Бабалар сөзі 26 том
Серікбай Қосан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 26-томына «Қозы Көрпеш—Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Дандан мен Нәркес», «Ахмет пен Нүрилә» атты ғашықтық дастандар енді.
Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды
Тасмағамбетов И.Н., бас редактор
Тәжин М.М., бас редактордың орынбасары
Тәуекел С.Т., жауапты хатшы
Әбділдин Ж.М.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Зиманов С.З.
Кәлетаев Д.А.
Кекілбаев Ә.
Кенжеғозин М.Б.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Қосыбаев Е.М.
Құл-Мұхаммед М.А.
Мағауин М.М.
Мәмбеев С.А.
Нұрпейісов Ә.К.
Нысанбаев Ә.Н.
Рахмадиев Е.Р.
Сұлтанов Қ.С.
Сүлейменов О.О.
Хұсайынов К.Ш.
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары
Бас редакциясының алқасы
26 том
БАБАЛАР
СӨЗІ
жүз томдық
Қытайдағы қазақ
фольклоры
Ғашықтық дастандар
ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Егеубаев А., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Алпысбаева Қ., Ісмақова А. Қытайдағы қазақ фольклоры үлгілерін жинастырған: Егеубаев О. Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындаған: Филология ғылымдарының кандидаттары Қосан С., Алпысбаева Қ. (жауапты шығарушы), Егеубаев О.
Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2006. Т. 26: Ғашықтық дастандар.—2006.—376 бет.
ІSBN 9965-35-103-1 «Бабалар сөзі» сериясының 26-томына «Қозы Көрпеш—Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Дандан мен Нәркес», «Ахмет пен Нүрилә» атты ғашықтық дастандар енді. Б 00(05)—06
ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-103-1 (т. 26)
© Әдебиет және өнер институты, 2006
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2006
Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле
кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарияланатын
«Бабалар сөзі» атты жүз томдық басылымды дайындап, жария
лау жұмысын жалғастыруда.
Серияның жарық көрген жиырма бес томы фольклоры
мыздың бай, маңызды саласы—дастандық эпосқа арналды.
Атап айтқанда осы күнге дейін хикаялық дастандардың он бір
томы, діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың
жеті томы баспа бетін көріп, оқырман қауым тарапынан
жылы қабылданды. Әрине, қазақ халқының эпостық мұрасы
жарияланған үлгілермен шектелмейді. Қолжазба қорларында
сақталған өзге де халық ауыз әдебиетінің үлгілері жинақталып,
баспаға дайындалуда.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталмыш серияның
26-томы Қытайдағы қазақ фольклорының кезекті жинағы—
ғашықтық дастандарға арналды. Бұл томға «Қозы Көрпеш—
Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Дандан мен Нәркес», «Ахмет пен
Нүрилә» атты ғашықтық дастандар енді. Олардың сюжеті
негізінен, жергілікті қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен
алынған. Алғашқы екі жыр қазақ ауыз әдебиетінде бұрыннан
мәлім,
фольклортану
тұрғысынан
зерттелген,
лиро-эпос
жанрының көлемді де көркем үлгілерінен саналса, «Дандан мен
Нәркес», «Ахмет пен Нүрилә» секілді шығармалар шығыстық
сюжеттердің ізімен жырланған және бұрын зерттелмеген.
Томға енгізіліп отырған «Қозы Көрпеш—Баян сұлу», «Қыз
Жібек» жырларының сюжеттік құрылымында айтарлықтай
өзгешеліктері болмағанымен, тілдік, стильдік және көлемдік
жақтарынан
назар
аударатын
тұстары
бар.
Сондықтан
Қытайдағы қазақ жыршыларының репертуарынан тұрақты
ғашықтық дастандар орын алған бұл шығармаларды жеке фольклорлық нұсқа ретін де қарастырған ләзім. Мәтіндерді жинап, баспаға дайындаған Қытай мәдениеті мен өнеріне үлес қосқан ғалым, ҚХР фольклортанушылар қоғамының мүшесі—Оразанбай Егеубаев. «Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес ұсынылып отырған том ғылыми қосымшалармен толық тырылды. Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтін дерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушы лары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кірді. Томның көлемі—23,5 б.т.
М Ә Т І Н Д Е Р
Қозы Көрпеш—Баян сұлу
Кім тұрар дүниеде тақтан аумай,
Неше хан өтіп кеткен Алатаудай.
Дүниеде неше түрлі ғашық өткен,
Сырты бүтін, іші түтін лаулай алмай.
Ал, Дәуіт, қалам ұста ұшын тежеп,
Көңілге бір фазылды қойма кезеп.
Бұрынғы ноғайлының заманында,
Сөйлейтін бір қиссадан келді кезек.
Он екі ру өзбек деген ел бар екен,
Дейтұғын Алтай, Қаңғай жер бар екен.
Қаңғайды сансыз моңғол мекен еткен,
Атақты Моңғол, Шіңгіл бел бар екен.
Шіңгілге мұсылмандар барады екен,
Әр жерден мал қаптатып салады екен.
Моңғолдың хандарына тарту берсе,
Тиісті сар шөп майын1 алады екен.
Қалмақпен жері шендес жүрген жуық,
Хауариж мұсылманнан көңілі суық.
Ел екен Естек деген ел шетінде,
Жүретін кейде тату, кейде қуып.
Алтайдың бауырында Сарыөзен,
Сары Ертіс, Қара Ертіс бар айыр кезең.
Бала Ертіс және ағып қосылады,
Үстінен Зайсан көлдің кетер төмен.
1 Сар шөп майы—бөтен елдің көшкен жұртына ақы төлеп отыру.
ғашықтық дастандар
Сондай жақсы жерлерді мекен еткен,
Талай ер бұл фәниге келіп кеткен.
Қарабай, Сарыбайдың хикаясынан,
Сөйлейін білгенімді енді шеттен.
Қарабай Қалтай деген елден екен,
Қаракөк жеті атасы кеңнен екен.
Сарыбай бағыс деген рудан боп,
Екеуі де дәулетті көрген екен.
Екеуі екі таптан хабарласып,
Далада бірін-бірі көрген екен.
Далада қонды бірге жолдас болып,
Түспейтін атқан оғы мерген екен.
Таңертең саятына қарап тұрса,
Қолтыққа2 буаз марал кірген екен.
Маралды екеуінің де көзі көрді,
Ырымдап әрбір түрлі ой жіберді.
—Атуға сескенемін, батыреке,
Қарабай, сен атсаңшы мұны,—деді.
Қарабай жауап берді Сарыбайға:
—Атпасақ бәрекелді болар пайда.
Әйелім менің үйде жүкті еді,
Ырымдап тұрып едім осы жайда.
Екеуі сол маралға кеңлік берген,
Есіркеп залал қылмай қоя берген.
Әйелінің жүктілік себебінен,
Маралды әдейі атпай көңіл бөлген.
Екі бай ат үстінде құрды кеңес,
Тұрмаған айтқан сөзде адам емес.
«Құда болсақ жарасар даңқымызға,
Бай едік табымызда құлақ теңдес3.
2 Қолтық—өзен иіні немесе таудың дөңгелене біткен қойнауы.
3 Құлақ теңдес — дәрежесі тең, абыройы қарайлас деген мағынада.
қозы көрпеш—баян сұлу
Екеуі де егерде ұл боп туса,
Дос болсын қияметтік хақын жемес.
Біреуі ұл, біреуі қыз болса егер,
Құда болсақ лайықсыз ешкім демес.
Құдалық ниетімізге жетерміз»,—деп,
Бір Құдай, Пайғамбарды қылады елес.
Екі бай осы сөзбен тарқап кетті,
Олжасыз тарқамайды құрған кепті.
Қызылдай құда болып жүргенінде,
Арада бір, екі, үш ай өтіп кетті.
Қатыны Сарыбайдың тауыпты қыз,
Әңгіме, құлақ салып тыңдасаңыз.
Кеңесіп Баян қойды қыздың атын,
Халықтан артық көріп оның затын.
Үлкен қатын бәйбішеден екі ұлы бар,
Баянды тапқан екен тоқал қатын.
Қарабай бір күндерде аң қуыпты,
Сейілмен жүрген жерін шаң қылыпты.
Қатыны өзі жоқта ұл туыпты,
Сүйінші сұрағандар даң қылыпты.
Келеді біреу шапан, біреу атқа,
Бере берсе, кім келмес ондай затқа.
Қарекең мойны үзіліп өлген екен,
Қуанып ауылына шапқан шақта.
Жасады шілдехана ел өзінен,
Көрмеген әке өлімін себебінен.
Ел дулап, етке тойып кетіп жатты,
Қозыдай тілек тілеп көк өрімнен.
Қайғырды ел Қарекеңе, жасымады,
Медеу қып жас Көрпешін асырады.
«Басынып елі-жұртым кетпесін»,—деп,
Қайғысын дұшпан көрсе жасырады.
ғашықтық дастандар
Бәйбіше ие болды қалған малға,
Сүйекке жесірмін деп салмай таңба.
Бермесе қолыменен жұртқа қайыр,
Зорлыққа тиын бермес ешбір жанға.
Құдағи барып жүрді құдасына,
Алмайды мал берем деп қарманса да.
Бейшара, жетім-жесір дұшпаның көп,
Өз малым жетіп асар алмасам да.
Сарыекең аяған боп «қорғап» жүрді,
Болар деп заман қалай ойлап жүрді.
Балалар сегіз жасқа келгенінде,
Сарыбай іші ауырып толғап жүрді.
Сарыбай салқын тартты сұмдық ойлап,
Қозады бір жаманға көңілі бойлап.
«Өзі жетім балаға қыз бергенше,
Бір күшікке берсемші ала мойнақ.
Жетімге қыз бергенім сүйекке мін,
Алыс кетсек бізді іздеп барады кім».
Көңіліне осылай шайтан кірді,
Ауылына бағыс деген айтып сырын.
«Пәлен деген руда жақсы жер бар,
Солай ауып кетсек»,—деп кеңес құрды.
Сарыбай бастап көшті елден ауып,
Көңілін көтермекке қылар сауық.
Өзенге қырат асып қона қалса,
Қыран құсы қашыпты ебін тауып.
Ол жердің атын содан «Қыран» қойды,
Үріккен ел үрей қумай жияр ма ойды.
Оған да байыз таппай көшіп еді,
Зорығып бір бурасы жолда өледі.
Ол жердің атын қойып «Бура асуы»,
Тоқтамай толғатқандай жөнеледі.
қозы көрпеш—баян сұлу
Қонады одан өтіп Бақын суға,
Үржардың маңайына жақын суға.
Тегінде ұйғыр тұрған мекен екен,
Моңғолдар атайды оны Қатын су да.
Алдындағы Үржарда көп қалмақ бар,
Елші салып өтпесең нақ салмақ бар.
Сый беріп, сыйласымды жол таппаса,
Басындың деп бас салып найза саптар.
Сарыбай тарту етті қырық қара ат,
Түстері бірыңғайдан өңкей пар ат.
Жіберді елшілікке елу кісі,
Мықтылар ел ішінде құйрық-қанат.
Жіберді бастық етіп Сағынбайды,
Ол күнде ондай жігіт табылмайды.
Сағынбай қалмақтарды басшы қылып,
Уаңға4 жөн білгізді үш күн қонып.
«Қазақта ұры-кезеп көп болады»,—деп,
Бермеді жақын жерден қоныс бөліп.
Барасың онан көшсең иен бетке,
Жетесің көше берсең елсіз шетке.
Дегенмен Сарыбай көшті Жеменейге,
Күндіз көшсе, қонады түнде кейде.
Сасқаны Сарыбайдың сол емес пе,
Бір шешілмей тозыпты киген жейде.
Жаз болды сол арада көкек туып,
Мамырға аяқтасып келді жуық.
Мал төлдеп, көкке тойып аяқтанды,
Қара қатқақ, қарлатқан кетіп суық.
Сарыбай онан көшіп шеттеп кетті,
Керегесін кең жайып, шаншып уық.
4 Уаң — мансап аты, аға сұлтан дәрежесі.
ғашықтық дастандар
Тынығып бұл Сарыбай жата тұрсын,
Дәуіт сөзін ноғайлы жаққа бұрсын.
Еліне саудагерлер келіп жүрді,
Көк ала, қызыл жиек мата сатқан.
Бұлар келген ноғайлы жерлерінен,
Он екі ру қаптаған елдерінен.
Еліне қайтып барған кездерінде,
Сарнайды Баян қызды көргенінен.
Баян қыз сұлу екен мақтағандай,
Қара қасы қағазға қақтағандай.
Сұңқардың форымындай мойыны бар,
Көзіне гауһар отын жақтағандай.
Өзі ашылып біреуге сөйлемесе,
Аузынан ешкім ләззат татпағандай.
Баянның айтып тауысқысыз сұлу көркі.
Баянжан кімге тисе өзінде еркі.
Көрген жанның көңілі майдай еріп,
Айығар ішке қатқан беріш дерті.
Мүны естіп Әбдіжаппар қылды талап,
Қара көк ат ерттетіп мінді манап.
Ол өзі ноғайлының бір бегі еді,
Әмірімен ноғайлы жүрген тарап.
Сөз салды ол, қызың бер деп Сарыбайға,
Ілігі болмаса да тарыдай да.
«Бермесең, қызыңды егер қалың алып,
Қол жиып шабамын,—деп,—жарым айда».
Мұны естіген Сарыбай кетті қорқып,
Құтылатын жері жоқ қашып-жортып.
«Баян көнсе, сөйлесіп алса алсын»,—деп,
Қояндай қуыстағы жатты қорқып.
Ел бекке тоқтау айтты:—Жөн екен,—деп,
Баянға сөйлескенің оң екен,—деп.
қозы көрпеш—баян сұлу
Қыз қосылса әкесі көнгені ғой,
Жас қыз көнер икемге бек екен,—деп.
Бұл сөзге Әбдіжаппар уанады,
Баянға сөйлесем деп қуанады.
Қозыкеден үмітін үзбеген қыз,
Аңғал бекті айламен шырғалайды:
—Есігімде он жыл құл болып жүрсең,
Тиемін,—деп ұзақты туралайды.
Егерде тірі болса ер Қозыке,
Он жыл бойы келер,—деп,—бір хабары.
Сонымен Әбдіжаппар құл болады,
Жылқышы боп, мал бағып жорғалады.
Әбдіжаппар бек аты ұмыт болып,
«Қодар құл» боп атанып қурағаны.
«Баянға қайтсем тәуір көрінем»,—деп,
Отын ап, бие сауып зыр қағады.
Күлгенсіп оған Баян жауап берер,
«Батырым, ер екенсің көңіл бөлер.
Он жылдай сабыр қылсаң уағда бұзбай,
Қарағың ғашық болып бір-ақ көнер»...
Қодарды Баян солай алдап өтті,
Арада неше жылдай жалған өтті.
Сарыбай Қодарменен жата тұрсын,
Кейінгі Қозыкеден тыңда кепті.
Қозыке он алтыға келген жасы,
Жал-жая, тәтті тамақ ішкен асы.
Балалық дәурендерін босқа өткізбей,
Таусылды балдырған шақ тамашасы.
Бір күні шешекені5 ойнап жүріп,
Өрмегін бір кемпірдің кетті үзіп.
5 Шешеке — қазақтың көне ойыны.
ғашықтық дастандар
Ол кемпір ашуланды түрегеліп:
—Қашан жалғап тоқимын,—деп,—қайта керіп,
Дерендей боп үзгенше өрмегімді,
Баянды неге алмайсың қалың беріп!?
Іздесең әлің келер, жас емессің,
Бұл сөзге ерімейтін тас емессің.
Обалыңа қалайын, не сауапқа,
Жетерлік малың бар ғой, аш емессің!
Кемпірдің сөзі өкпеден кетті өтіп,
Түсі қашып үйіне келді жетіп.
—Шешеке, бидай қуыр жегім келді,—
Деп ашқызды бақырын әуре етіп.
Шешесі қуырады асып-сасып,
—Не болды, кетіпті,—деп,—өңің қашып?
Қарның ашса қуырдақ жемейсің бе,
Қойдым ғой түстігіңе қазан асып.
—Шешеке, неге аяйсың бидайыңды,
Қапта құрт, қарындағы жи майыңды.
Бидай тұрмақ, қоралап мал бересің,
Мен айтсам ішімдегі шимайымды.
Қозыке жөн сұрамақ шешесінен,
Қиын ғой тура айтпақ төтесінен.
Ыдысқа күміс аяқ салып берді,
Жейтұғын дағдылы бір есесімен.
Қозыке бидай жемей өкпелейді,
—Жемеймін ыдыспенен текке,—дейді.
Бермесең қолыңменен қолға салып,
Шағамын қазаныңды, сөкпе,—дейді.
Шешесі қолыменен қолға салды,
Баласы алдап айтқан сөзге нанды.
Шап беріп білегінен ұстап алып,
Қолына ыстық бидай баса қалды.
қозы көрпеш—баян сұлу
—Баян кім? Сарыбай кім? Айтшы маған,
Айтпасаң бала болмай кетем саған.
Әкем тірі күнінде айттырыпты,
Түсімде аян етті ата-бабам.
Өлемін, жарыламын тірі жүрмей,
Өтірік айтуыңа көне бермей.
Қалайша ол Сарыбай көшіп кетті,
Артынан ержететін мені білмей.
Қоймады айтпасына, бидай басты,
Шешесі үндеместен ойға батты.
Ақыры айтпақ болып ыңғайланды:
«Шынын айтып бермесем жарамас-ты».
Шешесінің сөзі:
—Әуелі Баян жарың, анық еді,
Еліме құдалығым қанық еді.
«Қызымды жетім ұлға бермеймін»,—деп,
Сөзінен Сарыбай атаң танып еді.
Ей, балам, Сарыбайға болма сарсаң,
Кісің жоқ менен жақын сөзге нансаң.
Елден таңдап бір сұлу әперейін,
Жан балам, тоқта,—дейді,—тілімді алсаң.
Бар дейді Қодар құлы отыз ерлік,
Ол сені оңдырмайды бара қалсаң.
Қозыке мұны естіп үш күн жатты,
Өзі жалғыз, тас бауыр, діні қатты.
«Басыңды көтер, көңіліңді аулаймыз»,—деп,
Келіпті жолдастары балдан тәтті.
Сонда Қарабайдың досы Майлыбайдың айтқаны:
—Ей балам, тоқтамадың өкпең керіп,
Құдайым берген екен үлкен желік.
ғашықтық дастандар
Жандос деген баламды мен қосайын,
Қайраты бар жас еді, болар серік.
Тауасар шешен еді басшы болсын,
Ыстық-суық жол көрген бұрын жүріп.
Таңдаулы он бір жігіт бармақ болды,
Ұшқан құсты құтқармас өңкей керік.
Таңдаулы он бір жігіт шықты дулап,
Ел-жұрты бата берді улап-шулап.
Үйден шығып араға екі қонып,
Қара Ертіске жетеді бәрі зулап.
Басына қараөткелдің келіп қонды,
Әруағына сыйынды аунап-қунап.
Қозыеке түсінде анық аян көрді,
Уылжыған ұйқыда жатып улап.
Қозының түсі:
«Ей, балам, сапарың ұзын осы жолы,
Нысанаңа әр пәле жайған торын.
Беттегеннен бет бұрма қай-қашан да,
Сонда оңды болады жүрген жолың.
Өтесің бәрінен де аман-есен,
Қасыңдағы жолдасың Жандос көсем.
Кетірме ынтымағыңды жолдасыңмен,
Есіңе ал қашан болса мені десең!
Кетпейді иншалла бөтен нұсқа,
Шығыпсың белді буып үйден тысқа.
Жарыңа қосыласың, қам ойлама,
Қорқамын, бірақ балам, өмірің қысқа».
Қозыке көрген түстің өзін айтты,
«Өмірің қысқа» деген сөзін айтты.
Тауасар шешен еді, жорып жатты,
Келетін қисынымен шынын айтты:
қозы көрпеш—баян сұлу
—Өмірің қысқа десе, ұзын болар,
Көңілі надандардың бұзыл болар.
«Түс түлкінің боғы» деп жорушы айтар,
Түлкі жүні құбылған қызыл болар.
Жоруым жора болсын Қызыр дарып,
Әуминге қолыңды жай, жетім ғаріп.
Жағың түспей жамандық, сірә, көрме,
Қосағыңмен қоса ағар жарыңды алып!
«Аллаһу Акбар»,—деді де бата берді,
Әруаққа мал айтып атап еді.
Сойған малын тарқатып, нәзір жасап,
Таң атып, қосын тартып, ат ерттеді.
Ол жерден жүріп кетті елдей көшіп,
Батырдың самалы бар желдей есіп.
Арада бірқанша күн сапар шегіп,
Үліңгір көлге жетті екпіндесіп.
Қалмақтар сиқырменен жолды бөгеп,
Бір кемпір жебір6 қойған ернін тесіп.
Жарты бас, жарты санды кемпір сурет,
Бір нәрсе топқа шапты ербеңдесіп.
Айғайлап Жандос батыр қарсы шауып,
Тастады қылышпенен басын кесіп.
Кесілген бас қанынан шашыранды,
Жүгірді маймыл болып төбелесіп.
Батырлар бәрі бірдей бой тоқтатып,
Бір майдан соғыс қылды еркін кешіп.
Найза, шоқпар, қылышпенен қырғаннан соң,
Отындай албастының қалды өшіп.
Алғашқы жауын жеңіп, күшін байқап,
Отырды шүкір қылып сөйлеп бөсіп.
6 Жебір — көне түрік тілінде жауыздықтың пірі.
ғашықтық дастандар
«Қорқынышты қиын жер осы екен ғой,
Мұны алдық қауіп жоқ»,—деп күлімдесіп.
Жөнелді ертең тұра онан өтіп,
Шеңгелге қалың тоғай келді жетіп.
Ойылдың «он жолбарысы» деген бөгеу,
Жолықты жібермеске салаң етіп.
Жүгірді жолбарыстар қара көріп,
Қорқақтар қалар еді бекерге өліп.
Ақыры Жандос бастап қарсы шауып,
Бет-бетімен кетісті телім болып.
Олармен кешке дейін ұрыс қылды,
Бет жағын Құдай мұның бұрыс қылды.
Аттары, өздері де жараланып,
Әйтеуір жауын жеңіп, күліс қылды.
Жолбарыстың төртеуі қашып кетті,
Алтауын соғып алып жөн іс қылды.
Ол жерге демін алып, бір күн жатып,
Иен су, елсіз жерді тыныс қылды.
Талай күнде Сауырдай тауға келді,
Көрмеген жер саз-батпақ, қауға7 келді.
«Қиылдың қырық бөрісі» деген бөгеу,
Бір пәле тағы, міне, жауға келді.
Қырық бөрі жер қобықта құтырады,
Сілкініп тұс-тұсына жұтынады.
Бермесе Тәңір өзі оған жәрдем,
Нашарлар әлдеқашан тұтылады.
Арсылдап қасқыр шапты топқа таман,
Қарасаң бөрі түсі тым-ақ жаман.
Айғайлап Жандос оны найзалады,
Олар да жараланбай қалмады аман.
7 Қау — қалың деген мағынада.
қозы көрпеш—баян сұлу
Бұлардан екі ат өлді жараланып,
Қайратты ерлер түгел сары табан.
Бөрімен олар үш күн ұрыс салды,
Үдетті батырлығын Жандос ағаң.
Бөріні қырып-жойып әрең болды,
Қолтықтап, қолдап сүйеп Қызыр бабам.
Алысқа ұзай алмай үш күн жатты,
Ат арып, киім кірлеп тартты шабан.
Ат-көлігін тыңайтып мініп алып,
Асуға «Шаған оба» қойды қадам.
Бірқанша мәнзил жүрді Емілді асып,
Батысқа келе жатыр құлдай басып.
Тарбағатай бауыры Үржарда,
Бір жауға тағы соқты қаны тасып.
Бөктерлеп үлкен қара жолды көрді,
Алыстан шоғырланған норды8 көрді.
Ту алып, тұлпар мінген қара қалмақ,
Бірталай келе жатқан қолды көрді.
Олардан кісі шапты қара көріп,
Қалмақтың батыры көп жауға жерік.
Үржар сол қалмақтың мекені екен,
Уаң ханы сейіл құра кетеді екен.
Соғысып тауға қарап қазақ қашты,
Қаптады бұйрық алып қара шерік.
Бекінді олар қашып тауға барып,
Қуғыншы басқын жетті найза салып.
Алысып қазақ, қалмақ төрт күн ұрысты,
Қылыштасып, кейбірі шоқпарласып.
Бірнешесі қалмақтың өліп кетті,
Көптігімен ақыры ол дендетті.
8 Нор — бір топ адам.
ғашықтық дастандар
Бір Жандостан басқасы шыдай алмай,
Бәрі де қашатұғын халге жетті.
Соғыста Жандос қалды асып-сасып,
Басқалары шыдамай кетті қашып.
Қозы Көрпеш қасында екі кісі,
Үшеуін қалды шерік бір-ақ басып.
Қозыке мұңлы болды қолға түсіп,
Қауіптеніп келеді үрейі ұшып.
Уаң ханға байлауменен алып келді,
Өлгендердің туысы күйіп-пісіп.
Уаң хан жөн сұрады бастан-аяқ,
Мойнына жендеттері қылыш қадап.
«Сұрайтұғын сөзім көп, асықпа»,—деп,
Ішінен Уаң отырды бұларды аяп.
Қозыке төре Уаңға шынын айтты,
Жасынан жетім қалған мұңын айтты.
Іздеген, жүрген жүріс қайын жұрты,
Баяндай Сарыбайдың қызын айтты.
Уаң қайтты ашудан көңіл бөліп,
Қозыкеге қарайды бәрі төніп.
Жетімдікті Уаң хан да көрген екен,
Екі жаста өзінің әкесі өліп.
Сол себептен аяды көңілі еріп.
Жалпы әскерді шақырды жарлық беріп:
—Қан ішкеннен еш нәрсе өне алмайды,
Халқым-ау, өкпелеме созып-керіп.
Біз қудық, «ағлаби» деп олар қашты,
Жеткен соң амал қанша араласты.
Тілдеспей кім жау, кім дос қайдан білсін?
Кек қуған енді бұған жарамас-ты.
Әуелгі өктемшілік бізден шығар,
Жан қорғау үшін бұлар сабаласты.
қозы көрпеш—баян сұлу
Бұлардың ерлігіне сүйінерлік,
Мұңлықты қолға түскен таламас-ты!
Қозыке еркін болып қалғаннан соң,
Қалмақтар «зоп-зоп» десіп шамаласты.
Уаңға бас қояды түрегеліп,
Ығына ол сілтеген кетер желіп.
—Бір қалмақ, бір қазақты жіберелік,
Достасып, қас ойланбай анық сеніп.
Дос болам, Қозы Көрпеш, өзіңменен,
Не алып, не берсең де өзіңде ерік.
Дүние бізге жолдас бола алмайды,
Кетпелік жолға тастап шапшаң жеріп.
Таудағы жолдасыңа хабар айтып,
Тынығып қонағым бол, бәрің келіп.
Деген соң пиғылына көзі жетті,
Үй тігіп, сойыс беріп еркіндетті.
Үстіне маңлық тон, күрме жауып,
Тел күрең тобышақ ат қайран9 етті.
Жандостар бекініпті тауға барып,
Халі кетіп жарадан ашып-арып.
Қозыкені адасып қалды ғой деп,
Дәмелене қарайды балын салып.
Құмалақта еш қатер көрінбейді,
«Бізге келген бұл дағы керім»,—дейді.
Байтал түгіл бас қайғы болғаннан соң,
Сабыр етіп тосудан ерінбейді.
Дел-сал болып жатқанда хабар келді,
Жағдайды келген жігіт айтып берді:
—Қозымен үшеуіміз қолға түсіп,
Уаң ханның жанына алып келді.
Ұлығы жөн сұрады бізді көріп,
Біз айттық оқиғаның бәрін теріп.
9 Қайран — бұл жерде тарту, сыйлау деген мағынада.
ғашықтық дастандар
Өзі әділ хан, төре бір жан екен,
Есіркеп азат етті көңілі кеңіп.
Мына жігіт төренің өз уәкілі,
Жүріңдер, бәрің бірдей сөзге сеніп.
Тауасар, Жандос бастық бәрі жүрді,
Қорқатұғын жан емес, сегіз қырлы.
Уаң хан құрмет етіп отырғанда,
Үстіне қаруменен баса кірді.
Қалмақтар ер Жандостан кетті шошып,
Батырдан көргеннен соң мұндай түрді.
Уаң хан оң жағынан орын беріп,
Бәрімен ақылдасып, мәжіліс құрды.
Әуелде алды Уаңмен жамандасып,
Құдай ісін оңғарып, бағын ашып.
Міне, енді бірге отыр табандасып,
Дос болып, дос үстіне көңіл қосып.
Қалмақтар жүр тілеулес далаңдасып,
Жақсылыққа ізгі жан болар ғашық.
«Сарыбайдан Баянды аламыз»,—деп,
Қазақ, қалмақ бірлесіп хабарласып.
Он күн жатып тынығып жүрмек болды,
Жолдан тоқтап қалмасқа шабандасып.
Қайтарында досына келмек болды,
Баянды алып келсе, көрмек болды.
Пұл аздық қып, күші жетіп ала алмаса,
Сарыбаймен шабысып өлмек болды.
Өзіне қарындас қып ұзатуға,
Не сұраса аямай бермек болды.
Біраз күн аялдады ойнап-күліп,
Арық атын тастады семіз мініп.
Өз елі, өз жеріндей өмір сүріп,
Қоштасып достарымен, кетті жүріп.
қозы көрпеш—баян сұлу
Өңкей тұлпар тұяғы тасты тіліп,
Барады танаптай қып жолды бүріп.
Қанша күндер арада жатып-тұрып,
Аякөзге жетіпті жалғыз түлік.
Ақсақ кемпір бар жерге дөп келген соң,
Сәлем беріп үйіне кетті сүңгіп.
Кемпірге Қозы Көрпеш амандасты:
—Шешеке, тамақ берші, қарным ашты.
Жоқ қуған жолаушы едік ізге түскен,
Мұңлықпыз мүсәпірлеу көзі жасты.
—Балам-ау, дәм жоқ менде беретұғын,
Кісі жоқ бағып-қағар сенетұғын.
Мүсәпір Құдай берген пақыр едім,
Ғайыптан ырыздығым келетұғын.
Жол болсын, балаларым, жүрсің қайдан,
Өтіп келген секілді өр Алтайдан.
Жақын жердің адамы емессің ғой,
Немене іздеп барасың, қандай жайдан?
—Шешеке, жолаушымыз аң аулаған,
Кезі келсе, батырмыз жау жаулаған.
Жоқ алдырып тағы да қуа жүрміз,
Әділ төре табылса, дау даулаған.
—Балалар, құдіреттің келер күші,
Ғайыпты анық болжап білмес кісі.
Жоғыңды тауып бере қоймасам да,
Не нәрсе, неге сылтау, қандай түсі?
—Сары атан ерні жырық салпылдаған,
Құба інген буыны құрып қалтылдаған.
Құнажын нарша тайлақ оларға ерген,
Бұйдасы шынжыр күміс алтындаған.
Ұядан тоты құсымды ұры әкетті,
Жер болжап, көкке ұшып талпынбаған.
ғашықтық дастандар
Би жоқта құл жүреді жоралыққа,
Жапалақ ие бопты жалпылдаған.
Шешетай, жөнін білсең айтып берші,
Жас едім талабым еш тартылмаған.
—Балам-ау, қалай жұмбақ айтқан сөзің,
Мағыналы байқап тұрсам жай мінезің.
Сары атан ерні жырық—Сарыбай ғой,
Құба інген—қыз шешесі Гүлжан тезің.
Нар тайлақ алтын бұйда—Баян Сұлу,
Мен білдім қуғаныңды асыл көзім.
Тоты құс ұядағы ұрыдан сау,
Жапалақ Қодар құлың—жасық жезің.
Қолынан ешбір нәрсе келер емес,
Қорқады өктем келсе, құрғыр езің.
Баянға астыртыннан хабар жеткіз,
Білінбе бір дұшпанға, балам, өзің.
Кемпір солай бұларға жауап берді,
Қозыкенің сымбатын сынап көрді.
«Бейшара ғұмыры қысқа көрінеді,
Шіркін-ай, елге тұтқа болар еді».
Кемпірге рахмет айтты дағы,
Ат басын Баян жаққа бұрып кетті.
Қисық-шадыр жер демей жүріс тездеп,
Жақындап ел шетіне кіріп кетті.
Бекінді ел шетіне тауға келіп,
Жерлер көп жан баспайтын тым-ақ берік.
Аржағынан келген жәй саудагер боп,
Кетелік ел ішіне іштей еніп.
Тауасар маңқа сөйлеп пұшық болып,
Бетіне жақты бояу қасын керіп.
Ежелгі ел танитын белгілі адам,
Жаңылды жолдасы да жүзін көріп.
қозы көрпеш—баян сұлу
Қозыкенің қасында екі жігіт,
Төртеу болып жанында жүреді еріп.
Қара жолмен ауылға келе жатыр,
Хайлагер өнеріне әбден сеніп.
Тауекең осылайша қылды хайла,
Хайласы танымасқа берді пайда.
Не дұшпан, не достардың арасында,
Талай өнер көрсеткен осындайда.
Ауылына Сарыбайдың кетті саулап,
Түсірді қонақ үйге тіккен аулақ.
Бай да келіп отырды екі, үш күн,
Құс ұшырып, саят қып, аңын аулап.
Бір кезек қонағына амандасты,
Сұрасып амандықпен мал мен басты.
Тауекең жөн-жосығын білдіреді,
Сөзімен еріткендей қара тасты.
—Байеке, біз жолаушы жоқ іздеген,
Алдырдық отыз екі ат құла түзден.
Шала қазақ Байқожа кісісіміз,
Сұрау салып тауып бер еліңізден.
Не сүйінші десеңіз қол береміз,
Қарап-сұрап таппадық осы күзден.
Байеке, жоғымызды берсең тауып,
Сүйінші аз берер деп қылма қауіп.
Шығыны мен малымыз басын алып,
Артық нәрсе алмаймыз жала жауып.
Жайылған қала, қырға атағыңыз,
Табар деп әдейі келдім саңым ауып.
Қол артамын өзіңе таныс болып,
Дәулетіңді естідім осыншалық.
Сарыбай қонағына жауап берді,
«Болса болып қалар» деп ой жіберді.
ғашықтық дастандар
Бар болса тауып беріп, сүйінші алып,
Таныс болып жүруді мақұл көрді.
—Жатыңдар, қонақтарым, жай-жадыра,
Зиянды білмеске айтқан сөз адыра.
Ойда ұры, таулы жер бөрі деген,
Ептілеу адамдар бар бес садыра10.
Бар болса іздетейін қарап-сұрап,
Сен дағы өтірік айтпа дауды құрап.
Егерде малың болып шыға қалса,
Көп қума артқы жағын керіп-бұрап.
—Байеке, айта көрме ондай сөзді,
Кітапта жалғаншыдан Тәңірім безді.
Арғымақты ат қылсаң еркі өзіңде,
Мейлі, алтын қыл шіріген жаман жезді.
Сарыбай іздетпекші болды малын,
Шын іздер жолаушының соры қалың.
Бір, екі, үш күн жатқан соң, үйір болып,
Сырласып ішкіліктеп ұқты халін.
Ауылы Баян қыздың бөлек екен,
Қырланған тоты құстай зерек екен.
Ағасы Сағынбаймен бірге отырып,
Әкесін анда-санда көреді екен.
Айсұлу жеңгесімен тату-тәтті,
Тілеулес бір-біріне сенеді екен.
Кісі өлтірдің десе де шынын айтып,
Айбынды ақылдасы көнеді екен.
Бар екен бір ағасы Қоған деген,
Баянның ашуы бар оған деген.
Шарқая бала жастан Мысжан тентек,
Ер жетіп бойы өскенде соған келген.
10 Бес садыра — аз, санаулы
қозы көрпеш—баян сұлу
Ол Мысжан Қоған биді билейді екен,
Ынжық деп жас қайыстай илейді екен.
Жеті жастан шарқая атанған соң,
Сырын біліп ешбіреу тимейді екен.
Көңілдес Қодарменен, ынтымақтас,
Онан басқа кісіні сүймейді екен.
Көрінгенмен бір ұрысып қыңыратқып,
Кісі аузынан басқаға симейді екен.
Баян менен ауылды өсек етіп,
Обал, сауап дегенге күймейді екен.
Иығына не түссе іле салып,
Бай болып қымбат киім кимейді екен.
Өш екен Баянменен бекер босқа,
Қодарға бар дейді екен малғұн шошқа.
«Бике мұндай қылды» деп атақ тағып,
Жүреді жала жауып дұшпан-досқа.
Қодарға тамашалап көзі түсті,
Серейген бір нәрсе екен сойдақ тісті.
Қақпақтай жауырыны еңкірейген,
Құрғырың зор денелі, болар күшті.
Ақылы аз аңырайған көрінеді,
Аша бұт, қуыс кеуде, тораңғы іші.
Алты құлаш ала бие астында бар,
Көргендер қалпынан үрейі ұшты.
Аңғалсоқ, адыр-күдір мінезі бар,
Анықтап біле алмайтын құпия істі.
Бәрін де осылардың алды біліп,
Қозыке әрбіреуден сұрап жүріп.
Бір күні атшы бала сипатында
Үйіне Баян тұрған келді кіріп.
Айсұлу жеңгесімен отыр бірге,
Тани ма Қозыкені ауған ірге.
ғашықтық дастандар
Сұраса, Қозы жауап айтқалы отыр,
Айтады онан басқа енді кімге.
Ақырын сыпайылап амандасты,
Білгізбей күдікпенен көңіл басты:
—Қандай жақтан келдіңдер, қарағым,—деп,
Айсұлу әңгіменің аузын ашты.
—Жеңеше, жүрмеген жер, ой-шұңқыр көп,
Баламыз аңғара алмай білмейтін еп.
Жоқ қуып ізге түскен жолаушы едік,
Үстіне жоғымыздың кез келдік дөп.
—Шырағым-ау, жоғыңның айтшы жөнін,
Білейік қандай нәрсе азды-көбін.
Үстінен түстім деген сұмдық сөз ғой,
Үстінен түскен кісің табар ебін.
—Жеңеше, жоғалтқаным сұқсыр үйрек,
Қайғымды ішке жұттым аузын түйреп.
Көбікті көлден ұшып кеткен екен,
Қабырғам білгеннен соң сынды күйреп.
Ақсұңқар баптаулы тұр сала алмадым,
Бір көріп ең болмаса қала алмадым.
Жетімдік жастықпенен шамам келмей,
Үйректі ұшыра алмай ала алмадым.
Ер жеттім, жөн-жосығын айтқан жан жоқ,
Сондықтан іздей алмай шабандадым.
Бөктергі үйрегімді қуалапты,
Байқаусыз іледі-ау деп алаңдадым.
Қорынып жар астында ол жатыр екен,
Үстінен түсіп, танып, барандадым.
Жапалақ, бұлбұлымды жеймін дейді,
Қоруға енді келіп қараңдадым.
Бұлбұлым қапастағы сайрамайды,
Дауысына ащы, зарлы қана алмадым.
Сұрасаң түрлі-түрлі әңгіме көп,
Сырымды көп ашпайын—сараң халім.
қозы көрпеш—баян сұлу
—Япырым-ай, мына сөзің қалай жұмбақ?
Айт, жаным, ерінбей-ақ бізге бұлдап.
Көрінді лебізіңіз бізге жылы,
Кетуге сізге еріп сайды құлдап.
Сөзіңе қарағанда, Қозыкемісің?
Білгізші шыныңды айтып бізге ымдап.
Ұқсатам түс-тұрқыңды Қарекеңе,
Дауысың нақ белгілі көрсем тыңдап.
Бикеш-ау, бері таман жақын келіп,
Тартсаңшы құшағыңа қолың бұлғап.
Күйеужан, шыныңды айт жай-жағдайың,
Білгізбен байыма да Қодар тұрмақ.
Сөзіңе бойым балқып бара жатыр,
Шешуін жұмбағыңның болдым тыңдап.
Айсұлу Қозыкеден алды сүйіп,
Баянның бара жатыр іші күйіп.
Құшақтап мойынына асылса да,
Құр сөзге басыла ма көңілі иіп.
Қозыке «аһ» деді де естен танды,
Қарады аздан кейін халін жиып.
Қозыке бас көтеріп, көзін ашты,
Пердесін жұлып алып мауқын басты.
Бұралып қара айдары шыға келіп,
Айсұлу анық танып көңілі тасты.
Құмартып қапалықпен жүрген Баян,
Үш талып, үш жығылып төкті жасты.
«Өңім бе, түсім бе әлде ұйқыдағы,
Я, Құдай, рас па?!» деп арсаңдасты.
Түнде түс, күндіз есте жүруші еді,
Көрді енді Қозыкеден күн шалмасты.
—Жүрмісің аман-есен, жетімегім,
Зорлықпен күн батысқа кетіп едім.
Өлсек те енді бізде арман қалмас,
Тәңірден сенен басқа не тіледім?
—Бикеш-ау, көтер басты «а, Құдайлап»,
ғашықтық дастандар
Тас жүрек білмейтін не етіп едің.
Қодар құл «алам» дейтін мазағынан,
Бикешке қадіретің11 өтіп едің.
Қарағым, арыстаным, ай жарығым,
Кемелге қалай келіп жетіп едің!?
Баян да еңірейді өксіп жаман:
—Жеңеше, қоя берші маған таман.
Жолыңа жасым тұрмақ, жаным құрбан,
Кетейін, жан Қозыке, боп садағаң.
Құдайым алтын жүзін көрсеткен соң,
Аяймын неменеге жетсе шамам.
«Сырт жақтан бала-шаға көрмесін»,—деп,
Айсұлу жуытпады жанды адам.
—Ертіп кел Тауекеңді апақ-сапақ,
Дос-дұшпан біліп қалса, қылар шатақ.
Құдай оңдап, ол мұнда келе қалса,
Жүкке тығып қоялық есік тақап.
Алайық ақыл қосып үйге тығып,
Анау жатқан жырамен келсін бұғып.
Таң атқанша кеңесті аяқтатып,
Іс біткен соң кетерсің бұдан шығып.
Айсұлу үйретеді ақылдарын,
Жүретін жол мен жосын мақұлдарын.
Қозыке достарына айтып берді,
Түнде сол сөйлейтұғын ақылдарын.
Тауасар «а, құдайлап» күлімдейді,
Бұл сөзі бөтен жатқа білінбейді.
Кешті әбден батқызып, тамақтанып,
Жетеді уағыдаға ілінбейді.
Отауға мезгілінде келді жетіп,
Сырт жанға біліне ме ондай тетік.
11 Қадіретің—қадірің деген мағынада.
қозы көрпеш—баян сұлу
Қыз-келіншек жолын күтіп отыр екен,
Жабындап үйге кірді сылаң етіп.
Көрісіп құдағи мен құдаларша,
Құрысып буындары бұлаң етіп.
—Білініп қолдан алып кете алмаймыз,
Қашпасақ тәуекел қып қылаң етіп.
—Бес күнде той жасайды Қасқарау бай,
Шақырады қыз ұзатып дәулеті сай.
Бірі қалмай ел болып тойға кетер,
Сол бір күні болады оңаша жай.
Сырқатпын деп мен қалам сол уақытта,
Қамданып сыйынайық әруаққа.
Бүрсігүн сіздер қайтып кеткен болып,
Соғыңдар тойға бәрі кеткен шақта.
Әкемнің Аққолтық ат кермедегі,
Ақсатып байқаусызда соны бапта.
Онан озар жүйрік жоқ бұл өңірде,
Жүгірсе, шалдыртпайды тұлпар атқа.
Түстік жол бұл арадан елсіз-күнсіз,
Белгіге Шоқтерек бар шығыс жақта.
Жиналып Жандос батыр бастығыңмен,
Сергек боп қарауылдап сонда сақта.
Менің бір торғайым бар тіл біледі,
Қатты кекеу-мұқауды зіл12 біледі.
Сонда апарып көрсетіп қоя берсең,
Жатқан-тұрған жеріңді бір біледі.
Мысжан жеңгем, Қодар құл — бәрі дұшпан,
Адам жүріп сөйлессе, сыр біледі.
Қоя бер қанатына қағаз жазып,
Байқаусыз ұшқан құсты кім біледі?
12 Зіл—кек деген мағынада.
ғашықтық дастандар
Тауасар сөз байласып қайтып кетті,
Сөзіне Баян жанның қуаныш етті.
Еркінше Баянменен ойнап-күліп,
Қозыеке де орнына тағы жетті.
Ішкі сыры ішінде жатты бығып,
Тәңіріне тәубе етіп көңіл жығып.
Тәуекең ертеңінде айналдырып,
Ақсатты Аққолтықты ине тығып.
Салақтап жүрмей қалды жануары,
Сарыбай қаратады атты мініп.
«Тізеден сайтан атқан екен ғой»,—деп,
Ем-домын істеп жатыр оғып-бұғып.
Басқасын қосамыз деп баптап жатыр,
Аққолтықтан басқасын көңілі тынып.
Тауасар қайтпақ болды байдан сұрап,
Сөйлейді өтіріктің бәрін құрап.
—Ендігі айда айналып бір келеміз,
Еліңізге сауда ғып сонда бір-ақ.
Сарыбай «кетсе екен» деп қуанады,
Сөзіне алдап айтқан жұбанады.
Еңіретер саудагер егілдіріп,
Ондай ақымақ байларды дуалады.
Жолаушы «аман бол!» деп жүріп кетті,
Тазалап етек-жеңін түріп кетті.
Орындап ойлап келген мақсаттарын,
Төбеге Сарыбайды ұрып кетті.
Таудағы жолдасына келді жетіп,
Жол болып қуанышпен екпіндетіп.
Келе салып ай тұяқ айтып сойды,
«Тойдың алды осы» деп ырым етіп.
Ертеңінде Шоқтерек белге келді,
Торғайды уағда қылып қоя берді.
қозы көрпеш—баян сұлу
«Жолдасқа есен-аман қосылды»,—деп,
Баянға айтып жатыр көргендерді.
Торғай жүр күнде ұшып хабар беріп,
Айсұлу бірге қамдап досы серік.
Торғайдың соншама көп ұшатынын,
Қу Мысжан дұшпан түйді көзі көріп.
Торғайды алдап-арбап ұстап алып,
Сұрады оңашада өзін берік.
—Сендерде бір сұмдық бар байқап тұрсам,
Ұшасың неге мұнша қанат керіп.
Шыныңды айт, жасырынған ұры бар ма?
Айтпасаң өлесің, сен, бикешке еріп.
Торғайдың қинаса да жүнін жұлып,
Анты бар айтпайтұғын сөзі берік.
Қып-қызыл болғанынша түк те айтпады,
Төбе жүнін ұстады шымшып тұрып.
«Ойбай, Баян, Шоқ»,—деді тартқанында,
Онан басқа тіл қатпай кетті өліп.
Мысжан залым ойлайды ой жоталап,
«Шоқ» дегені Шоқтерек мұның келіп.
Қодарға «Шоқтеректі бір шал» дейді,
Менің айтқан сөзіме байғұс сеніп.
—Көзіңе не көрінді ақымақ қатын,
Мен барда ала алмайды жауым жеңіп.
Ырсылдап өзін-өзі зорға балап,
Ол сөзді тыңдамады құлақ беріп.
Баян іздеп торғайды таба алмады,
Күндегі уағдадан шабандады.
«Бағана Мысжан ұстап жүрген еді»,—деп,
Бір баладан естіп хабар алды.
Жүгіріп Баян келді жеңгесіне,
Қарамай мойын бұрып өзгесіне.
ғашықтық дастандар
Арадағы тілшіні ұстаған соң,
Түседі дұшпандығы сонда есіне.
—Жеңеше, айналайын, торғайым бер,
Әйел басың бірдей еді еркекке дер.
Жасынан бағып үйреніп қалып едім,
Болмасын оған еткен еңбегім сел.
Сендерге еркелеймін, наз қыламын,
Қайғыменен бір сорлың көңілі көр.
Бермесең торғайымды, ау, жеңеше,
Қолыңмен мен бейбақты өлтірші кел.
—Бикеш-ау, торғай құрғыр өліп қалды,
Жеңгеңіз сұмдығыңды көріп қалды.
Анау күнгі жоқшыдан сұмдық ойлап,
Қодар ағаң сөзіме сеніп қалды.
Жер түбіне қашсаң да құтылмайсың,
Ол саған қайратымен төніп қалды.
Төбе жүнін жұлғанда «Шоқ»,—деп айтты,
Шоқтеректе жау бар деп сеніп қалды.
«Тозақы!» жамандарда ерік тұр ма,
Мақтасаң да пейілім кеңіп тұр ма?
Мен түскеннен жаулығың бір қалған жоқ,
Енді дос болады деп сеніп тұр ма?
Шоқтерекке бекінген Қозы Көрпеш,
Хабарын өзіңе де беріп тұр ма?
Ағаңның мүкаммалын бүлдірмекке,
Сайтаның қу салдақы керіп тұр ма?
Баянның сөзі:
—Қу Мысжан, жарық көрмей алақтарсың,
Албасты пішінің бар талақ қарсың.
Қайран ағам Қоғанды жады қылған,
Құмадан құлдың теңі жалап қарсың.
Қолы жетсе Қодарың ауырған жоқ,
қозы көрпеш—баян сұлу
Өсек қуып аңғырттап далақтарсың.
Кетсем кете берем өз жарыма,
Төрт көз итше артымнан салақтарсың.
Ой жоталап халыққа өсек тасып,
Өз-өзіңнен к...ді тарақтарсың.
Достық айтса доңызша қорс-қорс етіп,
Жөнге теріс сөйлейтін лағнаттарсың.
Айтқан сөзім кеуделі болады нық,
Сені Құдай жаратқан сайтанды қып.
Торғайымды бермесең тоңқиып қал,
Қодарыңмен екеуің к...ңе тық.
Баян солай деді де жүре берді,
Мысжан ол да артынан үре берді.
Мұны енді ел-жұртқа айтайын деп,
Орнынан жылдамырақ түрегелді.
Келіні жетіп келді Сарыбайға:
—Елдегі басшылардың бәрі қайда?
Жеті жоқшың ежелгі жауың екен,
Бір керемет келтірер қазір жайда.
Ата еке, бұл сөзімді ескере көр,
Өзіңе абыроймен дес бере көр.
Бармағыңды тістеме байқаусызда,
Нанбасаң не ерте, не кеш көре бер.
Сарыбай осы сөзге қарсы келді:
—Шырағым, ондай сөзді қойшы!—деді.
Баянмен дұшпандығын білетұғын,
Көп өсектің бірі деп ой жіберді.
Қозы Көрпеш бұл жаққа қалай келсін,
Сендер айтқан жорамал бекер,—деді.
Араның неше қиын жаулары бар,
Жетім-жесір тіліне кім ереді.
Баянға суық суды шашпай-ақ қой,
Өкпелесе, көңілі бізден сөнер,—деді.
ғашықтық дастандар
Мысжан әрең тұрады мысы құрып,
Айтқан сөзі өтпеді Құдай ұрып.
—Бұл болмасаң, күл бол!—деп жыбыр қағып,
Атасы нанбағанға кетті жүріп.
Сарыбай дәл сол күні бір түс көрді.
Ғажайып қорқарлықтай көп іс көрді.
Асыраулы ақсұңқары қашқан екен,
Іздесе жолбарыстан тым күш көрді.
Жолдасы қасына ерткен Қодар екен,
Қаруы қолындағы томар екен.
Жеті бірдей жолбарыс қуып жетіп,
Қапталдап Қодарды олар соғады екен.
Сарыбай құтылды әрең, Қодар қалып,
Шошыды қуат таппай ажарланып.
Қолдары қызыл шие қан боп келді,
Кеткен-ді жалпақ дүние тұманданып.
Бай келсе ауылын тонап жау шауыпты,
Кісі аман, малын алып тарқалыпты...
Жүрегі Сарыбайдың лүпілдеді,
Тектен-тек болмады-ау деп бұл қауіпті.
Сол күні түс көріпті Қоған тағы,
Жаман ырым білініп оған дағы.
Жеті қасқыр құтырған кез келіпті,
Тұс-тұстан өрт қаптапты қоламталы.
Селкілдеп ол да түстен кетті қорқып,
Ақылсыз қатын жады байғұс қортық.
«Япырым-ай, өз басыма кәдік-ау» деп,
Ойлайды әр нәрсені ой жорытып.
Түсінде Қодар бәйгеге ат қосыпты,
Көтерме келер жерде жол тосыпты.
Сүйрелеп атын тартып келе жатып,
Жығылып басы-көзінен қан жосыпты.
қозы көрпеш—баян сұлу
Артынан қара бура аузын салып,
Халі кетіп қалтырап тым шошыпты.
Бір үлкен өрт қаптаған елге келсе,
Жанның бәрі үйінен ду босыпты...
Осылай үшеуі түс көрді жаман,
Жорыды жамандыққа бәрі тамам.
Тәңірдің салғанына лажы не,
Қобалжыды, қорықты болды алаң.
Қасқарау бай той қылды, үлкен жиын,
Байлықпен жасап жатты жұртқа сыйын.
Өмірінде бір көрген қызығы еді,
Тойлықтан аямады жалғыз тиын.
Кәрі-жас бірі қалмай тойға барды,
Той бірдей қазынасы бай мен жарлы.
«Өне бойым ауырып барады», — деп,
Айсұлуды алып Баян қыз үйде қалды.
Түсінен аян тапқан Қодар шошып,
Аңдытты Баянды әтей Мысжан қарды.
Тойшылар ауылдан тез ұзағанда,
Баян әтей жар-жарлап әнге салды.
Мысжан тыңдап мәз болып отырғанда,
Баян келіп қапыда байлап алды.
Жеткіз деп Қодар құлдай тамырыңа,
Мысжанды қинай тергеп әлек салды.
Сол сағат Қозыке де жетіп келіп,
Мысжанның қолын шешіп қоя берді.
—Ер болса, Шоқтерекке Қодар келсін,
Көрмеген тамашаны көрер,—деді.
Онша асығыс кетпеспіз асып-сасып,
Ер жігіт болса әйтеуір келер,—деді.
Батыр болса артымнан тезден жетсін,
Ер болса алып, кем болса өлер,—деді.
ғашықтық дастандар
Атама үш мәртебе дұғай сәлем,
Ноғайға Қодар құнын төлер,—деді.
Аққолтықты ерттетті инесін ап,
Ине сұққан белгілі түймесін ап.
Сарыбайдың садағын, ақ шитісін,
Қанжарын ап жол тартты қаруы шақ.
Қазынаның бәрі де өз қолында,
Алтын-күміс жүктеді жеңілден сап.
Мал емес, бұйым емес, қызыл алтын,
Шірімес жерде жатса мың-мың жылдап.
Бес атқа азық-түлік бұйым артып,
Жөнелді бір көш болып еркін шұбап.
Баянның еркіменен болды бәрі,
Жасау-жабдық, киіттің бәрі де нақ.
Айсұлумен жыласып айрылысты,
Айырылу Тәңірдің ісі деп нақ.
Кісендеп Айсұлуды байлап кетті,
Дұшпан көзі қылғалы елге атақ.
Ат басын алыс жаққа бұрды бұлар,
Жол жабдық, азықтарын түгел сайлап.
Мысжан сорлы ойбайлап тойға жетті,
(Өзі айтқан жорамалды ойға жетті.)
—Жау шапты да ауылды, қызды әкетті,
Қодар «күйеу» сені олар бойдақ етті.
Қозыке жасырынып жатқан екен,
Оңашаны мөлшерлеп баққан екен.
Күні бұрын астыртын сөйлесіп ап,
Бикештің айласы әбден асқан екен.
Мені де байлап-матап қорлап кетті,
Құдайым алдырар күн атқан екен.
Түс қия кетті аттанып ауылыңнан,
Иесізде олжаға батқан екен!..
Аттан салды Сарыбай:—Атқа мін!—деп,
Күн шығысқа беттепті жылдам жүр,—деп.
қозы көрпеш—баян сұлу
Кейбіреулер күңкілмен табалайды,
«Құдай дескен құдаңа айтпа бүй деп».
Қодар жүр күйген көмір таудай болып,
Таусылған сабыр күйі аңдай болып.
«Қалай маған білгізбей әкетті?» деп,
Көзіне жанның бәрі жаудай болып.
Қамшылап ала бедеу жөнеледі,
Батырсынып, бәлденіп өнегелі.
Кешегі көрген түсі есіне кеп,
Сескеніп топтан шықпай бөгеледі.
Күш-қуаты болғанмен әруағы жоқ,
Шұнақ құл ермен қашан теңеледі?!
Оңғарса Алла жолын, Қозыекенің,
Жеткенмен жетесізге не береді?!
Қуғынға сайланады бір жүз кісі,
Қорқып жүр талайының құрып мысы.
«Әттең көзге көрінсе көрсетер ем,—
Деп жүрді кейбіреуі қайрап тісті.
Қос ат мініп қумасақ жету қиын,
Олар да соғыс салар жетсе күші».
Тауасар Баянды ертіп оза жүрді,
Жүкті ат та оларға еріп соза жүрді.
Қозыке, Жандос бастап жеті батыр,
Арттағы қуғыншыны тоса жүрді.
Сайланып сауыт-сайман, жау-жарағын,
Жаусырап, айбаттанып қоза жүрді.
Ертеңінде қуғыншы келді жетіп,
Аз шоғырды көзге ілсін олар нетіп.
Қаптап келіп қалпақтай түсірмек еді,
Селдіреді жеті ердің тізесі өтіп.
Жұмсамады қаруды найза, мылтық,
Қамшы сілтеп сойылмен келеді түтіп.
ғашықтық дастандар
Жұлқыласса жанына жуытпайды,
Тиіскенді құнығып ажал түртіп.
Сарыбай шал Жандосқа қарсы кеп еді,
Аттан жұлып түсірді мысын құртып.
Ақжалды аударды да мініп алды,
Күлтелі жал-құйрығы бүртік-бүртік.
Қоғанды қарсы ұмтылған жаралады,
Қылышпен қия шауып қолын қырқып.
Қодар кеп Қозыкемен сайысады,
Найза сілтеп, қылышпен шабысады.
Ала бедеу ойқастап ырғығанда,
Бурыл да бұлтақ қағып қарысады.
Шоқпармен бірін-бірі көміп кетіп,
Айналып кеп айғайлап алысады.
Қылышпен Қозы ұмтыла шауып еді,
Қодардың шекесінен қаны тамды.
Қан жуып беті-басын кеткен кезде,
Аттан ауып есі де ауысады.
Қодарға кеп сүрінген бурыл тұлпар,
Жер сүріп, сүріншектеп майысады.
Екпінімен құлаған ер Қозыке,
Жіліншігі шорт сынып, талып қалды.
Сәлден соң есін жиып, көзін ашса,
Тұр екен бурыл тұлпар—бұт артары.
Дөңкиіп орға құлап Қодар жатыр,
Құдыққа кептелгендей аю мәңгі.
Тіршілік байқалмайды тұлғасынан,
Мәңгіге күйрегендей қуат тауы.
Сирағын Қозыке орап шылбырымен,
Бурылды мініп алды әйтеу тағы.
—Кетелік енді айланбай, Жандос, досым,—
Деп Қозыке Жандосқа жетіп барды.
Ақжалды батыр Жандос алған мініп,
Жауына оқтай зулап салды бүлік.
Тіресіп күш көрсетер қуат болмай,
Жау кетті қасқыр тиген қойдай ығып.
қозы көрпеш—баян сұлу
Өлігіне, көлікке, қаруына
Қарай алмай қайырылып кетті бұғып.
Алпыс ат, қару-жарақ олжа алып,
Жеті батыр жеңіспен кетті жүріп.
Сол бетінде жүреді түніменен,
Шайқас қылған еді ғой күніменен.
Таңға жақын жолдасын жетті қуып,
Зарланған сұлу Баян үніменен.
Артынан қуар жаудан құтылған соң,
Бес күн жатып тынықты жүгіменен.
Кір жуып, ат-көлігін тынықтырып,
Емдеді жараларын шыныменен.
Үзілген Қозыкенің жіліншігін,
Тауасар, Жандос таңды қолыменен.
Жасатып ат үстіне өбек төсек,
Алып жүрді көште оны соныменен.
Қашқан қыз байсал тартқан көштей болып,
Уаңға келіп жетті тобыменен.
Алдынан Уаң шықты хабар алып,
Болмай ма адал достың беті жарық.
Бес үй тігіп қонағын күтіп алды,
Сый-құрметін көрсетіп, қылып сауық.
Қуанып Уаң ұлықтар қылды тойды,
Қанша бие, қанша өгіз, көп қой сойды.
Тұлып-тұлып торсықпен арақ-шарап,
Тойшыларға ішуге әкеп қойды.
Моңғолша тоймен бірге ән-күй айтып,
Тауысты тартқан бейнет жапалы ойды.
Жазылып қол-аяғы бұрынғыдай,
Түзеді ер Қозыке енді бойды.
Жаз шығып жүрмек болды үш ай жатып,
Сыйлады Уаң ұлықтар таңырқатып.
Екі отау, алты шатыр тігіп берді,
Өзінен туған қыздай мұны ұзатып.
ғашықтық дастандар
Неше түрлі моңғолша асыл бұйым,
Лайық хандығына тіпті ұласып.
Аталы хан тұқымы қайраны мол,
Берген жоқ міндет үшін пұлға сатып.
Ер-әйел боп төрт кісі қоса берді,
Саған қызмет етсін деп онда жатып.
Баянға бір білезік, алтын сырға,
Бижіңнен әрең келген шықпас қырға.
Жүз жамбың бағасына жетпес еді,
Егерде алушы боп сатса пұлға.
Құт ұйып ұзағынан сүйіндірді,
Қалсын деп дәл осылай ұлы тұлға.
Уаңға Қозыке де қылды тарту,
Жолаушыға қиын ғой одан арту.
Аққолтық пен өзінің бурыл атын,
Ақ шиті Сарыбайдың садақ-сарпу.
Болат қанжар, дүрбісін қоса берді,
Дүрбінің асылдығын Уаң көрді.
Сарыбай іштен келген бір мәнжуді,
Мас қылып, жүз ат беріп алып еді.
Сол екен тым бағалы асыл нәрсе,
Уаңның Қозыкеге мейірі өнді.
«Кісіге тауып достас болған екем,
Көрмеп ем мұндай бақты, мұндай ерді».
Қоштасып, құшақтасып қол қысысып,
Қонбаққа аттарына түрегелді.
Жолдастыққа хан қосты қырық кісі,
Құрметі Қозыкенің ханның ісі.
—Дәл еліңе жеткізіп қайтсын бұлар,
Жолда жауға алдырмас жетсе күші.
Өзі де күндік жерге шығарып сап,
Айрылды екі жаққа сөз желісі.
қозы көрпеш—баян сұлу
Кеш қонып келе жатыр ерте көшіп,
Құдайдың бергеніне көңілі өсіп.
Аң ауласып, сап мерген сауық құрып,
Рахатпен жүреді әлде нешік.
Жауы жоқ, жар-досынан басқа бөтен,
Қам-қайғысыз жатады белін шешіп.
Қар еріп, мал да төлдеп болып еді,
Неше өзен, неше қырлар бәрін кешіп.
Тауекең төрт кісіні қасына алып,
Алдымен сүйіншілеп кетті есіп.
Шапқылап екі күнде елге келді,
Мекені Бурыл-Шіңгіл белге келді.
Тоғыз күн ел көшкелі болған екен,
Жайлауға жаңа шыққан жерге келді.
Құшақтап қуанышын Тауасар бай,
Келгенде бүтін елі көзбен көрді.
Тауекең айғай салып сүйіншілеп,
Ауылына Қарабайдың келген еді.
Көрісіп Тауасармен желбіреді,
Қайғы-уайым тарқалып селдіреді.
Сүйіншіге бір жүз қой, он бір түйе,
Бәйбіше Тауекеңе төгіп еді.
Келеміз Баянды алып ырғап-жырғап,
Деген соң Майлыбай ер семіреді.
Достары шаттанысып Қозыкенің,
Дұшпанның қабырғасы сөгіледі.
Иемсініп, ие болып жүргендері,
Аһ ұрып бір жолата жеңіледі.
Ел болып бір күншілік жерге шықты,
Өлең, той, сауық десе бәрі мықты.
Шын ниетпен қуанса кейбіреуі,
Көре алмай кейбіреуі қайғы жұтты.
Көрісіп үлкен-кіші жатыр жылап,
Бұларды сөге алмайды ешкім сынап.
ғашықтық дастандар
Он бірі бет-бетімен көріседі,
Майда тіл тасты еріткен өңкей саңлақ.
Сонда алдымен Майлыбай бидің амандасып айтқаны:
—Саламат сақтап бір Құдай,
Келдіңдер ме аман, қарағым?
Жеткізді ме мұратқа,
Ойлап барған талабың?
Намыс үшін жіберіп,
Арғымақ аттай жарадым.
Түнде түсте, күнде есте,
Телміріп жолға қарадым.
Не болды деп күйзелдім,
Жүрмегендей араным.
Қозыке, аман келдің бе,
Ордалы ата жанабым?
Баянжан, балам кемел тап,
Құтты болсын қадамың!
Тауасар, досым, мың рахмет,
Мың кісіге баладым!
Жандосым, қайда бері кел,
Сағымға ілген садағым.
Жолаушы барған топ жігіт,
Намыс қуған көп жігіт.
Бәріңе болсам садаға,
Жарасқандай еп жігіт.
Бәріңнің жасың ұзақ боп,
Арттырсын Құдай талабың!
Жүрсін деп басшы қолын бұлғайды енді,
Айғайға ат елегізіп тұрмайды енді.
Қозыке, Жандоспенен екі мырза,
Көрісіп қалың елге жырлайды енді.
Салады бұрап-бұрап сырнайға енді.
Екпіні от арбаның зырылындай,
Зботы электрдей зырлайды енді.
қозы көрпеш—баян сұлу
Жандос пен Қозыкенің ел мен жұрттың, жер-судың аман
дығын сұрағаны:
—Сақта осында, Тәңірім,
Аман ба екен елдерім?!
Елімнің қонған тұрағы,
Асқар тау, жазық белдерім.
Шалғында өскен көп ойнап,
Сағынған туған жерлерім.
Құба түз дала, сортаң тау,
Тапқанша сая терледім.
Бұғы, марал таудағы,
Балықтарым аудағы,
Бәрі тегіс аман ба,
Сілеусін, ілбіс, шерлерім13?
Қырандағы жануар,
Неше түрлі аңы бар,
Арқар-құлжа, таутеке,
Ұзамай-ақ табылар.
Құмдауытта жүретін,
Түйе, киік керлерім.
Тиін, сусар, жанаттар,
Кәмшат, алтай құндызы.
Жаздағы құны қарамор,
Өңкей асыл пернелім.
Балалар бақ-балапан,
Сасық күзен, сартышқан,
Ор қоян олжа теңдерім.
Бүркіт пенен қаршыға
Саятшы жүрер бар шыға.
Лашын, тұйғын, сұңқары—
Ойнаған ұстап ермегім.
Доғдуадақ, көлде аққу,
Үйрек-қаз тамақ жемдерім.
Соларды бағып өсірген
Айдын-шалқар көлдерім.
Мал өрістеп су ішкен
13 Шерлерім — «арыстандарым» деген мағынада.
ғашықтық дастандар
Өзен, су, бұлақ кеңдерім—
Жердің көркі аман ба?!
Терек, шетен, емен мен
Ерен мойыл салдары.
Жаңғақ, өрік, алма ағаш,
Бүлдірген тәтті балдары.
Таңқурай мен тошала,
Өңкей жеміс аңғары.
Сондай жақсы мәуеде
Саялап жатқан шалдары.
Балалар ойнар сауық сап,
Өргенше баққан малдары.
Ер қанаты ат туған,
Жылқының күлте жалдары.
Өріске барса өкірген,
Қораға келсе секірген,
Балаларға сүт берген,
Есен бе сиыр сандары?
Жақсы-жаман аралас,
Бір қатары қаралас.
Айыр өркеш құл түйе,
Қомдық біткен нарлары.
Жазғытұрым құрлаған,
Тоқты шақтың енесі,
Жайқалған қой таңдары.
Қасқыр көрсе пысқырған,
Құйрықты бұтқа қыстырған,
Тас қашаған тұяғы,
Ешкі деген жануар.
Сол қораны күзеткен,
Далада жатып сыз өткен,
Қыран тазы, қотаншы ит,
Малға жуық заңдары.
Неше түрлі ұлт бар,
Ақбас шыңда бұлт бар,
Бүтін бе жердің аңғары?!
Халқын әділ басқарған,
Басшылар мен хандары.
қозы көрпеш—баян сұлу
Палуан, батыр өктемдер,
Жауына күші жеткендер,
Бағлан мырза саңлағы.
Жеңге, келін, құрбылас,
Әйелдер бар тұрғылас.
Қалыптан бойы озбаған,
Үйдің көркі бойжеткен,
Сарала алма паңдары.
Кәрі шешен, қарт ана,
Дұғагөйім аман ба,
Еңіс тартқан алдары?!
Халқына болды сұрап амандасып,
Қадірлеп бәріменен саламдасып.
Ауылына Қарабайдың тура аттанды,
Бозбала, қыз-келіншек дараңдасып.
Алыстан келін түсті елдей көшіп,
Мақтасты құрбы-құрдас желдей есіп.
Бұрын-соң құлақ естіп көз көрмеген,
Сипаты мұндай сұлу көркем десіп.
Аты да келісімді Баян екен,
Құдайдан шын тілесе аян екен.
Біз бұрын қатын алдық дегеніміз,
Малымыз оған берген шаян екен.
Бейшара елімізге болсын құтты,
Әруақты келген шығар ойлап жұртты.
Адамзат бұдан артық қайтіп тусын,
Алмаса аспандағы нұр бұлтты.
Көк қасқа ат айтып сойып, үйін тікті,
Сымбалдап14 жасау-жабдық жиып жүкті.
Ат жетер жерге дейін хабар қылып,
Той жасап күтіп алмақ жалпылықты.
14 Сымбалдап — сәндеп, әшекейлеп деген мағынада.
ғашықтық дастандар
Шақырып жігіттерге киіт берді,
Құрметпен қарсы алып Жандос ерді.
Майлыбайға түрлі-түрлі киім жауып,
Алдына үйіп асыл терілерді.
Өзіне лайықты сыйын алды,
Жаратпай нысапсыздық сол өнерді.
Той қылды дәл жарым ай елін жиып,
Аямай дәулетінің бәрін қиып.
Тамаша жұрт көрмеген алуан-алуан,
Рухына бозбаланың тұрған сыйып.
Ат шапты, құнан шапты, тай да шапты,
Жүгіріп жаяу бәйге жайға шапты.
Ағашқа ақ жамбыны іліп қойып,
Мергендер арыстандай айға шапты.
Кермеден жамбы аттырды оғын кезеп,
Садақшы дәлдеуіне барды тежеп.
Садағын сағымға ілген мергендер жүр,
Аяғы аттарының безек-безек.
Күнінде он атсаң да тіге беред,
Ақша, пұл жерге үйіліп қатар тізед.
Сол тойы Қозыкенің болған үлгі,
Өлмейтін адам болмас темір өзек.
Әр бәйге Қозыкеден жатыр шығып,
Асырмақ тойдың даңқын оғып-бұғып.
Шұңғылдау тегенеге қатық ұйтып,
Тістетті шалға жамбы басын тығып.
Бұрын соң құлақ естіп, көз көрген жоқ,
Бәрінің көңілі шат, тамағы тоқ.
Қазыққа нар түйені байлап қойып,
Тоңқайып қатын шешті жалаңаш кеп.
Ел қайтты риза боп тойы тарқап,
Құттықтап алғыс айтты Баянды алқап.
қозы көрпеш—баян сұлу
Бұрынғы еліңді ойлап, жарыңды ойлап,
Алдыңнан келдің десіп ақ жарылқап.
Той тарқарда Тауасар шешеннің Баянға айтқан беташары:
—Айт, келін-ау, айт келін,
Атыңның басын тарт келін.
Жай жадырап жат, келін,
Тәтті тамақ тат, келін.
Үлкенді сыйлап қадірлеп,
Жастардан жат қаш, келін.
Жақсы-жаман деместен,
Бәріне қояр ат, келін.
Арқан ессең, бос еспе,
Өкшеңменен жер теспе.
Үлгілі бол, шырағым,
Абысынмен тістеспе!
Сырттан ғайбат сөз қылып,
Біреуменен кектеспе!
Әдепті сөйлеп күлімде,
Жаман атқа ілінбе!
Шылауышың тұштаңдап,
Ит үргенге жүгірме.
Ағайынмен араз боп,
Көрместей болып түңілме.
Қонақ кірсе үйіңе,
Құрметінен кідірме.
Қырын қарап төрге отыр,
Алдың жаққа үңілме.
Атаңа бер сәлемің,
Ойыңда болсын әдебің.
Қайын аға, қайын көргенде,
Жеткіз сөздің мәнерін.
Сізге берер көрімдік,
Келінім, қылма керімдік.
Аямайды қызықтан,
Жолын білер кәденің.
ғашықтық дастандар
Енеңіз сіздің елге құт,
Сәлем қыл тұрып енеңе.
Қалауыңның атын айт,
Бермесіне немене?!
Түйе берсең сарыдан,
Төңіректі шарыған.
Өсерлісін таңдап бер,
Түсіне қызыр дарыған.
Жылқы берсең бөртеден,
Бұйра жалды келтеден.
Құлындарын байласын,
Қымыз үшін ертеден.
Ешкі берсең семізден,
Лақ табар егізден.
Қой бастайтын көсемі,
Қайқы мүйіз серкеден.
Сиыр берсең қарадан,
Сүт кетпейтін шарадан.
Бала-шаға шарылдап,
Қаймақ пен май жалаған.
Бағушыға міндетсіз,
Өзі келер даладан.
Қой берсеңіз қоңырдан,
Бөлек қонсын тобырдан.
Жалпақ құйрық қойдан бер,
Майы қайтар обырдан.
Келін келді, келіншек,
Келінім болғын көңілшек!
Үйге қонақ келгенде,
Тамаққа болма еріншек.
Иіліп сәлем жасап тұр,
Анда-санда көрінсек.
қозы көрпеш—баян сұлу
Жаман адам келді деп,
Келінім болма жиреншек.
Келін келді, келінім,
Бұл келіннің керімін.
Елге үлгі болғандай,
Бой түзеткен селімім.
От басына ұл толсын,
Төсегіне қыз толсын.
Бағы ашылып бай болсын,
Айырмасын Құдай серігін!
Үлкен аға, кіші іні,
Жегжат-жұрат дос шыны.
Бұл келіннің көрелік,
Көрімдігін беруін!
Беташарға бір түйе, бір ат берді,
Қарабайдың дәулетін әркім көрді.
Ел дулап, разы болып бәйбішеге,
Қош айтып, жөн-жөніне жүре берді.
Сарыбайдан хабар
Кейінгі Сарыбайдан келеді сөз,
Қозыке тартып алды көзбе-көз.
Еліне қуғыншылар қайтқаннан соң,
Қодардан дау шығады тезінен-тез.
«Мен өзім ноғайлының бектері едім,
Атақты ел ағасы көптер едім.
Не сынды бай-манаптың қызын дағы
Жақтырмай көңіліме кеткен едім.
Баянды аламын деп келгенімде,
Тимеймін дегеніне өкпеледім.
Он жылға бір уағда тоқтам етіп,
Мезгілі біткенінше шекте едім.
ғашықтық дастандар
Жер ұзақ еш алысқа кете алмас деп,
Қалжыңмен тиіп-қашып шеттер едім.
Жолымды тап, енді мені елге қайтар,
Намысты сонан бергі тексеремін.
«Ел болып етсек» деген жауабың бер,
Өйтпесе әскерімді жөткеремін!
Құл қылып азат басты атақ алдым,
Еліммен енді не деп бет көремін?!
Алты жыл болды менің жүргеніме,
Қылыштан шамам жетсе өткеремін.
Кесілді Баян үшін бастан құлақ,
Құлақтың ұшын алам кімнен сұрап?
Әр түрлі телім-бағыс толып жатыр,
Айтуға ұяламын санын құрап.
Баянды қатын қылып алмаған соң,
Болмайды сенің елің маған тұрақ.
Мал таптым ойдан орып, қырдан қырып,
Сонымды, ей, Сарыеке, ойла бір-ақ.
Жолдас боп дәм-тұзыңды татсам дағы,
Аламын енді сенің мойның бұрап!..»
Қодекең осылайша қодаңдайды,
Сарыбай бұрынғыдай бола алмайды.
Бәрі шын оқиғаның бастан-аяқ,
Қодарға айып бермей оңалмайды.
Қодарды олай-бұлай алдаса да,
Баян жоқ, көңіліне қона алмайды.
Кеңесті жұрты болып олай-бұлай,
Дөңкиіп Қодар батыр жатыр солай.
«Осыған мал бермесең, ел шабады,
Ақыры тартуым»,—деп берген қолай.
Деп сөйлесіп Қодарға келіседі,
Қуалап өткен істі теріседі.
«Баянды қашан сенен аядық біз,
Ала алмаған өзің»,—деп көріседі.
қозы көрпеш—баян сұлу
Ала алмаған кінәсі өз мойныңда,
Әйтеуір жоққа сылтау жеңіседі.
Тапқан мал, қылған еңбек ақыдай қып,
Жүз түйе, жүз ат сыйлық беріседі.
Оны алып өз жайына Қодар кетті,
Құдайым Сарыбайды тентіретті.
«Өзімді-өзім бұзып кетіп едім,
Жетімше бүгін мені көтке тепті.
Қозыеке мен Баянға амандаса,
Кейінгі ел-жұрттарға барсақ етті».
Бай кірді осылайша ақылына,
Бұл ақылын сынатты қатынына.
Баласы, бауырларын түгел жиып,
Ойлатты қалайша деп жақынына.
Бәрі де дұрыс қой деп қостай берді,
—Болмайды барып көрмей ондай ерді.
Ақыры бізге сүйеу бола алады,
Тапқан ғой даналықпен осы жерді.
Шешесі Гүлжан өзі бармақ болды,
Еңіреп Баяным деп зарлап болды.
Ағасы Сағынбай мен Айсұлуды ап,
Жолдасқа қырық кісі арнап қойды.
Ел көрмеген өрнекпен үй тұрғызып,
Баянға жасау-жабдық салмақ болды.
Ат-көлік, азық-түлік даяр қылып,
Бір айда жүреміз деп парлап болды.
Шыққанда ел жайлауға жүріп кетті,
Олар да басқан жерді дірілдетті.
Дәл үш ай тоқтамастан сапар тартып,
Еліне Қозыкекенің келіп жетті.
Шапқылап Қозыкекеге хабар берді,
Бүгін жетіп қонақтар төменгі елді.
ғашықтық дастандар
Қозыке түні бойы хабар айтып,
Аймағын түгелімен жинай желді.
Жүз жігіт, жүз келіншек, қыздан елу,
Алыстан сыйлы қонақ келеді керу.
Сағынып, сарғайысқан бейнесі бар,
Көрісіп қиын екен мұнда келу.
Ол күні жылап-сықтап болды көру,
Кеш батып сол арада болды еру.
Құда менен құдағидың құрметіне,
Қалайша сән құрсаң да емес жеру.
Болмайды бір кісіге бұдан артық,
Өмірінде осындай қызық көру.
Талай-талай әсемі айтылмады,
Қағазға симайды екен бәрін теру.
«Алла тағала аққа жақ» деген мәтел,
Адал болса осылай тілеу беру.
Айсұлудың Баянға көріскенде айтқаны:
—Айналайын, жан бикеш,
Жүрмісің аман саламат.
Өз әкеңіз бай ата,
Айтты сәлем аманат.
Сағынып сізді сұрайды,
Туысқан жақын жамағат.
Түзуіне кетті деп,
Байламады жаманат.
Қош ойлады қиыр жат,
Естіген ел бәрі де,
Үлкен-кіші кәрі де
Батасын берді сыртыңнан,
Болсын деп аман асыл зат.
Бір Қодардан басқаның,
Көңілінде емес дат.
Орнықты ма көңілің,
Құтты болсын тұрағың!
қозы көрпеш—баян сұлу
Күйеужан, аман жүрмісің,
Қырымнан көрген, қырағым?!
Көк сұқсырды көргенде,
Аспандап ілген қыраным.
Тәңірі біледі пенденің
Өмірі қанша тұрарын.
Күндіз есте, түн түсте
Амандық сізге сұрадым.
Жазғытұрым самалда,
Арқадан төккен шуағым.
Көкейімнен кетпеді
Бірге тұрған уағым.
Келешек өмір сендерге,
Төксін Алла шуағын!
Айсұлу осылайша сырын айтты,
Сыр емес көңілдегі кірін айтты.
Баян елін басқарып сұрағанша,
Жеңгесі амандықтың түрін айтты.
Сөйлесіп еститін бар, естімейтін,
Әшкере білдіруге бұрын айтты.
Елінен ауып алыс кеткеннен соң,
Заманның басқа келген қырын айтты.
Көріскенде Баянның айтқаны:
—Жеңеше-ау, Аякөздей жер аман ба,
Сарыарқа, екі-үш ауыл бел аман ба?
Шын жібек Жиделі мен Үржардайын,
Еміл су құятұғын көл аман ба?
Бір шеті Тоқтабарлық, Тарбағатай,
Жетісу, Шабыққайқаң кер аман ба?
Сол жерде өсіп-өніп малын баққан,
Аралас қалмақ-қазақ елі аман ба?
Еліне басшы болған би мен төре,
Сұраған жұртын билеп шені аман ба?
Елдегі кемпір мен шал, бала-шаға,
Палуан мен бағлан мырза, сері аман ба?
ғашықтық дастандар
Далада салған егін, түрлі миуа,
Шыққан шөп малға тамақ, кені аман ба?
Туысқан, әке-шеше, бауырластар,
Ер-әйел, үлкен кіші дін аман ба?
Бірге өскен қыз-келіншек құрбыларым,
Қаптаған бәрін бірдей пері аман ба?
Алыс-жақын аралық жегжат-жұрат,
Құда, дос, сыйласымды дені аман ба?
Бәрі де құдіретпен тұрған шығар,
Ішінде көптің бірі, сен, аман ба?
Осылай амандасып болды бұлар,
Бәрі де шешендік пен сөзге құмар.
Сайратып бұлбұл құстай қызыл тілін,
Баянның көп сағынған көңілі тынар.
Көрісіп, мауқын басып елі-жұрттың,
Ауылға ертіп жүрді ұмар-жұмар.
Түсірді қонақтарын ауылына,
Көніп тұр қазір елі қауылына.
Отау-шатыр дегенді кере тігіп,
Барлықпен көніп жатыр ауырына.
Той және тағы-тағы таң тамаша
Баспады еш олжаны бауырына.
Жүз бие, елу сиыр бөліп берді,
Күтетін меймандардың сауынына.
Таңдатып жолаушыға ат мінгізді,
Келіскен қарап-қарап сауырына.
Құдалар еш қайғысыз жата берді,
Күз бен қыс төтеп беріп дауылына.
Құрметпен осылайша алды күтіп,
Қыс кетті салтанатпен уақыт бітіп.
Мал төлдеп, абыр-сабыр басылғанда,
Қайтсақ деп Қозыкеге айтты сөйтіп.
—Күйеужан, қайтуға рұқсат келмек көңіл,
Құдайым ұзынынан берсін өмір.
қозы көрпеш—баян сұлу
Не болды кәрі кісі, ел-жұртымыз,
Жүруге жаз жадырап болды жеңіл.
Шешесі, аға-жеңге қайтпақ болып,
Жылайды Баян Сұлу ағыл-тегіл.
—Қарағым, шаруаңа қаратпадық,
Жолаушы кісі аяй ма, болар жемір.
Қозыке биыл жайла деген болды,
Қимастық сөзін айтып оңды-солды.
Жолаушы жүрерге бел буғаннан соң,
Не түрлі даярлайды тарту-жолды.
Алтынды зер, маңлық тон бұйымдармен,
Кемпірді өлмесе де тірідей көмді.
Екі арғымақ, бір қоқан ер-тоқымды
Сарыбайға сәлемге лайық көрді.
Жеңгесіне он түйе, отыз жорға,
Сағынбайға жүз-жүзден сыйлық төнді.
Жолдастары екіден қос ат мініп,
Бәрі балқып, жоғының табысы өнді.
Айтұяқ жүрер күні айтып сойып,
Ықылас енесінен сұрап көрді.
Енесі зар жылады бата беріп:
—Шырағым, біз қайтейік жата беріп.
Тірі болса шалымды қуантайын,
Бастан-аяқ сырыңның бәрін теріп.
Ісің теріс деп айтып жасытайын,
Жазғанға мен не дейін созып-керіп.
Ендігі күн, қарағым, сендердікі,
Біз боламыз, шырақтар, қанша серік.
Қозыке,—бар деп айтты ,—Баянжанға,
Біз де қорықтық жасымыз таянғанда.
Ендігі жыл келіңдер, қарақтарым,
Еншілерің береміз аян заңға.
ғашықтық дастандар
Жер алыс, бармақ-келмек бізге қиын,
Қартайдық өлмейтұғын аял бар ма?—
Деп осылай шақырды балаларын,
Айтып арыз көңілдің қамаларын.
Қазір бірге санап жүр мал мен басын,
Құдайым айырмасын араларын.
«Ендігі жыл жайлауда барамыз»,—деп,
Білгізді жүретұғын қарарларын.
Азыққа отыз бие, жүз қой айдап,
Қозыке әзірледі бәрін жайлап.
«Жол алыс ұзақ жүріп шыдамайды,
Барсын,—деп,—кәрі кісі қазы шайнап».
Бағыстан келген халық таң қалады,
Күйеудің жомарттығын көзі абайлап.
Қарабай Сарыбайдан он есе артық,
Жинаған мұнша дәулет түйе байлап.
Қозыке ержетерін білмеген ғой,
Қашты екен елден неге соры қайнап?!
Сарыбай өзі бастық бағыс елі,
Жығылар аяғына болып аймақ.
Көп кісі бір күндікке шығарады,
Жұраттың қадірі енді сыналады.
—Қарағым, осы арадан қайтыңыздар
Жол тыныш, енді бізді кім алады.
Деген соң қайтпақ болды шығарып сап,
Баянмен көріседі бел құшақтап.
Қырық кісі көрісіп болғанынша,
Түс ауып, бесін болды уақыт тап.
Сағынбай бастап жүрмек қалың қолды,
Жыласып, көрісіп ап көңілі толды.
Екі кәрі құдағи айырылмады,
Бәрінен мына ісі қызық болды.
қозы көрпеш—баян сұлу
Айырылып жөн жолына кетеді енді,
Жол кірісі осы деп төтеледі.
Көп күндер дамыл алмай қатты жүріп,
Еліне аман-есен жетеді енді.
Сарыбай келгеніне қуанады,
Күйеудің ерлігіне жұбанады.
«Рақымет, қарағым, бағы ашылсын,
Баяным қызыл кірпіш бола алады.
Қодар құл жарлау жердің жапалағы,
Жүн етіп табанында уалады».—
Деп ойлап, шүкір қылып жата берді,
Алтай таудың атағын атап еді,
Бір көрсем тірлігімде соларды деп,
Сағынып келмегені батады енді.
Жас болсын, кәрі болсын бастан өткен,
Түзетіп ойдан жуды қателерді.
Бір жылдай екі тарап тынығады,
Жолаушы барып-келіп шынығады.
Дәулеті екі жақтың сай болған соң,
Олжаға алуан-алуан құнығады.
Қар кетіп, мамыр айы туып еді,
Жаз шығып дүние жүзі жылынады.
Қайнына жолаушылап ер Қозыке,
Жүруге дайындығын қылады енді.
Тағы алып Тауасарды қолбастыққа,
Отыздай жігіт жинап жолдастыққа.
Ат жайлап ертелі-кеш көшу-қону,
Басқалар жарамайды жөн-жосыққа.
Қайынға қарай суыт жүріп кетті,
Ежелгі атақ-абырой жер күңірентті.
Көрісіп Уаң досына аз күн тұрып,
Кеп жетті бағыс елге аспа-төкті.
ғашықтық дастандар
Танысып құда, күйеу, балдыз, жеңге,
Сауық сап неше күн мен түндер өтті.
Той жасап, бай Сарыбай күнде жайлап,
Ат шабыс алпыс түрлі ойынға айдап.
«Жеткізем атағымды жер түбіне,
Тұрғанда жаным тірі, көзім жайнап».
—Бір жыл тұрып еліңе қайтыңдар,—деп,
Сөйлейді Сағынбай да жарлық айлап.
Жаз бітіп, қыс өтісін қалды күтіп,
Істейді сауқым сәнді жүндей түтіп.
Бір зауал естігендей кез болады,
Сәтсіз күн шыққан екен ажал түртіп.
Қодар құл бітім алып кеткен екен,
Еліне ол да аман жеткен екен.
Еліне оның қадірі бола алмапты,
Бұрын десі халқына өктем екен.
«Қыз ала алмай қазаққа құл бопты», — деп,
Ноғайлының адамы өкпелі екен.
«Шіркін-ай! Жетең жоқ-ақ екенсің»,—деп,
Әркім-ақ көзіне айтып сөккен екен.
Алты жылдай Баянға алданғаны,
Қорлық боп көкейіне жеткен екен.
Қодар құл тілеу тілеп жүрген жылап,
Қозыке келе ме деп елден сұрап.
«Бір кек алып сол мезет өліп кетсем,
Тырнақтай арман қалмас менде бірақ.
Дүние ісі, дүниеге кетпеуші еді,
Баян үшін құлағым болды шұнақ.
Дариға-ай, армансыз-ақ болар едім,
Тістесем қолым жетіп мен де құлақ».
Кейде ойлап тілеу тілеп жүреді екен,
Кейде жылап, кейде арсыз күледі екен.
Күшпенен зорлық қылып алмаса да,
Амалдың болатынын біледі екен.
қозы көрпеш—баян сұлу
Бар екен Шағатай деп достас жігіт,
Қодарға көңілі жақын қоштас жігіт.
Қодарға сол құлақ боп жеткізіпті,
Келді деп Қозы—Баян қайыншылап.
Бұлайша Әбдіжаппар хабар алды,
Көңіліне естігенін жаман алды.
Бұрыннан ойлап жүрген хайласы бар,
Кешікпей Аякөзге бара қалды.
Үстіне диуанаша киді киім,
Бергеннен садақа деп алып бұйым.
Білгізбей Қозыкеге жетпек еді,
Болмаса керегі не жалғыз тиын.
Дұшпаннан іс келмес деп ойланбаңдар,
Ақыры бұл хайланың болар қиын.
Өзі де сасық жыннан тым құр емес,
Азырақ сәуе сөйлеп жүрген жиын.
Бір диуана ел шетін ақтап жүрді,
Анада мынау бар деп қақсап жүрді.
Садақа, қайыр жиған нәрсені алып,
Қасында Шағатай ит жақтап жүрді.
«Ел еркін, ауыл иесіз болған кезде,
Барсам»,—деп ақ отауға шақтап жүрді.
Қозыке бір түс көрді ұйықтап жатқан:
Бір топ ноғай келіпті сауда сатқан.
Үш түрлі нәрсе алды беріп пұлын,
Қызыл-жасыл бір бұйым бояулатқан.
Бояу қолға жұғады кепкен емес,
Жұққан соң қырса дағы кеткен емес.
Жуа-жуа қолдары желім болып,
Жабысып қалды, бұл да тектен емес.
Жабысып қолдарынан айрылмады,
Оны көріп ешбірі қайғырмады.
ғашықтық дастандар
Саудагер аяқ-қолын байлап алып,
Жүріп кетті жолына қайрылмады.
Қозыке анда-санда бай-байлады,
Күш-көмек келе ме деп айғайлады.
Артынан ешкім қуып келмеген соң,
Бір жерге алып барып жайбарлады.
Саудагер Қозыкені уалады,
Дем салып басы-көзін дуалады.
Сиқырлап бір кептер қып ұшырғанда,
Қолынан құтылғанға қуанады.
Кептер болып аспандап заулап ұшып,
Ішкен-жеген нәрсенің бәрін құсып.
Бір үлкен ала көлге кез боп қалып,
Қанаты талып соған кетті түсіп.
Далбырлап су бетінде малтап жүрді,
Толқында бір жүзеді, бір көмілді.
Шыға алмай әлектеніп жүргенінде,
Оянып түсі екенін өзі білді.
Бейшара көрген түстен кетті шошып,
Не көрсе көрген шығар Құдай қосып.
Қорыққанынан жүрегі лүпілдеді,
Лажы жоқ бір жерге қашар босып.
Айтпады бір адамға көрген түсін,
Қуарып шошынғаннан қатты пішін.
«Арына салса тағдыр лажы жоқ»,—деп,
Сақтады ерлікпенен келер ісін.
«Баянға айтсам ойлайды сары уайым,
Қапаланса болады өзі жазым.
Сыр берсем ешбіреуге қайрат емес,
Тоқталып күлкі ойыннан не қылайын.
Тәңірім не салса да разымын,
Санаулы басымдағы күн мен айым».
қозы көрпеш—баян сұлу
Сол күні түс көреді Баян дағы,
Құдірет аян берген оған дағы:
Ақ ордасын күйретіп жел жығыпты,
Салма, басқұр оған сеп бола алмады.
Жығылған үй өртенді отқа қаулап,
Су сепсе бара жатыр майша лаулап.
«Қайран дүние бұзылып кеттің бе?»—деп,
Ер Қозыке жылайды отқа аунап.
Бір кезде күйіп-жанып оттан қашты,
Үйінің күйгеніне төкті жасты.
Алдынан шыға келіп қабан-шошқа,
Жалтаңдап алды-артына, тағы састы.
Баян барып көсеумен ұрып еді,
Өлтірді тіл тартқызбай малғұн насты.
Құтылып ол пәледен қалып еді,
Баянды таудан құлап көшкін басты.
Баян қалды шыға алмай соныменен,
Құтылатын жер таппай оңыменен.
Ол да шошып түсінен оянады,
Жұлқынып сербеңдеген қолыменен.
Көрген түсін айтпады еш адамға,
Қорқынышты қалай түс қалды таңға.
«Шынымен қатты қауіп қылды енді,
Бір қатер таялды-ау деп шыбын жанға.
Қозыкеге мұны айтсам тынышы кетер,
Жасақты жау бұл емес қайран етер.
Не салса басымызға разымыз,
Қарсылық жаратқанға пенде не етер?
Арман жоқ жүз жылғыдай көрдік қызық,
Екі жақ дәулетіне болдық сетер»15.
15 Сетер — қадірлі, қасиетті.
ғашықтық дастандар
Не жазса маңдайыңа соны қарсы ал,
Уайымның босқа ойлаған бәрі бекер.
Күн жылып, ай ауысып өтіп жатыр,
Құдай күшті жаратқан пенде пақыр.
Алкеуде арамдықпен ғұмыр кешкен
Жетіп қалды жақындап Қодар кәпір.
Ауылға келіп түсті тура шауып,
Немене диуанадан етер қауіп.
«Садақа пәлекетті көтеред» деп,
Ат мінгізіп, бата алды шапан жауып.
Диуана құмалақ сап бал ашады,
Айтқан сәуе түсіне жанасады:
—Досың көп, дұшпаның аз жан екенсің,
Кешікпей біреу саған таласады.
Таласса арғы жағын біле алмадым,
Қорқытып біраз сапар қамасады.
Әйтеуір екі жаққа бірдей қиын,
Кім жеңілсе дүниеден адасады.
Тыныштық, қауіп-қатер көрінбейді,
(Диуана көзге айтуға шегінбейді.)
Жазым болып бір нәрсең қолдан шықса,
Өзіңе екі айланып берілмейді.
Басыңда бір мұнар тұр арылмастай,
Қанатың бұрынғыдай керілмейді.
Дүниеден өткеніңше жүзің жарық,
Қызығы ешқашанда жерілмейді.
Қарағым, біз жатамыз бүгін қонып,
Тағы да байқаймын ғой қорғап шолып.
Ғұмыр-жасың ұзақ қой, белгілі тұр,
Бұл дәулетің басыңда тұрар толып.»
Диуананы сыйлады тамақ беріп,
Тұлып-торсық ішкізді арақ беріп.
Арам шарап ішкен соң әулекі құл
Өз еркінше сөйледі қалап келіп.
қозы көрпеш—баян сұлу
Қодардың айғайлап жын шақырғаны:
—Ой бастаушы қара дарды,
Атқа міндім жасымнан.
Батырлық десе қайтқан жоқ,
Мына ғана басымнан.
Қылған ерлік көп шығар
Басымдағы шашымнан.
Жігіт болмай жидиді,
Өз қайратын жасырған.
Маған дұшпан болғанды,
Көргенім жоқ оңғанды.
Неше түрлі айламен
Ерлігімді асырғам.
Өзім жоқта аулыма,
Өзі кірген бауырыма.
Қапияда білмей қап,
Байлаулы сұңқар қашырғам.
Аһу, аһу, хақ!
Айғайламай қайтейін,
Қолға берді кезіме.
Бұраң, бүкір қисықты
Бір түзейтін тезіме.
Асыл-жасық не керек,
Аңқау да бар тым зерек.
Сарғайғанның бәрі алтын,
Қоласы не, жезі не.
Іс бастасаң тез баста,
Қарап тұрма сөзіме.
Қанжар ұшы лайық,
Жаудыраған көзіне.
Орайың болса сенікі,
Күшім жетсе менікі.
Қырық кісі бата алмас
Бір диуана өзіме.
Аһу, аһу, хақ!
ғашықтық дастандар
Тантыды деп осылай диуанасы,
Салдырлап қолындағы қу ағашы.
Айсұлу даусын естіп, сұмдық ойлап,
Жүгірді күйеуіне—ұяласы.
—Ей, мырзам, біліп келем мен бір сұмдық,
Құрысын диуана емес қылған қулық,
Қодар ұқсайды айламен кеп отырған,
Дауысын болжап недәуір қарап тұрдық.
Мас болуға таяды арақ ішіп,
Аузынан жібереді батпай құсып.
Неше түрлі жұмбақтап сөзін айтып,
Қозыкеге қарайды осып-осып.
Қозыке ол қулығын білмей отыр,
Бикеш те есі шығып түймей отыр.
Шапшаңырақ қам қылып оны байлат,
Мастықпен Құдай сақтап тимей отыр.
Құдай біледі, буынған қанжары бар,
Алаңсыз қып қапыда тигелі отыр.
Шала-пұла ішінен көріп қалдым,
Қылыштың ұшын жерге түйрей отыр.—
Деп осылай мырзаға хабар берді,
Сағынбай бұл хабарды сұмдық көрді.
—Жау аяған жаралы қалар деген,
Құрғырың мұндай болса болар,—деді.
Шақырып дайындады отыз жігіт,
—Ойладық диуанадан жаман күдік.
Қодар екен хайламен кеп отырған,
Қол-аяғын байлайық оның бүгін.
Арқан, кісен іздесіп алаңдады,
Кейбірі сеніп сөзге нана алмады.
Кейбіреуі байлауға қайраттанып,
Кейбірлері босаңсып салаңдады,
қозы көрпеш—баян сұлу
Шағатай Қодарға айтты мұны біліп:
—Сағынбай саған қазір салар бүлік.
Батпай тұрсаң қашалық, ұсталамыз,
Бекерге көп әулікпе мас боп күліп!
Қодар қылыш суырды малғұн жынды,
Қозыкесі оңаша, көңілі тынды.
—Сен де өлдің, мен де өлдім, ей, Қозыке,
Салып қап кеудесіне қарғып мінді.
Қанжары кеңірдектен кетті кіріп,
Ұстады жағасынан өлім бүріп.
Қозыке нашарланып құлап қалды,
Ақырет жастығына кетті жүріп.
Қан жауып шұрқылтайдан ақты жосып,
Отырған ел ойбайлап, қашты босып.
Баян тұрып қылышпен шауып еді,
Қодар барып жығылды ажал тосып.
Қозыке ер қапы қалды білмей құлап,
Қодар қуып өлімді алды сұрап.
Баянды зорлық қылып аламын деп,
Жаһанам боп жөнелді малғұн бір-ақ.
Өзінің һалал жұпты жолында өлді,
Қозының жаны жәннат болсын тұрақ.
Сағымбай «бауырымдап» кіріп келіп,
Шағатайды ұстады сорлы шұнақ.
Үйдің іші шуылдап жатыр қирап,
Қозыкені құшақтап Баян ширақ.
Жыламай, иман салып отырды ол,
Келгенше ел шақырып бәрін жинап.
Сарыбай жұлып жатыр сақал-мұртын,
—От боп жанып барады ішім-сыртым.
Қозыкемнің артынан мен де өлейін,
Халқым-ау, мен нетемін тірі жүріп?!
ғашықтық дастандар
Дәл төбемнен кеткені Қодар ұрып,
Бастан Құдай қорқытты Қодар қуып.
Гүл дәуренін баламның көмір қылды-ау,
Шағатай сұм Қодармен ішке кіріп.
Бәрін де ұлы жасаған отыр біліп,
Құдайдың құдіретін болмас бұрып.
Немене айтып-айтпай, уа, дариға-ай,
Мойынға түскеннен соң ажал құрық.
Қозыке жұлдыз шыға жөнеледі,
Шаһит болып жандары кенеледі.
Қалғандарға қайғысы батса дағы,
Өз өмірі мұнан артық не көреді.
Жасынан жағаласып, жаулап келген
Қодар құл кегін алып теңеледі.
Баян сорлы егіліп жыламады,
Көл қылып көз жасын да бұламады.
«Қайраттанып асылым отыр-ау»,—деп,
Көргендер ол байғұсты сынамады.
Бірі қалмай жиналып жанның бәрі,
Ер-әйел, үлкен-кіші, жас пен кәрі.
Ешбіреуге бермейді Қозыекені,
Қатты қысып құшақтап Баян зарлы.
Ақсақалдар Баянға көңіл айтты,
Сыпайы жорасымен көрім айтты.
Дүниеден көз жұмып көшкеннен соң,
Көметін қара жерге жөнін айтты.
—Жер біздің, ойла балам, анамыз ғой,
Бәріміз бір-бір бастан табамыз ғой.
Тумақ—сүннат пендеге, өлмек—парыз,
Қаза келсе бәріміз барамыз ғой.
Қозыкеге етейік сауаптық іс,
Бір Аллаға болмайды қарсылық күш.
Қарағым, Қозыкеңнен қолың босат,
Қайғысы бәрімізге болды тосат.
қозы көрпеш—баян сұлу
Алдына иман, артына құт-береке,
Өлген соң бәрімізге болады осы-ақ!
Баян сонда сөйледі тілін безеп:
—Арыз-арман айтамын келді кезек.
Өз жерінен топырақ бұйырмады,
Өлмейтін нәрсе болмас темір өзек.
Еріп кетіп жоғалды бір байталға,
Деп таба қылады ғой дұшпан кезеп.
Одан басқа арманы тіпті де жоқ,
Мың жасаса бір өлім ақыр жеңбек.
Білемін, жұрт, өлікті алмағыңды,
Алып барып көріне салмағыңды.
Қозыке енді қайда қашар дейсіз,
Тартсаңшы ана жатқан қалмағыңды!..
Қодар да жатыр еді сол жерде өліп,
Бетіне түкірісті барып көріп.
—Бүтіндей бұл малғұнды алмаңдар,—деп,
Сүйрелеп тастай салды төрт-бес бөліп.
Баянның құшағынан алып қойды,
Оң жаққа Қозыкені салып қойды.
Мықтылық өлімге қыл деген рас ,
Босатпай бекітеді буын-бойды.
—Қодардың мұндағы елде хақы жоқ-ты,
Басы берік қызды алар ақы жоқ-ты.
Зорлық қып көшкен елге күш көрсетер,
Жұғысқан бұл қазаққа таты жоқ-ты.
Құдандалы, некелі жарды өлтірер,
Болса да қаншама ынтық бәсі жоқ-ты.
Көз алдында жайратып сүйген жарын,
Енді сені сүйдім дер сәті жоқ-ты.
Жекпе-жек майдан болса тағы бір сөз,
Қапыда қастық қылмас заты текті.
Шағатайдай сандалма бұралқының,
Айтағымен жумақ па қасіретті!?
ғашықтық дастандар
Қос азғынға кектенген ел жиналып,
Өлі-тірі екеуін текпілепті.
Өлісіне тірісін таңып тастап,
Екеуін де сол жерде отқа өртепті.
Қалмасын қара жерде сұмнан белгі,—
Деп ел-жұрт қайтарыпты кетпес кекті.
Шағатайды өртеді бірге байлап,
Тірідей салды отқа азап сайлап.
Азырақ ойбайлады дым біткенше,
Күйіп-жанып жоқ болды соры қайнап.
Қодардың кегі үшін Қозыкенің,
Келгендігін білгізген болып айғақ.
Айғақтың екі беті қара дейтін,
Осыдан тағылым алған бүкіл аймақ.
Желге ұшырып жіберді жаққан күлін,
Кек алмақ болды әйтеуір сүйтіп жайлап.
Баян жүрді сыр бермей ісін жайлап,
Ысқат, құран, жаназа малын байлап.
Ғалымдар бұйрығынша іс қылады,
Артық-кем істемеді жадағайлап.
Ел күйзеліп жыласа да, бұласа да,
Тілін тістеп жүрді ол, тісін қайрап.
Жамбасы Қозыкенің жерге тиді,
Бұлбұлдай Баян жылар енді сайрап.
Баянның мұңлы дауыс айтқан сөзін,
Жамағат, құлағың сал енді абайлап.
Баян мен Айсұлудың жоқтауы:
—Қозыке, сізді ұмытпас,
Баян жылар аңырап.
Айсұлу жеңгең егілер,
Ағытқан қойдай маңырап.
Тауасар бастық, отыз ер,
Табысар кімге жамырап.
Бас саясы сіз кеттің,
Амалсыздан ажырап.
қозы көрпеш—баян сұлу
Еліңізден бар жолдас,
Жан қиысқан жар жолдас.
Аягөзде қалдырып,
Қайтып кетер адырап.
Қайын жұртың қайысып,
Қабырғасы майысып.
Сіз кеткенге күйініп,
Белдері қалды шадырап.
Күйінбеген жан қалмас,
Ажалы жетсе кім бармас.
Қазақ-қалмақ бәріне,
Атағың шықты дабырап.
Кәрі шешең арманда,
Күйініп өтер жалғанда.
Көрі жуық төрінен,
Ұйқы көрмей жадырап.
Күйзелер шын көңілден,
Майлыбай, Жандос аңырап.
Атамызға дос екен,
Сыйласымды қош екен.
Жетім-жесір күнінде,
Сая болған жапырақ.
Достарыңыз өгейсір
Дұшпаның көңілі мажырап.
Асылық мақтау жарамас,
Мақтанды Құдай қаламас.
Мен мұңымды айтамын,
Өз бойыма шағырақ.
Сағатсыз шығып деміңмен,
Адамның жайы сезіммен.
Бурыл, Шіңгіл беліңнен,
Қоштаспай кеттің еліңмен.
Арманда емей немене,
Алыста қалды көлденең.
Бурылтоғай жеріңнен
Дәміңді қайтып татпадың,
ғашықтық дастандар
Келгенде көзеп атпадың,
Бір ұрттам суы бұйырмай,
Үліңгір, Ертіс көліңнен.
Аягөз болды бұйрығың,
Жоқ еді жал-құйрығың.
Оқылмады жаназа,
Қалтай рулы еліңнен.
Ат терлетіп сабылтар,
Ес аударып жаңылтар.
Аға-іні сізде жоқ,
Жанашыр жылап көрінген.
Иен малға бауыр көп,
Қорғайтұғын тәуір көп.
Бірінен-бірі қызғанып,
Көңілдері бөлінген.
Ит жемі болды жиғаның,
Шайқалмады төгілген.
Екі жақта қимасың,
Қабырғасы сөгілген.
Сағынбай ағаң сағынар,
Көзінің жасы егілген.
Қоңсыларың қуарды,
Дәулетіңе семірген.
Ақ тұйғыным талпынған,
Таразыға тартылған.
Уағында ұша алмай,
Қанаты сынып кетілген.
Демде көңіл жасыды,
Бір уақытта тасыды.
Енді болды жігер құм,
Қорғасындай еріген.
Қолдағы ту жығылып,
Көзімнен кетті бұғынып.
Алтын айлы мұнарам,
Бір шегесін жемірген.
Алладан әмір келген бе,
Қайғым бітпес тергенге.
Бір тырнағын қимаушы ем,
қозы көрпеш—баян сұлу
Жер түгіл елге бергенге.
Туа жетім атанып,
Әке жүзін көрмедің.
Есейіп жігіт болған соң,
Бұлтқа қолды сермедің.
Батырлық, байлық, мырзалық,
Жайылды жұртқа өрнегің.
Аш-арық қалды аңырап,
Тартылып нәрлік бермегің.
Дүние жүзі көп болды,
Таусылып рызық термегің.
Аз күн мұрсат ойлаймын,
Қосылмай мен де қоймаймын.
Өлім артық мұнан да,
Теріс қарап төнгенім.
Асау кердей алшаңдап,
Иіліп бір-ақ көнгенім.
Тіршілік маған не керек,
Көрген соң шырақ сөнгенін?!
Мойныма түсті бұршақ боп,
Қайғының кидім шер бегін.
Құдай бағыңды ашқанда,
Күннен-күнге өрледің.
Буырқанып, бұрқанып,
Мұздай темір құрсанып.
Қайратыңа мас болып,
Қарт бурадай терледің,
Ығыңа шайтан жоламай,
Кім батар маған деп едің.
Ақсұңқар едің аспанда
Таңдаулы жемді жер ме едің!?
Бұлтқа айым кіргендей,
Мәуе ағаш сынды бүрленбей,
Таусылмас батыр шеңберің.
Төрт жыл бірге жүрсем де,
Қызығыңды көрсем де,
Бір сағаттық болмады,
Дидарыңа шөлдедім.
Артыңнан мен де кешікпен,
ғашықтық дастандар
Жанбаған соң еңбегім.
Аңдысқан дұшпан арысқа,
Оғыңды кезеп кермедің.
Диуана деп бос ойлап,
Мүсәпір деп қош ойлап,
Қайланы білмей қазаға,
Арам жауға сенгенің.
Ақыры болды Құдайдан,
Тасыған көңіл мұңайған.
Табандағы Қодардан,
Жер құшақтар ер ме едің!?
Осылай Баян пақыр еңірер зар,
Күндейді келіскенді пейілі тар.
Ас-су ішпей жеті күн жатып алды,
Еш нәрсеге бермейді мойыны жар.
Баян бір бекінеді ойға келіп,
Зиратын жасатбаққа көзбен көріп.
Бекініп, белін буып түрегеліп,
Сөйлесті әкесіне сәлемге еніп.
—Рұқсат болса, әкетай, бір сөзім бар,
Аз күнге бұл ойыма берсең ерік!
Тілегім қиын емес, беруге оңай,
Өлтірді-ау, Қозыкемді ақымақ ноғай.
Дүниені арман қылып ойламас ем,
Артында бір тұяғы қалған жоқ-ай.
Айтарға тұяқ деген сылтау сөзім,
Иманы бір өзімен жолдас болғай!
Бір күмбез жасатқызсын мұнара қып,
Тілегім бай әкеме болса қолай.
Дүниеден ер Қозыке не көріпті,
Алты аршын бөз бұйырып жатыр сұлай.
Біз зарлы Қозыкеден айрылғанда,
Сыңғырлап бір қуансын жатқан тоғай.
Бір ескерткіш арнаулы қалсын бізге,
Онан басқа нәрсенің келмес жөні-ай!
қозы көрпеш—баян сұлу
Сарыбай Сағынбайға біліндірді,
Баянжан тілек қылған шынын білді.
«Баянжан өз еркінше жасатсын»,—деп,
Сарыекең рұқсат етіп ділін білді.
Аймақтағы шебердің бәрін жиып,
Тас тасып, ағаш кесіп бүліндірді.
Тұс-тұстан тасын өртеп, кірпіш құйып,
Көп шығын Сарыбайға іліндірді.
Қырық күнде моланы болды жасап,
Сойыс, ақы көп пұлды кетіпті асап.
Сол заманда болмаған ондай күмбез,
Мақтау емес, расы жаза салсақ.
Баянның айтқанындай бейіт болды,
Өзіне әбден көрсетіп, көңілі толды.
«Қартайып өлсем дағы өз орным»,—деп,
Көр қаздырып қойыпты оңды-солды.
«Қозы Көрпеш—Баян» деп ат жаздырды,
Кейінгілер көрмекке хат жаздырды.
Қырқында ат шаптырып, нәзір берді,
Естіген ел жиылып түгел келді.
—Қозыке мен өз атын тұлдаттырып,
Құран оқып бағыштап сойсын,—деді.
Мен тірі болсам дағы атым барсын,
Көңілім ұнатады мұны,—деді.
Әке-шеше бұған да риза болды,
Қарағым ашу бассын бұлайша енді.
Ел-жұртқа сый-сияпатын бергеннен соң,
Мезгілді уағында тарқайды енді.
Ел кетті жай-жайына мұнан тарқап,
Өлі әрі, тірі бері—дүние шалқақ.
«Япырым-ау, мынау аман қалыпты ғой»,—деп,
Қарайды Баянжанға бәрі жалтақ.
ғашықтық дастандар
Ол Баян өлгелі-ақ жүр, тірі жүрмей,
Дүниенің қызығына көңіл бөлмей.
Өлем деп ел көзіне айта ма ол,
Қалсын деп өлгенімді бір-ақ көрмей.
Ол Баян ойламайды дүние серді,
Қабынып қос өкпесін өлім керді.
Айрылып Қозыкеден жүргенінше,
Артық көрді жатуға қара жерді.
Тауасарды ауаша шақырып ап,
Сырының ішіндегі бәрін терді:
—Енеме үш қайтара сәлем айтам,
Ақ сүтін екеуімізден кешсін!—деді.
Майлыекеме сүйеніп күн өткізсін,
Онан жақын кісі жоқ бізге жөнді.
Жар болған жаман күнде тиянағым
Жандосқа мың мәртебе құлдық,—деді.
Кемпірді өле-өлгенше жақсы бақсын,
Дәулетін түгелімен соған берді.
Елге сәлем, сізге тағзым, кіші ата,—деп,
Қоштасып Тауасармен түрегелді.
Тауасар әр санамен толғанды ой:
«Ақыл айтсам Баяным көнбеді ғой.
Ғашық жар абыройын жатқа ұсынбас,
Бүгін-ақ не болса да болады ғой.
Баяным, рақмет иманды бол!
Бұдан соңғы ғашыққа салдыңыз жол.
Қозыкенің қасында қалғаны артық,
Тірі жүрсе ғашықтық болмай ма қор.»—
Деп ойлап Тауасар да сабыр қылды,
Өлсе өлсін, мен не дейін Баян мұңлы.
Сезіндіріп еш жанға білдірмеді,
Көпті көрген сары атан сегіз қырлы.
қозы көрпеш—баян сұлу
Ол Баян өз жолына қалды кетіп,
Белін буған шып-ширақ көңілі тетік.
«Ең болмаса бір көріп кетейін»,—деп,
Әке-шеше қасына келді жетіп:
—Шешеке, ет астырып, қымыз құйшы,
Сорлыңды бір тойғызшы еркелетіп.
Берсеңші, әр түрлі етіп тәтті тамақ,
Бір үйге қараң қалған қоймай қамап.
Араным ашылып тұр тамақ тілеп,
Қарным ашты бүгіліп алап-жалап.
Сіздермен сөйлескем жоқ көптен бері,
Батады Қозыкенің төккен тері.
Жылап-сықтап сіздерді босатпайын,
Жоқ екен жылағаннан өнер жері.
Соны ойлап әдейі іздеп келдім сізге,
Бақсыдай аудармалы жаңа пері.
Тұрамын өлгенімше қастарыңда,
Әуелгідей еркелеп болсам сері.
Дегенде ер Сарыбай егіледі,
Көл болып көзден жасы төгіледі.
Алдап айтқан қулығын қайдан білсін,
«Ақылмен тоқтады» деп кеңіп еді.
Ет жеді, ата-анамен қымыз ішті,
«Қайтам» деп амандасып қолын қысты.
«Бұл не қылған ісі?» деп қауіпсініп,
Бейшара шал-кемпірдің зәресі ұшты.
Сонда күліп сөйледі шешесіне,
Түсіндіріп айта ма, кекесін бе?
—Аман тұрмай, жаман тұр деп айтам ба?
Маған еріп отауға кетесің бе?
Сақтығымен абайлап осылайша,
Сөз аяғын жіберді кекесінге.
ғашықтық дастандар
Шешесі әлгі сөзге қалды тоқтап,
«Өлемін деп жүрген жоқ мылтық оқтап.
Жаны кейіп қайғыдан айтқаны ғой,
Көз жетпесе айтамыз нені оттап»—
Деді де бетін сүйіп қала берді,
Баян орғып жолымен сала берді.
Сағынбайдың ауылы жол-жөнекей,
Оған да қоштасуға барады енді.
Үйіне ағасының келді кіріп,
Шаң ертпей етегіне алған түріп.
—Қарағым, төрге отыр, бикешжан,—деп,
Жеңгесі құрмет етті зыр жүгіріп.
Отырды ағасына сүйене кеп,
Келгенін ол ағасы көрмейді жек.
Бетінен сүйіп, «қалқам, жан саям,—деп,—
Отырды еркелетіп,—қарағым»,—деп.
Еркелеп мойынына асылады,
Балалық күнінен де асырады.
Сол күні көңілінде өлмек еді,
Ол сырын сездіре ме, жасырады.
Азырақ шөлдедім деп қымыз ішіп,
Баруға өз үйіне асығады.
—Молдаға Құран сауап оқытам,—деп,
Бір сөзден түйе ме деп қашырады.
Айсұлу шығарады бикеш салды,
Қолын қысып отауға ертіп барды.
Камзолын үстіндегі шешіп беріп,
«Жеңеше-ау, аман тұр»,—деп естен танды.
Жеңгесі құшақтады басын барып,
Көзі алайып жығылды Баян ғаріп.
Су бүркіп олай-бұлай қозғап еді,
Бір кезде түрегелді демін алып.
Айсұлу зар еңіреп жалынады:
—Көңіліңде сұмдық болса айт!—деп анық.
қозы көрпеш—баян сұлу
Айтпады сұраса да жеңгесіне,
Басқаның Тауасардан өзгесіне.
—Жеңеше-ау, Қозыкемнің бар кезінде,
Бір мінезі ұмытпастай келді есіме.
Соны ойлап, сені көріп талып кеттім,
Сағынып Қозыкемді налып кеттім.
Өлсем өліп кетпес пе ем ана кезде,
От болып іші-сыртым жанып кеттім,—
Деп осылай жеңгесін сендіреді,
Екеуі де жыласып мөлдіреді.
Анық сырын досына айтпаса да,
Мұқаумен амандасып төндіреді.
—Аман тұр жалғыз минут көрмесем де,
Абайлап қайғылыға сенбесең де.
«Өлім тең ұйқыменен» деген сөз бар,
Булығып қалмаймыз ба терлесең де.
Қоштасқан көңіл қошы, теріс емес,
Мың жылдық ғұмыр көріп өлмесең де.
Қас кірпік қаққаныңша өлім келер,
Шақырып мені алшы деп келмесең де.
Жеңгесі аз отырып қайтып кетті,
Күн батып зауал кезі болып жетті.
Бұйда пышақ қойнына тығып алып,
Бейітіне Қозы Көрпеш келді епті.
«Екі жақта қайран ел, аман бол»,—деп,
Қия алмай біразырақ аңырапты.
Дәрет алып, екі ракағат намаз оқып,
Көрді ақтарып қойнына кіріп кетті.
Құшақтап ғашығының мойынынан,
Пышақтап өз жүрегін тіліп сөкті.
Білгенше тіліменен иман айтып,
Тағдырдың бұйрығына тәсілім етті.
Қалуенна аллаһи ражиғун,
Шыбын-жанын қиып сертке жетті.
ғашықтық дастандар
Ертеңінде ел көрді бәрі біліп,
Қауышты ғашығымен көрге кіріп.
Жоғалған соң қауіпті содан тапты,
Баянды көп адамдар іздеп жүріп.
Сарыбайға тапқандар хабар берді,
Зар еңіреп бейітке жетіп келді.
Көр жыла, жер жыласа келе ала ма?
Даярлап бұрын қойған қазып көрді.
Қозыкенің қойнынан алып шығып,
Жуып-шайып әкелді Баян серді.
Ысқат, құран, жаназа намаз оқып,
Мекен қылып көмеді әлгі жерді.
Ат шаптырып ас берді баласына,
Тағы қайғы түсірді санасына.
Қозыкенің қамалған жолдастары,
Қарашы Сарыбайдың данасына!
Олардың қайтуына рұқсат етті,
Азды-көпті қарамай шамасына.
Қозыке мен Баяннан қалғандарын,
Баршасын түгел берді анасына.
Жолаушылар қоштасып қайтпақ болды
Олжаларын иемденіп арасына.
Қозы Көрпеш таусылды әңгімесі,
Өлімнің мінгеннен соң шанасына!
Жолдастар бейіт барды құран оқып,
Көңіліне уайым мен сана тоқып.
Зар еңіреп «бауырым» деп қия алмайды,
Жүруге көтерілді құйысқан лоқып.
Қош айтып, жылап-сықтап жүріп кетті,
Тазалап етек-жеңін түріп кетті.
Қыстығып бұрынғыдан қатты жүріп,
Еліне аман-есен әрең жетті.
қозы көрпеш—баян сұлу
Тауасар естіртіпті елге барып,
Айтпады бұрынғыдай ашып-жарып.
Шешесі, естіген ел қайғы басып,
Шықпаған жаны қалды байғұс ғаріп.
Не керек айтып-айтпай дүние—жалған,
Басылды бір жыл болмай шыққан зарық.
Жесірдің малы тәтті көрінгенге,
Дәулетін орталады әркім алып.
Аяғы анасындай Жандос бақты,
Онан басқа жақын жоқ екі ғаріп.
Жандос батыр сыйлайды анасындай,
Нарбике де көреді өз баласындай.
Асырап екі енені тең бағады,
Тел емген екі енесі дарасындай.
Сөйтіп, бәрі дүниеден өтіп кетті,
Әр пенде әр жолменен тентірепті.
Барша мұрат басына жеткені сол,
Бітіріп пақыр Дәуіт тамам етті.
Өлгенде Қозы Көрпеш—Баян да өліп,
Қалыпты қайран жастар гүлі солып.
Жастығына сұм Қодар ала жатқан
Ісіне құдіреттің болар көніп.
Қодарды өртеп күл қылып ұшырса да,
Шығыпты арасына тікен өніп.
Екі ғашық ортасына ит мұрын боп,
Бүрленіп қабырында өскен төніп.
Болса да Қодар дұшпан ғашық еді,
Баянның дидарына болған жерік.
Сол үшін шеңгел қылып шығарыпты
Құдірет еңбегіне қылған серік.
Шуылдап бозторғайлар сайрап тұрар,
Секілді сол араға тұрған еніп.
Ғайыптан естілер дейді кейбір жанға,
ғашықтық дастандар
Еш адам байқамаған көзбен көріп.
Қозыке—Баян сорлы бозторғайын
Қодар мен бұл төртеуін жаздым теріп.
Сөз сөйлер білген адам қалай бұрып,
Осыған көңіл соқтым естіп көріп.
Ертегі қисыны жоқ қызықты емес,
Секілді қалған бастау суы құрып.
Болса да өтірік-шын әңгімесі,
Айланбапты көп жылға тірі жүріп.
Намыс қуып барса да Қозы Көрпеш,
Қастықпен өлтіріпті Қодар бұғып.
Ең болмаса алыспай дұшпанымен
Қаскүнемдер қапыда кеткен жығып.
Бірқанша уақыт дерегін қарап-сұрап,
Ең аяқта осылай білдім тынып.
Құлжаға бір саудагер кірген шеттен,
Жаһанкеш ел аралап жүрген көптен.
Тұрсынбайдың баласы Әбділ Ләтіп
Қиыр басып әр жерді көрген өктем,
Көне Тұрпан мекені, шала қазақ,
Пысық жігіт мал тапқыш даңқы кеткен.
Сол жігіт Тарым, Жоңғар аралапты,
Саудамен әр аймаққа қолы жеткен.
Сол жігіт Лобнорға барған екен,
Хотан дейтін шәріден арман екен.
Үндістанның жеріне таяуырақ,
Соған да сауда жолын салған екен.
Еліне Қарабайдың кірген екен,
Сол елдің хал-жағдайын білген екен.
Сарт пен қазақ арасы қырғызға ұқсас,
Бөтенірек сөйлейтін тілден екен.
Жүздей-ақ ауғанында түтін екен,
Бұзылмаған шаруасы бүтін екен.
Қазақта естек деген елміз дейді,
Әйтеуір діні кетпей күтулі екен.
қозы көрпеш—баян сұлу
Өлгенде жаназа бар, Құраны бар,
Тойында неке, құтпа мұралы бар.
Тоқтасып береке қып бір-біріне
Билейтін өз ішінде сұрағы бар.
Балаға сүндет тойды жасайды екен,
Белгілі Қалтай солпы ұраны бар.
Егін, шаруа, сауданы білмейді екен,
Қамыстан ат күрке тіккен тұрағы бар.
Түлігі қой, сиыр, ешкі, түйе малы,
Білмейді олар танымас жылқы жалы.
Өнер-білім шамасы болмағаннан,
Бұл көрмей тері киім киген халі.
Жиырма жыл шамасы жаңа бопты,
Онан бұрын еш сұрақ көрген жоқ-ты.
Хотаннан Шиангуан деген ұлық шығып,
Сол қаратып Бейжіңге хабар соқты.
Қазір жұңго ханына болды табых,
Бір мыңдай түтін дейді елі жамиық.
Хотандық сартпен бірге араласып,
Қыз алып, қыз берісіп болды қанық.
Онан жат бөтен елді көрмейді екен,
Бөтенге әсілі сыр бермейді екен.
Ешбір жанға қарамай бостан болып,
Иен судың жағасын жерлейді екен.
Жаңа тәртіп ел бопты сұрақ көріп,
Там соғып, мешіт салып дінге берік.
Мата-шекпен, кездеме киім киіп
Сауда сатып үйренді малдан безіп.
Егін шашқан ауқатты енді үйреніп,
Жеріне аздап егін жатыр теріп.
Жұңғолық үкіметке қарап еді,
Патшалық баж-қаражға болды серік.
ғашықтық дастандар
Бұрын жылқыны ұмытқан бір ел екен,
Үй басы бірден, екі мініп керік.
Кемсеңдеп кейбіреуі жылап қояд,
Кетті деп басымыздан бұрынғы ерік.
Әбділ Ләтіп сол елді аралапты,
Жақсы-жаман пейілін саралапты.
Қарабайдың руы біз едік деп,
Білгендерден анығын даналапты.
Солардың ертек қылған ертек сөзін,
Қағазға жазып алып қаралапты.
Қисыны келмегенін қайта сұрап,
Дәуіт те әңгіме үшін бағалапты.
Көнелік заң әдеті солай ғой деп
Әйтеуір болса екен деп шамалапты.
—Ескі жүрген ертекті,
Жаздым теріп жаңғыртып.
Өтірік-шынын білмедім
Бір ертекке аңғыртып.
Әңгіме-ертек болсын деп,
Екі-үш ай басты қаңғыртып.
Еті арыған құстай-ақ
Қойған екен салбыртып.
Қайта баптап көтердім,
Саятына далбыртып.
Жерде қалмас бір сөзім,
Жем табар түлкі алдыртып.
Оқып көрген бозбала,
Саралып көрсең сөз дана
Көңілді жықпас қалдыртып.
Бұрынғының қасында,
Тұрған жоқ ешкім басында,
Көре сала өлді деп,
Қояды екен аңғыртып.
Аз болса да өмірі,
Қош болсын деп көңілі,
Асыра өнер жеткіздім.
Естігенім көрген түс,
қозы көрпеш—баян сұлу
Болса да болар мұндай іс.
Қозы Көрпеш — Баянның,
Өлтірдім мейірін қандыртып.
Романды жазушы,
Дәуіт қызай қазағы.
Қисынсыз сөзді көргенде,
Оқыған қылар мазағы.
Ескі-құсқы ертектен,
Құрама сөз қып жазады.
Кәртейіп қалған әңгіме,
Кірлеп, тозып азады.
Жудым әбден сабындап,
Әңгіме үшін жабындап,
Айтуға да көруге,
Осындай болса таза-ды.
Шариғат емес, қисса емес,
Обал дейтін азабы.
Көңіл ашу хикая,
Қарғыс емес назалы.
Өтірік-шын болса да,
Мінін алып жонса да,
Рас дейміз біз қазақ,
Кім барып түбін қазады!
Оқып жүрсін жастарым,
Кітап қылдым қызыққа.
Жақсы-жаман міні бар,
Шығатын сөзден еш бықпа.
Жандаралов Дәуітті,
Жіберме ғайып қырттыққа.
Бейнет-дәулет Алладан,
Күн көреміз сызықта.
Теңгер Алла пендесін,
Мүйіз беріп мұжыққа.
Қамсыз паһим етейін,
Тие бермей қыжыққа!
Кешегі өткен заманда,
Қауым халық аманда
Сан-санақсыз өткен іс
Он сегіз мың ғаламда.
Батыр менен бай да өткен,
Жақсы менен жаман да.
Өлмес күнін ойлайды
Ақылды мен надан да.
Өз әлінше жүгірер
Жүйрік пенен шабан да.
Шешен шежіре біз емес,
Тұрпатым жұртқа аян да.
