қонатын мағыналы сөзін қалдырды» деп жазған ескертпесі
бар.30 Ә.Бижанұлы жыр негізін Қазан басылымынан алғаны да
30 Бижанов Әзімбайдың шығармалары. ӘӨИ: Ш.679. 1-дәптер. 28-бет.
батырлар жыры усыз. Сонымен қатар ол жыр сюжеттерін қысқаша, қызықты ғып баяндаған. Екі нұсқаның арасындағы сюжеттік, мотивтік айырмашылықтарды төмендегі кестеден көруге болады: Қазан басылымы Ә.Бижанұлы нұсқасы Ахметбек пен Жүсіпбек Бозұғланның Әжібек пен Бабабек деген екі сардарына екі қарындасын беріп, солардан туған жиендері. Көзалшаһ түсінде екі жолбарысты көреді. Мырза Мәмет Көзалшадан қашып келдім дейді. Мырза Мәмет Көзалшаһтың ал тындарын алып келемін дейді. Қаракөз—Көзалшаның сардары Хамзаның қызы. Күлғасыл бес тырна арқылы хат жібереді. -- -- -- -- Жүсіпбек пен Ахметбек жеті жыл зынданда жатады. Хазірет Ғали үш гүл беріп, арқасына панжа ұрады. Жүсіпбек пен Көкшенің айтысы қысқаша беріледі. Бозұғлан екі қарындасын екі уәзірі Әжібек пен Опабекке беріп, бір қарындасы Лағылдан екі ұл, бір қыз туады. Әжібек, Опабек, екін ші қарындасы Гүлхадиша обадан қайтыс болады. Көзелше түсінде екі қошқарды көреді. Мырза Мәмет атақ-даңқтарың ды естіп, сендерге қызмет етуге келдім дейді. Мырза Мәмет Көзелшенің қазына сын алып, жалғыз ұлымды көріп келейін дейді. Каракөз—Көзелшенің қызы -- -- -- -- Жүсіпбек пен Ахметбекті мыл тықпен атса да, қылышпен шап са да, дарға асса да өлмейді. Екі батыр сегіз жыл зынданды бо лады. Хазірет Ғали зынданның үш бұрышына қарайды. Айтыстары берілмеген.
ғылыми қосымшалар
Ә.Бижанұлы нұсқасы мен Қазан басылымының жыр
жолдарының кейбірінде ұқсастықтар бар:
Қазан (1904):
Ә.Бижанұлы нұсқасы:
Көзіме көрінбес бектерім досты,
Көзіме келіп көрінбедің
бектердің досты,
Қара киіп келдің баламның қосы,
Қара киіп келдің сен
баламның қосты,
Сенен келер мекен баламның иісі,
Бері келіп тамағыңнан
иіскетші,
Һәмме келді, менің балам келмеді.
Сенен білінер ме екен қос
сұлтанның иісі.
Жыр көлемі қысқа, 797 жолдан құралған. Түпнұсқасы
Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында
сақталған: ӘӨИ: Ш.697. 2-дәптер. Қолжазба араб әрпінде
жазылған. Алғашқы рет жарияланды.
«Бозұғлан»
(Әбдімұрат нұсқасы)
Жыршысы—Әбдімұрат Қоңырбайұлы. Эпос мәтінін 1970
жылы 28 шілдеде Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауда
ны, Қараөзек қыстағының тұрғыны, ақын-жыршы Аймұрат
Әбдімұрат баласынан Нөкіс Мемлекеттік институты қазақ фи
лологиясы кафедрасының меңгерушісі, доцент Қаржаубай
Жұмажанов жазып алып, 2007 жылы М.О.Әуезов атындағы
ӘӨИ Қолжазба қорына тапсырған. «Бозұғланды» айтушы
Аймұраттың әкесі Әбдімұрат бұл шығарманы 30 жыл бойы
жырлап, халық құрметіне бөленсе керек. Жыршының атасы
Қоңырбай, бабасы Сереке де аталған эпоспен қатар басқа да
қазақтың ескі батырлық, ғашықтық жырларын көп білетін,
дәстүрлі жыраулық мектебінің өкілдері екендігі шығарманың
жинаушы тарапынан жазылған кіріспесінде баяндалған.
Жырдың сюжетіне келсек, тақырыбы бір болғанмен, негізгі
оқиғалары «Бозұғланның» бізге белгілі нұсқаларының ешбіре
уіне ұқсамайды. Бар болғаны басты кейіпкерлерінің есімдері—
Бозұғлан. Жырдың басқа нұсқаларындағы сюжеттер негізі
батырлар жыры
нен туысқан түркімен халқының тарихи аңыздарынан бастау
алады әрі кейіпкерлер де сол елдің тумалары. Ал қарақалпақ
қазақтары арасына таралған «Бозұғлан» эпосының сюжеті
Орта ғасырлардағы қазақ тарихының оқиғаларын меңзейтін
жергілікті жыр-аңыздарға құрылғанын көреміз.
Жырдың кіріспесі мен алғашқы эпизодтары «Қарасай,
Қази»
эпосының
оқиғаларына
біраз
ұқсайды.
Мәселен,
Ноғайлы елінің батыры Орақ өлген соң, қартайған Мамайдың
жалғыз өзі қалмақтардың қоршауына түсуі, ұлдары Қарасай
мен Қазиді ноғайлардың қарт шешесі Қарүлекпен бірге жұртқа
тастап кететін тұсы «Бозұғлан» жырындағы қазақ ханы Жа
манкені дәл осылай жалғыз, айдалаға қалдырған ноғай Үрім
хан мен Байбақты бидің әрекетіне үйлесетіндей. Сондай-ақ
«Қобыланды батыр» эпосындағы басты кейіпкердің мінезі,
оның қалмақ батырларымен соғысатын жекпе-жек суреттері,
Қобыландының жәрдемші пірлерімен қарым-қатынасы тәрізді
бірқатар эпос оқиғалары да Бозұғланның басынан өтеді. На
зар аударатын тағы бір мәселе, Қобыланды сияқты Бозұғлан
да Жаманкенің қартайып, көзі ағарған жаста көрген жалғыз
ұлы. Ежелгі қазақ эпосының дәстүрлі батырлар образына
сай, бұл да жеті жасынан жауға қарсы шауып, ел қорғап, ер
лік көрсетеді. Әсіресе жырдағы Үрім ханның қызы Айбарша
мен Бозұғлан арасындағы махаббат сарыны Қобыланды мен
Қарлығаның үйлену оқиғасына көп ұқсас. Дегенмен Айбарша
аздап Құртқаның ақылын да аңғартады, өзіндік дара мінезін
де таныта алатын ерекше әйел образы ретінде есте қалады. Ай
барша сұлудың мына бір сөздері арқылы жырау эпоста сирек
ұшырайтын әдемі де әсерлі лирикалық толғауға орын беріп,
ақындық дарынының күштілігін аңғартады:
Жұрт иесі сұңқарым,
Не қылсаң да, өзің біл.
Көңліңізге келді ме,
Ызалы жүрек, долы қол.
Долы қолға жолдас қой
Улы жүрек, ащы тіл (192-бет)
Жалпы, қазақ арасында кең тараған «Қобыланды», «Құбұ
ғұл», «Бозмұнай», «Бозұғлан» сияқты батырлық жырлардағы
ғылыми қосымшалар
түпкі эпостық сюжет бір арнадан бастау алып жатса, ғажап
емес. Сондай-ақ Қобылан (Құбаұғлан) есіміндегі «құба» (мыс:
құба қыпшақ руы) және «боз» сөздерінің қазақша ақ, ақшыл,
аққұба, құбаша, боз (Бозжігіт) секілді ортақ семантикалық мәні
де назар аударарлық құбылыс екендігі анық.
Қорыта айтқанда, Әбдімұрат Қоңырбайұлы жырлаған «Боз
ұғлан» эпосы қазақ батырлар жырының қатарында өзіндік
қолтаңбасымен дараланатын, оқиғасы қызықты, тілі көркем,
айшықты теңеулерге бай халықтық шығармалардың бірі.
Аталған эпос мазмұны мен сюжеттік желісі жағынан осы
томның негізін құраған «Жүсіп-Ахмет», «Бозұғлан» тәрізді
түркімен аңыздарының оқиғаларына мүлде ұқсамайтын, яғни
қазақ халқының басынан өткен тарихи шежіре іспетті бағалы
жәдігер.
Жыр мәтіні бұрын жарияланбаған және зерттелмеген. Эпос
тың қолжазбасы марқұм ф.ғ.к., Нөкіс Мемлекеттік институ
ты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Қаржаубай
Жұмажановтың жеке мұрағатынан алынып, еш өзгертусіз
баспаға әзірленді.
С. Қосан
Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Алла (Аллаһ)—бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және
қиямет қайымды жаратушы, ислам дінінде баршаға бірдей,
жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла
мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі
Оған ешкім тең емес».
Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді,
жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол
адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла
барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап,
біреулерін—жұмаққа,
енді
біреулерін—тозаққа
жібереді.
Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мез
гіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)—
Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың
Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш
жылда толық түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген
дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккеде
гі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті
қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым
дылығын т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз
есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары),
Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық
(жаратушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі),
Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
Айуб—Құран Кәрімде аты аталған ежелгі пайғамбарлардың
бірі. Інжілдегі Иов. Айуб (ә.с.) Хаурандағы бай, адамгершілігі
ғылыми қосымшалар
мол адам болған. Алла сынайын деп оған шайтанды жібереді.
Шайтан жіберген аурудан Айубтың денесіне іріңді жара қаптап
кетеді, ол әйелі екеуі адамдардан оқшау тұруға мәжбүр болады.
Шайтан жіберген неше түрлі жаңа қырсықтарға қарамай, Айуб
Алланың рақымына сенімін жоғалтпайды. Оның көмек сұрап
жалбарынғанынан кейін Жәбірейіл оған «аяғыңмен жерді теп»
деп бұйрық береді, ол тепкен жерден бұлақ суы атқылайды да,
Айубтың жарасын жазып, шөлін қандырады.
Фольклор мен әдебиетте Айуб сабырлылық пен төзімділік,
шыдамдылықтың символы ретінде қастерленеді.
Адам ата—Құран бойынша, Алла Тағаланың өз құдіретімен
жаратқан ең алғашқы адамның аты. «Сыңғырлап тұрған кеп
кун балшықтан тиісті мүсінге келтіріп, адамды біз топырақтан
жараттық» (Құран Кәрім, «Һижр»). Балшық мүсін ұзақ жыл
дар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға жан кіргі
зеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасайды. Адам атадан
әлемдегі барша адамзат ұрпақтары тараған. Алла тағала Адам
атаға ерекше ілтипат көрсетіп, кеудесіне Жан кіргізген соң,
ілім-білімге, зиялылыққа үйретеді. Барлық періштелерге оның
алдында бас иіп, бағынуға бұйырады. Бірақ Ібіліс Адам ата мен
Хауа ананы өз үгітіне иландырып, ақыр соңында олардың пейі
штен қуылуына себепші болады.
Әбу Бәкір, Әбубәкір (576-636)—Мұхаммед пайғамбардың
ізбасары. Мұсылмандардың алғашқы халифы. Әбу Бәкір—
Расул Алланың «төрт сахаба» аты берілген сенімді серік,
жолдастарының бірі. Алланың елшісін, Құранды ақиқат деп ең
әуелі мойындаған кісілердің бірі. 631 жылы мұсылмандардың
Мединеден Меккеге барған бірінші қажылық сапарына
басшылық еткен.
632 жылы Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін
Мекке мен Медине мұсылмандары қауымының басшысы бол
ды. Әбу Бәкір бәдәуи тайпаларын бір тудың астына жинай оты
рып, мұсылмандықты бүкіл Араб жеріне таратып, Сирия мен
Иракқа жеткізді. Өзі халифатты басқарған жылдары Мұхаммед
пайғамбарға (с.а.с.) түскен Құран аяттарының жинағын
құрастырды.
Әли, Әзіреті Әлі, Ғазіреті Ғали—«әділ халифтердің»
төртіншісі және соңғысы. Мұхаммед пайғамбардың немере
інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. 656
батырлар жыры
жылы халиф болып жарияланады. Оны Египет, Ирак, Мек
ке және Медине қолдады. Бірақ сирия билеушісі Муавия
мен Мұхаммед пайғамбардың жесірі Айша қарсы болды. Бұл
мұсылмандардың Әли Әбу Талиб жақтастары (шииттер) мен он
қарсылыстары (сунниттер) болып екіге бөлінуінің басы еді. Әли
ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік ағымның
көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі Иран, Ирак
және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір сүреді.
Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли орасан, алып күш
иесі. Фольклорлық туындыларда оның «зұлпықар», «қамқам»,
«самсам» деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі
көптеген шығыс қиссаларында, оның ішінде діни дастандар
да жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол қиссалардың бас
ты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы,
мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің
өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыслан»,
«Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп
отырады.
Жүніс—пайғамбар, сондай-ақ сахиб әл-хут және зу-н-
нун деп аталады, Құранның бір сүресі оның атымен аталған.
Аңыздарға қарағанда, Жүністің Ирактың солтүстігіндегі
Найнауада бір құдайға сиынушылықты уағыздауы сәтсіз
болған көрінеді. Ол өз ісінің қиыншылықтарына шыдай ал
май, кемеге жасырын тығылып, қашуды ойлайды. Бірақ
кеме орнынан қозғала қоймайды, ол кемеде қашқынның
бар екендігінің белгісі еді. Жеребе көрсеткендей, бар кінә
Жүністе болғандықтан, оны теңізге тастайды. Суда үлкен
балық Жүністі жұтып қояды. Киттің құрсағында аман қалған
Жүніс Алла Тағалаға сенімсіздік білдірген кінәсін мойындап
жалбарынады да, аман қалады. Жағада қалып, әбден жүдеген
Жүністі шөл далада бөкен қоректендіреді. Құранда Жүністің
есімі бірден аталмайды, оның алдында сахиб әл-хут, зуннун
сияқты суреттеме ескертпелер аталады. Әңгіменің сипаты,
яғни әңгіме желісінің қысқаша баяндалуы бұл хикаяның
тыңдаушыларға өте танымал екендігін көрсетеді. Бұл жөнінде
Құранда берілген ерекше түсініктеме де куә бола алады. Бұл
аңыз тікелей Мұхаммедті шыдамдылық танытуға үгіттейтін
ғылыми қосымшалар
нақты мысал ретінде пайдаланылады, яғни «құдіреттің
шешімін күте тұр, киттің серігі сияқты болып жүрме!» деген
екен.
Қожа Ахмет Ясауи өзінің «хикметтерінде» Зу-н-нун рухы
на сиынып отырады. Жүністің қасиетті бейіті Иракта, Мосул
қаласының маңындағы көне Найнауа қаласының жұртында
деп есептеледі.
Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар, Жүсіп
пайғамбардың өмірі Құран Кәрімдегі жүз он бір аяттан тұратын
жеке бір сүреде (Жүсіп сүресі) баяндалған. Інжілде ол Сұлу
Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп аталған.
Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала оты
рып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары
жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы
тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан
бар.
Иса (Айса, Ғайса)—Иса Мәсіхтің есімі христиан дініндегі
сияқты, исламда да ілтипатпен еске алынады. Құран Кәрімде
Иса пайғамбарға біраз орын берілген, оның анасы Мәрия хазірет
ке арналған сүре бар. Алайда, ислам қағидасы бойынша, Иса
(ә.с.)—бар болғаны Алланың сүйікті құлы, «кітап түсірілген»
төрт пайғамбардың бірі. Христиандар Исаны Құдайдың ұлы
деп есептейді, оның өзін Құдай дәрежесінде дәріптеп, оған
құлшылық жасайды.
Кейбір дін зерттеушілері (әсіресе, еуропалықтар) Мұхаммед
пайғамбардың христиандарға жылы ықыласпен қарағанын ай
тады. Шариғат зерттеушілері Исаны «Мұхаммедтің дүниеге ке
лерін алдын ала білген» және Аллаға шын жүрегімен берілген
хақшыл Пайғамбар ретінде мойындайды. Ислам ғалымдары
«Иса Құдай емес, оған еруші жұрт адасты» деп санайды.
Кесауар—Цезарь
Қайсар—латынша
патша,
билеуші
деген
сөз.
Орта
ғасырдағы Византия (Рұм) елбасының титулы, атағы. Дастан
дарда кісі аты ретінде қолданылған. Көбінесе, ол сөз ежелгі
Рим императоры Юлий Цезармен байланыстырылады. Қайсар
патша кейіпкер ретінде діни дастандардың көпшілігіне кір
ген (Мыс: «Сал-Сал», «Зарқұм», «Сейітбаттал», т.б.). Әдетте,
ол—дінсіздердің, пұтқа табынушылардың патшасы ретіндегі
символдық жиынтық бейне.
батырлар жыры Қызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ. Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зертте се, кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен пайда болған деп түсіндіреді. Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан түсінігі бар. Қазақ фольклорында Қызыр баба [Қыдыр]—ел аралап жүрген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы. Лат —бүкіл ежелгі Арабияда (Набатей, Пальмира, Хира, Йемен), әсіресе Уадж жазығындағы Таиф маңына ақ тастан пұт мүсін орнатылып, Хижазда ерекше дәріптелген, исламға дейін гі әйел құдайдың есімі. Кезінде пұт тасқа және оның қасындағы киелі ғибадатханаға тәуап етушілер ағылып келіп жатқан. Манат—ежелгі арабиядағы әйел құдайы (лақап аты Та гийа—«әмірші, билеуші»). Оған Набатейде, Сирия мен Хи жазда айрықша құрметпен қараған. Ол тағдыр мен ажалдың құдайы болса керек. Оған тәуап ететін үлкен қара тасты ғибадатхана Мекке мен Ясриб арасындағы жолда орналасқан. Ясрибтегі аус және хазрадж тайпалары Манатты ерекше құрмет тұтып, Меккедегі Қағбаға тәуап етуге барар жолда мұның да ғибадатханасына қажылық жасаған. Мұхаммед—ең соңғы пайғамбар, ислам дінінің негізін са лушы. Мұхаммед (с.а.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге кел местен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің тәрбиесінде болған. Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдын да рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 жасында Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды уағыздай бастайды.
ғылыми қосымшалар
Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың ба
сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық
білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы
Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине
қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы
деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс
аудару» деген сөз.
Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине
қаласында қайтыс болды.
Намруд—аңыз бойынша, көне Бабыл (Вавилон) патшалығын
құрушы, Ыбраһым пайғамбарды отқа жақпақ болған патша.
Нұх—пайғамбар, Құран кейіпкері. Інжілдегі Ной. Құран
Кәрімде оның аты 43 рет аталады және 71-сүре осы Нұх
пайғамбар мен оның әулеттеріне арналған.
Дүние жүзі халықтарының көбінде Нұхтың есімі «топан су
оқиғасымен» байланысты айтылады. Аңыз бойынша, жер бетін
топан су қаптағанда Нұх пайғамбар оны Алланың жәрдемімен
алдын ала сезіп, алып кеме-күпшекті жасайды да, күнәсіз адам
дар мен жан-жануарлардың әр түрінен жұптан алып, әлгі ке
меге мінгізеді. Осы кемеге мінген тіршілік иелері апаттан аман
қалып, өмір қайта жалғасады.
Омар—Әбу Бәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман
қауымына басшылық жасаған екінші әділетті халиф, исламның
алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. Омар хазірет
Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты одан
әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде таратуға
көп күш жұмсады. Омар хазірет басшы болған он жыл ішінде ис
лам діні Ирак, Сирия, Египет және Ливия жерлеріне орнықты.
Омар халиф тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге не
гізделген әкімшілік хұқықтың тәртіптері және алым-салық
жүйесі құрылды.
Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін
күшейту мақсатында өзінің халиф лауазымына «Әмір әл-муми
нин» дәрежесін қосты.
638 жылы хазірет Омардың сахабалары Иерусалимді тізе
бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмының орнына намаз
оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифы Әбд әл-Мәлік
хазірет Омар намаз оқыған жерге «Куббат ас-сахара» деп атала
тын күмбез тұрғызды.
батырлар жыры
Оспан—араб-мұсылман тарихындағы үшінші «әділетті
халиф».
Ол—Мұхаммед
пайғамбардың
жолын
ұстаған
алғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын беріл
ген үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан
әуелі Пайғамбардың қызы Рұқияға, ол қайтыс болған соң,
Расулдың екінші қызы—Үммү-л-Гүлсімге үйленді. Сол себеп
ті мұсылмандар Оспанға Зу-н-Нурайн (екі шамшырақтың иесі)
деген құрметті атақ берген.
Сүлеймен—Құран кейіпкері, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеруса
лим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған.
Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бір
дей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап,
Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі,
дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жану
ар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
Рүстем—Иран, Тұран елдеріне ортақ жартылай мифтік
әрі фольклорлық кейіпкер. Оның есімі Орта ғасырдан бер
гі дәуірдегі мұсылмандық шығыс әдебиетінде тұрақты орын
алған, былайша айтқанда, ертегі, аңыз, хикая-дастандарда
ол—батырлық пен ерліктің ғажайып үлгісі. Рүстем деген сөз
қаһармандық пен орасан зор күштіліктің мәніндегі эпитет
ке айналған. Рүстем батырдың шығу тегі парсы елінде ертеде
өткен Кианилер патшалығының әулеттерімен тығыз қатысты
екенін аңғарамыз. Атасы Сам палуан мен әкесі Зал (Дас
тан) да ерен күштің иелері болған. Рүстемнің өзінен өрбіген
Сүһрап, Дарап, Пәрамириз, Баһрам тағы басқа ұлдары да шеті
нен жүрек жұтқан сайыпқыран батыр ретінде сипатталады.
Парсының атақты шайыры Әбілқасым Фердауси ат-Тусидің
«Шаһнамесіндегі» басты оқиғалардың бәріне дерлік Рүстем
мен оның ұрпақтары қатысады. Онда Иран мен Тұран елдері
арасындағы көп жылдық қырғи-қабақ соғыстардың шежіресі
баяндалған. Осы ұлы шығарманы қазақ тіліне толық, әрі көркем
тілмен көмкеріп аударушы—Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Дарын
ды қазақ ақынының бұл еңбегі өзі өмірден қапыда озғаннан
ғылыми қосымшалар соң, жиырма жылдан аса уақыттан кейін ғана жарық көрген. 1961 жылы «Шаһнаменің» Тұрмағамбет аударған нұсқасы біраз бөлігі қысқартылып, «Рүстем-Дастан» деген атпен кітап болып басылды. Хасен—Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатимадан туған, Әли ибн Әбу Тәлибтің баласы, шииттердің екінші имамы. Әли 661 жылы қаза тапқаннан кейін Хасен Иракта халиф болып жарияланды. Әкесімен бірге, басқа бауырлары секілді ол да ис лам болашағының беріктігі үшін күрескен тарихи тұлға. Ислам елдері, әсіресе шииттер аса қадірлейтін дін қайраткері. Олар Хұсейін сияқты Хасенді де «ұлы азап шегуші» деп санады. Ха сен ибн Әли 669 жылы Мәдинеде қайтыс болды. Кейбір аңыз-де ректерге қарағанда, оған қарсыласы халиф Мағауия адамдары қастандық жасап, у берген. Хұсейін, Хұсайын—Хұсейін ибн Әли—Мұхаммедтің қызы Фатимадан туған Әли ибн Әбу Тәлибтің кіші баласы, шииттердің үшінші имамы. Діни әңгімелерде Хұсейінның есімі Хасенмен бірге аталады. 669 жылы Хасен өлгеннен кейін Әли ұрпақтарына басшылық етеді. Алайда 680 жылы халиф Мағауия қайтыс болғаннан соң Иракта үмийалықтарға қарсылық күшейеді. Осы кез де куфалық халиф Йазидтың белсенділігі де арта түсті. Оның адамдары Хұсейіннің немере інісі Мүслімді дарға асып өлтіреді. Куфаға келе жатқан Хұсейін қайғылы хабарды естісе де, сапа рын жалғастыра береді. Оның Кербала шөлінде ат суытқанын білген Йазид Хұсейінге қарсы төрт мың әскерін қарсы аттанды рады. 680 жылдың 10-қазанында күші басым жаумен ерлікпен айқасқан Хұсейін жолдастарымен бірге ұрыс даласында шейіт болады. Имам Хұсейін қайтыс болғаннан кейін Кербала шииттер та бынатын қасиетті орынға айналады. Ал оның өлген күнін бар ша шиит қауымы аза тұтып, құрметпен еске алады. Шиш—діни кітаптарда Адам атадан кейін бірінші аталатын пайғамбардың есімі. Мұсылман халықтарының шежіресін де де Шиштің аты ауызға бірінші алынады. Алғашқы пайғамбарлардың бірі ретінде Шиштің есімін Таурат пен Інжіл ден де кезіктіруге болады. Фирдауси өзінің атақты «Шаһнаме» дастанында Иран патшаларының әулетін де осы Шиштен таратады.
батырлар жыры
Ыбраһым—пайғамбар, Құран кейіпкері, Құдай жолын
алғаш уағыздаушы, арабтар мен еврейлердің ортақ атасы, Ін
жілдегі Авраам. Ең көп тараған аты—халил Алла (Алланың
досы). Ол жастайынан-ақ өзінің тайпаластары мен әкесі Азар
табынған пұтқа сенудің мағынасыздығын түсінеді. Ыбраһым
әуелі күнге, айға, жұлдызға сенеді, содан соң бір Аллаға деген
сезімі оянады. Ыбраһым өзінің сезімін әкесіне және халқына
түсіндіре алмайды; сонан соң қасиетті орындарға кіріп, бірне
ше пұтты зақымдайды да, келгендерге мұны ең басты пұт жа
сады дейді. Олардың өз сөзіне сенімсіздігін пұтқа сенімдерінің
жалғандығынан деп түсіндіреді, бірақ оның уағызын олар
түсінбейді. Ыбраһымды патшаларына алып барады, ол
оны өртеп жіберуге бұйырады. Алайда Алла Тағала өзінің
пайғамбарын, оған сенген Лұтпен бірге құтқарып қалып,
Палестинаға апарып орналастырады. Бірде Ыбраһымға Лұт
орныққан қаланың опасыз тұрғындарын жазалауға бара
жатқан періштелер келеді. Олар Ыбраһымға өзінің және
әйелінің қартайғанына қарамастан ұлды болатынын бол
жайды. Ыбраһым өзінің ұлы Ысмайылмен бірге Меккедегі
әл-Қағбаны салады. Бірде оған түсінде Алла Тағала өз ұлын
құрбандыққа шалу жөнінде аян береді. Ыбраһым да, ұлы да
бұған әзір еді, бірақ Алла олардың сыннан өткендерін ескеріп,
құрбандыққа шалу үшін көк қошқар береді. Ыбраһым Алла
дан өлімге жан бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Оған төрт
құстың қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырылады. Алла
Тағала шақырғанда әлгі төрт құсқа жан бітіп, ұшып келеді.
Алла Тағала Ыбраһымды әр кез жебеп-желеп отырады, оған
бірнеше пайғамбар шыққан ұрпақ сыйлайды.
Ыбраһым есімімен әл-Қағбаға тәжім ету ғана емес,
қажылықтың барлық рәсімі байланысты.
Ыдырыс—Құран Кәрімде аты аталған пайғамбарлардың
бірі. Ол туралы «Мәриям» сүресінде (56-аят) және «Әнбие»
сүресінде (85-аят) екі мәрте сөз болған. XІV ғасырда дүниеге
келген Бурханаддин Рағбузидің «Қиссаул әнбиесінде» Ыдырыс
пайғамбар жайында қызықты хикаялар берілген. Сондай-ақ
пайғамбарлар өмірі туралы көптеген діни кітаптарда ол туралы
мәліметтер айтылады.
Ысрапыл—қиямет күнін хабарлаушы періште. Ол Иеруса
лим тауында тұрып, қиямет күнінің келгенін сырнай арқылы
ғылыми қосымшалар
жеткізеді. Ысрапыл Алланың талаптарын, әмірлерін басқа пе
ріштелерге хабарлайды.
Ілияс (Илияс, Илья)—көне иудей, христиан аңыздарында
Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей
құдайларының бірінен шыққан дейтін пікір де бар. Исламда
Ілияс пайғамбардан гөрі, әулиеге жақын.
Түркі халықтарында Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен бай
ланыстырылып, «Қыдыр-Ілияс» деп те атала береді. Кейде
оны «Қызыр» деп атайды. Қазақ фольклорында Ілиястың есімі
жиі ұшырасады. Әдетте, ол адамдарға Қыдыр әулие (ақсақал)
түрінде көрініп, әр түрлі қиындықтардан қорғап жүреді. Кейде
Ілиястың жанында «шілтендері», яғни қырық көмекшісі еріп
жүреді. Олар ғайыптан пайда болып, фольклорлық шығарманың
басты кейіпкеріне (әсіресе, батырлық жырлар мен ертегілерде)
қол ұшын береді. Қазақтар «Қыдыр дарып, бақ қонсын» деп ба
таласады. «Қырықтың бірі—Қыдыр» деген мақал да бар.
Ағаз /п/—дауыс, үн
Ағзам /а/—ұлы, мәртебелі, ең зор
Ағла /а/—ең биік, ең жоғары
Ағыр /т/—ауыр
Адаб /а/—әдеп
Азар /п/—азап, қорлық
Азим /а/—ұлы, құдіретті, зор
Ақ, Хақ /а/—шын, шындық, ақиқат.
Ақриба /а/—туған-туыс
Ақыр /а/—соңғы, ақырғы; Алла тағаланың 99 есімінің бірі
Анда /т/—онда, сонда
Андан соң /т/—содан кейін, сонан соң
Анжам /п/—ат саймандары (ер тоқым)
Анлар /т/—олар
Аның /т/—оның
Аңлау /т/—аңдау, байқау
Арам /п/—тыныштық, дамыл; демалыс
Арасат /а/—майдан
Арғамшы /қырғыз/—арқан
Асайыш /п/—тыныштық, демалыс
Асан /п/—жеңіл, оңай
Асы /а/—күнәһар
Ауаз, ауаза /п/—дауыс, үн
Ауаре /п/—есуас; әуре
Афған /п/—жылау, дауыс салу
Афдал /а/—адамгершілік, ар; абзал.
Афтада /п/—әлсізденген, әлсіз адам; қарапайым, жуас
адам
Ахтар /т/—жұлдыз, бақ
Сөздік
ғылыми қосымшалар
Аһ, аһы—өкініш, зар, оһ, аһ ұру
Аһасте /п/—ақырын, асықпай, бірте-бірте
Аһд /а/—ғасыр, дәуір; уәде, міндеттеме
Аһисар /т/—кек
Аһл /а/—ел, халық, жұрт
Аһл хикмет /а/—философтар, дана адамдар
Ашафта /п/—қобалжыған
Ашыр /т/—тым, аса, өте
Ашыр /а/—өркөкірек
Әбият /а/—өлең, жыр
Әзал /а/—бұрын
Әзім /а/—күш, жігер
Әлам, әлім /а/— қайғы, қасірет, шер
Әула /а/—ең лайықты; жақсырақ
Әулад /а/—ұрпақ, әулет; балалар
Бағзы /а/—кейбір, кей
Бағлы /т/—байлаулы
Бадағат /а/—жаңашылдық, жаңалық
Бажы—салық
Базаркан /п/—саудагер
Бақар /а/—сиқыр
Банагаһ /п/—кенеттен, оқыстан
Бараһин /а/—дәлел, дәйек
Бариян /п/—қуырылу
Бародар, барадар /п/—аға, бауыр
Баройе /п/—үшін
Барсах—ұзындық өлшем бірлігі
Бахас /а/—қарастыру; зерттеу
Бахш /п/—бөлік, бөлім
Баһана /п/—сылтау, себеп
Баһар /п/—көктем
Баһра /п/—пайда; тағдыр, тәлей
Башарат /а/—адам, адамзат; қуанышты хабар, жақсылық
нышан
Бәдир /а/—толған ай; сұлу, әдемі, көрікті
Бәзіл /а/—аямай жұмсау (күш-қуатын)
Бәлаға /а/— шешендік
Бәли /а/—иә
Бейнауа /п/—үйсіз-күйсіз, кедей
батырлар жыры
Бейсахиб /п.а./—иесіз
Бейһұш, бейһүш /п/—көңілсіз; естен тану
Бенде, бәнда /а /—тұтқын
Берен /п/— ер жігіт
Биажал /а/—ажалсыз
Бихамдилла /а/—Алланың көмегімен, Аллаға шүкір
Бірлән, билән /т/—мен, бен, пен
Бибаһра, бейбаһра/п/—кедей; пайдасыз
Бикар /п/—жұмыссыз, бос
Бихақ /а/—ант етемін
Гияһ /п/—шөп, өсімдік
Гоһи /п/—кейде, анда-санда
Гоһ /п/—уақыт, кезең
Гоя /п/—шешен; сияқты, секілді
Гөһи Қап /п/—Қап тауы
Гөзал /п/—әдемі
Ғабар /а/—шаң
Ғадаб /а/—ашу, ыза
Ғадауат /а/—жаулық, қастық
Ғазал /а/—өлең, жыр
Ғайш /а/—өмір
Ғайш-ғишрат /а/—сауық-сайран
Ғайыл /а/—қобалжу
Ғаламат /а/—белгі, таңба, баға
Ғалиб /а/—көп, мол; жеңімпаз
Ғами /а/—соқыр, көр
Ғамкүн /п/—көңілсіз, жабырқау
Ғани /а/—бай
Ғанам /а/—қой
Ғанбар /а/—сарай, қойма
Ғантар /а/—ер, батыр
Ғаным /а/—жолы болғыш
Ғарұп /а/— күнбатыс
Ғаршы-күрші /а/—жеті қат көк
Ғарық /а/—бату
Ғасар /а /—қиындық
Ғауға /п/—айқай, шу
Ғизам /а/—ниет, тілек арман
Ғұлман /а/—бозбала
ғылыми қосымшалар
Ғұлғала /п/—у-шу, айқай, опыр-топыр
Ғұнша /п/—гүл
Ғұса /а/—құса
Дағ /а/—таңба
Дад /п/—әділеттік
Дам /а/—қан
Дамдамат /а/—у-шу
Дара /п/—есік, дарбаза
Дархал /п/—сол уақытта, сол мезет, бірден
Даст /п/—қол
Дафиғ /а/—итеру, лақтыру; тойтару; қарсылық; қуып
шығу
Дахил қылу /а/—кіру
Дашт /п/—шөл, дала
Дәнаш /п/—білім, ілім
Дәрд /п/—дерт, ауру
Дәркар /п/—қажет, қажеттілік
Делдар /п/—сүйікті, ғашық
Диуар /п/—қабырға
Ділдар /п/—сүйікті ғашық; батыл, өжет
Елат /а/—халық, тайпа
Елік—елу
Емікдеш—дос
Жавон /п/—бозбала
Жад /а/—ес
Жада болу /п/—бөліну, айрылу
Жадал /а/—күрес, соғыс
Жанан /а/—сүйікті, ғашық; жүрек, жан
Жаллат /а/—жендет; жауынгер, әскер
Жамам /а/—демалыс тыныштық
Жамғ /а/—жиналу, бірігу; жиын, топ
Жаппар /а/— құдіретті, күшті
Жасат /а/—дене
Жаһаннам /а/—тозақ
Жаһд /а/—ыждаһат, ынта
Жәду /п/—сиқырлық
Жәдугер /п/—сиқыршы
Жәлу /п/—алдында, алға
Жәнда /п/—әскер
батырлар жыры
Жегербәнд /п/—ішек-қарын; сүйікті ұл
Жисым /а/—дене
Жошы /п/—ашушаң
Забун /п/—әлсіз, халі кеткен
Забур—Алла жіберген төрт кітаптың бірі. Ол Дәуіт
пайғамбарға түскен екен.
Зағ /п/—қарға, құзғын
Зада /п/—бала
Залыф /п/—шаш, бұрым
Занда /п/—тірі; еті тірі, сергек
Захмат /п/—жара
Заһир—батын /а/—анық—жасырын
Зияда /а/—өте, тым, көп
Зиапа /а/—сый, құрмет
Зинһар /п/—сақтан! Байқа!
Зұлжалал /а/—жоғары мәртебелі
Зұлфақар /а/—Мұхаммед пайғамбардың Бадрдегі шайқаста
жаудан тартып алған қылышының аты.
Зүрият /а/—ұрпақ, үрім-бұтақ
Зымыстан /п/—қыс
Илла Алла лә Иллаһа /а/—Алладан басқа құдай жоқ
Инғам /а/—сый-сияпат
Има /п/—ишарат, белгі
Имара /а/—әмір, бұйрық
Иншалла /а/—Құдай қаласа
Истағат /а/—мүмкіндік, күш
Истихан /п/—сүйек; тайпа, ру; ру басы
Калани /п/—көп
Калам /а/—сөз
Канду /п/—дән сақтайтын үлкен ыдыс
Кард /п/—іс-қимыл, әрекет
Катаф /а/—иық
Каһаш /п/—кішірею, азаю
Кәбі /т/—сияқты, секілді
Кәлам /а/—сөз
Кәнизак /п/—күң, қызметші қыз
Кәніз /а/—байлық, қазына, қойма
Кәрім /а/—жомарт, мейірбан
Кәтта /п/—үлкен
ғылыми қосымшалар
Кәшад /п/—кең, үлкен, бос
Кемхап /п/—қамқа
Кифаят /а/—жеткілікті; дарын, талант
Көһне /п/—ескі, көне
Көшек, қошақ /т/—бота, ботақан
Көзе /п/—су әкелетін қыш құмыра
Көксі /т/—көкірек, кеуде
Кулфат /п/—қиындық, ауыртпалық
Куһ /п/—тау
Күнда—тор
Кімсе /п/—кім
Қыбылагөһ /п/—сүйеніш, тірек
Кісия /а/—киім
Қаддах /а/—от, жалын, шоқ
Қадими /а/—ескі
Қайыл /а/—сөйлеуші
Қалға /а/—қамал
Қамар /а/ - ай
Қатара /а/—тамшы
Қап қаусын /а/—өте жақын
Қар /п/—сорлы, бейшара
Қараб /а/—жойылу, быт-шыт болу
Қарар /а/—бұйрық, жарлық; шешім
Қасд /а/—мақсат
Лағин /а/—малғұн, қарғыс атқан, шайтан
Латафат /а/—мейірім; әдептілік, ізеттілік
Лаухы-қалам /а/—қалам
Лахд /а/—бейіт, дират
Ләб /п/—ерін
Ләшкер /т/—әскер
Либас /а/—киім
Мағбұд /а/—табынатын зат
Мағзұр /а/—көп, асып-тасқан
Мағзұр /а/—кешіру
Мағиуб /а/—бұзылған
Мағмұр /а/—салынған; қоныстанған
Мадар /п/—ана
Мажал /а/—мүмкіндік
Мажара /п/—оқиға
батырлар жыры
Мазалы—тәтті
Маннан /а/—жомарт, рақымды
Манзұр /а/—айқын, анық
Марға /п/—құс
Марғазар /п/—көгал
Марғұб / а/—тілеген
Мардан /п/—ер, батыл
Мардуд /а/—пайда, табыс
Маст—мас
Матлаб /а/—талап; қажеттілік; мақсат
Маужуд /а/—бар болу
Махал /т/—қажет, керек
Махшар /а/—жиналатын жер
Маһ /п/—ай
Машғұл болу /а/—бір нәрсемен айналысу, шұғылдану
Мәзһаб /а/—ағым, бағыт, ілім
Мәлак /а/—періште
Мәламат /а/—кінә тағу, кінә
Мәраууат /п/—кеңпейілділік, мейірімділік; аяушылық
Мәтім /а/—аза тұту, жылау
Мейкүн /п/—қызыл
Мерсуб, миршаб /п/—түнгі күзеттің басшысы, бастығы
Меһірбан /п/—мейірбан
Мешт /п/—жұдырық
Мин /а/—дан, ден, тан, тен жалғауы
Можган /п/—кірпік
Мөһір /п/—мөр
Муафиқ /а/—келісімді, қолайлы, лайықты
Мукаддар /а/—күңгірт
Мунис /п/—дос
Мунир /а/—нұрлы
Муяссар /п/— мүмкін; орындалатын, іске асатын
Мұғаллақ /а/—ілінген
Мұқарраб /а/—жақын
Мұқаррар /а/—анық, айқын
Мұсахиб /а/—дос; ғашық
Мұсаххар /п/—жауланған
Мұханнас /а/—қорқақ
Мұшфақ /п/—мейірімді, қайырымды
ғылыми қосымшалар
Мүбтала /а/—діндар
Мүддет /а/—уақыт, кез
Мілләт /а/—ұлт; ел, жұрт
Мінәсіп /а/—сәйкес, лайық
Намдар /п/—атақты, әйгілі
Нааһл /п/—надан, ақымық
Набұд /п/—жоғалған, талқандалған
Нагаһан /п/—кенеттен, аяқ астынан
Назаркарде /п/—Құдайдың сүйікті құлы
Назнин /п/—нәзік, әдемі
Накиһан /п/—кенеттен
Налаш /п/—нала, қайғы-қасірет, мұң-шер
Нама /п/—хат
Намаш /п/—қулық, өтірік
Намахрам /п/—бөтен
Намрұт /п/—бақытсыз, жолы болмайтын
Натауан /п/—әлсіз, қуатсыз
Наужуан /п/—тым жас; бозбала
Наһал /п/—ағаш, тал
Наынсап /п/—ынсапсыз
Нәмарт /п/—ер емес, қорқақ
Нәсім /а/—самал, жел
Никах /п/—неке
Ниқаб /а/—перде
Нұш /п/—сусын
Олтыру—отыру
Ошал /т/—осы
Пай /п/—аяқ
Панаһ /п/—пана
Панжара /п/—терезе; тор
Пәнжа /п/—бес саусақ
Пәруаз /п/—ұшу
Пәст /п/—пәс, төмен
Пияда /п/—жаяу
Пиям /п/—хабар, хабарлама
Порма /о/—кескін, үлгі
Пұта—басқа байлайтын орамал
Пұшпан /п/—пұшайман, көңілсіз
Пінһан /п/—жасырын
батырлар жыры
Пітнә /а/—көтеріліс; шағыстыру
Раббана /а/—жаратушымыз
Рада /а/—киім
Рақыб /а/—күзетші, қараушы
Рағна /п/—әдемі, сүйкімді
Раст /п/—рас, дұрыс
Рафиқ /а/— жолдас
Рафраф /а/—қанат қағу, ұшу
Рахмат /а/—қайырым, мейірім
Раһ /п/—жол
Раһбар /п/—жолдас
Рәнжі /п/—қайғы, дерт
Руз /п/—күн
Сабил /а/—жол
Сағыр /а/—кішкентай
Сад /п/—жүз
Сазанда /п/—сазгер, әнші
Сайыр /а/—жол жүру
Сақи /а/—шарап құюшы
Салат /а/—намаз
Салах /а/—жақсылық, рақымшылық
Салла /а/—намаз оқу
Самауат /а/—аспан, көк
Санғ /а/—іс, жұмыс, өнер
Сарафраз /п/—өркөкірек, менменшіл; бақытты
Саркарда /п/—көсем, қолбасшы
Сарпай—шапан
Сатыр /а/—жасырушы, құпия
Сахар /а/—таң, таңсәрі
Сахи /а/—жомарт, кеңпейіл
Сахир /а/—сиқыршы
Сахрай /п/—далалық
Сахыр /а/—жұмысқа жегу
Сәк /п/—сөмке
Сәма /а/—аспан
Сәркардан /п/—сергелдең
Сәруар /п/—басшы
Сеңа /т/—саған
Сетун /п/—тірек
ғылыми қосымшалар
Сидық /а/—достық
Сипаһ /п/—әскер, жауынгер
Сияһ /п/—қара; бақытсыз, көңілсіз
Сөйле—солай
Сұбхан /а/—мадақ
Та /п/—ша, ше жұрнағы
Табдал, табдил /а/—өзгеріс
Таға—нағашы
Тағбир /а/—мағына, мән
Тағриф /а/—таныстыру
Тақат /а/—тағат
Талғат /а/—сыртқы пішін, кейіп
Талиб /а/—іздеуші, талап етуші
Тараш /п/—талан-тараж, ұрлық
Тасалли /а/— жұбату
Тахсин /а/—жақсылық
Тахыт /а/—тақ
Тиғ /п/—қылыш
Тимсал /а/—сипат
Тұғры /т/—тура
Тілауат /а/—оқу (дауыстап)
Тімсал /а/—мысал
Уа /а/—және
Уақиф /а/—күзетші
Уахшат /п/—қорқыныш
Уаһабе /а/—сыйлық
Уаһым /а/—уайым, шер
Умара /а/—әмірлер
Үммет /а/—ел, қауым жамағат
Фаған /п/—зарлау, айғайлау; қасірет шегу
Фарағ /а/—аяқталу, біту; бос уақыт
Фарияд /п/—зарлану, зар айту
Фасыл /а/—мезгіл
Фатиха /а/—Құран Кәрімнің 1-сүресі
Фахар /а/—мақтаныш, даңқ
Фәлакат /а/—аспан
Фердаус /п/—жұмақ, жұмақтағы бақ
Фирақ /а/—айрылысу
Фият /а/—баға, құн
батырлар жыры
Фурқат /а/—айрылысу
Хаб /п/—түс, ұйқы
Хабас /а/—қапас, абақты
Хадим /а/—қызметші; құл, күң
Хазан /п/—күз
Хайф /п/—босқа, бекер
Хак /п/—жер, ел; шаң
Халас /а/—құтқару, айыру
Халат /а/—хал, жағдай
Хана /п/—үй
Ханнан /а/—мейірімді, қайырымды
Харидар /а/—сатып алушы
Хар /п/—тікенек; таралған
Хараж /а/—жер салығы
Хараис /а/—салық
Харам /а/—адал емес, лас
Хасият /п/—қасиет
Хасте /п/—шаршаған, шалдыққан; жараланған
Хасыл /а/— нәтиже; жүзеге асу, мақсатқа қол жеткізу
Хатыр /а/—ой
Хауас /п/—қол астындағылар
Хауыз /а/—су бұлағы
Хаһ...хаһ /п/—не...не..
Химаят /а/—қорғау
Хисаб /а/—есеп
Хорандыр /п/—лайықты
Хорд /п/—тамақ, ас
Хошруй /п/—әдемі, сұлу жүзді
Хошуақыт /п/—көңілді, бақытты
Хұнкар /п/—қанішер
Хұсн /а/—әдемілік, сұлулық
Хұсни /а/—әдемі,сұлу
Хұсумат /а/—жаулық; ерегес
Хұтба /а/—сөз
Һамише /п/—әрдайым, әр уақытта
Һажр /а/—айрылысу
Һаммат /п/—ынта, жігер
Һамаят, һиммат /п/—кеңпейілдік; тырысу, ұмтылу:
қуат
ғылыми қосымшалар
Һамангаһ /п/—тез арада, дәл қазір
Һәзал /п/—әзіл, күлкі
Һәмме /п/—барлық, бәрі
Һезар /п/—мың
Һидаят /а/—сый, сыяпат
Һижран /а/—қалдыру, айрылысу
Һошиар /п/—ақылды, ұғымтал; сергек
Чаһаршанбе /п/—бейсенбі
Чешма /п/—көз
Чешме /п/—бұлақ
Чун /п/—өйткені, ...тан, ....тен; ...сияқты
Шағал /п/—қорқау қасқыр
Шажағат /а/—ерлік, батырлық
Шамал /а/—солтүстік
Шамс /а/—күн
Шарша /п/—жолаушы
Шаукат /а/—күш, қуат
Шаһ—ор
Шаһал /а/—тез, жылдам
Шаһмардан /п/—батырлардың патшасы
Шаһра /п/—бет, келбет, түр
Шәмсие /а/—күн
Шәриф /а/—текті, қасиетті
Шекар /п/—аң аулау
Шикаят /а/—кінә тағу
Шишма /п/—көл
Шоры /п/—күң
Шөжек—бала
Шөйлә /т/—солай
Шунке /п/—өйткені, себебі
Шұндағ—сондай
Ырада /а/—тілек
Жер-су атаулары
Әндіжан—Өзбекстандағы
қала.
Ферғана
аңғарындағы
Әндіжан-Сай өзенінің бойында орналасқан. Орта Азиядағы
ежелгі қалалардың бірі.
Исфаһан, Асфаһан—Иранның орталық бөлігіндегі қала.
Зайендеруд өзенінің жағасына орналасқан. Көне әдебиеттерде
Исфахан Аспадана деген атпен кездеседі. 7-ғасырда арабтар жа
улап алады. 8-13 ғасырларда Таяу және Орта Шығыстың ең ірі
қолөнер және сауда орталығы болды.
Бағдат—Ирак мемлекетінің астанасы. Қаланы 762 жылы
халиф Мансұр сала бастағанда, оның аты «Мадинат ас-Салам»,
яғни «Бейбітшілік қаласы» болатын. 9-ғасырда қала қолөнер
мен сауда-саттықтың, ортағасырлық араб мәдениетінің ірі
орталығына айналған. Күллі шығыс жұрты табынған ғылыми
орталық болған. Бағдат шығыс ертегілерінде тұрақты орын алған
көне қаланың аты. Ол кейде мифтік-ертегілік шығармалардың
кеңістігінде кездессе, енді бірде діни-ғылыми орталық һәм та
рихи шаһар ретінде дастан оқиғаларының басты мекендерінің
бірі болып шығады.
Бұхара—Орталық Азиядағы бұрынғы елдің, қазіргі Өзбек
стан мемлекетіндегі облыстың аты. Орталығы—Бұқара қаласы.
Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде іргесі қаланып, бастапқы
кезде соғды тілінде Нумижкат деп аталған. Бұқара әсіресе
ХVІІІ—ХІХ ғасырларда күшті өркендеп, исламның ықпалды ті
регіне әрі діни-ғылыми орталықтарының біріне айнала бастады.
Бірқатар мұсылман халықтары, оның ішінде қазақтар да оны
«Бұқара Шариф», яғни қасиетті қала деп атаған.
Ирак—Батыс Азиядағы араб мемлекеті. Жетінші ғасырдың
30-жылдарында Иракты арабтар жаулап, 661 ж. үмийа әулеті
билеген араб халифатының бір аймағына айналды.
ғылыми қосымшалар
Кербала—Ирактағы қала, шииттердің қасиетті жері. Бұл
жерде 680 жылы 10-қазанда үшінші шиит имамы Хұсейін
әскерімен қаза тапқан атақты «Кербала соғысы» болған. Әлидің
ұлы Хұсейіннің мазары да осында.
Қап тауы—Аңыз бойынша, жер жүзін қоршап тұрған тау
тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан құралған, ал ең
биік шыңында вулкан орналасқан. Жер бетіндегі барлық тау
лар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала осы таулар тізбе
гіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер сілкінісі болады.
Қап тауының ар жағын йәжүж бен мәжүж деген қорқынышты
халықтар мекендейді, олар әр күн сайын тауды егеу сияқты
тілдерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы қалпына қайта ке
леді, сөйтіп, бұл халықтар жер бетіне шыға алмайды. Қап та
уларымен байланысты көптеген аңыздар бар, Қап тауының ар
жағында да керемет мақұлықтар, дәулер мен перілер мекендей
тін ғажайып елдер бар деп айтады.
Мағриб—Араб жерінің батыс бөлігіндегі елдерді әдетте осы
лай атайды. Оған Марокко, Тунис т.б. мемлекеттердің жері жа
тады.
Маргилан—Өзбекстан Республикасының Ферғана облысын
дағы қала. Ферғана аңғарының оңтүстік-шығыс бөлігінде
орналасқан.
Мысыр—араб елінің африкалық бөлігіндегі көне шаһар
әрі ел атауы. Жергілікті арабтар Египетті де, оның астанасы
Қаһираны (Қайыр) да Мысыр деп атайды. Қазақ фольклорын
да, сондай-ақ көптеген шығыс халықтарының ауыз әдебиеті
шығармаларында Мысыр шаһары жиі ұшырасады.
Рұм, Үрім—шығыс халықтары орта ғасырларда Византи
яны осылай атаған. Көптеген шығыс халықтарының әдеби-
фольклорлық туындыларында Рұм өте алыс, ғажайып өлкенің
бейнесін елестеткен.
Түркістан—Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан
ауданының орталығы, Сырдарияның оң аңғарында орналасқан.
2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы тойланды. Арабтардың
географиялық жазбаларына қарағанда, ІV-Х ғасырларда бұл
қаланың орнында Шавгар (арабша Шавагар) мекені болған,
бірақ бұдан із қалмаған. ХІІ-ХІV ғасырларда Түркістан «Ясы»
деп аталған. Қожа Ахмет Иасауи ғимараты салынғаннан кейін
түркілердің діни орталығына айналды.
батырлар жыры
Үргеніш—ежелгі қала, ортағасырлық Хорезм мемлекетінің
астанасы. Орны қазіргі Түркменстан Республикасы, Таша
уыз уәлаятындағы Көне Үргеніш елді мекенінің жанында.
Үргеніштің гүлдену кезеңі 12-13 ғасырлардағы хорезмшахтар
билік еткен кезеңге тура келеді. 13-ғасырдың ортасынан бастап
Алтын Орданың құрамында болып, сауда, қолөнер, әкімшілік
орталық ретінде өз маңызын жойған жоқ. 14-ғасырдың орта
сына қарай Хорезм Алтын Ордадан бөлінген кезде Үргеніш
қайтадан оның астанасына айналды. 17-ғасырда қала тіршілігі
құлдырап, кері кетті.
Үндістан—Азияның
оңтүстік-шығысында
орналасқан
мемлекет. Астанасы—Дели қаласы.
Фиранк—мұсылман халықтары үшін Еуропа елдерінің
халқы, кейін әскерлері көбінесе «фиранкілер» деген жалпы
атаумен белгілі болған. Фиранк деп, мәселен француз, неміс,
ағылшын, тіпті, итальян әскерін де атауы мүмкін.
Хиуа—Өзбекстан Республикасындағы қала. Хиуа тарихы
көне Хорезм мәдениетімен тығыз байланысты. Зерттеушілердің
болжауынша, Хиуаның негізі б.з.б. 5-ғасырда қаланған. Хи
уаны 712 жылы арабтар жаулап алды. 9-10 ғасырларда Хо
резм мемлекетінің астанасы болып, біршама гүлденді. Хиуа
қаласында өз заманында Мұхаммед әл-Хорезми, Әбу Райхан
ибан Бируни, Әбу Әли ибн Сина тәрізді ірі энциклопедияшы
ғалымдар еңбек етті. 17-ғасырда ол Хиуа хандығының астана
сы болды.
Хорезм—Әмударияның төменгі ағысында орналасқан тари
хи өлке. Хорезм жөніндегі алғашқы деректер Дарий І-дің Бе
хистун сына жазуы мен Авестада кездеседі.
Шын—Орта Азия, Иран, араб елдері орта ғасырда Қытайды
«Чин» деп атаған. Бұл—біздің дәуірімізге дейінгі 221 жылдан
бастап Қытай елін билеген Цинь династиясының өзгертілген
атауы.
Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Базар жырау 1840 жылы бұрынғы Сырдария облы
сы, Қазалы уезінің жерінде (Қазіргі Қызылорда облысы
Қармақшы ауданының маңайы) өмірге келген. Базар—халық
ауыз әдебиетінің асыл үлгілерінен нәр алған кемел талант.
Оның өлең-толғауларында мақал-мәтел, халықтық сипаттағы
қанатты сөздер, тұрақты тіркестердің жиі кездесуі соның
айғағы.
Базар
Оңдасұлы—қазақтың
көптеген
дарынды
ақындарының көзін көріп, Шернияз, Абыл, Мұрат, Қашаған,
Өске, Орынбай, Бұдабайлардың біріне шәкірт, біріне замандас
өскен дәстүрлі жыр мектебінің бірегей өкілі. Ақын толғаулары
Шалкиіз, Бұхар, Ақтамберді, Махамбет жырларымен үндес
келуі—оның көнеден келе жатқан кемел де кемеңгер, һәм
жауынгерлік поэзиядан мол өнеге алғанын айқын аңғартады.
Ақынның «Жүсіп-Ахмет», «Мақпал-Сегіз», «Айман-Шолпан»
сияқты халық эпостарын жаңғырта жырлауы—оның фоль
клор мұрасын насихаттап, таратуға және дамытуға зор үлес
қосқанын көрсетеді.
Бижанұлы Әзімбай—Семей облысы, Шұбартау ауданын
да болған ақын. 1922 жылы 68 жасында қайтыс болған. 1917
жылдары «Ақтамберлі—Жаскелең» деген қисса жырлаған.
Ақынның шығармаларын баласы Тәңірберген 1969 жылы
Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына тапсырған.
Жұмажанов Қаржаубай—1938 жылы туылған, Әжінияз
атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының
қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент,
институт профессоры. Ауыз әдебиет үлгілерін жинайды.
Қоңырбайұлы Әбдімұрат—жыршы. Қарақалпақстанның
Тақтаккөпір ауданы, Қараөзек қыстағында тұрған. Жыршы
ның атасы Қоңырбай бабасы Сереке де қазақтың батырлық ға
батырлар жыры
шықтық жырларын көп білген, дәстүрлі жыраулық мектебінің
өкілдері болған.
Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы
/т/—түркі
/ж/—жергілікті
/к.с./—көнерген сөз
Пайдаланылған әдебиеттер
Томға енген мәтіндер сақталған кітаптар мен
қолжазбалар
1. Бозұғлан. Ахметбек һәм Жүсіпбек. Қазан, 1904. 2. Ахметбек—Жүсіпбек қиссасы. 1939 жылғы Қостанай
экспедициясының жинаған материалы. ОҒК: Ш. 746. 2-дәптер 3. Бозұғлан. Жыршысы—Әбдімұрат Қоңырбайұлы. 4. Жүсіп-Ахмет хикаясы. ӘӨИ: Ш. 917/ 7. 5. Қисса Бозұғлан. Жыршысы—Әзімбай Бижанұлы. ӘӨИ:
Ш. 679. 1-дәптер.
Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер
1. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—
М., 1968.
2. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы.—Ал
маты, 2003. 3. Бартольд В.В. Сочинения. Т. 2, ч. 1.—М., 1963. 4. Бердібаев Р. Қазақ эпосы.—Алматы, 1982. 5. Базар жырау шығармалары.—Алматы: Жазушы, 1986. 6. Васильев Л.С. История Востока (в 2-томах). Т. 1.—Моск
ва, 1998. 7. Короглы Х. Огузский героический эпос.—Москва, 1976. 8. Короглы Х. Туркменская литература.—Москва, 1972. 9. Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т. Узбекский народный ге
роический эпос.—Москва, 1947. 10. Жирмунский В.М. Тюрский героический эпос. – Л., 1974. 11. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының
мәселелері. 1-кітап.—Алматы, 1958.
батырлар жыры 12. Ғабдулллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық
жыры.—Алматы, 1972. 13. Древнетюркский словарь.—Л., 1969. 14. Қосан С. Базар жырау Оңдасұлының әдеби мұрасы
(ақындық дәстүр, жанр, поэтика). Филология ғыл. кандидаты
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация.—Алматы, 2005.
15. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. І том.
—Алматы: Ғылым, 1975.
16. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология.—Алма
ты: Ғылым, 1987. 17. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 18. Қазақ фольклористикасының тарихы.—Алматы, 1988. 19. Қасқабасов С. Жаназық.—Астана, 2002. 20. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы
лар: Р.Сыздық т.б.—Алматы: Дайк-Пресс, 2001. 21. Қазақ халық әдебиеті: Көптомдық // Батырлар жыры.
4-том.—Алматы, 1989. 22. Қоңыратбаев Т. Эпос және этнос.—Алматы, 2000. 23. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған
І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 24. Орлов А.С. Казахский героический эпос.—М., 1945. 25. Пропп В.Я. Фольклор и действительность. Избранные
статьи.—М., 1976. 26. Путилов Б.Н. Героический эпос и действительность.—
Л., 1988.
27. Персидско-русский словарь/ Под ред. Ю. А. Рубинчика.
І-ІІ т.—М., 1970. 28. Русско-туркменские отношения в XVІІІ—XІX вв.—Аш
хабад, 1963. 29. Татарско-русский словарь.—М.: Советская энциклопе
дия, 1966. 30. Турецко-русский словарь.—М.: Русский язык медиа,
2005. 31. Чистов К.В. Народные традиции и фольклор.—Л.,
1986. 32. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.—Алматы, 1993.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова продол
жает работу по подготовке и изданию очередных томов Свода
казахского фольклора «Бабалар сөзі», выполняемого в рамках
Государственной программы «Мәдени мұра» («Культурное на
следие»).
Подготовлены и изданы 46 томов, посвященные самой пре
красной и объемной отрасли национального фольклора—эпосу.
До сегодняшнего дня подготовлены и изданы тринадцать томов
новеллистических дастанов, семь томов дастанов религиозно-
нравственного содержания, восемь томов дастанов романичес
кого (любовного) содержания, три тома исторических поэм,
четырнадцать томов героического эпоса, а также один том гене
алогических дастанов. Десять томов этого издания посвящены
казахскому фольклору в Китае. Новое издание, оформленное на
высоком полиграфическом уровне и посвященное сокровенно
му богатству казахского народа—фольклорным сборникам, чи
татели восприняли с благодарностью и большой радостью.
Очередной 47-й том серии, представленный читателям, пос
вящается героическим эпосам. В него включены пять вариантов
эпоса о повествовании и героической жизни туркменских бе
ков-батыров Бозуглана, Жусипа и Ахмета. это варианты Ешбая
Козбергенулы, Базар жырау, неизвестного сказителя, Азимбая
Бижанулы, Абдимурата Конырбайулы.
Один из вариантов эпоса казах Ешбай Козбергенулы (к со
жалению, о его происхождении сведений не сохранилось) пере
вел из древнего издания и издал отдельной книгой в 1890 году в
Казани. В тексте произведений встречаются множество древне
тюркских, чагатайских, арабо-персидских слов. Вероятно, пе
реводчик постарался передать туркменский дастан, изданный
батырлар жыры
на чагатайском языке в городах Ташкенте или Казани, «тюрк
ским» стилем, который был в то время понятен всем казахам.
Известно, что первое издание эпоса «Бозұғлан, Ахметбек һәм
Жүсіпбек» на казахском языке было осуществлено в поэтичес
ком виде с элементами прозаического пересказа. Заинтересо
вавшиеся сюжетом этого первоначального варианта казахские
повелители приказали сделать подстрочный перевод текста
своим грамотным подчиненным и позже попросили знатных,
талантливых сказителей-жырау исполнить его под аккомпане
мент домбры и кобыза. Один из прекрасных народных эпосов
«Жүсіп-Ахмет» был исполнен талантливейшим мастером слова
Базаром.
Следует отметить, что сюжетный лейтмотив киссы «Ахмет
бек-Жүсіпбек», обнаруженный Костанайской фольклорной
экспедицией (1939), не отличается сильно от содержания Ка
занского издания. В целом, характерное явление для народных
вариантов раннее опубликованных дастанов—позже «уже не
могли изменить слова книги». Это можно наблюдать на примере
эпоса «Қыз Жібек», изданного в конце ХІX века в Казани. Из
вестно, что «скачка Тайбурыла» в эпосе «Қобыланды» во мно
гих его вариантах неизменно повторяется. С одной стороны,
можно сказать, что это обычный, традиционный мотив-метод,
часто встречающийся в фольклорных жанрах.
Еще один вариант эпоса «Бозұғлан» воспел семейский поэт
Азимбай, который внес в содержание книжного варианта эпоса
малочисленные мотивные, эпизодные изменения и свободно ис
полнял эпос на региональном говоре местных казахов. Второй
образец эпоса «Бозұғлан» записан у каракалпакских казахов.
Сказитель—Абдимурат Конырбайулы. Что интересно, здесь
тема эпоса совпадает с другими вариантами, но сюжет произ
ведений совершенно не похож. Наоборот, вариант Абдимурата
сильно напоминает известный казахский эпос «Қобыланды ба
тыр», даже в некоторых местах встречаются эпизодные повто
рения. Но в именах людей, географических названиях, этнони
мах есть значительные различия.
Несколько слов об оригинале эпоса «Жүсіп-Ахмет». Его
создатель—известный туркменский поэт-бахчы Гурбаналы
Магрупи, живший в XVІІІ веке. Известный ученый-фолькло
рист Х.Короглы произведение туркменского бахчы относит к
ғылыми қосымшалар
письменной литературе и отмечает, что Магрупи смог охватить
множество материалов, начиная от древней эпохи огузов, и со
хранил основные элементы традиций народной литературы,
причем, описание событий подверглось незначительным идей
ным, стилистическим и языковым изменениям. Исследователь
далее отмечает, что дастан «Жүсіп-Ахмет» написан на патрио
тическую тему.
События, лежащие в основе сюжета, берут свое начало в
периоде Тюркского каганата, а в середине эпоса описываются
межплеменные конфликты времени этносов огыз-кыпчаков.
Также показаны тяжелые исторические события в Централь
ной Азии XVІ-XVІІ вв. Х.Короглы, обнаруживший некоторые
сюжеты «Жүсіп-Ахмет» в книге «Қорқыт ата», приходит к
следующим выводам: «Существует сюжетная общность меж
ду третьим «Огузнаме» и дастаном «Юсуп и Ахмет». Герои
обоих памятников попадают в плен к гяурам при одинако
вых обстоятельствах, совпадает срок их заточения. Оба героя
забавляют тюремщиков своими песнями. В обоих случаях в
отсутствие героев их жен пытаются выдать замуж. В финале
обоих памятников герои не считают себя вправе соединиться
с возлюбленной, пока томятся в плену их товарищи…» Иссле
дователь стремится найти сходство между образом Бозуглана,
родственника Жусуп-Ахмета по материнской линии, повели
теля Исфахана и образом Бамси из дастана «Коркыт» и пред
полагает, что прототипом этих героев может выступить вождь
племени байындыр туркменцев, аккойынлинцев—Туралыбей
(под псевдонимом «Боздоған» (Боз қаршыға), который управ
лял Байбурдской крепостью в Малой Азии. Автор считает, что
позже озоны, бахчи не понимали значение слова Боздоған и на
звали его Бозоғлан. По нашему мнению, имя Бозұғлан вполне
могло произойти от этнонима «боз оқ», который встречается в
книге «Коркыт».
Некоторые
эпизоды
эпосов
«Көрұғлы»,
«Алпамыс»,
«Қобыланды» и «Орақ-Мамай» в этом эпосе повторяются. Эти
эпизоды дополнены разными фольклорными мотивами.
Например, азербайджанский ученый Х.Короглы, первый
исследовавший туркменский эпос, отмечает, что в дастане
«Жүсіп-Ахмет» есть элементы эпоса западных Огузов, и среди
узбеков дастан исполняется параллельно с «Алпамысом».
батырлар жыры
Говоря об общем сходстве эпоса «Бозұғлан» и «Орақ Мамай»,
исполненном Мурын жырау, А.Конратбаев приходит к следую
щему выводу: «Сходные сюжеты возникли в давние времена,
когда все тюркские племена кочевали вместе. Эта многовековая
общность, родственность плотно вошла в эпосы, положив начало
зарождению многочисленных сказаний и смешанных сюжетов.
В узбекском эпосе «Бозұғлан» и эпосе Мурын жырау казахские
и узбекские батыры изображаются в традиционном единстве.
Они помогают друг другу».
Эти рассуждении А.Конратбаева созвучны с мнением извест
ного эпосоведа Ф.Жирмунского, который в своем крупном тру
де о тюркских эпосах писал: «Вариант Муруна жырау представ
ляет рассказ о героическом детстве будущих их прославленных
богатырей. Его источником является хорезмо-туркменская во
инская повесть «Юсуф-Ахмед» (или «Боз-оглан»), распростра
ненная по всей Средней Азии в форме широко популярной на
родной книги («кысса»)…—все эти мотивы из истории Юсуфа и
Ахмеда были перенесены Муруном (или одним из его учителей)
на Орака и Мамая».
Становление эпоса продолжалось долгие годы. Ученый фоль
клорист В.Я.Пропп, перечисляя богатое наследие эпосов Сред
ней Азии, доказывает, что их сюжеты зародились до периода
создания государства. На самом деле сходные мотивы древнего
огузского эпоса и ногайлинского героического эпоса говорят о
том, что сюжеты этого наследия берут свое начало из одного ис
точника. Подтверждением чему является верное высказывание
Б.Н.Путилова: «Как было показано выше, для классического
эпоса характерно представление о смене двух этапов, знамену
ющем резкие сдвиги в исторической жизни народа. Идея эта
получает чисто эпическое воплощение в двух тематических оп
позициях: «отцы-сыновья, старшие богатыри—младшие бога
тыри».
Как видим, даже если Бозұғлан относится к героям патриар
хального эпоса, его имя упоминается параллельно с Короглы,
и Жусупбеку, Ахметбеку, которые жили в позднем периоде,
приходится как родитель, как родственник по материнской ли
нии или же как учитель. Яркий пример этого генеалогического
родства героев положен в основу эпоса «Қырымның қырық ба
тыры». По поводу этого фольклорного явления свою аргумен
ғылыми қосымшалар
тированную точку зрения высказывает академик С.Каскабасов,
подчеркивающий потребность в эпическом жанре в тот истори
ческий период, когда нависла опасность над народом, особенно
во время крупных битв—войн. Эпос постоянно воссоздавался
и дополнялся новыми сюжетами, уточнялось его содержание.
Таким образом появлялись новые эпосы. Как отметил ученый,
«в таких случаях процесс исторической целостности идет быст
ро, и события древнего времени переносятся на более поздние,
место давнего врага занимает новый противник, иногда они
смешиваются. А старые батыры забываются, их деяние, геро
изм приписываются новому герою, в некоторых эпосах они идут
параллельно, но все равно батыр поздней эпохи изображается
особым, или он сын его».
Язык эпосов, вошедших в данный том—образный, а сюже
ты—интересные. По мере знакомства с текстами читатель полу
чает четкое представление об их стилистических особенностях,
выражениях и местных особенностях языка эпических школ
сказителей-поэтов разных областей казахской степи. Многие
из представленных вариантов эпоса «Бозұғлан, Ахметбек һәм
Жүсіпбек» раньше нигде не были опубликованы и не были ис
следованы, и это определяет научную ценность эпоса.
Очередной сорок седьмой том серии издания «Бабалар сөзі», в
соответствии с основными принципами многотомника, снабжен
научными приложениями. Научные приложения включают
комментарии о публикуемых текстах; словарь; географические
названия; сведения об исторических и религиозных деятелях,
имена которых встречаются в текстах; сведения о сказителях и
собирателях эпоса; список использованной литературы; резюме
на русском и английском языках.
Объем тома—26,5 п.л.
Summary The staff of M.O.Auezov Іnstіtute of lіterature and art contіnues work on preparatіon and edіtіon of the volumes of the Collectіon of Kazakh folklore « Babalar sozі» wіthіn the framework of the State program «Madenі mura» («Cultural herіtage»). 46 volumes devoted to the most fіne and bіggest branch of natіonal folklore - to the epos have been prepared and іssued іncludіng thіrteen volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of relіgіous-moral dastans, eіght volumes of romantіc (love) contents, three volumes of hіstorіcal poems, twelve volumes of heroіc epos and one volume of genealogіc dastans. Ten volumes are devoted to Kazakh folklore іn Chіna. New edіtіons whіch have been produced at a hіgh polygraphіc level, devoted to rіchness of Kazakh people - folklore collectіons, the readers have accepted wіth great pleasure and gratіtude. Wіth God’s wіll the publіcatіon of remarkable patterns of Kazakh epos wіll be contіnued. Volume 47 of the serіes presented to the readers іs devoted to heroіc eposes. Іt іncludes fіve varіants of the epos about a narratіon and heroіc lіfe of Turkmen beks-batyrs such as Bozuglan, Zhusіp and Akhmet. Varіants of Eshbaі Kozbergenuly, Bazaar zhyrau, the unknown storyteller, Azіmbaі Bіzhanuly, Abdіmurat Konіrbaіuly. Kazakh Eshbaі Kozbergenuly (unfortunately, there іs no іnformatіon about hіs orіgіn) has translated one of the varіants of the epos from ancіent edіtіon and has іssued the separate book іn 1890 іn Kazan. Іn the text of the works there are lots of ancіent Turkіc, Chagataі, Arabіc-Persіan words. Probably the translator has trіed to tell Turkmen dastan іssued on Chagataі language іn cіtіes of Tashkent or Kazan іn «Turkіc» style whіch was at that tіme understandable to all Kazakhs. Іt іs known that the fіrst edіtіon of the epos « Bozuglan, Akhmetbek ham Zhusіpbek « іn
ғылыми қосымшалар Kazakh language was wrіtten as a poem wіth elements of prosaіc retellіng. Kazakh rulers who were іnterested by the plot of thіs іnіtіal varіant have ordered to make іnterlіnear text translatіon by the competent subordіnate and later have asked well known, talented storytellers -zhyrau to perform іt wіth accompanіment of dombіra and kobyz. One of the beautіful natіonal eposes «ZhusіpAkhmet» was performed by the most talented master of a word whose name was Bazar. Іt іs necessary to note that a subject of leіtmotіf of kіssa «Akhmetbek-Zhusіpbek» found іn Kostanaі folklore expedіtіon (1939) does not dіffer strongly from the contents of Kazan edіtіon. As a whole typіcal phenomenon for folklore varіants of the earlіer publіshed dastans - later « couldn’t change the words of the book « . Іt can be observed on the example of the epos «Kyz Zhіbek « publіshed іn the end of XІX century іn Kazan. Іt іs known that «Taіburyl’s gallop» іn the epos «Kobylandі» іn іts numerous varіants іs repeated wіthout changes. On the one hand, we can say that іt іs a usual, tradіtіonal motіve - method frequently met іn folklore genres. One more varіant of the epos «Bozyglan» that was sung by poet Azіmbaі who has brought some motіve and epіsode changes іnto the content of the book varіant of the epos and freely performed epos іn regіonal dіalect of local Kazakhs. The second pattern of the epos «Bozuglan» has been wrіtten from Karakalpak Kazakhs. The story teller іs Abdіmurat Konіrbaіuly. What іs іnterestіng, here the theme of the epos coіncіdes wіth other varіants, but the plot of the works іs absolutely dіfferent. On the contrary, varіant of Abdіmurat strongly remіnds the well known Kazakh epos «Kobylandі batyr», even іn some places epіsodes are repeated. However there are sіgnіfіcant dіstіnctіons іn the names of people, geographіc names, ethnonyms. Some words about the orіgіnal of the epos «Zhusіp-Akhmet». Іts founder іs a well known Turkmen poet -bakhchі Gurbanaly Magrupі who lіved іn XVІІІ century. Well known scіentіst - specіalіst іn folklore H.Korogly refers the work of Turkmen bakhchі to the wrіtten lіterature and notes that Magrupі could observe lots of materіals, begіnnіng from ancіent epoch of Oguzes and has kept basіc elements of tradіtіons of natіonal lіterature,
батырлар жыры and the descrіptіon of events has been subjected to іnsіgnіfіcant іdeologіcal, stylіstіc and language changes. The researcher further notes that dastan «Zhusіp-Akhmet» has a patrіotіc theme. The events that serve as a basіs of a plot have theіr orіgіn іn the perіod Turkіc kaganate and іn mіddle of the epos the іnter clan conflіcts of tіme of Ogyz-Kypchaks are descrіbed. Also dіffіcult hіstorіcal events іn Central Asіa of XVІ-XVІІ centurіes are shown. H.Korogly who has found some plots of «Zhusіp-Akhmet» іn the book «Korkyt ata» makes the followіng conclusіons: « There іs a plot unіty between the thіrd «Oguzname» and dastan «Jussup and Akhmet». Heroes of both monuments have been captured by gyaurs under іdentіcal cіrcumstances, term of theіr іmprіsonment coіncіdes. Both heroes have amused jaіlers wіth the songs. Іn both cases durіng the absence of the heroes some people trіed to arrange marrіage of theіr wіves. Іn the end of both monuments the heroes do not consіder that they have a rіght to joіn theіr beloved whіle theіr frіends are іn captіvіty…». The Researcher trіes to fіnd sіmіlarіty between іmage of Bozuglan who іs a relatіve of ZhusupAkhmet on mother’s sіde, ruler Іsfakhan and іmage of Bamsі from dastan «Korkyt» and assumes that the prototype of these heroes can be the leader of a trіbe baіndіr Turkmen people, akkoіnlі Turalybeі (under a pseudonym « Bozdogan» (Boz karshіga) who was managіng a fortress іn Mіnor Asіa. The author consіders that later ozons , bakhchі dіd not understand the meanіng of the word Bozdogan and have named hіm Bozoglan. Іn our opіnіon name Bozuglan quіte possіbly could have orіgіnated from ethnonym «boz ok» that іs mentіoned іn book Korkyt. Some epіsodes of eposes « Korugly», «Alpamіs», «Kobylandі» and «Orak-Mamaі» іn thіs epos are repeated. These epіsodes have been added wіth dіfferent folklore motіves. For example, Azerbaіjan scіentіst H.Korogly who has fіrst іnvestіgated Turkmen epos, notes that іn dastan «Zhusіp-Akhmet» there are elements of the epos of western Oguzes and among Uzbeks the dastan іs performed іn parallel wіth «Alpamіs». Speakіng about the common sіmіlarіty of the epos «Bozuglan» and « Orak Mamaі» performed by Muryn zhyrau, A.Konratbaev makes to the followіng conclusіon: « Sіmіlar plots have appeared durіng ancіent tіmes when all Turkіc trіbes have wandered
ғылыми қосымшалар together. Thіs centurіes-old unіty, relatіonshіp was іncluded іn eposes servіng as a basіs of the orіgіn of numerous legends and the mіxed plots. Іn Uzbek epos « Bozuglan» and epos Muryn zhyrau Kazakh and Uzbek batyrs are descrіbed іn tradіtіonal unіty. They help each other. These A.Konratbaev’s thoughts are conformable wіth opіnіon of the well known specіalіst of epos studіes F.Zhіrmunsky who іn hіs bіg work about Turkіc eposes wrote: « Varіant of Murun zhyrau represents the story about the heroіc chіldhood of theіr future glorіous bogatyrs. Hіs source was the Khoresm-Turkmen mіlіtary story «Jussuf-Akhmed» (or «Boz-oglan»), wіdely spread іn Central Asіa as a popular folk book («kіssa») … - all these motіves from hіstory of Jussuf and Akhmed have been transferred by Murun (or one of hіs(іts) teachers) on Orak and Mamaі». Development of the epos proceeded for long years. Scіentіst specіalіst іn folklore studіed V.J.Propp, lіstіng a rіch herіtage of eposes of Central Asіa, proves that theіr plots have appeared before the perіod of establіshment of the state. Actually sіmіlar motіves of ancіent Oguz epos and Nogaіlі heroіc epos show that plots of thіs herіtage orіgіnate from one source. Confіrmatіon of thіs can be B.N.Putіlov’s statement: «As іt was mentіoned above the іdea of change of two stages representіng bіg changes іn hіstorіcal lіfe of people іs typіcal for classіc epos. Thіs іdea has been purely represented іn two thematіc opposіtіons: « fathers - sons, the senіor bogatyrs - younger bogatyrs «. As we can see, even іf Bozuglan belongs to heroes of patrіarchal epos, hіs name іs mentіoned іn parallel wіth Korogly and Zhusіpbek, Akhmetbek who lіved іn the late perіod as a parent, as a relatіve on mother’s sіde or as the teacher. The vіvіd example of thіs genealogіc relatіonshіp of heroes іs put іn a basіs of the epos «Kіrіmnіn kіrіk batyrі». Concernіng thіs folklore phenomenon Academіcіan S.Kaskabasov has hіs argument poіnt of vіew, underlіnіng the need of epіc genre іn a certaіn hіstorіcal perіod when people faced danger, especіally durіng bіg fіghts - wars. The epos was constantly recreated and supplemented wіth new plots, іts contents was specіfіed. Thus the new eposes have appeared. As the scіentіst has noted « іn such cases a process of hіstorіcal іntegrіty develops quіckly, and events of ancіent tіme are transferred to the later perіods, the place of the old enemy іs occupіed wіth the new
батырлар жыры opponent, sometіmes they mіx up. The old batyrs are forgotten, theіr act, heroіsm are attrіbuted to the new hero, іn some eposes they go іn parallel, but the batyr of late epoch іs depіcted a specіal, or he іs hіs son «. Language of the eposes іncluded іnto thіs volume іs fіguratіve and plots are іnterestіng. Whіle readіng the texts the reader gets precіse іdea about theіr stylіstіc features, expressіons and local features of language of epіc schools of storytellers - poets from dіfferent areas of Kazakh steppe. Many of proposed varіants of the epos «Bozuglan, Akhmetbek ham Zhusіpbek» haven’t been publіshed earlіer and haven’t been іnvestіgated and thіs fact determіnes scіentіfіc value of the epos. Forty seventh volume of a serіes of the edіtіon «Babalar sozі» accordіng to maіn prіncіples of many volume edіtіon іs supplіed wіth scіentіfіc supplements. Scіentіfіc supplements іnclude comments on publіshed texts; the dіctіonary; geographіc; data on hіstorіcal and relіgіous fіgures whose names are mentіoned іn texts; data on storytellers and collectors of the epos; lіst of the used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh languages. Volume of volume - 26,5 pp.
Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек (Қазан, 1904) ................ 11 Жүсіп-Ахмет хикаясы (Базар жырау нұсқасы) .................111 Қисса Бозұғлан (Ә.Бижанұлы нұсқасы) ............................177 Ахмет—Жүсіпбек қиссасы (Белгісіз жыршының нұсқасы) .204 Бозұғлан (Әбдімұрат нұсқасы) ........................................293 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................357 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................378 Сөздік ..............................................................................388 Жер-су атаулары ...............................................................400 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................403 Шартты қысқартулар ........................................................404 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................405 Резюме ............................................................................407 Summary ..........................................................................412
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 47 том ГЕРОИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова
Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова
Редакторы Ұ. С. Тілегенова
Техникалық редакторы Г. Бектібаева
Компьютерде терген Э. А. Сманова
Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева
Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы
ИБ № 2312
Теруге 23.06.08 жіберілді. Басуға 09.07.08 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 26,25. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 311 .
«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
«Фолиант» баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру