TELEGEI

Home

Фридрих Ницше. Билікке ырық

Фридрих Ницше

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Фридрих Ницше. Билікке ырық

Фридрих Ницше - «Фридрих Ницше. Билікке ырық» шығармасы.

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

БИЛІККЕ ЫРЫҚ

ФРИДРИХ НИЦШЕ

(Аударған Қ. Әбішев)

Барлық құндылықтарды қайта бағалау тәжірибесі

І. Нигилизм. Нигилизм осы уақытқа дейін болып келген болмыстың құндылығын түсіндірудің салдары ретінде

1

Нигилизмнің мәнісі не? Ең биік құндылықтардың бағасының жоғалуын көрсету. Мақсаттың жоқтығы. "Не үшін" деген сауалға жауаптың жоқтығы. Шегіне жеткен нигилизм - мойындалып жүрген ең биік құндылықтарға қатынасында әлемнің абсолюттік мәнсіздігіне көз жеткізуде; оған қандай да болмасын о дүниелікті немесе өзі өздігінде бар нәрсені құдіреттің көрінісі, моральдылықтың іске асқан түрі деп мойындауға ешқандай құқығымыздың жоқ екендігін санамызға түю қосылады. Бұндай сана қайта оралған "шыншылдықтың" салдары, олай болса, оның өзі - моральға сенудің жемісі.

Христиандық моральдық жорамалдың қандай артықшылықтары бар еді? 1) Қалыптасу мен жоғалудың ағымындағы болымсыздығына әрі кездейсоқтығына қарамастан ол адамды абсолюттік құндылық ретінде бағалады; 2) Зұлымдық пен азапқа толы болса да, ол әлемге жетілгендік сипат беріп, құдайдың ақтаушысы қызметін атқарды, нәтижесінде зұлымдық соншалықты мәнді болып шықты; 3) Оның түсінуінде адамда абсолюттік құндылықтарды білу бар, сондықтан да ең маңызды нәрселер үшін адекваттық таным берді; 4) Ол адамды адамға деген жиіркеніштен, өмірге наразылықтан, танымдағы шарасыздық сезімінен қорғады, ол адамға өзін сақтаудың құралы болды...

Антиномия мынада: біз моральға сенгендіктен болмысты жазғырамыз. Адамдардың, әсіресе аса ауыр әрі ете қымбатқа түсетін шақтарында өз өмірін жұмсайтын ең биік құндылықтар, әлеуметтік құндылықтар - олардың мәнін арттыру үшін құдайдың әмірі деп қаралып - адамдардан жоғарғы "реалдылық", "шын" дүние, ақырғы үміт және келешек дүние деп орнықтырылды. Сол құндылықтардың шыққан кезінің тұнық еместігі анықталып жатқанда енді әлемнің өзі бізге ешбір бағасы жоқ "мәнсіз" болып көрінеді... Бірақ, бұл тек өткінші қалып.

ІІ. Космологиялық құндылықтардың құлдырауы

А

Белгілі бір психологиялық қалып ретінде, нигилизм, біріншіден, барлық болып жатқан нәрселерден "мағына" іздеп, бірақ ешбір таба алмай, жігер мұқалғаннан кейін пайда болады. Ондайда нигилизм тым ұзақ уақытта күштердің босқа жұмсалғандығының санасы, шарасыздықтың азабы, ешнәрсеге сенімсіздік, бір нәрседен тірек тауып, рухыңа тыныс беруге мүмкіндіктің жоқтығы - өзіңді өзің ұзақ уақыт алдарқатқандай ұялу сезімі... Іздейтін мағына мынадай нәрселер болуы мүмкін: белгілі бір аса биік адамгершіліктің шартын "іске асыру", адамгершілік жайлаған әлем, немесе тірі жандардың арақатынастарындағы сүйіспеншілік пен үйлесімдік, немесе жаппай бақыттылыққа жақындау, немесе тіпті жаппай "ештеңелікке" қарай ұмсыну - мақсаттың өзі белгілі бір магына (мән) болып тұрады. Осы сияқты түсініктердің бәріне тән нәрсе - белгілі бір ұмтылатын мақсатқа үдерістің нәтижесінде қол жету керек; ақырсында ешнәрсеге қол жетпейтіндігі туралы сана пайда болады, олай болса, нигилизмнің туу себебі мақсатты қалыптасудың елесінен түңілушілік: белгілі бір мақсаттан түңілушілік немесе тіпті қандай да болмасын мақсаттылықтың татымсыздығы жөнінде саналау, өйткені осыған дейінгі бүкіл "дамуды" қамтитын мақсаттардың мәнділігі пәс болып шықты (адам бұдан былай қалыптасудың қызметшісі де, ұйытқысы да емес).