Бір әңгіме сөйлейін,
Берерсің баға маған да.
Ұрпақтан қалып ұрпаққа,
Мұра боп қалсын саған да.
Шалқып көңіл өркеші,
Қызыл тілге еріп көр.
Сағым болып ойнақтап,
Өмір жолын желіп көр.
Ояң тартқан ойлы көз,
Жол өрнегін беріп көр.
Құрышы қанған құлағым,
Естігенді теріп көр.
Жез таңдайым тақылдап,
Қисынын тауып өріп көр.
Қыз Жібек
Қыз жібек
Мір оғындай сөзі бар,
Жүйелі сөздің кезі бар.
Бір әңгіме қозғайын,
Тап шындықтың өзі бар.
Кіші жүздің ішінде
Жағалбайлы елі бар.
Мекен еткен елінің
Ақ теңіз деген көлі бар.
Қара теңіз жайлауы,
Ұланшамбыл белі бар.
Жағалбай атты елінде
Базарбай деген байы бар.
Байлығын оның сұрасаң,
Есеп жетпес жайы бар.
Ақтөбеден ақ орда,
Жеті жүз түйе жүгі бар.
Іші-сырты безелген
Кілем-кілше сәні бар.
Ділдәсы мен жамбысы,
Мың түйе жүк тағы бар.
Неше мың түйе керуен,
Қанты мен шайы бар.
Аяқты малда есеп жоқ,
Айдалып бағып жайылар.
Үш қатыннан тоғыз ұл,
Малына сай жаны бар.
Құдай артық жаратқан,
Қай жұртта мұның теңі бар.
Сән-салтанат әр алуан,
Таңырқарлық жөні бар.
Ауытқымалы дүние-ай,
Кеңі менен тары бар.
Арты қалай болар деп,
Ойлайтын да мәні бар.
Еліне оба деген кесел келді,
Күйзелтті қырғын тиіп қалың елді.
Істеген неше түрлі келмей емге,
Тоғыз ұл ажал жетіп бәрі де өлді.
ғашықтық дастандар
Қалмады енді ұрпақ Базарбайда,
Тіріліп өлген адам келу қайда?!
Ашумен алты қатын тағы да алды,
Артынан өлгендердің өлу қайда?!
Базарбай сексен жасқа келген шағы,
Көзіне көрінбейді дүние малы.
Қан жұтып, қасірет шегіп жүргенінде,
Болыпты екі қабат кіші әйелі.
Көңіліне жарық түсті Базарбайдың,
Иесіз пайдасы не жиған малдың.
Жеткенде айы-күні бір ұл туды,
Дегенде қасірет шегіп өлдім-талдым.
Қойыпты Төлеген деп ұлдың атын,
Жаратқан Тәңірім асыл оның затын.
Ел жиып ұлан-асыр той жасады,
Көрсетіп ел-жұртына салтанатын.
Бейіштің шырағындай көзі нұрлы,
Бөгелді тең таба алмай қызыл тілді.
«Тіл тиіп, я болмаса көз түсер» деп,
Ешкімге көрсетпейді жалғыз ұлды.
Шешесі оны тапқан қырық төрт жаста,
Бала жоқ Базарбайда одан басқа.
«Жарайды дейді бұл да қанағатым,
Осы ие менен қалған мал мен басқа».
Базарбай баласына көңілі толды,
Қайғының ішіндегі бәрін жойды.
Шешесі оны тапқан Қамқа деген,
Артынан тоғыз жылда бір ұл туды.
Ат қойды Сансызбай деп бұл балаға,
Ғұмыр бер бұл балаға Хақ тағала.
«Дүниеде ай мен күнім осы екеуі,
Жолына жаным құрбан, мал садаға!»—
Қыз жібек
Деді де Базар қарттың көңілі тынды,
Өткізді қуанышпен неше жылды.
Адамның жасы шекті, ғұмыры қысқа,
Кім білсін келешекте болар сырды.
Жүріпті екі ұлына қалың бермей,
Алаштың әр не деген сөзіне ермей.
«Тірі болса өздері бір алмай ма,
Өліп кетсе қайғысын тағы көрмей.
Дұшпанның әр не деген сөзі бекер,
Алғаны жаман болса мазам кетер.
Алмай ма өзі таңдап ер жеткенде,
Алса да патша қызын малым жетер».
Соны ойлап жүреді екен Базарбай қарт,
Болса да өсек-аяң, әр сөзге тап.
Жолына мал мен басын құрбан қылып,
Күйсе де дүние малы шытпай қабақ.
Он алтыдан он жеті жасқа келді,
Төлеген оңды-солын түгел білді.
«Елден таңдап қалыңдық айттырам»,—деп,
Ат жетер аралады бүкіл елді.
Қыз іздеп ел аралап көп сандалды,
Көркіне, сымбатына жұрт таң қалды.
Табылса өзіне сай бір сұлу қыз,
Аямай берер еді қазына-малды.
Еліне келіпті екен бір саудагер,
Арзан ап, қымбат сатып пайда көрер.
Байлығын Базарбайдың тамашалап,
Сырласып Базар қартпен жақын жүрер.
Саудагер ел аралап жүреді екен,
Хал-жайын елден ұғып біледі екен.
Шораяқ көпті көрген қарт саудагер,
Базарбай «дүниеқор» деп күледі екен.
ғашықтық дастандар
«Бұл малды бекер жиып керегі не,
Ұлының қалың бермей біреуіне.
Көзінің ағы менен қарасындай,
Артына мирас қалар иесіне».
Айтады сонда біреу оның жайын:
«Бақ-дәулет берген артық бір Құдайым.
Ел-жұрттан қыз жаратпай жүр Төлеген,
Жүрген жоқ малын аяп Базарбайдың».
Мұны естіп ой ойлайды қарт саудагер,
Айтады Төлегенге:—Сүйінші бер.
Табамын саған лайық бір сұлу қыз,
Сөзімнің шындығына сенсең егер.
Қыз жақпай өз еліңде жүрсе саған,
(«Сүйінші» қалжың сөзім айта салған).
Бір ел бар Ақжайықта алты шекті,
Шетінен қызы сұлу барсаң соған.
Бұл сөзім жалған емес, сөздің шыны,
Сол елдің қызы сұлу, ізде соны.
Табылар тап лайық содан саған,
Болма сен мұнда жүріп малдың құлы.
Жігіттің алған жары жаман болса,
Қор болып көңілі жасып, кетер сыны.
Жайықта қызы сұлу артық ел бар,
Ерінбей қыз іздесең дәл соған бар.
Келгенше он жетіге қыз іздепсің,
Сол елден табылар бір лайық жар.
Төлеген мұны іздеуге көңілі кетті,
—Жолы бар неше күндік оның,—депті.
Саудагер «жүз күндік» деп жауап берді,
«Тәуекел, іздеймін» деп ойға кетті.
Төлеген он жетіге келген шағы,
Аз емес бір Алланың берген бағы.
Қыз жібек
—Төте жол жетпіс күннен артығырақ,
Шөлі бар қырық күндік оның тағы.
Онымен жүре алмайсың барғанменен,
Өлесің жолда шөлдеп арманменен.
Жүр,—дейді,—алыссынбай сулы жолмен,
«Әрқашан бардың ісі пәрменменен».
Жолмен жүр алыссынбай елді шеттей,
Қырындап күн шығысты ұстап беттей.
Жақын деп жалғыз жүрме шөлді кезіп,
Жүрегің қауласа да жанған өрттей.
Төлеген Ақжайыққа жүрмек болды,
Таңдады алыссынбай сулы жолды.
Сол қызға басшы болып барған жанға,
Жүз жамбы сүйіншіге бермек болды.
Жүз жігіт мықтысынан алды таңдап,
Жарайтын қиын іске өңшең саңлақ.
Әрі ақын, әрі шешен, әрі батыр,
Барғанша салтанатпен сайран салмақ.
Бұлардың бәрі көсем сайдың тасы,
Алаштан артып туған қара басы.
Өліні ырғап, тіріні сілейтетін,
Әр түрлі қисындасқан тамашасы.
Жаратты бір қаракөк тұлпар атты,
Жылқыда жануардың теңі жоқ-ты.
Арымас алты ай мінсе нәсілі тұлпар,
Тең жорға төрт аяғы мінсе мықты.
Шамшырақ тас орнатты жүген-ерге,
Жүз жігіт басшы-қосшы алды бірге.
Тоғыз нарға алтын менен күміс артып,
Бес жігіт белгіледі қызметкерге.
ғашықтық дастандар
Ерлерге басшы болсын бір Құдайы,
Қырық түйе болды артқан қант-шайы.
Азық-түлік бәрін де қамдап алып,
Жөнелді туысымен наурыз айы.
Базарбайдың Төлеген,
Ерте туған көбеген.
Сексен жігіт қосшы алып,
Он бес жігіт басшы алып,
Ақжайыққа жөнелген.
Бүгін айдың нешесі,
Ай қараңғы кешесі.
Патшадан кем емес,
Ер Төлеген мүшесі.
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Шыбын жанға жан айтып,
Артынан қуып келеді,
Өлгенде көрген шешесі.
Шешесі келіп сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Барма,—дейді,—қарағым!
Одан басқа не дейді.
Мінгендей аттың аласын,
Менен туған баласың.
Ел-жұртыңнан айрылып,
Ата-анаңды зарлатып,
Қайда кетіп барасың?
Адал бала тастай ма,
Атасы мен анасын?
Қал дегенде қаласың,
Айтқан тілді аласың.
Қал дегенде қалмасаң,
Айтқан тілді алмасаң,
Қор еттің анаң шарасын.
Қыз жібек
Өлгенде көрген жалғызым,
Ата-анаңды зарлатып,
Бір қыз үшін қаңғырып,
Қайда кетіп барасың?!
Анаң келді зарланып,
Атаң отыр сандалып.
Көре алмаған көп дұшпан,
Сырттан келер қамданып.
Сансызбай болса жас еді,
Кемпір-шал болар бір ғаріп.
Сен кеткен соң, қарағым,
Жүреміз кімге алданып?!
—Әй, шешеке-ау, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Бір сапарға аттандым,
Қайт деп мені зорлама.
Жиырмаға келгенше,
Маған қалың бермедің,
Қызығын өмір көрмедім.
Құм құйылсын көзіңе,
Осы екен сізге сыбаға.
—Келгін, балам қайтсаңшы,
Әкеңе сырыңды айтсаңшы.
Патша қызын алсаң да,
Өз еліңде жатсаңшы.
Біреудің тілі тимей ме,
Кәртейген әкең Базарбай,
Сені ойлап күймей ме?
Ел ішінде тентек көп,
Жаһанды кезіп жүргенде,
«Тентіреген неме» деп,
Біреудің тілі тимей ме?
«Ата-анасын зарлатып,
Бір қыз үшін кетті» деп,
ғашықтық дастандар
Дос-дұшпаның күлмей ме?
—Тай, құнан қалса қаңғырып,
Бұралқы болар қораға.
Бір сұлу алмай, шешеке-ау,
Сірә да, көңілім толар ма?
Талап қылған жолынан,
Ат басын ерлер бұра ма?
Жаман-жақсы десең де
Өз айтқаның бола ма?
«Тілімді алмай кетті» деп,
Қам көңіл болып жылама.
Мен Жайықтан келгенше,
Тапсырам ата-анамды,
Жаратқан бір Құдайға.
—Өзеннің көркі тал болар,
Жігіттің көркі мал болар.
Малың болса, қарағым,
Қара басың хан болар.
Алуа асап, іштің бал,
Жая шайнап, жедің жал.
Кетер болсаң, қарағым,
Жылқыдан таңдап қырық жорға ал.
Сансызбай болса жас еді,
Сен кеткен соң, қарағым,
Сүйеніп кімге күнелтер,
Артыңда қалған кемпір-шал?!
—Мінгенде атым аламын,
Сенен бір туған баламын.
Көңіліме түсіп бір қиял,
Сапар шегіп барамын.
Алла нәсіп қылса егер,
Бір сұлуды аламын.
Алла нәсіп қылмаса,
Ендігі сөздің қысқасы,
Меккеге таман барамын.
Қыз жібек
Білді анасы түңіліп,
Төлегеннің қайтпасын.
Ниет қылған ісінен,
Атының басын тартпасын.
Шұбар жылан болса да,
Ішінен шыққан емес пе,
Қарғауға қайтіп қия алсын?
Жылап ана болмайды,
Жылама десе қоймайды.
Өлгенде көрген жалғызы,
Қарап көзі тоймайды.
Бір сұлу алмай Төлеген,
Дүниеге көзі тоймайды.
Лажын таппай анасы,
Батасын беріп қол жайды:
—Аһ, дедім Құдайға
Дарғайыңа бас қойдым.
Сөздерімді сөзге ап кеп,
Күйгенімнен жапсырдым.
Кетер болсаң, қарағым,
Әуелі Құдайым сені,
Камал пірге тапсырдым.
Көл иесі Қамбар-ау,
Қарағыма көз сал-ау.
Жер шетіне бара ма,
Қатерден сақта жолында-ау.
Су иесі Сүлеймен,
Жер иесі, Сұлтан-ау,
Рақым қылсаң, бір Құдай,
Сенен өзге кім бар-ау?!
Ғашықтардың пірі едің,
Ләйлі—Мәжнүн сіз бар-ау!
Ғашықтардың зары едің,
Зылиқа-Жүсіп дем бер-ау!
Әйелдің пірі Бәтимә,
Баламды сізге тапсырдым.
ғашықтық дастандар
Адасса жолға салып жүр,
Сүрінсе, қолдап алып жүр.
Жаһанды кезіп жүргенде
Пәледен сақтап—қағып жүр,
Қой-қозыңдай бағып жүр.
Бір ғашықтың дертінен
Қарағым менің нағып жүр.
Қазіреті Қали, ер Сұлтан,
Рақым қылып сіз тұрсаң,
Баба түкті шашты Әзиз,
Ғазиз пірім қолдасаң!..
Жылап анам қалады,
Баласы кетіп барады.
Зор інгендей дауысы,
Жаңғыртып көкті жарады.
Ауылдан шығып Төлеген,
Бір жерге барып қонады.
Шешенің айтқан әр сөзі,
Көңіліне ой салады.
Жүрем деп үйден шыққан соң,
Ат басын неге бұрады.
«Жетектесем түйені,
Кірекеш мені демей ме.
Айдасам шығып артына,
Түйеші мені демей ме.
Жылқыдан қосып айдасам,
Жарасты сәні демей ме.
Екі жүз елу жорға алсам,
Әкемнің малы кеми ме?!»
Екі жүз елу жорғаны,
Жылқыдан бөліп алады.
Арада қанша ай жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Ақжайыққа барады.
Шатырын тігіп төскейге,
Айдап барған жылқыны
Бір қойнауға жаяды.
Қыз таңдап елден айттырар —
Қыз жібек
Хабарын елге салады.
Бір қыз көрсе бір жорға
Сүйіншіге беретін
Хабары елге тарады.
Талай қыз келіп көрініп,
Көрімдікке бір жорға ап,
Жарамай қайтып барады.
Бірнеше күннің ішінде-ақ
Көрімдік үшін берген мал
Екі жүз жорға болады.
Мұны көріп жолдастар,
Өзара кеңес құрады:
—Бүйте берсе Төлеген,
Жорғаның бәрін түгетіп,
Жалғыз атпен қалады.
Астымыздағы атты да
Бір күні бере салады.
Сонда біз жаяу қаламыз,
Ер көтеріп, жүген ап,
Ат бер деп кімге барамыз.
Жаяу қалсақ қаңғырып,
Елге қайтіп барамыз?
Сексен жігіт ойланды:
«Бұған не ақыл табамыз?»
Біреуі айтты:—Халайық,
Мен таптым ақыл лайық.
Мұнан кейін қыздарды
Алдымен біз көрейік.
Асқан сұлу қыз болса,
Сонан соң алып барайық.
Жақпаса бізге келген қыз,
Төлегенге көрсетпей,
Жасырып ұрлап қалайық.
Кейбіреуін әуелі,
Төлеген кетіп қалған деп,
Мазақ қылып қуайық.
ғашықтық дастандар
«Ой, пәле, мұның ақыл» деп,
Құптады бәрі «мақұл» деп.
Назданып келіп көре алмай,
Талай қыз кетті опық жеп.
Жүзден бірін көрсетер,
Жарай ма мынау, көріңіз,
«Келген қыз, міне, осы» деп.
Төлегенге ой түсті
Күндердің бір күнінде:
«Мұндай қыздар көп еді
Өзімнің де елімде.
Жоқ екен ғой байқасам,
Елден елдің артығы.
Жері де маған жақпады,
Соры менен шалшығы.
Бәрі жалған боп шықты,
Ақжайықта шектінің,
Қызы сұлу—баптығы.
Саудагер сайқал дей салған,
Екен ғой бұл бір тантығы.
Сұлу қыз табам,—деп едім,
Азайды менің сәнім де.
Сену қиын екен ғой
Көз көрмесе тегінде.
Ойланармын бір сапар,
Кешікпей осы кезімде».
Алты шекті елінің
Сырлыбай деген ханы бар.
Қазына-мүлкі сонша көп,
Есепсіз малы тағы бар.
Тоғыз мың жылқы өзінде,
Алты ұлы бар, бір қызы,
Малға лайық жаны бар.
Ел қорғаған ерлікпен,
Ауыл, аймақ, ары бар.
Өзі ғадыл, бір қалып
Хандығының сәні бар.
Қыз жібек
Қаршыға деген бір ері—
Ханның жақын уәзірі.
Өзі шежіре, өзі ақын,
Өзі батыр, бек еді.
Қиын іске жол тапқан
Ақылдың қайнар көзі еді.
Көндірмейтін адам жоқ,
Тіл-жақтының шешені.
Топтан озған суырылып,
Өз табының көсемі.
Мал-жанын қорғап ханының,
Сонымен дәурен сүреді.
Ерлігінің белгісі,
Тоғыз мың жылқы артында
Қысы-жазы жүреді.
Отарда жатқан Қаршыға
«Елге бір мырза келді» деп,
Біреуден естіп біледі.
—Алыс жердің адамы,
Іздегені қыз,—деді.
Сөйлесейін барып деп,
Көңіліне бір ой келеді.
Қара бедеу биені
Жылқыдан ұстап мінеді.
Ойпаң жерден орғытып,
Еңіс жерден сырғытып,
Сексен жігіт елшіге
Абыржымай, асықпай,
Әдеппен сәлем береді:
—Ассалаумағалейкум, көп жігіттер,
Жиналған бәрің бірдей бек жігіттер!
Сайланып шығып қапсыз табыңыздан,
Сөйлей бер жөндеріңді, ей, жігіттер!
Басыр, басыр, басырды,
Аққа құлпы жасылды.
ғашықтық дастандар
Сексен жігіт бірлесіп,
Төлегенді жасырды.
—Келеміз алыс жерден біз жолаушы,
Жеріміз бет ап шыққан Көкбояушы.
Үйірін қысырақтың жауға алдырып,
Келеміз сұрау салып біз сұраушы.
Әлей болсын, аға еке-ау, тілің майда,
Айта бер бұйымтайың жөн сұраушы.
—Асуда асу бел,—дейді,
Аса бір соққан жел,—дейді.
Сырлыбай ханның уәзірі,
Қаршыға жыршы мен,—дейді.
Іштеріңде, қарағым,
Базарбайдың баласы,
Төлеген мырза кім?—дейді.
—Мінгенде атың дөненді,
Көкке тойған көбеңді.
Біз білмейміз, Қаршеке-ау,
Төлеген мырза дегенді.
—Күн көріп жүруші едім өнерменен,
Жағалап келдім сізге кемерменен.
Көрдім де қараларың жандай шаптым,
Баласы Базарбайдың дегенменен.
—Келіпсің біздің шауып қарамызға,
Жауапқа жауап таппай қаламыз ба?
Бар еді естуіміз Базарбай шал,
Төлеген жоқ қой біздің арамызда.
—Әр жерден асып туған теңім,—деп ем,
Төлеген шын асыл зат бегім,—деп ем.
Осынша Төлегенді жасыратын,
Ол өзі әлдекімнің қақын жеген?!
Сұрасам жолаушыдан «бар» деп еді,
Жасырдың Төлегенді неге менен?
Қыз жібек
Төлеген ұққан екен сөздің жайын,
Сөзі өктем бұл кісінің айтқан сайын.
Атақты, абыройлы біреу екен,
Жүрмеген өз бетінше қарапайым.
Шатырдың іргесінен шыға келді,
Бір қадам жақындап кеп сәлем берді.
Дабыры көп жігіттің құлақ қағып,
Қаршыға сәлем даусын естімеді.
—Ассалаумағалейкум, ей, Қаршеке,
Ау-жайың көрінеді елге серке!
Арман ғып аламын деп көктегі айды,
Шығып ем сол себепті елден жеке,
Сәлемді неше берсем естімейсіз,
Сәлемім ұнамсыз ба, қылдың ба өкпе?
Мен едім Базарбайдың Төлегені,
Қозының ерте туған көбегені.
Қаршекем араз ба еді бұрын маған,
Құрметтеп сәлем берсем білмегені.
Сәлемді берсем дағы қарамайсың,
Бар еді Төлегеннің неден міні?
Осы келген Қаршыға
Табынан асқан ер еді.
Шетте тұрған жерінен
Төлегенді көреді.
Жақындай кеп жанына
Күле сөйлей береді:
—Уағалайкум әссалам, жаным шырақ,
Естімей сәлеміңді қалды құлақ.
Тұрпатың падишадан төмен емес,
Өсірген қандай адам сылап-сипап?!
Естіп ем атағыңды, арманыңды,
Келіп ем бір себеппен іздеп сұрап.
Жолыңа мал мен басым болсын құрбан,
Көресің алдағы күн мені сынап.
ғашықтық дастандар
Отардан келіп едім көрейін,—деп,
Болдырды қара бедеу желемін,—деп.
Келемін ат өксітіп алыс жолдан
Мырзаны Төлегендей көремін,—деп.
Асудай асу бел еді,
Аса бір көшкен ел еді.
Базарбайдың баласы
Төлеген мырза сен болсаң,
Іздегенің қыз болса,
Қасыма таман кел,—деді.
Нәсіліңе қарасам,
Патшаменен тең,—деді.
Мен жайымды айтайын:
Алты шекті елінде
Сырлыбай ханның уәзірі
Қаршыға жыршы мен,—деді.
Төлеген жаршы сен болсаң,
Кел соңымнан ер,—деді.
Елге берген олжаңнан
Білдірмей маған бер,—деді.
Мен бір сұлу табамын,
Патшамыздың жалғызы,
Аты—Жібек сұрасаң,
Кереметін көр,—деді.
Базарбайдың Төлеген
Қаршығаның бұл сөзін—
Енді мақұл көреді,
Алдыртып атын мінеді.
Айдап жүрген жорғадан
Екі жорға береді.
Сексен жігіт елшіден
Бес жігіт таңдап бөледі.
Өзгесін елге қайтарып,
«Біздерден сәлем бер!»—деді.
Қаршығаға өзі ілесіп,
Ақжайыққа жөнелді.
Қыз жібек
Ғашық болды Төлеген
«Жібек» деген атына.
Көңіл күйі үдеген
Патша қызы затына.
Бір көруге асығып,
Қамшы басты атына.
Неше дүйім ел болып,
Оқпанды жер дөң болып.
Төлегеннің сөздері
Кейінгілерге жыр болып,
Табылды жұмбақ шешуі,
Шешілмей жүрген сыр болып.
Ойнап балық шығады
Жазғы судың шетіне.
Адам қарап болмайды
Ер Төлеген бетіне.
Қамшы басты шу-шулеп
Көкжорға аттың кө...не.
Ерте жүріп, кеш қонып,
Дәл сегіз күн жол жүріп,
Аз ғана емес, мол жүріп
Сонда жеткен секілді,
Ақжайықтың шетіне.
Құландай сағым қуыпты
Алыс емес жуықты.
Жетеміз деп тұсынан,
Төтесінен жүріпті.
Неше қонып араға,
Жетемін деп зорықты.
Қыз іздеген Төлеген
Әуреге молықты.
Сөйтсе дағы көңілі
Келе жатыр орнықты.
Таң атып атқа қонғанда,
Сәске мезгіл болғанда,
Көшкен елге бір жолықты.
ғашықтық дастандар
Мұны көріп Қаршыға:
«Көктеуден жылжып біздің ел,
Жайлауға енді көшіпті.
Көш жөнекей Жібекке
Кезігерміз» десіпті.
—Жай жүріп сендер кел,—деді,
Қосшыларына Төлеген.
Қаршығаға өзі ілесіп,
Көш алдына жөнеген.
Жайлауға көшкен қалың ел
Лек-легімен келеді.
Көкжорға атты көсілтіп,
Кейде жорға, кейде аяң,
Текіректетіп желеді.
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады.
Шытырман көйлек етінде,
Нұр сәулесі бетінде.
Әсемдіктің бәрі де
Көрініп тұр көркінде.
Жарқыратып маңдайын,
Айырып қойған кекіл де.
Жас құлындай мүшесі
Жарасып тұр көркіне.
Жайдары мінез, ақ жарқын,
Қарағың келед тесіле.
Он сегіз мың ғалам да
Бойсұнғандай еркіне.
Перінің қызы секілді,
Қарасаңыз тұрқына.
Осы екен деп Қыз Жібек,
Базарбайдың Төлеген
Жетіп келді қасына.
—Жібек емес бұл,—деді,
Артынан келіп Қаршыға.
Енді одан өтеді,
Және бір көшке жетеді.
Қыз жібек
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады,
Таң мезгілі болғанда,
Шолпанның туған жұлдызы.
Кигені атлас қырмызы,
Бейіштен шығып келмесе,
Бұл жалғанға хор қызы.
Осындай болып туар ма,
Адамзаттың бір қызы!
—Осы ма,—деп,—Қыз Жібек?
Қаршығадан сұрады.
«Жібек емес» деген соң,
Базарбайдың Төлеген
Атының басын бұрады.
Қаршығаға ілесіп,
Төлеген көңілі түзелді.
«Жібекке қашан жетем?»—деп,
Қос көзі төрт боп сүзілді.
Бір көрмекке Жібекті
Асығып жүрді тез енді.
Мақсатына жетуге
Төлеген мырза кезенді.
Жетеміз деп тұсынан,
Жағалай салды өзенді.
Сол уақыттар болғанда
Бір көш шықты түбектен.
Сарыны баяу жүрісі,
Отыз түйе тіркеткен.
Мұрындығы сары жез,
Бұйдасын ескен жібектен.
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады.
Жанасалай сұлудың
Алдына шығып алады.
Қырыменен көзінің
Ұрланып қана қарады.
ғашықтық дастандар
Кірпігі сүйір қылыштай,
Айдай қасы иіліп,
Меңсіз бетте кірсіз тіс
Ақ меруерттей тізіліп.
Ақ күмістей қақтаған
Биік қабақ, кең маңдай.
Қасы-көзі қиылып,
Тура түскен қыр мұрын,
Бетінен нұры төгіліп.
Жез құмандай тамағы,
Жүзген қаздай иіліп.
Беліне түскен қос бұрым,
Қылдай белі үзіліп.
Толған айдай толықсып,
Ақ сазандай булықсып.
Бұралып кетіп барады,
Алуан түрлі ұлықсып.
Оны көріп Төлеген,
Атының басын бұрады,
Әңгіме дүкен құрады.
Сездірмей ойын жас сұлу,
Жай ғана кетіп барады.
Сұлудан жауап алғанша,
Қаршыға келіп қалады.
—Осы ма,—деп,—Қыз Жібек?
Қаршығаға қарады.
Қаршыға жетіп келеді,
Әзіл айтып күледі.
—Бұл емес,—деп,—Қыз Жібек,
Тоқтамай өтіп жөнеді.
Атына қамшы басады,
Тұлпардан туған Көкжорға ат
Аузынан көбік шашады.
Шапқан сайын еліріп,
Ауыздығын басады,
Жұлдыздай ағып асады.
Қыз жібек
Белестен асып келеді,
Ойға түсіп желеді.
Ә дегенше зымырап,
Және бір көшке келеді.
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады.
Тамашалап сәулетін,
Көрейін деп жанады.
Жанына ерген бұл қыздың
Нөкері он төрт қасында,
Өзі он бес жасында.
Ақ маңдайы жарқырап,
Танадай көзі жалтырап,
Алтынды шашбау басында.
Ажарына қарасаң,
Ағыны судай сарқырап,
Күрең жорға ат мінгені,
Алтынды тұрман жарқырап.
Қырық нарға жүк артқан,
Байлықпен өзін жұбатқан.
Қазына артқан қырық нарға,
Жібектен арқан тарттырған.
Қамқалы зерлі кілемді,
Жүк үстіне жаптырған.
Әсемдіктің бәрін де,
Бұл дүниеден арттырған.
Әлденеге тамсанып,
Дүрия бешпет жең салып,
Қиығымен көзінің
Төңірекке көз салып.
Бұралып кетіп барады,
Әб жыландай* толғанып.
* Әб жылан—су жыланы
ғашықтық дастандар
Осы бір жас сұлуға,
Базарбайдың Төлеген
Аударып назар қарады.
Тіл қатқанша қайырылып,
Қаршыға келіп қалады.
—Осы ма,—деп,—Қыз Жібек?—
Қаршығадан сұрады.
Бұл емес,—деп,—Қыз Жібек,
Қаршыға күтіп тұрмады.
«Жібек емес» деген соң,
Базарбайдың Төлеген
Артына мойын бұрмады.
Талай көштің алдынан
Талай сұлу кезікті.
Көлденеңдеп жол алдын,
Қаршығаны тосыпты.
Төлегеннің мінезін
Қаршыға көріп күліпті.
Артынан келіп Қаршыға
«Жібек емес» деген соң,
Талай сұлу көрсе де,
Бәрінен өтіп кетіпті.
Тау басында қарағай,
Төлегеннің мінезі
Болып кетті баладай.
Осындай болып әр көштен,
Отыз қыз өтті сәулетпен,
Бәрі де қалды жарамай.
Тағы айқасты бір көшке,
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады.
Орта бойлы дембелше,
Асығар адам көргенше.
Лебізі тисе бетіңе,
Естен кетпес өлгенше.
Сипатына қарасаң,
Қыз жібек
Бұрынғы қыздан өзгеше.
Алтынды шыны кеседей
Екі көздің шарасы.
Бейіштен шыққан шам-шырақ
Көздің гауһар қарасы.
Туған айдай иілген
Екі қастың арасы.
Сымға тартқан күмістей
Он саусақтың саласы.
Осындай болып туар ма,
Адамзаттың баласы?!
Бағалауға жетер ме,
Қызыл тілдің шамасы?
Осындай сұлу кім көрген,
Жаһаннан асқан бағасы?!
—Осы ма,—деп,—Қыз Жібек?
Базарбайдың Төлеген
Алды-артына қарады.
Артынан келіп Қаршыға,
—Жібек емес мынау ,—деп,
Жай ғана басын шайқады.
«Ондай болса, Қыз Жібек
Мұнан да сұлу екен» деп,
Бір көруге асықты,
«Жібекке қашан жетем» деп.
Атына қамшы басыпты,
Көңілі судай тасыпты.
Алдындағы қыраттан
Ойқастап келіп асыпты.
Көрінді бір көш қарасы,
Алыс емес арасы.
Сән-салтанат әр алуан,
Тамашасын қарашы.
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады.
ғашықтық дастандар
Қара жорға мінгені,
Қара торқа кигені,
Екі көзі сүрмелі.
Қыз іздеген Төлеген,
Жоқ еді, сірә, көргені.
Сексен түйе қомдаған,
Жібек арқан шомдаған.
Қалы кілем жаптырып,
Жібектен гүлін торлаған.
Сипатына қарасаң,
Ақ бетінде кіршік жоқ.
Айдынды көлдің қуындай,
Екі көзі жалтырап,
Батырдың алтын туындай.
Сөйлеген сөзі мазалы,
Аппақ зәмзәм суындай.
Аузынан шыққан лебізі
Сары алтынның буындай.
Бой сымбатын қарасаң,
Бедеуден туған құлындай.
Төгіліп тұр тал бойы,
Шебердің тіккен қынындай.
Мұны көріп Төлеген,
«Осы ма?»—деп ойлады.
Артынан келіп Қаршыға,
—Бұ да емес Жібек,—деп,
Атының басын бұрмады.
Сөйлесуге тіл қатып,
Аял болып тұрмады.
Осыменен Төлеген
Қырық қыз көрді сәулетті.
Бірінен-бірі асып тұр,
Көрікті, бәрі келбетті.
Төрт түлігі сайма-сай,
Елден асқан дәулетті.
Базарбайдың Төлеген
Қыз жібек
Сандалып елден қыз таңдап,
Осындай сұлу көрмепті.
Өзеннің бойы тал ма екен,
Түйесі артқан нар ма екен?
Осы бір көрген қырық қыз
Нұрға бөлеп жаһанды,
Осы бір жалған дүниеде
Олардан сұлу бар ма екен?
О да емес, бұ да емес,
Енді Жібек қайда екен?
Перінің қызы тең емес,
Аспандағы ай ма екен?!
Жібек десе, жібек-ау,
Бір кезіксем өзіне,
Екі аяқты пендеде
Бақытты мендей бар ма екен?!
—Айналайын, Қаршеке-ау,
Бір ғана менің тілегім,
Бар ма, жоқ па, шіркін-ау,
Енді қайда Жібегім?
Көргенде көңілім тынар ма,
Тоқтамайды жүрегім.
—Әй, шырағым, Төлеген,
Мінген атың жүреген.
Күн бойы шауып артыңнан,
Жете алмай әлі келемін.
Жетеміз әлі Жібекке,
Әр нәрсе ойлап жүдемең!
Ақжайық бойы бел еді,
Жағалай көшкен ел еді.
Алты шекті елінде,
Базарбайдың Төлеген
Қаршығаға сенеді.
Базарбайдың Төлеген
Ілгері және шабады.
Астындағы Көкжорға ат
ғашықтық дастандар
Сымға тартқан төстіктей,
Сүмбедей болып жарады.
Аяғын топ-топ басады,
Қызып алған табаны.
Белге шыға келеді,
Бел асып көшкен ел еді.
Салтанатты, сәулетті
Және бір көшті көреді.
Көшке таман келіпті,
Көш сәулетін көріпті.
Өзіне біткен бір мінез,
Талай көштен өтсе де,
«Көш кімдікі?» демепті.
Көш алдына қарады,
Көш сәулеті жарады.
Бір бәйбіше нұр жүзді
Көшті тартып барады.
Алтын мен күміс жабдығы,
Екі жүз түйе қазына,
Сары алтыннан сандығы.
Ағажүніс перідей
Көркі раушандығы.
Жазығы қатын демесең,
Кәртейсе де ілгері,
Талай қыздан сәндігі.
Айдың өткен нешесі,
Ай қараңғы кешесі.
Бағанағы қыздардың
Бәрінен де артық тұр
Жарықтықтың мүшесі.
Асылдай болып киініп,
Толған айдай кесесі.
Көшті тартып келеді,
Жібектің тапқан шешесі.
Қыз жібек
Нұрдай болып шайқалып,
Сағымы жерде жайқалып,
Алтынды кебіс сартылдап,
Тебінгі, тоқым жарқылдап,
Сары ала қамшы қолында,
Маңызды, байсал бәйбіше
Кетіп барад найқалып.
Ертесі не, кеші не,
Берсе Тәңір несібе?
Ертеңгі күн бесінде
Сонда жеткен секілді
Қыз Жібектің көшіне.
Көш сәулетін қарасаң,
Аспаһанның гауһары.
Тамаша қылған адамның
Тояды көзінің жауһары.
Есебі жоқ дүниесін,
Есептейік несіне.
Келсе Жібек жоқ екен,
Бұл секілді көшінде.
Төлегенге бұл көштің
Сәулеті ұнап кетіпті.
Таңырқап келе жатқанда,
Қаршыға жетіп келіпті.
—Күйлімісіз, ханым?—деп,
Бәйбішеге сәлем қылыпты.
—Жібек қайда кеткен?—деп,
Бәйбішеден сұрапты.
Әйгілі болған Қаршыға,
Аузы қандай сөзге епті.
—Жібекжан ерте кеткен,—деп,
Болжаулы жерге жеткен,—деп,
Көшпен бірге жүргенде,
ғашықтық дастандар
Бетіме тозаң тиед,—деп,
Көк пәуеске күймемен
Азаннан тұрып кеткен,—деп,
Берді жауап бәйбіше—
«Ибалы, әдеп еппен» деп.
Көштен өтіп Төлеген,
Жол сорабын қарады.
Көш бастаушы үлкендер
Жер жайын айтып барады.
Көк шалғынды жапырған
Пәуеске ізін табады.
Найзасы аумай қолынан,
Жұлдызы туып оңынан.
Ер Төлеген жөнелді
Кеткен Жібек соңынан.
Асыл киім киінді,
Белін байлап түйінді.
«Бағымды Алла ашқай» деп,
Пірлеріне сиынды.
Атқа салды өкімді,
Ер Төлеген бесінде—
Қыз Жібектің ізімен
Келе жатқан секілді.
Желдікті жапты атына,
Түсіріп төмен санынан.
Ай мүйізді қошқардай
Бөрі тартқан таңынан.
Алмас қылыш сартылдап,
Алтынды жүген жарқылдап.
Көкжорға тұлпар қырланды,
Екі көзі жалтылдап.
Өмілдірік сом алтын
Омырауда алқылдап.
Қыз жібек
Басқан сайын қара жер
Тал көпірдей солқылдап.
Төрт аяғы тең жорға
Бауырына сартылдап.
Тасқа тиген тұяғы
Тарсылдайды қаршылдап.
Құйындай шаңы бұрқылдап,
Ұршықтай саны бұлтыңдап.
Төрт аяқтан шыққан от
Шақпақ тастай жылтылдап.
Құлақ салсаң дыбысы
Тау суындай сыңқылдап.
Тоқымдықтан аққан тер
Тебінгіде шылқылдап.
Су төгілмес үстінен,
Жүрісі жайлы былқылдап.
Ауыздықпен алысып,
Ұшқан құспен жарысып,
Тарта-тарта келеді,
Екі қолы қарысып.
Жер шетіне жетердей,
Жүретін жолды тауысып.
Алдыңғы жыл бесте еді,
Тай күнінен ерттеді.
Биік шоқтық, кең сауыр,
Күдірге шапса епті еді.
Ылди мен өрде ер тоқым
Ілгері-кейін кетпейді.
Қайшыланып құлағы,
Көзі шамның шырағы.
Жеті қырды асқанда,
Қоңыраудың дауысын
Естіді Төкең құлағы.
Шапса балта өтер ме,
Шақырлаудың тасына?
Нелер келіп, не кетпес
Ер жігіттің басына?
ғашықтық дастандар
Көкжорға атты көсілтіп,
Ә дегенше зымырап,
Жетіп келді қасына.
Ат басын тартып аяңдап,
Кідірді біраз аялдап.
Алды-артына қарады,
Алуға жауап амалдап.
Қаршыға кейін қалыпты,
Болдырып аты шабандап.
Көшір отыр алдында,
Делбе арқанын ұстаған.
Тесіліп жолға қарайды,
Басқаға құлақ аспаған.
Үйіріп қояд бишігін,
Ұрмайды, босқа жасқаған.
Үш қара ат шегіп парлаған,
Саңлақ ағын жорғадан.
Жал-құйрығын үкілеп,
Желдігі қызыл торқадан.
Күйменің жандық ағашын,
Алуан сырмен сырлаған.
Қызылды-жасыл манатты
Күйме үстіне жаптырған.
Оюлатып кестелеп,
Меруертпен гүлін торлаған.
Күймедегі әсемдік
Бұл жаһанда болмаған.
Сыртында мұндай болғанда,
Ішінде кемдік қалмаған.
Базарбайдың Төлеген
Дүниеге назар сала ма,
Жібекті ғана ойлаған.
«Кімдікі?» десе бұл күйме,
Арбакеш жауап қылмаған.
Қыз жібек
Жабулы тұр күймесі,
Ілулі тұр түймесі.
Ашуы қиын сыртынан—
Қиюы келіп жабылып,
Ішінен ілген ілмесі.
—Кім бар?—деді,—күймеде,
Көзі түсіп түймеге.
Ызың еткен дыбыс жоқ,
Дегендей біреу «үндеме».
Ақжайық бойы тұз еді,
Жүргенде қалар із еді.
—Қайда кетіп барасың,
Іздеп бір келген біз,—деді.
Намыстанды Қыз Жібек,
Сөйлеушіге «біз, біз» деп.
«Нағылған жан қаңғырған,
Жұмысы не бізді іздеп?»
Таңырқамас Қыз Жібек
«Іздеп келген бұл кім?» деп.
Тоқтамай күйме барады,
Қоңырау сылдыр қағады.
Базарбайдың Төлеген
Үш қайтара шақырып,
Күймеден жауап ала алмай,
Жабырқап көңілі қалады.
Өз елінде ер еді,
Айтқан сөзі тең еді.
Жат жерге келіп, жат елде,
Қыздан жауап ала алмай,
Ойсырап көңілі жүдеді.
Налынып кейіп тұрғанда,
Қаршыға жетіп келеді.
—Әй, шырағым, Төлеген,
Бұл іске бекер жүдемең.
ғашықтық дастандар
Жібектің сырын мен білем,
Бүгінгі күнге келгенше,
Ер сөзін естіп көрмеген.
Сөйлесейін мен өзім,
Білемін Жібек мінезін.
Жабырқама бір іске,
Қасыма еріп жүр өзің.
Ондай сұлу елде жоқ,
Анықтап байқап көр өзің.
Алдымен саған көрсетіп,
Сонан соң саған берейін—
Сөйлейтін сөздің кезегін.
Бастамасы, міне, осы,
Әуелде менің дегенім.
Сөйлесуге Жібекке,
Қаршыға келді жақындап.
Тілі майда шежіре,
Таңдайы кетті тақылдап:
—Ұядан ұшқан балапан
Қанаттарын тарайды.
Асыл туған анадан
Әрбір іске жарайды.
Құрметіңе, қарағым,
Тігемін алтын сарайды.
Данышпан адам дүниенің
Парасатын санайды.
Ақылмен қызмет қылғанды
Орынды іске балайды.
Көтер, Жібек, басыңды,
Ертіп келдім бір жігіт,
Дәл өзіңе ұнайды.
Ашылар бағың келді кез,
Жаратпап ең талайды.
Басыңды көтер, Жібекжан,
Қызметім саған жарайды.
Есігіңді аш, қарағым,
Сал құлағың сөзіме.
Қыз жібек
Қасыңда тұр бұл жігіт,
Дәл лайық өзіңе.
Қаршыға сынды көкеңді
Қапа қылмай, қарағым,
Бір қарашы жүзіне.
Нұр гауһардай көзі бар,
Бал шекердей сөзі бар.
Еліңе теңдес елі бар,
Малыңа теңдес малы бар.
Талай бекзат көріп ең,
Бәрінен де артық сәні бар.
Мыңын жисаң осының,
Жетпейді басқан ізіне
Ат арытып алыстан,
Іздеп келген жайы бар.
Сонда Жібек сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Көке болмай құрып қал,
Әрі таман жүр,—дейді.
Салмаймын құлақ сөзіңе,
Қаңғырып қайдан кез болдың,
Көш жөнекей көзіме.
«Бай тауып бер маған»,—деп,
Қашан айттым өзіңе?
Жөндеп баққын малыңды,
Беталдыңа сандалмай,
Жолама менің ізіме.
Екі тайға ұялмай
Мені сатып сыртымнан,
Көрінбе менің көзіме!
Қаршыға сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Осы емес пе, Жібекжан,
Алдыңдағы бақытың,
Айтқанымды біл,—дейді.
Рас менің, Жібекжан,
Екі жорға алғаным.
ғашықтық дастандар
Неге айтайын сөзімнің
Расын айтпай жалғанын.
Шыныменен, Жібекжан,
Сөздің жөнін байқамай,
Өтірік жала салғаның.
Екі жорға мен алдым,
Төлегенмен дос болып.
Нан, қарағым, сөзіме,
Көңілің маған қош болып.
Жолыңа сенің басымды,
Бәйгеге тіктім мен келіп.
Сегіз күндей жол жүріп,
Ерте жүріп, кеш қонып.
Басыңды көтер, Жібекжан,
Қалайын мен хош болып.
Нәсілің артық бала едің,
Еңбегім кетпес еш болып!
«Шежіре туған Қаршыға
Тауып айтты Жібекке
Асыл сөздің жүйесін.
Жалынып тұр ғой Қаршекем,
Дидарымды бір көрсін.
Алыстан келген бұл жігіт
Әдепсіз қыз деп жүрмесін.
Шашы ұзын әйелдің
Ақылы қысқа демесін».
Көтеріп басын сыланып,
Жіберді ашып күймесін.
Есігін ашты Қыз Жібек,
Амандасты бас изеп.
Ұялғандай қымсынды,
Көз жанары мөлдіреп.
Қайран қалды Төлеген,
«Хордың қызы ма екен?»—деп.
Қатарласып келеді,
«Сөйлесейін біраз»,—деп.
Қыз жібек
Қыз Жібектің құрметі,—
Жаһаннан асқан сәулеті.
Ләйлі-Мәжнүн болмаса,
Өзгеден артық келбеті.
Үш қыз отыр қасында,
Кәмшат бөркі басында.
Бейне бір бүгін толған ай,
Өзі он төрт жасында.
Оймақ ауыз, құмай көз,
Көз мейрімі қанып тұр.
Жібекті көріп Төлеген,
Ақылынан танып тұр.
Танадай көзі жалтырап,
Ағын судай ағып тұр.
Ақ меруерттей отыз тіс,
Қызыл тілін бағып тұр.
Жай оғындай жалтылдап,
Тал отындай жанып тұр.
Ақ маңдайға жарасып,
Айдай қасы сүзіліп,
Тал садақтай иіп тұр.
Кірпігі сүйрік қылыштай,
Жүзінен нұры тамып тұр.
Дүрия жауһар сырғасы
Көтере алмай құлағы,
Шашбауы желде шалқып тұр.
Жез құмандай тамағы,
Ақ торғындай үлбіреп,
Иісі жұпар аңқып тұр.
Қыз Жібектің дидары—
Қоғалы көлдің құрағы.
Көз жанарын қарасаң,
Бейіштің жаққан шырағы.
Бой сымбатын қарасаң,
Бектердің мінген пырағы.
Қыз Жібектің ақтығы—
Наурыздың ақша қарындай.
ғашықтық дастандар
Ақ бетінің қызылы
Қар үстіне төгілген
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай.
Лебізі шарап аңқып тұр
Бейіште зәмзәм суындай.
Қос білегі жұп-жұмыр,
Ақ балтаның сабындай.
Төсінде бар қос алма,
Нар бураның санындай.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Іздеген ерке табылды-ай.
Көз жанары жарқылдап,
Түнді жарық еткендей,
Нұр тұқымын сепкендей.
Сүймесе де көрген жан,
Мұратына жеткендей.
Өзі түгіл Жібектің,
Өлігіне адам қызығып,
Бетінен келіп өпкендей.
Қыз Жібекті Төлеген
Нәсілінен танып тұр,
Жалыны оттай шалып тұр.
Тал шыбықтай бұралып,
Белі үзіліп талып тұр.
Тартқан сымнан жіңішке,
Үзіліп кетпей нағып тұр.
Базарбайдың Төлеген
Арманы осы іздеген.
Ай ма десе, ай емес,
Күн бе десе, күн емес.
Он жеті жасқа келгенше,
Осындай сұлу көрмеген.
Тал бойынан Жібектің
Тарыдай мін таба алмай.
Салтанаттан, байлықтан
Қыз жібек
Кемі жоқ ауызға алардай.
Кесірің бар деп бойыңда,
Сөйледі біраз арындай:
—Асылсың, Жібек, асылдай,
Асылға көңілім тасыды-ай.
Ай жүзіңді көргенде,
Көңілім менің ашылды-ай.
Жібектен жауап алуға,
Келеді жүріп жақындай.
—Басыр, басыр, басырдай,
Ақ пен қызыл, жасыл-ай.
Басыңды көтер, Жібекжан,
Төлеген жүр қасыңда-ай.
Өзіңді, Жібек, алмасам,
Бақытым қалар ашылмай.
Жібектің көрдік күймесін,
Күймеге таққан түймесін.
Қыз басыңмен алшаңдап,
Кесірің елге тимесін.
Атағың жұртқа жайылып,
Дос-дұшпаның күлмесін.
Елден-елге таралып,
Әдепсіз қыз демесін.
Қыз Жібек сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Ондай болса, Төлеген,
Мен жайымды айтайын,
Осыдан өзің біл,—дейді.
Ағыным судай ағады,
Халқым қойдай бағады.
Бойымдағы кесірім
Саған кесір болса да,
Өзіме майдай жағады.
Жалғыз атты жолаушы,
Жақындамай аулақ жүр,
ғашықтық дастандар
Үстімдегі кесірлер
Таясаң саған жұғады.
Ат байлаған шағыл тас,
Арқама біткен қолаң шаш.
Қайдан жүріп кез болдың,
Қаңғырып жүрген бір қу бас.
Кесірім соғып кетпесін,
Аулақ қаш, менен аулақ қаш!
Төлеген сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Қыз іздеген Төлеген,
Мал беріп сені алады,
Бұл сөзімді біл,—дейді.
Көңіліңе келіп қалмасын,
Сөзімнің айтам расын.
Сені Төкең алмасын,
Ал қойнына салмасын,
Ақ төсіңе мінбесін,
Ақ бетіңнен сүймесін.
Отыз күн жасап ойынын,
Қырық күн жасап тойыңды,
Еліне алып жүрмесін.
—Жақсы айтасың, Төлеген,
Айтқан сөзің осы ма?
Талай жігіт айтқан серт,
Келе алмаған қасыма.
Келе алсаң, кел қасыма,
Шағи мамық басыңа.
Алуа шекер берейін,
Ішіп-жейтін асыңа.
Сөзіңе жетсең, Төлеген,
Жатар едім қасыңа.
Жете алмасаң сертіңе,
Сарқырап судай тасыма,—
Бар, дамбалым басыңа!
Қыз жібек
—Сөйлей берсе кетеді,
Сөздің сәні төгіліп.
Жеңген жерде сөйлесем,
Тұрмайын мұнда кідіріп.
Құдалыққа адам сап,
Айттырайын кешікпей,
Елшіге кісі жіберіп.
—Келсең кел,—деді Қыз Жібек,
Сөз аяғын тұжырып.
Қаршығамен кеңесті,
Араға жүр,—деп,—өзіңіз.
Сіз білмейтін ақыл жоқ,
Жағымды елге тіліңіз.
Бұл істе сізге сенемін,
Қалғанын өзің біліңіз.
Төлегеннің сөзіне
Қаршыға мақұл болғаны.
Құдалыққа жүруге
Бұрыннан еді арманы.
Төлеген мырза көңілді,
Айттырмақ болып Жібекті.
Өлтіріге апарар,
Жинады малды, керекті.
Екі жүз елу жорға алды
Артып жүрген жамбыға.
Жақындатып айдады
Сырлыбай ханның аулына.
Жұмбақтап жауап беріп Жібек кетті,
Күн сайын Төлегеннен сабыр кетті.
Хан қызын айдалада тәлкек қылған,
Бұл хабар еміс-еміс ханға жетті.
—Қызымды көш жөнекей мазақ қылған,
Бұлар кім қаңғып жүрген сұм ниетті.
ғашықтық дастандар
Үлгісіз, көргенсіздей мұның өзі,
Хан тұрып қаһарланып кәрін тікті.
—Айдап кел, кім болса да өлтірем,—деп,
Бірталай жасауылын жіберіпті.
—Алып кел Қаршығаны байлап тірі,
Осы екен жол көрсеткен сұмның бірі.
Опасыз екібеткей жан екен ғой,
Көмемін өз қолыммен оны тірі.
Басқасын өлтіріңдер тапқан жерде,
Көрсетіп қылмыстарын қалың елге.
Жарандар, бұдан ғибрат алыңдар,—деп,
Тыйым сап өсек айтып жүргендерге.
Естіпті Қаршыға да мұның жайын,
Айтады Төлегенге сөз ыңғайын.
Қамданып қапылыста құтылайық,
Болмаса, ертеңгі күн жаза дайын.
Қаршыға деді:—Айтайын мен бір ақыл,
Қобалжып көңіліңе алмай, көрсең мақұл.
Әуелі хан алдына өзің барып,
Болған істің мән-жайын баянат қыл.
Төлеген мақұл көрді тұрмай ойлап,
Кешіксе, істің арты қандай болмақ.
Түспекші хан ауылына өзі барып,
Келдім деп «өлтірі алып, қалың айдап».
Жөнелді хан ауылына малын айдап,
Асыл киіп, аттарын мінді сайлап.
Арттырып бес түйеге алтын-күміс,
Берем деп өлтіріге әтей арнап.
Түстік жер хан ауылына қалған кезде,
Кеп жетті жасауылдар андағайлап:
—Ханымыз қатуланып қалған екен,
Сендерді әкел деді қолын байлап.
Қыз жібек
—Естіп ек кеше біз де бұл хабарды,
Кешірім келеміз біз ханнан сұрап.
Төлеген жасауылмен бірге келді,
Мал айдап, жүгін артып, ұбап-шұбап.
Ордасы Сырлыбай ханның сегіз қанат,
Жарасқан хандығына көп салтанат.
Ауылының сыртында бір төбеде
Отырған кәрі-жасы өңкей манап.
Олардың ортасында Сырлыбай хан,
Бергендей жамағатқа ақыл санап.
Олардан ауыл жөнін сұрамаққа,
Төлеген қарсы жүрді жанасалап.
Олар да жалт қарады таңырқау боп,
Қарасты алды-артына қадағалап.
«Бұлар бір алыс жердің адамы ғой,
Жүр екен мұнша жылқы неге айдап?»
Қаптатып бір беткейге жылқыларын,
Төлеген сәлем берді қарсы барып:
—Ассалаумағалейкум ақсақалға,
Отырған үлкен-кіші барлық жанға.
Баласы Базарбайдың Төлегенмін,
Келемін алыс жолдан батып шаңға.
Теңім тауып қалыңдық айттырам,—деп,
Көп жылқы айдап жүрмін қалың малға.
Бес түйе алтын-күміс өлтірім бар,
Беремін бұл аз болса мен тағы да.
—Уағаләйкум әссәлам, жаным балам,
Жүріпсің ат жаратып бәрің тамам.
Алыс жерден келіпсің ат арытып,
Сөйлей бер жұмысыңды құлақ салам.
—Ойлаймын келе жатып ақыл-айла,
Таба алсам орынды ақыл жанға пайда.
Ат өксітіп келемін соның үшін,
Жібек сұлу дегеннің ауылы қайда?!
ғашықтық дастандар
—Бәріңіз бірден бедеу мініпсіңіз,
Тамаша ойын-күлкі жүріпсіңіз.
Жібек сұлу дегеннің ауылы жақын,
Бар еді әлдеқандай жұмысыңыз?
—Көріп ем Жібек қыздың бұрын түсін,
Бітпеген еш пендеге мұндай мүсін.
Қаршекем арамызға жүрмек болған,
Келемін ат жаратып соның үшін.
—Тіккені саудагердің қосы ма екен,
Жақынынан айырар досым ба екен?
Кешегі Төлегенді жамандаған,
Көп дұшпан көре алмаған қасым ба екен?
Жібегім тисе тисін, өз теңі екен,
Кешегі айтқан Төлеген осы ма екен?
Жібекжан Төлегенді жаратыпты,
Жібегім енді өлмесін білген екен.
Патшаның шаһизада баласындай,
Төлеген Жібегіме теп-тең екен.
Ризамын, жарайды, Қаршығаға,
Бағалап өз теңіне берген екен.
Татиды Жібегіме сенің бағаң,
Саған да көңілім толды-ау, жаным балам.
Ақсақал ақ самайлы, ұрпақты бол,
Алдыңда бақ, аузыңда болсын тағам.
Қызықтым көп жылқының өң-түсіне,
Бересің қалың мал қып бәрін маған.
Той қылам неше күндей ұлан-асыр,
Көңіліңе кір келтіріп болма алаң.
Сонымен құдалықтың сөзі бітті,
Арнаулы тойға деген үйін тікті.
Ел-жұртты жиып алып неше күндей,
Сырлыбай хан өлтірі тойын қыпты.
Төлеген бір жотаның тасасына,
Шатырын оңашалау жерге тікті.
Өнерпаз жігіттерді жиып алып,
Қыз жібек
Әр күні салтанатпен сауық қыпты.
Баталы ақ сарбасты тойға сойып,
Төлеген Қыз Жібекті айттырыпты.
Кетті деп айтқан сөздер салауатқа,
Басына Қыз Жібектің ноқта іліпті.
Өлтірі беріп жата ма өлі күйеу,
Келер деп жеңгелердің жолын күтті?!
Қызықпенен талай күн өтіп тұрды,
Төлеген күнде сауық құрып тұрды.
«Жібекке жеңге болып ап келем» деп,
Әр күні талай қатын келіп тұрды.
Көрсетіп жомарттығын келгендерге,
Бәріне бірден жорға беріп тұрды.
Қырық жорға алыпты қырық қатын,
Қуанып шеттерінен күліп тұрды.
«Шынында мырза екен ғой Төлеген»,—деп,
Әңгіме ел ішінде болып тұрды.
Жібекті олар қолға түсіре алмай,
Мыстары бірден-бірге құрып тұрды.
Бір сыр бар бұл арада сөзді бұзған,
Азырақ мәнісі бар көңілге ерген.
Көп жігіт ғашық екен Қыз Жібекке,
Төрт бөліп түн ұйқысын үһілеген.
Бұлардың саны алпыстан артығырақ,
Алам деп Қыз Жібекті дәмеленген.
Қалыңдық айттырмаған сол себептен,
Жібектен күдер үзбей көңілденген.
Бұлар да өз елінің серкесі еді,
Басы артық топ ішінде мен-мен деген.
Басшысы осылардың—Бекежан қу,
Жиып ап көп жігтті көтерген ду.
Айлакер, сайқал еді елден шыққан,
Қатыгез, діні қатты, тілі бір у.
ғашықтық дастандар
Жүреді батырсынып елден артып,
Дандайсып, мергенмін дейт қару артып.
Жиып ап нөкерлерін кеңес етті:
—Мен бір ақыл табам,—деп айтты шалқып.
Ол айтты:
—Ей, жігіттер, қара маған,
Ойланып мен бір ақыл даярлағам.
Өлтірсек Төлегенді бітті жұмыс,
Кім шығар істің артын қуғындаған.
Төлеген соныменен жоғалады,
Ісіміз одан кейін оңалады.
Әрқайсың өз аузыңа берік болсаң,
Көрмесе, құр күмәнмен не қылады?
Жанашыр жақыны жоқ бір жолаушы,
Көнеріп күн ұзарса, іс тынады.
Толған айдай перизат Қыз Жібекті
Бағы жанған біреуіміз қолға алады.
Жайықтың ай мен күні, нұр жұлдызы,
Еркесі еліміздің, сұлу қызы.
Намысы елдің, ердің қозғалады,
Жолаушы алып кетсе жалғыз ізді.
Шектіде жігіттердің серкесіміз,
Бәріміз бір-бір байдың еркесіміз.
Төлеген Қыз Жібекті алып кетсе,
Жақсы ғой тіріліктен өлгеніміз.
Өлтіру қиын болар күндіз оны,
Жанында нөкері көп күндіз-түні.
Отауда Жібекпенен отырғанда,
Оңаша өлтірейік бір күн түні.
Елге келер, я кетерде жолдан тосып,
Өлтірсек айдалада білмес мұны...
Қыз жібек
Осылай кеңесіпті алпыс жігіт,
Бәсеке, бақ таласқан өңкей мүрит.
«Бәрібір Жібек маған тимейді» деп,
Жоқ емес жүргендер де үзіп үміт.
Жата ма жаман хабар жар астында,
Айтысар сыбайластар оны сыр қып.
Естіген бірен-саран жай жүргендер,
Айтыпты Төлегенге құпия қып.
Төлеген білді бұл сырды-ай,
Сенеді кімге бұл күнде-ай.
«Жат жер, жат ел жүргенім,
Басар ма ажал бір күн-ай?
Қаршығаны шақырып,
Айтайын мұң-зарымды-ай.
Алпыс жігіт мені аңдып,
Өлтірем деп жүріпті-ай».
Жүдеп-жадап сарғайып,
Мұңын айтып күрсінді-ай.
Қаршыға сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Сағың неге сыныңқы,
Айтшы, жаным, сен,—дейді.
Көлге біткен құрағым,
Суырылып озған пырағым.
Естідің бе жат хабар,
Айтшы маған, шырағым?!
Ақ орда болды кіргенің,
Қызық дәурен сүргенің.
Ешбір пенде көрген жоқ,
Бұл күнде сенің көргенің.
Біреудің тілі тиді ме,
Суықтан тұмау тиді ме?
ғашықтық дастандар
«Қаңғырып жүрген неме» деп,
Мазақ қып біреу күлді ме?
Айтшы, жаным, сырыңды,
Білейін мен шыныңды.
Неге сонша мұңайдың,
Қорқып қалдым, Төлеген,
Көргенде сенің түріңді.
Ертелі-кеш, таңертең
Жад етемін пірімді.
Айтшы, жаным Төлеген,
Көңілдегі кіріңді?
Сөйлейді сонда Төлеген:
—Мұндай іс бұрын көрмегем.
Жігіттері еліңнің,
Көңілі жаман не деген?!
Жібекке ғашық көп екен,
Іштері толған у екен.
Қыз Жібектей сұлуды
Аламын деп жүр екен.
Төлегендей мырзаңды
Өлтірем деп жүр екен.
Жалғыз жатқан жерімде,
Алады олар кегін де.
Жолаушымын, жалғызбын,
Олар мықты елінде.
Жанашыр, жақын менде жоқ,
Қалмай тұр менде сенім де.
Басыма іс түсіп тұр,
Есіңде болсын тегінде.
—Асуда-асу бел,—дейді,
Аса бір соққан жел,—дейді.
Өлтіретін кім екен,
Кереметін көр,—дейді.
Мен тұрғанда бұл жерде,
Амандыққа сен,—дейді.
Қыз жібек
Шатырда жатпай, Төлеген,
Қасыма менің ер,—дейді.
Ауылға сені апарып,
Жатқызайын мен,—дейді.
Қасыңа келсе бұл иттер,
Сазайын берем мен,—дейді.
Қаршығаның бұл сөзін
Төкең мақұл көреді.
Алдыртып атын мінеді,
Алты шекті елінде
Қаршығаға сенеді.
Талма түстің кезінде
Шатырдан шығып Төлеген
Қаршығаға ереді.
Іркілместен екеуі
Ауылға жетіп келеді.
Сырлыбай ханның алты ұлы,
Алтауы да бек еді.
Ең кішісі—Жиренбай,
Артықша туған ер еді.
Биыл түскен отауы,
Соған таман жүреді,
Жаңа түскен отауға
Әдеппенен кіреді.
«Ерте жатып, кеш қон» деп,
Жеңгесіне құрметтеп,
Қайтпақшы болды Қаршыға,
Төлегенге «қош тұр» деп.
—Өзен судың шеті жар,
Қысаңды жердің жолы тар.
Айналайын, Қаршеке-ау,
Тағы бір менде тілек бар.
Етегін ұстай түрегеп,
Қаршығаға қылды зар:
ғашықтық дастандар
—Мінгенде атың кер,—дейді,
Шапқанда шығар тер,—дейді.
Анықтап бір күн көрейін,
Жібекті әкеп бер,—дейді.
Өткенде бердім қос жорға,
Берейін бүгін үш жорға.
Бесеу қылып мін,—дейді,
Тірі жүрсең жалғанда.
Төлегеннің тілегін
Қаршыға мақұл көреді.
Күдіктенбей, іркілмей,
Жібекке жетіп келеді.
Бұраң етіп, жалт етіп,
Қаршығаны көреді.
Қуаныш бар жүзінде,
Қаршыға дереу сезеді.
Тілі өткір майталман,
Келіп сөйлей береді:
—Айналайын, Жібегім,
Шыныдан аппақ сүйегің.
Осы емес пе еді, қарағым,
Құдайдан сенің тілегің?
Дидарыңды көргенде,
Қуанды менің жүрегім.
Бір сырым бар айтайын,
Бер қарашы, Жібегім.
Асылсың, Жібек, асылдай,
Асылға әркім бас ұрды-ай.
Қуаныш сезіп жүзіңнен,
Көңілім сондай ашылды-ай.
Байыпты болар ақылды,
Ақылды сөзі татымды.
Шеттегі отау ішінде
Биыл түскен жеңешең
Қарағым, сені шақырды.
Қыз жібек
Жарасар асыл киім-ай,
Беліңді байлап түйін-ай.
Шақырғанда бармасаң,
Енді маған қиын-ай.
Той болар ертең басыңа,
Болады ұлы жиын-ай.
Затың әйел, қарағым,
Ата-анаңның мұрасы—
Алдыңда тұр ғой сыйың-ай.
Қыз Жібек сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Жеңешем мені шақырса,
Өзі неге келмейді?
Өзің шешен, батырсың,
Қиын іске ақылсың.
Қылды қылға жалғаған,
Не деген ұста кәпірсің!
Өткенде алдың қос жорға,
Бүгін алдың үш жорға.
Аларға амал табуда,
Сенен асар жан бар ма?
Қалауын тауып қар жағып,
Алудың жөнін тапқанда.
Мінген атың қарагер,
Барайын, өзің бара бер.
Шақырғанда бармасам,
Қаршекем тілін алмасам,—
Ақыры бір күн болармын
Сол жігітке қызметкер.
Асыл киім киінді,
Белін байлап түйінді.
«Шақыртып тұр ол жігіт,
Бармасам болмас тиімді.
Жалынып тұр ғой Қаршекем,
Бармай қалсам қиын-ды.
Абиыр алсын Қаршекем,
Айтқан сөзі сиымды».
ғашықтық дастандар
Күндізгі шаңқай түс еді,
Бармаса болмас іс еді.
Кереуеттей алтын тақ,
Тиіндей ырғып түседі.
Қаршығадан басқаның
Жібектен жауап алмағы—
Қиын-қыстаң іс еді.
Асып туған анадан
Шаһизада1 кісі еді.
Ақ маңдайы жарқырап,
Танадай көзі жалтырап.
Үйден шықты Қыз Жібек,
Алтынды кебіс сартылдап.
Кермаралдай керіліп,
Сары майдай еріліп,
Тәңір берген екі аяқ,
Бір басуға ерініп.
Құнан қойдай бой тастап,
Жүйрік аттай ойқастап.
Қалмайын деп ұялып,
Жан-жағын қарап байқастап.
Қылаң етіп қылт етіп,
Сылаң етіп сылт етіп,
Көре алмас күндес елде көп,
Жүрмесін деп күлкі етіп.
Атқан оқтай жылысып,
Ор қояндай ығысып.
Еркіне ердің түскенін,
Ішінен сезіп, білісіп.
Көрінген көзге дүниенің
Баршасынан безініп,
1 Шаһизада — хан баласы.
Қыз жібек
Мықындары былқылдап,
Буындары сылқылдап.
Әсем басып келеді,
Тау суындай сылдырап.
Омырауда алтын теңгелер,
Сүмбіледей жылтылдап.
Нұр шетінен пішкендей,
Сағымы жерге түскендей.
Қыз Жібектің екпіні,
Бейіштен самал ескендей.
Бір көрген адам дидарын,
Шыбын жаннан кешкендей.
Нұр есігін ашқандай,
Іңірде шайтан қашқандай.
Ат көтермес сәулетін,
Бес түйеге артқандай.
Ғашық жарын көрмекке,
Қызмет етіп бермекке.
Бұрала басып келеді,
Бөленіп қанша сәулетке.
Ауыл алды бел еді,
Жүріп жатқан ел еді.
Келе жатқан Жібекті
Жеңгесі шығып көреді:
—Әй, күйеужан, күйеужан,
Келе жатыр Бикешжан.
Қай жағыңа отырар—
Бүгіннен бастап саған тән?!
Алдынан шықты жеңгесі,
Сылдырап алтын теңгесі.
Жетелеп ап жөнелді,
Көрмесін деп өзгесі.
ғашықтық дастандар
Ұялып кілт тұрыпты,
Езу тартып күліпті.
Талма түсте Қыз Жібек,
Төлегенмен кезікті.
Падишадай айбынды,
Қас батырдай айдынды.
Отыр еді Төлеген,
Нұр шашып үйге сағымды.
Молдалар басы қосылса,
Мәселе кітап оқиды.
Насихат айтып жақсылар,
Ақылмен өнер тоқиды.
Асыл туған Қыз Жібек
Төлегеннің мойнына
Асыла келіп отырды.
—Келдің бе, Жібек, қасыма,
Отыра кеттің асыла.
Кешегі сәлдең қай жақта,
Той болды салсаң басыма.
Жеңдің бе, сен, жеңілдің,
Жеңген жерім осы ма?
—Қынама мешпет қынадым,
Әзіл айтып сынадым.
Әлі ұмытпай жүрмісің,
Төлеген мырза, шырағым?!
Есімде менің қалмапты,
Құйма екен сенің құлағың.
Екі ғашық қосылса,
Ел тамаша қылады,
Әңгіме дүкен құрады.
Екеуінің түріне,
Елі қайран қалады.
Жеңгелер жүр сызылып,
Қызметін қып үзіліп.
Қыз жібек
Қыз-бозбала жездесін
Көреміз деп анталап,
Қарайды сырттан сүзіліп,
«Бәрекелді, пар!» десіп,
Таңырқап бәрі қызығып.
Ақ отауда Төлеген
Сырласып отыр Жібекпен.
Күйеуге төсек салуға
Жеңгелер жүр күзеткен.
Күн ұяға кірген соң,
Қараңғылық ілген соң.
Төсек салды жеңгелер,
Жатар уақыт болған соң.
Көңілі іштей ұғады,
Жеңгесі үйден шығады.
Асыл туған Қыз Жібек,
Жездеміздің қойнына
Назданып барып құлады.
Әзіл айтып күледі,
Құшырланып сүйеді.
Өлтірісін берген соң,
Өлі күйеу жатар ма,
Мұны Жібек біледі...
Шілденің таңы қысқа таң,
Соншама тез атар ма?
Жаздың ұзақ күндері,
Зарықтырмай батар ма?
Үш ай ойнап қалыңдық,
Ойланды бір күн қайтарға.
«Көктемде келдім бұл жерге,
Айналды, міне, жаз-күзге.
Сағындым ата-анамды,
Қайтайын беттеп енді елге».
ғашықтық дастандар
Базарбайдың Төлеген,
Ата-анасын сағынып,
Еліне қайтпақ болады.
«Көктемде тағы келем»,—деп,
Қайтпаққа сапар қылады.
Ішінен тынып Қыз Жібек,
Сағы біраз сынады.
Айтайын деп оңаша,
Көңілінде бір іс тұрады.
Басылмаған құмары,
Көзінен қайтып қияды.
Шақырып алып жеңгесін,
Әңгіме дүкен құрады:
—Өзің бір жақын жеңгемсің,
Омырауда алтын теңгемсің.
Бір сырым бар айтайын,
Көңіліңе қаяу келмесін.
Ұйқыдан шошып ояндым,
Қайтейін айтып өңгесін.
(Сырласып тұрған жеріне
Келтірмейді өзгесін).
Төлегенге барып айт,
Қапыда қалдым демесін.
Тілімді алса Төлеген,
Биыл қыста жүрмесін.
Өзің сұрап біліп кел,
Ата-анасы бар ма екен?
Жал-құйрық жоқ артында,
Қаңғырып өскен жан ба екен?
Саясы жоқ бәйтерек,
Сазға біткен тал ма екен?
Қай елден келді, қайсы ру,
Баратын жері қай мекен?
Үш ай көрген қызығым,
Көрген түспен тең бе екен?
Қыз жібек
Бүгін түнде түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім.
Төлеген мінген Көкжорға ат
Ер-тоқымсыз бос көрдім.
Қайсы бірін айтайын,
Көргенде түсті қос көрдім.
Ауылым қонған Ақжайық,
Жағалай біткен бидайық.
Алдымда жанған шырақты
Біреу үрлеп өшірді,—
Көзімнен болды сол ғайып.
Қолымдағы тұйғынның,
Заулап көктен қарақұс
Желкесін қиды бір қағып.
Пендем десең, Құдай-ай,
Бұл түс емес еді ғой,
Көруге маған лайық.
Төлегеннің мен білдім,
Бұл кеткеннен келмесін.
Жарық дүние—опасыз,
Білдім көзге ілмесін.
Төлегенге барып айт,
Биыл қыста жүрмесін.
Төлегеннің мен білдім,
Бұл жерді қайтып көрмесін.
Мұндай қорлық жеңеше-ау,
Тірі күнде Құдайым,
Еш пендеге бермесін!
Жеңгесі кетті бұралып,
Асықпай басып бір қалып.
Сылдырап алтын теңгесі,
Қасына барды ырғалып.
Базарбайдың Төлеген,
Атын ерттеп жүр екен.
ғашықтық дастандар
Жеңгесі барса қасына,
«Неғып жүрсің?» демеген.
Жеңгесі сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Қайсы бір ру, қай жерден,
Ата-анаңыз кім?—дейді.
Жанашыр, жақын жал-құйрық,
Артыңда бар ма, кім?—дейді.
Сабыр қылып тыңдасаң,
Айтайын мен бір сыр,—дейді.
Бикешжан бүгін түс көрді,
Түсінде жаман іс көрді.
Астыңдағы Көкжорға ат,
Ер-тоқымсыз бос көрді.
Айтарым бар тағы да,
Көргенде түсті қос көрді.
Ауылым қонған Ақжайық,
Жағалай біткен бидайық.
Алдында жанған шырағын
Біреулер үрлеп өшірді,
Болмапты қайтып ол жарық.
Қолындағы тұйғынның
Желкесін қиған бір ғайып.
Тілімді алсаң кетпегін,
Құдайға біз де жылайық.
Ойнап-күліп сауық қып,
Бір қыс бірге тұрайық.
Мал мен басты жолыңа,
Құрбандыққа қияйық.
Қайтпа биыл еліңе,
Тілегіміз лайық!
—Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау,
Мінезің сенің өзгеше-ау.
«Түс түлкінің боғы» дер,
Әр нәрсе ойлап, демеші-ау.
Қыз жібек
Жаратқан мені бір Құдай,
Өлім десе көңілім жай.
Ажалдан адам құтылмас,
Тәңірі жазса осылай.
Кіші жүз деген жерім бар,
Жағалбай атты елім бар.
Атам атын айтайын—
Халықтан асқан Базарбай.
Қой ішінде марқа еді-ай,
Омырауы толған алқа еді-ай.
Шешем атын айтайын—
Алпыс жаста Қамқа еді-ай.
Сансызбай атты інім бар,
Жібегім неден қорқады-ай?
Жаман-жақсы дабыры,
Алланың болар әмірі.
Жалғыз ағаш кесілсе,
Қурап қалар тамыры.
Сегіз жаста інім бар,
Кетпесін Жібек сабыры.
Үйде де болса өлемін,
Ажалдың жетсе тағдыры.
Қараша болып, жауды қар,
Дұшпандардың пейілі тар.
Сәлем де, Жібек қорықпасын,
Артымда құйрық-жалым бар.
Тәңірім тілек береді,
Енді қыс боп келеді.
Елімде Шеге ақын бар,
Ақылға біткен кен еді.
Өзі көсем, өзі ер—
Жоқ еді елде теңі енді.
Олай-бұлай боп кетсем,
Сансызбайға басшы боп,
Еліңізге келеді.
ғашықтық дастандар
Қособа деген үлкен көл,
Арғы жағы—құмды шөл.
Барып келем осымен,
Маған лайық төте жол.
Қар жаумайды жеріне,
Мұз қатпайды көліне.
Үйрек пенен қаз қыстар,
Күнгейлі қоңыр беліне.
Құстар қайтып барады,
Аспанда қиқу салады.
Көктемде қайта оралып,
Жаз жайлауын табады.
Құспен бірге кетемін,
Төте жолмен жетемін.
Ұмытпайды құс тағы
Өзінің қыстар мекенін.
Сонда бірге келемін,
Одан басқа не дейін.
Ажал жетсе өлемін,
Бейнетім болса көремін.
Уағдам сол айтатын—
Көктемнен қалмай келемін.
Тірі болса жанымыз,
Бұзылмаса өмір сәніміз.
Көрісейік көктемде,
Үлкен-кіші бәріміз.
Үмітсіз—сайтан ісі ғой,
Тартсын тұз бен дәміңіз!
Атына мінді «жүрем»,—деп,
Жеңгесіне «сау бол»,—деп.
—Жібекке сәлем айта бар,
Көктемнен қалмай келед,—деп.
Қыз жібек
Қайтып келді жеңгесі,
Сылдырап алтын теңгесі.
—Мынау болды, шырағым,
Төлегеннің кеңесі:
«Түс түлкінің боғы» деп,
Табылды оңай теңесі.
Түс деген әр қыл болады,
Бикешжан, түске ермеші.
Бұдан кейін, жаным-ау,
Осындай түсті көрмеші!
Күрсінді ауыр Қыз Жібек,
Жауап қатпай «пәлен» деп.
Жадырамай мұңайып,
Ішінен жүрді ол жүдеп.
Төлеген жетті еліне,
Туып-өскен жеріне.
Ата-анасы қуанды,
Хан мен қара, бегі де.
Ұлан-асыр той жасап,
Ел жиналды төріне.
Әкесі сұрар сөз ашып:
—Алысқа бардың тау асып.
Не көрдің, балам, не білдің?
Айтып бер жұртқа тауысып.
Құрышы қансын құлақтың,
Отырмыз саған қарасып.
Ел сұрайды көргенін,
Қайда барып келгенін.
Жат жерге барып, жат елде,
Не істеп, не білгенін.
Тыңдады жұрт құлақ сап,
Отырды жақын жуықтап.
«Е, қарағым, жарайт»,—деп,
Отырды бәрі ұқыптап.
ғашықтық дастандар Сансызбай болса сегізде, Отырар сөзді ол тыңдап. Төлеген айтты жүргенін, Жақсы-жаман көргенін. Айттырып асқан бір сұлу, Қалың беріп келгенін. Ұлы жүз деген1 жер екен, Алты шекті елі екен. Осы бір елді билеген, Сырлыбай деген хан екен. Осы ханның кенжесін Жібек сұлу дейді екен. Аты Жібек сұрасаң, Қалың бердім осыған. Бір жыл жүріп сол жақта, Сонымен болды тамашам. Келіннің аты осы екен, Көргеннің көңілі хош екен. Шарласам да жер жүзін, Мұндай сұлу жоқ екен. Тыңдап отыр әкесі, Сөзінің жоқ қатесі. —Айттырғаның, қарағым, Ханның қызы, еркесі. Құтты болсын!—деді қарт, Ұзын сөздің келтесі. —Әкелесің қашан?—деп, Сұрай қалды шешесі. Әкенің көңілі шарықтап, Әр нәрсе ойлап қалықтап. 1 «Кіші жүз» болуы керек. Мәтінде осылай. Шежіре бойынша алты шекті— Кіші жүз Әлім бірлестігіне жататын ірі тайпаның аты.
Қыз жібек
Қайныңа қашан барасың,
Әкелесің қашан?—деп,
Сұрай қалды анықтап.
—Көктемде қайта жүремін,
Қабыл болса тілегім.
Жаз ортасы той жасап,
Келініңді алып келемін.
Кеңесіп кетер кезімде,
Уәде осы дегемін.
Орынсыз іс дегеміз,
Басқаның пәлен дегенін.
—Жүргенің алыс жол екен,
Көргенің, балам, көп екен.
Ғашық болып Жібекке,
Жүрген жігіт жоқ па екен?
Саны қанша көп пе екен?
Ақыл айтар ішінде,
Жөн білері жоқ па екен?
—Жібекке ғашық көп болып,
Түн ұйқысын төрт бөліп.
Алпыс жігіт бар екен,
Күйіп-жанған өрт болып.
Сөйлесерге сөз жетпей,
Айттыруға қол жетпей,
Алпыс жігіт жүріпті,
Төңіректеп түлектей.
Бекежан деген бастығы,
Жақынға жоқ достығы.
Айлакер екен қаскүнем,
Жаннан артқан қастығы.
Қасында көп нөкер бар,
Жібекке ғашық болған зар.
Маған да қастық қылам деп,
Қыла алмай қалған жері бар.
ғашықтық дастандар
Ғашық болып Жібекке,
Алпыс жігіт аңсаған.
Жолы алыс, елі жат,
Дұшпаным көп досымнан.
Айналайын, жан әке-ау,
Әр нәрсе ойлап жасымаң.
Ұғып отыр Базарбай,
Сөздің артқы тиегін.
Ойға батып ол шұңқыр,
Кемсеңдетіп иегін.
Төлегенге қарайды:
—Жарайды алған Жібегің.
Бақытты істің артында,
Бақытсыз іс те жүреді,
Есіңде болсын, қарағым.
Біліп тұр менің жүрегім,
Берер болсаң айтайын,
Бар менің сенен тілегім.
Ой түсіріп айтайын,
Бұл қалай іс демегін.
—Есіктің алды көк жота,
Ойнақтайды жас бота.
Тілегің сенің не болды,
Айтып берші, жан ата?
Тілегіңді берейін,
Бере гөр маған шын бата!
—Өзеннің бойы жар,—дейді,
Жайылған қаптап мал,—дейді.
Келер жыл барма қайныңа,
Келесі жылы бар,—дейді.
Екі жыл өтсін арада,
Дұшпанды оңай санама.
Күн өткен сайын торығып,
Күдерін үзсін олар да.
Қыз жібек
Көп ойланды Төлеген:
«Іс болды бұл не деген?
Арсыз адам болмай ма
Уағдаға көңіл бөлмеген.
Қыз Жібектің уағдасы—
«Көктемнен қалмай кел» деген.
Жеңгесінің алдында
«Көктемде келем мен» дегем.
Елі-жұрты күлмей ме,
«Уағдасыз жас деп не деген?!».
Өтірік айтса бола ма,
Тірі жүрсе адам өлмеген?
«Асқан сұлу Жібек» деп,
Қалың мал беріп келген ем.
Алпыс жігіт ғашық,—деп,
Айтыппын бар деп үһілеген.
Айтпасам сөздің расын,
Болар ед әкем білмеген.
Аңғал басым аңқылдап,
Беріппін тілегін тілеген.
Өзіме-өзім тұсау сап,
Жолымды өзім күрмегем.
Жібекке өтірік айтуға,
Көңілім, сірә, көнбеген.
Атама өтірік айтайын,
Жолымды тосып бөгеген».
—Айналайын, жан ата,
Сөзіме құлақ сал, ата.
Он екі ай көрмей жүзіңді,
Келіп едім сағынып,
Шекерден тәтті, бал ата.
Теңдесі жоқ дүниеде,
Мейірімің тәтті, сен ата.
Алтын қазық артымда,
Тірегімсің, ей ата.
Бәйтеректей мәуелі,
Көлеңкең маған сая, ата.
ғашықтық дастандар
Бір өтірік айттым мен,
Кешіре гөр, жан ата!
Көк ат міндім тағалап,
Жолсыз жер жүрдім жағалап.
«Бір сұлу қыз алам» деп,
Көп ел кездім аралап.
Қабыл болмай тілегім,
Қайтып келдім сағалап.
Барып едім шығысқа,
Елден шығып алысқа.
Қызы сұлу деген соң,
Ұзақтан келген дабысқа.
Елімнен артық елі жоқ,
Жерімнен артық жері жоқ.
Адамға өтірік айтқызған,
Баянсыз өмір дүние боқ!
Ақтарсам да жер бетін,
Сізге лайық келін жоқ.
Мұңлық пен Зарлық қайдағы,
Дүрия тұр ғой шағи жоқ.
Келініңіз Жібек,—деп,
Өлтірі, қалың бердім,—деп.
Ұялғаннан айтып ем,
Қызық дәурен сүрдік,—деп.
Айтқан сөзім—өтірік,
Өтірік түбі—есірік.
Өтірікті көп айттым,
Қызыл тілім шешіліп.
Алтын-күміс апарғам,
Керегіме ұстағам.
Қалағанға қарызсыз,
Сұрағанға сұраусыз,
Беріп бәрін тарқатқам,
Болсын деп өмір садағам.
Қыз жібек
Айдап барған малымды,
Алдымдағы барымды.
Тілеу қылып жұрт жидым,
Сындырмады Алла сағымды.
Жаз өтті, қыс, күзімен,
Қайтып келдім ізіммен.
Айттырам енді қалыңдық,
Елімнің сұлу қызымен.
Ашуланды Базар қарт:
—Сөзіңді өтірік аулақ тарт!
Теріс бата беремін,
Тәуекел Алла қылдым шарт.
Тұз сеуіп, бата беремін,
Жолыңды тоссын кесапат.
Жуа шықсын жолыңнан,
Дұшпаның шықсын оңыңнан.
Айдалада атың арып,
Түк келмесін қолыңнан.
Сұраусыз кеткен малдарым,
Шаян боп шақсын жоныңнан.
Алтын мен күміс апарған,
Оқ боп тисін солыңнан.
Бұл барғаннан келмесін,
Қызық дүние көрмесін.
Көмусіз қалып далада,
Қарға, құзғын жем қылсын.
Тоғыз ұлдан да айрылғам,
Одан да артық сенбісің?!
Бұл барғаннан келме,—деп,
Қызық дүние көрме,—деп.
Шығарды жарлық еліне,
Төлегеннің жанына
Ешбір пенде ерме,—деп.
Ерген адам тегінде,
ғашықтық дастандар
Менен жақсылық көрме,—деп.
Қашқанын көрсең далада,
Ұстап әкеп бергін!—деп.
Есіктің алды белес пе,
Белеске түскен елес пе.
«Ашуланды кәрі әке,
Онымен енді егеспе.
Жазғаны болар Алланың,
Пендемен қылар кеңес пе?
Көктемнен қалмай барамын,
Уағдамыз осы емес пе.
Жібекке өтірік айтқаннан,
Өлгенім жақсы емес пе?
Әке көңілі—алтын жаз,
Бүгін болды сары аяз.
Мұз қатырды көңілге,
Пайдасыз енді қылса наз.
Қарғаса әке оқпен тең,
Қарғаса шеше жоқпен тең.
Әкенің тілін алмаған,
Өлік болар дертпен тең.
Ғашықтың дерті жаман дерт,
Жүректі шалған өртпен тең.
Уағдаға жетпеген,
Табанға басқан шоқпен тең.
Айналайын, Жібегім,
Шыныдан аппақ сүйегің.
Көктемнен қалмай кел деген,
Осы еді сенің тілегің.
Дидарыңды көргенше,
Сарғайып әбден жүдедім».
Қыс өтсе, көктем келеді,
Алла ризық береді.
Қару-жарақ, ат-азық,
Қыз жібек
Даярлап бұрын жүреді.
Алтын мен күміс қоржындап,
Тірі жанға сездірмей,
Белгілі жерге көмеді.
Жалғыз бауыры Сансызбай
Еркелеп ойнап жүреді.
Жібегін ойлап тасиды,
Әкені ойлап жасиды.
Көктемнің күтіп күндерін,
Өткізді сөйтіп неше айды.
Күндер өтті арада,
Жүреді ойнап далада.
Көктемнің желі дымқыл жел,
Қыбыладан соқты жанама.
Қаңқылдаған қаз дауысы,
Естілді көктем жағада.
Есіне түсті бауыры,
Мүмкін емес қалуы.
Жөн көрмеді бұл істі,
Басқаға ақыл салуды.
Орынсыз іс о дағы-ай—
Әкенің тілін алмауы.
Қаһарынан қорқып әкенің,
Еліне ақыл салмауы.
Арманы сол, айтары,
Қайтқан қаздан қалмауы.
Осы бір қайтқан қаздардың,
Қособа деген жайлауы.
Осымен бірге кетейін,
Қособадан өтейін.
Алты қаз менің серігім,
Бұлардан қалып нетейін?
Байлады белін түйініп,
Асынып қару қиініп.
Тығып қойған жерінен,
ғашықтық дастандар
Қоржынды алды жиынып.
Жолдас ертпей салт атпен,
Жүрмек болды түйіліп.
Қособа деген төте жол,
Жері күдір, жолы шөл.
Мәдет берсе бір Құдай,
Пендесіне ризық мол.
«Көктемнен қалмай келем» деп,
Жібекке қылған уағда сол.
«Көзіме елес көрініп,
Көңілімде де аян тұр—
Қайтпаймын тірі осы жол».
Жағалбайлы халқынан,
Жасырынып жұртынан.
Жабдықтап атын мінеді,
Гауһарланған алтыннан.
Жалғыз өзі жөнелді,
Жолдас ермей артынан.
Тоқтар емес қайырылып,
Бір ғашықтың зарпынан.
Сабыр қылып тұрмады,
Дүниеге бетін бұрмады.
Жалғыз бауыры Сансызбай
Артынан еріп жылады.
Рақым түсіп осыға,
Бауыр деген осы ма.
Қу бауырды қия алмай,
Қайрылып келді қасына.
Іші-бауыры елжіреп,
Пәруана болды басына.
Сансызбай келді жүгіріп,
Аш күзендей бүгіліп.
Төлеген тұр қия алмай,
Көзінен жасы төгіліп.
Қыз жібек
Көзінен ақты мөлдір жас,
Қандай қиын бауырлас.
Бауыр етің—бауыр ғой,
Кімнің көңілі ауырмас?
Төлеген тұр егіліп,
Көзінің жасы төгіліп.
Көтеріп алды алдына,
Қабырғасы сөгіліп.
Бауырына басады,
Бордай болып үгіліп.
Сансызбай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Жыламайын, көкежан,
Өзің дағы жылама.
Көзіңнің жасын тый,—дейді.
Жылап отыр ата-анаң,
Сапарыңды қи,—дейді.
Көп жолдаспен барсаңшы,
Ел-жұртыңды жи,—дейді.
Жалғыз қайтіп барасың?
Жалғыздың ісі қиын-ды.
Танымаймын ешкімді,
Болармын кімге сиымды.
Жылап отыр кемпір-шал,
Айтсаңшы бәрін жөніңді.
Қайғыменен қан жұтып,
Дүниеден олар безінді.
Келмей қалсаң, көкежан,
Қобыз алып қолыма,
Тартамын зарлы күйімді.
Төлеген сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Айтайын саған шынымды,
Өзің ғана біл,—дейді.
Айналайын, қарағым,
Жауға шапсам жарағым.
ғашықтық дастандар
Сөзім екі болады,
Уағдадан неге танамын.
Қыз Жібек сұлу жеңгеңді,
Әкелгелі барамын.
Қабырғамда қанатым,
Жетегімде жан атым.
Жібек атты жеңгеңді,
Осы жолы алып келуге,
Жұмысым сол баратын.
Пендесін Құдай қарғаса,
Қабыл болмас тәубасы.
Басыма менің түсіп тұр,
Ғашықтықтың саудасы.
Айтып келген Жібекке,
Жақын қалды уағдасы.
Үйде де болса өлермін,
Ажалдан қайтіп құтылар,
Басы жұмыр пендесі.
Құдіретіне Алланың,
Пенденің жоқ қой шарасы.
Қайсы іске талап қылмайды,
Жер бесікке кіргенше,
Адамзаттың баласы?!
Айналайын, Сансызбай,
Қолғанатым—құйрығым.
Судан шыққан сүйрігім,
Суырылып озған жүйрігім.
Тірі пенде жоймайды,
Жаратқан бір Алланың
Тағдырда жазған бұйрығын.
Тірі болсам, қарағым,
Жеті айда бір келемін.
Ажал жетсе Алладан,
Үйде де болса өлемін.
«Амандық бер,—деп,—жолына»,
Құдайдан сен де тілегін.
Қыз жібек
«Тілімді алмай кетті»,—деп,
Қам көңіл болып жүдедің.
«Тілімді алмай кеттің»,—деп,
Бермеді әкем батасын.
Мен кеткен соң, қарағым,
Кемпір-шалға сен ие,
Қасында өзің қаласың.
Ғибадат тілеп Құдайдан,
Бітіріп істің шаласын.
Медет тілеп пірлерден,
Ақыл-айла табасың.
Өзіңде дәрмен болмаса,
Көзіңді кімге сатасың?
Білмегенді біліске,
Талаппаз бол әр іске.
Тең құрбыңнан артылсаң,
Қолың жетер өр іске.
«Тілімді алмай кеттің»,—деп,
Разылық әкем бермеді.
Әкемнен қорқып елімнен,
Қасыма жолдас ермеді.
Сөзімді тыңда, қарағым,
Сапарға ұзын барамын.
«Тілімді алмай кетті» ,—деп,
Сынбасын сенің қабағың.
Сенің айтқан сөзіңнен,
Иілді менің садағым.
Көктегі құс жолдасым,
Келгенде бірге келгемін,
Қайтқанда бірге барамын,
Ажалым жетсе арада,
Жете алмай жолда қалармын.
Жете алмай қалсам Жібекке,
Дертінен күйіп жанармын.
ғашықтық дастандар
Өзің бір жас баласың,
Сөйлейсің сөздің данасын.
Қыз Жібектің дертінен,
Көремін деп барамын,
Бейнетті жолдың жапасын.
Олай-бұлай боп кетсем,
Жібектей асыл жеңгеңді,
Өзің бір барып аласың.
Жылқыда көк бурыл-ай,
Былтыр құлын, биыл тай.
Өзіңе арнап ен салғам,
Шырағым, саған сайма-сай.
Соны ат қып мінерсің,
Жеткізсе сені бір Құдай.
Алтынды балдақ ақ семсер,
Сермеген жерге ол жетер.
Желкесі құрыш, жүзі алмас,
Талғаусыз жерден дәл кесер.
Саған арнап соқтырып,
Салып қойдым қынапқа,
Аш беліңе келісер.
Алтынды сауыт кебені,
Қозы жауырын жебені,
Саған арнап құйып ем,
Болар деп бір керегі.
Бадана көзді кіреуке,
Өлшемі жоқ теңеуге.
Қабаты тоғыз ақ сауыт,
Саған арнап соқтырып,
Будырып қойдым кілемге.
Ер қаруы—бес қару,
Даяр тұр бәрі ілгенге.
Үстіңе баса кигейсің,
Айтқанымды білгейсің.
Талап қылған әр іске,
Қыз жібек
«Тәуекел Алла» дегейсің.
Олай-бұлай боп кетсем,
Жібектей асыл жеңгеңді,
Өзің бір алып сүйгейсің.
Айтқаны болмас адамның,
Алланың болар дегені.
Жолдасын жауға бермейтін,
Басшы қылып ертіп ал,
Ақын, батыр Шегені.
Сансызбайдың бетінен,
Үш қайтара сүйеді.
Қол ұстасып қоштасып,
Жерге қойып інісін,
Шығысқа қарап қиялап,
«Хош, Алла» деп жөнелді.
Базарбайдың Төлеген,
Алладан пәрмен тілеген.
Жайық пен теңіз арасы,
Үш айшылық жол екен.
Қырық бес күндік арада,
Айналасы шөл екен.
Шөл-жазира ішінде,
Қособа деген көл екен.
Базарбайдың Төлеген,
Байланды белін түйініп.
Туысқанға күйініп.
Есіне Жібек түскенде,
Тоқтар емес кідіріп.
Қособаның көліне,
Жетемін деп келеді.
Жауатын күндей түнеріп.
Астындағы Көкжорға ат,
Қаншырдай қатқан иіліп.
Төбедегі қос құлақ,
Салпайып төмен тігіліп.
ғашықтық дастандар
Кекілін кеткен тер басып,
Екі көзі жұмылып.
Тозаң басқан танауы,
Еріні төмен түріліп.
Жүрісі баяу буынсыз,
Кете жаздап сүрініп.
Қырық күн жүріп шөл кезіп,
Шөлдеумен әбден зорығып.
Базарбайдың Төлеген,
Келе жатқан сияқты,
Қамшымен атын жүргізіп.
Кебірсіп кеткен қос ерін,
Шөлдегені білініп.
Жалғыз аты серігі,
Сырласар кімге жүгініп.
Шөлдеген ұзақ көзденіп,
Алысқа қарап тігіліп.
«Түс ауа бесін болғанда,
Қособаға жеткенде,
Алармын біраз тынығып».
Мінгендей атың сұр қасқа,
Шаба алмаса ұр басқа.
Батырлық, байлық кімде жоқ,
Ғашықтық жолы бір басқа.
Қособа деген көл екен,
Қырық күндік шөл екен.
Ұры, кезеп, қарақшы
Мекен еткен жер екен.
Шаршап, шалдығып келгенде,
Жау жататын жер екен.
Төлеген сынды мырзаның
Судай тасып келгенде
Соғып бір өтер жолы екен.
Атаңа лағынет Бекежан
Қыз Жібектің сыртынан
Көп ғашықтың бірі екен.
Алпыс жігіт қасында,
Қыз жібек
Төлегенді келед деп,
Жолын тосып жүр екен.
Жүретінін бұл жолмен
Кімнен ұғып білді екен?!
Құс қайтқанда келерін
Қайсы дүр айтып қойды екен.
Келмесе егер сол күні,
Азықтары таусылып,
Қайтып бір кетер күні екен.
Құланнан атып қодықты,
Көлден тартып борықты.
Келе ме деп Төлеген,
Әлденеше қоныпты.
Төлеген мінген Көкжорға ат
Қырық бес күндік жол жүріп,
Жол жүргенде мол жүріп,
Шөлдеуменен зорықты.
Шөлдеген соң Төлеген,
Атынан көңілі торықты.
Жақындап суға келгенде,
Бесін намаз болғанда,
Базарбайдың Төлеген
Шуалған шаңға жолықты.
Шаңға таман шабады,
Қасына таман барады.
Ұтылап шығып алпыс жау,
Төлегенді қамады.
Базарбайдың Төлеген
Алды-артына қарады.
Бесінде жаумен айқасып,
Алдырмай кетіп барады.
Еркімен аты жеткен соң,
Жау ортаға алады,
Жамандатқыр Көкжорға ат,
Шөлдеуменен зорыққан,
Басын жерге салады.
Ауыздыққа күш бермей,
ғашықтық дастандар
Бұра тартып барады.
Суды көріп шөліркей,
Көлді бір-ақ ішердей.
Соғысуға қарманды,
Атқа ашуын келтірмей.
—Батар күнмен батайын,
Өзінен бұрын атайын.
Мұсылман болса бұл жаулар,
Жақындап жауап қатайын.
Тым болмаса, Құдай-ау,
Бекежанды өлтіріп,
Жастығымды ала жатайын.
Жүгірмек өлім қылмаққа,
Он сегіз жаста алмаққа,
Жазып па ең, Жаратқан Тәңірім,
Осы бір күйге салмаққа.
Атым шаршап арсиды,
Қайратым менің жасыды.
От болып жанған көңілім
Су сепкендей басылды.
Құдіреті күшті, Құдай-ау,
Алыстан жарға ғашық қып,
Әуреге салдың басымды.
Мұны айтып Төлеген,
Қорамсаққа қол салды.
Бір салғанда мол салды.
Толықсыған күшімен,
Толқып тартып қалады.
Кірештен оғы өтеді,
Топ арғынға жетеді.
Селдіреген шетінен,
Жетеуінен өтеді.
Енді оғын алғанша,
Қорамсаққа қол салғанша,
Қыз жібек
Анталап жаулар келеді,
Қарманып қайта алғанша.
Атаңа лағынет Бекежан,
Арғыннан асқан қу екен.
Әңгіме болған сұм екен.
Төлегеннің артынан
Алпыс қадам жағалап,
Бір қурайды паналап,
Атқалы келіп тұр екен.
Мылтыққа білте басады,
Абыройы қудың асады.
Төлеген сынды мырзаның
Қанын судай шашады.
Қой боғындай қорғасын
Ажал болып жабысты.
Атаңа лағынет Бекежан,
Жібермеді намысты.
Базарбайдың Төлеген
Толықсып атта тұрғанда,
Қолтығынан сүйейтін,
Таба алмады танысты.
Бекежан атқан жалғыз оқ,
Маңдайынан өтеді.
Ат үстінен Төлеген
Толықсып құлап кетеді.
Жалғыздық түсіп басына,
Қамығып сонда жылады.
—Жанын өзі үзсін,—деп,
Қорлықпенен өлсін,—деп,
Атаңа лағынат алпыс ит
Қасында қарап тұрады.
ғашықтық дастандар
—Пұл жібердім қалаға,
Шығып ем жалғыз далаға.
Бейсауат күні жолықтым,
Бұл секілді қазаға.
Қарға-құзғын жемесін,
Жасыра кет көзімді,
Замандас едің, жақсы аға!
Пұл жібердім бақшаға,
Қызыл тіл, енді қақсама.
Қарға, құзғын жемесін,
Жасыра кет жүзімді,
Айтатын зарым баршаға.
Мұсылманның баласы ек,
Көмусіз қалсам бола ма?!
Төлегеннің тілдері
Осы сөзге келеді.
Атаңа лағынат алпыс ит,
Не дейсің, сірә, демеді.
Бір баланың олжасы
Алпыс итті бөгеді.
«Мал опасыз» деген сол—
Тұлпардан туған Көкжорға ат
Су ішіп әбден қанған соң,
Бір қарақшы астында
Ойнақтай басып жөнелді.
Базарбайдың Төлеген
Оқ тиіп танды есінен,
Көзін ашып қараса,
Киім-кешек, ат-тонын
Қарақшы тонап жөнелген.
Шыққанда елден Төлеген,
Алты қаз ұшқан төбеден.
Қособа екен қонары,
Су ішерде шөлдеген.
Қыз жібек
Есін жиып қараса,
Дауысынан үркіп мылтықтың,
Қона алмай жерге жүр екен.
Мұңын шағып қаздарға,
Сондағы айтқан сөзі екен:
—Келіп ең бірге, алты қаз,
Жерге түсіп көбейсең.
Сендер тірі, мен өлі
Жатырсың неге демейсің.
Қасірет-қайғы халімді,
Неге келіп білмейсің?!
Тілсіз, мақұлық жануар,
Қасыма неге келмейсің?
Сендер көкте, мен жерде,
Жазық жоқ сенде, менде де.
Сендер жануар, мен адам,
Көзімді жұмып барамын,
Жарық дүниеден мүлде.
Хайуан да болсаң жолдас ең,
Зарымды айтам сендерге.
Көк еркесі жануар,
Айта бар сәлем, елге де.
Әуеден ұшқан алты қаз,
Етің—шекер, сорпаң—бал.
Дәрменім жоқ атарға,
Атайын десем оғым аз.
Қонар болсаң, жануар,
Міне—майдан, міне—саз.
Өлмеген құлға Құдай-ау,
Бопты екен ғой, міне, жаз.
Әкемді айтып қайтейін,
Шешемді айтып қайтейін,
Мен кеткен соң Сансызбай,
Еркелеп кімге қылар наз!
ғашықтық дастандар
Бұдан былай кеткенде,
Ауылға таман жеткенде,
Төбеге шықса «белім» деп,
Кәртейген әкем Базарбай:
«Қарағым менің Төлеген
Көрдің бе?» десе, не дейсің?
Тағы айтайын зарымды,
Шекер десем бал берген,
Жая десем жал берген,
Майға қосып нан берген,
Әр алуан дәм берген,
Алақандап өсірген,
Еркелесем кешірген,
Алпыс жаста сорлы анам,
Алдыңнан шығып, жануар,
«Құлыным менің Төлеген
Көрдің бе?»—десе, не дейсің?
Онан арман өткенде,
Малға таман жеткенде,
Қарға жүнді қаттасым,
Үйрек жүнді оттасым,
Таласып емшек еміскен,
Тай-құнандай тебіскен,
Бір төсекке жатысқан,
Асық ойнап алысқан,
Тайға мініп жарысқан,
Көп қызыққа батысқан,
«Өлгенде аға көре алмай,
Қолымнан сусын бере алмай,
Арыздаспай, қоштаспай,
Ажалың жетті-ау алыста-ай»—
Деп алдыңнан шығады-ау,
Жалғыз інім Сансызбай.
Қанатымда қияғым,
Табанымда тұяғым.
Жазылмас жерден ауырдым,
Емшіні қайдан табамын.
Қыз жібек
Жалғыз бауырым Сансызбай:
«Көкешім менің Төлеген,
Көрдің бе?»—десе, не дейсің?
«Сауыттың көзі тітіліп,
Септелмей кетті»,—дегейсің.
«Баратұғын жеріне,
Жетпей-де кетті»,—дегейсің.
«Өлі екенін білмеймін,
Тірі екенін білмеймін,
Жылай-жылай бір жалғыз,
Дүниеден өтті»,—дегейсің!
«Қособаның көлінде,
Құсада кетті»,—дегейсің!
«Ақ маңдайдан аққан қан,
Жосадай кетті»,—дегейсің!
«Алтынды жабдық Көкжорға ат
Бір қарақшы астында,
Босқа да кетті»,—дегейсің!
Төлегеннің тілдері,
Осы сөзге келіпті.
Жұлдыз шыға Төлеген,
Ақыретке сапар шегіпті.
Желкеден тиген жалғыз оқ,
Маңдайынан өтіпті.
Алланың салған пәрмені,
Ажалы бүгін жетіпті.
Айтып-айтпай немене,
Төлеген деген сол мырза
Кебіні жоқ, көрі жоқ—
Ит пен құсқа жем болып,
Дүниеден өтіпті.
Анталаған алпыс жау
«Мұратқа енді жеттік»,—деп,
Олжасын алып кетіпті.
Көктемнің өтті күндері,
Жаз айы жетті шілделі.
ғашықтық дастандар
Күз бен қыс та тоқтамай,
Өтті күн мен түндері.
Төлегеннен хабар жоқ,
Кеткелі неше жыл болды.
Өлі-тірі екенін,
Хабарын болмас білгелі.
Күн өткен сайын сарғайып,
Қыз Жібек те жүдеді.
«Көрген түсім келді»,—деп,
Ішінен тынып жүреді.
Көп жігіт сырттай боп ғашық,
Келе алмай жақын бір басып.
«Қайсымызға қарайт»,—деп,
Мұңаяд кейде сырласып.
Алпыс жігіт жағалап,
Жүреді өзін бағалап.
Жібектен жауап ала алмай,
Тың тыңдап, елді аралап.
Көре алмай жүзін Жібектің,
Жүрсе де күнде сығалап.
Күдерін үзді кейбіреу,
Бірін-бірі табалап.
Бекежан жүр сандалып,
Алды-артын байқап аңғарып.
Төлеген кетті келмеске,
Ауыл-аймақ елінен
Кім шығар енді қарманып.
«Өзім батыр, өзім бай,
Япыр-ай, Жібек сұлу-ай.
Ақжайықта, Қыз Жібек,
Бір өзіңе тең келер
Менен артық кім бар-ай?
Қыз жібек
Күдеріңді үз алыстан,
Бетіңді бұр бер қарай.
Асылсың, Жібек, асылдай,
Асылға әркім бас ұрды-ай.
Тілдесе алмай өзіңе,
Көңілім жүр менің басылмай.
Төлеген кетті ғайып боп,
Оны ойлап енді жасыма-ай.
Дидарыңды көрген жан,
Қалмайды толқып тасымай.
Жүресің бе тұнжырап,
Қабағың бір ашылмай.
Төлегенді өлтірдім,
Қан жастық жастап басына-ай.
Мініп жүрмін Көкжорға ат,
Көңілім судай тасыды-ай.
Разымын Қыз Жібек,
Сен үшін өлсем осылай.
Құрбаның сенің болайын,
Кесілсе менің басым-ай.
Қошқарды таудан түсед деп,
Өлмейін аштан қасқырдай.
Орайын тауып ой жұмсап,
Барайын енді қасыңа-ай».
—Өлгенін естімесе маған тимес,
Өзгені күдер үзбей, сірә, сүймес.
Білген соң анық менің ерлігімді,
Өзі де Төлегенге қатты күймес.
Бұған мен басқа жерде сездірмейін,
Шошытып бір-ақ айтып жібермейін.
Бір тойда айтысумен біліп қалсын,
Адамға соған дейін білдірмейін.
Көкжорға ат мініп жүрген алтын жабдық,
Көп жігіт күдер үзіп кеткен қаңғып.
Бекежан түн болған соң айтысуға,
Қасына Қыз Жібектің келген аңдып.
ғашықтық дастандар
Көңілінде әр алуан той қылады,
Жібекті аламын деп ой қылады.
Жүгіріп «бұқа буға, азбан дуға»,
Өзінше дәмеленіп тор құрады.
Салдыртып Көкжорға атпен жетіп келіп,
Тұсынан кеп Жібектен сөз сұрады:
—Айтайын айт дегенде, арма, Жібек,
Түйедей ботасы өлген зарла, Жібек.
Кеткелі жаман жарың көп жыл болды,
Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек?
Сайда сан, құмда ізі жоқ жолаушыны,
Енді ойлап не қыласың жадап-жүдеп?
—Арасы екі ауылдың бүрген шығар,
Етегін түнде жүрген түрген шығар.
Артымда жеткіншегім жас деуші еді,
Айналып сұм дүниемен жүрген шығар.
—Қыз Жібек, тарылтармын заманыңды,
Айрылып білмей жүрсің қалғаныңды.
Ат ізін сегіз жылдай бір салмаған,
Келед деп күте берме жаманыңды.
—Елімнің несін алып, не бермеймін,
Дүниеде тірі жүрсем, не көрмеймін?
Арғында алты шекті алпыс мырза,
Ізіне Төлегеннің теңгермеймін.
—Айтайын, айт дегенде, әуелім жар,
Қыз Жібек, әлі-ақ болар заманың тар.
Немеңді өліп қалған мақтай берме,
Көкжорға ат астымдағы қудай жайнар.
—Көп екен, сұм Бекежан, ақыл-айлаң,
Сұмдықпен атағыңды жұртқа жайған.
Атаңа лағынат, қарақшы, ей, Бекежан,
Көкжорға ат астыңдағы алдың қайдан?
Қыз жібек
—Жол тосып Қособада жатып алдым,
Біреуді мергендікпен атып алдым.
Болған соң өзім батыр кімді аяйын,
Өлтіріп Төлегеннің атын алдым.
Жолыңа Төлегенді қылдым құрбан,
Бұл ісім бір ерлігім өзім қылған.
Жаратып Көкжорға атты мініп жүрмін,
Келіп ем естірткелі әтей саған.
Төлеген өліп кеткен әлде бұрын,
Кезеулі бір оғыма келіп қырын.
Отырмай бағың байлап, бері қара,
Отырмын сөйлескелі айтсам шынын.
Ғашық ем көптен бері көңілі азап,
Сен тыңда, бұл айтқаным жүрек сырым.
Бекежанның бұл сөзі
Сұмдық болды бір өзі.
Мұңды болған Жібектің
Өртеніп күйді өзегі.
Өксіп-өксіп жылады,
Жыламай қайтіп тұрады.
Ғашық болсаң, сондай бол,
Басқа не амал қылады?
«Аһ, дариға, Құдай»,—деп,
Керегені құшақтап,
Етбетінен құлады.
Керегенің көктері
Жібектің бетін жырады.
Төскейден аққан бұлақтай
Қара көзден аққан жас
Омырауын жуады.
Лажын таппай Қыз Жібек,
Ішінен судай тынады.
—Адыра қалғыр, Бекежан,
Көрме дүние, жарық таң.
ғашықтық дастандар
Екі көзің қызарып,
Ішіпсің иттей қызыл қан.
Айтпа маған сөзіңді,
Көрсетпе маған жүзіңді.
Жаныңнан жұда қылдырып,
Құдайым берсін сыйыңды.
Көрмеймін сенің түсіңді,
Бітіріпсің ісіңді.
Қайтіп қиып өлтірдің,
Сол сияқты мүсінді?!
Тәңірім сені қарғасын,
Әбі жылан арбасын.
Тәңірім мені жаратса,
Қатын, балаң зарласын!
Басыңа қиын іс түсіп,
Қасыңа адам бармасын.
Дүниеден көрген қызығың
Ажалыңа арналсын.
Жамандық алып жағаңнан,
Алды-артыңды қармасын.
Жиған-терген дүниең
Шаян боп шағып қинасын.
Туыспай кеткір, алты ағам,
Бармысың тойда, қайдасың!
Сырлыбайдың алты ұлы
Тату-тәтті бір сыры.
Жібектің туған ағасы
Бәрі батыр оң-солы.
Алтауы да бөрідей,
Жүреді жауын жегелі.
Ең кенжесі Жиренбай,
Бәрінен асқан көк долы:
—Мұнша неге мұңайдың,
Апырау, Жібек, не болды?—
Деп жүгіріп келеді.
Қыз жібек
—Бекежан деген қу екен,
Іші толған у екен.
Төлегенді өлтіріп,
Алтынды жабдық Көкжорға ат
Астында мініп жүр екен.
Бақытым кеткен желге ұшып,
Дүниеде сорлы мен екем!
—Ей, Бекежан, антұрған,
Осы іс пе еді сен қылған?
Иманыңды айта бер,
Тап болды ажал алдыңнан,
Қылмысың асып басыңнан.
Бекежанды қамады,
Мойнына арқан тағады.
Өрлі-қырлы сүйретіп,
Төлегеннің жолына
Құрбандыққа шалады.
Бекежандай залымның
Дүниеден көңілі суынып,
Сонымен тыныс тынады.
Сан Бекежан өлсе де,
Базарбайдың Төлеген
Орны қайдан толады?!
Қаралы Жібек, қаралы,
Қаралы басы жаралы.
Жүрек-бауыры езілді,
Емшіні қайдан табады?
Нұры қашып көзінің,
Тіл дария ағады.
Өшірілген шырағы
Енді қайдан жанады?
Мойны үзілген тұйғыны
Қанатын қайдан қағады?
Ертоқымсыз Көкжорға ат
Иесін қайдан табады?
ғашықтық дастандар
Шешілді жұмбақ сыр болып,
Көрген түсі баяғы.
Осыменен тынар ма,
Өмірдің тартқан табағы?
Сегіз жыл өтті сонымен,
Ашылмай ешбір қабағы.
Жылайды Жібек жер құшып:
—Кетті,—деп,—бағым желге ұшып.
Затым әйел, жолым тар,
Жаратқан Тәңірім қор қылып.
Сөз ілесіп жүргенде,
Шөп ілесер отырсам,
Мұңдасам кімге жүгініп?
Еркек болсам кетер ем,
Етек-жеңді түрініп.
«Жеткіншек інім бар»,—деп ед,
Келмеді-ау хабар білініп.
Арада сегіз жыл өтті,
Ат тұяғын тай басып,
Жарлы байып, жас жетті.
Кебін киген құрыпты,
Кебенек киген жүріпті.
Аспаннан бірақ түсер жоқ,
Біреудікі біреуге
Аударылып келіпті.
Дәмеленіп кейбіреу,
Өз түбіне өзі жетіпті.
Кезекті бұл дүние,
Кезбелі екен несібе.
Түстік өмірің бар болса,
Жетерлік дән жи кешіңе.
Түлкідей бұлтақ жалғанға,
Өкінерсің несіне ұялмай?
Баяғы бай Базарбай
Мал-мүлкін қалды жия алмай.
Қыз жібек
Қарғап жұтты баласын,
Жеті басты тажалдай.
Төлегеннің дертінен
Болған халі мынадай:
Сақал-шашы қуарып,
Екі жағы суалып.
Екі көзі көр бопты,
Жас орнына су ағып.
Қақпандай белі иіліп,
Отыра алмай бүгіліп.
Құр терісі қаудырап,
Тарамысқа ілініп,
Әрең тұрған салдырап.
Тұрайын десе тұра алмай,
Жүрейін десе жүре алмай,
Шөке түсіп жатады,
Аяқ-қолын жия алмай.
Байлықпен жиған мүкаммал,
Еш қызығын көре алмай,
Шашылып жатқан мал-жаннан,
Бір сабақ жіп жия алмай.
Алқалы Қамқа бәйбіше,
Бұрынғыдан өзгеше.
Қуарған аппақ томардай,
Өлейін деп өле алмай.
Ажал жетіп келмесе,
Сарғайып өлер санамен,
Төлегеннен бір ауыз,
Хабар-ошар келмесе.
Көз жасын төкті шұбалтып,
Екі көзін суалтып.
Төлегеннің дерті ғой,
Бұларды кеткен қуартып.
ғашықтық дастандар
Тірі кеткен емес пе,
«Тірі келіп қалар»,—деп,
Бірін-бірі жұбатып,
Келмесе егер бұл жылы,
Келер жылға ұзартып.
Ол жыл өтсе тағы да,
Кейінгі жылға ұнатып,
Сегіз жыл өтті сонымен,
Бұлдырап үміті шұбартып.
Төлеген кеткен жағына
Қараған мойнын ұзартып.
«Үмітсіз—сайтан ісі»,—деп,
Қарайды тағы құмартып.
Бейнесі көзге елестеп,
Көңілге алқау тұр артып.
Сансызбай өсіп-ержетіп,
Он жетіге жетіпті.
Алып дене сымбатты,
Сырт бейнесін қарасаң,
Шынардай сұлу көрікті.
Ақылына күші сай,
Құрбысынан үздікті,
Ақылдыдан ақыл ап,
Өнерліге еріпті.
Молдадан оқып аз ғана,
Кәләм шәріп біліпті.
Той-ойында жүлдені ап,
Қатарынан озыпты.
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Байыпты жігіт болыпты.
Аң аулайды ол кейде,
Қолына қыран құс алып,
Жоқ іздеген адамдай,
Тау-тасты кезер сандалып.
Сейілге бірде шығады,
Қару алып қамданып.
Сонда да көңілі толмайды,
Қайтады үйге жұбанып.
«Ботаң ғой, ата, келген»,—деп,
Қыз жібек
Дауыстайды ап-анық.
Жайдары-жарқын мінезбен,
Кемпір-шалды қуантып.
Тұнжырап кейде Сансызбай,
Қайғысы баста сансыздай.
Көп дүние, көп малға
Қарайды көңілі салқындай.
Құрбылар кейде сұрайды,
—Не болды?—деп япырым-ай.
Бір қыз үшін көкешім,
Кеткен деуден жасырды-ай.
Төлегенге дүниенің
Баршасын жүр парсынбай.
Көкешім кеткен келмеді,
Жыл өтті, міне, алыстай.
Іздейін енді мен оны,
Жетіп те қалды жасым-ай.
Тірі-өлісін біле алмай,
Көңілім жүр менің ашылмай.
Кетер кезде деп еді,
«Өзің бір іздеп барасың»,—
Деген сөз әлі есімде-ай.
Іздеп бір оны барайын,
Жол қарап күнде жасымай.
Атамнан рұқсат алайын,
Ойымды айтып осылай.
Атам берсе батасын,
Жүрейін енді тосылмай.
Көңілін әбден бекемдеп,
Үйіне келді «кетем» деп.
От басында шешесі,
Отыр екен бүкеңдеп.
Баласына бір қарап,
Шәугім асты еңкеңдеп.
Асыға бала сұрады:
—Атам ояу ма екен?—деп.
ғашықтық дастандар
—Атаң жатыр орнында,
Тұра алған жоқ тағы да.
Көзін жұмып жатқанмен,
Көкірегі ояу да.
Көз шырын алмай жатады,
Көрген осы сар таңда.
Өзің барып қарашы,
Жатыр екен не халда?
Баласы келді қасына,
Қарады аяқ-басына.
—Сен бе едің, ботам, келген?—деп,
Бетін бұрды асыға.
—Айналайын, жан ата,
Сөзіме құлақ сал, ата.
Арызға келді балаңыз,
Рұқсат, бата бер, ата!
Мінген атым көк ала,
Өзіңнен туған мен бала.
Көкешім кеткен келмеді,
Іздеусіз кетсе бола ма?!
Тірі болса көрейін,
Өлі болса білейін.
Тірі кеткен емес пе,
Күдерімді үзбейін.
Бір хабарын білгенше,
Жер шарасын кезейін.
Разылық берсең, жан ата,
Ешкімге көзім сүзбейін.
Айналайын, жан ата,
Мен—балаңмын, сен—ата.
Көкешімді іздейін,
Бір сапарға пейіліңді,
Қайтсең дағы бер, ата.
Қыз жібек
Баруға көңіл бөлінді,
Қайтарма, ата, тебінді.
Жиған-терген қазынаң,
Пайдасыздай білінді.
Іше алмадым асымды,
Көтере алмай басымды.
Менен басқа кімің бар,
Жан ашитын жақынды.
Аты арып қалды ма,
Тоны тозып қалды ма?
Сұм дүниеге айналып,
Қайта алмай елге қалды ма?
Көтер, ата, басыңды,
Жеткізді Құдай жасымды.
Көкешімді сағынып,
Көңілім сонша жасыды.
Бір сапарға жүруге,
Қайратым менің тасыды.
—Айналайын, ақ ботам,
Асқар белім, сен жотам.
Тұрыпсың даяр жүруге,
Барма деп саған не айтам!
Сәтті болсын сапарың,
Жақсымен болсын қатарың.
Қызыр, Ілияс пайғамбар,
Жолдасың болсын, Сақаным.
Айналайын, құлыным,
Бас арқамда жұлыным.
Осы күнде, қарағым,
Қайғыда қалды күн-түнім.
Кешігіп кетсең, қарағым,
Түгейді менің бұл күнім.
ғашықтық дастандар
Екі көзім көр болды,
Көңілім қара жер болды.
Төлегеннен айрылып,
Ішім толған шер болды.
Тегінде алтын тұғырдай,
Қуардым қазір томардай.
Ойлаймын соны күн-түні,
Ұйқыға көзім жұмылмай.
Қалыңға түстім қағылып,
Қанатым қалды шағылып.
Тасқа тиіп табаным,
Тұяғым қалды қайрылып.
Тірі өліктей отырмын,
Төлегеннен айрылып.
Олай-бұлай ой құрып,
Жатырмын, міне, сарылып.
Бас аман болса қайғы жоқ,
Қайғысыздың көңілі тоқ.
Бұйрықтан қашып құтылар,
Жер бетінде пенде жоқ.
Мұндай күйге түстім мен—
Бір Аллаға күнәкар
Ақырында өзім боп.
Аузым болды дуалы,
Сөзім болды уәлі.
Тап боларға бұл іске,
Өзім болдым күнәлі.
Бітті менің жұмысым,
Тарылды менің тынысым.
Құдайдан сені тілеймін,
Басқа бар менің не ісім?!
Қыз жібек
Қайғы-қасірет қаптады,
Қара жер қып таптады.
Осы бір күйге түсуге,
Құдіреті күшті Құдайға,
Не «қылмысым» жақпады.
Аз емес берген садақам,
Көп еді малым арнаған.
Кімнен көрем шіркін-ай,
Бұл ісімді жасаған!
Қарап көзім тоймаған,
Шығуға үйден қимағам.
«Көзімнен алыс кеттің»,—деп,
Тұз салып теріс қарғағам.
Оқ боп тиді қарғысым,
Ажалыңа арнаған.
Тікен шығып тіліме,
Күрмеліп неге қалмаған.
Тасқа тиіп қарғысым,
Майырылып неге қалмаған.
Баратын жерге бара алмай,
Алатын жарын ала алмай,
Із-түзі жоқ дүниеде,
Тұрмын хабар ала алмай.
Мен жатырмын жығылып,
Барам деп келдің жүгіріп.
Айтар сөзім бар еді,
Көңілімде тұр тығылып.
Көңілге келіп қалмасын,
Арманда болып сүрініп.
Барып кел, балам, барып кел,
Тоқтамас көңілің суынып.
Аллаға сені тапсырдым,
Бір Құдайға сиынып.
ғашықтық дастандар
Батасын берді балаға:
—Тапсырдым,—деп,—Аллаға.
Екінші сені тапсырдым
Шарапатты өткен бабама!
Көп жолдас ертпе қасыңа,
Дүбірің жетер қасыңа.
Қолға байлау болады,
Іс түсіріп басыңа.
Жақсы жолдас—шарапат,
Жаман жолдас—кесапат.
Жолдасың жақсы болғанда,
Ақыл табар қат-қабат.
Жақсы жолдас ғанибет,
Кір келтірмейт жаманат.
Екі аяқты, бір басты,
Тік жүретін пендеде,
Нелер сыр бар ғаламат.
Барғын, балам, қайтейін,
Бір Аллаға аманат.
Су жағалап жүре гөр,
Жол жайын елден біле гөр.
Хабарын білсең, қарағым,
Көп кешікпей келе гөр.
Атасы рұқсат беріпті,
Баласы жүрмек болыпты.
Төлеген айтқан көк бурыл
Он жасар ат боп толыпты.
Жүрсе жарап, жатса ұйықтап,
Кемеліне келіпті.
Күн шалдырмай арқасын,
Баптап бағып жүріпті.
Күн тимеген бауыры,
Жел тимеген сауыры,
Табаны қызып шапқанда,
Шалмайды боран дауылы.
Қыз жібек
Жеміне сұлы жегізіп,
Сусынға саумал бергізіп.
Жал-құйрығын тарайды,
Үкілетіп, өргізіп.
Қарға адым кетпей қасынан,
Құс ұшырмай басынан.
Өзіне арнап ен салып,
Баққан малы жасынан.
Дөңгелек тұяқ жылқының,
Артығы жоқ осыдан.
Жел жетпейді шабысы,
Су төкпейді жүрісі.
Төлегенді іздеуге
Арнап жүрген осы аты.
Беренменен белдіктеп,
Шұғаменен желдіктеп,
Айылын баптап тартады,
Мақпалменен терліктеп.
Ер-тұрманы алтыннан,
Орнатып гауһар көздіктеп.
Бес қаруын бойына
Іліп алды беріктеп.
Шегені іздеп барыпты,
—Жүріңіз маған еріп,—деп.
Батыр Шеге—қолбасы,
Жайшылықта ел басы.
Өзі батыр, өзі ақын,
Мыңға татыр бір басы.
Көпті көрген, көп білед,
Ақылдының мың басы.
Төлеген айтқан ер Шеге,
Сол адам, міне, тап осы.
Осы бір ұзын сапарға,
Ертіп барар жолдасы.
ғашықтық дастандар
—Мінген атым көк еді,
Көргеніңіз көп еді,
Ақыл-айлаң, Шеге аға-ау,
Патшаменен тең еді.
Көкешімді іздейік,
Маған еріп жүр,—деді.
Ақжайыққа барамыз,
Жақын емес арамыз.
Көкешім өлі-тірі ме,
Бір хабарын аламыз.
Барып-келу арада,
Биыл жазды аламыз.
—Келіпсің маған, қарағым,
Жүр десең бірге барайын.
Ел намысын сақтауға,
Ер намысты балаймын.
Асыл туған баласың,
Көңіліңнің айттың жарасын.
Ақжайық—ұзын сапарға
Жалғыз қайтіп барасың?
Болады, бірге барайын,
Дертіңе дауа табайын.
Ағаңды бірге іздесіп,
Жараңды сенің жазайын.
Ақжайыққа жорыққа
Жүрмек болды ертеңі.
Екеуара үш тұлпар,
Қосарда бір ат жетегі.
Даярланып артылды,
Азық-түлік керегі.
Ақжайыққа жорықты
Сәрсенбі күн жүріпті.
Қыз жібек
Аз бергенге түстеніп,
Көп бергенге қоныпты.
Арада қанша жол жүріп,
Ақжайыққа жетіпті.
Алты шекті елінде—
Сырлыбай ханның ауылын
Әркімнен сұрап біліпті.
Шеге менен Сансызбай
Кезіккен елге жолшыбай,
—Қанша жер,—деп сұрайды,—
Ханның ауылы Сырлыбай?
—Ақжайықтың басында,
Жүре бер,—дейді,—осылай.
Жайық бойы көп арал,
Жағалай біткен көкше тал.
Көз жетпейтін жазықта
Көрінді жатқан қалың мал.
Малға таман жетіпті,
Белеске шыға келіпті.
Қатар-қатар отырған
Қалың ауыл көріпті.
Ақ төбедей ақ боз үй,
Рет-ретімен тігіпті.
Сырт бейнесін қарасаң,
Бірінен-бірі көрікті.
Керме тартып байлаған,
Сансыз атты көріпті.
Атты жаяу сабылған,
Қалың адам жүріпті.
Не керемет екенін
Біле алмай бұлар тұрыпты.
Осынша көп адамдар
Ойын-сауық құрыпты.
Ауыл ара балалар
Тай шаптырып жүріпті.
ғашықтық дастандар
Көкпар тартып сірескен,
Палуандары күрескен.
Қыз қуып жатыр және де,
Қыз-бозбала күліскен.
Ат шабат деп бәйгеге,
Жүйріктерін тізіскен.
Шеге менен Сансызбай
Қарап тұр бұған таңырқай.
«Той қылған ба, ас берген?»
Мәнісін тұр біле алмай.
«Төте барсақ ауылға,
Бұлар кім?—деп қарар ма.
Алыстан келген жат адам,
Неғып жүр?—деп қалар ма.
Әркім ойлап әр күмән,
Сары ізге шөп салар ма?»
Тоқтады біраз аялдап,
Алды-артына қарайлап.
Қалың қой жатыр төскейде,
Ауылға беттеп маңайлап.
Таяқ ұстап қойшы жүр,
Қой артын жиып «құрғайлап».
Малшыға таман бұрылды,
Ел жөнін сұрап білуді.
Жасы алқыған жан екен,
—Бұлар кім?—деп үңілді.
Амандасты жалбақтап,
Таныстай көне көңілді.
Салтанатты, сәулетті
Бұларға қойшы сүйінді.
Шеге ақын айтты жүргенін,
Алыс жерден келгенін,
Құда, таныс-тамыры
Қыз жібек
Осы жақта екенін.
—Бұл елді қайсы ел дейміз?
Бұл ауылды не дейміз?
Қалың топыр немене?
Қайран қалып келеміз.
Айтып берші, қойшы аға,
Біліп кете береміз.
—Ақжайық деген жер осы,
Алты шекті ел—осы.
Сырлыбай деген ханымыз,
Ауылы, міне, дәл осы.
Қыз ұзатып, той қылып,
Жатқан кезі тап осы.
Жиылған топыр—тойшылар,
Білгенім менің, міне, осы.
Төлеген айтқан Сырлыбай,
Есінде еді бұрында-ай.
—Қыздың аты кім екен?
Кім алады екен,—деп,
Сұрай қалды Сансызбай.
—Жібек еді қыз аты,
Асыл туған бекзаты.
Үлкендердің сөзінде,
«Отырған қыз орын табад»,—деп,
Айта сапты қылжақты.
Кезіктірді Құдай ақыры,
Хорен деген қалмақты!
Шеге тұр сөзді аңғарып,
Сөйлеп тұр қойшы ырғалып.
«Қазақ қызын қалмаққа,
Берді екен неге сандалып.
Қыз алысып жүр ме екен,
Қалмақпенен тегіннен,
Ақжайықта бұл халық?!
ғашықтық дастандар
Әкесі хан Сырлыбай,
Даңқы бар елге бірталай.
Бере ме қызын қалмаққа,
Қазақтан біреу табылмай.
Естімеген елде көп,
Естігенді көз көред.
Ырымы басқа ел-елдің
Деген сөз, міне, осы,—деп.
Арып-шаршап жүрсем де,
Намысым келді құса боп.
Күйеу алмай отырған,
Қыз ба екен әлде қартейіп.
Болса да қалмақ тиейін,
Болып тұр деп жөні кеп».
—Қайдан келген қалмақ?—деп
Сұрай қалды білмек боп.
Сөйледі қойшы біртіндеп,
Мұңайғанда күңкілдеп.
Насыбай шақша қолына ап,
Құмарта атты иіскеп.
—Құмарыңыз бар ма?—деп,
Шегеге қарай икемдеп.
—Қалмақ деген бұл халық,
Шығыстан кепті құралып.
Хорен деген ханы бар,
Он тоғыз мың қол алып.
Үш жыл болды жатқалы,
Қайтар емес қозғалып.
Хорен деген хан екен,
Өзі батыр жан екен.
Зорлықпенен бұл жерді,
Қылып тұр қазір ол мекен.
Сырлыбай ханға кеп жүрген,
Аралап елді ол жүрген.
Қыз жібек
—Сендерді жаудан қорғауға,
Патшамыз,—дейді,—жіберген.
Дандайсып сөйтіп жүріпті,
Шығара алмай бүлікті.
Хан ордаға кеп жүріп,
Қыз Жібекті көріпті.
«Бұл не деген сұлу?»—деп,
Өмешегін үзіпті.
Сипатына таң қалып,
Көзі иттің төніпті.
Қазақ пенен қалмақта,
Жоқ сұлу мұндай таппаққа.
Мұндай сұлу жерде жоқ,
Болмаса аспан аумақта.
Көріп көзі сенбепті,
Жер бетінен көрмепті.
«Адамзатқа айналған
Перінің қызы бұл»,—депті.
Бір көріп есі кетіпті,
Жүрегіне өрт кетіпті.
«Алмасам сені, бәлем»,—деп.
Ар-ұяттан безіпті,
«Қатыным болса Қыз Жібек,
Хан тағым болар көрікті.
Бір түн жатсам жанына,
Мың күнге татыр бұл,—депті».
Амал іздеп әр түрлі,
Түнімен ойын ойлапты.
Масаттанып өзінше,
Көңілінде той қылыпты.
«Хан қызын маған берсін»,—деп,
Жібермек елші болыпты.
Ертеңі келді елші іздеп,
—Сырлыбай хан сіз бе?—деп,
ғашықтық дастандар
Батыр ханымыз жіберді,
Қызын маған берсін,—деп.
Ханның қызын хан алса,
Жарасар қызық тамаша.
Қалмақ-қазақ бұрыннан,
Келеміз біз жанаса.
Бұғысымыз бір таудың,
Қалмақ деп шетке қақпаса.
Май ағызар тілінен,
Басын айтса жақсылар,
Өзі-ақ кетер жақтаса.
Сырлыбай айтты турасын:
—Мұсылманды бұзбасын.
Хорен ханға сәлем айт,
Қыздан дәме қылмасын.
Бұл біреудің жесірі,
Бұған қолқа салмасын.
Мұсылманның бір қызын,
Жаһаннамға бұрмасын.
Діннен шығып бәріміз,
Тартамыз ортақ күнәсін.
Біз—қазақпыз, ол—қалмақ,
Айырған Құдай бұрын нақ.
Нәсіліміз қосылса,
Бір Құдайға шет болмақ.
Онда тірі мұсылман
Бізге нәлет оқымақ.
Ұқсамайды дініміз,
Ұқсас емес сынымыз.
Жәннат пенен жаһаннам,
Өлгенде барар жеріміз.
Басқасына шыдайық,
Бұл емес бізге лайық.
Хорен ханға айта бар,
Сый болса басқа қылайық.
Қыз жібек
Нәсіліміз басқа,—деп,
Құдай қабыл көрмейт,—деп,
Сырлыбай хан айтады:
«Бұған өкпе қылма»,—деп.
Елші кетті елігіп,
Айтқан сөзге желігіп.
Хан Хореннің алдында
Айтып отыр емініп.
Мұны естіген хан Хорен,
Сыбаныпты білегін:
—Қызын маған бермесе,
Шабамын,—деп,—мен елін.
Қызын қатын қыламын,
Ұлын жетім қыламын.
Маған өкпе артпасын,
Айтқанымды қыламын.
Ойран қылам елдерін,
Құм қыламын белдерін.
Елін түгел қырғызып,
Қан қыламын көлдерін.
Нәсіл сөзін айтпасын,
Құдай сөзін қатпасын.
Жауап берер уақыты
Екі күннен аспасын.
Жіберді тағы адамын,
Батырып сөзбен зардабын.
«Хан Хорен деген, міне, мен,
Айтпасын көп қалжағын.
Берсең дағы бересің,
Бермесең де бересің.
Келесін ойла еліңнің,
Өзің де хан төресің.
ғашықтық дастандар
Жеті атамнан хан едім,
Маған бермей қызыңды,
Енді кімге бересің?!
Ғаскерім тұр сайлаулы,
Қылышым тұр қайраулы.
Шығатын болса майданға,
Күнін айтсын байлаулы».
Хан басына іс түсті,
Ел басына күш түсті.
Елін жиып Сырлыбай,
Кеңесіпті бұл істі:
—Жасауылы қалмақтың,
Қайрап тұр бізге қылышты.
Сайлауыт батыр бізде жоқ,
Қалмақтың саны өте көп.
Ақыры алмай қоймайды,
Қырылу босқа керек жоқ.
Бермек болды қалмаққа,
Шыдамай ауыр салмаққа.
Жаннан қорқып қылған іс
Болса да бұрыс шариғатқа.
Жаратқан Құдай өзің біл,
Елде амал қалмады,
Айырып бұдан алмаққа.
Естіп Жібек жылайды,
Көзінің жасын бұлайды.
Нәсілі бөтен қалмаққа
Қайтіп көңілі ұнайды.
«Амал жоқ енді көнейін,
Ел-жұртым саған не дейін.
Ел тартатын азапты
Жалғыз өзім көрейін.
Қыз жібек
Босағасын қалмақтың
Аттаған күні өлейін.
Айтарым бар еліме,
Тілегімді бере ме.
Шіріген мен бір жұмыртқа,
Ұяда қалдым көміле.
Той істесін қырық күн,
Ойын ойнап отыз күн.
Алты жасар бала мен
Алпыстағы шалды да
Шақырсын тойға осы күн.
Жабырқаған көңілім
Көтерілсін осымен».
Тілегін мақұл көріпті,
Ат шауып, елін жиыпты.
Алты жасар бала мен
Алпыстағы шалды да
Шақырып тойға келіпті.
Той қылды сол күн ертесі,
Қалмақтың жоқ некесі.
Отыз күн ойын басталды,
Тойы түгеп кешесі.
—Анау қалың жүргендер,
Сол ойынға келгендер.
Қара құрым қалың ел—
Той тамаша көргендер.
Қалмақтың қалың жасағы,
Ол да жүр бірге білсеңдер.
«Домалар қубас той десе»,
Сіздер де барып көріңдер.
Дәм-тұз татып кетуге,
Үйге де біздің келіңдер.
ғашықтық дастандар
Жылқышы едім тегінде,
Жастау сері кезімде.
Лайық деп қой бақтым,
Орта жастан өткенде.
Сырлыбай ханның қойы бұл,
Болып жатқан тойы бұл.
Анау шетте біздің үй,
Барам десең өзің біл.
Сансызбай тұр Шеге мен,
Сұмдық деп бұл не деген:
—Мұсылманға бұл қызды,
Бұрын неге бермеген?!
—Қыз Жібек сұлу бұл елде,
Қаласың қайран көргенде.
Сұлулықта баға жоқ,
Атағы кеткен жер-жерге.
Өлтірі тойын жүргізген
Төлеген деген біреуге.
Еліне қайтып кетіпті,
Жарым жыл жүріп осы елде.
Қайта келер кезінде,
Қособаның көлінде,
Бекежан деген қарақшы
Жолдан тосып өлтірген—
Жоғалған, сөйтіп, ол мүлде.
Оны Жібек ұғады,
Қара салып жылады.
Жібектің алты ағасы,
Бұл істің мәнін сұрады.
Бекежанды табады,
Мойнына арқан салады.
Атқа тағып сүйретіп,
Өлтіріп кегін алады.
Қыз жібек
Сөзім емес өтірік,
Айтпадым артық көпіріп.
Сегіз жыл болды осыған,
Шықпады Жібек серпіліп.
Күйеуге тимей Қыз Жібек,
Қалған үйде отырып.
Талай жігіт ғашық боп,
Көруге түрін асық боп.
Жібектен жауап ала-алмай,
Басылған судай тасып боп.
Кеткелі қор боп бүгін тұр,
Қалмаққа тән нәсіп боп.
«Әңгіме бұзау емізер,
Бұзау таяқ жегізер»,—
Деді де қойшы жөнелді:
—Қой жамырап, қозы емер!
Қойшы кетті қырды асып,
Сөзі берді сырды ашып.
Сансызбай мен ер Шеге
Қайғыда қалды мұң басып.
Қойшы айтыпты көргенін,
Елден естіп білгенін.
Сансызбай, Шеге енді ұқты,
Төлегеннің өлгенін.
Сансызбай сонда жылайды,
Көзінің жасын бұлайды.
«Ағаң өлді»,—деген соң,
Қандай мықты болса да,
Қайтіп шыдап тұрады.
Жалын құшып атының,
Егіліп барып құлады.
Түсе қалып ер Шеге,
Маңдайынан сылады:
ғашықтық дастандар
—Екеуіміз бірдей жыласақ,
Жұбататын кім бар,—деп,
Шеге ақын сабыр қылады.
Мінәжат қылып Аллаға,
Құбылаға бетін бұрады.
—Сабыр қыл, жаным, сабыр,—деп,
Сәждеге басын ұрады:
—Көкешім, менің кетіпсің,
Бұл дүниеден өтіпсің,
Бізді тастап қайғыға,
Шын дүниеге жетіпсің.
Мүсәпір қылып ініңді,
Қасіретіңді көміпсің.
Жер шетіне барыпсыз,
Қыз Жібекті тауыпсыз.
Құмарыңды баса алмай,
Отына күйіп-жаныпсыз.
Кебінің жоқ, көрің жоқ,
Жапанда жалғыз қалыпсыз.
Ит пен құсқа жем болып,
Көмусіз шөлде қалыпсыз.
Шаппадың жауға ту алып,
Тұрмадым қарап қуанып.
Жекпе-жек жаумен алысып,
Өлмедің ерлік мұра қып.
«Көкешім, сені табам»,—деп,
Мініп ем атқа қуанып.
Ақжайыққа келгенде,
Дария шалқар көлдерім,
Жер боп қалды-ақ суалып.
Кешегі жүрген, көкешім,
Қособаның көлінде,
Көмусіз қапсың қуарып.
Айналайын, көкешім,
Қорлықпенен өткенсің.
Қыз жібек
Дүниеден қызық көре алмай,
Өмірдің көрдің келтесін.
Қайғым кетті қалыңдап,
Жүрегім кетті жалындап.
«Көкешім, сені табам»,—деп,
Келіп едім арындап.
Болмады қабыл тілегім,
Езілді менің жүрегім.
Үйге қайтып барғанда,
Ата-анама не деймін?!
Жапанда қалып жан бердің,
Бұл дүниеден не көрдің?
Сенің көрген күндерің
Басына, сірә, келмесін
Екі аяқты пенденің!
Атыңның басын бұрмадың,
Сапарыңды қимадың.
Атам менен анамның
Маңдайына симадың.
Өлгеніңді естіп, көкешім,
Көзімнің жасын тыймадым.
Асилық қылмай сөйлейін,
Төлеген атты пенденің
Рақымы күшті Құдай-ау,
Жолдас қылғын иманын.
Алдымдағы шырағым,
Астымдағы пырағым.
Кетеріңде, көкешім,
Артыңнан еріп жыладым.
Алтынды сүйек көкешім,
Ұжмақтан болсын тұрағың!..
Ер Шеге басын сүйеп тұр,
Қабырғасы күйреп тұр.
ғашықтық дастандар
Сансызбайды құшақтап,
Көзінен жасын төгіп тұр.
«Торқа болсын топырағы»,—
Деп медеуін беріп тұр.
«Айдалада жыласақ,
Мына ел не деп қалар?»—деп,
Оған да көңіл бөліп тұр:
—Айналайын, Сансызбай,
Жыладың мауқың басылмай.
Ағаңды іздеп келіп ең,
Жоқ болып шықты табылмай.
Қуанып үйден шығып ең,
Қабағың қалды-ау ашылмай.
Көлге біткен құрағым,
Суырылып озған пырағым.
Жасын тыйшы көзіңнің,
Жыламағын, шырағым.
Рас болса өлгені,
Төлеген сынды ағаңның
Ұжмақтан жазсын тұрағын.
Ноқталы басқа бір өлім,
Өкініш қылма өлімге,
Өз тілеуің сұрағын!
Өлмей тірі кім қалар,
Көнбесе болмас пенделер.
Өлімге разы болмаған,
Жаратқан бір Алланың
Рақыметінен құр қалар.
Отыз үш мың сахаба,
Жүз жиырма төрт пайғамбар.
Ата менен анамыз—
Өлмесе қайда ол жандар?
Өлімге қатты налынбас,
Мұны білген адамдар.
Қыз жібек
Шайтанға, сірә, өлім жоқ,
Жақсылық оған көру жоқ.
Қанша мықты болсаң да,
Дәм таусылса жүру жоқ.
Өлмесе қайда кетті екен,
Бұрынғы жаннан бірі жоқ?!
Күні біткен күнінде,
Айы біткен айында.
Ағаш бесік, жер бесік
Есіңде болсын тегінде,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Қанаты бүтін сұңқар жоқ.
Тумақ—сүннет, өлмек—парыз
Мың жасаған адам жоқ!
Айналайын, Сансызбай,
Жылай берме жасымай.
Дәм-тұзы түгеп осы жерде,
Ажалы бопты осылай.
Хор қызы болып серігі,
Жәннаттан тисін бір сарай.
Кеткен кісі келе ме,
Алғанын Тәңір бере ме?
Топырағы осы жерден
Бұйырыпты өзіне.
Иманды болсын ағаңыз,
Ұжмақтың шығып төріне.
Мүсәпір жолда біз жүрміз,
Қуат берсін өзіңе.
Тоқтатты Шеге қой десіп,
Қайғыны іштен жоқ десіп.
Біреу көрсе мына елден,
Таңырқар мынау кім десіп.
—Елге қайтсақ аманда,
Айтармыз жоқтау барғанда.
Сарғайып олар күтпесін,
Жоғалды деп тағы да.
ғашықтық дастандар
Өлгелі сегіз жыл бопты,
Сүйегі қурап күл бопты.
Іздегенмен табылмас,
Қайталық елге біз,—депті.
Күшіміз жетпес қалмаққа,
Айырып қызды алмаққа,
Алауыз салсақ араға,
Мына ел қалар азапқа.
Сансызбай айтты:—Жүрмелік,
Қыз Жібекті көрейік.
Егер жүрсе бізге еріп,
Алып бірге кетейік.
Жүрмесе ол бізге еріп,
Бір көрініп кетейік.
Мен барып әуел келейін,
Тобына таман кірейін.
«Кімсің?» деп біреу сұраса,
Деймін ойын көрейін.
Аужайын байқап әуелі,
Көп айланбай келейін.
Сансызбай кетті жаяулап,
Аралап елді аялдап.
Ақ боз үлкен бір үйден,
Таяу өтті жағалап.
Ән шығады тыңдаса,
Зарлаған дауыс баяулап.
Жақындап барып тыңдады,
Сөз мәнісін ұғады.
Бір әйел мұңлы дауыспен
Айтып жатыр мынаны:
—Жайықтың суы лай-ау,
Суалды көзім жылай-ау.
Төлеген сынды мырзадан,
Айырды мені Құдай-ау!
Қыз жібек
Көрген түстен шошып ем,
Тап сол күннің өзінде-ау.
Оңдамаған екенсің,
Қадыр Алла, өзің де-ау!
Жайықтан көшкен көп шекті,
Қонар жері Көкпекті.
Төлегенді іздеп артынан,
Келетін жандар көксетті,
Келер деп біреу көп күтсем,
Хабар-ошар жоқ бопты.
Ойлансам іздеп бармаққа,
Ілініп қалдым қармаққа.
Жаратқан Алла Жаппар-ау,
Шынымен нәсіп қылдың ба,
Діні басқа қалмаққа?!
—Зарлаған даусы тым текті,
Осы әйел, бәлкім, Жібек-ті.
Естідім ән осындай,
Сансызбай қайтып тез жетті.
«Тілегім бар, аға»,—деп,
Шегеге кеп ентікті:
—Ей, Шеге аға, Шеге аға,
Ақылың асқан сен дана.
Бір жұмысқа жұмсайын,
Мен айтайын, сен тыңда.
Әнеу үйге барып кел,
Дауысты естіп біліп кел.
Шамаң жетсе сөйлесіп,
Болмаса барып көріп кел.
Бір сапарда тілімді ал,
Ақылың—алтын, сөзің—бал.
Қыз Жібек сынды жеңгемнен,
Бар да, жауап алып ал.
Балалық деп ойлама,
Қайтудың ісін қозғама.
ғашықтық дастандар
Қыз Жібек сынды жеңгемді
Бір көрмей кетсем бола ма?
Жалғыз ауыз сөзім бар,
Өзіңізге қылам зар.
Айналайын, Шеге аға-ау,
Қиысын келер бір іс бар.
Жау жағадан алыпты,
Бөрі етектен қауыпты.
Іздеп келдік алыстан,
Кетейік біліп анықты.
Ел-жұрт пен кемпір-шалымыз,
Сұрайды-ау бізден бұл жайтты.
Өзің барып білсеңші,
Өз көзіңмен көрсеңші.
Жақсы-жаман не көрсең,
Жасырмай айтып келсеңші.
Бармақ болды ер Шеге,
Тартынады ол неге?
Астындағы тұлпарды
Қаңтара салып тізгінге.
Ауылға таман жөнелді,
Той тобына енеді.
Өлең айтқан ақ үйдің
Тұсына жетіп келеді.
Алысқанмен алысып,
Жұлысқанмен жұлысып.
Көңілге алған жеріне
Келе жатыр ығысып.
Тойдың ішін аралап,
Өте алмаса жағалап.
Қалмақтың қалың жасағын
Ұқты көзбен сығалап.
Қыз жібек
Жол бермейді адам мыңдаған,
Қысылып үйге сыймаған.
Қыз Жібектің зарынан,
Мынаны ғана тыңдаған:
—Бас қосқаным әуелде-ай,
Еді менің Жағалбай.
Көптігінен жылқысын,
Жүр деуші еді баға алмай.
Өліп кетті Төлеген,
Өмірі ұзын бола алмай!
Қойды екен Құдайым,
Қыз Жібекті неге алмай!
Әуелгі ерім жағалбай,
Мекені алыс жағада-ай!
Көбейіп кетіп жылқысы,
Жүріпті ен сала алмай!
Ер кезекті елінде,
Жоқ па екен жігіті, я Алла-ай?!
Бар болса неге келмейді,
Жесірін жүр ме таба алмай?
Тостырып қойды-ау сарғайтып,
Біреуі келіп ала алмай!
Алыста елі жағалбай,
Жылқысы жүрер саналмай.
Жігіттері сол елдің
Жүр ме екен жол таба алмай!
Жігіттері жас па екен,
Атына мініп шаба алмай?!
Өзім іздеп кетер ем,
Жіңішке жолы әйелдің,
Қаңғырам ғой таба алмай!
«Жалғыз інім бар»,—деп ед,
Аты есімде—Сансызбай.
«Ертіп келед,—деп еді,
Батыр Шеге ақынды-ай!
Олай-бұлай боп кетсем,
ғашықтық дастандар
Келеді деп ед Төлеген»,
Келмеді оған нағылды-ай?!.
Ер Шеге естіп өлеңді,
Жібек екенін біледі.
Барайын деп қасына,
Алладан пәрмен тіледі.
Ұмтыла басып ер Шеге,
Жібекке таман келеді.
Ән естіген қалың қол
Шегені қайдан біледі.
Арық қойдай тырысып,
Кейбіреумен жұлысып,
Бір адым басу мұң болды,
Итерісіп, тұрысып.
Алты айрықтан тер кетті,
Қаны кеуіп шөлдепті.
Өлдім-талдым дегенде,
Дәл тұсына кеп жетті.
Отыр Жібек ол қырын,
Көре алмай жүр ел түрін.
Шеге ақын келіп отырды,
Бір жағына боп түйін.
Өлең айтып таныспақ,
Білмекші боп қыз сырын:
—Айтысайын деп келдім,
Өзіңмен, Жібек, мен бүгін.
Әкелді тартып алыстан,
Құлаққа жеткен мұңлы үнің.
Келіп ем үміт мен жүктеп,
Сені көріп көңілім тоқ.
Сонша зарлы өлеңің,
Отырсың неге қайғы жеп?
Тойың болып жатқанда,
Жылайсың неге мұңлы боп?
Қыз жібек
Бір азырақ өлең айт,
Тыңдайын мен де сыйлы боп!
Естиді елі Жібекті,
Сөйлеспей ермен күн өтті.
Санаменен сарғайып,
Ернін жиып күлмепті.
Бұл сырды білмей Шеге ақын,
Айтысам деп өрлепті.
Шеге байқап сөз тегін,
Ұқпақшы өз керегін.
—Тыңдап отыр болмаса,
Айтайын бастап мен өзім.
—Хор қызындай бар сымбат,
Көрдім сіздей бір қымбат.
Асылмен сіздей айтысу
Маған бір зор ғанибет.
—Ауылым қонған Қайыңды,
Білмейсің менің зарымды.
Өлең адыра қалған-ды,
Кетіріп менің сәнімді.
Кім боласыз өзіңіз,
Білмейтін менің жайымды?
—Көтердім көріп көңілді,
Келбетіңе толымды.
Тапқандай боп қуандым,
Бейіште сарай жолымды.
Осы үйде деп естіп ем,
Әрең таптым өзіңді.
Осынша зарлы екенсің,
Неден көңілің бұзылды?
—Дауысың құлақ тұр жарып,
Сұрайсың, аға, сөз салып.
Ел-жұртынан айырылып,
ғашықтық дастандар
Болғалы тұрмын мен ғаріп.
Көрмеген жан екенсіз,
Тұрмын сізге таң қалып.
Нәсілің алыс жердікі,
Байқасам мен зер салып.
Қай жерден келіп, қай жаққа,
Жүрсің неге сандалып?
—Хор қызындай көрікті,
Құдайым саған беріпті.
Айтқан сөзің, шырағым,
Сүйегімді ерітті.
Қалайша түстің сен торға,
Мәнісін мен білейін,
Әрбір іс болар себепті?
—Алла үкіміне мен көніп,
Жүрмін, міне, сенделіп.
Көзімнің жасы суалды,
Шырағым жаққан ол сөніп.
Құдайым мені айырды,
Қосағымнан тез бөліп.
Қалмаққа, міне, отырмын,
Байлаулы пенде мен болып.
—Сары ағаш жонса, қын болар,
Адам азса, сұм болар.
Заман ауып жыл сайын,
Адамға қатал күн болар,
Қайын атаң атын сұрайын,
Күйеуің тегі кім болар?
—Жақсыдан үлгі сөз қалар,
Тіл-жағынан бал тамар.
Ажалдың қармағы ілінсе,
Кім қашып одан құтылар?
Алдында қызмет қылмадым,
Атауды қайтып ойлайын.
Қыз жібек
Көрмей ме теріс аруақтар,
Алыста болса сыйлайын.
—Жаман жетпес жақсыға,
Қуса да ұдай асыға.
Зәрулікпен сұрадым,
Қажатман болып осыға.
Атай салсаң, шырағым,
Ештеме етпес бір жолға.
—Руы екен жағалбай,
Қайын атам аты—Базарбай.
Күйеуім болған Төлеген—
Нәсілі артық патшадай.
«Жалғыз інім бар,—деп ед,
Жал-құйрығым—Сансызбай».
Төлегеннен айырылып,
Сегіз жыл өтті зар жылай.
«Қой ішінде марқа,—деп,
Омырауы толған алқа»,—деп.
Қайын енем атын айтып ед,
«Алпыс жаста Қамқа»,—деп.
Қуанам ба Құдай-ау,
Қабағым бүгін тартты кеп.
Біздей ғаріп пендені,
Тірі болса Сансызбай,
Болып ет табар уақыты кеп.
Кешегі өткен Төлеген,
Кетерінде бүй деген:
«Елімнің ақын көсемі—
Батыр Шеге бар»,—деген.
Қайтейін-ау, қайтейін,
Қайсы бірін айтайын.
Қайғыға қайғы жамалды,
Қайсының дертін тартайын.
Зейінсіз қып қойды ма,
Сансызбай ерді Құдайым!
ғашықтық дастандар
Сонда Шеге сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Мойныңды бұр, Жібекжан,
Айтайын бір сыр мен,—деді.
Тірі жанға ауыз ашпа,
Бұл сөзіме сен,—деді.
Сансызбайға басшы боп,
Келгенім іздеп сен,—деді.
Төлеген айтқан, шырағым,
Ақын Шегең мен,—деді.
Зәтте болған Қыз Жібек,
«Алдап жүр ме мені»,—деп.
Ойда-жоқта кез болды,
Бұған қалай сенем деп.
Сегіз жылдай хабарсыз,
Тап болды бүгін неден?—деп.
Қобалжыды ойланып,
«Біреу ме алдап жүрген»,—деп.
—Жарқыным, саған не айтам,
Өтірікке тіл қайқаң.
Сену-сенбеу өзіңде,
Асығып тұрмын, мен қайтам.
Мұсылманды қас көрсең,
Жау қалмақты дос көрсең,
Расымды айттым, Қыз Жібек,
Көңіліңе жағып қош көрсең.
Сансызбай тұр ат ұстап,
Шақырайын сен көрсең.
—Қайғыдан қайғы зілдейін,
Ақылдан тандым, білмеймін.
Атыңыз ұқсас болғанмен,
Көргенім жоқ, сенбеймін,
Сансызбай қайда, ағеке-ау?
Төлегенге ұқсаса,
Сонда сөзің шын,—деймін.
Қыз жібек
Жан-жақты ойлар ақылды,
Ақылдан өтсе мақұлды,
Қыз Жібектің айтқаны
Ер Шегеге татымды.
«Төбем көкке жеткендей,
Келтірді Құдай сәтіңді,
Атын айтсам, басқалар
Біліп қалар ма екен»,—деп,
«Атқосшы бала, бер кел!»—деп,
Жай дауыспен шақырды.
Сансызбай үнді біледі,
«Алла» деп атқа мінеді.
Екі тұлпар жетегі,
Ер Шегенің қасына
Іркілместен келеді.
«Жалғыз қайның келді»,—деп,
Жібекке хабар береді.
Жалт етіп Жібек қарады,
Қарап көзі талады.
Төлегеннің терісін,
Сойып қаптап қойғандай—
Сегіз жылдан бұрынғы
Төлеген деп қалады.
—Алтыннан қалған сынығым,
Күмістен қалған жұғыным.
Неғып бір Құдай ұқсатқан
Төлегенге сиығын.
Тұлпардан қалған тұяғым,
Бірге туған пырағым.
Жаратқан Алла жар болып,
Жанды ма сөнген шырағым?!
Күн нұры түсіп көзіме,
Бойымды жылытты шуағың.
ғашықтық дастандар
Қанатын қақты тұйғыным,
Ерттеулі келді жүйрігім.
Өлгенім келді тіріліп,
Жарылсаңшы жүрегім!
Жаратқан Алла жар болып,
Қабыл болды тілегім.
Естіп едім атыңды,
Асыл деуші ем затыңды.
Тіріде бір келер,—деп,
Сегіз жыл күттім артыңды.
Көкешіңе ұқсатып,
Жаратыпты қалпыңды.
Төлегендей ағаңның,
Орны болып жәннаттан,
Қайырлы қылсын артыңды!
Тосып едім өзіңді,
Ер жетіп өсер кезіңді.
Неғып Құдай ұқсатқан,
Сөйлейтін де сөзіңді.
Сынайтұғын кезең бұл,
Алтын менен жезіңді.
Көңілім кетті толықсып,
Сені көріп ылықсып.
Қайғым іштей жойылды,
Қуанышпен жуысып.
Дұшпаным көп арада,
Бұл не дер ме күлісіп.
Кезіксең әуел кең жерде,
Төгер едім шерімді,
Бір күн, бір түн көрісіп.
Көріп көзі тояды,
Амандасып қояды.
Сегіз жылдық қайғысын
Бір мезгілде жояды.
Қыз жібек
Жай ғана амандасыпты,
Көңілі судай тасыпты,
Төлегенді сағынып,
Біраз көңіл айтыпты.
Ешкім жоқ оны байқаған,
Бұлар кім деп шайқаған.
Өзімен өзі боп отыр,
Әр көңілде біреу бар,
Өзіне лайық сайлаған.
Сансызбай айтты:—Жеңеше-ау,
Кезіктік бүгін біз деші-ау.
Жібек деп қойған атыңа,
Сай екен затың өзгеше-ау.
Көкешім менің Төлеген
Дүниеге көңіл бөлмеген.
Лайық іздеп өзіне,
Дидарыңа шөлдеген.
«Осы бір сапар жолымда
Олай-бұлай боп кетсем,
Іздеп бір өзің кел»,—деген.
Көкешімнің сөзімен,
Іздеп келдім ізімен.
Күтіпсің көп жыл сарғайып,
Жем болғалы құзғынға,
Тұр екенсің жеңеше-ау,
Көрдім, міне, көзіммен.
Көкешім жоқ жалғанда,
Бізді тастап арманға.
Көнбесіне шара жоқ,
Алладан келген парманға.
Торқа болсын топырағы,
Разы боп біздер қалғанға.
ғашықтық дастандар
Көз көрмесе көңіл жат,
Еске түсер аманат.
Өзіңді көріп, жеңеше-ау,
Қуандық біз көңіл шат.
Қайтамыз біз кешікпей,
Тұжырым сөзді өзің айт.
Шеге тұр сөзді ол тыңдап,
Айтайын деді бір жұмбақ:
—«Жеңге—мұра» деген сөз,
Айтылған екен бұрын-ақ.
Шешімі қалай болады,
Шеш екеуің нақпа-нақ.
Шегені Жібек ағалап,
Сансызбайды бағалап.
Құрметтейді екеуін,
Асты-үстін жағалап.
Алдына табақ ас қойды,
Талданған тамақ саралап.
—Тамақ жеп, сусын ішіп ал,
Аттарыңа мініп ал,
Іздеріңмен қайта қайт.
Жер мөлшерін біліп ал,
Қара ағаштың кезеңі—
Ертең түсте жетемін,
Мені сонда тосып ал.
Мені алғалы тұр қалмақ,
Қайғыға қайғы жамалмақ.
Екі тұлпар аты бар,
Екеуі де тең ардақ.
Ертең ауыл көшед,—деп,
Түңлік бауын шешед,—деп,
Сұраймын бірін тұлпардың,
Мінуге көшкен есептеп.
Шыға алмадым далаға,
Ойын-тойда жетектеп.
Қыз жібек
Жарысып ойнап қыздармен,
Көтерем көңіл тепектеп.
Мінем деп бірін зорлаймын,
Бермесіне қоймаймын.
Ертең түсте жетемін,
Қара ағашта тұр дайын.
Шырағым мені, Сансызбай,
Қайда апарсаң өзің біл.
Боламын сенің торғайың,
Сегіз жыл күттім келед,—деп,
Басқа жоқ менің күнайым.
Жайды ұқты Шеге, Сансызбай,
Тоғысып алды ақылды-ай.
Аттарына мінді де,
Жөнелді қас батырдай.
Ертесі ел көшіпті,
Түңілік бауын шешіпті.
Жеңгесін Жібек шақырып,
Былай бір ақыл кесіпті:
—Қу Хоренге барып кел,
Бір тұлпарын алып кел,
Жібек көкеш мінед,—деп.
Тілің майда, жеңешем,
Барып бабын тауып кел.
Бермейтұғын сараң жоқ,
Қалауын тауып жағып кел.
Көшке бір күн мінед де,
Қыздармен ойнап-күлед де.
Көтеріп көңілін бір көште,
Кешке өзіңе беред де.
Хоренге кетті жеңгесі,
Ортада елші жүрмекші.
Қосына тура кіргенде,
Жатқан-ды Хорен дөңбекше.
ғашықтық дастандар
Көтерді ол басын керіліп,
Найынын тартқан ерініп:
—Амансың ба, жеңеше-ау,
Келдің бүгін неғылып?
Бұйымтайын сұрады,
Қабандайын керіліп.
—Әтей келдім арнаулы,
Бұйымтайым болжаулы.
Ертең ауыл көшеді,
Жұрт жаңалап қонғалы.
Бикешжан барып кел,—деді,
Бір атын алып кел,—деді.
Тойға келген қыздармен,
Жарыса ойнап күледі,
Бұйымтайым, міне, осы,
Бір атыңды бер,—деді.
—Күйеу боп барсам қырланып,
Қашасың үйден шұбалып.
Қалыңдықты ертіп кел десем,
Тілді алмайсың шырғалып.
«Тимеймін»,—дейді ол маған,
Бұл сыр анық дәл саған.
Өзім жаман, ат жақсы,
Бұл іс, сірә, болмаған.
Тимеймін дейді өзіме,
Түсіп пе атым көзіне?
Қайран қалдым, жеңеше-ау,
Ат сұратқан сөзіне.
Құры қайттым деп жасыма,
Келген жұмыс осы ма?
Қолқа салып ат сұрап,
Келмегін жеңге қасыма.
Жібекке сәлем айта бар,
Қыз жібек
Орынсыз қолқа—ойға олақ,
Көз тікпесін атыма.
—Ей, күйеужан, күйеужан,
Еркелеп өскен Жібекжан.
Тиемін деп қыз айтпас,
Ұят іс болар өйткен жан.
Жібектің сырын білмейсің,
Ел айтқан сөзді шын дейсің.
Біле тұрып дұшпанның,
Сөзін неге жөн дейсің?
Бір күн көшке мінеді,
Көксандалды бергейсің.
Ел орынға отыра,
Ақ отауға кіргейсің.
Ойын-күлкі тамаша,
Көп қызықты көргейсің.
Сонда Хорен сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Шын сөзімді айтайын,
Сөз төркінін біл,—дейді.
Ау, жеңеше-ау, жеңеше-ау,
Мінезің бүгін өзгеше-ау.
Ат сұраған әйелге
Ат беретін қалмақ жоқ,
Бұл сөзді қайтып демеші-ау.
Мінген атың құла ма,
Алтыннан жүзік бұрама.
Біреу жарлы, біреу бай—
Бәрін де Құдай қыла ма?
Тимесе, Жібек тимесін,
Көк сандалды сұрама.
Ер мінетін тұлпарды
Әйел мінсе бола ма?
«Асамай жатып құлдық»,—деп,
Құр сөзбен берме сыбаға.
ғашықтық дастандар
Қалмақ атын бермеді,
Айтқан сөзге ермеді.
Өкпесін айтып қу қалмақ,
Алдауына сенбеді.
Барғанына арланды,
«Қу қалмақ!» деп қарғады.
Жібітем деп тас көңілін,
Айтпаған сөзі қалмады.
—Атың қалсын адыра,
Өзің кет көзден тағы да.
Шамдансаң да өзің біл,
От түсіп сенің шабыңа.
Талағы түссін атыңның,
Құдайдай көрген табына.
Бірін қойып екеуі,
Бірдей өлсін қағына!
Қайтып келді ізімен,
Жас ағып жылап көзінен.
Көңілі қатты тасбауыр,
Біледі қалмақ тегінен.
—Жасыма,—деді Қыз Жібек,
Өзім барып сол иттің,
Сөйлесейін өзімен.
Ат бермеген қалмаққа,
Өзі кетті бармаққа.
Он бес нөкер қасына ап,
Сиынып көне аруаққа.
Қыздарға айтты:—Біліңдер,
Жезде деп ойнап-күліңдер.
Би билесіп, ән айтып,
Қалмақтың көңілін іліңдер.
Қалжың айтып әр түрлі,
Әңгіме-дүкен құрыңдар.
Қыз жібек
Қалжың айтып қандырып,
Ақыл-естен тандырып,
Жібітіңдер тас көңілін,
Ойыннан от жандырып.
Тасырайып томсиып,
Қоймаңдар көңілін қалдырып.
Айтқанға бәрі көнеді,
Хоренді іздеп келеді.
Қалмақтың қалың жағасы
Қыз Жібекті көреді.
«Адамнан мұндай тумас»,—деп,
Перизатқа теңеді.
Қалың жасақ Жібекті
Көріп естері кетті.
Хандарының алдына
Ертіп кірді құрметті.
Хорен көріп таң қалды,
Есі кетіп сандалды.
Қыларға қылық таба алмай,
Қара көңілі жанданды.
—Қыз Жібектің жолына,
Құрбан қылсам көп емес,—
Деді,—біткен мал-жанды.
Бойы балқып терлепті,
Жібекті көріп сәулетті.
Осыған дейін Жібекті ол,
Анықтап әлі көрмепті.
«Нәсіліне сай көрікті,
Бір Құдай оған беріпті.
Кезсем дағы жер шарын,
Табылмас мұндай келбетті.
Қатыным болса Қыз Жібек,
Хан тағым болар көрнекті.
Разымын, Қыз Жібек,
Бір сен үшін шіркін-ай,
ғашықтық дастандар
Өлсем де көріп бейнетті...»
Қиял сүріп хан Хорен,
Өз көңілін өзі семіртті.
Ертіп барған қыздары,
Ән мен күйді өрлетті.
Жездеміз деп Хореннің,
Балқытып көңілін тебірентті.
Бір уақыттар болғанда,
Хореннің көңілі толғанда
Жұмысым бар деп азырақ,
Жібек айтты ол ханға:
—Келіп ем сізді көргелі,
Бір сөйлесіп білгелі.
Той болып жатыр, басыма
Ноқтаңды тұрсың ілгелі.
Келе ме деп тосып ем,
Көрмедім өзің келгелі.
Жеңгеме барып кел,—дедім,
Күйеуді барып көр,—дедім.
Екі тұлпар атының
Біреуін алып кел,—дедім.
Бермеген соң атыңды,
Өзім сұрап кеп едім.
Ертең ауыл көшеді,
Түңлік бауын шешеді.
Бір көште мінсем не бопты,
Атыңның несі кетеді?
Жарысып ойнап қыздармен,
Көтерсем көңіл не етеді?
Қалмақ кетті дал ұрып,
Ес-ақылдан айрылып.
Дидарына Жібектің
Қайран қалды аңырып.
«Көксандалды берем»,—деп,
Қыз жібек
Далаға шықты қағынып.
Жарап жүрген бапталып,
Шабуды тұрған сағынып.
Ер-тоқымын өзіне,
Бөлек қойған айырып.
Алтын жабдық ер-тоқым,
Жарқырап тұр малынып.
Ерттетті атты жайлатып,
Қыз Жібекке арнатып.
Тебінгі, көпшік, үзеңгі,
Лайықтатып байлатып.
—Екіндіде әкеп бер,
Суытамын шықса тер.
Басқа біреу мінбесін,
Шығарып бекер арам тер.
Көз айырмай Жібекке,
Хорен нақтап сөйлеп тұр.
Қыз Жібек іштей күліп тұр,
Не қыларын біліп тұр.
Төсегінің басынан,
Көк семсерді көріп тұр.
Алайын деп ойлады,
Істетер жері анық тұр,
«Ебіне келсе өзіңе,
Қысылған жерде өзіме,
Осы екінің бірісі,
Жетемін айтқан сөзіме.
Он бес құлаш семсерін,
Хореннің бас кесерін.
Не қыласың десе ол,
Көңілінде тоқып не дерін.
Біліп алды ішінен,
Жайбарақат пішінімен.
Келтірсе Құдай кезегін,
ғашықтық дастандар
Кесілер басың осымен.
Осыдан жолым болмаса,
Тірі жүрем несіне...»
Атты алдырды жетелеп,
Мініп алды Қыз Жібек.
Қасындағы қыздарға
«Үйлеріңе қайтқын»,—деп.
Көксандалға Қыз Жібек,
Мініп алды «шүкір» деп.
Анадай жерге барған соң,
Масқаралап Хоренді,
Өлең айтты былай деп:
—Атаңа нәлет, хан Хорен,
Хандығың сенің бір сорың.
Біліп алғын, хан Хорен,
Ажалың жақын—көр, орың.
Болмаймын пенде өзіңе,
Жетемін айтқан сөзіме.
Бұл күніңе зар қылам,
Өз қылғаның өзіңе.
Алдауға бердің атыңды,
Түсірдің хандық нарқыңды.
Өз көріңе өзің түсетін
Келтірер Құдай сәтіңді.
Көрсетсем алдап жүзімді,
Келтірдім оңдап кезімді.
Атаңа нәлет, хан Хорен,
Ұғып тұрғын сөзімді.
Ұлықсынып тұрыпсың,
Осы күнде өзіңді.
Ашса Тәңірім бағымды,
Қарға менен құзғынға,
Шоқытармын көзіңді.
Қыз жібек
Адырайып келдің қасыма,
Аламын деп басында,
Адыра қалғыр, хан Хорен,
Тұрмаймын сенің қасыңа.
Тәуба қылдым Құдайға,
Тілектің жеткіз бағына.
Жаратқан Ием, мың шүкір,
Қор қылма мені тағы да.
Тілекті Құдай бергенін,
Сандалкөкті мінгенім.
Білмей қалдың, сұм Хорен,
Ажалыңның келгенін.
Бұғаудан бүгін шешілдім,
Тұлпар мініп көсілдім.
Кешіргін, Алла, күнәмді,
Сұм Хореннен құтылып,
Шырағын жанған өшірдім.
Жетем бе бүгін сөзіме,
Уағыда қылған кезіме.
Не қылсаң да өзің біл,
Тәуекел, Алла, өзіңе.
Әрі шапты Қыз Жібек,
Бері шапты Қыз Жібек,
Қамшылап басын тартады,
«Тұлпардың бүйірі қызсын»,—деп.
Хорен де келді жуықтап,
Бесті айғырдай иықтап.
—Басы қатты Көксандал
Жығып кетіп жүрмесін,
Байқа, Жібек, бұрып тарт!
Әйелге семсер не керек?
Өзіме берші қайта!—деп.
ғашықтық дастандар
Қазмойын қара тұлпармен,
Еріп келед артынан:
—Тоқта, Жібек, тоқта!—деп.
Қыз Жібек шауып барады,
Хорен таяп қалады.
Көңілі толған сұм Хорен,
Мынадай әнге салады:
—Япырым-ай, Жібек, япырым,
Келеді еріп батырың.
Қыз Жібектің астында
Көксандал қандай шабады?!
Ақырын шап, ақырын,
Қыз Жібек—менің қатыным.
Басы қатты Көксандал,
Ұялы құйрық, майда жал.
Күдірлеу жерде, Қыз Жібек,
Басын мықтап тартып ал.
Ақырын шап, ақырын,
Иен қалды шатырым.
Көксандалым жараса,
Шаба бер көңілің қаласа.
Көксандалды жүгірткен
Қыз Жібек қандай тамаша!
Ақырын шап, ақырын,
Кетіп тұр менің сабырым.
Көксандалды мінгені,
Дүрия көйлек кигені,
Менің арқам емес пе,
Құбылып бүйтіп жүргені?
Ақырын шап, ақырын,
Басылмай жүр қарқыным.
Көксандалым шауып бер,
Болсаң да бүгін арам тер.
Қыз жібек
Көңіліңді әбден көтеріп,
Шатырға кеште қайтып кел.
Ақырын шап, ақырын,
Боларсың кешке қатыным.
Қарамаңдар, бозбала,
Қыз Жібекке таң қала,
Тарылып ішім күйеді,
Жоламаңдар, жолама.
Ақырын шап, ақырын,
Барады түгеп тақылым.
Ар таман жүр, бозбала,
Айтарым сол бір ғана.
Көксандалға мінгіздім,
Басы бос деп санама.
Ақырын шап, ақырын,
Айтатын бар ақылым».
Хоренді Жібек көреді,
«Бір іспен,—деді,—келеді.
Ойлаған ойын ұмыттырып,
Қалжың айтып күледі.
Көңілі ауып Жібекке,
Ойдағысын демеді.
Бұрын Жібек сөз бастап,
Аштырмай аузын бөгеді:
—Тақсыр-ау, сізден сұрайтын,
Бір сырым менің бар еді?
Өзіңіз бе хан болған,
Неше атаңыз хан еді?
Хорен айтты:—Жібекжан,
Жеті атамнан бері хан.
Мақтан емес бұл сөзім,
Рас айттым, сен соған.
Сен білмесең, ел білер,
Айып емес сұраған.
ғашықтық дастандар
—Хан болсаң жетер ақылың,
Мен болдым сенің қатының.
Құл, қойшыға ұқсамай,
Бүркейін басын атыңның.
Қыз, күйеу бірге жүрмейді—
Әдеті қазақ салтының.
Ел мазақ қып күледі,
Ұялып кейін тартының.
Хан басымен хан Хорен,
Артынан ерді демей ме,
Алмаған әлі қатынның.
Бұл жерде тұрмай кетіңіз,
Шатырға барып жетіңіз.
Қосты жайлап тіктіріп,
Ел орынға отыра,
Шатырда мені күтіңіз.
Ат мінбеген хан емес,
Жығылатын бала емес,
Хан басыңмен, тақсыр-ау,
Бұл қылғаның сән емес.
Жібектің сөзі жағады,
Хан Хорен жымың қағады:
—Жығылмайды екенсің,
Көксандал жатық шабады.
Семсерімді алып кетсем,—деп,
Күлімсіреп қарады.
—Ей, Хорен, ел көрсін,—деп,
Тәртіпке ойын бөлсін,—деп.
Сескентем елді семсермен,
Жұртынан тез көшсін,—деп.
Құр қол жүрсем, ақырсам,
Сескенбейді әйелсің,—деп.
Мен асайын бірер күн,
Мазақ қылма, тақсыр-ау,
Сұрайсың оны несін кеп?
Қыз жібек
Өз қылығыңмен істедің,
Кейбір істі үстедің.
Атыңмен бірге берейін,
Оны несін тектедің?!
—Ондай болса, өзің біл,
Шын сөзің болса айтқын бұл.
Кетейін мен ілгері,
Көз көрсе, сөйлер қызыл тіл.
Семсерменен тұлпарды,
Екіндіде әкеп бол.
Жұлдыз шыға қасыма,
Адам ертпей өзің кел.
Қалмақ кетіп барады,
Жібектің көңілі жанады.
Арт жағына қараса,
Жібектің кіші жеңгесі
Іздеп келіп қалады.
Жеңгесі қандай сүйікті,
Жібекті көріп күліпті.
Сәукелесін Жібектің,
Жарқыратып киіпті.
Қыздың көзі қызылда,
Жібек көріп қызыпты.
Кімді аздырмай қояды,
Дүние, шіркін, қызықты.
—Асуда-асу бел,—дейді,
Асып көшкен ел,—дейді.
Бір сырым бар айтайын,
Жеңеше-ау, бері кел,—дейді.
Мен бір хабар айтайын,
Жеңеше-ау, соған сен,—дейді.
Сәукелеңді басыңнан,
Алып маған бер,—дейді.
ғашықтық дастандар
Ақыр ертең киемін,
Бүгін киіп көрейін.
Жараса ма екен, жеңеше-ау,
Өз көзіңмен көр,—дейді.
Жеңгесі мақұл көріпті,
Сәукелесін беріпті.
Басына киіп Қыз Жібек,
Жарасқанын біліпті.
—Дәл келді,—деп,—өзіңе,
Жеңгесі күліп кетіпті.
Басынан қайта алады,
Жеңгесі қайран қалады.
Асыл гауһар тастарын,
Сытырлатып жұлып ап,
Жан қалтаға салады.
Алысырақ тұрады,
Атының басын бұрады.
Айтуға келмей ауызы,
Сонда Жібек жылады:
—Айналайын, жеңеше-ау,
Мінезің сенің өзгеше-ау!
Сапар тарттым алысқа,
Барасың қайда демеші-ау!
Мені тұр қалмақ алғалы,
Дінсіз тәнін таңғалы.
Қалың қолы қамап тұр,
Қит етсе жанжал салғалы.
Қару-жарақ байланып,
Дайын тұр қанға малғалы.
Ел-жұртқа сәлем өзің айт,
Сапарға тұрмын барғалы.
Жеңеше-ау, өзің аман бол,
Арамыз тұр алыс болғалы.
Қыз жібек
Жеңгесі сұрар не екенін,
Білмесе болмас екенін.
—Бағыңды ашсын бір Алла,
Барма деп мен не дейін.
Қалай талап қылсаң да,
Ерік өзіңде көнейін.
Кәпірдің көңілі басылсын,
Байланған бағың ашылсын.
Мұсылманның біреуі
Жолыңнан сенің табылсын.
Ертелі-кеш Құдайдан
Тілеймін сені құр ойдан.
Сұраймыз сені қалмақтың
Құтқарсын деп торынан.
Қайғыңа ортақ жылайын,
Зарығып мен де сұрайын.
Маған шыныңды айта кет,
Барасың қайда, шырағым?
—Астымда тұлпар мінгенім,
Беліме семсер ілгенім.
Тұлпардың қалған тұяғы,
Сансызбай іздеп кепті екен,
Қабыл болып тілегім.
Кетейін бірге деп тұрмын,
Қосылайын деп тұрмын.
«Әуелде Құдай жазды ма,
Ниетім ауып?»—деп тұрмын.
Көнейін қайтіп қалмаққа,
Шатырына бармаққа.
Арандай аузын ашып тұр,
Арсыз тәнін артпаққа.
Осылай қиял қылдым мен,
Басымды жолға салмаққа.
Өлігім де оған ұнамас,
ғашықтық дастандар
Жаһаннамға бармаққа.
Тұлпар мініп жол тарттым,
Мұсылманға ілесіп,
Ұжымаққа бармаққа.
Ақ сүтін берген анамыз,
Разы болсын атамыз.
Бәріне сәлем айта бар,
Бүгін кеш сапар тартамыз.
Ел-жұртқа дағы сәлем айт,
Бәрі болсын саламат.
Өзің бір жақын жеңгем ең,
Құдайға сен аманат!
Бұдан кейін Қыз Жібек
Атының басын бұрды да,
Изеді басын «қош-ау» деп,
Сөз айтқан жоқ пәлен деп.
«Уәде қылған қара ағаш»,
Мөлшері соның осы-ау деп.
Жеңгесі қалды егіліп,
Көзінің жасы төгіліп.
«Көрем бе қайта сені?»—деп,
Қайғыға батты шегіліп.
—Жылайды көзім, көңілім шат,
Аллаға сен аманат.
Ата-ана, туған-туысқан,
Ел-жұрт, ауыл-аймақтан
Сансызбайға сәлем айт!
Қош аман бол, Бикешжан,
Іс болды деп бір ғаламат.
Қайратқа келген секілді,
Қайырып түйген кекілді.
Астындағы Көксандал
Бапқа келген секілді.
Қыз жібек
Жөнеді Жібек, жөнеді,
Ұшқан құспен тең еді,
Сансызбай мен ер Шеге,
Басына шығып ағаштың,
Қарауылдап тұр еді.
Көзін салса алысқа,
Қара жоқ, шаң көреді.
Ә дегенше құйындап,
Келгенін Жібек көреді.
Табан жолмен тарысып,
Ауыздықпен алысып.
Озып келген сияқты,
Ұшқан құспен жарысып.
Сүзе тартып көк тұлпар,
Екі қолы қарысып.
Қара ағаштың түбіне,
Келіп қалды қағысып.
Аттан түсті Қыз Жібек,
«Бұрынғы жолы осы,—деп.
Жомарттықпен бас қосқан,
Бір Алланың досы»,—деп.
Сәлем етті үш рет,
«Құрметім, аға, осы»,—деп.
—Ашылсын бағың, балам!—деп,
—Тәңір болсын, панаң!—деп.
Ер Шеге бата береді,
Келген соң атын жаяулап.
Жетелеп атын жаяулап,
Маймаңдап қаздай баяулап.
Қыз Жібектің жанына.
Сансызбай келді таяулап.
Бірін-бірі көреді,
Көңілі тасып желеді.
Екеу еді, үшеу боп,
ғашықтық дастандар
Атқа қонып ұшыртып,
Елге таман жөнеді—
Өңкей тұлпар мінгені.
Шапқанда Жібек озады,
Ат басы жерді соғады.
Тарта алмай Жібек тізгінін,
Алақаны тозады.
—Бапқа келген Көксандал,
Мынаған мінсең қайтед?—деп,
Сансызбайдан сұрады:
—Алыстан келдің жол жүріп,
Қалыпты атың болдырып,
Көксандалға мініп ал,
Жасымай-ақ ар көріп.
—Міне бер, Жібек, міне бер,
Өз атыңмен жүре бер.
Нәсіп қылса Құдайым,
Күн туады мінгізер.
Екінді өтіп, ақшамда,
Хорен найын тартқанда.
Жібек те жоқ, ат та жоқ,
Жіберді кісі сасқанда.
—Ат қайда?—деді,—қазаққа
Ат бергенім мазақ па.
Екіндіден қалдырмай,
Бер деп едім бұл жаққа.
Сырлыбайдың ауылына,
Кісі келді жаулыға:
—Атты неге бермейді,
Тұрмадың деп уағдада!
—Біз бер атты демедік,
Ат мінгенін көрмедік.
Қыз жібек
Атқа мініп жүр деп ед,
Ат кімдікі демедік.
Өзі де жоқ Жібектің,
Қайда кетті білмедік.
Ат пен қызды жабыла,
Бәріміз де іздедік.
Таба алмадық еш жерден,
Бұл ғайыпқа не дейік!
Хореннің айтты өзіне:
—Түсінбейміз тегіне,
Тұлпарға қызды мінгізіп,
Жіберді дейміз еліне.
Қас қылар деп қазақты,
Байлапсың семсер беліне.
Болмаса қайда кетеді,
Расын айтса не етеді?
Жіберсе де әшкере,
Бұған кім ара түседі?
Жасырсақ қыз сияды,
Ат қайда сиып тұрады?
Бізді әуре қылмасын,
Хан Хорен өзі ұғады.
Мұны естіді хан Хорен,
Ашуланды құн-перен.
Жасағын жиып әкепті,
Ішкені болды ел керен.
Хан Хорен келіп ақырды:
—Тапсыр тез,—деп,—атымды.
Атымды да табасың,
Жібекті де бересің—
Хорен сөйтіп шатылды.
Қаһарланып сұм Хорен,
Айғай салып шақырды.
ғашықтық дастандар
Хорен келіп тұрады,
Жасағын шепке құрады.
Қатын-бала, ел-жұрт боп,
Қаһарынан қорқып қалмақтың,
Үрейі ұшып жылады.
Әскер тұр елді қамалап,
Қылыш-найза қолында-ай.
Сөйлесуге қалмақпен,
Намыстанды Сырлыбай.
—Сен бітір,—деп,—осы істі,
Қаршығаны шақырды-ай.
Қауіп төніп ел-жұртқа,
Жаман болды-ау, япырым-ай!
Қаршығаға хан сенеді,
Тіл-жақты шешен ер еді.
Сол баяғы Қаршекем
Аман-есен жүр еді.
Қиын істе жол табар,
Ерлігін ел біледі.
Тілін кезеп қалмаққа,
Жан батпаған Хоренге
Сөзбен жауап береді:
—Хан Хорен, мұндай қылмаңыз,
Жанжалға мойын бұрмаңыз.
Мен айтайын бір жауап,
Сөзімді тақсыр тыңдаңыз!
Әйтеуір күшім жетед,—деп,
Қисынсыз қаһар қылмаңыз.
Жасырған болсақ Жібекті,
Содан кейін шындаңыз.
Ашуыңызды басыңыз,
Қосыңа барып түсіңіз.
Тұлпарыңыз жоғалмас,
Бүгін түнде табылмас.
Қапа болсаң да айтайын,
Қыз жібек
Шығасыға иесі
Болады екен өзі бас.
Жібектің заты ұрғашы,
Тұлпардың болмас жуасы.
Біле тұрып әйелге
Мінгізіпсіз тұлпарды,
Кім кінәлі, жалашы?
Тұлпардың сырын білесің,
Өзің неге бересің?
Қатты айтуға батпаймын,
Ел билеген төресің.
Өз мініңді ойламай,
Тентектік қылып, күйеужан,
Алмашы елдің зәресін!
Сөйледі Хорен былай деп:
—Білмеген у ішед,—деп.
«Мінгізіп өз атыңды,
Елге өзің жіберіп,—
Дедіңдер бізден көрдің»,—деп.
Шыдамай мұндай қорлыққа,
Ашуым келген керемет.
Бар болса ертең табамын,
Бүгін барып жатамын.
Сендер қайтып кетіңдер,
Жер шолып өзім қараймын.
Ізіне түссем табылар,
Кім кінәға шалынар.
Көксандалым шапқанда,
Төрт аяғы тиген жер,
Жер ошақтай ойылар.
Ізін өзім танимын,
Қайда кетіп жоғалар?!
Қызың өлсе керек жоқ,
Атыма көңілім талығар.
ғашықтық дастандар
Он қызға да бермеймін,
Ондай ат қайдан табылар?!
Хорен қайтты қосына,
Елге айтты:—Бүгін шошыма.
Кереметті ертең көресің,
Күн туар қандай басыңа.
Жасағым қамап тұрады,
Кетпейді тарқап тұсына.
Ерте тұрып таңертең,
Із қарайсың жосыла!
Ертең ерте із қарап,
Көп жасақтар жүр тарап.
Жұрттан барып із тапты,
Тіміскіп Хорен сығалап.
Жер ошақтай ойылып,
Қара ағаш жаққа із барад.
Қара ағаштан төрт із боп,
Кетіпті шауып қиялап.
Айпарадай болыпты,
Бәрі де анық көріпті.
Алды-артын орап үш аттың,
Көксандалы жүріпті.
Басқан жерін тұяғы,
Жер ошақтай ойыпты.
Қашты Жібек біреумен,
Көрген жерден жорыпты.
Иттігі ұстап Хореннің,
Көп жасағын жиыпты.
«Кетсең де жын боп табам»,—деп,
Асыр салып жінікті.
Он тоғыз мың жасақтың,
Елге екі мың қалдырып,
Бастайтын болды жорықты.
«Жасақ бер» деп қазаққа,
Қуыс деп бірге келіпті.
Қаршығаны бастық қып,
Жиырма батыр еріпті.
Қыз жібек
Алты күн қуды артынан,
Қашқандар жолды қамтыған.
«Тез жүрмедің сендер»,—деп,
Жасағын боқтап тантыған.
Қанша күн жүрер шабыспен,
Ере алмай жасақ артынан.
«Жеткізбей бізге кетед»,—деп,
Хорен кетті безектеп.
Апшысы айдай қуырылды,
Әскеріне тепектеп.
Жетіп алса еліне,
«Есе бермей кетед»,—деп.
Артына Хорен қарады,
Ашумен айғай салады.
«Тез жүрмедің сендер»,—деп,
Дабылын тағы қағады.
Сендер де кел тез жетіп,
Қуайын жалғыз мен кетіп.
Түсірсем қайта оралам,
Болмаса қуам індетіп.
Қаршығаны шақырды,
Мұнда кел,—деп бақырды.
Мына жер ошақ ат ізбен,
Барасың бастап ақыры.
—Мынау қазақ батыры,
Таны!—деп көпке ақырды.
Барасың деп бұған еріп,
Бересің деп бұған ерік.
Тез жетіңдер артымнан,
Жүріп алмай сенделіп.
Жалғыз барам мен кетіп,
Келіңдер сендер тез жетіп.
Тоспасам жетіп оларды,
Кетер олар елге еніп.
ғашықтық дастандар
Осал емес жауларым,
Бере ме онда бізге ерік.
Жөнелдім, міне, жөнелдім,
Тұруға болмас кідіріп.
Жөнелді, қалмақ жөнелді,
Ерен жүйрік мінгені.
Қаз мойын, қара тұлпары
Ұшқан құспен тең еді.
Жан өтпейтін жар тастан
Көлденең ырғып өтеді.
Дария, өзен-сулардан
Талғамай өткел кешеді.
Қалмақ келед қартылдап,
Тебінгісі сартылдап.
Аузынан көбік шығады,
Көк қабыландай арсылдап.
Қаз мойын қара тұлпарды,
Сауырға сипай қамшылап.
Тоқымдықтан аққан тер,
Пұшпақтан түсіп тамшылап.
Шу десе қалмақ дауысы,
Түлек құстай шаңқылдап.
Мұнарадай дулыға,
Білектей айдар шалпылдап.
Асып алған бес қару,
Сауыт-сайман жарқылдап.
Шөлдегені есте жоқ,
Су іздеуге мұрса жоқ.
Тамағы кеткен қарлығып,
Не болды деп сұрауға,
Жолында тірі пенде жоқ.
Хорен қалмақ жөнеді,
Қаһарланып келеді.
Дәл он бір күн болғанда,
Қыз жібек
Сансызбайдың қарасын
Хорен қалмақ көреді.
Қуып жеткен қалмақты,
Олар дағы көреді.
—Қалмақ Хорен кепті,—деп,
Бізді қуып жетті,—деп.
Қайғыда қалды Қыз Жібек:
«Басымнан дәурен өтті»,—деп.
Толғана мойын бұрады,
Алладан пәрмен сұрады.
Жібек пенен Шегені
Сансызбай алға жіберіп,
Қалмақты тосып тұрады.
Өзі ілгері барған соң,
Сансызбай кейін қалған соң.
Жібек тағы мұңайды,
Мұндай іске қалған соң.
Бір төбеге барады,
Құбыла жаққа қарады.
Көксандалдың шылбырын
Мойнына орап салады.
Мінәжат қылып Құдайға,
Қыз Жібек сонда жылады:
—Басымнан кетті дәулетім,
Бойымнан кетті сәулетім.
Сақтаған Құдай көп екен,
Маған деген бейнетің.
Ажалым жақын таянып,
Жетті ме жейтін жендетің.
Әуелде бір ұтылдым,
Ойлап ем кеше құтылдым.
Басыма түсіп тар заман,
Бүгін және қысылдым.
ғашықтық дастандар
Қолға түссем қайтадан,
Не болар менің сиқымым.
Құртамысың, Құдай-ау,
Бейшара жанның тұқымын.
Не пиғылым жақпады,
Өзіңе сенің, Құдіретім,
Аузын ашып тағы тұр,
Мына кәпір жендетің.
Қайғым кетті қалыңдап,
Шілдеде ыстық ерімейтін.
Пендем десең, Құдай-ау,
Көрсет бұған кереметің!
Күн берсеңші, шіркін-ау,
Адам боп мен бір теңелетін!
Маған деген бақытың,
Ақты ма селге келмейтін?!
Ақырғы күнім жетті ме,
Болдым ба енді түгейтін.
Шама да менде қалмады,
Сарғайып тағы жүдейтін.
Өлгеннен басқа Құдай-ау,
Не қалды менде тілейтін?!
Сансызбай болса жас еді,
Жау көргені осы еді.
Жауыз деген қалмақтың,
Аптығын қайтіп басады.
Арындаған ит Хорен—
Көңілі қатты тас еді.
Соны айтып болғанша,
Аузын жиып алғанша,
Хорен келіп қалады,
Іс басталар қалайша?!
Қалмақ келді қарақтап,
Қару-жарақ салақтап,
Қыз жібек
Басын тартты атының,
Жан-жағына алақтап.
Көңілі иттің тарып тұр,
Көзі шатынап жанып тұр.
«Жеттім бе?»,—деп,—қуалап,
Өзіне-өзі нанып тұр.
Боқтық айтып иянат,
Аузынан жынын шашып тұр.
Түксиген сұры сұрланған,
Тісін қайрап жанып тұр.
Бар қаруы түгел сай,
Зор денеге жағып тұр.
Мұнарадай денесі—
Шойын қара алып тұр.
Дулығасы күмбездей,
Бойы қырдан асып тұр.
«Тірі қалар жан жоқ»,—деп,
Көңілімен бәрін алып тұр.
Астында қара тұлпары,
Ауыздығын басып тұр.
Жұла тартып кеткелі,
Аяғы жерді шалып тұр.
Суға малып алғандай,
Тер моншақтап ағып тұр.
Ұдайы шапқан он бір күн,
Табаны қызып жанып тұр.
Хорен сөйтіп келеді,
Келіп сөйлей береді:
—Менің атым—хан Хорен,
Жөнімді айттым біл,—деді.
Қаһарым қатты батырмын,
Жаныңнан күдер үз,— деді.
Өзің жап-жас баласың,
Оттай қаулап жанасың.
Жасағым келед саны жоқ,
Неден үміт қыласың?
ғашықтық дастандар
Мен жайымды сөйлесем,
Ақылыңнан танасың.
Жібек—менің қатыным,
Қайда алып барасың?
Оны ілгері жіберіп,
Неге кейін қаласың?
Соғысатын кісідей,
Көлденең тартып тұрасың.
Соғысар болсаң жөніңді айт,
Неғып жүрген баласың?
Соғыспаймын сенімен,
Соғысам мен теңіммен.
Қайтіп соғысам дейсің сен,
Мына тұрған кейпіңмен?
Битке пышақ суырып,
Не қылам мына түріммен?!
Қарт батырмын азулы,
Көрің таяр қазулы.
Ажалың ғой айдаған,
Күнің жетіп жазулы.
Қатынды қайтар атымен,
Кете бер өзің жөніңмен.
Қудым сені он бір күн,
Ақы етпеймін оны мен.
—Сансызбай деген мен едім,
Мен де сендей ер едім.
Жібектей асыл жеңгемді,
Алыстан іздеп кеп едім.
Басыбайлы жесірім,
Ап қайтам,—деп кеп едім.
Артымнан еріп келгенге,
Кім екен?—деп тұр едім.
Неғып жүрген жан екен,
Білейінші,—деп едім.
Мұсылман болсаң саған мен,
Қыз жібек
Болайын жолдас,—деп едім.
Қастандық ойлап келсең сен,
Намысымды бермеймін.
Нәсілің жаман жау болсаң,
Өлтірейін,—деп едім.
Жаһаннамға жаныңды
Жіберейін,—деп едім.
Мен айтайын бір ақыл,
Сөз сөйлеймін мен батыл.
Ізіңменен қайтып кет,
Қаласың өліп сен қапыл.
Қарама сен жасыма,
Түседі қайғы басыңа.
Өсиетіңді айтып кет,
Елі-жұртың, артыңа.
Өлеріңді білмейсің,
Мені көзге ілмейсің.
Соғысар болсаң келе бер,
Енді маған не дейсің?!
Қатын деп айтпа тағы да,
Атым деп алма аузыңа.
Аманыңда, хан Хорен,
Қайтсаң есен—жан сауға.
Жаныңды сенің алуға,
Көлденең тұрмын алдыңда.
Мүйіз сұрап келіпсің,
Құлағыңды да бересің.
Бала деме, ей, Хорен,
Кереметті көресің.
Жұлдызым туса оңымнан,
Қаз мойын қара тұлпарды
Тағы маған бересің.
Маған қазған көріңе
Бүгін өзің кіресің.
ғашықтық дастандар
Екпінді сөз есіп тұр,
Хоренді сөзбен кесіп тұр.
Долданып Хорен шыдамай,
Деді:—Маған кезек бер.
Кім кезек әуел алады,
Білмеймісің, жолды бер.
Біле алмасаң жосынды,
Бабаңнан ұғып сұрап көр!
—Кезек мұндай болады,
Әуелі қалмақ алады.
Бұрыннан келген жол осы,
Ата-бабаң ұғады.
Затым қалмақ білесің,
Жасым үлкен көресің.
Қалай кезек алсам да,
Ерік өзімде, не дейсің?!
Әуелгі кезек менікі,
Кейінгі кезек сенікі,
Садақ тартам қарбайып,
Өлмей қалсаң сенікі.
Одан кейін найза бар,
Оны да кезек салысар.
Үшіншісін айтайын,
Аттан түсіп алысар.
Жеңіспесең онда да,
Қаптаған соғыс болысар.
Кім жеңілсе сол қашып,
Елін ойран қылысар.
—Ей, Хорен, кезек ала бер,
Болыпсың қуып арамтер.
Өзіңнің жобаң бойынша,
Қапыл қалмай шаба кел!
Қыз жібек
Қойды екен неғып Хорен,—деп,
Соны да айттың сөзім,—деп.
Қалай соқсаң өзің біл,
Әйтеуір тұрсың кеп.
Қалмақ алды садағын,
Көтеріп биік қабағын.
Шойын оқ салды әуелі,
«Тартам,—деп,—сый табағын».
Тайынбай тұрды Сансызбай,
«Болад,—деп,—қандай заманым».
Толқып тартты күшімен,
«Өлед» деп ойлап ішінен.
Тоғыз қабат сауыттың
Өтпей оғы бірінен—
Қапыл қалған секілді,
Байқалды қалмақ түрінен.
Жыртыла жаздап жағасы,
Үзіліп неше танасы.
Тоқтады барып шойын оқ,
Серпіні жетпей шамасы.
Оғы өтпей тоқтады,
Хорен өзін боқтады.
Не дегенін кім білсін,
Өз тілімен оттады.
Оғым қалса майырылып,
Найзам бар деп мақтады.
Қоразданып, қампайып,
Сауытын түзеп баптады.
—Он бір қабат сауытым,
Беріктеп соққан Дәуітім.
Атар болсаң, тез қарман,
Тұрмайтын тосып әдетім.
ғашықтық дастандар
Үрейі қалмақ ұшып тұр,
Иығы төмен түсіп тұр.
Шойын оғы өтпей қап,
Ашуы кернеп қысып тұр.
Уағда сол бастағы,
Кезекті күтіп тосып тұр.
Сыртқа сырын білдірмей,
Қампайтып жүнін ісіп тұр.
Өңі қашып сұрланды,
Өзіне-өзі қорланды.
Талай кезек алыста,
Көрмедім деп мұндайды.
Сансызбай кезек алады,
Санап оғын салады.
Маңызды бейне пішінмен,
Жан-жағына қарады.
«Батар күнмен батпайын,
Кезеулі оғым дап-дайын.
Ит Хоренді өлтіріп,
Табаныммен таптайын.
Кешіре гөр, бір Алла,
Артық-кем болса айтқаным!»
Садағын алды қолына,
Жұлдызы шықсын оңына.
Жасыл түссін қалмақтың,
Жаусыраған жолына.
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда мол салды.
Қапылыста қалмауға
Салмақтап оғын толғанды.
Шойын оқ әуел салыпты,
Күші де оның қалыпты.
Қыз жібек
Дәл жүректің тұсынан,
Сығалап тартты байыпты.
Көкірек қысқан көбеден,
Қозы жауырын жебеден.
Өте шықты қылт етіп,
Есіктей үлкен кеудеден.
Зымырап оқ жетеді,
Қылт етіп ары кетеді.
Серпіні қатты шойын оқ,
Жылт етіп өтіп кетеді.
Зырқырап ары кетіпті,
Бір төбеге жетіпті.
Аударды ма, төңкерді,
Әйтеуір шаң бұрқ етті.
Тағы нені бүлдірді,
Кім оны енді күзетті.
Оқ тоқтайтын мезгілде,
Толықсып Хорен тұрыпты.
Сермейді қолын не дейді?
Жаны неткен берік-ті.
Әне-міне дегенше,
Төңкеріліп кетіпті.
Хорен аттан құлайды,
Құламай қайтіп шыдайды.
Кеудеден тиген шойын оқ,
Ту сыртынан шығады.
«Ләй-ләй ләмәлоды» деп,
Жаһаннамға сапар қылады.
Хорен қанға бұланды,
Жерде туы шұбалды.
Қару-жарақ сайланған
Істетілмей құр қалды.
Төбедей болып жатыпты,
Белінен қанға батыпты.
ғашықтық дастандар
Еріксіз айдап ажалы,
Батар күнмен батыпты.
Қасына жетіп келеді,
Көзіне найза шенеді.
Денесінен жұрдай қып,
Басын кесіп бөледі.
Әуелде өзі ұнаған,
Садақпен кезек сұраған.
«Найзамен кезек сұраса,
Жетпес ед күшім мынаған.
Үшінші кезек жаяуға,
Келсе мынау таяуға.
Теректей дене, алып қол,
Бір қармаса қоя ма?!
Төртінші кезек қаптама,
Жасағы жүр баптама.
Қарулы жасақ бізде жоқ,
Амал жоқ бұған нақ қана.
Ажалы ғой айдаған,
Әуелі садақ сайлаған.
Тұқымымды құртпақ ең,
Болмады-ау ісің ойлаған.
Тәніңді арам ит жесін,
Қарға-құзғын қаптаған.
Қаз мойын қара тұлпарды,
Іліп алды шылбырдан,
Шабыста үрдіс он бір күн,
Бір қалыптан танбаған.
Әуелде сені, жануар,
Бір Құдай маған арнаған!».
Сөйтіп Хорен өліпті,
Шығарып сан бүлікті.
Қанын жүктеп талайдың,
Қыз жібек
Дүниеден өтіпті.
Бұйрықсызға қол созып,
Өз түбіне өзі жетіпті.
Қызықтырған қыз шіркін,
Талай жанды сүрінтті.
Біреудікін біреуге
Қилы-қилы жолменен
Аударып әкеп беріпті.
Қаз мойын қара тұлпарды
Жетегіне іліпті.
Шеге менен Жібекке,
Желе жортып келіпті.
Жолды тастап төтелеп,
Қараларын көріпті.
Жібек пенен Шеге ақын
Көңілі тасып күліпті.
«Тәңір берген бақытты,
Біреу алмас» деген сөз
Міне, осыдан келіпті.
Қыз Жібекке Сансызбай
Мына бір сөзді айтыпты:
—Тоқта, Жібек, тоқта,—деп,
Менен көңілің жоқ па?—деп.
Жасыл түсті Хоренге,
Енді қорқар жоқ па?—деп.
Еншіңе тидім мен сенің,
Маған көңілің тоқ па?—деп.
Көңілім түсті өзіңе,
Бұл мінезім боп па?—деп.
Жымиып Жібек күледі,
Іштей сезіп біледі.
Ауызда сырын айта алмай,
Көңілі күліп тұр еді.
Қалжыңдасты екеуі:
«Бұл сөздің жоқ бөтені».
Қаз мойын қара тұлпарды,
—Сауғам болсын, аға,—деп,
ғашықтық дастандар
Ер Шегеге береді.
Қыз Жібек пен Сандалкөк—
Менің олжам, жетеді!
Үш адам болды бес атты,
Бір қыз, екі ат олжа апты.
Қонбай, түспей шөл кезіп,
Елге таман жол тартты.
Қарасар артқа қарайлап,
Жау бар ма деп абайлап.
Хореннің қалың әскері
Жете ме деп айғайлап.
Кетті олар жүріп жол,
Жетер жер жолы тағы мол.
Шаршағанын сездірмей,
Айтысар қалжың оңды-сол.
Жол қысқарад дейді екен,
Пайдасы қалжың әне сол.
Алдына қарап қуанса,
Қайғырды артқа тағы да ол.
«Қалмақтың өлді бір ханы,
Иен қалды хан тағы.
Он тоғыз мың әскері
Белгісіз қайда қалғаны.
Арттан қуып келе ме,
Мәлім де емес ол жағы.
Ұтылап ұстап ала ма,
Түсе ме қайта қақпаны?
Қырып-жойып жатыр ма,
Кейінгі елді ол тағы.
Басымды алып мен қаштым,
Бақытты іздеп алдағы.
Бұрынғы өшкен шырағым,
Осы,—деп,—қайта жанғаны».
Қыз жібек
Қайғы мен бұл қуаныш,
Жібекті тағы қамады.
Қалған бір сөз айтылмай,
Айтайын қайта тартынбай.
Әйтеу бір бастап айтқан соң,
Берейін айтып бар шынды-ай.
Хорен шауып кеткенде,
Ілестік оған өткенде.
Не қиғылық салар деп,
Жібекті қуып жеткенде.
Не қылғанын айттым мен,
Хорен қуып жеткенде.
Әне, сол менің білгенім,
Айттым тілім келгенін.
Енді айтайын азырақ,
Хореннің қалың әскері
Не қылып, қайда жүргенін.
Хорен кеткен айғайлап,
Қамшымен атын борбайлап.
Он жеті мың әскерге,
Бол десе бол деп байбайлап.
Бол дегенге бола ма,
Жеткені сол тырбаңдап.
Алты күн шапқан тынбастан,
Жетеміз деп жалбаңдап.
Жете алмаған болдырып,
Ат-көліктері зорығып.
Хорен өзі жөнелген,
Әскерден көңілі торығып.
Жаңылма деп ізімнен,
Шықпаңдар деп сөзімнен.
Қаршығаны шақырып,
Кеңескен екі уәзірмен:
ғашықтық дастандар
—Жол бастау саған аманат,
Осы екеуі қолқанат.
Осы ізден айырылмай,
Түгеген жерде мені тап.
Сол күннен бастап Қаршыға,
Сайланған еді жаршыға.
Әскерін бастап келеді,
Әр ойды ойлап шашыла.
Келеді бұлар із қуып,
Із кетер кейде бұзылып.
Жаңбыр жауып, жел соғып,
Қалады кейде үзіліп.
Кейде тауып, кейде жоқ,
Он бес күн жүрді созылып.
Жел өті болған жалтаң жер
Бүтіндей кеткен түзеліп.
Жол бастайтын Қаршыға
Ойлайды амал асыға.
Хореннің қалың әскерін
Апарды құмның басына.
Хореннің екі уәзірін
Шақырып алды қасына.
—Көрінген әнеу құм төбе,
Бір жол бар онда тым төте.
Бес аттың ізі кетіпті,
Байқасам ізді мен ерте.
Кіргенде құмға адастым,
Соғыпты боран желдете.
Осымен төте жүреміз,
Бұйырғанды көреміз.
Екі күн жүрсек күн-түні,
Ар жаққа шығып ала алсақ,
Сол ізді бойлап кетеміз.
Қыз жібек
Біреуің жүр алдыңда,
Біреуің жүр артында.
Сен алды бол, сен арты,
Ханның айтқан салтында.
Тоқтатпай алдын тастайсың,
Сен артын жиып жасқайсың.
Екі күн жүрсең күн-түні,
Көк майсаға шығасың.
Су мен шөптің бәрі бар,
Ат оттатып тұрасың.
Түстік күнді бетіңе ал,
Аял болма біліп ал.
«Тез жүріңдер» дегенін
Хан Хореннің есіңе ал.
Түсірсе жауды жеңіп ап,
Тосады бізді демін ап.
Не болса да сол жерде,
Тосамын деген сөзі нақ.
Кешігуге болмайды,
Аял болмай шапшаң-ақ.
Қайтса егер жауын ап,
Кезігер өзі алдан-ақ.
Кезікпесе тоқтама,
Қалсаң да атсыз жаяулап.
Айтып кеткен шарт осы,
Беріп кеткен серт осы.
Түстік күннен айырылма,
Жүретұғын жол осы.
Тоқтамастан жүре бер,
Алдыңнан су кезігер.
Артыңа қарап қайырылсаң,
Боласың бекер арам тер.
Хан естісе оныңды,
Қылады сені айыпкер.
ғашықтық дастандар
Ат шөлдеп арып қалса егер,
Аял болмай жүре бер.
Атты жиып апарар,
Артыңнан сенің жүргендер.
Шөлге, құмға кезіксең,
Аттан болар адам ер.
Ат қайда барад дейсің,
Артыңнан барад бәрібір.
Есіңде ме айтқаным,
Көңіліңде не жаттадың?
Он жеті мың әскерді,
Бүгін өзің бастадың.
Әскерді баста тоқтатпа,
Ат-азық деп жоқтатпа.
Адасып жолда қалады,
Бұларды түнде ұйықтатпа.
Мыңбасы, жүзбасы, он басы,
Қасыңда жүрсін айырма.
Су бар жерді таба алсаң,
Аял болып көп жатпа.
Мен айтқандай жүресің,
Ар жағына шығасың.
Жарым жолдан қайтарсаң,
Хан ашуын ұғасың.
Өзің ханның уәзірісің,
Хореннің сырын білесің.
Хан басына күн туды,
Шабандау екен жүрісің.
Кешігіп қалсаң Хорен хан
Ренжісе өз ісің.
Онда мен ара түспеймін,
Қандай болар келесің.
Қыз жібек
Болды деп бұлар жүріпті,
Қалың құмға кіріпті.
Басқа жан бұдан не білер,
Қаршыға өзі біліпті.
Және бірін шақырып,
Оған да айтты батырып:
—Ханның ізі құмменен,
Кеткен екен сапырылып.
Ханнан бұйрық келіпті,
«Тез келсін» деп шақырып.
Әскерді айдап тоқтатпа,
Ханды бекер сақтатпа.
Ханның сол қол уәзірісің,
Жете алмай қалсаң жақсы ат па?!
Қаһары ханның тиеді,
Оны жолда қақсатпа.
Тірісін айда сабалап,
Өлгені қалсын домалап.
Бытырап кетсе көп әскер,
Адасып кетіп жоғалад.
Қап қалмасын сытылып,
Артын айда сыпырып.
Тез жетпесең болмайды,
Жау кетеді құтылып.
Оны да сөйтіп тұқыртты,
Әскерін айдап сыпыртты.
Ілгері-кейін болса да,
Он жеті мың әскері
Қалың құмға кіріпті.
Не болғанын кім білсін,
Әйтеу бір құмға сіңіпті.
Айлакер болған Қаршекең,
Осы бір істі қылыпты.
ғашықтық дастандар
Өзінің жиырма батырын,
Қасына ертіп жақынын.
Оларға да айтқан жоқ,
Осындай тапқан ақылын.
Оларды бөліп алыпты,
Жасырын жерде қалыпты.
Арасына бір таудың,
Өзі бастап барыпты.
—Осы жерде сендер қаласың,
Аттарыңды бағасың.
Аң мен құстың мекені,
Аң аулап қорек табасың.
Шығып кетсең бұл сайдан,
Адасып құмда қаласың.
Шөл-жазира қалың құм,
Қырылып шөлден қаласың.
Өлім іздеп бармасаң,
Одан не аласың.
Тырп етпеңдер осыдан,
Бұл ақылды аласың.
Мені тосып осында,
Алланың тілеп панасын.
Мен оларға барайын,
Жолдың жайын ұғайын.
Қайтқанда бірге олармен,
Сендерді ертіп алайын.
Соны айтты да Қаршыға,
Атын бұрды асыға.
Барар жері белгісіз,
Барады қайда тағы да?
Кеткенін қайда кім білді,
Аты жүрдек жылдам-ды.
Түлкі қаққан кісідей,
Сай-саланы қыдырды.
Қыз жібек
Қалай кетті, не болды,
Қарасы ақыры үзілді.
Сол кеткеннен кетіпті,
Бір жерлерге жетіпті.
Жер ошақтай ат ізі,
Және алдына кезікті.
Сол ізбенен кетіпті,
Төрт күн, төрт түн өтіпті.
Төрт атты бір ат өкшелеп,
Алдыңғы ізді бұзыпты.
Алтыншы із боп Қаршыға,
О да тынбай жүріпті.
Сан ойлар кеп басына,
Көңілін тағы бөліпті.
Осы ойлардың ішінде
Мына төрт ой ең мықты.
«Мені Хорен ап шыққан,
Жол бастайсың деп шыққан.
Өзі алдыға кеткенде,
Әскерді маған тапсырған.
Әскерін құмға бастадым,
Өлімге бәрін жұмсадым.
Бүгін алты күн болды,
Қырылып шөлде жусадың.
Шөл-жазира қалың құм,
Тілсіз жау боп ұстадың.
Хорен кеткен қатулы,
Қару-жарақ артулы.
Жауды жеңіп түсірсем,
Қайтамын деген айтулы.
Ойлаған ойға ол жетіп,
Келе жатса желдетіп,
ғашықтық дастандар
«Әскер қайда?» деп қалса,
Не деймін оған көлбетіп?
Егер олай болмаса,
Жауын жеңіп алмаса.
Бірін-бірі жеңе алмай,
Соғысып тұрса арбаса.
Онда қалай етемін,
Қай жағына өтемін?!
Ол да болмай, бұл болмай,
Аты қалып шаба алмай,
«Артымнан әскер келед»,—деп,
Тосып тұрса қарайлай.
Қараса артқа көз салып,
Барып қалсам мен шауып.
«Әскер қайда?»,—деп қалса,
Не деймін оған жал тауып?!
Жеткізбей кетсе жаулары,
Еліне жетсе даулары.
Ол елді мен білмеймін,
Қандай болар халдары?!
Жетер ол айтқан сертіне,
Барып тосса ел шетіне.
«Әскер қайда?»—деп қалса,
Не деймін оның бетіне?!
Айтқаныма көнбегі,
Қиын маған сенбегі.
«Жау болды мынау маған»,—деп,
Өлтірмей ме ол мені!
Өлтіре салар мені ол,
Құмға барып көрер ол.
«Бәрін қылған қазақ»,—деп,
Елге қарай шабар ол.
Қыз жібек
Елде тұр әскер сақтаулы,
Қылышын алып баптаулы.
Елді қырғын қыла ма,
Болып тұр ол нақ даулы.
Ол да емес, бұл да емес,
Келе жатып жолда емес.
Мықты келсе жаулары,
Өлмейтін темір ол емес.
Елдегі оның әскері,
Даярлап қойған ғаскері.
Қылышын қайрап даяр тұр,
Қит етсе елді шапқалы.
Ханның білсе өлгенін,
Әскерін құмның жегенін.
Екі бірдей кек үшін,
Қылады олар дегенін.
Олар тұр бізді қапқалы,
Дайын тұр жала жапқалы.
Не қылса күші жетеді,
Амал жоқ бізде тапқалы.
Мен айтқан сөзге көне ме,
Жүр десем құмға жүре ме.
Алдап-арбап көрер ем,
Қолымда жоқ дәнеме.
Ханнан жарлық келмесе,
Уәзір әмір бермесе,
Бұйрыққа басқа көнбейді,
Бәрі қырылып өлсе де.
Хореннің жауы қандай жау,
Көрмеген ешкім япырым-ау.
Бұрынырақ келсе егер,
Болмаушы еді мұндай дау.
ғашықтық дастандар
Жібекті алып қашыпты,
Көңіліме болды бір ақау».
Ойлаған ойы бек ауыр,
Ойламаған ең тәуір.
Ой соқтысы болмай-ақ,
Келе жатыр әйтеуір.
Бұл ойлары бір жұмбақ,
Шешіле ме нақпа-нақ.
Шешілуін табады,
Тап алдында ісі нақ.
Қаршығаның әдеті—
Тап болғанда жол таппақ.
Ізді бойлап келеді,
Кейде шауып желеді.
Жақын барып көрмесе,
Алысты кім біледі.
Талай күндер өтіпті,
Бір ізбен жүре беріпті.
Дәл жеті күн дегенде,
Арты қайқаң, алды еңіс
Бір жазыққа келіпті.
Атының белін босатып,
Біраз аял болыпты.
Жан-жағына көз салып,
«Жүрейін» деп ойға алып.
Көреді бір құс алыстан,
Айналып жүрген мамырлап.
Ат ізі солай кетіпті,
Сол мөлшерден өтіпті.
Және біраз жүргенде,
Бір қонып, бір ұшқан
Қарақұсты көріпті.
Қыз жібек
—Жемтік бар ма бұл жерде,
Бұлар неғып жүр шөлде?
Жемтік көрсе жиылар,
Қарға мен құзғын тегінде.
Болмаса бұлар не қылад,
Иен дала бұл шөлде?
Келе жатыр жақындап,
Тебініп атын тақымдап.
Көп шалықты көзіне,
Қарға-құзғын қаңқылдап.
Жемтік бар деп ойлады,
Жемтік деп бұл қайдағы.
Келе жатса бір нәрсе,
Әудем жерде қарайды.
Жемтік ойлап басына,
Жетіп келді қасына.
Өліп жатқан хан Хорен,
Сескеніп қалды шошына.
Теректей болып құлапты,
Бір жағына сұлапты.
Айналасын қараса,
Алыс-жақын, жырақты.
Көп топыр жоқ маңында,
Сауыт-сайман бабында.
Жалғыз ғана аты жоқ,
Қалған нәрсе жанында.
Кеудеден оқ өтіпті,
Арт жағын бір-ақ жұлыпты.
Басы жатыр домалап,
Мойнынан кесіп бөліпті.
Дулығасы бір жерде,
Шар айнасы сыныпты.
ғашықтық дастандар
Бес-алты күн болғандай,
Денесі сасып, жібіпті.
Киімдері сол беті,
Қан боялып сіңіпті.
Қаршыға қайран қалыпты,
Өлгені Хорен анық-ты.
«Жан бар ма?» деп маңайда,
Жан-жаққа көзін салыпты.
Ат ізін байқап қарауға,
Әртаман шауып барыпты.
Білмек болып бұл сырды,
Аял боп біраз кідірді.
Жайбарақат ат ізі,
Аял болған тәрізді.
Екі ат, үш ат қосылып,
Сүрдектеп жол түзілді.
Тоқтайтын жер онда жоқ,
Дыбыс ошар маңда жоқ.
Әлдеқашан кеткендей,
Сағым да жоқ, шаң да жоқ.
«Қайтайын енді ізіммен,
Не қылам қуып оны мен.
Кейінгі істі бітіріп,
Бармаймын ба жолыммен.
Хореннің жауы жаман жау,
Келтіріп соққан япырым-ау.
Алыптай артық іс қыпты,
Кім шығып бұған қылар дау.
Арт жаққа тез қайтайық,
Көп істер шала боп қалды-ау.
Жоғалыпты ит Хорен,
Осы жерде тауып өз сорын».
Қалтасын ішкі ақтарып,
Алып алды хан мөрін.
Қыз жібек
Өлігі қалды орнында,
Киімі қалды бойында.
Бүлінген жаудан бүлдірге
Алмайтын ол бұрын да.
Қайта жүрді артына,
Ақыл ойлар артында.
Қонбай-түспей отырып,
Жетті барып баяғы—
Жиырма жатқан батырға.
Амандасып көрісті,
Айтпайды көрген бұл істі.
«Қаршыға аға келді»,—деп,
Олар да жайрап күлісті.
Ат оттатып, тынығып,
Бір жұма бірге жүрісті.
Жүрмек болды Қаршыға,
Барады ол жаршыға.
Әскері кеткен Хореннің,
Баяғы құмның басына.
Баяғы құмға келіпті,
Құм жағалап жүріпті.
Түстік жүріп ішкерілеп,
Құмның сырын біліпті.
Алай-дүлей көп боран,
Арада неше соғыпты.
Өзі де қатты боранға,
Неше дүркін жолықты.
Құм іші болар бұрама,
Борансыз күні бола ма?
Бір күн шықса оңынан,
Және бір күн солында.
Тына қалса күн қайнап,
Төбеңнен өтер шыжыма.
ғашықтық дастандар
Қалмақтың қалың әскері,
Кеткен құмға ішкері.
Қанша жер жүріп кетті екен,
Болмас оны білгелі.
Бір жерлерге барғанда,
Әуе қайнап жатқанда.
Өліп жатқан топ-топ боп,
Кезікті қалың адамға.
Өлген аттар аз емес,
Жалықпай санап алғанға.
«Бұл арты» деп ойлапты,
Бірталай көріп жүріпті.
Хореннің сол қол уәзірі,
Ол да шөлде өліпті.
Оның уәзірлік белгісін,
Сыпырып бәрін алыпты.
Суырып алды тағы да,
Қолында мөрлі жүзікті.
Талай құмды жағалап,
Қайтадан қайтты сағалап.
Еліне тура қайтыпты,
Бір хайланы ол ойлап.
Бірнеше күн жүріпті,
Еліне аман жетіпті.
Қаршығаның келгенін,
Кейбіреулер көріпті.
Сұрағанға Қаршыға:
—Жүрмін,—деді,—асыға.
Қыран-кескі соғыс боп,
Күн туды әскер басына.
Елге де күн туатын,
Ауырлық келіп басына.
Хорен хан мені жіберді,
«Елге хабар бер,—деді.
Қыз жібек
Әскерімді екі мың,
Тезден ертіп кел,—деді.
Мың әскер жиып қазақтан,
Даяр тұрсын тез,—деді.
Сырлыбай хан, өзіңіз,
Әскер жиып беріңіз.
Хорен ханның әмірі,
Мөр тасын, міне, көріңіз.
Айтқан тілін алмасақ,
Қайтып келсе өлмей сақ,
«Алмадың» деп тілімді,
Қырады бізді ол бір-ақ.
Әскер жиып Сырлыбай,
Бермек болды жан тәтті-ай.
—Басқа ісіңді өзің біл,—
Деді,—маған тапсыр-ай!
Екі мың Хорен әскері,
Қалдырып кеткен ғаскері.
Әр күні елге қоқилап,
Аз емес қылған істері.
—Мың басы мен жүз басын,
Бір жерге бәрін жинасын.
Хорен ханның әмірін,—
Деді,—айтамын тыңдасын!
Қаршекең сөз табады,
Тілінен май ағады.
Хан әмірі деген соң,
Олар не амал қылады?
—Жеттік біз жауды қуалап,
Жібермей алыс шырғалап.
Адамы көп, күші артық,
Алдырмай жатыр абалап.
ғашықтық дастандар
Адам шаршап, ат арып,
Болып қалдық біз ғаріп.
«Сендерді бастап әкел»,—деп,
Айдады мені қуалап.
Бір уәзірін ап тастап,
Мені қойды ол саптап.
Уәзірдің бар шенін,
Маған берді мадақтап.
Көріңдер, міне, сенбесең,
Алып жүрмін мен сақтап.
Жүзігі, міне, қолымда
Көріп ал бәрің анықтап.
Ертеңнен қалмай жүресің,
Хан бұйрығын білесің.
Көрсетейін сенбесең,
Хан берген, міне, мөр белгісін.
Кел дегенде бармасаң,
Ханнан жаза көресің.
Әмірін ханның күтпесең,
Онда сен оған не дейсің.
Хан әмірі—уәжіп,
Орындайды оны жұрт.
Ертең ерте жүреміз,
Болыңдар даяр жиынып,
Басы артық нәрсе алмайсың,
Қойыңдар мұнда тас түйіп.
Бірден атқа мінесің,
Он күндік азық аласың.
Жаудан түскен көп мал бар,
Барғанда азық қыласың.
Азық-түлік артпайсың,
Бір түсіріп, бір артып.
Жете алмай кеш қаласың».
Қыз жібек
Екі мыңбасы ойласты:
«Бармайтын болса болмас-ты».
Дабылын шалып даңғырлап,
Әскерін жиып қозғасты.
«Хан жатса онда соғысып,
Жатамыз ба бұғысып?
Қару-жарақ, ат-көлік,
Даярлар,—деді,—жиысып».
Ертең ерте аттанбақ,
Қару-жарақ саптанбақ.
Өзі кеткен жолымен,
Қаршыға болды ап бармақ.
Даяр болды жүрмекке,
Қаршығаға ермекке.
Басы артық нәрсе алмады,
«Ауыр,—деп,—мінген көлікке».
Қазақтан мыңын жиғызып,
Қару-жарақ ілгізіп.
Қорғауға елді қалдырды,
Сол арада тұрғызып.
«Ханнан әмір келгенде
Әкетем,—деп,—өзім жүргізіп».
Қалмақтың екі мың әскерін,
Даярлатып тас түйіп.
Бастап алып жөнелді,
Біледі өзі жол сырын.
Серке болды Қаршыға,
Бастады тез асыға.
Қонбай-түспей келеді,
Қаратқан жоқ артына.
Бәрі оған бағынад,
Тағылар деп жаманат.
ғашықтық дастандар
Қолында ханның мөрі бар,
Қорқады бәрі жорғалап.
«Кешікті» деп айтад,—деп,
Келеді тынбай сабалап.
Дәл он бір күн жүріпті,
Баяғы құмға келіпті.
Жосылған қалың ат ізін,
Бұларға тауып беріпті.
Олар да көріп әр белгі,
«Осы екен жол»,—десіпті.
Мыңбасыларды шақырды,
Әскерге «бол» деп бақырды.
—Жүретін жол, міне, осы,
Баста,—деп,—бірің ақылды!
Осы жолмен жүресің,
Қалың құм бұл білесің.
Дәл екі күн жүргенде,
Қарасын елдің көресің.
Қалсаңдар егер кешігіп,
Соғады боран есіріп.
Жол бітеліп қалады,
Құм ізді кетер көшіріп.
Таба алмай жолды қаласың,
Лағып қайда барасың.
Мөлшерлі күн хан айтқан,
Кешігіп бекер қаласың.
Кешпейтін ауыр жазаға,
Хан алдында қаласың.
Айтқанымды есіңе ал,
Түстік күнді бетіңе ал.
Екі күндік осы жол,
Қонбай, түспей жетіп ал.
Қыз жібек
Бұл жолдан су іздеме,
Бұл жерде болсын су неге?
Екі күн жүрсең осылай,
Жетесің үлкен өзенге.
Соғысып жатыр жауменен,
Барлық әскер сол жерде.
Тұрған шығар хан күтіп,
Екі көзі сендерде.
Бара алсаңдар тез жетіп,
Разы болар сендерге.
Алды-артыңа қарама,
Бұл жолды оңай санама.
Бір-біріңе қарайлап,
Кешігіп қалсаң бола ма?
Бірен-саран кешіккен,
Алады өзі бара да.
Мыңбасылар бастайды,
Жүзбасылар қостайды.
Қайсысың бұрын бара алсаң,
Хорен соны мақтайды.
Ал жүріңдер тоқтатпай,
Арт жағына бұлтартпай.
Қазақтың мың батырын
Ертіп келем сақтатпай.
Олар кетті құмға еніп,
Қаршыға айтқан сөзге еріп.
Тілі майда Қаршыға
Қисынын айтты төндіріп.
Өтіріктің сенбе өзіне,
Сен дейді келсе ебіне.
Хореннің қалың әскерін,
Алдап құмға кіргізді—
ғашықтық дастандар
Ебіне келмей немене!
Ой құрала ақыл ғой,
Ақыл табар ақылгөй.
Күн-түні тұр боран боп,
Қалың құмда суы жоқ.
Қайнаған ыстық шіліңгір,
Әр күні тұрар жұтты боп.
Хореннің қалың әскері,
Арт-артынан құмға еніп,
Түгеді деп ойлаймын,
Адасып шөлдеп құм болып.
Із-тозы жоқ жоғалды,
Хабары жоқ тындым боп.
Кезбелі дүние деген сол,
Шегі жоқ бұл ұзын жол.
Қылмаған ісі қалмап ед,
Басып-жаншып қалың қол.
Он тоғыз мың әскері,
Хореннің ерткен ғаскері.
Қайғыда қалған қалың ел,
Сарғайтқан ауыр дерт деді.
Байдың малын малып жеп,
Жарлының малын алып жеп,
Күндіз-түні ел тонап,
Түгетпек еді бәрін жеп.
Талай қызды қатын қып,
Талай ұлды отын қып.
Басқа елді біз білмейміз,
Зарланған еді осы жұрт.
Талай кемпір қарғаған,
Талай қатын зарлаған.
Бәрін қылған сол дейді,
Хорен деген оңбаған.
Қыз жібек
Өлді Хорен далада,
Күші жетпей балаға.
Шіріп-сасып жем болды,
Құзғын менен қарғаға.
Қарғыс атқан деген сол,
Ұзақ жерге бара ма?!
Әскері кетті құм кешіп,
Шөл даланы жол десіп.
Топ-тобымен өліпті,
Қалың құмда шөлдесіп.
Бірен-саран болмаса,
Жұтты бәрін құм жесіп.
Жауы сөйтіп төгеді,
Бұған көңілі үдеді.
Көңілінде тағы бір жұмбақ,
Шешілмей әлі жүреді:
«Жібекті кетті кім алып,
Хоренді кетті кім жарып?!»
Шарласа да жер бетін,
Іздемек болды жер шалып.
Жиырма батыр баяғы,
Жатқан сонда тағы әлі.
Қаршекең жетіп барғанда,
Ашылды бірден қабағы.
Бірнеше күн жайланды,
Азық-түлік сайланды.
—Әмірі ханның осылай,
Жүрейік,—деп айланды,—
Түгеткенше із жүреміз.
Із кімдікі білеміз,
Тоқтаған жерде кезігіп,
Кім болса да көреміз.
Алыс-жақын екенін,
Барғанда бірақ сенеміз.
ғашықтық дастандар
Бұл Хореннің айтқаны,
Болмайды бұдан қайтқалы.
Істемесең айтқанын,
Даяр тұр бізге қақпаны.
Айтады олар:—Қаршеке,
Бізде бар ортақ береке.
Қалай баста, өзің біл,
Тартынамыз біз неге.
—Ондай болса, жүріңдер,
Ренжімей еріңдер.
Қиын-қыстақ кезеңде,
Айтқаныма көніңдер.
Ізге түсті қайырылып,
«Қалмайық,—деп,—айырылып».
Жеті күн жүріп із бойлап,
Келе жатыр сарылып.
Қайтқан аттың бір ізі,
Қалады көзге шалынып.
Қаршығадан сұраса,
—Білмеймін,—деді аңырып.
Келе жатыр дүрілдеп,
Ат ізі қалды боп сүрдек.
Қарға-құзғын жеп жатқан,
Жемтікке қалды кезігіп.
Хайуан ба, әлде адам ба,
Бұл жерде өлген неғылып?!
Адамдай үлкен қарақұс,
Кеудеге мінген жүгініп.
Бірі қонып, бірі ұшқан,
Қарға-құзғын дүрлігіп.
Біреуі келді тебініп,
Айнала қарап үңіліп,
«Астапыралла, Құдай-ау,
Хорендікі ғой,—деп,—бұл өлік»,
Қыз жібек
Селт етіп бәрі қарады,
Хорен деп бәрі санады,
«Осы бір күйге салуға,
Ажалың сені айдады.
Хорен екен бұл жатқан,
Кім екен мұны жайратқан.
Кім де болсаң жарайсың,
Келістіріп сұлатқан».
Рақымет айтып ішінен,
Ерлігін бәрі ұнатқан.
Киім-кешек ретімен,
Қару-жарақ бетімен.
Ештеңесін алмапты,
Жеңсе де жауы еркімен.
Жалғыз ішкі қалтасы,
Ақтарылған бұл неден?!
Не бар мұнда екен деп,
Ешкім жоқ мұны іздеген.
Басқалардың сөзімен,
Қаршекең боп тұр сезбеген.
Бұл іске бұлар боп қайран,
Кім екен салған бұл ойран.
Білгісі келіп бәрінің,
Іздеуді де ойланған.
—Өліпті Хорен дал болып,
Айналасы қан болып.
Білмей тұрмыз, Қаршеке-ау,
Бұл істі кеткен кім қылып?
Жиренбай айтты:—Ағалар,
Бәрің де ақыл даналар.
Барып, сірә, көрейік,
Кім екен, қандай адамдар?
ғашықтық дастандар
—Қаршекең бізді бастасын,
Жиренбай мырза қостасын.
Жер шарын кезсе де,
Осы істің артын жоқтасын.
Бұлар кетті із қуып,
Айланбай жолға тез жүріп.
Қыз Жібектен сөйлесін,
Алдыңғы жақтан созылып.
Жібекті ертіп Сансызбай,
Тез кеткен артқа қарамай.
Еліне есен жетті олар,
Жүрсе де жолда көп талай.
Шеге ақын былай айтады:
—Мен бұрын барсам қайтеді.
Кемпір-шалды қуантып,
Сүйінші алсам қайтеді.
Алдыменен қайғыртып,
Артынан тағы қуантып.
Бір ауыз сөзбен бәрін де,
Алмаймын ба жұбатып?!
Шеге ақын кетті шапқылап,
Жетіп барды жарқылдап.
От басында кемпір-шал
Отыр екен қалтылдап.
—Сәлем,—деді,—ақсақал,
Тұйықсыз айтқан сөз қатал
Ақжайыққа барып ем,
Келгенім қайтып осы дәл.
Сұңқарың ұшқан аспандап,
Қоныпты жерге жарқылдап.
Тағы да бір ұшқанда,
Соғылып тасқа бір қыспақ.
Қыз жібек
Сусып бір шөлге түсіпті,
Ақыры оның не болмақ?!
Қалыңға соққан қайырылып,
Қанаты қалған майырылып.
Төлеген деген балаңнан,
Қалыпсың, шалым, айырылып.
Торқасы болсын топырақтан,
Орны болсын жәннаттан.
Жылама, шалым, жылама,
Тәңірім сөйтіп ұнатқан.
Алдымен қойдым жылатып,
Қояйын енді қуантып.
Қуаныш, қайғы аралас,
Сөз сөйледім шұбалтып.
Тұйғының ұшқан көкке өрлеп,
Құдайдан тілеп «жол бер» деп.
Қалыңнан соғып қарсақты,
Келе жатыр көлбеңдеп.
Сүйінші бер, ей, ата,
Айтамын саған не бер,—деп.
Қыз Жібекті ап келді,
Бір-біріне тап болды.
Түрегел, ата, түрегел,
Міне, ауылға нақ келді.
Атынан түсіп Қыз Жібек,
Келе жатыр жетелеп.
Төлегеннің шешесі,
Алдынан шықты еңіреп.
Кемпірді құшақтап Қыз Жібек,
Көрісті сонда былай деп:
—Барып еді ұшып бір сұңқар,
Ұшқан жері қия-жар.
ғашықтық дастандар
Ұша алмай қалып жоғары,
Болыпты үлкен қансонар.
Қалып ем бағым байланып,
Заманым тарға айналып.
Қанатым жоқ ұшарға,
Отырып ем зарығып.
Көп отырдым зарығып,
Жығыла жаздап тарығып.
Омырауым көл болды,
Көзімнен жас ағылып.
Қайғының міндім атына,
Қашсам да болмай алқына.
Төлегеннің мен күйдім,
Лапылдап жанған отына.
Қыраным қақты қанатын,
Шырағым болды жанатын.
Алыстан аңсап келдім мен,
Болайын деп қанатың.
Хан, қарасы келіпті,
Қыз Жібекті көріпті.
Мұндай сұлу бұл жақтан
Ешбір адам көрмепті.
«Адамзаттан тумаған,
Перінің қызы бұл,—депті,
Бұл жалғанда адамзат
Мұндай да сұлу болыпты!»
Базарбай шал тұрыпты,
Жүруге халі келіпті.
Ат жететін жердегі
Елінің бәрін жиыпты.
Құран оқып, бата қып,
Төлегенге ас беріпті.
Қайғы, жара жазылып,
Қыз жібек
Қуаныш орнын алыпты.
Тұра салып ертеңі,
Қырық күн той қылыпты.
Ақ отауды кестелеп,
Жібекке арнап тігіпті.
Тойға келген көп елге
Сый-құрметін қылыпты.
Сол күндерде Қыз Жібек,
Ойлайды бір іс елеңдеп:
«Хореннің қалып әскері,
Не сұмдық қылды елге?,—деп,—
Басымды алып мен кеттім,
Ішінде қалдың бейнеттің.
Қарғар ма ел, Жібек,—деп,
От қойып бізге сен кеттің.
Жыланның басып құйрығын,
Қалмақтың кегін өрлеттім.
Қайда барсам, япырым-ау,
Қайғы мені меңдеттің.
Хоренді кеттің өлтіріп,
Сазайын бердің келтіріп.
Артында қалың әскері,
Кеп жетер ме дүрлігіп.
Өлігін көрсе ханының,
Жоқтар бәрі егіліп.
Бұл жаққа тағы келе ме,
Ат ізі жатыр жосылып.
«Ханды,—деп,—кім өлтірді?
Қызды кім мұнда келтірді.
Тауып бер»,—деп ойран сап,
Сала ма пәле не қилы.
Ханды өлтірген қара бас,
Тауып бер деп ұнамас.
Қысым келсе басына,
Бұл ел де мені аямас.
ғашықтық дастандар
Екі елді бірдей бүлдірген,
Жан қалмас мені қарғамас.
Жібек деп мені мақтаған,
Іс түссе, болар боқтаған.
Мынау бір сайқал дер ме екен,
Елден-елге аттаған».
Осы ойлар қамап Жібекті,
Жегідей жеп қақтаған.
«Ұшты деген тұйғыным,
Жанды деген шырағым.
Алдады ма тағы да,
Не болар менің күндерім?!»
Ең жаманы мынау іс
Екі елге түссе қиын іс.
Сарғайып сөйтіп жүргенде,
Бір түні Жібек көрген түс.
Ұйқыда жатып көрген түс,
Көргені ылғи лашын құс.
—Алдында жүрген біреуі,
Қанаты оның құбылыс.
Жиырмадан бірі артық,
Біреуі алда жүр шалқып.
Қанаты оның шұп-шұбар,
Құбылады көз тартып.
Бір жерден алтын жалт етіп,
Бір жерден күміс жарқ етіп.
Бір жерден гауһар көрінер,
Тағы бір жерден жылт етіп.
Қайран қалдым бұл құсқа,
Құстағы болған құбылысқа.
Қарап тұрғың келеді,
Ерекше осы бір құсқа.
Қыз жібек
Жайбарақат келеді,
Отауға келіп кіреді.
Түсі жылы бұлардың,
Өздері де көңілді.
Қатар-қатар тізіліп,
Отырды бәрі сүзіліп.
Аузынан ақ меруерт,
Төгеді маған ұсынып.
Қарадым бәрін абайлап,
Бердім тамақ даярлап.
Бірі кіріп, бірі шығар,
Қанатын жайып мамырлап.
Көрдім де түсті ояндым,
Бұл не түс деп ойландым.
Жақсылық па жамандық,
Білмей қалдым Құдайым.
Міне, осындай түс көріп,
Түсінде ылғи құс көріп,
Сансызбайға бұл түсті,
Айтып берді жорытып.
—Құлағың сал жан-жаққа,
Хабар алып әр уақытта.
Елден біреу келе ме,
Бізді іздеп бұл жаққа?
Бұрын бір түс көріп ем,
Түстен де зәтте болып ем.
Түс көрдім деп осындай,
Кімге айтайын оны мен.
Елі жатыр той тойлап,
Жібек отыр ой ойлап.
Қуаныш бар көңілінде,
Түстің арты не болмақ?
ғашықтық дастандар
Біреу келді шапқылап,
—Келед,—деп,—адам бейсауат.
Алыс жердің адамы,
Бұл елде жоқ ондай салт.
Біреуі алда келеді,
Тізгендей бәрі шұбалад.
Ә дегенше ауылға,
Келіп қалды аралап.
Шыға келіп Қыз Жібек,
Таныды бәрін саралап.
Өзіне-өзі сене алмай,
Қояды көзін уқалап.
Бұл жаққа бұрын келмеген,
Елден сұрап білмеген.
Ат ізімен келіпті,
Баяғы өзі іздеген.
Тоқтай қалды кермеге,
Із тоқтаған сол жерге.
—Мына ауыл,—деді,—кімдікі?—
Ат ұстаған біреуге.
—Базарбайдың ауылы,
Осы елдің бай-тәуірі.
Келіні келіп алыстан,
Той боп жатыр әуелі.
Ат байлатты кермеге,
Жат болса да бұл елге.
—Жібектің үйі қайсы?—деп,
Баста,—деді біреуге.
—Анау ғой біздің Жібек,—деп,
Жиренбай мырза көреді.
Ел жиналды айнала,
Батырларға таңғала.
Бұл елде мұндай адам жоқ,
Басқа бір жұрттан бола ма?
Қыз жібек
Бәрі батыр әлуетті,
Бізде жоқ мұндай сәулетті.
Бірі мыңға барабар,
Алып дене келбетті.
Ажары асқақ аршындап,
Сауыт-сайман жарқылдап.
Айдынынан бұлардың
Біреулер қорқып қалтылдап.
Аз емес көрген істері,
Түн қатып қашқан түстері.
Жол азабын көп көріп,
Ашаң тартқан жүздері.
Қаршығадан бір адам:
—Кімдер дейміз сіздерді?
—Біз—Жібектің ағасы,
Іздеп келдік біз,—деді.
Естіді Жібек ап-анық,
Көне даусы қап-қанық.
Өзіне-өзі сене алмай,
Тұрған еді таңырқап.
Көзі сеніп тұрса да,
Көңілі сеніп жалтайып.
Жүгіріп барып бас салды:
—Жиренбай аға,—дей салып.
—Айналайын, ағекем,
Бірге туған сен, тетем.
Сағынып едім сендерді,
Көзімнің жасын селдетем.
Сарғайып бір күн өлер ем,
Өзің іздеп келмесең.
Жегенім болар запыран,
Елден хабар білмесем.
ғашықтық дастандар
Хореннің қалың әскері
Қырған ба екен мен десем.
Жібек тағы зарлады,
Айтпаған зары қалмады.
Сегіз жылдай байланған
Тарқатып шерін шығарды:
—Ақсарбас сойған баталы,
Жиналып ел-жұрт аталы.
Әуелде көңілім қосылған,
Басқаны қайдан тартады.
Шыққаннан қашып бармадым,
Шақырды, міне, қалмадым.
Әуелде ноқта ілген соң,
Басқаға көңіл салмадым.
Белдеуден кеттім шешіліп,
Алысқа кеттім көсіліп.
Әуелде Құдай қосқан соң,
Іздеп келдім бет бұрып.
Қалмайын деп ойладым,
Аруаққа шет болып.
Қаршыға келді алшаңдап:
—Жылама, Жібек, қалқам,—деп.
Сені аялап, қарағым,
Дүниені кездім сарсаң боп.
Әуелде көңілім хош еді,
Ойлаған ойым осы еді.
Жеткізіпті бір Құдай,
Келесің маған түс еді».
Өмірдің көрдің аласын,
Жаппақ боп әркім жаласын.
Қарша ағаң бәрін оңдады,
Бітіріп істің шаласын.
Қыз жібек
Хореннің көрдім өлгенін,
Өлтіріп елдің келгенін.
Қадірлеп ұста, қарағым,
Құдайдың саған бергенін.
Он тоғыз мың әскерді,
Қара құмға көмгемін.
Осыдан біл, қарағым,
Ел-жұртың аман екенін.
—Айналайын, Қаршеке-ау,
Ақылың елден бір жеке-ау.
Түс көріп едім жақында,
Өзіңізге бір теңеу.
Түсімде құс боп ұшыпсыз,
Отауға келіп түсіпсіз.
Алтын-күміс моншақтап,
Гауһарды тағы іліпсіз.
Жиырма құс жаныңда,
Өзіңіз оның алдында.
«Көп ақ меруерт маған»,—деп,
Бердіңіз әйні қалпында.
Айналайын, Қаршекем,
Ақылың—дария, сөзің—жем.
Патша, ханның ақылы
Бір өзіңе келмес тең.
Ақыл деген ой көзі,
Шешеннің алтын әр сөзі.
Осы келген Қаршыға
Қырық жылдан бері қарай
Сырлыбай ханның уәзірі.
Қарақұрым қалың ел
Жібектің тыңдап зарын мол.
Жыламаған жан қалмай,
Омырауы болды сел.
ғашықтық дастандар
Шеге ақын шығып айырып:
«Болды, балам, болды!» дер.
Ел жиылып қойғызды,
Тоқтау айтып тыйғызды.
Кім екенін зары білгізді.
Алты қанат отауға
Оларды бастап кіргізді.
Неше түркім мал сойып,
Әр алуан дән қойып.
Аунап-қунап жатты олар,
Қайғыны бәрі тең жойып.
Қосылып ақыл теңесті,
Айтысып бұлар көп істі.
Көтеріп еңсе Базарбай,
Құдалармен кеңесті.
Өткен-кеткен істердің
Бәрін сұрап білісті.
Қайғының бәрін ол жойып,
Шүкірлік қылып тынысты.
Той үстіне той болды,
Ақсарбастар сойылды.
Жағалбайлы елінің
Хан-қарасы жиылды.
Қазына-малды аямай,
Елге құрмет қылынды.
Қырық күн тойын қылыпты,
Отыз күн ойын қылыпты.
Сән-салтанат тамаша,
Алуан түрлі қызықты.
Жібекке желек жабылды,
Үкілеп моншақ тағылды.
Бұрынғының салты деп,
Үлкеннен дұға оқылды.
Қыз жібек
Жібектің асты сәулеті,
Түгеп көрген бейнеті.
Жібек десе Жібек-ау,
Жаннан асқан келбеті.
Сұлулығы Жібектің
Елден-елге тарапты.
Сансызбай да ер екен,
Қыз Жібекке тең екен.
Ұлан шәмбіл елінде,
Бұларға теңдес жоқ екен.
Той да өтті, ойын да,
Әр істер өз жайында.
Қонақтар қайтпақ болады,
Уақытты бабында.
Жібекті ертіп Сансызбай,
Келер жылы бармақ боп,
Осы бір мезгіл шағында.
Базарбай қарт әндетіп,
Кеткендей болды халденіп.
Қалбырақтап байғұс шал,
Рақымет айтты емініп.
Екі жүз жорға айдатты,
Отыз түйе байлатты.
Алтын-күміс, қант-шай,
Кілем-кілше, торқадан
Он түйе жүк жайлапты.
Ортаға салып мал-жанды,
—Алғаныңша ал,—деді,—
Құдаларға көп сәлем,
Айта бар бізден мол,—деді.
Ел-жұрт аман тұрсын,—деп,
Бізге де дұға қылсын,—деп.
ғашықтық дастандар
Жібек пенен Сансызбай,
Келер жылы барсын,—деп.
Елі-жұрт та жиылып,
Құрмет қылды иіліп.
Неше күндік алысқа
Шығарып салды бірігіп.
Жүріп кетті жол тартып,
Келген ізбен көш артып.
Арада қанша жол жүріп,
Елін-жұртын қуантып.
Көргендерін сөйледі,
Білгендерін күйледі.
Тұқымы құрып Хореннің,
Тыныш бопты елдері.
Қаршекеңнің айла-ақылы,
Жібектің сабыр тақылы,
«Сабыр түбі—сары алтын»,
Мұратқа жетті ақыры.
Жан білмеген ақылды,
Жан таппаған тәсілді.
Болып келді Қаршекең,
Әрбір іске батылды.
Білетін болсаң ақыл көп,
Істете алсаң батыл боп.
Елу бес жыл Қаршекең,
Сырлыбай ханға уәзір боп.
Түгемес ақыл азығы—
Ханның алтын қазығы.
Қаршекең қамал бұзады
Тәсілменен әр қилы.
Қыз жібек
Ізсіз жерден із болды,
Бара-бара жол болды.
Құда, таныс, тамырлар
Келіп-кеткен мол болды.
Қиссасынан Жібектің,
Білгендерім сол болды.
Ол кезде мен жоқ екем,
Әйні іс қандай болды екен?
Бұрынғылардың жазғаны,
Бізге қалған мұра екен.
Дандан мен Нәркес
Бастадық біз осылай жазып хатты,
Береді Тәңір өзі бақ пен тақты.
Қосады оңы келсе тағдыр өзі,
Көріспей ғашық болған асыл затты.
Дүниенің бұл туралы мысалы көп,
Мен мұнда жел сөз айтып тұрғаным жоқ.
Нәркес пен батыр Дандан оқиғасы
Келеді өрнек болып осыған дөп.
Өтіпті тым ертеде Дандан—Нәркес,
Халайық, тыңдап көрсең бұл бір кеңес.
Кез бопты олар көптеп қауіп-қатерге,
Мұндағы айтылғаны кейбір елес.
Мекені бұл Данданның Шын-машын дер,
Ол өзі жасынан-ақ боп туған—ер.
Әкесі падишалық құрған екен,
«Елінен шыққан,—дейді,—көп саудагер».
Аты екен әкесінің Ибраһим,
Ол өзі әділдікпен ел сұрайтын.
Шаһарын саудаменен төлежітіп,
Әркімнің өнеріне жол қоятын.
Болыпты бір саудагер бұл шаһарда,
Жері жоқ ол бармаған бұл жаһанда.
Ол өзі Ибраһимнің досы еді,
Келетін сәлем беріп анда-санда.
дандан мен нәркес
Талайдан көрінбес сол саудагер,
Ақылды шешен еді, әрі шебер.
«Ол досым қайда кетті хабары жоқ,
Болып еді уақыты да мұнда келер?»—
Деп досын патша да есіне алған,
Өйткені одан көптеп несіп алған.
Жаһан кезіп ол айтқан хабарлармен,
Таңғалтып талайлардың есін алған.
Қиялмен патша үйінде отыр еді,
Саудагер сәлем беріп жетіп келді.
Екі дос жөн сұрасып көп отырды,
Саудагер таныстырған барған жерді.
Саудагер көп шаһарын аралапты,
Өзіне қажет малын саралапты.
Бұл жерден жүзді алса, онда барып,
Пайдасы мың түмендеп балалапты.
Саудагер шығып тысқа және келді,
Қолына бір сандығын ала келді.
Бұл шақта атасына еркелеген,
Жүгіріп жас жеткіншек бала келді.
Осы еді Дандан деген бала батыр,
Көзінен көрінеді аспан жалтыр.
Қасына атасының келді дағы,
Көтерген сандығына қарады ақыр.
Саудагер ол сандығын берді ханға,
Басылған көп жеріне түрлі таңба.
—Алыстан ала келген аз тартуым,
Көз сүрінер мұндағы асыл жанға,—
Деп саудагер сандығының айтты сырын,
Естіртпей баласына өте ақырын.
Падиша көрмек боп асығып ед,
—Көрсетпе балаңызға,—деді,—ақылым.
ғашықтық дастандар
Патша:
—Шығып тұршы, балам,—деді,
Бала да бір іс сезіп алаң еді.
«Шық деген соң шықпасам жарамас»,—деп,
Тысқары шықты басып қадам енді.
Саудагер сонан сандық аузын ашты,
Ораулы қағаз жұпар иісін шашты.
Патша тұр елегізіп, «бұл не екен» деп,
Тесілтіп қос жанарын, керіп қасты.
Қағаздан қыз суреті көрінді ерен,
Қалам қас, оймақ ауыз, күлімдеген.
Көрген жан ғашық болмай қалар емес,
Нұр төгіп көрген көзді сүріндірген.
Мұндай сұлу болмайды жан баласы,
Сәулесі сағым шашқан айналасы.
Бұл қызды бір патшаға берсең егер,
Тұп-тура басқа патша болар қасы.
—Суретші қыз мүсінін алған тартып,
Дәулеті Бағдатында өскен шалқып.
Жасаған суретінің бір паршасын,
Беріп ед мың ділдәға маған сатып.
Жеткіздім сол қаладан өзім алып,
Ішіне алтын сандық берік салып.
Я, тақсыр, бір асыл зат болғандықтан,
Тарту қып әкеп тұрмын сізге алып.
Сондықтан қауіптендім ұғылыңыздан,
Бұл сурет талай жастың шырқын бұзған.
Егерде бұл суретті көріп қалса,
Ғашық болып кетеді ол ырқыңыздан.
Ибраһим дейді:—Рас осы сөзің,
Суреттің ғашық болар көрсе жүзін.
Ұғылым тұр ғой бір сәт те сабырым қалмай,
Ғашық бола жаздадым менің өзім.
дандан мен нәркес
Ойпырмай, хор қызы ма, пері қыз ба,
Әлемде теңдесі жоқ сері қыз ба?
Суретші де керемет келтіріпті,
Көрген жан жолыққандай тірі қызға.
—Оның рас, суретші тым-ақ шебер,
Қолынан кереметтің бәрі келер.
Бұл қызды аудармастан тартқан екен,
Кім көрсе, көрермін деп оған ерер.
Суретті сандығымен мықтап сақта,
Балаңа көрсетуші болма әсте.
Егерде ойламаған істер туса,
Тек қана жалынасыз жалғыз Хаққа.—
Деп саудагер қоштасып шығып кетті,
Патша оны ұзатып қайтып кепті.
«Апырым-ау, сандықтағы не нәрсе?»—деп,
Жас жігіт Дандан терең ойға кетті.
«Бар екен бұл сандықта қандай тылсым,
Далаға шығарды екен мені не үшін?
Көрейін ебін тауып не де болса,
Ашып ап оңашада сандық ішін».
Бір күні кірді Дандан қоймасына,
Сандықты көрмек болған о да асыға.
Қазынадан тінтіп жүріп ақыр тапты,
Сандықты іліп қойған дорбасына.
Сандықтың шағып аузын ашып қалды,
Ораулы топ қағазға қолын салды.
Суретін сұлу қыздың көрген кезде,
Аңырып қатты дағы, естен танды.
Қарады бір уақытта есін жиып,
Өртенді ғашықтықтан іші күйіп.
Қойынға қыз суретін салды дағы,
Шығып кетті сандықты тығып қойып.
ғашықтық дастандар
Өзінің хұжырасына келді Дандан,
Суретті «тірі қыз» деп әбден нанған.
Қараса қайта-қайта ол суретке,
Нұр өтіп улатқандай естен танған.
Сарғайды ол күн-түн сайын ғашық зардан,
Ұйқы-тамақ, мал-мүлік шықты ойдан.
Есінен жатса-тұрса бір кетпейді,
«Табам деп ғашығымды қай шаһардан?»
Бар еді бір уәзір Хакім атты,
Көрсетер қысылғанда кереметті,
Данышпан, өзі ақылды, терең ойлы,
Патшаға жаққан істеп ғаламатты.
Жас Дандан сол Хакіммен жақын еді,
Өзіне айтқан сөзі ақыл еді.
Бір күні Хакім кеп хал сұрағанда,
Ер Дандан «іште қайғы бәрін» деді:
—Хакім ата, не дауа бұл дертіме?
Бір қыздың ғашық болдым келбетіне.
Ойым бар сол сұлуды алсам деген,
Болса егер, жүрсе тірі жер бетінде.
Хакім айтты:—Суретті алып келші,
Көрейін қызғанбашы, маған берші.
Бар болса жер бетінде іздеп тауып,
Жеткізем талабыңа, маған сенші.
Шаһзада Дандан барып алып келді,
Суретті бар зейінмен Хакім көрді.
—Жаңа тартқан екен бұл қыз суреті,
Сахибің* дүниеде бар, шын, — деді.
Сұрайын саудагерден қыздың жайын,
Қылмаңыз табылмас деп сіз уайым.
* Сахиб—ару, сұлу, жар деген мағынада.
дандан мен нәркес
Ғашығыңды қайтсек те іздеп тауып,
Әкелеміз жол берсе бір Құдайым.
Боламын қызметіңде өзім бірге,
Бір Алла әл-қуатын берсін сізге.
Саудагерден қыз жайын өзім ұғып,
Хабарын жеткізейін сіздің үйге.
Сөйтті де саудагерге кетті Хакім,
Ұқпақ боп қыз мекенін, жөнін, атын.
Барса әлгі саудагер өліп қапты,
Кезікті туысына қазған ақым.
Уәзір санын соғып қайтып келді,
Естіген, білгендерін айтып келді.
Балық жеп, қылтанағы тұрып қалып,
Өліпті деп іркілмей тартып келді.
Уәзір айтты:—Сөз тыңда, шаһизадам,
Айтайын мен бір амал енді саған.
Екеуміз тез арада сапар шықсақ,
Мұнымыз мен ойласам болмас жаман.
Қайтсек те үш күннен соң жүрейік жол,
Бұйырса Жаппар Құдай береді жол.
Алтын ал қазынадан жиырма мың,
Екеумізге жол азық болады сол.
Жүреміз қайықпенен теңіз кешіп,
Жол берсе бұл сапарға Тәңірім несіп.
Түн жамылып шығамыз ел көрместе,
Жүрмесін әлдебіреу жолды тосып.
Дандан да бұл кеңеске мақұл болды,
Айтқаны уәзірдің ақыл болды.
Қазынадан жетерліктей алтын алып,
Әйгіленген ақ жарқын батыл болды.
ғашықтық дастандар
Киімді де киінді неше түрден,
Кең қолтық, кейбірінің белін бүрген.
Әр елдің өзіне тән салтанаты,
Осыған да ұмытпай көңіл бөлген.
Қамданып дайындығын толық қылды,
Теңізге төртінші күн төніп кірді.
Ұрланып ел-жұртына білдірместен,
Кемеге екеу ғана болып кірді.
Сонымен тәуекелге бұрып бетті,
Екеуі сұлуды іздеп жүріп кетті.
Көрем деп сахибімнің нұр дидарын,
Қуанып Дандан ерің күліп кетті.
Патша іздеді ұлын қапаланып,
Хакімге айтпақ болды іздеп барып.
Барса онда уәзір де жоқ боп шықты,
Соққандай болды жүрек кеуде жарып.
Суретті іздеді ол қоймасынан,
Көмескі жерге қойған дорбасынан.
Сандық тұр, суреті жоқ болғаннан соң,
Қайғысы түсті ауыр қорғасыннан.
Іздеді патша досы саудагерін,
Әйтсе де тапты оның тек көмген жерін.
Сонымен қалай кеткен із таба алмай,
Падиша қала берді тістеп ернін.
Падиша қайран қалды қапылынан,
Көрмеген қашанда опа жақынынан.
Бір медеу тапқандай-ақ болар еді,
Тек қана Хакімнің кең ақылынан.
Дандандар он күн жүрді океанда,
Келеді жүзіп кеме өтіп алда.
Көрінді бір құрлық таяу маңнан,
Төңірекке көзді тастап отырғанда.
дандан мен нәркес
Кемені сол құрғаққа келді айдап,
Қуанды жер көргенге көзі жайнап.
Талапқа жететұғын күн болар ма?
Келеді екеуі тең соны ойлап.
Құрғаққа кеп кемені жайғастырды,
Киімдерін үстіге алмастырды.
Жағадан жаңа тағам жесіп алып,
Ендігі барар жерін қарастырды.
Таяуда бір бау-бақша көрініпті,
Екеуі сол бақшаға көзін тікті.
Дандан:—Соған бар да сұра,—деді,—
Көрсетіп адам болса бұл суретті.
Қылышын шаһизада алды қолға,
«Бір Алла бергін осы жолда»,—
Деп сиынып бақшаға жетіп барды,
Бір адам отыр екен сол арада.
—Ассалаумағалейкум, ей, ағайым,
Өзіңе медет берсін бір Құдайым.
Бір ісім бар келгенім сапар шегіп,
Рұқсат па, сол жөнін мен сұрайын?
—Мен жүрген тазалықшы қызметкер,
Уақытың мұнда тұрсаң бекер кетер.
Сұрағың, ісің болса қожайыннан,
Болса да қандай шаруа солар білер.
Суретті сонда Дандан алып шықты,
—Жетпейді айтсам тілім ғашықтықты.
Табылып осы сұлу бұл дүниеден,
Болар ма дертіме бір шипалықты?!
Әлгі шал суретті алып көзін тікті,
Сөз айтты Дандан ерге бір үмітті.
—Жаңа сурет екен ғой ғашығыңыз,
Шырағым, бетіңе ал күншығысты.
ғашықтық дастандар
Ешнәрсе бұйым емес зерделі ерге,
Шырағым, көп тоқталма әрбір жерге.
Бір қызға ғашықтықтан дертті болған,
Он жетіде алпысқа шықтым, міне.
Ғашықтық кәртеймеді, мен кәртейдім,
Бұл сөзім ғибрат болсын, ғашық ерім.
Ғұмырың тоқтай берсең өте берер,
Мақсатқа жеткін, ерім, сол тілегім.
Хакімге шаһизада келді қайтып,
Шайыхтың айтқан сөзін түгел айтып.
Қайыққа мініп тағы жүріп кетті,
Сапары күншығысты бетке алып.
Теңізге сол дария кірді барып,
Теңізбен жүзді олар бір ай ағып.
Көрінді осы кезде бір құрғақтық,
Бет бұрып осы жерге шықты барып.
Тұр екен бір жас жігіт балық аулап,
Ауымен балықтарды көптеп қармап.
—Сонша көп не себепті ұстайсыз?—деп,
Жігіттен ұқпақ болды Хакім сұрап.
—Білмейсіз бұл шаһарда меймандар көп,
Барады жұртымызда азық түгеп.
Бір балық бір алтыннан ақша болар,
Сондықтан да болып тұр бұл харакет.
Айтайын шаһардағы мейман жайын,
Жолаушым, сіздерден мен жасырмайын.
Патшамызда бір сұлу ханша бар,
Жол қалар сұлулықта туған айың.
Қанша патша баласы соған ғашық,
Неше мың ләшкерменен жатыр басып.
Бір балық бір алтыннан сауда болып,
Болып тұр осы күнде маған кәсіп.
дандан мен нәркес
Суретті алып шықты сонда Дандан,
—Қараңыз көз тоқтатып, дос, мынаған.
Осы қыз ба, емес пе, айтыңызшы?
Барады ішім күйіп ғашықтықтан.
—Суреті осы,—деді жігіт танып,
Осының заһирі екен дейді анық.
Безгек болып ауырып жатқан кезде,
Суретші бұл суретті алған тартып.
Хакім айтты:—Бізді апар хұжыраңызға,
Жетерлік алтын алғын хақыңызға.
Тыныстап біз де жатып демалайық,
Кез боппыз Құдай айдап шаһарыңызға.
Мақұлдап жігіт ертті Хакімдерді,
Сарай іші бір құжыра пәтер берді.
Қыз жайын сұрастырып ұғып жатыр,
Сонымен аралықта төрт күн қонды.
Ғашықтық шаһизадаға қатты батқан,
Сарғайып күннен-күнге семіп қатқан.
—Ғашықтар ертең келсін сәнәм баққа,—
Деп жаршы айғай салды көше жақтан.
Таңертең Дандан кетті бақша жаққа,
Жиылған нелер жігіт осы баққа.
Талай патша баласы, байдың ұлы,
Нәркестей ғашық болған асыл затқа.
Дүние жігіттерге бекер еді,
Бұл Нәркес суретімен жетеледі.
Нәркесті бір көрмесе барлығы да,
Дүниеден диуана боп кетер еді.
Бақша іші қатар қойған орындықтар,
Сая боп гүл-гүл жайнап толқиды тал.
«Нәркес шықса көрсек»,—деп, кірпік қақпай,
Тағатсыз жас жігіттер болған құмар.
ғашықтық дастандар
Самал жел соқты, баяу гүлдер толқып,
Еседі жұпар лебі майса шұлғып.
Нәркес те осы кезде келіп жетті,
Бұлттан жаңа шыққан күндей балқып.
Нәркестің бөлек екен жаралғаны,
Болмаған мұндай сұлу адамда әлі.
Өмірде мұратты боп өтер еді,
Әркімнің сондай болса алған жары.
Жығылды көргендердің есі кетіп,
Бір жан жоқ қыбыр еткен тұяқ серпіп.
Бәрін де маңғаздардың жансыз етіп,
Ордаға Нәркес сұлу қалды кетіп.
Кетсе де Данданға көз салып кетті,
Өзі баяу, көңілі талып кетті.
Ғашықтық Нәркесті де билеп алып,
Орнына өзі тұрған әрең жетті.
Жігіттер өліктей боп қырылыпты,
Тәуіптер ұшықтасып су бүрікті.
Сескеніп бәрі дағы есін жиып,
Орнынан сенделісіп тұрысыпты.
Хакімге келіп айтты:—Көрдім қызды,
Бір Алла аяр ма екен пақырыңызды.
Әкетіп басқа біреу біз зор кеп,
Өксітіп кетер ме екен өмірімізді.
—Батыр туған Данданым,
Орындалар арманың.
Уайым етпе, жарқыным,
Нәсіп болса аларсың.
Бүгін жатпа жайланып,
Қалмасын бағың байланып.
Қарауылшы қорыммен,
Қылыш ал алмас сайланып.
дандан мен нәркес
Аяғың мен қолыңа,
Таймастай етіп жолыңа.
Болаттан тырнақ кигізем,
Түсерсің бірер садынға*.
Күзетші берік ордада,
Жақын барып жамбылға.
Қақпадан кіру саған жоқ,
Жамбылдан ас жабыса.
Шаһизада Нәркес жаққа жүріп кетті,
Сәнәмнің бақшасына барып жетті.
Көрінбей қарауылшы лашкерлерге,
Жамбылдың қалтқысына кіріп кетті.
Мысықтай асып түсті қыз бағына,
Ұқсайды Дандан бейне қанаттыға.
Тұр екен бір кәнизак палау басып,
Қыз үйінің қиыстау ар жағында.
Бір кезде сол кәнизак кетіп қалды,
Дандан да қазан жаққа жетіп барды.
Есінен тандыратын дәрі салып,
Қалқада қайта келіп тұра қалды.
Жиылып кәнизактар жеді палау,
Ойлайды мұндай жерде қайдағы жау.
Сылқиды тойған кезде бәрі дағы,
Жемеген Нәркес ғана отырды сау.
Бұл жайды ақылды қыз аңғарады,
Қолына қылыш алып жабданады.
Жігіт боп жақтырмайтын келсе егер,
Тастауға басын шауып сайланады.
Жантаяды ұйықтаған боп төсегіне,
Ғашығы бақшадағы тұр есінде.
* Садын—қорған мағынасында
ғашықтық дастандар
Ол егер келген жігіт болмай қалса,
Өлтіреді мойынын кеседі де.
Сол кезде шаһизада келді кіріп,
Ғашығын көрген жерде мың құбылып.
Қарсы алды Нәркес дағы құшақ жая,
Бағана көрген жерден жазбай біліп.
Мұратқа жетер пенде етсе талап,
Ғашықтар құшақтасты етпей тағат.
Жақындап таң атарға қалған кезде,
Шығарды қыз жігітті сыртқа қарап.
Данданды Нәркес тамнан асырады,
«Кеш қалмай кел, жаным», деп асығады.
Көрмесе екі ғашық тұра алмайтын,
Болысып кеш батуға асығады.
Тірілтті кәнизактің бәрін келіп,
Тұрыпты су бүріккен соң тітіркеніп.
Білмейді не болғанын олар дағы,
Қалыпты таң ағарып, жұлдыз сөніп.
Таң атты, маужырай күн де шықты.
Бақшада бұлбұл әнді сан құбылтты.
Шомылып ғұсыл-дәрет алмақ үшін,
Бір көлге Нәркес сұлу келіп түсті.
Бір кезде отырды шашын тарап,
Нұр шашқан алтын күнге тамашалап.
Қарап тұр дидарына кәнизактар,
Нұрланған бүгін тіпті Нәркес ғажап.
Сол кезде бір бұлт шықты көк аспанда,
Құдиып жетіп келді қас қаққанша.
Жерге кеп қыздар тұрған тұманданып,
Нәркесті алып ұшты тік аспанға.
дандан мен нәркес
Нәркестен қыздар қалды тірі айрылып,
Көрген бе адам пенде мұндай қылық?!
Патшаға жүгірісіп хабар берді,
—Нәркесті ап кетті,—деп,—бір бұлт келіп.
Падиша қапаланды, назаланды,
Бұл не бір хикмет деп аң-таң қалды.
«Құдайым өзі беріп, өзі алды»,—деп,
Қызына іші күйіп зар жылады.
Тәуіпші бұл шаһарда бір зада* бар,
Падиша әр кезекте бал аштырар.
Аты Зәһира шарапатты адам еді,
Сөзіне бұл шайыхтың жұрты нанар.
Ауырлап ішіндегі қайғы-зары,
Алдырды патша ортаға Зәһираны.
—Ей, шайхы, бал салып көр, қызым қайда?
Бір хабар болар ма екен істің жайы.
Заһира балын шашып күбірледі,
Кейде ренжіп, кей кезде күлімдеді.
—Мәртебелі патшамыз, Аллаға сен,
Бір жігіт қызыңызды әкеледі.
Бар екен Қап тауында бір топ дию,
Оларды оңай емес күшпен жеңу.
Ежелден қызыңызға ғашық екен,
Солардың бір мықтысы Қаққа дию.
Диюлар сұлуларға болар ғашық,
Адаммен өте алмайды жамандасып.
Апарған қызды салып алақанға,
Қарайды неше рет мауқын басып.
Қызыңды Қаққа алып ұшып кеткен,
Іздейміз енді оны зеңгір көктен.
* Зада—(парсы) бала.
ғашықтық дастандар
Беремін бір көгершін қолыңызға,
Құс еді шарапатты баққан көптен.
Жиыңыз ды бар патшаның балаларын,
Қызыңа ғашық болған сардарларын.
Айт дағы Нәркес жайын жігіттерге,
Ұшырып көгершінді аралатқын.
Көгершін кімге қонса сол әкелер,
Басқаның іздегені құр арам тер.
Патша, сол жігітке бұйрық қылғын,
Шақырт та ордаңызға батаң бергін.
Патша шақырыпты жігіттерді,
Бәрі де маңғазданып түгел келді.
Нәркесті бұлт әкеткен айтқан шақта,
Жігіттер қаны қайнап тітіренді.
—Жиырма патша баласы келгендерің,
Қызымды болды кеше көргендерің.
Нәркесті біреуіңе берсем егер,
Он тоғызың маған жау болар едің.
Ұшырам әзір бір құс бақтарыңа,
Қонады біреуіңнің бастарыңа.
Бұйрығы кімге болар, азаматтар,
Мен кәрі қапаланба шалдарыңа.
Көгершін кімге қонса, іздейді сол,
Қап тауы ешкімге бермейді жол.
Қаққа деген диюдың басын кесіп,
Қызымды батырлықпен әкелер сол.
Дегенде: «Разымыз»,—деді олар,
Бұйырса бақыт құсы келіп қонар.
Неше шара бәрімізге бұйырмаса,
Нәркесті ақ бұлттан алып қалар.
дандан мен нәркес
Ұшырды патша сонда көгершінді,
Көгершін айналып жүр әр-әркімді.
Тіленіп «қонса екен» деп басын төсеп,
Қаз-қатар барлығы да тыныш тұрды.
Жүрегі жігіттердің алып-ұшқан,
Қуаныш па, қайғы ма төніп тұрған.
Басынан бәрінің де қалқып өтіп,
Данданға барып қонды шетте тұрған.
Көгершін сонда айтты Дандан ерге:
—Ұқсайсың, ей, жігітім, перілерге.
Диюлармен соғысып Қап тауында,
Шыдармысың дәуменен жекпе-жекке.
Басқалар бұл сөзді естіп тарап кетті,
Дандан да Хакіміне келіп жетті.
Баяндап Нәркес жайын берген кезде,
Шақырып патшадан да елші кепті.
Падиша, Хакім менен бата берді,
—Я, Құдай, сақтай гөр,—деп жас селдеді.
Данданның мейірлене басын сипап,
—Жолың болсын,—деп олар қалады енді.
Хакім мен Дандан жолға шығып кетті,
Қайықпен көк мұхитқа кіріп кетті.
Барады толқынменен бірге толқып,
Сан рет дауыл тұрып қатер жетті.
Екеуі сол теңізбен талай жүрді,
Тауыса алмай шалқып жатқан алып суды.
Жиырма күн дегенде жол жүргелі,
Аман-есен бір құрғаққа ілінді.
Теңізден шыққан жерде бір ағаш тұр,
Жауыпты бар денесін жапырақ-бүр.
Шұлғиды көк шыбығы мәуеленген,
Жапырақта шарапатты жазулар тұр.
ғашықтық дастандар
Дұғаның оқып көрді құдіретін,
Көрген жан бұл ғажапқа таңқалатын.
«Бір сүйкесе жазылар деп жазыпты,
Сынған, күйген, жұлынған құс қанатын».
Тағы да шыбықтары былай деген:
«Ап алсын бұл шыбықтан керек еткен.
Дию, жын, пері соққан кісі болса,
Бір атса шыбықпенен жазар»,—деген.
Жапырақ пен шыбықтан алып алды,
Су менен құрғақтықты сағалады.
Біраз жер осы арадан жүрген кезде,
Ұша алмай жатқан құсты көзі шалды.
Құс айтты тілі шығып:—Ей, адамзат,
Сіздерден болар ма екен бір мархабат?
Көңілге алған жерге жеткізер ем,
Шапағат Алла тағала берсе қанат.
Жапырақпен сүйкеді құс қанатын,
Жай күн емес ойланып-толғанатын.
Не көрсе соған байлап тағдырларын,
Алатын Нәркес үшін жан салатын.
Сілкіді сонда әлгі құс қанатын,
Мһтшам, ей, адамзат, менің атым.
Баламды бір айдаһар жылда жұтар,
Ұшарға қанат бітіп болса жақын.
Ойсоқты боп ұшыппын байқамастан,
Көрінбей көз алдымда жер мен аспан.
Соғылып бір ағашқа топшым сынып,
Кезім ед қозғала алмай мына жатқан.
Мықты жер ұя салар іздеп едім,
Таба алмай бұл жаһанды талай кездім.
Ұшуға балапаным жақын қалған,
Ұмытпас айдаһар да жейтін кезін.
дандан мен нәркес
Хакім де өз жайларын түгел айтты,
Қалт етпей құс тыңдады бұл жәйтті.
«Мұқтажбыз бәріміз де көмек үшін,
Қаққаға апарам»,—деп сертін айтты.
—Шығыңдар, екеуіңді арқалайын,
Ұшамыз үш күн, үш түн бір Құдайым.
Ұяма менің салған барып түсіп,
Данданды содан әрі ап ұшайын.
Екеуі шықты құстың арқасына,
Жатты олар көкке қарап шалқасына.
Жел гулеп, боран соғып кеткендей боп,
Тоңған соң кірді ұлпа қалқасына.
Қуарып келеді құс алып-ұшып,
Кей жерде су ішеді жерге түсіп.
Қайтадан көкке шығып ұшқан кезде,
Еш нәрсе көрінбейді көзге түсіп.
Екпіні неткен қатты алып құстың,
Барады оқтай жарып көктің үстін.
—Көрмегеніміз көп екен,—деді Хакім,
Легіндей бір келеміз көрген түстің.
Осы кезде көрінді жердің үсті,
Құстың қанат екпіні сондай күшті.
Көрінді айдаладан алып терек,
Шулады балапандар көріп құсты.
Мһтшам ұясына келіп түсті,
Орнынан балапандар ұмтылысты.
Жерге әкеп адамдарды қойды дағы,
Баласын қанатымен қатты қысты.
Дандан мен Хакім отыр кеңес құрып:
—Берелік айдаһарды біз өлтіріп.
Мһтшам сені апарсын Қап тауына,
Кетпесін, мен қалайын, жүк көп болып.
ғашықтық дастандар
—Бұл сөзді мен—Мһтшам мақұлдадым,
Бауырымда балапаным талпынарым.
Өлтіріп айдаһарды берсеңіздер,
Құлмын,—деп,—өле-өлгенше бас ұрармын.
Сол кезде қатты ысқырған дыбыс шықты,
Қорыққан балапандар қатты бұқты.
Дандан айтты Мһтшамға:
—Хакімді әкет,
Көрейін айдаһарды қанша мықты.
Бір биік шынар еді ұя салған,
Көлденең неше жерде бұтақ жарған.
Қаруын алмас қылыш алды дағы,
Отырды бір бұтақта батыр Дандан.
Аяғын орнықтырып мықтап басып,
Қайраты тұла бойға сыймай тасып.
Тұрғанда дәу айдаһар ирең қағып,
Келеді ауызынан заһар шашып.
Жиырылып олай-бұлай бұлқынады,
Маңына аузын ашып жұлқынады.
Заһарын алыс жерге шашыратып,
Жұтқандай дүниені қылқынады.
Дандан да қарап отыр көзін жазбай,
Қарайды бұл жауызға өші бардай.
Қолында алмас қылыш жалтылдайды,
Ол, сірә, қанбас басын кесіп алмай.
Айдаһар ұмтылады жалмаң қағып,
Әр жерден аяқтары тарбаң қағып.
Қарайды алып терек бұтағына,
«Жұтсам,—деп,—балапанды жалмап алып».
Астынан келіп өтті бұл мақұлық,
Жұтпаққа балапанды мойын бұрып.
дандан мен нәркес
Бас көтере бергенде ұрды Дандан,
Басы бөлек мойнынан кетті үзіліп.
Өкіріп ширатылып шықты жаны,
Жаудың өзен болды аққан қаны.
Мағұрып-машұрықтың арасында,
Дыбысын естімеген жан қалмады.
Айдаһар балапанға азық болды,
Құс қуанып шалқыды шат көңілді.
Қалдырып Хакім қартты осы жерге,
Ертеңі көк аспанға көтерілді.
Жеті күн тоқтамастан көкте ұшты,
Құшақтап Дандан отыр Самұрықты.
Сегізінші сөткеде алдарынан,
Соғысқан екі биік тау жолықты.
Жол ол арадан өте алмады,
Тым биік асып одан кете алмады.
Өтуге ортасынан мүмкін емес,
Соғылса қандай шапшаң құтқармайды.
Баяғы қасиетті шыбықты алды,
Қорамсақтан садаққа оқ қып салды.
Ортасын екі таудың көздеп тұрып,
Шірене садақпенен тартып қалды.
Тау шөкті екі жаққа жапырылып,
Мһтшам бір қуанды қатты күліп.
—Алла берген, Дандар ер, саған қуат,
Ашылды бағым саған мен кезігіп.
Мһтшам тағы кетті ұшып заулап,
Алты қабат аспанда алыс самғап.
Бір жеті күн өткенде тағы алдан,
Көрінді жанған бір от таудай лаулап.
ғашықтық дастандар
Бір құс тұр ортасында шыр айналған,
Белгісі сиқырменен ол байланған.
Қасиетті шыбықты алды дағы,
Тағы да садақпенен тартты Дандан.
Оқ тиді, құстар өлді, от та сөнді,
Мһтшам бұл арадан ұшып өтті.
Таяуда бір мағыра* көрінеді,
Мһтшам:—Бұл Қаққаның жұрты,—деді.
Құс қонды мағыраға жақын барып,
—Бар,—деді,—Дандан ерге қаруланып.
Мынаны керек болса күйдір,—деді,
Бір талын қанатының жұлып алып.
Бір үйге келді Дандан қадам басып,
Ешкімге қорықпайды асып-сасып.
Үйіне сол диюдың кіріп барды,
Таныс бір адамындай есік ашып.
Қараса бір қыз отыр күн мен айдай,
Көрген жан қалар емес ғашық болмай.
Ол қыздың тізесіне басын қойып,
Бір дию ұйықтап жатыр қарағайдай.
Мөлдіреп қыз көзінен жас тамшылап,
Сағынған адамзатқа отыр қарап.
Данданды жүгіріп кеп құшақтауға,
Отыр ғой қазандай бас алдына сап.
Қыз айтты:—Бұлар дию, қаны харам,
Бұл жерге қалай келдің, шаһизадам?
Мыналар көріп қалса өлтіреді,
Қор болдың осыларға сен бейшарам.
Қылышын Дандан сонда қолына алды,
Диюдың мойынына салып қалды.
* Мағыра—қала.
дандан мен нәркес
Жерінен ұйықтап жатқан қозғалмастан,
Әпіләс* сол арада дүние салды.
Данданға жалғыз Алла болды ғой жар,
Жарандар, бұл сөзіме құлағың сал.
—Ай, шаһим, маған рақым қыла көр,—деп,
Аяғын қыз құшақтап жылады зар.
—Сөзімді менің айтқан тыңдағын сен,
Рақым қылып мені құтқар залымдардан.
Машұрық тарапында Бекен шаһар,
Моғұл деген патшаның қызы едім мен.
Ей, жігіт, Мәлике бану менің атым,
Жеті жыл болды елден айрылғаным.
Қайтсаңыз елге бірге ала қайтшы,
Өлсем разы болсын әруағым.
—Мәлике, жұмысым бар іздеп келген,
Нәркес қайда екенін білдің бе сен?
Бірге ала кетермін, сен тұра тұр,
Таба алсам ғашығымды аман-есен.
Ағылтты Мәлике бану көзінен жас,
—Шаһзада, мына жақтан бір есік аш.
Нәркес Қаққа екеуі осы үйде,
Күш жиып, ей, батырым, қаруыңды ас.
Бұл үйге Дандан тағы жетіп барды,
Нәркес те қуанғаннан біраз талды.
Тізесіне оның да басын қойып,
Бір дию қорылдаған ұйықтап қапты.
Диюдың басын жерге түсірді еппен,
Сарғайып Нәркес сұлу жүдеп кеткен.
Жүгіріп кеп Данданды құшақтапты,
Бір сәтке құтылғандай қайғы-дерттен.
* Әпілес—диюдың аты.
ғашықтық дастандар
Қорылдап ұйықтап жатыр дию кәпір,
Жылайды:—Өлесің,—деп, Нәркес пақыр.
Қылыштың ұшын шаншып аяғына,
Диюды оятады Дандан батыр.
Қаққа да орнынан тұрды үгіліп,
—Нәркесті іздеп келдің қайдан біліп?
Нәркеске ошағыма от жақтырып,
Етіңді жеймін,—дейді,—кәуәп қылып.
Дандан да осы кезде қылыш алды,
Қаққаны қылышпенен шауып қалды.
Данданның бір ұрғанын көтере алмай,
Ол дағы сол арада дүние салды.
Тапсырып жаһаннамға Қаққа жанын,
Дандан ер құтылдырды Нәркес жарын.
Екеуі бір сәт сонда құшақтасты,
Тұрса да көмескі жау төгіп кәрін.
Қалдырып Дандан мұнда Нәркес жарды,
Бануды ап келуге кетіп қалды.
Қайта айналып келгенше Нәркесі жоқ,
Бұл іске Дандан дағы таңырқады.
Ойлады ол: «Бұл диюдың қылған ісі,
Мерт болар мұнда қарап тұрған кісі.
Онан да Мһтшамды шақырайын,
Келеді ол қанатының шықса ысы».
Шақырып сонда Дадан Мһтшамды,
Күйдіріп қанатының ысын салды.
Сол сәтте жетіп келіп Мһтшам да,
Данданның маңына кеп қона қалды.
Айтты Дандан себебін шақырғанның,
(Күші қайтар бостан-бос ақырғанның).
—Нәркес жарым лезде жоқ боп кетті,
Білмедім қандай жаудың қас қылғанын?
дандан мен нәркес
Құс айтты:—Бұл диюлар көп болады,
Бірі өлсе, біреуі жоқ болады.
Қаққа, Әпіләс, Арзақ деп бір тұратын,
Бұл мекенде олар бір топ болады.
Көмескі үйлері бар бәрін ізде,
Боламын мен көмекші қазір сізге.
Екеуі өлсе Арзақ бар, шешесі бар—
Салады ол хайланың бәрін бізге.
Нәркесті Арзақ ұрлап тығып алған,
Шешесі Хисылаға ол хабар салған.
«Екі ағамды өлтірді бір адам кеп»,
Дегендіктен кемпір де қаһарланған.
Мһтшам дию жайын айтып жатыр,
Тыңдап тұр қалт жібермей Дандан батыр.
Бір кемпір осы кезде анадайдан,
Табаққа күл салып ап келе жатыр.
Мһтшам:—Оқ ат,—деді,—бұған шапшаң,
Өлтіред әзір бізді тез атпасаң.
Үшкіртпей қолындағы күл ұшқынын,
Садақпен қасиетті отын атсаң.
Дегенде-ақ Дандан оқты атып қалды,
Оқ барып ол мыстанға дәл қадалды.
Жығылып қалды кемпір тепкіленіп,
Оқ қадалған жерінен қан саулады.
Аққан қан жын-пері боп ұшты аспанға,
Бәрі кеп жабылады бір Данданға.
Қолында шыбық та бар, қылыш та бар,
Тобымен құлайды олар әр атқанда.
Жын-пері қуығына жел толтырған,
Сонымен көтеріліп көкке зытқан.
Бұл бәрі әлгі өлген кемпір жыны,
Ажалға батыр Дандан жолықтырған.
ғашықтық дастандар
Жын-пері жерге түскен жаяуласып,
Данданға төніп келед анталасып.
Мәлике бану Данданның қылышын ап,
Шетінен өлтіріп жүр бірден шауып.
Шетінен мықтылары қырылғанда,
Бассыз жау қарсыласар шама бар ма?
Бәрі де бірден зытып жоқ болысты,
Жабылып пар келе алмай бір Данданға.
Мһтшам Дандан ерге айтты сонда:
—Батырым, темір есік үй тұр мұнда.
Нәркесті Арзақ сонда алып барып,
Есігін мықтап тартып тұр қасында.
Жүз пұт тас Дандан сонда алды қара,
Көтерді «Я, Алла!» деп қаһарлана.
Ұрғанда пәрменінше сол есікті,
Күл талқан темір есік болды пара.
Данданның күші кетіп шаршаған-ды,
Диюмен алысарлық шама аз қалды.
Мәлике бану қылышын бере берді,
Арзақ та Дандан ерге қарсы барды.
Мәлике бөлекше қыз парасатты,
Алладан ол да тілек тілеп жатты.
Қылышты арт-артынан бере беріп,
Данданға көмек үшін жанталасты.
Дыңылдап ұшып жатыр сынған қылыш,
Сұрапыл осы майдан болып ұрыс.
Тигізбей қаруларын бір-біріне,
Соғады бар әлінше бермей тыныс.
Арзақтың қақ бөлінді бар қылышы,
Тарылды жауыз жаудың жан тынысы.
Табуға енді қару дәрмені жоқ,
Болып тұр қызыл қолда барлық күші.
дандан мен нәркес
Жығылды Арзақ сонда қылыш тиіп,
Домалап кеңірдектен қаны ұйып.
Қуанған Дандан сонда құшақтады,
Ардақты Мәликені құшып сүйіп.
Нәркес те келе құшты екеулерін,
Сүйініп ерлігіне Мәликенің.
—Сен дағы сүй Данданның бір бетінен,
Қызғанышым жоқ,—дейді,—Мәликешім.
Сонымен олар мінді Мһтшамға,
Кеп түсті Мһтшам да ұясына.
Хакімге күтіп жатқан сәлем беріп,
Көргенін баяндады данышпанға.
Сол жерде Мәлике бану оқыды оқу,
Өнерліге қиын ба бақыт қону.
Алдарына бір тақ кеп тұра қалды,
Мақсаты ұшып тақпен елге жету.
—Қош,—деді Мһтшамға,—ардақты құс,
Біз жүрміз бір мезгіл болдық туыс.
Қайда жүрсең балаңмен аман бол,—деп,
Тағына Дандандарды етті ұсыныс.
Бәрі де қоштасыпты Самұрықпен,
Талпынып балапандар о да білген.
«Жол болсын!» деп қош айтып Самұрықтарға,
Тақпенен біраз жерге ере жүрген.
Бекеннің шаһарына олар келді,
Мәлике ата-анасын аман көрді.
Істерін көрген-білген бастан-аяқ,
Үйіне Мәлике қыз айтып берді.
Мақтауын Дандан ердің асырады,
Көрмесе о да бір сәт сағынады.
Болса да қанша өнерлі Мәлике бану,
Данданның бұйрығына бағынады.
ғашықтық дастандар
Жылайды Моғұл патша бәрін құшып,
Жүрегі қуанышпен тулай түсіп.
Данданға Мәликені бермек болып,
Патша жүр өз ойларын іштей пішіп.
Жайылды Дандан ердің хабары елге,
Жетпей ме мұндай хабар қандай жерге.
Нұғым патша баласы Сансыз деген,
Нәркеске ғашық еді ең ежелде.
Сол Сансыз жинап келіп жүз мың әскер,
Шаһарды қылмақ болды әптер-тәптер.
«Нәркесті қорлық көрмей тез берсін»,—деп,
Данданға елші салды боп қара тер.
Елшілер бұл хабарды кеп жеткізді,
Сансыздың даңқы асқан деп жеткізді.
Хакіммен ақылдасып Дандан батыр,
Мәликені беруге сөзді өткізді.
Бүйткенге сес қылмасын Сансыз ерің,
Төккен жоқ Дандан мұнда босқа терін.
Ар болса, істесін адамшылық,
Күшті деп ойламасын әскерлерін.
Қорыққаннан бергенім жоқ Мәликені,
Дандан оңай болмайтын жаудың жемі.
«Егескеннен келіскен артық» деген,
Келсін мұнда тең көрсе егер мені.
Тапсырды осыларды елшіге айтып,
Елшілер де Сансызға кетті қайтып.
«Менімен Дандан қайтіп тең болмақ»,—деп,
Сансыз бай кетті өзінше қапаланып.
—Шаһарын Бекен деген ойран етем,
Сонымен Нәркесті алып дәурендетем.
Былшылын қойып, Дандан қызды берсін,
Болмаса қырамын да, типыл етем.—
дандан мен нәркес
Деді ол, тағы елшісін аттандырып,
Елшілер жетті тағы мақтан қылып.
—Бермесеңдер Нәркесті болмайды,—деп,
Күш көрсетті Данданға сақтандырып.
Қожаңдаған жауыз жау ұқсын нені,
—Онда ертең майданға шықсын,—деді.
Өмірде жаудан Дандан қорыққан емес,
—Көріне онда Сансыз түссін,—дейді.
Елшілер осы сөзбен кетті аттанып,
Ішіне «әттең» деген кек сақталып.
Сансызға бара салып жеткізгенде,
Айғай салды ләшкерге ол бапталып.
Лек-лек қып ләшкерлерін жиыстырды,
«Бекенді басамыз,—деп ұйыстырды.
Еркектің бірін қоймай қырып тастап,
Қыздарын аламыз»,—деп күлістірді.
Деді ол:—Нәркес менің ғашық жарым,
Тұрмайды оны алмасам менің жаным.
Ханды өлтіріп, Нәркесті алған шақта,
«Бекенді» думандатып той жасаймын.
Тарқатты осылай деп ләшкерлерін,
Кім білсін көрді қазып тас кеулерін.
Сансыз бай түнгі ұйқыға кетіп еді,
Көрді ол аяқ-қолы, бас терілерін.
Оянып түн ортасы шошыды ол,
Тұрғызды төңірегінен қосынды мол.
«Апырай, әл-қуатым құрып барад»,—
Деді де өне бойын қасытты ол.
Данданның сұры оны басып еді,
Сонымен қорқып қаны тасып еді.
Ләшкерге бұл сырларын айтсын қайдан,
Ішінен құмша егіліп жасып еді.
ғашықтық дастандар
Шығыстан алтын арай таң да атты,
Сәулесі маужыратты шартарапты.
Тек қана шаһар халқы үрейленіп,
Сұмдықтар тыныштықты бұзып жатты.
Оңай ма, жүз мың әскер қаруы бар,
Бастығы қара ниет, көңілі дал.
«Зауал тапсын Данданның жаулары»—деп,
Тілеген қалың жұрттың тілегі бар.
Дандан да осы кезде даярланды,
Майданға керектінің бәрін алды.
Осы кезде Мәлике бану тағзым етіп,
Ел-жұртқа бір жақсы істі хабарлады.
Нәркестің мұнда іскен жылап көзі,
Ол айтты:—Қатаң ғой бұл жау мінезі.
Бір Дандан қалың жауға қайтіп төтер,
Мына елдің жәрдем қылар бар ма кезі?
—Жылама бостан босқа, Нәркесім-ау,
Алатын Дандан ерді қайдағы жау?
Көріңдер жауларыңды көздеріңмен,
Сансызды бір зынданға жаптым анау,—
Деп еді Нәркес қош боп құшақ ашты,
Естіген іштегі жау тұра қашты.
Дандан мен Хакім дағы шат болысып,
Банудың сөздеріне құлақ асты.
Мәлике пері оқуын білетұғын,
Сонымен жауын ұстап жүретұғын.
Сансыздың арсыздығын естіген ол,
Түнімен «Афсүн оқып» жүретұғын.
Төртеуі зынданды ашты бірге келіп,
Жатты Сансыз мұнда дір-дір етіп.
Қалайша бүйткенін де білмейді өзі,
Қарайды алақ-жұлақ ыржың етіп.
дандан мен нәркес
Сансызды жүрді айдап өз жеріне,
Көрінді өлген ләшкер көздеріне.
Мәлике сиқырменен қырыпты да,
Қалғанын қуалапты өз еліне.
Қуанды бұған Хакім Дандан менен,
Жойылды жауыз жауы жалмаймын деген.
Көптеген алғыс айтып Мәликеге,
«Сенімен орындалды арман» деген.
Ер Дандан сүйген жанын жары етті,
Аралап үш шаһарды тамаша етті.
Көрсе де көп мехнат Дандан, Нәркес,
Ақыры мұратына түгел жетті.
Ахмет пен Нүрилә
Айтайын бір қиссаны, жұртым, қара,
Әр неге өзі ие Құдай тағала.
Дейтұғын Қысан патша заманында,
Жасапты бір мүсәпір жетім бала.
Ол бала ата-анадан жетім қалған,
Жалшы боп талай байдың малын жайған.
Бәрінде ақ таяғы құт боп оның,
Байлар да онан әрі байып алған.
Бірақ ол ақы алып жарымады,
Қай-қашан бай ырқына бағынады.
Кейде аш, кейде үстінде ылпасы жоқ,
Тағдырға тәуба етіп жалынады.
—Апырай, мен де байып ұлы болсам,
Ел құсап осындағы күйлі болсам.
Өмірде шығып, әттең, шер-құмардан,
Алдында өз елімнің сыйлы болсам,—
Деп кеште шаршаған ол түс көреді,
Түсінде тотыдай бір құс көреді.
Ол құс сайрап алыстан ұшып келіп,
—Мен сенің бақ қолыңмын,—деп береді.
Сен әзір байға жалшы адал жансың,
Жатса да жерде алтын қарамайсың.
Тәңірім осы ісіңді жақсы көріп,—
Деп айтты,—періштеден маған барсын.
ахмет пен нүрилә
Сонымен келдім ұшып бағың болып,
Жанамын төбеңдегі шамың болып.
Сен әлі патша қызын аласың да,
Қалады алтын орда тағың болып.
Ол қыздың аты, бәлкім, Нүрилә дүр,
Айтсаң сен бір ауыз сөз бұрылар ол.
Оған да Тәңірім сені табыстырған,
Сен үшін аямайды бәрін де ол.
Сен бұнда жүре берме, ізде соны,
Серпілген жанның, сірә, болар жолы.
Бата ал жалшы жүрген қожайыныңнан,
Ол дағы шарапатлы Тәңір құлы.
Ойлы бол, талапты бол, жігерлі бол,
Жақсы сөз жарым ырыс, тілеулі бол.
Аяңдап топ ішінен патшаға бар,
Сөзіңмен оған дағы елеулі бол.
Сонан сен ол не десе болады де,
Қазына еңбек етсе толады де,
Тек қана жамағаттан айырылған жан,
Қырқылған шөптей оңып солады де.
Оянды бала ұйқыдан ыңыранып,
Таң атып, күн шығыпты арайланып.
Баланың қуанғаннан өңі кіріп,
Кетіпті бет әлпеті ажарланып.
«Япыр-ау, түсім өңім болса екен,
Іздейін патшаны мен тырбанып».
Сонымен бала талай күн өткізді,
Ойланса ақ жүректі дір еткізді.
Кеткенше осы байдан асықпастан,
Тағы да әйтеуір бір жыл өткізді.
Бір күні қожайынға айтты кіріп,
Сәлем беріп алдына көп иіліп.
ғашықтық дастандар
—Шығайын, малдан мені босатыңыз,
Табайын тағы бір жол іздеп жүріп.
Қожайын оған қарап былай деді:
—Жүргенің тура төрт жыл, бір ай,—деді.
Мал бағып қажығаның рас-ақ қой,
Әйтеуір жүрме қарғап жылай,—деді.
«Кетсем» деп көңілің енді бопты алаң,
Бар екен жігерің мен арың, балам.
Толықсып бір байымай кеткен емес,
Қолымнан батамды алып шыққан адам,—
Деді де, қолын жайып берді бата:
—Бата алса ықылас болмас қата.
Бақытты бол, патша бол, ұрпақты бол,
Өзіңді сүйеп жүрсін Қызыр ата.
Батасын алып бала үйден шықты,
Көңілінде қуаныш бар оймен шықты.
Ол енді патшаны іздеу үшін,
Сиынып Алласына жолға шықты.
Жүрді ол талай жолды тау-тас басып,
Қалмады қиындықтан биттей жасып.
Патшаны Қысан атты іздей берді,
Көңілі көктемдегі судай тасып.
Бір күні келді жақын бір шаһарға,
Көзіне көрінді оның биік там да.
Түбінде отыр екен бір топ адам,
Бұрылды солай таман сөз сұрауға.
Әдеппен көпке келіп берді сәлем,
Ішінде отырыпты патша ғалам.
Ол кісі алдыменен сәлем алып,
Үн қатты бұрынырақ басқалардан:
ахмет пен нүрилә
—Ей, жігіт сыртың жұлма, өңің ашық,
Келесің қай жерлердің жолын басып?
Көрмеген жан екенсің, таныстық бер,
Ауылыңның болар бәлкім мойыны қашық.
—Мүсәпір жетім едім Құдай деген,
Үш-төрт жыл дәмдес болдым бір байменен.
Қысан деген патша бар дегеннен соң,
Шығып едім мен іздеп алыс жерден.
—Ей, бала ұғындыршы жөніңізді,
Көріп тұрмыз мүсәпір тоныңызды.
Қалайша сонша жерден келіп едің,
Қысанға бермекші ме ең қолыңызды?
—Ол өзі патша болса, қол ала ма,
Қол алса, қол бергеннен жол ала ма?
Білмеймін оның жөнін, мен бір ғаріп,
Қол бермесем оған жақын бола алам ба?
—Ей, жігіт, Қысан патша мен боламын,
Бермесем қолымды елге кем боламын.
Сәлеміңді алдым да ауыз аштым,
Ал, қарақ, жөніңді ұқтыр, не арманың?
—Қысанның пейілі кең деген еді,
Әркім ішіп малдарын жеген еді.
Осыған бола іздеп келдім, тақсыр,
Жетімге іздеп келген не береді?
—Келіпсің іздеп мені ашып-арып,
Келгендер осы араға кеткен жарып.
Түйе бақ, жапанда ол сыңсып жатыр,
Табан ет, маңдай терді түгел алып.
—Бағайын мақұл, тақсыр, түйеңізді,
Кейде келіп көрейін төбеңізді.
Түйе малда бар дейді ұлы кие,
Шапағатшы бола көр, Ие, бізге.
ғашықтық дастандар
Сонымен бала қалды түйе бағып,
Әр күні жейді шақпақ құртын шағып.
Жүреді жапан түзде желмаямен,
Аз күнде-ақ қалды оның ізі жағып.
Кейде бота ойнақтап бақылдайды,
Бала да түйе мініп жақындайды.
Олардың асыр салған ойнын көріп,
Ішінен «болады» деп мақұлдайды.
Жатады кей кездерде жалға барып,
Жотаның биік жерін таңдап алып.
Кейде ол зеріккеннен өлең айтса,
Кей кезде көзін жұмар мызғып алып.
Жатыр еді төбеде түйе көздеп,
Басқандай бір тәтті ұйқы кетті меңдеп.
Ілініп кетіп еді қос кірпігі,
Бақ құсы келді тағы ұшып желдеп:
—Табысар күнің жақын Нүриләмен,
Оған да жаңа ғана бұрылған ем.
Түсінде сені көріп сағыныпты,
Оған да талабыңды жалғадым мен,—
Деді құс, кетті ұшып, көрінбеді,
Бір сұлу қыз шыға кеп күлімдеді.
—Апырай, Нүриләма ең, келші маған,
Жайнашы шамым болып өмірімдегі.
Бақ құсым атыңды айтқан маған келіп,
Жүрегім содан бері кеткен еріп.
Сен менің ғашығымсың Құдай қосқан,
Туғанда-ақ қойған екен бізді теліп.
Келемін босағаңа жақындасып,
Ісім көп сөйлесетін ақылдасып.
Қорынбай маған таман жақын отыр,
Тәңірім қойған бізді мақұлдасып.
ахмет пен нүрилә
Сонда қыз күлімсіреп артты білек:
—Соғады сен дегенде қатты жүрек.
Түсімде сені көріп ғашық болғам,
Артулы бір өзіңе барлық тілек.
Мен сені терезеден байқағанмын,
Таңғалып нұрыңа бас шайқағанмын.
Сол күні түсімде сен келіп маған,
Лебізіңді білдірген соң алқағанмын.
Сен менің ғашық жарым Тәңір қосқан,
Естігем мұны мен де көркем құстан.
Бәлкім, ол саған қонған бақыт шығар,
Өмірде хабар алған ғашық достан,—
Деп еді қыз жүрегін бір-ақ ашып,
Бала да құлай берді құшақ ашып.
Осымен мауықтары басылғанша,
Өбісіп қала берді екі ғашық...
Бір кезде ақбас атан бақ деп еді,
Селк етіп бала оянды, жатқан еді.
Өңі оның онан арман нұрланыпты,
Түсінде бар ләззатын татқан еді.
Түрегеп түйесіне жүріп кетті,
Айдала шеңгелдікке кіріп кетті.
Елестеп көз алдына Нүрилә қыз,
Тұрғандай құшағында сүйіп бетті.
Жинады ол түйесін бір ыңғайлап,
Аспанда жел бұлтты түріп айдап.
Келеді бір нөсерді бошалатып,
Неше күн жауар екен жерді лайлап.
Шынында жауды нөсер неше күн-түн,
Мал қарап жапан түзге шықпады ешкім.
Тек қана түйе мініп, қап бүркеніп,
Бала жүр түйе артында көрмей тыным.
ғашықтық дастандар
Бір кезде Нүриләні есіне алды,
Ағаштан бір таяқтың кесіп алды,
Жүгірді сарай жаққа қыздар жатқан
Тастай сап ойсыл қара—есіл малды.
Нөсер де бала тамға қорғалады,
Үстіне жаңбыр өтіп сорғалады,
Бейшара дірдек қағып пана іздеп,
Түбінде терезенің жорғалады.
Баладан өзге жан жоқ бұл арада,
Нөсерден бекер жандар шыға ала ма?!
Барады қарны ашып, қалжаурапты,
Дауыстап айғай салды, тыңдалар ма?!
Ол жүріп әрі-бері көп ойланды,
Ойланса ойы ашылып көп толғанды.
«Жаратқаннан бір тілеу тілейін»,—деп,
Баяулап құс даусымен әнге салды.
—Апырай патшаға кеп қызмет етсем,
Сіңісіп ордасына терді төксем.
Мен дағы бас уәзір болып алып,
Сапарлап аймақтардың бәрін кезсем.
Жұрт сұрап әділдікпен атым шықса,
Көп істі дұрыс шешіп даңқым шықса.
Сонымен мен де осылай патша болып,
Алдымнан қуанып көп халқым шықса.
Жақұттан діңгегі бар сарай салсам,
Сарайға қарайтын көп малай алсам.
Байлығым, мал мен мүлкім асып-тасып,
Еркімде болса өзім қалай барсам.
Мың түйе алтын артып Қазан барсам,
Саудамен көп нәрсені арзан алсам.
Қалыңға он мың гауһар санап беріп,
Қысанның Нүрилә атты қызын алсам.
ахмет пен нүрилә
Кездеме жүздеп лапка-дүкен салсам,
Дүкендер көрген елге көркем болсаң.
Ішіне сан мың адам сиятұғын,
Лапкамның кейі сондай үлкен болсаң.
Байлықпен медіресе, мешіт салсам,
Оқытып көп адамның көзін ашсам.
Тамағын Тәңір үшін өзім беріп,
Оларға білімменен хат жаздырсам.
Орнатсам көз тартатын ақ орданы,
Болса ол маңайдағы ел қорғаны.
Бәйгеге неше жүзді қоя беріп,
Салдырсам мыңдаған боз су жорғаны.
Соқтырсам зергерге алтын түйме,
Келісті мінгеніміз болса күйме.
Тәңірім айтқанымды түгел беріп,
Нүриләм бірге жүрсе, әттең, дүние!
Бақ құсым ұшып жүрсе көкте шолып,
Барлық ел одан бақыт алса бөліп.
Бәрі де байып кетсе кедей болмай,
Апырай, қуанар ем қалсам да өліп.
Нүриләш естісеші тілегімді,
Ол онда түсінер ед жүрегімді.
Апыр-ай, арқан етіп тастасаңшы,
Жұп-жұмыр аппақ қардай білегіңді.
Қолдашы, Қызыр ата, талабымды,
Әр күні аралайсың ғаламыңды.
Жетейін мен де ойдағы мұратыма,
Атымды жазушы алып қаламыңды.
Ілінсем тізіміңе ұмытылмаспын,
Нөсерде жылап, қақсап мен тұрмаспын.
Құдайым тілегімді берер болса,
Бас қоспай ғашық жарға мен тынбаспын.
ғашықтық дастандар
Жетім солай тілегін айтты зарлап,
Дауысы бейне тоты құсша сайрап.
Қыздар ашып терезе тыңдап тұрған,
Білмейді кім екенін тұрған сайрап.
Нүрилә неше жерде атын естіп,
Өң-түсі кетті оның мүлде жайнап.
«Апырай, бұл жан менің ғашығым ба,
Кеп жүр ме үйімді іздеп мені шарлап?
«Бай болсам, патша болсам, уәзір болсам,
Нүриләш, бірге жүріс»,—дейді зарлап.
Ғашығым болмаса ол неге айтады,
Неге тілеу тілейді маған арнап?
Осының қайтсе де бір сыры бар ғой,
Үйіме кіргізейін қолым жалғап.
«Жақсы сөз жарым ырыс» деуші еді ғой,
Тілегі жақсы-ақ екен айтқан талғап...»
Қыз ойлап осылайша, терезе ашты,
Салдырдан бала баста біраз састы.
—Қорықпа, үйге келіп жөніңді айт,—деп,
Шақырған еді, сонан жақындасты.
Қыздар кеп тартып алды терезеден,
Жігерлі жігіт қорқар неменеден.
Қыздардың ортасына түсті дағы,
Қарады әрқайсысына бірден-бірден.
—Айттыңыз көп тілекті зарлап тұрып,
Бейне бір қос дауыспен сарнап тұрып.
Не қылған, қайда жүрген пенде едіңіз,
Сырыңды мәлім етші жалғастырып?
Айттың сен жақұт діңгек үй салам,—деп,
Көп малмен Қазан жаққа бір барам,—деп.
Қысанның Нүрилә атты қызын атап,
Айттың ғой оны да мен аламын,—деп.
ахмет пен нүрилә
Қалыңға он мың гауһар берем,—дедің,
Соншалық қазынаң бар ма тегі сенің.
Қайдан кеп, неғып жүрген жан боласың,
Түбінде қалай еді тегің сенің?—
Деді қыз жауап сұрап бұл баладан,
Бала тұр үсті-басы жұлмаланған.
Өңінен бір керемет нұр шашады,
Әрқандай ғашық болар қыз қараған.
—Апыр-ай, шын күйінер жан екенсің,
Қыз да болсаң өзің бір хан екенсің.
Үстімнен жауын өтіп қорғалап ем,
Далда қып сарай үйдің керегесін.
Падиша Қысанның бір жалшысымын,
Жапанда түйе баққан малшысымын.
Құдайым өзі қосқан ғашығым бар,
Мен соның зарлап жүрген жаршысымын.
Тұрғанмен үсті-басым дал-дұл болып,
Жанады жанарларым бал-бұл болып.
Бақыттан хабар берген бақ құсым бар,
Ілінсе-ақ көзім менің келер шолып.
Атадым сол ғашықты аламын,—деп,
Ол айтқан бақ шамың боп жанамын,—деп.
Жауса да қалың нөсер ойымда сол,
Шығып ем іздеп оны табамын,—деп.
Сол үшін тілеу тілеп мұнда тұрдым,
Терезе салдыр етті, мойын бұрдым.
Қолымнан тартып алып шықтыңыздар,
Қарасам көрінесіңдер бәрің құрбым.
Өздерің не қылатын қыз едіңдер,
Қалайша бұл арада тұр едіңдер?
Іштеріңде іздеген кісім бар ма,
Әйтпесе, мені неге іздедіңдер?
ғашықтық дастандар
Айта бер сауалыңды, ойларыңды,
Бәлкім, мен тапқандаймын ойдағымды.
Жүрегім мұнша неге қуанады,
Боп тұр ғой сарқылғандай бойдағымды?!
—Қанеки, сөйле, жігіт, жасырмастан,
Сөзіңнен қуанышым асып тасқан.
Тілегің неткен жақсы, неткен биік,
Шыққандай асыл тастан, ақыл жастан.
—Құдайым берсе алдымен, жарым берер,
Ілесіп ол келген соң бәрін берер.
Пенденің шын тілегін берсе Алла,
Өмірде болар істің бәрін көрер.
Ұқсайды түсімдегі өң порымың,
Сенбісің, бәлкім, менің айым-күнім.
Түсімде Құдай өзі қосып еді,
Жүргенде түйе бағып үш жыл бұрын.
Шын сөйлеп жасырмаңыз өзіңіз де,
Мен көрген жанға ұқсайды көзіңіз де.
Түсімде Нүриләшті әбден көргем,
Ұқсап тұр тіпті айтқан сөзіңіз де.
Апырай, бұл жүрегім неге соғад,
Құдайым, тілегімді етпе ағат.
Ғашығым Нүриләні көрсете гөр,
Уайым, тартқан азап жолымды оңап.
—Ғашығың, Нүриләшің мен боламын,
Көрген-ақ өң-түсіңді ойлағанмын.
Аһ! Менің Алла қосқан қосағым,—деп,
Зарланып енді неден қорғанамын,—
Деп келіп Нүрилә қыз құшақ жайды,
Бұлттай жел төңкерген кетіп қайғы.
Нөкерлер көздерінен жас ағызып,
Хош болды көріп, міне, күн мен айды.
ахмет пен нүрилә
Құшақтар сағынысқан қалды қатып,
Махаббат ләззатына терең батып.
Нөкерлер қуанып жүр аң-таң қалып,
Көргендей ғашықтықтың дәмін татып.
Бір кезде жазды құшақ ол екеуі,
Шұбырған езулерден сілекейі.
—Балаға жуындырып киім бер,—деп,
Жүгіртті нөкерлерден бірнешеуді.
Ол бала киім киді ажарланып,
Көрген жан өң-түсінен қалар талып.
Мұңдасыпты Нүриләмен неше күн-түн,
Шығармай сыртқа ешбір хабарды анық.
Айтысып барлық сырды шертісті олар,
Сөзіне бір-бірінің көңілі толар.
Келтірсе өз қисынын Тәңірім тауып,
Қиюсыз істер дағы оңды болар.
—Нүриләш, сен Шолпансың аспандағы,
Нұрымсың арайлап таң атқандағы.
Түсімде періште әкеп қосып еді,
Осы,—деп,—өміріңнің жаққан шамы.
Әкеңнің ие болдым түйесіне,
(Жолығар қорлағандар киесіне).
Құдайдың құдіретіне таң қаламын,
Мені әкеп жолықтырды иесіне.
Сізді мен осында деп ойлағам жоқ,
Ғашықтық теңізіне бойлағам жоқ.
Шын жарым, Тәңірім қосқан бір өзіңсің,
Сенсіз енді бұл жаным бойымда жоқ.
—Күнімсің сен де менің жарқыраған,
Табылмас маған сендей жарқын адам.
Мені де саған теліп қосқан Тәңірім,
Түсімде көргем үйден алтындаған.
ғашықтық дастандар
Енді сен қайтып барып түйе жайма,
Айтылған уәдеден, сірә, тайма.
Менің де енді сенсіз күнім қаран,
Патшадан шығып кеп, ал осы жайға.
Сырымыз екеуміздің құпия ғой,
Көрінген жерде айтып елге жайма.
Әкемнің мінезі шорт, қоспас мені,
Өйткені «қолда жалшы» дейді сені.
Ісіміздің кілтін өзім табам,
Бақыттың ашылады енді кені.
Осылай десіп, олар қош айтысты,
Қуаныш екеуара асып-тасты.
Түстегі іс өңіне айналған соң,
Бала келді патшаға қойып басты.
—О, тақсыр, мен шығайын рұқсат ет,
Көп жылдан бері тарттым қайғы-қасірет.
«Жүргенге жөргем ілінер» деген бар ғой,
Көрейін басқа жерден алып абрет.
—Е, бала, баққан малың жоғалған ба,
Шығам деп неге айтасың оңалғанда?
Ақы бермей ренжіткен жерім бар ма?
Не уәзір ұрсып жүр ме өз алдына?
—Падиша, ондай істер болғаны жоқ,
Жүрсем де өзім жалшы, көңілім тоқ.
Әлем кезіп Тәңірден тілеу тілеп,
Жүрсем бір күн қалармын падиша боп.
—Ей, бала, сөз айтасың оқығандай,
Көңіліңе ұлы істерді тоқығандай.
Әкең сені молдаға беріп пе еді?
Сөз айтасың оқыған шошығандай.
—Әкем мені оқытқан бес жасымнан,
Азырақ білім алғам ұстазымнан.
ахмет пен нүрилә
Әке-шешем өлген соң кеттім шығып,
Әр жерде тер ағызып пұшпағымнан.
Падиша ойлап кетті бала сөзін,
Көңіліне түйе қалды дана сөзін.
Шығуына рұқсат етті дағы,
Кеткенінше қарады қадап көзін.
Қуанды бала рұқсат алғанына,
Қарай ма ол енді дүние жалғанына.
Жүгіртіп қыз қасына қайтып келді,
Жеткендей болып ізгі арманына.
Қыз айтты:—Патша рұқсат етті ме шын,
Сол болды келгеніңше есіл дертім.
Тілеуімізді періште жазсын оңға,
Иә, Құдай, бізді арманға жеткізерсің.
—Падиша зорға берді рұқсатын,
Ағат сөз айтар болсам жұлқысатын.
Келтіріп қисынды сөз айтып едім,
Бір мінез байқатпады бұлтиятын.
Бақ құсым түнде ұшып келіп еді,
Осы істен маған хабар беріп еді.
«Алдымен сарай жаса, онан қызды ал»,—
Деген соң, көңілім балқып еріп еді.
—Ғашығым, мен айтайын сөзіме бақ,
Тәңірім қосқан бізді әуелден-ақ.
Әкем саған бермесін бұрын білгем,
Сонан соң етші дегем басымды азат.
Сонда әкем «Мен рұқсат бердім»,—деді,
Кімге тисең өзіңнің еркің деді.
«Жалшы болса бола ма?»—деп едім мен,
—Мейлің білсін, бұ да шын сертім,—деді.
ғашықтық дастандар
Болса дағы осындай менің жөнім,
Сөзінде кейде әкемнің болмайды өнім.
Өйткені оны аңдыған уәзірлер көп,
Солардың қия алмайды кейбір сөзін.
Қолыңа жүз мың гауһар берем санап,
Салуға алтын сарай қып көр талап.
Әуелі дайындап ал ұста жинап,
Содан соң шықсын олар бірден қалап.
Ұғысқан, сұрағанға ләм-мим деме,
Кетеді кейбіреулер тым шырғалап.
Келтіріп көрсетті оған жер мөлшерін,
Әр үйдің айтып сарай өлшемдерін.
Тапсырды сарай бетін, діңгектерді,
Жақұтпен мейлінше мол көркемдеуін.
Ақысын мол берген соң ұсталардың,
Уақыттың тапты есебін қысқалаудың.
Жарты жылдай болғанда бітті сарай,
Назарын тартып көрген жамағаттың.
Сарай бітіп тасынды осы жайға,
Шүкірлік етті олар бір Құдайға.
Молда әкеп некелерін қидырды да,
Айналды ерлі-зайып бір жұбайға.
Ел көрді жалтыраған зор сарайды,
Өткен жандар тесіле бір қарайды.
Кейбіреулер патшаға жеткізіпті,
Бірді он қып әртүрлі сұм хабарды.
Патша жиып алып уәзірлерін
Сұрапты бұл сарайдың барлық жөнін.
Ешқайсысы жөнін анық білмеген соң,
Ертіп ап көрмек бопты бәрін оның.
Патша көп адаммен шығып жолға,
Көріпті бұл сарайды тұрған жолда.
ахмет пен нүрилә
Ішіне кіріп аң-таң қалған шақта,
Ақырын жел беріпті жүрген молда.
—Бір жалшы қайтіп салсын бұл сарайды,
Қызыңыз берген оған қазына-малды.
Өйтпесе қайдан алған бұл байлықты,
Көрген соң көңіліміз тым қарайды.
Падиша қаһарланып осыменен,
Ақыл қосып уәзір досыменен.
Соғыс салып сарайды жоймақ болып,
Шығыпты көп қарулы қосынменен.
Падиша хабарлапты баласына,
Сеспенен алмақ болып таласуда.
Қыз дағы ел хабарлап қол жиыпты,
Шығыпты сан мың адам қарасуға.
Сонымен патша келіп майдан ашты,
Күйеуді сөйлесем деп байлап апты.
Нүрилә мұнан хабар тапқаннан соң,
Қаптатып қалың қолын аттаныпты!
Қыз қолы падишаның бес мың қолын,
Бір демде бас идіріп тосқан жолын.
Падиша қоя беріп күйеу ұлды,
Қорыққаннан бола қалды қойдан момын.
Осымен елі болып жөн айтыпты,
Патшаға «ашудан қайт» деп айтыпты.
Ақыры Қысан патша жөнге келіп,
Қызға бердім раздық деп айтыпты.
Сонымен Қысан патша елді жиды,
Қызы мен Ахметтің тойын қылды.
Көпшілік алуан түрлі тамаша қып,
Неше күнге жалғасқан ойын қылды.
ғашықтық дастандар
Той кезі патша бетін бұрып оңға,
Көпшілік ұнататын жүрді жолға.
—Әкең мен өз атыңды айтып, жігіт,
Ханзада болса тегің оны қойма.—
Деп патша сұрау қойды білейін деп,
Күйеуден өз тілеуін тілейін деп.
—Шайсұлтан— әкем аты, өзім—Ахмет,
Өмірге зейін қойдым білерім көп.
Қысқаша ата тегін айтып өтті,
Қайғысы басындағы бір-ақ кетті.
Падиша разы болып айтқанына,
—Некесін қиыңдар,—деп әмір етті.
—Некесін қиып едік,—деді молда,
Тегінде бұндай іске болған жорға.
Тойдан соң патша Қысан орнын беріп,
Деді ол:—Баламызды, Тәңірім, қолда!
Ахметтің отырғаны—алтын тақыт,
Құдайым берді оған шексіз бақыт.
Ғашығы Нүриләнің көмегімен
Қысқарды арадағы талай уақыт.
Бақ құсы келіп оған көп сөз айтты,
Сұра елден білмеген әрбір жайды.
«Тамшыменен көл толса, патша елмен»,
Деген сөзді ұмытпа,—деп те айтты.
Екі ғашық қосылып бақытты өтті,
Олардың әңгімесі көпке жетті.
Жақсы тілек, өр мақсат, адал ниет,
Екі жастың арманын жарқын етті.
Қиссасы Ахмет пен Нүриләнің,
Мінеки, осылайша тамам бопты.
Ғ Ы Л Ы М И
Қ О С Ы М Ш А Л А Р
Томға енген мәтіндерге түсініктеме «ҚОЗЫ КӨРПЕШ—БАЯН СҰЛУ» ЖЫРЫ «Қозы Көрпеш—Баян сұлу»—қазақ халқының ерте за мандардан жеткен аса көркем лиро-эпостық жырларының бірі. Бұл жыр қазақ арасына кең тарап, ел сүйіспеншілігіне бөленген. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже т.б. ақындар дас тан оқиғасын өздерінше жырлап, халыққа жеткізген. Ең көп тарағаны Жанақ нұсқасы. Дастанның ілкі нұсқаларын ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.С.Саблуков (1830), Ғ.Дербісәлин (1834), А.Фро лов (1841), Ш.Уәлиханов (1856) сынды фольклор жанашырла ры. 1856 жылы П.М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырады. Сондай-ақ В.Радлов жырдың бір нұсқасын жазып алып, «Түркі халықтары әдебиеті үлгілерінің» 3-томы на енгізген (1870). Бұдан соң Н.Н.Пантусов, Е.З.Баранов, Р.Ш.Әбдрахманов т.б. зерттеушілер жырды орыс тіліне аударып жариялады. Ақын Г.Н.Тверитин орыс тіліне тұңғыш рет өлеңмен аударып бастырған болатын1. «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жыры 1878 жылдан 1909 жыл ға дейін Қазан қаласында сегіз мәрте қайта басылып, жеке кі тап болып жарық көрді2. Аталмыш жыр 1925 жылы Мәскеуде (Жанақ нұсқасы), 1936 жылы М.Әуезовтің атсалысуымен Алматыда шығарылды. Со 1 М.Әуезов. Әр жылдар ойлары:—Алматы, 1959.—272-300 б.б; М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.—Алматы, 1974.—254-260 б.б; Қазақстан ұлттық энциклопедия. 6-том.—Алматы, 2004.—22-б. 2 Ш.Елеукенов, Ж.Шалғынбаева. Қазақ кітабының тарихы.—Алматы: Са нат, 1999.—94-бет.
ғашықтық дастандар дан бері «Қозы Көрпеш...» дастаны бірнеше рет өз алдына жеке лей және фольклорлық жинақтардың құрамында жарияланып келеді. Дастанның көркем үлгілері 2002 жылы Астана қаласында ба сылып шықты3. Жинақ екі бөлімнен құралған. Бірінші бөлімге жырдың таңдаулы нұсқалары енсе, екінші бөлімге ғылыми зерт теулер топтастырылған. Сондай-ақ «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырының бір нұсқасы 2003 жылы Мәскеу қаласында «Қозы Көрпеш—Баян сұлу. Қыз—Жібек: Казахский романический эпос» деген атпен екі тілде (қазақ, орыс) жарық көрді4. «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырының негізінде «Махаббат поэмасы» атты кинофильм түсірілді. Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында жырдың жиырмаға жуық варианты сақтаулы. Оның ішінде И.Н. Березин, Шөже, Қ.Мейірманұлы, М.Ж.Көпеев, Н.И.Ильминский, Д.Айтбаев, В.В.Радлов, Б.Белгібаев, Г.Н.Потанин, Н.Пантусов нұсқалары бар. Олардың әрқайсысына ғылыми сипаттама берілген5. Қазақтан басқа бұл жырдың сюжеті башқұрттарда, ұйғыр, якут, телеуіт, барабы татарлары т.б. түркі халықтарының ауыз әдебиетінде сақталған. Кеңестік дәуірде «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жыры жайында көптеген зерттеу еңбектер жазылды. М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, С.Қасқабасов сынды ғалымдар жырды арнайы зерттеп, қазақтар арасында оның қанша варианты бар екенді гіне тоқталады. Жырдың шығу мерзімін мөлшерлейді. Содан бері дастан сюжетінің қандай өзгерістерге ұшырағандығын көрсетеді. Аталған жырдың қазақ нұсқаларын башқұрт, ба рабы татарлары, алтайлықтар мен ұйғырлар арасында айты латын үлгілерімен салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына назар аударады. Көркемдік ерекшелік 3 Қозы Көрпеш—Баян сұлу / Құрастырып, алғы сөзін жазғандар: М.Жолдас беков, С.Қасқабасов.—Астана: Фолиант, 2002. 4 Козы—Корпеш и Баян—Сулу. Кыз—Жибек.—Москва, 2003.—10-87-бет тер. 5 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 2-том.—Алматы: Ғылым, 1979.—134-164-бб.
ғылыми қосымшалар терін айта келе, Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ертеден келе жатқан ескерткіш мазары туралы да байыпты пікір білдіреді6. «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жыры Қытайда тұратын қазақтар арасына да кең тараған. Фольклорлық үлгілерді жи нап, бастырушы О.Егеубаевтың берген мәліметіне қарағанда, түп сюжетті алғаш жаңғырта, байыта жырлап, ел арасына таратқан шығыс түркістандық ақын—Дәуіт Отарбайұлы. Жыр шы кіріспеде «Ескі жүрген ертекті, жаздым теріп жаңғыртып. Қайта баптап көтердім, саятына далбыртып» деп ескерту жа сайды. Дастан тақырыбын «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» демей, «Ғашықтық ғаламаты» деп атаған. Алғашында жыр қолжазба, жатқа айту арқылы тараған. Ақын дүние салғаннан кейін Дәуіттің Құрманбек деген ұлының қолында сақталған. Одан ақынның немересі Мәулен Құрманбекұлына қалады. 1980 жыл дары Шығыс Түркістан қазақтарының тарихи жырларын жи нап, реттеу басталғанда М.Құрманбекұлы жырды ауыз әдебиеті шығармаларын жинаушыларға табыс етеді. Жыр алдымен ішкі материалдар жинағында басылым көреді. Дәуіт нұсқасы 2000 жылы Қытайда «Қазақтың ғашықтық жырларының» 7-томында7 жарық көрсе, сол жылы Қазақ станда Ұлы эпостың 1500 жылдығына орай М.Жолдасбеков, С.Қасқабасовтар құрастырған «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» атты кітапқа алғаш рет енді8. Дәуіт ақын жырлауында «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» эпосының байырғы желісі барынша сақталған. 6 Әуезов М. Қозы Көрпеш—Баян сұлу // Әр жылдар ойлары.—Алматы, 1959.—272-300 б.б; Ғабдуллин М. «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» // Қазақ халқының ауыз әдебиеті.—Алматы, 1974,—252-265 б.б. Жұмалиев Қ. Қозы Көрпеш—Баян сұлу // Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, 1-кі тап.—Алматы, 1958,—157-174 б.б; Дүйсенбаев Ы. Қозы Көрпеш—Баян сұлу / Қазақтың лиро-эпосы.—Алматы, 1973.—40-90 б.б; Қоңыратбаев Ә. Қозы Көрпеш жырының жанры // Қазақтың «Қозы Көрпеш» жыры туралы.—Ал маты, 1959.—1-17 б.б; Бердібаев Р. Қозы Көрпеш—Баян сұлу эпосы // Қазақ эпосы.—Алматы, 1982.—138-145 б.б; Марғұлан Ә. Қозы Көрпеш—Баян сұлу жыры // Ежелгі жыр, аңыздары.—Алматы, 1985.—284-352 б.б; Смирнова Н.С. Казахская народная поэзия.—Алма-Ата. 1967; Ахметов З., Қасқабасов С. Казахский романический эпос // Козы Корпеш и Баян—Сулу. Кыз—Жи бек.—Москва, 2003. с.—351-390. 7 Ғашықтық ғаламаты // Қазақтың ғашықтық жырлары. 7-том.—Үрімжі: Шыңжаң Жастар-өрендер баспасы.—2000.—80-188 б.б. 8 Қозы Көрпеш—Баян сұлу.—Астана: Фолиант, 2000.—369-435 б.б.
ғашықтық дастандар
Бас қаһармандардың есімдері, іс-әрекеті, шығармадағы
мотивтер тізбегі де ұқсас болып келеді. Мысалы: Сарыбай
мен Қарабайдың аңда жүріп танысуы; екеуінің құдаласуы;
Қарабайдың аңда жүріп опат болуы; Қарабайдың өлімінен бас
тап Сарыбайдың жетім ұлға қызын бергісі келмей алыс жаққа
көшіп кетуі; Қозының ер жетіп, қыз туралы естуі; Қозының са
парына шешесінің қарсы болуы; Қозының қызды іздеп шығуы;
жолда әр түрлі қиыншылықтарды жеңуі; Қозының басқа кейіп
те қалыңдығының ауылына келуі; Шоқтеректі паналауы; Қозы
мен Баянның қазасы т.б.
Жырдың негізгі тақырыбы—екі жастың махаббаты, өз
бақыты үшін күресі.
«Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырының біраз нұсқаларын
салыстырып қарағанымызда, Дәуіт нұсқасында басқа вариант
тарда кездеспейтін жыршының өз қолтаңбасы бар екенін
байқадық. Мысалы: Баянның сұлу көркін естіген ноғайлының
бегі Әбдіжаппардың құл болып жылқы бағуы; «Әбдіжаппар
бек» аты ұмыт болып, «Қодар құл» боп атануы; Қозының Баян
ды іздеп келе жатқан жолында қалмақтардың қолына түсіп,
Уаң ханның алдына келуі; Уаң ханмен дос болуы; қазақ, қалмақ
бірлесіп Баянды іздеп шығуы; Қозының Баянды Уаң ханға
алып келуі; Уаң ханның оларға сый-құрмет көрсетіп, той жа
сап Баянды ұзатуы; Таусоғардың «Баянды алып келеміз» деп
Қозының шешесінен сүйінші сұрауы; Майлыбай бидің аман
дасып айтатын өлеңі; Жандос пен Қозының ел мен жұрттың,
жер-судың амандығын сұрауы; Қозының шешесі ел-жұртын
жинап үлкен той жасауы; Тауасар шешеннің Баянға айтқан
беташары; бір жылдан соң Баянның шешесі, ағасы Сағынбай
мен жеңгесі Айсұлудың Баянға жасау-жабдық алып баруы;
Айсұлудың Баянға көріскенде айтқан өлеңі; бірер жылдан соң
Қозының қасына Тауасарды қолбастыққа алып қайын-жұртына
баруы; Сарыбайдың той жасауы; Қодардың Қозы мен Баянның
қайыншылап келгенінен хабардар болуы; оның диуана кейпінде
Сарыбай ауылына келуі; Қодардың айғайлап жын шақырғаны;
Қозыны осы тұста өлтіргені; Баянның Қодарды өлтіруі; Баян
мен Айсұлудың жоқтауы; Баянның Қозыға мола соқтырып, оған
«Қозы Көрпеш—Баян» деген атты ойып жаздыруы; Баянның
туған-туысқандарымен қоштасып, өзі де Қозының қасына барып
өзін-өзі өлтіруі т.б. көріністер басқа нұсқаларда кездеспейді.
ғылыми қосымшалар
Сондай-ақ мұнда Қарабайдың әйелінің аты—Нарбике,
Сарыбайдың әйелінің аты—Гүлжан екенін көреміз. Тағы бір
айырмашылығы осы нұсқа бойынша Сарыбайдың Баян сұлудан
басқа Қоған, Сағынбай деген ұлдары болады. Кейіпкерлердің
кейбір іс-әрекеттері өзгешелеу болатын тұстары да бар.
«Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырының сюжеттік құрылы
мында әлем халықтарының фольклорлық туындыларында жиі
ұшырасатын сарындардың кейбірі көрініс тапқан. Солардың
бірі—түс көру мотиві. Мысалы, жырда Қозы мен Баянның бір
жайсыз түс көруі екі жастың басына бір қауіп-қатердің түсетінін
сездіреді. Сол сияқты жырда бірен-саран ертегілік сарындар да
бар. Бұл ретте Қозының жолдастарымен Баянды іздеп бара жат
қан жолында жолбарыс, қырық бөрі сияқты аңдардың кез болуы,
олармен бірнеше күн ұрыс салуын мысалға келтіруге болады.
Қысқасы, ақын «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырының ең
түпкі сюжетін жадында сақтай отырып, жырдың кей жерле
рінде бірқатар оқиғаларды және жеке эпизодтарды кеңейте,
түрлендіре жырлаған деп санаймыз.
Осы нұсқада оқиға Шығыс Түркістандағы Алтайда басталып,
Аякөзде аяқталады. Алайда оқиғаның болған жерлері туралы
әрбір нұсқада түрліше айтылуы жыршы, орындаушылардың
аңыз-әңгімені өзіне неғұрлым таныс өңірге жақындатып баян
дайтынын аңғартады.
Жинаққа еніп отырған нұсқаның тағы бір ерекшелігі жыр
оқиғасын дамытуда, адам образдарын жасауда жыршы аман
дасу, беташар, естірту, жоқтау, көрісу т.б. қазақтың тұрмыс-
салт өлеңдерінің үлгілерін мол пайдаланған. Дәуіт нұсқасы
тіл көркемдігі жағынан да шебер жырланғаны аңғарылады.
Мәтінде аздаған араб, парсы, және жергілікті сөздер кездеске
німен, тілі таза, ұғымды.
Дастанның өн бойында кездескен жат жерлік сөздер қазақ
тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы сөздікке топтас
тырылды.
Томға ұсынылып отырған «Қозы Көрпеш—Баян сұлу»
жырының мәтіні 2000 жылы Үрімжі қаласының, «Шыңжаң
жастар-өрендер баспасынан» шыққан «Қазақтың ғашықтық
жырлары» жинағының 7-томынан (80-188-беттер) алынды.
Көлемі—2572 жол.
Қ. Алпысбаева
ғашықтық дастандар ҚЫЗ ЖІБЕК Қазақ халқының ерте заманнан бері айтылып, ел арасына кең тараған лиро-эпостық жырының бірі—«Қыз Жібек». Жыр мәтіні алғаш рет 1876 жылы Қазан қаласында жеке кі тап ретінде жарық көрді2. Одан соң аталған дастан 1894, 1896, 1899 жылдары осы қаладағы Чирков баспаханасында бірнеше рет басылып шықты3. Сондай-ақ Жүсіпбекқожа Шайхысламұлы «Қыз Жібек» жырын 1910, 1903, 1905, 1911 жылдары өзінше өңдеп, толықтырып жариялады4. Жырдың бір нұсқасын 1880 жылдар шамасында қазалылық Мұсабай ақыннан ресейлік миссионер Е.А.Александров жазып алып, мазмұнын орыс тіліне аударған1. 1900 жылғы басылымда жырды құрастырушы Жүсіпбек Шайхысламұлының атынан жазылған ескертуде жырдың өткен басылымдарында жіберілген бірсыпыра қателердің түзетілге нін мәлімдейді. 1923 жылы «Қыз Жібек» жырын қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, белгілі фольклортанушы Ә.Диваев Таш кентте бастырды5. Одан кейін 1933 жылы Қызылордада, 1939 жылы Алматы да «Батырлар жыры» жинағында басылды6. 1957, 1963, 1967, 1985, 2003 жылдары жеке кітап болып басылды7. Сондай-ақ жырдың Жүсіпбек Шайхысламұлы нұсқасы 2003 жылы Мәскеу қаласында шыққан «Козы—Корпеш и Баян—сулу. Кыз—Жи 1 Қыз Жібек. // Түркістан халықаралық энциклопедиясы.—Алматы, 2000.—444-б; Қасқабасов С. Қыз Жібек // Қазақстан ұлттық энциклопедия сы. 6-том.—156-б. 2 Қисса Қыз Жібек.—Қазан, 1876. // Қазақ кітаптары. Құрастырғандар: Е. Есова, Ү. Сұбханбердина, Д. Сейфуллина.—Алматы: Мектеп, 1986.—72-б. 3 Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітаптарының тарихы.—Алматы: Санат, 1999.—95-б. 4 Қазақ кітаптары.—Алматы: Мектеп., 1986.—72-112-б. 5 Қыз Жібек.—Ташкент, 1923. 6 Қыз Жібек // Батырлар жинағы. / Құрастырған. С.Сейфуллин. Қызылорда, 1933.—344-389-бб; Қыз Жібек // Батырлар жыры. / Бастырған С.Мұқанов.— Алматы, 1939.—509-591 б.б; 7 Қыз Жібек / Баспаға даярлағандар: М.С Сильченко, М.Ғ Ғұмарова—Ал маты, 1957; Қыз Жібек. Алматы, 1963; Қыз Жібек.—Алматы: Жазушы, 1967; Қыз Жібек.—Алматы: Жалын, 1985; Қыз Жібек.—Алматы: Мектеп, 2003.
ғылыми қосымшалар бек: Казахский романический эпос» деген кітапта екі тілде (қазақ, орыс) басылып шықты8. Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында жырдың біраз нұсқа лары сақтаулы. Оның ішінде Мұсабай жырау, Қ. Мырзағалиев, Ә. Досжанов, Р. Мәзқожаев, Е. Ахметов, Ә. Дәнекеров, Ы. Қамытов, Х.Өтеғалиева т.б. нұсқалары бар. Олардың қолжазбаларынан ғылыми сипаттама жазылған9. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Қазан төңкері сіне дейін «Қыз Жібек» жыры арнайы зерттелген жоқ. Аталған жыр туралы ғылыми пікірлер мен зерттеу еңбектер Кеңестік дәуірде ғана туа бастады. Бұл жөнінде С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайы лов, Ы.Дүйсенбаев, Б.Кенжебаев, Н.С.Смирнова, Р.Бердібаев, Н.Төреқұлов, З.Ахметов, С.Қасқабасов сияқты ғалымдар өз пі кірлерін білдіріп, жырдың туған мезгілін халықтық сипатын, көркемдік ерекшеліктерін, кейіпкерлер образын т.б. сөз етті10. Бұл орайда Қазақ фольклоршыларының көпшілігі «Қыз Жібек» жыры XVІІ ғасыр шамасында шыққан деген тұжырым жасайды. Ғ. Мүсіреповтың либреттосы бойынша композитор Е. Г. Бру силовский «Қыз Жібек» атты опера жазды. Аталмыш жырдың мотиві бойынша «Қыз Жібек» фильмі түсірілгені мәлім. «Қыз Жібек» эпосы Қытайдағы қазақтар арасында да тараған. Ел ішінде бұл жырды домбыраға қосып айтушылар көп болған. Дастанның Қытай қазақтарына кең тараған нұсқасын Шерияздан ақын жырлаған. Бұл нұсқа алғаш рет «Қазақтың ғашықтық қиссалары»11 атты жинақта жарық көрді. 8 Кыз—Жибек // Козы—Корпеш и Баян сулу. Кыз жибек—Москва, 2003,—с.—88-164. 9 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 2-том.—Алматы: Ғылым. 1979.—166-186 б.б. 10 Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. 1-кітап 1932; Әуезов М. // Әр жылдар ойлары— Алматы, 1959.—301-317 б.б; Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.—Ал маты, 1974.—265-278 б.б; Жұмалиев Қ // Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. 1-кітап, 1958.—175-184-бб; Дүйсенбаев Ы // Қазақтың лиро-эпосы. Алматы, 1973.—90-122 б.б; Сильченко М.С // Қыз Жібек—Алматы, 1957.—7892 б.б; Смирнова Н.С. // Қыз Жібек.—Алматы, 1963.—568-667 б.б. 11 Қыз Жібек // Қазақтың ғашықтық қиссалары.—Үрімжі: Шыңжаң жа стар—өрендер баспасы, 1996.—1-291 б.б.
ғашықтық дастандар
«Қыз Жібектің» варианттарында өзара айта қаларлықтай
айырмашылық жоқ екенін ескеріп, солардың ішінен жырдың
ең бір толығы және көркемі деп саналатын Жүсіпбек
Шайхысламұлы бастырып шығарған (1900) мәтін мен Шерияз
дан нұсқасын салыстырып қарағанымызда, олардың екеуінің
мазмұны ұқсас екенін көреміз:
Екі нұсқаның мазмұнында да Кіші жүздің Жағалбайлы руы
нан шыққан Базарбай байдың баласы Төлегеннің өзіне қалыңдық
іздеп Кіші жүздің Шекті руына барғаны; Жібек сұлуды көріп,
құда түсіп, айттырып, қалыңдық ойнап қайтқаны; Жібекті
алып қайтқалы екінші рет барғанда, бұрыннан Жібекке ғашық
болып жүрген Бекежан деген қарақшының оны өлтіргені; ал
екінші бөлімде Төлеген өлген соң інісі Сансызбайдың оны із
деп Шекті еліне барғаны; ол кезде Жібекті қалмақтың ханы
Хореннің алғалы жатқаны; батырдың жаудан Жібекті қалай
құтқарғаны туралы баяндалады.
Аталған нұсқалардың екеуінде де «Қыз Жібек» жырының
сюжеттік желісі түгел сақталған. Жырдағы жағымды және
жағымсыз кейіпкерлерге берілген мінездемелер де, жер-су атау
лары да бірдей. Көптеген өлең шумақтары қайталанып келетін
тұстары да бар. Сөзіміз дәлелдірек болу үшін екі нұсқадағы
Төлегеннің Жібекті іздеуге көңілі кетіп, алыс жолға шықпақшы
болғанында, саудагердің жолдың ауыр, қырық күншілік шөлі
бар екенін ескертетін тұсын алайық.
Жүсіп қожа нұсқасы (1900):
—Онымен жүре алмайсың барғанменен,
Өлесің жолда шөлдеп арманменен.
Жүр—дейді,—алыссынбай су жағалап,
«Әрқашан бардың ісі пәрменменен».
Шерияздан нұсқасы:
—Онымен жүре алмайсың барғанменен,
Өлесің жолда шөлдеп арманменен.
Жүр,—дейді—алыссынбай сулы жолмен,
«Әрқашан бардың ісі пәрменменен».
ғылыми қосымшалар
Екі мәтін қаншалықты ұқсас болғанымен, Шерияздан
нұсқасының төмендегідей айырмашылықтары да бар:
1. 1900 жылғы басылымның көлемі 2705 жол болса,
Шерияздан нұсқасының көлемі 6364 жол. 2. Жүсіпбек қожа нұсқасындағы қара сөзбен баяндалатын,
ауызша әңгімеге ұқсайтын жерлері Шерияздан орындаған
жырда кеңірек суреттеліп, өлеңмен берілген. Мысалы,
Жүсіпбек нұсқасында Төлеген қасына жүзге тарта жігіт ер
тіп, көптеген мал-мүлік алып, азық-түлік артып Жібекті із
деуге шығады. Ұзақ жол жүріп, олар Шекті еліне жетеді де
шатыр тігіп жата береді. «Кімде-кім сұлу қызын көрсетсе,
көрімдігіне бір жорға беремін»,—деп жариялайды. Төлеген
аз уақыттың ішінде екі жүз он сұлуды көрді. Бірақ олардың
бірде-біреуін ұнатпағандығы қысқаша айтылады. Ал Шерияз
дан нұсқасында бұл тұстары кең таратылып, өлеңмен айтыла
ды. Жібектің асқан сұлулығын көрсету үшін Төлегенге бүкіл
көшті аралатып, әр сұлуды оның көз алдынан өткізеді. Жеке-
жеке кездестірген көштерді суреттегенде, әр көштің ерекшелі
гін тізіп, шеберлікпен баяндайды.
3. Шерияздан нұсқасында басқа нұсқаларда кездеспей
тін жыршының өзі қосқан, яғни Қаршығаның ерлігін,
қысылғанда жол табатын ақылдылығын, айлакерлігін су
реттейтін эпизоды бар. Ол—Сансызбайдың Хоренді жекпе-
жекте өлтіріп, Жібек, Шеге ақын үшеуі өз еліне қайтып бара
жатқан кезінде олардың соңынан қуатын жауды Қаршығаның
адастырып, ханның өлігін көрсетпей, қалмақтарды басқа
жолмен шөлге әкеліп қыратыны; Хореннің мөрі мен уәзірдің
уәзірлік белгісін алып, Шектіде қалған қалмақтардың елге
ылаң салып жатқанын естіп, оларға ханның мөрін көрсетіп,
«хан шақыртып жатыр» деген айламен жаудың мыңдаған
әскерін адастырып қырып, Сырлыбайдың елін дұшпаннан
азат ететін көрінісі. Бұл көріністі суреттеуге жырда мол орын
берілген.
Осы екі нұсқаны салыстыра зерттеу нәтижесінде: Шерияз
дан ақын Жүсіпбек жырлаған «Қыз Жібек» нұсқасын жетік
білген. Сол нұсқаны негізге ала отырып, жырдың ұтымды
жерлерін сол қалпында қалдырған да, өз тарапынан жаңа
шумақтар мен тың эпизодтар қосып, қара сөзді өлеңге айнал
дыра, өз сөзімен құбылта жырлаған деп санаймыз.
ғашықтық дастандар
Шерияздан жырлаған «Қыз Жібек» дастанының нұсқасы
жоғары деңгейлі, көркем тілмен өрілген, сүбелі туынды.
Мәтінде аздаған араб, парсы және жергілікті сөздер кездесе
ді. Олар қазақ тіліне аударылып, арнайы сөздікке топтасты
рылды.
Томға енгізіліп отырған «Қыз Жібек» жырының мәтіні
1996 жылы Үрімжі қаласындағы «Шыңжаң жастар—өрендер
баспасынан» шыққан «Қазақтың ғашықтық қиссалары» атты
жинақтан (1-291-беттер) алынды.
Қ. Алпысбаева, С. Қосан
ДАНДАН МЕН НӘРКЕС
Дастан Қытайдағы қазақтардың арасына кең таралған.
Жырды қашан, кімнің жырлағаны беймәлім. Бұл дастанды
жатқа айтушылардан жазып алып, жүйелеп, баспаханаға
ұсынған Хамза Дәуітбайұлы.
Шығарма мәтіні алғаш рет Үрімжі қаласының «Шыңжаң
жастар-өрендер баспасынан» шыққан «Қазақтың ғашықтық
жырлары атты жинақта» жарық көрген. Екінші рет 1996
жылы «Қазақтың ғашықтық жырларының» 4- томында жа
рияланды1. Дастанның қысқаша мазмұны төмендегідей:
Патшаның Дандан есімді баласы белгісіз бір сұлудың суре
тін көріп ғашық болады. Әкесінің рұқсатынсыз, қызды іздеп
алыс жолға шығады. Сан қилы шытырман оқиғадан соң ғана
Нәркес сұлуға үйленіп, мұратына жетеді.
Дастан қиял-ғажайып элементтері аралас сюжеттерден
тұрады. Оның фабуласын құрайтын мотив, сюжеттер бірқатар
шығыс халықтарының фольклорына да тән. Мысалы: бас
кейіпкердің белгісіз сұлудың суретін көріп, сырттай ғашық
болу мотиві; қалыңдықты іздеп қауіп-қатері мол қиын сапарға
аттануы, яғни күллі оқиғаларға жол бастаған сарын; қызды
ғашық болған диюдың алып кетуі; қызды диюдан азат ету
үшін тапқырлығы мен ерлігі жететін жігітті таңдайтын құс;
Самұрықтың ұяда жатқан балапандарын айдаһардың аузынан
1 Дандан мен Нәркес // Қазақтың ғашықтық жырлары. 4-том.—Үрімжі:
Шыңжаң жастар-өрендер баспасы. 1996.—438-480 б.б.
ғылыми қосымшалар құтқару; Самұрықтың қаһарманға көрсететін көмегі; сиқырлы тақ, сиқырлы күштер, әр түрлі кедергілер т.б. Мұндағы сұлу бейнесіне ғашық болу сарыны, әсіресе «Тоты-наме», «Мың бір түн» дастандарында ұшырасса, Самұрық құсқа байла нысты кейбір эпизодтық мотивтер «Шаһнамеден» алынғаны байқалады. «Дандан мен Нәркес» жырының бір нұсқасы (Ақылбек Сабалұлы, Қазан, 1911) «Қисса Дандан» деген атпен «Ба балар сөзі» сериясы бойынша әзірленген жүз томдық жинақтың 18-томында жарық көрді2. Осы екі мәтінді салыс тырып қарағанымызда, екі шығарманың мазмұны ұқсас болып шықты. «Қисса Дандан» дастанындағы оқиғалық желілер мен сарындар түгелімен «Дандан мен Нәркес» жы рында кездеседі. Алайда екі шығарманың сюжеті ұқсас болғанымен, оқиғаларының кейбір айырмашылықтары да бар екені анықталды. Мысалы, Шыңжаңдық нұсқада кейіпкерлердің жолда көрген оқиғалары кеңірек баянда лады. 2005 жылғы басылымда оқиға кейіпкердің үш бірдей сұлуға үйленуімен аяқталса, бұл варианттың соңы Дандан мен Нәркестің көп қиындықты жеңіп, мұратына жетуімен тамамдалады. Сол сияқты екі мәтіннің баяндалу мәнері әр түрлі болып келеді. Яғни әр нұсқаның жыршысы белгілі сюжетті өзінше жырлаған. «Дандан мен Нәркес» жырының көркемдігі біршама тәуір, оқиғасы қызық. Мәтінде басқа тілден енген сөздер аз. Томға енген «Дандан мен Нәркес» жырының мәтіні 1996 жылы Үрімжі қаласының «Шыңжаң жастар-өрендер баспасы нан» шыққан «Қазақтың ғашықтық» жырларының 4-томынан (438-480-бб) алынды. Қ. Алпысбаева 2 Қисса Дандан // Бабалар сөзі. 18-том. / Томды құрастырып, қосымшаларын дайындағандар: Б.Әзібаева., П.Әуесбаева., Ж.Рақышева.—Астана: Фолиант, 2005.—199-225 б.б.
ғашықтық дастандар
АХМЕТ ПЕН НҮРИЛӘ
«Ахмет пен Нүрилә»—Қытайда тұратын қазақтар арасы
на ертеден мәлім. Әсіресе, Іле қазақ автономиялы облысының
бірқатар аудандарына кең жайылған. Бұл дастан ел арасында
ауызша және қолжазба күйінде сақталған. Оның мәтінін 1980
жылдары қағазға түсірген жергілікті ауыз әдебиеті мұраларын
жинаушы Мұхаммедбай Мергенбаев.
Дастан алғаш рет 1990 жылы Бейжің «Ұлттар» баспа
сынан жарық көрген «Қазақ қиссаларының» 10-томында
жарияланған. Ал 1991 жылы «Іле халық баспасынан» шыққан
«Күнес ауданының қисса—дастандары» атты жинаққа енгізіл
ген1.
Жырдың оқиғалық желісі эпикалық жырларда, ертегілер
де кең қолданыс табатын түс көру мотивінен басталады. Бас
кейіпкердің түсінде тотыдай бір құс ұшып келіп:
...Сен әзір байға жалшы адал жансың,
Жатса да жерде алтын қарамайсың.
Тәңірім осы ісіңді жақсы көріп,
Деп айтты:—Періштеден маған барсын.
—Сонымен келдім ұшып бағың болып,
Сен әлі патша қызын аласың да,
Қалады алтын орда тағың болып...—деп сайрайды. Осы мазмұндағы түсті ол екі рет көреді. Бұл түс кейіпкердің болашағын, түбінде Қысан есімді патшаның қызы Нүриләмен жұптасатынын сездіреді. Яғни тыңдаушы осы түс арқылы оқиғаның соңғы шешімінен хабардар болып отырды. Әдетте қос кейіпкердің бірін-бірі түсінде, не сурттен көріп ғашық болуы жайындағы сюжеттер шығыстық дастандар да жиі кездеседі. Ғашықтық дастандардың айтушылары мен тыңдаушылары екі жастың кездесуіне күмән келтірмейді, се бебі тағдыр пешенелеріне солай жазған деген түсінік барша халыққа ортақ. 1 Ахмет пен Нүрилә // Күнес ауданының қисса-дастандары. Іле халық баспа сы. 1991-249-270 б.б.
ғылыми қосымшалар
Бас кейіпкер көрген түсін жүзеге асыру үшін әрекет жасай
ды. Яғни ол патшаны іздеп шығады, патшаның қызы Нүриләмен
табысады. Арасында кейбір кедергілерді жеңіп, алтын таққа
отырады. Екі жас бақытты өмір сүреді.
Дастанның сюжеттік желісі барынша қарапайым. Мұнда
шытырман оқиға, шиеленісті эпизодтар аз. Оқиға ғашық
жастардың қилы да қиын тағдырын баяндауға құрылған.
Жырдың бір ерекшелігі мұнда кейіпкер әрекеттерін тым
әсірелеу, екі жастың махаббатын аса дәріптеу жоқ. Жыршы
кейіпкерлердің ішкі сезімдерін монолог, диалог арқылы шебер
сипаттайды.
Шығарманың тілі таза, шұрайлы. Басқа тілден кірген сөздер
жоқтың қасы. Көлемі—532 жол.
Томға ұсынылып отырған «Ахмет пен Нүрилә» дастанның
мәтіні 1991 жылы «Іле халық баспасында» жарық көрген
«Күнес ауданының қисса—дастандары» атты жинақтан (249-
270-беттер) алынды.
С. Қосан
Мәтіндерде кездесетін тарихи және
діни есімдер
Алла (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік
дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей,
жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла
мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі
Оған ешкім тең емес»*.
Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді,
жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол
адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла
барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап,
біреулерін—жұмаққа,
енді
біреулерін—тозаққа
жібереді.
Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мез
гіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)—
Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың
Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш
жылда толық түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген
дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккеде
гі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті
қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымды
лығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі
көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім
(жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жара
тушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жап
пар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.
* Құран Кәрім. 112—«Ихлас» сүресі.
ғылыми қосымшалар
Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар, Әлхамдулилаһи,
Сұбхан Алла сөздерін отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын
санамалау арқылы жүзеге асады.
Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділетті
халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі,
әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман
елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан, алып күш иесі. Жау
лары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-мыс.
Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар�����������������
, қамқам, самсам
деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі көптеген
шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастандарда жиі
ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың басты
кейіпкері,
жеңілмейтін
батыр,
халықтың
қамқоршысы,
мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің
өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыслан»,
«Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп
отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ-аттың
нышанына айналған.
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір
сүреді.
Баба Түкті Шашты Әзіз—қазақ ауыз әдебиетінде жиі кез
десетін бейне. Ол туралы аңыздардың бірінде есімі Баба Туклас
деп көрсетіледі. Әкесі—Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасын
да әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең
алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Муртаза Сейіттің, со
дан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба Түкті
Шашты Әзіз—Қожа Ахмет Йасауидің арғы бабалары, ислам
діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген
болжамдар бар.
Дәуіт—Құран кейіпкері, пайғамбар, Сүлеймен пайғамбар
дың әкесі.
Жағалбайлы—қазақ халқы құрайтын тайпалардың бірі.
Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы жетіру тайпалар бір
лестігіне кіреді.
ғашықтық дастандар
Жүсіп—Зылиқа—шығыс халықтарының «Жүсіп—Зыли
ха» атты әдеби-фольклорлық туындыларының кейіпкерлері.
Құранда жүсіп туралы арнайы сүре бар.
Жібек—Төлеген—қазақтың «Қыз Жібек» эпосының бас
кейіпкерлері. Жібек пен Төлеген қазақ фольклорында шын
ғашықтар символы ретінде суреттеледі.
Кіші Жүз—Қазақстанның оңтүстік батыс аймағын мекен
деген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының үштен бірін
құрайтын этникалық бірлестік. Шежіре бойынша, Кіші жүзге
әлімұлы, байұлы, жетіру тайпалары жатады.
Қозы Көрпеш—Баян сұлу—қазақ арасына мол тараған аңыз
бойынша, Қозы мен Баян бір кезде өмір сүріп, кейін олардың
моласы да сақталған тәрізді, яғни халық оларды өмірде болған
адамдар деп сенеді. Орыс—қазақ зерттеушілерінің мәлімет
теріне қарағанда, бұл мола және олардың басына орнатылған
ескерткіш қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауда
ны, Таңсық ауылына таяу—Аягөз өзенінің оң жағалауында
орналасқан.
Ләйлі—Мәжнүн—Таяу және Орта Шығыс пен Оңтүстік
Шығыс, Азия халықтарының «Ләйлі мен Мәжнүн» атты әдеби-
фольклорлық туындыларының кейіпкерлері. Араб мәнбілері
бойынша, Мәжнүн − өмірде болған, VІІ ғасырдың аяғы мен VІІІ
ғасыр аралығында өмір сүрген ақын. Ләйлі мен Мәжнүн қазақ
фольклорында шын ғашықтардың сүйенер пірі ретінде суретте
леді.
Сүлеймен—Құран бойынша, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы
Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеруса
лим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған.
Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бір
дей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап,
Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі,
дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жа
нуар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
Фатима, Бибі Бәтима (635 жылы қайтыс болған)—
Мұхаммед пайғамбардың қызы, төртінші халифа Әлидің әйелі,
ғылыми қосымшалар
Хасен мен Хұсайынның анасы, мұсылман әлемінде ерекше қадір
тұтатын қасиетті әйел бейнесі. Фатимаға табыну, шамасы, Х-ХІІ
ғасырларда, содан тарайтын әл-фатимийун әулетінің ықпалы
күшеюіне байланысты туып қалыптасса керек. Фатима—
шииттердің діни хикаяларының басты қаһармандарының бірі.
Көптеген мұсылман елдерінде алақанды белгілейтін ежелгі
нысана «Фатиманың қолы» деген атақ алған. Оның небір
үмітсіз ауруларға да ем қондырып, дәру дарытатын қасиеті бар
деп саналған.
Хызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының,
сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни
аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық
образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Хызыр бейнесін көне
архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зертте
се, кейбір ғалымдар тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді. Хызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы
ұстанып келе жатқан түсінігі бар.
Қазақ фольклорында Хызыр баба [Қыдыр]—ел аралап
жүрген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы,
бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.
Шекті—қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре
бойынша Кіші жүзге қарасты алты ата әлімнен тарайды.
Сөздік
Абрет /ж/—өнеге, ғибрат
Ағраби /а.п./—көшпелі, бәдауи, бөтен; жат; бөгде
Айпара—үлкен, көрнекті
Айыл—ер-тоқым ауып кетпес үшін малдың бауырын, ша
бын орап тартатын жалпақ қайыс
Ақырет, ахирет /а/—діни ұғым бойынша, бұл күні
қияметтің болуы, Алладан өзгенің жоқ екендігі, өлгеннен кейін
сұрақтың қойылатындығы анық. Пенделер тірі кезінде істеген
күнәларына жауап беретін күн. Ары таза, күнәсі жеңіл болса,
Алланың жақсылығын сезіп, ауыр болса, қабір азабын тарта
тын күн; о дүние ақырзаман, дүниенің соңы деген ұғымдарды
білдіреді.
Алқау /ж/—рахмет айту, алғыс айту
Аллаһу Акбар /а/—Алла ең ұлы!
Алты айрық—бүкіл дене
Андағайлау—бытырай жүгіру, шабу
Асилық /т/—опасыздық, сатқындық
Аужайын—ыңғай, жай-жапсар
Афсүн /а. п/—дұға, сиқыр, арбау, айла
Әйні /ж/—нақ
Әйтеу—әйтеуір
Әтей—әдейі
Әудем жер—көз көрім жер, жақын ара
Әулекі—есерсоқ
Бағлан—таңдаулы азамат, игі жақсы
Байыз—сабыр, төзім
Бедеу—қысыр, ту мал
Берен—қымбат, асыл мата
ғылыми қосымшалар Бөктергі—ұсақ жәндіктерді аулайтын ақсары жүнді жыртқыш құс. Барандау /ж/—мөлшерлеу, шырамыту Басқұр—туырлықтың кереге басына тиіп қажалмауы үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастыра таңатын, киіз үйдің ішіне сән беріп, безендіріп тұратын өрнекті жалпақ құр. Бейіш /п/—жұмақ, ұшмақ, жәннат, рахат Ғазиз /а/—қадірлі, аяулы, ардақты Ғаламат /а/—таңғажайып, керемет, ғажайып Ғаріп /а/—бейшара, міскін Ғаскер /а/—әскер Ғибадат /а/—сыйлау, құрметтеу, табыну Ғұсыл /а/—су құйыну; жуыну Даң—айғай-ұйғай, у-шу Дарағайыж—құзыр, құрмет Делбе—арба-шанаға жегілген атқа тағылатын қайыс божы Денде—ұлғая түсу, өршу, меңдеу Дүйім—түгел, тұтас, тегіс Дүр—атақты, анық, маржан Дүрия—жалтыраған жібек мата Дүріп /ж/—жүріп Екінді /п/—бесін мен ақшам арасындағы намаз мезгілі Жамбы—ойын-тойларда мергендер атып түсіру үшін тігіле тін сом күміс не өзге қымбат металл Жамбыл—кентті, қаланы айнала төңірек қоршаған қорған, бекініс Жамиық /а/—бүкіл, барлық, күллі Жапан—айдала, құла дүз, елсіз Жаһаннам /а/—діни ұғым бойынша, күнәға батқандар дүние салғаннан кейін баратын жер. Аллаға сенімсіздік білді ріп, оған құлшылық етпегендер жаһаннам отына мәңгі жана ды. Жәннат /а/—бақ. О дүниеде күнәдән ада, таза адамдардың баратын орны (жұмақ, пейіш). Жәннат—бұлақтар мен сулары мол, саялы бақ. Онда дәмі өзгермейтін сүт өзені, шарап, бал өзендері ағады. Жәннатқа түскендер қалаған нәрселерін ішіпжейді. Жәннатты Ридуан бастаған періштелер күзетеді.
ғашықтық дастандар
Желдік—тоқым мен ердің екі қапталына салынатын қалың
киіз
Жемір—тойымсыз
Жете—арғы тегі, жеті атасы
Жінік—жындану, нақұрыстану
Забат—зауыт
Зауал—түс кезі
Зәтте—запы болу, ығыр болу
Иншалла /а/—Алла бұйырса, Алла қаласа
Иянат /ж/—балағаттау
Камал /а/—кемел, толық
Кәдік—қауіп-қатер
Кәләм /а/—сөз, сөйлем
Кәнизак—хан сарайындағы қызметші қыз
Кебенек (к.с.)—малшылар аязда, жауын-шашында киетін
жұқа киізден тігілген сырт киім
Қоламталы—от (шоқ)
Көбеген—ерте туған қозы
Кірекеш—кіремен жүк тасушы, жүкші
Қапас—тор
Қоқан арба—үлкен қос доңғалақты жеңіл арба
Қодық—құланның төлі
Қоңсы—көрші-қолаң
Қорамсақ—жебе салып жүруге арналған арнайы қалта
Көшір, кучер /о/—арбашы; ат айдаушы
Қалы (қалы кілем)—түрлі түсті ою-өрнектермен безендіріл
ген, қымбат бағалы кілем.
Қамқа (к.с.)—зер талшықтары қосылып тігілген жібек
мата
Құбыла /а/—мұсылмандардың намаз оқығанда бет бұратын
жағы
Құма (к.с.)—некесіз, құқығы кемшін әйел
Мағұрып /а/—батыс
Манат—сырт киімдік құнды мата
Машрұқ /а/—шығыс
Мәдет—медет
Мәнзил /а/—орын; үй
Мәуе—жеміс, жидек, миуа
ғылыми қосымшалар
Миуа—жеміс
Мойыл—Діні мен бұталары қара сұр түсті, ағаштың же
місі
Мүрит /а/—тыңдаушы, ізін қуушы; сопылардың шәкірті
Мүкәммал /а/—дүние-мүлік, қазына-байлық
Мұрсат /а/—уақыт, мерзім
Мінәжат /а/—құлшылық ету
Най—темекі тартатын түтік
Нәзір /а/—құрбанның бір түрі, уәжіп-құрбан; Құдай жолы
на берілетін садақа, қайыр
Нәркес—әдемі, сұлу
Нор /ж/—қалың адам
Оба—өте қауіпті, қатерлі жұқпалы ауру, індет
Обыр—қомағайлық
Океан—мұхит
Оқпан—ойылып түскен жер қуысы, шұңқыр
Өбек—жаны қалмай, бәйек болу
Өбу—сүйу
Өлтірі—қалыңдықтың үйіне күйеу жағы әкелетін ең
алғашқы дәстүрлі кәде, құдайы мал
Өмілдірік—былғары не қайыстан жасалған, аттың ерінің
артқа кетпеуі үшін тағылатын әбзел
Пар /о/—тең, жұп
Пәуеске—төбесін, сыртын былғарымен жапқан, ою-өрнек
сап сәндеп жасаған, күймелі жеңіл арба
Пәруана /п/—түнде жарықты айнала ұшатын көбелек.
Ауыспалы мағынасы: біреудің жолына құрбан болу; садаға
Рәкағат, рәкат /а/—намаздың бөлігі
Сайлауыт /ж/—сақадай сайланған, әбден іріктелген
Салма—құлып салу үшін есікті бастырып тұратын темір
Саң /ж/—көңіл, ықылас
Сап (саф)—таза
Сауға—соғыстан түскен олжадан берілетін сый
Сахаба, асхаб (көпше түрі) /а/—Пайғамбардың жанына ер
ген серіктері
Сәуе /ж/—нышан
Сетер /ж/—құрметке бөлену, қадірлі
Сүннет, сүннат /а/—әдет, жол
ғашықтық дастандар Сүрде—тапталып, киіздей боп сарғайып кеткен қалың шөп. Сүрмел—кірпік, қасты бояйтын қынадан жасалған бояу Сұқсыр—сұр түсті кішкене үйрек Тәңір /т/—Құдай Топшы—құс қанатының кеудеге жалғасқан жері Түгеді /ж/—қынжылу, таусылу Түркім /ж/—дүркін Тұлдау (к.с.)—қадірлі адамы өлгенде шаңыраққа қара ту байлап, мінген атын күзеп, қара жамылатын марқұмды азалау дәстүрі Уа—көтеріңкі үнмен айтылатын қаратпа сөз Уағда /а/—уәде Уәжіп /а/—міндет, борыш Ұғыл /т/—ұл Ұтылап—бірінен соң бірі іліп әкету, жалтаруға мүмкіндік бермеу Фазыл /а/—артықшылық, жақсылық Фәни /а/—тұрағы жоқ, баянсыз, өткінші, опасыз дүние Хауариж /а/—Әли мен Мағауия арасындағы соғыста Әлиден бөлініп шыққан мұсылмандар тобы. Әли хауариждердің оғынан қаза болады. Хотон /қ/—аймақ Хұжыра /а/—бөлме Хикмет /а/—керемет; ғажайып; дана сөз Хор қызы—діни наным бойынша, жұмақта болатын мәңгі жас, айдай сұлу қыз Шағи—жұқа, жұмсақ, жібек, торғын Шариф, шәріп /а/—қасиетті, киелі Шаһит /а/—құрбан болу Шерік /т/—әскер Шианчуан /қ/—әкім Шөке /т/—етпетінен жату Шуалған /ж/—шұбалған Шұрқылтай—бұғананың үстіңгі жағындағы жұмсақ, ойық жер Шылауыш /ж/—кимешек үстінен байланатын, үлкен ақ шаршы орамал, жаулық Шырға—амал-айла, алдап-арбау
ғылыми қосымшалар
Шіліңгір—аспан айналып жерге түскен қапырық, шілденің
ыстығы
Ысқат—Шариғат заңы бойынша, өлген адамның тіршілі
гінде жасаған «күнәсін кешу» үшін оның ең жақын туыстары
нан ақшалай-заттай алынатын салық, підия
Ылпа /ж/—лыпа, жұқа киім түрі, ішкі киім
Жер-су атаулары
Ақжайық—Орал тауынан басталып Каспий теңізіне құятын
ірі кәсіптік өзендердің бірі. Орал, Атырау қаласыда Жайық
бойына орналасқан.
Ақтөбе—қала, Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы
(1932). Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталық
тарының бірі; теміржол, әуе һәм автомобиль қатынастары
ның маңызды торабы; Мұғалжар тауының оңтүстік батысында
Елек өзенінің сол жағалауын айнала орналасқан.
Алтай аймағы—Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ
автономиясы облысына қарасты әкімшілік аймақ. Батысын
да Қазақстанмен, Солтүстік батысында Ресеймен, Солтүстік
Шығысында Монғолиямен шектеседі.
Аспаһан
(Исфаһан)—Иранның
орталық
бөлігіндегі
қала. Зайендеруд өзенінің жағасына орналасқан. Исфаһан
провинциясының әкімшілік орталығы. Тегераннан кейінгі
өнеркәсіп—сауда орталығы.
Аягөз—Шығыс
Қазақстан
облысындағы
қала.
Аягөз
ауданының орталығы. Өскемен қаласының оңтүстік батысын
да, Нарын өзенінің Аягөз өзеніне құятын тұсында орналасқан.
Іргесі 1831 жылы қаланған.
Бағдат—(кей жорамалдарға қарағанда ежелгі парсы тілінің
«бага»—Құдай, «дад»—берген, яғни «Құдай сыйы» сөздерінен
шыққан)—1921 жылдан бері қазіргі Ирак мемлекетінің астана
сы. Тигр өзенінің екі жағасын бойлай салынған.
Қаланы «Мадинат ас-Салам» (Бейбітшілік қаласы) деген
атпен халифа Мансур 762 жылы салдырған. Бағдат—орта
ғасырларда араб әдебиеті мен мәдениетінің орталығы болған
қалалардың бірі. Осында бірсыпыра шығыс ғалымдары
[Насреддин Туси, Әл-Фараби, т.б.] оқып, білім алған.
ғылыми қосымшалар
Еміл, Емел—Алакөл алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан
облысының Мақаншы ауданы жерінен ағып өтеді.
Жеменей—Қытайдағы Алтай аймағының ауданы.
Жетісу—тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Бал
қаш, солтүстік—шығысында Сасықкөл мен Алакөл, Шығыста
Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік батысында
Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеледі. Жетісу атын
құрайтын жеті өзен туралы түрліше пікір бар.
Жиделі—Іле өзенінің оң тармағы. Алматы облысының
Балқаш ауданы жерімен өтеді.
Зайсан,
Жайсаң—Оңтүстік
Алтайдағы
көл.
Шығыс
Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Солтүстігінен
Нарым мен Күршім, Оңтүстігінен Сауыр-Тарбағатай жота
ларының сілемдерімен қоршалған қазаншұңқырда жатыр.
Зайсанға Қара Ертіс өзені құяды да, Ертіс (Ақ Ертіс) ағып
шығады.
Қап тауы—Аңыз бойынша, жер жүзін қоршап тұрған тау
тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан құралған, ал ең
биік шыңында вулкан орналасқан. Жер бетіндегі барлық тау
лар Қап тауымен байланысты, Алла Тағала осы таулар тізбегін
дегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер сілкінісі болады. Қап
тауының арғы жағын йәжуж бен мәжүж деген қорқынышты
халықтар мекендейді, олар әр түн сайын тауды егеу сияқты тіс
терімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы қалпына қайта келеді,
сөйтіп, бұл халықтар жер бетіне шыға алмайды. Қап тауымен
байланысты көптеген аңыздар бар. Солардың бірсыпырасында
Қап тауының арғы жағында керемет мақұлықтар, дәулер мен
перілер мекендейтін ғажайып елдер бар деп айтылады.
Қазан—Ресей
Федерациясындағы
қала,
Татарстан
республикасының астанасы. Еділ өзенінің сол жағалауында,
Қазан өзенінің сағасында орналасқан.
Қособа—Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданындағы
ауыл, ауылдық округ орталығы.
Лобнор—Қытай Халық Республикасындағы көлдің аты
Машын—Орта Азия, Иран, араб елдері орта ғасырларда
Қытайдың оңтүстік уәлаяттарын, Шығыс Түркістанды осылай
атаған.
Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас ме
шіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның
ғашықтық дастандар
негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел
ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі
жаңа құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла).
Мұсылмандардың Меккені 630-жылы жаулап алуы оның діни
орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана
қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып
тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады.
Ноғайлы—Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған.
Ноғай Ордасының негізін қалаған түркі-монғол тайпаларының
ортақ атауы. XV-XVІ ғасырлардың аяғында Ноғайлы жұрты
көрші елдерге де осындай атаумен мәлім болған.
Сарыарқа, Арқа—Қазақстанның бүкіл орталық бөлігін
алып жатқан аймақ. Солтүстікте Қазақ жазығынан басталып
оңтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі аралықта
орналасқан. Батыста Торғай үстіртіне тіреледі. Шығыстағы
шекарасы
Балқаш
көлінің
солтүстік-шығыс
шетінен
Тарбағатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқырының ше
тін ала Қалба жотасына дейін жетеді.
Сарыөзен—Ертіс алабындағы өзен. Қарағанды облысы,
Қарқаралы ауданы және Шығыс Қазақстан облысы Семей
қалалық әкімдігі аумағы жерімен ағады. Мыржық, Ақшоқы
тауларынан басталып, Ақмолайсор (Шалқарсор) көліне құяды.
Тарбағатай—Шығыс Қазақстан өңіріндегі тау жотасының
аты.
Үржар—Шығыс Қазақстан облысындағы аудан орталығы,
өзен аты.
Шоқтерек—эпикалық топоним, аңыз бойынша, Қозы мен
Баян осы теректің түбінде кездесіп жүреді.
Шын елі—орта ғасырлық Шығыста Қытай жерін осылай
атаған. Бұл атаудың шығу төркіні көне Цин империясының та
рихымен байланысты болса керек.
Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Дәуіт Отарбайұлы. 1880 жылы Іле аймағының Көкқамыр
жайлауында туып, 1923 жылы Құлжа ауданының Ашы деген
жерінде дүние салған. Руы—қызай. Сүйегі «Уәйс мазарында»
жерленген.
Алғашында Шамұс, Қарамолла есімді арабша оқыған кісі
лерден діни білім алады. Одан кейін Іле аймағының сол кезде
гі орталығы Күре қаласындағы қытай мектебіне оқуға түседі.
Қытай және орыс тілдерін меңгереді.
Ізденгіштігі, алғырлығы арқасында оның ақындық да
рыны да жас кезінен бастап дамиды. Ел көзіне түседі.
Қарамолла ұстазына ілесіп, ел ішіндегі той-думанға арала
сып, айтысқа түседі. Қисса-дастандарды көшіріп, жаттап,
ел-жұрт алдында домбырамен әндетіп айтып, «қиссашы
бала» атанады. Қолына қалам алып, жазба ақындықпен де
шұғылданады.
Дәуіт аудармашы, есепші болып жұмыс істейді, қоғамдық
қызметке араласа жүріп, сал-серілік құрады, тұтас Іле,
Бұратола
өңірлерін
аралайды.
Қазақстанның
Сарқант,
Жаркент, Алматы өңірлеріне дейін келеді. Ол жердегі
игі жақсылармен танысады. Алтайдағы Ақыт ақынмен,
Қазақстаннан шекара асып келген Әсет Найманбайұлы
ақынмен және Ерентау өңіріндегі Абдолла, Ахмет сынды
ақындармен үзеңгілес болады. Осы бес ақынның бір-бірімен
хат арқылы айтысып, арттарына «Бес ақын айтысы» атты
үлкен мұра қалдырғаны мәлім.
Ақындық дарыны, толғамды ой-пікірі Дәуіттің ақындар
арасындағы, ел-жұрт алдындағы абырой-беделін аспандатады.
Ақыт ақын жазған хатында:
ғашықтық дастандар
«Баласы Отарбайдың Дәуіт болса,
Емес пе ол қызайдың данышпаны»,—деп мадақ
таса, Әсет ақын:
«Сәлем де Ақыт мырза, Дәуітеке,
Керей менен найманнан шықтың жеке»,—деп
құрметтейді.
Құрманбек ақын «Ақсақ қоян» дастанында Дәуітті:
«Төрт сандық кітабы бар көзім көрген,
Біразын өзіме де оқып берген.
Ішінде татарша мен орысша бар,
Кісі екен жастайынан ғылым терген»,—деп
дәріптейді.
Ол кезде қазақ баспасөзі болмағандықтан Дәуіт ақынның
бірде-бір шығармасы баспа беттерінде жарық көрмеген. Олар
Ел-жұрттың арасына жатқа айту және сауатты адамдардың
көшіріп алуы арқылы мейлінше кең таралған. Бұл жөнінен ел
рухына терең сіңіп бүгінгі күнге дейін жатқа айтылып жүрген
«Атамыз көшпен болған надандықтан», «Ақытқа хат», «Ар
манымыз», «Халық надан бұрынғы заманында», «Ат сыны»,
«Бұлбұлға», «Қыс күні», «Жаз басы», «Дәуіттің шағырай ақын
Атутаймен айтысы» қатарлы туындыларын ерекше атауға бо
лады.
«Аспан көркі күн болады,
Хайуан көркі жүн болады.
Әр нәрсенің зейнеті бар,
Сөз әбзәлі шын болады»
тектес елге кең таралған ұшқыр, қанатты сөздері де мол. Осы
томға ұсынылған «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» эпосын Дәуіт
ақындық таланты әбден кемелденген отыз бес жасында, 1915
жылдары жырлаған.
Мұхаммедбай
Мергенбаев—1948
жылы
туған.
Ауыз
әдебиеті үлгілерін жинаушы. Орта мектепті бітірген. Қазір
Күнес ауданы, Аралтөбе ауылының су істерін басқаратын
мекеменің қызметкері.
ғылыми қосымшалар Оразанбай Егеубаев—1935 жылы Шыңжаң өлкесі, Шағантоғай ауданы, Ойқұдық ауылында туылған. «Өмір өткелдері», «Тау ұлы», «Ту мекенде», «Қазақтың ғашықтық жырлары», «Қазақ қиссалары—батырлық, тарихи жырқиссалар» т.б. еңбектері жарық көрген. Ол Таңжарық Жолдыұлының өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар зерттеп, жаладан ақтап, ақын мұрасын халық игілігіне қайта жаратуда көп еңбек сіңірген ғалым. Шерияздан Сұлтанбекұлы 1933 жылы 20 желтоқсанда Алтай аймағының Сарысүмбе қаласында туып, 2005 жылдың желтоқсанында Үрімжі қаласында қайтыс болған. Шерияздан орта мектепті туған қаласында бітіреді. 19521954 жылдары Үрімжі кооператив кадрлар курсында, 1955, 1956 жылдары ШҰАР партия мектебінде оқыды. 1962 жылға дейін ШҰАР кооператив мектебі мен қазына институтында оқытушы болып қызмет істейді. 1963 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін Шыңжаң жергілікті жеміс-жидек серіктесті гінде бөлім меңгерушісі, серіктестік бастығының орынбасары міндетін атқарған. Шериязданның әкесі Сұлтанбай жыршы, қиссагерәңгімешіл, шежіреші, тарихшы адам болған. Бала Шерияздан жастайынан әке жолын қуып, қисса-дастандарды жаттап өседі. Өз ұлтының тарихына, шежіресіне, әсіресе батырлар өмірінің ертек, аңыздарына ерекше құмартады. Олар жөніндегі та рихи кітаптарды құныға іздеп оқып, есте сақтаған. Өлеңмен жазылғандарын жаттап алуды, ұққандарын, жаттағандарын ел алдында әңгімелеуді, әндетіп айтуды, өзі де қисса-дастандар ды құрастыруды дағдыға айналдырған. «Абылай», «Бөгенбай батыр», «Кешубай», «Еспенбет», «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Ер Тәуке», «Сәтбек», «Қыз Жібек», «Қалқаман—Мамыр» сияқты эпос-жырларды мәнерлеп, жаңғырта жырлаған. Олар ды «Шалғын», «Мұра», «Алтай аясы», «Қазақ қиссалары», «Қазақтың ғашықтық жырлары» сияқты басылымдарда ілге рінді-кейінді жариялап отырған. Ол сондай-ақ ШҰАР фольклоршылар қоғамының, Қытай Халық Республикасы фольклоршылар қоғамының мүшесі бол ды. Осы томға енген «Қыз Жібек» эпосының нұсқасын Шерияз дан Сұлтанұлы жырлаған.
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс
/п/—парсы
/тат/—татар
/т/—түркі
/ж/—жергілікті
моңғ.—моңғол
/қ/—қытай
/к.с./—көнерген сөз
Пайдаланылған әдебиеттер 1. Әуезов М. Әр жылдар ойлары.—Алматы, 1959. 2. �����������������������������������������������������
Бабалар сөзі. Жүз томдық. 13-том. Құрастырып, ғылыми
қосымшаларын дайындағандар: Алпысбаева Қ., Әлібек Т.,
Әуесбаева П., Қосан С.—Астана: Фолиант, 2004.
3. Бабалар сөзі. Жүз томдық. 18-том. Құрастырып, ғылыми
қосымшаларын дайындағандар: Әзібаева Б., Әуесбаева П.,
Рақышева Ж.—Астана: Фолиант. 2005.
4. Батырлар жыры.—Алматы, 1939. 5. Бердібаев Р. Қазақ эпосы.—Алматы, 1982. 6. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті.—Алматы,
1974. 7. Дүйсенбаев Ы. Қазақтың лиро-эпосы.—Алматы, 1973. 8. Елеукенов Ш., Шалғынбаева Ж. Қазақ кітабының тари
хы.—Алматы, 1999. 9. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының
мәселелері, 1-кітап.—Алматы, 1958. 10. Козы—Корпеш и Баян сулу. Кыз—Жибек.—Москва,
2003. 11. Қазақтың ғашықтық қиссалары.—Үрімжі, 1996. 12. Қазақтың ғашықтық жырлары.—Үрімжі, 2000. 13. Қазақ кітаптары. Құрастырғандар: Е. Есова, Ү. Субхан
бердина, Д. Сейфуллина.—Алматы, 1986. 14. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 15. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 2-том.—
Алматы, 1979. 16. Қазақстан ұлттық энциклопедия. 6-том.—Алматы,
2004. 17. Қозы Көрпеш—Баян сұлу.—Астана, 2002. 18. Қоңыратбаев Ә. Қазақтың «Қозы Көрпеш» жыры тура
лы.—Алматы, 1959.
ғашықтық дастандар 19. Қыз Жібек.—Алматы, 1963. 20. Қыз Жібек.—Алматы, 2003. 21. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар.—Алматы, 1985. 22. Түркістан халықаралық энциклопедиясы.—Алматы
2000. 23. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.—
М., 1968.
24. Древнетюркский словарь.—Л., Наука, 1969. 25. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы
лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.—
Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
26. Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 27. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған
І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 28. Персидско-русский словарь. Под ред. Ю. А. Рубинчика.
І-ІІ т.—М., 1970. 29. Татарско-русский словарь.—М., Советская энциклопе
дия, 1966. 30. Турецко-русский словарь.—М., Русский язык медиа,
2005.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова Мини
стерства образования и науки РК продолжает работу по подго
товке и изданию очередных томов Свода казахского фольклора
«Бабалар сөзі», выполняемого в рамках государственной про
граммы «Мәдени мұра» («Культурное наследие»).
По состоянию на сегоднящний день институтом подготовле
но и издано 25-томов фольклорных текстов, в том числе: оди
надцать томов новеллистических дастанов, семь томов дастанов
религиозно-нравственного содержания и семь томов дастанов
романического (любовного) содержания.
Предлагаемый вниманию читателей 26-том свода включает в
себя фольклор казахов, проживающих в Китае. В Китае прожи
вает около полутора миллиона казахов. Волею судьбы оказав
шиеся на чужбине, они сохранили свой язык, обычаи и фольк
лор. В репертуаре тамошних сказителей сохранились почти все
сюжеты общеказахского эпического, сказочного, песенного и
др. творчества. Наряду с ними бытуют сюжеты, возникшие в
других историко-социальных условиях.
Данный том включает в себя дастаны романического содержа
ния, это такие произведения, как: «Қозы Көрпеш—Баян сұлу»,
«Қыз Жібек», «Дандан мен Нәркес», «Ахмет пен Нүрилә».
Сюжеты некоторых из них восходят к произведениям народ
ный литературы, другая же часть их сложена по следам восточ
ных легенд и преданий. Всего планируется подготовка и издание
нескольких томов образцов фольклора казахов, проживающих
в Китае.
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі»
том снабжен научными приложениями, которые включают в
себя: сведения о публикуемых текстах; их краткий историко-
ғашықтық дастандар фольклористический и текстологический анализ; данные об исторических и религиозных деятелях, имена которых встре чаются в текстах; словарь древнетюркских, арабских и пер сидских слов, терминов и понятий религиозного характера, а также географических названий; сведения о сказителях, со бирателях и публикаторах; список использованной литерату ры; резюме на русском и английском языках. Тексты, печатаемые в данном сборнике в свое время издава лись в Китае. При этом они, к сожалению, подверглись в опреде ленной степени, редакции, литературной обработке. Это проис ходило, по всей вероятности, как на стадии записи текстов от исполнителей, так и в процессе переписки рукописей (возможно неоднократной), а также и в ходе подготовки текстов к изданию. Вместе с тем в них сохранены особенности фольклора казахской диаспоры Китая. Объем ��������������� �������������� тома���������� —23,5 ���� п��� .�� л�.
Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Ed ucatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on pre paratіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Medenі Mura» («Cultural herіtage»). By present tіme the Іnstіtute staff have prepared and publіshed 25 volumes of folklore texts іncludіng: eleven volumes of novelіst іc dastans, sіx volumes of relіgіous-moral content and fіve volumes of romantіc (love) dastans. The proposed 26th volume іncludes folklore of Kazakh people who lіve іn Chіna. About mіllіon and a half Kazakh people lіve іn chіna. Hіstorіcally іt happened so that Kazakh people have left to Chіna, lіved there and preserved theіr natіve language, customs and folklore. The repertoіre of the narrators have preserved alm ost all plots of common Kazakh epіc, tale, song and other creatіve work. Alongsіde wіth them there the plots that have orіgіnated іn new condіtіons, іn a dіfferent envіronment. Thіs volume іncludes dastans of romantіc content such as «Kozy KorpeshBayan Sulu», «Kyz Zhіbek», «Dandan men Nark es», «Akhmet pen Nurіla». Some of theіr plots orіgіnate from the Orіental lіterary works, other part іs based on regіonal legends and tales. Іn total іt іs plann ed to prepare and publіsh several volumes of the samples of folklore works of Kazakh people lіvіng іn Chіna. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the vo lume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіg ures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old
ғашықтық дастандар Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Texts publіshed іn thіs volume have been publіshed іn Chіna. Regretfully they have been subject to edіtіng and lіterary proce ssіng. Possіbly thіs happened both on the stage of recordіng texts from the narrators and іn the process of re-wrіtіng of the manuscr іpts (possіbly several tіmes) as well as durіng preparatіon of the te xts for publіshіng. However they have preserved the peculіarіtіes of the folklore of Kazakh people who lіve іn Chіna. Іn Kazakhstan all texts of thіs volume are beіng publіshed for the fіrst tіme. Volume іncludes 23,5 p.p.
Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Қозы Көрпеш—Баян сұлу ................................................... 9 Қыз Жібек ........................................................................ 88 Дандан мен Нәркес ...........................................................288 Ахмет пен Нүрилә ............................................................318 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................337 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................350 Сөздік ..............................................................................354 Жер-су атаулары ...............................................................360 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................363 Шартты қысқартулар ........................................................366 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................367 Резюме ............................................................................369 Summary ..........................................................................371
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 26 том РОМАНИЧЕСКИЕ ДАСТАНЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген М. М. Әлсейітова Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген �������������� «������������� Баур��������� » �������� баспасы ИБ № 2125
Теруге 11.01.06 жіберілді. Басуға 23.01.06 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі ����������������������������������������������� «���������������������������������������������� Мектептік������������������������������������� ». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 23,5. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № . «Фолиант» баспасы 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 473000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру