Ақсақ құлан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Жанғали Жүзбай
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫ АРНАЛАДЫ
АҚСАҚ ҚҰЛАН
КЕТБҰҒА БИДІҢ КҮЙ-МҰРАСЫ
Астана. 2015 УДК 780.8:780.614.132(574) (08) ББК 85.956.9 /5 қаз/ Ж-85
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ ұлттық өнер университеті Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институты «Домбыра» кафедрасы Баспаға Қазақ ұлттық өнер университетінің әдістемелік кеңесі ұсынды. Редакциялық алқа: Ғылыми кеңесші - филология ғылымдарының докторы, академик, қоғам қайраткері Жолдасбеков М. Ж. Құрастырушы - Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүзбай Жанғали Музыкасын редакциялаған - Әбілжанов Халықберген Жауапты редактор - өнертану ғылымдарының кандидаты Муптекеев Базаралы Әдеби редакциясын қараған - педагогика ғылымдарының магистры Мұқажанова Амангүл
Пікір жазғандар: Акпарова Ғ.Т. – өнертану ғылымдарының кандидаты. Негимов С.Н - филология ғылымдарының докторы. Ақсақ құлан. Кетбұға бидің күйлері (Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазған Жүзбай Жанғали.) – Астана, 2015
Кетбұға (шамамен 1150 – 1225) – жырау, күйші, аты аңызға айналған тарихи тұлға, Алтын орданың ұлы жыршысы, Жошы Ұлысының іргесін қалаған саяси қайраткер, Алтайдан Дамашыққа дейін әмірі жүрген би, Полистаинды бағындырған абыз. Қобыз бен домбыра күйлерінің ұлыстық мектебінің негізін салған күйші, ұрпаққа ұлағатты сөзі қалған ойшыл. Кетбұға жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер "Шадтжарат әл-атрак" (Түркі шежіресі) кітабы және қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, орыс, парсы, араб, қытай, мұңғыл дереккөздерінде кездеседі. Бұл жинаққа Кетбұға күйші мұрасының ноталары мен аңыздары топтастырылған, жинаққа енген туындылардың аудиожазбасы да қосымша құрал ретінде ұсынылады. Кітап «Қазіргі заман музыкасы» жобасы бойынша ҚР білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті 2012-2014 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалармен жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде шығарылып отыр. ISBN
Қазақ хандығының 550 ж ылдығына арналады СӨЗ БАСЫ «Күй иесі - Кетбұға!» Бұл - халық қабылдаған ұлы шындық. Қазақтың әр шаңырағында ұлы күйшіден қалған тәбәрік - «Ақсақ құлан» күйі еседі. Тыңдаған сәбидің жанын рахатқа бөлеп, қарттың көкірегін сағынышқа толтыратын тылсым күй. Жанғали Жүзбай «Ақсақ құлан» атты хрестоматиялық еңбегінде «Ақсақ құлан» күйінің қазақ және қырғыз халықтары арасында тартылатын нұсқаларын топтастырған екен. Бұл - Кетбұға күйлерінің тұңғыш жинағы. Бұл - Кетбұға туралы тың ізденіс, іргелі зерттеулердің бастамасы деп ұғамыз. «Тарихты жеке адам жасамайды» десек те, адамзат тарихындағы ұлы өзгерістер, тарихи сананың қалыптасуы, ұлттың құралуы, халық тарихындағы бетбұрыстар жеке қаһармандардың ерікжігерімен іске асатыны шындық. Тарихты шатастырушылар алдымен жеке тұлға туралы шындықты ылайлауға тырысатыны сондықтан. Осы тұрғыдан келгенде ұлттануда жеке тұлғалардың өмірін зерттеу аса маңызды. Қазақ ғылымында бұл енді-енді қолға алынып жатқан жаңа бағыт. Ұлт тарихын түгендеуде батырлар мен саяси қайраткерлер ғана емес, өнер адамдарының жеке өмірін зерттеудің де маңызы зор. Қазақ халқының азаматтық тарихының ашылмаған беттері, айтылмаған шындықтары қанша көп болса, ұлттық өнеріміздің тарихы да сондай ақтаңдақтарға толы. Хандар, батырлар, жыраулар, билер, ақындар, шешендер, өнер адамдарының өмірі, халыққа сіңірген еңбектері жете зерттеліп, өз
бағасын алып болған жоқ. Зерттеушісін күтіп тұрған тұлғаның бірі - қазақтың күйшілік өнерінің басында тұрған, өлмес мұра, өшпес із қалдырған, өз заманының азулы биі, айтулы батыры болған тарихи адам, күй атасы - Кетбұға жырау. Соған қарамастан, кеңестік кезеңде Кетбұға жыраудың қазақ тарихындағы орны, оның күйшілігі жете айтылмай келгені рас. Айтпайын деген жоқ, «екі елі ауызға бір елі қақпақ» қойған кер заман айтқызбады. Кетбұғаның аты өзгертіліп, «Әли шебер» атты балаларға арналған ертегі жазылды, атақты «Ақсақ құланның» - шығарушысы жоқ деп ұйғарылып, халық күйі аталды, (осы күнге дейін кеңесшіл идеологияның ілімімен сусындаған кейбір зерттеушісымақтар немесе олардың муридтері Кетбұғының әруағымен алысуын қоймай жүргенін өкінішпен айтуға мәжбүрміз-ау) Кетбұғаның тарихи тұлға екендігін санадан өшіру үшін осындай қасақана әрекеттер жасалды. Дегенмен, Кетбұға жырау ел есінен көтерілмепті, ұлт жадынан өшпепті. Күйшінің өмірі туралы томтом жазба дерек болмаса да, қазақ арасында Кетбұға жырау туралы аңыз-әпсаналар аз емес. Сол аңыз әңгімелердің бір парасында Кетбұғаның батырлығы сөз болса, енді бірінде әділ би, арқалы жырау екені айтылады. Кетбұғаның күйшілігі тіпті биікке көтеріліп, қасиет кие дағуасында әпсаналанған. Ғұлама М.Тынышбаев, Ә.Марғұлан, С.Сейфуллин, В.Бартольд, В.Г. Тизенгаузен, Л.Н.Гумилев, У.Бекенов, М.Мағауин, А.Сейдімбек, Т.Жұртбай қатарлы ғалымдар қазақ тарихына, Алтын Орда тарихына, қазақтың жыраулық поэзиясына және күйшілік өнерге
арналған еңбектерінде Кетбұға есіміне ерекше мән беріп, арнайы тоқталып отырған. Б.Саятөлеков, Р.Омаров, Н.Тілендиев, М.Хамзин, Ш.Әбілтай т.б атақты күйшілер Кетбұға күйлерін орындауды өздерінің шеберлігінің өлшемі, шығармашылығының шыңы деп білгені анық. Тизенгаузен «Алтын орда тарихына қатысты материалдар жинағы» атты еңбегінде, ХV ғасырда жазылған «Түрік шежіресі» («Шажрат әл атрак») атты еңбекте «Жошы ханның өлімін Шыңғыс ханға оң тізесін басқан әмірі, Ұлы жыршы естірткен», - деп жазылғанын келтіреді. А.Сейдімбек пен Т.Жұртбай тарихи деректер мен ауызша шежіреге сүйене отырып, осы ұлы жыршы Кетбұға жырау деген қорытынды жасаған. М.Тынышбаев «Қазақ тарихына қатысты материалдар» атты еңбегінде, Кетбұға ұрпақтарын тарата отырып, жыраудың қазақ тарихындағы алатын орнына назар аударып, Кетбұға қазақтың ұлы биі болғанына ерекше тоқталған. Ең қызығы, ХІІІ ғасырда өмір сүрген ұлы жырауды халық осы уақытқа дейін естен шығарған жоқ. Кетбұға ұрпақтары Найман руының үлкен бір тармағын құрап отыр. Сол әулеттің шежіресін таратқан қарттар түп атасын Кетбұғаға апарып тірейді. Бұл өзі «қазақ ХV ғасырда құралған жас халық» дейтін пікірдің дүбәрә, жаңсақ пікір екеніне бұлжытпас дәлел. Солай дегенмен, Кетбұға жырау туралы біздің білеріміз көп емес. Оған себеп жыраудың өмір сүрген заманының көнелігі, онан қалса, Кетбұға туралы шындықтың көрші елдерге ұнай бермейтіні. Ұлы хаған Шыңғыстың өзін түркі жұртынан алыстатып, діні де, тілі де жат,
басқа ұлт өкілі қылып көрсетуге ұрынған шетел тарихшылары Кетбұға сияқты басқа халыққа теліп жіберуге келмейтін ұлттық тұлғалар туралы айтқысы келмейтіні мәлім. Кетбұғаның атақты қолбасы болғанын мойындай отырса да, оны басқыншы, жауыз, жабайы деп балағаттауға бейім болды. Ал, шындық бұлай емес. Сонда Кетбұға кім еді? Бұл арада Найман шежіресін қайталап жатудың қажеті шамалы. Кетбұға Найман руының ұлы қолбасы, әділ биі екеніне дау жүрмейтіні анық. Бірінші, жазба тарихқа жүгінсек, Кетбұға ХІІІ ғасырдың алып баһадүр-нояны, өмірінің соңына дейін жеңілуді білмеген ұлы сардар. Шыңғыс хан мен Найман хандығының соғысында ол Найман қолының сардары болғаны күмәнсіз. Сол соғыста ерекше көзге түскен баһадүрді Шыңғыс хан жазасын кешіріп, өз дәргейінде қызмет етуге бұйырған болса керек. Шыңғыс хан тұсында да ұлы қолбасы соғыстың алдыңғы қатарында болғаны анық. Өйтпегенде «қағанның оң тізесін басып» билік сырмағына отыра алмас еді. Жасы егде тартқан кезінде Құлағу қолының кеңесшісі болып жорыққа аттануы да тегін емес. Кезінде қазақ жұртының ұраны болған, теңдессіз батыр, данышпан қолбасының есімі ел есінде мәңгі сақталған. М. Тынышбаев «Кетбұға аңыз бойынша көне замандағы қазақтың ең ұлы абызы, сиынатын пірі, бақсылар осы күнге дейін оның атын атап, аруағын шақырады»,- деп жазыпты. Бұдан Кетбұғаның кезінде қазаққа ұран болған адам екенін көреміз. Бір тайпа елдің
ұраны болу екінің бірінің маңдайына жазылмаған. Ал, ұлт ұраны (сиынар пірі) болу үлкен қасиет иесінің қолынан ғана келер іс. Екінші, ұлт жадына сеніп, атадан қалған шежіреге сүйенсек, қазақ күйшілерінің ішінде әрі күй иесі, әрі ел иесі болған. Абыз жырау, дәуперім бақсы болған Қорқыт ата мен Кетбұға жырау ғана. Т.Жұртбайдың пайымынша, «ойранға ұшырап, жаугершіліктен, берекесіздіктен әбден зықысы шыққан көшпелі қазақ тайпаларының барлығы берекеге, ынтымаққа, татулыққа ұмтылып, жұдырықтай жұмылып, хандас хан Жошының төңірегіне топтасты. Алты арыс Ұлытауға жиналып, Кетбұғаны ұлығ би сайлады» (Т.Жұртбаев «Кетбұқа», Пекин, ұлттар баспасы, 2005 ж. 45 бет). Кетбұғаның билігі ханнан кейінгі ең жоғары билік болғанын Мөңке ханның қазасынан кейін ұлы ордаға қайтқан Құлағудың бар билікті Кетбұғаға беріп кетуі дәлелдеп тұр. Кетбұға хан жоқта хан орнына билік жүргізе алған. Ең маңыздысы, ол қазақ тарихындағы билер институтын қалыптастырушы. Әділ билігімен аты шыққан ақылман ел иесі. Шежіре бойынша Найман ұлысына таңба үлестіріп, енші бөліп берген сол кісі. Билік ол кезде үлкен титул болған. Би болған адамда көп қырлы қасиет болуы шарт. Ол қасиеттер: жұртты артынан ерте алатын, айтқан сөзін тыңдататын салауаты, елден асқан қайраты мен ақылы, елде жоқ өнері, артынан ерген іргелі елі - салмағы болу. Қазақ тарихында би атауымен тарихта қалған тұңғыш адам осы - Кетбұға абыз. Кетбұғадан бұрынғы замандағы би аталған адамды не жазба тарих, не ауызша шежіре білмейді.