Б

Екіншіден, психологиялық көңіл-күй ретінде нигилизм барлық болып жатқан нәрселердің әшәнде, астында белгілі бір бірлік, жүйе, ұйымдастық бар деп сенгенде; соның арқасында бір нәрсенің алдында бас иіп, таңданып, шаттануға бейім жан билік пен басқарудың бір жоғарғы формасына еліккенде (егер бұл логиктің жаны болса, оның елтуі үшін абсолюттік жүйелілік пен реалдық диалектиканың өзі де оны барлық нәрселермен үйлестіруіне жеткілікті...). Белгілі бір бірлік, "монизмнің" бір формасы: осындай нанымның салдары ретінде - құдайдың modus - ы тәрізді өзінен шексіз жоғары бір тұтастық пен тығыз байланысын әрі одан терең тәуелділігін сезінетін адам... "Тұтастықтың игілігі жекелікті құрбан етуді талап етеді" ... және осылардан бәрінен кейін кенеттен - ондай "тұтастық" жоқ! Шын мәнінде адам, егер ол арқылы шексіз құнды тұтастық әрекет етпесе, өз құндылығына сенімін жоғалтады: басқаша айтқанда, ондай тұтастықты ол өзінің құндылығына сенуге мүмкіндік алу үшін өзі жасайды. Психологиялық қалып ретінде нигилизмнің үшінші және соңғы формасы бар. Егер барлық қалыптасудың иірімінде адам сүңгіп жоғалып кететіндей ешқандай ұлы бірлік жэне қалыптасу арқылы ештеңеге де қол жетпейді дейтін екі тұжырымға иланса, онда одан шығатын бір-ақ жол: ол осы қалыптасу әлемін түгелдей сағым тәрізді баянсыз, жалған дүние ретінде тәркі етіп, шын деп басқа бір дүниені, біздің дүниенің ар жағындағы дүниені ойлап табу ғана қалды. Бірақ, осы жаңа дүниені адам өз психологиялық қажеттілігінен өзі ойлап шығарғанын әрі олай етуге ешқандай құқығының жоқ екендігін түсінгеннен кейін нигилизмнің ең соңғы формасы -ешбір метафизикалық дүниеге сенбеушілік, өзіне ешқандай шын дүниеге сенуге тыйым салушылық пайда болады. Осы көзқарастан енді қалыптасудың реалдылығы жалғыз бар реалдылық деп танылады және дүниенің қандай да болмасын құпия астарлылығына сілтейтін әрі жалған құдайларға жетелейтін жандардың бәріне де тыйым салынады, екінші жағынан, енді осы теріске шығарылғысы келмейтін дүниенің өзі де соншалықты төзгісіз нәрсеге айналады. Сонымен не болды? Қандай да болмасын құндылықтың жоқ екендігі туралы сана болмыстың жалпы сипаты "мақсат" ұғымымен де, "бірлік" ұғымымен де, "ақиқат" ұғымымен де түсіндіру мүмкін еместігі айқын болған шақта ғана орнығады. Ол жолда ешбір нәтижеге қол жетпейді, ешнәрсеге ие бола алмаймыз; көптеген болып жатқан нәрселерге бәріне ортақ бірлік жетіспейді: болмыстың сипаты "ақиқат" емес, жалған ... ақырсында ақиқат дүниені бар деп илануға ешбір негіз жоқ... Қысқаша айтқанда: "мақсат", "бірлік" (барабарлық), "болмыс" сияқты дүниеге құндылық сипат беретін категорияларымыз қайтадан сол дүниеден шығарылып тасталады, осыдан келіп дүниенің ешбір бағасы болмай қалады. Айталық, дүниені осы үш категориямен түсіндірудің қаншалықты дәрежеде теріс екенін біз санамызда анықтадық және одан кейін сол дүниенің бағасы біз үшін кеми берді дейік; онда біз осы үш категорияға деген сенімнің бізде пайда болуының бастау көзі қайда деп өзімізден сұрауымыз қажет, сөйтіп оларды да сенімнен ажыратуымызға болмас па екен, оны сынап көрген жөн. Осы үш категорияның да бағасын түсіре алсақ, онда олардың тұтастыққа қолдануға жарамсыздығы тұтастықтың бағасын жоюға негіз бола алмайды. Мұның нәтижесі: зерденің категорияларына сенім нигилизмнің себебі; біз бастан-аяқ ойдан шығарылған дүниеге жататын категориялармен дүниенің құндылығын өлшедік. Ақырғы нәтиже: дүниені бағалы ету үшін оған таңған, одан соң олардың жарамсыздығынан дүниеден ажыратып, дүниенің өзін пәс еткен кұндылықтарымыздың бәрі де - психологиялық — мағынада алғанда адамдардьщ дүниеге үстемдік идеясын қолдау және күшейту мақсатындағы утилиталық бағыттың нәтижесі. Бірақ заттардың табиғатына жалған түрде таңылған. Бұл да сол баяғы адамдардың өздерін барлық заттардың мәні әрі өлшемі деп сезінетін әсіре аңғалдығы.

13

Құндылықтар және олардың өзгеруі сондай құндылықтарды енгізетін әрі орнықтыратын тұлғаның қуатының артуына байланысты. Сенбеушіліктің және рух еркіндігінің деңгейі сондай қуаттың артуының өлшемі ретінде. "Нигилизм" ақылдың ең жоғары қуаттылығының, өмірдің аспа - төктігінің кейде бұзатын, кейде мысқылшыл мұраты ретінде.

14

Наным дегеніміз не? Ол қалай пайда болады? Қандай да болмасын наным - бір нәрсені ақиқат деп тану. Қандай да болмасын наным, қандай да болмасын нәрсені ақиқат деп тану міндетті түрде жалған, өйткені ешқандай ақиқат дүние деген жоқ деу нигилизмнің шектен шыққан формасы болар еді. Олай болса, бұл шығар көзі тек өзімізде болатын (өйткені бізге үнемі шектелген, қарапайымдалған дүние қажет) сағымданған көкжиек. Өйткені біз өзімізді жойып алмайтындан дәрежеде осындай сағымдылықты және жалғандықтың қажеттілігін қаншалықты мойындай алатынымыз біздің қуатымыздың өлшемі. Мұндай ақиқат дүниені, болмысты мойындамайтын нигилизм жаратушының ой келбеті болар еді. Қазіргі дәуірдің ең жалпы белгісі: адамның өз қасиетінің оның өз кезінде жоғалуы. Ұзақ уақыт ол болмыстың ұйтқысы әрі оның трагедиялық қаһарманы; ал кейін ол болмыстың ең шешуші және құнды жағымен өзінің туыстастығын орнатумен байланысты; моральдық кұндылықтар ең түбегейлі құндылықтар деп сену арқылы адамньщ қасиетін сақтауға мүдделі болған метафизиктердің бәрі де осылай етті. Құдаймен ажырасқандардың моральға деген сенімі соншалықты берік болып келеді.

18

Қандай да болмасын тек қана моральдық құндылықтар жүйесі (мысалы, буддалық) нигилизмге алып келеді: Еуропаға осы қауіп төніп тұр. Діни негізсіз - ақ морализммен шектелмекші, бірақ бұл нигилизмге бұлтартпай апаратын жол. Дінде адамға өз құндылығын жасаушы өзі деп қараудың мұқтаждығы жоқ.

19

Нигилизмдегі "не үшін?" деген сауал біз үйреншікті болып кеткен түпкі мақсатымыздың бізге тәуелсіз сырттай беріліп, адамдардан жоғарғы бір асқақ беделдің талабы түрінде орнатылғандай көрінуінен шығады. Осы беделге сенуден қалғаннан кейін де біз бұрынғы әдет бойынша бізге міндеттер мен мақсаттарды ешбір шартсыз, бұлтартпайтын түрде айтатын және жүктейтін басқа бір беделдерді іздейміз. Ардың беделі қазір алға шықты (мораль Құдай туралы ілімнен босанған сайын оның талабы да күшейе түседі), ол жеке тұлғаның беделін жоғалтудың өтеуі ретінде, немесе зерденің беделі, немесе коғамдық инстинкт (табын), немесе ақырында ішкі имманенттік рухты "тарих" - біздің соның ағымына өзімізді еркін жібере салуымызға болатын өз мақсаты өзіндегі тарих. Біз ырықтану қажеттілігімен, мақсаттың ырықтануынан, өзімізге өзіміз мақсат қоюдың тәуекелінен қашқымыз келеді, жауапкершіліктің ауыртпалығынан тайқығымыз келеді (біз фатализмді қалар едік). Ақырсында бақыт, тартюфтік екіжүзділікпен көпшіліктің бақыты алға шығады. Біз өзімізге былай дейміз: 1) нақты бір мақсаттың қажеті жоқ; 2) оны алдын ала болжау мүмкін емес. Аса қуатты ең биік ырық қажет болып отырған тап осы бүгінгі шақта ол әсіресе бәсең, әсіресе ынжық. Ырықтың тұтастықты ұйыстыра алатын қабілетіне абсолюттік сенімсіздік.

21

Нигилизм. Оның екі түрлі мәні болуы мүмкін:
А. Рухтың ең жоғарғы қуаттылығының белгісі ретінде: белсенді нигилизм.
Б. Рухтың қуатының әлсіреуі мен құлдырауы ретінде: енжар нигилизм.

2. Нигилизмнің тағы бір себептері.

26

Нигилизмнің себептері: 1. Адамның ең артық туған түрі, яғни адамзатта адамға деген сенімді сөндірмей отыратын таусылмас жемістілік пен қажыр жоқ. (Осы ғасырдағы ең биік үміттеріміз үшін біз, мысалы, Наполеонға қарыздар екенімізді еске алайықшы). 2. Төменгі түр ("табын", "тобыр", "қоғам") ынсаптықтан айрылып өзінің мұқтаждықтарын шексіз асыруда космостық әрі метафизикалық құндылықтар дәрежесіне дейін жеткізуде. Онымен бүкіл өмірдің өзі дөрекіленеді: үстемдікке қолы жеткен тобыр барлық өзгешелерді қудалайды, ал ондайлар өз күшіне сенуден қалып, нигилисттерге айналады. Жоғары типтерді ойлап табудың барлық әрекеттері сәтсіздікке ұшырады ("романтика", суретші, философ; Карлейльдің оларға биік моральдық мән беру әрекетіне қарсы).

Жоғарғы типтерге қарсы күрестердің нәтижесі.

Барлық жоғарғы типтердің құлдырауы және сенімсіздігі. Генийге қарсы күрес ("халықтық поэзия" т.т.). Жанның дархандығын бейшаралар мен мүсәпірлерге мейірбандықтан көру.

Істің мәнін басқа түрде баяндаушы ғана емес, оны түсіндіруші философ жоқ.

28

Өзін өзі кәйф ету жолдары. Жүрегінің түкпірінде тығырықтан шығудың амалын білмеу ме? Жан кеңістігінің бостығы. Сондай қалыпты жеңуді мастықтан іздеу; кәйфтік музыка түрінде, тектіліктің мерт болуындағы қаталдықпен масығу, жеке тұлғалар мен дәуірлерге көзсіз арманшылдықпен елігіп, елту (өшпенділік ретінде де). Ешбір ойсыз, ғылымның соқыр құралындай болып жұмыс істеуге.т. әрекеттену; бір болмашы нәрселерден, оның ішінде танымдық істе де, өзіне рахат таба білу (өзіне деген бір жалған ынсаппен өзінің өрісіне шек қою); шабыттылық дәрежесіне дейін жететін өзі туралы қандай да болмасын қорытындылаудан тайқу; мистика, түпсіз жадағайлықтан рахат тауып, соның тұңғиығына бату; көркемөнер тек өзі үшін, ("de faіt"), "таза жаным" өзіне деген жиренішке қарсы қолданатын нашақорлық түрінде; болмашы бір жұмыс, бір кішкентай жалған фанатизм; барлығы да тек құралдар, жалпы тойымсыздықтан туатын дерт (барлық нәрседе азғындау шын рахатты жояды). 1. Ырықтың әлсіреуі нәтиже ретінде. 2. Қарсы жақтардың бетпе - беттігінде сезілетін өзінің болмашы бір қабілеттерімен тым асқақ немесе төменшік сана.

49

Арудың теориясы. Азғындық, жан дертіне ұшырағандар (артистермен салыстырыңыз...), кылмыскерлер, анархистер - бұлардың бәрі езгідегі таптар емес, осы кезге дейін өмір кешіп отырған қоғамның нәжістері... Біздің барлық сословиелер мен қалыптарымыз осындай элементтермен сіңісіп кеткендігін көре отырып, біз қазіргі қоғам немесе бір бүтін тірі "тән" емес, сілікпелердің (чандалы) құрамасы, өзіне зиянды элементтерді өзінен сығып шығару қуатынан айрылған қоғам екенін түсіндік. Ұзақ ғасырлар бойы бірге тіршілік етуден осындай дерттілік тым тереңдеп барады:

Қазіргі қайырымдылық
Қазіргі руханияттық } сондай дерттің формалары
біздің ғылым

50

Азғындаудың қалпы. Азғындаулықтың барлық формаларының өзара сабақтас екендігін түсінуде христиандық азғындаушылықты ұмытпау (Паскаль тип ретінде); сол сияқты социалистік - коммунистік азғындаушылықты да (бұл - христиандықтың салдары); жаратылыстанушылықтық көзқарастан социалистердің қоғамның жоғарғы концепциясына сай қоғамдар иерархиясында (сатысында) төменгі болып көрінеді. "О дүниелік" азғындаушылық, осы бар дүниеден, қалыптасу дүниесінен басқа бір дүние бардай-ақ. Мұнда ешқандай ымырашылдық болуы тиіс емес: мұнда тек адалау, құрту, соғыс ашу, барлық нәрселерден бағалаудың христиандық - нигилистік ауқымын аршып алып, оны қандай да болмасын бет пердесінің астынан тауып, күрес жүргізу; мысалы, қазіргі пессимизмнен (христиандық құндылықтар мұратының барлық формаларын) бүркемеліктен жарыққа шығару. Екінің бірі ғана ақиқат; бұл жерде ақиқат болу деген "адам" типінің өрлеуіне қолдау көрсету. Дін қызметшілері (священники), жанның бақташылары өмір сүрудің жарамсыз формалары. Тәрбие берудің барлығы осы кезге дейін дәрменсіз, тұрақсыз, қажетті тіректері мен салмағы жоқ, құндылықтар қайшылығының табы түскен.

51

Табиғат есі кемістерге (дегенератам) ешбір мейрімсіз, ол үшін оны адамгершіліксіз деу орынсыз: керісінше, адамзаттағы физиологиялық жэне моральдық азғындық табиғатқа қайшы келетін моралдың дерттің нәтижесі. Адамдардың көпшілігінде болатын, әсіресе сезімталдық бей табиғилық, дерт. Адамзаттың физиологиялық және моральдық азушылығы неге тәуелді? Белгілі бір мүшесі жоғалса, тән өледі. Альтруизмге құқықтылық физиологиядан деуге болмайды, тап сол сияқты көмек беруге, тағдырлардың бірдей болуына деген құқық та: бұлардың бәрі есі кемістер мен бейшараларға берілетін сыйлық. Жаратушылықсыз, жеміссіз, бұзатын әрі өзінен кейін өздерінен де бетер азған тұқым қалдыратын элементтері бар қоғамда мейірбандыққа орын жоқ...

53

Тұтас мыңжылдықтар бойындағы адасу мен шатасулардан кейін қайтадан кейбір "иә" және кейбір "жоқтарға" апаратын жолды табудың сәті түсті. Мен әлсірету мен аруға жетелейтіннің бәріне "жоқ" деуге үйретемін... Мен күшейтетіндердің, күш жинаттыратынның, күшті сезінуді ақтайтынның бәріне "ия" деуге үйретемін. Осы уақытқа дейін оларға ешкім үйреткен емес: қайырымдылыққа, өзінің өздігінен бас тартуға, жанашырлыққа үйретіп келді, тіпті тіршіліктен бас тартуға дейін үйретті. Бұлар арығандардың құндылықтары. Арығандықтың физиологиясы туралы ұзақ ойлану мені арығандардың пікірлерінің негізгі кұндылықтардың мәніне қаншалықты енгендігі туралы мәселеге әкеліп тіреді. Сол жолдан қол жеткен нәтижелер тіпті менің өзім үшін соншалықты күтпеген нәрселер болып шықты: адамзатқа, ең болмаса, жүгенделген адамзатқа үстем болып отырған кұндылықтар осы арығандардың ғана көретін бағалы нәрселері екен... Кезінде Шопенгауэрдің де ең биік, бірден-бір, негізгі деп уағыздаған ізгілігін, тап соны (бұл мейірбандық) мен қандай да болмасын азғындықтан да гөрі қауіпті деп таптым...

Қайырымдылық (добродетель) дегеніміз біздің ең мағынасыз нәрсеміз...

59

Орта жэне төменгі қалыптар мен сословиелердің (соның ішінде рух пен тәннің) бірте-бірте алға шығуы - Француз революциясымен жылдамдатылған болса да, олар онсыз да өзіне жол ашқан болар еді, - ол осы табынның бақташылардан және жетекшілерден артықтығына алып келді...

61

...Альтруизм эгоизмнің жалғандыққа барынша бөккен формасы...

89

Прогресс. Қателікке ұрынбау керек! Уақыт зымырауда, ал бізге сол уақыттағы нәрселердің бәрі де сонымен бірге зымырап, ілгерілеуде, даму дегеніміз - ол өрлеу жолымен даму деп сенгіміз келеді. Ең қатаң пайымдаушылардың өзін еліктіретін көрініс осы. Бірақ, он тоғызыншы ғасыр он алтыншы ғасырмен салыстырғанда ілгерілеу емес; 1888 жылғы немістік рух 1788 жылғы немістік рухқа қарағанда бір қадам кері шегіну. "Адамзат" ілгері жылжуда емес, тіпті оның өзі де жоқ. Болып жатқандардың ең жалпы қырына қарағанда әр түрлі уақыттар мен дәуірлерде ғана ұшырайтын кейбір нәрселер сәтті шығып жатса да, адам айтқысыз көп нәрселер сәтсіз, оларда ешбір тәртіп, логика, байланыс я міндеттілік жоқ. Христиандықтың пайда болуынан декаденттік (құлдыраулық) қозғалысты қалай көрмеуге болады? Немістік реформациядан христиандық тағылықтың күшейген түрде екінші рет көрінуін қалай көрмейміз?.. Қоғамның ең ұлы ұйымдасуына тартатын инстинкті революция күйреткен жоқ па?.. Жануарларға қарағанда адам бір қадам алға басу емес; Мәдениетті нәзік адам араб пен корсикалықтың қасында бұзылған түсік; қытайлық еуропалыққа қарағанда тұрақты, сәтті шыққан тип.

В) Қуаттың артуының емеуріндері

119

XІX ғасырдағы адамның табиғатқа жақындауы (XVІІІ ғасыр жасанды сәндіктің, нәзіктің және sentіments genereux, сезімталдықтың) заманы. "Табиғатқа қайта оралу" емес, өйткені адамзат ешуақытта табиғи болып көрген емес. Табиғи және жасанды құндылықтардың схоластикасы - осы ереже, осы бастама; табиғатқа адам ұзақ тартыстан кейін келеді, оған тіпті ешқашан қайта оралмайды... Табиғат мұнда жаратылыстың өзі сияқты ешбір моральсіз болуға бел байлау дегенді білдіреді... Әр нәрселерде табиғилыққа ойыстадық. Біздің күшіміз артты, біз тағы да XVІІ ғасырға жақындадық, дәлірек айтсақ, сол ғасырдың соңында орныққан мінез-құлықтағы үйірліктерге оралдық.

120

Мәдениет өркениетке contra. Мәдениет пен өркениеттің ең көтерілген шыңдары сәйкес емес: Мәдениет пен өркениеттің өзара терең антагонизмі туралы мәселеде алданбайық. Мәдениеттің ең ұлы кезеңдері моральдық тұрғыдан азудың дәуірлері еді; екінші жағынан, жыртқыш адамды мақсатты әрі зорлықпен ауыздықтаудың дәуірлері (өркениет) ең рухани, ең батыл адамдарға деген төзбестіктің де кезеңдері еді. Өркениет мәдениеттен басқа бір нәрсені, мүмкін, тіпті бір қарама-қарсы нәрсені қалайды...

122

Ешбір шешілмеген, мен қайта қойып отырған проблемалар: өркениет проблемасы, 1760 жылдағы Руссо мен Вольтердің арасындағы тартыс. Адам тереңдеу, сене салмайтын, аморальшыл", күштілеу, өзіне сенімділеу әрі соған сай "табиғилау" да болып келеді. Бұл прогресс. Сонымен қатар, белгілі бір еңбек бөліске байланысты ызалы топтар ымырашыл, мойындатылған топтардан бөлінген, сондықтан жалпы факт көзге көріне де бермейді. Күштің ішкі табиғатынан, өзіне өзінің билігінен, күштің тартымдылығынан осы күштірек топтар өзінің ашу-ызалығынан басқаларды бір артықшылықтарды көруге мәжбүр ету шеберлігіне қол жеткізеді. Әрбір "прогресс" күші артқандарды "игілік" деп түсіндірумен қатар жүреді.

123

Адамдарға олардың табиғи инстинкттерінің "қажырын" қайтару қажет. Олардың "өздерін тым төмен бағалауына" тосқауыл жасау (жеке адамның өзін адам ретінде бағасыз етуін емес, адамды табиғат ретінде)... Заттарды қарама-қарсылықтардан ада ету, өйткені оларды біз өзіміз енгізгенбіз. Өмірден қоғамдастықтың идиосинкразиясын аластау (кінә, жазалау, әділеттік, адалдық, еркіндік, сүйіспеншілік, т.т.)...

124

Социализм ебелектер мен мақаулардың, ойсыз тайыздардың, көрсеқызарлардың, төрттен үші актерлердің ақырына жеңіс ойластырылған тираниясы, ол шындығында "осы заманғы идеялардың", оның астарындағы анархизмнің шегіне жеткен тұжырымы, бірақ демократиялық Мамыражайлықтың шуақ атмосферасында нағыз қорытындыларға келуге, тіпті бір нәрсенің ақырына дейін жетуге деген жігер әлсірейді. Адамдар тек ағымдардың ығына қарай малтиды, бірақ ешбір тұжырым жасамайды. Сондықтан социализм бір қышқылдау әрі үмітсіз нәрсе сияқты; қазіргі социалистердің ашулы да түнерген жүзі мен үміттері мен тілектеріне сай тек қойларға ғана жарасты бақытының арасындағы қарама -қайшылықты аңдаудың өзі бір қызық нәрсе. Олардың стилінің өзі бишаралық пен езілген сезімдердің куәсі. Бірақ, солай бола тұра олар Еуропаның көп жерлерінде күш қолдану мен шабуылдарға шыға алады; келе жатқан ғасырды біраз жерлерде қатты "шаншуларды" бастан кешіру күтіп тұр, және де болатын нәрселерге қарағанда өзінің жақтастары мен табынатындары тіпті Германиядан да табылып жүрген Париж коммунасы жәй уақытша "іші өткендей" ғана болып қалады. Сонда да болса меншіктілер қауымы қашанда жеткілікті болып қалады. Сонда да болса меншіктілер қауымы қашанда жеткілікті болып қала беретіндіктен олар социализмнің бір науқастың уақытша асқынғанындай дәрежеден артық нәрсеге айналуына тосқауыл бола алады; ал бұл меншіктілер бәрі бір кісідей "бірдеңе болу үшін бір нәрсе" болуы керек деген нанымды ұстанады. Ал бұл байырғы инстинкттердің ішіндегі ең өміршеңі; мен оған былай деп қосар едім: "бір қалпыңнан артық бірдеңе болу үшін барыңнан да артық нәрселерді иемде ұмтылу керек". Барлық тіршілік етіп отырғандарға өмірдің өзі осыны дамудың моралі уағыздап келеді. Иемдену және иемденуді арттыру, өсу, бір сөзбен айтқанда - өмірдің өзі осы. Социализм қағидасында "өмірді теріске шығаруға деген ырық" нашар (бүркемеленген: мұндай қағиданы тек өмірде жеңіліске ұшыраған адамдар мен нәсілдер ғана ойлап таба алады...

3. Табын

274

Моральда кімнің билікке деген ырқы көрінген? Еуропаның Сократтан бергі тарихына ортақ тән нәрсе моральдің құндылықтарының барлық құндылықтарға үстем етуге әрекеті... Жауап. Оның артында үш түрлі күш жасырынған: 1) күштілер мен тәуелсіздерге қарсы табынның инстинкті; 2) бақыттыларға жапа шегушілер мен сәтсіздікке ұшырағандардың инстингі) орта деңгейліктің үздіктілікке қарсы инстинкті... (Моральдің өмірдің негізгі инстинкттеріне қарсы күрес тарихы жер бетіндегі ең зор адамгершіліксіздік болып шықты...)...

275

Егер құдайға сенім жоғалса, онда кім сөйлейді деген сауалға Менің жауабым: табынның инстинкті сөйлейді. Ол үстемдік еткісі келеді.

276

Қандай да болмасын еуропалық моральдің негізінде жатқан нәрсе табынның пайдасы...

4. Билікке деген ырық пен құндылықтар теориясы

688

Егер жеке бастың "бақыты" (барлық тіршілік етушілер соған ұмтылады деп есептелінеді) дегеннің орнына біз билік дегенді қойсақ, істің жайы әлде қайда айқындала түседі: Заттарды қарама-қарсылықтардан ада ету, өйткені оларды біз өзіміз енгізгенбіз. Өмірден қоғамдастықтың идиосинкразиясын аластау (кінә, жазалау, әділеттік, адалдық, еркіндік, сүйіспеншілік, т.т.)...

124

Социализм ебелектер мен мақаулардың, ойсыз тайыздардың, көрсеқызарлардың, төрттен үші актерлердің ақырына жете ойластырылған тираниясы, ол шындығында "осы заманғы идеялардың", оның астарындағы анархизмнің шегіне жеткен тұжырымы, бірақ демократиялық мамыражайлықтың шуақ атмосферасында нағыз қорытындыларға келуге, тіпті бір нәрсенің ақырына дейін жетуге деген жігер әлсірейді. Адамдар тек ағымдардың ығына қарай малтиды, бірақ ешбір тұжырым жасамайды. Сондықтан социализм бір қышқылдау әрі үмітсіз нәрсе сияқты; қазіргі социалистердің ұлы да түнерген жүзі мен үміттері мен тілектеріне сай тек қойларға ғана жарасты бақытының арасындағы қарама -қайшылықты аңдаудың өзі бір қызық нәрсе. Олардың стилінің өзі бишаралық пен езілген сезімдердің куәсі. Бірақ, солай бола тұра олар Еуропаның көп жерлерінде күш қолдану мен шабуылдарға шыға алады; келе жатқан ғасырды біраз жерлерде қатты "шаншуларды" бастан кешіру күтіп тұр, және де болатын нәрселерге қарағанда өзінің жақтастары мен табынатындары тіпті Германиядан да табылып жүрген Париж коммунасы жай уақытша "іші өткендей" ғана болып қалады. Сонда да болса меншіктілер қауымы қашанда жеткілікті болып қалады. Сонда да болса меншіктілер қауымы қашанда жеткілікті болып қала беретіндіктен олар социализмнің бір науқастың уақытша асқынғанындай дәрежеден артық нәрсеге айналуына тосқауыл бола алады; ал бұл меншіктілер бәрі бір кісідей "бірдеңе болу үшін бір нәрсе" болуы керек деген нанымды ұстанады. Ал бұл байырғы инстинкттердің ішіндегі ең өміршеңі; мен оған былай деп қосар едім: "бір қалпыңнан артық бірдеңе болу үшін барыңнан да артық нәрселерді иемденуге ұмтылу керек". Барлық тіршілік етіп отырғандарға өмірдің өзі осыны дамудың моралі уағыздап келеді. Иемдену және иемденуді арттыру, өсу, бір сөзбен айтқанда - өмірдің өзі осы. Социализм қағидасында "өмірді теріске шығаруға деген ырық" нашар бүркемеленген: мұндай қағиданы тек өмірде жеңіліске ұшыраған адамдар мен нәсілдер ғана ойлап таба алады...

3. Табын

274

Моральда кімнің билікке деген ырқы көрінген? Еуропаның Сократтан бергі тарихына ортақ тән нәрсе моральдің құндылықтарының басқа барлық құндылықтарға үстем етуге әрекеті... Жауап. Оның артында үш түрлі күш жасырынған: 1) күштілер мен тәуелсіздерге қарсы табынның инстинкті; 2) бақыттыларға қарсы жапа шегушілер мен сәтсіздікке ұшырағандардың инстинкт 3) орта деңгейліктің үздіктілікке қарсы инстинкті... (Моральдің өмірдің негізгі инстинкттеріне қарсы күрес тарихы жер бетіндегі болған ең зор адамгершіліксіздік болып шықты...)...

275

Егер құдайға сенім жоғалса, онда кім сөйлейді деген сауалға менің жауабым: табынның инстинкті сөйлейді. Ол үстемдік еткісі келеді.

276

Қандай да болмасын еуропалық моральдің негізінде жатқан нәрсе - табынның пайдасы...

4. Билікке деген ырық пен құндылықтар теориясы

688

... Егер жеке бастың "бақыты" (барлық тіршілік етушілер тек соған ұмтылады деп есептелінеді) дегеннің орнына біз "билік" дегенді қойсақ, істің жайы әлде қайда айқындала түседі: "барлық тіршілік етушілер тек билікке, артық билікке ұмтылады", рахаттанушылық - ол тек билікке қолжеткендіктің белгісі, сыртқы емеуріні, саналы түрде айырмашылықтың деңгейін сезіну (тіршілік етуші рахатқа ұмтылмайды: керісінше, рахаттылық ұмтылған нәрсесіне қол жеткізгендікпен қабаттасып жүреді, ол қозғаушы күш емес); барлық нәрсенің қозғаушы күші - билікке деген ырық, одан басқа ешқандай физикалық, динамикалық немесе психикалық күш жоқ. Біздің ғылымымызда себеп пен салдар ұғымдары теңгермелік қатынасқа келіп тірелетіндіктен, бәрі де екі жағындағы күштердің мөлшерінің өзгермейтіндігіне келіп саяды, қозғаушы күш жоқ: біз тек салдарларды қарастырамыз, күштің мазмұнына қатынасында оларды тең деп қараймыз... Барлық тірі тіршілікте айдан анық бір нәрсені көрсетуге болар еді, атап айтқанда, тіршілік өзін сақтауға емес, өзін арттыруға ұмтылады.

688

Билікке деген ырық және каузализм. "Себеп" ұғымын психологиялық тұрғыдан қарағанда, ол біздің үстемдік сезіміміз, ол біздің ырқымызбен жапсарласып, еріп жүретін нәрсе, ал біздің "салдар" деген ұғымымыз осы билік сезімімізді тап биліктің өзі деп қабылдайтын адасушылық... Ол бізді үнемі билікке қарай айдайтын күш...

693

Егер болмыстың ең тереңдегі мәні билікке деген ырық болатын болса, егер рахаттанушылық сол биліктің артуымен бірге жүретін болса, ал көңілдің қаяушылығы қарсыласудың мүмкін еместігімен, жеңіп шығу мүмкін еместігінің нәтижесі болып жүрсе, онда осы қарама-қарсы сезімдерді түбегейлі фактілер деп қарай аламыз ба? Осы екі ең қарама-қарсы шет жақтарсыз, "иә" немесе "жоқсыз" ырық болуы мүмкін бе? Бірақ кім рахаттанады? Кім билікті тілейді? Мағынасыз сауал! Кез келген тіршілік етуші өзі билікке деген ырық, олай болса, сол рахаттану немесе жабырқау сезімдерінің өзі болса да! Сонда да болса, ол қарама-қарсылықтарды, яғни, салыстырмалы мағынада, өз шеңберін кеңейтуге ұмтылатын басқа бірліктерден қарсыластықты тілейді.

703

...Арығандардың жалғыз рахаты - ұйықтау; қалғандарыныкі - тек қана жеңіс. Психологтардың ең терең шатасқан жері осы рахаттанудың екі түрін араластырып жіберіп, ажырата білмеу: ұйықтаудың рахаты және жеңістің рахаты. Арығандар тыныштықты, бейбітшілікті қалайды - бұл нигилистік діндер мен философиялардың бақыты; байлар мен тірілер жеңісті, жеңілген қарсыластарды, билік сезімі үшін жаңа дүниелерді жаулап алуды қалайды -. Осы мұқтаждықты организмнің барлық өміршең функциялары және организм тұтасымен қалайды...

704

Табиғат күштерінің қожасы болған адам, өз тағылығының әрі жүгенсіздігінің қожасы бола білген адам (тілектер бағыттауға көнген, пайдалы болуға ұмсынған), адамдарға дейінгілермен салыстырғандағы адам, ол - биліктің орасан зор түрі, бірақ "бақытқа" қосымша емес!..

706

"Өмірдің" құндылығы. Өмір тек бір түр ғана; тек өмірді ғана емес, тіршілік етудің барлығын ақтау қажет, ақтайтын принцип — өмірді түсіндіретін принцип. Өмір басқа бірдеңе үшін тек құрал ғана: ол биліктің өсу формаларының көрінісі.

707

Негізгі қателік - біз саналылықты өмірдің жалпы жүйесінде құрал және жекелік мәнді нәрсе деп түсінудің орнына оны ауқымдылық, өмірдің ең жоғарғы құндылығы деп қабылдадық: бұл жоғалуға a parte ad totum аларатын бағыт.

713

Құндылық дегеніміз адамның қолы жете алатын ең жоғарғы, ең артық билік, адамзаттың емес, адамның! Адамзат, сөзсіз, мақсат болудан гөрі құрал. Әңгіме тип жөнінде: адамзат тек тәжірибеге керек материал, сәтсіз шыққан жарамсыздықтың орасан молдығы, қиратындылардың үйіндісі.

715

Құндылықтың тұрғысынан бола алатын көзқарас - қалыптасу үдерісінің ішінде біршама күрделі құрамалардың сақталуының, көтерілуінің шартты жағдайларының тұрғысынан бола алатын көзқарас.

Ф. Ницше. Воля к власти.

Посмертные афоризмы.

Минск: "Попурри", 1999. С. 50-70.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