Үшінші, жазылған хатқа сенсек, Кетбұға қазақ әдебиетінің бастауында тұрған ұлы жырау. Оның Жошы өлімін Шыңғыс ханға жеткізген шағын жыры бүгінгі құнарлы қазақ поэзиясының бастау бұлақтарының бірі. Жыраудың Жошы ханның өлімін Шыңғыс ханға қалай жеткізгені туралы екі түрлі дерек бар. Бірі Жошының өлімін күймен естірткені. Ел қалтқысыз сеніп, жадында сақтаған киелі аңыз. Екіншісі Жошы өлімін жырмен естіртуі. «ХV ғасырда жазбаға түскен «Шажрат әл-атракта» («Түркі шежіресінде») жазылған, тасқа басылып, тарихта хатталған жазба дерек. Кетбұға туралы аңыздың ең құнарлысы - Кетбұғаның күйшілігіне байланысты әңгіме. Әсіресе, Жошы ханның өлімін Шыңғыс қағанға естірткен тапқырлығы ерекше әспеттеліп айтылады. Аңыздың астарында шындық жатады. Аңыз - шындықтың қабы, халық уақыттың шаңын жұқтырмас үшін шындықты аңызға орап сақтаған. Демек, аңыз сол беті шындықтың өзі емес. Аңызды білу бар да, оның өзегіндегі шындықты аршып алу бар. Шыңғыс хан баласы өлгенін білсе де, Тәңір ісіне көнгісі келмей, жұбату бермей тұлданып жатып алған, ешкімнің сөзіне жұбанбаған, немесе ханға бұл ауыр қазаны айтуға ешкімнің батылы бармаған. Өйткені, баласы өліп, қайғырып отырған ханның алдында айтылар әр сөз тектеулі, әр қимыл шектеулі болуға тиісті. Артық жасалған бір қимыл, ағат айтылған бір ауыз сөз басқа пәле болуы ықтимал. «Қазақта атам заманнан өлімді естіртудің жол-жосығы болған. Ауыр қазаны кез-келген жерде, кім болса сол түйеден түскендей айта салмай, алдымен өмірдің өткіншілігіне, ажал басы жұмыр
пенденің бәріне келетін Тәңірінің хақ бұйрығы екеніне марқұмның туыстарын нандырып,
ауыр қазаның хабарын естуге психологиялық жақтан дайындап алып, қаралы хабарды содан кейін айтады. «Баласы түгел жан бар ма, бауыры түгел аң бар ма», «Алла ісіне шара жоқ, өз бергенін өзі алар», «тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ», «тумақ - сүннәт, өлмек - парыз», т. б. тіркестер өмір туралы терең толғанысқа толы өлім естіртуде айтылатын бастау сөздер. Өлімді естіртіп болған соң да жұбату айтылып отырған, оны «тоқтау айту» дейді. «Болған іске болаттан берік бол», «ноқталы басқа бір өлім», «өлгенмен бірге өлмек жоқ, тірі адам тіршілігін көреді», «Алла жақсы көргенін алады», т.б. тіркестер сол тоқтау сөздердің мәйегі. Қазаға ұшыраушының немесе оның туыстарының қоғамдағы орнына, ел алдындағы беделіне қарай ауыл ақсақалдары, жұртқа танымалы атақты адамдар, ел иесі көсем, сөз иесі шешендер, арысынан айырылып қабырғасы қайысып отырған жандарды сөзімен жұбатып, ақылына тоқтата алатын аузы дуалы үлкендер естіртетін болған. Ал, ханның немесе бидің жақындары қайтыс болса оны естірту хандықтағы немесе рудағы ең беделді, ханға немесе биге сөзі өтімді, ақылман адамдардың міндеті болған. Мысалы Бөгенбайдың өлімін Абылай ханға Үмбетай жырау естірткен. Кетбұға Шыңғыс ханның оң тізесін басқан ұлы биі болғанын айттық. Оның үстіне қол бастаған батыр, таңдайында сөз ұясы бар шешен, қай жағынан алып қарасаңыз да Шыңғысханға өлім хабарын жеткізуге ең лайықты тұлға. Ханға ауыр қазаны Кетбұға
жырау естірткен. Сол естірту үстінде «Ақсақ құлан» күйі тартылған. Шындық осы. Кетбұғаның өлімді домбырамен естіртуі, ханның домбыра шанағына қорғасын құюы Кетбұғаны ұлықтаған, домбыраны кие тұтқан халықтың өз жасампаздығы. Кетбұға да адам, аңғармай сөйлеп, ағат басудан сақтануы керек. Ханға ақыл айтқандай сарнап отыруды лайық көрмесе керек. Ханның көңіл күйіне әсер етуді ойлап, алдымен домбырасын алып ұзақ күй тартқан. Сол күй «Ақсақ құлан» деп ұқсақ жаңылыс болмас. Күй табиғаты бөлек, әуені мұңлы әрі құбылмалы. Мұңлы қоңыр әуенмен басталады да, домбыра мен қобыз үні қатарласа есіп отырады. Тыңдаушысын өмір туралы ойлауға жетелейді. Домбыра үні анық, қобыз үні тым көмескі. Сол көмескі үн жүректі езіп, жандағы мұңды, жүректегі шемен-шерді ерітіп жіберердей әсерлі. Күйді тыңдап отырып адам өмірінің өткінші екеніне сенесің. Күйден өлім хабарын – нақты сөз есту мүмкін емес, әуен қашанда сөздей анық ұғылмайды. Қазақ сөздің өзін «қызыл тілде буын жоқ» демей ме. Ақсақ құлан күйі Шыңғыс ханды өлімнің хақ бұйрығы екеніне мойындату мақсатында тартылған. Кетбұғадан қалған күй көп емес, елге кең таралған күйі осы «Ақсақ құлан». Кейде «Ақсақ құлан - Жошы хан» деп те аталады. «Ақсақ құлан» күйін тұтас түркілік масштабта қарайтын болсақ, оның варианттарын: «Қырғыз нұсқасы», «Қарақалпақ нұсқасы», «Ноғай нұсқасы», «Қазақ нұсқасы» деп қарастыруға болар еді. Ең қызығы, әрқайсысы әр халықтың мұрасына айналып кетсе де, осы аталған нұсқалардың сарынындағы ортақтық, үндестік әліге дейін сақталып отырғаны. Мұны күйдің түпнұсқасының кемелдігінен деп ұққан жөн.
«Ақсақ құлан» күйінің қазақ арасында бірнеше варианты бар, Қ.Медетов жеткізген Орынбор нұсқасы, А.Жұбанов жеткізген Ақтөбе нұсқасы, Р. Омаров жеткізген Арқа нұсқасы, М.Өскінбаев жеткізген Маңғыстау нұсқасы, Н.Жәлімбетов жеткізген Сыр нұсқасы, Б.Саятөлеков жеткізген Семей нұсқасы, Ш.Әбілтай жеткізген Атырау нұсқасы. Бұдан басқа Алтай өңірінде таралған бірнеше нұсқасы тағы бар. Кетбұғадан қалған күй жалғыз «Ақсақ құлан» болмауға тиіс. Он бесінші ғасырға дейін ұлы жыраудың жырлары ұмытылмай, ел арасында айтылып келгенін Доспамбеттің «Кетбұғадай билерден, кеңес сұрар күн қайда» деген арманға толы жан айқайынан байқауға болады. Сол сияқты Кетбұға күйлері де бертінге дейін ел арасында тартылып келсе керек. Қазақ фольклорындағы бір ерекшелік замангөй-жаңғырымпаздығы десек, фольклорлық шығармалар кейде халықтық сипат алса, кейде сол жаңғыртып айтушыларға телініп кететін әдеті де бар. Бұл құбылыс Кетбұғаның жырлары мен күйлеріне де ортақ. Т.Жұртбаев, Кетбұғаның «Нар идірген», «Күйдім-жандым», «Ақсақал» атты күйлері болғанын айтады. А.Сейдімбеков «Ақсақ құлан», «Құлан ойнақ» (Құланның жүрісі), «Естірту», «Айдаһарды арбау» атты күйлерін атап, аңызын келтірген. Бұл деректер әлі де зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Қазақ күйшілігінің көне тарихында ерекше туған, күйдің киесі қонған екі адам бар. Бірі - қара қобыздың атасы Қорқыт абыз да, екіншісі - қоңыр домбыраның атасы - Кетбұға жырау. Есімдері ұрпақ есінде жатталып, аруақтары қадірленіп, кие қонған жандар
осылар. Сондықтан, халық «күй атасы», «күй иесі», «күйдің пірі» деп осы екі кісіні ғана атаған. Бұның да өзіндік себебі бар. Біріншіден, олардың жасаған замандары ары, әрі өз есімдеріне байланысты күйлері біздің заманға жоғалмай жеткен. Олардан бұрынғы күйшілердің аты да, күйлері де бізге жетпеген. Ал, аты мәлім, күйлері ұмытылмаған тарихи күйшілердің бәрінен олардың жастары үлкен. Ұлы күйші немесе күй атасы деген атау ең алдымен осы жасаған заманының көнелігіне байланысты берілген. Бұл - әділдік. Екіншіден, екеуінің де есімі өздері ұстаған аспаптарымен бірге қасиетті аңызға айналған. Қорқыт туралы аңызда Қорқыт қобызды жасаушы және сол қобыз арқылы жан алғыш алдашыға қарсы тұрған, өлмес өмір іздеген тылсым қасиет иесі болып суреттеледі. Қобыз Қорқытқа қолғанат болғаны үшін де қадірлі. Кетбұға болса баласы Жошының қазасына қайғырып, суық хабарды жеткізген адамның көмейіне қорғасын құймақ болып долданып жатқан Шыңғыс ханға Жошы өлімін домбырамен естірткен. Сөйтіп, ел басына төнген ауыр қайғыны күймен қуалаған, халықты ханның қаһарынан құтқарған, хағанды райынан қайтарған. Бір сөзбен айтқанда, домбыра арқылы ажалға араша болған әулие ретінде айтылады. Домбыра Кетбұғаға қолғанат болып, елді пәледен құтқарғандығы үшін қадірлі. Екі аңыздың да айтары өнердің теңдессіз құдіреті. Ендеше, бұл екі күйшінің біз білетін барша күйшіден жолы үлкен. Әрине, орта ғасырлардан кейінірек, жаңа дәуір туғанда ел арасында өнерімен осындай киелі мәртебеге жеткендер болды, мысалы: күйдің пірі - Қойлыбай әулие, күй абызы - Нышан бақсы, күй серісі - Тәттімбет, күй атасы -
Құрманғазы, күй жырауы - Қазанғап.., бұл күй қонған өнерлі ұлдарына деген елдің ерекше ықыласын білдіреді, ұрпақтанұрпаққа аттарын ардақтап айтып отырады. Солай бола тұрса да аталған күйшілердің бойында «Кетбұғадай билерден кеңес сұрар күн қайда?» дегендей ұлығ жырауға деген құрмет болғаны анық, Кетбұға күллі ноғай-қазақтың медет сұрайтын бабасы болғанын Доспамбеттің, Ақтамбердінің, Махамбеттің осы бір сөзінен аңғаруға болғандай. Барша ұлыстық өнер көшінің басында тұрған тұлға - ғасырлар қойнауынан «Ақсақ құланды» аңыратқан Кетбұға бабамыз еді. Үшіншіден, бұл екі абыздың күйлері ел арасына кең таралған. Қорқыт күйлерін қазақ, түркімен, ноғай, қырғыз, қалмақ халықтары, Кетбұға күйлерін қазақ, ноғай, қырғыз, қарақалпақ халықтары әліге дейін тартады. Барша күйшіден олардың десі басым. Төртіншіден, Кетбұға күйлері көп варианттылыққа ие. Бір ғана «Ақсақ құлан» күйінің өзі қазақ даласының әр түкпірінде әр түрлі тартылатынын білеміз. Көне мұралар, соның ішінде ауыз әдебиеті үлгілері мен күйлер туралы сөз қозғағанда олардың варианттылығының көптігі шығарманың құндылығын көрсететініне назар аударған жөн. Халыққа ұнаған, жұрттың жүрегіне жеткен шығарма ғана варианттылыққа ие болады. Күйдің варианты - оның тиражы. Кетбұға күйлері халықтық тираж алған кемел шығармалар. Осының бәрі Кетбұғаның қазақ еліндегі домбыра күйлерінің атасы екеніне дәлел. Сөз соңын Доспамбет жыраудың Кетбұға биді тілге тиек еткен жырымен аяқтағанды қолай санаймыз.
Айналайын Ақжайық, Ат салмай өтер күн қайда?! Еңсесі биік боз орда, Еңкейе кірер күн қайда?! Қара бұлан терісін, Етік қылар күн қайда?! Күдеріден бай тағып, Кіреуке киер күн қайда?! Күмбір-күмбір кісінетіп, Күреңді мінер күн қайда?! Толғамалы ақ балта, Толғап ұстар күн қайда?! Алты құлаш ақ найза, Ұмсынып шаншар күн қайда?! Садақ толған сәйгез оқ, Масағынан өткеріп, Басын қолға жеткеріп, Созып тартар күн қайда?! Кетбұғадай билерден, Кеңес сұрар күн қайда?! (Доспамбет жырау) Иманғазы Нұрахметұлы, филология ғылымдарының кандидаты, ақын.
КҮЙ АҢЫЗДАРЫ Кетбұға бидің Шыңғысқанның үлкен ұлы Жошының қазасын естірткені туралы аңыздар түріктің кіндігінен тараған күллі ұлттар мен ұлыстардың фольклорында сақталғаны белгілі. Оқиғаны баяндау әңгіме, жыр, хикая түрінде өрбиді. Тарихи дереккөздерге сүйенер болсақ, Кетбұға Алтайдан Ұлытауға Жошы қосынын бастап келгені анғарылады. Осы жерде Жошы ұлысының негізін қаласады, ханға бағынышты елдің ұлық биі болады. Жошы аңшылық құрып (бұл аңызда айтылатын мифологиялық сарын, ал, Жошы қазасының себебі сол кездегі саяси тартысқа байланысты болғандығын кейіннен көптеген зерттеушілер жазғаны мәлім) киелі аң ақсақ құланды қуам деп мерт болады, құланның тепкісінен бақиға аттанады. Яғни, ол Ұлытау топырағында дүниеден өтеді, сүйегі де осында қойылады. Қазір Ұлытау жерінде Жошы ханның мазары бар. Ал, Қарақорымдағы қаған ордасына Жошы қазасын естірту міндеті Кетбұғаның мойнына артылады. «Ақсақ құлан» аңыздары осы бір алмағайып заманның трагедиясына құрылған. «Ақсақ құлан» шертілер болса әуелі оның аңызын әлқиссалау күйшілер арасында осы күнге дейін бұзылмай сақталып келе жатқан салт болып табылады. Енді осы аңыздардың бірсыпырасына тоқтала кетпекпіз. 1. Көне түркі нұсқасы Кетбұға жырау: - Тенгиз баштын булғанды, ким тондурур, а ханым? Терек тубтын жығылды, ким тургузур, а ханым?
Шыңғысхан: - Тенгиз баштын булғанса, тондурур (тундырар) олум Жучи дүр, Терек тубтын жығылса, тургузур олум Жучи дүр. Шыңғысхан: - Кöзунг йашын чöкӱртӱр конглӱнг толды болғаймы? Жиринг кöнгуль öкӱртӱр Жучи öльди болғаймы? Кетбұға жырау: - Сöйлемеске эрким йок сен сöйлединг, а ханым! Ӧз йарлығынг öзге жаб айу öйлединг, а ханым! Шыңғысхан: - Кулун алған куландай кулунумдин айрылдым Айрылышкан анкаудай эр олумдин айрылдым. (Шажрат әл-атракт (Түркі шежіресі), Ибн әл-Асир, 15 ғасырда өмір сүрген араб ғалымы).
- Шағатай нұсқасы Кетбұғы: Теңіз баштан булғанды, Кім тундурур, ей, ханым? Терек туптін йығылды,
Кім турғұзур, ей, ханым? Шыңғыс хан: Теңіз баштан булғанса Тундурур ұғлым Жошы дүр Терек түптін йығылса, Тургузұр ұғлым Жошы дүр. (Хальфин Ибрагим бин Исхақ. Чанғыз хан уә Ақсақ Тимур тарихы. Қазан, 1808, 31-бет. Қазақ тарихынан.Жалын баспасы, Алматы1997. 98-бетте)
- Ұлытау жерінде сақталған нұсқасы
Алаша ханның тамы Қаракеңгірде. Өзінен қалған нәсілжұрағат жоқ. Жалғыз баласы Жошы хан бала күнінде аң аулауға шығып, түзде жүргенде бір ақсақ құланды қуамын деп, көп құланның ортасына түсіп кетіп,аты құланмен қабат елігіп-желігіп, бала атына ие бола алмай,тоқтата алмай жығғылып, құлан ортаға алып тарпып өлтіреді. Аңға кеткен бала келмеген соң бір жаманатты хан да, қара да түсініпті. «Бұл бала енді жоқ болды, кімде-кім баланың өлімін естіртсе басын аламын» - депті. «Өліміңді өшпендің естіртсін» деген деп.
Сол заманда ханның бір Кетбұға деген домбырашысы бар екен. Бір күні домбырасын қолына алып, күймен баланың өлгендігін шертіпті. Алаша хан, Жошы хан, Ақсақ құлан жосыған, Құлан теуіп өлтірді-ау, Бұйрығын ақтан келтірді-ау.., - деген сөз шығыпты. Оған құлақ түрген Хан: - У, Кетбұғам, сенің домбыраңның дауысы қалай жаман шығады, «Алаша хан, Жошы хан, Ақсақ құлан жосыған» деп тұр ғой, мен кеще кісі болмасам «ханның жалғызының жайрағаны, дәл келеді-ау осыған» деп отырсың ғой!- дегенде ел шулап қоя беріпті: - Алдияр тақсыр, өз аузыңыздан естідік! – деп. Сол уақыт «құлан шуы» деген мезгіл екен. Хан жарлық қылды: «Төрт түлік малды баласынан айырсын, жаңа туып жатқан жас төл енесіне жамырамасын. Мен аңырап зарлап қалдым. Хайуан мал да мендей зарлы болып азынасын, зарласын!»-деп. Төрт түлік малдың жас төлін Қаражалдың бір жағына, енесін бір жағына бақтырады. Ел күйзелді, өзі ас-су ішпей, төсектен басын көтермей, теріс қарап жатып қалады. Алаша хан өзі қара қылды қақ жарған әділ екен. Екі даугер келсе шошып оянады екен. Ас ішіп отырса қолындағы аяғын былай
қоя салады екен. Сол екі даугердің көңілін дауалатпай ішкені ас болмайды екен. Алаша ханның Ханбибі деген қатыны бар екен. Асығып-үсігіп, аптығып ордаға кіріп келеді. Теріс қарап жатқан хан: - Бұл қайсың? – дейді. - Мен, Ханбибімін - дейді. - Біреу қуып келгендей ентігіп тұрсың ғой, жайдан-жай кісі солай кіре ме екен? - Есік алдында екі даугер кіре алмай тұр. Соны айтайын деп келдім, - дегенде: - Дауы не екен, сұрадың ба? – депті. - Сұрадым. Біреуін танымадым, мен көрмеген бөтен елдің жолаушысы. Біреуі өзіміздің күнде көріп жүрген жүрген Қылдыбастың інісі Жүнбас. Жолаушы ұзын жолға кетіп бара жатқан мүсәпір. Қайтарымда алармын деп Жүнбасқа ат басындай алтын сақтатып кеткен екен. Сол мүсәпір барған жолымен қайтып, енді алып кетейін деп сұраса Жүнбас бермейді дейді. «Баяғыда сенікі болғаны не керек, менің көзім үйір болып, бауыр басып қалдым, бермеймін, жеңген жеріңде ал» - дейді екен. Дауы осы екен – депті. Хан: - Былшылдамасын, аманатты әркім сақтар болар. Иесі сұрай келсе өзіне қайырар болар. Бар, солай деп айт! – дегенде Ханбибі:
- Төрелігіңізге құлдық, тақсыр, «хан екі сөйлесе қара болады, қара екі сөйлесе қатын» деген. Бұл бала жасаған иемнің сіз бен бізге сақтатқан аманаты емес пе еді, аманатын иесі өзі алды, өзінікін өзі алды деп өкпелеу дұрыс па? – дегенде хан басын көтеріп алыпты: - Сенікі дұрыс екен де, менікі бұрыс екен, - деп сабасына түсіп, отын оттап, суын ішіп, мал баласын жамыратыпты. Сонда бір боз інген жеріп өз ботасын алмапты. Хан осы бота аштан өлсе обалы менің мойнымда қалады-ау, - деп, осы інгеннің өз ботасын өзіне алғызғанға қалыңсыз қыз бере едім деген соң, баяғы Кетбұға күй шертіп, хан баласының мән-жайын күймен шерткенде естіген жұртта ес қалмай, су болып ағып, інген де есінен танып, елтіп, балқып кетіп, еміреніп иіп ботасын емізіпті. Сол күйдің аты «Бозінген күйі» аталып кетіпті. Хан енді құланнан өш аламын деп, жұртқа сауын айттырып, құлан қууға ат жараттырады. Қыз-бозбалаларға тамақ, сусын даярлап беріп тұрады. Құлан үшін қаздырған ор бұл күнде «Құлан өтпес» деген өзен аталып қалады. Қырғынға ұшыраған құланнан бесеуі-ақ қалады. Шу бойында сол жер «Бес құлан» аталып қалады. Домбауыл деген батыр сол бес құланды қуыпты. Екі жүйрік ат бар екен. Құланды қойдай иіріп соғатұғын. Бірі - Еңкейторы ат, екіншісі - Аққабақ ат. Еңкей, Қабақ, Құлан Жалақ - жер аттары болып қалған. Баласының бір санын тауып алып, там салып, ол там, «Жошы ханның тамы» аталып қалады. Онан соң Алаша хан өзі ажалы жетіп
өлгенде, оған тамды келіні соқтырады. Келін өз тамын ойпаң жерге соқтырыпты. «Атам тамына көрініп тұрмасын», - деп. Келін болсаң осындай бол. Міне, ибалы келін. Тірі күні атасына именіп көрінбеген, иба қылғандығын өлгенде де кейінгі қалған ұрпаққа айта қалғандай қылғандығы. //Тәбрізұлы Сүлеймен. Таңбалы тас – қазақ тарихының шоқтығы биік ескерткіші. - Қарағанды, 2013
- «Бесқұлан» жолында (Созақ) сақталған нұсқасы Шыңғыс ханның баласы Жошыны құлан теуіп өлтіргенде халық хан қахарынан қорқып амалы құрыды. Ұлы қаған «кімде-кім жаманат хабар әкелсе соның көмейіне қорғасын құйылсын!» деп жар салдырды. Сонда Жошының қазасын найманның жыршысы Кетбұға естіп, Шыңғыс ханның ордасына келіп айтқаны мынау екен: Уа, иеміз Шыңғыс хан! Домбыра не деп жырлайды, Сарнап бір даусын қырнайды, Құлағың сал, осыған... Ақсақ құлан, қу құлан, Қияннан қашқан ту құлан, Қиырсыз құба далада, Аңда жүрген балаңа, Кез болып бір қашыпты.
Белден-белге асыпты, Қатқақ бұлдыр салада, Мекендеп өскен өрбісіп, Ордалы құлан жосыған. Қуып ақсақ құланды, Мінгені тұлпар құнан-ды, Ордалы үріккен құланға, Құйғытып ойнап қосылған. Өлім деген тәңір ісі, Желіккен құлан әңгісі, Құланмен тұлпар еліккен, Жосыған құлан желіккен, Балаңды шайнап өлтіріп, Жұлмалап, жалмап кетіпті. Ордалы құлан шошыған, Жұрттың аузы бармаған, Сөзді айтып жырлап зарлаған, Домбыраның балаңды, Естірткені осы, Хан! Өзгеге артпа жалаңды, Еліктірген балаңды, Сол қу құлан, ту құлан, Балаң өлді – Жошы хан! Нансайшы ханым, осыған!
- Маңғыстау жерінде сақталған нұсқасы
Бұрынғы өткен заманда Жошы деген хан болыпты.Оның сенімді бас уәзірі бар екен. Жеті жыл жер бетін шарлап, алыс сапардан оралған оны Жошы хан шақыртып алып, көрген-білгенін сұрапты. - Саруалдың арығы деген жерде көп ордалы құландар жатыр екен. Соның ішінде киелі ақсақ құлан бар екен, оған ешкім жоламайды.Өзіне тиген адамды құлан не теуіп, не таптап өлтіреді, әйтеуір, ажал қармайды екен.Сол ордалы құланды көрдім,- дейді уәзірі. - Оу, ақсақал, мен адамды жылқы не құлан теуіп өлтіреді дегенге сенбеймін,- дейді сонда Жошы ханның қасында отырған баласы. Содан ол қырық жігітке келіп:- Уәзірдің айтқан жеріне біз де барып, көзімізбен көріп қайтайық,- дейді. Қырық жігітті көндіріп, құлан жайылып жүр екен. Ханның баласы қызыл шекпенін киіп, мылтығын қолына алады да, құландарға қарай жүреді. Сонда көп құланның ішінен бір ақсақ құлан үйірінен бөлініп шығып, одағайлап келіп жер тебініп, пысқырып қалғанда айналаны қапқараңғы тұман басып кетеді. Мергендер бір-бірінен көз жазып қалады. Бір кезде тұманның арасынан: «Қу шақайлыдан қаша жүріңдер, қызыл шекпендінің үстін баса жүріңдер» деген бір дауыс естіледі. Жігіттер тұман сейілгеннен кейін қараса, құландар да, ханның баласы да ізім-ғайым жоқ болып шығады. Олар үш күн бойы іздеп жүріп хан баласының жалғыз шынашағын тауып алады. Үстінен шұбырып өткен көп құлан оны таптап кеткен екен. Мергендер елге келеді. Баласын жоғалтқан хан қайғыдан қан құсып, басын көтермей жатып қалады. «Кімде-кім менің алдыма балаң өлді деп келетін болса, соның құлағына қорғасын құямын»,-
деп жарлық етеді. Мұны естіген халық ханға баласының өлімін естіртуге қорқады. Сөйтіп, ел-жұрт мұның еш амалын таба алмай, дал болады. Сонда ноғайлыдан шыққан Кербұқа деген домбырашы тәуекелге бел буып, хан сарайына келеді. Ол келе домбырасын тарта бастайды. Сонда домбыраға алғаш салғаны құланның жүрісі екен. Хан басын көтерместен жата береді. Домбырашы әрі қарай толғайды. Домбыра «Балаң өлді, Жошы хан» деп күңіренеді. Сонда хан басын көтеріп алып: -Әй, сенің тартар күйің емес, менің естір күйім емес екен бұл, «Балаң өлді, Жошы хан» деп тұр ғой мына күй,- дейді. Сол уақытта Кербұқа: - Тақсыр-ай, балаңыздың өлгенін өзіңізден естіп тұрмын,- дейді. - Өз қолымнан өлтірер едім, әттең, мынау сөз тауып кетті-ау. Бәлен жерде айдаһар жылан бар. Домбырашыны соның алдына апарып тастаңдар,- деп әмір етеді хан.Кербұқа: - Тақсыр, оған да құлдық, тек домбырамды өзіме беріңіз,- дейді. Ханның нөкерлері оның қолына домбырасын беріп, аяғына кісен салып, айдаһардың алдына апарып тастайды. Айдаһар адамды көріп, жұтайын деп қасына келгенде, Кербұқа оның алдына отыра қалып, күй тартады. Сонда айдаһар күй біткенше тыңдап жатқан екен. Күй аяқталған соң ініне кіріп, ат басындай алтынды домбырашының алдына домалатып әкеліп тастайды. Кербұқа алтынды құшақтап еліне қайтады. Ол ханның қаһарынан да, айдаһардың аузынан да осылайша аман құтылып, мұратына жеткен екен.
(А.Райымбергенов. Күй қайнары. - Алматы. М.Өскінбаевтың жеткізуінде жазылып алынған.)
- Семей өңірінде сақталған нұсқасы ...Ерте заманда Шыңғыс деген ханның Жошы дейтін жалғыз баласы бар екен, сол саятқа шығып бір ақсақ құланға кез болады. Содан ақсақ құланды алмай қоймаймын деп қуа жөнеледі. Ол құлан бір топ құлан үйіріне қосылып, тау-тасты кезе қаша жөнеледі. Жошы аңшылықтың құмарымен құланды ұзақ қуады, ақыры атматымен таудан құлай ма, құздан секіре ме, әйтеуір қырсық шалып, қаза тауыпты. Жошының сүйегін ел болып, жұрт болып іздейді, бірақ таба алмайды. Хан қатты түңіліп ордасына қайтады. Содан «Менің ұлымның жаманатын естірткен адамның тілін кесіп, құлағына қорғасын құямын!» - деп елге жарлық шашыпты. Ел-жұрт болып, қауым болып Жошының сүйегін іздейді, мүрдесін тауып алып оны Шыңғысханның босағасына алып келеді. «Мұны енді қалай естіртеміз» деп халық пұшайман болыпты. Сол кезде қолында домбырасы бар бір жас жігіт: -Халайық, мұның естіртуін мен естіртейін, баланың сүйегін алып менімен бірге ханға жүріңіздер, - деп жол бастайды. Ел-жұрт ханға сәлем беріп, аман-саулық айтысады. Сонда әлгі жігіт хан алдына жүгініп бір күйді шерте жөнеледі. Күй ақсақ құланның шоқырақтап қашқанын, Жошының оны қуғанын бейнелейді. Бір сұмдықтың болғанын іштей сезген Хан: - «Мына домбыраң не дейді?» - деп сұрайды. Сонда әлгі жігіт: Ақсақ құлан жосыған,
Қайғылы болған осыған, Арманда кеткен балаңыз, Хор қызына қосылған... - дейді. Содан ханның жарлығымен домбыраның ішектері қиылады да шанағына қорғасын құйылады. Сосын құланның ұрығын құрту керек деп елге пәрмен берді. Ел жиналып даладағы құлан үйірін түгелімен қуып, терең қазылған орға қамап түсіріп, қынадай қырды. Бірақ ақсақ құланды ұстай алмайды, ол терең ордан секіріп қашып шығады. Жошының өлімін жас жігіт осылай күй шертіп естірткен екен... (Бағаналы Саятөлековтің жеткізуі бойынша сақталған аңыз. Қазақ радиосының алтын қорынан)
- Қырғыз елінде сақталған аңыздар Бірінші аңыз. Шыңғысханның баласы өлгенде Кет Бука ырчының естірткені: Туысқан қырғыз халқы Кетбұға жырау туралы тамаша аңызжырды сақтап қалған, оның сыры мынада болса керек, ежелден бауыры ажырамаған жұрттың шежіресі бір, бастан кешкен тарихы да ортақ. Төменде сол аңыздың қырғызша нұсқасын аудармай беруді жөн көрдік. Айхандын (Чынгыс хан) баласы өлгөндө хандын каарынан коркуп, эч ким даап айта албай коёт. Ошондо Кет Бука ырчы угузган дешет.
Кет Бука: Туу куйругу бир кучак, Тулпар качты, Айганым. Туурунан бошонуп, Шумкар качты, Айганым. Алтын така, күмүш мык Дулдул качты, Айганым. Алтын туур ордунан Туйгун качты, Айганым. Алтын ордо багынан Булбул качты, Айганым. Деңиз толкуп чайпалып, Көл бөксөрдү, Айганым. Терек түптөн жулунуп, Жер бөксөрдү, Айганым. Ала-Тоо кулап, пас болуп, Бел бөксөрдү, Айганым. Берекелүү нур качып, Эл бөксөрдү, Айганым. Төрөлөрдүн уругунан Төл бөксөрдү, Айганым. Агын дайра соолуп, Көл бөксөрдү, Айганым. Кара жандан таптатты Ынак көчтү, Айганым. Касиеттүү башкача
Чырак өчтү, Айганым Муңканган комуз күүсүнөн табышмактуу ырдын сөзүнөн баласынын өлгөнүн Айган түшүнүп: Кет-кет, Кет Бука, Кеби суук Кет Бука Карап турган кашымда Кашың да курусун, Кет Бука. Күү менен сүйлөгөн Сөзүң курусун, Кет Бука. Комуз чертип ырдаган, Ырың курусун, Кет Бука. Кара жанды кашайткан, Чырың курусун, Кет Бука. Атайы келген алдыма Ишиң курусун, Кет Бука. Комуз чертип жоруган Түшүң курусун, Кет Бука -деп ыйлап отуруп калган экен... Екінші аңыз. Чынгыз хандын баласын кулан тээп өлтүргөндө Бука деген ырчы угузган экен. Бука: Алтын боолуу ак шумкар Алтын боосун тытыптыр,
Айды карап сызыптыр. Күмүш боолуу ак шумкар Күмүш боосун тытыптыр, Күндү карап сызыптыр, Ал эмине болучу? Туу түбүндө кок бука Күндү карап өкүрөт, Алчагай мүйүз ак эркеч Айды карап бакырат, Бул эмине шумдугу? Асмандан ак ала булут сөгүлөт, Аяктап мөндүр төгүлөт, Көктөн көк ала булут сөгүлөт, Көнөктөп мөндүр төгүлөт, Бул эмине шумдугу? Чынгыз хан: Алтын боолуу ак шумкар Алтын боосун тытканы, Айды карап сызганы Ал кулунум ботом болгону Күмүш боолуу ак шумкар Күмүш боосун тытканы, Күндү карап сызганы Бул кулунум ботом болгону. Култук мүйүз көк бука Туу түбүндө өкүрсө,
Ал атасы болгону. Алчагай мүйүз ак эркеч Айды карап бакырса, Ал энеси болгону. Асмандан ак ала булут сөгүлсө, Аяктап мөндүр төгүлсө, Көктөн көк ала булут сөгүлсө, Көнөктөп мөндүр төгүлсө Көзүмдүн жашы болгону, - деп баласынын өлгөнүн түшүнүп: Кет-кет, Кет Бука, Кеби жаман Кет Бука, Сенин айтар кебиң бул эмес, Менин угар кебим бул эмес, - деп ырчыны колго багылган арстан, жолборско таштап жиберерде Кет Бука ырдады:: Кыздары соккон кыялдай Кылыгы жакшы Ай-Ханым. Келиндер сайган кестедей, Кеби жакшы Ай-Ханым. Элчи менен ырчыга Хан алдында кай өлүм? - дегенде Чынгыз хан ачуусунан кайтып, ырчыны өлтүрбөй башына азаттык берет.
Үшінші аңыз. Илгери өткөн заманда Айхан деген жашап, анын Жолчухан аттуу жалгыз баласы болот. Ал жанына кырк жигит алып ууга барган жеринен баланы жолборс жарып өлтүрөт. Жолчу хандын өлгөнүн атасына кантип угузарын билбей айлалары кетип турушканда кырк жигиттин ичинен Кет Бука деген ырчы чыгып угузган дешет. Туу, туу, туу кучак, Тулпар качты, Айганым. Туурунан ажырап, Шумкар качты, Айганым, О не болот, Айганым? Алтын боолуу ак шумкар Айды көздөй сызыптыр, Алтын боосун тытыптыр, О не болот, Айганым? Күмүш боолуу ак шумкар Күндү көздөй сызыптыр, Күмүш боосун тытыптыр, О не болот, Айганым? Абадан ак ала булут сөгүлөт, Аяктап жамгыр төгүлөт, О не болот, Айганым? Көктөн кок ала булут сөгүлөт, Көнөктөп жамгыр төгүлөт, О не болот, Айганым?
Айхан түшүнүп: Туу-туу, туу куйрук Тулпар качса карматпай, Менин туйгунум өлгөн турбайбы, Ошондо шорум курбайбы. Алтын боолуу ак шумкар Айды көздөй ал сызса, Менин арыстаным өлгөн турбайбы, Менин бир шорум курбайбы. Көктөн көк ала булут сөгүлсө, Көнөктөп жамгыр төгүлсө, Көзүмдөн жашы турбайбы, Менин бир шорум курбайбы. Кет, кет, Кет Бука. Комузуңду колго алып, Сүйлөткөнү келдиңби? Бүгүн Айган пашаңды Ыйлатканы келдиңби? Жолчуханды тапсаңар, Кыркыңды паша кыламын, Жолчуханды таппасаң, Кыркыңды кырк жерде Башыңарды аламын! -деп айбалтаны белине кыстарып, Буканы жанына алып, токойго кирсе, Жолчу ханды жолборс басып жатыптыр. Бука жолборстун маңдайына барып комуз черткенде жолборс кошуп уктап кеткен
имиш. Ошондо Айган жолборсту башка чаап өлтүрүп, жонунан кайыш тилип, Жолчу хандын сөөгүн үйүнө алып кайтыптыр деген сөз бар... (Аңыздар http://bizdin.kg/ порталынан алынды).
8.Сауға Ертеде Шыңғыс дейтін ханның баласы саяттап жүргенде жабайы құлан шайнап қайтыс болыпты. Баласының қазасын естірте алмай ел пұшайман болып жылап-сықтапты, ханға не дерін білмей қайғыға түсіпті. Шыңғысхан «баламның жаманат хабарын кім жеткізсе соның көмейіне қорғасын құям» деп жар салыпты. Не тірі, не өлі хабарын ел жеткізе алмай біраз уақыт өтеді. Хан «егер ұлымның хабарын айтпасаңдар жұртыңды қырып тастармын» деп одан сайын қахарланады екен. Сол кезде ел ішінде Кетбұға деген күйші болыпты, «Ханеке, халқыңызды текке қырмаңыз, жанымызға сауға беріңіз, сауға!» - деп домбырасымен күй шертіпті. Сонда баласының өлгенін түсінген хан райынан қайтып халықтың жанын қиып, бастарына сауға беріпті. Аңызды жеткізушілер - Т.Әсемқұлов, С.Бүкіров.
КҮЙ НОТАЛАРЫ (күйтабақ тізімі) КҮЙ НОТАЛАРЫ (күйтабақ тізімі)
қайғылы, жылдам екпінмен mf Нотаға түсірген А.Тұрымбетова 1.Ақсақ құлан Кетбұға Орындаушы Үрістембек Омаров
баяулата...
зарлы, шапшаң екпінмен Нотаға түсірген - Б.Əбенов mf
Орындаған - Н.Тілендиев Кетбұға 2. Ақсақ құлан
жайлата
p p
Кетбұғы 3.Сауға Нотаға түсірген - Ж.Жүзбай Орындаған -Т. Əсемқұлов əндете шертіледі, қайғылы mf ү ү ү ү ү ү ү
Нотаға түсірген - М.Əмзе мұңды, орта екпінмен ішекті тербей бірте бірте - жылдамдата Орындаған -Н.Жəлімбетов Кетбұға 4.Aқсақ құлан-Жошы хан
I-екпін жылдамдата зарлата
бəсеңдете I-eкпін баяулата
қайғылы, жүрдек mf Орындаған - Ж.Қадырқұлов 5.Ақсақ құлан Кетбұға Күйді жеткізген - Оралбай Мұхамəдиұлы
Орындаған - Р. Жумабаев орта екпінмен, сөйлете mf f mp f Нотаға түсірген - Ж.Жүзбай 6. Кетбұғаның күйі
mp f mp f f mp mf f mp f mp f mp f
mp f mp f mp f mp f f mp f mp f mp mp mp f mp
f
f mp f mp сб с с б с
- Шыңғысханның баласы өлгенде естірткен күй Орындаған Бақытхан Тағайұлы Кетбұға Нотаға түсірген Б.Ысқақов орта екпінмен, зарлы mf
орташа екпінмен, біркелкі mf Нотаға түсірген - Б.Ысқақов 8. Бір топ құлан жосыған Орындаған Оралбай Мұхамəдиұлы Кетбұға
орта екпінмен, зарлата mf Нотаға түсірген - Қ.Айтбаев 9. Ақсақ құлан Кетбұға Орындаған М.Хамзин
gliss.
gliss.
gliss.
орта екпінмен, əндете mf Нотаға түсірген - А.Иманғазықызы (қосбұрау домбыраға арналған күй) Ж. Жүзбай Кетбұға Орындаған - А. Иманғазықызы
mp
нотаға түсірген -А.Райымбергенов орындаушы М.Өскінбаев жылдам екпінмен, зарлы mf с б с (садақ тартады) 11. Ақсақ құлан сарыны Кетбұға
б с б с б с
орындаушы М.Өскінбаев нотаға түсірген - А.Райымбергенов жүрдек екпінмен mf б с Кетбұға 12. Естірту
1. 2.
Орындаушы М.Өскінбаев екпіндете mf Нотаға түсірген - А.Райымбергенов Кетбұға 13. Айдахармен арбасу
1. 2. б с б с
орта екпінмен, сазды Нотаға түсірген - Ж.Жүзбай (сыбызғы күй) Орындаған Т.Мұқышев 14. Жаралы бұғы Кетбұға
mf Орындаған - Улаан-хус сұмындық С. Аққожа жігерлі жүрдек 15. Ақсақ құлан І - түрі
mf ІІ - түрі асықпай, біркелкі 16. Ақсақ құлан Ногоон-нуур сұмындық Ө.Мұхаметтен жазылып алынды
орта екпінмен, жігерлі mf ІІІ-түрі 17. Ақсақ құлан Ногоон-нуур сұмындық Ө.Мұхаметтен жазылып алынды
Нотаға түсірген - Ж.Жүзбай орта екпінмен, сөйлей mf Орындаған - Б.Саятөлеков 18. Жошының қазасын естірту Кетбұға
жүрдек екпінмен. mf & ≥ ≥ , ≥≤ ≤ Орындаған - Б.Саятөлеков 19.Ақсақ құланның қашқаны Кетбұға & & ≥≤≤≤ ≥ ≥ & ≥≤≤≤ & ≥ ≥ ≥ & & ≥≤≤≤ ≥ ≥ & ≥≤≤≤ ≥≥≥ & & œœ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œœ œœ œ œ œ œ œœ œœ œœ œœ œ œ œœ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œœ œœ œ œ œ œ œœ œœ œœ œœ œ œ œœ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ
& ≥≤≤≤ ≥ ≥ & ≥≤≤≤ ≥≥≥ & & & & ≥≤≤≤ ≥ ≥ ≥≤≤≤ & ≥ ≥ ≥ & & & ≥≤≤≤ ≥ ≥ & ≥≤≤≤ ≥ ≥ ≥ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œœ œœ œ œ œ œ œœ œœ œœ œœ œ œ œœ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œœ œœ œ œ œ œ œœ œœ œœ œœ œ œ œœ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œœ œœ œ œ œ œ œœ œœ œœ œœ œ œ œœ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ
& & & ≥≤≤≤ ≥ ≥ & ≥≤≤≤ ≥ ≥ ≥ & & ≥≤≤≤ ≥ ≥ & ≥≤≤≤ ≥≥≥ & ≥ ≥ ≥ ≥≥≥U œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œœ œœ œ œ œ œ œœ œœ œœ œœ œ œ œœ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œj œ œ œ œ œ œ œœ œ œ œœ œœ œœ œ œ œ œ œœ œœ œœ œœ œ œ œœ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ œ ˙ ˙ ˙ ˙ ˙ ˙ œ œ œ œ œ œ
Нотаға түсірген Т.Тоқжанов Орындаған - А.Жұбанов mf Кетбұға Жүрдек, жігерлі f Ақсақ құлан
ff
mp p f
Орындаған Н.Мəмбеталин Нотаға түсірген Ж.Қадырқұлов (хан наласы) 21. Ақсақ құлан Кетбұға Орташа, жігерлі
бірте - бірте баяулата
с б с б с с с с с
ОРЫНДАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР 1. «Ақсақ құлан». Күйді орындаушы Халық әртісі, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрінің алғашқы әртісі - Үрістембек Омаров. Оның жолын ұстанған шәкірттері - Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Р.Тәжібаев және Қошқарбек Тасбергенов, бұлар да «Ақсақ құланды» толғап ел есінде қалған өнерпаздар еді. Күй қазақ радиосының «Алтын қорына» кірген, өткен ғасырдың сексенінші жылдары жазылып алынған, кейінірек осы нұсқада оркестрге де түсірілген. Нотасын түсірген - өнертану магистры, күйші Ақбота Тұрымбетова. 2. «Ақсақ құлан». Күйді орындаушы - Халық қаһарманы, композитор Нұрғиса Тілендиев. «Ақсақ құлан» күйінің жаңаша нұсқасын жеткізген виртуоз күйші, ол бұрынғы күйдің аңысымен күйдің әсерлі орындаушылық вариантын жасады. Осы күйдің тақырыбын мультипликациялық көркемдеу саласына да пайдаланды. Күй негізінен құланның тарпуын, Жошының өлімі туралы азалы жоқтауын суреттейді. Күйді нотаға түсірген – Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, күйші Батырлан Әбенов. 3. «Сауға». Кетбұғаның «Сауға» күйін жеткізуші және орындаушы –дарынды күйші, жазушы-драматург Таласбек Әсемқұлов. Күйде Алтын Орда дәуіріндегі азаматтық соғыс, руаралық тартыс пен сол кездегі сұрапыл қанды оқиғалар баяндалады. Ел аузында Кетбұға Шыңғыстың алдында белдігін мойнына салып тайпааралық қырқысты тоқтатуды сұрап, тіріге сауға сұраған күй еді деген аңыз әңгіме бар. Күйді нотаға түсірген - Жанғали Жүзбай.
- «Ақсақ құлан Жошыхан». Күйді жеткізген - Сыр бойының атақты домбырашысы Н.Жәлімбетов. Күйде Жошының өлімін естірткен зар мен қайғы өне бойы азынап тұрады. Күй жоқтау сарынына құрылған, орта екпінмен азынай шертіледі. Күйді нотаға түсірген - дарынды дирижер Мүсілім Әмзе. 5. Ақсақ құлан. Бұл нұсқаны жеткізген – Жетісу күйшілік мектебінің көрнекті өкілі, күйші О.Мұхамәдиұлы. Орындаған Ж.Қадырқұлов. «Ақсақ құлан» аңызының Алатау бауырында шертілетін тамаша нұсқасы. Нотаға түсірген Б.Мүптекеев. 6. «Кет буканын куусү», күйдің қырғыз елінде шертілетін тамаша нұсқасы, қомуз аспабында орындаған - Қырғызстанның Эл әртісі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, қырғыз бен қазаққа ортақ өнерпаз, дарынды күйші, профессор Руслан Жумабаев. Күйде «Балаң өлді, Жошыхан!» деген сөз тақпақтай қайталанып отырады. Нотаға түсірген және домбыраға лайықтаған – Жанғали Жүзбай. 7. Шыңғысханның баласы өлгенде естірткен күй. Бұл да сол кезеңдегі қайғылы оқиғаны елестететін көңілқос әуен. Күй көсем шертіле орындалады, күй тілі сөз секілді ағытылады, біркелкі еркін тартылады. Күйді жеткізуші - Б.Тағайұлы. Нотаға түсірген - күй зерттеуші ғалым, профессор Білал Ысқақов. 8. Бір топ құлан жосыған. Күйді жеткізген О.Мұхамәдиұлы. Күй халықтық әдеби-фольклор негізіндегі жырлардың ырғағына келеді, қайғылы кеуілмен шерлене орындалады. Шыңғыс баласы қаза тапқан соң сахарадағы құлан біткеннің бәрін қыруға жарлық береді,
сол кезде құландар бетпақдалаға жосыған екен деседі, күй сол уағиғаға құрылған. Нотаға түсірген - күй зерттеуші ғалым, профессор Білал Ысқақов. 9. «Ақсақ құлан». Қазақстанның халық әртісі, шертпе күйдің шебері, композитор - М.Хамзин орындаған нұсқасы, бұл күйдің Сарыарқа жерінде сақталған үлгісі болып табылады, солай бола тұра, Қ.Медетов пен Ү.Омаров тартқан «Ақсақ құланнан» ауылы алыс емес екені аңғарылады. Күйді нотаға түсірген - Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы күйші Қайрат Айтбаев. 10. «Кетбұға» күйі жетіген немесе қосбұрау домбыраға арнайы шығарылған күй. Күй авторы - Ж.Жүзбай. С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драмалық театрында режиссер М.Ахмановтың осы аттас спектакліне музыкалық көркемдеу мақсатында арнайы жазылған. Орындаған - күйші Венера Табыс. 11. «Ақсақ құлан сарыны», күйді аңызымен баяндап тартқан атақты күйші -М.Өскінбаев. М.Өскінбаев - Маңғыстау күйшілік мектебінің үздік өкілі, көптеген толғаулы күй шығарған дарынды композитор. «Ақсақ құлан» күйінің үш тарауын жеткізген шежірешіл күйші. Күй аңыздың бірінші тарауына құрылған. Күйді нотаға түсірген белгілі ғалым - Абдулхамит Райымбергенов. 12. «Естірту» бұл М.Өскінбаев орындаған күйдің екенші тарауы, күйді нотаға түсірген - А.Райымбергенов. Күйде «Балаң өлді - Жошыхан!» деген сөз тақпақтай айтылады, күйде қайғылы
оқиғаның баяны бар, көне заманнан өзгермей бізге жеткен тамаша нұсқа. 13. «Айдахармен арбасу», бүл да М.Өскінбаев жеткізген нұсқа, жоғарыдағы аталған күйдің үшінші тарауы болып табылады. Кетбұға Жошының өлімін естірткен соң оның домбырасына қорғасын құйылады да алыстағы аралға апарып тастайды, сонда айдахармен арбасқаны екен деп тартылады. Күйді нотаға түсірген - белгілі ғалым, күйші Абдулхамит Райымбергенов. 14. «Жаралы Бұғы» күйді орындаушы атақты сыбызғышы - Т.Мұқыш. Халық арасында күйдің бұғы малының қасиеті мен киесіне арналған аңызы қоса айтылады. Кетбұға бұл күйді Жошының қазасына арнап қобызда орындаған екен, кейінірек сыбызғышылар да толғаған деген аңыз А.Сейдімбектің «Күй шежіре» атты монографиясында бар. Күй Алтайда сақталған, аса көркем орындалатын, ел арасына кең тараған көне толғау. Нотасын жазған - Ж.Жүзбай. 15. «Ақсақ құлан», бірінші тарауы, орындаған мұңғұлиялық күйші - С.Аққожа. Байөлке жерінде «Ақсақ құлан» күйінің аңыздары және тараулары көп сақталған, домбыра мен сыбызғыда тел орындала береді. Күйдің нотасын жазған - шертпе күйдің шебері, профессор Білал Ысқақов. Күй мазмұны жоғарыда айтылған қайғылы оқиғаларға құрылған. 16. «Ақсақ құлан», екінші тарауы, орындаушы Байөлкелік күйші - Ө.Мұхамет. Мұңғұлия елінде шертілетін нұсқа, күй Жошы өлімін
баяндайды. Күйді нотаға түсірген – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б.Ысқақов. 17. «Ақсақ құлан», үшінші тарауы, орындаушы Байөлкелік күйші - Ө.Мұхамет. Мұңғұлия елінде шертілетін нұсқа, күй Жошы өлімін баяндайды. Күйді нотаға түсірген - профессор Білал Ысқақов. 18. «Жошының қазасын естірту». Күйді жеткізуші - атақты домбырашы Б.Саятөлеков. күйдің аңызы қоса айтылады, ақсақ құлан туралы аңыз күйдің екінші тарауы болып табылады. Нотаға жазған – Жанғали Жүзбай 19. «Ақсақ құланның қашқаны», күйді жеткізуші Шығыс Қазақстан күйшілік мектебінің өкілі, Арқа, Алтай күйлерінің шебері, күйші - Б.Саятөлеков, Өскемен, Семей жерінде сақталған нұсқаларын шежірелеп айтып, күйлерін тараулата шерткен атақты домбырашы. Нотасын жазған – Жанғали Жүзбай. 20. «Ақсақ құлан». Күйді орындаған академик А.Жұбанов. Нотаға түсірген Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының доценті - Төлепберген Тоғжанов. Күй Ресей мұрағатынан табылған, фонографиялық жазбасын Мәскеуден жазып алғандар күй зерттеуші ғалым - Ж.Шәкәрімов пен өнертану ғылымының кандидаты, күйші - Б.Мүптекеев. 21. «Ақсақ құлан» (хан наласы). Аңыз күйлердің бір тарауы, Ақтөбе жерінде тартылатын нұсқасы, күйді жеткізуші Н.Мәмбеталин. Күйде ханның баласының қазасына қабырғасы
қайысқан ахуалы суреттелген. Нотасын жазған және орындаған - Ж.Қадырқұлов.
САУҒА СӨЗ Кетбұға би туралы тарихи-мифологиялық аңыздар көп, олардың музыкалық бағдарын екшеу, композициясы мен формасын зерделеу, фольклорлық мазмұнын жүйелеу - болашақтың ісі. Күй тарихының білгірі - Ақселеу Сейдімбек ағамыздың зерттеулеріне сүйенер болсақ, Кетбұға би әуелде Жошының қазасын қобызбен естірткен. Яғни, бұл күйдің қобыздағы нұсқасы да болған, домбыраға сарыны кейін ауысқан деген болжам жасауға негіз бар, алайда қобыздағы сарын сол қалпы сақталып қалғаны домбыра күйлерінен анық аңғарылады. Әсіресе Үрістембек Омаровтың орындауындағы нұсқасында істіңгі ішектерден қобыз табиғатына келетін азалы, жоқтау өлең аралас әуен азырап естіліп тұрады. Б.Ерзакович Дунай қыпшақтарының атақты «Кодекс куманикустегі» көне ноталарда «Ақсақ құланның» және «Елімайдың» мелодиясы сақталғанын жазады. Қазақта Кетбұғадан қалған күйлерді «естірту» жорасымен шыққан деп айдарлауға болатын сияқты. Бірақ «Кербұға», «Сауға» күйінің нұсқалары «кеңес» күйлеріне жататын болар деп топшылай аламыз, себебі қазақта «кеңес» күйлері билерге етене, солар шығаратын қастерлі толғау болып саналады, бұл салт Бейсембінің заманына дейін жалғасқанын білеміз (Бейсембі күйші «кеңес» күйлерін көп
шығарған, оларды әлдеқандай бір даулы мәселеге немесе билер кеңес құрғандағы мәжіліске байланысты шертіп отырған). Жалпы, қазақ-қырғыз даласында «Ақсақ құлан» күйлерінің нұсқалары қаншалықты көп болса да оларды біріктіріп тұратын екі қасиет бар. Біріншісі, қай күйді алсақ та «Балаң өлді Жошыхан!» деген музыкалық сөйлемге құрылған саз естіліп тұрады, екіншіден құланның қашқанын суреттейтін шоқырақ ырғақ барлығына да ортақ болып тұра береді. Сонан соң «Ақсақ құлан» күйлерінің әңгімелей айтылып, тараулата шертілетінін де ескере кету әбден керек. Сыбызғыда орындалатын нұсқалары көбіне қосбұрау (үш ішекті домбыра) мен қомуз үніндегі сарынға бейім келеді, қомузда шертілетін түрінде күй сазының домбырадан әлдеқалай алыстамағаны білініп тұрады, домбырадағыдай қара шертіс, домбырадағыдай кесе толғайтын қағыстар мен штрихтар күйдің өн бойында қолданылады. Қазақ пен Қырғыздың телқоңыр күйшісі, асқан қомузшы - Руслан Жұмабаев бұл күйдің ең көне нұсқасын шертеді, дәстүрлі тартысын сақтап толғайды. Ол шерткен «Кет Бука» күйінде «Балаң өлді Жошы хан!» деген сөз әрбір музыкалық құрылымның басында кездесіп отырады, тақпақтай сөйлеген шешеннің тіліндей зар төге береді... Қырғыз нұсқасы Бағаналы Саятөлеков шерткен вариантқа көбірек ұқсайды. Бағаналы Саятөлеков - байырғы Өр Алтайдан Қарақорым жерінде дейін сақталған және өркендеген күйшілік үлгінің ізімен шертеді, күйдің оқиғасын эпостық ғәдетпен әңгімелей тарқатады, қисса
айтушы секілді әр тарауын жеріне жеткізе әсерлі баяндайды, күй мазмұнын да құбылтып отырады, қаралы оқиға көрінісін тыңдаған жанның көз алдына әкеліп, әрі оны музыкамен көмкеріп, шебер баяндайды. Сыр бойындағы күйлерде қобыз сарыны басымырақ, және топырақтағы жыраулық мектеп күйдің ішкі трагизмын тереңдетіп жіберетін секілді, әр сөз анық, күйдің домбырадағы аңырағаны кісінің жан дүниесін астаң-кестең етеді. Маңғыстаулық нұсқаларында күйдің әр тарауы жеке сурет, ырғақтары да басқаша дамиды. Адай күйшілігінің дәстүріндегі эпикалық үлгі күйдің мифологиялық қырын аша түседі, күй оқиғасы реальдық қалыптан жылжып ертегілік мазмұнға көшеді, соған орай күй сарыны да қияли-ғажап тақырыпты таңдай бастайды. Әйгілі күйші - Үрістембек Омаров «Ақсақ құланды» Венгрия радиосының қорына алғаш жаздырған өнер иесі ретінде ел жадында қалды. Дегенмен «Ақсақ құлан» күйінің алғашқы аудиожазбасын – академик А.Жұбанов жаздырды. А.Жұбановтың орындауындағы күйлерді Ресей архивтерінен тапқан ғалымдарымыз - Ж.Шәкәрімов пен Б.Мүптекеевтер еді. Бұл үлгі Қамбар Медетов жеткізген варианты болып табылады, оркестрге өңделген нұсқасы осы түрі. Оркестр мәдениетіне күйді өңдеген - Н.Тілендиев. «Ақсақ құлан» атты мультипликациялық фильмге де Нұрағаңның шерткен үлгісі жазылды, оркестр мен жеке домбыраға арналған концерттік түрі де бар, оны алғаш орындаушылар - композитор Е.Үсенов пен профессор Б.Ысқақов болды.
Ұсынылып отырған кітапта күй иесі - Кетбұғаның осы күнге дейін сақталған күй-мұрасы мүмкіндігінше сараптан өткізіліп, аудиожазбалары және ноталары бірге жинақталып отыр. Кетбұға күйлерінің жинаққа кірген осы ноталық жазбалары кең-байтақ отанымыздың батысында, шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде сақталған, ғасырлардан асып бізге жетіп отырған інжу-маржандай нұсқалары мен тараулары болып табылады. Сонымен қатар, Мұңғұлия, Қытай, Қырғызстан жерлерінде де күй абызынан қалған сарындардың сақталғаны Кетбұға күйінің жалпытүркілік маңызы бар екендігін көрсетеді, ұлыс үшін де, ұлтымыз үшін аса қымбат, киелі қастері бар дүние екенін таныта алады. Кетбұға домбырада алғаш күй толғаған, толғағаны ұрпағына рухи болған тарихи тұлға, оның күйлері – алтын нәсіліміздің аңызға айналған шежіресі. Алтын Орда заманынан қалған асыл ескерткішіміз - «Ақсақ құлан» күйі ұлтымыздың рухын биіктерге жетелей береді, әумин. Құрастырушыдан
Мазмұндама Ақсақ құлан. Кетбұға бидің күйлері (Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазған Жүзбай Жанғали.) – Астана, 2015
Кетбұға (шамамен 1150 – 1225) – жырау, күйші, аты аңызға айналған тарихи тұлға, Алтын орданың ұлы жыршысы, Жошы Ұлысының іргесін қалаған саяси қайраткер, Алтайдан Дамашыққа дейін әмірі жүрген би, Полистаинды бағындырған абыз. Қобыз бен домбыра күйлерінің ұлыстық мектебінің негізін салған күйші, ұрпаққа ұлағатты сөзі қалған ойшыл. Кетбұға жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер "Шадтжарат әл-атрак" (Түркі шежіресі) кітабы және қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, орыс, парсы, араб, қытай, мұңғыл дереккөздерінде кездеседі. Бұл жинаққа Кетбұға күйші мұрасының ноталары мен аңыздары топтастырылған, жинаққа енген туындылардың аудиожазбасы да қосымша құрал ретінде ұсынылады. Summary Aksak kulan. Ketbuga melodies (Making, that wrote scientific comments, Zhuzbai Zhangali.) are Astana, 2015. Кetbuga (approximately 1150-1225) priest, composer, man legend. Priest of great gold Horde, political figure, great governments of Zhoshy, from Altai to Damashyk governed, priest that governed Polistan. He left the words of wisdom, sage that opened the first school of dombyra and kobyz. About life and work of priest Ketbuga it is written in a book "Shagtzharat al-аtrak" (genealogy of Turks) and often meets in ancient materials for Kazakhs, for Kirghizs, at bashkir, at tatars, for Russians, at persian, for arabs, for the Chinese, at mongol. In this collection entered heritage of priest of note and legend, audio a disk is given as additional suggestions.
Краткое содержание Аксак кулан. Кюи Кетбуга би (Составитель Жузбай Жангали) Астана, 2015. Кетбуга би (1150-1225) - жырау, кюйши, историческая личность. Сказитель великой Золотой Орды, политический деятель, который основал улус Джучи и принимал участие в походах от Алтая до Хорезма на Западе, от Хазарского моря до Аравийского полуострова. Кетбуга - основоположник кобызовых и домбровых кюев в средневековье. Сведения о биографии и творчестве о нем есть в «Шадтжарат әл-атрак" (родословие тюрков), а также в китайских, киргизских, башкирских, монгольских, татарских, русских, казахских, персидских, арабских источниках. В этот сборник вошли нотные образцы и легенды кюев Кетбуги. В качестве приложений имеются аудиозаписи кюев на СD. Әдебиеттер 1. Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері // Монография. Астана-2002. 2. Аманов Б.Ж., Мұхамбетова Ә.И. // Казахская традиционная музыка и ХХ век «Дайк-Пресс»-2002. 3. У.Бекенов. «Күй табиғаты». Алматы-1981 4. Сейдімбек А. «Қазақтың күй өнері». Алматы-2002 5. Мүптекеев Б, Медеубеков С. «Жетісу күйлері». Алматы-1998 6. Жүзбай Ж, «Шертпе күйдің төрт мектебі». Астана, «Сарыарқа» -2009 7. Жүзбай Ж. «Ұстаздың педагогикалық репертуары». Астана «Күлтегін» -2010
- Дәуітұлы С. Смақова А. «Он ғасыр жырлайды». Алматы -2006 9. Тәбрізұлы С. «Таңбалы тас – қазақ тарихының шоқтығы биік ескерткіші». Қарағанды-2013
МАЗМҰНЫ Сөз басы. Иманғазы Нұрахмет КҮЙ АҢЫЗДАРЫ 1. Көне түркі нұсқасы 2. Шағатай нұсқасы 3. Ұлытау жерінде сақталған нұсқасы 4. «Бесқұлан» жолында (Созақ) сақталған нұсқасы 5. Маңғыстау жерінде сақталған нұсқасы 6. Семей өңірінде сақталған нұсқасы 7. Қырғыз елінде сақталған аңыздар: Бірінші аңыз. Екінші аңыз. Үшінші аңыз. 8.Сауға КҮЙ НОТАЛАРЫ (күйтабақ тізімі) 1. Ақсақ құлан. Орындаған Ү. Омаров. 2. Ақсақ құлан. Орындаған Н.Тілендиев. 3. Сауға. Орындаған Т.Әсемқұлов. 4. Ақсақ құлан-Жошыхан. Орындаған Н.Жәлімбетов. 5. Ақсақ құлан. Орындаған О.Мұхамәдиұлы. 6. Кетбұғаның күйі. Орындаған . Р.Жұмабаев. 7. Шыңғысханның баласы өлгенде естірткен күй. Орындаған Б.Тағайұлы.
- Бір топ құлан жосыған. Орындаған О.Мұхамәдиұлы. 9. Ақсақ құлан. Орындаған М.Хамзин. 10. Кетбұға. Авторы Ж.Жүзбай. Орындаған А.Иманғазықызы. 11. Ақсақ құлан сарыны. Орындаған М.Өскінбаев. 12. Естірту. Орындаған М.Өскінбаев. 13. Айдахармен арбасу. Орындаған М.Өскінбаев. 14. Жаралы бұғы. Орындаған Т.Мұқыш. 15. Ақсақ құлан 1-тарауы. Орындаған С.Аққожа. 16. Ақсақ құлан 2-тарауы. Орындаған Ө.Мұхамет. 17. Ақсақ құлан 3-тарауы. Орындаған Ө.Мұхамет. 18. Жошының қазасын естірту. Орындаған Б.Саятөлеков. 19. Ақсақ құланның қашқаны. Орындаған Б.Саятөлеков. 20. Ақсақ құлан. Орындаған А.Жұбанов. 21. Ақсақ құлан (Хан наласы). Орындаған М.Мәмбеталин
ОРЫНДАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР САУҒА СӨЗ. Жанғали Жүзбай МАЗМҰНДАМА SUMMARY КРАТКОЕ СОДЕРЖАНИЕ ӘДЕБИЕТТЕР
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру